АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Арыс ауданының физика – географиялық сипаттама

                                    Арыс ауданының

 

Мазмұны

Кіріспе………………………………………………………………………………….

2.Негізгі бөлім…………………………………………………………………………

2.1.Арыс ауданының физика – географиялық сипаттама.

      2.1.1.Арыс ауданының ішкі сулары

      2.1.2. климаты

      2.1.3. Арыс ауданының топырақтары, өсімдіктері мен ануарлары

2.2.Арыс ауданының экономикалық-ографиялық жағдайы.

      2.2.1.Кен өндіру өнеркәсібі

      2.2.2. энергетика

      2.2.3. Металлургия

      2.2.4.Жеңіл және тамақ өнеркәсібі

      2.2.5.  Химия өнеркәсібі

      2.2.6. Көлік кешені

      2.2.7. Машина жасау «локомотив және вагон» 

 2.3.Арыс ауданының ауыл шаруашылығы құрамы мен даму проблемасы.

      2.3.1. Егін шаруашылығы

      2.3.2.Мал шаруашылығы

 2.4.Халыққа қызмет көрсету саласы

       2.4.1.Денсаулық сақтауды дамыту

       2.4.2 Білім беу саласы және сала бойынша білікті мамандар

даярлау

       2.4.3. Рекреациялық орындары

2.5.Арыс ауданының халқы және демографиялфқ әлеуметтік дамуы

     2.5.1.Жалпы халқына сипаттама

     2.5.2.Тұрғындардың әлеуметтік қамсыздандырылуы

     2.5.3. Демографиялық және гендерлік проблемалары

  1. Қорытынды
  2. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

 

 

 

                                                                                  

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Арыс ауданы Оңтүстік Қазақстан облысының орталық  бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. Жерінің аумағы – 6,3 мың км2 (облыстың аумағының 5,4 %-ы).

         Бұл елді мекен Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қаратау мен Сырдария, Арыс өзендерінің өңірін алып жатыр. Мұның оңтүстігі Қазақстан алқабы Қызылқұм кеңістігімен жалғасады да, солтүстік-батысында Қаратау қыраттармен, солтүстік-шығысы Бәйдібек, Ордабасы, Отырар, Қазығұрт аудандарымен шектеседі. Аудан орталығы 1956 жылдан бастап Арыс қаласы болып аталды.

         Ол қазір Оңтүстік Қазақстан облысындағы белгілі Ташкент жолы бойындағы ірі қалалардың бірі. Арыс станциясы Ташкент темір жолы салына бастаған кезден пайда болды. Тарихи деректер бойынша бұл қаланың төңірегінде халық ертеден тығыз орналасқан төрт түлікке бай ел болған. Бүгінде халқы (1970 жылғы санақ бойынша) 30 мыңнан астам, 1999 жылғы санақ бойынша ауданда халық саны 59920, қалада 34450 адам.

         Қаланың ескі бөлігі I-Арыс станциясымен іргелес,  II-Арыс станциясымен байланысады. Қала көлемі жағынан өте үлкен болмаса да, оның маңызы зор. Арыс станциясы Ресей мен Орта Азия, Қазақстан, Батыс Сібір аймақтарын жалғастырып жатыр. Сондықтан оны Орта Азия мен Қазақстан бағытындағы қақпа, яғни «Тоғыз жолдың торабы» деп те атайды.

         Дарияның өн бойы тамаша мал жайылымдарына бай. Арыс ауданының кең алқабын жусан шөбі алып жатыр. Осы өңірдің тұрғындары сонау ертеден егістікке суды  тиімділікпен пайдаланған. Арыстың Сырдарияға құяр сағасындағы Отырар алқабында ертеде пайдаланылған егістік көлемі қазіргіден көп болған. Біздің ғасырымыздың орта шенінде егістікті, жүзім алқаптарын, бақшаны Арыс өзенінен шыққан каналдар арқылы да суғарған.

         Ел аузында Арыс өңірі ертеде «Қазақ қырған», ал Арыс өзені «Үржі» деп аталыпты деген деректер де бар. Арыс өзені туралы айтсақ, ел белгілі жазушы І.Есенберлиннің «Алтын Орда» атты үш томдық тарихи кітабында Арыс өзенінің бұрын «Үржі» болып аталғанын айтқан.

