Мазмұны
Кіріспе
І – тарау. Монро доктринасының қалыптасуы
1.1 Монро доктринасының қалыптасуына ішкі жағдайлардың тигізген әсері
1.2 Монро доктринасының қалыптасуына сыртқы жағдайдың тигізген әсері
ІІ – тарау. Монро доктринасының жариялануы
2.1 Монро доктринасының сипаты мен
мазмұны
2.2 Монро доктринасының маңызы
Қорытынды
Сілтемелер
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Диплом жұмысының өзектілігі.
Монро доктринасының шығуы және ерекшеліктері, мақсаты туралы, Америка Европа және Россия тарихшылары көптеген зерттеу жұмыстарын жүргізіп, өздерінің ол туралы пікірлерін жазған. Соның бірі Америка тарихи ассоциясының президенті профессор Декстера Перкинс. Оның Монро доктринасы туралы жазған үш томдық монографиясы Европа және Америка архивтерінде көп жылдар жұмыс істеу нәтижесінде пайда болды. Тарихшылардың Монро доктринасына бұлай көңіл бөлуі жайдан-жай емес еді, себебі Монро доктринасы Америка Құрама Штаттардың саясатындағы бір кезеңдік құбылыс емес еді, оның принциптерін АҚШ ішкі және сыртқы саясатта көптеген жылдар бойы пайдаланып келді.
Монро доктринасының маңызы, оның «Американдық жүйе» принциптерінің нақты көрінісі.
1947-1948 жылдары АҚШ-тың жетекшілігімен Америка елдерінің блогы «Америка мемлекеттерінің Одағы» құрылды. Одақ Симон Боливардың идеясын әрі қарай дамытып. Америка бірлігін нығайтуды көздеді. Америка Құрама Штаттары мен Латын Америкадағы мемлекеттердің бірлігінің берік екенін көрсету мақсатында 1956 жылы Панамада конференция болып өтті. Конференцияда жұмысына Америка Құрама Штаттарының президенті Д.Эйзенхауер сөз сөйледі. Конференция барысында басқа да толып жатқан көпірме баяндамалар болды. Онда Америка мемлекеттерінің ынтымағы, бірлігі туралы айтылды. Конференция осы елдердің атынан «Панамалық декларация» қабыдады, және онда Америка Құрама Штаттары Оңтүстік Америка мемлекеттерімен қарым-қатынас жасауда тең праволы делінді, бірақ осы айтылған өзара түсіністік сыйластық принциптері сақтады ма, міне мәселе осында.
Бұл сұрақтарға жауапты Монро доктринасының шығуының себептерін, оның алға қойған принциптерін терең зерттегенде ғана көз жеткізуге болады.
Монро доктринасында Оңтүстік Америка елдерін «Қасиетті Одақ» елдерінің шабуылынан қорғау керек делінді. Бірақ АҚШ мемлекеті шын мәнінде ол елдерді қорғауға дайын ба еді?!
Америка Құрама Штаттарының түпкі мақсаты бұл елдерге өзінің үстемдігін орнату және дамып келе жатқан өнеркәсіп өнімдерін өткізу рыногына бұл елді айналдыру еді.
Монро доктринасы қарастырған тағы бір маңызды мәселе, ол Америка Құрама Шататарынның тәуелсіздік алған елдердің жерінің есебінен өз территориясын кеңейтуге ұмтылуы еді.
Монро доктринасының шығу тарихын әңгіме еткенде Америка-Россия және Америка-Англия қарым-қатынасына да көңіл бөлуіміз керек.
Америка Құрама Штаттары Англиямен қарым-қатынасында екі жақты мақсат ұстанды, біріншісі «Қасиетті Одаққа қарсы бірігу»; екіншісі оны Америка жарты шарындағы ішкі мәселелерге қатыстырмау.
АҚШ-тың сыртқы саясатындағы түпкі мақсаты Америка материгіне өзінің жеке-дара үстемдігін орнату болды. Кейбіреулер Монро доктринасын қорғану тұрғысынан ғана көреді. Ал шын мәнінде Америка Құрама Штаттары ХІХ ғасырдың 20 жылдарының басында өзінің экспансиялық мақсаттарын анықтау барысында қимыл-әрекеттер жасағаны белгілі. Монро доктринасы Америка Құрама Штаттарының Европа мәселелеріне, керісінше Европа елдерінің Америка ісіне араласуын қаламайды.
Америка Құрама Штаттары буржуазиялық мемлекет болғандықтан оған тән нәрсе ұлтшылдыққа талпыну және өзінің үстемдік аумағын кеңейту. Міне, осы жағдайларды ескергенде ғана, Монро доктринасының шығу себептерін, оның мәнін және мақсатын түсінуге болады. Сонымен қатар, Монро доктринасының негізін түсіну үшін сол кезеңдегі Америка Құрама Штаттарының ішкі және сыртқы саясаттарын да жан-жақты зерттеп, оның ерекшеліктерін білуіміз қажет. Монро доктринасы тек Америка Құрама Штаттарының ішкі экономикалық және саяси дамуының нәтижесі ғана емес, ол Америка Құрама Штатарының сол кездегі Халықаралық қатынасының, оның сыртқы саясатындағы қолданылатын тәсілдерінің жиынтығы.
Монро доктринасындағы «саясаттың құрамалы жүйесі» Латын Америка елдеріне, Англияға, «Қасиетті Одақ» елдеріне АҚШ жүргізген саясатта көрнекті орын алады.
Монро доктринасы-Америка Құрама Штаттарының сыртқы саясатындағы доктринасы. Сондықтан оның түбін Америка Құрама Штаттарының халықаралық және ішкі жағдайларынан табуға болады.
Диплом жұмысының зерттелу дәрежесі. Монро доктрнасы туралы тарихнамаларда және оқулықтарда зерттеліп, жпзылған. Бұл Монро доктринасын Америка тарихшыларымен қатар орыс тарихшылары да зерттеген. Атап айтар болсақ орыс ғалымдары Болховитинов Н.Н., «Доктрина Монро» атты еңбегінде және Алексеев А.И., Болховитинов Н.Н., «Судьба Русской Америки» еңбектерінде жазылған.
Диплом жұмысының мақсаты-1812-1814 жылдардағы Американың сыртқы және ішкі саясатының дамуы мен қалыптасуын, Монро доктринасының шығуының себеп — салдарлары мен оған әсер еткен Америка Құрама Штаттарының халықаралық және ішкі жағдайларының мазмұнының мәнін ашу болып табылады.
Диплом жұмысында мына төмендегідей міндеттер өз шешімін табады:
- Американың 1812-1814 жылдардағы экономикасының ахуалы;
- Американың сыртқы және ішкі саясатының дамуы мен қалыптасу
жағдайлары;
- Мақта, күріш, қант, темекі өндірістерінің етек алуы;
- Құлиеленуші плантаторлардың Американың экономикалық
дамуына әсері;
- Экспонсионистік теориялар мен көзқарастардың пайда болуы;
- Оқшаулану идеологиясының дамуы;
- Монро доктринасының шығуына әсер еткен жағдайлар және
оның қалыптасуы;
- Монро доктринасының мәні мен сипаты;
- Монро доктринасының тарихи маңызы.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспе, 2 тарау, қорытынды және сілтемелер, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І – тарау. Монро доктринасының қалыптасуы
І.1 Монро доктринасының қалыптасуына ішкі жағдайлардың тигізген әсері
АҚШ-тың экономикалық құрылысы Монро доктринасын жариялау сатысында көп сатылы еді.
Елде мынадай экономикалық сатылық бар еді:
- Патриархалық фермерлік шаруашылық.
- Майда товар өнеркәсібі.
- Құлиеленушілік плантациялық шаруашылық.
- Капиталистік өнеркәсіп.
ХІХ ғасырдың 20-жылдарында шаруашылықтағы қалыптасқан патриархалды ұсақ товар құлиеленуші плантациялық және капиталистік өнеркәсіптің қайсысы басым еді. Осы мәселелені шешу АҚШ-тың сыртқы және ішкі саясатта жүргізген бағытын айқындап, Монро доктринасының мәнін, сипатын ашып береді. (1)
Американың қолайлы географиялық орны, климаты және табиғаты капиталистік қатынастардың дамуын жылдамдатты.
1812-1814 жылдардағы Солтүстік-Шығыстағы өнеркәсіп төңкерісі де көп әсерін тигізді.
Өнеркәсіп төңкерісі Солтүстік-Шығыстағы ХVІІІ ғасырларда басталды. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында мақта-мата өнеркәсібі жоғары қарқынмен дами бастады.
Америкадағы өнеркәсіп төңкерісі тек қана сан жағынан өсіп қоймай, бірнеше фабрикалардың бірігуінің нәтижесінде ірі кәсіпорындар қалана бастады. Қол еңбегінің машина ауыстыра бастады. Еңбек өнімділігі арта бастады.
Тоқыма өнеркәсібімен қатар кеме жасау жұмысы да дами бастады. 1812-1814 жылдары Америкада үздіксіз пароход қатынасы орнайды.
Сауда кемелерінің негізгі бөлігі Американың ірі байларының меншігінде болды. Олар дүниежүзінің барлық жерімен байланыста болуы Америкада жасалынған кемелер Англиядағы кемелерге қарағанда шапшаң жүзетін еді.
1812-1814 жылдардан кейін Америкада металлургия өнеркәсібі дами бастайды. Петербургта 1-ші болып балқыту және прокат заводы өз жұмысын бастады. Американың Солтүстік, Солтүстік-Шығысында өнеркәсіп жылдам қарқынды дами түссе, Оңтүстік Америкада әлі құлиеленуші шаруашылық сақталып қалды. (2)
Плантациональдық құлиеленушілік шаруашылық негізінде мақта, темекі, күріш және қант өндіру пайдаланды.
Оңтүстіктің ең байырғы техникалық дақылы – темекі. Бағасының төмен боулының нәтижесінде оны сыртқа шығарудың көлемі ұлғаймады.
Техникалық дақылдардың тағы бір түрлері қант құрағы мен күріш өндіру де баяу дамыды.
Бұл дақылдарды өндіруге өте көп қол еңбегі жұмсалды, сондай-ақ оны суғару үшін, каналдар қазу, шлюзуер орнату көп қаражатты талап етті. Сондықтан бұл дақылдарды өндірумен өте бай адамдар айналысты.
Ал мақта шаруашығы Американың оңтүстік бөлігінің негізгі шаруашылығы болып қалды. Мақта өніміне сұраныс өте жоғары болды. Мақта өнімділігі жылдан – жылға арта түсті. Уитнидің мақта тазарту машинасын ойлап табуы мақта өнеркәсібінде төңкеріс жасады.
Америкада негізінен ұзынталшықты мақта сортын өндіруге көп көңіл бөлді. Америкада мақта монополиясы қалыптасты.
АҚШ-тың 20 жылдары сыртқа шығарған мақта, күріш және темекі экспорты 33 млн. долларды құрады, басқа экспорты 20 млн. Экспортың 25 млн. –нан артық көп бөлігін мақта өнімі берді. Мақта өнімі негізінен Англияға тасымалданды.
Американың оңтүстігі 1812-1814 жылдардан кейін капитализм дамыған Солтүстік-Шығыстың колониясы болып қалды. Мақтаның 1/5 немесе 1/4 бөлігі ішкі рынокта қалып, басқасы шет елге шығарылды. Шетке тасымалдайтын кемелердің иелері мақта жасаудың өте көп пайда тапты. (3)
Плантатор тасымалдаудың, өнімнің сақталуына көп мөлшерде ақша төледі. Оны банкіден алып отырды. Міне, сөйтіп оңтүстіктегі плантаторлар солтүстіктегі капиталистердің ықпалында болды.
Американың Солтүстік-Шығысында капиталистік қатынастар жылдам дамып, ал Оңтүстік аймақтардағы плантациялардағы құлдар еңбегін кеңінен пайдалануын қалай түсіндіруге болады.
Оңтүстік, әсіресе сұранысқа өте көп мөлшерде ие мақта шаруашылығында құлдар еңбегін пайдаланудың өзінің ерекше белгілері болды. Біріншіден мақта өндірісі басқа да техникалық дақылдарды өндіруге өте көп қол еңбегін пайдалану қажет болды. Америкадағы қалыптасқан жағдай құлдардың санының көптігі және оларға жұмсалатын шығынның аздығы.
Техникалық дақылдар өндіруде құлдар еңбегін пайдалану тиімді болды.
1812-1814 жылдары Американың Солтүстік-Шығысында негізінен капиталистік өндіріс басым болса, оңтүстігінде құлдардың еңбегін пайдалану басым болды, ал батысында қарапайым товарлы шаруашылық дамыды.
Сондықтан Америка аймақтарының бір-бірімен байланысына көбірек мән беруіміз қажет. Ол байланыс өте жоғары қарқынмен жүре бастады. Сөйтіп Америкада ішкі ұлттық рынок қалыптастаса бастады.
В.И.Ленин былай атап өтті: «Ішкі рыноктың дамуы елдегі капитализмнің дамуы», — деді. Ішкі рыноктың қалыптасуы мен дамуы елдегі еңбектің бөлінісіне әкеліп соғады. Сөйтіп сауда өнеркәсібі саласындағы жұмысшылардың санымолайа түседі. ХІХ ғасырдың 1-ші ширегінде Америкадағы жұмысшылар санының жылдам өскендігін мына таблицадан көруге болады.
Сауда: 1820 жылы 72 443 мың,
1840 жылы 117 607 мың.
Өнеркәсіп: 1820 жылы 319 506 мың,
1840 жылы 791 749 мың болды.
Сауда және өнеркәсіп өндірісінің дамуы қала халқының санының артуына да ықтимал жасайды. Мысалы:
Бостон қаласында, 1810 жылы 33,3 мың тұрғын болса, 1830 жылы 61,3 мың тұрғынға жетті.
Нью – Йорк қаласы, 1810 жылы 96,4 мың, ал 1830 жылы 202,6 мыңды құрады.
Филодельфия қаласы, 1810 жылы 91,9 мың болса, 1830 жылы 161,4 мыңға жетті.
Балтимор қаласы, 1810 жылы 35,6 мың, ал 1830 жылы 80,6 мыңға жетті.
Чарлетон қаласы, 1810 жылы 24,7 мың, ал 1830 жылы 30,3 мың болды.
Жаңа Орлеан қаласының халқы 1810 жылы 17,2 мың болса, 1830 жылы 46,1 мыңға өсті. (4)
Америкадағы ішкі рыноктың дамуының өз ерекшеліктері болды. Оның кеңеюне Европадан жаппай қоныс аударушылар да өз үлестерін қосты.
