Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Журналистика факультеті
Журналистика тарихы кафедрасы
Қазақтың тұңғыш календарындағы ақпараттық үлгілер
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
МАЗМҰНЫ
Кіріспе…………………………………………………………………………………………….4
І Қазақ календарындағы ақпаратық үлгілер……………………10
1.1 1923 жылдың Қазақ календарындағы ақпараттық үлгі…………………10
1.2 Қазақ халықының уақыт есебі ‒ ақпарат берудің дәстүрлі түрі…….23
ІІ мүшелі есебі және қазақ күнтізбесіндегі 12 айдың тіліміздегі
көрінісі……………………………………………………………………………………..30
2.1 Мүшел есебі………………………………………………………………………….30
2.2. Қазақ күнтізбесіндегі 12 айдың тіліміздегі көрінісі…………………36
Қорытынды……………………………………………………………………………………48
Сілтемелер тізімі……………………………………………………………………………52
Пайдаланған әдебиеттер………………………………………………………………53
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ халқының көшпелі тұрмыс-салтында аспан әлемінің құбылыстарын бақылау арқылы уақытты білу үшін және ауа райынан алдын ала қалай ақпарат алып отырғандығын білу.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Календарь туралы шыққан кітаптар мен зерттеулерді пайдалана отырып, қазақ халық ауыз әдебиетіндегі Күн, Ай, Жылдарға қатысты жұмбақ айтыстар, мақал-мәтелдер мен тұрақты сөз тіркестері белгілі бір құбылыстың не екенін білдіретін сөздік белгі ғана емес, сонымен бірге белгілі бір құбылыстың төл қасиетін әйгілеп беретін дерек екендігін ұғыну.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Календардағы Күн, Ай, Жылдардың тіліміздегі көрінісі, салт-дәстүрмізден алар орнын сезініп білу.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы Зерттеу жұмыстарының мақсат-міндеттерін шешу үшін жиналған шығармалар, арнайы кітаптар, әдебиетер бойынша зерделеу, талдау, салыстыру, жинақтау, сұрыптау, жүйелеу, топшылау, тұжырымдау әдістері қолданды.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздері. Зерттеудің теориялық және методологиялық негізі ретінде журналистика ғылымындағы тарихи-салыстырмалы талдау әдісімен Қазақ календарындағы ғылыми көзқарастар басшылыққа алынды.
Зерттеу методологиясы нақты тарихилық жүйелік, хронологиялық сынды ғылыми таным принциптеріне негізделіп материалдарды зерделеу ғылыми зерттеудің талдау және салыстыру, жүйелеу, толықтыру сынды әдістері негізінде жүргізілді.
Әлемнің барлық халықтарына ұқсас, қазақ халқының арғы тегі көне түрік әлемнің уақытты межелеуде өмірлік мол тәжіирбелерімен өзіндік дәстүрі болғандығы жалпыға мәшхүр. Олардың өмір сүру әдісі мен дәстүрінде әлемнің басқа халықтары сияқты дәстүрлі наным-сенімдік ережелері мен жалпыға ортақ заңдылықтарының болғаны, аспан әлемінің құпияларымен үндесіп жұлдыз есебін жүргізіп ауа-райының құбылмалы өзгерісін бақылап өздерінің тіршілігіне қатерлі райын күні бұрын межелеп білуге мүмкіндік алғаны шындық. Бұл ұлтымыздың ертеден-ақ өркениеттің көш алдында түрғанын көрсетеді.
Бұл күнде егемен еліміздің, дербес мемлекет ретінде шаңырақ көтеруі ұлттық ой- сананың дамуына, өткен тарихтың мол тәжірибесін салт-дәстүрді, терең түсініктерді енгізе бастады. Қазақ халқының көне мұралары қайта қаралып, зерттеліп, басылып шығып жатыр. Өткен ұрпақтың жасаған ғылыми дүниелерінің ғасырлық тәжирбелерінің бізге беймәлім беттері өз зертеушісін күтіп тұрғаны анық. Сондай терең зерттеуді қажет ететін күнтізбелер тарихының бүгінгі ұрпақ үшін ғылымдық мәні зор. Тарихи қажеттілігіне жеткілікті екенін түсінген белгілі зерттеушілер М.Исқақов, Халд, Х.Ә. Әбішев, Х.А.Арғанбаев қатарлылар арнайы кітап жазған.
Ғылымда уақыт өлшемін зерттейтін саланы хронология («хронос» грек тілінде – уақыт, «логос» – ілім) деп атайды. Ол астрономиялық (немесе математикалық ) және тарихи (техникалық) хронология болып екі бөлімге бөлінеді.
Астрономиялық (грекше «астрон » ‒ жұлдыз, «космос» ‒заң) хронология – аспан денелерінің қозғалысы мен астрономиялық құбылыстарға қарап уақытты табады. Ал тарихи хронология — әр түрлі уақыттағы тарихи қоғамдарда адамдар уақытты қалай өлшеген, календарлар ( күнтізбелер ) қалай шыққан, тарихи оқиғалардың болған уақыты, заманалар қалай анықталады деген сұрақтарға жауап береді. (1)
Уақыттың кілті – календарлар, яғни күн тізбелер. Сондықтан әр адам жүздеген халықтардың даналығын бойына сіңірген, мыңдаған жылдың шежіресі бар әрі өткен өміріміздің белгісі, әрі алдағы жолымызды нүсқаушы күн тізбелерді білу керек.
Күн тізбелер, сағаттар жоқ кезде адамдар уақытты аспанға қарап, ал жыл мезгілдерін ауа-райының құбылыстарына қарап анықтаған. Сондықтан, астрономия өте ерте де адам заттың практикалық қажетілігіне байланысты басқа ғылымдардан бұрын шыққан.
1960 жылы қазақ мемелекеттік баспасында М.Исқаковтың «Қазақтың байырғы календары» атты кітапшасы жарық көрді. Бұл кітабында автор қазақ халқының бұрынғы күн тізбесіне, мүшел есебіне тоқталып өткен. (2)
1963 жылы сол баспада осы автордың «Қазақтың байырғы календары» кітабы шықты. Кейін 1980 жылы ішінде екінші рет өңделіп «Халық календары » деген атпен басылып шықты.
Ертедегі Қазақстанның мәдени тарихына, соның ішінде астрономиялық білімдер мен күн тізбеге қатысты құнды деректер Қазақ ССР Ғылым Академиясының академигі Ә.Х.Марғұланның еңбектерінде жиі кездесіп отырады. Бұл материалдарды «Қазақ ССР тарихы» мен «ҚСӘ» томдарынан табуға болады (3).
Қазақ халқын революцияға дейінгі астрономиялық білімдерін сипаттайтын мағұлыматтарды жинап, жүйеге келтіруде физика–математика ғылымдарының кандидаты, доцент Х.Ә.Әбішев елеулі еңбек етті. Оның еңбектері жинақталып, «Халық астрономиясы» және «Аспан сыры» атты кітаптарына енгізіліпті (4).
Н.Мыңжаның Алматыда 1994 жылы шықан «Қазақтаң қысқаша тарихы» деген кітабында «қазақ халқының аспан әлемі туралы түсініктері және байырғы қазақ күн тізбесіне тоқталып өткен (5).
Қазақ ССР энциклопедиясының үшінші томында «мүшел есебімен күн тізбеге» тоқталып, олардың мәнін аша білген (6).
Халқымыздың әлем жөніндегі түсініктері, астрономия салаларындағы практикалық білімдері, күн тізбелері Ш.Уәлихановтың «Қазақтардың космомологиялық аңыздары» деген ғылыми мақалаларында да баяндалған (7).
Азык-аулақ астрономиялық мағұлыматтар көне Түрік жазуларында, Ж.Баласағұнның «Құтадұғу білігінде», «Диван лұғат ат-түркінде» тағы басқа орта ғасырлық кітаптарда кездеседі.
Қазақша жыл қайыру мен ай аттары халық ауыз әдебиеті үлгілерінде жиірек кездеседі. Түрлі айтыстар мен мақал-мәтелдерде, өлең жырларда айтылады (8).
Күнтізбеден Қазақ тілінде жазылған кітаптардың тұңғышы ретінде 1897жылы Орынборда Бреслин баспаханасында орыс әріптерімен басылып шыққан «Қазақ үшін күнтізбе» атты жинақты айтыуға болады. 1889 жылдан бастап Санкт-Петербургте шағатай тілінде Ш.Талфидың «Мұсылман күнтізбесі» шығып тұрған.
Тұңғыш Қазақ күндізбесі 1922 жылы жазылған. Орынбор қаласында басылып шыққан. Кітап 6 тарауға бөлінеді, онда 31 мақала бар. 1929 жылдың
күнтізбесі шаруа күндізбесі 1928 жылы Қызылордада басылып шыққан. Өңдеп түзеткен Бейімбет Майлин. 1929жылдың күндізбесі көптеген мәселелерді қамтыған. мұнда қысқа түрде күнтізбе тарихы, әлем құрылысы, Жердің, Күннің, Айдың қозғалыстары, Ай мен Күннің тұтылу себептері, планеталар мен жұлдыздар, шетелдер жөнінде геограпиялық мағұлыматтар бар.
1930 жылдың «шаруа күндізбесін» Б.Майлин І.Жансүгіров және Ә.Мұстафин құрастырған. 1929 жылы Қызылордада бастырып шығарған. 1930 жылдың күнтізбесінде айлардың латынша атауларымен қатар, қазақша атаулары да келтірілген.
«Қазақстан» баспасы 1931 жылы «шаруалар үшін күнтізбе» шығарған. (І.Жансүгров). Бұл күнтізбелер өз тұсында қазақ еңбекшілерінің сана-сезімін оятты. Бірінші бесжылдықты мерзімінен бұрын орындауға шақырады. Бұлардан кейін күнтізбе кітаптары біраз уақыт ескерусіз қалады. Қазақ тілінде 3 жылдай күнтізбе жинақтары да, күнтізбенің теориясы мен тарихына арналған кітартар да тіпті жыртпа күнтізбе де болмаған. Мұның негізгі себебі, соғыс жылдарында және одан кейінгі шаруашылықты қалпына келтіру жылдарында қаражаттың тапшылығы еді деп түсіндірген М.Исқақов. 1957 жылы 17 қазанда «Қазақстан мұғалімі» газетінде, «Календарь ‒ уақыт кілті» атты көлемді мақала шықты. Онда күнтізбенің тарихы мен өмірде қажеттілігі сөз болды.
1958 жылы Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті күнтізбе шығару туралы мәселе қараған. Осыған сәйкес, қазақ мемлекеттік баспасының жанынан дербес күнтізбе редакциясы құрылды. Редакция 1960 жылдың күнтізбесінің кіріспе бөлімінде редакцияның алғы сөз, күнтізбесінің тарихынан қысқаша мағұлыматтар болашақ дүниежүзілік күнтізбенің жобасын, қазақша ай аттары және 1960 жылдың табель күнтізбесі бар. Негізгі бөлімде әр күнгі күннің шығуы мен бату мерзімдері берілген. Күннің ұзақтығы, айдың ширектері көрсетілген. Қазақша жыртпа күнтізбе, орыс тіліндегі күтізбелердің аудармасы емес. Бұл солардың жалпы үлгісі мен тәжірибесін пайдалана отырып, Қазақстанның бұрынғы және қазіргі өмірін көрсететін күнтізбе. Халқымыздан шыққан Шоқан, Ыбырай, Абай, Сәкен, Жамбыл т.б. атақты адамдардың өмірлерінен мағлұмат келтірген.
Жыртпа күнтізбені тұңғыш құрастырушы және бас редакторы – ұлы Отан соғысы ардагерлерінің бірі, тәжірибелі журналист Ә.Қ.Бектемісов болды.
1960 жылдан бері жыртпа күнтізбе 20 рет шықты. 1960-1969 жылдар «Қазақша календарь» деп аталса, 1970-1979 жылдар «Қазақ календары» деп өзгертілді.
