Каспий маңының геоэкологиялық жағдайы
География мамандығы
Мазмұны
Кіріспе……………………………………………………………………………………………………….3
1 Каспий теңізі және оның маңының физикалық -географиялық сипаттамасы…………………………………………………..5
- Каспий атауының шығу тарихы…………………………………………………………………5
- Рельефі мен геологиялық құрылысы………………………………………………………….6
- Климаты мен ішкі сулары………………………………………………………………………….7
- Өсімдік, топырақ жамылғысы……………………………………………………………………9
- Жануарлар дүниесі және биоресурстары………………………………………………….10
2 Каспий теңізі және оның маңының экологиялық мәселелері…………………………………………………………………………………………….16
2.1 Мұнай-газ өнеркәсібі………………………………………………………………………………16
2.2 Балық шаруашылығы……………………………………………………………………………..25
2.3 Маңғыстау мұнай –газ кешенінің аймақтық жануарлар дүниесіне әсері…..34
3 Каспий теңізі және оның маңының экологиялық жағдайын жақсартудың жолдары…………………………………………..38
- Каспий теңізінің қазіргі экологиялық ахуалы…………………………………………..38
- Мұнай ластанған топырақтың мәселелері және оларды
тазарту жодары………………………………………………………………………………………..45
- Каспий теңізі –қазақстан секторының өндірістік әлеуеті………………………….49
- Теңіз ортасын қорғау, сақтау және қалпына келтіру…………………………………53
Қорытынды…………………………………………………………………………………………..58
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………………………60
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының өзекті мәселелері. Каспий теңізі – тек Қазақстан аумағындағы ғана емес, дүние жүзі бойынша көлемі ең үлкен көл. Теңіздің жануарлар дүниесі мен минералды қорлары халық шаруашылығы үшін өте маңызды. Атап айтсақ, Каспийдің әлемге әйгілі бекіресі мен ең басты байлығы – мұнай Қазақстанмен қоса, жағалауында орналасқан басқа төрт мемлекетті қамтамасыз етіп отыр. Алайда мұнайды өнеркәсіпте ұқыпсыз пайдалану әсерінен Каспийдің био ресурстары мен суы, жағалауындағы табиғи кешендер ластанып, зардап шегуілде. Бұл бір проблема болса, Каспий балықтарын шектен тыс аулап отырған – балық шаруашылығының ысырапшыл әрекеті екінші бір проблеманы туғызып отыр. Бұл жағдай осы сарынмен жалғаса берсе, тиісті шаралар жүргізілмесе Каспийдің жағдайы мүшкіл болмақ. Көкейкесті мәселе ретінде осыны талдау талабы қойылып отыр
Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы. Каспий теңізі мен оның биоресурстарын, минералды ресурстарын тиімді пайдалану және теңіздің қазіргі экологиялық ахуалын жақсарту бойынша экологиялық-экономикалық тұрғыдан кешенді зерттеу барысында:
- Теңіздің физикалық-географиялық, экологиялық және қазіргі кездегі жағдайы анықталды;
- Теңіз суы мен биоресурстарының негізінен мұнай өнімдерімен ластанғаны және балықтарының, балық шаруашылығының пайдалануынан ысырап болуы анықталды;
- Каспий теңізіне халық шаруашылығының теріс әсерін жою немесе төмендету мақсатында жүргізілген іш шаралар айқындалды.
Сондықтан да жоғарыда аталған ахуалдың алдын-алу үшін Каспий теңізінің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасы тарапынан бірнеше бағдарламалар ұсынылып, оларды жүзеге асыру барысында көптеген іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар Халықаралық Каспий экологиялық жүйесін қалпына келтіру мен сақтау мақсатында бірлесе жұмыс істеуде.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы. Зерттеу барысында жасалған тұжырымдамалар, алынған мәліметтер теңіздің суы мен биологиялық ресурстарын пайдаланатын мекемелер үшін қажетті материал. Зерттеудің практикалық құндылығы қазіргі замандық антропогендік үрдістер әсерінен қалыптасқан ландшафттардың зерттелуі
Диплом жұмысының мақсаты. Каспий теңізімен маңындағы аймақтың экологиялық жағдайына баға беру, өнеркәсіп орындарымен ластанған теңіз табиғаты мен оның құрамдас бөліктерін қалпына келтіру және оның тиімді жолдарын қарастыру.
Диплом жұмысының міндеттері.
- Каспий теңізінің физикалық-географиялық жағдайларын зерттей отырып, мұнай және балық кәсіпшілігінің ерекшеліктерін анықтау;
- Мұнай – Каспий теңізінің басты байлығы ғана емес, негізгі ластаушы көзі ретінде де қарастыру;
- Теңіздің ихтиофаунасының азаю және жойылу себептерін анықтау;
- Каспий теңізінің экологиялық ақуалын жақсартудың тиімді жолдарын айқындау.
Зерттелу объектісі. Каспий маңының ландшафттық-экологиялық жағдайы.
Диплом жұмысының теориялық және әдістемелік негіздері. Ғылыми зерттеулерге қойылатын теориялық талаптарға сай ғылыми деректер топтамаларына және осы бағыттағы арнайы мерзімдік басылымдарды, жарияланған материалдар мен ресми құжаттарға, келісім-шарттарға арқа сүйей отырып зерттеудің теориялық тұжырымдарын жасау. Әдістемелік негіздері ғылыми дәйектілік, обьективті дәлдік және диплом жұмысының тақырыптары мен талаптары.
Жұмыстың практикалық базасы. Каспий маңының туралы жинақталған ғылыми — теориялық еңбектердегі тұжырымдар мен өңірлік шаруашылық салалары.
Жұмыстың құрылымы мен қысқаша сипаттамасы. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
Бірінші тарауда – «Каспий теңізі және оның маңының физикалық-географиялық сипаттамасы». Мұнда Каспий атауының шығу тарихы, рельефі мен геологиялық құрлысы, климаты мен ішкі сулары, өсімдік-топырақ жамылғысы, жануарлар дүниесі және биоресурстары қамтылған.
Екінші тарауда – «Каспий теңізі және оның маңының экологиялық мәселелері». Мұнда мұнай-газ өнеркәсібі, балық шаруашылығы, Маңғыстау мұнай – газ кешенінің аймақтық жануарлар дүниесіне әсері жайлы қамтылған.
Үшінші тарауда – «Каспий теңізі және оның маңының экологиялық жағдайын жақсартудың жолдары». Бұл Каспий теңізінің қазіргі экологиялық ахуалы, мұнай мен ластанған топырақтардың өзекті мәселелері және оларды тазарту жолдары, Каспий теңізі – Қазақстан секторының өндірістік әлеуеті, Теңіз ортасын қорғау, сақтау және қалпына келтіру қарастырыоып қамтылған.
Жұмыс компьютерде терілген 62 беттен, 6 кестелерден, 2 суреттен тұрады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 46.
I . Каспий теңізі және оның маңының физикалық –географиялық сипаттамасы
1.1 Каспий атауының шығу тарихы
Каспий теңізі дүние жүзіндегі ең үлкен көл, көлеміне қарай теңіз аталып кеткен. Каспий теңізі жайлы антика ғылымдарының еңбектерінде Геродот (б.з.д. V-ғ.), Аристотель, Клавдий Птолемей т.б. Каспий физикалық-географиялық жағдайын зерттеу I Петрден және есімдермен байланысты Ф.И. Сайманов, А.А. Бекович – Черкаский, А. Кожий. Каспий теңізінің 70-тен астам атауы болған: Гиркан Хвалын, Хазар, Абескун, Сарай, Дербент және т.б. Қазіргі атауын теңіз б.з.д. I ғ-да өмір сүрген каспий тайпасының құрметіне алды [1,28б.].
Каспий теңізі — түркі тілдес елдеріне ортақ орналасқан дүние жүзіндегі ең үлкен тұзды көл. Жалпы көлемі 400 мың м-ге жуық, айдыны өте үлкен болғандықтан, теңіз деп аталады. Каспий теңізі 13 мың жыл бұрын Қара теңіз бен Жерорта теңізі арқылы дүние жүзілік мұхитпен жалғасқан. Ол кездегі теңіз суының деңгейі қазіргіден 75 м жоғары болған. Каспий теңізі жағалауын қоныстанған ежелгі сақ тайпаларының бірі. «Каспий» атауы алғаш Геродоттың «Тарих» аталатын шығармасында кездеседі. Негізгі кәсібі – мал шаруашылығы болған. Кейін (б.з.б. I ғасырға дейін) Каспий мидия, салбан, ғұн, түркі т.б. тайпалармен араласып кеткен. Каспийдің атынан Каспий теңізінің Кавказ (Қапқас) тауының және ежелгі Әзербайжанның Каспиана облысының атауы шыққан. Ежелгі дәуір атауларының (Геродот, Страбон, Клавдий, Птолемей) деректері бойынша, Каспий б.з.б. 1-мыңжылдық соңына дейін қазіргі Каспий теңізінің оңтүстік-батыс және батыс жағалауын қоныстанған. Жылқы, түйе, ешкі, сиыр өсірген, жүзім еккен, балық аулаған, қол өнерімен және саудамен айналысқан. Геродот Каспийдің парсы патшасы Ксеркстің гректерге қарсы жорығына қатысқанын жазады. Каспилер мал терісінен жасалған киім киіп, садақ пен қисық қылышпен қаруланған [2,35б.].
Қазіргі заманғы кейбір зерттеушілер ежелгі түркі тайпасы “қасог” пен қазіргі “қазақ” халқы этнонимінің пайда болу тарихын Каспий атауымен байланыстырды (қас – сақ). 1865 ж. Жарық көрген “Ресей империясының географиялық-статистикалық жинағында” қасог тайпасын қайсақтармен (қазақтармен) бір деп жазады. Страбон жазбасында қасогтар скифтер (сақтар) қатарында аталған. 748 ж. Константин Багрянародный “Захиянның арғы жағында Панагия бар, Панагиядан әрі Қазахия. Қазахияның сырты Кавказ тауы, одан әрі аландар мекені” деп жазды. Заратуштраның өсиеттерінің жинағы “Авеста” б.з.б. III-ғасырда “авеста тілі” деп аталатын каспи тілінде алғаш рет хатқа түскен [3,11б.].
Ертедегі араб ғалымдары Каспий теңізін – Гиркан, Абескун, Журджан, Дайлем, Колзум, Хазар деп атаған.
Орыстар Хвалын (Х-ХПІ ғ.) Мазандаран, Табаристан, Орыс, Астрахан, Ширван, Албан және т.б. көптеген аттары болған.
XX ғасырдың алғашқы жартысында теңіз суы тартылып, деңгейі төмендей бастады. Мұндай құбылыс 1929, 1933, 1941 жылдары байқалған.
1977 жылы Каспий суының көлемі 424 мың текше метрден 360 мың текше метрге дейін азайған.
1978 жылдан бастап теңіздің деңгейі қайта көтеріле бастады.
1991 жылдан бастап теңіз деңгейі 2,06 метрге көтеріліп, жағалауындағы көптеген жер су астында қалды [2,91б.].
1.2 Рельефі мен геологиялық құрылысы
Каспий теңізі түбінің рельефі мен гидрографиялық ерекшеліктеріне қарай Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Каспийге бөлінеді.
Солтүстік Каспий бөлігі неғұрлым тайыздау (тереңдігі 4 – 8 м) бөлігі, түбінің рельефі белесті, аккумуляциялық жазық қайырлар мен арал тізбегінен тұрады. Орталық бөлігінен Маңғыстау шоңғалы арқылы бөлінген. Орталық Каспийде теңіздің ең шұңғыл (ең терең жері 788 м) шельфті және құрлық беткейі айқын байқалады. Оңтүстік Каспий түбінің рельефі абиссальды жазық әрі шұңғыл шельфті болып келеді. Каспий теңізінің солтүстігі, Шығыс Еуропа платформасының кіретін маңы синеклизациясының оңтүстік шетін қамтиды. Орталық бөлігі теңіз түбіне шөккен эпигерциндік Тұран платформасы мен Үлкен Кавказ геосинклиналының шеткі иіні болып табылады. Оңтүстік Каспийдің түбі ең байырғы теңіз шұңқыры. Каспий теңізі жоғарғы миоценде Қара теңізден бөлініп, жоғары плиоценде қайта қосылған. Ал антропогенде мұз дәуірінің бірнеше рет қайталануына байланысты Каспий теңізінің трансгрессиялары регрессиялары ұдайы алмасып отырған.
Физикалық-географиялық белгілері, гидрографиялық режимінің ерекшеліктері бойынша Каспий теңізі солтүстік ортаңғы және оңтүстік бөліктерге бөлінеді. Астрахан облысы солтүстік бөлігіне жақын жерде орналасқан.
Солтүстік Каспий түбінің жер бедері дельтамен, авендельтамен тайызсулы, аздап толқынды аккумулятивті жазықтардан және бірқатар аралдардан тұрады. Аласа жайпақ жағалар батпақтанған, 3-4 метрге дейін биіктіктегі қамыстың қалың тоғайларымен жабылған. Алаптың бұл бөлігінің тереңдігі 4 метрден сирек асады. Кеме жүзу мен балық косягын кіргізу үшін мұнда каналдар салынуда ( Волга-Каспий каналы және Киров және т.б.). Ойпатты тегіс жағалау басым. Жағалауында теңіз суының бұрынғы жоғары тұрған кезеңін дәлелдейтін теңіз террасалары көп.
Каспий теңізінің қалыптасуы ұзақ геологиялық мерзімде өтті. Осы уақыт ішінде теңіз суы бірде жағалауы басты (трансгрессия), бірде су кейін қайтып отырды (регрессия). Плейстоцен кезеңінде (70 млн жыл бұрын) теңіздің Понто-каспий алабы оңтүстігінде орналасқан Тетис атты үлкен теңізден бөлініп қалды. Понтий кезеңінде (10 млн жыл бұрын) құрамында қазіргі аумақты алып жатқан Қара және Каспий теңіздері бар Сармат теңізі бірнеше бөлікке бөлінді. Нәтижесінде оқшау тұйық алапты қамтыған қазіргі Каспий теңізінің нобайы пайда болды. Бұл кезде теңіздің аумағы қазіргіден кіші болған.
Орта плиоценнің кейбір кезеңдерінде теңіздің аумағы одан да кіші болған. Ол тек Дербент қазаншұңқырымен ғана шектелген. Каспийдің шарасы тереңдігі және түпкі бедері жөнінен 3 бөлікке бөлінеді. Құрлықтық қайраңында орналасқан солтүстік бөлігі тайыз 10-20м. Орта тұсындағы ойпаңда тереңдігі 788 м . Оңтүстік бөлігі терең ойпаң – 1025м [3,43б.].
- Климаты мен ішкі сулары
Каспий теңіз үстінен қысқы азия максимумы мен жазғы азор максимумының тармақтары басып өтуіне байланысты ауа райы антициклонды болып, қысы суық, жазы құрғақ, жауын-шашыны аз, континенттік климат қалыптасқан.
Ауа райы жылы болатын жыл маусымдарында Каспийдің орташа көп жылдық температурасы 24°С–26°С. Абсолюттік минимумы (44°С жағалауында байқалады). Теңіздің орталық бөлігінде, солтүстік батысында және батысында секундына 24 метрге жететін жылдамдықпен күшті жел тұрады. Теңіз айдынына жылына орта есеппен 200 мм, ал батыс жағалауында 1700 миллиметрге дейін жауын-шашын түседі. Буланудың жылдық мөлшері теңіздің барлық бөлігінде тым жоғары (100 миллиметрге дейін), ал шығыс бөлігінде 1400 миллиметрге дейін жетеді. Каспий теңізінде негізінен өзен ағындары мен желге байланысты судың циклондық араласуы басым. Жел теңіз толқындарын жиі туғызады, олардың биіктігі Апшерон шоңғалында 11 метрге жетеді. Жаз айларында судың беткі қабаты 24°С – 26°С, оңтүстігінде 29°С, Красноводск шығанағында 32°С дейін жылынады. Қыс айларында судың орташа температурасы солтүстікте – 05°С, орталық бөлікте 3°С – 7°С, оңтүстікте 8°С – 10°С градус болады. Солтүстік бөлігі қарашадан наурызға дейін қатып жатады, мұзының қалыңдығы 2 метрге дейін жетеді. Каспий теңізінің кейбір таяз шығанақтары қысы қатты жылдары ғана қатады теңіз суының орташа тұздылығы 12,7 промиль (Қарабұғаз көлінде тым жоғары 280-305 промильге дейін), шығыс жағалауында 13,2 промиль, солтүстігінде Волга өзенінің құюына байланысты теңіз суының тұздылығы өзгеріп отырады.
Теңіз суының конвекциялық қозғалысының салдарынан қыс айларында солтүстік Каспийдің суы вертикалды бағытта тұтастай араласады, ал орталық және оңтүстік бөліктерінде конвенциялды қозғалыс 200-300 метрден артпайды. Каспий теңізінің деңгейі солтүстік бөлігінде 2 – 2,5 м-ге көтеріліп, 2 метрге төмендейді. Каспий теңізінің ең жоғары деңгейі біздің ғасырымыздың басында және XIX ғасырдың басында байқалады, ал ең төмен деңгейі VII – XI ғасырда болған, ол қазіргі деңгейінен 2 – 4 метр төмен болды деген болжам бар. Каспий теңізінің су балансының кірісі: жауын – шашыны 66,8 текше километр, өзен ағындары 266,4 текше километр, жер асты мен қосылатын су 5 текше километр; шығысы: булануы 357,3 текше километр, Қарабұғаз көлге құйылатын су 4 текше километр, шаруашылыққа жұмсалатыны 1 текше километр. Каспий теңізінің деңгейі артық шығын есебінен (1966 – 1967 жылдар аралығында) 7 сантиметрге төмендеуде. 2000 жылдары қазіргі деңгейден 2 метр төмендеуі мүмкін. Теңіз деңгейін көтеру үшін Вичегда, Печора өзендерінің алабын Волгаға қосу, Қарабұғаз көлге құйылатын суды реттеу жобалары жасалуда [4].
Каспийдің гидрологиялық режимінде жел маңызды рөл ойнайды. Желдің орташа жылдамдығы бүкіл жыл ішінде 3-7м/сек-ды құрайды. Күшті дауыл желдері қазан мен сәуірде байқалады: моряна және бриз. Жел дрейфті және ағынды ағыстардан туындайды. Толқын жылдамдығы бірнеше сантиметрден 1м/сек-на дейін тербеледі және 24-28м/сек жел жылдамдығымен 1 метрден асады. Толқын биіктігі дауылды ауа-райында көбіне 2 метр, Каспийдің солтүстік бөлігі ұсақ сулы және қыста бетін мұз жапқандықтан 4 метрге сирек жетеді.
Желтоқсан соңында бүкіл аумақты мұз басып, оның қалыңдығы кейбір жерлерде 40-70 см-ге жетеді. Дауылды желдер 12 метрге дейінгі биіктіктегі сіңді мұз шоғырын қалыптастырып, мұздарды бұзады. Наурыз- сәуір аяғында Солтүстік Каспий түгелімен мұздан тазарады. Жазда су орташа 24-26°С-қа дейін жылиды, ал саяз суда — 35°С-қа дейін. Каспий теңізінің сулары белгілі минерализациялаумен сипатталады. Солтүстік Каспийде орташа тұздылық 6-дан 11%-ге дейін және Волганың құятын жерінде 3 %-ке дейін азаяды. Каспий суы алаптың тұйықтылығына және үлкен өзен ағынының әсеріне негізделген, кальций ионына, сульфаттарға бай болып келеді.
Каспий теңізінің кескіні үнемі өзгеріп отырады. Теңіз 49 метр абсолюттік биіктікке көтерілген және –50 метрге дейін түскен. Судың ең жоғары деңгейінде Каспийдің Қара теңізбен байланысты Хумо-Маныч прогибі арқылы орнатылды. Каспий теңізі денгейінің тұрақсыз екеніне көптеген археологиялық қазбалар куә болып отыр. Мысалы, Апшерон шығанағы табанынан дамба салу кезінде 1,5 м тереңде б.э.д. I ғ-да жерленген тас мазарлардан скиф жауынгерлері табылды.
ХХ ғ-дың 30-шы жылдарында теңіз қайта басталды. 1977 жылы соңғы 300 жылдағы ең төмен деңгейі тіркелді. Ол –29,03 метр. 1978 жылдан Каспий теңізі көтеріле бастады, қазір оның деңгейі –27 метрге жетіп, одан ары көтерілуде.
Каспийдің деңгейі қазіргі кездегімен салыстырғанда климат жағдайларына байланысты тағы 4-5 метрге жоғарылауы мүмкін . Теңіз суы ондаған километр құрлыққа түпкірлей қозғалуда [1,10б.].
Ішкі сулары. Каспий теңізінде 130-дай өзен құяды. Ағын су көлемінің 80 %-ін Еділ, 5 %-ке жуығын Жайық өзендері берсе, Терек, Сулак, Самур өзендері 5 %-тен астам, Кура өзені 6 %-тін береді. Иран жағалауындағы өзен мен Кавказдың кіші өзендері 4 %-ке жуығын береді. Жалпы жер беті суының теңізге келіп құятын ең көп және ең аз жылдық айырмасы жүз жыл ішінде 260 км3-ді құрайды. Теңіз суы бетіне шаққанда өзен ағынының мұндай өзгеруі Каспий теңізі денгейін 67 см-ге өзгертеді. Басқаша айтқанда Каспий теңізі деңгейінің жыларалық өзгеруі құбылысында өзен ағыны ғана жарты метрді құрайды.
Теңізге келіп түсетін атмосфералық. жауын-шашын мөлшері тым аз. Ол теңіз деңгейін 1 см-ге ғана көтереді. Каспий теңізінде Қарабұғазкөл шығанағының маңызы зор. Әсіресе, оның суының деңгейі мен тұздылығын сақтауға ықпал етеді. Теңізден келген әрбір км3 су шығанаққа 13 – 15 млн т әр түрлі минералды тұздар алып келеді. Қарабұғазкөл теңіздің буландырғышы рөлін атқарады. Каспий теңізінің тұздылығы Еділ мен Жайық өзендері сағасына жақын маңда 0,1 – 0,3%о-ке, оңтүстік-шығыста 13%о-ге дейін көтеріледі. Теңізде желдің, өзен суының және жағалау сызығының әсерінен циклондық айналма ағыс пайда болады. Каспий теңізі деңгейі маусымдық бір жылдан екінші жылға және ғасырлық мерзімде ауытқып тұрады [3,65б.].
1.4 Өсімдік, топырақ жамылғысы
Облыстағы флораның түрлік құрамы онша бай емес. Волга-Ақтөбе алқабы мен Волга атырауының территориясында зерттеу нәтижесінде 82 тұқымдасқа жататын өсімдіктердің 500-ге жуық түрі анықталды. Олардың ішінде көп тарағаны жусан, шылаң, ақтаспа қияқ, сүттіген тұқымдастары болып табылады.
Каспий маңы шөлдері – жартылай бұтақты жусан, гүлі аз немесе қара жусан, құм жусаны. Жусан тұқымдасының 10 түрі осы аймақта өседі. Шөл өсімдіктері эволюциясы нәтижесінде оларға ылғалдың жеткіліксіздігі мен топырақтың тұздануына әкеп соғатын бірқатар ерекшеліктерді өзіне сіңірді. Көптеген түрлерде жапырақтары өзгеріске ұшырады – жапырақ бетінің көлемі біршама кішірейе түсті. Кейбіреулерінде қашулардың нығаюы жүрді. Ережеге сай, шөл өсімдіктерінің жерасты бөлігі даму қуаты бойынша жер бетіндегіден 19-20 есе асып түседі – мұнда өсімдіктердің солерос, түйінді сарысазан, көп бұталы тамарикс, Гмелина кермегі – яғни тұзсүйгіш өсімдік түрлері өседі, қосмасақты эфедра, тонконог, боз, шебер семлитрянкасы, сұр терескен, алып қияқ, типчак, шөл бидайығы – бұл облыстағы шөлді флораның негізгі өкілдері. Шөлдің өсімдіктер жамылғысы топырақтың ауыспалылығы мен ерекше қозғалмалылығымен ерекшеленеді. Жалпы айтқанда шөл фаунасы 160-200 түр деп есептелінеді, ал бастылары күрделігүлділер, маралылар және дәнді тұқымдастары болып табылады.
Төменгі Волга аңғарының өсімдіктері құрамы ылғалдылықпен тікелей байланысты. Алқап пен атыраудағы ылғалдылықтың шұғыл ауысуы ормандардың таралуына кедергі жасайды. Олар тек тар алқаппен өзен арнасы мен ағысты жағалай өседі, негізгі кеңістіктер, шалғындардан бос емес. Мұнда қара терек, ақшаған, шегіршін мен тал тараған. Шалғындарда шағын ылғалдылықпен жербеті вейни, қышқылтым қымыздық, көкбасшөп, қалқымалы жусан, орыс подмареннигі, мүйізді лядвенец. Біршама ылғалды шалғындар қушық жапырақты қонақот, маренатәрізді подмаренник (алқапта) және теңіз түйнекқамысты дәрілік жалбызтікен және басқа да түрлер өседі. Ылғалданған және аса ылғалданған мекен ету орындары сүйрік қияқпен, жалпақ жапырақты сужелекпен, оңтүстік қамысымен, шетенді повоймен, жағалық қияқпен (атырауда) жабылған. Теңіз маңы аймағында биік қамыс өсінділері басым болып келеді. Атыраудың суаты бөлігінде спиральды валлиснерия, мүйізжапырақшалар, егеушөп, шатырлы сусактың суасты формасы өседі. Бұл өзінше «суасты шалғындары» – көптеген жартылай өтпелі балықтардың өсуі мен дамуы үшін тамаша жер.
Каспий теңізі өсімдіктер дүниесі түрлік құрамы бойынша атыраудың суасты бөлігінің флорасынан өзгеше болып келеді. Жоғары өсімдіктерден 5 түр ғана дамыған. Олар зостердің теңіз шөбі қырлы шылаң, теңіз наядасы, спиральды рупия және теңіз рупиясы. Мұнда сонымен қатар жасыл, көк-жасыл және диатом балдырлар (олардың саны 700 — ден асады) көп тараған. Олардан басқа Каспий теңізде алтынтүсті, пирофитті, эвгленді, қоңыр, қызыл балдырлар өседі. Каспий теңізінің балдыр түрлерінің көпшілігі фитофланктонға жатады. Бұл балдырлар – балық ресурстарының негізі.
Сонымен қатар Астрахан облысында 100-ден аса түр саналатын дәрілік өсімдіктер өседі. Ресейдің оңтүстік аймақтарында өсетін дәрілік өсімдіктердің ерекшеліктерін атап айту керек. Оңтүстікке жақындаған сайын әсер ететін дәрілік заттардың мөлшері жоғары болады, олар негізінен адам ағзасына күшті әсер етеді. Асрахан облысының үш дәрілік өсімдігі улы болып табылады. Аз мөлшерде улы заттар емдік әсерін тигізеді, осы заттар құрамында бар түрлер бірмезгілде дәрілік болып табылады. Ондай түрлерге: ақ акция, жапырақсыз сортаңды анабазис, қара меңдуана, кәдімгі сасық меңдуана кәдімгі кирзакон, мамыр інжер гүлі (ландыш) және басқа да өсімдіктер жатады.
