Мазмұны
Кіріспе………………………………………………………………………………………………………3
2-тарау. Балқаш-Алакөл алабының көлдері
2.1.Балқаш-Алакөл алабының гидрологиялық тұрғыдан зерттелуі………………5
2.2.Балқаш-Алакөл алабының көлдерінің шығу тегі мен су режимі……………..9
3.3 Балқаш-Алакөл алабының көлдерінің физикалық-химиялық қасиеттері…14
3.4.Балқаш көлінің су режимі……………………………………………………………………25
2.2 Алакөлдің табиғатының ерекшелігі………………………………………………….33
2.3 Алакөл жүйесіне енетін көлдерге жалпы шолу…………………………….41
2.4 Балқаш ойысының шағын көлдері……………………………………………………….50
Қорытынды……………………………………………………………………………………………..54
Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………………………………………..56
- Кіріспе
Балқаш-Алакөл ойысының аумағындағы табиғаттағы маңызы зор нысандардың бірі табиғи су қоймалары көлдер болып табылады.Олар Балқаш, Алакөл, Сасықкөл Ұялы сыяқты өзіне тән бірегей органикалық дүниесі бар ірі көлдер Жетісу өңіріндегі жылу мен ылғалдың таралуында, ерекше орын алады.
Аридті аймақ болып табылатын облыс аумағының халқын балық өнімдерімен қамтамасыз етумен қатар жазғы демалыс орыны болып табылатын көлдерді жан-жақты оқып үйреніп оларды бірегей табиғи нысан ретінде қорғаудың маңызы
Бітіру жұмысының өзектілігі: Бітіру жұмысы Алматы облысының аумағындағы көлдердің түзілу жолдарын, қоректену режимдерін, табиғаттағы маңымен оларды қорғаудың маңызын ашып көрсетуімен өзекті.
Бітіру жұмысының мақсаты:
- Алматы облсының аумағындағы көл қазаншұңқырларының түзілу жолдарын;
- -гидрологиялық режимдерін, динамикасы мен су балансын;
- -қоректену ерекшеліктері мен физикалық-химиялық қасиеттерін
- -органикалық дүниесімен табиғаттағы маңызын ашып көрсетіу.
Бітіру жұмысының міндеттері:
- Алматы облысының физикалық географиялық орыны мен көлдердің гидрологиялық тұрғыдан зерттелуін айқындау;
- Балқаш-Алакөл ойысындағы көлдерінің шығу тегіне қарай топтастыру;
- Облыс аумағындағы көлдердің су режиміне температура мен жауын– шашынның таралуының, жыл маусымдарындағы атмосфера циркуляциясының негізгі ерекшеліктерінің әсерін анықтау;
- Көлдердің су режимідерінің ерекшеліктері мен қасиеттерін Ашып көрсету;
- Балқаш пен Алакөл жүйесіндегі көлдердің гидрологиялық режимдерін, қоректенетін су көздерімен балансын , органикалық дүнйесін және оларды қорғау мәселелерін айқындау.
Бітіру жұмысының әдістемелік – методологиялық негіздері:Ұсынылған бітіру жұмысының теориялық негізі ретінде Жаналиеваның редакциялық басшылығымен шыққан Қазақстан Республикасының физикалық географиясы, В.М.Чупахиннің «Физическая география Казакстана» оқулықтары басшылыққа алынып, салыстыру, талдау, синтездеу, ой қорытындыларын шығару әдістері қолданылды.
Бітіру жұмысының практикалық маңызы:
Ұсынылған жұмыстағы жазба деректерді география мамандығының студенттері, мектеп мұғалімдері мен оқушылары білім көзі ретінде пайдалана алады.Туристік фирмалардың қызметкерлері, өндірістің жеке салаларының мамандары.
Бітіру жұмысының құрылымы мен мазмұны: бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімімен тұрады.
Кіріспеде жұмыстың өзектілігіғ мақсаты мен міндеттері ашып көрсетілген.
Бірінші тарауда Алматы облысының аумағындағы көлдердің зерттелу тарихы, көл қазаншұңқырларының түзілу жолдары гидрологиялық режимдеріне талдау жасалған. Екінші тарауда Балқаш-Алакөл ойыстарындағы ірі және шағын көлдердің су режимі мен органикалық дүниесімен шаруашылықтық маңызы қарастырылған.
- Алматы облысының көлдеріне жалпы шолу
1.1 Алматы облысының физикалық географиялық орыны. Гидрологиялық тұрғыдан зерттелуі
Алматы облысының аумағы солтүстігінде Балқаш климаты арқылы Сарыарқаның оңтүстік сілемдерімен (Шолақ, Қызыл-саяқ, Қоскеліншек Қызылтас, Табақкен-татар, Қараүңгір, т.б.). солттүстік — шығысында Тарбағатай жотасымен, Барлық Майлы тауларымен (Алакөл қазаншұңқырымен бөлінген), шығысында Жетісу (Жоңғар) қақпасы. Борохоро жотасы арқылы Қытаймен, оңтүстік-шығысында солтүстік Тянь Шанның Кетпен (Ұзынқара) жотасымен және Күнгей Алатауымен, оңтүстігінде Іле, Теріскей Алатауларымен және оңтүстік-батысында Шу-Іле тауларының Жетіжал және Кіндіктас тауларымен батысында Жусан-дала үстірті арқылы Шу-Іле тауларының Айтау аласа таулар мен тауаралық аңғарлар шектеседі. Солтүстік-батысында Балқаш көлі арқылы Бетпақдаланың қиыршықтасты шөлді-шөлейтті өңіріне ұласады. /1/
Алматы облысының көлдерін физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу ХІХ ғасырдың екінші жартысында басталды.
Алматы облысының көлдерін зерттеуде географ ғалым белгілі климатолог А.И.Воейковтың еңбектерінде (1884 жылғы) жан-жақты сипаттама берілген. Ол алғаш рет Сарыарқаның көлдерінің суының деңгейінің ауытқу себептерін, су балансы мен оның деңгейінің теңесуін зерттеп, оған әсер ететін орта жағдайын ашып көрсетті. А.Красовскийдің, М.Лемпицкиидің, И.Солавлевтің, В.Граменаның, Н.Игнатевтің, М.Жилинский, А.Козлов басқада ғалымдардың арнайы экспедициялары мен саяхаттарының барысында орталық Қазақстанның көлдері жөнінде мол мағлұмат жиналды.
Алматы облысының көлдерін зерттеудің екінші кезеңі ХІХ ғасырдың 90 жылдары мен Ұлы қазан төңкерісінің аралығын қамтыды. Бұл кезеңде көлтану ғылымының теориялық-әдістемелік негіздері қаланды. Жалпы зерттеулермен қатар биологиялық, гидрохимиялық арнайы зерттеу жұмыстары жүргізілді. Д.Н. Анучин “Воды суши озера” атты (1896ж) еңбегінде өзі жүргізілген гидрологиялық бақылаулардың нәтижелерін кеңінен қолданды. Ол өзі сипаттаған көлдері ландшафтың негізгі компонентінің бірі ретінде қарастыра отырып олардың қоршаған ортамен байланысын табиғаттағы маңызын шаруашылықтық мақсатта пайдалану мүмкіндіктерін анықтайды /1/.
Бұл кезеңде көлдер гидробиологиялық тұрғыдан зерттеу тек танымдық сипатта болды. Алматы облысының көлдерін зерттеудің үшінші кезеңі Ұлы қазан төңкерісінен кейін басталды. Бұл кезеңде көл суларын шаруашылықтың мақсатта пайдалану, ірі су қоймалары мен су электр станцияларын салу, көл суларының 1920-30 жылдардың аралығында Қорғалжың Балқаш көлді аудандарында арнайы кешенді гидробиологиялық зерттеулер жүргізіліп, шаруашылықтың мақсатта пайдалану мүмкіндіктері анықталды.
1930 жылдары КСРО ғылым академиясының галлргия институты мен тұз зертханасы Қазақстан көлдеріндегі тұздың қорларын анықтап оны тиімді пайдалану мәселелері зерттелді. 1928-1931 жылдар аралығында П.Ф.Дормачевтің басшылығымен алғаш рет Балқаш көліне кешенді гидробиологиялық зерттеулер жүргізілді.
Үш жылға созылған зерттеулер нәтижесінде батиметриялық өлшеулер жүргізіліп көлтабанын түзетін жыныстардың құрамы, судың термикалық және химиялық құрамы, плангтондары мен бентостары туралы деректер жиналып, кешенді сипаттама берілді /2/.
1932 жылы құрылған КСРО ғылым академиясының Қазақстан бөлімшесінің құрамына кірген зоология, ботаника секторлары Алматы облысының жоспарлы түрде оқып үйрену бағытында кешенді жұмыстар атқарды.
Балқаш-Алакөл ойысының көлдерін зерттеуде 1931 жылы басталған КСРО-ның су кадастры маңызды роль атқарды. Г.В.Никольскийдің 1940 жылы жарық көрген “Арал теңізінің балықтары” атты монографиясында Қазақстан көлдерінде мекендейтін балықтардың 20 түріне сипатта беріп, олардың қоректенуіндегі плагтондармен бентостың алатын орынын ашып көрсетті /3/.
Балқаш-Алакөл ойысының тұзды көлдерін 1941 жылы Е.В.Пасхов зерттеді. 1941-1943 жылдардың аралығында қорғалжың теңіз, зайсан көлдерін В.А.Догальдың, С.С.Печниковтың, Т.А.Сениннің және К.В.Смирновтың басшылықтарымен жүргізілген гидрологиялық экспедициялар аталған көлдердің фито, зооплангтодары мен бентостарын зерттеп, олардың балық қорын арттырудағы алатын орындарын анықтады. Зерттеу нәтижесінде Балқаш – Алакөл жүйесіндегі көлдерімен Қара Етісте балық шаруашылығын дамытуды қайта жаңғырту жөнінде ұсыныс жасады. К.В.Смирнов Алакөл мен Балқаштың паразит жәндіктерін зерттеді.
Ұлы Отан соғысы жылдары Балқаш-Алакөл ойысының көлдерінде С.А.Зернов, Н.Н.Воронин, В.А.Доволь, В.И.Жадин, Я.Я. Цееб, Н.А.Акатова, В.Я.Понкратова, Г.Х.Шарогнинова сынды биолог-гидролог ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Екінші дүниежүзілік соғыстан соң Балқаш-Алакөл ойысының көлдерін КазКСР ғылым академиясының зоология институты айланысты. Орталық Қазақстанның аквофаунасы мен олардың санын арттыру мен гидрологиялық режимін белгілі ғалымдар: Н.П.Серов, А.С.Машковская, А.И.Горюнова, С.К.Тютенков, В.И.Ерещенко, В.А.Киселева, П.Ф.Мартехов, В.Я.Пильчук, И.К.Иванов зерттеді.
1945-1950 жылдар аралығында балық шаруашылығын тиімді пайдалану мақсатында Балқаш-Алакөл ойысының көлдерінде В.В.Селезнев, А.П.Селезнева, Н.А.Әмірғалиев, Н.Ш.Қайыровалар зерттеу жүргізді. 1965-1969 жылдар ара-лығында КСРО ғылым академиясының көлтану зертханасы А.В.Шнитныковтың орталық және солтүстік Қазақстанның көлдерін зерттеді /3/.
Ұлы Отан соғысынан кейін Балқаш, Сасықкөл, Қошқар, Алакөл сияқты ірі көлдермен қатар Балқаш-Алакөл ойысының шағын көлдерін зерттеу ісі қолға алынды. Бұл бағытта КСРО-ның мемлекеттік гидрология институты көп жұмыс атқарды. 1954-1956 жылдар аралығында А.П.Богордницкидің басшылығымен зерттелді. 1954 жылдан бастап Қазақстан мемлекеттік университетінің (қазіргі Әл-Фараби атындағы ұлттық университеттің) физикалық география кофедрасы Г.Г.Муравлеваның басшылығымен Орталық Қазақстан көлдерін зерттеу жұмыстарын жүргізді. 1957 жылдан бастап Қазақ КСР-ның ғылым академиясының география секторының ғылыми қызметкерлері Т.Р.Омаров, Е.А.Казанская, Т.М.Тимофеева, П.Н.Кравченко бүгінгі таңға дейін зерттеу жұмыстарын зерттеп келеді.
- Алматы облысының көлдерінің шығу тегі мен су режимі
Алматы облысының көлдерінің морфологиясы мен таралу ерекшеліктері. Алматы облысының аудан аумағында барлығы 9392 көл бар. Олардың ішінде бір шаршы шақырымнан аспайтын 9343, бір шаршы шақырымнан асатын 46 . /6/ Олардың ішінде саны жағынан аумағы 1км2 аспайтыны 95% шаруашылықтық маңызы бар көлдер небары 10% құрайды /4/.
Алматы облысының аумағында жауын-шашын аз түсетін шөлді-шөлейтті, далалы зонасының шегінде орналасқандықтан аумақтың көлдігі небары 0,58. Алматы облысында шөлейт және шөл зонасының шегінде орналасқандықтан көлдердің басым бөлігі Шөлдер мен Іле, Қаратал, Ақсу, Тентек өзендерінің Балқаш пен Алакөлге құяр сағасында , немесе жерасты суы жер бетіне таяу жатқан шағын ойыстарда түзілген. Ландшафтылық зонасында көп кездеседі. Онда аумағы беткі ауданы 100 га асатын 23 көл бар, олардың жалпы ауданы 108 км2. Булану артып жауын-шашынның кемуіне байланысты аймақтың оңтүстігінде ірі көлдер жоқ. Облыс аумағындағы 23 ірі көл аймақтағы көлдердің 71% құрайды. Олардың барлығы Қарағанды облысының солтүстік бөлігінде шоғырланған.
1 кесте
Алматы облысының көлдігі
Облыстың ауданы мың км2 есебімен |
Ауданы |
Барлығы |
Жалпы ауданы км2 есебімен |
Көлділігі % есебімен |
|
1км2 аспайтын |
1км2 асатын |
||||
Көлдердің саны |
|||||
223,3 |
10775 |
67 |
10842 |
1628 |
0,72 |
Алматы облысының көл қазан шұңқырлары шығу тегі жағынан тектоникалық және экзогендік ойыстар болып үлкен екі топқа бөлінеді. Көлдер тереңдігі, мөлшері, жағалау сызықтарының ерекшеліктері гидрологиялық режимі жағынан алуан түрлі болып келеді.
Алматы облысының көл қазан шұңқырларының түзілуі геологиялық (жаңа тектоникалық қозғалыстарға, геологиялық құрылымына, сейсмикалық, тау жыныстарының литологиялық құрамы) және экзогендік (өзен эрозиясының әрекеті, желдің, карстылы, суфозиялық гравитациялық үрдістер) сонымен қатар климаттағы өзгерістер мен адамның шаруашылық әрекеті әсер етеді. Балқаш-алакөл Ойысының көл қазан шұңқырларының бірнеше генетикалық типтері бар.
