АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. XIV — ғасырдың екінші жартысындағы Моғолстанның ішкі және сыртқы жағдайы

XIV — ғасырдың екінші жартысындағы Моғолстанның ішкі және сыртқы жағдайы

 

 

Жоспар

 

Кіріспе……………………………………………………………………………………………………..3-7

 

  1. Моғолстан мемлекетінің құрылуы және этникалық құрамы…………………7

1.1. Моғолстанның алғашқы хандары……………………………………………8-16

1.2. Моғолстан халқының этникалық құрамы…………………………………….16-26

 

  1. Моғолстан мен Әмір Темір арасындағы соғыстар……………………………….27

2.1. Мәуреннахр мен Моғолстанның қарым –қатынысы……………………..27-33

2.2. Моғолстан билеушілерінің Әмір Темір шапқыншылығына қарсы күресі……………………………………………………………………………………………………..33-38

 

Қорытынды……………………………………………………………………………………….38-39

Пайдаланған деректермен зерттеулер тізімі………………………………………40-41

 

 

Кіріспе

 

         Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің өз дамуында сапалы жаңа кезеңге аяқ басуынан туындайтын міндеттер мен мақсаттарға байланысты. Олардың қатарына отансүйгіштік, патриоттық рухта тәрбиелейтін ұлттық құндылықтарымызға құрметпен қарауға жетелейтін тарихи кезеңдер мен оқиғаларды жан-жақты зерделеу жатады. Әсіресе, халқымыздың өз алдына отау тігіп, тарих сахнасына шығуын, этникалық бастауларын зерттеудің ғылыми- практикалық маңызы ерекше.

         Орта ғасырлар мен қазіргі заманымыз арасында бірнеше ғасырлар өтіп, сол дәуірлердегі саяси үрдістер ауылы алыстағанмен, оның салдарлары әлі де аса маңызды. XIV ғасырда оңтүстік-шығыс Қазақстан және Қырғызстан территориясында құрылған Моғолстан мемлекеті, монғол жаулап алушылығының нәтижесінде үзіліп қалған интеграциялық процестерді одан әрі қайта жалғастырды. Моғолстан мемлекеті Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасты. Бұл мемлекет Шығыс Түркістаннан бастап Жетісу өңірінен Оңтүстік Сібірге дейінгі көлемі зор, таулы-тасты, өзенді-көлді, ашық далалы, орман –тоғайлы жерлерді мекендеген түркі тектес тайпалардың басын қосты. XIV- XV ғасырларда Моғолстан орта ғасырлық авторлардың деректерінде мемлекеттің құрылу кезеңіне қарай «Моғол» атты этникалық саяси біртұтастыққа бірігудің ұзақ араласу және сіңісу процесінен өткен жергілікті турік және түріктенген монғол тайпаларының мемлекеттік саяси бірлестігі болды. Моғолстан мемлекеті, Қазақ хандығының құрамына еніп, қазақ халқының да құрылуының аяқталуында зор үлес қосты. Моғол тайпаларының жеріне уақытша қоныстанушы болып келе, енді біртіндеп, ол хандықты жұтып қояды. Оған басты үлкен себеп, жергілікті Жектісулық түркі тілдес және түтіктенген басқа тайпалардың жаңа құрылған қазақ хандығын қолдап олардың жағына шығуы. Бұлардың бірін-бірі қолдап қазақ хандығын қолдауындағы және басты бір себеп, олардың этникалық жағынан болсын бір- бірімен  туыстық жағы басым болған. Сол себептен де бұл мезгілде Жетісу аумағындағы бұрыннан өмір сүріп келе жатқан этникалық құрамдар мен жаңа келген этникалық құрамдардың арасындағы табиғи туыстық байланыстың тарихын, Моғолстанның феодалдық қатынастарға байланысты, ішкі саяси талас- тартыстың әсерінен хандықтың құрылуын көрсеру өзекті болып отыр.

         Мәселенің зерттелу деңгейі. Жетісудың саяси және этникалық тарихының зерттелуі орыс және кеңес дәуірінің тарихшыларының еңбектерінде кездеседі. В.В. Бартольдтың «Очерк истории Семиречья» еңбегі осы күнге дейін Жетісудың ежелгі ғасырдан XVIII ғ, ортасына дейінгі саяси тарихы туралы толық мәлімет береді. «Моғолстан» атты тарауында атақты орыс шығыстанушысы мемлекеттің саяси тарихы туралы нақты және басты оқиғаларына қысқаша тоқталып өтеді. В.В. Бартольдтың басқа еңбектерінде де Оңтүстік – Шығыс Қазақстанның территориясындағы саяси тарихы кездеседі /1/. Оңтүстік – Шығыс Қазақстанның тарихының кейбір оқиғалары С.К. Ибрагимовтың, Л.Б. Ерзаковичтің, Т.И. Султановтың және т.б. зерттеушілердің еңбегінде көрініс тапқан /44, 2/. Моғолстанның өзбек және қырғыз елімен қарым-қатынасы туралы П.П. Иванов, Б.А. Ахмедов, С.А. Азимжанова, К.И. Петров зерттеген /3,24/.

         Этникалык құрамы туралы В.В. Востров, М.С. Муканов, В.П.Юдин және О.К.Караевтің еңбектерінде кездеседі /4,6,16/.

         Қазақ зерттеушілерінен К.А. Пищулинаның еңбегін ерекше атап өту керек. Бұл зерттеуде «Юго –Восточный Казахстан в середине XIV-начале XVI веков» Моғолстан мемлекетінің құрылуынан бастап, қазақ хандығының құрылуына дейінгі кезеңді қамтиды. Яғни XIV ғ. Ортасымен  XV ғ. басындағы Моғолстаннын саяси тарихы суреттеледі. Моғолстан мемлекетінің батысында Әмір Темір ұрпақтарымен, шығысында ойраттармен күресі туралы айтылады. Пищулина, Моғолстан мемлекетінің ішкі феодалдық тартысқа және сыртқы көрші елдердің қарсылығына қарамастан, қазақ хандығы құрылғанға дейін өз мемлекетін сақтап қалды деп көрсетеді /5/.

         Н.А Аристов, А.П Чулошников, С.Асфендияров, М. Тынышпаев өз еңбектерінде Моғолстан хандығының тарихын арнайы зерттемесе де, оның тарихына қатысты тың материалдарды ғылыми айналымға еңгізді. С. Ибрагимов, А.А Семенов XIV-XVII ғасырлардағы казақстанның этникалық және әлеуметтік тарихын зерттеуде парсы, түтік деректерін жинақтау мен жариалауға зөор үлес қосып, саяси құрылымдардың өткенін зерделеді /45/.

         Аса ірі шығыстанушы ғалым- В.В.Бартольд шығыс жазба, нумизматика, эпиграфика, этнография, археология деректерінің негізінде 1988 жылы «Жетісу тарихының очеркін» жазды. Еңбекте Жетісу өлкесінің тарихы ежелгі дәуірден XVIII ғасырға дейінгі аралықты қамтылған. Зерттеудің ең ұтымды тұстарының бірі онда Шағатай ұлысының, Моғолстан хандығының тарихы баяндалған. В.В.Бартольдтың бұл еңбегі Жетісу өңірінің тарихын зерттеуге арналған тұңғыш бірегей тарихи шығарма болып табылады /31, 33/.

         В.П.Юдин өзінің мақаласында Моғолстанның этникалық құрамын және басқа елдермен қарым-қатынасын суреттейді. Ол Моғол этнонимы жайында дәйекті көзқарас танытқандардың бірі. Ғылымда тарихшы-зерттеуші В.П. Юдиннің пікіріне балама тұжырым әлі де болса айтылмай келеді /16, 17/.

         О.К.Караев та «Чагатайская область. Государство Хайду и  Могулистана» еңберінде, Моғолстанның құрылуымен XV ғ. басына дейінгі  тарихына тоқталып өтеді /6/.  

         О.Ф.Акимушкин Моғолстан мемлекетінің сыртқы саяси қатынастары туралы айтып өткен. Ол т.б. мақалаларында Моғолстан мемлекетінің территориясын көрсетеді /9/.

         Кейнгі жылдары С.Жолдасбайұлы «Жетісу тарихы» еңбегінде көрсетеді. Н.А Атығаев өзінің диссертациясанда Моғолстанның қазақ хандығымен карым- қатынасын көрсетеді /10/.

         Т.О.Омарбеков та «Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарас» деген еңбегінде Моғолстан мемлекеті туралы өзінің піқірін білдірген. А.В.Строева, А.М.Гуревич өз шығармаларында Моғолстанның тарихы және басқа елдермен қарым- қатынасын көрсетеді /7, 25,36/.

         К.А.Пищулина Моғолстан мемлекетінің тарихын арнайы зерттеп, өзінің монографиясын жариялады. Сонымен қатар Моғолстан тарихы орта ғасырлардағы Қырғызстан тарихына қатысты зерттеулерде қарастырылды. Бұл еңбектерде Моғолстан хандығының құрылуы, мемлекеттік – саяси құрылысы, этникалық топтар мен процестер, шаруашылығы, әлеуметтік құрылымы, қоғамдық қатынастары, көрші елдермен байланыстары көрсетілген. К.А.Пищулина Жетісудағы тайпалардың тарихын зерттей отырып, Моғолстандағы ру-тайпалардың қазақ халқының қалыптасуының соңғы кезеңіндегі аткарған ролін, этникалық процестердегі орнын айқындаған. Осындай тарихнамалық шолуды қорытындылай келе Моғолстан хандығының тарихы негізінен зерттелген деген тұжырым жасауға болада. Алайда хандықтағы ру-тайпалар, этникалық процестер, этносаяси карым-қатынастар толық зерделене қоймаған /5/.

         Зертеудің мақсаты мен міндеттері. Моғолстан мемлекетінің құрылуынан бастап, XV ғасырдың басына бейінгі ішкі және сыртқы саяси тарихын зерттеу. Осы мақсаттарды орындау үшін төмендегідей міндеттер қойылды:

  • Зерттеулерге сүйене отырып, Моғолстан мемлекетінің территориясы этникалық құрамын анықтау;
  • Моғолстан мемлекетінің құрылуынан бастап, XV ғасырға дейінгі аралықта болған саяси талас-тартыстарды қарастыру;
  • Осы мемлекеттің көрші елдермен болған қарым-қатынасын көрсету;
  • Моғолстан мемлекетінің билеушілерінің ұстанған саяси бағыттарын ашып көрсету.

         Зерттеудің деректік негізі. Деректерге шолу жасамас бұрын, Моғолстан мемлекетінің тарихына тоқталып өтейік. XIV ғ. Шағатай ұлысының шығыс бөлігінде орналасқан Моғолстан мемлекеті «Тарих-и Рашиди» бойынша төмендегідей территориягы қамтиды: шығысында қалмақтармен және өзіне Барыскөл, Еміл, Ертіс территориясын қамтиды. Солтүстігінде Көкше-Теңіз және Қаратау, батысында Түркістан мен Ташкентпен шектеседі, Оңтүстігінде Ферғана, Қашқар, Ақсу және Турфанмен шектеседі. Моғолстанның территориясында ірі өзендерден Джайхун (Амудария), Іле, Еміл, Ертіс, Чуйлик (Шу) және Нарын өзендері кездеседі Тоғлық Темір билік құрған жылдары Шығыс Түркістан аймағы Моғолстанның территориясына кірді. Темір жаулаушылығынан кейін Тимуридтерге қарады. Мемлекет ыдырай бастаған кезде моғолстан хандығы тек Қашғарияда болды, Жетісу қазақ хандығына, ал қырғыздар өз билігін құрды XIV ғ. аяғы –XVI ғ. басында Хайдар және басқа авторлар Моғолстан территориясы Орталық және Оңтүстік Тянь-Шань аймағын айтады. Бұл аймақты Моғол таулары деп атаған.

         Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның саяси тарихы туралы негізгі дерек Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегі болып табылады. /12/

         «Тарих-и Рашиди»-құнды еңбектің біздің халқымыз үшін маңызы зор. Бұл деректе Тоғлық Темір ханнан бастап, Абдр-Рашидке дейінгі тарихы жазылған /34/.

         Автор өзінің еңбегінде былай деп айтады: «Бұл тарихты жазуға қолға алғанда басты мақсатым Моғол хандары туралы естіген аңыздар мен өзім көріп, бірге болған хандар жайлы мен жазған болсам ешкімнің жазар түрі жоқ. Ал, өзім олар туралы жеткізе жаза аламын ба, білмеймін. Дарынсыздықтың әсерінен көп нәрсені жеткізе алмаймын ба деп қорқамын. Дүние жүзінің төрттен бірін билеген Шыңғыс ұрпақтары ішінде кейбірі мұсылмандыққа жол тартып, елді мұсылман жасауға әрекет жасаған хандар туиалы жазбасам бәрі ұмыт болып, бекер қалатын түрі бар.»

         Ал мұсылман дінінің Моғол хандығының жеріне тарау мәселесіне келгенде М.Х.Дулатидың бабаларының ішінде Болатшы мен Хұдайдаттың жасаған қызметтеріндей қызмет еткен аамдар болмаған. М.Х Дулатидың аталарының Шағатай ханға жасаған адал қызметтері үшін жеті құқық берілсе, енді Тоғлық Темір ханның кезінде Болатшыға екі құқық беріп, жалпы Дулати тұқымдарының құқықтары тоғызға жеткізілген. Ал, Қызыр Қожа кезінде ол құқық он екіге дейін жетеді. Бұл туралы М.Х.Дулати өзінің еңбегінде әр жерде жазған.

         Моғолстан хандығының тарихын зерделеуде Низам ад-Дин Шамидің «Зафарнаме», Шараф ад-Дин Али Йаздидің «Матла асса дайн ва маджма ал- бахрайн» тәрізді еңбектер дерек көздері болып табылады. Бұл деректерде Моғолстан хандарымен Әмір Темір арасындағы соғыстар туралы мәліметтер береді. Алайда бұл деректер патшаның жарлығымен жазылып отырғаны белгілі. Сол себептен де бұл деректерге сын көзбен қарау керек /13/.

         Келесі бір дерек Муин ад-дин Натанзиден мағлұматтар ала аламыз. Онда Камар ад-дин мен оның інісі Дуғлат Шамс ад-дин туралы мәліметтер көрсетілген /14, 13/.

         Зерттеудің хронологиялық шеңбері. Моғолстан мемелекетінің құрылуы, яғни 1348ж. Тоғлық Темірдің билікке келуінен бастап XV ғасырға дейінгі аралықты қамтиды.

         Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған  деректер мен зерттеулер тізімінен тұрады. Бірінші тарауда Моғолстанның құрылуы, алғашқы хандарымен этникалық құрамы қаралса, екінші тарауда Моғолстанның Мәуренахрмен қарым- қатынасы, Әмір Темір шапқыншылығына қарсы күресі көрсетілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Моғолстан мемлекетінің құрылуы және этникалық құрамы.

 

         1.1. Моғолстанның алғашқы хандары.

 

         Моғолстан Шыңғыс ханның ұлы Шағатай ұрпағы мемлекеті ыдырағаннан кейін пайда болды. XIVғасырдың орта шенінде Шағатай мемлекеті батыс және шығыс бөліктерге бөлініп кетті. Шығыс аймағы Моғолстан атанып, хан тағына Тоғылық Темір отырды. Саяси өмірдегі басты ролді дулат тайпасының көсемдері атқара бастады. Өйткені XIV ғасырдың орта кезінде дуоаттар Жетісудағы ең ірі түркі тайпаларының бірі болды. «Шағатай хан өз мемлекетін бөлгенде, ол Әмір Поладшының атасы Өртөбеге Маңлай Сүбені берді…Оның шығыс шекарасы- Құсан мен Тарбүкір; батыс шекарасы- Шаш, Ғаз бен Жакишман, оның соңғысы Ферғана уәлайатында орналасқан; солтүстік шекарасы- Ыстықкөл, ал оңтүстігінде Жарқан мен Сарыұйғыр. Әмір Полатшы билеген осы аталған бүкіл аумақ Маңлай Сүбе аталды. Сол уақытта бұл елде бірнеше қалалар болды. Олардың ішіндегі ең үлкендері: Қашғар, Қотан, Жаркент, Қашан, Ақшыкент, Әндіжан, Ақсу, Атбасы, Құсан. Осы қалалардың ішінен әмір Полатшы Ақсуды өзінің ордасы етіп таңдап алды» /35 44-45 б/.

         Моғолстан деп аталған жаңа мемлекет осылайша қалыптасып, ол Шағатай ұлысының щығыс бөлігінде ұлан-байтақ жерді алып жатты. Мемлекеттің шекарасы Мырза Мұхаммед Хайдардың еңбегі бойынша мынадай болды: «…қазіргі Моғолстан деп аталатын аумақтың ұзындығымен көлденеңі жеті- сегіз айшылық жол. Шығыс шеті қалмақтардың жерімен шектеседі және Барыскөл, Емел және Ертісті өзіне қосады. Солтүстігінде оның шекарасы Көкшетеңіз Түркістанмен және Ташкентпен шектеседі; оңтүстігінде Ферғана уәлайатымен, Қашғар, Ақсу, Шалыш және Турфанмен шектеседі.» Осылайша Қазақстанның Оңтүстік-Шығысы мен Қырғызстан Моғолстан аумағының негізін құрады. Моғолдар мемлекетінің аумағы туралы Мұхаммед Хайдар Дулати тағы да былай деп жазған: «Моғолстанда көлемі жағынан Жейхунға тең көптеген іті өзендер бар, олардың ішінде Іле, Ертіс, Емел, Шұлық және Нарын бар. Бұл өзендер Сейхуннан еш кем кмкс. Осы өзендердің басым көпшілігі Моғолстан мен Өзбекстан арасына орналасқан және оларды бөліп тұрған Қөкшетеңіз көліне құяды» /35, 45-48 б/.

