ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ
ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫ
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Томмазо Кампанелла және оның идеялары
Алматы 2011
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
І ТАРАУ. ИТАЛИЯДАҒЫ УТОПИЯЛЫҚ ОЙДЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ТОММАЗО КАМПАНЕЛЛА
- ХҮІ-ХҮІІ ғғ Италиядағы утопиялық ойдың дамуы
- Томмазо Кампанелланың тарихи тұлғасы
ІІ ТАРАУ. ТОММАЗО КАМПАНЕЛЛА ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ ИДЕЯЛАР МЕН ФИЛОСОФИЯСЫ
- Томмазо Кампанелла: негізгі шығармалары мен ұстанған бағыты
- Күн қаласы идеясы және оның мән-мағынасы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ:
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Адамзат тарихындағы ең бір елеулі кезеңдердің бірі ΧYІ ғасырдың орта шенінде Батыс Европада өзінің қызығушылыларын тапқан гуманистік және утопиялық идеялардың дамуы болды. Бұл кезеңде әсіресе италиядағы гуманисттік және утопиялық ой-ең жоғарғы даму деңгейіне жетті. Ғылыми, әдеби көркемөнер, философиялық, педагогикалық көзқарастарда білінген Қайта өркендеу мәдениетінің идеялық мазмұны әдетте біз қарастырып отырған кезеңмен белгіленеді. XVI ғасырда пайда болған ғылыми және адамгершілік, утопиялық ойлардың негізінде жазылған сол кезеңнің шығармалары-қазіргі таңда және өткен уақыттарда әлем жұртшылығын өзіне қызықтыра біліп, әрқашан өзекті мәселелер қатарында болған. Бірақ XV ғасырдың өзінде-ақ Қайта өрлеу дәуірінің қайраткерлері білімділікті, соның ішінде шынайы білімділікті шығармаларында білдіріп, насихаттады.
Батыс Европа қалаларында туындап келе жатқан капиталистік қатынастар жаңа идеологияның пайда болып, өрістеп дамуына қолайлы жағдайлар жасады. Осы кезеңде әр түрлі әлеуметтік топ өкілдерінің арасынан шыққан білімді адамдардың ішінде итальяндық гуманистердің үлгісі бойынша антика заманы авторларының шығармаларын оқып-үйренуге қызығушылық білдірген үлкен топ қалыптасты.
Осылайша өз заманының ең озық білімді адамдары діни схоластикаға қарсы күресіп, дүниенің мәні туралы жаңаша көзқарастарын білдіре бастады. Солардың қатарында «Германияның қос шырағы» атанған Эразм Роттердамский мен Иоганн Рейхлин үлкен беделге ие болды. Бүгінде есімдері бүкіл адамзатқа танымал осы тұлғалардың қатарында италия ойшылы Томмазо Кампанелло да болды.
Томмазо Кампанелло Италияның сол заманғы қалыптасқан ойшылдарының ішінде көрнекті идеологтарының бірі болды. Ол өз дәуірінің және де өзіне дейінгі ғалымдардың пікірлеріне үлкен қолдау көрсетіп, өзі де көп ұзамай үлкен беделге ие болды. Томмазо Кампанелло жазған әр түрлі шығармаларында Рим папасы мен оның ізбасарларының озбырлық саясатын, испан билігіне қарсы әрекет етіп, аяусыз сынады деген жаламен бірнеше жыл абақтыда отырып, өзінің теңдесіз шығармаларын дүниеге әкелді. Рас, Томмазо Кампанелло өз шығармаларында папаның төңерегіндегілер мен бүкіл католиктік иерархияның арамтамақ өкілдерін аяусыз әшкерелеген тұстары да бар.
Томмазо Кампанеллоның ғылыми дүниетанымы, адамға, оның ішкі дүниесіне, адамның әлеуметтік статусына қарамай ар-ожданын құрметтеу идеясы оынң әдеби шығармашылығында орын алды. Оның еркін ойлау идеясын аңсайтын шығармалары XVI ғасырда феодалдық Еуропа үшін терең прогресивті мәні болды. Қалыптасып келе жатқан буржуазияның саяси идеологиясның дамуына үлес қосты.
Біз қарастырып отырған кезең, яғни ХҮІ ғасырдағы Батыс Еуропаның көптеген елдеріндегі қалыптасқан жағдай, гуманисттік идеялар мен утопиялық ойлардың дамуы шын мәнінде италия халқы мен алдыңғы қатарлы ойшылдар, соның ішінде Томмазо Кампанеллоның өз елін қалыптасқан жағдайдан құтқаруға бағытталып, ұмтылған азаттық қозғалысы, саяси бытыраңқылықққа қарсы жүргізілген күресі болды. Осы күрестің бел ортасында италия ойшылдарының үлкен тобының ішіндегі көрнектілерінің бірі Томмазо Кампанелло болғандығы рас. Өз халқы мен жалпы адамзаттың ар-ождан бостандығы мен өмір сүру құқығы үшін күрескен қайраткердің қиын-қыстау заманда, абақтының ішінде еркіндікті аңсап жазған шығармаларымен танысып, алға тартқан көзқарастарын оқып-үйрену, сонымен бірге сол заманғы дамыған идеяның мән-мазмұнын ашу ісі өзекті тақырыптардың қатарына жатары анық.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жоғарыда қарастырылып отырған еңбектер тобын тиімді пайдалана отырып, Томмазо Кампанеллоның тарихи шығармаларындағы алға тартқан көзқарастарының өз кезеңіндегі маңыздылығы мен қазіргі таңда тарих ғылымындағы өзектілігін ескере отырып, ХҮІ ғасырдың алдыңғы идеяларының бірі ретінде ашып көрсету диплом жұмысының басты мақсаты болып отыр. Мақсатымыз айқындалғаннан кейін, мақсатқа орай төмендегідей міндеттер туындады:
— Италиядағы гуманисттік идеялар мен утопиялық ойдың дамуы туралы мәселелерді сипаттау;
— Томмазо Кампанелло және ХҮІ ғасыр шеніндегі Италияның саяси жағдайына қатысты көзқарастарын талдау;
— Томмазо Кампанеллоның идеялары және оның дүниетанымдық көзқарастарының ерекшеліктерін көрсету;
— Томмазо Кампанеллоның «Күн қаласы» және т.б. еңбектерінің идеялық мазмұнын айқындап, салыстырмалы талдау жасау;
Деректік негізі. Томмазо Кампанеллоның көзқарастарын оқып-үйренуде ең басты дерек көзін ойшылың өз еңбектері құрайды. Томмазо Кампанелланың жалпы еңбектерінің саны бірнеше шығармадан тұрады. Оның біршамасы латын тілінде, ал көптеген шығармалары өзінің туған тілінде жазылған. Бұл шығармалары көптеген мемлекеттерде, нақтырақ айтқанда еуропаның Германия сынды елдерінде басылып шыққан. Томмазо Кампанелла шығармалар жариялап шығарғандар көбіне оның шәкірттері болған. Томмазо Кампанелла шығармаларын ең алғаш жинап, жазуына себеп болған Италияның қоғамдық және саяси өмірінде орын алған келеңсіздіктер болды. Томмазо Кампанелланың атақты еңбектерінің қатарына «Метафизика» атты еңбегін жатқызуымызға болады [1]. Аталған еңбекте таным түсінігін дамыта отырып, Томмазо Кампанелла ғылыми шынайылық мәселесіне тоқталады. Шынайылық деп Томмазо Кампанелла адам санасындағы түсінік пен заттардың қасиетінің дәлме-дәл келу деп түсіндіреді. Осы аталған шынайылық мәселесін Томмазо Кампанелла барынша атап өткен шығармада талдауға тырысқан. Сонымен қатар, Өзінің «Пұтқа табынушылар философиясына қарсы» атты еңбегіндегі «Жаңашылдық туралы» атты тарауында Томмазо Кампанелла ғалымдар мен философтардың жаңа ғылыми зерттеу жұмыстарындағы құқықтарын қорғап, «мемлекет пен шіркеудегі әрбір ғылыми жаңашылдық еш күмән келтірмеуі керек» деп, ал егерде қандай да бір қате пікірлер мен теориялар туындаса ол өзінің авторынан ұзақ өмір сүре алмайды деп сендіреді. Сонымен қатар, ғылымға негізделген даңашылдықтар ұрпақ үшін үнемі қалатындығында айтып, сол себепті де әр адам-жаңашылдыққа ұмтылуға толық құқылы деген пікірді айтады [2].
Қоғамдық-саяси қатынастар тарихымен қатар автор астрономияға қатысты «Космология» атты еңбегінде жазады [3]. Қарап тұрсақ, автордың ғылыми танымы тек сол қоғам шеңберінде ғана емес, сонымен қатар астрономия мен аспан денелері туралы да қызығушылықтары басым болғандығын көреміз.
Өзінің «Сезінуге негізделген философия» атты шығармасында табиғатты танудың бір жолы сезіну екендігін айтқан Томмазо Кампанелла әлемді түсінудің ескі жүйесін алып тастау керек деген [4]. «Табиғатты ғылыми танып білу үшін сезінуге арқа сүйеу керекпіз. Себебі, сезіну ғана Құдай жаратқан табиғаттың тура келбетін бере алады» деп табиғатты танудың сезіну арқылы жолын былайша суреттеген Томмазо Кампанелла өзінің ғылыми ойларының дамуындағы алғашқы сатылардан осылайша көріне бастайды.
Диплом жұмысының деректік негізіне Томмазо Кампанелланың атақты «Күн қаласы» атты шығармасын айтпай кетпеске болмас [5]. Бұл еңбек италян тілінде 1602 жылы жазылады. Ал, латын тіліндегі жазбасы 1613-1614 жылдар аралығында жазылған. Осы нұсқасы Франкфурт қаласында 1623 жылы басылып шығып, саяхатшының қиял-қаласы туралы әңгімесі ретінде жарық көреді. Аталмыш деректе Томмазо Кампанелла өз еңбегіндегі көбіне-көп Калибрияда қалыптасқан жағдайларды мысалға ала отырып жазады. Осы тұстағы салық ісінің тым жоғары болып кетуі, шаруалардың оны төлеуге деген қызығушылықтан бұрын, жағдайының болмауы, сонымен қатар түрік әскері мен жергілікті қарақшыларды жаулап алу соғыстарына қатысты мәліметтер келтіріп, барша жұртқа арман болған Күн қаласы туралы мәліметтер келтіреді.
Томмазо Кампанелланың өмірі мен шығармашылығы туралы диплом жұмысын жазуда автордың өзіндік еңбектерінің жинағының да деректік маңызы өте зор.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Томмазо Кампанелланың өмірі мен шығармашылығына арналған әдебиеттер өте көп. Италян утописі туралы алғашқы зерттеулерді оның замандастары жазған. Аталған мәселе Тәуелсіз Қазақстан Республикасының дүние жүзі тарихы мамандығы бойынша тыңнан көтеріліп жүрген тақырып деп айтуға толық негіз бар. Дегенмен де, аталған мәселе көлемінде В. Ф. Асмустың «Томмазо Кампанелла» атты зерттеу жұмыс бар [6]. Аталған еңбекте Томмазо Кампанелланың өмірі мен шығармашылығы турасында және ойшылдың ұстанған бағыты мен оның айтпақ болған негізгі идеялары туралы мол мәліметтер бар. Сонымен қатар, Г.Ф Александровтың «История западноевропейской философии» атты ғылыми зерттеу жұмысында диплом жұмысы барысында барынша қолдануға тырыстық [7]. Себебі, қарастырып отырған мәселеміздің пайда болуына әсер етуші жалпылама факторлар, Италияның сол заманғы даму жағдайы мен Томмазо Кампанелланың өзіндік көзқарасының қалыптасуы турасында да бізге жетерлік материалдар кездеседі. Диплом жұмысы барысында біз барынша қолданған еңбектердің бірі А.Э Штеклидің «Кампанелла» атты зерттеу жұмыс болып табылады [9]. Сонымен қатар, В.И Рутенбургтің «Кампанелла» атты жұмысы диплом жұмысымызды ғылыми түрде негіздеп жазуымызға көптеген септігін тигізді [10]. Себебі, диплом жұмысында біз негізінен ашып көрсеткен Томмазо Кампанелланың шығармашылығының негізгі бағыттары туралы осы аталған зерттеу жұмыстарында барынша жақсы жазылған деп баға бере аламыз.
Диплом жұмысын жазу барысында ерекше қолданыста болған еңбектің бірі-А.Х Горфункельдің «Томмазо Кампанелла» [12], «Гуманизм и натурфилософия итальянского Возрождения» [13], «Философия эпохи Возрождения» атты бірегей зерттеу жұмыстыр болып табылады [16]. Автор Томмазо Кампанелланың өскен ортасы, яғни Италияның ХҮІ ғасырдағы қандай былыққа батқандығын терең аша отырып, Томмазо Кампанелланың шығармашылығының қалыптасуының алғышарттарын сәтті көрсетіп береді. Сонымен қатар, автор Томмазо Кампанелланың шығармаларындағы басты жетекші ойлар туралы өзіндік ой-пікірлерін айта отырып, сол заманғы және антикалық кезеңдегі ойшылдардың еңбектеріндегі көтерілген негізгі ойлармен салыстыра отырып жазған.
Осындай маңызды зерттеу жұмыстарының қатаорына жоғарыда атап өткен А.Э Штеклидің «Город Солнца»: утопия и наука» атты еңбегін жатқызуға әбден болады [14].
Сонымен қатар, С.Л. Львовтың «Гражданин Города Солнца: Повесть о Томмазо Кампанелле» атты жазба жұмысының да біздің қарастырып отырған мәселемізді ашуымызға сәтті көмекші болды [15]. Себебі, біз соңғы тарауымызда қарастырған «Күн қаласы» идеясының негізгі мәні де, айтары осы еңбекте жақсы жазылған деп баға бере аламыз.
Диплом жұмысын жазу барысында біздер көптеген қиыншылықтарға тап болдық. Оның басты негізі жоғарыда атап өткеніміздей, қазақ тіліндегі осы мәселеге қатысты зерттеулердің болмауы болып табылады. Дегенмен, осы бір диплом жұмысының соның алғашқы табалдырықтарының бірі ретінде сезіне отырып, диплом жұмысы барысында іргелі орыс ғалымдарының еңбектерін барынша пайдаландық. Солардың қатарында Д. В. Панченконың «Пифагорейские источники «Города Солнца» Кампанеллы и Псевдо-Окелл.» [17], «Кампанелла и Ямбул. Опыт текстологического анализа» [18], «Ямбул и Кампанелла (О некоторых механизмах утопического творчества)» [19], «Происхождение латинской редакции «Города Солнца» Т. Кампанеллы» атты еңбектерін атап өтпеске болмайды [20].
Сонымен қатар, Реале Дж. «Западная философия от истоков до наших дней» мен Л.С Чиколинидің «Политические афоризмы» Кампанеллы» атты шығармасын келтіріп кетуге әбден болады. Томмазо Кампанелла еңбектерінің жазылу үлгісін аша отырып аталған авторлар біз қарастырып отырған мәселемізді барынша талдап беруге тырысқан.
Сондай-ақ осы іспеттес бірнеше кандидаттық дисертацияларды да диплом жұмысы барыснда барынша талдап, өз керегімізге жараттық. Осыдан келе түйетініміз кандидаттық диссертациясының да маңызы өте зор болды.
Зерттеудің методологиялық негізі: Диплом жұмысын жазу барысында жаңа методологиялық өзгерістерді негізге ала отырып, жүйелілік, обьективтілік, тарихи-салыстырмалылық сияқты ғылыми таным принңиптерін негізге алдым. Сондай-ақ, осы тақырыпты жазуда соңғы уақытта қалыптасқан жаңа ғылыми бағыттарды, тұжырымдар мен пікірлерді мүмкіндігінше нақты басшылыққа алып зерттеу барысында талдау, сараптау, анализдеу тәсілдері қолданылды. Сонымен қатар, салыстырмалы талдау да сәтті пайдаланылды және де ең бастысы қойылған міндеттерді орындау барысында жалпыға мәлім зерттеу әдістері де қолданылды. Ғылыми әдістің жалпыдан жалқыға көшу принципін сақтай отырып, еңбекте анализ, синтез, салыстыру және басқада әмбебаптық зерттеу әдістері барынша пайдаланылындым.
Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері. Зерттеу ХҮ және ХҮІ ғасырдың екінші жартысы аралығын қамтиды. Диплом жұмысы барысында осы кезеңдегі Томмазо Кампанеллоның өмірі мен шығармашылығы мәселесі қарастырып отырған мәселеміздің, яғни басты зерттеу обьектіміз ретінде қарастырыла келе, Батыс Еуропа елдерінде қалыптасқан саяси жағдай мен Италиядағы утопиялық ойдың дамуы, сонымен қатар қалыптасқан жағдайдың Томмазо Кампанеллоның өмірі және шығармашылығының тигізген әсерін де қарастыруды жөн санадық. Томмазо Кампанеллоның шығармашыл тұлға ретінде қалыптасуы мен көтерген идеялары өзекті мәселелер қатарында қарастыруға тырыстық. Сонымен қатар, осы мәселеге қатысты өз зерттеу жұмыстарын жүргізген Отандық және әлем тарихшыларының еңбегін көрсетіп және тақырыпты барынша талдауға тырыстық, яғни жоғарыдағы мәселелердің негізінде бітіру жұмысының хронологиялық шеңбері ХҮ ғасырдың аяғы ХҮІ ғасырдың алғашқы ширегін қамтиды деп айтуға болады.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. Аталған диплом жұмысын жазу барысында мен алдыма қойған мақсаттарыма жете отырып, өзім үшін төмендегідей жаңалықтар жасадым. Мысалы:
- диплом жұмысымда қарастырып отырған Томмазо Кампанеллоның шығармашылығының пайда болуына әсер еткен негізгі мәселе, яғни Италиядағы орын алған саяси жағдайға барынша талдау жасалынады.
- Батыс Еуропадағы, соның ішінде Италиядағы гуманисттік және утопиялық ойдың дамуы жағдайы мен оған әсер етуші факторларды анықтап, барынша талдауға тырыстық.
- Томмазо Кампанеллоның өміріне өзімізше баға беріп, оның шығармасындағы негізгі идеялардың мәнін ашып, автордың еңбектерін, ондағы керекті мәселенің бейнелену дәрежесін барынша шынайы көрсетіп, ғылыми айналымға қостық.
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, әр тарауы екі тармақшадан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. ИТАЛИЯДАҒЫ УТОПИЯЛЫҚ ОЙДЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ТОММАЗО
КАМПАНЕЛЛА
- ХҮІ-ХҮІІ ғғ Италиядағы утопиялық ойдың дамуы
ХҮ ғасырдың соңы Еуропа тарихының жаңа бір кезеңін ашқан болатын. Осы заманғы экономиканың дамуы капиталдың қорлануы мен тығыз байланысты болды. Ұлыбритания және тағы да басқа дамыған Еуропалық елдерде қоғамдық қатынастардың жаңа бір түрі-капиталисттік қатынастар пайда бола бастады. Осы қатынастардың нәтижесінде жаңа таптар пайболып, тіпті жаңаша бір ұлттар дүниеге келім, мемлекеттік биліктің орталықтануы байқалған болатын. Осы тұста идеология ісі мықтап қолға алынып, адамдардың сана-сезімінде берік орнаған болатын. Мысалы, адамдардың бойында феодализмге, католиктік шіркеу мен адамды қанау ісіне ашық қарсы идеялар да айтыла бастады.
XVI ғасырдың бас кезіне таман Орталық және Батыс Европада күрделі және сан алуан тармақты жүйесі бар халықаралық ықпалды күшке айналған католиктік шіркеудің материалдық және саяси талаптары қатты өсіп кетті. Католиктік шіркеудің қойған талаптары тіпті ең ірі ақсүйек феодалдардың және одан да көбірек дәрежеде жаңа буржуазиялық идеология туа бастаған қала тұрғындарының наразылықтарын туғызды. Шіркеу талаптары мемлекетті орталықтандыру бағытына көшкен елдердегі король үкіметі тарапынан батыл тойтарысқа кездесіп отырды.
ХІҮ-ХҮ ғасырларда Италия жерінде Қайта өрлеу дәуірі басталды. Ал, басқа Еуропа елдерінде ХҮ-ХҮІ ғасырларда орын алған деп айтылып жүр. Осы кезеңдерде гуманисттік бағыт пен шіркеудің реформация үрдісі де пайда болды. Осылардың әрқайсысы өзіндік құбылысы мен қоғамдық-саяси идеясымен ерекшеленді. Жалпы, ХҮІ-ХҮІІ ғасырдағы Италиянық қоғамның дамуы феодалдық ақсүйектермен және олардың үлесінің өсуімен ерекшеленді.
