АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Алтай тауындағы мұздықтардың түзілуіне әсер ететін факторлар

Мазмұны

 

Кіріспе

 

1 .  Алтайдың геологиялық құрылысы, жер бедері

1.1 Алтай тауының физикалық – географиялық орны, зерттелу тарихы….

1.2 Алтайдың геотектоникалық құрылысы……………………………………………

1.3 Алтай  таулы аймағының жер бедерінің негізгі типтері…………………..

2.4 Алтайдың климатының ерекшеліктері……………………………………………..

 

  1. Алтайдың қазіргі мұзбасуларына әсер ететін табиғи факторлар

2.1 Алтайдың биік таулы бөліктерінің қазіргі мұздықтардың 

      түзілуіндегі алатын  орыны…………………………………………………………….

  1. 2 Алтай тауындағы мұздықтардың Фирин аймағының құрылысы…….

2.3 Алтай тауының қазіргі мұзбасулар жүріп жатқан аудандары…………..

 

Қорытынды…………………………………………………………………………………..

Пайдаланған әдебиеттер тізімі………………………………………………………

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Бітіру жұмысының өзектілігі: Қазақстанның шығыс бөлігіндегі Ресей, Монғолия және Қытай халық республикасымен шектесетін табиғи шеп болып табылатын Алтай таулы аймағы табиғатының алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Оны жеке табиғат аймағы ретінде қарастыруға төменде көрсетілген белгілері негіз болады:

  1. Геологиялық құрылысының ерекшелігіне сай бір–бірінен терең тауаралы аңғарлар мен қазаншұңқырлар бөлініп жатқан орта биіктіктегі және биік қатпарлы–жатпарлы тау жоталарының басым болуы. Қазіргі жер бедерін жаңа тектоникалық қозғалыстардың әсерінен жаңғырған палеозой қатпарлы құрылымының айқындауы.
  2. Құрлықтың орталық бөлігіндегі географиялық орнына сай құрлықтық ауа массалары басым болып, таулы, аңғарлы жер бедерінің әсерінен шұғыл континентті климаттың қалыптасуы. Батыс циркуляциясының әсерінен Алтайдың батыс беткейінде мол жауын –шашын түсуіне орай табиғатының сыртқы келбеті Қазақстанның 6% алып жатқан орман ландшафтлары мен биіктік белдеулердің айқындауы.
  3. Жылу мен ылғалдың таралу ерекшеліктеріне сәйкес тауалды далаларынан қылқан жапырақты таулы ормандар мен таулы тундра белдеулерінің басым болуы.

Табиғатта мұздың бірнеше түрі бар. Соның бірі қатты күйінде түскен жауын-шашынның, температураның тәуліктік және жылдық  ауытқуының әсерінен  тығыздалуынан  түзілетін мұздықтар. Олар жердің тартылыс күшінің әсерінен деформацияланып жер бедерін түзуде, өзендерді көректендіруде  маңызды орын алатын табиғи  масса болып табылады.Мұздықтарды зерттеп, пайда болу  зыңдылықтарын зерттеп, көректену режимдерін, динамикасын анықтау  ғаламдық жылыну үрдісі жүріп  жатқан азіргі кезеңде тұшы суды  үнемдеп пайдалануға, оларды қорғаудың адам өмірі мен табиғаттағы маңызын ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезеңде Қазақстан, Ресей мен Моңғолия аумағындағы  мұздықтар кең таралған.Солтүстік мұзды мұхит алабына жататын  Об өзенінің жоғарғы ағысындағы салаларын көректендіруге  жетекші орын алатын аймақтың бірі. Алтай тау жүйесі болып табылады.

Бітіру жұмысының өзектілігі: Бітіру жұмысы Алтай тауындағы мұздықтардың түзілуіне әсер ететін  факторларды анықтап, оның негізгі бөліктері мен  қоректену  режиміне талдау жасап, маңызды мұзбасу аудандарына сипаттама беруімен өзекті.

Бітіру жұмысының мақсаты: Алтай тауы аймағының  мұздықтарының түзілу  жолдарын, қоректену және абляция аймағын, негізгі морфологиялық типтерін  және табиғат пен адам өміріндегі  маңызын ашып көрсетіп, маңызды мұзбасу аудандарына шолу жасау.

Бітіру жұмысының міндеттері:

  • Алтай тауының мұздықтарының негізгі бөліктері мен мұз түзілу аймақтарын;
  • Фирин аймағының құрылысы мен көректену режимінің   ерекшеліктерін;
  • Мұздықтардың морфологиялық типтерін;
  • Орталық Алтайдың қазіргі мұздықтарының морфологиялық типтерін;
  • Оңтүстік және Шығыс Алтайдағы тау мұздықтарының көректену режимімен таралуын;
  • Мұздықтардың шегінуіне байланысты туындаған түйінді мәселелерді ашып көрсету.

Бітіру жұмысының теориялық-әдістемелік негіздері: бітіру  жұмысын жазу барысында Л.Д. Долгунин мен Г.Б. Осипованың «Ледники», В.Л. Благовещинскийдің «Температурный режим высокогорных районов Средней Азии и Казахстана», С.В. Колесниктің «Очерки гляциологии», Н.Н. Пальговтың «Ледники Казахстана и основные черты режима»  атты  еңбектеріндегі  ғалымдардың ой-пікірлері басшылыққа алынып, салыстыру, талдау, камералық өңдеу әдістері қолданылды. Дәйекті материалдар ретінде суреттер,  кестелер,  сызба нұсқа мен  карталар  берілген.

Бітіру жұмысының практикалық маңызы.Бітіру жұмысындағы деректер мен ғалымдардың тұжырымдарын география, экология мамандықтары бойынша білім алатын студенттермен мектеп мұғалімдері, тау  туризмі мен айналысатын туристер  маңызды ақпарат көзі ретінде қолдана алады.

Бітіру жұмысының мерзімдік шегі. Бітіру жұмысын жазу 2005 жылдың мамыры мен 2007 жылдың сәуір айларының аралығын қамтиды.Бітіру жұмысын жазу барысында Алтай   тауындағы мұздықтардың  ХІХ  ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың соңына дейін жүргізілген гляциологиялық бақылаулардың қортындылары басшылыққа алынды.

Бітіру жұмысының құрылымы мен мазмұны. Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен  қосымшалардан  тұрады.

Кіріспеде бітіру  жұмысының өзектілігі,  мақсаты мен міндеттері  анықталған. Бірінші тарауда Алтай тауының физикалық-географиялық орыны, зерттеу тарихы, жер бедерінің ерекшелігіне  физикалық-географиялық талдау жасалған. Екінші тарауда Алтай тауның  климатының мұздықтардың  қалыптасуына тигізетін әсері, мұздықтардың көректену режимі мен  морфологиялық типтері  қазіргі  мұзбасулардың  таралған   аудандары анықталған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Алтайдың геологиялық құрылысы, жер бедері.

 

  • Алтайдың физикалық – географиялық орны, зерттелу тарихы.

 

Алтай таулы аймағы еліміздің шығыс бөлігінде орналасқан. Ол Алтай Саян таулы аймағының құрамына кіреді. Қазақстан аумағына Алтайдың батыс бөлігі кіреді. Таудың абсалют биіктігі оңтүстік шығысқа қарай артады. Ең биік нүктесі Батыс және Оңтүстік Алтайдың түйіліскен жеріндегі Қатын жотасындағы Мұзтау шыңы (4506м).

Батысында біртіндеп аласарып, Сарыарқаға ұласады. Геолдогиялық құрылысының ерекшеліктеріне сай шекарасы бірнеше рет қайталанған тектоникалық қозғалыстардың нәтижесінде түзілген жарықтар арқылы бөлініп жатқан екі бөліктен тұрады. Олар: Батыс және Кенді Алтай./1/

Алтайдың Қазақстандық бөлігінің солтүстік шекарасы Құлынды даласы, Кузнецк Алатауы; Оңтүстік шекарасы Зайсан қазаншұңқыры, Монғол Алтайы; батыс шекарасы Ертіс өзенінің аңғары; шығыс шекарасы Қатын тауының биіктік жоталары арқылы өтіп, Ресейдің аумағында ұласады. Алтайды жеке физикалық – географиялық аймақ ретінде қарастыруға төменде көрсетілген белгілері мүмкіндік береді:

  1. Бір–бірінен тауаралық ойыстар мен аңғарлар бөлініп жатқан орташа биік және биік қатпарлы–жақпарлы тау жоталары. Жер бедерінің қазіргі келбеті палеозой эрасындағы каледон, герцин қатпарлы құрылымдарының неоген–төрттік дәуірлеріндегі неотектоникалық қозғалыстардың әсерінен тауаралық ойыстарда 500–1000 метрге, тау жоталарында 3000 метрге  дейін көтерілуінен қалыптасқан.
  2. Еуразияның орталық бөлігіндегі физикалық–географиялық орнының ерекшелігімен таулы аңғарлары жер бедеріне сәйкес климаты шұғыл континентті болуымен ерекшеленеді. Батыс циркуляциясының Алтай тауының жел өтіндегі батыс беткейінде 2000 м биіктікте айқын байқалатындықтан Қазақстандағы жауын – шашын ең мол түсетін аймақ болып табылады. (1600 мм)

      Жауын–шашынның  мол   түсуі    аймақтың       табиғат    кешендері

      мен      биіктік  

      белдеулердің қылқан жапырақты ормандардың таралуына әсер етеді.

  1. Биіктік белдеулерінің біртұтас құрылымын орманды- шалғынды, субальпілік және альпілік шалғындар мен биік таулы нивальды– гляциальды белдеулер құрайды. Орман белдеуін негізінен қылқан жапырақты (тайга) ағаштардың бірлестіктерінен тұрады. Ормансыз алқаптарда дала, альпілік, субальпілік шалғындар мен таулы тундра таралған.

      Батыс Алтай немесе Кенді Алтай Ертістің оң жақ жағалауымен Оба – Нарын өзендерінің алаптарының аралығын алып жатыр. Оның орталық және шығыс бөлігін биік және орташа биіктіктегі Холзун және Листивияга (2578 м), Көксу (2600 м), Теректі (2300 м), Иванов (2776 м), Оба және Үлбі (1900 м), Қатын жотасы (4506 м). Жоталардың басым бөлігі солтүстік батыстан оңтүстік – шығыс бағытқа созылып жатыр. Кенді Алтайдың ең аласа бөлігі солтүстік-батыс бөлігімен Ертістің жағалауына тән, оның орташа биіктігі 500 – 1000 метрден  аспайды. Оңтүстік Алтайды Кенді Алтайдан ендік бағытта 150–170 шақырымға созылып жатқан ені 5–15 шақырымнан аспайтын Нарым–Бұқтырма ойысы бөліп жатыр. Аумағы 28000 шаршы шақырымға жететін оңтүстік Алтай бір–бірінің аралығын тектоникалық жарықтар бөліп жатқан субендік бағытқа созылып жатқан солтүстік және оңтүстік жоталар тізбегінің жүйесінен тұрады. Солтүстік жоталар тізбегінің құрамына Нарым-Тарбағатай (2500 м), Сарымсақты (3373 м), оңтүстік жоталар тізбегіне Азутау (2385 м), Күршім (2644 м), Оңтүстік Алтай (3400 м)./2/

Ертіс өзенінің аңғары бөліп жатқан Қалба жотасы да (1449 м) Алтай тауының Сарыарқаға ұласатын сілемі болып табылады.

Алтайдың физикалық – географиялық тұрғыдан зерттелуі. XIII–ғасырдың бірінші жартысында патшалық Ресей Алтайды үш түрлі мақсатпен зерттеді. Олар: біріншіден әскери барлау жұмыстары; екіншіден бекіністерді салу арқылы қазақ жерін біртіндеп отарлау арқылы орыс үкіметінің билігін орнату; үшіншіден басып алған жерлерді шаруашылықтық мақсатта игеру.

Қолайлы географиялық жағдайы аталған бекіністердің Қытаймен, Қазақстан, Орта Азия елдерімен сауда–экономикалық байланыста ерекше орын алып тез өркендеді. Жоғарыда аталған үш мақсатты жүзеге асыру үшін I Петр 1714 жылы А.Бекович – Черкасский мен И.Д. Бухгольцтің әскери барлау экспедициясын ұйымдастырды. И.Д. Бухгольц экспедициясы Ертіс өзенін, Зайсан көлі мен оған жапсарлас жатқан Алтай Тарбағатай тауларын зерттеді. /3/

Жоңғарлардың тұтқынында болып қайтқан экспедиция мүшелерінің бірі Швед И.Ринато Алтай Тарбағатай таулы аймағының картасын жасады. 1919–20 жылдар аралығында И.Д. Бухгольц экспедициясын Лейб–гвардия майоры Иванохоров жалғастырды. 1722–24 жылдар аралығында И.Ушинский Жоңғарияға елшілікке барған сапарында Ертіс бойы мен Зайсан қазаншұңқырын, Алтай Тарбағатай тауларының табиғатының ерекшелігін сипаттап берді. Сапар қорытындысы бойынша жазбаша есебінде ететін жерлер картасында Шығыс Қазақстан мен Ыстық көлдің аралығы кескінделді.      

 Алтай Тарбағатай тау жүйелерін зерттеуде Орынбор экспедициясы үлкен қызмет атқарды. Сенаттың Обер–хатшысы И.К.Кириловтың жобасы бойынша 1734 жылы құрылған бұл экспедицияның негізгі міндеті башқұрт, қазақ, қарақалпақ халықтарының арасында орыс билігін нығайту орта Азиямен сауда байланыстарын нығайту шараларын жүзеге асыруға болады. 

 И.К.Кирилов Орынбор экспедициясына басшылық жасаған кезде оның қазақ жері туралы жинаған мәліметтері Ресей империясының шолу карталарына да енді. 1734 жылы И.К.Кирилов жасаған бас картада Қазақстан аумағы 42 — 55º с.е. пен 47 — 87º ш.б. аралығында деп көрсетілді. Оған Каспий мен Аралға іргелес аудандар мен Алтай, Ертіс аралығы толық қамтылды. 1760 – 62 жылғы патшалық Ресей сенатының жарлығымен Кенді Алтайды игеру мақсатында орыс шаруаларын қоныстандыру басталды.

