АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Азияның биік таулы аймақтарының физикалық-географиялық ерекшеліктері

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

 

І ТАРАУ.  АЗИЯНЫҢ БИІК ТАУЛЫ АЙМАҚТАРЫНЫҢ

ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ МЕН ЗЕРТТЕЛУІ

  1. 1 Азияның биік таулы аймақтарының физикалық-географиялық жағдайын зерттеген ғалымдар
  2. 2 Климаты мен ішкі сулары
  3. 3 Табиғат ландшафтысының құрылымы

 

ІІ ТАРАУ. АЗИЯНЫҢ БИІК ТАУЛЫ АЙМАҚТАРЫНЫҢ

АУДАНДАСТЫРЫЛУЫ МЕН  ІШКІ АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ

2.1 Азия аймағындағы таулы облыстардың физикалық-географиялық

аудандастырылуы

  1. 2 Азияның биік таулы аймағындағы табиғат ресурстарының игерілуі

мен экологиялық жағдайы

 

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Тақырыптың көкейкестілігі: Жер бетіндегі биік таулардың айнала қоршаған орта  үшін, ондағы болып жатқан әр  түрлі ішкі және сыртқы әрекеттердің, жер шарындағы тірі ағза мен  климаттық жағдайдың қалыптасуында маңызды рөл атқаратыны белгілі.  Әсіресе, оның жер бетіндегі климат пен экожүйенің тұрақтылығын сақтауда ерекше қызмет атқаратыны белгілі.  Бұл әрекеттер жер асты процестерінде түрлі тектоникалық және геологиялық қозғалыстар мен ауытқуларға негіз болады.  Осы болатын географиялық құбылыстар жер беті тауларымен, әсіресе биік тауларымен тығыз байланысты [1].

Дүниежүзіндегі ең биік таулардың негізгі бөлігі Азия территориясында бой көтерген.  Бұл таулар өзінің физикалық-географиялық жағдайымен дүниежүзілік таулардан өзінің ерекшіліктерімен оқшауланып тұрады.  Ең алдымен оның географиялық орналасуы мен географиялық қалыптасуы, жер бедері, климаты табиғи ландшафтысы және өзендерінің гидрологиялық режимдерімен ерекшеленеді [2]. Сонымен қатар, жер шарындағы табиғат нысандарының ішінде ораграфиялық жағдайы бойынша да зерттеуге өзекті сипат береді. Осындай өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, біз дипломдық жұмысымыздың тақырыбын «Азияның биік таулы аймақтарының  физикалық-географиялық  ерекшеліктері» – деп белгіледік.  Себебі, бүгінгі күні  болып жатқан табиғаттағы ырғақтылық құбылыстардың өзгеруі мен қалыптасуында   Азияның  биік таулы аймақтарының  алатын орны ерекше.

Зерттеу  жұмысының мақсаты: Азияның биік таулы аймақтарының қалыптасуы мен даму ерекшелігі және оның физикалық-географиялық жағдайын тереңірік   зерттей отырып танысу.  Осы мақсатты орындау үшін   келесі міндеттерді шешу керек:

Зерттеу жұмысының міндеттері:

– Азияның биік таулы аймақтарының геологиялық қалыптасуы мен зерттелуіне сипаттама жасау;

– климатты қалыптастыруда таулардың қызметіне   сипаттама беру;

– атмосфералық ауа циркуляциясына енетін ауа ағындарының қозғалысына дүние жүзіндегі ең үлкен орографиялық тосқауылдығын анықтау;

– ішкі суларына (өзендері мен көлдері) гидрологиялық тұрғыдан талдау жасай отырып, олардың  қоректену көздерін анықтау;

– жер беті өсімдіктер мен жануарлар дүнифаунасы мен флорасына, олардың таралуы мен түрлеріне биогеографиялық тұрғыдан талдау жасау;

– Азиядағы биік таулардың өзіндік ерекшеліктерінің элементтерін талдап көрсету.

Жұмыстың зерттеу нысанасы: Азияның биік таулы аймақтарының физикалық-географиялық жағдайы мен ерекшеліктері.

Зерттеу жұмысының әдістемесі: Дипломдық жұмыста зерттеліп отырған аймақтағы таулы өлкенің физикалық-географиялық ерекшеліктерін анықтау барысында салыстырмалы-географиялық, картографиялық әдістер қолданып, түрлі авторлардың геологиялық, геоморфологиялық, географиялық тұрғыдан жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижелері талданды.

Физикалық географияның ғылыми-теориялық қағидалары негізге алынды.

Диплом жұмысының ғылыми және практикалық маңызы: Азияның биік таулы аймақтарының  физикалық-географиялық ерекшеліктерін зерттей отырып олардың географиялық орнына ғылыми тұрғыдан баға беру.  Бұл зерттеу нысанасындағы таулардың орналасуы мен қалыптасуына баға бере отырып, ондағы флора мен фаунаның құрылымын анықтау және климатының қалыптасуы мен айнала қоршаған табиғи ортаға әсерін көрсету.  Сонымен қатар биологиялық түр ретінде жойылып бара жатқан сирек өсімдіктердің қазіргі түрлерін сақтаудың экологиялық мәселелерін шешу.

Азияның биік таулы аймақтарының  географиялық жағдайын орта мектеп пен жоғары мектептің оқу үрдісінде материктер мұхиттардың басты нысаналары ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.  Орта мектептерде физикалық география курстарын өткен кезде диплом жұмысында келтірілген мәліметтерді пайдалануға негіз бар. 

Сонымен қатар, мектепте оқушылардың ғылыми жұмыстарын ұйымдастыруда өзіндік тапсырмаларды орындауда диплом жұмысының мазмұнында тұжырымдалған пікірді қарастыруға болады.  

 Диплом жұмысының құрылымы.  Диплом жұмысы кіріспеден, екі негізгі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І Тарау.  Азияның биік таулы аймақтарының физикалық-географиялық жағдайы мен зерттелуі

 

  1. 1 Азияның биік таулы аймақтарының физикалық-географиялық жағдайын зерттеген ғалымдар

 

Азияның биік таулы аймақтарын зерттеуде орыс ғалымдарының рөлі айтарлықтай зор болды. Әсіресе, орыс саяхатшы ғалымдары  өзімен іргелес жатқан жер шарының ең үлкен материгі Азияны, онда тұратын халықтармен қарым-қатынас, сауда жасауды ертеден-ақ ойластырды. Бірақ көпке дейін Азияның географиялық жағдайын, халқын жақсы білмеді. Бұған алғашқы жол ашқандар – діншілдер, елшілер, кейінірек саяхатшылар, географтар болды.

Батыс европалықтар сияқты орыстар да аты аңыз болған Үндістанды Азия жерінен іздеді. Мәдениеті жоғары бұл елмен жұрттың бәрі де байланыс жасауды армандады. Бірақ Азия түкпіріндегі, мұхит қоршауындағы Үндістан европалықтарға оп-оңай ашыла салмады. ХVІІ ғасырда байлығымен, ертеден дамыған мәдениетімен аты шыққан, даңқы жер жарған Үндістанға орыстар басқа елдерден бұрын жетпекші еді, бірақ оған баратын жол белгісіз болды. Ғалымдардың арасында  Афанасий Никитин Үндістанға Васко да Гамадан 25 жыл бұрын құрлық арқылы барып келген. Бірақ, ол кезде оның әкелген географиялық, этнографиялық бағалы материалдарын орыс патшасы білмеді. Саяхатшының жазғандары шіркеу қоймасында ескерусіз қалды. Ресей патшасы 1754 жылы Үндістанға тұңғыш орыс елшісін жіберді. Үндістанға елші болып атанған Юсуп Қасымов Ауғанстан жеріне өте алмады. Содан кейін Үндістанға елші етіп көпес Маленькийді жіберді. Ол Үнді патшасында болып, сауда жасауға келісті. Солтүстік Үндістан мен Орталық Үндістанды аралап, Ресейге географиялық материалдар әкелді. Маленький де Афанасий Никитин сияқты 1701 жылы еліне жетпей, жолда, Шемахада  қайтыс болды.

Петр І 1717 жылы Үндістанға А. Бекович-Черкасскийді жіберді, ол жолда қайтыс болды. Кезекті саяхатшы, музыкант Г.С. Лебедев Үндістаннан бағалы кітаптар әкелді.

Европалықтар Үндістан, Қытай, Монғол, Тибет жерлерін зерттеуге ертеден-ақ құштар болды. Өйткені оларды Азияның бағалы металдары, асыл тастары, жібегі қызықтырды. Ертеде бірен-саран Азияға өткендер, оның тамаша табиғатына, халқының мәдениетіне, архитектуралық ескерткіштеріне таң қала қарайтын. Азияға өтуде европалықтарға көптеген қиыншылықтар кездесті. Өйткені екі араны асқар-асқар таулар мен шөлдер, сол жерлерді мекендеген жауынгер татар-монғолдар, түрік мемлекеті – Осман империясы алып жатты. Европалықтар Азияға өткенде зерттеу мақсатын ашық айтпастан діншілдер, саудагерлер, елшілер деген әр түрлі себепті сылтау етті. Ал орыстардың Монғолиямен, Қытаймен байланысы, кейінірек, орыс патшалығы нығая бастаған кезден басталды. 1616 жылы Монғолияға барған бірінші елші – Василий Тюменцев. Ол Кузнец Алатауынан, Саяннан асып, Енисей өзенінің жоғарғы ағысынан өтіп, Солтүстік-Батыс Монғолияға жетті. Иван Петлин екінші рет осы жолмен Азияға 1618 жылы өтті. 1654 жылы орыс елшісі Федор Байков төте жолмен, Ертіс бойымен жүріп, Монғолияға, Қытайға, оның астанасы Пекинге барды.

Осы елшілерден кейін 1689 жылы Қытай мен Россия арасында тұңғыш келісім жасалды. Бұл Қытай халқының басқа елдермен жасасқан ең бірінші келісімі еді. Бұлардың жол-жөнекей жазған Орталық Азия туралы географиялық материалдары брінші деректер болды. ХІХ ғасырда Орталық Азияны ғылыми тұрғыдан дұрыс зерттеп, оның жаратылыс жағдайын, халқының әдет-ғұрпын анықтау Орыс география қоғамының басшылығымен жүргізілді. Әсіресе Орталық Азияны зерттеуде Н.М.Пржевальскийдің еңбегі география ғылымында өте маңызды орын алады. Пржевальскийге дейін де Ішкі Азияда Филипп Ефремов, қазақ халқының тұңғыш ғалым-саяхатшысы Шоқан Уәлиханов пен Г.Н. Потанин болған. Н.М. Пржевальскийден кейін, Орталық Азияны – Қытай, Монғолия жерлерін, Тибетті оның замандастары, шәкірттері – М.В. Певцов, Г.Е. Грумм-Гржимайло, В.И.Роборовский, П.К.Козлов, В.А. Обручев т.б. зерттеді.

Г.Н. Потанин. (1835-1920). Григорий Николаевич Потанин белгілі саяхатшы-географ. Ол Орталық Азияны жан-жақты зерттеді. 1876-1877 және 1879-1880 жылдары Потаниннің Солтүстік-Батыс Монғолияға жасаған саяхаты өте жемісті болды. Оның зерттеу еңбектері 1881 жылы екі том болып жарияланды. 1883 жылы «Солтүстік-Батыс Монғолия очеркі» екі том болып басылды. 1883-1886 жылдары Орталық Монғолияға, Қытайға, 1892-1893 жылдары Шығыс Тибетке жасаған экспедицияларының дүние жүзілік маңызы болды.

Бұл экспедициялар мен саяхаттар кезінде Потаниннің қасында оның сүйікті жұбайы, әрі жәрдемшісі А.В. Потанина бірге болып, оған көмектесті. Бұлар Ішкі Азияның асқар тауларын, құлазыған шөлдерін, жазық даласын атпен, түйемен аралады. Қазақ, қытай, монғол, ұйғыр, дүнген халықтарының әдет-ғұрып, өмір тарихын, мәдениетін зерттеді. Гуманист, демократ Потанин патшаның отарлау саясатына қарсы болды. Қазақстан, Сібір, Азия халықтарының тілін үйреніп, бәрін туыс, бәрін жақын көрді. Жас кезінде-ақ өзінің туған жері Ертіс бойындағы орыс дворяндарының қазақтарды аяусыз жұмсап, қанағанын көріп, оларға жаны ашитын. 1873 жылы ол «патшаның отарлау саясаты негр  сатудан да жаман, адам баласына қарсы қылмыс»,–  деп ашық жазды.

Григорий Николаевич, қазақтың данышпан ұлы Шоқанмен достасып, туған өлкесін бірге зерттеді. Орыс, қазақ халықтарының достық бейнесін көрсетіп, олардың бақытты өмірге жетуін тіледі. Омбыдағы достары, әсіресе, Н.М. Ядринцев пен оның жұбайы Александра Викторовна ғылыми-зерттеу жұмысына көмектесті. П.П. Семенов–Тянь-Шанский  Г.Н. Потанинді қамқорлығына алды.

Академик В.А. Обручев Потанин еңбегін бағалап былай деді: «Ішкі Азияны шын мәнінде ғылыми тұрғыдан зерттеу ісі, атап айтқанда, Потаниннің, Пржевальскийдің және Певцовтың саяхаттарынан басталды. Үшеуі бірігіп Ішкі Азияның географиялық бейнесін жасады, ал кейіннен әр түрлі мамандығы бар саяхатшылар сол бейнеге өрнек жасай бастады».

Н.М. Пржевальский (1839-1888). Николай Михайлович Пржевальский атақты ғалым-географ, Орталық Азияны алғаш рет зерттеп, көп жерлерін картаға дұрыс түсірген, жаратылыстану, география ғылымдарына көп жаңалық еңгізген ғалым. Бүкіл өмірін ғылым мен саяхат жолына бағыштаған қайраткер.

Пржевальский – Семенов–Тянь-Шанскийдің сүйікті шәкірті. Оның Орталық Азияны зерттеудегі саяхаттарының бәрі де Семенов–Тянь-Шанскийдің басшылығымен жүргізілді.

Пржевальский Орталық Азияға алғашқы саяхатқа шыққан кезде Менделеев пен Ковалевскаяның, Сеченев пен Мечниковтың, Тимирязев пен Докучаевтың ғылымға ендірген жаңалықтары бүкіл дүние жүзіне әйгілене бастады. Пржевальский орыс ғылымының дамып, дүние жүзі ғылымына түрлі жаңалықтар енгізген дәуірде өмір сүрді. Сол кезде Уссури өлкесін, іргелес жатқан Орталық Азияны зерттеу жұмысы Николай Михайловичтің үлесіне тиді.

Пржевальскийдің экспедициялары: Уссури өлкесіне саяхат (1867-1869). Бірінші – Монғол экспедициясы (1870-1873). Екінші – Лобнор – Жоңғар экспедициясы (1876-1877). Үшінші – 1-Тибет экспедициясы (1879-1880). Төртінші – 2-Тибет экспедициясы (1883-1885).

Николай Михайлович 1867 жылы өз өтінішімен Сібірге әскери қызметке, Уссури өлкесін зерттеуге барды. Бұл сапарында ол Орыс география қоғамына бірқатар жаңа деректер әкелді. Осыдан кеін ғана Пржевальскийге 1870 жылы Орталық Азияға бірінші рет саяхатқа шығуға мүмкіншілік туды. Осы сапар ғалымды қатты көңілдендірді. Жол азабына, ауа райының қиындығына қарамастан Монғолия тауларын, Алашань шөлін зерттеп, белгісіз жерлерді географиялық картаға түсіріп, ғылыми табыстарға жетті.

Саяхатшы 1870-1873 жылдардағы бірінші экспедициясында Сібірдегі Кяхта қаласынан шығып, Калган, Пекин қалалары арқылы Хуанхе, Янцзы өзендеріне, Алашань, Гоби шөлдеріне, Солтүстік Тибетке дейін барып қайтты.

Осы саяхаттан Петербургке есен-сау оралған Пржевальскийді Орыс география қоғамы Константин медалымен наградтады. Шетел географиялық қоғамдары оған сыйлық жіберді. Экспедиция қорытындысы «Монғолия және Таңгуттар» деген атпен кітап болып шықты.

1876-1877 жылдары Пржевальскийдің екніші экспедициясы Орталық Азияда болды. Экспедиция Іле өзенінен шығып, Тянь-Шань арқылы Лобнор көлінде, Алтынтауда болып, тағы басқа жерлерді зерттеп, Зайсан селосына оралды. Орта жолда ғалым науқастанып, Зайсанда қыстап қалады да осы сапары жайлы «Құлжадан Тянь-Шань арқылы Лобнорға» атты кітап жазды. Саяхатшының бұл еңбегін жоғары бағалап, Орыс география қоғамы оны қоғамның құрметті мүшесі етіп сайлады. Лондон, Берлин географиялық қоғамдары да оны медальдармен наградтады. Кейін Орыс география қоғамы Орталық Азияға Пржевальскийдің үшінші экспедициясын ұйымдастырып, оны тағы да үлкен дайындықпен алыс сапарға аттандырды. 1879-1880 жылдардағы осы экспедиция Жоғар Алатауы, Шығыс Тянь-Шань, Нань-Шань, Тибет тауларын, Кукнор көлі мен Алашань шөлін, Монғолия жерін басып өтіп, Отанына Кяхта қаласы арқылы оралды.

Пржевальскийдің үшінші саяхаты нәтижелі болды. Ғалым 1880 жылы Орыс география қоғамында есепті баяндама жасады. 1881 жылы Москва университеті мен Петербург университеті оны өздеріне құрметті доктор етіп сайлады. Осы жылы Ғылым академиясында оның Орталық Азиядан жинаған бай коллекциялары көрмеге қойылып, көпшілікке таныстырылды. Еліміздің және шетелдің ғылыми орындары Пржевальскийді өзіне құрметті мүше етіп сайлады. Бұл экспедиция қорытындысын ол «Зайсаннан Хами арқылы Тибетке, одан Сары өзен бастауына дейін» деген еңбегінде жазды.

1883-1885 жылдары Орталық Азияда Пржевальскийдің төртінші экспедициясы Кяхтадан шығып, Гоби шөлі Кукнорға барды. Одан әрі Хуанхэ, Янцзы өзендерінен өтіп, Цайдам даласының үстімен Такла-Макан шөлінің оңтүстігіне орай Лобнорғакелді. Орталық Тянь-Шаньнан асып түсіп, Ыстықкөл жағасында болды да, одан Петербургке кетті. Саяхатшының ізбасарлары В.И. Роборовский мен П.К. Козлов та өз беттерімен зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Дүние жүзінің көптеген географиялық орталықтары Пржевальскийді Орталық Азияның ғылыми тұрғыдан тұңғыш зерттеушісі деп танып, оған өздерінің сыйлықтарын жіберді. Ал 1886 жылы саяхатшыға генерал-майор атағы берілді. 1887 жылы Академия оған арнап алтыннан медаль құйғызып, саяхатшыны наградтады. Медальдың бір бетіне Пржевальскийдің суреті салынып, екінші бетіне «Орталық Азия жаратылысын тұңғыш зерттеушіге» деп жазылды.

М.В Певцов (1843-1902). Михайл Васильевич Певцов Орталық Азияны зерттеуші белгілі саяхатшы. Ол Орталық Азияға шыққан экспедицияларды басқарды, Қытай, Монғолия жерлерін төрт жылға жуық аралап, 16 мың километр жол жүрді. Оның бір-біріне байланысты жалпы географиялық зерттеулері нәтижелі болып, Жоңғар даласы, Гоби шөлі, Кунь-Лунь, Тянь-Шань таулары туралы жан-жақты материалдар жазды. Ол жүрген жерінің географиялық жағдайын, топографиясын, геологиялық құрылымын, өсімдігін, жануарлар дүниесін мұқият зерттеп, күнделігіне түсіріп отырды. Осының нәтижесінде «Жоңғария очерктері» деген еңбек жазды. Оның бұл еңбегін жоғары бағалап, Орыс география қоғамы оны өзінің кіші алтын медалымен наградтады.

Саяхат кезінде Певцов Монғолиядағы, Алтай тауы мен Гоби шөліндегі 44 шыңдар мен төбешіктердің, белең-белестердің биіктігін анықтады. Оның өсімдік құрамынан, жануарлар дүниесінен жинаған коллекциялары әрі мол, әрі бағалы болды.

1882 жылы Певцовтың үшінші экспедициясы Жоңғарияның солтүстік-батысын зерттеп қайтты. 1887 жылы ол Петербургке, гненералдық штабтың Азия бөліміне қызметке жіберілді. 1888 жылы Н.М. Пржевальский аяқтай алмаған экспедицияны Орыс география қоғамы Певцовқа тапсырды. Оның бұл сапарына бұрын Пржевальский экспедицияларына қатысып жүрген географтар – В.И. Роборовский мен Т.К. Козлов және геолог К.И. Богданович қатысты.

1889 жылы майда Ыстықкөл жағасынан Орталық Азияға аттанған Певцовтың 4-экспедициясы 1891 жылы 1 январьда шекарадағы Зайсан көлі маңынан келіп шықты. Бұл ХІХ ғасырдағы Орталық Азия экспедициялары ішіндегі ең табыстыларының бірі болды. Ол жол-жөнекей 10,5 мың километр жерді картаға түсірді, 3335 географиялық биіктікті белгілеп, 47 пункттің географиялық координатын анықтады. Токсун ойысын, Бақраш көлді, Россия шекарасындағы Үлкен Манас дөңін тұңғыш рет (Орталық Азия) зерттеп, картаға түсірді. Ғалым алғаш рет Орталық Азия жерін зерттеуде П.П. Семенов – Тянь-Шанский бастаған комплексті тәсілді қолданды.

Тибет экспедициясынан оралған соң саяхатшы өмірінің ақырына дейін Петербургте тұрып күрделі ғылыми-зерттеу жұмысымен шұғылданды. Ғылыми мақалалар жазды. Бұрын белгісіз бірнеше тау жоталары мен ойыстарды белгілеп, картаға түсірді. Шығыс Жоңғарияның, Такла-Макан шөлінің, Кунь-Лунь тауының алып жатқан орнын, шекарасын белгіледі. Жалпы Орталық Азияның географиясын, гидрографиясын анықтады.

В.И. Роборовский (1856-1900). Всеволод Иванович Роборовский Орталық Азияға 4 рет экспедицияға шығып, география ғылымының дамуына сүбелі үлес қосты. Саяхатшы алғашқы екі экспедицияға өзінің ұстазы Н.М. Пржевальскиймен бірге шықты да, үшіншісіне М.В. Певцовпен бірге барды, төртінші экспедицияны өзі басқарды. Ол Шығыс Тянь-Шань, Нань-Шань, Кунь-Лунь, Тибет тауларының солтүстігін зерттеп, картаға түсірді. Турфан ойпатының және Орталық Азияның көптеген жерінің географиялық жағдайларын зерттеп, биіктігін анықтады, толып жатқан өсімдік гербарийі мен жануарлардың терісін жинап әкелді. Өзі жақсы суретші болғандықтан Орталық Азияның кейбір ғажайып көріністерін суретке түсірді. Оның осындай материалдарының негізінде Орталық Азияның бұрынғы карталарына түзету енгізілді.

