АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Музыка тыңдаудың маңызы мен мақсаты

                                       МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ ——————————————————————-2

 

І.ӘН САБАҒЫНДА МУЗЫКА ТЫҢДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

                                    ӘДІСТЕМЕСІ  

1.1. Музыка өнер сабағы ————————————————5

1.2. Музыканы тыңдауға қойылатын талаптар ———————23

 

ІІ.  МУЗЫКА ТЫҢДАУДЫҢ ЖАН-ЖАҚТЫ ӘДІСТЕРІ

2.1. Музыка тыңдауды ұйымдастыру жолдары ——————-36

2.2. Музыка тыңдаудың жан – жақты әдістері ———————45

 

ЗЕРТТЕУДІҢ ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМІ ———————48

ҚОРЫТЫНДЫ ————————————————————58

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ———————60

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                              КІРІСПЕ

 

     Зерттеудің көкейкестілігі:                            

    Қазақстан Ресаубликасының тәуелсіздік алуына байланысты елімізде оқу-тәрбие жүйесінің барлық саласын қайта түлету процесі жүріп жатқаны мәлім. Қазіргі білім, ғылым мен мәдениетті жаһандандыру процесі кезінде әр ұлт өз мемлекетінің рухани мәдени құндылықтарын сақтай отырып, әлемдік өрке-ниетке кіргізуі заңды құбылыс.

     Елбасы Н.Ә.Назарбаев Ұлттық кеңестің мәжілісінде жасаған баяндама-сында «Мәдени мұраларды жүйелеп, оларды қалпына келтіру, сақтау, одан әрі дамыту ісіне кең көлемде білек түре кірісетін кез келді. Ұлттық мәдение-тімізді ұлықтап, бар мен жоғымызды түгендеп, жүйелеп, келер ұрпаққа аманат ету – «Мәдени мұра» бағдарламасының басты мақсаты болуы тиіс» — деп, болашақ ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық мәдени мұраның мүмкіндігі мен мақсатын айқындап берген болатын. Осыған байланысты қазіргі уақытта қо-ғамдық-гуманитарлық пәндерді оқытудың білімдік, тәрбиелік маңызы бұрын-ғыдан да арта түсуде. Оларға «Білім туралы заң», «Қазақстан Республикасын-да гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасы этникалық-мәдени білім беру тұжырымдамасы» сияқты мемлекеттік құжат-тарда айырықша көңіл бөлінген. Бүгінгі тәрбиенің басты міндеті адамзат мәдениетінің сан ғасырлық өркениеттік жетістіктері мен ұлттық рухани-мәдени байлықтарын саралай отырып меңгерту, сөйтіп, оқушы жастарды нарықтық экономикаға бейімделген, өмірге икемделген, жан-жақты жетілген, қаблетті, кез келген тұтқиыл жағдайлардан жол тауып шыға алатын ынталы да іскер, табанды да талантты отансүйгіш азамат етіп тәрбиелеу болып табылады.

     Ауыз әдебиеті үлгілері мен халықтық өнер арқылы халқымыз өз ұрпағын «сегіз қырлы, бір сырлы», өнегелі, өнерлі, шынайы ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеп келеді. Бала тәрбиесі-аса жауапты іс. Ұстаз–оқушыларға білім беруші ғана емес, олардың бойына отансүйгіштік, елжандылық, ұлтжанды-лық, адамгершілік, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді қалыптастыру-шы басты тұлға. Баланың болашақта қандай азамат болып өсетіндігі мұғалім-нің балалрмен жүргізетін тәрбие жұмысының мазмұны мен әдісіне де тығыз байланысты.

      Қазақстан халқына «Жаңа әлемдегі Қазақстан» атты жолдауында «Білім беру реформасы табысының басты өлшемі тиісті білім мен білік алған  еліміздің кез–келген азаматы әлемнің кез – келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады» деген болатын. Қазіргі музыкалық білім беру жүйесінде, мектепте музыка  сабағының тәр-биелік мәні зор. Жаңа заман талабынат сай музыка сабағын оқушының   ұлттық ән – күйіне деген  көзқарасты  жетілдіру. Музыка сабағы бірнеше іс — әрекеттерден тұрады: ән айту, музыка тыңдау, музыка сауаты. Эстетикалық тәрбие берудің негізгі құралы–узыка. Музыканы жас кезінен бала бойына сіңіре білсе, тыңдаған  әуендерін  сезіне  білсе, жаны таза, нәзік,  сезімтал болып өседі. Қазіргі таңда музыка мұғалімінің ғылыми ізденіс,  зерттеушілік-

тің обьектісі болып отыр.

    Зерттеу обьектісі: Ән сабағында музыканы тыңдаудың маңызы. Музыка сабағында іс-әрекеттер арқылы мектеп оқушыларын музыка арқылы тәрбиелеу.

    Зерттеу пәні: Педагогикалық зерттеулер, мақалалар, әдістемелік құралдар, ғылыми–педагогикалық тұрғыдан қамтамассыздандыру. Музыка сабағында-ғы музыкалық іс-әрекеттер арқылы, мектеп оқушыларын музыкаға тәрбие-леудің музыкалы-педагогикалық және ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеп, ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету.

     Зерттеу мақсаты: Музыка пәні арқылы оқушылардың ұлттық музыкалық өнерге деген қызы-ғушылығын қалыптастыруда ғылыми – теориялық негіз-дерін анықтау.

     Зерттеу болжамы: Музыка пәнін әдістемелік тұрғыдан  сапалы жүргізу арқылы, тыңдаған   музыкасынан тәрбиелік мәні тиімді болса, егерде музыка тыңдаудағы оқушылардың бойынан музыка  дегенқұштарлық нышандары   шоғырланды деп болжаймын. Оқушыларға музыка тыңдаудың мазмұнын   қалыптастыра отырып, ғылыми әдістемелік ұсыныстар берілсе сонда ғана оқушылар   музыка тыңдауда нәтижелігі арта түседі.

— музыка сабағын жүргізудің ғылыми-педагогикалық және әдістемелік негіз-дері анықталса;

— музыка сабағының музыкалық мәдениеттілікке тәрбиелеу тиімділігінің өлшемдері, деңгейлері, көрсеткіштері анықталса;

— мектеп оқушыларына музыкалық білім беру арқылы музыкаға тәрбиелеудің әдістемелік, музыкалы-педагогикалық шарттары белгіленсе;

— музыка сабағындағы іс-әрекеттерді жүргізудің мазмұны құрылып, тәжіри-белік-педагогикалық тексерістен өткізіліп, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар берілсе, сонда ғана музыкаға тәрбиелеудің нәтижелігі арта түседі;

      Зерттеу міндеттері: Жалпы музыкалық білім беру арқылы  оқушыларды  музыка тыңдаудағы ғылыми–теориялық негіздерін анықтау. Мектеп оқушы-ларына қандай музыкалық дыбыстар бар екенін анықтаймыз және оны тәжірибелік эксперимент жұмыстары бақылаудағы жұмысының қорытынды нәтижесін   шығарып, ғылыми әдістемелік ұсыныстар беру.  

— музыка сабағындағы әр музыкалық іс-әрекеттің жүргізу әдістеріне анықтама беру;

— музыкалық іс-әрекеттердің ерекшеліктерін сипаттау, сараптамалау;

— музыка сабағындағы іс-әрекеттері жүргізудің жеке әдістерінің мазмұнын анықтау, оны тәжірибелік эксперимент жұмыстары арқылы бақылау;

— зерттеу жұмысының қорытынды нәтижесін шығару, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру;

      Зерттеу әдіснамалық және теориялық негіздері: Жалпы ғылыми, философиялық, музыкатану, музыкалық–психологиялық, музыкалық–педаго-гикалық концепциялар мектеп оқушыларының музыка тыңдауды қалыптас-тырудың біртұтас жүйелі қағидалары.

       Зерттеу әдістері: Зерттеу әдістері  бойынша   философиялық, психоло-гиялық, музыкалық–педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау, мектептегі  оқу үрдісін бақылау, оларды сараптау, эксперимент жұмыстарының нәтиже-сін  бақылау.

     Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

— Музыка пәні арқылы мектеп оқушысының жалпы музыкалық мәдениетке тәрбиелеу;

— Музыка сабағын жүргізудің жаңашыл әдістері, көрсеткіштері, деңгейлері анықталады;

— Музыка сабағында іс-әрекеттері жүгізудің әдістемелік шарттары анықталады;

— Музыка сабағындағы іс-әрекеттерді жүргізу әдістемесі жасалады, тәжірибелік эксперимент жұмыстары барысында бақыланып, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі;

     Зерттеудің практикалық маңызы:

— Зерттеу нәтижелерін музыка пәні оқытуда, әдістемелерді жетілдіру мақсатында мектептегі оқу-тәрбие үрдісінде, жоғарғы оқу орнында музыкалық білім бөлімдерінде пайдалануға болады;

     Зерттеу базасы:

 Тәжірибелік-эксперимент жұмысы Жаркент қаласының Балалар музыка  мектебінде мемлекеттік педагогикалық тәжірибелік жұмысы жүргізілді.

     Дипомдық жұмыстың құрылымы:

Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлім, екі тараудан, эксперимент нәтижелерінен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

     Кіріспе бөлімінде: Зерттеу жұмысының көкейкестілігі, объектісі, пәні, мақсаты, болжамы, міндеттері, әдістері, ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы, практикалық маңызы, базасы, кезеңдері, құрылымы қамтылады.

     Негізгі бөлімінің бірінші тарауында «Ән сабағында музыка тыңдауды ұйымдастыру әдістемесі» музыка сабағы-өнер сабағы, музыка тыңдауға қойылатын талаптардың тәрбиелік мәні, бастауыш музыка сабағының пәндік ерекшеліктері, негізгі іс-әрекеттер мен қосалқы іс-әрекеттерге анықтама берілді.

     Екінші тарауында мектептерде музыка сабағындағы музыка тыңдаудың жан-жақты әдістері, іс-әрекеттерді жүргізу арқылы музыкалық тәрбие беру-дің жолдары қарастырылды.

     Қорытынды  жұмыстың зерттеу нәтижелері негізделген тұжырымдама-лар мен ұсыныстар берілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

           І. Ән сабағында музыка тыңдауды ұйымдастыру әдістемесі.

                                     1.1. Музыка өнер сабағы.

     Жас өспірімдерге музыкалық тәрбиенің мақсаттарын жүзеге асыру   үшін   оқушыларға музыкалық шығарманы орындап қана қоймай, оны  терең   сезіммен, саналы түрде қабылдай біліп, тыңдауға үйрету керек. Егер көпші-лік айтатын әндер жалпыға бірдей таныс болса, кейбір күрделі дауысқа арналған немесе жеке аспапақа арналған музыкалық шығармаларды тек му-зыканы терең сезініп қабылдай білетіндер ғана тыңдайды. Көпшілік қауым күрделі музыкалық шығармаларды дұрыс түсінбегендіктен оны тыңдай ал-майды, себебі ондай адамдардың музыкалық түсінігі білімі таяз. Карл Маркс «Егер де өнерден ләззат алғың келсе, онда   өзіңнің   көркемдік талғамың мен білімің жоғары болсын» деген. Ұлы музка сыншысы А.Серов: «Бетховенның симфониясынан ләззат алу үшін музыканы түсініп тыңдай білуің керек» дегендей, музыканы дұрыс түсініп тыңдай білуге тәрбиелеу арқылы бас-тауыш сынып оқушыларының ой-өрісін, терең сезімін, санасын, қиялын, талғамын, жалпы өнерге деген сүйіспеншілігі мен мәдениеттілігін   дамыта-мыз. Оқушылар мектептегі музыка сабақтарындағы ән айту процесінде музыканы сауатты түрде тыңдауды үйрене бастайды. Музыканы көңілге қондырып, жүрекке жылы тигізіп, сезе түсініп, оның сиқырлы әлеміне бой-лау үшін ең алдымен оны дұрыс тыңдай білу өте қажет. Музыка сабақтарын-да музыка тыңдау процесінің мақсаты – музыканттар дайындау емес, жалпы жас өспірімдердің өнерге деген мәдениетін көтеру, қазіргі заманның талабы-на сай тәрбиелеуге бағытталған адамгершілігі мол, терең нәзік сезімді, қайы-рымды, мейрімді, шығармашылық қаблеттері мол ұрпақ дайындауғат көпте-ген әсері бар құрал ретінде пайдаланатын жұмыстардың бірі болып есептеледі. Өйткені, музыкалық шығарманы – адамның рухани азығы десек қателеспейміз. Музыканың үні арқылы адам   баласының сезімі қалыптасады. Қандай да музыкалық шығарма болмасын адамның өмір тарихымен, сол   адам өмір сүрген қоғам тарихы арқылы туындайды. Оған мысалға көптеген музыкалық шығармаларды алуға болады. Бірақ олар туралы музыка   тыңдау-дың әдіс-тәсілдерін үйрету барысында тереңірек тоқталамыз. Ал сол музыканы тыңдауды  үйретуді   баланың  жас кезінен бастап қалыптастырған дұрыс. Бұл туралы Э.И.Бальпттис деген  ғалым «Баланың музыкалық талға-мы   оның балауса жас кезінен-ақ өз халқының ән-күй өнерінің ықпалымен   дамиды» деген болатын. Сондықтан қазақ балаларының музыкалық   талға-мын қазақтың әндері мен күйлерін тыңдату,  үйретуден   бастап   қалыптас-тырған жөн. Қазақ халқының ұлттық музыка мәдениетінде бар   жанрлардың  түрлері мен күйлері мол. [1]

      Бұл ретте музыка тыңдауды  сәби   дүниеге   келгеннен   анасының   әлдиі   «Бесік» жырларынан бастап өз ұлтының әуені бойына ана сүтімен   дарыту-дан бастайды да,  одан   әрі   біртіндеп   ұлттық   әуенді   таныстыруды   бірте – бірте күрделене түсеміз. Бастауыш сынып  оқушыларына  өз  ұлтымыздың,  өнерін халқымыздың асыл қазынасын бойларына сіңірту мақсатында   музы-ка тыңдаудың ролі   өте   зор,  халықтар   арасындағы   достық   сақтау   үшін, әр халықтың жақсы ісімен өткен тарихты насихаттау үшін, жақсы мен жаманды айыру, табиғат сұлулығын, ерекшелігін сезіну, қайырымды,  мей-рімді, адал болу үшін – жалпы айтқанда оқушылардың өмірге деген   көзқарастарын дұрыс қалыптастыруға тәрбиелеуіміз керек. Адам баласының өмірінде өнер үлкен орын   алатынын   жоғарыда   айтсақ   та жас сәби жарық дүниеге келген күнінен бастап,  ол  өнердің   ортасында   өседі. Өнер түрлері архитектура, скульптура, бейнелеу өнері  және  графика,   көркем әдебиет, би (хореография), театр, кино және музыка болып бірнеше салаға бөлінеді. Өнердің осы аталған салалары әр кезеңде біртіндеп пайда болды. Табиғат құбылыстары мен адамзат қоғамының І дамуына байланысты, өнердің   түрлері   өзгеріп,  дамып   отырады. Әсіресе,  музыка   өнері   күшті өзгеріске түсті. Сондықтан   да   қазіргі   өнер   жастарға   эстетикалық   тәрбие берудің күшті құралы болып саналады. Дегенмен сол өнер бүгінгі өміріміздің  айтарлықтай дәрежесіне жете алмай отыр. Біз күнделікті  өмірде  музыка,  концерт, ән – күй кеші, ария, қантата,  симфония, опера деген сөздерді жиі естиміз де, олардың үнінен тамылжыған әр алуан музыкалық   шығармалар-ды сүйсіне тыңдаймыз. Ерекше бір рахатқа бөленіп,  шабыттанып   қаламыз. Тіпті жұмыс кезінде де жүрек тербетерлік жақсы ән мен тәтті күйлер   беріліп   жатса, оны ынтамен тыңдай отырып, істеген ісіміздің қалай тез бітіп   қалғанын сезбейтін де кездер болады. Өнердің басқа түрлеріне қарағанда,  музыканың осыншалық әсері молдығының себебі не деген орынды сұрақ тууы да осыған байланысты.

             Құлақтан кіріп бойды алар,

             Жақсы ән мен тәтті күй.

             Көңілге түрлі ой салар,

             Әнді сүйсең менше сүй.

деген  Абай сөздерін еріксіз еске  алуға   тура   келдеді. Өйткені   жақсы   ән   мен тәтті күй, біріншіден, адамның рухани шабытын   арттырады, серпілтеді,  екіншіден, көңіл кірпігінің жоғалуына себепші болады. Сондай – ақ,   лебімен   көңілге жылы  тиген  музыка  сарыны   кейде   кісінің   бастан   кешкендерін,  жастық шақтың көз алдына елестетеді. Кейде тіпті арман асуына жетелеп,  ерлікке, батырлыққа  бағыттайды. [2]

    Өзіміз сүйіп оқитын ақын, жазушыларымыз  өз   басынан   өткен   күйініш,  сүйініш,  өмірге деген көзқарасын, көрген білгенін, замандастарының   еңбек-тегі ерліктерін оқырмандарына прозамен, поэзия арқылы, қаламұшымен   қағаз  бетіне  түсіріп  жеткізсе, зазгер де  дәл   солай   еңбек   етеді. Бірақ   ол   өзін тебіренткен жақсылық пен жамандықты, бақыт пен қайғыны,  батырлық   пен зұлымдықты, бостандық пен теңдікті, табиғат көріністері сияқты   құбы-лыстарды дыбысқа түсіріп, образ арқылы  музыка   тілімен   айтып   береді.

    Егер бау-бақша, құстардың ішіндегі ең бір сымбаттысы бұлбұл  өз   бетінше, өз еркінше құбылта сайрап, адамның көңіліне әуенмен   әсер   ететін   болса, адам да, сол бұлбұлдай бас бостандығы мен теңдікті аңсап музыка   ырғақтарының үнімен аңғарта, тамылжыған күйлер шығарады. Халық сазгері Дина Нүрпейісованың ой қиялынан туған тебіренісі бұлбұлдың бейнесін сан қырынан көзге елестетеді. Сазгер Альябьев пен Л.Хамидидің әйелдер  даусы-на арнап жазылған “Бұлбұл ” атты әндері халық артистері Күләш Байсейітова мен Бибігүл Төлегенованың орындауында әсем де, үнді естіледі. Тыңдаушы-лардың жан жүйесін тербеп, ерекше әсер қалдырады. Әйгілі сазгер Құрман-ғазының өмірі — қазақ халқының музыкалық, өнеріндегі үлкен бір белес. Өйткені Құрманғазы Сағырбаев (1818 – 1870 )  өз   кезінде жоқшылық пен жалшылыққа, зорлық пен үстемдікке қарсы күй шығарды. Бастан кешірген қиыншылықтарын сол күйлерінің негізгі тақырыбы етіп  отырды. Мысалы, оның  «Аман бол, шешем, аман бол !»  деген күйін алайық. Бұл – бастан аяқ тыңдаушылардың желпіндіріп, өіне еріксіз тартып отыратын терең мазмұн-ды, әсем үнді шығармалардың бірі. Домбыраның  күмбірлеген жағымды даусы адамның жүрегінен шыққан сөзше, «Аман бол, шешем, аман бол» деп естіліп тұрғандай. Дүниеде адамға анадан артық ештеме жоқ. Сондықтан жазушы да, ақын да, күйші де   әрдайым ананың образын жасауға  тырысады. Бұл салада жазушыларымыз бен суретшілеріміз сияқты сазгерлеріміз де елеусіз үлесін қосуда. Құрманғазының «Қайран шешем», «Аманбол, шешем, аман бол» атты   күйлері озық ойлы ұлы жазушы Максим   Горкийдің «Ана» атты романы сияқты классикалық  шығармалардың бірі болып  саналады. «Аман бол, шешем, аман бол» күйінен қазақтың бай–шонжарларының қанды шеңгеліне түсіп, елден ұзақ, айдауға кетіп бара жатқан Құрманғазының анасымен қоштасқан мезгілі мен қайғылы қасірет үні естіліп тұрады. Екі ішекті домбыраға осыншама күш беріп, адамша сөйлету – Құрманғазының табиғи дарыны мен шығармашылық қуатының молдығынан еді. Құрманға-зының «Балбырауын», «Адай» және «Сарыарқа» атты күйлері де әрі мазмұнды, әрі әсерлі, нағыз жүректен шыққан туындылар. Ерте кездегі қарапайым халықтың  той – тамашаларын, бәйге мен қыз қуу сияқты   ойын–сауықтардың, сондай – ақ кең байтақ дала бейнесін осы «Балбырауын», «Адай», «Сарыарқа» күйлерінен естиміз. Бұларды орындап тұрғанда,  қазақтың құла дала боз жоталы, тау – қыратты, тепсең – шалғынды кең   даласы күмбірлеп сөйлеп, тыныштық  күй қимылға түскендей сезінеміз.   Тынысы кең, құшағы айлапат жазира дала күйге қосылып, күңгірлеп   тұрғандай боп  естіледі.  Домбыра  үнінен  сықақ   сезім   құйқылжи   биікке   көтеріліп,  дала   тынысына   үн   қосып   жатқандай   адамның   іш   жүйесін   ләззат сезім баурап  алып, туған жерге сүйіспеншілік одан сайын арта   түсе-ді. Қазақ халқының ерте заманнан бері келе жатқан музыка аспаптары,  домбыра мен қобызда ғана орындалатын белгілі мазмұны, аты бар   музы-калық шығармалардың түрін  күй дейді. Музыкалық сауаты жоқ,  халық   арасынан шыққан өнерлі күйшілер өмірде болып жатқан әр алуан   жағдай-ларға байланысты өздерінің реніш — қуанышын,  жүрек   сырын   қос   ішекке   қосқан. Домбыра мен қобыздың  әсем   үндері   арқылы   тыңдаушы   қауымға   «адамның  күй, жайы, ішкі жан дүниесінің сыры» деп баяндайтын болған.   Күйді орындаушы, тыңдаушы қауымының арасында  отырып, орындалатын   күйдің шығу тарихын, оның қысқаша мазмұнын ауызша айтып   беріп,   күді   орындап шығатын. [3]

