АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Моңғолияның географиялық жағдайы мен туризміне жалпы сипаттама

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ ………………………………………………………………………………………….

 

І. МОҢҒОЛИЯНЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ МЕН

   ТУРИЗМІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

1.1. Моңғолияның географиялық орналасу жағдайының туризмге

       тигізер әсері ……………………………………………………………………………….

1.2. Моңғол еліндегі туризмнің даму тарихы …………………………………..

1.3. Мемлекеттегі туризмнің қазіргі ахуалы …………………………………….

 

ІІ. МОҢҒОЛ ЖЕРІНДЕГІ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАР

2.1. Моңғолияның табиғи-географиялық аймақтары ………………………..

2.2. Елдегі бальнеологиялық орындар ……………………………………………..

2.3. Туризм саласындағы қорық жерлердің алатын рөлі …………………..

 

ІІІ. ЕЛ ТУРИЗМІНДЕГІ ТАРИХИ – МӘДЕНИ ОРЫНДАР МЕН

      ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ

3.1. Тарихи ескерткіштер туризмнің негізгі саласы ………………………….

3.2. Ірі қалалардағы тарихи – мәдени ошақтар …………………………………

3.3. Мемлекеттегі туризмнің болашағымен оны қорғау

        шаралары ………………………………………………………………………………..

 

ҚОРЫТЫНДЫ ……………………………………………………………………………….

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ………………………………………………

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеудің өзектілігі: 2005 жылды Моңғолияда «Туризмді қолдау жылы» деп атауы экономика саласында қызмет көрсету мен туризмді дамытуға жол ашатыны сөзсіз.

Кез келген табиғи байлыққоры мен тарихи — мәдени құндылықтары бар территория саяхатшылардың, ғалым зерттеушілердің, іскер адамдардың және тіпті жай демалушылардың да қызығушылығын тудырары хақ.

Туризмді басқару жүйесін орталықтандыру мен түрлі субъектлердің құрылымының пайда болуы туристік саясатты аймақтық деңгейде деңгейде жүргізу мәселесін туынтатты. Бүгінгі таңда дәл осы жерге территория дамуының әлеуметтік-рекреациялық потенциалы сияқты туризмді дамыту стратегиясы орайласуы тиіс.

Әр территория ландшафты, табиғаты, мәдениеті, климаты тарихы жағынан аймақ туризмінің даму мүмкіәндіктерін анықтайды.

Туризм географиясы жағынан Моңғолияның табиғи ресурсы мен тарихи-мәдени ресурсы кешенді орын болып табылады. Қазіргі таңдағы туризм мен оның болашағыан баға беру үшін рекреация мен демалыс жағдайын, шетелдік туристерді қабылдау деңгейін, табиғи рекреациялық байлықты, тарихи-мәдени ресурсты жан-жақты әрі терең зерттеу керек.

Елдегі бүгінгі күндегі туризм дамуына жасалған талдау оның жоғары әлемдік деңгейде пайдаланылып, экономика саласындағы негізгі кіріс көзі болып отырғанын көрсетіп берді. Сонымен бірге оған кедергі келтіріп отырған себептер де аз емес. Ол мемлекеттің жоғары деңгейде қорғауғаала алмауыжәне жеткілікті деңгейде зерттеулер жүргізілмеуі.

Моңғолияда туризмді дамытудың өзектілігі ұлттық, тарихи, мәдени және табиғи ерекшеліктерді есепке ала отырып экономикалынегізгі кіріс көзі болып саналатын, бүкіл дүниені таң қалдыратын туристік ресурстардың көзін ғылыми өте жоғарыдеңгейде зерттеп әлемге паш ету.

Зерттеу объектісі: Туристік-рекреациялық ресурстарды меңгеру мен қолданудың жобасын туризмді дамыту мақсатында аймақта территориядағы рекреакциялық ресурстарды кешенді бағалау негізінде болжау мен жоспарлау.

Жұмыстың мақсаты: Рекреациялық ресурстарды кешенді бағалау негізінде Моңғолиядағы туризмнің дамуын анықтау, экономика саласындағы маңызы мен орнын негіздеу. Мақсатқа орай келесі міндеттердің шешімі туындады:

— туризм географиясын туризм дамуындағы және экономика саласындағы ғылыми әдістемелі қор ретінде негіздеу;

— аймақ бойынша мәліметтер қоры негізінде рекреакциялықресурстарға талдау жасау және бағалау;

— территориядағы туризмнің одан әрі дамуына объективті сипаттама беру;

— рекреациялық ресурстарды туризмді дамыту мақсатында қолдану деңгейі мен жағдайын анықтау;

— елдегі туризм дамуының жалпы ғылыми жобасын жасау;

Зерттеудің әдістемелік деңгейі: Теориялық және әдістемелік зеттеуде келесі дерек көздері пайдаланылды:

— моңғолдық зерттеушілерден: Ц. Дамдсүрэн, А. Амар, Д. Титидорж, Ш. Шагдар, Т.Х. Газар Нүтгийн, Б. Цог, А.Ж. Үндэс, Д. Магиярсүрэннің еңбектері қолданылды.

— ресейлік және қазақстандық ғалымдардан: Д. Майдар, Ю. Цэдэнбал, И.И. Потемкина, В.А. Менделев, Н.О. Сиретенко, В.П. Максаковский, З. Қинаятұлы, Л.Н. Гумилев, Н.Я. Бичуриннің жұмыстары қаралды.

— шетелдік ағылшын тіліндегі әдебиеттерден: Д. Титидорж, А. Нурий кітаптары мен журналдар аудармалары енгізілді.

Тапқырыптың кешенді сипаты қазіргі таңдағы зерттеушілердің аймаққа берген бағасы мен туризмге шақырылған жарнамалар және маршруттар кестесімен толықты. Оған интернеттегі көптеген сайттар қолданылды.

Зерттеуге жалпы ғылыми, географиялық, статистикалық, анализ, синтез, жүйелеу, салыстырмалы-географиялық, сипаттамалық, картографиялық әдістер қолданылды.

Ғылыми жаңалығы:

  1. Аймақтың туристік-рекреациялық ресурстарына және туризмнің қазіргі жағдайына кешенді түрде талдау жасалды;
  2. Табиғи және тарихи-мәдени рекреакциялық орындарға ғылыми түрде жіктеу жасалды;
  3. Моңғолиядағы туризм жағдайына мемлекеттік саясат пен ғылыми — деректерді негізге ала отырып болжам жасалды.

Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі: Диплом жұмысы кіріспеден, 3 тараудан және қорытындыдан тұрады.

Кіріспеде дипломдық жұмыстың актуальдылығы, мақсаты мен міндеттері және жұмыстың ғылыми және практикалық маңызы тұжырымдалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. МОҢҒОЛИЯНЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ МЕН

ТУРИЗМІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

 

 

1.1. Моңғолияның географиялық орналасу жағдайының туризмге тигізер әсері

 

Моңғолия – орталық Азияда орналасып, батысында Моңғол Алтайы тауынан, шығысында Үлкен Хинганға дейін, солтүстігінде Шығыс Саяннан, оңтүстігінде Гоби шөліне дейін созылып жатыр. Жер көлнемі 1565 мың км.кв.-ты құрап, дүние жүзінде жер көлемі жағынан 17 орында. Территориясының батысынан шығысына дейін 2392 км, ал оңтүстігінен солтүстігіне дейін 1259 км.

Мемлекет негізінен екі елмен ғана шектеседі: 3400 км Ресеймен, 4758 км Қытаймен.

Халқының саны 2,5 млн. адам. Ел территориясының адам аз қоныстанған бөлігі шығыс далалық және оңтүстік жартылай жазықты аймақ.

Моңғолия әкімшілік-территориялық жағынан сумындардан тұратын 20 аймаққа (облыс) бөлінеді.

Моңғол елінің табиғаты негізінен бастапқы жаратылған қалпын сақтаған. Оның бірнеше себебі бар:

1) халқы табиғат ерекшелігіне сай көп жылдар бойы мал шаруашылыығмен айналысып келеді;

2) қоныстанушылардың негізгілерінің сенімі бойынша табиғатқа сиынып, оны қорғайды.

3) ғылыми-техникалық өркендеудің әсері төмен;

4) адам саны аз болғандықтан антропогендік ықпалы да аз.

Моңғолияның шырышы бұзылмаған бұл табиғи жағдайы да туризмнің негізі болып табылады. Ел территориясын теңіз деңгейінен шамамен 1500 км биіктікте орналасқан. Республикада жазық жерлер аз, ал ойпат мүлде жоқ.

Мемлекет аймағының жер бедерініңфизика-географиялық жағдайына қарай 5 үлкен бөлікке бөлуге болады: Алтай, Хангай-Хэнтэй, Үлкен көлдер қазаншұңқыры, Шығыс-Моңғол және Гоби.Алтай ауданы геологилық жас, биік таулы батыс аймаққа жатады. Алтай тауының ең биік бөлігінің бірі – Таван – Богда – Уланың ең биік нүктесі 4374 м. Мұнда альпинистердің қызығушылығын тудыратын мәңгі қор мен мұз жататын тыңдар бар. Әсем көркем бейнелі жақпарлы жоталар, үшкір тасты қырқалар, терең құздар, қаталдығымен ұлы пейзаж оңтүстік-шығысқа қарай бірте-бірте жұмыр шыңдарға алмасады.

Хангай-Хэнтэй ауданы орталық Моңғолияның айтарлықтай бөлігін алып жатыр. Орхон-Селенга өзенінің бассейнінің аңғарын Хангай-Хэнтэй таулы жотасы үш ауданға – Хангай, Хубсугульмаңы және Хэнтэйге бөлінеді.

Вулкан әрекеті әлі сақталған негізгі Хангай жотасының 3905 м-лік шыңдарында мәңгілік қор сақталған.

Шығыс саян таулы жүйесіне кіретін Хубсугуль маңы таулы аудандарының ландшафты ерекше көркем. Терең өткел бермес құздар, тік беткейлер, жартастар.Елдің солтүстік-шығыс бөлігінде хэнтэй тауы жайғасқан. Биік жоталарында тар құздар мен жалаңаш, тік беткейлер ұшырасады. Мұнда мәңгі қор болғанмен, мұздану дәуірінің ізі көрінетін көлдер мен шыңыраулар бар.

Хангай мен хэнтэй тауларының арасындағы Селенга және Орхон өзендерінің ойысында Орхон-Селенга таулы облысы орналасақн. Бұл аймақ – Моңғолияның негізгі халқы тұратын жер.

Моңғолияның батысында Хангай және Алтай тауларының арасында Үлкен көлдер қазаншұңқыры тұйық ойпат болып 600-650 км-ге созылып жатыр. Мұнда 759 м-ден 1153 м биіктік аралығында бес ірі көл орналасқан.

Үлкен көлдер қазаншұңқыры рельефі жағынан шөлейтті, шөлді далаға жатады. Мұнда орман жоқ, өзендер аз. Оның территориясында көлдердің кебуінен пайда болған сортаңдар, батпақты жазықтар, кепкен өзен салалары жиі ұшырасады.Қазаншұңқырлардың айтарлықтай аймағы ірі құм сілемдері мен жекелегенқұм шағылдар алып жатыр. Бархандар әсіресе шығыс бөлігінде көп тараған. Олар әдеттегідей өсімдіктермен бекітілген. Бірақ жылжымалы, тіпті әнші борхандар кездеседі.

Шығыс Моңғол ауданы Моңғолияның біраз төмен, әрі жазық бөлігі. Үстел бетіндей тегіс жерлерде тек біртекті төбелер ғана көрініс береді. Жазықты даланың биіктігі орташа 800-1100 м. Бұл аймақ ауыл шаруашылығына қолайлы болып саналады.

Моңғолияның қиыр оңтүстігін Гоби ауданы алуда. Бұл кең жер солтүстіктен оңтүстікке 500-км-ге, батыстан шығысқа 1000 км-ге созылып жатыр. Мұнда біртегіс кеңістік жоқ десе де болады. Жазықтарды аласа төбелер, кең аңғарлармен бөлінген ұсақ шоқылар алып жатыр. Кеуіп қалған өзен салалары мен шағын тұзды көлдер жиі ұшырасады. Тақырларды да кездестіруге болады.

«Гоби» сөзі құм көмкерген кеңістік дегенді білдіреді. Бірақ бұл дәл солай ғана емес. Құмдар бүкіл ауданның 3 пайызын құрап, өсімдіктермен бекітілген. Мұнда адамдар да мекен етіп, жайылым ретінде пайдаланады.

Моңғолияның оңтстігіне орналасқан орналасқанГобидің ландшафты ерекше әсем. Кең аңғарлар төбелермен, тау тізбесімен алмасып отырады, өзеннің ежелгі тасты салалары күнге жарқырайтын жартастармен, әдемі тақтатастармен қоршалған, шөлді далалардағы үстірттер әртүрлі пішінге келген тау қалдықтарымен кезектесіп келеді. Бұл қияли қорғандар мен тас мүсіндерді еске түсіреді.

Гурван-Сайхан тау тізбегін Оңтүстік Гобидің маржаны деп атауға болады.Ол үш құзбен бөлінген, өте тереңге кеткен тау жотасынан тұрады. Олардың аралығынан асау тау өзендеріөтеді. Беткейлері жапырақты ағаштармен жабылған. Тізбектің шығысында жер сілкінісінен пайда болған атақты Елын-але шатқалы бар. Мұның сұлулығы саяхатшыларды таң қалдырды:ағыны күшті, сарқырама қатты сел тудырады, шатқалдар мен үңгірлерде мәңгі мұздар жатады, оның ары қарай түбінде лабиранттер орналасқан. Салқын бұлақтар мен мұз бастаулар Гобимен жанамаласып жатыр. Осы Гурван-Сайханда елдегі үлкен туристік базалардың бірі орналасқан.

Гобидің әсемдігіне фантастикалық жер жағдайы жатады. Жыныстардың құрылымы мен сипатына қарай ол тәулік мезгіліне қарай сәулеленіп жарқырайды және оның түсі ауаның таза болуымен әлсіз-көгілдір, алқызыл, аспан көк түстен қызыл, изумрудты, қанық көк, қара түске дейін құбылады. Мұны жергілікті гобиліктер 33 түрге дейін бөледі.

Гобидегі 800 м биік құмдар аймағы Хонгор деп аталады. Мұның ені 20 км, ұзындығы 100км. Хонгор өзені осы құмдардың арасымен ағып, оазистер жасайды. Көптеген компаниялар саяхатты дюналар арасымен түйемен жүруге арналған. Мұның өзі өзінше бір саяхаттың таза табиғат арасында жүргізілетін түрі болып табылады.

Баянзаг оңтүстік Гоби аймағы міндетті түрде саяхатшылық жасауға болатын, болашығынан да зор үміт күттіретін жер. Онда көркем бейнелі салдары деп аталатын орман бар. Баянзаг әлемге онда табылған динозавры мен онвң жұмыртқасы арқылы танымал. Бұл аймақта тас ғасырының ерекше объектілерінің табылыуында археологтардың да еңбегі зор.

Сонымен Моңғолияны Гобисіз елестету мүмкін емес. Халықтың парламентінің шешімімен 1976 жылы 64447400 га жер Гобидің қорғалған Облысы деп еске алынды. Ондағы мақсат – Гобидің адам аяғы баспаған табиғатын қоршап, зерттеу, ондағы жануарлар мен өсімдіктерді сол қалпында ұстап одан әрі санын арттыру. Оның бейнесі қиялдағы сурет тәрізді. Көптеген полентологиялық мәліметтер Гобиден табылған. Оларға мысалы, көпдеген жануарлар тұрақтарындағы суреттер, жабайы нар, ақбөкен, Гоби оюы және оазистер жатады. Тағы да бір тамашасы күзде Солтүстікте суық, қарлы болса ондағы Гоби сол қалпы жасыл, жылы қалпын сақтап тұра береді. Онда кірсең өзге әлемге бет алғандайсың.

Мұнымен Моңғолия жерінің туризм дамытуға қолайлы бір ғана аймағын айтуға болады. Жалпы Моңғол елінің айнала биік тауларымен қоршалып жатуы, оның территориясының теңіз деңгейінен 1500 м биікте орналасуының өзі тек сол мемлекетке ғана географиялық жағдай. Елдің рельефі онда орналасқан адам табаны тимеген әсем табиғаты мен таңғажайып жаратылысы әлем туристерінің қызығушылығын оятып, ел экономикасында жетекші кіріс көзі болатынын да әлдеқашан дәлелдеп үлгерген.

 

 

1.2. Моңғол еліндегі туризмнің даму тарихы

 

Моңғолия ертеден-ақ саяхатшылардың көңілін аударған ел болатын. Оған мысал, әйгілі саяхатшы потанин, прижевальскийлер өз кезегінде бұл елдің табиғи жағдайына қызығып ел тарихында өз іздерін қалдырған. Қазіргі Баян-Өлгий аймағының Нангус сумынының жеріндегі Бесбоғда тауында Потаниннің мұз өзені, Прижевальский жылқысы қалған.

Моңғол халқы ежелден көшпелі тұрмыс кешкендіктен жергілікті халық өмірінде саяхат маңызды рөл атқарады. Саяхат дегеніміз кейбір ел үшін көшіп-қону үшін негізгі маңызды іс-әрекет деп қарайтын болсақ, көшпенді моңғол халқында «саяхат» деген ұғым ертеден қалыптасқан.

Дүние жүзіндегі туризмнің алғашқы кезеңі кейбір діндердің пайда болу уақытымен, жаулап алушылық соғыстарымен байланысты. Сондықтан мұндай себептер Моңғолияның туризм тарихымен де байланысты. Оны алғашқы туризмнің бастау алу кезеңі деп атап көрсетуге болады.

Моңғолия мемлекетіндегі ең бірінші «Туризм» компаниясы 1954 жылы құрылған. Ол алғаш «Шетелдік туристерге қызмет көрсету орны» деген атпен белгілі болды. Содан бері бұл салада көліктік қызмет көрсету, бұған өқоса туристік қызмет көрсету мамандары, мысалы, экскурсавод, гид, аспазшы, қонақ үй бөлмелерінің қызметкерлері, қарсы алушы деген сияқты т. б. мамандар даярланды. Сондай-ақ туристерді орналастыруға арналған «Баянгол», «Улаан-батор» қонақ үйлері, «Гэрэлж», «Жуулчин Гови» туристік базалары салынып, содан бері олардың саны мен сапасы да артып,мамандар да күн өткен сайын көбеюде. Осы тарихи кезеңді Моңғолиядағы туризмнің дамуының негізгі кезеңі деп атауға болады. Бұл 1954-1990 жылдар Моңғол елінің туризм тарихындағы қанатын кең жайып, өркендеген уақыт.Одан әрі оған 1990 жылы қоғамда орын алған халықтық қозғалыс өз әсерін тигізді.

1990-2001 жылдар аралығында туристік жекеменшік мекемелер саны көбейіп, бұл экономикаға пайда әкелетін саланың бірі болып қалыптасты. Сондай-ақ бұл саланы басқаратын мекеме құрылды. Ол «Туризмнің Ұлттық Ұйымы» деп аталады.

2000 жылдың мамыр айынының 5-і күні туризм туралы Моңғолия мемлекетінің заңы қабылданып, өз күшіне енгені бұл туризм саласының қазіргі таңда толық дұрыс жолға қойылғанының белгісі.

Осы уақытқа дейінгі туризм тарихындағы қалыптасқан жағдайды саралай келе, Моңғолияның ресми орындары барлық келуші туристерді 4 топқа жіктеп көрсетуге болады дейді.

Біріншісі, топ болып жүріп негізінен ел астанасы Улаан-баторға, гоби шөліне және ежелгі моңғол астанасы Хор Хоринға саяхат жасайтын жапондықтар. Жапондықтарды ең құрметті қонақ ретінде қабылдау жергілікті халық санасында қалыптасқан. Олар әр зат алғанда еш саудаласпайды және жиі келіп тұрады. Оларды моңғолдардың негізгі ұсына алары табиғи ландшафты мен, будда монастрлары қызықтырады.

Екінші топқа – Қытайға немесе Ресейге кетіп бара жатқан жолда соғатын Еуропалықтар, австриялықтар және солтүстік америкалықтар жатады. Оларды тасымалдаушылар бір аптаға тоқтап, оларды таныстырады.

Үшінші топтағылар 14 немесе одан да көп күнге келетін таңғажайып, әрі экзотикалық саяхат жасағысы келетін саны көп болмайтын туристер.

Сонымен ең соңғы ел қазынасын айтарлықтай толтыратын өзі санаулы ғана бай аңшылар.Оларға арқарға, қасқыр мен құланға және тау ешкіге аңшылық жасауға рұқсат етіледі.

Мұның барлығы туризмнің белгілі дәрежеде дамығандығының дәлелі. Ол соңғы 10 жылда ерекше қарқындап өсуде. Оны қорғайтын және заңды түрде ұйымдастыратын жоғарыда айтқанымыздай 2000 жылы қабылданған 6 бөлімнен, 30 тармақтан тұратын туризм туралы заң дакөп нәрсені көрсетеді.