Ауыл шаруашылық саласы да өте жылдам қарқынмен дами бастады. Батыс штаттарда негізгі дақыл бидай болды. Бидайға сұраныс жылдан-жылға артып отырды. Америка астықты Европа елдеріне де шығарып отырды.
Американың Солтүстік-Батыс аймақтарындағы өнеркәсіп саласының дамуы, қалалардағы халықтың санының өсуі ауылшаруашылық өнімдеріне сұранысты арттырды.
Елдің ішіндегі сауда-саттық зор қарқынмен дамыды. Бірақ елдің ішіндегі сауда-саттық одан әрі қарай дамуына оны тасымалдап жеткізу өте қымбатқа түсті. Тасымалдау құралдарын жетілдіру және жол құрылысын қалыпқа келтіру мәселелері алға қойылды.
Су қатынасы ерекше орын алды. 1817 жылы бірінші рет Жаңа Орлеан мен Луисвиль арасында пароход қатынасы орнады. Үзіліссіз Миссисипи – Огайо пароход қатынасы Солтүстік-Батыс аудандарды мақта өсірумен айналысатын Оңтүстік-Батыс аудандарымен байланысты жақсартты. 1825 жылы Миссипи және Огайо өзендерінде 125 пароход жүрді. Соның нәтижесінде товар алмасу 167 717 111 долларды құрады. (5)
Батыс пен Солтүстік-Шығыс штаттарының арасындағы да товар алмасудың көлемі ұлғайды. 1820 жылы Филодельфия мен Питербург арасындағы сауда 18 млн. долларды құрады.
Сауда қатынасына арналған каналдар қазу жұмыстары да кең қарқынмен жүргізілді.
1816 жылғы болған президент сайлауында Монро көпшілік дауыспен президент болып сайланады. Ал 1820 жылғы сайлауда оған қарсы үміткердің жоқтығынан Монро президент болып екінші мерзімге сайланды. (6)
Монро президент болған кезде Американың экономикасы көптеген өзгерістерге ұшырайды, импорттан экспорттың көлемі көбейіп кетті. Америка товарларының бағасы күрт төмендеп кетті.
Ақша айналымында да кері құлдырау фактылары орын алды. 1815 жылы айналымда 110 мың доллар болса, 1819 жылы тек 45 млн. доллар ғана болды.
Өнеркәсіп, сауда компаниялары бәсекеге төтеп бере алмай жабылды немесе жартылай жұмыс істеуге көшті.
Елде жұмыссыздық саны күрт өсіп кетті. Жұмысшылардың жағдайы өте ауыр халде болды. Жұмыс уақыты 12-14 сағат болды. Тоқыма өнеркәсібінде жасөспірімдер мен әйелдер еңбегі кеңінен пайдаланды. Жалақы көлемі өте төмен болды.
1822 жылы Филодельфия жұмысшылары жұмыс уақытын 10 сағат етіп қоюды талап етті. Жұмысшылардың кәсіподақ ұйымдары «Треу-юнион» пайда болды. Олар жаппай ереуілдер ұйымдастыра бастады, жалақыны көбейтуді талап етті. (7)
Америка Құрама Штаттарының тарихи дамуы өзінің жеке ерекшеліктерімен сипатталады.
Капитализмнің кең көлемде дамуына Америка контитенті барлық жағдай қалыптасқан еді. Жерінің көлемінің кеңдігі т.б.Отарлаудың жаңа территориялары солтүстікке, батысқа және оңтүстік бағыттарға қарай жылжи бастады. Территорияны үнемі ұлғайту тек қана капитализмнің дамуына байланысты емес, оны ұлғайту құлиеленуші плантациональдық оңтүстікке де керек болды. Американың байырғы тұрғындары үндістерді қолайсыз шөл және таулы аудандарға ығыстырып, олардың да құнарлы жерлерін отарлап отырды. 1776 жылы АҚШ-тың территориясының көлемі 386 мың кв. миль болса, 1783 жылы ол 892 мың кв. мильге жетті.
Батыс штаттардың халқы жылдам қарқынмен өсті. 1820-1830 жылдары 221700-ден 370000 адамға өсті. (8)
Отарлау негізінен Солтүстік және Оңтүстік бағытқа қарай жүргізілді.
Солтүстік бағытқа кеңейту ірі буржуазия өкілдерінің мүддесіне сай жүргізілді. Жаңа жерлерді отарлау оларды жаппай қоныстану мен қатар жүргізілді.
Оңтүстік бағыттағы жүргізілген экспансия жаңа жерлер игерудің өзінің ерекшеліктері болды.
Америка Құрама Штаттарының тұрғындарының әртүрлі құрамынң экономикалық және саяси қызығушылығының әртүрлі болуы, әсіресе Оңтүстіктің құлиеленуші плантаторларының солтүстіктің ірі буржуазияларының жаңа территорияларды экспонсиялау әртүрлі ұлтшыл және экспонсионистік теориялар мен көзқарастың шығуының негізі болды.
Батыс тарихшылары «Оқшаулану идеологиясының» дамуымен Монро доктринасының шығуын біртұтас зерттеуге көңіл бөліп келді. «Оқшаулану идеясы» экспансионистік теориясымен бірігіп, соның нәтижесінде Монро доктринасы қалыптасты.
Экспонсионистік теория жан-жақты зерттелген жоқ. АҚШ тарихшылары АҚШ-тың экспансионистік саясатына тура баға бермей келеді. Отарлаудың алғашқы кезеңінде-ақ бүкіл континент солтүстік американдықтардың меншігі болады деп мәлімдеген.
Экспонизм және буржуазиялық ұлтшыл идея АҚШ-тың ертеректегі тарихынан мәлім. Олар өздерін басқа халықтардан артық қойған.
Сонымен қатар оқшаулану теориясы дамыды. АҚШ ешқандай Европа елдерімен одақ құрмау идеясын ұсынды, оларды Америка ісіне араласпауын өтінді.
Оқшаулану идеясының бір ерекшелігі АҚШ-тың бүкіл Америка материгіне үстемдік жүргізу идеясымен тығыз қабысып кетуінде Т.Джефферсон былай дейді: «Біз біздің конференциямызды бас үй деп бағалауымыз керек, ал ол үйдің адамдары Оңтүстік және Солтүстік Американың бүкіл территориясына қоныс тебуі қажет». Франклин АҚШ-тың қауіпсіздігін сақтау үшін Квебекті, Сент-Джонды, Жаңа Шотландияны және Бермуд аралдарын, Шығыс және Батыс Флорида мен Багам аралдарын аннессиялауға шақырды. (9)
Канаданы да АҚШ қарамағына қосу идеясы да айтылды. Луизиананы қосып алу АҚШ-та экспансионистік теорияның одан әрі дамуына жағдай туғызды.
Американың Солтүстік – Шығыс штаттарының өкілдері Уайт (Делавер), Трейси (Коннектикум), Пиккеринг (Массачусете) Луизаны АҚШ құрамына қосып алуға қарсы шықты. 1803 жылы 3 ноябрьде Сенатта сөйлеген Джон Брекенридж Луизаны сатып алудың дұрыстығын дәлелдеді. Ол неғұрлым жер көлемі кең болса, соғұрлым мемлекет қауіпсіздігіне қолайлы болады деді. Бүкіл Америка американдықтарға деген идея кеңінен таралды.
Шейлердің проектісі бойынша Испания мен Португалияның колонияларын АҚШ пен Англияның құрамына беру керектігін көрсетеді. Оның ойынша: Канада, Жаңа Шотландия, Куба аралы, Флорида өздерінің бағынышты аралдарымен АҚШ-тың құрамына енуі керек.
Америка Құрама Штатының Америка материгінде өзінің толық үстемдік орнату әрекеттері, Европаға құпия емес еді.
АҚШ, Куба, Флорида т.б. мемлекеттердің Европалық кез келген мемлекетінің ықпалына өтуіне қарсы шықты.
Испанияның отарлау саясатының күйреуі бұрынғы отар елдердің өз тәуелсіздігін алып, мемлекет орнатуы АҚШ-ты қатты алаңдатты. АҚШ бұл мемлекеттерді өзінің ықпалынан шығармау жолдарын іздеді. Сондықтан да Европа елдерінің бұл мемлекеттерден қарым-қатынас орнатуына үзілді –кесілді қарсы шықты.
Американың көптеген саясаткерлері АҚШ пен Англияның арасындағы соғыстың болатындығын Америка материгіне үстемдікті не Америка, не Англия жүргізуі керек деп мәлімдеді. Шекара мәселесін нақтылағанда да экономикалық факторларға сүйеніп отырды. Мысалы: АҚШ-тың Мексика шығанағы мен арадағы шекараны белгілегенде теңізге шығудың экономикалық тұрғыдан қажеттілігі ескерілді. Шығанаққа құятын өзендердің тармақтарын иелену сөйтіп солтүстік-батыс аймағының астықты аудандарымен оңтүстік-батыс құиеленуші плантацияларының ішкі экономикалық байланысын нығайтудан туындайды дейді. 1823 жылы президент Монро Джефферсонға жазған бір хатында былай дейді: «Флорида және Куба, Миссисипи және Мексика шығанағы құятын басқа өзендерінң саласын құрайды. Сондықтан бұл шығанақты және Миссисипи өзенінің шығанаққа құяр тұсын біздің Одаққа қоссақ біздің ішкі қауіпсіздігімізді сақтауға зор мүмкіншілік береді және бізді көркейтеді, жерімізді кеңейтеді». (10)
«Табиғи шекара» терминін Америка мемлекеттік қызметкерлері көп пайдаланды. Олардың пікірінше «Табиғи шекара» түпкілікті орнықты түсінік емес, ол жағдайға қарап өзгере береді. Америка территориясының құрамына жаңа жерлердің көптен кіруі «табиғи шекара» терминінің жағдайға байланысты үнемі өзгеріп отыратындығын көрсетеді.
Тағдыр АҚШ-тың бүкіл материкке үстемдік жүргізуге жазыпты деп дәлелдейді мемлекет қайраткерлері.
«Табиғи шекара» теориясының мақсаты АҚШ территориясын кеңейту. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Квинси Адамс 1819 жылы ноябрь айында Американ кабинетінің отырысында былай деді: «Дүниежүзі мынадай ойды санасына енгізуі қажет Солтүстік континенті біздің заңды жеріміз, бұл табиғаттың заңы». (11)
Англия біздің солтүстігімізді, испания оңтүстігімізді иеленіп отыр. Ал біздің оларды иеленуге толық правомыз бар, ол табиға нәрсе. Себебі олардың қожайындары 15 мың миль қашықтықта Европа тұрады. Олардың көптеген иеліктерін біз сатып алдық. Контитенттің басқа да бөлігі біздікі болады. Америка Құрама Штаттары Солтүстік Америка контитенті бір ұғым, оны европалықтар мойындауы керек.
Монро доктринасының тегі үшін көп әсер ететін «американдық жүйе» концепциясын оқып үйрену керек. Монро доктринасына енген идеялардың ішіндегі «американдық жүйе» идеясы.
АҚШ-тың көптеген атақты саяси көсемдерінің санасында қалыптасқан өз уақытында «американдық жүйе» туралы Александр Гамильтонда жазған. Осы концепциясының жақтаушысының бірі Томас Джефферсон.
«Американдық жүйе» туралы ойын дамыта келіп Т.Джефферсон былай дейді: «Европа елдері жер шарының басқа бөлігін құрайды. Олардың өздерінің жеке қызығушылығы бар. Біздің ісімізге араласпасын Американың өзінің жарты шары бар. Олардың өздерінің қызығушылығы бар, оған Европа араласпасын», — деп мәлімдеді. (12)
1820 жылы 4 августа Т.Джеферсон тағы бір сөзінде былай деген еді: «Европамен байланссыз толық тәуелсіз американдық саяси жүйеге қосылуы керек», — деді.
Томас Джефферсон тағы да былай деп мәлімдеді: «Америка елдері Европамен байланыста емес, толық тәуелсіз «американдық саяси жүйеге» қосылуы қажет». Оңтүстік Америкаға өзінің ықпалын жүргізу мақсатында «Адам бостандығы лигасын» құру идеясын ұсынды. Бұл идея бойынша «адам бостандығы лигасы» бүкіл Американың елдерін біріктіруді көздеді.
І.2 Монро доктринасының қалыптасуына сыртқы жағдайдың тигізген әсері
Америка Құрама Штаттарының Испан америкасына қарсы жүргізген саясатын дұрыс түсінген жағдай да Монро доктринасының негізгі принциптерінің шығуын және ерекшеліктерін анықтауға болады.
Көптеген тарихи әдебиеттерде жүргізген АҚШ тәуелсіздік үшін күрескен Латын Америка халқына жан-жақты көмек беріп, оны қолдап отырды деген көзқарас қалыптасқан. Латын Америкасындағы тәуелсіз мемлекеттердің орнауы АҚШ мемлекетіне пайдалы деп келді.
Латын Америкасындағы көптеген республикалардың АҚШ үлесінде құрылуы, ол республикалардың АҚШ-қа саяси жағынан серігіне айналар еді және бұл елдер арасындағы сауда-саттық жоғарғы қарқынмен дамитын еді.
Бірақ көптеген буржуазиялық тарихшылар АҚШ-тың Латын Америка халықтарының тәуелсіздік үшін күресіне немесе саяси не материалдық жағынан көмек бермегендігін айтады. Латын Америкасының халықтары тәуелсіздікті өз күштерімен жеңіп алмағандығы тарихтан белгілі.
АҚШ-тың Испания Америка арасындағы жүргізген саясаты бір аяушылықтан емес, ол АҚШ-тың билеуші таптарының мүддесіне сай жүргізілді.
АҚШ мемлекеті Латын Америкасына қарсы оқшаулану, олардың ішкі ісіне араласпау саясатын ұстанды. 1815 жылы 1 сентябрьде оқшаулану туралы прокламация жарияланды, одан кейін де бірнеше прокламациялар жарияланды. Президент Монроның 1823 жылғы 2 декабрьдегі жолдауында да бұл туралы толық айтылды. (13)
АҚШ дипломатиясының мақсаты Флориданың шығыс бөлігін, Техас пен Кубаны АҚШ территориясына қосу еді. Міне осы территорияларға байланысты АҚШ-тың сыртқы саясатында экспансионистік бағыт пайда болды, бұл бағыт Монро доктринасының саяси жүйесінің негізіне айналды. Бұл территорияларды АҚШ құрамына күшпен енгізу біраз қиыншылқтар туғызды. Флорида үшін күрес басталды. Соғыс қимылдарының нәтижесінде Флорида жер АҚШ территориясына қосылды.