Дәрілік өсімдіктер тобына жататын өсімдіктердің дайындамасы мүмкін емес және болмайды да. Ондай түрлерге – тасшөп (тимьян), мамыр інжір гүлі, жаңғақмұрынды лотос, батпақ айры жатады. Және де улы емес особтер бар: дәрілік алтей, жалаңаш мия, өрлеуіш бидайық, дәрілік бақбақ, құм салаубасы, қожақат, қушықжапырақты жиде, қаңғыма памелия ( порез-шөп, қаздың аяқтары – халықтық атау ).
Мәдени өсімдіктер де Астрахан өлкесінде біршама көп таралған, ХІІІ- ғасырдың өзінде Астрахан қарбызды еге бастады, бұл жерден ол Ресейдің бүкіл оңтүстігіне таралды. ХХ – ғасырдың ортасында суармалы көкөніс пен бау-бақша өсірудің ғылыми–зерттеу институты құрылды, қызанақ облыстағы – ең көп тараған шаруашылық. Қайта өңдеуші зауыттарда жоғары сапалы қызанақ шырыны, ащы соус, қызанақ сықпасы мен езбесі, кетчуп және басқа өнімдер алынады.
Астрахан қызанағы Ресейдің бүкіл еуропалық бөлігінде лайық мәртебе мен пайдаланылады. Елде алғаш рет жүзімдіктер Астраханда пайда болды, жүзімнен мейіз, шырын, шарап ала бастады. Соңғы жылдары Астрахан облысының территориясында күрішті өсіру үлкен маңызға ие болды. Сонымен қатар мұнда жемісті өсімдіктер: алма ағашты, беке, бүлдірген, т.б. өседі [1,23б.].
1.5 Жануарлар дүниесі мен биоресурстары
Каспий теңізі өсімдік, жануарлар дүниесіне онша бай емес. Мұнда өсімдіктердің 500, балық пен жануарлардың 854 түрі кездеседі. Өсімдіктері негізінен көк жасыл және диатомды балдыр түрлері болып келеді. Каспий теңізінде бекіре тұқымдас балықтар, майшабақ және моллюскалар тіршілік етеді. Мұнда Арктика теңіздерінен (Каспий итбалығы), Жерорта теңізі алабынан қоныс аударған жануарлар мен балықтардың 15 түрі мекендейді. Каспий теңізінен бекіре тұқымдас балық ауланады. Сонымен қатар майшабақ, табан балық, көксерке, сазан, итбалық ауланады. Каспий теңізі сонымен қатар мұнай өндірілетін ірі аудандардың бірі болып табылады. Натрий сульфаты, мирабилит және эпсомит тұздары өндіріледі.
Каспийдің солтүстік бөлігінің өсімдіктер мен жануарлар дүниесі аса алуан түрлі болып келеді. Бұл жерден тұщысу мен қоса тұзды суқоймаларын мекендеушілерді кездестіруге болады. Каспийлік қайраңды зонасында көмірсулы пайдалы қазбалар бар деген болжам бар. Алайда оларды барлаумен зерттеу бұл аймақтың экологиялық ахуалын қиындатуы мүмкін.
Каспий қайраңынан мұнай мен газды өндіру үшін біршама қауіпсіз жолмен жабдықтарды жетілдіру жүріп жатыр.
Аудан аумағындағы жануарлар әлемі едәуір алуан түрлі. Оған климат пен территорияның өзіндік орналасуы әсер етіп отырады.
Ең алдымен осы шарттар қарапайымдылар үшін маңызы бар. Су атырауларында олардың 150-ден астам түрлері таралған. Мұнда бадяга мекен етеді – ол губка класына жататын жануар. Ол ертеден халық медицинасында жарақат болғанда, радикулит, радиатизмді емдеуге қолданылады.
Каспий теңізі алабында ішекқуыстылардың 5 түрі: гидра американдық блакфордия, қаратеңіздік меризия, балтықтық бутенвиллия, полиподиум және гидраның бір түрі: краспедакуста тіршілік етеді. Жерде сауытты құрттар мекен етеді. Жер және жауын аудан топырағында құрттарының 10-нан астам түрі кездеседі. Атыраудың (дельта) тұщысулы суларында ұлулар мен сүліктер кездеседі.
Атырауда тағыда моллюскалардың 80-нен астам түрлері мекен етеді. Екіжармалы класқа олардан тіссіздер, перловицалар, шаровкалар, дрейсендер және басқалар жатады. Олардың денесі екі жармадан тұратын бақалшақта орналасқан. Барлық моллюскалар қорық іздеуде фильтрлеп, суды тазалайды. Бір моллюска 1 тәулікте шамамен 150-200 л тазалайды. Арқасын жауып тұратын тұтас құбырлы бақалшағы бар бауырымен жорғалайтын моллюскалар облыс территориясында тоғаншалармен, қақпақшалармен, өзен тірі туатындарымен, физалармен, орауыштармен, шылпылдақтармен ерекшеленеді.
Солтүстік Каспий территориясында 260-ға жуық шаян тәрізділер тіршілік етеді. Көп тараған өкілдері: дафниялар, ескекаяқты шаяндар, мизидалар, гаммаридалар, т.б. Қашықпалды шаян – Волга атырауындағы оң аяқты шаяндардың жалғыз өкілі.
Өрмекші тәрізділер топырақтың беті мен атмосфераның төменгі бөліктерін өздері мекен етіп алған. Оларды орманда, далада, шөлде, егінжайларда, тұрғын үйлерде кездестіруге болады. Аудан аумағында үлкен сальпугтар, ала шаяндар, өрмекшілер және кенелерді кездестіруге болады. Қарақұрт – Ресейдегі орманның ең бір қауіптісі, оның уы жыланның уынан 15 есе улы болады. Шаққандардың 6 %-ті өліп кетеді. Оңтүстік орыс тарантулы – Астрахан облысында танымал өрмекші. Бұл да улы өрмекші бірақ та адам өміріне қауіпті емес. Мұнда қарақұрт пен тарантулдан басқа улы өрмекшінің 6 түрі: қара өрмекші эрезус, крестовик, аргиопа және т.б. мекен етеді. Олар адам өміріне қауіпті емес. Көбінесе өрмекші – бокоход кездеседі. Олар гүлден гүлге оңай секіреді. Олар өрмек тоқымайды, жемтігін ойланбай аулайды. Олардың кейбіреулері өсімдік сусынымен немесе нектарымен қоректенеді. Астрахань облысының рельефі мен климаты насекомдардың мекен етуіне өте қолайлы. Мұнда 1500-ден астам насеком түрлері мекен етеді. Облыста жер қоңыздарының мүйіз тұмсық қоңыз, пимелла иісті красотел, шілтерлі ызылдауық, алтын және мәрмәрлі қолашалар. Сулылардан ірі және көп – үлкен және қара сусүйгіштерді, тағы жиекті жүзгіштерді көрсету керек. Үлкен сусүйгішті бұл аймақта көбінесе мамыр қоңызымен шатастырады.
Ауыл шаруашылығына ең қауіпті Америкадан келген – колорада қоңызы болып отыр, олар картофельдің жапырақтарын жеп зиян келтіруде.
Астрахань аймағында қандала отрядынан ескіш, ранатра, гладыш және тағы басқа суда жүзетін түрлері кездеседі. Ең белгілі өкілі – су өлшеуіштер.
Қабыршақ қанаттылар отряды – көбелектер. Астрахань облысында көбелектердің 140 түрі бар. Көп тарағандары: жалынды червонецтер, көгілдір икар, аргиат, таңқұрайшы, әдемі көгілдір және күмістей көгілдір – ұсақ немесе ұсақ денелі көбелектер. Ірі көбелектерден көп тарағандары: шалғын ақбасы, ошаған, бұрышқанатша, бұзаубас, махаон 1000 подалирий және тағы басқалары.
Бұл аймақ сонымен қатар шегірткелерге бай. Олардың үлкендері – эшна, немесе жәй иінағаш, және анакс – шолғыншы.
Сүйекті балықтар класы – су жануарларының көп тараған түрі. Егер тек Волгада тіршілік етенін балықтарды ғана емес, Каспий теңіздегілерді де қарастырсақ, барлығы 76 түр мен 47 түріші балықтары бар. Астрахань аймағы бұрыннан Русьте “қызыл балық” деп аталған бекірелерімен белгілі. Мұнда бекіре тұқымдастарының 5 түрі – орыс бекіресі, шоқыр, ақсерке, пілмай және стерлядь тіршілік етеді. Алғашқы төрт түр – өтпелі, ал стерлядь – тұщысулы балық. Тағы ақсерке гибриді және стерлядь – бестер өсіріледі. Майшабақ тәрізділерден Каспий пузанкасы, кәдімгі шабақ және қараарқа мен волга майшабағы мекендейді. Облыс аумағында Арқан балықтардан ақбалық, шортандар отрядынан – жалғыз өкілі – шортан кездеседі.
Волганың төменгі жағында тұқы балықтарына ақтабан, сазан, вобла, қызылперка, алтын және күміс караси, ақмарқа, густера, тасбас, ақамур, ақ және ала жуанмаңдайшалар жатады. Алабұғалардан өзен алабұғасы, таутан, және де көксерке мен берш кездеседі. Колюшкатәрізділер отрядының жалғыз өкілі – оңтүстік колюшкасы – Волга өзенінің төменгі жақтарындағы терең емес тұщысулы суқоймаларында түгелдей кездеседі.
Қосмекенділер судағы және жер бетіндегі омыртқалы жануарлар арасындағы аралық дәрежені алады. Астрахань облысында құйрықсыздар отрядының ғана өкілдері – көл бақасы, жасыл бақа және кәдімгі сарымсақшы мекендейді.
Тасбақалар отрядынан тек бір түр – батпақ тасбақасы кездеседі. Ал кесірткелерден ұшқыр кесіртке, түрлі түсті және ұшқыр аусылдар, құлақты дөнгелекбас, дөнгелекбастікқұйрықшық, тақыр жұмырбасы және қыңсылдауық геккон көп тараған. Осы өзіндік жануарлар үшін жымыңдамайтын көзқарас, екіге бөлінген тіл, улылық тән. Астрахань облысындағы жыландар тобы 10 түрден тұрады. Мұнда кәдімгі және су жыланы, сарыжылан, төртжақты және бедерлі полоздар, медянка, кесіртке жылан, құм айдаһаршық, дала сұржыланы және қалқантұмсық Паласса Волганың төменгі жағында көп тараған жылан түрлері кәдімгі және су жыланы болып табылады.
Астрахань облысы аумағынан құстардың 260-қа жуық түрін кездестіруге болады. Біреулерін (отырықшы) жыл бойы, басқа біреулерін (көшпелі және ұшып келетін) – миграция кезінде кездестіруге болады.
- Торғай отрядына үй және дала торғайлары.
- Синица отрядына – үлкен және лазеревка, құрқылтай; тоқылдақтарға – шетен, қара және әнші тоқылдақ.
- Қарлығаштарға – жағалық, қалалық және ауылдық түрлері, үлкенқұйрық, жаурауық, сұр және қаратұмсықты сорокопут, ементұмсық, дала бозторғайы, сұр қара, ала қарға сауысқан және т.б.жатады.
- Құрылтай – торғайдан кішкентай, ал сарыбас королек – Астрахань облысындағы құстардың ең кішкентайы. Лилектер отрядынан сұр құтан, ақ-кішкентай және үлкен, сары, египеттік құтандар, және де колпица, каравайка, үлкен және кіші выпилер, бақылдауық мекендейді.
- Қаз тәрізділерден облыста сұр қаз, аққулар – кликун мен шипуч, кряква, сұр үйрек, огарь, шүрегей-шартылдауық және тағы басқалар.
- Шағала тұқымдасынан кәдімгі күміс түстес және көл шағалалары, және де крачкалар – шағалаға ұқсайтын тұмсығында қармағы жоқ және айыр тұмсықты кішкентай құстар мекендейді.
- Жапалақ тәрізділерден Волганың төмен жақтарында сұр қомағай, батпақ жапалағы, үй байғызы, филин құлақты жапалақ кездеседі.
Облыс аумағынан сонымен бірге әдемі құстарды көруге болады: дала бүркіті, қаршыға-тұйғын, қамыс, дала, егінжай және дала лунейлері; қара кезқұйрық; қыстаушы; балобон; кәдімгі ителгі; скоп және т.б.
Сүтқоректілер түрлерінің жалпы саны 70-тен аспайды. Кеміргіштерден Астрахань облысында кішкентай және сары сарышұнақтар, айдарлы құмтышқандар, түкаяқты және емуран қосаяқтары, егінжай және үй тышқандары, кішкентай тышқандары, сұр егеуқұйрық, кәдімгі және су полекалары, андатра, құндыз, кәдімгі көртышқан, сұр қалтауыз және басқа түрлері кездеседі. Жыртқыштар отрядынан қасқыр, түлкі-қарсақ, еноттәрізді ит, дала күзені, ақкіз, аққұлақ, борсық, калимат және басқалар тіршілік етеді. Соңғы жылдары Волганың төмен жақтарында жыртқыштарды тағы бір түрі – американ қаракүзені көріне бастады. Ол терісі бағалы аң фермаларда өсірілген. Олардың көбісі аң фермасынан қашып кетті. Аймақта жұп тұяқтылардан қабан, киік, бұлан мекен етеді, тағы бір жұптұяқтылардың өкілі – асыл тұқымды бұғы жаңадан қоныстанды. Астрахань аймағындағы – қой шаруашылығы дамыған аудан, кейбір аудандардың табиғат жағдайы “шөл кемелері” – түйелерді өсіруге қолайлы. Бұл жерде қалмық тұқымды қосөркешті түйелер өсіріледі. Жарғақаяқтылар отряды бір ғана түрді каспий тюленін (нерпу) жатқызады. Ол баласын мұзда туатын теңіз сүтқоректісі [5,58б.].
Сонымен бірге, бұл аймақта құлақты кірпілер сирегірек кәдімгі кірпі, кішкентай және аққұрсақты ақтістер мекендейді. Бұл жануарлар көбінесе зиянды насекомдарды қорек ететіндіктен адам үшін пайдалы болып келеді.
Каспий итбалығы (Phoca caspia) – кәдімгі итбалықтар түрінің бір түрі. Тұрақты 120 – 148 см, салмағы 50 – 60 кг, кейінде 90 кг-ға дейін. Ересектерінің түсі сарғылт сұр, сарғылт қоңыр дақты. Жас күшігінің тұрақты 70 см, салмағы 4 кг, түгі қалың, жұмсақ, түсі 2 – 3 апта ақ болады. Каспий итбалығы Каспий теңізінде ғана таралған, тіршілігінің көп уақытын суда өткізеді, тек ақпан-қараша айларында ғана, мұз қатқанша арал, мойнақ жиектеріндегі қайырға шығады. Каспий итбалығы маусымдық өрістеуге байланысты жазда Каспий теңізінің суы терең оңтүстігіне не батыста Терек өзені сағасынан, шығыста Манғыстау түбегіне дейін жиналады. Тамыз айының аяғынан теңіздің шығыс шиегін басып солтүстік беткейіне беттейді. Қараша айында ұрғашылары үйірленіп мұзға шығып, сәуір айына дейін күшіктейді. 4 – 5 апта сүтімен қоректендіреді. Каспий итбалығы көбіне кәсіптік маңызы кем балықтарды, шаян тәрізділерді қорек етеді. Еті, майы, терісі пайдаланылады [31,117б.].
Каспий итбалығы (Phoca caspia) – ескекаяқтылар отряды, итбалық тұқымдасына жатады. Оны қазақ тілінде түлен деп те атайды. Дене тұрқы 125 – 160 см, салмағы 65 – 80 кг. Суда тіршілік етуіне байланысты дене құрылымында сол ортаға бейімделуі басым. Мойны денесімен тұтасып біткен, сондықтан басы айқындалып бөлініп көрінбейді; құлақ қалқаны болмайды, аяқтары ескек тәрізді, башайларының арасында қалың тері жарғақтары болады. Қара түсті арқасында теңбіл дақтары айқын көрінеді, бауыры ақшыл болады. Каспий итбалығы тек Каспий теңізінде ғана болады. Еділ мен Жайық өзендерінің төменгі ағыстарында сирек те болса, кездесіп қалады. Әсіресе Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі аралдарда қыс айларда көбірек ұшырасады. Тіршілігінің көбі суда өтеді. Тек түлейтін, шағылысатын және балалайтын кезде ғана теңіздегі аралдарға немесе мұз үстіне шығады. Шағылысуы ақпанның ортасынан наурызға дейін созылады. Бір жылдан кейін 1 кейде 2 күшік (ақүрпек) табады. Ақүрпегін аналығы майлы сүтімен 3 – 4 тәуліктей қоректендіреді. 2 – 3 айда әбден семірген ақүрпегін “май итбалық” деп атайды. Негізінен балықтар, шаянтәрізділер және моллюскілермен қоректенеді. Каспий итбалығының терісі мен майы өте бағалы болғандықтан кәсіптік маңызы бар аң. Ересек күзге қарай бойына 40 –70 кг-дай май жинайды. Ол медицинада және парфюмерияда кеңінен қолданылады. Каспий теңізіне шамамен 400 – 450 мыңдай Каспий итбалығы мекендейді.
Каспий миногасы ( Caspiomyzon wagneri) – миногатәрізділер отрядының миногалар тұқымдасының жалғыз түрі. Каспий теңізі су алабының Әзербайжан және солтүстік Каспий жағалауында тараған. Теңізден Еділ, Жайық, Кура, Терек өзендеріне және олардың салаларына өрлейді. Су электрстанциялары салынғанша Еділ мен Калинин қалаларына, Камамен Чусовойға, Окамен Мәскеу өзендеріне, Терекпен Баксананың сағаларына, Курамен Мцета қалаларына дейін өрлеген.
Каспий миногасының ұзындығы 20 – 55 см, салмағы 30 – 300 г-дай болады. Денесі жалаңаш пішіні жыланбалық тектес. Қаңқасында сүйекті тіні болмайды, хордасы өмір бойы сақталады. 2 арқа кейде бір және құйрық қанаты болады. Қапшық тәрізді желбезектері басының екі бүйірінен тесіктерімен ашылады. Танау тесігі біреу, ол басының үстінде орналасқан, танау тесігінің арқасында төбе көзі (үшінші көзі) бар. Аузы соруға бейімделген, түтік тәрізді, оның жиегі тері шашақтармен көмкерілген және көптеген тіс деп аталатын мүйізді өскіндері болады. Жақтары болмайды. Көбейю мен дәрнәсілдік уақыты өзенде (18 – 20°С-та 8 – 9 тәулікте) өтеді. Жұмыртқадан шыққан дернәсілі құрқа ұқсас. Түрдің түрлену мерзімі, қолдан өсіру тәжірибесі бойынша, 4 жылдан кем емес. Түрлену аяқталғаннан кейін Каспий миногасы теңізге қайтады, теңізде екі жылдай болып, уылдырық шашу үшін өзендерге өрлейді. Уылдырығын (38 мыңға дейін) мамыр – маусым айларында өзен суының (16 – 20°С-қа жеткенде) түбіндегі ұяларына шашады.
Каспий миногасының еті өте дәмді және майлы (31°С–34°С) болғандықтан көп ауланған. Жылдан жылға санының азаюына байланысты, қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген (1996).
Каспий албырты ( Salmo trutta caspius) – албырттар тұқымдасының бір түр тармағы. Негізінен Каспий теңізінің оңтүстік-батыс аймағын мекендейді. Кавказ жотасынан ағатын өзендерге өрлейді. XX ғасырдың басында аз да болса Еділ мен Жайық өзендеріне өрлейтін. 1980 жылдан бері бұл өзенде ауланғаны туралы дерек жоқ. Каспий албырттарының ішіндегі ең ірісінің ұзындығы 100 см, жыныстық жағынан жетілгендерінің салмағы 2 – 7 кг. Қара теңіз албыртына ұқсас, айырмашылығы құйрықтары жіңішке келеді. Каспий албыртының Каспий теңізінің Қазақстан бөлігінде мекендейтіндердің тіршілігі зерттелмеген. Әдетте бұл өткінші балық. Алғашқы жылдарын өзенде, кейін теңізге шығып, 3 – 5 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Уылдырығын (45 мыңға дейін) өзеннің түбіндегі малтатасты жерлерге, қазан – қаңтар айларында (судың температурасы 3 – 13°С -қа жеткенде) шашады, ұрығы 26 – 90 тәулік аралығында жетіледі. Теңізге шықпай, тек өзенде тіршілік ететін аталықтар да болады. Каспий албырлары 10 жылдай тіршілік етеді. Басқа албырттар сияқты Каспий албырттарының көлемінің өсуі, салмағының артуы теңіздегі тіршілік жағдайына байланысты.
Шабақтары жәндіктердің дәрнәсілдерімен, бүйірімен жүзушілермен қоректенсе, ересектері балықтармен (килька, атерина, майшабақ), мизидалармен, креветкалармен қоректенеді. Каспий албырттарының саны қай кездеде көп болған емес. Каспийдің оңтүстік-батыс бөлігінінен басқа жерде сирек кездеседі. Оның жылдан жылға азаюына байланысты, қорғауға алынып, Қазақтанның Қызыл кітабына енгізілген (1996) [3,55б.].
- Каспий теңізі және оның экологиялық мәселелері
- 1 Мұнай және газ өнеркәсібі
Қазақстан мұнайы тарихының жарқын беттері Атыраудың көмірсутегі аймақтарында жазылған. Бұл өлкенің тұрғындары өте ертеден-ақ мұнайдың жиналған жерлерін, оның кейбір қасиеттерін білген және оны емдік мақсатта пайдаланған. Олар мұнайды тайыз шұңқырлардан, сортаң жерлердің бетінен жинап алып, малдардың жарақаттарына жағып, тері ауруларын емдеген.
Осындай қасиеттері бар, жердің бетіне шығып жатқан сұйық зат заманының білімді адамдарының зарынан тыс қалмағандығы белгілі, ол туралы дала өңірін зерттеген түрлі зерттеушілердің еңбектерінде кездеседі. XVIII ғасырда Орал Ембі ауданының мұнай-газ қысым көптеген көрнекті ғалымдар, геологтар, топографтар мен саяхатшылар зерттеген.
1890 жылы Грумм-Гржимаило басқарған экспедиция Қарашүңғыл массивінің толық геологиялық сипаттамасын жасады. 1892 жылы Орал-Ембі ауданындағы мұнай және басқа да пайдалы қазбаларды, негізінен, көмір кенін зерттеу мақсатында Геологиялық Комитеттің геолог Никитиннің басшылығымен шығарған арнайы экспедициясы осы өңірдің табиғи байлықтары туралы біршама нақтырақ мәліметтер береді. Бұл экспедиция алғаш рет Доссор, Ескене, Қарашүңгіл аудандарында бұрғылау жұмыстарын жүргізді. Қарашүңгіл теңіз көлінің қазандығынан табылған мұнай өзінің химиялық құрамы мен үлес салмағы (0,82 г/см3) бойынша Баку мұнайымен (0,87 г/см3) салыстырғанда жеңіл де сапалы болып шықты.1899 жылы бұл мұнайлы жерлер «Ембі-Каспий серіктестігін» құрған Леман, Доппельмаер мен Грумм-Гржимайлоға сатылады. Олар Қарашүңғіл кенішінде терендігі 38 метрден 275 метрге дейін жететін 21 ұңғы бұрғылаған. Тереңдігі 40 метр болатын №7 ұңғыдан тәулігіне 20-25 тонна, жылына 5 мың тоннамұнай атқылайтын алғашқы бұрқақ ашылды.
Осы кезең Ембі мұнайын өндіру тарихының алғашқы беттері болып есептеледі.
1911 жылы осында атақты «Нобель» компаниясы Доссор мұнай кенішін, 1914 жылдары Мақат кенішін ашты. 1914 жылы осы 2 кеніште 200 мың тонна мұнай өндірілді. Көлік қатынасы болмағандықтан, алғашқы мұнайшылар өнімдерін арнайы қаптарға салып, түйелерге тиеп, Хиуа арқылы Каспий жағалауымен Ракош портына дейін жеткізген. Кейінірек өнім екі мұнай құбырлары арқылы Ракошке жеткізіліп, сонда шағын екі заводта өңделіп, теңіз арқылы тасылатын болды. Жергілікті халық өнімі жарық беруде қолданылатын болғандықтан, оларды «керосин» заводтары деп атап кеткен. Теңіз баржасына завод өнімдері теңіз түбінен жүргізілген 16 километрлік мұнай құбырлары арқылы жіберілген. [16].
1920 жылдың ортасынан бастап кең көлемді геологиялық зерттеулер жүргізіле бастады. Каспий маңын зерттеуде атақты ғалым, академик И.М.Губкин үлкен үлес қосты.
Каспий шұңқырының оңтүстік бөлігінде 20-жылдардың аяғына қарай 300-ден аса күмбез анықталды, геологиялық, сейсмикалық карталар жасалды, бұрғылаудың соқпалы әдісінен айналмалы әдісіне көше бастады. Түрлі техникалық және ұйымдастыру проблемалары маман жұмысшылар мен инженерлерді талап етті, сондықтан жергілікті қазақ жастары арасынан мамандар дайындалып, кешегі мал шаруашылығымен айналысқан көшпенді халық өкілдері енді мұнайшы бола бастады, Балғымбаевтар, Шердабаевтар, Өтебаевтар, Досмұхамедовтер сияқты мұнайшылар отбасылары осы кездері қалыптасты. Олардың үшінші, төртінші ұрпақтары мұнай өндіруде, геологиялық барлау салаларында немесе шетелдік компанияларда жаңа технологияларды меңгеріп, еңбек етіп жатыр.
20-жылдары мұнай қоры шағын, бірақ тарихи мәні зор Бек бике, Оңтүстікке Мақат, Байшұнас кеніштері ашылғанын айта кеткен жөн. Негізгі кен орындары «Ембімұнай» тресінде геологиялық барлау кеңсесі құрылғаннан кейін ашыла бастады, бұл кеңсе кейін «Қазмұнайбарлау» мекемесі болып қайта құрылды. Шикізат қорын кеңейту мақсатында жасалған шаралар өзінің жемісін бере бастады: 1936 жылы Байшұнаста, Құлсарыда, Оңтүстік Ескенеде ірі мұнай кеніштері ашылды. Дайын мұнай қорларының көлемі 21 млн. тоннадан 1937 жылы 30,6 млн тоннаға, ал өндірілген мұнай көлемі соғыс алдындағы жылдары 700-750 мың тоннаға жетті.
Ембі мұнай өндірісі кең байтақ даланы игеруде маңызды роль атқарды. Соғыс жылдары Қошқар, Комсомольск, Жолдыбай, Тентексор кеніштері іске қосылды, Комсомольск — Мақат, Қошқар — Сағыз мұнай құбырлары жүргізілді, Құлсары маңындағы Қамыскөлде электростанция, Қазақстан өндірісінің жетекшісі Гурьев мұнай өңдеу заводы салынды. Осы завод қосылғаннан кейін облыс өнеркәсіп орталығы мәртебесіне ие болды (1-сурет).
