АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Қазақстан Республикасының табиғи ресурстары

Мазмұны

 

кіріспе 

 

 

1.  ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫ………………………….

 

1.1 Қазақстанның    минералды-шикізат  ресурстары…………………….

 

1.2 Қазақстанның   жер    ресурстары…………………………………………  

 

1.3 Қазақстанның    су   ресурстары…………………………………………….

 

1.4 Қазақстанның агроклиматтық ресурстары…………………………..

 

1.5. Қазақстанның  биологиялық  ресурстары…………………………….

 

 

2. Табиғат ресурстарын пайдалану және оны пайдаланудың төлемдерін белгілеу әдістері

 

 

3. Табиғи  ресурстарды тиімді пайдалану мен қорғау мәселелері

 

3.1. Минералды  шикізат   ресурстары  мен   жер  қойнауларын  қорғау………………………………………………………………………………………………

 

  3.2. Атмосфералық  ауа  мен  климаттық  ресурстарды  қорғау

 

3.3.  Су  ресурстарын  қорғау

 

 

қорытынды

пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Нарықтық қатынастар жағдайында Қазақстан Республикасы экономикасының жаңа бағыты мен қазіргі кезде жүргізіліп отырған түбегейлі экономикалық  реформаның   негізгі қорытындысы табиғатты тиімді пайдалану мен оны пайдаланудың тегін түрінен төлемді түріне өту болып табылады. Қазіргі кезде бұл өтпелі жағдайға келудің өзі әкімшілдік-әміршілдік әдістің экономиканы басқарудағы  тегін табиғатты пайдалану теориясының табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды және  қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қанағаттандыра алмауы салдарынан болды.

Қаржы-экономикалық көзқарас тұрғысынан алғанда тегін табиғи ресурстарды қорғау мен үнемдеу туралы ойдың керегі де жоқ болатын. Табиғат пайдаланушыны табиғи ресурстарды ұтымды, үнемді пайдалану мүлдем қызықтырмайтын.  Табиғат пайдаланушы негізгі және айналымды өндірістік қорлар сияқты төлемді қажет ететін өндірістік ресурстарды үнемдеуге қызығатын, яғни, ең жақсы  экономикалық жоспарлық-есеп беру нәтижесіне тырысу мақсатымен тегін беріліп тұрған табиғи ресурстарды жұмыс күшін аз пайдалана, шектеусіз түрде таңдай отырып пайдаланды.

Табиғатты тегін пайдалану принциптерін қолданудың көпжылдық тәжірибесі тек қана әкімшілік-әміршілдік әдіспен оны реттеудің жеткіліксіздігіне, көз жеткізді және оларды экономикалық әдіспен алмастыру қажеттілігі, яғни табиғатты төлемді түрде пайдалану әдісімен алмастыру мәселесін талап етті. Мысалы, біздің еліміз, табиғатты пайдалануда әкімшілік-әміршілдік жүйесіндегі елдер сияқты табиғи ресурстарды тек жалпы экономикалық жағынан тиімді пайдалануы бойынша ғана емес, сонымен бірге өндірістің материалмен қамтамасыз етілуі жағынан да дүние жүзінде артта қалғандардың бірі болып шықты.

Көп мөлшерде  табиғат ресурстарын пайдалану ылғи да қоршаған табиғи отраны интенсивті түрде ластау мен  табиғаттағы экологиялық тепе-теңділікті бұзумен байланысты болды. Бұл жағынан бұрынғы КСРО және оның ішінде, әсіресе Қазақстан Республикасы планетарлық масштабтан алғанда өте  бір келеңсіз көріністе болған және қазірде солай болып қалуда.

Табиғатты пайдалануды әкімшілік-әміршілік жолмен басқару нәтижесінде Қазақстан Республик-асының көптеген аймақтары мен өндірістерінде тығырыққа тірелу жағдайы қалыптасты. Бұл жайында жанға батып жар салған Арал, Балқаш, Каспий, Қаратау-Жамбыл кешенінің, Шымкент, Өскемен, Екібастұз, Жезқазған қалалары мен басқа да өндірістік объектілердің бүгінгі әлеуметтік-экологиялық-экономикалық жағдайлары куә.

Қазақстан Республикасының табиғат пайдалану мәселесі төңірегінде қалыптасқан қазіргі кездегі тығырыққа тірелудің  жағдайы, ғалымдар, экономистер, халық шаруашылығындағы жұмысшыларының бірауыздан білдірген пікірлері бойынша негізінен табиғат ресурстарын тегін пайдалану салдарынан болған. Дәл осы қалыптасқан жайды ескере отырып, түбегейлі экономикалық реформа бойынша құжаттарды басшылыққа ала, оған қоса Қазақстан Республикасы-ның Конституциясын, табиғи ресурстардың негізгі түрлерін пайдалану бойынша кодекстерді, қоршаған табиғи ортаны қорғау Заңына сәйкес табиғатты төлемді пайдалану принциптерін енгізу қарастырылады. Табиғи ресурстарды пайдалану үшін төлем төлеудің ғылыми негізделген жүйесін құрып алмай және оны қолданбай тұрып табиғатты төлемді пайдалану принципін тәжірибе жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.

Табиғатты төлемді пайдаланудың теориялық негізі Л.В.Кантарович, Н.Г.Федоренко, Н.Н.Баранский, Э.Б.Алаев, Н.Н.Колосовский, Ю.Г.Саушкин, А.А.Минц, М.И.Агашковтың еңбектерінде қаланған. Бірақ, сол кездегі (экономиканы басқарудың әкімшілік-әміршілдік жүйесінің үстемдігі кезінде), социалистік шаруашылық жағдайында табиғи ресурстарды тегін пайдалану туралы пікірдің басым кезінде олар ашық түрде табиғатты төлемді пайдаланудың теориясын қалыптастыра алмады. Сөйтсе де, аталған ғалымдардың ойларының қисыны қалай болғанда да табиғатты тиімді пайдалану үшін төлем төлеудің қажет екендігіне әкеп саяды.

Табиғат ресурстарын пайдалану үшін төлем төлеу табиғатты төлемді, әрі ұтымды пайдаланудың басты бір құрамдас элементі ретінде, экономикалық география-ның негізгі бір жаңа бөлімі болмақ. Бұл жаңа бөлімнің  пайда болуы экономикалық және әлеуметтік географияны бұрынғыдан да гөрі экономикалық ғылымдармен әлдеқайда етене, жақынырақ байланыстырады, ал табиғатты ұтымды пайдалану мәселесі төңірегіндегі қоғамдық-экономикалық қатынастар нарықтық әдістермен, негізінен табиғи рестурстарды пайдалану үшін төлем төлеумен реттеледі. Себебі, экономикалық және әлеуметтік географияның орналастыру мен бағалау бөлімдерінен табиғи ресурстарды пайдалану үшін төлем белгілеу бөлімінің айырмашылығы ол жоспарлық есеп беру, шаруашылық-тық есеп сияқты болып табылады. яғни табиғи ресурстардың игерілу барысында шұғыл түрде реттеушілік танытады, сондықтан табиғат ресурстарын пайдалану үшін төлем төлеуді іс жүзінде қолдану экономикалық және әлеуметтік географияны экономи-калық ғылымдармен және халық шаруашылығындағы іс-тәжірибемен бұрынғыдан да етене жақындастырады. Табиғат ресурстарын пайдалануға төлем жүйесін енгізу арқылы, табиғатты пайдалануда басым болып келген басқарудың әкімшілік-әміршілдік, жоспарлы-орналас-тыру әдістерінен басқарудың экономикалық-нарықтық әдісіне басымдылықпен өтеді.

Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты мен міндеті :

—    Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарына сипаттама беру;

  • табиғи ресурстарды тиімді пайдалану үшін төлем жүйесінің орны мен рөлі жайында ұғым қалыптастыру;
  • табиғат пайдалану төлемдерінің түрлері мен жүйесін қолдану жайында ұғымды қарастыру;
  • табиғат пайдалану төлемдерін анықтаудың әдістері мен ұсынылған және қолданылып жүрген принциптерін зерттеу;
  • табиғат пайдалану төлемдерін табиғи ортаның тазалығын сақтауға және табиғат ресурстарының жеке түрлерін пайдалануға байланысты белгіленген ережелерін, тәртібін, нұсқауларын талдау және зерттеу.

Қазақстан экономикасында нарықтық қатынастардың даму дәрежесіне сәйкес табиғатты төлемді пайдалану принципі іс жүзінде барған сайын кең қолданылуда және барлық негізгі құжаттарда, заң актілерінде көрініс табады. Табиғатты төлемді пайдаланудың нақтылы экономикалық механизмі, нақтылып айтқанда төлемдердің көптеген түрлерін анықтаудың әдістемесі, нұсқаулары болмағандықтан Қазақстан Республикасында қабылданған Заңдардың көптеген тұстары әлі де болса толық қолданылмай отыр. Табиғатты төлемді пайдаланудың нақты механизмі дүниежүзі елдерінің көпшілігінде негізінен жәй ғана қарапайым тәжірибемен қалыптасты, сондықтан оның жеке элементтері бір-бірімен байланыссыз, үйлесімсіз және шамалары нақтыланбаған. Бұлай болу себебі көп жағдайда жалпы табиғатты төлемді пайдалану мәселелерінің ғылыми тұрғыдан қарастырылған жүйелі теориясының болмауы салдарынан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Қазақстанның табиғат ресурстарына жалпы сипаттама
    • Қазақстанның минералды-шикізат ресурстары

        Адамзат  қоғамының  минералды – шикізат  ресурстарын  пайдаланбай  өмір  сүруі  мүмкін  емес. Пайдалы  қазбалар  қалпына  келтірілмейтін  ресурстарға  жатады. Ал  бұл  олардың  көпшілігінің  қорларының  уақыт  өте  келе  толығымен   таусылуы  мүмкін  екендігін  көрсетеді.

    Қазақстан – жердегі  минералды – шикізат   базасына  бай  аздапған  елдердің  бірі. Әлемдегі  алынатын  55 түрлі  пайдалы  қазбалардың  ( олардың  29 –ы металдар) Қазақстанда  39 –ы  алынады. Салыстырмалы  түрде  алсақ  жоғар  көрсеткіштер  тек  Ресейде – 49, Қытайда – 45, Австралия  және  АҚШ – 42, Бразилия – 41  түрлі  пайдалы  қазбалар  өндіріледі.

    Мұнай  мен  табиғи  газ   қорлар  бойынша  республика  әлемі  елдерінің  бірінші  ондығына  кіреді, мұнда  тас  және  қоңыр  көмір, темір, хормит, қорғасын, мырыш, мыс, уран  және  сирек  кездесетін  металдар  т.б. табылған.

    Аталған  пайдалы  қазбалардың  түрлерін   өндіру, қайта  өңдеу  және  байыту  процесінде  литосфера  мен  тұтас  қоршаған  орта  жағдайына  неғұрлым  мұнай, табиғи  газ  концентраттарын  өндіру  ықпал  етеді.

          Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегия­сын­да кен-металлургия кешені Қазақ­стан­ның әлеуметтік-экономикалық жағынан жоғары дамыған елдердің қата­ры­на қосылуын қам­тамасыз етуге жәр­демдесетін басым салалардың бірі ретінде белгіленген. Республика кен-металлургия кешенінің басты міндеті ішкі және сыртқы рыноктардың қажеттерін қанағаттандыратын бәсекеге қабілетті өнімдер шығару болып табылады.

    Қазақстанның минералдық-шикізаттық кешені әлемдік минералды шикізат балансында айтарлықтай  күшті  позицияға ие,  әлемдік минералды шикізат рыногы­ның дамуы мен ұлғаюына үлкен ықпал ете алады. Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі геология және жер қойнауын игеру комитетінің ақпараттық-талдау орталығының мәліметтері (2003 ж.) бойынша әлемдік зерттелген қор жөнінен Қазақстанның алар үлесі мынадай:

алтын – 2,7% (әлемде 8-орында), күміс – 16%, мыс 7,1%, марганец – 30% (2-орын), қорғасын – 22%, мырыш – 15,2%, барит – 47,2% (1-орын), темір – 6%, кобальт – 3,9% (5-орын), хром – 37,6% (8-орын), боксит – 1,4% (10-орын), никель – 1,4% (12-орын).

    Минералды шикізат өнімдерін өндіру және алу жөнінен республика хром бойынша екінші орында, титан бойынша – екінші-үшінші, мырыш және қорғасын бойынша – алтыншы, марганец бойынша – сегізінші,  күміс бойынша тоғызыншы орында.

     Әлемдік мыс, титан, ферроқорытпа және болат рыноктарында Қазақстанның атқаратын рөлі аз емес, ал Еуразиялық суб­континентте хром бойынша монополист, темір, марганец, алюминий жөнінен өңірлік рынокта (ТМД елдері, бірінші кезекте Ресей) айтарлықтай ықпалы бар.

     Бұл жетістіктер өздігінен келген жоқ, ол ғалымдар мен инженерлік-техникалық қызметкерлердің ерен еңбегінің жемісі болды. Кезінде осы сала Қазақстан ғылы­мының қарыштап дамуына зор әсер етті. Отан­дық геология, кен ісі, металлургия са­ла­л­ары әлемдік жетістіктерге қомақты үлес қосты.

      Соңғы 15 жылда Қазақстан ғылымы­ның алдында қосымша міндеттер пайда болды. Яғни, отандық ғылымның жауап­кершілігі артты. Кеңес өкіметі кезінде осы саладағы қазақстандық ғалымдар тек ғылыми ізденістермен – жаңа технология   жасау, оларды сынақтан өткізу, өндіріске енгізу сияқты мәселелермен айналысатын, ал  өндірістің даму стратегиясын жасауды үкімет ол кезде тек мәскеулік ғалымдарға тапсыратын.

     Тәуелсіз   мемлекет   болғаннан кейін, біздің    үкіметіміз ондай маңызды бағдарламалар дайындауды Қазақстан ғылымына жүктейтін болды. Сол себепті, еліміз экономикасының стратегиялық ба­ғыттары бойынша Президент Жарлығымен бірнеше ұлттық орталықтар құрылды, олар­ға өз салаларында мемлекеттік бағдарлама­ларды іске асыру жүктелді. Сондай құрыл­ған орталықтың бірі –  “Қазақстан Рес­публикасының   минералды шикізатты   кешенді ұқсату   жөніндегі   ұлттық орталы­ғы” РМК. Бізге тау-кен, металлургия ба­ғыт­тары бойынша бағдарламаны  орындау  жүктелді. Әрине, біз   бұл міндетті   бұрынғы істеп жатқан жұмыстарымызға   қосымша  атқарып   жүрміз. Мекеме қазір Орталық Азиядағы  ірі ғылыми  кәсіпорындардың бірі.

          Ал жекеменшікке өтіп кеткен кәсіп­орындарға келсек, әрине, нарықтық эко­но­микада мемлекет   кәсіпорынның   шаруасы­на араласпайды. Әйтсе де үкімет өз мен­шігіндегі кен орнын   кәсіпорынға пайда­лануға бергеннен   кейін, сол пайдалы   қаз­ба­ны    өндіру    мен өңдеу барысында жеке   қожайындардың    мемлекет мүддесін бұзбауын қадағалап отыруы тиіс.  Бұл не деген сөз?

     Біріншіден, кен орнын пайдаланушы­лар руданы өндірген кезде үкімет белгі­леген норматив бойынша, руданы барын­ша толық (тек қана бай руданы емес) қа­зып алулары керек.

     Екіншіден, руданы өң­деген кезде оның құрамында бар элемент­терді  мейлінше толық бөліп алу керек.

     Үшіншіден, металдардың өзіндік құнын шектен тыс жоғарылатпауы, сату бағасын төмендетпеуі тиіс.

     Төртіншіден, өндіріс үдерісінде қоршаған ортаны ластамауы, ал егер оған нұқсан келтірсе, сол үшін үкімет­ке жеткілікті мөлшерде төлем төлеуі тиіс.

Бесінші, өндірісте істейтін жұмыскерлердің қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі тиіс.

     Осы бағыттарда кәсіпорынның жұмы­сын бақылайтын мемлекеттік органдар бар. Біздің жұмысымыз жоғарыда аталған пункттер бойынша әлемдегі осындай  өн­дірістердің  көрсеткіштері   мен  ғылыми же­тістіктерін назарға ала отырып, өндірілетін   шикізаттардың   ерекшеліктерін ескеріп, үкімет органдары нормативтерді белгілеуі үшін қажетті   материалдармен,   ұсыныс­тармен   қамтамасыз етуге саяды.

     Бүгінгі Қазақстандағы кен-металлургия жүйесіне келсек, ол  екі ірі саладан тұрады – қа­ра металлургия және түсті метал­лургия:

 – қара металлургия  темір, марганец, хром кенін, болат, шойын, прокат, ферро­құймасы, отқа төзімді өнімдер, металл сынықтарын қайта өңдеу өндірістері сияқты 12 саладан тұрады;

– түсті металлургия  26 өнеркәсіп кіретін қорғасын, мырыш, мыс, титан, бағалы және сирек металдар, глинозем, молибден концентратын, уран шикізатын өңдеу сияқты 8 саладан тұрады.

     1996-2005-жылдар аралығында Қазақстанның минералды-шикізат кешеніне 55 млрд. доллардан астам, соның ішінде жер  қойнауын игеруге 40 млрд. доллардан астам инвестиция салынды. Бұл туралы еліміздің энергетика және минералды ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұхамбетов бүгін Алматыда ІІІ инвестициялық саммит барысында   мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

     Б.Ізмұхамбетовтың айтуынша, көмірсутегі шикізатына бағытталған инвестициялардың орта есеппен 79 проценті өнім өндіруге, 21 проценті геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге жұмсалды.

     Министрдің айтуынша, қазіргі жағдаймен Қазақстан көмірсутегі шикізатының   қорына   қарай әлемдегі алдыңғы   ондыққа кіреді. Ал табиғи газдың   барланған   қоры   бойынша   еліміз   дүниежүзінде 15-ші орында.

     Расталған және алып пайдалануға болатын мұнай қоры 35 млрд. баррельді, газ қоры 3 трлн текше  метр

          Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде 120-ға жуық құрылым анықталған. Олардың арасында көмірсутегі шикізатының үлкен қоры болуы  әбден мүмкін. Мамандардың болжамы бойынша, Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінің көмірсутегі ресурстары 12-17 миллиард тонна болады.

     Солтүстік Каспий жобасының аясындағы алғашқы барлау бұрғылау жұмыстарының алғашқы нәтижелері – Каспийдің қазақстандық бөлігінің болашағы зор деген қорытынды жасатып отыр.