Академик Паллас пен оның көмекшілері Н.Л.Соколов Ертіс пен Өскемен төңірегін, Х.Барданец Ертісті бойлай Семейге одан әрі Тарбағатайға дейін барып, географиялық зерттеулер жүргізілді. Академиялық экспедицияның қорытындысының нәтижесінде 1786 жылы Риддер, 1791 жылы Зырян, сонымен қатар Белоусов, Крюков, Талов, Глубокое басқа да полиметалды кен орындары игеріліп, Алтай папшалық Ресейдің күміс қндіретін басты ауданына айналып, түсті металлургия дами бастады. 1768–74 жылдар аралығында Қазақстанның табиғат жағдайлары мен байлықтарын жан–жақты зерттеп, болашақта шаруашылықтық мақсатта игеру үшін академиялық экспедиция ұйымдастырылды. Мазмұны жағынан жалпы ғылыми сипатқа ие болып, бүкіл табиғат элементтерін, сонымен қатар археология, тарих, этнографияны қамтыды. XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында елшілік пен әскери экспедициялар басым болғанымен жаңадан қосып алынған жерлерде орыс билігін нығайту болды. Нығайтуды шаруашылық мақсатта игеру үшін арнайы ғылыми экспедициялар ұйымдастырыла бастады. /4/

1800 жылы П.Бурнашев пен Поспелов Алтай мен Ертіс маңынан бастап Сарыарқа Бетпақдала арқылы Ташкентке саяхат жасады. Саяхат барысында олар бұрынғы зерттеулерде назардан тыс қалған пайдалы қазбалар туралы деректер жинады. XIX ғасырдың II жартысында белгілі орыс ғалымдары П.С.Паллас, П.А.Курапаткин, И.Д.Черский геологиялық, физикалық–географиялық зерттеулер жүргізіп, Алтай тауының табиғатының жалпы ерекшеліктеріне, геологиялық құрылысына сипаттама берді. Геологиялық зерттеулер нәтижесінде полиметалл, алтын, күміс кен орындары ашылды. Олар тұрақты гидро – метеорологиялық зерттеулер жүргізді.

 1840–1850 жылдар аралығында А.И.Щнерк Шығыс Қазақстандағы Алтай Тарбағатай таулары мен Сарыарқаны аралап, өзі болған аумақтардың жер бедерінің ерекшеліктерін геологиялық құрылысын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін зерттейді. 1886–93 жылдар аралығында Р.Закржевский мен Богданов Алтай мен Тарбағатайдың табиғатын зерттеп, барлық жотасында көз мөлшері кескіндеу жұмыстарын жүргізді. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Томск университетінің профессорлары Н.П.Крылов пен В.В.Сапожников өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне жүйелі зерттеулер жүргізді. Олар Қатын тауының ең биік бөлігі Мұзтау шыңына көтеріліп, Алтай тауындағы биіктік белдеуліктің таралу заңдылықтарына толық сипаттама берді /5/

  1914 жылы Томск университетінің студенттері ағайынды Борис пен Михайл Троновтар Қатын тауындағы Мұзтау (Белуха) шыңына көтерілді. Олар ұзақ жылдар бойы Алтай мен Қазақстанның оңтүстік шығыс бөлігіндегі таулы белдеулердегі мұздықтарда гляциалогиялық зерттеулер жүргізді. Бұрынғы КСРО–ның ірі гляциолог ғалымы М.В.Тронов 1949 жылы Алтайдағы мұзбасулардың очерктері атты монографиясын басып шығарды. 1920 жылдары ағайынды Н.В. және В.В.Ламаниктер Алтай мен Саян тауларын картаға  түсіріп, кешенді физикалық–географиялық зерттеулер жүргізді. Кеңестік кезеңде Алтайда кешенді физикалық–географиялық зерттеулер геологиялық, геоморфологиялық, гляциологиялық, топырақтанулық тұрғыдан жүргізіліп, органикалық дүниесін қорғау, табиғат байлықтарын пайдалануға байланысты туындаған экологиялық зерттеулер жүргізді. 1930–1970 жылдар аралығында Қ.И.Сәтпаев, М.П.Русанов, Н.Г.Насин, Е.Д.Шолигин, Н.С.Шатский, Г.Ц.Медоев арнаулы геологиялық зерттеулер жүргізді.   1: 250000 геологиялық карталары жасалды.

1940-1970 жылдар аралығында И.П.Геросимов, Б.А.Федерович, Л.Г.Гаен, З.А.Савричевский (1940-1961) Е.Е. Милановский (1961-1967), К.В. Никлорова (1960), В.И.Бабана (1961-1968) зор үлест қосты. 1950 жылдардан бастап Алтайда В.А.Буков, А.С.Утешев климаттық зерттеулер жүргізді. 1939 жылдан бастап КСРО ғылым академиясының қазаұ бөлімшесі Алтайда тұрақты гляциялогиялық зерттеулер жүргізіп, оны география ғылымының ірі өкілдері С.В. Каясник, К.К. Макаров, география секторының  гляциолог ғалымдары Н.Н. Лалогов, С.А. Тоқмағанбетов, К.Г. Манаревичтер жүргізді.

 

1.2 Алтайдың геотектоникалық құрылысы

 

Алтай таулы аймағы  Кембрийге дейін Шығыс Европа, Сібір, Тарим, Қытай, Корея платформаларының аралығында бөліп тұрған Орал-Монғол (Орал–Тянь-Шянь) қатпарлы белдеуінің құрамына кіреді.

Кембрийге дейінгі архей протерозой эрасында қазіргі Алтай тауының орнында ежелгі платформаларды бір–бірінен бөліп жатқан геосинклинальды белдеу болған. Палеозой эрасының бірінші жартысындағы Силур девон дәуірлеріндегі каледон қатпарлығының оңтүстік Алтай түзілді. Кембрийде Алтай таулы аймағының аумағында теңіз суы алып жатты.

 Теңіз табанында эвгеосинклинальды типтегі кремний сазды тақта таста, тиллит тәрізді конглемераттар (ежелгі мұз басулар нәтижесінде түзілген) мен хемогенді эффузивті шөгінділер жинақталды. Теңіздерден кембирийге дейінгі қатпарлықта түзілген жанартаулық аралдар көтеріліп тұрды. Кембирий дәуірінің палеоклиматы құрғақ әрі ыстық болуымен ерекшеленді. Кембрий дәуірімен салыстырғанда ордовикте аймақтағы геологиялық режимде айтарлықтай күрделі өзгерістер болған жоқ. Теңізден аралдар тізбегі көтеріліп тұрды. /6/

Тау жыныстарының шайылуы нәтижесінде теңіз табанына кембридің сазды шөгінділер жинақталады. Ордовиктің бірінші жартысы мен соңында магмалық әрекет қарқынды жүрді. Терең тектоникалық жарықтарда жүрген интрузивтік әрекеттің нәтижесінде ультра негізгі және негізгі тау жыныстары түзілді. Ордовиктің басында климат кембридегідей құрғақ, ыстық болғанымен трансгрецияның артуы нәтижесінде теңіздердің аумағының артуына сай климат біршама жылы әрі ылғалды болады.

Төменгі силурдың соңында қуатты  қатпарлану үрдісінің жүруіне байланысты Оңтүстік Алтайдың негізгі жоталар тізбегі Нарым, Сарымсақты, Азутау, Сарытау, Күршім, Тарбағатай жоталары мен олардың аралықтарын бөліп тұрған тектоникалық иіндер түзілді. Силурдың соңында құрлықтың біршама көтерілуіне байланысты оңтүстік Алтайдың қиыр шеті мен батыс Алтайда сақталды. Каледон қатпарлығының нәтижесінде түзілген тау жоталар орасан зор кесек шөгінді жыныстардың жинақталуына мүмкіндік берді. Олардың қатарына Силурдың жоғарғы қабатында жинақталған кремнилі және сазды тақта тастар, кремнилі құм тастар, жанартаулық күлдермен спилиттер жатады.

Оңтүстік Алтайдын қиыр оңтүстігінде теңіз маржандарының  фациялары мен  қызыл түсті сазды жыныстарды кездесуі Силурда жылы субтропиктік климаттың басым болғанын көрсетеді  /7/

Құрлықтың көлемінің ұлғаюына байланысты Силурдың соңыда біршама құрғақ әрі жылы субтропиктік климат қалыптасты. Магмалық үрдістер біршама қарқынды жүрді. Девонның басында ежелгі саяз теңіздер қазіргі батыс Алтайда ғана сақталды. Оңтүстік Алтай каледон қатпарлығында түзілген биік тау жүйелерінің біріне айналды. Төменгі девонда  экзогендік (сыртқы) күштердің әсерінен денудация үрдісі артып, пенепленде аласарды.

Орта және жоғарғы девонда жүрген трнсгрессия нәтижесінде батыс Алтайды су басты. Теңіз табанына кесек тау жыныстарымен қатар  хемогенді әктасты шөгінділер жинақталды. Девон дәуірінде күшті тау түзілу үрдістері болған жоқ. Геологиялық зерттеулер нәтижесінде анықталған бұрыштардың аздап үйлеспеуі мен су массаларының ығысуының байқалуы тектоникалық қозғалыстардың болғанын көрсетеді.

Девонның қызыл түсті құмтастар мен эффузивті  жыныстары Алтайда кең таралған. Девон қабатарында қызыл түсті шөгінділермен теңіз маржандарының кездесуі құрлықтық жағдайдың сақталуына сай төменгі девонда палеоклиматының жылы әрі құрғақ субтропиктік болғанын айғақтайды. Орта және төменгі  девонда теңіздің аумағының артуына байланысты орта девонда ылғалды субтропиктік климат қалыптасты. Девон дәуірінде Алтай тауында магмалық әрекеттер біршама қарқынды жүрді. Нәтижесінде қышқылды және негіздік лавалар түзілді. Тас көмір дәуәрәнде қазіргі Алтайдың аумағында қарқынды тектоникалық қозғалыстардың жүруі  Қазақстанның шығыс бөлігін тұрақсыз қозғалмалы  облыстарға айналдырды.  Нәтижесінде қазіргі Батыс Алтайдың аумағындағы Холзун, Листивяга, Көксу, Үлбі, Иванов, Қатын жоталарының тізбегі түзілді. Ерте тас көмірде батыс Алтайдың орнындағы теңіз табанына  Эвгеосинклинальды шөгінді қабаттар жиналып, орта және  жоғарғы тас көмірде құрлық бетінде эффузивтік шөгінділер жинақтала бастады. Қазіргі пішініне  ұқсас болды.

Орта және төменгі тас көмірдің шөгінділері негізінен құрлықтың конгомераттардан, құмтастардан, әктастардан, жанартаулық күлдерден тұратын эффузифті–шөгінді кешендерден құралған. Тас көмір дәуірінің уақыт пен кеңістік ішіндегі палеоклиматтық жағдайлары алуан түрлі болды. Жоғарғы тас көмірде құрлықтың көлемінің біртіндеп ұлғаюына байланысты төменгі тас көмірде палеоклимат құрғақ болып, соңында біртіндеп ылғалданды. Орта және жоғарғы тас көмірде климат тағы да құрғай бастады. Тас көмір дәуірінде герцин қатпарлы облысында интрузивті әрекеттер қарқынды жүрді.

Пермь дәуірінде тектоникалық қозғалыс тіктеліп, Алтай таулы аймағының аумағы платформалық режимге көше бастады. Герцин қатпарлығы нәтижесінде түзілген кесек тау жыныстарының қалың қабаты Нарым, Бұқтырма, Бобров, Жоғарғы Қарақобы, Өспен, Марқакөл, Жайсаң сияқты тауаралық тектоникалық ойыстарға шөкті. Алтайдағы пермь дәуірінің шөгінділері негізінен құмтастардан, алевролиттер мен әктастардан, құрлықтық эффузивті–кесек тау жыныстарының қалың қабаттарынан тұрады. Пермде Алтай тауында гумитті ылғалды климат қалыптасты /8/

  Пермде аймақта интрузивті әрекеттер біршама қарқынды жүрді. Герцин тектогенезі аймақтың ежелгі құрылымдарын күрделендірді. Мезозой эрасында аймақта толығымен құрылықтық жағдай сақталып, денудация үрдісінің нәтижесінде біртіндеп аласарып тегістеле бастады. Палеогенде ұсақ шоқылы асала таулы аймаққа айналды.          Мезозой эрасының триас дәуірінде Алтай таулы аймағында толығымен құрлықтық жағдай сақталды. Климаты ыстық континентті құрғақ болуы тау жыныстарының химиялық үгілуін күшейтті. Триастың соңында тауаралық иіндер мен тау беткейлеріне шөкті. Тектоникалық әрекеттер жарылуға дейін барғанмен, Кендірлік, Нарым, Бұқтырма сияқты иіндердің ірге тасының біртіндеп мантияға батуы байқалды. Палеографиялық зерттеулердің деректеріне қарағанда триас дәуірінің соңы мен юра дәуірінде Алтайдың климаты біртіндеп ылғалдана бастады.

 Ылғалды климат жағдайларында ағаш тәрізді папоротниктерден, қырықбуыннан, плаундар мен қылқан жапырақты ағаштардан тұратын орман флоралары тауаралық тектоникалық ойыстарда кендірлік тас көмір кен орнының түзілуіне қолайлы жағдай тудырды. Ылғалды климат жағдайында үгілу қабатында сілтісізденген коалинді шөгінділер түзілді. Алтайдағы төменгі бор шөгінділері негізінен тауаралық тектоникалық ойыстарға жинақталған құрлықтық жағдайда түзілген. Қызыл түстік саздар мен қиғаш қабатты құмдар мен конгломераттардан тұрады.

Бор дәуірінде құрғақ және аридті климат бірін–бірі алмастырып отырды. Палеогенің соңы мен неогеннің басында Альпі қатпарлығының нәтижесінде Алтай тауының қайта жаңғырып біртіндеп көтерілу үрдісі болды. Тау жоталарын бір–бірінен бөліп тұрған тауаралық аңғарлар мен Зайсан қазаншұңқырына кесек конгломератты шөгінділер жинақтала басталды. Неогеннің соңы мен төрттік дәуірдің басында қазіргі Нарым, Берел, Бұқтырма, Оба, Үлбі өзендерінің аңғарлары пай         да болды. Ерте және орта плиоценде Памир, Капетдаг, Кавказ тауларының қатпарлануына байланысты Алтай тауында қарқынды қозғалыстар жүріп, тәрттік дәуірінде (төменгі және жоғарғы плейстоценде) 2000-3000 м дейін көтеріліп, қатпарлы – жақпарлы жаңғырған биік тау жүйесіне айналды.