         Орта ғасыр Шығыс Түркістанның авторлары айтуы бойынша қазіргі Қырғызстан және Іле ауданы кіреді. Мысалы: Заин ад-Дин Васифи Қырғызстан территориясы Ыстықкөлді қоса алғанда Қазақстан территориясына кіреді. Онда Шу Және Талас өзендері де елдерді біріктірген қазақ хандығы құрылда деп көрсетілді. Бұл территория XVIғ. дейін Моғолстан территориясына кіргізілді. Акимушкиннің де өз мақаласында Моғолстан территориясы М.Х.Дулати бойынша сәйкес келеді. Сырдария, Сарысу, Балқаш, Ертіс және Орталық Тянь Шаньнің оңтүстік бөлігі. Моғолстан Батыс-Шығыс және оңтүстік-Солтүстік жерлері жеті- сегіз айшылық жол болып табылады /35, 47-49/

         Моғолстан территориясына Шығыс Түркістан территориясының ежелгі қалалары кірген (Ақсу қаласын қоспағанда.) Бұл бөлініс XX ғасыр Парсы авторларының еңбектерінен белгілі. Бірақ та уақыт өте келе, тарихтағы оқиғаларға байланысты территориясы Жетісу және Іле мен Ертіс өзененің аралығындағы территорияны қамтиды.

         Моғолстан ордасының орныққан орталығы – Алмалық қаласы болды.

         Моғолстан мемлекетінің құрылуының себебі XIII- XIVғғ. Феодалдық қатынастың дамуы түркі хандарының экономикалық және саяси жағдайын дамытты. Монғол билеушілеріне қарсылық білдіру, олардың көзқарасымен келіспеу, Алтын Орда және Шағатай ұлыстарында күрес жүріп жатты. Жергілікті түрік халықтары өздерінің мемлекетін құру үшін күрестер жүргізді. Міне, осындай күрестің болуы, XIVғ. Оңтүстік-Шығыс Қазақстанда Моғолстан мемлекетінің құрылуын алып келді.

         Оңтүстік Қазақстан және Қырғыз территориясында тәуелсіз Моғолстан мемлекетінің құрылуына бірнеше себептер болды. 1) Феодалдық қатынастардың дамуы; 2) Монғол билігіне хандардың қарсылығы; 3)Шағатай және Алтын Орданың ыдырауы. Осы мемлекеттің құрылуы Қазақстан территориясында мемлекеттің құрылуына, яғни хандықты қалыптастыруына алғаш қадам жасалды. Мемлекеттің негізін қалаушы Тоғлық Темір болды. Тоғлық Темірдің әкесі Есенбұғаның Сатилмиш Хатун атты бәйбішесі болған, оның Меңлік атты сүйікті тоқалы да бар еді. Бәйбіше бедеу болатын. Сондықтан да ханда бала болмаған. Хан бірде жорыққа кетеді. Моғолстанның ескі әдет ғұрпында тоқалдар билігі бәйбішенің қолында болады. Егер қажет деп тапса, ол тоқалды басқа күйеуге беруге де құқылы еді. Сатилмиш Хатун Меңліктің ханнан жүкті екенін біліп қояды. Қызғаныштан оны Ширәввәль Духтуй атты сарайдағы мәртебелі әмірлердің біріне сыйға тартты. Хан жорықтан оралып, Меңлік Хатун жәйін сұрайды. Сатилмиш Хатун оған: «мен оны басқаға сыйладым,»- деп жауап береді. Хан: «ол менен жүкті еді ғой,»- деп наразылық білдіргенімен, Моғол дәстүрі солай болған соң үнсіз қалады/35, 9/.

         Коп ұзамай Есенбұға хан қайтыс болады. Моғол тағы хансыз қалады. Ұлыс күйреп бүліншілікке түседі. Осы хәлді көрген әмір Болатшы дулат менің ұлы атам, ханға екі атадан қосылатын туыс болғандықтан хан сайлауға бел буып, елде тәртіп орнату жұмысына кіріседі. Ол Тастемір есімді адамды Духтуй және Меңлік Хатунның жайын біліп келсін деп жұмсайды, егер де ұл туған болса, ұрлап алып келуді тапсырады. Тастемір бұл сапардың ұзақтығын және атты адамның көп тамақ алып жүруі мүмкін еместігін айтып әмірден үш жүз ешкі сұрайды. Әмір тілегі орындайды.

         Тастемір Моғолстанды тегіз ұзақ аралайды. Ханнан алған үш жүз ешкіден тек бір сұр ешкі қалғанда Меңлік Хатун еліне жетеді. Сұрастыра жүріп Меңліктің ханнан ұл туғанын және оны Тоғлық Темір атағанын біледі. Сондай ақ Меңліктің Дахтуйдан да Інжу Мәлік есімді ұлы барын және олардың екеуінің бірге екенін естйді. Қысқасы, ол амалын тауып Тоғлық темірді ұрлап алады да, елге бет түзейді.

         Тастемір елге жеткенде оның жалғыз сұр ешкісі қалған болатын. Сондықтан ол «көк ешкі» лақабына ие болды. Осылайша әмір Болатшыға Тоғлық темірді алып келеді. Әмір оны мұнда хан сайлайды. Тоғлық темір өз билігі дәуірінде бүкіл Моғолстанды өзіне қаратты, тіпті шағатай ұлысының көптеген ұлысын өзіне тәуелді етті /34, 51-54 б/.

         XIVғасырдың екінші жартсында Моғолстанның саяси тарихы туралы мағлұматтар аз, әсіресе ішкі өмірі жайлыкөп айтылмаған. XIVғ. Ортасында Оңтүстік Шығыс Қазақстанның және Қырғызстанның территориясында қалыптасқан жаңа мемлекеттің ішкі саясаты тарихи деректерде аз айтылған. «Тарих-и Рашиди» бойынша. Тоғлық Темір дулаттың көмегімен мемлекеттің ішкі жағдайын тұрақтандыра алды және Моғолстан территориясында орналасқан тайпалардың басын біріктіріп басқара алды. Саяси өмірде дулаттар негізгі ролді атқарғанымен, дәстүр бойынша мемлекетті Шыңғыс ұрпақтары басқарды/36, 28-31 б/.

         Моғолстан мемлекетінің ханын сайлап алғаннан кейін, дулат Әміршілері мемлекетте өз биліктерін күшейтті. Мемлекеттің ішкі саясатында ең негізгі мәселе хандықта бір орталыққа бағындыру болды. Тоғлық Темір мемлекетінің әкімшілік саяси құрылымы бойынша Әмір және ұлықбектер басқарды. 1-ші ұлықбек Әмір Тулик, содан кейін Болатшы болған. Тоғлық Темір кезінде салық мүселесіне байланысты бірнеше жүйелер пайдаланды. Мысалы: Канан бақшыдан заңсыз салық алғаны үшін шағымдар қарастырылды. Мемлекеттік жер инжу деп аталды. М.Х.Дулатидің және Махмуд бен Валидің айтуы бойынша Тоғлық темір бастаған Моғолстан халқы Ислам дінін белсенді түрде Тоғлық Темір Мәуренахрдың ханы Тармашырын және Кебек ханы Ислам дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдады. Қарахан деректерде Жетісу қалалары мен Мауренахр орталығы ислам Жібек жолы сауда қатынасы арқылы дамыды. Ал бұл кезде моғолдардың Шағатай әулеті және түріктенген моғолстан феодалдық түңірді ұстанды. М.Х.Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегі бойынша  Тоғлық Темірдің  ислам дінін кабылдау туралы былай деп атады: «Сол қала күні бүгінде құм астында жатыр, кейде жел құмды ұшырып алып кетсе, күмбез бен мұнаралардың басы қылтиып көрініп қалады. Жел қатты соқса үйлер де құмнан аршылып қалып жататын. Ондайда үйлерге енсең: «Үй жихаздарының сол қалпында сақталғанын, тек үй иелерінің ағараңдаған, қаңырап жатқан сүйегін көрер едіңіз.» Катак ірі қала бола тұра осылай құм астында қалады /9, 11, 288/.

         Қысқасы, шейх Катактан Айкөлге келді. Ол Ақсумен жалғасып жатқан өлке –тін. Тоғлық Темір Ақсуда еді. Оны Ақсуға алғаш алып келгенде жасы он алтыда болатын, ал шейхпен кездескен кезде он сегізде еді. Оның шейхпен кездесен оқиғасы былай болған еді. Тоғлық Темір аңға шығады да, бұл хабардан ешкім шет қалмасын деген жарлық береді. Аң аудап жүрген кезінде хан сарбаздары бір топ босқындарға кезігеді. Сарбаздар оларды байлап-матап хан алдына алып келіп, оларға хан бұйрығын бұзып, аңға дайындалмай келген деген айып тағылады. Хан олардан: «Сендер неге менің әмірімді орындамадыңдар?»-деп сұрайды. «Біз жат жерлікпіз, қираған Катактан келе жатырмыз, сіздің жарлығыңыздан бейхабармыз, әйтпесе бұйрығыңызды бұзбаған болар едік»,- деп жауап береді шейх. Ашулы хан: «Тәжіктер адам емес», -дейді. Ол бұл сәтте иттеріне шошқа етін беріп отырған еді, қабағын шытып шейхтан былай деп сұрады: «сен бе, әлде сенен мына ит жақсы ма?». Шейх оған: «Егер мен иманды болсам, мен жақсымын, ал имансыз болсам, менен мына ит артық »,- дейді. Бұл жауаптың ханға әсер еткені сонша, кенет шетке барып өзінің қызметшілерінің біріне: «анау тәжікті құрметпен атқа міңгізіп алып жүріңдер»,-деп бұйырды. Моғол шейхтің алдына өз атын көлденең тартты. Шейх аттың ер-тоқымына шошқа қаны тигенін көріп, одан бас тартты: «Жаяу-ақ барамын»,-деді. Моғол оған бұйрық осылай деп тұрып алады. Шейх амалсыздан иіліп тазарту үшін «мәс» жасап атқа мінеді. Осы кезде оның көзі жалғыз отырған ханға түсті, онда да қанның ізі қалыпты. Шейх қасына жақындағанда хан одан: «Адамды иттен артық ететін бұл не нәрсе?»- деп сұрады. Шейх: «Иман»,-деп жауап береді. Содан кейін жалпы ислам діні, мұсылмандық шарттары жайлы толық түсіндіреді. Сонда хан оған: «Егер мен хан болып тәуелсіздік алсам, міндетті түрде сіздің келуіңізді сұраймын. Мен исламды қабылдаймын»,- дейді. Шейхты құрметпен шығарып салады.

         Осы оқиғадан кейін Шеих хәл үстінде жатып, баласы маулана Аршададдинге болған оқиға жайлы әңгімелейді. Сонымен бірге, мынадай өсиет қалдырады: « Мен бір түс көрген едім, түсімде бір шырақты жоғары көтеріп жүр екенмін. Оның нұры бүкіл Шығыс жақты жарқыратып тұр екен. Осыдан кейін мен Ақсуда Тоғлық Темір ханға кезіктім»,- деп, өткен оқиғаны ұлына баяндайды. Менің ғұмырым жетпеді. Енді сен: «Егер сол балаң жігіт хан болса, іздеп бар, ол өз уәдесін орындауға тиіс. Сол бақыттың қолдаушысы өзің боласың. Оның мұсылман болуы бүкіл әлемді жарқыратады»,- деді» /11/.

         Біршама уақыт өткен соң, Тоғлық Темір хан болды. Осы дақпырт, хабар маулана Аршададдинге жетеді. Маулана дереу жолға жиналып, Ақсудан Моғолстанға сапар шегеді. Хан бұл кезде кемеліне келіп, айбары асқақтап тұрған еді, қаншалықты әрекеттенгенімен маулана ханмен кездесе алмады. Сонда ол әр таң сайын хан сарайына жақын арадан азан шақыруға кірісті. Бірде таңертенгісін хан өз қызметшісін шщақырып алып, былай дейді: «Сен мына дауысты естисің бе? Бір неше күн болды, таң сәріде біреу әндетіп айғайлайды. Барып біл, ол не қылған адам?»-деп бұйырады. Хан жарлығы екі болмайды. Таңғы азанын бітіртпестен сарбаз маулананы желкелей хан құзырына алып келеді.

         Хан: «Сен кімсің, таңғы тәтті ұйқының кезінде неге әндетіп айғайлайсың?»- деп сұрады. Шейх: «Мен сол баяғы өзіңіз мұсылман боламын деп уәде берген кісінің баласы кдім», -дей келе, жоғарыда айтылған оқиғаны баяндайды. Хан оған: «Сенің келгенің жақсы болды. Ал сенің әкең қайда?»- деп сұрады. Маулана: «Әкем дүниеден өткен,  бұл жұмысты маған өсмет етті»,-деді. Хан сонда: «Мен хан болған соң уәдем жайлы ойланып жүр едім. Тек ол кісінің келмей қойғанына қайран қалатынмын. Енді сен хош келдің. Не істеу керек?» —                                                                                                                                      «Сол бір таң шығыста ерекше арайлап атып еді. Күпірліктің қара түнегі түріліп, таң шапағын құрып шашты. Маулана ханды ғұсын жасатып, иман сөзін айтқызды. Хан мұсылман болды. Енді олар мұсылман дінін қалай өрістету шараларына кірісті. Әміршілерді бір-бірлеп шақырып алсақ, сонан соң бәрі ислам дінін қабылдаса мұратқа жеткеніміз, мына аятқа сай: «Бірақ кәпірлер бірігіп алып, сендерге шабуыл жасаса, сендер де бірігіп оларға шабуыл жасаңдар. Естеріңде болсын құдай қашанда діндарлар жағында».                                Сарайдағы әміршілерді кезекпен кезек шақырып мұсылман дініне кіруді талап еттіп, ұсынды. Бірінші болып шақырылған дулаттардың көсемі әмір Тулақ еді, ол мен пақыдың арқы атасы болып келетін және үкіметтің жоғары лауазымды шенінде болатын. Ол хан сөзін тыңдап болған соң көзіне жас ала отырып былай деді: «Мен осыдан үш жыл бұрын Қашқарда мұсылмандықты қабылдаған едім тек сізден именіп ағымнан жарыла алмағанмын. Енді маған бұдан артық бақыт жоқ»,- деді.Хан орнынан тұрып, қошеметпен қатарына әкелді.Үшеуі мұсылман болды. Осылайша барлық әмірлерді бір-бірден дінге шақырды. Кезек Шорасқа келген болатын. Ол діннен бас тартып былайша шарт қойды: «Егер мына тәжік Сангани Буга атты палуанмен белдеріп жеңіп шықса, сонда ғана иман келтіремін», — деді. Хан және басқа әмірлер бұған қарсы болды: «Бұл ақылсыз шарт, бассыздық»,- деді. Бұл жайды мауланаға хабарлағанда, ол келісті. «Алланың жазуы солай шығар, егер жеңіліп қалсам, оны исламға кір деуге хақым жоқ»,- деді /11, 34 46-49 б/.

         Хан оған: «Мен ол адамды білемін. Ол тайлақты көтеріп кетері хақ. Ол кәпір, адамға жатпайды»,- дейді. Маулана: «Егер Алла қолдаса күш берері сөзсіз»,-дейді. Хан да, исламға кіргендер де бұған келіспеді.

         Ел жиналып ортаға әлгі кәпірді шығарды. Өз күш қуатына масаттанған ол мауланаға тәкәппарлана, тұра ұмтылды. Қолдасқан сәтте маулана бір қолын оның төсіне қойып итере салады. Кәпір шалқасынан түсіп, есінен танды. Бір шама уақыттан соң есін жиып, мауланадан кешірім сұрап, «калима –и шәһәдәтті» аузына ала иман келтірді. Халайық қуаныштан думан ққрды. Сол бір күннің өзінде жүз алпыс мың адам келтірді де шаштарын алды. Хан бірінші болып өзін-өзі сүндетке отырғызды. Осылайша ислам нұры имансыздық түнегіне жарық сәулесін шашты. Ол сәуле Шағатай шаңырағына жайылды. Ислам дінін ханнан кейінгі, оның ұрпақтары барлық ынта – жігерімен өрістетті. Мусылман дінін кабылдамағандарды жазалап отырды.

         Mіне, бірінші он жақтағы мемлекеттің ішкі саясаты осындай негізгі саяси окиғалар болды. Осы уақытқа дейінгі ішкі жүне сыртқы саясаты деректердің жетіспеушілігіне байланысты бөліп қарастыру өте қыиын. Бірақ та Тоғлық Темір ішкі саяси ой пікірі деректерді керініс табады. Ол Мауренахрда да (оз билігін) Шағатай әулетінің феодалдар арасында қайшылықты пайдаланып, өз билігін жургізуді жоспарлады Тоғлық Темір 1-ші жорығын 761 ж. раби ас-сани айында (1360 ж ақпан-наурыз) жасады. (Ташкент қаласының маңында) Бұл кезде Тармаширин хандығының дүниеден өткеніне де отыз үш жыл толған. Осы жүз жыл ішінде Шағатай ұлысында сегіз хан патшалық құрған екен.

         Темір хан Ташкент даласындағы Ходжент езенінің маңында «чанақ бұлақ» (жаңа бұлақ) деген жерде біраз аялдап, тәре-р мекенді бекетті жиып кеңес ашады. Кеңесе келел Әміршілер мынадай шешімге келеді Керейіт тайпасынан Ұлық Тоқтемірді арқанут тайпасынан Қажыбекті, каңлы тайпасынан Бекжакты алғы сапқа жіберуді жөн деп тапты. Сырдария арқылы өтіп Шахрисябзага қарай бағыт алды. Ол елдің өзінің ішінде Әміршінің араласқан талас-тартыс болып, әмір Ходжа Хорасанға қашып кетті, ал калған түрік Әміршілері өз еркімен Моғолстанға бағынды. Тоғлық Темірдің Кеш қаласын басып алуына байланысты Әмір Темір барлас бачсын иді /23, 28-30/.

         Жаулап алынған мүлікті бөлісу үшін әскерін басшының аралас талас-тартыс болгандыктан Тоғлық Темір кері қайтуға мәжбүр болды, ягни өз жорығын жалғастыра алмады. М.Х. Дулати және Шараф ад-Дин Али Йазди бұл туралы ешқандай мәлімет бермейді. Тоғлык Темірдің сәтсіздігі әскери басшылар тек қана өзара таласып коймай, сонымен қатар ханға қарсы шьқты.

         Хан мен Өмірлердің арасында келіспеушілік болғандықтан, ойлары, алға қойган максаты бip болмағандықтан бұл жорық сәтсіз аякталды. Тоғлық Темір мақсаты әлсіреген Шағатай мемлекет калпына келтіру, күшейту болды, ал феодалдарды тек қана жаулап алған жерлерін тонап, сол байлықтардың нәтижесінде жағдайын жақсартуды көздеді /13, 57-62 б/.

