ЖОСПАР
Кіріспе…………………………………………………………………………………….
- XV ғ. аяғындағы Қазақ хандығының Сыр өңірлері үшін
жүргізілген күрестері……………………….
1.1.Сыр өңірі үшін күрестің себептері………………………………..
1.2.Сыр өңірі үшін жүргізілген күрестің барысы, нәтижелері………..
- XVI ғ. Мухаммед Шайбани ханның Қазақ хандығына қарсы
жорықтары……………………………………….
2.1.Қасым ханның билікке келуі………………………………………..
2.2.Қасым ханның Батыстағы жүргізілген саясаты…………..
Қорытынды…………………………………………………………………………
Қолданылған әдебиеттер тізімі……………………………………………
КІРІСПЕ
Түбі бір түркі халқының тарихында ел мақтап, жұрт жақтаған, талайдың көңілінен шыққан, елі мен жері үшін жүрегін жұлып беруге даяр болған, өмір бойы ел мерейінің биік болуын аңсаған ұлдары мен қыздары өте көп болған. Олардың кейбіреулері ел есінде, жұрт жадында мәңгіге сақталса, енді біреулері заманның талабы мен тағдырдың тәлкегіне сай есімдері мәңгілікке уақыт еншісінде қалып қойған тұлғалар. Ұлы адамдардың үшінші бір тобы бар, бұл кісілер өз еркімен емес өзгенің қалауымен жаман шекпен жабынып, жоқ жерден жасаған жақсылықтары жойылып, масқараланып, елдің жеккөрініштілеріне еріксіз айналған адамдар. Өкінішке орай ондай тұлғалар Отан тарихында өте көп. Бұлай болуының өзіндік себебі бар, еліміз тағдырдың ең ауыр да, сорақы тәлкегіне салынып, екі жарым ғасыр бойы бодан болып келді. Бұл сөздің атауы қандай жаман болса, заты да сондай жаман. Ең ауыр тигені елдің бір ғасырға жуық уақыт бойына тоталитарлық жүйеде өмір сүруі. Бұл кезеңде елдің ғылымы да, білімі де, діні де, тілі де өзгенің толық ықпалында болды. Осы кезде елдің көптеген ардақты да талантты ұл – қыздарына жала жабылып, халыққа жаман келбетте көрсетілді.Бұл кезеңде Ел тарихының көптеген мәселелері зерттелмей қалды. Жақсы зерттелмей қалды, бар болғаны Чулошников, Вельяминов-Зернов, Левшин, Юдин, Кунте, Семенов, Иванов сияқты орыс тарихшылары аздаған мәліметтер береді.
Ал Отандық тарихшылар Сүлтанов, Қозыбаев, Кәрібаев, сияқты тарихшылар мәселеге жаңаша көзқараспен қарап, ұлттық тұрғыдан жазып көрсетті.
Дәл осы себепті бітіру жұмысын жазу барысындағы менің алдыма қойған ең басты мақсатым Қасым ханның саяси- тарихи аренадағы алғашқы қадамдарынан ақырғы күніне дейінгі аралықтағы тарихи құбылыстарды шынайы баяндау. Қасым ханның шынайы келбетін ашып көрсетіп.
Енді осы мақсатқа жету үшін орындайтын негізгі міндеттеріме тоқталып кетейін. Ең алдымен XV-XVI ғғ. жағдайды толық баяндап, Қасым ханның тарих аренасына шығуын анықтау. Оның билікке келу тарихын баяндау. Қазақ хандығының күшейюін деректер негізінде дәлелдеу. Отан тарихшылары мен орыс тарихшыларының берген бағаларын салыстырмалы түрде қарастырып оған өз тарапымнан баға беру.
Тақырыптың деректік негізіне тоқтала кетейін. Ең алдымен Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди(хақ жолындағылар тарихы)», Фазлаллах ибн Рузбихан Исфахани «Мехман наме Бухара», «Тарихи Гузидаи Нусратнаме», Өтеміс қажының «Шайбани наме», «Зубдад әл асар» сияқты шығыс авторларының еңбектері, сол сияқты «Книга большому чертежу», Энтони Джэнкинсон, Бергерштэйн, Иовии, Никондық жылнама, Ростовтық жылнама, Рогождық жылнама және басқалары. Бұл жылнамалардың барлығы «П С Р Л» – яғни орыс жылнамаларының толық жинағы деген атаумен Археограф. Коммисс. баспасынан шыққан. міне осы аталған еңбектер мәселенің дерек көзі болып табылады.
Тәуелсіздік алғаннан кейін де тақырып зерттеле бастады.. Тарихшылар еңбектерінде көрініс тауып жүр. Талас Омарбеков ақырғы кездерде деректер мәселесіне тоқталып, сол сияқты Кәрібаев Берекет ағаларымыздың еңбектеінде көрініс тауып отырды.. Бұл өте дұрыс бастама, біздер тәуелсіз елдің ұлдары өзіміздің ата – бабаларымыздың тарихын дәл осылай, яғни жеке — жеке тануға тиіспіз деп есептеймін.
Жұмыс кіріспе, екі тараудан, ал әр тарау өз кезегінде екі тараушадан тұрады, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімде мына мәселелерді қарастыдым Бұл тарауда менің негізгі мақсатым XV ғасыр аяғындағы Қазақ хандығының Сыр өңіріері үшін жүргізілген күрестерін, болған күрестердің мән-жайын, себеп-салдарын анықтау.
Қойған мақсатыма жету үшін тақырыпқа байланысты деректер мен зерттеулерге сүйненіп, салыстармалы түрде өз ойымды дәлелдеу сияқты міндеттерді орындауға тырысамын.
Қазақ хандығының Сыр өңірлері үшін жүргізген күресіне келсек бұнда қарастыратын мәселеміз XV ғасырдың аяғындағы жиі-жиі жүргізілген күрестерін немесе қақтығыстарына байланысты және өзінің қосқан пікірлерін байланыстыра отырып жеткізуге тырысамын.
Алтын Орданың біртіндеп әлсіретуі мен ыдырауы қазақтар мен көршілес халықтардың, тайпалардың саяси, шаруашылық және этникалық жағдай айтарлықтай ықпал етті. Нәтижесінде Шығыс Дешті қыпшақ халқының саяси өмірінде бірнеше мемлекет – Ақ Орда, Ноғай Ордасы, одан едәуір айтарлықтай кейінрек «Көшпелі өзбектер» немесе Әбілхайыр хандығы бөлініп шықты. Бұл аймақта тайпалардың этникалық белгілерінің ортақтығы мен құрамының тұрақтануына қолайлы жағдайлар туғызады. Олардың этникалық құрамы, негізінен алғанда, ұқсас болатын.
ХV ғ. 50 жылдары қазақ хандығы үшін өте маңызды уақыт немесе кезең деп айтуға болады. Қазақ хандығының құрылуы мен қалыптасуы, пайда болуы, орнығуының бастауын алады деп айтсақта қателеспейміз. Бізге анықтап беретін ХIII-ХVI ғасырлардағы шығыс-мұсылман деректерінің мәлеметтерінде «Түркістан» деген атауға ие болған –Сырдария өзенінің орта ағысы бойы немесе Сыр өңірі – Дешті Қыпшақтың құрамдас бір бөлігі болып, саяси-әкімшілік, сауда-айырбас, діни-мәдени орталық ретінде, сонымен бірге шаруашылық, этникалық, геосаяси маңыздар атқарады. Мауереннахр билеушілері де бұл өңірге аса зор маңызы беріп, оны Мауереннахрдың құрамында ұстап қалуға тырысып отырды. Сол себепті де Дешті Қыпшақ пен Мауереннахр билеушілері арасында Сыр бойы үшін бірнеше ғасырға созылған күрестер жүргізіледі.
XV ғасырдың екінші жартысында Қазақ хандығының батыстағы көршісі Ноғай Ордасындағы саяси бытраңқылық та қазақ хандарына тиімді болды. Ноғай еліндегі саяси күрестің терендегені соншалықты, кейбір Маңғыт билері XV ғасырдың соңында билікке Мұхаммед Шайбани ханды отырғызуға күш салады. [1.56]
Салт-дәстүр тарихи даму барысында тіршілік үшін күрес нәтижесінде қалыптасқан соқпақ. Әр халықтың салт-дәсүрлері осы халықтың тарихын бейнелейді. Дәстүр сабақтастығы халықтың түп-тамырын, елдің елдігін паш ететін бірден бір фактор. Бүгінгі Қазақстан Республикасы өз тағдырының күрделі кезеңінде. Қоғамның бұрынғы әдет-салтқа сүйенген саяси дәстүр мен жаңа бағалылықтардың қалыптасуынан туындаған ішкі қарама-қайшылықтардың өтпелі сипаты, өзгерістердің даму процесінің жолдары мен бағыттарын терең ойлап, талдауды қажет етеді.
Екінші тараушада келесі мәселелер өз бейнесін табуы жоспарлануда: Бұл бөлімде қазақ хандығының Сыр өңірі қалалардың алып отырған орнын, барысын, нәтижелерінің жайын жеткізу негізгі мақсатымыз. Бұған дейін қалыптасқан пікірлерді сынға алу.
XIV-XVIғасырлардағы Сыр өңіріндегі маңызын ондаған қалалардың экономикалық, саяси, әкімшілік, діни, мәдени өмірлерде атқарған ролін анықтамай, тақырыбымыздың маңызын аша алмаймыз.
Содан да болар осы өңірдегі қалаларын тарихи ұзақ жылдардан бері тарихшылар мен археологтар зерттеу объектісінен түпейді.
Сыр өңіріндегі қалалардың Қазақ хандығы үшін XV-XVI ғасырларда атқарған қызметін К.А.Пищулина зерттеді. [2.110]
XX ғасырлардың басынан 60-шы жылдардың соңына дейінгі аралықта табылған археологиялық деректер оның археологиялық зерттеу еңбектерінің негізін құрады деуге болады. ХХ ғасырдың 70-80-ші жылдары Оңтүстік Қазақстандағы Сырдария өзенінің бойындағы ежелгі және ортағасырлық қалаларды зерттеуде археологтар үлкен табыстарға жетті. [3.143] Жаңадан табылғын археологиялық деректер XV-XVI ғасырлардағы Сыр өңірінің Қазақ хандығы үшін атқарған маңызын тереңдеп көрсетуге, жан-жақты анықтауға мүмкіндіктер береді.
Біз бұл жұмысымызда ортағасырлық Сыр өңіріндегі айырықша роль атқарып, Дешті Қыпшақ тайпалары, атап айтқанда XV-XVI ғасырлардағы Қазақ хандығы үшін зор маңызға ие болған ірі-ірі қалаларға тоқталып өткеніміз жөн. Аймақ қалалары ішінде біз қарастырып отырған кезең бойынша үштопқа бөлеміз. Бірінші топқа Қазақ хандығы үшін саяси-әкімшіл, сауда, егіншілік, қолөнер, әскери маңызы зор болған қалалар – Сығанақ, Сауран, Яссы, Отырар, Сайрам жатқызылады. Екінші топқа қала-қамалдары саяси-экономикалық рольдері аймақ көлемінде бірінші топ қалаларына қарағанда анағұрлым төмен ретінде — Созақ, Арқуқ, ‡згент, Аққорған болады. Ал, үшінші топқа жататын қала-қамалдарына – Ашнас, Иаканкет, Қарасман, Қойған-Ата, Мейрам, Сүткент, Құмкент Шаға және тағы басқа бекініс-қамалдар жатады.
Сығанақ — қаласы қазіргі Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылдың солтүстікке қарай 20 шақырым жерде орналасып тұр.[4.44] Қазіргі кезде қаланың орны – Сунақ-Ата қалашығы.
XV-XVI ғасырларда Сығанақ қаласы Сыр өңірі немесе Дарияның жағалауындағы қалалары ішіндегі саяси-әкімшілік, сауда-айырбас, орталықтары ретінде ең ірі қаланың бірі болып саналады.
Деректерге сүйенсек, Ибн Рузбехан Сығанақ, Дешті Қыпшақ пен Түркістан аймағының түйіскен жеріне орналасқан. [4.41] XVI ғасырға дейін қала халқының көп болуына, қаланың саяси және экономикалық қуатының артуына, оның аймақ шетінде, Дешті Қыпшақ территориясымен іргелес орналасуы басты себеп болады. [4.26] XV ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап XVI ғасыр соңына дейін Қазақ хандығы мен Мауреннахр билеушілері арасында ұзаққа созылған күрестер болды. [5.86-93] 1598 жылдан бастап Сығанақ түпкілікті Қазақ хандығының құрамына өтеді.
Екінші бөлімде мына мәселелерді қарастырдым Қазақ хандығының құрылғанына Орталық Азияда Шайбанидің Қазақ хандығына қарсылығы тағы да көбейді. Қазақ хандығының политикалық басшылығы Түркістан жеріне ұлғайды соған байланысты қазақтардың осы территорияларына жылжыуна Шайбанидің басшысы мынадай жағдайларда саяси және экономикалық сипатты қазақтарға қарсылық ұйымдастырды. Бірінші қазақ хандығын экономикалық әлсірету үшін өзінің еліне Қазақ хандығымен сауда жасауға тиім салды. Бұл тұралы Фазаллах ибн Рузбихан Исфахани екі – үш рет тамыз айларында указ шығарды, халықтар ешқандай қазақтардың көпестерімен сауданы тоқтату және екі халықтың арасындағы қарым–қатынас тоқтатылсын деген жарлы жарық көреді. [6.101]
Осындай іс шаралар Мухаммед Шайбани ханға ойлаған ойына жетпей, басталмай-ақ орындалмай жатты .Осындай теріс саясатты зеріттеушілер турасын айтты ,экономикалық жағдай көшпенділер мен жартылай көшпелілер қазақстанның оңтүстігіндегі көпестер мен қолөнерілерге де ұнамады. Сырдария бойындағы қалаларыдың халықтары да наразылығын білдірді және де Мауереннахр халықтарыды соларға қосылды.[7.266]
Ғасырлар бойы тығыз қалыптасқан шаруашылық айланыстар көшпелі дала халқы мен Мауереннахр турғындары арасындағы байланыстарын бұзу туралы жарлықтар мен шешімдер әрсерін тигізген жоқ. Орталық Азия халқымен мен қазақ халқының сауда байланыс проблемаларын зерттеген, қазақтар өздері пайда болу уақытысынан бастап тарихи аренада XVIII ғасырға дейін Орта Азияға негізгі малдарды қамтамасыздандырушылар болды, «халықтың өсуі, жер өңдеудің дамуы және қол өнер дамуы Орталық Азия оазисында ет немесе көшпенді қазақтың мал шаруашылығына сұранысты жоғарлатты». [5.15] Қазақ тайпалары Орталық Азия рыногына малды ғана шығарған жоқ, бақада товарларды шығарған. Мысалы С. К. Ибрагимов, ортағасырлық шығармаларға мәліметтерге сүйене отырып жазған, «Орталық Азия рыногында қазақтардың қол өнерлер бұйымдары өте жоғары бағаланды». [8.40.]
Сонымен «текстельдік бұйымдар сұранысы және де тағы басқа қалалық қол өнер, өнер кәсібі, азық түлігі де болды». [8.93.] Бұл қазақ хандығы халықтарының шаруашылық мінезімен түсіндірілді. Көбінесе оның негізі көшпелі мал шаруашылығы болды, бұда үнемі авторкичностік сауда айырбас талаптары отырықшы жер өңдейтін шаруалармен байланыстырды. Осыған байланысты көшпелілердің мал шаруашылық азық–түлігін өткізу қалаулары болған, сондықтан да болар өзіне керек бұйымдарды, жерден алынған өнімін және қөл өнер заттарын алла алды. [3.108.]
Осыдан болар Мухаммед Шайбани ханның ықпалы аз көрініс тапқансоң болар «Түркістан қалаларын бірнеше рет бірнеше аудандарды және Хорезм қалаларындағы қазақ көпестердін тонауға бұйрық берген». [2.101.]
Екінші бөлімнің екінші тараушада мынадай мәселелер қарастырамын: Қазақ хандығының құрылғанына Орталық Азияда Шайбанидің Қазақ хандығына қарсылығы тағы да көбейді. Қазақ хандығының политикалық басшылығы Түркістан жеріне ұлғайды соған байланысты қазақтардың осы территорияларына жылжыуна Шайбанидің басшысы мынадай жағдайларда саяси және экономикалық сипатты қазақтарға қарсылық ұйымдастырды. Бірінші қазақ хандығын экономикалық әлсірету үшін өзінің еліне Қазақ хандығымен сауда жасауға тиім салды. Бұл тұралы Фазаллах ибн Рузбихан Исфахани екі – үш рет тамыз айларында указ шығарды, халықтар ешқандай қазақтардың көпестерімен сауданы тоқтату және екі халықтың арасындағы қарым–қатынас тоқтатылсын деген жарлы жарық көреді. [3.101]
Осындай іс шаралар Мухаммед Шайбани ханға ойлаған ойына жетпей, басталмай-ақ орындалмай жатты. Осындай теріс саясатты зеріттеушілер турасын айтты, экономикалық жағдай көшпенділер мен жартылай көшпелілер қазақстанның оңтүстігіндегі көпестер мен қолөнерілерге де ұнамады. Сырдария бойындағы қалаларыдың халықтары да наразылығын білдірді және де Мауереннахр халықтарыды соларға қосылды.[3.266]
Ғасырлар бойы тығыз қалыптасқан шаруашылық айланыстар көшпелі дала халқы мен Мауереннахр турғындары арасындағы байланыстарын бұзу туралы жарлықтар мен шешімдер әрсерін тигізген жоқ. Орталық Азия халқымен мен қазақ халқының сауда байланыс проблемаларын зерттеп, қазақтар өздері пайда болу уақытысынан бастап тарихи аренада XVIII ғасырға дейін Орта Азияға негізгі малдарды қамтамасыздандырушылар болды, «халықтың өсуі, жер өңдеудің дамуы және қол өнер дамуы Орталық Азия оазисында ет немесе көшпенді қазақтың мал шаруашылығына сұранысты жоғарлатты». [6.15] Қазақ тайпалары Орталық Азия рыногына малды ғана шығарған жоқ, бақада товарларды шығарған. Мысалы С. К. Ибрагимов, ортағасырлық шығармаларға мәліметтерге сүйене отырып жазған, «Орталық Азия рыногында қазақтардың қол өнерлер бұйымдары өте жоғары бағаланды».
Сонымен «текстельдік бұйымдар сұранысы және де тағы басқа қалалық қол өнер, өнер кәсібі, азық түлігі де болды». [5.93.] Бұл қазақ хандығы халықтарының шаруашылық мінезімен түсіндірілді. Көбінесе оның негізі көшпелі мал шаруашылығы болды, бұда үнемі авторкичностік сауда айырбас талаптары отырықшы жер өңдейтін шаруалармен байланыстырды. Осыған байланысты көшпелілердің мал шаруашылық азық–түлігін өткізу қалаулары болған, сондықтан да болар өзіне керек бұйымдарды, жерден алынған өнімін және қөл өнер заттарын алла алды. [32.108.]
Осыдан болар Мухаммед Шайбани ханның ықпалы аз көрініс тапқан соң болар «Түркістан қалаларын бірнеше рет бірнеше аудандарды және Хорезм қалаларындағы қазақ көпестердін тонауға бұйрық берген». [14.101.]
Осыған жауап ретінде, Қазақ ханы, Фазлаллах ибн Рузбихан Исфахани айтуынша немесе түсіндіруінше «тергеу амалдарын жүргізуде көлек және киімнің негізгі бөлімі құрайтын кербас-киім адамдар үшін қажеттілік–олар хандық әмірлік иелігіне басып кіруін қауып». [17.101.]
Қазақ рулық тайпалар топтары Түркістанның солтүстігіне әрі қарай жылжи берді, кейбәр қазақ билеушілері Мауеренахр жеріне де шабуыл жасады, бұл жоспар Мухаммед Шайбани ханның Орта Азияны жаулап алу қаупіне қарсы жасалған еді.
Жұмысты жазу барысында талдау, сынау, сараптау және салыстырмалы әдіс тәсілдерді пайдаланамын.
Қорыта келгенде жұмысты жазу барысында, алдыма қойған міндеттерді орындап, мақсаттарға жетуге тырысып барамын. Қасым ханның саяси- тарихи аренадағы алғашқы қадамдарынан ақырғы күніне дейінгі аралықтағы тарихи құбылыстарды шынайы баяндау. Қасым ханның шынайы келбетін ашып көрсетіп беруге тырысамын.
XV-XVI ғғ жағдайды толық баяндап, Қасым ханның тарих аренасына шығуын анықтау. Оның билікке келу тарихын баяндау. Қазақ хандығының күшейюін деректер негізінде дәлелдеу. Отан тарихшылары мен орыс тарихшыларының берген бағаларын салыстырмалы түрде қарастырып оған өз тарапымнан баға беруге тырысамын.
I ТАРАУ. XV ҒАСЫР АЯҒЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ СЫР
ӨҢІРЛЕРІ ҮШІН ЖҮРГІЗІЛГЕН КҮРЕСТЕРІ
1.1 Сыр өңірі үшін күрестің себептері
Бұл тарауда менің негізгі мақсатым XV ғасыр аяғындағы Қазақ хандығының Сыр өңіріері үшін жүргізілген күрестерін, болған күрестердің мән-жайын, себеп-салдарын анықтау.
Қойған мақсатыма жету үшін тақырыпқа байланысты деректер мен зерттеулерге сүйненіп, салыстармалы түрде өз ойымды дәлелдеу сияқты міндеттерді орындауға тырысамын.
Қазақ хандығының Сыр өңірлері үшін жүргізген күресіне келсек бұнда қарастыратын мәселеміз XV ғасырдың аяғындағы жиі-жиі жүргізілген күрестерін немесе қақтығыстарына байланысты және өзінің қосқан пікірлерін байланыстыра отырып жеткізуге тырысамын.
Алтын Орданың біртіндеп әлсіретуі мен ыдырауы қазақтар мен көршілес халықтардың, тайпалардың саяси, шаруашылық және этникалық жағдай айтарлықтай ықпал етті. Нәтижесінде Шығыс Дешті қыпшақ халқының саяси өмірінде бірнеше мемлекет – Ақ Орда, Ноғай Ордасы, одан едәуір айтарлықтай кейінрек «Көшпелі өзбектер» немесе Әбілхайыр хандығы бөлініп шықты. Бұл аймақта тайпалардың этникалық белгілерінің ортақтығы мен құрамының тұрақтануына қолайлы жағдайлар туғызады. Олардың этникалық құрамы, негізінен алғанда, ұқсас болатын.
ХV ғ. 50 жылдары қазақ хандығы үшін өте маңызды уақыт немесе кезең деп айтуға болады. Қазақ хандығының құрылуы мен қалыптасуы, пайда болуы, орнығуының бастауын алады деп айтсақта қателеспейміз. Бізге анықтап беретін ХIII-ХVI ғасырлардағы шығыс-мұсылман деректерінің мәлеметтерінде «Түркістан» деген атауға ие болған –Сырдария өзенінің орта ағысы бойы немесе Сыр өңірі – Дешті қыпшақтың құрамдас бір бөлігі болып, саяси-әкімшілік, сауда-айырбас, діни-мәдени орталық ретінде, сонымен бірге шаруашылық, этникалық, геосаяси маңыздар атқарады. Мауереннахр билеушілері де бұл өңірге аса зор маңызы беріп, оны Мауереннахрдың құрамында ұстап қалуға тырысып отырды. Сол себепті де Дешті Қыпшақ пен Мауереннахр билеушілері арасында Сыр бойы үшін бірнеше ғасырға созылған күрестер жүргізіледі.
XV ғасырдың екінші жартысында Қазақ хандығының батыстағы көршісі Ноғай Ордасындағы саяси бытраңқылық та қазақ хандарына тиімді болды. Ноғай еліндегі саяси күрестің терендегені соншалықты, кейбір Маңғыт билері XV ғасырдың соңында билікке Мұхаммед Шайбани ханды отырғызуға күш салады. [1.47]
Салт-дәстүр тарихи даму барысында тіршілік үшін күрес нәтижесінде қалыптасқан соқпақ. Әр халықтың салт-дәсүрлері осы халықтың тарихын бейнелейді. Дәстүр сабақтастығы халықтың түп-тамырын, елдің елдігін паш ететін бірден бір фактор. Бүгінгі Қазақстан Республикасы өз тағдырының күрделі кезеңінде. Қоғамның бұрынғы әдет-салтқа сүйенген саяси дәстүр мен жаңа бағалылықтардың қалыптасуынан туындаған ішкі қарама-қайшылықтардың өтпелі сипаты, өзгерістердің даму процесінің жолдары мен бағыттарын терең ойлап, талдауды қажет етеді.