І ҚАЗАҚ КАЛЕНДАРЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ҮЛГІЛЕР
1.1 1923 ЖЫЛДЫҢ ҚАЗАҚ КАЛЕНДАРЫНДАҒЫ АҚПАРАТ БЕРУДІҢ ҮЛГІЛЕРІ
Уақыт есебін жүргізудің ғылыми көрсетілімі қаншалықты дәл және тиянақты болғанымен, оларды түсіндіретін, хабарлайтын халық арасына тарататын құралдары болмаса, қөпшіліктің көңіліне қонып санасына сіңісе алмайды. Сондықтан календарды өмірмен ұштастыратын жазба құралдары болуы тиіс деген көзқарас негізінде 1923 жылы шыққан тұңғыш қазақ календары Ұлы Октябрь революциясынан кейін, 1922 жылы жазған (араб әріптермен басылған), мұны 1923 жылы қолдану үшін Қазақстанның мемлекеттік баспасөз бөлімі дайындап, қазақ мемлекеттік баспасы Орынбор қаласында басып шығарған. Календарь жорнал түрінде шыққан. Бірінші бөлімінде мынандай сөздер жазылған.
Жержүзінің еңбекшілері бірігіңдер!
Киргизский календарь на 1923 год
Оренбург
Государственное издательство КССР
1922
«Календардың» көлемі 146 бет. Бағасы мен таралымы көрсетілмеген. Кітап алты тарауға бөлінеді, онда 31мақала бар. Сөз басынан кейін жалпы календарь тарихынан қысқаша мағұлматтар келтірілген. Бірақ, қазақ календары жайында толық мағұлмат берілмеген. Календардың әлеумет өміріне елеулі рөл атқаратындығы, оның таптық сипаты болатындығы, ескі календарды үстем таптар өз мүддесіне сәйкестендіріп пайдаланып келгендігі туралы жазылған. Авторы: Ерғали Алдонғаров
«1923 жылдың қазақ календары» табель-календардан басталған. Табель календардың бірінші жолында «Ит жылы бітіп, Доңыз жылының басталуы 22 март» деп жазылған. Әрбір айдың төмендегдей екі түрілі атауы көрсетілген;
Январ-Дәлу Июль-Әсет
Февраль-Хұт Август-Сүмбіле
Март-Хамал Сентябрь-Мизан
Апрель-Сәуір Октябрь-Ғақырап
Май-Зауза Ноябрь-Қауыс
Июнь-Саратан Декабрь-Жидді (9)
Айлардың бірінші атаулары римше, екінші атаулары арабша делінген. Бұлар жөнініде мынадай ескертпе берілген: «бұл Ғарабша деп жазылған ай аттары қазақтың көп жерінде (екінші жүзде) қолданылады. Қазақтың басқа жерінде ай аттары бірде орысша, бірде қазақша ескі аттарымен аталады». Бірақ айлардың қазақша ескі аттары қандай болғаны айтылмаған. «1923-жылдың календырында» бірінші январь дүйсенбі күнге тура келеді, ол кезде Қазақстанда демалыс күні жұма болған.
Табель-календардың ақырында атап өтетін күндер көрсетілген, олар
22 январь ‒ қанды жексенбі күні
12 март ‒ патшаның тақтан түсірілген күні
18 март ‒ Париж коммунасының күні
22 март‒ Наурыз(қазақша жыл басы)
1 май ‒ Интернационал күні,
9 сентябрь‒ жастар күні
4 октябрь ‒ Қазақстан советтерінің бірінші сьезі ашылған күн
7 ноябрь ‒ октябрь мейрамы Бұлардан кейін ораза айты мен құрбан айтының мерзімдері көрсетілген.
«23 жыдың календарында» 1862 жылдан 1922 жылдар аралығындағы әр айларда болған зор оқиғалар хронология түрінде берілген. Жалпы саны 400дей оқиға бар. Мұнда 1860 жылдан 1916 жылдар аралығындағы әр жылдың үш-төрт оқиғасы ғана берілген. Ал 1917 жылдан 1922 жылдар аралығындағы әр жылдың әр айында болған бес-алты оқиғадан берілген. Осы 23 жылдың календарындағы оқиғалары хронологиясынан ықшам түрдегі көрінісі мынандай:
Январь-Далу
1, дүйсенбі. 1918 жылы жерді һәм басқа қозғалмайтын заттарды сатып пайдалануды тоқтату хақында Совет үкіметінің жарлығы түзілді.
2, сейсенбі. 1918 жылы азаматтық неке хақында бұйрық жарияланды.
1918 жылы Россияның Украина республикасы жарияланды.
12, жұма. 1839 жылы Англияда 21 жастан жоғары азаматтар сайлау
құқығына ие болсын деген 1,280,000 адам қол қойған
еңбекшілер табының парламенті таратылды.
Февраль ‒ Хұт
13, сейсенбі. 1920 жылы Эстония үкіметі Учредительное сарайына шақырып Совет үкіметімен татулық шартын жариялады.
1899 жылы патша үкіметі завод-фабрикалардағы жұмысшыларды бақылау үшін полициялар белгіледі.
7, сәрсенбі. 1919 жылы оңтүстік Славяндардың республикасы құрылды.
9, жұма. 1905 жылы темір жол жұмысшылары патша үкіметіне қарсы ереуіл жасады.
1904 жылы Россияға қарсы Жапония соғыс ашты.
13, сейсенбі. 1897 жылы патша үкіметінің жарылығымен В.И.Ленин жолдас сібірге жер аударылды.
Март ‒Хамал
11,Жексенбі 1917-жылы Петерборда әскерлер арасында көтерліс
болды. Жұмыскерлер күшімен Петрбордағы уйгорский
абақтысы еңбекшілердің қолына көшті.
6, сейсенбі 1920-жылы жасы жетпегендерді абақтыға қамамау бұйрығы жарияланды
14, сәрсенбі 1883 жылы Карл Маркс қайтыс болды.
Апрель ‒ Сәуір
17, сәрсембі 1918 жылы қызыл әскерлер Орынбор қаласын алды. 1918 жылы мемелекттік баспасөз туралы декірет жарияланды.
21, сембі 1905 жылы петірборкта жұмыскерлердің патша өкіметіне қарсы көтерлісі болды.
29, дүйсенбі 1880 жылы қаулы революця тарапынан «халық еркі ‒ народноя воля» баспаханасы алынды.
Май ‒ Зауза
3, бейсембі. 1902 жылы Баку қаласында жұмыскерлер еңбек күні 8 сағат болсын деп патша өкіметіне қарсылық болды
17,бейсембі. 1789 жылы Франсоздардың бірінші реолюциятсиасы басталды.
26,жексембі. 1887жылы патша Александр ІІІге бірінші жұмыскерлер тарапынан өлтіру үшін қастық жасалды.
Июнь ‒ Саратан
5, сейсембі 1896 жылы Петырборда кездеме фабрикасының жұмскерлерінің көтерілісі болды.
6, сәрсембі. 1901 жылы Билосток қаласында Еврей жұмскерлерінің 4 отырысы болды.
2, сембі. 1903 жылы Кастрома қаласында жұмыскерлер өкіметке қарсылық білдірді.
Июль ‒ Әсет
4, сәрсембі. 1918 жылы жалпы Россияның 5 жиналысы өтті.
13, жұма 1918 жылы Омыскы қаласында қызыл әскерге бармаймыз деген себепті 50 офицерді атып өлтіреді.
14, сенбі 1917 жылы жалпы билікті Кеңес үкіметінің қолына беру (туралы әскерлер кеңесінің қаулысы болды.
1917 жылы Петербург қаласындағы завод-фабрикаларда көтеріліс болды.
7,сенбі 1917 жылы латын Халықтарының жұмыскерлерінің 5 жиналысы өтті.
Август ‒ Сүмбіле
1, сәрсенбі 1914 жылы дүние жүзлік соғыс басталды. 1960 жылы Кронштатта матростар көтерлісі болды,
6, дүйсенбі 1920 жылы Қазақстан республикасының Халық комиссарларының кеңесі жас өспірімдер жұмысын тексеру үшін комиссия жасақталды.
9, сенбі 1920 жылы Қазақстан республикасының комиссарлар кеңесі құрылды.
Сентәбір ‒ Мизан
3, Дүйсенбі 1868 жылы Шветцария Женева шартында болған бірінші интернатционалдың бірінші жиналысында жұмысшылар табының тұрмысын түзеп шаруасын жөндеу жұмыскерлер көтерілісінің бірінші мақсаты деп танылды.
8, Сенбі 1906 жылы Қазыналық бос тұрған егінжай мен ағаштарды сатуға рұқсат берілді.
1877 жылы Белгияның Гинте қаласында жалпы жер жүзінің саяси жиылысы болды.
1828 жылы атақты жазушы Л.Н.Толстой туылды
Октәбір – Ғақраб
1, Дүйсенбі 1901 жылы Петрбургта Николай ІІ ның Халық өкімет үйінің қасында айбар көрсеткен жұмыскерлердің бәрін де абақтыға жапты.
3, Сәрсенбі 1920 жылы Қазақстан республикасының бірінші жалпы жиналысы болды.
10, Сәрсенбі 1905 жылы Маску – Прецит қалалары арасындағы темір жол қызыметкерлерінің жұмыс тастауы болды.
Ноябр – Қауыс
2,Жұма 1918 жылы жергілікті төтенше комиссия жайлы декрет жарияланды.
6, Сейсенбі 1918 жылы ашылған төтенше жиналыста еңбекшіл Россияның уәкілдері одақтас Мемлекеттерге қан төгіс соғысты тоқтатып татулық келісімге келуге шақырды.
Декабыр – Жидді
1, Сенбі 1921 жылы Қазақстан республикасының жер мен ағаш туралы істерді тексеретін жұмыскерлердің жиылысы болды.
1, Бейсенбі 1917 жылы Кадет партиясының басшысы болған мүшелерін сотқа беру туралы декрет шықты.(10)
Осы айлардағы зор оқиғалардан кейін Қазақ календарының екінші тарауы басталады. Бұл тарауда 12 мақала бар, олардың әрқайсысына қысқаша тоқтала кетсек.
«Жер жүзінің еңбекшілері, бірігіңдер!» атты мақалада сол уақыттағы байлар мен кедейлер арасындағы қайшылықты айта келіп, осы екі тап бір-бірімен мұлде келісе алмайтындығын былай түсіндірген: «кедейлер табының мақсаты еткен еңбегінің ақысын босқа біреуге жегізбеу болса, байлардың мақсаты кедейлердің еңбегінен пайдаланып жан ауыртпай рақатта өмір сүру. Сондықтан, бұл екі таптың ойы да мақсаты да бір-біріне қарсы, келісе алмайды, бір- біріне дұшпан екі тап күрескенде әр тап өзіне күш жинайды. сол себепті, жер жүзінің еңбекшілерімен бірігіп күрес жасауымыз керек» деп халықты күрес жасауға шақырған (мақаланың авторы Ғ.Асылбеков).
«Таптар күресі не нәрсе» деген мақала да жоғарғы мақаламен мазмұндас. Мұнда, Маркс пен Енгіліс жазған «Ортақшылар манифесті» деген кітапты халықа түсіндіру мен бірге байларға бірігіп қарсы шығуға шақырады.
Ал Сымағұл Сәдуақасовтың «Күн батыс һәм Күн шығыстың бостандық жолында күресінің тарихы» деп аталатын мақаласында Европада бумен жүргізілетін машинаның ойлап табылуы, бүкіл жер жүзіне төңкеріс жасағанын Европа қоғамында жаңа байлардың шыға бастауы бұрынғы ақ сүйектерді мазасыздандырды. Ақыры, жаңадан шыққан байлар мен ақсүйектердің арасында күрес туылғанын, капитализмнің орнауын, пролетарият табының пайда болуын, сонымен, капиталистер мен пролетарияттар арасында күрестің тууын ол дүниеге интернационалды әкелгендігін Маркс пен Енгілс өлгеннен кейін екінші интернационал кезеңінде имперализм (отаршылдық) шыққанын осы империализм тұсындағы интернационалшылардың халықшылмыз, кедейшілміз деген ұраны бос сөз екендігі имперализмшілер (ірге кеңейтушілік ) тудырған соғыс кезінде өзі ұлттарын қорғаштап, білектерін сыбанып импирализмшілер тудырған соғысқа қатынасып күншығыс елін отарлауға кіріскендігін айта отырып Европаның отарлау саясатына қарсы күресіп Жапонияның, Қытайдың, Үндістаның, Түркияның қалай бостандықа жеткенін айтып халықты бостандық алу жолындағы күреске шақырған.