 

 

1.3. Мемлекеттегі туризмнің қазіргі ахуалы

 

Моңғолия мемлекетінің экономикалық дамуындағы негізгі кіріс көзінің бірі – туризм саласы. Осыған орай моңғолия үкіметі туризмнің дамуына әсер ететін факторларға зерттеу жұмыстарын жүргізіп, шетелдік туристерді көптеп тарту сияқты шараларды жүзеге асырып, ел туризмі индустриясына ерекше көңіл бөлуде.

Саяхатшыларға республиканы кеңінен таныстыруға – бұзылмаған табиғаты, таза ауасы, тұнық суы, дүние жүзінде жойылуға айналған жан-жануарлары мен тарихи ескерткіштері үлкн үлесін қосып отыр. Осыған орай Моңғолияда туризімнің төмендегідей түрлері жіктелді:

1) тарихи деректі жерлерге саяхат жасау;

2) әсем табиғатқа шығу;

3) мекендеуші түрлі ұлттардың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерін тамашалау;

4) спорт түрлерін қызықтау;

Туризм ел экономикасына үлкен үлес қосумен бірге, халықтардың бір-бірін біліп, жақын араласуына, елді шетелдерге насихаттауға мүмкіндік береді. Ол үшінүкімет «Туризм – тұрақты табыс» деген атпен жыл сайын туризмді дамыту шараларын ұйымдастыруда. Оның аясындағы елді шетелдерге насихаттауға арналған мынадай шаралар жүзеге асуда:

«Моңғолияның мәдени туризмінінің дамуы» атты халықаралық кіші конферецияларда елімізден барған жоғары оқу орындарының студенттері шет елдерде көптеген жарнамалар, көрмелер өткізді.

Қытайда, Австралияда, Германияда, Кореяда, Англия сияқты оншақты елдерде 2005 жылы үлкен халықаралық көрме болды. Моңғолияның тамаша табиғатын, көшпенділерді ерекше салт-дәстүрін табиғи ескерткіштерін, құнды байлықтарын туризмнің ары қарай дамуы мақсатында насихаттап, көптеген елдердің халқына танытты. Мысалы, Берлинде өткен «ІІВ» жәрмеңкесінде 50 мыңдай адам болған.

Сондай-ақ, туризмді дамытуға керекті алғышарттардың бірі материалдық жағдайдың болуы. ОЛ үшін саяхаттанушыларды қарсы алып, күтетін, тұрақтануына мүмкіндік беретін қонақ үйдің болуы, арасан демалыс орындарын жарықпен, таза су сияқты осы заман талабына сай барлық мүмкіндікпен қамтамасыз етуге тиісті. Ол үшін жергілікті тұрғындардың назарын аудару мақсатында көптеген іс-шаралар жүргізілуде. Осыны көздеген конференциялар ел астанасы Улан-баторда, Ховда, Алтай, Қарақорым, Чойбалсан, Цецерлік қалаларында ұйымдастырылып, 19 аймақтың бірлескен семинары өтті. Барлық аймақтарда мемлекеттік мекемелердің, үкіметтік емес ұйымдардың, жекелеген секторларының, білім беру және мәдени орындардың өкілдерінен құралған туристік кеңестер жұмыс істеуде. «Ауылдық туроператорлар үшін» және «Ауыл туризмінің негізі» атты құралдар басылып таратылған.

Моңғолияның премьер-министрі Ц. Элбэгдорж туризм жөніндегі жалпы моңғолдық съезде визалық тәртіптің либералданатынын, әуе және теміржол тарифінің ретке келетінін айтты. Ол 2005 жылдың маусым айынан бастап жазғы уақытқа енген Улаан-батор-Пекин бағытындағы туристік поездінің халықаралық жүрдек туристік поездға алмасатынын хабарлады.

Осы 2005 жылдың өзін Моңғолияда «Аймақтық туризмді дамытуды қолдау жылы» деп атаудың өзі көп нәрсені білдіреді. Ал 2006 жылды турагенттіктерді қолдау мақсатында министрлік «Туристік білімдендіру» жылы деп атады.

2005 жылғы мәлімет бойынша елде 500-дей турфирма мен 200-ден аса турбаза жұмыс істейді екен. Туристерге 250-дей жергілікті агенттіктер қызмет көрсетіп, оның 10-ы туристік нарықтық 80 пайызын өзара бөліседі. Олар туристік агенттіктердің Моңғол ассоцациясына (ТАМА) бірігеді. Елдегі барлық турфирмалар жекеменшік. Қонақүйлер ассоцациясы түрлі қызмет көрсету иелерін біріктіреді. Барлық қонақ үй жекеменшік және қандай да бір категорияға жатпайды. Тіпті Улаан-батордағы жақсы деген қонақ үйдің бірі «Шыңғыс хан» халықаралық қатарға кірмейді және аттестациядан өтпеген.

Соңғы Моңғолия парламентінің туристтік агенттігінің статистикалық мәліметтері бойынша қазіргі кезде Моңғолияда 7000 орындық 260 қонақ үй, әуе билеттерін сататын 10 магенттік, 5 әуе компанияларының қызмет көрсетіп, туризм мамандықтары бойынша маман дайындайтын 40 шақты оқу орнының, жүздеген ресторан, кафе т. б. қызмет көрсету орындарының жұмыс істеп тұрғаны белгілі. Shangriha қонақ үйлер жүйесі 2007 жылдың соңына қарай Моңғолияда өзінің бірінші қонақ үйін салуды жоспарлапотыр. Ондағы келісім бойынша қонақ үй кешенінде қонақ бөлмелері, мекеме орталығы, дүкендер орналасады. 190 нөмерлік қонақ үй моңғол астанасы Улан-баторда салынды. Енді туризм саласынан ел экономикасына кіретін нақты кіріске тоқталсақ турфирмалар мен турбаздар есебінен 190 млн АҚШ доллары кіріп, ол мемлекеттік бюджеттің 10 пайызын құрайды.

Негізгі шекаралық басқарманың ақпараты бойынша 2002 жылы Моңғолияға 756 мың, 2004 жылы 936 мың турист келген. Ал ол 2005 жылы 24пайызғаартып, өткен жылмен салыстырғанда кірісті де 15,8 пайызға көтерген. Яғни, Моңғолияға келетін әрбір турист орташа 2130 доллар шығындаса, ол осы елдің кірісі болып 2005 жылы доллар 48,2 милионды құраған.

Ел басшыларының жоспарлауы бойынша өз мемлекетінің негізінің қолдануының 800 жылдығына орай осы жылдың жазайларында 400 мың туристі қабылдауды алға қойып отыр. Сондай-ақ, министірлік 2005-2008 жылдарға 2 милион турист қабылдап, бұрынғы көрсеткішті 20 пайызға көтеру міндетін де жариялады. Қазіргі таңдаел үкіметі Корея, Жапония және Қытай мемлекеттерімен әуе арқылы қатынас жасаудың түрлі келісімдерін жасаумен айналысуда.

Сол мақсатта осы жылғы мерекеге орай дипломатиялық өкілдіктер мен консульдықтар бөлімі топтықвизалар беруге рұқсат алды. Оның нәтижелерінде 5-10 адамдық топ 25 пайыздық, 10 адамнан көп болса 50 пайыздық жеңілдікке қол жеткізе алады. Мұның күші осы жылдың наурыз айы мен 31-желтоқсаны аралығында жүзеге асады.

Моңғол еліне келуші туристер бұл елден бастапқы қалпын сақтап қалған табиғатпен, бай тарихымен, этнографиясымен, дәстүрлі қонақжайлылығымен, дамыған инфрақұрылымымен және жоғары халықаралық деңгейдегі қызмет көрсетуімен қауыша алады.

Ондағы негізгі экскурсиялық объектлер – Хар Хориндағы Эрдэнэ Зуу, Манзгиириндегі (Моңғол астанасы Улаан-батордың солтүстігіндегі қала маңы) Амарболсгалант буддалық монастрлары. Сонымен қатар, туристер монгол империясының ХІІІ ғасырдағы астанасы Хар хоринді де тамашалайды. Сондай-ақ қонақтар үшін кейбір ұлттық мекемелер мәселен, Цагаан сар ай күнтізбесі бойынша көктемнің басында тойланатынмоңғол жаңа жылы да қызықты. Бұл туристердің негізгі назарын аударатын нәрселері.Ал саяхатшылар ағылатын мезгіл мамыр айының аяғы мен қыркүйекке дейін. Бірақ елде шаңғы теуіп, аңға шығып қыс мезгіліндегідей туризмді дамытуға да мүмкіндік бар.

Сонымен, Моңғолия үкіметінің қазіргі таңдағы негізгі міндеті – туризмдегі жекелеген бағыттарды дамытып, шетелдік туристер мен инвесторларды тарту болып отыр. Мұның барлығын инфрақұрылымды дамыту министрлігі құрған туризмнің ұлттық орталығы жүзеге асырып келеді. Әзірге моңғолияда тек табиғи және мәдени-тарихи туризмді дамытуға ғана мүмкіндік болып, соның нәтижесінде ел бюджетіне жылына 48,2 млн. АҚШ доллары есебінде кіріс кіріп отыр. Мұның өзі туризмнің ел экономикасындағы жетекші сала екенінің көрсеткіші.

 

 

 

ІІ. МОҢҒОЛ ЖЕРІНДЕГІ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАР

 

2.1. Моңғолияның табиғи-географиялық аймақтары

 

Жалпы елдің табиғи байлығы сол елдің әсем бейнелі көркем жаратылысымен сипатталады. Сондай-ақ ол объектілер туризммен тікелей байланысты.

Оны мемлекеттік және халықаралық тұрғыда белгілі бір стандартқа сай етіп қалыптасқан заңды түрде қорғауы тиіс.

Өзге елдер сияқты Мрнголияда да ерекше қорғалатын аймақтарды Халықаралық табиғатты қорғау ұйымы Дүниежүзілік табиғатты қорғау мониторингі орталығымен бірлесіп 1993 жылы оны тізімдеді. Ол бойынша былай жіктелді: қорық жерлер, табиғи байлық, тарихи орындар, табиғаттағықор; қорғалатын ландшафт деп негізгі 5 топқа бөлген. Оның алғашқы төртеуі моңғол елінде кездеседі. Енді соның әрқайсысына кеңінен тоқталсақ:

 

Кесте 1. Ерекше қорғалатын аймақ (20530588 га, яғни 48 елді мекен)

Қорық жерлер

Табиғи байлық

Табиғи қорлар

Тарихи орындар

Табиғи алқаптардың ерекшелігін, сондай-ақ ежелден өзінің жаратылысын, қасиетін сақтап, адамзаттың қорғануының нәтижесінде әлі күнге дейін жалғасын тауып келе жатқан жерлер.

10494283 га – 12 елді мекен.

Табиғаттың ежелден бері кескін-келбетін сақтапкеле жатқан тарихи, экологиялық, мәдени маңызы бар және де туризм саласында ерекше орын алатын жерлер 8133420 га -14 елді мекен.

Табиғат байлығын сақтап, яғни табиғи қорларды біріктіретін мекендер 182358 га – 16 елді мекен.

Табиғаттың бастауын ежелден алатын, қазіргі таңда қорғауға алынған мәдени-тарихи орындар 79305 га – 6 елді мекен

 

Алынған көзі (Улсын Атлас)

 

Кесте 2. Табиғи байлық жерлер

 

Мемлекеттік қорғауға алынған жерлердің аты

Қорғаудағы жер көлемі

8133420 га

 (39,6 пайыз)

Қорғауға алынған жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

Ховсгол көлі

Хорло-Гэрхидің ақ көлі

Гобидің үш кереметі

Горхи-Гэрэлж

Алтай Бесбоғда

Хангай жотасы

Қарасу көлі

Неон хангай (патша Хангай)

Хустайн жотасы

Ханхохий-Хорлос

Сийлхэн жотасы

Цамбагар тауы

Тарбағатай жотасы

Онон-Балж

838070

77267

2694737

293168

636161

888455

850272

59088

50620

553350

140080

110960

525440

415752

1992

1995

1993,2000

1993

1996

1996

1997

1998

1993, 1998

2000

2000

2000

2000

2000

 

Алынған көзі (Шинэ Эрдэнэ)

 

Моңғолия жеріндегі Алтай, Хангай, хэнтэй, үлкен Хянган, Ховсгол сияқты таулар елдің 5 негізгі табиғи рекреакциялық аймағына жатады. Осыған орай туризм ошақтары да осында шоғырланған. Бұлардың ішіндегі Алтай таулы жүйесі (1, 2 кесте).

Моңғол Алтайының туризмдегі орныАлтай таулы жүйесі Еуразия континентінің орталық бөлігін алып жатыр. Алтайлық тау жүйесінің солтүстігі Ресей мен Қазақстанға қарап, Орыс Алтайы деп аталады. Оңтүстіктегі моңғолия мен қытай жерінде жатқан бөлігі Моңғол және Гоби Алтайы деп аталады. Оның ұзындығы 1000 км, ені 300 км, биіктігі 4374 м-ге дейін жетеді. Жоталарының шыңдары тегістелген, жұмырланғанмәңгі ерімейтін қар мен мұздың ауданы 810 км.кв. Оның ішінде ірісі – Потанин мұздығы. Оңтүстік-батыс беткейлері ылғалды, орманды-шалғынды келеді. Ал баурайын дала, жоғарғы бөлігін альпілік шалғын алып жатыр.

Мұнда келушілерге бұл саяхат көптің қолы жете бермейтін Моңғол және Орыс Алтайында болып көру мүмкіндігін сыйлайды. Алтай тауы күрделі табиғи бітімнен тұрады. Оның территориясында орталық-азиялық және сібірлік әлем ұштасып жатыр. Алтайдың орыс жағындағы бөлігі табиғаттың сібірлік түрін көрсетсе, сол мезгілде Моңғол Алтайынан орталық-азиялық аймақ бейнесін тамашалауға болады.

Алтай тауы тасты, шөлді, қарлы шыңды және алуан түрлі қызықты үңгірлері бар.ол жайында Ресейдің «Ъ-Старт» журналы былай деп жазады: «Ондағы мекендерге туристің бір қарауы, онда бір рет уақыт өткізуі оны қайта әкелмей қоймайды. Бұл қызықты оқиғалармен қатар жүретін саяхат – бір нәрсеге таң қалуы қиын адамдар үшін» — дейді.

Бұл тау Моңғолия территориясыынң 70 пайызын алып жатыр.Оның ең биік шыңы батысындағы Таванбогдо тауының биіктігі 4374 м-ге жетеді. Моңғолия бүкіл жер планетасындағы ең континентальды ел. Бұл жаз мезгілінде ауа температурасы +40 градусқа көтерілсе, қыста сол шаманың минусын көрсетеді деген сөз.

Моңғол Алтайындағы туризмнің тамыры тереңде. Ол бағыт бойынша жүреді: биік таулы треккинг, төрт мың метрлік биіктікке шығу, атпен көрсетілетін ойындар, түйемен серуендеу, Хариустағы спорттық балық аулау. Айта берсе әр келушінің таңдауына қарай жіктеп, сол бағытпен ғана дем алдыруғм да болады.

Моңғолдар глобализацияға ұшырамаған, өз дәстүр, ұстанымдарын жақсы сақтайды. Олар бұрынғы ата-бабаларындағы атпен жүреді. Бұрынғыдай өте сұлу және өздері де бұрынғыдай ат құлағында ойнайды. Халқы көбінесе киіз үйде тұрады, сүт ішеді, ет жейді.Онда барсаңыз таза табиғаттың иісі аңқитын қымыз бен қымыранның дәмі аузыңыздан кетпейді. Онысын күміс тостағанмен ұсынады және кез келген қонақты қимас туысындай құрметтейді. Қазіргі таңда танымайтын, әрі кездейсоқ кездескен адамды киіз үйіне кіргізіп ет жегізіп, сусын ішкізбей шығармайтын елді табу қиын-ақ. Бұл дәстүрді барлығы, әрі осы күнге дейін ұстауы кез келген туристің қызығушылыығн тудырады.

Моңғолдар еңбекқор. Таң атқаннан күн батқанға дейін малмен айналысып, кешке ғана жалғыз тұрған киіз үйіне оралады. Бұл үйлер әдемі көлдердің жағасына жайғасқан. Осы арқылы Моңғолияның көшпелі мәдениеті көз алдыңызға келеді. Сонымен моңғол Алтайы арқылы мынадай табиғат көрінісін тамашалауға болады: ақ қар басқан таулар, асау өзендер мен көгілдір көл тостағаны.

Моңғол Алтайының негізгі табиғи байлығы да көлдері. Жағалауында ақ шағаладай киіз үйлері мен жайылымы бар жүзге тарта көлі бар. Сонымен бірге тау өзендеріндегі балық аулау да өзінше бір қызық. Егер саяхатшылар оны мақұлдаса таудың асау Қобда өзеніндегі ойпаңдау жерлеріне жайғасуына әбден болады. Сагсай өзенінің жағасына да аялдаушылар өте көп.

Моңғол Алтайындағы биік таулық туры жаңадан бастапжүрген альпинистер мен тау туристеріне де табылмайтын орын. Биіктігі 3,5 мыңметрден асатын мәнді қор мен мұз бүркеп жатқан шыңдар күмбез пішіндес болып, ірі-ірі мұз тілшелері жауып жатыр. Сонымен бірге тік беткейледе ұшырасады. Бір-біріне жақын жатқан тау рельефтері автокөлікпен тау іргесіне дейін келуге мүмкіндік береді.Әдеттегідей тау қолтығында бозалық лагерь дамытылды.

Таңсәріде тұрған турист шыңға көтеріліп қараңғықоюланғанша төмен түсіп үлгеруіне әбден болады. Бұл жотаға бағыт алған саяхатшылардың маршруты екі шыңды алуға жоспарланған. Оның бірі 3981 метірлік Сайр тауы, екіншісі 4208 метірлік Цомбогар сілеміндегі ең биік нүкте Цаст шыңы.

Алтай тауына көтерілуші туристердің соңғы туры өздері аяғымен басып көріп үйренген таулы орман мен биік тундра зонасы болып табылады. Ондағы Актру мұздығы, аңғарлар алаңшасы, тау бұлағы мен көл жағасында отырып от жағып, ежелгі қорғандармен петроглифтерді тамашалау.

Моңғолия жеріндегі келесі үлкен тау – Хангай елдің орталығында орналасқан. Тау көлемі барлық бағытта түпкі жыныстардан жасалып, айтарлықтай аймақты алып жатыр.

Тауда орман тығыз өсіп, тамашаа беткейлер, кең жайылым таралған. Хангайдың орташа биіктігі 2500-3000 м. Ал оның көркем суретті кейбір бөліктеріне жекелей тоқтала кететін болсақ: бұл таудың ең биік нүктесі 4031 м болатын Отгонтэнгэр. Ол таудың батыс қанатын алып аспанмен ұштасып жатыр. ХҮІІІ ғасырда бұл тау қасиетті деп танылып, қазір тарихи, экологиялық маңызы жоғары. Осыған орай онда ағаш отауға, аңшылыққа шығуға, жер қазуға тыйым салынып, оған бас ию сатанаты жылына 4 рет өткізілген. 1992 жылдан бастап 955 км аймағы қорғалған мекенге жатқызылған. Бұл қорғалған облыстан сәл төмен 3752 метрлік биіктікте әдемі Будур Хундага көлі бар. Одан өзге жабайы барыс, арқар, бұғы сияқты көптеген сирек кездесетін аңдарды ұшырастыруға болады.

Хангай тауының солтүстік шығысына қарай Ховсгөл таулары жалғасады. Ол тау территориясында айдынды Танг және Ихноен көлімен ұштасады. Ховсголдің биік нүктесі 3491 метрлік Монхсарьдаг шыңы.

Бұл аймақтағы Ховсгөл елдімекенінің ел туризмінің дамуына қосар үлесі зор. Мұндағы тауларда мемлекеттік, халықаралық деңгейдегі қысқы жарыстар ұйымдастырылады. Әр түрлі спорт түрін қамтитын ол тау сайыстарына 20-35 жас аралығындағылар қатысып бақтарын сынайды.

Келесі таулардың бірі Хэнтай елдің батысында 400 км ұзындыққа созылып жатыр. Ең биік нүктесі Асралтхайрхан 2800 метр биіктікте. Одан әрі оңтүстікке жылжысақ 1500 метірлік аласа тау Иехянганды ұшыратасыз. Онда туристер бағындыруы қиын өзге таулардағыдай мәңгі қор,мұз жатпайды. Дегенмен онда да демалуға боларлық өзіндік өзгеріске ұшырамаған табиғаты бар.

Моңғолия елінің рельеф түзуші элементтері көбінесе тау туризмін, оның ішінде әсем табиғат аясында болып, балық аулап, аң атуға, биік таулар мен шыңдарды бағындыруға бағытталған. Сол тауларының ішіндегі әсемі алтайдан басталатын тау туризмінің толық бір үлгі жоспарына тоқталсақ.

Шығу ұзақтығы 13 күн және шығушылар тобы 6 адамнан жоғары, мезгілі мамыр мен қазан айларының арасында.

1-күні. Шу тракты. Ол туралы ХҮІІІ ғасырдағы жазбаларда кездеседі. Альпі шалғыныбиік таулы дала, қарағайлы Тайга мен тау өткелдері.Кешкісін Шу өзенінің жағасында күрке жасап түнеу.