         Арыс атауының тағы бір ұғымы бар. Ол: қазақта: «Арыс» деген ежелден келе жатқан көне ұғым бойынша білікті, қадірменді, елеулі адамдарға орай айтылып келген. Бір тайпа елді немесе жеке адамды ерекше көрсету мағынасында да қолданылады. «Арыс» ұғымы мен атауының ерте замандардан бері қарай ру мен жер, су атауларын құрап келгенін аңғартады. Арыс өңірінің алып жатқан орнының өзі де тоғыз жолдың торабына ыңғайласып жатыр. «Жібек жолының» осы өңірден өтуі де бекер емес. 

          Арыс қаласының басты ерекшеліктерінің  бірі – оның экономикасының әртүрлі салалардан құралғандығы.  Қала тарихының үлкен белесі сонау ХХ ғасырдың басында салынған Орынбор-Ташкент теміржолы мен тығыз байланысты. 

         Өткен ғасырдың 30-жылдарында үлкен аудан орталығы болған Арыс поселкелік типтес еді. 1956 жылғы 31шілдеде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының жарлығымен  қала мәртебесін  алды.

1900-1904 жылдардағы Орынбор-Ташкент теміржолының құрылысы Арыс поселкасының дамуының басты себебі болып табылады. 1904 жылы осы теміржолмен уақытша барлық бағытта поездар жүре бастады. 1906 жылы қыркүйек айында теміржолдың ашылуы болып өтті.

Патша үкіметі оңтүстікпен экономикалық байланысын нығайту үшін 1913 жылы мамырда Шымкент арқылы өтетін Жетісу теміржолын салуға шешім қабылдады. Бұл жұмыс Арыс станциясынан басталып, 3 жылдан соң  Бурный станциясына жетеді. Бұл теміржолдағы алғашқы елді-мекен Арыс  станциясы болған. 1900-1905 жылдар аралығында тұрғын үйлер мен өндірістік ғимараттар салына бастады. 1912 жылы жолдың оңтүстікке қарай ұзаруына байланысты поселке көлемі ұлғая түсті. Мұнда орталықтар мен кеңселер, құрылыс алаңдарының қоймалары, почта станциясы, ауруханалар мен қызметкерлерге тұрғын үйлер салына бастады. Барлық үйлер бір қабатты болған және кірпіштен салынған. Арыс станциясында кешенді құрылыс 1912-1914 жылдары жүрді. 1915 жылы бұл станцияда айналма паровоз депосы пакгауз және бірнеше тұрғын казармалар салынды. Балаларға білім беру үшін мектептер және ауруханалар ашыла бастады.

1928 жылы 17 қаңтарда аудан болып құрылды. Аудан орталығы Арыс поселкесі болды. 1932 жылы 11 наурызда Арыс поселкесі жұмысшы поселкесі болып қайта құрылды.

Арыс 1956 жылы 31 шілдеде қала статусын алған. Арыс қаласы Ресейдің еуропалық бөлігін, Сібірді Орта Азиямен және Қазақстанмен байланыстыратын үш бағыттағы ірі торабтық станция болып табылады.

Қала құрылысының негізгі факторы дамыған шаруашылығы бар теміржол станциясы болып табылады. Қазіргі таңда жеке секторда қызу құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

2.1. Арыс ауданына физикалық-географиялық сипаттама.

 

2.1.1. Арыс ауданының ішкі сулары.

Оңтүстік Қазақстан облысының гидрографиялық жүйесі оның бүкіл аумағында әрқалай орналасқан өзендер, көлдер, су қоймалары мен каналдар арқылы  анықталады. Мұнда барлығы су кадастры арқылы 297 өзен тіркелген. Олардың алпы ұзындығы 8045 км. Құрайды. Оның ішінде  42-сі сел қаупіне  жақын саналады: 16 өзенде құм-тас аралас лайлы ағымы болуы мүмкін, ал 26 өзенде айналасын шайып кететін сел жүруі мүмкін. Бұл өзендерден басқа  көптеген есепке  алынбаған ұсақ су арналары да (жыралар, жылғалар) бар. Олар арқылы көктем айларында су тасуы байқалады. Сел қаупін тудыратын өзендер санының көптігіне қарамастан аудандағы төтенше жағдай қауіптілігі онша үлкен емес.