Тектоникалық ойыстарда түзілген көл қазаншұңқырлары. Балқаш-алакөл Ойысында тектоникалық көлдердің екі түрі бар олар тектоникалық бөгенді көлдер және тектоникалық тақталардың иіндерінде түзілген көлдер./5/ Тектоникалық өгенді көлдер тектоникалық қатпарлардағы қысымы төмен шағын өзен аңғарларды шоңғалдардың немесе ысырынды жыныстардың бөгеп қалуынан түзіледі. Аталған көл қазаншұңқырына Сасықкөл, Қошқар, Жалаңашкөл. Ол төрттік дәуірдегі неотектоникалық қозғалыстардың нәтижесінде түзілген тектоникалық ойыстарда пайда болған. Тектоникалық тақталардың иінінде түзілген көлдің қатарына Балқаш –Алакөл жүйесіндегі барлық көлдер кіреді. Ол ірге тасы 150-200 метр тереңдікте орналасқан палеозой иіні болып табылады. Аталған тұйық көлдердің қалыптасуы ежелгі палео Балқаш пен палео Алакөлдің тартылуы нәнижесінде қалыптасуы төрттік дәуірде басталды.
Алматы облысының экзогендік көл қазаншұңқырлары. Алматы облысының аумағында эрозиялық сорлы – дефляциялық, суфозиялық және гравитациялық үрдістердің әсерінен түзілген қазаншұңқырлары басым. Олар көбінесе жерасты суы жер бетіне жақын жатқан өзен аңғарлары мен ойыстарда кең таралған. Эрозиялық ойыстар қазан қалқанындағы жылға тәрізді ұзыннан ұзақ ежелгі ескі өзен арналарын бойлай созылып жатады.
Эрозиялық көлдердің екінші тобына Балқаш-Алакөл ойысындағы Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Тентек өзендерінің төменгі ағыстары мен сағаларында кең тараған шағын көлдердің қатарына Нұра, Сарысу, Терісаққан, Құланөтпес өзендерінің аңғарында түзілген эрозиялық-денудациялық көлдерді жатқызуға болады.
2-кесте
Алматы облысының көл қазан шұңқырларын шығу тегіне қарай топтастыру
Эрозиялық көлдердің үшінші тобына Сарысу, Нұра өзендерінің жайылмаларында түзілген ескі арналы көлдер жатады олар шағын күшті минералданған тұзды болуы-суфозиялы көлдер Сарыарқаның лесті жынысты беткейлерінде бос жыныстарды және үрлеу нәтижесінде түзіледі.
Алматы облысының көлдерінің су режимі. Алматы облысының көлдері су алмасуының жағдайларына қарай суы белгілі бір кезеңмен алмасатын ағынсыз тұйық және тұрақты үздіксіз алмасатын ағынды көлдер болып екіге бөлінеді. Сарыарқада көбінесе ағынсыз тұйық ащы көлдер басым. Суының көлемінің аздығы мен ағынсыз болуы ұсақ шоқылы жер бедерімен, құрғақ климатымен, сирек әрі аз сулы өзен торлары мен тығыз байланысты /6/.
Алматы облысының тұйық көлдері негізінен суық кезеңде жауған жауын-шашынның еруінен қоректенеді. Наурыздың аяғымен сәуір айында қыстай жауған қардың қарқынды еруінің нәтижесінде көл суларының деңгейі жедел көтеріле бастайды. Ол 10-15 күнге созылады. Сарыарқаның көлдерінің суының деңгейі орта есеппен тәулігіне 1-2 сантимертге жауын-шашын мол түскен жылдары 5-10 сантиметрге дейін көтеріледі. Көл суларының деңгейін көктемде орта есеппен 20-30 саниметрден 60-80 сантиметрге дейін жетеді. Шағын тұйық көлдердің деңгейі тәулігіне 40-60 сантиметрге дейін көтеріледі. Кейбір көлдердің табанына судың сіңіуіне байланысты көктемде деңгейі 10-20 сантиметрге төмендейді. Алматы облысының көлдерін көп зерттеген белгілі гидролог А.В.Шнитников көлдің деңгейінің маусымдық ауытқуымен қатар көп жылдық ауытқуын бөліп көрсетеді. Көл деңгейінің көпжылдық ауытқуы құрғақшылық және ылғалды жылдармен алмасып отыруымен тығыз байланысты. А.В.Шиткаков ғасыр ішілік көп жылдық циклының көл деңгейінің көтерілетін кезеңдері деңгейі төмендейтін кезеңіне 2,5 есе төмен болып 19-47 жыл аралығында ауытқитынын анықтаған.
Алакөл, Сасықкөл, Балқаш сияқты ірі көлдерде ауа температурасы жауын-шашынның түсуі, өзен ағыны мен көл деңгейінің циклында байқалады. Температура мен жауын-шашынның түсуінің кіші циклі 4-9 немесе 4-7 жылда қайталанады. Температураның ең жоғарғы циклінің шегі жауын-шашын аз түсетін жылдарға сәйкес келеді. Жауын-шашынның басты бөлігі циклдің бірінші жартысында түседі. Температура режимінің үлкен циклі 17-21 жылға созылады. Ол бірін-бірі алмастыратын үш кіші циклдан тұрады. Үлкен циклда жауын-шашынның ең көп мөлшері оның соңында байқалады. Бұл кезеңде жауын-шашынның ең жоғарғы шегімен өзен ағынының мол суы кезеңінің ең жоғарғы шегінде бір бірімен сәйкес келеді
Көлтанушы ғалымдардың ұзақ мерзімді тұрақты зерттеулердің нәтижесіне сүйене отырып өзен ағынының ауытқуының кіші үлкен және ғасырлық циклын анықтаған. Өзен ағынының үлкен циклы бірін-бірі алмастыратын төрт кіші циклдан тұрады. Үлкен цикл 17-21 жылға созылады. Өткен ғасырда орталық Қазақстанда өзен ағынының үш үлкен циклы байқалған. Біріншісі 1906-1908 –1926-1927 жылдардың аралығын, екінші үлкен циклі 27-28-1943-1945, үшінші үлкен циклы 1944-1946-1962-1963 жылдар төртінші үлкен цикл 1963-1965-1985-1987 жылдардың аралығын қамтыды. /7/.
Алматы облысының көлдерінің су балансы. Алматы облысындағы судың беткі ағыны жауын-шашын, жерасты еспе сулары, инфильтрация (жерастына сіңу) және буланудың жыл ішіндегі және көпжылдық өзгерістерге ұшырауы байқалады.
Алматы облысының көлдерінің суының таяздығымен ауданының ірілігіне қарамастан жауын-шашынның аз түсуі су балансының тұрақсыз болуына әсер етеді. Сондықтан аймақтың таяз шағын көлдері жазда буланудың әсерінен таязданып кеуіп, қыста қатып қалады. Кейбіреулері жауын-шашын аз түскен жылдары кеуіп қалады. Көп суларының кіріс бөлігін өзен суының беткі ағыны, жауын-шашын мен жер асты еспе сулардың ағыны құрайды. Су жинайтын ауданы біршама ірі Алтай, Үшкөл сияқты көлдердің суының 50% астамын беткі ағын құрайды. Жекелеген жылдары көп жылдық орташа көрсеткіштен 5-10 есе артуы мүмкін. Жерасты еспе суларының ағыны көлдердің су балансының 5-20% құрайды. Ағынсыз тұйық көлдердің шығыс бөлігін судың бетінен жүретін булану құрайды.
Алакөл, Сасықкөл мен Балқаш көлдерінің бір жылда бетінен буланатын судың қалыңдығы 700-1200 мм аралығында ауытқиды. Алматы облысының көлдерінің шығынының 10-15% жер астына сіңуге (инфильтрацияға) жұмсалады.
Көл суын өндірістік мақсатқа пайдаланғанда жылдық буланудың бірнеше пайызынан асыруға болмайды.
1.3 Алматы облысының көлдерінің физикалық-химиялық қасиеттері
Алматы облысының көлдерінің көбі ұсақ шоқылардың аралығындағы ойыстарда түзілген шағын болғандықтан аумағы 1км2 аспанды сондықтан олардың суының мөлдірлігі 0,3-18 метр аралығында ауытқиды. Мөлдірлігі қыста көктемге қарағанда жоғары болады. Тұщы әрі лай суға күн сәулесі баяу тұзды суға қарағанда онша терең енбейді. /8/.
Жоғары өнімді органикалық дүниесіне бай көлдерде судың мөлдірлігі төмен болумен ерекшеленеді. Оны плонгтондармен бентостардың, нейстондар мен пектондардың қарқынды дамуымен түсіндіруге болады.
Көлдерінің түсін фотометриялық әдіспен анықтайды. Сарыарқа көлдерінің суларының табиғи түсі көгілдір-жасыл мен сарғыш қоңырдың аралығында ауытқиды. Дәміне қарай тұзды, қышқыл, ащы, тәтті болып бөлінеді.
Алматы облысының көлдерінің температура режимі. Географиялық орнының ерекшелігіне метеорологиялық факторларға, теңіз деңгейінен биіктігіне өсімдік өсу дәрежесіне және судың физикалық –химиялық қасиетіне байланысты көл суының температурасының маусымдық ауытқуы байқалады. Егер күшті минералданған болса температура –200 немесе оданда төмен түскенде қатпайды.
Көл сулары жылуды баяу сіңіріп, баяу суынады, сондықтан көл суы атптап ыстық құрлықтың бетіне қарағанда 6-100 дейін төмен болады. Көл бетіндегі ең жоғағы температура кешке ең төменгі таңертең ерте байқалады. Орталық Қазақстандағы көл суының температурасының маусымдық ауытқуының жоғары болуы онда мекендейтін ағзалардың тіршілігіне күшті әсер етеді.
Балқаш-Алакөл ойысының көлдеріндегі жылы кезең 180 күнге созылады. Жыл ішіндегі температура ауытқуының амплитудасы 300 шамасында. Қар ери бастағанда мұз астындағы көл су 2-30 дейін қызып төмен түсіп терең қабаттардағы біршама салқын сулармен араласады. Нәтижесінде көл бетіндегі мұз толық ерігенде судың температурасы +3+3,50С дейін жетеді. Мамыр айының соңында көл суының температурасы +7…+200 дейін көтеріледі. Терең көлдерде табанына жақын су қабаттарында +6 … +100 аралығында ауытқиды. Саяз сулы көлдерде ауа температурасымен шамалас болады.
Жазда көл суының әр 10 метр қабатында температураның өзгеруі айқын байқалады. Тамыздан бастап орталық Қазақстан көлдерінің суларының біртіндеп суына бастауы айқын байқалады /9/.
Тамызда көл суының беткі температурасы +10…+150 дейін төмендейді. Қазанда көл суының беткі қабатының температурасы 00 шамасында болады. Қыста мұз қатқаннан кейін терең қабаты жел әрекетінен қозғалысқа ұшырауы тоқтайды. Қыста көл суының мұз астындағы беткі температурасы 00 табанындағы температура +40 болып кері стратификация қалыптасады.
Алматы облысының көлдерінің мұз режимі. Алматы облысында қыс қары жұқа аязды болып келуімен ерекшеленеді. Мұзды көлдерде температура 0-20 қатады. Таяз көлдердің бетінде мұз бір түрде қатады желді толқынды күнері бірнеше күн кеш қатады. Көлдердің бетінде мұз қату Сарыарқаның солтүстігінде қарашаның басында ал оңтүстігінде ортасынан басталады.
Мұз қату көл суының температурасының барлық қабаттарында +40 жеткенде ғана басталады. Кеш қату тұзды терең әрі ірі көлдерге тән. Суық аязды жылдары мұз шеті жағалаудан бастап бір түнде қатып біртіндеп ортасы қатып бір-бірімен тұтасады. Алматы облысының Балқаш, Алакөл Ұялы сияқты ірі көлдердің тұтас қатуының ұзақтығы 1-3 күннен 35-40 күнге дейін созылады. Қарқынды қалыңдауы қарашамен ақпанның соңына дейін созылады. Көл бетіндегі мұздың қалыңдығы 120-кейде 170 сантиметрге дейін жетеді.
Алматы облысының көлдерінің суының химиялық қасиеттері.Көл суларының химиялық құрамы мен табанына шөккен шөгінділер оны қоректендіретін жер бетіндегі және жерасты еспе сулардың құрамына, қатар көл қазаншұңқырларының морфологиясымен су жинайтын ауданының литологиялық құрамы мен топырақ қабаттарының тұздану дәрежесімен тығыз байланысты. Сонымен қатар көлде жүретін биологиялық үрдістер мен су жинайтын ауданының физикалық-географиялық жағдайыда ықпал етеді.
Көлдің минералдық және химиялық құрамының қалыптасуына тереңдігі мен ағынды немесе тұйық болуының маңызы зор. Ағынды көлдер тұщы, тұйық көлдер тұзды болады.
Алматы облысының көлдерінің минералдануы. Минералдану дәрежесіне қарай 1 литр суда 1 0/00 ғана еріген минералды заттар (тұз) болатын тұщы 1-250/00 дейінгі тұздылау 25-470/00 дейін еріген минералды заттар болатын тұзды көлдерге топтастырылады. Құрлықтың су қоймалары көлдерде минералдануы 0-10/00 аралығында органикалық заттар қарқынды түзіледі. Тұздылығы артқан сайын көл суының өнімділігі мен булануы киім мөлдірлігі артады. Құрамында ағзаға зиянды заттар болмай минералдану 120/00 аспаған жағдайда көп суы ішуге жарамды болып саналады.
Малдар үшін минералдану дәрежесі 30/00, түйе үшін 100/00 дейінгі көл сулары суғаруға жарамды болып саналады.
Алматы облысының көл суларынан қоректендіретін қатты және сұйық күйінде түсетін жауын-шашын мен бұлақ суларының минералдануы 5-95 мг/л мен 17-420мг/л аралығында ауытқиды. /10/
Көктемгі су тасудан кейін өзендер мен көлдер минералдануы 400мг/л жететін жерасты еспе суралымен қоректенеді. Көктемгі су тасу кезеңінде өзен суларының минералдануы 0,31 ден 1,70/00 аралығында шөлді шөлейтті жерлерде 0,4-5,20/00 (г/л) дейін жетеді. Алматы облысының көлдерін қоректендіретін Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Тентек, Жаманты, Ырғайты өзендерінің сулары көктемгі жазғы су тасу кезінде жұмсақ болып келеді. Жалпы қаттылығы 0,3-5,4 мгэкв/л (Сарысуда 36 мг*экв/л) рН 7 шамасында болады.
Алматы облысының көлдерінің суының минердануы 0,023 тен 335,8 г/кг жауын-шашын аз түсетін көктемде қар етуі ұзаққа созылатын жазы құрғақ болатын жылдары Сарыарқаның көлдерінің минералдануы күрт артады. Көл суларындағы еріген минералды заттардың ең аз мөлшері көктемгі қар еруінің соңында, ал ең көп мөлшері шілде-тамыз айларындағы деңгейі төмендейтін кезеңде байқалады. Көл суының минералдануының көп жылдық циклы болады оған климаттық ылғалды немесе құрғақ болуы әсер етеді. Көл суының химиялық құрамына табиғи жағдайда еріген газдардың иондардың минералды заттардың каллойдтары мен органикалық заттар жатады.
