Германиядағы фашистік режим және оның ерекшеліктері
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
І-Тарау.Фашистік қозғалыстың пайда болуы, А.Гитлердің үкімет басына келуі
ІІ-Тарау.П-дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Германия және фашистік режимнің күйреуі
ІІІ-Тарау. П-дүниежүзілік соғыстан кейінгі бейбіт келісімдер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Германия жәнс Италия елдерінің тарихы дүниежүзілік тарыхтың құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл екі мемлекеттегі әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдай фашизмнің орнауына мүмкіндік тудырды.
Дүниежүзі халықтарының сұрапыл қанды қырғынға ұшыратқан Италия және Германия фашизміне біршама сипаттама берсек: Фашизм (итальянша fascisma деген сөзден шыққан. Байланыс, одақ деген мағынаны білдіреді.) -реакциялық саяси ағым. Оның негізгі идеологиясы шовинистік, агрессиялық бағыт болып табылады. Ол өзінің пайда болу кезінен бастап адамзат прогресіне қауіп төндірді. Фашизмнің билік басына келуімен буржуазия ашық террорлық іс-әрекет жүргізген фашистерге жол берді. Барлық фашистік режимдерге тән сипат, ол күресудің террорлық әдісімен антикоммунистік және антисемиттік бағыт ұстанды.
Ең алғашқы фашистік ұйымдар — «Фаши ди комбаттименто» (ағымның атауы осыдан шыққан.) Италияда 1919 жылы наурызда пайда болды. Ол билік басына монополистік буржуазияның және монархияның қолдуымен билік басына 1922 жылы қазанда келді.
1919 жылдың басына қарай Германияда фашистік партия пайда болды. Ол 1933 жылы 30 қаңтарда монополистік буржуазияға, рейхсвердегі реакцияшыл топтарға, юнкерлік — дворяндық топтарға сүйене отырып билік басына келді.
Осылайша билік басына келген Германия фашистік режиммінің негізгі сыртқы саясаты дүниежүзінде үстемдік құру болатын. Олар жаулап алған жерлерінде бейбіт тұрғындарға қарсы оқ атып, әлем алдында кешірілмес қылмыс жасады.
Фашизм — XX ғасырдағы көбінде Еуропалық саяси қозғалыс, мемлекетті басқарудың арнайы түрі. Ол дүниежүзі халықтарына теңдесі жоқ азап әкелді. Нақты айтқанда, Германия сияқты фашистік мемлекеттер екінші дүниежүзілік соғыс отын тұтандырушылардың басты айыптылары болды. Осылайша, Германия дүниежүзінің тарихи дамуына үлкен ықпалын тигізді.
Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 61 жыл уақыт өтсе де, оның зардабы әлі ұмытыла қойған жоқ. Адамзат тарихындағы үлкенді-кішілі соғыстардың ішінде фашистік Германия тұтандырған екінші дүниежүзілік соғысы ерекше орын алады. Бұл соғыс 50 миллион адамның өмірін қиып кетті. Адамзат тарихында үлкенді-кішілі 14,5 мың соғыстар болған екен. Бұл соғыстар 4 млрд адамның өмірін жалмап кетті. Олардың ішінде 7 жылдық, 30 жылдық, тіпті 100 жылдық соғыстар болды. Бірақ ең көп қан төгілген және ең сорақысы — 6 жылдық II дүниежүзілік соғысы. Бұл соғысқа жер шарындағы халықтарының 5/4 бөлігі қатысты. Қарулы қақтығыс Еуропаның, Азияның және Африканың 40-тан астам елінде орын алды. Бұл соғыста жаңа заман талабына сай әскери қару-жарақпен жабдықталған бірнеше миллион әскер қатысты. Егер фашистер бастаған басқыншылар жеңіске жеткенде адамзат тарихында түнек пен жабайылық орын алар еді. Бұл тарихта ең көп қан төгілген, Еуропаны қираған үйіндіге айналдырған ең аяусыз соғыс болып табылады.
Тақырыптың мақсаты мен міндеті. Дипломдық жұмыстың мақсаты Германиядағы фашизм ерекшеліктерін, оның билік басына келу жолын егжей-тегжейлі зерттеу.
-фашистік диктатураның билік басына қалай келгендігін;
-Германиядағы фашистік режимнің ерекшеліктеріне келер болсақ, Германиядағы фашистік қозғалыстың пайда болуы;
-Адольф Гитлердің үкімет басына келуі мәселесіне талдау жасау;
-Екінші дүниежүзілік соғыс өртін Германия сияқты фашистік мемлекеттер не себепті тұтатты? Фашистік Германияның агрессиясы қай елдерге бағытталды? Соғыстан кейінгі жалпы халықаралық жағдайдың жай-күйі қандай болды? Міне, осы секілді сұрақтарға дерек көздерін пайдалана отырып жауап беру диплом жұмысының мақсаты болып табылады.
Тақырыптың тарихнамасы. Германиядағы нацизм мәселесі бойынша арнайы еңбектер жеткілікті. Еуропадағы және Германиядағы фашизмді егжей-тегжейлі зерттеуде әдебиеттер екі топқа бөлінді:
І. Германиядағы фашизмге анализ жасаған арнайы әдебиеттер.
2.А.Гитлер және Муссолинидің билікке таласы, олардың сыбайластары жөнінде жан-жақты жазылған монографиялар мен мақалалар.
Д.М. Проэктор, П.Ю. Райхшмир, Л.А. Безищенский өз еңбектерінде Гитлердің билікке келгеннен кейінгі ішкі және сыртқы саясатына талдау жасаған. Дипломдық жұмысын жазу барысында А. Гитлердің жеке басына сипаттама беру үшін және оның билікке қалай келгендігін ашып көрсету мақсатында Л.Чернойдың «Коричневые диктатуры» [1] еңбегі пайдаланылды.
Германия мен КСРО арасындағы соғыс яғни Ұлы Отан соғысы жөнінде А.И.Еременконың Москва қаласын «Наука» баспаханасынан шыққан «В начале войны» атты кітабы бар. Бұл кітапта соғыстың алғашқы кезеңіндегі Кеңес әскерлерінің сәтсіздіктері, соғыс барысы қарастырылды. Германия фашистік партиясының көсемі Адольф Гитлердің елді басқарып отырған жылдардағы мақсаты, КСРО-ны алуды міндет етіп қоюы, әйгілі «Барбаросса» жоспары, Ұлы Отан соғысының алғашқы кезеңдері П.А. Жилиннің Москвадан 1984 жылы шыққан «А войне и военной истрии» атты кітабында жазылған. Италияда 1919 жылы алғашқы рет фашистердің пайда болуы, оның билік басына келуі, ұстанған ішкі және сыртқы саясаты және Германиядағы фашизмнің ерекшелігі, оның билік басына келгеннен кейінгі ұстанған сыртқы агрессиялық саясатына қысқаша шолу Москвадан шыққан «Великая Отечественная Война» атты энциклопедиялық еңбекте қарастырылған.
Жалпы Германиямен болған соғыста КСРО-ның құрамындағы барлық Социалистік Одақтас республикалар соғыс ауырпалығын жан аямай көтергені баршаға мәлім Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі КСРО құрамындағы Қазақстан майданға Қызыл Армия қатарына көптеген қазақстандықтар жіберді. Қазақстаннан барған жауынгерлер отан үшін аянбай отқа түсті. Міне осы жөнінде, яғни Қазақстанның Ұлы Отан соғысы жеңісіне қосқан үлесі туралы С.Н. Покровскийдің Алматыдан 1968 жылы шыққан «Казахстан в Великой Отечественной Войне» атты еңбегінде егжей-тегжейлі жазылды. Сонымен қатар Кеңес халқының тылдағы ерен еңбектері, Кеңес әскерлерінің майдан шебіндегі аңыз боларлық батырлықтары, соғыс барысындағы жағдайлар А.А. Гречконың, А.А. Эпищев, П.А. Жилиннің, М.Т Иовчкутің, В.Г.Куликовтың, С.К. Куроткинның, П.И.Феодосевтің Москва қаласы «Наука» баспаханасынан 1976 жылы шыққан «Великая победа Советского народа» атты кітаптарында жазылған.
1945 жылы 8 мамырда Германияның сөзсіз тізе бүгуі туралы пактіге қол қойғаннан кейін, соғыс қорытындылары, герман құрамындағы жаулап алынған жерлердің яғни Шығыс Еуропадағы бірнеше мемлекеттер, Африкадағы, Азиядағы отар жерлердің АҚШ, КСРО, Англия сияқты Ұлы державалық елдердің арасында бөліске салынуы, соғыс біткеннен кейінгі дүниежүзінің екі жүйеге бөлінуі және т.б. мәселелер В.А. Андреевтің Москвадан 1965 жылы шыққан «Великая Отечественная Война Советского Союза» атты кітабында жан-жақты зерттеліп, зерделеніп қарастырылған. П.Н. Поспеловтың және т.б. көрнекті ғалымдардың қатысуымен жазылған «Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы» атты кітабында фашизмнің шығуы, оның Кеңес Одағы территориясына 1941 жылы 22 маусымда шабуыл жасағаны, Кеңес халқының фашистік басқыншыларға қарсы күресі, тылдағы ерен еңбектері қамтылған.
Жалпы Германияның фашизм кезеңіндегі әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдайын зерттеу үшін 1 .Дәуірбаеваның Түркістаннан 2004 жылы шыққан «Еуропа мен Америка елдерінің тарихы» [2] атты еңбегі, профессор В.К.Фураевтің «Новейшая история зарубежных стран Европы и Америки» [3] атты кітабы, Н.И. Саморукованың «Новейшая история стран западный Европы и Америки» [4] атты кітабы пайдаланылды.
Сондай-ақ фашистік Германияның КСРС-ға шабуылының басталуы, жоспары туралы С.А.Стегарьдің «Практикум по новейшей истории» [5] атты еңбектен алынды. КСРО мен Германияның 1939 жылғы ынтымақтастық жөніндегі келісім шартын талдау мақсатында М.Е.Главацконың «Россия которую мы не знали» [6] атты еңбегі пайдаланылды. Сонымен қатар, Германияда фашизмнің күйреуі, одақтастардың екінші майдан ашуын көрсету үшін А.М. Самсоновтың «Крах фашистской агрессии» [7] атты еңбегі пайдалынылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Диплом жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер
І-Тарау. Фашистік қозғалыстың пайда болуы, А.Гитлердің үкімет басына келуі
Германияда революция өрті шыққанда және Веймар республикасының пайда болуы кезінде А.Гитлер 1919 жылғы Версаль келісіміне қарсы тұру үшін саясатқа араласа бастады. Бұл кезде ол ескі полкінің құрамында болатын, оған саяси партиялардың ішінде тыңшылық жасау жүктелген. 1919 жылы қыркүйекте Гитлерге неміс жұмысшылар партиясының анықтамасын алу табыс етілді.
Бұл партияның ешқандай бағдарламасы, жосапары болмаған. Оның қорында тек бірнеше марка болды. Бірақ Гитлерді оның идеясы қызықтырды. Гитлер бұл партияға мүшелікке кірді. 2 жыл өтер-өтпес уақыттан соң Гитлер бұл партияның жетекшісі болып тағайындалды. Гитлер неміс жұмысшылар партиясының атын Германияның ұлтшыл социал жұмысшы партиясы атына өзгертті. (НСДАП) Осыдан кейін ұлтшылдық социалист сөзінен шыққан «нацизм» термині пайда болады. Гитлер өз қызметін партияның қалыптасуына арнау үшін әскерден кетеді. Бұл мақсатқа жету үшін Германияда жағдай қолайлы еді. Экономикалық жағдайларға наразылық және жеңген елдерге қарсылық туып жатқан болатын. Гитлер 25 пункттен тұратын өз бағадарламасын жасады. Оның мазмұны антисемитизм, национализм, арий нәсілінің артықшылығы, либералдық партиялардағы жек көрушілік және фюрерлік принцип болды. Бағдарлама кімде кішкентай наразылық болса тарта алатындай өте сәтті жасалды. Ол нацистік партияға-свастика символын және өзінің алдындағы билеушілерге еліктеп «Хайль» деп сәлемдесуді енгізді. Ол партияның көзқарастарын кең тарату үшін «Фелькшпер беобахтер» газетін шығаруға тырысты. Партия жинаған қорын қорғау мақсатында қоңыр көйлектілер отрядын құрды. Бұл отрядты оның жақын досы Эрнс Рема басқарды. Келесі ұйым Гитлердің жеке гвардиясын болды. Оның мүшелері өз фюрерінің мүддесі үшін қасық қаны қалғанша күресуге ант берісті.
1923 жылдың соңына қарай Гитлер Веймар республикасының күреу алдында тұрғанына анық көзі жетті және «Берлинге марштың» кезі келгенін түсінді [8]. Сөйтіп, «еврейлік-маркстік сатқындардан» тұратын үкіметті құлатуды мақсат етті. Армияның қолдауымен ол Германияда нацистік бақылау орнатпақшы болды. Гитлер өз жосспарын жасауда хатшының және әскерінің ішінде әйгілі генерал Эрих Людендорфтың көмегіне сүйенеді. Эрих Людендорф I дүниежүзілік соғыстың ардагері, революционер және милиторист болатын. Гитлер және Людендорф саяси дағдарысты пайдалана отырып Мюнхенде төңкеріс ұйымдастырды.
8 қазан күні кешке 3000 адам «Бюргербраукеллер» орына жиналды. Бұл Мюнхендегі сыра ішетін залда Бавария үкіметінің мүшесі Густав фон Кара мен бірге жергілікті жоғарғы шенеунік-Ген Отто фон Лоссов болды. Отто фон Лоссов Баварияның әскери күшетірінің басшысы болатын. Сонымен қатар, Бавария полициясының басшысы ханс фон Шайссер болды. Кара трибунада сөйлеп жатқан кезінде 600-ге жуық қаракөйлектілердің штурмавиктері залды байқатпай қоршап алды. Нацистердің лидері А.Гитлер өз жақтастарымен залға қараңғылықты жамылып кіріп алды. Столдың үстіне шыққан А.Гитлер «ұлтшылдық революциясы басталды» деп айқайлады. Сонан соң көпшілікке: «Залда 600 адам бар. Ешкімге кетуге рұқсат етілмейді. Бавар және Берлин үкіметі құлады. Дәл қазір жаңа үкімет құрылады. Рейхсвер казармасы және полиция алынған. Барлығы свастика белгісінің агтында жаңа күреске көтерілуі тиіс» дейді. Трибунаға бұрылған Гитлер фон Караға, фон Лоссовка және фон Шейссерге келесі бөлімге өтуіне дөрекі бұйырды. Бұл жерде Гитлер өзінің фон Эрихпен және үкімет құратындығын және олардың тұтқындалатынын мәлімдеді. Бүған қарсылық білдірген көпшілікке ашуланған Гитлер нацистік үкіметті қалайда құратындығын мәлімдеді.
Мюнхендегі оқиға Берлинге мәлім болған кезде Рейхсвер басшысы Ген Ханс фон Зеект жергілікті үкімет еш шара қолдана алмаса, көтерілісті өзі басатындығын айтты.
Таңертең Гитлер қолдау таппаған көтерілістің сәтсіздігі туралы естіді. Бірақ Людендорф кері шегінудің қажетсіздігін түсінді. Таңертең сағат 11 жиналған ұлтшылдар Мариенплац орталығына қарай жөнелді. Колоннааның бас жағында Гитлер, Людендорф, Геринг және Юлиус Штрайхер жүріп келе жатты. 3000 ұлтшылдарға 100 жуық полицейлер қарсы тұрды. Гитлер полицейлердің берілуін талап етті. Жауап ретінде оқ атылды. Бірнеше мезеттен кейін 16 ұлтшыл және үш полицей мерт болды. Көптеген адам жараланды. Герингтің жанбасына оқ тиіп құлады. Гитлерді жақтастары қауіпсіз аймаққа алып кетті. Людендорф басын иместен алға қарай жүрді. Полицейлер әйгілі соғыс ардагеріне оқ атпады.
«Пивной путч» сәтсіз аяқталғанмен, белгілі бір саяси жетістіктерге жете алды. Гитлер ашық іс-әрекетке көшу саяси билікке жетудің оңтайлы әдісі емес екенін түсінді. Маңызды жеңіске жету үшін бұқара халықтың көмегі және финанстық пен өндіріс магнаттарының саны қажет болды. Тек осы жоспар саяси олимпке жетуді көздеді.
