МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
I ТАРАУ. ЧИЛИДЕ ӘСКЕРИ ЖҮЙЕНІҢ ОРНАУЫ. ГЕНЕРАЛ ПИНОЧЕТ МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІК ЖҮЙЕСІНДЕ
II ТАРАУ. ӘСКЕР, ӘЛЕУМЕТТІК ТАПТАР, САЯСИ ҰЙЫМДАР ЖӘНЕ ШІРКЕУ ЧИЛИДЕГІ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАНУ ПРОЦЕСІНДЕ
ІІІ ТАРАУ. ЖҮЙЕНІҢ СИПАТЫ МЕН ЭВОЛЮЦИЯСЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ. ОНЫҢ ЖОЙЫЛУЫНДАҒЫ СЫРТҚЫ ФАКТОРЛАРДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Тәуелсіз Қазақстанның дүние жүзі тарихына байланысты тарих ғылымындағы жаңаша көзқарастары шынайы тарих жасау ұстанымдарын қажет етеді. Қазақстанның екі бірдей Қытай және Ресей секілді әлемдік саясатта белсенді мемлекеттердің арасында орналасқан геосаяси тарихи болмысы кез-келген халықаралық тұрпаттағы мәселеде ұтқыр болуға бейімдетеді. Осындай тарихи ұстанымдардан қаралар қазіргі заман мәселелері ауқымында көлденең болған тарихи құбылыстар, әсіресе ІІ дүние жүзілік соғыстан кейінгі әлемдік дамудың қарама-қайшылықтағы екі полюсінің қалыптасуы өркениетті даму жолына қадам басқан мемлекеттер тағдырына қатаң әсер қалдырды.
ХХ ғасыр адам баласының тарихындағы қарама-қайшылыққа тола ғасырлардың бірі болғаны белгілі. Бүгінгі дүние жүзі елдерінің ара салмағы анықтар геосаяси құрылмдар да осы ғасыр ауқымындағы тарихи оқиғалар желісінде түзілді. Сол сияқты Латын Америкасы елдерінің ХІХ және ХХ ғасырлар тоғысындағы әлем картасында пайда болған бұрынғы Ибериялық мемлекеттер, яғни испан, португал билеушілерінің отарында болған елдердің тәуелсіздікке қол жеткізулерінің өзі батыс жарты шардағы АҚШ төрелігінде жүзеге асып, оған жер шарының сол бөлігінде “полицай функциясын” орындау мүмкіндігін тудырды. Монро доктринасы аясында еуропалық мемлекеттерді осы мемлекеттер ісіне араластырмау саясатын ұстанған АҚШ үшін осы кезеңнен бастап өз тәуелсіздігіне қол жеткізе батсаған Латын Америкасы елдеріне қолдау көмегін созудың президенті Тафттың есімімен байланысты болған “доллар дипломатиясы” әрекет ете бастағаны белгілі.
Қазіргі заман кезеңіндегі де демократиялық түзілімдерге аяқ баса бастаған Латын Америкасы еледерінің бірі Чилидің ішкі саяси ісіне араласа ықпалды саясат жүргізген АҚШ оған А. Пиночет басқарған жаңа мемлекеттік жүйені жасап берді. Бұл жүйенің орнығуы бүгінгі әлемдік саясат мінберінде әлі күн тәртібінен түспеген және қазіргі заман тарихының ақтандақтар ақиқаты беттерінен орын алған Пиночеттік диктаторлық кезең деген атаудың қалыптасуына негіз жасаған еді.
Осындай тарихи мәселенің ғылыми талдаудан өтуінің бітіру жұмысына арқау болуы “тірі тарих” айтудың міндеттерін жүктеп бірқатар саяси-әлеуметтік, экономикалық қоғамдық мәселелерді мемлекеттік құрылымдар негізінде талдаудың тұжырымдарын қалыптастырды. Сондықтан да бітіру жұмысы тақырыбына арқау болып отырған және ХХ ғасырдың әлемдік саясатындағы теке-тірестіктің нәтижесінде қалыптасқан Латын Америкасы елдеріндегі кейбір мемлекеттік құрылымдардың, әсіресе Чилидің тарихи өткелдері мен тәжірбиесінде қадағаланған елдердің диктаторлық тұрпаттағы болмысын саралау өзекті болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Ұлттық мүддедегі тарих жазудың әлемдік тарихи синтездеу мектептері қалыптастырған тарихты салалы қарастырудың методологиялық ұстанымдарын негізге ала отырып, дүние оның зерттелуін анықтар ғылыми еңбектер мен монографиялық зерттеулердің маңызы зор болды. Чилидегі Пиночет төңкерісінің басталуы, оның сипаты мен мазмұны, тұрпаты әлем елдері тарихшыларының, саясаткерлерінің зерттеу нысанасынан тыс қалған емес.
Чилидегі мемлекеттік жүйе тарихының саяси билік келбетімен астасқан және халықаралық мәнге ие болған әртүрлі жақты сипатты мәселелерін саралауда бітіру жұмысын жазуға сілтеме болған зертттеулер, орыс тіліндегі еңбектер тұрғысында негізге алынды. Жалпы қаралар тақырып ауқымының тарихи кезеңі, кеңестік уақыт ауқымына сәйкес келгендіктен осы уақыт өлшемінде қарайтын тарихшылар көзқарасын жеке алып қарау және бүгінгі демократиялық қайта құрулар, яғни кеңестік кезеңнен кейінгі тарихи кеңістік тұғырында зерттелген еңбектерді дара қарау жұмыстың тарихнамалық өлшемін жасайды.
Кеңес дәуіріндегі зерттеушілерге келетін болсақ, онда Ф.М. Сергеев, С.С.Черникова, Ю.Н.Королев, М.Ф.Кудачкин, Г.Э Лабарка, Б.И.Коваль секілді зерттеушілерді атап өтуге болады. Бұл авторлардың барлығын маркстік-лениндік методология тұрғысынан жазды деуге болмайды. Дегенменде кейбір тұстарда авторлардың асыра сілтей жазуы байқалып тұрады.
Ф.М. Сергеев Пиночетті тарихтағы фашизм қалыптастырған Гестаполық мекеме секілді жаңаша жүйені жасағаны үшін айыптай отырып, өз еңбегінде Халық бірлігі коалициялық үкіметі социалистік мақсатқа жету үшін антиимпериялық, антиолигархиялық іс-шараларын жүзеге асырғандығын, сондай-ақ 1973 жылы 11 қыркүйекте чилилік реакциялық әскери топтары тікелей империалистік күштердің қолдауымен Халық бірлігі үкіметін күшпен құлатып өзінің әскери-фашастік диктатурасын орнатқандығын саралайды [1].
Сондай-ақ Ю.Н. Королев 1973 жылғы Чилидегі демократиялық сайлау нәтижесінде билікке келген Халық бірлігі коалициялық үкіметінің американдық империализм көмегімен құлатылуы, АҚШ тарихындағы ыңғайсыз жәйіттердің бірі екеніндігін өз зерттеуінде тікелей мысалдар келтіру арқылы ашуға тырысады [2]. Осындай ұстанымдағы кеңестік саясат бағдарында зерттеу жүргізген тарихшылар М.Ф Кудачкин [3], Г.Э Лабарка [4], Б.И. Коваль [5] еңбектері бұл төңіректе ой жиынтықтайды.
Кеңестік кезеңнен кейінгі уақытта тақырып мәселесін арқау еткен әлемдік тарихты зерттеушілер С.С.Черникова [6], Д.В.Белов [7], М.А. Пилипенко [8], А.Тарасов [9], Д.Травин [10], А. Медведенко [11], М. Шнайдер [12], О.П.Проселкова [13], Е.Ю.Кудрявцева [14], В.А. Царегородцев [15], В.П. Сличенко [16], Л. Велехов [17], О. Пидлуцкий [18], И.А.Строганов [19], еңбектері бірқатар тың бағдарда зерттеу мәселелерін жан-жақты саралау ұстанымында жұмыс жүргізген. Олар өз зерттеулерінде неғұрлым шынайы ақпарат және тарихи оқиғаға неғұрлым әділ бағасын беруге тырысады. Жалпы бұл зерттеушілер еңбектерінен түйген ортақ тұжырым, Пиночетті бір ғана айыптаушы тұрғысынан қарау емес, сонымен бірге оны социализм лаңынан халқын сақтап қалған генерал ретінде де тану, ол құрған жүйенін ілгерлеуіне негіз болған факторлардың Чили мемлекетінің дамуына сілтемелілігі және “темірдей тәртіп” ұғымының саясаттағы қолданыстық ретін Чилиге де мысалдаудың үрдісі қолдалынады.
Еуропалық тарихшылар қатарында Олекса Пидлуцкийдің мақаласы да осы тұрғыда қаралар нысаны аша түсуге тырысқандай. Елін социализмнің құрылымынан бөле-жарған Пиночет әрекеті бұл мақалада кремльдік марқасқалардың көңілін су сепкендей басқан еді, содан бастап кеңестік үгіт-насихатшылар Пиночетті қарапайым халық алдында “әлемдік зұлымдықтың қайнар көзі” ретінде көрсететіндігі айтылады. Сондай-ақ Марио Шнайдердің Чилидегі демократияға өту бағыттары мен авторитарлық мұраларды саралауға негізделеген еңбегі де бұл жолдағы чилиліктердің күресі, олардың авторитарлық жүйе қалдықтарынан қалай құтылғандығы жайлы баяндайды. Сонымен қатар, ол Чили әскерінің Альенде тұсында да, Пиночет тұсында да маңызды саяси күш болғандығын айтады.
Диплом жұмысының деректік негізіне алынған Чили Компартиясы мүшелерінің жасаған баяндамалары, тарихи оқиға мен кезеңге қатысты чилиліктердің өздерінің “Латинская Америка” журналына берген сұхбаттары бітіру жұмысы мазмұнын толықтыра түскен еді. Испан тіліндегі деректердің негізгі дені “Латинская Америка” журналында орыс тілінде аударылып берілгендіктен деректік құжаттардың осы тілдегі мәтіні айналысқа енді.
Деректік жиынтықты құрайтын 1977 жылы тамыз айында өткен Чили Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің пленумында жасалған баяндамалардың жинағын айтуға болады [20]. Бұл жинақтың ішінде Чили Коммунистік партиясының Бас хатшысы Луис Корваланның, партияның басқа да Хорхе Монтеса, Хульета Компусано секілді жиырмаға жуық беделді мүшелерінің баяндамаларының мәтіні берілген. Жинақ материалдарында чилилік социалистердің билікке келуі үлкен жетістік ретінде бағаланып, оның хунтадан жеңілісі талданады. Чили Компартиясының Бас хатшысы Л. Корвалан өз баяндамасында Пиночетті халыққа қарсы оқ атушы фашист деп айыптайды. Пиночет билігінің артында капиталистік елдердің , ірі қаржылық топтардың тұрғандығын айта кетеді. Сол пленумда Хорхе Монтеса да Пиночет жүйесін ірі капиталистік елдердің, ірі қаржылық топтардың жақтаушысы, марксизм-ленинизм теориясына қарсы шығушы фашист деп айыптап, жүйеге қарсы күресте чилилік коммунистердің еңбегін ерен атап өтеді. Ал Хульета Компусано өзінің бяандамасында Куба революциясын және КСРО Коммунстік партиясының әрекеттерін мақтан тұтатынын, басқа да социалистік елдердің ынтымақтастық танытқаны үшін алғысын білдіреді. Сонымен қатар Хульета Компусано өзінің баяндамасында Чили халқының Пиночеттің фашистік жүйесін құлататындығына, кедейшілік пен аштықты жоятындығына, социализмге өту үшін Чили жаңа демократиялық жолға түсетіндігін айтады.
Баспасөздің де дерек көзі екендігін негізге ала отырып, жарияланым беттеріндегі саясаткерлердің баяндамалары, қарапайым чилиліктердің газет-журналдарға берген сұхбаттарының да маңызы зор болғандығын айта кетуге болады. Сондай сұхбаттардың бірі “Латинская Америка” журналында “Қылмыс куәгерлері” деген атпен басылып шығады [21]. Онда қарапайым дәрігер Рут Криес пен дәрігер Альберто Энрике Неуманның берген сұхбаттары жарияланған. Куәгерлер Пиночет жүйесінің шамадан тыс қатал болғандығын, көптеген адамдардың жазықсыз мерт болғандығын айтады. Пиночет жүйесінің бірінші кезекте коммунистерге қырғидай тигендігін ескерген жөн. Рут Криес те өзінің күйеуінің 1971 жылдан бастап коммунистер қатарында болғандығын айтса, дәрігер Альберто Энрике Неуманда 1965 жылдан бастап өзінің Компартия мүшесі екендігін айтады. Рут Криес сұхбат барысында өзінің күйеуінің карабинерлер қолынан қаза тапқандығын айтса, дәрігер Альберто Неуман өзінің өлім аузынан қалғандығын айтады [21]. Жоғарыдағы келтірілген деректер бізге Чилидің қырғи-қабақ соғысының құрбаны болғандығын, елдегі орын алған Пиночет жүйесінің шамадан тыс қатал болғандығынан хабар береді.
Ұлттық барлау басқармасының директоры полковник Мануэль Контрера Сепульведаның ел президенті А. Пиночетке құпия хатының да деректік мазмұны бар. Ол құжатта сыртқы барлауды күшейту үшін, Пиночет жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін президенттен бұл басқармаға бюджеттен қосымша 600 мың доллар бөлуін сұрайды. Бұл құжат ең алғаш 1977 жылы мексикалық “Эль Соль де Мехико” атты газетінде жаряланады [22].
Диплом жұмысының методологиялық негізі. Дүние жүзі тарихының өзекті мәселелерін салалы мәселелер тұрғысында қараудың ұстанымдарында саралаудың ғылыми мүмкіндіктері жұмысты жазу тәсіліне алынды.
Тақырыптың мәселесін ашуда Бүгінгі кезеңде де әлемдегі мәселелерде өзін басым санайтын мемлекеттерге тән ұстанымдар өзге елдердің ішкі ісіне қатысты әрекеттерде көлденең кездесіп жатады. Осындай жағдайда бұрынғы кеңестік республикалардың ішінде, бірден-бір ауқатты, геосаяси потенциалды аймақ ретіндегі Қазақстанның, халықаралық қатынас мәселелеріндегі аймақтық қауіпсіздікке қатысты кез-кезген мәселеге қоғамдық бірлестіктер тарихындағы белесті тәжірибелер тұрғысынан қарау арқылы тың ұстанымда болуы, кездейсоқ ғылыми тұжырымдарды тудырмауы сөзсіз. Мұндай ұстанымда қарау арқылы ресми және дипломатиялық құжаттар негізінде, ғылыми басылымдар беттеріндегі сараптамалар басшылығында Чилидегі мемлекеттік ауқымды мәселелердің қаралуы тақырып жаңалығын көрсетеді.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Бітіру жұмысын жазудағы алға қойылған басты мақсат әскери жүйесін, геноцидті саясат құралына айналдырып авторитаризм амалдарымен түрлендірген Чилидегі генерал Аугусто Пиночет билігі тұсындағы мемлекеттің құрылымдық мәселелерін бүгінгі уақыт сынынан қаралар деректер негізінде бағамдай отырып, оны уақыт бағасында қарастыру болып отыр. Сондай-ақ Чили халқының демократия үшін күресін баяндау да негізге алынды. Осы мақсаттарды орындау үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
-Чилидегі әскери жүйенің билік басына келгендігі, оның өзге де саяси партиялармен, ұйымдармен ара-қатынасын анықтау;
-Әр түрлі ұйымдардың Чилидегі модернизациялану нысаналарындағы алатын орнын бағамдау;
-Чилидің қоғамдық даму нысаналарындағы әлеуметтік таптар мен саяси ұйымдардың және шіркеудің алатын орнын ашып көрсету;
-Түрлі деректер мен зерттеулерге сүйене отырып жүйенің сипаты мен эволюциясының кезеңдерін, оның жойылуындағы сыртқы факторлардың алатын орнын саралау;
— Пиночетке қатысты кеңестік тарихнамадағы ұстанымдарды бүгінгі саяси ұстанымдарға бағымдайтын, “қырғи-қабақ соғыс” саясаты жойылған тұстағы тарихнамалық ұстанымдар арқылы салыстыру.
Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері. ХХ ғасырдың 70-80 жылдарын қамтитын тарихи кезең оқиғалары Чилидегі Пиночеттің билікке келген 1973 жылмен, оның нақты биліктен ажыратылған 1990 жылғы уақыт өлшемі жұмыстың хронологиялық шеңберін береді.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспе, қорытынды бөлімдермен қатар үш тараудан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I ТАРАУ. ЧИЛИДЕ ӘСКЕРИ ЖҮЙЕНІҢ ОРНАУЫ. ГЕНЕРАЛ ПИНОЧЕТ МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІК ЖҮЙЕСІНДЕ
ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы Чилидің саяси-экономикалық, әлеуметтік даму тұрпаты сол уақыттың көрсеткішімен қарағанда біршама талпыныс деңгейінде болатын. Жалпы Оңтүстік Америка құрлығының оңтүстік-батыс жағасында орналасқан, жер аумағы 756,9 мың шаршы шақырымды құрайтын Чили Республикасының геосаяси ауқымына жағалаулық бірқатар аралдар (олардың ішінде ірісі Чилоэ аралы), Отты Жер аралының батыс бөлігі, сондай-ақ Тынық мұхиттағы Сан-Амбросио, Сан-Фелис, Сан-Фернандес, Сали-и-Гомес, Пасхи тағы басқалары кіріп мемлекеттік бірлестікті жабдықтайды.
Астанасы Сантьяго қаласы болып есептелетін республика 25 провинциялық әкімшілікке бөлінеді. Чили негізінен таулы өлке. Тынық мұхит жағалауындағы ені тар (кеңдігі 15 шақырымнан 365 шақырымға дейін, ұзындығы 4300 шақырым ) аймақта орналасқан. Халқының 90 пайызы чилиліктер (үндістермен қоныс аударушы испандардан шыққан будан тектілер), және аймақты бұрыннан мекен етуші үндістер аз қалған. Сондай-ақ немістер, итальяндар, испандар, аргентиндер, арабтар, тағы басқалар да тұрады. Сантьяго, Вальпараисо, Консепсьон, Винья-дель-Мар, Антофагаста секілді ірі қалалар түзген, мемлекеттің діні –католик діні. Аңызға негіз Жаратушы Жер шарын жасап болғаннан кейін қолында қалған әртүрлі: құм, вулкан, руда, ағаш, өзен, шөл, фьорды, мұздықтар мен далалар секілді элементтерден, олардың бәрін бір жерге шоғырландырып, құрлық шетіне орналастырады. Осы жер Чили деген атауға ие болады. “Чили” атауы территорияны мекендеген жергілікті тайпа тілінен аударғанда “жер аяқталар тұс” деген мағынаны береді [8,32]. Чили кезінде Испанияның кедей отары болған. Испандықтар алғаш келген кезде империяның байлығын табу үшін көптеген экспедициялар ұйымдастырған болатын. Чилиге бағытталған экспедициялар ол: 1535-1537 жылдардағы Диего де Альмагро мен 1540 жылы Педро де Вальдивиидің экспедициялары еді [23,78]. Чилиді жаулау испандықтарға оңайға соқпаған. Әсіресе, мапуче немесе аракуандарды бағындыру үшін біраз қан төгуге тура келеді [8,34]. Одан басқа да үндіс тайпалары болған. Олар испандықтардың отарлауы нәтижесінде тілін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын ұмытып, бір сөзбен айтқанда ассимиляцияға ұшырап кеткен. Испандықтармен жергілікті үндістер арасында некелесу өте көп орын алған. Сонымен қатар, Чилиге испандықтардан басқа да еуропалық қоныстанушылардың да көптеп барғанын, олардың Чили қоғамының элитасын қалыптастырғанын айта кеткен жөн. Испандықтармен қатар мұнда Солтүстік Еуропадан ирландтықтармен шотландтықтарда көптеп қоныс аударды. Сонымен қатар мұнда Англиядан да көптеп қоныс аударушылар келген. Чили азаматтарын осыған бола Оңтүстік Американың ағылшындары деп атаса керек-ті. Мұнда сонымен қатар француздармен немістердің де ұрпақтарын көптеп кездестіруге болады. Олардың әр қайсысы Чилиге әртүрлі мақсатпен келген, біреуі отарлау үшін, біреуі тыныш өмірді аңсап, енді біреуі сауда жасау мақсатымен келген. Чилиге келген шетелдіктер испан, ағылшын, неміс немесе француз болудан қалып, барлығы бір ұлтқа яғни, чилиліктерге айналды. Чилидің ХХ ғасырға дейінгі қалыптасуының тарихи негізі осылайша түзілген.
ХХ ғасырдың 60-жылдарының екінші жартысындағы чилиліктерге қазіргі таңда экономикалық қиыншылықтарды жеңе алмай келе жатқан көптеген елдер қызғанышпен қарайтын болды деп сипаттағанның өзінде де, латынамерикандық мемлекеттер ішінде Чилидің экономикалық көрсеткіштері төмен болғанымен ол жылына 3.9 пайыздық көрсеткішті құраған. Инфляция деңгейі біраз жоғары болды, нақтырақ айтсақ жылына орташа есеппен 26 пайыздық көрсеткішті құраған. Жұмыссыздар санының көрсеткіштері сол жылдары 5,6 пайызды құраған. Сондай-ақ Сальвадор Альенде (1970-1973 ж.ж.) ел басқарған уақытында жалпы ұлттық табыс 8,5 пайызға, оның ішінде өнеркәсіп өндірісі 12 пайызға, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру 6 пайызға өскен. Сол жылдары құрылыс жұмыстарының көлемі 3,5 есеге өскен. Жұмыссыздық 1972 жылы 3 пайызға дейін қысқарған [9,40]. Ал 1972 жылы жалпы ұлттық табыс 5 пайызға өскен. Бұл Чили экономикасының негізгі тұстарының ілгері келбетін сипаттайтын көрсеткіштер реті және Сальвадор Альенде басқарған тұстағы ел өмірінің жақсара бастауының мысалы болатын.
Жалпы Чилиде 1970 жылы 4 қыркүйекте билік басына келген Халық бірлігі коалициялық партиясының кандидаты Сальвадор Альенде өзінің олигархия мен қоғамдық дамуға кедергі жасар тұстарға қарсы күрес бағдарламасын жүзеге асыра бастайды. Дәл сол жылдары әлемдік саясатта Еуразиялық құрлықтағы Кеңестер Одағы экономикасының мызғымастығы жайлы көзқарастар өзгере қоймаған болатын. Бүкіл әлемде кеңес үкіметі туралы пікірді дүкен сөрелеріне, ауыл-аймақты жайлаған кедейшілікке қарап емес, әскери-техникалық қуатына және шынайылықты бұрмалаған көрсеткіштерге қарап беретін. Формальды түрде КСРО басқа капиталистік елдерге қарағанда жылдам қарқынмен дамып отырған [10,216]. Осындай көріністар халық бұқарасының марксизм мен социалистік бағыттағы партиялардың санының өсуіне алып келді. Осындай көріністер Чили қоғамының да солшыл радикализм қатарына өтуіне себепкер болды. 70-80 жылдарындағы Чилидің экономикалық жағдайы әжептеуір жақсы күйде болды. Ел өзіндік даму динамикасының жоғары қарқындылығын көрсете білді. Радикализмнің 1970 жылы не үшін жеңгендігін, сонымен қатар оның осыған дейін неге белсенділік танытпағанын анықтау керек.
ХХ ғасырдың аяғындағы Чили оқиғаларының бастауының тарихи негізі ХХ ғасырдың 30 жылдардың басындағы Ұлы депрессия жылдарында болса керек. Осы тұста алдыңғы қатарлы капиталистік елдер тарихында кезекті экономикалық дағдарыс орын алып, олардың дамушы елдер өніміне деген сұраныстары күрт төмендеп кетеді. Чилидің экспорты үшін бұл жағдай өте ауыр соққы болып тиеді. Ел импорт алмастыру бағдарламасын жүзеге асырады. Осылайша елде жұмысшы күштері көптеп қалыптаса бастайды. Үкіметтің экономикаға қатты араласуының нәтижесінде Чили де бюрократиялық елге айнала бастайды. Саяси карьера жасау үшін азаматтарға мемлекеттік қызметте не болмаса мемлекетпен қадағаланатын кәсіпорында жұмыс істеуі керек еді. Қоғамның орта тап өкілдері мемлекеттік басқарма мен билік бөлінісіне тәуелді бола бастады. Социалистермен коммунистер 1938-1952 жылдары үкіметтік коалициялық топтарда көптеп болды. Бұндай жетістіктердің барлығы елде бірнеше рет жасалған сайлау реформаларынан кейін орын алған болатын. 1949 жылдан бастап Чилиде ондай бірнеше реформа орын алады. 1949 жылғы сайлау реформасына сәйкес алдымен әйелдер, содан соң елдің барлық сауатты азаматтары сайлау құқығына ие болса, ал 70 жылдардың басында сайлаушы жасы 21-ден 18-ге төмендетіліп елдің көптеген бөлігі сайлау құқығына ие болады. Осыған сәйкес сайлаушылардың қатары төмендегі көрсеткіш бойынша өсіп отырды: 1949 жылғы парламент сайлауына 18-ге толғандардың 14 пайыздан астамы, 60 жылдардың ортасында 50 пайыздан астамы, ал 1970 жылғы сайлауға 61 пайыз қатысса, бұл көрсеткіш 1973 жылы 74 пайызды құрайды. Міне осы сайлау реформалары нәтижесінде елдің басым бөлігі жұмысшылар, сауатсыздар, шаруалар, сайлау құқықтарына ие болады. Осындай тарихи нысаналардың нәтижесінде Сальвадор Альенде басқарған Халық бірлігі коалициясы билік басына келген болатын [10,217].