Италияның Солтүстігінде және Тосканада рулық ақсүйектердің өте аздығы байқалды. Ал, Оңтүстік пен Папа иелігінде әлі де болса рулық ақсүйектер елдің әлеуметтік-саяси өмірінде ерекше рольге ие болып қалған еді. Олардың көбісі испандық биліктің қолдауына ие болып, осы мәртебеге жетіп отырды. Олардың иелігінде болып келген жер көлемдері алғашында демалыс орындары болып отырса, кейіннен уақыт өте келе жерді басқаларға пайдаландыру арқылы олар үлкен көлемдегі қаражаттарға ие болды. Яғни, жер көлемі ендігі кезекте дем алу емес, пайда табу көзіне айналды. Жер учаскелеріне ие болу үшін барлығы жанталасып бақты. Сонымен қатар, осы кездегі Италияның алуылды аймақтарында феодалдық және жартылай феодалдық дәстүрлер сақталды.
Жоғарғы тап өкілдері тым байыған сайын, төменгі жұмысшылардың жағдайы мен олардың өмір сүру деңгейі тым төмендеп кетті. Өздерінің еңбек ететін орындары немесе жұмыс берушелері оларға айлық жалақыны толық түрде бермей немесе өнім түрінде есеп-айырысып олардың жағдайын тым тұралатып жіберді. Жалақы мөлшері осы уақытта салыстырмалы түрде қарағанда тым төмендеп кеткен. Сонымен бірге, жұмысшы-кедейлердің өмір сүруін тым төмендеткен салық саясаты болды. Салық көбіне-көп осы тұста өзім арзқылы салынып, италия тұрғындары нан, шарап, май, сабын тұз өнімдерін төлеу арқылы өздерінің қожайындары алдында міндетінен құтылды. әсіресе, ең қиыны тұз салығы болғандығын қазіргі таңдағы зерттеушілер барынша айтып жүр. Осы кезеңдегі бір тұрғынның айтқан шағымы қазіргі таңдағы италия тарихының осы кезеңдегі саяси және әлеуметтікэкономикалық жағдайынан толық мағлұмат береді. «Біз үйден шығуға қорқамыз. Үйден шыға сала бізге жаңа салық түрін салы, түрмелерге жауып, ал несиеқорлар бізді үнемі торуылдайды. Көпестер бізге адам ретінде қарамайды. Мұндай кедейшілікте өмір сүру енді мүмкін емес» деп айтқан екен. [27. 490б]
Осы қарастырып отырған уақытта жұмыссыздық қатты белең алды. Флоренциялық көпес Джулиано Риччи былай деген: «Жұмыстың жоқтығынан, көптеген тұрғындар толық кедейшілікке өтіп кетті. Қайыршылықты кәсіп еткенімен оларға нан немесе қайыр-садақа беретін адамның табылуы өте қиын еді» Міне, өмір сүру мүмкіндігін шектеген италян басшыларының саясаты осындай болды. Жоғарыда аталған мәліметтер бұл саясаттың бірі ұшы ғана. Жұмысшы-кедейлерді тікелей тонауға бағытталған италия үкіметінің саясаты жайлы айтылатын әңгіме бөлек немесе ол жеке тақырып. Ал, бұл саясат жұмысшы, кедейлерге қалай әсер етті, олардың сол заманғы мүддесін өз еңбектеріне арқау еткен ойшылдары қалай қабылдады? Ойшылдар соның ішінде қарастырып отырған кедейлену үрдісіне ұшыраған италия ойшылдарының билік өкілдерінің саясатына қарсы туындаған шығармалардың жазылуы жыл өткен сайын жиілей түсті. Осы тұста аталған мемлекетте түрлі ғылым мен қоғамдық ойдың түрлі салалары дамып, тарихта өзіндік атқа ие болып, бүгінгі диплом жұмысына арқау болып отыр. Соның бірі-италияда осы тұста утопиялық ойдың дамуы байқалды [27. 492б].
ХҮІ ғасырдьң І-ші жартысында Батыс және Орталық Европада өзінің әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаты жөнінен антифеодалдық, ал идеологиялық формасы жөнінен діни (католик шіркеуінс қарсы) қоғамдық қозғалыс кең қанат жайды. Бұл қозғалыстын басты мақсаты-рим-католик шіркеуінің ресми доктринасына түзету енгізу, шіркеу құрылымын өзгерту және мемлекет пен шіркеу арасындағы өзара карым-қатынасты қайта құру болып табьлатындықтан, бұл қозғалыс реформация деген атқа ие болды.
Қайта өрлеу мен Реформация-әлемдік орта ғасырлық тарихтағы ең ірі және маңызды оқиғалардың бірі. Еуропаның көптеген елдерін қамтыған бұл дәуір өзінің әлеуметтік-тарихи мәні жөнінен ескі орта ғасырлық дүниенің шаңырағын шайқалтқан антифеодалдық, ерте буржуазиялык құбылыс болып танылды.
Қайта өрлеу мен Реформация кайраткерлері өздерінің ілімдері мен көзқарастарында антикалық кезеңнің рухани мұрасына сүйенді және оны үнемі тиімді пайдалана білді. Бұл дәуірдің идеологтары өздері қажетсінген мемлекет, құқық, саясат, заң туралы түсініктерді антикалық өркениеттің бай қазынасынан сарқа пайдаланып қана қойған жоқ. Орта ғасырлық консервативтік-зорлықшыл идеологиямен күресте әлеуметтік-философиялық көзқарастын жаңа жүйесі қалыптасты. Оның басты мазмұны-адамның өзіндік құндылығы туралы ойды қалыптастыру қажеттілігі, адамның өзін-өзі билеуі мен кадір-қасиетін мойындауы, адамның еркін дамуына қажетті жағдай жасауы, әркімге өз еңбегі мен күші арқылы бақыттарын табуына мүмкіндік беруі болды. Қоғамдық ой шабытының жаңа атмосферасы көркем шығармашылықтың түрлері мен жанрларындағы ара қатынастың өзгеруіне әкеп соқты. «Ағартушылық қаруы» — әдебиеттің мәні басқа дәуірлермен салыстырғанда едәуір өсті. Ағартушылар өздерінің публицистикалық қызметінде оқырмандар үшін қысқа өткір тілді брошюралар формасын таңдап алды.
Қоғамның қозғаушы күші ретінде еңбектің ролі атап көрсетілді, адамдардың іс-әрекет белсенділігі мен ақыл-ойдың тәуелсіздігі туралы идеялар басым сипатқа ие болды.
Алдыңғы қатарлы философиялық және саяси-құқықтық ой өкілдері орта ғасырлық схолостика мен дүниетанымға қарсы күрес жүргізе отырып саяси ойдың одан әpi дамуындағы кедергілерді жоюды және қоғам туралы бұрынғы дәуіріне қарағанда неғұрлым дұрыс жалпы теориялық ұғымдардың калыптасуына ықпал етті. Бұның өзі схолостикалық ой-пікірден тазартып қоғам және адам табиғатын танып-білуге жол ашты.
Қайта өрлеу мен реформация дәуіріндегі саяси-құқықтық ойдың үш бағытта дамығандығын байқау қиын емес. Оның біріншісі Н Макиавелли, Ж Боденнің еңбектерінде кездесетін-мемлекет пен саясаттағы жаңа көзқарасты анықтайтын таза үлгідегі саяси ілім болса, екіншісі М Лютер, Т Мюнцер, Ж Кальвин насихаттаған-католик шіркеуінің ықпалынан шығуға ұмтылған гуманистік идеялар, ал үшіншісі-антибуржуазиялық утопист социалистердің саяси-құқықтық ойлары. Бұл ойларды Томас Mop және Tомаззо Кампанелла өз еңбектерінде барынша жазды [28.39-45бб].
Осы тұстағы Италияның қоғамдық саяси және ғылыми өмірінде утописттік бағытпен қатар гуманисттік бағытта қатар дамыған. Ғылыми, әдеби көркем өнер, философиялық, педагогикалық көзқарастарда білінген Қайта өркендеу мәдениетінің идеялық мазмүны әдетте «гуманизм» терминімен белгіленеді. Гуманистер термині ХҮІ ғасырда пайда болғанымен, ХҮ ғасырдың өзінде-ақ Қайта өрлеу дәуірінің қайраткерлері өз мәдениетін белгілеу үшін бұл сөзді қолданады. Бұл сөз білімділікті, соның ішінде шын білімділікті білдіреді.
Қайта өрлеу мәдениетінің осының алдында өткен орта ғасырлық шіркеулік-феодалдық мәдениетке қарама-қарсы оның шын сипаты болып табылады. Қала мәдениетінде көріне бастаған бұл нышан Қайта өрлеу дәуірінде одан әрі дамыды. Қауымдық істермен, табыс табумен, баюмен, саяси күреспен шұғылданған буржуа-феодалдық-шіркеулік дүниетанудан барған сайын алшақтай түсті. Оған о дүниедегі рахаттан үміт етіп және бетіндегі шаттықтан бас тартуды талап кеткен тақуалық аскеттік мүрат өте жат еді.
Сонымен қатар, гуманизм — адамның қадір-қасиеті мен құқын құрметтеуді, оның жеке түлға ретіндегі бағасын, адамның игілігіне, оның жан-жақты дамуына, адам үшін қолайлы қоғамдық өмір жағдайын жасаған қамқорлықты білдіретін көзқарастардың жиынтығы. Қайта өрлеу дәуірінде тиянақты идеялық қозғалыс ретінде қалыптасты. Бүл кезеңде гуманизм фоедализмге және орта ғасырлық теологиялық көзқарастарына қарсы көзқарастармен тығыз байланысты болды.
Гуманистер адам бостандығын жариялады. Діни аскетизмге қарсы, адам заты мен өз мұқтаждарын қанағаттандыру құқы жолында күресті.
Біздің қарастырып отырған мәселемізге сай, Италиядағы утопиялық ойдың дамуы Томас Mop және Tомаззо Кампанелланың атымен тікелей байланысты. Жалпы, утопиялық жазба (грек тілінде) көркем әдебиеттің жанры, көбіне ол ғылыми фантастикаға жақын. Бұл жанрда жұмыс жазған авторлар көбіне-көп ерекше қоғамды суреттеумен ерекшеленген. Бұл жанрдың бастауы Томас Мордың осы аттас шығармасынан бастау алады.Сонымен қатар, ағылшын шіркеу қызметкері Сэмюэла Перчестің еңбегінде де кездеседі. Бұл терминнің соңғы уақытта шыққанына қарамастан Платонның «Мемлекет» атты еңбегі де осы жанрда.
Утопист-социалистердің шығармаларында адам бостандығы мен еркіндігі, құқықтары, олардың кепілдігі туралы мардымды ештеңе айтылмайды және олар өз шығармаларында көрсетілген қоғамдық өмірді қалай орнату керектігі, басқару формасы мен саяси режим туралы ой қозғамайды. Дегенмен. олардың мінсіз мемлекет пен қоғам туралы ой-пікірлерінің теориялық негізсіздігіне, қиялилығына қарамастан одан кейінгі социалистік ілімдердің қалыптасуына ықпалын тигізді.
Жалпы, утопиялық шығармалардың алдына қойған негізгі мақсаты ол-әділетті қоғам орнату. Көптеген авторлар, яғни философтар мен тарихшылар, өткен замандардың ойшылдары осы тақырып көлемінде біраз шығармалар жазды. Бір қарағанда жақсы. Алайда, осы пікірдің өзіне біршама қарсы пікір айтзқан ғалымдар да жоқ емес. Мысалы, жаңа замандағы батыстық материалист философтар бұл әділеттілік жайлы басқаша кері пікір білдіреді. Яғни, Витгенштейн деген ғалым: «Әділеттілік деген ұғым жоқ, ол – бір көкжиектегі қол жетпейтін елес қана, оны адамдар өздері ойдан жасап алады», – деген пікір білдіреді. Сонымен қатар сонау қиял, утопиядан бастап, социалистік, комунистік, демократиялық тағы да толып жатқан ілімдер де болды, әлі де бар, болашақта да бола бермек, алайда сол көптеген еңбектердің көбісі әділеттілікті терең ашып бере алмады. Ал кейбірі өз қоғамына лайықты түсінік, пікір қалыптастырды. Қай қоғамда да ел билеген, не елді аузына қаратқандардың көтерген басты мәселесі, айтқан сөзі осы әділеттілік болды. Кеңес заманында әділеттілікті теңдік арқылы түсіндірмек болып, бара-бара әділетсіз қоғам құруға мүмкіндік туды. Әділеттілік пен теңдік екеуі екі басқа түсінік екенін ескермеді. Әділеттілік деген – әр жеке адамның мүддесінен шығып, соған жағдай жасаумен шектелсе деген ниет [33. www.google.ru].
Италиядағы қалыптасқан қиын да күрделі саяси-экономикалық және де әлеуметтік жағдай сол заманғы көптеген ойшыладардың дәл осы утопия атты шығарманың басты бағытын таңдап алуға итермеледі. Диплом жұмысы барысында бірнеше рет қозғалып өтетін ХҮ-ХҮІ ғасырда Италияда қалыптасқан ауыр жағдай мен Томмазо Кампанелланың утопиялық шығармасы осының нақты дәлелі болып табылады. Осы тұста Италияның қоғамдық және саяси өмірінде пайда болған әдебиеттің утопиялық атты жанры осы олқылықтарды рухани және қияли тұрғыдан толтыруды ойлады. Италияда өз дамуын тапқан утопиялық жанр сол заманның жоғын жоқтаған шығармалар қатарын толықтырды. Утопиялық жанрындағы шығармалар сол кезеңдегі Италияда орын алған әлеуметтік теңсіздік мәселесін барынша қозғады. Утопиялық жанрында өз шығармасын жазған көптеген авторлардың пікірінше Италия тұрғындары мен халқының бақытсыз да, кедей өмір сүруінің басты себебі жеке меншіктің қатты дамуы болып табылады деп ойлады. Ал, жеке меншік болса өз кезегінде әлеуметтік теңсіздікті дамытты деген түсінікті халыққа жеткізуді шығармаларының басты мақсаты етіп алды. Бір қарағанда сол заманғы италия халқының жағдайын толық түсінген италян утопистері халықтың басына түскен қайғы мен қасіреттің себебін дәл ашып бере алды. Алайда, одан құтылудың жолын немесе ауыр жағдайдан шығудың жолын көрсетіп бере алмады.
Италия утопистері әлеуметтік теңдік мәселесі шешілген жеке меншік мәселесі де өз орнына келтірілген қоғам жайындағы шығармаларын жазды. Италиядағы утопиялық ойдың даму ерекшелігі де осында еді. Басты ерекшелігі деп біз утопиялық ойдың сол қоғамның күрделі де асқынған мәселелерін шешу ниетінен туған деп айтуымызға болар еді. Италия утопистерінің негізгі шығармаларының обьектісі болашақтағы орын алуы тиіс болатын қоғамды орнатудан туған еді.
Қайта өрлеу дәуірі атты тарихта өз орнын алған бұл кезеңде ғылым мен қоғамдық өмірге өзіндік жаңалық әкелген бірнеше ағымдар пайда болды. Солардың қатарында Еуропа мен Италия тарихында өзіндік қалдырған мұрасы бар утопиялық жанрдағы әдеби мен тарихи шығармалар немесе утопиялық ой деп біз баса айта аламыз.
Ал, осы кезеңдегі Италиядағы утопиялық ойдың дамуы Томмазо Кампанелла және оның басты «Күн қаласы» атты утопиялық шығармасымен тығыз байланысты. Итальян ойшылы Томмазо Кампанелланың «Күн қаласы» шығармасында әлеуметтік теңсіздік пен жеке меншікті жою, өндіріс пен болысты әділетті түрде қоғамдық негізде ұйымдастыру, еңбекті құрметті және барлық адам үшін міндетті деп тану туралы ойлар қамтылған. Кампанелла өз шығармасын солярийдің қала-мемлекеттік тұрмыс тіршілігін және қоғамдық өмірін сипаттаудан бастайды. Олардың бұқаралық билік жүйесі үш тармақтан тұрады. Бірінші-әскери іс, екіншісі -ғылым, үшіншісі-өндіріс саласы. Оның әрқайсысын өз атына лайық үш билеуші (Күш, Даналық, Сүйіспеншілік) басқарады, ал оларға өз кезегінде үш бастықтан бағанады. Ең жоғары билікте-бас билеуші Метафизик тұрады. Барлық мәселелер мен дауларда соңғы шешім шығару соның қолында [5. 12-59бб].
Шығарманың негізгі мазмұны мен ондағы идеялардың мәні туралы біздер диплом жұмысының келесі тарауларында танысатын боламыз.
1.2 Томмазо Кампанелланың тарихи тұлғасы
Философияның орталық мәселелерін қозғайтын тарихи жазбада өзіндік натурфилософиялық синтез қалыптастыруға тырысқан, утопиялық коммунизм принципіне сай нақты және гуманитарлық білім мен әлеуметтік-саяси саладағы терең өзгерістерді енгізбек болған Томмазо Кампанелланың аты, Батыс Еуропаның ХҮІ ғасырдың соңы мен ХҮІІ ғасырдың алғашқы ширегіндегі кезеңде өзіндік орынға ие еді. Томмазо Кампанелла өзінің тарихында Галилей мен Декарттың, сонымен қатар Бэкон мен Гассендидің ізбасары болғанымен, Батыс Еуропадағы Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілі. Осы бір уақыттың көрнекті өкілі болып ол тек қана жан-жақтылығы мен қызығушылығының кеңдігінен ғана емес, сонымен бірге қайраттылығы мен табандылығы, қойған мақсатына деген шын беріле жұмыс жасауы, өзінің ғылыми, саяси және адами ойларының өмірге әкеле білуінің нәтижесінде де табысқа жетіп отырған. Өзінің артта қалған саяси және кері кеткен діни алауыздыққа қарсы шығуы әрбір саналы адам мен гуманисттік принципке негізделген тұлғаның міндеті деп түсінді.
Жеке адамның сонымен қатар, мемлектетті құраушы түрлі қоғамдар мен топтардың жағдайы туралы пікірлері қалыптасқан Томмазо Кампанелланы тіпті, жас кезінде осыған байланысты ойландырып, ақырында діни коммунизм идеясының пайда болуына алып келді.
Томмазо Кампанелла жаңа дәуірдің философиясының негізгі көрнекті өкілі ретінде бағаланбады. Себебі, оның идеялары адамдарды әртүрлі жолдарға түсуіне рұқсат бермеді. Бір адамдар оның айтқандары арқылы Құдай ісінде қорқа бастаса, ол тіпті пантеизмге ұқсаса, басқаларын оның айтқан коммунизмі шошытты. Ал, үшіншіден оның келтірген діни идеалдары көпшіліктің көңілінен шықпады. Томмазо Кампанелланың философиялық ойларымен қатар, ержүрек батыл адам ретінде кезінде Галилейді қорғады, оның мұндай ерлігін сол замандарды Декарттар да қайталай алмаған екен.
1568 жылдың бесінші қыркүйегінде Калибриядағы кішігірім Стило қаласында білімсіз етікші-кедей отбасында Томмазо Кампанелла дүниеге келеді. [16. 12-36бб]
Калибрия-италияның әкімшілік ауданы. Ол өзінше 5 аймаққа бөлінген. Алғашқы дүниеге келген уақытта Джовани Доменико Кампанелланың атын балаға дін қызметкерлері қойған болатын. Томмазо Кампанелла философ, жазушы және утопиялық социализм негізін қалаушылардың көрнекті өкілі.
Оның дүниеге келген уақытында, яғни сол тұстағы инквизицаия нәтижесінде 1600 адам қайтыс болып, Италия папа билігі мен испан оккупанттарының немесе жаулап алушыларының қол астында қалып қалды.
Джовани Доменико жастайынан доминикандық орденге мүше болады. Дегенмен, уақыт өте келе дін істерінде өзінің еркін ойлылығын сезген ол өзінің туған жерін тастап кетуге мәжбүр болған.