     Республикамызда  197 мұнай  және  газ кен   орындары, олардың  ішінде 102  мұнай, 29  газ  конденсаты, 30 мұнай –газ  конденсаты, 6  мұнай –газ,   11 газ  конденсаты  және  12  газ  кен  орындары  ашылған. Мұнайдың  ашылған  кен  қорлары  3млрд. тоннасы, ал  газдың  анықталған  қорлары  3 трлн. текше   метрді  құрайды. Негізгі  мұнай  мен  газды  өндіру  Батыс Қазақстанда  жүзеге  асырылады. Онда  мұнайдың  90,4% және  газ  конденсатының  100% өндіріледі. Бұл регион  Қазақстан   территориясындағы  неғұрлым  ластанған   және  экологиялық  жағдайы  нашар  аудандар қатарына  жатады. Тау – кен  өндіру  өнеркәсәбәнің  мұнай  өндірі  саласы  жеке  тұрғыдыан алғанда  да басымдық  маңызға  ие  ( 2030 жылға  қарай  мұнай  өндіруді  жылына  қарай   150 млн.т – ға  дейін  жеткізу  болжамын  есепке  алғанда).

Тас көмір мен қоңыр көмір өндірудің де экологиялық салдары бар.қоршаған ортаның эколргиялық жағдайына негативті әсер ететін отын ресурстарының басқа түрлерінің ішінен уран рудаларының ірі кен орындарын атап өтейік.

                         Сондай ақ темір, марганец, хром, қорғасын, мырыш, мыс  рудаларын алтын, фосфориттер, құрылыс тастары, мен минералды шикізат ресурстарының басқа да түрлерін өңдеумен және қайта өңдеумен байланысты көптеген рудниктер және карьерлер  табиғи ортаға  жағымсыз  әсер  етеді.Осылардың барлығы қоса алғанда ландшафтар табиғатының литогенді ортасын  қорғау  жөнінде  тиімді  шараларды  қолдануды талап  етеді.

                             Жер  қойнауларын  қорғау  мәселесі  литосфера  қабаттарынан  минералды шикізатты  рудалы  және  рудалы  емес  пайдалы  қазбалар  түрінде  неғұрлым  толығымен  айырып  алуды  қамтамасыз  ететін  шаралардың  жиынтығын  қамтиды. Жер  қойнауларын  қорғау  жөніндегі  шаралар  кешені  сондай – ақ  рельеф  формасының  сақталуын,  геодинамикалық  процестердің  көрініс  табуда  жоюын  қамтиды.

                              Осыған  байланысты  пайдалы  қазбалардың  кен  орындарын  кешенді  түрде  өңдеу , минералды  шикізатты  өндіру , өңдеу , және  тасымалдау  кезінде  шығынды  жан–жақты  жоюға  ұмтылу  жер  қойнауын  эксплатациялаудың  басты  қағидасы  болуға  тиіс.Бұл  шығындар  неғұрлым  аз  болған  сайын, соғұрлым  көп  пайдалы  қазбалар  болашақ  ұрпақтың  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  мақсатында  жер  қойнауында  қала  береді .

                                           Тау–кен  өндіру  өнеркәсібі   қоршаған  ортаға   жан–жақты  әсерін  тигізеді .бұл  рельефтің  өзгеріске  ұшырауынан , карьерлердің , жарлардың , террикондардың  пайда  болуынан  және  тау  жыныстарының  құлауынани  көрінеді.Пайдалы  қазбаларды  өндіру  топырақ , атмосфера , су  бөгендері  мен  жерасты  суларының  сулық  режимінің  жағдаййына  әсер  етеді.Мұның  үстіне  өсімдіктер  мен  жануарлар  тіршілігінің  мән  жайлы  түбірімен өзгереді.Пайдалы  қазбалардың  кен  орындарынөңдеу  тікелей  ландшафтардың  геохмиялық  жағдайына , техногендік  аномалиялардың  пайда  болуына  әсерін  тигізеді.

                                           Өндіру  және  қайта  өңдеу  процесінде  пайдалы  қазбаларды  шала  алу  минералдарды–шикізат ресурстарын  эксплутациялаудағы  басты  кемшілік  болып  табылады.Технологиялық   дамымаудың  нәтижесінде  түсті  металлургияда  өндірілген  рудаларды  байыту  кезінде  алынған  шикізаттың  10-20%  ғана  пайдаланылатыны   ал80-90%  лақтырылатынымәлім  болды.

                                       Бұл  қалдықтар  химиялық  реагенттер  сіңген  тау  жыныстарының  ұсақталған  түрін  білдіреді.Концентраттарды  балқыту  процесінде  материалдың  пайызына  жуығы  шлаққа  айналады.

                                        Байыту  фабрикаларында  өңдеу  процесінде  минералды  шикізат  көп  жұмсалады.Руданың  гегізгі  компоненттерін  айыру  кезінде  қосалқы  лақтырылып  тасталады  да ,  су  мен  жел  эрозиясы  нәтижесінде  жойылып  кетеді.Қосалқы  пайдалы  компоненттердің  жалпы  құны  көбінесе  негізгі   түрдің  құнынан  жоғарғы  болатынын  ұмытпауымыз  тиіс. Өндірістік  қалдықтарды  қайтадан  эксплутациялау  үлкен  экологиялық  және  басқа  да  қиыншылықтармен  жалғасады  және  барлық  уақытта  мүмкін  бола  бермейді.Нәтижесінде  қалпына  келтірілмейтін  табиғи  ресурстар  үлкен  шығынға  ұшырайды.

                                          Қалдықсыз  кен  қалдығы  аз  өндірісті  жасау  жер  қойнауының  байлықтарын    неғұрлым  толық  пайдалануды  және  қоршаған  ортаны  қорғауды  қамтамасыз  етеді.

                                           Жер  қойнауы  ресурстарын   рационалды  пайдалану  және  қорғау  негізінде  келесі  басымдықтар  жатқызылуы  тиіс:

  • пайдалы қазбалар  өндіру  технологиясын  жетілдіру;
  • бос, өңделген жынысты  пайдалану  арқылы  кен  орындарын  кешенді  түрде  өңдеу;
  • пайдалы қазбалар  кен  орындарын  үнемдеп  пайдалану  олардың  іске  жарау мерзімін  ұзартуға  ұмтылу;
  • қажетті жағдайларда  сирек  кездесетін  минералды  шикізаттардың  орнына  басқа  нәрсе  қолдану;
  • тау–кен  орындары  игерілген  жерлерді   кеңінен  рекультивациялаужәне  т.б.

                    Жер  қойнауын  пайдалану  мен  қорғау  тәртібі  мен  мән  жайларын  реттейтін  және  олардың  рациональды , кешенді  пайдаланылуына және  экологиялық  зардаптың  алдын  алуға  бағытталған  құқықтық  нормалар  бар.Табиғатты  қорғау  аясындағы  тау –кен  игеру  қызметі  Жер  қойнауы  және  жер  қойнауын  пайдалану  туралы  Қ Р заңымен  реттеледі.

 

    1.2. Қазақстанның   жер    ресурстары   

 

      Жер  шарының   түгелдей  дерлік  аймақтарында   көрініс  тапқан   осы  зардаптар  адамдар  тарапынан  олардың  қоршаған ортаны  сақтауға  тікелей  тәуелді  екндігін   түсінуіне , табиғат   қорғау  проблемасына  жауапкершілік  көзқарастың  қалыптасуына   алып  келді. Көптеген   жүзжылдықтар   бойы  адамзат  өзінің  тіршілігін   өндірістің  қарқынды  дамуымен   байланыстырып, алынған   өнімнің  басым   бөлігін  өндірісті  одан әрі    дамытуға  жұмсады. Бұдан   қорытындылайтынымыз  табиғат  ресурстарын   тиімді  пайдалану  және  оларды  сақтау, қалпына  келтіру  тірі  табиғатты, адамды,  қоршаған  ортаны   қорғау  мәселелерінен  алшақтағандығында.

     Адам – табиғаттың    бір   бөлшегі   әрі   ғажайып  туындысы. Адам  табиғатқа  тәуелді. Сондықтан    өзінің  өмір  сүріп, өсіп-өнетін, іс-қимыл   жасайтын, аяулы   армандарын   жүзеге   асыратын    ортасы,  күнкөріс   көзі    болып    табылатын   табиғатқа   адамның   қалай   болса   солай   емес,аялай   есіркей   қарауы – оның   перзенттік  міндеті.

        Табиғаттың   тілін  тауып, сырын  тану   арқылы   оны  жасартып, жаңғыртуға   ғылыми  практикалық    үлес   қосқан   көрнекті   табиғат    зерттеуші   ғалым    И.В Мичуриннің  өзіі   большевиктік   желікке  бой   алдырып,  ашқан    жаңалықтарынана   жалған   қорытынды    шығарды: «  Біз   табиғаттан   рақымшылық   күтіп   отыра   алмаймыз, оның   бермегенін    күшпен   тартып   аламыз » , — деп, аракідік   айтылып   қап  жүрген   пікірді   одан  сайын   асқындырып   жіберді.

           Ф.Н.Реймерс   бойынша   «жүйелі   түрде   пайдаланатын   немесе   белгілі   бір   шаруашылық   мақсатта  пайдалануға  болатын    жерді  жер   ресурстары   деп   түсінеді. Жер   ресурстарды   төмендегідей  мағынада   түсінуге   болады: а) егістік  жер  ресурстары; б) ауылдық  жарамды  барлық  жерлерді; в) аумақтық  ( территориялық )  ресурстар. Әдетте, бұл   термин  а)  және  б) мағынада  түсінеді» ( Реймерс, 1990,453 бет.)

      Белгілі   бір   жағдайды  сақтап   үздіксіз  пайдаланған   жағдайда   жер   ресурстары   қалпына   келетін   ресурс  деп   есептейді. Егістік  мақсатпен  пайдаланғанда   жер  ресурстары   өңдеу   құралы   болып  табылады. Мұндай  жағдайда   табиғаттан   жер   ресурстары   емес, оның   көмегімен   пайда  болған   өсімдік   өнімдері   алынады.

      Жер   ресурстарын   пайдалануда   барлық    табиғи   компоненттердің   өзара   байланысқан  ықпалы    айқын    байқалады – жанама   болып     ландшафттың   негізгі   компоненттердің   әрекеттестігін    интегралды   сәулелендіретін   топырақ  арқылы   және   тікелей, себебі   жер    бедері   климаттың, сулардың, өсімдіктердің    және   жануарлардың   сипаты   ауыл шаруашылық  әрекеттің   нәтижесіне   тіке   ықпалы  бар. Сондықтан   топырақты   немесе   әдебиетте   жиі   айтылатын  « топырақ–климаттық    ресурстары»  ауыл    шаруашылық  деп    қарастыру   бірнеше   авторлар 

дұрыс  емес  деп   есептейді.

      А.А. Минц  бойынша  ауыл   шарауашылық  ресурстар   деп   табиғи   кешендерді   түсінеміз, ( ландшафт, мекеннің   типтері т.с.с.). Яғни, ауыл шаруашылық    ресурстардың  бас    қасиеттері   табиғи   территориалдық  кешеннің  қалыптасу  заңдылықтарымен  анықталады. Осыған   байланысты   жерді   шаруашылықта   пайдаланудың   географиялық   айыпмашылықтар   пайда  болады.

    Құнарлық  немесе  биологиялық    өнімділік   ауыл шаруашылықта   пайдаланатын   жердің   негізгі  қасиеті  болғандықтан   табиғи  шарттанған    өнімділік     деңгейіндегі   географиялық   айырмашылықтарды   анықтау  негізгі   орын   алады.

     Жердің   бас   қасиеті, оны   пайдаланудағы    әмбебаптылығында. Себебі   адамның   іс–әрекетінің  барлық   түрлері   жер    пайдаланумен    байланысты, жер  еңбектің   предметі   және  еңбектің   жалпы  құралы, яғни   кез–келген  материалдық     өндірістің   қажетті   шарты.

     Пайдаланудың   белгілі   бір    түрлері   арасында, жер  бөлістірудің   әлеуметтік, экономикалық   факторлармен   анықталатын    стихиялық   немесе   жоспарлы  механизм    қалыптасуының   алғышарттары   болып    территорияның  шектелуімен    ауыспашылығы, оны   пайдаланудың    көптеген   түрлерінің   бір–бірін  жоққа   шығаратындық   сипаты   болып    табылады.

     Әдетте   пайдаланатын  ауыл шаруашылық  дақылдардың   түрлері   ондай   көп  емес, себебі  дақылдардың   түрлері    әрбір   ауданда   экономикалық    және  басқа   да  себептер   бойынша   ауыл шаруашылық  бағытымен    таңдалады, бірақ   уақыт    бойы  қатты   өзгеруі   мүмкін. Таралу    аймақ    шегінде    дақылдардың   өнімділігіндегі   үлкен   географиялық    айырмашылықтар, осындай   таңдауға   әсер    ететіні   негізгі   факторлардың  бірі. Дақылдардың   әртүрлі   экологиялық    талаптарының    себебінен   әрбір    дақылдың    өнімділігінің   айырмашылық   сипаты   ерекше   болады.

    Жердің   әрбір    түрінің   өнімділігінің   айырмашылығына, онда   егілетін   жеке   бір   дақыл   егудің    экологиялық    тімділігі,   сонымен   бірге  жалпы   ауыл шаруашылық    өндірістің   тиімділігі   тәуелді.

        Қазақстан     аса  зор    жер   қорына  ие.  Егістікке    жарамды   жердің   жалпы  ауданы   2001 жылдың    1 қаңтарында     30,2  млн. га   болды. Жайылымдық   және   шабындық    жерлер    190  млн. гп. Республикамыздағы  жайылымдық   жерлердің  негізгі  бөлігі   шөл   және   шөлейт   зоналарында   жатыр.

      Ландшафтардың  шөлге  айналуы. Шөлді  экожүйелердің  жоғарғы  температурада  дамуы қазіргі  уақыттың  глобальды  проблемасы. Шөлге  айналу  себептері: табиғи  және  антропогендік . Қазақстанда  шөлдер мен  шөлейттердің биологиялық  өнімділігінің  кему  себептері антропогендік  әрекет: жайылымдар  дигродациясы,топырақтың  тұздануы , техногенез  болып  табылады. Қазақстан  территориясының  60%  жуығы  шөлге  айналу  процестерін  өткеруде.

      Топырақ  жер  ресурстарының  дегредациясы.Топырақ  жер  ресурстарын  қорғау  проблемасы  Жердің  көптеген  региондары  үшін  актуалды  болып  табылады. Қазақстанда  Солтүстік  Қазақстан   далалық  зоналарының  топырақ  эрозиясы  мен  дегулификациясы (өнімділіктің  кемуі) неғұрлым  үлкен  қауіп  төндіруде.

 

1.3. Қазақстанның    су   ресурстары

      Қазақстан  жер  региондарының  ішіндегі  сумен  аз  қамтамасыз  етілген  елдердің  қатарына  жатады.Сумен  қамтамасыздандыру  деңгейі  бойынша  ол  ТМД  елдерінің  ішіндегі  ең  соңғы  орынды  алады,  тіпті  Түркіменстаннан  кейін  тұр. Қазақстанның  жер  беті  сулар  қорының  (жер  асты  суларының  қоса  алғанда)  жалпы   мөлшері  жылына  89.5  текше  шақырымды  құрайды.Республикада  таза  ауыз  суды  тым  тапшылығы  байқалады.

       Қазақстанның  жер  беті су ресурстары түгел  дерлік  таусылған. Республиканың  су  шаруашылығы  мәселелері  тек  жер  беті  суларын  шектеп  пайдалану  және  жер  асты  суларының  ресурстарын  меңгеру  есебінен  ғана  шешілуі  мүмкін. Республикада  жалпы  су  пайдаланудың  9 % жер  асты  суларының үлесіне  тиеді , біздің  ойымызша , оны   25% дейін  көтеруге  болады.

      Жер  бетіндегі  және  жер  асты  суларының   Қазақстанның  геожүйелеріне  экологиялық  ықпалы  көп  жақты  сипатқа  йе. Ол өзен  жүйесінің жйілігі  және  су  қоймаларының  гидрологиялық  және  гидрохимиялық  режимі   арқылы  көрінеді. Өзендердің  бастаулары , су режимі , жылдық су  қорының  өзгермелілігі  және  т.б. гидроэкологиялық  факторлар  неғұрлым  маңызды  болып  табылады.Осы  факторлардың ішіндегі кейбіреулерінің экологиялық ролін қарастырумен шектелеміз. Олардың ішінде:

    өзен жүйесінің Қазкстанның үлкен, жазық бөлігінде тым әркелкі орналасуы техногез өнімдерінің геохимиялық миграциясы процестеріне жағылуы ықпал жасамайды;

    Тянь-Шань, Алтай, Жоңғар Алатауы тау жүйелерінің өзен жүйесінің жиілігі және су бөгендерінің суы молдығы осында орналасқан өндірістік региондардың шегіне табиғи сулар мен топырақты ластаушыларды шығарып тас-тауға ықпал жасайды;

 Республика  территориясындағы  гидрологиялық  режимнің  Қазақстандық  типтегі  өзендердің  су  айналымы   су  қоймаларының  өзін -өзі  тазартудағы  маңызды  фактор  болып  табылады. Көктемдегі  су  тасқыны  өзенді   ластаушылардан  тазартуға  жағдай  жасайды, ал  судың  төмен  деңгейі  ( тіпті  тартылуы)   техногенез өнімдерінің  аккумуляциясына  ықпал  жасайды.

  Тянь-Шань  тауларында   кездесетін  Тянь-Шаньдық  типтегі  өзендер  жоғары  емес, жайылған  көктемгі- жаздық  қар  суымен және  деңгейінің  төмендігімен  ерекшеленеді. Мұндай  гидрологиялық  режим  су  қоймаларының  техногенез  өнімдерінің  өзін- өзі  тазалауына  әсер етеді.

 Төменгі  және  жайылыңқы  қөктемгі  сулармен  және  жоғарғы  жаздық-күздік  сулармен   ерекшеленетін  алтайлық   типтегі  өзендер  шаруашылыққа  пайдалануға  және  су қоймаларының  өзін-өзі  тазалауына  жағымды  ықпал  жасайды.

  70- тен астам  артезиандық   бассейндердің  болуы  Қазақстанның  альптік  региондары  қатарының  экономикалық  даму  мүмкіндіктерін  қамтамасыз  етеді. Алайда, жер  асты  суларын  минерализациялаудың  жиілігі  және  олардың  жоғары  дәрежеде   болуы  экологиялық  қысымды  тереңдететін  экологиялық  фактор  болып   табылады

      Судың  жиналу  режимі  мен  су  деңгейінің  толқуы, өзендердегі  сулардың  максималды  және  минималды  шығындарын  және  қоршаған   ортаның  экология  жағдайына  тікелей  әсер  ететін  басқа  да  гидрологиялық  факторлар  тығыз  байланысты.             

      Су  ресурстарын  қорғау және  рационалды  пайдалану  мәселесі  адамзат    үшін  өмірлік  маңызды  мәселе  болып  табылады.табиғаттағы  су  айналымының  арқасында  жердегі  су  ресурстары  таусылмайды.Алайда  планетамыздың  кейбір  бөліктерінде  табиғи  жағдайлардың  жағымсыз  болуына  байланысты  тұщы  су  ресурстары  жеткіліксіз.бұған  қазақстан  Республикасы  территориясының  басым  бөлігі  кіредіжәне  сондықтан  аридтік  және  семаридтік  климат  жағдайларына  су  ресурстарының  өте  тапшылығымен  сипатталады.

