АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Джон Ф. Кеннеди саясаткер және дипломат

Джон Ф. Кеннеди саясаткер және дипломат

 

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе.

 

І-тарау. Кеннедидің өмірі мен қызметі

       1.1.Джон Ф.Кеннедидің өмірі

       1.2.Джон Ф.Кеннеди. Конгрестен Ақ үйге дейін

       1.3.Джон Ф.Кеннедидің ішкі реформалары

 

ІІ-тарау.Джон Кеннедидің сыртқы саясаты

       2.1.Кариб дағдарысы

       2.2.АҚШ және Үндіқытай

       2.3.Ақ үйдің Африка және Латын Америкасында 

             жүргізген саясаты

       2.4.Кеннедидің құпия өлімі – ғасыр қылмысы

 

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Сілтемелер тізімі

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ – Түрік Университеті

Тарих факультеті

 

Студенттің дипломдық жұмысына

Рецензия

 

       ………………………………дың диплом жұмысының тақырыбы: „Д.Ф.Кеннеди – саясаткер және дипломат”.

       Студенттің мамандығы 520330 – тарих.

       Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады.

       Кіріспе бөлімінде студент тақырыптың өзектілігін, алдына қойып отырған мақсат-міндеттерін, мәселенің зерттелу деңгейін, және жұмыстың деректік көзін көрсеткен.

       Бірінші тарауда Д.Ф.Кеннедидің балалық шағы, білім алуы, оны саясаткер болуға итермелеген факторлар мен ортасы, сондай-ақ Конгресс пен Сенаттағы жұмысы, ол жердегі қызметінің маңызы және АҚШ президенттігіне дейінгі өмір жолы  айтылған.

       Ал, екінші тарауда АҚШ президенті болғаннан кейінгі АҚШ үкіметінде жасаған өзгерістері, ішкі-сыртқы саясаты, әсіресе оның Үндіқытай түбегінде, Латын Америкасында және Африкада жүргізген саясаты және Джон Кеннеди және оның саясаты сол кездегі әлемдегі тұрақтылықты сақтауда алатын орны көрініс тапқан.

       Жұмыстың дерек көзі ретінде сол кезде өмір сүрген саясаткерлердің мемуарлары, жазған кітаптары, ғылыми-тарихи әдебиеттер, интернет материалдары пайдаланылған.

       Қорыта айтқанда Бегімбетов Асқардың  „Д.Ф.Кеннеди – саясаткер және дипломат” тақырыбындағы дипломдық еңбегі Әлем тарихы мамандығы бойынша диплом жұмысы дәрежесіне лайық, диплом жұмысы қойған мақсаттарына жеткен.

       Диплом жұмысының тілі жатық, ғылыми деңгейде орындалған дей келе бұл жұмысты „өте жақсы” деп бағалаймын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Джон Фитцджеральд Кеннеди АҚШ-тың ең танымал әрі жас президенттердің бірі.Джон Кеннеди АҚШ президенті қызметінде тура 1936 күн болды және осындай аз ғана уақыттың ішінде ішкі-сыртқы саясатта көптеген өзгерістер жасап үлгерді.Ол президент постына келмес бұрын демократиялық және республикандық қарсыластарымен ұзақ күресуге мәжбүр болды.Джон Кеннедидің Ақ үйге дейінгі жолы оңайға түскен жоқ. Бұл жол Трумэн мен Эйзенхауердің жолына қарағанда өте қиын болды.Сондай-ақ жас президенттің өмірінің соңы да өте қайғылы аяқталды.

       60 – жылдары АҚШ оңшыл реакция күштерінің өте жоғары белсенділік танытқан кезеңі еді.Әскери өндіріс кешені монополиялары, әскерилер және Орталық барлау басқармасы – барлығы да сыртқы саясатқа араласуын үдете түсті. Олар қарулану жарысын өрістетуді,социалистік және дамушы елдерге қарсы агрессиялы саясатты талап етті.

       Джон Кеннедидің АҚШ Конгресіндегі қызметі оны билік басына келуі және президент қызметіндегі жұмысы АҚШ сыртқы саясатының бағытын анықтайтын және  бақылайтын күштердің дәл ортасында болды. Президенттің және оның айналасындағылардың жеке көзқарастары саясат мәселесінде және АҚШ сыртқы саясатының  бағытын айқындауда белгілі роль ойнады, бірақ оның қызмет уақытында бұл көзқарастардың шешуші маңызы болмады.

       Президент Кеннеди алғашқы екі жылда айтарлықтай дәрежеде «қырғи – қабақ соғыста » жақтаушылардың жетегінде жүрді және үкіметті құруда және АҚШ сыртқы  саясатын жүзеге асыратын Уолл – Стрит монополистік топтармен тығыз қарым – қатынаста болды.Шынында да, 1961 жылдың сәуірінде Куба халқына қарсы авантюрасы әлсіздікке ұшырағаннан кейінгі екі жылда Кеннеди көптеген мәселелерде авантюралық әрекетке баруды талап еткен американ әскер басыларының қысымына жиі ере бермеді. Тек үшінші жылы ғана Кеннеди «қырғи-қабақ соғыс» саясатының шеңберінен шығуға ұмтылыс жасады. Оның бұл шешуші қадамдары халықаралық тұрақтылыққа, американ-кеңес қатынастарының дамуына оң септігін тигізді.

       Джон Кеннеди өз өмірің соңына қарай сыртқы саясатта парасатты бағыт ұстануға деген ниетін ашық білдіре бастады. Бірақ, мұндай әрекетке баруға АҚШ монополистік капиталы мүмкіндік бермес еді.

       АҚШ — өте құдіретті империалистік держава. АҚШ басқарушы топтарының жүргізіп отырған агрессивті саясаты халықаралық тұрақтылыққа кері әсерін тигізді. Сонымен қатар, бұл саясат социалистік елдердің қарсылығына және ұлт-азаттық қозғалыстардың өсуіне әкеліп соқтырды.

       Кеннедидің АҚШ және әлем тарихында алатын орны ерекше. Өйткені, ол барлық мәселелерді тек бейбіт жолмен шешуге тырысты. Сол кездегі әлемді дүрліктірген «қырғи-қабақ соғыстың» жұмсаруына үлесін қосқан бірден-бір президент. Сондықтан да Кеннедидің билік еткен кезеңін «жылымық» кезең деп атайды. Сондай-ақ, ол Азия, Африка және Латын Америкасы елдеріне АҚШ

 капиталын енгізуде «жұмсақ» әдісті қолданды. Кеннеди соғыс одақтарын нығайтуға, АҚШ-тың соғыс қуатын арттыруға, сондай-ақ басқа елдерге экономикалық «көмек» беру мен ықпал жасау әрекеттерін «коммунизмді тежеу», АҚШ-тың және тұтас алғанда, күллі капиталистік жүйенің позицияларын нығайту мақсатына пайдалануға шақырды./1/                                                                                                                                                                 

       Тақырыптың өзектілігі: 60-жылдардағы әлемдегі халықаралық жағдайды ғылыми тұрғыдан зерттеу қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі. Кеннедидің сол кездегі бүкіл әлемге төнген қауіп-қатерді сейілтуде атқарған жұмысы өте зор. Оның жүргізген сыртқы саясаты, әсіресе социалистік елдер соның ішінде КСРО-мен жүргізген ымырашыл саясатын айта кеткен жөн. Оның құпия өлімі де қазіргі күнге дейін нүкте қойылмаған сұрақтардың бірі. Сондай-ақ ол сол кездегі әлемдегі халықаралық тұрақтылықты сақтауда және АҚШ позициясын беріктендіруде аянбай қызмет істеген АҚШ президенті.

       Тақырыптың негізгі мақсаты мен міндеттері: Тақырыптың маңыздылығы мен бүгінгі күндегі өзектілігін ескере отырып, Кеннедидің АҚШ президенті болғанға дейінгі және болғаннан кейінгі қызметінің ерекшеліктері маңызын ашып көрсету және кеңес идеологиясымен жазылған деректкрді шетел деректерімен салыстыра отырып, ортақ пікір қалыптастыру басты мақсат болса, осыған сай мына міндеттер айқындалады:

  • Кеннедидің саясатқа ерте араласуына итермелеген факторларға тоқталу
  • Кеннедидің Конгрестегі және Сенаттағы қызметінде әлеуметтік салаға көңіл бөлгенін ашып көрсету
  • Сыртқы саясатта дамушы елдерге әлеуметтік көмек арқылы АҚШ ықпалын күшейтудегі әрекетін қарастыру
  • Кеннедидің жұмбақ өлімінің себептерін ашып көрсету

Зерттеудің методологиялық және әдістемелік негізі: Тарих ғылымының мынадай жалпы теориялық принциптері зерттеудің методологиялық және әдістемелік негізін құрады: Қажетті деректерді табу және оларға сипаттама берудегі тарихи таным; оқиғалар мен жағдайларды зерттеуде тарихи объективтілік нақтылық. Қоғамдық құбылыстардың дамуын және өзгеруін зерттеудегі нақтылы – тарихи әрекет; Танымдағы жан-жақтылық, олардың бір-бірімен ара қатынасы, байланыстары. Тақырыпта тарихи ғылым саласындағы авторлардың еңбекткрі пайдаланылды.

       Еңбекте анализ, синтез, салыстыру және басқа да әмбебаптық жалпыға мәлім зерттеу әдістемелері қолданылды.

Тарихнамасы: Кейінгі уақытта АҚШ-та және тағы басқа елдерде Кеннедидің билік басындағы қызметі мен өміріне арналған көптеген еңбектер жарық көруде.

       Кеннедидің өмірі мен қызметі жөніндегі көлемді еңбектерді А.А.Громыконың «1036 дней президента Кеннеди» (1968), Броган Хьюдің «Джон Кеннеди» (1997), Э.А.Иванянның «От Джорджа Вашингтона до Джорджа Буша» (1991) және М.А.Островцованың «Сто великих правителей ХХ века» (2000) кітаптарынан ала аламыз.

       Ал сол кездегі КСРО сыртқы істер министрі А.А.Громыконың «Внешная политика США: уроки и действительность» (1978), Э.А.Иванянның «Белый дом: президенты и политика» (1979) және А.А. Кокоревтің «Силовая дипломатия Вашингтона» (1985) деген еңбектерінен Кеннедидің сыртқы саясаты туралы мәлімет табамыз.

       Ал Үндіқытай және Кубаға агрессиялы саясаты жөнінде Б.Сиоктың «Покончить с войной во Вьетнаме» (1970) және Ф.М.Сергеевтің «Тайная война против Кубы» (1982) кітаптарында көрініс тапқан.

       Кеннедидің құпия өлімі туралы версиялар И.Ефимовтың «Кто убил президента Кеннеди?» (1991), О.Нечипоренконың «Три пули для президента» (2003), Л.Маттиастың «Оборотная сторана США» (1968) және У.Манчестердің «Убийство президента Кеннеди» (1969) деген еңбектерінде баяндалған.

       Сонымен қатар, Джон Ф. Кеннедиге, Кариб дағдарысына арналған ғылыми-конференцияларда сол кездегі саясаткерлердің сөйлеген сөздері, құжаттары көрсетіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І-ТАРАУ. КЕННЕДИДІҢ ӨМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТІ.

 

1.1. Джон Фитцджеральд Кеннедидің өмірі.

 

       Джон Фитцджеральд Кеннеди 1917 жылы 29 мамырда Массачусетс штатының Бостон қаласы, Бруклин ауданында дүниеге келді. Ол отбасында Джозеф пен Роза Кеннеди тоғыз баланың ішіндегі екінші ұлы еді. Оның атасы Патрик Кеннеди ХІХ ғ. 50ж. Ирландиядан қиыншылық көргендіктен  Құрама штаттарға  қоныс аударуға мәжбүр болады. Джонның әкесі Джозеф Кеннеди АҚШ-тағы жағдайға тез бейімделді. Ол Бостон мэрінің қызына үйленіп, өз карьерасын тез арада көтеруге зор мүмкүндік алды , банк ісімен айналысты.1917 жылы Джозеф Кеннеди өз карьерасында бір сатыға көтерілді. Ол «Бетольком стиль» компаниясының бас меңгерушінің көмекшісі болып орналысты.

      1930 жылы Джозеф Кеннеди ірі миллионерлердің қатарына қосылды.      1932 жылы саясатпен айналысуға кіріседі. Сөйтіп, Франклин Рузвельттің президентік кандидатурасын қуаттап, оған көптеген қаржысын құрбан етеді. 1936 жылы ол «Я-за Рузвельта» деген кітабін жазады. Осылай ол Англиядағы АҚШ-тың елшісі қызметіне дейін көтеріледі. Менің Джон Кеннедидің әкесіне тоқталып кетуімнің себебі, Джонның саясатта осындай жетістікке жетуіне бірден-бір септігін тигізген оның әкесі еді. Өйткені, Джозеф Кеннеди балаларын жастайынан саясатқа баулып, сол кездегі әлемдегі халықаралық жағдайды талдап, өз көзқарасын, пікірін айтып отыруға баулыған./2/                                                                   

Джон Кеннедидің балалық шағы Бруклинде өтті. Әкесінің қызметінің жоғарылауымен Кеннедилер отбасы Нью-Йоркке қоныс аударады. Әкесі Джонды жергілікті бастауыш мектепке береді. Ол жерде оқып жүріп оның тарихқа деген қызығушылығы көрінеді. Ол жастайынан алғыр, зерек болып

өсті. Кітап оқуға әсіресе, тарих, география және рыцарьлардың жорықтары

мен Американың алғашқы қоныстаушылары туралы тақырыптарды оқуға

құштарлығы зор еді.                                                                

13 жасында Джонды Коннектикут штатындағы католиктік мектеп-интернатына береді. Бірақ бұл жерде ол ұзақ тұрақтамады.Өйткені, бұл мектептегі білім оны қанағаттандырмады. Одан кейін жекеменшік мектепке

береді.Джозеф Кеннеди өз балаларын буржуазиялық тұрғыдан тәрбиелеп, білім береді және саясатқа қызығушылығын бақылап отырады. Бұл туралы Джонның інісі Роберт Кеннеди былай дейді: «біз дастархан басында отырғанда, әрдайым президент Т.Рузвельттің қандай саясат ұстанғандығын және әлемдегі халықаралық жағдайды талқылап отыратынбыз».

      Джон жекеменшік мектепті бітіргеннен кейін әкесі оны Лондон экономика мектебіне жібереді. Содан соң ол Гарвард университетіне түседі. Кеннеди

Гарвард университетінде оқып жүрген кезде мемлекеттік құқық және буржуазиялық мемлекет қызметінің механизімінің қыр-сырын оқып үйренеді./3/                                                                                             

Джон Кеннеди бірінші курсты аяқтаған соң Европа елдеріне сапарын ұйымдастырады. Екінші дүние жүзілік соғыс қарсаңындағы Европа өмірін өз көзімен көреді. Джон 1937 жылдың жазында әкесіне жазған хатында былай жазады: «Испания халқының 95% Құрама Штаттардағы жағдайдан толығымен бейхабар». Кеннедидің айтуынша, испан халқының көпшілігі азамат соғысында Францияны қолдайды. Ол республикалық Испаниядағы жұмыстар халық игілігіне жасалып жатқанына таң қалды.  

      Джон өзінің күнделігінде,Испаниядағы соғыс республика құруға талпынды,- деп жазады. Бірақ, фашизмнің біріккен күштеріне қарсы күрескен республикандықтар жойылып кетті. Кеннедидің мойындауы бойынша Испаниядағы республиканың режиміне деген көңілі суыды. Ол Германия мен Италия үшін фашизм «қалыпты жағдай»,-деп есептеді.

1937 ж. аяғында президент Рузвельт Джозеф Кеннедиді Ұлыбританиядағы  елші етіп тағайындады. Ол өзінің мәлімдемесінде  Чемберлен үкіметімен бейбіт саясат жүргізуді ұсынды. Ол Рузвельтке Европадағы әскери шиеленістерге араласпауын және қауіпті жағдайлар туындамас үшін қарулану керектігіне кеңес берді. Джон Кеннеди өзіндегі мүмкіндіктерді пайдаланып, өзінің демалыстарын Лондон мен Францияда өткізеді. /4/

       Кеннедидің сүйікті кітабі — Виктория ханшайымның премьер- министрлерінің бірі — Вильям Лэмбтің қызметінің тарихына арналған – «Мельбурн» кітабы еді. Кітапта саяси қайраткерлердің қызметі баяндалады. Мельбурнның өз қарсыластарына қарсы күресі Кеннедиді таңқалдырады. 1938-39 жылдары Джон Кеннеди Европа мемлекеттеріне сапарын ұйымдастырады. Ол осы сапарында Кеңес Одағында,Балкан елдерінде болады. 1940 жылы Джон Гарвард Университетін үздік дипломмен бітіреді. Ол өзінің диплом жұмысын ағылшын сыртқы саясатына арнап, оны «Мюнхендегі ымырашылдық» деп атайды.         

       Бұл шығармада Джон Кеннеди Чемберленнің саясатын жақтап,  оның ымыралшылдыққа тек ағылшын іскер тобының және пацифистердің қысымымен барғанын  баяндады. Кейіннен бұл жұмыс Джозеф Кеннедидің көмегімен «Почему спала Англия ?» деген атпен жарияланады «Почему спала Англия ?»  кітабы АҚШ пен Ұлыбританияда 80 мың данамен тарады.  Бұл кітап Джон Кеннедиге танымалдылықпен қатар 40 мың доллар қаламақы әкелді.

       1939 жылы 1 қыркүйекте Гитлер әскері Польшаға басып кіргеннен кейін, екінші дүниежүзілік соғыс басталады. 1940 жылы Рузвельттің сайлау компаниясына қатысу үшін Джозеф Кеннеди АҚШ-қа қайта оралады. Ол Бостон газеттеріне берген сұхбатында «Мен АҚШ-тың бұл соғысқа араласпауы үшін барлық әрекетке барамын. Соғысқа араласудың ешқандай мәні жоқ»,-деп мәлімдеді.

       Осы мәлімдемеден кейін Рузвельт Джозеф Кеннедиден көңілі қалады.       1940 жылы Рузвель президент болып сайланған соң Джозеф Кенадиді АҚШ-тың Англиядан елшісі қызметінен босатады. Осыдан кейін ол Америкадағы саяси топтардың арасында ешқандай роль ойнамайды.

       Жапонияның Перл-Харбор әскери базасына жабуылынан кейін және Тынық Мұхитта соғыс басталғаннан кейін Джон Кеннеди әскерге қабылдану туралы өтініш береді. Бастапқыда денсаулығына байланысты кедергілер туындағанымен, оған әскери теңіз флотына қабылдану сәті түседі. 1942 жылдың аяғында Джон Кеннеди АҚШ әскери теңіз күштерінің торпедо қатерлерінің отрядын басқару туралы бұйрық  алады. 1943 жылы жас офицерді Тынық мұхитының  оңтүстік бөлігіне жібереді.

       1943жылы 2 тамыздағы түнде Кеннеди Фергюсон бұғазында оның « РТ -109» катерін жапондық  «Амагири» эскадралық минатасушысы шабуыл жасағаннан кейін өлім аузынан қалады. Қатты соққы штурвалда тұрған Кеннедиді суға лақтырып тастайды. Кейіннен Кеннедидің экипажын американдықтар құтқарып алады.

       Бірақ, соғыс оның ағасы Джоға қайырымдылық танытпайды. 1944 жылы оның ұшағы неміс базаларына шабуылы кезінде жарылып кетеді.

       Екінші дүниежүзілік соғыс біткеннен соң Кеннеди өз күшін журналистика саласында байқап көреді. Оны 1945жылы Херст прессасының өкілі ретінде  Сан-Франциско конференциясына жібереді. Конференцияда БҰҰ құру туралы келісімге қол қойылады. Кеннеди БҰҰ маңызын түсінбеді. Бұл халықаралық ұйымның жарғыларына көңілі толмады.

        Кейіннен Джон Кеннеди журналистикамен қоштасады. Оның саяси күресте өз бағын сынап көру ынтасы оянады. Бұл жоспарларды жүзеге асыруда Кеннедиге демеуді әкесі береді, өйткені үлкен ұлы Джо қайтыс болғаннан кейін барлық үмітті Джонға артады. Кеннеди өз отбасының саяси өмірге араласуын былай баяндайды: «Егер мен өлсем, онда  менің інім Боб сенатор болар еді, ал ол бақытсыз жағдайға ұшыраса, ініміз Тедди біз үшін сенатор болуға ұмтылар еді»./5/

       1946 жылы Джон Кеннеди қала өміріндегі саяси жағдаймен танысу үшін Бостанға келеді. Джон Кеннедидің саяси карьерасы АҚШ Конгресіне Бостан қаласы бойынша №11 сайлау округінен басталады. Көргендердің айтуы бойынша Кеннеди біраз уақыт бойы Массачусетс штатының көлеңкелі жақтарына үйрене алмады. Ол: « Етік киетін сәт туды Джо. Егер ол тірі болғанда, мен бұл тірлікпен ешқашан айналыспайтын едім», — деп жиі айтатын.

       1952 жылы Кеннеди республикандық сенатор Г. Лоджды саяси күреске түсуге шақырады. Джонның сайлау компаниясын інісі Роберт басқарды. Лодж қауіпті қарсылас болатын және осы уақытта генерал Д. Эйзенхауер бастаған республикалықтар билік басына оралған еді. Генерал Массачусетс штатынан 208 мың дауыс жинап жеңіске жетсе, Кеннеди болса 70 мың дауыс басымдықпен Лоджды жеңіліске ұшыратты. Ол 1958 жылы сайлаушылардың 70% — тен артық дауысын жинап, қайта сайланды.

       Сенатор-Кеннеди бағаны және тұрғын үй ақысын реттеу саясатын қолдады. Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын мақұлдады. Кәсіподақтардың құқығын қорғады және Тафт – Хартли заңына қарсылығын білдірді.