Джовани Доменико 10 жасқа толып ержете бастаған тұсында да әкесі сол баяғыша кедейленген дәрежеде қалып кеткен еді. Сонымен қатар, патшаға төлеп тұратын салығы нәтижесінде жағдайының қиындауы Джовани Домениконың оқуына белгілі дәрежеде кедергі келтірді. Сол себепті де дарынды бала Джованни ауыл мектебінің ашық терезесі маңына барып, ұстаздың аятқан әңгімесін зор ынтамен тыңдап біраз жылдарын өткізеді. Өзінің дарындылығы нәтижесінде өз бетімен жазу мен сызуды, сонымен қатар оқуды да меңгеріп алады. Жетік түрде латын тілін, содан кейін грек тілін меңгереді. Осы уақыттағы көптеген Батыс ғалымдары соның ішінде Бруноға ұқсап ол 1582 жылы Доминикандық орденге өткен. Толығырақ атап өтсек, балалық шағының біраз жылдары өткеннен кейін Джованни Стилода доминикандық қарт монахты жолықтырып, ол оның болашақ тағдырына елеулі өзгерістер әкелетіндей жағдай тудырады. Ол өзі сияқты монах болуды көздеп, шіркеуге келуге ұсыныс айтады. Өмірлік мақсаты мен міндеті айқындалмаған бала үшін бұл ұсыныс, оның кітап оқуы үшін жағдай тудыратын зор таңдау болды. Сөйтіп, он бес жасында ол монах атанып, Томмазо деген атты өзіне таңдайды. Томмазо деп таңдау жасауы католиктік сенімдегі Фома Аквинаттың діни жазбасының құрметіне қарай орайластырылған.
Шіркеудегі бос уақытының барлығын кітап оқу ісіне арнаған Томмазо ескі қол жазбалармен танысу бақытына ие болып, білім нәріне сусындап өседі. «Көп сөз көмір, аз сөз алтын» қағидасын ұстанған оған «үндемес» деген лақап ат танылады. Бұл лақап ат Томмазоның аз сөйлеп, көп тыңдайтын қасиетке ие екендігін дәлелдей түседі.
Екі жыл көлемінде керемет үлкен кітаптармен танысқан Томмазо Кампанелло діни пікір-таластарға еркін түсіп, осы пікір-таласқа қатысушылардың таңданысын тудырып, әулие Доменико орденіне деген барлығының қызығушылығын арттырады. Томмазо тынбай мыңдаған сұрақтардың шешімін табу мақсатында аянбай еңбек етіп, оның жауабы ретінде сол қоғамның мылжыңға толы діни тартысы мен қоғамның кері кетушілігі деген тоқтамға тоқтаған. Сонымен қатар, өзіндік ойлау жүйесі қалыптасқан және терең танымы бар Томмазо Кампанелла қоғамдағы орын алып жатқан әділетсіз құбылыстарға өзіндік көзқарасын білдіре бастайды. Күндердің бірінде оның қолына философ Телезионың «Өз аттарына сай заттардың табиғаты» атты еңбегі түседі. Еңбекпен терең түрде танысқан ол өзінің білімін толықтырумен қатар, жылдар бойына іздеген сұрақтарының жауабында тапқан болды. Сол тұстағы «қоғамның артқа, кері кетушілігі ашкөздіктің нәтижесі болып табылады» деген тоқтамға келіп, онымен жалпы халық болып күресу керектігін айтады. Сонымен қатар, адамдар санасыз болса оларға білім, ақыл беріп, үлгілі ету керек деп, жеке меншіктің түрін жою туралы пікір білдірді. Жеке меншікті жойса оның ойынша Италияда кедейшілік пен мазаққа қалу болмайды және де өсіп келе жатқан Джованни Доменико сияқты жас таланттар байлардың баласын тәрбиелейтін мектептің терезесі маңында емес, жағдайы жасалған мектептерде білім алады деген сол заман үшін алдыңғы қатарлы ой айтады. Томмазо Кампанелла ендігі кезекте шіркеуден қашуды ұйғарып, өзінің сырттай таңдап қойған ұстазы Телезионы іздеуді жөн санайды. Осы ойлағанын жүзеге асырады, алайда жас дарынды тек ұстазы Телезионың жақын күндерде қайтыс болғандығын естіп, оның тек қана қабірін зиярат етуге ғана шамасы келеді [15. 34-36бб].
Рухани ұстазы болып саналған Телезионың өлімінен кейін мансапқор Джакало Антонио Мартаның «Бернардин Телезионың ұстанымдарына қарсы Аристотель қамалдары» атты еңбегі жарық көреді. Осы кезде Томмазо Кампанелла өзінің ұстазының аты мен беделін қорғауды ойлап, 1591 жылы Неапольде оның «Сезінуге негізделген философия» атты алғашқы еңбегі жарыққа шығады. Аталған еңбек Қайта өрлеу дәуіріндегі неоплатонизмнің әсерінде жазып шыққан деп қазіргі таңда ғалым-зерттеушілері айтып жүр. Ұстазы Телезиоға қарсы айтқан Мартаның уәжедрін ғылыми тұрғыдан қателігін дұрыстап, оның айтқан тұжырымдарының еш негізсіз екендігін дәлелдейді. Сонымен қатар, осы шығармасында Томмазо Кампанелла әлемнің жаңа бір келбетін танып білу үшін кітап білім аздық етеді немесе ол арқылы оған жету мүмкін емес деген ойды айтады. Ал, толық танып білу үшін сезіну негізінде жүзеге асады дейді, яғни сезімдік қабылдау қажет. Осындай ойды ол өзінің «Табиғат философиясының қысқаша жинағы» атты еңбегінде де келтіріп кетеді. Сонымен қатар, Томмазо Кампанелла сезіну арқылы ғылыми жаңалыққа жету керектігін баса айта отырып, өз заманының ғалымдарын қатты сынға алады. «Жаңа бір ғылыми жаңалық ашудың орнына олар өз уақыттарын адамның еңбегін сынаумен өткізеді. Ал, олардың ашық алаңқайға, теңізге, тауға шығып, табиғатты танимын деп мақсат қойған адамды көрмедім» деп айтып ғылымды терең сезінуден бастағанды жөн санаған. Осы турасында біздер диплом жұмысының келесі бір тарауларында барынша баяндайтын боламыз. Бұл жеңіс оның өміріндегі тұңғыш жеңістердің бірі еді. Алайда, бойында қайраты бар жас оқымыстының әлі де болса шіркеуге тәуелді тұстары болып, оны жақын арада шіркеудің сотына шақырады. Сот барысында Томмазо Кампанелла шіркеу қызметкерлеріне батыл түрде өзінің ұстазының атын қорғағандығын айтып, «мен жас өмірімде шіркеуде май шамды, сіздердің ішкен шараптарыңызға қарағанда көп жаққанмын» деп осындай сөзді дін қызметкерлерінің сауалына арнайды. Осындай батыл сөзі мен іс-әрекеті үшін ол түрмеге қамалады. Алдымен, осындай мінезді, әрі алған бетінен қайтпаған Томмазо Кампанелланың өмірі қашу мен тығылуға негізделген болып шығады. Алғашында Рим қаласына қашып барған ол онда ұзақ уақыт тұрақтай алмай, Флоренцияға барады. Осы жерде ол қолға түсіп, түрмеде бір жылдай уақыт өткізген Томмазо Кампанелла шіркеу қызметкерлерінің айтқанына және салған тыйымдарына қарамастан ол Флоренциядағы Медичидағы кітапханаға баруды өз жоспарына қояды. Томмазо Кампанелланың сол тұстағы не ойлағанын, оның қандай жоспары барын білу мақсатында оның артынан дін қызметкерлері жансыздарды салып, аңду басталды. Жансыздар Томмазо Кампанелланың қогл жазбаларын ұрлап алып, инквизиция сотына тапсырады. 1593 жылы Томмазо Кампанелла Падуяға келіп, жас профессор Галилео Галилеймен және оқымысты Паоло Сарпимен танысады. Осы уақыт бойы Томмазо Кампанелла тоқтаусыз оқып, ойланып және түйгенін жазып, осының барлығының нәтижесінде «Италяндық басшылардың сөзі» атты жұмысқа отырады. Ол жұмыстың басты мазмұны барша италяндық басшылар мен ханзадаларды басып алушы испан еліне қарсы тұрып, орталықтандырылған Италияға, папа билігіне бірігуді насихаттайды. Сонымен қатар, жеке меншік, кедейшілікке қарсы саясаттыда уағыздаған. Көптеген адамдар үшін бұл еңбек күлкінішті болып көрінді, алайда инквизиция соты үшін бұл еңбек әсте күлкінішті болып көрінбеді. Олардың қудалауы нәтижесінде Томмазо Кампанелла тағы да түрмеге қамалып, онда екі жыл бойы отырады. Өзінің екі жыл бойғы түрмеде отырып шыққанына қарамастан, оны әлі де болса қудалау тоқталмай, оны өзінің туған жері Калибрияға қудалап, жер аудару жағдайы қарастырыла бастайды. Осы тұста түрмеде осы ғасырдың атақты ғалымы Джодано Брунода отырған еді [33. www.google.kz].
Соттың тікелей қудалауымен ол өзінің туған жеріне қайтып оралады. Осы кезден бастап ол немен айналысу керектігі туралы ойлана бастады. Оның туған жері Калибрия испан жаулап алушыларының қолында болып әбден тапталған еді. Жиі аусып тұратын билік және тағы да басқа жағдайлар италян халқын мүлдем тұралатып тастаған еді. Осы қиын жағдайды тек қана дұғалар арқылы шешілмейтін білген Томмазо Кампанелла көтеріліс жасауды ойластыра бастайды. Жас философ өзінің туған халқының қандай әділетсіздіктің құрбаны болып отырғанын жақсы түсініп, үлкен көтерілістің басшысы бола біледі. Оның, яғни Томмазо Кампанелланың соңынан ергендер барлық испан билігіне наразы топтар жинала бастаған. Әділдік пен теңдік және жеке меншікке қарсы топ өкілдерінен құралған топ арқылы Томмазо Кампанелла үлкен бір саяси мәндегі төңкеріс жасауға бел буады. Томмазо Кампанелла бұл көтерілстен кейінгі пайда болатын қоғамды құрайтын адамдар қандай болу керек деген сұрақты да өзіне қояды. Көтеріліс жеңіске жеткеннен кейін адамдар санасы тәуелсіз, қауыммен өмір сүретін, сонымен қатар осы көтерілістің нәтижесінде пайда болатын мемлекетте әділетсіздік пен адам еңбегін қанаушылық болмайды деп сендірген. Осы жердегі көтерілістен кейін осы мемлекеттің жағдайын насихаттайтын әлемге миссионерлер таратылып, олар әлем халықтарының барлығына әлеуметтік теңсіздіктің жамандығын дәлелдеп және өздерінің өмірлерін түбегейлі өзгертіп, осы тұстан бастап адамзат баласының алтын ғасыры орнайды дейді. Томмазо Кампанелла осының барлығын айтып тек қана сатқындықты ғана ескермеген еді.
1598 жылы Неапольге келісімен ол қасында бірнеше монахпен бірге қолға түседі. Оларға тағылған басты айып-сыйқыршылық және тәуелсіздік жариялау мақсатында испан билеушілеріне және түгелдей мемлекеттік жүйеге қарсы астыртын іс-әрекет еткені болып табылады. Осы іске тартылғандардың барлығы да ұсталады. Томмазо Кампанелла бірден барлық ұсталғандарды тыныштық ұстап, ешкімге ештең айтпауды бұйырады. Алайда, сатқындықты ескермеген ол, осы сатқындық нәтижесінде барлық жоспарының іске аспағанына көз жеткізеді. Себебі, оның досы Ринальди бірінші тергеуде-ақ барлық істің мән-жайын айтып береді. Тұтқынға түсушілер саны осы тұстан бастап өсе түседі. Ал, осы істі ұйымдастырушы философ Томмазо Кампанелланы қинаудың түрлі жолдарын сот тергеушілер пайдалана бастады. Алайда, Томмазо Кампанелла осындай қиындыққа қарамастан ештеңе демей, еш алдануға бармады. Тіпті, өлім жазасы кесілген тұстада Томмазо Кампанелла сыр бермеуге тырыты. Әрине, алғашында ол өзінің жанын сақтап қалу мақсатында жынданып, не айтып-не қойғанын білмейтін адамның күйін танытады. Сол уақыттың заңына сәйкес осындай күйдегі адамға өлім жазасы кесілмейтін еді. 1601 жылы қатал 36 сағаттық қинаудан кейін өзін-өзі жақсы ұстай алған оған, бірнеше алдау-арбаумен қатар, қинаулардан кейін ол өмір бойғы түрмеге жабылып, онда 27 жыл тар қапаста өмір кешеді. Өмір сүруге деген қолайсыздыққа қарамастан атақты философ Томмазо Кампанелла өзінің тарихта қайталанбас шығармаларын дүниеге әкелген. Томмазо Кампанелла түрмеде отырған жылдары сөз жоқ, әлеуметтік және саяси теңсіздік туралы ойланып, жаңа бір ерекше мемлекеттің үлгісі туралы ой қорытты. Ол заманның көпшілік жұрты немесе халқы әрине құл ретінде қала берді. Құлдық көбіне өзінің патшалары мен өзіне жұмыс берушілеріне тәуелді күйде қала берді. Сол тұста ешқандайда теңдік пен тәуелсіздік туралы сөз қозғаудың өзі де мүмкін емес еді. «Күн қаласы»-бұл ерекше, қайталанбас, бірегей еңбек. Оның ойынша бұл қалада жұмыспен барлығы қамтылған, бұл қалада жалқаулар мен еңбектен қашушылар жоқтың қасы деп суреттейді [6712-44бб].
Әрине, оның бұл ойы азып-тозған халық үшін аса өзекті мәселе болды. Осының барлығын қорыта келе Томмазо Кампанелла өзі өмір сүріп жатқан мемлекеттің саяси жүйесі түп негізінде дұрыс емес деген қорытындыға келеді. Адамдардың жақсы өмір сүруі үшін, қоғамды өзгертетін жаңа бір ұрпақ келуі керек десе, сол ұрпақ құратын қоғам әлдеқайда әділетті де, азаматтардың теңдігі қатаң сақталады деп ашық көрсетеді. Бұл идеясының егжей-тегжейін анықтап өзінің еңбегінде жазып өтеді.
Томмазо Кампанелла өз еңбегінде көбіне-көп Калибрияда қалыптасқан жағдайларды мысалға ала отырып жазады. Солардың қатарында-философиялық трактаттары, «Метафизика», «Галилейдің аппологиясы» және атақты, әрі біздің зерттеу обьектімізге айналып отырған «Күн қаласы» атты тарихи шығармасы. Сот тергеушілері оған Италиядан тәуелсіз шығуына жағдай жасаймыз деген алдауға көнбей Томмазо Кампанелла тұтқынға түскендер арасында өзінің қиял қаласы-Күн қаласы туралы айтып береді.
Оның «Күн қаласы» атты еңбегі формасы жағынан шағын көлемді Томас Мордың айтқан идеясы негізінде жазылған еді. Теңіз жүргіншісі, алыс жолдан келіп, бір алыс аралдан Күн қаласы туралы керемет әңгімелер айтады.
Қаланы жеті қала қоршап тұрған дейді, ал қала ортасында шағын әрі әдемі көшелері бар, ал үйлері мен шеберханалары тым тартымды көрінеді деп айтқан екен. Бұл қаланың кереметтілігінің бірі-ол қалада жаңа қоғамдық түр-қауым бар екен. Бұл қалада барлығыда, яғни ерлері де, әйелдері де еңбек етеді және олардың барлығы теңдей философиямен, спортпен және ғылыммен, өнермен айналыса алады. Ал, мектептерде барлығының да оқуға құқығы бар. Тең азаматтары сияқты мектеп оқушылары ұстаздарының айтқандарын мұқият тыңдап, тең құқылы азаматтар сияқты шеберхана мен тағы да басқа жерлерде жұмыс жасауға жағдайлары болады. Қаланың қабырғалары керемет әдемі суреттермен безендірілген, ал ол суреттер қаланың ең мықты суретшілерінің қол таңбасы болып табылады. Томмазо Кампанелла еш уақытта үйленбеген адам екен және бұл жағдай оны еш ұялтапаған, сол себепті де бұл қалада адамдар некесіз де өмір сүре алады деген сенімде. «Тіпті, олардың некесі мен қызығушылықтары ортақ. Кейбір жағдайларда олар жеке істерінің мәселесіне де қатты көңіл бөліп кетеді. Алайда, олар мемлекетті құраушылар болғандықтан кейде ондайға да жол беруге болады» дейді Томмазо Кампанелла.
Алайда, мұндай қиялға толы ойларына қарамастан оны қудалау әлі де болса тоқтатылмады. Оны түрлі шіркеулер мен түрмелерге жауып, Томмазо Кампанелла мемлекет үшін Оңтүстік Италияның әлі де болса ең қауіпті жауы болып қала берді. Ал, испан билігі оны еш уақытта жақсы көрмеген. Томмазо Кампанелланың идеясымен танысып, оны біліскен адамдар арасынан оны жақтаушылар табылып, сот ісін қайта қарауды талап ете бастайды. 1617-1622 жылдар аралығында Германияда оның біршама кітаптары жарық көріп, жалпы жұртшылықты өзінің ойының таза әрі нақты да шынайы ғалым екендігін дәлелдейді. Осының нәтижесінде 1626 жылдың 23 мамырында Томмазо Кампанелла түрмеден босап шығады. Алайда, оны тағы да шіркеуге қамамақ болады. Себебі, 1630 жылы басылып шыққан «Жеңіп шыққан атеизм» және 1633 жылы жарық көрген «Мессия монархиясы» атты шығармалары шіркеудің назарына ілініп, оны қатты сынға ұшыратады. Етікшінің баласы Томмазо Кампанелланың жолы болып оны папа Урбан ҮІІІ өз қасына алып, Томмазо Кампанелла сиқыр арқылы өзінің келе жатқан өлімін кешеуілдетеді деген соқыр сенімге сенді. Астрологтардың айтуы бойынша, оның келе жатқан өлімін тек қана Томмазо Кампанелла тоқтата алады. Осыны пайдаланып Томмазо Кампанелла өзінің бұрынғы қолжазбаларын алып, кітап шығартуға рұқсат сұрайды. Дегенмен, бұл ойының іске аспастан оның бір шәкірттерінің бірі-Пиньялетти оны алдырып, жасырын түрде Францияға өткізіп жібереді. Оны ол жер кардинал Ришелье күтіп алып, Томмазо Кампанелла ендігі тұста өзінің «Күн қаласы» атты еңбегін жазуға толықтай кіріседі. Кардинал Ришелье Томмазо Кампанеллаға арнайы зейнетақы төлеп тұрған. Көрсетілоген жағдайға сай ол өз еліндегі діни алауыздықты әшкерелеп көптеген кітаптар мен саяси трактаттар жазып шығады. Ондағы басты мақсаты Италияны Испан билеушілерінен азат етуде Францияның кірісуін қалады. Оның соңғы шығармаларының бірі-Людовик ХІҮ-нің туған күніне арнаған жыр жолдары.
Атақты ғалым 1639 жылдың 21 мамырында Париж қаласының түбіндегі Сен-Жак атты шіркеуде таңғы сағат төртте дүниеден өтеді. Осы шіркеу түбінде 150 жылдан кейін якобиншілер жиналып, Тәуелсіздік, Теңдік пен Туысқандықты насихаттаған өз жұмыстарын жүргізген [7.23-31бб].
ІІ. ТОММАЗО КАМПАНЕЛЛА ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ ИДЕЯЛАР МЕН ФИЛОСОФИЯСЫ
- Томмазо Кампанелла: негізгі шығармалары мен ұстанған
бағыты
Италияның ХҮІ ғасырдағы философы, жазушысы Томмазо Кампанелла өз заманының ойшылы, данасы еді. Оның шығармалары италия халқының мұң-мұқтажын жоқтап, негізгі арман-тілектерін барынша жеткізді. Томмазо Кампанелланың көптеген шығармалары түрме отырған жылдарда жазылды. Ал, ол кейіннен оның шәкірті Адамидің жеке қолдауымен жарық көрді.
Томмазо Кампанелла өзінің саяси және экономикалық көзқарастарын «Civitas solis», «Questiones sull’ optima republica» және «Philosophia realis» атты шығармаларында жақсы түрде береді. Оның еңбектерінің басты ерекшеліктері-өмір туралы толғаныстарының әртүрлілігінде еді.