Тарихи жазба деректерде бұл күрестерді ХV ғасырдан бастап байқауға болады. Белгілі тарихшы Б.Е. Көмеков бұл жөнінде: «ХI ғасырдың аяғы – XII ғасырдың басында Сырдарияның төменгі ағысындағы Жент, Жаңакент және тағы басқа қалалар қыпшақ көсемдерінің иелігінде болды. Алайда, ХII ғасырдың бірінші жартысында бұл аймақты қайткен күнде де басып алуға тырысқан Орта Азиялық мұсылман әулеттері мен қыпшақ хандары арасында ұзаққа созылған күрес жүрді » — деп жазады. [2.256]
ХIII ғасырдың басында Моңғол жаулауы нәтижесінде Сыр өңірі Жошы ұлысының құрамына өтеді. Жошы ұлысы мен Шағатай ұлыстарының шекарасы «Балхаштан батысқа қарай, Қаратаудың оңтүстік жоталарымен Сырдың орта ағысы арқылы Аралдың оңтүстігімен жүреді». [3.47]
XIII ғасыр соңы мен XIV ғасыр басында Сырдарияның орта ағысы бойы Алатын Орданың құрамындағы Орда Ежен ұлысының саяси орталығына айналады. XIV ғасырдың ортасы мен одан кейінгі жылдары Алтын Ордадағы саяси дағдарыс барысында Мауреннахр билеушісі Ақсақ Темір Сыр өңірін өзіне бағындырады. Бірақ Дешті қыпшақ билеушілері мұндай жағдаймен келіспейді. XIV ғасырдың соңында Алтын Орданы саяси жағынан біріктірген Тоқтамыс ханның Ақсақ Темірмен күрестерінің, Ақ Орда ханы Барақ ханның Ұлығбек мырзамен, Дешті қыпшақты 40 жыл билеген Әбілқайыр ханның аймақ үшін күрестерінің экономикалық себептеріне Сыр өңірі Дешті қыпшақтың шаруашылық жүйесіне енгізу жатты. Алайда, жоғарыда аталған хандар аймақты түпкілікті түрде Дешті Қыпшаққа қоса алмады.
Қазақ хандығының XV ғасырда өткен кезең, саяси тарихын шартты түрде екі кезеңге қарауға болады. Бірінші кезең XV ғасырдың ортасындағы қазақ хандығының құрылуына жатса, екіншіден XV ғасырдың 70-ші жылдарынан Қазақ хандығының күшеюінің басталуына жатады.
Қазақ хандығының құрылуы тарихи толық шешілген мәселеге жатқызуға болмайды. Өйткені тарихнамада зерттеушілердің бәрі хандықтық пайда болуын Керей мен Жәнібек хандары Моғолстанның батыс бөлігінде Әбілқайыр хандығынан көшіп келуімен байланыстырады да, ал хандықтың нақты құрылған уақыты жөнінде әртүрлі жылдарды келтірелі. Олардың пікірлерін жинақтасақ, Қазақ хандығы 1451-1466 жылдары аралығында құрылған деген дерек мәліметтері арқылы бізге белгілі.
XV ғасырдағы Қазақ хандығының саяси тарихының екінші кезеңіне осы ғасырдың соңғы ширегі жатады. Бұл кезең – Қазақ хандығының күшеюінің басталуымен сипатталады. Хандықтың күшеюі Сыр өңіріндегі позициялардың әлсіреуінен басталады. Осы кезде Қазақ хандығына қарсы болған көршілес күш – Мауреннахр. XV ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап Сыр өңірлері үшін Қазақ хандығы мен Мауреннахр билігіндегі билеушілер арасындағы саяси қарым-қатынастар қалыптасып, дамуы түсуінен. Бұл саяси қарым-қатынастар XVI ғасырдың соңына дейін жалғасады. XV ғасырдың соңғы ширегіндегі саяси қарым‑қатнастар бір жарым ғасырдай уақытқа созылған кезең. Бұнда саяси қарым-қатынастар Қазақ хандығы мен Мауреннахр арқа сүйеген билеушілерінің бірі Мухаммед Шайбани хан арасындағы үздіксіз болған ұрыстармен белгілі болады. Саяси қарым-қатынастардың алғашқы кезеңдегі оқиғаларын баяндайтын жазба дерек мәләметтері біршама. Олардың қатарына шайбанилық деректер тобына енетін: «Тауарихи гузида-йи нусрат наме», «Фатх наме», «Шайбани наме», «Михман наме-йиБухара», «Зубдатал-асар», «Тарих-и Кипчакхани», шағатайлық — «Тарихи Рашиди» секілді XVI ғасырдағы шығармалар жатады.
XV ғасырдың 70-90-шы жылдарындағы қазақ хандығының Сыр өңірі үшін жүргізген көпестері мәселесін зерттеушілер тарапынан аз зерттелген мәселелер қатарына жатқызуға болады. Кейбір зерттеушілер бұл мәселелер бойынша тарихи фактілерді баяндап қана өтіп оқиғалардың себептеріне, салдарына назар аудармайды.[30.67]
Деректанушы–ғалым К.А.Пищулина ғана XV ғасырдың соңғы ширегіндегі Қазақ хандығының Мауреннахрмен саяси қарым-қатынасы мәселесі арнайы зерттеу обьектісі болып, оқиғалардың даму барысын, кезеңдері мен нәтижелері, себеп-салдарлары зерттеледі. Кейінрек бұл мәселе бойынша С.Г.Кляшторный мен Т.И.Султановтың кітабін айтуға болады. [3.96]
Түркістан аймағы үшін күрестің алғашқы кезеңі қарсаңында, яғни XV ғасырдың 70-ші жылдарында Дешті Қыпшақ, Моғолстан және Мауреннахрдағы қалыптасқан саяси жағдайлар қазақ хандығы үшін өте қолайлы болды.
1469 жылы Мауреннахр билеушісі, Темірлік Әмір әбу Саид мырза қайтыс болғаннан кейін, оның үш ұлының қарамағындағы иеліктер, бір-бірімен өзара ортақ билік үшін күрестер жүргізіледі. Мауреннахр ішіндегі феодалдық қырқысулар оның саяси-экономикалық және әскери күш-қуаттарының әлсіз болғандығын көрсетеді. Мауреннахрдың әлсіреуін XV ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап Түркістан аймағы үшін күресті бастауға Қазақ хандығы үшін қолайлы немесе ұтысты саяси фактор болды. Ал XV ғасырдың 90-ші жылдар ортасында, шамамен 1-2жыл ішінде, Мауреннахрдағы үш иеліктің билеушілері әр түрлі жағдайда қайтыс болып кеткен соң, билікке олардың 12-16жасар арасындағы мұрагерлері келеді. Феодалдық соғыстар осы кездерден бастап жаңа қарқынмен өршие түседі. Бұл жағдай қазақ хандығына Сыр өңірі үшін күрес барысында көптеген мүмкіншіліктер және ұтыстық жағдайын береді.
Сондай-ақ 1487 жылы Моғолстан ханы Жүніс хан қайтыс болғаннан кейін, бұл елде де екі хан билік жүргізеді. [6.44] Жүніс ханның үлкен ұлы Сұлтан Махмуд хан елдің отрықшы аймағын ие болады. Сөз жүзінде ол Үлкен хан болып саналғанымен, іс жүзінде оның билігі тек Моғолстанның оңтүстік-батысына бөлігінде ғана тарады. Ал солтүстікте және солтүстік-шығыста Жүніс ханның кіші ұлы Сұлтан Ахмет көшпелі тайпаларға билік жүргізді. [7.75]
Мауреннахрмен салыстырғанда, Моғолстанда билік үшін күрес болмады. Соған қарамастан, мұнда да екі ханның бір мезгілде билік етуі, Моғолстанның Жүніс хан тұсындағыдай, күшін, қуатын және беделін орнына келтіре алмады. Бұл жағдайлар да қазақ хандығының XV ғасырдың ширегі ішінде Түркістан аймағы үшін жемісті күресте жүргізуіне өте қолайлы жағдайлар жасады.
XV ғасырдың соңғы ширегіндегі қазақ хандығының батысындағы көршісі Ноғай Ордасындағы саяси бытыраңқылық та қазақ хандарына тиімді болды. Ноғай еліндегі саяси күрестің тереңдегені соншалықты, кейбір маңғыт билері XV ғасырдың соңында билікке Мухаммед Шайбани ханды отырғызудға күш салады. [8.56] XV ғасырдың50-ші жылдары соңында батыс Моғолстанда Керей мен Жәнібек хандар негізін қалаған қазақ хандығы сол ғасырдың 60-ші жылдары берік қалыптаса түседі. «Көшпелі өзбектер» мемлекетінің ханы Әбілқайырдың өлімінен кейін Жәнібек хан, Бұрындық сұлтан және де басқа жошылық сұлтандар Дешті Қыпшақтағы Әбілқайыр хан мұрагерлерінің билігін бір жолата жою үшін күрес жүргізеді. 70-ші жылдарының басында бұл күрес сәтті аяқталып, Шайх-Хайдар хан өлтіріледі, ал шайбанилық сұлтандар жан-жаққа тарап кетеді. [9.32] Дешті қыпшақ хандығының билігі орнығады.
XV ғасырдың 80-жылдары Қазақ хандығының билігі Сыр өңірінің оңтүстігіндегі қалаларға егіншілік өңірлерге таралуы жалғасуға бет бұрады. Үшінші кезеңге жататын осы жылдардағы оқиғалар Қазақ хандығы тарапында да, Мауереннахр билеушісіне сүйенген Мұхаммед Шайбани хан тарапынан да өте қатандықпен, табандылықпен жүргізіледі. Себебі, қазақ хандығының билігі оңтүстікке қарай неғұрлым тереңдеген сайын, Моғолстан да оған қарсы әректтер жасай бастайды. Шайбани хан да аймақтың оңтүстігіндегі қалалар өзінің соңғы тірегі, соңғы үміті екенін сезіп, оларды иеленіп қалу үшін, одан бекініп, табан тіреп қалу үшін жан аямай күрестер жүргізеді.
XV ғасырдың 80-ші жылдарының бірінші жартысындағы Тұркістан аймағы үшін күрестің тағы бір ерекшелігіне, Моғолстан ханының осы күреске тікелей орналасуы жатты. Аймақтың солтүстік өңірі Қазақ хандығына қарағанын және оған Мауереннахр тарапынан қарсылықтың болмағанын көрген моғол ханы Жүніс хан 1482-1485 жылдары Сайрам мен Ташкент өңірін өз қоластына басып алды. Моғол ханының бұл әрекетін Сыр бойындағы қалаларға ықпалы өсе бастаған қазақ хандығының одан әрі күшеюіне жол бермеуден және аймақтың оңтүстік өңірлерін иелену арқылы Монғолстанның Сыр бойындағы пайда көзін арттырудан туындаған деп санауға болады. Бұл жағдайдың одан әрі даму Қазақ хандығы мен Монғолстанның саяси қарым-қатынасынның қайшылықтары XV ғасырдың 90-шы жылдарында, яғни Сыр өңірі үшін күрестің төртінші кезеңіде Қазақ хандығы мен Моғолстан арасына соғысқа иеліктіретін бөліске түсіру жағдай туады.
1487 жылы Моғолстан ханы Жүніс қайтыс болып, орнына үлкен ұлы Сұлтан Махмут хан отырады. Ол әкесінің игілігіндегі отырықшы аймақтарға және Моғолстанға соңынан қосылған Сайрам мен Ташкент өңірлеріне билік жүргізді. Оның ел басқарудағы тәжірибесіздігін ескеріп, Мауеренннахрдың билеушілері Омар-Шайх мырза мен Сұлтан Ахмет мырза әрқайсысын өз беттерінше жеке қимылдап, Ташкентті қайтарып алуға ұмтылады. Бірінші болып Ферғана әміршісі Омар-Шейх мырза көп әскермен Ташкентке аттанады, бірақ қала түбінде ұрыста жеңіліске ұшырағаннан, кейін қайтып оралады. Келесі жылы, шамамен 1489-1490 жылы Ташкентті алуға Самарқанд әміршісі Сұлтан Ахмет мырза күш жинақтап салады. Сұлтан Ахмет мырзаның әскерінің ішінде 300 адамдық нөкерімен бірге Мұхаммед Шайбани хан қатысады. Сұлтан Ахмет ханның жорығы және оның барысы туралы жазба деректе мәліметтенді. [42.100]
1493 -1495 жылы Мауереннахрдың үш билеушісі 1-2 жыл ішінде қайтыс болып, орындарына 12-16 жастардағы мұрагерлері отырады. Сұлтан Махмұт хан осыны пайдаланып, Тұркістандағы істерден Мауреннахр істеріне ауысады. Ал Бұрындық хан болса, Шайбани ханмен бейбіт келісім жасасады. Оны туыстық байланыстармен нығайту үшін Қазақ ханы өзінің екі қызын шайбанилық сұлтандарға ұзатады.
Осылайша, Бұрындық хан мен Шайбани хан арасындағы келісім, XV ғасырдың соңғы ширегінде ұзақ уақытқа созылған Сыр бойы үшін жүргізілген күресті уақытша болса да тоқтатты. Менің ойымша екі жақта Сыр өңірінің бөліске түсіре алмағандықтан жиі-жиі ұрыстарға тап болған соң, екі жақтанда көптеген шығындар жағалап кеткен емес, сол себепті екі жақта қалпына келгенше ұрысты немесе соғысты тоқтатуға мәжбүр болды. XV ғасырдың 70-ші жылдарына дейін аймақта толығымен билік жүргізген Мауреннахр билеушілері XV ғасырдың 90-шы жылдарында аймақтағы иелігінен толығымен айналады. Аймақ XV ғасырдың соңында келісім-шартқа сай үшке бөлінеді. Аймақтың оңтүстігі – Сайрам өңірі Моғолстанға, орталығы–Яссы, Отырар өңірлері Мұхаммет Шайбани ханға немесе Мауреннахр иелігіне қарады. Қазақ хандығы солтүстік бөлікке – Созақ, Сығанақ және Сауран өңірлеріне ие болды.
Бұл тек Бұрындық хан тұсында көрінген көрініс емес. Осы кезден ақ, Қазақ хандығының жан-жақты өте ықпалы жоғары қалалардың өзіне біртіндеп өз қарамағына ала бастады. Бағана жоғарыда айтылып кеткендей Мұхаммед Шайбани ханның үзіліспен немесе уақыт аралық Қазақ хандығына жасалған жойқын жорықтарын және де Сыр өңіріндегі қалаларын өзіне бағындрғысы келді. Кейінрек айтылып кететін, қысқаша түсінік Дешті қыпшақ немесе Сыр бойының айырмашылығын, кейін келе уақыт өткен сайын көлемінің өзгеруін көреміз. Бұны айту мақсатымыз Мұхаммед Шайбани ханның Дешті қыпшақ жерінен Ұлы Жібек жолы басып өтетін Сыр өңіріндегі қалалар. Олардың жергілікті халықты нақтылай айтқанда Қазақ хандығын саяси, мәдени, қол-өнер, әлеуметтік, ең бастысы экономикалық даму көзі немесе дамып келе жатқан ірі-ірі қалаларын басып алу,өзіне қарату,өз елігіне кіргізу мақсат етті. Осылайша Мұхаммед Шайбани ханның қазақ еліндегі қалаларына бірнеше жаулап алу әрекеттерін жүргізді. Осымен қоса Шайбани хан өзіне бағындырған қамал, жерлерінне тонаушылық әрект жүргізбеген, ол өз адамдарын сол жарге башылыққа тағайындап кететін,бұның өзі Шайбани ханның саясаты жақсы жүргізгеннін білуге болады. Тағы қосуға болатын дерек: «Бұл жылдың басында Әбді әл-Кәрім орнынан көтерілгенде, Мағди сұлтан оның қолының қарынан соқты. Оны қолға түсіргеннен кейін шолушы жасақ жайпалды. Самарқанда да, Мырзаның сарайында да болып жатқан аумалы-төкпелі жағдайды көргеннен кейін сұлтандар ерте көктемде Шайбани ханға кетті», — біз бұдан Шайбани ханның өзінің бәрлік сұлтан мен бектерді және тағы басқаларын біріктіре алатындығын дәлелдейді.
Дешті Қыпшақта Қазақ хандығының билігі түпкілікті және толығымен орнығады. Ол Сыр өңірігің өз құрамына немесе иелігіне, қарамағына кіргізгеннен кейін-ақ байқауға көрініс береді. Кім болсада қазақ хандығы Мауреннахр немесе Моғолдар Сыр өңіріндегі қалалардың көп бөлігін иемденгісі келді. ‡йткені бұл қалалардың барлығы пайаның қайнар көзінің өз болды. Ол экономикасын жақса қарқында дамып, сонымен қатар әкери күшінің күтілігін және әлеуметтік, саяси дамығанын көреміз. Сонымен қатар қала арасындағы сауда айналысының және жоғарыда айтылып кеткендей µлы Жібек жолында жатқандығынан болар сауданың немесе айырбастың жақсы қарқында жүгендігі.
XV ғасырдағы қазақ ханды Түркістан аймағы үшін күреске келер болсақ. Ол тек Түркістан қаласы үшін емес, ол аймақтың көп шоғырланған жерлердің бірі Сыр өңірі үшін болған.
Осы бөлімді қорыта келе Сыр өңірірін көп иелігі болған жақтың, тез арада әлеуметтік, экономикалық, әскери, этникалық және мал шаруашылықтан орнығады.
Жоғарыда айтып кеткендей Мауреннахрдан Мұхаммед Шайбани хан, Моғолдардан Сайд хан, қазақтардан Қасым хан осы елдер арасында болған Сыр өңірі үшін үнемі болған қақтығыстардың себебі сол.
Уақыт өте Моғолдар Сыр өңіріндегі иеліктерінен айырылып қалады. Ол иелігі Шайбани мен қазақ жеріне кіріп кетеді. Сөйтіп,Сыр аймағы Қазақ хандығы үшін XV-XVI ғасырларда атқарған маңызы немесе орны бөлек.
Бұл бөлімінде менің негізгі қарайтын мақсатым Сыр өңірдерінің қазақ хандығы үшін маңызын баяндап, осы өңіріндегі биліктің кім жүргізгенін және себеп-салдарын анықтау.
Осы қойған мақсатқа жету және анықтау барысында,деректер мен арнайы зерттеулерге сүйіне отырып, өзімнің ойымды ғылыми тұрғыда дәлелдеу сияқты міндеттерді жеткілікті дәрежеде орындауға тырысамын.
Сыр бойының табиғаты өте бай. Көктемде бүкіл Сыр атырабына жайылатын Дарияның мол суы қалың ағаштар мен жан-жануарларға тіршілік әкелетін. Басқа елдер мен халықтарға Сыр десе, тоқшылық пен молшылық елестейтін. Осыдан келе Сырдың орта ағысы бойындағы қысқы жайылымдарды иелену, Сыр өңірі арқылы өтіп жатқан сауда-керуен жолдарына бақылау орнату, аймақтағы қалалардың экономикалық өміріне, сауда-айырбасына билік орнату секілді экономикалық себептер XV ғасырдың 70-ші жылдарынан бүкіл XVI ғасыр бойы қазақ хандығын Сырдарияның орта ағысы бойындағы жерлерді иеленуге итермелейді.
Көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын тайпалар үшін маусымдық жайылымдар таңдау, көшіп-қону жұмыстары ерекше орын алады. Жекелеген ру-тайпа мүшелерінен бастап, хан-сұлтандарға дейін бұл мәселе қоғамдық өмірде басты назар болды. Оның бір дәлелі мынау – XVI ғасыр басында моғол ханы Сұлтан Сайд хан Қасым ханды шайбанилық сұлтандарға қарсы күреске шақырғанда, Қазақ ханы: «Шайбанилықтарға бұл мезгілде жорық ұйымдастыру қиын болады, себебі дала тұрғындары бұл мезгілде қыстау, қысқы жайылым мәселелері толғандырады, соған байланысты әскер жию дәл қазір жүзеге аспайтын іс», — деп жауап қайтарады[21.99]. Моңғол ханның Қасым хан Ордасында болған кезі жаздың соңғы-күздің басы екен. Қасым ханды Моңғол ханның шақыруынан бас тарқызған басқа себептер болса да, Қазақ ханы қарамағындағы елдің шаруа қамын сылту еткені ерекше орын алады. Сондықтан-ақ «қыстың қамын жазда ойла» деген халық мәтелі ертеден бері көшпелі шаруашылықпен айнралысатын тайпаларға мал қыстауды, қыс айларында болатын ауырпалықтарды көруге алдын-ала қамдан деп ескертуден туса керек.
Төрт түлік мал көшпелі тайпалардың ең басты байлығы болып саналғандықтан, олар қыстауға, қысқы жайылымдарға ерекше көңіл бөледі. «қыстау үшін таңдалған жер ойдағыдай болуы үшін мынандай шарттар қажет», — деп жазады П.Мендевский. Ол:
1) Желден,бораннан жақсы қорғанған болуы керек;
2)қалың қар болмау керек;
3)қар астында шөп болу керек;
4)Мұмкіндігінше,су көзінің қасында болу керек;
5)көп мөлшерде және көп қиындықсыз отын жинау мүмкіндік болу керек;
6)қамысқа,құрғақ шөптерге жақын болу керек[22.37].
XIII ғасырдың ортасындағы Дешті қыпшақ тайпаларының шаруашылығы жөнінде Вилгельм Рубрук былай деді: «қыста олар оңтүстікке, жылы аймаққа қарай көшеді». [22.33] Қысқы жайылымдардың орны жөнінде Н. Е. Масанов «Евразия номадтарының қысқы жайылымдары кейбір жағдайларда болмаса, негізінен оңтүстікте, көшпелі ареалдық далалық аймағында орналасты. Таулы аймақтарда қысқы жайлаулар тегістік жерлерде,кейде тауда 200-300километір жерде өзендермен көлдерге жақын жерлерде болады» — деп жазады. [40.21]
XVI ғасыр басындағы қазақ халқының өмірі мен шаруашылығы туралы мол мәліметті ибн Рузбехан береді. «Дешті қыпшақ» далаларында суық түсе бастағанда, қазақтар қысқы тұрақтарына қарай көшеді, — «олардың қыстауылары бүкіл төңірегі түріктер қамыш деп атайтын өсімдікке толы … Қазақтардың қысқы тұрақтары Сейхунның бойында 300 фарсахтан астам жерде созылып жатыр. Олар Сейхун жағалауына жеткенде Түркістан аймағына таяйды», — деп жазады. [5.56]
Ибн Рузбеханның бұл мәлімет XII ғасырда жазылған Вильгельм Рубрук мәліметімен сабақтас. Осы мәліметтерден біз,Сырдария өзенінің төменгі және орта ағысы бойындағы жерлердің Дешті Қыпшақ тайпаларының жайылымдары болғандығын көреміз.
XI ғасырдың басынан бастап және оңтүстік өңірі табиғатының жылылығына байланысты бұл аймақтағы халық Арал маңына көшеді. Негізгі шауашылығы көшпелі мал шаруашылығы болғандықтан, Сыр өңірі бойындағы жайылымдар Дешті Қыпшақтың басқа да аймақтарымен бірге қыпшақ тайпаларының біртұтас шаруашылық кеңестігін құрайды. Қыпшақ дәуірінен бері Сыр өңірі Дешті қыпшақтың шаруашылық тұрғыдан алғандағы құрамдас бір бөлігі ретінде қалыптасады.
XIVғасырда Сыр өңірі бойындағы жайылымдардың Ақ Орда хандарына қарағанын дерек мәліметтері дәлелдейді [8.27]. Сондай-ақ XV-XVI ғасырларда Сыр бойындағы Ақ-Қорған, Сауран өңірлерінде жайылымдар болғанын дерек мәліметтері арқылы білеміз [9.11]. Бұдан шығатын қорытынды – қыпшақтар заманынан қазақ хандығы құрылғанға дейін Сыр бойы көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын тайпалардың қысқы жайылымдық жерлері ретінде пайдаланылатын болды. Алайда XIV ғасыр соңында Ақсақ Темірдің жаулап алуына байланысты Сыр бойындағы жерлер Дешті Қыпшақтың біртұтас шаруашылық жүйесінен бөлінеді.
Алтын Орда тағына Ақсақ Темір көмегімен келген Тоқтамыс ханның Мауреннахр билеушілерінің күресінің,одан кейін Барақ ханның Ұлығбек мырзамен, «көшпелі өзбектер» мемлектінің негізін қалаушы Әбілқайыр ханның темірлік әмірлермен күрестерінің салдарынан «бөлінген» аймақты Дешті Қыпшаққа қатар біріктіру қажеттілігі туды. XIV-XV ғасырлардағы Дешті Қыпшақ билеушілері үстемділігінің тұрақты және ұзақ сақталуы көп жағдайда жергілікті ру-тайпа көсемдері мен әмірлерінің қолдауына тікелей байланысты болды. Ал ру-тайпа көсемдері мен әмірлерінің экономикалық тұрғындағы басты мүддесі –жақсы жайлаулар мен жайылымдарға ие болу еді. XV ғасырдың 70-ші жылдарында Дешті қыпшақта өз билігін орнатқан Қазақ хандығының алдында Сырдың орта ағысы бойындағы жайылымдарды өздерне қайтару міндеті тұрды.