       Бірақ сыртқы саясат саласында және бірқатар мәселелерді шешуде солтүстік штаттардың демократтарының басым көпшілігінен оңшыл саясат ұстанды. Ол президент Труменді, мемлекеттік хатшы Дж. Маршалды және мемлекеттік департамент шенеуніктерін, Қытайды коммунистердің билігіне «беріп» қойғаны үшін айыптаған республикалықтарға қосылды. Қорғаныс саласы бойынша Ақ үй саясатын сынға алып, шет елдерге көмек беру бағдарламасына сенімсіздік танытты. Шіркеу мектептеріне  көмек беру бағдарламасына қолдау білдірді. Ауылшаруашылық жәрдем ақшалардың жоғары және қатаң бағалармен бекітілуіне қарсы дауыс берді. Азаматтық құқық мәселесінде өз позициясын нықтап ұстанды. Кеннедидің және ортодоксальді либералдардың көзқарастары азаматтық бостандық саласына келгенде екі жарылғаны айқын көрінеді. Бұл уақыт ұлттық қауіпсіздік және жеке бостандық арасындағы тепе-теңдіктің бұзылғандығы анық көрінген «Қырғи қабақ соғысы» мен Кореядағы соғыс жылдары еді. Кеннеди азаматтық бостандық жағынан гөрі, қауіпсіздік жағында болды. Бұл мәселе коммунистерге қарсы крест жорықтарын ұйымдастырушы Висконсин штатынан шыққан республикандық сенатор Дж. Маккартидің әрекеттерінің нәтижесінде көпшілік назарында болды. Кеннеди Маккартиден бөлек болуды дұрыс көрді, бірақ оның ашық қарсыластарының арасында да болмады. 1954 жылы Сенат Маккартидің әрекетін жоққа шығару үшін дауысқа салғанда Кеннеди денсаулығына байланысты қатыса алмады және бірнеше жыл көлемінде осы мәселе бойынша өз позициясын айқындай түсті. 1952 жылы Сенаттағы орын үшін болған компания барысында Кеннеди республикандықтардан қолдау тапты. Кеннеди де Лодж да Маккарти туралы пікірталастан аулақ болуды дұрыс көрді, өйткені Массачусетсте оның жақтастары көп болатын.

       1953жылы Джон Кеннеди Вашингтонның «Таймс геральд» газетінің фоторепортері, Нью – Йорктік банкирдің қызы – Жаклин Бувьеге үйленеді.

       Бір жағынан Джон Кеннеди 50ж. басы мен ортасында жас саяси қайраткер сияқты көрінді. Бірақ, көпшілік оның қатты ауру екенін білмеді. Омыртқадағы ауру күннен күнге асқына түсті. Дәрігерлердің айтуы бойынша Кеннеди қан рагінің жарылуынан бірнеше жыл ғана өмір сүруі мүмкін еді./6/

       1954 жылы басында омыртқадағы аурудың асқынуына байланысты Джон Кеннеди қайта операция жасатуға шешім қабылдайды. Кеннедиге операция жасап, омыртқасына болат пластина орнатады. Бірақ, бұл одан да жаман ауру тудырады. Сөйтіп, пластинаны алдырып тастайды. 1955 жылы Нью – Иорктік  дәрігер Жаннет Травельді естімегенде, оның одан кейінгі өмірі мен саяси карьерасы қалай өрбитіндігі беймәлім еді. Дәрігердің емін қабылдағаннан соң Кеннеди біртіндеп жеңілдене түседі. Кеннеди операциядан кейін өзінің сол аяғы оң аяғынан  қысқарғанын анықтайды. Бұл арқадағы аурудың күшеюіне әсер етті. Кейін оның денсаулығы бірден жақсарады. Кеннеди өзін белсенді өмірге қайта әкелген тек қана дәрігер Травель деп есептеді. 1956ж. Джон Кеннеди ауруханада жатып, «Черты мужества» кітабын жазып шығарады. «Черты мужества» кітабы АҚШ –та даулы табысқа ие болды және Кеннедидің танымалдылығының өсуіне ықпал етті. Кітап жарық көргеннен бір жыл өтісімен Кеннеди өмірбаян бөлімі бойынша «Пулицер»  сыйлығын иеленеді.

       Саясат аренасына қайта келгеннен соң  Кеннеди бірқатар заң жобалары үшін көп еңбектенеді. Президент сайлау жүйесіндегі халқы тығыз орналасқан өндірістік дамыған штаттар ұсынған басты басымдық консервативті селолық аудандар делегаттарын өзіне қаратуда маңызды қарсы салмақ екенін айқындай отырып, ол 1956 жылы сайлаушылар коллегиясы реформасына қарсы күресті басқарды. Ол бұрынғы президент Г. Гувер басқарған үкімет аппаратын қайта ұйымдастыру бойынша көптеген заңдық нұсқауларды рәсімдеді. Кеннеди қарулы күштердің медициналық кітапханасын ұлттық медициналық кітапханаға айналдыру жөніндегі заң жобасын бекітуді де қамтамасыз етті. Осы жобалардың нәтижесінде оның Конгрестегі абыройы да беки түсті. Ол бұл постқа               Дж. Адамстан Тафтқа  дейінгі американ саясаткерлеріне арнаған «Черты мужества» кітабы үшін «Пулицер» сыйлығын алған соң ғана орнықты.

       1956 жылы Демократиялық партияның ұлттық конвенті Джон Кеннедидің жалпы халықтық саяси аренаға шығуына жол ашты. Э. Стивенсон екінші мәрте президент постына бару үшін өз партиясымен басқа да жолдарға барды және конвентке сайлауда вице – президенттікке кандидат ретінде серіктес таңдау туралы ұсыныс жасады. Кеннедиге теннесийлік сенатор – Кнефовер өте қауіпті қарсыластық білдірді. Өйткені, ол алдын – ала сайлау нәтижесінде бірқатар штаттарда жеңіске жеткен болатын. Кеннеди келесі сайлауларда сайлау бюллетендердегі алғашқы орындарға ұмтылуға асықпай кірісті. Ол 1958 жылы Сенатқа қайта сайлауда сенімді жеңіске қол жеткізген болатын. Кеннеди қоғамдық өмірдің назарында болу үшін барлық әрекетке барды. Ол газет – журналдарға ондаған мақалалар жазды. Кәсіподақтың әрекеттерді тергеумен айналысқан Маккленланның кең көлемде жарнамаланатын комитетінің мүшесі болды.

      Сонымен қатар, Сенат арқылы еңбек қатынастарын реформалау туралы заң жобасын өте шебер жүргізе білді. Алжир мен Үндістанға экономикалық көмек беру мәселелерінде өз тағдырын өзі шешуін талап етіп, сыртқы саясат саласында өз беделін көтеріп алды.

      1960 жылдың  басында Кеннеди өз кандидатурасын ресми түрде ұсынған кезде, оған Миннесоталық сенатор – Х. Хэмфри, Миссурилік сенатор – Саймингтон, Техастық – Л. Джонсон және Э. Стивенсон қарсы тұрды. Екі апта өткеннен кейін республикалықтар өз кандидаты етіп вице – президент Никсонды  таңдады. Кеннеди өз серіктесі сенатор Джонсон оңтүстіктен дәстүрлі қолдауды қамтамасыз еткеннен кейін, өз күшін халық тығыз орналасқан солтүстік – шығыс штаттарға салуға кірісті. Бұл стратегия табыс әкелді, бірақ бұл басымдылық маңызды болмады. Кеннеди Никсонды 119 мың дауыс басымдығымен жеңді. Кеннеди мен Джонсон  сайлаушылардың 303 дауысын алды, Никсон иен Лодж – 219, сенатор Бирд – 15 дауыс жинады./7/ 

      Кеннеди 1961 жылы 21 қаңтарда АҚШ президентінің  антын қабылдады. Жаңа президенттің жоспары «Жаңа шекара» бағдарламасы деп аталды. Конгресс бейбітшілік корпусын құруды, ең  төменгі жалақыны көтеруді, әлеуметтік сақтандыруды, ымыраға келтіруді мақұлдады және тұрғын үй, елдің кедейленген аудандарына көмек беру, жұмысшы күшін қайта даярлау және уақытша жұмыссыздарға жәрдем ақы тағайындау туралы заңдарды қабылдады. Президентке импортқа тарифті төмендету туралы келіссөз жүргізуге теңдессіз өкілеттілік берілді.

       Конгресс оның бірқатар қарттарға медициналық көмек көрсету, қала істері жөніндегі министірліктер құру, білім беру саласына жан-жақты көмек беру туралы ұсыныстарын қабылдамады.

      Конгресс Ақ үймен салыстырғанда либералды және белсенділікке ынталы болмады. Маңызды комитеттердің басшылығының орнын бақылап отыратын оңтүстік демократтар, республикандық одақтастарының көмегімен атқарушы биліктегі өзінің  тежеуіш әрекетін сақтап қалды. Президент өзінің заң шығарушы бағдарламасымен қоғамдық қолдауға ие бола алмады. Жеке тұрғыдан алғанда, ол өте танымал болды. Дегенмен, ел өркендей түсті  және сайлаушылардың қалың топтарын билікті ауыстыру қажет екенін сендіру қиын болды.  Президенттің жоғары бағаланған екі заң жобасы бірнеше айлар бойы жүзеге асырылмады. Бұл заң тек президент өлгеннен кейін қабылданды. Бұл заңның бірі жеке және корпоративтік кіріс салығының мөлшерін төмендету жолымен экономикалық өсуге жағдай жасауды көздеді. Екінші жоба азаматтық құқықты қорғауға байланысты еді. Бұл салада президент анағұрлым кешігіп әрекет етті. 1960 жылы демократиялық платформадағы өзінің сайлау алдындағы уәдесіне және сеніміне қарамастан, ол басқа бағдарламада, әсіресе сауданы либерализациялау барысында оңтүстік штаттардың конгресмендерімен ара-қатынасты шиеленістіріп алмау үшін тәуекелге бара алмайтынын білдірді.     1963 жылы бүкіл елді афроамерикандық тұрғындардың ірі –ірі  ереуілдер толқыны жайлады. Администрация жұмысқа жалдау және жергілікті қоғамда қолдану барысында дискриминациялауға қарсы тарауларды қарастыру, сонымен қатар, федералдық жәрдем қаржы беру бағдарламасын тоқтату сияқты заң жобаларын талдауда толық құқылы серіктес ретінде Конгресстің республикандық  мүдделерін бірлесіп жұмыс істеуге шақырады.

      1963 жылдың аяғында алдынғы сайлауға дайындалу мақсатымен, президент Кеннеди АҚШ қалаларына сапарға шықты. 22 қараша күні Техас штатында іс– сапармен жүргенде Даллас қаласында атып өлтіріледі. Полиция бұрынғы теңіз  жаяу әскері, біраз жылдар бойы КСРО – да өмір сүрген, кейіннен АҚШ– қа оралып, Жаңа Орлеанның мафия топтарымен тығыз байланыста болған және бір жағынан  өзін «солшыл» деп атаған 24 жастағы Ли Харви Освальдты тұтқындады. Тұтқындағаннан екі күн өткен соң Освальд Далластағы түнгі клубтардың қожайыны, қылмыс әлемімен байланыста болған Дж. Рубидің қолынан қаза тапты. Кеннедидің өлімінен кейін президенттік антты қабылдаған, вице – президент Л. Джонсон президент өлімін зерттеу үшін Жоғарғы соттың төрағасы Уорреннің басшылығындағы комиссияны тағайындады. Комиссия 1964 жылы 27 қыркүйекте жариялаған баяндамасында Кеннеди Ли Харви Освальдтің қаласынан қаза тапқанын дәлелдеді. Бұл оқиға ХХғ. ең шулы, құпия қылмыстардың бірі. Бұл қылмысқа әлі күнге дейін нүкте қойылған жоқ. Сондықтан мен бұл мәселеге кеңінен тоқталып кетемін.

 

1.2. Джон Ф. Кеннеди. Конгрестен Ақ үйге дейін.

 

Джон Кеннедидің саясатпен араласуына тікелей ықпал еткен фактордың бірі   әкесі Джозеф Кеннеди. Президент Рузвельт уақытында АҚШ-тың Ұлыбританиядағы елшісі болған Джозеф Кеннеди өз ұлдарын саясатқа баулып отырды. Джонның інісі Роберттің айтуы бойынша Джозеф дастарқан басында өз ұлдарымен Рузвельттің қандай саясат ұстанып отырғанын және әлемдегі халықаралық жағдайды талдап, бағандап отыратын. Сонымен қатар, Кеннедилер отбасының саясатқа араласуына ынтасын Джонның мына сөздерінен білеміз:      « Егер мен өлсем, інім Роберт сенатор болар еді, ал Роберт бақытсыз жағдайға ұшыраса, ініміз Тэдди біздің орнымызға Конгресске ұмтылар еді». Кеннедидің саясатқа ерте араласуына ағасы Джоның соғыста қазаға ұшырауы болатын. Джон бір сөзінде: «Егер Джо тірі болғанда, саясатқа араласудың ешқандай мәні жоқ еді», — дейді.

      1946 жылы Джон Кеннеди саясатпен араласу үшін Бостанға оралады. Джон Кеннедидің саяси карьерасы АҚШ Конгресіне сайлау бойынша Бостан қаласындағы №11 сайлау округінен басталады. Бірақ Кеннеди біраз уақыт бойы Массачусетс штатының саяси өмірінің көлеңке жақтарына үйрене алмады.    1947 жылы АҚШ Конгресінің өкілдер палатасының мүшесі болып сайланғанда Джон Кеннеди 24 жаста еді. Басында ол өзін палатаның 435 мүшесінің арасында қаңғып қалған адамша сезінді. Бірақ біртіндеп Кеннеди саяси карьерасын дамыту үшін алдымен өзінің танымалдылығын кеңейту қажет деп білді. Ол Массачусетс штатында үгіт – насихат жұмыстарын жүргізеді. Кеннеди өз көңілін негізінен әлеуметтік қамсыздандыру  мәселелерін шешуге бөледі. АҚШ үкіметінің әлеуметтік саладағы жұмыстарына американдық еңбекшілердің наразылығы, Кеннедидің бәрінен бұрын  американдық кәсіподақ сайлаушыларының сенімінен шығуға тырысты. Ол конгресмен – демократқа республикандық қарсыластарымен күресте табысқа жету үшін оңшыл кәсіподақ басшыларының қолдауы керек деп ойлады. Кеннедидің өкілдер палатасындағы негізгі қызметі тұрғын үй заң жобасы еді. Бірақ, тұрғын үй заң жобасы           1948 жылы бірнеше конгресмендердің соның ішінде Кеннедиден қолдау тапқанымен, өкілдер палатасындағы республикандықтар мен оңтүстік демократтар тарапынан сәтсіздікке ұшырады. Кеннеди сонымен қатар АҚШ – тағы «еңбек жағдайларының жақсаруының» жақтаушысы болды./8/

      Тафт – Хартли заң жобасы айналасында көптеген айтыс – тартыстар болды. Бұл жерде Джон Кеннедиге айқын позиция мен қатаң пікір ұстануы міндетті болды. Ол корнгрестің екі тобының арасында бұлтарып қалып, өз жақтасы Гофтты да және американдық кәсіподақ басшыларында мақұлдаудан бас тартты. Осылай Кеннеди еңбек заң жобасының мәселелеріне келгенде екі қарама – қарсы ойды ымыраластыруға ұмтылады. Конгресс комиссиясының отырысында Кеннеди: «Кәсіпкерлер де, кәсіподақ та тек өздерінің пайдасын көздеп отыр», — деп мәләмдеді. Ол барлық ереуіл түрлерін, сондай – ақ жұмысшылардың жұмысты тастап кетуін «жауапсыз мінез-құлық» деп дәлелсіз кінәлауды айыптады. Кеннеди қабылданған Тафт-Хартли заң жобасын кәсіподақтарды қатігез әрі қауіпті соғысқа жетелейді және таптық күрес доктринасын уағыздайтын, радикалды кәсіподақтардың ашса алақанында, жұмса жұдырығында болады, — деп мәлімдеді.

      Тафт – Хартли конгресс мүшелерінің көпшілігінің дауысымен қабылданғаны белгілі. Кеннеди бұл заңға қарсы дауыс берген өкілдер палатасының 79 мүшесінің бірі болды. Бірақ, Тафт – Хартли заңы Конгресте қабылданғаннан кейін оны өзгертуді талап еткен кәсіподақтарға да қолдау білдірмеді.

       Конгресстегі екі жылдан кейін Кеннеди сыртқы саясатпен айналысуды жөн көрді. Бастапқыда, ол бұл салада да өзінің дербестігін көрсете алмады. Кеннеди «экономикалық көмек» арқылы АҚШ-тың Батыс Европадағы ықпалын күшейтетін атышулы «Трумэн доктринасын» және «Маршалл жоспарын» қолдады. Ол АҚШ үкіметінің Азияда жүргізген американ саясатының сәтсіздікке ұшырағанын сынға алды. Қытай Халық Республикасы құрылғаннан кейін Кеннеди АҚШ әкімшілігін коммунизмнің бүкіл Азияны жаулап алуына жол бермеуді қамтамасыз етуге шақырды. Азиядағы оқиғаның күшеюін түсінбеген Кеннеди, Қытайдағы американ империализмінің сәтсіздігін тек американ дипломатиясының және президент Трумэннің қателігі деп түсіндірді.

      АҚШ-тың Кеңес Одағына және басқа да социалистік елдерге жүргізіп отырған «қырғи қабақ соғысы» Кеннеди көзқарасына кері әсерін тигізді. Бірақ, ол Конгресте «қырғи қабақ соғыстың» тұтануын қолдайтындардың ішінде болды. Кеннеди қарулану жарысын қолдайтынын білдірді.

       1951 жылы Джон Кеннеди НАТО-ның елдеріне сапар жасауды қабыл алып, Англия, Италия, Францияда болады. Содан соң ол Испания, Батыс Германияға сонымен қатар, Югославияға сапарын жалғастырады. Кеннеди АҚШ-қа келгеннен кейін сыртқы істер және қарулы күштер жөніндегі сенат комиссиясының бірлескен отырысында мәлімдеме жасап, конгресс мүшелеріне Батыс Европадағы американ империализмінің стратегиялық маңызы зор екенін айтып, ол жаққа қосымша американ әскерін жіберуді талап етті. Сонымен қатар, ол Батыс Европалық серіктестерінің НАТО-дағы әрекетке белсенді түрде қатысуын күшейтуге шақырды./9/

        Содан соң Кеннеди Таяу Шығыс елдерінде және Пакистан,  Үндістан, Малай, Оңтүстік Кореяда болып, бұл жердегі Батыс державаларының отарлаушыларына қарсы ұлт-азаттық күрестің өскеніне көз жеткізді. Кеннеди Вашингтонға келгеннен кейін «АҚШ өз назарын Батыс Европа елдерінен бөліп жібергенін» мәлімдеп, АҚШ көмегінің Азияға және Орта Таяу Шығысқа бөлінуін талап етті. Кеннеди американ көмегін алған дамушы елдер АҚШ-қа тәуелді болып қалады, — деп есептеді.

        Джон Кеннеди өкілдер палатасындағы бірнеше жыл қызметінен кейін саясатта тағы бір сатыға көтерілуді ойлады. Ол Массачусетс штатынан сенатор болуды мақсат етті және сол мақсатқа ондаған қалада үгіт-насихат жүргізу арқылы жетеді. 1952 жылы Кеннеди штаттың жүздеген қала мен елді мекендерінде митингілер жасады.

        Кеннеди Массачусетс штатының сенаторының орнына белгілі республикандық сенатор Лоджбен күресуді шешеді.

        Кеннедидің тәжірибелі Лоджбен күреске түсуі көпшіліктің түсінбеушілігін туғызды. Өйткені, Лодж штат бойынша жақсы байланысқа ие болатын. Бірақ Кеннеди өзінің сайлау компаниясына және қаржылай жағдайына сенді. Дегенмен, Лодждың байлығы да Кеннедиден кем болған жоқ.

         Джон Кеннедидің Массачусетс штатындағы сайлау науқанына оның барлық серіктері, сондай-ақ шешесі Роза да қатысты.

         Кеннедидің серіктерінің бірі өз сөзінде: «Байқұс Лодждың жеңіске жетуіне еш мүмкіндігі жоқ. Кеннеди бүкіл штатты жаулап бара жатқан танкілі дивизияға ұқсайды », — деді.

         Сайлау қарсаңында Кеннеди штаттағы ең соңғы үгіт-насихаттарын жүргізсе, Лодждың беделін көтеру үшін президент Д. Эйзенхауердің өзі Бостанға келіп үгіт насихат жүргізді. Бірақ республикалық партияның соңғы күші де Лоджға көмектеспеді. Кеннеди оны оңай жеңді. Сөйтіп, Джон Кеннеди Массачусетс штатына сенатор болып сайланады. Кеннеди Сенатта еңбек және тұрмыс жағдайын жақсарту комиссиясының мүшесі болады.

Ол өзінің Сенаттағы екі жылын – Массачусетс штатының мәселелерін шешуге бөледі. Ол текстильді, кеме жасайтын өндірістердің дамуын реттейтін заң жобаларын ұсынды. Сонымен қатар Кеннеди Бостон портын модернизациялау туралы заңның қабылдануына қол жеткізеді. Штаттың халқы оған өз ырзашылығын білдіреді.

       Кеннеди Сенатта болған кезінде оның лидерлеріне айрықша жақындауға ұмтылмады. Оны көптеген маңызды сұрақтар бойынша «саясат жасаған» сенатта тар шеңберлі сенаторлар мүшесі болу идеясы қызықтырмаған сияқты болып көрінетін. Алайда, Кеннеди сенат лидерлерімен тең қатынас ұстауға тырысты. Кеннедидің  Американың саяси өмірі жайлы бірқатар анық пікірлері оның сенаттағы іс-әрекетін айқындады. Кеннеди кез-келген буржуазиялық саяси қызметкердің белгілі бір принциптерді қорғаудағы ымырасыз ұсталымы өзіне зиян келтіреді және саяси сахнада жоғалады деп есептеді. Кеннедидің замандастары, оның ішінде буржуазиялық ғалымдар оның осындай көзқарастарын болашақ президентте «өзін-өзі қорғаудың саяси инстинкті» жедел дамығандығымен түсіндіреді. Олар Кеннедидің «жаратылысында  радикал екеніне» атүсті қарады. Алайда, Кеннедидің «өзін-өзі қорғаудың саяси инстинкті» әрқашан бірінші орында, ал «радикализм» оның бүкіл саяси карьерасы кезеңінде екінші орында болғандығына күман тудыра алмаймыз.