2-күні Моңғолия. Орман артта қалады. Шу даласы, қазақ ауылдары. Құжаттарды реттеп, шекарадан өтеді. 2481 метрлік Дурэт-Дба өткелі тағы бар. Ал одан ары 90 шақырымдық із жолға түсіп жүрсек шекарадағы қала Баян-Өлгийге келеміз. Аздаған тынығудан кейін Толбо көліне бет түзеу керек. 2079 метрлік биіктіктегі көл жағасында палаткалы лагерь жайғасқан.

3-күн. Толбо-Нур көлі – Ховда қаласы.Таңертең көбірек ұйықтауға да немесе оның орнына балық аулауға да болады. Жартасты жағалауға жақын түстік ас дайындалады. Түстеніп алып көл жағалап көрініп тұрған екі негізді Сайр тауына бет аламыз (3984 м). Тау жотасыынң тасты қырқасын басып өтіп, 4 сағаттан кейін көп жылдар бұрын Алтайдан Қытайға бағытталған керуен жолының жалғыз елді мекені болып саналған Ховда қаласына түсеміз. Қала маңындағы киіз үйлерге орналасамыз.

4-күн толығымен көшпелі мәдениеттің үлгісі болған ежелгі қаланы көруге арналады. Мұражайлар мен базар аралап, ескерткіш сыйлар сатып алынады.

5-күн. Ховда қаласы – Цаст тауы.

Таңертең барлық топ Хошат өткеліне (2700 м) бет алады. Цаст тауына жету үшін (4208 м) Цамбагар тау сілеміне таяу жүру керек. Базалық лагерьді орнатып, биікке шығуға дайындалу.

6-күн. Цаст шыңын бағындыру. Биіктік 4000 метрлік. Құдай денсаулық, ауа райын және сәттілік бере көр! Бұл сәт тамамдалса шампан бокалы көтеріледі.

7-күн. Цаст тауы – Баян-Өлгий қаласы – Сахсай өзені. Жасыл жайылым мен жүздеген ақшаңқан үйлер жайғасқан Алтанцогц аңғары арқылы Баян-Өлгийге ораламыз. Қонақжай көшпелілер бал татыған қымызы мен моңғол шайын ұсынады. Баян-Өлгийден азық-түлік сатып алып, тағы да Сагсай өзеніне дейін 30 км жол жүреді.

8-күн. Сахсай өзені – Хотон-нур көлі.

Хобда-Гол өзенінің бастауына жету. Тасты жол тау арқылы Цэнгэл ауылы орналасқан кең аңғарға әкеледі. Жіңішке өзен шатқалымен жылжып биік таудың суы жиналған айналасын қарлы тау қоршаған кең қазаншұңқырға келеміз.

9-күн. Хотон-нур көлі.

Күн толығымен құмардан шығу үшін балық аулауға арналады. Балықшылар еркіне қайықтар беріледі. Күн тәртібіне ешқандай шектеу қоймай кешкісін балық тағамдары әзірленеді.

10-күн. Хотон-нур көлі – Цэнгэл ауылы.

Ховда өзенінен өткен соң жүкті жинап көлікке саламыз. өзіміз жеңіл қайыққа отырып, көркем бейнелі шатқалдары тамашалаймыз. Жүзуге болғанменасау тау өзендерінде тәуекелге баруға болмайды. Қалауға рай әдемі жер таңдап, балық аулауды жалғастыруға болады. Жол өзенді бойлай кеткендіктен кез келген жерден шығып тоқтауға болады.

11-күн. Демалуды көлде және қалаубойынша графикті өзгертуге болады.

12-күн. Цэнгэл ауылы шекара – Шу өзенінің жалғасы.

Ерте тұру. Монгол алтайымен қорытынды автожүру. Улаан-хус ауылынан жол Урэгтуге және Хоглогийн Даба (2600 м) арқылы шекараға кетеді. Одан әрі қоштасу кешкі асы.

13-күн. Шу өзені – Барнауыл қаласы.

Таныс Шу табиғаты. Қасиетті Аржан-Суу бұлағына тоқтау, естелік сыйлықтар мен жергілікті халықтың қолөнер бұйымдарын алу. Саяхат сағат 20-00-де Барнауыл қаласында аяқталады.

Бұл жоғарыда айтылған Моңғолияның табиғи байлығының туризмнен алатын орнының бір шеті ғана.Соның бірі таулы Алтайдың ғана туризмді байытуда тамырының тереңде екені, өз жалғасын табатыны көрініп тұр. Бұл Алтай болса Моңғолияда сондай бірнеше тау бар екені – туризмнің ертеңінің дәлелі.

Сонымен, ашық аспан астындағы ақ үй – гэр еліндегі саяхат тамамдалады. Бұл ел Азияның кіндігінде орналасса да әлемдік өркениеттен шет қалған. Моңғол жеріндегі халықтар өте азға қанағкат етіп те өмір сүруге болатынын әлемге таныту арқылы саяхатшыларды таң қалдырып отыр.

Көшпелілер үшін зәулім тымырық қаланың маңызы шамалы. Қазір де олардың жартысына жуығы қала территориясын мекендемейді. Табиғи өнімдерден жасалған киіз үйдің маңызы еш нәрсемен теңдессіз. Қатал табиғат пен көшпелі өмір бұл азға қанағат етуге үйреткен. Оларға керектің барлығы өздерінде бар. Мысалы, тек бір ірі қара малының өзі ғана жылжымалы азық, әрі отын, әрі көлік. Сол секілді айта берсек әр түліктің өз орны бар. Осыған орай бұл елді қоныстанушылар да тіршілігі мен өмір салтын бейімдеп алған. Ол көзқарас пен діни сенімі, қазіргі таңдағы сол жердің шырышы бұзылмаған табиғаты айтпаса да көзге ұрып тұр.

2.2. Елдегі бальнеологиялық орындар

 

1) Әсем көлдері. Моңғол жерін мыңдаған көлдердің отаны деуге болады. Ғалымдардың мәліметінше біздің елімізде 3500 көл бар екен. Олардың жалпы ауданы 15,6 мың км.кв.

Еліміздегі көлдердің үлкені де, кішісі де, уақытшасы да, тұрақтысы да бар. Бірақ олардың көпшілігі ағынсыз тұзды болып келеді. Көлдің мұншалықты көп болуы дүние жүзі елдерінде сирек кездесетін жайт. Үлкен көлдер Моңғолияның батысында, ал көлемі шағындарыГоби және дорнод елді мекенінде көптеп кездеседі. Үлкен көлдердің саны аз. Мысалы, 1000 км.кв. үлкен көлдер 4, 100-1000 км.кв. болатын көлдер 10.

Моңғол жеріндегі көлемі жағынан ең үлкен көл Увс көлі. Оның ауданы 3350 км. Кв. Бұл көлдің жаратылуы тұйық көл түріне жатқандықтан тұзды болып келеді.

Орталық Азия мен Моңғолиядағы ерекше назар аударатын терең көлдердің бірі Хөвсгөл ағынды, тұщы сулы болыпөз суымен үлкен тектоникалық ойпатты толтырып жатыр. Ол 1624 метр биіктікте жайғасқан. Көлдің ұзындығы 134 км, ені 35 км, ауданы 2620 км.кв. Хөвсгөлдің ең терең жері хюйс аралында 238 метрге жетеді. Көлге 46 өзен мен өзен салалары келіп құяды. Оның 34-і тұрақты, қалғаны тек жаңбырлы мезгілдерде ғана ағады. Одан бір Эгийн-Гол өзені ғана ағып шығады.

Моңғолиядағы ең үлкен көлдер үлкен көлдер қазаншұңқырында шоғырланған. Оның аты айтып тұрғандай болжамдар бойынша миллиондаған жылдар бұрын қазаншұңқыр орнында қазір көп көлдер нәтижесінде түзілген ішкі теңіз болған деседі. Қазаншұңқырдың солтүстік бөлігінде ең үлкен көлдер орналасқан: хясгас-нуур, Дүргэн-нуур көлдері тұйық көлдер болғандықтансуы ащы. Сонымен бірге мұнда ағынды Хара-ус-нуур, Хара-нуур, Айраг-нуур көлдері бар.

Моңғолияның шығыс бөлігінде көлдер аз. Бірақ олар негізінен шағын, тұзды келеді. Бұл бөліктегі жалғыз ірі ағындытұщы көл Буйр-нуур Маньчжурия шекарасында орналасқан.

Республиканың Гоби ауданында көлдер көптеп саналады.Бірақ олар ұсақтұйық және табаны батпақтанған көлдер қатарына жатады. Бұл көлдер жағалауында санаторийлер салынып негізгі су туризмшінің ролін атқарады.

Олардың арасындағы тұщы көлдердің туризмде алатын орны ерекше. Бұл көлдер суының тазалығы сондай 30 метрлік тереңдіктегі тастарды да көруге болады. Оның ішіндегі Хубсугул көлі оттегімен байытылған. Хубсугул химиялық және физикалық құрамы Байкал көліне өте жақын. Хубсугул көлі мен оның айналасын монгол Швейцариясы деп тегін айтпайды. Бұл жердің тамаша сұлулығы – қатал Солтүстік Моңғолияның маржаны. Суы тола көл суы тік жартастарды, биік тау беткейлерін онда өскен сирек орманымен бірге айнадай жарқыратып көрсетеді. Егер де бұлтсыз жазғы күні көлде жүзетін болсаңыз оның солтүстігі Ресей шекарасына таяп тура суданМунку-сардык сілемі мәңгі қар басқан шыңымен қоса шығып келе жатқандай болады.

Көл табиғатынан туристер одан өзге де не тамашалай алады деген сұраққа келсек, оның жоғалуының табиғи қалпын сақтап тұрған флорасының өзі таудағы альпілік шалғынның өзі неге тұрады!? Ондағы бүркіт – бесінші мұхиттың елесі. Түлкі алу сәтін де тамашалауға болады. Ал аққулар болса адамнан қорықпайды. Гэрлерді тігіп, қымызын ұсынып отыратын халқының қонақжайлылығы көпті таң қалдырары сөзсіз.

Ал балық аулау — өз алдына бөлек әңгіме. Ондағы бұл урды сол жерде болатын аралықта түрлі аулау әдістерін пайдалансын деп ерекше бөліп қойған. Әсіресе қайықпен балық аулауға кешке шығу қызықты. 3-5 кг салмақты жыртқыштың соққысы кез келгенжүректі жиі соқтырады. Ірі балықтар жиі соққылайды. Негізгі мәселе аулаған балықпен не істеу болып табылады. Барлығын тауысу мүмкін емес. Және алда нешеме көл бір-бірінен өткен сұлу, бәрін көргің келеді. Олардың көпшілігі қарлы таумен қоршалып жатады және ол аймақтарқорғауға алынып, қорықтар саналады. Оны орман алып базалық лагерлер салуға болады. Балық аулауға ең қолайлы мезгіл мамыр айының бірінші он күндігі екенін туристер де біледі.Мұндай көгілдір тостағандағы көл жағасында өз демалысын өткізіп, табиғат аясынан рахат лалуға әркімнің-ақ асығары хақ. Ол үшін моңғол елі барлық мүмкіндікті тудыруға тырысуда. Сонымен табиғаты әсем, антропогендік өзгеріс әсеріне ұшырамаған, бейбіт көңілді тұрғынды аймақта ертеңі жарқын екені айтпаса да түсінікті.

2) Арасандар. Табиғи рекреацияның негізгі бір бөлігі елдің емдік сулары, яғни арасан бұлақтары. Емдік курорттар саны елімізде 300-ге жуық.Олар құрамына қарай келушілердің көңілінен шығады. Арасандардың көптігі мен құрамына қарай тұзды суық, минералға бай өте суық, минералы аз тұщы, ыстық деп төртке бөлінеді.

Құрамында гидрокорбонат, калций, магний, көмір қышқылды тұзды суық арасандар Моңғолияның Хантай, Дорнод өлкелерінде көптеп кездеседі. Оған Жанчивл, Хант, Тарс, Уүрт арасандары жатады. Гидрокорбанатты, хлор, иод, сульфат, бромды тұзды суық арасандар Гобидің Дорнод өлкесіндегі ұлы көлде, қазаншұңқырында көптеп кездеседі.

Гидрокорбанатты, натрий, күкірт қышқылды, азот сутекті ерітіндісі аз ыстық арасандар Хангай таулы аймағында ұшырасады. Оның ішінде +38-40 градустан бастап, 90-100 градусқа жететін арасандар Өвөрхангайдың Хужирт өлкесінде, Хурэмде, архангай аймағының Цэнхэр, Баянхонгордың Шаргалхулты жерінде көп. Олардың емдік, тұрмыстық маңызы жоғары. Гидрокорбанатты, калций, магний сияқты химиялық элементтерге кедей тұщы арасандар ел территориясының барлық жерінде кездеседі деуге болады. Олардан өзге де емдік қасиетке ие батпақтар да жиі ұшырасады.

Моңғолияда арасан курортты жерлер 1934 жылы ашылған. Ол «Улаан-батор» курорты деп аталады. Сондай-ақ Туул өзеніне жақын жерде арасан көзітабылып, 1974 жылы мұнда «бүркіт» емдік арасан курорты пайдаланыла бастады. Хужирттың ыстық арасандарының 1940 жылы 40-қа жуық ошағын тауып, оларды алғашқы болып сол жердегі тұрғындар пайдаланған. Бұл арасан кейін дамытылып, шетелдік туристердің демалып, емделетін ерекше емдік курортына айналды. Оның таптырмайтын емдік қасиеті кез келгенді таңдарырары хақ.

Арасандар адам ағзасындағы негізгі мүшелер ауруларына шипа. Оған демалушылар мен саяхатшылар барып,Моңғолияның туристік саладағы қызметін пайдалана алады. Сонымен бірге әр арасанның өзіне ғана тән қасиеттері де баршылық.

Сондай арасандардың бірі – Хужирт арасаны. Бұл арасанның туризм орталығы Өвөрхангай аймағының Хужирт облысының маңында Улаан-батор қаласынан 380 км орхон деген жерде орналасқан. 1939 жылы алғаш осы жер пайдалануға беріліп, халық қажетіне қызмет етуде. Қазіргі таңда бір мезгілде 150-300 демалушы қабылдайтын үлкен арасанға айналған. Бұл шипалы арасанда «Ыстық» арасан, емдік батпақ, дене шынықтыру, су бассейні, сонымен бірге әйелдер кабинеті жұмыс жасайды. Осы кабинеттерде аяқ-қол сырқаты, жүйке жүйесі аурулары, операциядан кейінгі ішек жабысуынан сақтау және бұлшық еттер ауруы сияқты көптеген ауруларға дауа жасалады. Соның нәтижесінде сырқаттарға 85-90 пайыздық көрсеткішті жазылу мүмкіндігі беріледі. Еліміздің ауруға дауа емдік, шипалы ыстық арасаны, дәрулік өсімдіктері, батпағы сияқты табиғаттың бұл таңғажайыптары денедегі шаршауды басып, ағзаға күш-қуат, жанымызға сая беретін үлкен арасан. Бұл арасанда емделумен қатар Орхон күркіремесі ерте кездің қалашығы Хархорин қаласының жұрты Эрдэнэзуу атты мұражай, тарихи мешіт, қамалдарды көріп тамашалайсыз.

Увс аймағы 1931жылдан бері қорғауға алынған. Көлемі 69585 км. кв. Халқының саны 90 мың. Моңғолия астанасы Улаан-батордан 1336 км қашықтықта орналасқан Қысқы температурасы -50, жазда +36,4 градус. Жылына орта есеппен 135,3 мм ылғалдық түседі. Увс аймағында ең үлкен Хортэрмж, Хавцыл, Боом, Бургастай деген арасандар бар. Олар ыстық және суық сынапты, адам ағзасына өте шипалы. Бұл арасан аймағының жылына 500-1000 кісі қабылдай алатын мүмкіндігі бар.

1930 жылы жергілікті тұрғын Жамцов (оташы, балгер) дәрілік шөптер жинап жүріп аяғы жаралы арқардың сол аяғын суға малып тұрғанын көріп су қасиетін сезінеді. Сол кезден бастап жергілікті халық Ақсу арасанын пайдалана бастады. Одан әрі халық ішінде бірінен екіншісіне өтіп арасанныңкөздері ашыла берген. Ең алғаш тастан астауша жасап, кейін оны кебежемен алмастырған. Кебеженің бетін ашық күйінде пайдаланған. Бертін келе үкімет бұл жайды қорғауға алып басына баспана орнатты. Осындай қамқорлықтың арқасында алтын, күміс, күкірт, сынап сияқты ыстық көздер 1979 жылдың 6 тамызында жүргізілген лабораториялық зерттеу нәтижесінде арасанның маңызы ғылыми түрде анықталды (1-схема және 3, 4, 5, 6 кестелер).

Арасан Алтай тауының баурайында теңіз деңгейінен 2600-3000 м биіктікте орналасқан. Суының температурасы 28-33 градус. Негізгі 4 бұлақтан тұрады. Арасанның физикалық, химиялық құрамы ерекше. Мөлдір, әрі тұнық көз бастау Ұшық арасанынан басталады. Күкірті төмендеу, күкірттік сутегінің иісі бар қышқыл дәмді, рекреакциялану потенциалы 120-180 мв (г).

Арасан Отгонтэнгэр арасанымен біртектес болып келеді. Оның орналасқан жері Алтай тауы Бесбоғданың ерекше қорықтық өңірінде, табиғаттың таңғажайып тамаша жерінен орын тепкен.

Алтай тауының бөктерінде гүл-бәйшешек, жеміс-жидек және бұғы, марал, тауешкі т. б. аңдарға толы. Ондаған көлдері менкүркіреген өзендері, арасандары демалушылар мен ауруға дауа іздеушілер үшін бұл өлке ерекше сезім мен жанға дауа сыйлайды. Арасанға барар жолда Ховда, Сырғалы, қозылы, Қайыңды, Қамыстыкөл және қызыл жартасты төбешікті басып сұлу табиғатқа сүйініп ерекше сезімге бөленесіз.

Бұл арасанға ішіп емделуге, денені соқтыруға (атқылап тұрған көзге), тамақты шаюға, қол-аяқты малып отыруға болады. Дәрігердің кеңесі мен өкпе, бүйрек, бауыр, көз, тіс, бас сияқты 20-дан астам ауруға күніне 3 рет белгілі мөлшерде пайдалану арқылы емделуге болады. Мұнда өз елімізден басқа Қытай, Ресей, Қазақстаннан да демалушылар келіпауруынан айығып кетіп жатады.

Осылай бұл арасан ем іздеушілер үшін дертке дауа, жанға шипа болып халық игілігіне жарап отыр. Арасан киелі болғандықтан оның әр шығу көздерін ешқандай ластауға болмайды.

Мұндағы арасанда 60 кісілік саяхатшылар мен демалушыларды қабылдайтын орын, 40 кісілік асхана, емдеу орындары, 5 киіз үй, 5 ыстық сулы ванна және емделушілерге арналған 5 ат, 10 түйе, 10 шатыр бар.

Емделушілерді қарайтын аспаздар, дәрігерлермен қатар, саяхатшыларды қабылдауға арнайы дайындалған менеджер, аудармашы, заңгер, тізгінші, жол көрсетуші сияқты қызмет көрсетушілер де дайындалған.

Моңғолия территориясында 50-ге тарта емдік балшықтар мен 400-дей ыстық және суық сулардың көздері бар. Негізінен оның барлығына жуық сауықтыру орындары салынған. Бұл табиғи рекреациялық орындарды елдің жергілікті тұрғындарынан өзге қаншама шет елден келіп туристер дертіне шипа, жанына дауа етуде. Мұның танымалдылығы сонша тек бір сол бальнеологиялық орынға келу мақсатын көздеп тынығушылар жыл өтке сайын артуда. Ағымымен арта түсерін де зор сеніммен айтуға болады.

 

Кесте 4. Баян-Өлгий аймағы аумағында қызмет көрсетіп жатқан арасандар

Арасан аты, орналасқан жері

 

Арасанның көрсеткіштері

Қызмет көрсету жүйесі

Ақсу арасаны

/Цэнгэл сумыны/

259,2

Минералдық құрамы 0,25 г/л гидроко

Сульфат натрий қосындысы т=33С ph=9,5

Eh= 30

Магний қышқылы, фторлы, азотты ыстық арасан

Жаз мезгілінде жұмыс істейді 30 төсекті (орынды)

180 адам қабылдайды

Алынған көзі (Тусгай Газар)

 

Кесте 5. Жергілікті жердегі жекеменшік арасан

Арасан аты, орналасқан жері

Арасанның көрсеткіштері

Қызмет көрсету жүйесі

Шегіртай арасаны

/Дэлүүн сумыны/

Минералдық құрамы 0,39 г/л гидрофбонат, натрий қосындысы

(1 күндік қоры)

T=27С, қонағына 51 м. куб.

