Мазмұны
Кіріспе…………………………………………………………………………………………………………….
І тарау. Мысыр еліндегі Мәмлүктер билігі
1.1.Мысырда мәмлүк мемлекетінің орнауы және оның өтпелі кезеңі…..
1.2.Сұлтан Аз – Заһир Бейбарыс Мысыр Мәмлүк мемлекетінің негізін қалаушысы…………………………………………………………………………………………………….
ІІ — тарау. Таяу Шығыс пен Мысыр мәмлүктерінің қарым — қатынасы.
2.1. Мәмлүк мемлекеті Дешті — Қыпшақ арасындағы дипломатиялық қатынастар…………………………………………………………………………………………………….
2.2. Мәмлүк мемлекетінің Алтын Ордамен жақындаушының саяси және әлеуметтік алғышаттары……………………………………………………………………………..
Қорытынды…………………………………………………………………………………………….
Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер …………………………………………
Қосымша…………………………………………………………………………………………………..
Кіріспе
Диплом жұмысының өзектілігі: Еліміз егемендігін алғаннан бері Қазақстанның геосаяси жағдайы күрт өзгеруіне байланысты тарихымызды зерттеу саласында үлкен бетбұрыстар орын алды. Әсіресе, бүгінгі күні қазақ халқының рухани өрлеуі мен тарихи санасының қалыптасу заманында көршілес, жақын және алыс шетелдермен, мемлекеттермен ғасырлар бойына болған қарым-қатынастары мен байланыстарына деген қызығушылығы едәуір артып отыр.
Қыпшақ мәмлүктерінің Мысыр жеріне Аббас әділеті билігінің соңғы кезеңінен бастап келе бастады. Діні мен ділі бауырлас түркі халықтарының ішіндегі қыпшақ мәмлүктеріне құл базарында көп сұраныс болды. Олар әскери мансап сатысымен көтеріліп, кейін осы өңіріндегі мұсылман мемлекеттері мен әмірліктерінің, әсіресе мысыр елінің негізгі, әрі басты әскери күшіне айналып, оның саяси өміріне кезеңінен араласып, Мысыр елінде мұсылман мәмлүктерінің патшалық құру дәрежесіне дейін жетті.
Жалпы алғанда, сұлтандық билікке Аз – Заһир Байбарыс келуіне дейінгі кезеңді Мамлүк мемлекетінің өтпелі кезеңі деп қарастырған жөн. Өйткені , бұл кезеңде Мамлүк мемлекетінің негізі әрі берік қаланбауы мен қоса, мұсылман әлемінде оны ресми тұрғыда мемлекеттік ретінде қабылдаған жоқ еді.
Мамлүктер билігі дәуіріндегі мысыр елінің тарихын зерттеп, оны аша түсудің сәті түсіп отыр. Мысыр еліндегі Мәмлүк мемлекетін қабылай отырып, олардың жүргізілу саясаты мен кемшілік тұстарын ашу бүгінгі таңда өзекті болып отыр. Аталған мәселердің тарихи зерттелудің маңызы зор.
Ғылымда аз зерттелген салалардың бірі – Мысыр Мәмлүк мемлекеті тақырыбын таңдап алдық. Өз заманының аса ірі саяси құрылмдары болған бүл екі мемлекеттің іргелері көп жағдайларда қыпшақ этносы, оның салт – дәстүрлері мен рухани мәдениетіне негізделген.
Диплом жұмысының тарихнамасы және зерттеу деңгейі: Мысыр Мәмлүк мемлекетінің тарихын зертеу Патшалы ресей мен Кеңес үкіметі Кезеңінің зерттеушілері тарихынан үстірт қарастырылып, бүгінгі күнге дейін бұ салада арнайы толық зерттеу жоқ Араб тарих ғылымында, әсіресе Мысыр зерттеушілері тарапынан мамлүк мемлекетінің тарихын зерттеуде негізінен ХХ ғ. ІІ жартысында бұл салада өте көп зерттеулер жарық көрсе, Дешті – Қыпшақ тарихына қатысты зерттеулер жоқтың қасы.
Батыс Еуропа мен Ресейде ХVIІ-ХVIII ғғ. Бастауын алған Мысыр мәмлүк мемлекетінің тарихын зерттеуде бірқатар зерттеулердің өзіндік тарихнамасы мен деректік негізі біршама қалыптасканына қарамастан, бүгінгі күнге дейін бұл мәселе толық және жүйелі зерттеуін таппаған деуге болады.
Мысыр Мәмлүк мемлекетінің тарихына қатысты Батысеуропалық алғашқы зерттеушілердің назары оның саяси тарихы, сыртқы саясаты, Батыс христиан елдерімен қарым-қатынастары мен мемлекеттік құрылымы сияқты салаларын ашуға бағытталған зерттеушілерінің арасында Г.Уейль, Дж.Саувагет, С.Лэн-Пуль, М.Уильямның еңбектерін жатқызуға болады.
XX ғасырдың бірінші жартысында Мысыр Мәмлүк мемлекетінің саяси тарихын зерттеуде елеулі үлес қосқан зерттеушілердің ішінде М.Гаудефре-Демомбинес, А.Поляк, Е.Комбе, А.Атия, М.Канардтың, ал оның әскери жүйесіне байланысты Д. Айалонның зерттеулерін ерекше атауға болады.
XX ғасырдың екінші жартысында Мәмлүк мемлекетінің тарихын зерттеуде Батыс зерттеушілері тарапынан үлкен белсенділік байқалмады. 60-70 жылдары бұл салада араб, әсіресе Мысыр зерттеушілерінің үлесі едәуір көбейіп, оның тақырыптық ауқымы да кеңейе түседі. Бірқатар арнайы және жалпы сипаттағы зерттеулер жарық көрді. Алғашқы араб зерттеушілерінің ішінде Әмин әл-Холи Махмуд Ризқ Салим, Абд әл-Фаттах Ашур, Саад Маһирдың аттарымен байланысты болса, 80-ші жылдары мәмлүк тақырыбына зерттеулер жүргізген тағы бірқатар араб зерттеушілерінің есімдері белгілі. Абд әл-Азиз Махмуд Абд ад-Дайм, Али ас-Саийд Али зерттеулері бұл саланың өзекті тақырыптарын ашуға арналады.
Араб зерттеушілері тарапынан бұл тақырыпты зерттеуде 90-шы жылдар әсіресе нәтижелі болып, олар саны жағынан да, тақырыптарының өзектілігі мен ауқымдылығы жағынан бұрын болмаған деңгейге жетеді.
XVIII ғ. жартысында Алтын Орда тарихын зерттеуде үлес қосқан Б.Я. Кердің (1692 -1740) есімін ерекше айту керек.
ХІХ ғ. Ресей зерттеушілерінен В.В. Григорьев, П.С. Совельев және В.Т.Тизеньгаузен,Н.И. Ильминскийдің еңбектеріне тең келетін маман болмады.
Мысыр зерттеушісі Махмуд Риза Салимнің 1962 ж. Қаырда жарық көрген еңбек «Аср салатын әл – мамалик натай дж әл — илми да әл – адаби мамлүк сұлтандары кезіндегі ғылым мен әдебиет салаларындағы жетістіктер атап айтуға болады.
Қайыр университетінің профессоры, орта ғасырлар ислам тарихынның докторы Саид Абу ал – Фатах Ашур мамлүк тарихын терең зерттеген.
1995 ж. Қайырда жарық көрген Ануар залалнаманың «Әл — машалик» фи мисф» Мысырдағы мамлүктер атты 2 тараудан тұратын еңбегі мәмлүктердің пайда болуынан, Н.Банапарттың XVIII ғ. Аяғында француз жаулаушылығы кезеңін қамтиды. ХХ ғ. ІІ жартысыннан бастап қазіргі уақытқа дейінгі кезеңді қамтитын зерттеулер.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеті:
Зерттелген тақырыптың мақсаты – Орта ғасырдағы Мысыр елінің, яғни Мәмлүктердің билік басына келуі, көршілес Дешті Қыпшақ Алтын Орда хандарымен қарым – қатынас жасауымен сипаты мен мазмұны, әртүрлі кезеңде қолданылған әдістерін анықтау болып табылады. Аталған мақсатқа жетуде мынадай міндеттерді орындау қажеттігі туындайды.
- Орта ғасырда Мысыр елінің ішкі және сыртқы саясатын анықтау.
- Мысыр Мәмлүк мемлекеті құрылғаннан кейін Дешті Қыпшақпен қарым – қатынасын анықтау.
- Луис ІХ –ның Мысырға жасаған Крест жорығын анықтау
- Сұлтан Аз-Заһир Бейбарыстың жүргізген саясатын зерттеу.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы:
Дерек тақырыпта қатысты материалдар негізінде тарихи шындық пен объективті тұрғыдан таңдалып көрсетілді. Диплом жұмысында мынадай жаңалықтар бар:
Мамлүк мемлекетінің XІV ғ ІІ жартысы мен XV ғ басында жалайыр мемлекетінің саяси жағынан жақындасуы.
Сұлтан Аз – Заһир Байбарыстың Мысыр елінде.
Диплом жұмысының хронологиялық шегі:
Тақырып бойынша зерттеу Орта ғасырдың ХІ ғасыр мен XV ғасырға дейінгі аралықты қамтиды.
Диплом жұмысының методологиялық негізі: Диплом жұмысының методологиялық объектілік, тарихилық,, жүйелік және даму сияқты ғылымға негізделген және даму сияқты ғылымға негізделген. Сондай — ақ Мамлүктер билігі дәуіріндегі Египет Еліне мүмкіндігінше объективті тұрғыда түсіндіруге бағытталған әрі жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан жазылған еңбектер басшылыққа алынды.
Диплом жұмысының практикалық маңызы:
Мәмлүктер билігі дәуіріндегі Египет елінің ХІ ғасыр мен XV ғасыр аралығындағы тарихына байланысты зерттелген еңбектердің қтарын толықтыра түседі.
Диплом жұмысындағы материалдар жоғарғы оқу орындарында оқытылған курстармен семинар сабақтарында пайдалануға болады.
Диплом жұмысының құрылымы:
Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, сілтемелер тізімінен және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І ТАРАУ. МЫСЫР ЕЛІНДЕГІ МӘМЛҮКТЕР БИЛІГІ
1.1.Мысырда Мәмлүк мемлекетінің орнауы және оның өтпелі кезеңі.
Қыпшақ мәмлүктерінің Мысыр жеріне Аббас әулеті билігінің соңғы кезеңінен бастап үзілмей келе бастайды. Олардың алдында әскери мансап сатысымен көтеріліп, кейін осы өңірдегі мұсылман мемлекеттері мен әмірліктерінің, әсіресе Мысыр мен Шам елінің негізгі, әрі басты әскери күшіне айналып, оның саяси өміріне кеңінен араласып, саяси бағытына ықпал ету дәрежесіне жетіп, әскери және саяси салалардағы басты күшке айналады.
Төл араб сөзі «мамлук», көпше түрінде «мамалик» бастапқы мағынасында — «біреуге тиесілі мүлік», «егесі бар мүлік» деген мағынаны берсе, кейін өз заманының тарихи жағдайларымен қолдануына байланысты, ол «ақ құл» деген екінші мағынаға ие болады. Сол заманның араб деректері оған «сатылатын және сатып алынатын, әке-шешесі жоқ ақ қүл» деген анықтама береді. Одан басқа, Африкадан әкелінген қара нәсілді құлдарды «абд», көпше түрінде «абид» деп атаған. [22.41бет].
Уақыт өте, мәмлүктер бұл өңірдегі мұсылман мемлекеттерінің негізгі және бірден-бір әскери күшіне айналады. Ал, кей жағдайларда дербес мәмлүк мемлекеттерін құруға дейін барады. Орта ғасыр араб жазба деректерінің хабарлауы бойынша, мамлүктер тарихының бастапқы кезеңінде Орталық Азияда бұл кезде түркі мамлүктерін алудың негізгі көзі ретінде «Мауараннахр» елі, оның ішінде Самарқан, Ферғана, Ашруста, Шаш (Ташкент) және Хорезм өлкелері аталады. Араб деректері мәмлүктерді алудың төмендегідей негізгі жолдарын атап көрсетеді, олар:
- қүл базарларында сатып алу;
- соғыстарда тұтқынға түсіру;
- Ислам Халифаты құрамына кірген Орталық Азия мемлекеттері билеушілерінің орталыққа сыйлық ретінде ақ құлдарды,
яғни мамлүктерді жіберіп отыруы.
Мәмлүктерге қатысты араб деректерін сараласа, Аббас әулетінің халифасы Әл-Мутасим өзінің әскери тірегі ретінде түркі тегін ең алғаш пайдаланған халифа болып табылады. Түркі тегінің ерекше жауынгерлік қасиетін байқаған Әл-Мутасим олардың санын көбейтуге үлкен күш салып, мамлүк жасақтарын өзінің негізгі әскери күшіне айналдырады. Ол әмір кезінің өзінде де жыл сайын түркі мамлүктерін сатып алып, оларды әкелу мак-сатымен арнайы адамын жіберіп, халифа Әл-Мамунның билігі кезінде-ақ жеке әскерінде олардың санын үш мыңға жеткізеді. [19.31бет].
Сонымен, халифа Әл-Мутасим Халифаттағы арабтар мен парсылардың әскери және саяси билігі мен беделін азайту мақсатын көздеп, өз әскеріндегі мамлүктердің санын сегіз мыңға жеткізеді. Ал, тарихшы Ибн Тағри-Берди «Халифа Әл-Мутасим мамлүктерінің санын он сегіз мыңға жеткізді…» деген мағлұмат келтіреді. Халифа мамлүктерін жоғары әскери мансаптарға тағайындап, оларға сыйлық ретінде «иқта», яғни әскери қызметі үшін сыйға жерлер бөліп беруді тәжірибеге кеңінен енгізеді. Мәмлүктер өздеріне берілген жерлерге орнығып, халифаттың саяси өміріне кеңінен араласуға мүмкіндік алады.
Алғашқы түркі мәмлүктерінің Халифаттың орталығы Бағдадқа келуі жайындағы араб деректері төмендегідей жайды баяндайды: Түркілер Бағдадқа өздерімен бірге көшпелі өмірдің белгілерін, атап айтсақ табиғи дөрекілік, күш-қуаты толы денелерімен ерекше, атқамінерлік пен соғыс өнеріне аса бейімділік сияқты тек өздеріне тән қасиеттерін ала келді. Өздеріне жат көрінген түркі халқына Бағдадтың тұрғындары жек көрінішті көзбен қарап, бір-біріне тегі жағынан жат екі халық арасында шиеленістіктер туып, кей жағдайларда қақтығыстар орын алып, ортада екі жақтан да қаза тапқандар болады. Мәселенің шиеленіскені соншалықты, кала тұрғындары халифа Әл-Мутасимге арызданып, егер ол бұған шек қоймаған жағдайда оны, яғни халифаны өздерінің намаздары кезінде қарғыс айтамыз, деп қорқытқаннан кейін, халифа тез арада шұғыл шаралар ұйым-дастырып, нәтижесінде Бағдадтың жанынан мамлүктерге арнайы «Самара» деп аталатын кала салдырып, оларды сонда орналастырады. [20.34бет].
Саны мен күш-қуаты, беделі артып, мамлүктер халифаттың мемлекттік істеріне кеңінен араласа бастайды. Нәтижесінде Аббас әулетінің мемлекетін билеу толығымен солардың қолына кешеді. Олар қалағандарын істеп, үнамаған халифаны тақтан тайдырып, оның орнына басқасын отырғызып, тіпті бірнеше халифа мамлүктер ұйымдастырған астыртын әрекеттері мен қастандықтарының нәтижесінде өлтіріледі.
Осы кезеңде саяси және әскери салаларда елеулі жетістіктерге қол жеткізген, есімдері тарихқа енген түркі мамлүктерінің арасында Әл-Афшин, Ашнас, Итах, Уасиф, Сима әл-Димашқи және т.б. есімдері аталады. Олар Аббас әулеті халифатында әскери қызмет атқарып, оны қолдап, халифаттың түрлі өңірлерінде пайда болып отырған орталыққа қарсы көтерілістер мен бүліктерді басуда және оның Византия империясына қарсы жүргізген соғыстарына кеңінен қатысады.
Мысырда 868-905 жж. аралығында билік еткен Ат-Тулунилер әулетінің мемлекеті түркі текті мамлүктерді әскер мен мемлекетті басқару ісінде кеңінен пайдаланғаны белгілі. Бұл мемлекеттің негізін салған Ахмад ибн Тулунның тегі жөнінде ара деректері, оның әкесі Тулун Аббас әулеті халифасы Әл-Мамунғг Мауараннахр елінің билеушісі тарапынан сыйлыққа жіберілге түркі мамлүгі болды деген дерек келтіреді. [25.27бет].
870-877 жж. аралығында билік еткен Аббас әулетінің ха лифасы Әл-Мутамид түркі текті Ахмад ибн Тулунды Мысыр уалаятына билеуші етіп тағайындағаннан кейін, ол басқару, сот, әскер және қаржы салаларындағы биліктің барлық тұтқаларын өз қолына алады. Мысыр билігінде тәуелсіздікті көздеп, оған жету үшін өзінің билігін күшейту мақсатында әскерін тегі жағынан өзіне жақын түркі мәмлүктерінің есебінен көбейтіп, олар-дың санын 24 мың түркі мамлүк жауынгерге жеткізеді.
Осы кезден бастап Мысыр билеушілері мен олардың әскерлері түркі текті мәмлүктерден ғана құралады. Ахмад ибн Тулун өзінің сан мыңдаған мәмлүк жауынгерлерін құлдықтан азат ету арқылы олардан өзіне деген сенімі ерекше әскер құруды көздеп, өз әскерінің қүрамына кірген мәмлүктердің барлығын құлдықтан азат деп жариялайды және де бұл дәстүр кейінгі Тулынилердің бүкіл билігі кезінде де қатаң сақталған заң болып қалыптасады.
Солтүстік Африкада билік еткен Әл-Фатимилер әулеті 969-жылы Мысырды жаулап алып, онда өз билігін орнатады. Бұл әулеттің 952-975 жж. аралығында билік еткен халифасы Әл-Муизздің кезінен бастап мемлекет түркі, судан, бербер және «сақалиба» («сақалиба» халықтары туралы араб деректері былай дейді: ол — «құл» мағынасындағы француз сөзі. Ол замандарда Германдықтар славян халықтарын аулап, оларды, яғни славян еркектерін, әйелдері мен кішкентай балаларын Испания арабтарына құлдыққа сатуды кәсіпке айналдыруы себепті орта ғасырдағы арабтартың географ-саяхатшылары бұл атаумен жалпы славян халықтарын атаған) сияқты этникалық жағынан түрлі тектердің екілдерінен құралған әскери жасақтарға сүйенеді.
975-996 жж. аралығында билік еткен Әл-Фатими әулетінің өкілі — халифа Абд әл-Азиз түркі тегін баскалардан ерекше көріп, оларды мемлекетіндегі жоғары мансаптары мен лауазымдарда кеңінен пайдаланып, түркі текті мәмлүгі Манджу-Тегінді өз әскерінің басшысы етіп тағайындап, оған Шам елінің билігін тапсырады. Бұл оқиға халифаның жанындағы басқа тектен шыққан қызметшілері арасында наразылық пен қызғаныштық тудырады.
Түркі тегі өзінің ынта-жігерін кайта қалпына келтіруі 1020-1036 жж. аралығында билік еткен халифа Аз-Заһирдің кезеңінде орын алады. Ол түркі тегіне аса әуестік танытып, түркі мамлүктерін жоғары әскери мансаптарға қоя бастайды. Олардың ішінде түркі текті мамлүгі Ануш-Тегінді өз әскерінің басшысы және 1028 жылы Дамаск қаласының билеушісі етіп тағайындайды.
1036-1094 жж. аралығында билік еткен халифа Әл-Мустансирдің билік етеді. Әл-Мустансир өзінің анасы қара текті болуы себепті қара құлдарды сатып алуды көбейтіп, әскерін негізінен солардан жасақтауды жолға қояды. Сөйтіп, Африкадан әкелінген қара кұлдар Әл-Фатимилер әулеті мемлекетінің жойылуына дейін мемлекеттің негізгі әскери тірегі болып қала береді.