1924 жылы 26 ақпанда Гитлерді отанына опасыздық жасағаны үшін соттады. Гитлер керемет шешендік қасиетін өзін адвокат ретінде танытты: «Менің позициям мынандай: франциялық қылыштан өлгенше, большевиктік Германияда асылып өлгенді қалаймын,»-деді Ұлтшылдардың құрамына көпшілік өте бастады. Роталар батальонға (батальондар полкке, полктар дивизияға айнала бастады.
Гитлерді бір жылға бас бостандығынан айырды. Оның сот залындағы тәртібі немістерді таң қалдырды. Оны ұлы ұлттық батыр деп санады. Гитлер Ландабергтегі абақтыда тоғыз ай отырды. Оған жайлы камера берілді. Ол жерде ол оқ қателіктерін сараптады. Бұл жерде ол «Майн камф» еңбегін жазды. Кейін Бұл еңбек нацистік қозғалыстың библиясы болды. Бұл кітабында Гитлер өз өмірі жайында, бағдарламасын, өзіндік философиялық ойларын жазды. Гитлерді дарвинизм үлгісінде жазды: тұлға, халық өмір сүру үшін жалғасып жатқан күрестік субъектісі болып табылды. Мораль ақымақтық, үстем болуы күште. Нәсілдік үстемдікте немістер еврейлерді қаралады. Егер Германия өзінің ішкі жағайына аянбай күрес жүргізсе қайта ұлы атанады. Тек қана халық қолдауына сүйенген диктатордың арқасында Германия «өмір сүру аймағын» сыртық жаулардан тартып ала алады. Жаңа нацистік қозғалыс Германияның болашпақ дамуына стратегияны енгізуі тиіс болды. «майн камф» еңбегі көп сөзді болғанымен, оның атағы бірті-бірте шыға бастады. 1939 жылы бұл кітап он бір тілге аударылды, жалпы тиражы 5,2 млн дананы құрады [9]. Гонарар Гитлерді бай етті.
1923 жылғы оқиғаның жеңілісі нацистік партияның уақытша тоқырауын тудырды. Алайда, 1924 жылы желтоқсанда Ландсбург түрмесінен босанып шыққан Гитлер нацистік қозғалыстың қайта жандануына ат салысты. Өзінің жақын жақтастарының Виртуоз, пропагандис Пауля Иозеф Геббельстің, I дүниежүізілік соғыстың батыры, ұшқыш-капитан Герман Герингтің қолдауымен Гитлер халықтың қолдауын табуға кірісті. Олардың алдында екі жол тұрды: Грегор Штрассер басқаратын солтүстік социалистер және Мюнхендегі оңшыл ұлтшылдарды таңдау мәселесі тұрды. 1926 жылы ақпанда партия конференциясында Гитлер Штрассерді алады. Осылайша нығайып келе жатқан социалистік қозғалысқа ықпалын азайтты. Өзінің шешендік қасиетімен және саяси көрегендігімен Гитлер оң және сол қанатты өзіне тарта алды. Ол аз қамтылған тапты қолдады. Оның заңды жолмен билікке келу әрекетінің арқасында алған «Адольф-законник» атағы консерваторлар мен нациалистердің арасында атағын шығарды. Халықтың сеніміне кіре білу және оңшыл консерваторлармен ынтымақатстығы Гитлерді саяси биліктің шыңына жетеледі. Ол «Пивной путч» сыраханасында болған қателіктерін қайтамалауға тырсты. Гитлердің қолдаушылары көбее түсті. Оны ірі жеке иеліктері бар адамдар қолдай бастады. Мюнхенге ірі идустриалды иелігі бар екі адам көшіп келеді. Бұл-темір трестінің қожайыны Дриц Тиссен және концерн директоры Стиннес Минуболды. Тиссен нациалистік партияға 100 мың алтын марка бөлді. Инфляция дәуірінде бұл үлкен қаржы болатын.
Бұл кезде Гитлерге «қарыз берушілерінің» құрамына химиялық фабриканттар, «ИГ Фарбениндустри», ірі Берлиндік өндіріс иесі Эдуард фон Бюрдиг, орыс ақ гвардияшылары, тіпті шетел саясатшылары кіреді. Бұның бәрі күрделі жүйелілікпен жасалды. 1929 жылғы дүниежүзілік экономикалық дағдарыс Германияда кең етек жайды. Дағдарыс елінің барлық финанстық сфересан тоқырауға ұшыратты. Өндіріс көлемі екі есе қысқарды. Жұмыссыздық саны 7,5 млн адамға жетті. Тек жұмысшылардың емес, орта таптағы қала тұрғындарының да жағдайы күрт төмендеді. Мыңдаған ұсақ буржуазия күйреді.
Елдің аграрлық саласында болып жатқан дағдарыс аграрлық салаға да тартады. Дағдарыс елдің әлеуметтік жағдайын шиеленістірді. 1931 жылы қаңтар Руда кеншілерінің көтеріліс болып өтті. Оған 350 мың жұмысшы қатысты. Бүны ұйымдастырған Германияның коммунистік партиясы еді. 1930 жылы КПГ «Неміс қалаларын әлеуметтік және ұлттық азат ету» бағдарламасын жасап шығарды: банктерді және өндіріс саласын национализациялау, салықты төмендету, помещиктік жерлерді тәркілеу және бұл жерлерді шаруаларға үлестіру. Билеуші тап Германияның буржуазиялық демократиялық жүйесі елді басқару елде қажет емес көзқарасқа бет бұра бастады. Бұл билеуші тап ресми түрде ұлттық-социалистік деп аталған партия болатын. Фашистер буржуазиялық демократияның жойылып, орнына диктатураның орнауын талап етті. Гитлерлік фашистік партия монополияның мүддесін қорғады.
Гитлершілер халықтың және елдің мүддесін қорғауға уәде берді. Версаль келісіміне бұқаралық наразылықты пайдалған фашистер «Версаль жүйесі жойылсын» деп лозунг көтерді. Жұмысшылардың ауыр жағдайын ескере отырып, олар жалақыны көтеруге және жұмыссыздықты жоюға уәде етті. Солдаттар, буржуаздарға, шаруаларға уәдені үйіп төккен фашистер өздеріне бүқаралық база құра алды: Зорлық-зомбылық, басқа көзқарастағы адамдарды қуғындау жаппай етек алды. Фашистік жастардың құрған «Гитлерюгенд» сияқты ұйымдары пайда бола бастады [10].
1932 жылы Гинденбургтің президенттік мерзімі аяқталды. Жаңа сайлау науқаны 1932 жылдың наурызына белгіленді. Буржуазиялық партиялар Гинденбургтің кандидатурасын қайта ұсынуға шешім қабылдады. Гинденбургты неміс халықтық партиясы, бавар халықтық партиясы, бұрынғы демократиялық партия, социалистік демократиялық қолдады. Коммунистер социалистік демократтарға өздеріне қосылып, прусс үкіметінің президенті социалистік демократ Браундты тағайындауға шақырды. СДПГ Бұл ұсынысты қабылдамады. Сондағы сылтауы Гинденбург үкіметі немесе Гитлер үкіметі басына келмеу үшін Гинденбургқа қарсы дауыс беру керек еді. Коммунистік партия Тельманның кандидатурасын ұсынды. Коммунистердің ұйымдастыруымен елде антифашистік қозғалыстар болды.
1932 жылы 13 наурызда сайлау болды. Эрнст Тельман 5 млн, Гинденбург 18,6 млн, Гитлер 11,3 млн дауыс жинады. Ал национистердің лидері Дюстерберг 2,5 млн дауыс жинады. Гитлер кандидат болуға құқығы болмағанын айта кетуіміз қажет. Өйткені ол Германияның азаматы емес еді (ол Австрияның азаматы болатын). Алайда, Бруаншвейгтің фашистік үкіметі оған герман азаматтығын берген болатын. Фашистердің сайлау қорын капитал магнаттары қаржыландырды.
Сайлау қорытындысы бойынша ешқайсы кандидат көп дауыс жинай алмады. Сондықтан сайлаудың екінші туры болды. Президент болып Гинденбург сайланды. Бірақ Гитлер 13,4 млн дауыс алды. Осылайша Гитлерді қолдайтын бұқаралық база бар екендігі анықталды.
1932 жылы 30 мамырда Брюнинг үкіметі отставкаға кетті. Германияның канцлері болып фон Пакен сайланды. Ол реакциялық католиктік партияның көрнекті тұлғасы болатын. Брюнинг 1930 жылдың нацистік партиямен тығыз байланыста болатын.
Компартия фашистермен соғысқа қарсы күресу үшін барлық күштерін мобилизациялай бастады. 1932 жылы 12 маусымда Берлинде компартия басшылығымен антифашистік конгресс өтті. Конгреске 1465 адам қатысты. Олардың 379 КПГ мүшесі еді. 132 СДПГ мүшесі, 964 адам адам партиядан емес. Конгресте антифашистік комитет құрылды.
Фашизммен күреске халық белсене қатыса бастады. Вупперталдегі антифашистік қозғалысқа 70 мың адам қатысты. Эссенде-60 мың, Дортмунде-30, Эрфуртте-40 мың адам антифашистік қозғалысқа қатысты. Компартия СДПГ-ға бірлесіп, фашизммен күресуге шақырды. Алайда СДПГ бұл ұсынысты қабылдамай тастады. Бұл СДПГ позициясының әлсіреуіне алып келді. 20 шілдеде Пакен Пруссияның социал демократиялық үкіметін таратты. Сөйтіп өзін империя коммисары етіп жариялады.
Пакен Рейхстагты 1932 жылы 31 шілдеде таратып сайлау өткізді. Коммунистер 5,3 млн дауыс, фашистер 13,7 млн дауыс жинап парламентке 230 депутат енгізді. Алайда бұл фашистердің үкімет құруына жеткіліксіз еді.
Пакен Рейхстагты тағы таратып, 6 қазан 1932 жылы сайлау өткізді. Коммунистер-6 млн дауыс, социал демократтар-7,2 млн дауыс алса, фашистер-2 млн дауыстан айырылды. Олардың мандаттарының саны 230-дан 196-ға дейін түсіп кетті. Бұл фашистер арасында үрей туғызды.
Алайда герман басшылығы фашистердің үкімет басына келуіне мүмкіндік туғызды. Қазандағы сайлаудан Пакен отставкаға кетті. Шмейхер тағайындалды. Бұл фашистерге жақын үкімет болды. 1933 жылы 5 ақпанда Кельндегі банкир Шредердің вилласында Пакен, Тиссен және Гитлердің кездесуі өтті. Гитлер үкімет басшысы болу керек деп шешілді.
Бұған қарсы КПГ ОК Берлиндік пролетариатты фашизмге күресуге шақырды. 1933 жылы 25 ақпанда 150 мың жұмысшы Берлин көшелеріне ереуілге шықты. Алдыңғы қатарда Э,Тельман, В.Ульбрихт, Д.Шеер, В.Флорин болды.
1933 жылы 30 қаңтарда президент Гинденбург Гитлерді рейхканцлер етіп тағайындады.
Гитлершілердің үкімет басына келген кезі Германия тарихында ең көмескі кезең болып табылады. Елде Агрессивтік диктатура орнады. Фашизм жұмысшы қозғалысын жоюды мақсат етті. Сыртқы саясатта Герман империализмінің дүниежүзіндегі гегемондығын орнатуды жоспарлады.
Гитлершілердің үкіметі финанстық капиталдың ашық диктатурасын болып табылады. Оның құрамына моноплистер Гугенберг және Шахт кірді [11].
Алғашқы күннен бастап үкімет жұмысшыларға қырғидай тиді. 1933 жылы 1 ақпанда рейхстаг таратылып жаңа сайлау өткізілді. 4 ақпанда президент Гинденбург белгісіне кез-келген жиналысты және бұқаралық ақпарат құралдарын жабатын құқық беретін декретке қол қойды.
Бұл декрет бірнеше күннен кейін, полицейге қару қолдану құқығын және фашистік отрядтардан құралған көмекші полицей құру құқығы қосып қабылданды. Фашистер өз саясатына қарсы көзқарасты адамдарды қудалай бастады. Гитлер билік құрған алғашқы күннің өзінде түрмеге 18 мың антифашистер қамалды. Қамалғандардың ішінде сонымен қатар социал-демократтар, интеллегенция болды.
Фашистердің өздеріне қарсы көзқарастағы адамдарды қуғынға ұшыратқанына қарамастан антифашистер күресін одан әрі жалғастырды. Гитлердің үкімет басына келген күні КПГ жұмысшылары бүкілхалықтық ереуілге шақырды. 7 ақпанда Цойтенде болған КПГ ЦК пленумының ашылымында Э.Тельман өз сөзінде фашистік үкіметі жаңа соғыстың және буржуазияның диктатурасының үкіметі деп айтты. Компартия фашистік режимге қарсы бұқаралық қарсылықты тудыруға тырысты. КПГ ОК-ті СДПГ-ға бүкілхалықтық бірігіп, фашизмге қарсы бірлесіп майдан ашуды ұсыныс жасады. СДПГ басшылары бұл ұсынысты қабылдамады. Олар тек қолайлы сәттің тууын күтті. 27 ақпанда Э.Тельман социал-демократиялық партияға, христиандық партия және ерікті кәсіподақтың мүшелеріне біріккен антифашистік майдан құру туралы ұсыныс жасады. Бірақ бұл үндеу келесі үндеулер сияқты СДПГ және кәсіподақтар тарапынан қабылданбай тасталынды. Жұмысшы тобының және еңбекшілердің ынтымағының болмауы фашистердің үкіметі басына келіп нығаюына мүмкіндік жасады.
Үкіметтің билік құрған күндерінде жағдайы жақсы болмады. Фашистер рейхстагтағы келесі сайлауда жеңіліп қалмауға тырысты. Олар тағы да елдің жеткші монополияларына үміт артты. 20 ақпанда Гитлер Германияның ірі өндіріс иелерінің жиналысына шақырды. Бұл жиналыста рейхстагтағы сайлау компаниясы үшін фашистік партияның қорына 3 млн марка жиналды.
Сайлау алдында гитлершілер құбыжық жоспар құрды. 27 ақпан 1933 жылы түнде Геринг басшылығымен фашистер рейхстагты өртеді. Бұған гитлершілер коммунистерді айыптап, жалпыға бірдей қүғын-сүргін жүргізді. Тек Берлиннің өзінде бұл түні 1500, ал бүкіл елде 10 мыңнан астам коммунистер тұтқындалды.
1933 жылы 3 наурызда гитлершілер жұмысшы қозғалысына маңызды соққы берді. Германия коммунистік партиясының төрағасы Э.Тельман тұтқындалды.
1933 жылы 5 наурыздағы Рейхстагтағы сайлау репрессиямен және террормен қатар жүрді. Бірақ компартия күресін одан әрі жалғастырды олар қарулы қақтығыспен жалғасқан ереуілдер, шерумен үлкен ерлікпен өз дауыстарын берді. Социал-демократиялық партия-7 млн 180 мың, ұлттық-социалистік партия-17 млн 200 мың дауыс жинады.
Компартия үкіметі тарапынан қуғын көріп таратылды. Э.Тельманның жақтастары: В.Пик, В.Ульбрихт, Д.Шеер, В.Флорин эмиграцияда жүріп, өз күрестерін одан әрі жалғастырды. КПГ Ок өз саясаттарын жүргізетін «Роте фане» газетін шығарды.
Сайлаудан соң Гитлер жақтастары қуғын-сүргінді одан әрі жалғастырды. Эсестер тобы халықтың гитлершілер үкіметінің алдында үрейін тудыру үшін көшелерде адамдарды қорлық-зомбылыққа, ұрып-соғуға ұшыратты. түрмелерге сотсыз және айыптаусыз жұмысшылар және интеллегенциялар жабылып жатты.
24 наурызда рейхстаг өзіне төтенше жағдайдағы өкілеттік туралы заң қабылдады. Бұл рейхстагтың жойылуын және коституцияның қалдықтарының жойылуын білдірді. Рассалық және саяси белгісіне қарап мемлекеттегі билік аппараты тазартылды.
2 мамырда фашистер кәсіподақтарды жойды. Олардың мүліктері тәркіленіп, басшылары концлагерлерге тасталынды. Кәсіподақтар зорлықпен германдық еңбек майданында біріктірді. Бұл фашистік партияға бағынышты болды.
1933 жылы 23 маусымда СДПГ тартылды. Жұмысшы тап толығымен өз ұйымдары мен партияларынан айырылды. Шілде айында елде тек национал-социалистік партия ғана өмір сүрсін деген заң шығарылды. 1933 жылы желтоқсанда шыққан «Мемлекеттің және партиялардың ынтымақтастығын қамтамасыз ету туралы» заңның шығуымен национал-социалистік партия елдің билеуші ұйымы болып табылды.