   Тоғлық Темір хан Мауренахр шешімін билігіне қол жеткізуі үшін сансыз әскер жинап, келесі жорығын 762 ж. (1361 ж. наурыз, сиыр жылы) джумада-л-аудал айында осы өлкеге сапар шекті. Ол Ходжентке жеткенде Әмір Баязид жалайыр оған бағыныштылық танытып бас иді. Әмір Байан сулдуз бас игендік ниетпен оны карсы алу ушін Самарқанға дейін келді. Әмір кажы барлас алғашқыда қарсыласқанына карамастан тәуекел етіп ханның алдына барды. Осы аралықта хан Әмір Баязидті ұстап өлтіруге жарлық берген болатын. Әмір қажы барлас осыны білген соң, қорқыныштан қашып құтылуға бет бұрды жуне Кеш уүлжаятын паналады. Өз ұлысының бip бөлігін Жейхун (Амудария) өзенінің арғы бетіне көшірді. Жете әскерінің көп сарбаздарын оның соңынан қуа келіп шайқас бастады. Осы шайқаста Жугаш барлас каза тапты.Әмір кажы Хорасанға кетті. Ол Сәбзевар ужаяты, Жувейн қаласы маңындағы хараше аулына жеткенде бip топ карақшылар оны бауыры идихумен бipгe қолға түсіріп өлтірді. Көп ұзамай хорасанды жаулап алғаннан кейін, кектенген үлемді жаулаушы Сахибқыран ыза-кек Семсерімен бip топ жамағатты өлтіртті /27, 378-79/.

Жете Әміршілердің ішінде ханға еркін кipe алатын тек әмір Хамид болатын. Ол курлакут руынан еді және өз катарының парасаттысы және қырағысы, кабілеттісі болатын және де ол ханға кандай кеңес берсе де, не тілек етсе де, құпталатын. Осы аралықта ол ұлы патша Сахибқыранның шексіз ерлігі жөнінде айта келе, оған кешірімділік жасауды өтініп, араша туседі және оның иелігіндегі аймақтарға рахымсыз жасауды сурады. Хан оны муқият тыңдап, пікіріне қосыла отырып хабаршы жіберіп, Сахибқыранның алдында келуіне талап етті. Муртебелі Сахибқыран оның тілегіне орай алдына келгенде хан оны ізгі ниетпен қабылдап, құрметтеді. Кеш және Тұман аймактарының оған тарту етеді.

Хан сол қыста Әмір Хусейінмен соғысуға бел буды. Әмір Хусейін эскерін жиып Вахш өзеніне келеді және осында әскерін кос тігеді. Хан Дарбанд-и Аханиннен өткенде екі жақтан әскері бip — біріне қарсы сап түзеді Осы кезде Кейхұсрау Хотталани өз қолымен Әмір Хусейінді тастап, хан жасағына келіп қосылды. Осыны көрген Әмір Хусейін қашуға ниеттенді, ал хан қуып отырды. Жейхуннан өтіп құндызға жетеді. Оның әскерлері осы өлке мекеніне Гиндкуштің таулы асуына дейінгі аудандарды тонап, талан-таражға тусірді. Көктем мен жазды олар осы аймақтардың төңірегінде, шекті аудандарда еткізді.

Күз түсісімен, хан Самарқанға бет алады. Жол жөнекей Әмір Байан Сулдузды өлтіруге жарлық береді. Самарқанға келгенде Мауренахрдың билігі толығымен оның қолына көшкен еді. Барлық Әміршілер мен нояндар шарасыздықтан оны мойындайды. Хан сенімсіздік білдірген адамын өлтіртті, ал сеніміне кіргендерге ілтипат керсетті.

Мауренахр өлкесіне өз ұлы Ильяс Қожаны билеуші етіп тағайындады. Оған Моғолстан әскерінің көп сарбаздары мен Әміршілерін бөліп берді. Оның ішінде Бекжан сынды айбынды, тамаша Әміршілері мен батырлары бар еді. Әмір Темірді ерекше кұрметтеп өз ұлының қасына қалдырды. Моғолстан Әміршілеріне басшыльқ ету Әмір Бекжанға жүктелді, ал сол елдің билігін жүргізу жумысы Әмір Темірге тапсырылды. Әмір Бекжан хан жарлығын орындаудан бас тартып, елде қысым көрсету зәбіршілік, бүлік өpic алды, зорлык, пен жаулық жолына түсті. Бұған, яғни Ильяс Қожаның билігіне Әмір Темірмен басқа әскер басшылары карсы шықты /43, 127-35 б/.

Әмір Темір ханның жарлығының орындалмай мемлекет жұмыстары өз арнасынан ауа бастағанын, осының бәрін өз кезімен көргендіктен, енді бұл жерде қалуды жөн көрмеді Ол Әмір Хусейнді табу мақсатында жолға шығады. Осы алауыздықты пайдаланып, Әмір Хусейнмен бipгe Моғолстанды басып алуға талпынды. Ильяс Кожа оған карсы 20 мың әскер жіберді. Тоғлық — Сальдузо және Кайхосроу және т.б. эскер басшылық саны 20 адам, Буканның баласы Темір, Сарык,, Бикджиктің баласы және басқа Әміршілер «Хазара» (мыңдық) және қошым. Шайқас Пул-и Сангин тасты көпірдің жолында болды. Моғол әскер басшысының ауыз-біршілігі болмағандықтан, әр кайсысының өз мақсаты болғандықтан жеңіліс тапты./34, 55-64 б/.

Әмір Темірдің әскерлері моғол әскерін Худжаратқа дейін қуып барды. Осы уақытта Кеш каласын азат етуге әскер жіберді. Бұл кезде Ильяс Кожаның әскерінің лагері Кеш қаласынан алыс емес жердегі Таш-Аригида болды.

Тоғлық Темір кайтыс болуына байланысты 764 ж бойынша (1362-63 ж) Ильяс Қожа Мауренахрды тастап, Моғолстанға қайтуға мәжбүр болды. Бірак, Әмір Темір мен Хусейн әскерімен Қаба-Матан жерінде шайқасуға мәжбүр болды. Осы шайқаста кептеген әскер басшыларынан айырылды. Тоғлык, Темір, Бахадүр, Әмір Бекжанның ағайыны Бики, Даулат — Шах және т.б. тұтқынға Әмір Бекжан, Ескендір Оғлан, Эмір Хамид (сол канатты бастаушы), Әмір Жуніс Қожа және Ильяс Кожа. Шариф ад-Дин Йаздидің айтуы бойынша Ильяс Кожа мен Әмір Бекжанды үлкен айып пұл төлеу арқылы босатып алды. Қалған Әмірлерді ұрып соқты. Ал моғол әскерлері Ташкентке қарай қашып кетті. Сейтіп Моғолстанның алғашқы Шағатай мемлекетінің бұрынғы иелігне жасаған «проектараты» осылай аякталды. Бірақ, Ильяс Қожа хан болғаннан кейін, өзінің әскерінің ішкі саясатын, яғни Шағатай әулетін күшейту саясатын жалғастырды. 1365 ж Чинас пен Ташкенттің ортасында Сырдарияның жағалауында Әмір Темір мен Хусейіннің эскерлерімен кездесті. 1365 ж — 22- шіl мамырда болған шайқас «Балшык, шайқас» деп аталды. (Джанг-и Лой) Шайқас болып жаткан кезде жауын басталып, бұндай климатқа уйренген моғолдын әскерлері шайқаста өз-өзін ұстай алды. Ал Әмір Темір әскерлері шыдай алмады. Жауыннан кейін киімдері, қару — жарактары су болып, ауырлап тойтарыс бере алмады. Жауын кезінде Моғолстан әскерлері қошмандарын жамылды. Темір әскерлері жақындағанда қошманын шешіп, су болмаған кару-жарактармен тойтарыс бере алды. М.Х.Дулати өз еңбегінде осы шайқасты былай суреттейді. Әмір Темір сол қанаттан соққы беріп, Әмір Хамидтің бауыры Шанкум ноян баскарған жауынгердің оң қанатын талқандады. Мұны көрген Ильяс Қожа хан аттың басын кері бұрды. Жауынгердің сол канаттағы ерекше бөлімі, Шир-и-үввал мен Қажы бек бастаған колды әскердің оң қанатын талкан етіп. Тиланжи лин Зинда Чашмиды соңынан қуа оларды Әмір Хусейін әскеріне дейін тысқарды. Бұл қанат ауыр соққыға шыдамай, қашуға айналды. Шир Баһрам мен Болат. Буға табан тіреп тапжылмастан ерлікпен куресті. Кажы бек сокқысымен оң қанатты бұзып өткенін көрген Фархид пен Бек Темір аңырап тоқтап қалды. Ана жактан Әмір Шамсаддин ауыр қолмен оңғар шашып, ерлік көрсетті. Осы кезде тарихшылардың айтуы бойынша, Хусейннің жауапсыздығынан Темір әскерлері жеңілді /13, 51-54 б/.

        Су болмаған Моғол эскерлері Шамс ад-Дин Натанзи Самаркандқа барар жолдағы халықты тонағанын суреттеді: «Ислам елінде жеңістен кейін моғол әскерлері тонауға және жазалауға көшті». Темір және Хусейн Самарқандты тастап Амударияға кетті Бірақ, халқы өздері қарсылық көрсетіп. Самарқанд халқын сол кезде «Сербтар» деп атады. Моғол әскері Самарқандқа жеткенде, ол уақытта қалада қамал болмаған еді Сол кезде Мауланаза да Самаркандты және әбу Бүкір Кулуй Наддаф қала тұрғындарын көшедеде бекініс жасап, қаланы қорғауға шақырды. Халық, аскан ержүректікпен қарақұрым әскерге айбынды патшасыз қарсы шығып, жан аямай ұзақ уақыт шайқасты. Олардың каһармандығы арқасында душпанның қолынан қала турғынының дүние мулкі, мал-жаны да қорғалды. Алайда жұрт дұшпан қаланы ұзақ мерзім қоршап тұрғандақтан әбден титықтап шаршаған еді. Жамандатқыр ауруы моғол аттарына кырғидай тиеді. Сондықтан төрт адамда біреуден артық ат қалмады. әбден әлсіреп, әбіржіген моғол әскерлері кайтып кетуді қажет деп тапты.

        Абд ар-Раззак Самарқанддықтың айтуы бойынша Моғолдар қарапайым көшпенділердің тактикасын пайдаланған: « кенеттен соққы беру». Бірақ ол жүзеге аспады. My ин ад-Дин Натанзи Самарқандқа моғолдар 10 мың әскер жіберді. бірінші жорықта екі мыңға жуық әскер талқандалды деп жазады. Жеңіліске ұшырағандықтан халықты тонап кетеді /14/.

        Моғолдың алғашқы ханының Шағатай мемлекетіне жорығы осылай аяқталды. Оның саясаттағы сәтсіздік Шағатай әулетінің кұлауындағы объективті кедергісіне көңіл аударуында болды. Өздерінің мемлекеттерінің ішкі жағдайын, шаруашылығын жақсартуды, феодалдық қарым — қатынасты нығайтудың орнына, Оңтүстік — Шығыс Қазақстанның алғашқы хандары сыртқы саясатқа кеп көңіл бөлді. Сондықтан Темір әскерлері жорық жасағанда мемлекетін нығайта алмады.

Ханның Тоғлық Темір кезіндегі ішкі саясаты туралы көп айтылмайды.

         Моғол елінің аңыз -әңгімелерінде Ильяс Қожа туралы еш нәрсе айтылмаған. «Зафарнамедегі» дерекке қарасак, онда Тоғлық Темір хан қайтыс болған соң хан болған жөнінде мәлімет берілген. Ильяс Қожа хан әкесі қайтыс болған соң, «Балшық шайқасы» жеңісінен кейін, Самарқандты қоршауға алып, жамалдатқырдан көптеген ат көліктен айрылып кейін оралған соң аз уакыт патшалық құрған Моғол аңызында Тоғлық Teмip хан өлгеннен соң көп ұзамай Ильяс Қожа ханның да өлгені айтылды. Муин ад-Дин Натанзи: алғашында Камар ад-Дин және оның ағасы Шамс ад-Дин Ильяс Қожаны таққа отырғызды. 765 ж. (1365-1366 ж) Оны ұйықтап жаткан жерінен Камар ад-Дин өлтірді. Сосын Шамс ад-Динді таққа отырғызды» -дейді. Осы мәселеге байланысты М.Х.Дулати екі мәлімет айтады. Улысбегілік қызметі Әмір Болатшының колынды болды. Ол дүниеден өткеннен кейін, Болатшының ұлы Әмір Худайдадка беріледі. Әмір Қамараддин хан айдынына тізе бүгіп тұрып: «Ағамның орнына мен лайық емеспін» — деп айтты. Тоғол Темір хан өз шешімінен қайткан жоқ, сөйтіп билікке жеті жасар Худайдадты бекітті. Ол осыған қатты ренжіді. Ал екінші мәлімет бойынша Ильяс Қожа қайтыс болғаннан кейін шу көтереді. Қорыта айтқанда М.Х. Дулати моғол хандарының айтуына сүйене отырып, 18 жасар Ильяс Қожаны Әмір Камараддин өлтіреді. Сейтіп -өзі хан атағына ие болады. Ол хан ұрпағының барлығын қырады. Тек қана Тоғлык, Темір ханның емшектегі бip ұлы қалған еді. Оны Әмір Худайдад Мир аға деген шешесімен бipгe жасырды. Әмір Қамараддин оған сұрау салып бірнеше рет адам жіберді. Бірақ, олар дер кезінде айласын асырып жасырып отырды. Сонымен Әмір Қамараддиннің іздеуші адамдары оларды таба алмады /34, 35, 11, 60-62/.

Әмір Қамараддин Моғолдьң билігін игеруге кipicтi. Алайда Әмірдің оған карсылық көрсетуі және Әмір Темір әскерінің Моғолдарға келуі оның аяғын нық басып емін-еркін билік жургізуіне кесірін тигізді Әмірдің қарсы шығу себебі орталықтанған шыңғыс ұрпағының билігін жалғастыру емес, негізгі себебі дулат тайпасын жоғалту билік баскаруға мумкіндік бермеу болды. Бірақ Қамараддин Моғолдың жартысын бағындырып, Қызыр Қожа хан болғанша билік жургізіп отырды.

 

1.2. Моғолстан халқының этникалық құрамы.

 

Моғол туралы айтсақ, ең алдымен, Мырза Хайдар Дулаттың «Тарих-и Рашиди» атты еңбегіндегі этникалық атаулардың тегі мен шығу тарихын айқындап алғанымыз дұрыс болар. Әйтпесе, мысалы: моғол, мұғал, мугул, мағұл, моғұл сияқты бірнеше нұсқа оқырмандарды шатастыруы мүмкін /42, 106 17-18 б/.

«Моңғол мемлекетінің құрылуы, Әмір Шыңғыс әскерінің дүйім дүниенің тең жартсын жаулап алуы моңғолдардың атақ даңқын  асырғаны соншалық, Азия халықтарының орта ғасырлық тарихи процесі моңғолдардың ықпалында болды. Шыңғыс ханның әруақ даңқы мен жазылатын ағын пайда болды» сондықтан: IX-XIII ғасырда аталған өлкеде өмір сүрген барлық тайпаларды «моңғол» тегіне жатқызып қарау осынау бір жақтылықтың салдары деп қараған жөн сияқты. Бұның бір мысалы ретінде Рашид –ед-дин Фазлолла һәмеданидің «Жәми-ат–тауарих» (Жалпы тарих) атты еңбегін айтуға болады. Онда түрік халықтарының тегін моңғол тайпаларына келіп жазған.

     «Моғол» сөзінің Мырза Хайдар заманында қолданысқа енуін түсіну үшін, Шыңғыс дәуіріне қайта оралу қажет. Шыңғыс хан қайтыс болғанда, оның империясы төрт ұлысқа бөлініп, оның төрт ұлына берілді. Екінші ұлы Шағатай ханға (1227-1242) орталық ұлыс берілді, оған –Транс-оксияна, Хорезм (қазіргі Өзбекстан), Ұйғыр жерлері (қазіргі қытайдағы Шығыс Түркістан), Қашғар (қазіргі қытайдағы Батыс Түркістан), Бадаһшан, Қашғар, Балх, Ғазниндер жері – үнді өзеніне дейін (қазіргі Тәжікстан, Ауғанстан және Пәкістанның солтүстік-батыс аудандары) қарады. 1270 жылға дейін Шаатай хандары қалыпты, мазасыз дәуірді батан кешті, ал содан кейін хандық үшін ауыр заман басталды. Билік үшін таласушы бірнеше топ бір-бірімен қырқысып, бірнеше билеуші пада боды. Бұл кезең, Мырза Хайдардың айтуынша, XIV ғасырда Тоғлық Темірдің хандықтың шығы бөлігіндегі билік тізгінін алғаныны дейін жалғасты. Сол қыйын кезеңде Шағатай ханның ұлысы Батыс және Шығыс болып екі бөлікке бөлінді: батыс бөлігінің хандары Шағатай хандығы деп аталып кетті, ал шығыс бөлігінің жерлері Моғолстан деген атпен белгілі болды және сол жерді мекендеген адамдар Моғолдар деп аталды. Шыны керек шығыс бөлігінде де, батыс бөлігінде де мекендеген халықтардың көпшілігі (кейбір парсы тілді қалалардың тұрғындарын есепке алмағанда) моңғол емес түрік еді. Олардың барлығы да ортақ түркі тілде сөйлеп, бір түркі даласын мекендеген бір атадан шыққан халықтар еді. Бірақ моңғол атауы шығыс билігінің тұрғындарына ғана қолданылды, өйткені олар моңғолдануға көбірек ұшырап, ислам дінінен аздау әсер алған.Моңғолдар жайында бүгін біз аңғарғанымыз – олардың династиясы биліктен айрылған болса да баяғыда Орталық Азия халықтарының ұлттық сана –сезімдеріне өшпес із қалдырып кеткен /11/.

