АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Қазақ баспасөзі – Алаш зиялыларының большевизмге қарсы күресі

Мазмұны

 

Кіріспе………………………………………………………………………………..

 

I.      Қазақ баспасөзі – Алаш зиялыларының большевизмге

   қарсы күресі тарихының дерек көзі…………………………….

 

ІІ. Алаш зиялыларының көрнекті өкілі-М.Шоқайдың большевизмге қарсы      күресі…………………………………………..

 

Қорытынды………………………………………………………………………..

 

Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі……………..

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Диплом жұмысының өзектілігі.  ХХ ғасырдың бас кезі қазақ қоғамы үшін, ұлт болашағы үшін қауіпті кезең еді. Бір қоғамнан келесі қоғамға көшу отарлық езгіні тереңдете түсті. Осы тұста қоғамдық күреске қазақ қоғамы үшін мүлдем жаңа саяси-әлеуметтік күш – ұлттық зиялылар араласа бастайды. Орыс мектептері мен жоғарғы оқу орындарында білім алып, отаршыл мемлекеттік басқару аппаратындағы қызметке және қазақ арасында орыс мәдениетін     егіп, тарату үшін даярланған зиялылар мұның бәрін жиып қойып, ұлттық тәуелсіздік пен ұлттық мәдениеттің өсіп-өркендеуіне, ұлт өмірін қайта құру мақсатында қызмет ете бастайды. Соның нәтижесінде қазақ қоғамында мүлде жаңа сападағы жағдай қалыптасып, отарлық тәуелділікке қарсы күрес оның негізгі белгісіне айналады. Ал Кеңес үкіметі орнауы барысында зиялылар қызметі күрделеніп, дами түседі.

Барлық көрінісі жағынан қазақ қоғамы үшін нағыз өтпелі кезең болған сол уақытта тарих  сахнасына көтеріліп, небары жиырма жылдай уақытқа созылған қысқа мерзімде өшпес із қалдырған бұл ұлт зиялылары кімдер еді? Олар еліміздің тарихында қандай орын алмақ? Бұл сауалдарға тарих толығымен жауап бере алды ма? Әрине, оған толық жауап берілген жоқ. Анығырақ айтқанда, қазақ зиялыларының жүріп өткен тарихи жолы, әсіресе күрделі тарихи өтпелі кезеңдері мен сол кезеңдерде өзінің белсенді қызметімен қоғамдық дамуға пәрменді ықпал еткен түрлі қоғамдық күштердің, жеке тарихи қайраткерлердің өмір жолын талдап, зерттеу әлі аяқталмаған міндет деуге болады. Соның ішінде Кеңес үкіметінің толық орнауымен жолы кесілген, оған дейін, тіпті кеңес үкіметі орнағаннан кейін де жалғасын тапқан қазақ зиялыларының тәуелсіздік алу үшін жүргізген күресі, осы жолдағы қағамдық-саяси қызметтері халқымыздың күрделі тарихының толық жазылмаған ақтаңдақ беттеріне жатады.

Біз, яғни кейінгі ұрпақ кеңес үкіметінің таңдаған жолы – большевизмнің даму жолының сәтсіз аяқталғанының куәсі болдық.  Осы орайда біз үшін большевиктер таңдаған жолдан өзге бағыт болды ма – осы мәселе өзекті болып көрінеді. Тек тәуелсіздік жылдары зерттеле бастаған зиялыларымыздың қоғамдық-саяси қызметі, жалпы ХХ ғасыр басындағы еліміздің саяси жағдайы жөніндегі еңбектер арқылы ғана сұрағымызға жауап іздеуге мүмкіндік туа бастады. Кеңестік тарих ғылымы ұлт зиялыларының қызметін «буржуазиялық ұлтшылдық» көрінісі деп бағалап келді. Бұл шын мәнінде берілген баға ма, әлде ұлы державалық пиғылдағы баға ма еді?  Осы сауалдарға жауапты да зиялылардың әрбірінің өмір жолын толық зерттегенде ғана таба аламыз.

Ұлттық зиялылар дегенімізге қандай анықтама беруге болады? М.Шоқай тілімен айтсақ «Белгілі-бір мұрат-мақсаттардың соңында жүрген және сол белгілі мұрат-мақсаттары төңірегіне жиналған оқымыстыларды зиялылар деп айтуға болады. Ұлттық зиялылар қатарына тек өз халқының саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуына қалтқысыз қызмет ете алатын адамдар ғана кіре алады. Зиялылардың міндеті ұлы да қасиетті болуы себепті өте ауыр.  Халықты ұлт деңгейіне көтеру, яғни, жері, суы, қазынасы, тілі мен діні бір болған халық бұқарасын бірлестіріп, олардың санасын біртұтас саяси, әлеуметтік, ұлттық санаға жеткізуде, ұлы тарихи міндеттің маңызды бір бөлігі зиялылардың үстіне жүктеледі» [1; 175-176]. Міне осы салмақты тарихи міндетті арқалаған ұлт зиялыларымыз деп кімдерді атай аламыз. Ә.Бөкейханұлы, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, М.Шоқай, Х.Досмұхамедұлы, М.Тынышбайұлы, С.Қожанов, Ш.Құдайбердіұлы, М.Жұмабайұлы, Ж.Аймауытұлы т.б. ұлтқа қызмет еткен азаматтардың қайраткерлік қызметтері зиялылар деп айтуға толық негіз бола алады. Олардың барлығы азаттық үшін алысыр өткен. Зиялылардың қызметін жан-жақты зерттеу үшін олардың қоғамдық саяси көзқарасын білу өте маңызды.

Ленин бастаған большевиктер партиясының ұйымдастыруымен болған қазан төңкерісінің бұрынғы империя халықтарына өлшеусіз қайғы-қасірет әкелгендігі және большевиктердің зорлық-зомбылыққа қарсы ұлттық шын мәніндегі ақыл-ойы, ар-ожданы, абыройы болған зиялы қауымның қарсы күрескендігі белгілі. Сол большевизмге қарсы шыққан топтық алдыңғы қатарында Алаш азаматтары да болғанын мақтана айтамыз. Осы күнге дейін тарихи бұрмалана жазылып келген азаттық күрес тарихының бұлтартпас айғағы және жазба дерегі – ұлттық басылымдар. Зиялы қауымның қоғамдық-саяси көзқарастары, сондай-ақ большевизммен күресінің қандай жолмен, қандай дәрежеде жүргендігі осы басылымдардан айқын көрінеді. Сондықтан да біздің тақырыбымызды жан-жақты ашуға көмектесетін бұл дерек көздерін бітіру жұмысының зерттеу объектісіне айналдырдық.

Тағы да бір айтатын үлкен мәселеміз, ол-ұлт зиялыларының бірі әрі бірегейі, ұлттың ұйытқысы, тірегі, рухани білегі, өз заманында Түркістанда орнаған Кеңестік биліктің отаршыл сипатын қатесіз тани білген және онымен ымырасыз күреске бүкіл ғұмырын арнаған, сондай-ақ бұл күреске бұрын Түркістан халықтары тарихында болмаған жаңа мазмұн баріп, инттеллектуалдық көкжиекке көтерген ұлы қайраткер Мұстафа Шоқай туралы.

Мұстафа Шоқай Түркістан халықтары тарихында бүтін-бір кезеңді қамтыған ерекше құбылыс. Ол ерекшелік қайраткердің Түркістан халықтарының 1917 жылғы Кеңестік билікке балама Түркістан (Қоқан) автономиясы үшін демократиялық қозғалысқа басшылық жасаумен шектелмей, кеңес үкіметі орнап, зиялыларды саяси қуғынға ұшырата бастағанда саяси эмиграцияның негізін қалап, шетелде большевизмге қарсы күресін баспасөз арқылы жүргізгендігінде еді. Сондықтан да Мұстафа Шоқайдың қоғамдық-саяси қызметі және тәуелсіздік үшін күрес жолы  —  бүгінгі  ұрпақ үшін өнешелі тарихты толықтыра түседі. Оған жеке тоқталу ғылыми жұмысымыздың мәнін аша түседі. Таңдаған тақырыбымыздың өзектілігі де осында.

Зерттелу деңгейі: Кеңестік тарих ғылымында ұлттық зиялылардың қоғамдық қызметін «буржуазиялық ұлтшылдық» немесе «күні өткен феодалдық тәртіпті жақтаушылық» ретінде бағалап келді. Сондай-ақ қазақ қоғамын феодалдық мешеулік отарлық тәуелділіктен алып шыға алатындай қоғамдық-саяси әлеуметтік күш болған жоқ  деген тұжырым етек алып келді.  «Тарих – таптар күресі» деген принципті ұстанған кеңестік зерттеушілер зиялылар қызметіне біржақты баға беріп, тап жаулары ретінде қарастырды. Тек Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері кезінде кеңестік жүйе тұсында көзқарастарын, қоғамдық-саяси қызметтерін толық және шынайы зерттеуге мүмкіндік болмаған саяси қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ интеллигенциясының күрделі тағдыры жаңа методологиялық принциптер негізінде зерттеле бастады. Енді «тарих – адам қызметі» деген принципті басшылыққа алған отандық зерттеушілер еңбектері жарыққа шыға бастады [25; 20]. Осы тақырыпқа қатысты зерттеулерге тарихнамалық шолу жасап көрелік.

ХХ ғасырдың 20-жылдары қазақ  зиялыларының ұлттық демократиялық көзқарастары мен тәуелсіздік жолындағы күресін бағалау екі бағытқа бөлінді. 1925 жылғы желтоқсан айында өткен Ү өлкелік партия конференциясында Голощекин «алаштықтардың» әрекеттерін «Біз ақпан революциясына дейінгі және одан кейін де басында А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов және М.Дулатов сияқты ұлтшыл қазақ интеллигенциясы тұрған ұлттық қозғалысты қалай бағалауымыз керек? Сондай-ақ бұл ұлтшыл интеллигенция тобына біздің партияның  қазіргі қатынасы қандай болмақ? Түсінікті ғой, жолдастар, ақпан революциясына дейінгі буржуазиялық азаттық қозғалысы, мәселен, Қытайдағы ұлтшыл-буржуазиялық эелементтер бастаған ұлттық революциялық қозғалыс сияқты, объективті революцияшыл болды, ол қазір реакцияшыл, тіптен контрреволюцияшыл. Басқа ештеңе емес» деп қорытты [31; 9-10]. Ұлт-азаттық қозғалыс интеллигенцияның қызметіне берілген бұл партиялық баға теория жүзінде ұлшт-азаттық қозғалыс идеологиясына және практикада оның иесі ұлттық демократияшыл интеллигенцияға қарсы шабуылға көшуге негіз болған еді. 20-жылдардың екінші жартысында партиялық тапсырма бойынша алаш қозғалысы тарихына арналған А. Бочаговтың [4] очерктері және Мартыненконың [5] құжаттар жинағы жарық көрді. А.К. Бочагов өз еңбегінде қазақ зиялыларын 3 топқа бөліп қарастырды: жоғарғы, орта және төменгі. Мұнда әр топтың мүшелерінің саяси ұстанымдары олардың төңкеріске дейінгі кәсіби деңгейіне, материалдық жағдайына және қоғамдағы иерархиялық орнына қарай бөлді. Жалпы, бұл екі автор да ұлт-азаттық қозғалысқа қарабайыр таптық тұрғыдан ғана келіпқоймай, сонымен бірге қазақ тіліндегі құжаттық материалдарды елемеді, сондай-ақ ашықтан-ашық тарихи деректерді бұрмалай жазды.

Қоғамдық өмірде қалыптасқан жағдайға байланысты ұлт-азаттық күрес зиялыларына қатысты екі көзқарас байқалды. 1933 жылы 8-28 желтоқсан аралығында қазақ марксизм-ленинизм ғылыми зерттеу институттында Алашорданың контрреволюциялық рөліне арналған ғылыми конференциялар өткізілді. Конференцияда Брайнин мен Шафиро Алашорда тарихы бойынша жазып жатқан очерктер кітабы негізінде баяндама жасады. Баяндаманы талқылау барысында Меңдешев, Асфендияров, Федоров, Мусиндер ғасыр басындағы зиялылардың қызметін бұрмалап, біржақты түсіндіруге қарсылық көрсетсе, Жангелдин, Құрамысов, Брайнин, Шафиро бастаған екінші топ мәселені тұрпайы социализм тұрғысынан баяндау әдісін ұстанды [6; 23].

1935 жылы жарық көрген С.Брайнин мен Ш.Шафироның кітабы асығыс, тек ОГПУ-лық деректер негізінде жазылған еңбек болатын [7]. Соған қарамастан бұл кітап алаштық идеологиямен ымырасыз күресті талап еткен Орталықтың ойынан шықпады. Сондықтан да Өлкелік партия комитеті оны, артынша Мартыненко жинағын кітапхана қорларынан алу туралы үкім шығарды [8; 155].

Қазақ демократиялық интеллигенциясының қоғамдық-саяси қызметін зерттеу 20-30-жылдары осындай деңгейде жүрді, ал 37-38 жылдардағы жаппай репрессиялау саясаты, тоталитарлық идеологияның салтанат құруы бұл мәселенің дербес тақырып ретінде ғылыми зерттеу жұмыстары санатынан ұзақ мерзімге шығып қалуына алып келді. Өткен ғасырдың 80-жылдарының соңына дейін қазақ зиялыларының қоғамдық саяси қызметі мәселесін арнай зерттеу тақырыбы есебінде алған монографиялық деңгейдегі еңбектер жарық көрмеді. Тек кеңестік құрылысқа арналған еңбектерде зиялыларға қатысты жанама мәліметтер беріліп қалатын [9; 139].

Біз қарастырып отырған тақырыпты зерттеудегі шын мәніндегі жаңа кезең 1980-жылдардың соңына қарай басталды. Репрессия құрбаны болған зиялылардың біразы ақталғаннан соң-ақ олардың қоғамдық-саяси қызметі «дөңгелек столдардың» тақырыбына айналды.

Академик М.Қ.Қозыбаевтың қазақ ұлт-азаттық қозғалысы мен қазақ интеллигенциясы тарихына байланысты жарық көрген еңбегі мәселені жаңа теориялық-методологиялық тұрғыда талдау қажеттігін көрсетті [10].

М.С.Бурабаевтың 1991 жылы шыққан «Общественная мысль Казахстана в 1917-1940 гг.» атты зерттеуі ХХ ғасыр басындағы зиялылардың қоғамдық саяси көзқарастарын зерттеген алғашқы жазылған еңбек [11]. Ғалым К.Нүрпейістің «Алаш һәм Алашорда» атты еңбегі Алаш зиялыларының рөлін объективті бағалайтын әрі ғылымилығы жағынан құнды болса [12], М.Қойгелдиев өзінің «Алаш қозғалысы» монографиясында зиялылардың қоғамдық-саяси қызметін, олардың ақпан, қазан төңкерісі тұсындағы қызметін, большевизмге қарсы күресі тарихын ашып көрсетті [3]. Д.А.Аманжоловтың «Казахский автономизм и Россия» атты зерттеу еңбегінде зиялыларымыздың ұлттық-территориялық автономия құру мәселесі терең талқыланды [13].  Т.Омарбеков пен Ш.Омарбековтың «Қазақстан тарихына  және тарихнамасына ұлттық көзқарас» атты еңбегі мәселені қаластыруда жаңа концептуалдық көзқарас ұсынады [2]. Ал Қ.Атабаевтың деректанулық тұрғыда жазылған «Қазақ баспасөзі Қазақстан тарихының дерек көзі (1870-1918)» монографиясы алғаш рет қазақ зиялыларының саяси-қоғамдық көзқарастары мен ұлт-азаттық күресі жолындағы әрекеттерін олардың өздерінің баспасөз беттерінде жарияланған еңбектеріне деректанулық талдау жасай отырып, объективті баға береді [14].

Жалпы айтсақ тәуелсіздік алғалы тарихымызды түгендеп жатқан тарихшылар ХХ ғасыр басындағы зиялылар қызметін ұлттық тұрғыдан талдауды бастады. Осы орайда С.Рүстемов [15], А.К. Мамраева [16], А.М.Ауанасова [17], Ж.Қ.Симтиков[18], Ж.М.Уәлиханова [19], М.С.Сәулембекова [20], П.М. Сүлейменов [21], Л.М.Хасанаева [22], Ш.Т.Омарбеков [23], т.б. ғалым-тарихшылардың еңбектерін атап көрсетуіміз керек. Оларда негізінен жекелеген зиялы топ өкілдерінің қоғамдық-саяси қызметтері арнайы түрде қарастырылады.

Біз қарастырып отырған Алаш зиялыларының ішіндегі бірі әрі бірегейі – сол кезеңде өмір сүріп, өзінің саяси-әлеуметтік көзқарастарын жан-жақты танытқан Мұстафа Шоқай. Оның тарихтағы рөлін ашып беруге көмектесетін еңбектерге тоқталсақ,  Қазақстанда Мұстафа Шоқай жайлы ең алғашқы шыққан еңбек Ә.Әлімжановтың жинақтауымен жарық көрген «Түркістанның қилы тағдыры» еңбегі[24]. Ол сонымен қатар Мұстафа Шоқайдың өмір жолы жайлы да еңбек жазды [25]. А.Х.Қасымжанов та «Ұлы даланың зиялылары» атты монографиясында М.Шоқайдың өмірі мен саяси қызметіне тоқталды [25]. Тарихшы- ғалым М.Қ.Қойгелдиев «Алаш қозғалысы» атты монографиясында М.Шоқайдың саяси идеяларына тоқталып, жоғары баға береді [3]. Қазіргі таңда М.Шоқайдың өмірі мен қызметі жөнінде құнды еңбек 1997 жылы Стамбулдан шыққан Мұстафа Шоқай мен Мария Шоқайдың «Естеліктері» [27]. Сондай-ақ, шоқайтанумен айналысып біршама материалдар беретін М.Қойгелдиев [28, 29], Ә.С.Тәкенов [30; 31;32], Н.Алдабек [33], С.Ж.Сапанов [34], Б.И.Садықова [35,36,37], Х.Абдуллин [38], А.Мустафин [39], А.Нүсіпхан [40], С.Ибрашев [41] т.б. зерттеушілердің еңбектерін атап көрсету керек. Тағы бір ерекше атын атауға тұрарлық Түркия азаматы Х.Өралтайдың Алаш және Шығыс Түркістан қазақтарының ұлт-азаттық қозғалысы тарихына арналған «Алаш – Түркістан  түркілерінің ұлттық азаттық үшін күресінің ұраны» атты еңбегі. Ол ертеректе шыққанымен, оның қазақ басылымдарына жарияланып жүрген материалдары туелсіздіктен кейін ғана [22].

Біз қарастырып отырған мәселеге қатысты және жалпы қазақ тарихына байланысты Елбасы Н.Назарбаев барлық еңбектерінде айтады. Соның біразын бізысымызда пайдаландық [42,43,44].

Деректік негізі: Диплом жұмысы негізінен ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының большевизмге қарсы күресін деректерге қарай отырып, оларға талдау жасау арқылы жан-жақты ашып көрсетуге бағытталады. Сондықтан да алғашқы тарау ХХ ғасыр басындағы ұлттық басылымдар зиялылардың большевизмге қарсы күресінің дерек көзі деп аталады. Бұл таза деректанулық болғандықтан көбіне дерек көздері – ұлттық басылымдармен жұмыс істеуді қажет етеді. Негізгі дерек көзі ретінде біз «Қазақ» газеті, «Айқап», «Сарыарқа», «Бірлік туы», «Ұран», «Тіршілік» сияқты ұлттық-бейресми мерзімді басылымдарды алдық Себебі бұлар – қазақ зиялыларының большевизмиге қарсы күресі тарихы жайлы біршама объективті мәліметтер беретін басылымдар, олай дейтініміз олардың маңына топтасқандар сол Кеңес үкіметінің ұлт саясатына қарсы, ұлттық-демократияны қолдайтын ұлт зиялылары болатын.

1998 жылы Ү.Субханбердина, С.Дәуітов, Қ.Сақовтардың құрастыруымен «Қазақ» газетінің материалдары кітап болып басылып шықты [45], 1995 жылы «Айқап» журналының матералдары да жинақталып, бір кітапқа енгізілді [46]. Бұлар құнды дерек көздеріне жатады. Сондай-ақ С.Сейфуллиннің «Тар жол тайғақ кешу» мемуарындағы көптеген мәліметтер біз қарастырып отырған тақырып үшін қажет саналады [47].

Келесі, Мұстафа Шоқайдың тарихи портретін айшықтауға көмектесетін деректер тобына М.Шоқайдың жарық көрген «Таңдамалысы» [18], «Туркестан под властью Советов» [48], «Түркістанның қилы тағдыры» [24] және М.Шоқай мен зайыбы Мария Шоқайдың «Естеліктері» [27] жатады.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері:  Диплом жұмысының мақсаты – ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының большевиктік Кеңес үкіметіне қарсы, оның отарлық саясатына қарсы шығып, ұлт-азаттық күресін жан-жақты, сол кездегі ұлттық мерзімді басылымдарға талдау жасау негізінде ашып көрсету; сонымен бірге азаттық күрестің өкілі Мұстафа Шоқайдың қоғамдық-саяси қызметтегі рөліне өзіндік баға беру.

Осы мақсаттарға сәйкес мынадай міндеттерді шешуді көздедік:

  • қазақ зиялыларының большевизмге қарсы күресі тарихын зерттеу;
  • ХХ ғасыр басындағы ұлттық-бейресми басылымдарды большевизмге қарсы күрес дерегі ретінде қарастыру, олардағы мәліметтерді талдау;
  • Ұлт тәуелсіздігі үшін күрескен Мұстафа Шоқайдың қоғамдық-саяси көзқарасын және күрес жолындағы әрекетін зерттеулер мен деректерге сүйене отырып зерттеу және оған бүгінгі таным тұрғысынан ғылыми баға беру.

Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері:  Диплом жұмысының алғашқы тарауы негізінен қазақ зиялыларының ұлттық мерзімді басылымдары шығып тұрған кездерді – 1917-1918 жылдарды қымтыса, Мұстафа Шоқайдың тарихи қызметі ол қайтыс болғанға дейін (1941 жыл) созылады.

Диплом жұмысының құрылымы: диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған деректер мен зерттеулер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    І. Қазақ баспасөзі – Алаш зиялыларының большевизмге қарсы күресі   тарихының дерек көзі

 

Бұрынғы Ресей империясының құрамындағы халықтар, соның ішінде Қазақстан тарихына үлкен өзгерістер мен қоғамдық сілкіністер әкелген 1917 жылғы ақпан-қазан төңкерісінің ХХ ғасыр тарихында алар орны ерекше. Бұл мемлекеттік төңкерістерден соң  Ресей және оның құрамындағы елдердің тағдырын түбегейлі өзгерістерге ұшыратты. Осы кезден бастап кеңес үкіметі толық орнағанға дейінгі қоғамдық құбылыстарға қатысты мол мағлұмат жинаған, мұқият талдауды қажет ететін деректердің үлкен бір тобын мерзімді басылымдар құрайды. Бұл уақытта елімізде әр алуан партиялардың, саяси топтар мен ұйымдардың газеттері мен журналдары бірнеше тілде шығып тұрды [14; 254].

Ақпан төңкерісі қарсаңында елімізде қазақ тілінде «Қазақ» және «Алаш» газеттері ғана шығып тұрды. Ал төңкерістен кейін Қазақстанның әр аймағында қазақша басқа да газеттер шыға бастады. Жаңа тарихи жағдайда шыққан газеттердің деректік ерекшелігін анықтауға көмектесетін, олардың пайда болуына қатысты біраз мәліметтерді Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешуінен» кездестіруге болады: «Әр жерде-ақ газет шығара бастады. Семейде «Сарыарқа» газеті, Ташкенде «Алаш» газеті, соңынан «Бірлік туы»Бөкейлікте, Астрахан қаласында «Ұран» газеті, Ақмолада «Тіршілік» газеті, Орынборда бұрынғы белгілі «Қазақ» газеті», — дей келе, олардың шығарушылары мен негізгі авторлары туралы: «Сарыарқаны» басқарған – Халел Ғаппасұлы. Жазушылары: Ермекұлы, Бөкейханұлы, Тұрғанбайұлы және басқалар. «Алашты» басқарған – Көлбай Төгісұлы, «Бірлік туын» басқарған – Мұстафа Шоқайұлы. Жазушылары: Болғанбайұлы, Төреқұлұлы, Қожанұлы және басқалар. «Ұранды басқарған – А. Мұсаұлы, «Тіршілікті» басқарған – Рақымжан Дүйсенбайұлы. Жазушылары: Садуақас, Сейфуллин (мен),  Асылбекұлы, Өмірбай Дөнентайұлы және басқалар. «Қазақты» басқарған – А. Байтұрсынұлы мен М. Дулатұлы. Жазушылары: Бөкейханұлы, тағы солар» — деп жазады ол [47; 60]. С. Сейфуллиннің бұл мәліметтері шындыққа сай келеді.

Тағы бір мәселе, осы газеттердің ұстанған бағыт-бағдарлары туралы С. Сейфуллин: «Бұл газеттер, «Тіршіліктен» басқасының бәрі бір бетте болды. Бәрі Орынбордағы «Қазақ» газетінің ықпалымен жүрді. Бәрінің құлақ күйін «Қазақ» газеті бұрап беріп, нұсқау беріп отыратын болды. «Қазақтың» басындағылар Қазақстанның әр жеріндегі ниеттес адамдарына нұсқа беріп, хат жазып жатты. Газеттердің бәрі көз жұмбай ұлтшыл болды. Ұлтшыл болған соң әрине байшыл болды. Бәрінің ортақ туы «Қазақ» газеті болды. Олардың туы да «Алаш», ұраны да «Алаш» болды» — деп жазады [47; 74]. Автордың бұл сөздері де шындыққа сай келеді. Сын сағаты соққан сәтте ортақ мақсат пен ұлт мүддесі ұлттық газеттерді бір бағытқа топтастырды. Ал «ұлтшыл болғандықтан байшыл болды» деген тұжырымы Сәкен Сейфуллиннің большевиктер қатарына болғандығынан туындағаны белгілі.