«Россиядағы 1917 жылға дейін бостандық жолында болған күрестердің тарихы» деген мақалада 1801 жылдан басталған қарашекпенділердің жер сұрау талаптарынан туған тілектерінің орындалмауына байланысты шыққан наразылықтардың өршіп 1917 жылғы патша үкіметінің құлауына әкелгендігі баяндалған (автор белгісіз).
«Россияда 1917 жылы болған зор төңкеріс» деген мақала Уақытша үкімет қалай құлағандығын Кеңес өкіметінің орнауы туралы жазылған.
Х.Кедейбаласы деген бүркеніш атымен Ахмет Байтұрсынның «Тап һәм партия», «Россия коммунистік партиясының тарихы» деген екі мақаласында жоғарғыдағы мақаладардағы айтылғандай тап туралы халыққа түсінік бере келіп сол тұстағы Россиядағы «Көмөнистік партия», «Кадет партиясы» және «Анархицит» деген партиялардың бар екенін айтады. «Россияның комунистік партиясының тарихы» деген мақаласында комунист партиясының өмірге қалай келгендігі және оның орныға бастағандығы айтылған.
Әбдрахыман Байділдинің «Ортақшыл жастар ұйымы» деген мақаласында Қазақ жастарының арасында ұйымдасудың құрылуын, істеген істерінң ұзын ырғасын баяндап, ұйымның негізгі істейтін ісі, Еңбекші жастар тәрбиесін күшейтіп, Оқубілімге үйрету, тұрмысын дүзеп келешекте білімді азамат етіп шығару, әрі кедейлер мен еңбекшілер ісінің ілгері сүруіне жәрдемдесу. Бұл ұйымдардың құрылуына себеп болған нәрселер: 1904 жылғы 13 Апрельде болған Жапон соғысының артынан Россияның әр қаласында 1905-1906 жылдарда болған жұмыскерлер қозғалысы. 1910-1913 жылдарда шыққан «Айқап» журналы, «Қазақ» газеті «Оян қазақ», «Қырық мысал» кітабы. 1914 жылғы жиһангерлер соғысы, 1916 жылы Қазақ жігіттерін майданға алуы, Орыс патышалығының Қазаққа көрсеткен қиындықтары, әсіресе 1917 жылғы төңкерістің оянуы алдымен қалақалада орысша, татарша, қазақша оқып жүрген Қазақ жастары арасында ұйымдасу басталады. Сол тұстағы Қазақ жастарының көбісінің пікірі, Қазақ халқын мәдени һәм әдеби жағынан ілгері халықтар қатарына қосу, жастарға ұлтшылдық сезім туғызу, ұлтын сақтау сынды мақсатарға жету үшін, жастарға ұлтын сүю сезімін сіңіріп, халық әдебиетін жинау, оларды кітап етіп бастыру, газет, журнал шығару, тиятыр кітаптарын жазу, бастауыш һәм орта дәрежелі мектептерге кітап дайындау, қиыншылығы бар оқушыларға жәрдемдесу, кедейлерді байлардың, күштілердің қорлық, зорлықтарынан құтқару, елге теңдік әперу еді.
Осы пікірді жарықа шығару үшін қала-қаладардағы оқып жүрген жастар өзара ұйымдасуға кірісуі 1912-1914 жылдарда Омбыдағы жастар «Бірлік». Уфадағы Ғалифа шәкірттері «Игілік».Орынбордағы Қазақ школының шәкірттері «Игілік » атты ұйымдар ашады. Бұл ұйымдар 1917 жылғы өзгеріске дейін жасырын болған, осы өзгерістен кейін ұйымдасуға ерік берілген соң Қазақ жастарының ұйымдары көбейе түседі. 1917 жылыдан 1919 жылға дейін 28 ұйым ашылған олар мыналар:
- «Игілік» Уфада 1912 жылы ашылды.
- «Бірлік» Омбыда 1914 жылы ашылды.
- «Игілік» Орынборда 1915 жылы ашылды.
- «Еркін дала» 1917 жылы ашылды.
- «Жанар» Семейде 1917 жылы ашылды.
- «Оқытушылар ұйымы » Семейде 1917 жылы ашылды.
- «Талб» Семей облысы, Чыңғыс айлында 1917 жылы ашылды.
- «Ұиым» Екібастұз зауыты Семей облысы 1917 жылы ашылды.
- «Ғылым» Кереку 1917 жылы ашылды.
- «Ерік» Байанаулда 1917 жылы ашылды.
- «Қазақ жәрдемі » Зайсанда 1917 жылы ашылды.
- «Талаб» Қызылжарда 1917 жылы ашылды.
- «Оқығандар» Көкшетау 1917 жылы ашылды.
- «Ынтымақ» Атбасарда 1917 жылы ашылды.
- «Жасқазақ» Ақмолады 1917 жылы ашылды.
- «Жасжұрек » Бөкейде 1917 жылы ашылды.
- «Үміт» Троскиде 1917 жылы ашылды.
- «Қамқор » Торғайда 1917 жылы ашылды.
- «Жастілек» Ақтөбеде 1917 жылы ашылды.
- «Жастар ұйымы» Бөкейде 1917 жылы ашылды.
- «Жасқазақ» Оралда 1917 жылы ашылды.
- «Қызымет» Кирекуде 1917 жылы ашылды.
- «Еңбекшіл жастар ұйымы» Омбыда 1918 жылы ашылды.
- «Тілек» Омбыда 1918 жылы ашылды.
- «Ақниет» Оралда 1919 жылдың басында ашылды.
- «Ақжол» Жамбейтте 1919 жылы ашылды.
- «Балапан» Қостанайда 1918 жылы ашылды.
- «Жас азамат» Омбыда 1918 жылы ашылды
Жалпы құрылған ұйымдардың ішінде көзге көрінерлік ісәрекеттер істегендері Омбыдағы «бірлік», «Жас азамат», «Игілік», Орынбордағы «Еркіндала», Семейдегі «Жанар» болды; «Бірлік» Омбыдағы жастар арасында білім таратуда басқа ұйымдарға үлгі көрсету ретінде көп жұмыстар істеген. «Балапан» атты журнал шығарғаны айтылады, «Игілік» қазақша кітаптар бастырып «Садақ» атты журнал шығарған. «Еркін дала» қиыншылығы бар шәкіртерге жәрдем бергендігі «Жас азамат» атты газет шығарғандығы, «Жанар » «Абай » жорналын шығарғандығы айтылады және осы мақалада Ыбырай Алтынсариннің «өнер білім бар жұрттар» деген өлеңі басылған :
Өнер білім бар жұрттар Тастан сарай салғызған. Айшылық алыс жерлерден Көзіңді ашып жұмғанша Жылдам хабар алғызған. Мың шақырым жерлерге Аты жоқ құр арбаны Күн жарымда барғызды. Адамды құстай ұшырды, Мал істейтін жұмысты Отпен суға түсірді. Отсыз тамақ пісірды, Сусызда сусын іштірді. Теңізде жүзді балықтай, Дүние кезді жалықпай Білгендерге осылай Барлағанда анықтай Білмегенге таңсықтай. бәйгеге түсіп жарыспай |
Білмегенге тансықтай Біз де бекер жатпалық Осыларға таныспай Ат өнері білінбес Бәйгеге түспей, жарыспай Желкілдер шыққан көк шөптей Жаңа өспірім, жастарым Қатарың кетті-ау алысқа-ай Ұмтылыңыз қалыспай ! Сіздерге бердім батамды. Біз надан боп өстік Өнерлі жігіт көркі деп, Ескермедік мақалды. Біз болмасақ сіз барсыз, Иектегі сақалды, Үміт еткен жастарым! Қатарың кетіау алысқа. Осыларға таныспай. білгендерге осылай. |
Алтынсариннің бұл өлеңі осы күнге дейін мағынасын жоғалтпаған. Бізден басқа жұрттар өнер-білім арқасында табиғат байлықтарын іске жаратып, тұрмыстарын түзеп отыр. Көкте құстай ұшып, суда балықтай жүзіп жүр. Отынсыз тамақ пісіріп, сусыздан су шығарып жүр. Бәрін істеуші сол жұрттың көбінесе жастары деп мақала авторы өзінің жүрек жарды үмітін жастардан күтетінін, жастарды өнербілімге шақырғандығы жазылған.
«Қазақстан өкіметінің бастықтары» деген тарауда обком хатшысы Асылбеков, Киртиск бастығы Бөкей Имендеш, Ортақшылдар партиясы Обкомының хатшысы Коростелов, Соунарком бастығы Сәкен Сейфуллин қатарлы белгілі адамдардың қай жылы, қай жерде туылғандығы, қандай қызмет істегендігі қазір қандай қызымет істейтіндігі туралы мағұлматтар берген.
1923 жылдың Қазақ календарының «Күш ‒ білімде» деген үшінші бөлігіндегі бүркеніш атын «V» әрпімен берілген автордың «Оқу» деп аталатын мақаласы «Оқу ‒ білім азығы, Білім ‒ ырыс қазығы» мақалымен шапкі кигізіп «жасымда ғылым бар деп ес кермедім» деген Абай өлеңімен басталған автор: «Дүниедегі бай ел, Бақытты ел – жақсы оқуы бар ел. Кедей ел сорлы, Бақытсыз кері кеткен ел – Оқуы жоқ ел» дей келе, оны нақтыландырып мына мәліметер мен түсіндірген, мәселен:
Бір адамның бір жылғы жұмысының ақысы: Америкада бұрын 3663 сом.
Англияда 1474 сом. Германияда 1037 сом. Албанияда 709 сом. Россияда 739 сом.
Қазақта шамалап айтуға болады, өте аз болды деп, бұдан анық аңғарылады табысың білімге, білімің оқуға байлаулы екен. Неге десеңіз, біз айтып өткен Россияда 100 ден 9 адам қара таниды. Ал Германияда 100 ден 2 адам, Белгияда 1000 нан 2 адам ғана қара танымайды екен.
Егерде 100 әйелден 9 хат танымаса, 100 баладан жылына 37 өлмек. 100 әйелден 85 хат танымаса, 36 өлмек, сол сияқты 100 әйелдің 75 хат танымаса, 28 өлмек, өлімнің аз болуы білімге байлаулы деп жазылған.
Белгияда 1 дицетина жерден 160 фут астық алады. Германияда 134, Францияда 90, Россияда 40 фут астық алады, астықтың жақсы шығуы да білімге байлаулы, білім оқуға байлаулы.
Жүз шаршы километір жерге темір жол Англияда 11,4 киллометір, Германия да 10,9 километір, Францияда 9 километір, Россияда 1,1 километір. Қазақ арасында жоқ.
Міне, мақалада осындай ақпараттарды беру арқылы мақаланың мазмұнын, айтар ойын мықтап жеткізген. Әрі әлемнің ірі елдеріндегі болып жатқан істен хабардар еткен.
Осы қазақтың тұңғыш календарында бұлардан кейін Қазақ республикасының геогарафиялық сипаттамасы, Әкімшілік бөліктері, Шараушылығы баяндалған. Жұт жайында екі мақала басылған. Педагогика, Денсаулық сақтау, Шаруашылық және Заң мәселелерінен концультациялар берілген. Журналдың соңғы беттерінде өлшемдердің метірлік сипаттамасының таблициясы келтірілген. Дүние жүзі пролетарияттарының гимнін «Оян, қарғы таңба басылған» деп басталатын «Интернационалдың » қазақша тұңғыш аудармасы осы 1923 жылдың календарында жарияланғандығы айтылған.
1923 жылдың календары зор тарихи рөл атқарған. Ол қазақ тарихындағы баспадан шықан тұңғыш календар. Бұл келесі жолы толық календармен журналдардың шығуына жол салған, қазақ халқына дүниені, қоғамды тануына саналы көзқарас қалыптасуына септігін тигізген басылымдардың алғашқысы болып саналары даусыз шындық.
1.2 ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ УАҚЫТ ЕСЕБІ – АҚПАРАТ БЕРУДІҢ
ДӘСТҮРЛІ ТҮРІ
Қазақ күнтізбесінің даму, қалыптасу жолына назар аударар болсақ, міндетті түрде көне түркі әлеміне барып тірелетініміз даусыз.