Роборовский Орталық Азияның табиғатын жақсы білетін, әрі көпті көрген саяхатшы еді. Сондықтан 1893 жылы Орыс география қоғамы оны Орталық Азияны зерттеуге арнап құрылған экспедицияға басшы етіп тағайындады. Бұл экспедиция Пржевальск қаласынан шығып, Текес өзенін, Үлкен Жұлдыз дөңін басып өтіп, Шығыс Тянь-Шань тау жотасынан асып, Қашқария арқылы Лукчун, Турфан ойпаттарын зерттеді. Хами даласынан тағы түйелерді көрді. Цайдам даласында болып, жаз бойы Нань-Шань тау жотасын зерттеп, Кукунор көлінің оңтүстігін ала Шығыс Тибетке – Сычуань провинциясына барды.

Экспедициядан оралған соң Роборовский ауру халіне қарамастан география қоғамына есеп беріп, жұмыстарын қорытындылап, «1893-1895 жылдардағы Орыс география қоғамының экспедициясы» деген үлкен еңбегін жариялады.

Г.Е. Грумм-Гржимайло (1860-1936). Григорий Ефимович Грумм-Гржимайло Орта Азияны зерттеуші атақты саяхатшы-географ. Ол зерттеу жұмысына кіріскен кезде Азияның биік таулары: Памир, Тянь-Шань, Тибет, Кунь-Лунь, Гиндукуш, Нань-Шань белгілі болғанымен олардың әлі де көптеген ашылмаған сыры бар еді. Олардың кейбір нүктелері географиялық картаға дұрыс түспеген. Сондай-ақ Азияның құлазыған  шөлдері, өзендері, көлдері, оларды мекендеген халықтардың тарихы, шаруашылығы, этнографиясы ХІХ ғасырдың батыл зерттеушілерін күткендей еді.

1884 жылы Грумм-Гржимайло университет бітірген соң белгілі памир экспедициясын бастады. Ол Ош қаласынан әрі Алай, Заалай жоталарынан асып, Муксу өзені мен Қаракөлде болып, бір жазда көбелектің 146 түрінен 1200 коллекция жинады. Мұның 30 түрі ғылымға бұрын белгісіз еді. Ғалым омыртқалы жануарлардан да коллекциялар жинап, ол жердің ауа райын, жер бедерін, тау тізбектерін де зерттеді. Экспедициядан оралған соң, Орыс география қоғамына есеп бері, 1885 жылы екінші рет Памир-Алтай тауларының батыс жағын зерттеп қайтты.

1886 жылы Грумм-Гржимайло Азияға тағы да экспедиция ұйымдастырды. Ол Ош арқылы Орталық Тянь-Шаньнан асып түсті, Қашқарияда болып, қайтадан Ошқа оралды. Осы экспедицияның нәтижесінде ғалым Памир-Алтай, Тянь-Шань тауларының жануарларының ерекшеліктерін анықтады, Ғалым 1887 жылы інісі Михайл Ефимович Грумм-Гржимайло екеуі Қашқария, Қарақорым, тағы басқа Орталық Азия жерлерін зерттеп қайтты. Бұл зерттеулердің нәтижесі оның «Памир…» деген еңбегінде жазылған.

1889-1890 жылдары Грумм-Гржимайло өз экспедициясын бастап, Орталық Азияға аттанды. Экспедицияда бірсыпыра адамдар болды. Ғалым екі жылға созылған осы сапарында өмірге дүние жүзілік маңызы бар географиялық жаңалықтар әкелді. Әсіресе Шығыс Тянь-*Шань тау жоталарын зерттеді. Лукчунь ойпатының теңіз деңгейінен 154 метр төмен жатқандығын анықтап, бұрын белгісіз Байшань тауын ашты.

Азияның биік таулы аймақтары негізінен материктің орталық бөлігінде орналасқан.  Орталық Азияның шөлді тар үстіртінен оңтүстікке қарай, бұл жерлердің және Ганг пен Үнді ойпаттарының арасында жер шарындағы ең биік көтеріңкі тау жүйесі жатыр, оның орташа биіктігі 5000 метрден астам.  Оған батыста Памир, Гиндукуш және Қарақорым тау түйінінен бастап, шығыста Тибет тау қыраттарының шығыс шетіне дейінгі тау жоталары мен тау қыраттары енеді.  Оған бүкіл Тибет таулы қыраты, Куньлунь және Наньшань жатады.  Ал оңтүстік бөлігінде дүние жүзіндегі ең биік тау жүйесі – Гималай енеді.  Оның орташа биіктігінің өзі Альпінің максимум биіктігінен асып түседі.

Ертеректе Гималай тауларының жүйесі Жерорта теңіздік қатпарлы белдеуге жатады деп саналады, неғұрлым жаңа деректер бойынша ол Үнді платформасының жанданған шеткі бөлігі болып табылады.  Онда геоген дәуіріне дейін дамудың платформалық типі болған, осыны және Гималай климатының өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, біз  бұл географиялық нысанды Азияның биік таулы аймақтары деп  қарастырамыз. Азияның биік таулы аймақтарының қатарына Азия дүние бөлігінің орталығында  орналасқан биіктігі 4000-5000 м биіктіктен жоғары тау жүйелерін жатқызамыз.

Қазіргі таңда ғаламшарымызда шашырай орналасқан құрлықтардың өз идеясына сәйкес қайтадан “жылжыта” отырып, алғашқы қалпына әкелген жағдайда, олардың бір-бірімен тәуір қабысатындығын, сөйтіп шындығында да жалғыз ғана материк алуға болатындығын ғалым  А.Вегенер іс жүзінде дәлелдеген болатын.  Егер де шындығында әрбір құрлықтар есебінен осылай құрастырып көрген жағдайда Пангея материгі ешбір сызатсыз қиюласа қоймайды.  Бірақ та бұл материк жалпы жобаланып шығады.  Көлденеңі ондаған, әрі кеткенде жүздеген километрменен ғана өлшенетін мұндай сәйкессіздікті, яғни қиюластыру кезінде материкті құраушы құрлықтар жағалауларын бірін-бірі көмкеріңкіреп кеткен және аз-кем қабыспай қалған тұстарын сол құрлықтардың жазық бағыттағы қозғалыстары кезіндегі өзгерістермен түсіндіруге болады.  Тіпті, мыңдаған км-ге алшақтап кеткен бұл құрлықтардың мұндай өзгерістерге ұшырамауы, сөйтіп ондаған-жүздеген млн.  жылдан кейін өзінің алғашқы пішінін сол қалпында сақтап қалуы мүмкін  емес еді.

Материктердің пайда болуы мен қалыптасу жайында көптеген пікірлер айтылып, соңында ғалымдар бір пікір мен тұжырымға келіп тоқтады.

Ал кейіннен материктің жер бедерінің қалыптасу жайында нақты ғылыми теориялар мен идеялар шықты.  Оларды негізінен жер асты вулкандық әрекеттер мен тектоникалық қозғалыстар нәтижесінде және платформалардың көлбеу бағытта қозғалуының себептерімен түсіндіріп, өздерінің нақты ой-пікірлерін тұжырымдады.

Табиғаттың қалыптасуындағы негізгі кезеңдер: Қазіргі Евразияның орнында Кембрийге дейінгі кезеңнің соңында үш көлемді платформалық облыс (Еуропа, Сібір және Қытай) орналасқан. Оңтүстікке қарай, негізінен Солтүстік тропиктің оңтүстігінде, одан да ертеректе алып  платформа Гондвана қалыптасты. Платформалар аралығында геосинклиналдық белдеулер орналасқан. Солтүстік үш платформаның оңтүстігінде Альпі-Гималай геосинклиналдық белдеуі созылып жатты. Ол қазіргі шетелдік Еуразияның үлкен бөлігін қамтыды және оңтүстік- шығысқа қарай созылып,солтүстік платформаларды Гондванадан бөліп тұрды. Бұған солтүстік платформаларды бір-бірінен бөліп тұрған Орал-Тянь-Шань, Монғол-Охота және Каледон геосинклиналдық облыстары солтүстіктен қосылып жатты. Альпі-Гималай геосинклиналдық белдеуі оңтүстіктен-шығыста (Тынық мұхиттық геосинклиналдық сақинаның бөлігі) меридиандық бағытта созылып жатқан Батыс Тынық мұхиттық белдеумен жалғасты.

Палеозойдың алғашқы жартысындағы оқиғалар Еуразия құрлығының қалыптасуына елеулі дәрежеде әсер етті. Платформалық облыстарды теңіздің бірнеше рет басуы геосинклиналдық белдеулер шегінде тау пайда болуымен алмасты. Сібір платформасынан оңтүстікке байкал қатпарлығы айқындалды. Тау құрылу процестерінің масштабы силурдың аяғында (соңғы каледон қатпарлығы) ерекше арта түсті.

Карбонның екінші жартысы мен Пермьде Еуразия үшін үлкен маңызы болған жаңа тектоникалық цикл (герцин) өтті. Триас дәуірінің басына дейін жалғасқан үдемелі қозғалыстың нәтижесінде Орал-Тянь-Шань, Монғол-Охота (шығыс бөлігінен басқа) геосинклиналдық облыстары және Альпі-Гималай (Жерорта теңізі) геосинклиналінің айтарлықтай бөлігі бүкіл дерлік қазіргі тау жүйелерінің орны таулы құрлыққа айналды. Нәтижесінде көне ғимараттардың бәрі тұтасып бірікті.  Қазіргі Еуразияның үлкен бөлігі мен Солтүстік Американы қосқан зор материк пайда болды. Бұл ежелгі материкті геологтар Лавразия деп атады.     

Герцин циклі өте ұзақ болды: ол уақытқа да және кеңістікке де сай келмейтін бірнеше фазаларға бөлінді.  Тым алғашқы фазаларында тау ғимараттары шетелдік Еуразияның оңтүстігінде және орталық Азияда қалыптасты.  Көтерілген тау ғимараттарының етегінде негізі салынған иіндерде өсімдік қалдықтары шоғырланып, тас көмір кен орнын қалыптастырды.  Тау құрылудың одан арғы дамуына қоса күшті интрузиялар енді және кендену байқалды.  Пермь дәуірінде қатпар құрылу процестерімен қатар платформалар жалпылай көтерілді және Пермьнің соңында Лавразияның Еуразия бөлігі құрлыққа айналды, оның шегінде ертеде пайда болған таулар мүжіле бастады және ыстық, басында ылғалды, кейін бірте-бірте құрғап бара жатқан климат жағдайында терригендік шөгінділер жиналды.

Лавразияның консилидациялануымен (нығаюымен) қатар оңтүстікте Пермьнің аяғында Лавразиядан жерортатеңіздік геосинклиналмен бөлінген Гондвана ыдырай бастады.  Платформаларда континенттік жағдайдың басымдығы және геосинклиналдық облыстарда әлсіз тектоникалық әрекет триас кезеңіне тән еді.  Гондвананың ыдырауымен байланысты, оны екі бөлікке (батыс және шығыс) бөліп тұрған Үндімұхитының қазаншұңқыры қалыптаса бастады [5,7].

Юраның аяғында және бор дәуірінің басында тектогенездің альпі эрасы басталды, сол кезде Еуразия дербес материк ретінде қалыптасады және қазіргі табиғат жағдайы қалыптасады.  Тектоникалық процестердің бірінші көрінісі триастың аяғында киммерий субэрасы басталған кезде болған.  Содан соң Юра дәуірі бойы жеке жарылулар мен әлсіз қатпарлық деформациялар пайда болды.  Бор дәуірінде тау құрылулар Жерортатеңіздік геосинклиналдық белдеудің шығыс бөлігін және Монғол-Охота геосинклиналын қамтыды, ол құрлыққа айналып, өзінің тарихын аяқтады.  Батыс тынық мұхиттық қатпарлы белдеу шегінде айтарлықтай қозғалыстар болған.  Олар Азияның солтүстік-шығысында және оңтүстік-шығысында   құрлықтың түзілуіне әкеп соқты.  Юрада және төменгі борда көбінесе құм, тасты, сазды шөгінділер, жоғарғы борда ізбестас, мергель және жазатын бор шөккен.

Кайнозойдың басына таман қазіргі Еуразияның солтүстік бөлігінің көп жерінде нығайған тұтас құрлық болды.  Ол өзара жайғасқан байкал, каледон және герцин жасындағы құрылыстардың, кейінгі процестермен күшті өзгерген және тегістелген ежелгі платформалардың   ядроларынан тұрады.  Еуразияның шығысында және солтүстік шығысында тым ежелгі құрылымдарға мезозойдың тау ғимараттары жанасты.

Неоген бойы Еуразияның геосинклинальдық облыстарында тау құрылу одан әрі дамыды. Неогеннің аяғы мен антропогеннің басында Альпі-Гималай  қатпарлы белдеуінің шегіндегі, сондай-ақ оның сыртындағы тау ғимараттары көтерілулерге ұшырады. Тектоникалық жандану Азияның ішкі аудандарында әсіресе ол Гималай, Тибет, Қарақорым, Герцин қатпарлық зонасының биік және өте биік – Куньлунь, Тянь-Шань және тағы басқа тау ғимараттарының пайда болуына әкелді.

Неотектоникалық процестер және олармен байланыста болған Еуразия континентінің жер бедері  мен пішініндегі өзгерістер климаттық жағдайларды едәуір өзгеріске түсірді. Сол кезеңдерден бастап қазіргі жер бетіндегі флора мен фаунаның негізі қаланды.   

Тектоникалық құрылым және рельефтің негізгі ерекшеліктері: Еуразия материгі қалыптасуының күрделі тарихы оның табиғатының барлық компоненттеріне әсерін тигізді.  Бірақ ол күрделілігімен, алуан түрлілігімен  және Жер бөліктерінде қайталанбайтын қарама–қарсылығымен ерекшеленетін жер беті құрылысының ерекшеліктерінде айқын көрінді.  Еуразия үшін жер шарындағы белгілі тектоникалық құрылымдардың және рельеф типтерінің  барлығы болуы тән. 

Эпиплатформалы жақпарлы таулар сонымен қатар жанданған Аравия және Үндістан платформаларының шеткі бөліктеріне тән.  Аравияда олар ежелгі ассиметриялы жақпардың батыс және оңтүстік-батыс шетін құрады, Үндістанда рельефтің бұл типіне кей жерде Батыс және Шығыс Гаттар сай келеді.  Үндістанның қалған бөлігі түбірлі жазықтар жүйесі болып табылады.   Тек қана Солтүстік-батыста ежелгі фундаменттің үстінде, бор мен палеоген бойы ағып төгілген базальтты жамылғы пайда болды.

Азияда палеозой жағасындағы қатпарлы ғимараттар әсіресе неоген-антропоген кезінде жандануға ұшырады, оның нәтижесінде Орталық Монғолдық Алтай, Тянь-Шань, Куньлунь және оның солтүстік тармақтары – Алтынтаг және Тянь-Шань биік аса биік қатпарлы-жақпарлы және қайта қалпына келген жақпарлы (эпиплатформалық) таулары пайда болды.  Бұл таулардың орташа биіктігі 3000-4500 метр болғанмен кейбір шыңдары 6000, тіпті 7000 м-ден асады.  Олардың рельефінде, әртүрлі биіктікке көтерілген, ежелгі кезде тегістелген беттердің учаскелері айқын сақталған.  Ыдыраудан пайда болған беткейлер тік жарлы болып келеді. 

Еуразияның оңтүстік және оңтүстік шығыс бөліктері құрылымдық жағынан мезокайнозойлық қатпарлы ғимараттар зонасына жатады.  Үндіқытайдың үлкен бөлігі (Малакка түбегімен қоса).  Тибет таулы қыратының оңтүстік щеті мен Қарақорым неоген-антропоген кезінде тектоникалық жандануда шөккен мезозой жасындағы жасандылар.  Ол қарақорым мен Тибеттің оңтүстігінде өте күшті байқалады.  Бұл таулар, әртүрлі жастағы қатпарлы ғимараттардан тұратын антропогеннің басында-ақ өте биікке көтерілген және көтерілуі қазіргі кезде жалғасып жатқан Биік Азия деп аталатын Жер үстіндегі ең биік таулар жүйесіне кіреді. 

Үндіқытай жерінде мезозой қатпарлығы таралған облыс бүкіл Еуразия арқылы, батыста Пиреней түбегінен оңтүстік-шығыста Зонд аралдарына дейін созылып жатқан Альпі Гималай қатпарлы белдеуімен ұласқан.  Сонымен бұл белдеудің батыс тармағы Пиреней және Андалузия тауларын, Альпі, Карпат, Аппенин және Балқан түбектерінің тау жүйелерінің, Алдыңғы Азия таулы қыраттарын (Кіші Азия, Армян, Иран), Гиндукуш және Гималай тау жүйелерін қосып қазіргі тектоникалық карталарда тау жүйелері таралған зона ретінде көрсетілген.  Ал, бұл кезеңде Оңтүстік Шығыс және Шығыс Азия аралдарындағы тау көтерілу үрдісі әлі де аяқталып  бітпеген, олар соңғы кайнозойлық дәуірінде де жүріп жатыр.

Азиядағы тауларға келер болсақ әр түрлі жастағы қатпарлы құрылыстардан тұратын  Азияның биік таулы аймақтары неогеннің аяғы мен антропогенде көтерілген, көтерілу қазіргі уақытта да тоқтаған жоқ және биіктігі мен ауданы жағынан дүние жүзіндегі ең ірі көтеріңкі жерлерді қалыптастырған.

Енді осы таулардың геологиялық құрылыстары мен жер бедерлеріне  жеке-жеке тоқтала өтсек.

Тибет тау қыраты: Тибет таулы қыратының солтүстік шекарасы Куньлунь жүйесіне енетін тау жоталарының етегі болып табылады. Оңтүстік және оңтүстік-батыста шекара Гималайдың солтүстік етегімен өтеді. Солтүстік-батыс Тибеттің шекарасы Памир-Қарақорым тау түйіні болып табылады. Таулы қыраттың шығыс шекарасы ретінде Син Тибет тауларының шығыс етегі саналады.

Тибет таулы қыраты палеозой, мезозой және кайнозой жасындағы қатпардан қалыптасқан, алайда оның қазіргі рельефінің қалыптасуында геоген мен антропогеннің вертикаль қозғалысы маңызды орын алады.  Кайнозойдың орта кезеңінің өзінде қазіргі Тибеттің орнында теңіз деңгейінде жатқат территория болған.  Жаппай көтерілу Тибеттау қыраты мен Биік Азия жоталарының пайда болуына әкеп соқты және өзімен бірге тек оның алабында ғана емес, сондай-ақ бүкіл Орталық Азияда климаттың құрғауын туғызды.  Тибеттің көтерілуі қазіргі кезде де 100 жылда 1 метрден астам жылдамдықпен жалғасуда.

Қазіргі рельефтің жасалуында, көтерілулер және олармен қоса жүретін жарылуларда эрозиялық процестердің үлкен маңызы болды және одан кейін, климат құрғаған сайын, шөл үгілу, денудация мен эолдық процестердің мәні арта берді.

Плейстоценнің соңында Тибет тау қыраты мұз басуға ұшырады, содан кейін мұздықтардың еруіне байланысты суға молықты.  Мұз басудың бұдан ерте кезеңдері Тибетте болған жоқ, өйткені ол қоршаған жоталардан гөрі баяу көтерілді және плейстоценнің орта шенінде әлі де қар шекарасына жетпеген еді.  Плейстоценнің соңында көтерілу күшейе түсті де Тибетте мұз жамылғылары пайда болды, олар еріген кезде көптеген көл қазан шұңқырлары кемерінен шыға толып кетті.  Бұдан кейінгі климаттың құрғауы көлдердің аумағының қысқаруына және суының тұздануына әкелді.

        Кайнозой эрасының ортасына дейін мұнда тектоникалық қозғалыстар жүріп жатты.  Неотектоникалық кезеңде (төменгі кайнозой) Альпі-Гималай геосинклинальдің жабылуымен байланысты таулардың қарқынды көтерулері басталды (тек қана плейстонценді мұздықтанудың аяғына қарай ол 300-500м-ге көтерілді).   

Плейстоценді мұздықтану өз ізін қар, морена түрінде қалдырды.  Ол биіктігі 4500 м-ден жоғары жерде орналасқан.  Таулы сілемдерінің етектерінде құзды жарлар бар.  Оңтүстік-Шығысқа қарай тік жарлар бірден өзгереді.  Сино-Тибет тауларындағы аңғар тереңдігі 3000 м-ге дейін жетеді.  Тибеттің Оңтүстік-Шығыс бөлігіндегі кейбір жарлар мен құздар селге төзімсіз келеді.  Тибет Орта Азия аумағына маңызды бірлік ретінде еніп, ландшафтының көптеген белгілеріне әсерін тигізеді.

Аталған тектоникалық әртектіліктен басқа Тибет тауының таулық тегінде де айырмашылықтар бар.  Солтүстік Тибет ауданы    ерте палеозойдың карбонатты тегіне кіреді.    

Тибет таулы қыратының бәрінен бұрын құрылымы мен жер бедерінде  айтарлықтай ішкі айырмашылықтары бар екендігін оның геологиялық және тектоникалық құрылымдарынан көруге болады.  Бұлар палеогендік бор дәуірінде пайда болған. 

Гиндукуш және Қарақорым: Гиндукуш пен Қарақорымның биік таулы аймақтарының Памир мен бірге Иран және Тибет таулы қыраттарын байланыстыратын  түзейді.  Бұл тау түйіні  Ауғанстан, Пакистан, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттерінің шекараларының тоғысқан жерлерінің орталығында орналасқан.

Гиндукушты Иран таулы қыратының солтүстігіндегі шеткі жоталарымен бірге алып қарайды, бірақ мұндай біріктіруді орографиялық және тектоникалық көзқарас тұрғысынан ғана мақұлдауға болар еді.  Ланшафтарының сипаттамасы бойынша Гиндукуш Иран таулы қыратының басқа шеткі жоталарынан, көбіне онымен көрші Паропазимден түбірімен ерекшеленеді.  Паропазим және Орта Ауған тауларының арасын байланыстырушы түйін – Кохи-Баба жотасы Гиндукуш тауының жүйесінің құрамына  жатады [3].

Гиндукуштан солтүстікке қарай Памир таулы қыраты көтерілген.  Оңтүстік-шығысқа қарай Шығыс Гиндукуштан Қарамбар өзенінің аңғарынан бөлініп, дүние жүзінің биіктігі жағынан Гималайдан кейінгі екінші тау жүйесі – Қарақорым созылып жатыр. Оның орташа биіктігі 6000 метрге жуық.  Көптеген шыңдары 8000 метрден асады. Олардың ішіндегі ең биігі – Чогори (Годуин Остен) (8611 метр) — әлемдегі  екінші шыңы болып табылады. 

Қарақорымдағы тау түзілісі негізінен триас дәуірінде, сонымен бірге анағұрлым кейінгі кезеңде өткен.  Ең жаңа жарықтар мен көтерілулер жер  бедерін жасартып жіберген, қазіргі кезеңдегі биіктікке көтерген және күшті тілімдеген.  Жас тектоникалық әсермен төрттік және қазіргі заманғы мұз басу мен эрозияның ықпалымен Қарақорымның нағыз альпілік жер бедері пайда болды.  Асулар 5000 метрден және одан да гөрі биіктікте жатыр, олардың көпшілігінен тіпті, жаздың кезінде өтудің өзі қиын, қыста  Қарақорым арқылы асудың сәті үнемі түсе бермейді.

Қарақорымның, әсіресе Гиндукуштың қойнауы әр түрлі пайдалы қазбаларға бай.  Онда көмір, әр түрлі металл рудалары, графит кен орындары бар, бірақ оларды барлау өте төмен дәрежеде зерттеліп, оны өндіру де мардымсыз.