3 кесте
Алматы облысының өзендерінің химиялық құрамы
Өзендер |
Тексеру алынған күн |
О.А.Алекин бойынша индексі |
рН |
Йод |
Фтор |
Бром |
Бор |
мырыш |
мыс |
марганец |
қорғасын |
молибден |
Кобальт |
Никель |
Темір |
Шерубай-Нураның Ертіс- Қарағанды каналымен қиылысында |
06.07.76 |
7,5 |
100 |
800 |
1000 |
Не об. |
7,5 |
<2,5 |
20 |
<5 |
5 |
<2,5 |
<2,5 |
Не.об. |
|
Қаракеңір су қоймасына құяр жерінде |
20.06.67 |
7,5 |
20 |
1000 |
270 |
— |
40 |
<2,5 |
10 |
<2,5 |
<2,5 |
<1 |
<1 |
<100 |
|
Шерубай-Нұра Топар құяр сағасында |
28.06.67 |
7,5 |
50 |
1200 |
130 |
— |
20 |
<2,5 |
10 |
<2,5 |
10 |
<1 |
<1 |
<100 |
Алматы облысының көлдерінде Менделеев кестесіндегі еріген барлық
элементтер кездеседі. Әсіресе хлор (Cl), сульфат (SO4) гидро корбанат (HCO3), карбонат (CO3), натри (Na/), кали (К/), кальций (Са//), магни (Mg//) иондары және оттегі (О2), көмірқышқыл газы (СО2), күкіртсутек (H2S) сияқты газдар кездеседі. Көлдегі тіршілік үрдістеріне азоттың, фосфордың кремнимен темірдің қосылыстарынан тұратын биогенді заттардың маңызы зор. Орталық Қазақстан көлдерінде кездесетін аниондардың үш сыныпқа бөлінеді. Олар гидрокарбонатты немесе карбонатты (HCO3+CO3), сульфатты (SO4) және хлоридті (Cl) әрбір сынып басым катиондарына қарай үш топқа бөлінеді. Олар кальций, магний және натрилі. Орталық Қазақстанның көлдері химиялық құрамы жағынан әркелкі. Көктемгі еріген қар суында HCO3 пен SO4 аниондары, Са мен Na катиондары басым болады.
Қарастырылатын аумақтың өзендері гидрокарбонатты сыныпқа жатады. Катиондарының құрамы жағынан олар натрийге жатады (3 кесте). Көл сулары химиялық құрамына қарай үш сыныпқа бөлінеді. Олар сульфидті, карбонатты және хлоридті.
- Алматы облысының көлдерінің микроэлементтері. Көл суларындағы адам өмірін, өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігін реттеуде ерекше орын алатын микроэлементтермен судың химиялық құрамының арасында тығыз байланыс бар. Қоршаған ортадағы микроэлементтердің шоғыры мен тірі ағзалардың өсіп дамуының арасында тәуелділік бар. Олардың жетіспеуі мен артық болуы өсімдіктердің ауруына әкеп соқтырады. Өсімдік өнімінің құрамында микроэлементтердің мөлшерінің жетіспеуі мен олардың судың құрамындағы мөлшерінің ауытқуы жануарлар мен адам өміріне өз әсерін тигізеді./11/
4 — кестенің деректеріне талдау жасайтын болсақ Алматы облысының көлдерінің суының құрамында морганецтің, кобальттің, молибденнің мыспен иодтың мөлшері аз екенін, байқауға болады. Ал кейбір көлдерде фтордың мөлшері артық екенін сонымен қатар тұздылығы артқан сайын металдардың концентрациясы кешетінін, бордың иодтың, бромдыкі керісінше аратыны айқын байқалады.
Балқаш-Алакөл ойысының көлдерінде кейбір микроэлементтердің мөлшерінің аз болуын климатының аридтілігімен, суының таяздығымен және жерасты еспе сулар мен қоректенуімен түсіндіруге болады.
4 кесте
Алматы облысының көлдерінің суының құрамындағы микроэлементтердің мөлшері мкт/л есебімен
Микроэлементтердің түрлері |
Алматы облсы аумағындағы көл суларындағы еріген миералды заттардың мөлшері Миллиграмм есебімен |
Иод |
3-300 |
Фтор |
500-10000 |
Бром |
130-53500 |
Бор |
10-10000 |
Мыс |
1-25 |
Цинк |
2-40 |
Мырыш |
10-40 |
Молибден |
1-12 |
Кобальт |
— |
Темір |
100-200 |
Қорғасын |
1-13 |
Никель |
Сл. |
Алматы облысының көлдерінің табанындағы шөгінілер көл Қазаншұңқырларына еріген қар, жаңбыр, өзен сулары тасмалдаған қиыршық тас, малтатас, құнды сазды жыныстар үздіксіз шөгіп отырады. Оның шөгуіне белгілі дәрежеде соқпа толқындардың абразиялық әрекетінен бұзылған шөгінділер де белгілі дәрежеде әсер етеді. Көп табанына тау жыныстарының минералды бөлшектері көктемгі су тасу кезінде жиналады. Көл түбіне шөккен тау жыныстарының бөлшектері судың динамикалық, термикалық, химиялық, биологиялық күрделі өзгерістерге ұшырайды. Алматы облысының бір көлінде органикалық екіншісінде минералдық, үшіншісінде минералданған шөгінділер жиналады./12/
Жылдың жылы мезгілдерінде көл табанына өсімдіктер мен жануарлардың бір шама ірі қалдықтары мен кристалданған шөгінділер жиналады. Жылдың суық кезеңдерінде ұсақ түйіршікті эолдық жолмен түзілген шөгінділер жинақталады. Күзбен көктемде көп мөлшерде қоңыр-сұр, сұрғылт-жасыл түсті құм қайраңдар мен ылайлардың қалың қабаты шөгеді. Ал қыс пен жазда қара түсті лайлардың жұқа қабаты түзіледі. Алматы облысының көлдеріне шөгетін органикалық шөгінділер екі ірі топқа бөлуге болады. Олар: сипропеш және шымтезек немесе гуминді ылайлар. Олардың қалыңдығы бірнеше метрге дейін жетеді.
Алматы облысының көлдерінің басым бөлігі көктемгі еріген қар суымен қоректенетіндіктен қатты кесек шөгінділер мен еріген минералды заттар көктемде жинақталады. Олардың көбі гидродинамикалық үрдістердің әсерінен көл табанының әртүрлі бөлігіне тасмалданып шөгеді. Көл табанына шөгетін жыныстардың таралуына жағалау сызығы мен табанының морфологиясының ерекшеліктері де судың химиялық құрамында әсер етеді. Көл қазаншұңқырларының табанынан алынған тұнбаларға жасалған талдаулардың қорытындысы ылайлы тұнбалардың құрамының 11,54 тен 88,54% дейінгі мөлшері кремнийдің қос тоғы табиғатта кремний бос күйінде де кездеспейді. Ол кварциттің, аморфты кремнозеземнің сазды минералдардың құрамында болады.
0,7-11,68% дейінгі мөлшерде темірдің тотығы, 0,7 ден 29,4% дейінгі мөлшерде кальций тотығы болады. Кальций табиғатта әктастың, бордың, мәрмардың, доламиттің, гипстің, фосфорит пен тавин шпатының құрамында кездеседі. 0,65, 5,48% мөлшерінде натри тотығы болады. Көл түбіндегі шөгінділердің құрамында ең көп мөлшерде тас тұзы кездеседі. Ол алюминий сеткатының, семикаттардың құрамына енеді. (1,93% шамасында) 6,55-4,46% шамасында кали тотығы құрайды. 0,03-15,38% дейінгі мөлшерде магний болады. Ол табиғатта магнезиттің, дуниттің, доломиттің, бишофиттің, карнезиттің, құрамында болады. 0,11-22,58% мөлшерінде титанның қос тотығы болады. Титан алпысқа тарта минералдың құрамында кездеседі. Бұдан басқа фосфор, күкірттің үш тотығы, тағыда басқа элементтер кездеседі./13/
Алматы облысыныңкөлдерінің балық байлықтары мен оны пайдалану. Көл суларында балықтың, бағалы түрлері азық қорын арттыруға мүмкіндік береді. Көл жағалауындағы өсімдіктерді қағаз талшық магазықтық ашытқы, құрылыс материалдары ретінде қолдануға болады. Балқаш, Алакөл, Сасықкөл Ұялы Жалаңашкөл сияқты кейбір көлдердің органикалық заттарға бай ылайлы қайраңдарын тыңайтқыш ретінде қолдануға болады.
Алматы облысының көлдеріндегі су қоры сол жылдық және бұрынғы өткен жылдардың сулылығына тәуелді болады. Жауын-шашын мол түсетін көп сулы жылдары көлдің деңгей жылдан жылда артып отырса аз сулы жылдары төмендейді. Кейбір саяз көлдер құрғап қалады.
Қазақстанның халық шаруашылығы үшін Алматы облысының тұщы және аз минералданған ауданы 1км2 асатын минералдануы 3 г/л аспайтын көлдердің маңызы зор. Шаруашылықтың маңызы бар көлдердің тереңдігі 2 метрден кем болмауы тиіс. Олардың суларын балық өсіруге, мал суаруға, егістіктермен жайылымдарды суғаруға, бағалы терілі ондатра өсіру мақсатында қолдануға болады. Алматы облысының аумағындағы Балқашты Алакөл мен Сасықкөлді,Ұялыны есептемегенде аумағы 1км2 асатын 67 көл бар, олардың жалпы ауданы 75,81 км2. орташа тереңдігі 3,1 метр суының жалпы көлемі 104 млн м3. Жауын-шашынды мол сулы жылдары көктемгі –жазғы кезеңде толығу дәрежесін ескере отырып 1-5% дейінгі мөлшердегі суын шаруашылықтық мақсатта қолдануға болады (1,04-5 мин м3 мөлшерінде). Қазіргі кезде орталық Қазақстанның көл суларын көбінесе мал суару мақсатында ғана қолданады, мал көл жағалауын бұзып ластануына әсер етуі оның шаруашылықтық маңызын жоғалтады./14/
Алматы облысының көлдерінде сазан табан балық, алабұға және басқа да бағалы түрлері таралған.
Алматы облысының көлдерінде балық өсіруді дұрыс жолға қойған жағдайда жалына 1-2 мың тонна балық аулауға болады. Алматы облысының аридті климат жағдайында ауа температурасының жауын-шашынның, өзен ағыны мен көл деңгейінің көп жылдық ауытқуының жоғары болуы тән. Сондықтан балық өсіруді әлсіз минералданған (32/ласпайтын) ауданы 1км2 тереңдігі 2 метрден асатын Үшкөл, Алтай сияқты көлдерінде дамытуға болады.
Алматы облысының балық өсіруге болатын 24 көл бар, олардың жалпы ауданы 116 км2. Аталған көлдердің көбін балықпен қолдан өсіріп толтырылады. Көктемде көл суының деңгейі, артқанда балықтың мөлшері де артады. Балықты қолдан өсіріп көбейткен көлдерде жыл бойы аулауға болады. Ауданы шағын болғандықтан әр гектарынан 50 кг дейін балық аулауға болады. Шағын көлдерді өндірістің лас суынан қорғап, тазалап тереңдетіп отырғанда балықтың өнімділігін арттыруға болады. Алматы облысының көлдерінің жоғары сатылы өсімдіктері. Целлюлоза –қағаз өнеркәсібіне қажетті шикізат ретінде ағаш сүрегімен қатар қамыс пен қоғаны пайдалануға болады. Ылғалдану дәрежесіне қарай Алматы облысының көл жағалауларындағы саздармен өзен жайылмаларында жылдам өсіп жетілетін гидрофитті қамыс пен қоға сияқты өсімдіктер кең таралған. Қоңыржай белдеудің шөлейтті-шөлді және дала зоналарының шөгінде кәдімгі қамыс өседі. Олардың жекелеген шоғырының биіктігі 8-10 метрге жуандығы 30-40мм дейін жетеді. Орташа биіктігі шамамен 2-3 метр бір шаршы метрде жуандығы 8-12 мм асатын 40-50 өсімдік кездеседі. Қамыстың ең өнімділері көлдің саяз жағалаулары мен өзен жайылмаларында өседі. Қамыс пен құрақтар көл тіршілігінде маңызды рөл атқарады. Олар қыста қардың мол жиналып су қорының артуына, органикалық заттардың жиналуына, көл жағалауының бұзылуынан сақтайды. Кейбір химиялық элементтердің жиналуына әсер етіп, су құстары мен жануарларының қорғануына мүмкіндік береді. Қамыс пен құрақ маңызды малазықтық өсімдік болып табылады. Оның жас өркендерін жылқы, ірі-қара, бұғы қоректенеді. Алматы облысының жылына 25-30 мың тонна құрақ табуға болады. Сабағының беріктігімен тұйықталған ауа қуысының болуы құрылыс материалы ретінде қолдануға мүмкіндік береді. Қамыс пен құрақ бағалы химиялық шикізат болып табылады. Одан 90 жуық әртүрлі өнім алуға болады. Олардың ең негізгілері целлюлоза, этил спирті, мал азықтық ашытқы, фурфурол, органикалық қышқылдар. Орталық Қазақстан көлдерінің кәсіптік маңызы бар жануарлары Орталық Қазақстанның көлдерінің жағалауындағы қамыс пен қоғаның арасында қамыс мысығы, қабан, қарсақ, су тышқаны, ондатра, су құстары көп кездеседі./15/
Алматы облысының көлдерінде кең таралған бағалы терілі су жануары кәдімгі ондатра (ondatra zibethicusl) түрі жерсіндірілген. Ол ірі кеміруші су жануары. Ересектерінің ұзындығы 35 см ірілерінің салмақтары 1,5 кг. Ондатраның терісі су өткізбейтін тығыз қара қоңыр болып келеді. Таяз кеуіп бара жатқан көлдер ондатра өсіруге жарамайды. 1935-1963 жылдардың аралығында Қазақстанның көлдеріне жыл сайын 67 ден 4839 дейін ондатра жіберіліп отырылды. Барлығы 41807 ондатра жіберілді. Соның ішінде Алматы облысының көлдеріне 8000 астам ондатра жіберілді.
5 кесте
Алматы облысының ірі көлдерінің ресурстары
Көлдің аты |
Ауданы км2 есебімен |
Тереңдігі метр есебімен |
Суының көлемі мен м3 есебімен |
Пайдалануға болатын судың мөлшері млн м3 есебімен |
Ақкөл |
11,8 |
3,5 |
17,7 |
0,4-1,0 |
Наурызбай |
5,06 |
6 |
14,1 |
0,4-1,0 |
Көккөл |
6,86 |
3,5 |
14,1 |
0,3-0,6 |
Үлкен Семізкөл |
10,91 |
3,9 |
31,7 |
0,5-1,5 |
Бөгет көлі |
4 |
3,9 |
10 |
0,2-0,5 |
Үлкен Алматы |
0,44 |
40 |
13 |
4-10 |
Сасықкөл |
736 |
4,7 |
2661 |
26-75 |
Ұялы |
120 |
5,8 |
501,7 |
2-5 |
Үшкөл |
9,49 |
6 |
37,7 |
0,5-1,0 |
Жалаңашкөл |
37,55 |
3,25 |
98 |
1-2 |
1964 жылы Қазақстан аумағындағы көлдерден 24 млн дана ондатра терісі жиналды. Ондатр терісін жинау 1950 жылдан бастап біртіндеп аза бастады. Қазіргі кезде 30% дейін кеміген оны ондатраның өсіп өнуіне қолайлы көлдердің азаюы мен түсіндіруге болады. Алматы облысының Үшкөл,Рай сияқты көптеген көл қорықшалар мен аң шаруашылығын дамытуға қолайлы көпшілігінен құрылысқа қажетті тұз құн мен емдік саз өндіріледі. Олардың жағалауында туристік демалыс, сауықтыру орындары ретінде қолдануға болады. Алматы облысының шағын көлдері саяз әрі жазда жылы құрғақ. Қыста түбіне дейін қатып қалатындықтан олардың ресурстарын пайдалану мүмкіндіктері шектеулі./16/
- Алматы облысының көлдеріне физикалық –географиялық шолу
2.1 Балқаш көлінің су режимі
Балқаш көлі Балқаш-Алакөл ойысының ең аласа солтүстік-батыс бөлігіндегі, Алматы, Қарағанды облыстарының шекарасында орналасқан –бұрынғы қазақша атауы Ақтеңіз көлі батыстан шығысқа созылып жатқан тұйық тектоникалық көл болып табылады.