    Біз білетін күйлердің барлығының мағынасына сай аттары бар. Оған   дәлел, Дина Нұрпейісованың «16 – жыл», «Той бастар», «Бұбұл », «Жеңіс»,  Дәулеткерейдің «Топан», «Қосалқа», Құрманғазының «Серпер», «Бозшолақ»   «Түрмеден қашқан», Тәттімбеттің «Сары жайлау», «Былқылдақ»,т.б.   туын-дылардың мазмұндары, ойналу ырғақтары шығарманың аттарына сай   үйлескен. Күй аты белгілі шығарма, симфониялы поэма тәрізді сюжетке   құрылған. Барлық оқиға желісі музыка тілімен беріледі. Бұндай күрделі сюжетке құрылған, сазгерлік желісі, байланысы бар кесек туындыларды тыңдай білгенмен, толық түсінем білу үлкен күшке түседі. Ол үшін күйді бірнеше рет тыңдап, түсіне ұғыну керек. Сөзі жоқ, тек музыка сазымен ойналатын күрделі шығармаларда негізгі өзек саналатын мелодиядан айырылып қалып, музыканы шала ұғып,  эстетикалық ләззат алу ойдағыдай болмайды. Кейде тыңдаушының музыкалық түсінігі мен білімі аз болып, музыкалық шығарманы түсінбей қалады. Музыкалық әуенді ұға алмаған адам, сөзі жазылған әндерді, романс, арияларды жақсы түсінеді. Бірақ операларда ария сөздері ылғи естіле бермейді.Талай тамаша ариялар, әсіресе, оркестрге қосып айтқанда, жайшылыққа, ән мен сөздін қоса тыңдап   үйренген көпшілікке   ұғыну   алғашқы   кезде өте қиын соғады. Әнді тыңдап түсінген адамға ғана опера қызықты, сөзді емес, әнді ұғуға үйрену, машықтану қажет, айтқан дарынды күйшінің құдіреті саусақтарынанг тамыл-жып шыққан музыкаүнін   тыңдап,  ерекше   ләззат алған орыстың белгілі этнографы Н.Савичев 1868  жылы  « Уральские   Войсковые ведомости» атты газетінде (№44) былай деп жазды: « Құрманғазы   домбыраны жедел күйіне келтіріп, құлағын сәл бұрай түсті де, бірден   құйқылжытып тарта  жөнелді. Мен алғашқы кезде таңданып едім, кейін   оның домбыра  тартысына   қай-ран қалдым. Екі ішекті, мұндай жұпыны аспаптан музыкаға ұқсас бірдеңе шығады ғой деп күтпеген едім, бірқадам  қаблетінің күші сол емес пе, домбырадан соншалықты таза музыка  естілді. Сайрауы деп айтар едім, бірақ артист қиялының ұшқырлығын біраз тежейтін аспапты қарапайымдылығына қарамастан, бұл  теңдеу де тым жеткіліксіз. Қорыта айтқанда Сағырбаев – сирек кездесетін жан, егер европалық білім алса, ол музыка дүниесінің шолпан жұлдызы болар еді», деп масаттанғанын білдірді. Академик А.Қ.Жұбанов қазақ халқының сазгерлерімен әншілерінің өмірі мен шығарма-шылығы туралы көптеген зерттеулер жүргізді: «Ғасырлар пернесі» (1958 ж.), «Замана бұлбұлдары» (1967ж.) деп аталатын монографиялық еңбектері  жарық  көрді. Академик А.Қ.Жұбанов халық   сазгері   Құрманғазы   туралы   былай деп жазған еді: «Құрманғазы Орал түрмесінде жатып шешесіне  арнап «Қайран шешем» күйін шығарды. Күй қапастағы халді суреттегендей   жай   басталды. Әлден  кейін,  жарық өтіп туған айдай, жарқын кейіпке көшеді, күй   әсерленіп, қызынып, шапқан аттың алыстағы   сарыны   естілгендей   болады.   Аяғында  баяғы ауыр дыбыстар,  еріксіздік   үндері   қайталанып   келіп,  ең   соңында тағы да  үміт сәулесі елестегендей болады. Құрманғазы алдағы   өмірден үміт күтеді. Осы сапарда Құрманғазының «Түрмеден қашқан» күйі   шығады. Бір чиновник түрменің қасынан өтіп бара  жатып,  Құрманғазының   осы күйді тартып отырғанын естіп: «Мына бір тұтқынның домбыра   тартысы  маған ұнамайды, қашу күйі сияқты, сақ болыңыздаршы», — депті. Ал  шынында да, «Түрмеден қашқан» күйінде басынан  аяғына  дейін  ат   шабыс,  қуу, қашу, айқай – сүрен дыбыстары бар. Еш жерінде тып – тыныштық   дыбыс жоқ деуге болады. Әншілердің тілімен айтқанда, бұл күй аяғына   шейін «дем алмастан» бір – ақ тартылып шығады».  «Кісен ашқан» басынан аяғына дейін орнықты жай екпінді күй.  Мелодиясының  өткірлігі сондай сай – сүйегінді сырқыратады. Әрине, онда кісенді  кесіп  жатқан алмас араның   құлағыңды жаратын   дыбысы   жоқ. Кейде аяғы кісен қиған тұтқынның жан қиналысы бар. Тіпті бір Құрманғазының емес, жалпы еңбекшінің аяғы   кісендеулі тәрізді, ауыржағдай суреттеледі. Бұны психологиялық  күй десек   те қателеспейміз. Бірақ ескерте кететін нәрсе, кейде үлкен трагедиямен   қатар үлкен астарлы күш жатыр. Халықтың үні бар. А.Қ.Жұбанов пен   Л.Хамидидің «Абай», Мүқан Төлебаевтың «Біржан – Сара» опералары мен Сыдық Мухамеджановтың «Ғасырлар үні» ораториясы қазақ халқының басынан кешкен тарихи кезеңін шиеленіскен оқиғаларға толы, қайшылығы   мол өмір көріністерімен жайып салып, сезімге әсер беріп отырады. Бұл   айтылған опералардан алғыр ойлы ағартушы ұлы ақын Абайдың, бас бос-тандығын аңсаған қазақ қыздары Ажар мен Сара, шыншыл ақын  Біржанның   арияларын тыңдай отырып, сонау ХІХ ғасырдағы зорлық – зомбылық   зама-нындағы қазақ даласын да көз алдына  келтіресің. [4]

   Музыканы, өнердің басқа салалары сияқты, көзге көрсете, қолға   ұстайтын-дай етіп жасауға болмайды. Музыкада айтылатын ой мен оқиға сазды дыбыстар арқылы беріледі. Адамның ой өрісінің кеңеюіне әсем әуендер арқылы ғана әсер етеді. Бұл қасиетімен музыка адам сезіміне басқа өнерден гөрі ерекше әсер етеді. Атап айтқанда, қоғамдық тартыс пен халық   көтері-лісі, табиғат  көрінісі, сүйіспеншілік пен өшпенділік,   адамның бақыты мен қайғысы сияқты құбылыстардың барлығы да музыканың құдіретті үнді   тілімен беріліп, жан – күй сезіміне толқынды  күй   салып, әсер туғызады. Бұл  сияқты қиыннан қиысқан құдіретті күш ұлы дарын иелерінің ғана қолынан   келеді. Бұндай музыкалық шығармаларды ұғынып тыңдай білу де әркімнің   құштарлығы мен талабына байланысты. Музыка тыңдаудағы барлық  адам-ның қаблеті, бырақ  музыка  тыңдауғада   әркім  өзінше жаттыға білуі  керек.     Музыканы тыңдап дұрыс түсіне алмайтын «ойға олақ» адамдардың бар  екені рас. Музыканы есту қабілеті көп адамдарда бірдей оянбайды. Өткен   еңбегі-не, көздеген мақсатына қарай, күйкілжің тұрмыс күйбеңі арасында жүріп,  музыкаға жас кезінен көңіл бөлмейтін адамдар да кейіннен музыкалық  қабілетін дамыта алады. Музыка жаза білу мен оны тыңдай білудің  арасында алшақ айырмашылықтың бар екені кімге де болса белгілі. Сондай,  музыка-лық шығармаларды – оның ішінде күрделі бағдарламаланған   симфониялық оркестр, ораториялық туындыларды – тыңдай  білу мен оны түсіне білудің де арасында көптеген айырмашылық бар. Музыкалық шығармаларды көп  тыңдаумен қатар сол өнер туындылары туралы кітапшаларды, радио, теле-хабарларды, газет–журналдарды оқып жаттығу керек. Бізде күрделі   шығар-малардың мазмұнын ашып, көркемдік желісін көрсетіп, музыкалық   туынды-ларға біраз талдау жасап шығамыз. Осының өзі музыканы қанлай тыңдап,  қалай түсіне білуге жетекшілік әдіс көрсетеді. Қысқасы, музыканы   сүймей-тін, өзі де дауыстап ән айтпайтын адам жоқтың қасы. Тек оны тыңдап, түсіну қаблеті әркімде әр түрлі. Біреулер жеңіл музыка жағын ұнатса, екінші біреулер   күрделі шығармаларды  тыңдауды жақсы  көреді. Дегенмен қандай музыкалық шығарма болмасын, оның адам жанына әсері  мол, эстетикалық  талғамын дамытады, ойын байытады. Қапан Мусиннің «Жайлауда» атты симфониялық поэмасын ойша тыңдайықшы, ғанибет қиялға түсеміз. Көсіліп жатқан тау етегіндегі жайылымды, көк рай шалғын шуылын, сылдырай аққан арна, бұлақты, сол жайылымда жатқан отар – отар қой  мен табын – табын ірі қараны көріп, бие сауып жүрген адамдардың арасында жүргендей боламыз.  Құлаққа осылардың  қимылы, үні желісі түйдекпен естіліп жатады. [5]

    Айта келгенде, музыкалық шығарманың  қандайы болмасын автордың өз тыңдаушысына айтайын деген түпкі ойын жеткізеді. Тыңдаушы  сол музыка арқылы ой түйеді,  қиялын   дамытады, дүние сұлулығын  сезінеді. Музыка өнерінде айтылатын ой мен оқиға сазды дыбыстар арқылы беріледі. Сондық-тан музыканы қабылдауды оқушылардың бойында қалыптастыру елеулі қиындықтар тудырып, жан-жақты ойластыруды қажет етеді. Жалпы музыка-

лық білім берудің мақсаты музыкалық мәдениетті дамыту, оқушылардың жалпы рухани мәдениетін дамыту, қалыптастыру болып саналады. Ал «оқу-

шылардың музыкалық мәдениеті» деген түсінік-ауқымы кең ұғым. Осы ұғымның мазмұнына бірінші кезекте «өмірден туындаған, өмірмен тығыз байланысты образдық өнер, музыканы түсіну қаблетін» жатқызады. Д.Б.Ка-балевский бұл туралы: «Сезімдер тілі-музыканы көңілмен қабылдау, ондағы жақсы мен жаманды ажырата білу, музыканың сипатын сезіну, орындалу ерекшелігін салыстыра білу қаблеті»,-деген. Музыкалық мәдениеттің негізіне музыкалық сауат жатады, онсыз музыка мәдениетінің қалыптасуы мүмкін емес. Сонымен бірге балалардың орындау-шылық, шығармашылық бастама-

лары да осы музыка мәдениеті ұғымына кіреді. Музыканы тану процесіне Д.Б.Кабалевский үш жанрды-ән, би, маршты алып қарастырады.

    Музыкалық тәрбие берудің мақсаттары төмендегідей.

    — Музыкаға көркем-эстетикалық көзқарас, қызығушылықты дамыту, тәрбиелеу;

    — Музыкалық қаблетін дамыту;

    — Іскерлік дағдыларын қалыптастыру;

    — Дүниежүзілік музыка мұрасы-«алтын қор» музыкалық шығармалардың әр түрлі формаларын туындауына таныстыру;

    — Балалардың музыкалық талғамын тәрбиелеу, музыка тыңдау процесінде шығармашылық бастамаларының туындауына бағыт беру;

    — Музыкалық өнерге қызықтыру, сүйіспеншілікке тәрбиелеу;

    — Оқушылардың адамгершілік-эстетикалық дамуын қалыптастыру, музыка-лық қаблетін ояту;

    — Мектеп оқушыларының музыкалық қаблеттерін ояту арқылы музыкалық әрекеттерге, музыка тыңдауға, ән салуға, аспаптарда ойнауға, ырғақтық қимылдар жасауға үйрету;

    — Сабақта сабақтан тыс музыка өнерін бойға сіңіруге талпыну;

    — Музыка өнерінің әсері арқылы балалардың шығармашылық іс-әрекетте-рінің туындауына жол ашу, бастамашыл болуға баулу;

    — Музыкалық тәрбие әдістемесі педагогика ғылымы негізінен педогогика-ның жалпы заңдылықтарына бағынады, дидактикалық принциптерге сүйенеді:

    Оқытудың тәрбиелік принципі:

    а) оқу материалының ғылымилығы және қабылдауға оңтайлылығы;

    ә) көрнекілік принципі;

    б) білім, дағды, іскерлік беріктігі;

    в) оқушылардың музыкалық іс-әрекетінің белсенділігі;

    г) музыкалық тәрбиенің өмірмен байланысы;

    д) оқушылардың қызығушылығы; мектептегі музыка пәнін оқыту әдістеме-сі оқу ерекшелігіне қарай өз принциптерін ұсынады;

    е) музыкалық шығармаларды қабылдаудағы көңіл күй мен саналы прин-циптілігі. Музыканы қабылдауды дамыту әр түрлі көңіл күйдің, әсерлердің молайғандығын талап етеді. Әр шығарманың мазмұны, орындалу ерекшелігі, көңіл күйге берер әсері оқушылардың жан дүниесін байытады, ойын, сезімін қиял жетегіне ілестіреді. Оқушылардың қабылдау, бағалау қаблеттерін дамы-

тады, қызығушылығы мен талғамын тәрбиелейді.

    ж) көркемдік және техникалық принциптің бірлігі музыкалық шығарманың мәнерлі, көркем орындалуы үшін іскерлік пен дағдының сай болуын талап етеді;

    з) музыкалық білім беру ісінде музыка мен өмірдің тығыз байланысы, оқу материалдарының мазмұнын ашу, музыкалық репертуарлардың жинақталуы, өрбіту әдістері;

    к) музыкалық іс-әрекеттегі оқу материалдарының түрлерін, ерекшелікте-

рін, ұқсастықтарын табу.

    Музыкалық білім берудің негізгі міндеттері мақсаттарымен тамырлас музыкалық тәрбиелеу, оқыту, дамытуға бағытталады:

    — Музыка өнерін ұнату, шығармашылық, эстетикалық көзқарас, музыканы сезіну қаблеттерін, сезімдерін дамыту.

    — Оқушыларды халықтық, классикалық және қазіргі заман музыкасымен, музыка өнерінің бай жанрларымен, түрлерімен таныстыру;

    — Оқушыларды рухани жан дүниесімен, өмірімен байланысты музыкалық білімдерін меңгеру барысында педагогикалық жағынан басшылық жасау;

    — Оқушылардың музыка тыңдау әрекетін, орындаушылық, шығармашылық қаблеттерін дамыту;

    — Жоғары көркем музыканы қабылдауын дамыту;

    — Оқушылардың музыкалық білімін жетілдіруіне мақсатты түрде бағыт беру;

    — Музыкамен шұғылданған баланың өзін тұлға ретінде сезінуіне көмектесу.

     Музыка сабағы-оқытушының шығармашылығына негізделген өнер саба-

ғы. Өнер сабағы болғандықтан да оқытушының әрі өнерлі, әрі шебер ұйымдастырушы, бар жақсылықтың, әсемдіктің ұйытқысы болғаны абзал. Педагогикалық-психологиялық заңдылықтар негізіне сай етіп, оқушылардың қабылдауына жас ерекшелігіне қарай білім мен тәрбиенің біртұтастығының іске асырылуын оқытушы қамтамасыз етуі қажет. Музыкалық тәрбие мен білім беруде музыка сабағында оқытудың әр түрлі тәсілдерін қолдану: сөздік (баяндау, түсіндіру, әңгімелеу), көрнекілік (музы-калар, иллюстрациялар, диафильм, бейнефильмдерден үзінділер), көрсету (үйретілетін әнді орындап беру, би қимылдарын көрсету, аспаптарда ойнап беру). Кейбір тапсырмалар алдында жағдаяттар туғызу, оқытудың белсенді тәсілдері ретінде іскерлік ойындар жүргізу, т.б. оқытушының іс-тәрбиесі мен шүығармашылығынан туындайтын оқыту тәсілдері, әдістері сабақ үрдістеріне оқытудың жаңа технологиясын түрлендіре түседі. Оқытудың жаңа технологиясы оқушылар мен жеке, топ болып жұмыс істеудің тиімді тәсілдерін түрлендіруді талап етеді.

    Жалпыға білім беретін орта мектептердің «Музыка» бағдарламасының мақсаттарын, міндеттерін, принциптерін бүгінгі заман талабымен байланыс-тыра жүргізу басты назарда болуы қажет. Бүгінгі таңда, мектепте жас ұрпаққа көркемдік білім мен тәрбие беру жүйесінде көркем әдебиет, музыка өнері, бейнелеу өнері, ұлттық қол өнер сияқты эстетикалық мәндегі пәндер арқылы оның ішінде, халықтық дәстүрлі өнерін игерте отырып, оқушының бойындағы әсемдікті қабылдау, сезіну, өнер шығармаларын әсемдік заңды-лық-тарына сәйкес бағалай білу қаблеттерін, көркемдік талғам деңгейінде қалыптастыру қажеттігі маңызды мәселенің бірі. Сонымен бірге, қазақ халқымыздың көркемдік-рухани мәдениетін, өнердегі салт-дәстүрін зерттеу мәселесі де ұрпақ тәрбиесі үшін ерекше маңызға ие болып отыр. Қазіргі білім беру мазмұнын байыту мүмкіндіктерін кеңірек пайдалану, білімге, шығарма-шылықпен қарау, жастардың өмірінде жасампаздық ахуал тудыру, тәрбиенің барлық құралдарымен жастардың бойында білім мен еңбекке дұрыс көзқа-расты, дүниетанымды, адамгершілік пен шынайы қазақтың ұлттық тәрбиелік мәнін қалыптастыруға мейлінше тиімді ықпал жасаудың жолдарын белгілеу бүгінгі таңда кезек күттірмейтін мәселе. Қазақтың ұлттық музыкасының тәрбиелік мәні — өмірдегі, табиғат пен өнердің әсемдікті қабылдап, бағалауға және түсінуге қаблетті адамды пәрменді түрде қалыптастырудың нысаналы жүйесі. Қоғам дамуының әрбір кезеңінде эстетика мен көркемөнер, әсемдік пен тоғышарлық, трагедиялық пен комедиялық туралы өз ұғым-түсініктері қалыптасып, олар жақсылық пен жамандық, ақиқат пен жалғандық, әділдік пен әділетсіздік туралы ұғымдармен біте қайнасып отырғаны мәлім. Сондықтан да біз Қазақстан Республикасы халықтарының, оның ішінде қазақ халқының мәдениетінің, халықтық-музыкалық шығармашылығының қалып-тасу және даму тарихына азды-көпті тоқтала кеткенді жөн көріп отырмыз. Қазақтың ұлттық музыкасының тәрбиелік мәнінің аса маңызды құралы өнер болып табылады. Өнердің тәрбиедегі ролі оның мәнімен, оның өзіндік атқаратын қызыметімен анықталады. Себебі, өнер өмірдің көркем образда бере отырып, адамның оны танып-білуіне, рухани баюына, дүниетанымының қалыптасуына септігін тигізеді. Көркем мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде өнер тұтас алғанда рухани мәдениеттің өзегі болып саналады.

     Қазақстан мәдениеті тарихының тамырлары тереңде жатыр. Қазіргі ғылыми-зерттеулердің нәтижелері қазақ халқының дербес және бірегей мәдениетінің даму жолын өте дәл болмағанымен, жеткілікті дәрежеде айқын көз алдымызға келтіруге мүмкіндік береді. Ғасырлар қойнауымен бізге келіп жеткен көркем шығармашылық элементтерін мұқият салыстырып, зерттеу арқылы халықтың рухани өмірінің тұтас бітім-болмысын азды-көпті жасауға болады. Оқушылармен жүргізілетін музыкалық оқу тәрбиелік жұмысында қазақ ұлттық музыкалық аспаптарының  алатын орнын түсіндіре білу  және музыкалық  өнерге деген қызығушылығын қалыптастыра отырып, солар арқылы,  оқушылардың патриоттық сана сезімін, музыкалық — эстетикалық, көркемдік талғамын қалыптастыра білу.

    Бастауыш сыныптағы музыка сабағын өткізу әдістемесін айта кетсек.

1-сыныптағы музыкалық тәрбие беру әдістемесі. Мектеп есігін алғаш ашып, 1-сыныпқа келген балалар мектептің көп жұмбағын білуге, сан қилы ғажап қызықты шын мәнісінде сырын ашуға үлкен ынталы болады. Ал өнер сабақтарына, оның ішінде музыка сабағына деген олардың көңіл күйлері мүлдеерекше. 1-сынып оқушыларының физиалогиялық, психологиялық ерекшеліктері:

  • Дене организмнің ілсіздігі, нәзіктігі;
  • Зейіндерінің шашыраңқы болуы;
  • Мұғалімнің біріңғай сөйлеінен жалығу;
  • Ұзақ отыруға құлықсыз;
  • Жүйелі жұмыс істеуге үйренбеген;
  • Ойынға бейімделіп тұрады.