Томмазо Кампанелланың дүниетанымы қазіргі философиячның негізгі үш бағытын өз бойына сақтаған-эмпирикалық, рационалисттік және мистикалық. Осының барлығы, яғни айтып өткен философияның дүниетанымдық құндылықтары оның ізбасарлары өзіндік ойларымен ерекщеленген Бэконның, Декарттың және Якоба Бёмнің шығармаларында кездеседі. Бэкон Кампанеллаға қарағанда уақыты жағынан ерте дүниеге келген, Кампанелланың философиялық шығармасы «Lectiones physicae, logicae et animasticae» 1588 жылы жарық көрсе, Бэконның алғашқы еңбегі тек қана 1605 жылы жарық көрген еді [33. www.google.kz].
Беконның шығармаларында көтерілгендей Кампанеллада «ғылымды қайта құру» мәселесімен біраз ой қорытады. Яғни, ортағасырлық құлазыған схоластиканың орнына жаңа әмбебап ғылымды жарық көргізуді ойластырады. Таза шынайы философияның деректік негізі деп сыртқы әдіс, ішкі ой мен шынайылықты басты ерекшелік етіп көрсетеді. Танымның ең басты шығар шыңы сезіну деп түсіндіреді. Жадымызға сақталған және миымыздағы өткеннің елесі бізге толық талдау жасап, келешекке жоспар құрып дамуымызға мүмкіндік береді. Осылайша әлемдік ғылымдардың айналысып жатқан тәжірибе деген ұғым пайда болады дейді Томмазо Кампанелла өзінің басты шығармаларында. Томмазо Кампанелла өзінің «Сезінуге негізделген философия» атты еңбегінде сонымен қатар, тағы да мынандай қызғылықты мәліметтер келтіреді. Сезіну арқылы қалыптасқан таным жүйесі толық жеткіліксіз және шындыққа аса қатты жақын емес. Оның себептерін былай деп көрсетеді.
- біз ол заттардың шындығында қандай қасиетке ие екендігін зерттеп білмей, тек оның жалпы көрінісін байқағандықтанда ол жеткіліксіз болып табылады.
- Сезіну арқылы біз шындықты ажырата алмаймыз. Себебі, сезінудің шындықты ажырату критерийі жоқ. Біз тек кейде сезіну арқылы қалыптасқан елесті шындық ретінде қабылдасақ, артынша оның жалған екендігін айтамыз.
Осы аталған еңбегінде оның келтірген мәліметтері мен айтқан тұжырымдарын сол заманның атақты ойшыл, ғұламалары Декарт, Галилей, Канттың тұжырымдарымен салыстырмалы түрде қарағанда оның астасып жатқандығын көреміз.
Бірақ та, біздің сезінуіміз тек сезімге негізделіп, қалыптасқан түсініктің немесе сол заттың елес емес екендігіне көз жеткізсе, бұл жағдай адасқандардың бар екендігіне тағы да көз жеткізеді. Алдамшы сезіну мен жалған ойлар сезінушілер мен ойшылдардың бар екендігін тағы бір дәлелдейді. Осылайша, біздер өзіміздің тәнімізде және ішкі сезімімізде біз шынайы танымның бар екендігіне көз жеткізіп, оны шындыққа жақын екендігіне басқа заттармен салыстыра отырып, қорытындыға келеміз [8.21-26бб].
Ішкі сезімдер, біздің өмір сүріп жатқанымызды тағы да бір дәлелдей түсіп, біз үшін тұрмыстың келбетін тағы да ашып оларға анықтама беруге көмектеседі. Біздер өзімізді керемет алпауыт күш немесе қуат ретінде сезінеміз. Сонымен қатар, ой мен білім ретінде де елестетеміз және де ерік пен махаббат ретінде өзімізді елестетеміз. Осы бір үш жағымды сезіну өмір сүрушілердің барлығына тән құбылыс. Былайша айтқанда өзіміз және сыртқы әлемді қоршаушыларда осындай сезіну бар екендігі рас. Тұрмыс тұрмыссыздықпен немесе құр елеспен байланысып жатыр, себебі әрбір тіршілік иесі бір істі істегенімен екінші бір істі әсте қайталамайтыны шындық. Осы жағдаят ішкі мазмұнға да тікелей байланыстынемесе сапаға да тиесілі. Осы жоғарыда айтқан үш қасиеттің бір ерекшелігі тіршілік иесі күшке ие болып, қуатсыз немесе дәрменсіз болуымыз мүмкін. Жақсы көруімізбен қатар, жек көруді де ұмытпаймыз. Егер де біз тұрмыста барлығының арасып, астасып жатқанын көрсек, онда миымыз және санамызда оның барлығы жік-жік болып араластырылмай өз қалпынша көрсете алады. Осылайша біз түсінетініміз күш тек Барлыққуат иесіне тән, білім деген барлығын білушілік, ерік дегеніміз толысқан махаббат деп айтуға болаы. Бұл Құдайшылық идеясының мазмұны. Бұл идеяны біз сыртқы әлем мен ішкі танымнан ажырата алмай, адамның өзін түсіну категориясына жатқыздық дейді Томмазо Кампанелла [4. 12-39бб].
Құдайшылдық ойынан кейін Томмазо Кампанелланың негізгі философиясы шығады. Ол философиядағы барлық заттар, яғни сүйіспеншілік, күш және білім де тек жағымды жаққа қана бейімделген. Ал, жаман жақтарының өзі жақсы қасиетінен құр қалғанда ғана іске асырылады деп түсіндіріледі. Осы бір үш категория (күш, даналық және сүйіспеншілік) Томмазо Кампанелланың еңбектерінде негізгі үш әсер етуші фактор ретінде қарасытырылады:
- абсолюттік қажеттілік, оған барлығы да мұқтаж.
- ең жоғарғы тағдыр, ондағы барлық заттар бір-бірімен тығыз байланысты.
- Әлемдік гармония, оның барлығы іштей бірігіп бірлікке негізделеді. Осы бір заттардың жеке қасиеттеріне қарамастан әрбір зат түптің түбінде бір Құдайға тән. Одан кейін ғана барып, бір-бірімен байланыста болады. Бұл заттардың өзара байланысуы немесе табиғи магия деп Томмазо Кампанелла әлемді жаратудағы Құдайдың басқару қасиетіне тоқталады. Натурфилософиядағы әлемдік жан мен әлемдік құбылыс арасында Томмазо Кампанелла көрсетпей кеткен тартылыс пен тебіліс заңын естен шығарады. Метафизикалық сезіну әлемінде өмір сүретіндерде сезіну өте аз болады, ал діндегі адам өзін Құдай мен жалғайтын жолды іздеумен болады.
Жеке адамның сонымен қатар, тұтастай қоғамның діни ахуалы туралы ойлардың сан-саққа жүгіруі Томмазо Кампанелланы тіпті, жас кезінде осыған байланысты ойландырып, ақырында діни коммунизм идеясының пайда болуына алып келді.
Томмазо Кампанелла жаңа дәуірдің философиясының негізгі көрнекті өкілі ретінде бағаланбады. Себебі, оның идеялары адамдарды әртүрлі жолдарға түсуіне рұқсат бермеді. Бір адамдар оның айтқандары арқылы Құдай ісінде қорқа бастаса, ол тіпті пантеизмге ұқсаса, басқаларын оның айтқан коммунизмі шошытты. Ал, үшіншіден оның келтірген діни идеалдары көпшіліктің көңілінен шықпады. Томмазо Кампанелланың философиялық ойларымен қатар, ержүрек батыл адам ретінде кезінде Галилейді қорғады, оның мұндай ерлігін сол замандарды Декарттар да қайталай алмаған екен [3. 11-28бб].
Егер де, «Күн қаласы» идеясын сол заманғы христиан құндылықтарына салсақ, онда бұл мәселені тағы да бір тыңғылықты зерттеу керектігін сезінеміз. Азаматтық гуманизмге салсақ, Кампанелла ның негізгі идеялары дамуы мүмкін емес еді. «Азаматтық гуманисттер» қалыптасқан қоғамдық қатынастарда бұзбай, оларды сақтай отырып, жетілдіруді көздейді. Солардың ішінде кейбірі, мемлекеттің азаматтарды әлеуметтік топтасуына жағдай жасай алмаса да, мүліктік теңсіздікті құртуға баратын. Осы себепті, Кампанелланың еңбегіндегі негізгі ойларды сараптап отырып, оны қандай да бір ағым өкілі деп те айту да қиын мәселелердің бірі болып қалады. Көптеген зерттеушілердің пікірінше Томас Мор мен Томмазо Кампанелланың еңбектері утопиялық социализмнің негізгі өкілдеріне жатады. Ал, кейбірі оларды тіпті социализм идеясының көшбасшылары деп те айтып жүр.
Томмазо Кампанелла шығармалары бір қараған адамға ерекше қызғылықты болып көрінеді және ол шығармалары аса бір ізденістен туындағанын байқауға болады. Сол замандағы қоғамның ауыр сұрақтары оның шығармаларында көрініс тапқан. Әрине, кез-келген сұрақты немесе мәселені дұрыс шешу үшін мақсатты айқындап алған дұрыс. Томмазо Кампанелла шығармаларында алға қойған мақсаттырн дұрыс қойып, сол мақсатқа жету үшін тынбай мыңдаған сұрақтардың шешімін табу мақсатында аянбай еңбек етіп, оның жауабы ретінде өз заманының дамымауы себебі, сол қоғамның мылжыңға толы діни тартысы мен қоғамның кері кетушілігі деген тоқтамға тоқтаған. Әрине, белгілі тұлға болып, өзіндік айтары мен жазу үлгісі бар философ болып қалыптасу үшін Томмазо Кампанеллаға рухани жағынан ұстаз болатын адам керектігі сөзсіз. Жоғары да айтып өткеніміздей күндердің бірінде оның қолына философ Телезионың «Өз аттарына сай заттардың табиғаты» атты еңбегі түседі. Еңбекпен терең түрде танысқан ол өзінің білімін толықтырумен қатар, жылдар бойына іздеген сұрақтарының жауабында тапқан болды. Сол тұстағы «қоғамның артқа, кері кетушілігі ашкөздіктің нәтижесі болып табылады» деген тоқтамға келіп, онымен жалпы халық болып күресу керектігін айтады. Сонымен қатар, адамдар санасыз болса оларға білім, ақыл беріп, үлгілі ету керек деп, жеке меншіктің түрін жою туралы пікір білдірді. Жеке меншікті жойса оның ойынша Италияда кедейшілік пен халықтың мазаққа қалу үрдісі болмайды және де өсіп келе жатқан Джованни Доменико сияқты жас таланттар байлардың баласын тәрбиелейтін мектептің терезесі маңында емес, жағдайы жасалған мектептерде білім алады деген сол заман үшін алдыңғы қатарлы ой айтады. Міне, осы тұлғаны өзінің рухани ұстазым деп тапқан ол, Телезионың айтқандары арқылы өзінің өрісін кеңейтіп, айтары мол адам болып қалыптасу керектігін байқаған. Алдымен, оның тұлға болып қалыптасуында ерекше роль атқарған аты белгісіз қарт монахты да айтып өтпеске болмайды. Жоғары да айтып өткеніміздей Томмазо Кампанелла өзінің дарындылығы нәтижесінде өз бетімен жазу мен сызуды, сонымен қатар оқуды да меңгеріп алады. Жетік түрде латын тілін, содан кейін грек тілін меңгереді. Біраз жылдар өткеннен кейін Джованни Стилода доминикандық қарт монахты жолықтырып, ол оның болашақ тағдырына елеулі өзгерістер әкелетіндей жағдай тудырады. Ол өзі сияқты монах болуды көздеп, шіркеуге келуге ұсыныс айтады. Өмірлік мақсаты мен міндеті айқындалмаған бала үшін бұл ұсыныс, оның кітап оқуы үшін жағдай тудыратын зор таңдау болды [12.36бб].
Томмазо Кампанелланың көптеген Қайта өрлеу дәуірінің ойшылдарынан артықшылығы Аристотельдің схоластикалық идеясына қарсы пікір айтуымен қатар, антикалық философияға да тізе бүге беру дұрыс емес екендігін дәлелдеген. Өзінің арнайы «Пұтқа табынушылар философиясына қарсы» атты трактатында ол: «Пұтқа табынуды сақтаудың еш маңызыдылығы жоқ. Сонымен қатар, классикалық ежелгі дәуір философиясына жөн-жосықсыз сүйене берудің қажеті аз. Біздер үшін ғылымды радикалды түрде түбегейлі өзгерту керек» деген [2.31-39бб]. Антикалық және ортағасырлық әдет пен дәстүрге ол ХІҮ-ХҮІ ғасырдағы хритиан өркениетінің ғылыми және техникалық жетістігін қарсы қояды. Сонымен қатар, антика мен ортағасырлық өмір сүру деңгейіне қарсы анағұрлым дамыған еуропа халықтарының өмір сүруін жағдайын салыстырып, қояды. Жаңа бір дамыған философияда Ұлы ашылулар кезеңімен тікелей байланысты деген ой айтады. Алайда, антика мен ортағасыр философиясын түгелдей жоққа шығарды деген ойтуындамауы тиіс. Осы жайында ол былай дейді: «Христиан кезеңінде христиандар кітап басуды ойлап тапты. Дегенмен, бұл іс сол заманғы философтар мен дін қызметкерлерінің қарсылығына ұшыраған еді. Колумб өзіне дейін беймәлім болып және теріске шығарылған Жаңа Әлемді ашып, экватор бойында өмір барын дәлелдеді. Галилей аспан денелерінің жаңа түрін ашты. Коперник Күн қозғалысын ашса, португалдықтар жер бетін түгел айналып шықты. Сол себепті де, қалыптасқан астрономияны Коперникпен Тихоның еңбектеріне сүйене отырып терең де түбегейлі өзгерістер арқылы өзгерту керек. Сонымен қатар, олардың аспан денелерін бақылауына сай күнтізбелік істі де реформалау керек. Сонымен қоса, ауыр артиллерия мен компас және тағы да басқа антика дәуірімен алғашқы ортағасыр үшін беймәлім болған керемет жаңалықтар ойлап табылды» дейді [5. 5-6бб]
Осындай ғылымның жаңа жетістігі арқылы ғылымды түгелдей және түбегейлі радикалды түрде жаңарту керек деген ойды Томмазо Кампанелла ұстанады. Оған қоса антика дәуірінде беделді болған ойшылдардың еңбегінен кете отырып, «Табиғат жөнінде жаңа бір ілім мен оқулар енгізу қажет» деп есептеген. Осы Томмазо Кампанелла келтірген пікірлерді жоққа шығару, ойшылдың пікірінше ғылымның дамуын тежеу болып табылады дейді. [5.5-6бб] Ғылыми танымды қандай да бір ілімнен тазарту үшін оны ең алдымен Аристотель іліміне табынушылықтан тазарту керектігін және ғылым мен философиядағы принциптерінен бас тарту қажеттігілігін барынша айтқан. «Егер де біздің қоғамымызға қандай да бір керемет ғылымның жетістігіне сай қасиетке ие адам келіп, өзінің пікірлерін ұсынса соған ғана бой түзеп, оның соңынан еріп кеткен дұрыс еді. Алайда, әр адамға ол үлкен де керемет данышпан болсын қателесу қасиеті тән. Жаңа ашылыулар мен жетістіктер ғылымды үнемі жаңартып тұруы тиіс. Ғылыми зерттеуде әртүрлілік принципінде жоққа шығаруға болмайды. Өйткені философияға ғылымы осы принципке негізделген. Егер де әртүрлілік принципіне тыйым салынса соңғы ғылым жетістігі-жаңа жарты шар туралы, сонымен біргі жаңа жұлдыздар турасындағы мен телескоптың, магниттің, кітапбасу ісінің, артиллерияның ойлап табылуы болмас еді» [5.60б]
Томмазо Кампанелла ұстазына сенгендігі соншалық тіпті ұстазының атынан ант беріп ғылымның дамуын тежегендер туралы жаман пікірлер айтады. Егер де не үшін қам жеуіміз керек деген сауалға, ол: «қайта-қайта басылып, адам жеркенетін, ата-бабамыз тұсындағы қайталанатын ғылымды насихаттайтын кітаптардың үнемі басылып шығуына» қам жеу керек дейді. Тіпті, бұл мемлекет үшін де қауіпті дейді, өз халқының санасын тек бір кітаппен шектеп, жаңа ғылыми ашылымдарға да жол көрсету керек дейді [5.48б].
Өзінің «Пұтқа табынушылар философиясына қарсы» атты еңбегіндегі «Жаңашылдық туралы» атты тарауында Томмазо Кампанелла ғалымдар мен философтардың жаңа ғылыми зерттеу жұмыстарындағы құқықтарын қорғап, «мемлекет пен шіркеудегі әрбір ғылыми жаңашылдық еш күмән келтірмеуі керек» деп, ал егерде қандай да бір қате пікірлер мен теориялар туындаса ол өзінің авторынан ұзақ өмір сүре алмайды деп сендіреді. Сонымен қатар, ғылымға негізделген даңашылдықтар ұрпақ үшін үнемі қалатындығында айтып, сол себепті де әр адам-жаңашылдыққа ұмтылуға толық құқылы дейді.
Шынайылыққа жету жолында діни схоластиканың атқарар ісін жоққа шығара отырып, Томмазо Кампанелла «Екі кітап» еңбегінде білім алу жүйесін ойлап табады. Ол өзіндік бір ортағасырлық құдайшылдық пен философияға негізделген «екі шындық» тұжырымына сай жасап шығады. Өзінің «Пұтқа табынушылар философиясына қарсы» атты еңбегінде екі құдайдың кітабы бар дейді, олар Табиғат пен Жазылым деген. Табиғатты әр адам өзінің санасына қарай түсініп, сезіне алады. Табиғатты тану-ол философия мен ғылымның ісі. Ал, екінші кітап ол-Қасиетті жазба. Ол табиғат туралы еңбегінен «аса мықты» емес, тек қана адамдардың санасына тура келеді дейді. Осы екі кітап Құдай тарапына әртүрлі мақсатпен түскен. Егер де Табиғат атты еңбекте адамдарды қоршаан ортаны танып білуінің жолдарының өте көп екендігі туралы айтылса, екінші кітап сенімді нығайту үшін керек. Томмазо Кампанелланың пікірніше осы екі кітап арасында ешқандай қарама-қарсылық болмауы тиіс. Қасиетті жазба Табиғаттың заңдарын теріске шығармайды.
«Қасиетті жазба» кітабы тілге жеңіл, оқуға ыңғайлы. Себебі, ол кітапта құдайдың ісі туралы айтылады.
«Екі кітап» атты жазбасында Томмазо Кампанелла ғылыми жетістіктер мен ойларды «Інжілдің» айтқандарына тура салып қарауға болмайтындығын айтады. Сондықтан да, әрбір ғылыми жаңалық «Інжілдің» айтқандарымен тура келуі міндетті емес дейді. Осылайша автордың қалауымен ғылым мен философия діннен толықтай азат етіліп шықты. Ендігі уақытта, ғылыми жаңалықтар мен ғылыми таным ісі «Інжілдің» айтқандарынан босауға рұқсат алғандай болды. Томмазо Кампанелла осы жайында «Егер де Коперник пен Галилейдің ғылыми жаңалықтары дұрыс болса, онда «Інжілдегі» айтқан сөздерді солардың айтқандарына қаратуымыз керек» деп осы еңбегінде жоғарыдағыдай ой айтады.
Диплом жұмысының жоғарғы тарауларында айтып өткеніміздей, Томмазо Кампанелланың рухани ұстазы болып саналған Телезионың өлімінен кейін мансапқор Джакало Антонио Мартаның «Бернардин Телезионың ұстанымдарына қарсы Аристотель қамалдары» атты еңбегі жарық көреді. Осы кезде Томмазо Кампанелла өзінің ұстазының аты мен беделін қорғауды ойлап, 1591 жылы Неапольде оның «Сезінуге негізделген философия» атты алғашқы еңбегі жарыққа шығады. Аталған еңбек Қайта өрлеу дәуіріндегі неоплатонизмнің әсерінде жазып шыққан деп қазіргі таңда ғалым-зерттеушілері айтып жүр. Аталған еңбекте, Томмазо Кампанелла әлемнің жаңа бір келбетін танып білу үшін кітап білім аздық етеді немесе ол арқылы оған жету мүмкін емес деген ойды айтады. Ал, толық танып білу үшін сезіну негізінде жүзеге асады дейді, яғни сезімдік қабылдау қажет. Осындай ойды ол өзінің «Табиғат философиясының қысқаша жинағы» атты еңбегінде де келтіріп кетеді. Сонымен қатар, Томмазо Кампанелла сезіну арқылы ғылыми жаңалыққа жету керектігін баса айта отырып, өз заманының ғалымдарын қатты сынға алады. «Жаңа бір ғылыми жаңалық ашудың орнына олар өз уақыттарын адамның еңбегін сынаумен өткізеді. Ал, олардың ашық алаңқайға, теңізге, тауға шығып, табиғатты танимын деп мақсат қойған адамды көрмедім. Олар осы табиғатты тануды үйлерінде де жасамай, күні бойы Аристотельдің еңбегін оқып, оны қорғаштаумен уақытын өткізеді» дейді [4.15-24бб].