Су жинайтын алабының ауданы 501 мың шаршы шақырым. Соның ішінде Қазақстан аумағының шегінді 400 мың шаршы шақырым. Су жинайтын алабы батыстан шығысқа 900, состүстіктен оңтүстікке 680 шақырым. Алаптың солтүстік шекарасы Қарқаралы – Ақтау алқабы мен Шыңғыстау жотасы; шығысы-Тарбағатай Қытайдың аумағындағы Борохора Еренқабырға, Нарт; оңтүстігі – Теріскей Алатауының шығыс сілемдері, Іле Алатауы, батысы Шу-Іле таулары арқылы өтеді. Суайрық жоталарының жалпы ұзындығы 400 шақырым.
Жер бедерінің сипатына қарай бірнеше физикалық географиялық облысқа бөлінеді. Олар: Қазақстың ұсақ шоқылары, Балқаш Алакөл ойысы, Жетісу Алатауы таулы аймағы, Шу-Іле таулары, Тянь-Шаньның шығыс және солтүстік бөлігі.Су жинайтын алаптың биіктік айырмасы 6995, 342 метр аралығында ауытқиды. /17/
Балқаш көлінің морфологиясы. Көлдің су балансы мен гидрологиялық режиміне, морфологиясына сай деңгейі ауытқып отырады. 342 метрлік деңгейде Балқаш көлінің беткі ауданы 18000 шаршы шақырым, ұзындығы – 614, ені – 74 шақырым. Орташа ені – 30 шақырым. Жағалау сызығының ұзындығы 2383 шақырым. Ең терең жері 27, орташа тереңдігі 6 метр. Суының көлемі 106 км3
ХХ ғасырда Балқаш көлінің беткі ауданы 23444 шаршы шақырымнан (1910) 15730 шаршы шақырымға дейін (1946) келеді. Осыған орай суының көлемде 163,9 текше шақырымнан 82,7 текше шақырымға дейін кеміді. Көл шарасы кезектесіп келетін бірнеше қазаншұңқырлардан тұрады. Батыс Балқашта тереңдігі 7 метрге дейін жететін екі қазаншұңқыр бар. Бірінші батыс жағалауын бойлай тасаралдан солтүстік бағытқа Қоржынтүбек мүйізіне дейін созылып жатыр. Екіншісі Бертіс қойнауының оңтүстігінде орналасқан. Бертіс шығанағы батыс Балқаштың ең терең бөлігі болып табылады. Оның тереңдігі 14 метр. Шығыс Балқашта Қазаншұңқырлардың тереңдігі 16 метрге жетеді. Олар Қоржын аралының шығысында орналасқан.
Мұндай ірі қазаншұңқыр Шауқар түбегінің батысында орналасқан. Ең терең жері шығыс Бөрлітөбе иінің орталық бөлігінде орналасқан оның тереңдігі 27 метрге дейін жетеді.
Жағалауы. Батыс және шығыс жағалаулары көтеріңкі. Су деңгейінен биіктігі 30 метрге дейін жететін кемер түзеді. Негізінен полезойдың қатты жыныстары профирлерден, туфтар, граниттер мен тақта тастардан тұрады. Жағалаудағы жекелеген шоқылардың биіктігі 40-60 тіпті кейбірі 115 метрге дейін жетеді. Жағалауының кейбір жерлері тік жарқабақты болып келеді. Жағалауындағы Шоқылар мен көл суының деңгейінің аралығында жіңішке құм қайраңдар жолағы бар. Жекелеген бөліктерінде құм жондары мен жалдар кездеседі. Жағалауы салыстырмалы түрде нашар тілімделген. Тек Мыңарал маңында ғана жағалық бөлікте көптеген қойнаулар кездеседі.
Солтүстік жағалауында Тоқырау, Аягөз өзендерінің сағасындағы Қарақамыс алқабында көлдік немесе көлдік-өзендік шөгінділерден тұратын бірнеше шағын жазықтар шоғырланған. /18/
Көлдің оңтүстік-шығыс жағалауында Бөрілітөбеден Қарашағанға дейін түпкілікті жыныстардан тұратын онша тілімделмеген көтеріңкі үстіртті болып келеді. Оңтүстік жағалауы Қарашаған шығанағынан Іленің қазіргі атырауына дейін аласа құмды болып келеді. Көл деңгейінен небары 1-2 метр ғана көтеріліп жатады. Көлге терең еніп жатқан шағын түбектер мен шығанақтар, қойнаулар бар. Кей жерлерінде биіктігі 5-10 метрге жететін төбелермен құм жолдары кездеседі. Оңтүстік жағалауының аласа болуына байланысты қалың қамыс өскен. Көл суының деңгейінің ауытқуына байланысты жағалау сызықтары өзінің пішінін тұрақты түрде өзгертіп отырады. Балқаш көлінде шығанақтар, түбектер мен мүйістер өте көп. Ең ірі шығанақтарға Алакөл, Қарақамыс, Қатқантеңіз, Саршаған, Бертіс, Балықтыкөл, Қарашаған тағыда басқаларын жатқызуға болады. Ірі түбектері Қоржынтүбек, Қарағаш, Бенртіс, Байғабыл, Шауқар, Кеңтүбек, Сарыесік тағыда басқалары. Сарыесік түбегі көлге 21 шақырым терең еніп жатыр. Ол Балқашты батыс және батыс Балқашты ұзын арал бұғазы жалғап жатыр.
Көлдің оңтүстік бөлігіндегі Іле өзенінің сағасында үшара деп аталатын аралдар тобы орналасқан. Оның құрамына Бас арал, орта арал, Аяң арал сияқты ірі аралдармен олардың маңындағы көптеген ұсақ аралдар шоғыры енеді. Солтүстік жағалауында кей жерлерде баялыш сияқты аласа бұталар, оңтүстік жағалауында қалың қамыс, құрғақ, қоға ши, жыңғыл жантақ, теріскен өседі. Лепсі, мен Іленің төменгі ағысында аздаған мөлшерде тал, жиде өседі. Балқаштың солтүстік жағалауында тоораңғы сирек кездеседі. Ескі бақанастарда сексеуіл ормандары таралған.
Балқаш көлінің өзен торлары. Су режимі. Балқашқа құятын өзендерді солтүстік және оңтүстік салалардан екі топқа бөлуге болады. Солтүстік бөлігіндегі өзен торлары 0,01- 0,5 шаршы шақырым, оңтүстігінде 0,6- 3 шаршы шақырым аралығында ауытқиды. Оңтүстігінен беткі ағынның 78,6 % құрайтын Іле, 15 % құрайтын Қаратал, 0,43 % құрайтын Ақсу, және 5,4 құрайтын Лепсі өзендері құяды. Аталған өзендер Балқаштың суының кіріс бөлігінің негізін құрайды. Солтүстігінен Аягөз, Бақанас, Тоқырау және Мойынты өзендері келіп құяды. Олардың шығыны аз болғандықтан беткі ағынды түзбейді. Батыс Балқаштың орташа тереңдігі 1,8 метр. Шығысынікі 8,8 метр, тұтастай алғанда орташа тереңдігі 6 метр. Онда 106 текше шақырым су шоғырланған. Балқаштың суында қарқынды қозғалыс байқалады. Көлдің шығысында толқынның биіктігі 3-3,5 батыс бөлігінде 2,5 метрге жетеді. Судың тұрақты ағыны Іле өзенінің көлге құяр сағасында өзен әкелген мол судың әсерінен пайда болды. Желдердің ықпалынан көл суының уақытша ағындары түзеледі. Көлдің оңтүстік батысында майлы сарғыштан шығысында ыңғайлы жасыл, көгілдір түске дейін біртіндеп өзгереді. Батыс бөлігінің орташа температурасы шығысына қарағанда біршама жоғары. Батысында 9,9 , шығысында 8,5. Көл суының ең жоғарғы температурасы шілдеде байқалады. Батыс бөлігінде 23,80, шығысында 20,10 Термикалық стратификация өте әлсіз байқалады. Көл бетіне мұздың қатуы әр түрлі кезеңде негізінен қарашаның екінші жартысында, шығысында желтоқсанда жүреді. Оны Іле өзенінің сағасында көл суының тұздылығының 0,7- 0,9 % . Шығыс Балқашта 4,1-5,5 аралығында ауытқуымен түсіндіруге болады. өйткені тұщы су тез, тұзды су баяу қатады. Осыған орай көлдің батыс бөлігінде су -0,040 , шығысында -0,300 қатады. Желтоқсанның соңында көл бетіндегі мұздың қалыңдығы 30- 45 см, аязды жылдары 50- 65 см дейін жетеді. Мұздың қалыңдауы ақпанның соңы мен наурыздың басында тоқтайды. Ақпанның соңында көл бетіндегі мұздың қалыңдығы 50- 85 см жетеді. Көл бетіндегі мұздың жалпы қалыңдығы 30- 105 сантиметр аралығында ауытқиды. Сәуірдің бірінші он күндігінде алдымен оңтүстік — батыс бөлігінде, 7- 10 күннен соң шығыс бөлігінің мұзы ери бастайды. 10 мамырға дейін көл бетіндегі мұздың барлығы толық еріп бітеді. Көл бетіндегі мұздың сақталу ұзақтығы 145- 160 күнге дейін созылады. /19/ Балқаш көлінің деңгейі мен су балансы. Көл суының деңгейінің жыл ішіндегі ауытқуы келіп құятын өзендердің суының шығыны мен булануға байланысты болады. Жыл ішіндегі көл суының деңгейінің ауытқуы 17- 67 см құрайды. Көлдің деңгейінің көп жылдық ауытқуы ауа температурасының, жауын -шашынның басқада факторлардың әсерінен жүреді. Балқаш көлінің суының деңгейінің өткен жүз жылдықтағы циклында ең жоғарғы деңгей 1908 жылы, ең төменгі деңгей 1946 жылы байқалды. 1947 жылдан бастап судың деңгейі біртіндеп көтеріле бастады. Суының деңгейінің келесі ғасырлық тәрбиесінің циклы 2016 — 2020 жылдар аралығында басталады. 1971 жылы Қапшағай су қоймасының салынуы көлдің гидрологиялық рижимінің табиғи ырғағын бұза бастады. Қазіргі кезеңде көлдің деңгейінің көп жылдық ауытқуы 3 метр./20/
Балқаш көлінің табанындағы шөгінділердің таралуы
Шөгінділердің типтері |
Батыс Балқаш |
Шығыс Балқаш |
Барлық өзендер |
Шөгінділердің таралуы |
|||
Ауданы мың км2 |
% |
Ауданы мың км2 |
% |
Ауданы мың км2 |
% |
||
Қиыршық тастар |
0,04 |
0,3 |
0,12 |
1,4 |
0,16 |
0,8 |
1-1,5 м тереңдікке дейінгі шөгінділердің 50% құмды, алевритті материалдар құрайды |
Іпі және орташа құмдар |
0,33 |
2,8 |
0,90 |
11,3 |
1,23 |
6,2 |
Түпкілікті жар тасты жыныстарының абразиясының маңында шоғырланған фракциялардың орташа диаметрі 0,25-0,35 мм. Солтүстік жағалауында шоғырланған |
Ұсақ түйіршікті құм |
2,44 |
20,7 |
1,28 |
15,5 |
3,7 |
18,7 |
Негізінен өзен сағаларындағы су асты конустарында және аралдардың маңында сонымен қатар Солтүстік және Батыс жағалауларының маңында |
Ірі алеврит |
2,18 |
18,5 |
1,72 |
21,4 |
3,90 |
19,6 |
3-7м тереңдікте өзендердің Оңтүстік жағалауларының сағасының су басатын жағалаудың маңында шоғырланған |
Ұсақ алевритті тұмба |
3,00 |
25,4 |
2,52 |
31,5 |
5,52 |
27,7 |
Біршама кең тараған шөгінділердің қатарына жатады. Батыс, Шығыс Балқаш жағалауларының маңында таралған |
Алеврит шөгінді тұнба |
2,17 |
18,4 |
1,13 |
13,9 |
3,30 |
16,6 |
Көлдің орталық бөлігінде таралған |
Шөгінді тұнба |
1,64 |
13,9 |
0,43 |
5,0 |
2,07 |
10,4 |
Көлдің ең терең бөлігінде таралған |
Барлығы: |
11,8 |
100 |
8,10 |
100 |
19,90 |
100 |
|
Балқаш көлінің гидрохимиясы. Көлдің су айдынының минералдық және химиялық құрамы алуан түрлі. Іле өзенінің сағасында 0,5 г/ кг шығысында 4,4 г/ кг аралығында ауытқиды. Көл суының орташа минералдануы 2,94 г/кг. Химиялық құрамында осы бағытта өзгереді.
( sc11 / Na.Mg , SCE 11/ Na Mg , SC 11 /Na , CES 11 / Na) Балқаш көлінің суының құрамындағы микроэлементердің мөлшері 1- кестеде көрсетілген. Балқаш көліне келіп түсетін тұздың көлемі 7,53 млн, тонна. Оның тек 0,32 млн, тонна ғана көл табанындағы тұз қорын толықтыруға жұмсалады. Көлдегі еріген затардың мөлшері шамамен 31 млн тонна. Көл суының беткі қабатындағы еріген оттегі 90- 100% шамасында. Оның тік бағыттағы стратификациясы шамалы. Судағы р Н мәні 7,6 мен 9 аралығында ауытқиды. Ол Іле өзенінің сағасынан солтүстік – шығыс бағытта өзгереді. Пергаменттік тотығу 2 ден 6 мг 0 г/л аралығында ауытқиды. Судың жалпы қаттылығы Іле өзенінің сағасында 6 дан солтүстік – шығысында 23 мг –экв/л дейін артады. Балқаш көліне келіп түсетін шөгінділердің негізгі көзі өзендердің еріген заттардан тұратын минералдық және қатты ағындары болып табылады. Қазіргі кездегі көл табанындағы тұнбалардың қалыңдығы 2- 3 сантиметрден 7 метрге дейін аралықта ауытқиды. Тұтастай алғанда тұнбалардың орташа қалыңдығы 2- 4 метр.
Планктондары. Фитопланктондар 200 түрде құрайды. Оларға диотомды, жасыл, көк- жасыл балдырлар жатады. Олардың 38% тұщы су 45% тұзды- тұщы су 17% тұзды су балдырлары құрайды. Фатопланктондардың орташа биомассасы 2,1 мг/л. /21/
Зоопланкпондарды коловраткалардан, тармақты аяқты және ескен аяқты шаян тәрізділер құрайды. Орташа биомассасы 1,1 мг/м көлдің батысы бөлігінде зоопланктондардың түр құрамы алуан түрлі. Көлдің сая жағалық бөліктерінде негізінен кәдімгі құрғақ , қамыс, Қоңырбас, су жалбызы су мен құртың қарақұмығы тұңшық гүлі, хар балдырлары өседі. Іле өзенінің атырауындағы қоғалы –қамысты өсімдіктер бірлестігінің жалпы ауданы 400 гектор. өнеркәсіптік мақсатта пайдалануға болатын қамыстың жалпы ауданы 140 мың гектар. Балқаш көлінің оңтүстік жағалауындағы қамысты — қоғалы саздардан жылына 1 млн тоннаға дейін құрғақ шөп даярлауға болады. Зообентостар негізінен бауыр аяқты микроскалардан, бұлақ жамбасқұрттарынан тұрады. Батыс Балқаштағы зообентостың биомассасы 4,5 г/м , шығыс Балқаштыкі 2,09 г/м.