Куньлунь – Алтынтаг – Наньшань жүйесі: Бұл биік таулы аймақ кейде Тибет тау қыратының солтүстік шеткі бөлігі ретінде қаралып жүр.  Бірақ қатпарлықтың палеозойлық жолы және соған орай геологиялық құрылысы мен бедерінің ерекшеліктері, сондай-ақ бұл аймақтың географиялық тұрғыдан оқшаулығы оны дербес тау жотасы ретінде қарастыруға негіз береді.

Бұл таулардың негізгі қалыптасу үрдісі мезозой кезеңінде өтті.   Бұл мезозой мен кайнозойдың шөгінділеріне толған тектоникалық ойыстың тегіс түбін сорлар мен ағынсыз көлдер алып жатыр, олардың арасындағы ең ірісі Кукунор болып табылады. 

Бұл тау торабтарының барлығы үшін жер бедерінің аз тілімденуі, кесек материалдардың орасан көп мөлшерде жиналуы, тау жоталары осыларға батып тұрғандай болады, эрозиялық үрдістердің нашар дамуы тән.

Наньшань тауының құрылысы каледондық дәуірге жатады.  Негізгі тектоникалық зоналары – синклинории және антиклинории.  Олар аналогилық тау жоталарын құрайды.  Солтүстік синклинории зонасына төменгі палеозойлық құмдар және негізігі эффузивті жыныстар тән. 

Куньлунь каледондық-герциндік дәуірде құрылған.  Мезозой және Кайнозой дәуірінде Куньлуньда эпиплатформалы биіктеулер басталған болатын және олар әлі күнге дейін жалғасуда.  Куньлуньның батыс бөлігінде әртүрлі эолдың формалары бар: үрмелі желобалар, лессты жамылғылар (олардың биіктігі 4000-м-ге дейін жетеді).

Гималайдың тау түзілісі мен тектоникалық құрылымы Азияның өзге де биік тауларына қарағанда өзінің өзіндік ерекшеліктерімен ерекшеленеді. 

Соңғы уақытқа дейін үстем болып келе жатқан көзқарастарға сәйкес Гималай жүйесі Тетистік геосинклинальдық бассейнінен оңтүстік Еуропа және Батыс Азия тауларымен бір уақытта пайда болған.  Оның қалыптасу орогенезі үш негізгі фазасы кезінде олигоценде ежелгі кристалдық ядро мен тұнба жыныстардан тұратын орталық білік зонасы пайда болған кезде, миоценде және антропогеннің басында өткен. Соңғы фазада Гималайдың тау алды зонасында қатпар түзілуі және осының алдында тегістелген таулардың жаппай көтерілуі жүрген.  Гималайдағы көтерілулер қазіргі уақытта да аяқталған жоқ, бұл туралы біршама жиі жер сілкінулер және ерте төрттік шөгінділерінің теңіз деңгейінен жоғары жатқан орны куәландырады [4,6,7]. 

 

  1. 2 Климаты мен ішкі сулары

 

Еуразияның климатында оның территориясының аса көлемділігімен байланысты ерекшеліктері айқын көрінеді.  Материктің негізгі бөлімінің экватор мен Солтүстік поляр шеңбері аралығында болуы, шығысы мен орталық бөліктерінің тұтастығы, батыс және оңтүстік жиектерінің тілімденуі, мұхит бассейндерінің әсері, күрделі орография Еуразияда аса алуан түрі климат жағдайларын жасайды. 

Еуразиядағы жылдық жиынтық радиация төмендегі шептерде: арктикалық аралдарда ол 60 ккал-ға, Еуропаның батыс бөлігінде – 70-тен 140 ккал-ға дейін, Азияның оңтүстік және оңтүстік шығысында – 120 – 180 ккал, ал егер Арабияда Жер бетіндегі ең жоғары шамамен – 200-220 ккал өзгереді.  Жылдық радиациялық баланс Еуразия шегінде 10-нан 80 ккал-ға дейін өзгереді.  Қаңтарда Британь – Адриат теңізінің солтүстігін – Қаратеңіздің ортасын – Каспийдің оңтүстігін – Корей түбегінің солтүстігін – Жапон аралдарын қосатын сызықтан солтүстікке қарай радиациялық баланс теріс сипат береді.

Ал тауларда климат мүлде басқаша.  Жалпы жазық жерлерде климат пен табиғат белдеулерінің алмасуы ендік бағытында болса, ал тауларда вертикальды, яғни биіктік белдеулік бағытымен өзгеріске ұшырайды.  Бұл процестер Орталық Азиядағы Биік тауларда анық байқалады.

Бұл таулар негізінен құрлықтағы барерьлік (тосқауыл) функцияны атқарушы, яғни климат айрығы болып табылады.

Тибет – өзіне тән табиғаты мен клишаты бар географиялық орта.   Тибеттің аса зор биіктігі мен тұйықталып жатуы жауын-шашын мөлшерінің аз және ауаның барынша құрғақ болуына, атмосфераның сиректігі және осыған байланысты жылдың көп бөлігі бойына төменгі температураның басым болып, температураның күшті ауытқуына, жиі-жиі борай соғатын күшті желдердің болуына әсер етеді.  Климаттың бұл белгілері Тибеттің ішкі аудандарынан әсіресе оның сотүстік, батыс және орталық бөліктерінен айқын көрінеді.

Тибеттің климаты қатаң, әрі құрғақ.  Бұл көбіне оның биік жоталарымен байланыстырылады.  Қазан – қысқы ай болып есептеледі.  Бұл кезеңде температура төмендейді, көлдер мен өзендер қатады, суық желдер соғады.  Қысы ұзақ, Чангтандағы аяз -32°-қа дейін жетеді.  Қысын қарсыз деуге де болады.  Ауаның құрғақтығына байланысты түскен қар жерге сіңбей, тезарада буланып кетеді.  Қысқы жел қармен қорғалмаған жерде шаңды боран көтереді.  Көктем тым кеш келеді, мамыр айының өзінде мұнда суық борандар жиі орын алып тұрады.  Жазы суықтау, температурасы +10-15°, жекеленген аймақтарда бұл көрсеткіш 20°-тан асады.  Шілде айының  орташа температурасы +8°.  Тіпті шілде айында да аяздар болады.  Бірақ жазда атмосфералық инсоляция дәрежесі жоғары.  Ауаның құрғақтығы температураның тәуліктік ауытқуын жиі өзгертіп жіберіп отырады (37°-қа дейін).  Тибеттің Оңтүстік аймағы айтарлықтай жылы (ауа температурасы қаңтарда -2-4°, шілдеде +14-18°).  Жауын-шащынның орташа жылдық мөлшері 100-200мм.  Оның көп бөлігі қар түрінде түседі.  Таудың шеткері аймақтарында бұл көрсеткіш 500мм-ден асып түседі, ал оңтүстігінде (жазғы муссондық әсері бар аймақтар) – 700-1000мм-ге дейін жетеді [8,9,10].

Тибеттің батыс бөлігінде жауын-шашын мөлшері 250 мм-ден аспайды, жауын-шашын жаз айларында, көбіне қар түрінде жауады.  Жылы кезең өте қысқа және үнемі үсік араласып тұрады.  Жаз айларында орташа температурасы +10° – 16°С, бірақ күннің ең ыстық кезеңінде ауа температурасы +30°С-ге дейін қызады.  Сонымен бірге түнде температура 0°С-тан төмендейтін кездері де аз болмайды.  Қыс ұзақ және аязды, температура үнемі — 35°С болады.  Қар жамылғысы болмайды, сондықтан топырақ үлкен тереңдікке дейін қатады да көп жылдық тоң қабатын сақтайды.  Өзендер мен көлдер ұзақ уақытқа қатады.  Тіпті күшті аязды күндері гейзерледің маңына да мұз бағандары пайда болады да ішінен ыстық су фонтан түрінде өзінің атқылауын жалғастыра береді.

Шығыс пен оңтүстікке қарай климат жағдайы біраз өзгеріске ұшырайды: ылғалдылық артып, температура жоғарылайды.  Бұл осы аудандарға аңғарлар мен тау жоталарынның ояңдарын бойлап жаз кезінде муссондардың пропиктік ылғалға қаныққан ауасы  енуімен байланысты.  Қыстың қатаңдығын оңтүстіктегі орын және биіктігінің жалпы төмендеуі жұмсартады.  Сондықтан Тибеттің оңтүстінде аймақтың неғұрлым ылғалды және жылы аудандары жатыр.  Лхасада жауын-шашынның жылдық мөлшері 500 мм-ге жуықтайды, бірақ жылдан-жылға бұл көрсеткіш күшті ауытқиды.  Жаз айларының орташа температурасы +16°, +17°С, қыстың орташа температурасы 0°С-ге жақын.  Оңтүстік-шығыс бағытына қарай температура өзгеріссіз дерлік қалады, бірақ жауын-шашынның жылдық жиынтығы 800-1000 мм-ге дейін артады.

Тибетте климаттың құрғақтығына байланысты қар сызығы өте жоғарыда – 5500 және тіпті 6000 метрде (экватордан да жоғарыда қалыптасқан) жатқанымен мұздықтар көп, әсіресе батысы мен оңтүстігінде баршылық.  Оңтүстікте мұз басудың өріс алуы жауын-шашынның үлкен мөлшерінің түсуімен байланысты.  Шығыс бағытында аласарған сайын мұздықтар мен мәңгі қарлардың мөлшері азая түседі.  Бұл процестерге климаттың құрғауы да өзінің жоғары дәррежеде ықпалын тигізеді.

Орталық Азияның климатының қалыптасуында Азиядағы сонымен қатар әлемдегі ірі тауларға жататын Гиндукуш пен Қарақорымның алатын маңызы өте зор.

Екі жүйенің климат жағдайларын қалыптастыруда таулы рельеф және үлкен су алқаптарынан алыста жатуы асты рольге ие.  Сонымен бірге тау жоаларының, Азияның табиғат жағдайлары әр түрлі бөліктер аралығында орналасқан орны да климатқа өз әсерін тигізеді.  Жалпы алғанда, қуаң, тіпті шөді Гиндукуш пен Қарақорымның жеке бөліктерінде үлкен климат айырмашылықтары бар, ол айырмашылықтар негізінен оңтүстік және солтүстік беткейлердің арасында, сондай-ақ батыс және шығыс бөліктерінің арасында көрінеді.

Қарақорымның климаты қатаң континентті.  Мұнда жылына 100 мм-ден аса жауын-шашын түседі.  Биіктігі 5000 метр болатын жерде бұл көрсеткіш 1500 мм-ге дейін жетеді.  Тау етегіне олар жауын ретінде түссе, ал биік таулы аймаққа ол қар түрінде түседі (температураның төмендеуіне байланысты).  Үнді аңғарында орналасқан Лехада орташа температура (шілде айында) +16-17оС, қаңтар айында орташа температура -8оС, ал жылдық жауын-шашын мөлшері 80 мм.  Бұл көрсеткіштерді есепке алар болсақ бұл жердің климаты аридті, құрғақ аймаққа жатады.  Бұл тау Гималайға қарағанда құрғақ болса да, мұздықтану көлемі өте жоғары: 16,3 мың км2.

Гиндукуштың батысында шығысына қарағанда жауын-шашын недәуір көп, өйткені онда Атлантикадан біршама ылғалды ауа өтіп отырады.  Онда Иран таулы қыратының аласарақ жоталары мен үстірттерінің үстінен өткенде ешқандай жауын-шашын бермейтін ауа массаларының өзінен недәуір мөлшерде ылғал конденсацияланады.  Сондықтан Гиндукуштың Солтүстік шығыс беткейлерінде жылына 400-ден 800 мм-ге дейін жауын-шашын жауады, оның максимумы қыста өтеді.  Оңтүстік-шығыс беткейлерде ылғал анағұрлым аз, тау жүйесінің батыс желдері өте алмайтын шығыс аудандарында жауын-шашын бұдан да азая түседі (100мм-ден артық емес).  Оңтүстік және оңтүстік шығыс беткейлерде жауын-шашын көбірек жауады, бірақ енді оны жазғы муссон әкеледі.  Сондықтан Кафиристан жылына 700-1000 мм жауын-шашын алады, жазғы максисус айқын байқалады.  Солтүстік және оңтүстік беткейлерде жауын-шашын мөлшерінің шұғыл айырма жасауы, сондай-ақ қарақорымға да тән.  Оңтүстік беткейге муссондар недәуір мөлшерде ылғал әкеледі, ал Орталық Азияның шөлді тау үстірттеріне қараған солтүстік беткейлері құрғақ және құнарсыз болып келеді.

Жауын-шашындағы айырмашылықтар қар шекарасының орны мен қазіргі мұз басудың қалыңдығынан да көрінеді.  Орат есеппен қар шекарасы үлкен биіктікте жатыр.  Оның ең төмен орны Оңтүстік Қарақорымда – 4700 метрде.

Куньлуньның климаты қатаң континентті.  Ұзақ суық қыс ыстық, бірақ қысқа жазға ауысады.  Қаңтар айының орташа температурасы төменгі яруста  -7 – 9°, шілденің орташа температурасы +25-28°.  Биіктік белдеулерде қысқы аяз -35°-қа дейін жетеді, ал шілде айында  температура  +7-9°-тан аспайды.  Жауын-шашын мөлшері тау етегінде 50мм-ден аспайды, ал таудың ортаңғы бөлігінде 300 мм-ге дейін жетеді.  Биіктік белдеулер мен Қашқар тауларында және Куньлуньның шығыс бөлігінде жауын-шашан мөлшері 800 мм-ден асып түседі.  Жауын-шашын көбіне көктемде және жазда түседі.  Қысық уақыттарды қар айтарлықтай көп жаумайды, тіпті қарсыз деуге де болады.  Тек 4000 метр биіктіктен кейін ғана қар қалыңдығы 1метрден асады.

Қазіргі қар шекарасы мынандай: Куньлуньның орталық бөлігінің оңтүстігінде 4800-5200м, ал батыста ол 3900-4700 метрге дейін төмендейді.  Мұздықтанудың жалпы ауданы 11,6 мың кв. км.  Оның айтарлықтай көп бөлігі Батыс Куньлуньда орналасқан.  Мұздықтар көбіне терең, әрі тар аңғарлардан байқалады.  Аңғарлық мұздықтардың фирналық бассейндері әдетте дамымаған болып келеді.  Ал ондағы қоректену қар көшкіндерінің есебінен жүргізіледі.  Бұл мұздықтанудың түрін туркестандық типке жатқызады, ал шетелдерде оны куньлуньдық немесе музтагтық деп атайды.

Орталық және Куньлуньның аридті бөлігінде   шөл «патшалық етеді».  3500-3600 м биіктіктен кейін эфедро-теремкенді далалар кездеседі.  Батыс және Шығыс Куньлуньның шеткі аймақтарында ол далалы көгалдарға ауысады.  5000 м-ден жоғары суық шөлді ландшафт таралған.

Гималай – Азияның аса ірі климат айрығы.  Одан солтүстікке қарай қоңыржай ендіктің континенттік ауасы, оңтүстікке қарай тропиктік ауа массалары басым келеді.  Гималайдан оңтүстікке таман муссондық циркуляция көрінеді, одан солтүстікке қарай шұғыл континеттік жағдайлар қалыптасады.  Сондықтан Гималайдық солтүстік және оңтүстік беткейлеріндегі климат әр түрлі.

Оңтүстік беткейінде жауын-шашынның жылдық ең көп шөлшері шығыс бөлігінде жауады (2000-нан 3000 мм-ге дейін).  Батыс бөлігінде жауын-шашынның жылдық жиынтығы 1000 мм-ден аспайды.  Ішкі тектоникалық қазан шұңқырлар алқабы мен ішкі өзен аңғарларында 1000 мм-ден де аз жауады.  Солтүстік беткейде, әсіресе аңғарларда жауын-шашын мөлшері шұғыл азаяды.  Кей жерлерде жылдық жиынтық 100-мм-ден де аз болады.  1800 метрден жоғарырақ қысқы жауын-шашын қар түрінде жауады, ал 4500 метрден жоғары қар бүкіл жыл бойы жауады.

Оңтүстік аурайларында үлкен биіктіктің өзінде бүкіл жыл бойына температура жоғары болады.  2000 метр биіктікке дейін қаңтардың орташа температурасы +6º, +7ºС-ге, ал шілденің орташа температурасы +18º, +19ºС-ге жетеді, 3000 метр биіктікке дейін қыс айларының орташа температурасы 0ºС-ден төмен түспейді, тек 4500 метрден жоғарыда ғана шілденің орташа температурасы терістеу.  Гималайдың шығыс бөлігінде қар шекарасы 4500 метр биіктікте, батысында 5100-5300 метр биіктікте жатыр.  Солтүстік беткейлерінде нивальдық белдеу оңтүстігіне қарағанда 700-1000 метрден биігірек орналасқан.

Бұл тауларға ерекше, биік таулық айқын континенттік климат тән.  Оларды нақ климаттық жағдайлары бойынша ғана емес, географиялық орнына қарай да өзінлдік сипаттамаларды беруге болады. 

Ішкі сулары.  Ал матерктің ішкі суларына келер болсақ, аралдарымен бірге Еуразияның территориясынан ағатын жылдық ағын 16 мың км2 шамасында, яғни Жердегі барлық өзендердің жылдық жиынтық ағынының жартысынан сәл азырақ.  Ағынды қабатқа айналдырғанда ол 300 мм-ге тең,  бүкіл жердітұтас алғандағы орташа көрсеткіштен жоғары.  Ағын қабаттың орташа қалыңдығы жағынан еуразиядан Оңтүстік Америка ғана алда тұр.  Бірақ осы орташа шамалар Жердің зор материгі ішіндегі ішкі сулардың таралып орналасу ерекшеліктерін толық көрсете алмай отыр.

Еуразиялық континенттегі ішкі сулардың таралып орналасуы әркелкі.  Құрылымы мен рельефіндегі бірқатар айырмашылықтар, климаттық контрасттар және соған сәйкесжауын-шашынның әркелкі жаууы материктің шегіндегі жер беті, сондай-ақ жерасты суларын таралуындағы үлкен айырмашылықтарды тудырады. Бұл өзендердің қабаттық қабаттық миллиметрмен алынған жылдық ағынының таралуының картасында жақсы көрінген: ағынның максималды жиынтығы (1500 мм-ден артық) субэкваторлық және экваторлық белдеулерге, әсіресе Зонд архипелагы аралдарына, одан кейін Үндіқытай мен Үндістанның батысында және Гимаайдың орталық бөлігіне тән.

 Альпі-Гималай қатпарлы белдеуінің аса биік шеткі жоталарының түзілуіне алып келген күшті көтерілулерге дейін, сіра, Еуразияның ішкі бөліктерінің климаттық жағдайлары, оның шеткі бөліктерініңклиматынан үлкен құрғақшылығымен ерекшеленгенімен дәл қазіргі кездегідей соншалықты аридті болмаса керек.  Осыған байланысты кайназойда материктің орталық бөлігінде солтүстікке, шығысқа және оңтүстікке кететін ағындары бар өзендер мен көлдердің дамыған торлары болған.  Ішкі аудандарған қарағанда қатпарлы белдеудің шеткі бөліктерінде күшті өткеннеотектоникалық қозғалыстар, осы аудандардың мұхит бассейндерінің әсерінен бөгеліп қалуына әкеліп соғады.  Климаттың осыған сәйкес құрғақтануыбеткі ағынның азаюы және шыры бұзылуына, сондай-ақ Еуразия материгінің ішкі бөліктеріне (Иран таулықыаы, Тибет, Қытайдың, Монғолияның таулы үстірттері және тағы басқа) тән кең-байтақ ағынсыз облыстардың жасалуына себепші болды. 

Биік жоталардың көтерілуіне дейін негізгі салынған аса қуатты өзен артериялары, бұл жоталарды терең эпигенетикалық аңғарларымен кесе отырып, өздерінің алғашқы бағытарын сақтап қалған.

Еуразияның көптеген өзендері мұздықтардан басталады да мұз суымен қоректенеді.  Еуразияның қазіргі мұз басу бір жағынан Арктика мен субарктиканың аралдарымен, сол сияқты барынша биік әрі суайрықты тау жоталарымен байланысты. 

Мұз басудың ірі орталығы Исландия аралында жатыр.  Ал ауларда қар шекарасының биіктіі солтүстіктен оңтүстікке және материктің шет аймақтарынан ішкі айдандарға қарай биіктей береді. 

Сондықтан қазіргі мұз басудың ірі орталықтары Куньлунь, Қарақорым, Гималай, Тянь-Шань сияқты өте биік тау жүйелерінде мұздықтардың саны мен көлемі өте үлкен мөлшерде.

Азиядағы таулардың қазіргі мұз басуы айтарлықтай болғанымен олардың биіктігіне сәйкес келерліктей үлкен емес.  Климатының айқын континенттігімен және жауын-шашынның аз болуымен сипаталатын ең биік таулар материктің ішкі аудандарынан көтеріледі.  Сондықтан қардың шекарасы және мұздықтардың төменгі шеті үлкен биіктікте атыр.  Қар шекарасының биіктігі Қарақорымда, куньлуньде  − 5000-5500 метр, Гималайда − 4500-5000 метр.  Мұздықтар 4000 метрден төмен түспейді. Қарақорымдағы жеке мұздықтардың ұзындығы 60 км-ге жетеді.  Гималайдың оңтүстік беткейлеріндегі мұздықтардың максималдық ұзындығы – 26 км.  Шығыс Тянь-Шань қар шекарасының биіктігі 3700 метр, ең үлкен мұздықтың ұзындығы 40 км.

Азияның биік тауларындағы өзендер жаңбыр, мұз және қардан қоректенеді.  Сондықтан су шығыны максимумы жазда болады.  Ал негізінен өзендердің басты негізгі бөлігі мұздықтардан бастау алады.  Себебі биік таулы белдеулерге (4000-5000 метрден астам) жауын-шашын тек қатты күйінде түседі.  Яғни қар күйінде, олар температураның төмендігі мен салмақ қысымының жоғарылығына байланысты фирнге, кейіннен көк мұзға айналады [8].

Сөйтіп табиғат жағдайлары алуан түрлі болып келетін Еуразияның  көптеген аудандарындағы өзендеріне мұздықтан қоректену типі тән.  Мұздықтар мен қардың еріген суынан қоректенетін өзендердің үлкен маңызы бар.   Еуропа өзендерінде негізінен олардың энергетикалық ресурстарын пайдаланса, Азияның қуаңшылық аудандарында мұндай өзендердің суларын жер суаруға пайдаланады. 

Халық шаруашылығында аса үлкен маңызы бар, режимі күрделі және алуан түрлі су көздерінен қоректенетін аса ірі өзендер арнаулы сапаттауды талап етеді.

Янцзы – Азиядағы аса ірі және дүние жұзіндегі ең ірі өзендерінің бірі.  Оның ұзындығы – 5530 км, бассейннің ауданы – 1726 мың км2, орташа су шығыны 22000 м3/сек-қа тең.  Янцзы Тибет тау қыратынан басталып, мұздықтардан шығатын көптеген салалардан құралады.  Өзен жоғарғы ағыс тұсында Цзиньшацзян деп аталады.  Янцзы таулардан шыққан соң Қызыл Басссейн деп аталатын кең тектоникалық қазаншұңқырдың ішіне енеді, содан соң ол Оңтүстік-Шығыс Қытайдың біршама аласа тауларын кесіп өтеді.  Янцзы көптеген жоталар мен массивтерді тіліп өтетіндіктен, кеме қатынасын өте қиындататын табалдырықтар жасап ағады.  Ұлы Қытай жазығына шыққаннан кейін Янцзы кей жерлерде көл тәрізді қолтықтар құрап көптеген тарамдарға бөлінеді.  Бас арнамен тармақтар және каналдар арқылы қосылып, мұндай көлдер өзен ағысын реттеп отырады. 