     Аймақтағы барлық өзендер Арал теңізі алабына жатады. Олар бастауларын Қаратау, Қаржантау,Өгем жоталарының баулайларынан алады. Тау өңірлерінен шыға берісте өзен сулары егістік суаруға алынады. Бұл сулардың бір бөлігі өзендерге қайта құяды, бірақ аз ғана бөлігі булануға және су қоймаларында, каналдарда және суартылытын сүзілу есебінен жоғалады.

      Жер беті ағыны облыс территориясы бойынша біркелкі таралмаған: көпшілігі орталық және оңтүстігімен ағады. Ірі өзендері- сырдария. Салалары: Келес, Құркелес, Арыс, Бөген және Шу өзені. Төменгі ағысы тартылып қалады. Сырдария мен Келес салаларында шардара бөгені орналасқан.

       Сырдария өзенінің ұзындығы- 2190 шақырым. Бұл өзен Нарын мен Қарадария өзендерінен басталады. Нарын өзенінің ұзындығы- 700 шақырым. Осы өзенді қоса есептегенде Сырдария өзенінің қоры Тянь-Шаньнан, Талас Алатауынанан, Қырғыз  даласынан, Теріскей Алатауынан басталады. Ауданы-422 мың шақырым. Қазақстан территориясында Сырдарияның оң жағында  өзеннің үлкен саласы  шырақ өзенін, сол жағында келес өзенін, төменгі ағысында шөлді жерлермен ағады да, 400-500 шақырым қашықтықта, сол жақ саласы жоқ. Оң жағында тек бір ғана саласы бар. Арыс өзені мен Сырдария өзенінің Өзбекстан мен Қазақстан үшін үлкен маңызы бар. Қызылорда облысы Сырдарияның суын күрішке пайдаланады.

     Сырдария алабы Орта Азиядағы төрт мемлекеттің (Қырғызтан,м Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстан) аумағында орны тепкен. Дарияның ұзындығы 3019 км. Алаптың ең басты ерекшелігі –оның аумағы  екі айқын зонаға : ағынды қалыптасу және пайдалану зоналарына бөлінуі. Ал, Қазақстан аумағы екінші су пайдалану зонасында жатыр.

Сырдария алабының көп жылдық орташа су ресурстары 30,4км3/жыл, суы мол жылдарда 45,0-50 км3/жыл, қуаң жылдарда 25,5 км3/жыл, аралығында ауытқиды. Негізінен мұздықтар мен еріген қар суымен қоректенуіне байланысты табиғи жағдайда Сырдария көкткм-жаз айларында тасиды. Су тасу кезінде су өтімінің мөлшері көкбұлақ бекетінің тұсында секундына 1000-3700 текше метр аралығында ауытқиды. Қазақстан аумағында Сырдарияға сол жағынан келес, Арыс өзендері құяды. Сырдың су жинау алабының ауданы 462000 км2тең.

Сырдария алабы көне суармалы егіншілік аудандардан өтетіндіктен кезінде ТМД-ның негізіг мақта өсіретін базарларға пайдаланылады. 1913 жылдары Қазақстан шекарасына дейін 1073 мың га, оның 743 мың га-сы Ферғана аңғарында, Шыршық-Ангрен-Келес ирригациялық ауданында (Ташкент оазисі) – 219 мың га, Мырзашөлде- 50 мың га, дальверзин даласында -7 мың га жер суарылатын.

     Арыс өзені – Сырдарияның оң жақ саласы болып табылады. Өзеннің ұзындығы 332 шақырым. Арыс өзені алғашқы да Қолбастау өзенінен басталады. Қолбастау өзені Талас Алатауы мен Қаратаудың аралығында орналасқан. Бұл жерлерде бұлақтар көп. Алатау мен қаратаудан ағып шығытын осы бұлақтар арыс өзенін құрайды. Өзеннің суы көп айы – наурыз, сәуір, ал азаятын кезі қазан-ақпан аралығы.