       Осылайша Кеннедиде прогматизм, консерватизм және барынша радикалдық көзқарастар үйлесіп жатты. Сондықтан, көптеген буржуазиялық, саяси қайраткерлер, консерваторлар болсын, либералдар болсын, оны «өз адамы» деп есептеді. Кеннедиде осыған ұмтылған еді. Ол америкалық қайраткер табысқа жету үшін қулыққа бару және жалтаруды білді және келісімдерге баруы керек екенін тамаша түсінді. Ол жәй жетістікке емес, сенсациялық жетістікке ие болғысы келді. Кеннеди АҚШ президенті болуға ұмтылу үшін ойлана бастады.

        Кеннеди мен конгрестегі либералдық топтардың өзара қатынасы қызық болып көрінді. Джон Кеннедидің сенаттағы қызметі уақытында либералдардың оған арақатынасы қырағы болды. Джонның әкесі президент Рузвельттің «жаңа бағыт» саясатының жақтастары  болғанына қарамастан, либералдар Джон Кеннедиге толық сенім білдірмеді. Бұл күмандану Кеннедидің сенатор Джозеф Маккартиге деген көзқарасына байланысты ерекше күшейе түсті.

        Кеннеди 1950 жылы өзінің бір сөзінде АҚШ үкіметі коммунистерге қарсы күресті белсенді түрде жүргізіп жатқан жоқтығын және  сенатор Маккартиді өте жақсы сыйлайтынын мәлімдеді. Кеннеди өз саяси карьерасын қауіпсіздендіруге сенатқа сайлануды жеңілдетуге тырысты.

        1952 жылы қарашада Кеннеди Сенатқа сайланған кезде АҚШ-та Маккармизм дәуірі орнады. Сенатор Маккарти Трумэн үкіметінің өзі де коммунистерге аздап бүйрек бұратанын дәлелдеді. Оған Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, белгілі генерал Маршаллды «өтірікке малынған адам» деп айыптауы дәлел болады. Генерал Маршаллдың жақын досы республикалық партиядан президенттікке үміткер Дуайт Эйзенхауер де өз жолдасын қорғауға ұмтылмады. Өйткені, ол Маккартимен күреске түскісі келмеді.

        Сондықтан Кеннеди Маккартизмнен қауіптенген адамдармен тіл табысуға тырысты. Кеннеди оларға елде қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажет екенін дәлелдеді. 1954 жылы сенатор Ральф Фландерс Маккартиді айыптайтын резолюцияны Сенат талқысына ұсынды. Бұл резолюция конгресте өте даулы пікірталас туғызды. Кеннеди Маккартиді айыптайтын резолюцияны жақтап дауыс берді, бірақ Фландерстің ұсынған себебі бойынша емес.

        Сенаттағы республикандық Ноуленд басшылығындағы маккартистер Маккарти әрекетін айыптайтын резолюцияның қабылдануына кедергі жасауға тырысты. Солардың қысымымен Фландерстің айыптау резолюциясын кейінге қалдыру жөніндегі Ноулендтің ұсынысын 75 сенатор қолдады. Олардың ішінде Кеннеди де болды. Тек 12 сенатор ғана қарсы дауыс берді. Дегенмен, Маккартидің әрекетін айыптау резолюциясының кейінге қалдыруына қарамастан, сенаторлар арасындағы шешуші күрес шиеленісе түсті. Бірақ Кеннеди кейінгі мәселелерге қатыса алмады. Оның омыртқадағы ауруы сыр берді. 1954 жылы 2 желтоқсанында Маккартиді айыптау резолюциясы бойынша шешуші дауыс беру кезінде Кеннеди операция күтіп, хирургиялық ауруханада жатты./10/

        Денсаулығына байланысты бірнеше жыл үлкен саясаттан тыс болған Джон Кеннеди 1956 жылы АҚШ президенттігіне үміткер демократиялық партияның көрнекті өкілі Эдлай Стивенсонның кандидатурасын қолдайтынын мәлімдеді. Кеннеди інісі Робертке елде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде Стивенсонға көмек беруін тапсырады. Роберт Кеннеди әрдайым Стивенсонның жанында болды және өзінің демократ күштерінен еш көмегін алған жоқ. Бірақ, Стивенсонның сайлау компаниясын ұйымдастырушылар Роберт көмегінен бас тартты. Сонда да ол Стивенсонның сайлау компаниясының жұмыстарын бақылап отырды. Ол осы жұмыстан көп тәжірибе жинақтап, оны 1960 жылы Джон Кеннедидің сайлау компаниясында іске асырды.

      1956 жылы демократиялық партиядағы сайлау науқаны Джон Кеннеди мен Эдлай Стивенсонның өзара қатынасына өз әсерін тигізбей қоймады.Олардың бір-біріне деген жек көрушілігі осы уақытта туындаған болатын. Кеннеди осы жылдың өзінде-ақ Стивенсон оған вице-президенттікке сайлауға түсуді ұсынады,- деп ойлаған. Бірақ, бұл орындалмас үміт болды. Көптеген демократтар Кеннедидің кандидатурасын қолдады. Демократиялық партия өкілі Фарли Стивенсон Кеннеди туралы «Америка католикті сайлауға дайын емес» деп мәлімдеді.

        Стивенсон демократиялық партиядан АҚШ президенттігіне үміткер ретінде бірінші турдың өзінде-ақ сайланды. Стивенсон вице-президенттікті ешқандай демократқа сонымен қатар, Джон Кеннедиге де бермеуді шешті. Кеннеди мұндай шешімді күтпеген еді. Стивенсонның келісімімен съезде вице-президенттікке сайлануға құқық беретін ашық түрде дауыс беру өткізді. Бұл сайлауда сенатор Кефовер жеңіске жетті. Кеннеди өз жақтастарын Кефоверге дауыс беруге шақыруға мәжбүр болды. Дәстүр бойынша съезд соңында жеңіске жеткен кандидат бірауыздан сайлануға тиіс болатын.

       1957-1958 жылдары Кеннеди саяси күресті жалғастыра отырып, білім беруге және төменгі жалақыны өсіруге, жұмыссыздарға жеңілдіктерді көбейтуге және имигранттық квоталарды жеңілдетуге үкімет тарапынан бөлінетін қаржыны көбейту керектігін мәлімдеді.

       1958 жылы Кеннеди өзінің дауыс жинауда көп жетістікке жететінін тағы дәлелдеді. Сенатқа Массачусетс штатынан қайта сайлауда ол 73% дауыс жинады.

        1958-1959 жылдары президент постына болған күрес қарсаңында Кеннеди конгрестегі демократтардың  либерал қанатының ұсынған әлеуметтік іс-шаралар өткізу және азаматтық құқық туралы мәселелеріне қолдау білдірді. Сонымен қатар, ол уақыттық жұмыс ақысының өсуіне көп назарын аударды. Кеннеди бұл жұмыстар оның американдықтар арасындағы танымалдылығын арттыратынын түсінді.

         Кеннедидің президенттік пост үшін күресі 1956 жылы Эдлай Стивенсонның сайлауда Эйзенхауерден екінші мәрте жеңілуі себеп болды. Кеннедидің Массачусетс штатынан сенатқа сайлауда жеңіске оңай жетуі Жаңа Орлеан штаттарындағы саяси топтар арасындағы беделінің өсуі, оның ұлттық масштабта сайлауға түсуіне жол ашты. Ағайынды Кеннедилер және олардың жақын саяси серіктері егер де Кеннеди өз кандидатурасын АҚШ президенттігіне ұсынатын болса, қандай кедергілерге тап болатынын талқылады және келесі негізгі кедергілерге тоқтады.

        Біріншіден, АҚШ президенті болып әлі ешқашан католик сайланбаған, екіншіден Америка әлі өте жас президентті сайламаған.

        АҚШ-та жоғары президент постына сайлану үшін буржуазиялық партияның бірінің қолдауына және кең көлемді қаржыға ие болу керек.

         50-жылдар аяғында АҚШ-та демократиялық партияда да, республикалық партияда да ішкі саяси күрес шиеленісе түсті. Бұл саяси аренаға Дуайт Эйзенхауэр келуімен байланысты болды.

         Эйзенхауэрдің америкалықтар арасындағы танымалдылығы 1952 жылы республикалық партияның үгіт-насихат аппаратындағы дауда ғана емес, генерал Эйзенхауэрдің танымалдылығы АҚШ және ағылшын қарулы күштерінің бас қолбасшылығымен және фашистік Германияны жеңуге үлес қосқанына, сонымен қатар, Эйзенхауэр Кореямен де бітімге келгеніне байланысты еді.

        1960 жылы 2 қаңтарда салыстырмалы түрде атағы аз сенатор Джон Фитцджеральд Кеннеди АҚШ президенттігіне өз кандидатурасын ұсынды.

        Демократиялық партиядан Кеннедидің қарсыластары кімдер еді? Президенттікке үміткер ретінде алға жылжуына кімдер кедергі келтірді? Олар бірнешеу еді.

        Алдымен Кеннедидің мықты қарсыласы сенатор Хуберт Горацио Хэмфри болатын. Ол кезінде қала мэрі болған. 1952 жылы Хэмфри президент постына Эдлай Стивенсонның кандидатурасын ұсынған болатын. Сондай-ақ, Хэмфри көмегімді бағалап, мені вице-президент тағына үміткерлер қатарына қосады,- деп үміттенген еді. Бірақ оның бұл арманы орындалмады.

        Бірақ, Хэмфри өзі көздеген мақсатына жету үшін қажымай еңбек етті. 1956-1960 жылдар аралығында сенатор өз белсенділігін көрсетті. Америкалықтар арасында оның беделі тез өсті. Сөйтіп, 1958 жылы оның суреті белгілі американ газеті «Таймның» бірінші бетінде жарияланды. Ол демократтардың лидері болатынын қайта сезінді және Эдлай Стивенсон және Линдан Джонсонмен ақылдасты. Екі қарсыласы да оның президенттікке кандидатурасын алға жылжытуына қарсы болмайтынын мәлімдеді.

      Сонымен қатар, Хэмфри Кеннедиден қауіптенетінін мойындады. Газет-журналдардағы Кеннеди жарнамалары тәжірибелі сенатордың назарынан тыс қалмады. Хэмфриге үлкен қауіп төніп, бұл кезекте оның қарсыласын жеңу қиынға түседі. Оның қауіптенуінің себебі, өзінің айтуы бойынша: мен тек Миниссота штатында ғана бақылау жасаймын. Менде ешқандай ақша да, бұқаралық ақпарат құралдары да, жарнамамен айналысатын адамдар да жоқ. Біраз уақыт өткеннен кейін Кеннеди оны өзі қауіптенген ақшаның және жарнаманың күшімен жеңді. Америка саяси өмірінде жарнаманың маңызы зор екендігі жақсы белгілі.

        Үлкен ақшасыз қазіргі Американың саяси өміріне араласудың еш мәні жоқ. Оның көмегінсіз ешқандай саяси қайраткердің табысқа жетуіне мүмкіндік жоқ.

         Кеннедидің келесі бір қарсыласы сенатор Стюарт Саймингтон болды. Саймингтонның жұлдызы АҚШ саяси шыңында 1958 жылдың қарашасында жарқырады. АҚШ сенатына сайлауда ол өз қарсыласын 66,4% дауыс алу нәтижесінде оңай жеңген болатын. Бұл оның қомақты табысы болатын. Саймингтонның кемшілігі Кеннеди мен Хэмфри сияқты өз штаттарынан басқа штаттарда танымалдылығының аздығы еді. Бірақ алдыңғы екеуінен ерекшелігі Саймингтон тәуекелге бел бууды қаламады. Ол алдын-ала сайлауға түссе, өзінің мүмкіндіктерінен айырылатынын ойлады. Оның негізгі тактикасы  демократиялық партия басшыларының қалдауына ие болу болды. Ол демократиялық партияның съезінде ешқандай қарсыласы, оның ішінде Кеннеди де жеңіске жету үшін жеткілікті дауыс жинай алмайды,- деп ойлады. Саймингтон қолдауды штаттардағы демократиялық партиядан алғысы келді. Бұл тактиканы АҚШ-тың бұрынғы президенті Трумэн де қолдады. Трумэн мен Саймингтон ірі қалалар мен негізгі штаттардың партия басшылары Саймингтонды президенттікке негізгі үміткер ретінде көреді деп есептеді./11/

       Саймингтон өзін өте сенімді сезінді, өйткені ол АҚШ милитаризациялық экономикасының жігерлі қорғаушыларының бірі болатын. Саймингтон қарулану жарысын, әсіресе АҚШ әскери әуе өндірісінің жылдам дамуын қызу қолдады. Ол Пентагонның талаптарын әрқашан қолдап отырды.

       1960 жылы наурызда Саймингтон АҚШ президенттігіне өз кандидатурасын ұсынатындығын мәлімдеді.

Кеннедидің үшінші қарсыласы Линдан Джонсон болды. Ол да өз кандидатурасын ұсынуды көптен бері мақсат еткен еді. 50-жылдардың соңында Джонсон оңтүстік штаттардың мүддесін конгресте қорғай отырып, олардың беделді жетекшілерінің бірі болды. Оңтүстік штаттар демократиялық партияның съезінде пайызды ықпалға ие болып дауыс берушілердің 25% дауысын иемденді.

       Л. Джонсонның беделі тек мұнымен түсіндірілмеді. Ол ұзақ уақыт бойы демократтардың сенаттағы жетекшісі болды және АҚШ конгресінің жоғарғы палатасында үкіметке қажетті заң жобаларын қарауды қамтамасыз етті.

       Джонсонды АҚШ конгресіне түсуге талпынған саяси қайраткерлер қызу қолдады. Олар егер конгрестегі өкілдер палатасының мүшесі немесе сенат депутаты бола қалған жағдайда конгрестің тұрақты комиссиясын тағайындауда партия басшылары Джонсон мен Рейберннің көмегіне сүйенетінін жасырмады.

1960 жылы демократиялық партияның съезінің қарсаңында Кеннедидің ең атақты қарсыласы Стивенсон болды. Бірақ, ол 1952 және 1956жж. Демократиялық партиядан кандидат ретінде преиденттік сайлауда екі рет жеңіліске ұшыраған еді. Стивенсон съезге дейін өзінің президенттік кандидатурасын ұсынудың қажет еместігін ұқты. Ол басқа, өзіне ыңғайлы жол тапты. Демократиялық партияның съезінің өзі Стивенсон үшінші рет өз кандидатурасын ұсынуы керек деп шешті.

Сөйтіп, Стивенсон 1960 жылы Лос-Анжелесте өткен демократтардың съезіне дейін болған сайлау компаниясының көлеңкесінде қалуды дұрыс көрді.

        Демократиялық партияның әртүрлі топтарының мүддесін қорғап, АҚШ президенттігіне өз кандидатурасын ұсынған Кеннедидің төрт негізгі қарсыластары осылар еді.

       Ең алдымен көзге түсетін олардың саяси карьерадағы қызметтері еді.

       Біріншіден, олар – Кеннеди де, Хэмфри де, Саймингтон да, Джонсон мен Стивенсон да демократиялық партияның өте тәжірибелі саясаткерлері еді.

       Екіншіден, АҚШ президенттігіне үміткер кандидаттардың негізгі атрибуты американ іскер топтары мен партия басшылары тарапынан келетін қаржылай көмек еді.

Көп көлемдегі капитализм және қаржылай қолдаусыз радио, телевидение, пресса сияқты БАҚ қамтамасыз ететін жарнамасыз АҚШ-тағы сайлауда жеңіске жету мүмкін емес.

       Бұл кезде демократиялық партиядан президенттікке кандидаттар өзінің республикандық қарсыластарын жеңуді ойлауға мұршасы келмеді. Олардың қарсыластары – республикандықтар да өзара күресте еді.

       Демократтардың, соның ішінде Кеннедидің билік басындағы республикандықтар арасындағы қарсыластары кімдер еді. Олар вице-президент Ричард Никсон мен Нью-Иорк штатының губернаторы Нельсон Рокфеллер.

       Никсонның қауіпті қарсыласы Нельсон Рокфеллер еді. Нью-Иорк штатына губернаторлыққа болған сайлауда ол өзінің демократ қарсыласынан жарты миллионға жуық дауыспен басым түсті. Американдық миллиардердің бұл жетістігі тоқтап қалмай, жоғары билікке ұмтылатыны баршаға аян еді.

       Никсон мен Рокфеллер арасындағы саяси күрес 1960 жылы басталды. Бұл күресте Никсон өз қарсыласынан басым түсті. Сөйтіп, Рокфеллерге Никсонды жеңу сәті тумады. Алайда, Никсон Рокфеллер ұсынған бағдарламаға келісті. Бұл жағдай Никсонға республикалық партиядан президенттікке үміткер болуға жағдай жасады.

      Кеннеди мен Хэмфри арасындағы күрес 1960 жылы 5 сәуірде Висконсин  штатында өтуі керек еді. Кеннедидің бұл штатта жеңіске жетуінің негізгі құралы – осы штатта жүргізген ұқыпты ұйымдастырылған сайлау компаниясы болды.

       Кеннеди өзінің ірі сайлау алды компаниясын өте белсенді түрде өткізді. Ол жергілікті партия басшыларының қарсылық көрсеткеніне қарамастан жеңіске жете білді. Кеннеди штат сайлауларына президент қандай болу керек екенін ойланып шешуге шақырды. Ол митингілерде сөйлеген сөзінде: «Президент – американ саяси өмірінің негізгі тұлғасы және ол елді қорғауы тиіс», — деді. Бұл насихат өз жемісін бере бастады. /12/

       Висконсин штатындағы көрсеткіштерге қарағанда Кеннедидің сайлау науқанындағы негізгі қаруы өз кандидатурасын жариялайтын ұйымдардың әсерлі жұмысы еді. Бұл жұмыста оның барлық жақын және алыс туыстары сайлау науқанына қатысты.

       Алайда, Кеннедидің тәжірибелі Хэмфриді жеңуі оңайға соқпады. Алдын-ала сайлау нәтижесінде Кеннеди Висконсин штатынан 55% сайлаушылар дауысын иеленді. Бірақ, бұл басымдылық демократиялық партия басшыларына президенттікке бірден-бір үміткер Кеннеди екенін дәлелдеуге жеткіліксіз еді. Ол үшін қомақты, сенімді түрде жеңіске жету керек болды.

       Сондай-ақ, Кеннеди көптеген сайлау округтерінде жеңіске жеткенімен, халқының негізгі бөлігі протестанттар болған төрт штатта жеңіліс тапты.

        Бұл жағдайды пайымдай келе, Кеннеди алдын-ала сайлау нәтижелеріне көңілі толмады. Оның қарсыласы Хэмфри болса, керісінше, ол штаттың төртеуінде жеңіске жеткенін үлкен табыс деп есептеді.

        Келесі алдын-ала сайлау науқаны 95% протестанттар, ал 5% католиктер тұратын Вест-Вирджиния штатында болатындықтан Кеннедидің көңіл-күйі өте абыржулы болды. Оның ары қарай тағдыры осы жерде шешілетін еді.

      Кеннеди де Хэмфридің қаражатының жетіспеушілігіне байланысты алдын-ала сайлаудан бас тартады деген үміт оты ұялаған болатын. Бірақ Хэмфри келесі сайлаулар үшін қаржы жинауға кірісті. Бұл жұмысы текке жатпеді. Хэмфри жақтастары оған қаржылай көмек көрсетті. Оның бұл жақтастары Эдлай Стивенсонның адамдары еді. Стивенсонның жақтастары Хэмфри Кеннедиге мардымды бақталастық көрсетіп, сайлаушылардың үлкен бөлігінің даусын жинап, демократтардың съезінде Кеннедидің жолын байлайды,- деп есептеді.

        Кеннедидің сайлау компаниясы жаңа күшпен жұмысқа кірісті. Хэмфридің әлі күресті жалғастырып жатқанына ызаланған Кеннеди Хэмфридің демократтар съезінде жеңіске жетуіне еш мүмкіндігі жоқ деп мәлімдеді.

        Кеннеди жақтастары Висконсинге қарағанда Вест-Вирджинияда жарнамалау жұмысы бойынша көп еңбектенді. Еріктілер сайлау компаниясының жұмысын кеңейте түсті. Олар әрбір үйге Кеннеди туралы парақтар таратты. Кеннедиді қолдаушы беделді қайраткерлердің біріге жұмылуы бүкіл елді қамтыды. Кеннедидің сыныптастары, әскердегі қызметтестері, өнер адамдары, бірқатар қалалардың бұрынғы мэрлері, Массачусетс штатының демократиялық партиясының әкімшілік комиссиясы, радио және телевидение қызметкерлері, бәрі де Кеннедидің үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге көмектесті. Бұл жағдай басқа кандидаттарды ойландырды.

      Осы кезде Вест-Вирджиния штатында сайлаушыларды парамен сатып алып жатыр,- деген сөздер шыға бастады. Бұл туралы жергілікті баспасөзде кейінірек «Нью-Иорк Таймс» газетінде жарияланды.

         Кеннедидің сайлау компаниясындағы сыбайлас жемқорлық туралы күдік вице-президент Ричард Никсонды толғандырды. Ол бас прокурор Уильям Роджерге Кеннедидің сайлау компаниясын ұқыпты түрде тексеруді тапсырды. Роджер тексеруге федеральды бюроны араластырды. Бірақ, Никсонның жағымды нәтижеге қол жеткізуіне сәті түспеді./13/

      Кеннеди Вест-Вирджиния штатында Хэмфриді жеңуге өзінің католик болуы кедергі келтіреді,- деп ойлады. Кеннеди телевидение арқылы сөйлеген сөзінде оны президент құқығынан айыратын тек католик екендігіне сенбейтінін мәлімдеді.

        Кеннеди мұнымен тоқталып қалған жоқ. Ол президент бола қалған жағдайда саясатты діни қағидалардан тәуелсіз жүргізетіндігіне өз сайлаушыларын сендіре білді. Кеннеди: «Егер мен антымды бұрсам, тек американ конституциясына ғана емес, құдайға қарсы қылмыс жасағаным», -деп мәлімдеді.