1933 жылы қыркүйекте рейхстагтың өртелуіне байланысты правонационалистік сот процесін жүргізді. Коммунистерді айыптай отырып, олар дүниежүзілік қауымдастықты алдында Германиядағы террорлық іс-әрекеттерді ақтау үшін және «әлемдік коммунизммен» күресуде «жеңіпаз» болып көрінгісі келді.
Сот процесі Лейцпцигте 21 қыркүйектен 23 қыркүйекке дейін болды. Басты айыпкер болып, халықаралық коммунист Георгий Димитриев саналды. Ол Германияда эмиграцияда жүрген болатын. Фашистер Димитриевті айыптау үшін бар мүмкіндікті пайдалануға тырысты.
Г.Димитриев қорғау үшін елдің барлық аумағында қозғалыстар болды. Бұл қозғалыстың басында КСРО тұрды. Қозғалысқа тек жұмысшылар емес сонымен қатар қала тұрғындарының орта табын және алдыңғы қатарлы интеллегенцияны қамтыды. Г.Димитриевтің түрмеде жатып анасына, әпкесіне, Анри Барбюуға, Ромен Ролланға жазған хаты қозғалыстың өртіне май құйды. Парижде гитлерлік фашизмнің құрбаны болған жандарға көмек көрсететін Халықаралық комитет құрылды. Лондонда рейхстагты фашистер жақұқанын дәлелдейтін сот процесі құрылды. Лейцигтегі сот айыптаушыларды ақтауға мәжбүр болды. Бұл халықаралық антифашистік қозғалыстың үлкен жемісі болды.
Гитлер және фашистік билік өкілдері бұрынғы берген уәдесін орындамайтындығы айқындала түсті. Ұсақ буржуазия арасынан жүргізіліп жатқан гитлерлік саясатқа көңілі толмайтындары пайда бола бастады. Елде «жаңа төңкеріс» туралы сөздер шыға бастады. Гитлер наразы топтарды және оппозициялық көзқарастағы адамдарды жоюға кірісті. 1934 жылы 30 маусымда Германия тарихына «ұзын пышақ түні» деген атпен енді. Бұл түні 1200 адамнан астам антифашистік көзқарастағы интеллегенция өкілдері мен жұмысшылар өлтірілді.
Фашистік Германияның антикоммунистік саясаты Германияны КСРО-ға айдап салуға құмар болып отырған әлемдік державаларды тартты. Фашизмдік режим тұсында экономиканы милитаризациялау империялық елдердің әсіресе, Англия және АҚШ тарапынан қолдау тапты.
АҚШ және Англия тарапынан Германияның бұрынғы қарыздары кешірілді. Америкалық және ағылшындық фирмалар Германияға әскери-техникалық көмектер жасады.
1933 жылдан бастап Германия басқа капитлистік мемлекеттер сияқты дағдарыстан шыға бастады.
Гитлерге үкіметтің шығарған декреттерінің бірқатары ірі монополистердің құқығын қорғады. ¥сақ бәсекелестерді жойды. Мемлекеттікк-монополистік капитализм қарқынды дамыды.
Көмір өндіру, темір, болат, мыс, никель және т.б. материалдары үзіліссіз ұлғайды. 1932-1939 жылға дейін шикізатты шет жақтан әкелу екі есе өсті. 1936 жылы қазанда енген «төртжылдық жоспар» нәтижесінде стратегиялық әскери материал саласында тәуелсіздікке жетті. Жаңа әскери зауыттар құрылысы қарқынды түрде жүргізілді. Бұныменен бір мезетте бейбіт өндірісті әскери өндіріске айналдырып, әскери техниканы жинақтай бастады.
Гитлердің айтуы бойынша Германия 6 жыл ішінде қарулануға 90 млрд рейхсмарка жұмсаған. 1938-1939 жылдар ішінде әскери салаға бөлінген қаржы 58% құраса, 1933-1934 жылдары 23% сұраған.
Экономиканы милитаризациялаумен қатар фашистік үкімет бұқаралық үгіт-насихат жүргізе бастады. Өзінің саяси қарасыластарын жойған фашистер халыққа өтірік пен уәдені үйіп-төгіп, ықпал ете бастады.
Германдық фашистер әлеуметтік қайшылықтарға көңілі толмайтын халықты өзіне шебер тарта білді. Халықтың жағдайын көтере алатын қаржыны өзінің агрессиялық саясатына пайдалана білді. Реваншистік міндетін орындау үшін фашистер тағы да халықтың наразылығын пайдаланды, яғни халықтың Версальдық тонаушылық келісіміне деген наразылығын өршіте түсті.
Герман фашистерінің негізгі идеологиясы Гитлердің «Майн камф» («Менің күресім») деген еңбегінде жазылған. Бұл кітап герман халқының арасында кең тарады. Онда Гитлер герман халқының ақсүйекке жататынын және осы халықтың өмір сүру аймағының жеткіліксіз екенін, Бұл жерлдерді жаулап алу үшін аяусыз күрес, соғыс жүргізудің қажеттігін айтқан. Бұл теория герман империализмінің агрессиялық саясатын ақтауда маңызды қызмет етті.
Фашистер билікке келген алғашқы күннің өзінде-ақ идеологияға басна назар аудара отырып, елдің барлық саласына өз үстемдіктерін жүргізді. 1933 жылы наурызда үгіт-насихат жүргізетін арнайы үкімет құрылды. Бұл министрлікті Геббельс басқарды.
Фашистер өз мақсатына ғылымда да бағындыруға тырсты. Мыңдаған ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері, концлегерьлерге жабылды. Ірі ғалымда А.Энштейн, М.Борн, Р.Курант, Ф.Габер және т.б. Германиядағы тарихы жазылды. Бұл тарихта герман тарихының көрнекті тұлғалары фашист болып көрсетілді. Фашистер өз мақсатында географиялық және т.б. ғылымдарды пайдаланды. Гитлершілер шовинистік өтірік теория-геополитиканы жсадаы. Ол бойынша гитлершілердің ресми доктринасы болып табылатын басқа мемлекеттің есебінен шекараны кеңейтуді дәлелдеуге тырсты.
Мәдениетті минитаризациялау арнайы ұйым мәдениет палатасы арқылы жүзеге асты. Имперлік басшылық өз жұмысын Ұлы герман жазушыларының Гейненің, Каннаның және т.б. еңбектерін өртеуден, кітапхананы тазартудан бастады.
Германияның сыртқы саясатының негізгі Еуропаның жаулап алу болатын және әлемдік гегемондыққа ұмтылды [12].
Фашистік Германия «коммунизммен күрес идеясын» қолады. және бүған АҚШ, Англия, Франция тарапынан қолдау көрсетілді.
Гитлерлік Германияның белсенді сыртқы саясаты Версаль бейбіт келісім шартын мойындамауын басталды. Германия алғашқыда құпия, кейіннен ашықтан-ашық қарулана бастады және бұл салаға көптеп қаржы бөле бастады. 1935 жылы наурызда Германия авиацияны қаруландыруға тйым салатын норманы мойындайтынын білдірді. 21 мамырда «қорғаныс туралы» декрет шықты. Шахт Германияның соғысқа даярлануының қүпия басшысы болды. Елде Версаль шартының және Локарн келісімінің ережелері қабылданбай тасталынды.
1933 жылы 14 қазанда Германия Ұлттар Лигасынан шықты. 1935 жылғы 18 маусымдағы англо-германдық теңіз келісмі фашистік Германияның әскери флот құрылысын жасауға кедергі болды.
1936 жылы 7 наурызда фашистік Германия делимитаризацияланған Рейн аймағына әскер кіргізді. 1936 жылы шілдеде фашистік мемлекеттер Германия және Италия Испанияға қарсы қарулы интервенция бастады. Әсіресе Испания оқиғасы кезінде күшейіп кеткен батыс елдерінің араласпау саясаты Гитлердің агрессиялық әрекетін күшейтті. 1936 жылы 25 қазанда Германия және Италия «антикоммунизмді» бет перде етіп байланысты нығайтты. Бұл пакт тариқа «Ось Берлин-Рим» деген атпен енді. 1936 жылы 25 қарашада Германия мен Жапония антикоминтерндік пактіге қол қойды.
Бұл кезеңде Германия Дунай бассейінде және Балкан жартыаралында өз саясатын күшейтіп жатқан болатын. Гитлерлік Германия Балканға экспанциясымен қатар, Австрия және Чехословакияны жаулап алуды жоспарлады. 1936 жылы 11 маусымда Австриямен келісімге келе отырып, Австрияның сыртқы саясатын өзіне тәуелді еіті. 1937 жылы 19 қарашада Англиямен келісм бойынша Ағылшын үкіметі Германияның Орталық Еуропадағы саясатына кедергі келтірмейтіндігін білдірді.
- жылы 11 наурызда Германия Австрияны жаулап алды. Австрияны жаулап алғаннан кейін герман империализмі Чехословакияға агрессияны жоспарлады. 1938 жылы 30 қыркүйекте Мюнхенде Германия, Англия, Франция және Италия арасында келісім болды. Ол бойынша Германиямен шекаралас Чехословакияның барлық аудандары Германияға берілетін болды және ондағы қару-жарақ құрылғыларының барлығы Германияның меншігі болып табылатын болды. Сонымен қатар, англо-германдық бір-біріне шабуыл жасамау туралы туралы келісімге қол қойылды. 1938 жылы 6 желтоқсанда Франциямен дедәл осындай қол қойылды. Осылайша ағылшындық және франциялық үкіметі Германияны КСРО-ға қарсы айдап салуға ұйғарды. 1939 жылы 15 наурызда Германия Чехословакияны бүкіл территориясын жаулап алды. Елдің барлық саласын германизациялау басталды. 1939 жылы жазда фашистік Германия КСРО-ға бір-біріне шабуыл жасамау туралы келісімге қол қоюға ұсыныс жасады.
- жылы жазда Имперлік кеңесте ең даярлық мәселесі және таяудағы соғыс жоспары талқыланды.
ІІ-Тарау. ІІ-дүниежүізілік соғыс жылдарындағы Германия және фашистік режимнің күйреуі.
1939 жылы жазда фашистік Германия соғысқа дайындықты аяқтады. Германияның экономикалық саласы соғыс жағдайына бейімделді. Жаяу әскердің, жаңа қару тұрлерінің әсіресе танк және үшақтардың саны мен сапасы жағынан Герамния өзінің Еуропадағы бәсекелестері Англия мен Франциядан асып түсті. Ал Флот саласындағы Германия өз бәсекелестерінен тұрмады. Бұл А.Гитлерді қорқытпады. Соғыстың тағдыры құрлықта шешілер деп ойлады Гитлер.
Гитлердің соғыс жоспары бойынша ең алдымен Польшаға шабуыл жасау қажет болды. 1939 жылы 11 сәуірде Гитлер «Ақ жоспарға» қол қойды. Ол бойынша «қарулы күштің міндеті Польша әскерін жою болып табылады» делінген. Польшаға шабуылды 1 қыркүйектен қалдырмай бастайтын болып келісілді.
Мюнхен тәжірибесіне сүйене отырып, Гитлер Польшаға Англия және Франция қолдау көрестпейді деп болжады. 1938-1939 жылдары Чехословакияны жаулап алу кезінде Англия және Франция көмек көрсетпеген болатын [13].
31 тамызда Польша формасын киген топ немістің Глейвица қаласындағы радиостанцияны басып алды. Осылайша Гитлер Польшаға шабуыл жасауға сылтау тапты. 1 қыркүйек 1939 жылы таңертең Германия Польшаға шабуыл жасады. 1939 жылы 3 қыркүйекте Англия және Франция Германияға соғыс жариялады.
II дүниежүізілік соғыс басталды. Фашистік Италия Германияның соғыспайтын одақтасы екендігін білдірді. АҚШ өзінің бейтараптығын көрсетті.
Англия және Франция соғысты қазір бастамайды деп болжаған Германия басыт майданда аз санды қарулы күш қалдырып, барлық күшті біріктіріп, Польшаға үш бағытта шабуыл жасады. Польшаға танк және авиация бойынша басым 5 неміс әскері (армиясы) жіберілді. 62 неміс дивизиясына, сонымен қатар 7 танк, 4 жылжымалы дивизияға Польшаның 30 жаяу әскери дивизиясы және атты әскері қарсы тұрды. Польшаның әскері әлі мобилизацияланып үлгермеген еді. Польша қарулы күштерінің техинкалық жабдықталуы Германия әскерінен көш кейін еді. Польша өзінің «армия королі» деп аталағнаты әскеріне сүйенді. Неміс авиациясы Польша әуе күштерінен 5 есе көп болды.
Польша әскерлері ерлікпен күресті. Атты әскерлері неміс танкілеріне қарсы шапты. Алайда герман әскері басым болды. Варшава 20 күн ерлікпен шайқасты. 28 қыркүйекте Варшава алынды және қазан айының басында барлық қарсылықты түпкілікті жойды. Польша бұл шайқаста жеңіліс тапты.
КСРО бейбітшілікті сақтау мақсатында Германиямен ымырауға келуге тырысты. 18 қыркүйекте Германия және КСРО басшылығы Польшадағы кеңес-гермен әскерлерінің іс-әрекеті «бір-біріне шабуылға жасамау туралы» пактіге қайшы келмейтіндігін мәлімдеді. Польша территориясында герман және кеңес әскерлерінің демаркациялық шебі белгіленді. 1939 жылы 28 қыркүйекте Мәскеуде совет-герман бірлескен «достық және шекара» туралы келісімге қол қойылды. Бұл келісімге сәйкес шекара «Керзон линиясы» бойынша белгіленді. 1939 жылы 1 және 2 қарашада батыс Украина және Батыс Белоруссия КСРО құрамына енді.
Германиямен достық келісімінің салдары өте көп болды. Онда КСРО территориясына дейінгі Польша аймағында демократиялық жүйені жойып, Германия өз тәртібін енгізді.
Эстония, Латвия, Литва басшылығы КСРО мен бір-біріне көмек көресту туралы пактіге қол қойды. КСРО аталған елдерде өз әскери горнизонын орнатуға құқық алды.
Финляндия үкіметі КСРО тарапынан көмек алудан бас тартты. Кеңес-Финляндия қатынасы шиеленісті. 1939жылы 30 қарашада КСРО Финляндия шабуыл жасады.
Сол кезде, Германия Польшаға соғыс ашқан кезде батыста таңғажайып соғыс (странная война) жүріп жатты. Англия және Франция әскерлері Германияға шабуыл жасамады. Англия және Францияның 110 дивизиясы Германияның 23 дивизиясы қарсы тұрған болатын.
Польша жеңілгеннен кейін де «таңғажайып соғыс» жалғасты. Англия және Франция басшылығы қорғанысты жөн көрді. Англия және Франция басшылығы Германияның КСРО-ға шабуыл жасауынан үміттерін үзбеді. Француздық генерал де Голльдің пікірінше «Кейбір топтар жаулық іс-әрекетті Гитлерден емес Сталиннен іздеді» деп айтады [14].
Кеңес-Финляндия соғысы кезінде Ұлыбритания және Франция басшылығы Финляндияға көп мөлшерде әскери қару-жарақтар жіберді. 1940 жылы 5 ақпанда олар Финляндияға әскер жіберіп КСРО-ға шабуыл жасамақшы болды. КСРО-ны ¥лттар Лигасы мүшелігінен шығарды. Англия және Франция кеңестік Кавказдағы мұнай ошақтарына шабуыл жасамақ болды. Ол үшін Сириядағы, Ирактағы, Турциядағы әскери базаны жабдықтады. Сонымен қатар англо-француздық суасты кемелерінің Қара Теңіздегі іс-әрекеттері жоспарланды.
Бұл жоспарлардың барлығы іске аспады. 12 наурызда Кеңестер Одағы мен Финляндия арасында бейбітшілік туралы келісімге қол қойылды. Карельдік перешайка КСРО құрамына Ленинградтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында берілді.
