ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
“Қазақстан тарихы” кафедрасы
Дипломдық жұмыс
Тақырыбы
Алатау дуандығы: құрылуы және билік орындары қызметінің тарихы (1818-1867 жж.)
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ …………………………………………………………………….
1 АЛАТАУ ДУАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ
ЖЕТІСУДАҒЫ САЯСИ ЖАҒДАЙ
- Ресей империясының Жетісу жерін отарлаудың алғашқы кезеңі
(ХІХ ғасырдың 20-жылдары) ………………………………………….
- Ресей билік орындарының араласуымен Жетісу өңірінде жер
дауының шиеленісуі……………………………………………………..
- Ұлы жүз Приставының құрылуы. Міндеттері мен қызметтері.
Орыс әскери құрылымдарының Жетісу жеріне жасаған жорықтары..
- АЛАТАУ ДУАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ – ЖЕТІСУ ӨҢІРІН
ОТАРЛАУДАҒЫ ЖАҢА КЕЗЕҢ
- Алатау дуандығы әкімшілігінің жергілікті басқарушы топпен
ара қатынасы. Отарлау әдістері…………………………………………
- Жетісу өлкесі үшін Ресей және Қытай арасындағы талас-тартыс …….
- Патша өкіметінің Қоқан хандығының ықпалын жою жолындағы
айла-әрекеттері ……………………………………………………………
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………….
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Отан тарихында методологиялық және фактілік тұрғыдан жаңа талдауға алуға лайық тақырыптар аз емес. Мұндай қатынасқа әсіресе отарлық тәуелділік кезеңі ерекше мұқтаж. Сондай-ақ бүгінгі зерттеу жұмыстарының ерекшелігі осы уақытқа біршама зерттелген тарихи процестер мен фактілік материалдарды қайталау емес, мәселенің төменгі, астыңғы қыртыстарына бойлап енуде. Осындай мәселенің бірі Жетісу жеріндегі Ресей империясының отаршыл саясатын жүзеге асырған патша өкіметінің түрлі буындардан тұратын әскери-әкімшілік орындарының қызметінің бастапқы кезеңі, яғни 1817-1867 жж. осы аймаққа орнығу кезінде жүргізген отарлау әдіс-айласын анықтау болып табылады.
ХІХ ғасырдың І жартысында Жетісу өлкесіне басып кірген Ресей империясы бірнеше стратегиялық мақсаттарды көздейді:
біріншіден, Жетісу өлкесін Ресейдің өнеркәсібіне қажет арзан шикізат көзіне айналдыру;
екіншіден, Жетісуға Ресейдің орталық губернияларынан наразы шаруаларды әкеліп қоныстандыру арқылы әлеуметтік мәселелерін шешу;
үшіншіден, Жетісу өлкесі арқылы Азия елдерімен сауданы жандандыру;
төртіншіден, Жетісу өлкесіне әскердің мол шоғырын орналастыру, оны маңызды плацдармға айналдыра отырып, Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттерін басып алу, сөйтіп Қазақстанды толық жаулап алуды аяқтау;
бесіншіден, болашақта Жетісу өлкесі арқылы империяның сыртқы саясатындағы бәсекелесі Англияның Шығыстағы алып отары Үндістанға қауіп төндіру;
Патша өкіметінің жоғарыда аталған саяси бағыттары жинақтала келіп Жетісу өлкесіндегі отаршылдық пиғылының бет-пердесі мен көздеген мақсатын ашып берді.
Қазақ хандарының билігін жойғаннан кейін Ресей өзіне бағынышты аймақтарында Ресейдің әскери-әкімшілік жүйесін енгізуге нақты мүмкіндік алып, оны іске асырады. Яғни, қазақ елінде жаңадан аумақтық құрылыс енгізіліп, соған орайластырып, бүкіл Ресей империясындағы ұқсас басқару мекемелері құрылды.
Соның бірі Жетісу жеріндегі Ресей империясының отаршыл саясатын жүзеге асырған патша өкіметінің түрлі буындардан тұратын әскери-әкімшілік орындары болды. Бұл қызмет орындары патша өкіметінің Батыс Сібір мен Орта жүз қазақтарының жерін өз иелігіне қаратқаннан кейін 1822 жылы М.М.Сперанскийдің “Сібір қырғыздары (қазақтары-автор) туралы Жарғысы” бойынша қазақтарды басқару үшін тағайындалды. Бұлар 1838 жылы Сібір қазақтарының шекаралық басқармасы құрылғанға дейін Омбы облысына бағынып келген сыртқы дуандықтардан құралды.
Дуандық әскери-әкімшілік аумақтық бөлік болып есептелінді. Дуандықты басқаратын дуандық приказдар бір мезгілде құрылып, әскери-әкімшілік басқармасы ретінде қызмет атқарды. Олардың міндетіне қазақ даласындағы әскери-полициялық және азаматтық істерді жүргізу тапсырылып, шексіз биліктің иелеріне айналды. “Қазақстандағы патша әкімшілігі,- деп жазды академик С.З. Зиманов,- үлкен дербес саяси билікке ие болды. Бұл мекемелердің іс-әрекеттерін жоғарғы сатыда тұрған билік орындары қолдады немесе үнсіз ғана кесіліп отырды” /1/.
Жаңадан ашылған әкімшілік-аумақтық бөліктері ішкі және сыртқы дуандықтарға бөлінді. Сыртқы дуандықтар ерекше өкілеттіктерді иеленіп, шекара мәселесімен де айналысты. Әсіресе 1848 жылы Жетісу өлкесінде құрылған патша өкіметінің Ұлы жүз Приставы деп аталатын әскери-әкімшілік мекемесіне зор құқықтар берілді. Яғни, Ұлы жүз Приставының қолында азаматтық және әскери билік шоғырланды. Сондай-ақ ол тікелей Омбыдағы Жеке Сібір корпусының командиріне бағынды. Қапалда құрылған жаңа билік Приставтық болғанымен, іс жүзінде ол штат құрамы және атқаратын міндеті бойынша дуандық приказ сипатында құрылып, соның қызметін атқарды.
Жетісу өлкесінде топтастырылған Орыс әскерлерінің сан мыңдаған қолы Орта Азия мен Қытай сияқты мемлекеттерге шабуыл жасауға сақадай сай тұрды. Оларды азық-түлік және жүк көліктерімен жабдықтау жергілікті әскери-әкімшілік орындарына жүктелді. Әскери күшке сүйенген дуан бастықтары өлкедегі тыныштық пен тәртіпті сақтады.
Олар осы мақсатқа жету үшін жергілікті тұрғындарға қарсы қанды жазалаулар жүргізді. “Азиаттардың орыс аты аталғанда үрейі ұшатындығына қол жеткізу оңайға түскен жоқ,- деп жазады. Е.Марков өзінің “Ресей Орта Азияда” деген еңбегінде,- сәл ғана жасалған орысқа деген қарсылық әрекет үшін бұратаналарды қанға бөктіріп, аяусыз жазалау қажет болды. Жақын маңнан табылған орыстың өлі денесі үшін бүкіл ауылдар тұрғындарымен өртеліп, күлі ғана қалатын” /2/.
Қарап отырсақ, қазақ жеріндегі Ресей үстемдігінің тарихы оның жазалаушы мекемелерінің қасіртті “қанды ерліктеріне” толы болғанын байқаймыз. Жетісудағы әскери-әкімшілік орындары Ресей империясының сыртқы саясатындағы бірнеше стратегиялық маңызы бар күрделі мәселелерді шешкен. Мәселен, біріншіден, Орта және Ұлы жүз қазақтарын көрші жатқан мұсылман мемлекеттерінің ықпалынан айыруға күш салған. Сонымен қатар қазақ жүздірінің арасындағы бірлікті бұзып, руаралық жанжалдарды қоздырып отыруға міндетті болған. Екіншіден, Ресейдің Орта Азия, Шығыс Түркістан және басқа да Орталық Азия елдеріне баратын сауда жолдарының қауіпсіздігіне жауап берген. Үшіншіден, Англияның Үндістанынан бастап, Қытай және Орта Азия мемлекеттеріндегі саяси және әскери хал-ахуал туралы мәліметтер жинайтын барлау орталығына айналған. Төртіншіден, Ресей империясының Қытаймен арадағы шекараны белгілеуде барлық жұмыстарды атқарған.
Диссертация тақырыбының өзектілігі сонда, осыған дейін Жетісу өлкесіндегі әскери-әкімшілік қызмет орындарының тарихы арнайы түрде зерттелмеген. Бұл мекеменің Ұлы жүз қазақтарын Ресейдің билігіне бағындыру кезінде жүзеге асырған іс-қимылдары мен айла-әрекеттері тарихта мүлдем ашылмай, ғылыми тұрғыдан өз бағасын әлі күнге дейін алмаған… Сол себептен де зерттеліп отырған патша өкіметінің Жетісудағы әскери-әкімішілік мекемесінің отаршылдық жүйедегі ерекше орнын және оның қазақ даласындағы әскери-қимылдарының өзгешелігін деректер негізінде ашып көрсету өзекті мәселенің бірі болып табылады.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Ресей империясының Жетісу өлкесіндегі әскери-әкімшілік орындарының 1856 жылдан 1867 жылға дейінгі аралығындағы қызметі мен тарихын тың деректік материалдар негізінде, жаңа көзқарастар тұрғысында талдай отырып, оның жұмыс істеу тәсілдерін ашып көрсету жұмысының басты мақсаты. Осыған байланысты төмендегідей мынадай міндеттер қойылды:
— ХІХ ғасырдың І жартысында қаруы күшті, әскері мол патша өкіметінің Жетісуды жаулап алудағы отарлық саясатының мақсаты мен мүддесін түп негізін айқындау;
— Жетісу өлкесін иелену жолындағы Ресей, Қытай және Қоқан хандығының арасындағы өзара тайталасы мен күрес жолдарын ашу;
— Жетісудағы патшалық әскери-әкімшілік орындарының құрылу нәтижесінде өлкенің толық бақылауға алынғандығын, жазалау шараларының күшейгенін анықтау;
— патшалық Ресейдің билігі Жетісу өлкесіне орнаған кезден бастап жер дауының күрт шиеленіскенін ашу;
— отаршылдық мүддені жүзеге асырудағы Жетісу жеріндегі әскери-әкімшілік орындарының айла-шараларының түрлері мен оның әдіс-тәсілдерін көрсету;
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бүгінгі таңда патшалық Ресейдің Жетісу өлкесіндегі отаршылдық саясатына қатысты зерттеулер біршама бар болғанымен, оның әскери-әкімшілік орындарының қызметіне көп көңіл бөлінбеген. Оның басты себебі әскери-әкімшілік мекемелерін құрал ретінде пайдаланған патша өкіметі өзінің империялық саясатының “көлеңкелі” тұстарын көпшілікке жария етпеуге тырысып бақты. Отарлауға байланысты жазылған еңбектер революцияға дейінгі кезеңдерде жарық көрді. Қазақ елінің Ресей империясының қол астына өтуінің тарихнамасы өзінің даму барысында ұзақ және күрделі жолдардан өтті. Соған қарамастан, осы күрделі мәселеге қызығушылық пен ықылас білдіру Қазақстан азаттық алғаннан бері күшейе түсті.
Революцияға дейінгі деректердің өз алдына құндылығы сонда, осы заманғы тарихшылар үшін аса маңызды актілерді, көзқарастарды тізбелеп келтіретіндігінде. Өйткені зерттеуші басқа тарихи деректерден тасада қалған нақты оқиғалардың шынайы дәлелдерін табуы мүмкін.
Өлкені зерттеуде Ресей саяхатшыларының рөлі ерекше. Себебі қазақ даласының Ресейдің құрамына енуі, оның өткен тарихын зерттеп, табиғи ресурстары мен өндіргіш күштерін анықтауды қажет етті. Әсіресе, 1861 жылғы ре ормадан кейінгі Ресейдің әлеуметтік-экономикалық даму тез қарқынмен алға басып, жаңа рыноктық қатынаста тез және сеніммен күш алып, жедел дамып келе жатқан өнеркәсібі мен саудасы үшін барған сайын арзан шикізат көздерін талап ете бастады.
Сондықтан күн тәртібіне отарлық шет аймақтардың байлықтарын игеру, олардың ресурстарын анықтау және түбегейлі зерттеу мәселелері қойылды. Мұнда Орыс географиялық қоғамына едәуір мән берілді. Отаршылдық пиғылды көздеген патша өкіметі ХІХ ғасырдың ІІ-жартысында көптеген жергілікті өлкетану қоғамдарының алдарына бодан болған елдерге ғылыми экспедицияларды жарақтандырып, олар туралы географиялық, статистикалық, этнографиялық және жаратылыс – тарихи материалдар жинап, оларды өңдеу және тарату міндеттерін қояды.
Олар өз еңбектерінде өлкеде жағрапиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар ХІХ ғасырдың І жартысында орын алған саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріне жалпылама түрде сипаттама береді. Мәселен, сол ғасырдың 50-жылдарының аяғынан бастап-ақ өлкеде ғылыми және әскери мақсаттармен зерттеу жұмыстарын жүргізген П.П.Семенов Тянь-Шаньский, Ш.Уәлиханов, М.Венюков, Н.Северцов, А.И.Макшеев және тағы басқалары болды /3/.
Олардың арасында қазақтың аса көрнекті ғалым және ағартушысы Ш.Уәлиханов мазмұнға бай және өте құнды еңбектер қалдырған. Ол шовинизмді мейлінше жан сала қорғаушылар Шығыс халықтарының екінші сорттылығы туралы, мемлекеттілік пен державашылдыққа таңдаулылардың құқығы туралы еуроцентршіл идеясымен қаруланғандарға қарсы шыға отырып, қазақтардың дүниезүзілік өркениет тарихындағы орнын анықтай келіп, орыс идеологтарының қазақтар “мал сияқты тұрпайы варварлар” деген түсініктерін үзілді-кесілді жоққа шығарды. Өзінің тым қысқа өмірінің ішінде ол Орта Азия мен Қазақстан халықтарының тарихы, жағрапиясы мен этнографиясына арналған бірсыпыра еңбектері мен қоғамдық-саяси тақырыпқа да толып жатқан шығармаларын жазып қалдырды. Соның ішінде Жетісудың тарихына көңіл бөліп, Іле өлкесіне жағрапиялық сипаттама және Ұлы жүз қазақтарын басқару тәртібін ашып көрсетіп, Жетісу үшін тайталасқан Ресей, Қытай және Қоқан мемлекеттерінің іс-әрекеттеріне талдау жасаған /4/.
Сонымен қатар, Жетісу өңіріндегі патша өкіметінің отарлық билік орындарының қызметі мен міндеттері жөнінде В.А. Васильев /5/, В.Е. Недзвецкий /6/, А.И. Макшеев /7/, Т. Седельников /8/ өз еңбектерінде атап көрсетеді. Бұл еңбектерде олар билік орындарының құрылуы мен қалыптасу тарихын баяндап, отарлау тәсілдерін айқындап берді. Жалпы алғанда революцияға дейін шыққан еңбектердің басым көпшілігі патшалық Ресейдің өлкеде жүргізген отаршылдық саясатын ақтау, ұлы державалық көзқарастарды білдіретін сарында жазылды.
Ресей империясының қазақ даласындағы отарлық билік орындарының қызметіне ХХ ғасыр басында қазақ зиялылары да өз бағасын беріп, олардың жүргізген саясатын өткір сынға алады. Ол авторлар патшалық әкімшілік жүргізген отаршылдық саясатын ашық талқыға салған және қазақ халқына әділетсіздік қысым көрсетілгеніне көп көңіл аударған. Сондықтан да қазақ зиялыларының шығармашылық еңбектеріне оралуымыз төл тарихнамамызға айтарлықтай үлес қосуда. Мәселен, Алаш жетекшілерінің бірі Ахмет Байтұрсыновтың “Қазақ” газетінің 1914 жылы №78 санында Ресей үкіметінің жүргізген отаршылдық саясатын ашықтан-ашық сынаған мақалалары жарық көреді /9/.
Патша өкіметінің отарлық саясатына және оның жергілікті әкімшілік орындарының қызметіне байланысты жазылған еңбектерге тоқталар болсақ, олар Г.Сафаров /10/, П.Г. Галузо /11/, А.Сұлтан-Заде /12/, С. Асфендияровтардың /13/ зерттеулері болды. Бұлардың ғылыми еңбектерінде өлкедегі отарлаудың көлеңкелі тұстары, орыс езгісінің пәрменділігі, әскери-әкімшілік орындарының құрылымы мен қызметіне шолу жасап, әрекеттерін ащы шындықпен көрсетеді. Солардың бірі Г.Сафаров өз еңбегінде өлкедегі отарлау алғашқы кезде әскери басқыншылық түрінде болып, содан кейін барып Ресейден дайын күйінде әкімшілік-полицейлік құралдың әкелініп танылғаны туралы қорытынды жасайды.
Қазақ даласындағы патша әкімшілігінің қызметіне жөнінде және ондағы халықтың әлеуметтік-экономикалық өміріне байланысты зерттеулер көптеген кеңестік және қазақстандық ғалымдардың еңбектерінде орын алып, зерттеу нысандарына айналды. Мәселен Н.А.Халфин /14/ және Е.Бекмаханов /15/ өз еңбектерінде ХІХ ғасырдың І жартысындағы Қазақстанныңсаяси дамуына назар аударса, Б.С.Сүлейменов пен В.П.Басин /16/, С.М.Мәшімбаев /17/, С.Е.Толыбеков /18/, Г.С.Сапаргалиев /19/, К.А.Жиреншин /20/ сияқты ғалымдар патша өкіметінің қазақ даласында жүзеге асырылған жазалау шаралары мен әкімшілік-саяси жүйесінің құрылымдарына талдау жасаған. Яғни, Б.С. Сүлейменов пен В.П. Басиннің еңбектерінде патша өкіметінің реформалық отарлық билікті нығайтуға бағытталған деген ой орын алса, ал Г.С.Сапарғалиев пен С.М. Мәшімбаевтің еңбектері болса патша өкіметінің Қазақстанда жүргізген жазалау шаралары мен әкімшілік-басқару жүйесінің құрылымдарын көрсетеді. К.А.Жиреншиннің зерттеуінде ХІХ ғасырдағы қазақ даласының саяси даму барысына баға беріледі.
1990 жылдардың басында қазақ елінің Ресей империясының қол астына өту мәселесінің тарихнамасында екі түрлі көзқарас қалыптасады: тек қана жаулап алу және бастапқы бодандықты ерікті түрде қабылдау, одан соң әскери күштің көмегімен қосып алу. Ресей империясының Жетісу өлкесін отарлаудағы басқару және табиғи байлығын игеру мақсатында іске асырылған шараларын талдауда М.Қ. Қойгелдиевтің “Жетісудағы Ресей билігі” атты монографиялық зерттеуі кеңестік тарихнаманың тұжырымдарын қайталамайды. Жарты ғасыр мерзімге созылған патшалық билік Жетісу өңіріне, оның халқының өміріне қандай жаңалықтар алып келді, монографиялық зерттеудің сарыны осы тақырып ауқымында өрбиді. “Түпкі стратегиялық мақсаты Орталық Азияны өзіне қарату болған Ресейдің бұл бағыттағы әрекеті,- дейді профессор М.Қ. Қойгелдиев,-әрине, тек Жетісу арқылы ғана өріс алатын еді. Ал бұл кезде Жетісуды жара ағатын Іле өзенінің шығыс жақ бетнде қытайлықтардың ықпалы байқалса, батыс бетін Қоқан хандығы билеп төстеді. Жетісу үшін талас барысында бұл екі мемлекеттің де мүмкіндіктерін жақсы түсінген Ресей үкіметі, түптеп келгенде мәселенің толық шешімін табуы жергілікті халықтың көңіл-күйіне тәуелді екендігін дәл бағалай білді” /21/.
Отарлаудың ащы шындығы К. Нұрпейісовтың еңбегінде жан-жақты көрсетілген. Өз зерттеуінде автор қазақтармен көшіп келген келімсектердің арасында қалыптасқан күрделі қарым-қатынастарға тоқтала келіп, Ресей мемлекетінің тарапынан жасалынған қатыгездік пен озбырлыққа, жергілікті халықты ата қонысынан ығыстыру шараларына тоқталады /22/.
Отарлау мәселесінің бағыттары мен қадамдары, ұлт зиялыларының қоныстандыруға қатысты ой-пікірлері мен ұстанымдары Е.Ж.Валиханов /23/ пен В.З.Галиевтің /24/, С.Рүстемовтің /25/ еңбектерінде қарастырылған.
Ресей империясының Қазақстан мен Орта Азиядағы отарлық саясаты және жергілікті билік орындарының қызметі шетел зерттеушілерінің еңбектерінде де көрініс тапқан. Шетел зерттеушілерінің еңбектерін қарастырғанда Гарвард университетінің профессоры Ричард Пайпстің еңбегі ерекше /26/. Себебі бұл еңбекте тоталитарлық жүйеге қатысты құнды пікірлер айтылған. ХХ ғасырдың алғашқы жылдарында патша өкіметі, тәжірибе ретінде бірнеше шараларды қабылдап, нәтижесінде полиция тәртібінен асып түсіп, тоталитаризмнің қара түнегін орнатқан еді деп, монографиялық еңбегінің үшінші тарауында революционерлердің пайдаланғандығы көрсетіледі.
Ал Вена университетінің профессоры Андрес Каппелердің зерттеуінде Ресейдің мұсылман елдеріне қатысты жүргізген отаршылдық саясаты кеңінен қозғалған /27/. Патшалық Ресейдің Түркістан өлкесіндегі мұсылмандарға қатысты жүргізген саясатының негізгі екі жолы болды. Оның біріншісі агрессивтік (зорлық-зомбылық, күш көрсету) болса, екіншісі прогматикалық (жұмсақ, майысқақ) болды деп көрсетеді.
Осы аталған тарихнамалық зерттеулер Ресей империясының өлкедегі билігінің тарихына объективтік тұрғыдан баға беру қажеттілігін және ғылыми жағынан құндылығын аңғартса керек.
Диплом жұмысының деректік көзі ретінде алынған материалдарды бірнеше топтарға жіктеуге болады. Солардың бірі Ресей империясының қазақ даласына, соның ішінде Жетісу өлкесін мекендеген Ұлы жүз қазақтарын отарлауға қатысты шығарылған әр түрлі заңдық жинақтар және құқықтық актілер мен ережелер, әскери-әкімшілік мекемелердің құрылуы, міндеті мен әрекет ету жөніндегі мәліметтер.
Бұл деректерді “Сборник узаконений о киргизах степных областей” /28/, “Ресей сыртқы саясатының тарихы” /29/ құрады. Сонымен қатар Жетісу өлкесі бойынша жүргізілген шолуларда әлеуметтік, шаруашылық, мәдени және қоғамдық қатынастар туралы жыл сайын мәліметтер беріліп тұрды /30/.
Зерттеу барысында жергілікті әкімшілік мекемелерінің әскери және азаматтық шенеуніктерінің ресми іс-қағаздары мен жазбалары, Бас штабтың о ицерлері мен саяхатшылардың естеліктері мен күнделіктері және хаттары ғылыми айналымға тартылды. Атап көрсетсек, А.Янушкевичтің күнделіктері мен хаттары /31/, П.П. Семенов-Тянь-Шаньскийдің саяхаты кезіндегі еңбектері /32/, И. Бабковтың Батыс Сібірдегі қызметі жайлы естеліктері /33/, М. Венюковтың жазбалары /34/, Н. Северцовтың зерттеу жұмыстары /35/ және тағы басқалары.
Сонымен қатар көптеген мәліметтерді мерзімді басылым беттерінен кездестіреміз. Мысалға: “Военный сборник”, “Ветник Европы”, “Русская старина”, “Русский архив”, “Туркестанские ведомости”, “Вопросы колонизаций” сияқты баспасөз басылымдарында Жетісу өлкесі жайлы аса маңызды деректер келтірілген. Бұлардан басқа ХІХ ғасырда орыс мерзімдік басылымдарындағы деректердің “Царское колонизация в Казахстане” атты еңбекте біршама жинақталған түрі келтірілген. Онда “Русский вестник”, “Отечественные записки” және басқа да журналдар Ресей империясының қазақ даласындағы жаулау жорықтары мен оған қатысқандардың естеліктері және мұрағаттық деректер бар /36/.
Міне, бұл тарихнамалық шолулар Жетісу өлкесіндегі патшалық Ресей билігінің тарихын қарастырудың қажеттілігі мен маңыздылығын аңғартса керек.