     Моғол термині және оның варианттары –моғыл және мұғал, қазіргі кезде, негізінен, «Ұлы моғолдарға» қатысты қолданылады. «Ұлы моғолдар» дегеніміз – Бабыр XVI ғасырда негізін қалаған Үнді империясының билеушілері. Бұл империя XIX ғасырға дейін Үндістанды биледі. Осы атау – көп уақыт қолднылу салдарынан туындаған қате атау. Бабыр да, оның із басарлары да өздерін ешқашан «моғолмыз» деген есем. Бабырдың апасы расында да моғол болған, ол моғолстан ханының қызы еді, бірақ әкесі Әмір Темірдің тұқымы және Шағатайлы түрік еді. Біз қазір Моғол деп атайтын хандар өздерін, аталары Әмір Темір құраған атымен «Көрекен әулеті» деп атаған. Бабыр әскерлерінің арасында Моғолстанның моғолдары болғаны мәлім, бәлкім, сол себептен Солтүстік Индияның жергілікті халқы Темір әулеттері моғолдар деп атап кеткен. Жергілікті халықтан кейін еуропалықтар да оларды XVI ғасырдан бастап солай атады./40, 208 б/.

«Тарих –и Рашиди» еңбегіндегі Моғолстан халықтарының тарихи-мәдени ахуалын анығырақ ұғына білу үшін олардың Дулат әмірлігімен арадағы әр түрлі саяси-әлеуметтік және мәдени байланыстың себептеріне үңілген жөн. Әуелі, «Дулат» сөзінің түп тамырына тоқталар болсақ, зерттеуші ғалымдардың қорытындысына қарағанда дулат сөзінің этимологиясы Қытай жазба деректерінде дулу, дулуғ, далу, далуғ-доғлад сөзінің фонетикалық-формалық өзгерістер заңына байланысты пайда болған екен. Қытай жылнамасында көбінесе дулу болып кездеседі. Оны кейбір зерттеушілер тулак, дуғлы деп те атайды.

Дулат –қазақ халқының этникалық құрамына еңген көне тайпалардың бір. Шығыс танушы Н.Я.Бичуринмен Г.Е.Грумм-Гржимайлонның жазуына қарағанда дулаттар б.з.б. II ғасырда өз алдына хандық құрған. Үйсін таипалар одағында болған. Үйсіннің күнбиі қартайған шағында он ұлының үлкенін өз орныны тағайындайды. Ол кейінгі тарихи оқиғалардың барысында Іленің бойынын еншісін алып алғашқы түрік қағандығын құруда зор үлес қосады. Ғұндар құрамындағы әйгілі тайпалардың бірі болады. Атилла әскерінде қыпшақтар мен қатар Дулаттар негізгі күшінің бірі ретінде тарихта із қалдырады. Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда түрік халықтары тарихының ежелгі дәуірінен XV ғасырдың аясына дейін дулат тайпасы ықпалды саяси күш болғанын аңғартады. Тіпті, қазақ халқының дулаттан тараған «сиқым, жаныс, ботбай, шымыр руларының» ішіндегі Шымырдың есімін Әбулқасым Фердаусидің «Шахнама» дастанында кездестірдік. Онда: Иран патшасы Баһрам Гур түркі қағанын жеңген соң, оның еліне қосынындағы текті де, парасатты һәм бағы асқан Шымыр атты бір кісіні Тұран елінің патшасы етіп тағайындап, ай тәжі бар таққа отырғызады. Басына алтын тәж кигізді. Түран елі түгелдей қуанышқа бөленді деп жырланған.

«Шымыр» атауының тарихи тұлғадан тарихи ономастикаға ауысуы жайдан –жай емес. Наршәхидің «Бұхара тарихы» атты еңбегіндегі арап тіліндегі – «Сәмәран», парсы тілінде «Сәмәрқанд» деп аталатын қала бар дейді. Бұл қаланың атауы туралы тарихнамаларда айтылған пікірлерді Иран ғалымы Мүддарес Рәзәви баспаға дайындаған «Бұхара тарихы »кітабінің тұсініктеме бөлімінде әжептәуір деректер жинастырған. Мәселен, Әбулхасан Хорезми: «Сәмәран», «Сәмарқанд» атауының арабша түрі десе, басқа ғалымдар Сәмәрқандта әйгілі қала, оны Шымыр Әбукәріб құрды. Оның атымен Шәмәркент деп аталды. Фонетикалық өзгеріске ұшырап Сәмәрқанд делінді. Арабтар Шәмәр есемді Иәмән патшаларының бірі осы қаланы жаулап алып ойрандады. Сондықтан оны Шәмәркенд деп атады деген дерек те бар /40, 18-22 б/.

Әлбетте парсының араб әліппесі негізінде жасалған үш әріп белгімен жазылып, бес дыбыс беретін жазуында дауысты дыбыстардың әріптік белгісі болмағандықтан айтылған сөз Шәмәр, Шымыр, тіпті Шемер деп те оқылады. Сол себепті тарихи оқиғалардың барысына орай ақылға қонымды нәтиже шығаруға тиіспіз. Яғни қазіргі Самарқанд қаласы ежелгі заманнан қалған түрік халықтарының сарқыты ретінде сақталған Шымыр атауымен де сәйкес Шымыркент болуы әбден мүмкін екендігін естен шығармау керек.

Парсы тіліндегі негізгі жазба деректерде Дулат атауын Фәзлолла Рашид ад-диннің «Жәми-ат-Тауарих» (Жалпы тарих) атты еңбегінен (1372) көре аламыз. Онда қазақ халқының құрамына еңген Жалайыр, Керейт, Қоңырат, Найман сынды ру тайпалары да аталады. Одан кейін Шарафәддин Әли Иаздидің «Зафарнама» атты еңбегінде Дуғлат Мырза Әбу Бәкір және Дуғлад Камараддиннің Мауеренахр мен Шығыс Түркістанның саяси сахнаға шыққаны жазылған./13, 57-78 б/.

Моңғол және моғолдың түрік халықтарымен тарихи қатынастарына терең көз жеткізіп, ара жігін анықтап ұға алмай жүрген шет елдік ғадымдар «дуғлат тайпасы –Шағатай, моғолдың бір бұтағы» деп жазғандары бар. Сол себептен қазақ ғалымдарының тарихына, мәдениетіне тілі мен әдебиетіне қатысты тарихи деректерін түпнұсқадан тікелей қазақ тіліне аудару мәселесіне көңіл бөлгендері абзал. Шетел ғалымдарын өзіміздің дәйекті қорытындыларымыз арқылы қазақтың шынайы тарихын мойындатуға тиіспіз. Тарих шынайлығын айқындау тәуелсіз еліміздің бүгінгі және ертеңгі ғалымдарының еншісінде болмақ.

Қазіргі кезде түрік халықтары бірнеше ұлт-ұлысқа бөлінгендіктен ортақ ріхани-тарихи мұраны әрбірі өз еншісіне алуға тырысады. Оның бір белгісі ретінде ұйғыр ғалымдарының: «Шыңғыс хан 1218 жылы Алтышаһар аймағына ұйғырдан шыққан «Маңлай Сүйе» атты бір кісіні әкім етіп тағайындады. Маңлай Сүйе –сүйікті, бақытты деген мағынаны білдіреді. Маңлай Сүйенің бір аяғы ақсақ болғандықтан Шыңғыс хан оны «Дуғлад» деп атаған. Өйткені дуғлат сөзі монғол тілінде ақсақ деген мағнаны білдіреді. Маңлай Сүйенің әулеттері Алтышаһарды 1224 жылға дейін билеп, тарихта дуғлад әмірлігі деп аталды. Маңлай Сүйе Шыңғыс ханның ұйғырдан шыққан жақын адамы еді» деп жазған /40, 22-25 б/.

Ал шын мәнінде, «Маңлай Сүйе» сөз тіркесі түрік және парсы тіліндегі маңдай –бағыт, жақ сөздерінен құралған болуы керек. Өйткені Шыңғыс хан билік құрған территориясын балаларының арасына бөліске салғанда, барлық әскері мен әмірлерін де олардың қарамағына өткізді. Соңда дуғлат әмірлері Шағатай ханның еншісінде қалды. Ал, Шағатай хан Маңлай Сүйені дуғлат тайпасының әміріне тапсырды. Мырза Хайдардың айтуынша: «Маңлай Сүйе» сөзі «күнгей жақ» деген мағнаны білдіреді. Оның бір жағы- Шаш, бір жағы- Чалиш (Шалыш), бір жағы Ыстық көл және бір жағы сары үйғырмен шектесіп жатыр деп анықтама берген. Екіншіден, автордың дуғлад тайпасының әмірлері деп жазғандығы басқаша анықтаманың артық екенін көрсетеді /42/.

Моғолстан Шағатай, Жошы, Әмір Темір әулеттерінің талас –тартысында бөлініске түседі. Жалпы алғанда Қашғария ұйғырға, Мауренахр бір бөлігі өзбекке, Жетісу жерлері мен қазіргі Қазақстанның оңтүстүгі қазаққа тиесілі болды. Дулат тайпасының тағдыры осы бөліспен ұштасып жатты. Өйткені, Қашғарға Рашид хан билікке келіп дулат әмірлерін қудалай бастады. Амалын тауып Қашғарда қалып кеткен дулаттар, әрине, ұйғырлар құрамына енді. Мауренахрдағы дулаттар өзбек арасыны сіңісіп кетті. Мырза Хайдар дуғлат смяқты жеке адамдардың тағдыры да және дулат тайпасының рулық топтары да қилы заманның тәйкегіне түскенін байқауға болады. Мәселен, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның территориясындағы дулаттар қазақ хандығының құрамында қалды.

Шағатай хандығында дулат әмірлері екі саяси бағыт ұстанды. Біріншісі-моғол хандарынан дербес мемлекекет болып қалуды аңсады. Бұл топтың өкілдері ретінде мырза Әбубәкір дулатпен Камараддин дулатты атауға болады. Екіншісі- Шағатай хандығының құрамындағы тәуелді саяси топ болды. Бұл топтың басында Өртөбе мен оның әулеттерінің ішіндегі Әмір Болатшы бастаған дулат әмірлігінің әулеттері болды. «Тарих -и Рашиди» кітабінің авторы –Мырза Хайдар дулат заманына дейін моғол билігінің құрамында тәуелді саяси дулат әмірлігі өмір кешті /34, 49-49 б/.

Моғолстанның шекарасы XV-XVI ғасырларда тұрақты болмай, өзгеріп тұрды. Тоғлық Темір ханның кезінде шығыс Түркістанның бір бөлігі моғолстан құрамына кірсе, кейін бұл жерлер Әмір Темірдің қол астына қаратылды. Содан соң қайтадан моғолдар хандығының иелігіне айналды. XV ғасырдығ 80-ші жылдарында моғолстан құрамына Ташкент пен Сайрам кіргізіліп Жетісу енбей қалды. Мемлекеттің ыдыруы кезінде оның аумағы ретінде Қашғария ғана қалды.

Моғолстан мемлекеті қазіргі Оңтүстік- Шығыс Қазақстан территориясында яғни, Жетісуда құрылғаны белгілі. Орыстың белгілі тарихшы-ғалымы В.В.Бартольдтың пікірінше алғашында Жетісу деп тек Іле өзенінің солтүстігіне қарайғы жерлер аталып келді. Іленің таулы және өңтүстігіндегі жерлерге Жетісу атауы орыстардың кезінде тарала бастады. «Маджму ат-тауарих» еңбегінде орталық және өңтүстік Тянь-Шань «моғол таулары» деп аталған, осы таулы өлкенің өзі және оның тұрғындарының тағдыры донінде монғол үстемдігі кезінде ешқандай мағлұмад кездеспейді. Жетісу атауы моғолдар құрған мемлекетке қатысты XIV ғасырдың бас кезінен Шыңғыс ханның екінші ұлының Шағатай ұрпақтарының үстемдігіне орай жиі айтыла бастайды. Осы тұрғысында В.В.Бартольд былай деп жазған: «…название Чагатай было перенесено и на самое государство, на сосавлявших его военную силу кочевников и на получивши высшее развитие в том же государстве, уже после утраты власти чагатайскими ханами. В этой же горной стране, на Исык-куле была зимняя ставка одного из чагатаиских ханов, Эсен –Буки, провившего, по всей вероятности, с 1309 по 1318г.; эта ставка, как и летняя ставка того же хана, была разгроблена войсками великого хана (из потомков Тулуя), владевшего китаем и Монголией. В1340-х годах чагатайская держава разделилась на два отдельных государства-западная (заключавшие в себе старые культурные области туркестана, с Бухарой, Самаркандом и другими городами) и восточная. Название чагатай было сахранено за западнымгосударством и его населением, хотя ханы из потомков чагатая, действительны или мнимые, правила в восточном; в западном c XIV до начала XVI в. Правили Тимур и его потомки. Потом власть перешла к пришедшим с запада узбекам. Население восточного государства называло себя монголами, или по среднеазиятскому пройзношению, моголами, свою страну – моголистаном.»

Моғолстандағы ру-тайпалар туралы айтатын болсақ, моғол тайпалары деректерде түркі тілдес автохтондық тайпалар ретінде саналған /27, 212 б/.

Моғолстан тайпаларының түркілер болғандығы және түркі тілінде сөйлегендерін дәлелдейтін деректер бір шама. Оларда айтылған ойлар моғолдардың түркі тілдес тайпа екендіктері туралы пікірлерді орнықтыра түседі. Сондай көзқарастардың негізінде В.П. Юдин моғолдарды түркі тілдес тайпалар деп санап, өз пайымдауын былайша жеткізген: «Как нам представляется, тюркоязычность могулов-явление не познее, а древнее. Что касаетстя того на каком тюркском языке говорили могулы, то нам представляется, что они говорили на тюркском языке кипчакского типа, близком к казахскому и киргизкому языкам. Вероятно этот язык обладал сближаишим с алтайским языком. Только такие качества языка могулов могут обяснить близость языков казахов и киргизов, киргизов и алтайцев.»

Орта ғасырлық тарихи шығармаларында Моғолстан жергілікті түркі және түркіленген монғол тайпаларының мемлекеттік-саяи бірлестігі түрінде көрсетілген. Деректерде моғолдарға түркі және монғол атаулары бар ірі дулат, қаңлы, керей, аргинут, баарин, арлад, барлас, бұлғашы тәрізді тайпалар аталады.

Керей –бұл тайпаны Тоғлық Темір мауренахрды жаулап алуға жіберген тайпалардың бірі. Бұл тайпа Әмір Темірмен Алматы ауданында шайқасты. Монғол Ұлықбек қарсы жорығында Ионга -Тараз аймағында керейіт қолбасшысының бірі Тоқ-Темірдің баласы Ибрахим ұсталған. Керейіт туралы моғол деректерінде бұдан басқа мәлімет айтылмаған.

Қаңлы- оларда мауренахрға жіберілген үш аймақтың бірі. Тайпаның басында Бекчик тұрды. Бұл саудагер Әміт Болатшыға ханды алғаш Ақсуға әкеле жатқанда көмектескен. Тоғлық Темір қайтыс болғаннан кейін қаңлы тайпасы деректерде айтылмайды. Олар кейінірек Бекчик деп аталатын болған  

Дулаттар –моғолдардың саяси өмірінде негізгі ролді атқарды /5, 17-20 б/.

Барлас – мауренахрдағы Шағатай әулетінің негізгі тайпаларының бірі. Мырза Хайдар барластарды тайпаның бір бөлігі ретінде көрсетеді. Осыған қарағанда моғолдардың территориясының бір бөлігін мекендеген.

Арлат- моғолстанның ең негізгі тайпаларының бірі.

Дохтуй – Тоғлық Темірге дейін моғолстанның құрамына кірген. Сұлтан Сайд –ханның Қашғарға жасаған жорығында айтылады. Барлас пен Дохтуй арасында әскерде сапта бірінші болып тұру үшін талас тартыс жиі болып тұрған. Әмір Джаббар –Берді Дохтуйды ылғи бірінші етіп қояды /17, 16, 31, 261б/.

Аркануд – бұлар да мауренахрға жіберілген тайпалардың бірі. «Раузат ас-Сафада» Ұлысбектің аркануд-Хошун жерінде болғаны айтылады. Осы тайпаны лакнудтармен екеуі бір тайпа деп көрсетті, ал Н.А.Аристов арғындармен бір тайпа деп көрсетеді. Бұл екі мәліметте күдік туғызады /44, 29-30 б/.

Моғол деген атаудың өзі олардың қай тілге жататынын айтып тұр. Кейбір тарихшылар моғолдарды –монғолдар, ал басқалары –түріктер деп айтады, үшіншілері конгломерат түрік және монғол тайпалары десе, төртіншілері ешқандай жауап бере алмайды, бесіншілері моғолдарды жеке ұлт ретінде санамайды. Оларды Шағатай хандығының тарихқа сай келмейді. Себебі деректер бойынша моғолдар жеке ұлт болғаны дәлелденген. Ал оның тіліне келетін болсақ, деректелде ешқандай да монғолдар үлгісіндегі сөздер көрсетілмейді. Олардың түрік екенін дәлелдейтін факторлар аз етес. Моғолдарды айтатын болсақ моңғолдардың құрамында қаңлы тайпасы болды. Ал бұл тайпа түріктерге жатады. Халықтың басым бөлігін түркі тілінде сөйлейтіндер құраған./23/

Моғол рулары мен тайпалары туралы парсы, араб, түркі деректерінде мардымды мәліметтер келтірілмейді. Дегенмен моғолдардың жалпы рулық –тайпалық құрамы жайлы анағұрылым шынайы мағлұматтар жинақтаған, сондай-ақ бірін-бірі қайталайтын мұсылман деректерінің маңызы айтарлықтай.

Осы тұста айта кетерлік бір жайт, Моғолстан хандығы және ондағы тайпалар мен рулар, жалпы мемлекеттің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайын ішкі, сыртқы саясатын қарастыруда айтарлықтай мәліметтер беретін Мырза Мұхамед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегінің маңызы бар. Біз қарастырып отырған кезең бойынша бұл шығарма бірден-бір дерек көзі болып табылады. Сондықтан да Моғолстан мемлекетінің тарихына қатысты көптеген мәселелерді осы дерекке сүйеніп зерттеуге болады /34/.

Моғолстан хандығының, ондағы рі-тайпалар тарихын зерделеуде Низам ад-Дин Шамидің «Зафарнаме», Шараф ад-Дин Али Йаздидің «Матла асса дайн ва маджма ал-бахрайн» тәрізді еңбектері де дерек көздері болып табылады /16/.