Сурет 1. Теміржол көлігінің дамуы
Соғыстан кейінгі жылдары Каспий маңы байлығын игеруде Қазақстан Ғылым Академиясының президенті Қаныш Сәтпаев үлкен үлес қосты. Оның басшылығымен Жайық- Волга өзендері аралығында терең жатқан көздерді, Каспий маңының боратты аймақтарын зерттеу басталды. Маңғышлақ территориясында, Каспий жағалауларында бұрғылау жұмыстары басталды.
60-жылдардың басында Гурьев облысы төңірегінде жалпы геологиялық қоры 100 млн. тонна болатын 16 мұнай кеніші ашылып игерілді. 1960 жылы Ембі мұнайы тарихында сол кездергі кеніштердің ішіндегі ең ірісі Прорва мұнай кен орны ашылдыуке [20,123б.].
1961 жылы Жетібай және Өзен кеніштерінің ашылуы еліміздің мұнай-газ өндіретін тағы бір өңірі – Маңғышлаққа жаңа тыныс берді. 1968 жылы Жайық-Волга аралығындағы Мартыщи кеніші іске қосылды. Жаңа кеніштер негізінде алдыңғы қатарлы техникамен жабдықталған «Жайықмұнай» ірі мүнай-газ өндіру басқармасы құрылды.
70-80-жылдары ашылған кеніштер Қазақстанның көмірсутегі саласының негізін құрады. 80-жылдардың ортасынан бүгінгі күнге дейін облыста 84 кеніш ашылды, олардың ішінде екі тұз үсті және Теңіз кеніші бар. Алғашқы алынған мұнай қорының көлеміне қарағанда, ол ТМД елдерінде Тюмень кенішінен кейін екінші орын алады. Кеніштің географиялық-экономикалық жағдайының қолайлылығы, магистральды мұнай құбырларының, электролиниялардың, темір жолдардың, ірі өндіріс орындарының жақын орналасуы Теңіз кенішін алғашқы кезектегі халық шаруашылығы обьектілері қатарына қояды.
1991 жылы көптеген қиындықтарға қарамастан, 3 млн тонна мұнай өндірілді. Әлемге әйгілі «Шеврон Оверсиз компани» компаниясы мен қазақстандық «Теңізмұнайгаз» ӨБ базасында құрылған «Теңізшевройл» қазақстандық-америкалық бірлестік кенішті игеруге 30 млрд доллар қаржы жұмсауды қарастырып отыр. Келісім-шарт бойынша мұнда өндірілетін өнім көлемін 35 млн. тоннаға, ал 40 жыл (шарт мерзімі) ішінде 775 млн. тоннаға жеткізу көзделініп отыр.
Теңіз кенішін игеру жаңа өндіріс аудандарын құруға, Атырау өңірінің инфрақұрылымын, әлеуметтік және мәдени саласын дамытуға, экономикалық потенциалын арттыруға мүмкіндік береді. Теңіз кенішінің іске қосылуымен Қазақстан әлемдегі ең ірі мұнай өндіруші мемлекеттер қатарына кірді [5].
Каспий теңізінің қазақстандық секторының мұнай-газ көздерінің болашағын бағалау және теңіз кеніштерін мақсатты түрде игеруді жеделдету жолында 1993 жылдың желтоқсан айында Халықаралық консорциум құрылды, оған Аgір (Италия), Вritish (Англия), Вгitish Рetroleum Statoil альянсы (Ұлыбритания-Нидерланды), Моbіl (АҚШ), Sһе11 (Нидерланды), Тоtаl (Франция) және ҚР-нан «Казахстанкаспийшельф» МК кірді. 1997 жылы Каспийде геофизикалық зерттеу жұмыстары аяқталды. Қазіргі уақытта Каспий теңізі қайраңын игеру жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп отыр. Өнім Бөлімі туралы Келісім негізінде құрылған.
Қазақстанда теңіз жұмыстарын жүргізетін Халықаралық операциясы ОКІОС Каспийдің солтүстігінде, Атыраудан 75 км жердегі Қашаған құрылымындағы алғашқы барлау ұңғысында бұрғылауға дайындық жасап жатыр.
Осы жылдың 2-шілдесінде Астраханда теңіз қайраңының пайдалы қазбаларына барлау және оларды өндіру жұмыстарында қажетті мұнай-газ бұрғылау қондырғыларын, теңіз, өзен көмекші флоттарын шығаратын «Астрахан коробелі» жасап шығарған «Сұңқар» ұңғы баржасын алғашқы іске қосу салтанаты өтті. ОКІОС өзінің алғашқы бұрғылау баржасын әлемде теңдесі жоқ қондырғы ретінде сипаттайды. Ол Каспий теңізінің солтүстік шығысына тән тайыз сулардағы жұмыстарға бейімделген. Баржа 75 процентке жаңартылған, бұрғылау жабдықтары, мачта, тұрғын бөлмелер, тік ұшақ алаңы өзгертілген. Корпусы едәуір кеңейтілген, сондықтан да «Сұңқар» әлемдегі ең ірі баржа болып есептеледі, баржада қоршаған ортаны қорғауға арналған жоғары технологиялық жабдық қондырылған. ОКІОС табиғатқа зиян келтірмеуге және компания бекіткен жоғары стандарттарға сай бұрғылау тиімділігіне кепілдік береді. Мұнай және газ өндіру көлемінің ұлғаюы ішкі және сыртқы тасымал мәселелерін тездетіп шешуді талап етеді. Сондықтан да Россия Федерациясы территориясы арқылы «Новороссийск» портына дейін өтетін КТК ең маңызды жобалардың бірі болып табылады. Жобаның негізгі мақсаты — Қазақстан мұнайын, негізінен Теңіз мұнайын Жерорта теңізіне шығаратын тәуелсіз мұнай құбырлары жүйесін жасау. 1999 жылдың 12 маусымында КТК-ның соңғы нүктесі Новороссийскіде болашақ мұнай КТК терминалының алғашқы тасы қаланды. КТК жобасының жүзеге асырыла бастауы — Қазақстанның мұнай өндірісіндегі маңызды оқиға. Мұнайды халықаралық рынокқа шығару жолында КТК-дан басқа бірнеше балама жоба бар: Грузия, Түркия территориялары арқылы Бакуден (Азербайжан) Жерорта теңізіне дейін (Сейан порты) баратын Туркия; Иран арқылы Парсы шығанағына шығатын Иран; Ауғанстан арқылы Үнді мұхитына шығатын Ауғанстан; Қытай арқылы Ляньюньганға дейін жететін Каспийді Тынық мұхитпен байланыстырып жатқан Тынық мұхит жобалары.
Үкіметтің Қаулысымен Ақтаудан Бакуге дейін және Иран бағытында (мүмкін) мұнай тасымалын жүзеге асыратын «Қазтеңізтрансфлот» Ұлттық компаниясы құрылды.
Бүгінгі таңда 50-ден аса елдермен байланыс орнатылған, шет ел капиталының араласуымен 55 кәсіпорын жұмыс істейді. Облыстың мұнай және оны өңдеу өндірісінің негізін «Теңізшевройл» БК, «Қазақойл-Ембі» (1999жылдың 20-сәуірінде «Ембімұнайгаз» және «Теңізмұнайгаз» акционерлік қоғамдары «Қазақойл-Ембі» акционерлік қоғамына бірікті), «Атырау МӨЗ» акционерлік қоғамдары сияқты кәсіпорындар құрайды. Өңірде мұнай-газ құбырлары, геофизикалық, бұрғылау және ғылыми ұйымдары жұмыс істейді, мұнай саласында ғылыми-зерттеу институты бар.
Қазір мұнда ең көне Доссор-Мақат кеніштерін қосқанда, 23 мұнай кеніші істеп жатыр.
Оның ішінде 5 кеніш қана (Забурунье, Оңтүстік Шығыс Қамысты, Ботақан, Солтүстік Жолдыбай және Шығыс Мақат) өсу деңгейінде де, қалған 18 кеніш құлдырау деңгейінде, бұл оларда судың тым көтеріліп кетуімен, сұйықтың шектен тыс бөлінуімен, мұнай көздерінің сарқылуымен, жабдықтардың тым тозып кеткендігімен сипатталады.
Мұнай өндірумен «Жайық-мұнай», «Доссормұнай», «Мақатмұнай», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіруші басқармалары айналысады.
Атырау облысының даму стратегиясы мен есеп болжамына сүйенсек, мұнай өндіру көлемі 2010 жылға дейін 65 млн. тоннаға, ал 2020 жылға дейін 74-75 млн. тоннаға жеткізілуі керек. Мұнайды осындай көлемде өндіру қосымша инвестицияны қажет етеді. Ең төменгі есеп бойынша 130 млрд. доллар қаржы керек.
Облыста ғылыми жетістіктер, жаңа техника мен жетекші технологияларды өндіріске енгізуге бағытталған ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-өндірістік жұмыстар, мұнай өндіруге, ұңғыларды бұрғылау, кеніштерді игеру, қоршаған ортаны қорғау сияқты мәселелерді шешуге бағытталған жұмыстар жасалуда.
Шет ел мамандары облыстың ыңғайлы географиялық орналасуына шамамен 10-15 млрд. тонна мұнай және 4,3 триллион метр3 газ болатын табиғи қорларының молдығына қарап, өлкені «мұнайлы өлкенің маржаны» деп атайды [5,54б.].
Мұнай мен газ өнімдерінің көптеп тұтынылуы Сібір мен Парсы шығанағы, т.б. дәстүрлі мұнай өндіруші елдермен қатар, басқа да жаңа мұнайлы аймақтарға назар аударуды қажет ете бастады. Осындай әлемдегі тағы бір мұнайлы өңір — Каспий теңізі мен оған қарайлас аймақтар.
Бүгінгі күндері мұнай өнімдеріне сұраныс мөлшерінің көп бөлігі өнеркәсібі жоғары дамыған елдерге тиеді. Бірақ әлемнің қазіргі даму тенденцияларына сүйенсек, дамыған елдер мен дамушы елдер арасындағы мұнай мен газ өнімдерін тұтыну көрсеткіштерінің арасы бірте-бірте қысқарып келеді. Бұл көрсеткіш алдағы уақыттарда да ұлғая беретіні анық. Бірқатар сарапшылардың болжауларына сүйенсек, 2020 жылдарға таяу дамушы елдердің мұнай өнімдерін тұтыну көрсеткіштері дамыған елдермен теңеседі.Ал бұл процесс өз кезегінде мұнай мен газ өнімдеріне сұраныстың күн артқан сайын өсуін тудырып, ғаламдық отын-энергетика жүйесін тығырыққа әкелуі мүмкін. Геологтардың бағамдауы бойынша, 2010 — 2037 жж. жаһандық мұнай өндірісінде дағдарыс тууы мүмкін, яғни жер бетіндегі барланған мұнай қорының жартысынан астамы сарқылып бітеді, ал мұнай тапшылығы бағаның серпінді өсуіне әкеледі. Бұл туралы «Сhevron» компаниясының әлеуметтік жарнамасы да ескертеді: «бірінші триллион баррель мұнайды жұмсау үшін, бізге 125 жыл қажет болды. Ал келесі триллионды жұмсау үшін небәрі 30-ақ жыл керек. Сондықтан да болашаққа тек бір жылға ғана емес, 50 жыл бұрын қарау керек!». Осылай АҚШ-тың ірі мұнай-газ концерні энергоресурстарды үнемдеп пайдалануга үндейді (1-кесте)[6,9б].
Мұнайлы Калифорния орналасқан АҚШ қазірдің өзінде қажетті мұнай өнімдерінің 52%-ын сырттан тасымалдайды. Ал 2020 жылдары елдегі ішкі сұраныстың шамамен 64%-ы басқа елдерден әкелінеді деп болжануда [7,16б.]
Жақын уақыттарда Солтүстік теңізден мұнай қорының азаюына байланысты, өндіруді шектеу көзделіп отырғанын ескерсек, болашақта АҚШ-пен қатар, ЕуроОдақ елдеріне де мұнай тасымалдайтын жаңа аймақ қажет болары айқын. Бұл жағдайда Каспий мүнайы әлемдік нарықта үлкен сұранысқа ие болады.
Басты мұнайлы елдердің басын қосқан ОПЕК, негізінен, Солтүстік Америка мен Азия — Тынық мұхиты аймағында жетекші рөл атқарады. Аталған ұйымнан тәуелсіз мұнай экспорттаушы елдер өзара ынтымақтасқан саясат жүргізсе, Еуропа нарығындағы ОПЕК — тің аз үлесі одан да азая түсер еді. Бұл
ұйымның үлесі азайған жерде Каспий аймағынан келетін мұнайдың маңызы артып қана қоймай, Еуропа елдерінің энергетикалық балансын қажетті деңгейде қамтамасыз ете алады [8]. Мысалы, Еуропаға — ТМД елдерінен күніне 3,67 млн баррель мұнай жеткізілсе, Парсы шығанағынан 3,55 млн баррель, ал Африка елдерінен күніне 1,96 млн баррель мұнай Еуропа нарығына жөнелтіледі.
Кесте 1. Әлемдегі барланған мұнай қоры (2001-2002 жж.)
Елдер |
Жалпы қоры (млрд.баррель) |
Әлемдік қордағы үлесі (%-бен) |
Кен орындарының пайдалану мерзімі (жылдармен) |
Ресей |
48,6 |
5% |
19 |
Каспий аймағы |
17,0 |
2% |
32 |
Қытай |
24,0 |
2% |
20 |
Парсы шығанағы. (ОПЕК-кірмейтін елдер.) |
673,5 |
64% |
91 |
ОПЕК |
818,8 |
78% |
77 |
Әлемдік қор |
1050,0 |
100 % |
39 |
Каспийге салыстырмалы түрде жақын жатқан Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінде көрініс беруде. Бұл ретте, ең алдымен, энергоресурстары қажетті деңгейде жеткіліксіз, бірақ экономикасы қарқынды даму үстіндегі Оңтүстік Корея, Қытай, Жапония сияқты елдерді атауға болады.Мысалы, Қытай Халық Республикасы 2010 жылға дейін мұнай мен газдан өндірілетін электроэнергия көлемін 50%-ға дейін арттыру туралы өз алдына стратегиялық мақсат қойып отыр. Бұл елде электростан-циялардың 75%-ы көмірмен жұмыс істейтіндіктен, экологияға кері әсерін тигізуде. Қазіргі кездегі Таяу Шығыс пен Парсы шығанағындағы орын алып отырған саяси тұрақсыздықты ескерсек, аталған елдер үшін Каспий, Сібірмен қатар маңызды мұнай экспорттау аймағына айналуға мүмкіндігі мол. Бұған Қазақстан мен Қытай елдері арасындағы келіссөздер дәлел. Осы келісімдерге сәйкес, қазіргі кезде жылына 50 млн тонна мұнай жіберілетін Атырау — Кеңқияқ — Атасу — Алашанькоу мұнай құбыры салыну үстінде.
Қазіргі таңда Каспий аймағы мен оның кемірсутекті ресурстары — әлемдік саясат пен экономикаға айтарлықтай ықпал ете алатын маңызды геостратегиялық және геоэкономикалық факторларға айналып отыр. XX ғ.90 жж. бастап аймақтың маңызды ғаламдық мұнай өндіруші ретіндегі рөлі арта бастады.
Каспий теңізі Кеңес дәуірі кезінде-ақ (мұнай шектеулі мөлшерде өндірілсе де) геологиялық тұрғыдан біршама жақсы зерттелген болатын. Теңіз қойнауын игеруге технологиялық жетістіктердің жоқтығынан, Кеңес өкіметіне Каспий мұнайын өндіруден Батыс Сібір мұнайын игеру оңайға түсті.
Сол себептен де 1960-1980 жылдардағы КСРО экономикасының жоспарлап дамуы кезінде Сібір мұнайы басты отын-энергетика базасына айналды. Алты блоктан тұратын теңіз қайраңында 36 кен орны, 374 геологиялық құрылым барланған. Каспий елдерінің көмірсутекті ресурстарының жалпы қоры 167,2 -194,1 млрд баррель деп бағалануда. Аймақтағы мұнай қорының көп бөлігі Қазақстан (92 млрд баррель) мен Түрікменстанға (38 млрд баррель) тиесілі. Ресейдің үлесінде 7 млрд, Иранда шамамен 15,1 млрд, Әзірбайжанның бөлігінде 32 млрд баррель мұнай бар деп есептелінеді. Бірақ аймақтың барланған энергетикалық қоры туралы бағалау мен болжау сандары бір-бірінен үлкен айырма жасайды.
Бұл айырмашылықтар, ең алдымен, теңіз қайраңының толық зерттелмеуінен туып отырған болуы керек. Мысалы, 2003 жылдың аяғына қарай, Каспий мұнайының қоры 17,2-ден 44,1 млрд баррелге дейін ауытқыды. Қазіргі кезде мұнайдың тұтастай қоры 186 млрд барелль деп болжануда. Бұл көрсеткіштерден каспийдің кен орындарының өндірістік потенциалының жоғары екендігі көрінеді. Ал американдықтардың ойынша, Орта Азия және Каспий көмірсутекті шикізаттарының жалпы құны 4 трлн долларқаржыны құрайды. Батыс сарапшыларының пікірлері бойынша, 2010-2015 жж. Каспийде мұнай өндіру көрсеткіші 90-жылдардвғы Солтүстік теңізден мұнай мөлшерімен деңгейлес болады.
Демек, болашақта Каспий аймағы әлемдік масштаптағы көмірсутекті шикізат өндіретін аймаққа айналады деп атауға толық негіз бар. Каспий аймағының энергетикалық қорының 1/3 бөлігін табиғи газ алып жатыр. Қазіргі кездің өзінде Қазақтан мен Түркіменстан табиғи газ қоры жөнінен алдыңғы жиырма елдің қатарына кіреді. Аймақтағы газдың қоры шамамен 236-237 трлн фут құрайды. Бұл көрсеткіш Батыс Еуропа елдерінің газ қорынан асып түсіп (168-242трлн фут3),бүкіл Солтүстік Америка құрлығындағы газ қорымен салыстыруға келеді (300 трлн фут3) [9,47б.].
Қазіргі кезде Каспий аймағында күніне 1,9 млн барелль мұнай өндіріледі. 1992 жылдары күніне 927,3 мың барелль мұнай өндірілгенін ескерсек, аталған көрсеткіш 2003 жылға дейін екі есеге өскені байқалады. Ал 2010 жж. Каспийде мұнай өндіру күніне 3,8 млн баррелге жетеді деп болжануда. Әрине, Каспий аймағы жақын болашақта мұнай-газ өндіретін басты зоналарға бәсеке құра алмайды. Бұл ретте әлемдік рынокта ұзақ уақытқа басты мұнай экспорттаушы елдердің қатарында әлемдегі барланған мұнай қорының 70%-ы орналасқан Таяу Шығыс елдері қала бермек (2–кесте.) [10].
Ал басты мұнай импорттаушы елдер Каспий мұнайын, ең алдымен, алыс болашақта, әлемде көмірсутекті шикізат тапшылығы байқалған кезде толыққанды игеруге болатын мұнайлы аудан деп қарастырылады. Қазіргі кезде Каспий елдерінің мұнай және газ ресурстарының әлемдік нарықтағы орны аса маңызды емес. Аймақтағы барланған мұнайдың шамамен 3,3 %-ын құрайды (2-сурет).
Екіншіден, тасымалдаудағы қиындықтар. Негізгі мұнай импорттайтын орталықтардан қашықта болуы, тасымалдаудың күрделі болуы, құбырлар жүргізу кезіндегі үшінші бір елдерге тәуелділік, Каспий мұнайының әлемдік нарықтағы маңыздылығын арттыруға кедергілер келтіруде.
Кесте 2. Әлемдегі барланған мұнай қоры
|
2000 ж |
2010 ж |
2020 ж |
2030 ж |
Қытай |
3,2 |
2,8 |
2,5 |
9,5 |
Ресей |
6,5 |
8,6 |
9,0 |
9,5 |
Каспий |
1,6 |
4,1 |
4,9 |
5,4 |
Парсы шығанағы елдері (ОПЕК-ке кіретін) |
21,0 |
26,5 |
37,8 |
51,4 |
Жалпы әлемдік өндіріс |
75 |
88,8 |
104,0 |
120,0 |
ОПЕК-тің үлесі (%) |
38 |
40 |
48 |
54 |
Парсы шығанағындағы ОПЕК елдерінің үлесі (%) |
28 |
30 |
36 |
43 |
Аталған факторларға қарамастан, алдағы уақыттарда Каспий аймағындағы мұнай мен газ ресурстары өндіріс көлемінің артуына және тасымалдау инфроқұрылымының дамуына сәйкес, әлемдегі мұнай бағаларының конъюктурасына өзіндік ықпалын тигізіп, бірқатар мұнай өндіруші елдермен бәсекеге түсуге толық мүмкіндігі бар. Қалай айтқанда да соңғы уақыттардағы аймаққа деген әр түрлі көзқарастардың тууы мен әлем елдерінің қызығушылығының күннен күнге артуы, Каспий – аймақтық ғана емес, ғаламдық мұнай мүдделерінің зонасы екендігін көрсетеді [6,11б.].
Қазақстан экономикасында мұнай өндіру саласы экспортты потенциалды өсіруде манызды орын алады және қоршаған ортаны ластау көздерінін бірі болып есептеледі. Экологиялық қауіптілігі жоғары аймақтардың қатарына Маңғыстау облысы да жатады. Маңғыстау облысында қоршаған ортаны ластаудың көздерінің ең бастысы — «Маңғыстаумұнайгаз» ААҚ-ның кен орындары болып табылады. Оның құрамына Жетібай жөне Қаламқас кен орындары жатады.
Сурет 2. Каспий құбыр жолдары
Аймақтың топырақ жамылғысын сұр-құба топырақтар құрайды. Топырақ жамылғысына тән ерекшеліктер: бетіндегі шаң-саздақ қиыршықты жамылғысының қалыңдығы аз (0,5-2 м); жоғарғы карбонатты (СОг 10-15%), жоғарғы гипсті (15-20 %-дан аса), жоғарғы сілтілі (рН 8-9); табиғи өнімділігі төмен; топырақ жамылғысының құрылымы біртекті емес [11,13б.].
Қаламқас кен орны Бозащы түбегінде Түпқараған ауданында орналасқан. Кен орнының жалпы ауданы 14353,3 га. Климаттық температура тербелістері жазда +33°С, қыста -35°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 170 мм-ден аспайды. Кен орнының топырақ жамылғысында механикалық құрамы жеңіл (құмды,сазды,қиыршықты), жел эрозиясына тез ұшырайтын топырақтар көп кездеседі. Топырақтар жоғары карбонатты, әсіресе сұр-құба топырақтар сілтіні сіңіру сыйымдылығы төмен (10-15 мг/экв), құрылымы төмен, тозаңды фракциялар көп [12,7б.].
Қаламқас және Жетібай кен орындарының да өсімдік жамылғысы кедей және біртекті, ксерофитті біржылдық және көпжылдық шөптесін өсімдіктер мен кейбір бұталы, жартылай бұталы өсімдіктерден тұрады. Территорияның көп бөлігін бүйіргін-жусанды және жусанды-баялышты кешені құрайды. Өсімдік топтарының эдификаторлары арасынан ебелек, астрагал, гигенсония, мортық шөп, сіңір шөп және қоңыр бас шөп кездеседі [12, 13б.].
Кен орындардың жануарлар әлемі Арал-Каспий шөлінің зоогеографиялық аймағына жатады. Сүтқоректілер ішінен көбінесе кемірушілер және ұсақ жыртқыштар кездеседі. Негізгі фондық түр — құмтышқаны болып табылады. Бұл территорияға тән сүтқоректілердің тағы бір түрі — заяц-толай мен қарсақ. Кен орындарының оңтүстік-шығыс бөлігінде бауырмен жорғалаушылар класы өкілдерінен ортаазиялық тасбақа, дөңгелек бастылар, қара шұбар жыланның агамдық және тағы басқа бірнеше түрлері кездеседі. Орнитофаунасы бай емес. Фондық түрлері боз торғайдың, каменканың және жасыл щурканың бірнеше түрімен анықталған. Қызыл кітапқа енген қарабауыр шіл, шымшық торғай тәрізділердің 12 түрі кездеседі [13,42б.].
Жетібай кен орнының мұнайының негізгі ерекшелігі — құрамында парафиннің көп болуы, ол 22% құрайды. Сондықтан парафин +31,5 С төмен температурада кристаллизациялана бастайды.
Қаламқас кен орнының шикі мұнайының Жетібайдікінен ерекшелігі — оның мұнайы ауыр, тығыздылығы, 900 г/см3, тұтқырлығы жоғары. Бірақ парафині аз (3,8%), болғандықтан оның қату температурасы айтарлықтай төмен (-10°С).
Топырақтың, жер асты суларының, атмосфераның ластануының негізгі себептері мұнай құбырларының апат кезінде жарылуы, жөндеу жұмыстары барысында жер бетіне төгілген мұнай.
Негізгі ластаушы көздер: нефтешлам, мазутталған топырақ, меттал қалдықтары, радиоакивті қалдықтар, өндіріс қалдықтары, минералданған қабатты сулар, қоймадағы сақталған мұнай [14,80б.].
- Балық шаруашылығы
Кәрі Каспий-Жайықтың табиғи сыйы қашанда бұл өлкенің даңқын шығарып, мақтанышы болып келеді. Каспий теңізі — қортпа, бекіре, шоқыр, пілмай, сазан (же-зей) және басқа да өте бағалы балықтар қорына бай бірегей ішкі суқоймасы. Бекіре тұқымдас балықтардан алынатын өнім -түйіршікті және тұздап қатырылған қабыршақты қара уылдырық пен кептірілген балық бүкіл әлемге мәлім. Бекіре уылдырығы қара қазына деп бекер айтылмаса керек, ол елдің валюта қоры болып табылады.
Бұрынырақта балық аулау ілікті халықтың күнкөріс көзі ал, ол кездері суды қорғауға өте катаң қараған.
Төңкеріске дейін қаланың негізгі кәсібі балық аулау оны сату болды. Балық бейберекет ауланды, көп күш жұмсауды қажет етті, балықты өңдеу оны тұздау, кептіру және бекіренің тұздалып кептірілген етін әзірлеумен шектелді. Балық өнеркәсібі облыста балық және итбалық кәсіпшілігінің Жайық-Ембі аудандық басқармасы ретінде 1920 жылы құрылды. Мұндай басқармалардың саны 1927 жылы 27-ге жетті.
1931 жылдың қыркүйек айында Жайық-Каспий мемлекеттік балық трісі құрылды, оның құрамында 60 өндірістік және 5 қызмет көрсететін кәсіпорындар, 10 қалқыма завод, 15 ұсақ балық заводтары жұмыс істеді. Облыс аумағында 1933 жылы балық аулайтын 56 шаруашылық болды.