АҚШ әскері ұзақ мерзімге Флорида территориясында қалдырды. Флориданы жаулап алу Оңтүстіктің құлиеленушілерінің мүддесін көздеді. Өйткені Солтүстік Флоридаға Оңтүстіктен құлдар қашып, сонда жасырынды. Осы кездерде АҚШ пен Испания арасында 1-ші рет кездесулер болды. Бірақ бұл кездесулер ешқанда й нәтиже берген жоқ.
- жылы Флорида да Амелия аралындағы жағдайларға байланысты қиыншылықтар туғызды.
1817 жылы Амелия аралын Шотландия генералы Г. Мактрегор Испания езгісінен азат еткен. 1817 жылы оны Венесуэль әскери- теңіз офицері ауыстырады. Арал Испан кемелеріне қарсы және сауда жұмыстарына кедергі кетіру мақсатында пайдаланады.
АҚШ кемелеріне де шабуыл жасаған деген жорамал жасалынды. Сөйтіп Амелия аралы параттардың базасына айналды.
Испанияның бұл аралда тәртіп орнатуының мүмкіндігінен болмады, АҚШ әскерлерінің аралды 1817 жылы 23 декабрьде басып алынуына мүмкіндік жасады.
1818 жылы 25 мартта Палата өкілдеріне жолдаған хатында президент Монро былай деді: «Ори командордың агенті майор Пазостың хатында Флориданы басып алу жоспары жасалығанын, ол Испания мемлекеті оны АҚШ-қа беруге келісім беріп қойғандығын ескертеді. Монро әрі қарай бұл адамдардың іс-әрекеттері отар елдердің үкіметінің іс-әрекеттерімен сәйкес келмейді»,- деп мәлімдеді.
Сөйтіп Амелияны көтеріліске шыққандардың қолына бермей оны өзіне алуды көздеді. (14)
1818 жылы 18 март күні В.Пазос Венесуэлі, Жаңа Гренада және Мексика атынан өкілдер палатасына АҚШ-тың Амелия аралын басып алуына қарсы екендігін мәлімдеп протест жолдады. АҚШ үкіметінің іс-әрекеттеріне қарсы Испания үкіметінің өкілі Онисте мәлімдеме жасады.
Өзінің конгреске жолдаған жолдауында президент былай деді: Испаниясының билігінің әлсіреуі көптеген Латын Америка елдерінде тәртіпті сақтауға, мүмкіншілігін болдырмай отыр. Сондықтан олар көршілеріне қауіп төндіруде. Біз Испания территориясын силаймыз, егер ол АҚШ-тың тыныштығы мен қауіпсіздігіне қатер төндірмесе.
Испан үкіметінің әлсіздігі 1818 жылдың басында АҚШ үкіметін шешуші іс-әрекеттерге итермеледі. Соның нәтижесінде көптен арман болып келген Флориданың шығысын жаулап алудың сәті түседі. 1818 жылы 6 январьда Джексон президент Монроға хат жолдайды. Хатта Шығыс Флориданы жаулап алып, оны АҚШ территориясының құрамына қосу туралы жазылады. Егер президент рұқсат берсе Шығыс Флориданы 60 күнге жаулап алудың мүмкіндігінің бар екендігін ескертеді. (15)
1818 жылы март айында АҚШ әскерлері Шығыс Флоридаға кіріп, Сент-Марксті басып алады. Қолға түскен Англия азаматтары Арбутнот және Амбристер түседі, олар АҚШ-қа қарсы негрлер мен үндістерді соғыс қимылдарын жүргізуге үгіттеуі деп үкім шығарады. Олар атылады.
Сан-Марксты жаулап алған соң генерал Джексонның әскері Пенсаколені қоршайды. Испандықтарды үндістерге жәрдем бердіңдер деп айыптап Пенсакол қамалының берілуін талап етеді.
Егер қарулылар қарсылық көрсетсе, қару ұстағанның барлығын өлім жазасына кесеміз деді. Испандықтар өз еркімен беріледі.
Джексонның Флориданы АҚШ-ты қиын жағдайға қалдыруы. 1818 жылы 8 июльде Испания өкілі Онис АҚШ-тан тез арада Флориданы қайтаруды сұрады.
Флориданы жаулап алу АҚШ үкіметінің арасында үлкен дау туғызды. Өкімет мүшелерінің арасында бұл мәселе бойынша әртүрлі пікірлер айтылды. Д.Адамс былай дейді: « Менен басқасы президент бастаған үкімет мүшелерінің барлығы Флориданы жаулап алудың дұрыс болмағандығын жақтады», — дейді. (16)
Генерал Джексон дәл жақтап сөйлеген мемлекеттік секретарь Д.К.Адамс болды. Джексонның соғысын басып алу соғысы емес қорғаныс соғысы деп бағалау керек. Ол Испанияға қарсы соғысқан жоқ, сөйтіп Конституция талаптарына нұқсан келтірген жоқ деп мәлімдеді.
Сөйтіп Джексонның соғыс әрекеттерін қолдайтындарын білдірді. АҚШ әскерлері басып алу мақсатын көздемейді. Егер Испания әскерлері келіп тәртіп орнататын болса АҚШ әскерін тез арада шығарып кетеді деп сендірді. Испания өкілі Онис пен АҚШ мемлекеттік секретарының келіссөзінің нәтижесінде Флориданы АҚШ-қа қосу түбегейлі шешілді.
Бұл келісім АҚШ үкіметіне шекараны батыстан Тынық мұхит жағалауларына дейін жеткізуге мүмкіндік берді.
АҚШ-тың Мексикамен шекаралас Техас жерлеріне оңтүстіктің құлиеленуші плантаторлары қызыға бастады. Техастың жері құнарлы, мақта өсіруге өте қолайлы еді. Көптеген оңтүстік Американдықтар Техас аймағындағы бос жерлерге жергілікті басшылардың рұқсатымен қоныстанып, ауылшаруашылық дақылдарын егу жұмыстарын жүргізе бастады. Олардың саны жылдан-жылға көбейе берді.
Америкадан қоныс аударғандар Мексика заңдарына бағынбады. Ағылшынша сөйледі, протестант дінін сақтады. Мексика халқына менсінбей қарады. Оларды екінші сортты адамдар деп бағалады.
АҚШ-тың сыртқы саясатындағы тағы бір мәселе Куба еді. ХІХ-дың 1-ші ширегінде АҚШ пен Куба арасындағы сауда-саттық жақсы жолға қойылған болатын.
Жалпы сауда көлемі бойынша Куба, Англиядан кейін екінші орында еді. АҚШ-тың Кубамен сауда-саттық көлемі 1820 жылдары 11-13 млн долларды құрады. Бұл көрсеткіш Испан-американ отарларымен жүргізілген саудадан 5-6 есе көп еді.
ХІХ ғасырдың 20-жылдарының басында Испанияның Кубадағы билігі әлсіз еді. Ол биліктің ертеме, кешпе құлайтындығын бәрі түсінді. ХІХ ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап Кубаға қызығушылық өсті. Оның қатарына АҚШ, Англия, Франция, Испания, Мексика, Колумбия т.б елдер. (17)
Оның географиялық орны да өте қолайлы. Мексика шығанағын кілті деп баға береді кейбір тарихшылар.
Бұл арал брыннан-ақ солтүстік американың саяси қайраткерлерінің назарын аударып отыратын еді.
Кубаға арнап толып жатқан экспансионистік идея мен теориялар айтылып жатты. Бұл аралды қалайда болмасын, АҚШ-тың шығармауды американың толып жатқан мемлекет қайраткерлері айтып кетті.
1822 жылы күзде Кубаны жаулап алу мәселесі бірнеше рет американ кабинетінде талқыға түсті.
Адамс былай деп жазады: «Кэлхауынның ең негізгі мақсаты Кубаны АҚШ-тың құрамында көруі» еді. (18)
Кубаның қалайда АҚШ-тың құрамында қызуды көптеген мемлекет қайраткерлері қолдады.
1822 жылы 28 ноябрьдегі кабинет отырысында оған Франция өкілі Парижге кетер алдында құпия түрде Испания мен Англия арасында Кубаны сату туралы келіссөз болғандығын айтады.
Өз кезегінде Англия АҚШ-тың Кубаға қарсы бағытталған ойларын іс жүзінде асырмау мақсарында аралға әскери кемелерін жібереді. Ағылшын моряктары теңіз қарақшыларын жоғары сылтауратып, бірінші рет аралға келді.
Ал АҚШ-тың әскери күштері 1822-1823 жылдары теңіз қарақшыларын жоямыз дегенді сылтауратеп бірнеше рет Куба мен Пуэрто-Риконың территориялық тәуелсіздігін бұзып, Куба мен Пуэрто-Риканың ішкі су жолдарына енеді.
Испания үкіметінің рұқсатынсыз-ақ, АҚШ теңіз қарақшыларын жоюды сылтау етіп, өзінің әскерін аралға түсіреді.
1822 жылы 7 ноябрь күні 40 американ морягі Кубадағы теңіз қарақшыларының радиостанцияларын жою мақсатында Куба жеріне енеді. Сөөйтіп теңіз қарақшыларының Кубадағы екі радиостанцияларын жояды және 5 кішігірім кемені қолға түсіреді, оның үшеуін өртейді, ал екеуін Жаңа Орлеанға жібереді.(19)
Одан кейін де теңіз қарақшыларын жоямыз деген мақсатпен Куба жеріне бірнеше рет әскер түсіріледі.
Міне осының бәрі АҚШ-та кубаға қарсы экспонсионистік саясатты жүргізуді қолдайтындардың санын көбейтті. АҚШ үкіметі Кубаның басқа елдің, әсіресе Англияның ықпалына түспеу жолдарын қарастырды.
Оңтүстік Америка халықтары бірінен соң бірі өз тәуелсіздіктерін жариялап жатты. 1816 жылы Аргентина өз тәуелсіздігін, 1818 жылы Чили, 1819 жылы Ұлы Колумбия (Венесуэла, Жаңа Гренада, Эквадор) өз тәуелсіздігін жариялады. 1821 жылы сентябрьде Мексика өз тәуелсіздігін жариялады, оның басшысы болып Итурбиде сайланды. Бірақ көп кешікпей республикалық партия жеңіске жетіп Итурбидені тақтан тайдырды.
Мексикада Федеративтік Республика орнады. 1822 жылы 7 сентябрьде Бразилия тәуелсіздікке қол жеткізді.
1823 жылы 1 июльде «Орталық Американың Құрама провинциясының тәуелсіздік декларациясы» қабылданды. Оның құрамына Гватемала, Коста-Рпика, Никарагуа, Гондурас және Сальвадор кірді. (20)
1820 жылдағы революциядан кейін Испания мемлекеті, кейбір тәуелсіздік алған елдермен бітім шартын жасады. Сөйтіп Латын Америкасындағы ұлттық-азаттық қозғалысының жеңісін мойындады.
Латын Америкасындағы халықтардың ұлт-азаттық қозғалысының жеңістерімен санасу керек болды, соны дер кезінде бағалай білген АҚШ капиталистері Латын Америкасындағы елдермен сауда-саттықты дамытты. АҚШ Кариб бассейндегі Куба және Мексикамен сауда-саттықты Латын Америкасының басқа елдермен салыстырғанда көп мөлшерде жүргізді. Латын Америкасының басқа елдермен сауда жүргізуде Англия басымдыққа ие болды.
1822 жылы Англияның сауда көлемі 30 млн. доллар болса, АҚШ-тың сауда көлемі 14 млн. доллар болды. Латын Америкасымен жүргізілген сауда көлемі жылдан жылға өсіп отырды оны мына таблицадан көруге болады: (21)
Қаланың аты |
жылдары |
Экспорт |
Импорт |
|
Куба |
1821 ж |
4540 мың |
6584 мың |
|
1822 ж |
4270 мың |
7299 мың |
||
1823 ж |
5405 мың |
6952 мың |
||
Гаити
|
1821 ж |
2270 мың |
2246 мың |
|
1822 ж
|
2119 мың
|
2241 мың |
||
1823 ж |
2378 мың |
2352 мың |
||
АҚШ –тың Оңтүстік Америкаға шығарған товарының көлемі:
(доллар есебімен)
1822 -1826 жылдары
1822 жылы |
3 698 996 доллар |
1823 жылы |
4 913 108 доллар |
1824 жылы |
8 219 912 доллар |
1825 жылы |
11 257 312 доллар |
1826 жылы |
10 754 961 доллар |
АҚШ-қа әсіресе оңтүстік көршілерімен сауда жасау тиімді болады
АҚШ бұл елдерге негізінен өз өнімдерін шығарды. Ағылшын – Америка қайшылығы әсіресе ағылшындық Вест-Индиямен АҚШ аралығындағы сауда мәселесінде айрықша көрініс тапты.
Жаңа Англия саудагерлері Англияның Вест-Индиясымен кең көлемде екі жаққа да тиімді сауда байланысын орнатты. Оның көлемі 35 млн долларға дейін жетті. Бұл жағдай ұзаққа созылмады. Англия үкіметі Вест-Индиямен сауда қатынасы тек Англия кемелерімен жасалынатын болды деп шешім қабылданды. Бұл Америка саудагерлеріне өте қатты соққы болды. АҚШ пен АНглияның Вест-Индия арасындағы сауда көлемі қысқарып кетті. Вест-Индиядағы Англия плантаторлары бұған қарсы шықты. Олар Англия парламентінен бұл жағдайды оң шешуді өтінді.
1822 жылы 24 июльде парламент заң қабылдайды. Бұл заң бойынша Америка кемелері Вест-Индиямен сауда жасайтын болып шешілді. Оған жауап ретінде АҚШ-тың президенті: «1822 жылы 6 майда прокламация қабылданды. Бұл прокламация бойынша АҚШ порттары Англия кемелері ашық», — деп жариялады. (22)
ХІХ ғасырдың 20 жылдарының жартысында АҚШ Оңтүстік Америка рыногына Товар шығаруда біршама жетістіктерге жетті, оның көлемі артты, бірақ Англия үлесі басымырақ еді. АҚШ-тың шекарасына жақын орналасқан елдермен сауда жасауда жетістіктерге жетті.
Латын Америкасындағы тәуелсіздік алған елдердің тәуелсіздігін мойындау АҚШ-та өткір мәселе болып қалды.