    Осы жайттарды ескеріп, балалрдың сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін, белсенді қатысуға, жауапкершілікке бейімдеу үшін оқытушы-ның ойын түрінде өткізген сабақтары балалардың қабылдауын, зейнін, есте сақтауын жетілдіріп, тапсырманы орындауға ынтасын оятады. Жаңашыл педагог Ш. Амоношвили ойын әдісі арқылы көп нәтижеге қол жеткізуге болатынын, дидактикалық ойындар баланың танымдық ынта-ықыласын күшейтіп, оқудың ауыр тапсырмаларын оңай қабылдауға ыңғайлы екендігін дәлелдеген. Ойын арқылы жаңа тақырыпты пысықтау, қорытындылау, өткен тақырыптарды қайталау өте тиімді нәтиже береді. Ойын деген аты ғана, ал шынында ол-сабақтың, еңбектің жиынтығы. Ал кейбір балалар ән салуға да, музыка тыңдай білуге де үйренбеген. Балалрдың осындай мүмкіншіліктері мен ерекшіліктерін ескере отырып, олардың музыкалық қаблетінің бірдей болмайтынын көруге болады. 7-8 жастағы балалардың музыкалық дайынды-ғын мынадай деп жалпылауға болады:

  1. Музыка тыңдауға, қабылдауға ынталы;
  2. Ән, би, маршты ажыратуға талпынады;
  3. Ән салу іс-әрекетіне өте ынталы, дауытары өте нәзік;
  4. Тыныс алуы қысқа, дауыс көлемі қысқа;
  5. Сыныпта ән салуғат өте бейімді балалар кездеседі;
  6. Ән салуға интонациясы жетілмеген балалар да кездеседі;
  7. Шығармашылық жұмысқа белсенді түрде араласады;
  8. Би ырғақтарын ойдан да шығаруғабейім.

    7-8 жастағы балаларға музыкалық тәрбие берудегі негізгі міндеттер:

  • Балаларды музыкаға әуес болуға, тыңдауға дағдыландыру;
  • музыканың күнделікті тіршілікпен тығыз байланысын түсіндіру (репертуардың балалардың өз өмірінен алынуына көңіл бөлу);
  • музыкалық шығарманың мазмұнын, сипатын ең қарапайым ұғымдарымен жеткізе білу;
  • жүйелі жүргізілген сабаұтың нәтижесінде жинақталған тәрбиеге сүйене отырып, балалрдың музыкалық қаблетін дамыту;
  • балалардың ән салу мәдениетін қалыптастыру топпен ән салуға үйрету;
  • негізгі аспаптардың аттарын білу;
  • есту, есте сақтау қаблеті, ырғақты сезу, музыка сазын сезу, қаблетін дамыту, түсінуге талпындыру;
  • музыкалық олйында рөлдерді түсініп, қимылдар жасауға бағыт беру;
  • ән салғанда мәнерлі айта білуге үйрету, тыныс алуға үйрету, екпінін, ырғағын түсінуге баулу;
  • музыкалық ырғақтық қимылдар жасауға үйрету;
  • музыкаа сабағын басқа сабақтармен байланыстыра білу, тәрбиелік мәніне баса көңіл бөлу;
  • аспаптық шығарма мен вокалдық шығарманы ажырата білуге үйрету;
  • балалардың әрқайсысының жеке мүмкіншіліктерін ескеріп, тапсырманы түрлендіріп беру.

   Сабақ барысында оқу материалдары оқытушының сабаққа қойған мақсатын, балалардың дайындық дәрежесіне қарай іске асырылады. Әдістеме жағынан дұрыс ұйымдастырылған сабақ балалардың қызығушылығын артты-

Рып, зейіндерін шоғырландыру, жауапкершілікке үйретіп, музыкалық мәдениеттерінің қалыптасуына жол ашады.

    Оқытушы музыка сабағын тоқсанға жоспарлау барысында музыкалық репертуарларды, музыкалық жұмысты жыл мезгілімен, мерекелер тақырыбымен байланыстырып алуы тиіс. Оқушылардың өз өміріне жақын болған, түсінігіне, қабылдауына қарай іріктелген мұндай оқу жұмыстары көп қуаныш алып келеді.

 

    Тәжірибелік сабақ.

  1. Музыка сабағына жоспар құру.
  2. Әншілік дауысты дамытатын дауыс ашу жаттығуларын құрастыру.
  3. Музыка таңдау (музыкалық аспапқа арналған).

 

 

 

 

 

 

 

КЕСТЕ № 1

       МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕР

    2-Сыныптарға музыкалық тәрбие.

    2-сынып оқушылары музыка сабағын жалғастырады, қызығушылығы ары қарай қалыптасады, музыкалық қаблеті дамиды.

    2-сынып оқушыларына жалпы сипаттама:

  • Ұнатқанын тез қаблдайды.
  • Кез келген тапсырманы ойын түрінде қабылдағанды ұнатады.
  • 2-сынып баласы – «тәжірибелі» оқушы.
  • Сабаққа қойылатын талапты біледі.
  • Абстрактілі ойлауға қабілетті.
  • Оқи алатыны, жаза алатыны музыка тарапынан қойылатын талаптарды орындауға жағдай жасайды.

2-сыныптағы музыкалық тәрбиенің міндеттері:

  • музыкалық біліктілікті дамыту;
  • музыка тыңдай білуге, ол туралы өз пікірін айта білуге үйрету;
  • ән салып тұрып бір-бірін тыңдауға үйрету, өз-өзін бақылай білуі;
  • әр баланың жеке ерекшеліктерін ескеретін талаптар қою.
  • музыкалық ырғақтық қимылдарды музыкаға сай жасай білу;
  • музыкалық аспаптардың аттарын білу;
  • музыка сауатымен танысуды жалғастыру;
  • музыкадағы төрт жанрмен (ән,күй,би, марш) танысу;
  • әншілік қалып, музыка тыңдау ережелерін есте сақтау.

    2-сынып оқушыларына сабақты өте қызықтыетіп өткізуге толық мүмкіндік бар. Музыкадағы төрт жанр тақырыбымен таныстырудағы негізгі қойылатын талап-балаларға әр жанрдың ерекшелігін ұғынуды, айырмашылығын түсінуді үйрету. Оқушыларды әннің, күйдің, бидің, марштың музыкасын ажырата білуге тәрбиелеу бароысында, оларды сабақта ізденуге, ойлануға ұйымдасты-ра білу балалардың шығармашылық ойлау қаблетін жетілдіре түседі. Балалар топпен жұмыс жасауға жұмылдырып, сабаққа қызығушылығын тәрбиелеу, өз ойын жинақтап жеткізе білуге баулу, әр жанрдың орындалу ерекшелігін білу үйретіледі.

    Музыкалық іс-әрекеттің барлық түрінде игерілетін материалдық балалар өміріне жақын етіп алынуы олардың қабылдауын оңтайлы әрі зор қызығу-шылығын туғызады. Музыка сауаты үйретуден балаларды жалықтырып алмай, барлық іс-әрекеттің бір-бірімен тығыз байланысты қамтамасыз еткен абзал. Мысалы, музыкалық аспаппен танысу барысында музыка тыңдату өте сәтті қиюласып тұрады. Құрманғазының күйі «Сарыарқаны» балалар тыңдай-

ды, домбыра аспабының өзімен танысады, ал күй жанрының ерекшелігін талдайды, сазгер Құрманғазы туралы мәлімет алады. Сәтті жұптасқан музыкалық әс-әрекеттер сабақтың құндылығына көп әсер етеді.

 

    Тәжірибелік сабақ.

  1. Музыка сабағына жоспар құру.
  2. Т.рлі жанрлар бойынша дауыс ашу жаттығуларын құрастыру.
  3. Музыка таңдау (балалардың даусы ерекшеліктеріне арналған).

 

КЕСТЕ № 2     ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ МІНДЕТТЕР

3-Сынып оқушыларына жалпы сипаттама:

    — дене құрылысы жағынан шымыр, ұуатты келеді, дене жағынан үнемі өсу үстінде болғандықтан, олар үздіксіз қозғалыста болады, тынымсыздығымен ерекшеленеді;

    — зейіәндері тұрақтанған (1 мен 2 сынып оқушыларымен салыстырғанда);

    — есте сақтау қаблеті жаттықан;

    — 9-10 жастағы балалардың музыкалық қаблеттері, музыкалық іс-ірекетке (ән салуға, өлең оқуға, ертегі кейіпкерлерін ойнауға, сахналық көрініске) бейімділіктері көріне бастайды;

    — өздерінің бастамаларымен, өз еріктерімен ұнаған іс-әрекеттеріне үйренуге ынта болады;

    — 3-сыныпта музыкалық тәрбие берудің жалпы міндеттері-балаларды жан-жақты жарасымды  тәрбиелеудегі музыка орнын жете сезіну, болашақ тұлғаны тәрбиелеу. Музыкалық есту қаблетін дамыту жолдары ары қарай жүргізіледі, музыкалық репертуар күрделене түседі. Музыкалық  іс-әрекет-терді орындауда мәнерлілік, дәлдік пайда болады. Музыка тыңдауда ұғымдары, түсініктері тереңдейді. Қарапайым әңгімелер құрастырып айтып беруі турасында жұмыстар жалғасады.

    3-сыныптағы бағдарламалық талаптар:

    Ән салу іс-әрекетінде балалардың әншілік «тәжірибелік» белгілі бір тәртіпке келген. 1 дауыста топ болып ән салуда мәнерлілікке көңіл қояды, дыбыстың таза шығуын, ән мәтінінің анық айтылуын қадағалай біледі. Әннің орындалу үстінде өзін-өзі бақылай алады, бір-біріне сын көзбен қарай алады. Балалардың ән салудағы мүмкіншіліктері шумақ пен қайырмадан тұратын әндерді айтуда шағын топтарға бөліп айтқызу, жеке айтуға ерекше құлықты болатын балалар өз беттерімен ән үйреніп жүруге дағдыланады. Ән салу іс-әрекетінің нота сауатымен байланыстыра отырып жүргізілуі бағдарламалық талапта да айтылған. Ө. Байділдаевтің «До-ре-ми» әні, Б.Жүсіпалиевтің «Нота үйренеміз» атты әндерін үйрету арқылы әрі ән салады, әрі нота сауа-тымен танысады. «Атамұра» баспасы шығарған бастауыш сыныптың музыка оқулығында мұндай мысал әндер өте сәтті келтірілген.

    Осы сыныптың ІҮ тоқсанында 2 дауыста бөліп айтқызу элементтері үйретіле бастайды. Қос дауыста ән салғанда әр дауыс жеке үйретіледі, бірден игеріп кету оңай болмайды, жаттықтыру, қайталап айтқызу тәсілдері арқылы нәтижеге жеткге болады. Музыкалық-ырғақтық қимылдар үйренуде балалар-дың өозғалыс-қимылдарында әсемдік, дәлдік, музыкуаға үйлесім тауып тұратын сәтті көріністер болады. Балалар бөлініп билеуге құштарланып тұрады, қыз балалардың қимылында нәзіктік, еркелік, наздық бояулар айқын көріне бастайды. Ұлдардың қимылдарында дәлдік пайда болады, олар батыр-

Лардың кейіпінде, ерекше ерлік сезіміндегі билерді ұнатады. Бидің түрлерін, халықтық билер, мысалы: «Көкпар» күйіне құралған ер балалар биі қыз балаларға арналып құрылған «Айгөлек» биі, өзіндік кейіпкерлерді бейнелей-

тін «Аұқшақарлар», «Балапандар», «Қояндар», «Пингвиндер» биі балаларға үлкен қуаныш әкеледі. Ал классикалық би элементтерінен құралған полька вальс, балаға арналған билерді де меңгеруге м.мкіншіліктері мол.

    Музыкалық аспаптармен танысуда да мақсатты т.рде жеке сазгерлердің өмірі мен шығңармашылығына арнап немесе аспаптың шығу тарихына байланысты қызықты етіп әңгіме жүргізуге болады. Мысалы, «ұлы күйшінің аты неге Қорқыт деп қойылған? Қандавй аспапта күй орындалғанда жүгірген аң, ұшқан құс тоқтай қалып тыңдағасн? Судың ағысын кері бұраған қандай аспаптың үні?» деген сұрақтарды қою арқылы балалрдың зейнін шоғырлан-

дырып, қызықтырып барып, қобыз аспабымен танытыруға болады. «Ақсақ құлан» күйі жайында балалар ертегі желісін өздері де оқыған, мультфильмін де көрген, ал оқытушы оны басқаша әсермен жеткізу ұшін «күйшініңі өмірін сақтап қалған қандай халықтық музыка аспабын білесіңдер?» деп сұрақ қоюына болады. Немесе Т.Рахымов ақынның бір шумақ өлңін оқып беру арқылы да домбыра аспабының құдіретін сездіруге болады.

    Қайран қалам бабам қазақ ісіне,

    Күйсандықты көрмесе де түсінде,

    Күйсандыққа сыймайтұғын күй жазған,

    Оның сырын түсін, мейлің түсінбе!

    Ал жетіген аспабы туралы ертегіні балаларға қарапайым, қабылдауына жеңіл етіп, қызықтырып айтып беру арқылы аспаптармен танысу жүргізілге-ні әсерлі шығады.

    3-сынып оқушыларына музыкалық аспаппен танысу мен музыка тыңдау сәті жұптасып кетеді. Аспап музыкалық шығармалардың ән жанры мен аспаптық шығармалардың өміршеңдігін, табиғат құбылыстарының көріністе-рін, жан-жануар, тіршілігін түсінуге көмектесетін құрал ретінде таныстыры-лады, яғни музыка тыңдау әс-әрекеті түрлі тақырыптар арқылы кеңейді. Мысалы, Құрманғазыныңі күйі «Сарыарқа», Ықыластың күйі «Жезкиік», Н. Тілендиев «Аққу» күйлерін домбырада, қобызда орындалатын кезімен оркестрдің орындауында салыстыра отырып ұсынылады. Музыканың класси-

калық түрлерін түсінуге талаптанып, шығарманың көңіл-күйін айтып беруге машықтанады. 

 

    Тәжірибелік сабақ.

  1. 3-сыныпқа арналған 1 музыкалық сабақтың жоспарын құру.
  2. Ән салу іс-әрекетін жүргізу, ән талдау жұмыстары.
  3. Фортепиано аспабымен таныстыру, сипаты әр түрлі 3 шығарма таңдау.

 

 

 

 

 

 

 

КЕСТЕ № 3

               МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ МІНДЕТТЕР

 
   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    4-сыныпта музыкалық тәрбие жұмысын 1,2,3-сыныпта жүргізілген жұ-мыстың қорытындысы ретінде қарауға болады. Оқушылардың музыкалық қаблекттерінің айқын нышандары байқалады. Олар өз ойларын анық жеткізе алады, пікірлерін еркін ортаға салатын ерекшелігімен біліне бастайды. Музыкалық іс-әрекеттің бір түріне бейімділік туады. 4-сыныпта музыкалық тәрбие берудің негізгі мақсаты-балалардың өнердің әр саласына деген қызығушылығын әрі қарай дамыту, жетілдіру, дұрыс бағыт беріп жетелеу.

    4-сыныпта өтілетін тақырыптар мазмұны қазақ халық музыкасы, шетел халықтары музыкасының балаларға арналған қорынан жас ерекшеліктері ескеріле құралады. Оқытушы қазіргі мәтіні мән-мағынасыз, таяз, әуені арзан, әсерсіз әндерден балаларды алшақ ұстауды қадағалау керек. Оқушылар түрлі халықтар музыкасының ұқсастығы мен айырмашылығын ажыраты алатын-дай, өз ойларын жеткізе алатындай әсерде болуы үшін күнделікті сабағын шебер құру керек. Музыка тыңдау. Адамдар арасындағы шынайы сепзімнің символы туралы әр халықтың музыкалық мұрасынан «Аққу» құүсы туралы балалрға музыка тыңдатуға болады (Н.Тілендиевтің «Аққу» шығармасы).

    Тәрбиелік мәні – жан тазалығына тәрбиелейді, әдемілік, сұлулықты сезіне білу қаблеттерін дамытады. Табиғаттың тылсым тіршілігін түсінуге жол ашады. Сазгер, орындаушы, балет, опера, сахна өнеріц туралы ұғымдары молая түседі. Жалпы білім беретін орта мектептерге арналған дәстүрлі музыка бағдарламасына қойылған міндеттерде халық музыкаларының тәрбиелік мәнін түсіну қарастырылады. Музыка сан алуан халықта бар екендігі, бір-біріне түсінікті екендігі, барлығы жеті дыбыстан жаралатынын балалар музыка құдіретінің ғажаптығын сезінеді.

    Педагог Куцанов «Тәжірибеде ең бастысы-тыңдауға әдеттендіру, еркіндік, ән салу ұуанышы сосын барып музыка сауаты» деп өте орынды айтқан. Балаларды музыка сауатымен таныстыруда барлық музыкалық іс-әрекеттің жұптасып, бірігіп, тұтас бір тапсырма болуы үшін оқытушы бар өнерін салып, өз міндетіне шығармашылықпен келгені абзал, сондықтан да музыка сабағы оқытушының шығармашылығына негізделген өнер сабағы деп айтылады. Оқушылар музыкалық шығарманы таңдап өз ойларын айта алады, ал орындаушылық деген ұғымға өздері қалай қарайтыны олардың әнді үйренуге деген ықыластарынан көрінеді. Әрине, ән салу-музыка сабағында балалардың негізгі ірекеті. Балалар ән салуды унисонды өз шеберліктерімен меңгерген. Қос дауыста айтылған ән көркем есттілетінідіктен өздері қуанады.

    Музыкалық ырғақтық қимылдар жасауға, музыкалық ойындарда, сахналық көріністерді ойнауда балалар өз бастамаларын белсенді түрде көрсетуі шығармашылыққа жол ашқаны деп түсінуге болады.

 

    Тәжірибелік сабақ.

  1. 4-сыныпта музыкалық сабақтың жоспарын құру.
  2. Қос дауыста әнді үйрету әдістері.
  3. Балалардың шығармашылық концертін үйымдастыру.

 

 

КЕСТЕ № 4

                   МУЗЫКА ТӘРБИЕСІНІҢ МІНДЕТТЕРІ

 

                 
   

  4 – сыныптағы  оқушыларға  тәрбиенің  міндеттері.

 

 
     
 
     
 
     
 
   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                  1.2. Музыканы тыңдауға қойылатын талаптар.

 

    Музыка сабағындағы балалардың музыкалық іс-әрекетіне музыка тыңдау, ән салу, музыкалық аспаптарда ойнау, музыка ырғағы бойынша қимылдар жасау, қарапайым әуен шығары жатады. Мұндай музыкалық іс-әрекеттер «дәстүрлі» болып саналады, музыкамен шұғылданудың құралы, формасы деп те атауға болады.

    Музыка тыңдау тарқылы балалардың барлық музыкалық іс-әрекетті үйрену мүмкіндігі ашылады. Музыка тыңдаудағы міндеттер-балалардың музыкалық шығармаларды тыңдай білу мәдениетін қалыптастыру. Тыңдай білу мәдениетін қалыптастыру үшін атқаратын тшаралар.

а) халықтық, классикалық, қазіргі замандық, шетел музыкасының жоғарғы көркем үлгілерімен таныстыру;

б) әр түрлі стильдегі, жанрдағы шығармаларды, музыканың мазмұнын, сипатын бейнелі (образды) түрде қабылдату.

в) музыка тыңдау іс-әрекетіне құлщындыру.

    Музыка тыңдау әс-әрекетін мектепте мақсатты, жүйелі жүргізуде педагог ән, вокал шығармаларын, аспапты шығармаларды жанр жағынан түрлендіріп ал,аны абзал. Педагог музыка мазмқнын ашуда сөзбен түсіндіріп, салысты-рып, сараптап жеткізуі қажет, ал кейде тыңдалған музыкалық шығарманың сипатына, мазмұнына, не жайлы айтылғанына оқушыларды қызықтырып, жетелеп отыру үшін нақты сұрақтар беру әдісі де көп нәтижеге жеткізеді, оқушылардың музыка тыңдауға деген ынтасын арттырады.

    Мысалы, Құрманғазының күйі «Адай» жеке домбырада және оркестрдың орындауында иыңдатып, салыстырылады.

  1. Күйдің орындалу екпіні.
  2. Қандай аспаптардың үнін ажырата алдыңдар?
  3. Қандай сурет көз алдыңа келеді?
  4. Қандай жыл мезгілін табар едіңдер?
  5. Осы «Адай» күйі бойынша қандай сурет салуға болады?

Әр түрлі жанрдағы музыкалық шығаврмаларды тыңдау, қабылдау жүйелі, мақсатты жүргізілген жағдайда:

  • балалардың музыкалық есту қабілеті дамиды;
  • көркемдік-эстетикалық талғамы қалыптасады;
  • сана-сезімі, ой-өрісі кеңейеді;
  • туған халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрыпымен танысады, құрмет тұтады;
  • эмоциялыө әсер алу, еліктеу, қиялдау сезімдері дамиды;
  • ішкі жан дүниесі байиды.

    Өтілген жұмыстарды бекіту, пысықтау үшін шығарма жаздыру, викторина ойындарын өткізу, өздік жұмыстар, шығармашылық тапсырмалар беруге болады.

    Музыка тыңдау іс-әрекеті бойынша сазды музыка ойналып тұр. Ұстаз домбыра ұстап, Абайдың өлеңінен үзінді оқиды.

                          «Туғанда дүние есігін ашады өлең,

                           Өлеңмен жер қойнына кірер денең

                           Дүниедегі қызықтың бәрі өлеңмен

                          Ойлансаңшы, бос қақпай елең-селең»…

    Жер бетінде тіршілік еткен барлық адамдардың жүрегін жылу беретін, әсемдік әлеміне жетелейтін бір күш бар. Ол құдіретті күш-музыкалық дыбыстар.