1 диаграмма. Балқаш көлінің гидротермиялық деректері.
- Су балансы. 2..Тұз балансы. 3.Су түбіндегі шөгінділердің таралуы. 4. Судың иондық құрамы
Ихтиофаунасы. Балқашта балықтың 20 түрі мекендейді. Олар Балқаш Маринкасы, Жерех, Линь, Сазан, күміс және сары түсті Табан балық, Жайын. Соның ішінде Сазан мен Жайынның кәсіптік маңызы бар. Жылына 19 мың тоннаға дейін балық аулауға болады. Ауланатын балықтың 2/3 батыс бөлігінің үлесіне тиеді. 1935- 1936 жылы Іле өзенінің атырауымен Балқаш көлінің жағалауына жіберілген су тышқандары ондаторлар 1938 жылдан бастап ауланды. 1956 жылы жылына 1,17 млн дана тері даярланды. Қапшағай су қоймасы салынғанға дейін Балқаш көлінің жағалауынан жылына 844 мың дана ондатр ауланып отырды. Ол бұрынғы КСРО да ауланған андаторлардың 19% құрады. Балқаш көлінде үйрек, су құзғыны, қасқалдақ сияқты көптеген құстар мекендейді.
2.2 Алакөлдің табиғатының ерекшелігі.
Алакөл 12- 19 ғасырлар аралығында Гурге Нор (көпірлер көлі)деп аталған. Ол Алматы облысының Шығыс Қазақстан облысымен шектесетін солтүстік- шығысында Алакөл ойысының ең аласа бөлігінде орналасқан. Ол пішіні дұрыс емес алмұрт тәрізді солтүстік – батыстан, оңтүстік – шығысқа созылып жатқан тұйық көл.
Көлдің морфометриясы. Теңіз деңгейінен 347,3 метр биіктікте орналасқан су айдынының беткі ауданы 2650 шаршы шақырым аралдарын қоса есептегенде 2696 шаршы шақырым. Ұзындығы 104 ені 52 шақырым, орташа ені 25,5 шақырым. Жағалау сызығының ұзындығы 384 шақырым. Орташа тереңдігі 22,1 ең терең жері 54 метр, суының көлемі 58,86 мллн. текше метр. Көлдің су жинайтын ауданы 47859 шаршы шақырым. Алакөлдің қазаншұңқырының пішіні конус тәрізді. Ең терең жері кіші Аралтөбенің оңтүстік батысында орналасқан. Оның тереңдігі 50 -54 метр. Солтүстік — батысының жағалық бөлігінде көл табанының бедері 2 – 5 метр аралығында ауытқиды. /22/
Жекелеген бөлігінде су бетінен 5 – 9 метр көтеріліп тұрған қиыршық тасты қырқалар кездеседі. Көл табанының шөгінділері алуан түрлі. Көл табанындағы шөгінділерде байланысты төмендегі биотоптар кездеседі:
- Алакөлдің терең бөліктеріне шөккен оңтүстік- шығыстан солтүстік батысқа созылып жатқан бүкіл шөгінділердің 54% қамтитын сұр түсті биотоптар;
- Көлдің солтүстік- шығыс бөлігінде таралған шөгінділердің 30% құрейтын құмды- тұнбалы биотоптар;
- Көлдің солтүстік, шығыс және оңтүстік жағалауының жіңішке алқабын қамтитын қара түсті тұнбалы биотоптар (7%) ;
- Көлдің аралдар тобының солтүстігінде Сарытүбектің оңтүстігіндегі небары 4% алқапты тамтитын құмды- тұнбалы биотоптар;
- Көлдің оңтүстік және батыс жағалаулары мен аралдардың маңындағы тасты биотоптар.
Жағалаулары. Алакөлдің жағалауының динамикасына әсер ететін басты факторға жел мен көл деңгейінің циклдық ауытқуы, өзендер мен қалқыла мұздардың әрекеті жатады. Жағалау сызықтары тұрақсыз, әрі қатты тілімдендіктен бұғаздар, шығанақтар мен мүйістер көп. Батыс және оңтүстік – батыс жағалауларына ұзын қиыршық тасты қырқалар тән. Үлкен және Кіші Балғын шығанақтары терең болғандықтан порт ретінде қолданылады. Көлдің оңтүстік – батыс және оңтүстік — шығыс жағалауынан басқа бөлігі судың деңгейі. Көтерілгенде 1- 5, оңтүстігі мен солтүстік- батысында 5- 8, батысы мен шығысында 8- 20 шақырымға дейінгі жағалауларын су басады. Жағалауы төрттік дәуірдің әр түрлі борпылдақ шөгінді жыныстарынан тұрады. Солтүстік – шығыс бөлігінде эолдық жолмен түзілген құмдар алып жатыр. Аралдарда полезойдың түпкілікті кристаллды жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Алакөлде жеті жағалық аудан бар. /23/
- Жетісу Алатауынан аққан өзендер мен уақытша ағын сулардың ысырылу конусының шилейфі болып табылатын төрттік дәуір жасындағы жыныстардан тұратын абрразиялы – аккуммулятивті оңтүстік – батыс жағалау ауданы. Аталған жағалау негізінен қиыршық тасты- сазды жыныстардан тұрады. Жағалауының биіктігі 2- 8 метрге дейін жететін кенерлермен жар қабақтар түзеді. Абразиялық кемерлердің қазіргі сипаты қарқынды. Көлдің соқпа толқындарының бұзушы әрекеті Көктұма ауылының маңында жақсы байқалады. Жағалаудың пішіні доға тәрізді. Жағалық құм қырқаларына аккумлятивті жағалау тән болғандықтан жер бедері жатық болып келуімен ерекшеленеді.
- Фитогенді аккуммулятивті оңтүстік жағалау ауданы. Мұнда екі алқап ерекшеленеді. Олар жағалық жалдармен лагунды көлшіктері бар және Кіші Алакөл шығанағының аккуммулятивті қоғалы жағалау ауданы. Жағалық жалдары бар аудандарда көл суының деңгейі төмендегенде шығанақ бөлшектеніп, құрғап жеке лагуналы шағын көлшіктер пайда болады. Оңтүстік және оңтүстік – батыс жағалаудың кескіні бірыңғайлы өзенінің ысырылу конусының жолдары арқылы айқындалады. Кіші Алакөл шығанағы көлдің оңтүстік – шығысындағы тау аралықойыста орналасқан. Шығанақтың жалғасы батпақтанған құрақ өскен жаман өткен өзенінің жайылмасы болып табылады./24/
- Аккуммулятивті солтүстік –шығыс жағалық аудан. Оның жағалауы қойнаулар, шығанақтар мен тілімденген жағалаудың қалыптасуына эолдың жолмен түзілген қырқалы – төбелі құмдар әсер етеді. Жағалаудың жекелеген бөлігінде Емен мен Қатынсу өзендерінің атыраулары ерекшеленеді.
- Абразиялы – аккуммулятивті шығыс жағалау ауданы. Бұл өзен арналарымен тілімделген тегіс және көлбеу жазық болып келеді. Негізінен құмшауытты, құмды, сазды жыныстардан тұрады. Солтүстік жағалауы қойнаулы, аккуммулятивті, оңтүстік жағалауы тегістелген абразиялы.
- Потамогенді – аккуммулятивті солтүстік жағалау ауданы. Оның қалыптасуына Үржар өзенінің әсері зор. Ауданның жағалық бөлігі көлдік алювиальды шөгінділерден тұрады. Соңғы жүз жылда жағалау сызықтары солтүстігінің кей жерлерінде 20 шақырымға дейін шегінген. Жаңадан түзілген Құм арал жағалауға бағыттас батыстан шығысқа 12 шақырымға созылып жатыр. Оның ені 2,5 ауданы 16 шаршы шақырым. Аралдың шығыс бөлігі жазық көлге қарай биіктігі 8 метрге жететін келер түзеді. Ол ұсақ түйіршікті құмды шөгінділерден тұрады.
- Алакөл мен Ұялының су айрығы болып табылатын абразиялы- аккуммулятивті солтүстік – батыс жағалау ауданы. Ұсақ құмды- сазды жыныстардан тұратын көлдің жағалауы ежелгі Ұялы өзенінің ескі арнасы мен тілімденген. Жағалаудың барлық бөлігін бойлай аласа шағын аласа кемерлер созылып жатыр. Өзінің кескіні жағынан қойнаулы жағалауға ұқсас. Жағалық абразия жақсы байқалады.
- Аккуммулятивті- эолды батыс жағалау ауданы. Көршілес жазықтармен ұштасып кететіндіктен жағалауы аласа әрі жатық. Көктемде судың деңгейі көтерілгенде біртіндеп су басып кетеді. 1946- 1963 жылдың аралығында жағалау 7 шақырымға жылжыған аумағын ұлғайтқан.
Батыс жағалау шағын ойпаңдары бар ежелгі көлдік жазық болып табылады. Ең үлкен аралы үлкен Аралтөбе. Оның ауданы 26 шаршы шақырым, ұзындығы 8, ені 5,7 шақырым, биіктігі 88 метр. Орта аралдың ауданы 0,7 шаршы шақырым, ұзындығы 1,5 ені 0,5 шақырым, биіктігі 52 метр. Кіші Аралтөбенің ауданы 2 шаршы шақырым, ұзындығы 3,2 ені 1,1 шақырым көл деңгейінен биіктігі 148 метр. Барлық аралдар полезой жыныстарынан тұрады. Жағалауы тік, оңтүстік батысында жар қабақты болып келеді. Олардың түзілуіне тектоникалық үрдістер мен көлдің деңгейінің ауытқуы әсер етеді./25/
Өзен торлары мен су режимі.
Көлге 15 тарта өзендер мен олардың салалары құяды. Солардың алтауы негізгі болып саналады. Олар: солтүстігі мен солтүстік батысындағы көл суының беткі ағынының 50% беретін Үржар, 8,8% беретін Қатынсу, Емел (27,4%) оңтүстігі мен оңтүстік шығысынан құятын Жаманты мен Ырғайты (8,8%), Жаманөткел (5%) . Көл бетіндегі жиынтық радияция құрылқтың бетіне қарағанда 1-2 % жоғары. Құрылықпен көл бетіндегі температураның айырмасы мамырда 4,9(градус), қарашада 8,10 Көл суының ең жоғары температурасы тамыздың екінші жартысы мен қыркүйектің бірінші он күндігінде байқалады. Көл суының терең қабаттары +240… +260 таяз сулы қайрыңдары 30 дейін қызады. 20 метр тереңдікте температура 16-180 артпайды. Терең қабаттарының орташа температурасы +120… +140 артпайды. Шілде айында температураның ауытқу қабаты 10-25 метр тереңдікті, қыркүйектің соңында 30 метрге дейін жетеді. Терең қабаттардағы күшті минералданған сулардағы теріс температура балансы мамыр- маусым айларына дейін сақталады. Температураның жылдың ауытқуы көлдің беткі қабаттарында 26-30 (градус), 20 метр тереңдікте 15-17(градус) артпайды. Температураның көп жылдың орташа ауытқуы 4,5-15,3(градус) (мамыр — қараша) құрайды.
Жел режимы. Көл бетіндегі жел режимі күрделігімен ерекшелінеді. Желдің жылдамдығы құрлыққа қарағанда көл бетінде жоғары. Солтүстік батысында желдің ең жоғарғы жылдамдығы 40-50 м/с, оңтүстік шығысында 50-60 м/с дейін жетеді. Желдің қарқындығы қыс пен күзде артады. Жел режіміне тән ерекшеліктерге сәйкес толқындардың биіктігі 2- 2,5 метрге жетеді. Үздіксіз толқындардың ұзақтығы 4- 5 күнге дейін созылады. Көл қазаншұңқырының тереңдігі мен қатты тілімделуіне судың тербелуіне желдің тигізетін әсерінің күрделілігі тұздылығының әркелкі болуына және мұздың қатуының ұзаққа созылуына әсер етеді. Алғашқы мұз көлдің солтүстік — батысындағы тұщы сулы бөлігінде Қарашаның соңында пайда болады. Көлдің барлық бөлігі толығымен тек қаңтар мен ақпанның басында қатады. Мұздың ең жоғарғы 80 сантиметрлік, қалыңдыққа ақпан айында жетеді. Мұздың бетіндегі қардың қалындығы 5 -10 см артпайды. Ақпанның соңы мен Наурыздың басынан бастап мұз біртіндеп жұқара бастайды. Көлдің беті мұздан толығымен тек сәуірдің соңы мен мамырдың басында арылады. /26/
Су балансы мен деңгейі. Алакөлдің су айдынының бетіне жылына 306 мм жауын – шашын түседі. Оның 169 мм, 55,2 % жылдың жылы кезеңінде 137 мм, 44,8 %. Жылдың суық мерзімінде түседі. Көлдің бетінен бір жылда 1194 мм су буланады. Оның 827 мм, 70 % тек шілде — қазан айларында буланады. Су балансының ырғақтылық элементтерінің ауытқуы оның барлық құрамдас бөліктерін өзгертеді. Алакөлдің деңгейінің ауытқуының екі түрі байқалады. Олардың біріншісі келіп құятын өзендердің шығыны мен жерасты ағынына және булануға байланысты жүретін жыл ішіндегі ауытқуы. Көл суының деңгейінің жылдың ауытқуының амплетудасы 40 – 121 см. Орташа мөлшері 76 см. Екіншісі ауа температурасының, түсетін атмосфералық жауын – шашынның, келіп құятын өзендердің сулылығының өзгеруінен жүретін циклдың ауытқу. Алакөлдің ең жоғарғы деңгейі 1908 және 1974 жылы, ал ең төменгі 1996 жылы байқалды. 1909 -1946 жылдың аралығында көлдің деңгейі 5,27 метрге, беткі ауданы 460 шаршы шақырымға, көлемі 12 текше шақырымға төмендеді.
1947- 1974 жылдар аралығында судың деңгейі 7,18 метрге көтеріліп ауданы 60 шаршы шықырымға, көлемі 17 текше шақырым деңгейі тағы төмендегі бастады. Алакөлдің деңгейінің көп жылдық орташа ауытқуы 21 – 25 метр./27/
Алакөлдің гидрохимиясы. Судың минералдануы 1,2 ден 11,6 г/кг аралығында ауытқиды. Минералдану көрсеткіші шетінен ортасына қарай артады. Әсіресе табанына жақын су қабаттарында жоғары. Көктемде көлдің деңгейі көтерілгенде минералдануыда төмендегідей бастайды. Бір жылда өзен арқылы ағып келетін тұздың мөлшері 1335,1 мың тонна. Соның ішінде 313 мың тоннасы еріген күйде суда сақталады. Суда еріген минералдық заттардың қоры 415 млн тонна. Судың химиялық құрамына қарай хлоридті – натрилі, сульфатты натрилі, хлоридті-сульфатты – натрилі. Бір жыл ішіндегі pH 7,2 мен 9,1 аралығында ауытқиды. Судың мөлдірлігі таяз сулы солтүстік – батыс бөлігінде 0,6 метрден орталық бөлігінде 0,6 метрден орталық бөлігінде 6 метрге дейін артады.