Сонымен қатар, Томмазо Кампанелла өзінің еңбектерінде Томмазо Кампанелла Аристотелдің жерге байланысты айтқанын жоққа шығарады. Ол атақты ой бойынша «жердің көптігі оны қалай болса, солай пайдаланушылардың көбейіп, оның жемісін әділетсіз бөлінетіні туралы» ойын жоққа шығарады. Ал, Томмазо Кампанелла «Күн қаласы» атты шығармасында осының барлығы да әділетті түрде шешуге болатындығын айтады. Себебі, олар ұжымдық кітап арқылы жұмыс атқарып, еңбек етудің бір жүйесін жасап шығады дейді. Еңбек етуде «бестік», «ондықтар» өздерінің көлемі мен жұмысшы санына қарай еңбек етеді, осыны еңбектің тең дәрежеде бөліну деп көрсетеді. Осының өзі еңбекті әділетті түрде бөліп, жұмыс жасауға толық жағдай жасалады.
Өзінің ұстазы Телезионың соңынан кейін табиғатты танудың бір жолы сезіну екендігін айтқан Томмазо Кампанелла әлемді түсінудің ескі жүйесін алып тастау керек деген. «Табиғатты ғылыми танып білу үшін сезінуге арқа сүйеу керекпіз. Себебі, сезіну ғана Құдай жаратқан табиғаттың тура келбетін бере алады» деп табиғатты танудың сезіну арқылы жолын былайша суреттеген Томмазо Кампанелла өзінің ғылыми ойларының дамуындағы алғашқы сатылардан осылайша көріне бастайды.
Томмазо Кампанелла өзінің натурфилософиялық еңбектерінде дәлелдеген әлем түсінігінде космология мәнін аз-кем ашып кеткен. Оның ойынша қозғалу тек аспан денелеріне ғана тән құбылыс. Мысалы, Күн мен планеталар осындай қозғалыста болып келеді дейді. Ал, жер болса суық та, қозғалыссыз жатқан, әлемнің орталығында орналасқан деп түсіндік дейді. Алайда, сезінуге негіздеген философ соңғы ғылыми жаңалықтарға қарамайды, ол оның алғашы ұстанымдарына қарсы келіп отырған еді. «Біз Телезионың соңынан еріп, барлық аспан денелері оттан тұрады деп ойладық. Алайда, Галилейдің бақылауынан кейін аспан денелері тек оттан тұрады дегенге мен енді сене қомаймын» деп өзінің «Космология» атты еңбегінде жазады. Қарап тұрсақ, автордың ғылыми танымы тек сол қоғам шеңберінде ғана емес, сонымен қатар астрономия мен аспан денелері туралы да қызығушылықтары басым болғандығын көреміз. Оның ойынша аспан денелері Аристарх пен Коперник дәлелдегендей болса онда жаңаша бір философия қажет деп есептейді Томмазо Кампанелла [3.31б].
Галилео Галилей жасаған Аспан, Күн, тау мен ай, Юпитер туралы тұжырымдары да Томмазо Кампанелланы ойландырмай қоймады. Ол өзінің хатында Галилейдің еңбектерін өзінің «Метафизикасын» жазбастан бұрын оқымағанына қатты өкініш білдірген. Дегенмен, ол өзінің «Метафизика» атты еңбегінде «Мен Коперниктің пікірлерін толықтай қолдаймын. Алайда, Коперникте көптеген қате пікірлер айтқан» деп жазған. Ол ешқандай да бір аспан денелері туралы теорияларды қолдамаған ғалым. Ол ғалымдардың ғылымдағы жаңа бір методологиясына қарсылық білдірді. 1611 жылы Галилейге жазған хатында Томмазо Кампанелла «Жұлдыздардың қозғалуы» атты шығармасы туралы айтып, Птолоймей мен Коперник шығармаларындағы кейбір ойларға қосылмайтындығын айтқан. Сонымен қатар, Томмазо Кампанелла Галилейдің ғалым ретінде кей ойларына қарсылық білдіріп отырған. Мысалы, ол былай дейді: «Галилей толық деңгейде философиялық ойларға беріле алмаған және су мен ауаны атомдардың қосындысы деп айтуы дұрыс емес. Менің таңқалатыным Галилей тек дене заттарының ғана қозғалысын мойындайтындығы болып отыр. Егер де оның ойы бойынша жүретін болсақ, онда философияда біз дәлелдеп жүрген көптеген құбылыстардан бас тартуға тура келеді» деп ой қорытады. Томмазо Кампанелланың натурфилософиясы анағұрлым сәтті де, сапалы болып қала берді [2.64-69бб].
Сонымен қатар, сол заманның көрнекті өкілі Джордано Бруномен де кеңістіктің шексіз екендігіне қатысты пікірлері жараспады. Томмазо Кампанелланың түсінігіндегі материя-шығармашылық күшке ие емес, ол ыстық пен суыққа, күшке бағынышты деп түсіндіруінің өзі оның Джордано Бруномен екі пікірге бөлінуіне алып келді.
Өзінің таным теориясына байланысты ойлары оның Б. Телезионың бастаған идеясын дамыта түседі. Танымның негізі «өмірлік рух» деп баға беріп, оның сезім мүшелері арқылы қоршаған ортаның заттарын танып білуге болады деген. Өзінің сезіну қызметіне қарай, сезім мүшелерінің де атқарар қызметін айқындайды. Олардың барлығы келіп «өмірлік рух» мәселесіне келіп тіреледі. Тағы да баса назар аударып өтетін жайт танымдағы сезінудің ролін Томмазо Кампанелла әлемнің жаңа бір келбетін танып білу үшін кітап білім аздық етеді немесе ол арқылы оған жету мүмкін емес деген ойды айтады. Ал, толық танып білу үшін сезіну негізінде жүзеге асады дейді, яғни сезімдік қабылдау қажет. Адамдар сезіну алдында сол сезіну обьектісі болып отырған зат туралы да жалпылама мәліметі болғаны абзал дейді. Адамдардың санасында әмбебаптық түсінігі қалыптасады. Ол түсінік бойынша заттардың ортақ қасиетіне сай, оларды өзара ұқсатуға байланысты туындайтын ой. Жалпы, ортақ заттарды түсіну үшін алдымен оларды құраған жекелеген заттарды түсін дейді. Оның себебін сананың алдымен жеке заттар туралы ой қалыптасуы керек, тек содан кейін ғана барып ортақ заттарды түсіне алатындығымен дәлелдейді. Ортақ заттарды түсіну үшін олардың құрамы мен құбылысы туралы пікір қалыптасу керек. Жалпы түсінік, адам ақылының жемісі емес, ол-заттардың табиғатынан туындайды делінген оның басты «Космология» атты еңбегінде [3.21б].
Таным түсінігін дамыта отырып, Томмазо Кампанелла ғылыми шынайылық мәселесіне тоқталады. Шынайылық деп Томмазо Кампанелла адам санасындағы түсінік пен заттардың қасиетінің дәлме-дәл келу деп түсіндіреді. Осы аталған шынайылық мәселесін Томмазо Кампанелла өзінің «Метафизика» атты еңбегінде тура шешкендей болады. Шынайылық деп адам санасындағы заттың нақты қасиетінің бейнеленуі дей келе, сезінудің осы мәсееде алар орнын анықтайды. Ішкі сезімдер арқылы сезінумен қатар, адамзатқа шынайылыққа жету үшін оның жеке қасиеттері интуиция, түсінушілік және тағы да басқа адами мүмкіндіктер арқылы ғана шынайылыққа толық жетуге болады деп есептейді.
Ғылымды түрлі жолдармен жаңарта отырып, тек қана қоршаған орта немесе әлем туралы түсінікті байытып қана қоймай, ғылымның мақсаттары мен міндеттері туралы да мол мәлімет алуға болады деп есептеген. Ғаламды танып білуде сезінумен қатар, тәжірибенің де алар орны ерекше екендігін Томмазо Кампанелла баса назар аударып айтады. «Әрбір білім тәжірибеден бастау алады және тәжірибеге қайта оралады. Қарап тұрсақ, барлық ғылыми жетістік тәжірибеге негізделген» деп ойын қорытады.
Өзінің тәжірибелік мақсатын ол «магияны меңгеру» атты түсініктен қалыптастырды. Ал, магия деп өзінің философиясына сай ғаламның жандануы, заттардың жалпылай сезінуге лайықтылығы деп түсінді. «Табиғи магия-деді Томмазо Кампанелла-тәжірибе өнері, сапалы әрі нақты нәтижеге қол жеткізу үшін жасалатын белсенді және әлсіз күштер арқылы әрекет ету» деп түсіндірді. Магия өнері-табиғаттың тылсым күштерін танып білу үшін жасалуы тиіс және бұл магияда ешқандай жасырын немесе сыйқыр жоқ болады деп түсіндірді Томмазо Кампанелла. Магия ісінде әсіресе жоғары тұратыны ол-адамның санасы деген. Магиялық философияның мақсаты-адамзат қоғамын өзгертіп, ғаламды реттеу болып табылды. «Осы іспен айналыстаны атақты, ұлы магзаң шығару қабілетіне ие болуы тиіс. Ол барлығына пайдалы да тартымды заттар шығарып, астрология мен физиканы пайдалану арқылы оны тіпті көрікті етуге болады» деп өзінің еңбегінде ой қорытады Томмазо Кампанелла. Сонымен Томмазо Кампанелланың пікірніше маг-ол философ, ғалам күші арқылы әрекет етеін адам. Осындай барлық идеясы Томмазо Кампанелланы түптің-түбінде коммунисттік утопияға әкеліп, осының негізіндегі еңбектер жазуына алып келді.
Томмазо Кампанелланың шығармаларында сол және осы күнгі өзекті мәселе болып табылатын материя түсінігін ашуға тырысады. Томмазо Кампанелла шығармаларында материя түсінігі тұрмыстың абстрактілі емес түрінде келтірген. «Нақты философия» атты еңбегінде «Материя-ол бар нәрсе. Ол ғаламда орналасады. Ол идеалисттердің санасындағы құбылыс емес және ол санадан емес, ғаламдағы бар заттан құралады» деген пікірді ұстанады. Тұрмыстың негізі де осы материя болып табылады. Осыдан келіп ол әртүрлі формада кездеседі және материя өлмейтін мәңгі есебінде деген өзімізше қорытынды жасауымызға болады. Материя формаларға материалдық өмір сүру кескінін береді. Томмазо Кампанелланың еңбектерінде материя нақты бір физикалық денеге сай құралады [3.27-29бб].
Дж. Бруномен салыстыра отырып қарағанда Томмазо Кампанелла материяға қандайда бір діни сипат бермейді. Ал, кеңістік түсінігінде Томмазо Кампанелла натурфилософтардың дәстүрін жалғастырып, ол қозғалмай барлық ғаламды өзіне сыйдыра білетін зат ретінде түсіндіреді.
Қайта өрлеу дәуірінің философтары секілді Томмазо Кампанелла Аристотельдің басты принципіне қарсы шығады. Аристотелдің пікірінше жылжымалы зат өзінің жылдамдығын басқа зат арқылы алады десе, Томмазо Кампанелла табиғаттағы өзін-өзі қозғалту мәселесін қозғайды. «Әрбір қозғалған заттар жылдамдығын басқа бір күштен емес, өзінің жеке жылжу қасиетінен алады» деп, жылжудың басты қайнар көзі ол-жылылық екендігін баса назар қойып айтқан. Жылу-тек жер бетіндегі заттардың механикалық түрдегі қайнар көзі болып қана емес, сонымен қатар табиғаттағы барлық заттардың негізгі күші болып табылады дейді.
Томмазо Кампанелланың пікірнше әрбір зат тек өзін-өзі жылжытып қана емес, сонымен бірге өзін-өзі сақтап қалу қасиетіне де ие. Өзінің қарсыласы немесе өзін жоюшыға тек қарсы тұрып қана қоймай оның өзіндік қасиеттерін де жетік білетін сезіну қасиеті бар деген. Томмазо Кампанелланың пікірінше жан-жануар мен өсімдіктер әлемінің пайда болу ол-Күннен келетін энергиядан жаратылған табиғи күштің әсері болып табылады.
Сонымен қатар, Томмазо Кампанелла осы материя, сезіну мен өзін-өзі сақтап қалу қасиетімен қатар, прималитеттер туралы ілімді де қозғайды. Ол прималитеттер деп отырғанымыз тұрмыстың басты үш атрибуты, яғни Күш, Даналық және Сүйіспеншілік. Бұл ойлары Томмазо Кампанелланың «Метафизика», «Теология» және «Күн қаласы» атты еңбектерінде барынша тоқталған. Көптеген ғалымдардың пікірінше Томмазо Кампанелла бұл үштікті христиан әлеміндегі қасиетті үштіктен алып отыр деген мәселе қозғайды. Алайда, Томмазо Кампанелла олардың пікіріне қарсы жауап айтып, ғаламдағы барлық заттар осы автор атап өткен үштіктен тұратынын айтып, көпшілікке барынша түсіндіреді. Осы аталған үштікке байланысты Томмазо Кампанелланың пікірін біздер диплом жұмысының келесі тарауында, яғни «Күн қаласына» қатысты байланыстырып айтатын боламыз.
Томмазо Кампанелла еңбектерінде Құдай мен Табиғат мәселесі қатар қарастырылады. Ғаламның жаратылысын Томмазо Кампанелла Құдайдың бір кереметі деп түсінеді. Ал, Табиғат заңдары Құдайдың қойған тәртіптерін бұзудан тұрады деп түсінеді. Томмазо Кампанелланың түсінігіндегі Құдай қатал тәртіпке негізделген. Ол өз-өзіне қарсы шықпайды.
Томмазо Кампанелланың пікірнше бүкіл ғаламға қозғалыс берген Құдай ұсақ заттарға мән бермейтін секілді. Құдай ісі ол заңдылықтан тұрады. Ол құдай ісін механикалық сағатқа теңеп барлық заттарды қуаттандырып, оларға қозғалыс беріп қойды деп түсіндіреді.
Алайда, Томмазо Кампанелла жоғарыда атап өткенімізден бір байқағанымыз өзіне дейінгі көптеген ғұлама ойшылдардың пікірлерін ескермейді. Оның идеясына салсақ, олардың жазып қалдырып кеткен шығармаларын оқу ісі құр босқа уақыт өткізгенмен тең болып шығып, олардың таңдау еркіндігін жояды. Өзіне дейінгі барша ғұлама ойшылдардың пікірімен санаспай өз заманыныда өзіне дұрыс болып көрінгендей асығыс тұжырым жасаған. Әрине, Томмазо Кампанелланың келтірген пікірлері өзіндік ғалымға тән интуиция және де өзінің ғылыми танымына да сүйене отырып дәлелдеуге тырысқан. Томмазо Кампанелланың пікірлері көп жағдайда өзі сияқты утопист ойшыл Томас Мордың да еңбегінде кездеседі. Ол болса өзінің басты еңбегінде біз жоғарыда атап өткен жағдайлармен қоса, өзінің басты мақсаты қоғамды жақсартудың жолдарын қарастырады. Томмазо Кампанелла да тура осында пікірлерін айта келе, «Күн қаласы» атты шығармасында Томмазо Кампанелла былай дейді: «Басқару мен еңбек істерін ұйымдастыру белгілі бір адамдардың қолына шоғырлануы тиіс, қоғамның жетістігіне қуанған олардың іс-әрекетінде ешбір өрескел қимыл білінбей, ешкім ешкімді қанауға қызығушылық білдірмейді» дейді.
- Күн қаласы идеясы және оның мән-мағынасы
Өзінің саяси ойлары үшін жазаланған Томмазо Кампанелланың барлық ойлары әшкереленіп ол түрмеге түседі. Жоғарыда айтып өткеніміздей 27 жылға бас бостандығынан айрылады. Осы түрмеде жатқан уақытында оның атақты біз қарастырып отырған «Күн қаласы» атты шығармасы дүниеге келеді.
Бұл еңбек италян тілінде 1602 жылы жазылады. Ал, латын тіліндегі жазбасы 1613-1614 жылдар аралығында жазылған. Осы нұсқасы Франкфурт қаласында 1623 жылы басылып шығып, саяхатшының қиял-қаласы туралы әңгімесі ретінде жарық көреді [11.23б].
«Күн қаласы» еңбегі атақты Томас Мордың «Утопия» атты еңбегінен кейін жүз жыл өткенде жазылған. Себебі, «Утопияның» жарыққа шығуы 1516 жылы болып табылатыны шындық. Ал, «Күн қаласы» кітабы Френсис Беконның «Жаңа Атлантида» еңбегімен бір уақытта жазылған деп топшылауға болады.
Алайда, бұл еңбек уақыты жағынан одан да ертерек уақытта ауыз-екі айтыла бастаған. Мысалы, жоғарыда атап өткен 1598 жылы Неапольге келісімен Томмазо Кампанелла бірнеше монахпен өзінің саяси көзқарасытырын сол қоғам мүддесіне сай болмағандықтан абақтыға жабылғандығын айтып өттік. Оларға тағылған басты айып-сыйқыршылық және тәуелсіздік жариялау мақсатында испан билеушілеріне және түгелдей мемлекеттік жүйеге қарсы астыртын іс-әрекет еткені болып табылады. Сол кезде тұтқынға түсушілердің рухын көтеру мақсатында Томмазо Кампанелла тұтқындарға тыныштық пен сабыр сақтап, ештеңе айтпауды бұйырады. Томмазо Кампанелла өзінің көрген қиындықтарына қарамастан тұтқынға түскендер арасында өзінің қиял қаласы-Күн қаласы туралы айтып берген [22. 51-56бб].
Томмазо Кампанелланың «Күн қаласы» атты еңбегі әлеуметтік ойлар тарихында ерекше орынға ие. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы саяси және әлеуметтік ойлардың дамуына аталған еңбектің қосқан үлесі орасан зор. Бұл еңбек өзінен кейін көптеген пікір-таластар мен ойдың дамуын тудырды. Тарихи жағдайлар мен оқиғалардың дерегі ретінде бұл еңбек Томас Мордың еңбегімен қатар бағалануы да осының дәлелі болса керек.
«Күн қаласы» еңбегінің әдеби жағынан әрленуі тұрпайы түрде іске асқан. Өзіне дейінгі антика дәуірінің авторлары мен өз дәуірі немесе Қайта өрлеу кезеңінің авторларының еңбектеріне қарайластыра жасалып, өзіндік жазу мәнерін таба алмай қалған сияқты. Аталған еңбек диалог түрінде емес, автордың өзіндік баяндауларынан тұратын кітап. Еңбек жаңа бір мазмұнда болуы тиіс деп автордың өзі де айтып отырады. Сол заманғы авторлардың идеясымен астасып жатқан бұл еңбек сол қоғамдағы өз орнын тауып, әсте беделін жоғалтпаған. Көптеген авторлардың пікірінше автор сол заманғы айтылған ойларды қайталай беру арқылы еңбектің құнын жоғалтқан. Көпшілік оқиғада жанды бір құбылыс туралы айтпай, керісінше автор қандай да бір ғайыптан ерекше бір қоғамға түсіп, сол қоғамның ерекшелігін көрсетумен уақыт өткізіп алғып және осы арқылы өз оқырманын қызықтыра алмайды дейді [29.11б].