Таңғажайып соғыс кезінде Германия Францияға шабуыл жасауға даярлануды аяқтады. Сонымен қатар Батыс Еуропаның басқа мемлекеттерін жаулап алуға дайындықта бітті. I дүниежүзілік соғыс кезіндегідей Францияға шабуыл ең алдымен бейтарап елдер Голландия және Бельгия шабуыл арқылы іске асу керек болды. Бірақ 1914 жылдан ерекшелігі басты соққыны Люксембург арқылы беру көзделді. Германияның батыс майдандағы жалпы әскер саны англо-француздық әскер санымен тең болды. Бірақ Германия әуе күштері бойынша басым болатын. Екі жақтың танк мөлшері шамамен тең болды. Гитлерлік Германия, Франция, Голландия, Люксембург және Бельгияны жаулау жоспарымен қатар, Скандинавия елдерін жаулап алуға бел буды. (Дания және Норвегия). 1940 жылы 9 сәуірде неміс әскері соғыс жарияламастан Норвегия жеріне енді. Дания өкіметі Германияға қарсылық көрсетпеді. Ал Норвегия Англия және Франциядан көмек сұрады. Англия және Франция бірнеше ондаған десантты Норвегия жеріне түсірілгенімен, олар неміс әскеріне қарсылық көресте алмады. Неміс әскеріне Квислинг бастаған норвегиялық фашистер қолдау көрсетті. Норвегия әскері жеңілді. Оның қалдықтары Англияға эвакуацияланды. Норовегия территориясы оккупацияланды. Норвегия үкіметі Англияға қашып бас сауғалады.
Норвегияны оккупациялап болған Германия Францияға, Бельгияға, Голландияға шабуылды бастады. 1940 жылы 10 мамырды таңертең неміс әскері Бельгия және Голландия территоиясында енді. Бельгия және Голландия соғыс жариялап, Англия мен Франциядан көмек сұрады. Неміс әскерінің шабуылынан хабардар болған Англия және Франция алдын-ала келісілгендей Бельгияға жылжыды. 14 мамырда Голландия жеңілді. Францияның билеуші таптарында үрей пайда болды. 24 мамырда Бельгия капитуляцияланды. 400 мыңдық англо-француздық әскери топ Францияның солтүстік жағалауындағы Дюнкерн ауданында қоршауда қалды. Неміс танк дивизиясы Дюнкернді алуға мүмкіндігі бар еді. Алайда Гитлер танк дивизиясы келесі іс-әрекеттерге қажет болатындығын айтты. Тек жаяу әскер соғысты. Дюнкерннен англо-француздық әскер эвакуацияланды. Қоршауға түскен топтың тастап кеткен қару-жарағы Германия иелігіне өтті.
1940 жылы 5 маусымда Дюнкернді ликвидацияланған Германия шабуылды үдете түсті. Неміс танкілері еш қарсылық көрместен Парижге жетті. 1940 жылы 10 маусымда Франция үкіметі Парижден Францияның оңтүстік-батысындағы Бордо қаласына қашып кетті. Париж «ашық» деп жарияланды.
Сол күні 10 маусымда фашистік Италия Францияға соғыс жариялады. Вейган және Петэн бастаған капитулянттар іс-әрекеттерді тоқтауды талап етті. Олардың мақсаты жүзеге аспады.
1940 жылы 16 маусымда премьер-министрн болып капитулянт Петэн тағайындалды. Петэн Германияға бейбітшілік туралы өтініш білдірді. 1940 жылы 22 маусымды Компьен орманында Франция және Германия татулық жөніндегі шартқа қол қойылды. 25 маусымда Римде франко-итльяндық келісімге қол қойылды. Франциядағы келісім бойынша Германия Францияның үштен бір бөлігін алды. Олар Париж, Лотарингия, Эльзас іс-жүзінде Германияға қосылды.
Неміс әскери тұтқындары француз түрмелерінен босатылды. Франция күндігіне 400 млн франк оккупалиялық ақы ретінде төлейтін болып міндеттелді. Келісім талабы Францияның толығымен Германия отарына айналдырды.
Францияның жеңілуі англо-француздық каоалицияның күйреуіне әкеп соқты. Франко-германдық келісімге сәйкес француздық флот Германияның құрамына өтеді деп ойлаған. Англия 1940 жьп ы 3 шілдеде Мерс-эль-Кебир атты Алжир портына ірі әскери теңіз эскадрасына жіберді. Осы жердегі француздық кемелерін жою жоспарланды. Бұл жердегі француз кемелрін және Англия портында тұрған француздық кемелер жойылды. Осыдан соң Франция үкіметі Англиямен дипломатиялық қатынасты жойды. Тез арада Польшаны жаулап алу фашистерді масайратты. Жеңілген жерлерден көп олжа түсті. 1941 жылы оккупацияланған елдерден түскен табыс Германяиның ұлттық жылдық кірісінен екі есе асып түсті.
Неміс монополиясы байыды. Ірі концерндердің рөлі өсті. 6 ірі концерндердің өндірісінде 2 млн адам жұмыс істеді. Германия құпия түрде ракеталық және ядролық қару түрлерін өндірді. Ірі әскери жеңістер фашистік партияны, мемлекетті нығайтты. Халықтың көпшілігі фашистердің үгіт-насихат ықпалында қалды. Германия басшылығы Францияның жеңілісінен кейін Англия қаруын тастайтындығына сенімді болды. 1940 жылы жазда Гитлер Англияға өз еркімен берілуін талап етті. Бірақ Англия үкіметі бұл ұсынысты құрлық әскерін жабдықтай бастады. Англия мобилизациялана бастады. Англия үкіметі Гитлердің компрамистік ұсынысын қабылдамай тастағаннан кейін Германия соғысқа дайындала бастады. Германияның алдында екі жол тұрды: Англияға немсе КСРО тарапына шабуыл?
1940 жылы Гитлер «Теңіз арыстан» деген жоспарға қол қойды. Ол бойынша Англияға десант түсіру көзделді. Осылайша авиацияның күшімен Англияның флотын жеңу жоспарланды. Соғысқа дайындыққа бір ай бөлінді. Кейіннен неміс флоты Англияға өз уақытында десанттарды жеткізе алмайтындығы және неміс әуе күштері басымдық алатындай жағдайда емес екендігі белгілі болды. Неміс әуе күштері үрей туғызу мақсатында Лондонды және басқа да ірі қалаларды бомбылады. 1940 жылы 15 қыркүйекте мыңнан астам неміс әскери ұшақтары Лондонға күшті соққы берді. 15 қыркүйекте түнде Ковентри қаласы түгелімен қирады. Неміс суасты қайықтары әуе күштерінің қолдауымен барлық ағылшын аралдарын қоршауға алуға тырсты. Олар «қасқыр үйірі» деп аталған тактиканы пайдалана отырып, олар ағылшын тасымал келемелеріне шабуыл жасады. Ондағы масқат Англияны шикізаты қалдыру болатын. Алайда ағылшындар күшті қарсылық көрсетті. Англияны әуе шабуылы кезінде немістер жағы 1700-деғ астам әскери ұшақтарынан айырылды.
АҚШ Германиямен күреске бірте-бірте тартыла бастады. Оқшаулану саясатына қарсы келетініне қарамастан АҚШ Англияға көмек беруді тоқтатпады. 1940 жылы қыркүйекте АҚІП Англияға 50 эсминцев берді. Оның орына АҚШ ағылшын аралдарына және Атлант мұхитына өз әскери базаларына құруға мүмкіндік алды. Рузвельттің ұсынысы бойынша 1941 жылы 11 наурызда ленд-лиз заңы қабылданды. Оған сәйкес АҚШ мүддесін өте қажетті мемлекеттерге қару-жарақ сатылды. Ұлтыбритания қарулы күштерді АҚШ қару-жарағымен жабдықталды.
1940 жылы неміс флотының ағылшын аралдарына дендеп ене алмағыанын көрген Гитлер КСРО-ға соғыс басталуы ұйғарды. 1940 жылы 31 шілдедегі жиналыста Гитлер былай деп мәлімдеді: «Егер Ресей бағынса Англия ең соңғы үкіметінің айырылады. Нәтижесінде Еуропада жене Балкан елдерінде Германия үстемдік құрады». Англияға қарсы теңіз және әуе күштерінің әскери қимылдары жалғасып жатты. «Теңіз арыстаны» жоспары тоқтатылды. Бірақ Германияның қарулы күштері КСРО тарапына қарай топталды [15]. Әскери қақтығыстардың қаупінің өсуі жағдайында КСРО өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдай бастады. 1940 жылы 26 маусымда КСРО 1918 жылы Румынияның тартып алған Бессарабия өлкесін қайтарып берін талап етті. Румыния басшылығы келісті. Бессарабия және Солтүстік Буковина КСРО құрамына тамызда Латвия, Литва және Эстония одақтас республикалар ретінде КСРО кұрамына өтті.
Фашистік Германия өзінің жаңа одақтастарымен қатынасты нығайта бастады. 1940 жылы 27 қыркүйекте Германия, Италия және Жапония үштік пактіге қол қойды. Жапония Германия және Италияның Еуропадағы «жаңа тәртібін» мойындады. Ал Германия және Италия Жапонияның Шығыс Азия кеңістігіндегі «жаңа тәртібін» мойындады. Үштік пактіге қатысушы мемлекеттер қажет жағдайда бір-біріне көмектесуге міндеттелді. Германия және Жапония мемлекеттері КСРО-ға соғыс жоспарын бір-бірінен құпия жасалды.
Германияның, Италияның және Жапонияның үштік пактісіне кейіннен басқада мемлекеттер қосылды. 1940 жылы қарашада Румыния үштік пактіге қосылды. 1941 жылы наурызда үштік пактіге Болгария үкіметі қосылатындығын білдірді. Болгария территориясына неміс әскерлері орналасты.
Германия Финляндия және Испанияны өз жағына тартуға тырысты. 1940 жылы қазанда Испанияның Франко үкіметі егер Испанияға Гибралтар берілетін болса, Англияға қарсы соғысатындығы білдірді. Финляндия үкіметі 1940 жылдың аяғына қарай Германия мен КСРО-ға қарсы одақтас болатындығы туралы құпия келісімге қол қойды.
КСРО-ға қарсы шабуылға дайындық жүріп жатқан кезде Англия қарсы соғыс әуе күштерінің және теңіз флотының қимылдарымен шектелді.
Грецияға қарсы шабуылның сәтсіз аяқталғанына байланысты Муссолини Гитлерден көмек сүрады. Гитлер Грецияға шабуыл жоспарын құрды және Солтүстік Африкаға неміс танк корпусын жібермекші болды. Оны генерал Роммель басқарды. Роммель ағылшындықтарды Египет шекарасына дейін шегіндірді.
Грецияға қарсы «Марита операциясы» жоспары бойынша Румыния және Болгарияға әскерді орналастыру қажет болды. Бұл әскерді 1941 наурызда Болгария арқылы Эгей теңізінің солтүстік жағалауын алу, керек болса Греция континентін басып алу көзделді.
Кейіннен Грецияға шабуыл жоспары Югославияға шабуыл жоспарымен толықтырылды. 1941 жылы көктемде Югославия үкіметі үштік пактіге қосылды. Бұл Югославияда наразылық отын тудырды. 2 күн пактіге соң үкімет құлады. Жаңа үкімет КСРО-мен келіссөздерге келді. Бұдан соң Гитлер Югославияны жау етіп таныды. Югославияға және Грецияға шабуыл жасау бір мезгілде үйғарылды.
1941 жылы 5 сәуірде Югославия КСРО-мен келісімге қол қойды. 6 сәуірде фашистік Грецияға және Югославияға шабуыл жасады. Югославияға бірнеше бағытта: Болгариядан, Венгриядан, Австриядан шабуыл жасады. Неміс фашистік әскері басымдықтың нәтижесінде Югославия территориясына дендеп ене бастады. 12 сәуірде олар Белградқа жетті. 17 сәуірде Югославия капитуляцияланды. 29 сәуірде Греция капитуляцияланды.
1941 жылы мамырда неміс әуе-десанттары Крит аралын басып алды. Бұл жерде Балкан аралын оңтүстіктен қорғап тұрған маңызды база орналасқан болатын. Балкан мемлекеттері енді фашистердің қолына өтті.
Балканды жаулап алған соң фашистік Германия енді таяу Шығысқа кіруге әрекеттенді. Францияда Виши үкіметімен келісе отырып, Германия Сирияда әуе-десант базасын құрмақшы болды. Араб халықтарының ағылшындарға және француздарға қарсы ұлт-азаттық көтерілісін өз мүддесіне пайдалануға тырысқан фашистер Ирактағы ағылшын төңкерісіне дем берді. Алайда ағылшын әскері Ирактағы көтерілісті басып жаншыды. «Еркін Франция» әскери бөліктерімен олар Сирия территориясында енді және ондағы фашистік әскерді талқандады. Сирияда және онымен шекаралас Ливанда билік ағылшындармен «Еркін Франция» қолына өтті. Еркін Франция жетекшілігі Литванның және Сирия тәуелсіздігін таныды. Алайда ағылшын және француз әскерлері Бұл территорияда қалдырылды [16].
КСРО-мен соғысқа дайындалып жатқан Германия таяу Шығыстағы бұл қимылдарға жауап бере алмады.
1941 жылдың жазына қарай фашистер өз билігін Батыс Еуропада және Орталық Еуропада жүргізді. Германия және Италия екінші дүниежүзілік соғыс барысында 9 Еуропалық мемлекеттерді жаулап алды. Ұлттар Лигасы өмір сүруін тоқтатты. Румыния, Венгрия, Болгария, Финляндия Германияның одақтасы болды. Португалия және Испания фашистік Германияны және Италияны қолдады. Швеция, Швейцария және Эйра (Ирландия) бейтарап болып қала берді.
Фашистер оккупациялаған елдердің саяси жағдайы әртүрлі болып қалды. Гитлершілердің Австрияны Германияның құрамына қосты және ол Германияның бір бөлігі ретінде саналды. Чехословакия бөлшектенді:
- Судет жерлері. Ол Германия құрамына кірді.
- Богемия және Моравия протекторат болды.
- Словакия-тәуелсіз болғанымен ол Германия құрамына кірді. Хорватия, Босния, Герцогавенияда тәуелсіз Хорватия мемлекеті құрылды.
Оккупанттар Грецияны үш зонаға: германдық, итальяндық және болгарлық бөлді.
Батыс Еуропалық Дания, Норвегия, Бельгия, Голландияда оккупанттар марионеттік үкіметті билік басына қойды. Люксембург толығымен Герамния құрамына еніп кетті.
Франция-Германия оккупациялаған елдердің ішінде ерекше жағдайда қалған ел болды. Францияның қалған флотының және колонияларының Англия жағына өтіп кетпеуіне қалаған Германия Францияда Виши үкіметін қалдырды.
Германия және оның одақтастары КСРО жеріне шабуылға дайындалды. «Барбаросса» жоспары бойынша КСРО жерін Англиясен соғыс біткенге дейін қысқа мерзімде жаулап алу көзделді. КСРО иелігіне үш бағытта: Ленинград, Мәскеу, Киев бағыты бойынша шабуылдау көзде аді. Бұл соғыс қимылының ең соңғы нүктесі Волга-Архенгльск нүктесі болып табылады. Бұл линиядан шығысқа қарай созылып жатқан Урал өндірістік аймағын әуе күштерінің қолдауымен басып алу жоспар бойынша көзделді. КСРО территоиясына шабуыл мерзімі алғашқыда 1941 жылдың мамырына белгіленді.Сонан соң Балкандағы соғыс қимылына байланысты шабуылды бастау мерзімі 1941 жылдың 22 маусымына белгіленді. Гитлершілер жоспарлаған «найзағайлы соғыс» 8-10 аптада ары кеткенде қысқа дейін бітеді деп ойлады. Гитлер КСРО-мен соғыста өте қатаң болуды, коммисарларды қыруды, жалпы отарлаушыларға кім қарсылық көрсетсе, соларды аяусыз қыруды талап етті. барлық Ресей территориясын өз үкіметі бар бірнеше мемлекеттерге бөлуді жоспарлады [17].
Гитлердің талабына сәйкес Германияның жоғарғы әскери басшылығы халықаралық нормаға қайшы келетін соғыс тұтқындарын өлтіруі туралы бұйрық шығарды.
«Найзағайлы соғыстың» өте қысқа уақытта болатындығына күмән келтірмей Германия КСРО-ның Еуропалық бөлігін неміс отарлаушыларының өмір сүру аймағына айналдыруды көздеді.
«Ост» (Шығыс) жоспарына сәйкес КСРО жерінің батыс аудандарынан 30 жылдыңі ішінде Сібірге халықтарды қоныс аударпақшы болды. Сонымен қатар Польшадан, Чехословакиядан тұрғындарды көшірмекші болып жоспарлады. Ал Бұл тұрғындардан тартып алынған жерлерге 10 миллион неміс келетін болды. Шамамен 14 миллион жергілікті тұрғындарды өз жерінде қалдырып ассимиляцияламаушы болды.