Жалпы қай халықты алып қарасақ та, олардың астрономиялық түсініктері мен білімдері күнтізбе жасауға негіз болыпты. Алғашқы күнтізбелер ежелгі Рим, Египет, Вавилон жерлерінде жасалып, кейін әр түрлі халықтар өзінше жетілдіріп, дамытқан.
Күнтізбенің көптеген елдердің тіліне еніп халқаралық термин болып кеткен атауы – «календарь».
Календарь атуы – Ежелгі Римді мекендеген латын халқының «календы» деген сөзінен шыққан «календариум» деген туынды сөз.
Ерте замандарда көптеген халықтарда жыл мен айдың басын биікке шығып, бұқарға хабарлау, жариялау салты боған екен. Өзбектер мен тәжіктерде әрбір жаңа жылдың бінінші күні «мәдхал» деп, парсыларда «наурыз» деп, қазақтарда «ұлыстың ұлы күні» деп аталғаны бегілі, римдіктер әр айдың бірінші күнін латын тілінде «календы» деп атап, оны көпшілікке жариялап отырған.
Календыларды жариялауда үш түрлі мақсат көзделген. Біріншіден, қазынаға түсетін алым-салықтар календы күндерінде жиналып отырған. Екіншіден, борышты кедейлер несиеқорларыға календы күндерінде борыштарын немесе қаражаттың белгілі өсімін төлеп отырған. Үшіншіден, дінді уағыздаушыларға бұқараны әр түрлі діни мейрамдарға қатыстыру қажет болған.
Рим несиеқорлары айлардың календалары мен борышты адамдардың аттарын, адрестерін, жасын т.с.с арнайы кітап-журналға тіркеп жазып отырған. Сөйтіп, «календы» деп аталып кеткен. Сол күн мен айлар, жылдар жазылған «календариумдар» деп аталып кеткен. Сол күн мен айлар, жылдар жазылған «Календариумдар» уақытты анықтауда көп көмегін тигізген де, кейіннен алғашқы тұра мағынасынан ауытқып, екінші мағынаға ие болып, әрі қысқаша – «Календарь» деп аталған (11). Міне, бұдан ерте кездің өзінде жалпыға болып жатқан істерден қоғамдық жағдайлардан хабардар ету ақпарат жеткзүдің тәсілі ретінде қолдана бастағандығын көруге болады.
Тіршілігін табиғат ыңғайына бағындырып, шөбі шүйгін, жайлауды жазда жайлап, қыс қыстауына жаз бойы мал аяғы баспаған ну қорықты, сулы жерді, қалың қоғалы-қамысты, құрақты, бұталы өлкені таңдаған қазақтардың осынау әрекетін қоршаған ортамен қарым-қатынаста болып озбырлыққа бармай, нәзік үйлесім табуға ұмтылысының үлгісін көреміз. Тіршілік дұниесімен тіл табыса білген көшпелілер мәдениеті алыстаған сайын асқақтап қыры мен сырын зерттей түсуге мәжбүр етуде.
Қазақ халқы өз тарихында уақытты межелеудің төрт түрлі жүйесін қолданған. Бірінші, тоғыс айларынынң есебі. Екінші зодиак айлары, үшінші азаматтық айлар, төртіншісі араб жұрты қолданған айлар есебі. Бұлардан басқа адамның жасын есептеу үшін «мүшел есебін», тәбиғат құбылыстарын болжау үшін «амал» есебін қолданған. Көшпелі қалықтың өмірі салтында тоғыс есебімен азаматтық айлар есебі айырықша орын алған.
Әлем халықтарының жыл есебін жүргізу дәстүрімен салыстырғанда тоғыс есебі өзінің көнелігімен де біршама дәлдігімен де назар аударады деген календарды зерттеуші М. Исқақов.
Уақыт есебін жүргізу де қазақ арасында азаматтық айлар жүйесінде қолданылады. Азаматтқ халықтың өмір тәжірибесіне жақын. Қазақ күнтізбесінде азаматтық он екі ай, төрт маусымға көктем, жаз, күз, қыс айларына бөлінген. Бұл есеп бойынша бір жылда 365 күн болады, қалған бес күн жыл аяғында қосылып отырған. Ол күндер «бес қонақ» деп аталып, 16 науырыздан 21 науырызға дейін болған.
Зодиак айлары есебіндегі «зоо» деген сөз грекше «хайуан» деген мағына берген, яғни грек ғалымдары 12 шоқжұлдызға хайуандардың аттарын қойған: тоқты, торпақ, егіздер, шаян, арыстан, бикеш, таразы, бүйі, мерген, ешкімүйіз, суқұйғыш, балықтар.
Аспандағы 88 үйірге бөлінген шоқжұлдыздардың 12 жұлдызын күн басып өтіп, әрқайсысына бір айдай тоқтайды екен. Тұсына күн келген шоқжұлдыз көрінбейді. Өйткені ол күнің тасасында қалады. Зодиак шоқжұлдыздарының мынандай атары бар:
Тоқты ‒ латынша Ариес, арапша әл-Хамал, парсыша ‒ Бара, орысша ‒ Овен.
Торпақ ‒ латынша Таурус, арапша әс-әуір, парсыша ‒ Гәу, орысша ‒ Телец.
Егіздер ‒ латынша Геяшже, арапша ‒ әл-Джауза, парсыша ‒ Дүпейкер.
Шаян ‒ латынша Канцер, арапша ‒ әс-Саратан, парсыша ‒Қарзац.
Арыстан ‒ латынша Лео, арапша ‒ әл-Әсет, парсыша — шір, орысша – Лев.
Бикеш ‒ латынша Вирго, арапша ‒ әл-Әзра, парсыша ‒Хұща
Таразы ‒ латынша Либра, арапша- әл-Мизан, парсыша ‒ Таразу.
Бүйі ‒ латынша Скарпису, арапша ‒әл -Ақырап, парсыша ‒ Қаждум.
Мерген ‒ латынша Загиттариус, арапша ‒ әл-Қауыс, парсыша ‒Нимәпсі.
Балықтар ‒ латынша Пишес, арапша ‒ әл – Хұт, парсыша ‒ Махи (12).
Енді қазақ календарындағы зодиак, яағни жұлдыз айларының рим айларына сәйкестігіне тоқталамыз. Хамал –мартқа, сәуір-апрелге, зауза-майға, саратан-июнге, әсет-июлге, сүмбіле-августке, мизан-сентябрге, ақырап-октябьрге, қауыс-нояабьрге, жәди-декабьрге, далу-январға, хұт-февральға сәйкес келеді.
Қазақ елінің арасында да сапарға шығарда, көшіп қонарда жұлдыз тууына қарап ырым етіушілер болған жұлдыз туып келе жатқанда оған қарсы жол жүрмеу керек. «Білмегенге білдіремін, біле тұра білмегендей болып көшсе бүлдіремін» деп аспандағы пәлен жұлдыз айтқан деп сендірген.
«Ол екеуміздің жұлдызымыз қарсы» немесе «жұлдызы оңынан туды» деген сияқты сөзлерде аспандағы жердегі адамның ісіне әсер тигізеді деген сенімнен шыққан болуы керек.
Қазақ халқының Айды қастерлеуіне мұсылман дінінің әсері де болған. Жаңа тұған айды көргенде «жаңа ай жарылқасын, ескі ай есіркесін» деп ырым қылу бар.
Адамдар айды сұлулықтың, нәзіктіктің жақсылықтың символы деп біледі Халық ауыз әдебиетінде алуан түрлі теңеулер, аңыз-әңгімелер, мақал-мәтел, ән-жырлармен қоса ай аты қосылған адам аттары да шексіз.
Қазақ халқы табиғаттың осы ерекше құбылыстарын ерекше байқап, сақтанып, тұрмыста соған орай ырымдар жасап отырған. Мысалы: «Айдың тік туғаны халыққа жайлы, шалқасынан туғаны өзіне жайлы», «Ай қырынан туса, айбалтаңды сайла, ай шалқасынан туса күрегіңді сайла», «Ай сәулесінің астында ұйықтама», «Жаңа туған айды саусағыңмен нұсқама» т.с.с. көптеп келтіруге болады.
Соңғы уақыттарда ғалымдарымыз қазақ халқының уақыт туралы дәстүрлі таным түсінігін төрт түрлі межеге бөліп қарастыруда ұсынып жүр. Яғни бірінші экологиялық уақыт, екіншісі генеологиялық уақыт, үшіншісі ситуациялық уақыт, төртіншісі тарихи уақыт деп бөледі.
Экологиялық уақыт бойынша жыл мезгілдерін көктем, жаз, қыс деп саралау халықтың таным тәжірибесінде айрықша мәнге ие. Әр маусымның өз ішінде өтетән табиғат құбылдыстарын соған сәйкес жасалатын әрекеттер уақытқа меже болады. Мысалы, әр маусымға орай уақыт меже 570 жылы түрлерін былайша бажайлайды: көктам шыға жаздың басында жаз ортасында, жаздың соңына қарай, күз түсе, қыстың бас кезінде, қар бір жауғанда, қыс ортасында, құралайдың салқыны кезінде, өліарада, жазғы тұрымда, ай қараңғысында, көк шыға, т.б. Ал табиғат құбылыстарымен тікелей байланысты әрекет шараларды мына тұрғыда уақытқа меже етеді: ел жайлауға көшерде, малды көктеуге шығарғанда, күзеуге көшіп қонарда, қыстауға қайтар кезде, т.б. Бұл сияқты межелеу барысында уақыт пен кеңістік біртұтас құбылыс ретінде қабылданып отырады.
Экологиялық уақыт маусымдық немесе айлық межені айыру үшін ғана емес, сонымен бірге қысқа уақыт өлшемін де қолданылады. Мысалы, бір тәулікті өз ішінде былай межелейді: таң алдында, таң біліне, күн шыға, талтүс, түс ауа, күн еңкейе, кешқұрым, іңір, түн ортасы, т.с.с.
Генеологиялық уақытқа адмдардардың шыққан тегі, ру шежіресі меже болып отырады. Генеологиялық уақыт межесін түптұқиян, жеті ата, ұлы баба, ұлы ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, шөбелек, немене, туажат, т.с.с. сияқты туыстық атаулармен де бажайлауға болады. Генеологиялық деректер неғұрлым бай болған сайын, соғұрлым межесі өзінің тарихи нақтылығын көмескілеп, болжалдық сипат ала түседі. Мұндайда генеологиялық субъектінің өзі уақыт межесіне айналып кетеді. Мысалы, Абылайхан заманында, Тәуке хан тұсында, Абай заманында деректер айтылғанда Абылай, Тәуке, Қорқыт өздерінің тарихи орындарына қоса уақыт межесінің субъектілері ретінде де танылып отырады.
Ситуациялық уақыт межесі әдетте ел есінде қалған белгілі бір оқиғамен немесе шаруашылық ыңғайымен, өмір салтымен сабақтасып жатады. Мәселен, «Абылайды хан көтергенде», «Ақтабан шұбырындыда», «қоян жылғы жұтты» т.б. дегенде елдің белгілі бір әлеуметтік ортаның жадында қалған оқиға уақытқа меже болады. Ал, «бие байларда», «соғым басында», «бесікке саларда», «Бөгенбайға ас берілгенде», т.с.с. толып жатқан ситуациялық уақыт межесі тікелей өмірде болған немесе болатын оқиғалармен шаруашылық ыңғайымен, салтдәстүрмен орайласып жатады.
Ситуациялық уақыт межесі белгілі бір сәтті немесе кезеңді ғана білдіріп қоймайды, кейбір ситуация арқылы уақыттың мөлшерін пайымдауға да болады. Мысалы, қас қағымда, аузымды ашқанша, сүт пісірім, биесауым, оң солымды танығанша, азаматтар болғанша, ақ сақалды, сары тісті болғанша, т.б. деп келетін межелер уақыттың мөлшерін яғни уақыттың қаншалықты қысқалығын не ұзақтығын білдіреді. Тарихи уақыт өлшемінде уақыт межесі күнтізбелік есеп жыл қайыру мүшел еесп арқылы пайымдалады, тарихи уақыт межесін анықтауға күн, түн, тәулік, апта, ай, тоқсан, жыл, мүшел, ғасыр, заман, дәуір сияқты ұғымдар пайдаланылады. Демек, қазақ халқының уақыт пен кеңістік туралы қоршаған орта жайындағы атаулар мен тұрақты сөздері әр құбылыстың не екенін білдіреді.