  1. До – домбыра, дала, дархан дүние. Дархан даламыздың дана абыздары өз армандарын домбыра шежіремен ұрпақтарына мол мұра етіп қал-

дырған.

  1. Ре – руханият, рахым, рахат. Күлтегін ескерткіші, Түркістандағы Қожа Ахмет кесенесі, Отырарда болған ең үлкен кітапхана халқымыздың рухани өмірінің тереңдігін көрсетіп тұр.
  2. Ми – мирас, мекен, мұрат, мерзім. Халқымыз жерді анасындай қастер-

леп, баласындай аялаған. Біз құрсаңында құты бар «Жер-анада» тіршілік етеміз. 1925 жылы Парижде қазақ әнін дүние жүзіне танытқан Әміре Қашаубаев «Әншілік өнер кімнен дарыған?» деген сқраққа: «Кең даламның табиғатынан, кең пейіл халқымнан үйрендім», — деп жауап берген.

  1. Фа –әл-Фарабиадамгершілік, гуманистік тәрбиенің негізін салушы, ғылымның барлық саласында еңбек еткен ғұлама. Жеті дыбыстың үндесу заңдылықтарын жазып қалдырған. Ұрпақ тәрбиесі туралы: «Адам баласына алдымен тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамның өзіне апат алып келеді», — деген.
  2. Соль – сан, сапа, саты, сана, салт, салауат, саңлақ. Өмір өлшеуші-уақыт бір орнында тұрмайды. Әр дәуірдің өз тміндеттері бар. Салауатты өмір салтын ұстанып, алдыңа биік мақсат қой.
  3. Ля – ләззат, үйлесім. Сұлулық сезімдерін бағалау, сұлулық сырларын түсіну, сыршыл болуға үйрену.

М. Мақатаев:

                       Сен менің жүрегімді жазалама,

                       Шыдайды ол қуанышқа, азаға да.

                       Жүрек деген – сезім ғой, сезіміме,

                                 Сезіммен кел, болмаса мазалама.

  1. Си – сабақтастық, салтанат, сарбаз. Асанқайғы аңсаған Жерұйығы-тәуелсіздік салтанат құрған қазақ елінің төрінде ғасыр саңлақтары.
  2. До – с. Абай:

                       Біріңді, қазақ, бірің дос

                       Көрмесең, істің бәрі – бос.

   Құрманғазының күйі «Сарыарқа» ойналады.

   Музыканы тыңдау және оны қабылдау арқылы  іс — әрекеттердің  (ән   айту, музыка тыңдау, музыка сауаты) барлық түрлерінің нәтижесінде   қалыптаса-ды. Музыка тыңдау процесі кезінде оқушылардың зейнін, эмоционалды сезімдерін, ойлау, түйсіну қаблеттерін дамытамыз. Музыканы тыңдау,  оны қабылдау неден басталады? Десек, тол тыныштықтан басталады дер едік, мәнерлілік, дәлдік пайда болады. Музыка тыңдауда ұғымдары, тыныш тың-дай білуді талап етеді. Сонда ғана әуен – саз ой түйісіні көңілге жайлы, ақылға қонымды адам сезімін жылытатын әсер берері сөзсіз. Ал кез   келген музыканы бірден қатарынан талғамсыз тыңдауға болмайды. Бұл біздің түйсігімізді әлсіретіп, нәзік сезімімізді әлсіретеді, бара – бара әрбір үннің әуенін, әрбір әуеннің иірімдерін сезіну қаблетімізді кемітеді, сөйтіп музыка-мәтірның эстетикалық, мәнін жоғалтып аламыз. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларына музыка тыңдату процесінде мұғалім оқушыларды дұрыс ұйым-дастыра біліп, олардың сол музыкаға деген қызығушылығын арттырып, оқушыларға беретін психологиялық әсерімен тәрбиелік маңызына көп көңіл бөлу керек. Себебі, қандай бір музыкалық шығарма болмасын мол белгілі бір мазмұнды ойды білдіреді, оны терең жан – жақты оқушыларға сезіндіре білу үшін мұғалімнің өзінің жан – жақтылығы, яғни психология, педагогика, философия, медецина, әдебиет, тарих,  табиғаттану т.б. ғылым саласынан хабардар болуы өте қажет. Әрбір музыканы тыңдау процесінде тыңдатыла-тын шығарманың психологиялық әсері мен педагогикалық тәрбиелік  маңы-зы, философиялық мәні, оқушылардың физиологиялық жас ерекшеліктеріне   байланысты қабылданатынын ескеру керек. Бастауыш сынып оқушыларын музыка тыңдай білуге дұрыс қалыптастыра отырып, олардың жас ерекшелік-терін ескеріп, шағын жеңіл музыкаларды тыңдатудан бастауымыз керек. Музыканың орындалу ырғағына, сазына, орындалып тұрған аспаптың тембі-ріне, және музыкалық шығарманың  мазмұнына, тәрбиелік  мәніне көңіл бөлу  керек. Музыкалық шығарманың сипатын (характерін) сезіну, естіген   музы-каға эмоциялық әсерін көрсету, музыкалық образды түсіну. Тыңдау қаблет-тілігі, музыкалық құбылыстарды салыстыра оларға баға бере білу. Мұның   өзі ең қарапайым музыкалық дыбысты тыңдап, ести білу мәдениетін,  қайсі-бір бейнелеу құралдарына ден қойып, еркін  тыңдау қаблетін талап етеді.   Мысалы, балалар музыкалық дыбыстардың ең қарапайым қасиеттерін,  аспаптардың (рояль, скрипка, баян, домбыра, қобыз т.б.) жоғары және төмен   тембрлік дыбысын бір–бірімен салыстырады, әннің бастамасын,  қайырма-сын (музыкалық шығарманың ең қарапайым құрылымын) бір – бірінен   айырады, бір – біріне  қарама – қарсы  көркем   образдардың   айқындылығын   байқайды.

    Музыкаға жеке шығармашылық көзқарас  қалыптастыру. Бала музыканы   тыңдап отырғанда көркем образды (әнді, биді, күйді) көз алдына өзінше   елестетіп қабылдайды. [6]

    Музыкалық тәрбие беруде негізгі көрнекілік-ол   музыкалық   шығарманың   өзі болып табылады. Музыкалық білім есту арқылы қалыптасады,  сондықтан   есту қаблетін дамыту музыка тыңдау арқылы жүзеге асырылып, барлық   музыкалық түсініктер қалыптасады. Музыкалық түсініктермен қатар оқу-шылар жалпы музыканың жанрлары, музыкалық шығармалардың құрылысы, музыка тілі, сазгердің өмірлері мен шығармашылығы туралы, мағұлұматтар алады. Оқушыларға тыңдатылатын әр музыканың мазмұны, музыкалық  тәрбиенің мақсат – мүдесіне сай болуы керек. Музыкалық шығарма әр сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай іріктелуі керек. І — ІІ сынып оқушыларына тыңдатылатын музыкалық шығарма шағын, жеңіл, ойналу ұзақтығы 1-1, 5 минуттан аспайтын, ІІІ — ІҮ сынып оқушыларына тыңдала-тын музыканың ұзақтығы 3 минуттай  болуы керек. Оқушылардың көңіл қойып тыңдау мүмкіндігі кеңейген сайын, тыңдатылатын музыка ұзақтығы да кеңейе түсетінін  ескеруіміз керек. Тыңдатылатын музыкаларды жеңіл және күрделі (байсалды) деп топтауға болады. Жеңіл музыканы көңіл көтеруге, демалу кезінде тыңдауға болады, ондай музыкалар жеңіл қабылданады, сондықтан да «жеңіл» музыка деп аталады. Оған эстрадалық, джаздық, оперетталық музыкаларды   жатқызуға   болады, мұндай музыкалар өте әдемі көрем әуенді болғандықтан адамдарға көтеріңкі көңіл, қанағат береді. Бірақ, тек  бұндай   музыкаларды тыңдаумен   шектелу  дұрыс емес. Күрделі, маңызды музыкаларға қарағанда, жеңіл музыканың мазмұны жұтаң, терең сезімге бойлай алмайды. Жеңіл музыкалардың ішінде бос, бас ауыртатын ешқандай мәні мағынасы жоқ музыкалар да болады. Әсіресе соңғы кездерде сондай әуендер өте көбейіп кетті, мәнсіз мағынасын құр дүңкілдеген барабанның соғыс ырғағымен адамды еріксіз қозғалтатын  ондай  музыкалар тыңдаушының жүйкесін балғамен ұрғандай нерв жүйелерін жұмысын әлсіретеді. Сондықтан бастауыш сыныптардың оқушыларының Іші сыныбынан бастап мағыналы күрделі музыкаларды тыңдатуға баулып, музы-ка тыңдау репертуарына вокалдық, аспаптық шығармаларды, халық шығар-машылығын, классикалық (орыс, шетел) және қазіргі заман музыкаларын енгізген дұрыс. [7]

    Бағдарламаға енген халық әндері мен күйлері оқушылардың ұлттық   музыка өнерімен кеңінен   танысып   меңгерулеріне   мол   мүмкіндік   береді.   Халқымыздың ғасырлар бойы туындап   ұрпақтан — ұрпаққа   жалғасып   келе   жатқан салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа, төрт-түлік малға, тарихына   байланыс-ты шыққан ән, жыр, терме-толғау, айтыс, эпостық  жырлар күй өнерімен   танысу жүйелі жоспарланып сыныптан сыныпқа дейін күрделеніп   жүргізі-леді Қазіргі бағдарламаға сәйкес репертуарға енген музыкалық   шығармалар   әр сынып  тақырыптарына  байланысты  оқушылардың  жас  ерекшеліктері   ескеріліп   іріктелген. 

Мысалы:

    І – сыныптағы «Сырлы да сазды әуен» тақырыбының тыңдауға   ұсыныл-ған шығармалар: бесік  жырлары, тұсау кесу, төрт — түлік малға   арналған әндер мен күйлер, табиғат туралы Қазақстан сазгерлер   шығармаларды І – сынып оқушыларының жас ерекшелігіне байланысты олардың қабылдауына  жеңіл қарапайым  да қысқа мазмұнды болыпкеледі.

    Ал, ІІ – сыныпқа тыңдауға  ұсынылған   шығармалар мазмұны   жағынан ,  құрылысы  жағынан сәл күрделене түседі. Мысалы, «Жыл басы  кім болады »   атты Ш.Құлманова мен Р.Наурызбаеваның І — бөлімдік операсы, «Жетім   бала» аңыз  күйі,  «Ақсақ құлан» Құрманғазының «Аман бол, шешем, аман   бол» ойландыратын мазмұнды шығармалар болып келеді.

    ІІІ – сыныпта оқушылардың ақыл-ойы, санасының   дамуы   мүмкіндігіне   орай халық шығармашылығындағы  ән мен сөз өнерінің ұштаса отырып   туындаған жыр, терме, айтыс, толғау  күй  тартыс сияқты шығармалармен,  жыршы — термеші, күйшілермен танысады, оқушылардың өздерінің   шығар-машылық  қабілеттерін дамыту мүмкіндіктеріне  жол  ашады.

    ІҮ – сыныпта халық музыкасының жаңа түрде, жаңаша қырынан күрделі   музыкаларда, Қазақстан сазгерлерінің шығармаларын, шет  ел   композитор-ларының шығармаларына ұласуымен танысып, музыканың жаңа   формала-ларын  меңгеріп күрделі түрлерімен  танысады.

      Музыканы қалай, түсіну туралы біраз өмірлік  байқаулар  мен   зерттеулер   жүргізген. Қандай да музыканы сезініп, түсіну үшін, оның  кейбір   көркемдік   қасиеттерін, оның заңдарын, теорияларын, олардың жанрларға бөлінуін, т.б.   жайларын білмейінше болмайды. Музыканы сүю, білу және түсіну үшін  ең әуелі музыкалық сөздіктерді біле беру орынды болмақ. Кейбір адамдар: «Классикалық күрделі шығармаларды қаншама тыңдасақ та оны түсіне  білу өте қиын», — дегенді айтады. Осы ойға жартылай келісе отырып, музыканы   тыңдап қана қоймай, оны  түсіне тыңдау үшін музыка көркемдігін білу керек.   Музыканы тыңдап түсіне білетін адамдарға өз сырын мұқият, өмірді терең   түсініп, халықтың ой — пікірін білдіруге жәрдемін тигізеді. Музыка өмірдегі адамның ішкі дүниесін танытып адамдарды ұйымшылдыққа, бірлестікке   шақырып, оның алға қойған  міндетін жеңіп шығуға жігерлендіреді. Өнердің музыкадан басқа салаларынан театрды, киноны және суретті түсініп   қабыл-дау үшін де біраз  уақыт еңбек сіңіріп үйрену керек. Музыканы тыңдау, оны түсіне білу — адам үшін рухани байлық. Музыканы ұға білген адам ғажайып сарайға еніп, керемет музыка сазынан ләззат алып, онымен тілдескендей сезінетіні, оның  музыка  тану ой — өрісі кеңейе беретіні сөзсіз екені  анық.     Біз жас кезімізден бастап өзара сөйлесу тілін білеміз. Бұл жетістік үлкен   адамдардың жәрдемімен келетіні сөзсіз. Ал мектеп жасына келген соң,  сөйлеу тілін біле тұрсақта ана тілін грамматикасын үйренеміз. Ал ана тілінің граматикасын жақсы білу тек бізге ойымызды анық   айтып   үйренуге және басқа адамдардың айтайын деген ойын тез түсінуге жәрдем етеді. Ал, ана есінде ұзақ сақталады. Құлағынан  кетпей ызыңдап тұрғандай болады. Сезім суреттерін көзге елестетеді. Мелодия, негізінде әржақты болып   келеді. Ол–музыканың негізі болғандықтан, басқа әсемдік беретін салалармен   тығыз байланыста болады. [8]

     Дыбыс деп мелодияның ең бір кішкене бөлігін айтамыз. Сондықтан   өмір-де қандай дыбыстар бар екенін анықтағанымыз жөн. Біздің негізгі   дыбыста-рымыздың барлығын фортепиано деп атайтын музыкалы аспаптан байқау   қиын емес. Бұнда да төменгі дыбыс пен ең жоғарғы дыбыстарды кездестіруге   бола-ды. Дыбыстар  көп болғанымен олар оқтын — оқтын түрлі жоғарылықта   қайталанып отырады. Музыкадағы ізгі дыбыстар жетеу, ал олардың өзіне   тән аттары бар: «до – ре – ми – фа – соль – ля – си». Ал   қалған дыбыстар   көмекші дыбыстар деп аталады. Олардың аттары до-диез немесе ре-бемоль,  фа-диез немесе соль-бемоль деп аталады. Осы айтылған дыбыстардың   барлығының өзіне тән жоғарлығы болады. Қайсыбір музыкалық   шығарма-ларда жай барабанның, тарелканың, бубналардың қосылуынан пайда болған   дыбыстар қолданылады. Бұл дыбыстардан пайда болған үндер мелодия  құру үшін қатыса алмайды.

    Арақашықтық — интервал деп биіктігі әр түрлі екі дыбыстың ара  қашық-тығын айтамыз. Олардың өздеріне тін аттары бар: секунда — екі, ең жақын   екі дыбыстың ара қашықтығы, терция — үш дыбысты қамтиды, кварта — төрт   дыбыстан, квинта — бес дыбыстан, секста — алты дыбыстан, септима — жеті   дыбыстан, октава — сегіз дыбыстан алынып, екі дыбыстың арасын   мелодия-лық үнмен жалғастырады. Арақашықтықтың мелодияға беретін әсемдік   қасиеттері шексіз. Мысалы, «Қазақстан Республикасының әнұраны»,  «Интернациянал» мен «Морсеьеза» әндері де осы төрт дыбыстан басталады.   Қазақтың халық  әні «Япурай» екі дыбыстықтан басталса, композитор  «Қы-зыл сарафан» романсы алта дыбыспен, сазгер А.Жұбановтың  «Қарлығашы»   бес дыбыстықпен әуендете жөнеледі. Саздық — лад деп тұрақты және тұрақсыз дыбыстардың үндеуінен пайда болған үндеу қатынасын  айтамыз. Жоғарыдағы айтқан негізгі дыбыстар тұрақты және тұрақсыз болып екіге бөлінеді. Әрбір мелодия сол тұрақты, тұрақсыз дыбыстардың   байланысынан   түрады. Түрлі әндерді ырғағына келтіріп ойнау үшін оның заңдарын білу  керек болады. Біздің күнделікті айтып жүрген әндеріміз, тыңдап жүрген   музыкалық шығармаларымыз көңілді, шатты, марш екпінімен, көтеріңкі немесе көңілсіз, күңгірт, қайғылы және мұңды болып орындалады. Міне, осыған байланысты  музыкада негізгі екі саздық бар. Біріншісі — мажор (қатаң) дыбыстар үндестігі арқылы   шатты сезімді, ашық  көңілді білдіретін саздық. Екіншісі — минор (ұяң)   дыбыстар үндестігі арқылы күңгірт, жұмсақ, мұңды ой туғызатын саздық. Глинканың “Руслан және Людмйла”  операсы-ның увертюрасы, Бизенің “Кармен” операсының увертюрасы, Хамидидің “Қазақ вальсі” мажор ладтарымен жазылса, Чайковскийдің “Алтыншы симфониясының” соңы, Вердидің “Травиата” операсының кіріспесі, Абайдың “Қараңғы түнде тау қалғып ”, Соловьов — Седойдың “Москва маңындағы  көшелер”  сияқты шығармалары   минор саздығымен  жазылған.

    Көп дыбыстық — гармония және аккордты көп дыбыстардың бір — бірімен   үндесуін айтамыз. Мелодияға көркемдік үн беретін — гармония. Ертеден   келе жатқан қазақтың музыкалық халық шығармашылығы жеке дауысты  ән,   домбырада екі, үш дауысты ән, күй болып  келсе, қазіргі ойналып жүрген   әндер мен күйлер, музыканың негізгі бір әсемдік тірегі гармониямен үндесіп,  бояуы  қоюлай, әсемденіп  ойналып  жүр. Мысалы, жеке дауысты марияның “Дударай” атты әнінің негізімен жазылған сазгер Е.Брусиловскийдің симфо-ниялық поэмасы оркестрдің ойнауында сол гармониялық  әсем дыбыстардың көмегімен ойды толық білдіретін үлкен көркемдік шығарма болып  естілеті-нін тыңдай түсінеміз. Күнделікті естіп жүрген әндер мен хорларды немесе аспаптарға арналып жазылған түрлі шығармаларда бірнеше аккордтардың қосындысын байқаймыз. Олар бір – бірімен өз заңдарына бағынып, өте тығыз байланысты болып отырады. Осы аккордтардың байланысының арқасында бізге естілетін әндер, хорлар, музыкалық шығармалар көп дауысты әсем ән-дердің қосындысы сияқты  тыңдалады. [9]

Музыкалық шығармалардың барлығына кең дауыс, әсем үн беріп тұрған   музыкалық әсемдік тілінің бірі — гармония. Гармония үлкен — кішілі   музыка-лық шығармалардың эмоциялық жалынды мазмұнын терең  түсініп  сезінуге   көмек  береді.  Сазгер Григтің “Пергюнт” атты драмасынан Соловейдің   әнін   гармониялық сүйемелдеу  аккордынсыз ойнап, тыңдасақ, құлақ құрышы   қанбай, көп кемшілікке әкеліп соғатыны сөзсіз. Ал сол секілді   П.И.Чайковс-кийдің “Неаполитандық әннің” мелодиясын жеке  ойнап   көріңдер.   Ал   осы   автор жазған гармониялық сүйемелдеу аккордтарымен ойнасақ, әннің   тамаша мелодиясының ролі  одан әрі арта түседі, адамға шабытты ой   туғызады. Адам  музыка   үніне   тербеліп    шаттыққа   бөленгендей   болады.  Күнделікті пайдаланып жүрген аккордтар екіге бөлінеді:

                    1)   аккорд үндерінің  үйлесуі ,

                    2)   акорд  үндерінің үйлеспеуі.               

     Осы аккордтың бірінші бөлімі құлаққа өте  жағымды,  сүйкімді   болып   келсе, екіншісі құлаққа  жағымсыз,  сүйкімсіз болып естіледі. Сондықтан   аккордтар мелодиямен өзара тығыз байланыса отырып, адам сезіміне әсер   етеді. Сол себептен де гармонияның музыкалық шығарманы әсемдеудегі   орны өте үлкен де, түрлі  образдарды   көрсетуге   атқаратын   орнының   шегі   жоқ екені даусыз. Биіктік — тональность деп саз дыбыстарының өзара бірлестігінің қандай биікте тұрғанын білдіретін ұғымды айтамыз. Қандай   музыкалық шығармалар болмасын, әр уақытта бір биіктікте мажорлы немесе минорлы болып келеді. Музыкалық шығарманың биіктіктерінің аты сол шығарманың ішіндегі дыбытардың негізгі тұрақтылықтарының атымен аталады. Мысалы, Шопеннің ноктюрні до — минор биіктігінде десек, бұл шығарманың негізгі   тұрақты   дыбысы до болады да, саз жағынан минорлық саз болады. Міне, музыкалық шығармаға әсем  және  көркемдік сән беріп,  оны толықтырып отыратын әсемдік тілдің биік шыңы боп есептеледі.