Өздеріне Еуропаның барлық экономикасын бағындырған фашистер барлық күшті КСРО-ға қарсы жұмылдырды. Фашистік Германияның әскеріне Италия, Румыния, Венгрия, Финляндия әскері қосылды. 1941 жылы жазда 190 дивйзия оның ішінде 153 неміс дивизиясы КСРО шекарасына бағытталды. Неміс әскерінің құрамында 19 танк, 14 жылжымалы дивиязия болды. Германия және Оның одақтастарының КСРО-ға қарсы бағытталған әскерінің жалпы саны 5,5 млн адамды құрады. Оның иелігінде 47 мың құрал және минометтер, 4300 танк, 5000-ға жуық самолеттер болды. Германия КСРО-ны оқшаулап Англиямен келісімге келуге тырысты.
1941 жылы 22 маусымда таңертең сағат 4-те фашистік әскер соғыс жарияламастан КСРО территоиясына енді. КСРО-ның ¥лы Отан соғысы басталды. Герамнияға Румыния, Италия, Венгрия, Словакия, Финляндия, Хорватия қолдау көрсетті. Сонымен қатар Франко бастаған испан үкіметі, фашистік Франция көмек берді.
Фашистердің тұтқиылдан шабуылдауы оларға уақытша басымдық берді. КСРО әлі де өз әскерін мобилизациялап үлгерген жоқ еді. Сол кезде КСРО қарулы күштерінің жалпы саны 5,3 млн адам болды. Кеңестік әскер фашистік блоктан танк және самолеттердің жалпы саны жағынан басым болды. Бірақ оның көпшілігі ескірген еді [18].
Кеңес әскерінің соғысу мүмкіндігіне ықпал еткен негізгі факторлардың бірі сталиндік жаппай репрессия еді. Репрессия жылдарында көрнекті маршалдар, саяси жеткшілер қуғындалған еді. КСРО-ның қорғаныс жоспары Сталиннің қате ұсынысынан кейін әлсіреген еді. Сталин гитлерлік Германия батыстан Мәскеуге емес, көмір және астықты пайдалану мақсатымен оңтүстік-батыстан Украйна территориясынан шабуыл жасайды деп жоспарланды. Сондықтан КСРО-ның негізгі қарулы күші аталған аймақта орнады.
22 маусымда таңертең неміс әуе күштері әуежайда тұрған кеңес ұшақтарын бомбалап істен шығарды. Соғыстың алғашқы күнінде Кеңес Одағы 1200-ден астам ұшағынан айырылды. Қорғанысты ұйымдастыру әлсіреп қалды. Өте жақсы қаруланған неміс әскерлері 28 маусымда Минск қаласын алды. Шілденің ортасына қарай немістер Прибалтика және Белоруссия аймағын түгелдей бағындырды. Украйна және Молдова жерлерін бағындырған немістер Ленинград, Смоленск, Киев қалаларын қауіп төндірді. Кеңес әскері ауыр жеңілістерге ұшырады. Шекаралық аймақтағы 170 дивизияның 70 дмвизиясы жарты құрамынан және техникасынан айырылды 28 дивизиясы толық қатардан шықты. Тұтқынға жүздеген мың кеңес солдаттары мен офицерлері түсті. Алғашқы жеңістерге масайраған гитлершілер «найзағайлы соғыс» іске асты деп ойлады. Шабуылдан соң атпа өткеннен кейін Гитлер «Барбаросса» жоспарынан кейінгі қимылдар туралы директиваға қол қойды. Онда КСРО-ны талқандағаннан кейін англо-американдық коалицияны жою үшін қарулы күш нығайтылуы тиіс болды. 1941 жылы күзде Гибралтар, Суэц каналы, Солтүстік Африканы, Таяу Шығыстағы, Индияны жаулап алу міндеті тұрды.
Алайда гитлершілер қателескен еді. Соғыстың алғашқы күнінен бастап олар Кеңес халқының және әскерінің ерлікпен күрескен қарсылығына душар болды.КСРО-да Сталин басқарған мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. 1941 жылы 29 маусымда фашистік басқыншыларға қарсы бүкілхалықтық директиваға Сталин қол қойды.
Өндіріс орындары, ауылшарушылығы, көлік соғыс жағдайына келтірілді. Көптеген өндіріс орындары соғыс өнімдерін шығаруға беймделді. Жұмыс күні ұзартылды. Карточкалық жүйе енгізілді.
Кеңес үкіметі фашистердің қолы жетпейтін Сібірдегі, Уралдағы, Қазастандағы өндіріс орындарының дамуына көңіл бөлді. Қазақстанда жаңа шахталар, зауыттар, фабрикалар салынды. Қазақстанға өнідіріс орындары көшті.
Смоленск түбіндегі шайқаста Кеңес әскері басқыншыларды екі айға жуық мерзім ұстады. Киев түбіндегі ұрыста-2 айдан астам. Одессада-2 айдан астам, Севостополь-8 айдан астам уақыт қорғанды. 1941 жылы күзде фашистерге Ленинградты блокадалау мүмкіндігі туды. Қоршау 900 күнге созылды. Ленинградты фашистер ала алмады.
Уақытша оккупацияланған аймақта партизандар маңызды орын алды. 1941 жылдың соңына қарай жаудың тылында 3500 партизандық отрядтар және топтар іс-әрекет етті.
КСРО халқының ерлікпен күресуінің нәтижелнде немістер үлкен шығынға ұшырады. Ресми деректер бойынша 1941 д-жылдың ортасына қарай неміс әскері 100 мың солдатынан және офицерінен, 1284 үшағынан айырлыды. Шығынға ұшырауына қарамастан немсітер шабуылды жалғастыра берді. 1941 жылдың соңына қарай олар Прибалтиканы, Украйнаны, Белоруссияны, РСФСР-дің көпшілік жерін оккупациялады. Осылайша Мәскеуге жол ашылды.
КСРО территориясынының біраз бөлігінің оккупацияға ұшырауы өндіріс көлемін қысқартты. Ішкі өнім екі есе азайды.
1941 жылы күзде неміс басшылығы Мәскеуге шабуыл жасау жоспары «Тайфунды» қабылдады. Мәскеу түбіндегі қанды-қырғын шайқастан кейін 1941 жылы 5 желтоқсанда Кеңес әскерлері қарсы шабуылға шықты. Басқыншылар Мәскеуден 100-250 шақырым қуылып тасталды. Осымен бір мезетте оңтүстікте Дондағы-Ростов ауданында, солтүстікте Тихвин ауданында шайқастар жүріп жатты. Кеңес әскерлері Ростовты азат етті және Ленинград түбіндегі неміс әскерлерінің қозғалысын тоқтатты. Мәскеу түбіндегі, Ростов түбіндегі, Тихвин түбіндегі ұрыстар фашистердің алғашқы жеңілісі еді.
Бұрынғы жаулықтарына қарамастан Англия мен АҚШ КСРО-ны қолдайтындықтарын білдірді. 1941 жылы 24 маусымда Рузвельт КСРО-ны қолдайтындығын ресми түрде жариялады.
Кеңес үкіметі Англияға бірлесіп Германияға қарсы шығуды ұсынды. Англия қабылданды. 1941 жылы 12 шілдеде англо-совет келісіміне қол қойылды. Ирандағы Гитлердің басқыншылығын тоқтату мақсатында КСРО және Англия бірлескен әскер жіберді. Германиямен одақтас Иранның шах үкіметі елден қашып кетті. Иранның жаңа үкіметі КСРО-мен Германияға қарсы күресте ынтымақтастығын білдірді.
1941 жылы тамызда Рузвельт және Черчилль Атлант мұхитының Канада жағалауында кездесіп, Атлант хартиясына қол қойды. Онда екі ел Германиямен күресу мен антигитлерлік коалиция құру мәселесі қаралды. Бүған КСРО қосылды. Дүниежүзінде біртіндеп антигерманиялық коалициялар құрыла бастады. 1941 жылы шілдеде Кеңес Одағы эмиграцияда жүрген Чехословакия және Польша үкіметімен келісімге қол қойды. Тараптар фашизммен күресте бір-біріне көмектесуге міндеттелді. 1941 жылы 27 қыркүйекте Кеңес Одағы генерал де Голльді француздардың бостандықшыл жетекшісі етіп тағайындады. Генерал де Голль КСРО-ға көпжақты көмек көрсетуге уәде берді.
Антигитлерлік коалицияның негізгі алға қойған міндеті фашистік Германиямен күресу болды. Алайда коалициялық күштердің арасында қарама-қайшылықтар болды. Англия мен АҚШ үкіметі КСРО-ның 1939-1940 жылдардағы шекарасын мойындамады. Сонымен қатар КСРО-ға беретін әскери көмегін кешеуілдетті.
Германияға негізгі соққы беретін Еуропадағы майдан мәселесі бойынша пікірталас туды. 1941 жылы 18 шілдеде Сталин Черчилль батыс майданының ашылуы туралы ұсыныс жасады [19]. Ал Чирчилл бұл ұсынысты қабылдамай тастады.
Антигитлерлік коалицияның негізгі қадамдарының бірі үш державаның Англия, АҚШ, КСРО-ның Мәскеу конференциясы маңызды болып табылады. Бұл конференция 1941 жылы қазанда болды. АҚШ және Англия үкіметтері КСРО қарулы күштерін қару-жарақпен жабдықтауға міндеттелді. Ал КСРО үкіметі АҚШ пен Англияны маңызды шикізатпен қамтамасыз етуге уәде берді. 1942 жылы совет-герман майданындна соғыс өте күшті болды. Гитлершілерді Мәскеу түбінде талқандаған соғыс өте күшті болды. Гитлершілерді Мәскеу түбінде талқандаған кеңес әскерлері қарсы шабуылға шықты. Бұл шабуыл 1942 жылдың көктемінде дейін созылды. Кеңес әскерлері оккупацияланған аймақтарады азат етті. Ашуланған Гитлер неміс әскеріндегі генералдарды қайта тағайындады. Батыс майданның жоқтығын пайдаланған Германия барлық күш-жігерді оңтүстік бағытқа жұмсады. Ондағы мақсаты Кавказ мұнайлы өлкесін бағындырып, КСРО-ны экономикалық әлсіретуге болатын.
1942 жылы мамырда кеңес-герман майданында фашистердің шабуылы бастады. Неміс армиясы Сталинград және Кавказға жүретін екі бағытта шабуылын жалғастырды. Сталинград және Кавказдың 4 айға созылған қорғанысты басталды. [20].
Ауыр соғыс кездерінде кеңес-герман майданында фашистік Германия бұрынғы жеткен жетістіктерінен айырыла бастады. Танк және ұшақ жөнінен басымдықтан айырылды. Фашистік армия шамамен 2 млн адамынан айырылды. Сталинград түбіндегі шайқаста 1 мың неміс танкісі, 1400-ден астам неміс ұшақтары жойылды. Партизандар немістердің көп шығынға ұшырауына себеп болды. 1942 жылы көктемде оккупацияланған территриясыда 11 мың партизандық өлке пайда болды. 1942 жылдың соңына қарай партизандардың құрамына 125 мың адам болды. [21].
Кеңес әскері фашистік блокың құрамындағы танк саны жөнінен 1,4 есе, ұшақ жағынан 1,3 есе, артиллериядан 1,5 есе болды. [22].
Сталинград түбіндегі жеңістер, Кавказ территориясындағы сәтті қимылдар Кеңес әскерелрінің шабуылға шығуына қолайла жағдайлар туғызды. Кеңес басшылығының жоспары бойынша ең алдымен Сталинград түбіндегі шайқастан шабуыл басталады деп жоспарлады. («Уран» жоспары). Сонан соң Донның орта ағысындағы шабуыл («Сатурн» жоспары), орталық майданындағы шабуыл («Марс» жоспары»).
1942 жылы 19 қарашада кеңес әскері Сталинград түбіндегі шабуылды бастады. Ол соғыстағы түбегейлі бетбұрыс болды. 1943 жылы 2 ақпанда 300 мың адамы бар неміс топтары қоршалып талқандалды. Тұтқынға оның басшылығы түсті. Мысалы Паулюс Германияда үш күндік қаралы жариялады. Кеңес әскерлер Кавказды, Донбастың біраз бөлігін, Ресейдің орталық аудандарын азат етті. 1942-1943 жылдары жаудың 100 дивизиясы талқандалдыя. Фашистік блок 1700 солдаты мен офицерлерінен айырылды. 3500 танкі, 4300 ұшағы талқандалды. [23].
Германияның одақтастары да үлкен шығынға ұшырады. Итлаияның, Венгрияның, Румынияның негізгі күштері Сталинград және Дон түбінде талқандалды.
Соғыстағы түбегейлі бетбұрыс фашистік блок арасында келіспеушілік тудырды. Италия одақтастар тарапынан өтті. Финляндия, Венгрия, Румыния Германияның жеңісінен үмітін үзді. Италия сияқты Англия және АҚШ тарапынаи өтуге тырысты. 1944 жылдың басында Германияның әскери жағдайы тығырыққа тірелді. Қару-жарақтың негізгі түрлері-артиллерия, танк, әскери үшақ бойынша КСРО 1,5-2 есе басым болды. АҚШ және Англия қарулы күштері Францияға әскер түсіруге дайындалды. Германияның одақтастары соғыстан тезірек шығуға әрекеттенді. Германия енді қорғанысқа көшті. Ол шығыстағы майданды ұстап тұруға, Францияға одақтастар әскер түсіре қалған жағдайда оны жою және босаған әскерді өз мүддесіне қарай жұмсау міндеті тұрды.
1944 жылы кеңес әскері кеңес-герман майданынын барлық аймағында шабуылға шықты. 1944 жылы қаңтардың ортасында Кеңес әскері Ленинградты қоршаудан азат етті. Неміс әскерлерін Прибалтикаға қуып тастады. Л.Свобода бастаған Чехословакиялық бригада кеңес әскерімен бірігіп Украйна жерінде неміс басқыншыларына соққы берді. 1944 жылы көктемде кеңес әскерлері Украйнаның оңтүстік жағалуын, Қырымдағы, Молдавияны азат етіп, Румыния шекарасына шықты.
1944 жылы жазда кеңес әскерлерінің Карельдік перешайкадағы Фин әскерлеріне шабуылды бастады. Сонымен қатар Белорусиядағы немістердің «Центр» атты тобына шабуыл жасады. Фин армиясына тегеуренді соққы бере отырып, Кеңес әскері Финляедия шекарасына шықты. Фин үкіметі КСРО-ға достастық туралы ұсыныс білдірді [24].
«Центр» атты немістердің әскеріне күшті соққы берген кеңестің әскерімен Польшаның генералы З.Берминг басқарған әскері Белоруссияны толығымен азат етті. Сонымен қатар Латвия мен Литва КСРО-ның Польшаны алуға әрекет жасай бастады. Осылайша Шығыс Пруссия шекарасына шықты. 1944 жылы күзде Прибалтиканың негізгі бөлігін азат ету аяқталды. Латвияның солтүстік-батысында немістердің «Центр» әскерінің бірнеше тобы Кеңес әскерлерінің қоршауында еді. КСРО территориясы басқыншылардан толығымен азат етілді деп айтуға болар еді. Кеңеске әскері Еуропа халықтарын азат етуге кірісті. 1944 жылы күзде Кеңес әскері Румыния территориясында үрыс жүргізді. Сонымен қатар Польша, Венгрия, Чехословакия, Югославия территориясында соғыс жүргізді. 1944 жылы қазанда Кеңес әскерлері Норвегия территориясына шығып, Норвегия үкіметінің келісмімен соғыс қимылдарын осы жерге әкелді.
Шығыс майданындағы Кеңес әскерлерінің шабуылы кезінде Англия және АҚШ өз әскерлерін Франция территориясына түсірді. Англо-американдық басшылық екі десанттық операция: [25].
- Францияның солтүстік жағалуы Нормандияға-«Оверлорд» операциясы.
- Марсель аудында-«Энвил» операциясы.
Ең негізгі операция болып, Нормандия саналады. Ол 1944 жылы 6 маусымда басталды. Десанттарды фельдмаршал Монгомери басқарды. Жалпы Бұл операцияның үстінен генерал Эйзенхауэр бақылады. Англо-американдық әскер Германия әскерінен техника, артиллерия, ұшақ жағынан бірнеше есе басым болды. 1944 жылы 25 шілдеде одақтастар неміс әскерлеріне қарсы шабуылын бастады. Гитлершілер шығысқа шегінуге мәжбұр болды.