өз бетімен жұмыс істейді

Алынған көзі (Тусгай Газар)

 

Кесте 6. Зерттелмеген жергілікті жерде пайдаланып отырған арасандар

 

Арасан аттары

 

Орналасқан жері

Қандай мақсатта жұмыс істейді

1. Жалғыз ағаш арасаны

2. Тавалтай арасаны

3. Билүүт арасаны

 

4. Теректі арасаны

 

5. Уст арасаны

Дэлүүн сумыны

Өлгий сумыны

Улаанхус сумыны

 

Улаанхус сумыны

 

Баяннуур сумыны

Буын ауруларына, бас т. б.

Ішкі құрылыс, асқазан т. б.

Ішкі құрылыс, бас ауруын сауықтыру

Асқазан, өт жолының ауруына ішу

Буын ауруы, бас, көз ауруларына

 

Алынған көзі (Тусгай Газар)

 

2.3. Туризм саласындағы қорық жерлердің алатын рөлі

 

Моңғолия даласы, тайгасы мен орманды далалары, өзені мен көлі бар шөлдері, биік таулары, ондағы ормандар мен оазистері көптеген ағзалардың тіршілік ортасы болып табылады. Оның әрқайсысына жекелеп тоқталсақ.

Флорасы. Тамырлы өсімдіктерінің 641 бірлестікке, 122 тұқымдастыққа бірігетін 2710 түрі бар; қыналардың 133 бірлестікке және 39 тұқымдастыққа жататын 930 түрі, балдырлардың 162 бірлестікке, 138 тұқымдастыққа жататын 417 түрі; саңырауқұлақтың 136 бірлестікке, 28 тұқымдастыққа кіретін 875 түрі, су өсімдіктерінің 60 тұқымдастыққа кіретін 728 түрі және 500-ге тарта микроағзалар тіршілік етеді.

Ел территориясындағы өсімдіктердің көпшілігі биік аймақта өсетін болған соң шөл және дала зоналары терең зерттелмеген. Ресми емес деректерге қарағанда жоғарғы жерлерде өсетін өсімдіктердің 300-ға жуығы тіркеуге алынған. Моңғолиядағы өсімдіктердің 348 түрі ағаш пен бұта тектестер, 2095-і шөптесін.

Фаунасы. Құстарды, балық, қосмекенді жануарларды және бауырымен жорғалаушыларды қоса есептегенде омыртқалылардың 665 түрі есепке алынған. 13000 бунақденелілер тіркелді.

Сүтқоректілердің 8 топқа, 22 тұқымдасқа, 70 түрге жататын 136 түрі Моңғолияда белгілі. 14 бунақденелі, 12 қанатты қосмекенді және 7 қоян текті жануар бар. Дала тышқаны секілді, моңғол атжалманы, гоби атжалманыынң көптеген түрлері тек орталық азиялық және моңғолиялық болып табылады. Олардың таралуы мен бағытына қарай сүтқоректілер тайгаға, биік тауға, далаға және гобиге таралып, 39 түрі ұзақ ұйқыға кетеді.

Моңғолияда құстар мекендемейтін жер жоқ. Ел территориясы Үндістан мен тундра арасындағы әлемдік құс жолында жатқандықтан құстың алуан түріне бай. Ең соңғы мәліметтер Моңғолияда 57 тұқымдастыққа, 17 топқа жататын 426 түрлі құс бар деп көрсетеді. Оның 74-і тұрақты мекендеушілер, 230 түрі ыстық жақтан келуші, 13-і Сібірдегі суықтан келуші, 108 түрі ел территориясын жолай басып өтеді.

207 түрлі бунақденелілермен, 120 түрі астық тұқымдастар және жеміс-жидекпен, 43-і балықпен, 35-і кеміргіштермен, 6 түрі өзге құстарға шабуыл жасап, 5 түрі тек өлекселер мен қалдықтар жеп және 8 түрі аралас қоректенеді /2/.

Гобидің тұзды сулы көлдерінде және таулы суық өзендерде тіршілік ететін 75 балық түрі бар. Тынық мұхтит бассейнінің өзендері және көлдері сары, қызғылт, ақ, қызыл және атбас, 40-қа жақын балық түріне бай. Солтүстік мұзды мұхит бассейнінде 26-дай балық түрі бар. Оның 9-ы Хубсугул көлінде кездеседі. Орталық азиялық тұйық бассейнінде әбден бейімделген тұзды өзен-көлдерде де, тұщы өзен-көлдерде де тіршілік ете алатын балықтар бар.

Арасында 1 кесіртке, 3 құрбақа мен 4 көлбақа бар. Қосмекенділердің 8 түрі белгілі. Олардың таралған түрі – солтүстік сыуқ ылғалды көл, өзен және батпаққа таралғандары.

Тұқымдастыққа қарайтын 9 жылан, 3 тұқымдастыққа біріккен кесірткенің 13 түрі кіретін 22 түрлі қосмекенділер түрі бар. Олардың көпшілігі жылы жазықтар мен Гобиде кездеседі. Кейбір зерттеулер моңғолияда бунақденелілердің 22-25000 түрлері бар дейді. Әзірге оның 13000 түрі арнайы тізімге алынған. Мұның барлығы ел территориясыдағы табиғи байлықты аңғартады. Оның эндемикалық түрін тамашалауға, кейбіріне аңшылық жасауға, енді біреулерін аулауға, әлдебіреулерінің сұлулығын тамашалауға Моңғолияға шет елдерден көптеген туристер ағылып келеді. Бұл мұраларды сақтап, өз дәрежесінде әлемге паш ету және келер ұрпаққа табыстау мақсатында мемлекет тарапынан қорықтар ұйымдастырылған (7 кесте).

 

 

 

Кесте 7. Қорық жерлер 10494283 га (51,1 пайыз)

 

 

Мемлекеттің қорық жерлерінің аты

аумағы (га)

қорғауға алынған жыл

1

Гобидің үлкен қорық жерлері

5311730

1975

2

Көк серке жотасы

65920

1977

3

Богдхан жотасы

41651

1978

4

Хасагт хайрхан

27448

1965

5

Хан Хэнтий

1227074

1992

6

Номрог

311205

1992

7

Шығыс Моңғол

570374

1992

8

Моңғол жағалауы

103016

1992

9

Орхон Тэнгэр

95510

1992

10

Увс көлінің қалың арнасы

712545

1993

11

Гобидің кіші қорық жерлері

(А, Б бөлігі)

1839176

1996

12

Хорьдог Сарьдаг

188634

1997

 

Алынған көзі (Улсын Атлас)

 

Моңғолия жеріндегі ерекше қорғалатын жерлер Ел құрылтайы мен халықаралық ұйымдар тарапынан есепке алынып, қабылданған заң бойынша тиісінше табиғаты мен флора-фаунасын сақтап, әлемдік туристерге паш етілуде. Төменде мемлекеттік қорғауға алынған бірнеше аймақтарға тереңірек тоқталмақпыз.

Табиғи рекреакцияның тағы бір факторы болып Моңғол Алтай арнайы қорық мекен жерлері саналады.

Алтай Бесбоғда табиғи кешенді жері. Баян өлгий аймағының Улаанхус, Сагсай, Цэнгэл сумыны өлкесінің кей жерлерін қамтыған Алтай Бесбоғда табиғи кешенді жері 1996 жылы мемлекеттік ұлы құрылтайдың 43 Қаулысы бойынша мемлекеттік арнайы қорғауға алынған.Алтай Бесбоғда, Шивээт хайрхан таулары мен цэнгэл сумындық Хотон, Хурган көлдері, Арасан, Дөндөрөх, Хагастай, Хусхонох, Түргэн, Баяндүрх таулары, сагсай сумындық Даян көл, Қосағаш, Жамат, Сонгинот,Алтай сұмындық Ёлты, Өвчуу таулары мен Чихэртэй көлінің маңын қамтыған 636,2 мың гектар алаңды қамтиды.

Мақсаты: мәңгі қар, мұз өзендер бар Моңғол Алтай жоталарының табиғи белдеулері мен белдеуліктерін, ерекшеліктерін тектеп, зерттеп олардың жан-жануарлар, өсімдік дүниелерін қорғау болып табылады. Мұнда қар қабыланы, арқар, тау ешкі, марал, сусар, алтай ұлары қатарлы аса сирек, сиреген жан-жануарлар мен қожашөп, тамырдәрі, қоңыраугүл, қой арша, қырық буын, қылша, у сарымсақ, таупиязы қатарлы дәрілік өсімдіктер өседі.

Сондай-ақ, Сібірдің балқарағайы, сібір самырсыны, дөңгелек жапырақты қайың, тамаша жапырақты тал, сібір шыршалары өсетін төтенше және қорық белдеу орманының көлемі 22,3 миллион гектар. Аққол басында осы заманғы ірі мұз өзендерінің қатарына саналатын Потанин мұз өзені 23 шаршы км алаңды иеленіп жатыр.

Силхэм жотасының табиғи кешенді жері Баян-Өлгей аймағының Уланхус, Ногоонур сумындарының жерінде мемлекеттік шекара бойында 140080 гектар алаңы бар, “А”, ”Б” екі бөліктен тұратын мекен жерді Мемлекеттік Ұлы Құрылтайдың 2000 жылғы 29-шы қаулысы бойынша арнайы қорыққа алынған. Силхэм жотасының”А” бөлігінің Қара Жаматының басы, Харчулуут, Сары Жаматы, Сары Нохойт тауларымен Бор бургас өзеннінің басы Оюум, Мэйрэг тауларының Қулжа, Буғыты, Шижигт, Индэрт сайлары, ”Б” бөлігінің Жаматы Цовгор, Хөхийт, Хэрээ Жаматы, Шаргоби, Их Хатуу қатарлы өңірлері Алтай арқары, құлжаларының нағыз жайлы мекені. Силхэм жотасының ”А” бөлігіндегі Қара Жамат өзенінің аңғары біздің эрамызға дейінгі 3-2 ғасырларға жататын мыңдық үйлері мен сынтастар, біздің эрамызға дейінгі 6-7 ғасырларға жататын тас ескерткіштерімен тас құрал сайман мұралар, Усайдағы көне моңғол-түрік қабірлері мен қола дәуіріндегі тастағы таңба, жазулар арқылы Моңғолияға ғана емес, кіндік Азия халықтарының тарихына тән аңшылық, көшпенді мал шаруашылық, мәдени, тарихи мұралар ғылыми зерттеуге аса маңызды ерекшеліктеріне сай бұл өлке мемлекеттік арнайы қорыққа алынған.

Силхэм жотасының «Б» бөлігінде теңіз деңгейінен 4029 метр биіктікке көтерілген мәңгі қар жамылған Тургэн тауы алыстан мұнартып айбынды көрінеді. Мұнда әлемде және Монголияда сиреген қар қабыланы, Алтай арқары, құлжасы, көкбөрі, мәлін қатарлы аңдар, құмай, қарақұс, тау бүркіті, Алтай ұлары, мәңгі мұзда жүретін ақ шіл, ақ сұңқар қатарлы құстар, мөлтек көлшік, бұлақ бастау, тау өзеннің балықтары мол қожа шөп, тамыр дәрі, Алтай сарымсағы, моңғол науқайсары, тиынтақ өсімдіктері, тошала, қарақат сияқтыжемістері өседі.

Дэвэларалының табиғи жер қоры.

Баян-Өлгей, Увс аймақтарының аралығында орналасқан Ачит көлінен бастау алған Усан хоолой (шүмек) өзені, Қобда өзені бойындағы Дэвэл аралы аумағының 10300 гектар алаңы бар мекен жер. Мемлекеттік Ұлы Құрылтайдың 2000 жылғы 29-шы қаулысы бойынша мемлекеттік арнайы қорыққа алынған. Моңғолияда сиреген қырғауыл, жабайы доңыз, өзен құндызының мекені болумен қатар шырғанақта мол өсетін арал, Қобда өзенінің сағасы. Бұл арал қырғауыл, доңыз, құндызды өсіру олардың орналасқан мекенін қорғау мақсатымен қорыққа алынған.

Цамбагарав табиғи кешенді жері.

Қобда аймағының Эрдэнэбүрэн, Баян-Өлгей аймағының Алтанцөгц, Баяннуур сумындары аралығында орналасқан 110960 гектар мекен жері Моңғол Мемлекеттік Ұлы Құрылтайдың 2000 жылғы 29-шы қаулысы бойынша мемлекеттік арнайы қорыққа алынған. Тау басының мәңгі мұздары зерттеуге маңызды екендігі ескеріліп, дүние жүзінде сиреген қар қабыланының қалыпты өсуін қамтамассыз ету мақсатымен қорыққа алынған. Бұл мәңгі мұз үстірті теңіз деңгейінен 4200 метр биіктікке көтерілген Цаст, Цамбагарав, Жамат ақтас шыңдары асқақтап алыстан айбынды көрінеді. Бұл өлкеде дүние жүзінде және Моңғолияда сиреген қар қабыланы, Алтай арқары, құлжасы өмір сүреді. Сондай-ақ таудың сыртқы бөктерінде андыз-андыз қарағайлы ормандар, тошала, қарақат қатарлы жеміс жидектер өседі. Бітімі сұлу сай салалары қат-қабат.

Табиғаттың қорғауға алынған осындай көрікті де тіршілік дүниесіне аса бай әлемі ішпен сырттан келген саяхатшылар мен жолаушылардың құмарынан шығып, көңілін баурауымен келеді. Қазақ халқының қыран бүркіт пен саятшылық құратын айрықша дәстүрін шетелдіктер ерекше тамашалайды. Жылдың төрт мезгілінде де бұл өлкеде саяхат жасауға толық мүмкіндік бар /3/.

Табиғаттың осындай ерекше қорғауға алынған табиғатын бағалап аялайық! Бұл өңірдің әсем табиғатын ерекше қорғауға алынған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. ЕЛ ТУРИЗМІНДЕГІ ТАРИХИ – МӘДЕНИ ОРЫНДАР МЕН

ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ

 

3.1. Тарихи ескерткіштер туризмнің негізгі саласы

 

Моңғолия жерінде кездесетін көптеген тарихи – мәдени ескерткіштер өткен ғасырдың тамашабейнесі болып табылады. 7 мыңғажуық ескерткіш, 500 – гетарта ежелгі қала сол жерді мекендешілердің өткен өмірідәлелді тарих.

Моңғол жерінде жүргізілген көптеген тарихи – мәдени зерттеулерінің нәтижесінде олар қазіргі таңда мемлекеттік жәнехалықаралық жағдайда қорғауға алынып әлем жұртшылығынапаш етілуде.

Ол үшін мемлекет тарапынан арнайы заң қабылданып, ел территориясындағы тарихи жерлер қорғауға алынған.

Ескерткіш – кең мағынасында – елдің, халықтың мәдени мұрасының жалпылама атауы. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы мұражайлы, көрмелік маңызы бар заттар мен жылжымайтын ескерткіштерді қамтиды. Ортақ типологиялық белгілері бойынша ескерткіштерді негізгі 4 түрге бөледі: археологиялық ескерткіштер, тарихи ескерткіштер, сәулет өнері ескерткіштері, монументтк (мүсін) өнері ескерткіштері. Сондай-ақ,ескерткіштерге тарихи-танымдық немесе тарихи-көркем құндылығы бар жазбаларды да жатқызуға болады. Яғни, азаматтың көне заманнан күні бүгінге дейінгі дамуы жолындағы түрлі саладағы аса маңызды жетістіктерінің ерекше, қайталанбас заттық — рухани үлгі — нұсқаларын; адам өміріндегі оқиғаларды, белгілі бір елдің, халықтың басынан кешкен тарихи кезеңін еске түсіретін құндылықтарды, қастерлі мұраларды Ескерткіш деп атау қалыптасқан. Оларды шартты түрде ауыз әдебиеті ескерткіштері, жазба ескерткіштер, өнер ескерткіштері, археологиялық ескерткіштер, ұлттық дәстүрлі қолөнер ескерткіштері, діни ескерткіштер, т.б. деп те түрліше жіктеуге болады. Мәселен, адам қабірінің басындағы оба, қорған, сондай-ақ, сақ дәуірінен, көне түркі, қыпшақ кезеңінен жеткен тас мүсіндер, сынтас, сартас, құлпытас, қойтас, үштас, бестас, сағана, төртқұлақ, кесене, т.б. археологиялық және сәулет ескерткіштері — ең алғашқы ескерткіштер түрлері қатарына жатады /35/.

Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау мемлекеттік деңгейдегі шара болып табылады және өскелкең ұрпақ тәрбиесінің маңызды бөлігін құрайды;тар мағынасында — ұлы тұлғаларды, белгілі қайраткерлерді немесе елеулі тарихи оқиғаларды есте қалдыру үшін жасалатын мүсіндік туынды. Бұл атау монумент деген ұғымның мағынасына жақын. Алайда ескерткіштер әдетте,дүние салған адамның құрметіне тұрғызылады. Ескерткіштердің кең тараған түрі де осы – көлемі нақты тұрпаттан үлкендеу мүсіндік бейнелер. Олар, әдетте, көрнекті жерге (қала алаңына, саябаққа, тарихи орындарға, тарихи адамдардың туған жерлеріне, ұрыс даласына) орнатылады(8кесте).

 

Кесте 8. Тарихи жерлер 79 305 га (0,4%)

қ/с

 

Мемлекеттің ерекше

Қорғалатын жерлерінің аты

Жер көлемі

Қорғауға алынған жыл

1

Бұлғын тау

1840

1995

2

Урон – Тогоо – Тулга тау

5800

1995

3

Ээж хайрхон уул

22475

1995

4

Хуйс сліз көлі

11500

1992

5

Ганга көлі

32860

1993

6

Суйхэнт

4830

1996

 

Алынған көзі (Шинэ Эрдэнэ)

 

Моңғолия жеріндегі тас дәуірдегі ескерткіштерге тоқталсақ. Баянзаг тұрағы Омногоби аймағының Бұлғын сумынында, Ұлан Батор қаласынан Үш кереметке кіретін жолдаорналасқан. Баянзак тұрағынан жаңа тас дәуіріндегі тұрақ болғандықтан мұнда көптеген та дәуірінің ескерткіштері табылған. Олар: садақ жебесі, құрал сайман, жұқа пышақ кескіштер, бастпақтан жасалған қыш ыдыстар.

Бұл жерлер туристердің қызығушылығын ерекше тудыратын болғандықтан келушілер декөп болуы себепті олардың топтауынан және көліктер қозғалысынан сақтау керек.

Томсагбулагының жаңа тас дәуіріндегітұрақтардағы қоныстар Дорнот аймағының ескі Томсагбулаг сумын орталығынан 7 км қашықтықтағы жерде табылған. Олар тас дәуірінен қалған пышақ, құрал-сайман, қыш ыдыстар, тескіш бұрғы, әр түрлі пішіндегі тастан жасалған қырғыш, бұғынның тісінен жасалған алқа, қару-жарақ, әшекейлік бұйымдар және мазар, мәйіттер табылған тарихи орын.

Құлпытастар. Булган құлпытасы завхан аймағының Шілдік сумынының Дааган шопан (Жолақты шопан) тауының шығысындағы өңірде сегіз буган құлпытасы бар. Бұл құлпытастардың біреуінің өзінің түсі өте ерекше құбылыс береді. 8 құлпытастың әр қайсысының түсі әртүрлі.

Сондай – ақ Архангай аймағының хайрхан, Эрдэнэмандал сумынынан табылған Уртын омны Хужирбулан сияқты. Үш буган құпытасы мәйіт қақталған тарихи ескерткіш. Буган құлпытастары б.з.д. VІ – ІІІ ғасырларды қамтиды.

Тас адамдар. Алтын тас төбесіндегі- Сухбаатар аймағының Дарьганга сумынының орталығынансолтүстік бөлігіне қарайтөрт тас мүсін бар. Бұлардыжергіліктітұрғындар «патша, патшайым, бала, келін» деп атайды. Бұлардың біруінің бастары сынып жоғалып кеткендіктен, сыртқы пішіндері ХІІІ – ХІV ғасырларда моңғолдар жасаған деген тұжырым бар.

Бага харгайн тас мүсіні – Баян Өлгий аймағыныңСасық сай сумынында орналасқан. Бұл тас адамдарды жасаған келбетін түрік кезеңінен ьасқа ІХ ғасырда Ұйғырлар дәуірінде пайда болған деп атайды.

Гоби – Алтай аймағының Тон Хин сумынында Зүйл Огторга деген жерден яғни тау қойнауының түр әлпеті өте қызғылт тас мүсін табылған. Тастық ерекше сапасымен жәнеқасиетінің нәтижжесінде бүнінгі күнге дейін жеткен.

Сухбатор аймағының Дарьгонго сумын орталығынан батысқа қарай 40 км жерден лайт деген таубөктерінен тағы дабір үш тас адам мүсіні табылған ескерткіштер ХІІІ – ХІV ғасырларда моңғолдардың қалдырған өте сирек кездесетін тас мүсіндері.

Бұлғын аймағының Сайхан сумынында Нартін таулы өлкесіндетөрт тас мүсін бар. Жергіліктітұрғындардың айтуы бойынша тағы бір тас мүсін болған дейді.Ол қазір жоғалып кеткен.

Уве аймағының торма деген елді мекенінде Эх Эн Холхайт деп аталатын тас мүсін бар. Бұл ескерткіш граниттен жасалған. Түсі сұр, бет әлпетінің өң ашық, қару-жарақ, әшекейлі бұйымдармен жарақталған.

