АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Жамбыл облысының туристік географиясы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

ӘЛ‑ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ДИПЛОМ  ЖҰМЫСЫ

 

 

Жамбыл облысының туристік географиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы — 2012

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе…………………………………………………………………………………………………….

 

1 Жамбыл облысының туристік географиясы …………………

  • Географиялық орны және тарихы………………………………………………………….
  • Аудандар бойынша туристік рекреакциялық потенциал………………………….

 

2 Әлеуметтік –экономикалық жағдайы……………………………….

2.1 Халқы және үлкен қалалары…………………………………………………………………..

2.2 Экономикасы…………………………………………………………………………………………

 

3 Туризм саласының даму жағдайы жӘне болашағы…..

  • Туризмнің қазіргі жағдайы……………………………………………………………………..
  • Ұсынатын турларға сипаттама………………………………………………………………..

3.3 Достық алаңы ансамблі………………………………………………………………………….

3.4. Туризмнің болашағы және 2009-2011жж. арналған бағдарлама……………..

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………………….

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………………….

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

          Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Республикамыздың әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиясын айқындап, елу елдің қатарына кіру үшін 7 кластерді дамыту керек екендігін атап көрсетті. Бұл жеті кластердің бірі – туризм кластері. Туризм – әрі экономика, әрі саясат Мемлекет басшысының туризм кластерін дамыту арқылы Қазақстанның халықаралық беделін көтеру, сала жұмысының тиімділігін арттыру арқылы оны табыс көзіне айналдыру жайлы үкімет алдына мәселе қойып отыр. Туризм бүгінгі күнде жай ғана демалыс емес, қай мемлекетте болмасын шағын және  орта бизнесті дамытатын қозғаушы күш. Бұл сала сонымен қатар, валюттік түсімдердің қайнар көзі әрі жергілікті халықты жұмыспен қамтамасыз етудің де құралы. Әлемдік статистика мәліметтеріне сүйенер болсақ, келген турист қай елге болмасын орта есеппен мың доллар көлемінде қаржы түсіріп, тоғыз адамды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді екен. Жер бетінің ұлтарақтай ғана аумағын мекен еткен Андора, Лихтенштейн, Монако, Сан-Марино тәрізді егжейлі мемлекеттерден бастап әлемдік саясатқа ықпал жасап келе жатқан Ұлыбритания, Германия, Испания, Франция, Қытай, Канада тәрізді іргелі державаларға дейін туризмді экономиканың негізгі табыс көзі айналдырған.

          Жерінің кеңдігі жағынан тоғызыншы орында тұрған Қазақстанның табиғаты ешбір елден кем емес екендігі бесенеден белгілі. Әр аймағы өзіндік қасиеттерімен ерекшеленетін біздің жеріміз батысы мен шығысы, солтүстігі мен оңтүстігі бірін-бірі қайталамайтын көрікке ие. Аспанымен бой таластырған қарлы шыңдар мен биік таулар, құмды, шөлді далалар, ну ормандар мен қалың тоғайлар, өзендер мен көлдердің де неше атасы біздің жерімізде орналасқан.

          Жамбыл облысында туризмнің барлық түрін дамытуға мүмкіншіліктер бар. Бастауын б.д.д. үшінші мың жылдықтан алатын Ұлы Жібек Жолының пайда болуы мен дамуы тарихи негіз болып табылады. Табиғи климаттық жағдайларына байланысты, Қазақстан рекреациялық ресурстарға, ерекше әсем табиғи ескерткіштерге бай және қазақ даласында ата-бабамыздан келе жатқан баға жетпес құнды мәдени мұралары да шексіз. Айтарлықтай туристік – ресурстық потенциалы, түрлі табиғи ортасы және жануарлар әлемі бай елдің экологиялық туризмді дамытуға үлкен мүмкіншілігі бар. Экотуризмнің дамуы облыстағы барлық табиғи-шаруашылық кешенніңдамуына, сонымен қатар, елдің әлеуметтік-экономикалық басты мақсаты тұрғындардың салауатты өмір сүру үшін қоршаған ортаның жақсы жағдайда болуын қамтамасыз етеді.

          Қолайлы табиғи-климаттық ахуал мен алуан түрлі мәдени-тарихи ресурстар танымдық, экологиялық, спорттық, сауықтыру және «тәуекелдікке толы» туризмді дамытуға септігін тигізері сөзсіз.   

 

  • Жамбыл облысының туристік географиясы

 

1.1  Географиялық орны және тарихы

 

 

Жамбыл облысы – Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. Шу-Іле таулары мен Балқаштың батыс жағалауы, Қаратау жотасы, Қырғыз Алатауы мен Бетпақдала аралығында орналасқан. Облыс оңтүстігінде Қырғыз Республикасымен, батысында Оңтүстік Қазақстан, шығысында Алматы облысымен шектеседі. Жер көлемі 144,3 мың км2. Тұрғындары 1001 (2006 ж) мың адам. Орталығы – Тараз. Облыс аумағында халық бірдей қоныстанбаған, олар негізінен таулы жерлерде қоныстанған. Облыс әкімшілік ауданға бөлінген: Жамбыл, Байзақ, Жуалы, Сарысу, Талас, Мойынқұм, Қордай, Шу, Меркі және Тұрар Рысқұлов [1].

Жері негізінен жазық. Солтүстік бөлігі (Бетпақдаланы есептемегенде) негізінен, Талас және Шу өзендері алаптарында орналасқан. Шу аңғары облысты екіге бөледі. Солтүстік бөлігінің батысы түгелімен ойысты-сортаңды, шығыстан ұсақ шоқыны – жартасты Бетпақдала шөлі алып жатыр. Оның теңіз деңгейінен биіктігі 350-500 метр. Мұндағы ең биік жері – Байқара тауы (665 м). Шу өзенінің оңтүстік бөлігі – төбешікті – қырқалы келген Мойынқұм құмды алқабына (теңіз деңгейінен биіктігі 300-600 м) ұласады. Оның орта бөлігіндегі құм бұйраттардың арасында көптеген шұраттар (оазистер) кездеседі. Бұл жерлерде жер асты суы (грунт суы) жер бетіне жақын жатыр.

Облыстың шығысында Шу-Іле тауларының аласа келген Желтау, Айтау, Хантау, Майжарылған таулары және Қопа, Қараой үстіртті жазықтары орналасқан. Осылардың биіктіктері 500 метрден аспайды. Беткейлері көлбеу, жоталары жазық келеді. Облыстың қиыр оңтүстік-шығысында Іле Алатауына қабысып, кіндіктас пен Жетіжол таулары жатыр. Шу-Іле тауларынан бастау алатын өзендердің барлығы дерлік жаз айларында кеуіп, құрғақ арналарға айналады. Шу-Іле тауларының оң жағалық аңғарын ала солтүстік – батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созыла орналасқан Сарыой үстіртті жазығы мен сексеуілді даласы жатыр. Сарыой жазығында мемлекеттік Андасай қорықшасы орналасқан. Облыстың оңтүстік, оңтүстік-шығысында Қырғыз Алатауының Қазақстанға қарасты солтүстік, солтүстік-батыс бөлігі орналасқан. Облыс аумағындағы оның ең биік жері – Меркі өзені бастау алатын тұсы (4099 м). Облыстың оңтүстік-батысында облыс аумағына, Талас Алатауының қиыр солтүстік бөлігі кіреді. Таудың облыс амағындағы бөлігінің ең биік жері – 4027 м. Мемлекеттік Ақсу –Жабағылы қорығының солтүстік-шығыс бөлігі (Жуалы ауданы аумағында) осында ораналасқан [9]. Облыстың оңтүстік-батыс аумағын Қаратау жотасының солтүстік-шығысындағы үлкен Ақтау мен оңтүстік-шығыс бөлігі (кіші Қаратау) кіреді. Оның облыс аумағындағы ұзындығы 150 км шамасында. Ең биік жері кіші Қаратау жотасының орта тұсы (1610 м). Оңтүстік-шығысында ірі фосфорит кен орындары, полиметалл кентастары бар. Облыстың орталық өңіріндегі сазды-тақтасты, құмды төбешікті жерлерінде бұлақтар, ұсақ тұзды көлдер, құдықтар көптеп кездеседі. 

Климаттық тұрғыдан облыс аумағының жазық өңірі Балқаш-Арал, Жоңғар (Жетісу) – Шу –Іле және Қаратау Қызылқұм климаттық облыстарына жатады. Олар өз тұрғысынан бірнеше климаттық аудандарға бөлінеді. Облыс аумағын қамтитын аудандарға орталық Қазақстан климаттық ауданының оңтүстік бөлігі (Бетпақдала), Балқаш маңы климаттық ауданы, (Балқаш көлінің батысы), Мойынқұм климаттық ауданы, Шу-Талас климаттық ауданы жатады. Облыстың климаты біршама құрғақтығымен және континенттілігімен ерекшеленеді. Мұны облыс аумағының Еуразия құрлығының орта тұсында орналасқандығы, мұхиттардан алыстығы, ауа райының ашық болуына мүмкіндік туғызатын атмосфералық айналымның ерекшелігі, сондай-ақ күн шығуының молдығын қамтамасыз ететін оңтүстік ендікте орналасқандығымен түсіндіруге болады. Облыс бойынша ауаның орташа тәуліктік температурасы 00С-тан жоғары кезең 225-245 күнге созылады. Аясыз кезең жазық өңірлерде 5-6 ай, тау бөктерлерінде және тауда 4-6 ай болады. Жазық өңірлерде жауын-шашын аз (100-300 мм). Қар қабаты жұқа (10-15 см). Оңтүстік аудандарда тұрақты қар жамылғысы болмайды. Туризмді дамытуға өте қолайлы.

Облыста жер беті ағыны біркелкі таралмаған. Өзендер, негізінен, облыстың оңтүстігіндегі Қырғыз және Талас Алатауларының солтүстік беткейлерінен бастау алады. Олдардың басым бөлігі Шу мен Талас өзендері алқабында жатыр және осы өзендердің салалары болып табылады. Облыс аймағындағы ең ірі және ұзын өзен – Шу (1186 км.). Ол Қырғызстан аумағында Тянь-Шань тауларынан басталады. Теріскей Алатауы мен Қырғыз Алатауындағы мұздықтардан басталатын Жуанарық, Қошқар өзендерінің қосылуынан қалыптасады.

Табиғат көркем Буалі шатқалынан өткен соң облыс аумағына кіреді. Облыстағы оның ұзындығы 800 км. Шатқалдан өткен соң ағысы баяулап жазықтығы кең аңғарлы өзенге айналады. Облыс аумағында оған жалғыз Қорағаты өзені қосылды. Қызылордада, Оңтүстік Қазақстан жерлеріндегі Ащыкөл-Ақжайқын ойысына құяды. Ірілі-уақты 80 саласы бар. Қорағаты, Меркі, Ақсу, т.б. облыстың Мойынқұм, Бетпақдала арқылы ағады. Арнасының ені 50-100 м, ең терең жері 4,8 м. Негізінен, мұздық және қар суымен толығады. Жылдың аяғының 15%-ға жуығы көктемде, 58%-ы жаз-күз айларында, 27%-ы қыста өтеді. Жылдық орташа су өтімі 77 м3/с. Желтоқсан-Наурыз айларында қатады, мұзының орташа қалыңдығы 64-74 см., шілде-тамыз айларында суы мол болады. Жазда судың орташа температурасы 22-23 0С, ең жоғарғы температурасы 26,7 0С жетеді. Өзенде сазан, табан, жайын т.б. балықтар бар. Шу бойында Тасөткел бөгеті, Тасөткел суару жүйесі салынған. Егіндік пен жайылымды суару және суландыруға Шу өзені суының 55% жұмсалады.

Облыстағы екінші үлкен өзен Талас, Қырғызстан мен Қазақстан жеріндегі өзен. Ұзындығы 661 км су жиналатын анабы 52700 км2. Қазақстандағы бөлігі 453 км. Негізінен Жамбыл облысының Байзақ, Талас, Сарысу аудандары жерімен ағады. Қырғыз Алатауы мен Талас Алатауы мұздықтарынан шығатын Қарақол және Үшқома өзендері қосылған жерден басталып, Мойынқұмдағы Айдын көліне жетпей құмға сіңіп, тартылып қалады. Аңғары жоғарғы бөлігінде тар шатқалды, ені 1-2 км, жазыққа шыққан төменгі бөлігінде кең, 25-30 см көп жылдық мұз, жауын-шашын суынан толысады. Маусым-тамыз айларында тасиды. Тараз қаласынан төменгі ағысында Таластан бірнеше тармақ (Шалқы, Көделі, Тасарық т.б.) таралады. Суы көктемде, күзде тұщы, ауыз суға жарамды.

Тараз қаласынан 10 км жерде Киров бөгені, сағасынан 197 км жерде Юбилейный, 275 км-де Жінәлі, 280 км-де Қазақбай бөгендері және Талас-Аса каналы салынған. Егін суаруға пайдалану үшін Талас-Аса каналы тартылған. Таласқа оның ірі саласы – Аса өзені (ұзындығы 253 км) сол жақтан құяды.

Облыстағы көптеген кішігірім өзендер (Шабақта, Борандай, Бүркітті, Теріс, Шалсу т.б.) Қырғыз Алатауына, қаратау жотасынан бастау алады. Шу-Іле және қаратау жотасынан басталатын өзендердің барлығы дерлік жаз айларында құрғап қалады, не жылғаларға айналады [24].

Облыс аймағын Балқаш көлінің оңтүстік-батыс бөлігі кіреді. Облыс аумағындағы ең ірі көл – Бишікөл. Бишікөл – Шу-Талас алабындағы көл. Тараз қаласының солтүстік-батысында 60 км жерд, Қаратаудың солтүстік беткейіндегі тектоникалық ойыста орналасқан. Теңіз деңгейінен биіктігі 438 м. Аумағы 88 км2, ұзындығы 18 км, ені 7,5км-ге дейін, орташа тереңдігі 3,5 м, ең терең жері 8 метр. Жауын-шашын мол жылдары су көп. Суы тұщы. Бишікөлге Аса өзені шығыс жағынан құйып, солтүстігінен ағып шығады. Көлде сазан, шабақ, табан балық, ақ амур, майшабақ, т.б. бар. Көл суын төңірегіндегі шаруашылықтар егін суаруға және демалыс орнына пайдаланады.

Жамбыл облысы – сан алуан жануарлар мен құстардың мекені. Кәсіптік маңызы бар сүтқоректілерден: артаутеке (тау-тасты, тік жарлы, құзды жерлерде тіршілік етеді), елік (аршалы ормандарда), марал (жазда субальпілік белдеуде, қыста тоғайлы жерде), ақбөкен (бетпақдалада); қоңыр аю (Батыс Тянь-Шань жаталарында), доңыз (Шу мен Талас өзендері аңғарларында) кездеседі. Басқа жыртқыштардан – қасқыр, қызыл түлкі, сусар, ақкіс және аңқалық сияқты терісі бағалы аңдар кең тараған, ондатр жерсіндірілген. Қанаттылардан ұлар, үкі, сақалтай (қозықұмай), шымшық, бұлдырық, т.б. кездеседі. Бауырымен жорғалаушылардан кесіртке, қалқантұмсық жылан мен сұр жылан бар. Өзендер мен көлдерде алабұға, қарабалық, сазан, көксерке, табан, қызылқанат балық, жайын тіршілік етеді. Облыс аумағы, сондай-ақ, сирек кездесетін, жылдан-жылға саны азайып, қорғауға алынған, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген бүркіт, ителгі, Қаратау арқары, мензибр суыры, көкқұс, лашын, т.б. құс – жануарлардың мекені. Облыс аумағында Қазақстандағы тұңғыш қорық – Ақсу-Жабағалы қорығы, ақбөкендердің қысқы мекені – Андасай қорықшасы (зоологиялық) және Ақсай қорықшасы орналасқан [4].

Жамбыл облысының аумағында тас ғасырынан, полеолит дәуірінен бері адамдар өмір сүріп келеді. Бұл жерде андрон мәдениеті мен ұзақ ғасырлар бойы бір-бірін алмастырған сақтардың, үйсіндер және қаңлылар және басқалардың мәдениеттері қалыптасты. Мұнымен қатар өңірдің тарихы мен мәдениеті тамыр жайған Тараз қаласын басып өтетін Ұлы Жібек жолы, және сол кездің Қытай, Үндістан, Византия, Парсы, Батыс Еуропа және ежелгі Русь сияқты ірі елдермен саяси-экономикалық байланыстары өңірдің қарыштап дамуына қолайлы жағдай туғызды.

Шу, Талас, Аса өзендерін кесіп өтетін бұл өңірде іргетасы шартты түрде біздің эрамызға дейінгі 586 жылы қаланды деп есептелінетін ежелгі Талас қаласының пайда болуына ықпал еткен коңыржай климат, құнарлы топырақ, бай жайылым оны ары қарай өсіп-өркендетті. Қытай саяхатшысы Сюань-Цзяньнің деректеріне қарағанда 630 жылы өзінің көлемі жағынан замандастары Самарқанд, Шашу (Ташкент) қалаларынан кем түспесе, Исфиджаб, Қасан және басқа қалалардан асып түскен. Бұл жерде әр елден келген көпестер тауарларын саудалайтын. Өзінің ең гүлденген сәтінде 11-12 ғасырларда жеткен қаланың қыштан жасалған құбырлар пайдаланылған жерасты су желісі, тас төселген көшелер мен аяқжолдар канализациялық коллектор мен күйген кірпіштен көпкүмбезді ғимарат ретінде соғылған моншасы болған.

1220 жылы Орта Азияның түгелге дерлігін және қазақ елінің едәуір жерін жаулап алған моңғол шапқыншылары ақырына дейін қарсылық көрсетіп баққан Тараз қаласын тыптипыл ғып тастады. Бұдан кейін Тараз өзінің мәні мен мәртебесін жоғалтып алды. Бұл аймақта толассыз жүрген өзара соғыстар, Батыс Еуропа мен Үндістанға ашылған теңіз жолы арқылы Ұлы Жібек жолымен сауда-саттықтың тоқтауына және бұның бойында жатқан қалалардың токырауына әкеп соқты. Тарихта ірі оқиға ретінде Тараз туралы 1513 жылы оған Қасым ханның жорығы кезінде айтылады. Нәтижесінде, бір замандары атағы шыққан қала 15 ғасырдың басында Қазақ хандығына қосылғанжай қоныстардың біріне айналды. Археологиялық қазбалардың материалдары, мазарлар мен тастардағы бейнелер ортағасырлық Тараз бен ең ежелгі қазақтарды біріктіретін мәдени байланыстар болғанын айғақтайды. Ұзақ жылғы археологиялық, тарихи-сәулет зерттеулерінің нәтижесінде табылған ескерткіштер облыстың тарихи-мәдени мұрасының құнды қоры болып табылады. 19 ғасырдың басында бұл аймақта шекара мен керуен  олдарың күзету үшін бірқатар камалдар салынды. Осылай ежелгі Тараздың үйінділерінің орнында орналасқан жері тиімді болғаннан кейін тез дамуға бет алған қамал бой көтерді. Уақыт өте қалаға айналған қамалдың аты Наманган-Коче болды. 1856 жылы ол «Әулиеата» болып өзгертілді. Бұл атын ол Қарахан батырдың құрметіне алды. Әулиеата өзінің сыртқы келбеті мен жоспарлануы басқа ортаазиялық қалалардан ерскшеленген жоқ. Орталығында көптеген сауда орындары мен қолөнершілері орналасқан қалада 2-3 мың тұрғын болды.

Кеңес Өкіметі өзі үстемдік құрған алғашқы күнінен бастап, бұрынғы тәртіпті түбегейлі өзгертіп, жергілікті билікті нығайтуға кірісіп кетті. Осының айғағындай, 1936 жылдың 10 қаңтарында Әулиеата Қазақ компартиясының бірінші хатшысы Мирзоянның құрметіне Мирзоян деп аталды. Ал, 1937 жылы 5 маусымда қала аты Жамбыл тауларында дүниеге келген қазақтың белгілі ақыны Жамбыл Жабаевтың атымен аталды. Қалаға оның тарихи атауы 1997 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен қайтарылып, Жамбыл қаласы Тараз боп өзгертілді.

Талас… Тараз… Әулиеата… Мирзоян… Жамбыл… Тараз.

Осылай ғасырлар бойына атауы сан өзгертілген қаланың тағдыры оңай болмаған [5].   

 

 

 

 

1.2 Аудандар бойынша туристік рекреакциялық потенциал

 

Жамбыл ауданы – Жамбыл облысының оңтүстік-батысындағы әкімшілік бөлік. 1928 жылы құрылған. Жері 4,3 мың км2. Тұрғыны 75,6 мың адам Ауданның Әкімшілік орталығы облыс орталығынан 27 шақырым жерде орналасқан Аса ауылы. Аудан аумағында 45 елді мекен бар. Аудан жері таулы (Қаратау мен Қырғыз Алатауының түйіскен жері), ауданның орталығы қыратты, ал солтүстікке қарай жазық келеді. Ауданның ең биік жері орта тұсында (Үлкен Бұрылтау, 1138 м). Климаты континенттік, қысы жұмсақ, жазы ыстық. Ауаның жылдық орташа температурасы қаңтарда – 6-70С шілдеде 22-260С. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 250-400 мм. Аудан жерімен Талас, Көделі, Аса өзендері ағып өтеді. Жері тау-шалғынды, сұр, шалғынды батпақ топырақты келеді, жусан, жантақ, сортаң шөп, қамыс-құрғақ, бұталы өсімдіктер, т.б. өседі. Ақбөкен, арқар, қоян, түлкі, қасқыр, шиебөрі, қырғауыл т.б. мекендейді. Аудан аумағында 38 ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады. Жамбыл ауданындағы халықтың басым көпшілігі қазақтар (95,5%). Халық біршама тығыз орналасқан. Халық қоныстануының орташа тығыдығы 1 км2-ге 16 адамнан келеді. Аудандағы ірі елді мекендер: Аса (7,9 мың адам), Жалпақтөбе (7,6). Жамбыл ауданында 99 мәдени-тарихи ескерткіштеге ие. Оның 89-ы археология, 7-і тарихи, 2-уі сәулет және 1-уі монументалды өнер ескерткіші. Археология ескерткіштері негізінен ең ежелгі керуен жолдарының бойынан табылған. Олардың ішінде Әулиебастау, Бектөбе сияқты ірі қалалар мен ерте темір және орта ғасырдағы Ақтөбе, Күзембайтөбе, Кішімүрде қоныстары, Ақыртас заңғар кешенінің, қарауыл мұнараларының қалдықтары, бейіттер мен қорғандар (қорымдар) бар. Ортағасырлық сәулет өнерінің ғажайып ескерткіштері Айша бибі мен Бабаджы қатын кесенелері де мұнда орын тепкен.