Биогенді заттардан фосфордың мөлшері жыл бойы 0,003 пен 0,074 мг/л нитратты азот 1 мг/л, кремни й1,2- 6,4 мг/л, темір 0,04 тен 0,96 мг/л аралығында ауытқиды.
Еріген оттегін 45- 58 % аралығында ауытқиды. Пермагенттік тотығу 2- 25 мг/ 0 г/л, ол орталығынан шетіне қарай артады. Суы өте қатты
Планктондары. фитопланктондардан балдырлардың 58 түрі кездеседі. Жасыл балдырлардың 18 диатомды балдырлардың 20, көк жасыл балдырлардың 10, эвиеналардың 3, пирофитті балдырлардың 1 түрі таралған тұзылау суларда мекендейтін формалары басым. оопланктондардың 80 түрі табылған. Қарапайымдылардың 4, Коловраткалар кең таралған. Планктондардың орташа тығыздығы коловраткаларда 12163- 330074, тармақталған мұрттыларда 3009- 9412, ескекаяқтыларда 16115- 24222 дана / текшке метр.
Бентос. Көлдің таяз сулы солтүстік және солтүстік – шығыс бөлігінде жоғары сатылы су өсімдіктері кәдімгі қоға, қоңырбас, қамыс тағыда басқалары таралған. Қоғалы су өсімдіктерінің бірлестіктерінің жалпы ауданы 14 мың гектар./28/
Зообентостан көлден омыртқасыз құрттар, шаян тәрізділер, өрмекші тәрізділер, бунақденелердің дернәсілдері табылған. Зообентостың негізін масалардың дернәсілдері құрайды. Орташа биомассасы 2,2– 9,9 г / м 2 немесе 22 – 99 кг / га.
Ихтиофаунасы. Алакөлде балықтың 8 түрі мекендейді. Ақ алабұға, жалаңаш осман, біртүсті губач, көл губачы, көл маринкасы, сазан және судак. Балық аулаудың көп жылдық орташа мөлшері 2500 тонна. Солтүстік және солтүстік — шығыс жағалаулары мен өзен сағаларындағы қамыстарда ондаторлар мекендейді. Көлде су құзғыны, қаз гагарлар, аққу, құтандар, бір қазандар, қасқалдақ, шағала басқада құстар кездеседі.
2.3 Алакөл жүйесіне енетін көлдерге физикалық- географиялық шолу
Сасықкөл — Алакөл ойысының аласа солтүстік –батыс бөлігінде Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының шекарасында теңіз деңгейінен 350,5 метр биіктікте орналасқан ағынды көл. Ол батыстан шығысқа созылып жатыр.
Морфометриясы. Сасықкөлдің ауданы 736 шаршы шақырым, аралдарын қосқанда 747 шаршы шақырым. Ұзындығы 49,6 ені 19,8 . шақырым. Жағалау сызығының ұзындығы 182 шақырым, тереңдігі 3,32, ең терең жері 4,7 метр. Суының көлемі 2,43 млрт м3 . Тереңдігі шетінен ортасына қарай біртіндеп артады. Табаны тегіс батыстан шығысқа қарай сәл еңіс . Ең терең бөлігі шығысында. Табанына шөккен тұнбалардың сипатына қарай үш топқа бөлінеді. Олар көлдің ең аласа бөлігіне таралған аулығының 61 % қамтитын сұр түсті биотоп, 20- 30 % қамтитын құмды тұнбалы биотоп жоғарыда аталған екеуінің аралығындағы құмды – тұнбалы биотоп./30/
Жағалаулары. Сасық көлдің жағалауы ирек болып келуімен, аласа әрі қалың қоғамы — қамысты болып келуімен ерекшеленеді. Қалың қамыс толқындарды әлсіретіп, ысырындылардың жинақталып жағалаудың биіктеуіне әсер етеді. Оңтүстік — шығысында биіктігі 117 метрге жететін Аралтөбе түбегі бар. Оның ауданы 11,2 шаршы шақырым, ұзындығы 5 ені 2,8 шақырым. Ол терең Борған және Жартас шығанақтарын түзеді. Түбек көл деңгейінен биіктігі 47 метрлік кемер түзеді. Сасықкөлде 7 жағалық аудан бар.
- Аккумулятивтік- потомогенді фитогенді солтүстік жағалау. Жағалау маңындағы көлдің алювиальды жазық жоғарғы төрттіктің қалыңдығы 25 метрге дейін жететін сұр түсті құмды – сазды, құмды, қиыршық тасты құмды және сұр түсті тығыз сазды жыныстарынан тұрады. Көлдің солтүстік –шығысынан ертеректе үлкен Текбұлақ өзені құйған. Қазір ол тек мол сулы жылдары ғана жетеді. Жағалық ауданның орталығынан Қарақол өзені келіп құяды. Солтүстік жағалауында Сағат ауылы орналасқан.
- Аккумулятивті фитогенді солтүстік — батыс жағалық аудан. Аталған аудан Сасық көлді кеуіп баражатқан Қылы көлімен жалғайтын Құмтал ағынын қамтиды. Қылы бұрын Сасықкөлмен бірге біртұтас көл болған. Жағалау сызықтары тегістелген суасты жағалық беткей тегістелген біртіндеп еңіс болып келуімен ерекшеленеді. Жағалаудың солтүстік-батыс бөлігінде Аралтөбе аралы орналасқан.
- Аккумулятивті, фитогенді батыс жағалау. Ол төртік дәуірдің өте ұсақ құмды-сазды, саздақты жыныстарынан тұрады. Бұрынғы Екпінді ауылының маңында ұзындығы 1 шақырымға биіктігі 1-2 метрге жететін кемер бар.
- Абразиялы- аккумулятивті оңтүстік-шығыс жағалау ауданы. Жарсуат ауылының маңында биіктігі 2-15 метрге жететін кемер түзеді. Кемерлер негізінен күңгірт сары саздақты жыныстардан тұрады. Жағалауға бағыттас құмтасты жыныстардан тұратын көлге қарай біртіндеп аласатын баспалдақ тәрізді төрт текшеден тұратын үстірт созылып жатыр./31/
- Тентек өзенінің сағасындағы аккумулятивті- потомогенді фитогенді жағалау. Сағасында Тентек өзені үш салаға бөлініп сасық көлге құяды. Олар: сол жағындағы Тентек, Орталық Қаратентек және оң жағындағы Борған салалары. Тентектің атырауы батпақтанған көптеген ұсақ көлдермен көмкерілген. Ұсақ тұнбалар мен құмдан тұратын көлдік- алювиальды шөгінділер қалыптасқан.
- Оңтүстік шығысындағы Аралтөбе түбегіндегі абразиялы – аккумулятивті жағалау. Оңтүстігінде Борған, Солтүстігінде Жартас шығанағы шайып жатқан Аралтөбе 10 шақырымға созылып жатыр. Терең енетін қойнау ауа райының қолайсыз күндері Балық аулайтын шағын кемерлерді қорғайтын қолайлы орын болып табылады. Түбектің оңтүстік және шығыс жағалауы аласа, аккумулятивті, батыс шетінде ысырынды малта тасты құмды шөгінділерден тұратын ұзындығы 3 ені 0,5 шақырымға созылған қырқатайда болған.
Батпақты жазық болып табылатын біртіндеп түбекке ұласатын аккумулятивті-фитогенді шығыс жағалау ауданы. Мұнда көлден Жіңішкесу өзені ағын шығып, Аралтөбе тауын солтүстігінен айналып өтіп Ұялы көліне құяды. Жіңішкесу өзенінің Оңтүстігінде Сасықкөлдің суы қамысты-қоғалы алқаптар арқылы Момыш көліне құяды.
Гидрографиясы мен су режимі. Сасықкөлге оңтүстік-шығысынан Тентек, Солтүстігінен Қаракөл, батысына Ай өзені келіп құяды. Соңғы екі өзен буланудың тараниспирациялық үрдістердің әсерінен жазда көлге жетпей кеуіп қалады.
Тентек сағасында жеті тармаққа бөлінетін атырау түзеді. Суының 80% Қаратентек арқылы ағады. Тентек арқылы Сасықкөлге келіп құятын судың көпжылдық орташа көлемі 989 млн м3 көлдің беткі ағыны жіңішкесу өзені арқылы жүзеге асады. Деңгейі төмендегенде көлдің беткі ағыны тоқталады. Сасықкөлде 2,43 млрд м3 су шоғырланған. Судың көктемгі – жазғы жылынуы наурызда басталып, маусымға дейін созылады. Мұздан арылу кезеңіндегі судың темературасы 1-30 тан 7-100 дейін көтеріледі. Көл суының температурасы шілденің соңында 28-290 дейін жылынады./32/
Көл айдынында күз бен қыста шығыс, оңтүстік-шығыс және солтүстік-батыс желдері басым болады. (Ебі, Сойқан қыбыла) желдің жылдық орташа жылдамдығы 2-4 м/с, ең жоғары жылдамдығы 40-45 м/с. Толқындардың биіктігі 1-1,9 метрден аспайды. Алғашқы мұз көлдің жағалық бөлігінде Қарашаның соңында басталып, толық қатуы 7-11 күнге созылады. Мұздың қалыңдығы ақпанда 60-62 сы жетеді.
Мұз бетіндегі қардың қалыңдығы 5-60 сы аралығында ауытдиды. Ақпанның соңы мен наурыздың басында мұз біртіндеп жұқара бастап, сәуірдің басында көл мұздан толық арылады. Сасықкөлдің балансы мен деңгейі. Көлге келіп құйылатын беткі ағынның көпжылдық орташа мөлшері 989 млн м3, жерасты ағыны 100 млн м3. Сасықкөлдің деңгейінің көтерілуі наурызда кейжылдары сәуірде басталады. Ең жоғары деңгейі мамырда байқалады. Деңгейінің жазғы-күзгі төмендеуі маусымнан қазан-қарашаға дейін созылады. Деңгейінің жылдық ауытқуы 50-98 см.
Гидрохимиясы. Сасықкөлдің минералдануы бір жыл ішінде 0,772 г/л мен 2,16г/кг аралығында ауытқиды. Минерлдануының көпжылдық орташа мөлшері 341,6-419,3 мг/л. Көл айдынының барлық бөлігі мен тереңдіктерінде судың минералдануы әркелкі. Минералдануы қыста артып, көктеммен жазда кемиді. Химиялық құрамы жағынан гидрокорбанаттылар сыныбына жатады.
Қыспен көктемде кальци мен натридің катионы артады. Көл суының мөлдірлігі 0,2-2,6 метр аралығында ауытқиды. РН 7,3-8,6 судағы еріген фосфордың мөлшері 0,001-0,013 мг/л, азот нитраты 0-5,8 мг/л аралығында ауытқиды. Еріген оттегінің мөлшері қанығу деңгейінің 42-119% құрайды. Сәуірде келіп, жазда артады. Пергаменттік тотығуы 2-26 мг 0г/л. Судың қаттылығы қалыпты./33/
Планктондары. Сасықкөлде фитпланктондардан жасыл балдырдың 20, диатомды балдырлардың 19 көк-жасыл балдырлардың 12, эвгленаның 2, пирофитті балдырлардың 2 түрі мекендейді. Зоопланктондардан қарапайымдылар, коловраткалар, шаянтәрізділер, кең таралған. Солардың ішінде ескек аяқты шаянтәрізділер басым. Планктондардың орташа тығыздығы-коловраткалар –2351-16156, ветвистоустар-2000-29400, ескекаяқты шаяндар 9511-100171 м3 шамасында.
Зоопланктондар Жартас шығанағында біршама жақсы дамыған.
Бентостары. Көлдің барлық бөлігін дерлік кәдімгі құрақ, қамыс, су қарақұмығы, ситник, қоға, ақтұңғиықтан тұратын су өсімдіктері, жауып жатыр. Қамыс пен қоға өскен алқаптардың жалпы ауданы 55 мың гектар. 30 бентостық негізін хирономидтің, олигохедтердің, гелидтердің, мезидтердің дернәсілдері құрайды.
Ихтеофаунасы. Сасық көлде сазан, судак, ақ алабұға, жалаңаш осман, көл және өзен маринкасы. Көл губагы мекендейді. Солардың ішінде сазанның, ақ алабұғаның және моринканың кәсіптік маңызы бар. Ауланатын балықтың жылдық орташа мөлшері 1000 тонна.
Көлде ондатра бар,олардың өсіп өнуіне ең қолайлы аумақ Тентек өзенінің атырауы болып табылады. Алакөл жүйесіндегі көлдерге 1943 жылы андатра әкелінді. 1946 жылы Алакөл мемлекеттік ондатра шаруашылығы құрылды. 1956 жылдан бастап бағалы терілерді дайындау басталды. 1956 жылы Үшарал ауылында 1956 жылды күміс және көгілдір түлкі және норка өсіретін ақ фермасы ашылды. Сасықкөлде үйрек, қаз, гагарлар, суқұзғындары, құтандар, аққулар, бірқазандар шағалалар мен қасқалдақтар басқа да су құстары мекендейді.
Ұялы (Қошқар) көлі. Алакөл ойысындағы Сасықкөл мен Алакөлдің аралығында орналасқан.Екі көлден ені 4,5 және 5,5 шақырымға жететін мойнақтар бөліп жатыр. Пішіні элипс тәрізді солтүстіктен оңтүстікке созылып жатқан ағынды көл морфометриясы. Көл теңіз деңгейінен 349,8 метр биіктікте орналасқан. Ұялының беткі ауданы 120 шаршы шақырым, ұзындығы 18,3 ені 9,6, жағалау сызығының ұзындығы 57,3 шақырым. Орташа тереңдігі 4,07 ең терең жері 5,8 метр, суының көлемі 488,3 млн, текше метр. Көлдің су жинайтын ауданы 20800 шаршы шақырым. Көл табанындағы шөгінділердің сипатына қарай құмды, құмды-сазды және сұр түсті биотоптар таралған. Сұр түсті тұнбадан тұратын биотптар көлдің ең төмен жатқан ойысты бөлігін қамтиды. Ол су айдынының 62% алып жатыр. Құмды биотоптар 1,5-2 метрге дейінгі тереңдіктегі бөліктерінде таралған. Су айдынының 20-30% алып жатыр. Құмды-тұнбалы биотоптар өтпелі болып табылады./34/
Жағалаулары. Көл жағалауы сызықтары нашар тілімделген. Шығыс жағалауынан басқа бөлігі батпақтанған аласа, жекелеген бөліктерінде шағын көлдер бар. Суда өскен қамыстар тоқынының күшін әлсіретеді. Алакөлмен сасықкөлден айырмашылығы жағалаулардың төрт түрі бар.
1.Акумуляивті-шымды солтүстік және солтүстік батыс жағалау ауданы. Аталған жағалау ауданы көлге келіп құятын Жіңішке су, және одан ағып шығатын Ұялы өзендерінің әсерінен қалыптасады. Жағалаудың барлық бөлігінде қоға мен қамыс өскен.