1933 жылдың 6-қарашасында балық индустриясының тұнғыш — Қазақстан-Гурьев балықсүрлеме комбинаты іске қосылды, ал 1935 жылы Шортанбай балық заводы құрылды. Комбинат тіпті іске қосылған жылдан бастап-ақ түйіршікті және тұздап қатырылған қара уылдырықтың, кептірілген және қақталған балықтың, каспий қылқасының, балық сорпасы мен қызанақ тұздығындағы тефтелидің және басқа да көптеген өнім түрлерінің сүрлемесінен 2013 қалбыр берді.
Облыстың балық өнеркәсібі саласы 70-80-жылдары күрделі, көп салалы шаруашылыққа айналды. Гурьев аумақтық өндірістік басқармасы кейінірек «Ақ балық» ассоциациясы, ал 1993 жылдан бастап Атырау аумақтық «Атыраубалық» акционерлік серіктестігі болып құрылды, қазір ол «Атыраубалық» акционерлік қоғамы деп аталады.
Қазіргі уақытта облыста балық аулаумен 12 өндірістік балық аулау артелі және 50-ден астам түрлі меншіктегі сан алуан кәсіпорындар айналысады. Олар тұтыну рыногына жоғары сапалы балық өнімдерінің 57 түрін, оның ішінде сүрлемелердің 33-ке жуық түрлерін жеткізіп тұрады.
«Атыраубалық» АҚ тәулігіне 50 тонна жасанды мұз өндіре алатын немістің «Зигра» фирмасының мұз водын, шағын наубайхана, шағын шұжық үлескісі, көксерке жүн-етін өндіретін механикаландырылған сала, вакум-орап-түю саласы, механикаландырылған «Фудко» қақтау камерасы және басқа да дүниежүзілік стандартқа сай шығарылатын балық өнімдері ассортименттерінің сапасын арттырып, кеңейте түсуге көмектесетін жаңа технологиялар сатып алып, өндіріске енгізді. АҚ цехтарында өндірілетін балық сүрлемелерінің дәмі өте сапалы, сондықтан ішкі, сондай-ақ дүниежүзілік рынокта үлкен сұранысқа ие болып отыр. Бекіре тұқымдастар қоры мен оларды аулау 90-жылдары күрт төмендеп кетті. Бұл балықтар қорын толықтырудың негізгі көзі оларды табиғи ұдайы өсіру болып табылады. Алайда өзендерді жөнге салу, қауызда экологиялық жағдайдың нашарлауы және уылдырықтамаға ұрпақ апара алатын аталықтарды жеткіліксіз жіберуден бекіре тұқымдастар қорының табиғи ұдайы өсу есебінен толығуы едәуір төмендеді. Каспийдің әйгілі қаражөн майшабағы, қылышбалық жойылып кетті, қордың ең ірі бөлігі — сазан, көксерке, ақмарқалар саны тым азайып кетті.
Бұл жағдайды жақсарту мақсатында 1997 жылы бекіре тұқымдастардың шабағын өсіруге арналған балық өсіретін екі завод салынды. «Казахстанкаспийшельф» акционерлік қоғамының қаржысына болгар мамандары салған Еркінқаладағы бекіре өсіретін заводтың бір өндірістік цехы жылына 3 миллион шабақ өсіре алады. Мақсат — Каспий теңізінен Қазақстанның қызыл балықтарды аулауға тиісті үлесін анықтау.
Каспий теңізі айдынының жағасында қазіргі заманға сай аулау жолдарына көшу, кәсіп тәртібін жетілдіру туралы үнемі ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде, Жайық және Қиғаш өзендерінің атырауын күрделі мелиорациядан өткізу жоспарлануда. Міне, осылардың бәрі таяу жылдары балық аулау көлемін 20 мың тоннадан арттырып, балықтың тағамдық өнімін 12 мың тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді [5,98б.].
Соңғы жылдары Каспий теңізі астынан мұнай іздеу барынша қарқынды жүріп жатыр. Рас, елімізге мұнай керек. Бірақ осы мұнайдың кызығын кім көреді? Қазірдің өзінде теңізде бірнеше апат болды. Мұнай да төгілді, итбалықтар, балықтар мыңдап қырылды. Ал ертең жаппай мұнай өндіріле бастағанда не болмақ? Бізге мұнай қымбат па, теңіз фаунасы, оның мол бағалы» балығы, кызыл уылдырығы кымбат па? Осы сұраққа жауап беру үшін 1992-1993 жылдардағы теңіз астын бұрғылау жұмыстарын еске түсірелік. Осы жылдарда Каспий – түбінде мол мұнай жатқандығы жөнінде көп жазылды. Бұрғылауды озық технологияға негізделген Шетелдіктер жүргізсе мұнай тамбайды екен деп тоң пішушілер де аз болған жоқ. Бұрғылауды теңіз тіршілігіне түк әсері жоқ деген жазғыштар да болды. Сол жазғыштардың дерегінен мынадай бір оқиға есте қалыпты. Кариб теңізінің Мексика шығанағымен ұласатын жерінде американдықтардың бұрғылау қондырғылары тұр екен. Сол шығанақпен теңіздің түйісетін аймағына америкаңдықтар жүз қолтырауынды жіберіпті. Ең таза суда тіршілік ететін қолтырауындар бұрғылау аландарында жүзіп жүреді, біреуі де өлмейді, өсіп-өнеді. Соны Қазақстаннан арнайы барған адамдарға көрсетіп теңіз астын бұрғылаудың зиянсыз екенін дәлелдейді. Олар елге оралған соң капиталистік елдердің бұрғылау қондырғыларынан бір тамшы да мұнайдың теңізге тамбайтынын айтады. Бәрі де шетелдіктердің Каспий қайраңына бұрғы салуын қолдарын шапалақтай қолдап жатты. Байлыққа кенелуді шетелдіктердің Каспий қайраңына бұрғы салуы деп есептеді. Алайда қазақстандық делегация бір нәрсені ескермеген, білмеген еді. Ол Мексика шығанағы мен Кариб теңізінің Атлант мұхитына жалғасып жатқаны, төгілген, тамған мұнайды ашық теңіздің алып кететіні. Ал Каспий теңізі жабық су қоймасы. Бұнда төгілген мұнай ешқайда кете алмайды. О, баста бұл неге ескерілмеген. Жабық су қоймасын мұхиттық теңіздермен салыстыруға бола ма? Енді Каспий теңізі кұрдымға кету жағдайында тұр.
Теңіз астын бұрғылауға келген компаниялардың ішінде Норвегия да бар. Ол кейін қосылды, бірақ жеті алпауыттың бірі . Рас Норвегия солтүстік теңізден мұнай өндіріп жатқан ел. Каспий астынан мұнай өндіруде оның тәжірибесі жүзеге асар да, бірақ, қалыңдығы екі шақырымға жететін солтүстік мұзды мұхитпен жалғасып жатқан Солтүстік теңізді Каспиймен салыстыруға болмайды ғой. Алғашында болып жатқан қырғынға олар көзді жұма қарады. Оның алғашқысы 1995 жылғы Қараөзек кырғыны еді. 1996 жылы қабылданған экологиялық бағдарламада қай балықтың қандай ауруға шалдыққанына дейін көрсетілді.Алайда Каспий қайраңын бұрғылау жөнінде.
«Каспийшельфт» пен үкімет арасында келісім-шарт жасалғанда оның құрамына республикаға танымал көрнекті экологтардан ешбір адам енбеді. Керісінше келісім-шартқа биліктің өздері айтқанынан шықпайтын адамдарға қол қойғызды. Осы мәселені Мәжіліс депутаттары зорға дегенде шешкен болды, бірақ әлі еш нәтиже жоқ. Тексеруге барған экологтар емшіліктерді көрсетсе компания басшылары «Ондай жағдай үкіметпен жасасқан шартта көрсетілмеген» деп қолын бір сілтейді. Ал билік басындағылар «ең алғаш келісім-шарт қалай, жасалынды – сол болады» дейді. Шетелдік компания, өкілдерінің экологиялық талаптарға пысқырып қарамауларының тағы бір себебі осы.
Экожүйені қорғауға байланысты республика келемінде бағдарлама жасады. Сонда бекіре тұқымдас балықтарға төнген қауіп ашық көрсетілген. Алайда қауіпті жою үшін қандай жұмыстар жүргізіліп жатқаны белгісіз. Тіпті Қаламқас кен орнына жақын жердегі қырылған итбалықтар мен бекіре тұқымдас балықтардың қырылу себептерін нақтылаған да ешкім жоқ. Демек, бұл жерде «теңіз тіршілігі қырыла берсін, тек шетелдік компаниялардан түсетін байлықтан айрылып қалмасақ болды» деген саясат жатыр. Біздіңше, теңізге мониторинг жүргізілгенде Каспий тіршілігін сақтап қалудың ең басты жолы теңіз қайраңына 400 ұңғыны салдырмау керек. Тек осы жағдайда ғана теңіз тіршілігі аман қалары анық [15,87б.]
Біз біраз жыл шетелдік компаниялардың кесірінен бекіре балықтарының қырылып жатқанын жасырып келдік. Өтірік ұрандармен бекіре балығының азаюын браконьерлерден көрдік. «Жүйесіз аулап, балықтың санын азайтып жатқан солар» дедік. «Браконьерлердің жүзбелі көліктері өте жүйрік, балық корғаушылардың кемелері оларға жете алмайды» дедік. Бұл – бекіре тұқымдас балықтардың Каспий астын бұрғылаудан өліп жатқанын жасыру.
Шетелдік компаниялар 2033 жылы келісім-шарттың талабына байланысты кетеді. Олар Каспийді алып кетпейді – ол өзімізге қалады. Бірақ оның ішінде тіршілік жоқ болса, оның ел үшін қандай кажеті бар? Ондай жағдайда теңіздің кұны – өлген бір балықтың құнымен бірдей. Әйгілі «2030 бағдарламасында» «Қазақстандағы адам өлімінің 20 пайызы тікелей экологияға байланысты» делінген, Ал шетелдік компаниялардың кесірінен теңіз тіршілігі жойылса, онда адам өлімі 40 пайызға жетер.
«Өзен жағалағанның өзегі талмас» дейді халық даналығы. Жергілікті тұрғындар сол теңізден нәпахасын тауып тіршілігін жалғастыруда. Қазіргі беталысымызда қарағанда теңіз тіршілігіне жойылу қаупі төнуде. Демек, депутаттардың безек қағып Елбасына ашық хат жолдауы өте орынды еді. Біздіңше, балық қорын сақтау үшін су айдындарын жалға беруді доғару қажет. Ол билік басындағыларды байыту көзі. Екіншіден жойылған балықтардың есебін білмейміз. Жалпы жерді саттық, енді көлімізді, суымызды сатсақ не болмақ? Өркениетті коғамда жер мемлекеттік болуға тиісті. Ешқандай су қоймалары сатылмауы тиіс.
Каспийге төнген қатерлерге төнген қатермен тең Каспийдегі балықтардың қырылуы 1995 жылы басталды. Осы жылы Атыраудың Қара өзегіндегі өзекке кірген балықтар қырылды. Жобамен оны 200 мың тонна деп көрсеткені еді. Бірақ ол шындықтан жүз есе кем еді.
Осындай жағдай сол кезден бері үш рет қайталанды.Шындығына келгенде ол теңіз астын бұрғылаудың нәтижесі. Әр сол кезеңдердегі балықтың қырылу себебін ешкім анықтамады. Егер теңіз тіршілігі жойылса, оның Қазақстанға әкелетін қандай зияны бар онымен ешкім санаспады. 2000 жылдың мамыр, маусым айларында итбалық қырғынының басталғаны аян. Сол кездегі премьер-министр Нұрлан Балғымбаев «итбалық қырғынына ОКИОК-тың ешқандай кінәсі жоқ» деп теңіз тіршілігін жоюшыларды судан таза, сүттен ақ етіп шығарды. Демек, Нұрлан Балғымбаев шындыққа өтіріктің қамқа тонын кигізуші болды. Шын мәнінде окиға былай болған еді. Батыс Қашағанды қазған кезде 2000 метр тереңдіктен инертті газ атылды. Ол ол ма, сол Батыс Қашағандық қазу барысында ыстық фонтан атқылаған. Ол қыс кезінде теңіз суын жылытып, ол су Құлалы, Долгий аралдарына дейін жеткен. Теңіз қатпай, итбалық күшіктейтін орын болмаған. Бір қатары Форт Шевченконың мұз айлағына келіп күшіктеген. Осыдан келіп итбалықтың жаппай қырғыны басталды. Ол бекіре тұқымдас балықтарға, одан өзге балықтарға ауысты. Егер Каспийдегі тіршілік жойылса, одан кейінгі кезеңде жайлы өмірдің болмайтыны белгілі. Шетелдік алпауыт компаниялар 2033 жылға дейін өз үлестерін алып болады, елдеріне кетеді. Теңіз тіршілігі жойылса оған кінәлі біздің ел болып шығады. Каспийдегі тіршіліктің кұны – 500 миллиард АҚШ долларын кұрайды. Сонда мұнай қымбат па? теңіздің табиғи байлығы кымбат па? Біздіңше, табиғи теңіз байлығы қымбат. Ендеше Каспий теңізін шетелдік алпауыттардан әлі де кері кайырып алсақ бұдан ұтпасақ ұтылмаймыз. Бізге қымбатты ел мен жердің, теңізіміздің амандығы [16,4б.].
Адам қолымен жасалған әрекет және био-химиялық факторлар әсерінен Жайық — Каспий айдынының экологиялық жағдайы соңғы жылдары жасыратыны жоқ күрт нашарлап кетті. 1960 жылдары теңіз бен өзенде бекіре тұқымдас балықтардың қоры қалпына келтірілгенді. Сол кезде дүние жүзінде ауланған өте бағалы балықтың 30 пайызы осы бассейн үлесіне тисе, қазір бұл көрсеткіш кұлдырап төмен түсті. Соңғы он бес жыл ішінде Жайықта ауланып жүрген негізгі түрі — шоқырдың биологиялық салмағы 5 есе, ал саны жөнінен 6 еседей (аулап өткізілген шоқыр) азайып кетті. Мұның басты себебі 1970 жылдардың орта шенінен бастап казіргі кезге дейін бекіре тұқымдас балық
қорының шектен асқан қолайсыз экологиялық жағдайда өмір сүруінен болып отыр. Мысалы, су барынша аз келген кейбір жылдарда ағынның жылдық мөлшерінің 60 пайызына шейін пайдалану нәтижесінде балық өрістейтін алқаптар (алаңдар) 1700-ден 110 гектарға дейін тарылды.
Балықтың өсуіне қолайсыздық бекіре тұқымдастарды мөлшерден анағұрлым артық аулаудан да болды. Тек соңғы 13 жылдың ішінде 19 мың тонна шоқыр белгіленгеннен артық ауланды. Мұның өзі жақын перспективада ауланбақ балық мөлшерінен 10 есе көп еді. Бағалы балық қорының азотына 1977 жылға дейін теңіз деңгейінің 29 метрге дейін төмендеуі әсерін тигізді. Бұл соңғы 500 жыл ішіндегі ең төменгі көрсеткіш. Соның нәтижесінде суда тұз молайып, шабақтардың, әсіресе личинкалардың жетілуіне қолайсыздық туды. Осындай факторлардың қатарына сулардың ауыр материалдармен, фенолмен, басқа да улы заттармен ластануын қосуға болады.
Үнемі ластанған суда тіршілік еткен бекіре тұқымдас балық етінің ыдырап босауы (миопатия) уылдырығының сыртқы қабының әлсіреуі, бауырдың бұзылуы байқалып, олардың ішкі органдарының кұрамында қалайы, сынап, мыс, кадмий, темір және басқа металдардың болуы байқалады. Мұның бәрі Жайық бассейнінде орналасқан кәсіпорындардың шаруашылық жұмыстарының нәтижесі. Қазір уылдырық шашатын аналық балықтарды сақтап қалудың өзі қиын, ал олай болса болашақта бекіре тұқымдастар түрінің мүлде кұрып кетуінің түбіне жетуіміз де мүмкін.
Қоршаған ортаны қорғау тұрғысында облыс көлемінде бірталай жұмыстар атқарылуда, істелуде, біраз шаралар жүргізіліп, ұсыныстар да жасалуда. Бірақ олар көбіне қағаз жүзінде қалып отырғаны анық. Айталық күні бүгінге дейін Жайық бассейні бойынша су, жер және балық ресурстарын кешенді пайдаланудың схемасы бекітілген жоқ, суландыру жұмысы жүргізілмейді. Каспийдің ластануының алдын алып, оған жібермеу, су ресурстарын үнемдеу жөніндегі үкімет шешімдері орындалмай отыр. Солтүстік Каспий аймағының Еділ мен Жайық тарамдарының қорықтық статусы сақталмайды. Су тартатын қондырғыларда балық қорғау мәселесі толық шешімін тапқан жоқ бағалы балығымызды браконьерлерден корғау жайы да аса мардымсыз. Қолдан өсіру арқылы балық қорын жасау шарасы іске асып, біршама жұмыстар жасалуда. Бірақ оған көп жылдар керек, себебі балықтың уылдырық шашу мерзімі өте көп жылдарды керек етеді. Мысалы, шоқыр — 9 жаста, бекіре — 12 жаста, қортпа (белуга) — 18 жаста уылдырық шашады. Жайық бассейнінде балық шаруашылығын сақтаудың бірден бір жолы – қолдан өсіру арқылы оның қорын толықтырып, тауарлы балық өсіру. Бізде бұған мүмкіндік мол. Сөз жоқ бұған көмегін тигізетін жоғарғы оқу орындары, олардың ихтиология мамандығын дайындайтын кадрлар да бар. Мысалы, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде ғылым докторлары да, профессорлар мен ғылым кандидаттары, доценттер де бар. Жылына 15-20 студенттерді қабылдап сол зауытқа іскер, білімді мамандар да дайындауда, оларға барынша көмек көрсетуге әзір. Осы зауытқа жасалған Атырау университетінің ғылыми келісім — шарт қаржыландыру бағдарламасы да бар. Бірақ мәселе әлі шешілмей отыр. Шешіледі деген үміттеміз.
Балық үшін таза, сапалы су керек. Ал мұндай су бүгінде жоқ. Жайық бассейнінде қазіргі кезде мыңға жуық су тартқыштар бар. Олардағы балық қорғаудың жайы мүлде мәз емес, нәтижесінде балықтардың личинкалары мен шабақтары қырылып жатыр. Келешекте бұл да әбден ойланатын мәселе.
Жайық суының молаюына өзен бойына, оның ірілі — ұсақты тарауларын қуалай отырғызылған орман алқаптарының маңызы зор. Алайда бұл жұмыспен Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Орынбор басқа да облыстардан орман шаруашылығы бірлесіп жұмыс жасаса дұрыс болар еді.
Жайықтың ластануына Челябі, Орынбор облыстарының үлкен үлес қосып отырғанын айтпасқа болмайды. Олардағы көптеген өндірістік кәсіпорындардан шығатын жеткілікті тазартылмаған сулармен араласып, өзенге ауыр металдардың тұздары, көмірсутегі, фенолдар, басқа да ластағыш заттар түседі. Орынбор және Орск қалаларында жұмыс істеп жатқан тазартқыш кұрылыстары аммонийді және натритті азотпен, фенолдармен, мыспен және хроммен шамадан тыс ластанған сулар Жайыққа кұйылуда.
Батыс Қазақстан әсіресе Ақтөбе облыстарындағы жағдай да осындай. Жайықтың үлкен саласы Електі Ақтөбе хромды қосылыстары зауыты алты валенті хроммен. Алға химия комбинаты мен ферросплав зауыты басқа да улы заттармен улап бітті.
Біздің өз облысымызда суды ластайтын қалдықтарды Жайыққа тікелей ағызып жіберу болмағанымен Атырау қаласында канализация кұрылысының болмауы себепті, судың ластануына қауіп аз дей алмаймыз. Мұның үстіне ескі мұнай кәсіпшіліктерінің, сондай-ақ бірнеше уақыттардан игеріліп жатқан кеніштердің Каспийге жақын орналасуына байланысты теңіз аймағының мұнай өнімдерімен ластануын болдырмау ерекше маңызды мәселе екенін естен шығаруға болмайды [17,3б.].
Дүниежүзіндегі қызыл балықтың 90 пайызы осы теңізден ауланса, одан өндірілген уылдырықты шетелдің алтыннан қымбат бағаға сатып алатындығын бүкіл әлем біледі. Дүкендерде мұхит майшабақтары мен Каспий майшабақтары қатар тұрса жұттар теңіз майшабағына жармасары белгілі. Кильки шабақтарынан жасалған қалбырлардың әлемдік саудадағы орны өте зор. Теңіздің тайдай тулаған сары сазанының өзі неге тұрады? Ірі сазандардың басы семіз ешкінің шекесінен әлде қайда артық. Миы тіпті керемет. Қайран, сондай керемет дәмдер, көзден бұл-бұл ұшып барады.
Каспийдің солтүстік бөлігі қатқанда балық шаруашылығы мекемелері мұзды ойып, үлкен тор құрып, итбалықтың күшіктерін сойып алады. Оның майынан аса сапалы мал жейтін азық жасалады. Оны қысы өте қатты болатын аймақтарға жіберді. Мұз астынан балық аулауға барғандар итбалық күшіктерін аулап, сойып алады. Күшіктерін сойып балықтарын білем-білем етіп мұз үстіне тастайды. Оны таңға дейін мұз сорады. Ертеңіне итбалық майының жүз грамын кесіп алып, уақтап турайды да жемге қосып, мініс көліктеріне береді. Сол көлікке ертеңіне дейін тамақ берілмейді, себебі жеккі жылқылар қоңын жоғалтпайды.
Итбалықтың тағы да бір пайдасы – өкпе ауруына шалдыққан адамдар күніне бір шай қасық сұйық майын ішсе екі-үш ай шамасында ауруларыннан құлан таза жазылып кетеді. Бірақ қазір осы табиғи байлық көздері жойылып, теңіз тіршілігінің құрып кету жағдайына жақын тұрмыз.
Ел аузында «Каспий осыдан 3 млн жыл бұрын Қара теңізбен жалғасып жатыпты» деген әңгіме бар. Мұз басу дәуірі ғылымға белгілі. Сол кезде Каспий маңы ойпатының мұз астында қалғаны да ғылымда дау туғызбайды. Оның бір көрінісі қазір қырылып бітуге таяу тұрған итбалықтар да сол кезде пайда болған сияқты. Негізінен бұл сонау солтүстік жағадауларды жиектеп жатқан ұлы теңіздерде тіршілік еткен су жануарларының өкілдері болса керек. Себебі Лаптеп, Беринг, Чукотка теңіздерінде итбалық тұқымдастар жеткілікті. Мысалы, теңіз мысығы солардың бір түрі. Поляр зерттеушілері Каспийдегі итбалықтардың тұқымы Солтүстіктегі ұлы теңіздердің Мұзды мұхитпен астасқан жерлерінде бар дегенді айтады. Тіпті поляр зерттеушілерінің ақ аюлардың итбалықтарды аулап жейтіндерін жазған мақалаларын да талай оқыдық қой. Осыған қарап Каспий итбалықтарын сол мұз басу дәуірінен қалған тіршілік иесі деуімізге де болатын сияқты.
Осы итбалықтар Каспийде жыл сайын мыңдап неге қырылып жатыр? Тіпті Каспийдегі итбалықтардың жойылып кету қаупі жыл санап емес, күн санап арта түсуде. Бұл қырғын қашан басталды? Оған не себеп болды? Ол толық зерттелді ме? Осы сұрақтарға бірден жауап бере кетсек, онда мәселенің басы ашыла түспек. Жалпы итбалықтың қырылуы екі кезеңнен тұрады. Екеуі де теңіз қайраңын сейсмикалық зерттеуге және терең бұрғылау жұмыстарына байланысты. Бірінші бұрғылау кезеңі 1965-1967 жылдар. Алғаш рет 1965 жылдың жазында Каспий қайраңындағы мұнайдың қорын анықтау үшін Үкімет қаулысы шығып, сейсмикалық бұрғылау жұмыстары басталды. Ол үшін су астынан ұңғы қазылды да, оған қопарғыш дәрі салынып, ол атылады. Сол кезде жер қабатындағы мұнай қоры операторлық орталықта жазылып, қанша көлемде мұнай бар екендігі анықталады. Ал қатты жарылыс кезіндегі жаңғырықтан балықтың іштері жарылып, қырылып қалады. Осындай жағдай екі рет қайталанды. Біріншісі 1967 жылы, екіншісі 1995 жылы, 1967 жылы әуелі қара балықтар, кейін қызыл балықтар мен итбалықтар қырылды. Сол кезде Жайыққа құятын өзекшелерде қара балықтардың өліктері қаптап кетті. Мысалы, Түпқараған түбегінен ол оң және теріс жағалауларында, Форг-Шевшенкодан Атырауға қарай теріс, сол жерден Шағадамға қарай оң жағалауында өлген қызыл балықтар мен итбалықтардың өлекселері көп ұшырасты. Тіпті Асаннан Қызыл өзенге дейін 155 итбалықтың өлексесі табылды. Осыдан кейін тергеу басталып, ол сегіз айға созылды. 1967 жылы осыған орай Маскеуде сот болып, Үкіметтен теңіз астын сейсмикалық зерттеуді тоқтату сұралды. Косыгин бастаған СССР Үкіметі Каспий қайраңындағы сейсмикалық зерттеуді тоқтату жөнінде қаулы шығарады. Бұл теңіз тіршілігіне байланысты бірінші қырғын болатын. Ол сәтімен аяқталды.
Екінші қырғынның басталуы 1995 жылы болды. Бұл да теңіз астын сейсмикалық барлаумен тікелей байланысты. Жоғарыда көрсетілгендей, теңіз астынан скважина қазып, оны қопарғышпен жарғанда бүкіл теңіз тіршілігіне қатты нұқсан келді. Тек шала жасар балықтар ғана толқынсыз, тыныш жерлерге ұмтылды.Сондай балықтардың бір бөлігі 1995 жылы Атыраудың қасындағы Қара өзектен шықты. Болжам бойынша қырылған балық 200 мың тонна делінді. Мүмкін одан пәлен есе көп шығар. Себебі олардың қырылу себебі анықталмай қалды.
2000 жылы итбалықтар тағы қырылды. Бұл қырғын сол жылдың наурыз-көкек айларында, 2001 жылдың көкегінде, 2002 жылдың көкегінде болды. Соның бірінен мысал келтірейік, 2001 жылдың 17 сәуіріндегі «Сұнқар» қондырғысының теңізге төгілген мұнайды теңіз тіршілігін құртуға жасалынған бір қадам деп есептеуіміз керек. Сол үшін Қазақстан Үкіметі анықтаған осы заң бұзушылыққа байланысты «Сұңқар» бұрғылау қондырғысының өндіретін қызметін уақытша тоқтату туралы шешім қабылданды [18,7б.].