Бұл газеттер қоғамда болған саяси өзгерістермен тікелей байланысты, өмірлік қажеттіліктің, ұлттық сұраныстың салдарынан туған басылымдар еді.  Қоғамдағы өзгерістер ұлттық басылымдардың дамуына әсер етсе, өз кезегінде ол басылымдар қоғамдық сананың дамуына әсер етті. 1917 жылдың жазына қарай олар қазақ зиялыларының саясат ісіне араласуына мүмкіндік беретін орталықтарға айналады. Осылай, ұлттық басылымдар қазақ оқығандарының саясат, әлеумет тарихының тәжірибесінен өтуіне көмектескен өзіндік мектеп міндетін де қоса атқарды [20; 28].

Алаш қозғалысының тарихын зерттеушілердің бірі Д.А. Аманжолова қозғалыстың партияға ұласуы 1917 жылдың жазында жүргенін айта келе: «В отличие от всего предшествующего периода, развитие Алаш в 1917 году значительно ускорилось: от культурного просветительства и оппозиционного либерализма его сторонники перешли к организации политической структуры с четкими нацианально – государственными демократическими приоритетами, существенно расширили свое влияние в массах» — деп жазды [13; 26].  Әрине, мұндай Алаш қозғалысының жаңа сапалық дәрежеге көтерілуіне ұлттық басылымдардың әсері аз болмағаны анық.

Осы жылдары сондай-ақ өзіндік бет-бейнесі бар, бағыт – бағдары да басқалардан бөлек алғашқы большевиктік басылымдар да шыға бастады. Оларға «Тіршілік» газеті, Н. Төреқұлов басқарған «Қазақ мұңы», «Заря свободы», «Известия Петропавловского Совета рабочих, крестьянских, казачих и киргизских депутатов» газеті, «Голос Алтая» т.б. жатты. Большевиктік бағыттағы басылымдар бізге сол дәуір туралы тарихи дерек қызметін атқарады. Олар өлкеде кеңес үкіметін кімдердің және қандай жолмен орнатқаны туралы мәліметтер берсе, солармен бір мезгілде әр түрлі қалаларда шығып тұрған қазақ тіліндегі ұлттық-демократиялық басылымдар Алаштың ел қамын, ұлт келешегін ойлаған зиялыларының кеңес өкіметіне және оларға дем беруші саяси күші большевиктерге қарсы жүргізген күресінің тарихынан мол мағұлымат бере алады. Демек олар бірін – бірі толықтырып отырады. Мақсатымыз қазақ зиялыларының большевизмге қарсы күресі тарихын зерттеу болғандықтан, біздің негізгі сүйенеріміз ұлттық-демократиялық басылымдар болады [49; 111].

Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан демократиялық жағдайда Қазақстанның әр-түрлі аймақтарында шығып тұрған қазақ тіліндегі газеттердің бәрі де қазан төңкерісінен кейін большевиктер туралы мақалалар жаза бастады. «Қазақ» газеті бастаған ұлттық-демократиялық бағыттағы басылымдар алдымен большевиктер тарапынан жалпы мемлекетке төнген қауіп туралы жазса, көп ұзамай-ақ тікелей қазақтарға төнген қатер туралы айтып, халықты оларға қарсы күреске шақыра бастады. 1917 жылдың соңы мен 1918 жылдың басында қазақ тіліндегі газеттердің негізгі тақырыбының бірі, сол большевизмге қарсы күрес тақырыбы болды десек шындықтан алыс кетпейміз. Ал, бүгінгі күні ол материалдар Алаш ардагерлерінің большевиктерге қарсы күресі тарихының дерегіне айналып отыр [14; 295].

Бұл ретте, сол жылдары Алаш зиялылары бас қосқан екі орталықта – Ташкент пен Орынбор қалаларында шығып тұрған «Бірлік туы» газеті мен «Қазақтың» орны ерекше. Егер біріншісі қасиетті Түркістан жерінде өз үстемдіктерін орнатқан большевиктер туралы айтса, екіншісі ел таныған Алаш көсемдерінің  Дала өлкесінде  большевизмге қарсы жүргізген бітіспес күресі туралы айтқан. Осылай елімізде большевиктік диктатураның орнау барысы бірін-бірі толықтырған екі ұлттық басылым бетінде айқын бейнеленген.

Большевиктердің бүліншілік іс — әрекеттерімен 1917 жылдың күзінен бастап бетпе-бет кездесе бастаған Ташкенттегі қазақ зиялылары олар туралы «Бірлік туы» газетінің 8 қарашадағы 14- санынан бастап тұрақты жаза бастады.

Ташкентте болған оқиғалар салдарынан газетіміздің бұл нөмірі өз уақытынан кешігіп шықты. Оқушыларымыз айыпқа бұйырмағай,» — деп [50] қараша айының басындағы большевиктердің ұйымдастыруымен болған Ташкенттегі қантөгіс салдарынан газеттің кешігіп шығуын айтудан басталған 14 – санда «Екі талай күндер» және «Мемлекет халі» деген екі үлкен мақала басылған. Бұл мақалаларда Ресейде қазан төңкерісінен кейінгі қалыптасқан саяси жағдай туралы, большевиктердің өкімет билігі үшін жанталаса жүргізіп отырған күресінің мемлекет үшін, жалпы ел үшін аса қауіпті авантюристік іс екендігі туралы айтылған. Мысалы, бірінші мақалада: «Руссияның басына бұрынғының үстіне тағы да ауыр күндер туып тұр. Бастығы Петербор болып Руссияның көп шаһарларында большевиктер уақытша өкіметке қарсы бүлік шығарып, мемлекеттің өз халқы бірін – бірі қырып жатыр», — десе , екінші мақалада: «Большевиктер Петроградты жеңіп алған соң бұрынғы хұкімет орнына жаңа хұкімет жасаған… бұл хұкімет халық комиссарларының Советі деп атап һәр министірлікті басқаруға бір-бір комиссар құрылған… Советтің төбе ағасы Ульянов (Ленин)» деп оқырмандарды Кеңес үкіметінің құрылымымен таныстыра келе: «Петроградта басталған большевиктер төбелесі Руссияның Басқа шаһарларында болды. Көп жерлерде солдаттар мен қара жұмыскерлер хұкіметке қарсы бүлік шығарып, көп қандар төгілді», — деп [50] жаңа хұкіметтің қол жеткізген алғашқы «табыстарын» халыққа жеткізді.

Осылай, алдымен өз оқырмандарын большевиктердің империя орталығындағы іс — әректтерімен таныстырған «Бірлік туы» көп ұзамай-ақ олардың Түркістан өлкесіндегі қылықтары туралы жаза бастады. «Түркістан автономиясы» деген мақалада: «Соңғы кезде бүтін Руссияны астаң-кестең қылған «большевик булеметының» салқыны Түркістанға да жетті. Түркістанның я тұрмысына, я табиғатына тура келмейтін большевик саясатын Түркістанда күшпен жүргізбекші болып орыстың солдаттары мен жұмыскерлері қару-жарақ жұмсап зорлықпен өкімет жүргізе бастады» — деп, жергілікті халқына жат кеңес үкіметін большевиктердің Түркістанда да қарудың күшімен орната бастағандарын айтады. Ал «Қазіргі күй»  деген мақалада Түркістан топырағындағы алғашқы нақты қадамдары туралы: «Большевиктердің хұкімет басына мінгеннен бері қарай істеп жатқан істері халықты үркітіп отыр. Олар әділдік, туралықты бір жаққа тастап, зорлық-зомбылық жолына бет алды. Мысалы сөзге бостандық жоқ. Өздеріне жағымсыз сөйлегендерді жауып қояды. Қазір Ташкентте социалистердің бірнеше газеттерін шығармай қойды. Сол себепті бұл күнде олардың бұрынғы сыбайластары да түңіле бастады», — деп жазды. Бұл айтылғандардың шындыққа толық сай келетіндігін дәлелдеп жатудың қажеттілігі болмас деген тұжырым жасайды осы саланы зерттеуші ғалым Қ.Атабаев [14; 296].  Бұл тұжырымға біз де қосыламыз, себебі, біріншіден большевиктердің өкімет билігін өз қолдарына қарудың күшімен тартып алған күннің ертеңінде-ақ  барлық жерде сөз, баспасөз бостандығына тыйым салғаны туралы ондаған орыс тіліндегі басылымдар жазған. Екіншіден, сөз бен баспасөзді олардың кезінде  қалай қадағалап отырғандығының өзіміз де куәсіміз.

Одан ары мақалада: «Әзірге большевиктерді қуаттаған қара халық көп. Өйткені большевиктердің уәде қылған сөздері олардың жандарына  жағатын сөздер. Олар бірінші, соғысты тоқтатып, бітім жасауға уәде қылады. Екінші, байлардың жерлерін тартып алып, кедейлерге үлестіремін дейді. Сол себепті олар жұрттың көбін қу тілмен қарық қылып, күшті болып отыр», — деп [51] большевиктердің күш-қуатының қайнар көздерін қарапайым да, түсінікті етіп көрсетіп берген.

Сонымен қатар Түркістан зиялылары газет бетінде  большевиктердің бұл уәдесінің біріншісін орындамай отырғандығын, ал, екіншісінің орындалуы мүмкін емес екендігін нақты мысалдар келтіріп дәлелдеп береді. Мысалы, сол жылдары қоғамдық саяси өмірге белсенді араласа бастаған түркістандық Алаш жастарының бірі Сұлтанбек Қожанов «Большевиктер» деген мақаласында бітім туралы: «Әзірге бір халге қарап айтсақ Руссияның большевик үкіметі соғыс тоқтатылып, бітім сөйлеспекпіз деген жарлығымен бұқараның көңілін аулағаны болмаса һеш патшалықтардан я досы, я дұшпанынан жылы жауап ести алмай, сөзі ескерусіз қалып тұрса керек» — десе, жер туралы: «Екінші бұқараға жағымды бір сөзі жер үлестіру болса, уәдесін орындау большевиктердің қолынан келмесе керек, бұл іс айтқанмен бола салатын іс емес. Жұрттың пайдасы болатын қылып көпке бірдей қылып бөлуге қанша уақыт даярлап жүріп істегенде де болуы мүмкін емес. Бұл бір үлкен іс», —  деп жазды [52]. Өмір Сұлтанбек Қожановтың бұл айтқандарының дұрыс екендігін толығымен дәлелдеп берді. Большевиктер өзі де аяқталуға жақын қалған бірінші дүние жүзілік соғысты азамат соғысына, жойқын қырғынды тағы бірнеше жылға созды. Жерді мемлекет меншігі деп жариялап, жер аламыз деп үміттенеген шаруаларды тағы алдады. Оның ең басты куәсі тарихтың өзі.

Келешек көрнекті мемлекет қайраткері, сталиндік саяси  қуғын-сүргін құрбаны Сұлтанбек Қожановтың «Бірлік туы» газетінде жарияланған «Өзіміздің большевиктерге» деген мақаласы да большевиктердің іс жүзіндегі алғашғашқы нақты қадамдарына жасаған талдауының тереңдігімен, келтірген дәлелдерінің толымдылығымен, айтқан ойларының салмақтылығымен, тұжырымдарының сардарлығымен ерекшеленеді. Мысалы автор қазан төңкерісінен кейін Ресейде қалыптасқан саяси әлеуметтік ахуалды: «Осы күні Руссия мемлекетін бір үлкен ауру әлсіретіп отыр. Ол аурудың шын аты – надандық, өтірік аты – большевизм (большевиктер). Халықтың жүзден 85-і шикі надан болған Руссияда бұл ауру өткен октябрдің аяғынан бері тым-ақ желігіп күшейіп тұр. Содан бері ол бұрынғы жарымжан халында көп кері кетіп, осы уақытта әбден өлім аузына таянды», — деп бейнелесе, 1917 жылдың ақпанында болған өзгерістің қоғамның табиғи дамуының барысында болған заңды өзгеріс екендігі туралы: «Былтыр көктемде Руссияда өзгеріс болып, билік халық қолына көшті. Бұрынғы халықты бір шыбықпен айдап, өз тілегінше меңгеріп тұрған ескі тәртіп істен шығып, жаңа тәртіп жасау жұрттың өз еркіне тиді. Бұл саяси өзгеріс деген сөз. Құдайға шүкір, Руссия бұл дәрежеге жеткен деп айтуға болады. Соның үшін Руссияда бұрынғы патшалық тәртіп жоғалып, шын халық тәртібінің орнауы – нағыз уақытты іс», — [53] деп, ақпан төңкерісін ерте ме, кеш пе, болмай қоймайтын, барлық алғышарттары пісіп жетілген қоғамдық құбылыс ретінде қабылдайды.

Ал большевиктердің қазан төңкерісін қолдан ұйымдастырып үлкен өзгеріс жасау арқылы халықтың бәрін теңестірмек болған әрекеттерінің ешқандай объективті алғышарты қалыптаспаған вантюристік әрекет екендігі туралы: «Үлкен өзгерістің болуы үшін тіршілік жүзінде көп шарттар керек. Ол шарттар табылмаған уақытта ондай өзгерістің болуы тіпті мүмкін емес һәм оны өз уақыты жетпеген баланы асығып дүниеге шығарамын деген сияқты ақымақтық», — деді. Сондай-ақ Сұлтанбек Қожанов өзінің осы үлкен аналитикалық мақаласында адамдарды теңестірудің бірден — бір  экономикалық негізі – қоғамдық байлық екендігі, ал ол байлықтың шығатын кені – табиғат, оны шығарып іске асыратын — өнер екендігін айта келе: «Әрине, Руссияның бұл күнде ол дәрежеге жетпегені, үлкен өзгеріс үшін қажетті шарттардың онда жүзден бірі де жоқ екендігі анық. Өзгеріс халықтың бәрін күн көру жөнінде құрдас қылса, мемлекетте байлықты молайтып, сол халықтың бәріне тегіс жетерлік қылып барып құрдас қылмақ… Руссияда осы күні халықтың бәрін тегіс құрдас қылу мүмкін болса,  бәрі де бірдей қу кедей болып құрдас болады»,-дейді. Алаш ардагерлерінің бірі Сұлтанбек Қожановтың бұл пікірлерінің де айна қатесіз дәл келгендігін дәлелдеп айтудың қажеті болмас. Оның айқын дәлелі «кемелденген социализм» кезінде бұрынғы КСРО- да қалыптасқан «совет халқының» азық-түлікпен күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдарды сатып алу үшін кезекте тұрумен өткізген өмірі.

Одан ары мақаласында С. Қожанов былай дейді: «Мұны айтып, қара халықты желіктіріп жүргендер Руссиядағы социал – демократ партиясының бір бөлігі – большевик дегендер. Олардың бастап жүрген көсемдерін бұл істің болмайтындығын білмейтін адамдар деп айтуға болмайды. Бірақ оларды нағыз Руссияға жаны ашып жүргендер деп түсінуге тілек жоқ. Олардың Троцский дегені жақында сөйлеген бір сөзінде бұл үлкен өзгерісті Руссияда тәжірибе қылып қараймыз дегенді айтты. Олардың нағыз шын беттері сол екені рас. Олар Руссияға оның қонбайтынын білсе де, әйтеуір бір тәжірибе болсын, неміз кетеді деген ойда жүр. Соның үшін Руссияға шын жаны ашыған халық азаматтары бұл іске жан-тәндерімен қарсы» [53].

Өкінішке орай, бұл жолдарды да ешкім шындықтан алыс, большевиктерге жабылған жала деп айта алмайды. Егер Сұлтанбек Қожанов Ресей көлемінде жүргізілген тәжірибенің басталуы туралы айтып отырса, ол тәжірибенің немен аяқталғаны белгілі. Ондай өзінің қамтыған көлемі, созылған уақыты және тереңдігі жағынан тарихта теңдесі жоқ тәжірибенің берген қорытындысы Ресей империясының бұрынғы халықтарының бүгінгі жағдайы.  Мақаладағы тағы бір көңіл аударатын маңызды нәрсе – ол болшевиктік үгіт-насихаттардың қазақ арасына да тереңдеп ене бастағандығы, большевизм ауруымен кейбір қазақтардың да ауыра бастағаны туралы айтылуы.  Қазақ арасында бой көрсете бастаған «өзіміздің большевиксінгендер» туралы мақаланың соңында С. Қожанов: «Орыстың осы большевизм ауруы жақын арада біздің қазаққа да жұғып келеді. Қай жерде болса да ел арасынан бірсыпыра «большевиктер» шығып, қазақ тіршілігінде де бір үлкен өзгеріс жасауға, сөйтіп, барлық бай мен кедейді теңгеріп, біздің қазақ арасына орыстардағыдай «ұжмақ» орнатпаққа ыждаһат қылып жүрген көрінеді», — деп жазған [53].

Көп ұзамай бұл ауру өршіп, қазақтың да біраз бөлігін қамтыды.  Ғасырлар бойы ру-руымен ел болып, айрандай ұйып отырған Алаш баласы бай, кедей болып екіге бөлінді. Қазақ даласында әкені – балаға, ағаны – ініге қарсы қойған тап күресі басталды. Ол да біздің тарихымыз, өмір шындығы. Осыны халқымыздың біртуар ұлы С. Қожанов өзінің жастығына қарамастан аталған мақаласында большевизмнің мәнін асқан білімдарлықпен ашып көрсеткен.

Сондай-ақ «Қоқан қырғыны» деп аталған мақалада большевиктердің Қоқан қаласына бекінген, Түркістанның заңды өкіметін қорғаушыларға қарсы жүргізген шабуылы туралы айтылған. Мақалада жергілікті мұсылман халықтарын зеңбірекпен қаруланған большевиктерге қарсы «Түркістан автономиясын» ерлікпен қорғағандары туралы көптеген деректер келтірілген. «Бірлік туы» газеті арқылы жетіп отырған большевиктердің қасиетті Түркістан жерінде жасаған алғашқы айуандық істері туралы ақпарат беретін бұл деректің шынайылық дәрежесінің  жоғары екенін мына фактілер дәлелдейді. Біріншіден, мақала оқиғаның «ізімен» жазылған, екіншіден, сол партия жетекшілерінің бірі Г.Сафаровтың өзі «Колониальная революция» (1921) деген кітабында бұл туралы: «в февраля произошел штурм старого города. В ноч с 6-го на 7-е Коканд уже представлял одно сплошное море огня. 7 февраля грабежи и разбой достигли чудовищных размеров» — деп жазды [54].

«Бірлік туы» газеті тек большевиктердің қарусыз халықты қалай қырғаны туралы ғана емес, сондай-ақ олардың өз билігін орнатқан жерлерде бейбіт халықты қалай басқарғандығы туралы да мағұлымат береді. Газеттің соңғы нөмірлерінің біріндегі «Елдің жайы» деген мақалада: «Ақмешіт «Советінің» председателі бұл күнде құдайдан соңғы халықтың қожайыны. Халық оның құлы есебінде. Оған һеш кім қарсы сөйлеуге болмайды. Қарсы сөйлеу түгіл жөн айтқан адамды жазықты деп, қаһарына алады. Жалғыз соның ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс. Оған жөн айтып, жұрт пайдасын ойлаймын деген адамдардың бәрі сұраусыз, тергеусіз абақтыға жабылады. Осы күні Ақмешіт түрмесі осындайларға лық толы… Большевиктердің бұл ісі ел ішіндегі бұзықтарға өте жағып тұр. Осы күні құдай солардың тілегін берді. Ақмешіт оязында сондай бұзықтардың бірсыпырасы большевик жаққа шығып алып, көңіліне жақпаған адамдарды тарсылдатып қиратып жатыр. Өз пікірлеріне тура келмегендерді қызыл гвардия шығарып атып жіберемін деп тұрғаны. Соның үшін қит етсең бәлеге қаласың. Шын адам, шын періште большевик. Одан былайғы халықтың бәрі хайуан, бәлки одан да жаман. Большевик болмағанның малы түгіл, жаны да бір тұлға татымайды», — делінген [55].

Тағы бір көңіл аударатын нәрсе, «Бірлік туы» газетінің Түркістанда ұлт мәселесін шешудің ең дұрыс жолы ретінде кеңестік тарихнаманың дәріптеп келген «Түркістан автономиясының» мәні мен мақсатын ондай автономия дүниеге келмей тұрып-ақ ашып бергендігі және газет болжамының  дұрыстығын өмірдің өзі көп ұзамай толық дәлелдегені  деп тап көрсетеді Қамбар Атабаев [14; 302].

Большевиктердің билік басына келгелі айтып жүрген автономияларының Түркістан халқының көксеген автономиясына ешқандай қатысы жоқ, жалған автономия екендігін айта келе, газеттің соңғы, 1918 жылдың 18 (5) сәуірде шыққан 29-нөмірінде: «Түркістанның автономиялы болуы барлық халықтардың ең қасиетті тілектері екені белгілі… Бірақ большевиктердің жұртқа уәде қылып отырған автономиясы мен  шын халық тілеген автономияның арасы жер мен көктей… Олардың беті халықтың өз тізгінін өзіне беріп, оның тіршілігіне қол сұқпау емес… Советский автономия жасаған болып, іс басында ылғи онан-мұнан құралған бұралқы қаңғыбастар отырмақ. Біздің халықтың өз бұқарасының надандығын сылтау қылып, әлгідей бұралқы «товарищтер» біздің жұртқа ойларынша тон пішпек», — деп жазған [56]. Іс жүзінде дәл солай болғанын тарихтан білеміз. Алдымен автономия беріп, кейіннен «одақтас республика» дәрежесіне көтергенімен, билік толығымен Мә»скеудің қолында болғаны белгілі. Демек, большевиктердің Түркістанға «Советский автономия» бермек болғандағы басть мақсаттары мен ішкі сырларын мақала авторы айқын сезініп, олардың түпкі ниеттерін «Бірлік туы» арқылы баста-ақ әшкерелеген. Әрине, бұл мақала большевиктердің өз ойларын іске асыруына кедергі бола алмағанымен, тарих үшін аталарымыздың өз халқын келешек большевиктік қайғы – қасіреттен қорғамақ болғандығын көрсететін дерек болып табылады.

Сонымен қатар, осы мақалада большевиктердің Түркістан өлкесінде жүргізе бастаған жаңа отарлаушылық саясаттарын, жасап отырған қылмыстарын бұқараның атымен бүркемек болған әрекеттерін де әшкерелеген. Большевиктердің екі сөзінің бірі бұқара халықтың мүддесі туралы болғанымен, ол сөздердің өмір шындығымен ешқандай сәйкес келмейтін, жалған, жел сөздер екенін дәлелдеген. Большевиктердің ешқашан бұқара қамын ойлап, олардың тілегіне құлақ салмағандығы туралы: «Большевиктер тіл ұшынан бұқара-бұқара деп қақсағанда ауыздыға сөз, аяқтыға жол бермейді. Ал енді өздерінің қай жерде шын бұқара тілегін тыңдағаны бар? Декабрь ішінде Қоқанда бүкіл мұсылман жұмыскерлері мен диқандары съез жасап, қаулылар шығарды. Бұқара пікірі екен деп оған елең қылған большевик болды ма? Оның бер жағында большевиктердің Түркістанда қылып жатқан бұзықшылықтарында есеп жоқ. Соның бәрін олар қайсы бұқараның тілегі бойынша қылып жүр екен? Қоқан және Бұқара қырғындарына қай халықтың шын бұқарасы риза? Сөйтіп отырып, олар осындай істердің бәрін жергілікті бұқара пайдасы үшін қылдық деп көрсетеді», — деп жазған  [56].

Жоғарыда келтірілген жолдардың шынайылық дәрежесінің жоғары екендігінің тағы бір дәлелі, сол партияның 70 жылдан астам уақыт бойы іс жүзінде атқарған нақты іс шаралары мен олардың берген «жемістері». Кеңес қоғамына бағыт беруші және басқарушы күш ретінде большевиктік – коммунистік партияның барлық қаулы – қарарлары «еңбекші бұқара мүддесі үшін» — қабылданғаны және сол қаулы – қарарлардың еңбекші – бұқараға не бергені белгілі. Кеңес өкіметі жылдары партияның әр түрлі форумдарында қабылданған шешімдердің іс жүзінде асыру барысында бұрынғы империяны мекендеген ондаған ұлттар мүлдем жойылып кетсе, көбіне, оның ішінде қзақтарға да, ұлт ретінде жойылу қаупітуды. Бұл партияның еңбекші бұқараға жасаған бірінші «жақсылығы» болса, екіншісі, ХХ ғасырдың 80 жылдары елде коммунизм орнатпақ болған уәдесінің немен аяқталғандығы. Демек, партияның сөзі мен ісі еш уақытта да бір жерден шыққан емес. Өтірік айту, халықты жалған уәделермен алдау – партияның туа біткен қасиеті. Оның дәлелі, нақты жазба дерегінің бірі «Бірлік туы» газеті болса, оның тір куәгерлері басым көпшілігі кеңес өкіметі тұсында дүниеге келіп өсіп жетілген бүгінгі ұрпақ.

Осылай «Бірлік туы» газеті 14-санынан бастап, соңғы нөміріне шейін большевиктер туралы материалдар жариялап тұрған. Большевиктердің қасиетті Түркістан жеріндегі алғашқы айлардағы істері туралы жан-жақты мағұлымат беретін бұл мақалаларға деректанулық талдау жасау мыналарды көрсетеді:

Біріншіден, Ташкент қаласында 1917 жылан жылының қараша айының бсында қарулы қақтығыстар нәтижесінде өкімет билігін тартып алған большевиктердің әрекеттері, Түркістан өмірінің шындығы ретінде мерзімді басылым бетінде бейнелене бастаған. Большевиктер туралы мақалалардың тарих дерегі ретінде пайда болуының объективтілігі осында.