Әл-Фатимилер әулетінің мемлекеті ислам тарихында ең алғаш болып жасөспірім мамлүктерді ерекше жүйеге сәйкес тәрбиелеуге үлкен көңіл бөліп, ең бірінші болып Мысырда мәмлүктерді тәрбиелеудің бұрын болмаған методологиялық бағдарламалық жүйесінің негізін салды.
Әл-Фатимилер әулетінің мемлекеті күйрегеннен кейін, 1171 жылы оның орнына келген Әл-Айубилер мемлекеті Таяу Шығыс өңірі мен мәмлүктердің тарихындағы жаңа кезеңді ашты. Әл-Айубилер әулеті өзінің күрд тегінен шыққанына қарамастан, оның Селжүк түркі мемлекеті мен түркі мамлүктерінің қойнауында өсіп, аяққа тұруы себепті ол өзінің бойына түркі салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын және әскери құрылымдағы жүйелерін толық сіңіріп алғанын орта ғасыр араб жазба деректері мойындайды.
Селжүк түріктерінің мемлекет ретінде орнығуьшын бастапқы кезеңінде оның негізгі әскери күші ретінде түркі мәмлүктеріне арқа сүйеуі себепті, олар, яғни мәмлүктер сұлтандар мен әмірлерге жақындатылғандар қатарында саналып, оларға Селжүк сарайларында арнайы тәрбие берілген. Жас түркі мамлүктері Қыпшақ елінен әкелініп тұрған. Орта ғасыр мысыр тарихшысы Әл-Қалқашанди «Әл-Қифджақ, немесе әл-Қибджақ, немесе әл-Қыпшақ елі Еділ өзені өңірінде, Русия елінің оңтүстік-шығысында және Қара теңіз бен Каспий теңізінен солтүстікке қарай жатқан үлкен өлке. Оның тұрғындары түркі текті, көшпелі өмірімен және атқамінерлік өнерімен әйгілі. Бұл ел түркі текті «ақ құлдарды» алудыц негізгі орталығы болып есептеледі» дейді. Қыпшақ елінен әкелінген жас мамлүктерді Селжүк сұлтанының уәзірі Низам әл-Мәлик өзінің «Сиясат-Наме» кітабында принциптері нақты белгіленген «мамлүк-самани» жүйесінің негізінде тәрбиелеп, содан кейін оларды сұлтан сарайы мен мемлекеттік жүйелерге қызметке кіргізген.
Низам әл-Мәлик ислам тарихында ең алғаш болып мамл үктерге әскери қызметі үшін сыйлыққа жер бөліп беру тәжірибесін енгізген. Мұндағы оның көздеген басты мақсаты — жер меншігі бар мәмлүк әмірі өзінің жерін сырт жаудан қорғауы нәтижесінде мемлекетті де қорғайды деген принципті басшылыкқа алған.
Сонымен қоса, сұлтандар мамлүк әмірлеріне өз балаларын тәрбиеге беріп, оларды «атабек» деп атай бастайды. «Атабек» түркі сөзінің мағынасы жөнінде араб деректері оның «ата» — әке және «бек» — әмір мағынасындағы қосарланған сөзі «әмір — бекзаданың тәрбиешісі» деген мағынаны береді, деп көрсетеді. Егер, сұлтан бекзаданы басқа қалаға, немесе уалаятқа жіберсе, атабек әмірді де онымен қосып жіберу кеңінен таралған дәстүрге айналған. Кейін, уақыты келгенде, атабек Селжүк әмірін өзіне бағынышты етіп, барлық билікті өз қолына алып, саяси және әскери ықпалы мен беделі күшейген атабектердің жұлдызы жанып, Селжүк сұлтандарының әлсіздігі мен қолайлы жағдайларды пайдалану арқылы тәуелсіз мемлекеттер құруға дейін барып отырған. Соның нәтижесінде тарихта «Атабек» деген атаумен белгілі бірқатар мемлекеттер пайда болғаны тарихта мәлім. Олардың ішінде аса беделділері төмендегідей, олар: Кифа, Мардин, Дамаск, Данишманд, Мосул, Әл-Джазира, Әзірбайжан және т.б.
XII ғасырдың басында Мосул, Халаб, Дияр-Рабия және Мадр атабектіктерін құрған Имад ад-Дин Зеңгі есімді түркі атабегі орта ғасыр деректерінде ерекше аталады. Оның әкесі Құсайм ад-Даула Ақ-Сұңқар өзінің өмірін Әл-Хаджиб Селжүк сұлтаны Мәлик-Шаһтың қарамағындағы мамлүк болып бастайды. Кейін, Имад ад-Дин Зеңгі Баалбек қаласына билеуші етіп тағайындалады. Оның баласы Нур ад-Дин Махмуд арқылы Зеңгілердің әулетімен байланыс жасаған және сол арқылы тегі күрд Салах ад-Дин әл-Айуби осы тұста тарихи сахнаға шыға бастайды. Өздерінің әскери жетістіктері мен тағдырын түркі мамлүктерімен тығыз байланыстырған Әл-Айубилер әулетінің барлык мүшелері азат болған, яғни ешқайсысы ешқашан құл болмағандығын айта кету керек.
1164 жылы Зеңгінің баласы Нур ад-Дин ибн Зеңгі Йерусалим христиан патшалығының Мысырды жаулап алуына кедергі жасау үшін Мысырға әскерін жіберіп, оны бастап баруды Айуби әулетінен шыққан қолбасшы Асад ад-Дин Ширкухқа тапсырады. Оған серік етіп оның ағасының баласы Салах ад-Динді қосып аттандырады. Бұл әскердің құрамы жөнінде орта ғасыр араб деректеріне жүгінсек, бүл әскердің негізін «Әл-мамалик ан-ну-рийа», яғни Нур ад-Диннің мамлүктері және «Әл-мамалик әл-асадийа», яғни Асад ад-Диннің мамлүктері және мамлүк әмірлерінен құралғанын аңғартады. [9.367бет].
Салах ад-Дин өзінің ағасы Асад ад-Динмен бірге талай шайқастарды өткізіп, одан үлкен әскери-соғыс тәжірибе алады. Йерусалим кресті патшалығы Мысырды жаулап алу үшін үш мәрте: 1164, 1167 және 1168 жылдары ұйымдастырған жорықтарының жеңіліске ұшырауының нәтижесінде Салах ад-Диннің беделі едәуір артады. 1169 жылы ағасының қайтыс болуын өз мүддесіне тиімді пайдаланып Салах ад-Дин Әл-Фатимилер әулетінің 1160-1171 жж. аралығында билік еткен халифасы Әл-Адидті өзін «бас уәзір» лауазымына тағайындауына мәжбүр етеді. Бұл істе Салах ад-Дин өзінің сенімді әскери жасақтары «Әл-Асадийа» мамлүктері мен азат құрдтерді пайдаланады. Бұдан кейін, ол қосымша өзіне тағы көптеген мамлүктер сатып алып, олардан «Әл-Мамалик ас-салихийа» және «Әл-Мамалик аннасырия» әскери жасақтарынан ерекше сенімді әскер құрайды. Осы жерде айта кету керек, «Ас-Салихийа» мамлүк жасағының атауы Салах ад-Диннің өз есіміне қатысты болса, ал «Аннасырийа» атауы өзінің «бас уәзірі» лауазымын алу кезінде халифа Әл-Адидтің берген «Ан-Насыр», яғни «Жеңімпаз» деген атағына қатысты екенін айта кету қажет.
1171 жылдың қыркүйек айында халифа Әл-Адидтің қайтыс болуына байланысты Әл-Фатимилер әулетінің халифаты қүлап, тарихи сахнадағы өз өмірін тоқтатады. Осы кезде Иерусалим христиан мемлекетінің патшасы Амури қайтыс болып, таққа мұрагер таңдау мәселесі төңірегінде кресшілердің арасында үлкен дау туып, шиеленісті жағдай қалыптасады.
Қайтыс болған ағасы Нур ад-Диннің артынан қалған 11 жасар мұрагері Әл-Мәлик ас-Салих Исмаилға қамқоршы етіп жариялаған Салах ад-Дин көп ұзамай бүкіл билікті өз қолына алады.
Ел ішіндегі және сыртқы саяси қолайлы жағдайларды дұрыс пайдаланған Салах ад-Дин Таяу Шығыста орнығып алған кресшілермен шешуші шайқаста кездесу үшін бүкіл мұсылман әлеміндегі бытыраңқы мемлекеттердің басын бір тудың астына біріктіруге кіріседі. Сөйтіп, Шам елін өзіне бағындыру үшін аттанып, әскери-соғыс, саяси және дипломатиялық тәсіл-жолдарды кезек қолданып, 15 жылға созылған ынта-жігерлі әрекеттерінің нәтижесінде ол Мысыр мен Шам елін біріктіріп, кресшілермен шайқастарда талай үлкен жеңістерге қол жеткізіп, Иерусалим мен Жерорта теңізі жағалауындағы біраз қалаларды кресшілерден қайтарып алады.
1193 жылы Салах ад-Диннің қайтыс болуынан кейін оның қалдырған үлкен аумақты алып жатқан Әл-Айубилер әулетінің мемлекеті оның балалары, ағайындары және ағайындарының балалары тарапынан талан-таражға салынып, өзара бөлісуінің нәтижесінде, олардың арасында билік үшін талас туып, өзара бір-біріне қарсы соғыс қимылдарына жол ашады. Соның тікелей салдарының бірі ретінде бұл өңірдегі түркі мамлүктерінің саны күрт көбейеді.
Салах ад-Дин тірі кезінде өзінің қол астындағы аумақтарды төмендегідей төртіппен мұрагерлеріне бөліп береді:
- баласы Әл-Азиз Османға — Мысыр жері;
- екінші баласы Әл-Афдал Нур ад-Динге — Дамаскі;
- үшінші баласы Аз-Заһир Ғазиге — Халаб (Алеппо).
Ал Әл-Айубилер әулетінің басқа әмір мұрагерлеріне жоғарыда аталған балаларына тәуелді кішігірім жерлер мен қалаларға билік етуді тапсырады:
— Салах ад-Диннің кіші інісі Әл-Адил Сайф ад-Динге — Аш-
Шубек, Әл-Кирк, Әл-Балқа және Мысырдың біраз бөлігі тапсырылады;
— екінші інісі Тоқ-Тегінге — Йемен;
Салах Ад-Дин өз ағайындары балаларының еншісіне:
- Әл-Музаффар Тақиа ад-Дин Омарға — Хама өлкесі;
- Әл-Амджид ибн Туран-Шахқа — Баалбек;
- Муджаһид ибн Наср ад-Дин Ширкухқа — Хомс тиеді.
Салах ад-Дин қайтыс болғаннан кейінгі Әл-Айубилер әулеті
тарихының едәуір бөлігін олардың өзара қайшылықтары мен бір-біріне қарсы жүргізген соғыстары толтырады.
Сөйтіп, XII ғасырдың аяғы мен XIII ғасырдың басы түркі мамлүктерінің Таяу Шығыстағы мұсылман әлеміндегі мемлекеттер мен әмірліктерге, әсіресе Мысырға ықпалы мен беделінің артуы өзінің ең жоғары дәрежесіне жетеді.
Мәмлүктердің көмегімен билікке келген Ас-Салих Наджм ад-Дин Айуб өзінің билігін нығайту мен беделін арттыру үшін мамлүктердің рөлінің маңыздылығын түсініп, оларды сатып алуда Әл-Айубилер әулетінде бұрын соңды болмаған деңгейге жетеді.
Ас-Салих Айуб түркі мамлүктері тарапынан өзінің ағасына қарсы ұйымдастырылған төңкерісті ескеріп, егер сондай жағдай қайталанған жағдайда Қайыр қаласының өзіне қарсы шыққан мамлүктердің қол астында қалу қаупінен күдіктеніп, Ніл өзенінің ортасында орналасқан «Ар-Рауда» аралын өзінің тұрақты мекен-жайы етіп таңдап алады. Сөйтіп, аралда сұлтан сарайын салдырып, 1241 жылы әйелдері мен балашағасымен түгел сонда көшеді. Келесі жылы сол аралда арнайы салдырылған әскери бекініске өзінің мамлүктерін қоныстандырады. Бұл бекініске орналастырылған жаңа мамлүк жасақтары «Әл-Мамалик әл-Бахарийа», яғни «Теңіз мамлүктері» деп аталып кетеді және осы «теңіз мамлүктері» кейін Мамлүк мемлекетінің негізін құрайды.
XIII ғасырдың ортасында француз королі Луис-ІХ-ның Мысырға Крест жорығын ұйымдастырады.
Бұл жорықты ұйымдастырған және оны бастап келген Луис-IX өзінің басты мақсаты етіп Мысырды жаулап алуды көздейді, және де бұл Мысырға қарсы бағытталған кресті жорықтарының алғашкысы, әрі әскери қуаты жағынан ең мықтысы болады.
Әлем тарихшылары Батыс Еуропадан Таяу Шығысқа ат-танған 8 кресті жорығына катысты, олардың алдына қойған мақсатына қарай төмендегідей етіп бөледі, олар:
Біріншісі — Шам еліне қарсы;
Екіншісі — Шам еліне қарсы;
Үшіншісі — Шам еліне қарсы;
Төртіншісі — Константинопольге қарсы;
Бесіншісі — Мысырға қарсы;
Алтыншысы — Шам еліне қарсы;
Жетіншісі — Мысырға қарсы;
Сегізіншісі — Солтүстік Африка мұсылман елдеріне қарсы.
Үшінші кресті жорығының (1189-1192 жж.) қолбасшысы болған «Арыстан жүректі» деген лақап алған король Ричард Мысырды мұсылман әлемінің ең әлсіз буыны және Шам елінің кілті деп есептеп, оны жаулап алуды өзінен кейінгілерге міндеттеген. Сондай-ақ, 1215 жылы Рим Папасы Анусент-ІІІ-нің ұйымдастыруымен құрылған «Аль-Латран» кресті қоғамы Мысырды жаулап алудың қажеттілігін баса айтып, олардың пікірінше, егер кресті әскерлері Мысырды жаулап алса, онда мұсылмандар стратегиялық жағынан өте қолайлы, әрі өте бай өңірлерінен айырылады. Ал бұл жағдайда, олар өздерінің әскери күш-қуатын жоғалтып, Акка мен Мысырдағы кресті әскерлерінің ортасында қалып қояды және сол себепті Жерорта теңізінің шығысындағы өзінің теңіз флотын сақтай алмайды, және де соның салдарынан бұл аймақта ешқашан өз иелігінде ұстап тұра алмайды деп есептейді. Сөйтіп, кресшілер Мысырдың Жерорта теңізіндегі стратегиялық жағынан аса маңызды Думият портын жаулап алуды өздерінің келесі жорығының негізгі мақсаты етіп белгілейді.
Аққа қамалының билеушісі және Иерусалим патшалығының королі Хана Ди Брайнның қолбасшылығымен жасалған Бесінші кресті жорығы Мысырға қарсы бағытталады. Ол Мысырды киелі Әл-Құдыстың кілті және оны жаулап алу Әл-Құдыс пен Шам елін түгел жаулап алуға жол ашады деп есептейді.
Мысырға карсы жасалған Бесінші кресті жорығының сәтсіздікке ұшырағанына отыз жыл толар-толмаста Франция королі Луис-ІХ-ның қолбасшылығымен Жетінші кресті жорығы Мысырды жаулап алу арқылы крестілердің байырғы арманы — Әл-Қүдыс пен Шам елін жаулап, онда христиандардың билігін орнату мақсатымен жорыққа аттанады.
Луис-ІХ-ның ұйымдастырған бұл жорығы Мысырға қарсы ұйымдастырылған алдындағы кресті жорықтарына қарағанда анағұрлым үлкен қауіп тудырады. Оның себептері төменгідей:
- Бұл жорық өзінің жақсы ұйымастырылуымен және әскери дайындығымен қоса, әскердің саны және әскери-соғыс машина мен жабдықтарының да көптігімен ерекшеленеді;
- Сол кездегі Батыс Еуропаның аса куатты Франция мемлекетінің саяси беделі жоғары патшаларының бірі – король Луис-ІХ бүл жорыққа өзі тікелей қолбасшылық жасап, жорықты өзі бастап келуі мен жорыққа қатысушы басқа еуропалықтарды өзінің шектен тыс діни идеяларымен қуаттап отыруы кресшілердің жеңіске жетеміз деген үміттерін қуаттап, аса зор рухани күш берді;
- Кресті әскерлерінің шабуыл жасауы өз уақыты жағынан Мысырдағы ішкі саяси жағдайы өте ауыр кезеңімен сәйкес келді. Тура осы тұста Мысыр тағында отырған сұлтан Ас-Салих Наджм ад-Дин Айуб қатты ауруы себепті өзінің мамлүктерін соғысқа бастап баруға халі келмеуімен тұспа-тұс келеді.
Сұлтан өзінің ауыр жағдайына қарамастан, бұл кресті жорығының жаулау қаупінен Мысыр жерін қорғап қалу мақсатында батыл шаралар ұйымдастырады. Атап айтсақ, бұл жорықтың стратегиялық мәні үлкен Думиятқа қарсы бағытталғанын алдын ала біліп, өзінің уәзірі Фахр ад-Дин Иусуфке кресті әскерлерінің Мысыр жеріне келіп түсуіне барынша кедергі жасау үшін мұсылман әскерлерін бастап тез арада Думиятқа аттануын бұйырады. Сонымен қоса, кала ұзақ уақыт қоршауда қалуы қаупін ескеріп, оны азық-түлікпен көп мөлшерде қамтасыз ету шаралары да ұйымдастырылады.
Думиятты қорғау үшін жасалған шаралардың бәріне қарамастан кресті әскерлері 1249 жылы Жерорта теңізі арқылы келіп Мысыр жеріне түсіп, маусым айында Думият қаласын басып алады. Фахр ад-Дин өзінің әскерімен каланы тастап шегінуге мәжбүр болады.
Думияттың жау қолына түсуі туралы хабар бүкіл мұсылман әлемін дүр сілкіндіреді. Сұлтан Ас-Салих Айуб Думиятты тастап кеткен мамлүктеріне қаһарын төгіп, өзінің қорғаныс шебін тастап қашқан жоғарғы мамлүк әмірлерінің елуден астамын дарға асуға бұйрық береді. Осы жерде, Думиятты корғау ісі негізінен араб жасақтарына тапсырғанын айта кету керек.
Бұл оқиғадан кейін көп ұзамай, 1249 жылдың 23-ақпанында сұлтан Ас-Салих Наджм ад-Дин қайтыс болады. Бірақ, сұлтанның айналасындағы әмірлер оның өлімі жайында хабар тараған жағдайда мұсылмандардың басына түскен соғыс ауыртпалықтарын одан бетер шиеленістіріп, елдің рухын түсіріп жіберуі мүмкін деген кауіп туады. Оның үстіне, сұлтан Ас-Салих Айуб өлген кезде, сұлтан тағында оның орнын басып, биліктің барлық тізгінін қолына алатын мұрагерінің болмауы да ауыр жағдайды одан бетер қиындатып жібереді. Осы сәттегі саяси жағдайдың барлық қыры мен сырын жете түсінген, әрі оған дұрыс баға бере алған сұлтанның әйелі Шаджарат ад-Дурр тарихи сахнаға келеді. Жау әскерлерінің Мысырды жаулап алуы аса қауіпті болып түрған уақытта мұсылмандардың рухын сындырмау мақсатымен сұлтанның өлімі туралы хабарды жарияламай, уақытша жасырын ұстау туралы Шаджарат ад-Дурдың пікірі барлық әмірлер тарапынан қолдау табады. Сонымен бірге, бос қалған таққа отыруы үшін, Кифа қамалындағы сүлтан Ас-Салихтың жалғыз ұлы Әл-Муаззам Туран-Шаһқа адам жіберіп, әкесінің орнына сұлтан тағына отыру үшін тез арада Қайыр қаласына келу керектігін хабарлайды.