Одақтастардың Батыс Еуропаға әскер түсіруі және одан кейінгі іс-әрекеттерді екінші майданның ашылуына әкелді. Тек қана қорғаныспен еш нәтижеге жетпейтіндігін түсінген неміс басышылығы англо-американдық әскерді жою мақсатында батыс Еуропада қарсы шабуыл, алға шығуды жоспарлады. Сонымен қатар одақтастардың жоспарын талқандап, Англия және АҚШ-ты құтырқы келісімге келуге мәжбұрлеуге тырсты. 20 дивизия оның ішінде 7 танк дивизиясымен неміс әскері 1944 жылы 16 желтоқсанда қарсы шабуылға шықты. Батыс Еуропадағы соғыс өрті қыза түсті. Одақтастардың өтінішімен 1945 жылы 12 сәуірде Кеңес әскері шығыс майданда шабуылды үдетті. Немістердің Ардендегі, Эльзастағы шабуылды тойтарылды. Немістердің 16 дивизиясы шығыстағы майданға қарай тықсырылды. Фашистік Германияның жоспары толығымен күйреді. [26].
Одақтастардың әскерінің жеңістерінде Франциядағы, Польшадағы, Югославиядағы, Албаниядағы, Словакиядағы, Румыниядағы, Болгариядағы, Венгриядағы, Грециядағы антифашистік қозғалыстардың маңызы зор болып саналады.
Жетекші державалар КСРО, АҚПІ және ¥лыбританияның қуатты нығая түсті. КСРО оккупацияланған территорияларды азат етті. Халық щаруашылығын қайта қалпына келтіруге кірісті. Соғыс жылдарында фашистер 1710 қаланы, 70 мың ауылды және деревняларды қиратқан болатын. Олар 98 мың колхозды, 1876 совхозды тонады. КСРО-ның соғыс жылдарындағы жалпы ауылшаруашылық шығынадары-679 млрд рубльді құрады. КСРО фашистерден азат етілген елдерге: Польша, Югославия, Албания, Румыния, Болгария, Чехословакия, Веггрия қаржылай көмек көрсетті.
1944 жылдың басында фашистік блок біржола күйреді. Одақтастардың армиясы Германия шекарасына жетіп, шешуші шабуылға дайындалды. Германияның экономикасы оккупацияланған елдерден келетін ресурстандан айырылған соң, соғыс қажеттіліктерін өтей алмады. 1944 жылдың жазынан Германияның өндіріс өнімдері қысқарды. Ракеталық қарулардың кереметтілігінен үміт ақталмады. Енді гитлершілер антикоалициялық күштердің ыдырауына және Англия және тойтарыс беру арқылы уақыт ұтып, Англия және АҚШ-пен келісімге келуге тырысты. 1945 жылы қаңтардан Кеңес әскері шабуылды жаңартты. 17 қаңтарда олар Варшаваны, кейіннен бүкіл Польшаны азат етті. Сонан соң Германия территориясына еніп, 1945 жылы ақпанның басында Берлиннен 60-70 шақырым қашықтықтағы Одер өзеніне келіп жетті. Совет-герман майданының оңтүстік аймағында Кеңес әскері Чехословакия мен Венгрияны азат етуді жалғ,астырды. Югославиялық, Румыниялық, Венгриялық әскерлердің қолдауымен Кеңес әскері Германияның оңтүстік майдандағы әскери топтарын талқандады. 13 ақпанда Будапешт, 1945 жылы 4 сәуірде Венгрияны азат етті. [27].
Кеңес әскері азат еткен елдерде қайта құрулар жүріп жатты. 1945 жылы Румынияда П.Гроза бастаған халық демократиялық үкіметі билік басына келді. 7 наурызда Югославияда халықтық уақытша үкімет билік құрды. Венгриядағы уақытша үкіметтің билігі бүкіл елге тарады. Күн өткен сайын Польша республикасы уақытша үкіметінің позициясы күшее түсті. Шығыс Еуропадағы халықтық демократияның жеңістері, социалистік революция англо-американдық империалистердің қарсылығын туғызды. Осыған байланысты КСРО-мен қарым- қатынас шиеленісті.
1944 жылы 8 ақпанда Эйзенхауэр және Монтгоммери бастаған англо-американдық қарулы күштер бастыс майданда шабуылға шықты. Олар алға жылжы отырып, наурыз айында Рейн өзеніне жетті. Рур ауданындағы неміс әскерінің ірі тобын ликвидациялады. Немістердің батыс майдандағы қорғанысы күйреді. Одақтастардың әскері еш қарсмылық көрместен Германия территориясына дендеп ене бастады.
Черчилль КСРО-ның алдын орап, Берлинге бірінші жетуді көздеді. Бұл ұсынысқа Рузвельт келіспеді. Антигитлерлік коалициядағы алауыздықты пайдаланған Германия КСРО-ның қатысуынсыз герман иеліктерінің кейбір бөліктерін Англия және АҚШ-тың капитуяциялауын жоспарлады. Алайда олардың үміттері ақталмады.
Венаға жетті. 24 сәуірде олар Германияның астанасын қоршап, Берлинде шайқас жүргізді. 25 сәуірде АҚШ әскері Эльба өзеніне жетіп, КСРО әскерімен қосылды. Фашистік -неміс қарулы күштерінің майданы талқандалды.
Кеңес әскері Берлинді фашистерден толықтай азат етті. 30 сәуірде Гитлер өзін-өзі өлтірді. Ол адмирал Деницті мұрагер ретінде тағайындап кеткен болатын. Деництің штабы солтүстік Германияда орналасқан болатын. 2 мамырда Берлин горнизоны капитуляциялап шарттары бекітілді. 1945 жыды 8 мамырда Берлинде Жуков басшылығымен Германияның сөзсіз тізе бүгуі туралы актіге қол қойылды. Еуропадағы әскери қимылдар тоқтады. 9 мамыр күні КСРО халқында-Жеңіс күні болып жарияланды. Осылайша миллиондаған тағдырды талмаған фашистік Германия тізе бүкті.
ІІІ-Тарау. П-дүниежүзілік соғыстан кейінгі бейбіт келісімдер.
Екінші дүниежүізілк соғыстың соңғы оғы атылғанад дүние өз дамуының жаңа бір деңгейіне енгендей болды. Дүниежүзілік тарихтағы ең сұрапыл, ең ауыр соғыс аяқталды. Осыдан кейін жаңа соғыс туралы ойлаудың өзі қылмыс болатын. Германия талқандалып қана қойған жоқ, оны жеңгендер оккупациялады, енді герман милитаризмнің қайта өрлеуі туралы сөз болуы мүмкін еместей көрінді. Антигитлерлік коалиция мемлекеттерінің арасында орнаған ынтымақтастық деңгейі оптимизм сезімін ұялатты. «Үлкен үштіктің» жоғарғы дәрежедегі кездесулері үнемі өткізіліп отырылды. Соғыс қимылдарын үйлестіру, экономикалық ынтымақтастықты кеңейте түсу жүзеге асырылып отырды.
«Үлкен үштіктің» үшінші кездесуін-Берлин конференциясын айтуға болады. Ол Берлиннің жанындағы Потсдам қалашығында 17 шілде-2 тамыз 1945 жылы өтті. АҚШ-тан 1945 жылы сәуірде қайтыс болған Франклин Реузвелытің орына болған Гари Трумэн, Ұлыбритания-Уинстон Черчилль, КСРО-Сталин қатысты. Алайда конференция барысында күтпеген оқиға болды. Соғыстан кейінгі парламент сайлауында Черчилль бастаған консерваторлар жеңіліс тапты. Түңғыш рет лейбористер көп орынға ие болып оның лидері Клемент Эттли үкіметті басқарды. Ол жаңа құраммен Потсдамға келді. Қырым конференциясымен салыстырғанда «үлкен үштік» құрамы жаңарды [28].
Берлин конференциясы бейбіт конференция болған жоқ. Себебі ешкіммен бітім жасалынбайтын еді. Германия окккупацияланды, оның территориясьшда билікті төрт оккупациялық зонаға бөліп, Ұлыбритания, КСРО, АҚШ, Франция жүргізді. Конференцияның басты мақсаты одақтас державалардың Германияға деген саясатын анықтау болатын. Конференцияның шешімі: барлық ұлтшыл-социалистік ұйымдарды тарату; бұрын тыйым салынған саяси партиялар мен негізгі азаматтық бостандықтарды қалпына келтіру; соғыс өнеркәсібін жою; нацистік Германияға қызмет еткен өнеркәсіпті милитаризациялауды құралы болған картельдердің ең жоғарғы басшыларын арнайы Халықаралық трибунал сотына беруге келісті.
Германияның мемлекеттік шекарасы анықталды. Германиядан Польша мен КСРО иеліктеріне Шығыс Пруссия берілді, Польшамен шекара батысқа, Одер-Нейсе өзені сызығына жылжыды. Жалпы айтқанда Германияның территориясы 1938 жылмен салыстырғанда 1/4 азайды. Германияның 1938 жылдан бастап иемденген жерлерінің барлығы ешқандай қарсылықсыз қайтарылатын болды. Конференция осы территориялардан немістердің жаппай көшірілуіне келісті. Сондай-ақ әр зонадағы соғыс тұтқындарын өзара алмасу туралы да келісім болды. Сонымен қатар КСРО, Англия мен АҚШ ты КСРО-дан батысқа қашқан азаматтардың бәрін еріксіз болса да қайтаруға келісімдерін алды. Олардың КСРО-дағы тағыдры айқын болса да, одақтастар Бұл мәселе бойынша Сталинмен қақтығысқа келмеді: Трумэн Жапония туралы ойлады, өйткені КСРО-ның қатысуынсыз оны жеңу қиынға түсетін еді, ал Эттли немістер тұтқынында болып, КСРО оккупациялаған территорияда қалған 25 мың ағылшындардың тағдыры туралы ойлады. Реапарцияның жалпы сомасы 20 млрд доллар көлемінде анықталды, оның 50%-ын КСРО алатын болды [29]. Германияда репарация төлеуін жоққа шығаратындай финанстық қиындық туғызбау үшін, репарацияны өнеркәсіп құралдарын әкету арқылы алу көзделді. Берлин конференциясында Германияны біртұтас мемелкет ретінде сақтап қарастырылды. Нацизмді құртқан соң елде жалпы сайлау өткізіп, жаңа демократиялық Германия үкіметімен бейбіт келісімге қол қою жоспарланды. Оған дейін Германияда билікті оккупациялық мемелкеттер атқаратын болды. Осыған сәйкес Германия төртке бөлінді және Берлин Германияның астанасы болып қалды. 1945 жылы қарашада Нюрнбергте соғыс қылмыскерлері үстінен халықаралық сот басталды. Ұлыбритания, КСРО, Франция, АҚШ-тың білікті заңгерлері рейх басшыларын соғысты дайындау мен тұтқындарға ғана емес, соғысты жүргізу заңдары адамгершілік принциптерін бұзғаны үшін айыптады. Сот процесі он айдан астам уақытқа дейін созылды, үш ғана айыпталушы ақталды.
1945 жылы Еуропадағы соғыстың аяғына қарай, Тынық мұхитта соғыс әлі жүріп жатқан кезде, дүниежүзінің соғыстан кейінгі құрылымы туралы шешім қабылданды. 50 елдің өкілдері Сан-Франциско қаласына (Калифорния) Біріккен ¥лттар ұйымына құру конференциясына жиналды. Оның негізгі заңдылықтары бекіттілді, ол Ұлттар Лигасы уставын еске түсіретін еді. Жаңа ұйымның құжатында мемлекеттер арасында достастық қатынасын дамыту; экономикалық-әлеуметтік және гуманитарлық проблемаларды шешуде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; дүниежүзіндегі аштық пен қайыршылық, ауруларымен күрес шараларын үйлестіру көрсетілген. БҰҰ барлық мүшелерінің теңдігі, дау-таластарды бейбіт шешу, күш қолдану қауіпінен сақтану принциптеріне негізделген. Солай бола тұрса да БҰҰ мемлекеттердің ішкі ісіне қол сұқпайды. Егер өз кезінде АҚШ Ұлттар Лигасына қатысудан бас тарса, енді сенат 3-98 дауыспен БҰҰ-ның хартиясын ратификациялады. Бұл АҚШ- тың сыртқы саясатында белең алған оқшауланудың аяқталғандығын, дүниежүзіне Құрама Штаттардың халықаралық қатынастарда жетекші роль атқаруға ниеттенгендігін көрсетті.
БҰҰ жоғарғы органы болып, сессия жылына бір рет болатын Бас Ассамблея мен Қауіпсіздік Кеңесінен, сол кезде 11-дің—тұрақты (АҚШ, ¥лыбритания, КСРО, Қытай) және Бас Ассамблея екі жылға сайлап, 6-ы ауысып отыратын мүше мемлекеттерден тұрды. Қазіргі кезде БҰҰ-ның 189 мүшесі бар. Оның ішінде Қазақстан Республикасының болғандығы қуантады. Уставқа сай Қауіпсіздік Кеңесі бейбітшілікті сақтау міндетін тікелей атқаратын үнемі әркет ететін орган болып табылады. Өзінің өкілеттілігіне сай қауіпсіздік Кеңесі агрессорларға санкция салуға, блокада енгізуге және оларға қарсы күш қолдануға құқы бар. Барлық мәселелерді шешуде қауіпсіздік Кеңесінің бірауыздылығы қажет. Бас Ассамблея Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес, Қамқорлық жөніндегі кеңес. Халықаралық сот, БҰҰ-ның Бас хатшысы бастаған Секретариатты сайлайды. Кейінірек БҰҰ эгидасымен әртүрлі арнайы ұйымдар құрылды. Соның бірі-ЮНЕСКО (Білім, ғылым, мәдениет бойынша БҰҰ, Оның уставын алғашқыда 50 мемлекет қол қойды. Оның ішінде КСРО-нан БҰҰ мүшелері статусын алған Укарина мен Белоруссия да кірді. Германияның бұрнығы одақтасымен бітімшартын дайындау бір жарым созылды. Бейбіт бітімшартының мәтініне келісу Сыртық істер министрлер Кеңесінің Лондонда, Парижде өткен сессияларында және КСРО, АҚШ пен Англия сыртық істер министрлерінің мәскеуде өткен мәжілісінде жасалды. 1946 жылы 29 шілде-16 қазанда Париж бейбіт конференциясы өткізілді. Оның жұмысына 21 мемлекет қатысты: АҚШ, Англия, Франция, КСРО, Қытай, Австрия, БССР, Бельгия, Бразилия, Голландия, Греция, Индия, Канада, Норвегия, Жаңа Зеландия, Польша, УССР, Чехословакия, Эфиопия, Югославия, ОАР. [30].
Конференцияда басты назар фашизмді түпкілікті жою, мәселесіне аударылды. Демократиялық күштер фашизмнің қайта туындауына мүмкіндік бермеуді талап етті. Бітімшартының мәтініне Румыния, Болгария, Венгрия, Финляндиядағы фашистік ұйымдардың қызметіне тыйым салынған баптар енгізілді. Осындай баптардың Италиямен жасалынатын бітімшартына енгізілуіне батыс мемелкеттер қарсы шықты. Бұрынғы Италия отарларының тағдыры жөнінде мәселе талқыланғанда батыс державалар, егерде сыртық істер министрлер кеңесі бір жылдың ішінде өз пікірін білдірмесе Бұл мәселені шешуді БҰҰ-на беруге ұсыныс жасады. Оған дейін оларға ағылшын-американ әскерлері бақылау жасады. Ол Грецияға Додеканез аралдарын, Югославияға Истрия түбегін берді.
Еуропадағы территориялық мәселелерді реттеу барысында Англия мен АҚШ өкілдері өз ұсыныстарын өткізуге барын салды. Олар грек делегациясының еш негізсіз болгар территориясына көз тігуін қолдады, Финляндияның КСРО есебінен территориялық мәселені шешуге тырысқан реакциялық тобының антикеңестік көңілін қоштады, Италияның өзіне Юлиалық Крайна мен Триесті беру жөніндегі талабын қорғады. Финляндия КСРО-ға Печенга облысын берді. Үштік пактінің барлық мүшелері репарация төлейтін болды.