      Қазақстан  біздің  планетамыздағы  су  ресурстары  жетіспейтін  азғана  региондардың  қатарына  жатады. Ол  тұщы су  қорлары  бойынша  ТМД  елдері  бойынша  сумен  аз  қамтамасыз  етілген  елдердің қатарына  жатады.Бұл  территорияда  су  ресурстары  әркеркі  орналасқан  және  бастаулары   республика  шекарасынан  тыс  жерде  жатқан  транзиттік   өзендерден тұрады.

     Оңтүстік –шығыс    Қазақстанның  таулары  және  таулы жазыктары тұщы сумен көбірек қамсыздандырылған.      Республиканың басым бөлігінде адамдардың өндірістік әрекетінің, су көздерінің  және коммуналдық-тұрмыстық қалдықтарымен ластануының және басқа да себептердің нәтижесінде таза түщы суға деген тапшылық байқалады.     Қазқстанда 85 мыңнан астам өзендер мен уақытша су көздері бар. Олардың ішіндегі 10-ының 8 ғана ұзындығы 800 шақырымнан асады. Бұлар: Ертіс, Есіл, Тобыл, Орал, Сырдария ,Шу , нұра торғай  өзендері. Қазақстандағы  сегіз  мың  өзен  ғана   он  шақырымнан  ұзын.ірі  өзендердің  көпшілігі  (Орал, Ертіс , Сырдырия ,іле , Шу)  трансшекаралық  өзендер  болып  табылады. Және Қазақстанға шекаралас мемлекеттерден ластанған ағын әкеледі.

     Оңтүстік-шығыс Қазқстан тауларында 1673 ,9 шаршы шақырым ауданда мүздық бар.    Республика территориясында 47 мыңнан астам көл бар, олардың көпшілігі (8 мыңнан астамы) көктемгі қар суымен толады, ал жазда құрғап кетеді.  Қазақстандағы  жер  беті  суларының  көлемі  жылына  89,5  текше  метр  шақырымды  құрайды.Соңғы  жылдары    оның  көлемі  көрші мемлекеттердің шаруашылық қажеттіліктеріне жұмсалуымен байланысты біршама азайды. Нәтижесінде Сырдария өзенінің суы 19,8-ден  9,8 текше шақырымға, Іле өзенінің суы  жылына 17,9-дан 7,4 текше шақырымға дейін азайды. Осының бәрі Арал теңізі мен Балқаш көлінің  экологиялық жағдайына күшті әсерін тигізді.  

     Республикамыздың жерасты су ресурстарының мол екендішгін айта кеткеніміз жөн. Жер асты суларының анықталған қорлары  15,8 текше шақырымды құрайды, оның  2,6 текше шақырымы пайдаланылады.2 Бұл сулар өте минералды болғандықтан  және өте тереңде орналасқандықтан шаруашылық үшін пайдалануға қиындық туғызады.         Жерасты сулары  Қазақстанда пайдаланылатын су  мөлшерінің 8  пайыздан астамын құрайды. Болашақта олар республиканың су қажеттіліктерінің  25 пайызын қамтамасыз етуі мүмкін.3 Жерасты суларның бастаулары өте әркелкі орналасқан. Су қорларының  63 пайыздан астамы республиканың оңтүстік-шығыс бөлігінде  жатыр. Республикамызда анықталған жерасты суларымызддың  60 пайызының  16 пайызы ғана пайдаланылады. Осы мөлшердегі жерасты  суларының 52 пайызы  шаруашылық-ауыз су мақсатында, 22 пайызы техникалық мақсатта, 9 пайызы жер суғару үшін және 7 пайызы  жайылымдарды  суландыру үшін пайдаланылады, 69 қала, 4000 – нан астам елді-мекен, 100-ден астам өндірістік кәсіпорын жерасты суларымен қамтамасыз етілген, 90 мың гектарға дейінгі жерлер суғарылады.     Жерасты суларын пайдалану үлесі республикамызда анықталған қорлардың 15, 6 пайызын, ал жалпы табиғи суларды пайдаланудың 7, 5пайызын құрайды.

      Адамдардың шаруашылық қызметі Қазақстанның су ресурстарына  жан-жақты әсер етеді.Мұнай өңдейтін кәсіпорындардың өнірістік, ағын сулары, қара және түсті металлургияның  қалдықтары су ресурстарына  негативті ықпал жасайды, қалалардың коммуналдық тұрмыстық өалдықтары көптеген су бөгендерін  тұрмыстық   және техникалық мақсаттарға  паайдалануға жарамсыз етіп тастайды. Мұның үстіне судың тұнықтығы, түсі, температурасы  өзгеріске  ұшырыайды., жағымсыз дәм  мен иіс  пайда болады, құрамындағы оттегі төмендеп кетеді.

     Суды ластайтын химиялық қосылыстардың, әсіресе мұнай өнімдерінің өз-өзінен ыдырап кетуі қиын болғандықтан, су бөгендерінің өзін-өзі тазалау процесі ақыырын жүреді.   Тазаланбаған ағын суларды тастау олардың құрамында өндірістік құндылықтар болуы себепті үлкен эеономикалық залал әкеледі. осыған байланысты су ресурстарының тазалығын қамтамасыз ету кешенді түрде жүргізілуі  тиіс. Мысалы, «Қазақмыс» Балқаш АҚ-да  бұрын Балқаш көлін ластаған өндірістік сулардан 90 пайызға дейін мыс алуға мүмкіндік беретін  арнайы қондырғылар жасалған. Жезқазған қаласында  «Қазақмыс» АҚ-на  айналмалы сумен қамсыздандырылған, жергілікті су  бөгендеріне  лас өндірістік ағын суларды ңжіберілуін жоятын жабық өндірістік циклдер  енгізілген. Осы сияқты мысалдарды айта берсе болады. Сонымен қатар. Қазақстанның су ресурстарын пайдалану кезінде Қазақстанды қоршаған орта жағдайының катастрофалық немесе қиын жағдайын көптеген жағдайларда анықтайтын үлкен бұзылушылықтар байқалады. Концентрациялардың шекті  көрсеткіштері бойынша су сапасының гидрохимиялық  көрсеткіштері басты критерийлер  болып   табылады. Мұның үстіне ПДК  көрсеткіштері  әртүрлі болады: олар балық шаруашылығы, шаруашылық ауыз су және  коммуналдық тұрмыстық су пайдаланатын су  бөгендеріне арналған.  Аталған шаруашылық обьектілерінің су сапасына қоятын  талаптары да  әртүрлі. 

      2000 жреспублика  бойынша  микробиологиялық  көрсеткіштер  бойынша  гигиеналық  нормативтерге  сәйкес  келмейтін  ауыз  су  сапасы -10 пайызды  құрады . Алайда  кейбір  аудандарда  (Қостанай, Павлодар  облыстары) судың  сапасы  бұдан  да  төмен  болады.    тәжірибеде  өндірістік  және  тұрмыстық  суларды  механикалық  ,химиялы, және  биологиялық  тазалау  қолданылады.Өкінішке  орай  тазалау  құрылғыларын  жүйесін  жетілдірілмегендігіне  олардың  қайтадан  шығып  қалуына  және  басқа  да  себептерге  байланысты  су  бөгендеріне  көп  мөлшерде  зиянды  заттар  келіп  түседі. Тұрмыстық  ағын  сулар  суландыру  және  фильтрация  егістіктерінде   тазартылады.Мұнда  олар  микроағзалар  мен  күн  радиациясының  ықпалына  ұшырайды.Су  буланғаннан  кейін  егістіктер  жыртылып, ол  жерлерге  ауылшаруашылығы  дақылдарға  егіледі. Су  ресурстарын  рационалды  пайдалану  және  қорғау  қағидалары:

  • өзендер мен  көлдердің  ағын  сулармен  ластанудың  алдын  алу
  • жер беті  суларын  прогрессивті  су  қорғау  технологияларына  негізделген  үнемді  пайдалану
  • айналымдық су  пайдалану  және  сумен  қамсыздандыру  технологияларын енгізу
  • тазаланбаған өндірістік  және  комуникалдық-тұрмыстық  ағын  сулардың  келіп  түсуін  болдырмау  үшін  прогрессивті  технологиялар мен  тазалау  құрылғыларын  енгізу
  • ауылшаруашылығында суды  пайдалану  нормаларын  қысқарту
  • жерасты суларын  үнемді  пайдалану
  • термалды,минералды сулар мен  батпақтарды  өндірістік  және  радиациялық  мақсаттарға  кеңінен  пайдалану.

 

1.4. Қазақстанның агроклиматтық ресурстары

            Қазақстанның  ірі  19   қалаларындағы  атмосфералық  ауаның  ластану  жағдайы «Казгидролит» РГП –ның   2000 ж  бақылауларының  негізінде  сипатталады.Бұл  кезеңдегі  Қазақстан  қалаларының  атмосфералық   ауасындағы  зиянды  заттар  өте  жоғары  дәрежеде  деп  бағаланады.Формальдегидтің  орташа  жылдық  концентрациясы   3 ПДК –ден  , фенолдікі   2 ПДК –ден, шаң–тозаң мен  азот диоксидінікі  1ПДК –ден  жоғары.

              Қазақстан  қалаларының  ауа  бассейнін  ластаушы  көздер:формальдегид,фенол , азот диоксиді , көміртегі  оксиді , хлорлы  сутек , күкіртті  сутек  және  шаң–тозаң .Бұл  заттардың  орташа , кейде жоғарғы  концентрациялары  ПДК –ден  15 есе  артық  болып  отырады.адамдардың   денсаулығы  үшін  экологиялық  қауіптілік  дәрежесін  осы  заттар  туралы  қысқаша  мәліметтер  сипаттайды.

Қазақстан  территориялары  бойынша  Өскемен  қаласында  ауа  бассейндерінің   ластану  дәрежесі  жоғары  болып  табылады.Бұдан  басқа  өндірістік  кәсіпорындардың  қалдықтарының  нәтижесінде  Лениногорск , Шымкент , Ақтөбе  қалаларында  және  автокөліктердің  атмосфераны  ластау  нәтижесінде  Алматы  қаласында  ауа  бассеині  ластанған.ауаның  неғұрлым  тозаңдануы  Жезқазған  қаласында , Шымкент және Ақтау  қалаларында  байқалады.Қазақстанның  көптеген   қалаларында  формальдегидридтің , азот диоксидінің  фенолдың ПДК–дан  орташа  асқаны  байқалады.

         Тұтасымен  алғанда ,  берілген  мәліметтер  Қазақстанның  ірі  өнеркәсіп  орталықтары  бойынша  АЛИ  көрсеткішінің  өсіп  келе  жатқандығын  сипаттайды.Көптеген  қалалар  мен  өнеркәсіп  орталықтары  ауа  бассейнінің  ластануының  басты  себебі  автокөлік  құралдарының  қызметімен  байланысты.

            Атмосфера  ластануының  алдын  алу  көптеген  шаралардың  өткізілуімен  байланысты. Олардың  ішінде  барлық  өндірістік  кәсіпорындарын  тазалау  құрылғыларымен  жабдықтауды, атмосфераға  зиянды  заттардың  қалдықтарын  тастауды  жоятын  немесе  төмендететін  жаңа  экологиялық  құрылғыларды  жетілдіру  және  оларды  өндірістік  кәсіпорындарға  енгізуді  атап  өтсе  болады.

Қалалар  мен  өндірістік  орталықтардағы  атмосфераны  таза  ұстауда  жасыл  өсімдіктер  маңызды  роль  атқарады.Атмосфераның  ластауына  қарсы  тұратын  өсімдіктерге  ақ  акация , тал , американдық  клею  және  т. б. Жатады. Бұл  ағаштарды  жасыл  қорғаныш  зоналарын  жасау  кезінде  ұсынған  жөн.

Атмосфералық  ауаны  қорғаудың  міндеті  Қазақстандағы  климат  глобальды  өзгеру  процестерімен  тығыз  байланысты  үлкен  мәселелерді  шешу  болып  табылады.Оларға  мыналар  жатады:

–парник эффектісі  мәселесі

–қышқылдық  жауын–шашын  мәселесі 

–озоносфераның  бұзылу  мәселесі

–космостық  апаттарды  ұшырумен  байланысты  атмосфераның  бұзылу  мәселесі  және т.б.

Ғарыштық  аппараттарды  нәтижесінде  атмосфераның  ластануы.Ракета  двигателдерін  сынақтан  өткізу  және  «Протон» сияқты  ғарыштық  аппараттарды  ұшыру  жер  атмосферасының  жоғарғы  қабатының  бұзылуына  әкеп  соғады.Ол  жер  режимінің  ,ауа  ылғалдылығының  өзгеруі  сияқты  ауа –райы  режимінің  жекелеген  параметрлерінің  ракетаның  ұшу  траекториясына  жақын  жерде  уақытша  (2-3күн) бұзылуынан  көрінеді.Алайда ,Қазақстан  территориясындағы  «Байқоңыр» космодромынан  ластануында  қандай  да  болмасын  мәнді  бұзылулар  байқалмайды.

         Қазақстанда  жергілікті  деңгейдегі  климат  өзгеруінің  жағымсыз  экологиялық  салдарлары  өндірістік  технологияны  жетілдіру  және  өндіріс  пен  көлік  құралдары  қалдықтарының  көлемін  қысқарту  негізінде  шешілуі  тиіс.

1.5. Қазақстанның  биологиялық  ресурстары

          Қазақстан   жерінде    алуан   түрлі   жануарлар   мен   өсімдіктер  әлемі  кездеседі. 

     Республикамыздың    флорасы    бай  және  сан   алуан.  Елімізде   өсімдіктердің   400  —   ден   аса,  ал    дәрілік  өсімдіктердің   250 —  ден   аса   түрі   кездеседі. 

          Мұнда  омыртқалы   жануарлардың    835   түрі  бар.  Соның  ішінде   сүтқоректілердің   178  түрі:  құстың   500 –ге  жуық,  бауырымен    жорғалаушылардың  – 49,  қосмекенділердің – 12 ,  балықтың  – 104,  дөңгелек  ауыздылар    немесе    балық    тәрізділердің     3   түрі   тіршілік   етеді.  Атап  айтқанда    кез  – келген     адамға  таныс   аю, қасқыр, түлкі,  қоян,  кірпі, үйректер, тырна, қаз,  аққу, бүркіт, қараторғай,  бұлбұл,  улы   сұр   жылан,  бақа,  алабұға , шортан    және    тағы    басқалар   кездеседі.

     Қазіргі    уақытта   сүт   қоректілердің    130    түрі    мен   құстардың   450   түрінен  ( оның   350   түрі    ұялайды )    тұрады.   Қазақстан   палеарктикалық   –  зоогеографиялық     облысқа  кіреді. Қазақстанның   жануарлар  дүниесі    барлық    палеарктикалық    аймақ   сияқты   пайда   болуы    мен     қалыптасуы     жағынан    жас.  Оның    қалыптасуына   жануарлардың    дамуының    жаңа     тарихы    мен   орналасуы,  сондай – ақ    физикалық –  географиялық    жағдайлар   үлкен   рөл   атқарған.  Жануарлар  дүниесінің    үштік  және   төоттік    дәірдегі   даму   тарихы   өсімдік   жамылғысының   даму   тарихымен   ұқсас.

     Республикада    ормандар  тек    3,8%   алып  жатыр. Сонымен   қатар   орманның  жартысы  —  сексеуілдер ,  бұларсыз   ормандар  1,7%   құрайды.  Орманды    жерлердің      10%-  ы   Шығыс   Қазақстанда, Алматы  және   Оңтүстік   Қазақстан   облыстарында .

     Қазақстанның   орман  қоры     21 млн.  гектар,  ол   жалпы  жер   көлемінің    3,5  пайызын   алады. Орман  өндірісте  бағалы   материал   ғана  емес,  сонымен   қатар  топырақты  эрозиядан   сақтау,  құм   көшкінін  тоқтату, суды  реттеу,  егінді  қорғау,  атмосфераны   шаң – тозаңнан  тазартуда  оның  маңызы  зор.  Сонымен  қатар   орман  ағаштары    қуаңшылық   пен  аңызақ   желден  сақтайды.

     Республиканың    орманды   алқаптарына  көз   жүгіртсек,  солтүстік   бөлігінде    қайыңды ,  қарағайлы   орман,  шығысында    Алтай  тауы   бөктерінде  майқарағай,  балқарағай,  сібір  шыршасы  орманы,  оңтүстік  бөлігіндегі    таулардың  теріскей  беткейінде  тянь – шань  шыршасы,  оңтүстіктегі   шөлді  аймақта  сексеуіл,  ал   өзендердің   бойында  жиде,  тораңғыл,  жыңғыл,  шырғанақ    тоғайы    өсетінін   байқаймыз.  Ел   байлығы —  орман   ресурсын  сақтай    білудің   маңызы  зор. Орман —  жан – жануарлырдың   мекені,  адамдар   тынығатын   орны. Орман   ресурсына  ең   еөп   залал    келтіретін    тілсіз   жау —  өрт. Өртке  басты  себеп  адамдардың   ұқыпсыздығы.     Орман   алқаптарын  ұқыпты  пайдалану,  оларды   қорғау  бүкіл   халық   алдындағы    негізгі    міндеттердің  бірі    болып   табылады.

  1. ТабиҒат ресурстарын пайдалану тӨлемдері жӘне оларды ҚолданудыҢ Қазіргі жаҒдайы

 

 

 

  1. Табиғат ресурстарын пайдалану және оны пайдаланудың төлемдерін белгілеу әдістері

 

Табиғи ресурстарға төлем төлеудің маңыздылығы мен қажеттілігінің халық-шаруашылығын әкімшілдік-әміршілдік әдіспен басқару кезінде, табиғи ресурстарды пайдалануды тегін, олардың құны жоқ, ол халықтың ортақ меншігі деп қабылдаған кездің өзінде де сезіле бастады және өмірге жолдама алды. Бірқатар жылдар барысында сұраныстың талаптарына сәйкес табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін төлем төлеудің белгілі бір жүйесі қалыптасты. Ресми түрде қабылданбаған және жетілдірілмеген  әрі толықпаған ол, шамасы келгенше табиғатты пайдалану сферасында экономикалық қатынаста әлі де қолданылады. Бірақ табиғатты төлемді пайдалануда оны экономикалық тиімді механизм етіп айналдыру үшін әлі талай күш-жігер жұмсау қажет екендігі анық.

Алдымен табиғатты төлемді пайдалану түсініктерін тәртіпке келтіру қажет. Мысалы, әрбір экономикалық категорияны өз атымен атаған жөн: төлемді төлем деп атау керек және оны салықпен шатастыруға болмайды немесе минералды-шикізат ресурстарын жаңғырту мен қорғауға төлем аударуды осы күнге дейін қолданылып келген геологиялық-барлау жұмыстарына қаржы аудару деп айтуға болмайды және т.с.с.