Аса ірі шығыстанушы ғалым –В.В.Бартольд шығыс жазба, нумизматика, эпиграфика, этнография, археология деректерінің негізінде 1898 жылы «Жетісу тарихының очеркін» жазды. Еңбекте Жетісу өлкесінің тарихы ежелгі дәуірден XVIII ғасырға дейінгі аралықта қамтылған. Зерттеудің ең ұтымды тұстарының бірі онда Шағатай ұлысының, Моғолстан хандығының тарихы баяндалған. В.В.Бартольдтың бұл еңбегі Жетісу өңірінің тарихын зерттеуге арналған тұңғыш бірегей тарихи шығарма болып табылады /20, 21/.

Моғолстан мемлекетінің тарихын зерттеген К.А.Пищулина өзінің монографиясын жариялады. Сонымен қатар Моғолстан тарихы орта ғасырлардағы Қырғызстан тарихына қатысты зерттеулерде қарастырылды. Бұл еңбектерде Моғолстан хандығының құрылуы, мемлекеттік – саяси құрылысы, этникалық топтар мен процестер, шаруашылығы, әлеуметтік құрылымы, қоғамдық қатынастары, көрші елдермен байланыстары көрсетілген. К.А.Пищулина Жетісудағы тайпалардың тарихын зерттей отырып, Моғолстандағы ру-тайпалардың қазақ халқының қалыптасуының соңғы кезеңіндегі аткарған ролін, этникалық процестердегі орнын айқындаған. Осындай тарихнамалық шолуды қорытындылай келе Моғолстан хандығының тарихы негізінен зерттелген деген тұжырым жасауға болада. Алайда хандықтағы ру-тайпалар, этникалық процестер, этносаяси карым-қатынастар толық зерделене қоймаған /5/.

Моғолстан халқының әлеуметтік құрылымы сословиелік таптық сипатта болды. Мемлекеттің жоғарғы билеушілері шағатай ханның ұрпақтары хандар, сұлтандар саналды. Олар әмірлердің билердің, байлардың өкілдерінен тұратын тайпалар мен ру ақсүйектеріне сүйенді. Моғолстандағы түркі тайпаларының басшылыры деректерде әмірлер деп аталды. Дегенмен бек атауы жиі қолданылды. Олар мемлекеттік аппараттағы қызметтерді атқарды. Моғолстанда түркі ақсүйектерінің арасында Мұхаммед бек, Кебек бек, Қажы бектер жоғары лауазымды атаққа ие болған әмірлер еді. Фазлаллах Ибн Рузбихан Исфаханидің көрсеткеніндей «бай» атауы моғол тайпалары арасында «дәулетті адамды, аса көп мал иесіне» байланысты айтылған.

XIV-XV ғасырларда моғолстан Алтын Орда тұсындағыдай ұлыс деп аталып келді. Бұл кезде ұлыс ұғымы мемлекет деген мағынада айтылатын. Моғолстанда басшысы хан болды. Ханның билігі мұрагерлік жолмен келесі өкілге беріліп отырды. Алайда ханды ру –тайпа ақсүйектері сайлады. Ханның басқаруы рулық-тайпалық үстем тап өкілдерінің мүдделеріне байланысты жүрді. Ұлыс, тайпа бірлестіктердің билеушілері ханға вассалдық тәуелділікте болды. Олар ұлысты, тайпаны хан атынан басқарып отырған, сонымен қатар саяси, сот -әкімшілік міндеттерді шаруашылық билікті қоса жүргізген. Хан өзінің билігін күшейтуде әрі нәтижелі етуде хан кеңесін құрды. Хан кеңесі оның туысқандары мен ру-тайпа ақсүйектері өкілдерінен құралған. Моғолстанда хан кеңесі мәжіліс деп аталды. Моғолстан хандығында мемлекеттік кеңселердің қызметін диуандар мен дафталар атқарған. Мемлекеттік істерде, нақты айтсақ таққа мұрагерлік әскерді басқару, көрші елдермен елшілік қарым-қатынастар орнату мәселелерінде үлысбегінің қызметінің маңызы ерекше еді. Атабек, Көкілташ тәрізді бек атағына тең келетін лауазымдар болды. Ханның жанында регенат қызметін атқарған найб лауазымы да жоғары қызмер иерархиясынан орын алды /41, 35-44 б/.

Моғолстан көшпелі және жартылай көшпелі түркі тайпаларын біріктірген тұрақты саяси құрылым ретінде тарих сахнасынан орын алды. Мемлекеттің әкімшілік басқару жүйесін әскери-демократиялық деп сипаттауға болады. Ол негізінен билеуші топтпрдың мүддесін қорғауға бағытталғанмен, онда хан сайлау, тақты мұралану мемлекеттің қорғанысы, оның тұтастығы тәрізді мәселелер ең бастылыары болып саналды.

Көрші елдермен қарым – қатынаста алдыңғы орында тұрды. Моғолстанның осындай әкімшілік басқаруына да қатысқандығы күмән түдырмайды. Жалайыр тайпалары Моғолстан хандығының батыс бөлігіндегі саяси оқиғалардың бел ортасында болды. Осы аумақтағы ұлысбектерге бектер мен әмірлерге қолдау көрсету арқылы жалпы моғолдық саяси дамуға өз үлестерін қосты.

XIV ғасырдың ортасы XVII ғасырдың бас кезіндегі Моғолстан хандығының саяси тарихын қалыптасу, нығаю және ыдырау кезеңдері деп үшке бөлуге болады. Қалыптасу, яғни хандықтың құрылу кезеңіне XIV ғасырдың орта кезін жатқызуға болады. Екінші кезеңі-нығаюы XV-XVI ғасырдың бас кезін қамтиды. Ал үшінші кезеңі –XVI ғасырдың орта кезінен XVII ғасырдың бас кезі аралығындағы мерзім, яғни Моғолстанның ыдырауы.

Бірінші кезеңде Моғолстан хандығында Тоғлық Темір бастаған Шағатай ұрпақтары билік жүргізіп, өз беделдерін арттырып, көрші елдерді жаулап алу үшін жорықтар ұйымдастырды. Жекелеген тайпалар арасында да моғол тайпаларын өздеріне бағындырып, күшею мақсатында тартыстар болып тұрды. Әсіресе, дулат тайпалары жоғары әкімшілік қызметтерге ие болып, ерекше артықшылықтарға қол жеткізгілері келді. Мұның өзі тайпалардың арасындағы бытыраңқылық пен қайшылықтарға әкелді. Осыған орай Моғолстанның жекелеген тайпалары мен ұлыстарының шекаралары өзгеріп отырды. Бұл жайында Хафиз- и Абрудың «Зубдат ат- тауарих» атты түрік тілінде жазылған деректе айтылған. Ильяс Қожа ханның ұзаққа созылмаған билігі кезінде түрлі феодалдық топар арасында күрес күшейген. Осының салдарынан Моғолстандағы хан билігі әлсіреді. Хандар феодалдық тектілер алдында дәрменсіз еді. Дегенмен Ильяс Қожа хан өз билігін ел ішінде қарсыластарын басу және сыртқы жаулап алу соғыстары арқылы күшейтуге ұмтылды. Әйтсе де Моғолстанда бір орталықтан билігі бар мемлекетке айнала алмады. Этникалық топтардың басшылары жүргізген феодалдық соғыстар олардың мемлекет ішіндегі дербестіктіктерін көрсетті. Моғолстанның этно-саяси бірлестіктері ру-тайпа тектілерінің жеке дара феодалдық иеліктерінен құралды. Деректерде Камараддин бастаған саяси және экономикалық жағынан мықты дулат тайпаларынан басқа Қыпшақ, Жалайырлар туралы айтылған. Осындай жағдайларға байланысты мемлекеттің аумағы да өзгеріп отырды. XV ғасырдың 70 жылдарында Шығыс Түркістан моғол хандарына бағынды, сөйтіп мемлекет құрамына кірді. Осы кезде моғол хандарының иеліктеріне Ташкент пен Сайрам қаратылды. Моғол мемлекетінің құлдырау кезеңінде Қашқар жерлері ғана Моғолстан хандарының қол астында болды.

Моғолстандағы хан билігінің әлсіреуіне феодалдық бытыраңқылық әсер етіп қойған жоқ, сонымен қатар Әмір Темірдің жорықтары да ықпалын тигізді. Жетісу мен Тянь-Шань жерлеріндегі түркі тайпаларының бірігуіне кедергі келтірді. Әмір Темір жорықтарының салдарынан Моғолстан тұрғындарының саны азайды. Деректерде көрсетілгендей дулат, керей, үйсін, қаңлы, жалайыр тайпалары үлкен шығынға ұшырады /41, 44-45 б/.

Моғолстан хандығының тарихына қатысты айта кетерлік бір жайт, мемлекет өмір сүрген уақыт аралығында онда үнемі әрі тұрақты түрде билік үшін күрес әрі тайпалап арасындағы тартыс болып тұрды. Мұның өзі хандықтың алғашқы құрылған кезінен бастап ыдырауына дейінгі кезеңдерді қамтыды. Мемлекеттің тарих сахнасынан жойылуына бірден –бір әсер еткен фактор осы феодалдық бытыраңқылық болды. Қызыр Қожа хан қайтыс юолғаннан кейін оның ұлдарының арасында билік үшін тартыс күшейді. Ханның төрт ұлы моғолдардың көшпелі тектілерінің өкілдеріне арқа сүйеді. Осындай күрестің салдарынан Моғолстан бірнеше бөліктерге бөлініп кетті.

Осылайша XV ғасырдың алғашқы ширегінде Оңтүстік Шығыс Қазақстан феодалдық қырқысулар мен көрші елдердің жаулап алу аймағына айналды. Саяси билік үшін күрес және батысында Темір әулетінің, шығысында ойраттардың Моғолстан жерлеріне басып кіруі мемлекеттің тұрақтылығына кері әсерін тигізді. Ондаған жылдарға созылғвн феодалдық қырқысулар мемлекетті әлсіретіп, шаруашылығын құлдыратып, сауда байланыстары мен егіншілікті жүйелі түрде жүргізуге кедергі келтірді. Феодардық тартыстар мен бытыраңқылықтар, келеңсіз сыртқы жағдай, жаулап алушылардың жиі басып кіруі мемлекеттің біртұтастығын сақтауға мүмкіндік бермеді. Осылардың барлығы тұрғындардың этникалық жағынан бірігуіне кедергі келтірді, халықтың этникалық консолидациясының сабақтастығы үзілді. Дегенмен ру- тайпалар тектілерінің экономикалық және саяси күш – қуаты артты. Мәселен, Мұхаммед Хайдар Дулатидің жазуынша Дулат тайпасының әмірі Саийд Алидің ұлдарының біреуінің ғана меншігінде жүз алпыс мың қой болған. Елдің саяси өмірінде сайысқа түскен басқа да рі – тайпалардың, соның ішінде жалайыр тайпасы әмірінің де байлығы өзгелерден кем болмаған. Ру –тайпалардың қазыналы тұғыры олардың орталық биліктен тәуелсіз болуларына, қоғамдық – саяси өмірде алдыңғы қатарда тұруларына, өзіндік саясат жүргізулеріне қолайлы негіз қалады.

Моғолстан этникалық бірігу жағынан Шығыс Түркістандағы бірнеше этносаяси бірлестіктердің болашақ қазақ, қырғыз, ұйғыр халықтарын топтастырды. Мүны өзі осы этникалық топтапдың дамуын қиындатты. Тарихи деректер бойынша Моғолстан тұрғындары жалпылама моғолдар деген атаумен белгілі болды. Осы атаудың ішіне Жетісу мен Тянь-Шаньның барлық түркі тілдес және түркіленген тайпалары кірді. Деректер мен зерттеулерде моғол этнонимы туралы әр түрлі пікірлер айтылып, оның мәнін моңғолдармен шатастырмау керектігі ескертілген. Моғол этнонимі жайында дәйекті көзқарас танытқандардың бірі В.П.Юдин. Ғылымда тарихшы — зерттеуші В.П.Юдиннің пікіріне балама тұжырым әлі де болса айтылмай келеді. Сондықтан да В.П.Юдиннің пікіріне назар аударайық. «Этноним могул на территорию Семиречья принесли монголы, выделенные в улус Чагатаю и Угедейю. Однако их было немного и судьба их была аналогично судьбе монголов в Дашт-и Кипчаке: они быстро были ассимилированы тюркоязычными племенами. Закреплению этнонима могул, видимо, способствовало стремление могулских феодалов на первых порах сохранить кочевые традиции, эталоном которых был кочевой быт монголов, и почеркнуть приемсвенность власти ханов – чагатаидов.» /17, 16, 8 б/.

Дегенмен В.В.Бартольд моғолдарды моңғолдар, С.Аманжолов түркілер, К.П.Петров түркі және моңғол тайпаларының қосындысы (конгломерат) десе, В.П.Юдин оларды ерекше этникалық ұжым ретінде санаған.

XIV-XV ғасырларда Жетісуда Ұлы жүздің жетекші тайпалары болған Жалайыр, Үйсін, Дулат, Қаңлы, Шапыраштылардың өмір сүргендерін анықтау қиын емес. Өйткені деректерде Қыпшақ, Найман, Қоңырат, Үйсін, Керей, Жалайыр, Арғын тәрізді ірі тайпалардың өкілдері аталады. Масуд бен Усман Кухистани, Камал ад-Дин Бинай, Шади, Мырза Мұхаммед Хайдар, Махмуд пен Вали және т.б. шығыс автрларының шығармаларында XV-XVI ғасырлардағы Шығыс Дешті-Қыпшақ пен Түркістандағы ру – тайпалар бірде өзбектер, кейде өзбек –қазақтар, қазақтар деген атаумен көрсетілген /31, 352 б/.

Соңғы кездері жаңа ғылыми зерттеу орталықтары құрылып, Моғолстан мемлекетінің тарихын, ондағы этникалық құрамын, соның ішінде жалайыр тайпасының ролін ерекше атап көрсетті. Солардың ішінде Н.А.Аристовтың пікіріне байланысты былай деп жазды: Моғолстандық Жалайырларды шағатайлықтардың ұрпағы деп санауға болмайды. Балғалы және Қайшылы тайпалары нағыз шағатайлық қандас жалайырлар, өйткені, Зеравшан ойпатындағы Қатты –қорған уезіндегі жалайырлар осы руларға бөлінеді. –деп түсінген. Осыған қарағанда жалайыр тайпалары Әбілқайыр хандығында да, Моғолстанда да ру-тайпалардың құрамында болған. Жалайырлардың Күшік  және Арық-тыным тайпаларының қара қырғыздан таралуы жайында пікір бар. Бұл пікір күшік және арық тегінің ежелгі қара қырғыздарға жататындығымен дәлелденді.         Н.А.Аристовтың пайымдауы бойынша жалайыр тайпаларының арасында дулат, албан рулары кездеседі. Андас руының ішінде қара қырғыздар да бар. Зерттеушінің пікіріе қолдай отырып, Моғолстан хнадығының этникалық құрылымында жалайыр тайпаларының  орын алғандығына тағы да көз жеткіземіз. Ал Күшік, Арық тыным, Андас тайпаларының қара қырғыздармен этникалық байланысын олпрдың біртұтас мемлекеттің, яғни Моғолстан хандығының құрамында юолған деп топшылауға негіз бар. өйткені, Моғолстан хандығының аумағы Ыстық көлге, Жарқан мен Сары-ұйғырға децін, йғни қазіргі Қырғызстан жерлерін қамтығандығы тарихи деректерден белгілі.

Олардың ішінде Сыпатай тайпасы да Моғолстан хандығының этникалық құрамында болған. Сыпатайдың өзі Ақ МАрқа және Қара Марқа болып бөлінген. Бұл рулардың атауының Алтайдағы Марқа көлін еске түсіретіндігі туралы Н:А:Аристовтың пікірі шындыққа жақын. Себебі, XIII ғасырдың бас кезінде Батыс Монғолия жерлерінен ығысқан жалайырлар көбінесе Қазақстанның Оңтүстік-Шығысы мен Шығысына орналасқан. Н:А.Аристовтың топшылауы бойынша Ақ Марқа, Қара Марқа рулары осынлай атаулармен белгілі болған Қарлұқ тайпаларынан қалған топтар. Қарлұқтар Батыс Тянь –Шаньға Оңтүстік –Батыс Алтайдан келген. Сондықтан да олар осы жерге Алтайдағы Марқа көл атауын ала келген /43, 30-31 б/.

Моғолстандағы жалайырлардың Мырза тайпалары Шағатай ұлысындағы туркі тайпалары арасында ислам дінін уағыздаушылар болған деген болжам бар. Жүніс ханның ұлдарының Шығыс Түркістанға қуылуына байланысты Мырзалар Моғолстандағы жалайырларға қосылған деп тұжырымдауға болады.

Моғолстан хандығындағы жалайыр тайпаларына қатысты оқиғаларға тоқталмай тұрып, осы мемлекеттің тарихы жөніндегі еңбектерге шолу жасап, зерттелу деңгейін аша кетсек дейміз.

Зерттеушілер XIV-XV ғасырлардағы Қазақстанның, Алтын Орданың ыдырауы барысында құрылған ірі саяси бірлестіктерге, соның ішінде Моғолстан хандығы тарихының мәселелеріне айтарлықтай көңіл бөлді. XIX ғасырда орыстың шығыстанушы ғалымдарының Орталық Азия мен Қазақстанның түркі- монғол халықтары тарихының аса маңызды проблемаларына арналған зерттеулері жарияланды.

Осылайша Моғолстан мемлкеті құрылып, Тоғлық Темір Иляс Қожа хандар басқарып, алғашқы Темір шапқыншылығына тап болды. Моғолстан мемлекетінің этникалық құрамы да әр алуан болды. Мемлекеттің құрамында сол кездегі ру –тайпалардың осы күнде қазақ халқының құрамындағы ірі ру –тайпалар көрсетілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Моғолстан мен Әмір Темір арасындағы соғыстар.

 

2.1. Мәуреннахр мен Моғолстанның қарым-қатынасы.

 

Онтүстік — Шығыс Қазақстанның саяси өміріне және шаруаларына әскердің жорығы үлкен әcepін тигізді. Темір тарихи сахнаға XIV f 70 ж. Мауреннахрдан Шағатай әулетінің түркі тайпаларынан шықты. Темір жаулап алушының және тонау саясатын шеккен Онтустік — Шығыс Қазақстанның және Қырғызстан халқы болды.