Жоғарыда баяндалған мазмұндағы материалдар бойынша қорытқанда Жетісу өңірінде патшалық билік жүйесінің қалыптасу, даму және дағдарыс кезеңдерін терең талдауға мүмкіндік берді.
Кеңестік тарихнама орыс билігінің Қазақстанға келіп орнығуын прогрестік құбылыс ретінде мойындады. Ал Ресейлік отарлау саясатына қарсы шыққан саяси күштер күні өткен, ескіні көксеген еодалдық қатынастарды жақтайтын қорғаушылар есебінде көрсетілді. Империялық жаулап алу саясатын ашықтан-ашық ақтауды көздейтін бұл көзқарас келмеске кетті.
Біз диссертациямызды орыстардың әскери-әкімішілік орындарының Жетісу жеріне келіп жүргізген басқыншылық саясатын сыни тұрғыдан қарап, олардың Жетісу өлкесінде мекендеген байырғы халықтарға жасаған зорлық-зомбылығы мен оларды бағындыру жолындағы “құйтырқы” іс-әрекеттерін ғылыми негізде талдаймыз.
Ал Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа қатысқан жергілікті саяси күштердің ресейлік отаршылдыққа қарсылығын мемлекеттік тәуелсіздік жолындағы күресі есебінде бағалаймыз. Сол сияқты Жетісу жерінде орын тепкен ресейлік билік жүйесінің көздеген мақсаты да, көтерген жүгі де империялық мүддеден туындады. Сондықтан да біз Қазақстанға келіп орын тепкен ресейлік билік “күні өткен хандық биліктен” жоғары болды, қазақ қоғамының жаңа даму сапасына көтерілуіне жол ашты деген мазмұндағы тұжырыммен мүлдем келісе алмаймыз. Біздің пікірімізше, патшалық билік тұсында Жетісу жерінде орыналған саяси өзгерістер қазақ халқын ұлт ретінде жоятын жолға түсірді. Тек тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін ғана бұл қауіптен құтылуға мүмкіндік алдық.
Тақырыптың хронологиялық шеңбері мен территориялық қамту аймағы. Негізгі әскери-әкімшілік тәртіптің Жетісу өлкесіне енгізілуін 1818 жылғы Сүйік Абылайхановтың Ресей билігін мойындау жөнінде өтініші нәтижесінде нақтылай түсуін анықтай отырып, оның 1867 жылдың 11 шілдесіне дейінгі даму барысын көрсеттік.
Тақырыпқа негіз болған мәселенің территориялық қамту аймағы – Батыс Сібір генерал-губернаторлығына күшпен қосылған Жетісу өлкесі.
Жұмыстың методологиялық негізі мен әдістері. Зерттеу жұмысын талдауда біз соңғы жылдары Отандық тарих ғылымында болып жатқан жаңалықтар мен түбегейлі өзгерістерді негізге алдық. Бұған дейін патшалық Ресейдің Жетісудағы жергілікті әскери-әкімшілік басқару билігінің қызметі мен тарихы арнайы өз деңгейінде зерттеу көзіне айналмай тіпті назардан тыс қалып келгенін айта кеткен жөн.
Отаршылдық жүйедегі өзіндік орны бар бұл мекеменің қызметтері Кеңестік кезеңдегі тарихы тар таптық-партиялық ұстанымдар тұрғысынан баяндалып келген. Міне, сондықтан зерттеу барысында жаңа бағыттағы ғылыми ой-пікірлер мен тұжырымдар, жаңа тарихи көзқарастар тұрғысынан қазылған зерттеулер басшылыққа алынды.
Диссертациялық зерттеудің методологиялық және теориялық негізін диалектикалық тарихи даму заңдылықтары мен өркениеттілік, салыстырмалылық, талдау, жинақтау және қорқыту, жүйелілік әдістері арқылы бердік. Сонымен қатар тарихи ұстанымдар мен концептуалдық ережелер, танымдық теория негіздері алынды.
Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспеден, әрқайсысы үш бөлімнен құралған, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- 1. АЛАТАУ ДУАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ЖЕТІСУДАҒЫ САЯСИ ЖАҒДАЙ
- Ресей империясының Жетісу жерін отарлаудың алғашқы кезеңі (ХІХ ғасырдың 20-жылдары)
ХІХ ғасырдың І жартысында Ресей экономикасының жаңа капиталистік жолға түсуі, өнеркәсібі мен саудасының өрлеуі жаңа өнім өткізетін рынокқа және шикізат көзі болып табылатын аймақтарға қажеттілікті туғызды. Бұл мәселені патша өкіметі Қазақстан мен Шығыс елдерін отарлау арқылы шешпек болды. “Ресей үшін қазақ елін өз отарына айналдыруға басты мақсат елдің табиғи байлықтарын, арзан жұмыс күшін, арзан шикізатты қажетіне пайдалану, неғұрлым мол пайда табу болды” / /.
Әсіресе, патша өкіметі мен орыс буржуазиясын табиғат байлықтры мен мал өнімдерінің шикізатына өте бай Жетісу өлкесі аса қызықтырды. Ондағы мал және мал өнімдері Ресей мануфактурасының ең қажетті көздерін беретін еді.
Патша өкіметі Шығыстан шикізат көзін іздестірумен қатар, Азияда орыс саудасын жандандыруға тырысты. 1817 жылы қабылданған “кедендік ережеде” Азиядағы сауда-саттыққа үлкен мән беріліп, — “Азиямен сауда жүргізу Ресей үшін ұлы мақсат”- деп атап өтіледі / /. Осыған байланысты Жетісу өлкесі керуен жолдарының торабында орналасқандықтан Шығыс Түркістан мен Орта Азияның саудасына бақылау жасауына толық мүмкіндік беретін еді. Сондай-ақ, орыс көпестерне Жетісуды мекендеген Ұлы жүз қазақтарының жері арқылы “ең қауіпсіз жол” жасалмақшы болды /74,203б/.
Жалпы алғанда Жетісу өлкесі Ресей империясының сыртқы саясатында Орта Азия, Ауғанстан, Шығыс Түркістан және Үндістан сияқты елдерге әскери жорықтар жасайтын ең қолайлы позиция ретінде аса маңызды стратегиялық аймаққа айналды. “Бұл жерден Қоқан мен Батыс Қытайға ғана емес, ағылшындардың Үндістаны да қашық емес”- делінген орыс деректерінде/75,130б/.
Ресей империясының Шығысты отарға айналдыру, оның ішінде Үндістанға қожалық жасау мақсаты І Петр патшадан бастау алады. Қазақстанды Азияға басып кіретін “алтын қақпа” деп атаған ол, басқыншылық жоспарын мұрагерлеріне өсиет етіп қалдырады. “Император, — деді Макшеев өз еңбегінде, — мұрагерлеріне Шығысты Түпкілікті жаулау туралы жоспар құрып кетеді. Олар осы жоспар бойынша Шығысқа қарай үш бағытпен қимылдады: Шығыстағы Түркістаннан Үндістанға, оңтүстіктегі Кавказдан Персияға және Азиялық Түркияға”/17,47б/. Ресей империясын кеңейтуді және отар елдерден өз үлесін алуды мақсат тұтқан патша өкіметі шығыс елдерін бөлісуде Еуропадағы ірі капиталистік елдермен өзара бәсекелестік күреске түседі.
Орыс патшасы І Павелдің тұсында отарлық саясаттың негізгі тетіктері кең көлемде күш алады. Ол министр М.В.Ростопчинге Ресейдің сыртқы саясатының бағыт-бағдарын анықтайтын бағдарлама жасауға тапсырма береді. М.В. Ростопчиннің жасаған жоспары І Петрдің “өсиетіне” сәйкестендіріліп, 1800 жылы қыркүйек айында дайындалады. Оның І Павел сол жылдың 2-қазанында бекітеді. Ростопчиннің бағдарламасында империяның аумағын ұлғайту ашық түрде айқындалып, Англия, Франция, Австрия және Пруссия сияқты мемлекеттердің күш-қуатын әлсірету бағыттары көрсетіліп, Үндістанды бағындыру үшін қазақ даласы арқылы әскери экспедиция жөнелту және Осман империясын бөлшектеу қарастырылады/77,159-161 б/.
Осы жоспар бойынша қимылдаған патша өкіметі отар елдерді бөлісуде Англияның бірден-бір бәсекелесіне айналады. Азия департаментінің Орта Азиялық бөлім бастығы Ұлы князьға жасаған мәлімдемесінде мына жағдайды баяндайды. Онда былай делінген – “Солтүстік Батыс жіне оңтүстіктегі Еуропа елдерінің жасаған тосқауылдары орыс халқына басқа жолдарды іздеуге мәжбүрледі. Сондықтан олардың еншісіне Азия ғана тиді. Орыстар бұл жерге барлық бағыттар бойынша бас салып ұмтылды. Оған апаратын жол бұрыннан үш бағыттан тұратын: Кавказ арқылы Оңтүстікке, Солтүстік-Шығыстағы қазақ даласы арқылы Үндістанға және Шығыста Сібірден Ұлы мұхитқа және Қытайға” /78,12б/.
Үндістанның Англияның отарына айналуы, Қытай жағалауында ағылшын кемелерінің тұруы, Ресей империясының аталған жолдармен қимылдауы Англияның мүддесіне нұқсан келтіріп, орыс-ағылшын қатынасын мүлдем шиеленістіріп жібереді.
Патша өкіметі Үндістанға иелік жасап, онда ағылшындардың мүддесіне соққы берумен қатар, шығыстағы мұхитқа шығып, Азияның бүкіл шикізатын су жолымен тасымалдауды көздеді. “Біздің үкіметіміздің, -деп жазады Н.Павлов – Батыс және Қиыр Шығыстағы теңіз күштерінің құрылысын аяқтамай жатып, Түркістан мақтасы үшін Үнді мұхитында флот құруға деген ұмтылысы шектен асқан қадам болды”/80,235б/.
Орыстардың Үндістанға соншама көз тігуінің себебі, біріншіден, Азиядағы теңіз жолына шығуына, екіншіден, Еуропадағы бәсекелесі Англияны шығыста тізе бүктіруге, үшіншіден, бүкіл Азияға өз бақылауын орнатуға мүмкіндік беретіндігі еді. Осыған байланысты патшаның алдына Бламберг, Торнау, Хрулев және тағы басқа әскери шенеуніктер Үндістанды жаулау туралы бірнеше жобаларын ұсынады. Сол жобалардың бірінде Шығыс Түркістан арқылы Үндістанға апаратын жолдың бойында жатқан Жетісу өлкесіне үлкен мән беріледі 81,104-114б/.
Бірақ ағылшындар қанша жерден сақтық шараларын жасағанымен, Үндістанда орыстарға төтеп бере алатындай күш жоқ болатын. Оған ағылшындардың әскери және саяси жағдайы туралы Кавказ таулы Басқармасының бастығы генерал-майор Франкини және генерал-майор Гейнстің әскери министрге жазған №19 құпия баяндама-хаты дәлел бола алады. Онда былай делінген: -“Үндістандағы ағылшындардың жағдайы өте тұрақсыз және сенімсіз болғандықтан орыс әскерінің берген кез-келген соққысы Шығыстағы Англияныың құдыреттілігін жоя алады” /82,11б/.
Сонымен Ресейдің сол кездегі Еуропадағы қаласы болған алып империя Англияның алдын орап, Орта Азия мемлекеттеріне жақындай отырып, оңтүстік-шығыс, Қазақстан мен Шығыс Түркістанның түйісетін жеріне орнығып алуы, оны алдыңғы шепке айналдырып, сол арқылы әскери-саяси қайшылықтарын шешуі едәуір дәрежеде Жетісуды бағындыруға байланысты болды. Орыс империалистерінің Жетісу жерін отарлауы бірнеше әскери міндеттерден құралды:
1) гарнизондар мен бекіністер салу, тұрақты әскерлер мен казактарды орналастыру, қару-жарақ қоймасын жасау;
2) Орта Азияға басқыншылық жорықтарына дайындалу. Дуан және дуандық приказдар ашып, өлкеде әскери-әкімшілік басқаруды енгізу;
3) Қоқан әскерлерін ығыстырып, қазақ жерін бағындыруды аяқтау;
4) шекаралық аймақта Қытай әскеріне тосұауыл қойып, жауланған қазақ жерін орыс-қытай шекарасын анықтау және тағы басқалар. Яғни, Жетісу өлкесі Ресей басқыншыларының негізгі стратегиялық алаңына айналды.
Шығысқа бет алаған патша өкіметі Түркия, Иран, Орта Азия және Қытаймен байланыс жасап, оларға қарсы белсенді әрекет жасау үшін 1819 жылы Сыртқы істер министрлігінің жанына арнайы Азиялық департамент құрады. Сол жылы департаменттің құрамында Азиялық комитет өз жұмысын бастап, тікелей Орта Азия, Қазақстан және Қытайға байланысты мәселелерді қарастырумен айналысады /73.217б/.
ХІХ ғасырдың 20-жылдары патша өкіметі бұл мекемелердің алдына Ресей империясының билігін мойындамаған Ұлы жүз қазақтарын дипломатиялық әдістермен және қарудың күшімен жаулап алуды міндет етіп қояды. Ұлы жүз қазақтарының саяси бытыраңқылығы, ішкі руаралық жанжалдар, күрделі сыртқы әскерлердің салдарынан Жетісуды мекендеген қазақтарды басып алуда Ресейге жеңілірек тигенімен, орыстар баяу және өте сақ қимылдайды. Патша өкіметінің еркін қимылдауына мүмкіндік бермеген, біріншіден, ХVІІІ ғасырдың аяғында жоңғар хандығын жойып, өз мекендеріне Ұлы жүз қазақтарының қайта қоныстануына рұқсат беріп, оларды бағыныштылықта ұстағысы келген Қытайдың жергілікті өкімет орындары болса, екінші жағынан, 1814 жылы Ұлы жүз қазақтарына қарайтын Ташкентті басып алу арқылы, оларды өз ықпалына түсірмек болған Қоқан хандығы тұрды.
Аталған екі мемлекеттің Жетісуға салған назарлары Ресей империясының стратегиялық маңызы бар өлкеге басып кіруіне кедергі жасады. Осыған байланысты патша өкіметі Жетісуды бағындыруды әр-түрлі іс-шаралар мен айла-амалдарды қолданады. Олар бірінші кезекте Қазақстанның саяси тәуелсіздігінің қалдықтарын құртудан бастайды. Яки, зерттеуші, М.Қойгелдиевтің сөзімен айтқанда: “ Ресей империясы Қазақстанды өзіне біржола қарату ісіне кіріскен сәтте, онсыз да толық қалыптасып және қатайып үлгермеген қазақ қоғамындағы мемлекеттік құрылымды біржола жойып, сол арқылы ұлттық тұтастық пен саяси бірліктің нығаюына мүмкіндік бермеуді таңдап алған еді”/84,25б/.
Қазақ қоғамын ыдыратуды мақсат тұтқан орыс әкімшілігі талай рет сыннан өткен “бөліп ал да, билей бер” деген “құйтырқы” саясатты іске асырып, қазақ руларын бір-біріне айдап салады. 1915 жылы шыққан қазақтың “Айқап” журналының №1 санында отарлық саясаттың нағыз бет-пердесін былай деп ашқан: “Екатерина патшаның Орынбор және Сібір генерал-губернаторларына шығарған жарлығында:
1) Қырғыз-қазақ халқының бір рубасыларын екінші рубасыларымен араз қылып, сұлтандарын өз қол астындағы ақсақал адамдарымен араз қылыңыз. Араларына от түскен уақытта жанып кетердей көкір-сөкір даярлай беріңіз. Осылайша араларына от тұтатып, береке бірлігін алсақ, өзара азып-тозғандықтарынан қазақ жұрты бөтен патшалықтың қол астына көшіп кетуге немесе бізге қарсы шығуға дәрмені болмас /85, 255б/.
Патшаның жарлығын саяси құрал ретінде пайдаланған орыс шенеуніктері Ұлы жүз қазақтарын бағындыруда аянып қалмады. Алдымен Орта жүз қазақтарын жаулап алып, отарлаған патша өкіметі, оларды Ұлы жүз қазақтарына айдап салып, өз мүддесіне пайдаланады. Атап айтқанда, наймандар мен жалайырлардың арасында ертеден келе жатқан жер дауын ушықтырып, орталарына от тастап, бір бірімен жаудай соғыстырады/86,73б/. Нәтижесінде қазақтар өзара қырылып, малдарын барымталап, бітіспес жауға айналады. Осыны шебер пайдаланған орыстар қарамағындағы қазақтарды дан ант қабылдаудан басқа, екі шартқа қол қойдырып, мөр бастырып алады:
1) Жетісу өлкесіне келген Кенесары Қасымов бастаған қазақтарды жау деп тану, оларға көмек көрсетпеу;
2) Ресейдің қол астындағы қазақтармен болған дау-жанжалдарды тоқтатып, олардың барлық талаптарын орындау /120,64-65п/.
Патша өкіметі Ұлы жүз қазақтарына үстемдігін орнатқаннан кейін, Ұлы жүз бен Орта жүз арасындағы жер мәселесін қарап, дау тудырған жерлерді Орта жүз қазақтарының пайдасына шешіп береді. Бұл туралы Сібір Бас басқармасының 1848 жылы 21 тамыздағы Сібір қазақтарының шекара бастығына жазған №1541 нұсқауында жазылған: “Ұлы жүздің үйсіндері мен Орта жүздің найман қазақтарының Лепсі, Қаратал, Басқан және т.б. қысқы және жазғы жайлымдар болып табылатын жерлері жөніндегі №60 мәліметтерін қарап шықтық. Наймандардың аталған жерлерге құқықты екенін Аягөз дуандығы құрылған кездегі жазған хаттары дерек ретінде дәлелдеп отыр. Сондықтан, даулы жерлер наймандарға бекітілсін, ал үйсіндер бұл жерде кезінде көшіп-қонған шығар, бірақ 1821 жылы біздің билігімізді мойындап, кейін бізден кетіп қалғандықтан, олар жаңағы аталған жерлерден күдерлерін үзсін” /121,23п/.
Патша өкіметі тарапынан жасалған бұл әділетсіз шешім наймандардың орыстарға көрсеткен көп жылдық “қызметі” үшін берілген “сыйақысы” еді. Нұсқауға сәйкес қимылдаған патша әкімшілігі Ұлы жүз қазақтарының приставы майор Врангель мен Аягөз приказының мүшесі Сухомлиновке Орта жүз наймандары және Ұлы жүздің жалайырлары мен шапырашты қазақтарының көшіп-қонатын жайылымдарының шекарасын анықтап, бекіту туралы тапсырма беріледі. Олардың бекіткен шекарасы бойынша жалайырлар мен шапыраштылар мына жерлерде көшіп-қонып жүруге мәжбүр болды, қыстаулары: Қызыл жаға өзенінің төменгі бөлігінің екі жағасы, Баскөлдің маңайы, Қызылағаш өзенінің Қоянды сағасы, Қызылағаш пен Қояндының арасындағы құмдар, Үшкөлге кіретін көлдер; жазғы уақытта: Шегенқара және Жетімқара төбешіктері, Қара үй және Сары үй сайларынан батысқа қарай Балжина көлінің жағалауына дейін, ал оңтүстігі мен солтүстік-батысында Қаратал өзенінің жағалауына дейін, Үшкөлдің маңайы, Талдыбұлақ пен Тұранағаш бұлағы және Қос құдық сайы. Сондай-ақ Қызылағаш және Ақешкі өзендерінің аралығындағы Өгейқұм, Жон тауынан ағып, Ақешкі өзеніне құятын Босорман бұлағы, Үшағаш мүйісінен Өгейқұмға дейінгі аралықты алып жатқанКөктал, Қызылағаш өзенінің оң жағалауындағы үш бұлақтан тұратын Үш Қапал, Жалаулы тауынан бастау алып, Ақешкі өзеніне құятын Каукен бұлағы, Долон тауынан ағып, Ақ ешкінің сол жағалауына құятын Молалы бұлағы, Үш алмалы шыңынан Қаратал өзеніне баратын Сарыбұлақ, Қызылжар сайынан Қаратал өзенінің оң жағалауынан төмендегі сайлар: Алмас ағаш, Қоржын төбе, Алқалы, Өріктөбе, Томар өткел, Арал төбе, Қарамырза, Сарытоғай, Тассуат, Есік қисық, Ақсақал, Кескен тал, Көп маса, Берік Қарасу, Қандыағаш, Қара тұз және тағы басқа жерлер еді /121,113-118п/.
Батыс Сібір генерал-губернаторының ұйғарымына сәйкес, наймандарда Ұлы жүз қазақтарымен араздаспай, Аягөз дуандығының шекарасынан аспауға қол хат береді. 1831 жылы ашылған Аягөз дуандығы мына жерлерді қамтыды: оңтүстігінде Тарбағатай және Сауыр жоталары, оңтүстік-шығысында Лепсі өзені мен Балқаш көлі, одан әрі Зайсан ойпатының оңтүстік бөлігіне дейін, шығысында Сауыр жотасы мен Кендірмек өзенінің аңғары, батысында Шыңғыстаудан Аягөз өзенінің Балқаш көлінің солтүстік-шығысына дейінгі аралық. Аягөз дуандығына кірген найман рулары мына жерлерді өзара бөлісті: қаракерей руынан – қаршын, мұрын, тума, болатшы, сегіз найман матай руынан – аталық пен қаптағай және садыр рулары Аягөз дуандығының оңтүстік-батысындағы Лепсі өзендерінің бойын, ал оның солтүстік-шығыс жағындағы Лепсі өзенінен Қаратал өзеніне дейінгі аралықты – наймандардың матай руы еншіледі /110,321б/
Патша әкімшілігінің жарайырлар мен шапыраштыларға тиісті жерлерді наймандарға тартып алып беруі салдарынан Ұлы жүз қазақтарының арасында жайылымдарға деген тапшылық сезіле бастады. Кейін бұл жөнінде Алатау дуандығының бастығы Колпаковскидің Батыс Сабір генерал-губернаторына жіберген №2651 мәлімдемесінде ашық айтылады:”Өткен жылы, әсіресе биыл Іле өзенінің оң жағалауында көшіп-қонып жүрген дулат, жалайыр, шапырашты және албан руларының арасында қысқы жайылымдардың тарыла бастағанын байқадым. Ал оның басты себебі Қапал дуандығына кіретін найман руларының Ұлы және Орта жүз қазақтарының арасындағы шекараны бекіткен кезде жалайырлар мен шапыраштылардың иелігіне жататын біраз жерлерді ешқандай дәлелсіз, өз бетінше басып алған. Нәтижесінде шекараның арғы жағында жалайырлар мен шапыраштылардың ең таңдаулы деген қыстаулары қалып қойған” /122,1п/. Оның үстіне патша өкіметінің Жетісу өлкесіне казактарды әкеліп, қоныстандыра бастауы, Қытай жерінен қазақтардың қайта көшіп келуі Ұлы жүз қазақтарының жағдайын одан сайын қиындатып жібереді.
Жетісу өлкесіндегі жер мәселесіне көңіл бөлген Н.А. Аристов өз еңбегінде былай дейді: “ХІХ ғасырдың 50-60-жылдары орыс-казактарының қоныстануы үшін қазақтардан көптеген жерлердің тартып алынуы, қазақтардың белгіленген жерлері азайып, жерлерін орыстарға берген қазақтар басқа қазақтардың жеріне орналасып, көптеген жайылымдар өз иелерін өзгертті. Алатау дуандығындағы жерді пайдаланудағы даулардың өршуі және онсыз да жер жетпей жатқан қазақтарға Қытайдан көптеген Ұлы жүз руларының көшіп келіп қосылуы жер мәселесін одан сайын шиеленістіріп жібереді” /123,321б/.
Жалайырлар мен шапыраштылардың жерлерінен айрылуы, Ұлы жүз қазақтарының арасында жайылымдардың жетіспеушілігі патша өкіметіне Жетісу өлкесіндегі отаршылдық саясатын одан әрі өрістетуге жағдай жасады. Патша өкіметі ендігі кезекте жер дауын ушықтыру арқылы әлі Ресейдің билігін мойындамаған, мойындағанымен жетегіне жүргісі келмеген кейбір қазақ рулары мен қырғыздардың күші мен бірлігін әлсіретуді көздеді.