«Күнәң жоқ болса күнді болжа» деп есепші болуды еріккеннің ермегі емес, киелі кәсіп екенін, өсиет еткен ата бабаларымыз «Айдың тік туғаны халыққа жайлы, шалқасынан туғаны өзіне жайлы», «ай қырынан туса, айбалтаңды сайла, ай шалқасынан туса, күрегіңді сайла» деп мақалдап айдың қалай туғанына қарап күн райынан ақпарат алуға болатынын түсіндірсе, «Ай сәулесінің астына ұйықтама», «Жаңа туған айды саусағыңмен нұсқама» деп ай сәулесіннің зиянды екенін біліп айтқан. Оны қазіргі ғылымда да дәлелдеп отыр. Мәселен, ай толған күні терезе алдына тасталған өткір ұстараның жүзі де мұқалады екен. Белгілі бір істің, болғандығын, болатындығын яғни өткен шақ, осы шақ, келер шақтық уақытының мезгілінен хабардар ететін межелері тұрақты сөз тіркесі ретінде берілген. Мысалы көктем шыға, жаз басында, өліарада, ел жайлауға көшкенде, қасуын пішкенде, «Тәуке хан тұсында», «Абылай хан заманында», «Абай заманында», «Абылайды хан көтергенде», «Ақтабан шұбырындыда», «қоян жылғы жұтта», «қас қағымда», «аузымды ашқанша», «сүт пісірімде» «оңсолын танығанша», «ақ сақалды, сары тісті болғанша» т.б. деп келетін межелер уақыттың мөлшерін білдіреді.
Демек, қазақ халқының уақыт пен кеңістік туралы қоршаған орта туралы тұрақты сөздері әр құбылыстың не екенін білдіретін сөздік белгі ғана емес, сонымен бірге белгілі бір құбылыстың төл қасиетін танытатын дерек көз де.
ІІ ТАРАУ
МҮШЕЛ ЕСЕБІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ КҮН ТІЗБЕСІНДЕГІ 12 АЙДЫҢ ТІЛІМІЗДЕГІ КӨРІНІСІ.
1.1 Мүшел есебі
Орталық Азия халықтарының ертеден бері пайдаланып келе жатқан хайуандық айналым күнтізбесін Кеңес үкіметі тұсында барынша бұрмалап, жастарға оны жапон-қытай немесе «шығыс календары» деп» таныстырды. Хайуандық айналым күнтізбесін қазақтар — мүшел есебі деп атаған (12).
«Мүшел» сөзінің шығуы туралы ғалымдар арасында түрлі пікірлер бар. »Мүшел» сөзі «мүше»-деген сөзден, яғни дененің 12 мүшесіне байланысты шыққан дейді. Қазақтар арасында мал сойғанда мүшемүшеге бөлу, сыйлы қонақтарына арналған мүше тарту немесе «12 мүшең аман болсын» деген тілектер айту бары рас. Сондай-ақ, «мүшел» түркі сөзі «муш»-«он» деген санды білдіреді, «мүш-йыл, он-йыл», ягни, «он жыл» дегенді білдіреді деген пікір де (М. Исқақов) бар. Ол түркілердің он саусақпен санау заманында шыққан, Орхон жазуларында он саны көп айтылады, мысалы: он оқ елі, он ұйғыр елі т.б. Ал мешін мен ұлу кейін қосылған деген дәлелдерді алға тартады.
Мүшел есебі Шаванның пікірінше б.з. бірінші жүз жылдығына дейін-ақ, кытайлар мен түріктерде белгілі болған. Ал славян халықтарының арасында — болгарларды түріктер бағындырғаннан кейін, олардың Дуло деген руының жылнамаларындағы билеушілердің, өмір сүрген жылдары хайуандық күнтізбесінен есептелген екен. Бірақ, ол болғар халқының арасында кеңінен таралмаған, түрік билеушілері жергілікті халықпен ассимиляцияланып, сіңісіп кеткен кезде есептен жойылған.
Мүшел есебінің шығуы туралы зерттеген В. Шахматов 1955 жылы-ақ өзінің ҚазССР Ғылым академиясының Хабаршысына жариялаған «О происхождении двенадцатилетного животного цикла у кочевников» деген ғылыми мақаласыңда, мүшел есебінің алғаш рет Орталық Азия көшпенділерінде шыққанын нанымды түрде дәлелдейді. Мұндай пікірді 1960 жылы И.В. Захарова, 1988 жылдары В.В. Цыбульский қолдайды.
Мүшел күнтізбесін революцияға дейін қырғыз-қайсақ циклдық күнтізбесі (А.А. Диваев, Б.А Куфтин, Ю. Казбеков т.б) десе, қазіргі ғылымда оны 12 жылдық хайуандық циклдық күнтізбе, ортаазиялық көшпенділер күнтізбесі, Оңтүстік — Шығыс Азияның ай-күн календары {қазіргі сол жерлерде қолдануына байланысты) немесе Юпитер күнтізбесі деп те атайды.
Ал жапондыктарға бұл күнтізбе бұрынғы заманның 4 ғасырында қытай жазуы мен жібегі, музыка аспаптарымен алыс-беріс жасай бастаған уақытта жеткен.
Бұл күнтізбеде Күн мен Ай ғана емес, Юпитер мен Сатурн қозгалысы да ескерілген. Өздері «жабайы көшпенділер» дсп ат қойған номадизм теориясын жоқтаушылар, әрине мұндай керемет күнтізбені көшпелілер жасады дегенге сенбей, қарсыласып-ақ бақты.
Мыңдаған жылдар бойы көк аспан мен қара жер ортасында өмір сүріп келе жатқан көшпелілер өсіп-өну үшін, өздерін және тіршілік көзі — малдарын сақтау үшін табиғат тілін, жер ерекшелігін, аспан сырын үнемі бақылап зерделеумен болды.
Соған орай қам-қаракет жасап, жол жүріп, көшіп-қонған. Әрі отырықшылар егіннің шығуы үшін алдын-ала бір-ақ жылдың сырын білуге ұмтылса, көшпелілердің төрт түлігі өсіп-өнуі үшін оларға алдын-ала бірнеше жылдың сырын білу шарт болды.
Көшпелілердің бақылауынша — сиыр, барыс, жылан, жылқы жылдары жайлы, ал тышқан, ұлу, мешін, тауық, доңыз жылдары шаруашылыққа жайсыз деп есептелген.
Әсіресе, көшпелілер қоян жылынан қатты қорқатын болған. Оның әрбір төртінші айналымы, яғни әрбір 36 жылдан кейінгі келген қоян жылы жұтқа ұшыратып отырған
Қазақ ССР Ғылым академиясының тарих, археология, этнография институты еңбектерінің сегізінші томында сол институттың ғылыми қызметкері И.В.Захарованың «Орталық Азияның халықтарындағы он екі жылдық хайуандар айналымы» деген мақаласы басылды. Мақалада автор Шаванн, Галеви, Самойлович, Сердюченко, Гинцель, Потанин т.б. ғалымдардың мүшел жайында жазған еңбектерін баяндайды. И.В.Захарованың жалпы қорытыңдылары бойынша, мүшел есебі бұдан 2000 жылдай бұрын, демек б.з.б. I ғасырда Орталық Азияда шыққан.
Мүшел айналымын әрбір 12 жылда қайталанып отыратыны, оның өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары бар екенін бүгінгі медицина да жоққа шығармайды.
Әрбір 12 жылда адам организміндегі гармондардың өзгеріске үшырап отыратыны, оның адам денсаулығына үлкен әсері болатыны, яғни ішкі тепе-тендік бүзылып, ауру-сырқау меңдейтіні, психологиясының әлсірейтіні белгілі. Осындай жағдайда сыртқы жагдайлардың, түрлі қиыншылықтар мен ауыртпалықтардың, тіпті қолайсыз ауа-райының да адамға әсері ауыр тиеді.
Медицина деректері бойынша 13 жаста адамның жыныстық жағынан жетілуі, 25 жаста бойының өсуінің тоқтауы, гармондар шығаруының тежелуі, яғни физикалық жасарудың аяқталуы, 37 жаста психологиялық дағдарыстар кезеңі, оны американдық ғалымдар «адам өмірінің көлеңкелі уақыты» деп атаған. Ал 49 жаста адамның өндіру функциясының (функции воспроизводства) тоқтауы басталады (13).
Мүшел жасқа келгенде адамдар сақтанып, өз организміндегі болып жатқан физиологиялык өзгерістерді ескеріп жүргені дұрыс. Қазақ халқында мүшел жастың қауіпті екені ескеріліп, аруақтарға арнап құрбан шалып, солардың көмегін тілейді, немесе өзінің бір қимас затын біреуге сыйлап, арнаулы тамақ береді.
12 жылдық мүшел айнамының адамға ғана әсері болып қоймайды, табиғатқа, бүкіл шаруашылыққа ықпалы болады. Алып планета Юпитер 12 жылда бір рет күнді айналып шығады, және Жерге, климатқа қатты әсер етеді екен. Әрі ол 12 жыл сайын қайталанып келіп отыратындықтан, халық есепшілері жіті бақылап, ауа-райындағы құбылыстарды ескеріп отырған Соған сөйкес шаруашылықтарын икемдеп, көшіп-қонып, алдын-ала жүттың, апаттың болатынын білген. Бірақ көшпелі қазақ қоғамының жүлдызшы-есепшілерінің саны аз болғандықтан, қарапайым халықтың көшпелігі зардап шеккен.
Мүшелдегі жылдар рет санына қарай аталмайды, 12 түрлі хайуанның атымен аталып отырады. Жылдардың тарихи қалыптасқан реттер мен атаулары мынандай;
- 1. Жыл ‒ тышкан жылы
- Жыл — сиыр жылы
- Жыл ‒ барыс жылы
- Жыл ‒ қоян жылы
- Жыл ‒ улу жылы
- Жыл ‒ жылан жылы
- Жыл ‒ жылқы жылы
- Жыл ‒ қой жылы
- Жыл ‒ мешін жылы
- Жыл ‒тауык, жылы
- Жыл ‒ ит жылы
- Жыл ‒ доңыз жылы.
Мүшел аяқталып, енді одан әрі 33 жылды санағанда тағы да тышқан жылы деп есепті қайтадан бастайды.
Мүшелдегі 12 хайуанның алтауы — үй хайуаны, алтауы — түз тағысы. Хайуаңдар үнемі тышқаннан басталып, доңызбен аяқталып отырады (14).
Іс жүзінде мүшел есебі екі жүйеге бөлінеді: Бірі — түркі халықтары қолданған «таза мүшел», ол әрбір 12 жылда аяқталып, содан кейін қайталанып отырады. Екіншісі — 12 жылдан кейін жартылай ғана қайталанып, 60 жылда аяқталатын Шығыс Азия халықтарының айналымы.
Мүшел есебін қолданатын халықтар, атап айтқанда мыналар:
- Түркі тілдес халықтар — қазақтар, қырғыздар, ұйғырлар, өзбектер, түрікмендер, азербайжандар, татарлар, башқұрттар, осман туріктері, алтайлықтар т.б.
- Моңгол халықтары — моңғолдар, буряттар, қалмақтар, таңгуттар, торғауыттар т.б. Сібірдің шығыс — маньчжур халықтары — тахилар, эвенкілер, жапондар, корейліктер т.б.
Оңтүстік Шыгыс Азия халықтары — бирмалықгтр, тайландықтар, вьетнамдықтар т.б. Пуштулар (ауғандықтар) мен ирандықтар (парсылар). 8. Кавказдың кейбір халықтары — абазиндер, югайлар, кабарда черкестері т.б.
Мүшел есебі — Үндістанда, Египетте, Вавилонда, Рим мен Греция, арабтарда, славяндарда, Батыс Европа еддеріңде болмаған (15).