 Құрлықтың көлемінің ұлғайып, ежелгі теңіздердің тартылуына байланысты шамамен 600 мың жыл бұрын Алтайда ежелгі плейстоцен мұз басуы басталды. Ол шамамен  10 –12 мың жыл бұрын аяқтады. Белгілі гляциолог ғалым П.А. Шеркаосовтың пікіріне сүйенсек Алтайда үш мұз басу жүрген (Рисс Минадаль Вюрм) олардың алғашқысы жабын болса, соңғысы жабын сипатында болды.  /9/

Климаттағы күрт суынудан жүрген ежелгі төрттік мұз басулары мұз басу аралық кезендермен алмасып отырды. Мұзбасулар мен мұзбасу аралық кезендердің алмасуы нәтижесінде қазіргі терең сайлы тауаралық аңғарлар мен қар аңғарлары түзіліп қазіргі жер бедері қалыптасты.

Алтайдың пайдалы қазбалары. Геологиялық құрылысының ерекшелігіне сай Алтай таулы аймағында алуан түрлі пайдалы қазбалар кешені таралған. Пайдалы қазбалардың басым бөлігін темір, мыс, полиметалл сирек және шашыранды қымбат бағалы метеллдар, калий тұздары, құрылыс материалдары  құрайды. Олардың түзілуімен әркелкі таралуына аумақтық геологиялық даму тарихының техтоникалық құрылымының ерекшеліктері әсер етеді. Геологиялық тұрғыдан алғанда пайдалы қазбалардың негізгі бөлігі кембриге дейінгі, каледон, герцин және альпілік қатпарлы құрылымда таралуы табиғатының даму тарихымен түсіндіріледі. Алтай таулы аймағындағы металлогенездің сипаты мен қарқындылығына байланысты аймақ екі белдеуге бөлінеді.  Олар: Кенді Алтай, Кенді белдеулері және Қалба –Нарым. Жайсаң, Герциндік геоцинклинальды жүйесінің солтүстік – шығысында полиметалл, сирек және шашыранды металдарға бай Кенді Алтай, Кенді белдеу орналасқан. Шөгінді жолмен түзілген Сажаев,Қазақстан, Предгорное әктас кен орындары цемент шикізаты, түсті металлургияға  әктас пен мәрмәр ұнтағын алуға қажетті шикізат ретінде пайдаланылады.

    Гидротермальды – шөгінді жолмен түзілген темір кеңі Зырян ауданындағы Пригородный, Талов, Чесноков (Риддер ауданы) және Холзун марганец – магнетит кен орындарында өндіріледі /10/

Оңтүстік Алтайдағы магнетит кен орнындағы  темірдің мөлшері   50-70 %-ке жетеді. Кеңді Алтай кеңді белдеуінде мырыштың, қорғасынмен мыстың, мыңнан асатм кеңорындары бар.  Солардың ішіндегі  ең ірілері Никельск кольчадан, Риддер, Соколов, Тимин, Жаңа Лениногор және Шалқар кең орындары.

  Кен құрамында қорғасын мен мырыштан басқа алтын, күміс басқада сирек кездесетің шашыранды металлдармен кенсіз пайдалы қазбалар кездеседі. Оларды кешенді өндеу кезінде бөліп алады. Кеңді Алтайдың кені белдеуінің батыс қанатында Зырян, Грехов, Малеев полиметалл  кен орындары бар.

Солтүстік- батыс қанатында Николаев және Березов – Белоусов мысты – мырышты, орташа колчеды (күкіртті) бридті полиметалл және мыс кенорындары орналасқан. Кеңді белдеудің қиыр оңтүстік-атыс бөлігінде мысты, мысты-перидті кең орны бар. Кең құрамында алтын, тальк, фунист бар. Қалба-Нарым кні беллдеуіндегі граниттерде сирек кездесетің шашыранды металлдар мен керамика, хрусталль өндіруде маңызды шикізат болып табылатын пегматит кеңдері түзілген.

Маңызды  қалайы  — вльфрам кеңдерінің қатарына  Палацы, Колькомоль, Шердіаяқ, Теректі кенорындары жатады. Семей қаласының маңындағы батыс Қалба – Кенді аймағында өндірілетін әктас цемент шикізаты, қиыршық тас және әрлеуші материалдар ретінде қолданылады. Олигоценді (палеогенде) неоген және төрттік дәуірлерінде аьпілік эпиплатформалы орогенді белдеуі қалыптасады. Николаев полиметалл кен орнының үгілуі қабатында түзілген минералды бояулар кеніштері бар.

 Неоген, төрттік дәуірлерінде жүрген неотектоникалық қозғалыстар нәтижесінде тау етегінің тауаралық ойыстарындағы ысырылу конустарында, Ертіс өзенінің аңғарында шөккен моренналы – алювиальды шөгінділерде құрылыс индустриясында кеңінен қолданылатын малта тас, қиыршық тас, құм кен орындары түзілді. Батыс Алтай, Оңтүстік Алтай мен Қалба жотасының етегіндегі эолдық жолмен түзілген лесс тәрізді саздар кірпіш өндіруде кеңінен қолданылады./11/

 Өскемен, Семей, Риддер, Зырян сияқты ірі өнеркәсіп орталықтарын сумен қамтамасыз етуде альпілік эпиплатформалық орогенді белдеуінің шөгінді қабаттарындағы жер асты еспе сулардың кен орындарының маңызы зор. Алтай таулы аймағындағы тауаралық ойыстардағы тектоникалық жарықтарда термальды кремнилі емдік минералды ыстық бұлақтар бар. Олардың ең маңыздысы Рахман бұлақтары. Онда қазір өзі аттас курорт бар.  

 

1.3 Алтай  таулы аймағының жер бедерінің ерекшелігі

 

Батыс Алтайдың жер бедерінің ерекшелігі. Оңтүстік  Сібір тауларынан Ертіс өзенінің аңғарына деиін  созылып жатқан Алтай таулы  аймағы  морфоқұрылымдық тұрғыдан үш  бөлікке бөлінетіні белгілі. Батыс Алтайды оңтүстік Алтайдан бөлінетін шекара Орталық Алтайдың  құрамына кіретін  Укөк таулы алқабының Табын-Богдаула тауына ұласатын жердегі  Хантас асуы арқылы өтеді.

Укөк таулы алқабының батыс бөлігіндегі Берел өзені бастау алатын Қатын жотасындағы Мұзтау (4506 м) Алтайдың ең биік бөлігі болып табылады. Ақ Берел өзенінің аңғарының батысында төбесі текшелі шоқылы  болып келетің Қатын жотасы биіктігі  2200 метрден аспайтын Листвяга және Холзун жотасына ұласады. Холзун жотасы өте қатты тілімделуімен үшкір шыңды шоқылы болып келуімен ерекшеленеді. Алтайдағы өсімдік  өспеген  жалаңаш болып келетің  үшкір шыңды болып келетін орқаштаулы биік шоқылар Ақтау деп  аталады. Холзунның ең биік нүктесі абсальют биіктігі 2600 метрге жететің Линейный белок тауы.

Холзуннан Батыс Алтайдың абсалют биіктігі 2674 метрге жететің Иванов, Үлбі, Оба жоталар тармақталады. Батыс Алтайдың жер бедерінің негізгі ерекшелігі әр түрлі гипсометриялық деңгейде кең таралған реликтілігі ежелгі пенеплендердің кездесуі болып табылады. Ежелгі пенеплендер төбесі тегістелген текшелі болып келеді.  Батыс және орталық Алтайдағы тау жоталарының аралығын табаны тегіс болып келетің 800-1000 метр абсольют биіктікте  орналасқан Абай–Бұқтырма–Нарын–Оба- Үлбі тауаралық ойыстары бөліп жатыр. /12/

Батыс Алтайдың жер бедері геоморфологиялық тұрғыдан төрт топқа бөлінеді. Олар: Абсольюттік  биіктігі 300-400, 600-700 метрден аспайтың тауаралық ойыстармен тауалды жазықтары;

-1200-1500 метр биіктік аралығын қамтитың аласа таулы жер бедері;

-1500-2000 метр аралығын қамтитың орта биіктіктегі таулы белдеудің жер бедері;

-2000-4500 метр аралығын қамтитың биік таулы белдеудің жер бедері;

Алтай тауының Ертіске ұласатын бөлігі мен тауаралық тектоникалық иіндерде ірге тасы палеозойдың қатпарланған жыныстарынан тұратын және оның бетін палеоген мен төртік дәуірлерінің сазды, малта тасты сазды, сазды құмды жыныстар жауып жатқан орташа және биік белесті тұғырлы жазықтары алып жазықтар алып жатыр. Тау етегінде ежелгі төрттік мұз басуларымен қазіргі өзендердің ысырылу конусының шлейфтері түзілген. Ені 5-8 шақырымнан аспайтың делювиальды-пролювиальды нашар тілімделген моренналы төбелі жазықтар таралған.

 Тауаралық ойыстар мен тауалды төбелі жазықтары негізінен ежелгі төрттік мұз басуы кезеніңде Миндаль жабын мұздықтарымен жартылай жабын болған Рисс, Вюрм мұзбасуларының тілдері  тоқтаған абляция аймағына жиналған соңғы моренналардың жиналуынан түзілген  ысырынды-моренналы жыныстардың бетің жел әрекетінен шөкен лессті жыныстар жауып жатыр.

 Батыс Алтайдың қабатты тұғырлы денудациялық және проловиялды- делювиальды жазықтары кайназой эрасының неоген-төрттік дәуірлерінде жүрген неотектоникалық қозғалыстардың әсерінен  түзілген тік беткейлі кемерлер аласа таулы балдеуден бөліп жатыр. Тауалды белесті-төбелі жазықтары теңіз деңгейінен 300-400 метрден 600-700 метрге дейінгі биіктік аралығын қамтып, шығысқа қарай біртіндеп артады. Салыстырмалы  биіктіктері 50-100 метр аралығында ауытқиды./13/

Тік беткейлі кемерлер арқылы бөлініп жатқан аласа таулы белдеудің беткейлері біршама жатық болып келуімен ерекшеленетіңдіктен көлбеулігі 15-250 м. аспайды. Батыс Алтайдың аласа таулы бөлігінің жер бедері ұсақ шоқылардан орташа биіктіктегі  таулы белдеуге өтпелі сипатта болады. Олар Үлбі мен Оба Ертіс епн Бұқтырма, Бұқтырма мен Нарын өзендерінің аралықтарындағы кең көлемді кеңістікті алып жатыр.

 Аласа таулы белдеу 600-700 метрмен 1500 метр аралығындағы  биіктік белгілерінің аралығын қамтиды. Салыстырмалы биіктігі 100-200 метр аралығында ауытқитың аласа таулар шығысқа қарай біртіндеп биіктейді. Тауалды жазықтарынан айырмашылығы біршама тегіс болып келетің жер бедері қатты тиімделген тік беткейлі шоқтармен кезектесіп келуімен ерекшеленеді.

Суайрықтары альпілік жер бедеріне тән жалды болады. Кенді Алтай геоморфологиялық тұрғыдан эрозиялық-техтоникалық жер бедерінің қатарына жатады. Шығысында аласа таулы жер бедері 1500–2000 метр абсолют биктік белгілерінің аралығын қамтитын орташа биіктіктегі  таулы белдеуге ұласады. Орташа биіктіктегі жер бедері Оба мен Бұқтырма өзендерінің жоғарғы және орта ағыстарының аралығын қамтығын. 

Неоген–төрттік дәуірлерде  жүрген неотехтоникалық қозғалыстардың әсерінен қайта жаңғырған тау болғандықтан төбесі текшелі болып келетіңдіктен біртіңдеп биіктеуімен ерекшеленеді. Сондықтан тау беткейінің көлбеулігі 22-250, 30-350 аралығында ауытқиды. Салытырмалы өз ара биіктік 400-500 метрді құрайды. Төбесі текшелі тегіс болып келетін жер бедерінің сипатың неотектоникалық қозғалыстардың ісерінен көтерілген қатты тілімделген Орқаш таулы аймақтағы альпілік типті үшкір шыңды тік беткейлі жолдардың беткейлерін сыртқы экзогенді кұштердің әсерінен түзлген қорымдар кең таралған./14/

Алтайдың орта биіктегі таулы белдеде орналасқан Оба, Үлбі, Холзунг, Листвияга, Иванов жоталарының аралығын ежелгі төрттік мұз басулардың экзорациялық әрекетімен мұз басу аралық кезеңдегі ағын сулардың бұзушы әрекетімен түзілген терендігі 1000-1350 метрге дейін жететін тауарлық тектоникалық жазықтардағы аңғарлар бөліп жатыр. Батыс (кеңді) Алтайдың орташа биіктіктегі таулы бөлігінде қазіргі және ежелгі төрттік мұз басулардың іздері анық байқалатың экзорациялық – денудациялық жер бедерінің қатарына жатады.

Тау беткейінде ежелгі және  қазіргі мұз басулардың экзорациялық (бұзушы) әрекетінен түзілген циркті ойыстар,трогалар мен кар аңғарлары кең таралған. Ежелгі мұздықтардың тілі  тоқтаған абляция аймағындағы моренналы жалдар мен төбелердің аралығындағы циркті ойыстарда шағын циркті көлдер кең тараған. Олардың қатарына бөгелмелі Рахман бұлағы сияқты көрікті көлдер жатады. Климаты қатаң әрі тәуліктік температура айырмасы жоғары болғандықтан  аяздың әсерінен жүретін үгілу үрдісінен түзілген қорым тастар, солифмокциялық текшелер термонарстылы шұңқырлар мен төмпешіктер кең таралған. /15/

Тауаралық аңғарлардың пішіні тік беткейлі болып келетіңдіктен қар көшкінінің қаупі өте жоғары. 2000- 3100 метр биіктік аралығын қамтитың Иванов, Листвяга, Тигрец, Холзун жоталары мен Табын-Богдаула тауына ұласатын орталық. Орталық Алтайдын Қазақстандық бөлігі болып табылатын Қатын  жотасы мен  Укөк таулы алқабында салыстырмалы өзара  биіктік айырмасы 500-700 метрден асатын биік таулы  жер  бедері дамыған.