Олардың өзі де Янцзының негізгі арнасын деңгейіне тәуелді боладыды да, ауқымы мен пішімі ылғи өзгеріп отырады.  Су тасыған кезде кейбір көлдер жайдақ аудандарға жайылып, көлемі өте үлкейіп кетеді.  Янцзы Шығыс Қытай теңізіне құятын жерінде 40 жыл шамасында 1 км-дей кеңейетін атырау құрайды.  Янцзы режимі нағыз муссондық емес.  Өзен бүкіл жыл бойында су шығынының көптігімен сипатталады.  Ол жаздағы муссондық жаңбырлармен, бастау маңындағы еріген қар және мұз суымен толығады және төменгі ағысында оның режимін жоғарыда айтылған көптеген көлдер реттеп отырады.  Ағыстың төменгі бөлігіне (шамамен Уху қаласына дейін) судың деңгейіне толысулар едеуір әсер етеді.  Теңіз толқындарының ығыстыруының әсерінен су деңгейінің тәуліктік көтерілуі 4,5 метр, жылдық орташа тербелісі 6 метрге дейін жетеді.  Өзен суын негізінен егістіктерді суару үшін пайдаланады. 

Хуанхэ ұзындығы жағынан Азияның екінші ірі өзені болып есептелінеді.  Оның ұзындығы – 4854 км, бассейнінің ауданы – 745 мың км2, орташа жылдық шығыны 1500 м3/сек-қа тең.  Бұл өзен жауын-шашыны аз облыстарды басып өтетіндігіне, салаларынығ аздығына байланысты.  Өзен Куньлунь тауынан басталады да жоғарғы ағысының екпіні қатты болады.  Хуанхэ ежелгі массив Ордосты айналып өтіп, орта ағысында орасан зор тік бұрышты бұрылыс жасайды.  Лесс үстіртін кесіп өткенде өзен суы көптеген нәрселерді ағызып әкетеді де жазықтарға жеткенде оларды жағалыққа ығыстырып шығарады.  Тасқындар кезінде Хуанхэ алып келетін қалқып жүргетін материалдардың көлемі су массасының 40%-не жетеді. 

Жоғарғы және төменгі ағысында Хуанхэ көп жерлерде тар шатқалдармен ағады және оның көптеген шоңғалды аудандары болады.  Өзеннің жоғарғы ағысында өзінің аса ірі салаларын таудан алады да, ортаңғы және төменгі ағысында ондай салалар мүлдем болмайды.

Хуанхэ төменгі ағысында, жоғарыда айтылған тасып, үлкен территорияға жайылған кезінде өзендер алып келген салындылардан құрылған кең аллювиальдық жазықтық шегінде ағады.  Б. з. д.  600 жыл бұрын Хуанхэ арнасының Тяньцзиннен солтүстікке таман, ал оңтүстікте Сэйчжоу ендігінде болғанын айтсақ та жеткілікті.  Өзеннің төменгі ағысы мен сағасы тарихи кезең ішінде кем дегенде алты рет айтарлықтай өзщгеріп, миллиондаған адамның үлкен апатқа ұшырауына себепші болған. 

Хуанхэнің үнемі орын ауыстыруы және оның бассейнінде су тасқындарының жиі болуы өзеннің тұнба үстімен қоршаған ортадан жоғары көтеріліп ағатындығынан, сондықтан суының деңгейі аздап көтерілсе  арнадан шығып ұзаққа жайылып кетеді. 

Су тасқындары жаз кезінде күшті муссонлық жаңбырлардан кейін болып тұрады.  Тамыз және қыркүйек айларында оларды көбіне тайфундар туғызады.  Көктемде және жаздың бас кезінде су тасқындарына жоғарғы ағыс тұсында және тауда еріген қар себепші болады.  Өзеннің бүкіл ассейндегі ормандардың толық декрліктей жойылуы, сонымен қатар мұз кептеулерінің өзеннің жоғарғы ағысында төменгі ағысқа қарағанда әлдеқайда ерте ашылатындығы су тасқынын күшейте түседі.  Қазіргі кезде Хуанхэде су тасқындщарына қарсы күрес жұмыстары жүргізіліп, электр станциялары салынуда және кеме қатынасының жағдайлары жақсартылуда. 

Азиядағы тағы бір ірі өзендердің бірі – Меконг.  Оның ұзындығы – 4500 км, бассейн ауданы – 810 мың км2, көп жылдық орташа су шығына – 12 мың м3/сек.  Ауданы Еуропадағы Дунай өзенімене бірдей болса, ал су шығына одан екі еседей көп.  Меконг Тибеттің оңтүстік-шығысынан шамамен 5000 метр биіктіктен басталады, бұл жерде Ланьцанцзян деп аталады.  Өзен ағысының осы бөлігінде таулық сипат бар және көптеген құлдырамалар, шоңғалдар, сарқырамалар жасап ағады.  Төменгі ағысынды, ойпатта Меконг ирелеңдей ағады және тарамдарға бөлініп кетеді.  Өзен өзінің бір саласы арқылы үлкен Сам көлімен жалғасады да тасыған кезде су Меконгтан көлге құйылып, тартылғанда кері ағытта ағады.  Сөйтіп, көл – табиғи су қоймасы және төменгі Меконгтың ағымын реттеуші.  Су тасыған кезде өзен сағасынан 1600 км-ге дейін, ал тартылғанда жәке аудандарда ғана кеме жүре алады.  Меконг суы тасыған кезде оның суын егістіктерді суару үшін пайдаланады. 

Ганг – маңызы жағынан Үндістанның бірінші өзені және Азияның ірі өзендерінің бірі.  Ганг бассейнінің облысы қуатты өзен жүйесін қалыптастыру үшін ерекше қолайлы.  Өзен Гималайдың жауын-шашыны мен қары мол биік тауды аудандарында басталып, содан соң кең-байтақ ылғалы көп ойпатқа шығады.  Гангының ұзындығы – 2700 км, ал ассейнінің ауданы – 1125 мың км2.  Өзеннің орташа шығыны – 2700 м3/сек.  Ганг екі бастауымен (Бхагиратки және Алакнанда) боп 4500 метр биіктіктен басталады да, Гималай тауларының солтүстік жоталарын тар шатқалдармен тіліп өтіп, жазыққа шығады, бұл жерде баяулап, жай ағады.  Ганг Гималай тауларынан көптеген суы мол  салаларды, оның ішінде өзінің ең ірі саласы Джамнаны қосып алады.  Декан таулы үстіртінде Гангқа құятын салалар әлдеқайда аз болып келеді.  Өзен өзінің бастауына сағасына дейін көптеген шөгінділерді ағызып әкеліп (шамамен жылына 200 млн.  м3), өзінің төменгі ағысында үлкен жайылмаларды құрайды.

Ганг өзені Гималай тауларындағы мұз бен  қардың еруінен және негізгі жаздық муссондық жаңбырдан нәр алады.  Сондықтан су деңгейінің көтерілуі мамырда басталады да біртіндеп арта түсіп, муссондық жаңбырларға байланысты шілде-қыркүйек айларында максимумға жетеді.  Осы кезде жер учаскелерінде Ганг арнасының ені мен тереңдігі судың тартылған кезіндегіден екі есе артады. 

Гангтың шаруашылықта маңызы өте зор.  Ол Үндістанның ірі қалалары мен жыртылған жерлері көп, халық тығыз қоныстанған аудандарынан ағып өтеді, таудан шыққан жерлерінде Ганг кеме қатанасына жарамды.  Суын ертеден пайдаланып келеді және оның бассейнінде  каналдардың  күрделі  жүйелері  мен  суқоймалары бар. 

Брахмапутра өзені (жоғары ағысында Цангпо) Тибеттің оңтүстігінде – 4700 метр биіктіктен басталады.  Оның ұзындығы 2900 км, ал бассейнінің ауданы – 935 мың км2-ден асады.  Брахмапутра жоғары ағысында Гималай тауларын бойлай Тибет таулы қыратының оңтүстік шеткі аймағындағы кең алқаппен ағады.  Гималай тауларының шығыс шеткі маңында өзен оңтүстікке қарай кілт бұрылып, тауларды жарып өткен жерінде көптеген сарқырамалары бар шоңғалды тар аңғар құрайды.  Ойпатта Брахмапутра жай ағады, тармақтарға бөлініп, Ганг пен атырауы ортақ жерлерінде арнасын жиі ауыстырып отырады.  Бразмапутраның режимі негізгі белгілері  жағынан Гангтың режиміндей, тек оның деңгейінің ауытқуы одан айқынырақ байқалады.  Бразмапутраның суы жер суаруға кеңінен пайдаланылады, ол сағасынан шамамен 1300 км-ге дейін кеме қатынасына жарамды. 

Оңтүстік Азияның үшінші ірі өзені – Үнді басқаша жағдайларда қалыптасқан.  Ұзындығы жағынан Үнді Ганг өзенінен де, Бразмапутрадан да біраз артық болғанымен, бассейінің ауданы жағынан Гангтан едәуір кем.  Оның ұзындығы 3180 км, бассейнінің ауданы – 960 мың км км2.  Брахмапутра сияқты Үнді өзені Тибеттің оңтүстігінде 5300 метр биіктіктен басталады.  Үнді өзені Гималай жоталарын бұзып-жарып өтіп, беткейлері тік және арнасы тар, ұзындығы бірнеше ондаған км-лік терең шатқалдар жүйесін жасай сарқырай ағып, шоңғалдар және құлдырамалар түзеді.  Жазыққа шыққасын Үнді тармақтанады, олар құрғақ маусымда ішінара тартылып қалады, ал жаңбырлар кезінде жалпы ені – 22 км-ге жетіп, бір-бірімен қосылып кетеді.

Оңтүстік Азияның басқа ірі өзендері сияқты Үнді де таулардағы еріген қар мен мұз суынан және жазғы муссон жаңбырларының суымен толығады.  Бірақ Ганг-Брахмапутра бассейдерімен салыстырғанда Үнді бассейнінде жауын-шашын едеуір аз, ал буланы әлдеқайда көп болады, сондықтан Үндіден басқа өзендерден суы аз.  Көктемде қардың еруіне байланысты суы тасиды.  Бассейн территориясының көпшілік бөлігінде қуаңшылық болуымен байланысты Үнді өзенінің жер суландыру көзі ретінде маңызы арта түседі.  Ойпаттың шегінде бөгеттер мен каналдар  жасалған, олардың жәрдемімен 1,5 млн.  га-дан артық жер суарылады. 

Азияның биік тауларында кішігірім көлдер де бар.  Олар шығу тегі, көлемі және су режимі жағынан алуан түрлі болып келеді.  Белгілі бір климат, жер бедері, геологиялық құрылыс жағдайларына байланысты көлдер мұздықтық-тектоникалық, вулкандық, карстық, қалдық және тағы басқа болып бөлінеді.

Орталық Азияның таулы үстірттері мен тау жоталарында және Алдыңғы Азияның таулы қыраттарында тектоникалық процестерден пайда болған көптеген тұзды қалдық көлдер бар, олардың қазіргі кездегі ерекшеліктері осы аудандарда климаттың және су режимдерінің едеуір өзгеруінің куәсі бола алады.  Мұндай көлдердің қатарына Монғолия мен Тибет көлдері (Убсу-Нур, Хиргис-Нур, Намцо, Кукунор) жатады.  Орта Азия жазығына Лобнор көлі сияқты кезеген көлдер де бар.

Әк тастар кеңінен таралған облыстарда карст көлдер кең тараған.  Бұл жағдайда Үнді-Қытайдағы Наньшань таулы қыраттарын  атап көрсетуге болады.

Гималайда көл көп, бірақ олардың арасында мөлшері мен көркемдігі жөнінен альпілік көлдермен салыстыруға келмейді.  Мәселен, Кашмир қазан шұңқырындағы көлдер бұрын бүтіндей толып тұрған тектоникалық ойыстардың бір бөлігін ғана алып жатады.     

Таулардың кейбір биіктіктерінде (кейде 5000 метрден де жоғары белдеуде) ұсақ тектоникалық көлдер кеңінен тараған.  Олардың да өзіне тән гидрологиялық режимдері бар.  Сол қоршаған табиғи географиялық ортаға өз әсерін тигізеді.  Сонымен қатар халық шаруашылығында да біршама маңызы жоғары.

 

  1. 3. Табиғат ландшафтысының құрылымы

 

 Азияның биік таулы аймақтарында да өзіне тән тау ландшафтары бар.  Олар белгілі бір құрылым мен жүйеге ие.  Орталық Азиядағы биік тауларда өсімдіктер дүниесінің өзіне тән түрлері кездеседі.  Бірақ та мұндағы өсімдіктер түрлерінің саны мен массасын алар болсақ ол басқа жазық жердегі (дала, саванна және тағы да басқа да) табиғат белдеулерімен салыстырғанда аздау болып келеді. 

Тау, жота, қырат-жер беті деңгейінен жоғары, көтеріңкі болатындығы, тау етегінен жоғарылаған сайын тау белдеулерінде жер жағдайының, өсімдік жануарларының, ауа райының өзгеріп отыратындығы, оларға экологиялық факторлардың әсер ететіндігі, жел, жаңбыр, қар, ағын сулардың тау-тастарын төменге қарай өзімен бірге ала кететінін, тауға көтерілген сайын температураның төмендеуі, жыл бойы тау ұшар басында мәңгі мұз, қар жататыны, ылғалдылықтың артуы, ауа тығыздығы артып, тау шыңдарында бұлттардың қоюланып тұруы-тауға тән қасиет,тау ерекшелігі.  Айтылған, келтірілген факторлармен, ерекшеліктер міндетті түрде тау белдеулерінде өсіп тұрған өсімдіктерге өз әсерін тигізеді.  Міне, сондықтан да тауға, тау ерекшеліктеріне жеке тоқталып өткен жөн.

Өсімдіктер географиясында тау өсімдіктері жалпақ ендікте көкжиекпен қатарласа жататындығын ескерсек, әр белдеуде-ағаш, бұта, шөптесін өсімдіктер өседі және барлық континентте, белдеулерде бірдей таралмаған, яғни, таулардың географиялық таралуына, өсімдіктер өсуі, ареалында, тау, жазықтық, дала, шөлдің-мұхит, теңізге жақын, алыс орналасуына байланысты.

Өсімдіктер мен жануарлардың таралуына теңіз деңгейінің биіктігі, тау беткейларінің еңіс, тік, жазық, дөңес, ойыс болуы да әсер етеді.

Ғылымдағы тауға берілген анықтамада:

Тау-тік бағытта жоғары қарай қарқынды өтетін тектоникалық қозғалыстар нәтижесінде жер бетінің көтеріңкі құрылымдарының қалыптасуы.

Тау-жер беті рельефінің негізгі морфологиялық категориясы.

Тау-анық білініп тұратын беткейлері мен етектері бар биіктігі 200 метрден асатын  жер бетінің көтеріңкі кескіні.

Таулы аудандар ұзындығы бірнеше мың км-ге созылып жатқан өзендер мен аңғарларға бөлінген тау тізбегі мен жотасынан тұрады – деген анықтамалар жетерлік.

Таулар биік және аласа, көне, аралдық таулар, ландшафты тау, тау жоталары, тау сілемдері, жон, үстірт, өте биік (5000м), орташа (1000-3000м), аласа таулар (Орал, Ұлытау, Қаратау) болып бөлінеді.

Өсімдіктер географиясы-геогграфия мен биология салаларын байланыстыратын ғылым болып саналады: Геохимия, геофизика, биофизика, медициналық география, лфористикалық-фаунистикалық, археологиялық, биогеография, тарихи беогеография  деп аталудың өзі жоғарыдағы сөзіміздің дәлелі.

Пиреней, Альпі, Гималай, Тибет тауларының таулы қырат жоталарына күн сәулесі біркелкі түспейді, ауа райы құбылмалы болғандықтан эндемді өсімдіктер көбірек өседі, ал батыс жағына беттеген сайын өсімдіктер түрлері азая түседі, ал батыс жағына беттеген сайын  өсімдіктер түрлері азая түседі, себебі мұз дәуірінде көбі жойылып кеткен.  Керісінше, шығыста, Кавказ, Тянь-Шань тауларында өсімдіктердің көп түрі сақталып қалған.  Дегенмен, әр таудың өз ерекшеліктері бар: Мысалы, Памир, Тибетте эндем өсімдіктерінің түрлері аз, себебі, жыл мезгілдерімен тәулікте  ауа-райының бірде өте суық, бірде ыстық болып күрт алмасуы; екіншіден, басқа таулардан оқшауланып бөлініп қалуы өсімдіктер мен жануарлардың түрліше таралуына да өз әсерін тигізген.  Жартас жақпарлары тау, қорым, тасты құз, шатқал, сайларда-қына, балдыр, мүктер өседі.  Жартастардың қуыстарында түзілген топырақта да түрлі өсімдіктер өседі.  Альпі белдеуінде бұталы өсімдіктер шым түзетін ыстық тұқымдастар, тастақты жерде шырынды өсімдіктер: ақгүл, тасжарған, қозыңкүл, крупка, сақаушөп, еңлікгүл, сибальдия, бәйшешек, жауқазын, қиякөлең, сарғалдақ, қазтабан.

Субальпі белдеуінде-таулы жер жағдайында бейімделе өскен қисық ағаштардан басқа ашықтау жерлерінде шөптесін өсімдіктер, ал, ылғалы мол ықтау жерлерде биік болып келетін шатыр-гүлділер тұқымдасына басқа рододендрон, арша, Орталық Азия оңтүстік тауларына тән бамбуктер кездеседі ( — сурет). 

Тау өсімдіктерінің түрлері – тау биіктігіне, ылғалдылығына, қар мұзына байланысты: Биіктеген сайын орманды формация азайып, сиреп оның орнын шөптесін өсімдіктер басса, ең биіктігінде қыналар мен мүктер ғана өседі.  Альпі белдеулерінде – рододендрон, тал, ағаш түрлері кездеспейді.  Альпі белдеуіндегі өсімдіктер тау етегі мен төменгі жазықтығында өспейді, тек арктика флорасында 40-60% қана кездеседі, себебін тек проблемелық теориялар арқылы ған дәлелдеуге болады.  Альпі белдеуіндегі өсімдіктер тау етегі мен төменгі жазықтығында өспейді, тек Арктика флорасында, Арктика мен биік тау белдеулері арасындағы көлемді арақашықтар – орман, шөл, шөлейтті, сулы жерлер — өсімдіктердің таралуына кедергі жасайды.  Бұл ерекшеліктерді тек тарихи кезеңдер мен жобалап қана түсіндіруге болады.  Жер бетінде төрт рет болған мұз басу кезеңінде солтүстіктен ығыстырылған өсімдіктер тау биіктігінде өсіп қалып қоюы, ал біразы мұз дәуірінен кейін Арктикада өсе берген.  Сондықтанда, Альпі флорасын Арктико-Альпі флора элементтері деп атайды.

Орта Азида кездесетін таулардағы өсімдіктер.  Климаты құрғақ континентальды болғандықтан таудың жоғарғы белдеулері далалы жер жағдайына ұқсайды.  Өсімдіктері құрғақшылыққа бейімделгендіктен тікенекті бұта түрінде өседі.  Алтайдан Солтүстікке қарай бірте-бірте құрғақшылыққа төзімді өсімдіктердің түрлері азая бастайды. 

Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы және орта Азия таулары құрғақ континентальді климатты болып келеді.  Тау етектерінде жусенды боз (Stlpa Capilata, Sareptana), селеулі шөл, жоғары биіктеген сайын селеулі дала (Stipa Capillata), ол біртіндеп барып шыршалы орманмен (Picea schrenkiana) алмасады.  

Шөптесінді субальпі белдеуі  — шалғындыққа, қайтадан далалы – боз бетегелі аршалы (Juniperus turnestanica) жерге ауысады.  Альпі белдеуі аласа бойлы (Cobresia) даражрнақты қиякөлең фомациясынан тұратын шалғындыққа ауысады.

Жоғарғы, биік таулы жерлерде дөңгелек, шар пішіндес, жері тесіліп өсетін өсімдіктер формациясы.  Альпі белдеуінде мезофилбдік шалғындық жақсы жетілмеген, тек тау ықтарында ғана өсімдіктер щоқталып өскен.

Іле Алатауында – 500-800м тау етегін шөлдала аймағында эфермелі өсімдіктер; орман-тоғай, мал шаруашылығына пайдалы 800-1400м биіктікте далалы аймағында шөптесін масақты өсімдіктер: 1200-2000м биіктікте шалғынды өсімдіктер биік өседі.

Орта биіктіктегі таулы шалғынды – ориан аймағында қылқан жапырақты, аралас ормпндар (Тянь-Шань шыршасы, қайың, көктерек) 2800-3800 субальпі, альпі шалғындығы, 3800 м биіктіктен әрі солтүстік Тянь-Шань тау жоталарымен жалғасады.

Қазақстандағы Алтай тауының биіктігі 4000м.  400м биіктікте бетеге, айрауық, қоңырбас, ал бұталардан – итмұрын, үшқат, долана, тобылғы, қарағай; 600м биіктікте – жусанды бетегелі шөптесін өсімдіктер; бұтадан – итмұрын, долана, сарыағаш, 1000-1500 м биіктікте қайың, көктерек, өзен аңғарларында терек, тал долана, итмұрын сарыағаш өседі.  Тік жартасты беткейлерде Сібір шыршасы, самырсын, майқарағай, балқарағай сияқты қылқан жапырақтылар, тау шалғындығында – түлкіқұйрық, тарғақшөп, Сібір аю балдырғаны, қоңырбас, күреңот көптеп кездеседі. 

Субальпі, альпі белдеуі Алтайдың Солтүстік батысында – 2000-2400м биіктікте – қарабасшалғын, теңгежапырақ, алтай шегіргүлі, наурыз-шешек, қазтамақ, сарғалдақ, көкшегігүл,қоңыраубас өседі.

Гималай тау белдеулері: 100 м биіктікте ағаштар мен субтропиктік қылқан жапырақтылар; 1000-2000 м – мәңгі жасыл және жапыоақтары түсетін ағаштардан құралған субтропиктік ормандар; 2000-3000м жапырақтарын түсіретін және қылқан жапырақты орман; 3000-4500м қылқан жапырақты ормандар, 3500-4500 м қисық ормандар, рододендрон тоғайы.  4500-4700 м – альпі шалғындығы одан жоғары қыналы жартастар және мәңгі қар.