Әртүрлі бұрында болған және қазірде бар төлем түрлері экономикалық категория ретінде  және олардың атқаратын қызметін әртүрлі ғылым өкілдері, әртүрлі катергориядағы мамандар өздерінше, тар мағынада әрі біржақты емес етіп қабылдап жүр. Мысалы, біреулер мұны табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін арендалық (жалдау) төлемі, дифференциалдық жер рентасының бір түрі  десе, екінші біреулері табиғи ресурстарды алмастыруға кеткен шығын дейді, үшіншілері — қалыпты мөлшерден артық пайдаланғаны үшін және табиғи ресурстарды ысырап еткені (жойғаны) үшін салынған айып десе, төртінші біреулер табиғат ресурстарын қалпына келтіруге және оған қоса дифференциалдық жер рентасына шыққан шығын деседі. Бесіншілері – тіркелген төлемдер, алтыншылары – пайдалы компоненттерді жоғалтқаны үшін және толығымен айырып алмағаны үшін салынған айып, жетіншілері кен қорын іріктеп, өндіріп бітіргені және кенге бос жыныстарды араластырғаны үшін салынатын айып, сегізіншілері табиғи ресурстарды пайдаланған кезде  табиғи ортаны қорғауға жұмсалатын шығын, тоғызыншылары – табиғат ресурстарын игерген кезде табиғи ортаны ластағаны үшін төленетін айып, оныншы біреулері – табиғатты пайдалану кезінде табиғи ортаға келтірген зияны десе, он біріншілері – табиғат ресурстарын пайдалану үшін алынатын салық және т.б. деп  түсініп жүр. Біреулер табиғат ресурстарын пайдалану үшін төлем төлеуді салық деп мемлекеттік бюджетке қаржы түсірудің көзі ретінде, екінші біреулер – табиғатты  тиімді пайдаланудың экономикалық ынталандыру тетігі ретінде ғана, үшінші біреулер – жоғарыда айтылған екі функциясын да қоса құптап, яғни оны бюджетті толықтырудың көзі және сонымен бірге табиғат ресурстарын тиімді пйдалануды экономикалық ынталандыру үшін төленетін төлем деп қарап жүр. Осыдан келіп табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін төленетін төлем түрлерін жүйелеп, бір тәртіпке келтіріп бұл түсініктің анықтамасын барынша айқындау қажеттігі туындайды.

Қазіргі кезде табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемдер жүйесі жоғарыда көрсетілгендей табиғи ресурстардың жекелеген түрлеріне байланысты бейберекет қалыптасуда. Сондықтан қазіргі күнде бар  төлемдер түрлерін табиғат ресурстарының негізгі  түрлері мен  табиғи ортаны қорғау  бойынша топтастырып қарастыру маңызды. Қолданылу мерзімі жағынан біршама ұзаққа созылатын және жалпы қолданылатын төлем  жер салығы, төлем-салық және оны белгілеу әдістері ғасырлар бойы жетілдіріліп келді. Мысалы, патшалық Ресейде помещиктер жердің десятинасы үшін мемлекетке 1 рубль төледі, ал шаруаларға пайдалануға оны 10 рубльге берді.

Қазақстан Республикасында төлем-салық алу Жер кодексінде, Жер салығы туралы заңда біршама жетілдірілген түрде белгіленген.

Азаматтарға жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін берілген бау-бақшалық және саяжай салудан басқа ауылшаруашылғына арналған жерлерге қойылған жер салығының базалық ставкасы 1га-ға есептелген және  балл бонитетпен өлшенетін топырақ сапасының өзгеруі бойынша сараланады. Балл бонитеттің 1-ден 100-ге дейін ауытқуы кезінде кәдімгі  және  оңтүстік қаратопырақты, күңгірт қызыл-қоңыр және қызыл қоңыр жазықтағы далалық және құрғақ далалық  зоналардағы жерлерде, сонымен  қатар тау етегінде қою сұртопырақты (сұр-қоңыр), каштанды (қоңыр) және тау  бөктеріндегі қаратопырақты аумақтарға базалық ставка – 0,25 теңгеден 105 теңгеге дейін белгіленеді (І категориясы). Балл бонитеттің 100-ден жоғары болған жағдайында 1га  жерден алынатын салық ставкасы 105,0 теңге болады (1 кесте).

Бозғылт қызыл, қоңыр, сұр-қоңыр, бозғылт және  кәдімгі сұр топырақты жартылай шөлейт, шөлейт, тау бөктеріндегі шөлді аумақтардағы, сонымен қатар таулы-далалық, таулы-шалғынды-далалық және таулы альпілік топырақтағы таулы аумақтардағы жерлерге бонитет балына қарай белгіленген ставкалары 0,25-тен  25 теңгеге дейін сараланады (ІІ категория). 100 балл бинитеттен асқан  жағдайда 26,00 теңге базалық ставка қойылады (1 кесте).

     Елді мекендердің жерлеріне базалық ставка 1 шаршы м ауданға есептелініп белгіленеді (2 кесте), облыс орталықтары қалаларының әрқайсысы бойынша және Ленинск қаласы мен облыстық  маңызы бар қалаларға, аудандық маңызы бар қалаларға, поселкелерге, селоларға (ауылдарға) салықтың базалық ставкасы өзгеріп отырады. Тұрғын-үй емес құрлыстар, ғимараттар, учаскелер алып тұрған жерлерді, сонымен қатар объектілердің  санитарлық-қорғау зоналарына, техникалық немесе басқа да зоналарына салық ставкасы (Алматыда) 15 теңгеден/м2-не (ауылда) 0,25 теңге/м2-не аралығында өзгереді. Тұрғын үйлер, оларға қоса олардың құрлысы мен  ғимараттарына Алматы облысы және аудандық маңыздағы қалаларына қолдану түрінде барлық облыстық маңызыдағы қалаларға шамамен 0,2 теңге /м2-не, аудандық маңыздағы қалаларға – 0,1, поселкелік – 0,07, селоларға (ауылдарға) –0,05 теңге /м2-не белгіленген.

 

1 кесте

 

Ауыл шаруашылығындағы және өнеркәсіптегі, ауылшаруашылығындағы

емес  жер категориялары бойынша салықтың базалық ставкасы

 

 

 

Бонитет балы

І категориялы

ІІ категориялы

Ауыл шаруашылығы мақса-тына арналмаған (өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және т.б. жерлер)

 

Ауыл шаруашылғына  арналған

 

1 га-ға салынатын салықтың базалық ставкасы, теңгемен

 

1-10

0,25-1,25

0,25-0,50

25-250

11-20

1,50-2,50

0,75-2,50

275-562

21-30

2,75-5,00

2,75-5,00

590-825

31-40

7,50-12,50

5,25-7,50

853-1075

41-50

15,00-20,00

7,75-10,00

1102-1338

51-60

22,50-27-50

10,25-12,50

1365-1625

61-70

30,00-42,50

1652-1925

71-80

45,00-57-50

1953-2238

81-90

60,00-75,00

2265-2550

91-100

75,50-100,0

2578-2950

100-ден жоғары

105,0

26,00

3000

61-100

 

12,75-25,00

 

 2 кесте

 

Елді-мекендік жерлерге қойылған салықтың базалық ставкасы

 

 

 

 

 

Елді-мекеннің түрі

 

 

 

Тұрғын-үй емес құр-лыстар, ғимараттар, учаскелерді ұстап тұру үшін, сонымен қатар объектілерді санитар-лық қорғау зоналары, техникалық  және басқа да зоналарға салық ставкасы, теңгемен.

Тұрғын үйлер, оларға қоса салынған құрлыстар мен ғимараттар алып тұрған жерлерге салық ставкасы, теңгемен.

   Қалалар:  Алматы

15,00

0,2

                 Астана

3,50

0,2

Ақтау

5,00

0,2

Ақтөбе

3,50

0,2

Арқалық

3,00

0,2

Атырау

4,25

0,2

Тараз

4,75

0,2

Жезқазған

4,25

0,2

Қарағанды

5,00

0,2

Қызылорда

4,50

0,2

Көкшетау

3,00

0,2

Қостанай

3,25

0,2

Павлодар

3,00

0,2

Петропавл

4,50

0,2

Семей

4,50

0,2

Талдықорған

3,50

0,2

Орал

3,00

0,2

Өскемен

5,00

0,2

Шымкент

4,75

0,2

Ленинск

4,00

0,2

Облыстық  маңызы бар қалалар

Облыс орталығына қойылған ставканың 85 %-і

0,2

Аудандық маңызы бар қалалар

Облыс орталығына қойылған ставканың 75 %-і

 

Поселоктар

0,5

0,07

Село (ауыл)

0,25

0,05

Алматы облысы: Облыстық маңызы бар қалалар

 

4,00

 

0,0

Аудандық маңызы бар қалалар

3,5

0,2

 

Елді-мекендер орналасқан жерге салық ставкасының нақтылы өлшемін әрбір жер иелері мен жерді пайдаланушылар үшін көрсетілген базалық ставкаға сүйене отырып жергілікті  органдар анықтайды. Сонымен бірге олар базалық ставканы тек 20 %-ке дейін көтеруіне немесе төмендетуіне құқысы бар.

Осыған ұқсас түрде салықтың базалық ставкасы елді-мекендерден тыс жатқан жерлердегі өнеркәсіп, транспорт, байланыс және басқа да ауыл шаруашы-лықтық емес мақсаттағы жерлерге 1 га-ға есептелініп белгіленеді. Бонитет балдарының өзгеруіне байланысты олар да едәуір сараланады. Мысалы, 0-10 балл бонитеттей жерге белгіленген салықтың базалық ставкасы 25-250 теңге, 91-100-2576-2950 теңге, 100-ден жоғары болса 3000 теңге болады (1 кесте).

     Ауылшаруашылықтық немесе құрлыстық мақсатта пайдаланылмаған сауықтыру, рекреациялық мақсаттағы жерлерден, орман және су қорларының жерлерінен салық алынбайды. Ауылшаруашылықтық мақсатта пайдаланылатын жерлерге ғимарат, құрылыстар алып тұрған немесе басқа да өндірістік объектілер орналасқан жерлерге жоғарыда көрсетілген тәртіп бойынша салық салынады.

Орман қорының жеріне  салынатын салық орман пайдалану кезінде ағаш даярланып жатқан жерден, игерілу мақсаттағы іске асырылған ауданның бірін, басқа аудандарға солай салық салуға үлгі етіп ала отырып, орман пайдалану үшін төленетін төлемнің құрамына кіретін түбіршегіне қойылған ағаштың кесімді құнының 5 %-тік мөлшерімен қойылады.

Бүлінген немесе өнімділігі аз жерлерді ауыл шаруашылықтық мақсатта немесе иелікке алған Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғалары алғашқы 10 жыл пайдалану кезінде, сонымен қатар жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін, саяжай салуға, бау-бақша, оған қоса 0,25 га-ғы салынған құрылыстар алып тұрған жерді пайдаланатын тұлғалар салықтан босатылады. Кіріс салығына жеңілдік берілген  жеке тұлғалар, сонымен қатар елді-мекендердегі жалпы пайдаланудағы жерлер, балалардың сауықтыру мекемелері, қорықтар, ұлттық дендрологиялық және зоологиялық парктер, ботаника бағы, зираттар, мемлекеттік табиғат қорғау органдары, тарихи және мәдени ескерткіштер, мүгедектердің ерікті қоғамы ДОСААФ, соғыс ардагерлері және есеп беру кезеңінде түскен кірісінің кем дегенде 50 %-ін мүгедектерді әлеуметтік жағынан қорғауға жұмсайтын, жұмысшыларының жалпы санының  кем дегенде 50 %-ін мүгедектер құрайтын өнеркәсіптік кәсіпорындар мен  ұйымдар жерге салық төлеуден бостылады. Дәл сондай жеңілдіктерді Қазақстан Ұлттық банкі мен оның бөлімшелері пайдаланады.

Жоғарыда аталған төлемдерден басқа топырақ құнарлығын төмендеткенде және  жер бетін, жалпы жерді бүлдіргенде орнын толтыру мен айыптық төлемдер бар. Жерді бүлдіргені үшін орнын толтыру төлемінің шамасы оны қалпына келтіруге шыққан шғынмен анықталады, ал топырақтың құнарлылығын өзгерткені үшін төлемнің  арнайы әдістемесі бар.

Бірқатар жылдар бойы су ресурстарын пайдалануға байланысты төлемдер бар. 1920-30-шы жалдары салықтық сипаттағы жарна алынатын, ал 1937-57 жж. бюджетке  түсетін жер  бетіндегі су көздеріне құйылған ақаба суға төлем және айып белгіленді.

Суға төлем төлеу мынадай тариф жүйелерімен жүзеге асырылады:

  1. Суды қайтарымсыз пайдаланғаны үшін қойылатын тариф. Төленетін төлем мөлшері 1 м3 тұтынылатын суға белгіленеді және нақты кәсіпорын үшін су шаруашылық жүйесінен су алу орташа тарифінің негізінде 1,25 коэффициентпен қоса есептелінеді.
  2. Су шаруашылығы жүйесі қызметінің тарифі. Өз қажеттілігі үшін су шаруашылығы жүйесінен алынатын суға төлемді кәсіпорындар мемлекеттік бюджетке аударады.

Су ресурстары үшін төлемді анықтаудың әдістемелік нұсқаулары (Алматы, 1991ж) су пайдалану төлемдерінің екі құрамды бөлігін ажыратады: су ресурстарын пайдалану (алу) құқығы үшін төлем; су ресурстарын қорғау мен жаңғырту үшін төлем. Қазақ КСР-ы бойынша су ресурстарын пайдалану құқы үшін және су ресурстарын қорғау мен жаңғырту үшін  төлемдердің экономикалық нормативтері төмендегідей мөлшерде белгіленді:

 

 

 

 

 

Су көздері

Шеткі шығын,

сом/м3          

 

З

90% пен қамтамасыз ете-тін су ресурс-тары,

км3/жыл

1989 ж. алынған судың жиынтық көлемі,

км3/жыл

Пайда-лану коэф-фици-енті

 

 

 К

Пайдалану құқы үшін төлем нормативі,  рубль/м3

Р

Су ресурстарын қорғау, жаңғырту төлемінің нормативі, рубль/м3 Р

Жер бетіндегі су көздері

0,116

77,0

33,5

0,4

0,046

0,015

Жер асты сулары

0,116

14,8

2,59

0,17

0,190

0,045

 

Одақтас республикалар теңіздері бойынша теңіз суын пайдалану құқығы үшін төлем нормативі

 

 

 

Атауы

Шеткі шығын

руб/м3     

Теңіз суын пайдаланудың артықшылық коэффициенті, км.

Төлем нормативі, руб/м3  

Каспий

0,0067

0,08

0,00054

Арал

0,0069

0,085

0,00059

 

Су пайдаланудың тарифы шын мәнінде су рентасын ескере отырып су ресурстарын қорғау мен жаңғырту үшін төленетін төлем болып табылады. Олар су көздері мен су  тоғандарындағы барлық шаруашылықтық шығындарды ескереді.

Суды төлемді пайдалану су ресурстарын пайдалану  көлемін қысқартуға сөзсіз әсерін тигізеді. Бірақ, тек суға  қойылған тарифтің мөлшері ұтымды болған жағдайда ғана оның ынталандыру рөлі білінеді. Жоғарыда көрсетліген су тарифтері мөлшерінің аздығы, тек  өткен жылдардағы су шаруашылық жүйесінің шығындары бойынша белгіленгендігінен емес, сонымен бірге  бұл  тарифтер су ресурстарын пайдаланудағы көптеген басқа да негізгі факторларды ескермегендігінен.  Мысалы, суға белгіленген тариф ауданның сумен қамтамасыз етілу дәрежесін ескермейді, өзен бассейндері бойынша сараланбайды, геологиялық барлауға, қорын бағалауға кететін шығындарды, су бассейндерінің жағдайын бақылау мен режимін зерттеу шығындарын ескермейді, пайдаланылатын судың сапасын сараламайды.

Қазақстан Республикасының су кодексіне сәйкес жалпы су пайдалану тегін, ал арнайы су пайдалану төлемді. Су ресурстарын пайдалану төлемдері: су ресурстарын қорғау мен  қалпына келтіру; су ресурстарын пайдаланғаны үшін; су ресурстарын ысырап еткені үшін айып төлем; шектен  артық су пайдаланғаны және су көздерін ақаба сулармен ластағаны үшін төлемдер түрінде қолданылады.

Қазақстан Республикасында су ресурстарын (жер беті және жер асты су көздері) қорғау мен қалпына келтіру төлемінің ставкасы бассейндер мен облыстар бойынша сараланып белгіленеді және оны  әр жылда бір рет ҚР Министрлер кабинеті бекітеді (3 кесте).

Су пайдаланушылар (гидроэнергетика, су көлігі, балық шаруашылығы) үшін төлемнің ставкасы су ресурстарын қорғауға, қалпына келтіруге кеткен жалпы  шығыннның 12 %-інің мөлшерінде белгіленеді және салалар бойынша өндірген өнімдеріне қарай пропорционалды бөлінеді.

Су ресурстарын белгіленген шекті шамада пайдаланғаны үшін төлем ставкасы су ресурстарын қорғау, қалпына келтіру төлем нормативінің 10 %-ке дейінгі шамасында анықталады және оны облыстық әкімшілік белгілейді.

Су ресурстарын тиімсіз пайдаланғанда (су басып кетуге, жердің батпақтануына және тұздануына, құрылыс жүргізілген территорияларды су басуға, су қоймаларының, шағын өзендер мен бұлақтардың кеуіп кетуіне әкеп соқтыратын су пайдаланушылардың әрекеті), көрсетліген тәртіпті бұзғаны үшін барлық су пайдаланушылардан айып төлем алынады. Бұл төлемдер бюджеттен тыс табиғат қорғау қорына аударылады.

Орман кесуді тиімсіз пайдаланғаны үшін, оны  шамадан тыс кескені үшін орман таксасынан еселенген түрде қойылған айыптық төлемдер алынады.

Қазіргі кезде орман ресурстарын пайдалану Қазақстан Республикасының Орман кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Аталған кодекске сәйкес орман пайдаланудың шекарасы мен түрі анықталады.

Орман ресурстарынына белгіленетін төлемдер: орман ресурстарын қорғау және  жаңғырту; орман ресурстарын пайдаланғаны үшін; орман ресурстарын шектен артық пайдаланғаны үшін айып; орман ресурстарын ұқыпсыз, тиімсіз  пайдаланғаны үшін айып төлемдер.

Орман ресурстарын қорғау мен жаңғырту үшін төлем орман шаруашылығын қаржыландыруға қор құру мақсатында орманды пайдаланушылардан алынады. Орман ресурстарын қорғау мен жаңғырту төлемінің құрамына: кесуге берілген ағашқа; қосалқы орман өнімдеріне; орманды жанама пайдалану төлемдері кіреді. Төлемнің бұл түрінің  нормативтері (ставкалары) ресурстарды пайдаланудың көлеміне қатысты, орманның әрбір түрі бойынша, оларды қалпына келтіруге, өсіруге,  қорғауға кеткен шығынның шамасымен анықталады. Төлемді анықтағанда орманның қоғамдық-пайдалылығы, табиғат қорғау қызметі ескеріледі.