Баян Өлгий аймағының Улан – Хус сумын орталығынан 28 км қашықтықтағы Хатуу деген Ампв Бх Ганц Модны Булаг деген ескерткішьер ішінен кескін – келбеттері айқын көрінетін екі тас мүсінді көруге болады. Бұл ескерткіштерді түрік кезеңіне жатқызуға болады.

Сухботор аймағының Дорьганга сумын орталығынан 45 км қашықтықтағы Хорг Хонд дегенжеті тас мүсін бар. Бұлар ХІІІ – ХІV ғасырларға жатады.

Ежелгі қалалар мен қорғандар. Шыңғыс хан қаласы. Хэн Тэй аймағының Баян – адарга сумынының ескі орталығы болған жерде ұзындығы 500 – 600 кг дейін созылатын топырақ астындағы қорған. Осы ежелгі камалдың алдыңғы жағы мен артқы қақпасында қарауыл әскерлер отырған көлемі 40х50 төрт бұрышты қорғандар көп болған.

Мысалы, Х.Перлдің жазғаны бойнша Шыңғысханның қамалы жанында Дорволжин (төртбұрышты) қоныстар, жыланды мекенді қоныстар, Өгоөмар қонысы, Баян булаг қоныстары сияқты бір-бірінен 8 – 12 км қашықтықтағы қорғандар көптен табылған. Бұл қорғандарды Жапония, Қытай елдерінің ғалымдары зерттеген.

Хор болгас (қара көне қала). Біздің елімізде ұйғыр мемлекетінің астанасыболған. Орда балық немесе Қара қала деген діни орталық болған көне қала табылған. Ұйғыр мемлекетінің астанасы Хор болгас (қара қала) немесе ертедегі ұйғыр тілінде Орду Болын қаланың орнын Архангай аймағының Хотон сумынында Орхон Жирмэнт деген өзендер бойында. Мұны ХІХ ғасырдың соңғы жылдарында орыс ғалымы Д.А. Клемец, В.В. Родловтар көп уақыт бойы зерттеп, жазба деректерде анықтап жазған. 1993 – 1994 жылдары Моңғолияның зерттеу ғылыми орталығында жұмысатқарған орыс ғалымы Букиничта өз зерттеу жұмыстарын арнаған. Зерттеушілердің айтуы бойынша Хор Болгас (қара көне қала) 25 км2 алаңды алып жатқан өтеүлкен қалаболған дейді. Қаланың орталық алаңы сауда, қолөнершілер бөлімі, Хан сарайы, мегіт сияқты бөліктерді қамтыған. Хан сарайын қоршаған дуал бекіністер сондай-ақ, жануарлардан қорғаған қоршаулар болған. Дуал бекіністерінде Ұйғыр ханның ордасы болғаны қазба жұмыстарынан көрініп тұр. Мұның қақпаларының Қытай, Орхан – Енисей жазуларындағы құлпы тас ескерткіштер көптеп табылған. Бұл көне қалада жасыл, қоңыр, сарғыш түсті қыш ыдыстар, диірмен және басқа даәшекей бұйымдары көптеп кездеседі. Бұл көне қала орнына 1975 жылдан бастап 1990 жылғадейін қазба жұмыстары жүргізілеген.

Бийбулаг көне қаласы. Булган аймағының Хутагандар сумынының жерінен 13 км қашықтықта жатқан Селенга өзені бойынан табылған ежелгі Ұйғыр мемлекетінің мәдени, діни орталығы болған. Бұл қаланың ежелгі аты Бойбалық деп аталған. Кейін келе ол Бийбулаг аталып кеткен. Зерттеушілердің айтуы бойынша бұл қаланы негізінен Ұйғыр мемлекетін басқарған хан балалары қалаған дейді.

Қарақорым қаласы. Ежелгі қалаладың үлгісі Қарақорым ХІІІ ғасырлардағы Моңғолияның астанасы болып табылады. Сол кезде Моңғолияға бағынып келген Азия, Еуропаның көптеген елдерінің басшыларының тұрған жолымен саяхаттаған туристер манголдың ежелгі астанасы Қарақорым қаласы туралы көрсетілген кеңейтілген естеліктер жазып қалдырғанда дәл географиялық орналасуы жайлын нақты белгілеп қалдырмаған екен.

Негізі Қарақорым қаласының орналасуын анықтау экспедициясы ХІІІ ғасырлардан моңғол жеріне келіп жатқан тарихшылар, қонақтар жазуынан басталған. Мысалы, ресейдің атынан Қытайда көп жыл отырған Иосиф Лама, ғалым А.Позднеев Қарақорым қаласын ашуды өте қызық деп тапқан. Ал, Қарақорымның іргетасын Ресей ғалымы Н.М. Едринцев 1889 жылы алғаш тауып анықтаған.Сонда даресейліктерге дер кезіндеқазбалық жасайтын сәті табылмасада болжау зерттеулермен Қарақорым қаласын Эрдэнэзуу Энбадатханасынан алыс емес жерден іздеу керек деп көріпті. Негізінен Эрдэнэзуудың құрылыс жұмыстарына болжам жасағанда өте ежелгі асфальт көшелердің тастан көптеп жасалған ресейдің ғалымы А.Позднеев Эрдэнэзуу болған ескі жазушы көшенің тасын оқып шешіп Қарақорымнан әкелеген болар деген тоқтаға келеді.

Жоғарыда айтылған зерттеу материалдарына сүйене отырып, ғалым С.В. Киселев, А. Пэрлээлердің басқарған тексеру экспедициясы 1948 – 1949 жылдары алғашқы жазба жұмыстарын бастап ежелгі астана Қарақорым қаласының ашқанын екен, Завлолт – моңғол, Моңғолия – Жапонияның біріккен экспедициясы 1976 жылы біздің археологтарымыз сол қала туралы жекелеген зерттеулер жасады. Қазір біздің ШУА – ның археологиясының жанынан, Германияның археологиялық орталығы Бонндағы бөлімшесі және Бонн университетінің ғалым зерттеушілері бірігіп, 1999 жылдан кейін Қарақорым қаласының зерттеуін жалғастырып отыр.

Осылай жоғары зертеу экспедициясымен бірге көптеген мемлекеттердің ғалымдарының біріккен іздеу жұмыстары нәтижесінде табылған тарихи материал, қазбалар, оның пайдасы туралы осы ежелгі қаланың археологиялық бөлмесінде көптеген жыл жұмыс істеген ғылым докторы Д. Бояр Үгедей ханның ордасының алдында 60 км қашықтықта тақия тәрізді 4 объектінің болғанын айтады. Қазған кезде сазбен тұрғызылған тақия тәрізді құрылыс шыққан. Дәл үй тәрізді шеңбер қабырғалары шығысқа қараған кетік ашық есікті, оң жақ алдында қабат қабырғалы 4 бірдей құбылыстың іргетасы табылған.

Еңүлкені 4 метр, кіші дегені 3 метр шамасында. Биіктігі 1 метрден артықтау тақия құрылымның ішіненсаз, қыш ыдыс сияқты заттар табылғанымен қатар 4 құрылымды құрылыстың керамика ерітетін пештің арнайы жұмыс істейтіні анықталды. Мұндай үлкен көлемді пеш ешқашан табылмаған еді.

Осыдан моңғолдар құрылыс материалдарын өздері өндіргенін дәлелдейтін маңызды қазба деуге болады. Балшықтан жасалынған заттар сапа жағынан қытайлардікінен кем емес. Э.Д. Бояр басқаруындағы экспедиция тапқан қазба және тарихи – мәдени осы бір естелігін көпшілікке таныстыру мақсатында қорғау жұмыстарын жүргізді. Көбінесе олар қазп алып, ашық үңгір қалдырып отырса, осы жолы қайта қарап ары қарай жер бетіндегі көрініс болумен бірге мұражай орнату тұрғысынан да зерттеп, шамасынша қайтада көму ережесін ұсынған.

Оны 50 жыл бұрын Үгедей ханның ордасының іргетасын алғаш рет орыс ғалымы Киселев тапқан дейді. Ол текбір жағынан ғанақазып, орданың бағаналарының іргетасын анықтаған. Ал, Д.Бояр барлық бағаналарды ашып шығарып отыр. Киселевтың тоқтамы бойынша 4 бұрыш тас тұғырлы 64 бағана болуы керек және орданың алдыңғы жағының едені жасыл (паолан) қаптаушы, артқы жағы сұр сазбен жасалған дейді.

Ал, Д.Бояр қазбасынан едені жасыл жылтыр, ернеуі метрге жуық қалың және діни заттармен бірге қаншама мыңнан астам мұнаралар, құдай мүсіндерінің сынық үлкен – үлкен саусақтары, мұрын, құлақ, еріннің сынықтары көптеп шықты. Бұл ғажайып қазбалады қарап Германия ғалымы Үгедей ханның ордасы емес, мүмкін діни ғибадатхана болған шығар деп күманданады.

Қазбаларда саз, керамика сияқтылардың жасын анықтау фотолюменесценцияның тәсілімен зерттегенде қызықты көрсеткіш шығып жатты. Алдыңғы діни заттар, еденнің күйреген орны ежелгі деп анықталды. Сонда да ежелгі заттардың зерттеушілері жасау формасы ежелгі үнді орталығы ғана емес тіптеп алдыңғы Балба, Шри – Ланка сияқты елдердің жасағандарына өте ұқсас деген пікір білдірген.

Көпшілік білетін тәтті сусын шығатын сол бір ағаштың ізі ол жерден табылмады. Біздің түсінігіміз бойынша ол орданың ішінде болған сияқты, ал сол ежелгі суретте Үгедей ханның ордасының сырт жағында сызылған. Оны Рубрук XVIII ғасырда қалдырған. Келушілер сол суреттен жасалған макетті мұражайдан көріп Үгедей ханның Түмғы амголанты ордасы деп дәл осылай болған деп болжайды.

Қарақорым ежелгі қаласы сонша қирап қалғанына қарамай ордадан бірнеше бағананың тұғырлық ыдыраған тастардың сынықтары қалған. Шыныда да Қарақорым қаласы соғыстың зардабынан қирағанымен, Эрдэнэзуу ғибадатханасын тұрғызып орналастырғанда көп әшекейлеуден қалып қойған тәрізді. Осыдан Үгедей ханның ордасы қандай көлемді және пішінді болғанын анақтау мүмкін емес болса да, Қарақорым қаласының жер аумағы болатын Орхонның бөктерінен табылған барлық қазба заттарды қадағалап зерттегеннің негізінде құрылыстың өзі, түсі пайдаланып келген құрылыс материалымен жасап, қалай өрнектеп келгенін анықтауғаболады. Негізі Қарақорым қаласының іргетасының зерттелімін анықтауға жүздеген жыл қажет болады.

Орхонның бөктеріболса көрікті табиғат, өзен – су, құмы құнарлы бола тұра ертеден бері өмір сүрген жер. Қазір оның суына дейін, тіпті 40 мың жылдық көлеміндегі тас дәуірінің адамы өмір сүрген қоныс табылған.

Рубрукиннің жазуынша көшпенділер астанасы көптеген діни ұстамды, көп ұлтты үлкен қала болған.

1976 жылы Қарақорым қаласында Моңғолия ғалымдары дара зерттеулер жүргізді. Қазбадан анықталған бір жерлеу орнынан мұсылман әдетімен жерленген 37 – сі табылғаны Қарақорым қаласы тұрғындарының әртүрлі дін ұстағанының тағы бір дәлелі. 1252 жылы Моңғолияға келген Франциялық Луйханның көмекшісі Гильгом де Рубрук ханға есеп бергенде Қарақорым қаласында Сарацин және Таяу Шығыс, араб, қытай қалмақтарында дүниежүзілік үш дін болғанын, христиан, буддизм және мұсылман дін – басшыларының іс-әрекетін моңғолдар жалпылай тұрғыда сыйлағаны туралы анық жазылған. Рубруктің мұнысын бұл қазба жұмыстарынан табылған заттар айғақтап отыр. Қарақорым патшалық иелігінде болған көптеген ұлттардың тарихи мәдениетіне қатысты қазбалар көптеп ұшырасады. 1970 жылы қиыр шеттегі Африкада орналасқан Египет фараонының кейпіндегі 2 қара масқа табылғаны өте таңғаларлық болды. Бұл Қарақорым қаласында ұлттар қатарласа орналасқан ашық қала болғанын дәлелдеп тұр.

Қарақорымды ЮНЕСКО – ның қорғауына өткізу дүние жүзінің мәдени ескерткіштер жерінің қорын байытты.

Бухэгин қаласы. Бұл қаланы Х.Пэрээ зерттеген алайда, нақты деректер жоқ болып бұл қаланың шыққан мезгілі анықталмай қалған. Оны кейінірек орта ғасырлық ескерткіштерді зерттеу тобы қидандар салып, екінші рет манчжурлар жайлағанын анықтап отыр. Оны керамика, қидандар кезіндегі арыстаны бейнелеген баспалар қалдықтары т.б. дәлелдеп отыр. Ежелгі қидан қаласы күшті өрттен кейін жойылған. Екінші рет оны қоныстанғанда циндік кезеңде болғанын ол территорядан табылған циндік форфор ыдыстар, Конси – ун – бао тиындары айғаптап отыр.

Булган аймағындағы қалалар. Бұл территориядағы Дошинчияғы сумынына таяу көптеген ескерткіштер тобы ашылды. Оның біріншісі – Хадаасан тауы маңындағы Харбухин өзенінің оң жағалауындағы қидан қаласы. Мұнда бұрын археологиялық зерттеу жүргізілгендіктен онда табылған қышқанаға көбірек назар аударылды. Осыған қарап, Харбухин қаласының тұрғындары ыдыстарды қыштан жасаған деуге болады.

Харбухин қаласының территориясында XVII ғасырдағы тас құрылыс қалдықтары және осы ғасырға қатысты жазу тақташалары табылды. Тамашасы сол жерден жіппен тігілген бүтін кітап табуға мүмкін болды. Ондағы текстер Моңғол және Тибет тілінде қара, қызыл түспен жазылған. Ол алдын-ала бұл жазулар бойынша діни мазмұнда болсада, Пэрлээннің айтуы бойынша қызықты этнографиялық және тарихи материал болып, лингвист – моңғолтанушылардың да қызығушылығын белгілі біршамада тудырады. Текстер берік күйдірілген саздарға түсірілген. Олар әсіресе, етек жағы ылғалдап бұзылуға ұшыраған. Саздағы мәтіннен өзге қола статуэткалар, үлкен емес қола қорапшалар да табылған.

Дашинчилэн сумына жақын жердегі өзге қызықты ортағасырлық ескерткіш, бұл да қидандар дәуіріне қатысты болып, Чин – Толго жотасының бурайынан таман табылған. Ол кейінгі қайта құрылыс салу кезінде бұзылуға ұшырамағандықтан Х – ХІІ ғасырдағы қидандар мәдениетінің тамаша үлгілерінің бірі болып отыр.

Архангей аймағы. Огийнур көліне жақын, Орхонның оң саласындағы көтеріңкі жерде ежелгі қала қалдығы сақталған. Ол жоспарда бірнеше бөлікке бөлінген. Бұл тұрақтың солтүстік бөлігі жер қорғандарымен қоршалған. Оңтүстік жартысының қабырғалары бір метрден аспайды, кей жері тіптен құлауға шақ қалып тұр. Қаланың солтүстік шығыс бұрышы 10-16 метрге дейін жасанды көтерілген. Платформаның өзінде «П» әріпі сияқты көтерілу, әсіресе шеттерінде байқалады. Мұнда барлық болжам бойынша ірі үйлер құрылысы болған. Оның салыну уақытын белгілеу үщін платформа шетіне солтүстік батыстан 1х1 метрлі шурф салынды. Оның қимасы келесі стратегияны көрсетті: жоғарғы қабат қалың 30 см дейінгі саздан төменгі қабат 10 см дейін жететін құрамында әктас, жануарлар, құс, балық сүйектері бар, қабат одан соң құрлық деп аталатын өнер туындысы болатын қабат қапталған. Сонымен бірге, мына нәрсе табылды – үй төбесін жабатын қыш- черепица және өте нашар сақталған сүйек құралдар, құм қабатының арасынан оқ ұштары, музыкалық аспаптар табылды. Төменгі шатырдың көлемінің ұзындығы 40 см, ені 25 см. Сонымен қорыта келе, бұл жердегі заттар қаланың VІІ-ІХ ғасырлардағы ұйғыр тұрағы екендігін айғақтайды.

Огейнұр сумын территориясындағы тағы да бір қызықты ескерткіш биік емес Сарлык-Толгой тауындағы Юань дәуіріндегі жер шаруашылығымен айналысушы мекен. Бұл таудың биігінен Черепица мен кірпіштер табылды. Ал тұрақтың өзі тау етегіндегі жазық жерде көшелерде тұрады. Дәл осы жерден Юань кезеңінің форфор және керамикалық ыдыстары табылды.

Цэцэрлэг тауынан бірнеше километр батысқы қарай Оңтүстік Камир өзені аңғарынан шамамен бір-бірінен 0,5 км қашықтықта жатқан екі қаланың орны табылды. Оның бірі төртбұрышты пішінде болып, жазған мәліметтерге қарағанда ХVІІІ ғасырда маньчжурлар салған. Ондағы табылған Канций тунбао тиындары, форфорлы сынықтары. Ол жер Сарай – Хром болған деген болжамға жетелейді.

Қасындағы көршілес қаланың пішіні дұрыс емес сияқтанып келіп саудан, қолөнер онына ұқсайды. Олаймақтың ішкі құрылысы ерекше есеппен салынған. Мұнда екі көше қиылысады. Оның да әрқайсысының қызметі бар.

Орта ғасырлық ескерткіштер, әсіресе, Батценгел суымына таяу солтүстік Тамир өзенінің төменгі ағысы бойынан табылған. Мұнда жеті ескерткіш зерттелген. Оның бірі – Зосын – Химиа қаласы. Ол өте нашар сақталынған. Тек орталық бір көшені анықтауға мүмкіндік болады. Одан табылған құмыра қидан кезеңін көрсетеді.

Батценгел сумынына таяу әртүрлі жерлерде төрт қала қазылды. Оның барлығына ортақ нәрсе: тікбұрыш секілдіетіп салынуы, бір метрден биік болмауы, жазық, тұщы суға таяу жерден салынуы. Оның барлығы моңғолдың ерте орта ғасырлық тарихына жатқанынан өзге айтарлықтай заттық дәлелдер табылмады.

Осы аудандағы келесі қала – Зуун – Хутжиртын. Қала көлемі өте үлкен. Бірақ ішкі жоспардың ізі байқалмайды. Оның беткі қбаты да, басқа да оның қай кезеңге жататынын анықтауға мүмкіндік бермеді.

Батценгел сумынындағы ең қызық қала – Улаан – Толгой болып табылады. Мұндағы үш қабат тура сызықпен орналасқан. Оның әрқайсысы төртбұрышты пішінді болып, әр бірінің ішінде кішкене екі метрге жететін төбелер салынып, оның төбесіне тас ошақтар орнатылған. Оның айналасына қатты күйген табылып, топырағы қызыл – сұр түске өзгеріп кеткен. Ол үшін қаланың үшеуі де тұрақ емес, мәдени кешенді көрсетеді. Мұнда моңғол ханы болған тәрізді.

Үш қаладан екі километр шығысқа қарай тауда бір кездерде мрамор алған тас қашаулар кездеседі. Ондағы мраморларды алып болған соң керек жеріне апарып өңдеген. Ол плиталар көлемі айтарлықтай көлемді болған. Ұзындығы үш метр, ені 1,5, қалыңдығы – 0,8 метр. Осыған қарай оның салмағы 10 тоннаға жақын. Оны бір жерден екінші жерге жеткізіп отыруы сол кездің күші мен әдіс – айласын көрсетіп береді.

Увархангай аймағы. Мұнда да бірнеше ескерткіштер қатары кездеседі. Оны негізінен С.В. Кисилев пен Х. Пэрлээ зерттеген. Қарақорымнан 2 – 3 километр оңтүстік батысқа қарай Захын – Бұлақ қаласы бар. Оны 50 жыл бұрын Х. Парлээ ашқалы бері зерттелмеген. Ол тік үшбұрыш пішінде салынған. Оның ішінен керамика, үй жануарларының сүйектері, ағаш көмірінің қалдықтары табылған. Мәдени қабат қалыңдығы 20 см. Оюлар қабаты қидан керамикасын көрсетеді. Ондағы табылған деректер тұрақты ғұннан кейінгі және қиданға дейінгі моңғол тарихына жатқызады.

Жоғарыда айтылғандардың көпшілігі ұқсас келгендіктен бір кезең орта ғасырлық қалаларға жатқызылады. Олар: ғұн, ұйғыр, қидан, юан және цин кезеңінің тұрақтары.

Бұл қалалардың орнын тамашалаушылар Моңғолия мен көршілес елдер халқының этногенезімен, материалдық және рухани мәдениетімен, саяси және әлеуметтік экономикалық құрылымымен танысады. Сонымен бірге, оған қарай отырып ежелгі мемлекеттер құрылымы мен тарихи дамуын байыптауға болады.