    Ырғақтың музыкада атқаратын  орны өте жоғары. Біздің күнделікті   ай-тып жүрген немесе естіп жүрген әндеріміздің дыбысын бір қалыпты   ұзақтықпен айтатын   болсақ, ол ән емес, ешбір мелодияға   ұқсамайтын   жай   дыбыстар жиынтығы болып шығар еді. Осыған орай, әрбір мелодияны   құратын дыбыстар ырғақ жағынан түрлі ұзақтықтарда болып келуі заңды-лық жай. Адам сөйлегенде, жүргенде, өзінің үйренген сөз ырғағымен   сөйлейді, жүреді. Жазушы өлең шығарғанда немесе өлеңді дауыстап оқы-ғанда, әр уақытта сол өлеңнің ырғағымен оқиды. Екінші сөзбен айтсақ,  ол — ырғақпен сөйленіп, ырғақпен оқылып тұр деген сөз. Ал сол секілді,  музыка-ның да өзіне тән ырғағы бар. Айтылып немесе ойналып жатқан музыкалық   шығармаларды зер сала тыңдап отырсаңыз, онда қатты және жай шығатын  дыбыстар қосындысын байқайсыз. Осы қатты және жай шығып тұрған   дыбыстар такт деп аталатын бір бөлшектің ішінде болып келеді. Көпшілікке  жақсы таныс вальстің ырғағын байқасақ,  ол әр уақытта  үшке саналады да,  бір, екі, үш деп айтылып, бірге келетін дыбыстың күштілігі, екі  үштік  ыбыстардан  қаттырақ шығады. [10]

    Музыка үйренуге негізгі көңіл аударатын нәрсенің бірі  —  ырғақ.  Адамның   күнделікті  өмінрінің  бәрі әр түрлі ырғақтан тұрады. Адам жүрісінің,  сөзінің   қозғалыстарын нотаға түсіретін болсақ, музыка ырғағы әртүрлі болып   келеді. Мысалы, бұған М.И.Глинканың “Камаринская ”  атты   симфониялық   поэмасы мен М.Төлебаевтың “Біржан – Сара ” операсының би  екпінін   салыстырсақ та   жеткілікті.  Ырғақ   музыкалық   шығарманың   тамыры   деп   аталады.  Ырғақты теңіз толқынымен салыстыруға болады. Ол да тынымсыз. Үлкен, кіші жай, екпінді болатыны секілді ырғақта ұзақ, қысқа  дыбыстардан   тұрады. Сазгер Шопеннің “Вальсі” мен Глинканың “Иван Сусанин” операсынан “ Краковяктың ”  ырғақтарын  мысалға айтуға болады. Музыкада  ырғақ  пен   музыка бір – бірімен  өте тығыз байланыста болып келетіндіктен,  оның ерекшелік қасиетіне тоқталып өтуге тиістіміз. Жылдамдық, шапшаңдық — темп деп музыкалық шығарманың ойнау жылдамдығы, желісін айтамыз. Сазгер қандай музыка жазбасын, әр уақытта оның ойналу немесе айтылу жылдамдығын шығарман басында көрсетеді. Музыкалық шығармалардың  ойналу барысында жылдамдық өте көп болғанмен, олар негізгі үш бөлімге бөлінеді.  Бірінші  —  өте жай   салмақпен ойналатын шығармалар. Екінші – орта жылдамдықпен орындалатын, үшінші — шапшаң және тез жылдамдық-пен орындалатын шығармалар. Жоғарыда  айтылған  үш  түрлі  жылдамдық-тардың өзі бірнеше бөлімге бөлінеді. Музыкалық шығарманы сазгер көрсет-кен жылдамдықпен   ойнауы   шарт.   Себебі сазгердің тыңдаушыға   айтайын   деген түпкі ойы  бұзылмас   үшін ,  автордың өзі көрсеткен   жылдамдығында   орындалған жөн. Ал автордың көрсеткен жылдамдығынан тыс кету ойнала-тын шығарманың мазмұнын, көркемдік қаблеті мен идеясын төмендетіп   жібереді. Мысалы, сазгер Брусиловскийдің “Шолпан” әні орта екпінмен орындалатын болса,  біз  оны екі рет жайлатып орындайтын болсақ, оның тіпті әндік қасиеті қалмайтыны сөзсіз. Сол секілді  Құрманғазының  “Алатау”  атты күйі жай  салмақпен,  Алатаудың образын домбыраның үнімен көрсетсе, ал “Балбырауын” күйі жылдам екпінмен ойналып, қазақтың ертеден келе жатқан ойын — сауықтары “ат  шаптыру ”, “бәйге”,  “көкпар тарту”, “теңге  алу”, “қыз қуу”, т.б. күй ішінде араласып жүргендей болады. Бұл екеуінде жылдамдықтың екі түрлі екенін көреміз. Бұл жағдай адам сезіне екі түрлі әсер етеді. Ол —  жылдамдықтың, шапшаңдықтың  арқасында  іске  асады. [11]

    Сыр, әсем — тембр деп музыкалы аспаптар мен адам дауыстарының   өзде-ріне тән әсемдік ерекшеліктерін айтамыз. Қандай да музыкалық аспаптар  болмасын, оның өзіне тән әсемдік ерекшелігі бар. Атап айтсақ, қобыз бен домбыра, фортепиано мен аккардион, балалайка мен гармон, труба мен кларнеттің өздеріне тән дыбыс әсемдігін тіпті музыканы түсінбейтін   адам-ның өзі де ажыратып бере алады. Музыкаға мәнерлі үн беретін қасиеттің  бірі — сыр, әсем. Ал адам даусына келетін болсақ, мұнда да сондай; әрбір   адамның өзіне тән әсемдік ерекшелігі бар. Атап айтсақ, қазақтың халық арти-сі Күләш Байсейітованың тамаша даусын радиодан тыңдаса, екінің бірі бұл   айтып тұрған — Күләш деп таниды. Сазгер үлкен-кіші дауысқа немесе музыка аспаптарына көркемдік шығарма жазғанда, үнемі белгілі адам дауыстары мен  музыка аспаптарының әсем ерекшеліктерін еске ала отырады. Мысалы, Моцарттың “Свадьба Фигаро” атты операсындағы Фигароның ариясы   орташа дауыс баритонға (еркектің орта қоңыр даусы) арналып жазылса, Чайковскийдің “Пиковая дама” операсындағы Лиза мен Полинаның дуэті  сопрано (әйелдің жіңішке   даусы) мен контралетке (әйелдің жуан даусына) арналыпжазылған. Ал, симфониялық, халық аспаптар оркестрлеріне орында-латын музыкалық шығармаға қатысты барлық аспаптардың сыры бар. Сондықтан үлкен оркестрді “Әсемдіктің энциклопедиясы” деуге болады. Міне, осы жоғарыда айтылған оркестрлік үлкенді — кішілі музыкалы   аспап-тардың әр біреуіне тән оркестр үніне қосылып,  ерекше зор әсемдік пайда   болуын әзірлеп береді. Егерде радиодан симфониялық оркестр, қазақтың   халық аспаптар оркестрі, орыс халқының оркестрі мен өзбек халқының   оркестрі ойнайтын болса, тыңдаушы көп ойланбай – ақ, әрбіреуін   ажыратып   айтып бере алады. Себебі осы айтылған оркестрлердің өзіне тән оркестрлік   дыбыстар сыры  бар.Соның арқасында  біз оларды тез ажырата аламыз. Осы   секілді хорда және түрлі оркестрлік ансамбльдерде өздеріне тән жалпы   дыбыстар сыры болады. Әсемдік үннің адамға әсер ететін орны күшті. Дауыстың төмен, орташа, биік болуына қарап, шығарманың мазмұнын да ажырата аламыз. Әрқайсысы сезімге әр түрлі  әсер етеді. Біз күнделікті өмір-де адамдардың бір – бірімен тілдесіп сөйлесетінін  білеміз. Адам сөйлескенде аздыкөпті сөздерді, сөйлемдерді пайдаланады. Музыканың негізгі,  мелодия-ның құрылысы да дәл осындай болып келеді. Музыканы тыңдап отырып, мелодияның өзі бірнеше  бөлімдерден  құралатынын  байқаймыз. Музыкалық  тілмен айтқанда, осы мелодиялардың бөлімдерін бөлшек деп атаймыз. Мело-дияның әсемділігі мен көңілгеқонымдылығы, сезімділік әсері сөйлемнің  құрылысына байланысты болып отырады. [12]

    Музыкалы күрделі аспаптарға жазылған шығарманың мелодиялық сөйлем-дер жеке дауысқа жазылған әннің сөйлемдерінен қиындау екенін  байқаймыз. Ал тыңдаушы ойналып жатқан шығарманы қандай бөлшекке бөліп және оларды қалай ойнайды деген сұрақ беруі мүмкін ? Бұл сұраққа қысқаша жауап берсек, сазгерлер шығарманы жазғанда, түрлі сөйлемдерді сол өзінің ойлағанындай ойналсын деп әртүрлі музыкалы сөздіктер мен белгілеп көрсе-теді. Мысалы, “жай”,  “қатты”, “жылдамдата”, “жайлатып”, “екпіндете”, “ өте жай”, “өте жылдам”,“әндете”, “жалынды”, “қайғылы”, “жүрекпен”, т.б. ойналатын сөздер жазып көрсетіп   отырады. Екінші бір айта кететін жағдай, осы жоғарыда айтылған музыкалық сөздіктер көпшілігінде латын тілінде жазылады.

    Мысалы: ленто — жай, лярго — кеңінен, анданте — салмақпен, асықпай,  аллегретто — жылдамдата, аллегро — тез, престо — өте жылдам  деп   жазы-лады. Міне, әрбір орындаушы шығарманы орындар алдында сазгер жазған   музының нотасын жақсылап үйреніп, автор көрсеткен барлық белгілерді   дер   мезгілінде іске асырып, ойнай білуі шарт. Сөздің соңында музыканы  тыңдай,  түсіне білуге   жаттықтыру қамы. Ол үшін әр тыңдаушы – музыканы сүйіп тыңдап, жоғарыда  айтылған музыканың көркемдік қасиеттерін білуі қажет.  Музыканы тыңдап отырып , сол көрсетілгендей етіп музыканың әсемдік тіл қасиеттерін сезіп – байқаймын деуге болмайды. Бірақ осы айтылған кеңес-терді еске сақтау керек. Мысалы, дауысқа жазылған әндер мен хорға және   үлкенді — кішілі музыкалық аспаптарға арналып жазылған шығармаларды   тыңдап отырып, мелодиясының дамуын, гармония мен полифониялық   әсемдік дыбыстар үндестіктерінің өзгеруін, қандай ырғақ пен  жылдамдық-тарды және кейбір әсемдік қасиеттерін байқап, жалпы идеясын түсінген   дұрыс. Сонда ғана адам музыка тыңдауға машықтанып алады да, орындау-шыға сын көзімен қарайтын болады. Орындалу тәртібін бақылаймын деп   отырып, музыканың өне бойына терең бойлап кеткенін сезбей, музыка  аяқталғанда рақаттанып, көңілденіп, риза болып қалады. Шынында музыка-лық сөздіктер мен әсемдіктерді, дауыс сыры мен ойналу, айтылу   жылдам-дығын жақсы білген,  тыңдап түсінуге жеңілдік туғызады. Әр  адам,  дауысты  мелодияны түсіне білуге, жай әннен күрделі шығармаларды ажырата білуге   міндетті. Музыка шығармаларының жанрлары көп. Ерте уақыттан келе жатқан жыраулық ән,  айтыс, толғау, терме, жар — жардан  бастап  опера   мен   оркестрлік үлкен концертке дейін дамып жетілген жанрларымыз бар.  Әрине,  бұлардың бірқатары  дүние  жүзілік  классикалық музыкалардың үлгі — өнеге ала дамыды. Сондықтан қазақ музыкасының өрістеуіне үлгі — өнеге болған   классикалық және дарынды талан иелерінің шығармаларына да тоқталып,  олардың өзіндік көркемдік құнын ашқан жөн. [13]

     Музыка тілі-өнердің басқа салалрымен салыстырғанда күрделі тіл. Оның күрделілігі музыкалық шығармаларды мәнерлеу құралдарын, бейнелер мен суреттеулерді әдебиет, бейнелеу өнері мен театрдағыдай көрнекі түрде, көзбен көре алмайтындығымызда.

     Музыка өнерінде айтылатын ой мен оқиға сазды дыбыстар арқылы беріледі. Сондықтан музыканы қабылдауды оқушылардың бойында қалып-тастыру елеулі қиындықтар тудырып, жан-жақты ойластыруды қажет етеді. Музыка таза сезімге яғни эмоцияға әсер ете отырып, адамның қиялымен көңіл күйіне байланысты қабылданады.

         Бүгінде білім саласына көптеген өзгерістер, жаңалықтар енгізіліп, авторлық бағдарламалар, әдістемелік жинақтар шығармашылық ізденіспен дамып келеді. Музыка саласында да дәстүрлі халық музыка байлығын, Қазақстан сазгерлері шығармаларын насихаттау жаңа қырынан алға қойы-лып, жаңартылған музыка бағдарламалары жасалуда. Осыған байланысты Қазақстан Республикасында ұлт мәдениетіне көңіл бөлу, ұрпақ тәрбиесіне бағытталған халықтық педагогиканы зерделеу және оның дәстүрлерін орта мектептер мен орта және жоғары оқу орындарында пайдалануға арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар жазу ісінде шұғыл бетбұрыс басталды. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуымен  байланысты  қоғамы-мыздағы экономикалық, саяси-тәуелсіздік мәдени  өзгерістер  жүзеге  асуда. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы қабылданып,  еліміз-дегі барлық жалпы орта білім  беретін  мектептерге  арналған  білім  мазмұны  айқындалуда. Жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен  адамзаттық  мәдени  мұра  сабақтастығын  сақтай отырып оқыту, тәрбиелеу арқылы әрқайсысының жеке тұлғалық  саналарын жан – жақты дамыту жаңа мектептің басты мақсаты болып  табылады.

    Бұл аса  маңызды  педагогикалық  мәселелер  Ел  басы  Н.Ә.Назарабаевтың

«Қазақстан – 2030»  халыққа  жолдауында, Қазақстан Республикасының «Тіл туралы», «Білім беру» заңдарында, «Үздіксіз тәрбие», «Этномәдениет тәрбиесі», сияқты құжаттарда: «Білім беру  жүйесінің  міндеттері: азаматтық пен елжандылықты, өз Отаны – Қазақстан Респуликасына  сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге,  әлемдік  және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулау, қазақ халқы мен республи-каның басқа халықтарының тарихын, әдет–ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілін меңгеру»,- деп айырықша атап  көрсетіл-ген. Бұқаралық  ақпарат  құралдарының  жас  ұрпақтың  тұлғалық  бейнесіне  ықпал ету мүмкіндігінің артып отырған кезеңде оқушыларға рухани — мәдени  тәрбие берудің зәрулігі барған сайын айқындала түсуде. Бұл мәселе  Қазақстан Респубикасы әлеуметтік мәдени дамуының тұжырымдамасы  Қазақстан Республикасында Гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы сияқты мемлекеттік  құжаттарда көрініс тапқан. Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп Реформасының негізі бағыттарында: «Әсемдік сезімін дамы-ту, жоғары эстетикалық талғам, өнер  шығармаларын, әсіресе зор  танымдық  және тәрбиелік  күші  бар  әдебиеттің, музыканың, бейнелеу өнерінің эстети-калық мүмкіндіктері  жақсы  пайдалан-сын»,- делінген. Мұнда өнер  туынды-лары  жас  ұрпаққа  көркемдік  жайында  білім берумен қатар адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру мәселесін жетілдіруде ықпалды тәрбие құралы ретінде қаралып өнерге ерекше көңіл бөлу талабы қойылған. Өнер шығарма-ларының идеясы  жас  ұрпаққа заманымыз бен замандастарымыз, олардың  еңбектегі  табыстары  ой – арманы  мінез – құлқы, адамгершілік қасиеттері туралы мәліметтер береді.Осыларды қабылдау арқылы, эстетикалық  талғамы  дамиды,  өмір  құбылыстарының мәнін ұғынып оған үңіле байыппен қарауды үйренеді, адамгершілік қасиеттері мен  мінезқұл-қы  қалыптасады.

       Білім берудің бүкіл жүйесін қайта  құру  жағдайында  бұл  маңызды  мінде-ттерді іске асыру үшін оқыту  мен  тәрбиенің  жоғары  сапасына  қол  жеткізетін  білімнің жаңа ұлттық үлгісін жасау және дамыту көзделіп, ұлттық мәдениеттке, халықтық дәстүрге, олардың тарихы мен  даму  жолдарына қайта оралып, өнер мен мәдениетті дамытуға барынша қолдау жасалып отыр. Республикамыз егемендік алып жатқан жағдайда халқымыздың рухани  өміріне қазақ халқының  мәдени, тарихи мұралары қайта оралып жатқаны мәлім. Ол мұралардың қатарына халық музыкалық  шығармашылығын  толығымен жатқызуға болады. Сондықтан жалпы орта білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие ісінің мазмұны да жеткіншектің әр жақты  дамуына даңғыл жол ашатын  оны  дүниежүзілік прогрестің жетістіктерімен қоса  өз  халқының ғысырлар бойы тұнып тұрған рухани мөлдір бұлағынан сусындатып, адамзат мәдениетінің биігіне жетелейтін сан – салалы әрі терең мағналы болуы шарт. Қазіргі заман білім беру  жүйесінің  алдына  қойған  басты міндеттерінің бірі — ұлтық  музыкалық өнерді одан әрі  дамыта отырып, оқушылардың  ұлттық танымы мен білім деңгейін көтеру  қажет.

       Егеменді еліміз, бүкіләлемдік эканомикалық мәдениет пен өнер  саласындағы және информациялық болашағы – жас ұрпақтың,  өнер  арқылы,   көркемдік білімі мен шығармашылық ой-өрісін, рухани мәдениетін «сұлулық  заңдылықтарын» сәйкес дамыту, ұлттық педагогика негізінде-туған  халық-тың тағылымдықдық салт – дәстүрлерін игерте отырып, ізгілікке, әдептілікке, туған ел мен жер тарихына, мәдениетіне деген өркениеттік көзқарасын тәрбиелеу,  балабақшадан  бастап,  білім  мен  тәрбие  беретін  педагогикалық мекемелердің алдындағы кезек күттірмейтін  өзекті  мәселелер. Халыққа білім  беру жүйесіне  ұлттық мәдениетті енгізуге әлеуметтік қажеттілік туып отырғаны айқын. Сонымен бірге педагогикалық ғылым шеше қоймаған қайшылықтарда бар. Атап айтқанда: қазақ  халық  музыкалық  шығармашы-лығының педагогикалық мүмкіндіктері мен оны  мектеп  жасына  дейінгі мекемелерде пайдаланудың қазіргі деңгейі арасындағы; қазақ халық музыкалық шығармашылығын  пайдалана отырып  балаларға  музыкалық – эстетикалық тәрбие беру үрдісін ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамассыз ету қажеттілігі мен ондай жағдайдың тәжірибеде жасалмай отырғандылығы арасындағы қайшылықтар. Ұлттық сананы көтермей, жетілдірмей тұрып, ұлтымыздың  рухын  көтеру мүмкін емес. Ол үшін жас ұрпақтың ана  тіліне,  туған елінің рухыни мәдениетіне, өнеріне, бүкіл данышпандығын бойына жинақтаған ұлтымыздың эстетикалық,  этикалық дәстүрлеріне деген ұлттық санадағы сапалы қатынасын  тәрбиелеуіміз  жөн. Халықтық дәстүрлі  өнер, бейнелеу, би, музыка т.б. өнер түрлерін арқылы көркем — эстетикалық  тәрбие  жүйесін-этноэстетикалық, этнопедагогикалық тәрбие негіздерімен  ұштасты-ры жүзеге асыру, жас ұрпақты ұлттық мәнде тәрбиелеудің өзекті мәселелерін  шешуге зор ықпал жасайды. Әр халықтың эстетикалық дүниетанымы, көркемдік мәдениеті өзіне тән өнер  туындыларымен  ерекшеленетіні  өмір  шындығы.  Ұрпақ  тәрбиесінде,  туған  халқымыздың  ұлттық өнерін, оның нәзік  те  көркем  сырын  ұғындыру,  мектеп  оқушысының  әсемдікті  түйсіне  білуге  баулу  құралы  екені  сөзсіз.  Сондықтан,  мектепте  қазақтың  ұлттық  музыкалық өнеріне деген қызығушылықты қалыптастыруда музыка  жанрларының сан-алуан түрлері жайында қарапайым түсініктер беру  көзделеді. Тікелей қазақтың ұлттық музыка мәдениетінің әр түрлі салалары  арқылы оқушыларға музыкалық–эстетикалық тәрбие беру проблемасын да  бірқатар ғалымдар зерттеген. Қазақ халық музыкасы  арқылы  бастауыш  сынып  оқушыларына  музыкалық – эстетикалық  тәрбие  беру  Қышқашбаев  Т.Ә, бастауыш сынып оқушыларының халық аспаптық музыкасына  қызығушылығын  қалыптастыру  өз  еңбектерінде  қарастырған.

       Сонымен бүгінгі күннің  кезек  күттірмейтін  көкейкесті  мәселелерінің  бірі ретінде баланы музыкалық өнердегі,  ерекшелікті  сезіне  білуге  баулып, оның музыка шеберлерінің шығарған әсем де сырлы ән-күйлеріне  үңіліп, сол өнерге деген қызығушылығын, талғамын талғамын  қалыптастыру  міндеті қойылып отыр. Демек, жас жеткіншектердің қазақ халқының ұлттық музыкалық өнерге деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын қалыптастыру мәселесі арнайы зерттеуді талап ететіні  ақиқат. Сол себептен жоғарыда  айтылғанның негізінде оқушыларға музыкалық  тәрбие  беруде  бұл  мәселені  шешуге жағдай жасау керек екендігін дәлелдейді. Осы аталған қажеттіліктер-дің шешімін табу біздің зерттеу проблемамызды анықтап, диплом жұмысы-ның тақырыбын: «Музыка сабағының тәрбиелік  мәні» деп таңдауымызға себеп болды.