“Төменгі Барысхан” – IV-XIV ғасырлар. Тараздың іргесінде орналасқан ғажайып қала. Қаланың топографиясында бұрыштары мен көлденеңінен орналасқан мұнаралардың төбешіктері мен мұжылған тіреулерімен қоршалған жәдігерлер бой көрсетеді. Қала екі сатыдан тұратын, төбе неғұрлым жарыққа бағытталған болып келеді. Қалаға кіреберісте мұнаралап көп салынған. Территориясында қауыздардың қалдығы, суағарларға ыңғайланған еңістер байқалады. Қаланың шығыс бөлігінде оның ауылшаруашылық аймағын құрайтын усадьбалардың қалдығы – жекелеген төбешіктер көзге түседі.

Тектұрмас сәулеттік кешені X-XVI-ғасырлар. Талас өзенінің жағасына, Тараз қаласының оңтүстік-шығыс бөлігіне, айнала ортадағы биік төбеге салынған ежелгі қаиетті орын. Тектұрмас қасиетті сұлтан Махмуд хан жерленген жер деп саналады. Кешен негізі     VII-XI-ғасырда, Ислам діні енгенге дейін қалана бастады. Ислам дәуірінде салынған кесененің өзі 1935 жылы қиратылған. Қазіргі оның орнына ортағасырлық үлгідегі жаңа кесене салынып, қалпына келтірілді. Дәл қасында қазақтың ұлы батыры Мәмбет батырдың моласы үстіне соғылған кесене бар. Кесене орналасқан төбеден төменде жатқан Тараз қаласының бар көрінісі жақсы көрінеді. Іргеде ағып жатқан, көне қалаға аты берілген Талас өзені адам әсерін күшейте түседі. Осы жерде X-XIII ғасырларда керуеннің өтуін жүзеге асыратын тас көпір болған. Сәулеттік кешен, сондай-ақ зиярат ету орны болып табылады [23].

Қарахан (Әулие Ата) кесенесі — XI ғасыр. Тараз қаласынынң орталық бөлігінде, Төле би және Байзақ батыр көшелерінің қиылысында орналасқан. Кесене ортағасырлақ Траза аумағында құрылған қасиетті-мемориалды кешенге жатады. Қарахан кесенесі өзінің әсемдігі Ресей сәулет өнерін бағалаушыларын 1902 жылдың өзінде ежелгі Тараздың теңдессіз жасампаздығы ретінде таңдандырыпты. Археологиялық қазбалар қазбалар көрсеткеніндей, бұл ғимаратты әрлеу үшін өте шеберлікпен әзірленген 30 түрлі өрнекті кірпіштер пайдаланылған. Құрылыс қараханидтер дәуірінде, XI ғасырда жасалған. Оның құрылысы Айша бибі мен Бабажы қатын кесенесіне тікелей байланысты. Оның жерленуін тарих, біздің аймақты X-XII ғасырларда билеген Қараханидтер әулетінің хандығымен байланыстырады. “Әулие Ата” атануы да содан. Кешен қасиетті жер саналады.

Айша бибі кесенесі. XI-XII ғасырлардағы аса тамаша ескерткіш. Жамбыл ауданында Айша бибі ауылы маңында, Тараз қаласының 20 шақырым батысында орналасқан. Айша бибі кесенесі тек Қазақстан аумағында ғана емес, бүкіл Орта Азияда толықтай тілінетін терракотпен әрленген тарихи-сәулет ескерткштерінің ерекше бағалылары тізімімен ЮНЕСКО-ға енгізілген. 60 түрлі терракотты плиткаларының барлық ойылуы қолмен, өте шеберлікпен орындалған. Кесене халқымыздың бағзы өмірінің ерекше құндылығын көрсететін өзіндік мұражайы болып табылады.

Бабажы қатын кесенесі – XI-XII ғасыр. Айша бибі кесенесінің қасында Жамбыл ауданында орналасқан, XI-XII ғасырдың ең ерекше ескерткіші болып табылады. Қос қисығы бар 16 қабырғалы шатыр төбелі өзінің ерекшелігімен әйгілі. Шатырлы, қабырғалы жабуы орта ғасырлақ сәулет өнері қазіргі заманғы кесенелердің еш бірінде жоқ. Ондағы эфиграфиялық айшық мұнда жерленген әйелдің аты-жөнін бізге жеткізіп отыр. Ол аңыз бойынша Айшаның күтушісі еді. Айшаға осы бір қасіретті сапарда жолбастаушы болған болатын. Айша қайтыс болғаннан кейін, сүйікті тәрбиеленушісінің моласы басында оның шамын жағып өтті. Екі кесене де тек зияратету орны емес, сонымен бірге мұсылман әлемінің қасиетті орындары болып табылады.

Әбдіқадыр мешіті – 20 ғасырдың басында салынған сәулет өнері ескерткіші. Тараз қаласында Әбдіқадыр атты кісінің қаржысына салынған.  20 ғасырдың 30-жылдарында бұзылып, алдыңғы беті мен азаншы мұнарасы ғана қалған. Ескерткіш 1975-80 ж. жөндеуден өткен. Оның аумағына жаңа медресе ғимараты салынды. Ә. м. Орта Азияның осы тектес құрылыстары үлгісінде салынған. Алдыңғы қабырғаның дәл ортасында жебе тәрізді арқалы терең ойық жасалып, екі жағында сүйірлене шыққан жіңішке мұнара тұрғызылған. Күмбезбен жабылған азаншы мұнарасында қарама-қарсы 6 терезе бар. Мешіт күйдірілген кірпіштен қаланған [23].

Облыстың басым көп жерін құмды шөл, жазық дала алып жатқанына қарамстан, табиғаты тамаша таулары, өзен, көлдері бар табиғи ресурстарға бай өлке. Шу өзені, биіктігі төмен Қаратау беттері, жоғары биіктіктегі Талас  Алатау беткейлері. Этнопарктер, халықаралық туристік базалар ашуға өте қолайлы жерлер бар. 4 мемлекеттік қорғауға алынған қорықшалар бар. Олар: Берікқара, Андасай, Қарақоңыз, Жусандала.

Облыс табиғи рекреациялық ресурстарға бай. Бұл ресурстарды емделу үшін қолдануға болады. Тұрар Рысқұлов атындағы шипа жай. Қазақстанда тіпті ТМД елдерінде құрамы жөнінен теңдессіз, 2003 жылы ғана іске қосылған табиғи минералды сумен ваннаға түсіру, ішу асқазанды, өт жолы мен қабын, ішекті, әйелдердің жыныс мүшесін жуу арқылы жақсы емдеуде.

Сол сияқты, бұл табиғи су жүрек-қантамыры ауруларына (жүректің I-II кезеңіндегі гипертония және т.б. ауруларға); орталық және перифериялық нерв жүйесінің аурулары мен жарақаты зардаптарына; қозғалыс мүшелерінің қабынуына және дегенеративтік өзгерістеріне, әртүрлі себептерден пайда болатын артриттерге, полиартриттерге, остеохондрозға, жатыр мен оның маңының қабынуына, функционалдық ауруларына дауа.

Жаңа табиғи минералды суды үнемі ішіп жүргенде:

  • ас қортыу ағзаларының секторлық қызметі қышқылы астам, сақталған және созылмалы гастрит пен асқазанның ас қортыу, айдау қызметі асқынбай бұзылғанда, артқы ішекке, созылмалы шаншуға және энтроколитке, ішектің тамақты әртүрлі себептерден пайда болған созылмалы ауруларына (гепатитке, холециститке, ангнохолитке);
  • зәр-жыныс ағзаларының созылмалы цистит, тас пайда болу, созылмалы пиоленефрит, созылмалы простатит ауруларын емдегенде де пайдалы;
  • зат алмасу және эндокрин жүйесінің қант диабеті, дене қозғалысының жетімсіздігінен семіру, май алмасуды реттеудің жүрек қызметі бұзылуына жеткізбеген подагра, зәр жолына құм, тас жиналуынан болған диатез ауруларын емдегенде де шипалы;
  • минералды су ауыр металмен, фосформен кәсіби уланғандарға да ем.

Алқым бездері ауруларының алдын алуға да мүмкіндік береді. Минералды суда бром, темір, йод, хром, күміс, молибден, стронций болуы да бұл шипалы судың емдік қасиетін арттыра түседі.

Сондай-ақ, шипажайды емдік балшықпен:

  • қозғалыс ағзаларының буын, омыртқа, сүйек, бұлшық ет, сіңір аурулары, нерв жүйесінің перифериялық аурулары мен жарақаттары, құяң (радикулит), полирадикулит, неврит және полиневрит, солярит, плексит, неврология, ганглионит, әйелдер мен еркектердің жыныс мүшелеріндегі созылмалы қабыну процестері, сальпингофорит, созылмалы метрит, улма инфальтизмі, созылмалы қабыну аурулары салдарынан болған бедеулік емделеді.

Шипажайда сол сияқты физиологиялық емдеу түрлері, душтың барлық түрлері, қолмен және микрокомпьютерлік биоэлектрмен массаж жасау құралдары қолданылады [24].

Жуалы ауданы – облыстың оңтүстік-батысында орналасқан әкімшілік бөлік. 1928 жылы құрылған. Алғашында Шымкент облысы (Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы) құрамында болған. 1951 жылы Жамбыл облысының құрамына кірді. Жерінің аумағы 5,1 мың км2. Тұрғыны 48,4 мың адам (2007). Ауданда 533 елді мекен бар. Орталығы – Бауыржан Момышұлы ауылы.

Жуалы ауданы Теріс (Асы) өзенінің жоғарғы және орта ағысында, жерінің көпшілік бөлігін Жуалы таулы үстірті (биіктігі орталығында 900 м) алып жатыр. Солтүстігі мен солтүстік-шығысын Қаратау жотасы, батысы мен оңтүстік-батысынан Боралдай тауы, оңтүстіктен Талас Алатауы қоршайды. Таулы үстірттің климаты қоңыржай континенттік, қаңтардың орташа температурасы -20С-дан -70С-қа дейін, шілдеде 24-260С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 400 мм шамасында, оның көпшілігі көктемде түседі. Басты өзендері теріс (төменгі жағы Асы деп аталады), Ақсай, Боралдай өзендері. Билікөл көлі ауданның солтүстігінде орналасқан. Адамның таулы үстіртінің сұр топырағында жусан, астық тұқымдас өсімдіктер, боз, сеелу, түрлі шөптер, жуа, кекіре т.б. бидайлық аралас өсімдіктер өседі. Өзендердің бойында бұталы тоғайлар кездеседі. Адамның оңтүстік бөлігінде Талас Алатауының беткейлері – альпілік және субальпілік шалғын. Бұл өңір Ақсу-Жабағылы қорғанының солтүстік бөлігі саналады. Жабайы жануарлардан қарақұйрық, жабайы шошқа, шиебөрі кездеседі. Құстардан қырғауыл, кекілік бар. Билікөлде Сазан ауланады. Ауданда халық біркелкі орналаспаған. Халқының орташа тығыздығы жалпы аудан бойынша 1 км2-ге 14,9 адамнан келсе, орталық бөлігінде 30 адамнан, солтүстігінде 7 адамнан келеді. Елді мекендер көбінесе темір жол бойында орналасқан. Ірі ауылдары: Бауыржан Момышұлы, Қайрат. Жуалы ауданында ұзын ырғасы 75 ескерткіш бар. Оның 65-і археология, 5-уі тарих, 3-уі монументалды және 2-уі сәулет өнерінің ескерткіштері. Археология ескерткіштерінің көбі Қаратау тауының жотасы мен Билікөл көлінің айналасында шоғырланған.

Қалалар мен қоныстар, қарауыл мұнаралары негізінен орта ғасырға жатады. Бұлардың ең ірілері «Безымяное», «Бурнооктябрьское», «Кремневское», «Мүрделітөбе». Бейіттер мен мүрделер біздің эрамызға дейін пайда болса, Берікқара, Жосалы, Жетітөбе, Саясу және басқа қоныстары орта ғасырға дейін пайда болған. Тастағы бейнелердің пайда болуы да біздің эрамызға дейінгі 2 мың жылға жатқызамыз. Ауданда 9 мәдениет үйі, 8-ауыл клубтары, қазақтың хас батыры, аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлыға қатысты экспонаттар мен ол туралы деректер жиналған мұражай бар.

“Берікқара шатқалы” мемлекеттік кешенді қорықшасы. Өсімдіктері жойылып бара жатқан  түрлерін сақтап қалу мақсатымен 1971 жылы Жуалы ауданында аудан орталығы Б.Момышұлы ауылынан 30 шақырым жерде құрылды. Кейіннен Қазақстан Республикасы үкіметінің 2001 жылғы 27 маусымдағы қаулысымен жер аумағы кеңейтіліп (17,5 мың га) “Берікқара шатқалы” мемлекеттік табиғи қорықшасы деп жарияланды. Жуалы ауданы мемлекеттік орман қоры жерінде орналасқан.

Табиғат қорығында қызыл кітапқа енгізілген ағаш-бұта және шөптердің сирек тұқымдары кездеседі (жабайы алманың сирек кездесетін түрі, тарэндемикалық түр Берікқара терегі, Грейг қызғалтағы). Жануарлар әлемінен: қаратау арқары, үнді дикобразы, қабан, қосаяқ, қоян, сұр құр, қырғауыл, қасқыр, түлкі, жұмақ шыбын аулағышы және басқалары.

Сонымен қатар, бірге оның құрамына 5 табиғат шатқалы енеді: саясу, жұрынсай, Берікқара, Шымырбайсай, Ақсақалсай.   

“Көксай шатқалының” етегі мен Жуалы таулы аймағымен түйісетін көксай каньоны мен Батыс Тянь-Шань Талас Алатауы.

          Шамамен 10 мың гектар жерді алып жатыр. Әкімшілік орналасуы Жамбыл облысының Жуалы ауданы.  

          Көксай Шатқалының етегі Ақсу-Жабағылы табиғат қорығының буферлік аймағы болып табылады да, Оңтүстік Қазақстан облысына бағынады. Бұл аймақ, биологиялық құндылықтарға толы: тоғайлар, арша тоғайлары, таулы альпі шалғындары шалғынды далалармен алмасып отырады. Тоғайларда қайыңның жойылып бара жатқан түрлері (талас және тянь-шань қайыңдары), ұсақ жапырақты тас, түркістан рябинасы, ағашты және бұталы аршалар өседі. Таулы далалар мен шалғындар түр құрамына бай, олар бағалы сәндік және дәрілік өсімдіктердің тектік қоры болып табылады.

          Мәселен: мыңжапырақ, зверобой, зезифира, сиыршан, ромашка, кипрей, мускат, самарқант тмині, шалфей, хвощ эфедрасы, қызғалтақтардың түрлері қоңыр-қауын сушөбі, ятрышник, талас акониті.

Каньон мен шатқал Жамбыл облысының табиғат мұрасының ең бай объектісі. Бұлар Республикалық “Ақсу Жабағылы” қорығына келген туристердің назарын аударып отырады.

Қаратау-Билікөл табиғат аймағы. Шамамен 60 мың гектар жерді алып жатыр. Жамбыл облысы Жуалы ауданының территориясында.

Қаратау Батыс Тянь-Шанның алдыңғы жотасы. Бұл аласа таулы рементті өлке, мұнда үшінші кезеңнің кұндылықтары сақталған. Жамбыл облысының территориясында Қаратау-Билікөл табиғат аймағы ерекшеленеді. Оған Қаратау жотасының солтүстік шығыс беткейі және оған жақын тау етегіндегі жазықтықтар дала көлдерімен бірге енеді. Қаратау флорасы сирек кездесетін бағалы эндемикалық түрлерге бай, сонысымен ботаника музейі іспетті.

Мәселен Берікқара шатқалының биік жерлерінде Берікқара терегінін бірнешесі ғана өседі. Ол дүние жүзінің еш жерінде кездеспейді. Жануарлар мен өсімдіктер дүниесі өте бай, тек Қаратауда Қаратау арқарының жойылып бара жатқан сирек кездесетін түрі өмір сүреді [5].   

Қордай ауданы – облыстың оңтүстік-шығысындағы әкімшілк бөлік. Алғашында 1928 жылы Алматы округінің құрамында, кейіннен (1939 жылы) Жамбыл облысына берілді. Аумағы 9,0 мың км2. Тұрғын саны 104,9 (2007). Аумағында 41 елді мекен, 18 ауылдық әкімшілік округтері бар. Орталығы – Қордай. Қордай ауданының жері, негізінен, таулы. Солтүстік және шығыс бөлігін Шу-Іле таулары алып жатыр. Кіндіктас, Жетімжол т.б. тау жоталары ауданның орталық және оңтүстік – шығыс бөлігін алып жатыр. Шу аңғары жазық келген. Климаты континенттік, қысы-жазы жиі-жиі Қордай желі соғып тұрады. Ауаның қаңтардағы орташа температурасы -8-100С, шілденікі 22-240С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 300-350 мм, олардың басым көпшілігі күз және қыс айларында жауады. Аудан жерімен Шу өзенінің оң саласы саналатын Ырғайты, Қалғұты, Қарақоңыз, Қалқатас пен Жетімжолдан бастау алатын бірнеше кішігірім өзендер ағады. Аудан жерінде жусан, бетеге, боз, қамыс, тал өседі. Жануарлар дүниесінен таутеке, елік, қасқыр, түлкі, борсық, қоян мекендейді.

Ауданда негізінен қазақтар (49%) тұрады. Одан басқа орыстар (17,6%), дүнгендер (23,1%), өзбектер т.б. ұлт өкілдері бар. Халықтың орташа тығыздығы. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2-ге шаққанда 11,6 адамнан келеді. Халық негізінен ауданның оңтүстік және оңтүстік шығыс бөлігінде орналасқан.

Мұндағы халықтың орташа тығыздығы 1 км2-ге 37,2 адамнан келеді. Ірі елді мекендері: Қордай (24,9 мың адам), Сортөбе (10,8), Масаншы (9,0), Отар (4,4) т.б.

Қордай Тараз қаласынан 370 шақырым жерде орналасқан. Қордай ауданында бар-жоғы 225 ескерткіш бар. Оның 138-і археология, 22-і тарих,  3-і  сәулет және 2-і монументалды өнердің ескерткіштері. Археологиялық ескерткіштер Шу өзенінің бассейіні және биіктеу жерлерде орналасқан суайрықтар мен кіндіктас тауының белдеуінде шоғырланған. Олардың -көпшілігі қола дәуірі және ерте темір ғасырындағы қорғанды бейіттер. 7-14 ғ.ғ. типтегі (үлгідегі) 7 қаланың ең ірілері «Қымышы», «Георгиевское», «Қақпатас», «Майбұлақ». Қол дәуірі мен ерте темір ғасырындағы тастағы бейнелер мен тас мүсіндер. Сонымен бірге ауданда 28 мәдениет үйі, 2 музей, 38 кітапхана, 7 ауыл клубтары бар.

“Қарақоңыз шатқалы” мемлекеттік ботаникалық табиғат қорықшасы.

          Іле Алатауының батыс жағын және Қарақоңыз ауданының орталығынан 65 шақырым жерде орналасқан мемлекеттік табиғи-ботаникалық қорықша. Қорықша 1974 жылы Қордай ауданының мемлекеттік орман қоры жерінде бекітілген. Жер аумағы 3,07 мың гектар.

Ботаникалық қорықшаның құрылуының мақсаты түрлі бағалы сирек кездесетін ағашты, бұталы және шөптік өсімдіктерді қорғауды күшейту. Қорықшада өсімдіктердің 520 түрі бар. Қазақстанның сирек кездесетін тоғайлары, алма, шие, алша, жүзім отырғызылған участоктар үйеңкі, акация, тұт, грек жаңғағы орманымен алмасады. Ағаштар мен бұталардың басқа тұқымдары Семенов үйеңкісі, емен, талдар кең таралған. Қазақстанның “қызыл кітабына” кірген кавказ тауындағы, кәдімгі пісте, недзвецкий алмасы, жабайы жүзім, гладиолус, күшала, сасыр, жуа, қызғалдақтар мен жанаргүлдердің көптеген түрлері бар. Қорықша аумағында ағаш егу тек санитарлық түрде жүргізіледі.

Тұрар Рысқұлов ауданы – облыстың оңтүстігінде орналасқан әкімшілік бөлік. 1938 жылы Луговой ауданы болып құрылды. 1999 жылдың наурыз айынан қазіргі атымен аталады. Жерінің көлемі 9,1 мың км2. Халқы 61,1 мың адам. Ауданда 44 елді мекен және 1 кенттік округке біріктірілген. Орталығы – Құлан ауылы.

Аудан аумағының басым көпшілігі жазық келген тек оңтүстігі ғана таулы. Мұнда Қырғыз Алатауының Ашамайлы, Қорғантас, Қарақыр, Қайыңды, Сөгеті, Мамай таулары орналасқан. Ауданның солтүстігі Мойынқұм шөліне ұласып кетеді. Климаты континенттік, қысы біршама жұмсақ, жазы ыстық, солтүстігі қуаң. Ауаның қаңтардағы орташа температурасы -6-8 0С, шілдеде 22-26 0С. Жауын-шашынның орташа мөлшері 250-350 мм, таулы бөлігінде 500 мм-ге дейін жетеді. Аудан жерінен Қорағаты, Қарасу, Шалсуы, Жарлысу, Қорғантас, Қайыңды, Сарыбұлақ өзендері ағып өтеді. Олардың барлығы бастауын Қырғыз Алатауынан алады. Аудан аумағында аумақтары шағын келген Белогорка, Байтелі, Шілік, Қосапан, Көккөл көлдері бар. Өсімдіктерінен тау шатқалдарында бұта аралас қайың, терек, жеміс ағаштары, сексеуіл, ши т.б. өсімдіктер өседі.