Альенде билік басына келгеннен кейін көптеген шет ел капиталы мен ірі жер иеліктерінің меншіктерін мемлекет қарамағына ала бастайды. Альенде басқарған үкімет экономиканың басым секторларын құрайтын көптеген ірі-ірі кәсіпорындарды мемлекет қарамағына алады. Осыдан барып, дәлірек айтсақ Альенденің билік басына келуінен латынамерикалық құрлықта және бүкіл әлемде: солшыл күштер қанша отырады, социализм құрылысын бастай ала ма?–, деген пікір қайшылығы өршіп тұрады. Үкімет құрамы 4 министр социалист, 3 коммунист, 3 радикал, 2 социал-демократ, бірі Біріңғай халық әрекеттерінің (бұдан былайғысын МАПУ деп оқыңыз) қозғалысынан, енді бірі Тәуелсіз халық (бұдан былайғысын АПИ деп оқыңыз) қозғалысынан болды [4,23]. Билік басына келген соң, яғни 9 күн өткен соң С. Альенде 1970 жылдың 12 қарашасында Социалистік Кубамен дипломатиялық, мәдени-сауда байланыстарын қалпына келтіреді. Тағы біраз уақыт өткен соң Альенде ҚХР, ГДР, ВДР, КХДР республикаларымен де өзара байланыс орната бастайды. Бұл әлем жұртшылығын оның ішінде капиталистік елдерді қатты алаңдатты. Жоғарыда көрсетіп кеткендей Альенде әрекетінің барлығы Чилидегі ұлттық буржуазиялық бағытқа қарама-қарсы болды.
Міне Чилиде әскери жүйенің орнауының алғышарттары Сальвадор Альенденің билік басына келген сәттен-ақ қалыптасқан деуге болады. Елде оппозициялық топтар қарқынды жұмыс жүргізе бастайды. Уақыт өте келе Чилиде әлеуметтік-экономикалық жағдай шиеленісе түседі. Елде шерулер, ірі көлемді манифестациялар орын ала бастайды. Халық наразылығы күшейе түседі. 1972 жылдың күзінде жүк көліктерінің иелері мен саудагерлердің басшылығымен ірі шерулер орын алады. Ұрымтал сәтті халықаралық ірі корпарацияларда тиімді пайдаланып қалғысы келеді. Олар Чилиге экономикалық блокада орната бастады. Сыртқы қаржыландыру мен несиелендірудің көздері жабылды. Бұл әлемдік саясаттың латынамерикандық тармағындағы Чилиге қатысты ұстанымның негізі, Америка Құрама Штаттарының ХІХ ғасырдың І жартысында еуропалық мемлекеттерді жер шарының батыс бөлігінде жатқан американдық мемлекеттер ісіне араласатырмауға, сол бөліктегі саяси лидерлікке үміткерліктен туған Монро президент болған тұста жарияланған Монро доктринасына негізделетін.
Осындай тарихи ұстанымдағы саясат Чилидің Кубамен, Кеңестер Одағымен байланыс орнатқанына наразылық таныта бастаған АҚШ үкіметінің осы кездегі әрекетінен қарама-қайшылық тапқан болатын. Латынамерикандық елдер өзінің еріктілігіне қол жеткізгеннен бергі уақытта, АҚШ-тың Тафт билігі тұсында ХХ ғасырдың І-жартысында өмірге келген “доллар дипломатиясы” саясатының аясында АҚШ-тың кіріптар несиегеріне айналған еді. Осы тұста да, бұл жәйтті іс-жүзінде дәлелдегісі келген АҚШ Альенде үкіметіне несие беруден бас тартты. Орталық барлау басқармасының (ОББ) Чилидің экономикалық және қаржылық жағдайын тұрақсыздандыру мақсатында көптеген жасырын әрекеттерге барады [24,3 ]. Кейінірек АҚШ Конгрессінің комиссиясы ОББ-ң Чилидегі іс-әрекетін зерттеп “тыңшылардың” оппозициялық топтарды, ультра оңшылдарды жақтап, Сальвадор Альенде үкіметіне қарсы арандатушылық әрекеттерге барғандығын анықтайды. Осы тұста айта кететін жағдай ол оппозицияның қолында бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) басым көпшілігінің шоғырлануы. Халық бірлігі билікке келген жылдары 120 радиостанцияның біреуіне де ие болмаған, тек газет-журналдардың 20 пайызы ғана оны жақтаған. Ал оппозициялық БАҚ ширақ, әрі ұтымды іс-қимылдар жасай білді. Олар тіпті үкіметті балағаттап, халықты оған бағынудан бас тартуға шақырды. Үкіметке қарсы газеттердің көшбасшысы ретінде “Меркурий” газеті танылды. Ультра-солшылдар оның ішінде әсіресе “Патриа және Либертад” ұйымы өте белсенді әрекет танытты. Сонымен қатар Сальвадор Альенденің өзі де социалистік партияның қыспағына алына бастады. Үкіметтік коалиция ішіндегі жағдай да шиеленісе түседі. Бұны сол кездегі компартия басшысы Луис Корвалан да мойындайды. 1972 жылы мамырда кезекті конференцияның бірінде ол: “Мемлекет қазіргі таңда қиын жағдайды басынан өткеруде. Ол сыртқы және ішкі реакциялардың ғана әсерінен емес, қиын да болса мойындауымыз керек. Халық бірлігі коалициясында үлкен дағдарыс туды”, -дейді [24,4]. 1972 жылдың қарашасында әлеуметтік жағдайдың шиеленіскен саяси тұрақсыздық тұсында Альенде үкіметті қайта жасақтап оның құрамына қарулы күштердің жетекшісі болған генерал Карлос Пратс пен генерал Клаудио Сепульведуді және адмирал Исмаэль Уэртулерді енгізеді. Осындай шешімнің нәтижесінде елдегі жағдай біраз тұрақтанды. Дегенменде елдегі азық-түлік жағдайы, инфляция деңгейінің өсуі қарапайым халықтың жағдайын нашарлата түсті. Осындай жағдайлардың орын алуы өз кезегінде Альенденің халық, парламент алдында беделінің түсуіне әкелді. Парламент депутаттары президенттен тұрақсыздықпен әлеуметтік құлдырауды қолға алуын талап етті. Чилидің Жоғарғы соты билік бөлінісінің принциптерінің бұзылғандығы жөнінде Альендені бірнеше мәрте хабардар етеді. 1973 жылы 2-шілдеде Республиканың Бас бақылаушысы президенттің Конституцияға ішінара өзгертулер енгізу декретінен бас тартады. Бір апта өткен соң Сенат төрағасы Фрей мен төрағалар Палатасының төрағасы Парестің өтініші келіп түседі. Онда олар президент пен үкіметтің іс-әрекетін заңсыз деп таниды. Өз кезегінде Альенде парламенттің әрекеттеріне наразы екенін білдіріп, тамыз айының басында жоғарғы офицерлік құраммен кездесу барысында елде мемлекеттік төңкерістің алғышарттары пісіп-жетіліп келе жатқандығын айтады. Оның ойынан террор мен экономикалық дезорганизацияны пайдаланып оңшыл күштер әскери бүлік орнатуға жағдай жасап жатқандығы сезіледі [24,5]. 8 тамызда президент генерал Пратсты қорғаныс министрі етіп тағайындайды. Пратс әскерилер арасында өте беделді болған. Бірақ 21тамыз күні генерал Пратс үйінің маңында оның отставкаға кетуін талап еткен демонстрация болып өтеді. Демонстраттардың басты мақсаты билікке өте адал Пратс секілді адамдардың көзін жою еді. Осылайша Пратс отставкаға кетуге мәжбүр болады [10,226]. Дәл осы тұста Аугусто Пиночет жаяу әскердің бас қолбасшысы болып тағайындалады. Осы тұста, яғни жаяу әскердің бас қолбасшысы болып тұрған шағында Пиночет өзін билікке адал адам ретінде көрсете біледі. Сол себепті Альенде Пиночетті әскерилер арасында ірі беделге ие деп есептеп, оны бас қолбасшы етіп тағайындайды. Пиночеттің әскерилер алдындағы беделі жайында Альенде қателеспеді. Ол тек Пиночеттің шынайы пиғылының қандай екенін білмейді. Генерал Пиночеттің билікке деген баяғы адалдығынан түк қалмайды. Ол бар болғаны үш аптаның ішінде бүкіл әскерді өз бақылауына алып, бүлікті өзі ұйымдастырады.
Дәл сол күні Пиночет бас қолбасшылыққа ие болған күні 1973 жылы 22 тамызда оппозициялық көпшілік “Палата келісімі” деген құжат қабылдап, Халық бірлігі үкіметін заңсыз деп тапқан болатын. Оның мазмұнында президенттің конституциялық заңдар мен қызмет бабын асыра пайдаландығы сипатталған туралы айыпталу сипатталған еді. Сонымен қатар құжатта әскерилерді президентке бағынбауға шақырған ұрандар көрсетілді. Бұл құжат христиан-демократиялық партиясының бастамасымен қабылданған болатын [11,15]. Билікті сақтап қалу мақсатымен 10-қыркүйек күні кешкісін президент оппозиция мүдделерімен келіседі. Бірақ бұл өте кеш еді, бүлікке санаулы сағаттар қалған еді.
Альенде Аугусто Пиночетті тек биліктің жоғарғы сатысына әкеліп қоймай, кейін елде диктаторлық жүйенің орнығуына үлкен жағдай жасап берді. Ал енді осы елді 17-жыл бойына билеп төстеуін бастайтын генерал Пиночеттің саяси келбеті де өзінше тұрпатты деуге болады. Пиночет өмірінде 1973-жылға дейін ауыз толтырып айтарлықтай ешқандай оқиға болмаған еді. Ол тұста Пиночет жасы елудің сегізін еңсерген ел ағасы, бес баланың әкесі еді. Әскери жүйенің ең төменгі иерархиясынан бастап шыңына дейін өз еңбегімен көтерілген тұлға болатын. Пиночет 1915-жылы 25-қарашада Сантьягодан онша алшақ емес ірі қала — Вальпораисада дүниеге келеді. Кеден қызметкерінің алтыншы баласы болған. Оның ата-аналары католик дініне өте берік адамдар болыпты. Бала кезінде Пиночет өте әлжуаз, аурушаң бала болған, ол өзінің қатарларынан еш айырмашылығымен ерекшеленбеген. 18 жасында әскери мектепке түскен ол, әскери шенінен осы күнге дейін ажырамаған адам. 21 жасында, 1936 жылы ол мектепті бітіріп шығады. Содан оның әскери карьерасы басталады. Ол тек қатардағы офицер болмаған. 1954-жылы Әскери академияның профессоры атанып, әскери география, геосаясат, стратегия пәндері бойынша дәріс оқиды. Араға 10 жыл салып академия директорының орынбасары қызметін атқарады. 1956-1959 жылдары Пиночет Вашингтондағы Чили әскери миссиясының құрамында жұмыс істейді. Көтеріліс қарсаңында Пиночет 37 жыл еңбек өтілі бар лейтенанттан генерал шеніне дейін өскен жауынгер еді.
Пиночеттің көтерілісті жасауына сыртқы күштердің әсіресе, ОББ мен Пентагонның үлкен көмегі тиеді. АҚШ Халық бірлігі билігін құлату үшін Чили әскерилеріне көз тігеді. Оларға өте беделді тұлға керек болды. Мұндай тұлғаны олар Пиночет бейнесінен көрсе керек [25,103]. Елде төңкеріс орнату жоспарына Пиночет 1972 жылдың көктемінен кірісе бастайды. Елде билікке қарсы бағытталған үгіт-насихат кең етек алады, ол әсіресе әскерилер арасында асқан шеберлікпен ұйымдастырылады. ОББ революция мен қатар контрреволюциялық әрекет жасайды деген адамдардың тізімі жасалып, революция жүзеге асқан жағдайда олардың бәрі сотталады деп шешілді. Сонымен қатар ОББ қорғауына алынатын адамдардың тізімі, стратегиялық нысандардың тізімі революция қарсаңында беріліп отырды. Мұндай әрекеттерді жасырын түрде генерал Пиночет жүзеге асырып отырды [25,106]. 1972 жыл көлемінде ОББ Чилиге 1500 өзінің агенттерін жібереді. Олардың ішінде Кубалық контрреволюционерлер де болған, олар “Патриа және Либертад”, “Роландо Матус” секілді фашистік ұйымдарына көмектесу үшін жіберілген болатын. Осы орайда әскер ішінде екі жік пайда болды, олар: офицер-революцияшылдар және офицер конституцияшылдар. Көтерілісшілер өздерінің агенттерін түрлі саяси, жұмысшы, студенттік және басқа да ұйымдарға енгізді. Диверсиялық топтар мен олардың қызметінің сандары ұлғайды. Революцияны қорғайтын ұйымның құрамы осы кезден бастап анықтала бастады, оны жақтау полковник Контрерасқа тапсырылды. 1973 жылы фашистік штурмавой отрядының басшысы (патриа және либертад) Р.Тиме өзінің басшыларының құпия жоспарын жариялап салады. Ол: “Сайлаудан кейінгі 60 күн ішінде шеру болады”- дейді [25,106]. 29-маусымда Сантьягода төңкеріс жасау әрекеті орын алды. Оны “патриа және либертад”пен байланысы бар полковник Супер, бірнеше танкімен және бірнеше жүз 2-ші бронетанкілік полктің жауынгерлерімен жүзеге асырмақшы болды. Олардың мақсаты президент сарайы Ла-Монеданы басып алу еді. Бұл оқиға тарихқа “танкілік бүлік “ деген атпен енеді. Осыдан кейін ОББ мен Пентагон әрекеттері әшкереленіп қалады. 1973 жылы 9 тамызда Альенде үкімет кабинетін қайта жасақтайды. Осы сәтті тиімді пайдаланған Пиночет өз жақтастарын үкімет құрамына кіргізіп алғысы келеді. Осы тұста конституционалистер Пратс пен Монтеро позициялары әлсірейді. “15-ң комитеті” конституцияшылдардың үкімет құрамына кіруіне қарсылық танытады [25,112] . Енді Пиночет жақтастары түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы үкімет құрамындағы конституцияшылдардан құтыла бастайды. Осындай әдіс-тәсіл негізінде Пиночет жақтастары оның ішінде қоғамдық жұмыс және көлік министрі болып Умберто Маглиокетти, ал әскери-әуе күштерінің қолбасшысы болып генерал Густаво Ли тағайындалады. Жоғарыда атап кеткендей белгілі себептермен генерал Пратс отставкаға кетеді. Оның отставкаға кетуін бүлікшілер үшін ірі жеңіс деп бағалауға болады. Пратстан кейін екі генерал бірі карабинерлар корпусының бас директоры Хосе Мария Сепульведа мен қарулы күштердің әскери-оқу бөлімінің басшысы Гильермо Пиккерингкте отставкаға кетуге мәжбүр болады. 7 қыркүйекте Альенде генералдармен кездесіп референдум ұйымдастыратындығы жайлы мәлімдейді. С.Альенде халыққа 11 қыркүйек күні қайырылмақшы болады. Президенттің бұндай шешімі революционерлердің шапшаң қимылдарға баруына әкелді. Міне осылайша 1973 жылы 11 қыркүйекте “Унидас”оқу-жаттығу шаралары орын алады. Ол көзделген жоспар бойынша бір аптадан соң болу керек болатын. Әскери құрамдар мемлекеттік және үкіметтік орындардың бәрін басып алады. Көтерілісті қолдаудан бас тарқан офицерлердің бәрі өмірлерімен қош айтысады. Революционерлер бүкіл БАҚ-мен байланыс құралдарын басып алады. Барлық операцияны генерал Пиночет Ла-Монедадан 30 шақырым қашықтықта орналасқан Пеньялаленадан басқарып отырды. Бұл көтерілісте Пиночетке адмирал Тронносо, генерал Баэса, генерал Гутьеррас секілді майталмандар қатты көмектеседі [25,116]. Міне осылайша 1973 жылдың 11-қыркүйегі тарихқа “Пиночет таңы” деген атпен енеді. Пиночет төңкерісі өте қорқынышты, қанды оқиғалардың бірі болып саналады. Радио арқылы диктатор Хунтаның прокломациясын жариялайды.
Бұл прокламация төмендегідей жәйттерді хабарлаған болатын: “
-әлеуметтік, экономикалық дағдарыстарды ескере отырып, республика президенті өз өкілетін қарулы күштер мен карабинерлер корпусына беруге;
-Чили әскери күштері өздеріне жүктелген тарихи миссияны орындап, халықты марксизмнен азат етеді;
-Чили жұмысшыларының бүгінгі күнге жеткен жетістіктері өте зор ілтипатпен бағаланады;
-Халық бірлігінің радиостанциялары мен телеарналары осы сәттен бастап өз жұмыстарын тоқтатуы тиіс. Өйтпеген жағдайда олар күшпен жойылады;
-Сантьяго тұрғындары өз саулықтары үшін үйлерінен шықпауы керек”-дейді.
Коммюникеге қол қойғандар:
-қарулы күштерден генерал Аугусто Пиночет, адмирал Хосе Торибио Мерино, генерал Густаво Ли ,
-карабинерлер корпусынан генерал Сесар Мендоса”- делінген [24,5].
Осы хабардан кейін жауап ретінде “Порталес” радиосы арқылы президент Сальвадор Альенде: “Мен бұл қызметтен кетпеймін, жұмысшылар берген билікті өз жаныммен қорғаймын”-дейді [24,6]. Біраз уақыт өткен соң “Порталес” үні өшеді. Осылайша хунта өз сөзіне берік екендігін дәлелдейді. Билік үшін соғыс түс ауа сағат 15-ке таман аяқталады. Осы күні кешкі сағат 18-ден бастап коменданттық тәртіп орнайды, тұрғындардың үйлерінен шығуға қатаң тиым салынады.
Міне, осылайша Чилиде әскери жүйе орнап, Пиночет есімі бүкіл әлемге танымал болады. Бұл есімнің ХХ ғасыр диктаторларының арасынан ойып тұрып орын алғаны тарихтан мәлім. Жалпы Пиночет жүйесі туралы әлемдік тарихта әртүрлі саяси-тарихи баға берілген. Пиночет билігі ресми түрде 1990 жылға дейін, бас аяғы 17 жылға созылады. Оның билігі кезінде елді репрессиялық толқындар басты. Аугусто Пиночет 1974 жылы билігін заңдастыру нәтижесінде (17 желтоқсаннан бастап ел президенті ) плебисцит өткізіп өзін президент етіп жариялайды [10,223].
Пиночет алдында екі үлкен мәселе тұрды, бірі елдің саяси тұрақтылығын қамтамасыз ету болса, екіншісі ел экономикасын жақсарту еді. Бірінші кезекте елдің саяси тұрақтылығынан бастайық. Билікке келе салысымен әскери хунта елде” ішкі соғыс жағдайын” жариялап ірі көлемдегі репрессиялық шаралар жүргізе бастайды. Мұндай шараларды жүзеге асыру үшін 100 мың жауынгер мен әскериленген құрылымдар пайдаланылады. Олардың алдына демократиялық ұйымдарды, солшыл күштерге жататын 20 мың адамды жою мақсаты қойылады. Іздеу шаралалына полиция бөлімдері де атсалысады. Азаматтық соттардың орнын әскери трибуналдар басады. Тек хунта билігінің бірінші аптасында ғана 20 мыңға жуық адам өлтіріледі, 30 мың саяси тұтқын азапталады, 25 мың студент оқудан шығарылады, 200 мың өзге көзқарастағы жұмысшылар жұмыстан шығарылады [25,122]. Марксизмді жою үшін елдің үштен бірін қыру керек деп есептелді. Елде концлагерлер көптеп салына бастады. Бір кездері халықтың құмарын қандырып отыратын Ұлттық стадион азаптау мен тұтқындаудың орталығына айналды. Жоғарыдағы жағдайларды ескере отырып Пиночет ұлттық барлау орталығын құруды ұйғарады. Алдымен 1973 жылы 31 желтоқсандағы декрет бойынша Сотталғандар ісі бойынша ұлттық атқарушы секретариаты (бұдан былайғысын СЕНДЕНТ деп оқыңыз ) құрылады. Ал 1974 жылы шілдеде Ұлттық барлау басқармасы (бұдан былайғысын ДИНА деп оқыңыз ) құрылады. ДИНА-ның қызметіне ақпарат жинау, оны талдау болды, сонымен қатар ол дербес жазалау акцияларында жүзеге асырып отырды. ДИНА-ның бұл әрекеттерін гитлерлік гестапомен салыстыруға болады. Азаптаудың өте ауыр және сорақы түрлері орын алды. Олардың ішінде электроқорқыныш, тұтқындарды асу, аш атжалмандарға тастау, химиялық қышқылдармен, ыстық сумен күйдіру және т.б. сорақы түрлері болды. ДИНА-ны Пиночеттің жақын серіктерінің бірі полковник Контрерас басқарады. Жалпы Ұлттық барлау басқармасы немесе Пиночеттің атқару билігі Халық бірлігі жақтастарын қатты қадалаған. Компартияның Марио Самороно, Ульдарико Донайре, Хорхе Муньос, Хосе Вейбель, Фернандо Наварро, Бернардо Аройа, Сесар Серда, Мануель Варгас секілді ірі белсенділері із түссіз жоғалды деп есептелді. Сондай-ақ 1976 жылы Социалистік партияның Эксекиэль Понсе, Карлос Ларка, Рикардо Лагос, Ариэль Мансилья секілді жетекші басшылары да осындай тағдырдың тәлкегінде кетті делінеді [25,131]. Бұлардың көпшілігі өлтіріліп Тынық мұхитына тасталып отырады. Жоғарыдағы СЕНДЕТ пен ДИНА агенттерінің басым бөлігі АҚШ-та оқу-жаттығу бағдарламасынан өткен жауынгерлер болатын. 1977 жылы 13 тамыздағы хунтаның номері 1876 декрет-заңнамасына сәйкес ДИНА таратылып, номері 1878 декретке сәйкес Ұлттық ақпараттық орталығы (СНИ) құрылады. Бұл ұйымдардың аты өзгергенімен заты өзгермеді [1,37]. Бұл ұйымның әрекеті ДИНА-дан асып түспесе кем болмады. 1980 жылдың шілде айына қарай СНИ жұмысы одан әрі жандана түседі.1983 жылға қарай адам құқықтарын қорғаудың халықаралық ұйымдардың берген есебі бойынша 96 патриот өлтіріледі, 379 адам жарақат алады, абақты мен концлагерлерге жабылғандардың саны 32 мыңнан асып түседі. 1984 жылы 19 сәуірде Социалистік партияның 4 мүшесі ұсталып түрмеге қамалады. Олармен қоса Социалистік партияның белді мүшесі Хорхе Чадвикпен Социалистік партияның Орталық Комитетінің мүшесі Луис Гусман да қамалады. 1984 жылы елде 80 адам өлтіріліп, 30 мыңнан астам қарапайым чилиліктер концлагерлерде болып шығады. 1985 жылы хунта Коммунистік партияның мүшелері Мануэль Герреро, Хосе Мануэль Парадо және Сантьяго Натиконы ұрлап кетіп, содан соң азаптап өлтіреді. Олардың мәйіттері Сантьягодан 15 шақырым жерден табылады. 1985 жылы Чилиде СНИ қолынан 67 мың адам өлтіріліп, 5 мың адам түрмеге түседі. Құпия агенттермен оппозицияның 530 белсендісі ұрланады [9,26]. Сонымен қоса Пиночет жүйесі 1974 жылы 30 қыркүйекте генерал Пратсты Буэнос-Айрес орталығында ДИНА агенттерінің көмегімен өлтіреді. Жалпы Пиночет қарапайым комммунистік көзқарастағы чилиліктермен қатар ірі-ірі беделді саяси тұлғалардан өз жолын тазартып отырған. Жоғарыда атап өткендей Сантьягодағы Ұлттық стадионда жүйенің алғашқы күндері азаптау процессінен 12-15 мың адамнан өтіп отырған. Стадионға жақын маңда велодром болған. Сол велодромда азаптау мен тұтқындаудың негізгі ошақтарының біріне айналған. Пиночет жүйесінің алғашқы күндері ол жерде 50 ден 250 адамға дейін атып отырған. Сонымен қатар 5 мың орындық “Чили” стадионы да өте қатыгез концлагерлердің біріне айналған. Бұл стадионнан қашып құтылған боливиялық ғалымдардың айтуынша мұнда басы жоқ, қарны ақтарылған, емшектері кесілген әйелдер, тіпті жіліктеп тастаған дене мүшелері шашылып жататын болған. Әскерилер үшін өліктерді жерге тапсырғаннан гөрі, рефрижаторлармен Вальпараисо портына апарып теңізге тастау тиімді болған. Халық саны 1973 жылы 10.2 млн адам болса, Пиночет билігі кезінде 1 млн.-нан астамы басқа елдерге қоныс аударуға мәжбүр болды. Ел экономикасы көптеген кәсіби мамандардан айырылды, елдің интеллектуалдық деңгейі төмендеп кетеді. Әлемнің испан тілдес аймақтарына қоныс аударған чилиліктер бүгінде испандық әлеуметтанудың, мексика киномотографиясының, перу журналистикасының, аргентина медицинасының, вэнесуэль физикасының, коста-рика әдебиетінің мақтанышы болып отыр. Сол эмигранттардың 60 пайызға жуығы елге оралмады [9,51]. Керек десеңіз жоғарғы оқу орындарының ректорларына дейін әскери адамдармен алмастырылып отырған. Бұған мысал ретінде Ұлттық университеттің ректоры Боэннингердің орнына генерал Дальеудің келуін айтуға болады, ал шынайы билік фашист Данило Сальседоның қолында болды. Ал ол жас кезінен бастап шизофриниямен ауыратын болған. Чили фашистерінің арасында психологиялық ауруларға душар адамдар көптеп кездесіп отырған. Пиночет билігі кезінде дәл сондайлардың тасы өрге домалайды. Жоғарыда Пиночет билігі жайындағы пікірлердің әр алуандығы туралы айтып кеткен болатынбыз. Біреулер Пиночетті фашистке теңесе, енді біреулері оны ұлттың құтқарушысына теңейді. Ол халықты марксизм-ленинизмнен құтқарып қалды дейді. Оның жүргізген экономикалық реформалары жайлы да әр алуан пікірлер бар. Кейбір экономист ғалымдар оны “Чили ғажайыбы” десе, енді біреулері ешқандай да “ ғажайып” болмады дейді. Жалпы ел тұрақтылығын сақтау үшін, экономикалық тұрақтылықтың да алатын орны ерекше. Сальвадор Альенде басқарған үкіметтің жүргізген саясаты меншік иелерінің наразылығын тудырған еді. С.Альенде үкіметі ел экономикасының басым секторларын мемлекет қарамағына алған еді. Мысалы үшін 1971 жылдың соңына қарай қаржы нарығының 90 пайызы мемлекет қарамағында болған [10,221]. Мұндай іс-шараларға үкіметтің көп қаржы жұмсағаны белгілі. Өнеркәсіп орындарын мемлекет қарамағына алу меншік иелерінің қарсылығына тап болды. 1973 жылдың қыркүйегіне қарай мемлекет 507 фирманы бақылауына алып үлгерді. Өнеркәсіп орындарымен қоса әр түрлі дәрежедегі банктер, шахталар, т.б. мемлекет бақылауына алынды. С. Альенде мемлекет басқаруының алғашқы жылы, яғни 1971 жылы Чили экономикалық өрлеу үстінде болатын. Ішкі жалпы өнім (бұдан былайғысын ІЖӨ деп оқыңыз) 3,6 пайыздан 8 пайызға дейін өсті. Бұл 1950 жылмен салыстырғанда өте жоғарғы көрсеткіштер еді. Жұмыс күшіне деген сұраныс артты. Осының нәтижесінде жұмыссыздар саны 5,7 пайыздан 3,8 пайызға дейін қысқарды. Инфляцияны ауыздықтау саясаты қатаң бақылауға алынды, нәтижесінде бір жылдың ішінде инфляция көрсеткіші 31,6 пайыздан 22,1пайызға төмендеді. Орташа жалақы көлемі 22,3 пайызға өсті. Іс жүзінде Халық бірлігі елеулі экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізген еді. Дегенменде 1971 жылы нарықтық тұрақсыздықтың көріністері бар еді. Олай айтуымыздың себебі, бюджет тапшылығы 1970 жылы ІЖӨ 3,5 пайызды құраса, 1971 жылы ол көрсеткіш 9,8 пайызға тең болды. Сонымен қатар елдің валюта қоры 59 пайызға, яғни 394 млн доллардан, бір жыл ішінде дәлірек айтсақ 1971 жылға қарай 163 млн долларға дейін азайып кетеді. Альенденің жүргізген реформаларының нәтижесінде жеке капитал сыртқа ағыла бастайды. Экспортты ұлғайту саясаты іске аспай қалады. 1970 жылы экспорттағы тиімді сальдо, яғни экспорт импорттан 95 млн долларға артық болса, 1971 жылы керісінше импорт экспорттан 90 млн долларға артық болды.Бұндай оқиғаның орын алуына ең бірінші, әлемдік нарықта мысқа деген сұраныстың күрт төмендеуі [26,128]. Екіншіден жалақының өсуі. Ол халықтың сатып алу мүмкіншілігін арттырды. Чили өз-өзін тауармен толық қамтамасыз ете алмаушы еді, сол себепті тұтыну заттарының басым бөлігі сырттан әкелініп отырды. Елде қаржы жетіспеді, сол үшін мемлекет эмиссиялық саясат жүргізуге бел буды. Осының нәтижесінде ақша көлемі 1971жылы 119 пайызға, 1972 жылы 173 пайызға, 1973жылы 413 пайызға жеткен. Жалпы 1970-1973 жылдары айналымдағы ақша көлемі 30 есеге өскен. Ендігі кезде тапшылық орын алды, инфляция көлемі күрт өсті. Мысалы 1972 жылы инфляция 260,5 пайызға, 1973 жылы оның көрсеткіші 605,1 пайызға дейін жетеді. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1972 жылы 0,1 пайызға қысқарса, 1973 жылы ол 4,3 пайызға дейін қысқарады. Міне осындай процестердің жиынтығын, нақтырық айтсақ С.Альенденің экономикалық саясатын кейбір ғалымдар “экономикалық трагедия” деп атап кетеді. Осындай экономикалық қателіктердің нәтижесінде С.Альенде үкіметінің халық алдындағы беделі түсіп, Пиночеттің билік үшін күресін біршама жеңілдете түскені осылайша да айғақталады. Пиночеттің билікке қалай келгендігін жоғарыда атап кеттік. Енді ғалымдардың біразы “Чили ғажайыбы” атап кеткен Пиночет үкіметінің экономикалық реформаларына тоқталып кетейік.