1817 жылы Оңтүстік Америкадағы жағдаймен танысу үшін Ц.Родней, Д.Грехма және Т.Блэнді сонымен қатар секретарь Брэккеридж бастаған комиссия жіберілді. Комиссия мүшелері Латын Америкасындағы елдердің қазіргі жағдайлары туралы материал дайындап, оны президент Монроға береді. Монро 1818 жылы конгреске өткізеді.
1818 жылдың көктемінен бастап тәуелсіздікті тану конгресс отырысындағы негізгі мәселеге айналады. АҚШ үкіметі олардың тәуелсіздігін мойындауға асықпады.
Бірте-бірте бұл идея бүкіл АҚШ территориясына тарайды. Оны қолдайтындардың саны арта түседі. Газеттерде де көптеген мақалалар жазылады. 1822 жылы Латын Америкасындағы тәуелсіз елдерді тану туралы шешім шықты. Ал Латын Америкасының тәуелсіздік алған мемлекеттерімен дипломатиялық қатынас орнатуға АҚШ үкіметі асықпады.
Монро доктринасын жариялаған кезеңде АҚШ тек қана Буэнос-Айресті, Ұлы Колумбияны, Мексиканы және Чилиді мойындады. Қалған елдер Европа мемлекеттерінің отарлары деп есептелінді.
Кейін Бразилия (1824 жылы) және Орталық Америка (1824 жылы) тәуелсіз елдер деп олардың тәуелсіздігі мойындалды. Испания мемлекеті АҚШ мемлекетінің Латын Америкасындағы бұрынғы Испания мемлекеттерінің тәуелсіздігін моуындауын жақтырмады.
1822 жылы 8 мартта Испанияның Вашингтондағы өкілі Андуага АҚШ өкіметіне өзінің ренішін білдірді. Қалыптасқан жағдайларға обьективті баға берместен Оңтүстік Америкадағы отарларынан айырылғысы келмеді. Оңтүстік Америкадағы Испания мен отар елдердің халықтарының арасындағы соғыс тоқтатылды. Испания армиясының командирлері мен вице-корольдары Колумбияның, Мексиканың және Перудің тәуелсіздігін мойындады.(23)
Европа елдеріндегі Испания елшілері президент Монро қабылдаған шешімдерге наразылық білдіру туралы нұсқаулар алды. Америка Құрама Штаттары латын Америаксындағы бұрынғы Испания отар елдерін танудың олармен болатын сауда қатынастарында басымдыққа ие болу үшін жасалынып отыр деп түсіндірді.
1822 жылы Испанияның сыртқы істер министрі Мартинес дела Роса өзінің Европа елдеріндегі елшілеріне Латын Америкасындағы отар елдердің жағдайы туралы манифест жолдады. Испания өзінің қарсылығын білдіре отырып, Американың саяси жүйесіне қарсы, Европа елдерін қояды. Доктрина және Құрама Штаттардың барлық іс-әрекеттері қалайда болса Европалықтардың билігінің Америка континентінде болмауын көздейді. Америкадағы тәуелсіздік елдермен қарым-қатынас, сауда т.б.
АҚШ, Англияға қарағанда көбірек пайда табады. Шын мәнінде АҚШ мемлекеті Испания Америкасына қандай саясат ұстанды, көптеген тарихшылар АҚШ-тың Латын Америкасындағы ұлт-азаттық қозғалыстарына бейтарап қарап, көмектеу туралы ойламағанда АҚШ кей жағдайда Испания жағында болып, көтерілісшілерге зиян келтіріп отырған.
Өзінің экспонсионистік мақсаттарын іс-жүзіне асыру үшін Америка Құрама Штаттары 1818-1821 жылдары Флориданы қосып алды. ХІХ ғасырдың 20 жылдарынан бастап Техас аймағын отарлай бастады. Қолайлы жағдайларды пайдаланып Кубаны жаулап алуды ойлады. (24)
Флориданы бейбіт жолмен қосып алды немесе оны 5 млн. долларға сатып алды дегеннің барлығы шындыққа жатпайды. Шын мәнінде оны жаулап алды.
Амелия аралында әскер күшімен жаулап алғаны белгілі. 1817 – 1818 жылдары Америка Құрама Штаты Флориданың испания отарларындағы болып жатқан көтерлісшілерінің қатарында көргісі келмеді. Сөйтіп оны әскер күшімен АҚШ территориясына қосты.
Америка Құрама Штаттарының Куба туралы ұстанған саясатының да өз ерекшелігі бар. Оның мақсаты Кубаның үшінші елдің ықпалына түсіп кетуінен сақтау. Сондықтан Кубадағы Испанияның билігінің сақтауына АҚШ мүдделі болды.
Америка Құрама Штаттарының мүддесі Оңтүстік Америакдағы жаңа мемлекеттермен сауда-саттықты ұлғайтуды көздеді. Сонымен қатар олармен арадағы саяси қатынастарды жақсартуды көздеді және Америка Құрама Штаттарының жалпы саяси ахуалын нығайтуды көздеді.
ІІ – тарау. Монро доктринасының жариялануы
1822 жылы көптеген Испан Америкасының тәуелсіз елдерінің тәуелсіздігін мақұлдады, сөйтіп 1823 жылғы жарияланған Монро доктринасының негізі қаланды. (25)
Монро доктринасын дайындау мен жариялануының шығу тарихы туралы негізгі проблеманың бірі «Қасиетті Одақтың» Латын Америкасына жасайтын интервенция шабуылы. Осы мәселені дұрыс талдау Монро доктринасының мінезін айқындайды..
Егер шын мәнінде Батыс жарты шарға қауіп төніп тұрса, қаруланған интервенция шындық болса, онда Монро доктринасы қорғаныс сипатына ие болады. Америка Құрама Штаты Латын Америкасының құтқарушысы ретінде қабылданады.
«Қасиетті Одақтың» интервенциясы туралы өсек Европада да, Америкада да кеңінен тарады. Кейін кейбір әдебиеттерде ол қауіпті Монро Доктринасының жариялануы жойды дейді. Шын мәнінде былйша еді. Кейінгі тарихшылардың архив материалдарын зерттеуінің нәтижесінде әсіресе жас тарихшы Перкинстің осы мәселеге қатысты Европадағы елдерде жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ешқандайда Латын Америкасына қарсы интервенцияның дайындалмағанын дәлелдеді.
«Қасиетті Одақтың» интервенциясының жалған екендігін басқа да көптеген тарихшылар дәлелдеді. Тарихшылардың арасында қарама-қарсы пікір айтқандар да болды.
Англияның сыртқы саясаты туралы тарихшысы Гарольда Темперлей «Қасиетті Одақтың» испания Америкасына қарсы интервенциясының тарихы жеткілікті зерттелген жоқ, сондықтан бір жақты пікір айту ерте деп мәлімдеді. Интервенция жасау мүмкіндігінің болмағанының мынадай себептерін көрсетеді:
- Испания отарлары 1922 жылы тәуелсіздікті орнатып қойған еді. Оны Европа елдерінің күшімен қайта орнату мүмкін емес еді.
- Франция өкіметі Перу, Чили және Мексика тағына испандық Бурбон әулетін қоюды ойламағанымен, оны күштеп қоюдан ойлаған жоқ.
- Архивтерде бұл туралы ешқандай мәліметтің болмауы. (26)
Сонымен тарихшылар Латын Америкасына қарсы «Қасиетті Одақтың» интервенциясының жоспарланбағанын, дайындалмағанын дәлелдеді. Тек алғашқы кезеңдерде Россия Испанияға жәрдем беруді ойлады. 1824 жылы майда бұл ойын іс-жүзіне асырудан бас тартады.
Осы мәселе жөніндегі американдық маман У.С.Робертсон бірнеше жыл Европа архивтерінде жұмыс істеген мынадай мәлімдеме жасайды. 1824 жылы Нессельродта «Қасиетті Одақтың» Испания Америкасында күш көрсетуімен отарлық езгіні қайта орнату жөнінде келіссөз болды дейді.
«Қасиетті Одақтың» интервенциясының мүмкіншілігін Чарльз Уэбетер жан-жақты зерттеп былай деді: «Европада бірде-бір мемлекет Америкадағы отарлық езгіні күшпен қайта орнату туралы дайындалмағанын кейбір жеке ойлардың болғанын, бірақ ондай ойды ешқандай мемлекет қабылдамады».
Монро Доктринасы да, Похиньяктің меморандумасында Испания отарларының тәуелсіздігін сақтаған жоқ және Европалық шабуылынан қорғаған жоқ.
Сөйтіп шетел зерттеушілері «Қасиетті Одақтың» Латын Америкаға қарсы интервенция жасауға дайындалды деген жорамалдарын жоққа шығарды. Бұл мәселелерді талқылағанда Россияның ұстанған бағытын айқындап алуымыз қажет. Өйткені, оның ұстаған бағытын әртүрлі бағытта көрсетуге тырысты. Шын мәнінде Россия Латын Америкасына қарсы интервенция ұйымдастыру, оған қатысу мәселелерін көтерген жоқ.
АҚШ-тың «Қасиетті Одаққа» кіруінің мүмкіншілігі туралы Россия мен АҚШ арасында келіссөздердің болғаны белгілі. АҚШ-тағы орыс өкіліне АҚШ өкіметінің бұл туралы көзқарасын анықтау туралы тапсырма бергені белгілі.
1819 жылы 19 июньде Вашингтондағы Россияның жаңа өкілі П.Полетикпен АҚШ мемлекеттік хатшысы Д.К.Адамсом болған әңгімеде Россия императоры АҚШ-ты «Қасиетті Одақтың» қатарында көргісі келетініндігін айтты деп мәлімдеді. (27)
Егер АҚШ-тың Европа елдерімен қатынасында келіспеушілік туындаса, әсіресе Англиямен, Россия, АҚШ пайдасына қарай шешуге көмек берер еді дейді.
1819 жылы декабрьдің басында Полетикамен мемлекеттік хатшы Адамс бұл мәселені тағы да қозғайды. Мемлекеттік хатшы Адамс бұл мәселені конгресс отырысында ұсынатынын мәлімдейді. Бірақ конгресс бұл ұсынысты қабылдамайды.
АҚШ билеушілері дүниежүзінің екі бөлікке бөлінуін қалады. Сөйтіп Батыс шарда билік жүргізіп, өзінің ықпалын орнатпақшы болды. Сондықтан Д.К.Адамс Европаның да, Американың да пайдасы үшін Европалық және американдық жүйе бір-бірінен алшақ тұрсын деді. Міне осы жүйе (Европалық, Американдық) Монро доктринасына енеді. Кейін панамерикандық ұйым құрғанда бұл принцип негізге алынады. АҚШ-тың «Қасиетті Одаққа» кіруге қарсы болғандығына қарамастан АҚШ пен Россия арасындағы қатынас достық жағдайда қала береді. Россия өкілі Полетика мен АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Д.К.Адамстың арасында достық қатынас орнайды. Сондықтан да бір кездесуде АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Д.К.Адамс Россия өкілі Полетикеге 1819 жылғы 22 февральда жасалынған испан-америка келісімінің түпнұсқасын көшіруге береді. Мақсаты Россия императоры Александр 1-ге ықпал ету еді. (28)
Полетика мемлекеттік хатшы Д.К.Адамсты өзіне берілген нұсқаудың мазмұнымен таныстырады. Полетика Россия мемлекетінің Испания туралы Одақтастарының берген ешқандай уәдесі жоқ екендігін айтады. Россия императоры І Александр мұндай уәде беруге қарсы екендігін мәлімдейді.
Россия императоры І Александр Америка өкілі Кэмпбеллге 1820 жылғы жазда АҚШ өкіметінің Россияға сенім білдіруіне болады, достық қатынас ажырамайды деді. Әрине патша өкіметі монархиялық реакциялық жүйені сақтай отырып, күштердің тепе-теңдігіне баға бере отырып, отарлау саясатының мәңгілік емес екендігін түсіне отырып Оңтүстік Америкаға интервенция жасауға дайындалған жоқ. Испания королі Фердинанд VII Оңтүстік Америкадағы отарларды қайта қалпына келтіре алмайтынына бірте-бірте көзі жетті. (29)
Бұл мәселеге Франция өкіметінің ұстанған принципі күрделі. Европадағы бірден-бір мемлекет Франция ғана Испания отарларына әскер жіберуі мүмкін еді.
1823 жылы Испанияда король Фердинанд VII-нің абсалюттік монархиясын қалпына келтіру үшін Испанияға шабуыл жасайды, осыған орай көптеген баспа құралдарына Оңтүстік Америкаға интервенция жасау мүмкіншілігін бар екендігі туралы жазды.
1822 жылғы 13 декабрьде шыққан «Журналь де Дебо» газетінде Мексика мен Перуге Испан инфанттары жіберіледі деп жазды. 1823 жылы Франция Өікметі испан Америкасының жағалауларындағы әскери кемелеріне жергілікті мемлекеттермен достық қатынас орнату туралы ол елдермен болашақта сауда байланысын дамыту туралы нұсқау береді. (30)
1823 жылы февральда Францияның теңіз министрі Клермон Гоннер, Бразилия жағалауындағы әскери-теңіз базасының командирі Грювелюге испан жағалауындағы кемелерді басып алыңдар деп бұйрық береді. Француз адмиралы Баржере Антиль аралының маңындағы теңіз базасының қолбасшысы көтеріліске шыққан елдердің кемелерімен бірігіп испан роялистеріне қарсы соғыс қимылдарын жүргізуді ұсынды.
Монро доктринасының жариялануының қарсаңындағы халықаралық жағдайды дұрыс түсіну үшін Англияның ұстанған позициясын анықтаудың маңызы ерекше.
Ұлыбританияның көтеріліске шыққан Испания отарларына ұстанған позициясы зерттелген.
Ағылшын өкіметі бұрынға Испания отарларымен жақсы сауда байланысынорнатқан еді. Ағылшын саудагерлері негізінен барлық сауданы қадағалап, үстемдікке ие еді. Отарлаудың ыдырауы Европаның басқа елдеріне қарағанда Англияға тиімді болды. Жаңа елдерге өз товарларын көптеп өткізуге мүмкіншілік туды.
Бірақ Англия 1823 жылға дейін тәуелсіздік алған елдердің тәуелсіздігін таныған жақ 1822 жылғы 15 ноябрьде Джордж Каннинг кабинеті мүшелеріне жолдаған меморандумінде «Біздің ол елдерді танумыз уақытша бірақ бұл уақытша ғана», — деп мәлімдеді. (31)
Англия Европа елдерінің, әсіресе Францияның Испания Америкасының ішкі жұмыстарына араласпауын талап етеді.