Осындай қиын жағдайда Шаджарат ад-Дурр өзіне сенімді мамлүк әмірлерінің көмегімен барлық мемлекеттік істерді басқаруды өз қолына алады. Күйеуінің қазасын жасыруға қанша әрекет жасаса да, оның өлімі туралы хабар крестілерге жетеді. Крестілер мұсылмандарға шешуші соққы беру үшін мұндай қолайлы жағдайды қолдан жібермеуді көздеп, жорықтарын жалғастыруға дайындық жасай бастайды. Олар Думиятты қалдырып, Әл-Мансура қаласына қарай бет алады. Қаланы қорғаушылармен қиян-кескі шайқастардан кейін оны басып алады. Бұл шайқастарда мамлүк әмірі Фарис ад-Дин Актай ас-Са-лихи бастаған «әл-Бахарийа» мамлүктері шайқастың негізгі ауыртпалықтарын көтеріп, ерекше көзге түседі. Осы кезде Мысырға келген Туран-Шаһ сұлтанның өлімі жайында ашық жариялайды. Шаджарат ад-Дурр оған билікті тапсырады. Таққа отырған жаңа сүлтан кресшілерді түбегейлі талқандаудың жоспарын құрады. Кресшілер Фарскур қамалының түбінде болған шайқастарда үлкен жеңіліске ұшырап, кейін шегінуге мәжбүр болады. Мамлүк жасақтары оларды үзбей қуғынға салып, көптеген әмірлерімен коса Франция королі Луис-ІХ-ны тұтқынға түсіріп, қалған кресті әскерлерін Мысыр жерінен куып шығады.
Орта ғасыр араб деректеріне жүгінсек, Мысырдың жаңа сұлтаны Тұран-Шаһ ел басына түскен қиын уақыттағы жағдайды құтқара алатын тұлға болмай шығады. Ол өзінің кысқа мерзімді билігі кезінде менмендік пен тәкәппарлық көрсетіп, мемлекеттік істер мен саясатта дарынсыздық танытады. Кифа қамалынан Қайырға келген кезінен бастап халықтың ашу-ызасын келтіретін қылықтар көрсетіп, жеңістің нәтижесіне мастанып, шынайы батырлық танытқан мамлүктерінің ерліктеріне өз бағасын бермейді. Сондай-ақ, әкесіне жақын болған мамлүк әмірлері тарапынан айтылған мемлекеттік қауіпсіздікті сақтау жөніндегі ұсыныстары мен барлық шараларын қабыл алмай қояды.
«Әл-Бахарийа» мамлүктері оған қарсы айла ойластырудың нәтижесінде Туран-шаһ өздеріне қастандық істеместен бұрын өлтіруге бел байлайды. Сұлтанның қиянатшыл және сатқындык пиғылын білетін Шаджарат ад-Дурр да олардың бұл жоспарына қолдау білдіреді.
Бұл астыртын жоспарды ұйымдастырушылар Фарис ад-Дин Ақтай, Байбарыс әл-Бундуқдари, Қалауын ас-Салихи және Ай-бек ат-Туркмани сынды «Әл-Бахарийа» жасағының бір топ беделді әмірлері 1250 жылғы 2 каңтар күні таңертеңгісін Фарскур қамалында сүлтан Туран-шаһты елтіреді. Сөйтіп, Тұран-шаһтың өлімімен Мысырдағы Әл-Айубилер әулетінің билігі аяқталып, оның орны Мәмлүктердің билігі орнайды.
Мысырдағы мәмлүк мемлекетінің орнауы және оның өтпелі кезеңі.
Мәмлүк мемлекетінің билігіне келген алғашқы сұлтан туралы түрлі пікірлер көп. Олардың бірі , мамлүк мемлекетінің алғашқы сұлтаны ретінде Шиджарат ад – Дүррдың есімін атаса, екіншілер – ол заманда мұсылман мемлекетін ешқашан әйел адам басқармаған және оның шариғатқа қайшы келуін алға тартып, Шаджарт ад – Дуурды алғашқы мәмлүк мемлекетінің сұлтаны ретінде қарастырмайды.
Алайда, біздің пікірімізше, Шаджарат ад – Дүрр мамлүк мемлекетінің билік тізгінін ұстаған алғашқы сұлтаны екенін мойындаған жөн. Оған бірнеше дәлеле келтіруге болады. 1 – ден Шаджарат ад – Дуррдың тегі және әлеуметтік жағдайы туралы орта ғасыр Араб деректері оның да Дешті Қыпшақтан әкелінген және сұлтан Ас – Салих Айубтың оны құл базарынан сатып алынғандығын хабарлайды. Яғни, Шаджарат ад –Дур өзінің тегі мен әлеуметтік жағдайы жағынан қыпшақ мамлүктеріне жақындағы еш күмән тудырмайды. 2 – ден, күйеуі сұлтан ас – Салих Айубтың қайтыс болғаннан кейін Тұран — шаһтың келуіне дейін және оның мамлүк әмірлерінің қолынан өлтірілгенен кейін де мемлекеттің бүкіл билігі Шаджарат ад – Дуррдың қолына болғанын ескіріп жәнеоған ресми сұлтан атағы берілуін басшылыққа алып, оны мамлүк мемлекетінің ең 1 – ші сұлтаны болды деп тануға негіз береді.
Жалпы алғанда, 1250 жылдан бастап 1260ж. сұлтандық билікке Байбарыс келуіне дейінгі кезеңді мамлүк мемлекетінің өтпелі кезеңі деп қарастырған жөн. Өйткені бұл өтпелі кезеңде Мамлүк мемлекетінде негізі әлі берік қаланбауымен қоса, мұсылман әлемінде оны ресми тұрғыда мәмлүк мемлекеті ретінде қабылдай қойған жоқ еді.
Өтпелі кезең сұлтандары мен олардың билікке келген жылдары:
1.Шаджарат ад – Дурр (1250 ж)
2.Әл – Мунзз Иәз ад – дин Айбек ат – Туркмании
3.Әл – Мансур Нур ад – Дин Али ибн Айбек (1257 ж.)
- Сайф ад – Дин Қу ТҰЗ (1259 ж.)
Тоққа деген бәсекелестіктің ушығуына жол бермеу мақсатымен мамлүк әмірлерінің бос тұрған сұлтан тағына Шаджарат ад – Дурды отырғызуды ұйғарып, соған бір ауыздан келіседі. Олардың мұндай шешімге келуіне себеп;
- Сұлтан тағына таласта мамлүк әмірлрі арасында бәсекелестіктің күшеюі;
- Шаш шеніндегі Әл – Айбилер әулетінің билеулері тарапынан мысыр тағына ұмтылыстық жандануы;
- Шаджарат ад – Дуррдың мемлекеттік маңызды істерде өзінің ақылдылығы мен даналығын көрсетуі. Оның үстіне күйеуінің тірі кезінде онымен бірге мемлекеттік істерді шешуге кеңінен араласуының арақасында мемлекеттік істерінен жақсы таныс болуы.
Шаджарат ад – Дурр сұлтан тағына отырысымен биліктің барлық тұтқаларын қолына алып, істеген істерінде үлкен саяси көргенділік танытты. Ең алдымен өзіне әрдайым қолдау көрсеткен мәмлүк әмірлерін жоғары лауазымды қызметкерге тағайындады.
Мемлекеттік істерде Шаджарат ад – Дурр өзінің күш — жігерін, алдымен Тұран – шаһтың билігі кезіндегі крестшілермен қарым – қатынаста жіберілген қателіктер мен мемлекет ішінде жойылған тәртіпсіздікті жоюға бағыттайды. Бұл кезде кресишілер Думиятты және оның айналасын әлі өз қолында ұстап отырған еді. Тұтқынға түскен Франция королі Луис – ІХ мұсылмандардың қолындағы Әл – Машу қамалында тұтқында болады. Алайда, старатегиялық жағынан маңызды теңіз базасы Думсияттың әлі крестшілердің қолында болуы Мысыр мен Мәмлүктерге, әсіресе егер Батыстан тағы кресті әскерлері көмекке келген жағдайда үлкен қауіп төндіруді сақталып отырады.
Мемлекеттің ішіндегі саяси жағдайда біраз реттелгеннен кейін, Шаджарат ад – Дурр шын әрі ауыр іс – крестшілерімен келісімдер жүргізуге кіріседі. Бұл келіссөзерді сұлтан мен «Әл – Бахрайша» мәмлүктерінің атынан жүргізу тәжірибелі әрі ақылды мәмлүк әмірі Хисам ад – Дин Мухаммад Али әл – Хазбаниге тапсырылады.
Соғыс майданында мамлүк әскерлерінен талай жеңілістің дәмін татқан, оның үстіне қолбасшылары, әрі король Луис ІХ — ң бірсіпыра нөкерлерімен мұсылмандық тұтқынында болуы себепті өте ауыр жағдайға түскен крестшілер мәмлүктердің шарттарын қабылдаудан басқа амалдары қалмайды. Екі жақ арасында жоғарыда көрсетілген шарттар жөнінде келісімге келгеннен кейін, Францияның патшасы Маргарит Ди Бруфанес келісілген соманың жартысын жинап Акка қамалына келеді. 1250 ж. 7 қаңтарында Луис — ІХ Думиятты мұсылмандарға қайтарып беруді Джуфруа Ди Саджинге тапсырады. Мұсылман әскерлері Думият қаласына кіреді.
Келісілген құнның жартысы төленгеннен кейін тұтқындар отырған француз королі Луис ІХ мен оның айналасындағы көптеген жоғары лауазымды барондары, әмірлері және рыцырлары тұтқыннан босатылады.
1250 ж. 8 қаңтарда Луис ІХ өз әмірлері мен Акка қамалына келумен 7 – ші кресті жоғары аяқталады. Жорықтың жеңілісін ұйымдастырған және оны жүзеге асырған мәмлүктер туралы хабар Мысырмен қоса бүкіл мұсылман әлемнің түкпір – түкпіріне тарап, бұл жеңісте үлкен қуаныш пен шаттық орын алды.
Салах ад – Дин Айтубидің заманынан бері Мысыр мен Шам еліндегі бүкіл билікті өз қолдарында ұстаған Әл – Айубилер мамлүк мемлекетін мойындағысы келмеді. Мысыр мемлекеттер жаңа пайда болған билікке шариғаттық, яғни заңды сипат беру арқылы өздерінің билігін қалу үшін Бағдатта отырған Аббас әулетінің халифасы Әл – Муташшға хат жолдайды. Шаджарат ад – Дуррдың билігіне қолдау көрсетуді сұраған мамлүктерді халифа айыптап, оларға «Егер яндердің аралығында билікті қолына алатын еркек таылмаса, оны бізге айтыңдар, біз сендерге еркек жібереміз! [1.363бет] дейді.
Сөйтіп, сұлтан Шаджарат ад – Дурр үш ай биліктен кейін 1250 жылдың тамыз айында Әмір Изз ад – Дин Айбекке күйеуге шығып, тақты күйеуіне босатады. Әмір Фарис ад-Дин Ақтай, Әмір Рукн ад-Дин Бейбарыс және Сайф ад -Дин қалауын Мәмлүк мемлекетін құруда орасан рол атқарған «Әл – Бахарийта» жасағаның ең беделді әмірлерінің сұлтан тағын өздеріне қарағанда әскери жағынан әлсіз «Ас — Салихийе» жасағының әмірі Изз ад- Дин Айбекке беріп қоюының негізгі себептерін сараласақ «Әл Бахарийа» жасағаның мықты әмірлері бірінен — бірі күдіктену себепті билікті өздерінен әлсіз адамның қолында болған өздері үшін дұрыс көрді, екіншіден, Шаджарат ад – Дурр сұлтан тағына түскен күнде де өзінің билігін сақтап қалу үшін мықты әмірге күйеуге шыққаннан гөрі, арасындағы ең әлсіз әрі келіскіш Айбекке шығуын тиімді деп санады.
Изз ад – Дин Айбек сұлтан тағына отыруына байланысты қалыптасқан дәстүрге сәйкес өзінің есіміне қоса «Әл – Муизз» деген лақап алады. Орта ғасыр араб жазба деректерінің Айбекке қатыты берген мінездемеге жүгінсек, ол «Ас – Салихйа» мәмлүктерінің арасында жасы, беделі мен ықпалы жағынан аса мықтысы болмауынан қарамастан, Мамлүктердің арасында өзінің дінишілдігімен және пікірінің саналығымен атақты еді [7.68 бет]. деуге болады. Сұлтан Ас – Салих Айуб әскерінде қызметте болған уақытында мамлүк Айбектің мансабы өсіп, сұлтан сарайында «Әл Джалиин» мансабына ие болды. Бұл арнайы мансап жөнінде орта ғасыр Мысыр тарихшысы Әл – Қалқаманда «Әл – Джаниин» мансабына ие болады, тағайындалған әмір сұлтанның алдына қойылған тамақ кен сусындарға «У» қосылуы мүмкін деген күдікпен, бәрінің дәмін сұлтаннан бұрын көруі қажет [7.69бет] – дейді Орта ғасыр Мысыр тарихшысы Әл-Қалқаманди.
Мысырда Ніл өзенінің жоғарғы ағысы мен «Аш Шарқия» шығыс аудандарында араб тұрғындары мекендеген. Арабтар мәмлүктер билігін мойындамай көтеріліс ұйымдастырады.
Сұлтан Айбек «Әл – Бахариия» мәмлүктерінің көмегімен араб көтерілісін жеңуінің нәтижесінде бұл жасақ мамлүктерінің беделі артады. Сұлтан Айбек Омардан құтылу амалын ойластыра бастайды. Осы жасақтың көздеген ол арабтармен соғысуға басқа біреуді емес, тап осы жаққа жіберген еді. Алайда, оның бұл айласынан өзі ойлағандай нәтиже шықпайды.
Биліктің басты тұтқаларын қолына алып алған Айбек өзінің беделі мен ықпалын күшейтуге әрекеттер жасап, маңызы зор төрт шараны жүзеге асырып үлгереді, олар:
- Сұлтан Айбек арнайы мәмлүк жасағын құрып оның атын өз лақабына сәйкес «Әл – Муззийа» деп қояды.
- Құтұз деген сенімді мәмлүгін сұлтанның орынбасары етіп тағайындайды.
- «Әл — Бахарийа» мәмлүктерін «Ар – Рауда» аралындағы тұрақты орналасқан мекендерінен шығартады.
- Сұлтан тағындағы өзінің кішкентай серігі Әл – Ашраф Мусаны тақтан түсіріп биліктен аластатады. Сөйтіп өзі күшті сұлтан бейнесінде көріне бастайды.
Әмір Ақтай сұлтан Айбекті жиындарда сынау мен бетіне басып айтуда алысқа кетіп, оған тек «Айбек» деп бетіне тура сөйлеуден тайынбайды. «Әл – Бахарийа» мәмлүктері тарапынан қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілген Ақтайды «ат үстіндегі билеуш» деген лақап қояды [13.35бет].
Сұлтан тағын өзіне сақтап қалу үшін басқа амалы қалмаған Айбек Ақтайдан құтылудың жалғыз жолы — оны өлтіру керек деген тоқтамға келеді.
Сөйтіп, 1254 ж. 27 қыркүйегінде ертеңгілік, бір маңызды мәселе бойынша ақылдасу керек деген хабармен Ақтайға адам жіберіп, қамалға келуін сұрайды. Ол қамалға келген уақытта оны өлтіру жайында өзінің «Әл — Муззийа» жасағанын мәмлүктерімен астыртын келісіп алады.
Әмір Ақтай өзінің бірнеше мамлүктерімен бірге «Әл – Джабаль» қамалына келіп, үлкен бөлмеге бет алғанда артынан қақпа жабылып, Ақтайды жалғыз қалдырады. Осы кезде, әмір Құтұз бастаған «Әл – Муззийа» мәмлүктері оған бас салып, қылыштарымен шауып өлтіреді [7.71бет].
Ақтайдың өлімі жайында хабар жете сала «әл- Бахарийа» жасағының Байбарыс әл – Бундуқдари, Қалауын әл – Әлфи және Санжар әл – Ашқари сынды беделді әмірлері қамалға қарай атанады. Олар қамалдың тұсына келіп басшыларын қайтарып беруді талап етеді. Осы кезде Айбек қамалдың үстінен оларға қарай Ақтайдың Шабылған басын лақтырады. Өздеріне қауіп төніп тұрғанын сезген мәмлүктер Шам еліне қашуға бел байлайды. Шам елінде олар Әл- Айубилер әулиетінің Халаб пен Дамаскінің билеушісі Ан Насыр Иусуфқа және Әл – Керк қаласының билеушісі Әл — Муғис Омарға әскери қызметке кіреді.
Әл – Айубилер әулетінің билеушілері мен өмірлері Мысырды мамлүктердің билігіне таршын алу үшін Ан – Насыр Иусуфтің шығармашылығыен Мысырға қарай аттанды. Мұны естіген Айбек қатері бибіт жолмен реттеуге шешім қабылдап, Әл – Айубилердің ашу — ызаын азайту үшін өзінің өмірлерімен ақылдаса отырып, Әл – Айуб әулиетінің мүшесі, он бес жасар Әл – Ашраф Мұсана өзінің сұлтандық билігіне серіктес етіп таққа отырғызып, оған атт беру рәсімдерін өткзеді.
Бір – ақ әл – Айубилер мұның артында алдамшы ойлап жатқанын сезіп Мысырға шабуыл жасауға дайындықтарын жалғастыра береді.
Әл – Айтубилерге қарсы соғысу үшін Айбек барлық мамлүк жерлерін бастап Қайырдан шығып 1251 ж. ақпан айында екі әскер – Балибис және Ас – Салихия қалаларының ортасында жатқан Әл – Абсса деген жерде кездеседі. Шайхастың ең қызған кезінде Ай – Насыр мамлүктері қарсы жақтағы мәмлүктердің үндеуімен мәмлүк әсерлеріне қосылып кетеді.
Сөйтіп, мамүлік әсерлері шайқасты жеңуін, қайырға көптеген тұтқындар алып келеді. [6.102бет].
Мұсылмандардың өзара жанжалдауын кресшілер өз мүддесіне пайдаланып қалу мақсатымен Ауис – ІХ Қайырға елшілік жіберіп,егер Мысырда ұсынылып отырған кресшілер мәселесін тез арада шешімін таппағын жағдайда өзінің Ан – Насыр Иусуфпен одақтасатынын хабарлап шарт қояды.
Айбек өз тарапынан Ауис – ІХ- мен достық байланысын нығайту мақсатымен оған елшілері мен сыйлықтар жібереді. Осыны пайдаланған Луис ІХ Мәмлүктерде қалып отырған қалған креші тұтқындарын төлемақысыз қайтаруын талап етеді.
Луис – ІХ мен Ай – Насыр Исусуфпен келісімсөздеріне кедергі жасау мақсатын көздеген Айбек 1352 ж. крестшілермен екі жақты келіссөздерді тез арада бастап, олардың қойған шарттарын қабыл алады, олар.
- Айбек Мысырда қалған кресші тұтқындарын бастауға келісім береді.
- Айбек тұтқындарды босатқаны үшін төленетін ақшаның қалған Луис ІХ – ға кешіреді.
- Айбек Әл – Құдыс жерлерінің Шығысындағы Иордан өзегіне дейінгі аумақты толығымен Луис ІХ – ға беруге уәде етеді. Мамлүк әскерлерінің Ан – Насыр Иусуфты, Әл – Абасса түбінде жеңді. Айбектің шарттарын қабылдаудың нәтижесінде Луис – ІХ Айбек жағына шығады.
Алайда, сұлтан Айбек пен Король Яуис — ІХ екеуі құрған мәмлүк — кресші әскери одағы айтарлықтай нәтижелерге әкелмейді.
1253 ж. басында мұсылман шығысына монғол шапқыншылығы тарапынан жаңа үлкен қауіп төнеді. Соған байланысты саяси жағдай күрт өзгереді. Аббас әулиетінің хамефасы Әл – Мустасим монғолдардың шапқыншылығына төтеп беру үшін бүкіл мұсылман әлемінің біріктіруге әрекет жасайды.
Айбектің өзінің әйелі Шаджарат ад – Дурр тарапынан қастандықтан қорқып, бірге тұруды қаламайды. Екеуінің арасында шеиеленістік барған сайын ұлғая береді.
Шаджарат ад – Дурр «Әл – Бахарийа» мәмлүктермен жақындығын пайдаланып, Айбекке жылы сөзді хат жазып, екеуі кездесу үшін «Әл – Джабаль» қамалына келуін сұрайды. Айбек бұл алдауға сеніп, 1257 ж. 24 – сәуірінде қамалға келген кезінде өлтіріледі келесі күні Айбектің өлімі жайында хабар таралып, «Әл – Муаззиа» мәмлүктер қамалға келіп, Шаджарат ад – Дуррды өлтірмекші болады, бір – ақ «Әл – Бахарийа» жасағының біраз мәмлүктері олардың арасына түсіп қорғап қалды. Алайда Айбектің 1 – ші әйелі оған қарсы кек сақтап, оған қарсы астыртын қастандық ойластырады. [13. 376 бет].