Сөйтіп, Сыр өңірі XI ғасырдан бері Дешті Қыпшақтың бір құрамдас бөлігі болды, сонымен бірге ортақ саяси, шаруашылық, мәдени және этникалық тұтастықты қалыптастырды.
К.А.Пищулина «егіншілікке жарамды, суармалы жерлер, негізінен қалалар мен елді мекендер төңірегінде орналасты, ал қалған даланың тау етгіндегі және жағалаулардағы кең жерлер бос болды. Олар қыста мал ұстауға өте қолайлы еді», — деп жазды. [3.10] Аймақтағы мұндай мал қыстатуға қолайлы жерлер ханның немесе сұлтанның иелігінде болды. «Әрбір ұлыста Шыңғыс хан ұрпағының бір сұлтаны толық билік жүргізді. Олар өзіне бағынышты тайпасымен белгілі бір жерде ежелгі жұртында, сонау Жошы хан мен Шайбани хандар дәуірінен бері отыр және олар сондағы жайылымдарды иеленеді», — деп мәлімет береді Рузбехан[1.51]. «Бұл жағдайлар Сырдария бойындағы қысқы жайылымдарға да қатысты болған», — дейді К.А.Пищулина [2.112]. «Сұлтандардың орналасуы мен алып жатқан жерлерді Ясса бойынша қатаң сақталып отырды», — делінеді жазба мәліметте. [17.30]
XVI ғасыр басында Сыр бойында қысқы жайылымдары бар сұлтандарға: Жаншы сұлтан және оның ұлы Ахмет сұлтан, Таныш, Қасым сұлтандар жатты. [14.57] Олардың әрқайсысы өзіне бағынышты ру-тайпасымен Сыр бойындағы қысқы жайылым ауданында болды: Жаныш сұлтан Сыр бойындағы қара Абдап деген жерде, оның он бес күндік жерде Бұрындық ханның қысқы жайылым, сондай-ақ осындай қашықтықта Таныш және тағы басқа сұлтандардың қыстаулары орналасады. [15.39]
Сыр өңірі Дешті қыпшақтың көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын тайпалары үшін зор маңыз атқарады және сол шаруашылық жүйесінің Дешті Қыпшақ секілді құрамдас бөлігі болды деп санаймыз. Сондықтанда бұл аймаққазақ хандығы үшін XV-XVI ғасырларда күнделікті тұрмыс-тіршілік барысында ерекше маңызға ие болады.
XVI ғасыр соңында Сыр өңірі түпкілікті Қазақ хандығының құрамына енеді. Ал XVIII ғасырдан бастап, Мауреннахр билеушілері тарапынан бұл өңірді иелену жолындағы күрестер тиылды. Оған біріншіден, осы кездегі Мауреннахрдағы саяси бытыраңқылық, екіншіден аймақтық – экономикалық жағынан төмендеуді ықпал етті. Ал, Қазақ хандығы аймақтық қалалардың экономикалық құлдырауына қарамастан, онда мықтап табан тіреді. Өйткені Сыр өңірі бұл кезде Дешті Қыпшақпен бірге тұтас шаруашылық, саяси, этникалық және мәдени кеңістікті құрауды аяқтаған еді.
Келесі тоқталатын мәселе, ол Сыр өңіріндегі қалалардың қазақ хандығы үшін атқарған саяси-экономикалық маңыздарына тоқталып өттік. Енді аймақтың қазақ хандығы мен оның басқа елдермен экономикалық байланысына, екі жаққа тигізген әсерінің маңыздылығына талдау жасап кетейік.
Көшпелі қоғамның өмір сүру ортасы ғасырлар бойы тарихи дамудың нәтижесінде тұрақтылыққа ауысқанда «көшпелі өмір отырықшы өмірмен бірге шаруашылық байланыстар арқылы мықты бекінген тұтас бір комплексқұрайды» [16.59-60]. Көшпелі және отырықшы тұрғындардың өзара экономикалық байланысы сауда-айырбас түрінде, қала мен елді мекендер арасында мал шаруашылығының өнімін сату, айырбастау түрінде жүзеге асырылып отырды. Ғасырлар бойы тарахи даму процесі нәтижесінде обьективті экономикалық байланыстар нығайып, дамиды. Қалалардың саудадағы рөлінде тоқтала келе, Р.Г.Мукминова «Саяси билік тұрақталғанда Мауреннахр қалалары мен көшпелі тайпалар арасындағы сауда-айырбас қатынасы өсті, тіпті соғыстар мен феодалдық өзара қырқысулар кезінде де бұл екі жақты өзара байланыстар үзілген жоқ», — деп атап көрсетеді. Бұл ойдың растығын біз XV-XVI ғасырлар шеніндегі Дешті Қыпшақ пен Түркістан аймағындағы оқиғаларды баяндайтын жазба дерек мәліметтерінен көреміз. XV ғасырдың соңында Қазақ хандығы мен Шайбани хан арасында Сыр өңірі үшін ұрыстар өршіп тұрған кезде, сауда керуендерінің үзілмегендігін дерек мәліметтері айғақтайды.
Түркістан аймағының XIV-XVIғасырларда гүлденуіне оның Дешті қыпшақпен экономикалық байланысты ықпал етті. Қолөнер өндірісі дамыған Отырар қаласының әртүрлі тұтыну бұйымдары аймаққа, сондай-ақ Дешті Қыпшақ жеріне тарап, өткізілді. Ал аймақтың тоқымашылық, тігіншілік, былғары иелеу секілді кәсіпшілігіне шикізат тек қана Дешті Қыпшақтан келіп тұрды. Ибн Рузбихан мәліметтерінде отырықшы қарым-қатынасы нәтижесінде әшекейлі заттар, кілемдар мен киім-кешектер, алтыннан және күмістен жасалған бұйымдар алатындығы туралы айтылады. [20.53] «Қазақтардың саудагерлері үнемі мұсылман елдеріне барған еді және барып тұратын, сондай-ақ мұсылман елдерімен саудагерлері оларға да үнемі барады», — деп жазады «Михман наме-йи Бухара» авторы Дешті Қыпшақ пен Түркістан, Мауереннахр арасындағы экономикалық байланыс туралы. [21.26]
Ғасырлар бойы көшпелі өмір мен отырықшы өмір арасындағы обьективті экономикалық байланыстар екі жаққа да тиімді болды, екі жақтың ішкі экономикалық өмірлерінде үлкен роль атқарды. Экономикалық байланыстардың субьективті түрде үзілуі заңды түрде қарсылықтар туғызды. Мухаммед Шайбани ханның XVI ғасыр басында қазақтармен экономикалық байланысты үзу туралы жарлығына қарсы, қазақтар тарапынан қарсы әрекет жасалды. [22.62]
Қазақ хандығы үшін Түркістан аймағының айрықша маңызына қазақ халқының отырықшы-егіншілік өңірлерімен сауда байланыстарының тұрақтылығын қамтамасыз етуге ұмтылуы жатты. Әсіресе, аймақтағы ірі сауда орталықтарына бақылау орнату, егіншілік аудандардан салық жинаудан түсетін пайда Қазақ хандығы үшін аймақтың экономикалық маңызын өсіре түстеді. XVI ғасыр соңында аймақ территориясы түгелімен Қазақ хандығының құрамына өткенде Қазақстанның басқа аймақтарымен байланысы одан әрі тереңдей түседі. Қ. М. Байпақов аймақ жерінен Орталық Қазақстан далаларына жаңа дәуірге дейін жұмыс істегенін жазады. [23.53]
Қорыта айтсақ, тұтастай алғанда Түркістан аймағы мен Дешті Қыпшақ арасындағы экономикалық байланыстар екі жақ үшін де үлкен роль атқарады. Екі аймақ біртұтас экономикалық жүйе ретінде қалыптасып, бір-біріне тәуелді болады. XVI ғасырдың соңында аймақтың Қазақ хандығына енуі осы экономикалық қажеттіліктерден туындаған деп санаймыз.
Қазақ хандығы үшін аймақтың геосаяси және әскери-стратегиялық маңыздары ерекше болды. Сыр өңірі Дешті Қыпшақты оңтүстікте Мауереннахрмен, шығыста Моғолстанмен, оңтүстік-батыста Хорезммен байланыстырады. Аймақа қалалары арқылы экономикалық, мәдени, діни байланыстар Қытай, Хотан, Қашғар,Хорезм, Харасан, Иран және орыс қалаларымен жалғасады. [24.91-100] Аймақта территориясын тұтастай алып қарағанда, Дешпі Қыпшақтың оңтүстігіндегі үлкен қорғаныс шебі, қамалы болып саналады. Сондай-ақ Қазақ хандары аймаққа ие бола отырып, Мауреннахрдың ішкі саяси жағдайын бақылап отыруға, қажет болған жағдайда тосынна жорықтар жасауға мүмкідіктер алды. Ал Мауреннахр билеушілерінің Қазақ хандығына қарсы жасаған әскери қимылдады аймақтың мықты бекіністері–Сығанақ, Сауран, Созақ, Яссы, Отырар және Сайрам қамалдары түбіндегі ұрыстарда шектеліп, одан әрі Дешті Қыпшаққа қарай өрістемейді. XVIғасыр басында Мухаммед Шайбани ханның қазақтарға қарсы жасаған жорықтары осы аймақта өтті. [25.45]
Сондай-ақ XVI ғасырдың ортасы мен соңындағы шайбанилық сұлтандардың Қазақ хандығына қарсы бағытталған жорықтары аймақ қалаларын қоршауға алумен ғана шектелді. Бірақ та бұл қалаларды алған күннің өзінде Мауреннахр билеушілері онда ұзақ тұра алғанда, Қазақ әскерлерінің үздіксіз шабуылдары оларды қайта кетуге мәжбүр етті.
Қазақ хандығы аймақтың қалаларын иелене отырып, оларды XVI ғасырда Мауреннахрға қарсы әскери-тірек пункті ретінде қолданады. Аймақты түгел иелену — Қазақ хандығына Мауреннахр мен саяси қарым-қатаныстар орнатуда көптеген мүмкіндіктерге жол ашады. XVI ғасыр басында Ахмет сұлтанның [27.56], XVI ғасыр соңында Тәуекел ханның Мауреннахрға жасаған жорықтарының[28.67] нәтижелері көп жағдайда осы факторға байланысты. Қазақ хандығының Сыр бойы үшін Мауреннахрмен күрестінің себептерінде экономикалық маңыздары да роль атқарды.
Аймақ қалаларында медресе,мешіт және кесенелердің көп болуы XV-XVI ғасырларда мұсылман дініндегі қазақ халқы үшін аймақтың діни маңызын көтере түседі. IX-XII ғасырларда Дешті Қыпшақ тайпалары арасында мұсылман діні аймақ қалалары арқылы тарады. Қожа Ахмед Яссауи құрметіне арнап, оның жерленген жеріне XIV ғасыр соңында кесененің салынуы Яссы (Түркістан) қаласымен қоса, бүкіл аймақтың діни орталық ретіндегі рөлін Дешті Қыпшақ тайпалары алдында өсіреді.
Ибн Рузбехан дегендей Қазақ халқының ислам діні қабылдаған кезі және олардың отырықшы аудандарындағы діни орталықтары — мен байланысы туралы құнды мәліметтер кездеседі. «Қазақтардың мұсылмандыққа өткеніне 200 жылдан асты, оларға әр жақтан діни ғалымдар келіп тұрды», — деп жазады ибн Рузбехан. [13.29] Одан әрі автор Дешті Қыпшақтардың діни байланыс «географиясына» Түркістан мен Мауреннахр қалаларын, Ширвардың Дербендті, Хажы-Тарханды, Хорезм мен Хиуа, Хорасан мен Иран қалаларын жатқызады. [15.30] «қазақтардың саудагерлері олардың ортасына келгенде мұсылмандық қағидаларды жаттайды, қазір олар, хандармен, сұлтандармен бірге бәрі-мұсылмандар. Олар құранды оқиды, мұсылмандық парызды орындайды, өздерінің балаларын оқуға береді, некге тұрады, жалпы некелеспей үйленбейді», — мәліметтер береді ибн Рузбехан. [31.15] Келтіріп отырған мәліметтегі қазақтардың мұсылманшылығы негізнен Сыр өңірі арқылы дамып отырған. Аймақтың қалаларында діни жиындар, кеңестер, пікрі таластар үнемі өткізіліп отырды. Оған улемдер, муфтилер, медресе, олардың шәкірттері және өңірдегі білімді адамдардың бәрі қатынасқан. Осындай жиынның бірі 9 күн бойы Сауран алаларыда өтті деп жазады ибн Рузбехан. [35.69] Ал келесі бір білімді адамдардың бас қосуы XVI ғасырдың басында Яссыда өтеді. [10.33]
XV-XVI ғасырларда қазақ халқы арасында ислам дінінің кең тарағандығын және Дешті Қыпшақ, Түркістан және Мауреннахр аймақтарында діни қарым-қатынастардың болғандығын тарихи жырлар мен аңыздар да дәлелдейді. Самарқанд қаласындағы «Тіллә қари» және «Шердар» медреселерін 1619 жылы Кіші жүздегі әлімнен тарайтын төртқара руынан шыққан Жалаңтөс батырдың салдыруы туралы тарихи аңыз мәліметі Сырдың төменгі бойы мен Аралдың солтүстік далаларын мекендеген ру-тайпалардың XVIIғасырда Мауреннахрда діни байланысты болғандығын көретеді. [34.94] Бұл діни байланыстың тек XVII ғасырда ғана емес, оған дейін де, XV-XVI ғасырларда болғандығы түсінікті жайт.
Түркістан аймағы XV-XVI ғасырларда діни орталық ретінде, діни білімдар мен білімпаздардың шоғырланған жері ретінде Дешті Қыпшақтардың діни қажеттіліктері мен сұранымдарын өтеп отырды және зор маңыз атқарады.
Біз қатастырып отырған кезең ішіндегі Түркістан аймағы тұрғындарының, әсіресе, қала тұрғындарының этникалық құрамы туралы мәселе толық шешілген жоқ. Мәселені алғаш көтерген археолог Л. Б. Ерзакович болды, ол кейінгі ортағасырлардағы Созақ қаласының орнын қазу барысында табылған ыдыстарға белгілердің қазақтың ру-тайпаларының таңбаларына сәкес келетінін аңғырып, алғаш тұжырымдар айтады. [38.30] 1969 жылдан бері Отырар қаласының орнында жүргізіліп келе жатқан археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде көптеген таңбалы ыдыстар табылып, олардың кездейсоқ дүние емес екендігін көретеді. С. Ж. Жолдасбаев: «Таңбалардың ішінде қыпшақтардың қосып алып» (II), керейлердің апшамай (X), қаңлылардың көсеу (I), арғындардың көз (00), ..дулаттардың абақ (0) таңбалары кездесетінін жазады. [27.59] «Мұндай таңбалы ыдыстар Оңтүстік Қазақстан қалаларыда бар болған», — деп жазады одан әрі С. Ж. Жолдасбаев. [15.40] Кейінгі ортағсырлық Отырардан және Түркістан аймағының басқа қалаларынан табылған таңбалы ыдыстар туралы «ыдысты жасаған щеберхана қазақ руының бір көсеміне,ру басына қараған» деген тұжырым бар.[41.124] Бұл айтылған ойларды жеткізе отыра, С. М. Ақынжанов: «бұл шеберлер жасаған таңбалы ыдыстар салық төлеу үшін жұмсалған» және «қалаларда жартылай отрықшы және отырықшы өмірге көше бастаған көшпелі қоғамның әскери-бай феодалдар мен кедей топтары өмір сүрген», — деген пікірмен қуаттай түседі. [4.52]
XV-XVI ғасырларда Созақ қаласы аймақтық Дешті Қыпшақпен түйіскен жерінде, Сыр бойындағы қалаладан анағұрлым алшақ орналасты. XV ғасыр соңында Созақ қаласы мен оның өңірлерінде Жәнібек ханның ұлы Махмуд сұлтан билік жүргізеді.[9.50] Созақ және оның төңірегіндегі тұрғындардың Махмуд сұлтанның әскер жию туралы жарлығына тез үн қатуына қарағанда, тұрғындардың көпшілігі қазақтар болған, Ал Л. Б. Ерзакович тапқан Созақ ыдыстарында қазақ ру-тайпаларының таңбасы өте заңды құрылыс.
Осы секілді XVI ғасыр соңында Қазақ хандығы жеңіске жеткізген көптеген себептердің біріне, біздің ойымызша, жергілікті жердегі әлеуметтік топтардың қолдау көретуі болған. Ол әлеуметтік топтар дегеніміз – отырықшы және жартылай отырықшы өмірге көшкен, көше бастаған қазақтар деп санаймыз. Ал, ол қазақтардың, олардың шеберліктерінің С. Ж. Жолдасбаев жазғандай, «Оңтүстік Қазақстанның барлық қалаларында» құрамында, басқа ыдыстарда өз ру-тайпаларының таңбасы салу түсінікті жәй.
XV-XVI ғасырда Сыр өңірінде қазақ ру-тайпалары отырықшылыққа көшіп, олар аймақ тұрғындарының бір талай бөлігін құрған демекпіз. Отырықшылыққа көшу процесі Қазақ хандығы пайда болғанға дейін Дешті Қыпшық пен Сыр өңірі арасындағы этникалық байланыстың дамуындағы бір көрініс қана. Бұдан мынандай қорытынды туады – Қазақ хандығының Сыр өңірі үшін жүргізілген күресінің бір себебі,ол — қазақ тайпаларының территориясын біріктіру, сөйтіп, этникалық тұрғыдан Дешті Қыпшақ пен Сыр өңірін біріктіру арқылы қазақ халқының этникалық территориясын қалыптастыру болып табылады.
Осы бөлімде қорыта келе,осындай тұжырымдар жасаймыз:
1.Сыр өңірілері өзінің географиялық орналасу ерекшелігіне байланысты Дешті қыпшақ тайпаларының шаруашылық-экономикалық өмірінде үлкен роль атқарады. Аймақ жері — көшпелі шаруашылық жүйесінің құрамдас бір бөлігі болып саналады.
2.Ежелден бері Сыр аймағында отырықшылық қалыптасып, қалалар мен қоныстар дамығындықтан, олар ірі экономикалық, сауда-айырбас, егінші-диқанышылық өңірлердің орталығы болып, көшпелі және отырықшы аймақтар арасында обьективті экономикалық байланыстар қалыптасады да, бірнеше ғасырлар бойы дамиды, жетіледі. Сөйтіп, біз қарастырып отырған кезеңде, бұл екі өмір-біртұтас экономикалық комплекс құрайды.
3.Сыр аймағы діни, мәдени орталық ретінде Дешті Қыпшақ тайпалары да өз орталығының діни, мәдени кеңістік шеңберіне тарады. Мұсылман дініндегі Дешті қыпшақ тайплары XV-XVI ғасырларда Сыр өңірі мен мұсылман әлемінің бір бөлігін құрап тұрады.
4.Дешті Қыпшақ тайпаларының аймақтағы отырықшы және жартылай отырықшылыққа көшу процесінің ежелден қалыптасуы және үздіксіз жалғасуы XV-XVI ғасырларда аймақтғы қазақтардың үлес салмағын өсіреді. Сөйтіп, этникалық тұрғыдан Дешті Қыпшақ пен Сыр өңірі бір этникалық кеңістікті қалыптастырады.
5.Геосаяси және әскери-стратегиялық тұрғыдан алғанда, аймақ территориясы Қазақ хандығын Мауреннахр, Хорасан елдерімен байланыстырды және қазақ хандығының оңтүстіктегі қорғаны, тірегі болды.
Сыр өңірі қазақ хандығы үшін XV-XVI ғасырларда экономикалық, шаруашылық, саяси, діни-мәдени, әскери-стратегиялық, этникалық рольдері ерекше өмірлік маңызы бар аймақ деп есептейміз.
1.2.Сыр өңірі үшін жүгізілген күрестің барысы, нәтижелері
Бұл бөлімде қазақ хандығының Сыр өңірі қалалардың алып отырған орнын, барысын, нәтижелерінің жайын жеткізу негізгі мақсатымыз. Бұған дейін қалаыптасқан пікірлерді сынға алу.
XIV-XVIғасырлардағы Сыр өңіріндегі маңызын ондаған қалалардың экономикалық, саяси, әкімшілік, діни, мәдени өмірлерде атқарған ролін анықтамай, тақырыбымыздың маңызын аша алмаймыз.
Содан да болар осы өңірдегі қалаларын тарихи ұзақ жылдардан бері тарихшылар мен археологтар зерттеу объектісінен түпейді.
Сыр өңіріндегі қалалардың Қазақ хандығы үшін XV-XVI ғасырларда атқарған қызметін К.А.Пищулина зерттеді. [2.94] XX ғасырлардың басынан 60-шы жылдардың соңына дейінгі аралықта табылған археологиялық деректер оның археологиялық зерттеу еңбектерінің негізін құрады деуге болады. ХХ ғасырдың 70-80-ші жылдары Оңтүстік Қазақстандағы Сырдария өзенінің бойындағы ежелгі және ортағасырлық қалаларды зерттеуде архиологтар үлкен табыстарға жетті. [3.50] Жаңадан табылғын археологиялық деректер XV-XVI ғасырлардағы Сыр өңірінің Қазақ хандығы үшін атқарған маңызын тереңдеп көрсетуге, жан-жақты анықтауға мүмкіндіктер береді.
Біз бұл жұмысымызда ортағысырлық Сыр өңіріндегі айырықша роль атқарып, Дешті қыпшақ тайпалары, атап айтқанда XV-XVI ғасырлардағы Қазақ хандығы үшін зор маңызға ие болған ірі-ірі қалаларға тоқталып өткеніміз жөн. Аймақ қалалары ішінде біз қарастырып отырған кезең бойынша үш топқа бөлеміз. Бірінші топқа қазақ хандығы үшін саяси-әкімшіл, сауда, егіншілік, қолөнер, әскери маңызы зор болған қалалар – Сығанақ, Сауран, Яссы, Отырар, Сайрам жатқызылады. Екінші топқа қала-қамалдары саяси-экономикалық рольдері аймақ көлемінде бірінші топ қалаларына қарағанда анағұрлым төмен ретінде — Созақ, Арқуқ, ‡згент, Аққорған болады. Ал, үшінші топқа жататын қала-қамалдарына – Ашнас, Иаканкет, Қарасман, Қойған-Ата, Мейрам, Сүткент, Құмкент, Шаға және тағы басқа бекініс-қамалдар жатады.
Сығанақ — қаласы қазіргі Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылдың солтүстікке қарай 20 шақырым жерде орналасып тұр.Қазіргі кезде қаланың орны – Сунақ-Ата қалашығы.
XV-XVI ғасырларда Сығанақ қаласы Сыр өңірі немесе Дарияның жағалауындағы қалалары ішіндегі саяси-әкімшілік, сауда-айырбас, орталықтары ретінде ең ірі қаланың бірі болып саналады.
Деректерге сүйенсек, Ибн Рузбехан Сығанақ, Дешті Қыпшақ пен Түркістан аймағының түйіскен жеріне орналасқан. [6.40] XVI ғасырға дейін қала халқының көп болуына, қаланың саяси және экономикалық қуатының артуына, оның аймақ шетінде, Дешті Қыпшақ территориясымен іргелес орналасуы басты себеп болады. [35.8] XV ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап XVI ғасыр соңына дейін Қазақ хандығы мен Мауреннахр билеушілері арасында ұзаққа созылған күрестер болды. 1598 жылдан бастап Сығанақ түпкілікті Қазақ хандығының құрамына өтеді [17.65].
XVI ғасыр басында қала өзінің бұрынғы күш қуатыннан айрыла бастайды. Мұның себебін К. А. Пищулина ХV ғасырдың 70-жылдарынан бері Қазақ хандығы мен Мұхаммед Шайбани хан арасында болған күрестердің нәтижесі деп түсіндіреді. [3.14] Сығанақ қаласының экономикалық жағынан құлдырауының келесі бір себебі, ол — Ұлы Жібек жолы тармақтарының аймақ территориясында маңызын жоғалтуы еді.