Екіншіден, «Бірлік туы» газеті сол жылдың 8 қарашасынан бастап келер жылдың 18 (5) сәуіріне дейін, яғни 4-5 айдай большевиктер билік жүргізіп тұрған қалада, демек кеңес өкіметінің «тұсында» шығып тұрған. Бұл фактор, сөз жоқ, мақалалар мазмұнына әсер еткн. Олай дейтініміз, мақалалардан большевиктерге деген жек көрушілік лебі сезілгенімен, олардың кімдер екендігі,  мақсат – мүддесі айтылып, іс — әрекеттерне әділ баға берілгенімен, «Бірлік туы» газеті беттерінде халықты большевиктерге қарсы ашық күреске шақырған жалынды ұрандар жоқ. Бұл бір жағынан, большевиктер Ташкнтте өкімет билігін тартып алғанымен, жергілікті халықтың газетін бірден жауып тастауға батылдары бармағандығын, Түркістан өлкесінде толық билігін орнатқанға дейін, яғни 1918 жылдың суіріне дейін «Бірлік туы» газетін жауып тастай алмағандығын көрсетсе, екінші жағынан, газетті шығарушылар да, солдаттар мен қаруланған орыс жұмысшылары қолдап отырған Түркістанның жаңа билеушілеріне қарсы халықты ашық қарулы күреске шақыра алмағандығын, олардың өлкеде қалыптасқан объективті жағдаймен санасуға мәжбүр болғандығын көрсетеді.

Үшіншіден, мақалаларда большевиктер партиясы туралы емес, большевиктер туралы ғана айтылуы, 1917 жылдың аяғында 1918 жылдың басында Түркістан өлкесінде большевиктер партиясының болмағандығын, тек санаулы ғана большевиктердің болғандығын көрсетеді. Демек, өлкеде кеңестік тарихнамада айтылғандай, кеңес өкіметі большевиктер партиясының ұйымдастыруының, партияның саяси басшылығының нәтижесінде емес, өздерін больевиктьер деп атаған ат төбеліндей қылмыскер элементтердің авантюристік әрекеттерінің нәтижесінде орнаған.

Мұндай тұжырымның шындықтан алыс емес екендігін, большевик Г. Сафаровтың кітабындағы мына жолдардан да көруге болады. «Вместе того, чтобы завоевывать самим доверие трудящихся масс угнетенных национальностей, новая власть предложила национальност  завоевывать ее доверие» — деп [54; 115], большевиктердің жергілікті халықтарға деген қатынасын көрсете келе, Г. Сафаров: «Партия большевиков здесь не руководила событиями. Ее не было. Только одиночки – большевики оказались вынесенными на гребень революционной волны. Партия же стала оргаизоваться лишь после октябрьской революции. Как это ни поадоксально, в Туркестане не партия большевиков создала  советскую власть, а советкая власть, необходимость утверждение власти Советов создала здесь партии большевиков и левых эсеров. Неизбежным следствием этого явилось то, что партия большевиков и левых эсеров с первых же дней сделались пристанищем значительнего количества авантюристов, карьеристов и просто уголовных элементов» — деп жазды [54; 115].

Мұнда айтылған «большевиктер мен солшыл эсерлер партия сы бірінші күннен бастап авантюристердің, карьерристердің және қылмысты элементтердің тұрағына айналды» — деген жолдардың қазақтарға да тікелей қатысты екендігін айтуымыз керек. Олардың арасынан да ұлтын сатқан, дінін сатқан азғындардың және жұрт тоноған бұзықтардың елден бұрын «большевик» болғандары жетерлік.

Төртіншіден, Түркістанда сол күндері шығып тұрған орыс және ақазақ тілдеріндегі басылымдарды бір-бірімен және оларды басқа да деректермен салыстыру, 1917 жылдың соңы мен 1918 жылдың басында, өлкеде іс жүзінде қос өкіметтің қатар өмір сүргендігін көрсетеді. Ақпан төңкерісінен кейін Ресейде орнаған қос өкімет туралы концепцияны алғаш ұсынған большевиктердің көсемі В. Ленин екендігі белгілі. Кейін ол пікір бұлжымас шындық ретінде КСРО тарихынан орын алды. Біз империя орталығында орнаған қос өкімет туралы туралы тұжырымның қаншалыққа шындыққа сай екенін білмейміз. Ол жағын орыс тарихшылары анықтай жатар. Ал, Түркістан өлкесінде қос өкіметтің дүниеге келіп 2 айдан астам уақыт қатар өмір сүргендігі анық. Ол тарихи факт.  Біріншісі , алдымен 1917 жылдың қараша айының басында, Ташкнет қаласында, уақытша үкіметтің жергілікті мекемелерінен билікті қарудың күшімен тартып алып, кейіннен, өз билігін бекіту мақсатында, 22 қарашадағы ІІІ Түркістан өлкелік кеңестер съезінде «Түркістан халық коммиссарлар кеңесін» құрып, өлкедегі биліктің соның қолына өтетіндігін мәлімдеген, сөйтіп, өздерінің заңсыз істеріне, кеш те болса «заңды» көрініс беруге әрекеттенген большевиктер басқарған Кеңес өкіметі. Екіншісі – осы өкіметке қарсы, жергілікті мұсылман халықтарының қолдауымен құрылған, жоғарыда айтылған, Түркістан өлкесінің заңды өкіметі – «Түркістан автономиясы».

Түркістан топырағында пайда болған мұндай қоғамдық құбылыс туралы белгілі қазақ ғалымы М. Қойгелдиев: «Қарашада Түркістанда қос билік орнап, оның алғашқысы  кеңестік негізде құрылып, ең алдымен Ресейлік қоныс аударушылардың мүддесін көздеп, жағдайын нығайта түсуге қызмет ететіндігін білдірсе, соңғысы отарлық езгіге қарсы, діни және ұлттық қоғамдарды негізге ала отырып құрылып, жергілікті елдердің өзін — өзі басқару құқығын баянды ету басты мақсаты екендігін жариялады» — деп жазды [3; 343-344].

Сонымен, «Бірлік туы» газеті басқа да ұлттық басылымдарымыз сияқты халқымыздың тарихының аса бір күрделі кезеңінен мағұлымат беретін, өткнеімізді тереңірек түсініп тағылым алуға көмектесетін құнды жазба деректеріміздің бірі екендігі күмәнсіз. Оның келешекте өзіндік ерекшелігі бар деректер көзі ретінде арнайы зерттелетіні анық.

Қазіргі Қазақстан тарихы ғылымының алдында тұрған үлкен міндеттердің бірі, ол – елімізде большевиктік – коммунистік диктатураның, кеңестік тоталитарлық жүйенің орнау, қалыптасу тарихын терең зерттеу, зерделеу екендігі түсінікті. Осы істе, елімізде өзінің мәні жағынан адамзатқа қарсы жүйенің орнау тарихын ашуда, сол жүйенің рухани дем берушісі, іс жүзінде ұйымдастырушысы, оны қазақ халқына күштеп таңушысы болған саяси күш – большевиктер партиясының қазақ даласында өз үстемдігін орната бастау тарихын көрсетуде, «Қазақ» газетінің тарихи дерек көзі ретіндегі алар орны, атқарар қызметі ерекше.

«Қазақ» газетінің басты ерекшелігі сонда, ол алдымен большевизмге қарсы бітіспес күрес жүргізді, сол күрестің барысында тарихи деректреді дүниеге келтірді. Бұл ретте мына пікірге баса назар аударғымыз келеді. Егер, большевизмнің халықаралық  сипатқа ие болғандығын, демек оған қарсы күрестің де дүниежүзілік көлемде жүргізілгендігін ескерсек, онда «Қазақ» сол күрестің, әлемнің прогрессивті бөлігінің большевизм індетіне қарсы күресінің алдыңғы шебінде болды деп айта аламыз. Орыс большевиктерінің, өздерінің сандырақ идеяларын іс жүзінде асыру мақсатымен,  көшеге шыққан 1917 жылдың 3-4 июльдегі Петроградтағы бүліншілігі туралы айтқан қыр баласының (Әлихан Бөкейхан) «Мемлекет халі» деген мақаласы басылған, «Қазақтың» 237 санынан бастап газет бетінде большевиктер туралы «Олардың көсемі, серкесі, — жазушы Ульянов, жұртқа мәшһүр аты «Ленин» туралы жазыла бастады. Сол номерінен бастап «Қазақ» соңғы санына шейін бұрынғы, Ресей халықтарының басына төніп келе жатқан апат қаупінің алдын алуға, өз ұлты – қазағын келешек қызыл қырғыннан сақтап қалуға жанталаса әрекеттенді.

Өзінің соңғы, 1918 жылы шыққан сандарында, «Қазақ» большевиктерге, олардың жергілікті ұлттан шыққан жақтастарына қарсы белсенді күрес жүргізді. Олардың айуандық іс әрекеттерін, екі жүзділіктерін әшкереледі, түпкі ниеттері мен уақытша жеңіске жету себептерін ашып көрсетті. «Аттан Алаш азаматтары!» — деп ұран тастап, большевиктерге қарсы жалпы – халықтық күресті ұйымдастыруға тырысты. «Қазақ» газетін шығарушылар бастаған қазақ жауынгерлерінің әр түрлі майдандарда большевиктермен жүргізген бетпе-бет соғыстары «Қазақ» бетінде бейнеленді. Осылай «Қазақ» екі бірдей үлкен міндетті — әрі большевиктерге қарсы күресті ұйымдастырушы, әрі сол күрестің шежіресін жазушы міндетін қатар атқарды.

Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, өзінің 1998 жылдың басында жарияланған «Жадымызда жатталсын, татулық дәйім сақталсын» атты еңбегінде, бүгінгі күннің биігінен қарай отырып, большевиктер билік құрған 74 жылдың қорытындысын ой елегінен өткізе келе оларға мынадай баға берген: «Большевиктік іс-әрекет қандай даңғаза идеологиялық ұрандарды желеу еткнемен, олар патша заманында басталған істі одан әрі және көбінесе барынша қатал әрі сұрқия нысанды жалғастыра берді. Екі жүйенің екеуі де өз мүдделерін көздеп, «ұлттық шет аймақтарға» қатысты қатаң бағыт ұстады. Екеуі де ешқашан және ешбір жағдайда жергілікті жұрттың мүддесін ескерген емес, олардың кез-келген қарсылығы қашан да қатаң басылып тасталып   отырды» [42].

Өзі сол жүйенің шеңберінде туылып, ер жетіп өсіп қалыптасқан, кезінде жауапты қызметтер атқарып, жүйенің қыры мен сырын бүге-шігесіне дейін жетік білген адамның большевиктерге берген бұл бағасын шындыққа сай емес деп кім айта алады? Олай болса, бұдан 80 жыл бұрын дәл осындай ой айтсақ «Қазақ», о бастан-ақ большевиктердің сұрқия ниетін сезіп, шындықты дәл басып айта білген. Большевиктердің ісін «бүліншілік» деп атап әділ де объективті бағалаған.

Ұзақ жылдар бойы «Ұлы Октябрь социалистік революциясы ХХ ғасырдың ең басты поргрессивті оқиғасы болды» — деп, айтып келген қазан төңкерісі болған, 1917 жыл туралы: «Мыңнан астам мемлекет болып басқа жұрттарды бағындырып, қол астына құраған, сары орыс жұртының ортасына ойран түсіріп, бірлігі кетіп, берекесі қашып, ынтымақ ыдырап, өзді-өзі жауласып, қатардан іске аспай, айбыны жоғалып, ары төгіліп, абыройдан айрылған жылы болды» [45; 502-503] — деп жазды, «Қазақ» өзінің жаңа, 1918 жылға арналған «Орынбор, 1 январь» деген мақаласында.

Аталған мақалада: Большевиктер мемлекет ісінің басынан көшер, бірақ көшкенде талайды болдырып, былғап кетер — деген сөздермен аяқталған [45; 503]. «Қазақ» газетінің шығарушыларының бұл айтқанының кеш те болса дәл келген рас.

Күні кешеге дейін буржуазиялық деп аталып келегн шетелдік тарихнамада және соңғы жылдардағы Ресей тарихшыларының еңбектерінде большевиктер партиясының жеңіске жетуінің ең басты факторы, олардың соғыстан шаршаған, экономикалық дағдарыстан әбден қайыршыланған орыс халқының басым бөлігін әр түрлі жалған уәделер беру арқылы өз соңдарына ерте білгендігі екендігі айтылады. Бұл бүгін баршаның көзі жеткен тарихи шындық.

Соғыстан қалжыраған солдаттарға – «бейбітшілік», өмір бақи жерді армандаған шаруаларға – «жер», жұмысшыларға – «заводтар мен фабрикаларды», Кеңестерге – «өкімет билігін» береміз деп, ұрандаған большевиктерге қарапайым халықтың сенгені, соларға ергені, ақырында оңбай алданғаны тарихи дәлелденген факті. Демек, өзінің 1918 жылғы, соңғы номірлерінің бірінде:  «Большевиктер бай мен жарлыны теңгеретін болған соң, жер-суды, мал-мүлікті бөліп беретін болғаннан соң, оңай олжаға қызыққан ұры, қары, ойдан қашқан, қырдан қашқан қулар қосылды, еңбексіз мал табатын болған соң жұмысшылар большевик болды» — деп [45; 418], жазған «Қазақ» большевиктердің қандай адамдардан құрылған партия екендігін, олардың қалай өкімет билігін басып алып, майжандарда жеңіске жету себептерін қарапайым да дәл көрсете білген.

Шынында большевиктер партиясының негізгі ядросы, Ленин бастаған, өздерін кәсіпқой революционерлер деп атаған, жетекші тобының ойда орны, сайда саны жоқ, «ойдан қашқан, қырдан қашқан қулар» екендігі өтірік емес. Демек, осындай адамдарға ерген халықтың да жақсылыққа жетуі екіталай еді.

Ал, Ресейдегі өкімет билігі үшін жүргізілген күресте шешуші роль атқарған қаруланған солдаттардың «Тез бітім жасаймыз, бізге еріңдер деген соң, еліне қайтқысы келіп отырған солдаттардың большевиктерге  ерді де кеткнедігін» — мұның арты [45; 505], «Большевиктер мемлекет ісінің басына мінген соң жаумен соғысуды қойып, әскерлер елмен соғысып» [45; 506], Ресейде азамат соғысының басталғандығын, оған кінәлі солдаттар емес, большевиктер екендігін дәлелдейді. Өйткені, «Қазақтың» айтуынша: «Солдаттардың бәрі қараңғы мұжық ішінен шыққан, аяқ астынан арғыны көрмейтін соқыр. Большевиктердің шын мақсаты не екеніне көздері жетпей, болшевиктердің алдауына, азғыруына еріп» [45; 506], — Ресейді бүліншілікке ұшыратқан

Орталық ресейдегі бұл бүліншілік туралы, большевиктер партиясының өкімет билігін басып алғаннан кейінгі Ресейде қалыптасқан саяси жағдай туралы «Демагогия» деген мақалада: «Осы күні орыстар соғысып жатқан жауын тастап, өзді-өзі ұрысып, бірін – бірі жаудан жаман қырып жатыр, мұнысы ақыл жағынан қарағанда ақымақтан басқаға келмейді. Ит екеш ит те қораға қасқыр шауып жатқанда өзді — өзі таласпайды» — деп жазды «Қазақ» [45; 511].     

Большевиктер партиясының көсемі Ленин өзінің «Апрель тезистері» деп аталатын атақты еңбегінде теориялық жағынан негіздеп, көп ұзамай іс – жүзінде асырған «дүние жүзілік соғысты азамат соғысына айналдыру» идеясының орыс халқына шексіз қайғы – қасірет әкелгендігін, белгілі орыс тарихшысы Дмитрий Волкогоновтан бастап бәрі де мойындап отырғаны рас.

Ендеше, сол  Ресейдегі азамат соғысы басталысымен-ақ, әлі оның көлемі, бұрынғы империя халықтарына әкелер келешек қайғы – қасіретінің мөлшері белгісіз кезде-ақ, әр нәрсені өз атымен атап, орыстардың бұл ісін «нағыз ақымақтық» іс болды деп жазған «Қазақ» газетінің кінәсі не?

Ең әділ төреші уақыттың зөі, «Қазақтың» берген бағасының әділ баға екендігін толығымен дәлелдеп берген жоқ па?

Бірақ, большевиктер «Қазақтың» ақ-қарасын анықтап жатпады, Орынборда өкімет билігі қолдарына тиісімен газетті жауып тастап, оның атын атауға да тыйым салды. Сөйтіп, «Қазақты» қазаққа мүлдем ұмыттыруға тырысты. Шындықты жазған «Қазақ» газеті «Орыста иттің ісіндей де іс қалмай отырғаны демагогияның салдары» — деп [45; 511], сол «ақымақтықтың» да себебін көрсетіп берді. «Қазақтың» бұл пікірі де шындықтан алыс емес.

Большевиктердің демагогиялық сөздеріне, «жалпыға бірдей әлеуметтік теңдік» орнатпақ болған жалған уәдесіне қарапайым, басым көпшілігі қараңғы надан халық түгіл, көздері ашық, оқыған зиялылардың да бір бөлігінің сенгендігі, сөйтіп, шын ниеттерімен, әділетті қоғам орнату жолында большевиктерге қосылып өз халқына қарсы күрескендері тарихтан белгілі.

Мұндай жағдай қазақтарға да тән еді. Ғасыр басында қалыптасып, шоқ жұлдыздай болып қазақ аспанында көріне бастаған, ат төбеліндей қазақ зиялыларының Сәкен Сейфуллин бастаған бір тобы большевиктерге сеніп, солармен бірге Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату үшін жан аямай күрескені рас. Оның дәйекті дәлелі тарихи жазба деректерінің бірі, С. Сейфуллиннің өз қолымен жазған заманхаты, «Тар жол тайғақ кешу».

 Әрине, большевиктерге шексіз сенгендік С. Сейфуллиннің кінәсі емес, қайғысы еді. Көп ұзамай өзі де сол сенімінің құрбаны болды. Демек, өз заманының алдыңғы қатарлы, озық ойлы адамдарының біразы қателесіп, қалыптасқан күрделі саяси жағдайда дұрыс жол, бағыт-бағдар таба алмай адасқанда, еш толқусыз большевиктерге үзілді – кесілді қарсы шыққан, оларға аз да болса сенім білдірмеген, олардың екі жүзді бет-бейнесін тани білген «Қазақ» газеті де уақыттан, бүгінгі ұрпақтан өзінің әділ бағасын алары даусыз.

«Қазақ» газетінің соңғы, 1918 жылғы номерлеріне деректанулық талдау жасау, газет шығарушылардың большевиктердің өз үстемдігін орнатқан жерлердегі алғашқы нақты қадамдарының, іс — әрекеттерінің негізінде, олардың билеуші партия ретінде басты ерекшеліктерін, тек соларға ғана тән өзіндік табиғи қасиеттерін де дәл басып көрсете білгендігін байқатады.

Мысалы, 74 жыл билік құрған Кеңестер өкіметінің қоғамның рухани өмірі саласындағы жүргізген саясатының басты ерекшелігі адам баласының ең басты байлығы және басқа жанды дүниеден айырмашылығы өз бетінше ойлап, қоршаған ортаға өз көзқарасы болудан айыру мақсатында «басқаша ойлаушылдықпен» үздіксіз, әр түрлі формада күрес жүргізіп келгендігі дәлелдеуді қажет етпейтін шындық екендігі баршамызға аян. Алғашқы күндері – ақ айқын көріне бастаған большевиктердің осы басты ерекшелігі туралы «Қазақ» газеті «Торғай облысының халқына!» — дегенмақалада: «Пікірі басқа болған, яғни большевиктерше болмаған, яки большевиктердің көрсетуі бойынша жүрмей, өзіне керегін өз білгенімше істеймін деген халықтармен  соғысуға  совет өкіметі көп күш көрсетті» — деп жазды [45; 426]. Сол «пікірі басқалармен» күрес совет өкіметінің соңғы күніне дейін жалғасқандығы, оның ақыры Қазақстанда желтоқсан көтерілісіне әкеп соқтырғаны белгілі.

Одан әрі, кеңес өкіметінің өзінің ішкі саясатын іс жүзіне асырудағы қолданған алғашқы айларындағы тәсілдері, халықты басқару жолдары және большевиктер билігінің берген алғашқы «жемістері» туралы мақалада: «Совет үкіметінің бірнеше айдай істеген ісінің жемісі әр – түрлі толып жатқан комиссарлардың ойна келгенін істеуі. Ұрыс – төбелеспен ісі жоқ жай жүрген кісілерді атып өлтіре беру, красноармеец деген большевиктерге жалданған жұрттан шыққан бұралқылардың адам баласының өмірде көрмегенін көрсетіп, талаулары, әркімнің ертең тірі боласың ба, яки өлі боласың ба деп өне бойы қорқып қалтырауы һәм жұрттың, Отанымыздың байлығын құрту болды» — десе [45; 426], Ресей халықтарының ақпан революциясы қорытындысында қолдары жетен сөз, баспасөз бостандықтары, басқа да демократиялық қоғамға тән құқықтарының өрескел шектелуі туралы: «Сөйлейтін сөзге, жазатын жазуға берілетін бостандықтар, жиылыстарға һәм ойлайтын ойларға берілген бостандықтар, тұрғын үйіңе ұрықсатсыз ешкімді кіргізбеушілік революцияның бізге алып берген бұл қымбат нәрселерінің бәрін қара бұқараға байлық орнына жарлық берген, нан орнына қан берген, тыныштық орнына қан аралас аққан жас берген совет үкіметі жойды. Аяғының астына салып таптады » — деп, жазды [45; 427].

Ең бастысы, бірде – бір сөзін жалған, большевиктерге жабылған жала деп ешкім айта алмайтын бұл көріністердің 74 жылға созылғандығында. Кеңестер өкіметінің тарихынан мұндай фактілерді ондап, жүздеп келтіруге болады. Демек, «Қазақ» газетінің қарапайым халыққа, тұтас бір ұлттарға, оның ішінде қазақтарға да большевиктер әкелген қайғы – қасіреттер туралы жазылған бұл жолдардың өмір шындығымен толық сай келетіндігін басқа емес, сол большевиктер партиясының 74 жылдық тарихының өзі дәлелдеп отыр.

«Қазақ» өзінің соңғы нөмірлерінде еңбекші бұқараның «қамсқоршыларының» шын бет – бейнесін әшкерелеумен қатар, өз үстемдігін орнату жолында өкімет билігін алу үшін еш нәрседен де тайынбайтын большевиктер тарапынан, қазақ халқына төніп келе жатқан апат қаупін айқын сезінгендіктен, сол апаттан өз халқын аман сақтап қалу мақсатында, большевиктерге қарсы күресті ұйымдастырушы және сол күрестің барысын, демек большевизмге қарсы күрес шежіресін жазушы міндетін де атқарды.

Мысалы, газеттің 1918 жылғы нөмірлерінің бірінде: «Аттан Алаш азаматы!» — деген ұран-мақалада: «Ау, алаш! Сен кім? – Сен жауынгер түріктің орнын басып қалған үлкен ұлсың. Бабаларың ат үстінде жүріп қылышпен өздерін дүниенің жартысына ие қылған, Стамбулды алған, Карпат тауларының қалың қамалын бұзған. Ер түріктің ер жүректі ұлдары, сілкін, ат тұрманыңды дайарлап атқа мін, жауға аттан! Жауың кім? Жауың – большевик… Ортақ жау – большевикке қарсы жорыққа аттану кеудесінде жаны, денесінде бабалары түріктің титтей де қаны болған алаш азаматына парыз» — деп, жазылған [45; 432].

Бұл бүкіл қазаққа «Жауың – большевик» — деп жариялаған мақаланы бір адамның емес, «Қазақ» газетінің және оның маңына топтасқан қазақ зиялыларының көзқарасы деп қарауымызға болады. Олай дейтініміз халқына аттан салып, большевиктерге қарсы күреске шақырған ұран-мақаланың соңында Ж.Ж. деп жазылған. Ол, большевиктер партиясы сияқты халықаралық террористік ұйымға деген бүкіл бір ұлттың бетке ұстар өкілдерінің позициясын ашық білдірген мақаланың, тарих үшін принципті маңызы зор деректің авиоры, газеттің соңғы, 1918 жылғы нөмірлерінің уақытша шығарушысы, яғни редакторы Жанұзақ Жәнібеков екендігін білдіреді. Демек, мақала газет редакциясы атынан жазылған.

Бұл бүркеншік есімнің Жанұзақ Жәнібековтың мақаласы екендігін тарих ғылымының докторы, қазақ баспасөзін зертеуші ғалым Қамбар Атабаев өзінің «Қазақ баспасөзі Қазақстан тарихының дерек көзі (1870 — 1918)» деген еңбегінде дәлелдейді [14^ 313]. 

«Ақыл ойы, абыройы» большевиктер партиясы болған кеңес өкіметі сияқты, адамзатқа қарсы саяси жүйенің көптеген халықтар тарихынан терең де қаралы орын алғандығы тарихи факт. Сондықтан, ондай адамзат қауымының табиғатына жат тарихи құбылыстың келешекте  қайталануына жол бермей мақсатында оның пайда болу тарихы жан – жақты зерттелері анық. Бұл ретте, қазақ халқының келер ұрпақ алдында да, тарих алдында да ары таза. Өйткені ол, сол жүйенің орнауына о бастан-ақ барынша қарсы күресті. Қан майданда кеңес өкіметіне қарсы, алғашқылардың бірі болып, большевиктермен бетпе – бет соғысты. Оның куәсі, заттай айғағы және жазба дерегі «Қазақ» газетінің соңғы нөмірлері.

Мысалы, Міржақов Дулатов өзінің «Қайтсек жұрт боламыз» деген мақаласында қазақтардың өзін-өзі қорғай алатын әскері болған жағдайда ғана жұрт бола алатұғынын дәлелдесе, «Торғай облысының қазағынан милиция алу тәртібі» деген мақаласында Алаш Орда бұйрығы бойынша Торғай облысының Алаш Орда бөлімінде милиция алу тәртібін айтқан. Біріншісінде, «Большевик деген бір пәле шығып… Россия секілді зор мемлекет асты үстіне келіп ойран болғанда» [45; 435] — біз қайтсек жұрт боламыз деген сұрауға, «Қайтсек жұрт боламыз дегенді ойласақ, жауап біреу-ақ, әскеріміз болса ғана жұрт боламыз» [45; 435], — деп өзі жауап береді. Екіншісінде сол әскерді құрудың 18 пунктен тұратын нақты тәртібін көрсетеді.