       Кеннедидің Вест-Вирджинияның протестантты халқына қолданған психологиялық шабуылы осылай болды. Кеннеди жақтастарының сайлау науқаны барысындағы еңбегі күшейе түсті. Егер алғашқы қоғамдық пікір бойынша Вест-Вирджиния штатында сайлаушылардың 64% Хэмфриді қолдаса, ал тек 36% Кеннедиді қолдады, алайда алдын-ала сайлау қарсаңында екі үміткердің де мүмкіндіктері теңесті.

       Барлық нәтиже Кеннедидің үгіт-насихат жұмыстарында емес, маңызды мәселе Хэмфридің қаржысы Кеннедиден аз болды. Вест-Вирджиния штатындағы сайлау науқаны кезінде Хамфри 25 мың доллар жұмсады. Бұл Америка көлемінде көп ақша емес. Ал Кеннеди тек телевидение арқылы жарнамаға 34 мың доллар жұмсады.

       Міне, 10 мамыр алдын-ала дауыс беру басталды. Кеннеди өзінің қажырлы еңбегіне қарамастан, өзінің жеңіске жететініне сене қойған жоқ.

       Ол өз сайлау штаб-пәтеріне келе салып, інісі Робартке қоңырау соғады. Ол інісі Роберттің аузынан жеңіске жеткенін естіп, қуанышын жасыра алмады. Ол Хэмфриден басым дауыспен жеңіске жетті. Барлық қауіп-қатер артта қалды. Оның бұл жеңісі демократтар съезінде де жеңіске жететінін шындыққа айналдырды.

       Кеннедидің Вест-Вирджиния штатында жеңіске жетуінің маңызы зор болды. Оның жақтастарының беделіне нұқсан келді. Ол: «Діни мәселе» Кеннеди мен Хэмфридің алдын-ала сайлау науқанына кедергі келтіреді және демократиялық партия жетекшілері бірауыздан президенттікке кандидат деп Саймингтонды атайды, — деп ойлады. Бірақ, бұл ұсыныс өзін ақтамады. Вест-Вирджинияда Кеннеди ашық жеңіске қол жеткізді. Ал Саймингтон негізгі үміткерлер қатарынан шығып қалды.

          Кеннедидің қарсыластары Стивенсон мен Джонсон Кеннедидің протестанттық штатта мұндай жетістікке жетуін күтпеген еді.  Бірақ екеуі де Кеннедиге қарсы күресте жеңіске жететін жолдамыз,- деп есептеді.

         Джонсон Кеннедиге қарсы бағытталған сайлау компаниясын қарқынды түрде кеңейте түсті. Джонсон өзінің әр сөзінде Кеннедиді АҚШ президенті болуға әлі жас және тәжірибесіз деп айтудан жалықпады.

       Кеннеди болса өз қарсыластарының сынаған сөздеріне көңіл аудармады. Ол негізгі назарын өзінің сайлау компаниясының ұйымдастырылу жұмысына аударды. 1960 жылы ол демократиялық партиядан АҚШ президенттігіне бірден-бір үміткер екенін дәлелдеді.

       Кеннеди өзінің басқа қарсыластарына қарағанда штаттарда ең көп үгіт-насихат жүргізген, митингілер ұйымдастырған кандидат болды. 1960 жылға қарай Кеннеди болмаған штат қалмады.

       Кеннеди жақтастары жергілікті демократиялық партия ұйымдарының алауыздылығын тиімді пайдаланды.

       Кеннеди жақтастары кейбір штаттардың партия жетекшілеріне мынадай әдіс қолданды. Олар партия жетекшілерімен өзара «бейтараптық» туралы келісімдерге барды. Бұл әдіс Огайо және Калифорния штаттарының губернаторларын бейтарап қалуына ықпал жасады./14/

       Маусымның соңына қарай Кеннедидің табыстарын былай суреттеуге болады. Ол Жаңа Англияның 114 даусына сенді және АҚШ солтүстік-шығыс штаттары – Мичиган, Нью-Иорк, Делавер, Индиана, Мэриленд,  және Огайо оған 265 дауыс беруі керек болды. Сөйтіп, Кеннеди Лос-Анжелестегі демократтардың съезінің ашылуына дейін сайлаушылардың 550 даусына сене алды. Мұндай жетістікке басқа кандидаттар жетпек түгілі, мұндай сандар туралы армандай да алмады.

       Кеннеди жеңіске жетуіне мынандай бірнеше факторлар өз әсерін тигізді.

       Біріншіден, Кеннеди әулеті Уолл-Стритпен тығыз байланыста болған Бостан монополис топтарының қатарында болды және аймақтық монополистік топтардың талаптарын толық қанағаттандырды. Джон Кеннеди АҚШ-тың солтүстік-шығыс монополистерінің көңілінен толық шыға білді. Кеннеди билікке келуге ұсыныс жасаған кезде монополистер демократтармен күресте еш кедергі жасаған жоқ.

      Екіншіден, Кеннеди сайлау науқаны барысында басқа кандидаттардан анағұрлым көп қаражат жұмсады. Стивенсон, Хэмфри және Джонсонның әрқайсысы сайлау компаниясына 250 мың доллар жұмсаса, Саймингтон 350 мың доллар жұмсады. Ал Кеннеди болса 1 миллионға жуық қаржысын жұмсады. Баласына белсене көмектескен Джозеф Кеннедидің байлығы 400 млн. долларға жетті.

       Үшіншіден, Кеннеди өзіне шын ниетпен берілген және өте қабілетті жасақталған сайлау компаниясын құра білді. Кеннеди өзінің қарсыластарына қарағанда әлдеқайда көп адамның көмегімен пайдаланды.

       Төртіншіден, маңызды ролді Кеннедидің өзінің  белсенділігі ойнады. 1956-1960 жылдар аралығында демократиялық партияның ешбір өкілі Кеннеди сияқты көптеген штаттарда болған жоқ. Осылай ол көптеген адамдарды өз жағына қарата алды.

      Бесіншіден, Кеннеди Эйзенхауэр үкіметінің сыртқы және ішкі саясатын сынау сияқты өткір қаруды кеңінен қолданды. Ол «жаңа көкжиектер» бағдарламасын ұсына отырып, егер президент болған жағдайда АҚШ саясатына түзетулер енгізетінін мәлімдеді.

Осылайша, Джон Кеннеди Нью-Иорк монополистік таптарын, үлкен қаражатты, нәтижелі сайлау компаниясын, өз белсенділігін, шебер әдісті және республикандықтардың сыртқы саясатына қарсы өткір сынды қолдану арқылы жақындап келе жатқан демократиялық партияның съезіндегі жеңіске жақындай түсті. /15/

       Шешуші күрес уақыты таянды. 1960 жылы шілдеде Лос-Анжелесте демократиялық партияның ұлттық съезі ашылды.

        Лос-Анжелеске Кеннедидің барлық қарсыластары жиналды. Демократиялық партияның ұлттық комитеті, сонымен қатар Кеннеди, Джонсон, Стивенсон, Саймингтон барлығы «Балтимор» отеліне орналасты. Американдық телерадио компанияларының өкілдері де осында орналасты.

       Джон Кеннеди демократиялық партиядан АҚШ президенттігіне үміткер болу үшін барлық мүмкіндікті жасады. Ол шешуші сағатты күтті.

       Дауыс беру басталды. Ол Алабама штатынан басталды. Алабама штаты Джонсонға 20 дауыс, Кеннедиге 3,5 дауыс, Саймингтонға 3,5 дауыс және Стивенсонға 0,5 дауыс береді. Иллинойс штаты Кеннедиге 100 дауыс береді. Бұл сан ары қарай өсе береді. Айова штаты – 200 дауыс, Массачусетс  штаты – 300 дауыс, Нью-Иорк штаты – 500 дауыс, ал Пенсильвания штаты Кеннедиге – 650 дауыс береді.

       Дауыс беру кезегі Вашингтон штатына келгенде Кеннедиге 748 дауыс беріледі. Кеннеди 763 дауыс жинады. Бұл демократиялық партиядан президенттікке үміткер атану үшін талап етілетін нәтижеден әлдеқайда асып түсті. Бұл көптен күткен жеңіс еді.

       Дауыс беру аяқталған кезде Кеннедиге 896 дауыс, Джонсонға 409 дауыс, Саймингтонға 86 дауыс, Стивенсонға 74,5 дауыс және басқа кандидаттарға 140,5 дауыс берілді. Кеннедидің келесі және соңғы қарсыласы Никсон еді.

      Джон Кеннеди бұл күресте де шығыс және солтүстік-шығыс штаттарының партиялық жетекшілерімен қатар оңтүстік штаттарының демократиялық партия ұйымдарының қолдауына сүйену керек екенін түсінді. Ол өзінің қарсыласы Джонсонды вице-президент постына лайықты деп шешіп, оның кандидатурасын ұсынды. Джонсон Техастың іскер топтарымен кеңесе келе бұл ұсынысты қабылдады.

        Бұл күні Кеннеди жақсы көңіл-күйде болмады. Оның жүзінен шаршағандық байқалып тұрды. Ал Никсон президент байқауында өзіне әлсіз қарсылас табылды деп ойлады.

       Джон Кеннедидің АҚШ президенті қызметі үшін күресі шешуші кезеңге де келіп жетті. Кеннедидің қарсыласы – вице- президент Никсонның жағдайы Кеннедиге қарағанда тәуірірек еді. Никсон америкалық сайлаушыларға жақсы танымал еді. Оны президент Эйзенхауэр белсенді түрде қолдады. Никсонды барлық республикалық партияларда және монополистік БАҚ-тың көптеген газеттерінде мақтап жариялады. Көптеген жетекші саяси шолушылар  Никсонның президент пост қызметіне лайық екенін сенімді түрде мәлімдеді. Президенттік сайлау компаниясының  алғашқы кезеңінде қоғамдық пікір сұрауларына сәйкес Никсон Кеннедидің алдында еді.

       Кеннедидің жақтастарына бір нәрсе анық еді: өз қарсыласын тек «қатыгез күресте» ғана жеңуге болатын еді. Сонымен қатар оған аздаған сәттілік керек еді. Айта кету керек, сәттілік бұл жерде Джон Кеннеди жағында болды. Сайлау компаниясы барысында Никсон Кеннедидің Ақ  үйге жолын жеңілдететін көптеген қателік жасады.

       Лос-Анжелестегі съездегі Кеннедидің жеңісінен кейін де демократиялық партияның ахуалы шиеленіскен жағдайда қалды. Партияның либерал қанаты Кеннедидің вице-президенттікке үміткер ретінде Линдан Джонсонды таңдау туралы шешіміне өз наразылығын білдірді.

       Кеннедидің маңызды мәселелері болып демократиялық партияның аға буын өкілдері – Гарри Трумэн, Рузвельт ханым және Эдлай Стивенсонды өз жағына тарту еді.

       Оларды өз жағына тарту үшін Кеннедиге көп еңбек етуге тура келді. өйткені, Лос-Анжелестегі съезге дейін Трумэн, Рузвельт  ханым және Стивенсон Кеннедидің президент қызметіне үміткерлігіне қарсылығын білдірген еді. Кеннеди олармен кездеседі. Ол Стивенсонмен әңгімелеседі, Элеонора Рузвельт үшін оның Райд-парктегі үйіне барады. Гарри Трумэнмен кездеседі. Кеннеди олардың барлығынан көмек сұрайды. Бұл қолдау оған уәде етіледі. өйткені әңгіме республикандықтарды жеңу жөнінде және Эйзенхауэрдің кетуінен тек Кеннедиге ғана емес, сонымен бірге жүздеген демократтарының жақтастарының  мемлекеттік билікті иелену мүмкіндігін қамтамасыз ету жөнінде еді./16/

       Кеннеди Никсонмен күрестің бағыты мен әдістері қарастырылған бірнеше кеңес өткізеді. Бұрынғыдай-ақ негізгі назар сайлау компаниясының ұйымдастырылуына бөлінеді. Енді бұл жерде Кеннеди өз қызметіне демократиялық партияның бүкіл аппаратын қояды.

       Ұйымның негізіне Лос-Анжелестегі жеңіске дейін де Кеннеди тобын қолдаған ескі жақтастары алынды. Алайда, оларға мыңдаған ұйымдастырушылар қосылды. өз ұйымының демократиялық партияның ұлттық комитет ұйымымен бірігу жөніндегі нақты шешімді қабылдай отырып, Кеннеди бұдан кейін ұйымдастыру мәселелерімен айналыспаймын деп шешті. Демократтардың бүкіл сайлау ұйымдарының басшысы ретінде Джон Кеннеди өз інісі Роберт Кеннедиді қояды. Оның негізгі көмекшілері болып сол бұрынғы адамдар – О’ Брайн, О’ Доннель, Джон Бэйли, Стефан Смит және Пьер Селинджерлер қалады. Американдщықтардың басым көпшілігіне өзінің жеткілікті түрде танымал емес екендігін түсіне отырып, Кеннеди өзінің бүкіл қуатын қоғамдық үндеулер мен теледидар бойынша үгіт-насихат жүргізуге бағыттау керек деп шешті.

       Бүкіл елде «Азаматтар Кеннеди үшін» ұйымы құрылады. Басты назар Кеннеди ұстанымы күшті емес батыс штаттарға аударылды. Бұл аудандарға президент үміткерінің екінші інісі Тэд Кеннеди жауап берді. Гарри Трумэн Кеннеди үшін баптистер арасында үгіт-насихат жүргізуді қолға алды. Эдлай Стивенсон Каллифорния бойынша көмектесуге уәде берді. Сенатор Хэмфри Минисота штаты бойынша өз қызметін ұсынды. Джозеф Кеннедидің айтқаны дұрыс келді. Демократтар арасындағы барлық келіспеушіліктер уақытша тоқтай тұрды. Олар тек қана бір нәрсені –  Никсонды қалай  жеңуді ойлады?.

        Алайда, бүтіндей алғандағы жағдай күрделі болды.

        Президенттік сайлау компаниясын ұстап тұру үшін Кеннеди әулетінің жеке байлығы ендігі жерде жеткіліксіз бола бастады.

       Никсонның жеңісін күткен көптеген ықпалды іскер адамдар үлкен көлемдегі қаржыларын республикандық партияның адресіне бағыттады. Никсонға бағытталған қаржы 1952-1956 жылдары Эйзенхауэрге бағытталған қаржыдан асып түсті. Монополиялар, әрине, демократиялық партиядан президенттікке үміткер туралы да ұмытпады. Олардың көпшілігі өз қаржыларын Никсонның да, Кеннедидің де сайлау қорларына құюды жөн көрді.

       Кеннеди өзінің сайлау компаниясында Эйзенхауэр үкіметінің сыртқы саясатындағы сәтсіздігін пайдаланды.

       Кеннеди сайлау митингілерінде республикалық үкіметтің қызметін қатты сынға алды. Ол американдықтардың назарын әлемде АҚШ-тың ролі төмендеп бара жатқанына  аудартты. Кеннеди американдықтарға «бір жерде отыра бермей», Американы алға сүйреуге уәде берді. Кеннедидің Американың ішкі және сыртқы саясатына деген қанағаттанбаушылығы туралы мәлімдемелері  халық арасында көп қолдау тапты. Американдықтардың басым көпшілігі АҚШ саясатына наразылық білдірді.

       Көп жағдайда Никсонды өзіне деген сенімділік сәтсіздікке ұшыратты. өзін жақсы шешен деп санаған Никсон Кеннедимен бірге телевизиондық  бағдарламалар сериясына түсуді ұсынған кезде қатты қуанды. Бұл бағдарламалар екі үміткер арасындағы күресті тудыруы керек болды. Кеннеди басымдылықты осы пікір-сайыс арқылы алуды көздеді.

       Кеннеди вице-президентпен пікір-сайысқа түсе отырып, өзінің жеке беделін көтере білді және өзіне деген «жас әрі тәжірибесіз үміткер» пікірінен арыла алды. Никсон пікір-сайыс арқылы Кеннедиді жеңу оңай деп ойлады.

       Барлық республикандықтар, соның ішінде Дуайт Эйзенхауэр Никсонға Кеннедимен телевизиялық пікір-сайысқа түспеу жөнінде кеңес берді. Бірақ, Никсон бұл кеңестен бас тартты.

       Телесұхбат ұйымдастыру жөніндегі екі жақты келіссөздер 1960 жылы жазда басталды. Келіссөз барысында төрт сұхбат ұйымдастыру келіссөзге қол жеткізілді және олардың әрқайсысы бір сағатқа созылатын болды.

        Кеннеди мен Никсон арасында бірінші телевизиялық пікір-сайыс           26 қыркүйекте Чикагода өтті. Бұл бағдарлама бүкіл елге таратылды. Американ үкіметінің ішкі саясаты талқыланды. Телебағдарлама 8.30 да басталды.

       Кеннеди бірінші сөзінде Эйзенхауэр үкіметін қатты сынға алды. Ол АҚШ-тың экономикалық жағдайына және даму қарқынына көңілі толмайтынын білдірді.

        Никсон Кеннедиден республикалық үкіметке бағытталған сынды күтпеді. Бірақ, ол Кеннедидің пікірімен келісе отырып, үкіметтің қызметін қорғауға талпыныс білдірмеді.

        Кеннеди Никсонға қарағанда БАҚ өкілдерінің сұрақтарына сәтті жауап беріп отырды. Бірінші сұхбат аяқтала салысымен американ баспасөзі «Никсон олардан жеңілді» деген мақалалар жариялай бастады.

        Никсон  мен Кеннеди арасындағы телесұхбаттар 7,13 және 21 қазан күндері өтті. Қорытынды бағдарлама Нью-Иоркте болды.

        Америка сыртқы саясатын талқылау кезінде Кеннеди АҚШ мәртебесінің жаппай құлдырап жатқанын атап көрсетті. Никсон, керісінше, АҚШ мәртебесінің даму шыңына жеткендігін айтты.

        Кеннеди мен Никсон арасында өткен телевизиялық пікір-сайыстардың америка сайлаушыларына қаншалықты әсер еткенін айту қиын. әр бағдарламаны 50 ден 75 млн-ға дейін көрермен тамашалады. Кейбір есептеулер бойынша 3 млн-ға жуық сайлаушы, осы бағдарламадан кейін ғана қай үміткерге дауыс беру туралы шешім қабылдаған. Көрнекті саяси шолушылардың барлығына дерлігі американдықтардың көпшілігі Кеннедиге дауыс беруді дұрыс көретінін мәлімдеді./17/

       1960 жылы 8 қарашасында АҚШ-та президенттік сайлау өтті. Кеннедиге барлық сайлаушылардың 49,7%дауыс берсе, Никсонға 49,6% дауыс берді.

       Кеннеди Никсонды Жаңа Англия және шығыс штаттарда жеңді. Сонымен қатар, Линдан Джонсонның ықпалы басым оңтүстік штаттарда да басым болды. Орта Батыс штаттарында Кеннеди мен Никсон тең нәтижеге қол жеткізді. Республикандықтардың батыстағы дәстүрлі ықпалы Никсонға жеңіс әкелді. Кеннеди Нью-Иорк, Нью-Джерси, Массачусетс, Пенсильвания, Мичиган, Техас сияқты штаттарда басым түссе, Никсон тек негізгі екі штат – Огайо мен Калифорнияда ғана жеңіске жетті.

       Кеннедидің сайлауда жеңіске жетуі барлық сайлау науқаны барысында белгісіз болды. Бірақ бұл шешуші нәтижені өзгерте алмады. Джон Кеннедидің Ақ үйге деген жолы аяқталды. Оған тек АҚШ президенті қызметіне ресми түрде кірісетін ұлықтау рәсімін күту ғана қалды.

 

1.3. Джон Ф. Кеннедидің ішкі реформалары.

 

       Сайлау компаниясындағы мазасыздық және қарсыластарының үстінен        жеңісіне қуанышы артта қалды. 1961 жылы 20 қаңтарында ант қабылдап, ресми түрде президент қызметіне кіріскеннен кейін Джон Кеннеди жаңа үкімет құруды көздеді. Бірақ оған жаңа үкімет құру оңай жұмыс болған жоқ.

         Бәрінен бұрын Кеннеди сенімді монополистік шенеуніктерді үкімет аппаратына тартуды қалады және олардың президентті тындайтындарына орындарды иемденуін қамтамасыз етті.

         Бірақ, Кеннеди Эйзенхауэр үкіметінің қызметі туралы пікірінен асып түсе алмады. Эйзенхауэр кемшіліктерін Кеннеди үкіметтің әлсіздігінен деп түсіндірді. Кеннедидің пікірінше, АҚШ үкіметіне жаңа ойлар мен күштер қажет еді. Ол бұны үкіметке жаңа, өз ісінің «білгірлерін» тарту арқылы жоюға болады деп есептеді.

       Кеннеди өз үкіметін құра отырып, демократиялық партияның көрнекті қайраткерлерін маңызды орындарға тағайындады.

       Кеннеди Уолл-Стриттің ықпалды өкілдерінің бірі – Роберт Ловетт және Джон Макклоймен тығыз байланыс орнатуға әрекеттенді.

       Ловетт біраз уақыт бойы АҚШ қорғаныс министрі қызметін атқарған Нью-Иорк банкирі еді. Ұзақ уақыттан бері Джон Макклой да Уолл-Стритке жақсы таныс еді. Ұзақ уақыт бойы, 1940 жылға дейін ол халықаралық қаржы келісімдерді рәсімдейтін ірі Нью-Иорк корпорациясында заңгер қызметін атқарды. Әсіресе, Батыс Европалық іскер топтармен тығыз байланысы болды. 1941 жылғы сәуірден бастап 1945 жылғы қарашаға дейін Макклой АҚШ қорғаныс министрі көмекшісі болды. 1947-1949 жылдары Макклой Халықаралық қайта құру және даму банкінің директоры қызметін атқарды, содан соң төрт жыл көлемінде АҚШ-тың Германиядағы жоғарғы комиссар қызметін атқарды. Осы уақытқа дейін Макклойды Нью-Иорк іскер топтары жоғары бағалады./18/                                                                                                        

       1952 жылы ол отставкаға кетеді және Рокфеллер әулетінің ең ірі банктерінің бірі – «Чейз Манхэттен банктің» директорлар кеңесінің төрағасы болады. Сонымен бірге, ол бірнеше ірі өндірістік корпорациясының директоры креслосына отырады.