Д.Коннинг Францияны Ч.Стюарт арқылы ескертіп ғана қоймай, 1823 жылы 31 мартта баспада жариялады. Англияның Испан-Америка мәселесіне туралы инструкция жариялады.
1823 жылы август айында АҚШ пен Англия арасында бірігіп іс-әрекет жасау туралы мәлімдеме болғаны белгілі.
Англияның Испан-Америка мәселесіндегі позициясын былай тұжырымдайды: «Испания Америкасын» қайтадан Испания билігіне беруге әрекеттену бос әурешілік, осы мақсатта соғыс жүргізу немесе басқа да іс-әрекеттер жасау қаншама адамның өмірін қияр еді, екі жаққа да көп зиянын әкелер еді.
Сонымен талдау көрсеткендей Европаның сол кездегі ең күшті елдері Англия, Франция және Россия тарапынан Латын Америкасындағы Испанияның отарлау жүйесін құлатып, тәуелсіздік орнатқан елдерге қарсы соғыс қимылдарын жасау ниеті болмағандығын көрсетеді. Англияда, Францияда бұл елдермен сауда байланысын нығайтып, оны дамытуға мүдделі еді. «Қасиетті Одақ» тарапынан Латын Америкасына қарсы интервенция дайындалмағаны тарихтан белгілі. Сонда да болса Америка қауіптенді. Америкада, тікелей АҚШ-тың өзінде «Қасиетті Одақ» тарапынан қарулы интервенцияның болмайтындығы, Испанияның Оңтүстік Америкадағы билігін қайта орнатуға мүмкіндігінің жоқ екендігі белгілі болған.
АҚШ өкіметінің қолында елшіліктер өкілдерінің толып жатқан хабарламалары болды. Бұл хабарламаларда интервенциялық қауіптің жоқ екендігі талай рет айтылды.
1823 жылы Д.Перкинс қарулы интервенциялық қауіп болды ма, болған жоқ па, ал Монро үшін ол болды деп жазады, оның кеңеісшісі осылай ойлады дейді. 1823 жылғы ноябрь айында американ өкіметінің отырысында президент Монро, әсіресе соғыс министрі Д.Кэлхаун, Кадис құлағаннан кейін «Қасиетті Одақ» Мексика мен Оңтүстік Америкаға экспедиция жіберіп, Испания отарларын жаулап алады деді. (32)
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Д.К.Адамс интервенцияның болатындығына сенбейді және Испанияның Оңтүстік Америкадағы отарлық жүйені қайтып қалпына келтіреді дегеннің бәрі бос сөз екенін түсінді.
Латын Америкасының кейбір саяси қайраткерлері интервенция болатындығына сенді. Ал Ұлы Колумбияның президенті Симон Боливар, Буэнос-Айрестің сыртқы істер министрі Ривадавиа, Мексиканың сыртқы істер министрі Аломан интервенция болатындығына сенбеді және олар Англияның интервенцияны қолдамайтындығын білді. Боливар Англияның Испан Америкасының тәуелсіз елдердің тәуелсіздгін мойындайтындығына сенді.
Испания Америкасына «Қасиетті Одақ» қарулы интервенция жасайды деген аңызды кім шығарды, кімге қолайлы?!
Бұл қиял кімге пайдалы, әрине АҚШ пен Англияға. Осы жас мемлекеттердің сеніміне ие болады немесе саяси ұпай жинауды көздеді.
«Қасиетті Одақтың» интервенциясы оның қатері т.б. жалған ақпаратты таратуда көрнекті орынды АҚШ пен Англияның прессасы алды. Европа прессаларында да ол туралы материалдар басылып тұрды. Жоғарыларды саралап келіп, былай қорытындылау дұрыс сияқты:
- Латын Америкасына 1823 жылы ешқандай «Қасиетті Одақ» интервенциялық қауіп төндірген жоқ. Монро доктринасы жалған қауіпке қарсы бағытталды. «Қасиетті Одаққа» мүше елдердің бірде-біреуі интервенция жасау туралы мәлімдеме жасаған да емес, оған дайындалған да емес. Әңгіме «Қасиетті Одақ» интервенцияға үзілді-кесілді қарсы болды дегенде емес. Бәріне белгілі «Қасиетті Одаққа» мүше елдердің көпшілігі азды-көпті реакциялық-монархиялық принциптерді ұстап келген және Испания королінің ерекше құқықтарын силаған. Олар испан-американ мәселелерін көп талқылаған, бірақ көптеген қиындықтардың болуы нақты интервенция жасауға мүмкіндік бермейтінін түсінген.
- Америка Құрама Штаттары 1823 жылы қалыптасқан халықаралық жағдайдың бәрін зерттеп, одан өте көп хабардар болған. Англияның «Қасиетті Одақтың» жаулап алу саясатын қолдамайтынынан да хабардар еді. Испанияның Батыс жарты шарда өз үстемдігін қайта орнатудың мүмкін емес екендігін де түсінген.
Америка Құрама Штаттарының кейбір саяси қайраткерлері Д.Монро, Д.Кэлхаун интервенциясының қаупіне сақтықпен қараған. Ал Америка үкіметінің отырысында бұл мәселе туралы көп білетін мемлекеттік хатшы Д.К.Адамстың көзқарасы жеңіске жетті, соның нәтижесінде 1823 жылы 2 декабрьде конгресске арналған жылдық жолдаманың жобасы қабылданды.
- «Қасиетті Одақтың» Латын Америкасына қарсы интервенциялық мықты қауіп туып тұр деген өсекті шығарған да, оны таратқан да Лтаын Америкасындағы елдерді «Қасиетті Одақтың» құлдығынан құтқарушысы, қорғаушысы ретінде көрініп Англия мен АҚШ саяси ұпай немесе саяси капитал жинауды көздеді. (33)
Интервенцияның жобасы туралы әртүрлі өсектер ойдан шығарылған қиялдар, Англия мен АҚШ газет-журналдарында үзбей жазылып тұрды. Бұл аңыз әдебиетте де берік орын алды. Тек қана ХХ ғасырда архив материалдарын, басқа да хаттарды, документтерді мемлекет және саяси қайреткерлердің еңбектерін пайдалана отырып интервенциялық қауіптің болмағанын дәлелденді.
ХІХ ғасырдың 20- жылдарының басында Америка Құрама Штаттарының сыртқы саясатының негізі бір мәселесі, Қиыр батыстағы территориялар үшін болған күрес еді.
Бұл күрестің маңызы АҚШ-тың келешекте осы территорияларда өз үстемдігін орнатып, сауда қатынасына маңызды Тынық мухитына өз үстемдігін орнату еді. Солтүстік батыс аймақ аң аулаушыларды қатты қызықтырды.
Солтүстік батыс аймақтарды АҚШ құрамына кіргізуге ірі капиталистер мүдделі еді. Соның бірі миллионерлер династиясының негізін қалаған Джона Джекоба Астора. Д.Д.Астора 1810 жылы «Тынық мухит аңдар терісі компаниясын» құрады. 1811-1812 жылдары Колумбия өзенінің қойнауына порт және сауда постын салады. Кейін бұл Австрия болып аталады. (34)
Форттың мақсаты аң терілерін сақтап, АҚШ-тың ішкі аудандарымен Колумбия өзені арқылы сауда-саттықты жолға қою еді.
АҚШ-пен Англияның арасындағы соғыстың басталуына фортты ұстап тұру мүмкін еместігіне байланысты оны 1813 жылы Англияның «Солтүстік батыс компаниясына» 58 мың долларға сатып жібереді. Кейін ол форт Георг форты деп аталады. 1812-1814 жылдардағы соғыс қимылдары тоқтатылған соң АҚШ фортты қайтаруға әрекет жасайды. Сөйтіп 1818 жылы 9 августа Американың Солтүстік батыс жағалауын бойлай капитан Бидл басқарған әскери коробль «Онтарио» жіберіледі. Соның нәтижесінде Астория фортын уақытша пайдалану туралы келісімге қол жетеді. Д.Д.Астора өте көлемді іс-әрекеттерге кіріседі. 1821-1827 жылдары сол аймақтардағы жұмыс істеп жатқан көптеген майда компаниялар мен Эшли мен Генридің ірі компаниясы Мисурийский бағалы аң терісі компаниясын да өз қарамағына алады. Канада шекарасына дейінгі бүкіл Солтүстік батыс аймақтарға өз үстемдігін орнатады. (35)
Д.Д.Астория компаниясының іс-әрекеттерін өте кең көлемде жүргізілгенін мына цифрлардан көруге болады.
1815-1830 жылдардағы Миссури бассейні бойынша «Америкалық аң терілер компаниясының» шығарған шығындарының көлемі 2100000 доллар, оның 1500000 доллар товарға, 450000 мыңы 20 клерктерге төленді.
Пайда 3750000, ал таза пайда 1650000 мың долларды құрады немесе жылына 110000 мың доллар болды. (36)
Америка Құрама Штаттарының Тынық Мухит жағалауына шығуы келешекте Азия елдерімен сауда қатынасын орнатуға маңызды болды.
Тынық мухитқа шығудың Азиямен болатын сауда қатынасын одан әрі дамытуымен түсіндірді.
1814 жылғы 24 декабрьдегі АҚШ пен Англия арасындағы Гент бейбіт келісімі Англия мен АҚШ-тың арасындағы қайшы мәселерді шешпеді. Сондай-ақ Канада арасындағы шекараға қатысты алауыздықтар да шешілмеді.
Англия өкіметі АҚШ-тың Колумбия өзінінің жағалауларына үстемдік орнатуын қаламады.
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Д.Д.Адамс Англия тарапынан болып жатқан қарсылыққа наразылықпен қарады. Ол өзінің сөзінде: «АҚШ Англияның Европада, Азияда және Африкадағы иеліктеріне араласып жатқан жоқ». (37)
Сондықтан біздің жарты шарда өзінің табиғи иеліктерін кеңейтуге АҚШ-қа кедергі келтірмеуі тиіс еді.
1818 жылғы 20 октябрьдегі Лондандағы Р.Раштың, А.Галлатидің, Т.Гоулбоурнмен және Ф.Робинсонмен келіссөздерінің нәтижесінде конференцияға қол қойылды. Оның шарты бойынша АҚШ пен Канада арасындағы шекара Орман көлінен жартасты тауына дейін 49 паралль бойымен белгіленді.
Ал Тынық мухитпен жартасты Тау аралығын Англия мен АҚШ 10 жыл көлемінде бірігіп игеретін болды. Сол жылдары АҚШ Миссури өзенінің жағалауларына әскери және сауда порттарын салуға әрекеттенеді.
АҚШ-тың әскери министрі Джон Кэлхаун Ұлы көлдер аймағынан жартасты тау аралықтарынан бірнеше әскери посттар салуды көздейді.
1818 жылы АҚШ әскери министрі Д.Кэлхаун бригада генералы Т.Смитке Йеллауссаустон өзенінің қойнауынан үндістермен арадағы сауданы дамыту және кеңейту мақсатында әскери пост салуды тапсырады.
Сауда портын ұйымдастырудың маңызына тоқтала келіп әскери министр Д.Кэлхаун: «Дүниежүзі біздің республикамыздың өскенін әлі-ақ көретін болады, бірнеше жыл бұрын біздің шекарамыз шектелген болса, енді өзіміздің цивилизациямыз бен заңдарымызды, континенттің батыс жағалауларына орнатамыз», — деп мәлімдеді. 1819 жылы 26 мартта 9-әскери департаментінің жаңа қолбасшысы полковник Генри Аткинкинсонға Миссури аймағындағы постарды құрудағы мақсаты біздің аң терісімен жасайтын сауданың аумағын кеңейту және оны қорғау, сондай-ақ солтүстік-батыс шекара аймағындағы бейбітшілікті сақтау және осы аймақтардағы қоныстанған үнді тайпаларына күшті бақылау орнату.
АҚШ өкіметінің бұл аймақтардағы жүргізіп отырған іс-әрекеттері Орыс дипломаттарын бей-жай қалдырмауы. Вашингтондағы орыс уәкілі Полетик АҚШ өкіметінің осы аймақтардағы салынып жатқан әскери постылары туралы хабарлап отырды.
Полетиктің ойынша американдықтардың Иеллоустон өзеніне ұйымдастырылған экспедициясының алдына қойған екі мақсаты бар, бірінші мухит Атлант мухиты жағалауы мен Тынық мухит жағалауының арасында тікелей жол қатынасын орнату, екіншіден Англия аң терілер компанияларның жергілікті үндістерге орнатқан ықпалын жою және өте пайдалы аң терілерімен жасайтын саудада Англияның орнын басу.
Орыс уәкілі АҚШ-тағы негізгі мәселелерге өте көп көңіл бөліп отырды. 1819 жылы 20 августа өзінің Лондандағы әріптесі граф Ливенге АҚШ-тағы қаржы кризисі және батыс аймақтардағы экспансия, Оңтүстік Америкадағы жағдайлар туралы жазады. Полетик сондай-ақ американ қоныстарының Миссисипидің батысындағы көбейгендігі туралы хабарлайды.
ХІХ ғасырдың 20 жылдарының басында Колумбия өзенінің бассейін оккупициялау туралы бірнеше рет конгресте талқылады. Колумбия өзенінің бассейнің оккупациялауды жақтап конгресте палата мүшесі Флойд сөйледі. Бұл мәселеде Д.Д.Астораның мүддесінің жайын ойлағандық байқалады. 1820 жылы 19 декабрь күні Флойдтың бастамасымен Тынық мухит жағалауларының жағдайын анықтау мақсатында арнаулы комитет құрылады.
1821 жылы 25 январь күні Флойдтың жетекшілігімен бұл мәселе туралы кеңейтілген баяндама жасалынады. Баяндамада «Комитет бұл мәселеге байланысты жайлардың бәрін тексере келе АҚШ бұл жобадан өте көп пайда көретінін дәлелдейді. (38)
Баяндамада Шатқалды тау мен Тынық мухит жағалауларына дейінгі аралықты Испания мемлекетінен басқа бірде-бір мемлекет қарсы шыға алмайды деп көрсетіледі.