Бұлғын аймағының Хутаг өндер сумыны аумағындағы Эгин өзенінің аңғарындағы археологиялық ескерткіштер.

Бұлғын аймағының: Хутас — Өндер сумынының Хангай бағытының жеріндегі Эп – Сэлэнгэ жайлауын қоса Эгий өзенінің сағасытаумен су үйлесіп өсімдік жануарлар бітесе қайнаған, табиғаттың жер бетіндегі жұмағымен қоймай, қола дәуіріннен бері адам баласы мекен еткен ғұн, сақ, түрік, ұйғыр, қоқан, моңғол сияқты ежелгі ұлыстардың қазілге дейін биік еткен тарихы тұнған.

Киелі бесік көне ескерткіштер мекені 1991 жылы Моңғол Үкіметінің Егий өзеніне «Су электр станциясын салу» туралы қаулысының негізінде зерттеу жүргізіп, ғалымдар Егий өзенінің жағасы толған тарихи ескерткіштер екенін анықтаған.

Осы алдын ала зерттеу ісі көне тарихи ескерткіштер жойылып кетуінің алдына алған бірлен бір іс-шара болуда. Мысалы, 1992 – 1994 жылдар ішінде моңғол армиясының музейінің археологтармен біріккен зерттеу жұмыстары Егейін өзенінің Банзурх тауы, Батыс Бэлсек, Бурхан – Толгой «Бас құдай» сияқты жерлерден қола дәуірінің, ғұн дәуірінің бейіт, обаларын зерттеу жүргізгенде Эмгент Хошууды қазғанда төртбұрыш моладан б.э.д. XI – VII ғасырларға жататын соғысқа арналған қола дулыға, сүйектен өрнектеліп жасалған заттар, жүгеннің қола әшекейлері, қоңырау, мүйіз жеме, садақтың сүйек түреуіші жәнеде басқа көптеген қызықты заттар. Бірақ Моңғол мемлекетінің археологиялық зерттеу саласындағы қаржы тапшылығы көптеген тарихи жерлерге жекелей зерттеулер жүргізе алмауы тарихты айқындауға тапшы болуда.

Сонымен, соңғы кезде экономикасы мен ғылым, техникасы дамыған шетелдің қаржыландыруымен бірлесе отырып жаңа зерттеулерге бірлесе кірісуде. Осы шараға тарих комитетінің әкімшілігі мен қоса яғни өзенінің археологиялық зерттеу институтының ғалымдары белсендік таныта отырып жұмыс істеуінің арқасында 1994 жылдан бастап Франция, АҚШ сияқты мемлекеттердің ғалымдарымен бірлескен жбаларды анықтау барысында Эги өзенінің аңғары шынымен де халықаралық қорғауға алынатын көне тарихи ескерткіштердің жерінің мекені екені дәлелденді.

ЮНЕСКО – ның қамқорлығына кірген франция мемлекетінің Шөл комитеті бірлескен археологиялық жобаларда 1994 жылдан бастап қолдана отырып Эгеин өзенінің аңғарындағы Битүгтің ақ, Эмгент Хошуу, Бурхан Толгой «бас құдай», Элст Хотол сияқты жерлерде қола дәуірі, темір дәуіріндегі ғұн, ұйғыр, моңғол кезеңдерімен байланыста көптеген Бичичт Хошуу, Эйгент Хошуу жерлерден көптеген қола дәуіріне жататын өте нәзік бейнеленген тас суреттер және ондаған қолданылған заттар табылды.

Моңғол және Франция экспедициясының жұмыстарының негізгі бағыты, көне мола, обаларда қазір археологиялық зерттеу әдістерімен (археологиялық палеоантропологиялық) қазба жұмыстарымен зерттеулер жүргізілді. Мысалы, Битөдің Цаганындағы қазылған қола дәуірінің екі бейітін аса ұқыпты зерттеулердің нәтижесінде уақытын дәлме – дәл анықтауы Моңғолиядағы осындай тарихи жерлерді зерттеу көлемі ұлғайып, жасы мен уақытын алғаш нақты көрсету болды.

Б.э.д. ІІІ ғасырдан б.э. І ғасыры кезең аралығындағы ғұн дәуірінің 100 – ге жуық бейіттері мен жерлеу аумақтарын қазып, зерттеу нәтижесінде осы қорғандардан оншақта адамның, малдың сүйектері, жылқының ер тұраманының бөлшектері, ыдыс-аяқ, және де әшекей заттар табылды. Сонымен қатар, ғұндардың керектенген жүгеннің мүйіз бөлігі, асыл тастан жасаған баскиім әшекейі, берік етіп жасалған жұқа мата сияқты көптеген өте қызық олжалар табылуда.

Моңғол жерінен алғаш рет екі түрлі қола қазан ондаған саздан жасалған қыш ыдыстар тағы басқа да заттар толық зерттелді. Жоғарыдағы өте құнды тарихи заттарды Франция мемлекетінің Лур музейіндегі маманданған лабараторияда қайта өңдеп, қалпына келтіріп, Ғылым Академиясының тарих комитетінің археологиялық орталығына табыс етілді.

Бурхан Толгой зираттарынан табылған адамның сүйегіне ДНК (Генетикалық) зерттеу жасай отырып, қазіргі моңғол типтестілердің гендерінің ғұн тегіне жақындығын дәлелдеуге болатынына жол ашылды. Осы ғұндардың қорғанын, олардың зиратын зерттеу, қоғамдық жағынан болсын, мәдени – тарихи жағынан болса да қажетті болған тарихи оқиға еді.

Моңғол мемлекетінің Ғылым Академиясының тарих комитеті АҚШ- тың Мечиган Университетінің зерттеушілерімен бірлесе отырып, «Умард Моңғол» атты жоба шеңберіндегі 1996 жылдан бастап, Эгейн өзенінен СЭС салу алаңындағы тарихи жерлерге зерттеулер жүргізіліп, қыштардың сынықтары, тас қалдықтар, мола обалар, көшелер, моңғол көне жазбалары орындары, діни орталық қалыптасып, түгендеп, жерлерді археологиялық барлау, ескерткіштерді іздеп, тапты.

2000 масштаб жерге зерттеу жүргізе отырып, оны тарихи қорғау картасына түсірді. Осы зерттеу барысында табылған тас, қола қарулар темір дәуірінің заттары ғұн кезеңімен байланысты. Кейбір ескерткіштерді қазып, тексеру нәтижесінде Эгейн өзенінің Бунбат Хошуу деген жері көне тас дәуірінің өзгеде жерлерді қазу кезінде қола дәуіріне жататын төртбұрыш бейіттен қола жебе, моншақ, мүйіз заттар, қыш қалдықтары, қола әшекейлер, саз ыдыстар, қорамсақ, атыс қаруының әртүрлі, сондай-ақ, Холд Хурон деген жерден жебелер және тағы да басқа заттар табылған болатын.

Б.э. 235-390 жылдарындағы Сяньби, Тоба мемлекеттерінің кезеңіндегі тұрақтардың қалдықтары жаңадан табылып, бұрын соңды археологиялық зерттеуде болмаған нақты уақыттарға көз жеткізуге болатынын көрсетті. Соңғы кезде осы Эгейн өзенінің көне тас дәуірі кезеңіне жататын ескерткіштерді біздің археологтар Франция, АҚШ-тың зерттеушілері мен бірлесе зерттеу жобаларын дайындау үстінде.

Ғылым Академиясының тарих комитеті ғылыми мәдени техникасы жоғары дамыған мемлекеттердің ғалымдарымен бірлескен жобалардың арқасында көптеген мақалалар ішкішет мемлекеттердің газет бетіне басылып, көптеген елдердің ғалымдары мен зерттеушілерінің қызығушылығын тарту үстінде.

Сонымен қатар, қазіргі қоғамда ортаға байланысты жаңа техниканың жетіспеушілігінен көне ескерткіштерді қалпына келтіру кеші мәселе болғанын осы жобаларға жаңа техникалар әкелу ескерткіштерді орнында қайтадан өңдеу қалпына келтіру мәселелері біртіндеп шешілу үстіне. Осы жоба мен оны зерттеушілердің алдына қойған мақсаттарына жатады. Бұл ғұн аймағы Хутагт Өндөр сумынындағы Эгейн өзенінің жағасындағы тарихи- мәдени аймақты тез арада мемлекет қарамағына алдырып, СУЭС салудың алдын алу керек болған жағдайда халықаралық ұйымдардан көмек алу, археологиялық жаңалықтарды жеткізу, оны қорғау, сақтау жұмыстары болып табылады.

Құлпытастар мен зираттар. Хэцуу тауындағы үңгірлердегі қатырылған табыттар. Хэцуутауындағы үңгірлер Дорногоф аймағындағы Хатанбулак сумынының орталығынан 118 км қашықтықтағы сумын Хээридің әскери шекара отрядының Хэцуу-1 құрамына жақын орналасқан бір табыттың арғы жағында көне таспен қоршалған 80 см арасында кіретін қуыс. Бұл үңгірде көнеадамдардың археологиялық, антропологиялық, этнографиялық өте қажетті қатырылған табыттары сақтадған.

1974 жылы шекарашылар алғаш болып тапқан еді. Үңгірде қуысымен кіретін болсақ, 2-3 метр жағалай жүрсек, көлденеңі 13,2 м-ге жақын аумақта көптеген шұңқыр тесіктерді көруге болады. Сегіз қабатты үйдің орнындай аумақта ішіндегі жеті бала, ересек бес адамның барлығы 12 қатармен табыт созылған. Мәйіттердің тіс, тырнақтары бүтін, төбе шашы терісімен қатып қалған. Сыртында бесіктегі баланы құшақтаған күйде өлген ана тұрып қалған. Ең келіспеушілігі бұл үңгірде болған кейбір адамдардың буындырып өлтірілгендігін мұндағы екі адамның мойнындағы болған арқан сол қалпында қалған. Мұнда адам сүйегінен басқа сыртын ағашпен қаптаған мал суарғы, киіз етік, қайыңның тозаңы, мүжіп тастаған (жылқы, сиыр, қой, ешкілердің) сүйектері көп. Сол сияқты шоғын сақтаған от қалдықтары, малдың қиы, саз ыдыстар секілді көптеген бұйымдарды кездестіруге болады.

Әйел адамның малдың терісінен киген киімі сол қалпында денесінде қалған. Говь жерінің осы бір үңгірінде қамалып өлген оншақты мәйіттер табылғаны туралы хабар 1980 жылы шекара әскерін біріктіруге барған Моғол Халық партиясының орталық бөлімінің жауапты хатшысы Адьяа берген тапсырма бойынша 1982 жылы қыркүйек айында Ғылымдар Академиясының тарих комитетінің ғылыми зерттеу институтының мамандары оқиға орнына барып, сараптама жасап көрді.

Зертеушілер барғаннан бұрын шекарашылар үңгірлерге көп мәрте кіргендігі, ондағы заттардың алғашқы орнынан қозғалғандығы көрініп тұрған болатын. Шашылған адамдардың сүйегін түгелдеп көргенде, алты-он жас аралығындағы жеті бала, отыз жас шамасындағы екі ер адам мен алпыс жас шамасындағы үш әйел, барлығы он екі адам анықталды. Табылған заттардың жай күйіне қарай отырып бұл үңгірдегі адамдардың қандайда бір жағдайлармен осында орманды жерден шөл далаға тап болып, Хэцуу тауындағы осы бір үңгірде бір қауіптен тығылған деген болжам жасалынды.

Сонымен, қандай да бір себептермен үңгір ауызы жабылып қалып, ондағы адамдардың азық-түлік қоры бітіп, орталарындағы ең үлкенінің ақылы бойынша ең жас деген төртеуін өлтіріп, қалғанын аштан өздігімен өлуге дейін жеткізген. 60 жас шамасындағы ағасының ісі болуы керек қидан кезеңіндегі қыш ыдыс әйел адамның киімі ағаш табақ қалған етіктің пішінін көре отырып, б.э Х ғасырынан бұрын емес болған оқиға болғаны екені анықталды.

1983 жылы осы өңір бұзылудың сәл алдында қалған болатын. Ондағы қатырылған мәйіттер мен бұйымдарды шығару күрделі болғаннан соң, қалпында қалған еді. Қазір ол жерді білетін адам сирек кездеседі. Сол себепті Хэцуу тауындағы үңгір Моңғол мемлекетінің қарауындағы қалған тарихи дүние.

Их Баян үңгіріндегі зират – 1980 жылдың орта тұсында Омноговь аймағының Цогт Овоо сумынындағы Их Баян үңгірі деген ежелгі дәуірдің бюесігі саналатын жертанушылардың қолына түсіпті деген жағымсыз хабар Ғылым Академиясының тарих комитетіне жеткен еді. Сонымен, 1988 жылы күзде осы комитеттің аға маманы Н.Сәроджов сол жерге жетіп, тарихи дүниелерді жинастырып келді. Оленоговь аймағы Цогт-Овоо сумынының орталығынан батысқа қарай 22 км қашықтықта орналасқан.

Их Баян үңгірі табиғи тас үңгір ол жердің геологиялық дамуының нәтижесінде тұрпаты өзгерген көлденең сызықты терең үңгірдің бірі. Бұл үңгірдің кіре берісі батысқа тіке қараған семіз суырдың іні секілді көлемі тар болғандықтан, адам үңгірге жатқан күйі еніп, 3 метр еңбектеп жүріп барып, ішке кіреді. Үңгірдің ішкі жағы айналмалы болып, алаңқай жері шамамен 5 метр. Ішіне адам еркін отыру мүмкін емес.

Зерттеушілер үңгір ішін тексеріп көріп, шығыс қабырғасы жұмсақ ағашпен қапталған, (ұзындығы 2 м, биіктігі 60-70 см) ағаш жәшікке ұқсас ернуі кездеседі. Ағаш ернеулік болғанын мұнда үстіңгі төменгі жағы деген жоқ. Әйткенмен жабығындағы ағаштарды көлденең ағашпен қадап тоқтатқан екен.

Их Баяннан табылған табыт сияқты кебеженің төрт жағы да ағаштан жасалған. ол тозбай өз қалпын сақтаған. Ал оны бекітіп тұрғаны да ағаш болып сырты ескірсе де қалпын бұзбаған. Зерттеушілер бұл жерді тексерген кезде үңгірден адам сүйегі табылғанда қайта табыттың астына басылып жатқан маталардың қалыңдығы, қолдан өрілген төсеніштің қалдығы, тозаң бөліктері және де басқа заттар табылған.

Ғалымдар үңгірдің жоғары жағынан аққан батпақтың астында қалған болуы керек. Оны қазып алу аса қауіпті болғандықтан, мұнан жоғарыдан ер тұрман, садақ іздеуге кірісті. Их Баяннан табылған садақ халық арасында жүретін кейін Омноговь аймағының зерттеу мұражайына табыс еткен. Бұл садақтың екі жақ адырнасы біраз жұмсарған тартпа қоймасы жоғалған болса да, оқтың айыр мүйізден жасалаған арты сақталып қалыпты. Садақтың күреңзатпен қақтап, сәндеп біраз уақыт өткен соңол қаратүске айналған. Аталған садақ «М» әріпі бейнелі ең үлкен бөлігі 4 см, бас бөлігі 0,7 свм, мойны 28 см, көлемі 20,7-2,6 см. Садақтың сол кездегі өте көркем болғандығы көрініп тұр. Сонымен, Орта Азия мемлекетінің қару жарағы пішінін зерттеген кейбір ғалымдар ретімен келсек, Их Баян үңгірінен табылған, бұрынғы кезеңге келетін болсақ ХІІ-ХІІІ ғасырлар деп шамалауға болады.

Сонымен бірге, садақтың пішінін Орта Азияның көшпенділерінің ұзын қару соның ішінде ежелгі садақ оқтарға зерттеу жасап, ғалымдардың пікіріне қарай отырып, ХІІ-ХІІІ ғасырлар деп айтуға болады.

Их Баян өңірі моңғол шөл даласындағы жерлеу үңгірлерінің ең бірегейі және сирек кездесетін тарихи – мәдени ескерткіш:

Сааган Ханап үңгіріндегі Моңғол зираты. Моңғол мемлекетінің оңтүстік көрші мемлекетінің құрамындағы Шынжан ұйыр автономиялық аданындағы Олб көлі Үрімжі сияқты жерден Зах киімі ежелгі адамның табыты табылды. Әлем жаратылысты дүр сілкіндірген осы бір ол жанык көп мемлекеттің ғалымдары бірлесе отырып жан – жақты зерттеп жатты. Жоғарғы жермен шекаралас орнын, табиғатын, ауа – райы, географиялық жағдайы өте ұқсас. Гоовь аймағында сондай жақсы сақталған бұйым табылған. Жақында Өлгей аймағынан сондай көне мола зерттелді. Бірақ оның тонауға түскені туралы хабар жетті. 1998 жылы Омоговь аймағының Нойон сумынының Цаган Ханан үңгірінен табыт табылған.

Ол көптеген ғалымдар көмегімен тез құрастырылды. Ағаш пен көмкерілген үш қабат торғынмен оралған көнебір сақ болар. Қатырып үйренген салтпен бір мәйіт атақты бір ақсүйектің етігі, киімі екенін қарапайым білген болар. Шешіп алып кеткен. Ұятты ісін жасырмақ болып мәйітті жағып жібереді. Бақытымызға орай, өртенбеген бас киім, етік тағы басқа заттарды полиция басқармасының жедел іздестіру бөлімі кірісуі нәтижесінде 1999 жылы Тарих комитетінің археологиялық орталығына жібертілген. Оның артынан 2000 жылы осы орталықтың ғылыми зерттеуінің маманы, археолог Эрден Эбат, Аман Гуршиндер болған жерге барып, зерттеу жүргізген еді. Осы бейітті тексеріп көргенде XІV ғасырдағы моңғол Шыңғыс болғаны дәлелденді. Табыттан бұзылмай қалған бұымдарға келсек, бас киім, етік, торғын жібегінің қалдығы, ағаш тарақ, жанған сүек, көп маржан, гауһар әшекейлері табылған.

Дүздор сияқты бұрын соңды табылмаған бұйымдар бар еді. Цаган хан үңгірінен табылған адам сүйегінен қалған герман мемлекетінің Пбрмберг қаласындағы Эрланген физикалық лабараториясын жіберілген. Радио карбон әдісімен уақытын білу мақсатында зерттеу жүргізген еді. Ол бойынша жасы б.э. 1308-1353 жылдары болуы мүмкін. Егер бұл бейітті бұзбай бетін жапқан күйі зерттеуге жіберілген болса, көне орта ғасырдағы моңғол тектес адам бейнесін сол қалпында көруге болар еді.

Сарьдак діни орталығы. Орталық аймақтың Эрдэнэ сумынындағы Сарбдак тауының баурайында. Сарьдак діни орталығы орын тепкен. Сарьдак діни орталығын алғаш рет ұзын әулие Заха Базардың бастамасымен кірпіші қаланған зәулім үйде киелі орындарының бірі болып саналады. Сарьдак діни орталығын Маньчжур жаулап, олардан бұрын да моңғол мемлекетінің және де астанасы Улан Батор қаласының өркендеу негізіндегі тарихи ескерткіш құрылысының бірі еді. Орталықтың сыртқы жағдайына қарап отырып оны мемлекеттің қамкорлығына алынатын бірден бір тарихи орын деп санауымызға болады. Себебі, уақыт өткен сайын оның іші – сырты жауын- шашынмен бірге құрдымға кетуге жақын тұр.

Арқат Дэлишн Хад зираттары. Шарапат Аршалы тауы Баян Хангар аймағының Боле Богор сумынындағы Улаан Сайыр Хатай жотасының батыс оңтүстік аумағының артынан алға жылжи орналасқан. Көз тартарлық таудың ортасында Эльзит өзенінң шығыс алдыңғы жағында жайласқан осы бір киелі тау да үлкен дәу тастар, үнгірлер, қуыстар өте көп. Арқар, тау ешкі, түлкі, қасқыр сияқты аңдар өріп жүреді.

Арша шөбі көп өседі. Үңгірлерде саймандар, құралдар өте көр. Ерте кезде ең мықты халық азаматтары паналаған киелі жер.

Архат – дел тасының зиратын 1999 жылы жергілікті малшылар кездесіп сол туралы ММУ тарихи мұражайына хабарлап, одан алған ер тоқым сияқты заттарды өткізген. Архат дәл тасындағы зиратты 2001 жылы тамыз айында моңғол герман археологтары күш біріктіре отырып зерттеген.

Зерттеушілер құрамында моңғол мемлекетінің Ғылым Академиясы Тарих комитетінің маманы, археолог У. Эрдэнжбед герман мемлекетінің Бонн қаласындағы Ройни университетіндегі Орта Азияның көне және қазіргі археология институтының докторы археолог Э.Поол «Моңғол мемлекеттік ұлттық тарихи мұражай ғылыми зерттеу маманы, археологшы Грекзен қатысқан еді. Бұл зират Архат Дэл шарапатты таудың ұшар басының бір жақ құз шыңында шығысқа бұра азимуттың 450 бағытында, батыста солтүстік және шығыс бағытта алдына тікелей шыққан адам еңбектеп кірерліктей қуыс ауызды әк тасынан құрыған үңгір қуысын кездестіруге болады. Осы бір қуыстың орта тұсынын ағаш табыттың терімен қапталған екі жанын сиырдаң жүк артатын ыңылдақ ағаштың бөлшектерімен үсті – үстіне қабаттап жапқан үстінен шаң тозаңды құстың саңғырын, тастың ұсақтығын т.б. басылып қалыпты.