Пиночет үкіметінің жүргізген экономикалық реформаларының барлығын бірдей ғажап болды деп айту асыра сілтегендік болар. Ол жүргізген реформалардың да кемшілігі болды. Пиночет жүргізген экономикалық саясатын реформа дегеннен гөрі, экономиканы қайта қалпына келтіру десек те болады. Ол көпшілік жағдайда С.Альенде жүргізген реформаларды өзгертіп қалпына келтіріп отырды. Осылайша Пиночет үкіметінің алдында Чили экономикасын құтқару мақсаты тұрды. Чили экономикасын құтқару үшін шешімін күттірмейтін екі мәселе тұрды. Біріншіден маркстік, кеинстік экономикалық идеологиядан құтылу. Екіншіден экономиканы тез арада жандандыру. Билік басына келген жаңа үкімет мүлдем басқа бағытты таңдап алады. Жаңа үкімет жоспарлы мемлекеттік, коммуналық экономикадан бас тарты, нарықтық экономикаға көше бастайды. Халық Пиночет билігі тұсында моральдік бұғауда болғанымен, экономикалық жағынан тәуелсіз болды деп айтуға болады. Оның себебін Пиночеттің либералды экономикалық теорияның жақтасы болғандығымен түсіндіруге болады. Қазіргі таңда Чили 142 мемлекеттің ішінде 30-шы орынға табан тіреп тұр. Чили экономикалық реформаларының басы-қасында Сантьягоның Католик университетінің жас экономистері тұрды. Олардың негізгі ұстанған бағыты, ол онша еленіп қоймайтын чикаго мектебінің доктриналары еді [10,227]. Чикаго доктринасы нарықтық қатынас арқылы шешу, мемлекеттің экономикаға араласуына қарағанда анағұрлым жоғарғы жетістіктерге әкеледі деп шешті. Мемлекет либералды позицияны ұстануы керек деді. Реформаторлар оның жүзеге асуына көп көмек көрсетті. Біріншіден бизнестің өркендеуіне кедергі болып келген әкімшілік шектеулерді жойды. Осылайша өнеркәсіпте болсын немесе шағын бизнесте болсын табыс табу стимулы жанданды. Екіншіден бағаны либерализациялау жүзеге асырылды. Бұл өз кезегінде инфляция көлемінің күрт өсуіне алып келді. Үшіншіден 1973-1974 жылдары қарқынды түрде жекешелендіру шаралары жүргізілді. Ең алдымен 259 кәсіпорын бұрынғы иелеріне қайтарылды. Бұнымен реформаторлар тоқтамады, 70 жылдар қарсаңы бойында 200 фирма мен банктер жекешелендіріліп жекелеген инвесторларға сатылды. Шет ел капиталын тарту үшін, оларға тиімді жеңілдіктер қарастырылды. Осындай әрекеттердің нәтижесінде 1974 жылдың өзінде ІЖӨ-гі бюджет тапшылығын 25 пайыздан 4 пайызға дейін қысқартуға мүмкіндік туады. Үкімет әрбір мемлекеттік қызметкерге мемлекет мүддесі үшін мемлекеттік қаржыны үнемдеп жұмсауды ұйғарады. 1974 жылы Чилидің ІЖӨ күрт төмендеуі тоқтап ол 1 пайызға өседі. Инфляция екі есеге төмендеді дегеннің өзінде жылына 369,2 пайызды көрсетіп тұрды. 1975 жылы Пиночет мемлекеттің экономикасын тұрақтандыру үшін жаңа бағдарламалар қабылдайды. Ол бойынша мемлекеттік шығын қысқартылып (қоғамдық секторды қаржыландыру үшін), табысқа салынатын салық көлемі уақытша 10 пайызға өсіріледі, 10 пайыздық салық сән заттарына да енгізіледі, қосымша құн салығын (бұдан былайғысын ҚҚС деп оқыңыз) төлеудегі барлық жеңілдіктер ауыстырылады. Дәл осы тұста Чили реформаторларының жолы болмады. Чили экспортының алтын сақасы, мыстың әлемдік нарықтағы бағасы 45 пайызға арзандап, мұнай бағасы шарықтай түседі. Сауда балансында тапшылық орын ала бастайды. Ұлт валютасы песо құнсыздана түседі. 1975 жылы инфляция деңгейі біраз ғана төмендеп, 1976 жылы ол 198 пайыз көрсеткішті құрады. Жоғарыда айтылған жетістіктерге қарамастан өнеркәсіп өндірісінің деңгейі 12,9 пайызға төмендейді. Осындай экономикалық сәтсіздіктерге қарамастан, мемлекет басында тұрған әскерилер “чикаголық балақайларды” құдаламады. Оларға өз қателіктерін түзеуге мүмкіндік берді. Чили бизнесінің біраз бөлігі либералды экономикадан зардап шекті. Бұған импорттың да либералдандырылуы әсерін тигізді. Оның үстіне Чили тауарларының көпшілігі бәсекеге қабілетсіз болып шығады. 1978 жылы арнайы жүргізілген зерттеудің нәтижесі бойынша тоқыма, аяқ-киім, тігін өнеркісібі саласында 60 пайыз фирма, тау-кен өндірісінде, металлургия саласында 75 пайыз фирма шетелдік бәсекелестердің нәтижесінде қиыншылықтарға душар болып отырды. 1978-1979 жылдары 31 тоқыма және аяқ киім шығарушы фирма, 1979 жылдан кеиін 42 фирма банкрот деп жарияланды. Жалпы 1975 пен 1982 жылдар аралығында 2748 өнеркәсіптік фирма банкрот деп жарияланды. Оындай сәтсіздіктердің орын алғандығына қарамастан Пиночет өз мінезінің тұрақтылығын дәлелдеді. Оның үстіне С.Альенде жүргізген экономикалық реформалар халықты әбден мезі қылған еді. Халықтың бар үміті тек Пиночеттік технократтарда болды. Жағдайдың нашарлағанына қарамастан либералды реформалар жүзеге асырылып бірте-бірте жемісін бере бастады. Бұл алдымен экономикалық өсу қарқынынан көрінеді. Банкрот болған кәсіпорындардың орнына жаңа кәсіпорындар келе бастады. Сақталып қалған фирмалар өз айналымын күшейтіп, бәсекеге қабілеттіктері арта бастады. 1976 жылғы өсім 3,5 пайызды құрайды, ал 1977 жылғы өсім 9,9 пайызды құрап, кейінгі үш жыл қатарынан осындай көрсеткішке ие болады. Чили мысалы бізге нарық көп нәрсені реттейтіндігін көрсетті. 1977 жылы Чили тұтынұшыларының шынайы жұмсайтын қаржысы 14,2 пайызды көрсетті, Альенде тұсында мұндай көрсеткіштер тек арман еді. Ол жетістік мынадан көрінеді нарықтың қалыпты жұмыс істеуінде адамдар еңбек етеді, өз еңбегінің жемістерін өздері көреді, сол арқылы басқа да адамдардың өндірген тауарларына сұраныс тудырады. Ал нарықтың мемлекет тарапынан қысым көру жағдайында адамдар (капиталистер мен қарапайым жұмышылар да) жұмыс істеуден қашқақтап, ортақ суатқа қарай ұмтыла бастайды. Нәтижесінде тауар өндірілмейді, ал мемлекет қисапсыз шығара беретін ақша көлемі артып, тек инфляцияның өсуіне алып келеді. 1978 жылы Чилиде инфляция 40 пайызды құрап, кейінгі жылдары осы деңгейде тұрақтап қалады. Десек те 70-жылдардың соңында Чили реформалары жоғары көрсеткішке жетті деу қиын. Чили экономикасында инфляция деңгейі әлі де болса жоғары болды, ол инвестиция тарту үшін едәуір кедергі келтірді. Екіншіден банктердің несиелік көрсеткіштері жоғары болды. Үшіншіден ІЖӨ өскендігіне қарамастан жұмыссыздық саны төмендемей тұрды. Төртіншіден бүкіл Чили экономикасы ішкі сұраныс нәтижесінде өсті, сыртқы саудада Чили тауарлары онша бәсекелестік таныта алмады, бұл өз кезегінде сауда балансында тапшылықтың орын алуына алып келді. Жекешелендіру толық аяқталмады. Экономикада мемлекет үлесі азайғанымен ірі кәсіпорындардың біразы мемлекет қолында қалып қойды. Мыс қазу мен өңдеу кәсіпорындары жекешелендіруге көп қарсылық танытты. Жекешелендірілмеген кәсіпорындар қайта ұйымдастырылып отырды. Оларға мемлекеттік дотациялар берілмеді. Реформаторлар үшін ең елеулі күрес ол- инфляциямен күрес болды. Сол кездері тауар құны қымбат болды. Оны реформаторлар былай түсіндірді: құнсызданған песо шетел тауарларын қымбаттатты, одан барып мемлекеттік кәсіпорындар тиісінше өз тауарларының бағасын қымбаттатуға мәжбүр болды. Яғни инфляцияда сырқы фактор көп маңызға ие болып тұр дейді. Ол үшін песоның құнын көтеруді ұсынады. Жалпы алғанда бұл ұсыныстары оңды болып шығады. 1980 жылы инфляция қарқынын біраз ауыздықтап, ал 1981 жылы оның деңгейі 9,5 пайызды құрайды. Осы орайда реформаторлар тағы бір сәтсіздікке ұшырайды, песо қатты құнданып кетіп Чили экспортының жағдайы нашарлай түседі. Осының нәтижесінде экспорт көлемі қысқарып, импорт көлемі керісінше ұлғая түседі. 1979 жыл мен 1981 жыл аралығында сауда балансының тапшылығы ІЖӨ 10,3 пайызын құрады. Бұл алдағы жағдайлардан төрт есе артық еді. Бұндай айырмашылықты Чили тарихы бұрын соңды білмеген еді. Бұндай тосын жағдайдан құтылу үшін Орталық банк 1981 жылы несиенің пайыздық көлемін қымбаттатады. Несие қымбат болса тұтынушылар несиені көптеп алмайды, ол өз кезегінде импортқа деген сұраныстың азаюына алып келеді деп шешті. Шынында бұл саясат оң нәтиже беріп тапшылық көлемі азайды. Бірақ елдің өнеркәсіп орындары арзан несиеге үміт артушы еді, енді олар қаржы тапшылығына тап болды. Дәл осы тұста әлем экономикасының нашарлауы Чили экономикасына да әсерін тигізбей қоймады. 1980 жылы әлемдік өндірісте төмендеу қарқыны байқалды. Ол өз кезегінде Чили шикізаттарына деген сұранысты төмендетті, оның үстіне 1981-1982 жылдары әлемдік нарықтағы мыстың бағасы тағы да төмендеп кетеді . Әлемдік дағдарыс, өте құнды песо, қымбат несие, бәрі жинала келе 1982 жылы Чили экономикасына үлкен кері әсерін тигізеді. Өнеркәсіп өндірісі 1975 жылы да төмендеп 14,1 пайызды құрайды. Инфляция деңгейі қайта көтеріліп, халықтың табыс мөлшері азая түседі. Чилиліктердің бағына орай бұл дағдарыс ұзаққа созылмады. Келесі жылы өнеркәсіп өндірісінің төмендеуі бар болғаны 0,7 пайызды көрсетті. Бұның бәрі экономикалық либерализация нәтижесінде жүзеге асқан еді. Бір қызығы дағдарыс кезіндегі билікке қысым көрсету, дағдарыстың тереңдей түскендігіне қарамастан жүзеге аспаған. Чилиде тағы мынадай жағдайлар орын алып отырды: ол мемлекет жағдайы нашар кәсіпорындарды өз қарамағына алып әр-түрлі дотациялардың есебінен оны қайта қалпына келтіріп, қайта биржаға шығару жүйесі болатын. Осындай жағдайды Чилидің “Банко де Чиле”, “Банко де Сантьяго” атты банктері басынан өткерді. Олар 1983 жылы мемлекет қорғауына өтіп, 1987 жылы қайта саудаға түседі [10,232]. Тек бұл екеуінің ғана емес басқа фирмалардың да басынан осындай оқиғалар қайталанып отырды. Мысалы Чили 1975-1978 жылдар аралығында жекешелендіруден тапқан табысы 730 млн долларды құраған. Ал 1985-1989 жылдары жекешелендіруден тапқан табысы 1,5 млрд долларға жеткен. Бұларды әр қайсысының үлес салмағына қарай бөлшектейтін болсақ энергиямен қамтамасыз ету компанияларының үлесіне 40 пайыз, телефон компанияларының үлесіне 30 пайыз, өңдеуші кәсіпорындарының үлесіне 14 пайыз, қазба байлықтарын жүзеге асырушылардың үлесіне 11 пайыз тиесілі болған. Жекешелендірудің ең бір шырқаған шегі 1988 жылға тұспа-тұс келеді, онда жекешелендіруден түскен табыс ІЖӨ-нің 2 пайызын құрайды [7,27]. 1982 жылдың маусымынан бастап песо құнын қымбаттату саясаты ауыстырылады, ақырындап песоның девольвацияға ұшырауына жол беріледі, бұл өз кезегінде Чили экспортының ұлғаюына алып келеді. 1985 жылдан бастап Чили тұрақты сауда балансына ие болып отыр. Импорт алмастыру саясаты ашық экономикамен ашық экспорт саясатына алмастырылды. 1985 жылдан бастап бюджет тапшылығы қысқара бастады. Осындай жетістіктердің бәрін Пиночет командасының белді мүшесі, елдің қаржы министрі Эрнан Бучидің есімімен тығыз байланысты деуге болады. Бучи тек қаржы мәселесімен айналысып қойған жоқ , сонымен қатар ол 80 жылдардың басында дайындалып қойған жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асырды. Мемлекеттік кәсіпорындардың басым бөлігі жеке меншіктің еншісіне өтті, десек те ірі мыс шахталары, көмір шахталары, екі әскери завод және әуе компаниясы жекешелендірілмей қалды. Жеке меншік иелеріне көптеген жеңілдіктер берілді. Мысалы: Инвесторлар бірінші кезекте сатып алған кәсіпорынның жалпы құнының тек 5 пайызын ғана қолма-қол ақшамен төледі, қалған 15 пайыз 15 жылдың көлемінде төлеп отырды. Ең жақсысы мұндай ұзақ мерзімге берілген несиеге ешқандайда үстеме ақы белгіленбеді. Мұндай тиімді жағдайды қарапайым халық та пайдаланғысы келді, пайдаланды да, олар көптеген фирмалардың, кәсіпорындардың акцияларын сатып алып, өздеріне тиесілі дивиденттер ала бастады. Сыртқы қарыздарын чилиліктер тартымды кәсіпорындардың акцияларының құнымен өтеп отырды. Жұмысшылар өздері қызмет көрсетіп жүрген кәсіпорындардың акцияларын сатып ала бастады. Осындай саясаттың негізінде Чили жұмысшылары екі үлкен кәсіпорынның 100 пайыз акциясына ие болды. Зейнетақы қорлары да жекешелендіру кәсіпорындардың акцияларын сатып ала бастады. ІЖӨ 1989 жылы 10 пайыз көрсеткішті құрады. Бюджет тапшылығы жойылды, жұмыссыздар саны Фрей билігі кезіндегі көрсеткішке дейін түсті. Осындай оң нәтижелерге қол жеткендігіне қарамастан, Пиночет жүйесінде экономика саласында да қателіктер кетті. Пиночет билігі тұсында бюрократиялық аппарат саны 18 пайызға өсті. Қарулы күштерге жұмсалатын шығын 1974 жылы 274 млн долларды құраса, 1975 жылы 523 млн долларға жетті. 1973 жылы әскер саны 80 мың болса, бұл көрсеткіш 1976 жылдың соңына қарай 300 мыңға жетті [7,50]. Жоғарыдағы Пиночеттің экономикалық жетістіктерінің басым көпшілігі негізінен инвестиция тарту нәтижесінде жүзеге асқан еді. Осының салдарынан елдің сыртқы қарызы күрт өсе түседі. Альенде мұрагерлікке 4 млн қарыз алса, оның ел билеуі кезінде сыртқы қарыз 125 млн долларды құраған болатын [9,42]. Ал Пиночет билігінің алғашқы жылы, нақтырақ айтсақ 1976 жылға қарай елдің сыртқы қарызы 5,3 млрд долларды құраған болатын. Аталған жетістіктерге қарамастан 1977 жылдың басына қарай елдің 2,2 млн адамы кедейдің күнін кешкен болатын. Балалар өлімі екі есеге өсіп, туберкулез ауруы алты есеге өскен. 1978 жылғы қарашаның соңына қарай елдің сыртқы қарызы 6,5 млрд долларды құрайды. Пиночет әскер мен өзінің жазалау аппаратына қаржыны аямаған. Ол 1980 жылы бюджеттің 40 пайызын құраған. Жоғарыдағы айтып кеткен 1 млн эмигранттар халықтың 10 пайызын құраған, бұл жұмысқа қабілетті адамдардың үштен бірі еді. Жұмыссыздардың санының көп болуы, елде арзан жұмыс күшін тудырған болатын. Халық жалақысының өзара ара қатынастары да осы Пиночет тұсында алшақтай түседі. Ол 1988 жылға қарай 150:1 қатынасына тең болатын. Бұған мысал ірі кәсіпорындағы ортаңқол басшы айына 4,5 млн песо жалақы алатын болса, қалалық аурухана медбикесі 30 мың песо алатын болған [27,106]. Өз кезегінде Пиночеттің Чилиде ғарыш айлағын салуы ел экономикасына дем берген еді. Жалпы Пиночет билігі кезінде жиналған қарыз мөлшері 27 млрд долларға пара-пар болған. Пиночет қарызын Чили тұрғындарына шаққандағы көрсеткіші әр адам басына 2210 доллардан келетін болған. ІЖӨ жалақының үлес салмағының Пиночет тұсындағы шарықтауы 1989 жылға сәйкес келіп ол 38 пайызы құрайды. Ал бұл көрсеткіш С. Альенде билігінің 1971-1972 жылдарында ІЖӨ 60 пайызына дейін жеткен. Альенде жіберген қателіктердің ішінен осыны да атап көрсетуге болады. Сонымен әскери хунтаның билікке келуі жергілікті олигархтар мен транс ұлттық корпарациялар (ТҰК) қолайлы саяси және экономикалық жағдай тұғызды. Чикаго мектебінің өкілдері негізгі басымдықты шетел капиталына, технологияны дамытуға, экономикадағы мемлекеттің ролін төмендетуге, жеке меншік секторының ролін арттыруға көп көңіл бөлді. Елде бірте–бірте әр кәсіп бойынша олигархтар шыға бастады. Аграрлық шаруашылықтарда да неолибералдық ережелер қолданыла бастады. Жер еркін сауда айналымына түсті. Жекешелендіру жылдары ауылшаруашылығы үшін едәуір кедергілер туғызды. Шаруа табысының аздығы өз істерін оң жолға қоюға мүмкіндік бермеді. Оның өнімділігін арттыруға мүмкіндік те аз болды.