XIV ғ Оңтүстік — Шығыс Қазақстанның саяси тарихы өте қызық қарамақайшылық тұрғыда көрсетілді. Бір жағынан мемлекет құрылуы, билік жүргізуші феодалдық көшпенді әскері топ баска кошіп, жарты кешпенді Монғолстан халқы жерді жаулап алуды, көздеді, ал екінші жағынан тонау арқылы әскерлер байып отырды, ал әлеуметтік жағынан төменірек болды. Бірақ та баска да көрші отырықшы елдердің әскери басшылары тонау жорығымен айналыскан.

Хайду тұсында Шыңғыс ұрпақтарының Орта Азиядағы мемлекеті біржола қалыптасты. 1269 жылдың көктемінде Талас жағалауында құрылтай болып, онда ұлы ханның иеліктеріне тәуелсіз Хайду билеген (1269-1301) мемлекет болып жарияланды. Жаңа мемлекеттің жері соғыстардағы табыстарға немесе жеңілістерге байланысты біресе кеңейіп, біресе тарылып отырды. Оған Оңтүстік Қазақстанның Жент пен Үзкент жазираларын қоса алғанда Сырдария бойчндағы жерлері мен Жетісу кірді. Шығыс Түркістанда бұрын Шағатай ұрпақтарына қараған аумақтың бір бөлігі Құбылай иелігіне көшті. Хайдудың үлкен ұлы және оның Орта Азиядағы тағын алған Шапардың Емелде -өзің ата-бабасының иеленген жерлеріде хан болып жариялануына қарғанда, Үгедей мен Шағатай ұрпағы ұлыстарының арасындағы шекаралар анық белгіленбеген /43, 120-122 б/.

XIV ғасырдың басында Шғатай әулетінің Орта Азиядағы және Жетісудағы рөлі қалпына келді. Хайду өлгеннен кеиін көп кешікпей, 1306-1307 жылдар шамасында мемлекеттегі билік Барақ ханның баласы, Шағатайдың шөбересі Туваға (Дуваға) ауысты. В:В:Бартольдтың бағалауы бойынша ол «Шағатай державасының негізін салушы» болған /21, 369 б/.

Шыңғыс ханның тұсында-ақ моңғол феодалдарының арасында қарама-қарсы екі саяси бағыт байқалған еді. Біріншісі жаулап алушылардың көшпелі тұрмыс пен қырдағы патриархаттық дәстүрлерді сақтауын, бағындырылған елдердің халқын қырып жіберуге дейін аяусыз, жыртқыштықпен тонауын және жаулап алынған аумақтарды мал жайылымына айналдыруды жақтады. Екінші бағыттың өкілдері жергілікті феодалдық үстем тапқа, жаулап алынған отытықшы- егіншілікпен айналысатын елдердің дәстүріне сүйне отырып хан билігі күшті мемлекет құру мақсатын көздеді. Бірінші бағытты неғұрлым табандылықпен жүргізушілер Шыңғыс хан, ал оның ұрпақтарынан –Шағатай мен Күйік (1246-1248) болды, оларды Шағатай ұлысының әміршілері, Орқына-хатун, Брақ хан және басқалары қолдады.

Үгедей (1228-29/1241), Мөңке (1251-1259) хандар және ұлыс ханы Жошы орталықта күшті билік болуын және тізе бүккен халықтармен қатынастарды біраз ретке келтіруді жақтады. Сөйтіп, аталған екі бағыт өкілдерінің арасындағы тартыстың мәні жаулап алынған аумақтардағы халықты қанау әдістері туралы мәселеге, сондай-ақ «бағындырылған елдердің феодалдық үстем тобымен жақындасу туралы, олардың феодалдық мемлекеттілігін, идеологиясын және мәдени дәстүрлерін қабылдау туралы мәселеге» келіп тірелді.

Экономикалық күйзеліс, Моңғол империясының, оның ішінде Шағатай ұрпақтары мемлекетінің ыдырауы қалайда екінші әдісті таңдап алуды өктем талап етті. XIV ғасырда Шағатай ұлысы хандарының іс -әрекетінде орталықтану және Мауреннахр халқымен жақындасу жағына қарай бетбұрыс айқындала түсті. Бұл тұғырда Туваның баласы Кебек хан (1318-1326) неғұрлым ереулі қадам жасады. Көшпелі дәстүрлерден қол үзіп, ол Іле аңғарынан Мауреннахрға қоныс аударды, кейбір қалаларды қалпына келтіруге жәрдемдесті. Ол ақша реформасын жүргізді,  ұлысты басқару жүйесін едәуір өзгерткен әкімшілік реформасын да жүргізген сол деп ұйғарылады /23, 30 б/.

Кебек ханның мирасқоры, оның інісі Тармашырын (1326-1334)орталықтандыру саясатын жалғастырды. Кебек сияқты, ол да Мауреннахрда тұрды, Ала ад-дин деген есімге ие болып, исламды Шағатай ұрпағы мемлекетінің ресми дініне айналдырды. Алайда жоғарыда аталған бағыттарды жақтаушылардың арасындағы күрес жалғаса берді.Исламды қабылдауға және көшпелі әдет-ғұрыптарды елемеуге әскери- көшпелі шонжарлар наразы болып, бұл наразылық ашық көтеріліске ұласты. Тармашырын өлтірілді. Он жылдам астам уақытқа созылған феодалдық әуре-сарсаң қаита жалғасты.

1346 жылы көшпелі феодалдармен күресте Кебек-Тармашырын тұқымын жалғастырушы Қазан хан қаза тапты. XIV ғасырдың 50-жылдарының аяғында Шағатай ұрпағы мемлекетінің батыс бөлігі түрік-моңғол әскери-көшпелі шонжарлары мен жергілікті феодалдардың өкілдері басқарған оннан астам иелікке ыдырап кетті. Қашқадария аоқабында-барластар, Ходжент аймағына –жалайырлар, Солтүстік Ауғаныстанда-арлаттар, Әмударияның жоғарғы сағасында –қаушындар күшейді; бүл рулардың әрқайсысының басшысы өз өлкесінде дербес әмірші болды. Оның үстіне 1346 жылдың өзінде Шағатай ұрпағы мемлекетінен Моғолстан деп аталған солтүстік-шығыстағы аумақ бөлініп шықты /5/.

XIV ғасырдың соңғы үштен бірі — XV ғасырдың басында Қазақстан халқының шаруашылық және саяси өміріне Әмір Темірдің жаулап алушылық жорықтары зор қауып төндірді.

Жаулап алынған елдердің түрік және түріктенген көшпелі моңғол ақсүйектері мен жергілікті отырықшы ақсүйектердің ішкі қайшылықтары, моңғол мемлекеттерінің (Алтын Орданың, Шағатай ұрпақтары мемлекетінің, Ирандағы Хулагу ұрпақтары мемлекетінің) саяси және экономикалық жағынан берік болмауы, моңғолдар бағындырған аймақтардың халық- азаттық күресі бұл мемлекеттердің ыдырауына әкеп соқты. Шағатай ұрпағы мемлекетінің батыс бөлігі – Мәуреннахрда XIV ғасырдың 50-60 жылдарында ірі-ірі түрік моңғол тайпаларының көсемдері арасында кескілескен күрес өршіді. Моңғолдар даулап алуының барлық ауыртпалығын мойнымен көтерген еңбекші бұқараның, шаруалар мен қол өнершілердің жағдайына ауыр салмақ түсірген талас – тартыстар, сондай ақ Шағатай ұлысының бұрынғы аумағы шеңберінде тарихи жағынан келмеске кеткен ескі мемлекетті қайта туғызуға тырысқан моғолстан хандарының Мәуреннахрға жасаған жорықтары халық –бұқарасының қарсылығын туғызып, сарбадарлардың шынайы патриоттық қозғалысына ұласты. Халық көтерілісінің қауып- қатері Мәуреннахрдың ақсүйектерімен жоғары саудагер топтарын сарбадарлардың халық –азаттық қозғалысын басып, орнықты саяси билік орната алатын басшы іздестіруге мәжбүр етті. Олар Моңғолдың түріктенген барлас тайпасынан шыққан Тарағай бектің баласы Әмір Темірді (1336-1405жж) осындай басшы деп тапты. Атаққұмар, жігерлі, алған бетінен қайтпайтын Әмір Темір әкерлердің шапқыншылығын пайдаланып, одақтастарына опасыздық жасай отырып, халық қозғалысын басып – жаныштап, көршілес жердегі халықты талап- тонау мен күйзелту арқылы байып алды да, ешнәрседен шімірікпестен билікке ұмтылды. 1370 жылы Темір Мәуреннахрды билікті басып алды. Темірдің жеке –дара билік құрған отыз бес жылы көрші аймақтар мен елдерге жасаған басқыншылық, тонаущылық жорықтарға, дүниежүзілік империя құру әрекеттеріне толы. Ол жаулап алушылық үлкен соғыстарды мәуреннахрдың билік етуші үстем табы арасында өз билігін нығайту үшін көшпелі ақсүйектерге жаулап алынған елдердің халқын талап –тонау, Орта Азияның да бағындырылған аймақтардың да еңбекші бұқарасын қанау есебінен баюға мүмкіндік беріп, оларды бүлік шығару мен өзара қырқыстан тыю үшін жүргізген еді /43, 131-139 б/.

Рашид ад-Дин дерегіне сүйенер болсақ Шағатай әмірлерінің бірі- Қарашар барлас руынан шыққан, ол кейіннен Темірдің арғы бабасы болып саналған. Темір мемлекеті туралы деректе қыпшақ руы аталады, ал қарлұқ руы еске алынбайды, ұйғырлар біресе ру, біресе шағын ұлыс деп те айтылады. Шағатайдың ұрпақтары болып есептелетін хандардың көбінің –ақ беделі зор болғанмен, Темір мемлекетінің көшпенді тайпаларында Шағатай атауы сақталып қалған. Шығыс аймақтың көшпеділері моғол деп, ал олардың астанасы Моғолстан деп аталды. Бірақ XIV-XV ғасырларда Моғолдар тілінің моңғолдар тіліне нақты қандай қатысы болғаны белгісіз /45, 28-33 б/.

Бабырдың айтуынша, оның ағасы Ахмет ханның алашы деген лақап аты болған. Ал бұл моңғол ішіндегі қалмақ тілінде «адам өлтіруші» деген ұғымды білдіреді. Темірдің тұсында Шағатайлықтар өздерін мұсылман әскеріміз деп санаған. Бірақ олардың дәстүрлері Шыңғыс хан дәстүріне адалдықтарын танытқан. Темірді және оның әскерлерін басқа мұсылмандардан бөлекше ерекшелендіріп тұратын еәрсе- моңғол дәстүрі бойынша бұрым қоюлары еді. Темірдің әскерлері Дамаскіні басып алғанда оның немересі сұлтан Хусейн опасыздық жасап, қарсыластар жағына шығып кетеді. Сонда оған қолданылған ең бірінші жаза – бұрымын кесіп алып, киімдерін ауыстырған. Шағатай ішінде әсіресе төрт ру ерекшеленеді: арлат, жалайыр, қаушым, барлас. «Қаушым» деп ешқандай ру аталмаған. Бұл сөз – хандар әулетінің ерекшеліктеріне қарай туатын сөздердің бірі. Мысалы Шағатай әмірінің ішінен шығып тұңғыш рет Мәуреннахрды билеп кейіннен немересінің қолынан қаза тапқан Қазаған осы қауымнан шыққан. Шағатай мемлекетінде бұл рудың әрқайсысы белгілі бір аймақты билеп тұрды. Арлаттар Ауғанстанның солтүстік бөлігінде, Жалайырлар Сырдарияда, Барластар Қашғария аймағында тұрды /16, 261 б/.

Темір мықты саналған рудан шығып, әуелі Шағатай мемлекетінде басшы болды. Темірге өзі шыққан барластардан басқа да ру өкілдері жақын болған. Соның бірі – найманнан шыққан Ақбұға. Темірдің көп аялдайтын жері әрі астана санайтын мекені Түркістан болған. Ол көшпенділікті ешқашан отырықшы болмауды уағыздады.

Тарихшылар Қазағанды көшпенді өмірге адал болды, Амударияның жағалауын қыстады. Жазды Балжуын тауында өткізді, отырықшылардың жерлеріне килікпеді деп мақтайды. Қазағанның ұлы да әкесінен кейін халықты жақсы басқарған, бірақ өзінің тұрақты орны болуға Самарқндты таңдаған. Талай жылғы алыс –жұлыстан кейін билік Қазағанның немересі әмір Хусейннің қолына тиеді. Ол балхты өзінің астанасы етпекші болады. Темір оның отырықшы болуына қарсы шығады. Хусейн оны тыңдамай, араларында егес өршігіп, Темірдің өзі қатысқан көтерілісте Хусейн өлтірілді. Сөйтіп билікті өз қолына алған Темір Абдулла мен Хусейнге тиым салған әрекетке енді өзі барды. Ол Самарқанды астана деп жариялап, қорған қамалдар тұрғызды. Осы қаладан көшпенділерге отырықшылану үшін жер берді. Түркі тілімен қоса парсыша білетін Темір Самарқанға дінді уағыздаушыларды, ғалымдарды, мәдениет қайраткерлерін, өнер шеберлерін, сәулетшілерді шақырып, қаланы гүлдендірді. Бұл әрекет оның қырып жоюшылықтан гөрі бейбіт тұрмысқа бейімді екенін таныттты /23, 32-34/.

Хорезм шеберлері Шахрисаб қаласына Темірге арнап Ақсарай де аталатын сарай соғып берді. Оның қабырғаларына парсы тілінде көптеген өлеңдер жазылған . Темір 1387 жылы түркі мүддесіне, ислам дініне адалдығын білдіріп түркі мұсылмандарының әулиесі Ахмет Яссауй бейітінің басына 1387-1403 жылдары алып кесене тұрғызып берді. Сол бір әсем ғимарат, қабырғадағы жазулар біздің дәуірімізге дейін сол күйінде жеткен.

Темір өз империясын құруда негізінен түркілердің түп мақсатын көздеген жоқ. Темірдің мақсаты өз билігінің астына мүмкіндігінше дүние жүзінің көптеген елдерін бағындыру болды. Оның таррихшылары ирандағы Бухдтар динасиясының шахы –X ғасырда Әбуд ад Дуланың: «бүкіл әлем екі патша ұстау үшін жаралмаған деген сөзін Темірге де таңған.»

Темір өзінің басшылық саясатын аяқталуын қытайды жаулап алумен бітеді деп түсінді. өзіне дейінгі Хорезм Шахы Мұхамед және өзінен кейінгі Нәдір шах сияқты Темір өз мақсатын іске аыру үшін көп әскер топтайды. Бірақ бұл мақсаты орындалмады.

Темір және одан кейінгі тақ иелері тұсында Самарқан өте үлкен сауда орталығы болды. Мұнда қытай заттары сатылды. Сонымен қатар Темірдің жаулап алушылық саясатының мақсаты иранды үлкен мәдениет орталығына айналдыру еді. Тарихи себептермен түркі аймағы болған Хорезм өзінің мәдени дамуында ираннан кем болған жоқ. Хорезмнен Самарқанға көптеген ғалымдар мен суретшілер әкеліп, ғылым мен мәдениетті дамытты. Шахрисап қаласында Темірге арнап соққан Ақсарай атты ғимарат оның Самарқандағы сарайынан да сәнді болып шықты.

Темір жүргізген соғыстардан Хорезм басқа қалаларға қарағанда көп қирады. Хорезмді 1379-жылы Шағатайлар жаулап алғаннан кейін онда бірнеше рет көтерілістер болды. Темір мен Алтын Орда ханы Тоқтамыс екеуінің арасындағы күресте Хорезм бірнеше рет Тоқтамыс жағына өтті, оның есімі жазылған теңгелер шықты. Сондықтан Хорезм, әсіресе оның астанасы –Үргеніш ауыр шапқыншылыққа ұшырады. Темір үргенішті жермен жексен етіп, орнына арпа егті. Тек үш жылдан кейін қаланы бір көше аумағында ғана қалпына келтіруге руқсат етті.

Темір өзі бір кездегі Шағатай сарбазынан шықаннын ескерсек, оған ирандық тәжіктерге қарағанда түркі шағатайлары жақын еді. Сондықтан да ол түркілердің әскери қабілетін мойындады. Темір сауатсыз болса да, мәдениетке жақын болды, шахматты жақсы ойнаған. Белгілі ғалымдармен үнемі таласқа түсіп бірнеше ғылым саласынан өз бетінше білім алған. өзінің тарихты жақсы білуімен ұлы араб тарихшысы Ибн Халдунды таң қалдырады.

Тува 1306 жылы оліп, билік оның мұрагер ұлы Кебектің қолына көшті. Үгедей әулеті мұрагерлерінің барлығы дерлік биліктен жартылай кетіп, қарамағындағы қожалықтарынан да жартылай айырылды. Хан ұлдарының ішінде тек Шах ғана өзінің мың үйлік ордасын сақтап қалды. Патсы тарихшысы Вассев Мәуреннахр мен Түркістандағы шаруашылық пен сауда –саттықтың құлдырауын осы өзара қақтығысулар мен байланыстырады. Болып өткен құрылтай да бұл қарсылықтың бетін қайтара алмады. 1309 жылы Кебектің ағасы Есен – Бұға хан тағына отырды. Кебектің тұсында орта азиялық моңғол хандарының мұсылман мәдениетіне біртіндеп өте бастауының тарихтағы алар орны ерекше. Ол Мәуреннахрға қоныс аударып Қаршы қаласынан он бес шақырымдай жерге өзіне сарай соқтырды /24, 64-66 б/.