- Ұялы мен Алакөлді бөліп тұрған қырқалы- аккумулятивті шығыс жағалау ауданы. Жер бедері белесті толқынды болып келеді. Ұялы өзенінің ескі арнасы кесіп өтеді. Көл жағалауын бойлай 11 шақырымға созылып жатқан биіктігі 2-3 метрге жететін бір-бірімен жалғасып жатқан қырқалар бар.
- Ұялы мен Сасықкөлдің аралығындағы аккумулятивті- фитогенді батыс жағалау ауданы. Солтүстік бөлігінде Аралтөбе тауының шығыс беткейі тіреледі. Ол біртіндеп батпақтанған аласа аккумулятивті жазыққа ұласады.
- Атыраулы аккумулятивті оңтүстік-батыс жағалау ауданы. Жағалаудың қалыптасуына Тентектің құрғап қалған Борған қолтығының ескі арнасының атырауы әсер етеді. Алювиальды сырылу конусында ауданы 13 шаршы шақырымды құрайтын атырау түзілген. Атыраудың беті батпақтанған.
Өзен торларымен су режимі. Көлге келіп құятын өзендер жоқ. Суы негізінен Сасықкөлден келіп құятын Жіңішке су өзені мен жағалық қырқалар арқылы фильтрацияланудың есебінен толығады. Сасықкөлдің деңгейі төмендегенде келіп құятын су тоқталады. Маусымдық ағынның шамалы бөлігін көктем мен жаз кезінде құрғақ өзен арнасы арқылы ағып келетін су құрайды. Ол ағын жерасты суларының көтерілуі есебінен жүреді. Ұялыдан ағып шыққан су Үржар өзеніне одан ары Алакөлге құйылады./35/
Көл суының көктемгі-жазғы қызуы наурызда басталып шілденің екінші жартысына дейін созылады. Мұздан арылу кезеңінде 0,20-3,00 толық арылғанда 1-30 пен 7-100 дейінгі аралықта ауытқиды. Көл суының ең жоғарғы температурасы шілденің соңында 28-290 дейін жетеді.Көл айдынының бетінде шығыс, оңтүстік-шығыс және солтүстік батыс желдері басым болады. Көктемде байқалатын қысқы желдің жылдық орташа жылдамдығы 2-4 м/с, ең жоғарғы жылдамдығы 40-45 м/с.Бірінші мұз жамылғысы қарашаның соңында жағалық бөліктерінде түзіліп, 7-11 күн ішінде толық қатады. Ақпанда мұздың қалыңдығы 60-62 см мұз бетіндегі қардың қалыңдығы 5-60 см аралығында ауытқиды. Ақпанның соңы мен наурыздың басынан бастап, көл бетіндегі мұз біртіндеп жұқарып сәуірдің басында толық арылады.
Ұялы көлінің балансы мен деңгейі. Көлдің суының кірісі мен шығысы тең болуы мен ерекшеленеді. Көлге беткі ағын арқылы 165 млн текше метр, жер асты ағыны арқылы 20 млн текше метр су келіп құяды. Атмосферадан келіп түсетін жауын-шашынның есебінен 33 млн текше метр су келіп құйылады.
Ұялының (Қошқардың) деңгейінің көтерілуі наурызда басталады жыл ішіндегі ең жоғарғы деңгейі сәуір мен шілде аралығында байқалады. Судың деңгейінің жазғы-күзгі төмендеуі қазан-қарашаға дейін созылады. Көл деңгейінің жылдық ауытқуының амплитудасы 41-90см.
Ұялының гидрохимиясы. Ұялы көлінің минералдануының көпжылдық орташа көрсеткіші 0,94-1,16 г/кг. Суда еріген мөлшері 537 мың тонна.
Химиялық құрамы жағынан ұялы көлі гидрокорбанатты сыныпқа жатады.
Катондардың ішінде натрий басым. Көл суының мөлдірлігі 0,2-1 метр аралығында ауытқиды. Судың құрамындағы еріген фосфордың мөлшері жыл ішінде 0-0,5 темір 0,04 тен 0,061, кремний 0-10,2 мг/л шамасында. Еріген оттегінің мөлшері қанығу шегінің 66-69% құрайды. Пергаменттік тотығуы 9-29 мг 0г/л суы қатты./36/
Планктондары. Ұялы көлінде жасыл балдырдың 29, диатомды балдырлардың 21, көкжасыл балдырлардың 10, эвленаның 2, пирофитті балдырларының 1, алтын түсті балдырдың 1 түрі таралған. Зоопланктондардың үш тобы басым. Коловраткалардың 11, ескекаяқты шаян тәрізділердің 5, ветвистоус шаяндарының 8 түрі кездеседі. Қарапайымдылар өте сирек.
Бентос. Көлдің таяз суы бөлігінде құрақтармен қамыс алып жатыр. Оның жалпы ауданы 37 мың гектар. Басқа көлдерге қарағанда 300 бентос аз. Олардың басым бөлігін масалардың, инеліктің дернәсілдері, жамбасқұрттар мен сүліктер құрайды. Көлдің орталық бөлігінде бентостың тығыздығы 2400 дана /м2 шамасында. Олардың биомассасы 10,3 г/м2.
Ихтиофауналары. Ұялы көлінде сазан, ақ алабұға, судак, көл және өзен маринкасы, бір түсті және өзен губагы, жалаңаш осман мекендейді.
Жалаңашкөл. Алакөлдің оңтүстігінде Жоңғар қақпасының маңында теңіз деңгейінен 372,5 метр биіктікте орналасқан. Көлдің пішіні сопақ солтүстік батыстан оңтүстік-шығысқа созылып жатыр. Беткі ауданы 37,5 шаршы шақырым, ұзындығы 9, ені 5,5 жағалау сызығының ұзындығы 23,8 шақырым, суының көлемі 104 млн текше метр. Орташа тереңдігі 2,6 метр. Көл қазаншұңқыры солтүстікке қарай аздап еңіс. Ең терең жері солтүстік батысында орналасқан. Көл табанының бедері әлсіз толқын тәрізді. Табаны негізінен қиыршық тасты-құмды жыныстардан тұрады. Табанында сұр түсті, кей жерлерінде қара түсті тұнбалар кездеседі.
Жағалауы. Жағалау сызықтары тегістелген. Су басатын аласа, кей жерлері батпақтанып, қамыс өскен. Жалаңаш көлде төрт жағалық аудан бар.
- Қиыршықтасты – малта тасты бос жыныстардан тұратын абразиялы-аккумулятивті жағалау. Көлдің жағалауды шарпуы нәтижесінде биіктігі 1-3, метрге дейін жарқабақты кемер түзілген.
- Биіктігі 1-3, ені 100 метрге дейін жететін жағалық қырқалары бар аккумулятивті солтүстік-батыс жағалау./37/
- Қиыршықтасты-саздақты жыныстардан тұратын тауалды көлбеу жазықты абразиялы-аккумулятивті шығыс жағалау ауданы. Жағалауды соқпа толқындардың әсерінен биіктігі 5 метрге жететін жарқабақты кемер түзілген.
- Қамыс-қоға өскен батпақтанған аласа аккумулятивті оңтүстік жағалау ауданы. Аталған ауданда жер бетіне шығып жатқан жерасты су көздеріне бай. Бұл жер ені 12-14 шақырымнан аспайтын жоңғар қақпасының ең жіңішке бөлігі болып табылады.
Өзен торлары мен су режимі. Жалаңаш көлге келіп құятын өзен торлары жоқ болғаны мен тоқта, шыңдалы өзендері жерасты ағыны арқылы қоректендіреді. Негізінен жерасты ағыны, аздаған бөлігін еріген қар, жаңбыр сулары құрайды. Көл бетінен жылына 1225 тен 1334 мм дейінгі мөлшерде су буланады. Көлде 104 млн текше метр су шоғырланған судың ең жоғарғы температурасы 24-260 шілденің соңында жетеді.
Көлде айдынының бетінде шығыс, оңтүстік-шығыс және солтүстік-батыс желдері басым. Желдің жылдық орташа жылдамдығы 6-7, ең жоғарғысы 60-70 м/с. Күз, қыс маусымдарында желдің күшейіп, жазда әлсіреуі байқалады.
Көл қарашаның бірінші жартысында екі-үш күн ішінде қатады. Ақпанда мұздың қалыңдығы 90-100 см жетеді. Көл деңгейінің жылдық орташа ауытқуы 42-89 сантиметр. Гидрохимиясы. Көл суының минералдануы әртүрлі жылдарда 1,2 –5г/кг аралығында ауытқиды.
Химиялық құрамы жағынан суы сульфатты, -гидро корбанатты-натрилі. РН7,6-8,6 аралығында ауытқиды. Мөлдірлігі 0,2-1,2 метр. Судың құрамында азон нитратының мөлшері 0-0,75 кремний-8,4-12,0 темір 0-0,96, фосфор 0,009-0,05 мг/л шамасында. Пергаменттік тотығуы 19-20 мг 0г/л. Еріген оттектің мөлшері қанығу дәрежесінің 79-80% құрайды. Көлдің суы өте қатты балықтардан сазан, алабұға мекендейді. Көлдің шығыс және оңтүстік жағалауын бойлай қамыс пен қоға өскен оның ені 100 метрге дейін жетеді. Жалпы ауданы 30 гектар. Көлде үйрек, шағала, басқада су құстары тіршілік етеді.
2.4 Балқаш ойысының шағын көлдері
Ақтасты көлі. Көл Сарқан ауданының аумағында Ақтасты теміржол бекетінің оңтүстік-батысында теңіз деңгейінен 342 метр биіктікте орналасқан. Беткі ауданы 5,98 шаршы шақырым, ұзындығы 5,5, ені 2,1 жағалау сызығының ұзындығы 17,4 шақырым.
Көл құм төбелерінің аралығындағы ойыста түзілген, Солтүстік-шығыстан оңтүстік батысқа созылып жатыр. Оның табаны тегіс, жағалық бөлігіндегі тұнбалардың қалыңдығы 0,3 метр. Өсімдік қалдықтары бар тұнбалардың түсі сұр, күкірттің иісі бар. Жағалауында қамыс пен қоға өскен. Оның ауданы 50 гектар оңтүстік жағалауындағы қоғалардың біразы шөп ретінде шауып алынады.
Жағалауы жатық ашық, оңтүстік-шығыс жағалауы құмды. Қалған бөлігі саздақты. Су жинайтын аумағының жер бедері шөл өсімдіктері өскен құмды төбелі, белесті болып келеді. Оңтүстік жағалауынан бойлай 1,5 шақырым қашықтықтан Ақтоғай-Лепсі теміржолы өтеді. Су жинайтын ауданы мал жайылымы ретінде қолданылады./38/
Көл негізінен еріген қар уының есебінен толығады. Деңгейі жоғары жылдары артық су арна арқылы Балқашқа құяды. Көлдің орташа тереңдігі 1 метр ең терең жері 1,75 метр. Онда 6 млн текше метр су шоғырланған. Ең жоғары деңгейі сәуірде, ең төменгі деңгейі қазанда байқалады.
Су деңгейінің жылдық ауытқуының амплитудасы 1 метр. Мөлдірлігі 0,75 метр, түсі сарғыш-жасыл, түбіне дейін қызады.
Суының минералдануы 9,6 г/кг шамалы тұзды, өте қатты сілтілі, және сульфид сыныбына натрий тобына жатады. Судың құрамында мыс, мырыш, марганец, молибден сияқты микроэлементтердің мөлшері аз.
Тұздылығының формуласы:
Көлде сазан, маринка, алабұға, лещ, судак балықтары бар. Жылына 15 тоннаға дейін балық аулауға болады. Жағалауындағы қамыстарда үйрек, шағала ұя салады.
Үш көл. Қаратал ауданының шығыс бөлігінде Молалы темір жол бекетінің солтүстік-батысында теңіз деңгейінен 359 метр биіктікте орналасқан. Беткі ауданы 9,49 шаршы шақырым. Көл Үшқара тауының Солтүстік-шығыс беткейінің етегіндегі құм төбелерінің аралығындағы ойыста түзілген.
Су жинайтын аудан 3860 шаршы шақырым. Ол жайылым ретінде қолданылады. Қазаншұңқырдың пішіні астау тәрізді, табаны тегіс, жекелеген бөлігіне тұнбалар шөккен. Тұнбаның қалыңдығы 0,5 метрге жетеді. Жағалауында ені 10-50 метрге жететін алқапта қамыс-қоға алып жатыр. Жағалауы тегіс, сексеуіл, жыңғыл, жиде, шөл талдары өскен құмды./39/
Көл негізінен көктемгі еріген қар суының есебінен толығады. Мөлдірлігі 0,4 метр түсі сарғыш, ең терең жері 1,5 метр. Көлде 28 млн текше метр су шоғырланған. Деңгейінің көпжылдық ауытқуының орташа амплитудасы көрсеткіші 1,5 метр. Ең жоғарғы деңгейі сәуірде, ең төменгі деңгейі қазанда байқалады. Деңгейі жоғары болғанда үшкөлдің суы Орта Үшкөлге құйылады. Суы тұщы, әлсіз сілтілі, қаттылығы қалыпты, гидрокорбанаттар сыныбына, натрий тобына жатады. Микроэлементтердің мөлшері аз.
Тұздың құрамының формуласы.
Сазан, лещ, маринка, табан балық, пескарь сияқты балықтар тіршілік етеді. Сирек ауланады. Көлде үйрек, шағала, басқада су құстары көп.
Алтай көлі. Сарқан, Алакөл, Ақсу аудандарының шекарасында Жаңалық ауылының солтүстік-шығысында теңіз деңгейінен 465 метр биіктікте. Басқан өзенінің төменгі ағысында орналасқан. Көлдің беткі ауданы 4,13 шаршы шақырым. Ұзындығы 4,2, ені 2,5, жағалау сызығы 17,2 шақырым. Алтай көлі Басқан өзенінің төменгі ағысындағы онша терең емес, құм жалдарының аралығындағы ойыста түзілген. Көлде шағын аралдар көп. Тереңдігі 3,5 метр. Жағалауымен табанына құмды тұнбалар шөккен. Тұнбаның түсі сұр, күкірттің иісі бар, құрамында өсімдік қалдықтары кездеседі. Көп қазаншұңқырында қамыспен қоға өскен. Оның ауданы 150 гектар. Су жинайтын ауданы құмды саздақты жыныстардан тұратын төбелі, белді, белесті болып келеді. Көлдің ең терең жері 3,5 метр, мөлдірлігі 1,5 метр, түсі сарғыш, қоңыр-сары. Ең жоғарғы деңгейі сәуірде, ең төменгі деңгейі қазанда байқалады. Деңгейінің жылдық орташа ауытқуы 1 метр. Суының құрамында микроэлементтер өте аз.
Судың тұздық құрамының формуласы:
Көлде сазан, алабұға, лещ, маринка тіршілік етеді. 1966 жылы карп жіберілген. 1935-1940 жылдардың аралығында көлден жылына 60 тонна балық ауланып тұрған. Қазір ол көрсеткіш бірнеше есе қысқарған.
Жәңгірлі көл. Жәңгірлі көлі Қаратал ауданының оңтүстік-шығысында Молалы теміржол бекетінің оңтүстік батысында теңіз деңгейінен 410 метр биіктікте орналасқан. Ауданы 1,6 шаршы шақырым. Ұзындығы 2,5 ені 1,3, жағалау сызығы 10 шақырым.