Гиамлай тауының әртүрлі белдеулеріндегі өсімдіктер жамылғысы:

  1. Нефологилей – ағаш тәрізді папоротниктерден құралған таудың тропиктік орманы.
  2. Субтропиктік типтегі ориандар, мәңгі жасыл ағаштар, емен, шамшат, мимоза, субтропиктік пальмалар мен субтропиктік қылқан жапырақты ағаштар.
  3. Жапырақтарын түсіретін және жалпақ жапырақты ормандар.
  4. Тайгалық типтегі қылқан жапырақты көлеңкелі ормандар.
  5. Қылқан жапырақты жарық молырақ түсетін орман.
  6. Жапырақтарын түсіретін ағаштардан (қайың, қандыағаш) және таудың қылқан жапырақты ағаштарынан тұратын орман.
  7. Тау мен шөлдің мәңгіжасыл рододендрон тоғайы.
  8. Төселіп өсетін жапырақтарын түсіретін ағаштар мен кедр тоғайы
  9. Субальпі шөптесін өсімдіктер
  10. Альпі шалғындығы
  11. Қойтас, дөңгеленіп өсетін өсімдіктер
  12. тікенді дөңгеленіп өсетін өсімдіктер
  13. Жертасты өсімдіктер
  14. Жазық шөл
  15. Дала
  16. Орманды дала.
  17. Тау тундрасы
  18. Парамос (ксеромофты, ксерофильді, Анд, «Халька»).
  19. Пуна (суық шөл).
  20. Лома – жағалаудағы шөл.
  21. Таудағы биік белдеуде қалың болып өскен бамбук формациясы.
  22. Тау, шөл дала – жалпақ жапырақты орман, қылқан жапырақты орман, тундра, мәңгі мұз. Беткейлер, жартастар, қатпарла рельеф.

Гималай тауының өсімдіктері.  Гималай жер жүзіндегі ең биік тау болып есептеледі.  Үндістан жерінде биіктігі 1000 м-ге дейін оңтүстік беткейінде ылғалды тропиктік орман орналасқан.  Тіреуіш қызметін атқаратын ауа тамырлары бар мәңгі жасыл  алып фокустар мен қосжемістілер (Dipterocarpaceae) туысына жататын өсімдіктер, өте әдемі гүл жаратын эпифитті орхидеялар мен папоротниктер (ағаштарға оралып өсетін лианалар) ротанг пальмасы, өте биік болып тез өсетін бамбуктер, ьанан тұқымдас өкілдері Сцитаминей (Setamineae) ароид тұқымдастарну тоғай болып өседі.

Екінші белдеуде мәңгі жасыл субтропиктік орнманда қос қанатты жемістілер, мимозалар, пальмалар, мәңгі жасыл емендер, субтропиктік қылқан жапырақтылардан ұзын жапырақты қарағай (Dinus  longifolia).

1000-2000 метр биіктіктегі мәңгі жасыл емен, грек жаңғағы (Juglanc  regia) мен алмасқан шоқ орман-тоғай (Гималайский кедр-Cedrus  deodara)

Төртінші белдеуде самырсын, қарағай- (Abies  webbi-una, Dinus  excelsa), басқа да қылқын жапырақты ағаштар өседі. Ормандардың ең жоғарғы шегі 3500 метр одан жоғары бұталы белдеуде өте әдемі гүлдейтін рододендрон (Rododendron  arboreum) кездестіруге болады.  Бұталы белдеуден жоғары тау шалғындығы басталады, альпі желайдары, наурызшешек, көкгүл, ал ең биікте шөл, мәңгі мұз.

Тропиктен тыс тау өсімдіктері- Оңтүстіктен қиыр шығысқа қарай созылып жатқан Кола түбегі ( Луявр – Урт тауы ) 327 метр биіктікте қылқан жапырақты орман.  327-380 метр биіктікте-қисық ағашты орман (шырша, қайың) биіктігі 5 метр. Үшінщі белдеу 380-430 метр биіктікте-түбірден қаулап өскен төселмелі шетен, шырша, қараағай.  Төртінші белдеу 470 биіктікте-тырбық қайың, мүкті қыналы тундра.

Белдеуліктің типтері бір-бірінен алшақ орналасқан тау белдеулерінде бір-біріне ұқсастықты байқауға болады да, географиялық жағынан жақын орналасқан белдеудегі өсімдіктердің арасында өзгешелік, алшақтық болуы мүмкін.  Бір-біріне ұқсастығы бар белдеуді белдеу типтері деп атайды.  Мысалы: Малай архипелагында тау өсімдіктерін бір типке жатқызуға болады.

Европа, Альпі, Пиреней, Карпат, Кавказ тау белдеулерінде де ұқсастық бар:

а) субтропиктік орман белдеулері-Батыс Европа-каштан, Кавказда емендер-имеретин емені.

ә) Жапырақтарын түсіретін шамшатты орман белдеуі

б) Көлеңкелі қылқан жапырақты қара ормсн мен самырсын орман белдеуі.

в) Биік өсетін шөптесін  субальпі өсімдіктері: рододендрон, төселмелі қарағай белдеуі.

г) Аласа бойлы шөптесін өсімдіктер-альпі шалғындығы белдеуі (Станкович, 1957.  383 б) А.  Гумбольдтардың зерттеулері бойынша белдеудегі өсімдіктер, солтүстіктен оңтүстікке қарай, мұхиттан алыстаған сайын географиялық орналасуына қарап белдеу саны өзгеріп отыратыны байқалған. Орман шегінен жоғары орналасқан альпі және субальпі белдеу шалғындығы жазықтықта қайталанбайтын, кездеспейтін өсімдіктерінің типін биік тау өсмідігі деп атайды.

Альпі өсімдіктері, альпі белдеуі-ағаш өсімдіктерінің болмауы, күнде қар жауса да қардың аз болуы, ауа-райының тәулікте құбылмалығы, топырақтың аздығы керісінше қиыршық тастардың көп болуымен ерекшеленеді.

Килиманджаро тауында гүлді өсімдіктер 6000 метр биіктікте, Тибетте сассюрея (Saussurea  tridactula) 5800 метр биіктікте кездеседі.  Альпі шалғындығы формациясы мен қылқан жапырақты ормандар альпі белдеуінің төменгі шекарасында орналасқан. Орман ағаштары солтүстік жерлерде тау етегінен сәл жоғарырақта (Норвегияда-200 метр тропика тауларында 3700-3800 метр биіктікте) өседі.

Батыс Закавказьеде 43° ендікте ағащтар 2850 биіктікте дейін тараған, бұл таудың географиялық орналасуы мен ауа-райының континентальды болуының әсері жаздың салқын, ылғалды болуы да өсімдіктің өсуі мен таралуына кері әсер етеді.

Субальпі белдеулерінде ағаштар тау етегінен жоғары қарай көтерілген сайын сирейді. Бұл белдеулерде жел тимейтін ықтау жерінде жеке қисық ормандар, жерге төселіп өскен ағаштармен шөптесін өсімдіктер өседі.  Мысалы, Кавказда аюбалдырған-бощевик-(Heracbeum ponticum), андыз-девясил- (Jnula-magnifica), зиягүл (крестовик-Senecio  nemorensis) тегеурінгүл-дельфиниуим, у қорғасын (борец-Aconitum) томар дәрі (чемерица), қалуен (ocom-Cirsium), шөмілгүл (водосбор-Аguielegia), күнгелді-купальинца (trollius), гүлкекіре (василек), желайдар-анемоны.

Бұталы тоғай (тал, раша, рододендрон, орман шегінен тыс өсетін ағаштар) Кавказда 1500-2500 метр биіктікте субальпі белдеуінде жатады, оған тән қасиет топырақтың түгел шымға айналуы.

Альпі шалғындығы белдеуі жауын-шашын көп болып қалың қар басқандықтан ылғалдың молшылығы, күн сәулесінің мол түсуі альпі шалғындығында өсетін өсімдіктердің түрлі-түсті гүл жарып құлпыруына өз әсерін тигізеді.

Альпі мен Алтай тау өсімдіктері оларды Орта Азияның тау өсімдіктерімен салыстыру.  Бұл екі тауды мысалға алып отырған себебіміз басқа таулармен салыстырғанда егжей-тегжейлі толық зерттелген.  Кавказ таулары тундра флорасына қарағанда өсімдік түрлеріне бай: альпі түлкіқұйрығы-альпиский лисохвост (Alopecurus  alpinus), сабақсыз сылдыршөп (безстебельная смолевка-Silens  olaulis), дриада (Druas oktopetola); эндемдер: еңлікгүл-эдельвеис (Leontopodium alpinum), көкгүл (Gentiane akaulis) наурызгүл (примула-primula hirsuta), солданелла (Soldanella), сарғалдақ, бәйшешек, лалагүл, желайдар. Бұталы өсмідіктерден лаьпіде: жасыл қандыағаш (зеленая ольха-Alnus viradis), (альпі рододендроны), төселмелі қарағай (стелющая сосна-Dinus montana) тал, арша, вереск, аюқұлақ (толокнянка).

Алтай өсімдіктері түр жағынан Европа Альпі өсімдіктерінен өзгеше: Алтай тауларының солтүстікке орналасуы, континентальды климаттың ауытқуы, белдер, қырлар, жоталардың, батпақты жерлердегі мүк, қына басқа жерлердің көптігі өсімдіктер дүниесінің ерекше болуына әсерін тигізеді.

Сонымен қатар таулы тундраға ұқсас жерлері де бар.  Таулы тундра Альпі белдеулерінің топырағы қиыршық тасты, торфты болып келеді. Басымырақ өсетін өсімдіктер: аласа бойлы бұталардан: тал (ивы-Salix reticulata S.  Mursinites S. qlauca) тыбық қайың (карликовая береза Betula rotundifolia), шөптесін өсімдіктерден тундра қандыгүлі, сары кәді (желтые скерды-Crepis Chrusantha) астық тұқымдастар-қиякөлең, мүктер, қыналар.

Еуропа мен Азияның солтүстік бөліктеріндегі таулардың өсімдіктер дүниесі біршама бай болып келеді. Себебі бұл Еуропа мен Азияның таулары орналасқан географиялық орны мен климаты, табиғат жағдайлары Орта Азияның Биік тауларына қарағанда қолайлы болып келеді. Мысалы, Гималай, Тибет, Қарақорым және Гиндукуштың биік және суық белдеулерінде (5000 метрден жоғары) өсімдіктер түрі өте аз және олардың өсу қарқыны мен көбеюі де төмен.

Сонымен қатар Азияның биік тауларының табиғатының қолайсыздығына оның географиялық орны оған теріс әсерін тигізеді. Айнала қоршаған таулар тосқауыл қызметін атқарып, оған келетін ылғанды ауа массаларын тосып қалып отырады. Аридті, қатаң, континентальды климатты қалыптастырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ Тарау. Азияның биік таулы аймақтарының аудандастырылуы мен  ішкі айырмашылықтары

 

2.1 Азия аймағындағы таулы облыстардың физикалық-географиялық аудандастырылуы

 

Орталық Азиядағы таулардың айырмашылықтары өзге географиялық облыстармен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктерімен ескере отырып, оларды талдап, атап көрсетуге болады. Алдымен бұл зерттеліп отырған объекті таулы өлке болғандықтар ең алдымен оның тектоникалық құрылысы мен геологиялық қалыптасуында, климаты мен табиғат жағдайларында, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінде, өзендері мен көлдерінің гидрологиялық режимдерінде, оның географялық орналасуында және тағы да басқа өзіндік элементтерінің ерекшеліктері басқа географиялық орталармен салыстырғанда өте жоғары болады.

  Азияның биік таулы аймақтарының болуы оның алабында биік тау ландшафтары мен биіктік белдеуліктің әр түрлі типінің кеңінен таралуына ғана жағдай жасамайды, сондай-ақ Азияның басқа бөліктерінің табиғат жағдайларын қалыптастыруға да үлкен ықпал етеді. Атмосфераның жалпы циркуляциясының жүйесіне енетін ауа ағындарының қозғалыс жолына дүние жүзіндегі ең үлкен орографиялық тосқауыл түзе отырып, Биік Азия Азия максимумының күшейе түсуіне ықпал жасайды, Үнді және Тынық мұхиттарынан материкке ішіне қарай ауа ағындарының енуіне кедергі жасайды, батыс тасымалының  таралуына ықпал жасайды.

Биік Азияда Азияның ең ірі өзендерінің барлығы басталады және оның ықпалы өзендердің нақ сағаларына дейін сезіліп отырады.

Осының бәрі Жоғарғы Азияны Еуразия материгінің дербес ірі бөлігі ретінде бөліп қарауға негіз болады. Сол себепті де оларға жеке-жеке тоқталсақ.

Тибет тау қыраты: Тибет тау қыраты – табиғат жағдайлары өте ерекше, физикалық-географиялық облыс.  Табиғат  тұтастығы бәрінен бұрын орографиялық біртұтастығынан көрінеді.  Тибет – азияның қалған бөліктерінен биік жоталарымен қоршалып, бөлек жатқан дүние жүзіндегі ауданы ең зор және ең биік қырат болып табылады.

Тибет таулы қыратының географиялық солтүстік шекарасы Куньлунь жүйесіне енетін тау жоталарының етегі болып табылады.  Оңтүстік және оңтүстік-батыста шекара Гималайдың солтүстік етегімен өтеді.  Солтүстік-батыс Тибеттің шекарасы Памир-Қарақорым тау түйіні болып табылады.   Таулы қыраттың шығыс шекарасы ретінде Син-Тибет тауларының шығыс етегі саналады.  Осынау орасан зор территорияның бәріне үлкен абсолюттік биіктік және биік тау шөлі мен шөлейт ландшафтарының басым боп келуі тән.  Себебі Тибет таулы қыраты Азияның орталығында орналасқан, климаты құрғақ, аридті территорияларың бірі болып келеді.

Палеоген дәуіріндегі тектоникалық әрекеттер нәтижесінде Жерорта теңіздік және Тынық мұхиттық геосинклиналдық белдеулер шегінде көтерілген тау ғимараты болып Тибет таулы қыраты да бой көтерді. Тибет таулы қыраты палеозой, мезозой және кайнозой жасындағы қатпардан қалыптасқан, алайда оның қазіргі рельефінің қалыптасуында неоген мен антропогеннің вертикаль қозғалысы маңызды орын алады.  Кайнозойдың орта кезеңінің өзінде қазіргі Тибеттің орнында теңіз деңгейінде жатқан территория болған.  Жаппай көтерілу Тибеттау қыраты мен Биік Азия жоталарының пайда болуына әкеп соқты және өзімен бірге тек оның алабында ғана емес, сондай-ақ бүкіл Орталық Азияда климаттың құрғауын туғызды.  Тибеттің көтерілуі қазіргі кезде де 100 жылда 1 метрден астам жылдамдықпен жалғасуда.

Қазіргі рельефтің жасалуында, көтерілулер және олармен қоса жүретін жарылуларда эрозиялық процестердің үлкен маңызы болды және одан кейін, климат құрғаған сайын, шөл үгілу, денудация мен эолдық процестердің мәні арта берді.

Плейстоценнің соңында Тибет тау қыраты мұз басуға ұшырады, содан кейін мұздықтардың еруіне байланысты суға молықты.  Мұз басудың бұдан ерте кезеңдері Тибетте болған жоқ, өйткені ол қоршаған жоталардан гөрі баяу көтерілді және плейстоценнің орта шенінде әлі де қар шекарасына жетпеген еді.  Плейстоценнің соңында көтерілу күшейе түсті де Тибетте мұз жамылғылары пайда болды, олар еріген кезде көптеген көл қазан шұңқырлары кемерінен шыға толып кетті.  Бұдан кейінгі климаттың құрғауы көлдердің аумағының қысқаруына және суының тұздануына әкелді.

Тибет таулы қыратының бәрінен бұрын құрылымы мен рельефінде айтарлықтай ішкі айырмашылықтары бар.

Орталық және батыс Тибет (Чангтан) орта есеппен 4500-5000 метрге көтерілген тегіс жоталардан және борпылдақ материалдармен толған, немесе ағынсыз көлдер алып жатқан тектоникалық ойыстардан тұратын бірсыдырғы бет болып табылады.  Шығыс Тибетке (Сикан) күшті тектоникалық және эрозиялық тілімденушілік тән.  Зор параллель жоталар орасан үлкен шатқалға ұқсас аңғарлармен бөлінген, осындай аңғарлармен материктің аса ірі өзендері – Хуанхэ, Янцзы, Меконг ағады. Шығыс Тибеттің солтүстік бөлігі кейбір әдебиеттерде Син-Тибет таулары деген атпен белгілі.  Жоғары Янцзының аңғарларынан оңтүстікке қарай аласарақ, бірақ күшті тілімденген Юньнань таулы қыраты басталады, ол шығысқа қарай аласарып, Шығыс Азия жеріне жалғасады. 

Тибет таулы қыратында гейзерлер мен ыстық бұлақтар, ал солтүстік-батыс бөлігінде сөнбеген вулкандар бар.

Тибеттің оңтүстік шетінде жоталар жүйесі көтеріліп тұр, бұл жүйені кейде Трансгималдай деген ортақ атаумен біріктіре атайды.  Гималайдан бұл таулар Брахмапутра (Цангпо), Сатледж және Инд өзендерінің ұзына бойғы аңғарларымен бөлініп жатыр.  Қазірде тектоникалық бұл таулар Жерорта теңізі белдеуі мен Үнді платформасының арасында жатқан қатпарлықпен қамтылған иіннің өтпелі зонасы ретінде қаралады, оның шеті, жоғарыда айтылғандай Гималайдың өзі болып табылады.  Неғұрлым үлкен жоталардың шыңдары 7000 метрден астам биіктікке жетеді.  Тибет таулы қыраты жағына қараған беткейлері түйетайлы және кесек материалдар массасы үйіліп жатады.  Неғұрлым ылғалды оңтүстік беткейлер күшті эрозиялық тілімденумен ерекшеленеді.  Трансгималай алабында, Цангпо өзенінің салаларының бірінің аңғарында, 3650 метр биіктікте Лхаса қаласы жатыр. 

Тибеттің аса зор биіктігі мен тұйықталып жатуы жауын-шашын мөлшерінің аз және ауаның барынша құрғақ болуына, атмосфераның сиректігі және осыған байланысты жылдың көп бөлігі бойына төменгі температураның басым болып, температураның күшті ауытқуына, жиі-жиі борай соғатын күшті желдердің болуына әсер етеді.  Климаттың бұл белгілері Тибеттің ішкі аудандарынан әсіресе оның сотүстік, батыс және орталық бөліктерінен айқын көрінеді.

Дағдыланбаған организм Тибетте ауаның сиректігіне әзер төзеді, бұған жергілікті тұрғындар мен жануарлар жақсы бейімделген.  Облыстың көпшілік бөлігіне тән ауа райының құрғақтығы да организмге жағымсыз әсер етеді.  Бұл кейбір өсімдіктердің мүлдм қурап, жанасқанда ұнтақталып шашылып тұруына әкеледі.  Қысқы күшті аяздармен ұштасып жататын ауаның құрғақтығы тіпті жергілікті тұрғындарға да үлкен зардабын тигізеді – олардың терісі мен тырнақтары жарылып кетеді.  Бұл жағдай негізінен адамдарға қатты әсер етеді.  Ал жануарлар дүниесі де бұл әсерлерден шетте қалмайды.

Тибеттің батыс бөлігінде жауын-шашын мөлшері 250 мм-ден аспайды, жауын-шашын жаз айларында, көбіне қар түрінде жауады.  Жылы кезең өте қысқа және үнемі үсік араласып тұрады.  Жаз айларында орташа температурасы +10° – 16°С, бірақ күннің ең ыстық кезеңінде ауа температурасы +30°С-ге дейін қызады.  Сонымен бірге түнде температура 0°С-тан төмендейтін кездері де аз болмайды.  Қыс ұзақ және аязды, температура үнемі — 35°С болады.  Қар жамылғысы болмайды, сондықтан топырақ үлкен тереңдікке дейін қатады да көп жылдық тоң қабатын сақтайды.  Өзендер мен көлдер ұзақ уақытқа қатады.  Тіпті күшті аязды күндері гейзерледің маңына да мұз бағандары пайда болады да ішінен ыстық су фонтан түрінде өзінің атқылауын жалғастыра береді.

Шығыс пен оңтүстікке қарай климат жағдайы біраз өзгеріске ұшырайды: ылғалдылық артып, температура жоғарылайды.  Бұл осы аудандарға аңғарлар мен тау жоталарынның ояңдарын бойлап жаз кезінде муссондардың пропиктік ылғалға қаныққан ауасы  енуімен байланысты.  Қыстың қатаңдығын оңтүстіктегі орын және биіктігінің жалпы төмендеуі жұмсартады.  Сондықтан Тибеттің оңтүстінде аймақтың неғұрлым ылғалды және жылы аудандары жатыр.  Лхасада жауын-шашынның жылдық мөлшері 500 мм-ге жуықтайды, бірақ жылдан-жылға бұл көрсеткіш күшті ауытқиды.  Жаз айларының орташа температурасы +16°, +17°С, қыстың орташа температурасы 0°С-ге жақын.  Оңтүстік-шығыс бағытына қарай температура өзгеріссіз дерлік қалады, бірақ жауын-шашынның жылдық жиынтығы 800-1000 мм-ге дейін артады.

Тибет таулы қыратының жеке бөліктерінің рельефі мен климатындағы айырмашылықтар, сондай-ақ су торына, топырағына, өсімдігіне, жергілікті жануарлардың түрлерінің құрамына өз әсерлерін тигізеді.  Тибет территориясында қалыптасқан климат айырмашылықтарының ең маңызды салдарының бірі – су жүйесіндегі айырмашылықта.  Антропоген бойы климаттың құрғауына душар болған батыс, сотүстік және орталық аудандарда су жүйесінің құрғауы мен тапшылануы, оның бірқатар ішкі ағын бассейндеріне ыдырауы болып өтті.  Неғұрлым ылғалды шығыс және оңтүстік бөліктері Азияның аса ірі өзендері арқылы дренаждалады және Тынық мұхит пен Үнді бассейндеріне жатады.

Тибет таулы қыратының алабында қалдық көлдер көп, олардан көбінесе басқа көлдерге құятын шағын көлдер басталады.  Көптеген көлдердің суы тұзды, тереңдігі шамалы, деңгейлерінің маусым бойына және жылдан-жылға ауытқуыөте үлкен мөлшерге жетеді.  Бүкіл көлдердің дерлік аумағы қазіргі уақытта төрттік дәуірдің бас кезеңіне қарағанда кіші.  Көптеген көлдер құрғап, сорлар мен сортаң батпақтарға  айналды.  Таулы қыраттағы анағұрлым ірі көлдер – 4500 метрге жуық биіктікте жатқан Селлинг, Намцо, Лхасадан оңтүстікке қарай орналасқан Ямдок.   Тибеттің көлдерінде әр түрлі тұздардың аса ірі қоры бар, оны жергілікті халық ертеден өндіріп келеді.  Ал көлдерінің көпшілігі балыққа бай болып келеді. 

Өзендер, алдында айтылып кеткендей таулы қыраттың батыс және орталық бөліктерінде жоққа жуық.  Бар арна ағыстары таяз және аз сулы болып келеді.  Анағұрлым ірі өзендер солтүстікке ағып өтеді.  Олар биік, мұздықтар басқан тау жоталарынан ағып шығады.  Бірақ олардың ландшафтысына  үлкен әсері жоқ.

Оңтүстігі мен шығысында көрініс мүлдем басқаша.  Ол жақтан Азияның ірі өзендері түгелдей дерлік басталып, кең, жақсы жетілген аңғарлармен немесе тар және дүлей шатқалдармен ағады.  Оған бірнеше өзендерді мысал ретінде келтіруге де болады.  Соңғысы әсірсе Тибет таулы қыратының шығыс шеті үшін тән, онда жергілікті жер терең шатқалдармен өте қатты тілімденген. 

Тибеттің ең мол сулы өзені – Жоғарғы Брахмапутра (Цангпо), онымен 3000-3500 метр биіктікке кеме жүре алады.   Цангпо аңғары – Тибеттегі мәдениет пен егін шаруашылығының ежелгі орталығы.