Еңбектің ерекше тұстары да өте көп. Автордың еңбектегі әдеби жаза алу қабілеті аз болғанымен, жаңа қоғамды құру принциптерінің қызықтығымен ол тек Италия ғана емес түгелдей дерлік Батыс Еуропаға тараған. Томмазо Кампанелланың ең басты ұтқан тұсы-еңбекті ұйымдастыру ісін өте сәтті көрсете білуінде. Мысалы, жеке меншіктің болмауы, жалпы халықтық ерекше еңбек ету, беделге ие болу ісі, қоғамдық істі реттеу мен оның табысын бөлу ісі ерекше жақсы көрсетіліп берілген. Міне, осы идеялар «Күн қаласы» идеяларына үш жүздан астам уақыт өмір сүруіне жағдай жасады. Сонымен, Томмазо Каманелло бірнеше бірегей құнды тарихи мәліметтерді де келтіріп, біздер, яғни италия тарихымен қызығушылық білдіргендерге көмек ретінде қосымша мәліметтер келтіреді. «Күн қаласы» атты еңбегінде мысалға алып көрсеткен Томмазо Кампанелланың қауымдық меншікке негізделген идеалды қоғамы шынайы саяси бағдарлама болып табылады. Томас Мордан ерекшелігі Томмазо Кампанелла осындай әділетті қоғамның қажеттілігі мен болатындығына анағұрлым сенімді болды. «Күн қаласы» еңбегі испан басқыншыларына қатысты Калибриялық келісімнің нәтижесінде дүниге келді. Жоғарыда айтып өткеніміздей көтеріліс жасауға да деген ниеті барынша ашылып қалған кейінде Томмазо Кампанелла өзінің армандарынан айрыла қоймады. өзінің осы ойларының орындалмағанына кінәлі болып шыққан халық өкілдері мен достарының және де өзін қоршағандардан сенімін жоғалтқан Томмазо Кампанелла «Күн қаласын» пайда қылуда ендігі кезекте мемлекет пен шіркеуге арқа сүйемек болған. Сонымен қатар, барлық еуропалық мемлекеттерге терең де, түбегейлі әлеуметтік өзгерістер енгізу арқылы толық тазару керек деген ойынан әлі де болса қайтпады [23.87б].
«Күн қаласы» еңбегі мазмұны жағынан біздер жоғарғы тарауда айтып кеткен Томмазо Кампанелланың философиялық және саяси шығармаларымен тығыз байланысты. Сол себепті де кей зерттеушілер айтып жүрген «Күн қаласы» еңбегі ойшылдың қысылтаяң уақытта шығара салған немесе жаза салған коммунисттік утопияға негізделген еңбегі емес. «Күн қаласы туралы аңыз кітапта тек қана евангелисттік ілім мен автордың санасындағы қиялдың тек қана кейбір жерлерінде ғана ұқсастықтары бар»-деп Р. Америо өз еңбегінде жазып, көрсетіп кеткен.сонымен қатар, бірнеше авторлардың пікірінше Томмазо Кампанелла келтірген қияли қоғам тек хиристиан дініне дейінгі қоғамды еске түсіреді екен. Қоғамды түбегейлі өзгертуде өзінің үміті, адамзат қоғамын өзгертудегі өзінің жоспарлары, әділетті де табиғи әрі саналы құрылысты қалыпқа келтірудегі өзінің армандарына қол жеткізу үшін Томмазо Кампанелла космостық төңкеріс нәтижесінде ғана жүзеге асады деп есептеген. Таза әрі әділетті қоғамда өмір сүру Томмазо Кампанелланың пікірінше болмай қоймайтын заңдылық ретінде қарастырды. Осы тұста тек қана қандай да бір керемет пен Құдайдың еркіне үміт артып қою аздық екенін Томмазо Кампанелла айта отырып, адам тек өзінің армандарына қарай өзі ғана ұмтылуы тиіс деп түсіндірді. Егер де өзінің қияли қоғамын жүзеге асыруын Томмазо Кампанелла астрологиялық күштер арқылы жүзеге асады десе, ал сол тұстағы италияның саяси ауыр жағдайы мұндай қоғамның болуын талап етіп тұрған еді.
Қоғамда орын алып жатқан әлеуметтік теңсіздік мәселесі мен бай мен кедейге қоғамның тым қатты бөлініп кетуі Томмазо Кампанелланың «Күн қаласы еңбегін жазуына тура алып келген еді. «Барлық христиан әлеміндегі орын алып отырған испан басқыншылары болған жерлер тек бай мен кедейлерге жіктеледі. Бүгінде біздер куә болып отырған жағдайға қарасақ, біреулерде жүз скуди табыс болса, ал мыңның үстіндегі адамдарда үш скудиден де аспайтын табыстары бар» деп ашынған. Байлық пен кедейшілік, билік пен ақша мемлекеттік билікке барып тіреледі. «Әрбір адам ақшаға өз махаббатын арнайды. Сөйтіп, адам алдауға дейін барады. Адамдар өзара ақша арқылы махаббат алмасады. Себебі қазіргі қоғамда ақша барлығын істетеді. Ғылымды жалғанға шығарып, дінді адастырады, барлығы да ақшаның осылайша құлы болып жүр» деп сол қоғамның ащы шындығын айтады [27.16б].
Мемлекеттегі қоғамда теңсіздік пен жеке меншік болса ол өзін-өзі жақсы көруді тудырып, идивидуализмді нығайта түседі. Осының барлығының түп негізінде Макиавелидің ілім жатыр дейді. «Барлық мемлекеттер басшылары Макиавелиді евангелиясы үшін сыйлайды. Ал, адамдар Інжілге, Құранға, Евангелияға сенбейді. әр адам өзінің пайдасына сенеді» деп ой қорытады. «Мемлекеттік қажеттілік-тирандар ойлап тапқан түсінік, олардың ойынша өз орнын сақтап қалу үшін барлық заңды таптап өтуге болады. Ол билік етушінің жеке мүддесіне тікелей бағытталған» деп «Саяси афоризмдер» атты шығармасында [16. 301-328бб].
Томмазо Кампанелланың «Күн қаласы» атты шығармасы сол заманғы Италияның барлық әділетсіздігіне, жеке меншіктік қатынасына, әлеуметтік теңсіздігіне, басшылардың тираниясына мен барлық қайғы-қасіретіне қарсы бағытталды. Томмазо Кампанелланың жеке меншікке ашық қарсы шығуының өзі оның сол қоғамның ең бір өткір мәселесін қозғағандығын түсінсек болады. Оның шіркеулік бөлініс пен мемлекеттік қақтығыстар турасындағы жағдайларды көріп, біліп жаңа бір әлеуметтік құрылыс пен барлық адамзаттың бірігуі үшін аянбай еңбек етті. Бұл бағдарламасы жалпылай алған тек қана Томмазо Кампанелланың «Күн қаласы» еңбегінде ғана емес, оның барлық шығармаларынада айтылып өтеді.
Көлемі жағынан шағын көлемді Томас Мордың айтқан идеясы негізінде жазылған еді. Теңіз жүргіншісі, алыс жолдан келіп, бір алыс аралдан Күн қаласы туралы керемет әңгімелер айтады. Еңбек утопиялық жанрда жазылған. Утопия (грек тілінде) көркем әдебиеттің жанры, көбіне ол ғылыми фантастикаға жақын. Бұл жанрда жұмыс жазған авторлар көбіне-көп ерекше қоғамды суреттеумен ерекшеленген. Бұл жанрдың бастауы Томас Мордың осы аттас шығармасынан бастау алады.Сонымен қатар, ағылшын шіркеу қызметкері Сэмюэла Перчестің еңбегінде де кездеседі. Бұл терминнің соңғы уақытта шыққанына қарамастан Платонның «Мемлекет» атты еңбегі де осы жанрда.
Томмазо Кампанелла түрмеде отырған жылдары сөз жоқ, әлеуметтік және саяси теңсіздік туралы ойланып, жаңа бір ерекше мемлекеттің үлгісі туралы ой қорытты. Ол заманның көпшілік жұрты немесе халқы әрине құл ретінде қала берді. Құлдық көбіне өзінің патшалары мен өзіне жұмыс берушілеріне тәуелді күйде қала берді. Сол тұста ешқандайда теңдік пен тәуелсіздік туралы сөз қозғаудың өзі де мүмкін емес еді. «Күн қаласы»-бұл ерекше, қайталанбас, бірегей еңбек. Оның ойынша бұл қалада жұмыспен барлығы қамтылған, бұл қалада жалқаулар мен еңбектен қашушылар жоқтың қасы деп суреттейді [24. 14бб].
Калибрияда өзі жасамақ болған көтеріліс барысында Томмазо Кампанелла Стило тауына ұқсатып жақсы өмір сүру мен еркіндік туралы әңгімелеп берген еді. Осы туралы оның әңгімесінің басты негізі «Күн қаласы» атты шығармасы еді. «Күн қаласы» қоғамның әлеуметтік-саяси толық та түбегейлі қайта жаңаруының бірегей бағдарламасы еді. Осы арман қаладағы әлеуметтік құрылыс пен сананың қалауы, яғни адамдар қалайтын оймен тура дәлме-дәл келетіндігін айтады. Сол заманғы Италияның Томмазо Кампанелланың пікірінше артта қалуының басты себебі жеке меншіктің тым шарықтап кетуі деп түсіндірді. Ал, осы жағдай керісінше болып барлық қоғамдық қатынастарда ортақтық орын алса онда жағдай мүлде басқаша болады деп сендірді. «Мүліктің ортақтығы-барлығының да тең дәрежеде болатындығына алып келеді. Адамдардың барлығы да бай болып барлық керекті заттары болуы мүмкін немесе барлығының да жеке меншігі болмағандықтан бірдей кедей болуы әбден мүмкін. Күн қаласында барлық адамдар дүниеге емес, дүние олар үшін қызмет етеді» [25. 4-37бб]
Әрине, оның бұл ойы азып-тозған халық үшін аса өзекті мәселе болды. Осының барлығын қорыта келе Томмазо Кампанелла өзі өмір сүріп жатқан мемлекеттің саяси жүйесі түп негізінде дұрыс емес деген қорытындыға келеді. Адамдардың жақсы өмір сүруі үшін, қоғамды өзгертетін жаңа бір ұрпақ келуі керек десе, сол ұрпақ құратын қоғам әлдеқайда әділетті де, азаматтардың теңдігі қатаң сақталады деп ашық көрсетеді. Бұл идеясының егжей-тегжейін анықтап өзінің еңбегінде жазып өтеді.
Томмазо Кампанелла өз еңбегінде көбіне-көп Калибрияда қалыптасқан жағдайларды мысалға ала отырып жазады. Осы тұстағы салық ісінің тым жоғары болып кетуі, шаруалардың оны төлеуге деген қызығушылықтан бұрын, жағдайының болмауы, сонымен қатар түрік әскері мен жергілікті қарақшыларды жаулап алу соғыстарына қатысты мәліметтер келтіреді. Бай саудагерлердің қанауы мен пайызға ақша берушілердің іс-әрекеттері ашаршылық пен төмендеуге алып келеді деген. «Ашаршылық,-дейді Кампанелла салықтың көптігі мен пайызға ақша берушілердің кесірі. Ал, саудадан түскен қаражат патшалықтың негізгі қазынасын толықтырып тұрады. Саудагерлер алған тауарларының тым жоғары етіп сатуы, пайызға ақша берушінің пайыздық жоғарлылығы мемлекет халқын тым тұралатып жіберді. Осының кесірінен жердің иесіз қалуы мен адамдардың осының нәтижесінде патшадан көмек сұраса, бірі осыны көтере алмай аштан қайтыс болып жатты.
Осының барлығының басты себебі-әлеуметтік теңсіздік мәселесі еді. Қоғамдағы әлеуметтік теңсіздіктің басты себебі-өзін-өзі қатты жақсы көруі мен жеке басының қамын қатты ойлауы, индивидуализмнің дамуы, қоғамнан гөрі өзін-өзі көп ойлауы болып табылады.
«Қоғам барлық зияндыларды бай етіп, байларды кедей етеді. Себебі, бай қылу үшін қоғамда барлығы бар, кедей етеді, себебі қоғамда жеке меншік болса, ол бірде бар, бірде жоқ болып байдың иелігін тұралауы мүмкін»
Жеке жақсылықпен қатар, біркекелі отбасының да жақсылығын айтқан Кампанелла әйелдерді жеке меншікті жоюдың алғышарты деп қарастырды. Әйелдердің ортақтығы қауымдықты қолдаудың басты құралдарының бірі деп түсініп, ол мемлекеттік бақылаудағы болатын іс деп қарастырды. Жеке меншікті жоюдың алғашқы жолы ол некені же ортақ қауымдық ету керек деген ойда болды. Себебі, Томмазо Кампанелланың пікірінше әйел мен балалардың, соонымен қатар үйдің жеке болуы ол сөзсіз жеке меншік содан кейін барып әлеуметтік теңсіздікті тудырады деген ой айтады. Бұл бақылау Кампанелланың биологиялық және астрологиялық теорияға қатысты жүргізілуі керек болды.осы талпыныстармен қатар, жаңа қоғамды құраушы адамдарды ойлап табуда тағы да көптеген ғылыми жаңалықтар керек деп шешті. Ол арнайы әлеуметтік бағдарлама қабылдаған дұрыс деп шешті. Осы Томмазо Кампанелланың идеясын көптеген зерттеушілер Платонның ортақтық теориясына сай жасады десе, енді бірі бұл теорияны жасаған себебі ол жастайынан шіркеуде тәрбиеленгендіктен деген пікірлерді алдыға тартады [9. 22-64бб].
Сонымен қатар, Күн қаласындағы рационалды принциптердің бірі балаларды тәрбиелеу мен олардың оқу мәселесі де шешілуі тиіс мәселелер қатарына жатқызылды. Кампанелланың пікірінше бұл істе мемлекетте аянып қалмауы тиіс. Жастайынан тәжірибе түрінде барлығын көріп өскен балаларға олар ержетіп, бойжеткенде барлығы таңсық болмайды деп шешті. Балаларды өмірге әкелу ісін мемлекет қадағалап отырады. Себебі, балалардың дүниеге келуі мемлекеттің жеке қызығушылығындағы мәселе. Дүниеге келген балаларды емізуді тоқтатқан сәттен бастап анасынан мемлекеттің арнайы тәрбиешілері алып, бала жеті жасқа дейін өзі сияқты балалармен бірге ойнап, хат танып, араласып содан кейін жеті жасынан бастап нақты ғылым түрлерімен шұғылдана бастайды. Сонымен қатар, өздері мен басшыларының қалуымен кейінірек балалар басқа да мамандықтар бойынша білім алып, міндетті түрде қол өнердің түрлі салаларынан хабардар болуы тиіс. Балалардың қандай қабілеті барын оларды әр шеберханаларға барып, қабілеттерін сынап көру керек. Осы жерлерде өздерінің қабілеттерін көрсете отырып балалар өздеріне тиесіні міндетті атқарып, сол жерде жұмыс жасап мемлекеттің дамуына өз үлестерін қосады деп ойлаған Томмазо Кампанелла [16. 303-329бб].
Ал, мемлекетті құраушылар жеке адамдар болып табылады. Жеке адамдар бала тууда және оны тәрбиелеуде олқылықтарға бой алдыруы мүмкін. Себепті де мемлекеттік бақылау орнату қажет деп есептеген. Ал, мемлекет Томмазо Кампанелланың пікірінше астрологиялық және биологиялық принциптерге сүйене отырып осы қызметті атқарады деп ойлаған.
«Күн қаласы» атты еңбектің негізгі өзекті тұстарының бірі-жаңа құрылатын қаланың әлеуметтік теңдік мәселесі болып табылады. Томмазо Кампанелланың ойынша бұл қалада рухани ақсүйектер басқарады немесе Күн қаласының тұрғындары ағартушылар арқылы басқарылып, басқарушыларды метафизиктер деп атайды дейді. Ал, олар тұрғындар арасындағы ерекше білімді және ғұламалары арасынан сайланып алынады. Оларға, яғни басқарушыларға көмек ретінде триумвират құрылып, оны Күш-қуат, Даналық және Сүйіспеншілшік атты кеңес құрып, қоғамның барлық саяси саяси және әлеуметтік мәселелерімен айналысады. Сонымен қатар, Томмазо Кампанелла осы материя, сезіну мен өзін-өзі сақтап қалу қасиетімен қатар, прималитеттер туралы ілімді де қозғайды. Ол прималитеттер деп отырғанымыз тұрмыстың басты үш атрибуты, яғни жоағрыда атап өткен Күш, Даналық және Сүйіспеншілік. Бұл ойларды жоғарғы тараушада келтіріп өткеніміздей Томмазо Кампанелланың «Метафизика», «Теология» атты еңбектерінде барынша тоқталған [10. 89-91бб].
Күш-қуаттың негізгі айналысатын ісі ол-соғыс ісі болып табылады. Даналық болса ғылым мен білімді қадағалап, қоғамның рухани жағынан азбауын қадағалайды. Ал, Сүйіспеншілік болса тәрбие ісімен, бау-бақша мен өндіріс ісі, неке қию ісі мен балалардың ең ақылдыларының дүниеге келуіменде айналысады.
Олар өздерінің тұқымдарының ерекше керемет болуына қатты мән берумен қатар, тіпті өздерінің жылқы мен иттерінің де жақсы будандастырылуына мән береді. Бұл болса, қоғамдағы азғындықты тоқтатады дейді. Күн қаласында мұнымен абыздар айналысады. Барлығына мән беріп, ешкім тыста қалып кетпейтіні анық.
Күн қаласында бала дүниеге әкеле алмаған әйелдер ортақ әйелдер санатына қосылады. Сонымен қатар, еңбек барысы да өзінше шешілген. Жұмыс ыңғайға қарай әр азаматқа теңбей бөлінеді. Ерекше, мақтауға ие болатыны ол әртүрлі жұмыстарды атқару болып табылады. Еңбектің мадақталуы ол басшалардың келісімімен жүзеге асады. Әр жұмыскерлерге де мән беріліп, олардың еңбек ақсыны ешкім де жеп қоймайды. Ал, күдік жұмыс сағаты 4 сағатты құраса, оның, яғни жұмыстың жетілуіне байланысты ол одан да төмендеуі мүмкін. Томмазо Кампанелла осының барлығына сол заманның адамына тән емес көрегендік танытып, өзінің алыс болжағыш көреген ғалым ретінде дамыта түсті.
Сонымен қатар, Томмазо Кампанелланың пікірінше әрбір азамат ауыл шаруашылығы ісімен айналысып, әскери істі де жетік меңгереуі тиіс. Азаматтардың барлығы дерлік әскери істерге қатысып, ауыл шаруашылығының маңызды тұстарын білуі тиіс. Ол азаматтың беделдігі мен құрметтілігін арттырады. Осы себептен де әрбір азаматтың болашақта иеленетін міндеті мен жұмыстағы мансабы да шаруашылық және әскери іске икемділігімен анықталады. Далалы аймақтарды қопсыту, оған егін егу және мал шаруашылығымен қала тұрғындары да айналысуы тиіс. Ол істе ерекше заңдылықтар болуы мүмкін бе? Ал, зиялы қауым өкілдері осындай жұмыстардан босатылуы тиіс пе? Осыған байланысты көп сұраөтарға Томмазо Кампанелла өз еңбегінде әр адам өз міндетіне қарай қызмет етуі тиіс деген қорытындыға келеді.
Кампанелла «Күн қаласында» қаншама жақсылықтар болады деп оны санамалап береді. Көптеген шаруашылықтарда арнайы ұжымдық кітапшалар пайда болуы керек деген ой айтады. Сол арқылы далалар ме,н шеберханларда әділетсіздік пен қанаудан құтылғандар Томмазо Кампанелланың пікірінше ортақ мүлік пен жұмыс уақытын үнемдеуге алып келеді деді. Осының барлығын жұмысты қоғамдастырып, әділетті бөліске салуда және жұмыс жағдайын жақсартқа жағдайда ғана қол жеткізуге мүмкін екендігін айтады.
Кампанелланың пікірнше осы арқылы еңбектің өнімділігін арттырып, қоғам мүддесін жақсартуға болады деп сендіреді. Жұмыс орнының жағдайы жасалғандығы соншалық жұмысшылар мұнда мәңгілік жұмыс жасағысы келе беруі керектігі де баса назарда ұсталады. Шеберханалар-бұл қонғамды шеберхана қызметін атқарады. Ол жерлерде қоғамды жақсартатын да дәрілер ойластырылып шығарылады [28.25-26бб].