Мушел есебімен санап дағдыланбаған адамға жылдардың ретін сақтау қиын, олардың орындары ауысып, шатаса береді. Сондықтан қажет ететін адамдарға мүшелдегі жылдардың тетелестігін көрсететін мынадай бір ауыз схемалық өлеңді ұсынуға болады:
Түйе сеніп бойына,
Калған үміт жылдардан.
Жатпа қарап, мойыма,
Тайма именіп, ділмәрдан.
Мұнда әр сөздің бірінщі дыбысы сәйкес жыл атының бірінші дабысын көрсетеді: т — тышқан, с — сиыр, б — барыс, т.с.с (16).
Кейбір азаматтар григориан күнтізбесі бойынша өзінің туған уақытын біледі де, мүшелдің қай жылы туғаңдығын анықтағысы келеді. Ереже бойынша ол кісі туған жылын 12-ге бөлуі керек. Егер жыл 12-ге қалдықсыз бөлінсе, мешін жылы туған болады. 12-ге қалдық шығатын болса, жылды сол қалдық бойынша анықтайды. Қалдық бір болғанда — тауық жылы, екі болғанда ит жылы т.с.с. Мұнда шешім дәл болуы үшін адамның туған айы мен күні де еске алынуы керек. Бірінші наурыз күні немесе одан кейін туғандар алдыңғы соңғы ережені сол қалпында қолданады, 1-інші қаңтар мен 21-інші наурыз аралығында туғандар мүшелше ескі жылға ілігеді, сондықтан қалдыққа сәйкес жылдың алдында келетін жылды алуы керск.
Мүшел есебі аспан әлемінің құбылысымен, яғни Күн-Юпитер календарымен сөйкес келетін әлемдегі ең күрделі де қиын, әрі қызықты жыл санау жүйесі болып табылады.
Мүшел бойынша жаңа жыл көктемгі күн мен түннің теңелуінен, яғни ұлыстың үлы күнінен түскі сағат 12-ден басталады (22-наурыз). Бұл тропикгік жылдың басына сәйкес келеді. Бұл тропиктік жыл дегеніміз — Күн центрінің Күн мен түннің жазғытұрғы теңелу нүктесінен өтіп, соған екінші рет келгенше өтетін уақыт аралығы. Ол жуық түрде 365, 24 орташа төулік немесе 365 тәулік, 5 сағат 48 минут.
Қазіргі біздің қолданып жүрген календарлық жылымыз 1-ші қаңтардан, тәулігіміз түнгі сағат 12-ден басталады. Бұл адамдардың тұрмыс-тіршілігіне лайықты уақыт есебін жүргізу үшін жасалған.
2.2 ҚАЗАҚ КҮНТІЗБЕСІНДЕГІ 12 АЙДЫҢ ТІЛІМІЗДЕГІ КӨРІНІСІ
Ежелден мал шаруашылығымен айналысып аспан астында, аттың жалында, атанның қомында өмір сүріп келген халықтардың бірі ‒ қазақ халқы. Оның ертедегі тағдыры малға, ал малдың тағдыры шөбі шүйгін, суы мол жайылымға байланысты болган. Египеттіктерді дарияның тасуы күйзелтсе, көшпенділерді «жеті ағайынды» жүт күйзелтіп отырған. Сондықтан көшпелілер байтақ далада жол табуды, жыл мезгілдерін айыруды, мал төлдету, бие байлау, күзем қырқу, күйек алу мерзімдерін білуге дағдыланған. Қазақстанның ежелгі тайпалары Күн мен Айдың қозғалысын, көптеген жүлдыздардың туатын және бататын кездерін, көрінетін орындарын жақсы білген. Бұл білім ауыз әдебиетінен орын алып, сол арқылы атадан балаға мирас болып қалған. Қазақ халқы ежелгі түркі тайпаларьшың жүрағаты екені белгілі. Түркілердің әжептеуір астрономиялық білімі болған, олар ерте заманның өзіңде-ақ күнтізбелер жасаған.
Бұрынгы қазақ календарындағы жыл неше айға бөлінген және ол жылда неше күн болган деген мәселеге келсек, неміс саяхатшысы А.Штубекцорф «Орыс географиялық қоғамы хабаршысының» 1854 жылы шыққан ҮІ томыңда Сібірдегі каракастардың жылында 13 ай болатындығын айтып келеді де, түркі тілдес халықтардың бәрінің де жылы 13 айға бөлінеді дейді.
Адемик А.А.Шифнер де осыны қостаған. Ол «Россияның 13 айлы халықтары» дейтін мақаласында, 13 айлы халықтарға қазақтарды да қосқан.
Б.А.Куфтиннің баяндауынша қазақ жылында 13 ай, 370 күн болса керек. Ал Ш.Уәлиханов пен В.В.Радлов еңбектерінде казақ жылы 12 айға бөлініп баяндалады (17).
Б.А.Куфтин «Казақ жылында 13 ай болады» дей келе, «12 айлық жыл қазақтарда болуы мүмкін емес» деген пікір айтады. Өз пікірін дәлелдегенде түркі халықтары он екіні елемейді дейтін принцип үстаған. Оның бұл пікірі қате. Бірақ тоғыздың жиі айтылатыны рас. Мысалы, «тоғыз тоңқылдақ», «тоғыз жолдығң торабы» тағы сол сияқты сөздер кездеседі. Дегенмен, он екі одан әлдеқайда жиі кездеседі.Ескі жылдардан мысалдар алайық: «Ел болар он екі ру, бірі ~ серкеш, Хан жасап сары атанға бітеді өркеш. Он екі айдың жартысы жаз болады, Жаз белгісі үйрек пен қаз болады».
(«Козы- Көрпеш — Баян сұлу» жырынан)
Үжендші басының
Он екі қарыс қазандай.
(«Қамбар батыр» жырынан)
Байырғы қазақ күлтізбесінде 13 айлық жыл да, 12 айлық жьш да болган. Әуелгі 12 айға бөлінетін күнтізбені қарастырайық:
Әл Бируни мен Ұлықбектің еңбектерінде ежелгі түркілердің жылды 12 айға бөлгендігі, ол айларда 30-31 күннен болгандығы айтылады. Айлардың екі жүйесі болған, бірінші реттік сан есімдер арқылы, екіншісі мүшелдегі хайуандар арқылы аталған.
ҮІІ-ҮШ ғасырлардан қалған көне түркі жазуларынан теріп алып, тізгенде реттік айлар былай аталады: 1) ілкі ай, 2) екінші ай, 3) үчінчі ай, 4) төртүнчі ай, 5) бесінчі ай, 6) алтынчы ай, 7) житінчі ай, 8) секізінчі ай, 9) тоқүзынчы ай, 10) онүчы ай, 11) бір иегірмінчі ай, 12) екі иеігрменчі ай. Ал реттік айлары:
1) үлүғ ай, 2) кішік ай, 3) бірінші ай, 4) екінші ай, 5) үшінші ай, 6) төртінші ай, 7) бесінші ай, 8) алтыншы ай, 9) жетінші ай, 10) сегізінші ай, П) тогызыншы ай, 12) оныншы ай. Бируни мен Үлықбектің келтірген мағлұматтарына қарағанда, мүшелдік айлар былай аталған: 1) кешку (мағынасы-тышқан), 2) ут (сиыр), 3) (барыс), 4) тувушкан немесе табышқан (қояны), 5) үлу немесе нек, 6) илан, 7) юнед — юнд (жылқы), 8) қон (қой), 9) бічін немесе січін (мешін), тавук (тауық),
- II) іт (ит), 12) лағзыш (доңыз).
Енді күнтізбеге қатысты «Атасы мен анасы, Үш жүз ауыл шамасы Отыз ор дуадақ, Бес балақ сан, Елу екі қараш» деген жұмбақ бар.
Бұл жұмбақтар байырғы қазақ күнтізбесінде қысқа да сәтті баяндалып тұр, Күн мен Ай күнтізбенің атасы мен анасы сияқты, ал уақыт есебі солардың қозғалысына негізделген. Жылда бүтін сандарды алғанда 365 күн бар, олар жуык, түрде он екі айға бөлінеді, айларда 30 күннен болады, 52 апта 364 күн болады, «бес қонак» жыл аяғында қосылады. Жұмбақты құрастырушының күнтізбені жақсы білгендігі аңғарылады.(18)
Қазақ тілінде күнтізбеге қатысты жұмбақтардың ең көркем және көлемдісі Әсет пен Рысжанның айтысы.
Рысжан:
«Арықтап бір түйе өлді, жетіп ажал
Алты батпан майы бар, безбенге сал.
Сүйегі жерден көктен табылмайды.
Білдің бе, мұның өзі қайда өлген мал.
Қартылған мәртебеңіз талай жұрттан,
Көрген жоқ, сізді сөгіп біреу сырттан.
Алты батпан түйеден түскен майдың,
Санаса әр батпаны жеті пұттан.
Жілігі жиырма алты, топайы бес,
Шамалап өлшеп байқа ерте ме кеш.
Осыны найзағайдай жарқылдатып,
Тегістеп бас-аяғын, анықтап шеш!» (19).
Шілде‒жылдың бесінші айы, жаз ортасы «шілде» атауының екі мағынасы бар. Біріншісі – «кырық күндік уақыт кесіңдісі», екіншісі ‒ «отыз күндік азаматтық ай». Бірінші мағынасында жаздың ен ыстық 40 күнін (26 июнь — 5 август) немесе қыстын ең суық 40 күнін (27 декабрь — 5 февраль) айтады. Бұлардың алдыңғысы «жазғы шілде», соңғысы «қысқы шілде» деп аталады. Жазғы шілде кезіңде «Үркер» жерде жатады.
Сәбит Дөнентаевтың шілдені сипаттаған өлеңінде мынадай жолдар бар:
Жазбен жалғас шілде келді
Деп ұққандар мүлде келді.
Конысыңды қуартам деп
Шақырайған түрде келді.
Маса, сона, бөгелектер
Ұрандасып бірге келді.
Халык өндерінің бірінде:
Жаз болса жердің жузі жайнап тұрған,
Ән шырқап, бұлбұл құстар сайрап тұрған.
Болғанда қырық күн шілде, сарша-тамыз
Ыстығы күннің түсіп, қайңап тұрған, ‒ дейді.
«Шілденің» екінші мағынасына келейік. Кейбіреулер «Шілде ай емес, тек жаздың ыстық болатын 40 күні» деп топшылайды, бірақ дәлел келтіре алмайды.
Шілде айы «Қобыланды батыр» жырында да айтылған:
Шілдедегі бір аптада
Көктен тускен самал-ды (20).
І.Жансүгіровтің балаларға арналған бір өлеңінде:
«Шілдем, шілдем — шілде айым,
Шырлап турған күн сайын.
Шұбар ала шешектер,
Шудаланған көк шөптер
Жапырақтар жайқалды,
Жас қозылар марқайды (21).
делінеді. Мұндай мысалдарды келтіре беруге болады, олар шілденің екінші мағынасы да болғанын дәлелдейді. Азаматтық айлардың аттары ықшам, айтуға да жазуға да қолайлы, тікелей өмірден алынып ғасырлар бойы қолданылып келген. Олардың ішінде Рим айларындағындай пірлер мен патшалардың аттары кездеспейді. Байырғы қазақ күнтізбесінде азаматтық айларды ескі санат бойынша былай көрсетуге болады:
Наурыз, 9 марттан 7 апрельге дейін,
Көкек, 8 апрсльден 7 майға дейін,
\Мамыр, 8 майдан 6 июньге дейін,
Отамалы, 7 июннен 6 июльге дейін,
Шілде, 7 июльден 5 августқа дейін,
Сарша, 7 авіусттан 4 сентябрьге дейін,
Қыркүйек, 5 сснтябьден 4 октярбьге дейін,
Казан, 5 октябьден 3 ноябрьге дейін,
Қараша, 4 ноябрьден 3 декабрьге дейін,
Желтоқсан, 4 декабрьден.2, январьға дейін,
Қаңтар, 3 январьдан 1 февральга дейін (22).
Азаматтық айлардың қазақ күнтізбесінде қашаннан бері қолданылып келе жатқандығы жөнінде мағлүмат жоқ. Көне түркі жазуларында олар кездеспейді. «Қобыланды батыр» жырында наурыз, көкек, шілде айлары айтылады. Соған карағанда, қарастырылып өткен азаматтық айлар ХҮ ғасырда қолданыла бастаған болуы керек.