    Арыс өзені 3500 м. Биіктіктегі Талас Алатауы мен қаратаудың арасындағы  ойпатта орналасқан Шақпақ жотасынын бастау алады. Бассейннің ауданы – 14530 км, оның 50% -ы таулы бөлікке кіреді. Бастаудың жоғарғы жағындағы өзен арнасы кең, аңғардың баурайлары тегіс. Ары қарай төменгі ағыста баурайы тік болып келеді, аңғардың ені 1 км және одан да үлкен болады. Балықшы ауылының төменгі жағында өзенге Боралдай (оң жақ), Машат, Ақсу және бадам (сол жақ) сияқты ірі салалары қосылады.

Аұқсу өзені- Арыс өзенінің ең ірі саласы. Мұның бассейні Талас Алатауының батыс бөлігінде орналасқан. Ауданы 750 шақырым, ұзындығы 120 шақырым.

Бадам өзені – Арыс  өзенінің ең ірі сол жақ саласы. Мұның бассейні Бадам тауының солтүстік, солтүстік-батысында, Талас Алатауының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Бассейннің ауданы- 4300 шақырым, ұзындығы – 137 шақырым.

Боралдай өзені- арыс өзенінің оң жақтағы ірі саласы. Бассейні Қаратау жотасының оң жақ бөлігінде орналасқан. Ауданы 800 шақырым, ұзындығы- 130 шақырым. Боралдай өзені – кіші Боралдай, үлкен боралдай өзендерінің қосылуымен құралады. Негізінен қар суымен қоректенеді. Арыс өзені өзінің 

барлық саларымен Оңтүстік Қазақстан облысының мақта шарруашылығында пайдаланылады.

    Машат өзені- Арыс өзенінің сол жақ саласы, бастауын 2500м. биіктіктен алады. Өзеннің ұзындығы 75 км., су жинайтын ауданы 579 км. өзеннің жоғарғы жақ бөлігіндегі аңғары құзды болып келеді. Бастаудан 25 км қашақтықта Y тәріздес өзен аңғары тереңдігі 150-200 м. болатын тік  жарасты каньонға айналды. Жартастар желден мүжілген әртүрлі  жыныстар мен әк тастардан құралған. Бастаудан 45 км. Оң жақтан Дәубаба өзені қосылғаннан кейін каньон біртіндеп кеңейе бастайды да, төменгі ағыс бөлігінде 100-150 км. болады.

Өзен аңғарының өн бойын үш террасаға бөлуге болады. Олар сарғыш-сұрғылт түсті саздақтан, құмдықтан, малта тастар мен конгломераттардан тұрады.

    Жайылма алқабын су тасыған кезеңде су басып қалады. Кейбір жылдары судың деңгейі 1м. және де одан да жоғары биіктікке көтеріледі. Өзен жайылмасы негізінен малта тасты, саздақты және құмайтты болып келеді.

Оңтүстік қазақстан облысы көлдерге бай емес. Олар негізінен облыстың солтүстік бөлігінде орналасқан. Олар өте тұзды және саяз болып келеді. Жазық аймақатарда артезиан сулары бар. Ол сулардан минералды сулар шығады, оны емдік бағытта пайдаланады. Сарыағаш курортындағы минералды су Республикадағы бірден- бінр асқазан, ішек құрылыстары үшін.

    Облыста су қорына өзен және көлдерден басқа – жер асты сулары да жатады. Жер асты сулары халық шаруашылығына пайдаланады. Артезиан суы шөлдегі аймақтар үшін егін шаруашылығы мен мал шаруашылығына тиімді. Елді мекендер ол суларды ауыз су ретінде пайдаланады.

Облыс территориясындағы ірі өзендер.                      Кесте

Өзендер

Ұзындығы

Алабының көлемі км2

Биіктігі, м

Орташа шығыны м3

 

 

Қоректенуі

Негізгі салалары

1

Арыс

378

14530

3500

40,2

Жаңбыр, жерасты суы

Боралдай, Қара-үңгір, Машат, Ақсу, Бадам

2

Ақсу

133

766

4042

4,02

Қар суы, жаңбыр, жерасты суы

Балаақсу, Бұғылтұр, Жаңбырлысай

3

Бадам

138

4380

2700

4,51

Жаңбыр, жерасты суы

Ермекбадам, Ленгір, Сай-рамсу, Тесексу

4

Машат

75

579

2500

2,1

Қар, жерасты суы

Дәубаба

 

 

 

 

2.1.2.  Климаты.