Сондай-ақ археологиялық зерттеулер қала тұрғындары мен оның төңірегіндегі елді мекен тұрғындарының суармалы егіншілік пен айналысқандығын дәлелдейді. «Егістік жерлерді суаруға пайдаланылған арықтар Сейхуннан шығарылады», — деп жазады ибн Рузбихан.[15.87] Сығанақ пен оның төңірегіндегі суландыру жүйесі оны жазба деректер мәліметтері, археологиялық қазба жұмыстарының материалдары нәтижесінде жақсы зерттелген. [18.68] ХV ғасырда Сығанақ өңірінде бау-бақша мен егіншілік өсірудің жақсы дамығандығын ХV–ХVI ғасырларда бір ғана Сығанақ қаласының тұрғындарына жіберілген вакуфтық граматодан көруге болады. [21.75]
ХIII – ХVI ғасырлардағы Сығанақ қаласының ірі сауда орталығы ретіндегі халқаралық және жергілікті маңызы зор болды. Ибн Рузбеханның мәліметтеріне сүйенсек, Сығанақ Еділ бойынан Түркістан аймағына дейінгі аралықтағы жалғыз сауда пункті болған көрінеді. [87.55] Қалаға Мауреннахрдан, Қашқардан, Хотаннан және Түркістанның басқа қалаларынан сауда керуендері келіп тұрғандықтан, мұнда әр елден әкелінген заттар өте көп кездеседі. Қала базарларында мақта-матадан тоқылған киім-кешек, үй тұрмысына қажетті заттар, темірден, шыныдан жасалған әшекейлі бұйымдар және егіншілік пен мал шаруашылығының өнімдері сауда-айырбасқа түсіп отырған. [19.64] Бұл жағдайда қаланың сауда қатынастарының халықаралық сипатын біршама ашып көрсетумен қатар, археолог К. М. Байпаковтың атап көрсеткеніндей, Сығанақтан бастау алып, солтүстікке қарай, Дешті Қыпшаққа апарар керуен жолы [28.90] қаланың сауда-айырбастағы жергілікті маңызын аша түседі. Бұл жолмен қалаға Дешті Қыпшақ тұрғындары мал, тері, жүн және солардан жасалған бұйымдар, сондай-ақ садақ пен жебе секілді өздері өндірген заттарды әкеліп, айырбасқа түсіріп отырған. [72.71] Біз қарастырып отырған ғасырлар ішінде Дешті қыпшақ пен Мауреннахр аймақтың басқа қалалары арасындағы байланыста Сығанақ қаласы маңызды роль атқарады.
Қаланың Дешті Қыпшақпен етене тығыз байланысы және оның Түркістан аймағымен түйіскен жерде орналасуы екі жақты этникалық байланыстардың дамуына әсер етеді. Қала төңірегінде Дешті Қыпшақтың кедейленген малшылары қоныстана бастайды да, жартылай отырықшы, жаппай отырықшы өмірге бейімделеді. [24.62] Алайда, шаруашылық өмірдегі өзгерістер этникалық процестерге ықпалын баяу тигізіді. Көшпелі тайпалардың бір бөлігінің отырықшылыққа көшуі үздіксіз процесс болғандықтан, Дешті Қыпшақ пен Түркістан аймағы арасындағы этникалық байланыс үзілмейді, керісінше, нығая түседі де, Дешті Қыпшақ пен Түркістан аймағында ортақ этникалық кеңістіктің қалыптасуына алғышарттар мен қолайлы жағдайлар жасай бастайды. Грамоталардың бірінде Сығанақ қаласы мен төңірегіндегі елді мекендерде тұратын тұрғындар арасында түріктер, қазақтар және қарақалпақтар тұғандығы айтылыда. [21.43] П. П. Иванов мұндағы «түріктерді» Сығанақ қаласының түпкілікті тұрғындары, жергілікті өзбектер мен қазақтар ортасынан шыққан деп түсіндіреді [8.25].
XVI ғасырдағы Қазақ хандығының тарихында ерекше орвн алатын бірнеше хандар болды. Олардың тарихи ролі әрбір хан тұмындағы хандықтың саяси-экономикалық және әскери жағдайымен бағаланды.
Қасым ханның XVI ғасырдағы тарихи ролі неден көрінеді десек,ең алдымен Қазақ хандығының территориясы жағынан кеңеюімен, мемлекеттілігі жағынан нығаюымен, халқы сынының өсуімен, қазақ деген халықтың және мемлекеттің атын алыс-жақын – жақын елдерге паш етуімен көрінді дейміз.
Ең бастысы, қазақ халқының ауыз әдебиетінде кездесетін Қасым хан туралы «Қасым ханның қасқа жолы» деген сөз тіркесі осыдан жарты мың жыл бұрын өмір сүрген тарихи тұлғаның халық санаында терең де тұрақты орын алғандығын көрсетеді.
Қасым хан тұмындағы Қазақ хандығының Мауренназрмен саяси қарым-қатынасына кіріспес бұрын, алдымен Қасым ханның өміріне қысқаша тоқталып өтелік.
Ортағасырлық жазба деректерінде Қасым ханның жеке өмірбаянын толық баяндайтын мәліметтер жоқ, тек оның сұлтандық және хандық кездеріндегі өмірінен қысқа-қысқа мәліметтер әртүрлі ортағасырлық деректерде кездеседі. Олардың қатарына Әбілғазының, Қадырғали Жалайырдың, Бабырдың, Бинай мен Шадидің, ибн Рузбеханның, Махмуд ибн Уәлидің, Хайдар Разидың, Гаффаридың, Абдаллах Балхидың, Мұхаммед Хайдар мырза Дулатидің еңбектері мен аннонимді «Тауарих-и гузида-ий нусрат нама» шығарасы жатады. [ 7.13 ]
Қасым XIV ғасырдағы Ақ Орданың ханы Орыс ханның тікелей ұрпағы «Орыс ханның жеті ұлының бірі – Қойыршақ Қойыршақтан Барақ хан, Барақтан үш ұл: Мір-Сайд, Мір-Қасым және Әбу Сайд дүниеге келеді». [ 22.65 ] Әбу Сайдті – Жәнібек хан деа атайды, — деп жазылады дерек мәліметінде. «Жәнібек ханнан – Иренші, Махмуд, Қасым, Әдік, Жаныш, Қамбар, Таныш, Өснақ (Осақ), Жадық атты тоғыз ұл болады». [ 35.84 ]
Қасым ханның аталарының бәрі әр кездерде Дешті Қыпшақта хандық құрған. Орыс хан 1361-1376/77 жылдарында Ақ Орданы биледі. [ 19.74] Қасым ханның атасы «Барақ хан 1420/21 жылы Мауреннахр билеушісі Ұлықбектен көмек алып, Алтын Орда тағы үшін күреседі. 1424/25 жылы ол Ұлығ-ухаммедті жеңіп, Алтын Орда тағына келеді. 1428 жылы қайтыс болған». [ 40.54] Замандастары Барақ ханды «жеңімпаз батыр, алып болған» десе, [ 36.96 ] Алтын Орда үміткерлер ішіндегі «күшті бұра» деп санаған.
Қасым ханның әкесі Жәнібек хан – оны «Кіші Жәнібек хан» деп атаған. [42.66 ] Жәнібек ханның XV ғасыр ортасында Қазақ хандығының негізін қалаушыларының бірі болғанын [ 31.68] және Керей ханнан кейін Қазақ хандығын билегенін дерек мәліметтері дәлелдейді.
Қасым ханның өміріне байланысты мәліметтер 1470 жылдарға дейін ешбір дерек мәліметтінде кездеспейді. XV ғасырдың 70 жылдарының бірінші жартысында Шайбани ханның маңғыт мырзалармен одақтысып, Қазақ хандығына қарсы күресінде тұңғыш Қасым сұлтанын есімді аталды. «Шайбани нама» авторы осы жылдарға Қасым хан туралы: «Бұрындық хан әскері ішіндегі баһадүр және белгілі сұлтанын бірі», — деп мәлімет береді.
Қасым хан өмірінің сұлтандық дәуірі, 1511 жылға дейін Қазақ хандығының күшеюі мен Сыр бойы үшін жүргізілген күрестер жылдарында өтеді. Бұл оқиғаларда Қасым хан тікелей қатынасын үлкен роль атқарды. Күрестің алғашқы кезендерінде ол қазақ әскерлерінің қолбасшысы болып, [ 35.162] үнемі Бұрындық хан қасында болады. «Бұрындық ханға бағынып оны тыңдайды», [ 5.44 бет] XV ғасырдың 90 жылдарынан бастап, Қазақ хандығының билеуші топтары арасында екі топ пайда болғанда, Қасым хан Жәнібек ханның басқа ұлдарынан бірге екінші топтың басында пайда болады.
Қасым ханның сұлтандық дәуіріндегі атақ-даңқының өсуі XV ғасыр басында, Мұхаммед Шайбани ханның Қазақ хандығына жасаған жорықтары кезінде көрінеді. Әсіресе, 1510 жылғы соңғы жорық кезінде, XVI ғасыр басында Әдік сұлтан қайтыс болғаннан кейін, ол сұлтан Нигар ханымға үйленеді және «ең күшті, ықпалды тұлғаға айналады».
Бір жарым ғасырдай Орта Азияны билеген Ақсақ Темір ұрпақтарынан саяси билікті аз уақыт ішінде тартып алған Мухаммед Шайбани хан әскерін 1510 жылы Қасым ханның тас-талқан етіп жеңуі, оның беделін бүкіл Дешті Қыпшақта өсіреді, қазақ қоғамы оның саяси билігін мойындайды. 1511 жылыбұрындық хан Мауреннахрға кеткенне кейін, Қасым хан билікке жеке өзі отырады.
Біз бұдан әрі Қасым хан өмірінің хандық биліктегі дәуірін, Қазақ хандығының тарихымен қатарлас қарастырамыз. Өйткені оның хандық биліктегі дәуірі Қазақ хандығының Мауреннахрмен саяси қарым-қатынас мәселесімен тығыз байланымсты.
Қасым хан билікке келісімен Қазақ хандығының оңтүстіктегі негізгі қарсыласы Мауреннахрмен саяси өмірінде күрт өзгерістер болады. Ол – Шайбани ханның 1510 жылдың күзінде қаза табуы [33.45]. Бабырдың Ирандағы сефевилік әулеттің негізін қалаушы Исмаил шахтың көмегімен Самарқандты алып, Мауреннахрда 6-7 ай билік құруы [ 25.112 ] және 1510 жылдың көктемінде Шайбанилық сұлтандардың бірігіп Мауреннахрдан Бабырды қууы мен «көшпелі өзбектер» билігінің қайта орнатылуы еді. Сондай-ақ Қазақ хандығының оңтүстік-шығысында шағатайлық сұлтан Сайд хан осы жылдары Мауреннахрдағы саяси жағдайдыы пайдаланып, Моғолстанда шағатайлық әулеттің билігін қайта орнатуға ұмтылады. [ 20.236] Осындай қалыптасқан күрделі саяси жағдайда Қазақ хандығына ұтымды сыртқы саясат жүргізуге тура келеді. Қасым ханның шебер дипломатиялық қасиетті осы тұста байқалады. Бәрі түсінікті болуы үшін Мауреннахр жадайынан бастайық.
1510 жылдың қысында Қасым ханның Шайбани хан әскерін талқандауының бір салдары Шайбани ханның 1510 жылдың күзінде қаза табуына себепші болды. А. П. Чулошников «… өзбектердің қыпшақ даласында жеңіліске ұшырауы ізсіз кеткен жоқ, Шайбани ханның Мерв түбіндегі талқандалуы, көп жағдайда солтүстегі жеңілістен болды …», — деп түсіндірілді. [ 41.20 ] Шайбани хан өлімінен кейін шайбанилық сұлтандар арасында бірден бірлік орнамады. Мұндай жағдайды тез түсінген Бабыр Кабулден шығып, Мауреннахрға аттанады., Исмаил шахтың көмегімен ол 1511 жылдың күзінде Мауреннахрда 6-7 айға созылған билігін орнатты. [ 31.43 ] Мауреннах қалалары мен оған тәуелді аймақтарға Бабыр өз адамдаын әуім етіп тағайындайды. Мысалы, Мауреннахрдың Түркістандағы иелігі Сайрам қаласына Қаттабекті, ал Ташкентке оның ағасын Мір-Ахмед Қасымды отырғызады. [ 21.321 ]
Бабырдың Мауреннахрда билік құрған кезінде Қазақ хандығымен қандай қатынаста болғандығын ешбір дерек мәліметі айтпайды. Соған қарамастан, сол кездегі саяси жағдайды талдай отырып, Қасым хан мен Бабырдың арасындағы қарым-қатынастың жаулық сипатта болғандығына дәлел болар бірнеше жанама факт бар.
Бірінші, Бабыр Мауреннахр билеушісі ретінде Түркістан аймағында тек Сайрам өңіріне ғана өз адамын қояды. Олай болса қалған бөлікке Қазақ хандығының билігі орнаған және оны Бабыр мойындаған болады.
Екіншіден, Бабыр өз кітабында Қасым хан туралы өте жылы лебіз білдіріп, оның әскери қуаттылығы туралы сүйсіне айтады.
Үшінші, 1513 жылы Бабырдың Сайрамдағы әкімі Қатта бектің шайбанилық сұлтандар Мауреннахрға қайта ие болғанда, қаланы өз еркімен Қазақ хандығына беруі жатады.
Төртінші, мынадай қағидаға сай негізделген. Шайбанилық сұлтандар Қазақ хандығының және Бабырдың қарсыластары, олай болса, «менің жауымның жауы маған жау емес» деген қағида бойынша Қасым хан мен Бабыр арасындағы жауласушылық болмаған.
1512 жылдың көктемінде шайбанилық сұлтандар біріге отырып, Бабырды Мауреннахрдан қуады. Ол Хисарға етіп, сол жақта Үнді жерін жаулауға кіріседі. [22.151 ] Бабырдың қалалар мен аймақтардағы тағайындалған әкімдерінің бірі билеушімен бірге кетсе, бірі шайбанилықтарға беріледі, ал кейбіреулері шайбанилықтарға қарсылықтар көрсетеді. Ташкент пен Сайрамдағы билеушілер үшіншілер қатарына енеді. Шайбанилықтар әскері Ташкентті қоршауға алғанда, қала әкімі Мір-Ахмед Қасым бір түнде қоршауды бұзып өтіп, Бабырға барып қосылады. Ал, оның Сайрамдағы інісі Қатта-бек 1512-13 жылдың қысында қалаға жау әскерін енгізбей қорғауда отырды. 1513 жылдың ерте көктемінде Жетісудағы Қара-тал қыстауынан жай дауға көшкелі жатқан Қасым ханға Сайран әкімдерінен адамдар келіп, оның қалаға келуін өтінеді және қала кілтін ұсынады. Қасым хан бұл өтінішті қабыл алып, Ианги қаласы бағытында жүреді де, Сайрамға келеді.
Сайрам әкімі қаланы Қасым ханға бере отырып, оны Ташкентке жорыққа шығуға көндіреді. Бұл кезде Ташкент шайбаилық Сүйініш-қожа ханның қолына көщкен еді. Мухаммед Хайдар мырза Дулати «Қасым хан көп әскерімен Ташкентке аттанды» деп баяндайды. [ 32.223 ]
Қасым ханның Ташкентке жорыққа шығуына Қаттабек ұсынысы тек түрткі қана болады, ал оның бірнеше себебі бар. Қасым хан Ташкентті алу арқылы:
Біріншіден, Қазақ хандығының билігін Моғолстанның отырықшы аймақтарыга таратпақ болды.
Екіншіден, қайтадан күшейе бастаған шайбанилық сұлтандардың күшін әлсіретуді ойластырады.
Үшінші себепке, Ташкентті алу арқылы алғаш рет толығымен қосылып отырған Түркістан аймағының оңтүстік шекарасын қауіпсіз ету жаты.
Осындай себептермен Қазақ хандығы әскері Ташкентке аттанды. Бірақ Қасым хан Ташкентті ала алмай, Сайрам өңіріне қайта оралды.
Қасым ханның Ташкент түбіндегі оқиғалар баяндайтын дерек мәліметтері екеу, бірақ олардың мазмұндары бір-бірінен өзгешелеу. «Тарихи Рашидиде» — Қасым хан Ташкент қамалына тақап кеп, бір түн тұрды. Сосын Ташкент төңірегін тоңап, қолға түскен мүліктерді бәрін алды да, кейін қайтты. Сонан соң Сайрам төңірегіне келіп, қолға түскен мал мүліктерді санауға кірісті, — деп жазылады. [ 27.23 ]
Екінші бір мәлімет «Зұбдат ал-асарда» айтылады. Онда автор: «Қасым хан Ташкентке таяғанда, лны Сүйініш-қожа хан әскерімен қарсы алды. өте қатты қантөгіс ұрыс болды. Қасым хан өзі жараланып, аттан құлады, бірақ оны өзбектер байқамай қалды да, ол құтылып кетті. Жеңілген әскерлер далаға қайта оралды. Бұдан кейін Қасым хан жаулап алу туралы ойламады», — деп баяндайды.
Бұл екі мәліметтің бір ортақ жері, ол – Қазақ хандығы әскерлерінің Ташкентті ала алмауы болды. Екі автор да бұл оқиғаның тікелей куәгері емес, бірақ осы жылдарда өмір сүрген. Егер де осы деректердің мәліметтеріе тарихи сын тұрғысынан қарасақ, екінші дерек мәліметті біршама күмән туғызады. «Зубдат ал-асар» шайбанилық деректер тобына жатады, ондағы көптеген оқиғалар ресми шайбанилық әулет көзқарасы тұрғысынан баяндалады. Шығарма Сүйініш-қожа ханның ұлы, 1525-1533 жылдары Ташкент аймағының билеушісі болған Сұлтан Мухаммед сұлтанның тапсырмасымен жазылған. [ 25.164]
Барлық шайбанилық деректерде ортақ нәрсе, ол – «Қазақ даласымен Сыр бойындағы оқиғалар объективті түрде баяндалмайды». [ 13.276]
Қасым ханның 1513 жылы көктем айындағы Ташкентке жорығы сәтсіз болғанымен, оның Қазақ хандығының саяси жағдайына тигізген әсері онша болмады. Осы жылдары Қазақ хандығы Дешті Қыпшақ мен Мауреннахрдағы бірден бір күшті мемлкеттердің бірі болып қала берді. Мұхаммед Хайдар мырза Дулати «Дәл осы жылдары Қасым ханның 300 000 әскер болған», — деп жазады.
Ташкент түбіндегі оқиғадан кейін, арада 3-4 ай өткеннен кейін шайбанилық сұлтандарға қарсы бірігіп күресу үшін Қасым хан ордасына Сұлтан Сайд хан келеді. Бұл туралы «Тарихи Рашидиде» өте жақсы баяндалады. [ 37.225-227] Автордың осы баяндауындағы мәліметтерден Қасым ханның Қазақ хандығындағы беделінің зор болғандығын көреміз. «Қасым хан жасының ұлғаюына байланысты ханды қарсы алуға шыға алмады. Қалған сұлтандарға, ішінде бірнешеуі: Жаныш хан, Таныш хан, Мамаш хан, Жан-Хайдар сұлтан, Қарыш сұлтан және басқалары 50-60 жаста болды, жалпы саны Жошы ұрпағының 30-40 сұлтанына, ханды қарсы алуға бұйырады», — дейді «Тарихи Рашиди» авторы. [ 22.58]
Сұлтан Сайд ханның Қазақ хандығына келудегі мақсаты, атап өткеніміздей, шайбанилық сұлтандарға қарсы одақ құру және нақты іске, Ташкентке қарай Қасым ханды тағы да жорыққа көтеру болды. [ 22.65] Қасым хан шағатайлық ханның бұл ұсынысына жауапты жаздың соңына таман береді. Хан жарлығымен қазақтар қыстауларына қарай жылжи бастайды.
«Қасым хан Сұлтан Сайд ханға шайбанилықтарға қарсы бұл мезгілде жорық жасаудың қиындығын айта келіп, дала тұрғындарын бұл кезде қыстау мәселелері ойландырады, сондықтан да мезгілсіз уақытта әскер жинаудың мүмкін еместігін мәлімдейді». [ 26.7-27] Сөйтіп Қасым хан Сұлтан Сайд ханды шығарып салып, өзі тұрақты орнына қарай көшеді. Сұлтан Сайд хан Қасым ханның көрсеткен құрметіне риза болып, күзде Андижанға қайта оралады. Хан сарайындағы адамдардың бірі бұл кездесу туралы «Қазақтармен бейбітшілік» деген абжад құрады. [ 9.2-27 ]
Енді осы кездесудің қорытындыларын талдап көрейік.
Қасым ханның Ташкентке жорық ұйымдастырудың мүмкін еместігіне көшпелі мал шаруашылығымен халықтың қыс қамын ойлауы керек деген аргументі, бізше, сылтау ғана, ал себебі тереңде жатыр. Ташкентті алған күннің өзінде оған кімнің ие болары түсінікті. Қасым хан өз халқымен бірге болады, ал Моғолстанның мұрагері ретінде онда Сұлтан Сайд хан билікке келер еді. Сөйтіп, Моғолстанда Шағатай әулетінің билігін қайта қалпына келтіруге мүмкіндік туар еді. Бұл жағдай Қазақ хандығының иелігінее Жетісуға қауіп туғызған болар еді. Ал Ташкентті билеп отырған шайбанилық сұлтандар тарапынан Жетісуға көз аларту байқала қоймады.
Қасым ханның Сұлтан Сайд зан ұсынысын қабылдамауының екінші себебі, соңғы XVI ғасыр басындағы жағдай жаты. Андижан – ежелден Мауреннахрдың бір аймағы, темірлік, кейіннен шайбанилық сұлтандардың иелігі болып саналды. Шағатайлық ханның онда ұзақ тұруға және шайбанилық сұлтандарға төтеп беруге күші жоқ болатын. Егерде Қасым хан Сұлтан Сайд ханның ұсынысын қабылдағанда, онда оған үнемі әскери жәрдем ретінде қазақ әскерлері бөгде елде соғысқан болар еді. Осылайша, Қасым хан шағатайлық ханмен одақтастық қатынасты үзбей, сақтап қалады. Оның бұл әрекеті алдын терең ойлайтын, шебер дипломат ретіндегі қырын көрсетеді.
Зерттеушілер тарапынан Қасым ханның Сұлтан Сайд хан ұсынысынан бас тартуы, терең қарастырылмай, тек тарихт факті ретінде айтып өтеді. [ 27.14] Тек А. П. Чулошников қана бұл жөніндегі «көктемгі Ташкент түбіндегі сәтсіздік, оны сабырлы болуға, асығыс шешім қабылдаудан Абай болуға итермелейді», — деп тұжырым жасайды. [ 16.27]
Осы оқиғалардан кейін, XV ғасырдың 20 жылдарына дейінгі Қазақ хандығының Мауреннахрмен қарым-қатынасы туралы мәліметтер жоққа тән. Тек қана 1516-17 жылдары Мауреннахр билеушілерінің Қазақ хандығына жасаған жорығы жөніндегі бір мәлімет Васифи еңбегінде кездеседі. Бұл мәліметті терең талдау – Қазақ хандығы мен Мауреннахр арасындағы саяси қарым-қатынастың барысын түсіндіруге жағдайлар жасайды. Сол себепті де оған тоқтала кетелік.
1516-17 жылғы жорық Зайн ад-дин Васифидің «Бадай әл Вакай» атты естелігінде баяндалады. Осы шығарманы зерттеп, мәліметтерін ғылыми айналымға қосқан көрнекті шығыстаныушы – ғалым А. М. Болдырев шайбанилықтардың бұл жорығы 1516-17 жылдың қыс айларында болған деп есептейді. Васифи (Кенет хан, Көшім хан және Саймарқанның басқа да сұлтандары қазақтарға дорық жасау үшін Түркістанға келеді), — деп жазады. [ 2.177]
Васифи үшін кенеттен болған шайбанилық сұлтандардың бұл жорығы, Шайбани ханның 1508-1509 жылғы жорығы секілді үлкен дайындықпен жүргізілген болуы керек. Өйткені бұл кездегі қазақ хандығының ханы Қасым хан еді және оның атаққа даңқы мен күші көршілердің бәріне, әсіресе бұрыннан келе жатқан қарсылас – Мауреннахрлық билеушілерге жақсы белгілі болатын. Сондықтан да мұндай қарсыласқа қарсы тәжерибелі шайбанилық сұлтандар кездей соқ бара қоймас еді. Жорықтың қыс айында болу себебі түсінікті, біз рның себептерін өткен тараушада қарастырғанбыз.
1516-1517 жылғы жорықтың мақсатын Васиыфи айтпаса да, біз оны сол жылдардағы Қазақ хандығы мен Мауреннахрдың саяси қарым-қатынасына қарап анықтай аламыз. 1510-1513 жылдар аралығында Мауреннахрда болған саяси оқиғалар барысында Қазақ хандығының құрамына Түркістан аймағының оңтүстік бөлігі толығымен енген болатын. Осы жылдары Шайбанилық сұлтандар арасында бірліктің болмауы бұған қарсы ешқандай әрекет жасаттырмайды. 1513 жылдан бастап шайбанилық сұлтандар арсында бірігу үрдісі басталады. Әулиет билігі Сүйініш-қожа ханның қолына көшеді, [27.144 ] саяси жағынан біріккен Мауреннахрға Түркістан аймағының Қазақ хандығына қарауы қауіп туғызалы және оны жою үшін 1516-1517 жылдары қазақтарға жасаған қарсы жорығы даярланады.