Біз бұдан Түркістандағы кәдімгі хан сарайының отауын қалаға көшіргеннің куәсі боламыз. Кебектің еңгізген тағы бір жаңалығы – ханның аты жазылған теңгн шығаруы. Мұндай күміс теңгелер мен ірілі ұсақты динарлар бұрын парсы мемлекетінде құйылатын. Бір динардың өзі дирхемге теңгерілетін еді. Теңгелер бұрынғысынша сауда саттығы дамыған Майреннахр, Бұхара, Самарқанд, Отырар, Термез сияқты ірі қалаларда жасала берді. Кейіннен осы теңгелер кебектің атымен «Кебек» деп атала бастады. Уақыт өте келе Алтын Ордада да теңгелер құйыла бастаған. Мұндағы теңгелер ұйғыр әріпімен жазылған парсы тіліндегі құтлығ болсын деген жазумен шықты. Кебектің ислам дінін қабылдаған інісі Тармашырын (1326-1334жж).өз шатырында түрікше сөйлейтін Ибн Батту Туды қабылдаған. Сол кездегі Шағатай хандары моңғол тілін білді деген нақты дерек жоқ. Ибн Батту тудың дерегінше Кебек түрікше білген. Ислам дінін қабылдау Мауренахр мен Шағатай қожалықтарының шығыс аймағының арасында сауда-саттықтың жандана түсуіне игі ықпал жасады. Ханның өзі Шығысқа, сол кезде астаналық қала саналатын Алмалық орналасқан Қытаймен шекаралас аудандарға жылына бір рет барып тұратын. Тармашырын өзі хандық құрған кездің алғашқы уақында (1326ж) Хорасанға сәтсіз жорық жасады. өйткені осы жорықтан соң парсылық моңғолдар Гознаны қиратып кеткен еді. 1329 ж ол мұсылмандық Үндістанға басып кіріп, Делиге дейін жетті.

1346 ж Мауренахрдағы хандық билікті жойған, Мауренахрдың шығыс аймақтарынан толық ажырап қалуына әкеп соққан ірі қақтығыстар болды. Бұл қақтығыстың аяғы Тармашырынның өлтірілуімен, хан ордасының шығысқа көшірілуімен тынды.

Жеңке ханның тұсында котоликтік миссионерлер Алмалықтың жанынан тамаша,. әдемі шіркеу тұрғызып алды. 1340 жылдың басында Мауренахрда Шыңғыс ханның ұрпағы саналатын түркіден шыққан шейхтердің бірі таққа ұсынылды. Кейіннен сұлтан болған шейх талай уақытқа дейін белгілі Бұқара әулиесі Бек әд –Дин Нактбендінің тәлімгері болды(1318-1339жж.).

1346ж немесе 1347 ж Шағатай ханың мұрагері Жасауыр Қазанға – Амудариядағы сансары қыстағына орналасқан болатын. Ол өлгеннен кейін 1358 ж Мауренахрдың билігі түркі әмірлерінің қолына өтіп кетеді. Қазағанның және одан кейін билікке келгендердің теңгелері Мауренахрдағы Термезде, Отырар, Исфиджап немесе Сайранда құйылып шығып тұрды. Шағатай хандығының шығыс аймақтары саяси түрде Мауренахрдан мүлдем бөлініп шықты. Ол жердің өз заны, талай уақыт хан тағына ұсынылған өзінің жоғарғы және ұлыстық әмірлері бар еді. Орта Азияның тарихы одан әрі былайша қалыптасты: Мауренахрда билікті әмірлер ұстап тұрды, олардың ішінен ерекше дараланып, ірі державаны қалыптастырған Әмір Темір шықты /23, 24 78-79 б/.                          

Темірдің Орта Азияны біріктіруі он сегіз жылға созылып, Қазақстан мен Қырғызстан аумағына – Шығыс Дешті Кыпшаққа, Жетісуға және Тянь –Шаньға тонаушылық, басқыншылық жорықтар жасаумен бірге нақ сондай қатыгездік әдістермен жүзеге асырылды (мысалы, Хорезмге бес рет жорық жасап, Үргеніштің толық талқандалуы нәтижесінде ғана бағындырылды). Темірдің үстемдікке ұмтылысы 1360-1370 жылдардағы талас-тартыстар шайқалтқанымен, әлі де құдыретті Алтын Ордамен бетпе-бет келді. Бірақ оны күретпестен бұрын Темір семсерін өзінің ең жақын көршілері –Ақ Орда мен Моғолстанға сілтеп, олар Темірдің Орта Азиядан тыс жерлерге агрессиясының алғашқы нысаналарына айналды. Ақ Орда мен Моғолстанның шаруашылық және саяси тәуелсіздігінің нығаюына кедергі жасауға ұмтылған Темір 70-90 жылдарда бұл мемлекеттердің аумағына оннан астам жорық жасады /43, 134-138 б/.

 

2.2. Моғолстан билеушілерінің Әмір Темір шапқыншылығына қарсы күресі.

 

Иляс Қожа ханның билік жүргізген аз ғана уақыты шонжарлар топтарының оқшаулану ниетімен жүргізген күресіне толы болды. Моғолстанда хан билігі рулық-тайпалық үстем таптың еркімен шектелген тым әлсіз еді. Хандар шонжарлар алдында іс –жүзінде дәрменсіз болатын. Бұл Мәуреннахрда жеңілгеннен кейінгі Иляс Қожаның мысалынан көрінді. Иляс Қожа хан билігінің күйреуі мен оның өлімінің нақты мән – жәйі деректемелерде тым қарама-қайшы келтіріледі. Моғол елінің аңыз әңгімелерінде иляс Қожа хан туралы еш нәрсе айтылмаған. «Зафарнамедегі» дерекке қарасақ, онда Тоғлық Темір хан қайтыс болған соң хан болғаны жөнінде мәләмет берілген. Иляс Қожа хан әкесі қайтыс болған соң, «Балшық шайқасы» жеңісінен кейін Самарқанды қоршауға алып, жамалдатқырдан көптеген ат-көліктен айырылып кейін оралған соғ аз уақыт патшалық құрған. Моғол аңыздарында Тоғлық Темір хан өлгеннен соң көп ұзамай Иляс Қожа ханның да өлгені айтылады /34, 66 б/.

Бірақ Тоғлық Темір хан қайтыс болғаннан кейінгі оқиғалар Моғол аңыз- әңгімелерінде былай баяндалған: әмір Болатшы туралы Тоғлық Темір ханның өмір баяны туралы айтылғанда еске алынды. Олар бес ағайынды болған. Біріншісі — әмір Тулақ, ханның ислам дінін қабылдау тарихында ол жәйлі айтылған болатын. Олардың екіншісі- жоғарыда аталған әмір Болатшы делінген. Ал үшіншісі -әмір Шамсаддин. Төртіншісі әмір Камараддин. Бесіншісі әмір Шейх Даулат еді. Оның өмірбаянынан еш мәлімет қалмаған.

Тоғлық Темір хан өлген соң бірден ақ моғолстандағы жоғарғы билікті Камараддин басып алуға тырысқан. Мұхаммед Хайдардың жазуында оның ханға деген ежелгі дұшпандығының себебі- Тоғлық Темірдің оған Моғол мемлекетін әкімшілігіндегі мұраға қалып отыратын ұлыс бегінің жоғары лауазымын бермегендігі. Болатшы өлгеннен кеін тоғлық Темірдің жарлығымен дулаттың қалған көсемдерінің ішіндегі үлкені Камараддин емес Болатшының жасы әлі жетпеген мұрагер баласы Құдайдат ұлыс бегі болып тағайындалды. Тоғлық Темірдің ұлыс бегілікті Камараддинге бермеу себебі ұлыстың құдыретті билеушісінің аузына қараудан құтылғысы келген еді, мұның өзі ханның шонжарлар сепаратизмімен күресі жағдайында әбден түсінікті болатын.

Муин ад-дин Натанзидің пікірі бойынша, Камараддин мен оның інісі дулат шамсаддин әуелі Иляс Қожа оғланды хан тағына отырғызады, бірақ бір жыл өткен соң, жаңа ханның өзара қырқысқан талас –тартыста тоқтата алмайтынын көрсеткен соң Иляс Қожа хан өлгеннен кейін ғана Камараддин бүлік шығарған. Мұхаммед Хайдардың айтуынша, Камараддин Тоғлық Темір ханның соңғы ұрпағы әлі жас Қызыр Қожа оғланнан басқа хан әулетінің барлық мүшелерін қырып салыпты –мыс, ал Қызыр Қожа оғланды дулат ұлысбегі әмір Құдайдат жасырып алып қалыпты /33, 14, 481-482, 491-503 б/.

Моғолстанның феодалдық- тайпалық ақсүйектерін бағындыру Камараддинге оңай іс болмады. Елде саяси және шаруашылық өмірдің қым-қуыт аласапраны басталды. Ірі тайпалардың көсемдері ең жоғары әкімшілік қызметтерге ие болып, айрықша артықшылықтарды пайдаланған дулаттардың одан әрі күшеюіне жол бергілері келмеді. Алайда Камараддин біраз уақытқа болса да Моғол тайпаларының едәуір бөлігін өзіне бағындыра алды.

Камараддин мен оның аға інілері тәрізді дулат шонжарларымен қатар деректемелер бұл кезде Моғолстанда бірқатар басқа тайпалар басшыларының есімдерін атайды. Шараф ад –дин Әли Йазди Моғолстанның билеуші топтары ішіндегі бытыраңқылық, қайшылықтар мен араздықтар туралы жазады. Жете әмірлерінің арасында, — деп хабарлайды ол, — өштестік орын алды. Дулат омағынан шыққан Камараддин, Кебек, Темір және Ширавул біраз әскермен Қажы декке қарсы бірікті /13, 57-78 б/.

Моғолстанның жекелеген тайпалары мен ұлыстары иеліктерінің шекаралары жиі өзгеріп отырды, жайылымның жақсысын алып, олжа түсіруді көздеген күрес жүріп жатты. Бітпейтін өзара қырқыстар, күшейе түскен езгі халық бұқарасының наразылығын туғызды. Әмір Темір әскерінің басып кіруі қарсаңында жалпы Моғолстандағы, соның ішінде Оңтүстік – Шығыс Қазақстандағы жағдай осындай еді.

Темірдің Орта Азияны біріктіруі он сегіз жылға созылып, Қазақстан мен Қырғызстан аумағына аумағына – Шығыс Дешті Кыпшаққа, Жетісуға және Тянь –Шаньға тонаушылық, басқыншылық жорықтар жасаумен бірге нақ сондай қатыгездік әдістермен жүзеге асырылды (мысалы, Хорезмге бес рет жорық жасап, Үргеніштің толық талқандалуы нәтижесінде ғана бағындырылды) /9, 43/.

Ақ Орда билеушілері мен Темір арасындағы соғыс  қимылдарына мұрындық болған соғғысы еді. Алтын Орданың астанасы Сарайды жаулап алуға бас тартқаны үшін Ұрыс хан өлтірткен, Маңғыстаудың үлесті билеушісі, Жошы ұрпағы Түй –Қожа оғланның баласы Тоқтамыс Ақ Ордадан Темірге қашып барды. Ұрыс хан Алтын Ордада болған кезде Темір өзінің солтүстіктегі көршісінің істеріне араласу ушін қолайлы жағдайды паидаланып, Тоқтамыстың Ақ Ордада орнығып алуы үшін оған әскер берді. Сауран түбінде Тоқтамыс пен шайқаста Ұрыс хан балаларының бірі Құтлұғ – Бұға қаза тапқанымен, Тоқтамыстың 1374-1375 жж алғашқы әрекеті сәтсіздікке ұшырады. Тоқтамыстың Самарқандағы өз қамқоршысына қашып баруына тура келді. Темірден тағы да әскер алып, Тоқтамыс Сауранға дейін жетті, бірақ ұрыс ханның үлкен ұлы Тоқтақия оны тағы да тас-талқан етті.

Деректердің барлығы Темірдің Моғолстанға жорығын кек алу, яғни, оның Мауренахрға жасаған жорығына байланысты жауапты реакциялық деп түсінді Бірақ бұл мағлұмат шындыққа сай келмейді. Темірдің алға қойған мақсаты көрші халықты (әлсірету), Шағатай әулетіне орталық, мемлекет құруға кедергі жасамау үшін әлсірету. Темірдің бірінші жорығы 773 ж (1371-1372 ж) М.Х.Дулати. Темірді өзі жорыққа бармай, өзбек Темірді керейіт әскерін жіберді. Соғыстан кейін кереіт мен бейбіт келісімге келеді. Темірді бұл келісім қанағаттандырмады, ол моғолияға жорыққа өзі шықты. Шамидің айтуы бойынша Темір моғол әскерін Сегіз- ағашқа дейін қуып барған. Жорықтың; нәтижесінде: «Жеңген әскердің қолына көптеген тутқындар және олжа тусті, және үлкен олжамен келгендер кайта келді» деп, осы Оңтүстік Моғолстанға жасалған жорық бірнеше автордың еңбегінде бейнеленді.

Келесі жорық 776 ж. (1375 ж 5.01) шағбан айынынң басында бейсенбі куні жасады. Бұл жолы Темір Моғолстанның ішкі жағына еніп, Моғолстанның ең негізгі күшін усліретуге мақсат қойды. Муин ад-Дин

Натаизи Темірдің мақсатын: Сайрам арқылы Жетісуға бағыты. Сайрамнан алыс емес жерде Қамар ад-Дин болды. Ол барлық әскерлерін Көк төбе де жинап, Хаджи-бек кутіп отырды. Ал оның көптеген әскер басшылары бағынбай, May/га кашып кеткен. Темір кенеттен басып ала алмады. Себебі Қамараддин Темірдің жорығын естігеннен кеиін тығылып қалды. Ол әскерін Аршылар (Т.Р. бойынша) немесе Берке-и-Гураин (басқа деректер бойынша) сол жерге барады. Бартольдың айтуы бойынша, чарында орналасқан ол жақта үш өзен ағады. Қамарддин екеуінен өтіп, ушінші өзеннің жағасында болады.

Джаһангир өз әскерімен осында келіп, шайқас болады. Моғол әскері ілеге қарай кашты. Темір басқа әскерлерін жіберіп, ілеге дейін қуып барды. Іледе оларды тонап, мал-мүлкін алып кетті.

Натанзидің айтуы бойынша, іледен Темір әскерлері кері қайтты, ал Қамараддин Учаға қарай (Уч — Турфан Шыгыс Түркі) қашты. Әмір Қамараддинді тұтқындау үшін Әмір Джаһангирге қосып бip топ жеңімпаз әскерді жіберді. Әмірзада бұйрык, бойынша әскермен жолға аттанды. Үш Фарманда қоныстанған мыңдаған моғолды тонады. Қамараддинды бездіріп қуып шьқты. Оның барлық қырған мекенін һүм Шамаддиннің әйелі Туман Аға мен оның қызы Дилшад Ағаны қолға түсірді. Джаһангир Темірге үлкен олжамен оралады /14, 491-503 б/.

Қайтар жолында ол Байтақтан Қара-Қосман арқылы Атбашы жеріне, ары қарай Арпа — Йази даласына бет алады. Осы жолда мыңдықтың Әмірі Мәбүрүк шаһ Темірді қарсы алып, соның жағына өтіп кетеді.

777 ж.хижраның (1376 ж) көктемде Темір Моғолстанға қыпшақтан Сары — Буғаны, Жалайырдан Үділ- Шахты және т.б. мыңдық Әмірің 30 әскерін Қамараддинді тауып өлтіруге буйрық береді. бірак, олар Моғолстанға бармай, Темір Хорезмге кеткен кезде өз руын жинап, Самаркантта бүлік шығарады. Бұл сәтсіз аяқталады. Моғолстанға барып, Қамараддинды Темірге карсы кқояды. Қамараддин Темірдің Әмірімен бipгe Андижанға бет алады. Ферғанада үш күн болғаннан кейін Темірдің жорығына байланысты Атабашы арқылы Моғолстанға кайта қайтады. Қамараддин жанұясын қауіпті емес жерге жіберіп, төрт мың әскерімен жаулап алуға ыңғайлы жерде Темір әскерін күтіп отырды. Темір әскерлері айтылған жерге келген кезде тутқындап шабуыл жасайды. Бірақ бұл да сәтсіз аяқталады. Темір өзінің жарты әскерін Қамарға жіберіп, өзі Моғолстанға беттеді Қамараддин қашып кетеді. Темір Атакан арқылы олжалы болып қайтады. Темірдің Моғолстанға төртінші жорығы осылай аяқталады. Келесі жылы (1377 ж) Камараинге қарсы тағы жорық жасады. 1377 ж. Аба — Кумда жеңіс тапқаннан кейін, екі жақта да кайтыс болған адамның саны көп болды. Осы жорықта Ыстық көл маңына, Ожумчала және Кочкарға дейін жетті /5, 60-64 б/.

Осы жорықтан кейін жауынгерлік қабілетінен айырылады, қиратылады. Қалған моғол ұлысын тұтқынға алды. Қамараддиннің Моғолстанға апарып құл етеді. Оларды «барда» деп атады.

1383 ж. Темірдің жіберген әскері Моғолстанда барин тайпасымен шайқасты. Бұл жорықта моғолиялар жеңіске жетті, әскер басшысы өлтірілді.

Темір тағы да бірнеше әскер жіберді. Бұл әскерді Қамараддин Ыстық көл арқылы Жетісу аймағының Көктөбе жеріне жеткенде, Қамараддин сай. Жетісуға өтіп кетті.

Оңтүстік-Шығыс Казақстан жерінде батыраңқылык, болды. Билік бip орталақтан басқарылмады. Бұл Темірге моғол халқын бөліп, тонауға көп мүмкіндік туғызды.

Алты жылдан кейін, 1389 ж. Темір Оңтустік Шығыс Казақстанға ең кушті талқандаушы жорық жасады /5, 60-69 б/.

Зерттеулер бойынша осы кезде Моғолстанға тәуелсіз бірнеше феодалдық иеліктер болған: Қамараддин ұлысынан басқа, булгачи, баарин, аркенут, Енге-тора ұлысы және т.б. 1389 ж. Қамараддиннің билігінің әлсіреуіне байланысты Моғолстанда Қызыр Қожаны хан етіп сайлаған. Қамараддиннін: билік әлсірегеннен кейін Дешті — Қыпшак даласына Тоқтамыс ханнан көмек сұрауға барады. Ақ — Орда ханы көмек көрсеткеннен кейін Моғолстанға қайта келеді Бірақ бұл кезде Моғолстанда Хаджи – бектің Әмірінің туысы Енге — Тора билікке араласады. Енге — Тора кырғыз ұлтын баскарған.