Су айрықтарымен тау беткейлерінде тік беткейлі қатты тілімделген альплік жер бедері дамыған. Батыс (Кеңді) Алтайдын биік таулы альплік жер бедері найза тәрізді үшкір шыңдарымен, қатты тілімделген жар шатқалды аңғарларымен,қорымды тік жартастарымен  ерекшеленеді. Таудың бұл бөлігінде қазіргі мұз басулардың экзорациялық әрекеті күшті жүріп жатқандықтан мұздықтардың бұзушы  әрекетінен түзілген циркті ойыстар, мореналы  жалдар мен төбелер, трогалар мен қар аңғарлары күшті дамыған.

Жер бедерінің  негізгі  пішіндері қазіргі мұз басулардың әсерінен түзілген  тектоникалық-денудациялық, эрозиялық-денудациялық жер бедеріне жатады.Үшкір шыңды тау беткейлеріндегі қар аңғарлары мен трогалар да,циркті ойыстарда қазіргі  мұз басуларымен  қатар төрттік дәуірдегі ежелгі Рисс-Вюрм мұз басуларының ізі айқын байқалады. Листвяга  Тигрец, Холзун, Иванов, Қатын жоталарының қазіргі мұздықтар жауып жатқан бөлігінің  абляция аймағындағы (мұздықтар еріп жойылатын) диаметрі 0,7,10 метрге дейін жететін малта тастардан қиыршық тастармен құмтастармен тұратын. Соңғы моренналардың аралығында циркті бөгелмелі шағын көлдер кең таралған.

Қатын жотасының биік таулы бөлігімен Иванов, Тұрғысын, Хамира және Мұзтау (Белуха) таулы алқабында 2600-4500 метр биіктік аралығындағы суайырық жоталардың тік беткейл үшкір шыңды жоталарына альплік жер бедері тән.

Батыс Алтайдың басқа бөлігінен альплік жер бедерінің  айырмашылығы беткейі өтетін болады  жекелеген беткейлердің көлбеулігі  40-70° аралығында ауытқиды. Жалдардың беткейлерінде  қазіргі және езелгі төрттік мұз басулардың әсерінен түзілген шағын қар аңғарлары мен эрозиялық ойыстар кең таралған. Тянь-Шянь, Жетісу, Алатауларына  қарағанда қар сызығы төмен орналасқандықтан Алтайдын биік таулы альплік жер бедерінің   басым бөлігін қазргі тау мұздықтары басым жатыр /16/

Оңтүстік Алтайдың жер  бедерінің негізгі  ерекшеліктері. Оңтүстік Алтай палеоген дәуірінен  бастап көтерілулер қарқынды жүріп жатқан,  текноникалық  жарықтар кең таралған таулы алқаптың қатарына жатады. Сондықтан қатты тілімделген тік беткейлі жоталар мен олардың аралығын бөліп жатқан тауарлық аңғарлардың таралуымен ерекшеленеді.

 Неоген–төрттік дәуірлеріндегі  неотектоникалық қозғалыстардың әсерінен қайта жаңғырған таулы алқапқа  жататындықтан төбесі текшелі баспалдақтанып, біртіндеп биіктейтін үстірт тәрізді оңтүстік Алтайдың суайрықтарының  аралығын тектоникалық жарықтарда қалыптасқан тік беткейлі Бұқтырма–Нарын, Күршім–Қалжыр тауаралық  аңғарларымен рифтогендік аймақ болып табылатын Марқакөл қазаншұңқырлары бөліп жатыр. /16/

Оңтүстік Алтай ендік, субендік бағытта созылған бірнеше жоталар тізбегінен тұрады. Олар: Нарым, Сарытау, Күршім, Сарымсақты, Керей, Өтен, Асу, Тарлаулы жоталар тізбегінен тұрады. Оңтүстік Алтайдың  литогендік негізі  сазды және кремнилі тақтатастардан, құмтастан, жанартаулық күлден тұрады.

Герциннің гранитті интрузиясында полиметалл кендері бар.

Таудың оңтүстік батысы мен батысынан  шығысы мен оңтүстік шығысына қарай  500-600 метрден 2800–3600 метрге дейін артады.  Салыстырмалы өзара биіктік батысында 100–300 метрден, шығысында 1000-1500 метрге дейін артады.

Оңтүстік Алтайдың жер бедеріне   екі ерекшелік тән. Олардың біріншісі – жер бедерінің батыстан шығысқа қарай біртіндеп биіктеу үрдісінің байқалуы;

Екіншісі – солтүстік беткейінің көлбеу және оңтүстік беткейінің тік беткейлі  болуына байланысты екі беткейінің бір – біріне асимметриялы болып келуі.

Суайрықтарына тән элементтердің бірі беті тегістелген  ежелгі реликтлі пенеплендер  мен тік беткейлі альплік жер бедерінің кезектесіп келуі.

Жер бедерінің сипатына  тән ерекшеліктердің  бірі субендік бағытта  созылған жоталардың аралықтарын оңтүстік батыс бағытқа қарай еңіс болып келетін тауаралық аңғарлар мен тауаралық ойыстардың бөліп жатуы болып табылады. 500-700 метрге дейінгі биіктік аралығын  тауаралық аңғарлардағы тұғырлы денудациялық және қабатты жазықтар мен  тауалды моренналы төбелі. Ол тік беткейлі кемерлер арқылы 700-1500 метр биіктік белгілерінің аралығын қамтитын аласа  таулы  белдеуге ұласады. /17/

 Аласа таулы белдеу Оңтүстік Алтайдың оңтүстік бөлігінде біршама ірі ауданды қамтиды. Абсалют биіктігі шамалы болғанына қарамастан салыстырмалы биіктігі 400-600 метр аралығында ауытқиды. Сондықтан тау  беткейлері тік, көбінесе құз жартасты, шыңдары қатты тілімделген, уақытша ағын судың әсерінен  эрозия үрдісі күшті жүруімен ерекшеленеді. Эрозияның қарқынды жүруіне байланысты тік беткейлерде борпылдақ бос жыныстар өте жұқа немесе мүлдем жоқ.  Оңтүстік  Алтайдың жер  бедері біршама тегіс, кей жерлері қатты тілімделгендіктен көлбеулігі 25-30º аралығында ауытқиды.

Аласа таулы  белдеудің ең жоғарғы бөлігі найза тәрізді үшкір шыңды ұсақ шоқылы болып келеді.

1500-2000 метр аралығын оңтүстік Алтайдың орташа биік таулы белдеуі қамтиды. Олар жеке тау  жоталарын түзеді немесе  биік                                                                                                                                                                                                                                                                                       таулы белдеудің шеткі бөлігі болып табылады. Орташа  биіктіктегі таулы  белдеуге  оңтүстік  Алтайдың негізгі жоталар тізбектері Күршім, Нарым, Сарымсақты ,Тарбағатай, Оңтістік Алтай, Асу жоталары жатады.

Ежелгі төрттік мұз басулар мен  қазіргі жер бедерін түзуші сыртқы күштердің әсерінен бетінің  тегістелуі жүріп жатқандықтан тау жоталарының  төбесі текшелі нашар тілімделуімен ерекшеленеді. Тауарлық тектоникалық жарықтар мен өзен аңғарларында беткейлері қатты тілімделіп, жер бедерін  күрделендіреді. Тар шатқалды өзен аңғарлары мен терең сайларда беткейлердің көлбеулігі 30-35º асады. Орта биіктігі таулы белдеудегі  бос жыныстарда  жылдам шайылатын бос жыныстар  сақталған аймақтарда қарқынды сел әрекетінен түзілген  терең жыралар мен ысырылу конустары айқын байқалады. Оңтүстік Алтайдың үстірт тәрізді  төбесі текшелі суайрықтары тар әрі терең шатқалдармен бірге кезектесіп келуімен ерекшеленеді.

Оңтүстік Алтайдағы альпілік жер бедері 2100-3400 метр аралықтарын қамтиды. Төбесі текшелі тегіс суайрықтан көтеріліп тұрған тік беткейлі шоқылар мен жоталардың беткейлері қатты тілімденген. Салыстырмалы биіктік 500-700 м аралығында ауытқиды.

Нарым, Сарымсақты, Ашубас, Күршім таулары батыстан шығысқа қарай біртіндеп артады. Сарымсақты тауының ең биік нүктесі Керей шыңының биіктігі 4000 метрге таяу. Ашубас тауының биіктігі 3200 метрге жетеді. Сарымсақты тауының солтүстік беткейі мен Оңтүстік Алтайда қазіргі мұз басулар сақталған. Оңтүстік Алтайдың орта тармағын Күршім, Сарытау, Жетікезең таулы алқаптары құрайды./18/

Үшінші тізбектегі тау жоталарын Марқакөлді оңтүстік-шығысынан шектейтін Өтен, Асу, Тарлаулы жоталар тізбегі құрайды. 2300-3000 метр биіктік аралығында қазіргі мұз басулар жүріп жатыр. Оңтүстік Алтайдағы мұздықтардың ауданы 10 шаршы шақырымды құрайды. 2300м биіктіктен гляциальды – нивальды белдеу басталатындықтан қазіргі мұздықтар мен температураның, жауын – шашынның әсерінен жүретін экзорациялық – денудациялық үрдістер басым болып келеді.

Қорыта айтқанда Алтай таулы аймағында жер бедерінің бірнеше морфоқұрылымдық типтері таралған.

        1.Қазіргі мұз басулар жүріп жатқан экзорациялық – денудациялық биік таулы белдеу.

 Онда  жыл бойы қатаң  климат жағдайында  нивальды- гияциальды экзорациялық денудациялық  үдістер жүріп жатады. Бұл белдеуде мұздықтардың экзорациялық әрекетінен түзелген моренналы төбелер, циркті ойыстар, кар аңғарлары, аккумуляциялық шлейфтер басым  /19/

       2.200-3000 метр  биіктік аралығын қамтитын гравитациялық солифюкциялық белдеу.  Бұл  белдеуде ежелгі плйстоцен мұз басуларының әсерінен түзелген моренналы төбелер, сулы және гравитациялық солифмокциялардың әсерінен түзелген текшелер, тау беткейлерінде қорым тастардың  ағыны басым. Біршама нашар ылғалданған тегіс беткейлеріне, уақытша ағын сулардың әсерінен түзілген жылғалар мен аккумуляция конустары тән. Жақсы ылғалданған беткейлері тік  болып келуімен ерекшеленеді.

  1. Мұздықтардан тыс эрозиялық – аккумулятивтік орташа биік таулы белдеу 1600-2300 метр биіктік аралықтарын қамтиды. Бұл белдеудің жер бедерінің морфомүсіндік пішіндерін қалыптастыруда флювиальды үрдістер маңызды роль атқарады. Уақытша және тұрақты ағын  судың әрекеттерінен жүретін бүйір және табан эрозиясының әсері басым болып келеді.
  2. 1200-1600 метрден 2400 метр биіктік аралықтарын қамтитын эрозиялық -денудациялық жер бедері. Бұл белдеуде судың температураның бұзушы әрекетінен жүретін шайылулар басым.
  3. Тауаралық ысырынды қабатты және тұғырлы денудациялық қабатты жазықтар. Олардың тұғырлы сазды құмды малта тасты жыныстардан тұрады. Негізінің тау беткейлерінен төккен тау жыныстарынан тұрады.

 

2.4 Алтайдың климатының ерекшеліктері

 

Алтайдың климатын түзуші факторлар. Құрылықтың орталық бөлігінде орналасуын, мұхит, теңіздердн шалғайлығы мен Орта Азияның шөлейтті аудандары мен көршілес жатуына байланысты. Алтайдың климаты шұғыл континентті.  Сібір антициклонның біршама трансформацияланған арктикалық ауа массаларының ықпалының  басым болуына, жер бедерінің ерекшеліктерімен, жан-жағын тау жоталары қоршап тұрған Зайсан қазаншұңқырындасуынып, ауырлаған ауа массаларының  әсерінен жоғарғы қысымды аймақтың қалыптасуына байланысты қысы суық, аязды, жазы салқын, жауын–шашынды болып келуімен ерекшеленеді.

Ендік және субендік бағытта созылған тау жоталары мен олардың аралықтарын бөліп тұрған тау аралық ойыстарға енген ауа тез суынып, ашық аязды күндердің көп болуына әсер етеді. Қыста жылы ауаның биікке көтерілуінен температура инверсиясы байқалады. Осыған орай қыста таудың етегіндегі тауаралық  ойыстарға қарағанда 1500–2000 метр биіктіктегі тау жоталарындағы температура жоғары болады. Температура инверциясы Алтай тауының беткейлерінде  өзіне тән өсімдік, топырақ жамылғысының қалыптасуына ықпалын тигізеді.

Оңтүстік Сібір таулы белдеуінің батыс бөлігін алып жатуына, жер бедерінің  ерекшеліктеріне сай Батыс және Оңтүстік Алтайда Сібір антициклонының әсері әлсіздеу болғандықтан қыста циклон әрекеті біршама айқын байқалды. /20/

Батыс Алтайдың климатының қалыптасуында биікті белдеуліктің қалыптасып, жылу мен ылғалдың таралуына температура инверсиясына,  таулы аңғарлы желдер Феннің дамуына  орографиялық жағдайы өте зор әсер етеді. Климаттың шұғыл континенттігі жан-жағын Батыс, Оңтүстік Алтай, Қалба, Маңырақ, Сауыр жоталары қоршап жатқан Зайсан қазаншұнқырында, Бұқтырма–Нарым, Үлбі, Оба, тауаралық иіндерінде айқын  байқалады.

Алтай таулы аймағындағы температураның қысқы режимін Азия максимумы айқындайды. Қыркүйекте дами бастайтын антициклондық әрекеттің әсерінен қазаншұнқырлар мен тауарлық ойыстарда температураны қатты төмендетіп, инверсияның күшеюінен тау беткейлерінде температура көтеріледі.