           Кеннеди Уолл-Стриттің қаржы топтарымен негізгі байланысты Ловетт арқылы жүргізіп отырды. Ловетт Кеннедиге сайлауда Никсонды қолдағанын ашық білдіргенімен Кеннеди оған құлақ ілмеді. Өйткені, Ловеттке Кеннеди, ал Кеннедиге Ловетт керек еді. Өткен шақтың маңызы болмады. Уақыт өте Кеннеди Уолл-Стрит іскер топтарының мүддесін қорғаған Ловеттпен бірнеше кездесу өтті және Ловетт президентке үкімет құрамын жасақтауға бірнеше нақты ұсыныстар жасады.

           Кеннеди өзіне Уолл-Стрит және Нью-Иорктың ірі өндірісі мен банкирлері тарапынан сенімсіздік тумас үшін Ловеттке мемлекеттік хатшы, қорғаныс министрі немесе қаржы министрі сияқты үш қызмет орнын ұсынды. Бірақ, денсаулық жағдайына байланысты Ловетт бұл ұсыныстардан бас тартты. Кеннеди қорғаныс министрі қызметіне Уолл-Стритпен жақсы байланысы бар бұрынғы қорғаныс министрі Томас Гейтсті қалдыруды ойлады. Бірақ Кеннеди кеңесшілері бұлай істемеуге көндірді.Өйткені, Кеннедидің өзі Эйзенхауэр үкіметінің қорғаныс министрі қызметін сынға алған еді.

          Кеннеди қаржы министрін тағайындауда да бірнеше үміткерлерді салыстырады. Сонымен, ол қаржы министрі етіп Эйзенхауэр кезінде мемлекеттік хатшының орынбасары қызметін атқарған Дуглас Дилланды тағайындайды.

         Сондай-ақ, мемлекеттік хатшы қызметіне лайықты адам іздеу керек болды. Ловетт мемлекеттік хатшы қызметінен бас тартқаннан кейін бірнеше үміткерге мүмкіндік береді.  Олардың ішінде Честер Боулс, сенатор Фулбрайт, Париж бен Бонндағы бұрынғы елші Дэвид Брюс болды. Бірақ, Ловетт Дина Расктің кандидатурасын ұсынды. Кеннеди Раск туралы өте аз естіген еді. Енді оған маңызды қызметке Раскты тағайындауды ұсынды.

         Раск баяу дамушы елдерге көмек беру жұмысымен айналысатын Рокфеллер қорының басқарушылар мүшесі еді.

         Қалған мемлекеттік қызметтерді сайлау науқаны кезінде Кеннедиге көмек берген және демократтардың съезінде Кеннедидің кандидатурасын қолдаған жақын көмекшілері арасында бөлінді.

         Коннитикут штатының губернаторы А. Рибикофф денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру министрі болып тағайындалды. Солтүстік Каролина штатының губернаторы Л. Лоджес сауда министрі болды. Аризона штатының губернаторы С. Юдэл ішкі істер министрі болып тағайындалды. Кәсіподақтармен тығыз байланыс орнатып, сайлаушылардың сенімін алған заңгер А. Голдберг еңбек министрі қызметіне отырды. Өзінің досы әрі жақтасы, Мичиган штатының бұрынғы губернаторы М. Уильямсты Кеннеди — өте маңызды қызметке – мемлекеттік хатшының Африка ісі жөніндегі көмекшісі қызметіне тағайындады.

         Джон Кеннеди әкесімен кеңесе келе Роберт Кеннедиге әділет министрі қызметін ұсынады. Роберт бұл ұсыныстан бас тартқанымен, кейіннен келісуге мәжбүр болды.

         Кеннеди Орталық барлау басқармасы (ОББ) мен федералды тергеу бюросы (ФТБ) басшылары Аллен Даллес пен Эдгар Руверді өз орындарында қалдыруды дұрыс көрді.

           1960 жылы 17 желтоқсанда Кеннеди сақтандыру саласындағы ірі кәсіпкер Эдвард Дэйді почта министрі тағайындаумен өз кабинетін жасақтауды ақтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ-ТАРАУ. ДЖОН Ф. КЕННЕДИДІҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ.

 

       1961 жылы қаңтарда Джон Кеннеди Президент қызметіне кіріскен кезде Америка сыртқы саясаты қырғи- қабақ соғыстың бел ортасында еді.

       Кенеди 1960 жылы Желтоқсаның өзінде-ақ АҚШ қорғаныс министрі Макнамараға АҚШ әскери стратегиясын қайта құруға тапсырма береді. Сонымен қатар Кеннеди қызметке кіріскеннен кейін 1-аптадан соң Макнамараға Кеннедиге және үкіметке өзі жүргізген зерттеулер нәтижелерін баяндайды. Зерттеу нәтижесінде мынадай жайттарға куә болады: Американ әскери стартегиясы тек алдын-ала жоспарланған бюджет қаржысымен құрылады және әскерге бөлінетін қаржы АҚШ ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жетпейді. Макнамараның айтуы бойынша АҚШ әлсіз әскермен жасақтанған және жаяу дивизиялар сүңгуір қайықтар ядролық ракеталар қарапайым қарулар және оқ дәрілер жетіспейді. Бұл олқылықтар үлкен қаржыны талап етеді. АҚШ-та әскери тапсырыс берудің дәуірі туды. Ол Кеннеди Президент болған үш жылда тоқтамады. Үш жылда тек қосымша әскери қаржы 17 млрд. долларды құрады.

 

2.1. Кариб дағдарысы.

 

Кеннеди өз президенттік қызметінің маңызды бөлігін сыртқы саясатқа арнады.

       60-жылдардың басында әлем Адамзат тарихындағы ең елеулі және қарама-қайшы мәселелерге толы болды. 1956 жылы Суэц дағдарысынан кейін           1961 жылы батыс Берлин үшін ГДР мен КСРО билік басындағылардың келіспеушілігі туындайды. Ал 1962 жылдың қазанындағы Кариб дағдарысы әлемді термоядролық соғысқа жақындатты.                                 

            1962 жылы қазанның ІІ-жартысы тарихқа  қырғи-қабақ  соғыстың шиеленісін туындатқан және әлемді ядролық апаттың шегіне жеткізген Кариб дағдарысы деген атпен кірді. Адамзат апокалипсистің шынайылығын толығымен сезінді. Бақытқа орай, сол кезде ақыл күші ойламаушылық үстінен үстемдік алды. КСРО, АҚШ және Кубаның мемлекеттік  қайраткерлері                “ ядролық тығырықтың “ не екенін ұғынды және өткір халықаралық мәселені әскери емес, саяси тұрғыдан шешуге жол тапты.

           Бірақ барлық елдер бұл тәжірибені назарда ұстанбады. Осының дәлелі ретінде жақында шиеленіскен Балкан мәселесін айтуға болады Кариб  дағдарысы қандай қарама – қайшылықтар кейін туындауы мүмкін еді. Бұл шиеленістің негізін сонау алыс 1962 жылы іздеу керек. Солтүстікатлантика одағының негізгі мақсаты өзінің үстемдігін барынша ұлғайту еді. Өзінің әскери күшін іс — әрекетпен көрсету және бітімгершілікті қарудың күшімен жасау НАТО – ның европалық тәуелсіз мемлекеттерінің ішкі істеріне араласуына жол ашты. Сол кезде американдықтар сол кездегі КСРО – ның Батыс елдеріне қарсы әскери күштерін қолдана алмайтынын  және қолданғысы келмейтінін түсініп, өзінің іс — әрекеттерінен әлде қайда ұзаққа шапты. /19/

 

       Әлем ешқашан 1962 жылы Кариб дағдарысы уақытындағыдай ядролық соғысқа жақын тұрмаған шығар. 1962 жылы 27 қазанда ядролық қауіп шегіне жеткен және бұл қауіп бұрыс әрі қайғылы жолмен  шешілуі мүмкін еді. Бұл сөзге айқын дәлел 1987 жылы Кембриджде өткен Кариб дағдарысына арналған  конференциядағы американ әкімшілігінің  мүшелері Макпамара , Банда және Соренсеннің айтқан сөздері еді. Бұл жоғарғы мәртебелі шенеуніктер Дж. Кенедидің Ақ үй қызметкерлерінің  барлығына Вашингтоннан  кетуін және ядролық қарудың іске қосылғанын күтуі туралы бұйрық бергенін айтады. Екі астана да ядролық қауіп жамылды және ядролық соққылармен алмасу қаупі күшейе түсті.

       Кариб дағдарысы туралы айтпас бұрын “ қырғи қабақ соғыстың “ бірнеше оқиғаларына тоқталу керек. Әйтпесе, оның себептерін және шиеленістің қалай өрбігенін түсіну мүмкін емес. Кариб оқиғасы жылымық кезеңдегі кеңес-американ  қатынасының дамуына себепші болды. Екі ядролық алпауыттың арасындағы мағынасыз термоядролық жарыс пен ескі саясаттың қауіптілігін көрсете отырып, екі ел арасындағы қатынастарды тамырымен өзгерту қажет екендігін атап көрсетті.

       Үш жыл бұрын Кубада Кастра Рустың бапсшылығындағы революциялық үкімет орныққан еді. Американ әкімшілігі оның негізін салушы диктатор Батистаны ұната қоймағанымен Кубалық революционердің жеңісін де жақсы қарсы алған жоқ. Мүмкін, америкалықтарды олардың әскери базасы Гуантанаманың жаңа биліктің тастап шығуына қойған талабынан сақтануы болар немесе америкалық басшылық Кубалық эмигранттардың сөзіне тым құлақ асып кеткен болар, әлде сонау бастан-ақ аралдағы америкалық күштеуді жоюға тырысқан Фидель Кастроның билік басына келуі әсер еткен болуы мүмкін.

       Алайда,  мұның себебін, не болғанын атап айту қиын. Қалай болғанда да Вашингтон Кастро жеңісінің екінші күні-ақ оның үкіметімен белсенді конфрантация жүргізу жолына  түскен еді.

       1960 жылы америкалықтар кубалық қантты сатып алуын тоқтатты және осы әрекеттерімен елді экономикалық апат шегіне қойды, ал 1961 жылы              2 қаңтарында Құрама Штаттар  Кубамен дипломатиялық қарым – қатынастарын түгелдей 

дерлік тоқтатты.

       Ол кезеңде Фидель Кастро  коммунист те, марксист те емес еді. Америкалықтардың өздерінің  қате саясатымен Кеңес Одағымен жақындасу  жолына итермеледі. Оған экономикалық, саяси, қару – жараққа көмек жөнінде қолдау керек болды, Осының барлығын ол Москвадан тапты.

       1960 жылы ақпан айында КСРО сауда министрі Кубада іс –сапармен болып , сол жылдың наурыз айында Куба мен КСРО арасында дипломатиялық қарым – қатынас орнатты. Сонда да АҚШ өзінің қате саясатын жүзеге асыруды жалғастыра берді. 1961 жылы америкалықтар кубалық эмигранттардың Кубаға қарсы әскери іс — әрекеттерін қолдап отырды. Кочинос шығанағындағы Плая – Карга және Плая – Хирон аймағында дисанттармен Ф.Кастро әскерінің арасында кескілескен ұрыс болды. Шайқас 72 сағатқа созылды. Ақыры десанттар  талқандалып, сонымен қатар эмигранттардың көп бөлігі тұтқынға түсті. Кубалықтар көп мөлшердегі қару – жарақты  тартып алды. Бұл қару-жарақ америка  қару-жарақтары еді. Осыған қарап, бұл операция американ  әкімшілігі тарапынан қолдау тапқаны ешкімге де күмән туғызбады./20/

       Конгресте  және баспасөзде Кубаға тікелей шабуыл жасау жөнінде үндеу таратылты. Куба басшылары жаңа шабуылдардың алдын алу  мақсатымен бірнеше рет ірі  әскери іс-шаралар өткізді. Сонымен қатар куба кеңес қатынастарының дамуын жылдамдату басталды. Бұған Кубаның өзіндегі маңызды өзгерістер әсер етті. Фидель Кастро  Біріккен революциялық  ұйымның Ұлттық басшылығының бірінші хатшысы болып сайланды. Кеңес Одағы Кубаға экономикалық көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Бірінші кезекте куба қантын сатып алу көзделді.

       1962 жылдың  тамыз айында Кубаға қару-жарақ тасымалдау туралы келісімге қол қойылды. Куба контрреволюциясының немесе Орталық Америка елдерінің тікелей әскери әрекеттерінің жаңа шабуылы болған жағдайда алдан-алу шараларына , сондай-ақ АҚШ интервенциясына дайындала басталды

       1989 жылы Москвада өткен Кариб дағдарысына арналған конференцияда Куба Компартиясының ОК Политбюросының мүшесі Рискет пен АҚШ – тың бұрынғы министрі Макнамара арасындағы диологта Рискет Куба басшылығы АҚШ-тан қолдау табатын Кубаға қарсы жаңа интервенциядан  қашып құтылмайтынына сенімді еді, — деді. Сондықтан , осы қауіп Фидель Кастроның қуатты әскер құруына және қарулануына өз әсерін тигізді. Ал, Макнамара болса, Дж. Кеннеди әкімшілігінің Кубаға шабуыл жасау жоспарының болмағандығын салтанатты түрде мәлімдеді.

       Бұл басқа тараптың мақсаттарының толық түсінбеушілігінің көрнекті үлгілерінің бірі еді. Рискет , сондай-ақ агрессорлардың аралға шабуылдай қалған жағдайда кубалықтардың жеңетініне сенімді болғанын және Кеңес Одағының көмегіне сенгенін мәлімдеді. Бірақ Куба басшылығы аралға ядролық ракеталарды орналастыру туралы мәселелерді ешқашан қойған емес.

       Ракеталарды аралға орналастыру Хрущевтің өзінің идеясы еді. Хрущевтің Фидель Кастроға жазған бір хатында Хрущев куба басшылығына Кубаға ракеталар орналастыру туралы ойын ашық және шын ықыласпен  айтқан. Бұл ойға Хрущевті не итермеледі? Бұл Болгарияда болған еді. Хрущев Қара теңіз жағалауында серуендеп жүргенде КСРО қорғаныс министрі Малиновский  теңіздің арғы жағын көрсетіп былай деген, теңіздің арғы бетінде, яғни Түркияда американың ракета-ядролық базасы орналасқан. Сол базадан ұшырылған ракеталар алты-жеті минуттың ішінде Кеңес Одағының маңызды әскери теңіз базасы – Севостопльді айтпағанның өзінде Украина мен Россияның оңтүстігіндегі Киев, Харковь, Черняев, Краснодар сияқты ірі  орталықтарды жойып жіберуі мүмкін. Сонда Хрущев Малиновскийден неге Кеңес Одағы Американың істеп жатқанын істей алмайды?, — деп сұрады Неге Кубаға ракеталарды орналастыруға болмайды? АҚШ Кеңес Одағын өз ракеталарымен қоршауда, ал КСРО ракеталары тек Кеңес Одағы территориясында орналасқан.

       Ол бұл операцияны бірінші Малинковскиймен бірге талқылады, содан соң КОКП ОК Президиумынан келісім алды. Ең басты мәселе – Кубаға ракеталық қондырғыларды құпия түрде орналастыру және оларды соғыс жағдайына келтіру еді. Кубаның Кеңес Одағының бұл ұсынысына қалай қарайтыны белгісіз еді. Осы мәселені жасау үшін Кубаға Маршалл Бирюзов, КСРО – ның Кубадағы елшісі Алексеев және басқа да кеңестік әскери саяси басшылар кірген делегация жіберілді. Олар бұл мәселемен Ф.Кастроның келісуі қиын деп ойлады, бірақ Кубалық басшылар Хрущевтің ойына қосылды.

Ф.Кастро  Куба басшыларымен кеңесе келе, аралға ядролық ракеталарды орналастыру туралы шешім қабылдады. Ол басты мақсат Кубаны қорғау емес, социалистік лагердің қуаттылығын арттыру, — деді.

Шілденің аяғы мен қыркүйектің ортасына дейін Кеңес Одағы Кубаға 100-ге жуық кеме жіберді. Бұл кемелердің негізгі бөлігі қару – жарақ тасыды. Америкалықтардың есептеуі бойынша мұнда 42 орта қашықтықтағы ракеталық – баллистикалық қондырғы, 12 жақын қашықтықтағы ракеталық – балистикалық қондырғы, 42 ИЛ-28 бомбалаушы истребителі, 144 зинитті құрылғылар әкелінген. Сондай – ақ Кубаға 40 мыңға жуық кеңес әскерлері мен офицерлері орналастырылған./21/

Әрине, бұл құрылғылар америкалықтарға белгісіз болып қалмас еді. 16 қазан күні америкалықтар Кубаға Кеңес құрылғылары орналасқаны туралы нақты мәліметтер алды. Бұл мәліметтерді У – 2 барлаушы ұшағы жеткізді. Сол күні – ақ бұл мәліметтер президент Дж. Кенедиге жеткізді.

       18 қазанда президент жиналыс өткізді, ол жерде Кеңес Одағымен ядролық соққы алмасқанда АҚШ халқының шығыны 80 млн деп есептелді. Экспертшілер Кеңес ракеталарының атылған кезінде американ  авиациясының оны жойып жіберетініне кепілдік бере алмайтынын және Вашингтон, Нью-Иорк қалаларын бомбалау мүмкін болғанда не істеу керек екенін талқылады. Сол күні КСРО сыртқы істер министрі Громыко, Дж. Кенеди және мемлекеттік хатшы Д. Раск арасында әңгіме өтті.

22 қазанда президент радио мен телевидениеге берген мәлімдемесінде қатаң карантин жариялағандығын айтты және барлық кемелер жіті тексеріліп, қару – жарақ бар кемелер кері қайтарылатын болды. Қарулы күштер соғыс қимылдарына дайындалды. Тез арада әскери операцияларды бастау мүмкіндігі қамтамасыз  етілді. Бұл мәлімет радио арқылы таратылды. Макнамараның есептеуі бойынша Кубаға басып кірген жағдайда америкалықтар 25-35 мың адамды жоғалтуы мүмкін еді. Әскери  басшылардың өздері ракеталарды авияциямен жоюға толық кепілдік бере алмады.

23 қазанда Дж. Кенидидің  американ телевидениесі арқылы мәлімделін алған кеңес басшылары, Хрущевтің бұрынғы көмекшісі О. Троянскиидің  бағалауы бойынша  “ Жеңілдік серпін” байқалды.

Радио арқылы сол күні Кеңес үкіметінің өтініші жарияланды, ал        Н.С. Хрущев АҚШ президентіне жауап үндеуін жария етті.

       1992 жылы Кариб дағдарысының 30 жылдығына орай жарық көрген              “ Международная жизнь “ журналында жиырма бес құжат жарияланды. Ресей Федерациясының сыртқы саясат Архивінде сақталған Хрущевтің Кеннедиге арналған үндеуі толық жарияланды.

1962 жылы 22-28 қазанындағы үндеулер екі канал арқылы жүргізілді. Дж. Кеннедидің үндеулері Москвадағы АҚШ елшілігі (Ф. Коллер) мен Вашингтондағы КСРО елшілігі ( А. Добрынин) арқылы жарияланды.

       28 қазаннан кейінгі екі жақтың үндеулері А. Добрынин мен                            Р. Кеннеди немесе Ақ үйдің сенімді өкілдері арқылы берілді. Бұл байланыс жүйесі “ сенімділік каналы ” деп аталды.

       1962 жылдың  22 қазанында Дж. Кеннедидің  Хрущевқа жазған хатында президент әлемдегі тепе-теңдік күшін бұзатын қандай да болсын әрекеттерде АҚШ төзе алмайтынын атап көрсетті. Дж. Кеннеди қандай да бір бұрыс пікірлі адамның ядролық ғасырдағы әлемді соғысқа итермелеуге жол бермейтінін айтты және бұл соғыста ешкім жеңбейтінін тек бейбіт халық зардап шегетінін мәлімдеді. Ол карантинді сақтауға және келіссөздердің негізін табуға шақырды.

       Келесі күні, яғни 23 қазанда “Известия”  газетінде АҚШ елшісі                     Ф. Коллерге сыртқы істер министрінің орынбасары арқылы жіберілген Кеңес Үкіметінің мәлімдемесі Хрущевтің үндеуімен бірге жарияланды. Бұл құжаттарды Вашингтон, Гавана және Нью-Иорктегі кеңес дипломаттары да алды.

       Үндеуде кеңес басшысы БҰҰ жарғысы және халықаралық аралық ережелер Куба Республикасына жөнелтілген кемелерді тексеруге ешқандай  құқық бермейтінін және Кубадағы қару-жарақтар тек қорғану мақсатында орнатылғанын атап көрсетті. Хрущев  АҚШ президентінен блокададан бас тартуды және 23 қазандағы  № 3504 жарғысын жоюды талап етті.

       Карантин 24 қазан күні  гринвич уақыты бойынша 14:00 күшіне енді. Кемелер жіті тексеріліп, қарсыласқандары АҚШ порттарында тұтқындалуы керек болды.

       23 қазандағы үндеуінде Кеннеди дағдарыстың себебі – кеңес қару-жарағының Кубаға құпия түрде әкелінілуі,-деп атап көрсетті және шиеленісті бақылауда ұстауға, карантин шарттарын сақтауға шақырды.

       24 қазанда Дж. Кеннеди авиацияның  стратегиялық дайындығының дәрежесін №2 сатыға көтергені туралы мәлімдеді.

       Сол күні БҰҰ бас хатшысының міндетін атқарушы У Тан Хрущев пен Кеннедиді соғыс қаупін төндіретін  іс-әрекеттен тартуға, сонымен қатар  туындаған дағдарысты бейбіт жолмен жеңуде жинақылық танытуда және Кариб теңізіндегі жағдайды қалпына келтіруге шақырды. У  Танның ұсынысының мәні мынадай болды: КСРО келіссөздер аяқталғанша Кубаға қару тасымайды, ал АҚШ теңіздегі кемелерге ешқандай қарсы іс-әрекеттер қолданбайды.

       25 қазанда Хрущевтің У. Танның атына жіберген жауап телеграммасында осы  мәлімдемеге қосылатындығы туралы айтылды. Ал Дж. Кеннеди  де осы позицияны қолдайтынын білдірді. Бірақ, келіссөздерге кедергі кеңес ракеталарының Кубада тұруы еді.