Бұл жолдар қазақ зиялыларының, Алаш Орда көсемдерінің саналы түрде, өз ұлтына бас болып, большевиктерге қарсы күреске жан – жақты дайындықпен шыққандығын көрсетсе, көптеген мақалаларда сол күрестің барысы баяндалады. Мысалы, «Жолаушылар» атты мақалада: «Әлихан Бөкейханов Семей облысында өз еліне қызмет етіп жүр, Міржақып пен Ахмет Жетісу һәм Сырдария облысындағы аш – жалаңаш бауырларына елден жәрдем жинап жүр» [45; 431]  — дей келе: «Жетісу облысында большевиктер атты – казак қалаларын бірін қоймай қиратқан. Қатын, бала-шағаны қырған, сондықтан сол бейшараларды большевик қолынан құтқару үшін біздің қазақ әскері атты – казак әскеріне қосылып Жетісуға қарай жолға шықты», — деп хабарлаған [45; 431].

Ал, «Алаш құрбандары» деген мақалада большевиктердің қолынан алғашқылардың бірі болып қаза тапқан Алаш боздақтары Семейлік 22 жасар Қази Нұрмағанбетұлы мен Ақтөбедегі І Бөрте болысында айуандықпен өлтірілген, 28 жасар оралдық Нұғман Сарыбөпеұлы туралы айтылған. Мақалада Қазының қазасына көп адам жиналып, «…құран оқылып болғаннан кейін, Шәкәрім ақсақал халыққа қарап сөз сөйледі: «…Құдай тағала Алашқа шын ұл бергеніне көзім жетті. Алпыс жасқа келгенде мұндай ұлт үшін құрбан болатын азаматты көремін деген үмітім жоқ еді. Көрдім, енді бүгін өлсем де арманым жоқ…», дегендігі, Міржақып Дулатовтың өлең оқып Райымжан, Жанғали қажы, Мұстақұм және Жүсіпбектердің сөз сөйлегендігі туралы айтылған. Одан әрі мақалада большевиктердің «Алаш туын көтеріп, ел жігітін бастайтын, соғыс ғылымын оқыған, бірнеше жыл соғыста болып, тәжірибе көріп ысылған офисер Нұғман Сарыбөпеұлын «қылыштың астына алып, мылжа-мылжа қылып, қарнын тіліп, басын шауып, көзін шығарып, ит көрмеген қорлықты көрсетіп» — өлтіргені туралы жазылған [45; 433].

Бұл ретте «Тағы құрбан» деген мақаланың да деректік маңызы үлкен. Онда, Міржақып Дулатов, сол жылдың тамыз айының басында,  Жетісу облысындағы Ұржар деген қаланың қасында большевиктермен соғысып, Алаш Орда һәм құрылтай ағзасы Отыншы Әлжанұлының оққа ұшқандығы туралы айтып, оның өмірі мен қызметін, ұлтына сіңірген еңбегін жан – жақты баяндайды. Мақалада: «…большевиктер елге ойран салып, қазақ-қырғызды қырғынға ұшыратуға кіріскен еді. Ұлтшыл ер, Отыншы бұл қорлыққа шыдай алмай, жолдастарымен бірігіп, жігіт жинап, елді қорғау жолына кірісті.

Өткен июль басында мынадай хат келді: «Елдің басына мынадай пәле туып тұрғанда мен бұларды тастап кете алмайтын, өлсем – тірілсем де бірге көремін» деп.

Марқұм айтқанын қылды, елді пәлеге тастап, өзі бас амандап кеткен жоқ. Алаш жолында құрбан болынды!» делінген [45; 435].

Тек рсы келтірілгенн қысқаша үзінділердің өзін ғана қазақтардың большевиктерге қарсы күрес тарихының дерегі ретінде алып қарайтын болсақ, мыналарды байқауға болады: біріншіден, кеңес өкіметіне қарсы күрес Қазақстанның барлық дерлік аудандарында жүрген, екіншіден, Шәкәрім Құдайбердиев бастаған зиялы қауым өкілдері түгел дерлік ұлт тәуелсіздігі жолында большевиктерге қарсы күреске шыққан, үшіншіден – барлық жерде халық наразылығын большевиктер асқан айуандықпен, бұрын – соңды кездеспеген қатыгездікпен басып отырған.

Осы жерде көңіл аударатын бір нәрсе, қазіргі қазақ зиялыларының ақсақалы Ғалым Ахмедов, өзінің 1996 жылы шыққан «Алаш Алаш болғанда» атты еңбегінде Қази Нұрмағанбетұлын ақтар атып өлтірді деуі. Ол бұрын мұғалім болған жас офицерді ақтардың солдаттарының атқанын айта келе: «Алашты» жамандаған кісілердің, «олар ақтармен одақтас болды» дегендегі «одақтастарының» түрі әлгідей. Шындығында «Алаш» пен ақтардың арасы жақын болмаған, тек амалсыздан ғана «сен жақсы, мен жақсымен» жүрген. «Алаштың» көздеген мақсаты ағынан да, қызылынан да аулақ, өз алдына бөлініп шығу ғой», — дейді [57; 20].

Бұл жолдарға біздің көңіл аударуымыздың екі түрлі себебі бар. Біріншіден, Ғ. Ахмедов, сол күндердің бүгінге жеткен санаулы ғана саналы да сауатты куәгерлерінің бірі. Сондықтан, ол кісінің куәгер ретінде айтқан мағұлыматтарының деректік маңызы тым үлкен. Екіншіден, әңгіме Алашорда үкіметінің әскеріне қарсы бірінші болып оқ атып, оның офицерін өлтіру арқылы заңды үкіметке қарсы соғыс бастаған кімдер? – деген принципті мәселе туралы болып отыр.

Әрине, Алаш көсемдерінің кезінде қалың елі қазағын қайтсем бүліншіліктен аман сақтап қаламын деп қазақ жастарын ақ патшаның жарлығына көніп майданға окоп қазуға баруға шақырғандары да, екі оттың арасынан елін қайтсем аман алып шығып, өз алдына ел етемін деп ақтармен «одақтас» болғандары да, тіптен кейіннен амалсыз өздері «большевик» болғандары да рас. Бірақ, «Сарыарқа» мен «Қазақ» газеттері «Алаштың тұңғыш құрбаны» — деп, атаған Қазиды атып өлтірген, сөйтіп Алаш Орда үкіметіне қарсы соғыс жариялаған ақтар емес, большевиктер.

Ол туралы «Сарыарқа» газеті үлкен мақала жариялады [58], ол мақаланы кейін «Қазақ» газеті көшіріп басты [45; 431]. Екі газетте де Қазиды атып өлтірген большевиктер деп анық жазылған. Большевиктер қылмысының тағы бір айғағы С. Сейфуллиннің «Тар жол тайғақ кешуі». Заманхатында жазушы былай дейді: «Семейдегі «Алашорда» біраз атты, жаяу жігіттерді жиып алып, әскер ойынына үйрете бастады.

Семейдің большевиктері біраз шыдаса да, бір он шақты большевик солдат «Алаштың» әскер ойынын үйретіп жатқан «милицияның» қасына келеді. Тұра қалып милицияның басынан асыра мылтық атады. Милиция бет – бетімен қаша жөнеледі. Милицияның бастығы Қази деген жігіт айқайлап, жігіттерге: «Тоқта! Қашпа» деп тұрады. Сол кезде Қази оққа ұшады. Милиция бастығының оққа ұшқандығын «Алашорда» өзінің «Сарыарқа» газетінде көпіртіп жазып жатты» [47; 136].

Біздің ойымызша, бүкіл өмірін большевизм идеясы үшін күреске арнаған С. Сейфуллинді ешкім большевиктерге жала жауып отыр деп айта алмайды. Демек, солай болған. «Қазақ» жазғандай: «Алаш азаматтары большевиктің оғына да ұшты, абақтысына да жабылды, қашып та жүрді. Осынша басын өлімге, бейнетке байлағандағысы – Алаш баласын большевиктің бүліншілігінен аман қалу еді» [45; 428].

Большевиктік биліктің, кеңес өкіметінің өз халқына әкелер келешек бүліншілігінің, орны толмас қайғы – қасіретінің алдын алу мақсатында, патша құрығынан жаңа ғана босаған қазағының мойнына енді большевиктің құрығын салдырмау мақсатында Алаш ардагерлері «Қазақ» арқылы «Аттан Алаш азаматы!» — деп, ұран тастап, бүкіл қазаққа: «Өз тізгінім өзіме, жұрт боламын десең атқа мін, қолыңа қару – жарақ алып, большевиктерге қарсы шығып, өзіңнің ерлігіңді іспен көрсет» — деп жар салды [45; 428].

Алаш ардагерлерінің большевизмге қарсы күресін олардың достары түгіл, қастары да мойындауға мәжбүр болды. Мысалы, Қазақстанда кеңес үкіметін өз қолымен орнатушылардың бірі, С. Сейфуллин заманхатында: «Алаш» шешендері  газеттерінің беттерінде большевиктерді сөгуді, жамандауды үдетіп жатты… Бұлар жамандамаған, бұлар сөкпеген большевик жоқ. Бұлар Ленинді де жамандады ғой» — деп, жазды [47; 121-122]. Бұл жерде С. Сейфуллин «Алаш» шешендерінің басқа емес тіптен, большевиктердің «пайғамбары» Ленинге де тіл тигізген аса қауіпті жау екендігін айтамын деп, өз еркінен тыс, «Алаш» ардагерлерінің большевизмге қарсы жүргізген бітіспес күресін растайтын куәгері міндетін атқарса, оның еңбегі сол күрестің құнды дерегі болып отыр.

Кеңестік тарихнама, ұзақ жылдар бойы, Алаш көсемдерінің бұл күресін жұмысшы – шаруа өкіметіне, демек халық бұқарасының өкіметіне қарсы байшылдардың жүргізген күресі ретінде көрсетіп келді. Ал шындығында кімнің не үшін, кімге, неліктен қарсы күрескендігін объективті түрде зерттеп – зерделейтін уақыт енді жетті.

Жалғыз қазақ емес, бұрынғы бүкіл Ресей империясының халықтарының басына орнаған, сол бір аласапыран жылдары кімнің дұрыс, кімнің бұрыс болғандығын ең әділ төреші уақыттың өзі бүгін көрсетіп отыр.

Өзін жұмысшы, шаруа, солдат және қырғыздар (қазақтар) депутаттарының Кеңесі – деп, атаған бұл өкіметтің шын мәнінде кімдердің өкіметі екендігін өзіміздің жүздеген төл деректеріміз арқылы дәлелдеуімізге болар еді, дегенмен деректану ғылымының талабынан шыға отырып біз оны басқа емес, сол өкіметті орнатушылардың өздері дүниеге әкелген, сол өкіметтің аса маңызды ресми құжаттары ретінде талай рет кеңес өкіметі жылдары жарияланған құжаттар жинағына енген, өз деректері арқылы дәлелдейік.

Бұл деректердің принципті маңызының, өкілеттілік дәрежесі мен ғылыми құндылығының жоғары екендігін ескеріп, олардың мәтінін аудармасыз түпнұсқалық күйінде келтірейік.

1918 жылғы қаңтардың 17 күні Торғай жұмысшы, солдат және қырғыз (қазақ) депутаттарының төрағасы Асауовтың РСФСР ішкі істер комиссарына Торғай уезіндегі жағдай туралы телеграммасында: «Крайняя необходимость переживаемого ныне в обширнейшем Торгайском уезде и городе Торгае политического момента вынуждает меня непосредственно обратиться к вам за соответствующим циркулярном разъяснением и распоряжением, а также необходимым материальным содействием. Тургайские представители низложенного коалиционного Временного правительства – кадеты… в союзе с некоорыми учителями из киргизов и спрочими ненадежными элементами, сильно агитируют среди мирного и верного правительству народных комиссар населения уезда и города… В отношении кадетов вопрос об их аресте, смещении с должностей и о принятии вообще соответствющих против них мер, а также замещании свободных должностей домтойными и верными кандидатами, прошу представить по усмотрению местного Тургайского Совета депутатов, о чем благоволите сделать мне срочное телеграфное распоряжение. Независимо от мего, я убедительно прошу Вас по телеграфу открыть Тургайскому уездному казначейству, в мое распоряжение, десять тысяч рублей и как для покрытия понесенных уже мною путем позаймствования у разных лиц расходов для общей цели, а также на покрытие необходимых дальнейших мер.

Предцедатель Тургайского Совета с..р..кр.и кир-х депутатов Асауов» деп жазылса [14; 318], Әліби Жангельдиннің Торғай облыстық халық комиссары міндетін атқаруға кірісуіне байланысты Ұлттар ісі бойынша халық комиссары И. Сталинге жолдаған 1918 жылғы 27 қаңтардағы телеграммасында:

«23 января, вступив в управление Тургайской областью, приступил к организации Советской власти. Ставленник Временного правительства  Букейханов с приспешниками скрылись от справедливого народного суда, меры к розыску приняты. На днях выезжаю в область для личной организации на местах Советской власти. Помощникам народного комиссара Тургайской области мною назначен лично мне известный… Тунгачин, которого прошу утвердить по телефону.

Народный комиссар Тургайской области Джангильдин», — деп жазылған [14; 319].

Мәскеулік қожайындардың өздерінің Қазақстандағы қолшоқпарларының өтінішін ескерусіз қалдырмағандығын РСФСР ішкі істер халық комиссарының Торғай уездік Кеңесіне 1918 жылдың 21 ақпанында жолдаған телеграммасынан көруге болады. Онда былай деп жазылған: «Против местных контрреволюционеров подлежит принять самые решительные меры, энергично подавляя малейшую с их стороны попытку к возбуждению масс против Советской власти. Замена административных должностей предостовляется всецело на усмотрение Совета. Кредит в размере 10000 рублей переведен. Одновременно почтой высылаются узаконения правительства, вестник комиссариата внутренних дел Лацис» [14; 319].

Қазір Мәскеу архивінде сақтаулы тұрған бұл деректердің ғылым үшін маңызын айтып жеткізу мүмкін емес. Өйткені, большевиктердің өз қолымен жасалынған бұл деркетер, біріншіден – Торғай уезіндегі кеңес өкіметінің басшыларының Мәскеуден, тек ақыл – кеңес қана емес, сонымен қатар, нақты нұсқаулар мен ақшалай қаражат алып отырғандарын, екіншіден – олардың алдында есеп беріп, өздерінің кейбір шешімдерін бекіттіріп алып отырғандарын, үшіншіден, жергілікті жерлерде кеңес өкіметін қолдан орнатқандарын көрсетеді. Мұның бәрі Қазақстанда кеңес өкіметі халық бұқарасының қызу қолдауымен және солардың тікелей араласуымен орнады деген лақапты толығымен жоққа шығарады.

Кеңес өкіметінің қазақ топырағында ешқандай негізі жоқ, сырттан күшпен таңылған саяси құрылыс екендігін 1925 жылы өлкені «басқаруға» келген Ф. Голощекиннің, 8 жылдан соң даелімізден қазан төңкерісінің ешқандай ізін таппай, өз бетінше «кіші қазан» жасамақ болған әрекеті де дәлелдейді.

Ал, 70 жылдан астам уақыт бойы қарулы күшке сүйеніп адам құқын аяқ асты етіп келген кеңес өкіметінің бұрынғы КСРО көлемінде соққан азғана демократия лебіне шыдамай құлап түсуі Алаш ардагерлерінің кезінде оған қарсы жүргізген күрестерінің әділетті күрес болғандығының ең басты көрсеткіші. Демек, олар қазақ даласына зорлықпен қолдан орнатыла бастаған кеңес өкіметінің жаратылысынан алаш баласына жат, бүкіл табиғаты, бітім – болмысы қазаққа қарсы құбылыс екендігін, сол кезде – ақ көре білген.

Алданған орыс солдаттары мен жұмысшы – шаруаларының зеңбірегіне сүйенген большевиктердің қазақ даласында кеңес өкіметін күштеп орнатуы салдарынан, 1918 жылдың 16 қыркүйегіндегі, 265-санынан кейін «Қазақ» газеті өзінің шығуын тоқтатты.

5 жыл бойы өз ұлты – қазағымен біте қайнасып, оның мүддесін қорғап, жоғын жоқтап, өзінің «Қазақ» деген атына сай қызмет еткен, шын мәнінде ұлттық басылым дәрежесіне көтеріле білген газеттің жабылуына қатысты екі нәрсеге көңіл бөлейік. Біріншісі, газеттің соңғы нөміріндегі Басқарма атынан берілген хабарламада: «Январьдың 17 – нен бері большевиктің кесірінен «Қазақ» тоқталып тұрды. Енді газет жұмысы реттеліп келеді. Мезгілінде шығып тұрады» — деп, жазылуы [45; 445]. Бұдан, газет шығарушыларының рны жабу емес, керісінше, «мезгілінде шығып тұруын» ойлағандығын, демек, кезінде қаражат жоқтығынан тоқтап қалған «Қазақстан» газеті мен «Айқап» журналынан өзгешелігі «Қазақтың» сыртқы күштің зорлығымен жабылғандығының және «кімнің» кесірінен жабылғандығының айқын көрінуі.

Екіншісі, газеттің қыркүйек айында шыққан соңғы үш санын да бірінші беттерінде, газет атының астында, беттің бірі шетінен екінші шетіне дейін созылған, «ЖАСАСЫН АЛАШ АВТОНОМИЯСЫ! КӨРКЕЙСІН АЛАШ!» — деп үлкен әріптермен жазылған, бұрын мерзімді басылымдарда кездеспеген ұран – айдармен шыққандығы.

Осылай, «Қазақ» «Алаш» атымен өмір сүруін тоқтатқан.

Елде Кеңес өкіметінің, большевиктер диктатурасының орнауы «Қазақ» газетінің де, Алаш ардагерлерінің де, мұндай ата салтына, ұлт дәстүріне сай ерлік істерінің бұрынғыдай жыр – дастандарға арқай болып ауыздан – ауызға тарап, атадан балаға жетіп ұлт, ұрпақ мақтанышына айналуына кедергі болды. Елін сүйген ерлерді өз халқына жау етіп, елін сатқан ездерді ер етіп көрсеткен күндер басталды.

Дегенмен, уақыт бәрін өз орнына қойды. Мезгіл өте келе ел есінен шығып, халық жадында көмескі тарта бастаған аталар ерлігін «Қазақ» газеті қайта жаңғыртты. Оның беттерінде бейнеленген құбылыстар, тасқа басылған дәйекті деректер Алаштың бүгінгі ұрпағына өз аталарының жасаған ерлік істерін сол қалпында жеткізді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ.     М.Шоқай – ұлт тәуелсіздігі үшін  күрескен ер

 

         ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ халқының ұлттық намысын қорғап, жоғын жоқтаған үлкен бір зиялы топ саяси күрес жолына түсті, тарихи сахнаға көтерілді. Бұл ауыр жол еді, өйткені оларға қарсы империялық күштер басым болатын. Оған қарсы шыққан саяси көсемдер «буржуазияшыл ұлтшыл», «халық жауы» деген жалған жаламен түрмеде шіріді, атылды, көзі құртылды. Осылайша қызыл империяның қиянатынан ақтаусыз келген, жалған жалаға ұшыраушылардың бірі әрі бірегейі, көрнекті қайраткер, ғұлама тарихшы, журналист, публицист, саясаткер – Мұстафа Шоқай.

         Өзінің азаматтық міндетін ең жоғарғы адамгершілік деңгейде орындап, бірақ өкінішке орай, ең негізгі арманы – елінің тәуелсіздігін алғанын көре алмай өмірде өкініште өткен қайраткердің осы мақсат жолында қалай күрескенін айтпас бұрын, оның өмір жолына тоқталып өтейік.

         Мұстафа Шоқай-Бей 1891 жылдың 7 қаңтарында Ақмешіт (Қызылорда) қаласында дүниеге келеді. Әкесі Шоқай-бек Торғай Датқаның баласы Хорезм ханының ордадағы белгілі тобына жатқан. Мұстафаның тегі Орта жүздегі Қыпшақ, оның ішінде Торайғырдың Шаштысы, Батый ұрпағының Жанай тармағы болса керек. Әкесі Шоқай дала қазақтары арасында ерекше мәдениетті, елге беделді, үлкен рудан шыққан. Шоқайдың әкесі Торғай Сыр қазақтары Ресей патшалығының қол астына кірмей тұрғанда Хиуа ханының датқасы (уәлиі, Уәлаят басшысы) болған.

         Мұстафаның нағашы жұрты да текті болғанға ұқсайды. Анасы Бақты атақты әскер басылардың бірінің ұрпағы. Оның әкесі өзбек хандарына қарсы ұрыстарда ерлік көрсетіп, қазақ батырлары санатына кірген. Ал, Түркістанды патша әскерлері жаулап ала бастаған кезде де ұзақ уақыт орыстармен азаттығы үшін, жері үшін күрескен. Сол кезде Мұстафаның болашақ анасы (қыз кезінде) осы соғыстарға қатынасып, әкесіне жәрдем етеді. Атқа мініп, шөл далада дұшпан әскерінің жолын барлап, хабар жеткізіп отырған. Бақты өлең жазып, дастандар жырлаған. Ана тілінде сауаттанып және әкесі сияқты арабша да білген.

         Шоқай би отыздан аса ағайын – туыстармен бір ауылда тұрған. Тұрағы 1917 жылға дейін Орынбор – Ташкент темір жолы бойындағы Сарышығанақ станциясынан 5 шақырым жерде орналасады. Шоқай 1912 жылы, Мұстафаның 22 жасында қайтыс болған. Жасынан зерек Мұстафа әкесі, туыстары жайлы бірсыпыра әңгімелерді естіп, не көріп есіне сақтайды. Оның айтуынша, елдегі саяси оқиға Шоқай әулетіне де әсерін тигізген. Мысалы, екі рет Шоқайдың кірпіштен соғылған үйін жергілікті орыс үкіметі мен мұжықтар мектеп үшін алып қояды, тіпті егістігін де тартып алады. Бірақ оларға қарсылық білдіре алмай, өз наразылығын ішіне сақтайды.

         Шоқайдың үш ұлы, екі  қызы екінші әйелінен туады, бірақ Мұстафаны бірінші әйелі бауырына салады. Үлкен ағасы Сыдық баланың кенжесі Мұстафадан 15 жас үлкен. Апасының ұрпақтары қазір Оңтүстік Қазақстан облысында тұрады [27; 238-239]. Бастапқыда отбасында білім алған Мұстафа Шоқай кейін Ташкенттегі гимназияда орысша алтын медальмен бітіреді. Сол уақытта дәулетті адамдардың балаларының өзі жоғары білім алуы қиындаған шақта көптеген қиындықтарды жеңіп, ал Петербор университетінің заң факультетіне түседі.

         «Заманындағы Петербор қоғамы мен студент жастар арасында Түркістандағы атақты әулетке жататын Шоқай-бектің ұлы және Торғай Датқаның немересі Мұстафа ұзамай-ақ ортасының гүліне айналады. Анасы жағынан Хорезм хандарымен туыстас болуына қарамастан, орыс тілін жетік білген ол лауазымды адамдар тобымен жақсы қарым-қатынаста болады. Астанаға Хорезм және Хиуадан «хан ордасы» келгенде, Мұстафа Шоқай олардың арасында дәнекер болатын.

         Ол тек қана ғылыми мәселелермен ғана айналысып қоймайтын, оны сондай-ақ ұлттық сипаттағы сұрақтар да қызықтыратын», — деп еске алады Жұмаев деген азамат [59; 121]. Санк – Петербургтегі студенттік жылдары М. Шоқай Алаш зиялылары сапындағы көрнекті қайраткерлер Сералы Лапинмен, Мемлекеттік Дума мүшесі Әлихан Бөкейхановпен, қазақ грамматикасының негізін қалаған саяси қайраткер Ахмет Байтұрсыновпен және өзге де отандастарымен тығыз байланыста болады.

         Мұстафа Шоқайдың саяси көзқарастары қалыптасқан кез ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басында орыс патшалығының отарлық саясаты барлық жерде айқын сезіліп, отарлық саясаттың күйреуінің факторлары түсінікті бола бастаған уақытпен тұспа – тұс келеді.

         1905 жылғы орыс революциясы Ресей империясындағы кіші ұлттар мен халықтардың саяси қайраткерлігі мен дамуына мүмкіндік береді. Мемлекеттік Думада Түркістан үкіметі құрылады. Бірақ бұл мүмкіндік Түркістанды Мемлекеттік Думада ұсыну құқынан айырған Столыпин реакциясы түріндегі кедергіге ұшырайды. Сөйтіп басқа жол таңдалады. Түркістан сол Мемлекеттік Думаның өзінде өздерінің саяси белсенділігін ең болмағанда жанама жолмен болса да ресми мінбеден білдіру мүмкіндігін алу үшін басқа түркі өлкелерінің депутаттары құрған Мұсылман фракциясының ішіндегі саяси үкіметтік бюро болады.   1914 жылы осы бюрода Түркістанның атынан 24 жасар жігіт шығады… Бұл жігіт Мұстафа Шоқай еді. Петерборда ақпан төңкерісіне дейін М. Шоқай Мемлекеттік Думаның Мұсылмандар фракциясының Түркістан ісі жөніндегі хатшысы қызметін атқарады. Бұл лауазым өте маңызды еді, себебі 1907 жылғы 3 маусымдағы заң бойынша қазақтар Думаға қатыса алатын еді (І және ІІ Думаға қатысты). Сондықтан хатшы қазақтардың Думамен Мұсылмандар фракциясы арқылы байланысын қамтамасыз етті.

         «Мен Мұстафаны көп білмейтінмін, Мемлекеттік Думада ішкі саясат бойынша сөз сөйлеген біздің Карлдың (Н.С. Чхендзе) сөзінен естідім. Мұстафа онда тіпті жас студент болатын, бірақ онсыз, хатшысыз Мемлекеттік Думаның Мұсылмандар фракциясының алысқа баруы – бармауы неғайбыл еді», — деп жазды бұрынғы мемлекеттік Думаның мүшесі, Грузияның Сыртқы Істер Министрі А. Чханкели өзінің естеліктерінде [60; 137].