Осылайша әскери хунта жылдары ауылшаруашылығы да терең өзгерістерге ұшырады. Ауылшаруашылығында қарқынды дамыған сала ол жеміс-жидек пен орман өндірісі болды. Дәнді дақыл өндірушілердің табысы біраз көбейді. Міне Пиночет осылайша билікке келеді. Билікке келіп ол алдымен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Оның көріністері жоғарыда көрсетілді. Ол мыңдаған адамның жаны, миллиондаған адамның тағдырын шешті. Ал экономикалық тұрақтылыққа келер болсақ Пиночет ел бақарағн 17 жыл қандай қарама- қайшылықта болса, экономикалық реформалары да сондай қарама-қайшылыққа толы болды. Кейбір зерттеушілердің айтуы бойынша Пиночет ел билеген жылдары “Чили ғажайыбы”делінсе, кейбір зерттеушілер оны жоққа шығарып бағады.
II ТАРАУ. ӘСКЕР, ӘЛЕУМЕТТІК ТАПТАР, САЯСИ ҰЙЫМДАР ЖӘНЕ ШІРКЕУ ЧИЛИДЕГІ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАНУ ПРОЦЕСІНДЕ
1990 жылы 11 наурызда Чили тарихында тағы бір елеулі оқиғалардың бірі болып өтті. Дәл сол күні Аугусто Пиночет сайлауда жеңіске жеткен Патрисио Айлвинге ел тізгінін береді. Бұл Чилидің ұзақ жылғы авторитаризмнен демократияға бағыт алуы еді. Десек те Чили қоғамының демократиялануы авторитарлық жүйенің дезинтеграциялануының тікелей жемісі болып табылмайды. Бірақ та ішкі қайшылықтар өз үлесін қосқаны анық. Пиночет төңкерістің ертесінде-ақ елдегі саяси жағдай жақсара салысымен, экономиканы коллапстық жағдайдан шығара салысымен билікті азаматтық саясаткерлер қолына беремін деген еді. Ол керек десеңіз оның уақытын да айқындап шамамен 20 жыл өткен соң 1991 жылға қарай биліктен кететіндігін мәлімдеген болатын [9,43]. Бірақ жоғарыдағы аталған күштер процестің тездетуін күшейте түскені сөзсіз. Әскери жүйенің ең негізгі бас қатырар мәселесі ол саяси легитимділіктің болмауы еді. Бұл жағдай 80 жылдары одан әрі қиындай түседі. Халықаралық ұйымдар, шебер ұйымдастырылған саяси оппозиция әскери жүйеге елеулі дәрежеде қысым көрсете бастайды. Оппозиция түрлі әдіс–тәсілдерді қолданады. Әскери жүйенің маркстік солшылдарды құрту әдісі, саяси билікті ешкіммен бөліспеуі оппозициялық күштердің бірігіп жұмыс істеуіне алып келді. Олардың ішінде әсіресе христиан- демркратиялық партиясының ролі ерекше болды [11,16]. Пиночет өз билігін легитимдендіру үшін бірнеше плебисциттер өткізеді. Оның алғашқысы 1974 жылы 17 желтоқсанда болып өтеді, онда ол өзін президент жариялаған болатын. Сонымен қоса Пиночет әкімшілігі 1980 жылы жаңа конституция жобасын ұсынады. Бұл референдумды оппозиция не болмаса басқа да мемлекеттік емес ұйымдар бақылай алмайды. Бұл референдумда Пиночет халықтың 67 пайыз даусына ие болады. Осылайша Пиночет өз билігін тағы да заңдастырып алады. Енді Пиночет жүйесін әлсіреткен топтардың іс-әрекеттеріне нақтырақ тоқталып кетейік.
Диктатор жүйесін әлсіретіп, Чили қоғамының демократиялануына әр түрлі бағыттағы саяси партиялар, католиктік шіркеу, Чилидің қарулы күштері, халық қозғалыстары т.б. күштер өз үлестерін қосты. Оппозициялық күштер жүйені әлсірету барысында, алдымен халықтың санасын оятып бақты, халықтық демократиялық қозғалыстарды жандандырды. Чилидегі демократия үшін күрес елдің қарулы күштерінің және полицейлік аппараттың диктатураның қорғаны екенін көрсетті. Осылайша демократиялық күштер елді демократияландыру үшін әскерді, карабинерлер корпусын, полициялық аппаратты демократияландырудың маңызы зор деп тапты. Мұндай әрекеттерді жүзеге асыру үшін әскердің таптық негізін ескеру керек болды. Чили әскерінің негізгі бөлігі кіші буржуазиялық және орта буржуазиялық таптан шыққан адамдар еді. Әскерилерді демократия үшін күреске жұмылдыру үшін оларды жұмысшы таппен тығыз байланыстырып отырды. Сонымен қоса әскер әрқашан антидемократиялық күштердің қырағы бақылауында болғанын ұмытпауымыз керек. Чили әскерінің жоғарғы офицерлік құрамының басым бөлігі АҚШ-та білім алғандар немесе сонда ұзақ жылдар бойы жұмыс істегендер. Десек те офицерлік құрамның демократияға деген көзқарасы жақсы болмаған. Чили әскері Пиночет мүдделерімен қоса қайсыбір АҚШ өнеркәсіптік топтары мен ТҰК-дың да мүдделерін қорғады. Әскерді халыққа қарсы қолданған Пиночет оны өзінің жүйесімен тікелей байланытырып отырды. Бірақ жазалау шаралары қарсаңында әскерилер қарапайым халықтың жүйені құлатуына барлық мүмкіндіктің бар екенін біліп, оларға бір табан жақын балып отырды. 80 жылдардың ортасына қарай жоғарғы офицерлік құраммен диктатор арасында қарама-қайшылықтар орын ала бастайды. Қарулы күш өкілдері елдегі үкіметтің әлеуметтік-экономикалық саясатына, әскерилердің тұрақты түрде репрессиялық шараларға араласатындығына өздерінің наразылықтарын ашық білдіре бастады. Бұндай наразылықтар әсіресе Әскери теңіз күштері мен Әскери әуе күштері арасында көптеп орын алып отырды. Бұл әскери күштер өздерінің жорғарғы білімділігімен белгілі еді. Осылайша Әскери теңіз күшінің бас қолбасшысы Хосе Мерино 1980 жылғы конституцияны қайта қарап 1989 жылы Пиночетті президентікке жібермеу туралы бірнеше мәрте мәлімдеме жасайды [12,108]. Оның мұндай мәлімдемелері әскери теңіз күштері (бұдан былайғысы ӘТК деп жазылады) мен әскери әуе күштерінің (бұдан былайғысы ӘӘК деп жазылады) офицерлер корпусы арасынан да қолдау табады. 1984 жылдың соңында “демократияға өту” жобасын ӘӘК бас қолбасшысы Ф. Маттеи ұсынған болатын. Бұл жоспар тек Чили офицерлерінің ғана емес АҚШ мемлекеттік департаментінің де қолдауына ие болған еді. Адмирал Мерино да хунтаның экономикалық саясатына наразылығын, Пиночеттің президенттік сайлауға қатысуына қарсы екендігін білдіреді. Қарулы күштердегі жағдай Пиночеттің өзінің үстемдігін сақтап қалуы үшін біраз шаралар жасауына түрткі болады. Пиночет жаяу әскер мен ішкі күзетке (карабинерлер корпусы) көп арқа сүйейді. Бұл екеуі ӘӘК мен ӘТК саны жағынан 2,5 есе көп болатын. Жаяу әскер елдің ішкі жағдайын шешуде үлкен маңызға ие болатын. Жаяу әскерді кім өз үстемдігінде ұстаса, елге бақылауды сол орнататын. Пиночеттің жаяу әскерге көп көңіл бөлуінің себебі осында еді. 1986-1989 жылдары Пиночет әскердің жоғарғы эталондарын алмастырады. Пиночет Қарулы күштер оның президенттікке кандидатурасын қолдау керек деп есептеді. Осы мақсатпен ол өзіне қарсы генералдарды қызметінен босатып, орнына өз жақтастарын қойып отырды. Чили әскері ұзақ уақыт бойына “ұлттық қауыпсіздік” бойынша дамып келді. Бұл доктрина Шығыс пен Батыстың қақтығысынан туындаған еді, оның мақсаты коммунистік қозғалысты тек саяси жағынан ғана емес физикалық жағынан да жою еді. Бұл доктрина бойынша солшыл күштерді, бұқаралық ұйымдарды, католик шіркеуінің кейбір ағымдарын жойып, әскерді жан-жақты күшейтіп, барлау қызметтерін күшейту керек болатыен. Пиночет диктатурасы бұл доктринаны өз мақсаттарына жетуде өте шебер пайдалана білді. Жүйе әрқашан да әртүрлі саяси қақтығыстарға моральдік-физикалық жағынан да дайын еді. Бірақ Чили әскерін “ішкі соғыс” жағдайына тәрбиелеу әртүрлі әскери күштер арасында қарама-айшылықтарды тудырды. Ең бірінші жаяу әскердің ролін моральдік-материалдық жақтарынан да күшейтті. Екіншіден ӘТК мен ӘӘК жағдайларын нашарлатты, сыртқы жаумен соғысуға арналған бұл әскер түрлері репрессиялық шараларға қатысуға наразы екенін білдірді. 1987 жылы олар өздерінің өкілдерін ұлттық ақпараттық орталықтан шығуға шақырды. Осындай қарама-қайшылықтарға қарамастан диктатура позициясы әртүрлі қарулы күштердің арасында берік болды. Әскерилер маңызды мемлекеттік қызмет орындарына ғана иелік етіп қоймай, орта қызметтерде де, жоғарыда атап кеткендей университет ректорлығына дейін болып отырған. Кейбір зерттеулердің нәтижесі бойынша 1987 жылы 31 генерал, 27 полковник және 22 майор министрлік қызметте, орынбасарлық, интендант, губернатор қызметтерінде болған, төменгі құрамның офицерлері мемлекеттік мекемелерде кеңесші ролінде болса, көптеген офицерлер кәсіпорындар мен фирмалардың иелері болған. Диктаторлық жүйе кезінде, әсіресе 80 жылдары Чилидің экономикалық, саяси өмірінің милитаризациялануы өте қарқынды жүрді. Атқарушы билік пен заң шығарушы билік толықтай әскерилер қолында шоғырланды. Генералитеттер, Пиночеттің өзі оның отбасы мүшелері өндірістік олигархия мен ТҰК-мен тығыз байланыста болды. Әскер репрессиялық органдар мен бұқаралық ақпарат құралдарын өзінің қатаң бақылауында ұстады. Осы жоғарыда келтірілген мысалдың бәрі хунта билігінің нық тұруына себебін тигізді. Пиночет әскери өндірісті күшейтуге де көп көңіл бөлді. Чилидің экономикасын күшейту арқылы Пиночет әскерді қаржыландырып отырды. Чили әскерінің күшейюіне, генерал Пиночет беделінің қарулы күштер арасында өсуіне көптеген мемлекеттердің ықпалды топтары мүдделі болды. Бірақ-та 1976 жылы Дж.Картер басқарған АҚШ әкімшілігі Чилиге қару тасымалдауына эмбарго жариялағанына қарамастан, АҚШ-тың әскери фирмалары мен НАТО-ның әскерінің көмегімен Чилидің әскери өнеркәсібін жандандырды. Осының нәтижесінде Чили қару-жарақ пен әскери техника экспорты жөнінен Латын Америкасында үшінші орынға (Бразилия мен Аргентинадан кейін) шықты [13,114]. Экспорт үлесі жылдан-жылға тұрақты дамып отырды. Чилидің әскери-өндірістік кешені НАТО-ға мүше елдермен тығыз байланыста болды, оның ішінде АҚШ пен Азия және Африка елдерімен байланысын атап өтуге болады. Елдің милитаризациялану процессін басшылыққа алған Пиночет әкімшілігі күшті репрессивті аппарат қалыптастырды, ол жүйенің қарсыластарын жаныштап басып отырды. Карлос Кардоэн деген азаматтың әскери фирмасы қарқынды дамыды. Ол әртүрлі жарылғыш заттар, миналар, гранаталар, швецариялық фирманың патенті бойынша “Пираньи” атты танкілер де шығарып отырды. Жоғарыда атап өткендей жұмыссыздардың көптігі елде арзан жұмыс күшін тудырған болатын. Осыған орай Кардоэн өнімдерінің құны да арзан болды. Фирма Иракта да (Бағдат маңында) бомбалар шығаратын заводын салады. Кардоэн фирмасы аз ғана уақыт ішінде елдегі ірі қару-жарақ экспорттаушысына айналады. Фирманың клиенттерінің қатарына Гватемала, Сальвадор, Египет, Иордания сияқты мемлекеттер жатты. Диктатура бұл жүйемен де тығыз байланыста болды. Кардоэн фирмасына бұрынғы генерал Карлос Форестьер, бұрын бас штабтың басшысы, қорғаныс министрі болған адам енді фирманың кеңесшісіне айналды. 1981 жылғы дағдарыс кезінде Пиночет әкімшілігі фючерстік мәміле бойынша фирмаға жанданып кетуі үшін 4,6 млн доллар көлемінде несие бөледі. Мемлекеттік әскери компаниялар мен кәсіпорындарда елеулі табыстарға қол жеткізеді. Бұндай кәсіпорындар, фирмалар көптеген шетелдік кәсіпорындар негізінде, атап айтқанда Швецария, Франция, Испания фирмалары негізінде өнімдер шығарып отырды. Ұшақ жасау компаниялары да айтарлықтай табыстарға қол жеткізді. Чили әскери комплексінің дамуына Батыс елдері көп материалдық көмек көрсетеді. Қару-жарақ саудасы қарқынды дамып, 1985-1987 жылдар аралығында ел бюджетіне 100 млн доллар табыс әкеледі [13,116]. 1985 жылы АҚШ Пасха аралын әскери ғарыштық сынақ жүргізу мақсатында Пиночеттің ресми келісімін алды. Осыған ұқсас көптеген Латын Америкасы елдерінде АҚШ өз әскери базаларын сала бастайды. Мұның бәрі АҚШ-тың геосаяси шараларын жүзеге асыру үшін керек еді. Оңшыл оппозиция, әсіресе ХДП жетекшілері 1987-1989 жылдары радикалды көзқарастағы әскерилерді өз қатарына тарту мақсатында әскермен тиімді байланыстар орнатып, диалогқа бара бастайды. ХДП басшылығындағы оппозиция өзінің әскермен жетістіктерін конституцияның демократиялық емес жерлерін өзгертуімен байланыстыруға болады. Сонымен қатар 1989 жылы президенттік сайлауда өз кандидатына қолайлы жағдай туғызады. Олар көтерген ұрандар “Бізге кек керек емес, тек демократия керек,” — деп аталды. Елде жалпы саны 17 оппозициялық партия болды. Оппозиция барлық жағдайда әскер мен карабинерлер корпусымен бейбіт келісімге келуге тырысты. Әскердің демократияға көшуі ел үшін өте пайдалы болар еді деп санады. ЧКП өзі әскердің елеулі рөлін түсініп әскери институттарға қарсы шықпайтынын, басқа партиялардың қатысуымен әскермен диалогқа баратынын мәлімдейді. Бірақ әскерді демократиялық күштер жағына тарту өте қиын болды. Оның себебі әскердің қолдауына Пиночеттің өзі де мүдделі еді және бұған демократияға қарсы күштерді қосу керек. 1988 жылғы плебисциттен кейін ірі олигархия, ірі шенді генералдар секілді диктатураның жақтастары жағдайды өз пайдаларына шешуді көздеп Пиночетті басқа біреумен алмастыруды жөн көрді. Бұқаралық идеологиялық процедурадан өткен жауынгерлер, жоғарғы офицерлік құрамның өкілдері диктатураның сенімді серіктестері болды. Елдегі қиын жағдайдың орын алуы кезінде радикалды көзқарстағы офицерлер оппозициялық топтармен, бірлестіктермен байланыс орната бастады. Сонымен бірге Пиночет жүйесінің қалуында қалаған жақтастары болды. Қарулы күштер диктатураны әлі де болса қорғап тұрды. 1988 жылғы плебисцитте Пиночеттің жеңілуі оның әскер алдындағы, ал әскердің мемлекет алдындағы беделінің түсуіне алып келген болатын [13,117]. Мұнда 17 саяси партиялық конгломератынан тұрған “Демократия үшін бірлік” коалициясы жеңіске жеткен болатын. Бұл коалицияны христиан демократтар мен социалистер басқарған болатын. Осылайша Пиночет жеңіліс тапты. Әскер экономикалық жетістіктерге хунтаның арқасында жетті деп, ал жетістіктің әлеуметтік құны жайында айтпайды. Осындай күрестерді әлеуметтік топтар да жүргізіп отырғаны мәлім. Олардың қатарына антидиктаторлық, буржуазиялық партиялар, жұмысшы таптары, кәсіподақтар, бұқаралық ұйымдар және Чили жастары да бар еді. 80 жылдар соңына қарай Чилидің таптық күштері пролетариаттан бастап, орта және ірі буржзуазия алдында ортақ мақсат әскери хунта жүйесін жою мақсаты тұрды, сонымен қатар олар елдегі ТҰК экономикаға, саясатқа ықпалын азайтып, аз уақыт ішінде демократиялық басқару түріне көшуді көздеді [12,110]. Орын алған оқиғалар желісінде жұмысшы таптарының одағымен демократиялық топтар бірлесе келіп кең ауқымды демократиялық қозғалыстар ұйымдастырды, кәсіподақ, шаруалар қозғалысын қалпына келтірді. Диктатураға соққы беру үшін оппозициялық күштер атынан түсетін кандидатқа сайлаудың платформасын құрды. Пролетариат одағын, басқа да демократиялық қозғалыстарды қалпақпен ұрып алатын күш ретінде қарастыруға мүлдем келмейтін еді. Олар ұзаққа созылған тарихи процесінде жақындаса түсіп, шыңдалған күштер еді. Чилидегі демократия үшін күрес ауыр жағдайда жүрді. Демократиялық жеңісте Чили халқының басты бөлігінің оның ішінде жұмысшы табы, шаруалар және басқа да әлеуметтік күштер мен таптардың атап айтсақ орта және кіші буржуазияның , қызмет көрсету саласының, жастардың атқарған еңбектері зор. С.Альенде тұсында елеулі сандық көрсеткішке жеткен жұмысшы таптары Пиночет тұсында едәуір қысқара түскен еді. Осының нәтижесінде буржуазиялық топтар демократиялық күрестің авангардында жүрген еді. Жұмысшы табының саяси күрестегі алар орны ерекше, ол диктатурамен күресте түрлі әдіс-тәсілдер қолданады.Өз қатарына ауылдық , қалалық кіші буржуазия өкілдерін, маргиналдық таптарды тарта білді. Сонымен қоса жұмысшы табы, оның партиялары, кәсіподақтардың өміршең болуы олардың бастаған бастамаларының қоғамның басым бөлігінің мүддесін қанағаттандыруы еді. 1973 жылғы төңкерістен кейін-ақ саяси партиялардың қызметіне шектеу қойылғандығына қарамастан олар жасырын түрде өз жұмыстарын жүргізіп отырды, ал 1980 жылдан кейінгі аздап “либерализациялаудан”соң олар өз жұмыстарын одан әрі жандандыра түседі. 1980 жылдың ортасына қарай Чилидегі саяси партиялардың көптігі, ұйымдар, бұқаралық қозғалыстардың орын алуы Пиночет жүйесінің азда болса жібігендігін көрсетсе керек. Оппозициялық күштерге тән тағы бір қасиет бұл олардың таптық әртүрлілігі, шашыраңқылығы және қоғамдандырылғандығы еді. Саяси партиялар бірнеше рет “азамттық бағынбау” кампанияларын жүзеге асырады [13,137]. 1983-1986 жылдары және 1988-1989 жылдары диктатураға қарсылық әрекеттерін қоғамдық (әлеуметтік) таптардың барлығы ашық түрде көрсете бастайды. Жұмысшы таптарға ЧКП мен ХДП да қатты ықпалын тигізіп отырды, сонымен қоса К.Альмейда басқарған Социалистік партияның да ықпалы зор болды. Кәсіподақ қозғалыстары жағдайдың қйындығына қарамастан жұмыс істеп, диктатураға қарсы күресте елеулі еңбек сіңіре білді. Диктатуралық жүйе кәсіподақ қозғалыстарының позицияларын әлсіретіп, өз ыңғайларына жығылдырғысы келді. Бұл диктатуралық жүйе үшін оң нәтиже берді. 1977-1983 жылдар аралығында кәсіподақ мүшелерінің саны 2/3 –ге дейін қысқарды. Бұл 1979 жылдың ақпанында қабылданған “Еңбек жоспары” заңының жемісі еді. № 2756 заңына сәйкес ұйымның үш түрі қалыптасады: базалық кәсіподақтар, федерациялар, конфедерациялар. Бір кәсіпорында тек өздерінің ғана мүддесін қорғай алатын бірнеше кәсіподақтардың құрылуына рұқсат етілді. Бұл заң негізінен кәсіподақтарды деполитизациялау үшін қабылданған еді. Сонымен қатар бұл заң кері күшке ие болып, 1979 жылғы наурыз айында кәсіподақтық бірлестіктер жұмысшылар құқығына қарсы заңды өзгетуге тырысып бағады. Антидиктаторлық күрес кезеңінің бірінде, яғни 1981 жылдың маусымында кәсіподақ бірлестіктері “Ұлттық талап” тізімін енгізеді. 80 жылдардың басында кәсіподақтар өз іс-әрекеттерін күшейте түседі. Олардың күшеюіне жұмыссыздар көп үлес қосады. Кәсіподақтар мемлекеттік деңгейде бірігеді. Олардың қатарына кеншілермен құрылысшылар көптеп ене бастады. Орын алып тұрған кәсіподақтар жанынан координациялық органдар құрылады. Олар кәсіподақтарды жалпы ұлттық көлемде біріктіріп отырды. 80 жылдардың басында ұлттық координациялық комиссия (НКПК) құрылды. Ал 1983 жылдың мамыр айында антидиктаторлық күрестің қызып тұрған шағының бірінде Чили жұмысшыларының ұлттық басқарушы кеңесі (НРСТЧ) құрылды. Осы екі ұйым бірлесе жұмыс істеп бүкіл елдің жұмысшыларына кәсіподақтың салмақты күшке ие екендігін көрсетті. Одан барып барлық ұйымдармен, партиялардың, шаруалардың, басқа да әлеуметтік категориялардың өкілдері, студенттермен жастарды біріктірсе диктатураға қарсы елеулі күш екендігін көрсетіп айтады. 1984 жылдың 1 мамырында саяси партиялардың басшылығымен, олардың бастамасымен, олардың бірлестіктері, кәсіподақ ұйымдары сол күні манифестация өткізді. 1985 жылдың 29-30 қазанындағы шерулер, 1986 жылғы 2-3 шілдедегі жалпы ұлттық шерулер, 1987жылғы 7 қазандағы шерулер, 1988 жыл бойы ұласқан жалпы ұлттық шерулер өткізді. Мұның бәрі 1989 жылғы плебециттің орын алуын жылдамдатушы факторлар болды. Күрестің әртүрлі әдістері қолданылды: жай митингілермен демонстрациялар, жұмыс істеуден бас тарту, басып алынған кәсіпорындардан кетуге бас тарту, ашық түрде қарулы қақтығыстарға барудың орын алуы. Бұл шерулердің мазмұнын екі түрлі болды деуге де болады. 1983-1984 жылдадағы шерулерде антидиктаторлық ұрандар орын алса, 1987-1988 жылдардағы талаптар таптық сипатта болды. Осының бәріне қарамастан олардың ең басты талаптары диктатурадан бас тартып, Чилидің демократиялық даму жолына түсу еді. Диктатураға қарсы күресте әртүрлі партиялармен ұйымдардың ынтымақтастығы арта түсті. Олардың күрес әдістері, ұрандары бірін-бірі өзара жалғастырып отырды. Кәсіподақтық ұйымдар талап ретінде кәсіподақ мүшелеріне қатысты мәселелерді көтерсе, саяси партиялар, жұмысшы партиялары әлеуметтік саяси, экономикалық реформаларды жүргізуді талап етті. 1987-1989 жылдары елдің плебисцитке дайындық қарсаңында кәсіподақтық ұйымдар, бірлестіктер елдің оппозициялық күштерінің бірігуі жолында зор еңбек атқарды. Осындай бірліктің болуына қарамастан оппозициялық күштердің арасында ортақ ұзақ мерзімді бағдарламалардың болмауы, кәсіподақ жетекшілері мен саяси партиялардың жетекшілерінің пікірлерінің әр алуандығы антидиктаторлық күрестің мүмкіндіктерін әлсіретті. Шаруа кәсіподақтары этникалық сипатқа ие болды. Жергілікті үндістер бірлестігі пайда болды. Олар мапуче-аракуан тайпаларының өкілдері еді [13,137]. 1980 жылы мапучелер қауымдық жерлерді қайтару туралы талаптар қойды. Олар АДМАПУ (Мапуче халқының ұлттық ұйымына бірігеді, 200 мың үндіс сол ұйымның құрамына кіреді) ұйымының төңірегінде бірігеді. Үндістердің талаптарын орындау мақсатында Пиночет әкімшілгі “Кнут и пряник” саясатын қатар қолданады. Жоғарыда айтылғандай 1986 жылдың соңы мен 1989 жылыдң басына қарай оппозициялық күштердің: түрлі манифестациялар, митингілер, шерулер ұйымдастырғанын көруге болады. Антидиктатуралық күрестің күшеюіне католик шіркеуінің, сонымен қатар халықаралық ұйымдардың атсалысқандығын көруге болады. Мануэль Родригестің патриоттық майданы да ерекше орынға ие. Қатаң репрессиялық шаралардың болуына қарамастан Чилиде диктатура жылдары жұмысшы таптарының, оның партияларының, кәсіподақтарының антидиктатуралық күресі жылдан-жылға өрістей түскен болатын. Әртүрлі әлеуметтік топтар антидиктатуралық күрес тарихына өзіндік еңбегін, үлесін қосты. Жұмысшы таптар мен партиялардың, кәсіподақтардың жетістігі олардың шынайы жағдайды дұрыс бағалап, бәсекеге қабілеттілігін арттыра алуында еді.