Тибетте климаттың құрғақтығына байланысты қар сызығы өте жоғарыда – 5500 және тіпті 6000 метрде (экватордан да жоғарыда қалыптасқан) жатқанымен мұздықтар көп, әсіресе батысы мен оңтүстігінде баршылық.  Оңтүстікте мұз басудың өріс алуы жауын-шашынның үлкен мөлшерінің түсуімен байланысты.  Шығыс бағытында аласарған сайын мұздықтар мен мәңгі қарлардың мөлшері азая түседі.  Бұл процестерге климаттың құрғауы да өзінің жоғары дәррежеде ықпалын тигізеді.

Мұздықтар, мәңгі қарлар, көлдер және сорлар Тибеттің бірсыдырғы биік таулық құрғақ далаларының, шалғындары мен шөлдерінің арасынан ақ немесе көгілдір дақ болып бөлініп тұрады.  Тек шығыс және оңтүстік аудандарында ғана жауын-шашынның көбеюіне байланысты аңғарларда ормандар және бай мәдени өсімдіктер көрінеді.  Бірақ онда да суайрықтары өзен аңғарларымен күшті контраст жасап, өзінің бірсыдырғы келбетін сақтайды.  Тибеттің көп бөлігіне флораның жүдеулігі және өсімдік жамылғысының болмауы тән болып келеді (өте аз мөлшерде). 

Тибеттің Орталық және батыс аудандары өсімдікке айрықша тапшы, онда тамыр жүйесі мықты жетілген көп жылдық аласа бойлы өсімдіктер тән болып келеді.  Сонымен қатар биік таулы шөлдер басым тараған.  Мүлдем өнімсіз тастақ аудандар да бар.  Шағын арна ағыстың бойында шырғанақ, куриль шайы және шөптер: қоңырбас, бетеге, тауда 5000 метрге биіктікке деін кездесетін кейбір қияқтың түрлері көрінеді.  Батпақты аудандарда қияқ тұқымдас өсімдік – қатты жапырақты және берік шымы бар тибет кобрезиясы өседі. 

Тибеттің шөлді территориясының жануарлар дүниесі бай және алуан түрлі, онда әсіресе тұяқтылар мен кемірушілер көп.  Олар қатал климат жағдайларында да өмір сүруге бейімделген.  Сонымен қатар суық шөлдерде  кездесетін мардымсыз азыққа да толық қанағаттанады.  Тибеттің ең тамаша және өзгеше жануары – қодас.  Ол өзін биік тау жағдайында жақсы сезінеді.  Қодас жабайы күйде де, қолға үйретілген күйде де кездесе береді.  Бұл – Тибет таулы қыратының жергілікті тұрғындары үшін ең бағалы жануар болып табылады.  Сондай-ақ дала бөкені, оронго, кианг жабайы есегі, тай қойы, құдыр (moschus moschiferus) көп. Кемірушілерден шақылдақ суыр, тышқан, қояндар барынша жиі кездеседі.

Тибеттің оңтүстік бөлігінде шөл және биік таулы қуаң дала ландшафттары тек суайрықтарда сақталған.  Өзен аңғарларында әсіресе Цангпоның жалпақ аңғарларында неғұрлым бай және алуан түрлі табиғи және мәдени өсімдіктері көрінеді.  Тамаша астық тұқымдас шалғындар тал, терек және тис тоғайларымен кезектесіп келеді.  Цангпо мен оның салаларының аңғарында орналасқан елді-мекендердің айналасында астық және бақша дақылдары егілген, жыртылған аудандар көп.  Лхасада бақшалар мен гүлзарлар өте көп және тамаша көріністермен ерекшеленеді.  Шығыс бағытында өсімдіктер бұдан да гөрі байи түседі.  Қоңыржай белдеудің қылқан жапырақты тұқымдарынан тұратын ормандар көріне бастайды, оңтүстік-шығыста оған ағаштар мен бұталардың кейбір субтропиктік түрлері араласады, Син-Тибет таулары мен Юншань таулы қыратының баткейлерінде қылқан жапырақты ормандар сақталған, онда мәңгі жасыл тропиктік флораның кейбір өкілдері кездеседі. 

 Гиндукуш және Қарақорым: Гиндукуш пен Қарақорым жүйелері жер шарындағы неғұрлым биік көтеріңкі жерлердің қаратына жатады.  Оның негізгі орташа  биіктігі теңіз деңгейінен есептегенде орта есеппен 5000-6000 метр биіктікте орналасқан.

Гиндукушты Иран Таулы қыратының солтүстігіндегі шеткі жоталарымен бірге алып қарайды, бірақ мұндай біріктіруді орографиялық және тектоникалық көзқарас тұрғысынан ғана мақұлауға болар еді.  Ланшафтарының сипаттамасы бойынша Гиндукуш Иран таулы қыратының басқа шеткі жоталарынан, көбіне онымен көрші Паропазимден түбірімен ерекшеленеді.  Паропазим және Орта Ауған таулаының арасын байланыстырушы түйін – Кохи-Баба жотасы Гиндукуш жүйесіне жатады.  Бұл жота және Гиндукуштың өз жүйесі мұхиты мен Орта Азияның ағынсыз аймақтарының арасында суайрықтарын түзді.

Гиндукуш батыс – оңтүстік-батыстан шығыс – солтүстік-шығысқа қарай жалпы созылып жатыр.  Одан жоталардың негізгі желісіне перпендикуляр көптеген сілемдер тарап жатады, ол сілімдер солтүстікте Ауған Бадахшанының, ал оңтүстікте Кафиристан таулы аудандарын түзейді.  Таулар мен асулардың биіктігі, олардың қиындысы батыстан шығысқа қарай ұлғая түседі.  Кохи-Баба тауларынның биіктігі 5143 метрге жетеді, оның асулары 3000 метрге жуық биіктікте жатыр.  Кохи-Баба жотасы мен Батыс Гиндукуштың арасында Шибар асуы жатыр (2987 метр), онымен Кабулды Мазар-Шарифпен  байланыстыратын Трансгималай автомибиль тас жолы өтеді.  Батыс Гиндукуштың биіктігі 4000-5000 метрден асады.  Шығыс Гиндукуштың алабында ол 6000-7000 метрге жетеді.  Ең биік Тиричмир шыңы 7960 метр.  Гиндукуш жүйесінің тауларының құрыысына палеозойдың кристалдық жыныстары мен мезозойдың күшті қатпарланған құрамы әр түрлі тұнба шөгінділері қатысады.  Рельефінде үлкен биіктікте жатқан тегістелу еттері қатарының тұнба шөгінділері терең аңғарлармен тілімделген қия беткейлермен және айқын оқшауланған альпі қырқаларымен үйлесіп келуі тән.

Гиндукуштан солтүстікке қарай, Пянджа аңғарының ар жағында, Памир тау қыраты көтеріліп тұр.  Оңтүстік-шығысқа қарай Шығыс Гиндукуштан Қарамбар өзенінің аңғарынан бөлініп, бұдан да гөрі зор жота – дүние жүзінің биіктігі жағынан Гимаайдан кейінгі екінші тау жүйесі – Қарақорым созылып жатыр.  Оның орташа биікігі 6000 метрге жуық.  Көптеген шыңдары 8000 метрден асады, ал үшеуінің биіктігі 8000 метрден жоғары көтерілген.  Олардың ішіндегіең биігі – Чогори (Годуин Остен) (8611 метр) — әлемдің екінші шыңы болып табылады. 

Қарақорымдағы тау түзілісі негізінен триаста, сонымен бірге анағұрлым кейінгі кезеңде өткен.  Ең жаңа жарықтар мен көтерілулер рельефті жасартып жіберген, қазіргі кезеңдегі биіктікке көтерген және күшті тілімдеген.  Жас тектоникалық әсермен төрттік және қазіргі заманғы мұз басу мен эрозияның ықпалымен Қарақорымның мұғыл, нағыз алпілік рельефі пайда болды.  Асулар 5000 метрден және одан да гөрі биіктікте жатыр, олардың көпшілігінен тіпті жазың кезінде өтудің өзі қиын, қыста жота арқылы асудың сәті үнемі түсе бермейді.

Қарақорымның, әсіресе Гиндукуштың қойнауы әр түрлі пайдалы қазбаларға бай.  Онда көмір, әр түрлі металл удалары, графит кен орындары бар, бірақ оларды барлау өте төмен дәрежеде зерттеліп, оны өндіру де мардымсыз.

Екі жүйенің климат жағдайларын қалыптастыруда таулы рельеф және үлкен су алқаптарынан алыста жатуы асты рольге ие.  Сонымен бірге тау жоталарының, Азияның табиғат жағдайлары әр түрлі бөліктер аралығында орналасқан орны да климатқа өз әсерін тигізеді.  Жалпы алғанда, қуаң, тіпті шөді Гиндукуш пен Қарақорымның жеке бөліктерінде үлкен климат айырмашылықтары бар, ол айырмашылықтар негізінен оңтүстік және солтүстік беткейлердің арасында, сондай-ақ батыс және шығыс бөліктерінің арасында көрінеді.

Гиндукуштың батысында шығысына қарағанда жауын-шашын недәуір көп, өйткені онда Атлантикадан біршама ылғалды ауа өтіп отырады.  Онда Иран таулы қыратының аласарақ жоталры мен үстірттерінің үстінен өткенде ешқандай жауын-шашын бермейтін ауа массаларының өзінен недәуір мөлшерде ылғал конденсацияланады.  Сондықтан Гиндукуштың Солтүстік шығыс беткейлерінде жылына 400-ден 800 мм-ге дейін жауын-шашын жауады, оның максимумы қыста өтеді.  Оңтүстік-шығыс беткейлерде ылғал анағұрлым аз, тау жүйесінің батыс желдері өте алмайтын шығыс аудандарында жауын-шашын бұдан да азая түседі (100мм-ден артық емес).  Оңтүстік және оңтүстік шығыс беткейлерде жауын-шашын көбірек жауады, бірақ енді оны жазғы муссон әкеледі.  Сондықтан Кафиристан жылына 700-1000 мм жауын-шашын алады, жазғы максимум айқын байқалады.  Солтүстік және оңтүстік беткейлерде жауын-шашын мөлшерінің шұғыл айырма жасауы, сондай-ақ қарақорымға да тән.  Оңтүстік беткейге муссондар недәуір мөлшерде ылғал әкеледі, ал Орталық Азияның шөлді тау үстірттеріне қараған солтүстік беткейлері құрғақ және құнарсыз болып келеді.

Жауын-шашындағы айырмашылықтар қар шекарасының орны мен қазіргі мұз басудың қалыңдығынан да көрінеді.  Орат есеппен қар шекарасы үлкен биіктікте жатыр.  Оның ең төмен орны Оңтүстік Қарақорымда – 4700 метрде.  Аса зор мұздықтардың тілдері теңіз деңгейінен 3000м төмен түседі.  Қарақорымға мұздықтардың «ағаш тәріздес» (дендритті) түрі тән.  Олардың кейбіреулерінің ұзындығы өте үлкен: Силчен – 72км, Хиспар – 61км және т. б.  Қарақорым бетінің 40%-ке жуығын фирн мен мұз жауып жтқаны анықталған.  Мұз басу реликт сипатта, ал оның сақталуына қазіргі климат пен рельеф ерекшеліктері қолайлы жағдай туғызады.  Қазіргі уақытта мұздықтардың қысқаруы байқалуда.  Қарақорымның солтүстік беткейлерінде мұз айтарлықтай аз ауданды алып жатыр және қар сызығы 5900 мета биіктікке дейін көтеріледі.  Бұл солтүстік Қарақорымның Оңтүстігімен салыстырғанда анағұрлым тым құрғақтығымен түсіндіріледі.  Гиндукушта қар шекарасының биіктігі 5900 метрге жақын, Қарақорымдағыдай ірі мұздықтар онда жоқ.  Бірақ анағұрлым биігірек Шығыс Гиндукуштың беткейлерінде Альпі мен Кавказдың мұз басуынын көп асып түсетін күшті мұз басу бар.

Температура жағдайларын жүйелі байқау ешбір жерде дерлік жүргізілген жоқ.  Облыста түгелдей тәулік бойында, содай-ақ жыл ішінде температураның үлкне ауыиқуы тән екеніне шүбә жоқ.  Әсіресе бұл ауытқулар тау аңғарларында, тұйық қазан шұңырларда және тау жоталарымен қоршалған биік үстірттерде айтарлықтай 1000-1500м биіктікте шілдеде температура +30°С-ге дейін көтеріледі, ал қыста ол 0°С-тан төмен болады.  4500 метр биіктікте шілденің орташа температурасы +10°С-ге жетеді. , ал қыс ұзақ және аязды болады.  4500 – 5000 метрден жоғарыда теріс температура үнемі үстем және қар мен мұз жиналып отырады.

Гиндукуш пен Қарақорымның беткейлерінен көптеген өзендер басталады.  Олардың біразы оңтүстікке қарай бағытталады және үнді бассейніне жатады, солтүстікке қарай ағатын өзендер Орталық және Орта Азияның ағынсыз аймақтарына жатады.  Су энергиясының мол қоры пайдаланылмайды, бірақ өзендердің жер суарудағы маңызы өте зор.  Таудан жазыққа түмерде ең үлкен өзендерді бойлай оазистер жатыр, онда егінші халық тығыз орналасқан.  Гиндукуш пен Қарақорым аудандарының көп бөлігі шөл және өсімдікке тапшы болып келеді.  Бұл жағдай әсіресе Шығыс Гиндукуш пен Қарақорымның солтүстік бөлігіне қатысты.  Бұлардың топырағынан айрылған тастақты беткейлері – биік тау шөлі болып табылады.  Оратлық Азия тау қыраттарының биік тау шөлдеріне жақын келеді.  Тек қана өзен аңғарларындағы аллювиал топырақтарда жекеленген ағаштарда немесе бұталы тоғайды көруге болады.  Қалған жерлерде тастақ, қорымдарда, әр жерде жусанның, теріскеннің, кейбір астық тұқымдастар типтері көрінеді.

Қарақорымның ылғалдырақ оңтүстік және оңтүстік-батыс беткейлерін 3500 метрлік биіктікке дейін сирек ормандар жапқан немесе өсімдікке бай тау жайылымдары алып жатыр.  Орман Кафиристанда да бар.  Олар флоралық жағынан гималай ормандарына жақын, бірақ құрамы жағынан одан анағұрлым кедей.  Бұл ормандар мәңгі жасыл емен, гималай, қарағай, гималай самырсынынан тұрады.  Орамндардан жоғарыда – тоғайлар және бай субальпі шалғындары орналасқан.

Гиндукуштың солтүстік-батысында құрғақ далалар және пісте немесе арша сирек ормандарының жекеленген учаскелері таралған.  Өзен аңғарларын  бойлай грек жаңғағының тоғайлары, үйеңкі және басқа ағаш түрлері кездеседі.

Оазистерде жүзім шыбығы, әртүрлі жеміс ағаштары, дәнді дақылдар өсіріледі.  Қарақорымның оңтүстік беткейлерінде таудың төменгі белдеуінің үлкен аудандарын күріш егістері алып жатыр.

Куньлунь тау жүйесі. Такла-Макан мен Цайдам тасты және құмды шөлдерінде биіктігі 4000-5000м болатын алып Куньлунь тау жүйесі орналасқан.  Ол жайлап Тибет тауымен ұласып кетеді. Осы ұзын жүйені Евразияның омыртқасы деп өте орынды бағалаған.  Паимрден басталған бұл тау Сино-Тибетке дейін 3000 шақырымға созылып жатыр. 

Батыс Куньлунь (меридианы 82° ш.е.) екі жоталар жүйесіне құралған.  Олар терең, әрі тар аңғармен бөлінген.  Оның припамирлік бөлігінгің шыңы Конгур немесе Гунгээршань (7719 м) және Қашқар тауымен белгілі Музгата шыңы (7546 м).  77-81° ш.е. жекеленген шыңдардың биіктігі төмендейді (Музтаг жотасы, 7282м), бірақ жоталардың орташа биіктігі 6000м-ге жетеді.  Аңғарлардың өзі шамамен 4000-5000м-де жатыр, ал өткелдер 4800-5000м-ден асады.

Шығыс Куньлунь үш тау тізбегінен тұрады.  Солтүстік тізбек орталығынан  Цайдам еңісі арқылы бөлінген.  Орталық тізбекті Аркатаг немесе Н. М. Пржевальский жотасы құрайды.  Мұнда Куньлуньның ең биік шыңы Ұлы Мұзтау (7723м) орналасқан.  Оңтүстік тізбек Кукушили (6288м) және Баян-Хара-Ула жоталарынан тұрады.  Оның Солтүстік бөлігінен Хуанхэ өзені бастау алады. Куньлуньның климаты шұғыл континентальды.

Қазіргі қар шекарасы мынандай: Куньлуньның орталық бөлігінің оңтүстігінде 4800-5200м, ал батыста ол 3900-4700м-ге дейін төмендейді.  Мұздықтанудың жалпы ауданы 11,6 мың кв. км.  Оның айтарлықтай көп бөлігі Батыс Куньлуньда орналасқан. Мұздықтар көбіне терең, әрі тар аңғарлардан байқалады.  Аңғарлық мұздықтардың фирналық бассейндері әдетте дамымаған болып келеді.  Ал ондағы қоректену қар көшкіндерінің есебінен жүргізіледі.  Бұл мұздықтанудың түрін туркестандық типке жатқызады, ал шетелдерде оны куньлуньдық немесе музтагтық деп атайды.

Э. М. Мурзаев мұндай «тіршіліксіз» басқа таудың бүкіл Орталық Азияда жоқ екендігін айтады.  Мәңгілік қар жамылғысы орналасқан биіктікке дейін ашық-қоңыр топырақты шөлдің көтерілетінін біз жоққа шығара алмаймыз.  Орталық және Куньлуньның аридті бөлігінде   шөл «патшалық етеді».  3500-3600м биіктіктен кейін эфедро-теремкенді далалар кездеседі.  Батыс және Шығыс Куньлуньның шеткі аймақтарында ол далалы көгалдарға ауысады.  5000м-ден жоғары суық шөлді ландшафт таралған.

Ежелде бұл тау жүйесінде ормандар кең таралған болатын.  Олардың көлеңкесі қарларды еруден қорғап, көптеген қалалар мен мемлекеттер үшін бұл қар сулары ауыз су ретінде пайдаланылған.  Ормандарды жоюдың нәтижесінде Куньлуньнан бастау алатын көптеген өзендер кеуіп кетті, гүлденген қалалар орнына сусыз Такла-Макан мен Цайдам шөлдері орнады.  Такла-Маканмен шекараласатын тау етегінде ХІХ ғасырдың аяғына дейін отын ретінде пайдаланылатын өсімдіктер болатын. Итмұрын орманы, ежелгі можжевильник түрі, тян-шань шыршасы бүгінгі күні Қашқар тауының кейбір жерлерінде ғана сақталған (2400-3600м).  Ылғалдылығы жақсы Куньлуньның шығыс аймағынан емен мен қарағайдың жалғыз түрлерін кездестіруге болады.  Ал бір кездері бұл жерде әртүрлі ағаштың қалың орманы болатын.  Тауда тау қойы (батыста – арқар, шығыста кукуяман), тау ешкісі, құлан, жабайы өгіз мекен етеді.  Сонымен қатар, қасқыр, түлкі, аю, қар барсын да кездестіруге болады, ал көртышқандар мен сілеусіндердің түрі өте көп тараған.

Наньшань тау жүйесі. Наньшань ― Орталық Азияда орналасқан тау жүйесі.  Ол Қытай елінің Оңтүстік Цайдам және Алашань шөлінің аралығында жатыр.  Жүйе бірнеше оқшау жоталардан тұрады.  Олар негізінен батыс-солтүстік-батыстан шығыс-оңтүстік батысқа созылып жатыр.  Бұл жоталар – Циляньшань (Рихтгофен), Таолайшань, Сулэнаньшань (6346 метрге дейін). және солтүстік Қара Нұр көлі аймағында орналасқан Улан-Дабан (Гумбольдт), Дакэн-Дабан (Риттер), Кукунар (6305 м-ге дейін) т. б.  Алашань шөліндегі солтүстік жотадардың биіктігі шамамен 4500м-ге дейін көтеріледі.  Ал Цайдамдағы жота биіктігі басқалармен салыстырғанда айтарлықтай төмен.  Наньшаньді зерттеудегі үлкен үлесті орыс саяхатшылары иеленеді. Олар – Н. М. Пржевальский, В. И. Роборовский, Г. Н. Потанин, В. А. Обручев.

Наньшань таулы ландшафтының климаты негізінен шөлді, бірақ бұл тау жүйесінің шығыс бөлігіне тынық мұхиттық муссон әсер етеді.  Соның салдарынан мұндағы атмосфералық булану айтарлықтай жақсы қамтамасыз етілген.  Наньшань биік таулы өлкесінде шағын мұздықтар мыңдап саналады (ұзындығы 1-2 км).  Мұздықтар негізінен таудың солтүстік жоталарында орналасқан.  Қар сызығы шығыстық бағытта 5200 м-ден (батыс) 4200 метрге (шығыс) дейін төмендейді.  Сол себептен мұздықтардың айтарлықтай көп бөлігі тау жүйесінің батыс бөлігінде орналасқан.  Шығыстағы мұздықтану дәрежесінің төмендігін орографиялық тұрғыдан түсіндіруге болады: ондағы жоталардың биіктігі батысқа қарағанда төмен.  Наньшаньнан бастау алатын өзендердің көпшілігі Орталық Азияда, ал Оңтүстік-шығыс аймағында Хуанхэ өзені бар.  Су тасқындары мұнда көбіне көктемде байқалады.  Бұл тасқындар биік таудағы қар мен мұздықтардың еруімен байланысты, ал шығысындағы мұндай тасқындар жазғы муссондық жаңбырмен байланысты. 

Наньшаньның батыс бөлігі шөлді ландшафтымен сипатталады.  Шөлдер, жартылай шөлдер және құрғақ далалар – 3000м-ге дейінгі биіктікте, одан биігірек таулы-жасыл аймақ (3800 метрге дейін) және таулы тундралы ландшафт (3800 метрден 4400 метрге дейін) орналасады.  4000-4400 метрден жоғары биіктікте олар нивальді-гляциальді ландшафтымен ауысады.  Наньшаньның шығыс бөлігіне далалы және орманды далалы ландшафт тән.  Жоталардың солтүстік бөлігінен шыршалы орманды кездемтіруге болады.   2500 метрден 3000 метрге дейінгі биіктікте олар жиірек, әрі қалың болады.  Н. М. Пржевальский Наньшань тауын Тянь-Шаньмен салыстырғанда орманды болып келетінін атап өткен болатын. 

Бұл биік таулы аймақтарды кейде Тибет тау қыратының солтүстік шеткі бөлігі ретінде қарап жүр.  Бірақ қатпарлықтың палеозойлық жолы және соған орай геологиялық құрылысы мен рельефінің ерекшеліктері, сондай-ақ бұл территорияның географиялық тұрғыдан оқшаулығы оны дербес бірлік ретінде қарастыруға негіз береді.

Цайдам қазаншұңқырының солтүстік шекарасын 5000 метрден асатын Алтынтаг жотасы түзеді.  Оның оңтүстік шетін бойлай аса зор мұздықтар басып, жаңа Прежевальск жотасы көтеріліп тұр.  Онда Куньлуньның ең биік шыңы (7723м) бар.  Оның шығысында биіктігі 5000-6000 метрлік жоталар жалғасады.  Орат Куньлунь Қарақорыммен бірге Азияның басты суайырық жүйесіне енеді.