         1916 жылы Қазақстанды қазақтарды еңбек тылына тартуға қарсы көтеріліс қамтыды. Жас Мұстафа түркістан халқын мұндай қаталдықтан сақтап қалу мәселесінде үлкен әрі табасты рөл атқарды. Ол Мемлекеттік Думаның көтерілісті басу кезіндегі күштерді ашуға бағытталған «Тексеру комиссиясын», сосын Төтенше жиналыста Түркістанның құқын қорғауға тиіс Ұлттық Кеңесті және Өкілдер Комиссиясын басқарады, ал ол болса патшалық режимді құлатып, басқаруға келген революционер – демократтардың Россиның, сондай-ақ оның билігі астындағы халықтардың болашақ тағдырын анықтауы тиіс еді.

       Алаш қозғалысы қайраткерлері арасына жалғыз өзі ғана шет елге ауып онда өзінің пікірін еркін айтуға мүмкіндік алған Мұстафа Шоқай өзінің 1916 жылдың 15 жылдығына байланысты жазған “1916 жылғы ұлттық қозғалыс туралы большевиктердің өтірігі “ деп аталатын еңбегінде осы қозғалысқа үлкен мән беріп былай деген еді:”…1916 жылғы көтерілістер, “Қоқан автономиясы “ және “басмашылар әрекеттерімен” қосылып орыс тепкісіне қарсы бағытталған ұлттық қозғңалыс трихымыздың ең маңызды құбылыстарының бірінен саналады” [30;6]. Яғни М. Шоқай 1916 жылғы қозғалысты Қоқан автономиясымен және Орта Азиядағы басмашылық қозғалыстарымен қатар қойып олардың ұлттық сипатына баса назар аударды. Ол: “1916 жылғы көтерілістің баса көңіл аударатын ең бір маңызды тұстары қайсылар?”- деп суал қойып оған өзі нақты жауап береді:         “Бұл сұрауға,-деді ол,- 1916 жылғы қозғалыс жалпы алғанда ұлттық қозғалыс еді деп жауап беруге болады. Онда таптық күрестің елесі де жоқ еді.

        Түркістандықтарды халықтың барлық жіктерін өз қол астына бірлестірген патшалық Ресейдің жалпы саясатын айтпағанда түркістандықтарды майдандағы қара жұмысқа шақырған бұйрықтың өзі ұлттық табиғатына рұхына жат еді. 1916 жылғы 25-шілдедегі шыққан Патша жарлығы түркістандықтарды тапқа бөліп жатпай-ақ майдан жұмысына шақырды. Осы алапат барлық түркістандықтарға бірдей төніп еді.

       Марксизм теориясы бойынша қарағанда таптық күрес Түркістанда жоқ және болуы да мүмкін емес еді”.[30;5].

         Бұл жерде байқайтынымыз  М.Шоқай 1916 жылғы көтерілістің ұлт-азаттық сипатын атап көрсетумен тоқталмай осы қозғалыстың таптық сипаты туралы әңгімені де мүлде теріске шығыарады.  

         Ақпан төңкерісінің басталуымен, патшалық жүйе құлап, Ресейдегі саяси билікті большевиктер жаулап алуымен Мұстафа Шоқайдың өмірінде жаңа кезең басталады. М. Шоқайды ақпан төңкерісі қуантады әрі үміттендіреді. Ол ІҮ Мемлекеттік Думаның социал – демократиялық фракциясының басшысы, жұмысшылар мен солдат депутаттарының Петроград кеңесінің төрағасы болған танысы Н.С. Чхеидземен әңгімесінде оның Түркістандағы алдағы жұмыстар туралы сұрағына автономиялық жүйеде дамиды деп жауап береді. Сонда Чхеидзе тіпті қорқып кетеді мұндай жауаптан, сөйтіп былай дейді: «Жолдас Чокаев, құдай үшін, отандастарыңызға автономия туралы айтпаңыз, себебі, біріншіден, бұл туралы айтуға әлі ерте, екіншіден, сіздің Түркістаныңыз сияқты тілі мсен дінінен өзгесі бөтен халықтар тұратын елде автономия құру сеператизмге алып келеді, ал сеператизм революциялық және демократиялық Росисядан тыс сіздің халқыңызға зиян әкеледі» [48; 8]. Меньшевик Чхеиндзе де өзге орыс социалистері сияқты, Түркістан автономиясына қарсы болатын.

         Отанына оралған Мұстафа Шоқай жастығына қарамастан (27 жаста болатын) патшалық Ресейге қарсы басталып, большевиктік Ресейге қарсы қозғалысқа айналған Түркістан ұлт – азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі болады.

         Жас Мұстафа Шоқайдың саяси көзқарасының қалыптасуына оның патшалық Ресейдің отаршыл саясаты әсерінен өз халқының жойылып бара жатқанын терең түйсінді, 1905 жылғы орыс революциясы, 1908 жылғы Түрік революциясы, «Жаңашыл ағымдар», «Жәдидшілдік», А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов және тағы басқа сияқты саяси қайраткерлермен араласуы зор ықпал етті. Сондай – ақ Мұстафа Шоқайдың саясаткер ретінде қалыптасуына Ресейдегі социал – демократиялық, революциалық – демократиялық қозғалыс үлкен рөл атқарды, оның басшыларымен М. Шоқай төңкеріске дейін, Петербургте оқыған жылдары танысқан еді.

         Айтары жоқ саясаткер Мұстафа Шоқайдың қалыптасуын Түркістандағы Ұлттық күрестен бөле жара қарай алмаймыз, оның қайраткерлігі Түркістандағы негізгі жау саналған орыс империализмінің құрылымдарын әлсіретудегі Түркістан зиялыларының күресінде зор еді. 1917 жылғы ақпан, сосын қазан төңкерісінен соң Мұстафа Шоқай Түркістан Автономиясы идеясын Ресей құрамында, сосын толық Тәуелсіз Түркістанмен жақындастырды.

         Бұдан ары М. Шоқай бүкіл Түркістан мұсылман халықтарының ұлттық өзін — өзі анықтауы үшін біріккен күресін басқарады. 1917 жылғы қарашада Түркістан автономиясын жария еткен ІҮ Бүкілтүркістандық төтенше мұсылман съезі М. Шоқайды үкімет мүшесі сайлайды, артынша ол демалысқа кеткен премьер – министр М. Тынышпаевтың орнына келеді. Осының алдында Ташкенттегі Кеңес үкіметі Кеңес құрамында жергілікті халық өкілі болуын жойып тастаған еді. Ол сондай-ақ мұсылман съезінің шешімін де мойындамады, сөйтіп 1918- жылдың басында «Қоқан автономиясына» қарсы шабуыл ұйымдастырады.

Ол кезеңде қазақ автономиясы да мойындалмады. РСФСР үкіметі тек кеңестік негіздегі автономияны мойындады. 1917 жылғы желтоқсанда Орынборда өткен ІІ Бүкілқазақ съезінде Ә.Бөкейханов жетекшілік еткен Алаш Орда ұлттық үкіметі құрылып, оның құрамына Мұстафа Шоқай да кіреді. Алаш Орда қазақ халқының мүддесін Дутовтың, Уфа директориясының, сосын Колчактың көмегімен қорғауіға тырысады. Бірақ автономия идеясы олардың да көңіліне қонбайды. Тек 1919 жылдың көктемінен бастап қан Алаш Орданың Кеңес үкіметімен жүргізген келіссөздері табыспен жүре бастайды. Алашордашыларға амнистия жарияланады. Оның көптеген жетекшілері Кеңес үкіметіне қызмет етеді. Кеңестер билігінің қарым – қатынасынан түңілген Мұстафа шоқай басмашыларға қашып кетеді, артынан Грузияға, ал онда қызыл армия келген соң Түркияға кетеді. Кейін Берлинге көшеді, ақыры Париж маңындағы Ногент-сюр-Марнде тоқтайды. Стамбулда 1917 жылғы шілдеден 1931 жылғы қыркүйекке дейін «Жаңа Түркістан», ал Берлинде 1929 – 1939 жылдары «Яш Түркістан» журналын шығарып тұрады. Сол кезде «Яш Түркістан» Лондонда, Парижде және Варшавада басылып тұрады [1;13;17].

1941 жылы 22 маусымда Мұстафа Шоқайды неміс билеушілері қамайды, ол өзге де Ресейлік эмигранттармен бірге Компьен орманындағы лагерде ұсталады. Сол жылы Мұстафа Шоқай түсініксіз жағдайда ауырып қайтыс болады. Берлин қаласында жерленеді.

М.Шоқай өзінің еңбегінде 1916 жылғы көтерілісті “Түркістан ұлттық төңкерісінің …жалпы алғанда орыстыққа Ресейге қарсы әліппесі” ретінде бағалай келіп былай деген еді: “Отарлардағы ұлттық қозғалыстарды пролетариат төңкерісіне әкелу үшін, лениндік қағида бойынша “ұлт ішіндегі таптық құрылыс пен таптық күрес жетілген болуы керек”. Бұл Түркістанда жоқ еді. Бұл бір. Екіншіден, “қаналушы және қанаушы ұлттар пролетарлар табының арасында достық және туыстық байланыстар орнатылуы тиіс” делінсе Түркістанда мұндай жағдай патшалық дәуірде Лениннің тірі кезінде де болған емес. Бүгінде жоқ. Атамекеніміз Түркістан Мәскеуге күшпен бағындырылғаннан бері Түркістанның ұлттық пролетары мен орыс пролетары арасында ешқандай бір достық, жақындық болған жоқ. Және болуы да мүмкін емес. Большевик суайттары өз көсемдері Лениннің төңкеріс хақындағы теорияларын да көпе-көрнеу бұрмалап отыр”[32;421].

Мұндай дәлелді пікірді мақұлдамау біздің ойымызша тарихқа қиянат болып шығар еді.

Қазақ интеллигенциясының 1916 жылғы көтеріліске байланысты тарихи көзқарастарын зерттегенде тағы бір назар аударатын мәселе – осы ірі тарихи оқиғаның ұлт-азаттық қозғалысында алатын орны. Бүгінде еліміз тәрізді тарихымыздың да тәуелсіздік алуына байланысты Мұстафа Шоқайдың осы мәселе жөніндегі көзқарасымен нақты танысуға мүмкіндік алдық.[1;211-215].

Ақпан төңкерісіне байланысты Әлихан, Мұстафа, Міржақып атынан “Алаш ұлынан” деген атпен “Қазақ “ газетінің 1917 жылғы 225-ші санында жарияланған үндеуде “ескі үкіметті аударып тастаған орыс әскері һәм жұмысшылары” болып табылатыны атап көрсетілді [3;33]. Арада біраз уақыт өтіп, 1916 жылғы көтерілістің 10 жылдығына байланысты Әлихан Бөкейханов пен Міржақып Дулатов 1917 жылғы оқиғалармен байланыстырмай, 1916 жылығы көтерілісті дербес оқиға ретінде қарастырады. Осы көзқарасты Тұрар Рысқұлов та ұстанып “Қаруланған орыс шаруаларының қазақтардан өш алуды 1917-1919 жылдары да жалғастырғанын “атап көрсетті[33;411].      

Бүкіл түркі жұртына қалтқысыз қызмет еткен біртуар тұлға Мұстафа Шоқайдың өмір жолы осындай. Ал оның ұлт жауларымен күрес жолы қалай болған еді? Біздің түсінігімізше, М. Шоқай өнегесінің құндылығы халқымыздың жүріп өткен жолын, әсіресе ХХ ғасырдағы тағдырын жаңа тарихи контексте қорытуға, сол арқылы бүгінгі жағдайымызды, ұлттық мүддемізді тура және жаңа сапада түсінуге түрткі болуында. Ал осы жаңа тарихи контексте дегенде алдымен ойға оралар ғылыми және тарихи ұғым – «Түркістан» немесе «Түркі елі» идеясы. Олай дейтініміз, Мұстафа Шоқайды тек қазақ жұртына ғана теліп, оның қызметін бүгінгі азат Қазақстанның тарихи мүддесімен ғана байланыстырар болсақ, онда Мұстафа Шоқай феноменін, ол көтерген мәселені дәл басып түсіндіре асмас едік. Өйткені М. Шоқай Қазақстан, қазақ елінің тәуелсіздігін, Түркістанды көне заманнан бері атамекен еткен басқа халықтардың тәуелсіздігінен бөліп алып қараған емес. М. Шоқай  үшін Түркістан тұтастығы мен Түркістан еркіндігі егіз ұғымдар. Ал Ресейлік езгіден құтылу Түркістан халықтарына біртұтас тәкелсіз мемлекеттер федерациясын құруға жол ашумен бірдей.

Олай болса, әуелде «Түркістан» деген ұғымның мазмұны және оның қайтадан жаңғыруы жөнінде. Бұл ретте алдымен санаға оралатын ой «Түркістан» деген ұғымның кешегі, яғни 1917 жылғы қазан төңкерісіне дейін ғылыми әдебиетте, мерзімді басылымда, күнделікті әкімшілік құжаттарда нақты әрі ешқандай да күмән тудырмсайтын ғылыми, саяси, теорилық және мәдени ұғым болып келгендігі. Ал Кеңестер Одағы құрамында Түркістан атауы уақытша болса да жойылып, тек КСРО ыдыраған соң Түркістан ұғымының қайта жаңғыруына да М. Шоқай мұрасы түрткі болып отыр.

Көп ғасыр тұтастығы бұзылмай, белгілі кезеңдерде қайта жаңғырып келген Түркістанға ХҮІІІ – ХІХ ғасырларда жеткен орыстық отарлық билік экономикалық және мәдени жаңғыру алып келген жоқ. Өзінің бірнеше мың жылдық тарихында отарлық биліктің талай түрін басынан өткізген Түркістан, ресейлік билік әкелгендей озбырлықты көрген емес. Саяси өмірде бүкіл жергілікті билік отаршыл әкімшіліктің қолына ауысты. Ресей империализмі мұнда біржола орналасу әрекетіне көшті, яғни ішкі ресейлік губерниялардан қоныс аударып келген орыс және басқа еуропалықтар біртіндеп сандық тұрғыдан Түркістан халқының басым бөлігін құрып, орыс билігінің жергілікті тірегіне айналдыруға тиіс болды. Ал түркістандықтар әлемдік өркениеттен тыс қалған «түземдіктер» есебінде өзінің «қарабайыр» өмір салтынан, тіршілігінен бас тартып, орыстану жолына түсуі керек еді [28; 15-16].

Шын мәнінде аса күрделі де қиын жағдайға тап болған Алан қайраткерлері қазақ ұлтының мемлекеттігіне қол жеткізу үшін әртүрлі әдістер мен амалдарға барды. Осыған байланысты тарихшы М.Қойгелдиевтің төмендегі пікірі назар аударуға тұрарлықтай: “Болашақ қазақ мемлекеттігінің мазмұнына қатысты,-деген еді ол,-Ә. Бөкейханның да көзқарасы түрлі тарихи жағдайларға байланысты өзгеріп отырды. Мәселен ол, 1917 жылдың күзінде қазақ елінің “жері біргелік автономияны қабылдап Сібір автономиялық мемлекетіне қосылғанын “ қалады. Ал 1918 жылы күзде Уфа қаласында ол башқұрт басшыларымен болған кеңесте “башқұрт-қазақ тұтас мемлекетін” құру жөнінде келісімге тоқтайды. Мұстафа Шоқай өз ретінде қазақ жұртының Түркістан (Қоқан) автономиясы құрамында болғанын жақтады. Қорыта айтқанда қазақ саяси россиялық басқа түркі-мұсылман жұрттарының зиялылырымен бірге өз халықтарын болашақ Россия Федерациясының құрамында көрді”[37;144-145].

М. Қойгелдиевтің бұл пікірі нақты тарихи деректерге сүйенген.

Осылайша Ә.Бөкейханов түпкі мақсат-қазақ жерінің ұлттық-территориялық автономиясына қол жеткізу болып саналатынын нақты атап көрсете отырып алайда оған жететін әртүрлі тактикалық амалдарды қарастырды.

Обьективті кедергілер де аз болған жоқ. Олар туралы Мұстафа Шоқайдың өзі былай дейді:”…Біздің алдымызда екі мықты тосқауыл тұрды. Бұлардың бірі- ұлттық қозғалысымыздың басты дұшпандары болса, екіншісі- өзіміздің қоршауда қалғандығымыз және елді топтастыруға тәжірибесіздігіміз. Ең қауіптісі-тап осы екіншісі еді…”[63;258].

Түркістандағы жағдайдың осындай күрделілігі Ә. Бөкейхановтың қазақ пен Түркістан халықтары одағын неліктен түйе мен есекке теңегенін айқындай түсер еді. Оның үстіне М. Шоқайдың түсіндірмелері де Ә. Бөкейхановтың сол тұста бұл мәселеде аса көреген болғанына көзді жеткізе түседі. Нақтырақ айтсақ, М. Шоқай Түркістанның сол тұстағы жағдайын төмендегідей сипаттаған еді: “…рулық ұйымдар негізінде құрылған ұлттық ұйымдар көбінесе бірін-бірі түсінбейтіндіктен орыс жұмысшы және солдат депутаттары кеңестірінің Түркістанға қарсы әрекеттерін қолдайтын.   

Бүкіл ақпараттық құралдарды қолына шоғырландырған метрополия еуропалық қауымдастықтың көз алдында Түркістанның жергілікті жұрты жөнінде жаңа техника мен технологияны, қоғамдық қатынастар мен мәдениетті қабылдауға құлықсыз, оған қарсы «түземдіктердің» бейнесін жасап, ал өзін тіптен мұнда, яғни Түркістанға еуропалық мәдениет пен өмір салтын әкеліп енгізуші етіп көрсетуге тырысты. Ежелгі замандардан әлемдік орталықтармен тікелей байланыста болып келген Түркістан енді басқа батыс және шығыс елдерімен тек Ресей арқылы ғана қатынаса алатын еді. Енді ғана өнеркәсіптік даму жолына түскен Ресей болса Түркістанды тек арзан шикізат көзі және өзі өндірген тауарларды өткізетін рынок деп білді. Міне, осындай жағдайда Түркістан 1917 жылғы төңкеріске жетті.

ХХ ғасырдың басы жеке түркі халықтарының өздерінің дербес ұлттық мемлекетін құруға ұмтылушылығымен сипатталады. Мұндай тенденция қазақ, татар, башқұрт және басқа халықтардың зиялыларының саяси қызметінен анық байқалады. «Алащорда» мен «Еркін Башқортстан» соның көрінісі болатын. Жеке түркі халықтарының дербес мемлекеттікке ұмтылуы олардың бірнеше ғасырлық жетілуінің нәтижесі болатын [3; 29].

Бұқара халық тұрмақ 1917 жылғы революцияны қолдауға жергілікті  халық  арасынан  шыққан  көзі  ашық,  аса  білімді  Мұстафа Шоқай тәрізді белсенді саяси қайраткерлердің өзі де жеткілікгі  деңгейде даяр  емес  еді.   Түркістанның  азаттығы жолындағы ұлы күрескер Мұстафа Шоқай осы орайда былай деп   жазған   еді:    «революция   бізге   еркіндік   пен    ұлттық белсенділікке   жол   ашқандай   көрінді.   Бірақ   ұзақ   жылдар қараңғыда  отырған   кісінің  жарыққа  шыққанда  көзі  қамасатыны   сияқты,   талай   заманнан   бері   патшаның   отарлық саясатының   қапасында   тұншыққан   біз революция   алып келген бостандықтың жарығына шыққанда, көзіміз қамасып, бірден тура    жол   тауып  кете  алмадық.  Санамыздың қараңғылығы   да   көзімізді   одан   сайын   қарықтырып,   көп сандалдық. Дәрменеіздігіміз бір тобымызды орыс революцияшыл демократиясына еруге мәжбүр етті… Екінші тобымыз — көпшілігіміз, саяси табысқа дұгамен жетеміз дегенге сенетін… әрине, мұның екеуі де қате еді» [34;255].

1917 жылғы Ақпан төңкерісінен жергілікті ұлт интеллигенциясы көп үміт күткен еді. Оның ең бастысы әрине, Ресей Федеративтік демократиялық мемлекеті құрамында дербес автономиялық басқаруға «сол жеткізу еді. «Біз сол тұста автономияны былай түсінетінбіз: — деп еске алды Мұстафа Шоқайұлы өзінің «1917 жыл естеліктерінен үзінділер» атты кітапшасында кейіннен, — Түркістанның дербес ел басқаратын мекемелері мен атқару органдары, яғни заң шығаратын парламенті және іс жүргізетін үкіметі болуға тиіс деп ойлайтынбыз. Сыртқы саясат, қаражат, жол, әскери істер Бүкілресейлік федерациясы үкіметінің ісі деп есептейтінбіз. Оқу-ағарту жұмыстары, жергілікті жолдар мәселесі, жергілікті мекемелер, заң және жер мәселелерінің бәрі жергілікті автономиялы үкіметтің ісі деп қарайтынбыз. Біз әсіресе жер мәселесіне ерекше мән беретінбіз. Әскери құрылыс мәселесіне де едәуір елеулі өзгерістер енгізбекші едік. Мәселен, Бүкілресейлік үшін құрылған әскери комиссариатта болумен бірге түркістандықтардың әскери қызметін Түркістанда құрып, Түркістанда қалдыру біз үшін маңызды мәселе еді.

«1917 жылғы жансақтықтарымыз үшін, — деп атап көрсетеді М.Шоқай, — біздің сынау жайғана тәй-тәй басқан бөбектің тәлтіректегенін, жығылғанын, орнынан түрегеле алмағанын сынаған сияқты. 1917 жыл біздің саяси туған   жылымыз   еді.   Автономия   біздің   қалт-құлт   басқан алғашқы ұлттық саяси қадамымыз болатын» [34;118].

Орыс демократтарының   шовинистік   көзқарастан   арыла   алмауы және қазақ немесе Түркістан халықтарының тағдырында 1917 жыл   оқиғаларының   төтенше және   кездейсоқ   сипат   алуы жергілікті  ұлт интеллигенциясының  азаттық  үшін  қасиетті күресін   ауырлатып  жіберді.   Осы орайда М.Шоқай   былай деген   еді: «Түркістан   ұлттық   қайраткерлері   1917 жылғы революция берген мүмкіндікті пайдалана алмағандығымыздың сырын ашып айтуымыз керек. Әрине, бұл сәтсіздігіміздің себептері  көп.   Бірінші  объективті  себеп: ұланғайыр  алып Ресей алдында жарты    ғасырдан астам    билеп-төстеген империализмнің  отарлық  саясаты  еңсесін  езіп, тұралатқан Түркістан  тұрды.   Біз  күреске   өзіміз  таңдаған   кезде  емес, Ресей   революциясы   барысында   туған   жағдайды   қабылдау арқылы кірістік. Екінші субъективті, яғни өзімізден болған себеп: ұлттық мүдде жолында күресу қажеттігін біле тұрса, түркістандықтар өзара қуатты бірлік құрып үлгермеді.

Осы объективті және субъективті себептердің субъективтісін — ең қауіптісі деп есептейміз»[35;110].

М.Шоқайдың   ұлттық   интеллигенцияның   басы   біріге алмауын аса қауіпті нәрсе ретінде сипаттауын толық түсінуге болады.  Өйткені  оның   өзі    атап көрееткендей, ұлттық интеллигенцияның бытырап кетуі, басы қосылмауы болашақтағы «ортақ ұлттық істерге залал» келтіреді. Ұлы күрескердің мұндай тұжырымдары ол өмір сүрген тарихи кезеңге берілген шынайы   баға   ғана   емес,   сонымен   бірге   бүгінгі   тәуелсіз Қазақстан мен оның зиялы қауымы үшін де үлкен тарихи тағлым болып табылатынын ұмытпаған жөн.

Дегенмен де осы Ақпан төңкерісі «Қазақ ұлтының қалыптасу процесінің аяқталуына жол ашатын тарихи кезеңді бастап берген оқиғатын».   Бұл  біздің  емес,  осы  тақырыпты  тереңдете  зерттеп жүрген  тарихшы   М.Қ.Қойгелдиевтің  пікірі [33;52-55]. Мұндай жаңа  кезеңге  апаратын  мүмкіндіктердің туғанын  жоғарыда атап көрееткеніміздей, М.Шоқай да мойындап, алайда оны қазақ интеллигенциясының пайдалана алмағанын және оның себептерін де дәлелді көрееткен еді. Алашорда мемлекеттік құрылымының өмірге келуі — шын мәнінде Ақпан төңкерісі барысында   автономияға ұмтылған   қазақ   интеллигенциясының   ұлттық-территориялық   дербестікке    қол    жеткізуге бағытталған нақты әрекеті еді.

Тарихи шындық мынаны мойындауды қажет етеді. Большевиктерге Алашорда емес, керісінше большевиктер Алашордаға кедергі жасады. Мысалы, жоғарыдағы мақаласында М.Дулатов былай деп жазды: «…Декабрь кезінде автономия ресми жарияланғанша уақытша қазақ-қырғыз істерін билеуге Алаш Орда сайланды. Алаш Орданың уақытша тұратын орны Семей болды.

Қазақ интеллигенциясының Түркістандағы  ұлт-азаттық қөзғалысын    автономия  алу    қозғалысына   айналдыруда М.Шоқайдың  ерекше рөль атқарғаны  белгілі.   Бұл туралы Н.Тереқұлов та атап көрсетеді [38;124].

М.Шоқай     1917     жылы     сәуір     айында     Ташкентте шақырылған құрылтайда Түркістан өлкелік орталық кеңестің төрағалығына   сайланды.   Осы   оқиғаға   байланысты   өзінің көңіл-күйін ол кезінде төмендегідей білдірген еді: «Мықты ұлттық  орталықтың  жетекшісі   болу  мерейлі   көрінгенімен, орталық кеңес мүшелері ішіндегі жас жағынан ең кішісі бола тұрып, төрағалыққа сайланғаныма едәуір ыңғайсыздандым. Өйткені  бұл  жағдай  менің  жеке   басымның  беделін  емес, зиялы    азаматтарымыздың   аздығын, соларға зәрулігімізді көрсететін.