Ежелгі түркі күнтізбесіндегі реттік айлар мен мүшелдік айлардың аттары сол айлардың жыл ішіндегі орындары арқылы түсіндіріледі. Байырғы қазақ күнтізбесіңдегі тоғыс айларының аттары Үркерді неше жаңасы Айдың «басы өткендігіне» қарай айтылады.
Жұлдыз айларының аттары зодиак шоқжүлдыздарының атауларынан шығады.
Ал, енді азаматтық айлардың аттарын зерттеушілер былайша түсіндіреді.
Наурыз. Наурыз қазақ тіліне соғда мен хорезм арқылы ежелгі парсы тілінен келген. Наурыз мейрамы ерте заманнан келе жатыр, ол көктем мейрамы есебінде халықтардың көпшілігінде бар. «Наурыз» парсы сөзі болғанымен, ерте заманда кірігіп, қазақ тұрмысына сіңіп кеткен сөз.
Парсы күнтізбесінде наурыз ай емес, жыл басындағы жеке бір күн ғана (23).
Ал соғда, хорезм, қазақ күнтізбесінде ол жаңа мағынаға ие болып, ай атына айңалған. Наурыздың бірі қазақ, өзбек, қарақалпақ, тағы басқа халықтарда көктем мейрамы болған. Бұл күні жұрт ауыл аралап, бірін-бірі жаңа жылмен құттықтайтын, карттарға өгіздің шекесі тартылып, жастар «наурыз көже» ішетін, ән шырқап, күй шертіп, көкпер тартып, ойын сауықпен өткізген.
Наурыз – дін мейрамы емес, халық мейрамы. «Аурулар сауығамын деп, аштар тойынамын деп, жалаңаштар киімсіз де күн көреміз дегендей жұрттың бәрінде үміт, әркімде жылы шырай сезіле бастап, бәрімізде табиғаттың бергеніне ортақпыз» дегендей сағынышты көрісулер, жалынды құшақтасуларымен қарсы алатын» (24).
Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында Казақстанның Орталық газеттері еңбекшілерді наурызбен құттықтап отырды. Наурыз қазақ тұрмысына ислам дінінен бұрын келіп сіңген. Ислам дініндегі айт мейрамдары оны недәуір ығыстырған. Бірақ халыктың салт-санасына берік орнап қалғандықтан айтпен қатар мейрамдалған. «Наурыз» үйсін, қаңлы, кердері тайлаларына біздің заманымыздың алғашқы ғасырларында келген деуге болады (25).
Көкек. Бұл ай көкектің алғаш шақыра бастайтын айы болғандықтан, осылай аталған. Көкек айын чулымдықтар қарги ай, бабалықтар қарға ай, алтайлықтар көндік айы, шарлар мен тувалықтар көрік айы дейді.
Мамыр. Бұл сөзді Б.А.Куфтин «ақсақ» деп түсіндірген. Дұрысы «ақсап қалу» емес, «шайлап қалу» семірген қаз бен үйрек ұша алмай шайлап қалады. Соны «мамырлап» қалды дейді. Бірақ ай атын бұлай түсіндіру қиын, майда ұс семіріп мамырламайды. Осы айда дала мысығы балалайды. Бұл мысықты ежелгі түркі тілінде ‒ маны, моңғолша — манұл дейді. Мамыр осы мысықтың балалайтын айы болуы мүмкін.
Алтайлықтарда мынадай ертегі бар: «Борсьіқ ‒манының жеті үлының бірі екен. Ол дәрменсіз, қорқақ болыпты. Сондықтан оның маңайында «құрт-құмырсқадан басқаға шамасы келмейтін шірік неме» деп жазбақшы болып, маны саусағымен бір сызыпты. Содан борсық қасқа болып қалыпты» делінеді.
Отамалы. Бұл атау жер отайып, малдың аузы көкке тола басталуына байланысты шыққан.
Шілде. Бұл айдын аты парсының «чілля» деген сөзінен шыққан, Шіл — қырык, деген сөз, ол вуслде қырық күндік мезгіл ретінде айтылып, кейін отыз күндік ай ретінде қодданылып қалыптасып кеткен.
: Сарта. Бұл ескі түркі сөзі ‒ «сары шақ» жер қуарып, шөптің сарғаятын уакыты.
Қыркүйек. Бұл атау мал шаруашылығана байланысты шыққан. Қой мен ешкінің төлдеу мерзімін реттеу, атап айтқанда оны жылдың жылы айларына келтіру және малдың қоңын толықтыру мақсаты мен казақ шаруалары жаздың басында қошқарлар мен текелерге күйек байлаған. Байланған күйек 90 күннен кейін алынып, аталық малдар еркін, бос жіберілетін болған. «Қыркүйек» айы өлең жырларда жиі кездеседі. Ескілікті жырларда:
Үш ай тоқсан болғанда, Ел күйекті шешіпті,
Құтылар қошқар күйектен. Есепші айты десіпті, ‒
делінеді.
Қазан. Бұл айда соғым сойыла бастайды, бие ағытылады. Қымыз болмағандықтан ел етке қарайды. Сондықтан қазан деп аталған «Қазан» сөзінің қазақ тілінде бірнеше мағынасы бар: қазан-ауыртпалық, «Қамбар батырда» «қазан аттықта барамыз» деген сөз бар. «Қазан ат» ‒ жауға мінетін ат. Қазан ‒ ас пісіретін ыдыс. Казан ‒ үзеңгінің бір түрі. Қазан ‒ шолақ зеңбірек. Қазан мен қаза ‒ өлім. Қазан айында жыл құстары қайтып кетеді де, Қазақстан меп Батыс Сібірде қарға, құзғын ғана қалады. Ертеде «құзғын» созі «құзап» түрінде айтылған. «Қазан» атауы осы «құзыннаң» шыққан болуы керек. Өйткені, бұл айды чулым татарлары «құзғы айы» дейді. Қазан айында егін жиналып, бау-бақша жұмыстары аяқталады. Түн суыйды. Пісіп үлгермеген көк егін болса, оны боз қырау соғып түседі. Ондайда қазақтар «қазан ұрды» дейді.
Қараша Б. А. Куфтиннің түсіңдіруінше, бұл айда жер қара топырак болып қалады. Жаздай малдың тұяғы таптаған өріс тозады.
Қараша айында туған балаларға «Караша» деген ат қойылған. Ақан серінің өлеңдерінде:
«Қарауылшы, Есенбай-Карашашын,
Алтын бесік халқыма жарасамын» -дейтін жолдар бар.
Қарашаны басқаша түсіндіруге болады. ҮІІ-ХҮІІ ғасырларда осы айларда салық жиналған. Салық «хараж» аталған. «Қара мал» деген атау — осы харажға берілетін мал деген сөз. Саудагерлер салықты ақшалай не бағалы заттай төлеген. Бұл дерекке қарағанда қараша — хараж айы, яғни жылдық салықты төлеп бітіретін ай деуге болады.
Тоқсан. Бұл айда жылдың ақырғы ширегі тоқсан басталады. Наурызға шейіи 90 күн ызғарлы қыс бар. Сондықтан осылай аталады. Тоқсаңды бірталай авторлар желтоқсан деп жазған Ш.Уәлиханов тоқсан, Абайда «Қараша желтоқсанмен сол бір екі ай» деген жолдар бар.
Қаңтар. Қаңтар — күннің «қаңтарылып байланатын айы. Қаңтарда күн қысқарып, түн ұзарады. Осыған сөйкес болғандыктан ежелгі түркі тілінде безбен таразының таяғы да қаңтар деп аталған.
Ақпан қазақтың «Үт келді, жұт келді» дейтін айы: Малдың жұтауы осы кезде басталады. Жұт жылдары жер тықырлап, дүлей боран тоқтаусыз төпей береді.
Қазақтар әр айға дерлік сипат беріп және оны мақалмен де, өлеңмен де бейнелейді. Онда күнің ұзарып-қысқаратын мезгілдерінде арналған мақалдар бар. «Шілдеде күн шіл адым қысқарады» дейді халық. Қазақтар шілдені алтыншы айға туралайды. Сонда алтыншы айдын 22 күнініен тартып, күн біртіндеп қысқара береді. Жұрт осы тоғыз күндік қысқару барысын шілденың адымына балап, оны да халт жібермейді. «қаңтарда күн қарға адым ұзайды, үштің айында үш адым ұзайды» деген мақал бар. Қазақтар қаңтарды 12 айға 3 айын бірінші айға, бірдің айын екінші айға, көкекті үшініші айға, мамырды 4айға туралайды. 12 айдың 21 күні қысқарып тоқырау шегіне жетеді, 22 күнінен тартып ұзара бастайды. Ай соңына дейін 10 күндік ұзаруын қарғаның адымына теңеп, күнің азда болса ұзарғанын айтады. Онан кейін келетін үштің айы табиғи ұзара береді. Мұны «И үш адым» деп атаған.
«Үштің айы — күштің айы, бірдің айы – сұрының айы, көкек айы – шөпек айы» және «үштің айы — күштің айы, бірдің айы ‒ мірдің айы» деген мақал бар. Үштің айын жаңаша бірінші ай деп ұғатын болғандықтан, бұл ай қыстың суық айы болып есептеледі. Үштың айында күн оншалықты ұзара қоймайды, оның үстіне қыстың аяазы қысады. Малға да малшыға да салмақ түсетін қолайсыз кез. Осы айда сыйыр малын да далаға түнетпей, жарым құрсақтан жатар орыны акыртық деп құрсағы тоймаса да жылы қораға жатқызады. Үштің айы қыстың бел ортасы мұндағы айазда малдың құрсағы тоймайды, әрі оған жылы орын болмаса, күйі күрт төмендеп арықтайды. Осы себептен үштің айын күштің айы деп атайды. Үштің айын халқымыз қасқырдың үйік айы деп атайды. Бұл тұста қасқырлар топтасып жемге шығып кетеді, жолыққан мал болсын, кісі болсын бәріне шабады. Бірдің айы өткенде күн ұзарады, ұзын арқан, кең тұсау болады. Үштің айымен бірге айаз сына бастайды, бірақ сұықтың беті қайта қоймайды, сол себептен бірдің айын мірдің айы деп атайды. Көкек айына барғанда күн жылынбайды, мал ашпа – жалақтау күйге түседі де, осы көкек айын сол себепті шөпек айы деп атайды.
«Бірдің айы ‒ бір ішек, көкек айы – көк ішек, мамыр айы – май ішек, маусым айы – май піспек» деп шұбыртып қатарынан 4 айға тағы бір қырынан анықтама береді. Бірдің айында жер шиырланып, өрісі жерінген малға көрнеуде дайын тұрған шөп қалмайды. Осы айда жалпы алғанда малға қадағалап қарауға тура келеді, бұл айды қасқырдың жерік айы деп атайды, сол себепті өрістен болсын, қасқырдан болсын сақтанған қазақ халқы бұл айды «бір ішек» деп атаған.
Көкек айы жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер айы, малдың сүйегі жұқарып, жасық жібитін кезі. Бұл айда қардың көбесі сөгіле бастайды. Осы орайда мал қар астынан шыққан шөпке аузы тиеді, әсіресе сиыр табыны сылбыр шөпке де, сай-саладан аққан лай суға да шермие бөгеді. Көк ішек дегеннің мағынасы ішегінде май жоқ, тек кенеусі нәрселермен қарнын кептей береді деген мағынада. Көкек айын малдың осы табиғатына қарай көк ішек деп атайды.
Мамыр айында малшылар көктеуге қонып болады. Жылымық ерте келетін жерлерде көкектің соңына таман ұсақ мал төлдей бастайды. Мамырдың он-он бестеріне дейін мал төлдеп те болады. Жер қойны жылынып, көк қаулай өседі, жер жүзін гүл-бәйшешек жабады. Мал көкке тояды, елдің аузы аққа ілінеді, осы себепті бұл айды «май ішек» дейді.