Оның ішінде Жетісу өлкесіндегі Ресейдің билігіне өте қауіпті деген Тойшыбек, Байсейіт, Әли, Тезек, Сұраншы, Диқанбай және тағы басқа қазақтың сұлтандары мен билерінің халық алдындағы беделіне нұқсан келтірмек болып, жайылымдары тарылған руларды солардың иелігіндегі жерлерге қоныстандырады. Патша әкімшілігінің бұл жерде ойлаған мақсатында қарамағындағы рулар жерден таршылық көрсе, бірінші кезекте өздерінің билеушілеріне қарсы шығып, бізден көмек сұрайды, сол арқылы олардың билігін шектейміз немесе оларды көнбіс билеушілермен алмастырамыз деген саясат жатты.
Әсіресе, патша әкімшілігі үшін албандардың аға сұлтаны Тезек Нұралиев қауіпті болып саналды. 1855 жылы 3 желтоқсанда Жеке Сібір корпусының командирі Үлкен Орда Приставына жіберген нұсқауында: “Маған құпия түрде сұлтан Тезекке қарсы қолданылып жатқан іс-шараларды жеткізіңіз. Қалай болса да Тезекке қарсы қатаң шаралар қолданыңыз. Сұлтан Әли мен оның балаларын және бүкіл дулат руларының оған деген өшпенділігін оятып, қарсы қойыңыз. Оларды барынша қолдап, дем беріп отырыңыз. Оған қарайтын албан руларынан Тезекке наразы кіші сұлтандар мен билерді және рубасшыларын іздеп тауып, оларды Тезекке қарсы топтастырыңыз. Дулаттар мен жалайырлардың руларын Тезектің иелігіне қоныстандырып, жер дауын қоздырыңыз. Осы іс-әрекеттердің бәрін түлкідей қу және жолбарыстай қатал, билік сүйгіш ордалықтың көзіне түспей, өте сақ әрі жасырын түрде жүзеге асырыңыз” делінген /124,62п/.
Тезек сұлтанды өте қауіпті санаған Жетісудағы патша әкімшілігі губернатордың берген нұсқауын бұлжытпай орындап, албандардың жеріне дулаттар мен жалайырларды қоныстандыру жөнінде нұсқау беріп, айдап салады. Тезек сұлтан да дулаттар мен жалайырларға қарсы іс-әрекетке барып, өз жерін қорғауға әрекеттенеді. Осыған байланысты 1861 жылы 19 қыркүйекте жалайырлардың бір топ сұлтандары мен билері Алатау дуандығының бастығына шағымданады: “Сіздің бекітіп берген қыстауларымызға көптеген руларды бастап албандарға жататын айт руының биі Кенжебек қоныстанып алды. Олардың аға сұлтаны Тезекке шағымдансақ та көшетін түрлері жоқ” /125,1-2п/.
Тезек сұлтаннан мұндай қадамды күтпеген Алатау дуандығының бастығы Колпаковский оған былай деп жолдайды: “Жалайырлардың сұлтандары мен билері маған берген шағымдарында Кенжебек бастаған албандар олардың Малайсарыдағы және тағы басқа қыстауларын иеленіп алыпты. Жалайырладың қыстаулары қандай жағдайға дейін тарылғанын білгендіктен мен Кенжебек пен Сұлтанға бөтен қыстауларды тастап, сіз айтқан жерге барып тұруға бұйрық беруіңізді сұраймын. Сіз оларға Түгерек бойынан немесе Абдарлы құмынан, болмаса Майтөбеден бос орын тауып беретініңізге сенімім мол. Келесі күзде бүкіл шапыраштылар осы жерге келеді. Сондықтан жақсылықпен руларыңызға басқа жерден қыстау іздегеніңіз дұрыс” /125,4п/.
1861 жылы 31 қазанда Калпаковскийдің хатына Тезек сұлтан жауап ретінде мынадай мәлімдеме жасайды: “Сіздің 18 қазанда жазған хатыңызды алдым. Онда Кенжебек мекендеп отырған қыстаулардың жалайырлардың мекені депсіз. Бірақ, Малайсары мен оған жататын таулар ертеден албандардың мекені, сол жерде олар туылған. Желді Қарасай Кенжебектің әкесі Абаққа қарайды. Қытаймен достықта болғандықтан біз он жыл бойы бұл жерді уақытша тастадық және қайта көшіп келдік. Жалайырлардың жері бүкіл Қараталдың бойы, Іле мен Қараталдың аралығындағы құмға бәрі сияды және кезінде көшіп-қонғанда Мұхамедшахтың марқұм әкесі Сүйік жалайырларымен Ақешкі, Қызылағаш және Қапалға жақын жерлерде жүргенін Сіз өте жақсы білесіз. Біз бұл жерге келмей-ақ қойғымыз келіп еді, бірақ шегірткелер 500 ауылдың шабындығын жойып кетті. Оның үстіне қытайлықтар барлық албандар мен суандарды қуып жатыр. Егер де менің бүкіл албандарым мен суандарым Қытайдан көшіп келетін болса, Малайсары және оның аумағы жалайырларға жоқ. Сондықтан жалайырлар Сүйіктің кезінде көшіп-қонған жерлеріне оралсын. Ұлы жіздің наймандарымен болған жалпы дуанда Лепсі біздің жер екендігін айтқан едік. Үкімет бізді қолдаған жоқ, шамасы ол жерлерді наймандарға берген болуы керек” /125,15-16п/.
Патша өкіметінің жүргізген отаршылдық саясатының түпкі мақсатын түсінген Тезек сұлтан Қытайды ара ағайындыққа шақырған. Тезек сұлтанның Ресей билігіне бас иіп, екінші жағынан Қытайман байланыс жасамақ болғанын білген патша әкімшілігі оның әрбір басқан қадамын аңдып, оған ескерту жасап отырған. “Маған жеткен сыбыс бойынша, сен жалайырларментіл табысу үшін қытайлықтарды шақырыпсың. Бірақ сен олармен кездесе алмайсың. Өйткені, біздің үкіметтің келісімінсіз қытайлықтар шекарадан өте алмайды. Егер де сен қытайлықтарды шекарадан өткізіп, жалайырларға алып келсең, онда сен жауапқа тартыласың. Сондықтан сізден өтінерім, жалайырлармен келісімге қытайлықтарсыз-ақ отырыңыз немесе жалайырларды Түгерекке шақырып, сонда Сұлтанғазы екеулерің қазақтың дәстүрімен дауды бітіріңдер” /125,18п/.
Сонымен қатар патша өкіметі Жетісу өлкесін мекендеген қырғыздардың да ішкі ісіне араласып, жер дауы арқылы бір-біріне қарсы қойып, әлсіреген қырғыз руларын өз жағына шығарып отырған.
Жетісу қырғыздарындағы жер дауы негізінен ірі рулардың арасында жүріп, оның ішінде сарыбағыштар мен бұғылардың жер үшін талас-тартысы көптеген қырғыздардың өліміне алып келген.
Сарыбағыштар мен бұғылардың өзара талас-тартысы қанды қырғынға айналып, аяғы руаралық соғысқа ұласқан. Сарыбағыштардан бірнеше рет жеңіліп, әлсіреген бұғылар орыс әкімшілігінен көмек сұрап, Ресейдің билігіне өтуге ниеті бар екенін айтады. Бұғылардың шешімін қанағаттандырған патша өкіметі оларды сарыбағыштардан қорғау үшін қазақ әскерлерін жібереді.
1856 жылы 13 тамызда есаул Бутаков бастаған 200 казагі, 1 рота жаяу әскер және зеңбірегі бар орыс әскері Қастек асуы арқылы сарыбағыштардың қоныстарына тұтқиылдан басып кіріп, жайылып жүрген барлық малдарын айдап кетеді. Бірақ сарыбағыштар естерін тез жинап алып, асуға көтеріле берген орыс әскерін жан-жақтан қоршап алып, табанды түрде шайқасады. Сарыбағыштардан бұны күтпеген орыстар, айдап келе жатқан малдарын тастай сала, қаша соғысады. 20 тамызда 8 адамы өліп, 30 адамы жараланған орыс әскері көп шығынмен Верныйға оралады /19,462б/.
Патша өкіметінің бұғыларға көмек берудегі түпкі мақсаты – қырғыздардың руаралық араздығын өз мүддесіне пайдаланып, бұғылар арқылы Шу алқабындағы қырғыздарға билігін орнату болды. Патша әкімшілігінің бұғыларды қорғаудағы екінші мақсаты – егер де сарыбағыштар қырғыздардың ірі руы және бірден-бір бәсекелесі болып табылатын бұғыларды толық жеңсе, онда сарыбағыштар қырғыздардың басын біріктіреді деген қауіптен туған еді. Сондықтан патша әкімшілігі оларға қарсы Ұлы жүз қазақ руларын айдап салуға дейін барды /124,29п/.
Сондай-ақ, патша өкіметі сарыбағыштар мен бұғылардың арасындағы қырқыстарда барынша қолдап отырған.
ХІХ ғасырдың І жартысында басталған Ресей империясының Жетісу өлкесінде жүргізген отаршылдық саясаты Ұлы жүз қазақтары мен қырғыздардың жағдайын күрт нашарлатып, ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық жер иеленудің маңызды жақтарын қиратты. Патша өкіметінің әлсіз немесе Ресей билігін мойындаған руларды тәуелсіз көшіп жүрген ірі руларға айдап салып, жер дауын қолдан жасап немесе ушықтыру, отаршылдық езгінің күрт күшеюіне, рулық-қауымдық жерлерді жаппай тартып әкелуін тудырды. Осының салдары шаруашылық қатынастардың мықтап бұзылуына, сұлтандар мен билердің беделі мен ықпалының күрт құлдырауына әкеп соқтырады.
Нәтижесінде Ресей империясының Жетісу өлкесін жаулап алуына жол ашып, оның отаршылдық саясаты іске асады. Сонымен қатар патша өкіметі Ұлы жүз қазақтарын емін-еркін билей бастайды. Оған себеп болған бірінші жағынан сұлтандар және билердің өзара араздығы мен ауыз біршілігі болмаса, екінші жағынан патша әкімшілігінің ептілікпен жүргізген әккі айла-әрекеттері еді. Мұндай саясатты орыс әкімшілігі жергілікті жерің тарихи ерекшелігін, қазақтардың тілі мен әдет-ғұрпын зерттеу арқылы жүргізіп отырған.
1.3 Ұлы жүз Приставының құрылуы. Міндеттері мен қызметтері. Орыс әскери құрылымдарының Жетісу жеріне жасаған жорықтары
ХІХ ғасырдың 20-жылдары Ұлы жүз қазақ сұлтандырының бір бөлігі Ресей билігін қабылдағанымен, патша өкіметі Жетісуда Ресей билігін баянды ете алған жоқ.
ХІХ ғасырдың 40-жылдары патшалық Ресей отаршылары жетісу өлкесін жаулауда шешуші кезеңге көшеді. Яғни, орыстар өлкеге басып кіретін әскери күштерді топтастыра отырып, оларды бекініс шептеріне орналастырады және әскери-әкімшілік орындарын ұйымдастырды. Сөйтіп Жетісу өлкесін қарудың күшімен бағындыруға көшеді.
“Қазақтар орыс билігіне “өз еркімен” кірді деп шартты түрде ғана айта аламыз,- деп жазды П.П. Румянцев, — Тек орыстардың қазақ даласына бірнеше әскери жорықтар жасап, онда берік орналасқаннан кейін ғана, қазақтардың Ресей билігін мойындауы шындыққа айналды” /131,34б/.
Қазақстанның басып алынған жерлерінде Өскемен, Семей, Омбы, Петропавл және тағы басқа бекіністер мен әскери қоныстардың салынуы Жетісу өлкесіне кірген орыс әскеріне толық жағдай жасады. Сондай-ақ, Қытай империясының Англиямен болған І апиын (1840-1842 жж.) соғысында жеңіліс тауып, өзінің жартылай отар елге айналуы және Қоқан хандығында болып жатқан ішкі саяси талас-тартыс патша өкіметінің Жетісу өлкесіне емін-еркін кіруіне жол ашты.
Жетісуға басып кірген орыстардың ірге теуіп орналасуы 1830-1860 жж. аралығында болып, өздерінің басқару аппаратын іске асырады. Патша өкіметінің қазақ жерін, оның ішінде, Жетісу өлкесін отарлауын Батыс Сібір генерал-губернаторлығы іске асырады. 1822 жылғы Сперанскийдің “Жарғысы” бойынш құрылған Батыс Сібір генерал-губернаторлығының орталығы бастапқы кезде Тобыл қаласы болып, кейін Омбы қаласына көшіріледі. Оның иелігіне Сібірдің Тобыл, Том губерниялары мен Омбы облысы кірді. Омбы облысына Омбы, Петорпавл, Семей және Өскемен ішкі дуандықтары қарап, ал Орта және Ұлы жүз қазақтары көшіп-қонған қазақ даласын толық жаулап алғаннан кейін, сыртқы дуандықтар ретінде кірмек болды.
1838 жылы Батыс Сібірдегі Бас басқарма Омбыға көшіп келгеннен кейін Омбы қаласы тарайды да, оның орнына Орта және Ұлы жүз қазақтарын басқару үшін шекара басқармасы құрылады. Ол Батыс Сібір Бас Басқармасына тікелей бағынып, қазақ даласындағы жағдайларға “қырағы” қарап, өз бақылауына алды. Шекара бастығының дәрежесі азаматтық іс бойынша губернаторлық құқықты иеленсе, әскери істе дивизия командирінің қызметін атқарды /3,246б/.
Жетісу өлкесіне қарай басқыншылық саясатын күшейтуге дайындалған патша өкіметі 1831 жылы Аягөз дуандығын ашады. Аягөз дуандығының ашылуы орыстардың Жетәсу өлкесіне ең алғашқы аяқ басуы болып табылады. Олар осы дуандықты өлкеде ең мықты тірек орнына айналдыра отырып, бүкіл Жетісу өлкесіне орыс билігін орнатуға ұмтылды /133,5б/.
Бірақ Кенесары Қасымов бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысының Жетісу өлкесіне ауысуы, Аягөз дуандығының көтерілісшілерді басып-жаншуға келгенде әлсіз екенін, Ұлы жз қазақтары кез-келген уақытта орыс билігінен шығып кете алатынын байқатты.
К.Қасымов бастаған қозғалыстың Ұлы жүздің жеріне қарай өтуі патша әкімшілігін қатты састырды. Өйткені патша өкіметінің Жетісу өлкесінде Аягөз дуандығынан басқа К.Қасымовтың қозғалысын тұншықтыратын бірден-бір бекініс немесе тірек орындары болмады.
Кенесары ханның Жетісу жеріне келуіне байланысты Ұлы жүз қазақтарының арасында қозғалыстың ықпалына кірмеген бірді-бір ірі ру бөлімшелері болмайды. Патша өкіметі болса Ұлы жүз қазақтарының толқуларынан қорқып, оларға жасаған қысымшылықты азайтуды ойлап, 1846 жылы 19 сәуірде Мемлекеттік канцлер патшаға былай деп баяндайды: “Князь Горчаков Омбы қаласында Ұлы жүз қазақтарының сұлтаны Ғалия мен басқа да құрметті қазақтардың атынан келген Манақ Нұрақов биді қабылдап, оларға бұдан былай Ресейдің иелігіндегі қазақтардың Ұлы жүз қазақтарына көлсеткен әрбір қиянатын аяусыз жазалайтынын, ал келесі шілде айында Лепсі өзенінің бойында екі жүздің арасында съезд ұйымдастырып, екі жақтың талаптарын қарап ортақ шешімге келетінін айтып жеткізеді. Сондай-ақ, князь Горчаков Манақ биден Ғалия сұлтанға хат жіберіп, сұлтанға және Ұлы жүздің билері мен рубасшыларына Ресей адалдығын көрсету үшін жерлеріне келген бүлікшіл сұлтан Кенесарыны қуып жіберсе, онда өлкеде тыныштық орнайтынын, Ғалия сұлтанға қызметі үшін подполковник шенімен бірге Андрей лентасындағы алтын медаль берілгенін және басқа да сұлтандар мен билер жақсы қызмет көрсететін болса, тағы да 5 алтын медаль дайын тұрғанын жазады” /136,200б/.
Патша өкіметі Ұлы жз бен Орта жүздің арасында жүріп жатқан руаралық араздықты уақытша тоқтатып отырып, Кенесары ханның қозғалысын және оған қосылған Ұлы жүз қазақтарының руларын күшпен басуға қолданады.
1846 жылдың жазында патша өкіметі Кенесары хан бастаған қозғалыстың өршіп кетуіне жол бермеу, алдын алу мақсатында Жетісуға Сібір шекаралық басқармасының бастығы Вишневский басқаратын елеулі әскери күштерді Лепсінің бойына жібереді. Ол Лепсі-Қаратал ауданында Ұлы жүз бен Орта жүздің сұлтандары мен билерін жинап съезд өткізеді. Оның шекара бастығы екі жүздің сұлтандары мен билерінің арыз-шығымдарын қарап, екі жақты ортақ мәмілеге келтіріп, бір-біріне тонаушылық, барымта және ұрлық әрекеттерге бармауға көндіреді. Араға үш күн салып, яғни 23 маусымда Ұлы жүз қазақтарының билеушілері отаршылдыққа қарсы қозғалысты айыптап, қорқыту арқылы Кенесарыдан бас тартуға, оны оқшаулауға және Ұлы жүз жерінен ығыстырып шығару туралы құжатқа зорлықпен қол қояды.
Жағдайдың қай бағытқа бұрылғанын жақсы түсінген Кенесары хан Балқаш көлі мен Іле өзенінің ортасындағы жан-жағы майда көлдермен қоршалған “Қамал” атты аралға орналасады. Осы уақытта патша өкіметі Ұлы жүз билеушілерінен Кенесары ханды қолдамау жөніндегі міндеттеме алған соң, Кенесарыны жазалау үшін “Қамал” аралына есаул Нюхалов пен жүзбасы Абакумов бастаған екі әскери топты жібереді /137,15п/.
Талантты қолбасшы Кенесары хан бұл жер көлігі мен малына аса қолайсыз қоныс болғаны былай тұрсын, егер де орыстардың тұрақты әскери бөлімдері келсе, онда қоршауға түсуі әбден мүмкін екенін түсінді.
Бұл жөнінде есаул Нюхаловтың 1846 жылы 14 қыркүйектегі шекара бастығына жіберген мәлімдемесінде өзі Балқаштағы Қамал атты аралға бекініп алып, бізге табанды қарсылық көрсетпекші. Мен оның осы қадамын пайдаланып, оны қоршауға лау үшін соған қарай бүгін жүрмекшімін /138,113п/. Жағдайды дұрыс пайымдаған Кенесары хан ауылдарымен бірге Іле өзенінің оң жағалауына өтіп, Шуға қарай беттейді. Кенесары хан орыс әскерінен шегінген кезде қателік жасап қырғыздардың 400-ге жуық егіншілерін тұтқынға айдап кетеді /136,271б/.
Патша өкіметі Кенесарыны қазақ даласында әскери күшпен алу қиынға соғатынын біліп, оған қарсы қырғыздарды айдап салуды ойластырады. Кенесары ханның қырғыз егіншілерін айдап кетуін орыс әскерінің бастығы Нюхалов дереу пайдаланып, қырғыздарға хат жібереді. Онда ол қырғыздарды күш жинап, Кенесарыға қарсы шығыңдар деп үгіттейді /139,114п/.
Жалпы алғанда Кенесары ханның қырғыздармен жауласуына бірінші кезекте орыс әкімшілігінің отаршылдық саясат ықпа етті.
Кенесары ханның қырғыздарға салған ойраны және оларға өзін хан ретінде мойындауды талап етуі қырғыз манаптарының басын біріктіруге жағдай жасады. Қырғыздардың манаптары Орман, Жантай, Кәрібоз, Жанғараш қырғыз руларының құрылтайын шақырды. Ол құрылтайда қырғыз рулары сарыбағыш, саяқ, солто және тағы басқа рулардың манаптары Кенесарыға қарсы соғысуға бел байлайды /140,21б/.
1847 жылы сәуірде 10 мың әскері бар Кенесары ханның қырғыздармен болған ақтық шайқасы Ыстықкөл көлінің тау шатқалы қойнауында және Шу өзенінің бас жағында өтеді. Тоқмақтан 4 шақырым, Шудың сол жағындағы бір шақырым аралықтағы Кекіліксеңгір тауының Майтөбе деген жерінде орналасқан Кенесары әскері өте қолайсыз орналасады. Оның жазық жерде күш бола алатын атты әскері мен зеңбіректеріне бұл жер таршылық жасап, еркін қимылдауға мүмкіндік бермеді /141, 24п/.
Майтөбеде өткен қазақ-қырғыз соғысында қырғыздар екі артықшылыққа ие болды. Біріншісі, қырғыздардың жасақиары саны жағынан қазақтарда бірнеше есе көп болып, 100 мың адамға жеткен. Екінші артықшылық, қырғыздар өз жерінде соғысып, туған жерге деген сезімі қырғыздрмен рухтандырған. Үш тәулікке созылған тең емес шайқаста Кенесары бастаған қазақтар ауыр жеңіліске ұшырайды. Кенесарының өзі және Наурызбай, Құдайменді сияқты отызға жуық сұлтандар өлтірілді. Көптеген қазақтың сарбаздары қырғыздардың қолынан мерт болды /142, 19б/.
Кенесары опат болған соң, патша әкімшілігі Ресейге “қызмет сіңіргені” бірнеше қырғыз манаптарын және белгілі адамдарын түрлі сыйлықтармен марапаттайды.
Кенесары ханның ұлт-азаттық қозғалысы жеңіліске ұшыраған соң, патша өкіметі Жетісу өлкесін отарлауды жеделдетеді. Өйткені орыс әкімшілігі Кенесары қозғалысынан біраз сабақтар алады. Соның бірі Жетісу өлкесіне нық табан тіремей және әскери-әкімшілік орындарын ашып, мықты қорғаныс жүйесін жасамай Ұлы жүз қазақтарын іс жүзінде бағындыру мүмкін еместігін білді /144, 688б/. Ресей патшалығы осы кемшіліктерді түзету үшін бірнеше әскери және саяси шаралары жүзеге асырады. Ол шараларға Жетісу өлкесіне бекіністер салу, шекараны бойлай орыс казактарын қоныстандыру, әкімшілік ре ормалар жүргізу және тағы басқалар. Осындай шараларының бірі, 1822 жылы Сібір генерал-губернаторы Сперанскийдің қазақ даласын билеу жөніндегі “Жарғысы” арқылы Ұлы жүз жерінде сыртқы дуандығын ашуға кіріседі. Оған 1845 жылы Ұлы жүз қазақтарының наймандар мен орыстардың қысымына шыдамай дуандық ашуына келісім берген құжат негіз болады /120, 14п/.
Сондай-ақ, Кенесары ханмен болған соғыста патша өкіметі Жетісу өлкесінде мықты бекіністер қажет екенін түсінеді. Сол себептен 1846-1847 жж. Кенесарының соңына түскен орыс әскері кейін қайтпай, Қапал өзеніне жақын тау аңғарында қыстап шығып, көктем шыға олар жаңа бекіністің негізін қалай бастайды. Бекіністің құрылысы 1848 жылы жүрді. Есаул Абакумов бекіністің орнын ыңғайлы жерден тапқандығы туралы генерал-губернаторы Ресейдің әскери министріне былай деп жазды: “Қапал бекінісіне арналған орын әскери жағынан өте қолайлы, Қытай шекарасына жақын және Қашқария мен Қоқанға қарсы тірек орны бола алады. Сондай-ақ, Ұлы жүз қазақтарына бақылауымызды күшейтеді” /145, 50б/.
Қапал бекінісі салынысымен 1848 жылы тікелей Ұлы жүз қазақтарымен айналысатын “Ұлы жүз қазақтарының Приставы” деген атпен белгілі әскери-әкімшілік бекінісін ашады.
1848 жылы Қлы жүздің үстінен бақылауды күшейту үшін Приставты тағайындауы, Ресейдің Жетісу жерін, жалпы Ұлы жүз қазақтарының тәуелсіздігін біржола жойып, одан ары Орталық Азия кеңістігін иеленуге шыпдап кірісіп кеткендігін көрсетті.