Кампанелла бұл жерлердегілер барлығы да өздерінің ұяты үшін жұмыс жасайтын болады дейді өзінің еңбегінде. Осылардың ішінде орасан табыс тауып, ерекше көзге түскендерді мадақтап оларды құрмет тұтудың да маңызы зор
Өзінің еңбегінде Томмазо Кампанелла Аристотелдің жерге байланысты айтқанын жоққа шығарады. Ол атақты ой бойынша «жердің көптігі оны қалай болса, солай пайдаланушылардың көбейіп, оның жемісін әділетсіз бөлінетіні туралы» ойын жоққа шығарады. Ал, Томмазо Кампанелла «Күн қаласы» атты шығармасында осының барлығы да әділетті түрде шешуге болатындығын айтады. Себебі, олар ұжымдық кітап арқылы жұмыс атқарып, еңбек етудің бір жүйесін жасап шығады дейді. Еңбек етуде «бестік», «ондықтар» өздерінің көлемі мен жұмысшы санына қарай еңбек етеді, осыны еңбектің тең дәрежеде бөліну деп көрсетеді. Осының өзі еңбекті әділетті түрде бөліп, жұмыс жасауға толық жағдай жасалады [31. 12-15бб].
Кампанелла Томас Мордың еңбектеріне қарағанда кеңірек түрде қабілетіне қарай еңбек бөлінісі идеясына жақын ойлар айтады. Ол жерде жұмысшылар жұмысынан рахат алып жұмыс атқарады. Сонымен қатар, жеке тұлғаға ерекше көңіл бөліп, оның барлық құқықтарына да мән беру керек. Осы әрине үлкен бір бағдарлама жасалуы тиіс. Бұл жерде ең қоғам мүддесі тұрады. Оның әрбір мүшесінің де құқықтары сақталуы да шарт.
Осындай жағдай болып тұрса «Күн қаласында» қаншама тұрғындардың жұмысқа өз еркімен шығатыны айтпаса түсінікті. «Күн қаласы» коммунисттік идеяны насихаттаған алғашқы еңбектердің бірі. Осы бір керемет ойшылдың ең басты жетістігі-жеке меншікті жойып және гуманисттік философияны дамытуы болып табылады. Әрине, Томмазо Кампанелла утопиялық социализмнің көрнекті өкілдері бола білді. Оның еңбектерінде негізі утопиялық ойларды Томас Мор, XIX ғасырдың көрнекті өкілдері Сен-Симон мен Оуэнмен салыстырып қарасақ, олардың өзара ұқсастығын байқауға болады. «Күн қаласы» еңбегі гуманизм тарихы мен социалисттік утопияның мәні десекте болады. Азамат өзінің табиғи артықшылығы мен қай жұмысқа икемі бар болса сол жұмыспен шұғылданады және жұмыс істегенде ешқандайда ауыртпашылықты сезінбей, тек рахаттанып жұмыс атқарады дейді. Бұл тек қана шаруашылық және әскери іске ғана қатысты емес, сонымен қатар қоғамның барлық саласына қатысты бірдей жүргізіледі [16. 320-329бб].
Томмазо Кампанелланың «Күн қаласы» атты еңбегінде қоғамдық құрылысқа ерекше мән береді. Күн қаласының әр қоғамныда ұжымдық кітаптар алдында ешкім ұятқа қалмайды. Ешкімде ас үйде, немесе ауру күйінде жұмысқа баруға ұялмайды. Себебі, олардың жұмысы өздерінің қабілетіне сай реттелген. Сол себепті де, бір жұмысқа тағайындалған адам еш қымсынбай оны орындап, тіпті құрметтілер қатарына шығуды көздеген. Мысалы, ең ауыр деп есептелетін ауыр өнеркәсіп пен құрылыс істерінде де жұмысшы адамдарға толуы тиіс.
Еңбек қайта жанданады, ол қанаушылардың ісі болып қала бермейді. әр азамат еңбек арқылы қоғамды өзгертуге мүдделі болады. Адамдар еңбекте қызығушылығық табады. Адамның жеке денсаулық қабілетіне қарай еңбекке тартылуы идеясы Томмазо Кампанелланың «Күн қаласы» еңбегін одан сайын тартымды етіп, жандандыра түседі. Кампанелла осының барлығынна қалай жетуге болатындығы туралы да, ойланып өз еңбегінде оның да шешімін тапқандай болады. Себебі, адамдарды лас жұмыс пен таза жұмысқа тағайындау үшін адамдардың санасында қоғамға қызмет ету арқылы, оны көқріктендіру идеясын сіңіру қажет. Мысалы, Томас Мордың пікірі осы жайындағы пікірі мақсатты емес. Әркімнің өз қабілетіне қарай қызмет немесе жұмыс атқару идеясы да бір қарағанда толық шешілмеген мәселе. Өскелең ұрпақты еңбек етуге құмар етіп тәрбиелеудің мәні зор. Осы мәселе де еңбек те толық бейнеленген. Оның қиял қоғамында жұмысты реттеу ісі адамның биологиялық жағына да сай реттелген. Мысалы, әйелдер ерлермен қатар, оқу оқып, тәрбиеленсе де олар ауыр жұмыстардан босатылған. Бұл қоғамда, қанаудан құтылған еркін еңбек ету, тағы да жеке адамның құқықтары мен заңды мүдделеріне негізделген [30.16-18бб].
Азаматтардың өзіндік қасиеттеріне сай жұмыс атқарады. Мысалы, көзі соқыр зағип жан тері мен тағы да басқа материалдары сипап-сылап оның қасиеттерін анықтаса, аяғы ақсақ қарауылда тұрып өз міндетін атқаруға толық жағдай өзіне-өзі жасай алады. Сонымен қатар, кереңнің көз көру қасиеті бар деген ойларды білдіреді. Тіпті, қиын жағдай болса мүгедектерді ауылға жіберіп, сол жерде міндетті түрде өзіне сай жұмыспен қамтылады деп ой түйіндейді.
Алайда, Томмазо Кампанелла адамдардың жеке қызығушылықтарын ескермейді. Оның идеясына салсақ, «Күн қаласының» тұрғындары қуыршақ сияқты, тек басқаруға негізделген тұрғындар болып шығып, олардың таңдау еркіндігні жойылады. Қаладағы өндіріс пен тұтынушылық тек қауым есебінде жүзеге асып, күндік төрт сағат жұмыс қоғамның қажеттілігі мен сұранысын өтеп беруге толық жетеді деп асаығыс тұжырым жасаған. Осындай, ой Томас Мордың да еңбегінде кездеседі. Ол болса қоғамды қанағаттандыру үшін 6 сағаттық жұмыс тәртібі жетеді деген. Ал, адамдардың жоспардан асырып жұмыс істеуі қоғамдық теңдікті бұзады деп ойлаған.
Томмазо Кампанелла былай дейді: «Басқару мен еңбек істерін ұйымдастыру белгілі бір адамдардың қолына шоғырлануы тиіс, қоғамның жетістігіне қуанған олардың іс-әрекетінде ешбір өрескел қимыл білінбей, ешкім ешкімді қанауға қызығушылық білдірмейді» дейді [32. 40-51бб].
Күн қаласының қабырғаларын жеті қала қоршап тұрған, ал қала ортасында шағын әрі әдемі көшелері болулары тиіс, ал үйлері мен шеберханалары тым тартымды көрінеді деп айтқан екен. Бұл қаланың кереметтілігінің бірі-ол қалада жаңа қоғамдық өмір сүрудың жаңа формасы-қауымшылдықтың болуы оының басты ерекшелігі. Бұл қалада барлығыда, яғни ерлері де, әйелдері де еңбек етеді және олардың барлығы теңдей философиямен, спортпен және ғылыммен, өнермен айналыса алады. Ал, мектептерде барлығының да оқуға құқығы бар. Тең азаматтары сияқты мектеп оқушылары ұстаздарының айтқандарын мұқият тыңдап, тең құқылы азаматтар сияқты шеберхана мен тағы да басқа жерлерде жұмыс жасауға жағдайлары болады. Қаланың қабырғалары керемет әдемі суреттермен безендірілген, ал ол суреттер қаланың ең мықты суретшілерінің қол таңбасы болып табылады. Томмазо Кампанелла еш уақытта үйленбеген адам екен және бұл жағдай оны еш ұялтапаған, сол себепті де бұл қалада адамдар некесіз де өмір сүре алады деген сенімде. «Тіпті, олардың некесі мен қызығушылықтары ортақ. Кейбір жағдайларда олар жеке істерінің мәселесіне де қатты көңіл бөліп кетеді. Алайда, олар мемлекетті құраушылар болғандықтан кейде ондайға да жол беруге болады» дейді Томмазо Кампанелла [17.28-29бб].
Күн қаласының тұрғындары-біз білетін коммунизмде өмір сүріп жатады немесе олардың барлық заттары ортақ күйде болады. Тіпті, жоғарыда айтып өткен әйелдері де ортақ күйде болады. Жеке меншіктің жойылуымен Күн қаласында көптеген дамуға тоқтау болатын жағдайларда жоқ болып кетеді. Мысалы, өзін-өзі қамтамасыз ете беріп, қауымды ұмыту болмай, адамдардың қауымға деген махаббаты оянады. Барлық мүліктерінің ортақтығы соның ішінде жеке заттарының да ортақтығы ортағасырлық қозғалыс мәнін аша отырып, Томмазо Кампанелла сана және физикалық жұмыс күшінің де ортақтығын айтты. Қауымның бір бөлігі ортақ жұмыс атқарып жатқанда кейбірі соның ішінде абыздары басқару және саяси әрі әлеуметтік мәселелерді шешуі керек болды.
«Күн қаласында» билігі ісі өзімен өзі шешіліп қойған мәселелер санатына жатқызылады. Платонның «Мемлекетіндегідей» бұл күн қаласында рухани ақсүйектер билік етеді. Сонымен қатар, Томмазо Кампанелла қауымның ерекшелігін баса назар қойып жазады. Билік басында тек қана философ емес, алдын-ала болжағыш, көреген адамды ел басқару ісіне лайық деп таниды. Томмазо Кампанелланың өмір тарихына көз жүгірткенде біз мынаны байқаған едік ол жастайынан шіркеуде тәрбиеленді, сол себепті де дін бұл мемлекетте ерекше бір құрметті істердің қатарына жатқызылады. Күн қаласының сот қызметтері мен төменгі міндетті орындаушылардың өкілдері және де оқытушылар мен дін қызметкерлері зиялылар қатарына жатқызылады. Сол заманның зиялылары салыстырмалы түрде алғанда аса білімді, тек солар ғана қоғамды басқару ісін толық жетік меңгерген екен. Ал, мемлекеттің құрылымы өзінше бір интелектуалды олигархияға ұқсас және онда формалды түрде болса да демократия билік негізі болып табылады. Сондықтанда, Күн қаласындағы билік ісі Томас Мордың еңбегіндегі биліктен анағұрлым ерекше.
Күн қаласының тұрғындарының негізгі діндері Томмазо Кампанелланың ұстанған дініне тура келеді. Діндегі жалғандық, өрескел бұрмалаушылықтарға бұл Күн қаласында жол берілмейді. Осылайша, Томмазо Кампанелла Күн қаласы арқылы болашақтағы керемет бір мемлекеттің үлгісін көріп, өз елін осы мақсатта көргісі келді. Күн қаласындағы дін мен ғылым ісі біртектес магиялық сенімге негізделеді. Сол мемлекеттегі шаруашылық, мәдени және тіпті жеке өміріне қатысты сұрақтарды рухани бірлестік шешеді. Қауым басында жоғарғы басшы тұрып, ол сонымен қатар дін қызметінде басқарады. Өзінің қызметінің тоқтатылуын өзінен кейін беделді мұрагері шыққан жағдайда ешқандай ұрыс-керіссіз оған табыстаған. Саяси билік дін қызметкерінің қолына шоғырланып, олар азаматтарды шоқыныдырады. Шіркеулерінде ерекше он екі адамнан тұратын коллегия жұмыс жасайды. Олар сонымен қатар, зиялы қауым өкілдеріне де жатады. Осылар тіпті баланың дүниеге келуімен де жұлдыздарға қарап, бақылап егіннің егу уақыты мен жүзім жинаудың уақытын анықтаумен айналысады және де олардың өмірінде орын алып отырған керемет жағдайларды өздерінің кітаптарына тіркеп кейінгі тарих үшін жазып алып отырады.Олардың ұстанатын негізгі діндері христиан дініне өте ұқсас, сонымен бірге діндері астрономия мен натурфилософиямен тығыз байланысты. Томмазо Кампанелла бұл бағдарламасында магиялық дін қызметкерлерінің қоғамдық қатынастарының бірі болған тағы бір қызметті атқарады, яғни қоғамның бір рухани ағза болуын қадағалап отырады [16.310-315бб].
Томмазо Кампанелла өзінің арман болған қаласын тек қана италияға ғана тән емес, сонымен бірге әлемдік тұтастық етуді де көздеген. Оның басты негізі деп ғалам халықтарының аштықтан, аурудан және соғыстан аман болуы деп түсінді. Бір рухани дене болған мемлекеттер бірінде аштық тағы да басқа жағдайлар орын алып отырса, еш қиындықсыз бір-біріне көмекке келіп, туыс болып кеткен достарына жағдай жасауға асығатын болады деген. Халықтардың жақсы тұруы олардың ғылымға ерекше көңіл бөлуіне алып келеді. Бұл жерде мықты бір мемлекеттің басқаруы емес, керісінше одақтас республикалардың тең дәрежедегі билігі болады деп есептеген. Олардың ортақ мүддесін қорғайтын сенат болады, сол сенаттың айтқан әр мемлекет орындауы парыз болып табылады. Соғыс атаулысына тыйым салынып, барлық мәселелер бейбіт түрде шешіледі деген. Еггер де бір мемлекет басшысы тыныштықты бұзып қара ниеттенсе, қалған басшылар осы тыныштықты бұзушыға қарсы шығып отырады.
Қоғамды өзгертудің жолдарын Томмазо Кампанелла жақсы қарастырған ойшылдардың бірі. Оның басты кедергісі дейді «ол-қатігездік. Ең бастысы адамдардың тек өзін-өзі ғана ойлауы мен эгоизм» деп көрсетеді. Оның негізгі көрінісі адамдардың біреудің есебінен өмір сүргісі келетіндігінде деп тауып көрсетеді Томмазо Кампанелла. «Біз қашан өзімізді сүюді тоқтатамыз, сол кезде қауымға деген махаббат оянады» дейді. Осыған жету үшін Томмазо Кампанелла мемлекеттің көмегіне сүйенуді жөн санайды. Себебі, тек мемлекет қана дұрыс емес істерді жөндеп, жазасын бердіреді.
Халықтың басқа да бақытсыздығының себебін, ол халықтың жаңа қоғамға өтуініе дайын еместігін немесе жаңа қоғамға өтуге адамдардың қызығушылықтарының болмауы деп айтады. Сол себепті, ең басты іс-халықтың білімін, ойлау мәдениетін көтеру керек деген. Баланың дүниеге келе салысымен олар қоғамда тәрбиелеініп, білім алады. Оның басты әдісі-қала қабырғаларына салынған суреттер арқылы оқыту болып табылады. Ал, он жастан бастап балаларды енді суреттер арқылы емес, тәжірибе арқылы тәрбиелеу керек дейді. Ал, балалардың игеру тиіс мамандықтардың ішінде Томмазо Кампанелла Томас Мордың идеясын қайталап, ең басты игеруі тиіс қол өнер ісі мен ауыл шаруашылығы мамандығын білуі керек деген. Жұмыстағы төрт сағаттан бөлек адамдар ғылым мен шұғылданады, сонымен қатар тән мен дене саулығын дамытау керек деген ой білдірген [19.25-39бб].
Томас Мор сияқты Томмазо Кампанелланың еңбегінде «Күн қаласы» ол-тоталитарлық қоғамның аса жетілген нұсқасын келтіреді. Ол мемлекеттің әр азаматының қызығушылығы қоғаммен тікелей байланысты және адам не істеу керектігін өзі шешпейді.
Томмазо Кампанелла сол тұстағы қоғамның екінші бір баламасын алып көрсетеді. Еңбегінің негізінде автор мемлекеттіліктің негізі болып табылатын тәртіп пен ықыластылықтың ең керемет үлгісін көрсетеді. Сол үшін де Күн қаласының тұрғындарын Құдаймен байланыстырып тұру үшін абыздар керек болып қалады деген.
Ерекше ықылас білім беру жүйесін реформалау ісіне берілді. Ол реформа адамды толық әрі дан-жақты жетілген етіп шығарады деп сенді. Сонымен қатар, қоғам мен адамдарды және ғылым мен өнерді байланыстырып тұру үшін әмбебап тіл қалыптасу керек деп еңбегінде топшылаған.
Біздің диплом жұмысының методологиялық негізіне сай тарихи салыстырмалы түрде қарағанда қазақ даласында осындай өзіндік утопиялық шығармасы немесе трактатымен аты шыққан әл-Фараби бабамызда «Қайырымды қала тұрғындары» атты шығармасында осындай бір арман болған қоғам немесе мемлекетті аңсағанын білеміз.