                        

                                                                                                      3 кесте

 

Қазақстан Республикасы ормандарынан кесуге

берілген өсіп тұрған ағашқа ең төменгі ставкалар

 

 

 

Орман ағаштары

Бағасы

Отындық ағаш (қабығымен)

ірі

орташа

ұсақ

(қабығымен)

1

Қарағай

256

183

91

35

2

Балқарағай

4661

329

164

40

3

Сағыз қарағай

204

146

73

26

4

Шырша

333

238

119

45

5

Саымрсын, Сібір шыршасы

231

165

82

26

6

Ағаш тектес арша

308

220

110

45

7

Емен, үйеңкі

461

329

164

70

8

Қайың

92

66

35

26

9

Кктерек, боз тал, терек, тұраңғы

82

58

29

18

10

Қара қандағаш, шегіршін, жөке

92

65

33

24

11

Грек жаңғағы, пісте

560

400

200

60

12

Өрік, ақ акация, алша, долана, шие, жиде, шетен, мойыл, қызыл шие, алма ағашы

330

235

115

40

13

Жайылма арша, жайылма самырсын, қара арша

60

30

14

Сары акация, қызыл зерек, жыңғыл, ырғай, үйеңкі, шырғанақ,  қарақат, тобылғы, тал, қызыл тал

35

21

15

Сексеуіл

35

21

 

Орман ресурстарын пайдаланғандағы төлемдер аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын қаржыландыру мақсатында алынады. Төлемнің ставкаларын облыс әкімшілігі орманның таралуына, қалпына келу мүмкіншілігіне, пайдалану қолайлылығына орналасқан жеріне және басқа да факторларға сәйкес саралайды.

Өсіп тұрған  ағашты кесуге бергенде төлем оның таксалық құны бойынша анықталады (4 кесте). Орманды жанама пайдалану және қосалқы орман өнімдері үшін төлемді облыстық әкімшілік белгілейді.

Ағаш ресурстары үшін төлемнен түскен қаржы түгелімен республикалық бюджетке, ал орманды жанама пайдаланудан және қосалқы өнімдерден түскен қаржы облыстық бюджетке түседі.

Минералды-шикізат ресурстары үшін төлемдер мәселесі жоғарыда қарастырылған табиғат ресурс түрлерімен салыстырғанда біршама  күрделі және толық зерттелмеген. Таяу  уақытқа дейін  минералды шикізат ресурстарына төлем  ұғымы мүлде қолданылмай келді. 1967 ж. бастап ресми түрде өнеркәсіптің тау-кен өндіріс салаларындағы кен өндіруге өзіндік құнының жеке элементі болып қосылатын геологиялық-барлау жұмыстарына (ГБЖ) аударылатын қаржы болды. ГБЖ қаржы аудару ставкасы белгілі бір кезеңде пайдалануға жобаланған тиісті кеннің баланстық қорына кеннің осы түрін іздеуге және алдын-ала барлауға жұмсалған шығындарды бөлу арқылы анықталатын. Бірақта, бұл ставка пайдалы қазбалардың тек кейбір түрлеріне ғана қолданылды және ГБЖ-ға – кеткен шығындарды толығымен қайтара алмады. Сондықтан ставкалар мезгіл-мезгіл қайта қаралып, олардың мөлшері ұлғайтылып отырылды. Егер өткен варианттарда пайдалы қазбаларды іздестіру мен барлауға кеткен нақты шығынның тек 60 %-ін геологиялық-барлау жұмыстарына бөлінген қаржылар өтеген болса, 1991 ж. 1 қаңтарынан бастап енгізілген көтерме ставка арқылы геологиялық-барлау жұмыстарына кететін шығынның 90-нан 100 %-ін қайтару көзделді. Бірақ, жаңа ставка бойынша кәсіпорындардан алынған қаржы минералдық шикізат базасын өндіріске дайындауға әлі де жеткіліксіз болды.

Қазақстан Республикасындағы қазіргі ГБЖ-ға қаржы аудару ставкалары КСРО кезіндегі ГБЖ-ға қаржы аудару ставкаларын белгілеу және қолдану тәжірибесін ескеріп ҚР Министрлер кабинетінің 1992 ж. 3 маусымдағы шешімімен енгізілді. Жаңа ставкалар пайдаланылатын қордың тоннасына шикізаттың сатылу бағасынан процент есебінде  белгіленді. Мысалы, темір кеніндегі 1т темір үшін-2,4%, марганец концентратындағы марганец үшін -2,3 %, хром кені-2,4%, қорғасын-мырыш кеніндегі қорғасын мен мырышқа-6,7 %, кендегі мысқа-7,9 %, мұнайға – 8 %, газға-8 %, көмірге-0,9 % есебінен белгіленді. ГБЖ-ға қаржы аудару төлемінің қызметі пайдалы қазба кен орнын өнеркәсіптік пайдалануға дайындау үшін шыққан шығынның орнын толықтыру болып табылады. Шындығында бұл аудармалар минералдық шикізат ресурстарын қорғау мен қалпына келтіру төлемі  болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда,  олар минералды-шикізат базасын дайындауға жұмсалған қоғамдық-қажетті еңбек шығынын көрсетеді және пайдалы қазбаларды барлау және дайындау бағасы іспеттес болады.

1994 ж. 6 қазанда ҚР Министрлер Кабинетінің шешімімен 1993 ж «Жер қойнауын қорғау және минералды-шикізат базасын қалпына келтірудің республикалық қорын құру туралы», шешіміне енгізілген толықтыруларда алғаш рет геологиялық ақпаратты пайдаланғаны үшін оның ішінде  шет ел инвесторларына да төлем енгізілді.

Минералды шикізаттың кейбір түрлері бойынша ренталық төлем мен өндірістік қорлар үшін төленетін төлемдердің қосындысы тіркелген төлемдер болып табылды.

1991 ж. ренталық төлемдер «Газпром» концернінің газ өндіретін кәсіпорындары сататын мұнай мен газға, 1т мұнай үшін 12,45 руб., 1000м3 газ үшін 6,46 руб. және «Газпром» конценрнінің мигистральды газқұбыры транспорттық кәсіпорындары сататын 1000 м3 газ үшін 1,89 руб. мөлшерінде белгіленген болатын.

Нарықтық қатынастары дамыған көптеген елдерде мемлекет меншігін экономикалық тұрғыда іске асыру жер қойнауы байлығын мемлекеттік емес, оның ішінде шетел компанияларына «роялти» немесе «концессиялық төлем», сияқты әлеуметтік төлемдер белгілеу түрінде жүргізіледі. Рентаның негізгі бөлігі меншік иесіне тиеді, ал қалған бөлігі, яғни жер қойнауын пайдаланушыға тиген бөлігіне (өндіруші компанияның пайдасына) салық салынады. АҚШ-та нашар табиғат жағдайында жұмыс істейтін өндіруші компонияларға кей жағдайда арнайы жәрдем ақша төленеді. Әдетте, капиталистік елдерде, көбінесе, ренталық  төлемдер минералды-шикізат ресурстарын пайдалану құқығы үшін төлеммен бірге анықталады және бірге алынады.

Таяу Шығыс елдерінде негізінен мұнай мен газ ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемдер пайдалану құқығы үшін, ренталық төлем, пайдаға салынатын салық болып бөлек-бөлек алынады. Солай  бола тұра өндіруші компанияға қалатын пайданың соммасы банкі процентінің мөлшерінен біршама артықтау болатындай төлемдер мен салықтың мөлшері есептелінеді. Бұл мұнай өндіруші компанияларды экономикалық ынталандыру мақсатында жасалады. Екінші жағынан өндіруші компанияларды ынталандыруға себепші болатын тағы бір нәрсе, ол сол елдер басқалармен салыстырғанда мұнай газ өнімдерімен тұрақты қамтамасыз етілу мүмкіншілігіне ие болады.

Табиғи ресурстарға төлем төлеу Шығыс Европа елдерінде бірдей дерлік жүзеге асырылған. Венгрия, ГФР, Польша, Румыния, Чехия, Словакияда жер учаскелерінің сапасына байланысты сараланған төлем қолданылады. Венгрияда 1966 ж. бастап төлемдер екі түрде: бір жолғы – жер учаскесін пайдалануға алған кезде, жыл сайынғы – жер учаскесін пайдаланғаны үшін. Жыл сайынғы төлемдер, пайдаланылатын жер учаскесінің құнының шамамен 5,0%-іне тең. Төлемдер өндіріс шығындарын құрайтын статья ретінде қарастырылады және шығарылған өнімнің өзіндік құнына кіреді.

Польшада ауылшаруашылық жерлерін пайдалан-ғаны үшін ауылшаруашылық кооперативтерінен алынатын төлем жерге жекелеп салық салу формасында жүзеге асырылады.

Құрылысқа берілген жерлерге төлем белгіленеді. Мысалы, Румынияда ауылшаруашылық айналымнан жерді алғаны үшін төлем топырақтың  құнарлылығына байланысты сараланады және толығымен өнеркәсіптік объектінің құныныа қосылады. Чехияда жер үшін төлем 75-200 жыл ішінде пайдаланылатын жер учаскесінен түсетін кірістің мөлшерінде анықталады.

Төлемді табиғат пайдалану принципін қолданатын бұл елдердің нәтижелерін теоретикалық талдау және оларда жинақталған тәжірибелердің нәтижелері көрсеткендей, әр елдің экономикалық даму ерекшелігін ескере отыра  төлем қолдану, елдің табиғи ресурстарын тиімді пайдалануға жәрдемдесетін, өндірістің тиімділігін арттыратын қажетті бір элементі болып табылады. Бұл жағынан алғанда табиғи ресурстарды пайдалану мен табиғи ортаны қорғау төлемдері экономиканы басқару шаруашылықтық механизмінің тиімді тетігі болады.

 

  1. Табиғи  ресурстарды тиімді пайдалану мен қорғау мәселелері

 

      Табиғат  бұл  адамзат  қоғамының  өмір  сүру  және  іс-әрекетінің   қайнар  көзі. Өнім  өндіру  және  өмірлік  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  процесінде  адамзат  табиғи  ресурстарының  әртүрлі  түрлерін  пайдаланады. Табиғат  пен  қоғамның  әрекет  ету  мәселелерінің ішінде  жалпы  адамзатқа  неғұрлым  маңызды  міндеттер  қоршаған  ортаны   жақсы  жағдайда  сақтау  қоғамның  бірте  — бірте   көбейіп  келе  жатқан  қажеттіліктерін  әртүрлі  табиғи  ресурстармен   қамтамасыз  ету  болып  табылады.

  Жоғарыда  аталған  мәселелерге  байланысты   адамды  қоршаған  ортаны  қорғау   және  табиғатты  қорғау  жайлы  пікірлер  туындады.

 Адамды  қоршаған  орта  адамға  қатысты  сыртқы  болып  табылатын  табиғи , табиғи – антропогендік  және  антропогендік  обьектілер , құбылыстар  мен  процестердің  жиынтығын  қамтиды, адам  олармен  өз іс  әрекетін  жүзеге  асыру  процесінде  өзара  қарым –қатынасқа   түседі. Бұл  ұғымға  адамдар  өмірінің  қамсыздандырылуы   мен  өнім  өндіру   әрекетінің  аясы  кіреді.

    Қоршаған  ортаның   тұрақты  жағдайы  қамтамасыз  ету ,  оны  антропогендік  әрекеттің   жағымсыз  ықпалдарынан  қорғау  табиғатты  қорғаудың  маңызды  міндеті  болып  табылады.

     Табиғатты  қорғау  бұл  адам  әрекеті  мен  қоршаған  табиғи   ортаның  өзара  әрекетін  қолдауға  бағытталған , табиғи  ресурстардың  сақталуы  мен  қалпына  келтірілуін  қамтамасыз  ететін , қоғам  қызметінің   нәтижесінің  табиғат пен  адам   денсаулығына  тікелей  және  жанама  әсерін ескертетін  шаралар  жүйесі.

    Қазіргі  кезеңде қоршаған ортаның  жағдайына  екі  түрлі  факторлар  тобы   шешуші  түрде  ықпал  етеді. Олардың   біріншісі  ғылыми-техникалық  революцияны  және  оның  негізінің  адамзат  қоғамының  өндірістік  қызметі  алғысындағы  көрінісін  қамтиды. Екіншісі  демографиялық  аспектілерді  қарастырады  және  жер  бетіндегі  тұрғындар  санының  көбеюі  мен  урбанизацияны  ( қала  тұрғындары санының  өсуі)  қамтиды. Бұл  факторлар  бірге  алғанда   өндіргіш  күштердің даму  қарқынына  тікелей  ықпал  жасайды, ол,  өз  кезегінде, табиғи  ресурстардың  интенсивті  түрде  азаюына  және  онымен  байланысты  қоршаған  ортаның  ластануына  әкеліп  соғады

Қоршаған  ортаны  қорғаудың негізгі  факторларының  схемасы

 

   Геожүйелердің  экологиялық  тұрақтылығының  бұзылуы  адамның  өмірлік   қажеттіліктері  мен  өндірістік  технологиялардың  мүмкіндіктері  арасындағы  динамикалық  тепе-теңдіктің  өзгеріске  ұшырауының  нәтижесі  болып  табылады. Қоғам  мен  табиғат  арасындағы  қарым-қатынас  негізіндегі  біртұтас  жүйеге  келтірілген  табиғатты  регионалды  пайдалану   ережелері  мен   қағидалары  жатуы  тиіс. Олар  қоғамдық  қажеттіліктерді  қанағаттандыру  мақсатында  табиғи  ресурстардың  әртүрлерін  мақсатқа  сай  пайдалануға  бағытталған  ғылыми-тәжірибелік  ережелердің  жиынтығын  білдіреді.

   Табиғи  ресурстар     бұл  адамдарға  адамзат  қоғамының  өмір  сүруі  мен  тіршілігі  үшін   қажетті  табиғи  денелер  мен   табиғат  құбылыс тары.

    Басқаша  айтсақ, табиғи  ресурстар   дегеніміз   өндіргіш   күштердің  даму  деңгейіне  сәйкес  өндіру  және  тұтыну  құралдары  ретінде  пайдаланатын  табиғи  компоненттер, табиғи  ресурстардың  классификациясы  оларды  олардың  таусылуы  және  қалпына  келтірілуіе  сипаттайтын  көрсеткіштер  мен  белгілер  тобы  бойынша  бөлінуін, экономика  салаларында    пайдаланудың  шегін  білдіреді.

    Таусылатын  табиғи  ресурстар  қорлары  өндіру  әрекетінің  нәтижесінде  таусылуы  мүмкін  табиғи  ресурстар  түрлерін  қамтиды.

 

 

Таусылатын табиғи  ресурстар үш  түрге  бөлінеді:

1)Қалпына  келтірілмейтін   жердегі  ұзақ  эволюция  процесінің  нәтижесінде  қалыптасқан  рудалы  және  рудалы  емес   пайдалы  қазбалар, минералды  шикізат  ресурстары

2)Салыстырмалы  түрде  қалпына  келтірілетін – қалпына  келуі  үшін  ұзақ  уақыт аралығы  қажет  ресурастар: оларға  сондай –ақ  жойылып  бара  жатқан   жануарлар мен өсімдіктер  популяцияларын  қалпына  келтірудің  шектеулі  мүмкіндіктері  кіреді   

3)Қалпына  келтірілетін  ресурстарға  тірі  табиғат  элементтері, өсімдіктер  мен  жануарлар  әлемі, минералдық  шикізаттың  жекелеген  түрлері  кіреді

Таусылмайтын  ресурстар   жерге  қатысты  алғанда  сыртқы  болып  есептелетін  табиғи процестермен   байланысты  табиғи  ресурстар

түрлерін  қамтиды.

    Таусылмайтын  ресурстар  үш  түрге бөлінеді:

  • Климаттық  ресурстар —  жер  мен  күннің  өзара   қарым – қатынасына  байланысты: күннің  энергиясы, жел  энергиясы, атмосфералық  ауа.
  • Су ресурстары – дүниежүзілік  мұхит  сулары
  • Космостық ресурстар – жердегі  тау  жыныстары, космостық  сәулелер  мен  метеоиттер  энергиясын  қамтиды

         Табиғи  ресурстарды  пайдалану  процесінде  олардың  көпшілігі  ресурстық  цикл  деп  аталатын күрделі  айналымға  түседі. Ресурстық  цикл  дегеніміз  белгілі  бір  заттардың   немесе  заттар топтарының  өзгеруі  мен  оларды  адам  пайдалануының   барлық  кезеңінде  өтетін  кеңістікте  орын  ауыстыруы. Қолданбалы  экология  әдістемесінде  ресурстық  цикл  концепциясы  маңызды  болып  табылады. Ол  неғұрлым  толық ( қалдығы  аз)  өнеркәсіптік  өндірісті  және  осы  кезде  пайда  болатын   қалдықтарды  қайтадан   пайдалануға  тартуды  білдреді. ( мысалы  техникалық  суды   өнеркәсіпті  кәсіпорында  бірінші  рет   пайдалану).Жабық  өндірістік  цикл  дегеніміз  өндірістік  қалдықсыз   немесе  қалдығы  аз  түріне  ұмтылу.

     Өндіріс  қалдықтарын   қысқарту, табиғи  ресурстарды  үнемді  пайдалану  табиғатты   регионалды  пайдалану  стратегиясын  іс  жүзіне  асыру  процесінде  жүзеге  асырылады.

 

 

3.1. Минералды  шикізат   ресурстары  мен   жер  қойнауларын  қорғау

 

   Адамзат  қоғамының  минералды – шикізат  ресурстарын  пайдаланбай  өмір  сүруі  мүмкін  емес. Пайдалы  қазбалар  қалпына  келтірілмейтін  ресурстарға  жатады. Ал  бұл  олардың  көпшілігінің  қорларының  уақыт  өте  келе  толығымен   таусылуы  мүмкін  екендігін  көрсетеді.

    Қазақстан – жердегі  минералды – шикізат   базасына  бай  аздапған  елдердің  бірі. Әлемдегі  алынатын  55 түрлі  пайдалы  қазбалардың  ( олардың  29 –ы металдар) Қазақстанда  39 –ы  алынады. Салыстырмалы  түрде  алсақ  жоғар  көрсеткіштер  тек  Ресейде – 49, Қытайда – 45, Австралия  және  АҚШ – 42, Бразилия – 41  түрлі  пайдалы  қазбалар  өндіріледі.

    Мұнай  мен  табиғи  газ   қорлар  бойынша  республика  әлемі  елдерінің  бірінші  ондығына  кіреді, мұнда  тас  және  қоңыр  көмір, темір, хормит, қорғасын, мырыш, мыс, уран  және  сирек  кездесетін  металдар  т.б. табылған.

    Аталған  пайдалы  қазбалардың  түрлерін   өндіру, қайта  өңдеу  және  байыту  процесінде  литосфера  мен  тұтас  қоршаған  орта  жағдайына  неғұрлым  мұнай, табиғи  газ  концентраттарын  өндіру  ықпал  етеді.