Облыстың батыс жағының климаты негізінен континентті болып келеді. Шөлді және шөлейтті бөліктерінің жылдық орташа көрсеткіші біртектес, әсіресе жылы кездерде су балансының өте азайып кететіндігі. Күннің беретін жылуы ылғалданудан 12-15 есе асып түседі. Шілдедегі орташа айлық температурасы +27;+28;С болады. Ал Қызылқұмдағы кейбір жерлердің температурасы +48С –қа дейін жетеді. Жаз айларындағы ауаның ылғалдығы  25-28 % , ал өте ыстық әрі құрғақ күндері ол 13% дейін кеміп кетеді.

  Қыс айларында Сібір антициклоны үнемдік жасайды. Қоңыржай белдеудегі суық ауа райы көбінесе жылымай, ұзақ сақталатын күндері көп болады. Орташа температура -3,-4С, кейбір күндері көрсетеіш  15С-қа дейін төмендейді, ал ауа масаларының ағымы оңтүстік бағытқа қарай өзгерген жағдайда тез жылымық боп өзгере қалады. Л.Н Бабушкин бұл жағдайды «вегетациялық қыс» деп атады. Шардара төңірегінде Қызылқұм шөлінің температурасы  -3С- тан  -2С-қа дейін жетеді. Бұл төңіректе қыста кейде +15С –қа дейін көтеріліп кететін күндер болып тұрады. Осыған орай кейде цикланды ауа массалары Оңтүстік Батыстан келе бастайды да , қар аралас жаңбыр боп жауатыны байқалады. Шымкент облысының шөлді аймақтарында жылына 90мм –ден 180мм-ге дейін жауын- шашын жауады, ал булану 1000-1500мм болады. Ал Арыс ауданындағы жауын-шашын мөлшері 250-300мм.

  Климат түзуші факторлар.

  Күн радиациясы.  Жиынтық  күн  радиациясы  586152-669888   юн/см, ал радиация балансы 167472-209340  юн/с. Күннің  тік түсетін  радиациясы  әрдайым  шашыранды  радиациясы  мол  болатындығын  көрсетеді. Кей  кездерде  бұл  көріністің  90 дерлік  байқалады. Тәуліктің  температура  амплитудасы  +18 с болады.

Қазақстан  жеріндегі  жауын- шашын. Шымкент облысындағы  шөлді    аймақтарға  жылына   90-180мм дейін  жауын-шашын  түседі, ал  булану 1000-1500  мм  болады.

Фронттар.Жел. Оңтүстік  Қазақстан облысында  негізінен  4 түрлі ауа массасы үстемдік жасайды:

1.Артикалық ауа массасы

2.Монғол антицмиклоны

3.Иран ауа массасының  ағымы

  1. Солтүстік батысынан келетін циклонды Атлант мұхитында пайда болатын « Исландия минимумы» әсер етеді.

Оңтүстік  Қазақстан  облысында  бірнеше  жел  үстемдік етеді. Батыстан шығысқа қарай «Қаратау» желі соғады.Алғабас, Қызылқұм, Бөген, Арыс аудандарында «Арыстанды қарабас» желі Қартаудан басталып, Оңтүстік батысқа  қарай өседі. Бұл жел халық шаруашылығына өте зиянды.  Жылдамдығы 10-12 м/с , кейбір жылдары ай бойы  тұрады, егіншілікті кептіріп жібереді.

Иран тауларына қалыптасатын ауа массалары «Керімсал» желін әкеледі. Ол жел дәнді дақылдарды күйдіріп жібереді.

Түлкібас, Сайрам, Төлеби аудандарына шығыстан есетін «Шапшақ» желі әсер етеді. Бұл екпіні күшті , жылдамдығы 25-30 м/сек  болатын жел. Қыста қатты аязды, жазда өте салқын боп тұрады.

Қазығұрт, Сарыағаш, Келес аудандарында шығыстан «Шыршық» желі соғады. Ол кейде «Бриз» желін еске түсіреді онша қатты емес.