Чили тарихында орын алған саяси күресте жастардың да алатын орны ерекше. Чили жастары мемлекет өміріне белсенді ат салыса алды, олардың қоғамды өзгертуге өздерінің құқы мен дауысы, өз пікірі болды. Олармен санаспау мүмкін емес еді. Бұны бірде бір үкімет естен шығара алмайтын еді. С.Альенде тұсында Чилидің жас коммунистерінің саны едәуір өскен болатын. 1973 жылғы 11 қыркүйектегі оқиғадан соң Пиночет үкіметі басқа да қозғалыстар секілді прогрессивті жастар қозғалысын жоюды, түк болмаған жағдайда хунтаның бақылауына алуды көздейді. Чилиде Пиночет жүйесінің орнығуы жас буын өкілдері үшін де жеңіл соқпағаны белгілі. 1983 жылы құрылған “Халықтық демократиялық қозғалыс” (бұны негізінен жастар құрған) құжатында былай дейді: “Білім берудің жеке меншікке өтуі, университеттерді жаңа тип бойынша модернизациялау, жастар жағдайының ескерілмеуі, аштық, кедейлік, жұмыссыздық міне диктатураның бізге бергені”. [13,139]. Репрессия жалыны жас басшыларды, белсенділерді, бойжеткендер мен бозбалаларды да “жалмады”. Көтерілістен кейінгі саяси партиялардың қызметтеріне шектеу қою бір демнен жастар одақтарына да көшті. Хунта декреттері бойынша студенттердің солшылдармен қатынас орнатқандарының барлығы университет қабырғаларынан шеттетілді. Саяси белсенділік танытқан университеттерде репессия аппаратының назарынан тыс қалмады, көпшілік студенттер сотталды, азапталды, қаншамасын өлтірді. Мысалы үшін Консепсьон қаласы университетенің 18 мың студентінің 6 мыңы оқудан шығарылды [14,143]. Марксизм-ленинизмнен аластатылу үшін, жаңа орнаған жүйенің мызғымастығын қадағалау үшін университет басшылығына әскери адамдар тағайындалды. Оқу бағдарламаларынан барлық қоғамдық пәндер алынып тасталды. Ықпалды, демократиялық позицияны жақтаушы Чили студенттерінің федерациясы таратылды. Ендігі кезекте оның орнына әкімшілік сойылын соғатын Чили университеттері орталығының федерациясы құрылды. Дәл осы федерация арқылы жүйе өзінің жастарға арналған идеологиялық саясатын жүргізіп, жастарды “жаңа саяси жүйеге” жақындата түседі. Репрессиялық шаралар нәтижесінде жастардың толқулары, қарсылықтары керісінше күшейе түсті. Чилидің жас коммунистері де бұған біраз үлестерін қосады. Алдымен олар түнгісін қабырғаларға диктатураға қарсы ұрандар жазып жүреді, кейінірек газеттер пайда болды. Ол жастарды фашизмге, зорлық-зомбылыққа қарсы күресуге шақырады. Сонымен қатар жастар жүйеге қарсы үгіт-насихат акцияларын жүргізеді. Жасырын жастар клубтары, театр студиялары және басқа да жасырын ұйымдар жұмыс істеді. Жасырын түрде басқа да солшыл партиялардың жастар қанаттары қызмет істеді. Олар ауылды жерлерге, елдің алыс аймақтарына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді, жүйенің антихалықтық саясатын жеткізуді өз міндеттеріне алды. Олар саяси партиялармен, ұйымдармен қоян-қолтық байланыста болды. Ал диктаторлық жүйе жастардың бостандыққа, әділдікке, демократиялық рухқа деген ұстанымдарын жаныштап отырды. Студенттердің де толқулары саябырсымады. Осы орайда студенттердің дәстүрлі қозғалыстары Чилидің тарихында үлкен рольге ие екендігін айта кету керек. Студенттердің талаптары тек өз мүдделерін ғана емес, бүкіл жастардың, одан қалса бүкіл елдің тілеуін тілеп жоғын жоқтады. 1981 жылы Католик университетінде студеттердің жаңа толқулары орын алды. Бұл университеттерді жекешелендіру заңына сәйкес орын алған оқиға еді. Жастар өздерінің экономикалық жағдайын жақсарту, жұмыссыздар санын азайту, саяси құқықтар мен бостандық, университеттерді демократияландыру секілді талаптарды қойды. Ал жастардың ең басты мақсаттарының бірі — ол әрине диктатуралық жүйені құлату, әскерилерді мемлекеттік биліктен кетіру еді. Бұл мақсаттарға жету үшін Чили жастарының демократиялық ұйымдары да өз үлестерін қосты. Жас радикалдар өз мәлімдемелерінің бірінде: “Бұрынғысынша Чили жастары жұмысшы табымен бірге диктатураға қарсы күрестің авангардында келеді және жастар Чилиде демократиялық билікті орнату үшін жан-тәнімен күресуге дайын”-дейді. Бұл күресте жастар ұйымдары 80 жылдары елеулі жетістіктерге қол жеткізеді. Диктатура алдындағы қорқыныш сезімінен арылады. Олар физикалық жойылу, экономикалық репресиядан да, университеттен шығарылудан да, көшірілуден де қорықпады. Бұлар мұндай қайраттылыққа демократиялық қағидалар үшін барған қадам еді. Чилидің бозбалаларымен бойжеткендері репрессиялық шаралардың орын алуының қатаңдығына қарамастан өздерінің жасырын ұйымдарын сақтап қалды. 80 жылдардың басында диктатурамен белсенді күрес жүргізген жаңа демократиялық ұйымдар құрылды. Бұл “Демократия үшін жастар орталығы”, “Адам құқықтарын қорғау жөніндегі жастар комиссиясы”, студент жастарының орталықтары және басқа да ұйымдар еді. Бұл жастар ұйымдарының пайда болуы көптеген игі істерге бастама болды. Ол ұйымдардың қатарында көптеген оппозициялық күштердің жас өкілдері болды. Құрылған жастар ұйымдары өзара тығыз байланыс орнатып, көп жағдайда бірлесіп жұмыс атқарып жүрді. Елде бүкіл диктаторлық билік кезінде әбден шыңдалып, ысылған жастардың жаңа буыны тәрбиеленіп шықты. Студенттер қозғалыстары да жаңа деңгейге көтеріледі. Университет студентттері, басқа да жастар оппозициялық күштердің бағытымен жүрді. Студенттік жетекшілердің “Чили жастарына” деген үндеуде: “Елде жүйенің бақылауында қалып қойған бірде-бір студенттік федерация қалмады”,-делінген [14,144]. Бұндай жетістіктер жүйенің қарсыластарының беделінің артып, ортақ федерация құру мақсатындағы плебисцитте жеңіске алып келеді. Осылайша он шақты жылдан кейін Чили студенттерінің федерациясы қайта құрылады. Бұл студенттердің, жастардың одан әрі бірлесіп жұмыс істеуіне, ортақ талаптар қоюына жол ашты. Олар өздерінің “Чили жастарына” атты үндеуде: “Біз жаспыз, сондықтан біз диктатураны жақтамаймыз, біз өзіміздің дұрыс өмір сүруге, мәдениетке, еңбекке, денсаулық сақтау сияқты негізгі құқықтарымызды талап етеміз. Біз–студенттер әскери ректорларды қаламаймыз”-дейді. 1984 жылы болып өткен Чили студенттерінің федерациясы (бұдан былайғысы ЧСФ болып жазылады) басшылығын сайлауда солшыл жастар ұйымдары бірлескен блок болып қатысып, сенімді жеңіске жетеді. Сайлауға қатысқан 13,5 мың адамның 8,7 мыңы солшыл коалицияға дауыс берсе, оңшылдар үшін 3,7 мыңы дауыс берді. Пайыздық көрсеткіш бойынша солшылдар үшін 64,8 пайыз, ал оңшылдар 27,3 пайыз дауыс алды [14,145]. ЧСФ төрағасы болып христиан-демократ Йерко Любетич сайланды. Ол жастарды демократия үшін күрес жолындағы алғашқы жеңістері мен құттықтап, одан әрі бірлесіп күресуге шақырады. Өкінішке орай бұл бастама аяқталмай қалады. Оппозиция лагерінде ауызбіршілік бұзылып, ол өз кезегінде жастар ұйымына да әсер етеді. 1984 жылы Чилиде диктатура билігі кезінде наурыз айында алғашқы студенттер шеруі болады. Ол шеруде 120 мыңға жуық адам болады, яғни ел студенттерінің 80 пайызына жуығы. Шеру шеңбері аясында әрбір университеттерде ассамблеялар құрылып, олар диктатуралық билікті жою керек деп шешті. Студенттер шерулері 1986-1987 жылдары жалғасын табады. Бұл шерулердің нәтижесінде Пиночет тағайындаған Чили университетінің ректоры отставкаға кетті. Сонымен қатар жастар елдлегі басқа да жалпы шерулерге белсенді түрде қатысып отырды. Чили жастарының антидиктатуралық күресін түйіндей келе демократиялық жастар қозғалысының бірлігін атап кеткен жөн. “Чили жастарына” атты үндеуінде студенттік ұйымдардың жетекшілері: “Біз жеткен жетістіктердің біреуіне де бірлік болмаса жету мүмкін емес еді. Біз тек бірлескен стратегиялық қимылдардың арқасында ғана демократилық жеңіске қол жеткізентіндігімізге сенімдіміз”-дейді [14,146]. Бұл жастар күресінде “Чилидің жас коммунистерінің одағыда” белсенді іс-әрекеттер жасай біледі. Олар елдің жастарын саяси ұстанымдарына қарамай демократия үшін күреске, бірлікке, ынтымақтыққа шақырады. Жастар сол кезде әлеуметтік мобилизацияланған топ болды. Алдағы плебисцитте жастар отрядтары шебер ұйымдасқан үгіт-насихат жұмыстарын жүргізе білді.
Антидиктатуралық күрес авангардында саяси партиялар жүрді. 1980 жылғы конституция демократиялық типтегі авторитаризм еді. Президент атқарушы биліктің біраз бөлігін өз қолында ұстады. Бұл конституцияға орай сенаттың бір бөлігі атқарушы билікпен тағайындалады. Ұлттық қауіпсіздік кеңесі қалыптасады. Ол қарулы күштердің штаб басшыларын атқарушы билікпен тікелей байланыстырып отырды. Осы жылдары әлсін-әлсін болса да Пиночет жүйесіне балама халықтық-демократиялық топтар бар екені біліне бастайды. Пиночет жүйесі қоғамның дамуының түбегейлі мәселелерін шеше алмайды. Осындай оқиғалардың негізінде халықтық антидиктатуралық күштер біріге бастайды. 1982-1983 жылдрдағы экономикалық нашарлау, елдің диктаторлық жағдайда тұрғанына қарамастан бұқаралық қозғалыстардың орын алуы күшейе түсті. 1983-1985 жылдары христиан-демократтар солшыл партиялар мен басқа да елдің оппозициялық күштерін біріктіріп, басқарудың басқа жүйесіне көшуді көздейді. Елде демократиялық альянс құрылады (бұдан былай ДА деп жазылады). Оның құрамына христиан-демократтар, радикалдар мен бұрынғы Социалистік партияның бір бөлігі, оңшыл республикандықтар және Либералды партия кіреді [14,146]. 1985 жылдың соңына қарай шіркеудің бастамасы, әрі қолдауымен христиан-демократтар, оңшылдар, оңшылорталықтық оппозиция күштері “Ұлттық бірлік” колициясы маңайына бірігеді. Мұндай әлеуметтік базаларының кеңеюінің өзі диктатураны орнынан тайдыру үшін аздау болатын. Халықтық-демократиялық қозғалыс алдындағы қорқыныш, империалистік топтардың қысымы ХДП бағытының өзгеруіне алып келді. 1986 жылы оңшыл-орталықтық оппозиция одан әрі оңшылдана түсіп, жүйемен азда болса жақындаса түседі. Молина Боенингер ұсынысын (1989 жылы сайлау өткізу ұсынысы еді) Ұлттық партия жақтады. Бұл сайлауды жақтаумен буржуазиялық оппозиция 1980 жылғы конституцияны мойындап, жүйенің легитимді екендігін де дәлелдеп бергендей болды. Сонымен қатар ол жүйенің “жаңа демократияға” өту бағдарламасын да қолдады. Бұл “Руптура пактада” немесе ”келісімді көшу” ХДП өкілдері үшін тиімді болды. Өйткені ол елдің демократияға бейбіт жолмен өтуге болатындығына және бұл жеңісті солшыл ұйымдармен қозғалыстармен бөлісуден бас тартуға болатындығына кепілдік берген еді [14,147]. ХДП басшылығы: “Оппозиция Пиночеттің орнынан тек бейбіт жолмен алып тастауы керек, өйтпеген жағдайда ел жүгенсіз кетеді”,-дейді. 1985 жылғы Чилидегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың шиеленісуі, Пиночеттің “Демократияға көшу жөніндегі ұлттық келісімді” қараудан бас тартуы, диктатураның қарсылстарына белсенді күресті одан әрі жалғастыруына жаңа серпін берді. 1986 жылдың бірінші жартысы бойында Чили қоғамында манифестациялар, митингілер, шерулер көп орын алып отырды. 1986 жылдың сәуірінде “Еркін мамандық конфедерациясының” бастауымен Ұлттық азаматтық ассамблея (бұдан былайғысы ҰАА деп жазылады) құрылады, оған “Чили жұмысшыларының ұлттық басқарушы кеңесі, “Әйелдер өмір үшін” ұйымы, жұмұсшы аудандардың қозғалыстары, шаруа ұйымдары кіреді. Бұл ұйымның мақсаты диктатураға қарсы күштерді біріктіру, олардың іс-әрекеттерін бағыттап отыру еді. Саяси партиялар бұл ұйымды қолдағанымен, оған мүшелікке кірмеді. ЧКП бұл ұйымды халық бұқарасы мен саяси партияларды байланыстырушы дәнекер деп атады. Бұл ұйымның басшылығымен 1986 жылдың 2-3 шілдесінде, 3 -4 қыркүйегінде жалпыұлтық шерулер болады және бсқа да диктатураға қарсы әрекеттерді басқарып отырады. ҰАА құрамындағы ұйымдар диктатура жағдайында бұқарлық күштерді мобилизациялау үшін өте тиімді болды. Басында бұл ұйымда маргиналды топтар, қала кедейлері көптеп кездесетін болса, 80-жылдардың ортасынан бастап ұйым қатары қалталы азаматтармен, интелигенциямен толықтырыла бастдады. 1986 жылдың 2-3 шілдесіндегі шерулер әлеуметтік мобилизация оппозициялық күштердің мықты қаруына айналғандығын көрсетеді. Бұл олардың зор жетістіктері ретінде бағаланды. Олай дейтініміз авторитарлық жүйе жылдарында ұлттық буржуазия көп жағдайларда өзінің саяси ұстанымын жоғалтып алған болатын. Сонымен қатар авторитарлық жүйе жылдары ұлттық интеллигенция да саясаттағы өз дауысынан айырылып, өз елін ашық тонаудың апологеттеріне айналған еді. Модернизациялаудың неолибералды моделі буржуазияның позициясының күшеюіне алып келген. Ұдайы өсіп тұрған сыртқы қарыз экономикалық өрлеуге кері әсерін де тигізіп отырды, ол сонымен қатар бұқара мен ел егемендігіне, буржуазиялық топтарға да кері әсерін тигізді. Ел әдет-ғұрпына, дәстүріне деген сұраныс өсті. Ұлттық сана өрлей бастады. Диктаторлық жүйе демократияны бұқара санасына “еркін бәсеке” деп сіңірген болатын, ал халықтың мүддесі демократия ол бостандық, әділдік, егемендік еді. Сыртқы қарыздың өсуімен демократия үшін күрес одан әрі өрістей түсті. Буржуазиялық топтар қоғамды модернизациялауы үшін репрессиялық әдістер керек емес екендігін бірден түсінді. Оңшыл-орталықтық блоктың буржуазиялық бір бөлігі Пиночетке шынайы балама бола алатын еді. Бұл блок негізін Чилидің орта және кіші буржуазия өкілдері, орта таптар, жұмысшылардың бір бөлігі құраған еді. Чили буржуазилық оппозициясының ерекшелігі ол оның буржазиялық мемлекет көмегімен құрылғандығы. Сонымен қатар Чили буржуазиясы таптық, идеологиялық, позициялық жан-жақтылықта болды. Бұл буржуазиялық оппозицияның оңшылдана түсуіне де әкелді. Ол 1980 жылғы конституцияны мойындағанынан, жүйенің ойын ережелерін қабылдағанынан көрінеді. Бұл жағынан ХДП көп әрекеттерге барды. Ол Чилидегі демократия үшін күресте алдыңғы қатардан орын алатын партия еді. ХДП саяси ықпалының күшеюіне 70 жылдардың екінші жартысындағы жүйе үшін күресі себеп болды. Дәл осы кезден бастап диктатурадан азап көрген буржуазия өкілдерінің мүддесін қорғай бастады. Дәл осы тап мүдделері үшін ХДП 1980 жылғы конституцияның қабылдануын сынады, Ұлттық партиямен, радикалдармен, социалистермен Көппартиялық одаққа кіреді. Халық беделіне ие болу үшін ХДП оппозициялық қозғалыстарда орталық басшылықта болады. Ұлттық партия оңшылдарымен байланысты жақсы ұстай отырып ХДП солшылдармен де байланысын күшейте түседі. Сонымен қатар ХДП Пиночет жүйесіне қарсы күресте символға айналған католик шіркеуімен тактикалық саяси альянсқа бірігеді. Сонымен бірге ХДП-ның күшеюіне ультра оңшылдар да септігін тигізді. Ультра оңшылдар ХДП-ның солшылдармен одақ құруын қаламай ХДП-мен байланыстың жақсаруына өздері мүдделі болды. Осындай мақсатты АҚШ әкімшілігі де көздеп ХДП мен байланыстарын жақсартты. Осының бәрі оппозициялық блок арасында ХДП ықпалының күшеюіне алып келді. Сонымен қатар ХДП ықпалының күшеюіне бүкіл Латын Америкасындағы христиан-демократтардың беделінің өсуімен түсіндіруге болады. ХДП-ның бұндай жетістіктерге өз күшімен жетуі күмәнді еді. АҚШ, ГФР христиан-демократиялық партиясы, Италия, Ватикан да Чили ХДП ірі көлемді ақша қаражатымен қаржыландырып отырды. 1986 жылдың ортасына дейін оппозицияның осы бөлігі және ХДП жүйені мобилизацияланған бұқара арқылы құлатуды көздеп келді. Жоғарыда атап өткендей “руптура пактада” бағдарламасы бойынша бейбіт келісімге келу еді. 1973 жылдан бастап Чили саяси өмірінде диктатураға балама ретінде негізінен екі күш танылатын. Олар буржуазиялық-реформистік және антиимпериалистік (ФРАП-Халық бірлігі) одағы еді. Сол үшін де басқарушы буржуазия да солшылдардың қайта реальды-ықпалды күщке айналуын қаламады. Оқиғаның бұлай өрбуін АҚШ-тың ықпалды топтары да қаламады. Солшылдардың күшімен және басқа да топтардың арқасында беделге ие болған ХДП ендігі кезекте жеңісті солшылдармен бөліскісі келмеді. Енді ол ұлттық-демократиялық қозғалыс ішіне шии жүгірткісі келді. ХДП бұндай әрекеті солшылдарды күрес жолынан шығарып, жалпы антидиктатуралық оппозиция күшін әлсіретті. Сонымен қатар мұндай әрекеттер ХДП-ның АҚШ әкімшілігі алдындағы ролін күшейтті. Сондықтан да болар американдық саясатшылар оңшыл және оңшыл орталықтанған оппозициямен, әсіресе ХДП мен байланысын күшейтті. АҚШ әкімшіігінің қысымымен 1987 жылдың 15 қаңтарында “Саяси партиялардың мәртебесі” туралы заң қабылданады. Бұл заң бойынша оңшыл және оңшыл орталықтық буржуазиялық партиялардың (Соцпартияның бір бөлігі оңшылдар қатарына жатқызылады) жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Бұл заң сонымен қатар солшыл партиялар мен қозғалыстардың қызметіне шектеу қояды [15,98]. Осымен солшылдарға қысым көрсету басталып оңшыл оппозицияның оның ішінде ХДП беделінің күшеюіне көп жағдай жасалынады. Дегенменде ХДП жүйені бір өзі құлата алмайды. Оған күші де және саяси ықпалы да жетпейді. 1986 жылғы университеттік федерацияларға сайлау оңшыл оппозиционерлер мен ХДП-ның электораттың шамамен тек 40-45 пайызына ғана ие болатындығын көрсетеді. Бұндай көрсеткішке ие болады деуінің себебі ХДП ірі кәсіпкерлер, нақтырақ айтсақ олигархтардың қолдауын таппаған еді. Олигархтардың қолдауы ХДП-ға сайлауда жеңіс, өздерінің саясатын жүргізуге көп көмектесетін еді. ХДП үкімет басқарған жылдары өздерінің маңайына әлеуметтік блокты шоғырландырады. Демократиялық-христиандардың бастамасы бойынша құрылған Демократиялық альянсқа социал-демократтар, радикалдардың бір бөлігі, оңшыл республикандықтар және либералды партия кірген болатын. Кейбір мәселелер бойынша бұл блокқа кірген партиялар мен қозғалыстар арасында қарама-қайшылықтар орын алып отырды. Ол таптық сипатта көрініс тауып отырды, мысалы ХДП мен социал-демократтар арасында. Өйткені оладың ұстанған көзқарастары бөлек еді. Кейбір сәттерде ішкі тартыстар жалпыұлттық мүддеден асып түсіп алдыңғы қатарға шығып отырды. Социалистер өз кезегінде ДА-дан шығатынын бірнеше мәрте мәлімдеп отырған, кейбір мәселелер жөнінде радикалды және солшыл-христиан партиялары да келіспейтіндіктерін білдіріп отырды. Дегенменде сындарлы уақыттарда бұл партиялар мен ұйымдар бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара біледі. Бұл 1988 жылғы плебисцитте одан кейінгі 1988 жылғы желтоқсанда болған сайлауда да көрінеді. Плебисцит нәтижелері оңшыл орталықтық оппозиция мен ХДП арасында күштерді қайта жасақтау процестері орын алды. Ол аса қиындықсыз жүзеге асырылып отырды. Сайлау қарсаңында ХДП ішінде үш негізгі топ қалыптасады. ХДП төрағасы П.Айлвин оның консервативті бөлігін басқарады. Екінші бір тобын ХДП-ның бұрынғы жетекшісі Г.Вальдес басқарады. Ол солшыл ортлықтық позицияны ұстанады. Олар өздерінің сан жағынан аздығына қарамастан ХДП саясатына елеулі дәрежеде ықпал етіп отырған. Бұл ықпал оппозициялық күштер арасындағы күрестен де мықты болған. Ал үшінші самарқау-орталықтық топты ХДП-да христиан-демократтардың жаңа буынының өкілі кіші Руис-Тагле Фрей басқарады. Барлық үш жетекшілер де сонымен қатар А.Сальдивар, Г.Вальдес және С.Молина барлығы партия тарихында президентікке үміткер болады. Мұндай оқиға бұрынғы сайлауларда орын алмаған. Алдымен Руис-Тагле Фрей белсенділік танытып халық ықыласына бөленеді. Аудандық партия сайлауы кезіндегі жанжалдан (“корпентгейт ісі”) кейін Фрей, одан соң Г.Вальдес өз кандидатураларын сайлаудан алады. Ал олардың іс әрекеттерін одан әрі А. Сальдивар мен С.Молина да қолдап өз кандидатураларын сайлаудан алады. Дегенмен де кандидатура ұсыну үшін күрес шиеленісе түседі. Ортақ кандидат болып оң қанаттың өкілі 70 жасар П.Айлвин болады. Демократия үшін біріккен саяси партиялар бірлестігі бірауыздан П.Айлвинді қолдайды. Оны сонымен қатар социалистер мен коммунистер де қолдайды. Бірлестік жоғарыда атап өткендей 17 саяси партияны біріктірген болатын. Бірлестікте топтасу одан әрі жалғасып жатты. Бірлестік ішінде ХДП-дан кейінгі орында Демократия үшін партиясы (ДҮП) тұрды, ол бұрынғы соцпартияның орнына қалыптасқан болатын. ДҮП-ның жаңа жетекшісі Рикардо Логос негізгі бағдарламалық мәселелерді шешсе ”оппозициядан ортақ кандидат”ұсынуды қолдайтынын мәлімдейді. Коалицияның бір бөлігінің қолдауынсыз ХДП-ның сайлауда жеңіске жететіні күмәнді еді. Ал бұл тұста Пиночетте қарап отырмайды. Ол да өзінің жақтастарын қайта ұйымдастырып, өз электоратын күшейтуге бекем кірісіп жатқан еді. Қиыншылықтар демократияға көшу кезінде де туындайды. ХДП басшылығындағы буржуазиялық және басқа да оңшыл орталықтық күштер өтпелі кезеңде күшейе түсетін буржуазиялық мүдделердің қақтығысының күшейе түсетінін естерінен шығарып алады. Ол солшыл күштердің өзара ымыраға келіп, бірлесіп жұмыс істеуіне біршама кедергілер тудырады. Чилидегі халық бірлігі тәжірибесі таптар арасындағы алшақтық қаншалықты қауіпті екенін көрсетеді. Бұл алшақтық революция мен демократия тағдыры үшін де өте қауіпті екендігін осы Чилидегі орын алған процестерді сипаттады [29,21]. Мүдделердің түйіскендігіне қарамастан әлемнің көптеген елдерінде таптық алшақтықтар арасы жақындастырыла қойған жоқ. Дегенмен де христиан-демократтардың да, оңшыл оппозицияның басқа мүшелерінде, социалистік ұйымдар, социал-демократиялық ұйымдардың да саясаты ол алшақтықты жоюда шабандылық танытады. Осылайша Чили социал-демократтары мәселенің “саяси түйінін шешу”, “саяси диалог”, “саяси келісімдер” керек екендігін айтады. Социал-демократтардың ойынша бұндай әрекет саяси әлсіреген партияларды жандандыруға, ол саяси партияларды қайта құруға мүмкіндік береді деп есептеді. Сонымен қатар социал-демократтар саяси мәселелерді шешуде басшылыққа бұқараны алмайды, олар партияны нығайту мен дамытуды, ұйымдарды дамытуды, саяси плюрализм қағидаларын дамытуды, буржуазиялық демократияны дамытуды басшылыққа алады. Осының бәрін қарастыра келіп социал-демократтар соңында ЧКП және басқа солшыл күштердің конституциялық жүйеге қосылуын қалайды. Демократиялық жүйенің өмір сүруін қамтамасыз ететін механизмдер қалыптастыруды да қарастырады. Бір сөзбен айтқанда социал-демократтарда ЧКП және басқа да солшыл демократиялық қозғалыстарды белгілі бір шеңбер ішінде қалғанын қалады. Сонымен бірге оңшыл орталықтық күштер солшыл партия мен олардың ұйымдарының әрекетін шектеуді, одан әрі қарай ол күштердің “деидеологизациялауымен” жалғастыру керек деп санайды. Және де оларды социал-демократтармен синтездегісі келеді. Социал-демократтардың әскери жүйеге қатынасы тек ДА-қа кіруімен не болмаса Пиночет жүйесінің, оның 1980 жылғы конституциясының заңсыздығымен ғана айқындалмады. Олар бұрындары да “конституциялқ пакт” ұснысын бекітуді қалады. Бұл демократиялық буржуазиялық институттардың қызметінің өрлеуіне, жүзеге асырылып жатқан реформалар динамикасын айқындайтын еді деп ойлады. ДА құрамындағы Социалистік блок деп аталатын топтар Чили саяси көкжиегінде мүлдем басқа көзқараста болды. Социалистік блок құрамына солшыл христиан-демократтарда кірді. Ол “демокатиялық социализмді”, формальды түрде болса да диктатураның құлатылуын қалады. Бірақ та ДА құрамында болғандықтан ол да 1980 жылғы конституцияны және де сол арқылы жүйені мойындауға мәжбүр болады. Социалистер оңшылдардың “келісімді көшу ” саясатына үзілді-кесілді қарсы болды, сондай-ақ солшыл күштермен байлаыс орнатпады. ХДП жетекшілерінің ЧКП және тағы басқа да солшыл демократиялық партия мен қозғалыстарын демократиялық жүйеге көшу процесінен толықтай шығарып тастағысы келгенін жоғарыда айттық, ал социалистік блоктың жетекшілері басқаша көзқараста болды. 1973 жылғы көтерілістен кейінгі ЧСП-ның екіге бөлінуі олардың бұқараға ықпалын мүлдем әлсіретеді. Олар өздерінің осындай әлсіз болып тұрған кезінде солшыл күштермен одаққа бару өздері үшін тиімсіз екенін білді. Социалистер мұндай әрекетке тек ХДП мен ЧКП электораттарын жаулап алған соң ғана баратынын айтады. Қорытындысында 1989 жылғы Чилидің бірлескен социалистік партиясы құрылды. Оның құрамына елдегі социоистік ағымдардың бәрі кіреді. Ондаған жылдар бойы ЧКП мен одақта болып келген К.Альмейда тобы партияның негізін құрады. Партияның бас хатшысы болып Хорхе Аррате сайланса, К.Альмейда партия төрағасы болып сайланады. Осылайша Біріккен социалистік партия 80 жылдардың аяғында 90 жылдардың басында Чилидегі негізгі саяси күшке айналады. Чилидің демкратиялық жолға сәтті өтуіне социал-демократтық күштердің де әсері болды. Бұл партия қазіргі күнге дейін өмір сүріп келеді. Дегенмен де олардың ішіндегі ең шоқтығы биігі ол әрине христиан-демократиялық партиясы. Оның маңайына жиналған топтық және саяси күштер елде көпшілікті құрайды. Керек десеңіз жүйенің тікелей ықпалында болғандығына қарамастан ХДП құрамында көптеп кездеседі. Қоғамдық институттардың басқа да бөліктерінде ХДП жақтастары жетіп артылады.