Маусым айы қазақта жаңаша бесінші айға туралайды. Маусымда ұсақтың төлі оттығып марқалайды. Мал көкке тойып, әлдене бастайды. Бұл тұста күн ыстық болып, дамылдамыл жаңбыр жауып, шөп қаулай өсіп, жер шалғындайды. Малшыларда айран, шалап молайып, ақ ірімшік пен қызыл ірімшік қайнап жатады. Малшылар бір жағынан сабаларын жібітіп ішіп, жеуден асып жатқан бөлегін сабаға құйып, май пісіп май ала бастайды, құрт қайнатады. Маусымды «май піспек» деп айту осыған қаратылған.
Шілде ‒ жаздың ортаңғы айы. Бұл айды Абай былай суреттейді:
Жазды күн шілде болғанда,
Көкорай шалғын бәйшешек,
Ұзарып өсіп толғанда,
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда,
Осы өлеңде айтылғандай, шілдеде ел көктеуліктен жылжып орта қонысқа қонады. Адамға да малға да жайлы бір кез.
Тамыз жаздың соңғы айы. Бұл айда малшыларда мал бағып, отын жағудан басқа қам болмайды. Жер соны, ақ мол, күн қысқара бастағанымен әлі де ұзақ таң қысқа, күн ыстық. Бұл жағдай мизам айына дейін жалғасады. Бұл айда Үркер қайта туғандықтан тамызды Үркер қайта көрінетін ай деп атайды.
Мизам айы. Мұны сары жайлау кезі деп атайды. Малшылардың әнінің қайырмасында «Ей, жарқын-ай, мизам айының салқын ай» деп әнге қосады. Мизам айының басталысымен шөптің буыны қатты деп қарайды. Ай соңына таяу малшылар жайлаудан түседі, егіншөптерін жиыстыра бастайды. Осы айды сондықтан «орым айы» атайды.
Қазан айы күннің салқындай бастаған кезі. Күн қысқарып таң ұзарғанының басталғанын білдіретін ай болғандықтан, қазан айын күз айы деп атайды.
Қараша ‒ бұл күз ортасы. Халқымызда мынандай мақал бар: «қарашада қар қалса, жұт болады», мұндай деуіндегі себеп – қарашада қар қалса, қыс ерте түседі, қыс аяғы созылады дегенді білдіреді. Бұл айда қыс қамына дайындық көреді. Бұл жөнінде «қарашада қауыс бар, кәрі құртаңды тауысар» деген мақал бар. Қараша айында қауыс деген амал кіреді. Сондықтан, малдың кәріқұртаңдарын сатып, сойып игіліктеріне жаратуды жөн көреді.
Желтоқсан «желді келді, қыстың алды келді» деген мақал бар, бұлай болатыны – желді күзді қысқа жалғайтын күздің соңғы айы. Бұл айды қазақтар «тоқты қоймас, шөміш кеппес шақ» дейді. Абай бұл желтоқсан мен қарашаны былайша өлеңіне қосқан: «
Қыстың басы бірі ерте, біреуі жай,
ерте барсам жерімді жеп қоям деп
ықтырмамен күзеуде отырар бай.
Қазақ халқында ай мен күнге қатысты мақал-мәтелдер ұшан теңіз.
ҚОРЫТЫНДЫ
Менің бұл жұмысымда, кіріспеден тыс үш тарау болып, кіріспеде, календарға байланысты ғылыми тұжырымдар айтылып, календар тарихынан, белгілі жылдарда шықан мақалалармен кітаптар жөнінде қысқаша мағлұматар айтылады. Бірінші тарауда 1923 жылы журнал негізінде шықан қазақтың тұңғыш календарына жалпылай тоқталып, ондағы әр бір мақалалар мазмұны, ақпарат берудің үлгілері сөз болды. Екінші тарауда календардағы қазақ халқының уақыт есебі туралы айтылады. Мұнда, қазақ халқы өз тарихында уақытты межелеудің төрт түрлі жүйесін қолданғандығы туралы айтылады. Үшінші тарауда мүшелі жыл есебі және қазақ күндізбесіндегі он екі айдың тіліміздегі көрінісінің ауыз әдебиетіндегі бейнеленуі қарастырылды.
Ежелден мал шаруашылығымен айналысып, аспан астында, аттың жалында, атанның қомында өмір сүріп келген халықтардың бірі − қазақ халқы. Оның ертедегі тағдыры малға, ал, малдың тағдыры шөбі шүйгін, суы мол, жайылымға байланысты болған. Египеттіктерді дәрияның тасыуы күйзелтсе, көшпенділерді «Жеті ағайынды» жұт күйзелтіп отырған. Сондықтан көшпенділер байтақ далада жол табуды, жыл мезгілдерін айыруды, мал төлдету, бие байлау, жүн қырқу, күйек алу мерзімдерін білуге мәжбүр болған. Сол себепті біздің Ата-бабаларымыз уақыт межесін білуге аспан әлеміндегі күн, ай, жұлдыздардың қозғалысына, көрінетін орындарына, сүйене отырып уақыттың межесін біліп ғана қоймай, күн райының құбылысын да жақсы меңгеріп жауын-шашынды күндер деп алдын-ала сақтанып отырған. Демек, уақыттың мезгілін, күннің райын қалай білудің түрлі әдіс- тәсілдеріне, халық ауыз әдебиетінен айрықша орын беріліп, оны сол арқылы атадан балаға мирас етіп қалтырып отырған, белгілі ақынымыз Сәкеннің ақындық тілімен айтқандай «Қарттардың баян қылған әңгімесін, естіген кейінгілер жаттап алған» дегендей, салт-санамыздан терең орын алып отырған астрономияға байланысты аңыздар, мақалдар мен мәтелдер, қазақ ауыз әдебиетінде ұшан теңіз. Қазақта «алтын күн, күміс ай, маржан жұлдыз» деп күн, ай, жұлдызды жырға қоспаған ақын жоқ деуге болады. «Күнәң жоқ болса, күнді болжа» деп есепшы болудың еріккеннің ермегі емес, киелі кәсіп екендігін өсиет еткен бабаларымыз, өздерінің көшпелі тұрмыс салтында тіршілігінің көзі болған малын, түрлі табиғат апаттарынан аман сақтап қалу үшін күннің райын біліп, есепші болудың киелі кәсіп екенін ұрпағына осылай ауыз әдебиетінің үлгілерімен аманаттап отырған.
Қазақ халықы уақыт туралы таным-түсінікті экологиялық, генологиялық, ситуациялық тұрғыда сипаттау арқылы ай, жыл, маусымдарға тиесілі уақыт межесіне сүйеніп, белгілі бір кезеңдерді аңғартатын сөз тіркестері, белгілі уақыты, мәлім бір дәуірді білдіреді. Мәселен, «қас қағым», «аузымды ашқанша», «сүт пісірім», «ақ сақалды, сары тісті болған», «Абылайхан заманында», «Тәуке хан тұсында», «қоян жылғы жұтта» т.б. деп келетін уақыт межелері. «Айдың тік туғаны халыққа жайлы, шалқасынан туғаны өзіне жайлы», «Ай қырынан туса, ай балтаңды сайла, ай шалқасынан туса, күрегіңді сайла» деп мақалдап айдың қалай туғанына қарап, күн райын білуге болатынын әркім түсініп білу үшін, осындай ақпаратты дәл уағында алу үшін, жоғарғыдағындай мақал-мәтелдер, түрлі сөз тіркестері, ақпарат құралының қызметін атқарғандығын көруге болады. Сонымен бірге, «ай сәулесінің астында ұйықтама», «жаңа туған айды саусағыңмен нұсқама» деп ай сәулесінің адамға зиянді екенін біліп айтқан. Мұны қазіргі кездегі ғылым да дәлелдеп отыр. Мәселен, ай туған күні терезе алдына тасталған өткір ұстараның жүзі де қайтады екен. Міне, осылай, табиғаттың қабағын бағып, ығына көнген халқымыздың өткен өмірі, бүгінгі күнде «алтынның сынығы ‒ көненің көзіндей» көрінеді.
Календар адамзат әлемінің белгілі бір сатысында қалыптасады. Болған оқйғалар календар арқылы тарихтан орын алады.
Қорыта айтқанда, қазақ халқының уақыт пен кеңістік туралы, қоршаған орта туралы атаулары мен тұрақты сөздері әр құбылыстың не екенін білдіретін сөздік белгі ғана емес, соны мен бірге белгілі бір құбылыстың төл қасиетін әйгілеп беретін дерек көзі де.
CІЛТЕМЕЛЕР КӨРСЕТКІШІ:
- Нұрғалымова Г.С. Қазақ халқының күнтізбесі. А., 2000 жыл., 4 бет;
- М. Исқақов. Қазақтың байырғы календыры. А., 1960 жыл;
- Қазақ ССР тарихы. А. 1957 жыл;
- Әбішев Х. Ә. Халық астрономиясы. А., 1959 жыл;
- Нығымет Мыңжан. Қазақтың қысқаша тарихы. А., 1994 жыл;
- Қазақ ССР қысқаша энциклопедия, 3 том., 1998 жыл;
- Ш. Уәлиханов. Қазақтың космологиялық аңыздары. А. 1961 ж., І том. 90 бет;
- Айтыс жинақтары, I-II томдар, А, 1965 жыл;
- 1923 жылдың календары. Орынбор. 1923 жыл., 8 бет;
- 1923 жылдың календары. Орынбор. 1923 жыл., 12 бет;
- Нұрғалымова Т.С. Қазақ халқының күнтізбесі. А., 2000 жыл., 13 бет;
- Нұрғалымова Т.С. Қазақ халқының күнтізбесі. А., 2000 жыл., 22 бет;
- Нұрғалымова Т.С. Қазақ халқының күнтізбесі. А., 2000 жыл., 50 бет;
- Заман-Қазақстан, 1мамыр, 1997 жыл;
- Қазақ халқының мұрасынан. А. 1993 жыл., 10-11 беттер;
- М. Исқақов. Қазақтың байырғы календары. А., 1960 жыл,. 54 бет;
- Зулхаров Г. Жыл аттарын жатқа сақтау тәсілі. Ана тілі, 1999 жыл., №18
- Нұрғалымова Т.С. Қазақ халқының күнтізбесі. А., 2000 жыл., 33 бет;
- М.Исқақов. Халық календары. А. 221 бет::
- Аитыс жинақтары I том. А. 1964 жыл., 169-170 бет;
- Ақсауыт. Батырлар жыры І том. А. 1997 жыл., 186 бет;
- Жансүгіров.І. Шығармалары. І том. А. 1960 жыл., 70 бет;
- Ш. Уәлиханов. Қазақтың космологиялық аңыздары. А. 1961 жыл., І том, 106 бет::
- М.Исқақов. Халық календары. А. 245 бет;
- Дөнентаев С. Шығармалар. А. 1957жыл, 106 бет;
- Нұрғалымова Т.С. Қазақ халқының күнтізбесі. А., 2000 жыл., 43 бет;
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
- М. Исқақов. Қазақтың байырғы календыры. А., 1960 жыл;
- Әбішев Х. Ә. Халық астрономиясы. А., 1959 жыл;
- Әбішев Х. Ә. Аспан сыры. А., 1966 жыл;
- Ақсауыт. Батырлар жыры І том. А. 1997 жыл;
- А. Құнанбаев. Шығармалары. А. 1990 жыл;
- «Ана тілі» № 18 1999 жыл;
- Гумилев Л.Н. Көне түріктер. А., 1994 жыл;
- Дөнентаев С. Шығармалар. А. 1957 жыл;
- Заман-Қазақстан, 1 мамыр, 1997 жыл;
- Заман-Қазақстан, 14 тамыз, 1998 жыл;
- Заман-Қазақстан, 5 ақпан, 1998 жыл;
- Нұрғалымова Т.С. Қазақ халқының күнтізбесі. А., 2000 жыл;
- Қазақ мақал-мәтелдері. Шынжаң халық баспасы. 2003 жыл;
- Досмұхамедұлы Х. Таңдамалы. − Алматы: Ана тілі, 1998;
- Уәлиханов Ш. Таңдамалы шығармалары. Бес томдық. − Алматы, 1984−1985;
- Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзі тарихының очерктері. − Алматы, 1981;
- Қожакеев Т. Жыл құсы. − Алматы, 1981;
- Сұбханбердина Ү. “Дала уалаятының газеті”. − Алматы, 1988, 1991, 1993, 1994, 1996.