Цайдам қазаншұңқыры биіктікте жатыр, ол қоршап жатқан жоталарынан екі есе дерлік аласа (2700 – 3000м).   Бұл мезозой мен кайнозойдың шөгінділеріне толған тектоникалық ойыстың тегіс түбін сорлар мен ағынсыз көлдер алып жатыр, олардың арасындағы ең ірісі Кукунор болып табылады. 

Бұл тау ғимараттарының барлығы үшін рельефтің аз тілімденуі, кесек материалдардың орасан көп жиналуы, тау жоталары осыларға батып тұрғандай болады, эрозиялық процестердің нашар дамуы тән.

Гималай – ең тамаша, биік және жұмбақ тау. Әлемдегі ең биік бес шың Гималайда орналасқан.  Тек биіктігі жөнінен 2-ші орынды иеленетін Чогори ғана Қарақорымда (Үндістан).  Ал қалған “8 мыңдық” шыңдар Гималайға тиесілі.  Бірақ ең биік дегеніміз ең әдемі деген сөз емес.  Себебі Гималайдың тамаша шыңдарының биіктігі 7000 метрге жетпейді.  Сондықтан да жергілікті өлшем бойынша олар қатардағы тауларға кіреді.  Мысалы, Гималайдың Кхумбу таулы массиві; Эверест (8848 метр), Лхоцзе (8516 метр), Макалу (8463 метр), Чо Ойл (8201 метр), ал бұл жерде әлемдегі әсемдігі жөнінен Ама Даблан шыңы (6856 метр) патшалық етеді.

Орта биіктіктегі таулардан көз ала алмайсың: Аннакурна Гималайдағы Мачарпучхар, Лангтангтағы Чомопомери, Кхумбу Гималайдағы Пумори.  Бұл таулар Гималайға өзінің әсемдігін беріп, оны көркейте түседі.

Рельефінің, геологиялық құрылымының жұмбағы. 

Гималай – Ішкі Азияның оңтүстік шеткі тау тізбегін құрайды.  Сонымен қатар ол өзінің Тынық мұхитындағыдай морфологиялық құрылымымен таң қалдырады.  Олардың фронтальды орындары – ішкі еңістердің аналогы іспеттес.  Мұндай еңістердің төмегі бөлігі аккреционды призманы елестетеді.  Гималайдың фронтальды орны аласа таулы Сивалика массивіне ұқсас.  Таудың интенсивті морфологиялық өзгерісі неогеннің төрттік дәуірінде басталды.  Бұл өз кезегінде ішкі континенттік аккрециондық клинді туындатады.  Аласа Гималайлар – Кірі Куриль көтерілістерінің ішкі морфологиялық аналогы тәрізді.  Ал катманду аңғары Алеуттік бассейндер жүйесіне ұқсайды. 

Гималай мен басқа көтерілістердің морфологиялық ұқсастықтары олардың бір литосфералық плиталардың геодинамикалық үлгісіне кіретіндігін көрсетеді.  Яғни бұлар жалпы бір платформаның иінінде орналасқан.

Гималай – Тибет-Гималайдың оңтүстік шеткі көтерілісі.  Ол Жерортатеңізінің жылжымалы бөлігінің секциясына кіреді.  Оның 1000 километрге жуық  бөлігі Иран және Үндіқытай жерінде жатыр.  Бұл таудың биіктеп дамуы палеозой және мезозой кезеңінде кең өріс алды.  Сондықтан да Гималай тауының биік шыңдарыәктасты қабаттар мен басқа да тау шөгінділерінен тұрады. 

Алып моноклинді биік Гималай ежелгі платформа фундаментінде орналасқан.  Мұның басты ерекшелігі – бұл пларформаны және қабатты құрылымды болып бөлінбейтіндігінде. 

Гималайдың рельефі мен оның айналасы Изосызықтарындағы сандар жүздеген метрлерді белгілейді.  Шеңбермен терең фокусты жер сілкіністерінің көрсетілсе, ал тістері геойдтың бетін көрсетеді. 

Гималайдың басты геологиялық ерекшелігі – жылжымалы пластиндердің солтүстіктен оңтүстікке қарай орналасуы.  Оларға жалпы тән нәрсе – кезекті қабаттардың болуы.  Қабатты деформация әдетте органикалық белдеуде бір уақытта жүреді.  Эрозиялық қайта құру жылжымалы пластиндердің беткі бөлігін останцыға бөліп тастайды.  Олар литосфераны горизонтальды сығады.  Осының нәтижесінде клинотүрлік шыңдар пайда болады, олар төменгі Гималайдың биік көтерілістерінің бөлігін құрайды.  Гималайды Загрос тау жүйесімен (Иран жеріндегі негізгі тау жүйелері) салыстырған өте қызықты.  Бұл тау жүйесі Жерортатеңіздік жылжымалы белдеудің секциясына кіреді және оңтүстік иранның оңтүстік шетінде орналасқан, сөйтіп Арабия субконтинентімен шекараласады.  Соңғысы Үндістан секілді ежелгі оңтүстік Гондванаматеригінің “қалдығына” кіреді.  Загрос – қабатты тау, ол күшті және ұзақ тектоникалық процестердің нәтижесінде пайда болған.  Шын мәнінде Загрос пен Гималай бізге литосфераның жоғары бөлігінің горизонтальды сығылуының нәтижесінде пайда болған тау үлгілерін береді.  Бірақ бұл процес екі түрлі деңгейде жүреді.  Яғни бір-бірінің элементтерін қамтиды.  Біз Гималайдан көргеннің барлығын Загроста қайталанып жататынын көреміз.  Бірақ та бұл процестер жер асты үлкен тереңдіктерде жүріп жатады.  Осы процестерді соңғы уақыттағы ғылыми-техникалық зертеу жұмыстары үлкен дәлдікпен анықтап өз қорытындыларын шығаруда.

Гималайдың тектоникалық рельефіне гимал биік тауын жеке массивтерге бөлетін тілімдену тән.  Мұндай төмендеу процесі солтүстіктен Тибетке дейін барады.  Әсіресе ол перспективті ғарыштық суретте анық көрінеді.  Гимал массиві бір-біріне қатысты өзендер мен аңғарларды біріктіреді.  Ол Биік Гималаймен қиылысады (Арун, Кали-Гандак).

Гималайда жалпы суайрықтар жоқ деп айтуға да болады.  Олар көбіне бір жоталы тау болып келеді.  Цангпо және Инд аңғарлары Гималайдың солтүстігінен шекараласады. 

Биік әрі күрделі скат Гималайды гравитациялық тұрақсыз етеді.  Сондықтан да болар бұл жерге гравитациялық тектогенез тән.  Ал бұл сұрақ әлі күнге дейін жете зерттеліп, өзінің толық жауабын таба қойған жоқ.

Гималайлық тау құрылуының ерекшеліктері: Литосфералық плитаның тектоникалық үлгісі Еуразия континентінің осы бөлігінің сейсмикалық жағдайымен сәйкес келмейді.  Бұл жағдай өте күшті дүмпулердің орын алуына соқтыру керек.  Ал шын мәнінде ол бұлай емес, Тибеттің үлкен тереңдігінде осы уақытқа дейін бір ғана сейсмикалық дүмпу тіркелген (Лхаса ауданында).  Керісінше тереңфокусты жер сілкінісі Индо-Гонгта, әсіресе Шиллонгтың оңтүстік жағында көп байқалады.  Тереңфокусты жер сілкіністері Гималайдың аяқталған облыстарына тән (Ассам және Памир-Пенджаб  синтаксисі – алып горизонтальді қабаттар).

Тибет, Гималай және Индостанның сейсмикалылығы бір ғана литосфералық плита моделімен түсіндірілмейді.  Гималайдың морфологиялық және геологиялық құрылысында әртүрлі геодинамикалық жағдайлар байқалады: геодинамиканың сәйкес элементтері, литосфераның жоғарғы бөлігінің гравитациялық тұрақсыздығы, биік цокольді скаттар т. б.   Осы комбинациялар Гималайды геологиялық және геоморфологиялық тұрғыдан жұмбақ етіп көрсетеді.  Гималайдың дәл қасында таңқаларалқ Тибет орналасқан.  Әдетте ол – Гималаймен, Тянь-Шаньмен, Алтаймен теңдей түседі.   Солтүстіктен  Байкалға дейін созылатын бұл таулар ішкі континенттік коллизия жүйесіне бірігеді де, Евразия және Индостанды плиталардың жақындасуына жағдай жасайды.   Ауданы бойынша ол индостанды субконтиненттен асып түседі.  Бірақ Тибеттің  тектоникалық рельефінде литосфераның сығылуы байқалмайды.  Рифтогенездің белгілері айқын көрінеді.  Тибеттің тектоникалық рельефі Солтүстік Американың жоталар провинциясымен бассейндерін еске түсіреді.  Сонымен, құрылымдық қатынаста бұл ішкі континенттік коллизионды жүйе  әртүрлі біріккен элементтерден тұрады: Гималай, Тянь-Шань, Алтай және Тибет.  Ішкі континенттік  коллизиондық жүйе ауданы плита көлемемен салыстырылады.  Бұл өзгеше жағдай.  Осыған байланысты біз Гималай тауының құрылуын Ішкі Азиядағы коллизионды құбылыс деп айтуға толық құқығымыз бар.

Алып коромантиялық блок.  Геоид рельефі бұл проблемадан  шығудың тиімді жолын көрсетеді (геометриялық күрделі жазықтық мәндері ауырлық күштің потенциалына тең).  Азия-Үнді мұхиттық аумақта геоидтің теріс мәнге дейін төмендейтіні байқалады.  Жердегі ең терең минимум -112 метрге жетеді.  Геоидтің бұл секторында ірі линиаменттер көрінеді (бұл сейсмикалық томографияның глобальді нәтижесіне қарай айтылған қорытынды).  Олардың тереңдігі ядро мен мантияға дейін жетуі де мүмкін.  Азия Үнді мұхиттық төмендеудің геоиді біртекті емес және ірі екі бөлікке бөлінеді:Үндімұхиттық минимум және азиатты төмен саты.

Азия Үндімұхиттық аймақтағы геоидтік рельеф және оның тектоникалық интерпретациясы.

Үндімұхиттық геоид минимумы 700-800 метр тереңдікте жатыр.  Алып Гималай тауының пайда болуын  ішкі континенттік коллизиялық әсер деп қарастыруға болады.

 

  1. 2 Азияның биік таулы аймағындағы табиғат ресурстарының игерілуі мен экологиялық жағдайы

 

Қазіргі кезде бұл таулы өлкенің табиғаты өте дәрежеде игеріліп отыр. Себебі бұл жерлері зерттеу басқа географиялық аймақтарға қарағанда кейіннен жүргілді. Оған себеп те бар. Ең алдымен табиғат жағдайының қолайсыздығы мен экономикалық тұрғыдан бұл мәселелерге қар-қарааттың бөлінбеуі. Бұл таулы өлкелер экономикасы төмен мемлекеттердің шекарасында орналасуы да бұған өз септігін тигізуде. Бірақ та соңғы уақыттарда экономикалық мәселелерге байланысты бұл өлкелерді игеру жұмыстары аграрлы шаруашылық түрінде кеңінен игеріле бастады.

Орталық Азиядағы тауларды зерттеуге, оларды игеруге 2-дүниежүзілік соғыстың алдында мән беріле бастаған еді. Бірақ бұл жобалар аяқсыз қалды. Себебі оны зерттеуге сол жердегі елдердің толықтау құқы болмады (Оңтүстік, Оңтүсті-шығыс және Шығыс Азия мемлекеттері Еуропа елдерінің отары болды). Игерілулер мен зерттеулердің негізгі қарқыны 50-шы жылдардан бастап қолға алына бастады. Гималай тауындағы әлемдегі ең биік шың Эвересттің өзіне адам аяғы 1953 жылы ғана тиді.

Қарастырылып отырған аймақтың табиғаты алуан түрлі болып келеді. Онда өзіне тән табиғат байлықтары мен күрделі табиғи жүйесі бар. Табиғаты жалпы алғанда қатаң, континенталды, құрғақ болып келеді. Оған мысал ретінде Тибет  таулы ауданын алуға болады. Дағдыланбаған организм Тибетте ауаның сиректігіне әзер төзеді, бұған жергілікті тұрғындар мен жануарлар жақсы ғана бейімделген.  Облыстың көпшілік бөлігіне тән ауа райының құрғақтығы да организмге де жағымсыз әсер етеді.  Бұл кейбір өсімдіктердің мүлдем қурап, жанасқанда ұнтақталып шашылып тұруына әкеледі.  Қысқы күшті аяздармен ұштасып жататын ауаның құрғақтығы тіпті жергілікті тұрғындарға да үлкен зардабын тигізеді – олардың терісі мен тырнақтары жарылып кетеді.  Бұл жағдай негізінен адамдарға қатты әсер етеді.  Ал жануарлар дүниесі де бұл әсерлерден шетте қалмайды.

Тибет тауының табиғаты мен географиялық ерекшеліктері барлық жағынан өте тамаша.  «Азияның тамаша табиғаты, деп жазды Н. М. Пржевальский, ол өзінің қайталанбастығымен таң қалдырды.  Ол жан-жағынан жоғарғы дәрежелі тау жоталарымен шектеседі.  Ондай трапеция пішінді тауды әлемнің басқа еш жерінен кездестіре алмайсың.  Бұл таудың ғылымға белгісіз жақтары өте көп».

Н. М. Пржевальский және басқа орыс саяхатшылары, оның ізбасарлары мен оқушылары алғашқы болып европалық географтарға беймәлім   жұмбақ әлемді ашуға мүмкіндік алды.

Тибет Орта Азиялық, ішкі континенттік орогенді сызыққа жатқызылады.  Бұл тауларды «туылған тау» ретінде қарастыратын деректер де бар.  Ол әртүрлі тектоникалық элементтер мен дамудың неотектоникалық кезеңінде құрылған.  Гималай тауымен көршілес болғандықтан бұл тау Индостанды және Солтүстік Азия литосфералық плиталарының  немесе платформалардың жақындасуының нәтижесінде түзілуі де мүмкін деген болжаулар да жоқ емес.  Тибет тауы жатқан Солтүстік Азия плитасы мен көршілес Гималай тауының аймағы біртекті емес.  Оған әртүрлі кезеңдегі платформалы Тибет массиві кіреді (рифейден бастап – төменгі палеозойға дейін солтүстігі, батыс бөлігі – ежелгі палеозойға, ал ішкі бөлігі – мезозойға).  Тибет тауында орта массивке кіретін белгілерінің бар екtндігін геолог-тектонист ғалымдар айтқан болатын.  Ал таудың Оңтүстігіне мезозойлық комплекс тән, ол дорифейлік текке жатқызылады.

Тибет территориясы оңтүстік-шығысты қоспағанда, толығымен ормансыз.  Теориялық тұрғыдан қарастыратын болсақ, бұл жерден өсімдіктік жамылғының жоғарғы шекарасы өтеді, ал ол гипсометриялық  шектен төменірек.  Сондықтан да бұл жерде әлі де болса ағаштың өсу мүнкіндігі өте жоғары.  Геоботаникалық және лендшафттылық тұрғыда Тибет бірнеше облыстарға бөлінеді.  Тибеттің ең ірі облысы солтүстік, батыс және орталық бөліктерді қамтиды.  Оған Чангтан шөлін жатқызуға болады.  Өсімдіктер дүниесі жұтаң, ал түрі сирек.  Дегенмен ол жабайы жануарлардың қоректенуіне толық жетеді.  Таудың айтарлықтай бөлігінде өсімдік жамылғысы мүлдем жоқ.  Олардың орнына панцир мен гальктерді кездестіруге болады.  Биік тау топырағы шөлді-далалы және шөлді.  Өсімдіктер дүниесі өте жас, себебі бұрынғы өсімдіктер дүниесі  мұздықтану кезінде жойылып кеткен.  Мұздықтану дәуірінен кейін өсімдіктерді көрші аудандардан миграциялады.  Мұнда аласа бойлы шөп түрлерін, куртин түріндегі жартылай бұтақтар теріскен, пижма, кохия, реомюрия, астрагал, аконтолимон, пилагорстис кездеседі.  Сонымен қатар бұтақты өсімдіктерден – эфедра, мирикария өссе, ылғалды аймақтарда осока, сидник тағы басқа өседі.  Тибеттік кобреззия бугисті балшық түзеді.

Ішкі, Оңтүстік облыстар аталған облыстан аз ғана ерекшеленеді.  Мұнда мұхитқа құятын өзенлдер мен тұщы сулы көлдер бар.  Бұл облысқа жазғы ылғал көп түседі.  Биік таудағы шөлді-далалы және шөлді топырақ түрлері оңтүстікке қарай көгалды далалы және далалы субальпылік, альпілік топырақ түрлеріне ауысады.  Батыста – галечті жартылай шөл, ал аңғарларда можжевильнік, емен, көктерек кездеседі.  Цангпо аңғарының (Брахмапутре) шығысында дәлірек Лхасада, Барбарис, Софора тағы басқа жерлерде өседі.  Өзен ағысының төменгі ағысы жағында ормандар өседі.  Бұл облысты адамдар мекен етеді.  Биіктігі төмен (3600-4200 метр), климаты жұмсақ аудандарда қалалар бой көтерген Тибеттің шығыс бөлігіндегі биік таулы шөл далалы аймақпен ауысады.  Бұл жердің топырағы көбіне көгалды-далалы және далалы, субальпілік және альпылік болып келеді. 

Тибеттің негізгі бөлігі фаунаға айтарлықтай бай емес.  Бұл жерде негізінен тұяқты – жабайы өгіздер, антилоптар (оронго түрі), тау қойлары (куку – яман, арқар) мекен етеді.  Ірі жыртқыш аңдардан аюды кездестіруге болады.  Ұзақ әрі суық қыста түлкілер, сілеусіндер, қояндар өздеріне терең ор қазады.  Құстардан ұларды, тибеттік санжуд, вьюрктерді, гималайлық сипаларды, ұзын-құйрықты орланоларды атауға болады.

Тибет таулы қыратының алабында қалдық көлдер көп, олардан көбінесе басқа көлдерге құятын шағын көлдер басталады.  Көптеген көлдердің суы тұзды, тереңдігі шамалы, деңгейлерінің маусым бойына және жылдан-жылға ауытқуы өте үлкен мөлшерге жетеді. Бүкіл көлдердің дерлік аумағы қазіргі уақытта төрттік дәуірдің бас кезеңіне қарағанда кіші.  Көптеген көлдер құрғап, сорлар мен сортаң батпақтарға  айналды.  Таулы қыраттағы анағұрлым ірі көлдер – 4500 метрге жуық биіктікте жатқан Селлинг, Намцо, Лхасадан оңтүстікке қарай орналасқан Ямдок.   Тибеттің көлдерінде әр түрлі тұздардың аса ірі қоры бар, оны жергілікті халық ертеден өндіріп келеді.  Ал көлдерінің көпшілігі балыққа бай болып келеді. 

Өзендер, алдында айтылып кеткендей таулы қыраттың батыс және орталық бөліктерінде жоққа жуық.  Бар арна ағыстары таяз және аз сулы болып келеді.  Анағұрлым ірі өзендер солтүстікке ағып өтеді.  Олар биік, мұздықтар басқан тау жоталарынан ағып шығады.  Бірақ олардың ландшафтысына  үлкен әсері жоқ.

Тибеттің Орталық және батыс аудандары өсімдікке айрықша тапшы, онда тамыр жүйесі мықты жетілген көп жылдық аласа бойлы өсімдіктер тән болып келеді.  Сонымен қатар биік таулы шөлдер басым тараған.  Мүлдем өнімсіз тастақ аудандар да бар.  Шағын арна ағыстың бойында шырғанақ, куриль шайы және шөптер: қоңырбас, бетеге, тауда 5000 метрге биіктікке деін кездесетін кейбір қияқтың түрлері көрінеді.  Батпақты аудандарда қияқ тұқымдас өсімдік – қатты жапырақты және берік шымы бар тибет кобрезиясы өседі. 

Тибеттің шөлді территориясының жануарлар дүниесі бай және алуан түрлі, онда әсіресе тұяқтылар мен кемірушілер көп.  Олар қатал климат жағдайларында да өмір сүруге бейімделген.  Сонымен қатар суық шөлдерде  кездесетін мардымсыз азыққа да толық қанағаттанады.  Тибеттің ең тамаша және өзгеше жануары – қодас.  Ол өзін биік тау жағдайында жақсы сезінеді.  Қодас жабайы күйде де, қолға үйретілген күйде де кездесе береді.  Бұл – Тибет таулы қыратының жергілікті тұрғындары үшін ең бағалы жануар болып табылады.  Сондай-ақ дала бөкені, оронго, кианг жабайы есегі, тай қойы, құдыр (moschus moschiferus) көп.

Кемірушілерден шақылдақ суыр, тышқан, қояндар барынша жиі кездеседі.  Олар тауды қыраттың қатаң жағдайына икемделіп өз мекендерін жердің астына салады.  Сондай-ақ кейбір жыртқыштар: түлкі, сусар, ақ тышқан інде тіршілік етеді.  Тибетке тән жыртқыш – шақылдақ жегіщ аю (Ursus arctos pruinosus).  Бір қызығы, жердегі індерде тіршілік ететін тек тибет сүтқоректілері ғана емес, сонымен бірге қыста ұшып кетпейтін кейбір құстардың түрлері де өмір сүреді.  Бұлар Тибетке тән тұрақты жануарла мен құстары болып табылады.

Тибет – полиметалл кендерінің, алтынның, касситериттің, темір және мыс кендерінің үлкен қоры.  Бұл жерде тұз бен соданың артық қоры өте жоғары деңгейде.  Мұнда гидроэнергетикалық ресурстың маңызы өте жоғары (оңтүстік жӘне оңтүстік шығыста), бірақ оларды пайдаланбайды деуге де болады.  Цангпо өзенінде және оның салаларында  қайықты “хабаршылар”  бар.  Өзен аңғарлары мен тау етектерінде, әсіресе оңтүстікте горох, ячмень, гречка өсіріледі, ал оңтүстік-шығыста бидай мен күріш өсіріледі.  Кей жерлерде картоп және басқа да бақша дақылдарымен қатар жемісті ағаштарды да (алма, алмұрт) өсіреді.  Өгіз, қой, ешкі, жылқы, есек өсіріп, егін шаруашылығы үшін шошқа мен ірі қараны асырайды.  Тибеттегі шаруашылықтың дамуына автомобиль жолдарын салу үлкен септігін тигізді.

Тибет тауының көп бөлігін Қытайдың Тибет автономды ауданы алып жатыр.  Халықтың көп бөлігін тибеттіктер және соған жақын ұлттар құрайды.  Олар тибетбирман тілінде сөйлейді.  Тибеттің солтүстік-шығыс аудандары Қытайдың Цинхай және Сычуань провинцияларына қарайды.  Бұл жерде де тибеттіктер мен тибет-бирман тілдес халықтар мекен етеді, ал негізгі халқы – Қытайлықтар. Сол жердегі ертеден мекендеп келе жатқан халықтар табиғат байлықтарын өз мүнкіндіктерінше пайдаланып, игеріп келеді.