Сөйтіп, Шаджарат ад – Дуррдың «Әл – Бахарийа» мәмлүктері тарапынан қорғанысы әлсіреген кезде пайдаланып, оны ұстап алдына әкелгізеді. Оны ағаш аяқкиімдерінің өкешесімен басынан кеудесінен жан шыққанша ұрып өлтіруге бұйрық береді. Сосын оның жартылай жалаңаш өлігін қамалдық сыртындағы орға лақтырады, содан денесі үш күн жатқанан соң ғана оны жерлеуге рұқсат беріледі.
Елдің ішкі өмірінде мықты мәмлүк әмірлері арасында жан – жалдық өріс алып, таққа талас күшейіп тәртіпсіздік орнаған уақытта Айбектің оң қолы әрі орынбасары болған өмір Сайф ад – Дин Құтұз саяси сахнаға шығып, сұлтан тағына отырады.
1.2. Сұлтан Аз – Заһир Байбарыс Мысыр Мәмлүк мемлекетінің негізін қалаушы.
Сұлтан Құтұздың өлімінен кейін әмір Байбарыс әл – Бундукдаридің сұлтан тағына келуі заңды еді. Бір ағынан моңғолдарға қарсы батырларымен әйгілі болса, екінші жағынан «Әл – Бахарийа» жсағының ең күштісі әріаса беделді өмірі есептельді.
Оның үстіне , мамлүктер заманында «өлтіргенөлгеннің орнын басатын» басқа әмірлерге қарағанда өзінің артықшылығы, батырлығы мен беделі асқан мамлүк өмірі билікте үстемдік дәстүрлер кеңінен қалытастқан болатын Құтұзды өлтіруге қатысқан мамлүк әмірлері Байбарыстың билікке келуін бірауыздан мақұлдайды. Олар сұлтан тұрағына келгенде, оларды атабек өмір Ақтай әл – Мустараб қарсы алады. Әмірлер оған болған істі хабарлаған кезде, ол «Құтұзды араларында кім өлтірді? – деген сұрағына Байбарыс «Мен өлтірдім!» деп жауап береді. Атабек оған, «Хан сұлтанның мәртебелі орнына отырыңыз!» дейді. Байбарыс барын сұлтан тағына отырады. Оған сол жердегі мамлүк әмірлері мен әскерлерінен ешкім қарсы шықпай түгел акт береді. Бұл оқиға Ас – Салихия қамалында болады: [26. 45 бет].
Ибн Мас бұл оқиға жайында, Құтұз өлтірілгеннен кейін оны өлтіруге қатысқан Мәмлүк әмірлері қалыптарын қолдарына алып Ас – Салихиядағы сұлтан тұрғанша келеді. Олардың басында тұрған әмір сұлтандық орына отырып, мемлекет билігін өз қолына алды [22. 60 бет]. дейді.
Сөйтіп, іс қалай болғанда да, Бейбарыс билікті қолына алып, өзінің кейінгі тағдырын үлкен саяси оқиғалармен байланыстырады. Оның беделің алдында ешкім қарсы шыға алмай, әмірлердің барлығы оның билігін мойында, оған ант беруге мәжбүр болады.
Жаңа билеушіге ант бере сала оның сұлтан тағына отыру рәсімдерін Ас – Салихия қамалында өткізеді. Содан кейін сұлтан Бейбарыс Қайырға қарай аттанып, оған 1260 жылдың қазан айында келіп жетеді. Оларды қалаға кіре берісте әмір Изз ад – Дин Айдемір қарсы алды. Бейбарыс сұлтан сарайына кіріп таққа отырды. Сол кездегі қалыптасқан дәстүр бойынша, таққа жаңадан отырған сұлтанға мақтап беретін болған.
Соған сәйкес, сұлтан Бейбарысқа «Әл – Мәлик әл – Қаһир» яғни «Құдіретті патша» деген лақап беріледі.
Қайыр қаласында сұлтанның таққа отыру рәсімдеріне қатысқандардың арасында болған уәзір Зайн ад – Дин Иакуб ибн аз – Заһир сұлтан Бейбарысқа алған лақабын өзгерту жайында кеңес айтып, бұрын болған билеушілер арасында «Әл – Қаһир» лақапты алғанда өздерінің билігінде сәтсіздікке ұшырағанын хабарлайды. Байбарыс оның айтқан кеңесін қабыл алып, өзінің лақабын «Әл — Мәлік Аз – Захир» , яғни «Жарқын патша» деп өзгертіп, соған сәйкес Қайыр көшелерінде әл – Малик Аз – Заһирдің атын айтып жария қылсын деп әсір етеді. [25. 14бет].
Әскери соғыс майданда өзін тәжірибелі қолбасшы ретінде танытқан әмір Байбарыс сұлтандық билікке келе сала өзін алысты көре білетін данышпан саясатшы ретінде кеңінен мойындатты. Ортағасыр араб жазба деректеріне жүргінсек өзінің ақылдылығы, қайраттылығы, ержүректілігіне ерекшелігіне Байбарыстың бойында әділдік атқа мінерлік және батылдық қасиеттерімен кеңінен әйгілі болады. Ол билікке келген сәтінен бастап өзінің билігін күшейту мен негізі енді ғана нығайып келе жатқан мемлекетін және оның тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар маңызды шаруаларды жүрзеге асырды.
Олардың негізгілері:
- Сұлтан Байбарырыс сұлтандық билігін нығайту мақсатында мамлүк әмірлерінің барлығын өз қоластына басын қосады. Сонымен қатар қалық Бұқараны өзінің төңірегіне ынталанады. Бұл істі жүзеге асыруүшін ең алдымен мемлекетің жоғары лауазымды мансаптарына өзіне сенімді әмірлерді тағайындайды. Мәселен, әмір Фариз ад – Дин Ақтай әл – Мустарабты бүкіл мамлүк әскерінің «атабегі» , әмір лашынды бас «дауадар», әмір Балбан ар Рашидиді екінші дауада әмір Баһа ад – Дин Иакуб аш – Шаһрузуриді бас ахор, әмірі, әмір Айбек әл- Афрамды әмір «джандар» және т.б. әмірлерге көптеген лауазымдарды беру арқылы өзіне сенімді деген әмірлердің ризашылығын табады.
- Жергілікті халықтың қолдауын табу үшін сұлтан Бейбарыс Мысыр тұрғындары төлейтін салықты едәуір азайтты. Өзінің алдында билік еткен Құтұз сұлтанның монғолдарға қарсы соғысқа қажетті дайындықтар жасау мақсатымен енгізген салым – салықтарды мүлдем жояды.
- Мысыр түрмелерінде отырған саяси тұтқындардың бәріне кешірім жасап түрмеден босатады. Олардың арасында Құтыздың алдында сұлтан болған Айбектің ұлы Әли Малик әл Мансұр Нұр ат — Дин Әли оның анасымен ағасын түрмеден босатып оларды өзінен алшақтату мақсатында Византия еліне жібереді.
Өз мемлекетін нығайтуға бағытталған төрт шарасы ретінде барлық мұсырман әмірлерімен билеушілеріне хат жолдап онда Айн Джалут шайқасында жеңіске қол жеткізген мамлүк мемлекетінің әскери күш — қуаты Мысыр билігінде болып жатқан үлкен өзгерістер және Айн Джалут жеңілісінен кейінгі уақытта саяси жағдайлардың өзгергендігі жайын хабарлап Иемен патшасы мен барлық билеушілеріне хат жазады. [3. 71 бет].
Сұлтан Байбарыстың Мысыр мен Шам еліндегі күштердің бәрін бірігуге шақырған үндеуімен соны жүрзеге асыруға бағытталған шараларына қарамастан Мысыр мен Шам еліндегі біраз билеушілер тарапынан одан бөлінуге бет алса, ал біразы оның билігінде тікелей қарсы шығады.
Дамаскі қаласының билеушісі Алам — ад — Дин Санжар Қайырдағы биліктің ауысуына қарсы қарулы күреске аттанды. Оның бұл жолға түсуіндегі себеп:
- Әмір Санжардың дамаскі қаласының билеушісі етіп тағайындаған сұлтан Құтыздың өлімі;
- Әмір Байбарыстың басқа мамлүк әмірлерімен ақылдаспай және олардың келісімінсіз сұлтан тағына отыруы;
Осы жағдайларды басшылыққа алып, 1260 жылдың қараша айында Әмір Санжар сұлтан Байбарыстың билігін мойындамай өзі Дамаскінің тәуелссіз билеушісі етіп жариялап өзіне «Әл – Малик әл Муджахит» , күресуші патша деген лақап алды. Сондай – ақ Дамаскінің барлық мінделеріне оның атынан дұғалар айтыпоның атынан ақша шығарылады.
Әмір Санжар өзінің билгін нығайту мақсатымен Халат қаласының билеушісі әмір Хисам ад – Дин лашын әл – Азизиге, билеушісі Хамат қаласынының әмір – Мәлік әл – Мансуриге және Хомс қаласының билеушісі әмір әл – Малик әл – Ашраф Мусаға өз адамдарын жіберіп өзінің билігін мойындап қол астына өтуін талап етеді. Бірақ олар оның, бұл талабын қабыл алмайды. Оның себебін көпшілік тарихшылар олардың сұлтан Байбарыс қаһарынан қорқуынан деп түсіндіреді.
Шам еліндегі бұл әрекеттердің өзінің билігі үшін үлкен қауіп көрген сұлтан Байбарыс әмір Санжарға өз елшісін жіберіп оған хат жолдайды. Онда саяси жағдайдыдұрыс түсініп бөлінушілік бағытынан бас тартып сұлтанның билігін мойындауға шақырады. Бірақ әмір Санжар оның талабын қабыл алмай болашақ шайқастарға дайындалу мақсатымен Домаскі қаалсының бекіністерін күшейтуге кіріседі. [13. 45 бет].
Мұны көрген Бейбарыс бұл әрекетті тыюдың қажеттігін түсініп оған қарсы өінің ұстазын Әмір ала ад – Дин әл – Бундухтаридің қолбасшлығымен әскер жібереді. Бұл әскер әмір Санжардың қарсылығын күйретіп өзін тұтқындап 1261 жылы қаңтарайында Қайыр қаласына әкеліп «Әл — Джабаль» қамалына қамайды. Сұлтан Байбрыс оның өзіне қарсы шығу әрекетінің бәрін кешіріп түрмеден босатады. Домаск қаласның билеушісі етіп сұлтан өзінің ұстазын тағайындап оған өзі күдіктенген Әл – Азизийа және Ан – Насыррийа жасағының біраз әмірлерін тұтқынға алуға тапсырады. Олардың бірі әмір Шамс ад – Дин Ақуш әл – Бурили Халаб қаласына қашып оны басып алады. Біраз күш жинапалған ол Аз – Заһир Бейбарыс билігін тартып алу үшін мысырға аттанады. Бұл жайында хабар естіген Бейбарыс оған қарсы әскер жіберіп оны жеңіліске ұшратады. Әмір әл – Бурили Халаб қаласының сыртынақашады. Алайда көп ұзамай тұтқынға түседі. [14. 422 бет].
Сұлтан Бейбарыс саяси өмірінің алғашқы кезеңінде Қайырдың ішінде исламның «Шииа» тармағының өкілі әл – курани деген атпен белгілі адамның басшылығымен пайда болған ішкі қарсылық қозғалысына бетпе – бет келеді. Бұл адам өзінің құдайшылығын және аса діншілдігімен әйгілі болып өзінің айналасына жасырды сарай қызметшілерін және суддандықтарды жинап оларға байлық мүлік және «Иқта» яғни жерүлестіріп беруге әуде етеді. Мамүлктердің билігіне қарсы Хусн ад – Дин ибн Санаб әл – Маадия бастаған арабтардың қарулы көерілісін сұлтан Байбарыс кезінде талай мәрте бас көтереді. Олар өздерінің әскери дайындықтарының нашарлығымен соғыс өнерінде тәжірибесінің болмауында мамлүк жасақтарында әрдайым жеңіліске ұшырап отырды.
Бірақ, жеңілістерінен кейін арада көп уақыт өтпей қайта күш жинап алып көтеріліске қайта – қайта шығу елдегі тыныштықты бұзып көптген ауыртпалықтармен тәртіпсіздіктің себепшілері болды.
Хусы ад – Дин сұлтан Байбарыс билігіне өзінің көтерілісін 1261 жылғы қайта жандандырады. Бір ол жолы мамлүктердің қолына түсіп Александрия қаласында дарға асады. [14. 425 бет].
Сөйтіп сұлтан Бейбарыс билігіне қарсыбағытталған ішкі қарсылықтардың барлығын жеңіп «Әл – Бахарийа» мамлүктерінің мемлекетінің нығайту арқылы өзініңбилігінде едәуір нығайтып алады. Бағдад құлағаннан кейінгі бүкіл Ислам әлемі үшін рухани білік пен басшылықтың мекені болған аббас әулеті халифатының орныбос болуы мұсылмандардың рухына қатты әсер ету себепті сұлтан Аз – Заһир Бейбарыс қайта жандандырудың исалм әлемі үшін үлкен ролімен маңыздылығын түсініп оны қайта жандандыруға күшжігерін салады. Сұлтан Байбарыс аббас әулетінің халифатын қайта жандандырып оныңтұрақты орнын Қайырға ауыстыру арқылы оны бүкіл мұсылма әлемінің орталығына айналдыру жайында саяси жағынан аса маңызды істі жоспарлайды. Бұл жоспарды жүзеге асырудың артықшылықтары:
Біріншіден: Мамлүк мемлекеті монғолдарғақарсы соғыстардағы жеңістеріне қарамастан өзінің билігін рухани жағынан нығайтудахалифатты негізгі тірек еткісі келеді.
Екіншіден: Мысырдағы сұлтан тағын Шам еліндегі Ацубилерді бәсекелестігіне жәнемысырдағы әмірлердің билікке аастыртын қастаңдықтар ұйымдастыру арқылы келуіне жол бермеу үшін онырухани жағынан қоршау ретінде пайдалануға үлгерді.
Үшіншіден Ислам әлемінің алдында халифаттың қорғаны ретінде саяси сахнада мәртебелі орынғаие болып барлық мұсылман халықтарының назарын өзіне қаратқысы келеді.
Төртіншіден: Қайырда суниттік бағыттағы аббас әулеті орнауы шиттік бағыттағы Әл- Фатимилердің Мысырда өздерінің халифатын орнатуға күшжігерлерін көп жұмсаған әрекеттерінеқарсы мықты тосқауыл болады деп сенеді.
Бесіншіден: Абасс әулеті халифатының Қайырда орналасуы мамүлк сұлтанының мәртебесін ислам әлеміндегі басқа мемлекеттердің билеушілермен патшаларының алдындағы мәртебесі жоғары қояды. Оның үстіне ислам әлеміндегі халифат барлық биліктердің шығу орталығы есптелуі себепті «Сұлтан» атағын беру тек халифаның құзырында болып басқа билеушілердің барлығы ресми тұрғыдан сұлтан деген аттаққа ие бола алмайды. Бұл атақыты халифа Байбарыс береді.
Алтыншыдан: Халифаның қолдауымен тірегінесүйенген Байбарыс өзінің сұлтандық билігін діни жағынан нығайтумен қоса Мысырға көрші мемлекеттерге өзінің саяси ықпалын күшейту арқылы билігінің аясын кеңеййтуді жоспарлайды атап айтсақ.
Сөйтіп, сұлтан Байарыс 1261 жылдан бастап олайлаған жоспарын іске асыруғакірісіп сұлтан Құтыс халифа тағына отырғызмын деп ант берген Дамаскідегі Абасс әулетінің үрім бұтағы әмір Абу әл – Аббас Ахмады Қайырға шақырады. Бірақ ол шақыруды қабыл алмайды. Осы кездесұлтан Байбарысқа оның Домаскідегібилеушісі етіп тағайындаған әмір Ала ад – Дин әл- Бундухтари сұлтанға хат жазып онда аббас әулетінің басқа әмірі Абу әл –Қасим Ахмадтың монғолдардан қашып келгенін хабарлайды.
Бұл хабарды сұлтан Байбарыс өзінің жоспарын жүзеге асыру үшін туған ең қолайлы сәт деп қабылдап, ол болашақ халифаға қажетті қызметін бәрін көрсетіп мәртебесін жоғары құрметтеп оны күшейтілген қорлаушы жасақтарымен бірге Қайырға дейін жеткізіп салуға бұйрық береді. Қайыр қаласы Аббас әулетінің халифасын үлкен салтанапен қарсы алуға дайын дайындалады. Оның келуі жайында хабар келгенде сұлтан Байбарысөзінң жақын әмірлері сарай ішіндегі беделділері және ислам сотының жоғарғы қадилерімен бірге оның алдынан шығады. [21. 292 бет].
Аббас әулетінің халифасын қоршаған көпхалық Қайыр қаласының көшелеріндесалтанаттышеру ұйымдастырады. Аббас әулеті халифасының Қайырда қайта жандандырудың салтанатты рәсімдері жайында тарихшылардың көбісі бір оқиғаға басты назар аударады. Яғни һиджра жылының Раджап айының 13 – де Сұлтан Аз – Заһир Байбарыс «Әл – Джабаль» яғни тау үстінде орналасқан қамалдың үлкен сарайында ғалымдар әдебиетшілер, тарихшылар, қадилер, мемлекеттің лауазымды әмірлерінің бәрі және саудагерлер менқарапайым халықтың өкілдері қатысқан үлкен жыйын ұйымдастырады. Сондай – ақбұл жиынға ислам шейхы Изз ад – Дин ибн Абд ас – Салам және халифаныңтектік шежіресіне куәлік беру үшін оныңмен бірге еріп келген екі араб ақсүйектері қатысады. Жиналғандардың алдындаберген куәліктерін исалм заңдарының білгірлері және хидилері рессми құжатқа тіркейді.
Сосын, бас қади Тадж ид — Дин ибн Бина әл – Айзз бұл куәліктердің растығын шешімді бекітіп,бүкіл ислам әлемін халифасының билігін мойындап оған ант етеді. Оның артынша сұлтан Аз – Заһир оған, Алланың кітабы және оның пайғамбарының сүннеті алдында тек Алланың көрсеткен тура жолымен Аллаға жағымсыз істерден аулақ болып Алла жолында қасиетті «Джихад» соғысын үзбей жайғайстыруға Алланың берген байлығына тек хақысы барын ғана алып, жаратуға Алланың атымен ант береді. Одан кейін мемлекеттің барлық әмірлері жоғары лауазымды және халықың түрлі әлеуметтік топтарының өкілдері жиынғақатықанның бәрі Алланың атымен ант беріп жаңадан болған халифаға «Әл – Халифа әл- Мустансир Биллә» , яғни «Аланның қолдауымен жеңілпаз халифа» деген лақап береді.
Сұлтан Байбарыс Мысырдан басқа мемлекеттерді ң билеушілерімен әмірлеріне хат жазып жаңа халифаны мойындап оған ант беруді сондай – ақ мешіттермен мінбелерде айтылатын дұғаларда және ақшаларды шғартады. Өз тарапынан халифа Аз – Заһир Бейбарыс бүкіл исалам елінде оған қосылатын елдер және Алла Тағланың қолдауымен Бейбарыстың жаулап алынатын кәпірлердің халықтарын жерлерін бәрінің билеуісі етіп тағайындап сұлтан киімін кигізеді. [24. 100 бет].
Мамлүк мемлекетінің мәртебесін көтеріп өзінің билгін нығайту үшін сұлтан Бейбарыс халифатты Қайырдан жібермеу мақсатында монғолдармен болған соңғы шайқаста тірі қалған әмір Абу әл – Аббас Ахмадты Қайырға шақыртып 1261 жылы қараша айында оған ант беру салтанатты рәсімін өткізеді. Жаңа халифаға «Әл – Хаким Бламриллә» яғни «Алланың әмірінен болған билеушіде деген лақап беріледі. Халифа өз тарапынан Байбарыс сұлтан мансабына тағайындап оған «Хасим Амир әл – Муминин» — «Барлық мұсылмандардың әмірі» деген лақап береді.
Сөйтіп,сұлтан Аз – Заһир Байбарыс Қайырды аббас әулетінің халифатын екінші рет жандандырады. [27. 195 бет].