Күшті трансформацияланған Арктикалық ауа массаларын Үлбі, Оба, Иванов жоталарының солтүстік беткейлері ұстап қалады. Жауын –шашынның 80%-н батыс циркуляциясының әсерінен Атлант мұхитынан келетін ауа массалары әкеледі.

 Жауын–шашынның мол түсуі теңіз деңгейінен 1000–1200 метр биіктіктен бастап айқын байқала бастады. Қазақстандағы жауын– шашын ең мол түсетін аймақ Алтай тауының батыс беткейі болып табылады. Жер бедерінің ерекшелігіне теңіз деңгейінен биіктеген сай  аймақта жауын– шашын әркелкі таралған.

 Алтайда жылына 1500–1600 мм дейін жауын–шашын түседі. Ең жоғарғы мөлшері ең биік бөлігі Қатын жотасының батыс беткейінде 2500 мм дейін жетеді. Зайсан қазаншұңқырында 200-300 мм артпайды. Қыста антициклондық жағдай қалыптасатындықтан жауын – шашының басым бөлігі  жазда түседі. /21/                 

Қазақстан аумағындағы Алтайдың батыс, оңтүстік–батыс бөлігінің ендік, субендік бағытқа созылып жатқан орографиялық ерекшеліктеріне байланысты батыстан енетін ылғалды ауаның әсерінен оңтүстік Сібір таулы белдеуінің басқа бөліктеріне қарағанда жауын–шашын біршама  мол түседі. 

Батыстан енген ауаның Алтай тауының батыс беткейіне жеткенде суық ауамен араласуынан және жоғары бағытталған ауа ағынының  тууы ауаның қасиеті әртүрлі ауа массаларының араласуына конденсацияланып, орографиялық сипаттағы жауын–шашынның түзілуіне  әсер етеді. Осыған орай  жазда бұлтты күндердің саны маусыммен шілдеде 12–15 күнге жетсе, қаңтарда антициклон әрекеттің  артуынан ол көрсеткіш қаңтарда 7–8 күнге дейін кемиді.

Жылдық радиациялық баланс солтүстігінде 135600 Дж/см²-тан қиыр оңтүстігінде 146538 Дж/см² + 10ºС жоғары температураның жиынтығы Өскеменде 2375-дан 4500 метр биіктіктегі Қатын жотасындағы Мұзтау мен Берел мұздықтарында 200º дейін төмендейді .

Алтай тауының батыс беткейлері солтүстік-батыстан және батыстан енетін ылғалды ауаны ұстап қалатын қуатты конденсатор қызметін атқаратындықтан қыста жауын–шашынның 40% қар түрінде түседі. Қазан, желтоқсан айларының аралығында циклон әрекеті күшейетіндіктен Кіші Үлбі метеорологиялық бақылау бекетінде 1800 мм жететін жауын–шашынның 580 мм түседі. Алтайдың оңтүстік бөлігіндегі тау беткейлерімен тауаралық      

Алтай тауындағы температура мен жауын–шаынның жыл маусымдарында таралу ерекшеліктері.

Қыста Азия максимумының оңтүстік батыс тармағының ықпалынан жан–жағын тау қоршаған Зайсан қазаншұңқырында суынған ауаның жинақталуына байланысты температура күрт төмендеп, бұлтсыз аязды ашық ауа райы қалыптасады.

Лениногор ойысындағы Риддер қаласындағы қаңтардың орташа температурасы — 12ºС, Бұқтырма – Нарым ойысындағы Өскеменде — 16ºС, 1634 метр биіктіктегі Кіші Үлбіде  -20ºС дейін төмендесе, Қатын метеорологиялық бақылау бекетіңдегі абсолют минимумы -50ºС жетеді. Антициклонды ауа райы қалыптасқан қыс кезінде Семей мен Өскеменде орташа  тәуліктік температура кей күндері -43…- 45ºС дейін төмендейді. /22/

Алтай  тауының батыс беткейлері солтүстік батыстан және батыстан енетін ылғалды ауаны ұстап қалатын қуатты конденсатор қызметін атқаратындықтан қыста жауын–шашынның 40% қар түрінде түседі. Қазан, жетоқсан айларының аралығында циклон әрекеті күшейетінідіктен Кіші Үлбі метеорологиялық  бақылау бекетінде 1800 мм жететін жауын–шашынның 580 мм түседі.

Алтайдың оңтүстік бөлігіндегі тау беткейілермен тауаралық  ойыстарда  жауын-шашынның мөлшері  200-400 мм аспайды.Қатын аңғарында 100 мм  у көк  үстінде 30 мм дейінге мөлшерде жауын — шашын түседі. Жауын-шашынның әркелкі таралуына тау беткейлерінің экспозициясына байланысты қардың қалыңдығы да әркелкі.

 Батыс және оңтүстік Алтайдың 1900-2200 метр биіктіктегі  субальплік белдеуінде қардың қалындығы 3 метрге жетсе, тауаралық ойыстар мен тау алды жазықтарында 30–50 см артпайды. Алтай тауындағы тұрақты қар жамылғысы тау етектерінде қарашада, биік таулы нивальды–гяциалды белдеулерде қыркүйекте, қазан айларында қалыптасып 153–179 күнге дейін, биік таулы аудандарда 300 күнге дейін сақталады. 3500 метр биіктіктен жоғары жыл бойы сақталып жауын–шашын тең қатылы қар түрінде ғана түседі./23/                       

                                                                                                               1 кесте.

 Қазақсан Алтайындағы қар жамылғысының түсетін және еритін мерзімдері.

Метеорологиялық бақылау бекеттері

Теңіз деңгейінен биіктігі метр  есебімен

Тұрақты қардың

Сақталатын уақытының ұзындығы

Түзілетін уақыты

Еритін уақыты

Шемонаиха

329

8.ХІ

11.IV

162

Өскемен

285

12.ХІ

31.IV

153

Риддер

809

29.Х

13.IV

179

Қотанқарағай

108

3.ХІ

6.IV

168

Самара

426

9.ХІ

8.IV

154

Зырян

475

4.ХІ

19.IV

169

 

Кестенің деректеріне талдау жасайтын болсақ, тау беткейлерінің ылғалдану жағдайы тұрақты қар жамылғысының сақталу ұзақтығында да әсер ететінін көруге болады 

       Мысалы: жауын–шашын мол түсетін Зырян бекетінде біршама биік орналасқан Қотанқарағайға қарағанда  екі апта кеш еритінін аңғаруға болады. Алтайдың гляциалды–нивальды белдеуінде +2…3ºС шілденің өзінде жауын–шашын тек қар түрінде түседі. Қар жамылғысының бұзылуы наурыздың соңында Алтайдын оңтүстік шығыс шетіндегі тауаралық ойыстардан басталып біртіндеп тау беткейлеріне көтеріліп 2–2,5 айдын ішінде Нивальды – гляциалды белдеуге дейін жетеді.

Ертістің оң жақ жағалауындағы 1000 метрге дейін аласа таулы белдеулерде қардың қалыңдау гардиенті әр 100 метр биікттіке көтерілгенде 15-20 см артады. Қыста жауған қар  қорының ең жқғарғы көрсеткіш Бұқтырма өзенінің алабында байқалады.  Аталған ауданда қыс маусымында  600–250 мм дейін жауын–шашын түседі. Қыста қар ең қалың жіне жауын–шашын  ең мол түсетін аймақтардың қатарына Алтайдың биік таулы гяциалды белдеуі жатады./24/

 Алтаудың ең биік бөлігі болып табылатын Қатын жотасындағы Ақ Берел мұздығында қыста  қалындығы 1000 мм дейінгі мөлшерде қар түседі. Алтайда көктем сәуірдің  бірінші және екінші он күндігінде биік таулы белдеуде Үлкентау аралық аңғарларда маусымда ғана басталады. Алтайдың батыс беткейінің етегіндегі көктемдегі  тәулікті орташа температура мамыр айының басында +12ºС құрайды.Сәуірдің бірінші жартысынан мамырдың екінші жартысына дейінгі  аралықта арктикалық суық ауа массалардың енуіне биік таулы бөліктерде әлі қар жатуына байланысты. Тау алды аудандарында өсімдіктердің  өсіп өнуіне қолайлы вегетациялық кезеңнің ұзақтығы 165 күнге  1800 метр биіктікте  110 күнге дейін созылса, 200 метр биіктікте 50-60 күннен артпайды. Ең жылы мезгіл шілденің ортасы мен тамыздың басы. Шілдеде тау етектерінде орташа тәуліктік температура +19ºС құраса, 2000 м биіктікте +8ºС артпайды.

Жылудың жетімсіздігі мен температура режимінің қолайсыздығы көптеген ауыл шаруашылық дақылдарының пісіп жетілуі мен жинау уақытына кедергі келтіреді. Жылудың мөлшерінің  артуына байланысты ауаның тік бағыттағы конвективті ағын суық және жылы ауалардың  араласуы жауын–шашынның түзілуіне қолайлы әсер етеді. Жылы кезеңде Алтайда жылдық жауын–шашынның  60% түседі.

Алтай таулы аймағының климатының қысы өте суық, жазы жылы болып келетін шұғыл континентальдылығын табиғатының қалыптасу тарихымен биік тау жоталары мен тауаралық аңғарлардың, тауаралық тұйық ойыстардың  (Зайсан қазаншұңқырының)  бір–бірімен кезектесіп келетін жер бедерінің ерекшелігімен тығыз байланысты. Климатының ерекшелігі Алтайға тән тауалды далалы, орманды және биік таулы альплік және субальплік  шалғынды ландшафтлардың қалыптасуына әсер етеді. Климатының алуан түрлілігі ауыл  шаруашылық өндірісін жіктеуді талап етеді. /25/

Жауын шашынның мол түсуіне байланысты Қатын Холзун жотасындағы мұздықтардың  тілі теңіз деңгейінен 1950, 2000 метрге дейін төмен түседі.

Алтайдың биіктік климат зоналары. Алтай тауының теңіз деңгейінен биіктігіне сай бірнеше климат типтеріне бөлуге  болады.

1) 300–600 метр биіктік аралығында  батыс Алтайда тауалды далалы оңтүстік Алтайдың етегінде құрғақ далалы климат қалыптасқан. Бұл белдеуде қаңтардың орташа  температурасы –22… -32 ºС аралығында ауытқиды. Антициклонды ауа райы қалыптасқанда –45… -50ºС дейін төмендейді. Жазы жылы шілденің орташа температурасы +19…+20 ºС аралығында ауытқиды. Жауын–шашынның 60% жазда түседі. Қыста қар 30-40 см аспайтын жұқа болып келеді. Жауын-шашынның  орташа мөлшері 400–600 мм аралығында ауытқиды. Көктем 1,5–2 айға созылады. Жылдың  бұл  маусымында күннің қарқынды жылынумен қатар теріс және оң радиациялық баланстың алмасуына байланысты тұрақсыз ауа рай  қалыптасады.

 Жазда тауалды  жазықтарында біршама жылы әрі құрғақ ауа райы қалыптасады. Күзде аталған биіктіктегі климат зонасыда әсіресе түнде суыну үрдісі қарқынды жүреді.  Күздің басында (қыркүйекте) құрғақ желсіз бұлтсыз ашық ауа райы  қалыптасады. Үсік жүру қыркүйектің ортасы мен қазанда басталады.

2) 500–600–1500-1600 метр биіктік аралығындағы таулы ормандаы – шалғынды белдеудің климаты қалыптасады. Алтайдың тауалды далалары мен аласа және орташа биік таулы бөлігін қамтитын  бұл белдеудің климаты қоңыржай континенттігімен ерекшеленеді.

Қыста температура  инверсиясының жүруіне байланысты тауалды далалы белдеуіне қарағанда қаңтардың орташа температура  -13…-18 ºС аралығында ауытқиды.Температура инверсиясына  орай күндізгі +40 ºС жоғары көтерілгенде  қардың еру құбылыстары да  байқалады. Бұл белдеуде көктем сәуірдің  бірінші екінші он  күндігінде басталып, 1,5 –2 айға дейін созылады. /26/

Қардың  қарқынды еруі төменгі бөлігінен басталып, біртіндеп көтеріле береді. Қар 179 күнге дейін сақталады. Шілденің  екінші жартысынан жаз басталады. Бұл кезеңде тәуліктік орташа  температура  +15ºС дейін  көтеріледі. Қызған ауаның  тау беткейін бойлай тік бағыттағы конвекциялық ағынына байланысты Алтайдың беткейінде бұлтты жауын–шашынды ауа–райы қалыптасады.  Алтайдың  орманды–шалғынды белдеуінде  күз тамыздың  соңымене қыркүйекте түседі. Қыркүйектің екінші жартысынан бастап үсік жүріп, жауын–шашын қар түрінде  түсе бастайды. Жоғарғы бөлігінде қазанның ортасы мен соңына  қарай қысқы ауа райы орнайды.

3) 1600–2200 метр биіктік аралығына альплік және субальпілік белдеудің климаты тән.

Бұл белдеуде жаздың өзінде түнде үсік жүру құбылысы байқалатын климаты шұғыл континентігімен  ерекшеленеді. Түн салқын болғандықтан шық түседі .