Ал өзіміздің Жетісай, Мақтаарал, Киров, Шардара өңірінде «Қақан» желі үстемдік етеді. Ол әрдайым батыстан келеді. Қыс айларында осы жел қаныққан  ауа массаларын алып келеді де, бұрқасынды алай-дүлей боран болады, кейде жаңбыр күйінде де жауады.

Өңірімізге шығыстан тұратын желді Ташкент алатауынан келетін «Шамал» желі деп аталады.

 Атмосфералық жауын-шашын. Облысымызда атмосфералық жауын-шашын, қар, жаңбыр және бұршақ пен тұман түрінде түседі.Облысымыздың ең суық нүктесі қиыр солтүстіктегі шу өзені алабындағы Тасты елщді мекенде 1969 жылы 27 қаңтарда абсалюттік төмен температура 420С –қа жетті.

Жауын-шашынның ең көп түсетін ауданы Өгем, піскем және Қаржантау жоталарының оңтүстік батыс беткейі, ал ең аз түсетін бөлігі шөлдік аймақтары Созақта – 151 мм, Шардарада-175 мм. Арыс пен Қапланбектің ашық жерлерінде қар жамылғысының қалыңдығы 9см құрайды. Бұл жағдайда территорияның әрбір гектарына қанша ылғалдан келетін есептеп шығаруға болада.

1см қар жамылғысы гектарына 20-35 см3 ылғал береді. Демек.

9см қар жамылғысы 180см3 –тен 315см3 дейін ылғал бере алады. Бұл сандар қардың тығыздығына да байланысты.

Алғашқы қар солтүстік ауданадрда қазанның бас кезінде, ал оңтүстігінде қарашаның басында түседі. Тұрақты қар жамылғысы солтүстікте 130 күн, ал

оңтүстікте 45 күн жатады.

 

                          2.1.4. Арыс ауданының топырақтары,

                                өсімдіктері мен жануарлары.

Топырақ өте күрделі өте күрделі табиғи түзіліс.Топырақтың пайда болуы тау жыныстарының бөлшектеніп, қопсуынан басталады.Топырақтың түзілуіне, оның қасиетіне түрлі факторлар әсер етеді. Табиғатта жылу мен суықтың, ылғал мен тірі жәндіктердің әрекетінен үгілген тау жыныстарының үстіне өсімдіктер өсе бастайды. Күзге қарай қураған шөп, өсімдік, ағаш жапырықтары, шіріген бұтақтардан топыраққа органикалық зат беріледі. Органикалық қалдық заттарды бактериялар шірітіп, жаңа затқа- қара шірікке айналдырады. Топырақтың түзілуіне жануарлар, топырақта тіршілік ететін әртүрлі құрт-құмырсқа мен олардың личинкалары қатысады. Әсіресе жауын құрты логаникалық заттардықопарластырады. Себебі, жауын-шашын аз жауып ыстық және құрғақ климатта сирек өскен шөптесін өсімдіктерден шірінді аз түзіледі. Топырақтағы шіріндінің жиналуына өте қолайлы жағдай көктемде және қоңыр күзде топырақ терең шайылытын жерлерде ғана болады.

     Солтүстік шөлді аймақта (Бетпақ- дала) негізінен қара шірігі 1% қоңыр және сұр қоңыр тпырақты атырап болып келеді. Оңтүстікке қарай шөлді аймақ тау беткей аймағына ауысады. Оларды қара шірінді 3-4% құрайды. Бұл жерлердің топырағы сұр, қоңыр, қызыл шалғынды далалық болып келеді.

       Оңтүстік Қазақстанның  шөл және шөлейт зоналарында құмды және құмдақты топырақ таралған. Көп жерлердің топырағы  сортаңтопырақ қоңыр және сұр қоңыр топырақ республиканың көп жерін алып жатыр (43,6%). Шөлді аудандарда тегіс аймақтарда жиналған саз тоспаларынан түілген тақыр жерлер топырағы кездеседі. Топырақтың бұл түрлері Шу, Сырдария,Іле т.б өзендердің төменгі ағысында, қоңыр және сұр тпырақ арасында кездеседі.