Теңіз тіршілігінің қырылуына басты бір себебі осы десек, бұдан өзге де «Сұңқар» қондырғысының кесапаттары жеткілікті. Ең алдымен Батыс Қашағаннан тәулігіне 13,625 тонна ыссы судың қыс бойы теңіз суына араласып жатуын айтуға болады. Оны Экологтар «Кіші гольфстрим» деп атады. Сол ыссы су теңіздің солтүстік бөлігін жылытып, Құлалы, Долгий, Тюлленый аралдарына дейін жетіп, теңізді қатырмаған. Ал итбалықтардың мұз үстінде күшіктейтіні белгілі. Күшіктеу мерзімі қаңтардың 25-сі мен ақпанның 5-інің аралығы. Осы күні таңғы сағат 4-те қатты салқыңдық түседі де, күшіктерінің кіндігі мұзға қатып қалады. Аналық итбалық қатқан кіндікті құйрығымен соғып жұлады да, күшігімен суға секіріп кетеді. Бұл салқындықты «Итбалық күшіктерінің кіндігі мұзға қатып қалады. Ал қазіргі итбалық қырғынын зерттеушілер ақпан айының аяғына дейін оларды күшіктетеді. Табиғат заңдылығында бұлай болмайды. Бұл сылтау таба алмай, итбалық өлімінің себептерін бүркемелеу.
Ал итбалық аралдарда күшіктей ме дегенге келсек, ол су ішінде күшіктейді. Оның өзіндік биологиялық себептері бар. Сондықтан олар күшіктеу мезгілінде жағалауға шығуы мүмкін. Бірақ құрлықта дүниеге келген күшік су ішінде аз мезгіл ғана өмір сүре алады.
Алғашқы итбалық қырғынында республикалық дәрежеде комиссия құрылып, теңіздің шығыс бетін бір ай тік ұшақтармен, теңіз кемелерімен, автокөліктермен тексерді. Қорытындысында Атырау, Маңғыстау өңірінен он бір мыңдай, Түркіменстан жақ, жағалаудың қазақстандық бөлігінен жүздей, Малая Жемчужнаядан екі жүздей өлекселер табылды делінді. Шын мәнінде қанша-ешкім білмейді. Себебі сол 2000 жылдан бастап бекіре тұқымдас балықтар қызыл балығымен қоса миопатия ауруына шалдықты. Ондай кезде балықтың еті былжырап, жоғалады. Сол 2000 жылы «Каспийдің сары алтыны» атанған сазан балығы да ауруға ұшырады. Кертік шағалалар да көп қырылды. Каспийдегі көксерке деген адам денсаулығына өте пайдалы балық та итбалық қырғыннан кейін төтен бір ауруға тап болды. Оны сарком ауруы деп атады. Үсті, әсіресе, бас бөлігі жараға толып кетеді екен.
Теңіз фаунасының екінші бағалы түрі – сыла балығы. Мұның да денесінен «нематод» құртының личинкалары табылады. Бұл аурудың қоршаған ортаға тез тарағыш жұқпалы түрі.
Итбалық өлімі әдеттегідей жыл сайын қайталануда. Тек Түпқараған ауданы мен Қаламқас өңіріндегі өлген итбалықтардың саны биыл 965-ке жетті. Оған аралдардағы қырылған итбалықтар қысылып отырған жоқ. Жоғарыда айтып өткеніміздей осы диагнозды 2000 жылы Голландия елі қойған болатын. Онда «ит обасы» деп айтылды. Ол пікір экологиялық және кейбір бейресми газеттерде қатты сынға ұшырады. Бірақ біз комиссия құрылған бойда-ақ сондай диагноздың қойылатынын бірден білдік. Себебі өзге сылтау жоқ. Бұл қырғынға келесі жылы он жыл толады. Сол кезде де осындай диагноз қойылады. Каспий қайраңын қазушылар 2033 жылы мұнай өндіруді аяқтайды. Сол кезеңге дейін балықтардың ауру сыры өзгермейді. Бірақ ол кезге дейін теңізде тіршілік қалмауы мүмкін. Ондай жағдайда диагноз қоюдың да қажеті болмай қалады. Осы жағдайды жете түсінген Мәжіліс депутаты Зейнолла Алшымбаев Үкімет төрағасы Кәрім Мәсімовке жолдаған сауалында «теңіз табанындағы мол қазынаны игеріп біткенше Каспийдің биосистемасы түбегейлі бұзылып, мұндағы тіршіліктің жоғалатыны сөзсіз,-дейді.
Әзербайжан Республикасы есеп комитетінің төрағасы Аббас Аллахбердиев те Азербайжан экологиялық шаралар үшін бюжеттен қаржы аз бөлінетіндігін жеткізді. Былтыр 7-8 млн АҚШ доллары ғана бөлінген. Жалпы алғанда Каспийдің жағалауын жайлаған мемлекеттер бүгінде теңіздің тағдырына қатты алаңдап отырған жоқ. Бірақ қарт теңіздің «қара алтыны» мен балығы үшін жан талас жүріп жатыр. Табиғаттың тартуын экологиялық жағынан қарауға келгенде көңіл кеш емес, қаржыда тапшы. Сондықтан бұлар бірлескен отырысқа қатысқан үш мемлекеттің өкілеттері қордаланған мәселенің бірқатарын ортаға салып, теңіздің тағдыры талқыға түсе бастағанына және биологиялық қорлардың азайғанына, әсіресе бекіренің басына бұлт үйірілгеніне алаңдаушылық білдірілді. Мұны бір сөзбен апат деп айтуға болады. Демек бірлескен тексерулер Каспийдің көкейтесті мәселелерін шешуге азда болса септігін тигізетін секілді. Бірінші кезекте мемлекеттер тарапынан бөлінетін қаржыны ұлғайту қажеттігі көзделсе, екіншіден, кешенді шаралар жүргізуге назар аударылмайтыны дәлелденіп отыр. Ең бастысы-бірлескен конвенция талаптары орындала бермейді. Каспийдің биоресурстарын сақтау мен қорғау мақсатындағы үкімет аралық келісімдерді жетілдірудің де кезі келіпті.
Бірлескен алқа мәжілісінде Ресей мен Әзербайжанның есеп палаталары мен Қазақстанның есеп комитеті жетекшілері бірқатар тексерулердің қорытынды құжатына қол қойды. Олардың қатарына көк теңізді «тонауда» өз үлесі бар көрші елдердің қашан қосылатыны белгісіз. Осылай ары тарт та, бері тарт болып жүргенде теңіздің экологиясы мүлде бұзылып, қарт Каспийді өлтіріп, асыраушымыздан айырылып қалмасақ болғаны.
Ал жақында Ашхабат қаласында Каспий теңізінің экологиясына байланысты Ресей, Қазақстан, Түркіменстан, Иран елдері өкілдері бас қосып, біраз проблемаларды талқылады. Демек, Каспийді бүгіннен бастап қорғамасақ, ертең кеш болады. Мұнай, мұнай деп жүріп кәрі теңіздің табиғи фаунасы мен флорасын, бүкіл тірі тіршілігін құртып алсақ келер ұрпақ мұны бізге кешірмейді [19,6б.].
2.3 Маңғыстау мұнай-газ кешенінің аймақтық жануарлар дүниесіне әсері
Маңғыстау мұнай-газ кешенінің аймақтық жануарлар әсері дүниесіне Маңғыстау облысының территориясы үшін өңкей табиғи және антропогендік ландшафтылардың күрделі тіркесімі тән. Физикалық-географиялық жағдайы аймақтың жануарлар дүниесінің әр түрлілігіне де негізделеді.
Фаунаның түрлік алуандығы қосмекенділердің бір түрімен, жорғалушылардың 15 түрімен, құстардың 223 және сүтқоректілердің 30 түрімен ерекшеленді.
Жануарлар дүниесінің қазіргі құрамы мен жағдайы антропогендік фактордың (мал шаруашылығы, малға жем-шөпті даярлау, рудасыз құрылыс материалдарын өндіру, аңшылық және т.б.) көпжылдық әсерінің салдары болып табылады. Осы факторлардың көбісі бұрын жануарлар дүниесіне айтарлықтай теріс әсер етіп, бүгінгі күнде апатты болмай қалды. Жануарлардың кейбір түрлерінің құрамы мен саны тұрақты және өзгерген ортамен адам тұрақты тепе-теңдікте тұр.
Жалпы, Маңғыстау мұнай кені территориясының жануарлар дүниесі антропофильді және антропотолерантты түрлерден тұрады.
3-кестеде мұнай өндіру аудандарында көптеп кездесетін фауна түрлері келтірілген. Бұл жануарлар маңызды ландшафтыларда және адам өмірінде біршама рол ойнайды.
Кесте 3. Манғыстау мұнай-газ өндіруші кешенінің аумағында кездесетін жануарлар түрлері және табиғи орта компоненттерінің ластануының оларға әсері.
№ п\п |
Түрі |
Рет |
Ластанған табиғи ортаның жануарларға әсері |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
Жайран |
Жұптұяқты ( Artiodactyla ) |
3,1 |
2 |
Киік |
Жұптұяқты ( Artiodactyla ) |
3,1 |
3 |
Үстірт |
Жұптұяқты ( Artiodactyla ) |
3,1 |
4 |
Қасқыр |
Жыртқыш ( Carnivora ) |
2,1,3 |
5 |
Қарсақ |
Жыртқыш ( Carnivora ) |
2,1,3 |
6 |
Түлкі |
Жыртқыш ( Carnivora ) |
2,1,3 |
7 |
Ақтышқан |
Жыртқыш ( Carnivora ) |
2,1,3 |
8 |
Ақукес |
Жыртқыш ( Carnivora ) |
2,1,3 |
9 |
Дала күзені |
Жыртқыш ( Carnivora ) |
1,2,3 |
10 |
Борсық |
Жыртқыш ( Carnivora ) |
2,1,3 |
11 |
Дала мысық |
Жыртқыш ( Carnivora ) |
2,1,3 |
12 |
Қарақал |
Жыртқыш ( Carnivora ) |
2,1,3 |
13 |
Сарышұнақ |
Кеміргіш ( Rodentia ) |
2,1,3 |
14 |
Кіші сарышұнақ |
Кеміргіш ( Rodentia ) |
2,1,3 |
15 |
Кіші қосаяқ |
Кеміргіш ( Rodentia ) |
2,1,3 |
16 |
Үлкен қосаяқ |
Кеміргіш ( Rodentia ) |
2,1,3 |
17 |
Секіргіш қосаяқ |
Кеміргіш ( Rodentia ) |
2,1,3 |
18 |
Түкаяқты қосаяқ |
Кеміргіш ( Rodentia ) |
2,1,3 |
19 |
Сұр қалтауық |
Кеміргіш ( Rodentia ) |
2,1,3 |
20 |
Түскі құмтышқан |
Кеміргіш ( Rodentia ) |
2,1,3 |
21 |
Үлкен құмтышқан |
Кеміргіш ( Rodentia ) |
2,1,3 |
22 |
Үй тышқаны |
Кеміргіш ( Rodentia ) |
2,1,3 |
23 |
Сұр егеуқұйрық |
Кеміргіш ( Rodentia ) |
2,1,3 |
24 |
Кәдімгі көртышқан |
Кеміргіш ( Rodentia ) |
2,1,3 |
25 |
Қызылқұйрықты құмтышқан |
Кеміргіш ( Rodentia ) |
2,1,3 |
26 |
Құлақты кірпі |
Насекомқоректі ( Insectiyora ) |
2,3 |
27 |
Ұзынинем кірпі |
Насекомқоректі ( Insectiyora ) |
2,3 |
28 |
Дала бүркіті |
Құстар ( Aves ) |
3,4 |
29 |
Тазқара |
Құстар ( Aves ) |
3,4 |
30 |
Бүркіт |
Құстар ( Aves ) |
3,4 |
31 |
Құзғын |
Құстар ( Aves ) |
3,4 |
32 |
Балобан |
Құстар ( Aves ) |
3,4 |
33 |
Төртжалпақты полоз |
Қабыршақтылар ( Reptilia ) |
1,2,3 |
34 |
Гюрза |
Қабыршақтылар ( Reptilia ) |
1,2,3 |
35 |
Сұр қарға |
Қабыршақтылар ( Reptilia ) |
1,2,3 |
36 |
Ала жұмырба |
Қабыршақтылар ( Reptilia ) |
1,2,3 |
37 |
Бекіре |
Балық ( Chondrichthyes ) |
1 |
38 |
Сазан |
Балық (Osteichthyes ) |
1 |
39 |
Көксерке |
Балық (Osteichthyes ) |
1 |
40 |
Ақтабан |
Балық (Osteichthyes ) |
1 |
41 |
Алабұға |
Балық (Osteichthyes ) |
1 |
42 |
Кефаль |
Балық (Osteichthyes ) |
1 |
43 |
Вобла |
Балық (Osteichthyes ) |
1 |
44 |
Ақмарқа |
Балық (Osteichthyes ) |
1 |
45 |
Каспий ит балығы |
Сүтқоректі |
1,4 |
Әр түрлі жануарлар қоршаған орта компонеттерінің ластануые әркелкі қабылдайды. Құстар класы үшін атмосфералық ауаның ластануы, ал қосмекенділер мен балықтар үшін – су ортасыны ңластануы біршама қауіпті.
Сондықтан әрбір түр үшін табиғи компоненттерінің ластануының біршама қауіпті түрлері қарастырылған және көрсетілген. Одан басқа, мұнай кәсіпорындары аумағында популяция құрылымы мен динамикасы өзгереді. Жануарлардың кейбір түрлері көшіп-қонады, олардың орнына синантропты түрлері келіп мекен етеді.
Мұнай-газ өндіруші кешеннің әсері табиғи ортаға әсердің дәрежесі бойынша, жануарлардың түрлі топтарына әсер ету ерекшеліетері бойыншада әркелкі. Сүт қоректілер салыстырмалы түрде мұнай-газ кешенінің әсеріне тәуелсіз. Олар мекен ету ортасының қиын жағдайына бейімделу кемелімен сипатталады. Сол себепті мұнай өндіру орнын тастап кетуі немесе қалуы мүмкін, егерде өмірге қауіпті боолмаса немесе жем-шөптік база зардап шекпесе. Бұл жануарларға қасқыр, қарақал, қарсақ, түлкі және муфлон, киік, жайран сияты ірі сүтқоректілер. Мұнай өндіру аудандарында бұл жануарлардың саны территорияны жоғары игерушілікпен байланысты онша көп емес. Қосаяқ, сарышұнақ, атжалман,құмтышқан сияқты ұсақ сүтқоректілер осалдау.
Ескерту:
- Жерасты және беткі сулардың ластануы;
- Топырақтардың ластануы;
- Өсімдіктерді жою;
- Атмосфералық ауаның ластануы;
Аталған барлық жануарлар тобына мұнай өнімдерінің әсерін тікелей өмір сүру ортасын жою арқылы – табиғи өсімдік дүниесі, деформация және топырақ пен су қоймаларының күшті ластануы арқылы тигізеді. Атап өту керек мұнай өндіруде жойылған өмір сүру ортасының аумағы аймақтың барлық территориясындағы табиғи өмір сүру орталарының аумағымен салыстырғанда кішкентай. Сол себепті, жалпылай, жер беті экохүйелерінің жануарлар әлемі өкілдерінің саны мен тығыздығының өзгерісі әзірге мардымсыз және есепке алу қиын. Біршама теріс әсерге су қоймалары мен топырақ пен байланысты жануарлар ұшыраған, себебі теріс әсердің негізгі факторлары су мен топырақтың тұздануы болып табылады.
Жануарлар мен өсімдіктер дүниесін мемлекеттік бақылаудың Маңғыстау облысының территориялық басқарманың мәліметтері бойынша жыртқыш жануарлардың авиа санақ 1990-2000 жылдар аралығында бұл мақсатқа қаржы бөлінбегендіктен жүргізілмеді. Автомобиль маршруты бойынша жыртқыш жануарларға санақ жүргізілді (8.11.1999 ж, 10.01.1999ж. және 19.05.2000 ж.) жүргізілген жұмыцстардың қорытындысы бойынша 2000 жылдың мамыр айында келесі қорытындылар жасалды.
Облыстағы киіктің саны 3000-3500 басты, жейран 3000-ға жуық басты құрады, тау қойы мен жейранның саны 90-жылдардың басымен салыстырғанда азайып кетті. Басты себеп – 1997 жжылдағы құрғақ кезеңінде жем-шөп жағдайының нашарлауы, браконьерліктің көбеюі, ал жейрандар үшін 1993-1994 жылдардағы қолайсыз қыстау да болып отыр. Мұнай өндіру су ортасымен байланысты жануардар мен құстарға елеулі әсер етіп отыр. Жанама әсер етіп Каспий теңізінің мұнай өнімдерімен ластанған жағалау суларында жемшөп базасының бұзылуы арқылы осы жануарлар популяциясының жай-күйіне теріс әсерін тигізеді. Алайда, көпжылдық санақтың болмауынан суда жүзетін құстардың санағы бойынша мәліметтерді растау мүмкін болмай отыр.
Мұнай-газ өндіру кешенінің қосмекенділер мен рептилийлерге, әсіресе Каспий тюленіне әсері үлкен. Бұл суқоймалар мен топырақ жамылғысының мұнай өнімдерімен және кәсіпорынның ағынды суларымен ластануымен , атмосфераға зиянды заттардың тасталуымен байланысты. Мұнай мен қатты ластану жағдайында төмен тюлендер орта факторларының шұғыл тербелісне бейімделу қабілетін жоғалтады және жұқпалы және паразиттік ауруларға қабілетін де жоғалтады. Тек 2000 жылдың өзінде ғана 12000 астам осьбтер қырылып қалды .Соны мен бірге ихтиофаунаға әсері де айтарлықтай күшті. Бірінші кезекте –теңіз беті суларының хлор, кальций, магний иондары мен және мұнай мен ластануы.
- Каспий теңізі және оның маңының экологиялық жағдайларын жақсарту жолдары
- Каспий теңізінің экологиялық ахуалы
Каспий теңізінің жағалауы мен табанынан мұнай өндірудің жыл сайын үдей түсуі мемлекетаралық әлеуметтік-экологиялық проблемалардың шиеленісе түсуіне әкеп соғуда. Әсіресе, біз үшін теңіздің қазақстандық бөлігінің экологиялық ахуалы алаңдатып отыр. Оның үстіне соңғы жылдары шетелдік инвесторлардың мұнай өндіру мен оны тасымалдауға араласуы кейбір экологиялық мәселелерді ушықтырып жіберді. Атап айтқанда, қоршаған ортаның мұнай өнімдерімен ластануы, ауа, су ресурстарының сапасының нашарлауы, фауна мен флораның зардап шегуі мен адам денсаулығының нашарлауы тұрғындарды алаңдатып отыр.
Каспий теңізінің қазіргі кездегі ластануы және теңіз деңгейінің жылдық көтерілуі тоқталмағандықтан және осы ретте желдің әкелінді-ықтырынды құбылыстары салдарынан теңіз суы ластануда, теңізге іргелес территориялардың экологиялық жағдайы нашарлауда. Тұтастай алғанда Каспий теңізінде өсімдіктердің — 500, балық пен жануарлардың 854 түрлері бар.
Жағалауға таяу аудандар да көміртегі шикізатын барлау және зерттеудің одан сайын кең қанат жаюы, өзен, өнеркәсіптік, коммуналдық ағындылардың лас ағымының көбеюі, теңіз апаттарының болуы салдарынан мұнай мен мұнай өнімдерінің теңіз бетіне тарауы, т.с.с. зиянды антропогендік процестерді күшейте түсті.
Десе де, Каспий теңізінде бұрыннан қалыптасқан экожүйелерде көп езгерістер көрініс беріп отыр. Әсіресе, фауна мен флора құрамының өзгеруі, ластану жағдайына төзімді организмдердің көбейе түсуі байқалған.
Мәселен, Каспий теңізінде соңғы кезде қызыл және қоңыр балдырлар көбейе түсті. Теңізде бекіре тұқымдас балықтар, майшабақ, бұзаубас балық дрейсен және жүрекше моллюскалар тіршілік етеді. Сонымен бірге итбалықтар да өзінің популяциясын сақтауда. Себебі, Каспий теңізі ежелден құнды балық түрлеріне де өте бай (табан балык, көксерке, сазан, т.б.), сонымен бірге тұщы су балықтары да көптеп кездеседі.
Дегенмен, Еділ бойында гидротехникалық құрылыстардың салынуына, теңізге өндірістен шыққан лас сулардың құйылуына байланысты ауланатын балық мөлшері азаюда. Әсіресе, бекіре тұқымдас балықтар мен майшабақтардың өнімі кеміп кетті.
Каспий теңізінің солтүстік бөлігі дүние жүзінде сирек кездесетін экологиялық таза табиғи тіршілік ортасы болып саналады. Оның үстіне, бұл жағалауда сирек кездесетін — бекіре, итбалықтар, шоқыр, қара уылдырық беретін балықтар аса құнды табиғи тіршілік иелері екендігі белгілі. Сондықтан бұл аймақ ерекше қорғалатын табиғи қорық деп жарияланған. Алғашқы кездерде шетелдік мұнай компаниялары өздерінің озық технологиялары барын, сондықтан мұнай қалдықтарымен жұмыс жасауға мол тәжірибелері бар екендігін ұсынған. Халықтың наразылығына қарамастан билік басындағылар шетелдік мұнай компанияларының мұнайды барынша игеріп, табиғи ортаға қол салуына жол береді.Нәтижесінде балықтардың түрліауруға ұшырауы, итбалықтардың жаппай қырылуы орын алғаны белгілі. Бағасы алтынмен пара-пар, қара, қызыл уылдырық кеміп барады. Соңғы жылдары теңіз астынан мұнай іздеп бұрғылау кезінде күкірт қышқылы, азот, аммиак және сынаппен ластанған.
Теңіз суына және онда өсетін тіршілік иелеріне аса үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Мысалы, балық уылдырық шашар кезде, шіркеуде қоңырау соғуға тыйым салу қажет. Себебі, су астындағы дыбыстар бекіре балықтарына әсерін тигізген. Дыбыс бар жерде балықтар уылдырық шаша алмай қашады немесе өліп қалады.
Кейінгі кезде Каспийдің итбалықтары қырылу құбылысы енді қызыл балықтарға қаупін төндіруде.
Сонымен бірге теңіздің кіші інжу-маржан аралдарынан қорытпа, бекіре, северюга тәрізді бекіре тұқымдастардың ғана уылдырығымен және шабақ планктондарымен қоректенетін мнемиопопсис деп аталатын мөлдір денесі іркілдеген теңіз жәндігі — медузаның, көп мөлшерде табылғандығы туралы мәліметтер бар. Медуза мөлдір түсті, денесі іркілдек теңіз жәндігі.
Бұл жәндіктердің ойда жоқта көбейіп кетуін ғалымдар түсіндіре алмай отыр, ал бұл жебір жәндіктер асыл байлығымыз болып табылатын балықтарымызды құртуда. Көпшілік ғалымдар бұл құбылысты теңіздің мұнай қалдықтарымен ластануымен байланыстырып отыр. Әлдебір құдірет Каспийге енді сол тауқыметті тартқызбақ.
Каспий теңізіндегі балықтардың ауруға шалдығуы көптеп кездесіп жүр. Мысалы, зертханалық зерттеулер бекіре ағзасының елеулі түрде сырқатқа шалдыққанын анықтап отыр. Оның уылдырығының сырты былжырап жұқарған. Әсіресе, етінен ауыр металдар — қорғасын, сынап пен калий бар екендігін анықтаған. Бұлардан басқа гербицид, пестицид сияқты улы заттар да табылған. Ал ауру балықтардың уылдырығы болса консервілеуге мүлдем келмейді. Айта берсек қазіргі кездегі Каспий тенізінің тіршілік көздерінің ластану салдары ұшан-теңіз.
Кей ғалымдар Каспийдің астынан мұнай сорып алып, байлыққа кенелеміз деген ойдың дұрыс емес екендігін айтыпта жүр. Олардың ойынша теңізден бал татыған балығы мен қара, қызыл уылдырықтары, мұнайдан түсетін пайдадан жүз есе көп. Ал балықтарды белгілі бір жүйемен ауласа, балықтар саны ешқашан азаймас еді әрі ауру-сырқауға шалдықпас та еді.
Қорыта келгенде, балық бағалы байлық. Тек Каспий балығымен қазіргі күні 5 мемлекеттің жүздеген миллион адамдары қоректеніп отыр. Егер осы балық болмаса, осыншама халық қалай күн көрмек.
Жердегі тіршіліктің дамуында ауа мен судың және ондағы баға жетпес тіршілік көзінің орны ерекше. Бірақ өкінішке орай, осы қайталанбас табиғат байлықтарының ластануына және экологиялық апаттарға әсіресе, теңізден мұнай алу кезінде немесе танкерлерді жуып-шайған кездегі теңіздің мұнаймен бүлінуіне қарсы жұмыстар мардымды түрде жүргізілмеуде. Қолында билігі бар, қаражаты бар адамдар өздеріне қеректі қара алтын — мұнайды ғана ойлап жүр. Ал ауа мен су ондағы тіршілік көздері алтыннан да қымбат емес пе? Осы екі алтындай қымбат зат адам баласын шыңға да шығарады, тұңғиыққа да батырады. Егер жуық арада теңіздің тіршілік байлығының уланып, ластануына қарсы шара қолданбасақ, сөз жоқ мұның соңы үлкен апатқа апарып, теңіз тіршілігі жоғалып кетуі әбден мүмкін.
Біздің мақсатымыз қарт Каспийдің қазіргі экологиялық ахуалынан көпшілікті хабардар ету арқылы қоғамдық ой-пікір туғызу. Сол арқылы теңіздің алыс-жақындығы проблемасына араласа отырып, халық байлығын сақтап қалуда мемлекеттік тұрғыдан әрекет етуді жүзеге асыру болып табылады [21,18б.].
Каспий теңізінің солтүстік жағасы, Еділ мен Жайық өзендері аралығының көп жері Атырау облысының Құрманғазы ауданына қарайды. Теңіз жағасынын, шекарасын Еділ өзенінің теңізге құятын Қиғаш саласы анықтайды. Осы өзеннен Новобогат ауданының Забурын елді мекеніне дейінгі теңіздің жағалық аймағы түгелдей Құрманғазы ауданының жері. Бұл өңірдің экологиялық жағдайынан сөз қозғау үшін оның бұрынғы жағдайы қандай екеніне көз жеткізу керек. Ертеректе мұнда теңіз суының және оның халыққа сұғына кіріп жатқан шалқыған сан алуан сулы шығанақтары мен теңізден бөлініп қалған көлдері көп болды. Қай кездерде де осы көлдерден, шығанақтардан жергілікті халық балық аулап, олардың түрлі өнімдерін ірі кәсіпорындарға тапсыратын. Бұларды балықшылардың тілімен айтсақ «балық батағалары» дейтін. Мысалы біздер туып-өскен Морской ауылдық кеңесінің аумағында Қарақұл, Дружин, Семеновка, Советский, Афанасьев, Радин деген балық қабылдайтын және өңдейтін батағалар болды. Бұлар тек бір ауылдық кеңеске қарайтындары, онан әрі батысқа қарай Ганюшкино, Нұржау, Котяев секілді елді мекендерден Қиғаш бойындағы Шортаңбай балық зауытына дейін көптеген балық батағалары болды.