Васифи жорықтың барысы және оның қорытындылары туралы ештеңе айтпайды. Егер де бұл жорық Мауреннахр үшін үлкен жеңіспен аяқталғанда, онда шайбанилық әулеттің ресми көзқарасындағы авторлар бұл жөнінде ханды және оған қатысушы сұлтандарды мадақтап, үлкен шығарма болар еді немесе жорыққа қатысушы сұлтандардың өмірінее байланысты басқа да шығарма мәліметтерінде айтылған болар еді. өйткені жеңілген жау, қатарындағы жәй хан емес – атақты Қасым ханның өзі болған болар еді. Ондай еңбектің болмауы, тіпті Васифиден басқа барлық шайбанилық авторлардың бұл оқиға туралы ештеңе айтпауы, жорықтың Мауреннахр үшін сәтсіздікпен аяқталғанын көрсетсе керек. Тіпті, Васифидің өзі де жорықтың қорытындысы туралы айтуды «Ұмытып кетеді».
Сөйтіп, шайбанилықтардың бұл жорығында қазақтар жеңіске жеткен деп есептей отыра, мұнда Қасым ханның ролі ерекше болған дейміз.
Қазақ хандығы өзінің Сыр бойындағы иеліктерін сақтай отырып, оңтүстікте Мауреннахрмен Ташкент аймағында шектесеседі. Түркістан аймағы XVI ғасырдың бірінші ширегінің соңыга дейін Дешті Қыпшақпен бірге біртұтас саяси, экономикалық, этникалық, мәдени кеңістік құрайды. Жетісудың, Сыр бойындағы Қазақ хандығының құрамына қосылуы қазақ тайпаларының этникалыө территориясын біріктірудегі үлкен жеңіс болады.
XVI ғасырдың 20 жылдарына таман Қазақ хандығы батыста да нәтижелі сыртқы саясат жүргізеді. Орыс деректерінде қазақ тарихи жылдарында 1519 жылы Қазақ хандығы Еділдің сол жағалауындағы өңірлерге де билігін таратқандығын, Еділ-Жайық аралығы Қазақ тайпаларының көшіп-қонатын жеріне айналғандығытуралы айналады. [ 1. 106 ] Осы кездерде Қазақ хандығы Қырым, Астрахань хандықтарымен қарым-қатынастар орнатқан. [32.4.] Осылайша, Қазақ хандығы XVI ғасырдың бірінші ширегіндегі Қасым ханның билігі тұсында бұрыңғы Жошы және Шағатай ұлыстары территориясындағы ең күшті мемлекетке айналады. Қазақ хандығыны күшеюіндегі Қасым ханның ролін сол кезде тарихшылардың өздері де түсініп, ол туралы әртүрлі мәліметтер береді.
Қасым хан туралы Бабыр «Жұрттың айтуына қарағанда, Қазақ хандығы мен сұлтандарының бірде-бір бұл халықты дәл осы Қасым хан сияқты бағындыра алмаса керек. Оның әскерлерінде 300 000 жуық адам бар еді» [ 32.34 ], — деп жазса, Мұхаммед Хайжар мырза Дулати «ол Дешті Қыпшаққа билігін таратты. Оның әскерлерінде миллионнан аса адам болды. Жошы ханнан кейін бұл жұртта дәл ондай күшті хан болған жоқ», — мәлімет береді. [ 26.222 ] Қадырғали Жалаири «олардың арасында Жәнібек хан ұлдары арасында автор аса белгілі болғаны Қасым хан еді. Ұзақ уақыт атыасының ұлысында патшалық етті. Төңірегнідегі улаяттарды өзіне қаратты. Оның хикаялары әр жерде кездеседі, көпке мәлім мәнһүр»,-деді. [17.258 бет] Махмуд ибн Уали болса, «Қасым хан Дешті Қыпшақты аймақтарында өз билігін күшейткені соншалық, оның әкерінде екі жүз мыңана аса Адам болды »,- деп баяндайды. [38.353] «1515-1516 жылы Қаысм хан Жошы ұлысын тәртіпке келтіргендігі сондай, бұдан артықты көз алдымызға елестету мүмкін емес, оның әскерлерінің саны миллионға жетті дейді», — дейді сефевилік шығарма авторы Хайдар Рази [5. 215] әл-Гаффри болса, «Қасым хан Дештінің ханы болды. Онымен және Шайбани хан арасында қақтығыстар болды. 1509-1510 жылдары Шайбани хан оған қарсы аттанды, бірақ жеңіліс тапты», — деп жазады. [38. 212]
Қасым хан тұсында Қазақ хандығының күшеюі шығыс авторларынан басқа Мәскеу патшалығына және сол арқылы батыс Еуропа елдеріне белгілі болды. XVI ғасырдың 70 жылдарында құрастырылған патша мұрағатының тізімінде былай дейді: «38 жәшік. Онда Қасым хан тұсындағы қазақтар туралы кітаптар мен қағаздар бар». Өкіңшке орай, бұл қағаздар бізге дейін жеткен жоқ.
XVI ғасырдың бірінші ширегінде Мәскеу патшалығының Қазақ хандығына арнайы көңіл аударып, дипломатиялық байланыстар орнатуы, [ 24.282] Қазақ хандығы осы кездерде Алтын Орда батыс бөлігінде белсенді сыртқы саясат жүргізуіне байланысты болса керек. XVI ғасырдың 20 жылдарында Қазақ хандығы батыста Астрахань хандығымен шектесіп, Қырым хандығына елшіліктер жібереді. [ 31.165] Жошы ұлысы территориясында Қазақ хандығының күшеюі, Алтын Орда езгізінен енді енді құтыла бастаған Мәскеу патшалығы үшін өте қорқынышты еді. Сондықта да Мәскеуде Қасым хан туралды, Қазақ хандығы және қазақтар туралы мәліметтер арнайы жинақтада берсе керек.
1525 жылы Ресей туралы кітап жазған әдебиетші Иовии [ 40.1] мәскеудің шығысындағы көршілерді жалпылама атуымен «татарлар деп, олардың территориясы Қытайға дейін созылып жатыр», — деп жазады. [28.123 ] Ал, 1516 және 1526 жылдары Мәскеудже екі рет болған Австрия елшісі Сингизмунд Герберштейн «Волга бойындағы бұл патшалық оңтүстікте және шығыста далалық аймақпен шектеседі. Шығыста олар шайбанилық және қазақ деп аталатын татарлармен араласып тұрады», — деп мәліметтейді. [ 12.40 ]
Осылайша Қазақ хандығының Қасым хан тұсында Мауреннахрмен саяси қарым-қатынасының жемісті болуы, оның оңтүстік және оңтүстік-шығыс бағыттарында территориясын кеңейтіп қоймай сонымен бірге батыста да қарым-қатынастар жүргізуге мүмкіндіктер береді. Қазақ хандығының құрамында Еділге жейін жерлердің қосылуы Қазақ тайпаларының этникалық территориясын біріктірудегі өзінше бір кезең болса, Мәскеу үшін ол қауіпті бола бастайды. Күшейген Қазақ хандығы иуралы мәліметтер батыс Еуропа елдеріне де жетеді.
XVI ғасырдың бірінші ширегінде Қазақ хандығын күшейтіп, Қазақ халқының атауын алыс-жақын елдерге тартқан Қасым хан есімі қазақ халқының есінде жарты мың жылдан бері сақталып келе жатыр. Ол туралы халық ауыз әдебиеттерніде «Қасым ханның қасқа жолы» — деген сөз сақталған. «Қасқа жол» — қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып ережелері негізінде жасалған және көшпелі қазақ өміріне үйлесімді заң болды. [14.243 ] Кез-келген қоғам өз дамуының белгілі бір сатысына көтерілгенде, ондағы қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдарын шығарады. Қазақ хандығы да XVI ғасырдың бірінші ширегінде дейінгі кезеңдермен салыстырғанда территориясы, халқының саны, хандықтың күші мен қуаты жағынан анағұрлым биікке көтерілді. Біздің пікірімізше, «Қасқа жол» — осы жаңа жағдайға сай жасалған заң.
XVI ғасырдың бірінші ширегінде Қазақ хандығының күшеюі Қазақ хандығы мен қазақ халқының атауларына байланысты бұрыңғы ұғымдарға өзгерістер енгізеді. «Көшпелі өзбектер», «Өзбек-қазақ» этнонимдерінің орнына бір ортақ этникалық атау – «қазақ» қолданыла бастайды.
Географиялық мәдениеті «Дешті Қыпшақ» ғұмырына қоса, этногеографиялық «Қазақстан» атауы қатар қолданыла бастайды. «Қазақстан» термині алған реет XVI ғасырдың бірінші жартысында ортағасырлық дерек мәліметтерінде кездеседі. [34.180] Кейбір зерттеушілер бұл терминнің Мұхаммед Талибтің «Матлаб ад-талибин» атты еңбегінде 1512 жылғы оқиғаларда кездесетіндігін айтады. [ 25.76 ]
Жалпы алғанда, Қазақ хандығы XVI ғасырдың бірінші ширегінде Мауреннахрмен саяси қарым-қатынастардың барысында өмірлік маңызы ерекше Сыр бойын Қазақ хандығына қосады. Бұл жағдай хандықтың күшеюі мен нығаюына, тікелей әсер етеді. Ал, сол кездегі хандықты басқарған Қасым хан есімі аңызға айналады. Замандастарының бәрі Қасым ханның беделіг мойындайды, оның атақ-даңқы туралы мәліметтер қалдыралы.
Ең басты, Қазақ хандығының XVI ғасырдың соңына дейін Сыр бойы үшін жүргізілген күрестің бірінші кезеңі – XV ғасырдың 70 жылдары XVI бірінші ширегіндегәі жеңіспен аяқталады. Бұл жеңіс Қазақ тайпаларының этникалық территориясын біріктірудегі алғашқы сәтті қадам болды және аймақтың Қазақ хандығы құрамына түпкілікті қосылуына жағдайдал жасады.
II ТАРАУ. XVI ҒАСЫРДЫҢ МУХАММЕД ШАЙБАНИ ХАННЫҢ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА ҚАРСЫ ЖОРЫҒЫ
2.1 Қасым ханның биліке келуі
Қазақ хандығының құрылғанына Орталық Азияда Шайбанидің Қазақ хандығына қарсылығы тағы да көбейді. Қазақ хандығының политикалық басшылығы Түркістан жеріне ұлғайды соған байланысты қазақтардың осы территорияларына жылжыуна Шайбанидің басшысы мынадай жағдайларда саяси және экономикалық сипатты қазақтарға қарсылық ұйымдастырды. Бірінші қазақ хандығын экономикалық әлсірету үшін өзінің еліне Қазақ хандығымен сауда жасауға тиім салды. Бұл тұралы Фазаллах ибн Рузбихан Исфахани екі – үш рет тамыз айларында указ шығарды, халықтар ешқандай қазақтардың көпестерімен сауданы тоқтату және екі халықтың арасындағы қарым–қатынас тоқтатылсын деген жарлы жарық көреді. [17.11]
Осындай іс шаралар Мухаммед Шайбани ханға ойлаған ойына жетпей, басталмай-ақ орындалмай жатты .Осындай теріс саясатты зеріттеушілер турасын айтты ,экономикалық жағдай көшпенділер мен жартылай көшпелілер қазақстанның оңтүстігіндегі көпестер мен қолөнерілерге де ұнамады. Сырдария бойындағы қалаларыдың халықтары да наразылығын білдірді және де Мауереннахр халықтарыды соларға қосылды.[14.266]
Ғасырлар бойы тығыз қалыптасқан шаруашылық айланыстар көшпелі дала халқы мен Мауереннахр турғындары арасындағы байланыстарын бұзу туралы жарлықтар мен шешімдер әрсерін тигізген жоқ. Орталық Азия халқымен мен қазақ халқының сауда байланыс проблемаларын зерттеген, В. С. Батраков белгілеуінше, қазақтар өздері пайда болу уақытысынан бастап тарихи аренада XVIII ғасырға дейін Орта Азияға негізгі малдарды қамтамасыздандырушылар болды, «халықтың өсуі, жер өңдеудің дамуы және қол өнер дамуы Орталық Азия оазисында ет немесе көшпенді қазақтың мал шаруашылығына сұранысты жоғарлатты». [30.15] Қазақ тайпалары Орталық Азия рыногына малды ғана шығарған жоқ, бақада товарларды шығарған. Мысалы С. К. Ибрагимов, ортағасырлық шығармаларға мәліметтерге сүйене отырып жазған, «Орталық Азия рыногында қазақтардың қол өнерлер бұйымдары өте жоғары бағаланды». [36.40.]
Сонымен «текстельдік бұйымдар сұранысы және де тағы басқа қалалық қол өнер, өнер кәсібі, азық түлігі де болды». [25.93.] Бұл қазақ хандығы халықтарының шаруашылық мінезімен түсіндірілді. Көбінесе оның негізі көшпелі мал шаруашылығы болды, бұда үнемі авторкичностік сауда айырбас талаптары отырықшы жер өңдейтін шаруалармен байланыстырды. Осыған байланысты көшпелілердің мал шаруашылық азық–түлігін өткізу қалаулары болған, сондықтан да болар өзіне керек бұйымдарды, жерден алынған өнімін және қөл өнер заттарын алла алды. [32.108.]
Осыдан болар Мухаммед Шайбани ханның ықпалы аз көрініс тапқансоң болар «Түркістан қалаларын бірнеше рет бірнеше аудандарды және Хорезм қалаларындағы қазақ көпестердін тонауға бұйрық берген». [14.101.]
Осыған жауап ретінде, Қазақ ханы, Фазлаллах ибн Рузбихан Исфахани айтуынша немесе түсіндіруінше «тергеу амалдарын жүргізуде көлек және киімнің негізгі бөлімі құрайтын кербас-киім адамдар үшін қажеттілік–олар хандық әмірлік иелігіне басып кіруін қауып». [16.11.]
Қазақ рулық тайпалар топтары Түркістанның солтүстігіне әрі қарай жылжи берді, кейбәр қазақ билеушілері Мауеренахр жеріне де шабуыл жасады, бұл жоспар Мухаммед Шайбани ханның Орта Азияны жаулап алу қаупіне қарсы жасалған еді.
Бұл қақтығыстар Шайбанидтер мен Қазақ хандығы арасындағы саяси, мемлекеттік қарым–қатынасқа дау туғыздырды. XVI ғасырждың басында бұлардың арасында ашық әскери әрекеттер басталып кетті. Аталмыш әскери әрекеттер айтарлықтай бұрынғы қақтығыстардан ерекшеленді, осыны нақты көрсеткен Т. И. Сұлтанов еді. «Зерттеуші жазғандай екі Жошы әулеттер арасындағы Өзбек ұлысыны арасында наразылық туғыздырды, осы уақыттна бастап бұл соғыстың мақсаты екі бөлікке бөлінген туыстық, осылардың әрқайсысы осы жер көлемінде өмір сүрген және осы мемлекет құрамына анықталған болатын. Осылайша XVI ғасырдың басында Орыс хан мен Әбілқайыр хан ұрпақтарының арасындағы қарым–қатынастардың жаңа кезеңі басталады: Деші–Қыпшақта иелік жүргізу күресінде, қатыгез күрес сипатын үлкен әсерін тигізген саяси–экономикалық бағыттар болады». [5, 201]
Бұл мәселеде М. П. Вяткин өз зерттеу ойында шаруашылық дамыту және де династиялық талас–тартыс, қазақ–өзбек қарым–қатынастарының жаңа өршіктіру себептерін көрсетеді. [26, 85]
Қазақ хандығы мен Шайбанидтер араындағы болған қақтығыстардың екі мемлекеттің ислам дініне байланысты болды деген пікірлер де бар. [4, 45] Әрине бұл ой қате деп айтуымызға болады, бірақ пікір діни тұрғыда болған деп саналғанымекн менің ойымша ол тек қана сылтау ретінде болды деген ойдамын. Шығыс шығармаларында Мухаммед Шайбани ханның Қазақ хандығына қарсы бірнеше жорықтары туралы мәлімет келтіріледі. XVI ғасырдың басында болған Мухаммед Шайбани ханның әскери жорықтары туралы Шайбанид тарихшылары бұны қазақтардың тонаушылық жорықтарына қарсы амалсыз шаралары болды дейді.
Әрине, бұл шайбанид тарихшыларының ұсынысын түсінуге болады, өйткені бұл тарихшылардың бәрі Мухаммед Шайбани ханға тәуелді болғанның көрінісідеуге болады. Негізінен Қазақ хандығының жаулау әрекетінің мақсаты тонау болған жоқ, олар өмірге маңызды жерлерді Қазақ хандығына қосу және ұлғайту мақсатында болды. Әрине жаулау кезінде кейбір шайқастарда тонаулар да кездесті.
Естен кетірмеген жөн болар Қазақ хандары Шайбанид хандары сияқты Мауеренахрға иелік етуге құқықтары болды. Өйткені Мухаммед Шайбани хан бұл жерді жаулау мақсаты Шыңғыс әулетінің билігін орнатудың бастаушысы болды, осы жерлерді Ақсақ Темір Шыңғыс билігінен тартып алған болатын. [4, 96] Және де Қазақ билеушілері Шыңғыс ұрпағы болғандықтан Мауренахрды өзінің киіз үйі ретінде есептеді. Қазақ хандығының билеушілерінің Мауренахрға өз билігін орнату мақсаты болғандығын олардың әскери жорықтарын кейін түсіндіреді. Осыған оарй тарихта болған оқиғаларды зерттеу терминологиясында әскери-саяси сипаты тек қана тонау мақсатында болды деп есептеген. Мысалы Т. И. Сұлтанов осындай тұжырымдарға келе Мухаммед Шайбани ханның жорықтарын «шайбани иелігіне Қазақ хандығынан төнген қауіпынан босату» деген. [7, 270] Бұған қарсы пікір ретінде Б. Б. Кәрібаев Өзбек жорықтарының мақсаттары Қазақ хандығын Түркістаннан қуып шығару. Осымен тарихшылардың санауы бойынша Өзбек билеушілерінің міндеті немесе жоспары күшейіп келе жатқан Қазақ хандығын әлсіреті болды. [9, 15]
Осы пікірмен келіскен жағдайда, Мухаммед Шайбани ханның бірінші жорықтары сырт бейнесін негізі Қазақ хандығы хазалау және Мауренахрға жасаған жорықтарының кегін тарту болды, осының көрінісің мақсаты кейінгі үшінші, төртінші жорықтарының негізгі міндетін шайбанилық тарихшылар көрсетпейді. Оны нақтылай көрсететін ибн Рузбихан «Бұрындық хан мен Қасым сұлтанның қысқы жайлауларын өзіне бағындыру болды». [41, 132] Осының көрінісі болар, шайбани тарихшыларының әр дайым Мухаммед Шайбани ханның Дешті Қыпшақ бағындыру бағытыннан бұрылмады. Соңғы мүмкіндігінше билікті өз қарамағына қарату болды. [2.93] Басқа Шайбани тарихшысы Абдаллах Бахлидің нақты айтуынша- өзбек ұлысының негізгі бағыты – «Дешті Қыпшақты бағындыру». [15.133]
Мухаммед Шайбани хан 1495-1496 жылы Қазақ хандығы мен Шайбанилер арасында болған бейбітшілік келісімді бұзған болатын. Ол Мауереннахрдың кейбір орталық аудандарын басып алған соң, оның ойынша сол аймақтың әскери-экономикалық байлығын пайдалана отырып, Шайбани билігін Шығыс Дешті Қыпшақ орнату болды. Бірақ та бұл қастан ойлар болмуы алланың жазымы шығар.
Мухаммед Шайбан ханның Қазақ хандығына қарсы жорығы туралы нақты дерек «Мизман наме-йи Бухара» Фазаллах ибн Рузбихан Исфахани. Оның айтуынша: Мухаммед Шайбани хан алғаш жорығын Хорасанды жаулаға бағытталған. Және Амудариядан өткен соң Балха даласында тақталды. Осы кезде келген хабар: Қазақтардың кейбір Шайбани облыстарына тонаушылық жорық жасаған,- деген. «Бұл хабарды естігеннен кейін, Балха даласында орналасқан әскер басшысы Мухаммед Шайбани ханға жаңа жорық жолын ашты. Ол Қазақ хандығына өз әскерлерін бет бұрды.»[39.102-103] Осы жағдайдан соң қақтығыстар болған жоқ. Тарихи деректердің мәліметтері бойынша Мухаммед Шайбани хан әскері Түркістаннан өтіп және одан әрі бірнеше күнді жолға өтіп кетті. Қазақ сұлтаны артқа шегініп өз аймақтарына бағыт ұстады. «Ол даланың ұлы ханы, өз жорығынан олжалы және табысты, ең негізгі олжасы жеңіспен оралғаны болды» -деп Михман наме-йи Бухарада. [17.103]
Осы Мухаммед Шайбани хан жорғы шамамен 1504 жылы айтылады. Бұл негізінен ешқандай аргументсіз берілген. [6.46] Ал егер А. А. Семенованың зерікттеу жұмысын қарасақ: бұда Мухаммед Шайбани ханның Балха облыстарын алғаш шабулы [ хиджраның 909 жылдың күзінде] 1503 жылдың қыркүйек-қазан айларында болды деп есептейді.Алайда осы жұмыста өзбектер әскерлері үш ай шайқастан соң, артқа шегініп өзеліктеріне барды. [32.59] Осыған орай бұл жорық Қазақ хандығына жоғарыда келтірілген жылдан ерте бола алған жоқ. Өйткені Мухаммед Шайбани хан [ хиджраның 909 жылы ] 1503-1504 жылы Балхада қыс басынан өткізді тек көктемнің басында Самарқандқа келді – деп Мухаммед Хайдар Дулатиның «Тарих-и Рашиди» де. Өзбек басшыларының айтуынша Самарқанд даласында бір-екі айдай болды, кейінрек Андижанды басып алуға жөнелді. [38.197] Осылайша болар Мухаммед Шайбани хан осы бір-екі айдағы шешімі Қазақ хандығына жорығын бастуына себеп болды.