Приставтың қызмет ауқымынына мынадай міндеттер енді:
- Ұлы жүз қазақтарының сыртынан бақылау жүргізу;
- Қазақ рулары ішіндегі сұлтан, би және басқа ықпалды адамдармен орыс билігіне тиімді қатынас орната отырып, қазақ қоғамы ішіндегі өзгерістерді, әрекет-қимылдарды бақылап отыру;
3) Жергілікті халықтың арасындағы түрлі азаматтық бекіністер құрылысына басшылық жасау және оларға қолайлы орындар таңдау;
4) Приставтың ішінде және одан тыс орталықтармен сауда қатынасына жағдай туғызу;
5) шекараны қорғау;
Приставтың бастапқы міндеті ең алдымен, өз қарамағындағы әскер бөлімшесіне тиесілі жағдай жасау, оның күнделікті өз міндетін орындауын қамтамасыз ету болатын. Бұл айтылғандарға қосымша Приставқа мемлекеттік қызметке қатысты құпия іс қағаздарын жүргізу, сондай-ақ оған шекарада орналасуына байланысты өз статусы шеңберінде дипломатиялық міндеттерді атқару да жүктелді.
Сонымен қатар, патша өкіметінің Ұлы жүз Приставын тағайындаудағы мақсаты, біріншіден, Жетісу өлкесін Ресейдің орталық губернияларынан шаруалар мен Сібірден казактарды әкеліп қоныстандыру арқылы отарлау, екіншіден, Ташкент, Қоқанд, Қашқар және Құлжа сияқты елдермен сауда-саттық жүргізетін жолдарды бақылауға алып, орыс көпестерінің жағдайын жасау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, үшіншіден, көрші мемлекеттерде болып жатқан жағдайлар туралы мәліметтер жинап, барлау қызметін ұйымдастыру, төртіншіден, Қазақстан мен Орта Азияға шабуыл жасайтын әскерлерді шоғырландыру және тағы басқалар болды.
Патша өкіметі Ұлы жүз қазақтарына бақылау жасайтын Приставтың басшылығына патша әкімшілігінің сенімінен шыққан майор Врангельді тағайындайды. Оның қарамағына Жетісу әскери тобы деп аталатын құрама бөлімге Қапалда тұрған Абакумовтың жүздігінен басқа Қарқаралыдан 62 казак, Аягөзден старшина Нюхаловтың 38 казагі беріледі /147, 3-9п/.
Приставтың жанына Ұлы жүз қазақтарының билеушілерінен үш аға сұлтанды бекітіп береді. Сүйік Абылайханов, Әли Әділов, Әкімбек Құланов және Рүстем Әбілпейізовтер өз руларын басқару үшін аға сұлтандыққа тағайындалды. Яғни, патша өкіметі аға сұлтан лауазымына тек сенімнен шыққын, Ресей билігін жүзеге асырытын қазақ билеушілерін ғана қоятын болған. Өйткені олардың тікелей міндетіне Ұлы жүз қазақтарының арасында тыныштық орнату, ел ішіндегі азаматтық істерді билердің көмегімен дәстүрлі қабылданған әдет-ғұрып бойынша шешіп отыру және орыс әкімшілігінің түрлі шараларына өз руларымен көмектесу кірді.
Патша өкіметінің Жетісу өлкесінде бірнеше әскери-әкімшілік шараларды жүзеге асыра отырып, Аягөз, Қапал сияқты мықты бекіністерін тұрғызып, оған қару-жарағы мол әскерлерін орналастырады.
Бұған наразы болған Ұлы жүз қазақтары Қоқан қыпшақтарымен бірігіп, орыстардың әскерлеріне төтеп беру үшін бекіністер сала бастайды. Ұлы жүздің сұлтаны Рүстем мен дулаттардың биі Тойшыбек қарамағындағы қазақ руларын ұйымдастырып, Үлкен Ақсай өзенінің сол жақ жағасында өз бекіністерін тұрғызады. Орыс әкімшілігі оны Тойшыбек бекінісі деп атаған /148, 1-2п/.
Қазақтардың бекініс салып, Ресей империясының басқыншылық саясатына қарсы қоқандықтармен бірігіп кетуінен қауіптенген орыстар, оларға қарсы әскерін жөнелтеді.
Бұл әскердің міндетіне Тойшыбек бекінісін талқандап қана қоймай, Іле қазақтарын “тәртіпке” салу жүктеледі. 1850 жылы 15 сәуірде Ұлы жүз қазақтарының приставы Врангельдің орнына келегн капитан Гутковскийдің басқаруындағы қазақтардың жүздігі мен бір жаяу әскер взводы және екі зеңбірегі бар әскерінің Іле алқабына өтуі сол жерді мекендеген жалайырлар мен дулаттардың ашу-ызасын туғызады.
Бекініс түбінде қазақтар мен қоқандықтар бірігі отырып, өздерінің ортақ жауы патша өкіметінің әскеріне қарсы азаттық үшін шайқасқа түседі.
Тойшыбек бекінісінің түбінде қатты қарсылыққа тап болған Гутковский келесі күні шегінуге мәжбүр болады. Шайқас кезінде бекіністегілер 7 адамынан айрылса, орыстардың 1 адамы өліп, 7-уі ауыр жараланды. Оларды қоршаған қазақтардың саны 4 мыңға жетеді /149, 15п/.
Шегінген орыс әскері қазақтардың еркін қимылдауына мүмкіндік бермеу үшін Рүстем сұлтанның баласы Абылайды аманат ретінде ұстап, өздерімен бірге алып кетеді.
Патша өкіметінің тұтқынына түскен Абылай сұлтан Обдорск қаласына жер аударылғаннан кейін, ол жақтан қашып шығып, тундрада адасып, үсіктен өледі /150,507б/.
Ресей империясының Ұлы жүз қазақтарын күшпен бағындырмақ болған алғашқы әрекетінің толық сәтсіздікке ұшырауына бірден-бір себеп, қазақ халқының тәуелсіздік үшін азаттық күресі еді. Орыс генералы И.Бабков былай деп жазады: “Капитан Гутковскийдің әскери экспедициясы көрсеткендей, Кенесары кезінде болған Ұлы жүздегі толқулар әлі басылмапты, қайта соңғы уақытта күшейіп кеткені соншалық, олар біздің әскерге қарсы қоқандықтармен бірігіп соғысты” /67, 18б/.
Тойшыбек түбіндегі жеңіліс халықаралық жағдайда патша өкіметінің беделіне үлкен нұқсан келтіргені соншалықты, сол жылы патшаның жарлығымен Батыс Сібір генерал-губернаторы Горчаков пен Ұлы жүз қазақтарының приставы Гутковский орнынан алынады /20, 3б/.
Сондай-ақ, Ресей патшасы орыс әкімшілігіне қарсы шыққан қазақтарды қатал жазалау туралы Жарлығын шығарады.
Ал келесі жылы тікелей орыс патшасының бақылауымен Тойшыбек бекінісіне қарсы қайтадан мол әскер жасақталады. Бұл әскердің құрамында 883 жаяу әскер, 663 казак, 16 зеңбірек пен 100 ракетасы бар 170 зеңбірекші болды. Оның қамал бұзатын ауыр зеңбіректерін Санкт-Петербург пен Брянскіде қару сақтайтын қоймадан алдырады /151, 40-45 п/.
Орыс патшасының қаһарлы мол әскери күшті Ұлы жүз қазақтарына қарсы жіберудегі мақсаты Тойшыбек бекінісін талқандап қана қоймай, көтеріліс жасаған қазақтарды жазалап, орыс қаруының беделін қазақтардың арасында көтеру болды.
Патша өкіметі жазалаушы экспедицияның бастығына подполковник Карбышевты тағайындайды. Жазалаушы экспедицияның әскери жорығын даярлай отырып, орыс әскери әкімшілігі жорықтың жағдайын өте құпия жағдайда ұстайды. Жорықтың өте құпияда дайындалғаны соншалық, оны жаңадан тағайындалған Ұлы жүз Приставы капитан Перемышельский де білмейді.
Іленің арғы бетіне аттанып әскерді жорыққы даярлау туралы бұйрық 1851 жылы 7 наурызда беріледі. Ал әскер болса 1851 жылы 18 мамырда Қапалдан аттанады /151, 31п/.
Тойшыбек бекінісіне жеткен орыс әскері бекіністің бос тұрғанын көрсетеді. Орыстардың мол әскермен шығайын деп жатқанынан хабардар болған Тойшыбек бастаған рубасшылары мен қыпшақтар, жақсы қаруланған басқыншыларға төтеп бере алмасын біліп, бүкіл елін жинап, Шудың арғы бетіндегі қоқандықтардың иелігіне көшіп кетеді. Бұл жағдай туралы жазалаушы әскер бастығының №82 мәліметінен көреміз: “… Бекіністі қоршап ішке енгенімізде байқағанымыз, қыпшақтар бекіністі үш күн бұрын тастап кеткен екен. Іле мен Шу аралығынан бүлікшіл қазақтардың бірде-бір ауылы қалмай, Шудың арғы бетіне өтіп кеткен. Қыпшақтар болса Шудағы шекаралары мен Пішпек бекінісін күшейтіп жатыр” /20, 100б/.
Орыс әскерінің Тойшыбек бекінісін алуы Жетісу өлкесіне Ресей билігінің орнағанының белгісіне айналды.
Жетісу өлкесінде Ресей билігін күшейтуді көздеген Батыс Сібір генерал-губернатор Гас орд өлкеге бекініс салып қана қоймай, бұл жерге Ұлы жүз қазақтарының Приставын көшіріп, оның қасында әскер ұстауды ұсынды.
1853 жылы шілде айында Қапалдан майор Перемышельский бастаған орыстардың бір рота жаяу әскер және екі жүз казагі бар әскер келесі бір жорыққа аттанады. Мақсаты қырғыз манабы Ормон Ниязбековтың Ресей билігіне өту туралы өтінішін қанағаттандыру, ал түпкі ойы Іленің арңы бетінде нақты тірек болатын бекіністің орнын анықтап, патшалы Ресейді билігін біржола орнату болып табылды /154, 11 п/.
Іленің арғы бетіне өткен орыс әскеріне қазақтар барынша қарсылық көрсетеді. Өлкедегі қазақтардың қарсылығының күшейгені соншалықты, Перемышельский әскерінің бір бөлігімен Есік өзенінен Қаскелең және Шамалған өзендерінің батысына, Ұзын Қарғаш өзенінің бойына жорықтар жасап, қазақтардың малдарын тартып алуға мәжбүр болады. Перемышельский бұл туралы берген мәліметінде былай дейді: “орыстарды тек атақты қазақтар ғана қолдады, ал жалпы халық бізге жаулық ниет көрсетті” /19, 75-76 б/.
Ұлы жүз қазақтарын “тыныштандыра” отырып, Перемышельский Алатаудың солтүстік бөлігін, Талғар, Үлкен және Кіші Алматы, Қаскелең және Шамалған, Қарғалы деген жерлерді аралап, стратегиялық және экономикалық жағынан Кіші Алматының сол жағалауындағы Ұлы жүз қазақтарының Алматы деп аталатын қонысын ыңғайлы деп табады.
1854 жылы орыстар Алматы деп аталатын қазақтардың ертеден келе жатқан қорғанының орнына Верный бекінісін тұрғызады /155, 17 б/.
Жетісу өлкесінің Ресейді құрамына кіруі патша өкіметінің басқыншылық саясатының күшеюіне жол ашып, Жетісу өлкесінде әскери бекіністердің көптеп салынуына, орыс казактарының лег-легімен қазақ жеріне ағылуына және қазақ жайылымдарының күштеп тартып алынуына және тағы басқа саяси жағдайларға алып келіп, Ұлы жүз қазақтары Ресей империясының толық отарлық езгісіне түседі.
Яғни, Ресей жетісу жеріне таза отарлаушы күш ретінде қадам басып, келесі басқыншылық жорықтарға дайындық жүргізуге көше бастайды. Осы мақсатқа жету үшін патша өкіметі Жетісу өлкесін әскери орынға айналдырып, Верныйды қазақ даласындағы ең ірі бекініс етіп жасайды. Онда сол замандағы ең озық соғыс техникаларымен жасақталған мықты гарнизон орналасты. Бұл гарнизонның міндетіне өлкедегі орыс билігін қамтамасыз етіп қана қоймай, кез-келген уақытта Орта Азияға басқыншылық жорықтарын жасау кірді.
2 АЛАТАУ ДУАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ – ЖЕТІСУ ӨҢІРІН ОТАРЛАУДАҒЫ ЖАҢА КЕЗЕҢ
2.1 Алатау дуандығы әкімшілігінің жергілікті басқарушы топпен ара қатынасы. Отарлау әдістері
ХІХ ғасырдың бірінші жартысының 40-50-жылдары Ресейдің сыртқы саясаты Қырым соғысынан кейін едәуір төмендеп, Еуропадағы позициясы біраз кейінге шегіндірілді. Оның үстіне елдегі капитализмнің тез әрі жылдам дамып келе жатқан Ресей өнеркәсібі мен саудасы барған сайын жаңа өнім өткізетін рыноктары мен арзан шикізат көздерін талап етті. Сол себептен Ресейдің Қазақстан мен Орта азияны тездетіп экспедициялау кезек күттірмес мәселеге айналды. “Ресейдің батыс рыноктарында көп жағынан басымдық алған уақыты өтті,- делінген әскери жинақта, — ал мұның өзі бізді жаңадан Шығыс рыноктарын және ең алдымен таяу Орта Азиядағы рыноктарды іздестіруге міндеттейді” /156, 6-7 б/.
Осы мақсатты көздеген патша өкіметі жауланған қазақ жерлерінде Ресей билігін күшейтуді ойлап, ерекше отаршылдық әскери және әкімшілдік басқару құралдарын енгізіп, Орта Азияны басып кіру үшін дайындық қамына кіріседі. “капитализмнің дамуы деп,- деп жазады,- Г.Са аров,- дүниежүзінің шикізатқа деген сұранысын күшейтіп және бәсекелестікті өткірлендіріп, отарлық иеліктер үшін қырғын соғыстарға алып келеді” /157, 60б/.
Жетісу өлкесіне Ресей империясы жаулап алғаннан кейін, Батыс Сібірдің шекарасы кең көлемде ұлғайды. Осыған байланысты, қазақтарды басқаруды оңайлатуды ойлаған патша өкіметі 1854 жылы 19 мамырда Сібір қазақтарын екі облысқа – Сібір қазақтарының облысы және Семей облысына бөледі. Патша өкіметінің Семей облысына арнап шығарған “Ережесінде” былай делінген: “Сібір әкімшілігіне қарайтын қазақ даласының ұлғаюына байланысты оны басқаруды жеңілдету және ішкі өнеркәсіпті дамытуды көздей отырып, бұйырамын: 1. Қазақ даласының сол қанатына кіретін, атап айтқанда Көкпекті және Аягөз сыртқы дуандықтары және Жетісу өлкесі, Семей, Өскемен және Бұқтырма бекіністері, Сібір шебінің ішкі жағында және Ертіс өзенінің оң жағалауында көшіп жүрген қазақтардың жерлерінен ерекше Семей облысы құрылсын” /158, 186 б/. Ендігі уақытты Семей облысына қараған Ұлы жүз Приставы жанынан Қапал әскери дуандығы құрылып, осы уақытқа дейін станица атанған Қапал енді дуандық қала мәртебесін алады. Осымен бір мезгілде Ұлы жүз жанындағы Пристав тікелей Жеке Сібір командиріне бағынбай, Семей облысы әскери губернаторына қарайтын болды. Тек төтенше жағдайда ғана ол Батыс Сібір генерал-губернаторы және Сібір корпусының командиріне шыға алатын еді.
Сонымен қатар патша өкіметі басып алынған Жетісу өлкесі әскери жағынан маңызды стратегиялық плацдарм болғандықтан, ондағы әскери-әкімшілік жүйесін күрделендіре түседі. Ресейдің өлкедегі мемлекеттік басқару жүйесі бірнеше отаршылдық мақсаттарды көздеді, біріншіден, әскери әкімшілік басқару құралдарын қайтадан құру және олардың өлкедегі билігін күшейту; екіншіден, өлкені өзінің ішкі өнеркәсібі және басқа да сұраныстарына қажет арзан шикізат көзіне айналдыру; үшіншіден, өлкеге Ресейдің губернияларынан шаруалар мен казактарды әкеліп қоныстандыру және отарлау; төртіншіден, өлкені болашақта Орта Азия мен басқа да Азия елдеріне шабуыл жасайтын стратегиялық плацдармға айналдыру. Бұл жерде Англия үшін Герат провинциясы қандай маңызды болса, Ресей үшін Жетісу өлкесі сондай маңызды алаңға айналды.
Сондықтан 1856 жылы 3 қарашада Сенаттың №31093 жарлығы бойынша Ұлы жүз қазақтарының приставы өзгертіліп, Алатау дуандығы және Ұлы жүз қазақтарының бастығы деген атаумен орыстардың ерекше әскери-әкімшілік орыны құрылады /62, 237 б/. Алатау дуандығы батысында Қаратал өзенінің сағасынан басталып, Балқаш көлінің оңтүстік шетін қамтып, одан әрі Шу өзенінің бас жағына дейін, ал шығысында Нарын өзенінен бастап, Қытай шекарасына дейінгі жерлерді алып жатты. Оның жер көлемі 152-277 шаршы верст болды /118, 157 б/. Дуандықтың оңтүстігі мен солтүстігіндегі шекаралары көп уақытқа дейін анықталмады.
Алатау әскери-әкімшілік дуандығына қауіп төнетін болса, онда батысындағы Лепсі өзенінің бойымен өткен Аягөз сыртқы дуандығы және шығысындағы Лепсі және Қаратал мен Көксу аралығындағы орналасқан Қапал әскери дуандығы кез-келген уақытта көмекке әскери күш жіберуге дайын тұруға тиіс болды.
Сонымен қатар Ресейдің Сыртқы істер министрлігінің Азия департаменті мен Сібір комитеті Батыс Сібір генерал-губернаторына Дюгамельдің дайындаған “Алатау дуандығын басқару жөніндегі Ереже” атты жобасын талқылайды. Оны ІІ Александр 1862 жылы 25 желтоқсанда бекітеді. Бұл Ереже бойынша Алатау дуандығындағы әскери және азаматтық биліктің барлығы дуан бастығының қолына шоғырланады.
Ереженің 23-бабына сәйкес, ол аймақтағы отарлық тәртіпті бұзғандарды өзі басқарып отырған жерлерден қуып жібере алады /159, 1-2 п/.
Ереже бойынша жаңа құрылған дуандық Семей облысының құрамына енеді. Дуан бастығының жанынан Алатау дуандық басқармасы құрылады. Оған бастықтың өзінен басқа оның көмекшісі, іс жүргізушісі, 2 аудармашы, 2 кеңсе хатшысы, үш аға сұлтан, Ұлы жүз қазақтарының депутат және бастықтың адъютанты енді. Қызмет бойынша дуан бастығы Семейдің генерал-губернаторына бағынғанымен, төтенше жағдайда тікелей Батыс Сібір генерал-губернаторы және Жеке Сібір корпусының командирімен байланыс жасауына құқық берілді. Оның міндетіне сондай-ақ жергілікті халықтың өміріне қатысты негізгі мәселелерді шешуге араласу жатты. 1865 жылдан бастап енгізілген салық жүйесін бақылау да осы дуан бастығының билігіне өтті. Тағы бір ескеретін жайт, 1862 жылғы “Ережеде” дуан бастығына полковник шенінен төмен емес орыс о ицерлері ғана тағайындалды. Мұның өзі патша өкіметінің дуандыққа ерекше қызығушылық танытқанын көрсетеді /62, 237 б/. Дуан бастығының көмекшісі болып азаматтық немесе штаб және аға о ицерлік лауазымы бар орыстар қойылды. Ол бекіністі басқарып, Верный қаласындағы құрылыстарды жүргізіп, азаматтық сот шеңберіндегі қылмыстық істерді тергеу жұмысымен айналысты. Ұлы жүз қазақтарынан депутатты сұлтандар өз тарапынан сайлады, ал ол өз кезегінде үш аға сұлтан арасындағы байланысты реттеп отырды, сондай-ақ қазақ қоғамын дуан бастығымен жалғастырушы міндетін орындауға тиіс болды. Қазақ қоғамына қатысты сот-тергеу жұмыстары осы депутат арқылы жүргізілді.
Жоғарыда аталған қызметтерден басқа бұл дуандықтың әскери әкімшілік орындарына мынадай міндеттер жүктелді: Орта Азия хандықтарында және Шығыс Түркістан мен Қытайда болып жатқан жағдайлар туралы ақпараттар жинау, саяси және әскери барлау жасау.
Сондай-ақ, Алатау дуандығының бастығы Орта Азия хандықтарында болып жатқан саяси жағдайлар туралы мәліметтерді татар саудагерлері арқылы жинап, жоғарғы басшылыққа хабарлап отырған. Оған 1860 жылы 8 шілдедегі Алатау дуандығының бастығы Колпаковскийдің Жеке Сібір корпус командиріне берген № 1472 мәліметі мысал бола алады. Онда: “Кеше кешке керуенмен келген Алматы татары Мұхамедтің маған жеткізген мәліметіне сенетін болсақ, қоқандықтар мен Бұхара хандығының арасындағы әлі күнге дейін жауластық жүріп жатыр” /161, 25-26 п/.
Патша өкіметі Англия, Түркия сияқты мемлекеттердің Орта Азия мен Шығыс Түркістанды жүргізген іс-әрекеттерін Алатау дуандығы арқылы бақылап отырған. Жалпы алғанда, Алатау дуандығы патша өкіметінің Шығыстағы барлау орталығы болды. Оны көптеген мұрағат деректері растай түседі. Мұрағат қорларынан табылған деректердің бірінде былай делінген: “Жеке Орынбор корпусының командирі қазақтардан мынадай хабар алады. Түркиядан Хиуаға 4 адам келген сияқты. Оның екеуі Хиуа әскеріне қару-жарақ жесап беруде, ал екеуі Амударияда кеме құрылысымен айналыспақшы. Гурген қаласында осы мақсатпен ерекше мекен-жай салып, оған ағаш отындарды жинап жатыр. Сондай-ақ Бұхараға да ағылшындардың тыңшылары келіп, олар да Амударияға пароход жүргізбек деген сыбыр бар. Сізден өтінерім, осы жағдайлардың растығын тексеріп, корпус командиріне хабарлаңыз. №1553. 1862 жыл. 7 қараша” /162, 24 п/.
Сонымен қатар патша өкіметі Жетісу өлкесіне Орта Азияға басып кіретін әскерлерді шоғырландырды. Онда олардың оқ-дәрісі мен азық-түлік қорын жасап, жүк көліктерін жасақтады. ХІХ ғасырдың ортасында Ресейдің Алатау дуандығындағы қарулы күштері тұрақты әскерлері мен тұрақты емес (казактар) әскерлерден тұрды. Жетісу жеріне орналастырылған әскермен шектелмей, жаңадан жаулап алынған өлкеге отаршылдық билікті нығайтуды көздеген патша өкіметі жаңа сот әкімшілік ережесін енгізеді. Бұл ережеге сәйкес, талан-тараж, барымта, кісі өлтіру секілді ірі қылмыстар орыс сотының қарауына берілді. “Ұлы жүз қазақтары Ресейге қосылғаннан кейін, онда нақты басқару мен сот жүйесін орнатқанға дейін 1862 жылы уақытша ереже жасалады. Ол ереже бойынша Ұлы жүз қазақтары Орта жүз қазақтарының жеріне барып, барымта, тонау немесе кісі өлтірсе онда олардың ісі әскери сотқа берілді, ал егерде жаңағы қылмыстарды өз араларында жасаса немесе орыс өкіметіне опасыздық жасап, Ресей билігін мойындаудан бас тартса, онда оларға үкімді қалауына қарай Батыс Сібір генерал-губернаторы шығарды” /21, 52 б/.
Қазақтардың әдет-ғұрып заңдарының қолданылу ауқымын азайтып, оны Ресейдің сот билігімен алмастыруды орыстар қазақ жеріне басып кіргеннен-ақ ойластырған.
Әдет-ғұрып заңдары қашанда болмасын, қоғамның өзі қалыптастырғандықтан ерекше күшке ие болып, оны ешқандай да сыртқы күш оңайлықпен құрта алмаған.
Демек 1830-1860 жж. орыс өкіметінің билер сотын ре ормалау жөніндегі іс-әрекеті толық сәтсіздікке ұшырап, қазақ билерінің ролі қайтадан күшейе бастаған. Қазақтар соңғы кезге дейін әкімшілік бұйрықтан басқа бұрынғы ата дағдысынан, яғни әдеттік заңынан айрылған жоқ. Шоқанның айтуынша, Ресей құрамына кіргенге дейін қазақ билері сайланбаған, тек қосылғаннан кейін сайланып қойылатын болған. Оның пікірінше қазақ билері өздерінің шешендік тапқырлықтарымен беделге ие болып, билік алатын көрінеді /6, 56-57 б/.Ұлы жүз қазақтарының дау шараларды шешуде екі жақта орталарынан би таңдаған. Онда қай жағы тапқырлық көрсетіп, шешендік танытса, сол жақ жеңіске жетіп дауды өз пайдасына шешкен.