Республикамызда  197 мұнай  және  газ кен   орындары, олардың  ішінде 102  мұнай, 29  газ  конденсаты, 30 мұнай –газ  конденсаты, 6  мұнай –газ,   11 газ  конденсаты  және  12  газ  кен  орындары  ашылған. Мұнайдың  ашылған  кен  қорлары  3млрд. тоннасы, ал  газдың  анықталған  қорлары 

3 трлн. Текше  метрді  құрайды. Негізгі  мұнай  мен  газды  өндіру  Батыс Қазақстанда  жүзеге  асырылады. Онда  мұнайдың  90,4% және  газ  конденсатының  100% өндіріледі. Бұл регион  Қазақстан   территориясындағы  неғұрлым  ластанған   және  экологиялық  жағдайы  нашар  аудандар қатарына  жатады. Тау – кен  өндіру  өнеркәсәбәнің  мұнай  өндірі  саласы  жеке  тұрғыдыан алғанда  да басымдық  маңызға  ие  ( 2030 жылға  қарай  мұнай  өндіруді  жылына  қарай   150 млн.т – ға  дейін  жеткізу  болжамын  есепке  алғанда).( 13 сурет

Тас көмір мен қоңыр көмір өндірудің де экологиялық салдары бар.қоршаған ортаның эколргиялық жағдайына негативті әсер ететін отын ресурстарының басқа түрлерінің ішінен уран рудаларының ірі кен орындарын атап өтейік.

                         Сондай ақ темір , марганец , хром , қорғасын , мырыш мыс  рудаларын ,алтын , фосфориттер , құрылыс тастары , мен минералды шикізат ресурстарының басқа да түрлерін өңдеумен және қайта өңдеумен байланысты көптеген рудниктер және карьерлер  табиғи ортаға  жағымсыз  әсер  етеді.Осылардың барлығы қоса алғанда ландшафтар табиғатының литогенді ортасын  қорғау  жөнінде  тиімді  шараларды  қолдануды талап  етеді.

                      Жер  қойнауларын  қорғау  мәселесі  литосфера  қабаттарынан  минералды шикізатты  рудалы  және  рудалы  емес  пайдалы  қазбалар  түрінде  неғұрлым  толығымен  айырып  алуды  қамтамасыз  ететін  шаралардың  жиынтығын  қамтиды. Жер  қойнауларын  қорғау  жөніндегі  шаралар  кешені  сондай – ақ  рельеф  формасының  сақталуын,  геодинамикалық  процестердің  көрініс  табуда  жоюын  қамтиды.

                                        Осыған  байланысты  пайдалы  қазбалардың  кен  орындарын  кешенді  түрде  өңдеу , минералды  шикізатты  өндіру , өңдеу , және  тасымалдау  кезінде  шығынды  жан–жақты  жоюға  ұмтылу  жер  қойнауын  эксплатациялаудың  басты  қағидасы  болуға  тиіс.Бұл  шығындар  неғұрлым  аз  болған  сайын, соғұрлым  көп  пайдалы  қазбалар  болашақ  ұрпақтың  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  мақсатында  жер  қойнауында  қала  береді .

                                           Тау–кен  өндіру  өнеркәсібі   қоршаған  ортаға   жан–жақты  әсерін  тигізеді .бұл  рельефтің  өзгеріске  ұшырауынан , карьерлердің , жарлардың , террикондардың  пайда  болуынан  және  тау  жыныстарының  құлауынани  көрінеді.Пайдалы  қазбаларды  өндіру  топырақ , атмосфера , су  бөгендері  мен  жерасты  суларының  сулық  режимінің  жағдаййына  әсер  етеді.Мұның  үстіне  өсімдіктер  мен  жануарлар  тіршілігінің  мән  жайлы  түбірімен өзгереді.Пайдалы  қазбалардың  кен  орындарынөңдеу  тікелей  ландшафтардың  геохмиялық  жағдайына , техногендік  аномалиялардың  пайда  болуына  әсерін  тигізеді.

                                           Өндіру  және  қайта  өңдеу  процесінде  пайдалы  қазбаларды  шала  алу  минералдарды–шикізат ресурстарын  эксплутациялаудағы  басты  кемшілік  болып  табылады.Технологиялық   дамымаудың  нәтижесінде  түсті  металлургияда  өндірілген  рудаларды  байыту  кезінде  алынған  шикізаттың  10-20%  ғана  пайдаланылатыны   ал80-90%  лақтырылатынымәлім  болды.

                                       Бұл  қалдықтар  химиялық  реагенттер  сіңген  тау  жыныстарының  ұсақталған  түрін  білдіреді.Концентраттарды  балқыту  процесінде  материалдың  пайызына  жуығы  шлаққа  айналады.

                                        Байыту  фабрикаларында  өңдеу  процесінде  минералды  шикізат  көп  жұмсалады.Руданың  гегізгі  компоненттерін  айыру  кезінде  қосалқы  лақтырылып  тасталады  да ,  су  мен  жел  эрозиясы  нәтижесінде  жойылып  кетеді.Қосалқы  пайдалы  компоненттердің  жалпы  құны  көбінесе  негізгі   түрдің  құнынан  жоғарғы  болатынын  ұмытпауымыз  тиіс. Өндірістік  қалдықтарды  қайтадан  эксплутациялау  үлкен  экологиялық  және  басқа  да  қиыншылықтармен  жалғасады  және  барлық  уақытта  мүмкін  бола  бермейді.Нәтижесінде  қалпына  келтірілмейтін  табиғи  ресурстар  үлкен  шығынға  ұшырайды.

                                          Қалдықсыз  кен  қалдығы  аз  өндірісті  жасау  жер  қойнауының  байлықтарын    неғұрлым  толық  пайдалануды  және  қоршаған  ортаны  қорғауды  қамтамасыз  етеді.

                                           Жер  қойнауы  ресурстарын   рационалды  пайдалану  және  қорғау  негізінде  келесі  басымдықтар  жатқызылуы  тиіс:

  • пайдалы қазбалар  өндіру  технологиясын  жетілдіру;
  • бос, өңделген жынысты  пайдалану  арқылы  кен  орындарын  кешенді  түрде  өңдеу;
  • пайдалы қазбалар  кен  орындарын  үнемдеп  пайдалану  олардың  іске  жарау мерзімін  ұзартуға  ұмтылу;
  • қажетті жағдайларда  сирек  кездесетін  минералды  шикізаттардың  орнына  басқа  нәрсе  қолдану;
  • тау –кен орындары  игерілген  жерлерді   кеңінен  рекультивациялаужәне  т.б.

                    Жер  қойнауын  пайдалану  мен  қорғау  тәртібі  мен  мән  жайларын  реттейтін  және  олардың  рациональды , кешенді  пайдаланылуына және  экологиялық  зардаптың  алдын  алуға  бағытталған  құқықтық  нормалар  бар.Табиғатты  қорғау  аясындағы  тау –кен  игеру  қызметі  Жер  қойнауы  және  жер  қойнауын  пайдалану  туралы  Қ Р заңымен  реттеледі.

 

 

3.2. Атмосфералық  ауа  мен  климаттық  ресурстарды  қорғау

 

Жердегі  атмосфералық  ауаның  қорлары  тұрақты  және таусылмайды.Атмосфералық  ауаның  ластануы  деп  ауа  құрамының  қалыпты  жағдайын  ауытқуын  айтады.Қалыпты  жағдайда  ауа  құрамында  азоттың  78 ,03 пайызы, оттегінің 20,99 пайызы , көмірқышқыл газының  0,04 пайызы және  сутегі  мен  инертті  газдардың  1,0 пайызы  болады

Атмосфералық  ауаның  құрамы  мен  құрылысының  антропогендік өзгеріске  ұшырауы   ландшафттардың  барлық  табиғи  компоненттеріне  ,атап  айтқанда , жергілікті  климатқа,жер  беті  және  жерасты  суларына  ,топырақ және  өсімдік  қабатына  күшті  әсер  етеді.Әсіресе  атмосфералық  ауаның  ластануы  адамдардың  денсаулық  жағдайына  аса  күшті  әсерін  тигізеді.

           Атмосфералық  ауаның  құрамы  мен  құрылысының  антропогендік  өзгеріске  ұшырауы  ландшафттардың  барлық  табиғи  компоненттеріне  , атап  айтқанда , жергілікті  климатқа,жер беті  мен  жерасты  суларына  ,топырақ  және  өсімдік  қабатына  күшті  әсер  етеді .               Атмосфералық  ауаның  тазалығын  қорғау  мәселесінде  2 маңызды  аспектіні  бөліп  көрсетуге  болады:

             1 гигиеналық– адамдардың  денсаулығы  үшін  ауаның  қалыпты  құрамын  сақтау

             2  экономикалық – өндірілген  шикізат  пен  оның  өндірістік  өнімдерін  қайта  өңдеу  және  пайдалану процесінде  ауаға  ұшып  жатқан  пайдалы  компоненттерді  жоғалтудың  алдын  алу.

             Атмосфераны  ластаушы  көздер:

  • атмосфераға жанартау  атқылау, шаңды  борандар, жергілікті  өрттер  нәтижесінде  келіп  түсетін  бөлшектермен  табиғи  ластану;
  • тұрмыстық , өндірістік , трансрорттық мақсаттар  үшін , соның  ішінде  автокөлік  двигательдеріндегі  отынның  жану  өнімдерімен  ластану;
  • техногенез процесінің  нәтижесінде  өндірістік  кәсіпорындардың  қалдықтарымен  ластану;
  • техногендік авариялардың  және  т.б. нәтижесінде  атмосфераның  радиактивті  ластануы;

Жердегі  атмосфераның  негізгі  ластаушы  көзі  өнеркәсіптің , әсіресе  энергетикалық  құрылғылар  мен  көлік  құралдарының  қызметі  болып  табылады.Атмосфераға  келіп  түсетін  барлық  қалдықтардың  жартысынан  астамы  соңғы  аталғандардың  үлесіне  тиеді.Қазақстанның  көптеген  өнеркәсіптік  қалалар  ауасының  құрамында  әрқашан  CO, SO, HS, CI  сияқты  зиянды  және  улы  газдар  және  т.б. бар.Олар  адамдардың  денсаулығына  жағымсыз  әсер  етеді, соның  өсуіне  кедергі  келтіреді, өнеркәсіптік  ғимараттар  мен  тұрғын  үйлердің,олардың  құрылыстарының  ерте  бұзылуына  әкеп  соғады.

          Қалалар,ірі  тұрғылықты  бөлімдер  орналасқан  ландшафттарды  атмосфералық  ауаның  ластануына  байланысты  тікелей  күн  радиациясының  интенсивтілігі  азаяды, ол  өз  кезегінде  ауаның  орташа  тәуліктік  және  жылдық  температурасын  төмендетуге  әкеліп  соғуы   мүмкін  еді , алайда  ол  отынның  әртүрлі  түрлерін  жағу  және  басқа  да  факторлар  арқылы  ауаны  жылыту  нәтижесінде  қалпына  келтіріледі.Қалалық  және  индустриялдық  ландшафттарда  көптеген  жерлері асфальтпен  жабылған  топырақ  қабатының  табиғи  сулы  режимінің  бұзылуы  нәтижесінде    ауаның  абсолютті  және  қатысты  ылғалдылығы  төмендегені  байқалады.

Өнеркәсіптік  кәсіпорындар  мен  қала  кварталдары  дұрыс  орналавстырмау  нәтижесінде  ауаның  табиғи  церкуляйиясы  жиі  байқалады,соның  кесіріәнен  атмосфера  одан  әрі  ластанады.Басқа  да  литеорологиялық  элементтерге , атап айтсақ  , бұлттылық  атмосфералық   жауын–шашын  ,тұманға  да  антропогендік  факторлар  әсер  тигізеді.

            Қазақстанның  ірі  19   қалаларындағы  атмосфералық  ауаның  ластану  жағдайы «Казгидролит» РГП –ның   2000 ж  бақылауларының  негізінде  сипатталады.Бұл  кезеңдегі  Қазақстан  қалаларының  атмосфералық   ауасындағы  зиянды  заттар  өте  жоғары  дәрежеде  деп  бағаланады.Формальдегидтің  орташа  жылдық  концентрациясы   3 ПДК –ден  , фенолдікі   2 ПДК –ден, шаң–тозаң мен  азот диоксидінікі  1ПДК –ден  жоғары.

              Қазақстан  қалаларының  ауа  бассейнін  ластаушы  көздер:формальдегид,фенол , азот диоксиді , көміртегі  оксиді , хлорлы  сутек , күкіртті  сутек  және  шаң–тозаң .Бұл  заттардың  орташа , кейде жоғарғы  концентрациялары  ПДК –ден  15 есе  артық  болып  отырады.адамдардың   денсаулығы  үшін  экологиялық  қауіптілік  дәрежесін  осы  заттар  туралы  қысқаша  мәліметтер  сипаттайды.

              Азот  диоксиді (NO2) –азто  қышқылының  жарықта  ыдырау  процесінде  пайда  болады, түсі–қызыл–қоңыр , тыныс  алу  жолдары  мен  көру  органдарын  тітіркендіреді.

              Көміртегі  оксиді,ыс газы (СО) –өнеркәсіптік  кәсіпорындардың  көптеген  түрлерінің  негізінде  жатқан  ,автокөлік  құралдарын  пайдаланукезінде  де  пайда  болатын  қосылыс.

               Формальдегид, метанол( СН2О) –өткір       иісті , жанғыш түссіз газ, смола  және  пластиктер , дәрілік  заттар  мен  бояқтар  өндіру  кезінде  қолданылады.Тыныс  алу  жолдарын  тітіркендіреді.

                Фенол,карбол  қышқылы (С6Н5ОН) –хош  иісті  спирт  формальдегидтік  смолаларды , әртүрлі  бояғыштар  мен  пестициттерді  өндіру  кезінде   қолданылады.Теріні  күйдіреді,ішкі  органдарды  зақымдандырады.

                  Хлорлы  сутек(НСI) –өткір  иісті  түссіз  газ , тұз  қышқылы  деген  атпен  мәлім. Атмосфераға  хлорлы  металдар , органикалық бояғыштар  өндіру , терілерді  қаптау  мен  бояу  кезінде  келіп  түседі.

Тыныс  алу  жолдарын  тітіркендіреді және  теріні  күйдіреді.

                   Күкіртті  сутек (Н2S) –жүйкеге  өте  күшті  әсер  ететін  газ.Күкірт  қышқылын , ауылшаруашылық  зиянкестеріне  қарсы  химикаттарды  өндіру  кезінде  пайда  болады.

                    Шаң–тозаң  –дисперстік  фазаның  қатты  бөлшекті  аэрозольдары. Шаң–тозаң  әртүрлі  жағдайларда  пайда  болады, кәсіптік  ауруларда  туындайды.

Аталған  заттар  Қазақстан  қалалары  мен  өндірістік  орталықтарының  атмосферасының  неғұрлым  зиянды  ластаушылары  болып  табылады, олардың  Қазақстанның  бірқатар  қалаларындағы  атмосфералық  ауасындағы  концентрациясы  ПДК  жиілігін  1─5 есе  арттырады.  Түсті  металлургия ,  көмір  өндіру  өнеркәсібі , құрылыс  материалдары  мен  автокөлік  құралдарын  өндіру  өнеркәсібі  атмосфералық  ауаны  ластауда  басты  роль  атқарады.

Қазақстан  қалаларының  ауа  бассейнінің  ластауы  әртүрлілікпен  сипатталады,ол  қала  көлемдерімен , оның  табиғи  климаттық  жағдайларымен  өнеркәсіп  концентрациясының  дәрежесімен , өнеркәсіптік  өндірісі  көлемімен  анықталады. Бұл  белгілер  қалалар  мен  ірі  елді  мекендердегі  ауа  бассейндеріндегі  қосылыстардың  сипаты  мен  көлемін  сипаттайды.

         Қалалар  мен  елді  мекендердің  ауа  бассейнінің  ластану  дәрежесін  атмосфераның  ластану  индексі  бойынша  есептеу  қабылданған. Атмосфераның  экологиялық  бұзылу  дәрежесін  сипаттайтын  атмосфераның  ластану  индексі  заттардың  қауіптілік  класын , атмосфераны  ластаушылардың  биологиялық  әрекеті  мен  ПДК  – дан  асып  кету  жиілігін  қосу  арқылы  ПДН –нен   асып  асып  кету  жиілігі  бойынша  анықталады.Әдетте  ол  бақылау  орындарында  жиі  кездесетін  5 түрлі  ластаушыларға  арналған(АЛИ5)

         Қазақстан  территориялары  бойынша  Өскемен  қаласында  ауа  бассейндерінің   ластану  дәрежесі  жоғары  болып  табылады.Бұдан  басқа  өндірістік  кәсіпорындардың  қалдықтарының  нәтижесінде  Лениногорск , Шымкент , Ақтөбе  қалаларында  және  автокөліктердің  атмосфераны  ластау  нәтижесінде  Алматы  қаласында  ауа  бассеині  ластанған.ауаның  неғұрлым  тозаңдануы  Жезқазған  қаласында , Шымкент және Ақтау  қалаларында  байқалады.Қазақстанның  көптеген   қалаларында  формальдегидридтің , азот диоксидінің  фенолдың ПДК–дан  орташа  асқаны  байқалады.

         Тұтасымен  алғанда ,  берілген  мәліметтер  Қазақстанның  ірі  өнеркәсіп  орталықтары  бойынша  АЛИ  көрсеткішінің  өсіп  келе  жатқандығын  сипаттайды.Көптеген  қалалар  мен  өнеркәсіп  орталықтары  ауа  бассейнінің  ластануының  басты  себебі  автокөлік  құралдарының  қызметімен  байланысты.

            Атмосфера  ластануының  алдын  алу  көптеген  шаралардың  өткізілуімен  байланысты. Олардың  ішінде  барлық  өндірістік  кәсіпорындарын  тазалау  құрылғыларымен  жабдықтауды, атмосфераға  зиянды  заттардың  қалдықтарын  тастауды  жоятын  немесе  төмендететін  жаңа  экологиялық  құрылғыларды  жетілдіру  және  оларды  өндірістік  кәсіпорындарға  енгізуді  атап  өтсе  болады.

Қалалар  мен  өндірістік  орталықтардағы  атмосфераны  таза  ұстауда  жасыл  өсімдіктер  маңызды  роль  атқарады.Атмосфераның  ластауына  қарсы  тұратын  өсімдіктерге  ақ  акация , тал , американдық  клею  және  т. б. Жатады. Бұл  ағаштарды  жасыл  қорғаныш  зоналарын  жасау  кезінде  ұсынған  жөн.

Атмосфералық  ауаны  қорғаудың  міндеті  Қазақстандағы  климат  глобальды  өзгеру  процестерімен  тығыз  байланысты  үлкен  мәселелерді  шешу  болып  табылады.Оларға  мыналар  жатады:

–парник эффектісі  мәселесі

–қышқылдық  жауын–шашын  мәселесі 

–озоносфераның  бұзылу  мәселесі

–космостық  апаттарды  ұшырумен  байланысты  атмосфераның  бұзылу  мәселесі  және т.б.