Әбу Наср Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби (870-950) – қыпшақ даласынан шыққан ұлы энциклопедист ғалым, ойшыл, философ, математик, астролог, музыка теоретигі. Әскер басының отбасында дүниеге келген. Отырар медресесінде, Шаш, Самарқан, Бұхара, кейін Харран, Мысыр, Халеб, Бағдад шаһарларында білім алған. Шығармаларында көне грек оқымыстыларының, әсіресе, Аристотельдің еңбектеріне талдау жасады. Мәселен, Аристотельдің «Метафизика», «Категория», «Бірінші және екінші аналитика» сияқты басты еңбектеріне түсіндірмелер жазған. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан 164 трактат жазып қалдырды. Арабтың атақты ғалым-географы ибн-Хаукалдың «Китаб масалик уә мамалик» атты еңбегінде және 13 ғасырда өмір сүрген ибн-Халликан өзінің «Уфиат әл-аиан фи әл-заман» атты еңбегінде Әбу Наср әл-Фарабидің арғы аталарының аттарын (Тархан, Ұзлағ) таза түркі тілінде келтірген. Болашақ ғалым алғашқы сауатын туған жерінде өз тілімен ашса да, 12-16 жас шамасында керуенге ілесіп, білім іздеп, Бағдадқа сапар жасаған. Әбу Наср әл-Фараби дүниеге келгенге дейін 126 жыл бұрын түркілердің үлкен мәдени орталығы болған Фараб қаласы бейбіт жолмен ислам дінін қабылдаған болатын. Ол кез санасы ашық әрбір мұсылман ислам діні ғылымымен шұғылдануды парыз санаған. Әбу Наср әл-Фарабидің араб тілді ғалымдар санатына қосылуы осы кезден бастау алады. Қасиетті Құран Кәрім тек діни қағидалар жинағы ғана емес, сонымен қатар талай ілімнің құпия кілтін бойына бүккен ғаламдық кітап болғандықтан, Әбу Наср әл-Фараби бүкіл ислам ғалымдарына парыз болған иджтихад (ойлау қабілетінің шыңына жету үшін беріле еңбек ету) және муджтахид (иджтихадпен шұғылданған адамның өз жаңалықтарын Құран Кәрім мен Хадис Шариф парыз-сүннет амалдарына негіздеп отыруы) жолына түскен. Әбу Наср әл-Фарабидің жас кезінен Бағдадқа баруының мынадай екі сыры бар. Біріншіден, сол кездегі Бағдад халифатын басқарған Аббас әулетінің сенімді уәзірлері, негізінен, түркістандық Фараб қаласынан болған. Екіншіден, Бағдад шаһары ғылым мен өнер жолына бет алған адамдарға қақпасын кең ашып, барынша жағдай жасаған. Бағдадта «Баит әл-хакма» атты ғалымдар үйі және әлемдегі ең бай кітапхана болған. Алғашқы кезде Әбу Наср әл-Фараби өзін ақын, әнші, күйші ретінде танытып, одан соң ежелгі грек ғалымдарының қолжазбаларын оқу арқылы күрделі ғылыми зерттеулермен шұғылдануға кіріскен. Әбу Наср әл-Фараби дүниетанымы екі әлемнің көшпелілер мен отырықшылар өркениетінің және Шығыс пен Грек-Рим мәдениетінің өзара байланыстарының нәтижесі. Әбу Наср әл-Фараби заманының әлеуметтік-саяси көзқарастарын, тіл мәдениетін, философиялық-гуманитарлық (философия, логика, этика, эстетика, саясат, социология, лингвистика, поэзия, шешендік, музыка) және жаратылыстану (астрономия, астрология, физика, химия, география, космология, математика, медицина) ғылымдары салаларын терең меңгеріп, осы бағыттарда өзі де құнды ғылыми жаңалықтар ашты. Әбу Наср әл-Фарабидің философиялық көзқарасында басты үш бағыт анық аңғарылады: ол дүниенің мәңгілігін мойындады; танымның болмысқа тәуелділігін растады; ақыл-парасат туралы ілімді саралады. Мәңгілік пен тәуелділік бастауларын құдіретті Алладан, аспан әлеміндегі құбылыстардың мәнінен, ақыл-парасаттан, адамның жан дүниесінен, түр мен материя арақатынасынан іздеді. Аристотель кағидаларынан өз дүниетанымына жақындарын қабылдады және оны осы тұрғыдан түсіндірді. Әбу Наср әл-Фарабидің философиялық көзқарасын тарихи жағдайда, оның өз дәуірімен байланыстырып қарағанда ғана терең түсінуге болады. Орта ғасырларда философиясына, ойдың дамуы діни ілім негіздеріне сүйенді. Демек, Әбу Наср әл-Фарабидің философиялық ілімін де өз кезеңінің діни түсініктері тұрғысынан карастырған лазым. Бірақ ол бұл түсініктерді философиялық тұрғыдан дамытты. Ол, әсіресе, «Аспан астындағы дүние» ілімінен неғұрлым айқын көрінеді. Бұл Аристотельдің жасампаз ақыл жөніндегі көзқарасын әрі қарай дамыту еді. Жасампаз ақыл тек «аспан астындағы дүниенің» қозғалыс себебі ғана емес, өз алдына логос. Осы дүниенің заңдылығы жер бетіндегі дүниеге іштей тән ақыл. Жеке адамның ақылы әлемдік санамен ұштасса ғана дамиды. Соңғысы, яғни әлемдік сана мәңгі. Адам болса, дүние салады, өткінші. Осыдан барып жанның мәңгі екенін және басқа жаққа ұшып кетуін бекерге шығару туады, мұның өзі діни қағидалар мен философияның арасындағы күреске тиек болған тезис еді. Ұлы ойшыл философияға үлкен мән берді, оған көп үміт артты. Ол философияны қоғамды оятатын зерде, парасат шамшырағы, халықты әділетті қоғамға жеткізетін негізгі бағыт, ұрпақтар арасындағы рухани-мәдени сабақтастықты ғасырларға жалғастыратын құрал, әлеуметтік — этикалық күрделі мәселелердің шешімін, уақыт талаптарының жауабын табатын әдіс деп түсінді. Осы деңгейде дұрыс ойланып, ойды әрекеттену үшін философияның 9 қағидасын оқып-білу қажеттігін ескертеді. «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы», «Мемлекет қайраткерлерінің канатты сөздері» және т.б. саяси — әлеуметтік трактаттарында қайырымдылық пен бақыт мәселесіне кеңірек тоқталды. Қайырымдылық дегенде, акыл-ой, әділдік, бақыт және теңдік идеяларын құптаған ежелгі ойшылдар дәстүріне сүйенді. Тек бақыт туралы нақты білімі бар, оған жету жолдарын айқын білетін, соған сәйкес әрекет жасайтын қауым ғана қайырымдылыққа икемді екенін ескертті. Әбу Наср әл-Фараби сезім мен ойлау, тәрбие мен іс-әрекет жүйесін жетілдіру мәселесіне қайта айналып соғып отырған. Білімсіз адамгершілік молаймайды, білімсіз адам өзгенің абзал қасиеттерін тани алмайды. Жан дүниені тәрбиелемей үлкен жетістікке жету жоқ. Ғылым мен тәрбие ұштасса ғана, рухани салауаттылыққа жол ашылмақ. Мінез-құлқын түзей алмаған адамның ақиқат ғылымына қолы жетпейді деп ескертеді. Әбу Наср әл-Фарабидің азаматтық, саяси, адам, қоғам жөніндегі ойлары «Фусул әл-мадани» («Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері») трактатында қаралады. Бұл трактаттың тақырыптары әр түрлі болса да, негізінен, бір мақсатқа адам мен қоғамның арақатынасы, оның жетілуіне арналған. Еңбектің өзіне тән бір ерекшелік сипаты тәндік және рухани құбылыстардың салыстырылып отыратындығында. Әл-Фараби «Азаматтық саясатта» қоғамды талдауды қаладан, ал «Нақыл сөздерде» ең кішкене ұядан отбасынан бастайды. Аристотель сияқты ол да үйді бірнеше бөлекке ері мен әйелі, қожайыны мен қызметшісі, ата-анасы мен баласы, мүлкі және иесі деп бөледі. Үйдің өзіне тән мақсаты болады, бірақ қаланың бір бөлшегі болғандықтан, ол қала белгілейтін ортақ мақсатқа қызмет етуге арналады, сөйтіп бұл арада адамның өз басының мүдделерін қоғам мүдделеріне бағындыру туралы пікір айтылады. Бұл жерде Фарабидің қала дегенін мемлекет деп түсіне отырып, оның ойларынан үлкен азаматтық гуманизмнің биік көріністерін табамыз.
Жалпы, утопиялық немесе қиялға негізделген шығармалар немесе бұл тақырып жайлы сонау неше мың жылдықтан бері әртүрлі қоғамның алдыңғы қатарлы өкілдері, яғни философтары мен ғалымдары өздерінің арнайы зерттеп, еңбектерін жазып қалдырған. Мысалы, Сократ, Платон, Аристотель өз еңбектерінде әділеттілік жайында көптеген еңбектер жазды. Әр ғұлама өз қоғамына лайықты түсінік, пікір қалдырды. Екінші ұстаз атанған ұлы ғұлама әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындары» атты еңбегінде әділеттілік баяндалады. Ондағы қайырымды қала тұрғындарының және оның басшысының қандай болуын, басшыға тән он екі қасиетті атап, осы қасиеттерді бойына сіңіре білген жағдайда ол әділетті басшы болмақ дейді. Оның халқы осы он екі қасиетті бойына сіңіре білген басшыны танып оған илана білсе, осындай басқарушымен бағынушының негізінде олардың өмір сүріп жатқан қоғамы да әділетті қоғам болмақ дейді. Қайырымдылық дегенде, акыл-ой, әділдік, бақыт және теңдік идеяларын құптаған ежелгі ойшылдар дәстүріне сүйенді. Тек бақыт туралы нақты білімі бар, оған жету жолдарын айқын білетін, соған сәйкес әрекет жасайтын қауым ғана қайырымдылыққа икемді екенін ескертті. Әбу Наср әл-Фараби сезім мен ойлау, тәрбие мен іс-әрекет жүйесін жетілдіру мәселесіне қайта айналып соғып отырған. Білімсіз адамгершілік молаймайды, білімсіз адам өзгенің абзал қасиеттерін тани алмайды. Жан дүниені тәрбиелемей үлкен жетістікке жету жоқ. Ғылым мен тәрбие ұштасса ғана, рухани салауаттылыққа жол ашылмақ. Мінез-құлқын түзей алмаған адамның ақиқат ғылымына қолы жетпейді деп ескертеді [33. www.google.kz].
Сонымен қатар, Томмазо Кампанелла сынды әл-Фараби да әділетсіз басшылар ел билеген жағдайда халықтың жағдай не болмақ деген сауалға былайша жауап береді: «Надан ел, халқы бақыттылықтың не екенін білмейтін, одан хабарсыз ел. Олар бақыттылық туралы бір нәрсе естісе де оны түсінбейді, оған сенбейді де. Олардың ең жақсы деп білетін нәрселері, тәннің саулығы, байлық, жыныстық ләззәттар, адамның өз мақсаты үшін бостандығы, құрметке, беделге ие болу сияқты өмірде мақсат болып саналатын, сыртқы көзге жақсы болып көрінетін нәрселер. Надан қоғамның түсінігі бойынша, аты аталғандардың әрбірі бақыттылықтың бір түрі және ең үлкен бақыт осылардың барлығының бір жерде болуы. Мұндай қоғам ұзақ өмір сүре алмай, яғни жойылып кетеді» деп Батыс Еуропадағы соның ішіндегі Италиядағы бастан кешкен халықтың жағдайы туралы пікірін білдірген Томмазо Кампанелла сияқты бабамыз әл-Фарабиде өзінің утопиялық ойларын білдірген.
Әрине, Томмазо Кампанелланың әлеуметтік-саяси утопиясы өзінің мағынасы жағынан бірнеше қарсылықтарға тап болды. Оның қоғамды жақсартуы тек қана қиял түрінде ғана қалып қойды. Барлық мәселелердің шешілуін дойылып бара жатқан адамгершілік принципіне негіздеді. Ортақ некелерді ойлап тауып адамдардың махаббат немесе бірін-бірі ұнату деген сезіммен санаспайды. Арман-қиял қалаларының қоғамдық өмірін, балалардың тәрбиесіне жетік мән бере отырып, олардың билігін тек қана аздаған абыздардың қолына шогғырландырып, адамдардың қажеттілігі мен санасқысы келмеді. Томмазо Кампанелланың өзінің өмір сүріп жатқан уақытында да аталған еңбек қатал сынға ұшырап отырды. Томмазо Кампанелланың арманына қол жеткізу жолындағы барлық әрекеттері сәтсіздікке ұшырап отырды.
Дегенмен, Томмазо Кампанелланың идеясы мен еңбекте көрсетіп берген адамзат қоғамының даму үрдісі турасындағы идеялары бірнеше жүз жыл болса да өзекті мәселелер қатарында қалып отыр.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде Томмазо Кампанелла шығармашылығы арқылы италияның утопиялық идеяға қатысты әдебиеті үлкен табыстарға жетті. Осыған дейін италияның утопияға қатысты әдебиеті өзінің жарқын бетін дәл осылай толыққанды көрсете алмаған еді. Сондай-ақ бұған сол тұстағы тарихи жағдай да тікелей әсер етті. Әсіресе, испан және жергілікті басшылардың қарапайым халықты қанауы, сонымен қатар князьдар алдындағы бас июшілік осы жағдайға алып келді. Реформация және контрреформация утописттік ойлардың шарықтауынна әкеліп соқты.
Көрнекті италия ойшылы, талантты жазушы, әрі публицист Томмазо Кампанелланың көзқарастарының қалыптасуына ХҮІ ғасырдағы қалыптасқан жағдайға қатысты пайда болған гуманизм идеялары мен қоғамдық ойдың дамуы зор әсерін тигізді.
Томмазо Кампанелла Италиядағы утопиялық ойдың көрнекті идеологтарының бірі болды. Ол осы ағымның лидері Томас Мордың еңбегіндегі негізгі айтылған ойларға үлкен қолдау көрсетіп, өзі де көп ұзамай үлкен беделге ие болды. Томмазо Кампанелла жазған әр түрлі еңбектері мен оның ізбасарларының зерттеулерінде сол тұстағы билеуші таптың озбырлық саясатын аяусыз сынады. Ол өз шығармаларында арман болған қаланы аңсап, сол қаладағы үлгі боларлық басшылардың іс-әрекетін жазып, өзі өмір сүріп отырған қоғамның әділетсіз басшыларына жақпайтын тарихта қайталанбас идеяларды айтып кеткен.
Томмазо Кампанелланың атақты шығармаларының бірі «Күн қаласы» Бұл еңбек италян тілінде 1602 жылы жазылған. Ал, латын тіліндегі жазбасы 1613-1614 жылдар аралығында жарық көрді. Осы нұсқасы Франкфкрт қаласында 1623 жылы басылып шығып, саяхатшының қиял-қаласы туралы әңгімесі ретінде жарық көреді. Аталған еңбекте автор өзінің қиял болған қаласы туралы жазып, еңбектегі негізгі идея сол арман қаланы жазу арқылы, өзі өмір сүріп отырған қоғамды да сондай бір керемет деңгейдегі мемлекет болуына бағытталды.
Қазіргі таңда Томмазо Кампанелла еңбектерінің құндылығы ескеріліп, латын, жоғарғы неміс тілінен аударылып, методологиялық зерттеулерде оның текстологиялық бағыттары анықталып отыр. Ол «қауым», «әлеуметтік теңсіздік» сөздерін қайта қалпына келтірумен қатар, «отан», «ұлт», «Италия» деген сөздер легін тарих сахнасына шығарды.
Томмазо Кампанелла өз көзқарастары арқылы қоғамға жаңа ой-пікірді алып келуімен қатар, XVI ғасырдың екінші жартысындағы Еуропа утопистері пікірлеріне бағыт беруші ретінде бағаланады. Сондай-ақ ол өз қызметінде мемлекеттің негізгі жұмысы туралы айта келіп, жұмысшы тобының жоғарылауына әсер етуші фактор ретінде қауымды қарастырады. Сонымен қатар, жұмысты үйлестіру ісінде сәтті қарастырып, билік мәселесінде өзінше шешуге тырысады.
Томмазо Кампанелла өз ілімдерінде еңбек үрдісіне немесе жұмысты үйлестіру, сонымен қатар әлеуметтік теңсіздік мәселесін арнайы тарауларда қарастырып, осы мәселеге қатысты өзіне дейінгі бірнеше авторлардың пікіріне сын көзбен қарағандығын да ескеруміз қажет. Ол өз халқының бостандығы мен еркіндігі үшін күресе отырып, өз заманындағы қайшылықты пікірлердің де шырмауында қалды. Томмазо Кампанелла ой-пікірлері оның өз заманында да қолдау таба қойған жоқ. Себебі ол әрқашан күні өтіп бара жатқан қоғамның өкілі болып қала берді. Дегенмен, Томмазо Кампанелла ХҮІ ғасырдағы Еуропаның, дәлірек айтқанда италияда орын алған саяси жағдайды аямай сынап, барлық адам баласы арман етіп аңсаған мемлекеттің үлгісін көрсетіп беріп, адамзат тарихында өзіне лайықты орнын иеленді.
Утопист Томмазо Кампанелла жастайынан білім алуға ынтасы мен қызығушылығы болғанымен, жағдайы келмей еріксіз шіркеу қызметіне кеткен. Бала күнінде әкесінің жағдайының нашарлығына байланысты мектептің ашық терезесінде тұрып, өз бетінше хат танып, жазу ісін меңгерді. Сол себепті де, өзінің «Күн қаласы» атты еңбегінде орта ғасырлық білім беру жүйесін аямай сынап, жоғары парасатты, қажырлы адамгершілік қасиеттері мол адамды тәрбиелеуді мақсат етті. Олар оқушыларды латын, грек авторларының шығармаларымен таныстыруды мектептің ең басты міндеті деп санады. Сонымен қатар, өз еңбегінде Томмазо Кампанелла осы істің дұрыс жүргізіліп, қиялдан туындаған қаланы басқару ісін үш күшке сүйенеді. Олар: Күш, Даналық және Сүйіспеншілік атты билікке көмекшілер. Осының ішінде Сүйіспеншілік болса тәрбие ісімен, бау-бақша мен өндіріс ісі, неке қию ісі мен балалардың ең ақылдыларының дүниеге келуіменде айналысады. Білімділіктің бастауы ол әрине, ақылды балалардың дүниеге келуі деп түсінген Томмазо Кампанелла одан әрі балаларды дамыту ісін Даналыққа тапсырады. Ал, Даналық болса ғылым мен білімді қадағалап, қоғамның рухани жағынан азбауын қадағалайды. Міне, елінің болашағы болып табылатын жастар мен балалардың тәрбиеленуі Томмазо Кампанелланың пікірінше осы ізбен жүргізілу керек. Сөз жоқ, оның толық әрі нақты мәселелесін біздер диплом жұмысы барысында барынша қарастырдық.
Біз диплом жұмысы барысында Томмазо Кампанелланың «Күн қаласы» атты шығармасын талдай отырып, ХҮІ ғасырдағы Италияның қоғамдық-саяси жағдайы мен италия халқының әлеуметтік деңгейі туралы бірнеше мәліметтерді қарастырыдық. Осы мәселенің шиеленісуі нәтижесінде де Томмазо Кампанелланың атақты шығармасы дүниеге келген.
ХҮІ ғасыр Еуропа тарихында бірнеше тарихи ағымдар мен ұлы ойшылдардың іліміне сүйенген бағыттар адамдар арасында таралған. Осындай ағымдар қатарында гуманизм, утопия және тағы да басқа өзіндік адамзат тарихындағы қол таңба қалдырған бұл бағыттар бүгінгі күнде де алар орындары айырықша екендігінде дау жоқ. Осындай, тарих ғылымындағы өзіндік сұраныс пен қажеттілікке ие, сонымен қатар теориялық және практикалық зор маңызы бар мәселелердің бірі-Томмазо Кампанелланың шығармалары мен өзіндік идеялары деп айтуға толық негіз бар және осы сөзімізді біздер диплом жұмысы барысында барынша талдап көрсеттік.
Томмазо Кампанелла тек жан-жақты білімді, келешекті болжай білетін адам ғана жалпы қоғамның тағдырына қам жеп, игі мемлекет пен әділеттілікті орнатуға күш сала алатындығына сенім артады. Сондықтан көрнекті италиян утописі, атақты жазушы, ойшыл Томмазо Кампанелланың өмірі мен саяси көзқарастарын оқып үйренудің маңызы өте зор.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ:
- Томмазо Кампанелла. Метафизика. М., 1970
- Томмазо Кампанелла. Против языческой философии. М., 1970
- Томмазо Кампанелла. Космология.М., 1954
- Томмазо Кампанелла. Философия доказанная ощущениями. М., 1960
- Томмазо Кампанелла. Город Солнца. М., 1954
- Асмус В. Ф. Томмазо Кампанелла // Под знаменем марксизма. — 1939. — № 7.
- Александров Г. Ф. История западноевропейской философии: Учеб. для ун-тов и гуманит. фак. вузов / Ин-т философии. — 2-е изд., доп. — М.; Л.: АН СССР, 1946. — 513 с.
- Очерки по истории физической культуры: Сборник трудов. вып. 5. — М.: ФиС; М., 1950. — 206 с.
- Штекли А. Э. Кампанелла. — М.: 1959.
- Рутенбург В. И. Кампанелла. — Л., 1956.
- О трудовом воспитании: хрестоматия / сост. Аксенов Д. Е. — М.: Учпедгиз, 1962. — 410 с.
- Горфункель А.Х. Томмазо Кампанелла. — М.: Мысль, 1969. 249 с..
- Горфункель А.Х. Гуманизм и натурфилософия итальянского Возрождения. — М.: Мысль, 1977.
- Штекли А. Э. «Город Солнца»: утопия и наука. — М.: 1978.
- Львов С. Л. Гражданин Города Солнца: Повесть о Томмазо Кампанелле. — М.: Политиздат, 1979. (Пламенные революционеры). — 437 с, ил. То же. — 1981. — 439 с, ил.
- Горфункель А.Х. Философия эпохи Возрождения. — М.: Высшая школа, 1980. — С. 301-328.
- Панченко Д. В. Пифагорейские источники «Города Солнца» Кампанеллы и Псевдо-Окелл.// Вспомогательные исторические дисциплины, №15 , 1983. — С. 186-192.
- Панченко Д. В. Кампанелла и Ямбул. Опыт текстологического анализа//Вспомогательные исторические дисциплины. — Л., 1982. — Т.13.
- Панченко Д. В. Ямбул и Кампанелла (О некоторых механизмах утопического творчества) // Античное наследие в культуре Возрождения. — М., 1984. — С. 98-110.
- Панченко Д. В. Происхождение латинской редакции «Города Солнца» Т. Кампанеллы. // Вспомогательные исторические дисциплины, № 18. 1987. С. 288-302.
- История философии в кратком изложении. — М.: Мысль, 1994. — 590 с.
- Реале Дж. Западная философия от истоков до наших дней. Т. 3: Новое время (От Леонардо до Канта) / Реале Дж., Антисери Д. — СПб.: ТОО ТК «Петрополис», 1996. — 713 с.
- Чиколини Л. С. «Политические афоризмы» Кампанеллы // История социалистических учений. — М., 1987. — С. 172—196.
- Волгин В.П. Очерки истории социалистических идей. С древности до конца XVIII в. М., 1975.
- Ревекина Н.В. Проблемы человека италянском гуманизме второй половины XV в. — I половины XV в. Новосибирск, 1982.
- Гутенбург В.И., Вернадская Е.В. Италия и Европа на кануне нового
времени. Л., 1974. - История Италии. І том. М., 1978ж
- Стам СМ. Культура Возрождения: вопросы содержания, эволюции традиции. // Вопросы истории. М., 1977.
- Антаковский Ю.М. Джордано Бруно, его жизнь, философская деятельность Спб., 1955,
- БранкаВ. Бокаччо средневековый. М., 1983.
- Пегросян М.И. Гуманизм. М., 1964.
- История средних веков. Под ред. Карпова А. Т. I, M., 2001.
- Internet материалдары