80 ж. соңында Моғолстан мен Ақ — Орда хандығы қосылып Темірге қарсы саяси одақ құрды. Бұл Одақ Дешті — Қыпшак, Жетісу және Тянь-Шаньда, осы территорияда еркіндігін, саяси тәуелсіздік орнату бағытында қосылды. Деректерде бірак, бұл туралы көп айтылмайды. Темір бірінші Тоқхамыс ханға қарсы жорық жасады. Содан кейін Моғолстанға қарсы, осы территорияға оның қарсыласы Енге — Тора болды. Одан кейінгі карсыласы Кызыр Қожа болды. Темір Ал — Кошун жерінен Бөрі — Башы арқылы Моғолияға бағыт алған. Бөрі Баша арқылы. Тубалик жеріне, Артак хаулы аймағына, Алтын Сере аймағына жеткенде, жарты әскерін Мауренахрға қайтіп, жіберді. Айғыралы даласы арқылы өткенде Ұлан — Шарлы жерінде Енге — Тори әскерін кездеседі Енге — Тора қашып кетеді. Осы жорықта Темір әскерін екіге бөледі. Бір бөлігін Темір өзі басқарып, шара, шубарты, Кой -Марач, Кораган және Бурлау арқылы Тарб/ң батыс беліп Кара — Гучурге алып келеді, екінші бөлігін олар Шейх Кобук өзені арқылы алып келеді. Екі жақ хан қоршау арқылы Енге — Тора әскерін талқандайды /43, 145-147б/.

Қара -Гу Чурге бірнеше уақыт болып, Ертіске 30 мың әскер жіберіп, Енге — Тора әскерін талқандады. Қара — Гучурден Чунчун арқылы Эмиль -Гучурге барады. Осы жерде хан ортада Сарай — Ордашда Моғолияның мемлекеін жою жоспары қойылады. Бес әскер, жалпы 120 мың адам жіберіледі. Бұл әскерді Темірдің балалары басқарады. Олар Омар Шейх Оңтүстік –Шығыс бағытымен қара Қожа камалына бағыттайды. Оның жол бастаушысы Бурхан — Оғлан және Бекжан Эмірдің баласы Баян — Темір болған.

Екінші әскердің қурамына 30 мың, Әмір Джахин — Шах және Шайх -Али басқарды. Олар Кара — Арх асуына бет алды. Алдына кезіккен жаудың бәрін тонап, өлтіріп отырды. Булгачи тайпасымен шайқас болды. Булгачи тайпасының жерін Темір өз баласына берді. Темірдің Булгачи тайпасына жіберген әскері қоңыр Қожаға жолығады. Олар екі күн бойы соғыспай,

келісі тарайды. Мұны естіген Темір Қызыр Қожаға өзі карсы шығады. Кунгес өзенінен өтіп Йулдуз жеріне келді Қарабулак, жерінде Қызык. Қожа әскерін талкандады. Қара Қожа жағына қашқандар бойынша Омар Шейх әскерлері ұрып — соғып, тұтқынға алды. Бұл жорық бойынша да деректерде Темірдің көп олжалы болып каитканы айтылады. Тіпті Қызық Кожаның хан титулынан айырылды деп айтады. Келісімді Йулдуз жерінде барлык, әскерлері жиналғаннан кейін 791 ж.х. 15 шабан айында (Х.01.1389 ж) Темір Самаркандқа кетеді

Келесі жылы 792 ж. (1390 ж) Teмip Жетісу және Тянь-Шань жеріннен біржолата талкандауға әскер жібереді. әскер ыстық көлді, Көктөбені, Алмалық, 1ле өзені арқылы өтіп Қараталға Енге — Торе жеріне келіп, Қамараддинмен  шайқасады. Қамараддин алтайға кашып кетеді.

Қайтар жолында Балхаш аркылы кайтады.

XIXғ. соңғы ширегіндегі Темірдің жаулап алушылық саясатының нәтижесінде Оңтүстік -Шығыс Қазақстан жеріне қырғыз территориясы каңырап, халқы азайды. Экономикалық жағынанда әcepін тигізді. Отырықшының шаруашылығы және мал шаруашылығына кұлдырады /5, 66-73 б/..

Темірдің мақсаты тек қана тонау, сол арқылы көп олжаны бөлу яғни баю, халқын жою, с.к. осының нәтижесінде шаруашылыққа, ішкі саясатына әсер ету, әскерлерін әлсірету емес. Хандыкты, территориясын вассалдық ретінде басып алуды көздеді. Бұған жоғарыда көптеген дәлелдер келтірілді: 1389 ж. жорықтан кейін өзінің ұлын Жанах — Шах Баһадурды (билеуші) Моғолияға билік етуге қалдырып кетуі: Мирхондтың айтуы бойынша коңыр Қожаныңбиліктен бас тартуы.

Темір жорықтың нәтижесінде мемлекеттік билік әлсіреді, феодалдар арасында талас — тартыс күшейді, Жетісу мен Тянь — Шань жеріндегі түрік тайпаларының этникалық бірігуіне әсерін тигізді. XIV 70-80 ж. Моғолияда орталық биліктің әлсіреуі, Қамараддиннің Оңтүстік — Шығыс Қазахстан және Қырғыстандағы моғол тайпаларын біріктіру саясатының сәтсіздігін Teмip пайдаланып, ұр ұлысты кезек — кезек талқандап отырды.

Деректердің айтуы бойынша, Моғолстанның көп халқының айырылғанын көрсетеді. Деректердің монғол және түрік тайпасы деп бөліп айтылған. Бұл территорияның халқы тек бip ғана «моғол» атауымен беріледі.

Бірақ та, осындай куйреуіне қарамастан Темір моғолстан мемлекетін бip жолата жойып жібере алмады. Жау әскерлері қайтқаннан кейін, кашып кеткен халықтар қайта оралды. әскер жақындаған сайын көшпелі халық өз жайылымды жерінен таулы аймақтарға көшіп кеткен. Ал қаруланған әскерлер жаумен шайкасуға немесе оларды алдап басқа жаққа жол керсетіп отырған. Жекелеген тайпалар жаулаған жерлерде де таулы қиын жерлерде де тығылып өмір сүрген. Осындай көшпелі тактика туралы авторлар былай айтады: «когда победные знамена (войск Тимура) прошли через Сайрам и Йанги, противник (то есть могулы) услышалди о движении его величества, они предпочли бегство стойкости и рассеялись в степях и горах».

Мауренахрда Темір мемлекеті құрылып, Орта Азиядағы мемлекеттерге өзінің ықпалын тигізіп отырды. Ақ Орда , Алтын Ордаға жойқын- жойқын шабуылдар жасады, қалаларды қиратты.

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қорыта келгенде, Моғолстан жерінде ұзақ жылдар бойы Әмір Темір және оның ұрпақтарының жүргізген жорықтары қарапайым еңбекші бұқараның жағдайын әбден қалжыратты. Ал Оңтүстік –Шығыс аудандарында мал шаруашылығы үлкен күйзеліске ұшырады. Сөйтіп Темір және оның мирасқорларының Моғолстан жеріне жүргізген шапқыншылықтары оның әлеуметтік, экономикалық және мәдени дамуын ұзақ жылдар бойы қалпына келместей етіп ойсыратып тастады.

Моғолстан өз халқы мен жерін қорғай алмауында мынадай нақты себептер байқалды. Біріншіден, Моғолстан мемлекетінің жергілікті этникалық жағдвйға байланысты құрылмағандығы, яғни оның жаугершілік саясаттың арқасында құрылған мемлекет болғандығы. Сол себепті XV ғасырдың екінші жартсында Моғолстан мемлекеті ыдырап кетті.

Екіншіден Моғолстанның алып жатқан жер аумағы тарихи – экономикалық дамуы жағынан әр түрлі болды. Бір жағында қалалық өмір мен отырықшы жер кәсібімен айналысқан ел болса, екінші бір жағында жартылай көшпелі, жартылай жер өңдеумен айналысқан халықтар өмір сүрді. Бұлар тек күшпен ғана Моғол хандығының қол астына қарады.

Үшіншіден, Моғолстан халқының этникалық құрамы да алуан түрлі болғандықтан, олардың тілі, әдет – ғұрпы, салт – санасы, діни наным –сенімі әр басқа болды және жер жағдайына байланысты өздеріне тән тарихи дамудың жаңа қалыптасып келе жатқан кезі еді. Моғолстан сияқты күшпен құрылған мемлекеттің ұзақ өмір сүруі мүмкін емес еді, ондай мемлекеттің қашан да болмасын құлауы, құруы заңды тарихи құбылыс. Моғолстан хандығы XV ғасырдың 60-70 жылдарында мардымсыз ғана өмір сүрді.

Төртіншіден, Моғолстанның ыдырауына феодалдық өзара қырқысулар бір орталықтан басқарылған күшті өкімет билігінің болмауы және феодалдық кзгіге қарсы күшейе түскен халық наразылығы да қатты әсер етті.

Бесіншіден, Моғолстан мемлекетінің ыдырауына қалмақтардың Жетісуға жасаған шабуылы, Орта Азиядағы Шайбани әулетінің және Темір әскерлерінің кескілескен күресі де ықпал етпей қойған жоқ.

Алтыншыдан, XV ғасырдың екінші жартсындағы Жетісудағы қазақ тайпаларының ұлы жүзге бірігуі аяқталып, сонымен бірге қазақтар мен қырғыздардың жеке-жеке халық болып қалыптасуы, жергілікті халықтың өз тәуелсіздігімен экономикалық және саяси жағынан дербес даму жолына тусуі, Жетісудың батыс жағында жеке қазақ хандығының құрылуы, осы өңірлерді мекендеген қазақ тайпалары Дешті Қыпшақ пен Түркістандағы қазақ руларының қосылуға деген ынтасы Моғолстанның ыдырауына, хандық билігінің жойылуына әкеліп соқты.

Осылайша XV ғасырдың алғашқы ширегінде Оңтүстік Шығыс Қазақстан феодалдық қырқысулат мен көрші елдердің жаулап алу аймағына айналды. Саяси билік үшін күрес және батысында Темір әулетінің, шығысында Ойраттардың Моғолстан жерлеріне басып кіруі мемлекеттің тұрақтылығына кері әсерін тигізді. Ондаңан жылдарға созылған феодалдық қырқысулар мемлекетті әлсіретіп, шаруашылығын құлдыратып, сауда байланвстары мен егіншілікті жүйелі түрде жүргізуге кедергі келтірді. Феодалдық тартыстар мен бытыраңқылықтар, келеңсіз сыртқы жағдай жаулап алушылардың жиі басып кіруі мемлекеттің біртұтастығын сақтауға мүмкіндік бермеді. Осылардың барлығы тұрғындардың этникалық жағынан бірігуіне кедергі келтірді, халықтың этникалық консолидациясының сабақтастығы үзілді.

 

 

 

 

Пайдаланған деректермен зерттеулер тізімі

 

  1. Бартольд В.В Очерк истории Семиречье. Фрунзе, 1943. Бартольд В.В Сочинения II-IV.М, 1966.
  2. Ибрагимов С.К истории Казахстана в XV в.- «Вопросы филологии и истории стран советского и зарубежного востока» М. 1961. Баилаков К.М. Раннесредневековые горада и поселения Северо- Восточного Семиречья. А, 1968. Ерзакович Л.Б. О позднесредневековом городище Аспара. А,1968. Сұлтанов Т.И «Записки» Бабура как источник по истории моголов Восточнего Туркестана и Средней Азии // TURGOLOGICA, Ленинград,1986.
  3. Иванов П.П Очерки по истории Средней Азии (XXI-середина XIX в.) М, 1958, Ахмедов Б. А. Государство кочевых узбеков. М, 1965, Азимджанов С. А. К истории Ферганы второи половины XV в.Ташкент, 1957, Петров К. И. Киргизско-кипчакские отношение Известия Ан Кирг. ССР сер. Обществ. Наук. 1961 г.
  4. Востров В.В, Муканов М.С. Родо-племенной состав и расселение казахов (конец XIX-начало XX в) А, 1968; Муканов М.С. Этнический состав и расселение казахов Среднего жуза. А, 1974; Юдин В.П. О роде племенном составе могулов Могулистана и Могулин и их этнических связах с казахскими и другими соседними народами // Известия Ан КазССР Сер. Обществ. Наук, 1965. вып 3.
  5. Пищулина К.А. Юго-Восточный Казахстан в середине XIV- начале XVI веков. А, 1977.
  6. Караев О. К. Чачатайская область. Государства Хайду и Могулистан. Бишкек, 1995 г.
  7. Строева Л. В. Сербедары Самарканда, Гуревич А. М. О классовой борьбе в Самарканде // У сен. Зал. Ленинград. Ун-та, 1949, № 98. вып.1
  8. Акимушкин О.Ф. К вопросу о внешнеполитических связах Могольского государство с узбеками и казахами в 30-х гг. XXI 60гг. XVII// Палестинский сборник том I.М-Л, 1970. Акимушкин О.Ф. Хронология правителей восточной части Чачатайского улуча.// Восточный Туркестан и Средняя Азия. М,1984.
  9. Жолдасбайұлы С. «Жетісу тарихы» (XVI-XVIIIғ)-А, 1996ж.
  10. Атыгаев Н.А. Казахское ханство в XVIвека. Автореферат. А, 2003.
  11. Мухаммед Хайдар Дулати «Тарих-и Рашиди» А,1999.
  12. Жолдасбайұлы М.Х.Дулати XV-XVIғ. Қазақ хандығы.А. «Қазақ университеті».2000.5бет.
  13. Шараф ад-Дин Али Йазди. Зараф-наме.//М.Х.Дулати «Тарих-и Рашиди» А,1999.57-78бет.
  14. Бартольд В.В. Определение «Анонима Искандера». Соч.Т.VIII. М, 1973. 481-482,491-503 бет.
  15. Материалы по истории казасхских ханств XV-XVIII веков.А, 1969.
  16. В:П:Юдин. О родоплеменном составе могулов Могулистана и Могулине и их этнических связах с казахскими и другими соседними народами. //Известия АН КазССР сер.обшест.наук. вып 53 бет: Султанов Т.И. «Записки» Бабура как источник по истории моголов восточного Туркестана и Средней Азии // TUR COLOGICA. Л, 1986. 261 бет.
  17. Юдин В:П, А:М.Мугинов. Описание уйгурских рукописей институт народов Азии АН СССР. //Известие АН ССР. 1965. № 2 8 стр.
  18. Акимушкин О.Ф.Хроника правителей восточной части Чагатайского улуса // Восточной Туркестан и Средняя Азия под ред. Б.А.Литвинского. М,84 165 бет.
  19. Караев О.К. Чагатайская область. Государства Хайду и Могулистан. Бишкек, 1995 35 бет.
  20. Бартольд В.В. Соченение том II. М, 1964 г. 25 бет.
  21. Бартольд В.В: народные движение в Самрканде в 1365 г.//Сочинение. Том II. М. 1964. 369 бет.
  22. Бартольд В.В. Очерк истории семиречья. Фрунзе, 1943, 81-83 бет.
  23. Тамерлан М. 2003. 30 бет.
  24. Ахмедов Б.А. Государство кочевых узбеков. М. 1965.
  25. Омарбеков Т.О. Моғолстан қазақ мемлекетінің алтын бесігі және М.Х.Дулати. А. 1999
  26. Кляшторный С.Г. Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех тысячилетии. Алма Ата 1992.
  27. Бартольд В.В. История турецко- монголских
  28. Гафуров Б.Г. Таджики. –М., — 1965.-546 б.
  29. Бартольд В.В Чагатай хан, 541 б.
  30. Петрушевский И.П. Зем леделие и аграрные отношения в Иране XIII-XIV веков, М. –Л., 462 б.
  31. Бартольд В:В: Рецензия на «Заметки об этническом составе тюркских племен и народностей и сведение об их численности //Записки Восточного отделения Императоского Россиского Археологического общества Т . 11.- СПб,.-1899-352 б.; Аманжолов. С. Вопросы диалектического и истории казахского языка . Ч. 1. – Алма- Ата, -1959. -24 б.; Петров К.И. К истории движения на Тянь –Шань и их взоимоотношении с ойратами в XIII –XV вв. – Фрунзе, — 1961. -175 б.; Юдин В.П. О родоплеменном составе могулов Могулистана и Могулии и их этническиих связах с казахскими и другими соседнеми народами // Известия АН КазССР. Серия общественных наук. – 1965. — »
  32. Востров В.В., Муканов М.С. Родоплеменной состав и расселение казахов. –Алма –Ата, -1968.
  33. Бартольд В.В. Двенадцать лекций по истории турецских народов Средней Азии. Соч. –Т. –М., -1968.- 167 б.
  34. Мұхаммед Хайдар Дулати. Тарих-и Рашиди, парсы тіліндегі қолжазба нұсқасынан тәржімалаған Ислам Жеменей. Жалпы ред. басқарған және алғысөзін жазған Әбсаттар Дербісалі, Алматы. Тұран, 2003, 616 б.
  35. И. Жеменей. Тарих-и Рашиди – Қазақ тарихы мен мәдениеті, Жалын журналы, №9 2005ж.
  36. Т. Омарбеков, Ш. Омарбеков, Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарас, Алматы: Қазақ Университеті, 2004, 388 б.
  37. Абрамзон С.М. Киргизы и их этнические и историко – культурные связи. Л., 1971, 26-52-б.;Востров В.В. Муканов М.С. Родоплеменной состав и расселение казахов (конец XIV –начало XX вв.). Алма –Ата, 1968, 29, 56-60, 67-72-б.; Юдин В.В.О родоплеменном составе могулов Могулистана и их этнических связах с казахскими и другими соседними народами // Изв. АН КазССР. Сер. Обществ. Наук, 1965, вып. 3, 59 –б.
  38. Иванов П.П. Очерки по истории Средней Азии. – Ташкент, -1963. -35 б.
  39. Шоқан Уалиханов, 5 томдық, Алматы: 1916, 4-том, 14 б.
  40. Зардыхан Қиянатұлы, Моңғол үстүртін мекен еткен соңғы түркі тайпалары; IX-XII ғасыр , Астана: Ел Орда 2001,-208 б.
  41. «Алаш» тарихи зерттеу орталығы. Жалайыр. 8-том екінші кітап, Алматы. 2007 -35-48 б.
  42. ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы. №1(44). 2007 – 18-25 б.
  43. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін бес томдық. «Атамұра» баспасы Алматы, 1998.
  44. Султанов К.Е. Поднятые на белой кашме.М.,2004.
  45. Аристов Н.Я. Этногенез и этническая история казахского народа. – Павлодар,- 2005. – 30-31 б.