Тұрар Рысқұлов ауданының басым көпшілігі қазақтар, (87,6%), одан басқа орыстар (7,8), татарлар (1,1) т.б. ұлт өкілдері тұрады. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2-ге шаққанда 6,8 адамнан тұрады. Тұрғын халықтың басым көпшілігі 87-89%-ы ауданның оңтүстігінде қоныстанған. Мұнда 1 км2-ге 18 адамнан келеді. Ірі елді мекендері: Құлан (12,3 мың адам), Луговой кенті (9,9), Көгершін, Ақыртөбе және тереңөзек ауылдары бар.

Тұрар Рысқұлов ауданында 90 тарих және мәдениет ескерткіштері бар. Олардың 77-сі археология, 5-уі тарих, 3-уі монументалды өнерге тиесілі. Аргеология ескерткіштері негізінен қырғыз алатауының солтүстік сілемдеріенде және Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан. Бұл жәдігерлер біздің эрамызға дейінгі мыңыншы жыл мен орта ғасырдың аяғына дейінгі аралықты қамтиды. Тастағы бейнелер қола дәуіріне жатады, 36 қарағанда бейіттер мен ерте темір ғасыр мен орта ғасырға дейінгі қорымдар, 6-12 ғ.ғ. Құлан, Бектөбе, Өрнек, Қорағаты Еңбекші сияқты 5 қала, 5 қоныс, 3 бекініс, төрткүлдер, 7-13 ғ.ғ. керуен сарайлар және тағы басқалар. Тарих және монументалды өнер ескерткіштері, олардың біреуі өндірістік іс-әрекетке, 1-уі әскери тарихқа, 2-уі Әбілхайыр хан тұлғасы мен Сұңқайтыға байланысты. Сонымен бірге 7 мәдениет үйі 5-ауыл клубтары, мұражай бар.

Ауданда орыс, неміс, өзбек, шешен,  ұлттық  мәдениет орталықтары құрылған.

«Бесқызыл» шатқалы ауданы, Қырғыз Алатауы. Аумағы шамамен 20 мың гектар. Жамбыл облысы Рысқұлов ауданының территориясында орналасқан. Шатқал Қырғыз жотасының солтүстік беткейінде. Биіктігі мәңгі қар жататын участоктарымен алғанда 3800 метрге жетеді. Тау шалғындарының ерекшелігі — қызыл кітапқа енгізілген эндемикалық өсімдік эремурустың кең таралғандығы. Таудың етегінен жоғарыға өрлей өскен эремурус ақ гүлдерін ашқан кезде басқа еш жерде кездеспейтін тамаша көрініс береді.

«Шалсу-Талдысу» шатқалы ауданы, Қырғыз Алатауы. Ауданы шамамен 60 мың гектар, Жамбыл облысы, Рысқұлов ауданының территориясында орналасқан.

Бұл аудан әсем көрінісі мен биологиялық сан түрлілігімен ерекшеленеді. Шатқал тік жарқабақтар, сарқырамалар, жартастар, көлшіктер, мөлдір таза сулары бар тау өзендерімен бай. Мұнда сирек кездесетін жануарлар мекендейді: қар барысы, арқар, қосаяқ, аю. Таулы шыңдармен астасып жатқан әсем табиғат көрінісі, арша өсетін ормандардың шипалы ауасы, таза тау суы, биік шөпті тау шалғыны танымдық және сауықтыру саяхаттарын жасауға зор мүмкіндік береді.

          «Мақпал» шатқалы ауданы, Қырғыз Алалатауы . Шамамен 20 мың гектар жерді алып жатыр. Жамбыл облысы, Рысқұлов ауданының территоиясында орналасқан.

«Мақпал» шатқал Қырғыз жотасының солтүстік баурайына 2800 м биіктікке орналасқан. Шатқалдың сирек кездесетін эндемикалық түрлер өсетін тоғайларында: талас, тянь-шань қайыңдары, Сиверстің жабайы алмасы, Регель алмұрты, долана өседі. Шатқалдың альпі шалғындарында сирек кездесетін сәндік және дәрілік өсімдіктердің қызыл кітапқа енгізілген жойылып бара жатқан түрлері кең кездеседі: пион, тмин, мия, девясил, горечавка, вероника, иристер, қызғалдақтардың түрлері (Грейг, Кауфман, Альберт қызғалдақтары).         

Байзақ ауданы – облыстың оңтүстігіндегі әкімшілік аудан. 1938 жылы құрылған. 1996 жылға дейін Свердлов ауданы болып аталған. Жерінің аумағы 4,5 мың км2. Тұрғыны 76,0 мың адам (2007). Ауданда 43 елді мекен бар. Орталығы – Сарыкемер ауылы.

Аудан жерінің басым көпшілігі жазық, тек оңтүстігінде ғана Қырғыз Алатауының тау алды аласа қыраттары мен қырқалары орналасқан. Ауданның ең биік жері оңтүстгінде (1637 м) Солтүстігінде Мойынқұмның қырқалы – ұялы және шағылды құмды алқабы, орта бөлігінде Талас өзенінің аңғары жатыр. Климаты тым континенттік, қысы біршама жұмсақ, жазы ыстық, қуаң, солтүстігі (Мойынқұм) аңызақты. Ауданның орташа температурасы қаңтарда -6-90С, шілдеде 23-26 0С. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 150-300 мм. Өсімдіктерден жусан, еркекшөп, көкпек, жыңғыл, секседіл, өзен бойында қамыс, құрақ өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, суыр, борсық, ақбөкен.

Аудан аумағынан Талас, Көделі өзендері және олардың салалары мен тармақтары оңтүстіктен солтүстікке қарай ағады.  Өзендерде сазан, алабұға, шортан, шабақтың бірнеше түрлері кездеседі.

Аудандағы халықтың негізін қазақтар құрайды (78,8%). Одан басқа 30-дай ұлт өкілдері тұрады. Байзақ ауданы облыстағы халықтың тығыз орналасқан аудандарының бірі. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2-ге 15,5 адамнан келеді. Ірі елді мекендері: Сарыкемер (15,6 мың адам),  Бурыл (5,0) қызыл жұлдыз және Жетібай. Аудандағы шет елдерден келген оралмандар саны 2557 адамды құрайды. Мейлінше игерілген, қалың қоныстанған ауданда 114 тарихи және мәдени ескерткіш. Оның 102-і археология ескерткіштері. Олардың арасынан Очхум, Түймекент, Қараторкүлтөбе, Қоңырбайтөбе ортағасырлық қалаларын, Шөлтөбе кесенесін, Құрманбайтөбе қонысын, төрткүлдер, қорғанды бейіттерді және 8 тарих ескерткіш пен 4 монументалды өнер және сәулет ескерткіштерін айтуға болады. Сонымен қатар 16 мәдениет үйлері мен клубтар бар.

Ақыртас сарай кесенесі Жамбыл облысыныдағы ғана емес, Қазақстандағы жұмбақ әрі қызықты құрылыс. Ақыртас тарихын зерттеу 130 жылдан бері жүргізіліп келеді., бірақ ол өз ғажайыптарын тауысар емес. Тараз қаласынан 40 км шалғайда Ақшолақ темір жол станциясының 6 км оңтүстігінде, Қырғыз алатауының етегінде Т.Рысқұлов ауданында орналасқан.

Қазіргі кезде ҚР Ұлттық ғылым академиясы жанындағы археология және этнография институтының басқаруымен кешен аумағында қазба жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдағы кезде республикалық “Мәдени мұра” бағдарламасы аясында мұражай кешенін құру жоспарлануда.

Құрылыс материалдары тас және пішімі малға шөп салатын ақырғы ұқсас болуына байланысты Ақыртас деп атаған. Ол алыстан көрініп тұруы үшін таудың үстіне төртбұрышты жобамен салынған. Археологиялық зерттеудің соңғы нәтижелерінің деректері бойынша Ақыртас Ұлы Жібек Жолындағы орта ғасырлық қала байланыстыруға болады. Қазіргі кезде қабыргаларының сақталған сілімдері 160, 146 және 140 м шамасында. Қорғанның 4 қақпасы бар, біреуі солтүстігінде, үшеуі оңтүстігінде. Тұрғын үйлер ішкі ауланың төңірегінде топтастырыла салынған қызмет көрсететін және шаруаға қажетті бөлмелер кешенінен тұрады. Ауланың түпкі жағында Ақыртас иесінің жатын және қонақ үйі орналасқан. Солтүстік есік жақтағы үйлер қызмет ететін адамдар мен күзетшілерге, бір бөлігі ат қораға арналған. Туристердің түйсігін құрылыстың алыптығы, кеңдігі, құрылысқа тастарды пайдалану шеберлігі таң қалдырады. Сарай кешенінің іргетасы 4 метр тереңдікте қаланған. Сәулетші Т.Бәсеновтың жазуына қарағанда Ақыртас салынып бітпей қалған ірі бек сарайының іргесі. 1996 жылғы зерттеулер барысында Қазақстан және Франция ғалымдары Ақыртасты 8-12 ғасырларға жататын Керуен сарайының орны болуы мүмкін деген тұжырымға келді. өйткені, құрылыс жобасы Ирак пен Сириядағы ортағасырлық құрылыстарға ұқсас. Аңыздың кейбір түрлері құрылыстың мақсатын түсіндіріп,  оның аяқталмай қалу себептерін айтады. Оның көлемінің алыптығына байланысты оны ежелгі египеттік пирамидалармен салыстырады. Ақыртас құрылысының толық аяқталмауына бір кездегі Тараз қаласының күйреуі, шет жерлердің жиі шабуылы мен өзара соғыстың әсер етті деген болжам бар [30].

Кесене Қазақстан мен Орта Азиядағы сәулет-құрылыс мәдениетіндегі теңдесі жоқ Қараханид дәуірі сәулет өнерінің ескерткіштерінің қызықты және ерекше ескерткіші болып табылады. Ескерткіш өзінің архитектуралық ерекшелігімен ғана емес, шығыс аруы Айша мен ержүрек жауынгер Қараханның махаббатын баяндайтын тарихи аңызымен де туристер қызығушылығын тудырады. Аңыздарға сәйкес, шығыстың атақты данагөйі – Зеңгі бабаның қызы Айша өзінің сүйіктісі Қараханға бара жатқан жолында жылан шағып, көз жұмады.

«Қара-арша» «Шошқалы» шатқалы ауданы, Қырғыз Алатауы. Шамамен 20 мың гектар жерді алып жатыр. Жамбыл облысы, Байзақ ауданының территориясында орналасқан.

«Қара арша» және «Шошқалы» шатқалы Қырғыз Алатауы жотасының орталық таулы бөліктеріне орналасқан. Шатқал әсем табиғатымен, жақсы жолдарымен, тарихи ескерткіштерімен ерекше. Шатқалдың етегінде үлкен де жұмбаққа бай тарихи-археологиялық ескерткіш Ақыртас қаласы орналасқан, ол өзіне тек дүние жүзі ғалымдарының назарын аударып қоймай, сонымен бірге тәуап етушілердің де көп баратын жеріне де айналған. Мұнда көптеген суы шипалы бұлақтар бар. Өсімдік дүниесімен орталық таулы аймақтық жылы белдеуіне сәйкес тоғайлы ормандарында биік талдар, Сиверс алмасы, долана, Семенов үйеңкісі кездеседі.

Меркі ауданы, облыстың оңтүстігіндегі әкімшілік бөлік. 26.10.1928 жылы құрылған. Ауданның аумағы 7,1 мың км2. Тұрғыны 71,9 мың адам (2007 ж.). Аудан аймағында 43 елді мекен және 1 кентті қала бар. Ауданның орталығы – Меркі ауылы. Ауданның оңтүстігі таулы келеді. Онда Қырғыз Алатауының Мүйіздіқара, Қараауыз, Құмбел, Молалы таулары орналасқан. Ауданның орталық және солтүстік бөліктері жазық. Солтүстігінде Мойынқұм құмына ұласып кетеді. Климаты континенттік, қысы біршама жұмсақ, жазы ыстық. Қаңтардың орташа температурасы -6-80С. Шілдеде 20-250С жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері. Жазық өңірлерде 200-250 мм, таулы өңірлерде 450-500 мм. Негізгі өзендері: Қайнар, Меркі, Ойтал, Аспара. Өсімдіктерден арша, жабайы жеміс ағаштары, жазық өңірлерде бұта, бетеге, жусан өседі. Жабайы жануарлардан тауда арқар, елік, суыр, қасқыр, түлкі, жазық жерлерде және өзен-көл маңында қоян, саршұнақ, ақбөкен, т.б. кездеседі. Құстардан қырғауыл, кекілік, ұлар, бүркіт, сұңқар, қаршыға т.б. мекендейді.

Меркі ауданында негізінен, қазақтар тұрады (67,4%). Одан басқа орыстар (13,6%), түріктер (7,2%), өзбектер т.б. ұлт өкілдері тұрады. Ауданда 1 км2 жерге 11 адамнан келеді. Ірі елді мекендері: Меркі (12,9 мың адам), Жамбыл (6,5) т.б.

 Меркі ауданында 117 ескерткіш бар. Оның 89-і археологиялық, 17-сі тарих, 8-і сәулет және 3-уі монументалды өнер ескерткіштері. Археология ескерткіштері Ұлы Жібек жолының бойында және Қырғыз Алатауы жотасының солтүстік еңсесінде орналасқан: 7-12 ғ.ғ. жер өңдеу мәдениетінің 21 екерткіші бар. Олар: қалалар, қоныстар, бекіністер. Ерте темр ғасыры мен орта ғасырға дейінгі 70 қорған мен бейіттер бар. Меркі өзенінің жоғары жағында биік таулардың арасында қоршау мен бейнелі тастар және көкке ұмтылған үшкір тастармен әрленген Алладан тілек, әруақтан медет тілейтін ғажайып ортағасырлық Меркі әулиесі бар. Меркі ауданында, сондай-ақ, емдік қасиеті адам деніне саулық әкелетін шипалы сумен республикаға белгілі аттас шипажайы бар. Сонымен бірге 7 мәдениет үйі, 5 клуб бар.

“Мерке” – бальнеологиялық санаторий; Жамбыл облысы, Мерке ауданында, Мерке темір жол станциясының оңтүстігіндегі 14 км жерде, теңіз деңгейінен 1200 м биіктікте, таулы аймақта орналасқан. 1960 ж. жергілікті тұрғындар үшін демалыс үйі, ал 1981 жылдан санаторий ретінде ашылған. Жыл бойы жұмыс істейді. Қыста – 120, жаз айларында 400 адам қабылдай алады. Ауаның орташа температурасы қаңтарда – 16,6оС, ал шілдеде – 23,6оС. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 388 мм-ге жетеді. Негізгі емі – құрамында фтор, кремний қышқылы бар сульфатты (күкірт қышқылы) гидрокарбонатты-хлорлы натрий тұздары аралас радонды минерал су ванна ретінде пайдаланылады. Сондай-ақ таудың таза ауасы мен сұлу табиғаты, климатымен емдеу, физиотерапия, емдік дене шынықтыру тәсілдері де қолданылады. Санаторийде гинекологиялық және жүйке жүйесі мен тірек-қимыл, ас қорыту, несеп-жыныс жүйелерінің ауруларын, сондай-ақ дерматологиялық ауруларды емдейді.

Мойынқұм ауданы – облыстың солтүстік, солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан әкімшілік бөлік. Оның жалпы ауданы жер аумағы 55,5 мың км2 (облыстың 42% аумағын алып жатыр). Мойынқұм ауданында Бельгия, Израиль, Ливан секілді бірнеше мемлекеттер сыйып кетеді. Тұрғындар саны 32,2 мың адам.

Мойынқұм ауданының басым көпшілік жері Бетпақдаланың шығыс бөлігін алып жатыр. Шығысында және соған жалғас аймағын Болаттау, Желтау, Шоғырлы, Жамбыл, Бақтау сияқты аласа таулар құрайды. Климаты тым континенттік, қысы біршама салқын, солтүстігі аязды, жазы ыстық, қуаң аңызықты. Ауданның негізгі су көзі – Шу өзені. Аудан жерін табиғатына, жер құрылымына, ауа райына қарап, негізінен, 4 аймаққа бөледі. Бірінші аймақ – Шу бойының ну шалғынды, қалың қамысты аңғарлары мен өзектері жатады. Екінші аймақ – Бетпақдала. Оның ауа райы құрғақ. Ол түрлі аң-құстармен ерекшеленеді. Мұнда қасқыр, қоян, ақбөкен, елік, арқар, шәлін, өарсақ, түлкі, қырғауыл, шіл, бұлдырық, бөдене, қаршыға, бүркіт, үйрек, қаз т.б. кездеседі. Төртінші аймақ – Сарыарқа жайылымы. Аймақтардың барлығы дерлік шөл және шөлейт белдемде орналасқан. Ауданның шығысындағы Жамбыл тауына дейін «Аңдасай» қорығы кеңінен созылып жатыр.

Мойынқұм ауданында, негізінен, қазақтар (84%), орыстар, т.б. ұлт өкілдері тұрады. Халықтың 1 км2-ге шаққандағы орташа тығыздығы 0,6 адам. Ірі елді мекендері: Мойынқұм (8,7 мың адам), Бірлік (3,6), Кеңес, Мирный кенттері. Мойынқұм ауданында 65 тарихи – мәдени ескерткіштер бар. Оның 45-і археологиялық, 14-і сәулет, 4-і тарихи және –уі монументалды өнер ескерткіштері. Археологиялық ескерткіштер: қалалар, қоныстар, қорғандар және бейіттер негізінен Шу өзенінің айналас мен Желтаудың төскейінде орналасқан. Бұл қала дәуірі мен орта ғасырдың соңында дейінгі аралықты қамтиды. Бұлардың ішінде 8-14 ғ.ғ. салынған Шу өңіріне тән әртүрлі типтегі 15 қала, 4 қонс бар. Олар: Аяқ-Ақтөбе, Бана-Ақтөбе.

Қола дәуірі мен ерте темір ғасырына дейінгі 13 қорған мен бейіті, 6 мыс балқыту пункті, қола дәуірінің тас бейнелері мен ескерткіштердің басқа типтері туралы әңгіме ерекше.

Қырбас кесенесі – 20 ғ. Басындағы сәулет ескерткіші. Мойынқұм ауданы, Қызылотау ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 4 км қашықтықта орналасқан. 1900 ж. Биженей деген ұста салған. Қабырғалары шикі кірпішпен тұрғызылып, оның сырты мен ішкі жағы күйдірілген кірпішпен қапталған. Күмбезі екі камералы. Күмбездің жоғары жағы қираған. Күмбезді қалау барысында күйдірілген үлкен кірпіштер қолданылған. Қабырғаларының ішкі жағына қара, сары және күлгін түстермен ою-өрнектермен түсіріліп, жазулар жазылған. Кесене бастапқыда Қырбастың үлкен ұлы Зейноллаға арналып салынған, кейіннен Қырбастың өзі де осында жерленген.

Айжігіт қалпе кесенесі – сәулет өнерінің ескерткіші. Мойынқұм ауданы Құмөзек елді мекенінен солтүстікке қарай 30 км жерде. 1902 жылы Кемпірбай шебер салған. Айжігіт қалпе – осы өңірге белгілі болған әулие. Жұрт әлі күнге дейін басына түнеп, тәубә етеді. Кесененің бетпақдалада сирек кездесетін көлемді құрылыс ретінде архитектуралық маңызы зор. Шикі кірпіштен қос күмбезді етіп тұрғызылған. Солтүстік-шығыс бүйірінен және артқы жағынан екі қоршау салынған. Айжігіт қалпе солтүстік-батыс қоршаудың ішіне жерленген, бұл кесенемен байланыспайды, кіретін жағы да бөлек. Күмбезді ғимараттың өзі екі бөліктен тұрады. Кесенеге соның кішісі арқылы кіреді және осы кіші бөлік әулиеге түнеуге келгендер ас-суын әзірлейтін бүйірдегі қоршаумен жалғастырады. Зиярат етушілер үлкен күмбезді бөлікте түнейді.

Айса кесенесі – сәулет өнерінің ескерткіші. Мойынқұм ауданы, Құмөзек ауылынан солтүстікке қарай 27 км жерде, 20 ғ-дың басында Кемпірбай деген шебер 18 жасында шешек ауруынан қайтыс болған Айса есімді қыздың құрметіне салған. Кесене шикі кірпіштен бір күмбезді етіліп тұрғызылған. Көл. 5,22х5,47м, биіктігі 5,15 м. Кесененің ішкі бөлмесі дөңгелек пішінді. Қабырғаларының төменгі жағы кірпіштермен безендіріле қаланған. Кесененің Бетпақдалада сирек кездесетін көлемді құрылыс ретінде архитектуралық маңызы зор.

Сарысу ауданы – облыстың батысында орналасқан әкімшілік бөлік. 1928и жылы құрылған. Жерінің аумағы 31,3 мың км2, тұрғыны 48,6 мың адам. Адандағы 29 елді мекен бар. Аудан орталығы – Жаңатас қаласы. Аудан жері, негізінен, жазық, тек оңтүстік бөлігі ғана таулы. Мұнда Қаратау жотасының орталық бөлігіндегі Үлкен Ақтау тауы орналасқан. Ауданның ең биік жері де осы тұста (Айуантөбе тауы, 1024 м). Солтүстігін Мойынқұм және Бетпақдаланың оңтүстік бөлігі қамтыған. Бетпақдала өңіріне аласа таулы құрғақ ландшафт тән. Мұнда аласа келген Қазанғап (298 м), Аңдағұл (330 м), Көкшетау (325 м) т.б. қоныстар кездеседі.