Табыттың басжағы жалпақ және биік, жұмсақ тақтайды ортасынан айырып қайыспен мықтап бекітіп ешбір арасында тесік жоқ. Мұндай жерледе етжегіш жыртқыш құсат мен кемірушілердің тамағы болғандай еді. Арқат дәл жартасындағы зиратындағы адамның басын солтүстік жаққа азимут 450 бағытынан бетін төмен қаратып арқасымен жатқы топастық болар.

Адамның басы, мойны бөлек шығып қалғаны мен төбе сүйегінің бас жағына қойылған ерді ол бейітті алғаш ашқан адамдар жарып асып орнына адас басының оң жағында болған тозаң ыдық қойып, моңғол табиғатының ала-құла құрғақ салқын ауа райы жағдайында жүздеген биік таудың басына бұзылмай адамдар қолына тимей біздің заманға дейін жеткен. Осы зираттағы адамның сүйегімен қоса т.б. жәдігерлерінде жақсы сақталыпты. Адамның оң жағындағы керілген қалдық болымсыз қысқа сопты терілген орағаш ағаш кеспе орама, беліне байлайтын темір бау, қайықтың үздіктері, ұзын түзу темір, қылыштың ұшын, адамның аяқ жағына таман бағытттап денесін бойлай қойған мүйіз бауырлы садақ, қамыштың ағашы бұлрдан жоғары барлық денесін ағашпен ие отырып, тозаңмен істеген бүтін бір жағын қағазбен көмірге жауыпты. Тозаң қағазда әртүрлі жебе оқтың ұшы сонымен қоймай ұсақ-түйек заттарда 19 тал атуға арналған оқтың ұшын жоғары қаратып ретімен жинақтап қойған. Бейіттен шыққан адам сүйегі мен бұйымдарды қарап – ақ, ат — әбзелімен бірге қойғанына қарағанда ер адамның мәйіті екеніне еш күман жоқ. Бұл бейіттен шыққан бұымдардың кейбірі, мысалы дөңгелек бастың үлкен орнынан терімен қапталған ер тік төртбұрышты темін түзенгі ішегі ұлыстың бет – бейнесін, киімін, әшекейлері, шаштың түсін, сәнін, түр – тұрпатын т.б. деңгейлік жағдайын анық болған еді. Өкінішке орай, оның барлығ өртеніп кеткен.

Сондықтан, ауыл аймақтағы барлық тарихи – мәдени жерлерді түгендеп, картаға түсіріп, уақыт өткізбей тексеріп, қарауға алып, ақшаға құнығушылардың алдын алу керек. Табылған және халық арасында жүрген тарихи ескерткіштері музейге әкеп, қалыпына келтіріп, арнаулы жерге қою, уақытын, тегін анықтау, ларды ғылымға, тарихзқа енгізу бірден бір тиянақты да сауатты жүрзізу керек.

Тас жазбалар. Күлгін ескерткіші (684-731). Қапаған және магилан дәуірінде түркі мемлекетінің көрнекті әскери қолбасшысы. Құтлұқ қағанның кіші ұлы Қапаған. Күлтегін (684-731) – Қапаған және Магилен дәуіріндегі түркі мемлекетінің көрнекті әскери қолбасшысы. Күлтегін тас жазуы – тасқа қашалып жазылған әдеби мұра, көне түркі ескерткіші. Монғолиядағы Қарабаласаған қаласының қираған орнынан солтүстікке қарай 40 км жерге, Архон өзені бойындағы Эрдэне Изу моностырының жанына орналасқан құлпы тастағы жазу. Бұл әдеби, тарихи мұра («Күлтегін» деп те аталады. Ескерткішті Күлтегіннің туған ағасы Білге қаған (әуелгі аты Магилан) Табығаш елінен шеберлер алдырып, тас бағанаға жаздыртқан. Сөзі күлтегін заманындағы атақты жырау Иолығ тегін қүрастырған. Оны алғаш рет орыс ғалымы Н.М.Ядрицев 11899 жыылы тапты. Ондағы жазуды тұңғыш рет Р.В.Фодлов аударды. Ескерткішті замандар Г.Гейки, Р.В.Родлов, ағылшын Кембелб француз Де Лаксот өз көздерімен көріп, ол жөнінде мақлалар дазды.

 1958 жылы Л.Исиев басқарған манғол чехословак біріккен экспедициясы ескерткіш орнына қазба жұмыстарын жүргізді. Ескерткіш Құтлық қағанның кіші ұлы әскербасы Күлтегіге арнап қойылған. Жазуда тарихи оқиға баяндалады. Шығыс түркі қағандығы мен. Оның құрамына енген көптеген тайпалардың тарихи мен мәдениі, әлеуметтік құрылысы жөнінде құнды деректер бар. Жазуда баяндалатын уақиға екі тараудан тұрады.

Алғашқы тарау 13 жыл, ол кіші жазу деп аталады. Кіші жазу үлкен жазудың кіріспесі іспетті.Мұна Сырдариядан Тибетке дейінгі аралықтар түркі тайпаларының өз алдына мақсаты айтылған. Ал, екінші тарау – үлкен жазу – 40 жолдан тұрады. Монғолдың құпия шежірезі ХІІІ-XIV ғасырлардағы жаза. Мұра Монғолияы мекендеген түркі тайпаларының (найман, керей, меркіт, қоңырат, жалайыр, ұйғыр) тұрмыс – тіршілігі, әлеуметтік – саяси өмірі суреттелген. Сондай – ақ, тарихы, тілі, этнографиясына қатысты деректер мол кездеседі. Шежіре шамамен 1940 жылы аяқталған. Авторы белгісіз, ол хан ордасына қызмет етіп, еңбекті ұйғыр әліпбиі негізінде жазған. Еңбек ақсүйектер ғана оқитын мемлекеттің ішкі- сыртқы саясаты, стратегиыс мен таттикасы, әскери мүмкіндіктері жайлы жазылған кітап болғандықтан 1382 жылы қытайлар шығарманы қытай әліпбиімен қайта көшірген. Осылайша монгол тілінде, қытай әліпбиінде жазылған нұсқа Пекин архивінде сақталуда. Еңбекті монғол ғалымдары мен қатара шетелдіктер де зерттеді.

Еуропалықтар алғаш орыс ғалымы И.Кафаровиың қасқаша аудармасы арқылы таныды, кейіннен неміс зерттеушісі Хейкеш, кеңес тарихшысы с.А.Козин, француз ғалмы П.Пелиор толықтай аударып, бастырды. Ш.Годанбо, Д. Цэрэнсоднан секілді монғол ғалымдары құныды зерттеулер жасады. 1969 жылы қазақ тіоінде М.Сұлтанұлының тәржімасы Баян аумағында жарық көрде. Өлеңін аударған И.Байбатырұлы, алғы сөзін жазған Б.Боқойұлы 1998 жылы Алматыда, 2002 жылы Ұлан Баторда қазақ тілінде қайта жариялады. Мұнда түркі мемлекетінің өткендегі тарихынан құнды мағлұматтар берілген. Онда «Жоғарыда аспан, төменде қара жер пайда болған шақта екеуінің арасында адам баласы жаралды. Оларды басқару үшін біздің ата – бабамыз Бұлын қаған мен Итемген қаған жаралды. Дүниенің 4 бұрышындағылар бізге жау еді. Әскер ұстап бүкіл елді өзіне өзіне қаратты. Дүниенің төрт бұрышында бейбітшілік орнатты. Бағынбайтындардың бастарын идіріп, тізелерін бүктірді» деп жазылған. Бұдан кейін ата – бабалары өліп, тркі тайпалары әлсіреген кезде мемлекет басына Күлтегіннің әкесі Құтлық қаған, одан соң Қапағанның отырғаны және Білге қағанның ел билегені баяндалады.

Жазуда көбіне – көп тармаөта болған белгілі әскер басы – Күлтегіннің ерлік істері айтылады. Жеті жасында жетім қалған Күтегін, 16 жасында қару жарақ асынып, ел намысын, халық кегін қуады. Қазақ эпосындағы батырға қанат, серік болған Байшұбар, Тайбурул тәрізді тұлпарды кездестіреміз. Талай айқастарға төтеп берген Бозат тағы басқа тұлпарлардың шабысы шебер суреттеледі. Батырға деген халық жоқтауын Иолығтегін өзі шығарып құлпытасқа қашапжаздырған. Онды мынадай жолдар бар «Інім Күлтегін қаза болды, өзім қайғырдым, көрер көзім көрместей, білер білегім білместей болды, білгенімнен адастым, әбден қайғырдым, қайғырғаным сонша, жылай – жылай жұртыма қас көзі аз болар деп қайғырдым».

Таңбалы тас жазу ескерткіштері. Архангой аймағының Их Тамир сумынындағы Тамир өзені маңынан көптеген тастағы жазуларкездеседі. Бұлар бірнене мыңдаған жылдар бұрнғы ежелгу адамдардың тасқа қашап жазулары мен таңбалары және суреттері. Олардан басқа VII-IX ғ түрік, ұйғар жазулары сондай-ақ ХІV-ХIX ғ ежелгі монғол жазулары сияқты құнды ескерткіштеркөптеп кездеседі. Зерттеушілердің санағы бойынша әртүрлі 150-ге жуық тілдердегі жазулар бар. Бұл ерекше сақталған тастағы жазуларды жолаушылар, саяхатшылардың қызығушылығын туғызды. Осы жазулардың мағынасын көптеген ғалымдар зерттеп аударған.

Монғол тарихында ХIX ғ аяғында Н.М.Ядринцев Орхон өзенінің бойынан 1200 ж бұрынғы, осы уақытқа дейін белгісіз жазуларды тапты. Ол ежелгі түріктер жазған руналық мәтіндер болатын. Ғалымдар шешуін тапқан жазбалар Орталық Азия халқтарының тарихында ерекше оқиға болды.

Бұл мәдени – тарихи ескерткіштер Орта Азия көшпенділерінің өмір салтының бет бейнесін айқындап берер теңдесіз жәдігерлер болып табылады.

Монғол жеріндегі құнарлы жерлерге өкінішке орай, бұрынғы қазба байлықтарды жете бағаламай халықтар қоныстанып жатқан жағдайы бар.

Қазіргі таңның өзінде ашылғаны 1200- дей, ашылмағаны тарихи орындар өз сырын сақтауда. Бұл дүние жүзінің мәдениетіне құнды өткенімізді қорғау көпілікке таныстыру, мұражайлар ұйымдастыру, үздіксіз жүргізілуі тиіс – бүгінгі мемлекет тарапынан да, әр азамат тарапынанда кезек күттірмейтін мәселе.

Бұл жәдігерлер болашақтағы көшпенділер кескіні, тарихын, мәдениетін, шығі тегін көрсететін әлем үшін құнды дерек болып қала береді.

 

 

3.2. Ірі қалалардағы тарихи – мәдени ошақтар

 

Халық билігі кезінде Монғолия картасында жаңа қалалар пайда бола бастады. Бұрынғы қала ерекшелігіне будда манастыры, айналасында киіү үйлер тұратын еді. Қазіргі жоспарларда да сол дәстүрлер сақталуда.

Сонымен бірге ұлттық, дәстүрлі тәсілдер де ұстанылады.

Ел арзитектурасы жергілікті ландшафтпен тығыз байланысты. Өзен, тау, жар, құрылыс элементі болып табылады. Мұның өзі келушілерге ыңғайлылық туғызып, ерекше назарын аудартады.

Ел астанасы Улан Баторда орталық алаң осылай тауға есептеліп жасалған.

Қалалар бейнесі тарихи, географиялық, экономикалық жағынан ерекшеленедң. Осындай бұрғы мен қазіргінің үйлесімділігі ел астанасы Улан Баторда бейне тапқан. Қала 1639 ж. салынған. Қазіргі кезде атын 1778 ж. алып, діни және феодалдық орталыққа айналдырды. Будда храмдары, княздар резиденциясы салынды. Ресей мен Қытай арасындағы сауда жолы болғандықтан, саудагерлер мен қолөнершілер көптеп келген қазіргі бұрынғы Урге деп аталған кезден Гандан будда манастыры қалған.

Богда – гэгэннің бұрынғы резиденциясы Ногон – оргонның тұстік безендірілуі қызықты архитектуралық үйлесімділік болып табылады.

Қазір мұнда мұражай салынған. Мұнда бұрын Манғолияның Ғылымдар Академиясының діндер мұражайы орналасқан Чой Жин – Ламын – Сум моностыр кешені назар аудартады. Кешенді ғимарат шығыстың Тибет және Қытай дәстүрлерісен салынған.

Улан Батор орталығындаы алаң астананың әсеи жерлері. Мұнда монғол революциясына арналған ескерткіш орнатылған. Сухэ – Батыр алаңы мерекелік шаралар өткізетін жер, қаланың ерекше көшесі бейбітшілік Улан Батордың орталығынан шығады. Соңғы жылдары неке сарайы, ғылыми техникалық орталығы орнатығаны, мәдениет үйі, мұражай бой көтере бастады. Улан батур ірі туризм орталығы.

Ұзақ тарихты бейнелейтін қазыналар орталық кітапханада сақтаған. Оның арасынада XІІІ ғ кітаптар да бар. Қасиетті санаталын будда кітабы «Сандуй Жуд» ХIX ғ күмістен жасалған. Оның көтеріңкі мәтіні айқындалған. Кітапқа 50 кг алтын, 400 кг асатын күміс кеткен.

Кітапхана қорына бұрынғ шығыстың қолжазбалары пальма жапырағына жазылған санскрит жауы қасиетті «Найман Мянгат» кітабы бар.

Қаланың сырт бейнесі ақ мерекелі түсті.

Астана Улан Баторды қазіргі аудандары – Богдхоан, Сангина, Хайрхан, Чингелтэй, Бонзурх. Астана орналасқан жердлердің барлығы көне тарихи ескерткішке тола киелі жерлер. Богдқоған тауына бірнеше археологиялық барлаудан кейін ашылған Ары Зайсан батыста қойнауында ежелгі адамдардың пайдалануынан қалған тас құралдары өзге де орналасқан мекендер, сонымен бірге Ихтенгердің баурайының солтүстік күнгейіне қараған таңбалы тастарға салынған көне суреттер, көне монғол әріпімен жазылған тарихи ескерткіштерді кездесіруге болады.

Тағы да Батыс – Ширээттің шыңындағы ұзындығ 7 метр биіктігі 5 метрлік мінсіз арнайы жалпақ тас бар. Тастың тереңдігінде бір үлкен шойын қойылған тесіктің аузына Жан ЧуВу деген ағаштың көлеңкесі түсіп тұраын жерде, Гандант ғибидат хатасын V Богд Луван 1837 ж негізін қалаған деген аңыз бар. Сондай – ақ Цэцээ үңгірінің төбесіндегі Луваан –Жолболсун хан Жолбасэнгин Арслан (Палуан) сарқырама құдайы, Очирваор, Эржгум, Гомбо құдайлары, «өлдасын» деген сөздер кездеседі.

Батыс Ширээт тауының үстіндегі үлкен бір тастағы оттың ізін «Чингис» (шыңғыс) ханның атының ізі деген аңыздар бар. Богд хаон тауындағы Зуун Мод орманының етегіндегі Манзушир діни орталығын 1750 ж алғаш қасиетті манзушир тастан салынған 1 қабатты тарауық шіркеуі.

«Беск қаруан сайланған ұлы батыр – көп баырдың басшысы» деп кие тұтанын Сонгино Хайрхан тауының Батыс және теріскей бөктері Толған көне тарихи орындар. Мұнда: Туул өзенінң сағасы, Хар тун деген жерде керкй ханы тауыл мекендеген. Хандық іргесін осы жерде қалаған Темучин осы жерде ойнап, өскен.

«Монғол құпия шежіресі» де осында жазылған. Сонгино хайрханның саласы Додарт бастау алатын Хайырхан деген таудың ұшар басында. Бола, бейіт, оболарды көптеп кездестіруге болады.

1981 жылы қазба жұмысатары кезінде барлық денесін тозаңшы рып шығыс солтүстікке қарап жатқызған, тәңірі салтымен жерленген орта ғасырлық ақсүйектердің табыты, оны айнала қойған темір үзеңгі, пышақ, қорамсақ, үш аяқты бақырдың жартысы алты жапырақты моншақ, т.б. саны 2 ғасырдай сақталған алтын әшекей бұымдармен қоса өте қызықты табиғи заттар табылды.

Сонгино тауының баурайындағы Туул өзенінің Огоөмөрдің сары бұрымға 2 Богда, Жабзандомба, Лувсандомбил туылған жер болғандықтан осы жердегі Баяр Толгойды Шаған шіркеу салып тастап құдай ұстаздың сегіз көркем жасалған мүсіні қойылған.

Айта берсек кіші Хэнтидэн Туул өзенін жағалай жүрсек талтты Сэрүүн шіркеуі Дэндий Хуанның шіркеуі, Улиастайдың доға шіркеуі Ар-Зайсан шіркеуі, Нваан ханның діни әкімшілік дуалы, Булган тохойдың шіркеуі, Мандалдың шошақ мұнарасы, Гэндэлдің шіркеуі, сонымен қатар Улх бұрышынан артқа айналғанда Улан-Толгойдың шіркеуі (қызыл бас), бор бұрыш сияқты көптеген тарихи орындармен, намазханалар және діни мекемелермен шіркеулерді кездестіруге болады.

Уланбатор қаласының солтүстігіне келетін болсақ Чингэлтэй тауын көне дастан болған шәкіртіне діни ілім берген қарт ұстаз Лама осы таудың иесі деп айтады. Сол себептен осы таудан білім алса аруақтарға сый құрмет көрсетсе жақсы дейді. Сондай-ақ Уланбатор қаласының Чингэлтэй ауданының аумағында орналасқан. Дамбаржалдың діни орталығы болғанда II Богда Жибзундамбының табыты сақталған. Киелі қасиетті жер болғанымен қатар тарихи ескерткіш мұнда манжы, монғол, қытай әріптерімен жазылған монғолдың тарихы көрсетілген тарихи дүниелер мол. Их Хүрэдегі төрт таудың біреуі “Банзүрх” –жүрекке ұқсас шоқы арты бітеу орман таумен ұласып жатқан табынатын жер болған. Уланбатордың Гачуурт ауданы қала орталығынан шығысына дейін 25 км аралықта орналасқан Гачуур өзеннінің батысындағы шығысқа қараған тас тақтайшада қола дәуір кезеңінің қызыл мыс жазулары көптеп кездеседі. Гачуурт тас тақтайшасында екі қол, екі аяғын айқастыра тұрған адамның екі болжам бейнесі көркемдік жағынан өте жоғары бағаланады. Төменгі жағында аттың бейнесі суреттелген тау атының жоны қырлы, белі бүкір іші қабысқан сыртқы аяғы сынғанға ұқсас кейіпте бейнеленген. Өйткенімен құйрығы бейнеленген тұсы жоқ болғанымен жоғарғыға салынған аттардай ол да қысқа құйрықты болса керек. Зерттеулер бойынша Гачууртан табылған осы сурет бейнелерді қола дәуірі кезеңіне былайша айтқанда біздің эрамызға дейінгі 1200-100 жыдар деп болжайды. Қаланың тағы бір ауданы Налайхтың шығыс солтүстігінен 20 км шақырымда орналасқан Баянцогт тауының оңтүстік шығыс жағы ежелгі түрік хандығының үш ханның ақылшысы болған, кеменгер Тоныкөкке арналған ескерткіштер бар. Тоныкөктің мазары түрік тектестілердің атағы шыққан ескерткіштің бірі және бірегейі сонымен қатар жарық көшенің Орхон Енисей жазбалары әлемге аты мәшһур санаулы жазба ескерткіштердің бірі. Осы жарық көшелер екі тастың сегіз қырына алпыс екі таңбалы жазба жазылған. Онда сол дәуірдегі түрік қоғамының жағдайын, Тоныкөктің өмірімен байланыстыра отырып ерекше мәнермен жазған.

Уланбатор қаласының айналасындағы осыншама тарихи мәдени ескерткіштер ішкі және сыртқы саяхатшылардың назарын бірден өзіне тартқан. Осы көне жерлерді көздің қарашығындай қорғап, сақтап, көпке жарнамалап болашақта әлі де арықарай тереңдей зерттеу өскелең ұрпақтың асыл міндеті. Сол себепті жергілікті аумақтардағы соның ішінде халық көптеп орналасып жатқан қала маңындағы көне жәдігерлерге қалалы жерлердегі ескерткіштерді қадағалауға аса мән беріп, қала өркендеуінің астында қалып қалмауына ең әуелі мемлекеттің қармағына алып оларды қорғау бұл күнде қажет болып отыр

Баян-Өлгей аймағы Монғол елінің батыс шекарасында Монғол Алтай тауының ең биік нүктесінде орналасқан. Климаты ауыспалы қыста орташа температурасы –17,6°С, жазғы орташа температурасы 16,5°С. Баян-Өлгейдегі табиғи туризм саласының өзі бірнешеге бөлінеді. Сонымен бірге тарихи орындары мұражайлары да жоғары деңгейде келушілерге қызмет етуде. Оның негізгісі Баян-Өлгей аймағының өлкетану кабинаті 1948 жылы құрылып, Монғол Халық Республикасының Министрлер Кеңесі 1962 жылғы 461 қаулысымен аймақтық мұражай болып, кеңейтіліп құрылды. Мұражай көрмесі төрт топқа бөлінеді:

1) Жаратылыс жәндіктер бөлмесінде: жер бояулары, тас көмір, сутас, вольфрам, інжу, топаз, мыс сияқты қымбат қазбалы кендермен бірге арқар, құлжа, таутеке, бүркіт, көкек, тоқты бодақ, ілбіс сияқты алуан түрлі жануарлар қойылған.