Сұлтан Бейбарыс сырттан келген жаудан қорғану және оған қарсы шабуылған шығуға негіз болатын мемлекеттік шетаймақтарымен теңіз форттарын нығайту үлкен көңіл бөледі. Монғол шапқыншылығы кезінде қираған бекіністермен қамалдарды қайта қалпына келтіріп күшейтіп олард әскери жасақ және қажетті қарау — жарақ пен азық – түлікпен қамтамасыз етеді. Сөйтіп Иордан өзенінің шығысынан бастап Әл – Асы өзеніне дейінгі аралықта қорғанысшегін құрады. Көрші християн мемлекетеріне бақылау орнату және олардың тарапынан облуы ықтимал шақыншылықтардан маңызды жолдарды қорғау мақсатында әскери қорғаныс мұрарларын сондай –ақ жауларының қимылдарын ол жайында тез хабар жіберу үшін мемлекеттің барлық аймақтарын астана мен байланыстыратын мәйек мұнараларын салдырып оларды қажетті әскери жасақтарымен жабдықтандырады. Егер бақылаушылар қрылыс немесе теңізшекараларының жанынан жауды басқаса мәйектің төбесіне түнгі уақыта от жағып ал, күндізгі уақытта түтін шығарып келесімәйек мұнараға хабар жіберіп ал ол келесіге жіберіп хабар Қайырға жеткенше мәйек тізбегі үзілмейді. [10. 445 бет].
Батыс мемлекеттері Мысырға қарсы жорық ұйымдастырғанжағдайда кресті әскерлерінің мысыр жеріне теңіз арқылы келіп түсуін қиындату үшін думият портындағы Ніл өзенінің құйымасын тастармен толтырып тастайды. Рашид портында бақылау мұнараларын тұрғызып Александрия қаласын бекініс дуалдарын күшейтіп соғыс мұнараларын қайта салдырады.
ІІ – ТАРАУ. ТАЯУ ШЫҒЫС МЫСЫР МӘМЛҮКТЕРІНІҢ ҚАРЫМ — ҚАТЫНАСЫ
2.1.Мәмлүк мемлекетіне Дешті – Қыпшақ арасындағы дипломатиялық қарым – қатынас.
Ұлан байтақ кеңістікте XIII ғасырдың басында орнаған. Алтын Орда мемлекеті мен Дешті-Қыпшақ арақатынасы мен оның тарихи атауларына байланысты қазіргі заман ғылыми айналымына енген түрлі пікірлер бар. Орта ғасыр араб саяхатшы-географтарының шығармаларында Еуразия даласы әр кезеңде түрлі атауларға ие болған. Негізінен, ол мұсылман
әлемінің шығыс және солтүстік жағынан түйісіп жатқан даланы мекендеген көшпенділердің ішінде әскери жағынан күш қуаты мықты, саяси беделі мен билігі артып тұрған тайпаның атымен белгілі болып, бұл атау сол өңірді мекен еткен көшпелі халықтардың бәріне ортақ деп есептеген. X ғасырда Арал өңірін араб географтары «Муфазат әл-ғузз», яғни «Оғыздар даласы» деп атаса, ал XI ғасырда қимақ-қыпшақ одағы тарапынан оғыздар Батысқа қарай ығыстырылып, бүл жерлер парсы жазба дерек көздерінде «Дешт-и Кипчак», ал араб деректерінде «Сахра әл-Қибчақ» (Қыпшақ даласы), деп атала бастайды. Орта ғасыр араб жазба дерек көздерінде парсы варианты кеңірек қолданыс тапқан. Алғашқы кезде, Қыпшақ даласы деген ұғым IX және X ғасырдың басында қимақ және қыпшақ этникалық және мемлекеттік ортақтастығы қүрылған Солтүстік Алтай және қазіргі Шығыс Қазақстанның аумақтарын қамтыды. Арада бір ғасырға жуық уақыт өткен соң, оғыздардың ығыстырылуына байланысты бұл жерлер парсы авторлары Насири Хусрау және Әл-Марвазидің (XI ғ.) шығармаларында жаңа атауға ие бола бастайды.
Русьтің шекараларына көшпенділердің жаңа толқындары туралы алғашқы деректер XI ғ. басына жатады. Бұл заманның жазба дерек көздерінің қатарына Лаврентьевтің жылнамаларын (1054 ж.) жатқызуға болады. [5. 16 бет].
Қыпшақтар Еділден асып, Дунай мен Днепрге дейін өздерінің иеліктерін кеңейтуінің нәтижесінде кейінгі орыс жыл-намаларында Ұлы дала «Половецкое поле» деген атаумен енсе, ал араб және парсы жазба деректерінде «Дешт-и Кипчак», немесе сирегірек қолданылған «Сахра әл-Кибшақ» атауларымен кеңінен танымал болады. XIII ғасырдың басында Қыпшақ даласы моңғолдар тарапынан жауланып, онда Алтын Орда мемлекеті құрылғаны тарихта белгілі. Осы уақыттан бастап, Дешті-Қыпшақ атауының тарихи-этникалық, жағрафиялық ұғымға айналуына қарамастан, мамлүк кезеңінің араб жазба деректерінде бұл атау Алтын Орда мемлекетінің синонимі ретінде қатар кеңінен пайдаланылып, ол — «Билад әл-Қибшақ», немесе «Мамлакат әл-Қибшақ», яғни «Қыпшақ елі», немесе «Қыпшақ мемлекеті» деп, ал оның хандары «Алтын Орда ханы» атаумен қоса «Қыпшак ханы», «Дешті ханы» деген атаулары қатар қолданыста жүрді.
Сондықтан, араб жазба деректеріне негізделген зерттеуімізде Алтын Орда және Дешті-Қыпшақ атаулары тең ұғымға ие болып, кейінгісінің жағрафиялық және этникалық мағыналары алдыңғысына қарағанда анағұрлым сыйымды, әрі ауқымды болуы себепті, Дешті-Қыпшақ түрінде пайдаландық.
Сұлтан Байбарыстың 1260 жылы билікке келуіне байланысты Мамлүк мемлекетінің сыртқы саясатында басқа елдермен қарым-қатынасында жаңа бағыттар орын алды. Олардың ішін-де, 1261 жылы Дешті-Қыпшақпен орнатқан эскери-саяси жэне дипломатиялық байланыстарының екі мемлекет үшін де тарихи жэне саяси орны мен рөлі ерекше үлкен мәнге ие болды.
Тақырыпты зерттеген араб тарихшыларының Дешті-Қыпшақ хандарының ішінде ерек-ше ілтипатқа ілінгендерінің ішінде Берке-хан мен Өзбек-ханды айрықша атауға тұрарлық. Ол түсінікті де. Өйткені, аталғаи екі ханның билігі кезінде екі мемлекет арасындағы байланыстар өзінің шырқау биігіне жетіп, өзара саяси кұдаласумен бекітілгені мәлім.
Екі мемлекет арасындағы байланыстардың орнап дамуына ыкпал еткен негізгі себептерді қарастырсақ, олардың біріншісі ол — әлемдік маңызы бар тарихи оқиғаларға толы XIII ғ., яғни саяси оқиғалардың тарихи алғышарттарының факторы ретінде Шыңғыс-хан империясының құрылуы мен күшеюі, кейінгі уақытта Жошы Ұлысы, яғни Алтын Орда мен Құлағу Ұлысының (Ирандағы Елхан мемлекеті) тарихи сахнага шығуы және соңғысының Таяу Шығыстағы араб-мұсылман әлеміне жасаған жорығы — Мысыр Мамлүк мемлекетінің сыртқы саясатындағы шешуші алғышарттың бірі болғаны анық. Екіншісі — Мысыр мен Шам еліне билігін жайған Айубилер әулеті мүшелерінің арасында өзара келіспеушілік пен қарама-қайшылықтардың шиеленісуінің нәтижесінде бүл өңірдегі әскердің саны түркі мамл үктерінің есебінен күрт көбейтіліп, XIII ғ. ортасына қарай Таяу Шығысқа Батыс Еуропа тарапынан кресшілердің жорықтары мен Шығыстан моңғол жаулаушылығына қарсы тойтарыс бере алатын бірден-бір әскери күшке айналуының нәтижесінде олардың әскери билікпен қоса, саяси билікті өз қолдарына алуына негізгі алғышарттары жасалды.
Ең алдымен Мысыр мен Дешті-Қыпшақ арасында достық қарым-қатынасқа деген ниет алғаш рет XIII ғасырдың 60-шы жылдарының басында Мысыр тарапынан білдіріліп, ол XIV ғасырдың аяғына дейін Мысырдың сыртқы саясатындағы Елхан мемлекетінің мәмлүк иелігіндегі аумақтарға бағытталған шабуылдарына тосқауыл қою үшін қажеттіліктен туып, Берке-ханның (1256-1266) ислам дінін қабылдауы Мысырдың алдына қойған мақсатына жетуін едэуір жеңілдеткен, мүмкін шешуші рөл атқарған фактор болуы да ықтимал.
Араб және мысыр зерттеушілерінің басым көбі қолдайтын, діни фактор да бүл мэселеде негізгілердің бірі болғанын мойындау керек. Бұл кезенді зерттеген кезде, жүзеге асырылатын кез келген саясат пен іс-әрекеттерді идеологиялық жағынан негіздеу және нығыздау үшін діннің рөлі өте күшті болғанын естен шығармаған жөн. Бастапқы кезде, өздеріне қауіп төндіріп тұрған Ирандағы моңғолдарға қарсы Алтын Орданы айдап салуда мамлүк сұлтандарының қолында «кэпірлерге қарсы қасиетті соғысқа шығу» үшін «Джихадқа» шақыру сияқты күшті идеологиялық қару болды. Алайда, арада 40 жыл өткен соң, XIII ғасырдың аяғы мен XIV ғасырдың басында Ирандағы Елхандар да исламды қабылдауына байланысты ол идеологиялық қару болудан қалады. Бұл жағдайды пайдаланып кейбір зерттеушілер екі мемлекеттің, яғни Мысырдың Дешті-Қыпшақпен жақындасуындағы діни фактордың рөлін кемітуге тырысады. Жоғарыда айтқандай, кейін-гі саяси жағдайдың өзгеруіне байланысты Иранға қарсы кейінгі соғыстарда діни фактор бірінші қатардан кетуіне қарамастан, бастапқы кезеңде ең басты болмаса да, негізгі себептердің бірі болғанын ескеру қажет.
Дешті-Қыпшақ ханы Берке-хан Жошы-ханның ұлы болғандықтан өзін әулеттегі үлкені есептеп, моңғол заңы бойынша Құлағудан өзіне бағынышты болуы мен құрмет көрсетуін талап етеді.
Шыңғыс-ханның заңы бойынша, еншілікке берілген жерлер толығымен оның иесінің құзырында болуына қарамастан, империя басындағы Ұлы ханға бағынышты болуы тиіс еді. Бастапқы кезде солай болады. Алайда, Шыңғыс-ханның империясы бірнеше дербес мемлекеттерге ыдырауы себепті мұндай жағдай ұзаққа созылмады.
Алтын Орда мемлекетінің негізін салған Бату-ханның кезінде Төле-хан екеуінің арасында ағайындық пен достық қарым-қатынас сақталып тұрған, жэне де Ұлы Моңғол империясының ішкі саясатында 1251 жылы Меңгуді Қара-Қорымда Ұлы хан тағына отырғызарда бәрі ауыз-бірлікте болғандығын көруге болады.
Қайыр мен Сарай арасындағы
дипломатиялық елшіліктердің қатынауы
Мысыр Мамлук мемлекеті мен Дешті-Қыпшақ арасындағы байланыстар тақырыбының ішінде дипломатиялық қарым-қатынастары өзіне ерекше назар аударуды қажет етеді. Бұл тақырыпта арнайы зерттеу жүргізген, жоғарыда аталған Әмин әл-Холидің «Силат бейна аннил уа әл-вулга» атты еңбегінде біршама зерттелген тақырыптардың бірі. Автор өз зерттеуінде екі мемлекет арасындағы дипломатиялық байланыстар тақырыбын Әл-Мақризи, Әл-Омари, Әл-Қалқашанди, Ан-Нуайри сынды орта ғасыр араб авторларының деректеріне кеңінен сүйенген. Алайда, ол бұл тақырыпты жалпылама қарастырып, дипломатиялық елшіліктердің қатынау жылдары, оны бастап барған елшілердің есімдері, негізгі тапсырмалары мен апарған сыйлықтардың тізімін берумен шектелген. Ол өзінің зерттеуінде кеңінен пайдаланған деректер мен дерек көздеріне галдау жасамаған.
Қарастырып отырған тақырыпқа қатысты негізгі зерттеулердің бірі ретінде, кітаптың тарихнама тарауында карастырған С.Закировтың «Дипломатические отношения Золотой Орды с Египтом ХІІІ-ХV вв.» атты еңбегін атадық және оның ерекшеліктері мен кемшіліктерін де атап өттік. Сонымен бірге, осы тарауда қарастырып отырган тақырыпқа арналған тұңғыш және бүгінгі күнге дейін жарияланған жалғыз зерттеу екенін тағы айта кеткен жөн.
Мәмлүк мемлекеті мен Дешті-Қыпшақ арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар тақырыбына жазылған арнайы зерттеуде автор бұл тақырыпты барынша ашуға тырысады жэне екі мемлекет арасындағы орын алған дипломатиялық елшіліктерді толығымен қамтиды. Алайда, зерттеуші Қайыр мен Сарай арасындағы дипломатиялық байланыстардың күшеюі мен әлсіреуінің негізгі кезеңдерін анықтамауға талпынбайды және оның себептерін ашып көрсетпеуі себепті бұл мәселе жан-жақты толық қамтылмаған.
Сұлтан аз-Заьир Байбарыс Берке-ханға 1262 жылы елшілікке Дешті-Қыпшақ елі мен оның тілін жақсы білетін мамлүк өмірі Күшбекті және Қыпшақ елінен жақында келген, Шариғат пен Ислам заңдарының білгірі Маджид ад-Дин мен Нафранды аттандырады. Сұлтан Байбарыс Берке-ханды бұл жолы да көпірлерге қарсы қасиетті «джихадқа» қатысуға шақырып хат жолдап, онда Мысырдағы ислам әскерлерінің күш-қуатын, оның этникалық құрамын сипаттап, Ислам әлеміндегі Мысыр сұлтанына бой ұсынатын патшаларды атап көрсетеді. Құлағудың жаулап алған жерлерінде мұсылмандарға қысымшылык пен зұлымдық көрсетіп жатқандығын, оның ісі Аллаға жеркенішті екенін және оған қарсы соғыспауға болмайтынын айта келе, Берке-хан әскерлерінің Мысырға келгенін, оларға үлкен сый-құрмет көрсетілгенін хабарлайды. Дешті елшілері Ордаға қайтарында сұлтан Аббас әулеті халифасының туыстарын елшілікке қосып сапарға аттандырады. Елшілермен жіберетін хатты жазу мэселесі бойынша үлкен жиын ұйымдастырып, оган Аббас әулетінің халифасы Әл-Хаким би-Амрилланы қатыстырып, елшілер сапарға аттанар алдында олармен бас қостырады. Бұл дерек екі билеуші арасындағы әскери-саяси жақындасудың діни жағының да аса күшті болғанын айқын көрсетеді.
Берке-хан сұлтан Байбарысқа жіберген елшілерімен бірге жолдаған хатында шүкіршілік пен мақтау, өзінің ризашылық сәлемін айтып, Құлағуға қарсы соғысқа әскери көмек сұрайды. Құлағу-ханның мұсылмандарға қарсы соғысы Шыңғыс-хан өсиет қылған «Ұлы Йаса» заңын бұзғандығы, деп жария етіп, оның күнәсі мен қылмысына қарсы Берке-хан өзінің төрт ағайынымен бірге Ислам орнату жолында барлык жақтан оған (яғни, Құлағу-ханға) қарсы соғысып жатқанын жеткізеді.
Халифа оларға лайық қымбат киімдерді сыйға тартып, сұлтан Байбарыс, Исламның киелі жерлері — Мекке, Медине және Құдыс мешіттерінің мінбелерінен сұлтанның есімінен кейін Берке-ханның есімі аталып дұға айтылсын, деген өмір жаздырады.
Берке-хан сұлтан Байбарысқа сол жылы елшілерін жіберіп, оны бастап келушілердің ішінде әмірлер — Арбұға, Артемір және Аунамаспен бірге Қайыр елшілігін бастап келген Шихаб ад-Дин Ғази болады.
Елшілер сұлтан Байбарысқа Берке-ханның хаты мен ауызша жолдауында Құлағу-ханның жеңілісіне ислам үмметінің қуанышын хабарлайды. Түркі-қыпшақ елі мен руларының Ислам дінін қабылдағанына қуанып, Ибн Шихаб ад-Дин сүлтанға Берке-ханның Құлағуға қарсы соғысының куәсі болғанын жеткізеді.
Сұлтан Байбарыс Берке-ханның елшілерін жылы қабылдап, оларга қымбат сыйлықтар тарту етеді. Халифа елшілерге Берке-ханга арнаган ауызша жолдауында Шариғат пен Алла жолындағы қасиетті «Джиьад» соғысы, Ислам дініндегі әділеттілік жайында және т.б. өсиеттерін айтып жеткізуді тапсырады.
Сол жылы сұлтан Байбарыстан Берке-ханға аттанған ел-шілікті бастап барғандар мамлүк өмірлері — Фарис ад-Дин Ақуш ас-Сауди әл-Асади және Аш-Шариф Имад ад-Дин Абд ар-Рахим әл-Хашими — Қайырға келген Берке-ханның елшілерімен бірге Сарайға аттанады. Берке-ханға жолдаған хатында сұлтан тағы да қасиетті «Джиьад» соғысы мен Алланың елшісі Мұхаммед Пайғамбардың жолына түсу, оған иман келтіріп, илану керектігі туралы және т.с.с. үгіт-насихатын айтады. Оған жіберген сыйлықтарының ішінде: Қасиетті Құранның «Осман нұсқасы», деп аталатын, қызыл атласпен капталып, ою-өрнектермен безендірілген нұсқасы; былғарымен астарланған қобдишаға салынған жэне оған піл сүйегі мен қара ағаштан жасалған, күміспен әшекейленген орындығы; кілемдер мен жайнамаздар; май шамдары; бір жираф; есектер; жүйрік араб түйелері; қымбат бағалы сыйлықтар; Александриялық киім-кешектер; қылыштар мен найзалар; садақтың жібек шектері; тұлпарлар, үзеңгілер мен ертоқымдар; үйретілген маймылдар; Африкадан әкелінген кара нәсілді құл қызметшілер; аспазшы құл әйелдер; жіберілген хайуандардың қараушылары және т.б. Яғни, Мысыр елінде бар ғажайып пен қызықты заттарды көптеп жібереді. Оларға арнайы үлкен кеме даярлап, оған саналуан түрлі қымбат сыйлықтар жинап, оларға көптеген теңіз әскери мәмлүктерін қосып, бір жыл мерзімге жабдықтап сапарга аттандырады. Бірақ, бұл елшіл ік Константинопольде ұзақ уақыт кідіріп қалады. Сол себепті, Қайыр мен Константинополь арасында саяси шиеленіс орын алады.
Сұлтан Байбарыстан Берке-ханға 1264 жылы елшілік жіберіліп, оны Шуджа ад-Дин ибн ад-Дайа әл-Хаджиб бастап барады. Онымен жолдаған хатында, Константинополь әміршісі Әл-Сакрисидің (араб деректерінде бұл есім Әл-Ашкари деп берілген. автор) сұлтан Байбарысты Қыпшақ елінің патшасы алдында араға түсуіне өтініш білдіруі себепті Берке-ханның Константинопольге қарсы шабуылдарын тоқтатуын сұрайды. Елшілікпен бірге Берке-ханга арнап «омра» (Кіші қажылық, автор) жасаған Құран аяттары мен Хадистер жазылған үш сәлде (омраға барғандағы киім автор), «Зәм-зәм» суы құйылған екі құмған, бальзам майы және т.б. діни мағынасы бар заттар жібереді.
Сұлтан Байбарыстан 1267 жылы Берке-ханның ағасының баласының баласы — Мүңкетемір-ханға елшілерін жіберіп, Берке-ханның қазасына байланысты көңіл айтып, Мүңкетемірдің таққа отыруына өз құттықтауы мен арнайы сыйлықтарын жібереді. Бүл елшілік Берке-хан қайтыс болған кезде, Қайырда сұлтан Байбарыстың алдында болған Сарай елшілерімен бірге сапарға аттанады.