Жетісуда болған саяхатшы П.П. Семенов-Тянь-Шанский бұл жөнінде былай дейді: “Қазақтар ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрып заңдары бойынша даулы мәселелер туа қалса, оны билер соты шешкен. Билер сотында әр рудан үш биден шыққан және әр рудың сұлтандары мен Ұлы жүз қазақтарының Приставы қатысқан. Сондай-ақ, билер сырттан дауға қатысы жоқ басқа рудың атақты биін төрағалық жасауға шақыратын. ХІХ ғасырдың ортасында Ұлы жүзде билерді ешкім сайламаған немесе тағайындамаған. Оларды халық ақылы мен адалдығына, қоғамдағы беделі мен басқа да қасиеттеріне қарап, өздерінің мұң-мұқтажы мен дауларын шешу үшін таңдап отырған. Билердің қатарында қазақтардың “ақсүйектері” және көбінесе “қара сүйек” тап қкілдері болған” /66, 147-148 б/.
Жетісу өлкесіндегі адат немесе билер соты бойынша қылмыс жасаған адамдар көбінесе құн төлеп отырған. Атап айтқанда, ер адамның құны, егер денесі туысқандарына қайтарылса, 200 жылқы, 100 қой және 100 сом тұрса, әйел адамға жаңағы аталған құнның тең жартысы төленген /173, 2 п/.
Жетісу өлкесінде орыс билігінің күш ала бастауы, Ұлы жүз қазақтарының арасында ғасырлар бойы қалыптасқан билер сотының байланыстарынжоя бастады. Әсіресе, орыстар барымтаны қылмыстың қатарына жатқызып тиым салды. Нәтижесінде қазақ билері орыс әкімшілігіне тәуелді бола бастады. Мысалы, Тіленші Балпықов деген би орыс әкімдеріне былай деп шағымданады: “Біздің заңымыз бойынша жалайырлардың биі Айдар Сүйіндіков менің адамымның қолын сындырғаны үшін, маған жартылай құн телеуі керек. Сондықтан менің өтінерім, аға сұлтан Сүйік Абылайханов менің арызымды қанағаттандырса екен” /174, 9 п/.
Барлық билікке ие болған патша әскери әкімшілігі қазақ халқының ұлттық намысын аяққа таптап, орыстардың алдында құлдық ұру психологиясын қалыптастырды. Қазақ халқының орыстардан төмен, бұратана халық екенін сезінуге тәрбиелеуді мақсат етті. 1862 жылы Жетісу өлкесіне арналып шығарылған “Ереже” сот жүйесіне де ықпалын тигізді. Ғасырлар бойы қалыптасқан жүйелі билер сотына шектеу қоюға ұмтылып, оны орыс әскери әкімшілігінің бақылауына беруге тырысты. Алатау дуандығындағы орыс әкімшілігінің барлық сатыларында шексіз озбырлық, заңсыздық пен пара алушылық кең қанат жайып, қазақтардың кұкығы көпе-кернеу аяққа тапталды. Атап айтқанда, Алтын Емел пикетінің бастығы Мамырхан сұлтанның баласы Сұлтанғазыдан 3 түйе, 1 сиыр, 3 қой және 15 лақты ұрлап алып, оны наймандардан көрген, ал қоңыр бөріктілердің бір ауылынан жақын келіп қоныстанғаны үшін 10 қой заңсыз салық алған /175, 1 п/.
Алатау дуандығында пара алушылық пен қазына мүлкін талан-таражға салу кеңінен етек жайды. Мысалы, әскери старшина Бутаков Алматы дүкенінің ұнның 450 бөлігін, 1357 сом күмістей ақшасын өз пайдасына жаратқаны үшін, дүние-мүлкі тәркіленіп, ісі әскери сотқа берілген /178, 63 п/.
Алатау дуандығының шенеуніктері қазақтармен қатар Ресейден ауып келген орыс шаруаларынан да пара алып отырған. Тарск дуандығынан ауып келген орыс шаруасы Е. Васильева заседатель Петровқа 30 сом күміс ақшасын “сыйға” берген /180, 2 п/. Дуандықтағы пара алушылықтың асқынғаны сонщалық, дуан бастығы Колпаковский шенеуніктерге қатаң шаралар қолдануға мәжбүр болды. Ол өзінің көмекшісі Тургеновты пара алғаны үшін орнынан алып, Омбыға қуып жібереді /181, 5 п/.
Алатау дуандығының бастығы Г.А. Колпаковскийдің Жетісу өлкесінде орыс билігін орнатудағы еңбегі “ерекше”. Жергілікті халықтың тілін, салт-дәстүрін жақсы білген Колпаковский ең бірінші кезекте Ресейдің отаршылдық жүйесінің “адал” қызметшісі болды. Е.Марков ол туралы былай дейді: “генерал Колпаковский нағыз дарынды және тәжірибелі отарлаушы болды. Ол қысқа уақытта қазақтың шөл даласына бай және ірі отырықшы елге айналдырды. Қазір Түркістан, Жетісу өлкесіне Ресей ретінде қарайды” /4, 508 б/.
Колпаковский Жетісу өлкесінде орыс билігін орнатуда небір айла-амалдар қолданған. Оған қыркүйекте солты руының манабы Жәңгір Исходжинге жазған хаты дәлел бола алады: “Саған және сенің руластарыңа үйлерінен шықпау туралы бұйрық беремін. Менің бұйрығымның орындалуы үшін сенің бауырың мен ұлың Пішпекті қиратқанша бізде кепілдікте ұсталады. Егер де сенің қырғыздарың қарумен бізге қарсы шығатын болса, онда сенің бауырың мен ұлың дарға асылады” /183, 47 п/. Сондай-ақ, ол орыс билігіне қарсы шыққан қазақ-қырғыз руларын жаппай қырғынға ұшыратып отырған.
Өлкедегі отарлық жүйені және жергілікті тұрғындарға бақылауды күшейту үшін патша өкіметі Алатау дуандығында полиция мекемесін ашуды жөн көреді. Патша өкіметінің Жетісу өлкесін полициялық бақылауға алуы, империялық мүддеден туындап, отарлық саясаттың келесі бір қадамына аяқ басты.
Алатау дуандығындағы полициялық бақылау қызметі өлкені отарлаудағы аса маңызды құралдардың біріне айналды. Оның міндетіне азаматтық және әскери мәселелерді атқару, қамауға алғандарды бақылау, әкімшілік және шаруашылық істер кірді. Полициялық қызметтің басшылығына әскери адам капитан Былинскийдің тағайындалуы полициялық қызметтің негізгі мақсатын айқындаған еді /185, 3 п/.
Патша өкіметінің Жетісу өлкесін отарлаудағы орыс билігінің ықпалын арттыратын, талай рет сыннан өткен тағы бір құралы марапттаулар, атақтар беру, жоғары қызметтерге қою, құрмет көрсету және тағы басқалар арқылы ықпалды сұлтандар мен билерді, ру басшыларын отаршылдық өкімет жағына тарту болды.
Ресейдің Жетісу жеріне енуіне Қоқан хандығы мен Кенесары хан бастаған азаттық қозғалысымен және Қытай ықпалымен бір мезгілде күрес жүргізді. Осындай шиеленісу орын алған жағдайда патша өкіметі жергілікті билеуші табын өзіне қарату мақсатын көздеп, оларға шен-шекпен мен сый-құрметті үлкен “мәрттікпен” таратумен болды. Мәселен, қырғыз манаптары Қазыбек Таштамбеков пен Қалығұл Әлібеков және Асық Шалов 1847 жылы Кенесары ханды өлтіргендері үшін алтын және күміс медальмен марапатталса, болыс басқарушысы Ноғайбай Дәулетбақов 1864 жылы орыс әскеріне көлік бергені үшін құрмет қағазын, ал 1865 жылы Әулиеатаны алуға қатысқаны үшін прапорщик әскери атағын алды. Оразалы Қожамжаров деген қазақ 1862 жылы Ұзынағаш шайқасына Ресей жағында қатысқаны үшін күміс медаль және мақтау қағазын, Жетісулық қазақ Мәке боқтыбев 1847 жылы Омбыдағы Батыс сібір әкімшілігіне барып, Ұлы жүз қазақтары атынан Ресей бодандығын қабылдауға әзір екендігін білдіргені үшін алтын медаль, құрмет шапанын және жүзік, оның үлкен інісі Дәуітәлі Боқтыбаев 1855 жылы орыс билігіне жасаған қызметі үшін құрмет шапанын, ал 1856 жылы прапорщик атағын, кіші інісі Ахметжан Боқтыбаевқа 1864 жылы Әулиеата бекінісін алуға қатысқаны үшін күміс медаль беріледі және тағы басқалар /42, 76-77 б/.
Патша өкіметі Ұлы жүз қазақтарының билеушілерін қаншама рет марапаттап, сырттай өзінінің оларға достық пиғылын көрсеткенімен, ал іс жүзінде қазақ билеушілеріне ешуақытта сенімділік көрсеткен емес. Оны генерал Капцевичтің қазақ даласында орналасқан әскер бөлімдерінің басшыларына берген нұсқауынан көруге болады: “Қазақтардың тұрақсыз мінез-құлқын білгендіктен, әрдайым естеріңде болсын, олар өте қу, зұлым, қашанда кек алуға дайын тұрады, рахымшылығы жоқ, жақсылық істегенді тез ұмытатын халық. Сондықтан оларды өзара қырқысудан әлсіресе де және қару жарағы нашар болса да, күшін елемеуге болмайды. Қазақтардың арасында ақылды адамдар баршылық. Оның ішінде сұлтандар мен билердің және ру басшыларының көпшілігі ойларын ішінде сақтап, тұйық болып келеді. Бұл қасиет олардың ақылын көрсетеді. Сол себептен өмірі еркіндікте болып, басқару мен тәртіпті білмейтін қазақтардың арасында тұрған біздің әскерлер әрқашан сақ балсын” /187, 1 п/.
Ал келесі бір нұсқауында Гас орд Колпаковскийге күдік келтірген қазақ билеушілері болса, оларды тез арада тұтқындау туралы бұйрық береді.
Гас орд Әли сұлтанмен қатар қауіптілердің қатарына Тезек сұлтанды да жатқызған. “Тезектің сыртынан мұқият бақылаңыз,- дейді Гас орд,- мүмкін болса руластарының арасындағы беделін түсіріп, оған қарсы туысқандары мен төлеңгіттерін айдап салыңыз. Оның әрбір қимылын бақылап, маған хабарлап отырыңыз” /86, 18 п/.
Дуан бастығына аталған сұлтандарды қадағалауды тапсырған генерал-губернатор оларды бір-біріне айдап салуды жөн көрген.
Батыс Сібір генерал-губернаторының нұсқаулары бойынша іс-әрекет жасаған Алатау дуандығының бастығы Колпаковский Ұлы жүз қазақтарының билеушілерін бір-біріне қарсы қоюда шеберлік көрсетіп, Сібір әкімшілігінің көңілінен шықты. Колпаковскийдің “қызметі” сонда, ол сол уақыттағы Жетісу өлкесіндегі қазақ-қырғыз руларының арасындағы барымта, жер дауы, жесір дауы, руаралық жанжалдар және тағы басқа келеңсіз жағдайларға араласып, көбінесе өзі қолдап отырған. Әсіресе, бір руды екінші румен араздастыру, бір рудың малын екінші ру арқылы барымталау, қазақ руларын қырғыздарға айдап салу немесе керісінше әрекет жасау оның күнделікті тіршілігіне айналған. Мұрағат деректеріне сүйенетін болсақ, жоғарыда көрсетілген жағдайларды дәлелдей түседі. 1860 жылы 2 ақпандағы Аблез сұлтанның Колпаковскийге жазған хатына жүгінсек, онда былай делінген: “Мен қырғыздарға 200 жігітімді барымтаға жіберген едім. Олар біраз малды олжалап аман-есен кейін қайтты. Сұлтанбектің ұлы Қотан 200 жылқыны айдап кеткен еді, бірақ ботпайлар қайтарып ала алды” /188, 62 п/. Дуан бастығының бұйрығын орындаған Аблез сұлтан орыс билігін мойындауынан бас тартқан қазақтың рулары мен қырғыз руларына барымталар жасап, мазаларын кетірумен болған.
Колпаковский қырғыздарға Аблезден басқа да қазақтарды жіберіп, малдарын олжалатын отырған. Мысалы, қырғыздардың мына шағым хатына жүгінсек, онда “Орыс бастығына құрметті қырғыздар Жанғараш, Сұлтанай, Байтық, Құршыдан. Орыс бастығы бұйырыпты, екі аяқтыға сауда жоқ, төр аяұтыға қайту жоқ. Содан бастап Күнту 200 жылқы, одан кейін Қашай 250 жылқы айдап кетсе, астық жинап жатқанда қашқарау Қышан 300 жылқы айдап, 40 егіншіні қзімен бірге алып кетіп, құлдыққа сатып жіберген. Сұлтанай 750 жылқыны айдап бара жатқанда тұтқынға түседі. Сол кезде Сіз хат жазғаннан кейін, оны жолдастарымен босатып жіберіп, енді тыныштық орнайтын шығар десек, артынша Әділ мен Қазыбек келіп 250 жылқымызды, Ақтыбай мен Нұрбай 80 жылқымызды айдап кетті” /188, 10 п/.
Орыс әкімшілігінің айдап салуымен барымтаға барып жүрген қазақтарға қарсы қырғыздар да жауап ретінде барымтаға шығып, қазақтардың малдарын олжалап, адамдарын алып кететін. Ондай жағдайда орыс әкімшілігі қырғыз билеушілерін қорқыту арқылы қазақтарға адамдары мен малдарын қайтарып бергізіп, қазақтарды қайтадан барымтаға аттандыратын. Колпаковский Сұраншыға жіберген №1535 хатында былай дейді: “Сіздің сарыбағыштардың тұтқынында жатқан туыстарыңыз Шынасыл мен Сыпатайды және олжаланған малдарын қайтару туралы қатал түрде манаптары Әділге хат жаздым. Оған дейін Аблез келсе, Сарыбай және Базарбек бәрің жиналасыңдар, сол жерде жағдайға қарай манап Әділден қалай есеп айырысу керек жөнінде нұсқау беремін” /188, 19 п/.
Колпаковскийдің Жетісу өлкесіне Ресей билігін орнатуда шектен шығып кеткен кездері де болған. Ол 1861 жылы қаңтар айында қырғыздардың сарыбағыш және Ұлы жүз рулары қашқарау мен жаныштарға қарсы есаул Бутаков пен жүздік Жеребьятев және хорунжий Ростовчев бастаған үш казак бөлімшелерін жазалауға аттандырады. Нәтижесінде қазақ-қырғыз ауылдарын қазақтар қырғынға ұшыратады. Колпаковскийдің қатыгездігі сонда, қолға түскен әйелдер мен балаларды жазалауға қатысқан қазақтарға олжа ретінде “сыйға” тартып, қырғыздарды біржола қазақтардың қа дұшпанына айналдыруды көздеді. Бірақ оның адамгершілікке жат осы әрекетін Гас ордтың өзі құптамай, оған сөгіс беріледі. Ал “олжаға” түскен әйелдер мен балаларды қайтадан туысқан қырғыз руларына қайтарып беру туралы бұйрық беріледі /189, 3 п/.
Міне осы келтірілген актілер мен орыс әкімшілігінің біріншіден, Жетісу жерінде саналы түрде жеке ықпалды тұлғалардың беделін әлсіретіп, оның іс-әрекетін орыс билігінің ыңғайына көндіру болса, екіншіден, Жетісу өлкесіндегі қазақ-қырғыз халықтарының, әсіресе, қазақ руларының ауызбіршілігін ыдырату, бір-бірімен араздастырып, орыс билігіне қарсы келетіндей күш қалдырмаудан тұрса, үшіншіден, Алатау дуан бастығы ерекше билікпен қамтамасыз етіп, өлкені жеке-дара билеуіне жол беріп, қазақтардың соңғы тәуелсіздік ошағын сөндірді.
2.2 Жетісу өлкесі үшін Ресей және Қытай арасындағы талас-тартыс
ХІХ ғасырдың екінші ширегінен бастап қазақ даласы үшін Ресей мен Қытай империяларының арасындағы жағдай өте шиеленіспен өтеді.
Жетісу өлкесін толығымен алып жптқпн Ұлы жүз қазақтары арқылы патша өкіметі Батыс Қытай және Қашқариямен сауда байланысын орнатып, оған баратын “ең қауіпсіз жол” жасамақшы болды. Ол кезде Қытай мемлекеті орыс көпестерін маңайына жолатпай, сауданы тек қазақтармен ғана жасайтын. Қытай империясы үшін жалпы сауда байланысы экономикасындағы көңіл аударатындай сала деп ойламады. Қытайлықтар сауданы саясаттың құралы ретінде санап, шетел мемлекеттерінің кез-келгенімен байланыс жасауға қауіптеніп, ол мемлекеттерде болып жатқан өзгерістер мен идеяларға қорқа қарап, халқының жаңалықтармен таныс болуын қаламады. Басқаша айтқанда қытайлықтарды дәстүрлі көне Қытай дүниетанымы шеңберінде, шектеулі томаға-тұйық жағдайда ұстауды қалады. Сол себептен Қытай үкіметі шетел мемлекеттерімен, әсіресе, Еуропа мемлекеттерімен саяси, экономикалық, мәдени байланыстарға бармау үшін сауда байланысына да қатаң түрде шектеу қойды.
Ал қазақтарға келгенде, Қытай үкіметі оларды өздеріне жақын тарту мақсатында және шекарада тұрған әскерлері мұқтажына қажетті заттарды алу үшін рұқсат берді. Сауда Қытай үкіметі белгілеген тәртіпте жүргізілетін Алдымен арнайы келген қазына шенеунігі қазақтардың әкелген малдарына баға белгілеп, сосын оны қазыналық маталарға айырбастаған. Әсіресе, қазақтардың жылқыларына сұраныс көп болған, әскерінің дені қазақ жылқыларын мінген.
Орыс көпестері Қытай үкіметі тарапынан тиым салынғанына қарамастан олармен сауда жасауға тырысқан. Олар Андижан көпестерінің атын жамылып, қазақ рубасыларынан Шыңжаң бастығының атына жазылған сенімхат арқылы Шығыс Түркістанда сауда жасайтын болған. Бұл әдіс орыс көпестерінің қажеттілігін қанағаттандыра алмады. Нәтижесінде патша өкіметі орыс саудасын сылтаурата отырып, өздерінің стратегиялық жоспарын іске асыра бастады. Ондағы мақсат – Шығыс Түркістан мен Орта Азия мемлекеттеріндегі рынокқа шығып қана қоймай, осы жерлер арқылы Үндістанға шығу еді.
ХІХ ғасырдың басынан бастап патша өкіметі Орталық Азия жерінде, соның ішінде Шыңжаңда да геосаяси және геостратегиялық мақсаттағы зерттеулерін кеңінен жүргізді. Әр түрлі ғылыми экспедициялар, саяхатшылар, елшіліктер, саудагерлер және тағы басқалар Ресей үшін мүдделі аймақтар жөнінде мәліметтер әкеліп, оны жан-жақты талдай бастайды.
Сонымен қатар патша өкіметінің алдыңғы қатарда тұрған мәселесі Шығыс Түркістанмен сауда қатынасы еді. 1844 жылдың аяғында Азия департаменті Н.И. Любимовтың орыс саудасын кеңейту мүмкіндіктерін зерттеу үшін Шәуешек пен Құлжа қалаларына аттандырады /191, 1 п/. Алдына қойған тапсырманы сәтті орындап, Жетісу арқылы кейін оралған Любимов Қытаймен сауданы жандандыру үшін Жетісу жерінен өткен сауда жолы үлкен артықшылықтарға ие екендігін дәлелдейді.
Ресейдің шығысқа қарай жылжуының түпкі себебі, егер Түркістан мен Батыс Қытайға ие болса, онда геогра иялық жағынан “Азияның жүрегі” бола отырып, жолдары мен байлагыс құралдарын жетілдірген жағдайда, Ресейге барлық оқиғалардың бел ортасында болуға мүмкіндік әкелер еді және осы орталық арқылы әр бағытта әрекеттер жасауға қолайлы жағдай туғызатын: Шығыс Пекинге, оңтүстік-щығыста Сычуам провинциясы бағытына, одан әрі Үндіқытайға жол ашылса, оңтүстікте Тибет пен Үндістанға соққы беруіне мүмкіндік ашылар еді, ал оңтүстік-батыс Ауғанстанға соққы беруге мүмкіндік берсе, солтүстік-шығысқа қарай бағыт сыртқы Монғолияға қарай шабуыл үшін қолайлы болатын еді.
Осы көрсетілген мәселелерді жүзеге асыруды көздеген патша өкіметі, қазақ даласын жаулай отырып, оған бекіністер салып, шекараны бойлай қазақтарды қоныстандырып, бірқатар әкімшілік ре ормаларын жүргізіп, Жетісу өлкесіне ене бастайды. Жетісу өлкесіне аяқ басқан орыстар, Қытай билік орындарының көзін үйретуді ойлап, Шубиннің әскер бөлімшесін Қаратал өзенінің бойына жібереді.
Шубин әскерінің Іле өзенінің бойына келуі Жетісудағы патша өкіметінің белсенділігін зер сала қадағалап отырған Шыңжаңдағы маньчжур-қытай өкімет әкімішілігі мен қытай әкімдерінің назарына шалынады. Көп күттірмей Петербургке Қытай өкіметінің наразылығы да келіп жетеді.
Бірақ бұл кезде Ресей Еуропада болып жатқан соғысқа кіргендіктен, Қытаймен тайталасуға батылы жетпей, патша өкіметі 1826 жылы Сібір әкімшілігіне Қаратал бойында құрылыстарды бұзып, әскерін кері шақырып алуы туралы нұсқау жібереді. Осылайша Қытай өкіметі орыстардың Жетісу өлкесіне ентелеп кіруін уақытша тоқтатады.
Алайда, 1840 жылы Ресей империясы Жетісу өлкесін қайтадан отарлауға көшеді. Жетісу өлкесіне 1831 жылы Аягөз, 1847 жылы Қапал, 1854 жылы Верный бекіністер тізбегін салған патша өкіметі, 1848 жылы Ұлы жүз қазақтарының Приставын құрып құрып, оны 1856 жылы Алатау дуандығы деп өзгертеді. Осындай жүргізген әскери-әкімшілік шаралардың нәтижесінде, Ресей империясы Жетісу өлкесіндегі позициясын күшейтіп алады.
ХІХ ғасырдың 40-жылдарынан бастап патша өкіметінің Ұлы жүз қазақтарын бағындыра бастауына Қытай патшалығы бұл жолы еш қарсылық көрсетпей, қорғаныс саясатын ұстанды. Бұған себеп, Қытай патшалығында орын алған сыртқы және ішкі саяси жағдайдың шиеленісуі еді. ХІХ ғасырдың 20-жылдары басталған Қашқариядағы және тайпиндер көтерілісі империяны іштен әлсіретсе, 1840-1842 жж. Англиямен болған бірінші апиын соғысындағы жеңілістер Қытай патшалығын орыс-қытай қатынасында “жұмсақ” саясат жүргізуге мәжбүр етті.
Қытай патшалығындағы қиыншылықтарды өз мүддесіне пайдаланған патша өкіметі, сауда мәселесін шешіп алуды жөн көреді. Ақыры 1851 жылы шілде айында Құлжа қаласында ресми келіссөз басталады. Бұл келіссөзге Ресей үкіметінен ресми өкілі болып, Азия департаментінің бастығы И.Н. Ковалевский және оның тілмашы И.Н. Захаров, Г.П. Татаринов сияқты мамандар келсе, Қытай жағынан Іле өлкесінің бастығы генерал Ий Шан және Тарбағатай әмбісі Буянтай қатысады. Олар 1851 жылы тамызда “Іле-Тарбағатайда сауда жасау Ережесіне” қол қойылды.
“Іле-Тарбағатай сауда жасау Ережесіне” қол қойылуы – патша өкіметінің Шығыс Түркістанның қақпасын заңды түрде ашқандығының бастамасы еді. Бірақ бұл құжат бойынша орыс көпестеріне сауданытек айырбас түрінде жасауға рұқсат беріліп, тауарларды несие арқылы сатуға тиым салынды. Орыс көпестерінінің іс-әрекетіне орыс елшілігі бақылау жасады.