Парник эффектісі.Атмосфераның  күн  радиациясын  жіберу және  оның  кері  сәулеленуін  космос  кеңістігінде  ұстап  тұру  құрылымымен  сипатталады , соның  нәтижесінде  жер  беті  жылынып,климаттың  өзгеруіне  әкеп  соғады.Атмосфераның  жерге  жақын  қабатының шектен  тыс  қызып  кетуіне  өнеркәсіптік  кәсіпорындарының  өндірістік  қызметімен және  көлік  құралдарының  жұмысымен  байланысты  көміртегі  қышқылы , метан  және  парниктік  газдардың  концентрациясы ықпал  етеді.

Жер  атмосферасының  техногенді  ластануы  жоғарылауына  байланысты  климат  өзгеруініңтенденциялары  бекітілді.Ғылыми  тұрғыдан  техногенезбен  байланысты  жердегі  климаттың  жылып  кету  мәселесі  шешілген  жоқ.

Қышқылдық  жауын – шашын  – сутегі көрсеткіші РН–3,5 –4,5 –мен  сипатталатын  атмосфералық жауын–шашын, отынның әртүрлі  түрлерінің  жану  нәтижесінде  пайда  болатын  күкірт  және  азот  оксидтері (SO2NO) конденсацияларының  атмосфераға  келіп  түсу  нәтижесінде  пайда  болады.Химиялық  реакциялардың  нәтижесінде  атмосферада  күкірт  және  азот  қышқылдары  пайда  болады,олар  адамдардың  денсаулығына , сондай–ақ биотаға өте  күшті зиянды  әсер  етеді.

Ауаның  ластануына  аймақтық  мониторинг  жүргізу , өндірістік  кәсіпорындардың  жұмысын  бақылау табиғатты  қорғау  шараларына  жатады.

    Атмосферадағы  азон  қабатының  азаюы.Жердегі адамдардың  өмірін  сақтауда  азондық  экран  өте  маңызды  роль  атқарады.Ол  жер  бетіне   ультракүлгін  сәулелерінің  өтуінің  алдын  алады. Озонның(О2)жоғарғы  концентрациясы  20–25 шақырым  биіктікте   болады.Мұнда  азот  қышқылы(NO4)  мен фреондардың  әсерінен  озонның  экранының  бұзылуы  байқалады.Қазақстан  территориясында  озон  қабатының  техногенез  бұзылуы  байқалмайды.

Ғарыштық  аппараттарды  нәтижесінде  атмосфераның  ластануы.Ракета  двигателдерін  сынақтан  өткізу  және  «Протон» сияқты  ғарыштық  аппараттарды  ұшыру  жер  атмосферасының  жоғарғы  қабатының  бұзылуына  әкеп  соғады.Ол  жер  режимінің  ,ауа  ылғалдылығының  өзгеруі  сияқты  ауа –райы  режимінің  жекелеген  параметрлерінің  ракетаның  ұшу  траекториясына  жақын  жерде  уақытша  (2-3күн) бұзылуынан  көрінеді.Алайда ,Қазақстан  территориясындағы  «Байқоңыр» космодромынан  ластануында  қандай  да  болмасын  мәнді  бұзылулар  байқалмайды.

         Қазақстанда  жергілікті  деңгейдегі  климат  өзгеруінің  жағымсыз  экологиялық  салдарлары  өндірістік  технологияны  жетілдіру  және  өндіріс  пен  көлік  құралдары  қалдықтарының  көлемін  қысқарту  негізінде  шешілуі  тиіс.

 

 

                              3.3.  Су  ресурстарын  қорғау

 

      Су  ресурстарын  қорғау және  рационалды  пайдалану  мәселесі  адамзат  үшін  өмірлік  маңызды  мәселе  болып  табылады.табиғаттағы  су  айналымының  арқасында  жердегі  су  ресурстары  таусылмайды.Алайда  планетамыздың  кейбір  бөліктерінде  табиғи  жағдайлардың  жағымсыз  болуына  байланысты  тұщы  су  ресурстары  жеткіліксіз.бұған  қазақстан  Республикасы  территориясының  басым  бөлігі  кіредіжәне  сондықтан  аридтік  және  семаридтік  климат  жағдайларына  су  ресурстарының  өте  тапшылығымен  сипатталады.

      Қазақстан  біздің  планетамыздағы  су  ресурстары  жетіспейтін  азғана  региондардың  қатарына  жатады. Ол  тұщы су  қорлары  бойынша  ТМД  елдері  бойынша  сумен  аз  қамтамасыз  етілген  елдердің қатарына  жатады.

Бұл  территорияда  су  ресурстары  әркеркі  орналасқан  және  бастаулары   республика  шекарасынан  тыс  жерде  жатқан  транзиттік   өзендерден тұрады.Оңтүстік –шығыс    Қазақстанның  таулары  және  таулы жазыктары тұщы сумен көбірек қамсыздандырылған.

      Республиканың басым бөлігінде адамдардың өндірістік әрекетінің, су көздерінің  және коммуналдық-тұрмыстық қалдықтарымен ластануының және басқа да себептердің нәтижесінде таза түщы суға деген тапшылық байқалады.

     Қазқстанда 85 мыңнан астам өзендер мен уақытша су көздері бар. Олардың ішіндегі 10-ының 8 ғана ұзындығы 800 шақырымнан асады. Бұлар: Ертіс, Есіл, Тобыл, Орал, Сырдария ,Шу , нұра торғай  өзендері. Қазақстандағы  сегіз  мың  өзен  ғана   он  шақырымнан  ұзын.ірі  өзендердің  көпшілігі  (Орал, Ертіс , Сырдырия ,іле , Шу)  трансшекаралық  өзендер  болып  табылады. Және Қазақстанға шекаралас мемлекеттерден ластанған ағын әкеледі. Оңтүстік-шығыс Қазқстан тауларында 1673 ,9 шаршы шақырым ауданда мүздық бар.

    Республика территориясында 47 мыңнан астам көл бар, олардың көпшілігі (8 мыңнан астамы) көктемгі қар суымен толады, ал жазда құрғап кетеді.

  Қазақстандағы  жер  беті  суларының  көлемі  жылына  89,5  текше  метр  шақырымды  құрайды.Соңғы  жылдары    оның  көлемі  көрші мемлекеттердің шаруашылық қажеттіліктеріне жұмсалуымен байланысты біршама азайды. Нәтижесінде Сырдария өзенінің суы 19,8-ден  9,8 текше шақырымға, Іле өзенінің суы  жылына 17,9-дан 7,4 текше шақырымға дейін азайды. Осының бәрі Арал теңізі мен Балқаш көлінің  экологиялық жағдайына күшті әсерін тигізді.1

   Республикамыздың жерасты су ресурстарының мол екендішгін айта кеткеніміз жөн. Жер асты суларының анықталған қорлары  15,8 текше шақырымды құрайды, оның  2,6 текше шақырымы пайдаланылады.2 Бұл сулар өте минералды болғандықтан  және өте тереңде орналасқандықтан шаруашылық үшін пайдалануға қиындық туғызады.

  Жерасты сулары  Қазақстанда пайдаланылатын су  мөлшерінің 8  пайыздан астамын құрайды. Болашақта олар республиканың су қажеттіліктерінің  25 пайызын қамтамасыз етуі мүмкін.3 Жерасты суларның бастаулары өте әркелкі орналасқан. Су қорларының  63 пайыздан астамы республиканың оңтүстік-шығыс бөлігінде  жатыр. Республикамызда анықталған жерасты суларымызддың  60 пайызының  16 пайызы ғана пайдаланылады. Осы мөлшердегі жерасты  суларының 52 пайызы  шаруашылық-ауыз су мақсатында, 22 пайызы техникалық мақсатта, 9 пайызы жер суғару үшін және 7 пайызы  жайылымдарды  суландыру үшін пайдаланылады, 69 қала, 4000 – нан астам елді-мекен, 100-ден астам өндірістік кәсіпорын жерасты суларымен қамтамасыз етілген, 90 мың гектарға дейінгі жерлер суғарылады.4    

     Жерасты суларын пайдалану үлесі республикамызда анықталған қорлардың 15, 6 пайызын, ал жалпы табиғи суларды пайдаланудың

7, 5пайызын құрайды.5

Адамдардың шаруашылық қызметі Қазақстанның су ресурстарына  жан-жақты әсер етеді.Мұнай өңдейтін кәсіпорындардың өнірістік, ағын сулары, қара және түсті металлургияның  қалдықтары су ресурстарына  негативті ықпал жасайды, қалалардың коммуналдық тұрмыстық өалдықтары көптеген су бөгендерін  тұрмыстық   және техникалық мақсаттарға  паайдалануға жарамсыз етіп тастайды. Мұның үстіне судың тұнықтығы, түсі, температурасы  өзгеріске  ұшырыайды., жағымсыз дәм  мен иіс  пайда болады, құрамындағы оттегі төмендеп кетеді. Суды ластайтын химиялық қосылыстардың, әсіресе мұнай өнімдерінің өз-өзінен ыдырап кетуі қиын болғандықтан, су бөгендерінің өзін-өзі тазалау процесі ақыырын жүреді.

   Тазаланбаған ағын суларды тастау олардың құрамында өндірістік құндылықтар болуы себепті үлкен эеономикалық залал әкеледі. осыған байланысты су ресурстарының тазалығын қамтамасыз ету кешенді түрде жүргізілуі  тиіс. Мысалы, «Қазақмыс» Балқаш АҚ-да  бұрын Балқаш көлін ластаған өндірістік сулардан 90 пайызға дейін мыс алуға мүмкіндік беретін  арнайы қондырғылар жасалған. Жезқазған қаласында  «Қазақмыс» АҚ-на  айналмалы сумен қамсыздандырылған, жергілікті су  бөгендеріне  лас өндірістік ағын суларды ңжіберілуін жоятын жабық өндірістік циклдер  енгізілген. Осы сияқты мысалдарды айта берсе болады. Сонымен қатар. Қазақстанның су ресурстарын пайдалану кезінде Қазақстанды қоршаған орта жағдайының катастрофалық немесе қиын жағдайын көптеген жағдайларда анықтайтын үлкен бұзылушылықтар байқалады.

   Концентрациялардың шекті  көрсеткіштері бойынша су сапасының гидрохимиялық  көрсеткіштері басты  критерийлер  болып   табылады. Мұның үстіне ПДК  көрсеткіштері  әртүрлі болады: олар балық шаруашылығы, шаруашылық ауыз су және  коммуналдық тұрмыстық су пайдаланатын су  бөгендеріне арналған.  Аталған шаруашылық обьектілерінің су сапасына қоятын  талаптары да  әртүрлі.

    Өзендердің, көлдердің   және  су  қоймаларының  ластану  дәрежесі  көбінесе судың  ластану  индексінің (СЛИ) көрсеткіші  бойынша бағаланады. Ол   судың  құрамында  мынадай  зататрдың  болуын сипаттайды: оттегі, 5 тәулік ішінде  оттегіні  биохимиялық  пайдалану  бойынша анықталған  органикалық  заттар  және  ПДК  дәрежесінен  біршама артып кеткен  заттар. 

Ластану  индексі    осылайша әртүрлі  су  бөгендерінің  су  сапасының  жағдайын  сипаттайды..Ол  су  бөгендерінің  ластану  динамикасын   анықтауға , біріңғай  көрсеткіштер  бойынша  әртүрлі  су  обьектілерінің  ластану  дәрежесін  анықтауға  мүмкіндік  береді. СЛИ  көлемі  бойынша  жер  беті  сулары  сапасының  критерийлері   су  сапасының  класын  сипаттайды: өте  тазадан  бастап  өте  ластанғанға дейін . Жер  беті  суларының  сапа  класын  анықтау  үшін  СЛИ  көлемі  көрсеткіші  басты  белгі   болып  табылады, ол  су  бөгендерін  ластайтын  заттардың  ПДК  дәрежесі  бойынша  есептеледі.

Қазақстан  өзендерінің , көлдері  мен  су  қоймаларының  жер  беті  суларының  құрамында  біршама  мөлшерде  токсиканттар  ,яғни  улы  заттар  бар. Олардың  ішінен  адамдардың  денсаулығына  неғұрлым  қауіптілігін  сипаттайық.

     Хром(CR)   және  оның  қосылыстары.Бұл  металдың  үш  алты  валентті  қосылыстары  неғұрлым  улы ,  олар   адамдардың  тыныс  алу  органдарын  зақымдандырады.Концентрогендік  және  мутогендік  ықпал  ететін  алты  валентті  хром  қауіптірек . Тау –кен  игеру , химия  өнеркәсібі  кәсіпорындарының  қызметі  процесінде  қоршаған  ортаға  құрамында  хромы  бар  ағын  сулар  және  хромдық  қосылыстардың  газ  қалдықтары  келіп  түседі.

    Темір(FE) .Темірдің  хлорлы  және  сульфатты  қосылыстарды  асқорыту  органдарын  жалпы  уландырады.Қоршаған  ортаға  қауіп  төндіру  дәрежесі  бойынша   үшінші  орында  тұр.

    Мырыш(ZN ) .Мырыш   қосылыстары  улы  емес, алайда  мырыш  хроматы  концероген  болып  табылады.Элемент  адамдардың  жануарлар  мен  өсімдіктердің  денсаулықтары  үшін  маңызды. Сулы  ортаға  тау –кен  игеру  өнеркәсібі  және  түсті  металлургия  өнеркәсібі   кәсіпорындары  қызметі  процесінде  тап  болады.

   Сынап (Hg) Сынап  қосылыстары  қауіптіліктің  бір  класына  жатады , аурулардың  өте  күшті  түрлерін  туғызады.

Фунгициттерді  өндіру, теріні  өңдеу  және  жасау  кезінде  пайдаланатын  органикалық  сынап  қосылыстары    неғұрлым  зиянды  болып  табылады.

   Кадмий(Cd)- 2-класты  қауіпті  металл.Сулы  ортада  мырышпен  бірге  тау  кен  игеру  және  түсті  металлургия  өнеркәсібі  кәсіпорындардың  жұмысы  кезінде  келіп  түседі . Сумен  қосып  пайдаланған  кезде , ас  қорыту  органдарында  улану  процесі  жүреді.

  Мышяк(As). Бұл  элементтің  суда  еріген  барлық  қосылыстары  өте  улы.Олар  тератогендік  өзгерістер  және  басқа  да  аурулар  тудыруы  мүмкін.Қауіптіліктің  екі  класына  жатады.

Бор(3+).Бұл  элементтің  көптеген  қосылыстары  (бор  оксиді , бор  қышқылы , және т.б.) улы .Сулы  ортада  борлы  тыңайтқыштар  арқылы  түзеді.Қауіптіліктің  екі  класына  жатады.

 Мыс(2+)  Қауіптіліктің  3  класына  жатады .Мыстың  барлық  қосылыстары  ул, ас  қорыту  органдарын  уландырады.Сулы  ортада  түсті  металлургия  ,тау- кен  игеру  ,химия  өнеркәсібі  кәсіпорындарының  қалдықтарымен  бірге  келіп  түседі.

БПК (оттегінің  биохимиялық  пайдаланылуы) оттегі  мөлшерімен  сипатталатын  ластану  көрсеткіші  әдетте  ол  5  тәулік  ішінде  анықталады.Оның  жоғарғы  көрсеткіштері  табиғи  сулардың  ластанғандығын  білдіреді(ағын  судағы  БПК5-тің  қалыпты  көрсеткіші  0,5 -2 мг /л-ге  тең )

Фенол (карбон  қышқылы) –хош  иісті спирт,әртүрлі  бояғыштарды, пестициттерді  өндіру  кезінде  қолданылады.Ішкі  органдарпды  ауруға  ұшыратады..Қауіптік  класы-4.

Мұнай  өнімдері.Сулы  ортаға  мұнай  өнімдерін   өндіру тасымалдау  және  қайта  өңдеу  кезінде  келіп  түседі.Өсімдіктер  мен  жануарлар  әлеміне  ихтифаунаға,грунттарға  зиян  келтіреді.Ауыз  су  сапасын  нашарлатады. Қауіптік  класы-4.

Фториттер(F) .Ауылшаруашылығы  зиянкестерімен  күресте  ,бояғыштарды  дайындау  кезінде , ауызх  суды  фторлау (байыту) үшін  қолданылады.Фторлы  натрий()  шамадан  тыс  артып  кеткен  жағдайда  орталық  жүйке  жүйесіне  залал  келтіреді.

 Нитриттер(NO2) .Азот  қышқылының  улы  тұздары (HNO2) .Натрий  нитраты (NaNO2)    және  калий  нитраты  (KNO2) қантамыр  қызметін  бұзады.

Нитрат  (NO3) .Азот  қышқылының  тұздары  өндірісте  кеңінен  қолданылады , ауылшаруашылығы  тыңайтқыштары  өндірісінің  өнімі  болып  табылады.Суда , топырақта , азық түлікте  жиналады, Улануға  ұшыратады. Қауіптіліктің  3  класына  жатады .

Тұзды  аммоний(NH 4).азот  қышқылы  аммоний  кристалдары  ауылшаруашылығында  тыңайтқыштар  ретінде  қолданылады.Улануға  ұшыратады.

Гексахлоран ( C6H6Cl6)  -омыртқасыздар  үшін  күшті  органикалық  ерітінділерде  жәндіктермен  күресу  үшін  инцекцитер   ретінде  қолданылады.     Қауіптіліктің  4  класына  жатады .

Линдон(гексахлорциклогексан)  ( C6H6Cl6) .Пестицид,жәндіктер мен  сүтқөоректілерге  арналған  күшті .Сулы  ортада  инсекцидтерді  қолдану  кезінде  келіп  түседі, Қауіптіліктің  1  класына  жатады

Қазақстан  өзендерінің  жер  беті  суларының  гидрохимиялық  жағдайы  әралукандылықпен  сипатталады. Қазақстан  өзен  бассейндерінің  шекарасынан  келесідей  маңызды  геоэкологиялық  айырмашылықтарды  бөліп  көрсетуге  болады. Ертіс  өзенінің  бассейні  неғұрлым  ластанған  су  обьектісі  болып  табылады. Ертіс  өзенінің   өзі  және  оның  салалары  Бұқтырма  мен  Оба  суының  сапасы  бойынша  3 класқа  жатады.Кенді Алтайдың  тау –кен  игеретін  аудандары  арқылы  ағатын  оң  жақтағы   салалары  (Үлбі , Глубочанка , Красноярка ) «лас»судың  5 –класына  жатады және  СЛИ  дәрежесі  мен  ПДК  көрсеткіштерімен  бірнеше  есе  асып  түсетіндіктерімен сипатталады.Ертіс  өзені  бассейнінің  өзендері  су  ластану  дәрежесінің  жоғарылылығымен , су  құрамында  ауыр  металдар  тұздарының  болуымен  сипатталады.