Мұңкетемір-ханнан сұлтан Байбарысқа 1271 жылы елшілік аттандырылып, олармен жолдаған хатында Мүңкетемір сұлтан жауларын өзінің жауы санайтынын және сұлтанды өте құрметтейтінін хабарлап, Құлағуға қарсы соғысуға әскери көмек сұрайды. Құлағудың қолындағы бүкіл мұсылман елдері сұлтандікі болуы қажет, деп жазады.
Сұлтан Байбарыстан Мұңкетемір-ханға 1272 жылы жіберілген елшілікті әмір Сайф аддин ас-Сауаби әл-Михмандар және Бадр ад-Дин ибн Азиз әл-Хаджиб бастап барады. Елшілік Қайырдан қайтқан Сарай елшілерімен бірге сапарға аттанды. Елшілікпен бірге жолданған саяси хатында Құлағудың ұлы Абақаның әрекеттері мен оның жеңілісі туралы хабарлайды.
Мүңкетемірге арнайы кымбат сыйлықтар, оның өзі сұратқан дәрілер мен дэрілік шөптер жіберіледі.
Сарайда Мүңкетемір қайтыс болып, таққа Таданмүңке отырады.
Таданмүңке-хан сұлтан Қалауынға 1283 жылы жіберілген елшілікті Қыпшақ еліндегі ислам заңдарының білгірлері Маджид ад-Дин Ата мен Нур ад-Дин Ата бастап барады. Олармен бірге сұлтанға жолдаған хатында өзінің ислам дінін қабылдағаны мен такқа отырғанын хабарлап, жіберген елшілері қажылық жасап қайтуын өтінеді. Ауызша жолдауында Таданмүңке хан халифа мен сұлтанға өзінің елшілері арқылы екеуінің ортақ жауларына қарсы соғысатындығын жеткізуді тапсырады. Ханның сұрауы бойынша екі елші қажылық жасап қайтады.
Таданмүңке-ханнан сұлтан Қалауынға 1286 жылы жіберілген елшілерінің құрамына содан үш жыл алдындағы жіберілген елшілігіне қатысқан, сол келуінде сұлтан қаржысына Мысыр кереуенімен қажылыққа барған, ислам діні мен заңдарының білгірі Маджид ад-Дин Атаны жібереді. Сұлтан Қалауын қалағанның барлығын жауапсыз қалдырмайтындығын хабарлайды.
1304 жылы Тоқтай-ханнан сұлтан Қалауынның ұлы сұлтан Ан-Насир Мухаммад ибн Қалауынға елшілік жіберіліп, оны әмір Қарақшы бастап барады. Елшілікпен бірге көптеген сыйлықтар мен тартулар, жасөспірім мамлүктер мен құл әйелдерді қосып жібереді. Тоқтай-ханның бітіспес жауы Ғазан-ханға қарсы соғысқа аттануын сұрайды. Харбанды қаласын қоршауға алып, оның елін талқандап тастаудың қажеттілігін айтады.
Сұлтан Ан-Насир ибн Қалауын Тоқтай-ханға елшілері Бадр ад-Дин Икміш жэне Фахр ад-Дин аш-Шамсиді жібереді. Бұл елшілік Қыпшақ елінен келген елшілікпен бірге 1306 жылы Сарайға аттандырылып, сұлтан Ан-Насир оған өзінің жауабында Харбанды елімен бейбітшілік келісім орнатқандығын және оны бұзудың лайық емес екендігін хабарлайды.
Тоқтай-ханнан сұлтан Ан-Насирге 1310 жылы жіберілген елшілікті Ала ад-Дин Али бастап барады. Сұлтан Ан-Насирдің сұлтан тағын қайтарып алуымен және Тоқтайдың қарсыластарын жеңуімен құттықтайды.
Өзбек-ханнан сұлтан Ан-Насирге 1314 жылы жіберілген елшілікті Берке-ханның балалары мен ұрпақтарынан, барлығы 174 адамнан құралған елшілікті Манғуш бастап барады. Бұл елшілік оның алдында Сарайға келген сұлтан Ан-Насирдің елшілігімен бірге аттандырылады. Сұлтанға жолдаған хатында сүйек жаңғыртып өзара құдаласуға ұйғарым жасалып, өзінің алдында болған Тоқтай-ханның қызына үйленуін ұсынады.
Сұлтан Ан-Насир Өзбек-ханға 1316 жылы елшілік жіберіп, оны елшілері Ала ад-Дин Айдоғды, Хусейн ибн Сары және Мысыр копты христиандарының патриархы бастап барады. Елшілік Өзбек-ханның елшілерімен бірге Қайырдан Сарайға сапарға шығып, өздерімен бірге көптеген сыйлықтар мен тартулар, оның ішінде маталар, соғыс құрал-саймандарын, алтын үзеңгілер мен ертоқымдары бар жүйрік тұлпарлар, алтынмен безендендірілген мысыр қылыштарын апарады. Бұл елшілік 1314 жылгы елшілік алып келген қүдаласу жайындағы ұсыныс үлкен маңызға ие болып, оларға керемет қымбат сыйлықтар берілгеніне қарамастан, Сарай жағы қалыңмал мен құдаларды күту мерзіміне келгенде анық жауабын бермейді.
Өзбек-ханнан 1319 жылы сұлтан ан-Насирге жіберілген елшілерінің ішінде көптеген қариялар, жоғары мансапты дәулер, Өзбек-ханның имамы Бурхан ад-Дин, Сарай қаласының қадиі, қыз-ханзадалар жэне 150 ер азаматтар болады. Елшілікпен қосып 60 күл әйелдер мен үш мың мәмлүк сыйға жіберіледі.
Осы жылы Мысыр жеріне келін және онымен бірге қымбат сый, тартулар келіп жетеді. Келін мен елшілердің Қайырға келуіне байланысты ұйымдастырылған күтіп алу салтанаты мен жайылған дастархандарыныңбайлығы мен молдыгы сол заманғы орта ғасыр деректерінде ерекше сипатталған. Ол жайындагы деректердің хабарлауынша: «ол барлық замандар мен барлық жерлерде болған ең үлкен той-думандармен бәсекеге түсе алады». [4.69 бет].
1334 жылы Өзбек-хан сұлтан Ан-Насирге аттандырған елшілерімен бірге оған хат жолдап, онда Өзбек-ханның ағасының қызы, қыпшақ ханзадасы жайлы сұлтанға айып тақты. Хаттың мазмұны — Ан-Насирге қалындыққа жіберілген хан әулетінің тандаулы қыздарының бірін өзінің қажеттілігіне лайық болмаған жағдайда сұлтан оны, яғни ханзаданы алған жеріне қайтаруга міндетті екендігі айтылады.
Бұл хат және оған жауап жайындағы ресми деректер көмескі және ол туралы анық мағлұматтар келтірілмейді. Сол заманның бірқатар тарихшыларының хабарлауынша, екі мемлекеттің билеушілері арасында 1328 — 1336 жж. аралығында хат жазысу тоқтап қалған.
Сұлтан Ан-Насир Сарайға 1336 жылы жіберген елшілігі Сыр Тоқтақай жэне Хауаджа Омардың бастауымен Өзбек-ханға арнайы қымбат сыйлықтар жэне сол елден мамлүктер мен құл әйелдер сатып әкелу үшін 20 мың алтын динар ақшамен сапарға аттандырылады.
Өзбек-хан тарапынан Қайырға 1338 жылы жіберілген елшілікті Музаффар ад-Дин ат-Таджир бастап барып, елшілік өзімен бірге көптеген мамлүктер мен құл әйелдер алып келеді. Олардың біразы Орданың беделді екі әмір бекзадасынан, ал біразы өзінің елшісі Музаффар ад-Дин ат-Таджирден сұлтанға тарту етіледі.
Өзбек-ханнан сұлтан Ан-Насирге 1338 жылы аттандырылған елшілік 1336 жылы Сарайға елші болып келген Сыр Тоқтақаймен бірге 153 адамнан тұратын елшілікпен бірге сапарга шығады. Сұлтан Ан-Насирдің қыздарының бірін Өзбек-ханға қалыңдыққа беруін сұрайды. Бірақ, Өзбек-ханның бұл сұрауына қайтарған жауабында сұлтан қыздарының әлі кішкентай, ең үлкенінің жасы алтыда болуы себепті ханның бұл сұрауын орындай алмайтынын және жасы кәмелетке жеткен соң жіберетіндігін хабарлайды.
1340 жылы сұлтан Ан-Насир Мұхаммад Ибн Қалауын қайтыс болады.
Жәнібек-хан сұлтан Ан-Насирдің таққа отырған баласы Хасан ибн ан-Насирге 1342 жылы әмір Қара-Бахадур бастаған елшілігін аттандырып, онымен бірге сыйлықтар мен тартулар, оның ішінде, алты сұңқар, аңшы құстар, мамлүктер, түркі әйел құлдар және бұлыңғыр терілері жіберіледі.
Сонымен, ХІІІ-ХV ғасырларға жататын аутентивті араб жазба деректері Мамлүк мемлекеті мен Дешті-Қыпшақ арасындағы дипломатиялық қатынастар туралы келтірген мағлұматтардың негізінде екі мемлекет арасындағы дипломатиялық байланыстардың ең дамыған кезендерін анықтадық. Олардың ішінде сұлтан Байбарыстың билік еткен кезін, нақтырақ айтсақ 1261-1277 жж. аралығын ерекше атауға болады. Өйткені, бұл кезең екі мемлекет арасындағы әскери-саяси байланыстар мен дипломатиялық қарым-қатынастардың негізі қалануымен қоса, саяси жақындасудың ең жоғары деңгейіне, яғни сұлтан Байбарыстың Берке-ханның қызына үйленуі арқылы саяси құдаласуды жүзеге асырды. Сөйтіп, Мамлүк мемлекеті мен Дешті-Қыпшақ арасындағы байланыстардың ең күшейген кезінің алғашқысы, әрі ең мықтысы Мысырда сұлтан Байбарыстың, ал Дешті-Қыпшақта Берке-хан және одан кейін билікке келген Тоқта-хан биліктері кезеңін жатқызуға болады. Сонымен қоса, бұл кезендегі екі мемлекет арасындағы жақындасуда белгілі жағдайда діни фактордың әсерінің күшті болғанын ерекше айту керек.
Дипломатиялық байланыстар 1279-1290 жж. аралығында билік еткен сұлтан Қалауынның кезінде де мықты болды. Сұлтан Қалауын ішкі саясатта да, сыртқы саясатта да сұлтан Байбарыстың салып кеткен жолын берік ұстанды және Дешті-Қыпшақпен байланыстарын одан әрі нығайтуга атсалысты. Алайда, оның кезінде бұл қатынастарда елеулі ерекшеліктер байқалмады.
Мәмлүк мемлекеті мен Дешті-Қыпшақ арасындағы дипломатиялық байланыстардың жаңа карқынмен күшею кезеңі Мысырда билікке сүлтан Ан-Насир Мухаммад ибн Қалауынның келуімен байланысты болды. 1293-1341 жж. аралыгында Мысыр тағына үш мәрте келіп, барлығы 41 жыл билікте болған сұлтан Ан-Насир Мухаммадтың Дешті-Қыпшақпен байланыстары ерекше орынға ие. Ол Дешті-Қыпшақ ханы Өзбек-ханның билігі кезінде онымен ерекше тығыз қарым-қатынастар жасасты. Бір жағынан, аталған екі билеуші кезінде екі жақты дипломатиялық қарым-қатынастардың ең бір күшейген кезі болуымен қатар, бұл кезеңде бірқатар жағымсыз мәселелерге қатысты бір-біріне сын мен айып таққан фактілер болғаны да белгілі. Атап айтсақ, 1321 жылы Мысыр сұлтаны Ан-Насирге Өзбек-хан оның Елхан мемлекетіне қатысты әскери позициясы туралы ащы сын айтса, ал 1334 жылы сұлтанға қалыңдыққа жіберілген хан тұқымының ханзадасы туралы тағы айып тағылады. Алайда, бұл жағдайлар екі мемлекет пен олардың басшылары арасындағы қарым-қатынастарға айтарлықтай кері әсерін тигізбегенге ұқсайды. Себебі, екеуінің арасындағы дипломатиялық байланыстар үзілмейді және үлкен саяси мәселелерге қатысты қайшылықтар тудырмайды. Дегенмен, екі билеуші арасында жоғарыда атап өткен мәселелердің орын алуына қарамастан, сұлтан Ан-Насир мен Өзбек-ханның биліктері тұсында екі мемлекет арасындағы саяси байланыстар өте күшті болды жэне дипломатиялық елшіліктер жиі қатынауымен қоса, олардың алдына қойылған мәселелер де аса маңызды болды.
2.2.Алтын Орданың жақындасуының саяси және әлеуметтік алғашарттары.
Екі мемлекеттің жақындасуына түрткі болған басты себептері мен алғышарттарды қарастырсақ, олар төмендегідей болады:
Біріншіден, Таяу Шығыстағы мұсылман елдерінде IX ғасырдан бастап әскери жасақтарды түркі текті мамлүктерінен құру бұл өңірдегі түркілердің саны жағынан көбеюімен қоса көшпелі түркі-қыпшақ мәдениетінің енуі де кеңінен етек алғаны сөзсіз. Бұл үрдіс әсіресе ХІІ-ХІІІ ғасырлардағы кресті жорықтары мен Таяу Шығыстағы Әл-Айуби әулеті билеушілерінің өзара соғыстарының салдарынан аса күшейе түсті. Соньщ нәтижесінде әскери қызметтеріне байланысты мемлекеттік істерге кеңінен араласуға мүмкіндік алған мамлүк әмірлерінін беделі мен ықпалы да едәуір артқаны тарихтан белгілі. Мамлүктердің әскери және саяси жағынан күшеюі олардың билікке келуінің бірден-бір алғышарты деп кабылдауға болады. Өйткені, Таяу Шығыс пен Мысыр елінде мәмлүктердің талай мәрте билікке келіп, тәуелсіз мемлекеттер құрғаны осыны дәлелдей түседі. Сонымен, Мысыр еліндегі түркі мәмлүктерінің мемлекеттік билікке келуін кездейсоқтық ретінде қарастыру түбегейлі түрде қате пікір деуге болады.
Екіншіден, Шыңғыс-хан құрған империяның күшеюі және одан кейінгі уакытта Жошы ұлысы (Алтын Орда) мен Құлағу ұлысының (Ирандағы Елхан мемлекеті) тарихи сахнаға шығуының және олардың бір-бірімен жауласуға толы қарым-қатынастары ХІІІ-ХІУ ғасырлар тарихының басты бағытын белгілеп берді. Елхан мемлекетінің Таяу Шығыстағы мұсылман иеліктеріне ша-буылдары Мамлүк мемлекетінің Алтын Ордамен жақындасуы-на негізгі себебі болды деуге болады.
Мысырда мамлүктердің билікке келуі, Дешті-Қыпшақта Алтын Орданың, ал Иранда Елхан мемлекетінің орнауының нә-тижесінде ХІП-ХІУ ғасырлардың басты саяси оқиғалары осы үш мемлекеттің өзара қатынасының нәтижесінде дамыды.
Шыңғыс-ханның ұрпақтары — Жошы және Құлағу әулеттері арасындағы бір ғасырға созылған қиян-кескі соғыстар, Қазан теңкерісіне дейінгі және кейінгі зерттеулерде бірсыпыра ашылған. Мәселен, Н.И.Веселовский «Хан из темников Золо-той Орды Ногай и его время» атты ецбегінде Алтын Орданың Мамлүк мемлекетімен байланыстар тақырыбына жол-жөнекей ғана тоқталып, В.Тизенгаузеннін деректер жинағынан келтірген үзінділерді деректанулық талдаудан еткізбей, өзінің назарын не-гізінен Ноғайдың жеке түлғасын ашуға бағыттайды.
Академик Б.Д.Греков және А.Ю.Якубовскийдін «Золотая Орда и ее падение» атты зерттеуі жоғарыда аталған тақырып-тың бірнеше мәселесін ғана қозғап, Жошы үлысы мен Құлағу мемлекетінің қарым-қатынастарын нақты зерттеуді мақсат етіп қоймаса да, Берке мен Құлағудың арасында басталып, ал кейін олардың ұрпақтарымен жалғастырылған үзақ мерзімді әрі қиян-кескі соғысы — Алтын Орда мен Мамлүк мемлекеті арасында өте тығыз дипломатиялық байланыстардың пайда болуына әкеліп соққан басты фактор деген саяз тұжырымға келеді.
Осы мәселені А.А.Али-Заде өзінің «Борьба Золотой Орды и государства ильханов за Азербайджан» атты мақаласында қозғап, екі мемлекет үшін де Әзірбайжанның маңыздылығына басты назар аударып, мәселеге негізінен экономикалық тұрғыдан келіп, Жошы мен Құлағу ұлыстарының әскерлері арасындағы Әзірбайжан жерінде болған соғыс қимылдарын қарастыра отырып, екі мемлекет арасындағы соғысқа апарған бұл шиеленіс Алтын Орданың Мысырмен жақындасуына негізгі себеп болды деп есептейді.
Араб жазба дерек көздерінде келтірілген дәлелді ақпараттардың негізінде, сондай-ақ араб және мысыр зерттеушілерінің басым көпшілігі тарапынан мойындалған діни фактордың жоғарыда аталған үш мемлекеттің арасындағы карым-қатынастардың қалыптасуы мен даму барысына елеулі әсерін тигізгенін на-зардан тыс қалдыруға болмайды. Орта ғасырда кез келген саясат пен іс-шараны идеологиялық жағынан негіздеу мен мықтылау үшін діннің рөлі өте күшті болғанын естен шығармаған жөн. Бастапқы кезде, өздеріне қауіп төндірген Ирандағы моңғолдарға қарсы Алтын Орданы айдап салуда мамлүк сүлтандарының «Джихад», яғни «кәпірлерге қарсы қасиетті соғыс» сияқты үн-деу олардың қолындағы мықты діни идеологиялық қару ретін-де пайдаланғаны белгілі. Алайда, арада 40 жыл өткен соң, XIII ғасырдың аяғы мен XIV ғасырдың басында Ирандағы Елхандар да исламды қабылдауына байланысты ол идеологиялық қару болудан қалды деуге болады. Осы жағдайды пайдаланғысы келген кейбір зерттеушілер екі мемлекеттің, яғни Алтын Орда мен Мы-сырдың жақындасуындағы дін факторының рөлін кемітуге тырысады. Кейінгі саяси жағдайдың өзгеруіне байланысты Иранға қарсы соғыстарда діни фактор бірінші қатардан кетуіне қарамастан, бастапқы кезеңдегі оның ең басты болмаса да негізгі себептердің бірі болғанын ескеру қажет.
Мысырдың Алтын Ордамен одақтас болуға мүдделі болға-ны туралы Б.Шпулер, 1260 жылдың 3-қыркүйегінде Айн-Джа-лут деген жерде (Палестина) мамлүктер Құлағудың әскерлеріне күйрете соққы бергеннен кейін Мысыр тағына отырған сүлтан Әл-Мәлик аз-Заһир Байбарыс (1260-1277) езінің ымыраға келмес қасжауына қарсы түру үшін одан да күшті одақтас табуға зәру мұқтаж болды. Сүлтан Байбарыс бұл рөлге Алтын Орданы табады және де одан басқасын табу сірә мүмкін де емес еді деп түйеді.
Бір-біріне карсы соғыска кірген екі әулет те ездерінің тегін Шыңғыс-ханнан алады. Жошы оның үлкен үлы болса, ал Құлағу -кіші баласы Төледен туған немересі. Бірқатар зерттеушілер Алтын Орда мен Елхан мемлекеті арасындағы шиеленіс пен әскери қақтығыстарға түрткі болған негізгі себептерінің түйіні әулет ішіндегі өзара бәсекелестікте жатыр деген тұжырымдар айтады. Алтын Орда ханы Берке хан Жошы ханның ұлы болғандықтан өзін әулеттегі үлкені есептеп, моңғол заңы бойынша Құлағудан өзіне бағынышты болуы мен қүрмет көрсетуін талап етеді.
Шыңғыс-хан көзі тірісінде жаулап алған үлкен империясын үш үлының арасында — Жошы, Шағатай және Үкітайға бөліп береді. Ал кенжесі Төленің еншілігіне дәстүр бойынша әкесінің ата-мекені — Монғолияның солтүстік бөлігі тиеді.