Міне, диктатуралық жүйеге елдің көптеген саяси ұйымдары, партиялары, қозғалыстары, оңшылдар, солшылддар, ультра-оңшылдар бәрі-бәрі де қарсылық білдірді. Олар диктатураға қарсы күресте бірлік пен ынтымақтық , шеберлік пен суыққандылық, шыдамдылық пен қайраттылық таныта білді. Ең бастысы халық көңілінен шыға білді, болмаса Пиночет билігі 1997 жылға дейін созылған болар ма еді?
Чилиде қоғамдық даму факторына жоғарыда аталғандармен қатар католик шіркеуі де елеулі үлес қосты. Чилидегі партиялармен, қарулы күштермен шіркеудің еңбегін қатар салыстыруға әбден мүмкін. Католик шіркеуі Чили қоғамының дәстүрлі спецификалық институттарының бірі болып табылады. Бұл орайда оны елдің қарулы күштерімен де салыстыруға тұрарлық. Соңғы, дәлірек айтсақ Пиночет жүйесі жылдарында әлеуметтік –саяси позициялары бірқатар өзгерістерге ұшырады. Шіркеу-мемлекет тарихи қатынасы моделі біраз өзгеріске ұшырады. Бұл модель әсіресе 1973 жылы әскери төңкерістен кейін қатты өзгеріске ұшырады. Чили тарихи даму процессінде шіркеу мен тығыз байланыста дамиды. Шіркеудің ресми мемлекеттен бөлінуінің өзінде мемлекет қоғамдық институттардағы шіркеудің монополиясын мойындауға мәжбүр болды. Шіркеу қоғамдық институттардың қандай да бір әрекеттеріне ресми емес түрде санкция беріп отырды. Мұндай әрекет әртүрлі үкіметтер тұсында да болды. Халық бірлігі үкіметі жылдарында да шіркеу иерархиясы оппозициялық көзқарарасын ашық түрде білдірмегенімен де білім беру және басқа да мәселелерде өз ойларын білдіріп отыратын болған. Халық бірлігі билігі тұсында шіркеу “диалог саясаты” және “бейбіттендіру” саясатын ұстанып отырды. Чили епископты әскери төңкерісті ақтап дәстүрлі саясатын өзгертпеді. 1973 жылы қыркүйекте ресми рәсімдеуде кардинал Рауль Сильва Энрикес, Сантьяго архиепископы билікке деген саясатының жоғарыдай (“диалог саясаты” және “бейбіттендіру”) екендігін тағы бір дәлелдейді [15,102]. Епископтың жоғарыдағы саясатты қолдайтыны 1985 жылғы епископат қабылдаған “Евангелия және әлем” атты құжаттарында: “Біз қарулы күштердің елді маркстік диктатурадан тазарту миссиясын жүргізіп отырғандығын мойындаймыз, әділдік үшін айта кету керек 1973 жылы 11 қыркүйектегі қарулы күштердің әрекеті көпшілік тұрғындардың тілектеріне сай орындалды, бейбітшілікке жетудегі үлкен кедергілерді жойды”-, делінген [15,104]. Бірақ та төңкерістен кейінгі репрессиялық аппаратттың қарқынды жұмыс істеуі, неолибералдық экономикалық доктринаның халықтың жағдайын нашарлатуы шіркеудің позициясының өзгеруіне алып келді. Католик шіркеуі жүйеге бірден-бір қарсылық танытқан күшке айналды. Ол репрессиялық шараларға, адам құқықтрының бұзылуына қарсы шығады. Чили шіркеуінің позициясының эволюциясын білу үшін латын американдық шіркеуде орын алған жағдайладың ерекшелігін білу керек. Э.Фрей (1964-1970 ж.ж.) ел билеген жылдардағы шіркеу мен мемлекеттің жағында байланысы коалициялық Халық бірлігі үкіметі билікке келген кезде үзіледі. 80 жылдардың ортасына келгенде “Христиандар социализм үшін” секілді және соған ұқсас көзқарастағы радикалды қозғалыстар өздерінің өмір сүруін тоқтатады. Сол кездері Ватиканның қолдауымен 1979 жылы Пуэбл қаласында Латын Америкасы епископтық кеңесінің конференциясы болып өтті. Елдегі Ватикан қолдауына ие болған католиктік иерархия өздерінің қоғамдағы позициясын нығайта түседі. Чили католиктік шіркеуі белсенді қоғамдық әлеуметтік күшке айналды. Оның позициялары бұрынғысынша жериеленуші аристократтардың арқасында ғана емес Э.Фрей басқарған (ХДП) үкіметпен байланыс негізінде де нығайған болатын. Ол басқарған үкімет буржуазиялық-реформистік саясатты жүзеге асырған еді. Шіркеу мен христиан-демократтардың өзара байланысының тамыры сонау 40-50 жылдарда жатыр. ХДП-ның бастауы болып саналатын Ұлттық фаланга “Бельярмино орталығы” атты иезуиттер орденінің көмегімен құрылған болатын. Чили ХДП бағдарламасын жасауда “Бельярмино орталығының” қосқан үлесі зор еді. Осының негізінде христиан-демократтардың тобы Халық бірлігі коалициясына кірген МАПУ партиясын құрады. Епископат әрдайым ХДП-ны қолдап отырды. Кардинал Ф.Сильва Энрикес өзінің ХДП-ны ашық түрде қолдайтынын бірнеше мәрте ашық түрде білдіріп отырды. Шіркеу иерархиясының анағұрлым консервативті бөлігі Хайме Гусман негізін салған ФИДУСИА ұйымының консервативті бөлігін қолдады. Ол өз кезегінде оңшыл клерикалық “Опус Дей” мен және “Кәсіби қозғалыс” ұйымымен тығыз байланыста еді. “Кәсіби қозғалыс” католиктік университеттер студентінің одағын өз бақылауында ұстаған болатын. Чили қоғамының радикалдануы оның кезіндегі С.Альенде басқарған жылдарғы саясаттағы позициясының айқындалуына алып келген еді. 1971 жылы Чили епископалды конференциясы “Евангелия, саясат және социализмнің әртүрлі типтері” деген құжат шығарған болатын. Ол құжатта шіркеудің капитализмнен, марксизмнен алшақтығын баяндап, керісінше шіркеу “социализмнің әртүрлі формаларын” мойындайды. Өйткені олардың кейбірінің ұстанымдары христиандыққа біртабан болса да жақын еді. Осының нәтижесінде кардинал Р.Сильва Энрикес 1971 жылғы қарашада болып өткен Ф.Кастромен болған полемикалық сұхбатқа барды. Шіркеулік қозғалыстың сол қанаты “Христиандар социализм үшін” 80 дінбасының басын қосып, оны Гончалло Арройо басқарды. Олар Халық бірлігі партиясымен тығыз байланыста болды. Шіркеу басшылығы ХДП-ны қолдығандықтан, шіркеудің солшыл қанаттары халық бұқарасы мен шіркеулік қауымның мұқтажына сай”жаңа шіркеу” құруды ұсынды. Ресми шіркеу мұндай ұсынысты бөлінушілік әрекет деп, солшыл ұйымның өкілдерімен кездесуден бас тартады және шіркеу партияның қамқорына айналмауы керек екендігін айтып кетеді. Кейінірек 1973 жылдың тамызындағы “Христиандық сенім және саяси әрекет” атты құжатта епископат дінбасыларға жоғарыдағы аталған ұйымдарға мүше болуларына қарсылық білдіреді [16,107]. 1973 жылдың күзінде шіркеу басшылығының көзқарасы ХДП позициясы мен ұштасып: “елде марксизм диктатурасы орнау қаупі бар”-дейді. Сонымен қатар абсолюттік билік жөнінде сын айтады. Чили епископтары сонымен қатар еде азамат соғысы орын алуы мүмкін деп қауіптенді. Оның алдын алу үшін ХДП мен Халық бірлігі партиялары ел тыныштығын бірінші орынға қойып өзара компромиске келу керектігін айтады. Шіркеу өзінің осы мәселеде делдал бола алатындығын байқатқанымен, бірақ сол кезде ХДП құрылымдық реформаларға қарсы екендігін білдіріп қойған еді. Әскери төңкеріс елдің конституциялық жолмен даму үрдісін тоқтатып, шіркеудің жаңаша позиция ұстануына алып келеді. Епископат әскерилер жаңа сайлау өткізеді деп сенді. Сол орайда кардинал Р.Сильва Энрикес президент С.Альенде өліміне, қайғысына ортақтасатындығын білдіріп, оған құрметті сый көрсету керек екендігін айтады. Епископтың тұрақты комиссиясы барлық чилиліктерді елдің конституциялық құрылым және экономикасын қалпына келтіру үшін билікті қолына алған әскерилерге көмек көрсетуін сұрайды. Танымал епископтардың бір тобы (Осорно епископы Ф.Вальдес, Ла-Серано епископы Х.Ф.Фресно, Вальпараисо епископы Э.Тагле, Линарес епископы А.Солинас) төңкерісті “заңсыз” үкіметті жою мақсатындағы “заңды”әрекет деп таниды. Бірақ та 1973 жылдың қазан айында католиктік және протестанттық шіркеу және де еврей қауымы заңның сақталуын,саяси тұтқындалғандарға олардың отбасына материалдық көмек көрсету үшін және басқа да заңсыз әрекеттерді әшкерелеу мақсатында “бейбітшілік үшін комитетін” құрады. 1973 жылғы желтоқсандағы хунта мүшелерімен болған кездесуде шіркеу әскери жүйені қолдаймыз дегенімен, комитеттің әрекеті бірте-бірте оппозициялық топтың мүддесімен жанаса бастаған еді. 1974 жылдың наурызында қарулы күштердің жуық арада билікті бере қймайтындығы анықталды. Осы кезден бастап шіркеу репрессиялық шаралардың тым қаталдығын ашық түрде айыптай бастады. Епископтың ресми “Чилиліктер бітімі” атты құжат сенімгерлер арасында Пасхальды уағыздаушыға айналды, тек консервативті епископ Э.Тагле оны мойындамады. Бұл диктатура орнағаннан кейінгі епископтың бірінші сыни құжаты еді. Билік болса шіркеуді маркстік көзқараста деп айыптады. Билік қатігездігінен қорыққан шіркеу өз белсенділігін бәсеңдете түседі. Тек кардинал Р.Сильва Энрикес қана белгілі дәрежеде қысым көрсетумен болады. Осылайша 1974 жылы тамызда кардинал төңкерістің бір жылдығына байланысты өткізілген шарадан бас тартады. Шіркеудің қоғамдық өмірден аластатылуының бір себебі ол оның ХДП-мен бірлігінде еді. Осылайша христиан-демократтарды қолдайтын “Пренса”газеті, “Больмаседа” радиостанциясы “Саясат және эспириту” журналы жабылды. Жоғарыда атап өткен Х.Гусман “жаңа конституциянализм” саясатын А.Пиночетпен бірге жүзеге асырып “Опус Деймен”, Чилидің 500 ықпалды мүшелерінің бірі болады. Әскери жүйе жылдары консервативті клерикалдық күштер епископтарға қарсы шығады. Әсіресе олар Р.Сильва Энрикеске қатты қарсылық білдіреді. Шіркеудің оңшыл секталары елде шіркеудің балама құрылымдарын құрғысы келеді. Чили шіркеуінің демократия жолындағы ықпалының артуын сол баяғы ХДП мен тығыз байланыстығы мен және 1983 жылы құрылған ДА байланыстыруға болады. Сонымен қатар шіркеудің оппозиция қатарына өтіп белсенді топқа айналуы Пиночет әкімшілігінің шіркеу мәселесіне келгенде тым радикалды әрекеттер жасауынан туындайды. Мысалы үшін құпия қызмет агенттері діни ұйымдарды талқандап, дінбасылардың бірқатарын соттайды. А.Пиночет кардинал Р.Сильва Энрикеске жазған хатында”Бейбітшілік үшін комитетінің”қызметін тоқтатуды талап етеді. Осы “бейбітшілік үшін комитетінің” негізінде “Викориат солидарности” ұйымы құрылған [16,108]. Бұл ұйым елдің барлық аймақтарында құқық қорғау шаралары мен айналысушы еді. Сол еңбегі үшін 1978 жылдың желтоқсанында БҰҰ-ның “адам құқықтарын қорғауға сіңірген еңбектері үшін” сыйақысымен марапатталған. Өзінің әрекетінің басынан-ақ “Викориат солидарности” ұйымы Пиночет әкімшілігінің қысым көрсету нысанына айналған еді. Оның белді мүшелері сотталып не болмаса елден қуылып отырды. Кардинал Р.Сильва Энрикес кедейлер мен байлардың арасының алыстағанын, жалпы хунтаның экономикалық саясатын айыптады. Әскери жұйенің саяси құрылымын жүйелі түрде сынауды шіркеу епископаттың “біздің ұлттық болмсымыз” құжатының жарық көруінен (1977ж. наурыз) кейін бастайды. Ол құжатта елдің саяси дамуы үшін көппартиялы жүйенің қажет екендігі туралы айтылады. Сондай-ақ шіркеудің басқа құжатында да (Христиандық гумманизм және жаңа конституцианализм ) жаңа конституция жобасы өткір сыналады. Шіркеу басшылығы 1978 жылы плебисцитте де, сонымен қатар 1980 жылғы референдумды да қолдамайды. Шіркеудің солшыл қанаты “Викориат солидарности” негізінде “жұмысшылар викориатын”, ”шаруалар викориатын”, жаңа шаруалар ұйымдарын құруда жақсы жетістіктерге қол жеткізеді. Ол ұйымдарды бұқараның мүддесін қорғаған дінбасылар басқаратын еді. Чилидегі шіркеудің қоғамдық беделінің артуына Ватиканның консервативті бөлігінің де ықпалы зор болды. Мысалы үшін папа Иоан Павел ІІ “Опус Дейді” белгілі бір нақтыланған территориясыз халықаралық епархияға айналдырғысы келді. Испан кардиналдары да Чили шіркеуіне көмектесіп отырды. 1987 жылы сәуірдегі папаның елге сапары адам құқықтары үшін және саяси бостандық үшін күресіп жүргендерге жаңа бір серпін береді. Міне жоғарыдағы қарастырып өткен партиялар, топтар және басқа да қозғалыстар секілді. Чили шіркеуі де диктаторлық жүйені “эрозияға” ұшыратушы ішкі факторлардың бірі болып табылады.
Осындай тұрпаттағы Чили қоғамының барлық тұсын қамтыған саяси ояну ғана Пиночет жүйесін жеңе біледі.
ІІІ ТАРАУ. ЖҮЙЕНІҢ СИПАТЫ МЕН ЭВОЛЮЦИЯСЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ. ОНЫҢ ЖОЙЫЛУЫНДАҒЫ СЫРТҚЫ ФАКТОРЛАРДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ
Чилидегі әскери жүйенің сипатына келер болсақ ол әрине демократиялық құндылықтарға сай болмағаны сөзсіз. Оған ешкімнің де таласы жоқ шығар деп ойлаймыз. Жоғарыда атап өткендей Чилидің өмірі (1973-1990ж.ж.) генерал Пиночет есімімен тығыз байланысты. 1973-1990 жж. әскери жүйенің қолынан 50 мың адам өліп, 800 мыңы түрмелер мен концлагерлерде болады, ал миллиондаған чилиліктер елден кетуге мәжбүр болады [16,109]. Осындай сандық көрсеткіштер халықаралық ұйымдар мен тарихшылардың, саясаткерлердің Пиночетті диктатор деп тануына алып келеді. Чилидегі әскери жүйенің сипатының қаталдығына Пиночет құрған құпия полициялық бөлімдердің қосқан үлесі өте зор. ДИНА агенттері өз оппонеттерімен тергеу барысында азаптаудың ең қатал, ең сорақы әдістерін қолданады. Олар бұл жөнінен Гитлерлік гестаподан да асып кеткен болар. Дина агенттерінің ең бір сүйсіне отырып азаптайтын екі тәсілі болған. Олардың біріншісі: тұтқынды су сейсеппен орап электр тогы жалғанған темір торға тастайтын болған. Мұны олар темір торда ет пісіру деп атаған. Ал екіншісі: тұтқынның аузы мен жыныс мүшесіне бір мезгілде тірі егеуқұйрықтан тығып отырған. Мұны олар “туннель қазу” деп атаған [16,111]. Сірә, азаптаудың мұндай сорақы түрін адамзат баласы сонау ортағасырлық инквизиция дәуірінде де білмесе керек. Пиночет әккі әскери адам болған. Ол өзінің қарсыластарына ешқандайда бір мүмкіндік бермей жойып отырған. Өзінің бағытын жүзеге асыру барысында Пиночет өз-өзіне сенімді және шамадан тыс қатал адам болған. Ол билік басында болған жылдары өзін еркін сезініп отырған. Жоғарыдағы аталған адам шығындары сол Пиночет жүйесінің сипатының , өте қатал саясатының нәтижесі болса керек.
Бұл орайда айта кету керек: жүйенің билікке келуінің алғашқы жылдары өте қатал болады. Бұл жылдары репрессиялық шаралар кең ауқымды қолданылады. Ұлттық стадион, Чили стадионы т.б.мәдени орындар азаптау мен тұтқындау орындарына айналады. Ал жүйенің одан кейінгі жылдары репрессиялық шаралар азда болса бәсеңдей түседі. Жүйенің эволюциясының кезеңдері жайлы тарихшылар арасында нақты біржақты пікір әлі де болса қалыптаспаған. Жалпы әскери жүйе Чилиде 17 жылға созылады. Әскери жүйемен Пиночет есімі бір-біріне өте жақын болғандықтан жүйенің эволюциясын Пиночет есімімен байланыстырып көрейік. Осы орайда Пиночеттің мынандай бір сөзі есімізге түсе береді:”Мен демократпын, бірақ өзімнің дүние танымым бойынша”-дейді [17,43-44]. Осы негізде Пиночет жүйесін төмендегідей екі топқа бөліп қарастыруымызға болады. Олар бірінші абсалюттік диктатура, екінші демократиялық элементтері бар диктатура. Бірінші кезеңі жылдық негіз бойынша 1980 жылға дейін созылды десек, екінші кезеңі Пиночет билігінің соңына дейін созылды деуге болады.