Ауданның климаты континенттік, қысы солтүстігінде суық, аязды, оңтүстігі жұмсақ, жазы барлық бөлігінде ыстық, қуаң, аңызақты. Ауданның орташа температурасы қаңтар айында -6-120С, шілдеде 22-27 0С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 150-250 мм. Аудан жерінен Шу, Талас, Бүркітті, Шабақты, Көктал өзендері ағып өтеді. Өсімдіктерден жусан, бетеге, баялыш, көкпек, сарсазан, т.б. шөлдің сораң шөптері, Шу аңғарында қамыс, ши, Мойынқұмда сексеуіл жыңғын өседі.Аңдардан: қасқыр, түлкі, қоян, ақбөкен, арқар, таутеке, жабайы шошқа, құстардан үйрек, қаз, дала бүркіті т.б. құстар кездеседі.

Аудан халқының басым көпшілігі қазақтар (86,8%), одан басқа орыс, белорусь, украин, курд, татар т.б. ұлт өкілдері тұрады. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2-ге 1,5 адамнан келеді. Аудандағы халықтың 53,5%-і қалалықтар саналады. Халық аудан аумағына біркелкі орналаспаған. Тұрғындардың негізгі бөлігі оңтүстігінде және Шу аңғары бойында. Мұнда 1 км2-ге 10-12 адамнан келеді. Ірі елді мекендері: Жаңатас қаласы (25,9 мың адам), Жайылма (2,8), Өндіріс (1,4), Түркістан (1,1)  ауылдары бар.

Сарысу ауданында 47 иескерткіш бар. Оның 37-сі археологияға, 6-уы тарихқа, 2-уі сәулетке және 2-уі монументалды өнерге тиесілі. Археология ескерткіштері негізінен Қаратау тауының жотасы мен Шу өңірінде орналасқан. Бұлардың көбін, 27-ін біздің эрамызға дейінгі 1-3 ғ.ғ. қорғандар мен биіттер құрайды. Бұдан кейін 7-12 ғ.ғ. соғылған үш қала бар, ең ірісі – Саудакент, Ақтөбе қонысы (6-7 ғ.ғ.). Бұдан кейін көк кесене мен Төрткүл бекіністері (11-14 ғ.ғ.), Қамал-Арыс ортағасырлық каналы және тағы басқалар келеді. Ауданда 1 мұражай, 2 мәдениет үйі бар.

Ықылас Дүкенұлының мемориалы – 1993 жылы Ықылас Дүкенұлының 150 жылдық мерейтойына орай Сарысу ауданында салынған мемориалдық кешені. Мемориал Жаңатас-Тараз-Шолаққорған автомобиль жолдарының қиылысында салынған. Архитекторлары – Э.М.Байтенов, А.С.Еспембетов, Г.Б.Сахариев. мемориал Дүкенұлының Шудың төменгі ағысындағы қабірінен әкелінген топырағының үстіне күйдірілген кірпіштен және монолитті темір бетондармен тұрғызылып, сырты мрамор және гранит плиталармен қапталған. Мемориал металды қоршаумен қоршалып, театрлық қойылымдар қоятын алаңғы орын бөлінген [22].

Шоқай Датқа кесенесі – 18-ғасырдың архитектуралық ескерткіші. Сарысу ауданында, Саудакент ауылының шығыс шетінде орналасқан. Күйдірілген кірпіштен бір күмбезді етіліп салынған. Аумағы 7,4х8,1м. Бас фасады биік порталымен ерекшеленеді. Кіре берісі арқа астында қалып, үлкен есікке ұласады. Екі шеті дөңгелек мұнараға ұласады. Мұнараның жоғары жағында жарық түсетін саңылау бар.

Талас ауданы – облыстың батысында орналасқан әкімшілік аудан. 1928 ж. Құрылған. Жерінің аумағы 12,2 мың км2. Халқы 51,3 мың адам. Аудан аумағында 25 елді мекен бар. Аудан орталығы – Қаратау қаласы. Тараздан солтүстік-батысқа қарай 105 км жерде орналасқан. Аудан жері, негізінен, жазық, тек оның қиыр оңтүстік-батысы ғана таулы. Мұнда Қаратау жотасының оңтүстік-шығыс бөлігі орналасқан. Ауданның ең биік жері де осы тұста (1109 м). Солтүстігі Мойынқұмға ұласады. Климаты тым континенттік, қысы біршама жұмсақ, жазы ыстық, аңызықты. Ауаның қаңтар айындағы орташа температурасы -10-120С, шілдеде 24-270С. Жауын-шашынның жылдық орташа температурасы 150-250 мм, Қаратауда 400 мм-ге жетеді. Аудан жерімен Талас, Аса, Көктал, Тамды өзендері ағып өтеді. Билікөл, Ақкөл, Ақжар, Ащыкөл, Тұздыкөл көлдері бар. Өсімдіктерден: жусан, баялыш, шеңгел, жүзгүн, изен, теріскен, сексеуіл өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, ақбөкен, саршұнақ, аламан, тасбақа, кесірткенің бірнеше түрлері кездеседі.

Ауданда, негізінен, қазақтар тұрады (81,4%). Одан басқа орыстар (10,2%), украиндер, курдтар, немістер, т.б. ұлт өкілдері бар. Халықтың аудан бойынша тығыздығы 1 км2-ге 4,4 адамнан келеді. Аудан аумағыда халық біркелкі қоныстанбаған. Халықтың басым көпшілігі оңтүстігі мен оңтүстік-батысынды және Талас өзенінің аңғарында орналасқан. Бұл өңірлерде 1 км2-ге 13-15 адамнан келеді. Ірі елді мекендері: Қаратау қаласы (28,3 мың адам), Ақкөл (3,1), ойық (2,8), Аққұм (1,4) ауылдары. Жалпы халықтық 53,7 %-ы қалада тұрады.

Талас ауданында 81 тарих және мәдениет ескерткіштері бар. Оның 68-і археологиялық, 6-уы тарих, 5-уі сәулет және 2-уі монументалды өнердікі. Археология ескерткіштері Қаратау жотасының солтүстік сілемдерінің ескі жолдарының бойында, Талас өңірі мен Билікөл көлі маңайында орналасқан. Көптеген ортағасырлық қалалар, қоныстар мен бекіністер Шу өңірінде табыған: Атбайлар, Тамды, Төрткүлтөбе, Биназартөбе, палеолит тұрақтары, қола дәуірі мен ерте  темір ғасырындағы Ақкөл көлі мен Теріс өзенінің сағасындағы қорғандар мен бейіттер: Ишан Ноғай мен Илібай кесенесі. Қарақожа мен Ишан Абдулла мешіттері 20 ғасырдың басындағы өзіндік ерекшелігі бар қолөнерші шеберлердің көз тоқтатып қарарлық туындылары боп табылады. Сонымен бірге 1 мұражай, 7 клуб бар.

Ақкесене — ертедегі қамал-қаланың бірі. Талас ауданы Үшарал мекенінде орналасқан. Алғаш 1896 жылы археолог В.А.Каллаур зерттеген. Жобасы төртбұрышты, көл. 100х100м, айналасы дуалмен қоршалған. Солтүстік-батысында шикі кірпішпен салынған мұнара бар, биіктігі 9м. Қазба жұмысы кезінде табылған заттай деректер мен қалану әдісіне қарағанда дуал 18-19 ғасырларда салынғанға ұқсайды. Ал, қамал одан бұрын 12-13 ғасырларда тұрғызылған. Бірақ табылған материалдар өте аз болғандықтан, бұл мерзімдерді дәл деп айту қиын.

Шу ауданы – облыстың оңтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік бөлік. 1931 жылы құрылған. Мойынқұм, Қордай, Меркі, Тұрар Рысқұлов аудандарымен және Қырғыз Республиксымен шекаралас жатыр.

Жер аумағы 12.0 мың км2. Халқы 94,6 мың адам, аудан аумағында 36 елді мекен бар.

Ауданның көпшілік жері жазық, оңтүстік, оңтүстік-шығыс таулы. Батысын Мойынқұм алқабының құмды-қырқалы төбелері, шығысын кіндіктас сілемінің батыс бөлігі, орталық және солтүстік бөлігін Шу-Іле тауларының Айтау, Хантау, Аңырақай таулары алып жатыр.

Климаты тым континенттік, қысы біршама жұмсақ, жазы ыстық, аңызақты. Ауаның жылдық орташа температурасы -6-90С, шілдеде 24-250С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 150-250 мм. Аудан жерінен Шу өзені және оның алабындағы Ақсу, Тақтас, Қайыңды, Майтас, Еспе өзендері ағады. Аудандағы көлдердің аумағы, негізінен, шағын келген. Олар: Қаракөл, Бесқатын, Тоғызкөл, Сарықұдық, Жарқұдық. Өсімдігінде жусан, боз, баялыш, бетеге, ши, қамыс, құрақ, қарағаш, сексеуіл басым. Қасқыр, түлкі, қоян, қарсақ, жабайы шошқа, ақбөкен, саршұнақ, аламан т.б. кездеседі.

Аудан халқы көп ұлтты, мұнда негізінен, қазақтар (66,4%), орыстар (15,5%), түріктер (4,1%), әзірбайжандар (2,8%) т.б. ұлт өкілдері тұрады. 1км2-ге шаққанда халықтың орташа тығыздығы 7,9 адам. Аудан халқының 40,2% қалалықтар. Ірі елді мекендері: Төле би ауылы (17,9 мың адам), Шу қаласы (35,0 мың адам), Бірлік кенті (3,1) және Балуан Шолақ (1,9) ауылдары.  

Шу ауданында бүгінгі күнде 88 ескерткіш белгілі. Оның 68-і археология, 18-і тарих, 1-уі сәулет және 1-уі монументалды өнердікі. Археология ескерткіштерінің 3-уі қола дәуіріне жатады. Бұлар мыс өндірумен тығыз байланысты. Бейнелер салынған тастар учаскелері, ескерткіштердің басым бөлігі: ерте темір ғасырындағы 60 қорған мен бейіт Кіндіктас пен Айтау тауларының төскейінде шоғырланған. Орта ғасырдың ең ірі деген қалалары Шу өңірінің бойында орналасқан. Олар: Ақтөбе, Степницкое, Ақсутөбе, Октябрь, Тастұмсық және басқалары. Тарихтар қойнауынан сыр тартатын өндірістік қызметтігі Тасөткел су тоспасы, әскери тарихтан 6 ескерткіш, мәдениет қайраткерлерінің атымен аталатын 2 ескерткіш, монументалды өнер туындысынан Төле бидің ескерткіші және сәулет ескерткіші Айдын кесенелері мән бере қарауға әбден лайық. Ең көп зерттеулердің нысаны болған «Жайсаң» әулиелі жерін атап өтуге болады. Сонымен бірге ауданда 2 мәдениет үйі, 1 халық театры, 11 ауылдық клуб т.б. бар.

“Андасай” мемлекеттік табиғат қорықшасы. 1966 жылы құрылған, 1 миллион гектар жерді алып жатыр, Шу өзенінің оң жақ жағалауына, Мойынқұм ауылының батыс жағында орналасқан. Қорықша жабайы аңдар мен құстардың санын сақтап, көбейту мақсатында құрылған. Жер бедері ақ сексеуіл өскен тоғайлы төбешік пен құмды қырқалар, беті тегіс, көлемді тақырлар болғандықтан, жануарлар үшін өте қолайлы келеді. Қорықшада балық пен бауырмен жорғалаушылардың 10-нан, құстардың 200-ден, сүтқоректілердің 40-тан астам түрлері (кірпікшешен, қоян, сарышұнақ, борсық, қасқыр, қарсақ, түлкі, елік тағы басқалар). Андасай қорықшасы оңтүстік Қазақстандағы ақбөкендердің қыстап шығатын қонысы болып есептеледі. Ондағы бірқатар аң-құстар (қарақұйрық, шұбаркүзен, қалбағай, жалман, арқар, аққу тағы басқа) мен өсімдіктер (Альберт жауқазыны, Бетпақдала сылдыршөбі) Қазақстанның “қызыл кітабына” енгізілген. Қорықша аумағында аң-құстарды аулауға тыйым салынған.

 

 

2 Әлеуметтік –экономикалық жағдайы

 

2.1 Халқы және үлкен қалалары

 

Облыста Қазақстан халқының 6,6%-ы (2006 жылғы санақ бойынша) тұрады. Облыс көп ұлтты аймақ болып табылады. Басым көпшіліг қазақтар (64,8%-ы), қалғандары – орыстар (18,1%), дүнгендер (3,1%), өзбектер (2,3%), корейлер (1,4%), тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Облыс тұрғындарының 45,1%-ы (450,3 мың адам) қалада, 54,9%-ы (550,2 мың адам)  ауылда тұрады (2006 жылғы санақ бойынша). Облыста халық біркелкі қоныстанбаған, негізінен облыстың оңтүстігінде қоныстанған. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2-ге 6,8 адамнан, тау бөктеріндегі өңірде халық тығыз орналасқан. (Тараздың төңірегінде 50 адамнан). Облыстың солтүстік және орталық бөлігінде халық сирек кездеседі. Шу өзенінің төменгі ағысында 1 км2-ге 1-2 адамнан келеді. Қырғыз Алатауының етегінде 1-2 мың тырғыны бар елді мекендер көбінесе өзен, канл бойларында орналасқан, кейдо олар бір-біріне ұласып жатады. Шағын елді мекендер (50-100 адам) Шу-Іле таулары мен Қаратаудың етегінде, Шу, Талас, Өзендерінің сағасында орналасқан, бұлар бұрын, негізінен, мал фермалары болған, қазіргі кезде жеке шаруашылық қожалықтары [18].

Жамбыл облысының ірі қалалары: Тараз, Қаратау, Жаңатас және Шу.

Қаратау — қала (1963 жылдан), Жамбыл обл. Талас ауд-ның орталығы, т. ж. ст. Облыстың оңт. бөлігінде, Тараз қ-нан солт.-батысқа қарай 82 км жерде, Қаратау тауының солт.-батыс сілемі — Шолақтау баурайында, Жетімшоқы және Ақтау тауаралық аңгарында, бұта аралас боз жусан, сұлы-бас, баялыш, бетеге, т.б. астық тұқымдас шөптесін өскен сұр топырақты шөлді белдемде орналаскан. Тұрғыны 28,2 мың адам (2001). Іргесі 1946 ж. Шолақтау кенті болып қаланған. Қала өмірі Қаратау фосфоритті алабымен тығыз байланыстьг. Қаратау екеніші алғашқы өнімін 1946 ж. 5 желтоқсанда бере бастады. 1963 ж. флотац. әдіспен байыту фабрикасы іске қосылды. Қаратау 20 ғ-дың 60- 90-жылдары, КСРО және республика экономикасының дамуына елеулі үлес қосты. Осы жылдары ауыл шаруашылығына қажет фосфорлы минералды тыңайтқыштарға сұраныс күшейді. Бұл Қаратауда фосфорит өндірісін қарқынды дамытуға жағдай туғызды. Оның негізінде Қаратау кен-химия комб. салынды.  1965 — 85 жылдары Қаратауда республикалық деңгейдегі құрылыс ұйымдарының салааралық кәсіпорындары жұмыс істеді. Қалада өндірістің дамуы оның инфрақұрылымдарының санын жедел өсірді. «Жартас» бөгені салынды (1944, сыйымд. 6 млн. м3). 1948 ж. Кеншілер саябағы ашылды. 1970-80 жылдары қалалық кітапхана, балалар кітапханасы, спорт ғимараттары бой көтерді. 1964 ж. Қазақ политех. институтының (казіргі Қ.И. Сәтбаев атындағы Ұлттық техникалық университет) бөлімшесі ашылды. 1966 ж. құрылыс техникумы, кәсіби-тех. училище құрылды (казіргі кәсіптік бағдар беретін мектеп-лицей). Тәуелсіздік жылдары бұрынғы КСРО аумағындағы экон. байланыстардың жаппай үзілуі өндіріс орындарының тоқырауына әкелді, қала өмірінің ырғақты дамуы тежелді. Қаратау фосфорит кентасын пайдаланатын Самара, Волгоград, Пермь, Қоқан, Алмалық, Самарқан, Чарджев қалаларындағы химиялық кәсіпорындар фосфор шикізатын сатып алуды тоқтатты. Тек 90-жылдардың соңында ғана бұрынғы байланыстар қалпына келе бастады. 1990 жылға дейін Қаратау 40-тан астам өндіріс орындары болды. Бұрынғы фосфорит өндірістік құрылымдары «Қаратау» АҚ-на біріктірілді. Сонымен бірге қала-да химия, қүрылыс материалдары, тұрмыс қажетін өтеу комбинаттары, ет, нан, сүт заттары, т.б. көсіпорындар бар. Аудан тұтынушылар кооперативі, аудан телекоммуникация, пошта торабы, аудан электрлендіру жүйесінің мекемесі, Ақкөл су шаруашылығы жүйесінің басқармасы, «Сарытас», «Қаратау» кен байыту басқармасы» акционерлік қоғамдары, «Мәрмәртас» кен орны, Сүлейменсай тері өңдеу фабрикасы, «ҚаратауНан», «Құрылыс-Жанар», «Жолаушы автөкелік кәсіпорны» акционерлік қоғамдары, 2 жол жөндеу басқармасы, т.б. кәсіпорындар жұмыс істейді. Бірнеше жалпы білім беретін мектептер, музыка, спорт мектебі, кәсіптік-техникалық мектеп, Қаратау кен құрылысы колледжі, 2 аурухана, емхана, мәдениет сарайы, стадион, кітапхана, мешіт, т.б. мекемелер бар. Қаланың орталық алаңының өзіндік архит. ансамблі қалыптасқан. Қаратау қаласының іргесінде ежелгі Тамды елді мекенінің орны (Тамды — кент немесе Пергант) сақталған.

ШУ — қала, темір жол станциясы, Шу ауданында, аудан орталығы – Төле би ауданынан оңтүстікке қарай 8 км, облыс орталығы — Тараз к-нан солтүстік шығысқа қарай 225 км жерде, Шу өзенінің сол жағын ала орналасқан. Тұрғыны 35,0 мың адам (1999). Іргесі 1928 ж. Түркістан — Сібір темір жол салуға байланысты қаланды. 1937 ж. дейін ауыл, 1937 жылдан кент болды. Шу қаласы Мойынты-Шу темір жол қосылғаннан кейін шұғыл дами бастады. 1960 жылдан ауд., 1965 жылдан обл. бағыныстағы қала. Қалада 1997 ж. дейін жөндеу-механика, темір-бетін, қант, сүт зауыттары, автокөлік және құрылыс орындары, баспахана, ауыл шаруашылық техника бірлестіктері болды. Олардың басым көпшілігінің атауы мен құзырлары өзгеріп, экономиканың әр түрлі бағытындағы кәсіпорындар мен мекемелерге айналды. Ірілері: Шу тепловоз жөндеу зауыты, Шу механикалық жөндеу зауыты, «Шу астық тарату базасы» АҚ, «Шатыркөл» мыс кен орны АҚ, «Қызыл бидай» АҚ, «Шу астық қабылдау қоймасы» АҚ, «Шу автокөлік кәсіпорны» АҚ, «Шу жолаушы автокөлік кәсіпорны» АҚ, «Қазақ зағиптар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорны» ЖШС, т.б. кәсіпорындар мен мекемелер жұмыс істейді. Мәдени-ағарту орындарынан 10 жалпы білім беретін, 1 кәсіптік мектеп, 2 колледж, 6 кітапхана, 1 мәдениет үйі, 2 стадион, мешіттер, т.б. мекемелер бар. Денсаулық сақтау орындарынан 1 орталық қалалық аурухана, аумақтық емхана, тубдиспансер, отбасылык-дәрігерлік амбулатория, 3 фельдшер-акушерлік пункт және тіс емханасы ел денсаулығына қызмет етеді.

Жаңатас — қала, Сарысу ауднының орталығы. Облыс ортадығы — Тараз   к-нан солтүстік-батысқа қарай 170 км жерде, Қаратау жотасының солтүстік беткейінде жусан. күйреуік, баялыш өскен таудың сұр топырақты шөлейт белдемінде орналасқан. Тұрғыны 26,0 мың адам (1999). Іргесі ірі фосфорит кенін игеруге байланысты 1964 ж. қалана бастады. 1969 ж. кентке. 1971 ж. қалаға айналды. Қалада бұрынғы фосфорит өндірісінің негізінде құрылған акционерлік қоғамдар мен өндірістік кооперативтер жұмыс істейді. Бірнеше мектеп, мұражай, мәдениет үйі, 2 кітапхана, спорт мектебі, клуб, аурухана, тубдиспансер, аудан санэпидемиол. ст. бар. Тараз — Жаңатас темір жол тармағы өтеді [50].

 

 (2006 ж. 1 желтоқсандағы санақ бойынша)

 

       1 Сурет.  Тұрғындардың этникалық құрамы

 

 

Кесте 1

Жамбыл облысының статистика бөлімшесі

Әкімшілік-территориялық бөлену және халқының өсуі

01.01.2007 жылғы жағдайы*

 

Аудан аттары

Құрылған мерзімі

Территория мың кв км

1999 халқы

2007 хъалқы

Байзақ

14.02.38 ж.

4,5

68,1

76,7

Жамбыл

31.01.66 ж.

4,3

70,3

75,6

Жуалы

27.12.33 ж.

4,2

49,4

51,1

Қордай

23.12.33 ж.

9,0

104,6

108,5

Меркі

27.12.33 ж.

7,1

73,7

71,9

Мойынқұм

31.12.64 ж.

50,4

34,5

32,2

Сарысу

02.01.67 ж.

31,4

48,9

44,1

Талас

27.12.33 ж.

12,2

53,4

52,1

Т.Рысқұлов

31.12.64 ж.

9,1

62,5

60,7

Шу

27.12.33 ж.

12,0

95,2

93,0

Тараз қаласы

14.10.39 ж.

0,1

330,1

335,1

Облыс

14.10.39 ж.

144,2

988,8

1001,0

*Жамбыл облысының статистика бөлімшесі

 

 

2.2 Экономикасы

 

Жамбыл облысы Қазақстанның көлік, коммуникация және ақпараттық инфрақұрылымы дамыған ірі аграрлық индустриалдық аймақтардың бңрң.