Колумбия өзенінің жағалауларын оккупациялау 1818 жылғы 20 октябрьде АҚШ пен Англия арасындағы келісім шарттарын сақтамағандық болатын еді. Сондықтан бұл жоба орындалмады. 1821 жылы 27 январьда Англия өкілі Стрэтфорд Каннинг пен АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Д.К.Адамстың кездесуі болады. Бұл кездесуде АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Англия мемлекетінің өкілі С.Каннингке Солтүстік Америкадағы өздеріне тиісті жерлеріне ие болыңдар, ал қалғаны біздікі деп мәлімдеді. Бұл әңгіме Монро доктринасының шығу тегін түсіну үшін маңызы өте зор. (39)
ХVII — XVIII ғасырларда орыс теңіз саяхатшылары Тынық мухиттың жағалауын зерттеп Американың Солтүстік-батыс аймақтарына қоныс тебе бастайды. ХІХ ғасырдың 20 жылдарының басында Солтүстік Америка континенті мен Алеут аралдарында орыстардың 15 тұрғын мекендері болды. 1819 жылы орыс-американ компаниясында 391 орыс, 244 креол және 8384 түземдіктер болды.
Аң терісін сатудағы түскен пайда 1797-1820 жылдары 16238738 сом болды. Орыс-американ компаниясы монополиялық компания ретінде өзінің жоспарланған әрекеттерін толық іс жүзіне асыра алмады. Оның негізгі қарсыласы Англияның Гузонов компаниясы мен Америка Құрама Штаттардың да іскер пайдақұмар тобы болды. Солтүстік американдықтардың коммерциялық іс-әрекеттері үнемі орыс-американ компаниясының жұмысын кедергі келтіру мақсаты көздеді.
Солтүстік американдықтар жергілікті тұрғындарға үнемі қару-жарақ т.б. қарулармен жабдықтап, оларды орыстарға қарсы айдап салып отырды. ХІХ ғасырдың бірінші жылдарында жергілікті тұрғындар Ситха аралығындағы орыс қонысын жойып жіберді. Бірде Бостандықтан қару-жарақ және порох алып, орыс қонысы Славароссияны жойып жіберді.
Бұл жағдайларды дипломат исилық жолмен шешудің мүмкіншілігі болмады. 1818 жылы Американдағы орыс иеліктеріне «Камчатка» кемесімен капитан В.Головнин келеді.
В.Головнин бұл туралы Россия үкіметіне толық баяндайды. Онда шетелконтрабандистерінің компанияның жұмысына, әсіресе саудасына үлкен зиян келтіретіндігін, американдықтардың жергілікті тұрғындарға ашық түрде қару-жарақ, порох және суық қарулар сатумен айналысатындығын хабарлайды. (40)
Орыс-американ компаниясы американ компанияларынмен бәсекелесе алмайтындығы белгілі еді, өйткені орыс-американ компаниясы компания табысын көбейтуге мүдделі емес еді, олар, басшылар нақты белгіленген жалақы алатын. Ал американ компаниясында жағдай басқаша, олар жалақыны табыстың мөлшеріне қарап алатын.
Патша өкіметі негізгі кедергілерді түсінбеді, түсінгісі келегн де жоқ.
1821 жылғы 4 сентябрьдегі император Александрдың жарлығында. Орыс-американ компаниясындағы жұмысындағы кемшіліктердің барлығы олар туралы жасалынған ережелердің кемшіліктерінен деп түсіндірілді. (41)
63 параграфтан тұратын бұл ережеде Шығыс Сибирь, Американның солтүстік-батыс және Алеут, Куриль аралдарының жағалауларында жүзудің қарым-қатынасты қалай жолға қою көрсетілді.
1 параграфта: Американың солтүстік — батыс жағалауларында, онымен шекаралас аралдарда, порттарда және бұғаздарда сауда жасау, кит пен балық аулау т.б. тек Россия азаматтарыға ғана рұқсат етіледі деді.
2 параграфта. Егер шетелдік кемелер Россияға тиісті жағалауларға 100 итальян миль жақын келсе ол кеменің барлық жүгі конфискаланады деді.
Келесі параграфтар алдыңғы екі параграфтағы ережені қалай орындау керектігі туралы айтылды.
І Александр 13 сентябрь 1821 жылғы жырлығымен Россияның жұмысы 20 жылға белгіленді. Тағы да басқа шешімдер белгіленді. Бірақ онымен Россия-американ компаниясының жұмысы жақсарған жоқ.
АҚШ мемлекетінің мемлекеттік хатшысы Патша өкіметінің жоғарыдағы ережелерімен таныса келіп, Вашингтондағы орыс өкілінің түсінік беруді сұранады. Бұл жарлық Америка Құрама Штаттары мен оның азаматтарының құқығын бұзғандық болады деп мәлімдеді. Полетик өзінің жауабында Американың солтүстік-батыс жағалауларындағы 51-параллельге дейінгі аралық Россия иелігі болады. Өйткені бұл жерлерді бірінші ашқан Россиялықтар, бірінші болып бұл территорияларға орыстар қоныстанды деп түсіндіреді.
Испания 60 параллельге дейінгі жерлерге иелік етпеген, сондықтан Испания мен АҚШ-тың 1819 жылғы келісім бойынша бұл территорияға иелік етуге құқы жоқ деп мәлімдейді. (41)
Бұл жарлық АҚШ пен Англияның, Американың солтүстік-батыс аймақтарында коммерциялық қызығушылық білдіретін топтардың наразылығын туғызды.
1822 жылы американ өкілі Гмиудлтон Каподистрияға Нессельродпен кездесуді өтінеді. Каподистрия Россия өкіметі жарлықтағы айтылғандарды орындауда асығыстық танытып отырған жоқ, сондықтан бұл мәселені қозғаудың қажеті жоқ деп түсіндіреді.
1823 жылы 17 июльде Адамс пен Тейлз арасында әңгіме болды. Осы әңгіменің барысында пайда болған принцип, Монро доктринасын жазғанда өзгертілмей кіргізілді. (42)
Америка материгі бұдан былай ешқандай Европа елдерінің отарына айналмауы керек деп мәлімдеді. Адамс өзінің Тейлмен кездескенінде АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Адамстың ойынша Англияның Американың солтүстігінде орналасқан жері басқасы бүкіл Солтүстік Америка АҚШ-тың басқарылуына берілуі тиіс деді.
Европалықтардың Америка материгінде келешекте отарлауға құқығы жоқ деген мәлімдемесі Ұлыбританияның батыс жарты шардағы мақсатына қайшы еді. Сөйтіп Американың солтүстік батысында үш держава АҚШ, Англия және Россия – арасында бітіспейтін күресі басталды.
Бұл аймақтарда ХІХ ғасырдың 20-жылдарынан бастап АҚШ белсенді саясат жүргізді.
ІІ.1 Монро доктринасының сипаты мен мазмұны
Монро доктринасының өмірге келуіне жоғарыдағы айтылған АҚШ-тың ішкі және сыртқы жағдайларымен қатар Д. Каннингтің Лондондағы өкілі Р. Рашуға Испан-Американ мәселесінде екі ел АҚШ және Англия бірігіп әрекет жасайық деген мәлімдемесі тікелей әсер етті.
Халықаралық қатынас сол кезеңде өте күрделі еді.
Оңтүстік Америкадағы Испания және Португалия отарларының тәуелсіздік алып, өз мемлекеттерінің құруы дүние жүзі бойынша мемлекеттердің күштерінің тепе-теңдігіне көп әсер етеді. Өткір мәселе осы құрылған мемлекеттерге кімнің ықпалы жүреді, кім оны өз жағына тартады бұл мәселенің маңызы өте зор еді. Кім басшылық жасайды қалыптасқан жағдайға байланысты Америка континенті мынандай варианттарды ұсынды:
- Колумбияның басшылығымен.
- Ұлыбританияның басшылығымен.
- АҚШ-тың басшылығымен.
Д.Коннигттің АҚШ-пен достық қарым-қатынасты дамытуға әрекет жасауының мақсаты Англия өнеркәсіп тауарларын кедергісіз Америкаға әкелу еді. Сөйтіп Америка рыногында басымдыққа ие болу еді.
Монро доктринасындағы жолдаулар Англияның осы ұсынысына қайтарған жауап болды. АҚШ бүкіл Американы өз ықпалынан шығармай, өзі жеке-дара билік құруды мақсат етіп қойды.
Латын Америкасындағы жаңа мемлекеттердегі АҚШ пен Англия ықпалына түспеу үшін бірлестіктер, ұйымдар құруды жоспарлады.
Оңтүстік Америка мемлекеттерінің біргу идеясын бастаған Колумбияның жетекшісі Симон Боливар еді. (43)
Латын Америкасындағы ұлттық азаттық қозғалыстарының жетістіктері Симон Боливар идеясын нақтылай түсті. Колумбия төңірегіне жаңа құрылған мемлекеттердің конфедерациялық одағын құрудың мүмкіндігі туды. Колумбияның сыртқы істер министрі Педро Гуал 15 апрель 1823 жылы Американдық конфедерациялық жасаудың іс жоспарын Колумбия өкіметінің конгресіне тапсырды.
«Федеральдық жүйені» құруда мына статьялар негізге алынды:
- Америка мемлекеттері соғыс уақытында да, бейбіт уақытта да бостандықты және тәуелсіздікті нығайту үшін, бір-бірінің тәуелсіздігіне нұқсан келтірмей, территорияның біртұтастығын қорғау үшін мәңгі одақ пен конфедерацияға бірігеді.
- Мемлекеттер арасындағы пайда болған шекаралардың бұрынғы 1810 жылы бекітілген генер-губернаторлық және вице-коралдық шекаралық белгілерін негізге алынсын.
- Қатысушы елдердің азаматтары мен азаматтық алғандар жеке-меншік, ішкі және сыртқы сауда мәселелерінде сол елдің тұрғындары мен бірдей жағдайда болады.
- «Мәңгі одақ және конфедарация туралы келісім» әр елден екі делегаттың қатысуы Панамада өткізіледі.
- «Мәңгі одақ пен конфедерация туралы келісімі» келісім келген елдердің тәуелсіздігіне нұқсан келтірмеу керек. (44)
1823 жылы бұл жоспарды Колумбия іс жүзіне асыра бастады.
1822 жылы алтыншы июльде Колумбиямен Перу арасында одақтық келісім жасалынды. 1822 жылы Чили мен 1823 жылы 8-мартта Буэнос-Айреспен, 3-октябрь 1823 жылы Мексикамен, кейінірек 1825 жылы 15-мартта Орталық Американың біріккен провинциялармен осындай келісім жасалынды.
Симон Боливардың Америка мемлекеттерін біріктіріп, конфередирация құрып жетекшілікті ұлы Колумбия жүргізеді деп ойлады.
Симон Боливар АҚШ саясатына сенімсіздік білдірді. Оның қолдауын жақтырмады. АҚШ үкіметі Симон Боливардың конфедерация құру туралы жоспарларын өте салқын түрде қабылдады.
1823 жылы 17-майда Д.К. Адамс АҚШ-тың Буэнос-Айрестегі өкілі Радниге жолдама жіберді. Бұл жолдамада АҚШ-тың жоспарланға конфедерация құру туралы әрекеттеріне жан-жақты талдау жасайтынын айтты.
Симон Боливар өзінің ойын іске асыруда Англияға сенім артқанымен, жаңа мемлекеттердің біріктіретін одаққа Англияның үстемдік құруына қарсы болды.
Латын Америка елдерін Англияға бағынышты болуын Симан Боливар қолдамады.
1823 жылы Англияның ішкі істер министрлігі Джорж Канинг АҚШ-тың Лондандағы өкілі Ришард Рашқа Америкадағы бұрынғы мәселелерді бірігіп шешейік деген ұсыныс айтады.
Англия өкіметі АҚШ-тың Куба аралын басып алуының мүмкіндігіне орай 1823 жылы Англия премьер министрі лорд Ливер Пул Англияның Кубаны басып алмайтындығын, бірақ қазіргі статусы өзгертуге қарсы екендігін АҚШ өкілі Рашқа жеткізеді. (45)
Сонымен Англия АҚШ-ты және Латын Америкасындағы жаңа мемлекеттерді британдық саяси жүйеге біріктіруді ойлады.
Бұл мәселерде саяси мақсатпен бірге экономикалықта мақсат бар еді.
ХІХ ғасырдағы 20 жылдарын да Англияның өнеркәсібі ірі табыстарға жетті.
Өнеркәсібті одан әрі дамыту үшін, оның өнімдерін өткізетін рынок пен шикізат керек еді. Осы тұрғы да жаңа құрылған Латын Америкасындағы мемлекеттер мен АҚШ пен сауда-саттық дамыту маңызы зор еді.
1822 жылы Америкаға әкелінген жүннен істелінген товардың 95 % мақта-мата товарынан 89 % Англияның товарлары еді. Англия Америка материгінде тек экономикалық басымдылыққа ие болу емес, саяси басымдыққа ие болуды көздеді.
1823 жылғы Д.Каннинг АҚШ-тың басқаруымен «Американдық жүйе» құру мүмкіндігін сезді. Ол Америка мен Европаның бүл мәселеде болжап білді. Мұндай бөліну АҚШ-қа тиімді екендігін де болжады.
Англия сыртқы істер министрі Д.Каннинг өзінің 1823 жылғы 20-августе АҚШ өкілі Рашқа жазған хатында бұлай дейді: «1. Бұрынғы Испания отарларында қайтып Испания мемлекетінің үстемдігін орнату мүмкін емес.
- Оларды мемлекет деп тану әлі ертерек және ондай жағдай қалыптасқан жоқ.
- Отарлар мен метрополия арасындағы достық қатынастарды орнатуды бейбіт жолмен реттеуге кедергі келтірмеуіміз керек.
- Біз бұрынғы отарларды жерлерінің бір бөлшегін иеленуге ниетті емеспіз.
- Біз олардың жерлерінің бір бөлігінің басқа мемлекетерге өтуіне қарсымыз». (46)
Осы хатты жіберген соң Т.Каннинг Париждегі Англияның елшісі Ш.Стюарттан Испан Америка мәселесі бойынша конгресс шақырудың мүмкіншілдігі бар екендігін жазады. Ал Англия сыртқы істер министрлігі Д.Канинг 1823 жылғы 23-августе жазған хатында белгіленген конгресті шақыру Англия мен АҚШ арасындағы келісімге әсерін тигізеді деді.
Бірақ бірте-бірте Д.Каннинг өз ұсыныстарын АҚШ үкіметі қолдамайтындығына көзі жетті. Монро Доктринасының пайда болуына тек қана Англия мен АҚШ арасындағы қарым-қатынас қана әсер еткен жоқ. Бұған Россияның да әсері тиді.