1925 жылдан бастап Каспий теңізінің суы тартылып азайды. 1930 жылы бұл су арналары, шығанақтар сусыз қалды. Біртіндеп тартылған теңіз суы 100 шақырымға қашықтаса, кейіннен ол одан екі есеге жуық алыстап кетті. Балық батағалары жабылды. Аудандағы кеңестік кезеңде құрылған балық ұжымшарларының, адамдары теңізге балық ауллауға шығатын кемқайықтарын Астрахан облысы аумағына қарайтын «Тұмақ» аралына күзде тастап, көктемде сол жерден жарақтанып теңізге шығатын болды.
Бұрынғы теңіз ортасындағы шарларының мал азығын дайындайтын учаскелеріне, малшылардың қыстақтарына айналды.
Қиғаш өзенінен Забурын елді мекеніне дейінгі 200 километрге жуық жердегі халықтың байырғы қонысы сусыз қалды. Оншақты ұжымшарлар кесіп жоқ болғандықтан Қиғаш, Шарон өзендерінің бойына қоныс аударып, өзге балық шаруашылықтарымен бірікті. Сусыз қалған мыңдаған гектар жерді малшылардың қонысына, жайылымға айналдыру бағдарламасы ел алдына қойылды. 1946 жылы Шортанбай балық зауытының қасынан бастап Қиғаш өзенінен басын алатын Қиғаш-Кобяков каналы, онан бері Көкарна Белюжий-Трешкин, кейін Кобяков-Жанбай каналдары, мал су ішетін Кобяков-Малъцев каналы, сонан кейін Ганюшкиннен – Забурынға жететін жоғары жақпен Сурхан каналының желісі іске қосылды.
Бұл каналдар бойында жайылымдық жерлерге, малшыларға Еділдің тұщы суын жеткізіп қана қоймай, бұрынғы теңіз суы жайылатын көлдерге құйып, теңіз балықтарының көктемде уылдырық шашып көбеюіне, суды мекендейтін мыңдаған құстардың өсіп-өнуіне жол ашатын. Мұның бәрі кешегі теңіз жағасын мекендеген Құрманғазы ауданы жерінің келбеті еді. [22,8б.].
Бұл өңірдің қазіргі жағдайы өте аянышты. Ауданда өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық өндіріс орындары жоқ. Аудан экономикасы төмендеген табиғаты қорғалмай, экологиясы бұзылған. Өткен 30 жыл ішінде каналдар бірде-бір рет ашылмай, арналары бітелген. Қамыс, қоға, су балдырлары қаптап кетті, көпшілігі су жүрмейтін болып, кұм басты. Теңізбен байланыс үзілді. Көлдерде тұрып қалған су бұзылып, мыс купоросының ерітіндісіне айналып, зәрленді. Ауру таратудың көзіне айналды. Мыңдаған гектар шабындық, жайылымдық жер шөп шықпай, пайдаланудан қалды. Ауданға қарайтын батыстан-шығысқа ұзындығы 200 километр, терістіктен-түстікке 150 километрге созылатын теңіз жағалауының қамыс пен қоға басып су арналары жойылды. Өзен су теңізге жетпейді. Бірнеше жылғы орман болып шыққан нар қамыс, қоға, жыңғылдар 1974 жылдан бері өртенбегендіктен қурап, үйінді-шөгіндіге айналды, су балдыры мен қопаға айналып шіріді. Қопа үстінен қайталап шыққан биік қамыс-қоғалар жыртқыш қамыс мысықтарының, борсықтың, жабайы шошқалардың кемірушілер-егеукұйрық, тышқан, атжалманның тұрақты мекеніне айналды. Жылма-жыл олардың санының ұлғаюына сай, жұқпалы да қатерлі аурулардың туу қаупі өсті. Әсіресе қасқыр, түлкілер құтырып ауырып, адамға, малға шабатын болды. Тышқандар осы өңірде 20-сыншы жылдарда болған, оба ауруының кайталану қаупін туғызып отыр.
Теңіз жағалауына және су ішіндегі жеке аралдарға түрлі компаниялар қожа болып, мұнай ұңғымаларын қаптата бастады. Жағадағы «Белюжий», «Ленкеса», «Трешкин» аралдарында жиырма шақты мұнай ұнғымалары жұмыс істеуде.Мемлекеттер арасындағы Каспийді бөлісу келісіміне сай, Ресей үкіметінің мұнайшылары біздің аудан жері болып саналатын теңіз суындағы «Новинск» аралына мұнай ұңғымасын орнатып жатыр. Осының бәрі қамыс-қоға, қопа, балдыр үйінді шөгінділерінің ортасына орналастырылуда. Бұлар теңіз жағасының бұзылған ауасын одан сайын ластаса, екінші жағынан қураған қамыс мұнай көздерінің өртену қаупін туғызады.
Аудан халқы үшін, кәсіптік және күнкөрістік байлық көзі Каспий теңізінің балығы мен мұнайы болып саналады. Оларды бұрынғы қалпына келтіріп, халық игілігіне айналдыру үшін төмендегідей шараларды шұғыл іске асыру қажет деп санаймыз.
Аудан жеріндегі каналдарды қалпына келтіру керек, бітелген жерлерін ашып-қазып, Қиғаштың мол тұщы суын Каспий теңізіне құюын қамтамасыз еткен жөн. Ол үшін Сурхан каналының Қиғаш-Кобяков каналынан бастау алатын жеріндегі 15 км жерін тереңдетіп қазу қажет. Онан кейін Кобяков- Жанбай-Забурын каналының бұрын теңізге құятын Ленкоса каналын, Жанбай арнасын, Дементьев каналдарының бітелген жерлерін аршып, кейбіреулерін теңізге қарай ұзартып, Шароновка өзені суының теңізге құюына мүмкіндік берген дұрыс болар еді.
Бұларды аршып, қазғаннан нендей пайда бар? Біріншіден, теңіз балықтарының үлкен-кішісі болмасын көктемде уылдырық шашу үшін үйірімен теңізді жағалап келіп, дағды бойынша өзен суы ағысына қарсы каналдармен жоғары өрлейді, көлдерге жайылған суларға шығады, тұщы суда балық жақсы өседі. Мұның өзі аудандағы ұжымшарлар мен балық зауытының, кәсіпшіліктердің өркендеуіне, аудан экономикасын көтеруге, халықтың жақсартуға мүмкіндік береді.
Екіншіден, қазіргі Жайық өзенінің теңізге құяр жері тайыздалған, жылдар бойы қазылмағандықтан балықтар Жайық бойына шыға алмайды. Біздің ауданның тұсындағы теңізге құятын арналар тегіс бітілген, балықтар ішкі суларға кіре алмайды, соның салдарынан балықтар көктемде үйірімен теңізді жағалай отырып, Еділ өзенінің ағысына барып жоғарылайды, кейде онанда асып, Мақашқалаға қарай кетеді. Сондықтан да Каспий балығының өз жерімізде көбейюіне жағдай жасауымыз керек.
Үшіншіден, Еділ-Қиғаш өзендерінің суы өте көп. Көктемде олардың келетін мол суды бұрынғы қазылған каналдармен Каспий теңізіне жібермесек, ең алдымен аудан орталығы Ганюшкинді су басады. Бірнеше жылдар бойы бөгет салып қана аман алып қалып отыр ал биыл өте қауіпті. Су басса мындаған шикі кірпіштен салынған үйлер құлап, елдер баспанасыз, қалуы мүмкін.
Төртіншіден, су келсе каналдар бойындағы көлдер жағасы мен
жайылымдарға шөп шығады, егін егіледі, халықтың күнкөрісі жақсарады, ауа тазарады, табиғат түзіледі [23,5б.].
Бүгінгі күннің ең басты проблемаларының қатарына халық шаруашылығын су ресурстарымен қамтамасыз ету жатады. Ел экономикасының даму, оның ішінде өнеркәсібінің даму масштаптары мен қарқынының өсуімен байланысты су ресурсы- тапшы табиғи ресурсқа айналуда. Қазіргі кезде жыл сайын жер шарында түрлі мақсатта 150 км3 су шығын болып жатыр, ал мүмкін су жиыны өзен және жерасты сулары есебінен 600 км3 –ді құрайды. Бір қарағанда, су ресурстарын жеткілікті болып көрінеді, алайда негізгі қорлары дүниежүзі халқының басты мекендеген жерлерінен тыс орналасқан. Сондықтан көптеген елдер тұщы судың жетіспеушілігін тартып отыр.
БҰҰ Бас Ассамблеясы Тәжікстан Республикасының инициативасы бойынша 2003 жылы Тұщы судың халықаралық жылы деп жариялады.
2003 жылдың 29- тамызы мен 1- қыркүйектегі аралығындағы басты халықаралық ұйымдар мен Тәжікстанның арнайы агенттіктерінің демеуімен резолюцияның авторы ретінде тұщы су бойынша Душанбе халықаралық Форумы өткізілді. Форум қорытындысында қатысушылары «Мыңжылдықтың даму мақсаттарының жетістігі бюойынша, және де Иоханнесбург жоспарына сәйкес міндеттер мен амалдарын орындау бойынша міндеттемелерді қабылдауды үндеген “Душанбе су үндеуі” қабылданды және БҰҰ-на “ 2005 – 2015 ” жылдар декадасын – “Өмір үшін су” деген ұранмен Халықаралық декада деп жариялау ұсынысымен үндеу жасады.
Су ресурстары деп жер беті суларын ( өзен, көл, суқойма, тоған және т.б.) айтады. Су жаңарған су ресурсына жатады. Тұщы су ауызсу және тұрмыстық қажеттіліктер үшін, халық шаруашылығының барлық салаларында өндірістік мақсатта пайдаланады [24]..
Су салаларынан алынған судың көп бөлігі қайта суқоймаларына қайтып келеді, алайда түрлі заттармен ластанған, бір бөлігі буланып, сіңіп жоғалады.
Су жүйелері өзара байланысқан, суқойманың бір жерінің ластануы басқасына әсер етеді, ал өзен сулары – өзен суларына. Қазақстанда ауыз судың жетіспеушілігі анық байқалады. Бұл тапшылық климаттың құрғақтылығынан, халық шаруашылығының суды қөп қажет ететін салалардың басымдылығынан, бар су ресурстарын ысырапшыл пайдалануынан, аумақ бойынша олардың біркелкі тарамауынан, қайтарымсыз су тұтынудың өсуінен туындап отыр.
Қазақстан су ресурстары тапшы елдер категориясына жатады. Бүгінгі күнде су объектілері тау-кен металлургия және химия өнеркәсіптерінің кәсіпорындарымен, қалалардың коммунальдық қызметтерімен ластануда және үлкен экологиялық қауіп-қатер туғызуда. Біршама ластанған өзендер Ертіс, Нұра, Сырдария, Іле және Балқаш көлі. Сонымен хатар халықты ауыз сумен қамтудың негізгі көзі болып табылатын жер асты сулары да ластануға ұшыраған.
Каспий теңізіндегі бекіре тұқымдасының қоры дүниежүзілік қордың 90% -ын құрайды. Каспий теңізіндегі жалпы жылдық балық аулау 1970 жылы 530 мың тонна болатын. 1987 жылдан Каспийде 17 ірі балық шорлары ресми тіркелді. Мұндағы майшабақтың барлығы дерлік шабақтың 40%-ы жойылған.
1978 жылдан бастап теңіз деңгейі елдің мұнай өндіруші кешендері орналасқан аймақтың үлкен территорияларын су қаупін тудырып, біртіндеп көтеріліп отырды. Одан басқа, кезеңдік ауа-райы құбылыстары теңізге мұнай өнімдерін, ластанған және былғанған жерлерді, жағалаудағы өнеркәсіптік және коммунальдық – тұрмыстық ағындыларын жинақтаушыларды шаюға әкеп соғады.
Мұнай өндіру масштаптарын үлкейту, жағалаудағы өнеркәсіп қуатын арттыру солтүстік-шығыс Каспийдің қайраңды зонасы мен 11 акваториясында Каспийдің экожүйесіне үлкен қауіп-қатер туғызады.
Қазақстандағы Каспий маңының проблемалары:
- Бекіре тұқымдасының, Каспий итбалығының, киіктер мен басқа да жануарлар популяциясының азайып кету.
- Мұнай-газ және энергетикалық кешендерінің объектілерін су басып қалуынан Каспийдің ластануы.
- Мұнай-газ, химия және энергетика кешендері кәсіпорындары жұмысы нәтижесінде топырақ-өсімдік жамылғысының ластануы мен деградациясы.
- Ауыз су және техникалық қажеттіліктер үшін бақылаусыз пайдалану нәтижесінде жерасты суларының азаюы.
Қазақстандық Каспий маңызының проблемалары бүкіл Каспий аумағының жалпы басты проблемаларының бір бөлігі болып табылады. Оларды шешу үшін биоресурстар мен көмірсу шикізаттары тиімді пайдалану бойынша Каспий маңы мемлекеттерінің бірлескен іс-шаралары керек [25].
Қазақстан Халықаралық Каспий экологиялық бағдарламасының бас мүшесінің бірі болып табылады. Бұл ұзақ мерзімді бағдарламаның мақсаты Каспийдің сезімтал экологиялық жүйесін қалпына келтіру мен сақтау болып табылады. Қазақстанның белсенді позициясы басқарып отырған комитеттің қызметіне Қазақстанды жауапты етіп қоюда көрініс тапты. Қазақстанда екі тематикалық бағыт бойынша жұмыс аймақтық деңгейде жүргізілуде. Төмендегідей тематикалық бағыттар бойынша жұмыс ұйымдары қарастырылады:
- Кешенді жоспарлау және жағалау зонасын басқару.
- Ластану мониторингі және төтенше жағдайлар.
- Тұрақты адам дамуы және денсаулық сақтау.
Әрбір тематикалық бағыт бойынша кадрларды оқыту және даярлау, қоғамды ақпараттандыру, НПО — мен бірлесе жұмыс істеу. Табиғат ресурстарын теңгерімді пайдалану үшін – Каспийдің экожүйесін сақтау және экономиканың тұрақты дамуы керек.
Каспий теңізі алабы мемлекеттерінің көмірсулы ресурстарын кеңінен игеру теңізлік және жағалаулық экожүйелерге негативті әсер ету масштабын үлкейтеді. Теңіз мәртебесінің белсіздік жағдайында трансшекаралық сипаттағы сыртқы экологиялық қауіп-қатер үлкен мәнге ие.
Теңіздің Қазақстан жағындағы көмірсулы шикізатты алдағы уақытта жаппай игеру елдің экологиялық қауіпсіздігіне потенциальды қатер туғызады.
Каспий теңізінің қоршаған теңіздік ортасын қорғау бойынша рамалық конвенциямен жене басымдылық әрекеттермен каспий теңізінің ресурстарын пайдалану және Каспий экожүйесін қорғау бойынша алда жүргізілетін алда жүргізілетін іс-шараларға қатысты Каспий маңы елдері арасындағы ортақ өзара әрекеттері бойынша негізгі бағыттар анықталады.
КЭП бағыттары «Экология және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстары» ұзақ мерзімді 2030 Стратегиясына сәйкес келеді. Реализациялау нәтижесінде Қазақстанның Каспийдің биологиялық қорларын сақтап қалуға бағытты мынадай іс-шаралар жүргізілуде:
- Су басқан мұнай скважиналарын және зиянды қалдықтарын консервациялау.
- Мұнаймен ластануды ликвидациялау.
- Кеспе газдарды утилизациялау.
- Қоршаған ортаны ластанудан және апат жағдайының алдын алу.
- Төтенше жағдайларға жедел назар аудару.
- Каспий теңізінің акваториясындағы өсімдіктер мен жануарлар әлемін қалпына келтіру.
- Құрылысты аяқтау және Орал өзенінде бекіре балық сулы зауыттарды іске қосу.
- Табиғи уылдырық тау орындарының жағдайын жақсарту;
- Браконьерлікпен күрес.
Қолдайтын іс-шаралар:
- Биологиялық алуандылықты сақтауда жауапкершілікті арттыру мақсатымен теңіздің қорықты зонасында теңіздің мұнай-газ өндіру жұмыстарын жүргізуді рекламеттейтін ҚР-ның заңын қабылдау.
- Каспий экожүйесін сақтап қалу үшін халықаралық бірлестік бойынша сәйкес құқықтық нормативтік актілерді ҚР үкіметінің қабылдауы.
- ҚР-сы жасаған Каспий экологиялық бағдарламасының құрылымына материалды және қаржылы түрде қолдау.
- КЭБ бойынша басымдылық жобаларын үлесті қаржыландыру.
Қорытындыласақ, Каспий теңізі зонасында қазіргі уақытта апатқа әкеп соғатын негативті табиғи құрылыстар тек таралмай ғана қоймай, қоғам мен табиғат пайдасына бағытталуы мүмкін.
Бұл іс-шаралар нәтижесінде мыналарға қол жеткізіледі:
- Каспий теңізінің денгейін тұрақтандыру, яғни апатты құбылыстарды алдын алу;
- Су балансының бұзылу нәтижесінде пайда болған су қалдықтарын пайдаға асыру.
- Өлі қалқұт және қалдық аралдардың табиғатында біртіндеп қалпына келтіру.
- Ихтиялогиясы үшін барлық жағынан қолайлы тұшытылған теңіз кеңістігін жасау.
- Аймақта климаты кейбір жұмсартулар.
Каспий экологиясының проблоемалары бойынша бірінші халықаралық конференция 2003 жылы қыркүйекте Маңғыстау облысында өткізілді. Форумға дүние жүзінің 11 елінен 150 делегат қатысты. Бірінші рет Каспий маңы мемлекеттері бірегей аймақтың экологиялық балансын бұзуға мұрсат бермейтін шараларды қабылдау мен тек экология мәселелерін талқылау үшін ғана бірге жиналған болатын. Конференция нәтижесі берегей суқойманың экологиясын сақтау бойынша шаралар қарастырылған «Ақтау Каспий декларациясы» болды. «Caspian Ecologu» экологиясы жөніндегі халықаралық Каспий маңы мемлекеттеріне Каспийдің экологиялық жағдайы туралы Объективті ақпаратты алуға мүмкіндік туғызады [26,24б.].
3.2 Мұнаймен ластанған топырақтың мәселелері және оларды тазарту жолдары
Мұнаймен ластанған топырақтардың морфогенетикалық қасиеттерінің өзгеруі және оларды тазарту жолдары қарастырылады. Осындай өте-өте ұтымды әдістерге агрофитолемирация, мұнай өнімдерін деструктаушы микроорганизмдерді пайдалану жатады. Сонымен қатар мұнай өндіру кәсіпшілігінде оңай сорбенттерінің тиімді түрлерін, соның ішінде қоңыр көмірді өндіру маңызы жоғары. Батыс Қазақстанның шөлді және шөл-далалық аймақтарында көмірсутек шикізаттарының ірі табиғи қорлары алып, олар қарқынды түрде өндірілуде. Ал аймақтарда барлау жұмысы жүргізіліп, пайдалануға 150 кен орны берілді. Мұнда жыл сайын 40 млн.т мұнай өндіріледі. Болашақта мұнай өнімін 70-100 млн.т дейін жеткізу көздеп отыр. Кендерінің тау аралық қасиеттеріне топыраққа тигізетін ықпалына қарай түрлі көмір сутек шикізаттарының қоры толып игерілді. Топырақ жабынына антропогендік салмақтың үдемелі артуы Маңғыстау-Каспий бойы аймақтарының жағдайын өте күрделендіріп жіберді. Қазіргі таңда экологиялық мақсатсыздандырылған аймаққа айналып барады. Кен орындарында бүлінген топырақтарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмейді. Осы өңірдегі топырақ жабының экологиялық бүлінуінің негізгі себептеріне кен кеніштеріндегі жиі авариялық жағдайларды жатқызу қажет мұнда ескірген техника мен технологиялық қондырғылар қолданылуда. Сонымен қатар мазуттенген топырақ-грунттер амбарларда сақталуда. Топырақ мұнаймен кең етек жая ластануда. Топырақта битумдық қабық пайда болып, өндірістік лас сарқынды сулармен тұздануда. Өндірістік алаңдар бұрғыланған шлам қалдықтарымен және әртүрлі уытты химиялық, радиоактивтік қалдықтармен және т.б. ластануда. Техногендік бүлінуден топырақта көбінесе жаңа келеңсіз белгілер мен қасиеттер пайда болады. Бұларды қалпына келтіру үлкен материалдык шығын мен қаражат қажет етеді. Бүгінгі таңда экологиялық жағдайларды жақсарту мен, мұнай өндірісінің табиғи қорларын тиімді пайдалану маңызды мемлекеттік мәселеге айналып отыр [27,3б.].
Мұнай-газ кен орындарының қоңыр және сұр-қоңыр топырақтары қолайсыз экологиялық көрсеткіштермен ерекшеленеді. Табиғи жағдайда олардың өнімділігі төмен және техногендік қысымға төзімсіз келеді. Осы топырақтар өздерінің шайылымсыз су режимдерімен көзге түседі. Топырақ түзілу процесінде пайда болған заттар топырақ пішіні бойынша миграцияланады. Шөл топырақтары төменгі дәрежелі қарашіріктілігімен (0,5-1,5%), фульвоқышқылдық құрамымен (Сг.қ :С ф.қ = 0,5:0,8) ерекшеленеді. Қоңыр топырақтар кебірленген, ал сұр-қоңыр топырақтар болса гипстенген. Олар күшті карбонатты әсіресе сұр-қоңыр топырақтарда СО, 15-20% дейін жоғарылайды. Бұл топырақтар жеңіл еритін уытты тұздармен әртүрлі дәрежеде тұзданған. Химизм типтері сульфатты-хлоридті болып келеді. Тұздар жиынтығы 0,3-0,5%, сіңіргіштік қабілеті төмен (5-15 мг., 100 топыраққа шакқанда). Шикі мұнаймен ластанып, ауыр техникамен деформацияланғанда топырақтың морфологиялық кескіні өзгереді. Генетикалық горизонттары қайта құрылып, ластанған қабат қоңыр және шайырлы қара түске айналады. Тығыз битумдық қабық қалыптасады. Жоғары молекулалы асфальтты-шайырлы заттарға бай мұнай топырақ кескінінде 20-40 см және одан да қалың битумдық қабық түзеді. Олар ұзақ мерзім бойы өз қасиеттерін жоғалтпай сақтайды.
Мұнаймен ластанған топырақтардың экологиялы-геохимиялық сипаты олардың сандық-сапалық құрамына, физика-химиялық қасиеттеріне және компоненттерінің уыттылығына тура байланысты болады. Олар болса әртүрлі өндіріс орындарында, жеке скважиналарда, тіпті мұнайларда да сан алуан түрлі болады. Мұнай өнімдерінің басым мөлшері топырақтың қарашірінді қабатында жинақталады. Мұнаймен ластанған топырақтардың маңызды генетикалык көрсеткіштері бұзылады. Қарашіріндінің құрамы мен мөлшері, азот, фосфор, микроэлементтердің мөлшері, топырақтың сіңіру кешені өзгереді. Топырақтың көлемдік массасы артып, қуыстылығы кемиді. Аэроция мен су өткізгіштігі төмендеп, нәтижесінде өсімдікке сіңімді ылғал азаяды. Мұнаймен ластанған топырақтардың шикі мұнай мен күшті тұзданған пластық сулардың құрамына байланысты тұздану типі мен дәрежесі өзгереді. Тұздар жиынтығы 1,1-5,2%, хлорлы—сульфатты химизм типі басым келеді. Топырақтағы қорғасынның жалпы және жылжымалы түрлері (40-57 жоне 7-18 мг/кг) ШЗК-дан (шексіз зиянсыз концентрация) 1-6 есе жоғары. Молибден (20-25 мг/кг), ШЗК-дан 7-12 есе, ал кобальт 15 мг/кг дейін жинақталады. Топырақта қорғасын, никель, титан, молибден мен кобальттың және тағы басқа металдардың шамадан тыс жинақталуы экологиялық жағдайды күрделендіріп, адамдар мен жануарларға ауру тудырады (7-кесте).
Ластанған топырақтарды қалпына келтіру жұмыстары — химиялық элементтердің уыттылығын басуға бағытталған. Мұнайды бүлдіру және топырақ жабынының тазару жылдамдығы біршама дәрежеде микроорганизмдердің тіршілігіне қолайлы климатқа, механикалық құрамына қарашіріндімен қамтамасыз етілуіне минералдық қоректік элементтермен қамтамасыз етілуіне тығыз байланысты. Мұнайгаз кен орнындағы қоңыр және сұр қоңыр топырақтарының табиғи жағдайларында саңырауқұлақтар, негізінде пенициллиум, аспергилус қалыптасады. Жаз айларындағы кепкен топырақтарда суға төзімді актиномициттер, ал көктем мен күзде бактериялар басымдылыққа ие болады [28,1б.].
Шөлдің қуаңданған жағдайларында: атмосфералық жауын — шашынның аз мөлшері, жаздың аптап ыстығы, инсоляциямен күшті желдер және төменгі табиғи құнарлылық топырақтың тұздануы мен кебірлену жағдайларында мұнаймен ластанған топырақтардың өздігінен тазартылуы тіпті төтенше баяу жүреді. Кәсіпорындарда ластанған топырақтарды тазартудың механикалық түрін қолданып, мазуттанған топырақ массасын бульдозермен ысырып полигонға тасудың тиімділігі шамалы. Себебі ол топырақ жабынының толық жойылуына әкеп соғады. Бұл болса топырақ биоценозының тіршілік етуінің негізі. Сондықтан дамуына өндіруші кәсіпорындарда перспективаль микробиологиялық, агрофитомелиоративтік және де топырақты қалпына келтіру әдістерін енгізу қажет. Бұл жұмыстар топырақты суландыру аясында, жергілікті жағдайға көндіккен мұнайға өсімдіктер мен сапалы мұнай сорбенттер пайдалану негізінде жүргізілуі тиіс [29,2б.].
Табиғи жағдайда топырақ қабатындағы мұнай өте баяу трансформацияланады. Мұнай өнімдері топырақ кескіні бойынша түзілгенде олардың физика-химиялық қасиеттеріне байланысты топырақ жоғарғы горизонттарына негізінде жоғары молекулярлық асфальт-шайырлы заттар мен циклды көмірсутектер жинақталады. Топырақтың терең горизонттарына суда ерігіш молекулярлы элементтер сүзіледі.
Мұнайды тазартуға арналған »Путидоил», «Биоструктор», «Гидробак» және т.б. жаңа препараттар жасалынды. Алайда микроорганизмдердің жаңа түрлерін өндіріске енгізу үшін микроб флорасының тіршілік әрекеттеріне әсер етуші топырақ түзілу процестерінің табиғи жағдайлары мен топырақ типтерін еске алу керек. Қазіргі таңда Қазақстан микробиологтары бірқатар жаңа штамдарды зерттеп, оларды бөліп алып практикада қолдануға нұсқау берді. Көмірсутекті шикізаттарды деструкторлаушы микроорганизмдер шикі мұнайды 84-98% дейін пайдаланады. «Мұнайбак» атты жаңа микробиологиялық препарат жасалынды. Ол топырақ пен судағы мұнай өнімдерін 31-36% дейін пайдаланады. Зерттеу нәтижесіне қарағанда топырақ бетіне жайылған мұнай спонтанды микрофлораның әсерінен шайырланып, құрамының ауырлану бағытымен айтарлықтай өзгеріске түседі [30,4б.].