  Қызылқұм және Мойынқұм топырақтарында баржоғы қарашірік 1%-дан да төмендеу келеді. Жер асты суларының минералды тұздары жоғары көтерілуіне байланысты және су ресурстарын дұрыс пайдаланбау себебінен топырақ құрамында тұзды аймақ пайда болады. Бұл әсіресе, Шу өзенінің төменгі саласында айқын бөлінеді. Бұл жерлерде топырақ беті 1-1,5% көлемінде жұқа тұз қабатттарымен көмкерілген. Сырдария, Арыс, Шу өзендерінің аңғарларында өзендердің су режимдерінің әсерінен құралған шалғынды- аллювиальді топырақтапр таралған. Сырдария  өзенінің батыс жағалауы Шарадара даласы, Қаратау тауы, Қызылқұм құмды шөлі алып жатыр. Байырқұм- Арыс ойпаң жерлерінен минералды су көзі барланаған.

    Оңтүстік Қазақстанда  топырақ жамылғысы биіктік белдеулік бойынша жақсы байқалады. Бұл аудандарда топырақ жамылғысының белдеулік шекарасы мұндағы табиғат зоналарымен абсолюттік биіктікте, орограюиялық ерекшеліктеріне және ылғал алап келетін территориясында топырақ биіктігі  белдеулік бойынша бөлінеді:

  1. Тау алды және етегіндегі штті сұр топырақ белдеуі.
  2. Таудың құрғақ шалғынды қоңыр топырақ белдеуі.
  3. Биік тауда альпілік және субальпілік тау шалғынды топырақ белдеуі.

Адам тіршілігнде топырақтың атқаратын қызметі мен маңызы өте зор. Топырақтың құнарлы қабаты қлттың байлығы болып табылады.

Адамзатты  тамақ қорымен қамтамасыз етуде аса маңызды әрі еш нәрсемен алмастыруға болмайтын қайнар көзі, біздің тіршілігімізді айқындайтын басты байлық.Сондықтан топырақты үнемі күтіп, оның келешек ұрпақтарға да ойдағыдай қызмет етуі үшін жағдай жасау керек. Топырақты табиғи күйінде сақтау ең алдымен адамның шаруашылық әрекетіне байланысты. Топырақ тозып кетпес үшін үнемі байытып, оның құнарлығын арттырып отыру ертеңгі ұрпағымыз үшін өте қажет. Топырақты эрозияға ұшыраудан сақтау үшін ағаш отырғызып, ауыспалы егін егу керек.

Өсімдігі мен жануары —  Оңтүстік қазақстан облысының көпшілік жерін шөлдер алып жатыр. Шөлді жердің ерекшелігі жауын-шашынның  өте аз мөлшері (жылына 250-300 мм-ден температурасы +270, +280 жоғары) болып келуі өсімдіктердің өсіп жетілуіне кері әсерін тигізеді. Шөлдік зонада өсімдік дала аймағындай қаулап шықпайды, сирек селдір өседі. Бұл судың тапашы болуына байланысты болады. Шөлді жерлерде өсімдік алдымен құмды төбешіктің арасындағы ойпаттарда, беткейлерде өседі. Шөлде өсетін өсімдіктер табиғаттың қатаң жағдайына бейімделген. Олар өз бойындағы ылғалды тез жоғалтпау үшін жапырақтары тікенді қабыршаққа айналған немесе буланудан сақтайтын түктері болады. Шөлде өсетін өсімдіктердің барлығының тамыры ұзын келеді. Ағаш текті өсімдіктерден ақ және қара сексеуіл өседі. Қара сексеуіл сортаң топырақты жерде өседі. Республикамыздың оңтүстігінде Арыс өзенінің Сырдария құяр жерінде дермене жусаны өседі. Ол өсімдік дүние жүзінің басқа жерінде өспейді.Биіктігі  30-50см, сабағы тік,тамыз,қыркүйек айында гүлдеп, қазан, қараша айында жеміс береді.Дермененің құрамында дәрілік сантонин деген зат бар.