Құлжа келісімі орыс-қытай қатынасына жаңадан серпін беріп, сауданың дамуына кеңінен жол ашып, орыстар көптеген экономикалық және саяси дипломатиялық жеңілдіктерге қол жеткізді. Осы келісімнен кейін орыстардың арзан тауарлары Қытай рыногына ағылып, Жетісу өлкесін үлкен керуен орталығына айналдырады. Бұл шарт Ресейдің Жетісу жерінде күш алғанын көрсетсе, Қытай өкіметінің қал-жағдайының мүшкіл екендігін, “көнгіш” бола бастағанын анықтап берді. Осы жағдайды байқаған патша өкіметі жыл сайын шекара шептеріндегі пикеттерді аралайтын қытай әскерлерінің қимылына тосқауыл қойып, оларды Жетісу өлкесінен ығыстыра бастайды.
Осы кезде ұйғырлар мен дүнген және тағы басқа да мұсылман халықтарының қытай билігіне қарсы көтерілісі бүкіл Шығыс Түркістанға жайылады. Оған Жетісудың қазақтары мен қырғыздарының қатысуы Ресей билігі үшін қауіпті сипат ала бастады.
Өйткені, Шығыс Түркістандағы көтерілістің аяғы мұсылмандардың мемлекетінің құрылуына алып келсе, онда Жетісудың қазақтары мен қырғыздарына дем беріп, көтерілістің ошағы Жетісуға ауысуы мүмкін еді. Қашқарда не болып жатқанын, ондағы саяси жағдайдың Ресей үшін қай деңгейде қауіп әкелетінін және Қашқариядағы Қытай әскерлерінің күш-қуатын білуді көздегенпатша өкіметі, сол жаққа барлау экспедициясын жіберуге шешім қабылдайды. Патша әкімшілігі экспедициясының басына о ицер Ш. Уәлихановты тағайындайды /193, 56 б/.
1858-1859 жж. Қашқарияға жасаған саяхатынан кейін Ш.Уәлиханов орыс әкімшілігіне құнды мәліметтер алып келеді. Сол мәліметтердің бірінде ол былай дейді: “Алатау қырғыздары Қашқардағы көтерілістерге көптен бері қатысып келеді және бұдан былай да қатыса бермек. Қожалардың ең басты партизандары Тянь-Шаньда көшіп-қонып жүрген қырғыздар… Қытайлар қырғыздардың көтеріліске қатысуы Қоқанның ықпалына байланысты деп сынайды және солай деп ойлаудың өзі олардың алдарына Қоқан ханының беделін одан сайын көтере түсіп отыр, әйтсе де қытайлар қырғыздарға тарту тартып, өз жағына тартуға тырысып, солардың ұлыстарында өздерінің тыңшыларын ұстап отыр” /193, 338 б/.
Ш.Уәлихановтың мәліметіне сүйенген патша әкімшілігі қырғыз руларының шығыс Түркістанға өтуіне бөгет болуды ойлап, Қытаймен арадағы жерлерге әскери бөлімдері мен соғыс техникаларын әкеліп, күшейте бастайды.
Қытайдың халықаралық қатынастардағы қиын жағдайын сәтті пайдаланған патша өкіметі сауда мәселесін шешіп алғаннан кейін, сыртқы саясатындағы ең басты мәселе – Қытаймен арадағы шекараны анықтауға көшеді.Генштаб комиссарлары полковник И. Бабков пен Құлжа консулы Захаров 1861 жылы қытайлықтармен келіссөз жүргізеді. Бірақ Пекиндегі жағдай, Сянь- ын Богдыханның қайтыс болуы, оның мұрагерінің жас болуы, Су-Шуняның уақытша билігіне наразылық сияқты қиыншылықтар қытайлықтардың келіссөз жүргізуіне мұрша келтірмеді /196, 29-30 б/.
Бұл қиыншылықтардан басқа қытайлықтар орыстардан Қаратал өзеніне дейінгі жерлерді Қытай империясының иелігіне беруді талап етті. Оған орыстар көнбеген соң, қытай жағы көтеріліс кезінде тоқтап қалған қимылдарын қайтадан жандандырып, Зайсаннан бастап Ыстықкөлге дейінгі аралықтағы бұрынғы шекара пикеттерін аралауға әскерін шығарып, шекара белгілерін қоя бастайды. Қытайлықтардың бұл әрекетіне тосқауыл қою үшін орыс әкімшілігі штабс-капитан Блюменталь бастаған казактарды жібереді.
Ресей-қытай империяларының шекараны анықтаудағы шиеленісі қазақ жерін бөлісудегі өз үлестерін молынан алып қалу жолындағы күрестен туындады. Шекарада болған қақтығысудан кейін 1862 жылы 17 шілдеде Шәуешек қаласында келіссөз қайтадан жалғасады. Келіссөз кезінде Қытай жағы орыстардың қойған талабына көңілі толмай, шекара шартына қол қоюдан бас тартады. Олар Ресейдің билігіндегі қазақтарға қарсы шығып, біздің билігімізге қарай өтіңдер деген үндеулер таратады.
1863 жылы 29 мамырда орыс-қытай әскерлерінің теке-тіресі кезінде екінші комиссар капитан Голубков Құсмұрын бөлімшесіне келіп, қытайлықтарға қарсы арандатушылық әрекеттер жасайды.Ол Айдарлықұмда тұрған Вардугиннің әскеріне қытайлықтардың Борохудзир пикетіне қарай жүруге бұйрық береді. Орыстар шабуылға шықты деп ойлаған қытайлықтар оларға қарсы оқ атады. Нәтижесінде орыстардың 4 адамы өліп, 5-і ауыр жараланады, 1-і жеңіл жарақат алады /19, 496 б/.
Қытайлықтармен болған қақтығысқа қазақтар да қатысады. Әсіресе Тезек сұлтан бастаған қазақтар ерекше ерлік көрсетеді. Ол 1863 жылы 18 маусымда Құсмұрындағы орыс әскеріне шабуыл жасаған қытайлықтарға қарсы өз жігіттерімен батыл тойтарыс беріп, қытайлықтарды кейін қарай шегіндіреді. Сол үшін ол “батылдығы үшін” деген жазуы бар алтын қылышпен марапатталады /200, 21 п/.
Патша өкіметінің Қытаймен арадағы шекараны бекітіп алудағы жанталаса күресі бірнеше себептерден тұрды:
1) Қытайда болып жатқан мұсылмандардың азаттық қозғалысы және олардың Жетісу өлкесіндегі қазақтар мен қырғыздарға тигізіп отырған әсері. Егер де шекараны бекітіп алса, онда қозғалыстың өлкеге қарай өтуіне тосқауыл қойылатын еді;
2) Қытай империясында болып жатқан шиеленістерді дер кезінде өз мүддесіне пайдалануды көздеген патша өкіметі Жетісуды заңды түрде өзіне қаратып алу. Өйткені Жетісу өлкесінің біраз бөлігіне Қытай империясы дәмелі болатын. Сондықтан Ресей билігіне Жетісу үшін тайталасқа түсе алатын бірден-бір күш Қытай болып табылады. Ал жоғарыда көрсетілген жағдайлар оған мұрша бермеді. Абылай ханның кезіндегі екі империяның арасындағы тепе-теңдіктің бұзылғанын көрсетті;
3) Орта Азияға жорық жоспарын қойған патша өкіметін Қытаймен арадағы шекара мәселесі алаңдатты. Әсіресе, шекара маңындағы жергілікті халықтың Қашқариядағы көтерілісшілермен байланыста болуы, ал шығыс Түркістандағы мұсылман халықтарына Қоқан хандығының ықпал жасауы, айналып келгенде, Орта Азияға жорық бола қалған жағдайда орыс билігіне қарсы мұсылмандардың біртұтас майданы құрылуы мүмкін еді;
- Қытаймен арадағы шекараны бекітуді сылтау еткен патша өкіметі, сол маңда көшіп-қонып жүрген руларды Ресей билігіне енгізіп, орыс қаруының күшін көрсетуді мақсат тұтты;
Осы аталған себептерге байланысты Ресей билігіне Қытаймен арадағы шекараны бекіту қажет болды. Сондықтан тезірек мақсатқа жету үшін орыстар Қытайға қарсы дипломатиялық әдістер, әскери күшін көрсету, арандатулар сияқты небір әдіс-амалдарды қолданды. Нәтижесінде 1864 жылы Қытайдың Шәуешек қаласында орыс-қытай келіссөзі қайта басталды. Ресей әкімшілігі бұл келіссөзге ерекше дайындық жасап, яғни келіссөзге қатысатын өкілдерінің қауіпсіздігінен бастап, жанжалдың алдын алу мақсатында шекарадағы әскерді күшейтуге дейін барды. Мәселен, келіссөзге баратын өкілдерді қорғау үшін әскери резервтен 6 урядник және 54 казак бөлінген. Құсмұрын, Кеген, Қызыл, Шу бөлімдеріне қосымша әскери резервтен 200 казак жөнелтілген. Бұл әскери бөлімдерден басқа Аралтөбеге атқыштыр ротасын, 21 батареяның 2 взводын, 45 казакты, Қарақар өзені мен Кегеннің түйісетін тұсына 100 казакты орналастырған /203, 14-15 п/.
Патша әкімшілігінің осыншама мол күшті шекара маңында жинауының мәнісі, Ресейдің шекараға байланысты ұсынған жобасын қытайларға еш қарсылықсыз қабылдату болған. Еш амалы қалмаған Қытай үкіметі 1864 жылы 25 қыркүйекте Ресей жағынан И. Бабков пен И.И. Захаров және қытайдан Мин И., Си Лин мен Болюсу өкілдері қатысқан келіссөзде Ресей-қытай шекарасына байланысты Шәуешек келісіміне қол қояды /197, 246 б/.
Шәуешек келісімі Ресей үшін Азиядағы ең ірі табыс болып табылды. Себебі, бұл келісім арқылы орыстар қытайлықтардың алдында Жетісу өлкесіндегі билігін заң жүзінде бекітіп қана қойған жоқ, Қытайдың Ресей алдында мүлдем қауқарсыз екенін көрсетіп берді. Болашақта патша өкіметі Орталық Азияға байланысты жүргізген саясатта осы жағдайды ескеретіні сөзсіз еді.
Отарлаушы екі империя қазақ жерін бөлісу кезінде жергілікті халықтыңжағдайын мүлдем ескермеді. Қазақ руларының көптеген жайылымдары басқа мемлекеттің иелігінде қалып қойды немесе туысқан рулар екіге бөлініп кетті.
Ресей-Қытай шекарасы бекітілгеннен кейін сол маңда көшіп жүрген қазақтарға қай мемлекеттің иелігіне өту жөнінде бір жыл уақыт белгіленеді. Осыған байланысты Ресей империясы қазақ руларын өз жағына қарай тарту үшін түрлі амал-әрекеттерге барады. Қйткені империяның құрамында халық көп болса, салық соғұрлым көп түседі деген қағида жатты. “Ресей әскерлері шекара маңындағы халықты Ресейдің қол астына қарату үшін түрлі әрекеттер жасайды. Кей жерлерде “Ресейге қараймыз” деген қағазға зорлап қол қойғызады. Ресей шенеуніктері “Егер сендер Ресейге қарамайтын болсаңдар мал-мүліктеріңді тонап алып, өздеріңді тыр жалаңаш қуып жібереміз” деп қоқан-лоққы жасаған” /205, 85 б/.
Егер де шекара маңындағы қазақтар жаппай Қытайға қарай көшетін болса, онда олар Шығыс Түркістандағы мұсылман көтерілісшілеріне қосылып, қолдарына қару тигеннен кейін, туған жеріндегі орыс билігін құлату үшін қайтып келуі мүмкін. Осы жағдайдан қауіпенген орыс әкімшілігі Қытайға көшкен қазақтарға кедергі болуға тырысты.
Отаршылдарға қарсы дүнгендермен одақтасуға ұмтылған қазақтарды қарудың күшімен ұстап тұра алмасын білген орыс әкімшілігі, қазақтардың арасына жік салып, бір-біріне айдап салу саясатын қолданумен болды.
Сол себептен орыс әкімшілігі қазақтардың арасында тереңнен жіу салу үшін, Қытайға кетпек болған қазақ руларының малдары мен дүние-мүлкін шекара маңындағы қазақтарға тегін таратып беріп отырған.
Семей облысындағы штаб бастығының Алатау дуан бастығына жіберген №598 нұсқауында былай дейді: “Қытайға өтіп кеткен қоңыр бөрік руына жататын 8 үйдің тартып алынған дүние-мүлкі мен малдарын қууға қатысқан казактар мен қазақтарға бөліп беріңіз” /209, 6 п/. Талаудан түскен малдарды шекара маңындағы қазақтарға бөліп беру арқылы, қазақтардың ауыз бірлігін ыдыратып, олардың өздеріне қарсы топтасып көтерілуіне бөгет жасаған. Сонымен қатар, орыстар шекара қазақтарына топталған малдарды тартып қана қоймай, оларды шекараның арғы бетінде көшіп жүрген қазақтардың малдарын айдап әкелуге жұмсаумен болды.
Яғни, “Ресей қазақтары орыс әскерлерінің көмегіне сүйене отырып, таулы сай-салада жасырынып жатып, Қытайға ауған қазақтардың малдарын тонап әкетеді. Олар қарауылға да шабуыл жасап, сиыр, жылқыларды да айдап әкетіп отырады екен” /205, 107 б/
Өздерінің жүргізіп отырған отаршылдық саясатының “жоғары деңгейде” жүзеге асып жатқанын байқаған патша өкіметі, Сібірдегі орыс әкімшілігіне көңілі толатынын жасырмаған. Патшаның сарай кеңесшісі Струвенің Батыс Сібір генерал-губернаторына жазған №42 мәлімдеме хаты осыны дәлелдейді. “Өткен жылы осы қазақтар Қытай билігін мойындамағаны былай тұрсын, қайта қытайлықтармен ашық жауласуға шыққан. Дүнгендерді де жау көреді. Қытайдағы өз руларына да күн бермеуде” /87,7 п/.
Сонымен Жетісу өлкесіндегі орыс-қытай тайталасының нәтижесінде қазақтардың хал-жағдайы нашарлап, мал жайылымдары тарыла түсті.
Екі империяның арасындағы шекараның анықталуы қазақ руларын бөліп қана қоймай, оларды бір-біріне қарсы қойды.
2.3 Патша өкіметінің Қоқан хандығының ықпалын жою жолындағы айла-әрекеттері
ХІХ ғасырдағы Ресей империясының Жетісу өлкесіне басып кіріп, жергілікті халықты өз иелігіне алуға ұмтылуы Қоқан хандығының қарсылығын туғызды. Өйткені, Жетісу өлкесін мекендеген Ұлы жүз қазақтары мен қырғыздар Қоқан хандығының ықпалында болып, орыстармен күресте қоқандықтардың саяси одақтасына айналды. Сондай-ақ, Қоқан хандығындағы халықтармен бірге қазақтар мен қырғыздарды ортақ дін, әдет-ғұрып, салт-дәстүр және тілдері жақын болып, оларды туысқандық қатынастар байланыстырды. Ұлы жүз қазақтары мен қырғыздардың көптеген игі жақсылары мен рубасшылары Қоқан хандығының жоғарғы лауазымдықтарында қызмет атқарып, мемлекеттің саяси өміріне етене араласып отырды.
Ұлы жүз қазақтарының қыпшақтар билеген Қоқан хандығын ашық қолдауы тәуелсіздік үшін күрестің белгісі еді. Өйткені қоқандықтарға сөз жүзінде бағынып, бірақ емін-еркін көшіп-қонып жүрген Ұлы жүз қазақтары орыстардың билігінен қатты қауіптеніп, тәуелсіздіктің тамырына біржолата балта шабылатынын, отарлық езгіге түсетінін жақсы түсінді. Өз кезегінде Қоқан хандығы да Жетісуды иелену жолындағы тайталаста Ресей империясының бірден-бір бәсекелесіне айналып, көптеген қазақтардың қолдауына сүйенді /217, 3 п/.
Жетісу жеріне енген Қоқан хандығы бұл өлкеге әкімшілік бақылауын орнатып, орыс басқыншыларына қарсы соғысу және жергілікті халыққа ықпалын жүргізу үшін өз бекіністерінің тізбегін салады. Мысалы, 1821 жылы Талас өзенінде Әулиеата, 1825 жылы Шу өзенінің бойында Мерке, Пішпек, Тоқмақ, Атбашы. Бұған қоса, Шудың жағасында оған Қарағаты өзенінің құйылысынан жорықта Иткешу бекінісін орналастырады /218, 504 б/.
Қоқан хандығының бекіністері тұрғызылған мекендерде өнер, сауда және мұсылман мәдениетінің орталықтарына айналуына жағдай жасалды. Бекіністердің ішінде мешіттер мен медресселер ашылып, маңайында егін шаруашылығы дамыды. Қазақ-қырғыз малшылары өзара тиімді мәдени және сауда-экономикалық байланыстарға тартылды. Қоқандықтар әрбір көктемде салық жинағанда шариғат пен әдет нормаларын сақтап, қазақтардың өз еркін өздеріне беріп, мүлкіне қол салмады. Қазақтар мен қырғыздар арасында қақтығыстар тиылып, бірсыпыра уақыт бойы тыныштық, қауіпсіздік және арзаншылық орнады /219, 293-294 б/.
Көптеген орыс идеологтарының жазған еңбектерінде қоқандықтар қазақтарға ауыр салықтар салып, салық жинауда қазақтарды қорқытты және тонаумен айналысты деген пікірлер қалыптасты. Бірақ Омбы қалалық әкімшілігін басқаратын полковник Броневский Батыс Сібір генерал-губернаторының тапсыруымен Ташкент құшбегіне жазған жауап хаты бұл қағиданы жоққа шығарады. Онда: “Көп ғасырлардан бері ұлы Ресей империясы қырғыз-қазақ халықтарына және солтүстік теңізден Ұара теңіз аралығындағы үлкен-кіші тайпаларға билік жүргізіп келеді. Ал қазақ даласы сауда салығынан тысқары Қоқан әкімдеріне салық төлегендігін, оларға бой ұсынғандығын ешкім де білмейді және бұл туралы мәлімет жоқ”- деген пікір айтылады /42, 20 б/.
Қоқан хандығының Ұлы жүз қазақтарына ықпалының таралуына патша өкіметі алаңдап отырды. Ресей империясының Жетісу өлкесін жеке-дара билеуіне Еуропадағы саяси жағдайлар мұрсат бермеді. Сондықтан Ресей Жетісуға Қоқанның кіруіне түрлі дипломатиялық амалдармен тежеуге тырысты. 1828-1829 жж. орыс-түрік соғысы кезінде, Ресейге Тұрсынқожа бастаған Қоқан елшілігі келеді. Патша өкіметі қоқандықтарға Шу өзенінің оң жағасына, орыстар сол жағасына қтпу туралы ұсыныс қояды. Қоқандықтар бұл ұсынысты қабылдайды. Алайда билік басына қазақ қыпшақтары келгеннен кейін қоқандықтар бұл келісімді бұзады. Олар ХІХ ғасырдың 30-жылдарының аяғында Жетісуда ктерілісе шыққан қазақтарға өз әскерлерінжібереді. Бірақ Қоқан хандығында басталған тақ таласы көтеріліске шыққан қазақтарды аяғына дейін қолдай алмайды. Негізінде қоқан хандығындағы отырықшы халықтар мен көшпенділердің арасында жиі-жиі болып тұратын билік үшін талас-тартыстың салдарынан қоқандықтардың орыстарға қарсы күресі жүйелі түрде болмай, үзіліп қала беретін. Сонымен қатар, билік басына отырықшы халықтардың өкілдері келсе, онда Қоқан хандығының сыртқы саясатындағы ұстанған позициясы бейбітшіл, келісімпаздық сипатта болатын, ал билікке қазақтар мен қырғыздар келсе, онда Қоқан хандығы Ресей, Қытай сияқты империяларға қарсы азаттық күрестерін жандандыратын. Мәселен, 1842 жылы Мұсылманқұл бастаған қазақтар үкімет басына келген кезде Іле алқабына Қастек, Үш Алматы және Тойшыбек бекіністерін салып, өлкедегі қорғанысты күшейтеді. Сондай-ақ қазақ қыпшақтары Қоқан хандығының тағына Ұлы жүздңғ сұлтаны Рүстем Тентекхановты билік жасауға шақырған деген деректер де кездеседі /220, 17 п/.
1850 жылы Қлы жүз қазақтары мен Қоқан хандығы қазақ қыпшақтарының біріккен қолы Тойшыбек бекінісінің түбінде орыс әскерлерін талқандап, жеңіске жетеді. Бірақ келесі жылы Қоқан хандығында төңкеріс болып билікті өзбек Худояр хан мен сарттар басып алып, хандықтағы 20 мың қазақ қыпшақтарын қырқып тастайды. Нәтижесінде Тойшыбек бастаған Ұлы жүз қазақтарының рулары орыстарға төтеп бере алмасын біліп, Шудың сол жағалауына өтіп, жан сақтайды. Худояр хан болса орыстармен бейбіт келісімге келу үшін 1853 жылы Омбыға Жолдасбай Мырзажанов бастаған елшілерін жіберіп, орыстарға былай дейді: “Қазіргі уақытта Қоқандты құлдықта ұстап келген қыпшақтар жойылды, елде тыныштық орнатылды. Ресеймен достық қатынаста болғымыз келеді”
/221, 343 б/.
Худояр хан бастаған сарттар мен өзбектердің билігі ХІХ ғасырдың 50-жылдарының аяғына дейін созылады. Осы аралықта орыстар Жетісу өлкесіне емін-еркін орналасып, еш кедергісіз өз бекіністерін салып, әскери-әкімшілік басқару жүйесін енгізеді.
Алайда 1859 жылы қазақтар мен қырғыздар қайтадан күш алып, Худоярды тақтан түсіреді де, орнына Маллабекті хан етіп тағайындап, билікті өз қолдарына алады. Осы кезден бастап Жетісуда орыстармен күрес қайтадан күшейе түседі. Олар Жетісудағы жергілікті халыққа Ресейге қарсы күресте қоқандықтармен бірігуге шақырған әр түрлі үндеу таратып, Ұлы жүз қазақтарын ғазауат соғысына шақырады /222, 8-11 п/.
Қазақтардың көпшіліг ашықтан-ашық Қоқан жағына шығады. Ал, патша өкіметі болса Қырым соғысында (1854-1856) еуропалық мемлекеттердің одағынан жеңіліс тауып, сыртқы саясатында Шығыстың маңызы күрт өскен соң, Орта Азияға жорықтар жасау үшін әскери дайындықтарға көше бастайды. Яғни, Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттерін түпкілікті бағындыру мәселесі алдыңғы қатарға шығады. Осыған байланысты 1859 жылы 24 қаңтарды Петербургте патшаның қатысуымен Азия комитетінің жиналысы өтеді. Оған А.М. Горчаков, А.О. Сухозанет, Г.Х. Гас орд, А.А. Катенин, В.К. Ливен, Е.П. Ковалевский, Н.Г. Игнатьев қатысады. Сібір және Орынбор шептерін байланыстыру жөніндегі ұсынысын бекітіп, Батыс Сібір генерал-губернаторы Г.Х. Гас ордтың Шу өңіріндегі Қоқан бекіністерін басып алу туралы жоспарын сол жылдың жазына қалдырады /223, 124-125 б/.
1859 жылдың көктемінде Петербургте болған жиналыстың шешімін іске асыру мақсатында Верныйға штабс-капитан М.И. Венюков келеді. Оған Шу өңіріндегі Тоқмақ пен Пішпек бекіністерінің маңайына шолу жасап, онда орналасқан Қоқан әскерлерінің құрамы мен қандай соғыс қарулары бар екенін, жалпы бекіністердің қорғаныс қабілеті туралы мәліметтер алу міндеті жүктеледі.
Шу өңіріне барлау соғысын жүргізетін әскердің құрамында Верныйда орналасқан 8 батальонның екі рота жаяу әскері, оның бір бөлімшесі адамдарды атып жаттыққан мерген атқыштардан тұрды. Казактардың екі жүздігі және 5 зеңбірек болды /224, 1-2 п/.