Көл шоқы аралық ойыста орналасқан. Оның су жинайтын ауданы төбелі. Оңтүстігінде онымен күріш танаптары шектеседі. Батыс жағалауы арқылы Молалы –Үштөбе теміржолы өтеді. Көл табанына қалың тұнбалар шөккен. Айдынының үштен бір бөлігін қалың қамыс пен қоға жауып жаты. Тұнбалардың түсі қара күкірт сутектің иісі бар. Оның қалыңдығы 0,2-0,5 метр. Жағалауы тегіс. Ашық құмды саздақты жыныстардан тұрады. Жағалауын бетегелі-жусанды-бозды өсімдік бірлестіктері жауып жатыр. Көл суы көктемгі еріген қардың, күріш танаптарының ағынды сулары есебінен толығады. Мөлдірлігі 1 метр, түсі қоңыр-сары, түбіне дейін қызады. Орташа тереңдігі 1,1 ең терең жері 2,5 метр. Көлде 1,8 млн текше метр су шоғырланған. Деңгейінің көпжылдық орташа ауытқуы 2 метр. Суы әлсіз тұзды, сілтілі, қаттылығы қалыпты, сульфидтер сыныбына натрий тобына жатады. Судағы микроэлементтердің мөлшері шамалы.
Судың тұздық құрамының формуласы:
Көлде көптеген су және батпақ құстары мекендейді.
Қорытынды
Бітіру жұмысын қорыта келе Алматы облысының аумағындағы көлдердің қалыптасуына құрылықтың ішкі бөлігінде орналасқан физикалық -географиялық орынының, геологиялық құрылысымен жер бедерінің, климаты мен оларды қоректендіретін өзендер мен жерасты еспе сулары әрекетін анықтап, су байлықтарын пайдалану барысында туындайтын қоршаған ортаның табиғи тепетендігінің бұзылуының шешуді қажет ететін бүгінгі тақырыптың ең өзекті мәселелерінің бірі екеніне көз жеткіздім.
Қазақстанның халық шаруашылығы үшін Алматы облысының тұщы және аз минералданған ауданы 1км2 асатын минералдануы 3 г/л аспайтын көлдердің маңызы зор .Атап айтсақ Алматы облысының аумағындағы Балқашты Алакөл мен Сасықкөлді, Ұялыны есептемегенде аумағы 1км2 асатын 67 көл бар, олардың жалпы ауданы 75,81 км2. орташа тереңдігі 3,1 метр суының жалпы көлемі 104 млн м3. Олардың суларын балық өсіруге, мал суаруға, егістіктермен жайылымдарды суғаруға, бағалы терілі ондатра өсіру мақсатында қолдануға болады. Қазіргі кезде Алматы облысының көл суларын көбінесе балық аулау,мал суару және рекреациялық мақсатында ғана қолданады, малдың көл жағалауын бұзып ластануына әсер етуі оның шаруашылықтық маңызын жоғалтады.
Көл суларының физикалық-химиялық қасиеттері оларды қоректендіретін су көздерімен, аридті климат жағдайында буланудыу жоғары болуы,Қаскелең, Іле, Қаратал, Ақсу Тентек өзендерінің өндіріс қалдықтарымен ластануы әсер ететінін анықтадық. Қазіргі кезеңде сазан, жайын сыяқты кәсіптік балықтардың шектен тыс аулануы Балқаш, Алакөл жүйесіндегі көлдердің ихтиафаунасының кеуіне осыған орай олармен қореектенетін су құстарының азаюына тікелей өсеретуде. Қазіргі кезеңде облыс аумағындағы ірі көлдердің ихтиофаунасын сақтау үшін Балықты қолдан өсіріп көбейткен жағдайда е жыл бойы аулауға болады. Алматы облысының көлдерінің жоғары сатылы өсімдіктері қамыс пен қоғаны целлюлоза –қағаз өнеркәсібіне қажетті шикізат ретінде пайдалануға болады. Ылғалдану дәрежесіне қарай Алматы облысының көл жағалауларындағы саздармен өзен жайылмаларында жылдам өсіп жетілетін гидрофитті қамыс пен қоға сияқты өсімдіктер кең таралған. Алматы облысының көлдерінде кең таралған бағалы терілі су жануары кәдімгі ондатра (ondatra zibethicusl) түрі жерсіндірілген. Ол ірі кеміруші су жануары. Ересектерінің ұзындығы 35 см ірілерінің салмақтары 1,5 кг. Ондатраның терісі су өткізбейтін тығыз қара қоңыр болып келеді. Таяз кеуіп бара жатқан көлдер ондатра өсіруге жарамайды. 1935-1963 жылдардың аралығында Қазақстанның көлдеріне жыл сайын 67 ден 4839 дейін ондатра жіберіліп отырылды. Барлығы 41807 ондатра жіберілді. Соның ішінде Алматы облысының көлдеріне 8000 астам ондатра жіберілді.
Қазіргі кезенде ғаламдық жылыну үрдісіне табиғат байлықтарын пайдалануға байланысты Іле, Қаратал, Ақсу. Лепсі, Тентек өзендердінің аңғарында суармалы егіншіліктің қарқынды дамуы аталған өзен суларының тыңайтқыштар мен птециттердің еріген концентрациясының мөлшері шектен тыс артып кетуі Балқаш пен Алакөл жүйесіндегі көл суларының ластануы олардың биологиялық байланыстарын орасан зор нұқсан келтіруде.
Осыған орй ортаталық Алматы облысының аумағындағы өзен суларын үнемдеп пайдаланып суды көп қажет ететіндақылдардың егіс көлемін азайтып өзен суларының Балқаш пен Алакөлг жеткілікті мөлшерде құйылуын қамтамасыз етіп қазіргі денгейін сақтап қалу мәселесін шешу қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- Логиновских Э.В. Кормовая база Алакольских озер и ее использование рыбами. — В кн.: Алакольская впадина и ее озера. Алма-Ата, «Наука» КазССР, 1965.
- Логиновских Э. В. Микрозообентос Алакольских озер. — В кн.: Рыбные ресурсы водоемов Казахстана и их использование. Алма-Ата, Кайнар, 1974.
- Лымарев В.И.. Аральское море. М., Географгиз, 1959.
- Map Г. П., Стасилевич Э. К. Микробиологическая характеристика грязи оз. Карасор. — Труды Караганд. мед. ин-та, 1958, т. I.
- Некрашевич Н. Г. Материалы и ихтиология Алакольских озер. — В кн.: Алакольская впадина и ее озера. Алма-Ата, «Наука» КазССР,
- Посохов Е. В. Соляные озера Казахстана. М., Изд-во АН СССР,
- Ресурсы поверхностных вод СССР. Гидрологическая изученность. Центральный и Южный Казахстан. Т. 13, вып. Л., Гидрометсоиздат, 1965.
- Ресурсы поверхностных вод СССР. Центральный и Южный Казахстан, Бассейн оз. Балхаш. Т. 13, вып. Л., Гидрометеоиздат, 1970.
- Сарсеков А. С., Кауламбаев Ш. В. О морфологии и возрасте оз. Карасор.— В кн.: Доклады и сообщения ГО КазССР. Алма-Aтa,
- Сваричевская 3.А К истории Балхаш-Алакольской впадины. — Вестник ЛГУ, 1952, № 7.
- Сваричевская 3. А. Древний пенеплен Казахстана и основные этапы его преобразования. Л., изд. ЛГУ, 1961.
- Сваричевская 3. А. Геоморфология Казахстана и Средней Азии. Л., изд. ЛГУ, 1965.
- Cтpaxoв Н. М. Доломитовые осадки озера Балхаш и их значение для познания процесса доломитообразования. — Сов. геол., 1945, сб. 4.
- Стрельников Л. Озеро Маркаколь. — Известия Зап. Спб. отдела РГО. 1914, т. 2.
- Терлецкий Б. К. Балхаш-Алакольская впадина. Гидрологическое описание Северного Джетысу. — Труды Главн. геол.-разв. упр. высшего Совета народн, хоз. СССР, 1931, вып. 105.
- Трифонова Т. М. К вопросу об испарении с оз. Алаколь. — В кн.: Вопросы географии Казахстана. Вып. 11. Алма-Ата, «Наука» КазССР,
- Фаломеева А. П. Зоопланктон оз. Бийлеколь как кормовая база для молоди промысловых рыб. — В кн.: Материалы научных конференций профес.-препод. состава биофака КазГУ. Алма-Ата, 1964.
- Фаломеева А. П. Весенний и осенний зоопланктон озер бассейна р. Талас.— В кн.: Биологические основы рыбного хозяйства республик Средней Азии и Казахстана. Балхаш, 1967
- Филонец П. П. Дельта реки Или. — В кн.: Вопросы географии Казахстана. Вып. 10. Алма-Ата, Изд-во АН КазССР, 1963.
- Филонец П. П. Озера дельты реки Или и экономическая выгодность использования их природных ресурсов. — В кн.: Географические проблемы освоения пустынных и горных территории Казахстана. Алма-Ата, Казахстан, 1965.
- Филонец П. Л. О цикличность стока рек Балхаш-Алакальской впадины -В кн.: Проблемы физической, экономической и медицинской географии Казахстана. Алма-Ата, 1967.
- Филонец П. П. Морфометрия озер Талды-Курганской и Алма-Атинской областей. — В кн.: География пустынных и горных районов Казахстана. Вып. 15 Алма-Ата, «Наука» КазССР, 1970
- Филонец П.П. Балхаш. Белорусская советская энциклопедия. Т.2, Афины-Зендрич. Минск, 1970
- Филонец П. П. Озера Казахской ССР. — Вестник АН КазССР, 1971, вып. 1.
- Филонец П. П. Казахстанские озера.-В кн.: Развитие географии в Казахстане. Алма-Ата, «Наука» КазССР, 1979.
- Филонец II. П., Петин В. А., Журавлев Е. Е и др. Современное состояние озер Восточного Казахстана. — В кн.: Природа и хозяйство Восточного Казахстана. Алма-Ата, «Наука» КазССР, 1979.
- Филонец П.П., Елкин К. Ф. Кадастр озер на территории Казахстана. — В кн.: Наука и биология гусеобразных птиц. М., Наука, 1977.
- Филонец П. П., Омаров Т. Р. Озера Карагандинской области. Алма-Ата, «Наука» КазССР, 1968.
- Филонец П.П., Омаров Т.Р. Содержание микроэлементов в поверхных водах Талды-Курганской и Алма-Атинской областей. — В кн.: Геоностных графия пустынных и горных районов Казахстана. Вып. 15. Алма-Ата, «Наука» КазССР, 1970.
- Филонец П. П.. Омаров Т. Р., Муравлев Г. Г. Озера Казахстана. — В кн.: Проблемы физической и экономической географии Казахстана. Вып. 17, Алма-Ата, «Наука» КазССР, 1975.
- Филонец Ю. П., Журавлев Е. Г. О химическом составе поверхностных и грунтовых иод в лесах Алма-Атинской области. — В кн.: Материалы республиканской конференции молодых ученых. Алма-Ата, «Наука» КазССР. 1976.
- Фокина А.С. Качественная характеристика весеннего фитопланктона Алакольских озер. — В кн.: Рыбные ресурсы водоемов Казахстана и их использование. Алма-Ата, Кайнар, 1974.
- Чугай А. М., Савранчук П. Т. Применение камыша в строительстве Кахстана. Алма-Ата, 1961.
- Чупахин В. М. Физическая география Казахстана. Алма-Ата,
- Шапошников Л. В., Верещагин П. К. Озера среднего течения р. Сырдарьи. — Известия РГО, 1931, т. 13.
- Шильниковская Л.С., Сапроненко В.А.. Сюткина Л.А. Гидрохимическая характеристика поверхностных вод. — В кн.: Pесурсы поверхностных вод СССР. Бассейн оз. Балхаш. Т. 13, вып. Л., Гид. метеоиздат, 1970.
- Шнитников А. В. Изменчивость общей увлажненности материков северного полушария. М.—Л., 1957.
- Шнитников А. В. Озера Западной Азии — индикаторы колебаний климата.—Труды Лабор. озероведения АН СССР, 1963, т. 15.
- Шнитников А. В. Внутривековая изменчивость компонентов общей увлажненности. Л., «Наука», 1969.
- Шнитников А. В. Реконструкция водного баланса оз. Балхаш. — Известия ВГО, 1973, т. 105, вып. 3.
- Шнитников А. В., Ловелиус Н. В., Седова Л. И. Дентроиндикация внутривековой изменчивости общей увлажненности.
- Шренк А. Остров Арал-Тобе на оз. Алаколь. — Горный журнал, 1842, № 1.
- Янковская А. И. Механический и химический состав грунтов оз. Балхаш и распределение в нем моллюсков. — В кн.: Исследование озер СССР. Т. 1, вып. Л., 1933.
Сасықкөл: а-сұлбасы мен жағалық аудандары; б- қисығы: батиграфиялық (1) және көлемідік (2)
Алакөл: а- көлденең сұлбасы мен жағалық аудандары; б- қисықтары; батиграфиялық (1) және көлемдік (2)
Балқаш көлінің сыртқы көрінісінің сызбасы
А- сызбасы; ә- көлдің батиграфиялық (1) және көлемдік (2) сызбасы
Ұялы көлі. а- сұлбасы мен жағалық аудандары б- қисығы: батиографиялық (1) және (2) көлемдік
Алакөл жүйесіндегі көлдің су балансы мен иондық құрамы
1 Алакөл, 2 Сасықкөл, 3 Ұялы
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті тарих-филология факультеті тарих-география кафедрасы бойынша «Алматы облысының көлдері» атты тақырыбына жазған күндізгі бөлім, 44 топ студенті Н. Шыныбекованың бітіру жұмысына
Пікір
Бітіру жұмысы Тұран жазығының табиғат жағдайларының негізгі ерекшеліктерін анықтап Қазақстанның батыс және оңтүстік бөлігіндегі шөлдердің негізгі түрлері мен олардың түзілу заңдылықтарын қоршаған ортаның тепе-теңдігін сақтау мәселелерін шешу жолдарын анықтауымен өзекті.
Бітіру жұмысы кіріспеден,екі тарудан және қорытындыдан тұрады.
Бірінші тарауда Тұран ойпатының географиялық орынынын ерекшеліктері, геологиялық құрылысы,жербедерінің ірі пішіндері климатын түзуші факторлар жөнінде жан –жақты түсінік берілген.
Екінші тарауда Тұран ойпатының ішкі сулары топырағымен өсімдіктер жамылғысы,шөлдің негізгі түрлері табиғат байлықтары мен оларды игеруге байланыстытуындаған түйінді мәселелер қозғалған.
Студент тақырыптың мазмұнын ашу үшін ғалымдардың тұжырымдамаларын өзінің ой пікірімен ұштастырып,тақырыптың физикалық карталарды,сандық деректерді тійімді пайдалана білген.
Тақырыптың мазмұны толық ашылған. Бітіру жұмысындағы жазба дерек көздерінің География мамандығының студенттері,орта мектептің мұғалімдерімен оқушыларды білім көзі ретінде пайдалануда манызы зор.
Құрылымыменкөлемі жоғарғы мектептің барлық талаптарына сай келуін ескере отырып,Бітіру жұмысын қорғауға жіберуге болады.
Бітіру жұмысының мазмұнының толық ашылуын, құрылымының жоғарғы мектептің талаптарына сай келуін ескеріп өте жақсы деген баға қоюға болады.
Бітіру жұмысының ғылыми жетекшісі Кереев Р.М.