Бұл жайдың қызықты факторы, Қазақ хандығының жорықтары антиөзбектерге қарсы жиылған әскери каолициясы Хорасандағы Тимуридтер мен сәйкес түсіп қалғанын. [32.60] Осы каолицисында бас билігінде болмасада, әйгілі болған Хорасанда әйгілі басшы болған Сулатн Хусейн, сол кездегі Тимурид ұрпақтарының ең үлкені болған. Осыған орай Гияс ад-Дин Ходамир айтуынша, көктемде [ хиджраның 901 жылы ] 1496 жылы Қасым сұлтан келген, «Дешті Қыпшақтың ең мықты десекте қате болмас мемлектінің қол басшысы, сол уақыттың мықтылардың бірі боды ». В. В. Вельяминов-Зерновтың әділ шешіміне түсіндіруі, ол болашақ Қазақ хандығының билеушісі Қасым хан. [ 2.264 ]
Қасым сұлтан Хусейн сұлтан мен кздеуі, біздің көз-қарасымыз бойынша Қазақ басшыларының Мәскеу мемлекеті қызықтырған. Ол саяси, экономикалық және Қазақ-Орыс қарым-қатынастары. Осы Хоросанда ғана Қасым сұлтан Хусейн сұлтанна кейбір орыс мемлекті мәліметтерін біле алды. Орыс жылнамаларында көретілген сұлтан Хусейн 1491 жылы Мәскеу мемлекеті мен қарым-қатынас орнатуға тырысты, бұл жағдай бұрын Қасым сұлтан келіп кеткен болатын. [29.224]
Айтылған ойлар нақтыландыра алмай сенімсіздік туады, өйткені тарихи әдебиеттер де айтылады. Бұл Қазақтардың шапқыншылығын өзбектер өздері арамдатты. Айтарлықтай осы жолы Мухаммед Шайбани хан ұлкен әскери күшімен Хорасанға қарай жыл-жыды, жол жөнекей өзінің солтүстік шекаралық қалаларын тонап Қазақтарға жала жауып немесе себеп қылу үшін болды. Осыдай жағдай өзбектерге Қазақтарға соғыс ашу және де Мауереннах халқы алдында қорғаушысы ретінде көріну болды. [ 4.46 ] Айтып кеткет болар осындай ойларды нақталау үшін тарихи деректері өте көп қажет етеді. Мухаммед Шайбани ханның өз шекараларын нақтылап алған жерлері болмады, себебі Дешті Қыпшақ, Мауереннах, Сырдария немесе Түркістан аймақтары басшыларынық әрдайым толық болмасада біраз аймақатарының билік жүрігзген басшылары ауысып қолдан-қолға, жылдар, ғасырлар бойы ауысып отырды. Қазақ хандығының танымал жақтары: әскери-саясаты, ұрыс жүргізу тәсілдері және тағы басқа жақтардан танылған. Бір жақтан қарағанда Мухаммед Шайбани ханның Қазақ хандығын толығымен жерлерінен қуып шығаруға шамасы келмеді. Бұның маңызы болған XVI ғасырдың басында Қазақ хандығының күшею кезеңінде Бұрындық хан тұсында болды. Мысалы айтсақ осы уақытта Мухаммед Хайдар Дулати жазғандй «Дешті Қыпшақ және Жошы ұлысында Бұрындық хан, оған Жошы ұрпақтарынан тараған мемлекеттер Бұрындықтың билігіне көнген және олардың әскерлері жаңбырдың тамшысындай өте көп болды.» [ 18.184 ]
Айтарлықтай Фазлаллах ибн Рузбихан Исфахани дерек көзінде Мухаммед Шайбани ханды шындығында, көтермелегендігінде және жетістіктерін асыра жоғарғы сатыдан көресткен. Осының көрінісі бізге мына фактыдан мәлім болады: өзбек ханының Қазақ хандығына жасаған бірінші жорығында өз алдына қойған мақсатына жете алмады, олар біріншіден Мауереннахрға Қазақтардан төнген қауіпін жою, екіншіден Қазақ хандығын бір жолата талқандау болды. Мухаммед Шайбани ханның ойластырған Қазақ хандығының негізгі күшін талқандай алмады. Ол тіпті Қазақ хандығы әскері мен тұрақтылықтай шайқаса алған жоқ. Осы тарихшы айтқан болатын өзбектер шабулдағанда Қазақ әксерлері шегінген жоқ, олар өз жердеріне қашты деген. Бірақ түсінбеушілік туады: сөгезде өзбектер кімді женген және олжалы қайтқаны бізді тығырыққа тірейді, ал ойлап қарасақ өзбектердің өзі тонаушылық жорықтарын жиі-жиі жасаған. Өз құрамын қосу емес немесе бағындыру емес, олар тонау үшін жасаған болар?. Еске салсақ жоғарыда айтып кеткендей Мухаммед Шайбани хан Түркісан аймағындағы қалаларды тонау және бар қүшін өзіне бағындыру болды, сол кезде көрініс шығады қалаларды не ғұрлым көп иеленген жақ әскери, экономикалық, саяси, әлеуметтік және тағы басқа жағынан орнығып тез арада күшейеді. Мухаммед Шайбани хан негізгі бағыты Сыр өңірін жиі-жиі тонау жорықтарынан келе бағындырғысы келді, бол ойлар бірінші жорығында іске асқан жоқ болтын.
Өзінің бірінші жорығында Мухаммед Шайбани ханға ешқандай көрсеткіш көрсетпеді, ал екінші ойластырған жорығнда Қазақ хандығына қарсы нақты мәліметі «Михман наме-йи Бухара» сипаталады. Осыған қарасақ бұл жорықты 1505-1506 жылдарды келтіреді. [ 24.103 ] Осы уақытты басқада көптеген деректер және зерттеулерде кездеседі, мысалы: «Қазақстан ССР тарихы» екінші томында беріледі. [ 12.266 ] Бірақ та Фазлаллах ибн Рузбихан беруінше келіспеушілік пікі береді, «бір жылдан соң- дейді тарихшы Рузбихан,- жазда Хорасанды бағындырғаннан кейін нақты шешімді ұлы тәңір жасады, ол шешімі Қазақ хандығын түбі мен жойып болашақта еш бір Қазақ, хан жерлеріне аяқ баспады»,- деген. [ 14.103 ] Кейбір зерттеулердің мәліментеріне сүйенсек, Хорасан 1505-1506 жылдары әлі Шайбани иелігінде болмаған болатын. Мысыалы: Мухаммед Хайдар Дулати бойынша мәліметтер «Мухаммед Салих өмірінде….Хорасанды жаулауы [ хиджраның 912 жылы ] 1506-1507 жылдарды береді.» [38.259] Нақтыласақ хиджраның 912 жылына сайкес келетін мамырдың 24 бастап 1506 жылы, мамырдың 13 дейін 1507 жылға сайкес келеді. [21.189] Демек Қазақ хандығына бұдан бұрын уақытта жорық жаса алмады. Оны жоғарыда айтылған Фазлаллах ибн Рузбихан сөздері. Айта келе Рузбихан «Хорасан мен Ирак жерлері арасында хан әскерлері аралары алшақтау болды». [ 14.103 ] Осы пікірді нақтыласақ Мухаммед Шайбани ханның Қазақ хандығына екінші жорығын, бұл шешімі 1507жылдың жазында қабылдады. Осы жылдың мамыр айларында Мухаммед Шайбани ханның өзінің құраған мемлекетінің басты қаласы – Хорасан ( Герат ) иелігіне кірді.[ 32.66;33.75 ] Ал жорықтың өзі шамамен осы жылдың аяғында немесе 1508 жылдың басында болуы керек болатын.
«Тарих-и Рашиди» бұл ойды да толықтырады. Оқиғаларды айта келіп, Султан-Махмуд-хан әкесі мен ағасы өлгенін, Мырза Хайдар жазады «Сол жылдың қысында Шахибек хан Мауереннахрға келді, өзінің әскерін Кавказға апару үшін, ал менің әкемді Самарқандта қалдырып кетті, көктемнің басында ол қайтып келді, Хорасан бағытына қарай жөнелді.» [ 14.260 ] Бізге мәліметтер арқылы белгілі болған Мухаммед Хаидардың әкесі –Мухаммед Хусейн-гурган және оның ағасын моңғол ханыда- Сұлтан Махмуд, Мухаммед Шайбани ханның бұйрығы мен өлтірілді хиджраның 914 жылы, бұл 2 мамырдың 1508 жылдың басы мен 21 мамырдың 1509 жылдар аралығында болды. [ 14.189 ]
Бұл қозғалыстың негізгі бағыты Қазақ хандығының жоғарғы билеуші ұлыстары- Бұрұндық ханға қарсы. «Михман наме-йи Бухара» бойынша өзбек әскерлері, Сығанақ қаласынан өткен соң, Бұрұндық ханның ұлысына шабуыл жасады. Қазақ ханы, шығармаларда айтылғандай: «малдарын және заттарын тастап қашуға жөнелді». Содан соң өзбек әскерлері жеңіспен Түркістанға қарай жөнелді. [14.103]
Айтарлықтай Фазлаллах ибн Рузбихан бұл жорықтың қортындысын қаншада жоғарылатып айтса да, Мухаммед Шайбани хан бірінші жорығында сияқты екінші жорығында да қойған мақсатында жете алмады. Өзбек хандары Қазақ хандығын талқандай алған жоқ және Қазақ хандығынан үнемі оңтүстік иеліктеріне төніп отырған шобулдарын тоқтата алмады, осының көрінісі Мухаммед Шайбани ханның жасаған жорықтарының мәнсіз болғандығын түсінеміз. Ал Түркістан қалаларында болған өзбектердің негізгі әскери күштері Мауереннахрға шегінген соң, Түкістан аймақтары Қазақ хандығының құрамына автоматы түрде өтті. Бұны өзбек тарихшылыры негізгі деректерінде көрсеткен жоқ. Олар әр өзі көрген, білген мәліметерінде өзбектерді үнемі Қазақ хандығынан жоғары қойды. Себебі біздің Қазақ хандарының өзінің қарамауындағы тарихшыларға жағдай жасаған жоқ және көп көңіл бөлмеген болар кәзіргі кезге шейін бізде Қазақ хандығы жөнінідегі нақты дерегіміз жетіспегендігі. Мухаммед Шайбани хан болса бұған көңіл бөліп, өзі құрғысы келген мемлекетінің тарихынан бастағандығын, менің ойымша ең алғаш, дұрыс қадамдарының бірі осы.
1508 жылдың күзінде Ахмад сұлтан, әкесі әйгілі сұлтан Жаныш «В. В. Трапавлов бойынша Жаныш сұлтан мен Жәдік сұлтанды шатастырып алған, [ 1.159 ] ал деректер арқылы бізге белілісі Жәнібек хынның бесінші баласы Жаныш, тоғызыншы баласы Жәдік » [ 14.42;15.17;16.188] Ахмад сұлтан 50- мың әскерімен Мухаммед Шайбани ханның иеліктеріне қарай жылжыды. «Михман наме-йи Бухара» бойынша Ахмад сұлтан Мауереннахрды басып алғысы келген, Самарқанд пен Бухараныға бағыт алады. Өзбектердің үлкен қалаларына қауіп төне бастады. Келе жатқан Қазақ хандығы тарапынан қауіпті естіген шайбани сұлтандары, олар арасында Мухаммед Шайбани ханның бауырының баласы Убайдаллах сұлтан да болады. Кеде жатқан қауіпті ең үлкен басшылыққа жеткізеді, ол Мухаммед Шайбани хан болды. Мухаммед Шайбани хан ол кезде Тимуритармен Хорасанда шайқасып жатты. Осы үлкен қауіп төндіретін жаңалық, Мухаммед Шайбани ханның әкерлері ол кезде Тимуриттердің қамалдарын алуға бастап алынған кез болатын. Бұндай жаңалық Мухаммед Шайбани ханды дүрсілкіндіріп, оның шешкен шешімі бүкіл әскери күштерін тез арада Амудариядан өтіп Мауереннахға жылжыуға бұйрық берді. Бұны естіген Ахмад сұлтан,- Мухаммед Шайбани ханның Самарқант пен Бухарада күтіп отырғаннын, тез арада артқа шегінеді. Ахмад сұлтанның Самарқант пен Бухараның қарамағындағы орта және кішігірім қалаларын-Куфин аймағын, Дубси қамалын тағыда басқа көптеген жерлерді тонады. Малдарын, бірнеше маң тұтқынға түскен адамдарын және тұр,ындардың заттары Қазақ әскерлерінің олжасы болды. Сырдариядан өтіп Үзген жағынан шығады, аман есен Жәдік сұлтан иелігіне жетеді.
Ахмад сұлтанның жасыған жорықтарынан кейін, өзбектерге жаңа сылтау болды Қазақ хандығына аймағына қарсы. Мухаммед Шайбани хан жаңа жорықтарды үйымдастарды, Қазақ хандығының иеліктеріне көзі түсті.Фазлаллах ибн Рузбихан осы жорықты толық мәліметтейді, себебі бұл жорыққа Мухаммед Шайбани хан өзі басшылық етіп, шабуылдарға қатысады.
Өзбектердің бұл жасаған әскери жорықтың ең ұзағы болды,-біржарым айға шейін созылды. Осы жорыққа шығар алдында үлкен дайындық жасалған болатын. 1509 жылдың басында Бухарада Шайбанит әулеттерінің жоғарғы басшыларының жиналыстары өтті. Мухаммед Шайбани хан осы жиналыстарда Қазақтарға қарсы күресу үшін рұқсатты үлкен басшылардан сұрап алды,- ол қазақ халқы өзінің туыстас халқы өзіне құлдыққа жібергені үшін, мұсылман дініне қарсы болғандарды біз жойюміз керек,-«Біз киелі соғыс жүргіземіз»деген. [27.63] Айтылған Мухаммед Шайбани ханның қарсылық сөзінің мақсаты Мауереннах шонжарларын өзіне қаратып, қолдауы көрсету үшін жрғізілген жоспры,-Б. А. Ахмедов нақты фактымен келтіреді. [ 20.29 ]
Мухаммед Шайбани ханның сөзінен кейін бүкіл өзбектердің сұлтандардың барлығы Түркістанға жиылуға келісіп, әр қайсысы Бухараға әскерлерін болатын жорыққа дайындауға жан-жаққа тарады.
[ 21.47-63 ]
Мухаммед Шайбани ханның әскерлері Қазақ хандығына қарсы жорығына 5-ші ақпанда [ хиджраның 914 жылы ] 25 қантардың 1509 жылы бастады. Өзбек әскерлерінің құрамында жиырма мың бухар гвардиясы болды Убайдлла сұлтанның. [ 14.67 ] Бухарадан Түркістанға қарай жылжуда, өзбек әскерлері Мауереннахға жақын қақпаға келеді-Аққурт. Аққурт маңында бірнеше күн болды, өзбек әкерлері алдындағы жүретін жолға дайындала отырып және артта кележаттқан қосалқы күштерлі осыда күтті. [ 14.73 ] Аққурт кішкентай қала қатарына жатсады ол бүкіл өзбек әскерлеріне жететін соғысқа қажетті заттарды және де бір жарым айға жететін тамақтарын Берген болатын, осындайға қарағанда сол кездегі қалалардың қуаттығын көрге болады. «Михман наме-йи Бухара» айтылады осындай қалаларға маңызы болған жоқ кімнің иелігінде болуды, ақыр төлейтін салық бірдей. [ 14.75] Бұндай айтылған пікірлерге толық қанды сене алмайиын, өйткені ол Аққурт қаланың шаруалары өзбек әскерлерін тамақтандыру оңай болған жоқ болатын, әрине өзбек әскерлері ұрып соғып жұмыстеті және тағы басқа оқиғаларды өзбек тарихшылары мүлдем жазған жоқ болатын. Тағы қосатынымыз ол Мухаммед Шайбани ханның Аққурт қаласының арасындағы сатқындарды Түркістан аймағына жіберіп сол жердегі болып жатқан оқиғаларды біліп отырған. [ 14.77]
Аққурт қаласының маңында Мухаммед Шайбани хан өзіне Самарқандтан Мухаммед Тимур сұлтанның жақсы қаруланған және іпіктелген әскерлері құрамына қосып алды. Бұл қосылған қосалқы күштер саны отыз мыңға жуық болды. [ 14.76] Кейінрек келе тағы қосалқы күш ретінде өзбек әскерлері, Хисар, Хамза басшылары, Бахтияр сұлтанның баласы, Хизр сұлтанның баласы қосылды. [ 14.81;30.35]
Осылай Мухаммед Шайбани ханның тоқтаған жерде шайбани сұлтандары қоасылып отырған.Қыстың қақаған күнінде өзбек әсекрлеріне жылжу оңай түскен жоқ, келе-келе Сырдариядан өтіп болған соң Үзгент қамалына жетті «Қазақтардың жерінің басталатын орны» деп түсіндірген. Осылайша Мухаммед Шайбани ханның үлкен әскер құрамасы Фазаллах ибн Рузбихан берүінше әскер құрамасының саны үш жүз мыңға жиналған Сығанақ қаласының мңына. [ 14.90:16.91]
Бірінші өзбек әскерлерінің бағыты Ахмад сұлтан әкесінің Жаныш сұлтанның Сығанақ ұлысы болды. Өйткені Ахмад сұлтан оның алдында Мауереннахрға тонаушылық әрекеті жорығын жасаған болатын. Мухаммед Шайбани хан шайқастарға қатысмқан жоқ болатын, оләкерлерін бөліп ең бірінші шайқасқа Қара-Абдалға басқа шайбан ұлысының әскерлерін жіберген, Сүйіншік Қожа хан, Кучум сұлтан, Хамза сұлтан әскерлерін жіберген. Ал Убайдаллах сұлтанның әскерлерін өзіне қалдырды.
Жаныш сұлтан өзбектердің кележатқан әскерлерінің нақты санын білмей, ол тек Сүйіншік сұлтан әскерлері ғана кеатыр деді. Жаныш сұлтанның шешімі бойынша «өз жеріндегі елін, бала шағасын, қаласын сақтап қалу үшін шайқасқа бет алмай шығады» өзбек әскерлеріне қарсы шығу болды. Олардың ұстанған шайқас өнері жау келатыр дегенде барлығы бір топқа жиналып үш жүз мыңдай адам қару-жарақпен және садақпен орныққан кезде жүз мыңның күшіне тең келетін қарсылық көрсетті. [ 14.122]
Шайқас өте аямаушыл түрінде болды. Бұл туралы Фазлаллах ибн Рузбиханның өз мойындайда,-«Қазақ халқы өз жері, өзбалашағасы ұшін, әскери шеңін жоғалтпау үшін өте мықты, аяусыз, жинақы, тез артқа жылжий білу және тез арада алдыға баса білу шеберлігін көрсетті. » [ 12.124]
Әрине күш бірдей болиаған соң, шайқастың ең маңызды жерінде Мухаммед Шайбани ханның баласы Мухаммед Тимур сұлтан ьасшылығы мен, әкесінің гвардиясы араласып Қазақтарға үлкен шығынға ұшыратты. Осы жүрісі Шайбанидің ұтымды пайдаланып шайқасқа неиесе ұрысқа нүкте қойды.
Жаныш сұлтан жарлы болғандығына қарамастан қалған әскерімен Бұрұндық сұлтанға келеді. Жаныш сұланның ұлысы аяусыз тонаушылыққа ұшырап жаты. Ол олжа ретінде он мың киіз үйлерді толық камплектісімен, бүкіл жекеменшік бұйымдарын немесе заттарын, «киім –кишек, таварларын, өнімдерін, сиырларын, түйелерін, ешкілерін, қойларын, ірі қара малын» айтарлықтай саны санап жеткізе алмайтындай тонап кткен. [ 12.129] Және де Қазақтардың тұтқынға түскен адамдар саны санарлықсыз болды.
Жаралы болған Ахмад сұлтан Жаныш сұлтанның баласы бір жыл бұрын жасаған жорығын Мауерннах барған, сол тұтқынға түседі. Оны Хамза сұлтан алдына апрады, «бұл сұлтан ең қатыгез болған өмірде де шайқаста да.» Өзбек сұлтаны өз ағасының кек ретінде Ахмад сұланның басын алғызады, оны Мухаммед Шайбани ханға жібереді. [ 16.128] «Бұл деректе түсініксіз жағлайға тап боламыз,-Хамза сұлтанның қай ағасы жөніндегі атылып тұрғаны белгісіз» «Таварих-и гузида-йи нусрат- наме» айтылуынша үш ағалары болады-Бахтияр сұлтан, Алике сұлтан, Махди сұлтан және Хамза сұлтан. [ 18.35] Бізге нақты белгілісі Алик сұлтанды XV ғасырдың 70-ші жылдары Қазақ сұлтаны өлтірген болатын. [ 14.21;15.102;16.365]
1511 жылы қыркүйекте Хамза сұлтан мен Махди сұлтан Захир ад-Дин Бабур бүйрығы бойынша жазаланады. [ 33.119-120;22.135;13.300]
Осындай жетістіктен соң Мухаммед Шайбани хан сөзі,-Біз әлі Қазақтарды толық женген жоқпыз, олардың қыстауда негізгі күшін жойсақ сонда ғана біз толық және қанды жеңіс табамыз,-деген. Өзбек әскерлері Бұрұндық ұлысына жете алған жоқ, жол жөнекей кобісі қатып қалды. Осындай салдардан кейін Мухаммед Шайбани ханның шешімі артқа Маееннахға қарай шегінді. Бірақ оларға белгілі болған мәлімет он төрт жасар үнді баласы құлдықта болған Жаныш сұлтанның кіші інісінің ұлысы Таныш сұлтан иелігі осы жақын жерде екендігін және ол жерде бірнеше реет болғандығын айтады.
Үнді құлыдықа алып кедген баласы Таныш сұлтанның ұлысын көретіп берген соң Мухаммед Шайбани хан Қазақ хандығына аяқ тастынан және түнде жабуылдайды. Таныш сұлтан Өзбек әкеріне қарсы тұра алатында әскерін жина алмай қалады. Өзі біраз әскерімен қашуға жөнеледі, амалсыз өз қыстау иеліктерін тастап.
Өзбектер тағы тонаушылық әрекетін жасап бірталай адамдарды тұтқынға түсірееді.Таныш сұлтан ұлысы мен Жаныш сұлтан ұлысы тоналып, көптеген бүйымдар мен бағалы заттар Мауереннахға кетті. [ 17.137]
Осы шайқастан кейін өзбек әкерлері Түркістан арқылы Мауереннахға қатты.
Мухаммед Шайбани соңғы жорығы болды Бұрындық хан билігі тұсында. Өзбектерге бұл жоықтар біраз тиімді болғаны мен өзіне қойған мақсатына жете алмады. Мухаммед Шайбани ханға Бұрындық хан менәйгілі Қасым сұлтан ұлысын талқандай алмады.
Бұл тараушаны қорытындылай келсек ең басында XVI ғасыр Қазақ хандығы мен Шайбанидтер арасында жаңа күрестер басталады. Орталық Азияны жаулап алған Мухаммед Шайбани хан өзбек мемлекетініқ орнығуы, Қазақ хандығының талқандау әрекеттері, Дешті Қыпшақ жерінде түгелдей өзбек ұлысының Шайбанид династиясын орнықтыру болды. Осы мақсатта 1504-1509 жылдар аралығы болған үйымдастырылған үш әскери жорығы Қазақ хандығына қарсы. Жеткен жетістіктері, негізгі өзбек басшыларының көрсеткен көрсеткіштері еш нәтиже берген жоқ. Шығыс Дешті Қыпшақ пен Түркістанның жарты аймағы Қазақ хандығының құрамында қалды.
.XVI ғасырдың соңындағы бірінші он жылдығында Қазақ хандығының жоғарғы басшыларында өзгерістер болды. Бірақта бас қолбасшы Бұрындық болғанымен шындығында саяси билік, хандық фактілі түрде Жәнібек ханның баласы Қасым ханға көшті.
Мырза Хайдар Дулатидың айтылғанындай [ хиджраның 919 жылдың жазында] 1513 жылы «Қасым ханнның жасы алпысқа,шамамен жетпіске келген болатын.» [14.326] Зерттеушілер осы мәліметтерге сүйене отырып, Қасым ханның туылған жылын анықтамақ болды, шамамен 1445 жыл.[ 23.132;7.363;1.271;25.166 ] Қасым ханның анасының атын Қдырғали-бек Ксуымұлы айтуынша Жағам-бегім. [31.162;13.236;34.239;15.121] «бегім» деген түсінік монғолдардың тегінен еместігін көрсетеді. Жағам-бегім негізі Шыңғыс ұрпақтарына жатқан жоқ, моңғолдарда әйел адамдарды деректерде –Ханым,Ханум деп атаған. «Фатх –наме» дерегі өлең түрінде берілген, оны Мола Шади жазды, онда «Шайбанид Махмуд-султан Қасым ханның туысқан екендігін берілген, Сауран қаласын Қасым ханға Махмуд –сұлтанды Берген соң, онда Қасым хан оны буыры екендігін түсіндірді.» [15.82-83] Бұның мағынасын автор ашуда «Шайбани-наме» де Камал ад-Дин Бинаи жеткізуінше, олардың шешелері әпкелі сіңілі болғанын белгілі. [15.117] Дәл осындай тұжырымды «Тауарих-и гузида-йи нусрат-наме» атылады,- Қаысм мен Махмуд шайбани Шах-Бұдақ сұлтанның баласы, олар ағайындылардың балалары демек жақын туыс екендігін білеміз. [19.17] Осылайшы Жаған-бегім Аққозы бегімнің сіңлісі болып шықты, ол Мухаммед Шайбани мен Махмуд Сұлтанның шешесі. Камал ад-Дин Бинаи де Аққозы түбімен негізі «Алтын хан тұқымынан»болып шықты. [11.97 ] Алтын хан тұралы Н. П. Шастина мәлімет береді, «моңгол дәстүрінде танымал адамдардың атын атауы шектелген, осылай тұлғаның бет әлпетіне немесе басқа жағын атап кеткен.» [35.385]В. П. Юдин ойынша бұндай термин сөздер әртүрлі династияларда кездеседі, мысалы Қытайда. [ 10.507] Зерттеу бағытының тоқталатын дерек көзі «Тарих-и Кыпшақ-хани» де Ходжамукли Бахли айтуынша Аққозы-бегім –«Хитая мәртебенің қызы.» [ 16.393] Шынында да болар Жаған-бегім Қытай үйіне қатысы бар деген тұжырымға келуіміз ол кезде Қытайда Минь династиясы билік басында болатын, бұнадй тұжырымдар толықтырулар қажет немесе қытай деректермен қарастырылуы керек. Қытай жылнамаларынан аударылған мәліметтерде Қазақ хандығы мен қарым-қатынастары туралы айтылмайды, тіпті қытайдың мин династиясы моңғол басшылары туралы жоқ. Бірақ Юнус ханды зерттеушілердің ойынша негізгі қытай деректерінде сол екенін Аэр сұлтан «қытай деректерінде-Ахаматэ, Ахэйма. Сұлтан Махмуд хан –Муханьмо. Мансур хан -Мансуэр». [ 26.13-15,24-29] Олар Қазақтар мен Моңғолдар басшылары тығыз байланыста болғандығын, қытамен де болмуы мүмкін болған жоқ. Өйткені минь династиясы ол уақыттарда алыстағы Мысыр мен Араб халифатымен дипломатиялық қарым-қатынаста болды. [26.24-25]
Жәнібек ханның тек Қасым хан баласы ғана болған жоқ, «Таварих-и гузида-йи нусрат-наме» бойынша оның тоғыз баласы болған: Жиренши, Махмуд, Қасым, Атик, Жаныш, Канбар, Тыныш, Уснак, Жадик. [14. 42 ] Ал Әділғазы бойынша да Жәнібекте тоғыз баласы болды делінеді:Жиренше, Махмуд, Қасым, Атик, Жаныш, Канбар, Тыныш, Уснак, Жадик [31.157;16.188]
Осы генеологиялық таблицалапға қарасақ, түшінүімізше Қасым хан Жәнібектің үшінші баласы болып беріледі, Жиренши мен Махмудтан кейін. [ 1.30.41;72.10.166] Бірақ та Махмуд ибн Эмир Вали Атикті Қасым ханнан үлкен дейді, осыған орай бұл Қасымның үшінші үлкен буыры деген пікір айтады. [ 14.353] Жоғарыда келтірілген генеологиялық сызбада айтылады. Камал ад-Дин Бинаи,Махмуд ибн Эмир Вали айтуынша Атик сұлтан үшінші бауыры болғандығын, Мырза Хайдар Дулати кейінрек қосылған Махмуд ибн Эмир Вали айтуынша Қасым ханның танымалдығы елге Атик бауыры өлген соң болды. Өйткені Жәнібек ұрпақтарынан үлкені болып Қасым хан қалды. [ 17.222;17.353] Сөз сіз Қасым хан XVI ғасырдың бірінші он жылдығында Жәнібек ұрпақтарынан кейін қалған үлкені болғандығы.