Пиночет билігін жоюда ішкі фктор мен қатар сыртқы фактордың да маңызы өте зор болды. Сыртқы факторларға БҰҰ басшылығындағы халықаралық ұйымдарды, капиталистік және социалистік елдерді атап кетуге болады. Ең алдымен социалистік елдерден бастайық. Пиночет билікке келе салысымен оның үкіметін антидемократиялық деп, Пиночеттің өзін ”Бүгінгі күннің Гитлері” деп атайды. Социалистік елдер авангардында КСРО тұрды. Пиночеттің билікке келуі Чилидің “социализм жолына “ түсуінің соңын білдірді. Оның билікке келуі “кремльдік марқасқалардың” көңіліне су сепкенмен бірдей болды. 70 жылдардың ортасында генерал кеңестік үгіт-насихат жұмыстарының негізінде коммунистік елдер арасында әлемдік жаманшылықтың негізгі кейіпкеріне айналды. Пиночет жүйесінің қанды қылмыстары жайлы бүкіл газет-журналдар мақалалар жариялап отырды, радио мен теледидар хабар таратып тұрды, ол жайында пьессалар жазылып әндер шырқалып тұрды [10,235]. Пиночет билікке келісімен коммунистерге қырғидай тиеді. Сол себепті де коммунистік елдер Чилидің жаңа үкіметін заңсыз деп танып, онымен дипломатиялық байланыстарын доғарады. КСРО Халық бірлігі өкілдерімен жасырын түрде байланыс орнатып отырады. Көптеген солшылдар коммунистік жүйедегі елдерден саяси баспана іздейді. КОКП, барлық кеңес адамдары Чили реакциялық күштерін қатаң сынап, төңкерістің алғашқы күндері-ақ Чили коммунистік партиясын қолдайтынын білдіріп, оларға моральдық көмек береді. Ешқандай да террор, репрессия “халық еркін” бұғауда ұстай алмайды дейді [18,5]. Пиночет үкіметінің әрекетіне қарсы КСРО-да да митингілер өтіп отырады. Бұндай көріністер тек КСРО-да ғана емес барлық социалистік елдерде орын алып отырған. Ал Пиночет билігіне қарсылық танытқан ұйымдар басшылығы ретінде БҰҰ атап өтуге болады. БҰҰ Қауыпсіздік кеңесінің кезекті отырысының бірінде хунтаның қылмыстары бүкіл халықаралық қауымдастыққа жасалған қарсы әрекет деп танылады. Чили реакциялық үкіметіне қарсы әлемнің бірнеше елдерінде сансыз шерулер болып өтеді. Үкіметтер, парламенттер, мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлер Чилидегі фашистік террордың ұйымдастырушыларын өткір сынға алып, Чили халқын қолдайтындарын білдіреді. Бүкіл әлемдік Бейбітшілік Кеңесі (1973ж.) өзінің кезектен тыс отырысында Жер шарының үкіметтері мен халықтарына Чилиде орын алған жағдайды тоқтатуға шақырады. Хельсинкиде Чили халқымен ынтымақтастық жөнінде конференция болып өтеді. 110 елдің әйелдерінің атынан Әйелдердің халықаралық демократиялық ұйымы Чилидегі қарапайым азаматтық құқықтардың бұзылуына жол бермеуге, әскери хунтаның қылмыстарын әшкерелейтін халықаралық трибунал жасақтауға шақырып, жуық арада барлық саяси тұтқындарды босатуды талап етеді. Жүздеген миллион адамның басын қосқан бүкіләлемдік демократиялық ұйымдар да өздерінің Чили халқын қолдайтынын білдіреді. Әлемнің көптеген елдерінде Чили демократтарымен ынтымақтастық комитеттері жұмыс істейді. Барлық жерлерде хунта репрессиясынан зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету үшін құжаттар жинала бастайды. 1974 жылдың қарашасында БҰҰ Бас Ассамблеясының 24 сессиясында “Чилидегі адам құқықтарын қорғау туралы” қарары қабылданды. Бұл қарарда әртүрлі халықаралық ұйымдардың оның ішінде БҰҰ қысымына қарамастан Чилиде жаппай соттау, азаптау, саяси тұтқындарды адам естімеген әдістермн қорлау орын алуда дейді. Осындай жағдайларға немқұрайлы қарай алмайтындығын білдірген Бас Ассамблея хунтадан адам құқықтары жөніндегі жалпыға бірдей декларация қағидаларын сақтауды, саяси тұтқындарды тез арада босатуды, елден кеткісі келетіндердің бәріне ондай құқықты беруді талап етеді [18,6]. Бұл сессия сонымен қатар БҰҰ бас хатшысына Чилиге бостандық пен адам құқықтарын сақтау жөнінде көмек беру керек екендігін айтады. Бұл шешімдер әлемдік қоғамдық пікірдің мобилизациясына үлкен үлесін тигізеді. 1976 жылы Чили Компартиясының Бас хатшысы Л.Корваланның, Халық бірлігі партиясының көрнекті қайраткерлерінің бостандыққа шығуы бұл демократиялық күштердің жеңісі ретінде бағаланды. Олардың ынтмақтығы антидиктатуралық күштердің күрес жүргізуіне көп көмегін тигізді. 1981 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 26 сессиясы Чилидегі жағдайдың өзгермегені жайлы, кейбір мәселелер жөнінде жағдайдың мүлдем нашарлап кеткені жайлы қарарды оң деп таниды. Бұл қарар Чили әкімшілігін “төтенше жағдайды” ауыстыруды, демократиялық институттарды қайта жаңғыртуды талап етеді. 1985 жылдың қыркүйегіндегі төңкеріс мерейтойына орай әлемнің көптеген елдерінде қарсылық білдіруші шаралар болып өтеді. Олардың қатысушылары әскери жүйені өткір сынға алады. 15 прогрессивті қоғамдық ұйымдар диктаторлық жүйеге қарсы 1985 жылдың қыркүйегінде Нью-Йорк қаласында митингілер өткізеді. Сөз сөйлеген шешендер 12 жыл билік кезіндегі диктаторлық жүйенің барлық антидемократиялық әрекеттерін көпшілік бұқараға жариялайды. Митингіге қатысушылар Рейганның екібеткейлігін, оның сөз жүзіде адам құқықтарын қорғаушы екендігін, ал іс жүзінде диктаторлық жүйенің нағыз жақтаушысы екендігін айтып кетеді [25,175]. Оппозицияның күшейе түсуі американдықтарды мазасыздандыра түседі. Өзінің үстемдігін сақтап қалу үшін Вашингтон 1985 жылдың қараша айында Сантьягоға жаңа елшісі Гарри Барнсты жібереді. Оның алдына коммунистердің оппозицияға ықпалын азайту мақсаты қойылады. 80 жылдардың ортасына қарай халықаралық жағдайдың өзгеруі, Пиночет жүйесіне қарсы ұлттық қозғалыстардың белсенді сипатқа ие болуы, оппозициялық күштердің бірігіп қызмет істеуі АҚШ-тың әскери жүйеге байланысты саясатын басқа бағытқа өзгертуге тура келді. Оған сонымен қатар Оңтүстік Американың басқа елдерінде орын алған демократизациялану үрдісі де әсер етті. АҚШ-тың оппозицияны шынайы саяси күш ретінде мойындауы, Вашингтон әкімшілігінің Пиночет жүйесіне жасаған қысымдарының көбеюімен түсіндіруге болады [25,176]. Бұл қысымдар әскери жүйеге алдымен 1988 жылы плебисцит, ал кейін президенттік сайлау өткізуге мәжбүрлейді. Дегенмен де Пиночет мұндай ішкі және сырқы факторлардың қысымына тегеурінді қарсылық көрсетуі бек мүмкін еді. Осы орайда Пиночеттің жоғарыда айтылған “Мен демократпын, бірақ өзімнің дүниетанымым бойынша”-деген сөзі есімізге түседі. Аугусто Пиночет билікке келе салысымен-ақ “Қашан елдің жағдайы тынышталады, қашан экономика коллапс жағдайынан шығады , сол кезде әскерді казармасына қайтарып, билікті азаматтық саясаткерлер қолына беремін”-деген болатын. Ол өз мақсатттарын жүзеге асыру үшін шамамен 20 жылдай уақыт қажет. Сосын Чили демократиялық басқару формасына қайта оралады деген еді. 1977 жылдың шілдесінде генерал азаматтық басқаруға 1991 жылы оралатындығын да айтқан болатын [25,177]. Ол өзінің алдына қойған мақсатын орындап, сөзінде тұрып билік тізгінін демократиялық күштерге береді. Ол басқа латын америкалық диктаторлардың дәстүрлерінен бас тартады. Осылай конституцияға сәйкес 1988 жылдың 5-ші қазанында 1997 жылға дейін билікте қалу мүмкіндігіне байланысты бүкіл халықтық референдум өткізіледі. Көптеген экономикалық жетістіктеріне қарамастан Пиночет плебисцитте ұтылып қалады. Чилиліктер осы плебисцитте демократияны таңдайтынын білдірді. Оппозиция 50 пайыз дауысқа ие болды. Тәуелсіз бақылаушылар бақылауында өткен еркін плебисцитте Пиночет 43 пайыз дауысқа ие болдады. Бұдан біздің көретініміз Чили халқы Пиночетті тек “тиран”,”баскесер”-деп көрмегендігін байқаймыз. Айта кетер бір жәйт. Социологилық сұраулар барысында халық Пиночетке қарсы: ”одан жалыққандықтан дауыс бердік, бізге бір жаңа басшы керек “-деген екен [29,160]. (Чили тарихында Пиночет секілді ешкім де ұзақ ел басқарып көрмепті). Жеңілісті Пиночет ерлікпен қабылдайды. Референдумның нәтижелерін өзгертуге ешқандай әрекет жасамайды. Президент сайлауының мерзімі 1989 жылдың 14 желтоқсаны деп белгіленді. Пиночет бұл сайлауға өз кандидатурасын ұсынудан бас тартты. Бұл демократияға қадам басудың бірден-бір тиімді жолы еді. Бұл жол екі жаққа да тиімді еді. Оның тиімділігі мұнда болды: Пиночет биліктен беделін түсірмей кетті, оппозиция билікке ешқандай да бір жаңа қантөгіссіз келді. Ал 1990 жылдың наурызындағы Аугусто Пиночеттің президеттік билікті заңды сайланған Патрисио Айлвинге беруі Чилидің демократия жолына нақты түскендігін білдіреді. Бұл акт ұзақ жылдар бойындағы авторитаризмнан демократияға өту жолындағы күрестің нәтижесі еді [30,228]. Билік легитимдікке ие болмады, ал саяси оппозиция билікке қатысы болмағанымен легитимдіктің өте жоғары деңгейіне ие болған еді. Бірақ оппозиция мұндай артықшылығын саяси билікке жетуде пайдалана алмайды. Екі жақта әртүрлі себептерге байланысты әрқайсысының мақсатына жетуі тек келіссөздер нәтижесінде ғана жүзеге асатынын байқайды. Мұндай келіссөздер әскери басқарудан демократиялық басқару формасына өту жолында бірден-бір тиімді жол болып табылады. Осылайша Чилидің демократияға өту процесін екі жақта өз тауарын ұсынған іске теңейді. Әскери әкімшілік саяси биліктің бір бөлігін оппозиция қолына береді. Бейтарап күштердің бақылауымен өтетін сайлауға қатысуға оппозиционерлерге мүмкіндік туады. Ал оппозиция әскери билік пен келісімге бару нәтижесінде жүйені заңдастыра түседі. Кейбір зерттеушілер авторитаризмнан демократияға өту бірнеше кезеңнен тұрады деп есептейді [11,17]. Бірінші кезеңі авторитарлық жүйенің бақыланған және бақыланбаған дезинтеграциялық процесінен басталады, сонымен қатар оған не дағдарысқа не саналы түрде жүйенің демократияға өтуіне алып келген саяси өзгерістер немесе келіссөздерді айтуға болады. Екінше кезеңге 18 айға созылған өтпелі кезеңді жатқызуға болады. Оған 1988 жылы плебисциттегі Пиночет жеңілісін, 1989 жылғы келісссөздер, 4 конституциялық толықтыруларды, 1989 жылғы президенттік және парламенттік сайлауларды жатқызуға болады. Сонымен қатар екінші кезеңде Айлвиннің қызметіне кірісуін және парламент жұмысының басталуы жатады. Демократиялық жаңғыру кезеңінде ел тұрақты деморатиялық және плюралистік тәжірибе нормаларын қалпына келтіре бастайды. Тарихшылардың көзқарастары бойынша демокртия мен плюралистік нормаларды қалпына келтіру деңгейінің қарқынды түрде дамып кетуіне өтпелі кезеңнің бірнеше факторлары тежеуші күш ретінде болады. Чили жағдайында демократия динамикалық процесс пен консенсустың негізінде орын алады. Чилидегі консенсус екі деңгейде орын алады: 1) демократиялық ойын ережесінің қабылдануы. Ол дегеніңіз адам құқықтарының теңдігі және халық тәуелсіздігі мен билік жүйесінің легитімдігі ретінде сайлау органдарының орын алуы; 2) саяси жүйе мен онда әрекет ететін келісім қағидаларының қызмет етуіне шектеу қою. Бұл дегеніңіз заңсыз мәжбүрлеу мен азаптауды саяси әдіс ретінде жою және жалпы сайлауда өкілеттік беру, бұл өкілеттілік бүкіл саяси секторларға беріледі. Ұзақ жылдар бойына сақталған жүйелер демократиялық жолға бірден көше салуға үлкен кедергілер келтіреді. Чили жағдайында авторитарлық жүйе құлдырамайды, ол демократияға өту процесін өзі жүзеге асырып отырады. Бұл авторитарлық жүйе үшін өте сәтті құбылыс болып табылады. Осы орайда жаңа проблемалар туындайды. Бұл проблема институционалдық мұра, оның механизмдері, белгілі бір идеалдық саяси моделінде жатқан идеологиялық қағидалары. Осының барлығын да авторитарлық жүйеден демократияға өту барысында сақтап қалғысы келеді. Авторитарлық жүйе өзінің моделін және өзінің идеологиясын сақтап қалғысы келеді. Бұл билікті жоғалтқанына қарамастан авторитарлық жүйені түгелдей демонтаждау саясатын жүзеге асырмайтындай механизмдердің орын алуы еді. Кейбір тарихшылар мұны “авторитарлық анклавтардың”сақталып қалуы деп есептейді. ”Авторитарлық анклавтар” демократияландыруға қарсы күштер, олар демократияға өтуді қиындатып, керек десеңіз мүлдем жоққа шығара алатын еді. Дәл осындай анклавтардың орын алуы авторитаризмнан демократияға өту жолындағы дезинтеграция, өту, консолидация фазаларын көруге мүмкіндік бермейді. Олар демократияның аяғына тұсау болып киіліп отырды. Плебисцит пен сайлау нәтижесі бойынша чилиліктердің басым көпшілігі қалаған қайта жаңғырған чилилік демократия төрт негізгі проблемаға кезігеді. Бірінші мәселе 1988-1990 жылдар аралығында бақылаулы өтпелі процесс кезінде туындайды. Бұл орайдағы әңгіме жаңа саяси жүйедегі авторитаризм жақтаушылары офицерлер жайында болып отыр. Офицерлік диктатуралық жүйе кезінде елеулі саяси және әкімшілік рольдерге ие болған болатын. Қарулы күштердің және онымен байланысы бар секталардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы авторитарлық жүйе кезінде өте жоғарғы сандық және сапалық көрсеткішке ие болған еді. Қарулы күштерді және мемлекетті бөліп тұратын дәстүрлі шеп, автономдық деңгей, әлеуметтік, экономикалық және саяси өмірге, деген олардың бейтараптылығы, сонымен қатар азаматтық билікке бағынуы 70-80 жылдары мүлдем өзгеріске ұшыраған еді. С.Альенде кезімен салыстырғанда Пиночет билігі кезінде офицерлер беделі өте күшейе түседі. Қарулы күштермен және басқа да авторитаризмнің элементтері мен орнатқан билікті қарапайым демократиялық жолмен қирату, демократиялық институттарды жандандыру қиынға соғады. Екінші мәселеге келетін болсақ Альенде тұсында Чилиді терең саяси, әлеуметтік, экономикалық дағдарысқа алып келген саяси сценарийдің орын алуына кепілдік беретін әскери жүйемен жүзеге асырылып отырған коституциялық және институцияналдық құрылым еді. Бұл конституциялық құрылым ұлттық қауыпсіздікті сақтау үшін әскерилер жасаған шектеулі немесе авторитарлы демократия болатын. Шектеулі демократия моделі қатаң неолибералды стратегиямен тығыз байланыста болады. Дәл осы саяси моделді Пиночет және оның жақтастары 1980 және 1988 жылодарғы плебисцитте заңдастырып қалғысы келеді. Бұған конституцияға бірқатар өзгерістер енгізу арқылы қол жеткізіледі. Осы өзгерістер арқылы “авторитарлық анклавтарды” қалыптастырады. Үшінші мәселе экономикадағы неолибералдық моделдің қалып қоюымен туындайды. Пиночет жүйесінің экономикалық жетістіктері 1988 жылғы плебисцитте Пиночет кандидатурасын алға сүйреу үшін үгіт-насихаттың басты құралына айналады. Бұл насихат тек өткен жетістіктерді ғана пайдаланбайды, сонымен қатар келешекте де үлкен жетістіктерге жетеді деп үгіттейді. Қарапайым мәселелердің шешімін табу оңай-ақ еді. Мәселе бұл моделдің жетістігінің әлеуметтік құнының өте жоғары болуында еді [11,17]. Сонымен қатар қатаң экономикалық шаралардың біразы демократиялық құндылықтар аясына сәйкес келмеді. Бұрын нұсқау арқылы жүзеге асырылып отырған экономикалық саясат ендігі кезде тек жүйенің маңайындағылардың ғана емес әртүрлі әлеуметтік топтың мүдделерімен мақсаттарын ескере отырып келіссөздер, консенсустар арқылы жүзеге асырылып отырды. Диктатура жылдарында “чикаго балақайлары”аталған чилилік технократтар өздерінің экономикалық саясатын зертханалық жағдайда жүргізіп отыратын, өйткені олар ықпалды неолибералдық топтардың, әскердің жоғарғы эшолонының және Пиночеттің өзінің тікелей бақылауында болатын. Ол кездері әр-бір оппозиция жанышталып отырған. Бұл жағдай келмеске кетеді. Басқарушы партиялар коалициясы әр түрлі паритялардың мүддесін және де шектеулі либералды демократиялық оппозицияның да мүддесін ескуеруді естен шығармайды. Мемлекеттің экономикаға араласуын орынсыз деп таныған, керісінше нарықтық заңдылықты жандандыра түсетін неолибералдық экономикалық моделді ”авторитарлық анклав” ретінде қарастыру мүмкін емес еді. Бірақ та іс-жүзіндегі ол жоғарыдағы аталғандарға сәйкес келмейді. Біріншіден сыртқы қарызды басқару, қаржылық және салық тәжірибесі, жекешелендіру, мемлекеттік секторды қысқарту экономикалық саясат ұзақ мерзімде жасалған еді және оны өзгерту қиын болып шығады. Екіншіден мемлекеттік бақылаудан бас тартуға негізделген неолибералдық экономикалық тәжірибе мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктерінің азаюына алып келеді. Бұл даму жағдайында өте қолайлы болса, ал дағдарыс жағдайында тиімсіз болды. Үшіншіден неолибералдық экономика мен “авторитарлық анклав” бір-бірімен тығыз байланыста болып шықты. Ұзақ мерзімді жоспар бойынша бұл яғни еркін нарық саясаты барлығының да мүдделерін қанағаттандырушы еді. Іс-жүзінде Чили секілді шикізат экспортына басымдық берілген елдерде, неолибералдық саясат авторитарлық жүйенің басты әлеуметтік тірегі болып саналатын экономикалық элита үшін тиімді болды. Төртінші мәселе бұл жүйенің адам құқығын бұзғандығы еді. Осы негізді ескере отырып демократиялық әкімшілікке екі қарама-қайшы тактикалық шешім қабылдауды итермелейді. Біріншіден 1973-1991 жылдар аралығындағы адам құқығын бұзған деп айыпталатын әскерилер және олар мен байланысы барлармен тікелей қақтығыстарға түспеу. Бұл мәселені қарама-қайшы, яғни мәселені жабық қалдыру демократиялық жүйенің болашағына балта шабумен тең деген сөз еді. Бұл мәселені жабық қалдыру авторитарзм өкілдерінің, оның жақтаушыларының көзқарасын жақтағанмен бірдей болушы еді. Әрбір ұлттық дағдарыс орын алған жағдайда кім болса да репрессиялық шараларға сүйене беретіні анық байқалады. Міне осындай төрт мәселенің немесе авторитарлық анклавтың орын алуы жаңа туған Чили демократиясының дамуына кері әсерін тигізді. Сол себепті де демократиялық жүйе өзінің бар күшімен шеберлігін жоғарыдағы мәселерді шешуге арнағанды жөн деп табады. Бұл төрт мәселе бір-бірімен тығыз байланысты болады, оларды жеке –жеке шешу мүмкін емес еді. Уақыт факторын да естен шығармаған дұрыс. Егер де авторитарлық анклавтарды қысқа мерзім ішінде бір ретке келтірмесе олар күшейіп, демократияның өркендеуіне одан да жаман әсерін тигізетін еді. Осы кезде авторитарлық элементтер тек әскерде ғана емес , сонымен қатар парламентте, Жоғарғы сотта, Ұлттық қауыпсіздік кеңесінде керек десеңіз Орталық банкте де бар тұғын. Бұлар кез-келген уақытта жаңа жүйенің сәтсіздіктерін өткір сынға алып , жетістіктерін өздері еншілеп кетуі әбден мүмкін еді. Осылайша демократияның нығаюы авторитарлық мұрагерліктің немесе авторитарлық анклавтың қалай шешуімен тікелей байланысты еді. Бұл мәселелердің біреуінің шешімін таппай қалуы демократиялық жүйенің жарқын болашағын қиындатып жіберер еді. Біз жоғарыда атап кеткен бірінші мәселе авторитаризмдік мұраның жаңа демократиялық жүйенің алатын орны мен онымен байланысының деңгейіне байланысты. Бұл байланыстар демократиялық жүйе консолидациясының алғашқы жылдарында өте мазасыз күйде болды. Аугусто Пиночет демократиялық қағидаларға сүйене отырып президенттік билікті тастауға дайын болғанымен, қарулы күштердің қолбасшысы қызметінен бас тартпайды. Әскери диктатура кезінде қабылданған заңға сәйкес Пиночет бас қолбасшы қызметін тағы бір мерзімге, яғни 1998 жылға дейін сақтап қалады. Әлемнің ешбір елінде мұндай қарт қолбасшы болып көрген емес. Көптеген демократ саясаткерлер Пиночеттің отставкаға кетуін талап етеді. Бұған жауап ретінде Пиночет әскерилердің тағы бір төңкеріс жасамауына тек өзінің ғана кепіл бола алатындығын айтады. Осы орайда демократиялық жүйе Пиночеттің көмегімен болса да әскерді бақылауда ұстағысы келеді. Чили әскері 1973 жылы Альендені құлатқанымен салыстырғанда саны көп, жақсы қаруланған , жақсы қаржыландырылған басты саяси фактор еді. Теориялық жағынан қарулы күштер саясаттан тыс болғанымен, олар вертикальды бағыну қағидаларына берік еді, басшыладың тапсырмасы талқылауға келмейтін, олар үшін бас қолбасшы генерал-капитан Аугусто Пиночет Угарте тапсырмасы бұлжымайтын заңдылық болатын. Қатаң антикоммунистік доктриналардың енгізілуі , классикалық ұлтшылдық, қарулы күштерді оңшылдардың мызғымас одақтастарына айналдырған еді. Әскерилердің 17 жыл бойы бақылаусыз Чилиді өз билігінде ұстауы билікті азаматтық саясаткерлер қолына беруін қиындатады. Сонымен қатар диктатуралық жылдардағы әскерилердің қаржылық махинациялары әшкерелене бастайды. Әскердің беделіне , оның мызғымастығына нұқсан келтіріледі. Әскер ішінде бүлік шығып көптеген генералдар Пиночеттің отставкаға кетуін талап етті. Парламент, комитеттер тәуелсіз тергеу жұмыстарын жүргізе бастайды. Мұндай комитеттер әскер мен Пиночеттің өзін ірі жемқорлар ретінде көрсеткісі келді. Мұндай тергеулердің нәтижесінде әскер беделіне одан бетер нұқсан келтіріледі. Осы орайда Пиночеттің әскер беделіне нұқсан келтіреді деп офицерлер анонимді түрде Пиночеттің отставкаға кетуі жөнінде жасырын хат жолдайды. Пиночет жауабы жылдам әрі нақты болады. Ол 1990 жылғы 19 желтоқсанда әскери бөлімдерге “казармаларына оралуын” талап етеді. Төңкеріс қаупі қайта туып, азаматтық саясаткерлерге істі одан ары қазбалай берудің соңы жақсылыққа апармайтыны білінеді. Чилидің демократиялық жүйесінің алғашқы жылдарындағы әскерилер мен азаматтық саясаткер арасындағы байланыстары өте шиеленісті түрде болады. Кебір генералдар әлі күнге дейін Пиночеттің жасырын жақтастары болып келді. Олар азаматтық саясаткерлерге сенімсіздік танытады. Жаңа әкімшілік әскердің билігін шектеу үшін бірқатар жаңаша әрекеттерді жүзеге асырады. Олардың бірі каребинерлар корпусын қорғаныс министірлігінен ішкі істер министірлігінің бақылауына өткізіп беруі. Диктатура мен тығыз байланыс орнатқан карабинерлер корпусына деген қоғамдық сенімді арттыру. Келесі бір әскердің бақылауын азайту әрекеті ол солшылдар тарапынан орын алған территориялық әрекеттердің көбейіп кетуіне байланысты мәжбүрлі түрде азаматтық саясаткерлердің кейбір әскери бөлімшелерге басшылық етуі еді. Бұл мәселе Альенденің кеткені осындай ішкі соғыс жағдайында, яғни ішкі саяси тұрақсыздық жағдайында орын алды деп есептелінеді. Әскерилердің пікірі бойынша бұл жағдай әскерилердің ісіне араласпауын ақтай түсетін еді. Олар бұл мәселені ешқандай саяси институт немесе ешқандай қоғамдық сектор шеше алмайтын еді деп ойлайды. Бұл тезисті қабылдау жүйенің солшылдармен күресте жүргізген қатаң саясатын ақтаумен тең еді. 1990 жылғы қазан айында диктатура жылдары енгізген заңға сәйкес Пиночет президент Айлвинге бірнеше генералдардың шенін көтеру үшін тізім береді. Бірақ Айлвин генерал Порера мен Кастро кандидатураларына заң шеңберінде вето жариялайды. Дегенменде әскер, нақты айтсақ Пиночет тізміді жасаушы болды, осының өзі Пиночет беделінің қаншалықты дәрежеде екенін білдірсе керек. Әскерилер мен азаматтық саясаткерлер арасындағы жағдайдың шиеленіскеніне қарамастан олар бір-біріне ұстанымды келеді. Тікелей қақтығыстан қаша отырып әкімшілік қарулы күштердің әлсіз тұстарына қысым көрсетеді. Демократиялық жүйе өзінің көп күш-жігерін Пиночетті отставкаға кетіруге жұмсағандай елес қалдырады. Керек десеңіз СНИ сақталуы жайына келгенде әкімшілік билігі шектеулі екені көрінеді. 