       25 қазанда КОКП ОК президиумының  мәжілісінде Хрущев АҚШ Кубаның тәуелсіздігіне кепілдік берген жағдайда ғана Кубадан ракеталарды әкететіндігі туралы мәлімдеді.

       27 қазанда Н.С.Хрущев радио және Москвадағы АҚШ елшілігі  арқылы америка президентіне үндеу жолдайды, ал көшірмені У  Танға жіберілді. Хат америкалықтар қауіптенген құралдарды Кубадан  әкету туралы ұсыныстан тұрды. Хрущев Америка үкіметіне  аналогтық қаруларды Түркия территориясынан шығару және бұл жұмыстар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі бақылауында болуын талап етті. Кеңес өкіметі Түркияның тәуелсіздігін мойындауға, ішкі істеріне араласпауға ант беруге келісім берді. АҚШ үкіметі Кубаның  тәуелсіздігін мойындауға келісім берді. Хрущевтің ұсынысы бойынша келіссөздерді БҰҰ мен бірге өткізуді және ядролық қаруды қолдануға тыйым салу туралы келісімге қол қоюды тездетті./22/

       26 қазандағы Дж. Кеннидидің Хрущевке жауап үндеулері жарияланды. Америка президенті БҰҰ-ның бақылауымен қауіп төндіретін қаруларды Кубадан шығаратын болса, онда карантинді жойып, Кубаға шабуыл жасаудан  бас тартатынын атап көрсетті. Осылай ол кеңес өкіметінің ұсынысымен келісті.

       28 қазан күні  Куба аспанына У-2 ұшағы ракетамен ашып түсірілді. Пилот майор Р. Андерсен мерт болды. Бұл блокададағы алғашқы және соңғы құрбан еді.

       27қазанда әділет министрі Р.Кеннеди мен А. Добрынин Түркиядағы ядролық базаны залалсыздандыру туралы мәселені талқылады. Сонымен бірге Хрущевтің 27 қазан күнгі үндеуіне келісуге дайын екенін жариялады және Р. Кеннеди  Түркиядағы базаны шығару үшін 4-5 ай кететіндігін атап көрсетті.

       Хрущевтің келесі үндеуі 30 қазанда жарияланды. Ол ракеталарды  Кубадан шығарылуын күтпей карантинді жоюды, жолаушы ұшақтарды арал үстімен ұшыруды және Кубамен саудаға кедергі жасамауды, Гуантаномадағы  АҚШ базаларын жоюды талап етті.

       3 қараша күні Л. Томсон  А. Добрынинге жауап үндеуді тапсырды. Бұл үндеуде Ф. Кастроның  Куба территориясындағы ракеталардың шығарылуын тексеруге тыйым салуы шиеленіс тудырғаны айтылды.

       Федель Кастро  У Танның ұсынысымен келіспеді. Ол БҰҰ бақылаушыларын өзінің еліне кіргізбеді.

       Н. Хрущев өзінің 19 қарашадағы үндеуінде  Кеңес үкіметінің ракеталары  мен  АН-2 ұшағының әкетілуі АҚШ Қорғаныс министрімен дәлелденгеніне қарамастан, карантин жойылмағанын, америка  ұшақтарының Куба үстінен ұшу тоқтамағанын атап көрсетті.

       Жауап ретінде АҚШ әкімшілігі 20 қарашада карантинді алып тастады, қарулы күштерін дағдарыс кезіндегі дәрежесінен төмендетті.

       Дағдарыс негізінен 1963 жылдың 7 қаңтарында аяқталды. КСРО мен АҚШ өкілдері келіссөздерге У Танға бірлескен хат жолдады. Бұл хатта қауіпсіздік кеңесінің Кариб дағдарысы туралы мәселесі қажетті келіссөздерге жеткендіктен күн тәртібінен алып тастау айтылды. Сонымен қатар, Куба үкіметі БҰҰ ның бас хатшысына Кариб аймағында бейбітшілікті қамтамассыз ететіндігі жөнінде  нота жолдады.

       Кубадан шабуыл қаруларын шығару туралы кеңес үкіметінің шешімін Кастро “ шегіну капитулация “ деп есептеді. 1962 жылы 1 қарашада Кастро кеңес елшілігімен кездесіп, оған КСРО-ның қолдау көрсеткеніне рахмет айтты. Алайда  3 қарашада кеңес үкіметінің мүшесі А. Микоянды Гаванада суық қабылдады. Куба халқы ракеталардың КСРО меншігі екенін білмеді. Америкалық барлаушылар да аралда ұзақ уақыт қалған үш мыңдық кеңестік бригадаға көзін жұмып қарады.

       Хрущев АҚШ-тан Кубаға шабуылдамайтыны туралы уәде алғанына және өз мақсатына жеткеніне  мақтанды. Кеңес басшылары еліміздің  қауіпсіздігін 200-300 континентаралық ракета, жарты миллион әскер қамтамасыз етеді және АҚШ әскери теңіз күштерімен, авиациясымен, ядролық күштермен қарсыласа аламыз деп есептеді.

       1963 жылдың 20 маусымында Ақ үй мен Кремль арасындағы “ горячая линия “ радио-телефон жүйесін  құру туралы келісімге қол жеткізілді және бұл жүйе 30 тамыздан іске аса бастады. 1963 жылы 5 тамызда КСРО, АҚШ және Ұлыбритания арасында ядролық қаруды атмосферада, космоста және суда сынақтан өткізуге тыйым салу туралы Москва келісіміне қол қойды.

       Кариб дағдарысын алдын алу Дж. Кеннеди  мен Н.С. Хрущевке тиесілі.

       1997 жылы Кариб дағдарысының 35 жылдығына орай РҒА академигі           А. Фурченко мен Америка профессоры Г. Нофталидің “ Адская игра: Хрущев, Кастро, Кеннеди  и  Кубинский ракетный кризис ” деген кітап жарық көрді. Фурченко   РФ президенттік архивінде, жаңа  документтерді сақтау орталығында, әскери барлау қызметінің  архив қорында, сыртқы істер министрі мен қорғаныс министрінде, Россия  қарулы күштерінде жұмыс істеуге мүмкіндік алды. Дж. Кеннеди  мен Р. Никсонның  кітапхана қорына, АҚШ Ұлттық архивіне ұлттық қауіпсіздік кеңесінің архивіне, Неля мен Парворд құжаттар қорына сүйенді.

       Б. Путилин Кариб дағдарысын үш кезеңге бөледі. Жабық (қыркүйек 21-қазан), ашық (22-27 қазан ), және аяқталу (28 қазан-20қараша)

       2002 жылы сәуірде Корнеги Қоры Кариб дағдарысының 40 жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференция ұйымдастырды. АҚШ-та түсірілген фильм көрсетілді. Фильмде барлық ракеторлар жанармаймен толтырылып, АҚШ-қа соққы жасауға дайын тұрғаны көрсетілген. Ал, сол кездегі Кубада бақылау жасаған генерал А. Грибков болса ешқандай ракетаға жанармай құйылмағанын, ешқандай ұшу жоспарының болмағанын атап көрсетті.

       Қазіргі таңда АҚШ пен Ресей қарулы күштерін де бір – біріне бағытталған   7 мың ядролық оқ тұмсық бар. Олардың көбісі жоғары әскери қимылға келтірілген. АҚШ қорғаныс министрі конференцияда Кариб дағдарысы кезінде екі жақтан да өте көп қателік кеткенін атап көрсетті. Біз ядролық соғыстан бақытты жағдайда ғана қашып құтыла алдық. Ең үлкен қателік жіберген Кубада тактикалық ядролық қару бар деп есептелген Дж. Кеннедидің әскери және азаматтық кеңесшілері еді.

Дж. Кеннедидің бұрынғы кеңесшісі бірнеше варианттарды атап көрсетеді. Егер Кеннеди  өзінің кеңесшілеріне құлақ асып Кубаға қарсы қарулы шабуыл жасаса. Егер кеңес басшысы Н. Хрущев АҚШ-қа ядролық соққы берсе не болар еді? Ал егер АҚШ У-2 ұшағына кек ретінде жауап соққы берсе? Осы сұрақтардың барлығына жалғыз ғана жауап берілген: “ Онда бүгін біз мұнда болмайтын едік “.

 

       2.2. АҚШ және Үндіқытай.

 

Джон Кеннедидің Ақ үйдегі күрделі мәселелерінің бірі-Вьетнам мәселесі еді.

Дж.Кеннеди жаңа бағыт саясатын оңтүстік шығыс Азияға да жариялады.

Ол Азия халықтарына АҚШ олардың өмірлеріне араласпайды деген сенімді орнықтырғысы келді. Бірақ іс сөзбен сәйкес келмеді.Кеннеди саясаты Даллес саясатынан ерекшеленбеді.  Қызметінің  алғашқы күндері Оңтүстік Вьетнам жөніндегі құпия құжаттармен танысқан Кеннеди ол жердегі АҚШ саясатына өз наразылығын білдірді. Оңтүстік Вьетнамдағы АҚШ саясаты  өте мардымсыз түрде жүрді.

Женева келісімінде АҚШ-тың Үндікытайға  деген  ұстанымы жөніндегі мәселе козғалды.

Өз уақытында Даллес  1954 жылғы Женева келісіміне  өз қарсылығын  ашық білдірген болатын және  Женева келіссөздері аяқталмастан  Женевадан кетіп қалған еді. 1954 жылы  21 шілдеде бұл келісім бекітілген кезде АҚШ үкіметі  бұл келісімге қатыспағандықтан  келісімнің  АҚШ- қа еш қатысы жоқ деп мәлімдеді.

1954 жылы 23 қазанда Эйзенхауэр Нго Динь Дьемге үндеу жібереді. Ол жерде АҚШ Сайгон топтарының патриоттық күштеріне қарсы күресіне көмектесетіні айтылады.

1955 жылы АҚШ Женева келісімінің 16 және 17 баптарын бұза отырып, Сайгон режиміне әскери көмек беруді ұлғайтты. 1955-1960 жылдары американдықтардың Оңтүстік Вьетнамға жөнелткен әскери көмегі тек ресми деректер бойынша 571,3 млн. долларды құрады.

Ал егер, Вашингтонның Оңтүстік Вьетнамға жұмсаған шығынын есептейтін болсақ, 2 млрд. доллардан асып түседі.

Оңтүстік Вьетнамға американдық әскерилерді түсіру ұлғая түсті. 1960-жылдың аяғына қарай олардың саны 2 мың адамға жетті. Сайгон портына жүздеген оқтармен қаруланған Американ әскери кемелері шоғырландырылды.

АҚШ Оңтүстік Вьетнамды біртіндеп өз әскери базасына айналдырды. Американ империализмнің әрекеті вьетнам халқының наразылығын туғызды. 1960-жылдың аяғында Оңтүстік Вьетнамда Ұлттық азат ету майданы құрылды.

Саяси партиялардан бастап діни секталарға дейінгі патриоттық күштер өзара бірікті.

       Нго Динь Дьемнің басшылығымен Америка әскери кеңесшілер күштері Оңтүстік Вьетнам халқына террор және басып-жаншу саясатын жүргізді. Оңтүстік Вьетнамдағы әлеуметтік мәселелер шешусіз қалды. Елде сыбайлас жемқорлық пен сайгондық шенеуніктер және әскерилер арасында парақорлық өрши түсті.Нәтижесінде Сайгондағы американ режиміне наразылығын білдірген  білдірген оңтүстік вьетнамдықтар қолдарына қару-жарақ алуға мәжбүр болды.

       Вьетнамдағы дағдарыс жалғаса түсті.Ұлт-азаттық күрес күшейді.

       1962 жылдың аяғында Кеннеди Оңтүстік Вьетнамға өзінің әскери көмекшісі генерал Максуэлл Тэйлорды жіберді.Кеннедиге Вьетнам жөніндегі толық ақпарат қажет еді.

       1962 жылдың наурызында АҚШ Оңтүстік Вьетнамға тағы 5 мың солдат пен офицерлер түсірді.Маусымға дейін бұл елдегі американ әскерінің саны  6,5 мың адамға жетті. Тайландқа да 5 мың американ әскері түсірілді.  

       1961 жылы қыста Вашингтонда Оңтүстік Вьетнамдағы ұлт-азаттық қозғалысты басып-жаншу туралы арнайы жоспар жасалды. Жоспар Кеннеди тарапынан мақұлданды. Сайгон режиміне әскери көмек беру қарқынды жүргізілді. Жоспардың авторларының айтуы бойынша егер олардың жоспары жүзеге асса, онда Дьем соғысты бір жарым жылда жеңуі керек еді.

       Кеннеди Оңтүстік Вьетнамға ол жердегі жағдайды зерттеу мақсатында вице-президент Джонсонды жібереді. Сайгонда Джонсон диктатор Дьеммен келіссөздер жүргізді. Сайгон режиміне әскери көмек беруді ұлғайту мәселесі талқыланды./23/

       Джонсон Вашингтонға келгеннен кейін Кеннедиді Оңтүстік Вьетнамнан кетпеуіне көндіруге бар күшін салды. Ол Кеннедиді Оңтүстік Вьетнамға байланысты маңызды шешім қабылдауға шақырды және Дьем режиміне қолдан келгенінше әскери көмек беруін атап көрсетті.

       Джонсонның Оңтүстік Вьетнамға іс-сапарынан кейін ол жаққа профессор Е. Стейли басшылығымен экономикалық миссия жіберілді. Оңтүстік Вьетнамда экономикалық көмек атын жамылған миссия оңтүстік вьетнамдықтарды әскер арқылы басып-жаншу жоспарын қарастырды.

       Содан соң Вьетнамға жаңа миссиямен генерал Максуэлл Тэйлорды жіберді. Зерттеу жүргізген генерал Оңтүстік Вьетнамдағы жағдайды тек әскери жолмен шешу керек деп мәлімдеді. Тэйлор Оңтүстік Вьетнамда американ авиациясын белсенді түрде қолдануды талап етті. Ол Вьетнамға 10 мың солдаттың түсірілуін және олардың әскери әрекеттерге қатысуын қолдады./24/

       Кеннеди Сайгон режиміне қосымша әскер жіберу, оңтүстік вьетнамдықтарды жаңа қару-жарақ түрімен қамтамасыз ету, коммуникация жүйесін жақсарту және транспорт құралдарын жөнелту жолымен АҚШ көмегін ұлғайтуды тапсырды. Бірақ Кеннеди Оңтүстік Вьетнамға қарулы бөлімшелер енгізуге қарсы болды. Ол Тэйлордың оңтүстік вьетнам халқына қарсы американ солдаттарының әскери іс-қимылдарға тікелей қатысу туралы ұсынысына келіспеді.

        Президенттің бұл шешімі АҚШ әскери-өнеркәсібі, Пентагон және Орталық барлау басқармасы тарапынан үлкен қарсылыққа ұшырады.

       Кеннеді, көбінесе, Вьетнамдағы өзінің әлсіз ұстанымын айыптады. Америка саяси қайраткерлерінің кейбірі Пентагон белсенді түрде қолдап отырған генерал Тэйлордың ұстанған бағыты қателік екенін түсінді.

       Олардың қатарына американың Үндістандағы елшісі Д. Голбрейт те қосылды. Кеннеди Голбрейтке Сайгонға барып, өзінің ұсынысын жариялауды тапсырды.

       Уақыт өте Голбрейт Вашингтонға өз есебін жіберді. Ол Сайгон режимінің нәтижесіз екеніне және оңтүстік вьетнамдық  шаруалардың өздері Дьемнің режиміне қарсы шығып жатқанына Кеннедидің назарын аудартқысы келді. Делидегі американ елшісі Кеннедиге Дьем режимін құлатпай, Оңтүстік Вьетнамда қандай да бір табысқа жету туралы армандау қиын екенін ашық меңзеді. Голбрейттің көзқарасын белгілі американ  саяси қайраткері Аверелл Гарриман қолдады. Бірақ Голбрейт пен Гарриман да АҚШ-тың Оңтүстік Вьетнамдағы мақсатынан бас тартпайтынын білдірді./25/

       1961 жылдың желтоқсанында Кеннеди АҚШ-тың Вьетнам соғысына тікелей араласуын күшейтті. 15 желтоқсанда Кеннеди Нго Динь Дьеммен хат алмасты. Президент АҚШ шешімдерін бекітіп, Сайгон режиміне қолдау көрсетуді жалғастырды. Сонымен қатар ол Дьемді ұлт-азаттық қозғалысқа қарсы соғысты қарқынды жүргізуге шақырды. Кеннеди оңтүстіквьетнам халқын тыныштандыру үшін әлеуметтік реформалар жүргізуді ұсынды.

       Ұлт-азаттық қозғалыс күштері Дьем әскерін шегіндіруді жалғастырды. Кеннедидің президенттік кезеңінде Оңтүстік Вьетнам патриоттық күштері қарсыластарының 300 мың, ал Американың 2 мыңнан астам солдаты мен офицерінің көзі жойылды.

       1963 жылдың басында АҚШ-тың Оңтүстік Вьетнамдағы ұстанымына алаңдаған „Нью-Иорк таймс” газетінің Сайгондағы тілшісі Давид Хэлберстемнің Кеннеди үкіметінің Оңтүстік Вьетнамдағы бағытына күмән келтіретін  мақалалар сериясы жарияланды. Кеннеди мемлекеттік департаменттің кеңесі бойынша Хэлберстемді Сайгоннан қайтаруды талап етті. Американ қоғамдық пікірін тыныштандыру мақсатында Кеннеди Конгресте Оңтүстік Вьетнамдағы Дьем режимінің және АҚШ әрекетінің жаман еместігін мәлімдеді. Бірақ бұл көз бояушылық еді.

       1963 жылдың ортасына қарай американ баспасөзінде Оңтүстік Вьетнамдағы жағдай шындыққа жанасатыны туралы көптеген мақалалар жарияланды. Сонымен қатар, Дьемнің режиміне қарсы наразылық білдіріп, өзін-өзі өлтірген будда монахтарының суреттері жарияланды.

       Сәтсіздіктің жақындап келе жатқанын сезген Сайгондағы АҚШ елшісі отставкаға кетті. Вашингтонға америка елшілігінен Нго Динь Дьемнің қайсы бір тараптың қолдауынан бас тартып жатқанын куәландыратын дабыл жеделхаттар келіп түсті.

       1963 жылы 21 тамызда Кеннеди Ақ үйде Вьетнам мәселесіне байланысты төтенше кеңес өткізді. Онда Дьем өкіметінің түсініксіз әрекетінен аулақ болу шешімі қабылданды.

       Кеннеди Дьемге жеке үндеу жолдап, онда Дьем қоғамдық қолдауды жоғалтып жатқандығы атап көрсетілді. Кеннеди тағы да Дьемнен иілгіш сыртқы саясатты талап етіп, орындалмаған жағдайда АҚШ үкіметі Сайгон режиміне көмегін жүзеге асыруды қиындататынын ескертеді.

       Көп өтпестен Сайгонға АҚШ-тың жаңа елшісі Гэнри Кэбот Лодж келеді.  Содан соң Кеннеди Дьемнің жақтасы болған орталық барлау                    басқармасының өкілін Сайгоннан қайтарады. Лодж өзінің жолдауларында Дьемді тақтан тайдыру АҚШ үшін ұтымды екеніне Кеннедиді көндіреді.

       Дьемді басқа қуыршақ билеушімен ауыстыру туралы ұсынысты мемлекеттік департамент, Аверелл Гарриман, мемлекеттік хатшының көмекшісі Р. Хилдсман да қолдады. Бірақ Пентагон мен Орталық барлау басқармасы бұған қарсы болды. Президент көмекшісі Соренсеннің айтуынша әскерилер және орталық барлау басқармасы бір жағынан соғыстың жүргізілуі мен  Дьемнің басшылығын қолдады және халықтың сенімін пайдаланатын мұндай белсенді әскери әрекет жасайтын лидер табуна күмән келтірді. Вашингтонда да Дьем үкіметін жақтаушылар көбейді.

       1963 жылдың жазы мен күзінде оңтүстік вьетнамдықтардың Дьемнің американ  режиміне деген наразылығы өз шегіне жетті. Халық наразылығының бұрқ етуінің нәтижесінде Нго Динь Дьем режимі құлап, диктатор өлтірілді.

       АҚШ үкіметі тез арада Дьемнің орнына басқа қуыршақ билеушіні отырғызады. Әскери қол сұғу саясаты жалғасады. Бірақ Кеннеди өз өмірінің соңғы күндерінде Вьетнамда мұндай саясатты жалғастыру еш негізсіз деген ойға келеді. Ол: біз оларға көмектесеміз, өз әскери кеңесшілерімізді жібере аламыз, бірақ олар соғысты өздері жеңуі тиіс деп мәлімдеді. Кеннеди Оңтүстік Вьетнамға ісіне тікелей араласу әрекеті сәтсіздікке ұшырағанын түсінді.

       Американ монополистік капиталы әскери әрекетті қолдап отырды. Вьетнамдағы авантюра оларға көп мөлшерде табыс алып  келді.

      Вьтнамдағы соғыс табыс әкелді ме?-деген тілшілердің сұрағына американ  саяси қайраткері Д. Кеннан бұл табысты тек әскерге қару-жарақ пен материалдар тасымалдаған өндіріс орындары көрді деп,- жауап берді.

       Азиядағы, әсіресе Вьетнамдағы АҚШ саясаты тек әскери күшке сүйенді және АҚШ сыртқы саясаты терең дағдарысқа ұшырауының және оның басшыларының әлемдегі тұрақтылықты өзгерткен қоғамдық даму процесін түсінбеушілігінің анық айғағы еді.

       Президент бұл күмәнді бастан кешіргенімен, Эйзенхауэрдің ізінше Вьетнам халқының ішкі істеріне араласуды жалғастырды.

       Біз Вьетнам мәселесі жөніндегі АҚШ саясатымен таныстық. Бұл саясат Азия жеріндегі ашық отарлау империализмінің жарқын бейнесі еді. Вьетнамдағы АҚШ саясатының мақсаты бүкіл Оңтүстік-Шығыс Азияны американ монополистік капиталына тәуелді ету еді. Бірақ, АҚШ бұл мақсатқа жете алмады.

      Неге?  Мұны жақсы түсіну үшін Лаос мәселесіне де тоқталып өту қажет. Бұл мәселе Кеннеди президент бола салысымен соқтығысқан өте өткір халықаралық мәселелердің бірі еді. Айта кету керек, басқа мәселелерге қарағанда президент бұл мәселені жақсы реттеді. Бұл жерде Кеннеди әлемге қауіп төндіретін мәселені білгір саясатпен шешуге жол тапты.