Шілденің орташа температурасы +5… +8º С аспайды. Жазы қысқа., тұрақсыз жауын–шашынды ауа-райы басым. Жекелеген күндері температура +21 ºС дейін көтеріледі. Өсімдіктер өсіп-өнетін вегетациялық кезең 2,5 айға ғана созылады. Суық аязды кезең 6-9 айға дейін жетеді..    Желтоқсанда аяз    –30…-40 ºС  дейін жетеді. Қаңтар мен ақпанда аязды күндер күнделікті жүретін құбылыс болып табылады. Қаңтардың орташа  температурасы –20… -22ºС.  Жауын–шашын жазға қарағанда аз түседі. Жыл маусымдарының бір-біріне ауысуы әлсіз байқалады. Жазда топырақтың суыну, желді ауа райы басым болады. /27/

 Таудың бұл бөлігінде 1600 –1800 мм дейін  жауын –шашын түседі. Қыста қардың қалыңдығы 2-3 метрге дейін жетеді. 2300–2500м биіктік аралықтарынан бастап, биік таулы нивальды- гяциальды мұздықты  климат зонасы басталады. Бұл белдеудің климаты өте қатал, артикалық климатқа жақын. Шілденің орташа температурасының өзі 0ºС төмен. Жауын –шашын жыл бойы тек қар түрінде түседі. Жаздың кей күндері ғана қар сызықтарының шегінде ғана жаңбыр түрінде түседі. Ауа райы күшті желді ашық күндер боранды жауын–шашынды күндермен тез алмасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Алтай дың қазіргі мұзбасуларына әсер ететін табиғи факторлар

 

2.1 Алтайдың биік таулы бөліктерінің қазіргі мұздықтардың  түзілуіндегі алатын  орыны

 

Алтай  Оңтүстік Сібір  тау  жүйесіне енетін ең ірі таулы аймақтың бірі. Ол  оңтүстігі мен орталығында 3000-4000 метрге дейін  көтеріліп жатқан жоталармен таулы  алқаптардан тұрады. Ең биік   шыңдарының көбін қар  жамылғылары жауып жатыр. Қазіргі  жер бедері коледон, герцин   қатпарлығында  түзіліп неоген-төрттік  дәуірлерінде қайта көтеріліп, қайта жаңғыру нәтижесінде қалыптасқан. Әсіресе орталық және оңтүстік бөлігі аса биік болғандықтан қазіргі  мұзбасулар қарқынды жүріп жатқан аймақтардың бірі болып табылады. Төрттік дәуірінде Алтайда қуатты мұзбасулар жүрген. Оның іздері  тауаралық  аңғарларда  мореналы шегінділер, мореналы төбелер, циркті ойыстар, қар аңғары сияқты жер бедерінің мұздықтың  морфомүсіндік пішіндері ретінде  сақталған. Алтайдың қазіргі мұздықтар сақталған бөлігінде  кең көлемді алқапты  алып жатқан төбесі текшелі  орқаштау таулар мен терең қырлар  тілімделген  тікбеткейлі  жер бедерінің кезектесіп келуімен ерекшеленеді. Олар кейде қазіргі және ежелгі  мұзбасулардың  экзорациялық  әрекетімен түзілген.  Көп камералы циркті ойыстармен  ысырынды (трогалы) аңғарлармен кездесіп келеді. Альпілік жербедері  төрттік дәуірдегі ежелгі мұзбасу кезеңінде қалыптасқан. Олар қазіргі  мұзбасулардың  морфологиясы мен мөлшерін айқындайды./28/

  Алтайдың биік таулы белдеуінде  кең таралған  жер бедерінің пішіндері астау тәрізді  ойыстар-карлар болып  табылады. Кар аңғарлары  біліктік жоталарды бойлай  таралған. Олар баспалдақ тәрізді ортасы ойыс  амфитеатрлық текшелер түзеді. Жекелеген карлардың  диаметрі 0,2-1,5 шақырымға, керегелерінің биіктігі 500-700 метрге жетеді. Карлар солтүстікке, солтүстік-шығысқа және шығысқа  бағытталған. Олар түзілген кезеңде де ауаның  батыстық  ағыны  басым болып келуі тау жоталарына  жауған қарды жер үрлеп  ықтағындағы  мұздыққа айналған. Олар біртіндеп кеңейіп, экзорациялық (бұзушы) әрекеттің нәтижесінде бүйір және табан эрозиясы жүріп,  қар аңғары кеңейіп тереңдеп отырған.

Теңіз деңгейінен биіктігіне, тілімделуі мен жоталардың жатыс бағытына, ылғалдану дәрежесі мен күн  радияциясының  қарқындылығына байланысты Алтайда мұздықтар  әркелкі таралған.

Алтай тауындағы қазіргі  мұзбасуларды орталық, оңтүстік және шығыс Алтай аудандарына бөліп  қарастыруға болады. Олардың  әрқайсысында өздеріне тән  мұзбасу аймақтары бар.

1 сурет. Алтайдың  орографиялық сызбасы.

Орталық Алтайға  Солтүстік Шу, Оңтүстік Шу, Қатын,Қара-Алахин жоталарымен  олардың тармақтары жатады. Бұл жоталарда Алтайдың негізгі мұздықтары шоғырланған. Оңтүстік Алтайға  Күршім, Сарымсақты, Тарбағатай,Сайлюгем жоталары және  Моңғол Алтайына ұласатын  Табын-Боғдаула тау алқабы жатады. Мұндағы мұздық түзілу жағдайы   Орталық Алтайға қарағанда біршама қолайсыздау. Шығыс Алтайдың құрамына Чихачев, Шапшал, Монгун- Тайга,Қурай, Самультин, Куркуре –Баши   жоталары кіреді. Шығыс Алтайдың құрғақтығына байланысты  мұнда мұзбасу  аудандары аз аумақты қамтыған.

        Батыс Алтайдың құрамына кіретін Иванов, Теректі, Қорған  жоталарында  үрленген қардың  тау беткейлеріне жиналуынан түзілген шағын қарлы мұздықтар кездеседі./29/

49-52°  с.е. географиялық орынының ерекшелігі мен күннің түсу  бұрышына сәйкес мұздықтардың  қоректену аймағының шекарасы Батыс  және Орталық Алтайда 2200-2800 метр, Оңтүстік және Шығыс Алтайда қоректену аймағындағы мұздың аккумуляциялануы осы бағытта өзгереді. Батысында 350-400 т/см, орталығында 150-200 г/см, шығысында 100-150  г/см дейінгі аралықта кемиді. Таулы Алтайдағы температура жағдайы көршілес жатқан жаздықтардын  біршама айырмашылығы бар. Жазда теңіз деңгейінен  әр 100 метр көтерілген сайын 0,5-0,6° төмендесе, қыста  жылы ауаның жоғары көтерілуінен жүретін инверсия  құбылысына байланысты  көтеріледі де, Зайсан, Бұқтырма сияқты  тауаралық аңғарлар мен ойыстарға қарағанда жоғары болады. Жалпы алғанда теңіз деңгейінен  көтерілген сайын  климаттың  континенттігі кеміп, биік таулы  белдеуде  жазда жауын-шашын мол түсетін теңіздік климатқа жақын болады.  Жауын-шашынның  мол болуы мен тек қатты түрінде түсуге мүмкіндік  беретін жер  бедерінің  орографиялық ерекшелігі  қарлы, циркті ойыстар мен  төбесі  текешей биік тау  жоталар – мұздықтардың түзіліп  таралуына  қолайлы жағдай тудырады.

Орталық Алтайға ежелгі ысырынды-карлы циркті ойыстар мен  аңғарларда түзілген  тікбеткейлерде шоғырланған фирин  аймағында орналасса, еріп жойылатын  тілдері біршама жатық тегіс жерлерде орналасқан аңғарлық, карлы-аңғарлық мұздықтар талралған олардың  басым бөлігі күмбез тәрізді ең биік шыңдардың маңында шоғырланған. /30/

Алтайдың мұздықтарының түзілу жолдары мен морфологиялық типтері.

Алтайдың тау  мұздықтарының түзілу жолдары. Алтайдың мұздықтарыда  қоректену немесе Фирин алабынан   және еріп  жойылатын абляция аймағынан тұрады.

Қореректену аймағы ылғал мол түсетін Батыс және Орталық Алтайда  2200-2600  метр, шығыс Алтайдың биік таулы белдеулерінде 2800-3200 метр биіктік аралықтарында орналасқан. Ол негізінен қар, қар қиыршықтары, мұзды жаңбыр, бұршақ түрінде түскен жауын шашыннан,  биіктегі тау беткейінен жүретін қар  көшкінінің нәтижесінде де түзіледі. Мұздықтардың  жиналуының негізгі көзі  циклон әрекетінде түсетін атмосфералық жауын-шашын болып табылады. Сублимацияның әсерінен  ылғалдық жиналуынын алатын  орыны шамалы, тек 10%  ғана құрайды.

Жаяу бұрқасын мен желдің қар  көшкінінің жербедерінің теріс пішіндері  қар аңғарлары мен циркті ойыстарға  шөктіріп,  мұздықтардың аумағын ұлғайтуда ерекше орын алады.

Алтай  тауының  мұздықтарының еріп  жойылатын абляция аймағы 2200-2400 метр  биіктікте орналасқан. Оның атқаратын басты қызметі күн  радиациясы мен ауадағы  жылудың әсерінен  мұздықтарды қарқынды еріту. Мұздықтардың ашық жатқан  бөліктерінің қарқынды  еру үрдісін беткі абляция деп атайды. Инфильтрацияланып мұздықтың терең  қабаттарына енген судың, қозғалу барысында  үйкелістің әсерінен  бөлінетін жылудың  әсерінен жүретін  мұздықтың қарқынды еру үрдісін ішкі немесе мұз асты абляция деп атайды. Беткі абляцияға қарағанда ішкі мұз асты абляциясының  үлесі шамалы болады.

Алтай тауының географиялық орыны мен  күннің түсу  бұрышына,  жауыншашынның  ерекшелігіне орай қатты  күйде түскен жауын шашынның  біртіндеп тығыздалып критсаллданған мұзға   айналатын фирин аймағының  шекарасы  2200-2800 метр  биіктікте орналасқан.  Жауған ұлпа қар мен оның  сынықтарының арасын толтырып жатады. Қардың тығыздығы 0,102 г/см3 болғанда 88%, 0,45 г/текше см  болғанда 50%  ауа құрайды..Құрғақсуық ауа райында  борпылдақ қар  жамылғысы  түзіледі. Ал қатты аязды күндері қарқынды түрде тығызбалып жиналып қардың  бірде еріп, бірде қатуынан мұзға айнала  бастаған қар фирин деп аталады.

Алтай тауындағы мұздықтардың қалыптасу үрдісі жүретін бірнеше аймақтан тұрады. Теңіз деңгейінен 3200-3800 метр биіктікте орналасқан қарлы-фирин немесе  рекресталдану аймағы. Бұл аймақта қар   тығыздалып, фирин біртіндеп мұзға айналады. Фирин  мұзға айналу үшін қардың  қалыңдығы 20 метрден асуы керек. Қардың температурасы судың  қатуының нәтижесінде бөлінетін жылудың есебінен көтеріледі. Бұл белдеуде  мұздықтың еруі баяу жүреді./31/

  1. 2900-3200 метр биіктік аралығында жылы фирин немесе инфилтрациялану-рекристалдану аймағы орналасқан. Аталған аумақта бір жыл ішінде жиналып  аккумуляцияланған ылғалды 0,4-0,7 бөлігі ериді. Мұздың түзілу бетінен еріген судың терең қабатқа  сіңіп қатуының есебінен жүреді. Аталған аймақта  мұздықтың  бетіндегі температура 0°, 1-3 метр тереңдікте-2 …-30 Сқұрайды.
  2. 2200-2900 метр биіктікте мұздықтың көректену аймағы орналасқан. Бұл аймақта қардың  арасындағы барлық  саңылаулар суға толып  мұзданған.  Бір жыл ішінде түскен жауын-шашынның тең  жартысы ериді. Ол фирин  аймағы мен Қоректену  аймағының аралығында орналасады.
  3. 2200-2400 метр биіктік аралығында  мұздықтардың еріп жойылатын абляция аймағы орналасқан. Мұнда мұздықтардың қарқынды еру үрдісі жүретін  тілдері  қарсыздығынан төмен түсіп жатады. Бұл аймақта  шығынның басым бөлігін жылы мерзімде түсетін атмосфералық жауын-шашын құрайды. /32/

 

 

  1. 2 Алтай тауындағы мұздықтардың Фирин аймағының құрылысы

 

Климатының ерекшелігіне сәйкес аталған  аумақтағы мұздықтардың мұздары мен  фириндерінің  құрылысы  түйіршікті  және жолақты болып  келуімен ерекшеленеді. Түйіршікті болуы  рекресталдану үрдісімен тығыз байланыста болады. Мұздықтағы мұздың әр  түйірі басқаларымен тығыз  байланысқан теріс пішінді кристалл болып табылады. Мұндай  мұз копкристалды деп аталады.  Оның әрбір кристалы өте жұқа қабыршық тәрізді болады.  Сондықтан бұл мұздар тез қатуымен ерекшеленеді. Олардың арасындағы  саңылауларға ауа енеді. Көпкристалды мұздан тұратын  мұздықтар өзгеріссіз  қалмайды. Уақыт өте келе мұз кристаллдары қайта ірілене береді. Беткі қабаттағы қарқынды мұзға қарағанда   тереңдегі тыныштық күйіндегі мұздың кристаллдарының мөлшері ірі болады./33/

Фирин аймағының құрылысы. Метеорологиялық жағдайдың ауытқуының  әсерінен мұздықтың көректену  аймағындағы  қар қабаттасып жатуымен ерекшеленеді. Себебі екі  қар түскен уақыт аралығында бірінші түскен қар қабаты күн  радиациясының, желдің, ауа температурасының әсерінен  мемоморфозданып үлгереді. Нәтижесінде бұрын және жаңа жауған қардың шекарасы айқын  байқалады.  Қысқы жауған  қар қабаттары ұсақ түйіршікті, жел қатты соғатын алқаптарда  өте тығыз  әрі таза болады. Алтайдың тау мұздықтарында  қарлы-фирин  қабаты  ластану дәрежесіне, басқа заттардың  қосылыстарының болуы арқылы ажыратылады. Қабаттарына талдау жасай отырып, қардың  жинақталу тарихын қалпына келтіріп, көпжылдық балансын есептеп шығаруға болады. Еру үрдісі  жүрмейтін Алтайдың ірі тау мұздықтарының орталық бөліктерінде жылдық  қабаттарын анықтау қиынға соғады. Сондықтан  мұздықтарға құрылымдық зерттеулер жүргізуге тура келеді. Оларға терең қабаттардың қатуын талдау әдісі жатады. Қазіргі кезеңде мұздықтардың алынған қар қабаттарына изотоптық және газдық  талдау жасау арқылы  қалыптасқан кезеңінің физикалық географиялық жағдайын қалпына келтіру әдісі кеңінен қолданылады.  Изотоптың  геохронология әдісінің көмегімен бірнеше мың жылға созылған  мұздықтың  жасын  анықтауға болады. Алтайдың фиринді-мұзды қабаттың бетінде 1953-1954; 1955, 1961-1963, 1965 жылдары жүргізілген ядролық  жарылыстардың изотоптары кездеседі. Бұл изотоптар мұзды-фиринді қабат стратиграфиялық талдау жасағанда жасын анықтауға мүмкіндік береді.