 

 

 

КЕСТЕ № 5

                     БАЛАЛАРДЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМЫТУ

 

 

 
 

 

                      МУЗЫКА  ЖӘНЕ  БАЛАЛАРДЫҢ

 

                    ЖАН – ЖАҚТЫ  ЖЕТІЛІП  ДАМУЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       
 

 

 

                   Музыка  баланың

 

             адамгершілік  сапаларын

 

               қалыптастыру  құралы

 

 

 

          Музыка  баланың  дене

 

          күшін  дамыту  құралы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         ІІ. МУЗЫКА ТЫҢДАУДЫҢ ЖАН — ЖАҚТЫ ӘДІСТЕРІ.

                   2.1. Музыка тыңдауды ұйымдастыру жолдары.

       Жасөспірімдерге музыкалық тәрбиенің мақсаттарын жүзеге асыру үшін оқушылардың музыкалық шығарманы орындап қана қоймай оны терең сезім-мен, саналы түрде қабылдай біліп тыңдауға үйрету керек. Егер көпшілік айтатын әндер жалпыға бірдей таныс болса, кейбір күрделі дауысқа арналған немесе жеке аспапқа арналған музыкалық шығармаларды тек музыканы терең сезініп қабылдай білетіндер ғана тыңдайды. Көпшілік қауым күрделі музыкалық шығармаларды дұрыс түсінбегендіктен оны тыңдай алмайды, себебі ондай адамдардың музыкалық түсінігі, білімі таяз. К.Маркс: «Егер де өнерден ләззат алғың келсе, онда өзіңнің көркемдік талғамың мен білімің жоғары болсын» деген. Музыка сыншысы А.Серов: «Бетховенның симфо-ниясынан ләззат алу үшін музыканы түсініп тыңдай білудің керек» дегендей, музыканы дұрыс түсініп тыңдай білуге тәрбиелеу арқылы бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін, терең сезімін, санасын, қиялын, талғамын, жалпы өнерге деген сүйіспеншілігі мен мәдениеттілігін дамытамыз.Оқушылар мектептегі музыка сабақтарындағы ән айту процесіне музыканы сауатты түрде тыңдауды үйрене бастайды. Музыканы көңілге қондырып, жүрекке жылы тигізіп, сезе түсініп, оның сиқырлы әлеміне бойлауүшін ең талдымен оны дұрыс тыңдай білу өте қажет. Музыка сабақтарында тыңдау процесінің мақсаты-музыканттар дайындау емес, жалпы жас өспірімдердің өнерге деген мәдениетін көтеру, қазіргі заманның талабына сай тәрбиелеуге бағытталған адамгершілігі мол, нәзік сезімді, қайырымды, мейірімді, шығармашылық қаблеттері мол ұрпақ дайындауға көптеген әсері бар құрал ретінде пайдала-натын жұмыстардың бірі болып есептеледі. Өйткені, музыкавлық шығарма-ны адамның рухани азығы десек қателеспейміз. Музыканың үні арқылы адам баласының сезімі қалыптаса-ды. Сезім арқылы адам түсінеді, дүниеге деген көзқарасы қалыптасады. Қандайда музыкалық шығарма болмасын адамның өмір тарихымен, сол адам өмір сүрген қоғам тарихы арқылы туындайды. Оған мысалға көптеген музыкалық шығармаларды алуға болады.

     Бірақ, олар туралы музыка тыңдаудың әдіс-тәсілдерін үйрету барысында тереңірек тоқталамыз. Ал сол музыканы тыңдауды үйретуді баланың жас кезінен бастап қалыптастырған дұрыс. Бұл туралы Э.И.Бальгитис дейтін ғалым: «Баланың музыкалық талғамы оның балауса жас кезінен-ақ өз халқының ән-күй өнерінің ықпалымен дамиды» деген болатын. Сондықтан қазақ балаларының музыкалық талғамын қазақтың әндері мен күйлерін тыңдату, үйретуден бастап қалыптастырған жөн. Қазақ халқының ұлттық музыка мәдениетіне бар жанрлардың түрлері, халық әндері мен күйлері мол.Бұл ретте музыка тыңдауды сәби дүниеге келгеннен аенасының әлдиі «Бесік» жырларынан, өз ұлтының әуенін ана сүтімен бойына дарытудан бастайды да, одан әрі біртіндеп ұлттық әуенді таныстыру арқылы күрделене түседі. Мектепте сынып оқушыларына өз ұлтымыздың өнерін, халқымыздың асыл қазынасын бойларына сіңірту мақсатында музыка тыңдаудың рөлі өте зор, халықтар арасындағы достықты сақтау үшін, әр халықтың жақсы ісімен өткен тарихты насихаттау үшін, жақсы мен жаманды айыру, табиғат сұлулы-ғын, ерекшелігін сезіну, қайырымды, мейрімді, адал болу үшін-жалпы айт-қанда оқушылардың өмірге деген көзқарастарын дұрыс қалыптастыруға тәрбиелеуіміз керек.

     Идеялық бағыттылық жоғары көркемдік  сана   қабылдау   мен   орындауға   ыңғайлылық балалар репертуарына қойылатын негізгі талаптар. Ән бала-ларға музыкалық тәрбие мен оқытудың маңызды  құралы болуға тиіс. Әнді таңдағанда оның тәрбие істерін шешуге ұғымды кеңейтіп, сезімдерді   терең-

детуге қалай көмектесетінін, ән дағдыларын меңгеруге нендей жаңалық енгізетінін және оны, орындаудың қиыншылығы қандай  екенін,  балалардың   ынта-ықыласымен қажеттеріне сай келетін-келмейтінін ескеру қажет.Балалар әндерінің музыкалық ілі ерекше маңызды орын алады. Педагогтың әнімен алдын-ала танысуы әннің мазмұнын түсінуіне, әсерлі орындалуына, оны балалармен бірге қандай ретте үйрену қажеттігін ойластыруға көмектеседі. Сонымен қатар балаларға үйретілетін дағдылар белгіленеді, дыбысшығару, таныс дикция, әсерлі дұрыс интонация, әнді тұтас айту жөнінде   қажет болатын жаттығулар ойластырылады. Әнді тыңдай отырып, оқытушы оларды ойындарда пайдалану мүмкіндігін көздейді, мерекелерге әзірлік кезінде қосымша  репертуар үйренген артық   болмайды. Бағдарламада балалардың   музыкалық естірту есту қаблетін жетілдіру көзделеді. Баланың вокалдық интонациясын оқытушы құлақ салып тыңдауға үйретеді. Ән репертуарының методикалық тәсілдері балалардың әншілік дағдыларын меңгеруіне бағыт-талған. Интонациямен дыбысты дұрыс шығаруды жетілдірумен  шұғылдан-ғанда  оқытушы әнді  тіпті екі — үш баланың   бұзып айтуының, өзі коллектив болып орындаудың сапасын келтіретін есте ұстай отырып, балаларды тұрақты түрде жаттықтырады.   Әнді   үйрете бастағанда оны фортепиананың сүйемелдеуімен, ол одан кейін оның онсыз орындалғаны жөн. Егер бала тапсырманы орындай алмаса онда оны сабақтан соң жаттықтырған жөн. Балалар бірін-бірі тыңдай отырып әннің орындалу сапасын дәл емес жерлерді аңғарады. Әрі бұлай тыңдау әнді анағұрлым жақсы дәлірек орындауға ұмтылдырады. Сонымен қатар музыкалық есту қаблеті артады .

    Әншілік дауысты жетілдіруге мына жаттығулар көмектеседі, екі–үш   дыбыстан тұратын қысқа әндер. Бұлар ыңғайлы ұштасатын буындар түрінде дыбыс сапалығының түрлі сатысында әншілік диопозонында бірте–бірте   кеңейте отырып балалрдың әр қайсысының мүмкіндіктеріне қарай орындала-ды.  Мұндай жаттығуларды сабақ сайын өткізген дұрыс. Әсіресе бала   қысқа   әнді өздігінен айта алатын болса, сүйемелдеусіз орындаған ол пайдалы.   Мұндайда әннің айтылуы сапасын баланың өзі белгілі бір дәрежеде бақылай-ды. Дыбыстардың диапазонын биіктігіне қарай ажыратуды талап ететін   бейнелі тапсырмалар беруге де болады. Мұның өзі бірте-бірте дыбыс  биікті-гін  түсінуіне жақындатады. Ән үйрену процесінде кейбір шығармашылық көрініс-тердің алғашқы шарттарын дамыта білген жөн. Ән үйрету сабағында оқытушының мынадай кезекте жүргізілуін талап етеді. Музыкалық шығарма-ны алдынала талдау, бағдарламалық дағдыларды айқындау, оқытушылық тәсілдерді нақтылай түсіну. Методикалық тәсілдер әр қашанда әншілік дауысты, әуенді есту қаблетін жетілдіруге, дағдыларды үйретуге бағытталад.

    Ән айта бастаудан бұрын балаларға жеке дыбыстарға   құралған   жаттығу-ларды немесе тағы басқа әндерді  айтып  көруге  ұсынылады. Музыка туралы алғашқы мәліметтермен балалар әндерді үйрену кезінде танысады. Онда олардың дыбысты естілу қаблетін, орындалу екпіні, динамикасы жайлы біледі. Балалар бұл мәліметтерді әннің мазмұны, оның естілу сипаты туралы әңгімеле-генде пайдаланылады. Әр сабақта 2–3 ән орындалады. Әдепте әуелі есту қабле-тін дамытатын вокалдық ән айтылады және жаттығулар орында-лады. Одан соң көбірек зейін қоюды талап ететін жаққа ән үйретіледі. Ал одан кейін балаларға таныс бірақ оны орындау үшін әліде біраз машықтану-ды керек ететін ән айтылады. Соңында балалар өздері жақсы көретін әндерін орындайды. Әндік репертуар мазмұны, тақырыбы, шығарманың музыкалық мәнерлік құралдары жағынан алуан түрлі болып келеді.

    Музыкалық шығарманы қабылдау кезеңінде шығарманы  игеру   процесін   мынадай төрт кезеңге бөлуге болады:

    1)   мұғалімнің кіріспе сөзі,

    2)   алғашқы  тыңдау,

    3)   шығарманы талдау,

    4)   шығарманы қайталап тыңдау.

    Мұғалімнің кіріспе сөзі  оқушылардың   зейінін   орындалатын   шығармаға   аудару мақсатында болуы керек. Тыңдалатын  музыканың  мазмұнын   толық   ашып баяндап берудің қажеті жоқ, олай ету оқушылардың өздерінің ойлау, түсіну, елестету қаблеттерін дамытпайды, керісінше музыканы тыңдамас бұрын олардың зейнін толық әзірлеп, тыңдап отырғанда нені байқайсыңдар, музыка нені баяндар екен,  көз алдарыңа нені елестетер екнсіңдер? деген  сияқты қызықтыра, ынталандыра түсетін тапсырмалар берген дұрыс, мұндай   тапсырмалар оқушылардың бойындағы қиялын, шығармашылық қасиеттерін  дамытады. Кіріспе әңгіменің барысында тыңдатылатын  музыканың  авторы – сазгер туралы қысқаша түсінік беріп, осы тыңдатылатын шығармаға   байланыстыра баяндау керек. Кейбір музыка пәні оқытушлары тыңдатыла-тын шығарманың сазгерлері туралы толық лекция оқып, туған, өлген жылдары оның бүкіл өмірінің белестерін айтып жатады, бұл дұрыс емес, әсіресе бастауыш сынып оқушылары соншама көп мағлұматтарды еске сақ-тай алмайды,  қайта олардың музыка туралы өте тиянақты, қысқаша  мағлұмат берілгені дұрыс. Оқулықтағы, немесе музыка кабинетіндегі  портретін көрсетіп таныстырып кету артықтық етпейді.  Мысалы І — сыныпта «Қобыз үнін тербеткен Ықылас» туралы оқулықта берілген мағлұмат жеткілікті, ал ІІ — сыныпта Тәттімбеттің  «Саржайлауы»   немесе Қорқыттың «Ұшардың ұлуы» күйлерін тыңдатқан езде Тәттімбеттің күй тарту ерекшелігіне тоқтала кетіп, ол шығыс Қазақстанның күйшісі екендігін. Құрманғазы  мен екеуінің күй   тарту шеберлігінің айырмасын түсіндіре кету артықтық етпейді. Қорқыт атаның қазақ халқындағы күй өнерін алғашқы негізін қалаған «күй атасы» кіндігін, оның «Қорқыт» аты туралы аңызбен таныстырып «қайда барсақ қорқыттың көрі» деген мақалмен байланыстыра кетуге болады. Әрине әр сазгердің шығармасына байланыстыра әдемі де нақты сөйлем құрастырып жымдастыра білуі — оқытушының шеберлігіне байланысты. Музыканы алғашқы тыңдау барысында жоғарыда айтып кеткендей, оқушыларға тапсырмалар беріп тыңдатасмыз да, олардың кім, қаншалықты түсініп, байқағандарын талдау кезінде білеміз. Алғашқы тыңдау кезінде сыныпта тыныштықты  сақтауды қалыптастыру керек. Егер де бір адам тыныштықты бұзса ол барлық оқушылардың тыңдауына кедергі келті-ріп қана қоймайды ол оқушы  осы музыкалық шығарманы, және оны шебер орындаушы силамайтындықтарын, музыканы түсінбейтіндіктерін оқушылар өздері сезіне білу мәдениетін қалыптастырамыз. Бөлмедегі тыныштықты қалыптастыр уоқытушының тыңдатылатын музыкаға деген оқушылардың қызығушылығын, ынтасын, зейнін ұйымдастыра білуіне байланысты. Музы-ка ойналып  жатқанда  оқытушының өзі де бір орында отырып, не тұрып, қозғалмай тыңдауы керек, әйтпесе оның сәл қимылы, қағаздарды қозғауы, әрлі-берлі жүруі  оқушылардың көңіл бөліп тыңдау процесіне кері әсер етеді. Мұғалім, тыңдап отырған оқушылардың әрқайсысын зейін салып бақылап, кімнің қаншалықты тыңдап отырғанын байқап, айыра білуі  керек. [14]

    Кейбір оқушы тып — тыныш отырғанымен соңынан қойған сұрақтар   арқы-лы оның мүлдем тыңдамағанын байқауға болады. Мұндай оқушылардан   көбірек сұрап, үнемі қадағалап, музыка тыңдауға бүкіл ойын — зейінін,  ынтасын жұмылдырып отыруы керек. Магнитофон немесе күй табақтан   музыка дыбысының таза шығуын,  немесе оқытушы өзі ойнап тыңдатқан   кезде де музыканың әдемі, мәнерлі, таза  қатесіз орындалуын  қамтамассыз   етуі керек. Музыканы талдау эмоциялық қабылдауға кедергі келтіріп,  тыңдаушының ойын бөледі. Сондықтан орындаған музыканы тереңдетіп талдау өте қиынға  түседі. М.Горький «Музыка туралы сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, музыканың тілі сөйлеуден де бай» дегендей музыкалық   шығарманы түсіну мен сезіну бірдей емес, сөйлемдер құрап талдауға бола-ды. Бірінші сынып оқушылары көңіл, мұңды деген ұғымдардан бастап,  көңілді деп кейін бірте – бірте, қуанышты, шатты, көтеріңкі, жігерлі т.б. ұластыру, мұңды деген ұғымға қайғылы, қатты, ойлы, дабылды, құпия сырлы т.б. ұқсас түсініктер қалыптасады. Музыканың ырғақтың екпінін жылдам, жай, орындалуын айыра білуге тәрбиелеу кезінде қойылатын сұрақтар, оқушылардың өз түсініктерін толық жеткізе білетіндей болып қойылуы  керек. Музыка  жылдам ойналып тұр ма, әлде жай ма, орташа ма ? Оқушы-ларды шығарманың қандай аспапта орындалып тұрғанын тембріне қарай айыра білуге тәрбиелеу керек. Бұл ретте музыкалық аспаптардың суреттерін көрсетіп, осы аспаптардың қайсысымен музыкалық шығарма орындалып тұр деп ? сұрақтар қою арқылы жүргізуге болады. Ал дыбыс жоғарылығын айыра  білуіне дағдыландыру мақсатында бұл шығарма (музыка) қандай дыбыстар-мен орындалып тұр, төмен (жуан) дыбыстармен бе, әлде жоғары (жіңішке)  дыбыстармен орындалып тұр  ма? деген сұрақтар қоя отырып дыбыс жоғары-лығын сезінуге бірте — бірте үйрету қажет. Музыкалық шығарманы  тыңдата  отырып музыкалық сауаттылықтарын арттыра, музыканың жанры туралы түсініктерін кеңейтеміз. Мысалы, марш екпініндегі музыкалар, би  жанрын-дағы әндер, күйлер тыңдату арқылы осы жанрлардың әрқайсысының ырғақ-тық, әуендік ерекшеліктері мен қасиеттерін сезіндіреміз. Дыбыс күшін, ырғағын, сазын, құрылымын талдау арқылы музыканың мәнерлеу ортасымен танысады. Осы  сауаттылықтарды меңгеру тыңдатылатын шығармалардың, барысында жүріп отырады да, сол шығарма тығыз байланыстырылған  болу керек.

    Музыка тыңдау кезінде көрнекі құралдарды, яғни көркем суретпен үнемі  байланыстырып отырудың қажеті жоқ. Кейбір оқытушыларо әр сабақ сайын тыңдатылатын музыкалық шығармаға байланысты көркем суреттер қолда-нып отырады, ондайда оқушылар тыңдаған музыканың   мазмұнын түсінбей, тек көру арқылы қабылдағандарын баяндап бере алады деген ұғым. Көркем  суреттерді тіпті қолданбау керек демейміз, кейбір оқушылардың қиын, маз-мұны таныс емес шығармаларды тыңдаған кездерде бейнелеу құралын пайдалануға болады. Тыңдатылатын музыкалық шығарманың мазмұнын  түгел бейнелеп қоймай, тек сол тақырыпқа жалпы байланыстырылған көркем суреттерді қолдануға болады. Мысалы табиғатқа байланысты «Саржайлау», «Сарыарқа» күйлерін  тыңдатқан  уақытта, қазақ даласының әсем табиғатын бейнелейтін жалпы көріністік көркем суретті, аспаптармен таныстыру мақсатында тыңдатылатын шығармаларға (күйге) байланысты аспаптар суреттерін (қобыз, жетіген, сыбызғы, үскірік т.б.) оркестрлермен таныстыру барысында оркестр құрамындағы аспаптар   суреттерін  қолдануға  болады. [16]

     І — сыныпта халық күйі «Нар идіргенді» тыңдатқанда, дәл осы күйге   байланысты көркем суретпен баяндалған көрнкілік қолданылса  оқушылар-дың өздерінің түсініктері, өз пайымдаулары тек суретке байланысты   қалып-тасады, бұдан олардың шығармашылық қаблеттері дамымайды.

    ІІ — сыныпта  Қорқыттың күйі  «Ұшардың  ұлуы », халық  әні «Елім – ай»   т.б. күйлерді тыңдаған кезде оқушылардың өз  қиялы, елестету бойынша   түсінгендерін арқылы шығармашылық қаблеттерін дамытуға болады.

    Ал осы қиялдарын, түсініктерін көркем суретпен бейнелеуді, немесе   әңгіме құрастыруды, өлең сөздерімен баяндауды т.б. оқушылардың бойла-рындағы шығармашылық қаблеттерін дамыту мақсатында үй тапсырмасы   ретінде беруге болады. Музыкалық  шығарманы тыңдаудың соңғы кезеңі  сол   шығарманы қайта тыңдау болып табылады. Музыкалық шығарманы қайталап тыңдау, оқушылардың сол шығарманы (күйді, әнді, симфонияны, балетті)  тереңірек түсінуі  қабылдауы  үшін, шығарманы жақсы  көріп, есте  сақтауы   үшін өте қажет. Қайталап тыңдау арқылы оқушылар музыкалық шығарманың   мазмұнын, құрылысын жақсы түсіне бастайды, сол музыканы сүйіп   тыңдау-ға дағдыланады. Бір рет тыңдағанда оқушылар әлі ештеңені пайымдай алмай, есеріне ештеңе сақтай алмайды. Ал қайталап тыңдау арқылы олардың көздері  ашылып музыкалық шығарманы саналы түрде түсініп талдай алатын жағдай-ға келеді. Бір рет тыңдау кезінде оқушылар тыңдаған музыка туралы  ештеңе айта алмайды, ал бір рет тыңдағаннан кейін толық ойларын, пікірлерін жеткізе алатын болады. Неғұрлым музыкалық шығарманы көбірек тыңдаса соғұрлым оқушылардың естерінде сақталу мүмкіндігі нақты болады да келесі  тыңдатылатын музыкалық шығармалардан айыра алатын  қаблеттері  артады.  Әрине бастауыш сыныптарда, әсіресе 3 — 4 сыныптарында музыка пәні 1 сағаттан өткізілетін болғандықтан бір сабақта музыка тыңдау бөлімінде музыкалық шығарманы  қайталап көп тыңдауға уақыт жетпейді. Әйтсе де оқытушы музыкалық шығарманы бір рет тыңдатып қана қоймай қайталап   тыңдауды үйымдастыруы керек. Музыкалық шығармаларды тереңірек  көбірек тыңдату үшін музыкадан сыныптан тыс сабақтарын, үйірмелер, концерттік сабақтарын ұйымдастырып отыруы керек. Оқушылардың жан–жақтылығын, музыкалық мәдениетін дамыту барысында радио — көгілдір экраннан музыкалық шығармаларды тыңдатып отырудың рөлі зор.