Облыс фосфориттік және плави-тық шикізаттың бірегей базасы болып табылады. Оның аумағында республика фосфориттері баланстық қорларының 72%, плавикалық сипаттың 68%, алтынның 9%, мыстың 3%, уранның 0,7% шоғырланған.

Облыс түсті металдарға, баритке, көмірге, қаптама, өңдеу және техникалық тастарға, құрылыс материалдарына бай. Қорғасын-мырыш минералдану перспективалық кен орындары Шу-Іле аймағында айқындалды.  Шу ауданының Шатыркөл полиметалл кен орнында мыс кенін өндіру жүзеге асырылуда.

Облыс жер асты сулары барланған қорларының саны бойынша республикада 3 орында тұр, тәулігіне 4, 5 млн. текше метр бекітілген пайдалану қорлары бар 40 кен орындары анықталды.

Сарысу ауданындағы тұз кен орны өнеркәсіптік маңызға ие. Азықтық және техникалық тұздық қорлары 5 млн. Тоннаны құрайды. Тұзды сумен жуу арқылы өңдеу кезінде йодпен байытуды қажет етпейтін ас тұзын алуға болады [6].

Жамбыл облысы республикадағы өнеркәсібі жан-жақты дамыған ірі аймақтың бірі болып табылады. Халық шаруашылығының барлық дерлік салаларының өркендеуіне облыстың табиғи-географиялық жағынан қолайлы орналасуы мүмкіндік береді.

Облыс өнеркәсібінің негізгі саласы химия өнеркәсібі. Қаратауда теңдесі жоқ бай (жалпы қоры 1,6 млрд. тонна) фосфорит кені жинақталған. Фосфорит шикізаты қорлары 30 жыл бойы басты сала болып келген фосфор өнеркәсібін дамытуға ықпал етті. Қазіргі кезде оны өндіру үлесіне облыстың өнеркәсіп өндірісінің үштен бір бөлігінен астамы тиесілі. Негізгі инвестор болып табылатын «Казфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен іске асырылып жатқан қайта пішіндеу бағдарламасы қысқа мерзім ішінде облыстың химия кәсіпорындарының жоғалтқан ұстанымын қалпына келтіріп, Еуропа, Қытай, Аргентина және АҚШ рыноктарына шығуға мүмкіндік береді. Азықтық фосфор қышқылын шығару игеріліп, химия өндірісінің қалдықтарын кәдеге асыратын және қайт өңдейтін жаңа технологиялар әзірленуде. «Казфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің фирмасы «Қаратау» таукен өңдеу кешені қымбат тау-кен өңдеу кешені қымбат тұрмайтын алдын-ала байытусыз әртүрлі өнеркәсіптік қайта өңдеу бағыттары үшін жарамды фосфориттік кен орындары бойынша әлемдік масштабтағы біреегй табиғи объект болып табылатын Қаратау бассейні қойнауында шоғырланған фосфориттік кенді қайта өңдеумен айналысады. Шығарылатын өнімдер ұсақталып тартылған фосфат шикізаты Қазақстан, Өзбекстан, Түркменстан және Ресей кәсіпорындары фосфор кенін тұтынушылар болып табылады.

«Казфосфат» ЖШС-нің «НДФЗ» Жамбыл филиалы – сары фосфор (қуаты жылына 80 мың тонна) және құрамында фосфор бар өнімді натрий үшпалифосфатын (жылына 120 мың тонна), ортофосфор қышқылын (жылына 120 мың тонна) шығаратын ірі химия зауыты. Өнімнің негізгі тұтынушылары Қазақстан, Қытай, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Белорус және басқа елдерде шығарылған.

«Химпром 2030» ЖШС-і республикамыздағы электрондық масса шығаратын жалғыз кәсіпорын (жылына 14 мың тонна). Бұл кәсіпорын сондай-ақ сары фосфор, ортофосфор қышқылын (жылына 30 мың тонна), …қиыршықтас (жылына 360 мың тонна) өндіреді.

Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің амангелді табиғи газ кен орнын – өнеркәсіптік игеру мәселесіне көрсеткен қолдауы облыс үшін жаңа сала болып табылатын газ өндіру саласын дамытуға ықпал етті. Амангелді кен орны тобын әрі қарай игерудің облыс үшін стратегиялық маңызы зор. Кен орнында газх конденсатын қайта өңдейтін шағын зауытты іске қосу жоспарланып отыр.

Ауыл шаруашылығы өнімін өнеркәсіптік қайт өңдеу облыстың өнеркәсіптік өндіріс көлемін 40%-ға жуығын өндіретін тамақ өнеркәсібін дамытудың негізгі бағыттарының бірі. Мемлекеттік аграрлық «Ауыл» азық-түлік бағдарламасын іске асыру ет, сүт өнімдерінің, қант, дәннен тартылған ұн өндіру көлемдерін айтарлықтай арттыруға ықпал етті.

«БМ» ЖШС-сі халық тұтынатын тауарлардың 50-ден астам түрлерін консервілеу қақпақтарын, су саьындар, спирт, арақ өнімдерін, сусындарды, көкөніс шырындарын, тосап, пластикалық панельдерді және т.б. шығаратын ірі өндіріс болып табылады. Дәрі-дәрмек препараттарын, табиғи сусындарды, шырындарды, кетчуптарды, тосаптарды, джемдерді шығару игеріліп, кроун тығындарын шығаратын өндіріс кеңейтілген, тәулігіне 150 тонна өндірістік қуаттылықпен ұн шығаратын цех және протеинді азықтарды шығаратын зауыт іске қосылды. Республикамызда алғашқы рет шығарылатын өнімдердің дәмдік сапасын едәуір жақсарту үшін нан пісіру және макарон өндірісінде кеңінен қолданылатын глютен өндіретін астықты терең өңдейтін бірегей технология енгізілді.

Қант өнеркәсібі тамақ индустриясының алдыңғы қатарлы салаларының бірі болып табылады, оның дамуы Қазақстандағы өнеркәсіптік қызылша себудің басталуымен тығыз байланысты. Шикізат ретінде Бразилиядан, Кубадан, Гватемаладан және Сальвадордан әкелінетін қант шикізаты қолданылады.

«Меркі ірімшік зауыты» АҚ-ы бәсекелестік орта жағдайында алдыңғы қатарлы технологияларға бейімделе отырып менеджментті жақсарту есебінен сүт өнімдерінің және ірімшіктердің түрлерін кеңінен шығаруды ұлғайтуда. Осы кәсіпорынның өнімі Астана қаласыанда өткен «2004 жылғы тамақ өнімдері»   атты жәрмеңкеде алтын медальға және «Қазақстанның ең үздік өнімі» дипломына ие болды.

Индустриалдық – инновациялық даму бағдарламасының шеңберінде облысымызда «Қазақстанның инновациялық қоры» АҚ-ның кредиттік қаржысы есебінен қазіргі заманғы технологияны қолдана отырып «Булгарконсервпродукт» АҚ-да көкеніс өнімдерін консервілейтін өндірісті ұйымдастыру жөніндегі жоба іске асырылуда, тәжірибелі партия шығарылған. 2004 жылы кәсіпорынға Алматы қаласында өткен халықаралық тамақ өнімдері мен жабдықтар жәрмеңкесінде консервіленген көкөніс өнімдерін өндіретін кәсіпорындар арасында бірінші орын берілді.

Облысымызда металлургия саласы мен металл өңдеу кәсіпорындары тұрақты жұмыс істеуде. 1967 жылы құрылған «Имстальком» ААҚ-ның Жамбыл металл құрастыру зауыты Қазақстан және жақын шетел рыногында болаттан жасалған құрылымдарды дайындау және жинақтау жағынан берік позицияға ие. Кәсіпорында шикі мұнайды, мұнай өнімдерін, суды және басқа да сұйық заттарды сақтайтын көлемі 100 текше метрден 20 000 текше метрге дейін жететін болаттан жасалған тік цилиндр түріндегі резервуарлар шығаратын екі қуатты қондырғы бар.

Мойынқұм ауданында алтынның өнеркәсіптік қорларының кенорны негізінде түсті металдардың өндірісі дамиды. Облысымыздағы алтынның жалпы қорлары мен болжамдық ресурстары 300-350 тонна, олар геологиялық аз зерттелген аудандардағы жаңа кенорындарын анықтау есебінен айтарлықтай өсуі мүмкін. «Ақбақай ТКБК» ААҚ-ы алтыны бар кенді табумен және құрамында алтыны бар ерітінділерді шығарумен айналысады.

Облыста жуылған жүн, ірі қара мал терісінен былғары, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп тігін, былғары аяқ киім өндірісі (ПОШ фабрикасы «ӨК», «Тараз – былғары аяқ киім» ЖШС) тауарларын шығаратын өндіріс орындары бар.

Тұрғын үй құрылысы бағдарламасының іске асырыла бастауымен облыстағы құрылыс индустриясы жандандырылуда. Бұл саланың кәсіпорындары қиыршықтас, малтатас, әк, құрылыс құрылымдарын қаптау үшін қолданылатынграниттік және мәрмәрлік блоктарды, асфальтбетон, қоспасын, мингералдық ұнтақ, металл және ағаш құрылымдарын шығарады.

Облыста қолда бар қуаттардың негізінде әйнек өнеркәсібін дамыту үшін барлық алғышарттар бар. «САФ» әйнек компаниясының «Южный-3»   филиалы жылына қуаты 25 млн. шыны-бөтелкелер құрайтын фармацевтикалық және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары үшін шыны ыдыс тарды шығаруды қалпына келтірді. Кәсіпорында сапа менеджментінің халықаралық жүйесін өндіру жөніндегі жұмыс жүзеге асырылуда [7].

Ауыл шаруашылығы облыс экономикасында жетекші роль атқарады. Аграрлық секторда жұмысқа қабілетті облыс тұрғындарының 35% жұмыс істейді. Дәнді, майлы дақылдар, қант қызылшасы, көкөністер негізгі ауыл шаруашылығы дақылдары болып табылады. Табиғи жайылымның кең алқабы мал, қой, тебіндік жылқы шаруашылықтарын дамытуға ықпал етеді.

Ауыл шаруашылығы өнімнің жалпы көлемі жыл сайын ұлғаюда, ауыл шаруашылығы дақылдарын егу және жинау алқаптары айтарлықтай кеңейген. Барлық мал басы мен құс санының түрлері өсіп, олардың өнімділігі жоғарылады.

Ауыл шаруашылығы үшін пайдаланатын жерлер облыста біркелкі таралмаған. Неғұрлым өнім көп алынатын жерлер далалық алқаптарды, тау етегі мен тау белдемдерін алып жатыр. Бұл өңірлер егістіктің 98%-ын құраса, 2%-ы ғана шөл және шөлейт жерлер.

Облыста күздік бидайдың «Стекловидная-27», «Безостая-1», «Жетісу» сияқты сорттары егіліп, олардан жоғары өнім алынып келеді. Облыста дәнді дақылдарға деген сұраныс толық қамтамасыз етіліп, сыртқа шығарып отыру да жақсы жолға қойылған. Қордай ауданының «Сарыбұлақ» АҚ-ы облыс бойынша эметалық бидай және жүгері тұқымдарын өндіретін жалғыз шаруашылық.

Жүгері егілетін жер көлемі 20 мың гектардай, ал одан алынатын жалпы өнім 70 мың тоннадан асады. Жүгері өсірудің тиімділігі 29%, жыл сайын 5 мың тоннадан астамы сыртқа шығарылады. Көкөніс өсірудің көлемі де 20 мың гектарға жуық, оның ішінде 7 мың гектарға пияз егіледі. Көкөністің бұл түрі еліміздің солтүстік, орталық аудандарына, сондай-ақ таяу шетелдерге шығарылады. Облыс шаруашылықтарында көкөністерді гелиотеплицаларда өсіру кеңінен етек алып отыр. Облыстың көптеген шаруашылықтары соңғы жылдарға дейін қант қызылшасын өсіруді кеңінен жүзеге асырып келген еді. 42 мың гектардан 1,2 млн тоннаға дейін өнім өндіруге қол жеткізілген болатын. Тәтті тамырды өңдеумен облыста 3 қант зауыты айналысатын. Қазіргі кезде бұл жұмыспен Тараз қаласындағы «қант» акционерлік қоғамы ғана айналысады. Қант қызылшасын өсіру мен өңдеуге қажетті қолда қалған техниканы, кадрлардың тәжірибесін пайдалана отырып, Меркідегі қант зауытын қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асырылуда.

20 ғасырдың 70-80 жылдары облыста мал шаруашылығы қарқынды дамыды. Шу мен талас өзендерінің төменгі сағасында Қаракөл қойлары өсірілді.

«Луговой жылқы зауыты» ЖШС-і асыл тұқымды жылқы өсірумен айналысады. Республикмызда алғашқылардың қатарында аталмыш шаруашылыққа асыл тұқымды зауыт деген атақ берілген. Шаруашылық орналасқан жердің табиғатының ғажайып ерекшеліктері арғымақ жылқыларды ұстау және оларды жарыстарға дайындау үшін қолайлы жағдай жасауға әсерін тигізді. Егіншілік дамыған аудандарда «Алатау» сиыры өсіріледі [6].

Көліктің барлық түрі екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары қауырт дамыды. Өнеркәсіптің дамуы және географиялық орналасу жағдайы қолда бар көлік – коммуникациялық инфрақұрылымын – Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысын республикамыздың орталық және солтүстік-шығыс бөлігімен, көршілес мемлекеттермен байланыстыратын Шу қаласындағы ірі көлік торабы бар темір жол желісін айқындап береді. Темір жолдардың ұзындығы 1053 км. Облыстағы ең маңызды станциялар Шу, Жамбыл, Луговой, Отар. Осы станциялар арқылы өнеркәсіп және ауыл шаруашылық жүктері Қазақстаннан тысқары таяу және алыс мемлекеттерге тасымалданады. 2000 жылға дейін облыс аумағындағы темір жолдар, негізінен, электрлендіріліп бітті.

Облыс орталығы барлық ірі елді мекендермен, сондай-ақ көрші Қырғызстан және Өзбекстан республикаларымен асфальт жолдарымен байланысқан. Облыс аумағы арқылы Алматы-Бішкек, Ташкент мемлекетаралық жолы өтеді. Автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 4117,5 шақырымды құрайды, оның ішінде 847 шақырым жол республикалық мәнде. Балқаш көлінде кеме қатынасы бар. Әуе қатынасының тарихы 1957 жылы басталды. Сол жылы Қазақстанның оңтүстігінде тұңғыш рет әуежай салынды. 2000 жылы Тараздан халықаралық әуе қатынасы жолы ашылды.

Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары «Департаменті» қалалық басқармасы 2006-2012 жылдарға арналған Жамбыл облысының облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын дамыту бағдарламасын жасады. 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламаны жүзеге асыруды 126 км жол күрделі жөндеуден, 242 км автомобиль жолдары және 50 бірлік көпірлер мен құбырлар орташа жөндеуден өтеді, барлық автомобиль жолдары күнделікті жөндеуден өтіп, ұзындығы 28,4 км «Қаракемер – Қарасай батыр» жаңа автомобиль жолы салынады [19].

 

 

      3  Туризм саласының даму жағдайы жӘне болашағы

 

3.1 Туризмнің қазіргі жағдайы

 

Бүгінгі таңда туризм саласы ең тиімді табыс көзі болып табылатыны, экономикалық негізгі және динамикалық салалардың бірі екені көпшілікке мәлім. Кейбір деректерге қарағанда дүние жүзі бойынша туризмнен түсетін табыс мұнайдан түсетін табыстан кейін екінші орын алады екен. Көптеген елде туризм жалпы ұлттық өнімнің артуына, қоғамды жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етуіне, сыртқы сауда байланысының белсендірілуіне өте үлкен ықпал етеді.

Біздің облысымызда туризм саласы кәсіпкерлер қызметі арасында енді-енді бас көтеріп келе жатқан сала, сондықтан да, берілген бағыт өзінің одан әрі дамуын және мемлекет тарапынан қолдау көрсетуді қажет етеді.

Біздің облыс Тянь — Шань тауының оңтүстік — батыс бөлігінде ораналасқандықтан болар, табиғи тарихи ресурстарға бай өлке. Тартымды климат, таза ауа, аса бай табиғи бағалы, сирек, эндемикалық, ерекше өсімдік, хайуанаттар әлемі, ғылыми, экономикалық және табиғи туризм үшін тартымды аумақ. Туристік кластерін дамытуға қолайлы жер.

Облыс өзінің ерекше, сан түрлі табиғи жануарлар мен өсімдік әлемімен ерекшеленеді. Мұнда қызыл кітапқа енгізілген ерекше бағалы 50 өсімдік түрімен қатар барлығы 3 мыңнан аса өсімдік түрі бар. Облыста 158-ден аса тағы жануарлар өмір сүреді.

Облыста 4 мемлекеттік қорғауға алынған табиғи аймақтары бар. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқандықтан тарихи ескерткіштері көп, бұл ескерткіштер тек Қазақстанның ғана емес әлемдік мәдениетке туризмнің тарихи — танымдық, экологиялық, спорттық, ғылыми түрлерін танып білуге мүмкіндіктер береді.

Туризм саласының дамуына жекеменшік туристік ұйымдар ықпалын тигізеді. Қонақ үйлері, демалыс үйлері, транспорттық компаниялар және мейрамханалар, кафе, дүкен және мұражайлар туристік бизнес саласымен тығыз байланысты. Соңғы жылдары туристік бизнеспен айналысуға бел байлаған азаматтар саны облысымызда көбеюде. Мысалы 2006 жылдың 1 қаңтарына дейін облыс бойынша 11 туристік фирмада ғана турагенттік және туроператорлық қызметпен айналысуға мүмкіндік беретін мемлекеттік лицензия болатын болса, 2007 жылдың 1 мамырында олардың саны 19-ға жетті. Бұл туристік фирмалардың 18-і Тараз қаласында,  ал 1-і Жуалы ауданында орналасқан. Олардың офистері бар.

Туристік компаниялар көлемді спекторлық қызмет түрін көрсетеді;

  • алыс және жақын шет елдерден туристерді қабылдау және оларды орналастыру;
  • ішкі туризм, Қазақстан пансионаттарында демалдыру және емдеу;
  • Қазақстандағы тарихи орындарға тур жасау, шоп тур тағы басқалары.

 

Облыс шеңберінде орта мектеп базасында жұмыс істейтін 2 экологиялық клуб бар, “Снежный барс”, “Горный клуб”, “Жабағалы-Манас” және “Росток” қоғамдық бірлестіктері балалар және жасөспірімдер туризмі мен альпинизмімен айналысады, сонымен қатар 9 балалар лагері бар. Тараз қаласында туризм саласының даму қарқыны жеке туристік ұйымдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің белсенді жұмысы арқасында біраз жетістіктерге жетті. Ал, негізінен алғанда мемлекет тарапынан жеке компаниялар мен ұйымдарға қолдау көрсету жоғары деңгейде жасалып келеді. 2006 жылы Тараз қалалық әкімиятының қолдауымен қала ішінде бірнеше туристік объектілер ашылды: “Қазақстан Республикасының бірінші Президентінің саябағы”, “Комсомол” өзенінің жағалауында жазғы демалыс орны. Тараз қаласында орналасқан туристік объектілер модернизациялау кезеңінен өткізілді. Тектұрмас сәулет кесенесінің қасында “Неке сарайы” құрылысы жеке кәсіпкердің өз қаржы есебінен соғылып, іске қосылды.

Облысымызға келген қонақтарға, туристерге қызмет ететін 14 қонақ үй бар. Олардың үлкендері “Жамбыл”, “Тараз”, “Газовик”.

“Жамбыл” – Тараз қаласындағы қонақ үй. Төле би даңғылы мен Әйтиев көшесінің қиылысында орналасқан, қала орталығы архитектуралық кешенінің ажырамас бөлігі. Төрт қабатты ғимарат 1961 жылы тұрғызылған, 1995 жылы қайта құрылды. Қонақ үйде 1 — 3 бөлмелі 73 жайлы номерлер бар. 20 люкс (1 орынды, 2 орынды және апартамент), 40 орташа (1 орынды, 2 орынды, 3 орынды) бар. Онда мейрамхана, бар, казино, бизнес — орталығы, экскурсиялық қызмет, гид — аудармашы қызметтері, интернет, факс, конференц — залы, шаштараз, косметологиялық кабинеті, сауна, бильярд, кір жуу, автотұрақ, телефон, радио, теледидар, тоңазытқыш, шағын бар, ванна, балкондары бар.

“Тараз” қонақ үйі – Тараз қаласында, Жамбыл даңғылында орналасқан. Қонақ үйде 200-ден аса номерлері бар. Сонымен бірге мейрамхана, түнгі бары, химиялық тазалау, шаштаразы, көлік тұрағы, теледидар, радио, балкон, душ, ваннасы бар.

2005 жылмен салыстырғанда 2006 жылы келуші туристтер мен ішкі бағыттағы туристтер санының 9,4 пайыздан 28,1 пайызға өскені белгіленген. Аса көп барған жерлер: Түркия – 3444 адам (93,6), БАӘ — 86 адам (2,3), Германия – 33 адам (0,9). Көрсетілген елдерден басқа туристтер 16 дүниежүзі елдерінде болды. 2006 жылы ТМД елдеріне 737 турист болып қайтты; Қырғыстанда болғандар – 82,6 пайызды құрайды, Ресей федерациясыда – 16,7 пайыз, Өзбекстанда — 0,7. шығушылар мен келушілердің негізгі мақсаттары демалу, бос уақыт және коммерциялық қызмет.

Туристік фирмалар өткен жылы 7494,0 мың теңгеге қызмет көрсетті. Бұл төлемнің ең көбін орында броньдау жөніндегі қызмет тұрады.

2005 жылдан 2006 жылға дейінгі кезеңде шетелдің азаматтары мен облыс резиденттері қатарынан туристтердің шекара арқылы орын ауыстыруы жөніндегі теріс сальдо қалыптасты, яғни, келушілерге қарағанда кетушілер көп болды. Шығу туризмінің үлесі – 55 пайызды, ішкі – 51 пайызды, келу – 3 пайызды құрайды.