       Кеннедидің Азия мәселелеріне келгенде жеткілікті тәжірибесі болды.      1951 жылдың өзінде Кеннеди ол кезде француз үндіқытайы құрамында болған Лаос Камбоджа және Вьетнамда іс-сапармен болған еді. Сонымен қатар ол Азияның көптеген елдерінде болып жатқан жағдайларды айыптаған болатын. Ол француз отаршыларының Азия жерінде ұзақ қала алмайтындығына көз жеткізді. /26/

       1957 жылдың қарашасында елдің ұлттық күштерінің өкілдері Вьентьян келісімін бекітті. Келісім бойынша билікте коалициялық үкімет отыратын бейтарап Лаос мемлекетін құру көзделді. Бірақ, Вашингтон Лаостың ішкі істеріне араласып, Лаоста батыстық антикоммунистік режим құруды талап етті. Орталық барлау басқармасы лаостықтар арасынан АҚШ үкіметіне жұмыс істейтін адамды іздестірді. Ақырында орталық барлау басқармасы ол адамды Лаостан емес Парижден тапты. Ол атаққұмар офицер Фуми Носаван еді. Уақыт өте келе бұл атаққұмар американ қаржысы және қаруымен  Лаосқа келді. Коалициялық үкімет басшысы Суванна Фума елден кетуге мәжбүр болды. Патет- Лаоның көптеген басшылары тұтқындалып, түрмеге отырғызылды. Елде жаңа қарқынмен азамат соғысы бұрқ етті.

       АҚШ Лаосты өзінің әскери базасына айналдыруға ұмтылды. Американдық генералдар Лаостың Оңтүстік –Шығыс Азиядағы антикоммунистік қамал ретіндегі стратегиялық маңызын атап көрсетті.          Д.Ф. Даллестің ұсынысы бойынша Лаоста бостандықты қорғау деген сылтаумен американ қаржысына үлкен жалдамалы әскер құрыла бастады. Оған 1960 жылы 300млн. долар жұмсалды. /27/

       Лаос халқы кедейленді, экономика өте аур жағдайға түсті, ал жалдамалылар  американ садақасына өмір сүрді. Лаостың патриоттық күштері қорғану үшін қолдарына қару алғанда американдықтар асырап отырған әскери топтар тарап кетті. АҚШ үкіметі жағдайды сақтап қалу үшін Лаоспен көршілес Тайландқа 5 мың американ теңіз жаяу әскерін жөнелтті.

       Президент кеңесшілері Лаосты тек күшпен сақтап қалуға болатынын айтып, Лаос ісіне АҚШ-тың қол сұғуын кеңейтуді ұсынды. Ұлттық қорғаныс кеңесінің бір отырысында генерал Лемнитцер: егер бізге ядролық қаруды қолдануға құқық берсе, онда біз жеңіске кепілдік береміз, — деп. мәлімдеді.

       Кеннедиге Лаос ісінде екі бағыт таңдауға тура кеді. Біріншісі, Лаосқа қосымша әскери бөлімдер жіберуді қарастыру, екіншісі, Лаостың біртұтастығын мойындап, бейтарап мемлекет құру.

       1961 жылдың жазында ұзақ келіссөздерден кейін Женевада Лаос мәселесін реттеу жөніндегі келісімге қол жеткізілді.

       Кеннеди үкіметі өз одақтастарының Лаостағы американ саясатын қолдауына қол жеткізді. Бірінші кезекте Кеннеди бұл қолдауды ағылшын премьер-министрі Макмилланнан сұрады. Бірақ ағылшын премьер-министрі американ әрекетіне тек рухани қолдау көрсететінін білдірді. Алайда, АҚШ үкіметін мұндай жауап қанағаттындырмады.

       Кеннеди ағылшын премьер-министрімен кездесуге Флоридаға ұшып келді. Бермуд аралдарында іс-сапармен жүрген Макмиллан да сонда келеді. АҚШ және ағылшын үкімет басшыларының кездесуі американдық Ки-Уэст  әскери базасында өтеді. Кеннедидің басты мақсаты, егер Вашингтон Лаосқа әскери интервенция жасау керек деп шешкен жағдайда Макмилланнан әскери қолдауға қол жеткізу еді. Бірақ Макмилланның бұл талаптарға көңілі толмады. Дегенмен, ол ағылшын күштерінің әскери интервенцияға тек ол қажет болған жағдайда ғана қатысуына келісті.

       Бірақ, барлығы Кеннедидің айтқанына көнбеді. АҚШ-тағы француз елшісі Альфан Кеннедиге Шарльз де Голльдің жеке  жолдауын тапсырды. Жолдауда қандай да бір жағдай болмасын Франция Лаостағы әскери интервенцияға қатыспайтындығы туралы айтылды./28/

       Венадағы кездесуде американ үкіметі Лаосты бейтараптандыру идеясымен келісуге мәжбүр болды. Бұл жерде үлкен рольді  Кеңес Одағының берік ұстанамы ойнады және Лаос патриоттық күштерінің жалғыз еместігін, социалистік елдердің оларды қолдап отырғанын бірнеше рет мәлімдеді.

 

       2.2. Ақ үйдің Африка және Латын Америкасында жүргізген саясаты.

 

Кеннеди Африкада өте сақ саясат ұстанды. Ол әлемнің бұл аймағында басқа дамушы елдерге қарағанда отарлаудың жаңа әдістерін қолданды. Сонымен бірге, Конго қасіреті көрсеткендей Кеннеди Африка халықтарына байланысты қарулы әрекеттен және қорқыту саясатынан бас тартпайтынын көрсетті.

       Кеннеди Африкаға деген ерекше қызығушылығын жасырмады. Ол Африка құрлығы американ дипломатиясы және бизнесімен өте нашар игеріліп жатыр деп. есептеді.

       АҚШ-тың Африкаға деген ұстанымына Кеннедидің көңілі толмаушылығының себептері  жеткілікті еді. Өйткені, қара құрлықты   бөлісуде АҚШ кешігіп қалды және Англия, Франция, Германия, Бельгия, Испания және Португалия  Африканы өзара бөліске салған болатын.

       Кеңес Одағының екінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жетуі ұлт-азаттық қозғалыстардың қарқын алуына дем берді. Африканың оянуы отарлаушылардың аяушылығынан емес, социалистік елдердің қолдауымен және халықтың еркіндікке деген ұмтылысынан еді.

       Кеннеди өз қызметіне кіріспес бұрын Африка ісі жөнінде маңызды тәжірибе жинаған еді. АҚШ сенатында Кеннеди сияқты ешкім Африкаға көңіл бөлген емес.

       Кеннеди Францияның Алжирдегі әскери отарлау саясаты бүкіл Африкадағы Батыстың үстемдігіне нұқсан келтіреді деп айыптады. Кеннедидің Африкаға көңіл бөлуіне мына фактор әсер етті. Ол ұзақ уақыт бойы  сыртқы істер жөніндегі сенат комитетінің Африка істері жөніндегі бөлімнің төрағасы қызметін атқарды. Кеннеди өзінің  сайлау науқаны кезінде де бірнеше мәрте Африка істері жөнінде мәлімдеме жасады. Ол Батыс Африкадағы өз үстемдігінен айрылуда және АҚШ сол үшін күресу керек екенін айтудан шаршамады. /29/

       Кеннеди Африкада Эйзенхауэрдің саясатын жалғастырды. Кеннедидің жақын көмекшілерінің бірі – Соренсеннің айтуы бойынша Кеннедидің Конгодағы саясаты Эйзенхауэр саясатының тікелей жалғасы болды. Эйзенхауэр билікті Кеннедиге берген уақытта империалистік елдердің бұл Африкалық еге қол сұғуы өзінің шарықтау шегіне жеткен еді.

       1961 жылы 17 қаңтарда Элизабетвилья елді мекенінде жалдамалы топ Патриса Лумумбаны және оның жақын серіктерін өлтірген кезде Кеннеди әлі ресми түрде АҚШ президенті болмаған еді.

       Эйзенхауэр үкіметі Конгоның заңды үкіметімен жақындасып, белгиялықтар мен ағылшындықтардың үстемдігін жоюға тырысса, Кеннеди де сол жолды таңдады. АҚШ Конгоның толық тәуелсіз елге айналуынан қорықты. Американдық  басқарушы топтар Конго үкіметі мен социалистік елдер арасындағы достық байланысқа күдікпен қарады. Патриса Лумумбаның өлімінен кейін Кеннедиге өзінің сенімді серігінің бірі – Вашингтонның БҰҰ-дағы өкілі Хаммаршельдті Конгомен американ дипломатиясын жақындастыруға жіберді.

       Кеннеди кез-келген елдің Конго ішкі істеріне қол сұғуына қарсы екенін мәлімдеді. Бірақ 1961 жылдың ақпанында АҚШ-тың Конго істеріне араласуына байланысты сол елдің үкіметі құлады.

       Патриса Лумумба қайтыс болған соң Кеннеді үкіметі Стивенсон жоспарына сүйенді. Бұл жосардың мақсаты конголез дағдарысын реттеу емес, үкімет пен Антуан Гизенга арасына жік салу еді. Стивенсон жоспары өз жемісін берді. Стивенсон Конгодан өте бай Катанга провинциясын бөліп алуды ойлаған Чомба үстіне бақылау орнатуды талап етті. Чомба үстінен бақылау орнатылды, бірақ американдықтар емес бельгиялықтар Хаммаршильд американ жоспарын қолдап, БҰҰ-ға өз атынан тіркеді. Стивенсон жоспары мен Хаммаршильд жобасы егіз еді. Екі жоба мақсаты да Конго үстінен бақылау жасау еді./30/

      Конгодағы күрделі және қарама-қайшы жағдай БҰҰ-ның резолюциясында да көрініс тапты. Мысалы, Қауіпсіздік кеңесінің 1961ж. 21 ақпанында қабылданған резолюциясында Конгодан бельгиялық және басқа да шетел әскери және жартылай әскери жабдықтар тез арада шығару талап етілді. Бірақ бұл жағдай бельгиялықтарды қанағаттандырмады.

       Көп өтпей АҚШ-тың айдап салуымен БҰҰ-ның әскерлері Чомбаға қарсы әскери әрекетін бастады.

       1961 жылдың тамызында Кеннеди АҚШ-тың Конгодағы елшісі етіп Эдмунд Галлионды тағайындады. Жаңа елшінің бұл елдегі жағдайға деген көзқарасы ерекше болмады. Ол Конгодағы патриоттық күштердің әрекетінен коммунистік қауіпті байқады. Галлион  Кеннедиге Конго бөлшектенген жағдайда көп бөлігі коммунистердің бақылауында қалатынын баяндады. Галлионның ойынша, Катанга бөлінген жағдайда Конгоның күйреуі мүмкін еді.

       Елші жағдайды сақтап қалу үшін шешуші іс-шараларға көшуді ұсынды.

       АҚШ-тың Конгодағы, әсіресе Катангадағы саясаты НАТО-ны әжептеуір әлсіретуге ықпалы бар екенін есептей отырып, мемлекеттік департаменттегілер Галлионның жоспарларына ықылассыз қарады. Женевада Чомбамен кездескен А. Гарриман да осы көзқараста болды. Мемлекеттік хатшы Д.Раск Конго мәселесіне бұлынғыр күмәнділікпен қарады. Ол Катангадағы сиператизмді жоюға асығуға мұндағы жағдай тым  бұлынғыр деп есептеді.

      Кеннеди көп ойланғаннан кейін Галлион жоспарын қолдады. АҚШ БҰҰ-ның атын жамылып және Хаммаршельдке арқа сүйеп, Конгодағы әрекетін жалғастыруға ниеттенді. Гизенго және оның жақтастарына қарсы күресті белсенділендіру шешілді. 1961 жылы 16 қарашада Э. Стивенсон  Шығыс провинциядағы жадай туралы мәселе Катанганың бөлінуі туралы мәселеге қарағанда өте маңызды деп мәлімдеді./31/

       1961 жылы соңғы айларында АҚШ Чомбаға қатысты шешуші ұстанымдарға кірісті. Осы мақсатта 5 желтоқсанда БҰҰ-ның әскерлері Катангадағы Чомба режиміне қарсы жаңа операция бастады.

       Кеннедидің Катангаға қарсы саясаты Брюссель мен Лондонның ашуын өршіте түсті. Ұлыбритания сыртқы істер министрі лорд Хьюм өз сөзінде американ әрекетін қатты сынға алды. НАТО-ның сыртқы істер министрлері конголез мәселесі бойынша шақырылған Париж кеңесінде одақтастар бір келісімге келе алмады. НАТО-ның әрекеттерінің өзі де АҚШ-тың негізгі бағытын өзгерте алмады.

       Вашингтоннан төнген қауіп-қатер көп ұзамай Чомбаға белгілі бір әсерін тигізе бастады.

       1961 жылдың 21 желтоқсанында китон келісіміне қол қойылды. Онда Чомба Конгоның бүкіл аймағының үстінен леопольдвил  үкіметінің билік етуін мойындаған шын мәнінде китон келісімін Чомба тек сөз жүзінде қабылдаған еді. Бұл жөнінде Кеннедиге Галлион да айтқан болатын. Ол Чомба тек уақыт ұтқысы келетінін және келісімге тұрмайтынын мәлімдеді. Шынында-ақ, Чомба Англия мен Бельгияға арқа сүйей отырып, китон келісімін жоюға кірісті./32/

       Келесі бірқатар айлар барысында Кеннеди НАТО-мен Конго мәселесі жөніндегі келіссөздерді жұмсартуға күш салды.1962 ж. жазында американ, ағылшын және Бельгия өкілдерінің бірігу нәтижесінде Конгоны біріктіру жөніндегі жаңа жоспар жасалды.                  

       Егер де жаңа бірлескен жоспар сөз жүзінде жасалса да, батыс европалықтардың Чомбаға қарсы құпия нұсқаулары Вашингтон кеңесіне ерекшеленіп тұрды.Чомба бірлескен жоспармен сөз жүзінде келіскенімен, іс жүзінде елемеуге тырысты.Қарашаның басында АҚШ үкіметі Чомбаға президенттің арнайы эмиссары ретінде Д.Макгиді жіберді.Ол Чомбаны әскери шабуылмен қорқытты.Бірақ, Чомба келіссөздерді созуды жалғастырды.

Кеннеди Катанга сепаратист ері жетекшілерінің артында кім тұрғанын біліп, Бельгия премьер- министрі Спаакпен кездесу өткізуді ойластырды.1962 жылы 27- қарашада кездесу өтті және басқа кездесулерде жалғасын тапты. Бірақ кездесулердің нәтижесі АҚШ үшін көңіл қуантарлық болмады. Барлығы бельгиялықтардың Катангадағы өз жалдамалы әскерін күшейте отырып, уақыт созғаны туралы айтты.Оған  ағылшын және оңтүстік Африкалық отарлаушылар белсенді түрде көмектесті.

       1962 жылы желтоқсанда Галлион Кеннедиге Катангада әскер қолдану туралы ұсынысын жіберді.Ол: тек осы амал ғана Конгодағы американ үстемдігін орнықтыруға көмектеседі,- деді. Кеннеді Галлионмен келіседі.

       Сонымен қатар, ол өз әрекетімен Лондон және Брюссель тарапынан наразылықты қалай жұмсартуды ойлады.

       Кеннеди осы мақсатпен 1962 жылы 18- желтақсанда Ұлыбритания премьер – министрі Макмилланмен Нассауда (Багам аралдары) кездеседі.Конгодағы империалистік державалардың қарама-қайшылығы және Англия ядролық күштерінің тәүелсіздігі аталған мәселе екі басшы арасында негізгі тақырыпқа айналды. Сонымен бірге Кеннеди Брюссельге жедел түрде мемлекеттік хатшы орынбасар Макгиді жіберді. Осы келіссөздер барысында олар Конго кірісін бөлісуде әділ болу жөніндегі келісімге қол жеткізді.Бірақ, империалистік елдердің Катанга үшін күресі мұнымен бітпеді.Ол ондаған жылдарға созылды.

       Сонымен 60-жылдар басында американ империализмі Африкаға енуге толық құқылы екенін анық мәлімдеді.Бұл бағыт, біз көріп отырғанымыздай, сәтсіздікке ұшырады.

 

       Президент Кеннеди Латин Америкасында да жаңа отарлау әдістерін және Вашингтонның ескі империалистік мақсаттарын орнықтыруға тырысты.

Кеннеди АҚШ-тың Латын Америкасындағы жұмысын жақсарту үшін Даму одағының көмегіне сүйенді.Бұл Латын Америкасының әлеуметтік – экономиалық дамуына бағытталған бағдарлама еді. Даму одағы идеясы Кеннеди 1961 жылы 13- наурызда ұсынған еді. Американ дипломатиясы осы жоспар арқылы Латын Америкасы елдерінде табысқа жетуге тырысып, өз қызметін күшейтті. /33/

1961 жылы тамызда Уругвайдағы Пунта – Дель – Эсте қаласында американ елдері ұйымының әлеуметтік – экономикалық кеңесінің арнайы сессиясы шақырылды.Сессияда Даму одағы жалпы ережелері және Пунта – Дель –Эсте хартиясы туралы өтініш қабылдады.Бұл құжаттарда Даму одағының мақсаттары және оның қызметінің бағдарламасы баяндалды.

Даму одағы бағдарламасы бойынша Кеннеди үкіметі Латын Америкасына 10 жыл ішінде жылына 2 млрд. доллардан қаржы бөлуге уәде берді.Оның 1,1 млрд. доллары үкімет жүйесі бойынша бөлінсе, 900 млн. доллар американдық және батыс  Европалық жеке капиталдың салымдары, сонымен қатар халықаралық ұйымдардың қарыздары еді.                    

       Америка елдері ұйымының жанынан арнайы эксперттер комітеті құрылды.Олар барлық латынамерикалық елдердің үкіметтерінен ұзақ уақытқа арналған  экономикалық-әлеуметтік даму жоспарын қабылдады. АҚШ басқарған эксперттер комитетінің қызметіне қайсыбір жоспарды игеру немесе ауыстыру,оған қаржы бөлу немесе бөлмеу қызметтері кірді.КеннедиЛатын Америкасы елдерінің ескірген әлеуметтік мәселелерін жоятын реформаларды жүргізу қажет екенін мәлімдеді.Кеннеди осындай мәжбүрлі әдістің көмегімен Латын Америкасы елдерімен капиталистік қатынастарды тұрақтандыруға ниеттенді.Кеннеди жекелеген жер,салық және басқа реформалар жолымен Латын Америкасындағы ұлт-азаттық қозғалысты әлсіретуге ұмтылды.

       АҚШ үкіметінің негізгі ұстанымы кез-келген жолмен революциялық толқуды басып – жаншып және Латын Америкасы халықтары арасында революциялық Кубада орын алған әлеуметтік – экономикалық реформаларды болдырмау болды.Бірақ Кеннедидің мұндай сақ әрекетін американдық билеуші топтар арасында кең қолдау тааппады.

       Даму одағы Латын Америкасы елдерінде американ көмегінің көлемін біршама нығайтуды ойластырды.Бірақ бұл көмек бұл елдерді құдіретті солтүстік көршісіне тәуелді етуге көмектеспеді.

       Сонымен, Кеннедидің Латын Америкасындағы саясаты, біріншіден, Кубадағы революцияны жоюға, екіншіден, Даму одағы ұйымының көмегімен латынамерикалық елдердегі американ монополиясының позициясын нығайтуға және сақтауға негізделді.

       Кеннеди бір інші мақсатын жүзеге асыра алмады. Дегенмен, ол бұл мақсатына жету үшін әртүрлі әдістерді қолданды.Мысалы: әскери шабуылдан бастап Бостандық аралына экономикалық блокада жариялауға дейін.

       Даму одағы бағдарламасына келер болсақ ол да күтпеген нәтижелер альп кеді. Латын Америка елдерінде бұл бағдарлама жөнінде Одақ бар,бірақ даму жоқ,-деген сөз тарады.Кеннеди Латын Америкасы істерінің аяғында демократияға көңіл бөлетінін мәлімдеді.1963 жылы оның үкіметі Орталық Американың прогресшіл күштерін басып жаншу үшін аз жұмыс жасаған жоқ.Панама каналы аймағы жөніндегі әділетсіз келісімдерді қайта қарау туралы панама үкіметінің талаптарын орындаудан бас тартты.Бразилияға қарсы тіміскі саясат жүргізді./34/

       Конститутциялық латынамерикалық үкіметтерді қолдайтынын мәлімдей отырып, Кеннеди сол үкіметтерді құлатқан гориллалармен қарсы келетінін ойламады.Бұл қатынаста президенттің сөзі мен ісі сәйкес келмеді.Оны АҚШ мемлекеттік департамент өкілдерінің мәлімдемесіне бүркей алмады

Барлығы екі-үш айда не болатынын және барлығы өз орнына түсетінін алдын-ала білді.Жаңа латынамерикандық гориллалар американдықтардың жеңіл насихаттаумен коммунизмге қарама-қарсы тұруға қару алған, демократия үшін күресушілерге айналды.

       Бұл сөзге  мысал ретінде Перуді алсақ болады.1962 жылы Перуде конституциялық үкімет құру үшін бүкілхалықтық сайлау өтті. Сөйтіп, елдегі     жағдайды қадағалау үшін АҚШ қолдаған бірде-бір партия басым дауысқа ие бола алмады, ал прогресшіл күштердің үстемдігінің өсуі жалғаса берді және Вашингтоннан тиісті команда жіберілді.

       Жіберілген әскер билік басына генерал Рикардо Годояны қойды. Бұл мақсат үшін АҚШ-та дайындықтан өткен американдық танктермен қызметшілер қолданылды.Сонымен қатар, президент Кеннеди Перумен дипломатиялық байланысты бұзды және оған әскери көмек беруді тоқтататынын мәлімдеді.Бірақ бір ай өткен соң дипломатиялық байланыстар қайта қалпына келтірілді.АҚШ үкіметі генерал Годоя режиміне көмек ретінде 30 млн. доллар бөлсе, Экспорт — импорттық   банк қарыз ретінде 36,9 млн. доллар қаржы бөлді.