1823 жылдың 7-ноябрінен бастап Америка кабинетінің бірнеше отырысы болып өтті. Бұл отырыстарда АҚШ-тың болашақтағы сыртқы саясаты қолданатын принциптерін анықтап белгілеп алу керек болды. АҚШ-қа Англия сыртқы істер министрі Д.Каннингтің ұсынысына жауап беру, АҚШ-тың солтүстік батыстағы конфликті реттеу және шетелдегі өкілдерге ережелер дайындау сияқты жұмыстарды шешу керек болды. АҚШ-тың сыртқы істер министрі Д.К.Адамстың ойынша осы мәселелерді орындау үшін бірыңғай «саясаттың құрамалы жүйесін» жасау керек болды.
Бұл идея 1823 жылы 7-ноябрьде кабинет мәжілісінен кейін айтылған еді. Оны АҚШ-тың президенті Д.Монро қолдады. 1823 жылғы ноябрьдегі кабинет отырысында екі қарама-қарсы көзқарас қалыптасты.
- Әскери министр Кэлхаунның пікірінше, оны Монро қолдады. Оңтүстік Америкаға қарсы Европа Интервенциясы болуы ықтимал, сондықтан Д.Каннингтің ұсынысын қолдау керек.
- Оған қарама-қарсы ұсыныс, оны көп нәрседен хабары бар, ақылды, парасатты АҚШ-тың сыртқы істер министрі Д.К.Адамс қолдады. Олар Д.Каннингтің ұсынған идеясының ішкі сырын, мақсатын сезді. (47)
Америка құрама штаттары өз территориясын кеңейтуден бас тартқан жоқ. Олар Куба мен Техасты өз территориясының құрамында көрді. Бұл мәселеде Англия мен АҚШ-тың бірігуі мүмкін емес еді.
Д.К.Адамс: «Біз Техасты және Мексиканы жаулап алудан аулақпыз, бірақ олардың тұрғындары бізге қосыламыз деп өтініш жасауы мүмкін», — деді.
Монро Доктринасының негізін түсіну үшін АҚШ-тың Англиямен бірігіп, жеке-дара әрекет ету ниетінің басымдылығын да еске алуымыз да керек.
1823 жылғы 15-ноябрьдегі болған кабинет мәжілісінде қасиетті одақ интервекнциясы туралы тағы да өткір талас болды. Мәжілісте АҚШ президенті Д.Монро, әсіресе соғыс министрі Джоун Кэлхаун Кадис құлағаннан соң қасиетті одақ өз әскерін Мексикамен Оңтүстік Америкаға күресті басу үшін жіберуі ықтимал деді.
1823 жылы Р.Раштан 2-10 октябрьде хабар алғаннан кейін АҚШ президенті Монроның қаупі тарай бастайды. «Саясаттың құрамалы жүйесін» дайындауда АҚШ мемлекетінің мемлекеттік хатшысы Д.К.Адамстың сіңірген еңбегі өте зор. Мемлекеттік хатшы Д.К.Адамс «саясаттың құрамалы жүйелерін» ережелер формасында дамытуды ұсынды. АҚШ президенті Монроның жобасы АҚШ-тың алдында тұрған жақын арада болатын өте күшті қауіп бар мәлімдеді. Ол көп күшпен тығыз бірлікті қажет етеді деді. Президент жобаға отарлауға тиым салу принципін кіргізді. Ұлыбритания арасындағы қол саудасын қысқарту туралы конфликтінің болғанын да ескертті.
Жеке теңіз соғыстарына тосқауыл қою, Буэнос –Айрес пен Чилиге жаңа өкілдер тағайындау, Испания мен Грециядағы жағдайларға да тоқтады. Президент Монроның жобасының сыртқы саясат жөніндегі ұсыныстары АҚШ сыртқы істер министрі Д.К.Адамсқа ұнамады. Оның ойынша жобаны қайта қарап шығу керек деді. 1823 жылы 21-ноябрьдегі мәжілісте АҚШ-тың сыртқы істер министрі Д.К.Адамс конгреске арналған жолдау бүкіл Европаға қарсы «қарулануға шақыру» болып табылады деді. Испания мен Греция мәселесі ол тек Европаның өзі шешетін мәселе деді.
Біз бірнеше жыл Европа мәселелеріне араласпау принципін ұстап келдік, сондықтан бұл жоба Европа елдерінің наразылығын туғызады. Кейбір елдер Испания, Франция және Россия дипломатиялық байланыстарын үзуге дейін баруы мүмкін деді. 21-22 ноябрьдегі мәжілістен кейін конгреске арналған жолдау өзгертілді. Осы кезден бастап «саясаттың құрамалы жүйесін» дайындау еңақырғы кезеңіне жетті. Жобаның кейбір тұстарына келіспейтінін әскери прокурор У.Вирт мәлімдеді. Вирт : «ел, халық, Оңтүстік Америка елдерінің тәуелсіздігі үшін соғысты қолдамайды»,-деп пікірін айтты. Интервенция қаупін жоққа шығара отырып Д.К.Адамс мынандай өте өткір ескерту жасады. Оның ойынша Англия жеке «Қасиетті Одаққа» қарсы соғысатын болса сөзсіө Англия жеңіске жетеді, сөйтіп Оңтүстік Американың қауіпсіздігінің тірегі Ұлыбритания болып қалады. Оңтүстік Америкадағы Испания отарлары түгелімен Англияның отарларына айналады. (48)
Егер Англия жаңа мемлекеттерді «Қасиетті Одақтар» шабуылынан бір құтқарып қалсақ АҚШ мемлекеті араласпаса, онда Англия бұл елдермен сауда жасауда өте үлкен басымдыққа ие болады. Конгресске арналған жобада бұл мәселеде қамтылады. АҚШ-тың жаңа мемлекеттердің рыногына оңай Англияға бергісі жоқ еді. Атқарушы үкіметін іс-әрекеттері ұлтты соғыс ашуға міндеттемейді, атқарушы үкіметтің іс-әрекеттерін қолдау-қолдамау, ол конгрестін жұмысы деп мәлімдейді, АҚШ сыртқы істер минситрлігі Д.Адамс.
Д.Адамстың түсіндірмесін конгресс мақұлдады. «Саясаттың құрамалық жүйесі» тек қана 1823 жылғы 29 декабрьдегі Монронның конгресске жолдаған жолдауының ғана негізі болып қалған жоқ, бірнеше дипломатиялық документтердің негізі болды. (49)
1823 жылы 7 ноябрьдегі мәжілісте АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Д.К.Адамс Россияның Тейльге арналған жауабының жобасымен таныстырады, және алымен болатын кездесуге болатын әңгіменін мазмұнымен де таныстырады.
1823 жылы 8 ноябрьде АҚШ-тың сыртқы істер министрі мен Россияның АҚШ-тағы өкілі Тейльдің арқасында кездесу болады.
Кездесуде болған әңгіменің мазмұны С.Петербургке жібереді. Әңгімеде АҚШ өкіметі Оңтүстік Америкада отарлау системасын қайтіп орнату мүмкіндігінің жоқ екендігін және Европа елдерінің ол отарларды қайтып қалпына келтіруге әрекет жасамайтындығы туралы мәселелер айтылғаны белгілі.
15 ноябрь күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Россияның АҚШ-тағы өкілі Тейльге ресми нота тапсырады.
Нотаның жобасымен АҚШ-тың президенті Монро танысыса, оған түзетулер енгізілген.
Нотада Америка құрама штаттары Оңтүстік Америкадағы бұрынғы отарлардың жаңа мемлекеттерінің тәуелсіздігін таниды деп хабарлайды. АҚШ үкіметі Испания ол елдерге енді өзінің өктемдігін жүргізе алмайды, бұл жаңа мемлекеттер ешқандай мемлекетке тәуелді болуға тиісті емес еді.
1823 жылы 21 ноябрьдегі кабинет мәжілісінде.
Америка Құрама Штаттары өз принциптерін Европаның кез-келген еліне күштен танытуға және олардың саяси істеріне араласпайды, Европа елдері де өз принциптерін Америка жарты шарына таратпады және күшпен осы континентін территориясына иелік жасамауы керек. АҚШ мемлекетінің мемлекеттік хатшысы Россияның АҚШ-тағы өкілі Тейльге нота тапсырады. Нотада басқару жүйесі заңды, болу үшін ол бейбітшілік жақтайтын болсын, басқарудың обьектілерімен келісуге және ол келісімдерді бекіту негіздеріне құрылсын.
Әрбір ұлт оған қандай өкімет керек, оны өздері шешуі тиіс, басқа ұлттар басқа өкіметті күшпен енгізуге тиісті емес. АҚШ пен Англияның арасындағы байланыс салалы болды, қарым-қатынасты да «саясаттың құрамалы жүйесі принциптеріне сәйкес құруға талпынуды.
АҚШ өз бетінше тәуелсіз саясат жүргізуге әрекеттенді. Англия «Европа қауымдастығының мүшесі ретінде қабылданды. Англиямен кейбір мәселелерді шешуде бірге болу керектігін еске алу керек болды.
Жолдау баспада жарық көре салысымен Оңтүстік Америкаға 12 мың солдат жіберілуі деген табыс тарайды.
АҚШ президенті толқи бастайды, Англиямен бірігіп іс-әрекет жасау керектігін қозғай бастайды.
1823 жылғы 3 декабрьде АҚШ президенті, мемлекеттік хатшыға Англиядағы АҚШ өкіліне тез арада Англиямен интервенция болдырмау үшін бірігу қажет деп хабарлайды.
1823 жылы күздегі АҚШ-тың «саясаттың құрамы жүйесін сонымен байланысты дипломатиялық документтерді де дайындау мәселесін қарағанда 1823 жылғы 2 декабрьдегі президент Монронның конгреске арналған жылдық жолдауының текстін сараптау қажет кейін бұл жолдау Монро доктринасы деп тарихта қалды. (50)
Жолдаудың бірінші бөліміндегі жолдау Американың Солтүстік-батысындағы конфликтінің дамуына байланысты Америка континентін, бірде-бір Европа державасы бұдан былай отарлай алмайды, Америка Құрама Штаттары Европа державаларының Америка континентінде бұдан былай отарлай алмайды дегенде тек саяси мақсатпен емес, оны экономикалық мақсатпен де айтып отыр. Мұндағы мақсаты ол елдермен сауда қатынасын орнату, оны АҚШ-тың бақылауында ұстау…
Кейін «отарлауға рұқсат бермеу принципі» Америка құрама штаттарының отарлау ықпалын құру құралына айналды. Адамстың оргументінің негізі :
- Америка континенті тәуелсіз елдердің толық иелігіне жатады.
- Америка құрама штаттары солтүстік – батыс Америка территориясының қожасы, оны Испаниядан 1819 жылдың 22 февральда келісім шарт бойынша қосқан. (51)
Монро доктринасын зерттеушілердің арасында Монро доктринасының монархиялық құрылысқа немесе жүйеге қарсы етіп көргісі келеді. Монро доктринасының жариялағанда бұл территориялар әлі АҚШ-тың құрамында болған жоқ еді. Мына мәселегеде көңіл аудару қажет:
Бостандық пен тәуелсіздікті тек Европа елдері ғана емес,
кейбіреулерін АҚШ-тың өзі де мойындамаған.
1823 жылғы Монро Доктринасы қабылданғанда батыс жарты шарының көп жерлерін АҚШ-тың өзі де Европалық елдердің жері деп есептеген (Канада, Британ, Вес-Индиясы, Орыс Америкасы, Куба, Поэрто-Рико т.б.) немесе күрес нәтижесі анықталмаған. Перу, Боливия АҚШ-тың өзі тәуелсіздігін мойындамаған Бразилия және негрлік республика Гаити жолдаудың екінші бөлімінде негізінен Латын Америка мәселелеріне арналады. Дүние бөлу принципіне көңіл аударған жөн. Онда дүниені Европалық және Американдық жүйе деп екіге бөлген. Монро жолдауының «Американың саяси жүйесі» дегенде АҚШ-тың өзінің жүйесі деп қараған. Міне жүйені Америка мемлекеттік қайраткерлері ең үлгілі деп, содан «таусылмайтын бақыт» көзін көрген. Бұл жүйе бүкіл батыс жарты шарларының жүйесі деп қаралған.
Монро доктирасын дұрыс түсіну үшін оның «Американдық жүйе» принципін АҚШ-ғы капитализмнің жедел дамуына байланысты буржуазиялық идеялогияның кеңінен тарауында ескеруіміз қажет.
Д.Перкинс және көптеген Американдық зерттеушілер Монро доктринасына тән «әскери республиканизм», «жаңа құрлықтан монархияны қудалау принциптерді айтады. Бұл көзқарас бір жағынан дұрыс та, өйткені АҚШ өзі федералдық республика бола тұрып, Латын Америкасында да мемлекеттердің республика формасында құрылғанын қалады. Ескертетін бір жәйт, жолдаудың текстінде басқарудың монархиялық формасын сынау деген айтылмайды. Монро доктринасын жариялаған соң Америка Құрама Штаттары Бразилияның императоры дон Педраның Мексиканың Итурбиде мойындайды.
Сондай-ақ Батыс жарты шарларының көп бөлігі басқарудың монорхиялық формасындағы Ұлыбританияға, Россияға, Испанияға және Францияға қарайтын еді. Сөйтіп Монро доктринасы монархияға қарсы болған жоқ.
Монро доктринасының прогрессивтік ұрандары мен АҚШ-тың сыртқы саясаттағы жүргізіп отырған әрекеттерінің қарама-қайшы екендігін көруге болады. Монро доктринасында ұлт артықшылығы идеясы басым.
«Қасиетті одақтың» жетекшілері Европадағы революциялық қозғалыстарды басуға араласуды десе, Монро доктринасы Европалықтарды батыс жарты шардағы істерге араласпауын қалады. Осы тұрғыдан алғанда Монро доктринасының прогрессивтік маңызы болды.
1823 жылғы 2-декабрьдегі Америка Құрама Штаттарының жолдауы тек АҚШ-тың пайдасын ойлады. Америка Құрама Штаттары Кубадағы ұлттық азаттық қозғалысынан қауіптенді, өйткені оңтүстік штаттардағы құлдардың жағдайына әсер етуі мүмкін еді. АҚШ-та «қара түстілерге» менсінбей қарау тек құл иеленушілер арасында емес, АҚШ- тың көптеген саяси қайраткерлер арасында да кездесті. (52)
АҚШ президенті Монро батыс жарты шардың тағдыры АҚШ-тың гүлденуі мен жетістіктеріне байланысты деді. Европалықтар сияқты бойына қайырымдылық қасиеттерін сіңірген, ал Африка мен Азия халықтарында мұндай қасиеттер жоқ деді.