 

 

 

Шығу – 55%

Ішкі 42%

Келу3%

 

 

 

 

3 Сурет. Жамбыл облысының статистика бөлімшесі

 

 

 

 

    Түркия –  93,6%

    БАӘ 2,3%

    Германия 0,9%

    Басқалары – 2,7%

 

 

 

 

 

4 Сурет. Облыс тұрғындарының ең көп баратын мемлекеттері (пайыз бойынша)

 

2006 жылы облыстың туристік фирмалары қызмет көрсеткен туристердің жалпы саны 7131 адамды, көрсетілген қызметтер төлемі – 170796,0 мың теңгені, салықтар мен басқа бюджеттік төлемдер – 1225,9 мың теңгені құрады.

Туристік фирмалардың басым бөлігі келу және ішкі туризмін дамыту қажеттілігіне қарама қарсы сыртқа шығу туризмін дамыту, сондай ақ туристік жолдаманың бағасына кірмейтін визалық, экскурсиялық және өзге де қызмет түрлерін көрсету жолында жұмыс істеуде.

Мұндай жағдайдың орын алу себебі келесі факторларымен түсіндіріледі: туристік индустрияның өзіндегі де, сонымен сабақтас саладағы да әлсіз менеджмент, сондай ақ туристік инфрақұрылымдағы қолда бар объектілерді негізгі қорларының тозуы, мемлекет есебінен, сондай ақ шетелдік инвестицияларды, кредиттік ресурстарды тарту есебінен қаржыландырудың болмауы.  

Әлемдік туризмнің даму тәжірибесі көрсеткендей, барлық мемлекеттер бірінші кезекте келу және ішкі туризмді дамытуға мүдделі. Өйткені бірінші түрі мемлекеттің қазынасынан валюталық түсімді – табысты қамтамасыз етсе, ал екіншісі мемлекет ішіндегі қаражатты жинақтайды және туризмнің инфрақұрылымын дамытуға ықпал етеді. Әлемдік тәжірибеде бір шетелдік туристке қызмет көрсету 9 жұмыс орнын құрайды. ҚРның статистика жөніндегі агенттіктің деректері бойынша бір шетелдік турист өзінің республикада болған уақытында шамамен бюджетке 700 АҚШ долларын әкеледі. 

 

 

3.2 Ұсынатын турларға сипаттама

 

«Ежелгі Тараздан бүгінгі күйге дейін». Автобуспен және жаяу жүретін 1 күндік бағыт эксукурсияның ұзақтығы 100 км, ол 4 сағатқа созылады.

          Бұл экскурссияда туристер сәулет өнерінің маржандары Қарахан және Дәуітбек кесенелерімен (10-13 ғ.), Тектұрмас кесенесімен (15 ғ.), Қали Жүніс моншасымен, Айша бибі және Бабажы қатын кесенесімен (12 ғ.) танысады. Облыстық өлкетану мұражайын аралайды, экспозициялық ауданы 200 м. Бұл жерде туристер қаланың пайда болуы тарихымен танысады, бай археологиялық қазба үлгілерін тамашалайды (тас бейнелер, балбалдар өте ерекше), туристер көрме залында қазіргі заманғы суретшілердің, мүсіншілердің, қол өнер шеберлерінің шығармаларымен танысады. Түнгі Тараздың қайталанбас сұлулығын тамашалайды. 

          Қарахан кесенесі орта ғасыр дәуірінен бізге жеткен сәулет өнерінің тамаша үлгісінің бірі. Кесене XI ғасырда салынған. Қазіргі Тараз қаласының орталық бөлігінде Төле би мен Байзақ батыр көшелерінің қиылысында орналасқан. Кесене Қарахан әулетінен шыққан белгілі хан Ши-Махмуд Бұғра Қарахан қабірінің басына орнатылған. XI ғасырда салынған кесененің 4 қабырғасы мен жылтыр кірпішпен өрнектелген қос мұнарасы XIX ғасырдың 90 жылдарына дейін сақталған. Оның күмбезі ғана құлаған. 1905 жылы оның құлаған бөлігін түгелдей бұзып алып, орнына 1906 жылы жаңа кесене салған. Жаңа құрылысты сол кездегі Ташкент имамы Саид Бахманов салдырған. Кейінгі салынған кесене алғашқысына ұқсамайды. Қас беті Айша бибі кесенесіне ұқсас болғанымен кірпіштерінің өрнектеліп қалануы жағынан Бұқарадағы ортағасырлық Исмаил күмбезіне ұқсайды. Кесененің бас беті оңтүстікке қараған. Кірер есігі аркалы қуыспен безендірілген. Алдыңғы жағында екі мұнарасы бар. Сыртын жаңа кірпішпен қалаған. Кесененің ішкі құрылысына келетін болсақ, 4 бұрышты, ортаңғы кең бөлмеден және кіші бөліктен тұрады. Ортаңғы бөлменің төбесі киіз үйге ұқсатып салынған.  Бөлменің нақ ортасында оңтүстен солтүстікке қаратылған қабір бар. Ішкі жағын кесененің бұрынғы кірпіштермен қалаған. Кесене қасиетті жер саналады [14].

Дәуітбек кесенесі (XIII ғ.) ортағасырлық  сәулет ескерткіші. Тараз қаласында Қарахан кесенесінің шығыс жағында орналасқан. Кесене манғолдық билеушілердің бірі ұлық Білге Ықбалқан Дәуітбек қабірінің үстіне салынған. Кесене мемлекеттің қорғауына алынған. Кесене орта ғасырдағы аймақтық сәулет өнеріне тән, бүгінгі күнге дейін бұзылмай аман жеткен діни ескерткіштердің қатарына жатады. Кесене күйдірілген кірпіштен салынған, қабырғалары бітеу, төбесі күмбезден жасалған. Кіреберіс бетәлпеті терең қуыстары бар, үстіңгі жағы бәсеңдеу күмбезбен жабылған. Жан-жақтары қарапайым кірпіштермен өрілген, екі бұрышында мұнаралары бар, олар онша биік емес. Кесененің ішкі құрылысы крест тәріздес, қабырғаларында терең қуыстар бар. Кесененің қақ ортасында биіктің үстінде үш сатыны тас ескерткіш бар. Оның бетінде арабша жазулар жазылған. Оны 1893 жылы Бартольд аударды. Яғни онда жерленге адамның аты-жөні мен қайтыс болған мерзімі жазылған. Зерттеу нәтижесіне қарағанда биікте жатқан адамды 13 ғасырдағы ірі іскер басшысы болған деп санауға болады. Кесене Тараз халқының тұрғындары үшін Шомансұр кесенесі деген атымен белгілі.

          Қали Жүніс моншасы – Тараз қаласында 19 ғасырдың басында салынған қазіргі Байзақ батыр және қазыбек би көшелерінің қиылысында орналасқан. Моншаны Әулие Ата тұрғындары салған. Архитектуралық ескерткішке жатады. Қаланың көне тарихи орталығында тұрғын үйлердің қоршауында орналасқан. Монша бір қабатты, төбесінде үлкен әрі көлемді күмбездері бар. Беталды кіреберіс жағы Байзақ батыр көшесіне бағытталған. Күйген кірпіштен Ортаазиялық ескі дәстүрлі әдіс бойынша салынған. Монша 1986 жылы қалпына келтірілген. Моншалық  бетәлпет жағы кірпіштермен өрнектеліп, қуыс аралықтары жылтыр етіп салынған.

          Моншаның ішіне тоқталатын болсақ, монша бірнеше бөлмелерден тұрады. Яғни кіреберіс бөлмеден, вестибюльден, демалатын бөлмеден, жуынатын орыннан, массаж жасайтын бөлмелерден, жылыту бөлмесінен, ыстық су мен суық су сақталатын ыдысы бар орындармен байланысатын қуыстардан, ыстық және суық су сақталатын үлкен резервуардан, қабырғаға жапсырына орналасқан су ысыту қазаннан, жуынатын үш бөлмеден тұрады. Жуынатын үш бөлмеден сыртқа шығып кететін арнайы есігі бар. Жарық беру мен желдеткіш күмбезде қарама-карсы орналасқан тесіктер мен үй қабырғаларының арасындағы кішкене қуыстар арқылы жүзеге асырылған. Үй көне дәстүр бойынша еденнің астынан қыздыратын каналдар арқылы жылытылады. Монша XX ғасырдың 50 жылдарына дейін жұмыс істеген. Қазір моншада реставрация жүріп жатыр. Монша қазір сәулет ескерткіші болып табылады.

Тектұрмас — әлемдегі көне заман ескерткіштері сияқты ертедегі тарихи мұралардың бірі. Тектұрмас тек тұрмайтын киелі орын. Ол қарахандықтар, әулиеаталықтар, Манас, Айша бибі, Бабажан-қатын замандарында халықтың басын қосқан, жаудың бетін қайтарған орын. Ертедегі аңыз бойынша Тектұрмастан қашан болса да бір дыбыс шығып, әуен естіліп тұрады екен. Ол әуен, әсіресе, таң самалында күңіреніп күй тартады деседі.

          Енді филология ғылымының докторы, профессор Жанғара Дәдебаевтың айтуы бойынша Тектұрмас атаның әу бастағы қасиет тұтып қойған аты Сұлтан Махмұдхан екен. Тектұрмасты Әулие ата бек болып қызмет атқаруға сарайына шақырады. Бірақ, ол бек болудан бас тартып, жеке, дара әулиелік жолға түседі. Бектіткен бас тартқандықтан, ел оны тектұрмас деп атап кетеді. Жұрт Тектұрмас атаның мазарын қасиет тұтып, оның басына шырақ жағып, құрбандық берген.

          Тағы да осындай жорамалдар баршылық. Біздің ойымызша, тектұрмас қандай да болмасын жеке тұлғаның есімі емес. Бұл орынның осылайша аталуы мынада: осындай бір халықтың жадында терең із қалдырған адамды жұрт әулие тұтатыны белгілі: осында келіп, мінәжат етеді, перзент көрмей жүргендер түнеп жатып, жалбарынып, Алладан перзент сұрайды, ауырғандар жазылып кетуін тілейді екен. Яғни бұл жер ешқашан адамсыз болмайды, тек тұрмайды.

          Сонымен, қорыта айтқанда, бұл жерде жерленген адам – атқарған ісімен көзі тірісінде әйгілі болған көрнекті тұлға, ол қарахандықтар әулетінен шыққан билеушілердің біреуі. Қарахан мемлекетінің патшасы Мұса 960 жылы Исламды мемлекеттік дін деп жариялады. Содан бастап әлгі аты беймәлім тұлға бар ғұмырын осы жаңа дінді жергілікті түркі тілдес халықтар арасында таратуға, соны уағыздауға арнаған. Сондықтан да оның іс-әрекеті жұрттың жадында сақталған, оны әулие деп таныған. Дүниеден озғаннан кейін оның моласының үстіне XIII ғасырда сол қарахандықтардың билеушілері кесене орнатқан. Кесене Тараз қаласының шығыс жағында Талас өзенінің оң жағалауында төбе үстінде орналасқан. Шамамен XIII-XIV ғасырларда салынған. Кесене 1935 жылы толық  қирап қалған, ол тек 19 ғасырдың 80 жылдары түсірілген фотосурет арқылы ғана белгілі. Күйдірілген кірпіштен салынған, күнбезі болған, іргесі төртбұрышты басып келген. Кіретін арқа тәрізді қақпасы батысқа Тараз қаласына қарай қараған. Қазір оның орнына 2002 жылы ортағасырлық үлгідегі жаңа кесене салып, қалпына келтірілді. Кесене орналасқан төбеден төменде жатқан Тараз қаласының бар көрінісі жақсы көрінеді. Кесененің дәл қасында қазақтың ұлы батыры Мәмбет батырдың моласының үстіне салынған кесене бар. Тектұрмас – сәулеттік кешен, сондай-ақ зиярат ету орны болып табылады [11].  

Айша бибі кесенесі – XI-XII ғасырлар. Айша бибі орта ғасырда өмір сүрген ару қыз. Ол Зеңгі бабаның қызы. Айша бибі Тараздан келген жас батыр Қараханның өнеріне ғашық болған. Жігіт те қызды ұнатқан. Бірін-бірі ұнатқан екі жас бас қосып, өмірлік серік болуға уағдаласады. Алайда, аяқ астынан еліне жау шапқанын естіген Қарахан дереу еліне аттанады. Әуелі кезде хабар болмаған соң, алаңдаған Айша бибі күйеу жігіт еліне барып бір хабарын білейін, аман болса алдыңызға келіп ақ батаңызды алып қосылармыз деп, әкесінен рұқсат сұрайды. Бірақ қыз әкесі келісімін бермейді. Айша бибі әкесі Зеңгі бабаны тыңдамай 40 қыз жолды ертіп, Қараханның еліне өз бетімен аттанады. Әкесі Айша бибіге теріс батасын береді. Айша бибі Қараханның еліне таяғанда дем алмақшы болып су бойына тоқтап жуынады. Сол кезде жерде тұрған сәукеленің  ішіне жылан кіріп кетеді. Айша бибі оны байқамай, сәукелесін киейін дегенде жылан шағып алады. Қыздардың хабарын естіп Қарахан да келеді. Бірақ Айша тілге келмейді. Ең болмаса о дүниеде қосылайық деп Қарахан сол жерде Айшамен некесін қидырады. Қарахан сол Айша бибі қабірінің үстіне күмбез тұрғызады. Кесенені 12 ғасырда, қазіргі Жамбыл ауданының Айша бибі ауылында салдырған. Ел жұртқа өзі қайтыс болғанда сүйгенінің күмбезі көрініп тұратындай биік жерге жерлеуін аманат етеді.

          Міне Айша бибі кесенесі осылай пайда болған. Кесене өткен ғасырдың алғашқы жылдарына дейін әжептеуір бөлігі аман жеткен. Оның қалған бөлігін жауын-шашыннан сақтау үшін сыртын әйнекпен қаптаған. Кесенеге 2001-2004 жылдар аралығында реставрация жұмыстары жүрді. Кесенені жаңарту үшін бірнеше нұсқалар жасалды. Белгілі сәулетші — Әбен Итеновтың жобасын қабылдады. Ал, жобаны іске асырған Қанат Тұяқбаев. Басқарған республикалық «Қазреставрация» мекемесінің шеберлері. Кесенеге қажетті құрылыс материалдары Түркістанға кірпіш зауытында дайындалды.

          Кесенеге тоқталатын болсақ, Айша бибі күмбезі өзінің ішкі әрленуінің әсемділігімен айырықша көзге түседі. Бұл шары түрінде жоспарланған аумағы 7,6х7,6 метр күмбезді мавзолей. Оның барлық қабырғалары күйдірілген қызғылт сары қаптамамен қапталған. Батыс беті күйдірілген өрнекті текшелермен безендірілген, оның іргетастан арқалыққа дейінгі төменгі бөлігі геометриялық ою өрнегі бар шаршын қаптамамен қапталған. Қабырғалардың үстінгі жағында ою өрнек көп, ромба бітімдес әр түрлі ұқсас құймалармен, ал бағаналар геометриялық өсімдік ою өрнегі бар шығыңқы және оның формадағы қаптамаларымен безендірілген. Кесенеде 60-тан аса ою-өрнектер кездеседі. Кесене бір бөлмелі, тік бұрышты төбесі күмбезден жасалған. Әрбір қасбеттің орта тұсында терезе тәрізді ойық жасалған. Есігі шығыс қабырғасында. Кесене ортасында шағын құлпытас бар.

          Кіршіксіз махабаттың символына айналған Айша арудың қалпына келтірілген мазары бүгінде жас жұбайлардың мінажат етер қасиетті орнына айналған.

          Бабажы қатын кесенесі – XI-XII ғасыр. Тараз қаласынан 18 шақырым қашықтықта Айша бибі кесенесінің маңында бүп-бүтін болып жинақы да, әсем сағана тұр. Бұл Бабажы қатын кесенесі.

          Аңыз бойынша Бабажы қатын Айшаның күтушісі болған. Айшаға осы бір қасіретті сапарда жол бастаушы болған болатын. Айша қайтыс болғаннан кейін өзінің қалған өмірінде сүйікті тәрбиеленушісінің моласы басында оның шамын жағып өтіпті. Бабажы қатын дүниеден озғаннан кейін айша бибінің жанына жерленіпті, моласына кесене салыпты.

          Текше тәрізді тік бұрышты қызыл кірпіштен тұрғызылған ескерткіштің ауданы 6,8х6,8, ал биіктігі 5 метрден астам, қабырғаларына қаланған кірпіштердің көлемі 24х24,5 сантиметр.

          Қасбеті мен екі қапталы бір-біріне ұқсас мәнерлеп қаланған кірпіштен күн тәрізді өрнектеп жасалған. Жоғарғы жағы аркалы, ішке кірер есік шығыс жағында. Қабырғаларында сегіз қырлы барабандарға ауысатын тромпбелдеу жасалған. Оның үстінен ішкі еңсесі 16 қырлы күмбезі басталады. Ал сыртқы күмбезі биіктігі 86 см. қырлы призманың үстіне орнатылған. Арада өткен 7-8 ғасырлар бойы сыр бермей шыдап келгені ғажайып құбылыс. Әйтеуір, он шақты-ақ жыл бұрын салынғандай күйде тұр. Олардың құпиасын әлі де зерттеуде. Кірпішті қымыз араластыру арқылы жасалған деген болжам да бар.

          Екі кесене де тек зиярат ету орны емес, сонымен бірге мұсылман әйелінің қасиетті орындары болып табылады [14].

          Облыстық өлкетану мұражайы. Жамбыл облыстық тарихи — өлкетану музейі 1931 жылы 23 тамызда ашылған. Мұражай бүгінгі күні Тараз жұртшылығы мен қонақтарының, тіпті шет елдік туристердің қызыға тамашалайтын танымдық әрі тәрбиелік мәні зор мәдени орнына айналып отыр.

          Музей комплексі 2 мың шаршы метр жерді құрайды. 14 зал бар. Және бұл залдарға экспонаттар ежелгі дәуір заманынан бастап, бүгінгі күнге дейінгі тарихымыз туралы сыр шертеді. Музей қоры жылдан жылға артуда, қазіргі таңда олардың саны 40 мыңға жуық. Мұнда тарихи, археологиялық жинақтамалар, тарихи-тұрмыстық заттар, қолжазба мен баспалық құжаттар және т.б. жәдігерлер кездеседі [21].

1-2 зал. Табиғат залы. Облысымыздың табиғаты біздің мұражайды екі залды – тірі және өлі табиғат залдарында көрсетілген. Менің оң жағымдағы диарамада геологиялық кезеңдер орналастырылған. Бұл Чехияның ғалымы Буриннің кітабы бойынша орындалған. Ал төменгі сөрелерде осы кезеңге сәйкес табылған палентологиямыз экспонаттар қойылған.

          Төменгі палеозойда континентті бірнеше рет теңіз басуы болған. Бұл кезде жердің көтерілуімен таудың жасалуы жүріп отырады. Жер бетінің барлық бөлігінде жылы климат басым болды. Ешқашан болмаған биологиялық төңкеріс ағзалардың барлық типтерінің пайда болуына әкеп соқты. Көбірек дамығандары – трилобиттер, археоцеаттар, грантолиттер, маржандар болды. Карбонның аяғында жылы кезең бір-біірнен айырмашылығы зор климаттық белдеуге бөлініп, суық кезеңмен алмасты. Өсімдіктер мен жануарлардың материктерді белсенді түрде игеруі басталды. Теңіздерде жоғарғы палеозой фауналары жойылды. Құрлықта көне қосмекенділер мен бауырмен жорғалаушылар пайда болып кеңінен тарады.

          Ал екінші залда өңіріміздің ландшафты аймақтары, яғни флора мен фаунасымен танысыңыздар. Мұнда сіздер өлкеміздің үш үлкен аймағымен: таулы аймақ, сулы аймақ және  шөлді аймақ флора мен фаунасымен танысасыздар.

          Бірінші сөредегі жинақтама таулы аймақтарда кездесетін емдеік қасиеті бар және қызыл кітапқа енген өсімдіктердің кептірілген үлгісі қойылған. Таулы аймақ жануарлар мен құстар әлеміне өте бай. Таулы аймақта мекендейтін жануарлар борсық, қасқыр, қоңыр аю, ал құстардан: қаршыға, бөктергі, кекілік, үкі, жапалақ, көкек кездеседі.

          Шөлді аймақтағы өсімдіктер мен жануарлар жоғары температураға, шөлге бейімделген. Өсімдіктер көбінесе жапырақты емес, керісінше тікенекті болып келеді. Шөлді аймақты дала қояны, шілдер, дала кесірткесі, қырғауыл, бүркіт, дала тасбақасы, ақбөкен мекендейді.     

3-4 зал палеолит залы. Археологиялық залында палеолит залымен таныса аласыздар. Мұнда ежелгі дәуірден көрініс бершетін карта макет бар. Паоеолиттің ең ірі ескерткіші Қаратау жотасының шығыс беткейіндегі тәңірқазған және Бөрікқазған.