Сол жылы патша өкіметі барлау жұмысымен қатар, Ұлы жүз қазақтарын Шу қырғыздарымен жалғастыратын жолда Қастек бекінісін салады. Бұл бекініс орыстарды Қоқан хандығына бойлай кіріп, Шу арқылы Әулиеата, Шымкент және Ташкентке шығып, Сібір және Сырдария бекіністер тізбегін өзара байланыстыратын еді. Орыстар Қастек бекінісіне 1 рота жаяу әскер, 40 казак және 5 зеңбірегін орналастырады /225, 8 п/. 1860 жылы құрамында 1750 адамы және 15 зеңбірегі бар полковник Циммеран басқарған орыс әскерлері Шудан өтіп, 70 әскерден тұратын Тоқмақ пен 500 әскері бар Пішпек бекіністерін қоршайды /226, 62 б/. Орыстар 26 тамызда Тоқмақ басып алса, ал 4 қыркүйекте 5 күндік қоршаудан кейін Пішпекті алудың сәті түседі /227, 135 п/. Патша өкіметінің бұл бекіністерге маңыз бергені соншалықты қамал бұзатын ауыр зеңбіректерді Санкт-Петербургтегі қару қоймасынан жібереді /228, 1 п/. Орыстардың Қоқан бекіністерін оңай және тез иелену бірнеше себептерден тұрды. Ең біріншісі, бекіністерде орналасқан қорғаушылардың әскер күштерінің өте мардымсыздығы және соғыс техникаларының әлсіздігі немесе жоқтығы. Екінші себебі және ең бастысы бекіністердің қорғаушыларына сырттан әскери күштердің уақытында көмекке келмегені. Сол үшін Қоқан ханы Әулиеатаның коменданты Шадыбек пен Нұрмұхаммед парваначиді орындарынан алып, орыстар қиратып кеткен Пішпекті қайтадан қалпына келтіру үшін, оларды бекініс құрылысының қол жұмысына жегеді /229, 4-5 п/. Шайқас кезінде көптеген қоқандықтар тұтқынға түседі. Оның ішінде Тоқмақтың коменданты Ханқұл, датқалар Атабек пен Әлішер, молда Абдурахиммен қатар көптеген Қлы жүзге кіретін жалайырлар, дулаттар және албандардың қазақтары болады /230, 12 п/.
Орыс қолдарының Шу өңіріне аяқ басуы, оның 1860 жылы қоқандықтардың Тоқмақ және Пішпек бекіністерін алып, талқандауы Қоқан хандығын шешуші шайқасқа баруға итермеледі.
Қоқан және Ресей қолдарының Жетісудағы шешуші шайқасы 1860 жылы 21 қазанда Ұзынағашқа таяу Қара Қастек өзенінің бойындағы алаңда өтеді. Қаратегиндік қырғыз Қанат парваначи бастаған Қоқан хандығының әскері 5 мыңға жуық болған /231, 7 п/. Оларды 5 рота жаяу әскер, 4 казак жүздігі, 12 зеңбірегі және 4 ракета қондырғысы бар орыс әскері қарсы алады. Орыс әскерін Алатау дуандығының бастығы подполковник Колпаковский басқарады. Қоқандықтар бұл шайқасқа зеңбіректерін тау асуынан алып өте алмағандықтан, тек жеңіл мылтықтармен қаруланып келеді /232, 285 б/. Осы шайқасқа Қоқан жағындағы қазақ қолдарын бастаушылардың арасында Батырбек, Базақ, Момынбек, Қожабек, Сыпатай, Сұраншы, Андас және Байсейіт батырлар, қырғыз қолдарын Жантай манап пен оның ұлы Шабдан батыр, сарыбағыш Үмбетәлі және Бөлекбай Корчи дегендер басқарған. Бұл шайқаста Қоқан жағында Кенесарының үш қлы – Тайшық, Ахмет және Сыздық қатысады. Шешуші шайқастың тағдырын орыс зеңбірегі шешіп, орыстарды жеңіске жеткізеді. Орыстардың шығыны 2 өлі, 32 жаралы әскер болса, ал қоқандықтар 1000, оның ішінде 400 адамынан өлідей айрылады /233, 288-10 б/.
Орыс әскери шенеуніктері Ұзынағаш шайқасында Қанағат Шаһтың соғыс жоспарының өте дұрыс жасалғандығын айтып, жоғары бағалады. Қанағат шаһтың жоспары бойынша: біріншіден, қару-жарақ көп жиналған, бірақ орыс әскерлері аз орналасқан Алматыны алу көзделді. Екіншіден, ойға-қырға от қою әдісі жүзеге асырылды. Жел айдаған өрт Саурық қорғанына жақындап келіп, басқа жаққа ауып кеткен. Даладағы өрт орыстарға қауіпсіз болғанымен, оқ-дәрі жәшіктеріне тигенде сөз жоқ, орыс әскерлерін шығынға батыратын еді. Үшіншіден, алдын ала орыс әскерлерінің күшін батырып, састыру мақсатымен “қоқандықтардың бір бөлігі Ілеге кетті”, “Сұраншы батыр бастаған мыңға жуық қол Алматыға кетті” деген сияқты дақпырт сөздер таратып, дұшпан күшінің бөлінуін қамтамасыз еткен. Ұзынағаш шайқасы Іле өлкесінде орыстардың біржола табан тіреуіне әкелді және Іленің оңтүстігінен орыстарды біржола ығыстырып шығармақ болған қоқандық күшке, түркі-мұсылмандардың біріккен күшіне қатты соққы берілді. Сөйтіп, Жетісу өлкесінде 1860 жылдан бастап орыс ықпалы біржола орнады /46, 40-41 б/.
Ұзынағаш шайқасында мешеу экономика мен қоғамдық қатынастарға негізделген отаншылдық рух емес, сол заманға сай жетілген соғыс қаруларына сүйенген орыс әскери күшінің басымдылығын анық көрсетті.
Сондай-ақ бұл шайқас Ресей империясының қазақ халқын өктем күшпен бағындырғанын және қазақтар кез-келген уақытта мүмкіндік туа қалса, орыстардың озбырлығына қарсы қару алып, соғысуға дайын екендігін көрсетті. “Ерен ерлікті, елдік пен тәуелсіздікті жоғары ұстаған қазақтар қай кезеңде де, Сырым, Арынғазы немесе Кенесары сияқты дала төсінде атқа қонған батырлар туы астында жиналуға дайын тұратын” /1, 76 б/.
Ұзынағаш шайқасы көрсеткендей Жетісу қазақтары мен қырғыздардың басым көпшілігі Қоқан хандығын қолдаған. Мысалы, шапырашты руынан шыққан Андас және Сұраншы батырлар, ботбай руының атақты адамдары Диқанбай мен Әлжан өз қаражаттарынан қоқандықтар жағына орытарға қарсы шайқасқан еріктілердің жасақтарын ұйымдастырып қаруландырған. Олар Қапал бекінісін басып алып, қиратуға да ниеттенді /233, 289-290 б/. Сондай-ақ шапыраштылар мен дулаттар Қапал мен Верныйдың арасындағы байланысты үзбек болып, Іледегі көпірге шабуыл жасап, Іленің бойындағы орыстардың қоныстарын өртеп, көптеген казактарды өлтіріп кетеді.
Қазақтардың осы әрекеті үшін Батыс Сібір генерал-губернаторы Г.Х. Гас орд Алатау дуандығының бастығы Колпаковскийге шапыраштылардың бүкіл дүние-мүлкі мен малдарын тартып алып, олардың ең басты сұлтандары мен билерін жазаға тарту туралы нұсқау береді /86, 34 п/. Бұл нұсқаумен қоса Гас ордтың Колпаковскийге жөнелтілген келесі бір нұсқауы орыстардың “бүлікшіл” қазақтарды жазалауда аяусыз қатыгездікке барғанын көрсетеді. Онда: “… алдындағы жүйені өзгерту қажет және станцалар мен әскери бөлімдерге казактардан әскери полициялар құрып, олар кез-келген қару ұстап жүрген қазақты жою керек. Іленің арғы бетіндегі бүкіл қазақтарға, әсіресе дулаттар, шапыраштылар мен қашқарауларға сатқындығы үшін Іле өлкесі бұдан былай әскери жағдайға келтіргендігін жариялаңыз. Егер де қазақтар Ресей билігіне наразы болып, аздап болса да сатқындық жасайтын болса, онда оларды табан астында атып тастап, ауылдарын өртеп және дүние-мүліктері мен малдарын талаңыз. Осы шаралар арқылы біз олардың батылдығын басып, бізден сақтануға үйретеміз. Әсіресе, біздің иелігімізде көшіп жүрген дулаттарды үрейде ұстау керек. Сол үшін Надеждино қонысы мен Талғар және Есік өзендерінің бойына екі зеңбірегі бар бір жүздік казактарды қойыңыз. Жаңа Қаскелең станциясына қарай оңтүстік шығыста шапырштылар мен сарыбағыштарды және Байсейіттің “қарақшыларын” жоятын мықты әскер ұстау қажет. Негізінде бұл жақққа қоқандықтар қазақтардың қолдауымен ғана келіп жүр. Казактар қазақтарды атқан кезде бірде-бір оғы босқа кетпесін” /86, 67-68 п/.
Сонымен қатар, қазақтардың көтерілісінен қорыққан Сібір әкімшілігі өлкедегі жазалаушы әскерлердің санын көбейте түскен. Мәселен, Гас ордтың 1860 жылы 18 қарашадағы №810 нұсқауында былай делінген: “Көктемге қарай Сіздің қарамағыңыздағыжедел қимылдайтын әскери резервтің 4 жүздігінен басқа тағы да 11 казактармен толықтырылады. Оларды Көксу, Қоянқұз және Шеңгелді пикеттерін күшейтуге жұмылдырып, мүмкіндік болса Қапалдан тағы да әр пикетке 20 казактан жіберу туралы Семей облысының әскери губернаторына нұсқау жіберілді. Шеңгелді пикетінің күшейтілуі Байсейіттің ұшқыр жігіттеріне тосқауылболуына көп пайдасын тигізеді” /86, 78 п/.
Патша өкіметі көтеріліске шыққан Ұлы жүз қазақтарын жазалау үшін ерекше әскерлер құрып, оған біраз қаржы жұмсаған. Қаржы министрі әскери министрге жазған №397 баяндама хатында былай деп жазады: “Гас орд Ұлы жүз қазақтарынан шыққан бүлікшілерді жазалайтын ерекше әскерге бөлінген 50 мың сом ақшадан бөлек, келесі жылы құрылатын резервтік бесінші жүздікке жыл сайын 12 мың сом сұрап отыр” /234, 1 п/.
Жалпы алғанда Жетісу өлкесінде әскери бекіністердің көптеп салынуы, орыс казактарының лек-легімен ағылуы, қазақ жайылымдарының күшпен тартып алынуы және қазақтарды қырып-жою патша өкіметінің басқыншылық саясатының күшеюіне жол ашты. Бұл Ұлы жүз қазақтарының наразылығын тудырып, Тойшыбек, Байсейіт, Сұраншы, Сыпатай, Әшекей сияқты билер мен батырлардың атқа қонып, азаттық күреске шығуына итермеледі.
Солардың ішінде Тойшыбек пен оның ұлы Байсейіттің азаттық үшін күресі ерекше. Орыс үстемдігін бастапқы кезден-ақ мойындамаған Тойшыбек дулаттардан тарайтын ботбай руына би болып, баласы Байсейіт екеуі Кенесарының ұлт-азаттық қозғалысына белсенді түрде қатысып, сенімді батырларының бірі болған. Кенесары жеңіліс тапқан соң да орыстармен болған соғысын тоқтатпаған Тойшыбек пен оның ұлы Байсейіт 1851 жылы Карбышевтың әскерінен Шудың арғы бетіне ығысқан соң, партизандық соғыс әдісіне көшіп, орыс әскерлеріне тұтқиылдан шабуылдар жасап, қазақтар мен қырғыздарды ортақ жаумен күресуге шақырған. Атап айтқанда, 1854 жылы 5 шілдеде Тойшыбек пен Байсейіт бастаған 80-дей қазақ жасағы орыстардың 20 әскеріне тап беріп, 5-ін өлтіріп, 4-ін ауыр жаралайды. Уақытында көмекке келіп үлгерген орыс әскерлері қалғандарын аман алып қалады /234, 23 п/. Тойшыбектен мұндай әрекетті күтпеген орыстар оны жазаламақшы болып, аулына пристав Перемышельский басқарған жазалаушы әскерді жібереді. Бұл туралы Жеке Сібір корпус командирі Әскери министрге берген 1854 жылғы 29 шілдедегі №368 мәлімдемесінде: “Тойшыбек орыстарға деген дұшпандық көзқарасымен белгілі. 1851 жылы әскери экспедиция оны Шудың арғы бетіне қуып жіберген еді. Бірақ ол қоқандықтарға қосылып, Ұлы жүз қазақтары мен қырғыздардың руларын бізге қарсы күресуге шақыруда. Оның батылдығы соншалықты, ол Шудың оң жағалауына өтіп алып, бізден 100 верст қашықтықта орналасыпты. Сондықтан Ұлы жүз приставы өткен оқиғаны аяқсыз қалдырмай және Ұлы жүз қазақтарына ықпалымызды сақтай мақсатында тұрған жерін алдын-ала анықтап, 160 казак пен 2 зеңбіректі алып, жолға шығады. Пристав басқарған қазақтар түнде жүріп, күндіз таудың үңгірлеріне тығылып, білдірмей Тойшыбектің аулына жетіп, таңға жақын шабуыл жасайды.Бірақ бұл ауыл Тойшыбектің үлкен ұлы Жанқожаның ауылы болып шығады. Тұтқиылдан шабуыл жасағандыұтан қазақтар бізге қарсылық көрсете алмағанымен басқа ауылдарға хабар беріп үлгереді. Нәтижесінде қазақтар қорғанысқа көшіп, казактардың шабуылын тойтарады. Осы шайқаста қазақтардың өлгені және жараланғаны 40 адам болса, өкінішке орай біз жақтан 2 адам өліп, 3 адам жараланып, 2 адам тұтқынға түсті. Сондай-ақ Тойшыбектің 753 жылқысын, 118 түйесін, 66 сиырын олжаладық. Тұтқынға түскен екі казакты делдалдар арқылы Жанқожаға айырбастайтын болды” /235, 24-25 п/.
Осылайша орыстардың Тойшыбекті жазаламақшы болған әрекеті сәтсіздікке ұшырап, кейін қайтуға мәжбүр болады. Ал Тойшыбек болса, үлкен ұлы Жанқожаны екі казакка айырбастап, қоқандықтардың иелігіне өтеді де, Ташкент билеушісінен көмекке әскер сұрайды. Қоқандықтар оның тілегін орындап, оған көмекке 500 әскер береді. Қоқанның әскеріне 2000 жігітін қосқан Тойшыбек Верный бекінісіне шабуыл жасайды. Орыстар қазақтарды жақындатып алып, оларды зеңбіректерімен атқылайды. Бұл шайқаста Тойшыбек 100 адамынан айырылып, кейін шегініп кетті /235, 31 п/.
Ашық шайқастарда зеңбірегі бар орыстарды ала алмайтынын түсінген Тойшыбек бастаған қазақтар партизандық соғыстарын жалғастыра береді. Мысалы, Тойшыбектің ұлдары Байсейіт пен Керімбек 1854 жылы Верныйдың түбінде казактардың 5 адамын өлтіріп, 4-ін жаралап кетсе, 1856 жылы Қапалдан Верныйға келе жатқан әскери жүк көлікке шабуыл жасап, 200 четверт астықты олжалап, 6 орыс әскерін тұтқынға алады /188, 34 п/.
Ұзынағаш соғысынан кейін шапырашты Сұраншы батырдың Байсейітке ьарып қосылуы орыстарды қатты састырған. Ол туралы Батыс Сібір генерал-губернаторы Гас ордтың Алатау дуандығының астығы Колпаковскийге жібергн нұсқауында былай дейді: “Біз енді прапорщик Сұраншыны ең қауіпті жау деп санауымыз қажет. Оның Байсейітпен байланысқа түсуі бізге көптеген қиыншылықтар әкелері сөзсіз. Сондықтан Сұраншыны кейін қайтаруға күш салыңыз” /217, 54 п/.
Байсейіт пен Сұраншының бірге болуы орыстарға зор қауіп туғызар сөзсіз еді. Оған Сұраншының Тезек сұлтанды орыстардан бөлініп, бірге болайық деген хаты дәлел бола алады. Онда: “Ешер де сіз қаласаңыз біз жаққа өтіңіз. Бәріміз бірге болайық. Сіздің бұл жақтағы қауіпсіздігіңізге біз толық жауап береміз”- делінген /236, 23 п/. Алайда орыстардың Тезек сұлтанның сыртынан мықты бақылау қойылуы мен Байсейітті жалдамалы жансыздар арқылы өлтіруі Қлы жүз қазақтарының патша өкіметіне қарсы қарсылығын бәсеңдетуге көмектеседі. Дегенмен, патша өкіметі Ұлы жүз қазақтарының наразылығын Орта Азияны толық жаудап алғанға дейін тоқтата алмаған. Қазақтардың жекелеген топтардан құралған жасақтары казактардың малдарын айдап, үйлерін өртеп кетіп отырған /237, 1-3 п/.
Қазақтардың келесі бір наразылығы орыс билігінен Қытай немесе Қоқандықтардың иелігіне қарай жаппай көшуден тұрған. Патша өкіметі Қоқанға қашқан қазақтардың көшін тоқтату үшін, оларға казактардың жазалаушы әскерлерін жіберумен болды.
Елдік пен тәуелсіздік жоғары ұстаған Ұлы жүз қазақтары 20 жыл бойы орыстармен ашық және партизан соғыстарын жүргізіп, казак әскерлеріне талай рет соққылар берген.
Ұзынағаш түбінде жеңіліске ұшыраған қоқандықтар Пішпек пен Тоқмақ бекіністерін қалпына келтіреді. Тұтқынға түскен екі қоқандықтың сөздеріне сүйеніп жасалған Алатау дуан бастығының мәліметінде қоқандықтар Пішпек бекінісіне 3 мыс зеңбірегі бар 500 жауынгерін қалдырған /238, 5 п/.
1862 жылы 3 наурызда ұлы князьдің Ерекше комитеттің жиналысы шақырылады. Оған А.М. Горчаков, Д.А. Милютин, М.Х. Рейтерн, А.П. Безак, Е.П. Ковалевский және Н.П. Игнатьев қатысады. Орынбор губернаторының қызметіндегі Катенинді ауыстырған генерал А.П.Безак Орынбор және Сібір шептерін біріктіретін Ташкентті басып алатын жоспарын ұсынады. Жоспар бойынша сол жылы Сібір корпусы Пішпек пен Әулиеатаны басып алуға тиіс болады.
1862 жылы 3 қазанда 1800 адамы мен 18 зеңбірегі бар полковник Колпаковский бастаған орыс әскері Пішпек бекінісін жоюға шығып, оны 24 қазанда басып алады /239, 19-20 п/.
Шабуыл басталғаннан кейінгі бір жылда Қоқан хандығына қарсы әскери науқан бүкіл Шу жазықтығын билеуіне мүмкіндік беріп, Шу бойындағы қырғыздар орыс билігін мойындап, Алатау дуандығына қарайды. 1863 жылы поляктардың сәтсіз бас көтеруі Ресейдің өзінен тыс жерлерде әрі қарай беделінен айырылуына әкеліп соқтырады, сол себепті Санкт-Петебург ізінше сыртқы саясатта табысқа жетуге мүдделілік танытады.
1863 жылы патша өкіметі қоқандықтардың ірі бекінісі Әулиеатаға қарай, басып алу мақсатында бір әскери бөлім жібереді. Жорық сәтсіздікке ұшырап, Қоқан хандығын тізе бүктіру негізінен ірі әскери жорық нәтижесінде ғана іске асатындығына деген сенімді орнықтыра түседі /1, 117 б/.
Осыған байланысты 1863 жылы 23 қаңтарда Петербургте Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторы А.П. Безак пен А.О. Дюгамельдің қатысуымен өткізілетін жиналыста Сырдария мен Сібір шептері арасындағы жерлерді зерттеуге шешім қабылдайды. Бұл жиналыста Сібір өкімет орындары Әулиатаға жапсарлас жатқан аудандарды зерттеуге тиіс болады. Бұл міндет полковник Богацевицке жүктеліп, 5 рота жаяу әскер, 150 казак және 4 зеңбірегі бар күшті басқарған ол бүкіл Шу алқабын және Әулиеата мен Шолаққорғанға баратын жолдарды мұқият зерттеп, Пішпек бекінісін түпкілікті жермен-жексен етуге тапсырма алады /198, 6-11 п/.
1863 жылы Д.А. Милютин Ерекше комитетте Орта Азия хандықтары жөнінде баяндама жасайды. Баяндамада Қаратау жотасы арқылы шеп жасау көзделіп, Сібір корпусына Әулиеатаны алу ұсынылады. 1863 жылы 20 желтоқсанда баяндаманы патша өкіметі бекітіп, Қоқан хандығына қарсы алдын ала келісілген жорықты 1864 жыл барысында бастауға берілген бұйрыққа қол қояды.
1864 жылы ақпан айында Әулиеатаға Әлімқұлдың тапсырмасымен Ташкент парванашасы Нұрмұхамед келеді. Ол Шу алқабындағы қазақтар мен қырғыз руларын Қоқан жағына тартып, оларды Ресеймен күресте қоқандықтармен бірігуге шақырған әр түрлі үдеу хаттар таратады. Патша өкіметі қоқандықтардың бұл әрекеттерін іске асырмау және қазақтар мен қырғыздардан аманат алу үшін әскери старшина Бутаков бастаған бір зеңбіректен тұратын 200 казакты қарсы аттандырады /184, 1-2 п/.
1864 жылы мамырда орыс әскерлерінің Қоқан хандығына шабуыл жасауға әзірлігі аяқталып, дербес екі әскери қол, Перовскіден 1500 адаммен шыққан полковник Веревкин Түркістанға қарай, ал Верныйдан 22 зеңбірек және 2500 жауынгермен полковник Черняев Мерке бекінісін ұрыссыз алып, Әулиеата бекінісіне бағыт ұстайды. Екі күнгі атыстан соң қала алынып, жергілікті халық көп шығынға ұшырайды /240, 334-351 б/.
Генерал Черняев пен полковник Веревкин сәті түскен әскери жорықтары қазақ даласын Ресейге қосып алуды аяқталады. Шымкент пен Ташкенттің алынуы Қазақстан мен Орта Азиядағы саяси жағдайды түп тамырымен өзгертіп, Ресей империясының пайдасына шешеді. “Орыстардың Қоқан хандығын жаулап алуы, -деп атап көрсетті. Шыңжандағы орыс консулы Н.Петровский,-істің жайын едәуір өзгертті. Әлсіз хандардың орнына Ресей мемлекетінің күшті билігі келді, ол көшпенділерді өз қаруының жеңімпаздығымен қорқытып, оларды өзіне біржола бағындырып алды, оларға тәртіп орнатып, олардың өздерінерікті, тәуелсіз деп санау мүмкіндігінен біржола айырады” /241, 4 п/.
Қазақ даласына Ресей билігін одан әрі енгізу жергілікті әскери-әкімшілік құрылымдардың бай өлкені Ресей экономикасының мүдделері үшін кеңінен игеру жөніндегі патша өкіметінің жоспарларымен сәйкес келмеуі қиындата түсті. 1865 жылы маусымда қазақ даласында қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді ескере отырып Ресейдің Ішкі істер министрі даланы аралауға полковник К. Гирс басқарған төрт кісілік комиссия тағайындап, қазақтар мен Түркістанды басқаруға лайықты әкімшілік-билік орындарын құру туралы баяндауды тапсырады. Екі жыл бойы әзірленген бұл баяндама тұтасымен қазақ халқының мәселесін қамтығанымен, қаланың бұқараның ой-ниеті ескерілмеді.
ҚОРЫТЫНДЫ
ХІХ ғасырдың бірінші жартысы қазақ халқына ауыр сын әкелген дүбірлі ғасыр болды. Осы бір қиын-қыстау кезеңде қазақ елінің тағдыры мен болашағы шешіліп жатты. Тәуелсіздігіміз бен елдігімізді жоюды көздеген шетел басқыншылары жеріміздің әрбір қадамы үшін талас-тартысқа түсті. Соның ішінде Жетісу өлкесінің саяси-экономикалық және әскери-стратегиялық маңызы артып, бұл өңірді үш бірдей мемлекет – Ресей, Қоқан хандығы және Қытай өзара тайталас аренасына айналдырып жіберді. Өйткені Жетісу өлкесі Қазақстаннан Азияға қиналмай кіре алатын “алтын қақпа” еді. Сондықтан да Жетісу өлкесіне империалистік мемлекеттердің қызығушылық танытуы саяси жағынан алғанда заңды құбылыс болатын.