Монро доктринасы Европаның, «Қасиетті Одақтың» Испанияның бұрынғы отарларының метрополияға қарсы күресіне араласпауына арналған деп көп жазды. Испанияның бұрынғы отарларының басқа бір күшті Европа мемлекетінің қолына өтуі Америка Құрама Штаттарының мүддесіне қарама-қайшы келетін еді.
Монро доктринасында егер «Қасиетті Одақтың» мүше елдері Латын Америка елдерінің тірлігіне араласса, онда АҚШ мемлекетті ол елдерді қолдайды деген ұғым бар. Біз дейді Европа елдерінің қандай да болмасын өз жүйелерін біздің жарты шарға тартуымызға қарсымыз. Ол біздің тыныштығымыз бен қауіпсіздігімізге қатер төндіреді.
ХХ ғасырдың 40-жылдарында Монро доктринасының Англияға қарсы бағыттарын бәсеңдету әрекеттері байқалады. Артур Уайтакер: «Монро доктринасы Англияға қарсы бағытталған жоқ. Ол «Қасиетті Одаққа» қарсы бағытталған», — деді. (53)
1823 жылғы декабрьдегі Конгресске жолдауда АҚШ президенті Монро, егер «Қасиетті Одақ» Оңтүстік Америкаға соғыс аша қалған жағдайда АҚШ-ты оған қарсы соғыс ашуға міндеттеген жоқ.
1824 жылы декабрьде өкілдер палатасы АҚШ президенті Монроға соғыс флотының бейбіт өмірге көшуінің жоспарын жасауды ұсынады. Оны президент Монро орындайды. Сөйтіп соғыс-теңіз флотының санын азайтуды, әскери шығындарды азайтуды көздеді.
ІІ.2 Монро доктринасының маңызы
Монро Доктринасының негізін түсіну үшін АҚШ-тың Англиямен бірігіп, жеке-дара әрекет ету ниетінің басымдылығын да еске алуымыз да керек.
Монро доктринасына жалпы баға бергенде, оның буржуазиялық екендігін ескеріп, біржақтылыққа керек.
2 декабрь 1823 жылғы Монро доктринасының мазмұнына халық азаттығы және буржуазиялық ұлтшылдық әсер етті. Жолдауда Оңтүстік Америка террияториясын Европа державаларының қайтып отарлау мүмкіндіктеріне қарсы идея көтерілді.
Монро доктринасында қампиған демократиялық мақсаттар мен АҚШ-тың экспансиялық жоспарларында көруге болады. Барлық буржуазиялық елдерге экспансия тән құбылыс, ал Монро доктринасында осы бағыт ең негізгі болып табылады.
Монро доктринасын «Қасиетті Одақ» интервенциясынан қорғану үшін емес, АҚШ-тың экспансиялық саясатын жүргізу үшін жолданған деп қарауымыз керек.
Өйткені Монро доктринасын жариялаған кезде «Қасиетті Одақ» мүше елдері Оңтүстік Америка елдеріне тікелей қауіп төндірген жоқ еді. (54)
Монро доктринасын жариялай отырып АҚШ өзінің мүддесін көздеді. Батыс жарты шарда өз үстемдігін жүргізуге әрекеттенді. Сонымен Монро Доктринасы Оңтүстік Америка елдерін қорғауға емес, оларға өз ықпалын орнатуға арналды.
Монро доктринасының жариялағанда бұл территориялар әлі АҚШ-тың құрамында болған жоқ еді. Мына мәселеге де көңіл аудару қажет:
Бостандық пен тәуелсіздікті тек Европа елдері ғана емес,
кейбіреулерін АҚШ-тың өзі де мойындамаған.
1823 жылғы Монро Доктринасы қабылданғанда батыс жарты шарының көп жерлерін АҚШ-тың өзі де Европалық елдердің жері деп есептеген (Канада, Британ, Вес-Индиясы, Орыс Америкасы, Куба, Поэрто-Рико т.б.) немес күрес нәтижесі анықталмаған. Перу, Боливия АҚШ-тың өзі тәуелсіздігін мойындамаған Бразилия және негрлік республика Гаити жолдаудың екінші бөлімінде негізінен Латын Америка мәселелеріне арналады. Дүние бөлу принципіне көңіл аударған жөн. Онда дүниені Европалық және Американдық жүйе деп екіге бөлген. Монро жолдауының «Американың саяси жүйесі» дегенде АҚШ-тың өзінің жүйесі деп қараған. Міне, жүйені Америка мемлекеттік қайраткерлері ең үлгілі деп, содан «таусылмайтын бақыт» көзін көрген. Бұл жүйе бүкіл батыс жарты шарларының жүйесі деп қаралған.
Егер АҚШ шын мәнінде Латын Америкасын «Қасиетті Одақтың» шабуынан қорғағысы келсе, мұндай қадамға бармайтын еді. Монро доктринасының құрастыру ерекшеліктері, оның формасы, президенттің конгресске жәй ғана жолдау ретінде жіберілуі, оның заңдық күші бар қарапайым акті ретінде бекітілмеуі, АҚШ мемлекетінің оны кез-келген тарихи кезеңде, кез-келген уақытта өз ыңғайларына қарап өзгерте беруге мүмкіндік берер еді. (55)
Монро доктирасын дұрыс түсіну үшін оның «Американдық жүйе» принципін АҚШ-ғы капитализмнің жедел дамуына байланысты буржуазиялық идеялогияның кеңінен тарауын да ескеруіміз қажет.
Қорытынды
Монро доктринасының шығуы және ерекшеліктері, мақсаты туралы, Америка Европа және Россия тарихшылары көптеген зерттеу жұмыстарын жүргізіп, өздерінің ол туралы пікірлерін жазған. Соның бірі Америка тарихи ассоциясының президенті профессор Декстера Перкинс. Оның Монро доктринасы туралы жазған үш томдық монографиясы Европа және Америка архивтерінде көп жылдар жұмыс істеу нәтижесінде пайда болды.
Тарихшылардың Монро доктринасына бұлай көңіл бөлуі жайдан-жай емес еді, себебі Монро доктринасы Америка Құрама Штаттардың саясатындағы бір кезеңдік құбылыс емес еді, оның принциптерін АҚШ ішкі және сыртқы саясатта көптеген жылдар бойы пайдаланып келді.
Монро доктринасын жариялануы Россия мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы достық қатынасқа ешқандай да кері әсерін тигізген жоқ. Керісінше Монро доктринасын жариялаған соң Орыс-Американ Американың солтүстік-батыс аймақтары туралы пайда болған келіспеушілікті реттеу үшін, орыс-американ кездесуі болады. Бұл кездесуде екі жақта бір жақты келісімге келеді. Ал доктрина Американың солтүстік-батыс аймағында иеліктері бар Россияның мүддесіне қайшы Америка Құрама Штаттары, Россияның Аляскадағы иеліктеріне қарсы келегн жоқ. Патша өкіметі Америка Құрама Штаттарымен орналасқан жақсы қарым-қатынасты шиеленістіргісі келмеді. Президент Монроның жолдауы, Америка Құрама Штаттарының, Англиямен бірігіп испан-американ мәселесінде де, Петербургтегі Американың солтүстік-батысындағы жерлер туралы да бірігіп әрекет жасай алмайтындығын көрсетті. Монроның 1823 жылғы 2 декабрьдегі конгресске жолдаған жолдауын конгрессмендер салқын түрде қарсы алған.
Палата Америка Құрама Штаттарының өкіметінің Панама конфедерациясына делегат жіберу туралы ұсынысын қабылдамайды.
Монро доктринасының пайда болуы және негізгі принциптеріндегі ерекшеліктері ХІХ ғасырдың 20-жылдары Америка Құрама Штаттарының капитализм мен мен плантациялық құлдықтың ішкі заңдылықтарымен айқын болатын экспансия мен ұлтшылдық тенденцияға байланысты.
Монро доктринасына жалпы баға бергенде, оның буржуазиялық екендігін ескеріп, біржақтылыққа бағыттау керек.
2 декабрь 1823 жылғы Монро доктринасының мазмұнына халық азаттағы және буржуазиялық ұлтшылдық әскер етті. Жолдауда Оңтүстік Америка террияториясын Европа державаларының қайтып отарлау мүмкіндіктеріне қарсы идея көтерілді. (56)
Монро доктринасында қампиған демократиялық мақсаттар мен АҚШ-тың экспансиялық жоспарларында көруге болады. Барлық буржуазиялық елдерге экспансия тән құбылыс, ал Монро доктринасында осы бағыт ең негізгі болып табылады.
Монро доктринасын «Қасиетті Одақ» интервенциясынан қорғану үшін емес, АҚШ-тың экспансиялық саясатын жүргізу үшін жолданған деп қарауымыз керек.
Өйткені Монро доктринасын жариялаған кезде «Қасиетті Одақтың» мүше елдері Оңтүстік Америка елдеріне тікелей қауіп төндірген жоқ еді.
Монро доктринасын жариялай отырып АҚШ өзінің мүддесін көздеді. Батыс жарты шарда өз үстемдігін жүргізуге әрекеттенді. Сонымен, Монро Доктринасы Оңтүстік Америка елдерін қорғауға емес, оларға өз ықпалын орнатуға арналды.
Сілтемелер
- Н.Н. Болховитинов. Доктрина Монро (происхождение и характер). М., 1959 г. 9 бет.
- Бұл да сонда 11 бет.
- Бұл да сонда 14-15 беттер.
- Л.А.Баграмов. Иммигранты в США. Изд.-во ИМО, 1957. 235 бет.
- Болховитинов Н.Н. Доктрина Монро (происхождение и характер). М., 1959. 28 бет.
- Бұл да сонда 33-34 беттер.
- Ю. Кучинский, История условии труда в США, ИЛ, 1948 г. 48 бет.
- Болховитинов Н.Н. Доктрина Монро (происхождение и характер). М., 1959. 46 бет.
- У.З.Фостер, Очерк политической истории Америки, ИЛ, 1955г. 348 бет.
- Болховитинов Н.Н. Доктрина Монро (происхождение и характер). М., 1959. 82 бет.
- Бұл да сонда 81 бет.
- Бұл да сонда 85-86 беттер.
- Бұл да сонда 94 бет.
- Бұл да сонда 98 бет.
- Бұл да сонда 100-102 беттер.
- Л.Онис – Д.К.Адамсу 17 июня 1818 и 8 июля 1818 г. ASPFR,
495-496 беттер.
- Болховитинов Н.Н. Доктрина Монро (происхождение и характер). М., 1959. 121 бет.
- Бұл да сонда 122 бет.
- Бұл да сонда 124-125 беттер.
- Бұл да сонда 130 бет.
- Бұл да сонда 132-133 беттер.
- Бұл да сонда 139 бет.
- Х.Андуага – Д.К.Адамсу 9 марта 1922 г. АSPFR. 845-846 беттер.
- Болховитинов Н.Н. Доктрина Монро (происхождение и
характер). М., 1959. 152 бет.
- Бұл да сонда 153 бет.
- Бұл да сонда 156 бет.
- Бұл да сонда 160 бет.
- Бұл да сонда 162 бет.
- Бұл да сонда 165 бет.
- Бұл да сонда 167 бет.
- Мемарандум Каннинга кабинету от 15 ноября 1822 г. 393-398
беттер.
- Болховитинов Н.Н. Доктрина Монро (происхождение и
характер). М., 1959. 180 бет.
- Бұл да сонда 186 бет.
- Бұл да сонда 187 бет.
- Бұл да сонда 187 бет.
- Бұл да сонда 187-188 беттер.
- Бұл да сонда 193 бет.
- Бұл да сонда 191-192 беттер.
- «Материалы для истории русских заселений по берегам
Восточного океана», СПб., 1861, вып.1. 48-126 беттер.
- П.Тихменов. Историческое образования Российско-американской
компании и действия ее до настоящего времени, 27 бет.
- Болховитинов Н.Н. Доктрина Монро (происхождение и
характер). М., 1959. 206 бет.
- Бұл да сонда 211 бет.
- Бұл да сонда 212 бет.
- Бұл да сонда 216 бет.
- Бұл да сонда 218 бет.
- Бұл да сонда 225 бет.
- Бұл да сонда 230 бет.
- Бұл да сонда 242 бет.
- Бұл да сонда 242-243 беттер.
- Бұл да сонда 243 бет.
- Бұл да сонда 245 бет.
- Бұл да сонда251-252 беттер.
- Бұл да сонда 254-255 беттер.
- Бұл да сонда 255-256 беттер.
- Бұл да сонда 258-259 беттер.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
- Болховитинов Н.Н., Алексеев А.И. Судьба Русской Америки. М.,1975.
- Аптекер Г. Колониальная эра. М., 1961.
- Батуева Т.М. Экспансия США на Севере Тихого океана. М.,1976.
- Болховитинов Н.Н. Доктрина Монро (происхождение и характер). М., 1959.
- Болховитинов Н.Н. Русско-Американская отношения 1815-1832 гг. М., 1975.
- Ефимов А.В. США. Пути развития капитализма. М., 1969г.
- Медина М. США и Латинская Америка ХІХ в (История экспансии США). М., 1974 г.
- Рочестер А. Американский капитализм 1607 – 1800 гг. М., 1950 г.
- История США. Том І. 1607-1877 гг. М., 1983 г.
- Фостер У.З. Очерки политической истории Америки, ИЛ,1955 г.
- Ефимов А.В. К истории капитализма в США, ч.ІІ, К вопросу о характере американского рабства, Соцэкгиз,1934.
- Косарев Б.М.Плантационное рабство негров в США , (кандидатская диссертация), Горький,1951.
- Баграмов Л.А., Иммигранты в США, Издательство ИМО,1957.
- История ХІХ века, под ред. Э.Лависса и А.Рамбо, Т.4, Социэкгиз,
- Кучинский Ю., История условий труда в США, ИЛ, 1948.
- Фонер Ф., История рабочего движения в США, ИЛ, 1949.
- Фостер У.З., Негритянский народ в истории Америки, ИЛ, 1955.
- Ефимов А.В., Проблемы сосуществования различных способов производства в работах Ф.Д.Тернера, «Вопросы философии»,
- Альперович М.С., Ермолаев В.И., Лаврецкий И.Р., Семенов С.И., Об освободительной войне испанских колоний в Америке «1810-1826гг.» , «Вопросы истории», , №11.
- Титкина Н.В. Агрессивная война Соединенных Штатов против Мексики в 1846-1848 гг., (кандитатская диссертация),м.,1954.