          Б.з.д. III мыңж. аяғы мен II мыңж. басында Қазақстан тайпаларының өмірінде түбегейлі өзгерістер болды. Адам алдымен мысты, кейін мыс пен қалайының балқымасы қоланы пайдалануды үйренді. Мыс пен қоладан диқаншылық құрал-саймандар және қару жасай бастады. Қола дәуір тайпалары шаруашылықта қола пышақтарды, кейін түрлі қола және қалайы орақтарды пайдаланған. Бұл кезеңде керамикалық ыдыстар жасау елеулі орын алды. Құмырашылар негізінен әйелдер болды. Бұл залда «қола дәуірі әйелі» суреттемесін көре аласыздар. Ол кезде о дүниеге деген сенім, мезазойда қазіргі континеттер мен мухиттардың алғашқы сүлбесі қалыптаса бастады. Континенттің тропикалық және субтропикалық фаунасы шапшаң өсті. Құлықты алып диназаврлар, ауада ұшатын кесірткелер мен алғашқы құстар пайда бола бастады. Теңіздерде сүйекті балықтар, теңіз кірпілері басым болды. Палеогенде климаттың біртіндеп салқындауынан ашық ландшафтар – орманды дала, дала және саванналар қалыптасты. Жабық тұқымды өсімдіктер кең тарай бастады. Кәдімгі шөппен қоректенетін сүтқоректілер, мүйізтұмсықтар мен жылқылардың алғашқы ата тегі және қарапайым маймылдар өпкелдеп дамыды. Теңізде жіп тәрізді балдырлар пайда болды. Неогенде ашық ландшафтар жедел дамыды. Дала, орманды дала, тайга және тундра болып бір-бірнен дараланып бөлінді. Сүтқоректілер ішінде бұғы, жираф басым болды. Бұл территорияда ірі омыртқала жануарлар да мекендеген. Сонымен бірге бұл залдан бірнеше миллион жылдардан кейін тасқа айналған өлі омыртқасыз жәндіктердің, ағаштардың діңгектерін көре аласыздар. Алдарыңыздағы мына картада ҚР-ң территориясы, оның ішінде Жамбыл облысының территориялық аумағы көрсетілген. Облысымыздың территориясы солтүстіктен оңтүстікке қарай 400 км, ал батыстан шығысқа дейін 500 км, жалпы алғанда аймақ территориясы 145,2 мың шаршы километрді алып жатыр. Жамбыл облысышығысында Алматы облысымен, оңтүстігінде Қырғызстан Республикасымен, Солтүстігінде Қарағанды облысымен, ал батысында Оңтүстік Қазақстан облысымен шектеседі. Жамбыл облысында 10 аудан және төрт қала бар: Жаңатас, Қаратау, Шу және Тараз. Тараз қаласы облысымыздың орталығы.

          Ата-баба аруағына  сыйыну кең тараған. Олар қайтыс болған адамды ыдыс-аяқ, киім, еңбек құралдары, қару-жарақ, әшекей бұйым, тағамдармен қамтамасыз етіп жерлеген. Өлген адам қабірден шығып кетпесін деген оймен мәйітін тас дуандармен қоршаған.

          Бұл зая экспозициясынан сіздер көне Тараз шаһары оның тіршілігі туралы мағлұматтар аласыздар. Тараз – Қазақстан қалаларының ішіндегі ең ежелгі қала. Сонымен бірге IX ғасырда яғни, Таразды арабтар жаулап алғаннан кейін ислам діні бар жұртшылығына мойындатылады. Осы уақытқа дейін алдау, арбау, тіпті күшпен мойындату арқылы басқа діндер бір-бірімен қатарласып жүрді. Олар зараостризм, будда, христиан. Ұлы Жібек бойындағы маңызды сауда орталығы болған Тараз қаласында сауда жасап келуші елдердің мәдениетінің бір ұшқыны болса да белгісін қалдырып отырды. «Тараз базары» диарамасынан сіздер базар – елдердің көп жиналатын, қажеттерін алып қана коймай, әңгіме дүкен құратын жер екендігін, дамылсыз жұмыс жасап жатқан қолөнершілердің тіршілігін көресіздер.

5-6 ғасырлар. Бұл заядан қазақ  хандығының құрылуы туралы мағлұмат аласыздар. 15 ғасырдың 60-70 жылдары Орыс хан ұрпақтары Жәнібек пен Керей сұлтанның басқаруымен Қазақ хандығы құрылды. Әбілхайыр хандығынан бөлініп шыққан бұлар Шу өзені Қозыбасы жеріне қоныстанды. 1468 жылы Әбілхайыр хан қайтыс болғаннан кейін, оның мемлекетінің үлкен бөлігі Керей мен Жәнібек ханға қарады. Аз ғана уақыт ішінде Қазақ хандығы халқының саны 200 мыңға жетті. Сөйтіп қазақ хандығы нығая бастады.

          17 ғасырдың аяғы мен 18 ғасырдың басында қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты ауыр күйзеліске ұшырайды. 1718 жылы Тәуке хан қайтыс болады. Қазақтарға төнген ең үлкен қауіп бұл Жоңғария хандығы еді. Жорық кезінде жоңғар әскерлерінің саны 100 мыңға жетті. Олар қазақтың жайылымдық жерлеріне, сауда қолөнер орталықтарына және керуен жолдарына қызықты.  Бірінші шайқас 1635 жылы болды. Қазақ әскерлері жеңіліс тапты. Екінші шайқас 1643 жылы болды. Бұл кезде Жәңгір ханның күшті тактикасымен жеңді. Үшінші шайқас 1652 жылы болды. Бұл жерде қазақтар қайта жеңіліс тапты. Осылайша қазақтар мен жоңғарлар арасындағы күрес ұзаққа созылды. Жоңғарлар бытырап, бастары жиналмай жатқан қазақтарды жеңген үстіне жеңіп, адамдарын, малдарын айдап әкетіп, жерлерін, кейде ауылды қырып кетіп отырды. 1723 жылы жоңғарлар 4 бағыттан шабуыл жасады. Халықтың мал мүлкін алып, қырды, аман қалғандары көшуге мәжбүр болды. 1724-25 жылдары жоңғар әскерлері Сырдария алқабындағы отырықшы ауылдар мен қалаларды қырып, талан-таражға түсірді. Бұл ауыр оқиға қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталады. Бұлай аталу себебі, әбден шаршаған халық Алакөл жағасына келіп сұлап жатқанда, көп ішінен бір қария тұрып: «Адам баласы өмірде көрген жақсылық пен жаманшылықтың бәрін ұмытпауы керек, біз осы күндерімізді не деп атасақ болады?» — деп сұрапты. Сонда бір қария: «Мұның аты Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама болсын» депті. Мәнісі: Атамекенінен, мал-мүлкінен айырылған жаяу, аш-жалаңаш босқын ел шұбыра-шұбыра табаны ағарып, азып-тозды деген сөз. Зор заманды басынан кешірген халық өзінің аянышты ауыр халімен көңіл-күйін бейнелейтін «Елім-ай» мұңды әнін шығарған. Жоңғар шапқыншылығынан тұрған зор күйзелушілікке, мал-мүлкінен қырылуына қарамастан, халық тәуелсіздік үшін күресін тоқтатқан жоқ. Үш жүз бірігіп жоңғар шапқыншылығына қарсы соққы бере бастады. 1728 жылы қазақ жастары Шұбар теңіз көлінің маңында Бұланты өзенінің жағасында жоңғар әскерін күйрете соқты. Бұл ұрыс «Қалмақ қырылған» деген атпен белгілі. Уақыт өте келе үш жүз хандары арасында бір-бірін түсініспеушілік пайда болды. Олардың басының бірікпеуінің салдарынан қазақтар жоңғарлардың шапқыншылығынан құтыла алмады. Осының бәрі Әбілхайыр ханның орыс мемлекетімен одақтасу жөніндегі саясатының негізі болды. Сондықтан, қазақ хандығы, оның ішінде бірінші болып кіші жүз халықтары өз еркімен қосылды. Бұл заяда 1731 жылғы кіші жүз ханы Әбілхайырдың Ресейге қосылуы туралы Ресей императрицасы Анна Ионновнаға жазған өтініш хатының фотокөшірмесі. Ал 6-шы заядан сіздерді реформадан кейін Әулие Ата уезіндегі болған өзгерістермен таныстырады. Қазақстанның оңтүстік аудандарындағы ұлы жүз халқы 1734 жылы Ресейге қосылғаны қағаз жүзінде бекітілгенімен, іс-жүзінде XIX ғасырдың бірінші жартысына дейін толық кірген жоқ еді. Қоқан ханы Әлім (1801-1809) Сайраш, Шымкент қалалары мен айналасындағы аудандарын, Ұлы жүздің Ұзынағаш жеріне дейінгі батыс жағын, Талас алқабын және орта жүздің Ташкент пен Арыс өзені аралығындағы көші-қон жерлерін жаулап алды. Қоқан бекінісінің төңірегін жайлаған қазақтар жылана үй басы 6 қой, 24 қап көмір, 4 өгіз тапсыруға міндетті болды. Белгіленген міндеттерін орындамаған ауылдың ойранын шығарып, жанұяларын, әйел, бала-қыздарын базарға сататын болған. 1864 жылы патша үкіметі ……қарсы әскер шығарды. Олар 2 сағат ішінде Әулие Атаны алады. Одан кейін Шымкентті жаулап алады. XIX ғасырдың 60-жылдарының орта кезінде Қазақстанның Ресейге қосылуы аяқталды. Экспозицияның басым бөлігін осы уезге қоныс тепкен ұлттардың киім үлгілері, тұрмыстық заттары құрайды. Ал келесі сөреден сіздер жұмысшы топтың еңбек құралдарын көресіздер. Сонымен бірге бұл залда капиталистік қоғамның айналымға енген алғашқы ақша банкноттарының үлгілері, кішігірім өнеркәсіптер ашу үшін берілген рұқсат қағаздар сақталған [17].

          7 зал. Этнография. Этнография залында сіздерді көшпенділердің көркем туындысы – киіз үй және қазақ халқының қолөнер туындыларын көре аласыздар. Киіз үйді тез жинастырып, тез орнатуға болады және көлеңкеде өзіңмен алып-жүруге ыңғайлы. Киіз үй ағашы 4 басты бөліктен тұрады: кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық. Киіз үйдің сырты ақ, қара не сұр түсті киізбен жабылған және ол киіз жоғарғы сапалы жүннен жасалған. Киіз үй көшпелі өмірге бейімделген, көшіп-қонуға ыңғайлы ерте заманнан келе жатқан тұрғын үйдің бір түрі. Бұл Европа мен Азия далаларындағы жартылай отырықшы халықтардың арасында кеңінен тараған және бүгінгі күнге дейін өзінің көне фирмасын сақтап қалған. Қазақтың киіз үйі өзінің мәдени тұрмыстық, шаруашылық жағдайына байланысты негізінен төрт түрге бөлінеді: жаздық тұрғын киіз үй, мереке, не қадірлі қонақтарға арналған, жорық кезінде тіркеуге арналған асхана, койма ретінде тігілетін киіз үй. Киіз үй екі-үш қанаттардан бастап он екі, отыз қанатқа дейін түрлері бар. Киіз үйдің ішінде қазақ шеберлерінің барлық дәстүрлі сәндік-қолтанбалы өнерінің үлгілері көрсетілген. Үй тұрмысында қолданылатын мүлік жинау – атадан балаға тараған ежелгі дәстүр. Халқымыз өз тұрмысында көшіп-қонуға ыңғайлы, жеңіл ағашты көп қолданған. Ағаштан әшекейлі суреттер, оюлар жасаған. Ағаш төсек, кебеже, ыдыс-аяқ, сандық бәрі оюланып жасалған. Кебежені ыдыс-аяқ, тамақ сақтау үшін қолданған. Абдырамен сандық киім-кешек, басқа да бағалы бұйымдарды сақтауға арналған.

          Қазақ халқының ертеден келе жатқан өнерінің бір түрі – сүйектен ойып, бедерлеп өрнек түсіру. Ер тұрман, музыкалық аспаптар, үй мүліктерін әшекейлеу үшін көбінесе түйе, жылқы малының жақ, қабырға сүйектері жиі қолданылған. Сонымен бірге қазақ халқының өмірінде киіз басу кәсібінің маңызы зор. Өйткені киізден алуан түрлі бұйымдар жасалынады: еденге төсейтін текемет, сырмақ, үзік, ер-тұрманға қажетті тоқым, жабу, қалпақ, аяқ қап, тағы басқа керекті заттарды жасаған. Киізді қойдың жүнінен басқан. Қазақ әйелдері жүнді иіріп, оны қажетті түске бояп, өрмек арқылы қоржын, алаша, кілем тағы басқа тоқыған. Қазақ кілемдері тоқылуы жағынан – түкті, тықыр, ал материалдарына қарай жібек, қалы, масаты білеш болып бөлінеді.

          Аяқ-қап – ыдыс-аяқ салуға арналған қапшық, ыдыс әрі таза, әрі сынбайды, түр жағы дөңгелек болып келеді. Аяқ қапты киізден немесе алаша енінен жасайды.

          Экспозицияда киім бұйымдары, сонымен бірге шаруашылық-тұрмыстық заттар орын алады. Зергерлер шеберліктерінатадан балаға мұра етіп қалдырып, үйреніп отырған.

8-9 зал. Әлеуметтік эволюция. Бұл зал экспонаттары сіздерге біздің өлкеде Кеңестік Үкіметтің орнауы туралы тарихымыздан сыр шертеді. 1916 жылы таптық және ұлттық қанаудың өсу қарқыны, соғысқа деген өшпенділік жер жерде болды. Соғыс елдегі Қазақстан және Орта Азияның барлық аймақтарын қамтыған ұлт-азаттық көтеріліске әкеліп соқты. Көтерілістің негізгі себебі: элеуметті-экономикалық және саяси сипаттағы жағдайлар болды. Отарлық езгінің күшеюі, жерлерді алу, салықтардың өсуі, еңбекшілерді қинау болды. 1916 жылғы көтерілістің негізгі мақсаты – қазақ халқының осы кезеңге дейін бостандық және тәуелсіздік үшін жүргізген барлық күрестерінің қорытындысын шығаратын ұлттық және саяси азат ету  болды. Көтерілістің аса ірі орталықтары Жетісу мен Торғай жері болды.

          Сонымен бірге бұл залда үлкен бөлім Түрксіб Темір жолының құлысына темір жол транспортының дамуы туралы мағлұмат береді. Құрылыс 1927 жылы басталып, уақытынан ерте 1930 жылы аяқталды.

          Ал тарихымыздың келесі кезеңі  Ұлы Отан Соғысы. Ұлы Отан Соғысы 1941 ж басталып, 1945 жылы бітті. Фашистік Германияны тойтаруға Жамбылдықтар да өз үлестерін қосты. Кеңес Одағының батыры атағына 500 Қазақстандық ерен ерліктері үшін ие болса, оның 21 Жамбылдық жерлестеріміз болды. Бұл 4 жылға арналған соғыс жеңіспен аяқталды.

          10-11 зал. Ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп. 50 жылдары Қазақстанда жер игеру кезеңі басталды. Бұл жылдары біздің облыста негізінен аграрлық ірі өнеркәсіп орны болмады. Бірақ еңбекшілердің табанды еңбегінің арқасында ауыл шаруашылық өндірісі тез қарқынмен дамыды.

          Соғыстан кейінгі кезеңде облыстық халық шаруашылығының барлық салаларының тез өрлеуі басталды. Жамбыл былғары тері – аяқ киім өнеркәсіп бірлестігі және жүнді бастапқы өңдеу фабрикасы елдегі ірі кәсіпорындардың қатарына қосылды.

          Фабриканың өнімдерін осы мұражайдан көре аласыңдар. 1930 жылдары құрылған Жамбыл қант өнеркәсіп бірлестігі облыстағы жеңіл өнеркәсіптің бастысы болып табылады.

          Кенесі залдан облысымыздың 1990 жылдан кейінгі өнеркәсіп, зауыттарының өнімдерін көре аласыздар. Қаратау тауларынан 1935-1936 жылдары Қазақ геология басқармасының қызметкері Машкари осы жерден фосфориттер тапқан. 1950 жылы алғашқы кезде шеттен әкелінетін күкірт қышқылымен жұмыс істеген бірінші суперфосфат цехі іске қосылды. Мұнда шетелдерге жіберілетін әр түрлі өнімдердің 20 жуық түрі шығарылды. Олар – фосфор, фосфор қышқылы, минералды тыңайтқыштар бар. Келесі сөреде тек облысымызға ғана емес, республикамызға тіпті шет ел мемлекеттеріне де танымал «БМ» компаниясының  өнімдері  көрсетілген.

12-13 зал. Халықтар достығы. Бас ғимараттағы соңғы зал – «Халықтар» достығы. Мұндағы экспонаттар өлкеміздің білім, мәдениет, денсаулық сақтау, спорт саласындағы жетістіктерін көре аласыздар. Облысымыздағы бірінші жоғарғы оқу орындары – Гидромелиоратистік құрылыс институты (1962 ж), жеңіл және тамақ өнеркәсібінің технологиялық институты (1963), Педагогикалық институты (1967).

          Облысымызда 20-дан аса ұлттық-мәдени орталықтар бар. Бұл залдан әр түрлі ұлттық киімдерін көре аласыздар. Мысалға қытай, корей, күрт, неміс, еврей, славян [21].

Көне түркі тас мүсіндері және көнетүркі жазулары. Бұл ғимараттың киіз үй тәрізді жасалған. Бұл мұражайға тас мүсіндер сонау орта ғасырдағы Түркі қағанаты, қарлұқ, оғыз, қыпшақ, қараханид сияқты түркі тілдес мемлекеттерде өмір сүрген тайпалардың жерлеу тәсілі бойынша орнатылған ескерткіштері.

          Орталық залда ту шаңырағында түркі хылқының қадір тұтып, сиынатын күші – көк аспан бейнеленген. Орнатылған мүсіндер құдыретті көк аспанның аясында. Көк аспанның аясында ежелгі түріктердің құдыретті әйел тәңірісі, ананың анасы, отбасының қорғаушысы, жебеушісі Ұлсай ананың тасқа салынған суреті. Ол еліміздің Жуалы ауданы Билікөл ауылынан табылған. Одан төмен қазақ халқының тәнімен ежелден бері келе жатқан шаман дінінің өкілі, басында тәжісі бар тас бетінде бейнеленген бақсының суреті қойылған. Ортадағы сұр жұмыс тастың төрт шегінде адам келбеті көрсетілген, яғни сол кездің өзінде адам баласы әлемнің төрт тарапындағы жұмбақты шешуге талпынғандығын байқауға болады. Талас бойынан табылған бірнеше көне түркі жазуы бар тастар көне-түркі халқының VI ғасырдың жазу-сызуы бар өркениетті ел екенін растайды. Тас мүсінінің бүйірінде «елің жерледі» деген сөз бар. 2 бүйір таста шапқыншылықтан кейін еліне аманат етіп қалдырған «айдап кеткен 1000 жылқы малын қайтар» деген жазу бар. Жерімізге ислам діні енгеннен кейін тас бетінен соғды жазуларымен бірге, араб жазулары да кездесе бастады. Осы залда Жетісу өлкесіндегі Есік обасынан табылған патша сақтарының жауынгерінің киімі мен қару жарақтарының көшірмесі қойылған. Киімде 4000 мыңан астам өте көркем алтын әшекейлер бар. Бәрі ақ стилінде салынған. Сақ тайпалары ақ стилін жасаушы, дамытушы тайпа болып саналады. Жауынгермен бірге жерленген ыдыстардың ішінен күміс қорытпақ табылды. Ол күміс қорытпақша 26 әріптен тұратын көне жазу табылды. Яғни, сол кездің өзінде әліпби болған. Алтын адам қойылған сөренің екі жағында өлкеміздегі сақ және қола дәуірінің жарғабақ тастарындағы таңбалар мен төрт түлік малдың суреттері жан-жақты көрсетілген. Бұл залда жалпы облыс көлеміндегі көне түркі дәуірінің тас мүсіндерінің орналасуы мен таралуын растайтын карта. Тас мүсіндер негізінен Шу, Іле, Жамбыл, Қырғыз Алатауы бөктерлерінде түркілер мекендеген жайлаулар мен қыстауларда жүйелі түрде кездескені байқалады.

          6-8 ғасырлардағы түрік қағанатының өмірден өткен батырлары, билері, абыздарының ерліктерін мәңгі есте сақтау мақсатымен мүсіндері салынған ескеркіш тастарды орнатқан. Оларды жасау барысында ешбір пропорциялық заңдылық сақталмаған. Ол кезде көбінесе бұндай тас мүсіндерді Граниттен жасаған, өйткені олардың түсінігінше гранит – мәңгі тас. Сонымен бірге қайтыс болған адамның формасын, дене тұрқын, келбетін және өткен өмірінде айналысқан кәсібін көрсеткісі келген. Кейбір тас мүсіндердің бір қолына құс ұстатып қойған. Олардың түсінігінше құс – адамның жаны. Адам қайтыс болған соң оның жаны құсқа айналып ұшып кетеді делінген. Ә.Марғұланның айтуынша: «Тас ескерткіштер қайтыс болған адамның мәйітінің басына емес, тек сол адамды еске алу үшін ат шаптыратын жерге белгі ретінде қойылған» деседі.

          8-10 ғасырлардағы қарлұқ қағандығындағы тас мүсіндер астыңғы алаңшадағы тас ескерткіштерден ерекшелене бастаған. Яғни бұл кездегі тас безендірушілері тас мүсіннің формасын кішірейтіп, пропорциалық заңдылықты сақтап және адамның қол, аяқ, мұрын, көз, құлақ формаларын рельефті бере бастаған. Көп тас мүсіндерде құмыра ұстаған әйелдер бейнеленген. Бұл халықтың қонақжайлылығын білдірді.

          Қазіргі таңда бұл мұражай Қазақстан бойынша ең алғашқысы және жалғыз [17].

Тараз 2000. Жамбыл облысының тарихи өлкетану мұражайының Тараз қаласының 2000 жылдық торқалы тойына қайта безендірілген «Тараз 2000» мұрағаттар залы. Мұнда Қазақстандағы ең ежелгі қалаларының бірі Тараз қаласының көне тарихы, осы өңірде өмірге келген түрік қағанаты, Түркеш, Қарлұқ және Қараханид сияқты аты әлемге әйгілі мемлекеттердің саяси және экономикалық орталығы болғанын растайтын археологиялық және қазба деректермен танысасыздар. Ал мына ғұндардың басшысы Чижи-Чижи. Ол көне Тараздың негізін қалаған. Б.з.д. III-ғасырдың соңғы шегінде Орта Азияда хунну қаһарлы мемлекеті құрылды. Чижи-Чижи бастаған мемлекет Жетісу арқылы бетпақдаланы кесіп өтіп Арал көліне барады да, жолда Үйсін Мемлекетінің астанасын басып алады.