Орал  өзенінің  бассейнінде  су  таза  ,бұған  суы  хроммен , бормен , фенолмен , өте ластанған  Елек  өзені  қосылмайды(5 –класты  су «лас»)

Сырдария  өзенінің бассейнінде  су   сапасының  3 –класы  басым.Іле  өзенінің  бассейніндегі  су  да  3 –класқа  жатады.

     Қазақстандағы  ірі  өзендер ,ішінен  салыстырмалы  түрде  ластанған  өзендерге –Ертіс,Нұра, Іле, Кіші Алматы,Сырдария өзендері, таза  өзендерге  (2 -класс) –Орал,Тобыл,Есіл,Үлкен алматы,Талас,Шу өзендері, лас өзендерге (5 -класс) –елек өзені ластанған  өзендерге (4 -класс) –Үлбі,лас және тым  лас өзендерге (5 — 6 -класс) –Кенді Алтайдағы  Глубочанка, Красноярка , Тынық және  Брекса  өзендері  жатады.  

Ірі  көлдердің   және  су  қоймаларындағы  су  сапасының  анализі  белгілі бір  қызығушылық  туғызады.Казгидрометрдің  2000 ж мәліметтері  бойыншы  Балхаш  көліндегі  су  ластанған (4 -класс),Вечеслав  су  қоймасындағы  (Есіл  өзеніндегі)су  таза  (2 -класс),Самарқанд су  қоймасындағы (Теміртау  қаласындағы) су  ластанған  (4 -класс) деп  сипатталады.

Су  ресурстарын   региональды пайдалану  мәселесі  санитарлық –гигиеналық  және  экономикалық  маңызды  болып  табылады.Ол  өзара  тығыз  байланысты  мынадай  шаралар  қатарын  өткізу  арқылы  шешілуі  тиіс:суды  тұқрмыстық  және  өндірістік  мақсаттыр  үшін  үнемді  пайдалану , оны  өнеркәсіпте  бірнеше  бет  (жабық  және  айналымдық  )пайдалану.Су  үнемдеудің  үлкен  резерктері  өндірістік  және  ауыл  шаруашылық  өнімдерін  шығару  кезінде  су  пайдалануды  қысқарту  мақсатында  әртүрлі  өндірістердің  технологияларын  жетілдірумен  байланысты. Ауыз  судың  санитарлық  -гигиеналық  сапасына  үлкен  мән  берілуі  тиіс.

     2000 жреспублика  бойынша  микробиологиялық  көрсеткіштер  бойынша  гигиеналық  нормативтерге  сәйкес  келмейтін  ауыз  су  сапасы 

4

-10 пайызды  құрады . Алайда  кейбір  аудандарда  (Қостанай, Павлодар  облыстары) судың  сапасы  бұдан  да  төмен  болады.

    тәжірибеде  өндірістік  және  тұрмыстық  суларды  механикалық  ,химиялы, және  биологиялық  тазалау  қолданылады.Өкінішке  орай  тазалау  құрылғыларын  жүйесін  жетілдірілмегендігіне  олардың  қайтадан  шығып  қалуына  және  басқа  да  себептерге  байланысты  су  бөгендеріне  көп  мөлшерде  зиянды  заттар  келіп  түседі.

     Тұрмыстық  ағын  сулар  суландыру  және  фильтрация  егістіктерінде   тазартылады.Мұнда  олар  микроағзалар  мен  күн  радиациясының  ықпалына  ұшырайды.Су  буланғаннан  кейін  егістіктер  жыртылып, ол  жерлерге  ауылшаруашылығы  дақылдарға  егіледі. Су  ресурстарын  рационалды  пайдалану  және  қорғау  қағидалары:

  • өзендер мен  көлдердің  ағын  сулармен  ластанудың  алдын  алу
  • жер беті  суларын  прогрессивті  су  қорғау  технологияларына  негізделген  үнемді  пайдалану
  • айналымдық су  пайдалану  және  сумен  қамсыздандыру  технологияларын енгізу
  • тазаланбаған өндірістік  және  комуникалдық-тұрмыстық  ағын  сулардың  келіп  түсуін  болдырмау  үшін  прогрессивті  технологиялар мен  тазалау  құрылғыларын  енгізу
  • ауылшаруашылығында суды  пайдалану  нормаларын  қысқарту
  • жерасты суларын  үнемді  пайдалану
  • термалды,минералды сулар мен  батпақтарды  өндірістік  және  радиациялық  мақсаттарға  кеңінен  пайдалану.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қ о р ы т ы н д ы

 

Қазақстан өз жерінің табиғат ресурстарына толық ие болған шақта, оларды игеру мен өндіруге бұрынғы қалыптасқан көзқарасын түбегейлі өзгертіп, өзінің негізгі байлығының бірі – табиғат шикізатын пайдалануда үнемділік, аймақтық экономикалық және экологиялық қауіпсіздікпен республика экономикасының тұрақты дамуына негізделген жаңа экономикалық саясат қалыптастыруы қажет. Осындай кезек күттірмес  келелі мәселені жүзеге асырудың бірден-бір құралы табиғат ресурстарын пайдалану және қоршаған ортаны  қорғау төлемдері мен салық  жүйелерін ғылыми тұрғыдан негіздей отырып іс-тәжірибеге енгізу болып табылады.

Табиғатты қорғауды, тиімді пайдалануды ынталандырудың маңызды тетіктерінің  бірі – табиғат пайдалану төлемдері. Ынталандыру табиғат пайдалану төлемдерінің ең негізгі қызметі болып табылады. Төлемдер табиғат пайдаланушылардың  оны қорғауға, үнемдеп пайдалануға, сол аймақтың экологиялық теңдігін сақтауға жауапкершілікті арттыратын бірден-бір экономикалық механизм. Ресурстарды төлемсіз пайдалану ысырапшылдыққа әкеп соқтырғанын көп жылдық тәжірибеміз өте жақсы көрсетті. Табиғат пайдалануды қаншама мөлшерлеп шектегенмен, төлемдер механизмі қолданылмаса аса нәтижелі болмайды.

Еліміздің егемендік алған шағынан бастап табиғат ресурстарына төлем белгілеу мәселесі негізінен эмпирикалық түрде, яғни шетелдердің, әсіресе Ресей Федерациясының тәжірибесін механикалық көшіру жолымен шешілді. Әрине бұл жүргізілген тәжірибе Қазақстан Республикасы экономикасының жұмыс істеу жағдайына толық сәйкес келмеді, сондықтан оның қолданбалы жақтары біздің еліміздің жағдайында қажетті нәтиже бермесі сөзсіз. Мұнда ерекше бір атап айтатын жай бар, ол нарық экономикасы дамыған елдердің жағдайындағы (тәжірибелері Ресесй Федерациясымен бірге жүргізілген) бар төлемдер мен салықтың құрылымы және шамалары сол әрбір елдің көптеген ғасырлар бойы ешбір ғылыми зерттеулерге негізделмей бірнеше рет қателіктерді түзету барысында енгізілген тәжірибелері арқылы белгілленді. Сондықтан осындай эмпирикалық тәжірибеге негізделген механикалық көшірме түріндегі салық әдістері тек шыққан жеріне ғана жарамды, олар сол елдің, сол жердің даму жағдайындағы ерекшелікті көрсетеді.

Бөтен елдердің тәжірибесін қолданудың пайдасы тек сол тәжірибені енгізерде аналогия әдісі толығымен білікті түрде қолданылғаны жөн, яғни тәжірибесі қолданылмақ болған елдің экономикасының жұмыс істеу жағдайындағы ерекшеліктері мен негізгі факторларының ұқсастық деңгейі біздің елдікімен салыстырғанда қаншалық екендігі ескерілгені дұрыс.

Біздің ойымызша, қарастырылып отырылған мәселенің түйіні нарық экономикасы дамыған елдердің тәжірибесін пайдаланумен қатар, өз еліміздің экономикасын жұмыс істеу ерекшелігін ескерген жағдайда, яғни аналогия әдісін қолданып, сонымен бірге түбегейлі ғылыми тұрғыдан негізделген жолды (белгіленетін шамамен оны қалыптастыратын факторлар арасындағы байланысты зерттеу арқылы) қолданғанда ғана шешіледі. Осы тұрғыда әрбір төлем мен салықтың шамасын белгілеуде табиғи-географиялық және экономикалық факторлардың қаншалықты тигізетін әсерін анықтау мақсатында әліде зерттеулер жүргізген абзал.

Нарық экономикасы дамыған елдерде біздегі бар мәліметтер бойынша, табиғат ресурстары үшін төлем белгілеудің бірыңғай әдісі жоқ. Авторлардың мәліметтері бойынша дамуға экономикалық жәрдем беру Ұйымына (ДЭЖҰ) кіретін 14 елде табиғат ресурстарын қамтамасыз  етуге бағытталған әртүрлі 150-ге жуық экономикалық тетіктердің қолданбалық түрі бар. Олардың жартысынан көбі әртүрлі рангідегі  төлемдер болса, ал 25 %-і субсидиялық сипатта.

Теориялық тұрғыдан алғанда біздің елімізде төлемді табиғат пайдалану принципі, дәлірек айтқанда табиғат ресурстарын пайдаланудан төлем алу еліміздің экономикасының нарық принциптеріне өтуімен байланысты тауар-қаражат қатынастары маңызының күшеюімен түсіндіріледі. Осы тұрғыда табиғатты төлемді пайдаланудың дұрыстығы, яғни табиғат ресурстарын пайдалану үшін оларға төлем белгілеу таптық политэкономиядан туындайтын принциптерге сүйенбей жүзеге асырылуы қажет. Ол, өндірістің үш факторының қазіргі заманғы теориялық принциптерінен шығып, яғни эконометрия және шекті пайда теориясынан (оның қазіргі заманғы өзгертілген түрінен), сонымен бірге қазіргі заманғы өндірістік ресурстарды пайдалану тиімділігі теориясынан жасалуы мүмкін. Табиғат пайдалануға төлемдер мен салық мәселесін шешуді неғұрлым тереңдеткен сайын табиғи жағдай мен ресурстарды тиімді пайдаланудың дәрежесіне ықпал ететін төлемдердің атқаратын қызметін күшейте түскен дұрыс. Бұл тек аталған ұғымдардың атқаратын қызметін теориялық көзқарас тұрғысынан шектеу үшін ғана емес, табиғи жағдай мен ресурстарды тиімді пайдалануды экономикалық жағынан ынталандырудың өлшемін анықтауға болатын ғылыми негіз де.

Әсіресе жер қойнауының ресурстары Республикамыздың негізгі ұлттық байлығы және оның ерекше меншігі болып табылады. Сол себепті мемлекет оның қорғалуы мен үнемді пайдаланылуына қамқорлық көрсетуі тиіс. Осыған орай жер қойнауының ресурстарын жаңғырту үшін белгіленетін төлемдерді қайта назарға алу қажет. Олар ГБЖ аударылатын қаражат, тау-кен өнеркәсібінің минералдық шикізат базасының формасын қабылдауы мүмкін.

Теориялық тұрғыдан, егер табиғат ресурстары үшін белгіленетін төлемдер мен салықтар мемлкеттің осы ресурстарға меншік титулын экономикалық тұрғыдан жүзеге асыруының көрінісі болып табылады десек, онда отандық жер қойнауын пайдаланушыларға, олар біздің еліміздің азаматтары болғандықтан шетел компанияларына қарағанда әлдеқайда төмен болып белгіленуі тиіс. Осыдан келіп табиғат ресурстарына, оның ішінде минералды-шикізат ресурстарына төлем белгілеу әдістемесінің екі өзгертілген түрін жасау қажет. Бірінші, өзгертілген әдістеме отандық жер қойнауын пайдаланушыларға төлемнің ғылыми негізделген шамасын анықтауы үшін қолданылса, екіншісі – шетелдіктер үшін.

Пайдалану құқы үшін төлемге сәйкес келетіндей шама салалар бойынша нормативті пайданың он екіден бір бөлігі сияқты анықталуы тиіс, ал олардың нақты өлшемі табиғат пайдаланудың жекелеген объектілері бойынша саудалау барысында анықталуы қажет. Жер қойнауы ресурстарына қатысты пайдалану құқы үшін төлемдер (роялти) өндірістің қамтамасыз етілу дәрежесін ескеріп, минералды-шикізат ресурсының  сол түрінің, типінің, сортының және маркасының, яғни осы табиғат ресурсы қорының сарқылу, қайта қалпына келмеу қасиеттерін ескеретін нормативті пайданың он екіден бір бөлігі ретінде анықталуы тиіс. Шетел компанияларына арендалық немесе басқа да негізде берілген объектілер бойынша роялтидің шамасын белгілегенде жоғарыда анықталған сызба бойынша роялтидің шамасына осы кәсіпорындардың табиғи объектіні игеріп пайдаланудан түсетін монополиялық рентасы да қосылуы қажет.

Қазақстан экономикасын реформалаудағы экономикалық кризис, әсіресе, ойланбай салық салу мен төлем алу жүйесі нәтижесінде экономиканың жетекші саласы – тау-кен металлургия өнеркәсібіне қатты соққы болып тиді. Қазіргі уақытта тұтынуға шығарылған заттың бір данасына жер қойнауын пайдалану үшін салынған салық пен төлемнің жалпы сомасы ұлттық экономиканың басқа салаларындағы соған ұқсас көрсеткіштерден шамамен 1,5 есе асып түседі. Осылайша кемсітушілкпен салық салу және төлем алу елдің тау-кен металлургия өнеркәсібінің жазықсыз жапа шегуіне әкеп соқты.

Қазақстан Республикасының табиғат пайдалану саласыел экономикасының тұғыры болып есептелетіндіктен салық салу мен төлем алу саясатында жұмыс орнының көзі ретінде, болашақтағы елдің өндірістік және экономикалық потенциалының ең мықты көзі ретінде оның барынша сақталу мүмкіндігі қарастырылуы тиіс. Мұндай саясат іс жүзінде қазіргі уақытта да, тығырықтан шыққаннан кейінгі уақыттарда  да табиғат пайдаланудың әлеуметтік-экономикалық салдарын ескере ғылыми-негізделген салық салу мен төлем алу арқылы, өндірісті экономикалық тұрғыдан ынталандыру жолымен жүзеге асырылуы тиіс.

Біздің нақты ұсыныстарымыз, атап айтқанда, жер, су, орман, минералдық шикізат ресурстарына негізгі төлем түрлерінің оптималды шамасын белгілеу туралы жүргізген ғылыми зерттеулеріміз кең көлемде эксперименталдық тексерулерді қажет етеді. Төлемдер мен салықтардың құрылымы, төлемдердің негізгі түрлерін белгілеу әдістеріндегі  мүмкіндіктер мемлекеттік көлемде, қажет болған жағдайда аймақтар бойынша жүзеге асырылуы тиіс.

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР тізімі:

 

  1. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, заң күші бар. Алматы: Жеті жарғы 1995.
  2. Қазақстан республикасының Орман Кодексі;
  3. Қазақстан республикасының Су Кодексі, Алматы жеті жарғы 1995.
  4. Жер туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, заң күші бар. Алматы, 1996.
  5. Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және минералды шикізатты өңдеу туралы кодексі. Алматы, 1992.
  6. Сағымбаев Ғ. Экология негіздері. Алматы, 1995.
  7. Сатыбалдин С., Төлемісов О., Мұқаев С. Табиғат байлығына егеменділік және оның құны. Алматы. Ғылым, 1992.
  8. Мұқаев С. Байлығымызды дұрыс пайдалана білейік. Ақиқат., 1995. №2.
  9. Мұқаев С. Табиғат пайдаланудағы ренталық қатынастар. Ғылыми конференция материалдары. ҚазМБА, Алматы.
  10. Минц А.А. Эконимческая оценка естественных ресурсов. М.,Мысль. 1972.
  11. Ферсман А.Е. Занимательная минералогия. Свердловское книжное издательство, 1954, с.182.
  12. Федоренко Н.П. Экономические проблемы оптимизации природопользования. М.,1973, с.16.
  13. Вечерняя Алматы, 1995, 15 мая.
  14. Методические рекомендации по определнию нормативов платы за пользование недрами и расчет проектов. М., 1990, (Госкомитет СССР по охране природы); Методические рекомендации по определнию нормативов платы за пользование недрами. Алма-Ата, 1991 (Госкомитет КазССР по экологии и природопользованию), Республиканский научно-производственный центр «Казэкологияң.
  15. Сборник нормтаивно-методических документов по введению платного природопользования в регионе. Раздел ІҮ.-Недра,М.: Институт экономических проблем природопользования (ИЭПП), Министерство экологии и природопользования РСФСР.
  16. Теория и методика установления платы за исользование минеральных ресурсов (на примере цветной, черной металлургии и нефтяной промышленности Казахстана). Алма-Ата, 1992.
  17. Эффективность затрат экологического назначения (вопросытеории и методологии).-Москав: Институт экономики АН СССР. 1990.
  18. Боев В. Совершенствование ценообразования на продукцию сельского хозяйства//Вопросы экономики, 1988, №1.
  19. Ленин В.И. Полн.собр.соч.т.25, с.21.
  20. Маркс К., Энгельс Ф. Соч.2-е изд, т.25.,ч.2,с.172.
  21. Маркс К., Энгельс Ф. Соч.2-е изд, т.25.,ч.2,с.212.
  22. Советский Казахстан. 1995, 30 июня.
  23. Методические рекомендации по определнию нормативов за землю. Москва, 1990. Госкомитет СССР по охране природы, Закон Республики Казахстан «О земельном налогең.
  24. Каргажаноз З.К. Платежи за право пользования минеральносырьевыми ресурсами. Комплексное использование минерального сырья, №4.
  25. Теория и методика установления платы за использование минеральных ресурсов (на примере цветной, черной металлургии и нефтяной промышленности Казахстана). Алма-Ата. Институт экономики АН ССР, 1992.
  26. Каргажанов З.К., Абилова Р.Г.Методические вопросы установления платежей за изменение плодородия пахотных угодий //Известия АН КазССР, серия общественных наук, 1991. №5.
  27. Починкова С.В. Цена на лес в условиях рынка. –Лесная промышленность, 1992, №4, с.8.
  28. Более подробно о выводе формулы см.Каргажанов З.К. Платежи за право пользования минерально-сырьевыми ресурсами комплексное использование минерального сырья, 1993, №4, с.83-89.
  29. Каргажанов З.К.Определние величины в условиях нефтегазовой промышленности Республики Казахстан. Комплексное использование минерального сырья. №2, с.80-82.
  30. Закон Казахской ССР «Об охране окружающей среды в Казахской ССРң//Экокурьер, 1991, 19 сентября.
  31. Типовая методика определния экономической эффективности и экономического стимулирования осуществления природоохранных мероприятий и экономической оценки ущерба от загрязнения окружающей среды. М., 1987.
  32. Временная типовая методика определения экономической эффективности осуществления природных мероприятий и оценки экономического ущерба, причиняемого народному хозяйству загрязнением окружающей среды. М.: Экономика, 1986.
  33. По Постановлению Совета Министров КазССР от 14 февраля 1990 г. №38 годовые убытки по данному району составляют 2 тыс.тенге/га.