КСРО соғыстан кейін өзінің территориясын тағы да үлғайтты. КСРО құрамына Оңтүстік Сахалин мен Куриль аралдары кірді. Сонымен қоса КСРО Қытай территориясынан иелік алды, соның нәтижесінде Солтүстік-Шығыс Қытай соның ықпал ету аймағына айналды. КСРО-ға печенгадан басқа, РСФСР-дың Калиниград облысы болып аталған. Шығыс Пруссия бөлігі қосылды. КСРО үкіметі Оталық және Оңтүстік — Шығыс Еуропа мемлекеттерінде өкімет басына кеңестік күштер, атап айтқанда коммунистік партиялар келуге бар күшін салды. 1945-1946 жылдарда территориясын ұлғайтудан соң КСРО Түркияға территориялық көзтігіп, Дарданеллда КСРО-ның әскери-теңіз базасын жасау құқын қоса Қара теңіз бүғаздарының статусын өзгертуді талап етті [31].
1946 жылдың басында АҚШ пен Ұлыбритания Солтүстік Ираннан әскерін әкетуді талап етті, КСРО-ға қысым көрсетуге мәжбұр болды. 1941 жылы КСРО мен Ұлыбритания ленд-лизбойынша КСРО-ға парсы шығынағы арқылы жүкң тасымалдауды қамтамасыз ету үшін Иранды бірігіп оккупациялағанды. Әскери соғыс аяқталған соң 6 айдан соң әкетілуге тиіс болатын. Ұлыбритания мұны жүзеге асырды, ал КСРО асықпады, Солтүстік Иранда автономиялық үкімет құрылды. Осы кезде Грецияда коммунистері басқарған партизан тобы жанданды. Оларды коммунистер басқарған Албания, Югославия, Болгария сияқты шекараласып жатқан елдерден қажетті заттармен қамтамасыз етті. Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүше елдерінің сыртқы істер министрлерінің Лондон мәжілісінде КСРО өзіне Триполитанияға (Ливи) протекторат орнату құқын беруді талап етті. Бұл оның Жерорта теңізі аймағында болуын қамтамасыз ететін еді. [32].
Егерде бірнші дүниежүзілік соғыстан кейін Ұлы державалар соғыстан кейінгі дүние құрылымында экономикалық проблемаларға онша мән бермеген болса, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Бұл проблемаларға баса назар аударылды. Соғыстан кейінгі дүниеде финас тұрақтылығына қол жеткізу мен валюталық соғысты болдырмау үшін БҰҰ эгидасымен Халықаралық валюталық қор (ХВҚ) және Халықаралық қайта құру мен даму банкі (ХҚДБ) құрылды. Осылайша антигитлерлік коалиция елдерінің соғыстан кейінгі де ынтымақтастығын жалғастыра беруге негіз жасалды. Жаңа әлемдік негізіне ескі үжымдық қауіпсіздік идеясы алынды. Оның көрінісі Б¥¥ болды да, оны жүзеге «әлемдік полицей» ролін атқарған, кең өкілеттіліктер берілген жеткеші бес держава асырды.
Алайда оқиғаның әрі қарай дамуы кеңес басшылғының 30 жылдарындағы тәжірибе сәтсіздігінен кейін ұжымдық қауіпсіздік мүмкіндігіне сенбейтіндігін көрсетті. Сталин 1939 жылдан бастап қауіпсіздікті қамтамасыз етудің дәстұрлі жолы күш қолдану территориялық экспансия және ықпал ету аймағын құру-осы бағыттан таймай жалғастыра берді. КСРО ұжымдық қауіпсіздік жүйесін өзінің қуатын кеңейте түсу үшін пайдаланатындығы айқын болды. Бұл Еуропаны елеңдетпей қоймайды. Франция мен Италияда коммунистік партиялар ең ірі саяси партиялар болтатын. Осы жерлерде және Батыс Еуропаның басқа елдерінде коммунистер үкімет құрамына кірді. Оның үстіне Еуропадан американ әскерінің негізгі бөлігі әкетілген соң КСРО конинентальдік Еуропада басты әскери күшке айналды. Осы жағдайлардың барлығы кеңес басшылығы жоспарының жүзеге асуына қолайлы жағдайлар туғызды.
КСРО-ның жүргізген саясатына батыс елдері әртүрлі көзқараста болды. Бірқатар саяси қайраткерлер КСРО-мен ымырашылдықты жақтады. Әсіресе Бұл позицияны АҚШ сауда министрі Генри Уоллес қолдады. Ол КСРО-ның талабы орынды деп есептеді, КСРО-ның Еуропа мен Азияның кейбір аудандарында басымдық құқын мойындап, дүниені қайта бөлуді жүргізуді ұсынды. У.Черчилль басқа көзқараста болды. 1946 жылы 5 наурызда президент Трумэннің туған штаты Миссуридің Фултон қаласында президенттің қатысуымен сөйлеген сөзінде Еуропада қалыптасқан жағдай батыс демократиясы тағдырына қауіпті деп сипаттады. Кеңес халықтарының ерлік күресі мен КСРО-ның қауіпсіз шекараға ие болу құқын мойындай отырып ол кеңес экспонсионизмнінің етек алуын үрейлене ескертті. Батыс демократиясын қорғау үшін, оның ойынша, АҚШ пен Ұлыбританияның күшін біріктіріп, «англосаксон дүниесінің барлық дүниесімен» КСРО-ға тойтарыс беру керек. АҚШ-тың мемелкеттік департаменті де кеңестік әрекеттерге қарсы жауап іздеді. Мұнда американ дипломаты, Ресей бойынша маман Джордж Кеннан маңызды роль атқарды. 1946 жылы ақпанда Мәскеуде АҚШ елшілігінде жұмыс істей жүріп, ол Вашингтонға жолдаған жеделхатында «тежеу» саясатының негізгі принциптерін айқындады. Оның пікірінше, АҚШ үкіметі КСРО-ның өз ықпал аймағын кеңейту әрекетінің әрқайсысына дер кезінде қатты тойтарыс беріп отыруы қажет. Коммунизмнің еніп кетуіне қарсы тұра алуы үшін, Батыс елдері өздеріне сенімді, қолайлы әрі толыққанды қоғам орнатуға тырысуы керек, қолайлы әрі толыққанды қоғам орнатуға тырысуы керек. «Тежеу» саясатына олар соғыстың алдын-алу тәсілі ретінде қарады және КСРО-ны соғыста жеңу көзделмеді.
Трумэн, Черчилль, Кеннан, КСРО-ны тежеуде АҚШ басты рольді өзі атқаруы керек деген түйін жасады. Бұл Трумэнді қиын жағдайда қалдырды. Соғыс кезінде КСРО-ға қатынасты өзгеруі соғыс ауыртпалығынан шаршау еш нәрсеге қарамай КСРО-мен ынтымақтастықты жалғастыра беруді жақтаған Уоллес тіпті саясаткерлерге де көбірек қолдау көрестілді. Осы бағытты жақтайтындар соғыс тәжірибесіне Рузвельт Сталинмен компромисске келе қалған жағдайға, Реузвельттің елемеуге болмайтын зор беделіне сүйенді. Сондай-ақ «тежеу» саясатына көшу АҚШ-тың саясатын түбегейлі өзгертетіндігі анық еді, енді америка Еуропаның барлық істеріне қоян-қолтиық араласатын болды. Трумэн саясатта мұндай бетбұрысты жүзеге ықпалы мен беделі жетпейтіндей сезінді, өйткені 1944 жылы американдықтар президент Рузвельтке дауыс берген еді. 1946 жылы өткен нәтиже бермеді. Республикандықтар 1930 жылдан кейін алған рет конгрессте бақылаудан орнатты. 1919 жылғы Париж конференциясынын кезіндегідей жағдай қалыптасты: президент-демократ, ал конгресс-мемлекет басшысының кезкелген сыртқы саясат шараларын тоқтата алуға күші жететін республикандықтардан құралды. Трумэннің солқылдақтығын түсінуге болады: бұрынғы саясатты жалғастыруға немесе жаңа саясатқа көшу. алайда оқиғалардың барысы Трумэннің көп ойлауына мүмкіндік бермеді.
1944 жылдың ақпанында ағылшындар Түркия мен Грецияға әскери және экономикалық көмек беру жоқ екендігін АҚШ үкіметіне мәлімдеді. Грециядан ағылшын әскерлерінің шығарылуы мен көмектің тоқталуы Жерорта теңізі аймағында стратегиялық жағдайды түбімен өзгертетін кеңес бақылауы орнау мүмкіндігін тудырды. Италияда коммунистердің билік басына келу жағадайы жасалды. Суэц каналына кеңес бақылауы орнауы қаупі туды. Осы жағдайлар Трумэннің өз бағытын түпкілікті айқындауына итермелемей қоймады. 12 наурызда Трумэн Греция мен Түркияға 400 млн доллар көлемінде әскери және экономикалық көмек көрсету ойы бар екенін жариялады. Сонымен қатар ол «сыртық қысым мен қарулы азшылық жағынан езгіге түсіруге қарсы болған ерікті халықтарға» көмек көрсетуге бағытталған АҚШ саясатының міндеттерін айқындады. Осы мәлімдемесінде Трумэн АҚІП мен КСРО арасында қақтығыс деп сипаттады. Осылайша соғыстан кейінгі ынтымақтастықтан бәскелестікке көшудің бастамасы болған Турмэн доктринасы пайда болды. 1947 жылы 5 маусымда АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джордж маршал Еуропалық демократияны нығайту үшін оларға тез арада финастық және экономикалық көмек көрсету қажет деп мәі імдеді. КСРО бұл жосапры Америка Еуропаны экономикалық қанауға салуға бағытталған деп есептеп, шығыс Еуропа елдерін маршал жоспарын жүзеге асыруға қатыстырмау мақсатында қысым жасады. Осы елдерді өкімет билігі комунистердің қолына көшу процесі жеделдетілді, ол негізінен 1948 жылы аяқталды. 1948 жылы сәуірде 16 Батыстық елдер Маршал жоспарына қол қойды. [33]. Бұл бойынша олар төрт жыл ішінде АҚШ-тан 17 млрд доллар көмек алатын болды. Сонымен бірге американдықтар көмек көрсетудің алғышарты ретінде үкімет құрамынан коммунистерді шығаруды талап етті. 1948 жылға қарай Батыс Еуропаның бірде-бір үкіметінде коммунистер қалмады. Бұрынғы одақтастар арасында алауыздық Еуропалық бөлшектенуіне әкеліп соқты. Еуропада алған оқиғалар Германия тағдырында да әсер етті.
Батыс елдер үшін олардың оккупациялық зоналары «тежеу» саясатының алдыңғы шебіне айналды. Бұл саясатың табысты болуы немістерге байланысты екені айқын болды. Сондықтан АҚШ маршал жоспарының әрекет ету аймағына Батыс Германияны қосуды талап етті. Репарация алу және осы өтем үшін КСРО-ға құрал-жабдықтарды тиеу тоқтатылды. Батыс елдері Германияның экономикалық тұрақтылығына және оккупациялық үш батыстық зона негізінде мықты мемлекет құруға қол жеткізді. 20 маусым 1948 жылы онда ақша реформасын жүргізілді. Құнсыздаған рейхсмарканы жаңа неміс маркасымен ауыстыру экономиканы қалпына келтірудің басталуына түрткі болды. Бірақ ол Германия проблемасын бірігіп шешу туралы келісімді ашық бұзғандық болып табылады. Берлин статусы туралы мәлімдеме берлиннің батыс секторларынын батыстық оккупациялық зоналар мен транспорттық байланыстарын қамтамсыз ету жөнінде КСРО-ның нақты міндеті көрсетілмегендігін пайдаланып, КСРО Берлиннен Батысқа барар жолды кесіп тастады.
Берлин блокадасы- КСРО-ның өзінің бұрынғы одақтастарымен алғашқы ашық конференциясы басталды. Бұл 24 маусым 1948 жылы басталып 324 күнге созылды. Сол уақыт ішінде Берлинді одақтастардың әскерін және Батыс Берлиннің 2 млн халқын қажет жабдықтармен қамтамасыз етуді әуе көпірі арқылы одақтастардың авиациясы жүзеге асырды. Кеңес әскері Шығыс Германия территориямыны арқылы одақтастар самолеттерінің ұшуына кедергі жасамады. Берлин блокадасы саяси аренада жаңа өзгерістер туғызды. Осы блокада тұсында 1948 жылғы қарашада өткен президенттік сайлауда Трумэн жеңіске жетті. Демократтар қайтадан конгрестің екі палатасына да бақылау орнатты. Сайлау американдықтардың көңіл-күйінде болған өзгерсіті айқын көрсетті: оларда Америка қорғаныс шебі Еуропа мен Азияда орналасқан деген түсінік пайда болды және Трумэн бастаған КСРО-мен күшпен қарсыласу бағытын қолдады. АҚШ-тың оқшаулануына соңғы нүкте қойылды.
Берлин блокадасы Батыс елдерінің әскери қуатын нығайту қажеттілігін көрсетті. 4 сәуір 1949 жылы 10 Еуропалық мемлекет (Бельгия, Ұлыбритания, Дания, Исландия, Италия, Люксембург, Нидерланды, Норвегия, Португалия, Франция) , АҚШ, Канада Солтүстік Атлант келісіміне қол қойды. Онда аталған елдер БҰҰ Жарғысы шеңберінде жау шабуылынан бірлесіп қорғануға дайын екендіктерін мәлімдеді және осы мақсатты жүзеге асыру үшін Солтүстік Атлант келісімі Ұйымы (НАТО) құрылды. Осы келісім негізінде Дуайт Эйзенхауэр басқарған қарулы күштер жасақталды.
Өз тарапынан шығыс Еуропа елдері өзінің топтасуын нығайта түсуді жалғастыра берді. 25 қаңтар 1949 жылы Болгария, Румыния, Венгрия, Польша, КСРО және Чехословакия Еуропаның бөлешектенуіне байланысты экономикалық проблемаларды бірігіп шешу үшін Өзара Экономикалық Кеңес (СЭВ) құрылатындығын жариялады. [34]. Ақпанда СЭВ қатарына Албания, кейінірек ГДР қосылды. 1955 жылы осы елдер өздерінің әскери-саяси одағын-Варшава Келісімі Ұйымын (ОВД) құрды.
1949жылы Германияның бөлшектену жылы болып табылады. Ақша реформасы жүргізгеннен кейін көп ұзамай-ақ батыс зоналарда мемлекеттің конституциясын жасау басталды. 1949 жылы мамырда Германия Федеративтік Республикасы (ГФР) құрылды. Сол жылы қазанда оккупациялық шығыс зонада Германия Демократиялық Республикасы (ГДР) дүниеге келді. ГДР-мен қатар Қытай Халық Республикасы жарияланды. Гоминьданмен соғыс коммунистердің жеңісімен аяқталды. Дүниежүзіндегі ең халхы көп мемлекетте өкіметтің коммунистер қолына көшуі АҚШ тарапынан абыржу туғызды.
1949 жылы американдықтар КСРО-да атом бомбасының сәтті сыналғаны туралы естіді. Кеңес атом қарулы қарулануға тек 1953 жылы ғана енсе де әскеи-саяси бәскелестіктің жаңа сипатқа ие болғандығы айқын еді, өйткені осы салада АҚШ монополиясы жойылды. Осыған байланысты АҚШ ядролық қару мен оны жеткізу құралдарын жетілдіру туралы шешім қабылдайды. 1952 жылы АҚПІ алғашқы сутегі бомбасын сынады. Сутегі бомбасын жасау онша күрделі емес болатын, ал оның қуатын тасымалдау құралының (носитель) мүмкіндігімен шектелді. Американдықтар сынаған бірінші сутегі бомбасының қуаты 10 млн тонналық тротильдің жарылысымен тең еді. Осындай он ай өткен соң КСРО-да сынады. 50-жылдары екі елде де ядролық қаруды тасу құралдарының жаңа түрін тез арада жасап, жүзеге асыру жұмыстар жүрді. Соғыс кезінде неміс ракета құрылымының жетістігі негізінде континентаралық болистикалық ракета жасалынды. Алғашқы атомдық суасты ракета тасушы кемелер пайда болды. АҚШ пен КСРО-ны бәскелестігі ракеталық-ядролық жанталаса қарулану сипатында жүргізілді.