1990 жылдың наурызында СНИ демонтаждалғанына қарамастан оның екі мыңға жуық құпия агенттері әскер қатарына өтіп кетеді. Бұл конгресстің әскери бюджетті талқылауы кезінде анықталынып қалады. Шамамен 5 млн доллар таратылған СНИ қызметкерлерінің жалақысын төлеуге арналған . Әкімшілік бұрынғы құпия полицияны қаржыландырып отырғанын зорға дегенде түсіндіріп құтылады. Бұл аргумент азаматтық әкімшіліктің саяси еркіндігінің, билігінің қарулы күштерге елеулі адам құқықтары мен әскери шығыны секілді мәселелерде тегеурінді қарсылық білдіре алмайтындығы анықталды. Екінші мәселе бұл бұрынғы жүйеден мұраға қалған коституциялық–институцияналдық құрылым . Дәл сол жылдары конституция мәселеріне байланысты радикалды реформалар жүргізу демократия болашағы үшін қауіпті еді. Айлвин әкімшілігі өткір мәселелер бойынша әрекеттер жасай бастайды. Ол оңшыл оппозиция мен келіссөздерге келеді. ”Кумплидо заңы” бойынша көптеген саяси тұтқындар босатылады. Аяқталмаған істердің әскери соттардан азаматтық соттарға өтуі нәтижесінде президент саяси қылмыстар жасады деп танылғандарға рақымшылық жариялау құқына ие болады. Елден қуу мен жер аудару Айлвин билікке келе салысымен доғарылады. Кәсіподақ конференцияларын құру заңдастырылады. Жергілікті басшылар да сайлау жөніндегі келіссөздер бір жылдан астам мерзімге созылады. Жергілікті кеңестер қайтадан қалпына келтіріле бастады. Осындай шаралар Чилиде демократиялық жүйенің тереңдей тусуіне алып келді. Адам құқықтары жөніндегі баяндаманың ресми жариялану негізінен бастап әкімшіліктің жоғарғы топтары арасында елдің сот жүйесін реформалау мәселесі өткір талқылана бастайды. Сот жүйесі дәстүрлі консервативтік позицияда болғанымен, оның диктатуралық жүйемен тығыз байланысы болғандықтан оны авторитарлық анклав негізінде қарауға болатын еді. Сонымен қатар көптеген соттар бұрынғы жүйемен өмір бойға тағайындалған болатын. Сот билігін реформалау конституцияны өзгерту мен тең болғандықтан ол кейінге қалдырылады. Адам құқықтары бұзылуы жөніндегі баяндаманың нәтижесі ол бүкіл сот жүйесінің әсіресе жоғарғы соттың өткір сынға ұшырауы. Бұл акцияны үкімет ұйымдастырып отырды. Демократиялық күштердің авторитарлық мұраны жою жолында ортақ стратегиялық жоспарлары болмады. Оның орнына олар әр түрлі мәселелерді бірте-бірте дәл шеше бастайды. Чили саяси сферасы авторитарлық-монистік бағыттан ашық либералды-плюралистік даму жолына өтеді. Ол өз кезегінде саяси бәсекелестікті қиындата түседі. Шашыраңқы күштер демократиялық күштердің стратегиялық жоспарларын жүзеге асыруға көп кедергі келтіреді. Бұл авторитарлық мұраның сақталуын жақтайтын оңшыл оппозицияның яғни УДИ-дің және Ұлттық жаңару партияларының жұмысын жеңілдете түсетін еді. Осыған сәйкес экономикалық реформаларды жүзеге асыруда да әкімшілік тек салық және еңбек мәселелері жөнінде ғана реформалар жүргізуге батылы жетеді. Олар бұрынғы жүйенің экономикалық бағытының, яғни ұстанымын мүлдем өзгеріссіз қалдырады. Қазіргі күнде де демократиялық Чилиде бұрынғы экономикалық модель қызмет істеуде. Ол өте жоғары макроэкономикалық көрсеткіштерге ие, сонымен қатар өте төмен бөліп беру эффектісіне де ие болып отыр. Демократиялық үкіметтің оның ішінде Христиан–Демократиялық партиясының тірегі ол-“әлеуметтік нарықтық экономика “. Ол еркін нарықтық қағидаларды бірінші орынға қояды. Ол бойынша қоғамдық қажеттіліктер мемлекеттің бөліп беру әрекеті мен қамтамасыздандырып отыруы керек. ”Әлеуметтік нарықтық экономика” қағидасы бір мезетте екі бірдей қызметтің жүзеге асырылуын қарастырып отырады. Олар жинақтау (накопление), бөлу (переросрпеделение). Чили христиан-демократтары Германия экономикалық моделін пір тұтады. Коалиция құрамының басқа бір ірі паритясы (Демократия үшін партиясы ) Франко жүйесінен кейінгі Испанияның демократияға өтуіндегі Филипе Гонсалес үкіметінің тәжірбиесіне жүгінеді. Айлвин үкіметінің экономикалық саясаты 80 жылдарың екінші жартысында жүргізген Пиночет әкімшілігінің неолибералдық бағытының жалғасы деуге болады. Нарықтық механизмдердің әрекеті ауылшаруашылығы мен өнеркәсіптің қызметін анықтап отырды. Бұрынғы, яғни Пиночет жүйесі негізінде орын алған ірі экономикалық конгломераттар келешектегі эконмикалық жетістіктерге жетудің кепілі ретінде қарастырылды. Экономикалық саясаттың жетістігі әкімшіліктің кәсіпкершілік ұйымдар мен жүргізген жағымды байланысының нәтижесі болып табылады. Мысалы аграрлық салада экспортттық саласына басымдық беріледі. Ауыл шаруашылығында экспорттың көлемі асқанына қарасамстан жалақы мөлшері сол төмен күйінде қалып қояды. Үкіметтің оппозиция мен жүргізген сәтті келіссөздерінің нәтижесінде ұлттық табыстың 6 пайызын халықтың 45 пайызына әртүрлі көмек ретінде бөліп беру саясатына қол жеткізіледі. 15 пайыз халық кедейшіліктің ең төменгі деңгейінде өмір сүреді. 20 пайыз халық ұлттық табыстың 59 пайызына иелік етеді. Ал бөлініп берілетін 6 пайыз табыс салық көрсеткішін 10-нан 20 пайызға көтеру нәтижесінде жүзеге асырылады. Кейбір, нақтырық айтсақ орман және ағаш өңдеу кәсіпорындарына дотация көлемі азайтылады. Демократиялық жүйе әлеуметтік экономикалық таптардың барлық топтарынының мүддесін қорғауға тырысады. Демократияландырудың алғашқы жылдарында ІЖӨ 1989 жылғы 10 пайыз көрсеткіштен, 1990 жылы 2,1 пайызға дейін төмендейді. Бюджеттік шектеу мен пайыздық ставкалардың жоғары болғандығына байланысты импортты тұтыну азая түсті, оған қарамастан экспорт көлемі ұлғайған еді. Әлемдік мұнай нарығындағы мұнай бағасының күрт қымбаттап кетуі елдің тұрақтылығын мазалады. 1989 жылы инфляция көлемі 21,4 пайыз болса 1990 жылы ол 27,3 пайызды құрайды. Жұмысссыздар саны 1989 жылы 5,3 пайыз болса 1990 жылы ол көрсеткіш 5,7 пайызды құрайды [12,110]. Экономикалық көрсеткіштер одан кейінгі кезеңдерінде жақсара түседі. Ол демократиялық күштердің беделін арттырған еді. Саясатта да либералды ұстанымдар орныға бастады. Жеңілдетілген түрде сақталған неолибералдық саясат консенсустың негізгі факторы болып саналады. Негізгі мәселелердің соңғысы, демократиялық жүйе алдында тұрған ол әскери жүйе негізіндегі адам құқықтарының бұзылу мәселесі. 1978 жылғы рақымшылық туралы заңға сәйкес, 1973 жылдың 11 қыркүйегінен кейін репррессиялық шараларға қатысқандардың барылығы жауапкершіліктен босатылатын болған. Демократиялық үкіметтің билікке келуімен елде “шындық пен бітімгершілікті іздейтін ұлттық комиссия” құрылады. Оның мақсаты адам құқықтарының саяси мотив бойынша бұзылғандығын анықтау еді. Бұл комисссия тарихқа “Реттинг комиссиясы”деген атпен енеді. Ол көптеген айғақтық дәлелдерге ие еді. Көптеген сот істері болып өтеді, бірақ бұл сот істерінде репрессияға қатысқандардың аты-жөндері аталмайды. ”Реттинг комиссиясы” президент Айлвинге баяндаманы тапсырады. Ал Айлвин болса баяндама мазмұнын жариялап қолданылған іс-шараларды атап өтеді. Айлвин елді “Реттинг комиссиясының” нәтижесі шындыққа жанаспайтынын айтып, онымен келісуге шақырады. Репрессия құрбандарын реобилитациялауды, олардың отбасы мүшелеріне компенсассия төлеп, экономикалық көмек көрсетуді және жоғарғы соттан 877 адамның із-түссіз жоғалуын анықтауды талап етеді. Әскерилерді өткір сынға алғанымен азаптау мен басқа да репрессиялық шараларға жауапты деген 2756 адманың есімі аталмады. Енді Пиночет билігін құлатып орнына Хрисиан-Демократтар басшылығындағы коалициялық үкімет билікке келді. ХДП жетекшісі П.Айлвин сол кезде 72 жаста еді. Министрлер кабинетінде президенттен бөлек он христиан-демократ (ішкі істер министрі, қорғаныс, қаржы министрлері осы партия өкілдері болды) алты министр социолистерден, екі министр радикалды топтардан, екі министр басқа саяси күштерден болды [30,235]. Мұндай ара-қатынас үкіметтің позициясын күшейтуші еді. Пиночет тағайындаған тоғыз сенатор сенаттағы көпшілікті құрап отырды. Биліктің ауысуына қарамастан ел 1980 жылғы конституцияға жүгінеді, сол конституция жұмыс істеп тұрады. Ол конституцияға өзгертулер енгізілгенімен оның ішінде өзгертілмей қалған кейбір жағдайлар демократияға тұсау болып отырды. Түрмелерде әскери жүйемен сотталған саяси тұтқындардың ”терроризммен”, ”ұлттық қауыпсіздікке қауып төндіреді”деген баптар бойынша сотталғандар қалып қойды. Қолданыстағы заңға сәйкес үкімет оларды босата алмады. Әлеуметтік экономикалық жағынан да Айлвин үкіметі бұрынғы жетістіктерді сақтап, күрделі өзгерістер енгізбейді. Ол өнеркәсіпті модернизациялауды, сыртқы сауданы либерализациялауды елге шет ел капиталын таратуды одан әрі жалғастырды. Шет ел инвестициясының көлемі 1989 жылы 0,9 млрд доллардан, 1,4млрд долларға дейін ұлғайды. Сыртқы қарыз 17,5-18,5 млдрд доллар арлығында тұрақтап қалды. ІЖӨ мемлекеттің үлесі 30 пайызды құрады. Шағын және орта бизнеске көп көңіл бөлінді. Өндіріс инфрақұрылымдарын (көлік құрастыру оны жаңартуға, шоссе және темір жолдарын салуға, порттарды күрделі жөндеуден өткізуге, байланыс құралдарын жақсартуға) қатты дамытуға елеулі күш жұмсайды. Әлеуметтік мәселелерді біртіндеп шеше бастайды. Әлеуметтік қамсыздандыруға бөлінетін қаржы көлемі жылдан-жылға арта түседі. Кедейшілікпен, жұмыссыздықпен күрес жүргізіле бастайды. Жалақы мен зейнетақының ең төменгі көрсеткіші өсе бастайды. Салық мөлшері де осыған байланысты артып отырады. Өтпелі кезеңді ІЖӨ 1990 жылы 2 пайызға дейін төмендеп кеткен болатын. Содан соң экономика қарқынды дамып ІЖӨ 1991 жылы 5,5 пайызға, 1992 жылы 10,4 пайызға дейін көтерілді. Чили Латын Америкасында ІЖӨ жағынан сенімді түрде бірінші орынға шығады. Міне осындай әлеуметтік экономикалық жетістіктерге жеткендеріне қарамастан авторитаризмнан демократияға өту жолында Чили демократтары бірнеше қиыншылықтарға тап болады. Авторитарлық анклавтар жаңа демократиялық жүйені көп жағдайда тұрақсыздандырып отырды.
Ал Пиночетке келетін болсақ ақырында демократ ретінде билікті демократиялық күштерге береді. Ол өзі заңдық иммунитетке ие болады. Көптеген саяси қарсыластары Пиночеттің өзін концлагерге жапқысы келеді. Бас қолбасшы лауазымы қызметінің мерзімі аяқталар тұста Пиночет “өмірлік сенатор” мансабына ие болып отыр. Ол мансап бойынша Пиночетке қарсы Чилиде ешкім де ешқашан да оны жауапқа тарта алмайды. Кәрі генералдың жасы осы күнде тоқсанның үстінде (2005ж.25 қарашасында 90 жасқа толған болатын). Ол өзінің 5 баласының, 24 немересінің, 3 шөбересінің арасында өмір сүруде. Сірә Пиночеттің көзі тірісінде оның қарсыластары, оны жауапқа тарта алады. Пиночетті енді жаратушы мен тарих қана соттаса керек.
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен тарих бізге Латын Америкасында әскер елдің саяси өміріне белсене араласатындығын тағы да бір дәлелдеп берді. Сол себепті де 1973 жылдың 11- қыркүйегіндегі оқиғаны тосын әрекет ретінде бағалауға болмас. Бұл оқиға тек обьективті ақпараттан алшақталған кеңес жұртшылығы үшін ғана «тосын оқиға» ретінде бағаланған болар. Жүзеге аспай қалған бүліктерді есептемегенде, соңғы 150 жылда Латын Америкасында 550 әскери төңкеріс орын алған.
Чилиде әскери төңкеріс орын алған уақытта, латынамерикалық елдердің бірқатарында әскери жүйе билігі орнаған болатын. Әскердің саяси өмірге белсене араласуы Латын Америкасына тән болғаны белгілі. Әскер бұл елдерде өзі билік жүргізбесе де ол- билікті кім жүргізетінін шешіп отырған. Әскер тәртіп пен тұрақтылықтың қорғаушысы ретінде, анархия мен хаосты болдырмайтын күш ретінде бағаланды. Чилидегі әскердің атқарған әрекеттері аталған ойдың бірден-бір дәләлі болып табылады. Онда конституциялық билік сәл салғырттық таныта бастап еді, әскер дербес институт ретінде саяси өмірге араласа кетті. Не себепті Чилиде дәл әскер Альенде билігіне қарсы шықты деген сұраққа жауап берер болсақ, оған екі себепті айтуға болады. Біріншіден, Чилиде әскери адам болу өте беделді болаттұғын.Чилидің жоғарғы офицерлік құрам өкілдерінің басым бөлігі аристократтардың ұрпағы мен орта таптан шыққан азаматтар еді. Қарапайым жұмысшы мен шаруаның баласына әскери оқу орындарына түсу тек арман еді. Екіншіден, Чилидің және басқа да латынамерикалық елдердің жоғарғы офицерлері мен генералитеттері Америка Құрама Штаттарында білім алды немесе ұзақ уақыт бойына сынақ ісінен өтті. Оның барлығы да оқу мен сынақ ісі барысында капиталистік идеологиялық өңдеуден өткендігі сөзсіз. Осыған орай әскерилер коммунистерге ұлттық бірлікке қарсы шығушылыр ретінде қарады.
Чилидегі төңкеріске қатысты бірқатар зерттеулер мен монографиялар жазылды. Солардың әр- қайсысының өзіндік пікірлері, өз ұстанымдары бар. Біреулері биліктің демократиялық жүйесін жақтаса енді біріеулері авторитарлық басқару формасын құптады. Ал шын мәнінде жауап осы екеуінен табыла ма ? Демократиялық немесе авторитарлық билік болсын бірінші орынға әруақытта ұлттың мүддесін қоюға тиіс. Сол уақытты билікке оң шешімдер мен елдің нақ билеушісі бола алатын харизмалық тұлға керек еді. Шынында да мәселе жүйенің типінде емес. Демократия жағдайында кейбір елдердегі жағдай авторитарлық жүйе тұсындағы уақыттан да нашарлады. Мұны соңғы жылдардағы оқиғаоар дәлелдей түсуде.
Ал Пиночеттің жеке басына келер болсақ жай ғана әскери хунта басшысынан бірнеше ай өткен соң билікті келесі генералға беруден бас тартып, бір жылдан соң президент лауазымына қол жеткізеді. Пиночет барлық саяси партиялардың іс-әрекеттерін тоқтатып, солшыл бағыттағы саясаткерлердің барлығында эмиграцияға кетуіне мәжбүрлейді. «Демократияның күйреуі өз ішінен басталады. Демократияның демократия болып қалуы үшін оқтын-оқтын қанға малып тұру керек»- деген еді бір сөзінде А.У.Пиночет. Пиночет билік құрған 17 жыл ішінде «Халық бірлігі» жақтастарының 30 мыңы өлтірілген еді. Халықаралық құқық қорғаушылардың мәліметтеріне сенсек Пиночет тұсында әрбір алтынша чилилік саяси репрессияның әртүрлі көрінісінің құрбаны болған.
Пиночеттің қандықол, қатал және зұлым диктатор болғаны сөзсіз. Сонымен қатар Пиночет Чили экономика ғажайыбының әкесі. Өзіне дейін солшылдарда, оңшылдарда атқара алмаған экономиканы модернизациялауды Пиночет аз ғана уақыт ішінде жүзеге асырады. Пиночет билігі тұсында Чили континеттегі экономикасы тұрақты, әрі салыстырмалы түрде жоғарғы көрсеткішпен дамыған бірден-бір ел болды. Зейнетақы қорын ұйымдастырудың чилилік тәжірибесі бүкіл әлемде классикалық үлгі ретінде мойындалуда. Континенттің кедей елінің бірі бүгінгі таңда Жалпы ішкі өнімді жан басына шаққанда Латын Америкасында төртінші орынды иеленуде. Ол көрсеткіш Бүкіләлемдік банктің мәліметі бойыеша 2000 жылы 4590 доллаоға тең болған. Чилидің әлемдік экономикадағы орнын көрсету үшін Бүкіләлемдік банктің берген мәліметтерге сілтеме жасай отырып салыстаыра өтейік. Чили үш елмен шекаралас жатыр Аргентина (7460 долл.), Перу (2080 долл.) және Боливия (990 долл.). 2000 жылы Чили Польша (4190 долл.), Түркия (3100 долл.) немесе Ресей (1660 долл.)Қазақстан секілді елдерден бай болған. Бірақ Чилиге Жапония (35620 долл.), АҚШ (34100 долл.) және Германия (25120 долл.) секілді елдерге жету үшін әлі талай тер төгуге тура келеді. Көптеген мамандар Пиночеттен кейін келген демократтар оның бастамасын тек жалғастырады деп есептейді. Дәл сол қанды қол диктатор өз елін орташа әлемдік даму деңгейіне алып шықты. Бүгінгі таңда Чилидегі орташа айлық жалақы мөлшері 1000 долларға тең.
Чили тәжірибесі дамушы елдердің қай-қайсысына болса да үлгі ретінде қажет. Сол уақытта әрине Чилидің дұрыс немесе бұрыс жолға түскендігін айқындау қиын еді. Бүгінгі күні уақыт өте келе кеңестік үлгі бойынша құрылған экономикалық модель, сол кездегі Чилидің дұрыс жолға түскендігін көрсетеді. Бүгінгі таңда да Пиночетке қатысты Чили халқы екі түрлі көзқараста. Көптеген чилиліктер оны ұлттың қорғаушысы ретінде есептеп, дәл Пиночет елді маркстік диктатурадан құтқарып қалды дейді. Сонымен қатар Пиночеттің бірқатар отандастары қандай да болмасын экономикалық жетістіктерді адам құрбандығымен салыстыруға келмейді деген пікірде. Шынында да Чилидің жеткен жетістіктерінің құны өте ауыр болды. Ол жетістіктер қанмен келген еді. Пиночет өз реформаларын жүзеге асыруда шамадан тыс қаталдық танытыады. Пиночет Чили, адамзат баласының тарихына диктатор ретінде еніп отыр. Оның өз халқына жасаған жақсылығы мен жаманшылығы бірін-бірі терістейді.
Чилидің бастан кешкен оқиғаларының қорытындысы адамзат баласының, жеке бір мемлекеттің тарихи дамуында идеологиялық қайшылықтардың сабақтарын әр уақытта естен шығармай, болашақта жан-жақты сараланған қадамдарға баруды талап етеді. Мемлекеттің гүлденуімен халықтың ынтымағы үшін күресу керек екендігін дәлелдей түседі. Чили оқиғаларының қорытындысы мен сабақтары осыған үйретеді.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Сергеев Ф.М. Гестапо Пиночета. -Москва: Современная Россия, 1987.-126 с.
- Королев Ю.Н. Чили: революция и контрреволюция. -Москва: Международное отношение, 1976.- 239 с.
- Кудачкин М.Ф. Чилииская революция: опыт и значение. -Москва: Политиздат, 1977.- 206 с.
- Лабарка Г.Э. Чили, расколенное докрасна. -Москва: Прогресс, 1973.- 272 с.
- Коваль Б.И. Революционный опыт XX века. -Москва: Мысль, 1987.- 542 с.
- Черникова С.С. Чили от диктатуры кдемократии. -Москва: Наука, 1991.- 182 с.
- Белов Д.В. Латинская Америка: перестройка экономики и государство. -Москва: Наука, 1996.-96 с.
- Пилипенко М.А. Чили: “есть далекая страна”.// Латинская Америка. 2003, № 5. 32-39 стр.
- Тарасов А. Правда о Чили и Пиночете. // Свабодная мысль- XXI. 2001, № 3. 40-43 стр.
- Травин Д. Светлая годавщина мрачного переворота. // Звезда. 1998, № 216-235 стр.
- Медведенко А. Аугусто Пиночет. // Эхо планеты. 1993, № 15-17 стр.
- Шнайдер М. Чили: переход к демократии и авторитарное наследие. // Мировая экономика и международные отнашение. 1993, № 108-122 стр.
- Проселкова О.П. Воружонные силы Чили в условиях эрозии диктаторского режима. -Москва: Наука, 1991.- 182 с.
- Кудрявцева Е.Ю. Молодежь Чили – эстофета борьбы. Москва: Наука, 1992. – 190 с.
- Царегородцев В.А. Антидиктаторское движение буржуазных партии. -Москва: Наука, 1992. – 210 с.
- Сличенко В.П. Католическая церковь как фактор общественного развития. -Москва: Мысль, 1991.-200 с.
- Велехов Л. Возмездие пришло. // Итоги. 1998, № 43-44 стр.
- Пидлуцкий О. Аугусто Пиночет: Генерал, который надел на нацию “железные штаны”. // www. russianspain.com. 2003-05гг. 5-6 стр.
- Строганов И.А. Новейшая история стран Латинской Америки. -Москва: Высшая школа, 1995.- 415 с.
- Пленум ЦК Коммунистической партии Чили 1977. -Москва: Политиздат, 1978. – 296 с.
- Свидетельства преступлений. // Латинская Америка.1974, № 78-92 стр.
- Секретный документ. // “Эль соль де мехико”. 1977 г. 3 февраля.
- Очерки истории Чили. -Москва, 1967. – 310 с.
- Шевелев В. Утро Аугусто Пиночета. // russianspain.com. 2003-05гг. 1-10 стр.
- Сергеев Ф.М. Чили: анатомия заговора. -Москва: Международное отношение, 1986. – 190 с.
- Матлина А.А. Латинская Америка в меняющемся мире. -Москва: Международное отношение, 1991. – 270 с.
- Данилевич И.В. Испытание Властью. -Москва: Наука, 1991. –148 с.
- Кудачкин М.Ф. Чили: борьба за единство и победу левых сил. -Москва: Мысль, 1973. – 214 с.
- Капустян Е.Р. Роль США в устоновлении и эволюции военного режима, его внешнеполитические концепции идоктрины. // Итоги. 1998, № 21-24 стр.
- Семенов С.И. Христианская демократия и революционный процесс в Латинской Америке. -Москва, 1971. – 290.