Әсіресе, І Петрдің кезінен бастап бүкіл Азияны жаулап алып, оны таусылмас шикізат көзіне айналдыруды мақсат тұтқан Ресей империясы үшін Жетісу өлкесі – стратегиялық маңызы бар аймақ болып табылды.
Жетісу өлкесінің жаулануы Ресей империясының сыртқы саясатында орын алғанбірнеше күрделі экономикалық және саяси мәселелерді шешті. Атап көрсететін болсақ, біріншіден, Жетісу өлкесімен Азиядан Еуропаға апаратын бірнеше сауда керуен жолдары жатты. Осы керуен жолдарына өз бақылауын рнатқан патша өкіметі, Азияның барлық саудасын орыс көпестерінің қолына жинап берді.
Екіншіден, Жетісу өлкесін басып алғаннан кейін ғана Ресей империясы Үндістанға қауіп төндіру арқылы Еуропадағы бақталасы Англияны өзімен санасатын жағдайға келтірді. Ал Үндістанға баратын ең төте жол Жетісудан шығатын.
Үшіншіден, патша өкіметіне Жетісуді алғанда ғана қазақ даласын толығымен басындыруға сәті түсті. Төртіншіден, суы мен шөбі мол Жетісу өлкесі Орта Азияға жорық жасайтын орыс әскеріне Қазақстанның басқа құмды аудандарына қарағанда өте қолайлы аймақ болды. Бесіншіден, патша өкіметіне Орта Азиядағы ең басты қарсыласы Қоқан хандығы болғандықтан, оған Жетісу арқылы берілген соққы өте тиімді жағдайда өтті. Қазақстанның басып алынған жерлерінде Өскемен, Семей, Омбы, Петропавл және тағы басқа бекіністер мен әскери қоныстардың Жетісу өлкесіне кірген орыс әскеріне толық жағдай жасады.
Ресей империясының Жетісуға аяқ басуы Қытай мен Қоқан хандығының наразылығын тудырды. Алайда, Англиямен болған І апиын (1840-1842 жж.) соғысында жеңіліс тауып, өзінің жартылай отар елге айналуы және мұсылмандардың көтерілісінен әлсіреген Қытай тарапынан да, еодалдардың арасында тақ үшін жүрген ішкі саяси талас-тартыс толассыз соғыстардан жан-жағын барлай алмаған Қоқан хандығы жағынан да патша өкіметінің Жетісу өлкесіне емін-еркін кіруіне жол ашып, Ресей империясының іс-қимылдарына табанды түрде қарсылық көрсете алмады.
Ресей империясы Жетісуды негізінен екі жолмен жаулап алды. Біріншісі, өлкеге бірқатар әскери-барлау және жазалау экспедицияларын ұйымдастыру, екіншісі, өлкеге стратегиялық жағынан тиімді жағдайда болған бекіністер шебін салу арқылы өз бақылауын орнатты.
Ең алдымен әскери-әкімшілік басқарудың Қазақстандағы, соның ішінде Жетісу өңірінде қалыптасуының алғышарты ретінде отарлық жүйенің жергілікті басқару тетіктері талдауға алынды. Патша өкіметінің Жетісу өлкесінде орнатқан әскери-әкімшілік басқару қызметі қазақ даласын бөлшектеуге, халқын ұлттық езгіге салуға бағыттаған қадамы болып табылды.
Орта ғасырға тән қоғамдық қатынастар торына шырмалған Жетісу елі ендігі уақытта Еуропалық Ресейдің қоғамдық-саяси жүйесіне тартылып қана қойған жоқ, сонымен бірге экономикалық және мәдени өміріне де біртіндеп ене бастайды. Бұл процесс өңірдің жергілікті халқы үшін жеңіл болған жоқ. Өңір енді ғана қарқынды капиталистік даму жолына түскен метрополияның арзан шикізат көзіне айнала бастады, ал оның халқы ұлы державалық кемсіту мен қорлауды басынан кешіруге мәжбүр болды.
Кезінде Ұлы жүз қазақтарының Кенесары Қасымовтың ұлт-азаттық қозғалысына жаппай қатысуы, көкіректерінде әлі де болса да азаттық деген үміт бар екенін көрсетіп берген еді. Оны Тойшыбек қамалының түбіндегі қазақтардың орыстармен болған соғысы дәлелдеп берді. Бұл соғыста қазақтар тәуелсіздіктің жолында жандарын қиюға бар екенін, тек оларға ауызбіршілік пен қару-жарақ жетпегенін көрсетті.
Сол себептен патша өкіметі өзінің отаршылдық саясатын өлкеге енгізгенде асықпай, өте сақ қимылдауына тура келді. Өйткені кез-келген ойланбай жасалынған қадам үлкен қауіп-қатерге ұрындырды. Ұзынағаш түбінде болған қоқан-орыс шайқасы орыс әкімшілігіне осыны байқатты. Онда да қазақтардың басым көпшілігі оры әкімшілігінің жүргізіп отырған саясатынан түңіліп, қоқандықтардың жағына шығып кеткен болатын. Міне орын алған осындай саяси жағдайлар патша өкіметіне Сперанскийдің “Ережесін” толық жұмыс істеуіне мүмкіндік бермеді.
Сот билігі мен сайлау жүйесіне де патша өкіметі аса сақтықпен қарады. Әсіресе, сот билігіне келгенде орыс әкімшілігі ғасырлар бойы қалыптасқан билер институтына көп уақытқа дейін тиісуге бата алмады. Сот билігі бұрынғы билрдің қолында қалды.
Ал сайлау жүйесіне келетін болсақ орыстардың әскери-әкімшілік орындары көптеген табыстарға жетеді. Аға сұлтандыққа сайланатын үміткерлер болыстардың жалпы жиналысында сайланды. Оның мерзімі үш жылға созылды. Оларға жалақыны қазынадан төлеп, халық алдындағы міндеттемелерді жояды да, өздеріне тәуелді етіп қояды. Сұлтандардың билігін шектеуді ойлаған орыс әкімшілігі сайлауға “қарадан” шыққан қазақтарды қатыстырады. Сөйтіп орыстар ақсүйек сұлтандардың лауазымын төмендетіп, мәртебесін қарапайым қазақтармен теңестіруге ұмтылды.
Орыс патшалығы халқымыздың қараңғылық пен надандықта ұстауға, материалдық және рухани жақтан әлсіретуге барын салып бақты. Жетісу өлкесіндегі отаршылдықты күшейту мақсатында, аймақты орыс келімсектерімен толықтырды. Қазақ даласының ең шұрайлы жерлері солардың иелігіне өтті. Нәтижесінде қазақтардың жайылымдары тарылып, казактарға деген тәуелділік күннен-күнге арта түсті. ХІХ ғасырдың ортасына таман орыстардың әскери-әкімшілік тәртібі, оның жазалау жүйесі Жетісу өлкесіне толығымен орнығып үлгерді. Ендігі жерде патшалық әскери-әкімшілік қазақ халқының өміріне, тұрмысына ғана емес, оның рухани дүниесі, ақыл-ойы мен көңіл-күйіне бақылау жасағандығын дерек көздері айқындап отыр.
Елдің экономикалық, саяси билігін қолына алғаннан кейін патша әкімшілігі елдің тарихын, дінін, рухын, тәуелсіздігі жайындағы естелігін жоюға тырысты. Халыққа үнсіз мойын ұсынушылық пен дәрменсіздігін санасына сіңіру арқылы орыстар өз мақсаттарына жетпекші болды. ХІХ ғасырдың І жартысында басталған Ресей империясының Жетісу өлкесінде жүргізген отаршылдық саясаты Ұлы жүз қазақтары мен қырғыздардың жағдайын күрт нашарлатып, ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық жер иеленудің маңызды жақтарын қиратты. Патша өкіметінің әлсіз немесе Ресей билігін мойындамаған рулардытәуелсіз көшіп жүрген ірі руларға айдап салып, жер дауын қолдан жасап немесе ушықтыруы, езгінің күрт күшеюін, рулық-қауымдық жерлерді жаппай тартып әкелуін тудырды. Осының салдарынан шаруашылық қатынастардың мықтап бұзылуына, сұлтандар мен билердің беделі мен ықпалының күрт құлдырауына әкеп соқтырды.
Тек Қазақстанның тәуелсіздік алуымен байланысты патшалық Ресейдің қазақ халқына жасаған қылмыстары баспа беттерінен жарық көруде. Алайда, олардың қылмыстарын ғылыми негізде әшкерелеп жазылған еңбектер аздық етуде. Ал тәуелсіздік алып, аяғынан енді ғана тік тұрып келе жатқан Қазақ елінің ұлттық идеологиясына мұндай еңбектер қажет-ақ.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Зиманов С.З. Политический строй Казахстана в конце ХҮІІІ и І половине ХІХ веков.-Алматы: изд. АН КазССР, 1960.-296 с.
- Марков Е. Россия в Средней Азии. СПб., 1901.-541 с.
- Макшеев А.И. Географические, этнографические и статистические материалы о Туркестанском крае. СПб., — 60 с.
- Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в пяти томах. Т.1. Алматы: Главная редакция Казахской Советской Энциклопедии, -431 с.
- Венюков М. Поступательное движение в Среднюю Азию. СПб., 1877.-49 с.
- Аристов Н.А. Труды по истории и этническому составу тюркских племен./Отв.ред. акад. В.М. Плоских.- Бишкек: Илим,2003,-460 с.
- Пашино П.И. Туркестанский край. СПб., 1868.- 312 с.
- Романовский Д.И. Заметки по Средне-Азиатскому вопросу. СПб., 1868.- 291 с.
- Костенко А.Ф. Туркестанский край. Т.1. СПб., 1880.- 452 с.
- Терентьев М.А. История завоевания Средней Азии. Т.3. СПб., 1906.-496 с.
- Иванов А.И. Русская колонизация в Туркестанском крае. СПб., 1890.-224 с.
- Белявский. Материалы по Туркестану. СПб., 1884.- 203 с.
- Васильев В.А. Семиреченская область как колония и роль вней Чуйской долины. СПб., 1915.- 227 с.
- Недзвецкий В.Е. Узун-Агачское дело. Историческая справка к пятидестилетнему юбилею 21 октября, 1869-1910 гг. Верный. 1910.- 95 с.
- Макшеев А.И. Исторический обзор Туркестана и наступательного движение в него русских. СПб., 1890.-380 с.
- Седельников Т. Борьба за землю в Киргской степи.СПб., 1907.- 97 с.
- Леденев Н.В. История Семиреченского казачьего войска. Верный. 1908.-834 с.
- Серебренников А.Г. Туркестанский край. /Сбор материалов для истории его завоевания. Ташкент. 1913.-195 с.
- Байтұрсынов А. Тағы да жер жайында. //Айқап, 1911. №4. 1-4 б.
- Сафаров Г. Колониальная революция. (Опыт Туркестана). –Алматы: Жалын, 1996.-272 с.
- Галузо П.Г. Туркестан – колония.-Москва: Наука и Просвещение, 1929.-164 с.
- Колониальный восток. /Социально-экономические очерки. Под. ред. А.Султан-Заде. Москва: Новая Москва, 1924.-354 с.
- Асфендияров С.Д. История Казахстана с древнейших времен. Т.1. Алматы: Казкрайиздат, 1935.-262 с./
- Халфин Н.А. Политика России в Средней Азии (1857-1868 жж.).-Москва: Восточная литература, 1960.-272 с.
- Бекмаханов Е. Қазақстан 20-40 жж.- Алматы: Санат, 1994.-416 б.
- Сүлейманов Б.С. Басин В.П. Казахстан в составе России в ХҮІІІ-нач. ХХ в.- Алматы: Наука, 1981.-247 с.
- Мәшімбаев С.М. Патшалық Ресейдің отарлық саясаты.-Алматы:Санат, 1994.-135 б.
- Толыбеков С.Е. Общественно-экономический строй казахов в ХҮІІ-ХІХ веках.-Алматы: Наука, 1959.-498 с.
- Сапаргалиев Г.С. Карательная политика царизма в Казахстане. (1915-1917 гг.)- Алматы: Наука, 1966.-375 с.
- Жиреншин К.А. Политическое развитие Казахстана в ХІХ-начале ХХ веков.-Алматы: Жеты Жаргы, 1996.-352 с.
- Қойгелдиев М.Қ. Жетісудағы Ресей билігі (ХІХ ғ.-1917 ж.).- Астана: Елорда, 2004.-216 б.
- Нұрпейісов К. Алаш һәм алашорда.-Алматы: Ататек, 1995.-256 б.
- Валиханов Е.Ж. Колонизационная политика Российской империи в Казахстане. //Абай, 1999. №1. С. 28-39.
- Галиев В.З. Караванные тропы (Из истории общественной жизни Казахстана ХҮІІ-ХІХ вв.)- Алматы: Атамұра, 1994.-128 с.
- Махаева А. Ұзынағаш шайқасы. //Қазақ тарихы, 2004. №6. 36-42 б.
- Рүстемов С. Орынбор муфтилігі және қазақтар.//Қазақ тарихы, 2004. №4. 82-88 б.
- Пайпс Р. Россия при Старом режиме//Независимая газета, 1993. С. 4-10.
- Каппелер А. Две традиции в отношениях Россий к мусульманским народам Российской империй. // Отечественная история, 2003. №2. С. 129-135.
- О порядке избрания по Киргизской степи в старшие султаны. Полное собрание законов. 1955. 23 февраля. Т.30. № 29069. О переименовании Большой Орды и о штате управления всю начальника. П.С.З. 1856. 3 ноября. № 31095. Положение об управлении Алатауского округа. П.С.З. 1862. Т.12. № 39088.
- Крафт И.И. Сборник узаконений о киргизах степных областей.-Оренбург, 1898.-532 с.
- История внешней политики России. (І половина ХІХ века).-Москва: Международные отношения, 1995.-448 с.
- Памятная книжка и адрес –календарь Семиреченской области на 1898 г. Верный, 1898.-175 с.
- Янушкевич А. Дневники и письма из путишествия по казахским степям. /Пер. с польского Ф. Стекловой.-Алматы: Казахстан, 1966.-268 с.
- Семенов П.П. Путешествия в Тянь-шань в 1856-1857 гг.-Москва: Полиграфкнига, 1946.-256 с.
- Бабков И. Вспоминания о моей службе в Заподном Сибири. 1575-1859 гг. кн.І.СПб., 1912.-189 с.
- Венюков М. Путешествия по окраинам Русской Азии и записки о них. СПб., 1868.-527 с.
- Северцов Н. Путешествие по Туркестанскому краю и исследования горной страны Тянь-Шаня., СПб, 1873.-416 с.
- Царская колонизация в Казахстане. /По материалам русской периодической печати ХІХ века. Сост. Ф.М. Оразаев.-Алматы: Рауан, 1995.-368 с.
- Алдабергенов Қ.М. Ресейдің Қазақстандағы отарлау саясатының бағыттары мен нәтижелері (1860-1918 жж. Мерзімді материалдары бойынша).-Алматы: Рауан, 2000.-285 б.
- Серебренников А.Г. Туркестанский край. /Сбор материалов для истории его завоевания. Ташкент. 1913.-195 с.
- Құсайынұлы Қ. Қазақ шаруашылығы отаршылдық дәуірінде.- Алматы: Дәнекер, 2001.- 120 б.
- Киняпин А.С. Блиев М.М. Дегаев В.В. Кавказ и Средняя Азия во внешней политике Россий.- Москва: МГУ, 1984.-328 с.
- Казахско-русские отношения в ХҮІІІ-ХІХ веках. (1771-1867 гг.) Сборник документов и материалов. (Сост. Н. Киреев, В.Я. Басин, Т.Ж. Шоинбаев, К.Ж. Жунисбаев, В.С. Мусаева). Алматы: Наука, 1964.-575 с.
- Завилишин И.Описание Западной Сибири. Т.3. СПб., 1867.–145 с.
- Михайлов М. Область Сибирских киргизов и Семипалатинск. СПб., 1867. –154 с.
- Колониальная политика и национально освободительное движение (Из новой и новейшей истории Балкан, Ближнего и Среднего Востока).- Кишинев: Кишиневский Государственный университет, 1965.- 364 с.
- Снесарев А.Е. Индия как главный актор в Средне-Азиатском вопросе. СПб., 1906.-173 с.
- Алдабек Н. Талқыға түскен Шынжаң.-Алматы: Қазақ университеті, 2003. –432 б.
- Павлов Н. История Туркестана. Ташкент, 1910. –273 с.
- Рожкова М.К. Экономические связи России со Средней Азией (40-60 годы ХІХ века).-Москва: изд. АН СССР, 1963.-238 с.
- Жүрсінбаев Б.Ә. Алатау дуандығы: құрылуы және билік орындары қызметінің тарихы (1818-1867 жж.) Алматы, 2006.
- Колониализм вчера и сегодня. АН СССР институт народов Азии.-Москва: Наука, 1964.-316 с.
- Горячева А.А. Исторические предпосылки основания города Верного. // Ученые записки. КарГУ. Т.20. Серия история.- Алматы: КазГУ. Учеб.-педагог. изд., 1956.-156 с.
- Киняпин А.С. Блиев М.М. Дегаев В.В. Кавказ и Средняя Азия во внешней политике Россий.-Москва: МГУ, 1984.-328 с.
- Қойгелдиев М.Қ. Алаш қозғалысы.-Алматы: Санат, 1995.-368 б.
- Айқап. /Құрастырушылар Субханбердина Ү, Дәуітов С.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1995. –367 б.
- Бекмағанбетов С. Қазақстан тарихының кейбір мәселелері.-Жезқазған: Жезқазған университеті, 1999.-129 б.
- Сегизбаев О. Иследователь, мыслитель.- Алматы: Казахстан, 1974.-129 б.
- Бейсембиев К. Из истории общественный мысли Казахстана второй половины ХІХ века.- Алматы: изд. АН КазССР, 1957.-212 с.
- Қазақстан тарихы. Очерктер.- Алматы: Дәуір, 1994.-446 б.
- Дулатов М. Жер мәселесі.//Айқап, 1911. №6. 8-10 б.
- Бөкейханов Ә. Таңдамалы (Избранное)./Гл. ред. Р. Нургалиев.- Алматы:Қазақ энциклопедиясы, 1995.-478 б.
- Асылбеков М.Х. Шалекенов М.У., Еро еева И.В. Қазақстан тарихы. (Көне заманнан бүгінге дейін). 3 т. 1 бөлім. 10 тарау.-Алматы: Атамұра, 2002.-768 б.
- Бекназаров Р. Оңтүстік Қазақстан тарихының очеркі (ХҮІІІ-ХІХ ғ.)-Алматы: Ғылым, 1976. –330 б.
- Казахско-русские отношения в ХҮІІІ-ХІХ веках. (1771-1867 гг.). /Сборник документов и материалов. (Сост. Н. Киреев, В.Я. Басин, Т.Ж. Шоинбаев, К.Ж. Жунисбаев, В.С. Мусаева).-Алматы: Наука, 1964.-575 с.
- История Казахстана (ХҮІІІ-нач. ХХ вв). Сборник.- Алматы: Қазақ университеті, 2001.-308 б.
- Шоинбаев Т.Ж. Добровольное вхождение казахских земель в состав Россий.- Алматы: Қазақстан, 1982.-279 с.
- Вяткин М.П. Путевые заметки лекаря Зибберштейна. Москва, б.г.-258 с.
- Броневский. Записки о киргизах Средней Орды. СПб., 1830.
- Румянцев П.П. Материалы по обследованию туземного и русского старожильческого хозяйства и землепользования в Семиренческой области. Т.1. Лепсинский уезд. Вып І. СПб., 1911.-633 с.
- Далаева Т.Т. Побудительные мотивы и последствия военно-колониальных акций царизма а Южном Казахстане и Семиречье (40-60 гг. ХІХ в.).-Дисс. канд. истор. наук.- Алматы, 1998.-145 с.
- Макшеев А.И. Исторический обзор Туркестана и наступательного движение в него русских. СПб., 1890.-380 с.
- Лавров М.В. Туркестан: геогра ия и история края. Москва, 1914.-199 с.
- Өмірзақов Ө. Ресейге қосылғаннан не ұттық? – Алматы: Санат, 1999.-195 б.
- Мұқанов М.С. Қазақ қауымы.-Алматы: Ана тілі, 1995.-304 б.
- Арғынбаев Х., Мұқанов М., Восторв В. Қазақ шежіресі хақында.- Алматы: Ата мұра, 2000.-464 б.
- Жансүгіров І. Жетісу (1730-1916 жж.).-Алматы: Ценные бумаги, 2001.-178 б.
- Мұқамбетқанұлы Н. Тарихи зерттеулер.- Алматы: Жалын, 1994.-144 б.
- Абсадықов А. Абылай хан: шындық және ольклор. // Ақиқат, 2003. №1. 69-77 б.
- Тынышбаев М. Материалы к истории киргиз-казахского народа.-Алматы: Алтын Орда, 1990.-62 с.
- Сүлейменов Р.Б., Моисеев В.А., Абылай хан: внешняя и внутренная политика.-Алматы: Жазушы, 2001.-168 с.
- Вяткин М. Очерки по истории Казахской ССР. Т.1.-Москва: Госполитиздат, 1941.-368 с.
- Бекмаханов Н.Е. ормирование многонациональого населения Казахстана и Северной Киргизии.-Москва: Наука, 1980.-280 с.
- Румянцев П.П. Киргизский народ в прошлом и кастоящем. СПб., 1910.-66 с.
- Румянцев П.П. Материалы по обследованию туземного и русского старожильческого хозяйства и землепользования в Семиреченской области. Т.2. Копальский уезд. СПб., 1913.-530 с.
- Серебренников А.Г. Туркестанский край (Исторические материалы его завоевания) 1844, 1845 и 1846 года. Ташкент, 1914.-321 с.
- Кенесары Қасымұлы (туғанына 200 жыл толуына арналған халықаралық ғылыми-теориялық кон еренция материалдары).- Алматы: Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты, 2003.-235 б.
- Ахмет Сұлтан Кенесарыұлы. Кенесары және Сыздық сұлтандар. Алматы: Жалын, 1992.-48 б.
- Бунт киргизского султана Кенесары Касымова (1838-1847 гг.). //Вестник Европы,1871.-Т.ІҮ.-№7-8.-689 с.
- Елагин А.С. Казачество и казачье войска в Казахстане. Алматы: Казахстан, 1993.-73 с.
- Джусупбеков С. Город Верный. Алматы: Казахстан, 1980.-215 с.
- Борьба за Средне-Азиатский плацдарм.//Военный сборник, 1916. №1.С. 6-30.
- Сафаров Г. Проблемы национально-колониальной революции. М-Л: Государственное социально-экономическое издательство, 1931.-287 с.
- Материалы по истории политического строя Казахстана. /Сост. М.Г. Масаевич. Алматы: АН КазССР, 1960. Т.1.-441 с.
- Крафт И.И. Судебная часть в Туркестанском крае и степных областях. Оренбург. 1898.-214 с.
- Уәлиханов Ш.Ш. Таңдамалы.-Алматы: Жазушы, 1980.-416 б.
- Федоров Д. Опыт военно-статического описание Илийского края. Ташкент, 1903.-230 с.
- Сладковский М.И. История торгово-экономических отношений народов России с Китаем (до 1917 г.).-Москва: Наука, 1974.-440 с.
- Мұқамбетқанұлы Н. ХҮІІІ-ХХ ғасырлардағы қазақ-қытай байланыстары.-Алматы: Санат, 1996.-128 б.
- История Киргизской ССР. (с древнейших времен до середины ХІХ в.).- Фрунзе: АН Кир ССР, 1989. Т.1.-800 с.
- Иванов П.П. По истории Средней Азии (ХҮІ-середина ХІХ в.).-Москва: Восточные титературы, 1958.-247 с.
- Халфин Н.А. Россия и ханства Средней Азии.-Москва: Наука,1974.-408 с.
- Завоевания Туркестана. /Сост. К.К. Абаза.СПб., 1902.-310 с.
- Битва при Узун-Агаче //Военный сборник.-СПб., 1861. №1.
С.283-300.
- Пигучин П. Вторжение коканцев в Алатауский округ в 1860
году.//Военный сборник. СПб., 1872. №5-6.С.285-298.
- Махаева А. Ұзынағаш шайқасы.//Қазақ тарихы, 2004. №6.
- Военные действия Зачуйского отряда летом 1864 г.
//Инженерный журнал.СПб., 1865. №4. С. 334-351.