150 жылы АҚІП Корея жарты аралығындағы жанжалға араласып, алғаш рет өзінің қарулы күштерін пайдалануға мәжбұр болды. Соғыстан соң Корея Солтүстігінен Кеңес Одағы, оңтүстіггінен АҚШ оккупациялады. Германия сияқты екі үкіметі құрылды. Олардың арасындағы қайшылық американ кеңес қатынастарының шиеленісуіне байланысты күшейіп отырды. 1949 жылға қарай АҚПІ пен КСРО әскерлері Кореядан шығарылды. Кореяның екі бөлігінде де сайлау жүргізілді. 25 маусым 1950 жылы Солтүстік Корея әскері 38 параллель бойынша деморкациялық шепті бүзып, оңтүстікке қарай тез жылжыды. АҚШ -Солтүстік Корея әрекетін аргессиялық деп танылп, Б¥Ү-на Оңтүстік Кореяға көмек көрсету туралы шешім қабылдатты. БҰҰ туы астында Корея жартыаралына көпшілігін американдықтар құраған бірнеше елдің әскері түсірілді. 1953 жылға дейін созылған Корея соғысы басталды.
Осылайша АҚШ пен КСРО арасында бітіспес қайшылық туды. Егер оның басталуын 12 наурыз 1947 жылғы Трумэн доктринасы деп ал аяқталуы 8 желтоксан 1991 жылы КСРО-ның құлауы десек онда ол 45 жылға созылды. Осы жылдар арасында АҚШ пен КСРО арасында қайшылық қанша асқынсада соғысқа ұласқан жоқ. Сондықтан да осы кезеңді «қырғы қабақ соғысы» деп сипаттауға негіз бар: екі жақ та «қанды соғысқа» дайындалды, бір-біріне жау ретінде қарады, дүниенің барлық аймақтарында және қарудың барлық түрінен бәсекелесті, қару жер бетіндегі бар тіршлікті бірнеше рет жойып жібере алатындай көлемде жиналды, бірақ бұл қуатты бір-біріне қарсы ешқашан да қолданбады. Не себепті?
Бас кезеңде екі жат та мүндай соғыс түрін қаламады. Конфронтация шындыққа айналған кезде екі жат та жаңа соғыс тұтана қалған жағдайда жеңетініне сенімді болмады. Соғыс қорытындысының айқын болмауы екі жатқы да бір жақты да басымдылыққа ұмтылдырды, алайда неғүрлым жаңа қару түрлерінің пайда бола беруі қақтығыс соңының қандай боларын болжауды тиіпті қиындатты. «Қырғи қабақ соғы:» бүкіл планетаны шарпыды. Ол дүниені екіге, екі соғыс-саяси және экономиккалық топтарға, екі қоғамдық-саяси жүйеге бөлді. Осы ауқымды бәсекелестіктің барлық айнасында «қара-ақ» деп қаралады.
«Қырғи қабақ соғыс» бағымызға қарай қанды соғысқа ұласпаса да, саясат пен ақыл-ойды барынша милитаризациялады. Дүниежүзілік саясатта барлығы соғыс қуаттылығы жағынан есептелінді. Күш қолдану қаупі БҰҰ Жарғысына сәйкес болмаса да «ядролық қорқыту» саясаттың басты қарулы болып табылды. Жанталаса қарулану бейбіт кезеңде АҚШ пен КСРО аймағында соғыс-өнеркәсіп комплекстерін қалыптастырды. Осы саланы басқарған министрліктер мен ведомствалардың саяси ролі өсті. Халықтың санасын милитаризациялау саяси ролі өсті. Халықтың санасыне милитаризациялау жүргізілді. Соғыс қызметі ерлікке саналады. Жауыз, аяусыз коммунист және дәл осындай империалист бейнесінде жау образы қалыптастырылды. Екі елдің мәдениетіне де дәл осы сіңірілді. «Шпиондық» романдар дәстүрлі детективтерді ығыстырды.
«Қырғи қабақ соғыс» дүниежүзілік саясаттың басым құбылысы ретінде ішкі өмірге де едәуір ықпал етті. Дүниені «қара-ақ» деп тану сыртқы дүниеге қауіп сезімін ұялатты және сыртық жау алдында жасанды іштей итермеледі. Алдыңғы ой-пікір арандатушылық іс-әрекет деп танылды. Осы АҚШ-та азамат құқы мен бостандықтарының жапппай бұзылуына, ал КСРО-да тоталитарлық режимнің нығаюына әкеп соқты. Сонымен қатар «Қырғи қабақ соғыс» Батыс елдерінде «ерекелі мемлекетті құру» мақсатындағы әлеуметтік реформаларды жүргізуді аяқтау үшін стмиул болды және ол коммунизм идеясына еніп кету барьері саналады.
«Қырғи қабақ соғыс» қарулануға көп қаржы шығаруды талап етті, инженерлер мен жұмысшылардың ең таңдаулары қарудың жаңа тұрін шығарумен айналысты. Жанталаса қаруланудан естіп білмеген ғылыми жаңалықтар тудырды. Ол ядролық физика мен космостық зерттеулердің дамуына ықпал етті, электроника қуатының өсуі пен жаңа материалдар жасауға жағдай туғызды. Жанталаса қарулану Кеңес экономикасын қанаттандырып, американ экономикасының бәсекелестік қабілетін төмендетті. Сонымен қатар кеңес-американ бәсекелестігі АҚШ-тың коммунизм күресінің алдыңғы шебі болған Батыс Германия мен Жапонияның саяси және экономикалық позициясын қалпына келтіруге қолайлы әсерін тигізді. АҚШ пен КСРО бәсекелестігі отар мен тәуелді елдер халықтарының тәуелсіздік үшін күресін жеңілдетті, әрі туындаған «үшінші дүниені» [35] ықпал ету аймағы үшін аймақтық және жекелеген қақтығыстардың бітпейтін орталығына айналдырды. Былайша айтқанда, «қырғи қабақ соғыс» екінші дүниежүзілік тарихқа терең және жан-жақты әсер етті. «Қырғи қабақ соғысты» болдырмауға болар ма еді? Оның пайда болуы көбіне екінші дүниежүзілік соғыс қорытындысының әртүрлілігіне байланысты болып табылады. Оның ең бастысы дүниеде ғаламдық бәсекелестікті бастай және ұзақ жүргізе алатын екі державаның ғана қалғаны еді. Басқа Ұлы державалардың бұған күш-қуаты жетпеді. АҚШ пен КСРО осы жағдайда тек Ұлы жержавалар емес, басты Ұлы державаларға айналды. Осылайша дүниенің екі полюстікке айналуы бәсекелестікті тудырмай жағдайы, экономикалық, әлеуметтік және саяси құрылысы әртүрлі ғана емес, дүниетанымы да әртүрлі мемлекеттердің қатысуы оған ерекше форма, орта ғасырлардағы діни соғыстарды еске түсіретін идеологиялық қақтығыс сипатын берді. Сондықтанда «қырғи қабақ соғыс» болмаса, жағдайдың қандай болатынын елестеуге болады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Дипломдық жұмысымызда қорытыа айтарымыз, фашистік режимдегі Германия тұтатқан екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы өртіне су себілгенде адамзат өзінің тарихи дамуының жаңа сатысына енгендей болды. Адамзат келесі ең сұрапыл және ең ауыр соғыс біткенен кейін келесі соғысты ойлаудың өзі қорқынышты еді.
Екінші дүниежүзілік соғыс миллиондаған жанның өмірін қиып кетті. Бұл соғысты адам шығыны I дүниежүзілік соғыспен салыстырғанда 5 есе көп болды. Ал материалдық шығын 12 есе көп болды.
Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихының түбегейлі бетбұрыс кезеңі болып табылады. Соғыстың негізгі қорытындысының негізгі мәні бостандық сүйгіш халықтардың фашизмді жеңуінде жатыр. Фашистік Германия мен Италия жеңілді. Олардың қарулы күштерінің, саяси жүйесінің, идеологиясының күлі көкке ұшты. Фашистік режим құлады, фашистік партияға шектеу қойылды. Фашистердің басшылары сотқа беріліп, тиісті жазасын алды. Соғысқа дейін екпінді болып келген фашизм күйреді. Фашистер басып алған елдер тәуелсіздігін алып, демократиялық жолға бағытталып, дамуыдың одан арғы сатысына түсті.
Фашистердің тізе бүктіруде КСРО шешуші роль атқарды. Совет-герман майданында фашистердің негізгі қарулы күштері ойсырай жеңілді. Кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы жеңісі Екінші дүниежүзілік соғыстың түбегейлі бетбұрысына ықпал етті. Соғыстан кейін КСРО-ның халықаралық беделі өсіп, дүниежүзіндегі екі Ұлы державаның біріне айналды.
Герман фашизмнің күйреуі және милитаристік Жапонияның тізе бүгуі, Еуропаның және Азияның саяси картасына үлкен өзгеріс әкелді. Егер соғысқа дейін социализм тек КСРО жерінде жеңіске жетсе, енді бұл жүйе Моңғол Халық Республикасында, Албанияда, Югославияда, Болгарияда, Румынияда, Венгрияда, Чехословакияда, Польшада, Герман Демократиялық Республикасында, Вьетнамда, Қытайда жеңіске жетті. Дүниежүзілік социализм жүйесі пайда болды.
Екінші дүниежүзілік соғыс барысында империализмнің отарлық жүйесі жойылды. Көптеген отар елдер-Сирия, Ливан, Вьетнам, Лаос, Камбоджа, Индонезия, Бирма, Филлиппина, Корея өз тәуелсіздіктерін алды. Индия мен Малазияда патриоттар тәуелсіздікті талап етті. Отарлаушылар өзінің колониялық жүйесін сақтап қалу үшін Үнді-Қытайдағы, Индонезиядағы жүргізген соғыстарынан ешнәрсе шықпады. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде отарлық жүйеге қарсы ұлт-азаттық күрес соғыстан кейінгі кезеңде де жалғасты.
Дүниежүзілік соғыстан кейін бұрын халықаралық жағдайда Ұлы державалық сипатқа ие болған Германия, Италия, Жапония сияқты мемлекеттер өзінің күш-қуатынан айырылып, тәуелді елдерге айналды. Олардың күш-қуаты соғыс нәтижесінде күйреп, бірнеше жыл бойы бұрынғы бәсекелес елдермен теңесе алмады.
Екінші дүниежүзілік соғыс нәтижесінде КСРО жеңіске жеткенімен оның экономикасы, ауылшаруашылығы, өнеркәсіп саласы, әлеуметтік жағдай біршама әлсіреп шықты. Әсіресе КСРО құрамындағы көптеген социалистік одақтас республикалардың соғыстан кейінгі әлеуметтік-экономикалық саласы біршама күйреді. Соның ішінде соғыс жылдырында КСРО-ның әскери күш-қуатына және тыл жұмысына шешуші роль атқарған Қазақстан болды. Екінші дүниежүзілік соғыс барысында қазақстандықтар Мәскеу түбіндегі, Сталинград түбіндегі шайқастарда, соғыстағы түбегейлі бетбұрыстан кейінгі Шығыс Еуропадағы Украйна, Белоруссия, Польша, Югославия жерлерін азат етуде жан аямай, қасық қаны қалғанша күресті 500 қазақстандықтар фашистермен күресте ерліктері үшін Кеңес Одағының батыры атағын алды. Ұлы Отан соғысындағы қазақстандықтардың ерлігін еске алғанда, шығыстың қос жұлдызы Әлия мен Мәншүктің есімдерін атамау мүмкін емес. Кеңес Одағының екі дүркін батыры алған Талғат Бегелдиновтың есімі Ұлы Отан соғыс тарихында алтын әріппен жазылып қалады. Зұлым фашистердің ордасын қызыл ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев, Мәскеу түбіндегі қанды-қырғын шайқаста батырлығымен аңыз болған Бауыржан Момышұлы тарих жадында мәңгі қалады.
Тылда Қазақстан соғыс жылдарында маңызды орын алды. Отан алдындағы міндетін орындай отырып, Қазақстан жұмысшылары қорғанысқа қажетті өнімдері майдан шебіне жөнелтті. Еліміз ауылшаруашылығына және соғысқа қажетті материалдарды, шикізаттарды өндірді. Соғыс жылдарында Қарағанды ондаған шикізаттарды өндірді. Соғыс жылдарында Қарағанды ондаған миллион тонна көмір берді. Балқаш кен орны түрлі-түсті металл өндіруді соғысқа дейінгі кезеңдегі жоспардан бірнеше есе артық берді. Шымкент қорғасын зауыты соғыста аталған он оқтың тоғызын өндірді. Қазақстандағы шикізат өндіру, машина құрылысы, ауылшаруашылығы, өнеркәсіп бір сөзбен айтқанда Ұлы Отан соғысына жұмыс істеді.
Жалпы КСРО-да соғыстан кейін өндіріс орындарын бейбітшілік жағдайға келтіру үлкен қиыншылықпен жүргізді. КСРО үшін екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы оккупацияланған өлкелердегі материалдық шығын 679 млрд сомды құрады. Мемлекет ұлттық байлықтың 30 пайызынан айырылды. Фашистермен болған соғыста елде 1710 қала, 70 мыңнан астам елді-мекен қирады. 32 мың өндірістік орындар, 65 мыңшақырымдық теміржолы бұзылды.
Фашистік басқыншылар 100 мыңдай ұжымдар мен кеңшарды, 3 мыңдай МТС жүйесі қирады.
Жалпы фашистік Германия мен Италия, Жапонияның тұтандырған екінші дүниежүзілік соғыстағы экономикалық әлеуметтік, саяси дағдарыс соғыстан кейін Еуропаның және Азияның бірнеше мемлекеттерінде дамудың бірнеше жылында өз кедергісін келтіріп отырды.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
- Л.Черной. Коричневые диктатуры. Интернет. Веб-сайттар.
- С.И.Дорофеев. История Италии. М., Наука, 1917 г, том III
- Л.Лонго. Интернациональные бригады. М., 1960 г, стр -264
- Л.Ломбардо-Радиче, Дж.Карбоне. Жизнь Антонина Грамши. М., 1953г, стр-178
- Т.Дәуірбаева. Еуропа мен Америка елдерінің тарихы. Т., 2004ж.
- В.К.Фураев. Новейшая история зарубежных старн Европы и Америки. М., Просвещение, 1975 г.
- Н.И. Саморукова. Новейшая история стран Западный Европы и Амеркики. М., 1976,1 том.
- С.А.Стегарь. Практикум по новейшей истории. Просвещение. 1975 г.
- М.Е. Главацко. Россия которую мы не знали. Челябинс. 1995 г.
- А.М.Самсонов. Крах фашистской агрессии. М., Наука, 1982 г.
- Л.Черной. Коричневые диктатуры. Интернет. Веб-сайттар.
- С.И.Дорофеев. История Италии. М., Наука, 1917 г, том III
- Л.Лонго. Интернациональные бригады. М., 1960 г, стр-264
- Т.Дәуірбаева. Еуропа мен Америка елдерінің тарихы. Т., 2004ж.
15 В.К.Фураев. Новейшая история зарубежных стран Европы и Америки. М., Просвещение, 1975 г.
16 С.И.Дорофеев. История Италии. М., Наука, 1917 г, том III.
17 . Новейшая история зарубежных стран Европы и Америки 1917-1939 гг. М., Просвещение, 1975 г.
- Л.Лонго. Интернациональные бригады. VI, 1960 г, стр -264
- В.Ревнуков, Новейшая история зарубежных стран Европы и Америки 1917-1939 гг.М., 1975 г.
- С.А. Стегарь. Практикум по новейшей истории. М., Просвещение, 1975 г.
- В.Черчилль. Вторая мировая война. III том. М., 1991 г.
- Л.Черной. Коричневые диктатуры. Интернет. Веб-сайттар
- Новейшая история стран Западной Европы и Америки 1939-1975 гг. Под ред. С.Стецковича. М., 1978 г.
- Я.С.Драбкин. Становление Веймарской республики. М., 1978 г.
- История новейшего времени стран Европы и Америки 1918-1845 гг. М.,
- 1989 г.
- А.И.Еременко. В начале войны. М., Наука, 1964 г.
- О.А.Ржешевский и т.д. 1939 г Уроки истории. М., Мысль, 1990 г. стр-
- П.А.Жилин. О войне и военной историии. М., Наука, 1984 г.
- Н.И.Саморукова. Новейшая история стран Западный Европы и Америки. М., 1976,1 том.
- И.С.Киссельгов Франццция в годы второй мировой войны. М., 1975 г.
31.П.Н.Поспелов, т.б. Совет Одағының Ұлы Отан Соғысы 1941-1945 жылдар. М., 613-бет.
32.Тегеран, Ялта, Потсдам. А., 1993 ж.
33.Краткая история США. М., 1993 г.
34.. А.А.Гречко и т.д. Великая Победа советского народа. М., Наука, 1976г.
35.П.А.Жилин. О войне и военной истории. М., Наука, 1984 г.