Өз басым Түркістан ұлттық қөзғалысының құрылысына ең соңғы қарапайым қара жұмысшы-медігер болып қатысам да, өзімді асқан бақыттымын деп есептер едім! Бірақ тағдыр мені ұлттық қозғалысымымыздың, ұлттық құрылысымыздың аса құрделі де жауапты кезеңінде өлкелік ұлттық ұйымның басына әкеліп қойды»[38;125].

ХХ ғасырдың басындағы жалпы түркілік азаттық идеясының күш алуына татар және башқұрт халықтарының зиялылары біраз еңбек етті. Дегенмен ресейлік түркілік азаттық қозғалысының болмысы бұрынғы кезеңдермен салыстырғанда анағұрлым күрделене түскендігін мойындау керек. Басқаша айтқанда, ол көзқарастық тұрғыдан тек бір бағытқа бет бұрған қолдаушылардан тұрмайтын. Империя көлемін түгелдей қамтыған түрлі саяси ағымдар түркі халықтарының азаттық қозғалысына да өз ықпалын тигізуге тырысты. Олардың арасында кадеттер партиясы, социал – демократтар, дін үшін қозғалыс және басқалары бар еді. Осы тарихи кезеңдегі азаттық үшін күрес тәжірибесін таразылаған Мұстафа Шоқай оның мынадай үш кемшілігін көлденең тартады.

Олар: біріншіден, түркі елі зиялыларының орыс революцияшыл демократиясына сеніп, оған арқа сүйеу арқылы бостандық алудан үміттенуі; екіншіден, ендігі топтағылардың «саяси табысқа дұға арқылы жететініне» сенгендігі; үшіншіден, бұларға қосымша қозғалыс басшыларында саяси кемелдіктің жетіспегендігі, жалпы қозғалыстың басын біріктіріп ортақ бағдарламаның болмауы, өзара түсіне алмаушылықтың етек алуы еді [28; 18].

М.Шоқай бұл жасаған тұжырымдарын анықтай түсіп, тарихи шындықтың терең қатпарына жетелейтін мынадай қорытындыға келген болатын: «Кейінірек құрылып, аз уақыт өмір сүрген түрлі ұлттық тәуелсіз үкіметтердің тәжірибесі бізге бір жағынан орыстың төңкерісшіл демократиясына деген жалпы сеніміміздің жаңсақтығын дәлелдеді. Ал екнші жақтан, ашығын айту керек, қандай да бір елде аз халықтың өз мемлекетін құрып, оны Ресей империялызмі шеңгелінен өз күшімен қорғай алуы секілді пікірдің де жаңсақ екендігін көрсетті» [27; 55-56].

Кеңестер билігі біржола салтанат құрғаннан кейінгі уақытта, анығырақ айтқанда, 20-жылдары тұтас түркі елінің азаттығын қамтамасыз ету әрекеті енді кеңестік билік шеңберінде өз жалғасын тапты. Сондай-ақ осы күрестің бастаушысы рөлінде болған жаңа зиялылар буыны көп ұзамай-ақ, яғни осы 20-жылдардың соңына қарай бұл іргелі мақсатқа жаңа большевиктік билік жағдайында қол жеткізу мүмкін емес екендігіне анық көз жеткізген болатын.

Енді Түркістан топырағынан осы мақсат жолына түскен М.Шоқайдың әрекеті жайлы сөз қозғасақ.

Көне Түркістан тарих көшінде әлденеше рет басынан өткерген өзара өзектес сәттердің бірін, яғни белгілі – бір кезеңде пайда болып енді ыдырап, тарих сахнасынан кеткен жат жұрттық империяның құрығынан құтылар жағдайды тағы да басынан кешіріп отыр. Мұндай тарихи жағдайда туатын тарихи көп сауалдардың бірі «Түркістанның ендігі тағдыры қандай болмақ? Көп бұтақты түркі жұрты қайткенде тәуелсіздігі мен өзге елдермен теңдігін сақтай отырып, әлемдік өркениет жолына түспек?» Мұстафа Шоқай осындай сауалдарға жауап іздеп Түркістан халықтары үшін аса маңызды болуға тиіс тұжырымдар жасады.

Енді Мұстафа Шоқайұлын қоғамдық құбылыс ретінде өмірге әкелген тарихи шындық, тарихи орта жөнінде. Кез – келген этностың жер  үстінде орын теуіп, халықаралық қатынастар жүйесінде өзіне тиесілі орнын табуы оның мемлекеттік дербестік қажеттілігін жалпы ұлттық көлемде ұғынып, ол үшін мақсатты әрекетке көше алу деңгейіне көтерілуіне тәуелді. Басқаша айтқанда, мемлкеттік дербестік сол этностың ұрпақтан  ұрпаққа ұласқан үзіліссіз рухани ізденісінің, жасампаз игілікті еңбегінің, төккен терінің, тәуелсіздік үшін сан ұрпақ өкілдерінің төгілген қанының логикалық нәтижесі есебінде келмек. Жер үстінде адамзат пайда болып, саналы ғұмыр кеше бастағаннан бергі уақытта онымен бірге келе жатқан ақиқаттың бірі осы.

Қазақ топырағында қаншама ғасырлардан бері мемлекеттік туралы айтылып, ол үшін қаншама қанды арпалыстар болып өткенімен, бұл әрекетке мақсаттылық, теорилық негіз беру Алаш зиялыларының қызметіне тұс келеді. Алаш қозғалысы халқымыздың өз зиялылары арқылы мемлекеттік дербестік, тәуелсіздік туралы тұңғыш рет саналы түрде мәселе қойып, сол үшін мақсатты әрекетке көшуі болатын. Мәселені ғылыми тұрғыдан қарағанда оның мұндай қырын айтпай кетуі мүмкін емес. Бұл ортағасырлық мешеулік пен орталық үстемдіктің құрсауында тұншыққан қазақ сияқты халық үшін жаңа мазмұндағы өркениетке көшу, ХХ ғасырда жаңа сападағы мәдениетке бет түзеген адамзаттың көшіне еруді мақсат етіп қойған табиғи ұмтылыс болатын. Сонымен бірге бұл құлшыныс қазақ жұртының дұрыс табиғи даму жолында тұрғандығының айғағы еді. Өкінішке орай, Алаш зиялылары бастаған қазақ жұртының бұл табиғи қай жаңғыруы, рухани түлеуі өзінің логикалық шегіне жете алмады, империялық, партиялық өктемдіктің жазықсыз құрбаны болып, тарих қойнауына енді [61; 15].

Мұстафа Шоқайұлы осы ХХ ғасыр басындағы ұлт – азаттық және әлеуметтік қайта жаңғыру үшін басталған қозғалыстың көш басшыларының бірі еді. Сондықтан да ол кейін империялық зорлыққа қарсы көтерілгендігі үшін қуғын – сүргінге  ұшыраған қайраткерлердің үлесіне тиген тағдыр тақсіретін бөлісті.

Кез – келген ірі қоғамдық – саяси қозғалыс басшыларының әрқайсысының мүмкіншіліктеріне сай атқарған міндетіне байланысты қозғалыс тарихында алатын орны болмақ. Мәселен, Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы және Міржақып Дулатұлының ХХ ғасырдың бас кезінде ұлт – азаттық қозғалысты, оның жиынтық көрінісі болған Алаш қозғалысын теорилық және ұйымдық тұрғыдан даярлаудағы рөлі ерекше және оны бұл қозғалысқа ат салысқан басқа қайраткерлердің орнымен шатастыруы қиын. Сол сияқты Түркістан халықтарының, қазақ жұртының ХХ-шы ғасырдағы ұлт – азаттық қозғалысы тарихында Мұстафа Шоқайұлының да тек өзіне тиесілі орны бар.

Алаш немесе ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі ұлт – азаттық қозғалыстың бірден көзге ілінер екі кезеңі болды. Бірі шамамен 1905 жылдан бастап Алашорда өкіметі құрылған 1917 жылдың желтоқсанына шейінгі аралықты қамтыса, екіншісі азамат және кеңестік билік біржола орнаған уақыттан бастап 20-шы жылдың соңы 30-шы жылдардың бас кезіндегі Алаш зиялыларын жазалау мақсатында ұйымдастырылған сот процестерімен аяқталды. Мұстафа Шоқай ұлт – азаттық қозғалыстың бұл екі кезеңінде де оның жетекшілік басшыларына лайық жұмыстар атқарды.

Бұл тарихи кезеңдердің алғашқысында ол патшалық, соңынан оның орнына келген кеңестік билікке қарсы ұлттық тәуелсіздік туын көтерген Түркістан және Алашорда өкіметтерін құруға тікелей атсалысса, соңғысында Еуропадағы Түркістандық эмиграцияның басшысы ретінде батыстық демократияның назарын өзіне аударып үлгірген сталиндік тоталитарлық жүйенің Түркістандағы саясатының отарлық мазмұнын ашып көрсетіп, өзінің жариялаған еңбектері     мен үздіксіз шығарып тұрған басылымдары арқылы біздің тарихымызда бұрын болмаған жаңа мазмұндағы саяси қызметті бастап берді [36; 56].

Ресей империясында ХХ ғасырдың бас кезінде түркі халықтары арасында ұлт – азаттық идаологиясы қалыптаса қоймаған жағдайда олардың отарлық езгіге қарсы қозғалысы алдымен жалпы исламдық қозғалыс аясында жүрді. Ал оның ұйытқы, бағыт беруші орталығы Мемлекеттік Дума құрамындағы Мұсылман фракциясы болды.

Қазақ қоғамынан Мұсылман фракциясының қызметіне белсенді түрде атсалысқандардың арасынан, әрине, ең алдымен Ә.Бөкейхановты және М.Шоқаевты атаған жөн. 1916 жылы желтоқсанда М.Шоқаев Ә.Бөкейхановтың ұсынуы бойынша Мұсылман фракциясы бюросының хатшысы болып бекітілді [30; 55].

Алаш   қөзғалысына   қатысушыларды   «хандықты   аңсаушылар» немесе байшылдар етіп әлеуметтік тұрғыдан олардың жан дүниесін кедей де жұпыны етіп көрсетуге әдеттенген большевиктік немесе кеңестік авторлардың таптық біржақты көзқарастарының негізсіздігі осы М.Шоқайдың жан сырынан айқын көрініп тұр деуге болады. Өз ұлтына, Түркістан ұлттық қөзғалысына жан-тәнімен белсенді қызмет ету — Мұстафаның ғана   емес,   онымен   пікірлес   болған   сол   тұстағы   көптеген азаматтардың   басты   мақсаты   болды   және   олар   бұл   істе  манеапқұмарлықтан бойларын аулақ ұстады деп айта аламыз.

Атап    көресту    керек,    азаттық   қөзғалысына    негізінен Түркістанның      окілі      ретіндс      араласқаи      М.Шоқайды Түркістанға   автономия   әперу   идеясы   1917   жылғы   Ақпан төңкерісінен  кейін  көп   кешікпей-ақ  қатты  толғандырғаны байқалады.   Бұған   нақты   дәлел   оның  осы жылдың сәуір айының  басында Түркістанға жүрер алдында    Петербург жұмысшы  және  солдат  депутаттары    кеңесінің   төрағасы Н.С.Чхейдземен    әңгімесі    дер   едік.    Бұл    дерек    тарихи әдебиетімізде    айтылып жүрее де, дәл осы әңгімеден М.Шоқайдың Түркістан автономиясына байланысты көзқарасы айқын және толығырақ көрініс береді. Сондықтан да    М.Шоқайдың естелігін қазқалпында келтірген жөн сияқты. Онда төмендегідей мәселе баяндалады:

«…Чхейдзенің біздің бастаған жұмысымыздың жайы туралы сұрағына мен: «Біз Түркістанның автономия алғанын қалаймыз. Сондықтан автономияға әзірлік жасап жатырмыз» деп жауап қайтардым.

Чхейдзе менің жауабымнан шошып кетіп:

— Құдай сақтасын, Шоқайұлы  жолдас,  еліңіздегі жерлестеріңіз     арасында     автономияны     ауызға     алмаңыз.

Біріншіден қазір бұл туралы сол қөзғау ерте. Екіншіден, сіздің Түркістан   сияқты   елде   автономия   дереу   дербестік   алып, бөліну деген мағынаны аңғартады, — деді.

Мен   оған    бірден   автономия   жариялау немесе   елді автономиялы    басқаруды талап етпегенімізді, құрылтай жиналысы өтуін күтіп жүргенімізді, болашақта мемлекетіміз бен халқымызды осы автономияға әзірлеу жұмысымен айналысып жатқанымызды түсіндірдім. Ал оны шошытқан бөліну жайындағы мәселе жөнінде «орыс революциясы, демократиясы ұлттардың бостандығы туралы талай жылдан бері көтерген ұранына берік болса, бөлінуден қорқудың рет жоқ» екенін айттым.

Чхейдзе менің түсіндірмеме қанағаттанбады,  автономия мәселесін     қозғамауымыздың қажеттігін айтып, Ресей революцияшыл демократиясының  Ресейдегі  барлық халықтарға   салтын,   ұлттық   ерекшеліктерін  сақтай   отырып  кең бостандық  беретінін, Түркістан сияқты бұрын  орыстың ықпалы көп тие қоймаған, халқының қаны, әдет-ғұрпы, діні мүлдем басқа елде   автономияның мүлдем бөлініп кетуге айналуы кәдік еккнін,     революцияшыл демократиялық Ресейден  бөлінсе,  халықтың жағдайы жақсы   болмайтынын ескертті» [38;7].

Орыс демократтарының осындай шовинистік көзқарастары  және ұлт  мәселесінде империялық  ойлау  жүйесінен шығып нағыз. байсалды демократ деңгейіне көтеріле алмауы, ұлт мәселесін шешугс батыл барудың орнына, бұл мәселеден қаймыға қорғаншақтаулары қазақ және Туркістан елкссіидс автономиялык   ойдын   кең   таралуына   және   ашық   көрініс беруіне    үлксн    кедергі    жасады.Бұл туралы  Мұстафа Шоқайдың өзі былай деп жазды: «…Біз құрылтайларымызда автономия туралы ашық айта алмадық.     Тек ұлттық орталығымызда, облыстық «комитеттерімізде көп талқылаған тақырыбымыз осы.  Біз  сол  тұста автономияны былай түсінетінбіз: Түркістанның дербес ел басқаратын мекемелері мсн атқару органдары, яғни заң шығаратын парламенті және іс жүргізетін үкіметі болуға тиіс деп ойлайтынбыз. Сыртқы саясат, қаражат, жол, әскери істер Бүкілресей    федерациясы үкіметінің   ісі   деп   есептсйтінбіз. Оқу-ағарту жұмыстары, жергілікті жолдар мәселесі, жергілікті мекемелер, заң және жер мәселслерінің бәрі жергілікті автономиялы үкіметтің ісі деп  қарайтынбыз.   Біз  әсіресе жер мәселесіне ерекше мән беретінбіз.   Әскери   құрылыс   мәселесіне   де   едәуір   елеулі өзгерістер енгізбекші едік [38;8].

Яғни қазақ интеллигенциясын бәрінен бұрын қазақ жеке отау тігіп, автономия бола ала ма, жоқ әлде бола алмайды ма? — деген мәселе қатты толғандырды. Алдағы болатын жалпықазақтық съезд осы мәселеге жауап беруі тиіс еді. Алайда саяси жағдайдың тұрақсыздығына байланысты алғашқы жалпықазақ съезі бұған нақты жауап бере алмағанын білеміз. Сондықтан да Ә.Бекейханов күзге қарай қазақтың «басқаларға қосылып» автономия болу жолын іздестіре бастады.

Айта кеткен жөн,  «Қазақ»  газеті алғашқы жалпықазақ съезіне    даярлық    барысында    жоғарыдағы     мақаласында автономия дегеннің не екендігін  бұқараға түсіндіруге күш салды.  Сондықтан да жоғарыда аталған автономияның екі түріне   байланысты «Қазақ» газеті төмендегідей   пікірлер жазды:  «…Бұл  автономиялардың  мәнісін   қысқалап   айтып өтейік.    Әуелі    мемлекеттік    автономия  болуға  ма, яки уалаяттық  автономия   болуға ма    дедік. Бұл екеуінің арасындағы  айырмасы.  Мемлекеттік автономия болса,    өз Г.Думасы   болмақ;   өзіне   керек   закондарды   сол   Думасы шығармақ; Ақшасын өзі жасап шығармақ; Барша шаруалық ісі, теміржол, почта, телеграф сияқты істерінің бәрі де өзінде болмақ; жер-суының билігі де өзінде болмақ; өз алдына әскер ұстамақ; Қысқасы, мемлекетке керек жабдықтарын   өзі жайғастырып, өз қамын өзі жемек. Жалғыз-ақ шет мемлекеттермен   арасында   болатын   істер   жалпы   мемлекет   арқылы істелмек. Жалпы мемлекеттің мемлекеттік автономияда өкілі ғана тұрмақ. Мемлекеттік  автономияның бас  мемлекетпен жалғасатын жері осылар ғана. Уалаяттық автономия болса, оның өз алдына ақшасы, теміржолы, почта, телеграфы, әскері болмайды, жалпы мемлекеттің Г.Думасына өкілдерін жібереді. Өз Думасы сол жалпы мемлекет Думасында шыққан законге қайшы келместей закондарды шығаруға ықтиярлы болады. Уалаяттағы   барша   жергілікті   істерінің   билігі   өз   қолында болады. Жер-судың билігі жалпы мемлекет қолында болады. Уалаяттық автономия жер ыңғайына, я елінің ыңғайына қарай болады. Жері жақын болып бөлінуге ыңғайлы болса, ягни бірнеше губерния я облыс жерлерінің табиғаты бірыңғай болса, онда істеліп отырған кәсіп һәм шаруашылық қалпыда бірыңғай болмақ.  Бұған қарап автономия болса, ол жерге қарай автономия болған болады. Бұл жердің елі бір тұқымнан болса, тілі, діні, тұрмысы бір ыңғайлы болса, ондай ел бірігіп автономия    болуға жарайды.  Онда елге  қарай болған автономия болады. Біздің қазақ автономия бола аламыз десе, осылардың бәрін қарап, аржақ-бержағын тесе қарап, текееріп барып боламыз деу керек» [39;110].

Бұл  айтылғандарды  бүгінгі  көзбен  саралайтын  болсақ, сол тұстағы қазақ интеллигенциясының  «мемлекеттік автономия» деген түсінігінің федеративті мемлекеттік құрылымды  аңғартатынын, ал «уалаяттық автономия» түсінігінің біздер одақтас республика» атап келген кеңестік мемлекет құрылымына жақын екендігін аңғарар едік. Алайда саяси   тұрғыдан   алғанда   қазақ   интеллигенциясы   үсынып отырған    мемлекет    құрылысының екі  түрі де кеңестік мемлекет құрылысына салыстыруға  келмейді.   Өйткені  XX ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясы автономия түрлері туралы   айтқанда   тек   демократиялық   құрылымдар   туралы ойлады. Ал кеңестік мемлекет құрылысының тоталитарлық, орыс  большевиктік  шовинизмі  арнасында  өрбігені  бүгінде бәрімізгс белгілі.

Қазақ интеллигенттерінің автономия мәселесіндегі көзқарасы 1917 жылдың 21 шілдесінде Орынборда ашылған жалпы қазақ съезінің қаулысында көрініс тапты. Онда төмендегідей мәселелер атап көрсетілді:

«I. Мемлекет билеу түрі Россияға демократическая федеративная парламентарная республика болсын.

2    Қазақ облыстарында автономия.

Қазақ облыстары қоныс, ұлт жігіне карай облосной автономия алуға тиіс» [39;181].

Осылайша қазактың Ресей федеративтік парламенттік республикасы құрамында автономия алу туралы көзқарасқа заңдық негіз жасалды. Автономия жөніндегі бұл түсінік осы жылдың қараша айында «Қазақ» газетінде жарияланған «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасында нақты көрініс тапты [39;232]. Онда мынадай жолдар бар: «I. Мемлекет қалпы. Россия демократическая, федеративная республика болу. Демократия мағынасы — мемлекетті жұрт билеуі. Федерация мағынасы — құрдас мемлекеттер. Федератинный республикада һәр мемлекеттің іргесі бөлек, ынтымағы бір болады. Әр қанеысы өз тізгінін өзі алып жүреді…

Осы 1905 жылғы Ресейлік төңкерістен соң өрлеу алған жалпыресейлік мұсылмандық қозғалыс біріншіден, Мемлекеттік Дума деңгейінде түркі және басқа мұсылман халықтарының ең өзекті саяси және әлеуметтік мәселелерін қойып, оларға отаршыл биліктің назарын аударуға мәжбүр етсе, екіншіден, татар, қазақ және басқа мұсылман елдерінің жас, балғын ұлт – азаттық аяғынан тұрып, ержетіп-есеюіне қолдау жасап, дем беріп отырды.

Студенттік жастық шағы империяның саяси орталықтарының бірі Петербургта өткен Мұстафа Шоқайұлының қоғамдық көзқарасының қалыптасуы азаттық қозғалыстың өзі тұстас басқа да қайраткерлеріне ұқсас. Бәрі де Ресей империясының Оралдан асып түркі халықтарының тарихи отаны, әлемдік мәдениеттің көне ошақтарының бірі – Орталық Азияға тереңдей еніп, оны өз отарлық аймағына айналдыру процесіне куә болды. Бәрі де бұл процестің жергілікті халықтардың аяқ асты болған ұлттық сана – сезіміне тиіп, оның оянуына түрткі болғандығын, өздерінің сол рухани түлеудің көрсеткіші және қозғаушы күші болуға тиіс екендіктерін жақсы ұғынды. Шамамен 1914 жылдан бастап Мұсылман фракциясының  қызметіне тартыла бастап, ал 1916 жылдан оның хатшысы міндетін атқарған Мұстафа Шоқай, белгілі дәрежеде, бүкілресейлік ұлт – азаттық, мұсылмандық қозғалыстың эпицентрінен бірақ шықты. Бұл мекемедегі қызметтің берер ең негізгі пайдасы – империя көлеміндегі түркі – мұсылман халықтарының өмірінде болып жатқан ең елеулі оқиғалар туралы аса құнды ақпарлардың осында жұмыс жасайтын кісілердің қолынан өтетіндігінде еді [33; 55-56].

Мұстафа Шоқай Мемлекеттік Дума жанындағы фракция жұмысына 1916 жылығы Түркістандағы қайғылы оқиғаларға байланысты дума және үкіметтің тыңдауына арнайы баяндама даярлау барысында белсенді түрде қатысты. Баяндама даярлау А.Ф.Керенскийге жүктелген болатын. Қажет материалдар жинап қайту мақсатында А.Ф.Керенский 1916 жылдың күзіне қарай Ташкентке келіп қайтады. Онымен бірге келген Дума депутаттарының арасында М.Шоқайұлы да болды. Сол жылдың соңына қарай жағарғы билік орындарының назарына ұсынылған бұл өткір баяндаманы даярлауда М.Шоқайұлының да үлесі бар-тын.

Ақпан төңкерісін М.Шоқай Петербургте қарсы алды. 1917 жылы 20 наурызда ол Ә.Бөкейхан және М.Дулатұлымен бірігіп «Алаш ұлына» атты «Қазақ» газетінде жарық көрген қазақ еліне үндеуге қол қойды. Бұл үндеуде авторлар қазақ жұртын Уақытша үкімет шараларын қолдауға шақырды. Осы жылдың жазына қарай қазақ зиялыларының белсенді тобы майдандағы жұмыстан еліне қайтқан түркістандықтардың мәселелерін шешуге атсалысады [62; 28]. Олардың арасында М.Шоқайұлы да болды.

М.Шоқай басқа түркістандық зиялылар сияқты ақпан төңкерісі нәтижесін үлкен ынтамен қолдап, уақытша үкімет билігі тұсындағы Түркістанда болып жатқан саяси оқиғаларға қызу араласты. 1917 жылдың сәуірінде бір жеті бойы Ташкентте өткен өлкелік мұсылмандар съезі Түркістан Өлкелік Орталық Мұсылман Кеңесін құрып, оның төрағасы етіп Мұстафа Шоқайұлын сайлайды. Бұл факті оған түркістан зиялылар тарапынан көрсетілген ең жоғары сенімнің көрінісі болатын. Осы оқиға жөнінде М.Шоқайұлы өзінің естеліктерінде былай деп жазды: «Аса маңызды Ұлттық Кеңестің төрағасы болу қуанышты жәйт болғанымен, Кеңес мүшелері арасында жас жағынан ең кіші болып саналатын менің бұл лауазымды иеленуім маған ауыр әсер етті. Себебі, бұл жағдай менің жеке қадір – беделімнің нәтижесі емес, біздегі зиялы қауымның аздығы және оған деген зәруліктің белгісі тұғын. Мен Түркістан ұлттық қозғалыс ұйымына ең соңғы әскер, қара жұмысшы ретінде қатыссам да өзімді ең бақытты жандардың санатына жатқызар едім…» [13; 129].

Бұл қызметке қоса М.Шоқай осы жылы Ташкентте сырдария губерниялық басқармасының бөлім бастығы, Түркістан Комитеті жанындағы Өлкелік Кеңес мүшесі және басқа қызметтерді атқарады.

Дегенмен, Уақытша үкімет және оның орнына келген Кеңестік билік Түркістан халықтарының өздерін — өзі билеу құқын мойындау жолына түскен жоқ. 1917 жылы 22 қарашада өз жұмысын аяқтаған Түркістан Өлкелік Кеңестер съезі Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесі аталатын үкіметтің құрылғанын жариялап, бірақ оның құрамына жергілікті мұсылман елдерінен бірде – бір өкіл енгізбеді. Бұл жағдай М.Шоқай төрағалық еткен «Түркістан өлкелік мұсылмандар Кеңесіне» нақты жауап әрекеттерге көшуге итермеледі. Осы жылдың 26 қарашасында Қоқан қаласында өз жұмысын бастаған төтенше өлкелік мұсылмандар съезі «Түркістан халықтарының өзін-өзі билеуіне ықылас білдіре отырып, Түркістандағы Ресей Федеративтік Республикасымен бір территориялық автономия» деп жариялап, Түркістан Уақытша Кеңесі үкіметін құрды. М.Шоқай әуелде бұл үкімет құрамына сыртқы істер министрі есебінде еніп, екі жеті өткен соң оның төрағасы болып сайланды.