          Чжи-Чжи Таластың жоғарғы жағына көшіп, сонда қала салуға кіріседі. Қала салуға 500 адам қатысқан. Екі жыл ішінде айналасы екі қатар қабырғалармен тұрғызылған мықты қала салды. Чижи-Чижидің қала салып билігінің күшеюі қытай мемлекетін қатты қобалжытып, қаланы қоршап алуға алып келді. Б.д.д. 36 жылы олар қаланы бұзып, басып алды. Бұл тарихта Талас қырғыны деп аталады. Келесі бөлімде орта ғасыр дәуіріндегі Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өңірлері арқылы өтетін Ұлы Жібек жолының картасы. Бұл Ұлы Жібек Жолы арқылы қытайлық жібек пен асыл тастар, Ирандық зергерлік бұйымдар, Византиялық қару-жарақтар, Сібірдің бағалы терілері тиелген сауда керуендері ағылып жатқан. Сонымен бірге жүзім, шабдалы, көк мәуелер тәрізді мәдени өсімдіктерді өсіру мәдениет пен өнердің дамуына әсер етті. Келуші саудагерлер тек сауда жасап қана қоймай сонымен бірге өздерінің мәдениетінің, өркениетінің бір ұшқынын қалдырып кетіп отырған. Ол археологиялық қазба жұмыстарының барысында табылған қыш ыдыстардан байқауға болады. Бұл қаламызда зараостризм, будда, христиан, ислам діндерінің болғандығын растайтын жәдігерлер. Олар қала тұрғындарын алдау, арбау, қорқыту арқылы мойындатқан. 1932-1939 жылдары Тектұрмас жотасынан жер астынан адам сүйегі салынған қыш ыдыстар табылған. Яғни, ертеректе өзге діннің сенімдері бойынша адам қайтыс болғаннан соң, етін сүйегінен ажыратып жертлейтіні анықталды. Тараздың шығыс жағынан археологтар су құбырының ұзындығы 15метр бөлігін тапты. Өлшемі 0,7м, диаметрі 0,25м.  Қыш құбырлары өзара қыш муфталармен жалғастырылған. Талас өзеніне жалғанған бұл құбыр өзенінің қатты ағысының екпінімен суды қаланың барлық түкпіріне жеткізіп отырған. Келесі сөрелерден сіздер өсімдік суреттерімен және геометриялық өрнектермен бай безендерілген құйма керамикадан жасалған ыдыс-аяқтарды көре аласыздар. Тараз тұрғындары арасында құмыра жасау, сәулет өнерімен қатар ұсталық, зергерлік сондай-ақ шыныдан бұйым жасау өнері кең тараған.

          Бұл залды біздің заманымызға дейінгі I ғасырдан бастап бүгінгі Тараз қаласының өмірінен сыр шертетін экспонаттарды көрдіңіздер.

 

 

      3.3 Достық алаңы ансамблі

 

          Достық алаңы ансамблі – қаланың орталығында 20 ғасырдың 50-жылдарының соңында құрылысы аяқталған сәулеткерлік кешен. Төле би көшесінің Абай даңғылына келіп түйілісетін жеріндегі қоғамдық орталық территорияға орналасқан. 19 ғасырдың ортасынан бері бұл жер үлкен базардың орны болған, бірақ ол кезеңнің құрылыстары қазіргі кезде сақталамаған. Алаңның шығыс жағына 1965 жылы облыстық  қазақ драма театры салынған. Ал 1974 жылы саяси ағарту үйі салынды. Алаңның көлемі бірте-бірте кеңейтіліп оңтүстік бетіне Жамбыл облыстық өлкетану мұражайы, Байланыс үйінің құрылыстары салынды. Батыс жағында аналық арқа арқылы бір-бірімен жалғасқан 3 қабатты 2 үй бар. Олар: қалалық налоговый бар. Ал алаңның орталығында Бәйдібек бабаның ескерткіші орналасқан. Бәйдібек бабаға тоқталатын болсақ – ол шамамен 6-7  ғасырларда, кей деректерде 10-11 ғасырларда өмір сүрген. Бәйдібек қазақтың елі мен жерінің тұтастығын қалыптастыру жолындағы аты аңызға айналған тарихи тұлға. Оның үш әйелі болған. Бірінші әйел Сарыдан Түргеш, екінші әйелі Зеріптен Шапырашты, Осмақты, ал үшінші әйелі елге әулие Домалақ ана деген атпен белгілі Найман, Албан, Дулат, Суан тараған. Бәйдібек бидің балалары, немерелері 7 жылдан мемлекет басқарып, ел билеп, қазіргі өздері аттас тайпаларды қалыптастырған.

          Бәйдібек батыр дәулеті шалқыған байлығымен ұлысты басқарған парасаттылығымен белгілі. Ол Жетісуды, Арыс өзенінің алабын, Ташкент пен Қаратау өлкелерін жайлаған елді басқарған. Бәйдібек батырдың есімі жазба деректерде аз кездескенімен, халық жадында жақсы сақталған. Соған орай 2002 жылы алаңның орталығына ескерткіш орнатқан. Бұл алаың жиын думандар мен мейрамдардың ордасы [12].

2 бағыт «Тірілген ұызыл кітап»

          «Ақсу-жабағалы» қорығы бойынша атпен және жаяу жүретін бір күндік жорық.

          Ақсу-жабағалы қорығы Орталық  Азиядағы ең ірі әрі байырғы, елімізде тұңғыш құрылған қорық. Мұнда Орта Азия тауларында кездесетін аң-құс та, өсімдік те түгелімен бар. Тау табиғатының інжу маржаны осы жерде. Жамбыл облысы өңірінде Ақсай және Көксай өзендері қорық аумағындағы мұзарттардан басталады. Бұл өзендердің тастай, әрі мөлдір суы жаныңызды рахатқа бөлесе, тәніңізге қуат беретін саф ауасының шипалық қасиеті өте зор.

          Қорық Жамбыл облысының Жуалы және Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас, Бәйдібек аудандарының жерін алып жатыр. Қорық 1100 метрден басталып, биіктігі 4236 метр болатын Сайрам шыңына дейін созылған тау қыраттарында орын тепкен. Ауа райы құбылмалы. Бір күнде жылдың төрт мезгілін басыңыздан өткізуіңіз әбден мүмкін. Найзағайы шатырлап, құйындата, селдете жауын жауса, артынша жарқырап күн шығады. Көп уақыт өтпей жапалақтап қар жауа бастайды. Ғажап! Сонымен бірге ыстығы мен суығы тез алмасып отырады. Жаз айларында 38 градуске дейін ыстық болса, қыста 41 градусқа дейін аяз болады. Соған қарамастан әлемнің және еліміздің қызыл кітабына енген, тау шатқалдарынан пана тапқан жан-жануар, ауа райына бейімделген өсімдіктер өте көп. Мұнда жануарлардың – 52, құстың – 267 түрі кездеседі. Сонымен бірге 1200-ден аса өсімдік өседі. Оның арасында дәрі-дәрмектік шөптер де өте көп. Қорықтың біздің облысымызға тесілі аумағында «көксала», «көксекі», «тобышақты», «бала аю» деп аталатын табиғаты тамылжыған, бастапқы қалпын сақтап тұрған жерлері бар. Құстардан ең сирек кездесетін бүркіт, қара құтан, көк қарға. Бүгінде 55 арқар, 40 бас марал, Тянь-Шань аюлары бар [1].

 

       3.4. Туризмнің болашағы және 2009-2011жж. арналған бағдарлама

 

Біздің облысымызда туризм саласы кәсіпкерлер қызметі арасында енді-енді бас көтеріп келе жатқан сала. Сондықтан да, берілген бағыт өзінің одан әрі дамуын және мемлекет тарапынан  қолдау кө рсетуді қажет етеді. Департаментте туризмді дамыту бойынша белсенді жұмыстар атқарылуда. Басты мәселелері аумақтың туристік мүмкіндігіне маркетингтік — сараптамалық зерттеу өткізу, зерттеудің қорытындысы негізінде Жамбыл облысында кластерлік негіздегі туризмнің даму Стратегиясын өңдеу, ал бұл туризм инфрақұрылымының дамуына, сонымен қатар, аумақтағы туризмнің материалдық базасын модернизациялауға әсерін тигізетін кешенді іс-шаралардың өңделуіне, жаңа туристік объектілерінің соғылуының белсендетілуіне, туристік өнімдерді республикалық және әлемдік туристік қызмет рыногына алып шығуға, аймақтық туризм саласына инвестиция тартуға, сала субъектілерін несиелеуге қолайлы жағдай тудырады.

Департамент «Аймақтық бизнесті дамыту орталығы» консалтингтік компаниясымен бірлесе отырып Кластерлікті дамыту негізінде Жамбыл облысының туристік саласының даму перспективасына маркетингтік -сараптамалық зерттеу жүргізді. Өткізілген маркетингтік-сараптамалық зерттеу қорытындысы бойынша туризм инфрақұрылымы қызметінен облыстық бюджетке жылына кем дегенде 500 миллион теңге түсіруге болатының анықтап берді. Департамент аталған зерттеудің қорытындысы негізінде Жамбыл облысындағы туризмнің даму Стратегиясын (Мастер-план) өңдеуді жоспарлап отыр, онда туристік перспективасы бар аудандар, бағыттар және туристік объекттер соғылатын орындар анықталады.

Туризм саласына инвестицияның көлемін жоғарылату туралы мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде Жамбыл облысы әкімиятының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті консалтингтік компаниялармен аймақтағы туристік сала бойынша инвест-жобалардың мәліметтік базасын қалыптастыру бойынша тығыз байланыста жұмыс істеуде.

Сонымен қатар 2007 жылдан Жамбыл облысында 2 туристік база құрылысы жоспарланып отыр. «Тлебай баба» ЖШС-гі Жуалы ауданында «Тау самал» туристік базасын соғуды жоспарлап отыр, аталған базада 2 аң аулаушыға арналған қонақ үйі, асхана, 20 орындық кішігірім қонақ үйі бар.

О. Сарафинов деген жеке кәсіпкер Жуалы ауданында Терс-Ащыбұлақ су қоймасының аймағында «Солнечный берег» туристік базасының құрылысын аяқтауға тамамдап қалды. 2007 жылдың   маусым-шілде айларында туристік зонаның ашылуы жоспарланып отыр.

Қазақстан Республикасында туризм саласын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы іс-шаралар жоспарының 41 тарауына сәйкес Жамбыл облысында «Тектұрмас» сәулет кешенінде және «Ақыртас» ежелгі қалашығының жанынан 2* және 3* категориялы қонақ үйлерінің салынуы жоспарланған,

2006 жылдың 30-шы наурызындағы № 89 Әкімиятының Қаулысымен туристік кластерді құру және дамыту бойынша Облыстық Үйлестіру кеңесі құрылды.

Үйлестіру кеңесінің басты міндеті — бизнес пен мемлекеттік органдар арасында мәселені бірігіп шешу үшін диалог орнату, ғылыми техникалық және инновациалық сала, сол сияқты ғылыми мекемелер, зерттеу орталықтарымен шаруашылық субъектілері арасында ынтымақтастық болуына ықпал ету.

Аймақтық туризм саласының жарнамалық – имидждік жұмысына келер болсақ жарнамалық агенттіктер және компаниялармен Жамбыл облысының туристік брэндін құру (жасау) мүмкіндігі туралы келіссөздер жүргізілуде.

Департамент «Центр малого бизнеса» АҚ – мен бірлесіп Жамбыл облысы туралы туристтерге арналған анықтама журналын өңдеп, шығарды.

Департамент аумақтағы туризмді дамыту мәселелеріне арналған семинарлар, дөңгелек стөлдер, конференцияларды жиі өткізіп отырады.

Жамбыл жерінің табиғи – климаттық, тарихи – этнографиялық құндылықтары ішкі және сыртқы, халықаралық деңгейдегі эканомикалық, экологиялық – экстремалды туризмді дамытуға мүмкіндік береді. Солай болса да, дамымай жатуының басты себебі – бай туристік ресуртарымыздың әлемдік деңгейдегі инфрақұрылымы мен жабдықталмауы, сонан соң оның ақпараттандырылмауы. Қазіргі бізде бар турфирмалар жұмысының мәнсіз болуының басты себептерінің бірі де осыған тікелей байланысты. Қирап жатқан жолдар, туристерге көрсетуге тұрарлық табиғат аясына жақын орналасқан асхана, кафелердің шексіз түрлері, тау беткейіндегі ормандар ішінің ластығы, ұлттық саябаққа кіру бағасының тым қымбаттығы – бұл саладағы белгілі бір нақты құрылымның жоқтығын көрсетеді. Шетелдік турист «Жамбыл облысы» деген сөзді қауіпсіздік, эгзотика, тәртіптілік, жайлылық, әлемдік сапа стандарт және ыңғайлы көліктер жүйесі деп қабылдаған кезде ғана ішкі туризм дамиды. Ал іс жүзінде шетелдік турист үйренген инфрақұрылымдар дамымаған, қалыпты сервистік қызмет, тіпті қатынас жоқ. Оның орнына қалтасындағыны сыпырып алу мен бетпе – бет кездесетін болған соң, оның екінші қайтып келуі қиын.

Осы мәселеге жан-жақты және көлемді түрде қарауымыз керек. Туризм дамуына байланысты сұрақтарды мемлекет дәрежесінде шешіп, оның әрі қарай дамуына барлық жағдайлар жасалуы тиіс.

Осы мәселелерді, біз туризм жүйесін дамытуға арналған келесі критерийлер мен қызметтерді ұсынамыз:

Туристік қызметті дамыту мен қолдаудың негізгі бағыттары. Бұл бағытта келесі шараларды іске асыру қажет:

         — туризм саласындағы статистикалық есепке алу мен есеп беру жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

         — шарттар негізінде республика облыстары және шет елдермен туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту;

         — туристік қызметті стандарттау, сертификаттау, лицензиялаудың талаптарына сәйкес туристерге қызмет көрсетудің сапасын жақсарту;

         — туризм саласында мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;

         — саланы қаржыландырудың, оның ішінде кредиттік ресурстарды тарту есебінен қаржыландырудың жеткілікті деңгейін қамтамасыз етуге ықпал ету.

         Облыстың мәдени – тарихи және рекреациялық аймақтарын сақтау және дамыту.

 Бұл бағытта келесі шараларды іске асыру қажет:

          — мәдени – тарихи және табиғи – рекреациялық ресурстарды сақтау және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету;

          — халық арасында туризмнің құндылықтарын насихаттауды және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қамтамасыз ету;

          — халықтың әртүрлі әлеуметтік – демографиялық жіктері мен топтары арасында әлеуметтік туризмді дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау.

          Маркетинг және облыстың туристік өнімін жылжыту.

          Бұл бағытта мыналарды қарастыру қажет:

          — аймақтық туристік брэндті құру және сыртқы және ішкі рынокқа жылжыту;

          — Республикалық және халықаралық туристік жәрмеңкелер мен көрмелер өткізу және қатысу;

          — облыс халқының барлық жіктерінің туристік ресурстарға қол жетімділігі туралы ақпараттандыру, туристік қызмет қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру;

         — облыста туризмнің мамандандырылған (экологиялық, әлеуметтік, балалар және жас өспірімдер, спорттвқ – сауықтыру, мәдени – танымдық және т.б.) түрлерін дамытудың жоспарын әзірлеу;

          — ішкі және сыртқы рыноктарда облыстың туристік өнімінің жылжуын ақпараттық – жарнамалық қамтамасыз ету;

          — негізгі туристік маршруттарды анықтау және оның алдағы уақытта дами түсуі үшін іс – шаралар қолдану;

 Ғылыми — әдістемелік қамтамасыз ету, кадрлар даярлау және туризм қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесі. 

Бұл бағытта:

     — мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, мамандардың кәсіби даярлығының сапасын жақсарту, оларды қайта даярлау мен біліктілігін арттыру жөнінде шаралар белгілеу;

          — облыста туристік индустрияны дамытудың түйінді проблемалары бойынша семинарлар, ғылыми – практикалық конференциялар өткізуді және оьлыстың халықаралық туристік оқиғаларға қатысуын қамтамасыз ету қажет.

Туризм индустриясының материалдық- техникалық базасын дамыту.

Осы бағытта:

          — туристік объектілкерді жанарту мен салу үшін отандық және шет елдік инвестицияларды тарту;

          — облысқа келген туристтер үшін ақпараттық «Call – center»;

     — облыс аумағына туристік объектілерді перспективалық орналастырудың және туристік инфрақұрылымды дамытудың схемаларын әзірлеу;

          — қонақ үй сервистік кешенін сонымен қатар туристік кешендердің, этнографиялық мұражайлардың және демалыс аймақтарының желісін әлемдәк стандарттарға сәйкес құру;

          — қолданыстағы және әлеуметтік туристік аймақтарда ілеспе инфрақұрылымды, телекоммуникацияны, сумен, электрмен жабдықтау, кәріз желісі мен қатты қалдықтарды жоюдың жүйесін дамыту;

         — туритік объектілерді, оның ішінде орналастырудың орта және шағын құралдарының жобаларын әзірлеу және оның құрылысын салу шараларын олардың жыл бойы пайдаланылуын қамтамасыз етуді ескере отырып қабылдауды қарастыру.

Туризмнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Бағдарлама туризм саласындағы қауіпсіздік деңгейін көтерудің келесі басым бағыттарын айқындайды:

        — туристің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі;

        — тұтынушылардың құқықтарын қоғау;

       — орналасу мен тамақтану орындарындағы қауіпсіздік;

        — көліктегі қауіпсіздік;

        — турист кадрларын арнайы даярлауды және туристерге қызмет көрсету жөнінде туроператорлар мен турагенттергдің қызметінде техника қауіпсіздігі жөніндегі нормалар мен ережелердің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

       — туристік ортаны қорғау және сақтау;

       — қорғау және қауіпсіздік жөнінде ақпараттандыру;

  — ұйымдасқан қылмыспен және терроризммен күрес;

        — туристерді және жергілікті халықты қорғаудың және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жергілікті жүйесін құру.

   Туристік саланы ақпараттық қамтамасыз ету.

     Бұл бағытта:

      — облыстың табиғи және мәдени-тарихи әлеуетін неғұрлым тиімді пайдалану мақсатында туристік рыноктың жай-күйіне және дамытуға кешенді талдау жүргізу;

      — көлік жолдары, инженерлік және инфрақұрылымдық объектілерді бірге ала отырып, туристік индустрияны аумақтық аймақтарға бөлудің моделін әзірлеу қажет.

         Бағдарламаны іске асыру үшін негізгі  техникалық – экономикалық шарттар

Осы Бағдарламаны іске асыруға арналған негізг техникалық-экономикалық шарттары:

     — саладағы бірыңғай ақпараттық кеңістік жүйесін дамыту;

     — аймақта саланы дамытудың қажетті қарқынына сәйкес инвестициялардың оңтайлы көлемдерін бағалау болып табылады.

Туризм саласындағы ынтымақтастық.

Туристік саладағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудың негізгі бағыттары мыналар болып табылады:

     — туризм саласында бұрын қол қойылған республикааралық келісімдерді іске асыру және жаңаларын жасасу;

     — халықаралық туристік көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысу және өткізу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                   

 

 

 

 

 

 

 

 

                                   

 

                                      

 

                                                        ҚОРЫТЫНДЫ

 

      Қорыта келгенде, жұмыс облыстың географиялық орналасуы, табиғаттың географиялық зерттелуі, физикалық гегорафияны зерттеуге арналған еңбектерінің негізгі бағыттарын, жетістіктерін зерделейді. Табиғат компоненттері жан – жақты қарастырылады. Табиғи жағдайларына талдау бергенде ресурстардың экономикалық тұрғыдан маңыздылығы көрсетілген.

       Жұмыстың практикалық құндылығының тағы бір жағы – ол облыстың жас өлетанушыларына географиялық ой – пікірдің қалыптасуына жетекші оқу құралы болуы мүмкін.

       Жамбыл облысының физикалық – географиялық жағдайына жан – жақты сипаттама бере отырып, ландшафттылық заңдылықтары анықталып, жекелеген аумақтардың табиғаттағы ерекшеліктері көрсетілген.

      Дипломдық жұмыста аймақтық деңгейде аудандастырудың маңызды мәселелері қарастырылып, оның методологиялық және ғылыми негізгі қолданыс табады. Таксономиялық  бірліктер жүйеге келтіріліп, провинциялық деңгейде сипаттама берілді.

      Өз кезегінде ол ғылыми және практикалық мақсатқа жауап беріп тұр. Облыс ішінде табиғат кешендерін, географиялық құрылымын терең зерттей отырып, шаруашылыққа әсіресе маманданған ауыл шаруашылығына пайдалануға дайын материал.

      Жамбыл облысында туризмнің барлық түрін дамытуға мүмкіншіліктер бар. Бастауын б.д.д. үшінші мың жылдықтан алатын Ұлы Жібек Жолының пайда болуы мен дамуы тарихи негіз болып табылады. Табиғи климаттық жағдайларына байланысты, Қазақстан рекреациялық ресурстарға, ерекше әсем табиғи ескерткіштерге бай және қазақ даласында ата-бабамыздан келе жатқан баға жетпес құнды мәдени мұралары да шексіз. Айтарлықтай туристік – ресурстық потенциалы, түрлі табиғи ортасы және жануарлар әлемі бай елдің экологиялық туризмді дамытуға үлкен мүмкіншілігі бар. Экотуризмнің дамуы облыстағы барлық табиғи-шаруашылық кешенніңдамуына, сонымен қатар, елдің әлеуметтік-экономикалық басты мақсаты тұрғындардың салауатты өмір сүру үшін қоршаған ортаның жақсы жағдайда болуын қамтамасыз етеді.                                   Сонымен қатар, Дипломдық жұмыста облыстың экологиялық жағдайына сараптама жасалып, қазіргі күнгі жағдайы және табиғи ландшафтарды қорғаудың әлеуметтік мәселелері, сондай – ақ мемлекеттік қаумалдар туралы жазылады.

      Дипломдық жұмыс теориялық және қолданбалы жағынан өте құнды. Алға қойылған мақсатымыз орындалды деп есептейміз.