Қазақ хандығы құрылғаннан кейін Қасым хан небәрі жиырма жаста еді, сол уақытта Қасымның жасы бірталай болып саналды. Ол Жәнібек пен Керейдің саяси мейрамдарында қатысуға міндетті болды. Дәл осы кездерде алған үйымдастыру және әскери тәжрибесін алды, болашақта осы алған тәжрибелері іске асарлады.
Тарихи сахнаға Қасым XV ғасырлардың 70-80 жылдарында Бұрұндық ханның ең мықты және танымал әскер басшы ретінде, өзінің Ұрыс хан әулеттерінің билігін Дешті Қыпшақ пен Түркістанды Қазақ хандығы құрамасын қосып алу болды. Камал да-Дин Бинаи айтуынша оыс жылдары Қасым «Бұрындық ханның белгілі сұлтанны мен мықты әскери бахадуры болды» және әскерінің мықты қол басшысы болды. [11.104] Ол көптеген сол кездегі шайқастарға міндетті түде өзі қатысты, әскери шебер бытыр атағы мен мықты қол басшы атағына иеленеді.
XV ғасырдың соңына таман Қазақ хандығы үш башылығының біреуінің орнын басты. Олар Қазақ хандығының саяси және әлеуметтік жағдайын шешетін басшылары бірі болды. Қазақ хандығының болашағы осы үш әйгілі қол басшылардан байланысты болды. Берілген деректерде әйгілі қол басшылардың Бұрындық хан мен Жәнібек ханның үшінші ұлы Адик сұлтаннан Қасым хан да әрдайым айтылып жүрді. [14.28-29.11.12.120]
1503 жылдан кейін біраз уақыт өткен соң Ташкеттен далаға қайтқан Әдік сұлтан қайтыс болады. Содан соң Қасым хан тұлғасын Қазақ халқына танымал болады. [ 18.323;13.222] М. Тынышпаев осы кезді Қасым ханның Қазақ хандығы билігіне келгендігін түсіндіреді. [23.132] Бұндай тұжырым нақты болмаған соң, менің түсінүімше Қазақ хандығына толық билік етпеген болар өйткені Бұрындық хан болған кезде. Қасым ханға билігі тек Қазақ хандығының жартысына таралған. [31.134]
Түсіндіруінше Әдік сұлтан әкесі Жәнібек хан өлгеннен кейін, оның ұрпағы үлкен ұлына шығыс Қазақ хандығы ұлысының жоғарғы басшысы болды. Түсіндіре айтсақ Қазақ хандығы ұлысының сол қанатын биледі. Әдік сұлтан өлген соң, Әдік сұлтанның қызметі Қасым ханға өтеді. Осы мен қоса Қасым ханға Қазақ хандығының жоғарғы әскер басшысы қызметі де болған. Осыны бізге 1504 жылы Махмуд ибн Эмир Вали айтуынша « Қасым хан осы кезде Маңғыттардың көмегімен Қыпшақ даласына жаулап алып билігін жүргізді және Ташкент пен Түркістан қалалаларының шекараларына тонаушы жорықпен немесе жаулап алу әрекетін жүргізген».[7.272.2.167]
Осы талпыныстар Қазақ хандығында Бұрындақтан кейінгі екінші орында болғандығын көрсетеді. Қасым аты деректер де Бұрындық ханнан үзілмей бірге айтылып жүрді. Мысал ретінде 1509 жылы дейді Мухаммед Хайдар Дулати,-моңғол ханы Сұлтан Махмуд баласы Сұлтан Мухаммед әкесінің өлімінен кейін, өзінің еркіні сіз моңғолстан да қала алған жоқ болатын, оламалсыз Дещті Қыпшаққа жөнелді –Бұрындық пен Қасым ханға. [24.193] Тура осыған байланысты Фазлаллах ибн Рузбихан Мухаммед Шайбани ханның үшінші жорығында айтылған сөзі: «Бұрындық хан мен Қасым сұлтан Қыпшақ даласының бастауы мен қазақтардың гүлденуінне үлкен қатысы бар, алтын алла көруші және мықты әскер басшылары.» [20.133]
XVI ғасырдың бірінші он жылдығында Қазақ хандығының әл әуқатылардың Бұрындық ханға сенім сіздік тудырған соң. Қасым ханның саяси ауырлығы күшейе бастады. Осы уақытта Қасым ханның Қазақ хандығы билігі толық қолына көшті десекте дұрыс болады. Хиджраның 914 жылды- 1509 жылы Фазлаллах ибн Рузбихан жазуынша «сол кездегі ұлы және әйгілі Қазақ ханы ол- Бұрындық хан, сол кездегі жалғыз ең мықты жауынгер және батыр –Қасым хан» [14.131] Ал басқа өзінің шығармасында жазған Бұрындық ханды «хандардың ішіндегі өте қатыгез және Дншті Қыпшақтағы алдын ала көруші немесе танымал» деген. [36.99] Мухаммед Хайдар Дулатидің Мухаммед Шайбани ханның Қазақ хандығына қарсы жорығы туралы жазуында, хиджраның 914 жылы-1509 жылыдың қарашасында және 1510 жылдың ақпанында болған: «Осы кезде Қазақ ханы Бұрындық хан болғаны мен нақты билікті Қасым хан жүргізген болатын». [38.287] Шығарманың тағы басқа жерде айтылатын жай: «Қасым хан-хандық атағын алғанынша, оның билігінің мықтылығы болғандығының соншалықты, Бұрындық ханды ешкімде еске түсірген де жоқ». Осы кезде Бұрындық хан да тек қана, Мырза Хайдар айтуынша «хан деген атауынан, басқа еш нәрсесі болған жоқ». [13.324] Тағы бұл тұралы нақтылап және мәлімет беріп кеткен Гияс ад-Дина Хондамира авторы «Хабиб асияр» шығармасында айтлғаны, Мухаммед Шайбани ханның хиджраның 915 жылы-1510 жылыдың Қазақ хандығына жасаған жорығы. Осы кезде Қасым хан «Дешті Қыпшақтағы билеушілірдің мықтысы және де халқының көп бөлігі бағындырғандардың бірі болған». [2.260-261]
Осы атылғандардың ортақ шешімге келетін болсақ, Қасым ханға биліктің орнығуы 1509 жылы С. Жолдасбайұлы ойлағынында ұмытпау керек, мүмкін 1509-1510 жылдар аралығы десек те қате болмас. [9.47]
Қасым ханның жеңісі ол Жәнібек хан ұрпағының жеңісі. Осы тартысқа зерттеу жүгізген А. П. Чулошниковты айтуы жөн болады. Ол « екі танымал басшылардың тыныштық пен өткен күрестің аяғы, соңғы кезде қанды қырқысқа екеуінің тартысна ауысып кеткенін, біз біреу жеңсе екіншісі жеңілгенін басқа көмек көрсететін жерге көшүіне немесе қашуынан басқа еш шығатын жолы бола алмайды, өз туылған жерінен айдауға кетіреді….сындырылып жеңілген Бұрындық хан Дешті Қыпшақ жерінен қуылады.» [28.113]
2.2 Қасым ханның Батыстағы жүргізіген саясаты
XVI ғасырдың алағшқы жылдары Қазақстан мен Орта Азияның саяси тарихында түбегейлі өзгерістер әкелінді. Бұл өзгерістер Қазақ хандығының ғасыр басындағы Мауреннахрмен саяси қарым-қатынасының сипатына өзгеріс тигізеді. Бірақ Сыр бойы үшін екі жақтан да күрес тоқталмайды. Аймақ жерін иелену – XVI ғасыр басындағы Қазақ хандығы мен Мауреннахр арасындағы саяси қарым-қатынастың негізгі өзекті мәселесі болып қарала береді.
XVI ғасыр басындағы Орта Азияның саяси тарихындағы түбеейлі өзгерімке, билеуші әлеуметтік ауысуы жаты. 130 жыл бойы Мауреннахрда билік құрған Ақсақ Темір және оның ұрпақтарының билігі XV ғасырдың соңғы жылдары өзара феодалдық соғыстар нәтижесінде әбден әлсірейді. Онда өзара күресуші күштер көрші елдерден көмек іздетіреді. Көмекке келгендердің бірі – Мұхаммед шайбани хан болды.
Шайбани ханның Мауреннахрда билікке келуі А. А. Семенов еңбектерінд жақсы зерттелген. [ 24.39-83] Мауреннахрдың жаңа билеушісі 1504 жылға дейін ондағы Ақсақ Темір ұрпақтарын толығымен жеңіп, билігін нығайтады. Моғолстан хандары сұлтан Махмуд хан мен сұлтан Ахмед хандардың біріккен күшін талқандап, Ташкент аймағын Мауреннахрға қосады. [ 21.50 ] Сөйтіп, XVI ғасырдың басында Қазақ хандығы мен Шайбанилық Мауреннахр Орта Азия мен Қазақстандағы ең күшті мемлеттерге айналады. Екі ел арасында саяси қатынастар XVI ғасырдың алғашқы он жылдығындағы региондағы саяси дамудың бағдарын анықтайды.
XVI ғасырдың басындағы Қазақ хандығы мен Шайбанилық Мауреннахрдың саяси қарым-қатынасы мәселелері әлі күнге дейін арнайы зерттелген емес. Тек қана жұмыс авторының осы мәселе төңірегінде жазған, XVI ғасырдың басындағы Шайбани ханның Қазақ хандығына жасаған жорығы талдауға арналған мақаласы бар. [25. 45-49 ]
XV ғасырдың соңындағы Бұрындық хан мен Мухаммед Шайбани ханның жасасқан шарты бойынша Қазақ хандығы Сыр бойында солтүстік өңірлерін иеленеді. Мұхаммед Шайбани ханның Мауреннахрдағы Жаулап алу соғыстары кезінде Қазақ хандығының билігі аймақтық орталық және оңтүстік бөлігіне де тарай бастады. Мауреннахрды толық бағындырып, Хорасандағы Ақсақ Темір ұрпақтарының күрес жүргізіп жатқан Шайьани үшін Түркістанда Қазақ хандығының позициясын өсу қауіпті бола бастайды. Қазақ хандығы үшін Түркістанның Мауреннахрға қарауы қандай қауіпті болса, әскери стратегиялық тұрғыдан аймақтың Қазақ хандығы құрамында болуы Мауреннахрға да дәл сондай қауіпті болды. Шайбанилық сұлтандардың көрнекті өкілі Ұбайдоллах сұлтанның «қазақтармен қазіргі кезде соғысудың себебі, бұл халықты қыруда, тежеуде болып отыр, өйткені біздің қызыл-беріктермен соғысуымызда олар жағынан Мауреннахр мен Түркістан аймақтарына жорық жасау, жаулап алу қаупі бар», — деген сөзі Сыр бойының Шайбанилықтар үшін әскери стратегиялық маңызын көрсетеді. [ 28.68]
Мауреннахрды өте қысқа мерзімде бағындырып, және Моғолстанды жеңіп, оның бай өлкесі Ташкентті өзіне қаратқан Шайбани хан XVI ғасырдың басында бүкіл региондағы саяси күшке айналады. Ал, Қазақ хандығының Сыр бойының бір бөлігінде билік құру, сондай-ақ бүкіл аймақта оның саяси ықпалының күшеюі Шайбани ханды тыныш қалдырмады. Күшіне сенімді ол XV ғасырдың соңында Бұрындық хан мен жасасқан шартты бұзуға әрекет ете бастайды.
Осындай оймен Мауреннахр билеушісі 1504 жылы Дешті Қыпшақ пен мауреннахр арасындағы саяси қарым-қатынастың даму сипатын анықтайтын жарлық шығарады. Бұл туралы Фазаллах ибн Рузбихан: «Түркістан тұрғындарына қазақ саудагерлерінен ешқандай сауда байланысын жасамасын және олармен өзара қатысу, олар жеріне саудагерлердің баруы тоқтатылсын» деп бірнеше жарлық шығарады. Сондай-ақ бірнеше рет Түркістанның кейбір өңірлерінде және Хорехм қалаларында қазақ саудагерлерін тонауға бұйрық берді, — деп баяндайды. [ 32.101 ] «Жарлықты Бере отырып, ханның өзі ішінде әртүрлі ойлары болғандығын айтады. Одан әрі ибн Рузбихан».
Шайбани ханның бұл жарлығы мен бұйрығының күші мен әсері екі хандық арасындағы қатынастардан байланысып басқа белгіленген болғандығын көрсетті. Аймақ жеріне иелік ету – екі жақ арасында саяси қарым-қатынастың басты мәселесі болса, XVI ғасыр басыннан бастап, саяси қарым-қатынас мәселелеріне, екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынас мәселесі қосылады. Шайбани ханның жарлығы мен ьұйрығы XV ғасырдың соңындағы екі жақты бейбіт қатынастың аяқталғандығын көрсетеді.
Қазақ хандығы мен келісім шар бұзуға итермелеген жағдайдың бірі – Мухаммед Шайбани ханның мемлекет басшысына айналуы болды. XV ғасырдың соңындағы Бұрындық хан мен жасаған шарт Шайбани ханның Түркістандағы бір өңіріне билік құрған кезі болды. Осы шарттың арқасында ол Қазақ хандығымен бейбіт қатынастар орнатады да, қалыптасқан саяси жағдайды пайдаланып, Мауреннахр билігіне келеді. Оған енді бұрыңғы шарт ұнамайды және ол өзінің бүкіл Түркістан аймағына толық құқы бар екендігін көрсете бастайды.
Екінші бір жағдай діни мәселеге қатысты болды. Орта Азияда мұсылман діні кең таралғанынан бері жергілікті имандар шейхтар және тағы басқа мұсылман діни басылары айрықша рөлге ие болады. Шайбани хан Мауреннахрда билікке келісімен жергілікті дін басылары оған өзі ықпалдарын тартады. Олар Шайбани ханның билікке келетінін алдын-ала білген емес, «Бұрыңғы имамдардың хадистер жинағында Пайғамбардың сөзі бар. Пайғамбар өзі өлгеннен кейін жаңа «Мұсылмандар қорғаушысы» пайда болатын, оның Мауреннахрда билікке келетінін 5 қасиет болатынын айтып кеткен. Бұл сөз 817-898 жылдарында өмір сүрген Абу Даут ас-Сиджистанидың хадистер жинағында бар», — деп ибн Рузбихан да бұл ойды қолдайды. [ 16.80] Осындай жолдың, пайғамбардың айтып кеткен «мұсылмандар қорғаушысы» — ол Мауреннахрда билікке келген – Мұхаммед Шайбани хан деген пікірлер жайлы бастайды. Мұндай пікірлер ең алдымен, Шайбани ханға билігін нығайту үшін қызмет етті, ірі дін басыларының қолдауына сүйенген жаңа билеуші олардың мүддесіне сай келетін саясат жүргізуге тырысты. Оның бір көрінісі Түркістан аймағындағы Мұсылмандарды қазақтардан қорғау, және қазақтарды мұсылман дініне енгізу деген желеу болды. Сөйтіп, Шайбани ханға қазақтар мен бейбіт қатынасты бұзуға жағдайлар әзір болды.
Қазақ саудагерлеріне қарсы әрекет жасай отырып, «Шайбани ханның өз ішінде әртүрлі ойлары болды. Ол біріншіден, ғасырлыр бойы объективті түрде қалыптасқан көшпелі өмір мен отырықшы өмірлер арасындағы экономикалық байланыстарды бұзу арқылы көшпелілерді, яғни қазақ хандығын өзіне тәуелді ету және оны олай бодмаған күннің өзінде, қарсыласы Қазақ хандығын әлсірету еді. Екіншіден, қазақ саудагерлерді тоңау туралы бұйрығына қарсы қазақтар тарапынан қарсы іс боларын, яғни Мауреннахрға жорық жасаларын білді. Қазақтардың Мауреннахрға жасайтын әрекеті Шайбани хан үшін оларға қарсы жорық жасауға түрткі болады, және ол өзін Мауреннахр халқы алдында «Мұсылмандардың қорғаушысы» екндігін көрсетуді де ойластырады»
Осындай жолмен Қазақ хандығымен Мауреннахр арасында XVI ғасырдың басында үздіксіз жорықтар, соғыстар басталады. Жалпы 1510 жылға жейін Мауреннахр тарапынан Қазақ хандығына қарсы 4 жорық жасалады. Төрт жорықтың ортақ мақсаты – Түркістан аймағының Қазақ хандығын ығыстыру, сол арқылы оларды Мауреннахрға тәуелді ету болып саналады. Сонымен бірге әртүрлі жорықтың алдына қойған міндеттері де болды.
Шайбани ханның XVI ғасыр басындағы қазақтарға қарсы алғашқы жорығы 1504 жылы басталды. Жорықтың басылуына қазақтардың Түркістандағы Шайбани хан иелігіне шабуыл жасау түрткі болды. [ 26.263 ]
Қазақ хандығының бұл әрекеті Шайбани ханның қазақ саудагерлерін тоңау туралы жарлығына қарсы жасалған әрекет деп түсінуіміз керек. Алғашқы жорық туралы мәлісет ортағасырлық деректер ішінде жалғыз «Мехман наме Бухара» еңбегінде ғана баяндалады. [32.102 ] Онда Мухаммед Шайбани хан Түркістанға жетіп, қазақтар иелігіне қарай бірнеше күндік жол жүреді. Қазақтар кейін шегініп, қаша бастады, сөйтіп өз жазғанына қарай кетті деп айтылады. Қолға түскен олжаларды қанағат етіп, Мауреннахр әскерлерін кейін оралады. «Шайбани хан қазақтардың қуып жіберді. Бұл қазақтарға қарсы жасалған бірнеше жорық еді», — деп жазады ибн Рузбихан.
Енді осы бірінші жорық барысын талдап көруге тырысайық. XVI ғасырдың Сыр бойындағы орталығы және оңтүстік бөліктері Шайбани ханға қарағандықтан қазақтардың шабуылы осы өңірге бағытталған. Шайбани хан Мауреннахрдан осы өңірлерден тез жетіп солтүстік өңірлеріндегі қазақтарға жорық жасаған. Деректе жорықтың қай мезгілде болғаны анықталмайды. Соған байланысты ибн Рузбиханның осы дерегіндегі кейбір қосымша мәліметтермен көшпелі өмірдің шаруашылықты ұйымдастыру жағдайына қарап жорық мерзімін анықтауға болады.
Біздің ойымызша, қазақтарға қарсы жорық қыс айларында өткен. Оған дәлеліміз біріншіден, ибн Рузбихан «Хан әскерлерінің келе жатқан естігенде қазақ сұлтандарының зәре-құты қалмады», — деп жазған. Сыр өңірінде қазақтар қыстауда болған. Екінші дәлелге, қоғамның шаруашылықта ұйымдастырудағы ерекшелік жағдайы жатады. «Дисперсты дамудың ең шырқауы қазақтарда жылдың қыс айларында, ерте күзде және ерте көктемге сәйкес келеді, оған себеп қар қабатының болуы, жем-шөп қорының жетіспеушілігі және көшіп-қонудың мүмкін еместігі болды». [12.254]
Шаруашылық жағдайдың ерекшелігі әлеуметтік құрылымдарға тікелей ықпал етіп, рулар мен тайпалар, ұлыстар ерте күзден ерте көктемге дейін бір-біріне алшақ, қашық орналасады. Ибн Рузбихан еңбегінде қыс кезінде ұлыстардың бір-бірінен қашықтығы 15 күндік жер деп айтылады. [ 13.341 ] міне осыдан келіп, ұлыстардың бір-біріне қашықтығы олардың арасындағы өзара байланыстармен қыс айларында барынша кемітеді. Хабар алысып, сыртқы жазуға қарсы бірігіп күресуге қыс айларында көшрелі тайпалар мен ұлыстардың мүкіншілігі өте аз болды.Содықтан да олар көп жағдайларда қыс айларында болатын жау шабылдарына төтеп бере алмады. Көшпелі өмірдің қыры мен сыры өте жақсы білетін Мухаммед Шайбани хан қазақтарға алғашқа жорығын қыс айында жасаған дейміз. «Қазақ сұлтандарының зәре-құты қалмады» деп жазғанына қарағанда, автор бұл арада Шайбани ханды мақтау, мадақтау үшін, оның қуатын асыра көрсетпек болған. Екіншіден, ұлыстардағы қазақ сұлтандары бір-бірімен байланыса алмай, әрқайсысы өз ұлысының жағдайын ғана ойлайды. Жеке ұлыстың бүкіл Мауереннахр күшіне төтеп Бере алмайтынын білген Қазақ сұлтандарының шегінүден басқа амал таппайды.
Алғашқы жорық Шайбани хан үшін сәтті аяқталғанымен, өзінің алдына қойған міндетіне жетпеді. Қазақ хандығы Сыр өңірлеріндегі жерлерінен айрылған жоқ. Керісінше , қазақтар шайбанилықтар иелігіне келесі жылы тағы да жорықтар жасайды. [ 28.64 ] Бұл жағдай өз кезінде Шайбани ханның қазақтарға қарсы екінші жорығын ұйымдастыруға негіз қалады.
1506 жылы жазында Мухаммед Шайбани хан ақсақ темір ұрпақтарының соңғы тірегі – Хорасанды бағындырды. Оның мемлекетінің шекарасы оңтүстікте Иранмен, солтүстігінде Қазақ хандығымен шектеседі. «Бүкіл мұсылмандардың қорғаушысы» болу үшін оған енді Ирандағы сефевилік әулетпен күресуге тура келді. Бірақ Түркістан аймағына қазақ хандығының болуы үнемі Мауреннахрға қазақтар тарапынан қтындық туғызды. «Ханның қазақтармен соғысы Иранды бағындырудағы басты шара болды», — деп түсіндіреді ибн Рузбихан. [ 3.80 ] «Хорасанды жаулап алғаннан кейін Қазақтардың ешбір ұлысы хан иелігіндегі жерлерге аяқтарын баспау үшін, хан оларды талқандауға шешім қабылдады»,- деп жазады «Михман наме Бұхарада». [ 25.103] Хан Хорасан мен Ирак жорыққа кеткенде, Мауреннахр аймағына қазақтар еңбегіндей болу керек ,-деп түсіндіріледі шайбанилық дерек мәліметтерінде.
Жоғарыда келтірілген мәліметтер екінші жорықтың мақсаттарын Аша түседі. Жорық 1507-1508 жылдың қыс айында өтеді. Бұл жолғы соққы қазақ ханы Бұрындық хан ұлысына қарсы бағытталған. Хан әскері Қазақтар елінің шекарасына дейін жетіп, Сығанаққа соқпай, оны айналып өтеді де, Қара-Абдал деген жерге келіп тоқтайды. «Қара-Абдал қазақтар қыстауының ортасы»,- деп жазады Фазлаллах ибн Рузбихан.
Жорықтың қыста өтуі себепті Бұрындық хан жау әскерінің жорығын хабарсыз еді, тұтқиылдан болған соққыға төтеп Бере алмай, ол мал-мүлкін жауға тастап, қашып жөнелді. Осылайша, бұл жорық барысында қазақ ханның ұлысын талқандап ,Шайбани хан Яссы арқылы Самарқанға өтіп оралады.