Түркістан автономиясын жариялай отырып, М.Шоқай мен оның серіктері бұл мақсатты іске асырудың қаншалықты азапты, күрделі екендігін жақсы түсінді. Ол съезде сөйлеген сөзінде: «сіздер бірден толыққанды мемлекет құрғыларың келеді. Ал ол үшін бізде адам жоқ, мүмкіндік жетімсіз, әскер құрылмаған. Россия қаншалықты құлдырау кезеңінде десек те, бізден әлдеқайда қуатты… Жариялай салу оңай, алайда біздің жағдайымызда оны сақтап қалу өте қиын», — деген ойды айтады   [24; 62].

1917 жылдың аласапыранында мұндай ой жалғыз М.Шоқайды қинаған жоқ еді. Тура осындай пікірді Алашорда автономиясын құруға байланысты Әлихан Бөкейхан да білдірген болатын [62; 139].

Ал осы 1917 жылдың 11 ақпанында большевиктер күшпен Қоқан ойранын жасап, таратып жіберген Түркістан (Қоқан) автономиялық үкіметі нені көздеді? Кеңестік тарихнама саналы түрде мағынасын бұрмалап, клерикал-феодалдық мазмұнда көрсетуге тырысқан Түркістан автономиясы жай бір қалалық құбылыс емес, Түркістан халықтарының өзін — өзі билей алу құқығын мойындамай ескі империялық түсінік шеңберінде қалып қойған Ташкендегі Кеңестік билікке балама билік есебінде өмірге келген жалпы түркістандық құбылыс болатын. Бұл үкімет алдында ешқандай да сеператистік мақсат қойған емес. Ал большевиктер билігі болса Қоқан автономистерін күшпен тарата отырып, жергілікті халық алдында өздерінің ұлттар теңдігіне қалай қарайтындығын ңс жүзінде көрсеткен еді. Ал Қоқан Үкіметінің мүшелері өздерінің таудан Түркістан Кеңестері съезінде жолдаған хатында жаңа билік пен идеологияның халыққа зорлықпен таңылып отырғандығын айтып: «Никакая власть, воглавляемая даже самой гениальной личностью, не может, не в силах дать народу идеи, идеала, раз в нем самом не существует их зародыша» [28; 35] — деп көрсетеді.

1917 жылдың желтоқсан айында М.Шоқай Орынборда өткен екінші жалпықазақ съезіне қатынасып, съезд сайлаған Алашорда үкіметінің құрамына енді. Сөйтіп ол жаңа құрылған екі үкіметтің де мүшесі болды. Біріншіден, Қоқанда Түркістан автономиясы жарияланып, үкіметі құрылғанда М.Шоқайұлы айға жетер – жетпес мезгілде Алашорда үкіметінің дүниеге келерін білген жоқ еді және оны ойлауға уақыт ағымы мұрсат та берген жоқ болатын. Екіншіден, Алашорда үкіметінің құрамына енуге келісім беруі орынсыз деп айту қиын. Өйткені Алашорда үкіметін сайлаған желтоқсан съезі «Бір айдың ішінде Алашорда Түркістан қазағын бүкіл Алашқа қосып алады, қосып ала алмаса да бір айдан кейін халыққа білдіреді» [28; 35], — деген шешім қабылдады.

1917 жылғы дүрбелең тұсында қазақ зиялылары арасында қазақ елінің мемлекеттік тұтастығы жөнінде ортақ пікір болған жоқ. М.Дулатұлы бұл мәселеге мынадай түсінік берді: «Ол кезде Түркістан мен қазақ бірігуі керек деушілердің дәлелі» орыстың отаршылдығынан құтылу үшін, күшті болып ұлт тілегімізді жүзеге асыру үшін Орта Азия елдері бірігуіміз керек дейтін. Бөкейханұлы Әлихан пікірі: Орта Азия болып бірігуге болмайды, оларда ескішілдік (консерватизм), діншілдік, дін жолында ұстағанынан айырылмаушылық (религиозный фанатизм) күшті, оларды ишан, қожа – молда билеп келе жатқан халық, шаруа түрі бізден басқа, мәдениет жолында бізден де төмен, сондықтан екі соқыр қол ұстасып күн көре алмаймыз деген пікірде болатын. Бөкейханұлының бұл пікіріне біз де қосылатынбыз [46; 192], — деп көрсетті. Тура осы автор М.Шоқайұлының бұл мәселеге қатысты пікірі жөнінде: «Съездің соңына қарай Қоқаннан Шоқайұлы Мұстафа келді. Шоқайұлы Қазақ автономиясының өз алдына жеке құрылуына қарсы болды, Түркістанмен қосылуды жақтады» [46; 193] — деп көрсетті.

Оқиғалар ағымы бұл екі автономияның ғұмырын ұзақ еткен жоқ. Құрамындағы халықтардың өзін — өзі басқару құқығын мансұқ еткен түрлі саяси топтардың өзара арпалысты күресі жағдайында мәселенің басқаша шешілуін күту қисынсыз еді.  Бірақ М.Шоқайұлы өмірінің соңғы сәтіне шейін Түркістан халықтарының тәуелсіздігі олардың мемлекеттік тұтастығында деген ойда болды. Осы ойдың жалынды насихатшысы болып өмірден өтті. Өз уағында айтылған бұл пікірдің ХХ ғасырдың соңына қарай іске асу мүмкіндігінің қаншалықты қиын екендігін түсіне отырып, сонымен бірге оның стратегиялық тұрғыдан қаншалықты терең және дәл айтылғандығын уақыттың өзі әлі талай рет көрсетіп беретіндігіне еш күмән жоқ. 

Ал енді Мұстафаның шетелдік эмиграцияға кетуі қаншалықты негізді еді? Өмірдің өзі көрсетіп бергеніндей ешқандай да эмиграциялық жолға бармай, отанында қалған Алаштың зиялыларының тағдырында мындай екі бағыт байқалды. Бірі – кеңестік билікті ішкі дүниесімен қабылдай алмады, бірақ мойындауға мәжбүр болды. Ә.Бөкейханұлы ОГПУ тергеушілеріне берген жауабында: «Мен кеңес үкіметін сүймеймін, бірақ мойындаймын», — деп көрсетсе, А.Байтұрсынұлы: «Мен елімнің мәдени өркендеуін қамтамасыз ететін билікті ғана қолдаймын», — деп кеңестік биліктің бұл міндетті толық атқара алатындығына күмән келтіреді. Бұл бағыттағылар алдымен қуғын – сүргінге түсіп, артын ала түгелдей дерлік атылды.

Екінші бағыттағылар – Алаштық идеологиядан бас тарқандықтарын ресми түрде ашық мойындап кеңестік тәртіппен ымыраға келу жолына түсті. М.Әуезовтың ресми мәлімдемесінен: «И теперь, вопреки всем чаяниям и чуждым настроением всех внешних и внутренних враждебных (для трудящихся Казахстана) групп и лиц, утверждаю, что их путь – эо безусловно отвергнутый историей, призрачный, гибельный путь… Осудив… свое, связанное с такими группами прошлое, я пришел к бесповоротному, окончательному решению порвать с этим своим прошлым и порвать со всем, что сближало, связывало меня сним» /5/. Бұл бағыттағылардың бәрі бірдей атылған жоқ. Сонымен бірге олар кеңестік билікпен іштей толық жарасымдылықта өмір сүрді деп айту да тым үстірт болар еді.

Жергілікті бостандық. Қазақ жүрген облыстардың бәрі байланып, өз тізгіні өзінде болып, Россия Федерациясының бір ағзасы болу. Реті келсе, қазақ автономиясы сыбайлас жұрттармен өзірге бірлес болу, реті келсе, бірден-ақ ез алдына жеке болу…» [39;163]. «Алаш» партиясы бағдарламасы жобасының демократиялық сипаты. Үкімет басында Құрылтай жиналысы мен Мемлекеттік Думаның ұйғаруы бойынша кесімді мерзімге сайланған Президент тұрады. Президент қоғамдық істерді министрлер арқылы жүргізеді, ал министрлер Құрылтай жиналысы мен мемлекеттік Думаның ұйғаруы бойынша кесімді мерзімге сайланған Президент тұрады. Президент қоғамдық істерді министрлер арқылы жүргізеді, ал министрлер Құрылтай жиналысы мен мемлекеттік Дума алдында жауапты, — деген тұжырымдардан байқалады.

Оның үстіне аталмыш  жоба Мемлекеттік Думаға депутаттардың тегіс,  тең,  төте  және құпия сайлау арқылы, сайланатынын  атап көрсету      арқылы демократиялық прпнциптерді берік орнықтырды [39;214].

Осы тұста жұмыс жүргізген санаулы ұлттық кадрларымыз өмір талабына сай келе бермейтін дәрменсіз еді. Еліміз бұрынғы қалпында өмір сүріп, ұлттық саяси өмірімізге Ресей араласпағанда, шаруашылығымыз Ресей шаруашылығымен маьасып, біз бүкіл Түркістан  үшін  Бұқара және Хиуа хандықтарындағы ішкі саяси және әлеуметтік жағдайға риза болсақ, әрі сол жағдайда қалуды қаласақ, әрине, кадр жөніндегі қиындық өзінен өзі жойылар еді. Әттең, жағдай бұлай емес-ті. Қанша ойланып, бас қатырғанмен, түбінде Ресейге бағынышты болғандықтан, шындықты ашып айта алмадық. Сонымен қатар тағы бір елеулі жағдайды еске түсірейік. Сол түста Түркістанда Ресейден біржола бөлініп кету жөніндегі пікірді мақұлдай қоятын психология, рухани әзірлік жоқ еді…» [40;111].

Түркістан (Қоқан) аитономиясы туралы таптық тұрғыдан бола тұрса да шынайы   мәліметті   Нәзір   Тореқұлов   1920   жылғы   Қазан тоңкерісіне      арналған жинақтағы  жоғарыда  аталған «Кокандская автономия» деген мақаласында жазған еді. Онда томендегідей жолдар бар: «Начало автономии было положено на том чрезвычайном   съезде  мусульманских   депутатов, инициатором созыва которого и вдохнокителем явился Красвой мусульманский Совет, во главе с М.Чокаевым и др. Анотомия была   объявлена 27-го ноября 1917-го  года  в торжественной обстановке в здании Общественного собрания г.Коканда. Было выбрано автономное правительство Туркестана с    соответствующими     министерствами,   как Исполнитсльный    орган,    и    Народный    Совет    при    нем,  являвшийся       законодательным органом.   Необходимо констатировать,  что автономное движенис захватило только наиболее энергично настроенные части либеральной буржуазии и интеллигенции и не успела пустить корни в низах. Таким образом Временное Правительство Автономного Туркестана, на которое вөзлагалось столько надежд и чаяний передовых слоев туземного общества, опиралось тоцько на 50-60 добровольцев, набранных в центре этого движения в Коканде; но ему необходимо было как можно быстрее и во что бы то ни стало организовать себе военную опору и не имея других средств оно вынуждено было обратиться за помощью к бандитской шайке Иргаша…»[40;107].

Н.Төреқұлов Қоқан автономиясындағы М.Шоқайдың басты ролін ғана емес, сонымен бірге жоғарыда аталған М.Тынышбаевтың осы оқиғадағы орнын да сипаттайды: «…Образовался министерекий кризис в связи с уходом первого министра Правительства, инж. М. (Мүхамеджана Тынышбаева — Ш.О.), и вопрос о премьере был разрешен избранием более активного ч., (Чокаева — Ш.О.) который тут же решительно заявил что с этого момента не будет еделано ни одной уступки большевикам…»[40;108].

Басқа «Алаш» көсемдерінің ішінде Мұстафа Шоңайдың өмір жолы да ерекшеленеді. Ол большевиктік үкімет тарапынан бірден қудаланып, олармсн ымыраға келместен 1919 жылы Грузияға өтіп кетті, ал 1921 жылдың басында Грузия советтер қолына көшісімен Европаға кетіп, өмірін эмиграцияда өткізді. Мұстафа Шоқай мұнда да өз басын қорғау есебімен емес, Европа елдеріндегі бостандықты пайдаланып, Советтік тоталитаризмге қарсы күресін жалғастыру мүддесін алға қойды. Шет елдегі қазақтардың және қандас түркі тектес халықтардың, бұрынғы түркістандықтардың ортасында Мұстафа Шоқай көсем болып танылды. Сонымен бірге ол Европа демократтарының үлкен құрметіне бөленді.

Европа топырағында Совет Одағы сияқты тоталитарлың империяға, Сталиндей диктаторға қарсы жекпе-жекке шыққан дарынды публицист, қажырлы қайраткер мол ғылыми-саяси мұра қалдырып үлгерді. Оның Ташкентте, Тбилисиде, Берлинде, Парижде шығарған газет-журналдары, публицистикалық мақалалары, сөйлеген сөздері, кітаптары, Париждегі архиві әлі ынта-жігермен зерттеуді қажет етеді. Мұстафа Шоқай туралы жазылған мақалалар да баршылық.

Мұстафа Шоқйдын, ұлтшылдык идеясы дегеннен үрейленудің, оны «ұлтжанды» дегендер сияқтандырып бұрмалаудың қисыиы жоқ. Демек, Мұстафа Шоқай және оның елде қаза болған үзеңгілес аға-інілерінің Ұлтшылдық идеясы кезінде, орыс пен Қытай коммунистері өздерінің шовинистік ұлтшылдык-отаршылдык саясатының мүддесіне сай, саналы түрде, әдейі бұрмалап, теріс түсіндіріп келгендей құбыжық емес. Ол шындықты Мұстафа Шоқайдың еңбектері мен өмір жолынан да анық көруге болады.

Өзі бір орыс әйелімен үйленген, көптеген орыс достары да болған. Шетелдерде де белгілі дәрежеде бірқатар орыс саясатшыларымеп істес болған Мұстафа Шоқай өз елінің (жалпы Түркістан Республикаларының) сол орыстың отаршылық езгі-қанауынан құтылып, дербес те толық тауелсіз ел болуын армандап, сол жолда күресуден басқа ешбір өзге халыққа қастандық ойлап, жайсыздық жасаған емес.

Мұстафа Шоқай туған елін жат жұрттық отаршылық езгі-қанаудан құтқарып, өз халқының жат жұрттық талан-таражға түскен жер-суына қайтадан өз халқын иелендіруді сондай-ақ туған халқын оқу-ағарту мен жалпы шаруашылық саласында да алға бастырып, оның аянышты ауыр жағдайын жеңілдетіп жақсартуды сонау өзінің студенттік кезінде-ақ, басты арманына айналдырған.

Мұстафа Шоқай қзінің сол бағытын Әлихан Бөкейханның демеуімен өзі орналасқан Ресей Мемлекеттік Думасы мұсылман Фракциясы хатшылығы қызметін атқарған кезінде де нықтай түсті. Кейін Мұстафа Шоқайдың өзі «Жас Түркістан» журналында жарияланған бір мақаласында да жазғанындай оның ұлттық идея тұрғысынан шыңдалуына Әлихан Бөкейханның тікелей ықпалы болған. Аталған мақаласында Мұстафа Шоқай: «Әлихан Бөкейхан бізге ұдайы Түркістан мәселесін жете түсіну үшін қазақтың жер-су мәселесін толық білу керек — деп ескертетін-ді…» деп келтірген.

Мұстафа Шоқай өзінің пікір, көзқарастарын сол жылдары баспасөз бетттерінде де баяндай бастады. Мәселен, 1917 жылы Тәшкенде жарияланған «Ұлұғ Түркістан» газетінің басты ауторларының бірі де Мұстафа Шоқай болды. Ал дәл сол жылы Тәшкенде шыға бастаған «Бірлік Туы» газетінің шығарушыларының бірі де Мұстафа Шоқай болды. Ал дәл сол жылы Тәшкенде шыға бастаған «Бірлік туы» газетінің шығарушыларының бірі де Мұстафа Шоқай еді. 1918 жылы тағы Тәшкенде басылған орыс тіліндегі «Свободный Туркистан» газетінде де Мұстафа Шоқай жинаған қаржымен жарияланған. Сол газеттің ізбасары саналатын «Новый Туркистан» газетінде де Мұстафа Шоқайдың мақалалары жарияланған.

Өз Отанында қалған Алаш зиялыларына тиесілі басқа үлес жоқ болатын. Мұны Мұстафа Шоқайұлы жақсы түсінді. Түсінгендіктен де саналы түрде эмигрант тағдырын таңдап алды [37; 119]. Оның мұндай қадамға баруы, белгілі дәрежеде, азаматтық ерлікпен бірдей болатын. Өйткені қазақ баласының өз елінен жырақта жүріп саяси күресті кәсіпке айналдыруы қалыптаспаған құбылыс еді. Бізге Мұстафа Шоқайұлының шетелдік эмиграцияға кетуінің егжей – тегжейі беймәлім. Оның мұндай шешімге келуіне жалпы империядағы жағдайдан өзге нақты қандай оқиғалар түрткі болғаны, оған мұндай шешімге келуіне кімдер кеңес бергені белгісіз. Бір анығы сол Мұстафа Шоқайұлы мұндай шешімге Россия империясы көлемінде бүтіндей большевиктер билігі орнағаннан соң келді де, ешқандай мүдірместен сүйікті жары және өмірлік серігі Мария Яковлевна Шоқаймен бірге Ыстамбулдан бірақ шықты. Бірақ Мұстафа Шоқай басқа отандастары сияқты Ыстамбулда ұзақ кідірместен Ресейлік саяси эмиграцияның астанасы Парижге тартты. Оған Түркістандағы большевиктік диктатурамен күресу үшін еуропалық орта, еуропалық күрес құралы, тәжірибе және әдіс қажет еді [29; 20].

Мұстафа шоқайдың тұтас және еркін Түркістан идеясы және большевиктерге қатысты айтқан сындары большевиктерге ұнамады. Олар бұл сын батыста және Кеңестер Одағының өзінде социалистік құрылыс туралы өздеріне тиімсіз пікір тудыруы мүмкін деген қауіпте болды. Сондықтан да Сталиндік насихат 20-шы жылдардың орта тұсынан бастап-ақ шоқаевтық сынға қарсы мақсатты түрде жұмыс істей бастады, ал бұл істің басында И.Сталиннің өзі тұрды [33; 55].

Мұстафа Шоқай сынының ұтымдылығы рның аргументтілігінде, пайдаланған фактілердің бұлтартпас дәлдігінде еді. Ал ол фактілерді М.Шоқай негізінен Түркістандық орыс және қазақ тілді басылымдардан алып отырған. Сол басылымдардың бірі Ташкентте 1925 жылдары шығып тұрған ресми басылым «Ақ жол» газеті болатын. Қазақстандағы болып жатқан әлеуметтік өзгерістерді сыни тұрғыдан талдап отыруды міндетіне алған бұл басылым сол тұстағы түркістандық кеңістіктегі жалғыз оппозициялық мазмұндағы басылым еді. 1920-1925 жылдар аралығында бұл газеттің төңірегінде алаштық, ұлт-азаттық рухтағы интеллигенцияның шоғырлануы оның сыни бағытын күшейте түскен болатын. «Ақ жолдың» идеалық мазмұны мен бағытын Кеңестік құрылысқа қарсчы пиғыл есебінде қабылдаған И.Сталин 1925 жылы 29 мамырда «Ақ жол» газетінің позициясына байланысты партияның Қазақ өлкелік комитетінің бюросына арнайы хатпен қайырылды. Онда ол «Я имел возможность на днях познакомится с журналом «Ак жол». Я вспомнил в связи с этим некоторые статьи небезизвестного Чокаева в белогвардейской печати и к ужасу своему открыл некоторые, так сказать духовное «единство» между этими статьями и журналом «Ак жол». Невероятно, но факт «Ак жол», конечно помимо своей воли дает громадный материал Чокаеву» [28; 40], — деп жазды.

         И.Сталин «Ақ жол» сыны жай сын емес, совте шындығының М.Шоқай сияқты оппоненттеріне көмектесетін зілді сын екендігін баса айтып, «мұндай сынға Кеңестер елінде орын болуға тиіс емес», — деп көрсетті. Хатының соңында Алаштық интеллигенцияны идеологиялық іске тартуға үзілді – кесілді қарсылығын білдіріп: «Ондай етпейінше Шоқаевтардың Қазақстанда жеңуі ақиқатқа айналуы мүмкін», — деп қорытты [28; 41].

Шамамен осы кезден бастап Мұстафа Шоқай Түркістандағы әлеуметтік өзгерістердің Батыс Еуропадағы негізгі оппонентіне айналды, өз ретінде кеңестер Шоқайұлының жариялаған мақалаларымен үзбей танысып отырды. Олардың бұл өзара «ықыласы» Мұстафа Шоқай бақилық болған 1941 жылдың желтоқсанына дейінгі мерзімге созылды. 20-шы жылдардың орта тұсынан бастап Еуропадағы Мұстафа Шоқайға бұрынғы Башқұрт Республикасының басшысы Зәки Валиди қосылды.

Еуропаға ығысқан түркістандық эмигранттардың өмірі мен қызметі әрине өз алдына зерттеуге лайық тақырып. Бұл арада Мұстафа Шоқай қатынасқан бірер фактіге ғана тоқталып өтуге болады. Кеңестер Одағынан Еуропаға кеткен түрлі ұлт зиялылары 20-шы жылдары Варшавада «Сіздің және біздің азаттығымыз үшін» деген ортақ ұраны болған Сталиндік режимге қарсы бағыттағы «Прометей» ұйымын құрады. Оған арасында маршал Пильсуцкий бар поляк демократиясы қолдау жасайды. Осы ұйымның ықпалымен 1929 жылғы маусым айында Варшавадағы Шығыстану институты Кеңестер Одағының ішкі және сыртқы саясатына арналған ғылыми – теорилық конференция өткізеді. Бұл конференцияда Мұстафа Шоқай Кеңес үкіметінің Түркістандағы отаршыл саясатын талдауға арналған баяндама жасайды. М.Шоқай және басқа түркістандық эмигранттарды тыңдауға мұнда Москвадан арнайы құрамында КСРО Сыртқы істер министрлігінің Шығыс бөлімінің басшысы Глушко және ресми әскери адамдар бар делегация келеді [29; 21].

Осы және басқа фактілер ОГПУ-ға Мұстафа Шоқай мен Алаш лидерлері арасында болуы мүмкін байланыстың ізіне түсуге түрткі болады. 1927 – 1930 және 1930 – 1932 жылдары екі дүркін алаш қозғалысының жетекші тобын тұтқынға алу және соттау процесі болып өткен. Міне осы екі сот процесінде де тергеуге тартылған қазақ зиялыларына қойылған негізгі сауалдардың бірі олардың Мұстафа Шоқайұлы және Зәки Валидимен  қарым – қатынастары жөнінде болды. Тергеу барысында алаш зиялылары Мұстафа Шоқайұлы жөнінде ешқандай да ғайбат пікірге бармады, оның ұлт – азаттық қозғалыс арнасында алатын орнын өзара, тура түсініп, жоғары бағалады. Әсіресе тергеу қыспағына алынғандар 1922 – 1924 жылдары Германияда оқуда болып қайтқан Ғ.Бірімжанов, А.Мұңайтпасов, Қазыбеков және Битілеуовтар еді. Мәселен Мұстафа Шоқайұлы жөнінде қаттырақ айтуға мәжбүр болған Ғ.Бірімжановтың тергеуде берген жауабы мынадай сипатта болды: «В Берлин приезжал Чокаев. Я его распрашивал о его жизни, раньше его видел, но знаком не был. Но мой взгляд-это типичный эмигрант, вероятно, имеющий связь с белогвардейцами. Он говорил, что работает в газете, жаловался на плохое житье, распрашивал о положении в СССР, ругал Советскую власть», — деген пікірді оқимыз [28; 44].

Енді Шоқайұлының сыны жөнінде. Ол қаншалықты дәлелді, ал оның Кеңестік биліктің Түркістандағы болашағы туралы жасаған болжамы қаншалықты шындыққа сәйкес еді?

Кеңестік идеологиялық аппатартың М.Шоқайұлы сынына ызалы қарауы әбден негізді болатын. Өйткені жоғарыда келтірілген И.Сталин хатында дәл айтқандай «Ақ жол» газетінде жарияланған материалдар мен М.Шоқай сынының арасында тікелей байланыстың бар екені даусыз еді. Сондай-ақ бұл байланыс үшін тартуға тиіс екі жақтың да айыбы жоқ, «айып» олардың сынына материал берген Түркістандық советтік шындықта болатын.

М.Шоқайұлы сыны рухы бойынша «Ақ жол» газетінің төңірегіне топтасқан алашордалық зиялылардың сынымен ғана сабақтас емес, сондай-ақ 20-30 жылдары кеңестік жетекші қызметте билікте жүрген Т.Рысқұлов, С.Асфендияров, С.Садуақасов т.б. қазақ зиялыларының да сынымен өзектес болатын. «Басқаша айтқанда М.Шоқай мен елдегі зиялылардың кеңестік билікті талдауға арналған сыни еңбектері жолдың екі жағында тұрып күнделікті ортақ тіршіліктері жөнінде пікір алысқан көршілердің диалогын еске салатын еді», — дей тарих ғылымдарының докторы М.Қойгелдиев  [28; 44]

М.Шоқай өзінің сынын Қазан төңкерісін Түркістан халықтарының «үлкен қуанышпен» қабылдағаны туралы кеңестік тарихнамадағы пікірдің тарихи шындыққа сәйкестігін анықтаудан бастайды. Ол Түркістан халықтарының, соның ішінде қазақ жұртының қазан төңкерісіне ешқандай да қатысы болмағандығын, большевиктердің өз мақсатын түсіндіру мақсатында қазақ жұрты арасында үгіт-насихат жұмысын тек саяси билікке келгеннен кейін ғана бастағанын, ал олардың сөзі мен ісі арасындағы алшақтық кеңес билігінің алғашқы күндерінен – ақ байқалғандығын нақты фактілік негізде талдайды [48; 11-15].