Шыңғыс-хан қайтыс болғаннан кейін оның ұрпақтары арасында өршіген бәсекенің негізгі себептерінің бірі ретінде В.Бартольд оның (Шыңғыс-ханның) көзі тірісінде ұлдарының арасында бөліп берген еншілерінің ара-жігін анық ажыратып, белгілеп бермеуінде жатыр [17. 58бет]. деген тұжырым айтады. Шыңғысханның заңы бойынша еншілікке берілген жерлер толығымен оның иесінің құзырында болуына қарамастан, им-перия басында отырған Ұлы ханға бағынышты болуы тиіс еді.
Бастапқы кезде солай болды. Алайда, Шыңғыс-ханның импе-риясы бірнеше дербес мемлекеттерге ыдырауы себепті мұндай жағдай ұзаққа созылмады [17. 59бет].
Алтын Орда мемлекетінің негізін салған Бату-ханның кезінде Төле-хан екеуінің арасында ағайындық және достық қарым-қатынас сақталып түрған. Және де ұлы Моңғол империясының ішкі саясатында 1251 жылы Меңгуді Қара-Қорымда Ұлы хан тағына отырғызарда бәрінің ауыз бірлікте болғанын көруге болады. Алайда, Иран жерінде Құлағудың құрған жаңа мемлекетінің дүниеге келуімен олардың арасындағы достық жауласуға айналғаны белгілі.
Сондай-ақ, Бартольд бұл соғыстың басталуына түрткі болған тағы бірнеше негізгі себептердің қатарына Жошы әулетінің Арран және Әзірбайжан жерлеріне иемденуге ұмтылуы, Берке-ханның Құлағумен қарым-қатынасында әулеттегі өзінің ағалығын пайдаланып, онымен қарым-қатынаста тәкәппарлық пен үлкендігін көрсетуі, Берке-ханның Иранға жіберген бірнеше бекзадалары мен колбасшыларының кенеттен қаза болуында «оларды у беріп өлтірді» деген күдігі, Берке-ханның өзін Құлағудың жауыздығынан ислам үмметінің қорғаушысы деп жариялауын жатқызады [11. 7бет].
Шыңғыс-ханның тірі кезінің өзінде, 1219-1223 жылдары моңғол әскерлерінің Сүбітай бастаған алдыңғы жасақтары Иран жеріне кірген. Алайда, оны толық жаулап алуды іске асыру тек.
Меңгу-ханның тұсында ғана мүмкін болады. Меңгу-хан Иранды жаулап алуды ортақ моңғол ісі деп кдрастырып, бұл жорықты Құлағуға баскаруды тапсырады. Оған барлық ұлыс әскерлерінің қатысуына бұйрық етеді.
Бұл жорық туралы білген Берке Бату-хан арқылы оны болдырмауға әрекеттенеді. Оның себебіне қатысты бірнеше пікірлер бар. Оның біреуі бойынша — саяси тұрғыдан, егер Иранды жаулап алу сәтті аяқталса, онда Алтын Орданың оңтүстігінде өзіне бәсекелес ірі әрі күшті мемлекеттің пайда болуы оның мүддесіне сай келмеді дегенге саяды.
Орта ғасыр тарихшысы әл-Омаридің пайымдауынша, Беркенің мұсылмандықты қабылдауына байланысты Құлағу екеуінің арасында ауызбірлік болмады, өйткені бұл кезде ол Бағдадта отырған халифамен достык және одақтастық қарым-қатынаста болуы себепті, мұсылман елдеріне қарсы жорықты қолдамады [1. 223бет]. . Кезінде Меңгу-ханның бұйрығы бойынша Құлағудың жорығына көмек ретінде әскерлер жіберген Бату-хан қайтыс болған соң, Алтын Орда тағына отырған Берке-хан екі жылға жуық Құлағу әскерлерінің жылжуына барынша кедергі жасаумен болады.
1256 жылдың 1-қаңтарында Құлағу өз әскерлерімен Амудариядан өтіп, өзінің алғашқы әскери-соғыс қимылдарын Иран жеріндегі Исмаилиттерді күйретуден бастап, олардың 40-тан астам бекіністері мен қамалдарын басып алады. Исмаилиттерді бағындырған Құлағу өз әскерлерін Араб халифатының орталығы — Бағдадқа қарай бағыттайды. Ол кезде билік басында халифа Әл-Мустасим (1242-1258) отырған еді. Бұл кезде Бағдад халифаты саяси және әскери жағынан әлсіз халде болатын. Оның әлсіздігі, Закировтың пікірінше, ең алдымен, ғасырлар бойы жиналған едәуір байлықтарды халифа Әл-Мустасим әскердің санын көбейту арқылы күшейтуге және Батыс кресшілерімен талай соғыстарда әбден шыныққан мамлүк қолбасшыларын шақыруға ақшасы мен мүлігін аяп қалған сияқты [12. 9бет]. дейді.
1258 жылдың 10-ақпанында Бағдад қаласы моңғол әскерлерінің қолынан құлап, ондағы бар байлық жеңушілердің олжасына түседі. Жаулап алынған Иран жерінде Құлағу өзінің жеке мемлекетін құрады. Меңгу-хан қайтыс болған соң оның орнына отырған Құбылай-хан 1261 жылы Құлағуды Ирандағы жаулап алған барлық жерлердің мүрагері ретінде мойындап, оған «Ел-хан» деген атақ береді.
Мамлүк мемлекеті мен Алтын Орданың жақындасудағы басты түрткілердің бірі ретінде Ибн Абд аз-Заһир діни факторды алдыңғы қатарға қояды. Тәжірибелі дипломат Ибн Абд аз-За-һир сұлтан Байбарыстың тапсырмасы бойынша Беркеханға хат жазып, онда мұсылман емес Иран Елхандарына қарсы «қасиетті джиһад соғысына» шығу оның (яғни Беркенің) мұсылман ретіндегі міндеттерінің бірі екенін баса айтып, оны Құлағуға қарсы соғысқа шығуына үгіттеп, «Ислам тек сездерден ғана тұрмайды, кәпірлерге қарсы қасиетті «джиһад» соғысына шығу оның басты тіректерінің бірі болып табылады», [18. 47бет] деп жазғанына басты назар аударған жөн. Өйткені, осы хаттың басты мазмұны Мысыр мен Алтын Орда арасындағы кейінгі болған дипломатияльщ келіссөздерде кеңінен пайдаланылған және соңғысын Иран Ел-хандарына қарсы соғысқа айдап салуға үгіттейтін басты идеологиялық құралының бастамасы болғанын ескеру кажет.
Орта ғасыр тарихшысы Ибн Касирдің хабарлауы бойынша, Берке-хан Құлағудан заңға сәйкес өзіне тиесілі бөлігін беруді талап етеді. Арадағы белісуге байланысты бәсекенің одан әрі шиеленісуіне Құлағудың жорығына катысқан Жошы ұлысының әскерлерін Табриз және Мерагаға орналастыруы да өз септігін тигізген тәрізді. Бұл жерлердің Алтын Ордаға жақын әрі көршілес болуы Берке-ханның оларды өз иелігіне косып алуға ұмтылуына түрткі болған сияқты. Қалыптасқан жағдайды Құлағудың алдын ала ескере алмауы Берке екеуінің арасында Әзірбайжан мен Грузия жерлері кімге тиесілі деген мәселенің шиеленісуіне тағы бір жол ашып берді десе, Әл-Айни және сол заманның басқа да тарихшылары Берке мен Құлағу арасындағы шиеленіске әсер еткен, басты болмаса да қосалқы себептердің бірі ретінде құлағуды Алтын Орда тағына отыруға шақырған Бату-ханның ойелі Борақшынның қатысы бар болғанын хабарлайды [1. 273бет].
Берке мен Құлағу арасындағы бәсекелестіктің шиеленісуінің тағы бір себебі ретінде Монғолиядағы Ұлы таққа отыру үшін Құбылай мен Арықбұға арасындағы болған тартыстарда Құлағу-ханның Құбылай жағын, ал Берке-хан Арықбұғаны ашық қолдауын айтуға болады. Алайда, екеуінің арасындағы шиеленіс бұдан әлдеқашан бүрын басталғанын ескерсек, мұны басты емес, қосалқы себептердің қатарына жатқызуымызға негіз береді.
Жеңілген Арықбұға тұтқынға берілгеннен кейін, оған ұйымдастырылған сотқа ағайындары Құлағу, Берке және Алғұй шақырылады. Алайда, олардың әрқайсысы өз ұлысындағы шұғыл мемлекеттік істерін себеп айтып, сотқа келмейді. Арықбұғаның үстіне сот жүргізіліп, ағасы Құбылайдың құрметі үшін оған кешірім жасалады. Сотқа келе алмаған үш ханнан шығарылған соттың үкімі туралы өздерінің пікірлерін айтуды сұрайды. Құлағу бұл шешімді мақұлдады және құрылтайға асыға келетіні туралы хабар берді. Берке де сондай жауап қайырады [8. 336бет]. Бұл оқиғадан ескеретін бір маңызды жәйт — Берке мен Құлағу арасында әскери қақтығыстардың өршіп тұрғанына қарамастан, жалпы империялық мәселе бойынша екеуінің арасында ауыз-бірліктің болуы.
Туысқан екі мемлекеттің арасында шиеленістің шығу себебінің бірі ретінде Хаммер-Пургшталь Берке-ханның мұсылман әлеміндегі беделінің жоғары болуын Құлағудың көре алмауынан болуы мүмкін деген тұжырым айтады. Ол өзінің бұл пікірінің дәлелі ретінде Құлағудың әскері Бағдадты құлатқан уақытта Берке-хан Халаб (Алешю) қаласында Аббас әулетінің тұқымы Әл-Хакимді халифа етіп қоюын алға тартады. Ал, бұл — дейді Хаммер-Пургшталь — Құбылай-хан тарапынан Құлағудың иелігіне берілген Сирия және Мысыр жерлерінің істеріне Берке-хан тарапынан қол сүғушылық ретінде қарастырылып, Иран мен Алтын Орданың арасында соғыс өртінің шығуында басты рөл атқаруы ықтимал дейді. Бұл пікірді С.Закиров та мақұлдайды [30. 170бет].
Құлағу өзіне көмекке жіберілген басқа ұлыстың әскери қолбасшыларына сенімсіздік білдіруі әбден мүмкін еді. Өлген қолбасшылардың бала-шағалары Дербент арқылы Алтын Ордаға қашады. Шиеленіс туа сала Берке-хан Иран жорығында жүрген әскерлерін кейін шақыртып, оларға Алтын Ордаға кайтуға мүмкіндік болмаған жағдайда жаңа одақтасы — Мысырға баруларын бұйырады.
Берке мен Құлағу әулеті арасындағы бәсекенің бір түйіні — екі мемлекет үшін де стратегиялық маңызды өңір — Әзірбайжан мен Грузия жерлеріне иелік ету бәсекелесі болды деушілер негізінен оның себебін Шыңғыс-ханның есиеті бойынша ол жерлерді Жошы ұлысы өзінің бір белігі деп санағанын келтіреді. Бұл пікірді жақтаушылардың басты уәжі ретінде Алтын Орда мемлекетінің нақты шекаралары ешқандай жазба құжатта белгіленбегенін алға тартады. Расында да сол заманның бізге жеткен деректері бойынша да Алтын Орданың шекарасын дәл анықтау мүмкін емес.
Кейбір тарихшылардың айтуынша Баку және оның жанындағы Темір қақпа (Демиркапук), яғни Дербент аумағы Алтын Орда иелігіне тиесілі болған. Орта ғасыр мысыр тарихшысы Әл-Омаридің дерегі бойынша Шыңғыс-хан Жошыға «Дешті Қыпшақ және оған тиесілі жерлердің бәрін, сондай-ақ Арран, Тебриз, Хамадан және Мераганы қосып берді», [2. 68бет]. дейді.
Алтын Орда мен Иран арасындағы шиеленісті бастапқы кезде Берке Құлағуға диломатиялық жолмен әсер етпекші болға-ны туралы бірқатар жазба деректер хабарлайды. Сондай міндет жүктелген елшілікпен бірге Берке Құлағуға өзінің бақсы-ларын жібереді. Оларды астыртын әрекеттерге катысы бар деп күдіктенген Құлағу оларды өліммен жазалайды. Ол туралы ха-бар алған Берке-хан «Әл-Мәлик аз-Заһирге (сұлтан Байбарысқа. автор) өзінің елшілерін жіберіп, оны Құлағуға қарсы соғысқа шығуға шақырады» [1. 377бет].
Берке мен Құлағудың әскерлері арасындағы алғашқы шайқас, сол оқиғаның замандасы Ибн Уасилдің хабарлауынша, 662 һиджра жылы (1263 ж.) орын алған.
Алғашқы кезде стратегиялық оймен Берке-хан әскерлерімен өз мемлекетініңтүпкіріне қарай 15 күндік қашықтыққа шегінеді. Шыңғыс-ханның екі ұрпағы арасындағы болған шешуші шайқас туралы нақты мағлұматтар көптеген авторлар тарапынан хабарланады [1. 70бет]. Бұл қанды шайқастың нәтижесі Құлағу үшін өте қайғылы аяқталады. Жеңіліске ұшырап, өзеннен өту барысында қатқан мұздың жарылуы себебінен әскерінің көп бөлігінен айырылған Құлағу шегінуге мәжбүр болады. Шайқас екі жақты да орасан үлкен адам шығынына ұшыратады. Берке-хан үшін шайқас жеңіспен аяқталғаннан кейін соғыс майданына келген оның сөздерін Ибн Уасил төмендегідей етіп келтіреді: «Моңғолдарды моңғолдардың қылышымен өлтіртіп жатқан Құлағуды Алланың қарғысы атсын! Егер, біз ауызбірлікпен әрекет жасаған болсақ, онда бүкіл жерді жаулап алар едік!», — дейді.
Осы оқиғаға байланысты Берке-ханның айтқан сөздерін сәл басқаша етіп Ибн Касир келтіреді: «Моңғолдар бірін-бірі өлтіріп жатқаны мен үшін қайғылы, бірақ Шыңғыс-ханның Иасасына опасыздық жасағанға қарсы мен не істейін?!». Сөйтіп, Берке-ханның айтқан сөздерінен оның Құлағуға қарсы соғысуының екі себебін: біріншіден, мұсылмандар үшін ол «кәпірге» қарсы соғысушы болса, ал екінші жағынан, моңғолдардың алдында Құлағу тарапынан Шыңғыс-ханның Йаса заңын бұзғаны басты себеп болды деп түсінуге болады.
1264 ж. Құлағудың өлімінен кейін таққа оның ұлы Абақа отырады. Бастапқы кезде Берке-хан мен Абақа-ханның арасында бейбіт келісім орын алып, Абақа өзінің астанасында Беркеге өз атымен мешіт салуға және тоқыма шеберханасын ашуға рүқсат береді. Алайда, көп ұзамай екеуінің арасында әскери кақтығыстар орын алып, 1265 жылы болған шайқаста Ноғай бастаған Алтын Орда әскерлерінен Абақа жеңіліске ұшырайды. Бұл оқиға туралы Ан-Нуайри, Әл-Мақризи, Әл-Айни, Рашид ад-Дин, Хамдаллах әл-Қазуини сынды сол заманның көптеген белгілі авторларының шығармаларында хабарланады.
Жошы ұлысы мен Елхандар арасында әскери қақтығыстар бәсеңдеген сәттерде бейбіт қарым-қатынастар да орын алып отырды. Екі арада жиі қатынаған елшіліктердің келуімен дипломатиялық және сауда байланыстары дамыды. Мүндай жағдай көбіне, арадағы жасалған келісім, немесе белгілі бір себептерден, олардың ішінде, екі мемлекеттің әрқайсысы сыртқы саяса-тымен қоса, басқа да ішкі істерімен айналасуынан туып отырған. Мәселен, бір жағынан Елхандар өзінің солтүстік аймақтарын Алтын Орданың шабуылдарынан қорғай отырып, екінші жағы-нан, Шам жерін басып алуға үміттеніп оған шабуылдарын үзбей жалғастыруда болса, үшінші жағынан Орталық Азиядағы Шағатай мемлекетімен де соғысын тоқтатпады.
Алтын Орда әскерлерінің Елхан жеріне келесі шабуылы Тұла-Бұға-ханның билігі кезінде, 1288 ж. орын алып, оған Тама-Тоқты мен Ноғай қолбасшылық жасады. Елхан мемлекетінің ханы Арғүнның (1284-1291 жылдары билік етті) әскерінен тойтарыс алған Алтын Орда әскері шегінуге мәжбүр болады.
Ноғай өлтіргеннен кейін Алтын Ордада өзінің билігін күшейтіп алған Тоқта-хан Әзірбайжан және Грузия жерлерін иеленуге өзінің талаптарын қайта өршітеді. Сөйтіп, «702 һиджра жылы (1303 ж.) 325 пошта аттарына мінген Тоқта-ханның елшілігі Ғазан-ханға келіп, Қауқаз жерлерін беруі туралы талабын жеткізеді» [1. 222бет]. Алтын Орда елшілігінің басшысы Ғазан-ханға, жаулап алған жерлерді Шыңғыс-ханның бөлуі бойынша Арран және Әзірбайжан аумақтары Жошы ұлысына тиесілі болғанын және Құлағу таққа отырғанға дейінгі уақытта Алтын Орданың билігі астында болғанын хабарлайды. Тоқта-хан өз тарапынан 1301 жылы Ғазан-ханның Шам еліне жасаған жорығы сәтсіздікке ұшырағаннан кейін, ол келісімшілдікке барады деп үміттенген болса керек. Сонымен бірге, Хорасан мен Мазендаран арқылы өтіп, Елхан мемлекетінің орталық аудандарына қауіп төндірген Шағатай ұлысындағы Борақ-ханның үлы — Дува-ханның ша-буылдарының салдарынан Құлағу ұлысының әскери жағынан әлсіреген жағдайын Тоқта-хан білмеуі мүмкін емес еді.
Алайда, Ғазан-хан қойылған талапты қабыл алмайды және оған: «Құлағу әулеті бүл жерлерді қылыштың күшімен алғаны сияқты, оларды тартып алу мәселесі де тек қылыштың тілімен ғана болады», — деп жауап қайырады [1. 83бет].
Дипломатиялық жолмен мақсатына жете алмаған Тоқта-хан, Мысырдан әскери көмек сұрайды. Алайда, Ғазан-ханмен арада бейбіт келімшартын жасасып қоюын себеп қылып, сұлтан оның сұрауын қанағаттандырмайды.
Ғазан-ханның өлімінен кейін оның орнын басқан Ұлжайту-хан (1304-1316 жылдары билік еткен) мен Тоқта-хан екеуініц ара-сындағы қарым-қатынас бейбіт сипатта болады.
Өзбек-ханның әскерлері Иран жеріне 1316 жылдың қысында шабуыл жасап, оның жеріне біраз енеді.
Ұлжайту-хан қайтыс болған соң оның ұлы Абу Саид-ханға әлі ант бермей тұрған кезінде, Елхан мемлекетінің ірі қолбасшысы Шопан Өзбек-ханға Құлағу ұлысының билігін тапсыру туралы ұсыныс жібереді. Алайда, Алтын Орданың беделді мемлекеттік қайраткерлерінің бірі Құтлұқ-Темірдің кеңесімен Өзбек-хан бұл ұсынысты қабыл алмайды. Өзбек-ханның әскерлері Кура өзеніне дейін жетеді. Бірақ, Шопанның мықты әскерлерінің қоршауына түсіп қалудан қауіптеніп, кейін шегініп кетеді.
Абу Саид-ханның өлімінен кейін Елхан мемлекетінің ыдырауы басталады. Оның орнын басқан Арпа-хан сол кездегі Өзбек-ханның шабуылы салдарынан жағдайдың аса күрделіленуіне байланысты барлық ру басшыларының жиналуынсыз және мақүлдауынсыз таққа отырады. Алайда, ол мемлекеттің бірлігін сақтап кала алмайды. Үлкен әрі күшті болып түрған Елхан мемлекеті 1336-1353 жылдар аралығында өз ішіндегі беделді топтар арасында етек жайған өзара жауласуға көшеді. Соның нәтижесінде ол ыдырауға үшырап бірнеше мемлекеттерге бөлініп кетеді.