Екінші жорық қортындысы бойынша, хан ұлысы талқандалғанымен, жалпы Қазақ халқының Түркістан аймағына енуі тоқталмады. Жорықтың міндеті Қазақ ұлыстарының бәрін талқандау еді, бірақ көріп отырғанымыздай, жорық міндеті толық жүзеге асырылмады. Соған қарамастан Мауреннахр билеушісі Қазақ ұлыстарын толық талқандауда ойынан қайтпады. Ол енді келесі күреске бар күшін салып дайындалды.
Келесі үшінші жорыққа дайындық, оның барысы мен қортындысы «Михман наме-йи Бухара» жақсы баяндалады. [25.109-111 ]
Шайбани хан үшінші жорыққа барынша діни сипат бергізеді. Хорасан мен Мауереннахр имамдарының қазақтарға жасалатын жорыққа қатысушылар ғази бола ала ма, әлде жоқ па мәселе бойынша анықтап жазу бұйырылмады. Және де ханның өзі Қазақтарға пұтқа табынушылыр деп жариялағаннан кейін, имамдар мен шейхтар Қазақтар дінсіздер, ал дінсіздерге қарсы қасиетті соғысқа қатысқандығы үшін әркім силық алады,-деп ханға жеткізеді.
Үшінші жорықтың басталуына Қазақ хандығы тарапынан Мауереннахр орталық аймағына жасалған жорық түркі болды. Жорықты Жәнібек ханның немересі, Жаныш сұлтанның ұлы Ахмед сұлтан 1507-1508 жылы жасайды. Қазақтар жорығының себебі мен мақсатын Фазлаллах ибн Рузбихан айтпайды. Соған қарамастан, XVI ғасыр басында Қазақ хандығы мен Мауреннахр арасындағы болып жатқан оқиғалар барысына қарап, Ахмед сұлтанның жорығының себебін білуге болады.
Бұл жорық біріншіден, Мауерннах билеушілерінің Қазақтарға қарсы жасаған алғашқы екі жорығна қарсы жауап, кек қайтару ретінде болды. Жорыққа жалғыз сұлтан адамдары емес, бүкіл хандық күші қатысады. Екіншіден Мухаммед Шайбани ханның Хорасанды бағындырып, Ауғаныстанды бағындыруға аттануы Қазақ хандығы үшін өте қауіпті бола бастады. Түркістанда отырып, Мауреннахрдың саяси жағдайын жетік бақылап отырған Қазақ хандығы Шайбани ханның жоқьығын пайдаланып, жорық жасау арқылы мауреннахрдың одан әрі күшеюіне жол бермеуді мақсат етеді.
Ахмед сұлтан 1507-1508 жылы 50 000 аса адаммен Мауреннахрдың орталық аймағына жетіп, елді-мекендерді тоңайды. Тіпті, Шайбанилық сұлтандардың тірегі Бұқара мен Самарақандты қоршауға алуға дайындалады. Қазақтардың бұл әрекетін естіген Шайбани хан Ауғаныстан жақтағы бар істерді қалдырып, шұғыл түрде Мауреннахрға қайтады. Қазақтар Самарқандқа қарайтын Куфи өңірін, Дабус қамалын, Соғд өңірін және Кухах өзенінің арғы бетіндегі Бұхараға қарайтын өңірлерді талқандайды. Олар құлдарды, малдарды өзбектердің мүлкін және мұсылмандарды тұтқынға алып, олжа ретіндже кейін оралады. Мәліметте тұтқынңға алынғандардың жылпы саны бірнеше мың болды делінеді.
Шайбани хан Бұқараға келісімен тонауға ұшырағане өңірлерді, отбасыларын көріп, оларға көңіл айтады және қазынадан материалдық көмек бергізеді. Бұл әрекет оның Мауреннахр халқы алдында беделін көтереді және де ол қазақтардан кек қайтаруға уәде береді. Ол жорықты келесі жылға, 1508-1509 жылдың қысына белгілейді.
Жорық 1509 жылдың 27 қаңтарында, жұма күні басталады. Шайбани хан мол әскерімен Мауреннахрдан шығып, 18 ақпанда Сырдың сол жағалауындағы, аймақтың оңтүстік қақпасы Арқұкке келеді. Өзеннің сол жағалауындағы елді мекендерден бүкіл әскерге бір айдан аса уақытқа жетер азық-түлік жинап алынады. Арқұкте үш болғанын өзеннің сол жағалауындағы қалаларды ала отырып, Үзкент қаласына келіп тоқтайды. Арқұк, Үзкент қалалары маңына Шайбани хан әскеріне басқа шайбанилық сұлтандар өз аймақтарының әскерлеріне келіп қосылады.
Үзкент қаласы маңынан Мауреннахр әскері Сырдың оң жағалауында жақ бетіне өтеді де, бірден Сығанақ түбіне шығады. Одан әрі ибн Рузбихан Шайбани ханның қазақтар қыстауының ортасы Қара-Абдал келіп тоқтағанын айтады.
Шайбани ханның үшінші жорығының бағыты Самарқанд – Арқұк, Үзкент және Сырдың оң жағалауындағы Қара-Абдал, қазақ қыстауларына тосынан шабуыл жасауға ең тиімді, ең қолайлы бағдар. Бұған дейінгі екі жорықта осы бағытпен болып, қазақ ұлыстарының қыстауларына жауды тұтқындап әкелген еді. Бұл жорық жолды Мауреннахр билеушісі бұрыңғы әдістерін қайталайды.
1509 жылдың наурыз айның алғашқы он күн ішінде жау әскері Қара-Абдалда толығымен бас қосады. Шайбани ханның ордасына он күндік жерде орналасқан Жаныш сұлтан ұлысының талқандауға хан бұйрық берді. Жаныш сұлтанға жау әскерінің келе жатқанын белгілі болды, бірақ ол жау әскері – Ташкент аймағының билеушісі Сүйіншік-Қожа сұлтанның әскері деп қателеседі. Оның болжамы бойынша Хорасан жақтағы Шайбани хан тезарада бұл маңға келуі мүкін емес болатын. Қазақ сұлтандары әскер жиіп, отыз мыңдай әскерімен өз ұлысында жауды күтеді. 1509 жылдың наурыз айында «Атақты қазақ соғысы болды». [ 12.58] Ұрыс барысын ибн Рузбихан тиянақты баяндайды. Ұрыс, Жаныщ сұлтан ұлысының талқандауымен, сұлтанның қашып оны ұлы Ахмед сұлтанның өлтірілуімен аяқталады. Олжалы он мыңнан аса арбалы үй, сан жетпес мал, дүние-мүлік түседі.
Бір ұлысты талқандап, мол олжаға кенелген кейбір сұлтандар ауа-райының қолайсыздығын бетке ұстап, кейін оралу туралы сөз қозғайды. Шайбани хан аймаөтағы қазақ ұлыстарын және хан ұлысы талқандамай кейін қайтпайтындығын айтады. Оның ойы Түркістан аймағынан қазақтарды толық қумайынша оралмауы болатын.
Қар-Абдал 15 күндік жерге орналасқан Бұрындық хан мен Қасым сұлтан ұлысына аттануға Хан жарлық етеді. Орта жолда Мауреннахр әскері қанер-қаперсіз, Жаныш сұлтан ұлысының талқандалған хабарсыз жатқан Жаныш сұлтанның інісі Таныш сұлтан ұлысына тап болып, оны да талқандайды. Ибн Рузбихан мұгнда да Мауреннхр әскері мол олжалы кеңелді деп баяндайды.
Екінші қазақ ұлысының талқандалғандығы және жау әскерінің бұрындықхан ұлысына қарай келе жатқандығы туралы хабар, Бұрындық ханға белгілі болады. Қыс айында бір-бірінен алыс, шашырай орналасқан ұлыстарға қарай келе жатқан қауіпті хабар жіберу, әскер жиюдың өте қиын екендігін белгілейтін Бұрыңдық хан аймақтағы қыстауын қалдырып, шегініп кетеді. Бұл туралы хабар Шайбани ханға жетісімен, онсыз да қысқы суықтардан әлсіреген әскерді сақтау үшін, ол жорықты тоқтатады.
Барлық қолға түскен олжаларымен жау әскері асықпай Сығанаққа беттенеді. Бұл маңда да төңіректе болып жатқан оқиғалардан бейхабар қазақ рулары қыстап жатқандығы белгілі болып хан оларды шабуға бұйрық береді. Ибн Рузбихан Сығанақ төңірегіндегі ру тайпалардан 10 000 жуық арбалы үй, дүние-мүлік және бірнеше мың мал қолға түскендігін жазады.
Осылайша, Түркістан аймағының солтүстік өңіріндегі бірнеше қазақ халқын талқандайды. Мухаммед Шайбани хан Сығанақ арқылы Сауранға, одан Яссыға келеді. Яссы қаласында Шайбани хан әрі қарай жаңадан билеушілер тағайындайды. «Түркістан аймағының шекаралық өңірлерін қорғау туралы ойлана келе, хан оны басқаруды Сайд Ашыққа тапсырады».
Сөйтіп, Мухаммед Шайбани хан қазақтарға қарсы үшінші жорығын біршама табыспен аяқтап, 1509 жылдың 15 сәуірінде Самарқандқа қайтып оралады.
Қазақ хандығының күшеюі және кеңеюі Мауереннахрды билеген Шайбанилерді қатты шошытты. Олар: қазақтар Мауереннахрға басып кіріп, үкімет билігін таратып алады деп қауыптенеді. Жоғарыда айтылып кеткендей, ол үшін Мухаммед Шайбани Шахбахат хан өзіне қарасты жердегі халық қазақ саудегерлерін сауда жасауға тыйым салып, жарлық шғарды және қазақ саудагерлерін тонауға бұйрық берді. Ол бұйрықты Рузбехан былай түсіндіреді: «Кейбір саяси ойлармен Шайбани хан Қазақ көпестері мемлекетке жіберілмесін, ал келе қалған жағдайда тонап алынсын деген жарылық берді».
«Хан жарлығының мәні бар еді, өзбек мемлекетіне келген Қазақтар оның күш-қуатын зерттеп алып, сонан соң құлшына күреске түсер еді. Сол кезде оларға қарсы жүру қиын болар еді. Бүгінде олар өзбектердің қалай тұрып, рақатқа батып отырғанын білмейді. Сөйтіп, өздерінің мешеу өміріне өте жақсы деп санайды, ал егер оларға жақсы және әдемі өнімдер жетсе, олар басқаша ойлай бастаған болар еді. Қазір олар білмейді. Осы ойлар негізінде олармен қарым-қатынас және сауда жасауға тыйым салынды, осындай шаралар арқылы Қазақ халқының жолын бөгегісі келді ». Шайбани хан сонымен бірге Қазақ жеріне бірнеше реет тонаушылық жорық жасап, талан-таражға салады.
Қорыта келе Шайбани ханның үшінші жорығы алғашқы екі жорыққа қарағанда анағұрлым жемісті аяқталады. Оның бірнеше себептері де болады.
Бірінші, Шайбани хан бұл жорыққа діни сипат бере отырып, өзіне бағнышты аймақтардың бар күшін пайдаланады.
Екінші, Шайбани хан шебер және шұғыл қимылдап, қазақ ұлыстарына тосынан жасау себеп болды.
Үшінші, жау әскерінің жеңісіне қыс айындағы қазақ ұлыстарының шаруашылық ерекшелігіне байланысты шашырайды, бір-бірінен алыс, және хабарсыз орналасуы көп көмек көрсетеді.
Тарауымызды қорыта келе XVI ғасыр басындағы Қазақ хандығының Түркістан аймағы үшін Мауреннахрмен жүргізген күресі өте ауыр болды. оның бірнеше себебі бар. Біріншіден, XV ғасырдың соңында Шайбани хан мен жасалған шарт бойынша Қазақ хандығы аймақтың солтүстік өңірлеріне ие бола отырып, экономикалық негізгі көшплі мал шаруашылығы болғанықтан Сығанақ, Сауран және Созақ секілді қалаларға мықтап бекінеді. Екіншіден, XVI ғасыр басында Түркістан аймағы үшін Қазақ хандығына қарсы күрескен Мауреннахр XV ғасырдың соңында саяси бытыраңқылықтан айрылып бір орталыққа бағындырылады. Үшіншіден, Қазақ хандығына XVI ғасыр басында Мауреннахр мен қарым-қатынастың ауыр болуы, осы уақыт ішіндегі Қазақ хандығының билеуші топтар арасындағы қайшылықтар әсер етті деп санаймыз.
Жоғарыда айтылған қиын жағдайларға қарамастан Қазақ хандығы Қасым ханның Шайбани ханды жеңуі арқасында Түркістан аймағындағы иеліктерін сақтап қана қоймай, оны оңтүстікке қарай ұлғайта түседі.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жалпылай қорытындылайтын болсам мынадай тұжырымдар жасауға болады. Алдыма қойған мақсаттарға жетіп, міндеттерімді орындадым деп айта аламын,
Бірінші бөлімде қорыта келе,осындай тұжырымдар жасаймыз:
1.Сыр өңірілері өзінің географиялық орналасу ерекшелігіне байланысты Дешті қыпшақ тайпаларының шаруашылық-экономикалық өмірінде үлкен роль атқарады. Аймақ жері — көшпелі шаруашылық жүйесінің құрамдас бір бөлігі болып саналады.
2.Ежелден бері Сыр аймағында отырықшылық қалыптасып, қалалар мен қоныстар дамығындықтан, олар ірі экономикалық, сауда-айырбас, егінші-диқанышылық өңірлердің орталығы болып, көшпелі және отырықшы аймақтар арасында обьективті экономикалық байланыстар қалыптасады да, бірнеше ғасырлар бойы дамиды, жетіледі. Сөйтіп, біз қарастырып отырған кезеңде, бұл екі өмір-біртұтас экономикалық комплекс құрайды.
3.Сыр аймағы діни, мәдени орталық ретінде Дешті Қыпшақ тайпалары да өз орталығының діни, мәдени кеңістік шеңберіне тарады. Мұсылман дініндегі Дешті қыпшақ тайплары XV-XVI ғасырларда Сыр өңірі мен мұсылман әлемінің бір бөлігін құрап тұрады.
4.Дешті Қыпшақ тайпаларының аймақтағы отырықшы және жартылай отырықшылыққа көшу процесінің ежелден қалыптасуы және үздіксіз жалғасуы XV-XVI ғасырларда аймақтғы қазақтардың үлес салмағын өсіреді. Сөйтіп, этникалық тұрғыдан Дешті Қыпшақ пен Сыр өңірі бір этникалық кеңістікті қалыптастырады.
5.Геосаяси және әскери-стратегиялық тұрғыдан алғанда, аймақ территориясы Қазақ хандығын Мауреннахр, Хорасан елдерімен байланыстырды және қазақ хандығының оңтүстіктегі қорғаны, тірегі болды.
Сыр өңірі қазақ хандығы үшін XV-XVI ғасырларда экономикалық, шаруашылық, саяси, діни-мәдени, әскери-стратегиялық, этникалық рольдері ерекше өмірлік маңызы бар аймақ деп есептейміз.
Екінші бөлім тұжырымдамалары төмендегідей: 1.XVI ғасырдың соңындағы бірінші он жылдығында Қазақ хандығының жоғарғы басшыларында өзгерістер болды. Бірақта бас қолбасшы Бұрындық болғанымен шындығында саяси билік, хандық фактілі түрде Жәнібек ханның баласы Қасым ханға көшті.
Мырза Хайдар Дулатидың айтылғанындай [хиджраның 919 жылдың жазында] 1513 жылы «Қасым ханнның жасы алпысқа,шамамен жетпіске келген болатын.» [38.326] Зерттеушілер осы мәліметтерге сүйене отырып, Қасым ханның туылған жылын анықтамақ болды, шамамен 1445 жыл.[ 23.132;7.33;7.271;2.166 ] Қасым ханның анасының атын Қдырғали-бек Ксуымұлы айтуынша Жағам-бегім. [11.162;3.236;13.239;35.121] «бегім» деген түсінік монғолдардың тегінен еместігін көрсетеді. Жағам-бегім негізі Шыңғыс ұрпақтарына жатқан жоқ, моңғолдарда әйел адамдарды деректерде –Ханым,Ханум деп атаған. «Фатх –наме» дерегі өлең түрінде берілген, оны Мола Шади жазды, онда «Шайбанид Махмуд-султан Қасым ханның туысқан екендігін берілген, Сауран қаласын Қасым ханға Махмуд –сұлтанды Берген соң, онда Қасым хан оны буыры екендігін түсіндірді.» [5.82-83] Бұның мағынасын автор ашуда «Шайбани-наме» де Камал ад-Дин Бинаи жеткізуінше, олардың шешелері әпкелі сіңілі болғанын белгілі. [11.117] Дәл осындай тұжырымды «Тауарих-и гузида-йи нусрат-наме» атылады,- Қаысм мен Махмуд шайбани Шах-Бұдақ сұлтанның баласы, олар ағайындылардың балалары демек жақын туыс екендігін білеміз. [19.17] Осылайшы Жаған-бегім Аққозы бегімнің сіңлісі болып шықты, ол Мухаммед Шайбани мен Махмуд Сұлтанның шешесі. Камал ад-Дин Бинаи де Аққозы түбімен негізі «Алтын хан тұқымынан»болып шықты. [15.97 ] Алтын хан тұралы Н. П. Шастина мәлімет береді, «моңгол дәстүрінде танымал адамдардың атын атауы шектелген, осылай тұлғаның бет әлпетіне немесе басқа жағын атап кеткен.» [30.385] В. П. Юдин ойынша бұндай термин сөздер әртүрлі династияларда кездеседі, мысалы Қытайда. [ 40.507] Зерттеу бағытының тоқталатын дерек көзі «Тарих-и Кыпшақ-хани» де Ходжамукли Бахли айтуынша Аққозы-бегім –«Хитая мәртебенің қызы.» [ 16.393] Шынында да болар Жаған-бегім Қытай үйіне қатысы бар деген тұжырымға келуіміз ол кезде Қытайда Минь династиясы билік басында болатын, бұнадй тұжырымдар толықтырулар қажет немесе қытай деректермен қарастырылуы керек. Қытай жылнамаларынан аударылған мәліметтерде Қазақ хандығы мен қарым-қатынастары туралы айтылмайды, тіпті қытайдың мин династиясы моңғол басшылары туралы жоқ. Бірақ Юнус ханды зерттеушілердің ойынша негізгі қытай деректерінде сол екенін Аэр сұлтан «қытай деректерінде-Ахаматэ, Ахэйма. Сұлтан Махмуд хан –Муханьмо. Мансур хан -Мансуэр». [ 206.13-15,24-29] Олар Қазақтар мен Моңғолдар басшылары тығыз байланыста болғандығын, қытамен де болмуы мүмкін болған жоқ. Өйткені минь династиясы ол уақыттарда алыстағы Мысыр мен Араб халифатымен дипломатиялық қарым-қатынаста болды. [26.24-25]
Екінші тарау, бірінші бөлімінің қорытындылары төьендегідей: 1.XVI ғасырдың соңындағы бірінші он жылдығында Қазақ хандығының жоғарғы басшыларында өзгерістер болды. Бірақта бас қолбасшы Бұрындық болғанымен шындығында саяси билік, хандық фактілі түрде Жәнібек ханның баласы Қасым ханға көшті.
Мырза Хайдар Дулатидың айтылғанындай [ хиджраның 919 жылдың жазында] 1513 жылы «Қасым ханнның жасы алпысқа,шамамен жетпіске келген болатын.» [38.326] Зерттеушілер осы мәліметтерге сүйене отырып, Қасым ханның туылған жылын анықтамақ болды, шамамен 1445 жыл.[ 23.132;7.363;7.271;2.166 ] Қасым ханның анасының атын Қдырғали-бек Ксуымұлы айтуынша Жағам-бегім. [1.162;13.236;14.239;13.121] «бегім» деген түсінік монғолдардың тегінен еместігін көрсетеді. Жағам-бегім негізі Шыңғыс ұрпақтарына жатқан жоқ, моңғолдарда әйел адамдарды деректерде –Ханым,Ханум деп атаған. «Фатх –наме» дерегі өлең түрінде берілген, оны Мола Шади жазды, онда «Шайбанид Махмуд-султан Қасым ханның туысқан екендігін берілген, Сауран қаласын Қасым ханға Махмуд –сұлтанды Берген соң, онда Қасым хан оны буыры екендігін түсіндірді.» [15.82-83] Бұның мағынасын автор ашуда «Шайбани-наме» де Камал ад-Дин Бинаи жеткізуінше, олардың шешелері әпкелі сіңілі болғанын белгілі. [21.117] Дәл осындай тұжырымды «Тауарих-и гузида-йи нусрат-наме» атылады,- Қаысм мен Махмуд шайбани Шах-Бұдақ сұлтанның баласы, олар ағайындылардың балалары демек жақын туыс екендігін білеміз. [14.17] Осылайшы Жаған-бегім Аққозы бегімнің сіңлісі болып шықты, ол Мухаммед Шайбани мен Махмуд Сұлтанның шешесі. Камал ад-Дин Бинаи де Аққозы түбімен негізі «Алтын хан тұқымынан»болып шықты. [17.97 ] Алтын хан тұралы Н. П. Шастина мәлімет береді, «моңгол дәстүрінде танымал адамдардың атын атауы шектелген, осылай тұлғаның бет әлпетіне немесе басқа жағын атап кеткен.» [35.385]В. П. Юдин ойынша бұндай термин сөздер әртүрлі династияларда кездеседі, мысалы Қытайда. [ 41.507] Зерттеу бағытының тоқталатын дерек көзі «Тарих-и Кыпшақ-хани» де Ходжамукли Бахли айтуынша Аққозы-бегім –«Хитая мәртебенің қызы.» [ 16.393] Шынында да болар Жаған-бегім Қытай үйіне қатысы бар деген тұжырымға келуіміз ол кезде Қытайда Минь династиясы билік басында болатын, бұнадй тұжырымдар толықтырулар қажет немесе қытай деректермен қарастырылуы керек. Қытай жылнамаларынан аударылған мәліметтерде Қазақ хандығы мен қарым-қатынастары туралы айтылмайды, тіпті қытайдың мин династиясы моңғол басшылары туралы жоқ. Бірақ Юнус ханды зерттеушілердің ойынша негізгі қытай деректерінде сол екенін Аэр сұлтан «қытай деректерінде-Ахаматэ, Ахэйма. Сұлтан Махмуд хан –Муханьмо. Мансур хан -Мансуэр». [ 26.13-15,24-29] Олар Қазақтар мен Моңғолдар басшылары тығыз байланыста болғандығын, қытамен де болмуы мүмкін болған жоқ. Өйткені минь династиясы ол уақыттарда алыстағы Мысыр мен Араб халифатымен дипломатиялық қарым-қатынаста болды. [20.24-25]
Екінші тарау, екінші бөлім қортындылары: Қазақ хандығының күшеюі және кеңеюі Мауереннахрды билеген Шайбанилерді қатты шошытты. Олар: қазақтар Мауереннахрға басып кіріп, үкімет билігін таратып алады деп қауыптенеді. Жоғарыда айтылып кеткендей, ол үшін Мухаммед Шайбани Шахбахат хан өзіне қарасты жердегі халық қазақ саудегерлерін сауда жасауға тыйым салып, жарлық шғарды және қазақ саудагерлерін тонауға бұйрық берді. Ол бұйрықты Рузбехан былай түсіндіреді: «Кейбір саяси ойлармен Шайбани хан Қазақ көпестері мемлекетке жіберілмесін, ал келе қалған жағдайда тонап алынсын деген жарылық берді».
«Хан жарлығының мәні бар еді, өзбек мемлекетіне келген Қазақтар оның күш-қуатын зерттеп алып, сонан соң құлшына күреске түсер еді. Сол кезде оларға қарсы жүру қиын болар еді. Бүгінде олар өзбектердің қалай тұрып, рақатқа батып отырғанын білмейді. Сөйтіп, өздерінің мешеу өміріне өте жақсы деп санайды, ал егер оларға жақсы және әдемі өнімдер жетсе, олар басқаша ойлай бастаған болар еді. Қазір олар білмейді. Осы ойлар негізінде олармен қарым-қатынас және сауда жасауға тыйым салынды, осындай шаралар арқылы Қазақ халқының жолын бөгегісі келді ». Шайбани хан сонымен бірге Қазақ жеріне бірнеше реет тонаушылық жорық жасап, талан-таражға салады.
Жалпылама қортатын болсақ, осындай міндеттердің барлығын орындағаннан кейін мен өзімнің алдыма қойған мақсатыма жеттім деген ойдамын.
Менің ойымша тақырыптың Қазақстан тарихында да, тіпті әлем тарихында да алатын орны ерекше.Тақырыпты халыққа танытуда мен бітіру жұмысымен тоқтамйтындығымды айта кеткім келеді…