Бұл мәселеге байланысты мынаны айтуымыз керек. М.Шоқай большевиктердің ұлт-саясаты бойынша даярлығы жоқ адамда қолдаушылық сезім тудыратын бағдарламалық ұсыныстарына әуелден – ақ сенімсіз қарайтын санаулы адамдардың қатарында болды. 

М.Шоқайұлы «Кеңестер билігіндегі Түркістан» және басқа еңбектерінде арнайы талданатын арнай мәселелердің бірі – жер мәселесі. Ол өзінің «Кеңестер билігіндегі Түркістан» атты еңбегінде «Аграрная политика советского правительства в Казахстане вновь напоминала нам старую политику павшегоцаризма», [48; 78] — деп жазды. Ешқандай да асыра айтылмаған пікір. Патшалық билік жер мәселесінде Кеңес үкіметінң тағасына жарамады.

Біріншіден, Кеңес үкіметі жер мәселесіне байланысты қазақ еңьекшілеріне берген уәдесін орындаған жоқ. 1921-1922 жылдары жүргізілген жер-су реформасы үлкен белсенділікпен басталғанымен, өзінің логикалық шешімін таппай, тоқтап қалды. Өйткені орталық билік үшін алыстағы «түземдіктердің» мүддесінен гөрі, ішкі ресейлік губерниядан қоныс аударған орыс шаруалары мен кулактарының басталған реформаны тоқтатуды талап еткен тілектері түсінірек және жақынырақ еді.

Екіншіден, қазақ жұрты мен қазақ зиялыларының ішкі Ресейден келген қоныс аударушылар қонысын тоқтату туралы тілегі  аяқ асты болып қана қойған жоқ, сонымен бірге тоталитарлық билік мұнда біржола орнығып алған соң қоныстандыру саясатының жаңа кезеңін ашты. 1929 жылы Қазақстанда Переселен Басқармасы ашылып, бүкіл республика көлемінде патшалық билік тұсындағы қоныс аудару жүйесі қайтадан қалпына келтірілді.

Нағыз отарлық мазмұндағы бұл мекемеге большевиктердің түпкілікті мақсатын бүркемелеп көрсетпеуге тиіс мынадай міндеттер жүктелді: «ҚА КСР өндіргіш күштерінің дамуына ықпал жасау, ірі шаруашылықтар құру арқылы  шаруа қожалықтарын реконструкциялау, Түрксибке таяу орналасқан аудандарға қоныстар салу және сол аудандардың экономикалық қуатын арттыру, жергілікті халықты ұйымдасқан шаруашылықтың ең жоғары түріне өтуіне ықпал ету».

Переселен Басқармасының ашылып, ішкі Ресейден орыс шаруаларының қоныс  ауларуының жаңа кезеңінің ашлыуы көшпелі қазақ шаруаларының отырықшылыққа аударумен бір мезгілде жүруі де, әрине кездейсоқ емес. Қазақ малшаларын жаппай отырықшы тұрмысқа аударып, белгілі-бір жерге бекіту арқылы орыс шаруаларына өтуге тиіс «артық»  жерлерді неғұрлым көбірек шығаруды армандаған отаршылдардың патша заманынан бері келе жатқан тілегін Кеңес үкіметі сөйтіп бір-ақ қаулымен орындай салған еді.

М.Шоқай Кеңес үкіметінің Түркістандағы акдр саясатын да ымырасыз сынға алды. Ол белгілі автор Г.Сафаровтың «Отаршылдарға өзімен тең сөйлесіп, жергілікті бұқара халықты басқара алатын басшылардың қажеті жоқ. Оларға тілмаш және полицей орындаушылар ғана керек» деген пікірінің орынды айтылғанын қуаттап, бұл саясаттың 30 жылдары да өзгеріссіз қалғандығын ашына жазды [54; 117].

М.Шоқай Түркістаннан тым жырақта болғанына байланысты кеңестік биліктің сол кездегі кадр саясатындағы көзге көріне бермейтін нәзік қырларын байқай алмай қалуы да ықтимал еді. Мәселен, 20-шы жылдардың ІІ жартысында Қазақстанда Жоғарғы биліктен түрлі айыптаулар тағылып ең қабілетті және беделді басшылар қуылып, олардың орнына Орталық биліктің және оның Голощекин сияқты эмиссарларының айтқанын бұлжытпай орындайтын функционерлер келіп жатты. Ол жөнінде Алаштың зиялыларының өкілі Мырзағазы Есполұлы 1929 жылы ОГПУ-ға берген көрсетуінде: «партиядан «ұлтшыл» немесе тағы бірдеңе деген айыптар тағылып ең қабілетті қазақтар қуылып, ал олардың орнын түкке тұрғысыз біреулер басып, солар арқылы қазақтар өздерін — өзі басқарып отыр деген пікір тарауда», — деп жазды [28; 192]. Бұл өте дәл және терең айтылған пікір болатын.

Бұл арада біз Түркістандағы кеңестік биліктің қызметіне байланысты М.Шоқайұлының назарына іліккен кейбір мәселелерге ғана тоқталдық.

Сүйікті жары Мария Шоқайдың көрсетуіне қарағанда Мұстафа Шоқайұлы шенқұмарлықтан, тәкәппарлықтан мүлде ада адам болған. Бірақ заман, орта оны саяси өмірде ылғи да алдыңғы сапта болуға итермелеген. Мәселен, ол 1917 жылдың қарашасында Қоқанда Түркістан автономиясын жариялап, оның үкіметін құру ісіне тікелей басшылық жасай отырып, алғашқы күндері бұл үкіметтің төрағалығы міндетін өзінің ескі танысы М.Тынышбайұлына ұсынады. М.Тынышбайұлы араға бірнеше күндер салып бұл міндетті орындаудан біржола бас тартқан соң ғана барып, оны орындауға өзі кіріседі.

М.Шоқай Отанға қызмет жааудың жолдары көп деп түсінген. Мария Шоқай естелігінде мынадай пікірді айтады: «Өмірінің соңғы сәттерінде, 1940 жылы соғыс тұсында ол үнемі Түркістанның большевиктерден құтылуын армандайтын. «Алла елімнің тәуелсіздікке қол жеткізгенін нәсіп етсе, мен тек үгіт – насихат ісімен айналысатын едім. Жастар үкімет құрса, мен елімнің тарихы және басқа өлке халықтары туралы тамаша кітаптар жаумен шұғылданар едім» [27; 106]- дейтін Мұстафа Шоқай.

М.Шоқайұлын «Түркістан легионын» құрушы, қанішер, кекшіл адам ретінде көрсетуді қалайтын авторлар жоқ емес. Бұл шындыққа мүлдем жанаспайтын тұжырым. Олай дейтініміз М.Шоқайұлының  «Түркістан легионы» сияқты әскери құрылым өмірге келгенге шейін-ақ өмірден аттанып кеткендігіне дәлел бола алатын фактілер жеткілікті [31].

Бұл ретте ең беделді дерек М.Шоқайұлының жары Мария Шоқайдың естелігі. Естелік орыс тілінде жазылып, артынан түрік тіліне аударылып, Ыстамбул қаласында 1972 жылы жарық көрген. Міне осы естелігінде Мария Яковлевна Берлин қаласының «Виктория» ауруханасында 1941 жылы 27 желтоқсанда өмірден қайтқан жары Мұстафаның бейнесімен соңғы рет қоштасқандығы туралы мынадай деп жазады: «Шыны қабырғаның ар жағында ағаш табыттың ішінде Мұстафа үстінде жібек пижамасы бар жатыр екен. Бетін ақ салфеткамен жауып қойыпты, қолдары қарнының тұсында айқасқан, ұйықтап жатқанға ұқсайды, жүзі жасарып кеткендей көрінді. Өлген емес, қатты ұйықтап кеткен секілді. Қарсы қабырғаға табыттың қақпағын сүйеп қойыпты. Мен Парижден құран мен сәлде әкелген болатынмын. Қолының үстіне құранды қойдық, тақия мен сәлдені мұсылмандардың әдетіндей басына кигіздік» [27; 220]. Өлікке қатысты қызметтің бәрін дәрігер бикелер істеген болуы керек. Соған қарамастан Мария Шоқайдың өз жарын танымауы мүмкін емес қой.

Тура осы естелігінде Мария Яковлевна Махмут Айқарлы дегеннің «Опасыздардың айлалары» атты кітабында М.Шоқай 1942 жылы өлді деген дерегін үзілді – кесілді жоққа шығарады. Сондай – ақ жарының басына қойылған белгі құлпытасына оның өмірден қайтқан мезгіліне байланысты «27.12.1941» деген жазу ойдырған.

Түркістандық тұтқындардың жағдайымен арнайы танысыр шыққан жарының көңіл – күйімен жақсы хабардар Мария Яковлевна «Мұстафаның немістермен бірігіп жұмыс жасауы мүмкін емес еді» деген мағынада тұжырым жасайды. Ал Мұстафаның жарына жолдаған хатында тұтқындағы түркістандықтардың ауыр жағдайы жөнінде мынадай да жолдар бар еді: «Мен көмек сұрап, үміт күткен осы бақытсыз бейшараларға ешқандай жәрдем жасай алмағаным үшін жан азабын шегудемін… Мұндай жағдайға бұдан әрі жыдай алатын түрім жоқ, өлгенім артық. Кеше 35 адамды ату жазасынан құтқардым, бірақ та қашанға дейін екені белгісіз. Оларды бір шұңқырға тізіп қойды, қазір қазан айы, ал олар болса жаздық киімдерімен, жартылай жалаңаш, суықтан қорғану үшін, топырақтан пана жасау үшін дерді қазуда. Оларға итке тастаған сияқты нан тастайды, су атымен жоқ. Оларға тақтай, бөз немесе сабан сияқты әйтеуір жылылау қорған болатын бір нәрсе берулерін өһтіндім. Береді ме, бермейді ме ол да белгісіз. Айуаннан да бетер бұл «мәдениетті адамдар».

…Ондаған километр лагерлерді аралауым керек. Күшім, дәрменім қалмай барады, рухани жағынан қаншалықты шаршап жүргенімді айтпасам да түсінерсің. Менің өлгім келеді. Осы «өлу» сөзімен хатымды аяқтағым келеді» [27; 105]. Мұстафа Шоқайұлының өмірден аттанар алдындағы көңіл – күйі осындай еді.

Уақыттың өзі көрсетіп бергеніндей Түркістандағы социалистік құрылыс қазақ және басқа халықтарға ұлттық азаттық пен қажет әлеуметтік – экономикалық гүлдеуді қамтамасыз ете алған жоқ. Кеңестер Одағының ыдырауы, социалистік тәжірибенің жеңіліске ұшырауы соның айғағы. 

Мұстафа Шоқай өз заманында Түркістанда орнаған Кеңестік биліктің отаршыл сипатын қатесіз тани білген және онымен ымырасыз күреске ғұмырын арнаған, сондай-ақ бұл күреске бұрын Түркістан халықтары тарихында болмаған жаңа мазмұн беріп, жаңа интеллектуалдық көкжиекке көтерген ұлы қайраткер еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                     

 

 

 

 

 

 

 

                              Қорытынды.

 

 Сонымен, бірінші орыс төңкерісі жылдары Ресейдің оқу орындарында білім алып, прогресшіл демократиялық орыс интеллигенциясының қуатты ықпалында болып, сол арқылы еуропалық озық оймен танысып, ұлы француз төңкерісінің принциптерін өз туларына жазған қазақ зиялылары өздерінің бастапқы міндеті – оқу-ағарту ісімен қанағаттанбай, сонымен бірге білек түрініп саясат ісіне араласып, сол арқылы да өз халқына қызмет жасауды алдына мақсат етіп қойды. Қазақ қоғамының даму кезеңі, соған сай қалыптасқан қоғамдық сұраныс қазақ зиялыларынынан туған елі үшін ағартушы ұстаздықты да, болашақ үшін күресе алатын қайраткерлікті де талап етті.

Егер біз қазақ зиялыларының қызметін нақты деректерге сүйене отырып, олардың сол тұстағы негізгі мүдделерін халық өмірімен байланыстыра қарар болсақ, большевиктік идеологтар айтқан «буржуазиялық ұлтшылдықты» емес, қайта империяның темір құрсауындағы елін бостандық, теңдік және туысқандық жолына алып шығу үшін өздерінің азаматтық күш-қуатын, адамдық бар қасиетін арнаған ерліктің үлгісін көреміз. Қазақ зиялыларының бұл қоғамдық-саяси қызметі 1905-1907 жылдардағы алғашқы орыс төңкерісі тұсында, одан кейін саяси партия құру әрекетінен, ұлттық басылымдар шығаруынан, сондай-ақ мемлекеттік дума жұмысына атсалысуынан және басқа қазақ қоғамы жағдайына мүлдем тың қызметінен айқын көрінді. Нақ осы кездегі құжаттардан және өздері шығарған ұлттық-бейресми басылымдардан қазақ зиялыларының қоғамдық дамуға байланысты көзқарасы, ұстанған бағыт-бағдары да анық байқалды.

Мысалы ұлт зиялыларының бірі М.Тынышпаев «никто, решительно никто не думал о том, чтобы сделать для казахов что-нибудь доброе или хотя бы что-нибудь похоже на доброе» [17; 46] деп кеңес үкіметінің қазақ халқына жақсылық әкелмейтінін, өздеріне қарсы екенін айтса, М.Шоқай Ресей орталығынан қандай пайда болмақ деген сауалға «Түркістанда «Ресей қамқорлығынан» қалары – тек орыс мұжықтары ғана болып шығар еді» [63; 22] деп жауап берді. Яғни олардың Ресей жайлы  көзқарастары бір арнаға тоғысып жатты. Себебі олардың көзқарастарының мазмұнын сол тарихи кезеңдегі ұлт-азаттық қозғалыс пен қоғамдық мешеулікке қарсы күрес мүддесі айқындады.

Қазақ қоғамында жаңа саяси күштің өмірге келіп, күреске араласа бастағаны отарлық басшылық тарапынан байқалмай қалған жоқ. Енді империялық зорлыққа қарсы ұйымдасқан зиялы топ ұлттық басылымдар арқылы күресе бастады. 1917 жылдың ақпанынан басталған Ресейдегі саяси өзгерістер қазақ баспасөзінің тарихында да терең із қалдырды. Елде қалыптаса бастаған демократиялық ахуал Қазақстанның барлық бөлігінде дерлік жаңа сипаттағы ұлттық-бейресми басылымдардың емін-еркін шығуына мүмкіндік жасады. Бұл басылымдардың бұрынғылардан басты өзгещеліктері олардың ресми мекемелердің бақылауынсыз шығуы еді. Бұл фактор оларға енген мағлұматтардың шынайылық дәрежесінің жоғары болуына өз әсерін тигізгендігі даусыз [14; 272].

Ұлттық-бейресми басылымдардың дүниеге келуінің басты себебі отарлаушылыққа қарсы күрестің нәтижесі болды. Қазан төңкерісіне дейін және одан кейін шығып тұрған он шақты ұлттық-бейресми басылым болды: «Қазақ» газеті, «Айқап» журналы, «Серке», «Қазақстан», «Алаш», «Қазақ газеті», сондай-ақ «Бірлік туы», «Сарыарқа», «Ұран», «Тіршілік» газеттері. Солардың ішінде «Қазақ» газетінің алар орны ерекше екені даусыз. Себебі, қазақ тарихындағы болған ең күрделі қоғамдық құбылыстар сол  «Қазақ» газеті шығып тұрған жылдарға дәл келіп, газет бетінде бейнеленді. Сондықтан, олардың тарихын «Қазақ» газетін дерек көзі ретінде пайдаланбай ашып көрсету мүмкін емес.  Сондықтан осы аталған ұлттық-бейресми басылымдарды деректік негізге ала отырып, қазақ зиялыларының большевизмге қарсы күресін зерттеуге тырыстық.

Бітіру жұмысына арқау болған келесі мәселе – ұлт тәуелсіздігі үшін аянбай күрескен саяси қайраткер, теоретик, заңгер, демократ ағартушы Мұстафа Шоқайдың осы күрес жолындағы қоғамдық-саяси қызметі болатын. Мұстафа Шоқай Түркістан халықтары тарихында бүтін бір кезеңді қамтыған ерекше ұлы құбылыс. Мұстафа Шоқайұлы өз заманында Түркістанда орнаған кеңестік биліктің отаршыл сипатын қатесіз тани білген және онымен ымырасыз күреске ғұмырын арнаған, сондай-ақ бұл күреске бұрын Түркістан халықтары тарихында болмаған жаңа мазмұн беріп, оның өзінің қажырлы еңбегімен жаңа интеллектуалдық көкжиекке көтерген ұлы қайраткер. Оның өмір жолы Ұлы Отаны – Түркістан үшін от кешкен Ұлы Азаматтың жолы болатын. «Алла елімнің тәуелсіздікке қол жеткізгенін көруді нәсіп етсе, мен тек үгіт-насихат ісімен ғана айналысар едім. Жастар үкімет құрса, мен елімнің тарихы және басқа өлке халықтары туралы тамаша кітаптар жазумен шұғылданатын едім» [27; 106] деген Мұстафа Шоқайдың және өзге де Алаш қайраткерлерінің арманы еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгенде орындалды.

Қорыта айтқанда, ХХ ғасыр басында ұлтымыздың тәуелсіз болашағы үшін күресіп, большевиктік кеңес үкіметінің отарлық сипатын біліп, шасмалары келгенше оған қарсы тұрған қазақ зиялылары Ресейдің федеративтік демократиялық республика болғанын жақтаған еді. Олардың ұстанған жолдары, атап айтсақ алаш қайраткерлері құрған Алашорда үкіметі де, М.Шоқай басқарған Қоқан автономиясы да қазіргі қазақ қоғамына тура әкелетін жол еді. Олардың тарихта қалар қызметі де осында болмақ.

 

 

 

 

 

     Пайдаланған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі:

 

  1. М.Шоқай. Таңдамалы. –Алматы: «Қайнар», 1998. 2 томдық.
  2. Омарбеков Т., Омарбеков Ш. Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарас. –Алматы: «Санат», 1995.
  3. Қойгелдиев М.Қ. Алаш қозғалысы. –Алматы: «Санат», 1995.
  4. Бочагов А.К. Алаш-Орда. Краткий исторический очерк о национальном-буржуазном движении в Казахстане периода 1917-1919 гг. –Кзыл-Орда, 1929.
  5. Мартыненко. Алаш-Орда. Сб. Док. С предисловием тов. У.Исаева. –Кзыл-Орда, 1929.
  6. Бисенбиев К.Б. Очерки истории общественно-политической и философской  мысль Казахстана. –Алматы, 1976.
  7. Брайнин С., Шафиро Ш. Очерки истории Алаш Орды. –Алматы-М., 1935.
  8. Қозыбаев М.Қ. Аңдақтар ақиқаты. –Алматы, 1992.
  9. Бисенбиев К.Б. Идейно-политические течения в Казахстане В конце ХІХ –   начале ХХ вв. –Алматы, 1961.
  10. Қозыбаев М.Қ. История и современность. –Алматы, 1991.
  11. Бурабаев М.С. Общественная мысль Казахстана в 1917-1940 гг. –Алматы, 1991.
  12. Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. –Алматы, 1995.
  13. Аманжолова Д.А. Казахский автономизм и Россия. –М., 1994.
  14. Атабаев Қ.М. Қазақ баспасөзі – Қазақстан тарихының дерек көзі (1870-1918). –Алматы: «Қазақ университеті», 2000.
  15. Рустемов С. ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі мұсылмандық қозғалыс. –Алматы, 1997.
  16. Мамраева А.К. Общественно-политическое развитие Казахстана начала ХХ века и Алихан Букейханов. –Алматы, 1997 (канд. дисс.).
  17. Ауанасова А.М. Национальная интеллигенция Казахстана в ервые годы Советской власти (1917-1923 гг.). –Алматы, 1993 (канд. дисс).
  18. Симтиков Ж.Қ. Сұлтанбек Қожановтың қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі. –Алматы, 1997 (канд. дисс.).
  19. Уәлиханова Ж.М. Сұлтанбек Қожаовтың мәдени-ағартушылық және мемлекеттісаяси қызметі. –Алматы, 2001 (канд.дисс.).
  20. Сәулембекова М.С. Қазақ мерзімді басылымдарындағы тарихи мәселелер: тарихнамалық талдау (ХІХ ғ. соңы – ХХ ғ. басы). –Алматы, 2001 (канд. дисс.).
  21. Сүлейменов П.М. Қазақстанның қазіргі саяси процестері және Мұстафа Шоқайұлының «Біртұтас Түркістан» концепциясы. –Алматы, 1999 (канд. дисс.).
  22. Хасанаева Л.М. Қазақ мемлекеттілігін жаңғырту үшін күрес: түрлі көзқарастар мен саяси қозғалыстар тарихынан (ХХ ғ. алғашқы ширегі). –Алматы, 2002 (канд. дисс.).
  23. Омарбеков Ш.Т. 20-30 жж. Саяси қуғындалған қазақ зиялыларының тарихи көзқарасы. –Алматы, 2002 (канд. дисс.).
  24. Мұстафа Шоқай. Түркістаның қилы тағдыры. –Алматы, 1992.
  25. Алижанов А. Дороги людей-дороги человека. Вспоминая Мустафу Чокая. –Алматы, 1991.
  26. Қасымжанов А.Қ. Ұлы даланың зиялылары. –Алматы, 1996.
  27. Мұстафа Шоқай, Мария Шоқай. Естеліктер. –Ыстамбул, 1997.
  28. Қойгелдиев М.Қ. Тұтас Түркістан идеясы және Мұстафа Шоқайұлы. –Алматы: «Қазақ университеті», 1997.
  29. Қойгелдиев М.Қ. Түркістанның ұлы перзенті: Мұстафа Шоқайұлының Түркістан халықтары тарихындағы орны жөнінде // Қазақ тарихы -1997, №2-17-22-бб.
  30. Тәкенов Ә.С. Мұстафа Шоқай өмірінің кейбір қырлары //Қазақ тарихы – 1996, №3. -54-59-бб.
  31. Тәкенов Ә.С. «Түркістан легионы» және Мұстафа Шоқай туралы не білеміз? //Егемен Қазақстан-1996, 15 шілде.
  32. Тәкенов Ә.С. Мұстафа Шоқайдың соңғы жазбалары //Түркістан -1996, 18,24 қыркүйек
  33. Нұржамал Алдабек. Мұстафа Шоқай – халықаралық саясат сарапшысы. //Қазақ тарихы-2005. №3. -54-58-бб.
  34. Сапанов С.Ж. Новые материалы о Мустафе Чокаеве //Вестник КазГУ. Серия историческая. –Алматы, 1998. №8.-62-67.
  35. Садықова Б.И. Түркістан легионы: жазылмайтын жан жарасы //Түркістан -1998. 27 мамыр.
  36. Садыкова Б.И. Мустафа Чокай и тоталитарный режим большевиков (20-30-ые годы ХХ века) //Вестник КазГУ. Серия историческая. –Алматы, 2001. №2(20). –с.56-64.
  37. Садыкова Б.И. Мустафа Чокай и тоталитарный режим большевиков (20-30-ые годы ХХ века) //Вестник КазГУ. Серия историческая. –Алматы, 2001. №1(20). –с.113-122.
  38. Абдуллин Х. Мұстафаның өлімі мен өмірі //Ана тілі, 1991. 28 қыркүйек.
  39. Мұстафмн А. Аңыз қайсы, ақиқат қайсы? //Ана тілі, 1991, 8 тамыз.
  40. Айтан Нүсіпхан. М.Шоқай – Ұлттық зиялы //Түркістан, 1998. 4 наурыз.
  41. Ибрашев С. Отаршылдықтың озбырлығы және М.Шоқай //Ақиқат, 1994. №4 -33-34-бб.
  42. Назарбаев Н.Ә. Жадымызда жатталсын, татулық дәйім сақталсын. //Егемен Қазақстан. 1998. 15 қаңтар.
  43. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. –Алматы, 1999.
  44. Назарбаев Н.Ә. Қалың елім, қазағым. –Алматы, 1996.
  45. «Қазақ» газеті. Құр.: Ү.Субханбердина, С.Дәуітов, Қ.Сақов. –Алматы, 1998.
  46. «Айқап». Құр.: Ү.Субханбердина, С.Дәуітов. –Алматы, 1995.
  47. Сейфуллин С. Бес томдық шығармалар жинағы. 4-т. Тар жол тайғақ кешу. –Алматы, 1988.
  48. Чокаев М. Туркестан под властью Советов. –Алматы,1993.
  49. Сатыбекова Г.К. Журнал «Айкап» как источник по истории Казахстана. –Алматы, 1965.
  50. «Бірлік туы» газеті. №14. 1917. 8 қараша.
  51. «Бірлік туы» газеті. №15. 1917.
  52. «Бірлік туы» газеті. №16. 1917.
  53. «Бірлік туы» газеті. №22. 1918.
  54. Сафаров Г. Колониальная революция. Опыт Туркестана. –Алматы, 1996.
  55. «Бірлік туы» газеті. №28. 1918.
  56. «Бірлік туы» газеті. №29. 1918.
  57. Ахмедов Ғ. Алаш «Алаш» болғанда. –Алматы, 1996.
  58. «Сарыарқа» газеті. 1918. 18 наурыз. №34.
  59. Джумаев. Наш вождь. В кн.: Мустафа Чокай и большевизм. Сб.ст. Сост.: С.Ж.Сапанов. –Алматы, 2000. ч.1. –с.121-122.
  60. Чханкели А. Памяти моего друга Мустафы Чокаева. В кн.: Мустафа Чокай и большевизм. Сб.ст. Сост.: С.Ж.Сапанов. –Алматы, 2000.
  61. Иманбекова С.С. М.Дулатовтың өмірі мен қызметі (1885-1935). –Алматы, 1999 (канд. дисс.).
  62. Бөкейханов Ә. Шығармалар. –Алматы, 1994.
  63. Тұмабаев Т.С. Россия артында не қалдырды? //ҚазМУ хабаршысы. Тарих сериясы. –Алматы, 2000. №1(16) -21-34-бб.