    Музыка сабақтарында музыкалық шығарманы тікелей тыңдау негізі   көр-некілік болып табылады. Ал музыкалық шығарманы сапалы түрде тыңдату үшін техникалық құралдардың маңызы зор. Магнитофон, грампластинкалар арқылы шығарманы тыңдату барысында таспа жазбасының,  пластинка   жазбалароының дыбыстарында музыкалық шығарманың таза орындалуын қадағалау керек. Музыка тыңдату сабағын тиімді дәрежеде  өткізу үшін   әдейі жабдықталған музыка бөлмелерінде өткізуі міндетті түрде болуы керек. Музыка кабинетінде сазгерлер портреттері, музыка ұжымдарының яғни, оркестрлердің (ұлт — аспаптар, симфониялық, үрмелі аспаптар) хор ұжым-дарының суреттері, оркестр құрамына енетін аспаптар суреттері т.б. болғаны оқушылардың тыңдау кезінде музыкалық сауаттылықтардын толықтырып отыруларына  әсері  бар. Оқушыларға симфониялық шығармалардан, опера,  балеттерден үзінділер (фрагменттер), халық әндері, термелер т.б. магнитофон немесе грампластинкалардан тыңдату арқылы шығарманы қабылдау мүм-кіндігін пайдалана отырып, экраннан орындаушының бейнесін, сазгер бейнесін немесе опералық спектакльдерден, балеттерден, симфониялық оркестр, ұлт аспаптар оркестрі, т.б. үзінділер көрсетіп отыруға толық жағдай бар. Ал, тыңдаған шығармағаның  дыбыс тембрін, әуен құрылымының әдемілігін, әр түрлі аспаптар дыбыстарының айырмашылығын айыру арқы-лы оқушылардың есту мәдениеті дамиды. [17]

    Көрнекі құралдар мен техникалық құралдары қолдану тәсілін тиімді   ұйымдастыру үшін: музыка сабағын жаңа  заманға сай өткізуге қойылған   талаптарды ескеріп, оқушыларға жан-жақты тәрбиелі білім беру   мақсатын-да оқу процесінің деңгейін тек жалпы пәндер  арқылы  ғана емес, сонымен   қатар музыка сабағын жоғары дәрежеде өткізу арқылы жүргізу керек. Музы-ка сабағында көрнекі құралдарды, техникалық құралдарды, бейнелеу   (көркем суреттерді), телеэкранды т.б.тиімді пайдалану арқылы музыка   пәнін оқыту одан да сапалы, нақты деңгейде болады. Көрнекі құралдарды орынды қолдана білу арқылы оқушылардың музыкалық шығармаларды терең түсініп, қабылдау, талдай білу қаблеттерін дамытамыз, музыкалық образдарды   қабылдау дағдыларын қалыптастыра   отырып, музыкалық білім деңгейлерін, ойлау, түсіну сезімдерін бойларындағы шығармашылық қаблеттерін жетілді-ру мүмкіндігін дамытамыз. Оқушылардың музыкалық шығармаларды қабыл-дау мүмкіндіктерін жақсарту үшінміндетті түрде көрнекілік, техникалық құралдарды комплексті түрде қолдану керек: а) көркем әдебиеттер (сазгерлер туралы оқулықтар, брошюролар, журналдар т.б.). б) техникалық құралдар (магнитофон, күй табақтар, телевидео аппаратуралар, т.б. ).

    Оқушыларға музыкалық — эстетикалық тәрбие беруде негізгі рөл   атқара-тын жан — жақты талапқа сай жабдықталған музыка кабинеті болуы керек. Ән сабағында музыканың үнін бірден қатты шығармай, дыбыс күшейткішті бірте — бірте көбейту арқылы өз деңгейіне жеткізу   керек. Музыканың   үнін   өте қатты шығару оқушылардың музыкалық шығарманы сүйсіне тыңдауына кедергі келтіреді. Ал музыкалық шығармаларды күй табақтан тыңдатқанда тыңдатылатын шығарманың басталатын жерін алдын — ала белгілеп, дыбыс күшейткішті басып қойып, шығарманың сол екендігіне көзі жеткеннен  кейін   ғана дыбысты біртіндеп қосу керек. Сондықтан қатар, оқытушы тыңдатыла-тын музыкаға байланысты   компьютер арқылы немесе плакаттар арқылы,  көркемсуреттер қолданатын болса алдын — ала дәл кезінде ғана пайдалана-тындай етіп дайындап қоюы керек. Ал,  қоданып   болғаннан кейін суреттерді жинап, компьютердегі бейнені айырып тастауы керек. Бұлардың барлығы оқушылардың көңілдерін алаңдатпай зейіндерін тиянақты  білімге, тыңдауға   жұмылдыруы үшін өте қажет. Музыканы тыңдау арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің негізгі мақсаттары жүзеге асады. Сонымен бірге  бұл музыканы тыңдаумен қатар оны қабылдау арқылы басқа ғылыми   сала-ларын жетік меңгеруге үлкен септігін тигізетіні   анық. Музыканы сезінген   бала, ол математика пәнін жетік меңгеріп, жоғары көрсеткіш көрсететіні  баршаға аян. Музыканы сезініп қана қоймай, оны көз алдына  елестете білген   оқушы ана тілі мен әдебиет пәндерін жетік меңгеретін болады. Кейбір балалар  музыканы жай ғана тыңдап,  ешқандай  әсер, сезіну, қобалжу,  эмо-циялық   әсер ала  алмаса, ол оқушы музыкадан басқа жалпы пәндерден білім   көрсеткіші төмен болады. Музыка дұрыс түсініп тыңдап білуге тәрбиелеу   арқылы оқушылардың ой — өрісін, сезімін, санасын, қиялын, талғамын жалпы өнерге деген сүйіспеншілігі  мен мәдениеттілігін  дамытамыз. Ұлы ғалым Чарльз Дарвин былай  деген: «Егер маған қайтадан екінші рет өмір сүруге тура келетін болса, мен белгілі  мөлшерде өлеңдерді  оқып,  белгілі мөлшерде әрі кеткенде музыканы  аптасына  бір рет тыңдауы өзім үшін  ереже еткен болар едім… Бұл талғамдардан айырылу бақыттан айырылумен тепе – тең». Музыкалық шығарманы қабылдау үрдісі үстінде оқушы оны толық тыңдайды, бірақ толық түсіндеуі немесе мүлде түсіне алмауы мүмкін, әғни оқушының музыканы тыңдаудағы тәжірибесіне байланысты. Музыкадағы барлық оқиға желісі дыбыс үнінің құдіретті тілі арқылы беріледі. [19]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КЕСТЕ № 6

                МУЗЫКАҒА ЭСТЕТИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТЫ

                                       ҚАЛЫПТАСТЫРУ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КЕСТЕ №7

                    МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ МІНДЕТТЕРІ

 

                    Музыкалық  тәрбиенің  міндеттері

 

 

 

 

 

 

 

                  2.2. Музыка тыңдаудың жан – жақты  әдістері.

     Мектеп оқушыларының музыканы қабылдауы негізінен музыка сабағын-да  қалыптасады. Музыкалық  шығарманың   мәнін  түсініп  қабылдау үшін,  оқушы музыка өнерінің өзіндік ерекшеліктерін айқын аңғарып, табиғат   құбылыстарын, өмір шындығын музыкалық дыбыстар қандай жолмен бей-неленетінін түсінуі қажет. Музыка тілі — өнердің  басқа салаларымен салыс-тырғанда күрделі тіл. Оның күрделілігі музыкалық шығармалардағы мәнер-леу құралдарын,  бейнелер мен суреттеулерді әдебиет, бейнелеу өнері мен театрдағыдай көрнекі түрде, көзбен көре алмайтындығымызда. Музыка өнерінде айтылатын ой  мен оқиға дыбыстар арқылы беріледі. Сондықтан музыканы қабылдауды оқушылардың бойында қалыптастыру елеулі қиын-дықтар тудырып, жан — жақты ойластыруды қажет етеді. Музыка өнерінің ерекшелігі — сөз бен тіл жеткізіп айта алмайтын адам жан дүниесіндегі құбылыстарды, сезімді дыбыс арқылы беруге мүмкіндік туғызуында. Музыка таза сезімге яғни эмоцияға әсер ете отырып, адамның қиялымен көңіл  күйіне байланысты қабылданады. Музыканы  қабылдау үрдісі туралы  орыс ғалымы  О.Апраксина: «… кез келген қабылдау күрделі үрдіс, оған түрлі сезім мүшелері қатысады, нәтижесінде күрделі шартты рефлекторлық   байланыс-та жиынтығы түзіледі. Музыканы қабылдау — оның мәні шындықтың  көркем   бейнесін музыкалық   шығармадан  ести алу және оның мазмұнын көркемдік бірлік ретінде сезіне отырып бастан кешіре білу  қаблеті» — деп атап  көрсетті. Музыкалық шығарманы қабылдау үрдісі үстінде оқушы оны толық тыңдай-ды, бірақ толық түсінбеуі немесе мүлде түсіне алмауы мүмкін,  яғни оқушының музыканы тыңдаудағы тәжірибесіне байланысты. Музыкадағы барлық оқиға желісі дыбыс үнінің құдіретті тілі арқылы беріледі. Сөзі жоқ, ішкі мазмұны музыка тілі арқылы берілетін күрделі шығармалардың негізгі өзегі оның әуені болып табылады. Музыкалық шұығарманы  қабылдау  үрдісі  музыкалық шығарманы тыңдау мен қатар, есіте алу үрдісі ретінде қарасты-рылады. Музыкалық шығарманы қабылдап, түсіну үшін музыканың мазмұ-нын түсіну қажет. Музыкалық шығарманың мазмұнын ашуда сазгер   тыңдаушы  мен орындаушының мүмкіндігі, талғамы  мен талаптарын ескере  отырып белгілі бір жанр ерекшеліктерімен ұштастырады. Тыңдаушы   музы-калық шығарманың мазмұнын барынша жете түсіну үшін музыкалық   жанрлардың (ән, күй, би,марш) жасалу ерекшеліктерінің  мәнін  білуі керек. Сондықтан да оқушылардың музыканы қабылдауын тәрбиелеуде музыканы   тыңдап қана қоймай, олардың музыка жөніндегі қорының  өсуіне, талдай   білу қаблетінің  дамуына да ерекше мән беріледі. [20]

    Оқушыларға музыканың құрамдас бөліктерін әсем әуені, үнінің әсерлігі,  аспаптық ерекше бояуы, қою гармониялық  негізін жеке дара емес, бір тұтас   шығарма  ретінде түсіндіру қажет. Оқушының музыка жөнінде дұрыс пікірі   қалыптасуы үшін, музыкалық шығарманың мазмұнын құрайтын элементте-рі: әуен, ырғақ, саз, гармония (үндестік), дыбыс күші, екпіні екендігін  игерту қажет. Музыкалық  шығарма тыңдату кезеңдері былай бөлінеді:

  1. Музыкалық шығарма туралы ақпарат, мәліметтер беру (музыкалық шы-ғарманың шығу тарихы, авторлары туралы мәліметтер т.б.).
  2. Музыкалық шығарманы ойнап орындап көрсету, немесе аудио – бейне жазбаларда тыңдату (қолда бар мүмкіншіліктерге қарай шығарманы   оқушы-ларға  дұрыс жеткізе білу, техникалық құралдар пайдалану).
  3. Оқушылардың музыкалық шығарма тыңдаудағы алған әсерлері туралы тадау, салыстыру, әңгімелесу, жауаптарын талқылау.

Жоғарыдағы келтірілген музыкалық шығарма тыңдау үрдісінің кезеңдері   барысында әр — түрлі  өзгеруі де мүмкін, яғни музыка пәні мұғалімінен ұс-таздық, орындаушылық, жан — жақты шеберлік қажет етіледі. Музыкалық   шығарманы талдау әңгімелесу әдісімен жүргізіледі. Көркемдеу құралын,  көркем бейнелердің жасалу жолдарын сабақтың тақырыбы ретінде алынған   белгілі бір мәселе төңірегінде талдау оқушы танымын кеңейтіп, сөздік   қорының молаюына  жол  ашады. Музыкалық шығармада адам сезіміне әсер етудің қайнар көзі — музыкалық тақырып болып табылады. Тақырып   шығар-маның мазмұнын түсінуде басты роль атқаратындықтан, оның басталуы мен аяқталуын анықтау қажет. Сондықтан шығарманы тыңдап,  талдауда  оқушы музыкалық тақырыпқа барынша зейін қоя мән беріп, сол арқылы көңіл күйдің өзгерісін бақылап сезінуге үйренеді. Музыкалық шығарма оқушының эстетикалық сезіміне  ерекше әсер етеді. Эстетикалық сезім мен эмоция, көңіл күй арқылы оқушы қоршаған ортаны әсерлене сезінеді. Музыкалық шығарманы  тыңдату әдістеріне тоқталайық:

    Оқытушының кіріспе әңгімесі. Музыка сабағында   музыкалық   шығар-маны  талдап, тыңдау екі түрлі  іс-әрекеттен тұрады.

  1. Музыкалық шығарма туралы мұғалім мен оқушының әңгімесі. (Мазмұны әр — түрлі  болуы мүмкін).

а)  әр — түрлі музыкалық аспаптар төңірегінде құралған әңгіме;

ә)  музыкалық шығарма мазмұнын түсінуге жетелейтін әңгіме;

б)  тыңдататын шығарманың шығу тарихына негізделген әңгіме;

    Әңгіменің мазмұны оқушының тыңдайтын музыкаға қызығушылығын   арттыратындай болуы қажет. Оқытушының әртүрлі мағлұматтар беруі   арқылы, оқушылардың дүние танымы  кеңейе   түседі. Сабақта тыңдалатын   музыкалық шығарма әртүрлі аспаптарда ойналады. Оқытушы тыңдатар   алдында аспапты сипаттап, ойналу ерекшелігіне тоқталса, суретін, мүмкүін-дікке қарай аспаптың өзін көрсете, оның ойналған   кезіндегі үні  оқушыға   анағұрлым әсерлі болары анық.

    Мысалы: сабақта өтілетін материал халық аспаптары туралы болса, яғни халықтың көне аспаптарымен таныстыру, мұнда оқушылар қазақ халқының музыкалық аспаптарға бай екенін біліп, олардың әрқайсысының   ерекшелік-тері туралы  түсінік   алады. Бағдарламада халық аспаптарының жіктелуі яғни классификациясы берілген. Оқытушы әр аспаптың құрылысымен, дыбыс бояуымен таныстыра отырып, олардың халық өміріндегі қызметі туралы айтуы тиіс: шыңдауыл аңға  шыққанда, керней мен дабыл әскери дабыл (белгі) беру үшін  пайдаланылса, ал сыбызғы мен шертерді малшылар қолданған. Оқушылар бұл ретте аспаптардың ерекшеліктерін игере отыра, олардың музыканың мазмұны мен сипатына әсер ететінін де байқап  түсінеді. Сабақта тыңдалатын шығармалардың барлығының алдында кіріспе әңгіме айтыла бермейді. Кейде оның орнына оқушыларға тақырыпты түсіндіруге бағытталған мақсат қоюмен шектеледі. Тыңдатар алдында қойылатын   мақсат шығарманы қабылдауда тікелей басшылық   рол атқарады. Шығарма мазмұнына оқушылар жете көңіл аудару үшін, оқытушы олардың бұған дейінгі біліміне сүйене отыра жүргізеді. [23]

    Музыкалық шығарманы ойнап көрсету. Музыкалық шығарманы  талдап,  тыңдатудың екінші жағы музыкалық шығарманы ойнап көрсету болып табылады. Оқытушы шығарманы өзі ойнайды немесе күй табақтан тыңдата-ды. Аспапта ойнауға оқытушының мүмкіндігі жетпеген жағдайда, музыка-лық шығарма тыңдатылады, себеі күрделі шығармалардан үзінді орындаған симфониялық оркестрдің құрамындағы сан қырлы аспаптардың бояуын ешқандай орындау ауыстыра алмайды. Оратория, кантата, опера,  симфония-дан алған үзінділерді күйтабақтан тыңдатқанда ғана сабақ мақсатына  жетеді.

    Музыкалық шығарманы талдау әдістері. Шығарманы тыңдап болғаннан кейін оның мазмұныни түсінуге бағытталған сұрақтар жүйесін   сабақтан бұрын жан — жақты ойластырып алу қажет. Бұл мәселеде оқытушы белгілі бір жұмыстарды талдау арқылы оқушыларға нені меңгеретінін өзі анықтап алады. Қойылатын сұрақтар жүйесін дайындауда тағы бір ескеретін мәселе сабақ өтілетін сыныптың жалпы музыкалық мүмкіндігі, жабдықталу деңгейін ескере отырып, нақты сұрақтар жүйесі дайындалады. Олар анық, қысқа, дұрыс құрастырылып, мазмұны оқушылардың шамашарқына сай болуы керек. Сабақ барысында оқытушы көптеген жауаптарды нақты мәселеге қарай бағыттап, қажетті жауапты ала алатындай сұрақты   түрлендіре қоюға дайын болғаны дұрыс. Талдау кезінде оқытушы оқушылардың белсенділігін сақтай отырып, дұрыс жауапқа бағыттау арқылы оларды жалпы  нәрседен ең бастысын қортындылай білуге үйретеді. Музыкалық шығармаларды оқушыға үйрету үшін, оқытушы, ең алдымен, ол шығармаларды өзі жан-жақты білуі керек. Демек, музыкалық шығармаларды үйрету үшін, оқушыға әрбір шығарманы талдап, оның есінде сақталатындай дәрежеде қарапайым тілмен түсіндіре білу керек. Тәжірибе көрсеткеніндей,тек оқытушы басшылығымен үйренген музыкалық шығармалар арқылы ғана оқушының музыкалық-орындаушылық шығармалар шеберлігінің, техникасының өсіп жетілетіні біздің бұл сөзімізді растайды. Музыкалық шығармаларды үйретудің бірнеше жолдары бар, оны әртүрлі сатыға бөлуге болады. Шығарманы алғаш үйреткенде, оны оқушыға басынан аяғына дейін бір орындап шығудан бастау керек. Мұның үлкен мәні бар. Алғашқы ойыны арқылы оқушы шығарманың жалпы характерімен танысады, шығарма музыкасы оның музыкалық сезіміне айта қаларлықтай әсер етеді. Оқушы жаңа шығарманы басынан аяғына дейін ойнап танысқаннан кейін, оқытушы енді шығарманы оған өте жай ойнатып оны талдатады. [25]

 

 

 

 

 

                 ЗЕРТТЕУДІҢ ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМІ

    Зерттеу жұмысының бұл бөлімінде мектепте өткен мемлекеттік педаго-гикалық тәжірибе кезеңіндегі жүргізілген  сабақтар   үлгісіндегі оқушыларға   музыкалық тәрбие  беру үрдісі қарастырылған. Сабақтар төменгі сынып   оқушыларымен өткізілді. Жас өспірімдерге музыкалық тәрбиенің мақсатта-рын жүзеге асыру үшін оқушыларды музыкалық шығарманы орындап қана қоймай оны терең сезіммен, саналы түрде қабылдай біліп тыңдатуға үйрету керек. Егер көпшілік айтатын әндер немесе шығармалар жалпыға бірдей таныс болса, кейбір күрделі дауыста арналған немесе жеке аспапөқа арналған музыкалық шығармаларды тек музыканы терең сезініп қабылдай білетіндер ғана тыңдайды. Көпшілік қауым күрделі музыкалық шығармаларды дұрыс түсінбегендіктен оны тыңдай алмайды, себебі ондай адамдардың музыкалық түсінігі, білімі таяз. К.Маркс: «Егер де өнерден ләззат алғың келсе, онда өзіңнің көркемдік талғамың мен білімің жоғары болсын» деген. Музыка сыншысы А.Серов: «Бетховенның симфониясынан ләззат алу үшін музыканы түсініп тыңдай білуің керек» дегендей, музыканы дұрыс түсініп тыңдай білуге тәрбиелеу арқылы бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін, терең сезімін, санасын, қиялын, талғамын, жалпы өнерге деген сүйіспеншілігі мен мәдениеттілігін дамытамыз. Оқушылар мектептегі музыка сабақтарындағы ән айту процесінде музыканы сауатты түрде тыңдауды үйрене бастайды. Музыканы көңілге қондырып, жүрекке жылы тигізіп, сезе түсініп, оның сиқырлы әлеміне бойлау үшін ең алдымен оны дұрыс тыңдай білу өте қажет. Музыка сабақтарында музыка тыңдау процесінің мақсаты музыканттар дайындау емес, жалпы жас өспірімдердің өнерге деген мәдениетін көтеру, қазіргі заманның талабына сай тәрбиелеуге бағытталған адамгершілігі мол, нәзік сезімді, қайырымды, мейірімді, шығармашылық қаблеттері мол ұрпақ дайындауға көптеген әсері бар құралретінде пайдаланатын жұмыстардың бірі болып есептеледі.

    Өйткені, музыкалық шығарманы адамның руханиазығы десек қателеспей-міз. Музыканың үні арқылы адам баласының сезімі қалыптасады. Сезім арқылы адам түсінеді, дүниеге деген көзқарасы қалыптасады. Қандай да музыкалық шығарма болмасын адамның өмір тарихымен, сол адам өмір сүрген қоғам тарихы арқылы туындайды. Оған мысалға көптеген музыкалық шығармаларды алуға болады. Бірақ, олар туралы музыка тыңдаудың әдіс-тәсілдерін үйрету барысында тереңірек тоқталамыз. Ал сол музыканы тыңдауды үйретуді баланың жас кезінен бастап қалыптастырған дұрыс. Қазақ халқының ұлттық музыка мәдениетінде бар жанрлардың түрлері, халық әндері мен күйлері мол. Музыканы тыңдау және оны қабылдау музыкалық іс-әрекеттердің (ән айту, музыка тыңдау, музыка сауаты) барлық түрлерінің нәтижесінде қалыптасады. Музыка тыңдау процесі кезінде оқушылардың зейнін, эмоциялық сезімдерін, ойлау, тұйсіну қаблеттерін дамытамыз. Музы-каны тыңдау, оны қабылдау неден басталады десек, ол тыныштықтан басталады дер едік, өйткені музыканы қабылдай білу ең алдымен ұқыпты-лықты, зейінділікті, тыныш тыңдай білуді талап етеді. Сонда ғана әуенсаз көңілге жайлы, ақылға қонымды адам сезімін жылжытатын әсер берері сөзсіз. Ал кез келген музхыканы бірден қатарынан талғамсыз тыңдауға болмайды. Бұл біздің түйсігімізді, нәзік сезімімізді әлсіретеді, бара-бара әрбір үннің әуезін, әрбір әуеннің иірімдерін сезіну қаблетімізді кемітеді, сөйтіп музыканың эстетикалық мәнін жоғалтып аламыз.