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Топырақтану институты қызметкерлерінің жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде бөлініп алынған мұнай деструкторлаушы микроорганизмдердің жаңа штаммдары мұнай өнімдерін тұрақты түрде пайдаланады. Әсіресе инкубациялық кезеңінің бірінші апталығында ерекше көзге түседі (4-кесте). Бұл жағдайда мұнайда микроорганизмдердің эфирлік және қышқылдық типтерінің оттегі құрамды құрылымдарының өсуі байқалады. Мұны тотығу процестерінің белсенділігі дәлелдейді. Сонымен қатар ұзын тізбекті парафиндердің күрт азаюы да тіркелінді.
Кесте 4. Көмірсутектерін деструкторлаушы микроорганиздердің мұнай пайдалану мөлшері
Микрооргониздердің түрлер |
Мұнай кен орындары |
Мұнайды орташа пайдалануы, % |
||
|
|
инкубациялану мерзімі, тәулік |
||
|
|
1 |
2 |
3 |
Mycobacterium
|
Қаратон |
19,76 |
39,026 |
49,21 |
Mycobacterium
|
Теңіз |
28,41 |
39,05 |
48,18 |
Mycobacterium
|
Құлсары |
32,02 |
55,02 |
71,92 |
Mycobacterium
|
Досмұхамед |
17,90 |
36,83 |
59,93 |
Mycobacterium
үшл |
Қошқар |
20,98 |
42,32 |
70,96 |
Mycobacterium
|
Тюлюс |
24,88 |
39,87 |
60,14 |
Psedomonas
|
Құлсары |
16,70 |
34,92 |
54,56 |
Psedomonas
|
Теңіз |
17,56 |
33,16 |
48,23 |
Bacillus
|
Прорва |
24,54 |
33,81 |
63,81 |
Сонымен, бөлініп алынған деструкторлаушы микроорганизмдердің түрлері Маңғыстау-Каспий бойы аймақтарындағы мұнай мен ластанған топырақтардың биотехнологиялық негізін жасауға мүмкіндік туғызады [31].
Мұнаймен ластанған топырақтың әлі де толық қалыптаспаған перспективалық мелиоранттары ретінде гумин қышқылдарына бай қоңыр көмір бола алады. Бұл бір мезгілде токсиканттардың тиімді сорбентті болуы мен қатар топырақтың көміргуминдік тыңайтқыштары да болады. Қазақстандағы қоңыр көмірдің қоры іс жүзінде шексіз деуге болады. Қоңыр көмірдегі гидролизденбейтін қалдықтар (гумин) мен кальций гуматтарының жоғарғы пайыздылығы органикалық және минералдық тыңайтқыштар енгізіп, жақсы аэрациялау мен суландыру арттырылуда.
Биомелиорация және мұнай каогулянттарын қолданумен қатар тыңайтқыштармен суару аясында жергілікті жағдайға бейімделген өсімдік түрлерімен фитомелиорациялау ( жусан, изен, қараматау, жантақ және т.б. ) топырақтағы көмірсутектің трансформациялауға кеңінен жол ашады. Нәтижесінде мұнай кәсіпорындарындағы топырақ жабының өнімділігін қалпына өнімділігін қалпына келтіріп, тазалау жұмыстарын тиімді жүргізуге жол ашылады (5-кесте), [32,4б.].
Кесте 5. Қарашығанақ кен орындағы мұнаймен ластанған топырақтардың биологиялық активтілігіне биомелиорацияның тигізетін ықпалы
Тәжірибе нұсқалар |
Ферменттік белсенділігі |
Топырақтың тыныстауы |
Дақылдар түсімділігі |
||
инвертаза |
уреаза |
каталаза |
|||
Түйе жоңышқа аралас арна егістігі |
|||||
Бақыау (тыңайтқышсыз) |
9.5 |
1.27 |
13.8 |
12.3 |
7.97 |
Көң 40 т/га |
15.2 |
4.08 |
14.3 |
18.4 |
11.87 |
NPK40 т көңге эквивалентті |
14.4 |
3.83 |
10.5 |
20.1 |
17.07 |
NPK20 т көңге эквивалентті |
12.6 |
2.4 |
16.1 |
16.5 |
15.95 |
Еркекшөп аралас жоңышқа егістігі |
|||||
Бақыау (тыңайтқышсыз) |
12.3 |
1.78 |
12.6 |
15.6 |
3.10 |
Көң 20 т/га |
15.9 |
3.57 |
16.9 |
26.2 |
5.15 |
NPK20 т көңге эквивалентті |
13.8 |
2.87 |
12.0 |
20.8 |
6.30 |
3.3 Каспий теңізі – Қазақстан секторының өндірістік әлеуеті
Каспий теңізінің қазақстандық секторына сейсмикалық барлау- іздестіру жұмыстары мықтап жүргізіле бастағанына он жылға жуықтады. Болжам бойынша онда көмірсутегі шикізатының мөлшері 12-17 миллиард тоннаны құрайды. Таратып айтар болсақ, Каспий өңірі ойпатының тұзасты шөгінділерінде — 7-10 миллиард, тұзүсті шөгінділерінде — 1 миллиард, Бозащы аймағы мезозой кешенінің теңіз бөлігінде — 3-5 миллиард, ал Маңғыстау аймағы мезозой кешенінің теңіз бөлігінде — 1,5-2 миллиард тонна көмірсутегі шикізатының қоры жинақталған. Сондай-ақ Қашаған құрылымында 1647,9 миллион тонна мұнай, 884 мың тонна газ конденсаты, 969 миллиард текше метр газ тағы игерілуін күтіп жатыр. Жекелеген учаскелерді қоспағанда, осы мәліметтердің өзі-ақ Каспий теңізінің Қазақстанға тиесілі бөлігінде үлкен көлемде геологиялық-геофизикалык зерттеулердің жеткілікті жүргізілгендігін және теңіз қайраңындағы кен орындарын ауқымды көлемде игеру үшін барлық негіз бар екендігін көрсетеді.
Каспийдің қазақстандық секторын игеру үш кезеңді қамтиды. Бірінші кезең — 2003-2005 жылдардың аралығы. Бұл жылдары теңіз қайраңын кешенді игеруге дайындықтар жасалады. Нақтылап айтқанда, төмендегідей ауқымды шаралар жүзеге асырылады: Солтүстік-Каспий жобасының мониторингі қамтамасыз етіліп, мұнай-газ операциялары мен сервистік индустрияны қолдау үшін инфрақұрылымдар құру жөнінде негіздер қаланады; барлауға және өндіруге арналған учаскелер, сондай-ақ барлау-бұрғылау учаскелері бойынша келіссөздер мен конкурстар өткізіледі; теңіз-мұнай-газ операцияларын метрологиялық қамтамасыз етудің ұлттық жүйесі қалыптастырылып, мұнай-газ операцияларын жүргізу үшін ғылыми және жобалау-технологиялық база жасалады. Сонымен қатар, қазақстаңдық маман-кадрларды даярлау қолға алынады. Бұлардың бөлек жаңа экспорттық мұнай құбырларының бағыттары белгіленіп, жүзеге асырылатын жобаларға сәйкес көмірсутекті шикізаттарды тасымалдауды әртараптандыру жөніндегі жұмыстар жалғастырылады [33,3б.].
Екінші кезең — 2006-2010 жылдардың аралығын қамтиды. Бұл кезеңде теңіз қайраңынан мұнай-газ игеру жұмыстарын жеделдету көзделіп отыр. Яғни, теңізден көмірсутектерін өндіру және оны бірте-бірте арттырудың экономикалық өсу нәтижелері көрініс бермек. Ол үшін жаңа теңіз блоктарын тендерлерге жоспарлы түрде қою жүзеге асырылып, барлық жобалардың мониторингі қамтамасыз етіледі. Жоғары экологиялық стандарттарға толық сай келетін қосымша табиғат қорғау іс-шаралары әзірленіп, мұнай-газ кешені және аралас салалар үшін отандық мамандарды дайындау әрі қарай жалғастырылады. Сондай-ақ мұнай-газ саласына қажетті отандық тауарлар мен қызмет көрсетулердің бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізіледі.
Ал үшінші кезең — 2011-2015 жылдары теңіз қайраңынан өнім өндіру бірте-бірте артып, жоғары деңгейге көтеріледі және теңіз операцияларындағы пайдалану кызметі басым бола бастайды. Осыған орай, өндірілетін көмірсутектерін экспортқа тасымалдауда қосымша қуаттар енгізіліп, ілеспе компоненттерді толық кәдеге жаратуды қамтамасыз ететін мұнай мен газды өндіру индустриясы құрылады. Көмірсутек шикізатының негізінде химия өндірісі өрістетіліп, Каспий жағалауы мен теңіз акваториясында қоршаған ортаны қорғау, экологиялық жағдайларды қалпына келтіру шаралары жандандырылады. Кен орындарын игеруге салынған инвестициялардың өзін-өзі өтеуіне қол жеткізіліп, Каспий теңізі акваториясы бойынша мұнай-газ кешені операторларының ұтқыр қозғалысы үшін авиакөлік коммуникациясы барынша дамытылады.
Каспий теңізінің қазақстандық секторын игеру негізінен осындай бағыттарда жүргізіледі. Ал теңіз қайраңынан көмірсутегі шикізаттарын дәлірек айтқанда, мұнай мен газ өндіру қалай дамытылады? Нақты мәліметтерге сүйенетін болсақ, теңіз кен орындарынан мұнай өндіру көлемі жыл сайын арттырыла бермек. Мысалы, 2005 жылы 0,5 миллион тоннаға, 2010 жылға қарай 40 миллион тоннаға, 2015 жылы 100 миллион тоннаға жеткізіледі деген болжам жасалып отыр. Бұл көрсеткіш одан кейінгі 25-30 жыл бойы сақталатын болады. Мұның сыртында теңіз қайраңынан газ өндіру жұмыстары да мұнай өндірумен қатар жүзеге асырылады. Өйткені, Қашаған, Қаламқас және Қарашығанақ кен орындарында газдың аса мол қоры жинақталған. Осы жағын ескере отырып, газ өндіруді 2005 жылы 0,3 миллиард текше метрге, 2015 жылы 63 миллиард текше метрге жеткізу көзделген [34].
Өндірілген аса үлкен ауқымдағы газ қалай кәдеге жаратылады? Қашаған, тағы басқа кен орындарының перспективалық тұзасты құрылымдарындағы ілеспе газдың басты айырмашылығы мен ерекшелігі — шикі газдағы күкіртті сутегінің құрамы жоғары болуында жатыр. Ол — 19 пайызға жуық. Теңіз қайраңын игеру кезінде осы жағы ескеріліп, жабық үлгі бойынша ілеспе газды толық кәдеге жарату мәселесіне ерекше көңіл бөлуге тура келеді. Сондықтан кен орындарынан алынған шикі газдың 75 пайызға дейінгісі жер қабатына қайтадан айдалатын болады, оның көлемі 2005 жылы 0,3 миллиард текше метрді, 2010 жылы 16 миллиард, 2015 жылы 40 миллиард текше метрді құрайды деп күтілуде. Ал газдың артылып қалған бөлігі кен орындарынан құбыр арқылы құрлықта орналасқан газ өңдейтін өндіріс орындарына жөнелтіледі. Болжам бойынша оның көлемі 2015 жылға қарай 23 миллиард текше метрдей болуы мүмкін. Ал газ өңдейтін кәсіпорындар ілеспе газды тазартуды, сұйытылған фракцияларды бөліп алуды, күкіртті айыру мен сақтауды, сондай-ақ тауарлы газды еліміздегі газ тасымалдау жүйесіне айдау үшін сығымдауды қамтамасыз етеді. Осы жұмыстардың барлығы кешенді түрде рет-ретімен жүзеге асырылады.
Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінің игеріліп, одан мұнай мен газ өндіріле бастауы экспорт маршруттарын жетілдіруді қажет ететіні белгілі. Өндірілген көмірсутектерін экспортқа шығаруды мына бағыттар тиімді деп саналып отыр. Бірінші – Каспий құбыр консорциумының мұнай құбырын пайдалану; екінші – Атырау-Самара мұнай құбыры арқылы Еуропа елдерінің рыногына жеткізу, үшінші – ТМД және Еуропа рыноктарына «Орта Азия-Орталық» газ құбырымен жөнелту; төртінші – Каспий теңіз порттарына теңіз жолымен тасымалдау; бесінші – өңдеу және тиеу-түсіру пункттеріне теміржол арқылы жеткізу.
Енді осы экспорттық мұнай және газ құбырларының экономикалық мүмкіндігі мен тиімділігіне тоқталайық. Атырау-Самара магистралъды мұнай құбыры Қазақстан мұнайын Ресей Федерациясының аумағы арқылы өтетін транзиттік бағыттардың бірі болып саналады. Бұл жөнінде Қазақстан мен Ресей арасында ұзақ мерзімге бағытталған уағдаластық бар. Осы мұнай құбырынын өткізу қабілетін 2005 жылға қарай 25 миллион тоннаға дейін кезең-кезеңімен ұлғайту көзделген. Ал Каспий құбыр консорциумы мұнай құбырының Қазақстан үшін тиімділігі де ерекше, әрі бұл экспорт мәселесінде ең негізгі маршруттың бірі болып табылады. Өйткені, бұл құбыр арқылы жоғары сапалы Қазақстан мұнайын Жерорта теңізіне көптеп шығаруға болады. Оның жылдық өткізу қуаты қазіргіден де артық, 2011 жылы 67 миллион тоннаға жетеді деп жоспарланып отыр. Мұнда Қазақстанның үлесі 50,7 миллион тоннаны құрамақ. Мұнай тасымалында, сондай-ақ Ақтау теңіз портының жылдық мұнай тиеу-түсіру қуаты алдағы жылдарда Жоғарыда аталған мұнай құбырлары, басқа да транзиттік көлік дәліздері қазіргі кезде елімізде өндіріліп жатқан мұнайды экспортқа тасымалдауға мүмкіндіктері толық жетеді. Ал одан кейінгі жылдары, мәселен, 2010 жылдан бастап елімізде жылына 140-145 миллион тоннаға дейін мұнай өндіріле бастайды. Оның жартысына жуығы Каспий теңізі қайраңының мұнайы. Міне, сонда мұнай экспорттауға қосымша маршруттар қажет болады. Соған байланысты болашақта Қазақстан мұнайын тасымалдаудың бірқатар бағыттары таңдалып отыр. Оның бірі — Ақтау — Баку — Тбилиси -Джейхан мұнай құбыры бағыты. Бұл мұнай құбырының құрылысы 2002 жылдың кыркүйегінде басталды, оны 2005 жылы аяқтау жоспарланған. Жылдық өткізу қуаты 50 миллион тоннаны құрайды. Құбыр Азери Чираг -Гюнешли құрылымынан Әзірбайжан мұнайын тасымалдауға арналған. Мұнай өндіруші компаниялар үшін бұл құбырды пайдалану экономикалық жағынан тиімді болған жағдайда, осы бағыт бойынша Қашаған кен орнынан Қазақстан мұнайын тасымалдау мүмкіндігі пайда болады.
Мұнай экспорттаудың келесі бір бағыты – Батыс Қазақстан-Қытай мұнай құбыры жобасы. Бұл құбыр арқылы Қазақстан мұнайын Қытай және Азия-Тынық мұхит аймағы елдерінің рыногына шығару көзделген. Мұндағы бір ерекшелік – құбыр өзге мемлекеттердің аумағын басып өтпейді, яғни транзиттік тәуелділік жоқ. Ал Қазақстан – Түрікменстан-Иран мұнай құбыры жобасы Қазақстан мұнайын Парсы шығанағындағы елдерге экспорттау үшін экономикалық тұрғыдан тиімді нұсқалардың бірі болмақ. Жоба бойынша бұл құбыр Батыс Қазақстанда басталып, Түрікменстанның батыс өңірі арқылы Иран аумағымен осы елдің солтүстігіне барады. Әрі қарай Парсы шығанағындағы терминалдарға жеткізіледі. Бұл бағыт кейбір технологиялық факторларды есептемегенде, біршама қарапайым [35,6б.].
Енді көгілдір отын-газ экспортына келейік. Таяудағы жылдары Қазақстан газын ішкі және сыртқы рынокқа газ құбырлары арқылы жеткізу өзекті мәселеге айналады. Өйткені, Еуропалық газ рыногын ырықтандыру жүргізілген жағдайда, табиғи газды экспорттаушы елдердің бірлестігі нығая түседі. Келешекте Еуропа елдеріне табиғи газды негізгі жеткізушілер Ресей және Орталық Азия елдері болғалы тұр. Сондықтан тиімді экспорттық саясат жүргізуде газ өндіретін ТМД елдерінің арасында ортақ күш біріктіретін Газ альянсын құрған жөн болар еді. Бұған Қазақстан Үкіметі мен Ресей Үкіметі арасында Газ саласындағы ынтымақтастық туралы (2001 жылғы 28 қараша) келісім мысал бола алады. Аталған келісім бойынша өткен жылдың ортасында «ҚазРосГаз» Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны құрылды. Ал газ экспортын жандандыруда біздің ел үшін экономикалық, әрі стратегиялық жағынан ең тиімді де өнімдісі – «Орта Азия-Орталық» газ құбыры саналады.
Қазақстан көмірсутегі шикізатының бірегей ресурстарына ие болып отыр. Оны ойдағыдай игеріп, экономиканың түрлі салаларындағы қажеттіліктерді қамтамасыз етуде мұнай-химия өндірісінің алатын орны бөлек. Ол үшін мұнай-химия өнеркәсібі кәсіп орындарын қалпына келтіру және оларды бәсекелестікке қабілетті тауарлар өндіруге сай дамыту қажет. Ал біздің елімізде босекелестікке қабілетті мұнай-химия өнімдерін өндіретін озық үлгідегі технологиялар жоқ. Сондықтан алдағы уақытта ғылыми ізденістерді көп қажет ететін қосымша техникалар мен технологияларды пайдалануға енгізу арқылы қазіргі ірі өндірістерді қалпына келтіріп, көмірсутегі шикізатын тереңдете өңдеу жөніндегі мұнай-химия өнеркәсібінің толыққанды инфрақұрылымын жасауға тура келеді. Осы мәселелер жүзеге асырылатын болса, ішкі өнімнің жалпы көлемінің 50-60 пайызына дейін тұтыну рыногына жұмыс істейтін мұнай-химия өндірісінің үлесі артады. Бұл экономикасы дамыған елдердің деңгейіне сәйкес келеді. Осыған байланысты Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің кешенді бағдарламасы аясында инвестициялық жоба ретінде инфрақұрылымның өнеркәсіптік аймағына таяу жерлерде табиғи газдың сұйық компоненттерін терең жіктеу және мұнай-химия өнімдерін алу жөнінде дүниежүзілік тәжірибеде бар неғүрлым жаңа, әрі тиімді технологиялар енгізе отырып, мұнай-химия кешенін салу жоспарланып отыр. Қазіргі кезде аталған жобаны іске асыру үшін инвесторлар тарту жұмыстары жүргізілуде.
Теңіз қайраңынан көмірсутектерін игерудегі маңызды міндеттердің тағы бірі — күкіртті пайдаға жарату. Жер қабаттарынан мұнай мен газ өндіріле бастағанда, олармен қоса белгілі бір көлемде күкірт те ілесе шығады. Оның қоршаған ортаға экологиялық қауіп-қатері болатыны құпия емес. Сондықтан күкірттің мол қорының экологиялық әсерін кешенді түрде зерттеу жұмыстарын жүргізіп, оларды ұзақ мерзімге сақтап қоюдың технологиясы алдын ала дайындалуы тиіс. Өйткені, күкірттен күкіртті бетон күкіртті асфальт, күкіртті битум өндіріп, оны жаңадан салынатын нысандарға құрылыс материалдары ретінде пайдалануға болады [36,3б.].
3.4 Теңіз ортасын қорғау, сақтау және қалпына келтіру
Қазақстанда қазіргі кезде бірде-бір биосфералық қорық жоқ. Биосфералық территория аймақтың тұрақты экологиялық-әлуметтік-экономикалық молдель болып табылады және табиғатты қорғау, шаруашылықты жүргізушімен үйретуші қызметтерін арқарады. Қазақстандық-ресейлік «Солтүстік Каспий» ТБР-ын құру идеяс актуальды және өте маңызды болып саналады. Дәл осы ТБР-ын құрумен көршілес елдерде орналасқан және мемлекеттік шекарамен бөлінген бірегей табиғат кешендерінің биологиялық алуандылығын сақтауды өзара қолдай отырып, жүріп жатқан қиратқыш процестерді тоқтатуға болады.
Биоалуандылықты сақтап қалу адамзаттың ауқымды мәселелерінің бірі болып табылады. әсіресе биота барлық стрестік факторларға біршама әлсіз және экологиялық жағдайдың индикаторы болып табылады. Ерекше шамада бұл әлемнің бірігей үлкен суқоймаларының бірі Каспий теңізіне қатысты [37].
Каспий қайраңы фауна мен флораның түрлерінің оның ішінде Каспий маңы мемлекеттерінің Қызыл кітаптарына енгізілген сирек түрлерінің үлкен саны үшін ұлан-ғайыр мекен ету ортасы болып табылады. Дүние жүзілік мұхиттан оқшау жатқандықтан Каспий теңізінің эндемизмнің жоғарғы деңгейіне ие. Теңіз бен оның жағалауында жердегі ағзалардың басты топтары тіршілік етеді. Ежелгі филогенетикалық топ- бекіре тұқымдасы 5 түрін және 2 түршілік тобынын тұрады. 1998 жылдан Қазақстанда Солтүстік Каспийдің био ресустарын трансшекаралық биосфералық резерват құру проблемасы талқыланады.
Соңғы жылдары Солтүстік Каспийде зерттемесі Қазақстанның отандық тәуелсіздігін жасаудың маңызы қадамы болатын мұнай мен газдың жоғары перспективалы кен орындарының ашылуымен байланысты аймақтық экологиялық жағдайына залалдың минимизациясы бойынша шаралар жайлы мәселелер тұр. Оған бірі теңіз акваториясын сайлаумен игеру болып табылатын шаралар кешенін орындау арқылы жетуге болады . Сондықтан да Солтүстік Каспийдің айрықша экологиялық жағынан осал аудандарында қосымша талаптармен шектелген, ал кей жерлерде мүлдем тыйым салынған жұмыстарды ерекшелеу жайлы мәселе өзекті болып отыр. Зонаның экологиялық мәртебесін онда геофизикалық зерттеудің жүргізу мүмкіндігін, мұнай мен газды өндіру, бұрғылауды қорықты зонаның ерекшеліктерін есепке алумен жұмыстың тазалығына қосымша талаптарды анықтаушы нақты критерийлерді айқындау керек [38,2б.].
90-жылдардағы экономикалық дағдарыспен байланысты Каспий теңізімен оған келіп құятын өзендердің ластану деңгейі төмендей бастады. Алайда, ластанудың потенциалды мүмкіндігін туғызған және биоалуандылыққа қауіп төндірген мұнай скважиналары мен жағалаулық мұнай кәсіпшіліктерін су баса бастады.
Шаруашылық әрекетінің әсерінен құстардың көптеген түрлерінің дәстүрлі ұя салу орындары мен миграциялық жолдарының дестабилизациясы жүреді, мысалы сары египет құтаны, кішкене ақ құтан қызыл жемсаулы қараша қаз және ақ маңдаулы қаз. Адамдардың мозаикалық мекендерінің нәтижесінде ұя салу және жемшөптік жерлердің тұтастығы бұзылып отыр.
Биоалуандылыққа негативті әсер етудің мүмкін себептері жергілікті трансшекаралық процетер мен де байланысты. Трансшекаралық факторларға: ластанудың тасымалы, су ағындарын реттеу, тиімсіз табиғатты пайдалу жатады [39].
Биоалуандылыққа сақтап қалу мақсатында су ресурстарын пайдалану басымдылықтарын айқындайтын заң шығару базасын жетілдіру керек.
2003 жылдың шілдесінде Астана қаласында Каспий маңы елдері – Қазақстанның, Ресейдің, Түркменстанның, Әзірбайджанның және Иранның өкілдері Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау бойынша Бағдарламалық Конвенцияның соңғы нұсқасын талқылады.
4 тарауда. Теңіз ортасын қорғау, сақтау, қалпына келтіру қарастырып отырған Конвенция 14 статья бар, мұнда келісімге келуші жақтар Каспий теңізінің биологиялық ресурстарын қорғау, сақтау, қалпына келтіру, және де тұрақты ең жақсы ғылыми мағлұматтары негізінде барлық міндетті шараларды қабылдайды.
- Адамдардың қоректік қажеттілігін қанағаттандыру мен әлеуметтік және экономикалық мақсаттарға жетуде экологиялық тепе-теңдікті сақтау ман қалпына келтіру мақсатымен биологиялық ресурстар потенциалын дамыту және жоғарылату;
- Түраралық қатынасты есепке ала отырып, тиісті экологиялық және экономикалық факторлармен айқындалатын өнімнің максимальды тұрақты көлемін қамтамасыз етуге болатын деңгейде теңіздік түрлердің популяциясын қалпына ұстау немесе қалпына келтіру.
- Шамадан тыс пайдалану салдарына жойылып кету қауіптілігімен биологиялық түрлердің ұрынбауын қамтамасыз ету;
- Балықтың кәсіпшілік түрлерін және кәсіпшілік емес түрлерін аулаудан шығынның минимумына әкелетін балық шаруашылығының таңдаулы амал-тәсілдерін дамыту мен қолдануға жәрдем беру.
- Биологиялық түрлердің эндемикалық сирек, жойылып кету қаупінде тұрған түрлердің мекен ету ортасын және де осал экожүйелерін сақтап қалу;
Шынымен де, егер аталған Рамалық Конвенция Каспий теңізінің биологиялық ресурстарын орнықты және жүйелі пайдалануға себепші болатын еді, биоресурстардың ысырап болуына қауіпі мен байланысты көптеген проблемаларды шешуге көмектесетін еді [40,10б.].
Дұрыс жүргізілген экологиялық саясат «Солтүстік Каспий» ТБР-ын құру идеясын жүзеге асыру үшін мұнай компанияларынан қосымша қаражат тартуы мүмкін еді. Осы идеяны жүзеге асыру бойынша жұмыстың белгілі бір бөлігін жергілікті мамандар, НПО және басқалар жүргізілу мүмкін. Атырау облысында Қазақстанның басқа аймақтарына қарағанда бүгінгі таңда табиғат қорғау НПО –тым аз, сонымен қатар олар өте селқос. Олардың қызмет ету алаңы негізінен Каспий теңізінің ластануын азайтуға бағытталған. Табиғатты қорғау ісіне жергілікті және шетелдік компаниялардың күштерін біріктіру орынды. Бұл барлық идеяларды қаржылық ресурстардың бар болумен жүзеге асыруға болады, алайда үнемі мемлекттің қаржысы жете бермейді.Сол себепті қорықты зоналарды нығайту үшін «Сотүстік Каспий» ТБР мен табиғатты қорғауды күшейту үшін коммерциялық, мұнай және басқа да құрылымдар мен бірлескен жұмысының схемасын құрастыру керек.