Қарақорым. Тауына келер болсақ бұл таудың төменгі солтүстік бөлігінде шөлдер кең тараған.  Өсімдіктерден реомюрин және эфеоралар өседі.  Кеңістіктің көпшілік бөлігінде өсімдік түрлері мүлдем жоқ.  Тек Раскемдария өзенінің жоғары бөлігінде емен, жабайы алшалар, алмұрттар, өріктер өседі.  Ылғалды, әрі қорғалған жерлерде көгалды далалар кездеседі.  3500 метр биіктікте жартылай шөл дала тән болып келеді.  Ал 5500 метрге дейінгі биіктікте шөптердің жекеленген түрлері ғана өседі.  (Биіктеген сайын өсімдік түрлері мен саны кеми береді.  Мұндағы саны мен түрінің кемуі вертикальды бағыттағы табиғат зонасының ауысыуына апарып соғады). Түрлі-түсті гүлдер, ромашкалар, эдельвейстер шөп бетінде “кілем” түзеді.  Мохтар мен лишайниктер 6500 метр биіктікке дейін көтеріледі.  Оңтүстік беткейде қарағай, гималай кедрлері, теректер мен емендер сақталған (3000-3500).  Кішкентай, жеке тұратын немесе өрмелеп өсетін өсімдіктер 4000 метр биіктікке дейін көтеріледі.  Одан жоғары қарай көгалды дала жалғасады.

3000-4000 метр биіктікте тау ешкілерін, жабайы қойлардың, антилопалардың (оронго және ада) отары, жабайы есектер жайылады.  3800 метр биіктікке дейін қар жолбарысы, 4000 метр биікікке дейін қояндар мекен етеді.  Олар кейде мұздықтарға дейін өз іздерін қалдырады.  5000 метр биіктікке турлар мен бүркіттер ұшып барады.  6000 мерт биіктіктен сирек болса да өрмекшіні, көбелек пен масаны кездестіруге болады.  Бірақ өте аз мөлшерде.

Қарақорым Үндістан мен Қытайға дейінгі шекараны алып жаыр.  Бұл жерде ладакхтар, балтилар, хунзалар мен брокпылар өмір сүреді.  Оңтүстік беткейдің халықтары жүзім, өрік бауларын өсіреді.  Ал аңғарларға бидай, горох егіліп, алма және алша баулары өсіріледі.  Көгалдар, өзендер мен көл жағалауларында өгіздер, ешкілер, қойлар мен понилар бағылады.

Қарақорымда көптеген өткелдер бар (5000 метр).  Мысалы, Қарақорым өткелінен Қашқар мен Жаркенттен Кашмирге дейін баратын керуен жолы болған.  (5575 метр).  Ал Хунджерабөткелі арқылы автомибиль жолы жүргізілген (4890 метр).  Ал Лехада 3500 метр биітікте аэродром салынған.

Қарақорымның шығыс бөлігінде әлі күнге дейін бағындырылмаған 7000-8000 метр биіктіктегі шыңдар бар болатын.  Үлкен биіктікке байланысты олардың көптеген аудандарында толық сипаттама беретін карталар жасалмаған.  Табиғат мұнда биіктігі 7300 метрден асатын 30 шың сыйлаған.  Ал Памирде мұндай шың біреу ғана.  Қарақорымдың сегізмыңдықтарды бағындыру алғашқы алғашқы сынақтан кейін жарты ғасырдан кейін басталған таң қалатындай жайт емес.  1954 жылы Ж. А. Компаньони мен Л. Лачеделли (Итальяндың экспедицияның қатысушылары), профессор А. Дезионың басшылығымен Чогори шыңы бағындырылды.  1956 жылы Ф. Моравицемнің басшылығымен австриялық экспедицияшылар Гашербрум – ІІ шыңын бағындырды.  1957 жылы австриялық альпинистер пик. Брюд шыңына шықты.  1958 жылы америкалық экспедицияшылар пик. Хидден шыңына шығу арқылы Қарақорымдық “сегізмыңдықтарды” бағындыруды аяқтады.

Гиндукуш. 1500-2000 метр болатын аласа тауларды жартылай шөлдер алып жатыр.  Бұл жердің өсімдіктері тікенді, ал топырағы ашық-қоңыр түсті болып келеді.  Ал одан жоғарырақ можжевильник ағаштары орналасқан.  Олардың үлкен тамырлары топыраққа жақсы әсер етеді (топырақтың құнарлануы мен қарашіріндісінің артуына және бекуіне).  Қоңыр түсті топырақ 2000-2300 метрлік биіктікке тән.  Мұнда барбарис, аласа бойлы ағаштар, жабайы анар, фистишкалар, жаңғақтар өседі.  2500-2700 метр биіктікте миндаль мен итмұрын өседі.  Батыс Бадахшан, Нуристан, хиндураджда жоталарына субтропикалық топырақ түсі мен қоңыр түсті топырақ тән.  Бұл жердің ормандарында емен, грек жаңғағы,  ал солтүстігінде шырша мен пихта патшалық етеді.  Нуристан мен Хиндураджда гималайлық өсімдіктері бар орман өседі.  Одан басқа жүзім, өрік, жабайы алма өседі.  Гиндукуштың оңтүстік-шығыс беткейінде орман шекарасы 3300-4000 метр биіктіктен өтеді.  4000 метр биіктіктен жоғары көгалды және жартылай бұтақты астрагала мен акантолимон өсімдігі өседі.

Гиндукушта жабайы ешкілер мен тау қойлары, қар леопардалары мекен етеді.  Ормандарда еліктер, қоңыр және қара аюлар  кездеседі.  Өзіне тән өзіндік флорасы мен фаунасы бар, күрделі тау жүйелерінің бірі болып табылады.

Бұл таудың биік жоталарынан кафирлердің (дардылар) сирек қыстақтарын, ауғандарды, тәжіктер мен памирлік халықтарды көруге болады.  Қысқы уақытта, яғни қар бар жолдарды жауып тастағанда жергілікті халық ұзақ уақытқа дейін сыртқы әлеммен байланыссын тоқтатады.  Бұл жердің халқы мал және егін шаруашылығымен айналысады.  Барлық бос жерлерге бидай егіп тастайды.  Бидай бұлардың негізгі күнкөрістерініңі бірі болып табылады. 

Кохи-баба жотасы мен Батыс Гиндукуштың арасында Шибар асуы бар. Онымен Кабулды Мазари-Шарифпен байланыстыратын Трансгиндукуш автомобиль жолы өтеді.

Гиндукуштың оңтүстік-батысында құрғақ далалар және пісте немесе арша сирек ормандарының жекеленген учаскелері таралған.  Негізінен алғанда бұл аймақ аридті болып келеді.

Қарақорымның, әсіресе Гиндукуштың қойнауы әр түрлі пайдалы қазбаларға бай.  Онда көмір, әр түрлі металл удалары, графит кен орындары бар, бірақ оларды барлау өте төмен дәрежеде зерттеліп, оны өндіру де мардымсыз.

Қарақорымның ылғалдырақ оңтүстік және оңтүстік-батыс беткейлерін 3500 метрлік биіктікке дейін сирек ормандар жапқан немесе өсімдікке бай тау жайылымдары алып жатыр.  Орман Кафиристанда да бар.  Олар флоралық жағынан гималай ормандарына жақын, бірақ құрамы жағынан одан анағұрлым кедей.  Бұл ормандар мәңгі жасыл емен, гималай, қарағай, гималай самырсынынан тұрады.  Орамндардан жоғарыда – тоғайлар және бай субальпі шалғындары орналасқан.

Гиндукуштың солтүстік-батысында құрғақ далалар және пісте немесе арша сирек ормандарының жекеленген учаскелері таралған.  Өзен аңғарларын  бойлай грек жаңғағының тоғайлары, үйеңкі және басқа ағаш түрлері кездеседі.

Оазистерде жүзім шыбығы, әртүрлі жеміс ағаштары, дәнді дақылдар өсіріледі.  Қарақорымның оңтүстік беткейлерінде таудың төменгі белдеуінің үлкен аудандарын күріш егістері алып жатыр.

Наньшань. Наньшаньді зерттеудегі үлкен үлесті орыс саяхатшылары иеленеді.  Олар – Н. М. Пржевальский, В. И. Роборовский, Г. Н. Потанин, В. А. Обручев.

Наньшань таулы ландшафтының климаты негізінен шөлді, бірақ бұл тау жүйесінің шығыс бөлігіне тынық мұхиттық муссон әсер етеді. 

Наньшаньның батыс бөлігі шөлді ландшафтымен сипатталады.  Шөлдер, жартылай шөлдер және құрғақ далалар – 3000м-ге дейінгі биіктікте, одан биігірек таулы-жасыл аймақ (3800м-ге дейін) және таулы тундралы ландшафт (3800м-ден 4400м-ге дейін) орналасады.  4000-4400 м-ден жоғары биіктікте олар нивальді-гляциальді ландшафтымен ауысады.  Наньшаньның шығыс бөлігіне далалы және орманды далалы ландшафт тән.  Жоталардың солтүстік бөлігінен шыршалы орманды кездемтіруге болады.   2500м-ден 3000м-ге дейінгі биіктікте олар жиірек, әрі қалың болады.  Н. М. Пржевальский Наньшань тауын Тянь-Шаньмен салыстырғанда орманды болып келетінін атап өткен болатын. 

Мұндағы шырша түрі Тянь-Шаньдық шырша түріне өте ұқсас.  Ол – Шренк шыршасы.  Орман масииві қисық бұтақты ағаштармен және жыңғылмен жалғасады (3000-3600м), одан әрі субальпілік биік шөптер мен альпілік майда шөптер (3600-4000м), таулы тундралар (4000-4300м).  Солтүстік жотадағы биіктік ландшафт зоналылығы Оңтүстікке қарағанда жақсырақ.  Өткен ғасырдың 90-шы жылдары Наньшаньді зерттеушілердің бірі В. А. Обручев Наньшаньнің Орталық бөлігі дәрілік шөптерге өте бай екендігін айтқан, тіпті олардың түрлері Н. М. Пржевальский сипаттаған солтүстік Тибеттен кем түмпейді.  В. И. Роборовский өткне ғасырдың 90-шы жылдары Наньшаньда көптеген жабайы өгіздердің кездесетіндігін айтқан (әсіресе Риттер жоталарынан), сонымен қатар бұл тау антилоптарға, арқар қойларына (кейде оны куку-яман деп те атайды), тау ешкілеріне, аюларға өте бай.

Наньшаньда темір және полиметалл кендерінің, хромиттердің, алтынның, таскөмірдің қоры бар.  Жергілікті халық дәндік мәдениет (бидай, ячмень, жүгері) және егістік мәдениетпен айналысады.  Таулы өңірлерге қой, ешкі, жылқы, ірі қара өсіріледі.

Халқы құрамы жағынан аралас: қытайлар, монғолдар, дүнгендер, қазақтар және т. б. Бұл аралас халықтардың өзі өздерінің қарапайым тіршіліктерімен сол жердің табиғатын игеруге өз үлестерін қосады.

Куньлунь. Э. М. Мурзаев мұндай «тіршіліксіз» басқа таудың бүкіл Орталық Азияда жоқ екендігін айтады.  Мәңгілік қар жамылғысы орналасқан биіктікке дейін ашық-қоңыр топырақты шөлдің көтерілетінін біз жоққа шығара алмаймыз.  Орталық және Куньлуньның аридті бөлігінде   шөл «патшалық етеді».  3500-3600м биіктіктен кейін эфедро-теремкенді далалар кездеседі.  Батыс және Шығыс Куньлуньның шеткі аймақтарында ол далалы көгалдарға ауысады.  5000м-ден жоғары суық шөлді ландшафт таралған.

Ежелде бұл тау жүйесінде ормандар кең таралған болатын.  Олардың көлеңкесі қарларды еруден қорғап, көптеген қалалар мен мемлекеттер үшін бұл қар сулары ауыз су ретінде пайдаланылған.  Ормандарды жоюдың нәтижесінде Куньлуньнан бастау алатын көптеген өзендер кеуіп кетті, гүлденген қалалар орнына сусыз Такла-Макан мен Цайдам шөлдері орнады.  Такла-Маканмен шекараласатын тау етегінде ХІХ ғасырдың аяғына дейін отын ретінде пайдаланылатын өсімдіктер болатын. Итмұрын орманы, ежелгі можжевильник түрі, Тян-Шань шыршасы бүгінгі күні Қашқар тауының кейбір жерлерінде ғана сақталған (2400-3600м).  Ылғалдылығы жақсы Куньлуньның шығыс аймағынан емен мен қарағайдың жалғыз түрлерін кездестіруге болады.  Ал бір кездері бұл жерде әртүрлі ағаштың қалың орманы болатын.  Тауда тау қойы (батыста – арқар, шығыста кукуяман), тау ешкісі, құлан, жабайы өгіз мекен етеді.  Сонымен қатар, қасқыр, түлкі, аю, қар барсын да кездестіруге болады, ал көртышқандар мен сілеусіндердің түрі өте көп тараған.

Куньлуньда негізінен ұйғырлар тіршілік етсе, ал батысын тәжіктер мен қырғыздар мекендейді.  Олардың ең басты шаруашылығы  ― мал шаруашылығы.  Үлкен өзен аңғарлары бар аймақтардың халықтары оазисті егін шаруашылығымен айналысады.  Мұнда бидай, ячмень өсірілсе, ал тау етектерінде ― өрік, анар,шабдалы баулары өсіріледі.  Куньлунь тауынан ежелден алтын, темір және нефрит ―  шығыстың сүйікті тасы өндіріледі.  Куньлунь төрт автожолмен қиылысады.

Соңғы кездері алыс шалғай жатқан аудандарды игеру мақсатында тау ішілік өткелдерден автомобиль тас жолдарын салу да қарқынды дамып келеді. Бұл жолдар салынғанға дейін ол жерлерді игеруге мүнкіндік өте аз болатын.

Сонымен қатар айнала қоршаған ортаны қорғау мәселелері де кеңінен қолға алынып отыр. Себебі табиғаттың ластануына ең алдымен антропогендік (адам қолымен жасалынатын іс-шаралар) іс-әрекеттердің көлемі кеңіп келеді. Адамзат өздері игерген табиғи ортаны ластап қана қоймай, сол жердің топырағын эрозияға ұшыратудан бастап, өсімдіктердің кейбір түрлерінің жойылып кетуіне, жануарлардың қырылуы себепкер болады.

Мысалы, тау жануары қодас жоғары дәрежеде қырылуға ұшырап, сиреп кетті. Ал мұның алдын алмаса ол түрдің жойылып кету қаупі бар. Ал кей жағдайларда жануарлардың өзінің адамзат пен оның шаруашылығына зиянды әсерлері болып тұрады. Мұндай жағдайда да ол жануарлар қырылуға ұшырайды. Мысалы, Үндістан мен Үндіқытай үшін барлық жерде: ормандарда, саванналарда, бақтарда, елді мекендер маңайында, тіпті қалаларда тараған маймылдардың көптігі тән сипат. Бұл жағдайлар кейбір шектен тыс көбейіп кеткен жануарлар түрінің қырылуына алып келеді.

Тағы бір айта кететін жайт өзен суларының экологиялық жағдайы. Егер де тау табиғатын игергенде оны дұрыс пайдаланбай, түрлі өндіріс қалдықтарымен, радиоактивті ластағыш заттары таратып жіберген жайдайда өзінің бастауын таудан алатын барлық өзендер мен көлдер жоғары дәрежеде ластануға ұшырайды. Өзеннің лас суы ағып барған кез-келген жердің табиғаты, ондағы өсімдіктер мен жануарлар дүниесі қырылуға немесе түрлі өзгерістерге тап болады. Сол себепті ең алдымен атмосфераны ластамай, яғни өндірістен шығатын түрлі улы газдардың алдын-алу жолдарын да қарастырудың өзі табиғатты қорғаудың бір элементі болып табылады.

Атмосфера ластанған жағдайда одан жауатын жауын-шашындар атмояфераағы түрлі лас қалдықтарды (қышқыл жауындар) алып жер бетіне түседі. Әсіресе бұл жауындар өсімдіктер дүниесіне өте қауіпті.

Ғылым мен техниканың, экономиканың дамуы түрлі бағытағы экспедицияларға жол ашады. Әсіресе бұл ағыттағы салаға туризмді айта кетуге болады. Егер де туризмді дұрыс ұйымдастырмаған жағдайда көптеген келеңсіз жағдайларға апарады. Мұның ішіндегі ең негізгісі заң бұзушылықтардың орын алуы. Онда табиғаттың көптеген әсемдіктері бұзылып, ластанып, жануарлар дүниесінің қырылуына, сиреуіне не болмаса басқа жаққа қоныс аударуына адамзаттың өзі себепкер болады. Осылардың әсерінен қазіргі кезде тауда мекендейтін көптеген жануарлардың түрлері басқа жақтарға қоныс аударып кетуде.

Мұндай экологиялық ластанулар мен табиғатытың бұзылуы реттейтін комитеттер көптеген іс-шара жұмыстарын алып баруда. Бұл экологиялық комитеттер ең алдымен жергілікті халықтың көмегіне кеңінен арқа сүйейді. Жергілікті жердің табиғатын қорғауда сол жердегі халықтың үлесі басым болып келеді. Мұндағы табиғатты қорғайтын да ластайтын та ең негізгі күш осы жердің тұрғылықты халқы болып келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Азияның биік таулы аймақтарының физикалық-географиялық ерекшеліктерінің географиясына жүргізілген жұмыстары кездейсоқтық емес, ол белгілі бір ғылыми және практикалық маңызы бар сұраныстан құрылғандығын дәлелдейді. Дүние жүзінің ең биік тауларының бірі болатын бұл өлкенің физикалық-географиялық ерекшеліктеріне деген қызығушылық жеке ізденушілер мен сол жерлерге саяхаттаушылардың назарын аударып отыр. Таулардың табиғатын зерттеу, олардың климаты мен табиғатын тереңірек зерттеп, олардың өзіндік ерекшеліктерін ашып көрсету бүгінгі күннің қажеттіліктерінің бірі болып отыр.

Бұл биік таулы өлкелер Еуропа тауларымен салыстырғанда аз және кейінірек зерттелді. Биік  таулардың физикалық-географиялық ерекшеліктерін  ашып көрсетіп, оны зерттеу мен қорғауды мемлекетік деңгейде қолға алып, соған қызығушыларға көрсете алған жағдайда осы аймақтың да туризм саласын үлкен деңгейге көтеруге болады.

Орталық Азияның табиғат жағдайларын қарастырғанда оны жеке алып қарастыруға болмайды. Себебі ол географиялық қабықтың біртұтастылығы деген заңдылығына қайшы келеді.

Сонымен диплом дұмысын қорытындылай келе мынадай тұжырымдар жасауға болады:

  1. Орталық Азияның биік таулары Еуразиядағы, сонымен қатар дүние жүзіндегі ең биік, ірі тау жүйесі. Ол өзінің көптеген сипаттарымен ерекшеленеді. Ең алдымен;

а) тектоникалық қалыптасуы мен геологиялық құрылысында, құрылымы мен рельефінің ішкі айырмашылықтары;

ә)  климаты мен табиғат жағдайларының қалыптасуында;

б) өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің суық пен биіктік белдеуге, төмен қысымды атмосфералық жағдайларға үйренуі;

в) таулардың географиялық орналасуы мен физикалық-географиялық жағдайының өзіне тән ерекшеліктерімен ерекшеленеді.

  1. Биік таулар ең алдымен материктің климат пен табиғат жағдайын қалыптастыруда үлкен тосқауыл қызметін атқарады. Мұхиттардан келетін ылғалды ауа массаларын тосып, ауа ағындарының бағытының өзгеруіне себепкер болады.
  2. Тауларда табиғат белдеулері ендік бағытында емес керісінде биіктік белдеулік (вертикальды) бағытында болады. Сонымен қатар онда өсімдіктер түрлері мен жануарлардың өмір сүруі биіктікке байланысты өзгеріп отырады.
  3. Климатының континентальды, аридті болуы, оған келетін ылғалды ауа массаларының аздығымен (орталық және теріскей бөліктерінде) ерекшеленеді.
  4. Орта Азия тауларының физико-географиялық ерекшеліктерін ескере отырып, ондағы туризмнің кеңіне даму мүнкіндіктеріне ашуға жол ашу.
  5. Азияның биік тауларын игеумен қатар оларды қорғау мәселелеріне көңіл аудару қажет.

 Осы көрсетілген мәліметтер мен деректер тек қана Азияның Биік тауларының ғана емес барлық таулардың өзіне тән өзіндік ерекшеліктері бар екендігін, сонымен қатар ондағы болып жатқан барлық географиялық процестер басқа да айнала қоршаған географиялық қабықпен тығыз байланысты екендігін ескеру керек.

Бұл дипломдық жұмысты орындау барысында көптеген ғалымдар мен зерттеушілердің еңбектеріндегі ой-пікірлері де кеңінен қарастырылды.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Т.В.Власова “Материктердің физикалық географиясы” І-том.
  2. 2. Н.В.Паклина “Горы и горах” Москва; “Просвещение” 1996. 148-203 с.
  3. “Физическая география Евразий” / Ю.В.Новиков Москва: Издательско-торговый дом “Гранд”, 1988.
  4. Ж.Достайұлы “Жалпы гидрология” Алматы “Білім” 1996.
  5. Н.Тұяқбаев, К.Арыстанов, Б.Әбішов “Жалпы геология курсы” Алматы “Білім” 1993. 24-34 бет.
  6. К.Сапарбаев “Геология және гидрология” Алматы “Ана тілі” 1991. 9-11, 79-82 бет.
  7. Н.Сейітов “Жұмыр жердің тынысы” Алматы “Қазақстан” 1991.
  8. Н.П.Неклюкова “Жалпы жер тану” Алматы “Мектеп” 1980. 207-269 бет.
  9. Жуков Л.А. “Состояние климат Евразий” Лелинград: “Гидрометеоиздат”, 1976
  10. Т.В.Власова “Материктердің физикалық географиясы” ІІ-том.
  11. Природа №4 (812) апрель. Москва 1983.
  12. 1 П.П.Второв, Н.Н.Дроздов “Биогеография” Москва “Просвещение” 1978 год. 255-261.
  13. 1 Большая советская энциклопедия (в 30-ти томах) т. 18 – 633 стр.
  14. Ж.Достаев. “Табиғат суларын ластанудан және сарқылудан қорғау”. Алматы, “ҚазМУ”, 1993.
  15. С.В.Калесник “Жалпы жер тану негіздері” Алматы 1952.
  16. “Страны и народы” Москва 1978.
  17. Статья Н.В.Паклина, младший научный сотрудник Института проблем экологии и эволюции им.А.М.Северцовой К.вана Ордена, доктор философии, сотрудник департамента охраны природы провинции Южная Голландия (Нидерланды)
  18. “Глобальные проблеми человечества” / И.А.Родионова Москва “АО Аспект Пресс”, 1994.
  19. “Средные Азии” / В.Н.Степанов Москва: Издательство “Знание”, 1974.
  20. Т.В.Власова “Материктердің физикалық географиясы” ІІ-том.
  21. Литература: энциклопедия «Аванта +», том «География»; Сергей Буланов «Штурм Эвереста».
  22. Новиков Ю.В., “Экология, окружающая срда и человек”. Москва; ФАИР-ПРЕСС, 2003.
  23. Кондратьев К.Я. “Ключевые проблемы глобальной экологии” – Москва; 1990.
  24. Ж.Достаев. “Табиғат суларын ластанудан және сарқылудан қорғау”. Алматы, “ҚазМУ”, 1993.
  25. Одум Рудзевич Н.Н., Пашканг К.В. “Охрана и преобразование природы”. – Ю. Основы Москва; “Просвешение”, 1986 экологии. – Москва; Мир, 1975.