Сабақтың тақырыбы: «ӘН ЕРКЕСІ, ЖЫР СЕРКЕСІ — АҚАН».

Сабақтың мақсаты:Ақан сері.  

  1. Білімділік: Ақан сері әндерінің өз өмірімен байланысты  туралы   айту.   Оқушылардың  ән айту дағдысын қалыптастыру.
  2. Дамытушылық: Оқушылардың ән иірімдерін дұрыс ести білу, мело-диялық ерекшеліктерін сезіну  қаблттерін   дамыту,  әнді   жұрыс   орындауға   машықтандыру.
  3. Тәрбиелік:  Оқушы бойында эстетикалық тәрбиені қалыптастыру.

Сабақтың түрі: бекіту сабағы.  

Оқыту технологиясы: ұжымдық оқыту.

    Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, практикалық   жұмыс ,  өзбетімен жұмыс істеу, ішінара іздену, ән айту, музыка тыңдау.

    Оқытудың техникалық құрал–жабдықтары: графопроектор,  магнито-

фон, касет — дискалар, домбыра, баян.

    Көрнекіліктері: Ақан серінің портреті, оқулықтар, үлестірме қағаздар,  сөзжұмбақ және тапсырмалар жазылған слайдтар, тірек  сигналдары.

    Музыкалық жұмыстар:

Ақан сері әндері «Қараторғай», «Құлагер», « Балқадиша».

    Сабақ барысы:

Сабақтың эпиграфы ретінде «АҚАН СЕРІНІҢ СӨЗІНЕН ӨМІР

СҰЛУ» деген М.Жұмабаевтің сөзі алынды.

І.   Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.   Үй тапсырмасын тексеру.

Үй тапсырмасы бойынша негізгі сұрақтарды слайдқа жазып көрсету.

  1. Ақан сері Қазақстанның қай аймағының әншілік мектебінің өкілі?
  2. Ақан сері қай жерде, қай жылы дүниеге келді ?
  3. Ақан серінің азан шақырып қойған аты.
  4. Ақанның жүйрік аты мен қыран бүркітіне арнап шығарған   әндері   қалай   аталды ?
  5. Ақанның қандай әндерін білесіңдер ?

ІІІ. Бекіту сабағының мақсатын айту.

Ақан  әндерінің   шығу   тарихы   мен   ерекшіліктері   туралы   айта   отырып,   алған білімдерін   кеңейту.

ІҮ. Оқушы білімін жан–жақты тексеру.

Топтық жұмыс.

  1. «Адасқан әріптер» ойны.

Мақсаты:

    Оқушылардың танымдық қаблеттерін жетілдіру, байқампаздық   логика-лық  ойлау  қаблеттерін  жетілдіру.

    Оқушылардың танымдық–қызығушылық қаблеттерін   дамыту,  сөйлеуге,  ой  жүгіртуге, дәлелдеуге үйрету.

1 – тапсырма

а)   Көп адамдардың бірігіп ән айтуын не деп айтады ?

ә)   Музыкалық ладтың неше  түрі бар ?

2 – тапсырма

а)   Бір әннің екі дауыста орындалуы қалай аталады ?

ә)   Әр ладтың бірінші, төртінші, бесінші дыбыстары қалай аталады ?

3 – тапсырма

а)   Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын атау.

ә)   Гамма дегеніміз не ?

4 – тапсырма

а)   Біржан сал кім, оның қандай әндерін білесің ?

ә)   Сал, сері деп кімдерді атаған ?

5 – тапсырма

а)   Абай кім, оның қандай әндері бар ?

а)   Біржан кіммен айтысқан ?

Ү.   Оқушылардың ән орындау техникасын тексеру.

а)   Дауысқа жаттығу жасау.

ә)   «Қараторғай» әнін орындау.  

ҮІ.   Тірек сигналымен жұмыс жасау (слайд)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                               Ақан

 

              әнші                                                               ақын

 

 орындаушы                                                                        саятшы

 

 

              сері                                                                              аңшы

                                     сазгер          

 

 

                ҮІІ. Үй тапсырмасын беру. (қайталау)

                ҮІІІ. Оқушы білімін бағалау, рефлексия.

 

 

                                     ОТАН — АНА АЯСЫНДА

    Сабақтың білім беру мақсаты: Тақырыптарды   меңгерту   және   үйрету.   Оқушының патриоттық сезімін ән арқылы ұштай түсу.  Оқушының   ырғақты   сезіну, есту,  орындау   және   тыңдай   білу   музыкалық   қабілетін   дамыту.  Өз  отанының  адал перзенті   болуға, туған жер топырағын қастерлей   білуге   баулу.

    Сабақтың тәрбие беру мақсаты: Өз отанын шексіз  сүюге,  құрметтеуге,  қастерлеуге, оқушылардың  өз еліне деген сүйіспеншілігін   оята   отырып,  бойларына патриоттық сезім ұялату.

   Сабақтың түрі:  

Біріктірілген сабақ.

Тарих, әебиет, музыка.

    Сабақтың әдісі: Сұрақ — жауап.

    Пәнаралық байланыс: Табиғаттану, Бейнелеу өнері, әдебиет, музыка,  тарих, геогафия.

   Сабақтың көрнектілігі: Ән жазылған плакат,  Қазақстан  картасы, сазгер   суреті, баян, тест жұмысы.

    Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастырыу кезеңі:

Сыныпта балалар ең бірінші   Қазақстан   Республикасының   Мемлекеттік   Әнұранын   орындайды.

    Сөзін жазғандар:

Н.Ә.Назарбаев ,   Н. Нажмадинов.

    Әнін жазған: Ш.Қалдаяқов. Бейне таспадан   Қазақстан   елінің   жері   мен   т а б и ғ а т ы, т у ы п — ө с к е н жеріміз көрсетіледі.  Мнекей,  балалар,  біздің Отанымыз – кең – байтақ  жер. Отан – адамның туып — өскен  жері,  атамекен, ел – жұрты, сондай – ақ байлықтары,  тілі, м ә д е н и е т і,  т ұ р м ы с — с а л т, ә д е т — ғ ұ р ы п ерекшеліктері  бар белгілі бір халықтың   тарихи тұрағына айналған аймақ. Дүниежұзінде біздің елімізден басқада алуан түрлі   мемле-кеттер мен жерлер көп, бірақ адамның туған анасы да біреу, оның Отаны да   біреу ғана. Сондықтан адам, ең алдымен өз елінің перзенті, өзінің, туған   жерінің үддесіне жан – жүрегімен берілген азамат болуы керек. Отан табиғаты  ерекше ыстық. Оның тауы мен тасынан да, өзен — көлінен де,  тіпті   құмы мен шөлінен де әсем әндер естуге болады

 

                                 ІІ. Қызығушылықты ояту.                                                            

Ой шақыру:

     Отан Жанүя Туған жер Қазақстан

     Бір мезгіл табиғатқа шығып тыңдап көрелікші.

    “Отан” әні тақтаға ілінеді

     Әні:  Л. Хамиди

     Сөзі: Д. Әбілов

       Отаным кең далам орманды

       Болаттан соғылған қорғанды

       Бақыттың, шаттықтың мекені

       Қолдаймын, қорғаймын ордамды

       Қайырмасы. 

       Туған жер-алтын таң

       Кең далам таулы орман

       Ұл мен қыз қорғаймыз

       Бақытты Ұлы Отан

       Айдын қол, дархан ел, туған жер

       Жастарың — жалынды жауынгер

       Жарқын жаз — үйрек, қаз жүзетін

       Күміс су, кең — байтақ, жасыл  бел

       Сәнді тау, бақша бау, шалқар көл

       Малға жай, кенге бай, туған ел.

       Тәтті күй, әсем би, сұлу ән

       Ойнайды ер, шырқайды ел, шаттық  жел.

    Л. Хамидидің “Отан” әні Отанымыздың кеңбайтақ екенін,  берік   шымыр   бір ауызды екенімізді жырлайды. Туған елге деген   шексіз сүйіспеншілігін,  жырлайды. Туған елге деген шексіз сүйіспегеншілігін, қазақтың   кең   байтақ   даласын, оның сұлу табиғатын  бейнелейді. Латиф Абдулхайұлы Хамиди   1906 жылы қазіргі Татарстанның Апас ауданында туған сазгер, педагог,  ҚазКСР-нің Халық артисі 1938 жылы Москва   консерваториясы   жанындағы   татар опера студиясын бітірді. 1942 жылдан  Алматы  музыка Училищесінде,  ал 1944 жылдан Алматы  мемлекеттік консерваториясында ұстаздық етті.   Л.Хамиди 1930 жылдары халық арасына кеңінен танылды. Сазгер осы   жыл-дары “Бес жылдықтың ерлері”, “Қызыл қыран”, “Отанға ант”, “ Қазақстан”, “Отан” атты вокалдық шығармаларында туған елге деген шексіз сүйіспен-шілігін,  қазақтың кең – байтақ даласын, оның сұлу табиғатын  бейнелейді. Мінекей, балалар Л.Хамиди  “Отан” әнін осындай  сүйіспеншіліктен жазған екен. “Отан” әні одан әрі баян аспабының сүйемелдеуімен үйретіледі.

Сергіту сәті:  Балалар өнер туралы нақыл сөздер айтып жарысады.

    “ Өнерді үйрен де жирен ”.

    “ Өнерлі өрге жүзеді ”.

    “ Ақыл көпке жеткізер ,

    “ Өнер көкке жеткізер ”,   т.б.

Отан туралы мақал — мәтелдер:

    “Отан” — елдің  анасы.

    “Ел — ердің анасы”

    “Отан үшін — отқа түс, күймейсің”

    “Отан үшін күрес,

    “Ерге тиген үлес”, т.б. мақалдарды балалар түсіндіреді.

  Үйге тапсырма:

  1. “Отан” әнін жаттап келу.
  2. Л. Хамиди өмірін оқып келу.
  3. Отан, туған жер туралы мақал — мәтелдер жазып келу.

    Бағалау: Сұрақтарға, тест жұмыстарына жауап берген оқушыларды баға-лап, марапаттау.

КЕСТЕ № 8

                  МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ПРИНЦИПТЕРІ

 

 Музыкалық тәрбиенің принциптері және ұйымдастыру

                                    формалары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КЕСТЕ №9                  МУЗЫКА САБАҒЫ

 

Жан мен тән жарасымдылығы

 

Мамандыққа баулу

 

Ұлттық  сана  қалыптастыру

 

Саналы  өмір  кешу

 

Табиғатты  сүюге

 

Ұлтжанды отаншыл болуға  баулу

 

Мәдени сапарларын  қалыптастыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

           
           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КЕСТЕ №10               ТӘРБИЕЛІК ҮЙІРМЕЛЕР

 

 

Кесте № 11

    Бастауыш музыка сабақтарындағы  музыкалық іс — әрекеттер

 

 

                 Музыкалық   іс — әрекет    түрі

 

                 Ән   үйрену  іс  —  әрекеті

 

                Музыкалық   шығарманы   тыңдау   немесе   қабылдау

 

                Музыкалық   сауат

 

                Музыкалық  —  ырғақтық   қимылдар

 

                Музыкалық  —  дидактикалық   ойындар

 

                Балалар   музыкалық   шығармаларды   тыңдау

 

                Балалар   музыкалық  шығармашылығы

 

 

 

 

 

 

 

Кесте № 12.

 

 

                   Музыка сабағындағы іс-әрекеттер арқылы

                 оқушыларға музыка тыңдаудың көрсеткіштері

 

 

 

 

 

  Музыкалық  іс — 

   әрекет  түрі

   Іс  шараға  дейін

Іс  шарадан  кейін

   Музыкалық

     шығарма 

       тыңдау

 

    60                     40

 

  30                      70

 

      Ән   үйрену

 

 

 

    70                      30

 

   40                      60

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орта  деңгей                                                        Жоғарғы  деңгей

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                 Қортынды

    Музыка тыңдату — баланы жан – жақты дамытудың негізгі әдісі. Музыканы тыңдату арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің  негізгі   мақсатта-ры жүзеге асырылады. Сонымен бірге музыканы тыңдаумен қатар оны   қабылдау арқылы басқа   ғылыми салаларын  жетік  меңгеруге үлкен  септігін  тигізеді. Қазіргі кездеі музыка сабақтарындағы іс — әрекеттер негізінде сынып   оқушылары жалпы музыкалық  мәдениеттілікке, ән орындау  мәдениетіне,  музыкалық  шығарманы  тыңдау  мәдениетіне   тәрбиеленеді.  Бұл   кешенді   үрдісті ғылыми — әдістемелік тұрғыда, дұрыс  жүргізіп,  оқушыларға   сауатты   музыкалық білім беретін музыка пәні маманы болып табылады.

    Музыка сабақтарындағы музыкалық іс — әрекеттерді  бір — бірімен тығыз   байланыстыра білген де ғана, оқушылардың  музыкалық   материалды игеру   мүмкіндігі арта түседі. Музыка сабағындағы музыкалық репертуарлар  халық  музыкасы, сазгер музыкасы  және де  әлемдік музыкадан тұрады, осы музыка   үлгілерін игеру арқылы оқушыға музыкалық тәрбие беру жұмыстары жүргізіледі.

    Зерттеу жұмыстары барысында   музыка   сабағына   сараптама — анықтама жасалды. Негізгі музыкалық іс — әрекеттер ән орындау мен  музыкалық   шы-ғарманы тыңдату арқылы оқушыға музыкалық тәрбие беру үрдісі зерттеліп,  әдістемелік тұжырымдамалар жасалынды.

    Менің дипломдық жұмысымның “Музыка тыңдаудың маңызы мен   мақсаты”, музыканы дұрыс түсініп тыңдай білуге тәрбиелеу   арқылы   оқушы-лардың ой — өрісін дамытуға тырыстым. Музыканы, өнердің басқа салалары сияқты, көзге көрсете, қолға ұстайтындай етіп жасауға болмайды. Оқушылар-

дың ойөрісінің кеңейуіне әсем әуендер арқылы әсер етеді.  Музыка  тыңдауға барлық адам да қабілетті. Бүгінгі жұмыста тақырыптың көкейкестілігін, нақты мақсат міндеттерін, әдісін, кезеңдерін, теориялық  бөлімі  зерттелді.

    Практикалық екі экспериментпен мақсатын қойып, сауалнама сабақтар   жүргіздім, оның нәтижелерін таблица арқылы  пайызбен, музыкалық   бөлім   деңгейлерін анықтап, сол  нәтиже бойынша  бірнеше сабақтар, сыныптан   тыс Ақан сері әндерінен тәрбие сағатын өткіздім. Музыка сабақтарында дидактикалық көрнекіліктерді қолданудың маңызы зор екенін зерттеп, әдістерінің маңызының зор екенін дәлелдеуге тырыстым. Музыкалық аспап-тарды,  балалар әндерін талдау, музыкалық  ырғақтың   қимылдар  түрлерін кесте арқылы берілді.

    Музыканы тыңдап оны түсіне білу — адам үшін рухани байлық. Музыканы   ұға білген адам ғажайып сарайға еніп, керемет музыка санынан ләззат алып, онымен тілдескендей сезінетіні, оның музыкатану ой — өрісі  кеңейе  беретіні сөзсіз екенін айттық.

     Қорыта айтарымыз ғасырлар бойы, тәуелді бодандықта келген бұқара қазақ халқы, болашақ дәуірде еңсесін көтеріп ұшан-теңіз білім, техника, ғылым, музыка, мәдениет сарайында қол сермеп, ұлттық түрлі мазмұнды халықтың өнерін өркендетіп дамытуда. Тұжырымдап айтар болсақ мына төмендегі ұсыныстарға келеміз:

    — Қазақ халық ән-күйлерінің шығу тарихы, халық музыкалық шығармалары жайлы оқушылардың білімдерін, ой-өрісін кеңету, оны саналы жан дүниесі-мен қабылдап, түсініп, тыңдай білуге тәрбиелеу;

    — Жас ұрпақтың бойындағы шығармашылық музыкалық қаблеттерін дамыту (музыкалық әуенді есте сақтау, ырғақты ұға білу, екпінді түсініп байқау, көркемдік счипатына мән беру т.б.).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                     Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

  1. Жалпы білім беретін қазақ орта мектбінің ән – күй сабағынан   арналған   «Мұрагер» бағдарламасы 1–4 сыныптар. – Алматы,- ,1994  жыл. [6-13]б.
  2. Музыка Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандар-ты мен жалпы білім беретін оқу бағдарламалары (І,ІҮсыныптар). (Бірлес-тікте : Құлманова.Ш.Б. , Оразалиева М. Сүлейменова Б.) Алматы, 1999 жыл. [23-29]б.
  3. Ұзақбаева С.А. Өміршең өнер өрісі. Алматы, 1982 жыл. [103-110]б.
  4. Балтабаев М.Х. Фальклор және вокалді — аспаптық ансамбльдер (әдістеме-лік құрал) — Алматы, 1989 жыл. [57-60]б.
  5. Әбілова З. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру (әдістемелік құрал) – Алматы , 1972 жыл. [8-15]б.
  6. Ай, заман – ай (бес ғасыр жырлайды) құрастырған М.Мағауия, М.Байділ-даев. 11 томдық – Алматы , 1991 жыл. [65-72]б
  7. Кабалевский Д.Б. музыка туралы әңгіме — Алматы , 1987 жыл. [105-120]б.
  8. Э.Б.Абдуллин, Е.В.Алколпев Музыкально педагогически учителя музыки.   Оқу құралы 2005  жыл. [13-20]б.
  9. Р.Қ.Дүйсенбінова Музыкалық білім беру педагогикасы. Талдықорған 2006 жыл. [127-132]б.
  10. Музыка әлемінде журналы 2006 жыл. [8-9]б.
  11. Ә.Қоңыратбаев «Қазақ фольклорының тарихы» Алматы, 1991жыл. [85-97]б.
  12. Т.Ә.Сүлейменова «Бастауыш сыныптарда музыка пәнін оқытудың әдіс-темесі» Астана 2003 жыл. [10-12]б.
  13. М.М.Ахметова Б. Ерзакович А.К.Жұбанов Советтік Қазақстан музыкасы. Алматы 1975 жыл. [18-21]б.
  14. Б.Охатов Көркемдік ізденістер. Алматы 1991 жыл. [97-105]б
  15. Д.Б.Кабалевский Музыка туралы әңгіме. Алматы 1987 жыл.
  16. М.Мағауий Ғасырлар бернесі. Алматы 1991 жыл. [80-85]б.
  17. Ғ.Құрманғалиева «Әнші даусы» Алматы 1987 жыл. [7-11]б.
  18. Бастауыш мектеп журналы 2002 – 2004 жыл.
  19. А.Ромытбеков Күй қайнары курсы. Алматы 1990 жыл. [21-27]б.
  20. М.Қ.Қыдырбекова «Музыкалық тәрбие беру» Астана 2003 жыл. [15-18]б.
  21. Б.Сарыбаев «Қазақтың музыкалық аспаптары» Алматы, «Өнер» 1981 ж.
  22. Р.Сүлейменов, Г.Жұмалиева «Музыка пәнін оқыту әдістемесі» (Бастауыш сыныптырға арналған) Оқу-әдістемелік құрал. Астана, «Фолиант» 2008 ж.
  23. С.Қалиев, Ж.Молдабеков, Б.Иманбекова «Этнопедаголгика» Оқулық Ас-тана, «Фолдиант» 2007 ж. [107-115]б.
  24. С.Г.Губашева, А.Ж.Отарбай «Тәрбие жұмысының әдістемесі» Оқулық Астана, «Фолиант» 2007 ж.
  25. С.Ұзақбаева «Тамыры терең тәрбие» Алматы, «Білім» 1995 ж. [25-28]б.
  26. С.Ұзақбаева «Өміршең өнер өрісі» Алматы, 1988 ж.
  27. Т.Ә.Қышқашбаев «Қазақ халық аспаптық музыкасы бастауыш сынып оқушыларына музыкаалы-эстетикалық тәрбие беру». Пед. Ғылым. Канд. Дисс. Автотеф-Алматы, 1992 ж

                                             Түйін

    Жұмыста музыка тыңдауды ұйымдастыру әдістері қарастырылған.  Ғылыми тұрғыда зерттелген. Музыка  тыңдаудың   мақсаты   мен   міндеттері   қарастырылған. Музыка тыңдауда тәрбие мен  оқыту   міндеттерінің   бірлігін   керектігі  айтылған. Музыкалық шығарманың ынтамен жоғары көңіл – күймен қабылдауына, көркем образдың ашылуы ерекше әсерленген.   Музыка дегеніміз-өмірдің бір бөлігі. Күнделікті өмірдің өзі әр адамға   музы-ка тіліменен жетеді.

 

 

 

 

                                           Аннотация

   

      В работе рассматривается принцип единства воспитания, обучения,  раз-витя.

    Научить детей правильно петь, овладеть необходимым минимум   писим-ного репертуара.  Прибыть навыки  слушания   и   элементарного   анализа   музыкальных   произведений.

   Формирование духовой културы учащихся средствам музыки.   Эмоция-нальное воспитание. Музыка – важнейшее средства воспитание учашихся.

 

 

 

 

 

 

 

                                           Annotation

 

    Nowadaуs in training tne all round skilled specialists   of  music  it  is  important   to bring  up a musician who knows   his   national   music.  If  the  future  musician  respects  his  nation,  he  must  know  the  Kazakh  musicians  heritage.  Forming   the  spiritual   culture  in  students   via  music  is  the  basis  for  bringing  up  a  highly  educated  citizen  of  En  depend  Kazakhstan.