Абляция аймағындағы  мұздықтың тіліндегі мұз қабаттары  бір-бірімен қабаттасқан жолақ тәрізді  болып келеді. Көбінесе  ақ және көгілдір түсті мұз қабаты  қатпар түзеді. Олардың арасындағы бос кеңістікте  әртүрлі мөлшерде ауа көпіршіктері болады. Мұздықтың тілінің астыңғы қабаттарында қасық тәрізді  болады.  Бірнеше мұздықтың бір-бірімен қосылуынан түзілген мұздықтарда қозғалу бағытына бағыттас жатқан бірнеше  қабат түзеді.

Алтайдың мұздықтарының қозғалысы мұздықтардың аккумуляцияланған көректену аймағынан еріп жойылатын абляция аймағына  тасмалдайтын негізгі үрдіс болып табылады. Көректену аймағынан абляция аймағына жылжу екеуінің арасындағы тепе-теңдіктің сақталуын қамтамасыз етеді. /34/

Тау мұздықтарындағы  көректену аймағындағы кез-келген  мұздық көлденең қимасы арқылы  қозғауы көректену аймағына қарай қозғалады. Бастауынан көректену аймағына қарай мұздық жылдамдығы артып, мұздықтың  шетіндегі абляция  аймағында біртіндеп кемиді. Мұздықтардың қозғалуына қалыңдығы, ені және тау беткейінің көлбеулігі әсер етеді. Алтайдың мұздықтары жабысқақтығымен  серпімділігіне, тау беткейіндегі мұз құрсауының  сырғуына, мұздардың жарылуы арқылы жүзеге асады. Тау мұздықтарының көбі жарылған мұз құрсауларының бөлшектерінің сырғуы  арқылы жүреді. Мұздықтың қалыңдығының, тау беткейінің көлбеулігінің  және қозғалу жылдамдығының арасында тікелей байланыс болады. Тау беткейі тік  көлбеулігі жоғары жерлерде  мұз жұқа болып,  олар жылдам қозғалады. Алтай тауының төбесі текшелі жатық беткейлермен аңғарларда мұз қалың, әрі баяу қозғалады. Жұқа  мұздың қозғалысын  шағын кедергілер тоқтата алмайды. Мұздың қозғалу жылдамдығына температура да әсер етеді. Жоғары температурада мұз жеңіл деформацияланып (бұзылып), жылдам қозғалады. Алтай тауының ірі және шағын  мұздықтарының қозғалысының жылдамдығы бірдей емес. Шағын, жұқа мұздықтар жылына небәрі бірнеше метр ғана қозғалады, ал таулы аңғарлық мұздықтарда  жылына небәрі бірнеше ондаған метр жылжиды.

Алтайдың тау мұздықтарында бастауында қозғалыс жылдамдығы 0-ге тең болса, көректену аймағында артып, тілдері тоқтаған абляция аймағында тағыда кемиді. Көлбеулік артқанда мұздық қозғалу жылдамдығыда артады. Мұздың ағынының арнасы өтетін  орталық бөлігінде қозғалыстың жылдамдығы жоғары болады. Орталық бөліктік бөлігінен алыстаған сайын мұздың қозғалу жылдамдығы кемиді. Мұздықтардың қозғалысының жылдамдығы  тәулік пен жыл мезгілдеріне қарай да өзгеріп отырады. Жазда, қысқа қарағанда, күндіз, түнге қарағанда жылдам болады.  Оны жылдың жылы мерзімінде мұздың еруінен  табанында су жиналып, қозғалыстың жылдамдығын  арттыратынымен түсіндіруге болады. /35/

Алтай тауының мұздықтарының  морфологиялық типтері

Алтайдың биік таулы  жербедерінің ерекшеліктеріне сәйкес мұздықтардың бірнеше типі  таралған. Олар төмендегі кестеде көрсетілген, үш ірі топқа бөлінеді.

Алтай тауында күрделі және  қарапайым аңғарлық мұздықтар кең таралған.

Қарапайым аңғарлық мұздықтар көректену аймағы айқын  байқалуымен  сипатталады. Ол жербедерінің иілген пішінінде қалыптасқан  көректену және еріп  жойылатын абляция  аймағынан тұрады. Онша көлбеу емес  аңғардағы фирин асабынан мұздықтың бір ғана тілі төмен түседі.

Қарапайым аңғарлық мұздықтардың қатарына Қатын тауындағы ағайынды Тронов, Оңтүстік Шу жотасындағыҮлкун Талдурин, Солтүстік Шу жотасындағыДжелло басқа да мұздықтар жатады.

Күрделі аңғарлық мұздықтар дербес көректену аймақтары бар екі кемесе одан да көп мұз ағынынан тұрады. Мұздықтың тілі тоқтаған жердегі соңғы мореннаның санын бір-бірімен салыстыра отырып, қанша саласы бар екенін жеңіл анықтауға болады./36/

                                                                                                        1-кесте.

Алтайдың тау мұздықтарының морфологиялық типтері.

 
   

 

 

                                     Тау мұздықтары          

               
     
 
           

 

 

 

 

 Аңғарлық                    Тау беткейнің                         Тау шыңының

мұздықтар                      мұздықтары                            мұздықтары

           
           
 

 

 

 

 

Күрделі                          1. Карлы-аңғарлы                                  Конус                Төбесі                       

аңғарлық                      2.Карлы                                                 тәрізді                  текшелі

мұздықтар                   3.Аспалы                                               шыңдардың       шың-ң

                                     4.Беткейлік

                                     5.Қазан шұңқырлық

       
     
   

 

 

 

Аңғарлық

мұздықтар

 

 
   

 

 

Күрделі аңғарлық мұздықтарға Қатын жотасындағы үлкенБерел, Кіші Берел, Оңтүстік Алтайдағы  Үлкен Бұқтырма мұздықтарын жатқызуға болады.

  1. Алтай тауының беткейлеріндегі астау тәрізді ойыстарда карлы мұздықтар кең таралған. Олар ықтасын ойыстарға боранды желдер үрлеп, қар көшкіні ұшырып әкелген қардың шұңқырға жиналып аккумуляциялануынан түзіледі. Ол негізінен қар көшкіні мен аспалы мұздықтардың есебінен өректенеді.
  2. Карлы-аңғарлық мұздықтардың негізгі бөлігі астау тәрізді шұңқырларда, тілі аңғардың жоғарғы бөлігінде орналасады.
  3. Аспалы мұздықтардың аумағы шағын болады. Олар тау беткейіндегі тереңдеген ойыстардың  табанына орналасады. Мұздың шығыны олардыңеріп бұзылуы  есебінен жүреді. Егер аспалы мұздықтар жиі құласа, түскен жерінде жиналып, жаңғырып, жаңа мұздық түзіледі.
  4. Беткейлік мұздықтар таудың нашар тілімделген беткейлерінде түзіледі. Аспалы мұздықтардан айырмашылығы олар  беткейдің  етегіне дейін түседі.
  5. Шыңдардың мұздықтары үшкір емесе төбесі текшелі жұмырланған шыңдарды қалқан тәрізденіп жауып жатады. Тау шыңдарының беткейі қатты тілімденсе олардың тілі  аңғарды бойлай төмен түсіп жатады.
  6. Төбесі текшелі жұмыр шыңдардың мұздықтары-төбесі тегіс тікбеткейлі шыңдардың төбесін қалқан тәрізді жауып жатады. /37/

 

 

 

2.3 Алтай тауының қазіргі мұзбасулар жүріп жатқан аудандары

 

Орталық Алтай. Қазіргі мұзбасулардың жүруіне әсер ететін  маңызды фактордың бірі Алтайдың 3000-4000 метрден асатын  қар сызығынан жоғары жатқан абсолют биіктігі мен ондағы қар цирк сияқты ежелгі мұзбасулардың экзорациялық әрекетінен түзілген қардың аккумуляцияланып, фириннің  түзінуіне әсер ететін жер бедерінің теріс пішіндерінің болуы  болып табылады. Қазіргі мұзбасулардың  жүріп жатқан ең ірі аудан  Орталық  Алтайға аңғарлық қарлы аңғарлық, қарлы-аңғарлық, қалқан тәрізді, аспалы мұздықтар тән. Мұздықтардың басым бөлігі аумақта  әркелкі таралған, олар Қатын сияқты биік таулы алқаптардың шыңдарымен аңғарларында аккумуляцияцияланған. Орталық Алтайдағы қазіргі мұзбасулар  метрге жететін  мұзтау (Белуха) мен оның тармақтарында шоғырланған. Онда үлкен және кіші Берел, Қатын (Геблер) сияқты ең ірі мұздықтармен қатар біршама шағын мұздықтар бар.  Олар Сапожников (Меңсу), ағайынды Троновтар, Родзевич (Ақкен), тағыда басқалар./38/

Орталық Алтайда 696 шаршы шақырымды алып жатқан 859 мұздық бар.

                                                                                                      2-Кесте.

Орталық Алтайдың мұздықтары

Тау жоталары

Мұздықтардың

саны

Алып жатқан  ауданы,

шаршы метр

Орталық Алтай

Қатын

Оңтүстік Шуй

Солтүстік Шуй

Қара Алахин

Барлығы

390

 

243

201

25

859

 

283,1

 

222,8

177,7

12,4

696

 

Қатын жотасының ең биік бөлігі мұзтай (Белуха) таулы алқабынан батысқа және шығысқа қарай аласаратындықтан мұздықтарда біртіндеп келіп шашыраңқы орналаса бастайды. /39/

Қатын жотасында  жалпы ауданы 283,1 шаршы шақырымды алып жатқан 390 мұздық бар. Солардың үштен екі бөлігі Солтүстік беткейлерде шоғырланған.

Оңтүстік Чуй жотасы. Алтайдағы қазіргі мұзбасулар жүріп жатқан екінші ірі аудан Оңтүстік Чуй жотасы. Онда жалпы ауданы 222,8 шаршы шақырымды алып жатқан 243 мұздық бар.  Барлық ірі мұздықтар оның орталық бөлігіндегі  Иықту тауының (3941 м.) солтүстік-шығыс беткейінде орналасқан. Ондағы мұздықтардың барлығы дерлік Аргунь өзенінің алабына жатады.  Мұндағы ең ірі  мұздық  үлкен Талдурин. Оның ұзындығы 7,5 шақырым ауданы 28 шаршы шақырым. Оңтүстік Чуйдің мұздықтарында үштен екі бөлігі солтүстік беткейлерде шоғырланған. Мұнда да қатын жотасы сияқты саны жағынан қарлы  ауданы  жағынан аңғарлық мұздықтар басым.

Солтүстік Чуй жотасы. Қарагем өзенінің аңғары арқылы бөлініп жатқан Солтүстік Чуй жотасында  жалпы ауданы  177 шаршы шақырым болатын 201 мұздық бар.  Бұл жотадағы барлық ірі  мұздықтар торабы солтүстік-шығыс беткейде шоғырланған. Одан солтүстік-батысқа және оңтүстік-батысқа бағытталған мұздықтар жауып жатқан жоталар тармағы таралады. Ең биік нүктесі 4000 метрден асады. Биш-Ирду тау мұздықтар торында әр қайсысының ауданы 5 шаршы шақырымнан асатын оннан астам мұздық бар. Олардың ең ірісі өзі аттас  өзен  бастау алатын Үлкен Машей мұздығы. Оның ауданы 16 шаршы  шақырым, ұзындығы 8,2 шақырым. Оңтүстік Чуй жотасының оңтүстігі мен Қатын таулы алқабының солтүстігінде ендік бағытта биіктігі 3100-3140 метрге жететін  Қара Алахин  жотасы созылып жатыр. Ондағы ең ірі  мұздық Звончихи өзенінің  бастауында орналасқан. Оның ұзындығы 2,2 шақырым, ауданы 1,8 шаршы шақырым. Қара Алахин тауында жалпы ауданы 12,4 шаршы шақырым болатын 25 мұздық бар.

Оңтүстік Алтайдың мұздықтары. Алтайдың қазіргі мұзбасулары жүріп жатқан ірі аудандарының  маңызды ауданының бірі Оңтүстік Алтай. Мұнда жалпы ауданы 131,3 шаршы шақырым болатын 295 мұздық бар. Тау мұздықтары Сайлюгем, Табын-Богда-Ула, Оңтүтік Алатй, Тарбағатай, Сарымсақты, Күршім жоталарында таралған./40/

                                                                                                         3-кесте.

Оңтүстік Алтайдың мұздықтары

Тау жоталары

Саны

Ауданы, шаршы шақырым есебемен

Табын-Богда-Ула

8

32,7

Сайлюгем

7

1,6

Оңтүстік Алтай мен Тарбағатай

186

85,5

Сарымсақты мен Күршім

94

11,5

Барлығы

295

131,2

 

Оңтүстік Алтайға жататын жоталар тізбегіне  су айрықтарының нашар тілімдеуі ежелгі тегістеу бетінің тауаралық аңғарларда ғана емес, тау беткейлерінде де таралауы тән. Мұздықтардыңі таралуына белгілі дәрежеде әсер етеді. Табын-Богда-Ула тауындағы мұздықтар Моңғол Халық Республикасы мен  Ресей Федерациясының аумағында таралған. Таудың абсолют биіктігі 356 метр. Моңғол Халық  Республикасының аумағындағы ең ірі Мұздық Патанин. Оның ұзындығы 12 шақырым, ауданы 30 шаршы шақырым. Табын-Богда-Ула тауының солтүстік бөлігіндегі Ресей Федерациясының аумағында жалпы ауданы 32,7 шаршы шақырымды құрайтын 8 мұздық бар. Солардың ішіндегі ең ірісі Арганджи өзенінің бастауындағы  конус тәрізді шыңды жауып жатқан ауданы 22,5 шаршы шақырымға жететін Пржевальский мұздығы.

Оңтүстік Алтай мен Тарбағатай  жотасында жалпы ауданы 85 шаршы шақырымды алып жатқан 186 мұздық бар. Мұнда ұзындығы 5 шақырым, ауданы 19,2 шаршы шақырымдық Алахин; ұзындығы 5,3, ауданы 8,1 шаршы шақырымдық Бұқтырма сияқты  ірі қазаншұңқырлық  мұздықтар бар. Оңтүстік Алтайдағы мұздықтардың  басым бөлігін мөлшері шағын немесе орташа карлы және аспалы мұздықтар құрайды.