       Енді американ монополиялары өзіне жағдайды демократия жолындағы Перудің алдағы жоспарларын ойластыра бастады.

       Мұндай жағдайларды көптеп мысалға келтіруге болады.                          1962-1963 жылдары Кеннеди үкіметінің көмегімен жергілікті реакцияшылдар Эквадор мен Парагвайдағы қарулы халық толқуларын басып жаншуға мүмкіндік алды.

       Бразилияда әскери диктатура орнатылды. Латын Америкасындағы бұл жағдай басқа елдерге де тарады. Дегенмен, АҚШ – тың басты мақсаты- латынамерикандықтардың бостандық және әділдік үшін болған революциялық толқуларын басып жаншу орындала қоймады.

       1964 жылы Колумбия мен Венесуэлада революциялық  күш күшейе түсті.Сонымен Кеннедидің Латын Америкасындағы либералды идеялары сәтсіздікке ұшырады.Ал ол өлгеннен кейін ол идеялардан еш нәрсе қалмады.        

 

2.4.Джон Ф. Кеннедидің құпия өлімі – ғасыр қылмысы.

 

       Құрама Штаттар тарихында іске немесе іске асырылмаған президент өміріне жасалған қастандық бірнешеу болып саналады. 130 жыл ішінде президенттерге сегіз рет қастандық жасалған. Оның төртеуі жүзеге асырылса (Линкольнге, Гарфильдке, Маккинлиге және Кеннедиге), төртеуі жүзеге асырылмады (Джэксонға, Теодор Рузвельте, Франк лин Д. Рузфельтке және Гарри С. Трумэнге). Төрт қайғылы оқиғалардың ішінде Авраам Линкольннің өлімі көп зардаптар әкелді:мысалы,сол кездегі халықты езгіге салған көптеген саяси және әлеуметтік мәселелер, егер де Линкольн үкіметі кезінде оң шешімін табар еді. Қазір де сол кездегідей тарихи маңызға ие Джон Кеннедидің өлімі жайлы көп айтылуда./35/

       Оқиға былай болған еді.

       1963 жылы 22 қараша да сағат 11:35-те Даллас әуежайына № 2 АҚШ әскери-әуе күштерінің ұшағы қонды. Онда АҚШ-тың вице-президенті Линдан Джонсон болды. Бес минут өте әуежайға АҚШ әскери-әуе күштерінің № 1 ұшағы АҚШ-тың 45 жасар президентін әкелді.

       Өйткені, президент пен вице-президент қайғылы жағдай орын ала қалған жағдайда АҚШ бір мезгілде екі негізгі тұлғасын жоғалтпас үшін екі ұшақпен ұшады.

      Джон Кеннедидің Техас штатына іс-сапарының  негізгі себебі 1964 жылы сайлау қарсаңында оңтүстік штаттарда өз беделін көтеру еді. Өйткені, 1960 жылы сайлауда Техас штатында Никсоннан  жеңіліп жаба жаздаған.

       Міне, президент Далласта. Жергілікті уақыт 11:50-де президент кортежі әуежайдан қалаға бағыт алды. Бірінші машинаның артқы орындығында Кеннеди әйелімен отырса, алдыңғы орындықта президент күзеті жөніндегі құпия қызметінің екі агенті отырды./36/

       Президент кортежі батыс пен шығысты тоғыстыратын, қаланың негізгі сауда бөлігі Мэйн-Стритке түсті. Қарсы алушылар  саны көбейе түсті.

       Мэйн-Стриттің аяғында автомобильдер колоннасы оңға, Хьюстон-Стритке бұрылды. Алда Хьюстон-Стрит пен Эльм-Стриттің тоғысқан жерінде жеті қабатты ғимарат бой көтерген еді.

       Президент автомобилі Эльм-Стритке бұрылған кезде бір ғимараттың сағаты 12:30-ды көрсетіп тұрды.

       Көп уақыт өткеннен кейін атыс даусы естілді. Кейін Кеннеди өлімінің куәгерлері кітап қоймасынан атқанын нақтылады. Джон Кеннеди мойнынан және басынан өлімші болып жараланды.

       Қайғылы жағдай өте тез өрбіді. Белгісіз біреу Кеннеди Даллас көшесімен өтіп бара жатқанда атты. Фотографтың бірі Кеннедидің басынан қан бұрқ ете қалғанын мәлімдеді. Президент Кеннеди Парклэнд ауруханасына жеткізілді.

       Сағат 13:34-те Джон Фитцджеральд Кеннеди ауыр жарақаттан қайтыс болды. Ал, сағат 13:36-да Вашингтон президентінің өлімі туралы хабарды растайды. Полиция қастандық жасауы мүмкін, жасы 30-дар шамасындағы адамға іздеу салады. Көп өтпестен күдікті деген қарулы бірнеше адам тұтқындалды. Линдан Джонсон автоматты түрде президент болады. Ал, сағат 20:00-де Ли Харви Освальд ресми түрде өлімге кінәлі деп  жарияланды./37/

       Кеннеди өлінің алғашқы күнінен бастап кінәлі кім? деген сұрақ толғандырды. Және осы күнге дейін шын мәнінде бұл сұраққа жауап табылған жоқ.

       Қастандыққа кінәлі деп табылған Ли Харви Освальд полиция бөлімінде түнгі клуб иесі Джек Рубидің қолынан қаза тапты.

       Ли Харви Освальд кім болған еді? Ол мектеп бітіргеннен кейін теңіз жаяу әскер корпусына ерікті түрде енген еді. Бірақ әскери өмір оған ұнамады.Осыдан кейін ол Ресейге кетуді жөн көрді. Ресми құжаттардың бірінде ол коммунист екенін және коммунисттік елде тұрғысыкелетінін мәлімдеді.Бұл расқа айналды. Біріншіден,оны тінтіген кезде коммунистік әдебиет табылады. Екіншіден АҚШ-қа оралғаннан кейін бірқатар солшыл ұйымдармен байланыста болады. Мысалы ол коммунистік емес бірақ Кубаға деген әділ саясат үшін күрескен Нью-Иорктік бір ұйыммен байланыста болған. Сонымен қатар, Освальд Жаңа Орлеанда солшыл ұйымның бөлімшесін ашуға тырысқан. /38/

       Алайда, көптеген адамдар Ли Харви Освальдті американдық шпион деп айыптады. Бұған дәлел ретінде Освальдпен Федеральды тергеу бюросы арасындағы байланысты алуға болады.

       1963 жылы қарашада көп адамдар өз-өзіне „Құрама штаттардың президентті қорғайтын тәжірибелі құпия қызметі соншалықты қарапайым қателікке қалай жол берді және қылмысқа қатысы бар деген жалғыз күдікті ешқандай түсінік берместен барлығының көзінше қалай өлтірілді?”-деген сұрақ туындады.Бұл сұрақ әлем қоғамын және ең алдымен американ халқын толғандырды.1963-шы жылы 29- қарашада президент Джонсонның бұйрығымен президент Кеннедидің өлімінің себептерінің тергеуі жөніндегі арнайы камиссия  құрылды.Жеті адамнан тұратын комиссияның төрағасы Эрл Уоррен тағайындалды . Уоррен комиссиясынын жұмысы 10 айға созылды. Оның негізгі тапсырмасы Джонсонның көрсетуі бойынша Кеннеди және Освальдтың өлімі туралы мәліметтерді анықтау.1964 жылы 24 қыркүйекте Уоррен комиссиясы Ақ үйге 552 куәгерді сұрау арқылы көлемді баяндамасын ұсынды. Комиссияның қорытынды шешімі бойынша призидент Кеннедидің өлімне себепкер болған қастандық Ли Харви Освальд тарапынан жасалынған. Сонымен қатар комиссия президент өлімі қандай да бір топтың ісі емес, тек Ли Харви Освальдтің жеке әрекеті деген қорытындыға келді. Джон Кеннедидің өліміне байланысты ресми мәлімет осындай еді./39/

       АҚШ –та көп адамдар тергеу анық және әділ дәрежеде жүргізілген жоқ деп есептейді. Уоррен комиссиясының 27 томдық баяндамасы американдықтарды қанағаттандырмады.

       Батыста, соның ішінде АҚШ-та Джон Кеннедидің жұмбақ өлімі әлі өз шешімін тапқан жоқ деген мақалалар мен зерттеулер жарық көрді.Мысалы Сильван Фокстың, Гарольд Вайсбергтің, Томас Бьюкеннің, Эдвард Эпштейннің,Марк Лейннің, Фред Куктың, Иоахим Йостеннің, Хью Тревор-Ропердің, Джошиа Томпсонның  және тағы басқалардың пікіріше, Кеннедидің өлімі жеке адамның ісі емес, үлкен бір топтың ісі./40/

       АҚШ үкіметі болса, ресми версиядан басқа мәліметтерді жалған деп тауып, әлі күнге дейін жоққа шығаруды.

       Кеннеди өлімінен көп уақыт өтсе де оның себептері әлі күнге дейін көлеңкеде қалуда және енді ол ешқашан толық анықталмауы мүмкін.

       Президентті кім өлтірді? деген сұраққа нақты әрі анық жауап ала алмауымыз мүмкін,бірақ Кеннеди неге өлтірілді? деген сұраққа жауап табылуы мүмкін.

       „Ғасыр өлімінде” бірнеше себептер болу мүмкін. Американ монополистік топтары өзара қандай ашық бәсекелестік күрес жүргізетіні және мұның зардаптары өте бай және ықпалды адамдарға тиетіні жалпыға аян.Уолл – Стритпен тығыз байланыста болған бастап қаржы топтарына жатқан Кеннеди басқа қаржы монополистерін қанағаттандыра алмады. Олар Кеннедиді көре алмаушылықмен қатар сескенді.Кеннеди ақ үйде отырып, бір топқа бизнеспен араласуға,кең жол ашқанымен,екінші бір топқа кедергі келтіретінің байқамады.

       Ресми мәлімет бойынша Ли Харви Освальд президент өліміне тікелей кінәлі деп табылды.Сонымен қатар, біз тағы бір адамды анықтауымыз керек.Ол Джек Рубенштейн немесе жай ғана Руби болатын.Ол Освальдті  білмесе де өлім жұмбағын күрделендіруде басты роль ойнайды. Руби Освальты Кеннедидің өлімінен екі күн өткеннен кейн өлтірді. Ол бұл әрекетін тек президент үшін және барлық халық үшін кек алу деп түсіндірді./41/

       Руби Освальдты 24 қараша күні сағат 11:24-те Даллас полициялық түрмесінің  жертөлесінде,аймақтық түрмеге алып бара жатқан кезде өлтірді.

Освальд пен Рубидің қандай байланысы бар? Әлде, Руби тергеуге кедергі жасағысы келді ме? Ол да қазіргі күнге дейн толық шешімін таппаған мәселе.    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

 

Егер Джон Ф. Кеннедидің президенттік қызметінің кезеңіне үңілсек, онда оның саясаты ұзақ уақыт бойы „қырғи-қабақ соғысымен ” бірге. Сонымен бірге, АҚШ Коммунистік Партиясының бас хатшысы Гэс Холл атап өткендей, Кеннеди үкіметі „қырғи-қабақ соғыстың ” қауіпті саясатын жүргізе отырып , жанкешті „кеңеске” және ядроллық соғысты шиеленістіруге келіспеді. Ол Кеңес Одағымен түрлі келісім-шарттарды тоқтату туралы „кеңеске ”   құлақ аспады. Осы секілді талаптарды АҚШ-тың ультраоңшыл топтары әрдайым Кеннедидің алдына қойып отырды. Бұл қысым президенттің еркін әрекет жасауына шек қойды. Көбінесе, шынайы бағыттағы американ саясатының дамуына тіпті мүмкіндік бермеді. /42/

Президент Кеннеди қызметінде ең алдымен АҚШ-ты басқарушы монополиялық буржуазияның орындаушысы болды. Ол АҚШ-тың маңызды, бірақ сонда да мемлекеттік механизмнің бір бөлігі болып табылды. Сырт көзге әлемдегі ең қуатты капиталистік мемлекеттің көшбасшысы бола отырып, президентКеннедиАҚШ саясатынөз ыңғайына қарай бағыттай алатын болып көрінді. Ал шын мәнінде барлығы басқаша еді. Кеннеди мұны тек қана шектеулі шамада ғана және өз іс-әрекеті американдық капиталдың еркі мен талабына сәйкес келгенде ғана жасай алатын еді. Шын мәнінде соңғысы американың ішкі саясатының негізгі қозғаушы күші еді.

Джон Кеннедидің қызметінде американдық монополистік буржуазияның басым бөлігінің талғамына сай емес идеялар байқалса, әсіресе әскери-өндірістік комплекс бойынша президент осы күштерге қаншалықты тәуелді және олардың бақылауында болғаны бірден көрінеді. Олар президенттің одақтастарынан оның қарсыластарына айналды. Кеннедидің сыртқы саясатында батыл әрекеттарді жүзеге асыруы үшін үлкен мүмкіндігі болған жок.

Президенттің тарихы тым қарапайым болған жоқ. Бұл жерде ол жас бола тұра АҚШ саясатының шыңына шыға отырып, соңында қылмыскердің қолынан қаза тапты. Мұндай жағдай АҚШ-та бұрын да кездескен еді.

Кеннедидің президенттік кезеңі тағы мына жағдайларды көрсетеді: американдық президент өз қызметіне кіріскен уақытта буржуаздық мемлекеттік ақпараттың ықпалында қалады. Егер ол ішкі  және сыртқы жағжайлардан хабардар болып отырғысы келсе,онда оған күнделікті министрліктер мен ведомствалардың жариялаған ондаған баяндамаларын оқып отыруы керек.Жаңа президентке жүздеген жоғарғы қызметтегі мемлекеттік шенеуніктермен тұрақты байланыста болуға тура келеді./43/

Президент постына келгеннен кейінгі екі – үш айдан кейін Кеннеди Никсонмен сайлау кезінде айтқан шынайы ойларынан алыстай  берді.Айта кету керек, Д.Ф.Даллестің ықпалы халықаралық жағдайда даму факторларын тұншықтыра отырып, Кеннедидің сыртқы саясатының үстіне ұзақ уақыт бойы шарықтап жүрді.Кеннеди түбегейлі арыла алмады,бірақ үшінші жылы ғана одан арылуға талпыныс жасады.

Американ сыртқы саясатындағы дұрыс бағыттарға келіспейтін және халықаралық тұрақтылықты жаңа қарқынмен жүргізген АҚШ саяси күштерімен қауіптенуге болады.Ол осылай болды да.Президент өлгеннен кейін американ саяси топтары халықаралық жағдайды шиеленстіруге бағыт алды./44/

Президенттің негізгі кеңесшілерінің бірі – Роджер Хилсманның айтуынша Джон Кеннеди Вьетнамдағы соғысты американ соғысына айналдырғысы келмесе, президент Джонсон болса, Вьетнам мәселесін әскери жолмен шешуге тырысты.

Сол кездегі американ империализмі халықаралық қатынастарды өз бетінше шешуге күші болмады. Өйткені, оған социалистік елдер одағы мен бейбіт сүйгіш мемлекеттер кедергі келтірді.

Бұл уақыттағы АҚШ сыртқы саясаты осында еді.Бұл жағдай жақсы жағына қарай өзгеру үшін тек агрессивтік көңіл – күйден арылу ғана емес жаңа әрі дұрыс ойлы адамдар сонымен қатар социализмнің бірлігін нығайтатын күштер мен халықаралық аренадағы ролін арттыратын факторлар қажет етілген еді.     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер.

 

1.Громыко А.А.    1036 дней президента Кеннеди.   Москва-1968

2.Маттиас Л.    Оборотная сторона США.  Москва-1968

3.Комов Ю.   Охота на президента [К историй расследования убийства

                        Д.Ф.Кеннеди]. В мире книг.-1988 №12-52-бет.

4.Александров В.В. Новейшая история стран Европы и Америки.  Москва-1988

5.Островцова М.А. Сто великих правителей  ХХ века.  Москва-1988

6.Пономарев М.В. Новая иновейшая история стран Европы и Америки.                                           

                                  Москва-2004

7.Громыко А.А., Кокошин А.А. Братья Кеннеди. Москва-1985

8.Громыко А.А. Внешная политика США: уроки и действительность.

                                   Москва-1979

9.Дмитриев Б.Д.  США: политики, генералы,  дипломаты.  Москва-1971

10.Зинн Г.   США после второй мировой войны:1945-1971 гг. Москва-1977

11.Иванян Э.А.  Белый дом: президенты и политика.  Москва-1979

12.Кокорев А.А.  Силовая  дипломатия Вашингтона.  Москва-1985

13.Манчестер У. Убийство президента Кеннеди. Москва-1969

14.Мельников Ю.М.  Сила и бессилие: Внешная политика Вашингтона.

                                      Москва-1983

15.Кременюк В.П.  Политика США в Азий.  Москва-1977

16.Сергеев Ф.М.  Тайная война против Кубы.Москва-1982

17.Сиок Б. Покончить войной во Вьетнаме! Москва-1970

18.Изаголов Г.Н. Миллиарды на оружие: Военно-промышленный                    

                               комплекс США. Москва-1981

19.Яковлев Н.Н. Преступившие  грань.  Москва-1970

20.Броган Хью.  Джон Кеннеди. Ростов на-Дону-1997

21.Горовиц Д., Кольер П. Клан Кеннеди. Москва-1988

22.Ефимов И. Кто убил пезидента Кеннеди?  Москва-1991

23.Иванян Э.Л. От Джорджа Вашингтона до Джорджа Буша. Москва-1991

24.Хайде-Кинг Ю. Американские президенты: 41 Исторический портрет

                                от Дж. Вашингтона до Белла Клинтона. Ростов на-Дону-1997

25.Севостьянов Р.Н. История США.  Москва-1985

26.Нечипоренко О. Три пули для Кеннеди.  Москва-2003

27.Қазақ Совет Энциклопедиясы  Алматы-1980

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сілтемелер тізімі:

 

1.Қазақ Совет Энциклопедиясы. Алматы-1980 5-том   375-бет

  1. Громыко А.А. 1036 дней президента Кеннеди. Москва-1968  56-бет
  2. Броган Хью. Джон Кеннеди. Ростов на-Дону-1997 86-бет
  3. Горовиц Д., Кольер П. Клан Кеннеди. Москва-1988 112-бет
  4. Островцова М.А. Сто великих правителей ХХ века. Москва-1988  264-бет
  5. 6. Громыко А.А. 1036 дней президента Кеннеди. Москва-1968  84-бет
  6. Громыко А.А., Кокошин А.А. Братья Кеннеди. Москва-1985 234-бет
  7. Горовиц Д., Кольер П. Клан Кеннеди. Москва-1988 364-бет
  8. Пономарев М.В. Новая иновейшая история стран Европы и Америки.

                                  Москва-2004        184-бет

  1. Иванян Э.А. Белый дом: президенты и политика. Москва-1979 296-бет
  2. Громыко А.А. 1036 дней президента Кеннеди. Москва-1968  109-бет
  3. Островцова М.А. Сто великих правителей ХХ века. Москва-1988  312-бет
  4. Хайде-Кинг Ю. Американские президенты: 41 Исторический портрет

                  от Дж. Вашингтона до Белла Клинтона. Ростов на-Дону-1997  452-бет

  1. Броган Хью. Джон Кеннеди. Ростов на-Дону-1997 234-бет
  2. Громыко А.А., Кокошин А.А. Братья Кеннеди. Москва-1985 269-бет
  3. Иванян Э.А. Белый дом: президенты и политика. Москва-1979 362-бет
  4. Громыко А.А. 1036 дней президента Кеннеди. Москва-1968  213-бет
  5. Горовиц Д., Кольер П. Клан Кеннеди. Москва-1988 401-бет
  6. Кокорев А.А. Силовая дипломатия Вашингтона.  Москва-1985  152-бет
  7. Сергеев Ф.М. Тайная война против Кубы.Москва-1982 213-бет
  8. Громыко А.А. 1036 дней президента Кеннеди.   Москва-1968  269-бет
  9. Мельников Ю.М. Сила и бессилие: Внешная политика Вашингтона.

                                      Москва-1983    295-бет

  1. Сиок Б. Покончить войной во Вьетнаме! Москва-1970 216-бет
  2. Изаголов Г.Н. Миллиарды на оружие: Военно-промышленный

                               комплекс США. Москва-1981   186-бет

  1. Громыко А.А. Внешная политика США: уроки и действительность.

                                   Москва-1979  231-бет

  1. Громыко А.А. 1036 дней президента Кеннеди. Москва-1968  326-бет
  2. Кременюк В.П. Политика США в Азий. Москва-1977    213-бет
  3. Александров В.В. Новейшая история стран Европы и Америки.

                                           Москва-1988   452-бет

  1. Кокорев А.А. Силовая дипломатия Вашингтона.  Москва-1985  165-бет
  2. Иванян Э.Л.От Джорджа Вашингтона до Джорджа Буша.Москва-1991 95-бет
  3. Дмитриев Б.Д. США: политики, генералы, дипломаты.Москва-1971 293-бет
  4. Островцова М.А. Сто великих правителей ХХ века. Москва-1988  412-бет
  5. Громыко А.А. 1036 дней президента Кеннеди. Москва-1968  294-бет
  6. Мельников Ю.М. Сила и бессилие: Внешная политика Вашингтона.

                                      Москва-1983    342-бет

  1. Маттиас Л. Оборотная сторона США. Москва-1968  321-бет
  2. Нечипоренко О. Три пули для Кеннеди. Москва-2003 365-бет
  3. Ефимов И. Кто убил пезидента Кеннеди? Москва-1991 265-бет
  4. Манчестер У. Убийство президента Кеннеди. Москва-1969 219-бет
  5. Яковлев Н.Н. Преступившие грань. Москва-1970  296-бет
  6. Громыко А.А. 1036 дней президента Кеннеди. Москва-1968  234-бет
  7. Маттиас Л. Оборотная сторона США. Москва-1968  352-бет
  8. Севостьянов Р.Н. История США. Москва-1985 253-бет

43.Зинн Г.США после второй мировой войны:1945-1971гг. Москва-1977 193-бет

  1. Комов Ю. Охота на президента [К историй расследования убийства

                        Д.Ф.Кеннеди]. В мире книг.-1988 №12-52-бет.