1342 жылы Алтын Орда тағына келген Жәнібек-хан (1342-1357 жж. билік еткен) қалыптасқан жағдайды өз мүддесіне пайдаланып, Әзірбайжан жерлерін қосып алуға бет алады. Ол Тебризді басып алып ондағы билік еткен Мәлик Ашрафты өлтіріп, оның орнына өзінің ұлы Бердібекті қойып кейін қайтар жолында қаза болады.
Әкесінің өлімі туралы хабарды естіген Бердібек-хан тағын езінен басқа біреу алып қояды деген күдікпен жаңа басып алған жерлерді тастап, Алтын Ордаға асыға аттанады. Оқиғалардың ағысынан туған жағдайларға байланысты Әзірбайжанды Алтын Ордаға толығымен қосып алуға бағытталған нәтижелі жорықтың жемісін Бердібек те көре алмай кетеді.
Бұл оқиғалардан кейін тарихи сахнаға Темірланның шығуымен Алтын Орданың күні бата бастайды. Оның күйрете соққы-лардан кейін Алтын Орда мемлекетінің негізі шайқалып, өзінің сыртқы саясатында жаулаушылық және басып алушылық әрекеттерін жүргізуге бұдан бұлай еш шамасы қалмайды.
Қорыта айтсақ, бір жағынан Алтын Орда мен Елхан мемлекетінің арасындағы болған шиеленістер Алтын Орданың Мысырмен одақтасуының басты себебі болса, екінші жағынан Елхандардың Шам жерлерін жаулап алуға ұмтылуы Мысырдың Алтын Ордамен одақтастық қарым-қатынас ұстануына негізгі түрткі болғаны анық. Аталған үш мемлекеттің ішінде Мысыр бәрінен гөрі ең ұтымды жағдайда болғаны еш күмән тудырмайды. Мысыр сол кезде экономикалық жағынан аса қуатты дамыған мемлекет болуымен қоса, ол 1261 жылы Шам еліндегі Сирияны және 1291 жылы Палестина жерлерін өзіне қаратып алғаннан кейін Шығыс пен Батыс арасындағы сауданың маңызды транзиттік орталығына айналады.
Мамлүк сұлтандары дипломатиялық шеберліктерінің арқасында көп жағдайларда соғыссыз-ақ өздерінің мақсаттарына қол жеткізіп отырды. Моңғол империясының ірі екі мемлекетінің арасындағы шиеленісті өзінің мүддесіне пайдалана білген Мысыр билеушілері олардың арасындағы бәсекені өшірмеуге, керісінше керек уақытында ушықтырып тұруға тырысып баға-ды. Осындай жолмен Мамлүк сұлтандары Шам жерлерін Ел-хандардың жаулауынан қорғап, оны өздерінің иелігінде сақтап калады. Елхан мемлекеті де бүкіл тарихы бойына өз жерлерін Алтын Орда мен Шағатай үлысының жаулап алушылық шабуылдарынан қорғауға мәжбүр болады. Қалыптасқан сыртқы жағдай Елхан мемлекетіне бір уақытта бірнеше майдандарда соғыс қимылдарын жүргізуіне мүмкіндік бермей, оны әскери және экономикалык жағынан әбден әлсіретеді. Алтын Орда өз тарапынан ұзақ уақыт бойына иеленуге ұмтылған Әзірбайжан жерлеріне енді қолы жеткен кезде, алғашқысында Жәнібек-хан-ның қайтыс болуы, ал Тоқтамыс-ханның түсында Темірланның шабуылдарының салдарынан саяси жағдайдың күрт өзгеруіне байланысты өзінің жеңістерінің жемісін көре алмады.
Сонымен, жоғарыда Мысыр Мамлүк мемлекеті мен Алтын Орда арасындағы саяси және әскери жақындасуға түрткі болған бірқатар себептерді қарастырып, олардың ішіндегі бастыларын анықтауға тырыстық. Әрине, олардың әрқайсысының қаншалықты маңызды, әрі басты болғаны сол заманның, сәттің, немесе нақты оқиғаның пайда болуы мен ербу жағдайларын терең әрі мұқият зерттеулердің нәтижесі ғана көрсетеді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Мысыр Мәмлүк мемлекетіде Таяу Шығыс өңіріндегі мұсылман мемлекеттерінің ішінде саяси және әскери тұрғыдан ең қуаттысы болуымен қоса, экономикалық, діни, мәдени және ғылыми жағынан аса дамығаны болды.
Бұл зерттеудің негізгі нысаны — Мысыр Мәмлүк мемлекетінің тарихы мен оның Дешті-Қыпшақпен жан-жақты байланыстарын зерттеу төл тарихымызда болашағы бар үлкен салаларының бірі. Сондықтан, бұл саланы неғұрлым игеруіміз төл тарихымызды, әсіресе оның аса маңызды кезеңдерінің бірі болып табылатын Дешті-Қыпшақ тарихын шынайылық тұрғыдан жан-жақты терең зерттеуімізге мүмкіндік берері еш дау тудырмайды.
Зерттеуде Мысыр жеріндегі мамлүктердің қыпшак салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын кеңінен сақтағандығы дәйекті көрсетіледі. Мамлүктердің арасында кеңінен тараған түркі — қыпшақ антропонимдері (адам аттары) мамлүк кезеңіндегі қыпшақ есімдерінің, олардың жалпы түркі антропонимдерімен байланыстары және арақатынасына бірқатар айқындық түсірді және сол кездегі кыпшақ есімдерінің қазіргі қазақ арасында кеңінен тараған төл есімдермен байланыстарының ортақтығына баса назар аударылды.
Бүгінгі күнге ғылыми айналымға енген мамлүк кезеңіне жататын көптеген араб жазба деректерінің ғылыми құндылығы айқындалмай отыр. Әсіресе, қыпшак мамлүктерінің Дешті-Қыпшақпен қарым-қатынастары және байланыстары саласында екі мемлекет арасындағы өзара ықпалы мен әсері зерттеушілер тарапынан бір жақты қарастырылып келді және араб зерттеушілерінің арасында кеңінен калыптасқан ұғымның аясында тек арабтардың басқа елдерге діни, тілдік және мәдени ықпалын ғана ашуға бағытталған.
Осы тұрғыда зерттеу барысында мамлүктердің билігі кезінде мұсылман өркениетіне қыпшақ мәдениетінің ықпалы зор болғандығына көптеген дәлелдер келтірілді. Олардың ішінде, қазақ халқының ертеден келе жатқан «қошқар мүйіз» өрнегінің мамлүктер кезеңінде жалпы мұсылман діни архитектурасында кеңінен қолданыс табуы — соның айғағы бола алады.
Мысыр Мамлүк мемлекеті мен Дешті-Қыпшақ сынды өз заманының ірі әрі аса мықты мемлекеттік құрылымдардың билеушілері арасындағы өзара жақындасуды Ұлы дала мен Таяу және Орта Шығыс өңірлерінің ХШ-ХV ғғ. жалпы халыкаралық деңгейдегі тарихи байланыстардың шеңберінде қарастыру керек. Себебі, Дешті-Қыпшақ өз заманындағы саяси және әскери жағынан әлемнің ең күшті мемлекеттің бірі ретінде жүргізіп отырған сыртқы саясаты сол кездегі аса маңызды тарихи оқиғалардың қандай бағытта дамуына елеулі әсеретіп отырды. Онымен дипломатиялык қарым-қатынас орнатқан.
Екі мемлекеттің байланыстары мен қарым-қатынастарының орнауына әсер еткен негізгі фактор ретінде сыртқы саясат пен экономика саласындағы ортақ мүдделерімен қоса, олардың этникалық бірлігі және діни ортақтықтары да өз септігін тигізгені сөзсіз. Олардың арасындағы екі ғасырға жуық уақытқа созылған дипломатиялық байланыстар тарихта теңдесі жоқ құбылыстар қатарына жатады.
Әлемдік тарихнамада Мамлүк мемлекетінің және мамлүктердің Дешті-Қыпшақпен байланыстары тақырыбын зерттеуде қазіргі уақытқа дейін қалыптасқан жүйелілік жоқ. Өйткені, әр мемлекет, немесе әр зерттеуші негізінен өзінің кызығушылығын тудырған тақырып аясынан аспайтын бір жақты зерттеулер жүргізуде. Мамлүк мемлекетінің тарихын Дешті-Қыпшақпен байланыстырмай қарастыру бұл саладағы зерттеулерді толықтық пен шынайылық тұрғысынан қарастыруға мүмкіндік бермейді. Сондықтан, болашақта бұл тақырыпта түбегейлі әрі толық зерттеу ісі араб жазба деректерін мейлінше толық қамтып, оларды бірлікте қарастыруды қажет етеді. Дешті-Қыпшақ тақырыбына қатысты зерттеулерді жүзеге асыруда міндетті түрде араб жазба дерек көздері басты назарға алынып, оларды деректанулық талдаудан өткізгенде ғана толық әрі түбегейлі зерттеу нәтижелі бола алады.
Мысыр Мамлүк мемлекетінін Ирақ Жалайыр мемлекетімен байланыстары мәселесіне қатысты орта ғасыр араб және парсы жазба ескерткіштерінің мол және бай болуына қарамастан, төл тарих ғылымымызда арнайы қарастырылмаған тың тақырыптардың бірі болып калып отыр. Ирақ Жалайыр мемлекетінің тарихы осы зерттеудің тақырыптық аясында азды-көпті қарастырылды. Алайда, бұл тақырып та өзінің арнайы зерттеуін күтіп тұрған маңызды әрі қызықты мәселелердің қатарында екені еш дау тудырмайды.
Тәуелсіздігін қайта жаңғыртқан мемлекетіміздің шет елдермен, әсіресе араб-мұсылман елдерімен саяси-экономикалық қарым-қатынастармен қоса, мәдени және рухани саладағы жақындасуымыздың арқасында төл тарихымыздағы алағаттықтардың орнын толықтыру ісінде тың тақырыптарды зерттеуге өзінің бағасы жетпес үлесін қосып келеді. Соның нәтижесінде отандық зерттеушілерімізге халқымыздың тарихына қатысы бар әлем кітапханаларында сақтаулы жазба жәңе басқа да ескерткіштерді зерттеуге үлкен мүмкіндік ашылды.
Тәуелсіздіктің арқасында Қазақстан әлем таныған мемлекет болып танылды. Еліміздегі ішкі саяси тұрақтылық пен экономикалық дамуымыз, әлемдік сахнадағы бейбітсүйгіштік және байсалды сыртқы саясатымыздың нәтижесінде әлемнің көптеген елдерімен достық қарым-қатынас және сан салада ынтымактастық орнатуға қол жеткіздік.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2005 жылдың 18 ақпанында жария еткен Қазақстан халқына арнаған Жолдауында баса көрсеткендей, Азия мен Таяу Шығыстың негізгі елдерімен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық байланыстарға зор маңыз берілуі керек.
Соған сәйкес Қазақстанның араб-мұсылман елдерімен қазіргі карым-қатынасымыздың орны айрықша екенін айткан жөн. Олармен саяси қарым-катынас орнатып қана қоймай, сан алуан салада өзара ынтымақтастың пен достық қатынас дәрежесіне жетуді көздейміз. Біріншіден, араб-мұсылман елдері бізге тарихи-мәдени жағынан етене жақын болса, екіншіден олардың да соңғы ғасырлардағы отарлық бүғауына түсу тағдыры да біздікіне өте ұқсас.
Жалпы алғанда, қазіргі уақытта Қазақстан араб және мұсылман елдерінің негізгілерімен дипломатиялық және саяси байланыстар орнатып, өзара ынтымақтастықты дамытуда. Бүгінде әлемде 20-дан аса араб және барлығы 50-ге жуық мұсылман елдері бар. Солардың көбісімен қарым-қатынас орнатылған және жақсы дәрежеде дссек артық болмас. Осы орайда, зерттеуде қарастырылған тақырып аясына кірген араб елдерімен, атап айтсак Мысыр, Шам елі (казіргі Сирия, Иордания, Ливан, Палестина) және Сауд Арабиясымен бүгінгі тандағы қарым-қатынастарға, соның ішінде әсіресе мәдени-рухани саладағы ынтымақтастык туралы қысқаша тоқталып өтейік.
Мысыр Араб Республикасы араб әлеміндегі саяси беделі жоғары әрі мәдени-экономикалық жағынан дамыған елдердің бірі. Сонымен бірге, аты әлемге әйгілі, тарихи тұлға сұлтан Байбарыс бабамыз билік құрған ел ретінде біз оны өте жылы қабылдаймыз.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Мысырға 1993 жылғы ресми сапары кезінде Қайыр қаласындағы сұлтан Байбарыстың мешітіне зиярат жасап, екі елге де ортақ жәдігерімізді қамқорлықка алу туралы ниет білдірді.
Ынтымақтастықты одан әрі жетілдіру мақсатында Мысырға Қазақстанның Парламент Сенатының Төрағасы, Сыртқы істер, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім, Ауыл шаруашылық, Жастар, туризм және спорт істері жөніндегі министрлері, Көкшетау мен Жамбыл облыстарының әкімдері, Қазақстанның Бас муфтиі барып қайтты. Ал, Қазақстанға Мысыр Уақф істері жөніндегі министрі екі мәрте, Жоспарлау және халықаралық ынтымақтастық министрі, Сыртқы істер министрінің орынбасары сапармен келді.
2001 жылы Мысырда Қазақстанның мәдени күндері өткізілді. Екі елдің мәдени қарым-қатынасының аса маңызды саласының бірі — Қазақ халқының ұлы перзенті, XIII ғасырдың екінші жартысында Мысыр мен Шам елінің теңдесі жоқ билеушісі болған, Мысыр Мамлүк мемлекетінің негізін қалаған сұлтан Аз-Заһир Байбарыстың тарихи мұралары тақырыбы болып табылады. Мешітті қалпына келтіру жұмыстарының үшінші, яғни соңғы кезеңін жүзеге асыру үшін 2005 жылы мемлекеттік бюджеттен 150 миллион теңге көлемінде қаржы бөлу көзделді.
Әлемде қолжазба қоры жағынан ең бай есептелетін Түркия, Мысыр мен Сирия Мысырда өзіміз білетін Байбарыс Сұлтан және ол негізін салған Мамлүк мемлекеті екі жарым ғасырдан астам уақыт бойына бүкіл араб-мұсылман әлемін сыртқы жаудан қорғаумен қатар бұл елді араб шығысының әскери, саяси, ғылыми және діни орталығына айналдырғаны тарихқа мәлім. Сонымен бірге, бұл мемлекетті билеген мамлүктер төл отанымен, яғни Қыпшақ Даласымен (Алтын Ордамен) әскери-саяси, дипломатиялық, мәдени-рухани, сауда және басқа көптеген салаларда тығыз байланыстардың нәтижесінде Таяу Шығыс және Мысыр жерінде біздің мәдениетіміздің әсері мен ізін көптеп кездестіруге болады. Қазіргі Қайыр қаласының ескі бөлігінде мамлүктер салдырған қамал-бекіністер, мешіт, медресе, күмбездердің саны жүздеп есептеледі.
Ұлы бабамыз Байбарыстың өзін біз тани бастағанымызға көп уақыт өте қойған жоқ. Ал онымен ғылыми түрде айналысу тәуелсіздік жылдары ғана бастау алды. Сұлтан Байбарыстан кейін болған елуге жуық мамлүк сұлтандары мен жүздеген әмірлері және мыңдаған жауынгерлерінің арасында небір тарихи тұлғалар өтті. Олардың арасында тек әскери салада емес, сәулет өнері, ғылым, әдебиет, мәдениет, дін және басқа да көптеген салаларда қалдырған жазба мұралары сол күйінде тұнып тұр. Мамлүктердің арасында Ақтай, Сұңқар, Ақсұңқар, Қарасұңқар, Қоңқабай, Қаныбай, Таныбай, Алмас, Жамболат, Қайтбай, Тұманбай сынды кыпшақ есімдерінің өзі бұл саладағы зерттеулерімізді жандандыру керектігін меңзейді.
«Мәдени мұра» бағдарламасынын алдына қойылған міндеттер ойдағыдай орындалып жатыр, оның аясында көптеген жүмыстар атқарылды, көптеген құндылықтарымыз жаңғырды. Әрине, бір бағдарламаның және бірнеше іссапардың шеңберінде орасан бай мұраларымызды толығымен түгендеу мүмкін еместігін бәріміз де жақсы түсінеміз. Бұл бағдарлама осындай үлкен істің алғашқы бастамасы десек те болады. Жалпы бұл саладағы жұмыстар тоқтатылмайды, әрі қарай жалғасын табады. Қазіргі уакытта біз «Мәдени мұраның» жалғасы ретінде бес жылдық бағдарлама қабылдау қарастырылуда. Оған мемлекет тарапынан әрдайым қолдау көрсетіліп отырады.
Бастауын орта ғасырдан алған байланыстарымызды бүгінгі таңда тәуелсіз Қазақстан жалғастырып келеді. Араб-мұсылман әлемімен Қазақстан осындай қоян-қолтық байланыстарымыз бен ынтымақтастығымыз төл тарихымыздағы алағаттықтардың орнын толықтырып, мәдениетімізді байытумен қоса, ел-жұртымыздың жүрегіне жылу ұялатады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ
Деректер
- Тизенгаузен. В.Г. Сборник материалов относящихся к истории Золотой Орды. Т.1. Извлечения из сочинений арабских. СП.б, 1884.
- Тизенгаузен. В.Г. Сборник материалов относящихся к истории Золотой Орды. Т.2. Извлечения из сочинений персидских и тюркских. 1941 г.
Зерттеулер
- Атабаев Қ.М., Қадыртаева М.А. Деректанудың теориялық мәселелері. Алматы 1999 ж.
- Акишев К.А., Байпақов К.М., Ерзакович. Л.Б. Отрар в ХІІ – ХV веках – Алма – Ата: Изд. «Наука» 1987 г.
- Ахинжанов С.М. Кыпчаки в истории средневекового Казахстана. – А., 1999 г.
- Батырша-ұлы. Б.Мысыр Мәмлүк мемлекетінің Дешті – қыпшақпен байланысы. Алматы 2004.
- Батырша-ұлы Б. Сарай мен Қайыр арасындағы дипломатиялық елшіліктер. (1261-1438 жж.) Алматы 2000. № 1.
- Бартольд В.В. Источниковедения. Сочинения Т.8. Москва – 1967.
- Бартольд. В.В. Культура мусульманства. Сочинения. Т.6. – С. 141-204.
- Бартольд В.В. История культурной жизни Туркестана. Т.2. М – 1964.
- Бартольд В.В. Туркестан в эпоху монгольского нашествия. М. – 1968.
- Бартольд В.В. Кыпчаки. Сочинения. Т.5. М – 1968.
- Большаков О.Г. история халифата. М. – Наука. 1989.
- Данияров Қ. Қазақстанның балама тарихы. Алматы, 1997 ж.
- Данияров К. Альтернативная история улыса Жошы – Золотой Орды. Алматы 1999 ж.
- Еремов Д.Е. Ислам: образ жизни и стиль мышления — М. 1990 ж.
- Есенберлин М. Чингисхан потрясатель в селенной – Алматы
- Есенберлин І. Алтын Орда. Алматы, 1999 ж.
- История Казахстана. Т.1. – Алматы 1996 ж.
- История Казахстана Т.2. – Алматы. 1997ж.
- История Казахстана: белые пятна. – Алматы 1991 ж.
- Ислам энциклопедиясы. Мамлюк. 1995 ж.
- Қазақ энциклопедиясы. Т.3. Қыпшақтар.
- Қадырбаев А.Ш. За пределами Великой степи. Алматы. 1997 ж.
- Сағидоллақызы Г. Түркі (қазақ) және монғол халықтарын тарихы мәдени байланыстарының топонимияда бейнеленуі. Алматы 2000 ж.
- Сәки Қ. Сұлтан Бейбарыс. Астана 2000 ж.
- Саудабаев А. Бейбарыс Сұлтан. Алматы 2000 ж.
- Сыздықова Р, Қойгелдиев М, Қадырғали би Қасымұлы және оның жылнамалар жинағы. Алматы 1991 ж.
- Семенова Л.А. Салах ад-Дин и мамлюки в Египете. Москва 1996 г.
- Закиров С. Дипломатическое отношение Золотой Орды с Египетом. (13-14 вв) Москва 1966 г.
Қосымша