Биоалуантүрлілікті сақтап қалу факторларының бірі Каспий маңы аймағындағы экологиялық құрылымдар мен насихатты жақсарту, аймақ тұрғындарына табиғатты кейінге сақтау жауапкершілігін сезінуге баулы болып табылады. Бұл сонымен қатар НПО-ның қызмет ету аясы болуы да мүмкін.
Қорықты зоналарға жақын орналасқан жергілікті халық «Солтүстік Каспий» ТБР-ын құру тек табиғатты сақтап қалуға ғана емес , аймақтың әлеутеттік-экономикалық жағдайын және инфрақұрылымын жақсартуға да көмектеседі деп үміттіеніп отыр [41,228б.].
Ресейде су батпақты жерлердегі ең маңызды мекен ету ортасы Астрахан биосфералық су-батпақты жерлерді қорықтардың өзін дамыту жолымен сақтап қалуға мүделі болып отыр. Астрахань биосфералық қорығының территориясын ұлғайту жайлы мәселені РФ-ның үкіметімен оң шешім тапқан жағдайда қорықтың жалпы ауданы қазіргі ауданынан 63 мың га-дан 300 мың га-ға дейін ұлғаяды. Қорықтың жаңа жерлерінің қосылуы меншіктің екі түрін пайдаланумен жоспарланады территорияның және оқшауланумен. Рама Конвенциясының тізіміне енгізілген Волга атырауының төменгі жақтары жатады.
Биосфералық резерваттың ерекшелігі сол, оның міндеті табиғи байлықтарды қорғау ғана емес, өмір мен шаруашылықтың тұрақты, ұзақ мерзімді экологиялық бағдарланған сипатында бүкіл аймақтың экономикалық және әлеуметтік жағдайын дамыту.
Биосфералық резерват үш зонаға бөлінеді : қорық (ядро зонасы), қорғаулы (буферлік) және даму зонасы [42,6б.].
Қорықты зона. Бұл зонада ғылыми зерттеулер және басқа да табиғатқа әлсіз әсер ететін жобалар (оқушыларға экологиялық білім беру) жүргізіледі.Мұнда табиғатты кейьір пайдалану мен күтім жасауда тиым салынған, табиғат өзінің дамуын өзі шешеді.
Қорғауға алынған зона. Ішкі бөліктеріне адам ықпалын азайту мақсаты мен ол қорғау зонасының айналасынан территорияны қосып алады. Бұл зона қорғау зонасына жағымсыз әсер ететін жер пайдаланудың барлық түрлері рұқсат етілген, мысалы шектеулі көлемде мал өсіру, шабындық, пестицидтерсіз егін шаруашылығы, экотуризм. Аңшылық пен балық аулау тек белгіленген жерлерде және лицензия рұқсат етілген.
Даму зонасы жергілікті тұрғындар, мемлекеттік органдар, ғалымдар, мәдени орталық және қызығушылық танытқандар осы жердің ресустарын басқару және ұзақ мерзімді пайдалану бірлесе жұмыс істеуіне болады.
Бұл жағдайда «ядро»» және «буфер» сияқты терминдерді сәйкес «қорықты» және қорғалатын зонамен алмастыруға болады. Қазіргі кездегі анықталған сәйкес мемлекеттік қорықты зона құрамына Каспий теңізінің солтүстік бөлігі кіреді. «Солтүстік Каспий» ТБР-ың жоспарланған Қазақстандық бөлігі Атырау облысының құрамындағы ауданы территориясында орналасатын болады [43,14б.].
Қорықты зона «Солтүстік Каспий» ТБР-ың «ядро» зонасы үш кластерлі жерлермен Астрахань биосфералық қорығы, Новинский заказнигі, Атырау облысының Шортанбай көлдік заказнигі болуы мүмкін. Даму зонасы ретінде Волга мен Орал атырауларын, Жанбай кен орнына ұсынуға болады.
«Солтүстік Каспий» ТБР-ын құру мен , бірінші кезекте табиғат табиғат ресурстарының әрқашан жетклілікті болуы үшін аймақтың басты экожүйелерін сақтап қалу мен қалпына келтіруге күш жұмсауға бағытталу алады. Ескірген технологиялар біршама заманауи жетілдірілген, озық және ресурсты сақтап қалатын түрлері мен алмастырылады. Сонымен бірге табиғатты пайдалану тұтынушылық емес, қалпына келтіруші болуы тиіс.Экологиялық тексерілген шаруашылықты жүзеге асыратын кәсіпорындар мен шаруашылықты әр түрлі жеңілдіктерді – салықтан босату, қаржылық, техникалық, ұйымдық қолдау көрсетулерді енгізу есебінен кеңейтілуі керек. Жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылатын және халықпен биосфералық территория арасында алынатын пайданы дұрыс бөлу іске асатындықтан өздерінің әлеуметтік-экологиялық жағдайларын жақсарту алады. Жергілікті халық «Солтүстік Каспий» ТБР-ның қызметін басқару және бақылау мүмкіндігіне ие болады, себебі биосфералық резерваттың құрылуы мен функциялану түбінде «қажеттіліктерін қанағаттандыруынан» жергілікті халықтың мүдделігіне тәуелді. Демек, биосфералық қорықтар (резерваттар)- адам мен табиғи ортаның үйлесімді қатар өмір сүруінің әдістерін көрсете алуда мамандарды даярлау мен оқыту мүмкіндігі [44,10б.].
Соңғы жылдары кәрі Каспийден мұнай өндіру мәселесі қатты қолға алынып жатыр. Мол байлық бірнеше шет ел алпауыттарын біздің республикамызға алып келгеніне де бірнеше жыл болды. Олар казір ақ тер, көк тер болып теңізге мұнай соратын қондырғыларды қондырып жатыр. Бізге белгілі оларға көп мұнай керек. Ал ертең мұнай сора бастағанда теңізіміздің табиғаты не болады? Алтынға пара-пар бекіре балық пен кара уылдырық өнде аламыз ба күнде? Басқа да теңіз жәндіктері кырғынға ұшырамай ма? Айталық, ана жылы итбалықтар қырылды, балықтар да елді. Сонда осы мол мұнай Қазақстанның келешекте соры болмай ма? Себебі біздің қолымыздағы соңғы деректер бойынша Каспийдің Қазақстан жақ бетіндегі биоқорлардың жалпы құны 500 млрд. доллар. Ал теңіз тіршілігі жойылса, жалықаралық сот жыл сайын сондай мөлшердегі айыпты біздің елге салады да отырады. Мүмкін ол бірнеше ғасырға созылар? Осы сұрақтар еріксіз ойландырады. Ең киыны, теңізіміздің ертеңі не болады? Теңіздің жерасты қойнауында байлықтың мол қоры жатқанына қай жақ та күдіктенбеді.
Кенес үкіметін ойландырған бұрғылау кезіндегі теңіз экологиясын сақтау болатын. Оған Кеңес Одағының көзін жеткізу үшін халықаралық мұнай бірлестігі компаниясы мамандарды Мексика шығанағы мен Кариб теңізінің атырауында орналасқан мұнай бұрғылау алаңдарына апарып, сонда жіберілген крокодилдерді көрсеткен. Оның себебі мұнай араласқан ортаға ең төзімсіз тіршілік-крокодилдер екен. Ал апарылған крокодилдер онда жақсы өсіп жатқан. Сол кезеңде АҚШ-тың КСРО-нан Каспий теңізінің су асты алқабын сатуды қолқалағаны белгілі. Алайда кеңес үкіметі бұған келіспеді. Бірақ сол дәуірде де теңіз асы мұнайын өндіру жөнінде салиқалы әңгімелер болды. Оған екі жақтың космостан түсірілген бейне-материалдарындағы мұнай белгілері дәнекер болса керек. Алайда негізгі келісім-шарт Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін басталды. Теңіз астын геологиялық-геофизикалық зерттеу жөніндегі «Қазақстан-Каспийшельфт» компаниясын құру туралы қаулы 1993 жылдың 13 ақпанында дүниеге келді. Сол жылдың 3 желтоқсанында бұл компания халықаралық консорциум болып кайта құрылды. Ол ұйым Қазақстанды мүшелікке қабылдай отырып, оған операторлық лицензия берді. Қазіргі оператор Италия фирмасы АККО Аджип-Казахстан Норд Каспиан Оперейтинк Компани [47,41б.].
Қазақстан шельфінің теңіз асты қайраңының Атырау-Маңғыстау облыстарының жерінде жатқаны белгілі. Ал бұл екі облыстың шекарасы құрлық бойындағы шекаралармен тұстас келеді. Кетіктен шельф орналасқан аймаққа қарай судың тереңдігі 1,5 метрден 9 метрге дейін. Оңтүстік бетін құрайтын Түркіменстан шекарасына дейінгі тереңдік 20 метрден 400 метрге дейін барады. Мұнай өндіретін бөліктің тайыз болуы жұмыстың жеңілдеуіне, құрылыс бөлшектерінің аз жұмсалуына әсерін тигізері хақ.
Мұнай өндірісі еліміздің казіргі дамуы үшін ең негізгі сала екендігінде дау жоқ. Былайша айтқанда ол Қазақстан экономикасының ең басты көзі. Осыған он жыл бұрынғы сараптама салыстыруларға қарағанда Қазақсган мүнайьшың негізгі коры теніз астында болыл отыр. Есепші экономистердің пайыыдауынша кайраңның Қазақстан жақ бө-лігщдегі мұнайдың қоры бүкіл Қазаксгандаш мүнай қорыньщ тзд жартысындай деп жорамадданған болса, қазір шельфтегі мүнай корының ондай болжамнан олде-каңда көп екеңдігі анықталып отыр. Олай деліну себебі Батыс Қашағанды казғанда тенізасты мүнай коры 7 млрд. тонна делінсе, Шығыс Қашағанды қазғанда оның мөлшері 50 млрд-қа артып кетті. Ал қазір 6 алаң зерттелуде. Демек, жоғарыдағы көрсеткіштің әлі де еселей өсетіндігінде дау жоқ. Олай болса бұл Каспий астын мұнай теңізі алып жатыр деген сөз. Ал теніз астынан мұнай өңдіру соғы он жылдықтың үлесіне тиіп, бұл түрғыда көшбастаушы ел Норвегия болса, болашақта оған біздің еліміз де жақындамақшы. Әрі оның құрлықтан да, теңізден де мұнай өндіретін ел болатындығында. Норвегия алда Қазақстанмен үзеңгі теңестіре алмайды.
Теңіз асты байлығын зерттеуге арнайы концерциум сейсмикалық жұмыстарды жүргізу үшін құрылды. Оған дүниежүзінің әйгілі мұнай магнаттары-Британияның «Бритиш Петролеумы мен «Бритишгазы», Новегияның «Ста-тойль», Италияның «Аджип», АҚШ-тың «Мобил», Нидерландияның «Шелл», Францияның «Тоталь» компаниялары қатысатын болды. Оған «Казакшельфтің» оператор ретінде кіруі бұл шетелдіктердің Қазақстанға деген сенімін көрсетеді. Екінші жағынан ол теңіз астынан мұнай өндірудің сан-салалы қырларын меңгеру үшін біздің мамандарымызға да тиімді екені даусыз.
Бас бағдарламада инфрақұрылымдарды жан-жақты дамыту мен мамандарды дайындауда еліқміздің болашағына пайда келтіретіндей бағыттар баршылық.
Жоғарыда біз атап өткен алты компания (жетіншісі біріккен компания) қаражат бөліп негізгі жұмысты атқарушы болғанмен қосалкы жұмыстарды атқарып жатқан өзге бірлестіктер де баршылық. Солардың ішінде «Артур Д.Литтл», американ-түрік бірлестігінен құрылған «Бектел-Энка» компаниялары бар. «Артур Д. Литтл» компаниясы сала мамандарымен және Ғылым академиясы қызметкерлерімен біріге отырып, сейсмикалық жұмыстар кезіндегі туындайтын экологиялық ахуалдардың алдын алу үшін талай ғылыми жұмыстар жүргізді. Ал «Бектел-Энка» компаниясы теңіз үстіндегі аралдарды салуға тендерлік байқау нәтижесіне ие болды. Сараптамашылардың алдын-ала жобаларына қарағанда Қазақстан келешекте мұнайды экспорттаушы ірі елге айналады деген сенім бар. Ол қазірдің өзіңде орыңдалып та жатыр. Танкерлер арқылы мұнай шығару, КТК жүйесінің аяқталып, Қазақстан мұнайының Европаға жөнелтілуі іс бастамасының болашағынан үміт күттіріп отыр. Оның үстіне бұрыннан белгілі алаңдарға қоса Қашаған, Құлалы, Қайраң алаңдарының болашақтары да өте зор. Әрі болашақта барлау-бұрғылау жұмыстарының Маңғыстау түбегіне қарай ойысуы біздің өлке үшін ете пайдалы. Өлкеміздің болашағы зор аландардың анықталуы соның куәсі. Теңіздің тайыз бөлігі мен терең бөліктеріндегі атқарылатын жұмыстардың ауқымы арқылы болып келеді. Әсіресе оны сейсмикалық жұмыстар кезінде ерекше назарда ұстау қажет. Бұл жұмысты негізінен үйлестіруші «Петроальянс СКА» компаниясы болды. Жүз мың шаршы шақырым алаң зерттеліп шықты. Сол кезеңдердегі ақпарат ағымдарының хабарлауына жүгінсек, теңіз тіршілігінің жойылуы о баста-ақ байқалған. Атырау экологтарының анықтамаларына қарағанда жер асты дүмпулерінен теңіз тіршіліктері үнемі зақымданып отырған. Оның шындығын кейінгі кезең толық дәлелдейді. Итбалық эпидемиясын былай қойғанда, қазір балықтардың қырылуы жаппай етек алуда [4,25б.].
Екінші мәселе — Солтүстік теңіздердегі мұнай өндіру жолдарын Каспийге қолдаиа салуға мүлдем болмайды. Ең алдымен екі жақтың тіршілігі екі басқа. Ауа райы мен табиғи ортасы да екі бөлек. Сондықтан Каспий астынан мұнай өндіруге басқаша қарау керек. Экваториялық өзгешеліктерін де естен шығаруға болмайды. Бұл жерде Кариб өңіріңдегі әдістерді қолдану да тиімсіз. Демек Каспий астынан мұнай өндірген кезде өзге теңіздердегі әдістерді басшылыққа алудың пайда бермесі хақ.
Өткен жылдың шілде айында БҰҰ-ның шешімімен бекіре тұқымдас балықтарды аулауға мораторий жарияланды. Қара уылдырықты экспорттауға да рұқсат етілмеді. «Атырау балық» бірлестігінің тоңазьггқыш цехыңда (бұрынғы Ленин атындағы комбинаттың) 4 тонна қара уылдырық қалды. Ал сол уылдырықтың Америкадағы құны 14 млн. доллар. 2002 жылдың 7 наурызы күні «Хабар» арнасында теңіз жағасындағы бес мемлекеттің уылдырықты экспорттау мөлшері көрсетілді. Соңда Қазақстан 23,5 тонна уылдырық экспорттауға құқылы болып шықты. Бұрынғы кездерде сондай уылдырық бір самолетке тиеліп, шетелдерге жөнелтіліп отырған.
Қысқасы, қазір теңіз тіршілігіне қатер төнуде. Балық қоры мүлдем азайды. Оны броконьерлерден көреді. Олар бір-бір ұшқыр моторларға мініп алып, балық сақшыларын маңайлатпай кетеді дейді. Мемлекеттік қорықшылар сондай ұшқыр кемелерге неге мінбейді? Балық инспекторларынын вертолеттер алуына да мүмкіншіктер бар. Осы тұрғыдан алғаңда қызыл балықтарды броконьерлер тауысьш жатыр деген пікір-алдамшы сөз. Биылғы бозторғайлардың қырылуына да броконьерлер кінәлі ме? Жоқ, оның бір ғана себебі бар — ол Батыс, Шығыс Қашағанды қазу кезіндегі теңізге жіберілген лай су, ыссы фонтан, жер астынан атылған инертті газ. Нәтижесінде теңіз тіршілігі қырғынға ұшырауда. Оны басшылар көрсе де көрмеген, білсе де білмеген болады. Әрине, мұнай керек, бірақ теңіз табиғаты құрыса ол байлықтың құны көк тиын. Теңіз тіршілігі қалай болғанда да жойылуға тиісті емес.
ҚОРЫТЫНДЫ
Алға қойған мақсат пен міндеттерге сай жүргізілген зерттеулер нәтижелері төмендегідей:
- Каспий теңізінің қазіргі күндегі физикалық-географиялық сипаттамасы оның гидрографиялық режимінің ерекшеліктеріне қарай бөліктерге бөлінгені мен осы бөліктерде оның рельефі, климаты, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі әр түрлі болып көрсетеді.
- Теңіздің негізінен мұнай кәсіп орындарымен: «Теңізшевройл» БК, «Қазақойл-Ембі», «Атырау МӨЗ» акционерлік қоғамдары сияқты кәсіпорындарының және «Жайық-мұнай», «Доссор мұнай», «Мақат-мұнай», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіруші басқармаларының мұнай өндіру мен өңдеу жұмыстарының нәтижесінде және мұнай өндіру жабықтарының тым тозып кетуінен теңіз суына мұнай өнімдерінің төгілуінен ластанып жатқаны атап өтілді.
Осы ретте Каспий теңізінің қортпа, бекіре, шоқыр, пілмай, сазан және басқада өте бағалы балықтар қорының біріншіден, тасымал барысында төгіліп қалған мұнай өнімдерімен және мұнайды өндіру кезінде судың ластануынан азайып, кейбір түрлердің жойылып жатқаны болса, екіншіден балық шаруашылығының басты кәсіпорындары : «Атыру балық» АҚ сияқты өнеркәсіп орындарының шамадан тыс аулауы, үшіншіден Жайықты бойлай орналасқан Електі, Ақтөбе хромды қосылыстар зауыты және Алға химия комбинаты мен ферроқорытпа зауыты улы заттармен уланып жатқанын көреміз.
- Жоғарыда аталған ахуалды тиімді шешудің жолдары ретінде жүргізілген мына іс-шараларды ұсынамыз:
- Су басқан мұнай скважиналарын және зиянды қалдықтарын консервациялау.
- Мұнаймен ластануды ликвидациялау.
- Кеспе газдарды утилизациялау.
- Қоршаған ортаны ластанудан және апат жағдайының алдын алу.
- Төтенше жағдайларға жедел назар аудару.
- Каспий теңізінің акваториясындағы өсімдіктер мен жануарлар әлемін қалпына келтіру.
- Құрылысты аяқтау және Орал өзенінде бекіре балық сулы зауыттарды іске қосу.
- Табиғи уылдырықтау орындарының жағдайын жақсарту;
- Браконьерлікпен күрес.
3.2 Қолдайтын іс-шаралар:
- Биологиялық алуандылықты сақтауда жауапкершілікті арттыру мақсатымен теңіздің қорықты зонасында теңіздің мұнай-газ өндіру жұмыстарын жүргізуді рекламеттейтін ҚР-ның заңын қабылдау.
- Каспий экожүйесін сақтап қалу үшін халықаралық бірлестік бойынша сәйкес құқықтық нормативтік актілерді ҚР үкіметінің қабылдауы.
- ҚР-сы жасаған Каспий экологиялық бағдарламасының құрылымына материалды және қаржылы түрде қолдау.
- КЭБ бойынша басымдылық жобаларын үлесті қаржыландыру.
Қорытындыласақ, Каспий теңізі зонасында қазіргі уақытта апатқа әкеп соғатын негативті табиғи құрылыстар тек таралмай ғана қоймай, қоғам мен табиғат пайдасына бағытталуы мүмкін.
3.3 Бұл іс-шаралар нәтижесінде мыналарға қол жеткізіледі:
- Каспий теңізінің денгейін тұрақтандыру, яғни апатты құбылыстарды алдын алу;
- Су балансының бұзылу нәтижесінде пайда болған су қалдықтарын пайдаға асыру.
- Өлі қалқұт және қалдық аралдардың табиғатында біртіндеп қалпына келтіру.
- Ихтиялогиясы үшін барлық жағынан қолайлы тұшытылған теңіз кеңістігін жасау.
- Аймақта климаты кейбір жұмсартулар.
ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Есназаров Ұ.А, Темирбеков А.Т, Түркі тілдес елдер географиясы . Ахмет Иассауи Университетінің Жәрдем қоры баспасы.
- Қазақстанның Ұлттық энциклопедиясы. 4т. Алматы: Қазақстанның Ұлттық энциклопедиясының Бас редакциясы, 2006
- BG Kazakhstan. №9. — 2005
- texaco.com
- Қазақстан Петролеум ассоциациясы. Анықтамалық материалдар. – Алматы: 2004. -198.
- Тенгиз Шевройл. Справочник. – Алматы:
- Георафия және табиғат. №3 2007. Өмірова Н. Каспий аймағының ғаламдық маңызы. 13б.
- Айтмұханбетова Г.Каспийский регион в мировой политико-экономической системе. Саясат №12 2006. – 58с.
- Нефтегазовые ресурсы Казакстана в системе мировых и региональных отношений. (под. Ред. Алимбаева М.С), Алматы: КИСИ. 2002. – 412с.
- Курганова Г.А и др. Нефть в Каспийском регионе. Проблемы, мировые тенденции и перспективы. Analytic. 1\\2002. – 335с.
- Ахметова Г и др. Проблемы обеспечения экономической безопасности стран Центральной Азии и Каспийского региона. Analytic 3\\2006. – 451с..
- Асанбаев И.К. Антропегенные изменения почв и их экологические последствия. Алматы: — Ғылым. 1998.- 415с.
- «Химия табысы» Ғылыми – технологиялық және өндірістік орталығының есеп беруі. 2001. – 29б.
- Адильбеков Ж.А. Редкие и исчезающие виды северокаспийского региона. Алматы: 1970. – 316с.
- Мукаева А.М, Кокажаева А.Б. Жетібай –Қаламқас мұнай-газ кешенінің қоршаған ортаға әсерін экологиялық бағалау ҚазҰУ хабаршысы, экология сериясы, № 1(18) 2006, — 67 б.
- Атымбаев З Каспийде қырылған итбалықтар // Егемен Қазақстан
- Нығметтулаев М. Каспийдің балығы қымбат па? әлде мұнайы қымбат па? // Атамекен , №16 (357), 24 тамыз, 2006ж.
- Алдебергенов Н. Каспийдің бағалы балықтары неге азаяады? \\Атамекен 2006-15 қараша, 25 бет.
- Ж.Шілдебаев. Еліміздің бүгінгі таңдағы экологиялық жақсарту үшін не істеу керек? \\Атамекен-31 қаңтар 2006 жыл.
- Нығметтулаев М. Бізге Каспийдің мұнайынан бекіресі қымбат. \\Атамекен- 2007 20 маусым.
- Медетов А. Каспий теңізін сейсмикалық барлаудың зияны.\\Атамекен –2001 28 наурыз.
- Шілдебаев Ж. Каспий теңізінің кейбір экологиялық мәселелері \\География және табиғат №2 2006 12-бет.
- Қ.Әбиұлы. Теңіз жағасының экологиясы алаңдатады. \\Егемен Қазақстан 29 маусым 2004 жыл.
- Каспийдің экожүйесін сақтау проблемалары \\Дүние 2005 №6 19 бет.
- Назарбаев Н.Каспий теңізін бейбіт аймаққа айналдыру қажет .\\Егемен Қазақстан 2004 6 ақпан
- Іңірбайұлы Е Тағдыры талқыға түскен қарт Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы толғаныстар //Егемен Қазақстан 2003 19 қыркүйек 3 б
- Алишева К Экология:Учебник- Алматы: НАS,2006, — 304с.
- Қалиева Д Каспий аймағындағы мұнай құбырлары желілері:геосаяси арасалмақ //Қоғам және дәуір 2005 №1, 12 б.
- Ниетқалиева Г. Каспий өлі теңізге айналуы мүмкін //Жас Қазақ 2007-
13 сәуір 6б.
- Хазиев Ф.Т.Фатхиев Ф.Ф.Изменение биохимических процессов при нефтянном загрязнение и активация разложения нефти. Агрохимия, 1981
- Асанбаев И.К.,Ауезова О.Н.,ФаизовК.Ш. Нефтехимическое загрязнение почв Западного Казахстана и перспективы их очистки.Известия НАН РК серия,биологическая 1995, — 296с.
- Тазабекова Е.Т.Ферментативная активность почв Республики Казахстан и пути ее регулирования.Автореферат докторской диссертации.Алматы 1995. – 38с.
- Асанбаев И.К.Мұнаймен ластанған топырақтардың өзекті мәселелері және оларды тазарту жолдары.// — Жаршы, 2007. №3, 25 б.
- Ә.Құланбай Каспий теңізі:қазақстандық сектордың өндірістік әлеуеті //Егемен Қазақстан 2004 21қаңтар
- Дуанабай Ж. Каспий экологиясы //Атамекен 2006 14 шілде
- Каспий экологиясына мұнай өндірудің қаупі қанша ?//Дүние 2005 №1-2
- Ә.Құланбай Каспий теңізі:қазақстандық сектордың өндірістік әлеуеті //Дүние, №2,2004.
- Отчет Каспийской экологической программы.Трансдиагностический анализ.2001.
- Байтулин И.О.,Курочкина Л.Я, Лысенко В.В.,Чайкин Б.Н.- Состояние охрана и сбалансированное использование биологического разнообразия Каспия.Экологические проблемы Туркестанского региона Сб.научных трудов Международной экологической конференции. Туркестан: — 427с.
- Большов А.А.Влияние добычи нефти на шельфе Северного Каспя на экологическое состояние вод.//Тезисы докладов 3 республ. «Научно-технический прогресс и экология Заподного Казакстана» (Атырау, сентябрь 1994).-Атыра: 1999.- 101с.
- Гисцов А.П. Биоразнобразия птиц заповедной зоны северной части Каспийского моря // Новости науки Казахстана. Природно-заповедный фонд Казахстана. Алматы: 1997. – 376с.
- Гриищенко О.М. Диярова Р.А. Дидичин Н.А. и.др. Составление и подгатовка к изданию карты Охрана природы Атырауской области масштаба 1:500 000. Научный отчет. Фонды Западного отделения НАН РК и Управления экологии и биоресурсов Атырауской областии.-Атырау: 1996. — 128с.
- Горин Д.А. Никольский А.А. Нетрадиционные особо охраняемые территории. Заповедники СССР: Их настоящее и будущее. // Тезисы докл. Все союзный конференция «Актуальные вопросы заповедного дела» .- Новгород: 1990. – 562с.
- «Схема размещения объектов природно-заповедного фонда Казахстана на период до 2030 года», Алматы: — Казэкопроект, 1998. – 355с.
- Диаров М.Д, Дризо Е.А. Комплексная межотраслевая программа « Экология» по охране природы и улучщению экологической обстановкий на территории Атырауской области на 1996-2000 г.г. и на перспективу до 2005 года.- Атырау: фонды ЗапО МН – АН РК и Управления экологии и биоресурсов Атырауской области, 1996. — 203 с.
- Нығметуллаев М. Каспий экологиясын болашақта не күтіп тұр// Атамекен. 12 қараша 2007ж.