Шығыс Алтайдың мұздықтары. Алтайдың құрамына Чихачев, Монгун-Тайга, Шапшал,  Цаган-Шибэту, Кур-Куре-Баши, Қурай, Сумультин жоталары кіреді. Батыстық тасмал басым болатынына байланысты Қазақстан аумағындағы  батыс және Орталық Алтайдың батыс беткейі  ылғалды ұстап қалатындықтан Шығыс Алтайда жауын-шашын аз түседі./41/

       Сондықтан аталған  ауданда  300-3500 биіктіктегі Солтүстік-шығыс және  солтүстік беткейлерде ағын мұздықтар таралған.  Мұздықтар карлар мен    шұңқырларға жел ұшырып  аккумуляциялауы нәтижесіде түзіледі.  Мұндай заңдылықтар тау жоталарының жел өтінен ықтасын теріскей беткейлерде бөліктерінде кең таралған. Монгу-Тайга жотасының  батыс беткейінде  3000 метрден биікте жауын-шашынның мөлшері 800-1000 мм дейін артады, оның 80 пайызы  қар түрінде түседі. Қурайдан шығысқа қарай жауын-шашын біртіндеп азаяды.  Қалың бұлтты күннің көп болуы мен жазда  қардың жиі жаууы абляцияны азайтады. Шығыс Алтайда жалпы ауданы 76,6 шаршы шақырымды алып жатқан 259 мұздық бар. Соның ішінде Слтүстік және солтүстік-батыс бағыттағы жоталары тізбегінде жалпы ауданы 30 шаршы шақырымды алып жатқан 128 мұздық бар.                                                                                              5-кесте. Шығыс Алтайдың тау мұздықтары.

Тау жоталары

Мұздықтардың саны

Ауданы, шаршы

км есебімен

Чихачев

Монгу-Тайга

Шапшал және Шибэту

Куркуре-Баши

Қурай

Сумультин жотасы

Барлығы

25

45

128

16

40

5

259

8,9

28,0

30,3

1,0

7,9

0,5

76,6

Мұздықтардың басым бөлігі  шағын. Олардың екеуінің ғана  ауданы 1 шаршы шақярямнан асады. Ең ірі  мұздық –Шапшал  жотасындағы Чон-Хем өзенінің  бастауында орналасқан, оның ұзындығы 1,5 шақырым, ауданы 1,8  шаршы шақырым. Мұздықтардың саны мен ауданының 85 пайызын  қарлы мұздақтар құрайды. Батыс Алтайдың біршама аласа болуына байланысты  Листвяга, Холзун, Иванов, теректі жоталарында 6,1 шаршы шақырымды  аумақты алып жатқан 87 мұздық бар./42/

                                                                                                              6-кесте.

Батыс Алтайдың мұздықтары.

Тау жоталары

Мұздықтардың саны

Ауданы, шаршы км есесбімен

Листвяга

Холзун

Иванов

Теректі

Коргон

Барлығы

3

38

36

7

3

87

0,4

2,3

2,5

0,7

0,2

6,1

Алтайдағы барлық мұздықтар

1500

910,0

Алтай тауының мұздықтарының  ең төменгі шекарасы теңіз деңгейінен  2500-3100 метр биіктікте орналасқан. Фирин сызығы 2600-3250 иетр биіктік аралығында таралған.

ХІХ ғасырдың  ортасынан бастап ғаламдық жылыну  мен антропогендік факторлардың әсерінен  Алтайдың мұздықтарының аумағы 20 пайызға  кішірейді. 1955-1986 жылдар аралығында  мұздықтардың пішінінде өзгерістер болып, жалпы ауданы 76,7 шаршы шақырымға, саны 259 кеміді.

Листвяга, Холзун, иванов, теректі, Коргон жоталарындағы жауын-шашынның мол түсуі мұздықтардың түзілуіне қолайлы болғанымен биіктері 2500 метрден аспауына  байланысты мұздықтар небәрі 6,1 шаршы шақырым аумақты ғана  алып жатыр. Олардың басым бөлігі  қарлы немесе  тау беткейлеріндегі  аспалы мұздықтар. Қазіргі  ғылымның  жетістіктеріне  сәйкес Алтай тауының  ірі мұздықтарының қалыңдығы  сейсмкалық әдіспен анықталған. Атап айтсақ, Кіші Актру мұздығының  төменгі бөлігіндегі тілінің қалыңдығы 65-90, Үлке Актру  мұздығыныңкі 180-350  метрге, ең ірі Талдурин  мұздыңыныңкі 170 метрге дейін жетеді. Гляциолог-ғалымдардың   зерттеулеріне сәйкес Алтай  тауындағы мұздықтардың фирин сызығындағы  қалыңдықтары 120-170, тілдерінде 25-30 метрден асады. Қарлы және аспалы мұздықтар біршама жұқа мұздықтардағы  мұздың жалпы көлемі 47-57 текше шақырым шамасында /43/

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

 

Жылу мен ылғалдың таралу  ерекшеліктеріне сәйкес мұздықтардың басым бөлігі солтүстік бөлігінде шоғырланған. Мұздықтардың жалпы ауданының санының 78 пайызы солтүстік, солтүстік-батыс және  солтүстік-шығыс беткейлерде шоғырланған. Басқа румбларда мұздықтардың жалпы  ауданының 30, санының 22 пайызы таралған.Көлеміне, тау беткейінің  көлбеулігіне мұздықтардың морфологиясына сәйкес жылына орта есппен 10-15 –тен  100-120 метр жылдамдықпен қозғалады.  Ең жоғарғы жылдамдық Үлкен Талдурин мұздығында тіркелген (208 метр/жыл). Алтай тауының мұздықтарының  тәуліктік қозғалысы қысқа қарағанда, жазда жоғары болады.

Талдурин мұздығындағы 12 метр  тереңдіктегі мұздың температурасы -4° құрайды.

Алтай тауында мұздықтар  қатты түрінде түскен жауын-шашының аккумуляциялануы нәтижесінде түзіледі. Бірдей биіктіктегі қардың аккумуляциялануының мөлшері  батыстан шығысқа, солтүстіктен оңтүстік бағытқа  қарай кемиді. Атап  айтсақ Холзун жотасында  жауын-шашынның аккумуляциясы 300-350 г/см, Қатын жотасының батысында  150-250 г/см, мұзтау (Белуха) таулы алқабында 100-150 г/см құрайды.  Биш-ИИрду тау алқабындағы  Солтүстік Чуй жотасы мен Актру мұздықтар тобында  мұздықтың тілінде 62 г/см фирин аймағында 100-120 г/см құрайды.Оңтүстік және Шығыс Алтайда  жауын-шашынның аз  түсуімен  ерекшеленгені мен суайрық  жоталарынан қарды желдің  ұшыруы күшейеді. Атап айтсақ Қурай жоталарының ық жақ беткейлеріндегі  қарларда жел үрлеген қардың жылдық  орташа мөлшері 50 г/см құрайды. Алтайдағы  тау мұздықтарындағы мұз түзілуінің 1/3 бөлігі   көректену алыбындағы суық фиринді аймақ Қатын, Солтүстік  Чуй жоталарында 3350 метр биіктікте орналасқан. Мұз түзілетін қарлы аймақ тек Мұзтау (Белуха) шыңында ғана таралған. Актру мұзындығында гляциологиялық бақылау жүргізген барлық кезеңде  баланс теріс болуы  байқалды. ХІХ ғасырдың  ортасынан бастап жылына 9-10 метрден шегініп бара жатыр. Актру, Талдурин, Улкен және Кіші Берел сияқты ірі мұздықтар соңғы 100 жылда 6-7 пайызға кеміді. Нәтижесінде Актру  Сол жақ және оң жақ Актру мұздығына бөлшектенеді.

Алтай тауындағы мұздықтардың саны мен ауданының кемуі Ертіс, Об, Қатын, Бұқтырма сияқты  мұздықтар мен коректенетін өзендердің шығынын есептеу  болашақта Қазақстанның  шығысын, солтүстік шығысы мен орталық Қазақстандағы халықты таза ауыз сумен  қамтамасыз ету мәселесін  туындатып,  суармалы егістіктердің ауданын кемітіп, күрделі экологиялық түйінді мәселелер  туындатуы мүмкін. Сондықтан қазірден бастап таза ауыз суды үнемдеу  мәселелеріне мән беру қажет.

 

 

 

 

йдаланылған әдебиеттер тізімі:

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Чупахин В.М. Физическая география Казахстана. Алматы: Мектеп, 1968. 83-90 бет.
  2. Физическая география Республики Казахстан /под. ред. К.М.Джаналиевой – Алматы: Қазақ университеті, 1998. – С.11 -18.
  3. Николов Н.И., Гвоздецкий Н.А. Казахстан. Алма – Ата: Наука,
    1. — С. 100-115.
  4. Бейсенова Ә.С. Қазақстан аумағының физикалық-географиялық тұрғыдан зерттелуі. –Алматы: Мектеп, 1990.79-100 б.
  5. Бірмағамбетов А.А. Қазақстанның физикалық географиясы.-Алматы: Рауан, 2004. 16-25 б.
  6. Гвоздецкий Н.А., Михайлов Н.И. Физическая география СССР. –
    1. М: Высшая школа, 1986. – С. 250-255.
  7. Абдуллин А.А. Геология Казахстана.-Алма-Ата: Наука, 1981. -С.34-45.
  8. Беспалов В.Ф. Геологическое строение Казахской ССР.-Алма-Ата: Наука, 1971. — С. 100-115.
  9. Абдуллин А.А. Геология и минералогические ресурсы Казахстана. – Алма – Ата: Ғылым, 1994. — С.115-130.
  10. Физическая география Республики Казахстана /под ред. Жаналивой. –Алматы: Қазақ Университеті.1998.33-36 стр.
  11. В.М.Чупхин от пустынь до степных вершин Алма- Ата: Казахстан, 1966. 50- 55 стр.
  12. Ә.Бірмағамбетов. Қазақстанның физикалық географиясы.Алматы: Рауан, 2004. 75-83 б.
  13. Савричевская З.А. Геоморфология Казахстана и Средней Азий – Л: 1965. – С.120 – 132.
  14. . Альпатев А.М., Архангельский А.М., Позонлелов Н.Я., Степанов А.Я. Физическая география СССР. – М: Высшая школа, 1976. – С. 153-191.
  15. Савричевская З.А. Геоморфология Казахстана и Средней Азий – Л: 1965. – С.148 – 161
  16. Бірмағамбетов А.А. Қазақстанның физикалық географиясы.-Алматы: Рауан, 2004. 16-25 б. Чупахин В.М. Физическая география Казахстана. Алматы: Мектеп, 1968. 83-90 бет.
  17. Физическая география Республики Казахстан /под. ред. К.М.Джаналиевой – Алматы: Қазақ университеті, 1998. – С.135-140
  18. Николов Н.И., Гвоздецкий Н.А. Казахстан. Алма – Ата: Наука,
    1. — С. 120-27.
  19. Бірмағамбетов А.А. Қазақстанның физикалық географиясы.-Алматы: Рауан, 2004. 97-105 б.
  20. Гвоздецкий Н.А., Михайлов Н.И. Физическая география СССР. –
    1. М: Высшая школа, 1986. – С. 126-130.
  21. Климат Казакстана / под. ред. Утешева А.С. – М: Наука, 1975. —

С. 110-115.

  1. Физическая география республики Казахстан /под. ред. К.М.Джаналиевой. Алматы: Қазақ университеті 1998.С. 105-110.
  2. А.С.Утешев Климат Казахстана.-Л.: Гидрометеоиздат.,1959. С. 51- 79.
  3. Справочник по климату СССР.Выпуск18.Часть 5(Ветры)]
  4. Справочник по климату СССР.Выпуск 18. Часть 5(Атмосферное давление)
  5. Л.П.Чубков,Ю.Н.Шварева. Основные черты климата в погодах//Климат Казахстана.-Л.:Гидрометеоиздат.,1969, С. 135-141.
  6. Климат Казахстана /под. ред. Утешева А.С. М., Наука, 1975.С 130-145.
  7. Флиьнец П.П. Очерки по географии внутренных вод Центрального, Южного, Восточного Казахстана. Алма-Ата, Наука, 1981, 75-94 с.
  8. Голубев Г.Н. Гидрология ледников.- Л.: Гидрометеоиздат, 1976.

С.132- 148.

  1. Ревянин В.С. Природные льды Алтая-Саянской горной области. – Л.:

     Гидрометеоиздат. 1981. С. 54 — 67.

  1. Л.Д. Долгунин, Г.Б. Осипова. Ледники. – М.: Мысль, 1979. с. 16-20.
  2. Филонец К.К. Очерки по географии внутренних вод центрального, южного, восточного Казахстана. – Алма – Ата: Наука, 1981. -С. 75-94.
  3. Гляцциологический словарь / Под ред.В.М. Котлякова. –Л.: Гидрометеоиздат, 1984. С. 4-6.
  4. Л.А. Шумский. Динамическая гляцилогия. – М.: Наука, 1969.С.56-85.
  5. Л.Д.Долгушин, Г.Б. Осипова. Ледники.-М.: Мысль,1989.С.8-35.
  6. М.В.Тронов. Ледники и климат.-Л.: Гидрометеоиздат, 1966. С.11-18.
  7. Л.Д. Долгунин, Г.Б. Осипова. Ледники. – М.: Мысль, 1989.С.
  8. Максимов Е.В., Бажева В.Я. Каталог ледников СССР. Т.14.-Л.: Гидрометеоиздат, 1973, С-17-24.
  9. Л.Д.Долгушин, Г.Б. Осипова. Ледники.-М.: Мысль,1989.С.51-5
  10. Колесник С.В. Очерки гляциологии. – Л.: 1963. с. 98-110].
  11. Л.Д. Долгунин, Г.Б. Осипова. Ледники. – М.: Мысль, 1989. с. 74-76.
  12. Котляков В.М. Снежны покров Земли и ледники. Л.: Гидрометеоиздат, 1973, С-21-37.
  13. Калесник С.В. Очерки гляциологии.-М.: Географгиз,1963. С.35-43.