2) Революциядан бұрынғы дәуір бөлмесінде: алғашқы жабайы қоғам заманындағы адамдардың өндірген өмірге керекті ағаш, тас құралдары, қола дәуірінің құралдары, феодалдық қоғам тұсындағы феодалдық талан-тараждар, феодалдық заңдар, әйел сатып алу дәстүрі, молдалардың бас айналдыруы сияқты көне қоғам дәстүрлерінің ғажап фактілері көрсетілген.

3) Кәзіргі Баян-Өлгей туралы бөлмеге: Тұлба көл даңқты шайқасының фактілері, революцияның алғашқы жылдарында осы жерде алғаш құрылған партиялық, бұқаралық органдардың орналасу схемалары мен жаңа-жаңа фактілері, сондай-ақ сұмын білестік, қазына шаруашылықтарын электр сызығымен баяндап тұрған сәулелі макет, социолистік құрлыстағы етек алған еңбек куәләрі көзге жылы, көңілге жайлы орналасқан.

4) Этнографиялық бөлмеге: қазақ урианхай халқының өткен өмірін баяндайтын үй жиһардары, киім-кешек, ер-тұрман, өрнек, кесте, ою-сызу, қазақ халқының 32 түрлі ойыны сияқты бірнеше жүздеген көрмелерді атай кетуге боларлық.

 Енді Баян-Өлгейдің табиғи-рекреациялық аймағын қоса алғандадағы туризм жүйесіне тоқталсақ.

 Монғол елінің ең биік нүктесі әлемге әйгілі Бес Боғда (4735 м), Цэнгэлхайрхан (4362 м), Цамбагарав (4205 м), тауға спорттық ойындар ұйымдастырып, Бес Боғда тауының бөктеріндегі мұзды бұлақ 17 км-ге жалғасқан жаз мезгілінде де шананың спорттық дайындығын жасап, тау бағыттары арқылы тау саяхатшылары қатысады.

 Орталық Азияның ең биік нүктесінде өмір сүріп жатқан қазақ, урианхай, тува халқының салт-әдет ғұрпы, мәдениеті, өнері, қол өнері және биік таудың белінде өмір сүргендерімен ерекшеленеді. Бұларды саяхатшылар қызыға тамашалайды.

 Монғол Алтайының табиғатының сұлулығы, шөп өсімдіктерін, жан-жануарларын, ежелгі тарихын мәдени ескерткіштерін саяхатшыларға тамашалатады. Жаз мезгілінде теңіз деңгейінен 2700-3200 метр биіктікте орналасқан табиғат бейнесін сақтап қалған Тоғыз (Есөн) Даян, Хотон, Хурган көлдерінен балық аулау, қыстың бүркітімен аң аулаушылар аң ұстап қайтады. Саяхатшыларға төменгі төрт түрлі бағытпен қызмет жасап, олардың қызығушылығын тудырады.

 Өлгей-Хотон, Хурган теңіз бағыттары арқылы он күндік туристік маршрут жасалған. Бірінші күні Уланбатордан Өлгейге түсетін аэропорттан саяхатшыларды алып 40 км жүріп, Белге барып шатыр тігіп жатады. Бұл жер саяхатшыларды демалдыратын негізгі жер. Мұнда бие байлаған ауыл бар. Қасында бүркітімен саяхатшыларды қымызбен сусындырып, бие ұстау құлын тарту сияқтыларды көрсетіп қазақ ауылдарына кіргізеді. Шетелдіктер мұндай ауылды жердің көрнісін көріп тамашалап, қызығады. Екінші күні қырдан 100 км жүріп, Хотон көліне келеді. Мұнда балық аулап, көл жағасында шатыр тігіп демалады. Жол айрығында Ховд өзенінің мешіті, ежелгі көне түріктердің тарихы мен мәдени ескерткіштерін тамашалайды. Үшінші күні мұнда аздап жайғасып 3-6 қашықтықтағы жерге саяхат жасап, балық аулап, қайықпен жүзіп демалады. Төртінші күні 15-20 км жүріп Елік деген сұлу әдемі жерге барады. Барған күні биік таудан жеміс тереді, тау сарымсақ теріп балықпен тамақ жасап еркін демалады. Бесінші күні Қазақ ауылдарына кіріп олардың салт-дәстүрімен танысады. Қазақтардың қыз қуар, көкбөрі (тері таласу) сияқты ат үстіндегі спорттық ойындарын көрсетіп, ат, түйе мінгізіп еркін демалдырады. Алтыншы күні содан кейін он км жүріп Хоромдок арал басына белсенділікпен демалады. Мөлдір сулы биік таудың көлінен балық аулап, гүл теріп, тастағы суреттерді тамашалайды. Таудың басындағы мәңгі ерімейтін қарды көрсетіп, табиғат байлығын тамашалатады. Жетінші күні арал басынан Түргэн деген жерге келеді. Мұндағы көптеген тарихи тас ескерткіштерді көреді. Сегізінші күні Тургэннен 35 км жүріп Ассел бұлағына жетеді. Тоғызыншы күні “Сагсай” демалыс орнына келіп 20-шы ғасырдағы көшпенділердің ойындарын көріп, алуан түрлі ғажайып көрністерді тамашалайды. Оныншы күні “ұжым” демалыс орнынан кетіп, Өлгей аймағындағы мұражайға апарып тамашалатады.

 Монғолия туризмінің инфрақұрлымы ерекше сипатқа ие. Табиғи жағдайымен бірге қала тұрақтары да келушілер қызығушылығын тудыруда. Аймақтағы мұражайларда ел тарихын баршаға насихаттап, әлемдік туризм-саяхат жүйесінде өз орнын иемденіп отыр. Табиғаттағы бай мәдени құндылықтарды сақтай отырып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде қалдыруымыз керек. Сонымен қатар шеттен келетін саяхатшыларға еліміздің мол құндылықтарын көрсете білуіміз қажет.Мемлекеттің туризімін дамытуға көптеген қызметтер жасауымыз керек.

 

 

 3.3. Мемлекеттегі туризмнің болашағымен оны қорғау шаралары

 

 Монғолия территориясы өзінің ерекше климатымен, жер бедері, флора-фаунасы, әсем табиғаты және мәдени-тарихи мұраларымен әлемді таң қалдырады. Оның табиғатына мұхит пен теңізден шалғайлығы, биік тау тізбегімен қоршалғандығы, әсіресе Монғолияның әр ауданына әртүрлі климат қалыптастыратын территорияның тау бедері ерекше әсер етеді.

 Өсімдігі мен бальнеологиялық ресурстар емге дауа, орманы, жүгірген аң, ұшқан құсқа бай, тау кәусар бұлақтар, даласы құпияға толы елді кез-келгенің бір көргісі келері шындық.

 Бір жануарының өзін алсақ өзге еш жерде кездеспейтін жабайы түйе, жабайы есек, жабайы ат, гоби аюы, Пржевальский (тахи), осында өзін еркін, қауіпсіз сезінеді. Мұның барлығыда сирек кездесетіндіктен, аңға шығушы туристердің өзге аймақтан ұшырастырмауы себепті қызығушылығының артуы мемлекет тарапынан қорғауға алуды қажетсінеді. Монғол табиғатындағы осы ерекшелік жыртқыштардың коптігі, су құстарының алуандығы ежелгі кәсіп аңшылықты дамытуға жетелейді. Кәзіргі таңда аңшылық туризмде ерекше орын алады. Оның Баян-Өлгей аймағында саятшылары, Гоби аймағында ұлттық дәстүр мен қасқыр, түйе, арқар аулау дамытылған. Осы саламен Монғолия 1967 жылдан бері халықаралық аңшылық көрмесіне қатысып 94 алтын медаль иемденіп отыр. Кәзіргі Монғолияның бағдарламасының маңызды тармағы болып жан-жануарлар мен табиғи ресурстарды қорғауға алу көзделі. Оның негізгі себебі ”табиғи эталондарды” сақтап қалу. Бұл ғылыми да, туристік те бай материл болып табылады. Оған Монғолияның ежелден табиғатты қасиетіндей ұстайтын салты әсер беруде. Мысалы, оның басы 1294 жылы кейбір аң мен құс түрлеріне аңшылық жасауға тиым салынған, астана мен өзге тұрақтардағы табиғатты сақтау, өзен мен көлді ластамау туралы заңды тиым салуын айтуға болады.

 Монғолияда он жеті жыл турған Венеция саяхатшысы Марко Поло 1297 жылы өзінің еліне оралып, “Елді мекен айналасында отырғызылған ағаштар жазда самал, қыста сая болады” деген. Сол ежелгі дәуірде монғол көшпенділері табиғатты қорғаудың жазылмаған заңын сақтаған. Суды ластамау, жас бұтаны отамау, тұрғын-жайды тазалау сияқты жадынамаларды монғол жастары жастайынан есіне ұстап өседі. ХVI-ХVII ғасырдың өзінде аңшылық қағидасы туралы заң шыққан. Ол 1921 жылғы Халық революциясы жеңгеннен кейін беки түсті. Жас мемлекеттің табиғи ресурстарды қорғау туралы заңы 20-шы жылдары жарық көрді. Қазір елде аңшылық турасындағы заң, өсімдікпен жануарлар әлемін, ауа және су бассейінін, жерді рационалды пайдаланумен қорғау туралы көптеген заң актілері жүзеге асуда. Монғолияда тіршілік етуші жануарлардың көп түрі Халықаралық және Монғолдың Қызыл кітапқа енгізілген. Ол әрекет өз жемісінде беріп жатыр. Соның нәтижесінде оның түрі артуда. Құрып бара жатқан өсімдік пен жануарлар түрін сақтап қалу үшін елде 5,6 млн га жерді алушы 13 қорық құрылған. Оның территориясында аң мен құс аулауға, балық аулауға, ағаш кесуге, өсімдіктер жинауға тиым салынған. Әлемнің ежелгі қорықтарына Уланбатор маңындағы Богдо-Ула қорығы жатады. Оның жасы 280 жыл. 1975 жылы Азиядағы ірі үлкен Гоби қорығы 5 млн гектар жерге құрылды. 1985 жылы Хубсугул қорығы ұймдастырылды. Монғолияда қорықтардан өзге тоғыз қорық орны, жиырма аңшылық жасайтын мекендер бар. Қазір мемлекетте ірі қорықшалар, ұлттық саябақта, кіші қорықшалар ұйымдастыру көзделуде. Сирек кездесетін және жоғалып бара өсімдіктер, жануарларды питомнтктерде, ботаникалық, зоологиялық саябақтарда акклиматизациялау және қорғау жұмыстары кеңейтіліп, оның оң нәтижесіде көрнуде.

 Уланбатордың шығысында ботаникалық бақ құрылып, мұнда 500 флора түрі жинақталған. Халық санының артуы, келушілердің көптеп тартылуы табиғи су көздерін ластауда. Монғол меммекетінің табиғатты қорғау мекемелері туристерге су көздері мен өзге де табиғи рекреациялық орындарды таза ұстау ережесін ұсынуда. Қала мен басқа аймақтарды көгалдандыру қарқынды жүруде. Мысалы, астанасы – Уланбатордың 3000 метр кв жерден астамы гүлдендірілген. 1975 жылы Монғол табиғатын қорғау қоғамы құрылып, сол жылы Халықаралық ұйымға мүше болды. Монғол жерінде табиғи орындармен бірге тарихи мекендердің де ел туризміндегі алатын орны мен маңызы оте жоғары. Өкінішке орай оның кейбір түстарының өзгеріске бұзылушылыққа ұшырап жатқаны да шындық. Бұл туризм көзіне кері әсер ететін негізгі нәрсені атауға болады. 1) Оған зиян келтіруші антропогендік әсер болғандықтан көне қала, мәйіт, қалалар қалдықтары, мазар, құлпы тас, оба сияқты ескерткіштерді адамдар үй тұрғызуға сондай-ақ басқа да керегіне пайдалануға алып кетуде. 2) Тағы бір зиян келтіретін фактор ауа райының тұрақсыздығы, жауын-шашын, жел сияқты табиғат құбылыстары. Оның барлығын да мемлекет тарапынан қорғауға алу керек. Сонымен бірге ол әр адамның алдында тұрған ұлы парыз. Егер мәдени-тарихи мұрамызды сақтамасақ онымен бірге өркениетімізді, тілімізбен салт-санамыз, дінімізді сақтамасақ ұлт жоғалары баршаға аян. Сонымен қорыта келе қаймағы бұзылмаған көркем табиғатымен тарих қойнауынан сыр шертер ескерткіштері Монғолияның туризмінің ертеңі мен сенімі. Ол уақыт өткен сайын жаңғырып, жаңара берері болашақ ұрпақ үлесінде.

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 Теориялық-әдістемелік зерттеу нәтижесіндегі мәліметтерге қарап мынадай қорытынды мен ұсыныстар жасауға болады:

1) Заң мен нормативтік актілер арқылы басқарылатын туризм саласының түсінігін, мәнін, маңызын толық анықтауға болады. Мұндай үлгі арқылы туристік-рекреациялық ресурстар мен туристік территорияларды құрып оған арналған мамандар мен кетер шығын көлемінде белгілеуге мүмкіндік бар.

2) Туризм географиясы ерекше ғылым саласы ретінде туристік шараларды басқарудың экологиялық, экономикалық, жағының теориялық-әдістемесінің негізінде сол территорияның мүмкіндігін, ондағы түрімен мезгіліне қарай дамуын анықтауға негіз болады.

3) Жалпы зерттеуде көрсетілген сипаттама елде табиғи да, тарихи-мәдени де туризм саласын дамытуға ондағы климат жағдайы, бальнеологиялық ресурстары, флорасы мен фаунасы да толықтай мүмкіндік беретінін көрсетіп берді.

4) Табиғи рекреациялық жағдайын жіктегенде:

— географиялық орналасуының, ондағы Адам аяғы баспаған табиғаттың экзотикалық жағдайды сүюшілер үшін туризмнің аңшылық, альпенистік, балық аулау және спорттық түрлерін дамытуға;

— бальнеологиялық орныдарда арасандар мен минералды сулар көздерінде демалып жанға дауа, дертке шипа алуға болатынына;

— Мемлекеттік қорықтар мен табиғи қорғаудағы аймақтарда эндемикалық әлеммен танысуға болатынын көрсетіп берді.

5) Мемлекетте тек анықталғанының өзі ғана 1200-ге тарта болатын тарихи – мәдени ескерткіштер көшпенділер мәдениеті мен тарихынан, салт- дәстүрімен, діни сенім-нанымынан сыр шертеді. Олардың арасындағы Тоныкөк, Білгеқаған, Орхон-Енисей жазбалары, үңгірлердегі қатырылған адамдар, ежелгі қалалар құпиясы мол ел тарихының таптырмас дәлелді бейнесін әлемге айғақтайды.

6) Орталық Ұланбатор, Дархан, Эрдэнэт қалалары Баян-Өлгей имфрақұрылымы мен туризм индустриясында жоғарға деңгейде дамыған. Ондағы ұлттың өзгешілікті, жаратылыс әлемді, қоғамдық дамуды айшықтайтын көрмелер мен мұражайлар келушілердің құмарынан бір шығары хақ.

7) Елдегі туризмнің қазіргі ахуалы мен ондағы ресурстар мынадай қорытындыға жетелейді: материалдық базамен туристік- рекреациялық потенциал әлемдік нарыққа шығып, ондағы стандарттарға толық жауап береді. Мемлекет туризм саласындағы саясатты дұрыс жолға қоя білген және де көптеген оны дамыту бағытындағы шараларды ұйымдастырып отыр.

8) Жергілікті халықтың ұлы сеніміне орай табиғатты қорғау ежелден бастау алып, ол туралы алғашқа заңдар ХІІІ ғасырда қабылданғандақтан, қазіргі таңда да ол жалғасын тауып, шырышы бұзылмаған табиғат бастапқы қалпын сақтап отыр. Оның өзі болашаққа сеніммен қарауға жетелейді.

9) Мемлекеттегі туризмді дамыту бағдарламасы жоғарыда айтылған ерекшеліктерді есепке ала отырып, ғылыми терең әрі жан – жақты зерттеулердің нәтижесінде жасалынуы тиіс. Оны мемлекеттік органдар арнайы заңмен бекітіп, толық қорғауына алуы керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

  1. Майдар Д.А. Архитектура и городостроительство Монголии. М.,

     1992

  1. Жұмақанов Т., Шаңбай Т., Жұматаев Б. Білге қаған ескерткіші.

    Алматы, 2004

  1. Тунгаадаш Б.М. Монголия сегодня, М., 1999
  2. Азамат Х.Т. Баян-Өлгей аймағы. Алматы, 2000
  3. Энхбат Р.С. Улаан-баатор. М., 2001
  4. Билгүүн Д. Нутчийн туогай хамгааластай газар. Ел

    территориясындағы қорғалатын жерлер. Улаан-баатор, 2002

  1. Цог Б.Д. Монгол орны физик газарзүй. Улаан-баатор, 2000
  2. Магияр С.Д. Монгол Улсын Тусчай газар, Улаан-баатор, 2000
  3. Монгол Улсын Баруун Бүийг Хөгжүүлөх Төсөл (1996-2010 он),

     Улаан-баатор, 1993

  1. Гонгор Д.А. Ховдын хураангүй түүх, Улан-баатор, 1994
  2. Tunurdorj O. Travelling through Mongolia, Ulaan-baator, 2003
  3. Даваасүрэн Э. Шинэ дэлхий (Жаңа әлем) Монголия, 2005
  4. Гантөмөр Д.А. Аялол жуулчалын үндэс, Улан-баатор, 2003
  5. Максаковский В.П. История монгольской народной республики. М.,

       2007

  1. Дамдинсүрэн Ц.У. Монголын нууц-товчоо, Улан-баатор, 1995
  2. Потемкина И.И. Монголия пудеводитель, М., 1998
  3. Живопись монгольской народной республики. Альбом. М., 2008
  4. Монгол Улсын Баруун Бүсийг хөгжүүлэх Төсөл (1996-2010 он)

       Улаанбаатор, 1993 (Монголияның Батыс Өлкесін Дамыту Жобасы

        1996-2010).

  1. Гунгаадаш Б.М. Природа, люди и хазяйство Монголии. М., 2009
  2. Экономика МНР. Очерки. М., 2009
  3. Истории Монгольской народно-ревалюционной партии. М., 1997
  4. Бичурин Н.Я. Записки о Монголии. М., 2005
  5. Шагдар Ш.И. Газарзүй. Улан-баатор, 2002
  6. Гумелев Л.Н. Древние тюрки. М., 1993
  7. Қинаятұлы З. Монғолиядағы қазақтар. Алматы, 2001
  8. Boyan olgaii Mongolia. 2001
  9. Ашар А. Монголын Товч түүх. Улан-баатор, 2009
  10. Страны мира. Энциклопедический справочник. Минск, 1999
  11. Страны, народы зарубежной Азии // Мысль. М., 2002
  12. www.terra mongolia.ru
  13. Сэр-Одхав Н. Баян-Өлгий аймағының археологиялық зерттеулері

       «Түүх судлал». Улаан-баатор, 2009

  1. Грумм-Гржимайло Г.Е. Запнадная Монголия
  2. Потанин Г.Н. Очерки. Северо-Западной Монголии
  3. Грумм-Гржимайло Г.Е. Запнадная Монголия и Урианханский край,

       М., 2000

  1. Сапожников В.В. Монгольский Алтай в истоках Иртышья и Кобда

       (1905-1909), Томск, 2001

  1. Дамбадорж Ц. Тұлба көй, Улаан-батор, 1999
  2. Баяр Д. Новые археологияческие раскопки на памятнике Бильге

       кагана, «Археология, этнография и антропология Евразии, 2004

  1. Котляров Е.А. География отдыха и туризма. М.: Мысль, 2008
  2. Уваров В.Д. Борисов К.Д. Междунаролные туристские организации,

       Справочник, М.: 2000

  1. Александрова Ю.А. География мировой индустрии туризма, Учеб

       пособие, М.: МГУ, 1998

  1. Гурулев С. Монголы-мореходы, «Байкал», 1993
  2. Козлов П.К. Монголия и Аидо и мертвый город Хара-Хото М., Огиз

       2008

  1. Лущекина А. Охраняемые территории Монголии, Евразия, 1996
  2. Монголия: Монгол орон, М., Планета, 2004