Дермене –қазақстанның «Қызыл кітабына» кірген өсімдік.Шөлде көктемнің аяғы немесе жаздың бас кезінде топырақта әлі ылғал бар кезде өсіп жетіп, аз уақытта гүлдеп,одан жеміс беріп үлгеретін өсімдіктер бар.Ондай осу дәуірі қысқа өсімдіктерді эфемерлер деп атайды.Сабақтарының өмірі қысқа болғанымен өзі көп жылдық өсімдіктер – эфемеройдтар да өседі. Оған жауқазын, жуа, пиязшықты қоңырбас жатады. Эфемерлі өсімдіктерге жусан, бозжусан, боялыш, күйреуік, мия, Сырдарияның жағалауында сирек тоғай, бұталар, құрақ өседі. Шөл зонаның негізгі табиғи қоры мал жайылымы болып табылады.

          Облыстың кең — байтақ табиғат аймақтары түрлі жануарларға өте бай. Онда жануарлардың 1400 – ге жуық түлері кездеседі. Ал балықтардың 8 түрі, қосмекенділердің 3 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 9 түрі, құстардың 240 – тан астам түрі, сүтқоректілердің 8 отрядына жататын 50 – ден астам түрлері мекендейді. Жоғарыда айтылғандай, құстардың 128 түрі облыс жерінде ұялайды, ал 38 түрі тұрақты мекендейді., 24 түрі қыстауға келеді, 85 түрі миграция кезінде кездеседі.

Шөлді зонаның жануарлары өзен қоршаған табиғи ортаның қатал жағдайына бейімделген және өздеріне тән ерекшіліктері бар. Шөлді жерде өмір сүргендіктен, жануарлар жаздың ыстық аңызағы мен сусыздығынан қорғану үшін күндіз індеріне кіріп немесе құмда көміліп жатады. Мысалы, құм сарышұнағы мен құм тасбақасы шілденің ыстық күндерінде жазғы ұйқыға кетеді. Шөлдің кейбір жануарлары – құм тышқаны, жіңішке саусақты сарышұнақ, торғайдың кей түрлері ұзақ  уақыт сусыз өмір сүре береді.

Балықтар классы бойынша Оңтүстік суларында, Шардара бөгенінде жайындар, сазан, майшабақ, табан балық, жылан балық, үкішабақ сяқты сирек түрлері кездеседі. Таулы аймақтарда бақалар 2800м биіктікке дейінгі ендіктерде тіршілік ете алады. Құрбақалар «қызыл кітапқа» енген.

 Жорғалаушылардың 9 – ға жуық түрлері кездеседі: ұзынсирақ, сығыркөз, сұркесіртке, сарлан, дала тасбақасы, жыланкөз кесіртке жыландарының 6 түрі кездеседі:оның ішінде оқжылан, қарашұбар жылан, далалық сұр жылан түрлеріне жатады. Сарлан, оқжылан, төртжолақты шұбар жылан, сарықарын шұбар жыландар «қызыл кітапқа енгізілген.»

Жануарлардан қасқыр, түлкі, құмқоян, кірпі, саршұнақ, қосаяқ, жорғалаушылар кездеседі.

Мұнда құстардың 240 – тан астам түрі кездеседі. Оның 14 түрі Қазақстан «қызыл кітабына» енгізілген.олардың ішінде қара дегелек, сақалтай, бүркіт, лашын, жыланжегіш, ителгі, кіші құтан сияқты жыртқыш құстар тау беткейлерін мекендейді. Облыс жерінде сүтқоректілердің 8 отрядына жатады. 1996 жылы Қазақстанның «қызыл кітабына» тіркелгендері де кездеседі.        

     Оның 14 түрі Қазақстан Қызыл кітабында енгізілген. Олардың ішінде қара дөңгелек, сақалтай, бүркіт, лашын, жылнжегіш ителгі, кіші құтан, сияқты  жыртқыш құстар тау беткейлерін мекендейді. Облыс жерінде сүтқоректілірдің 8 отрядына жататын 50-ден аса түрлері мекендейді. 1996 жылы Қазақстанның Қызыл кітабына  тіркелгендері де кездеседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. 2. Арыс ауданының экономикалық- географиялық жағдайы.

 

Өнеркәсіп кәсіпорындары болып саналатыны өзінің күрделі құрылысы және өзіндегі өнеркәсіптік емес бөлімшелер үшін сыртқа өткізуде, еңбекақы есебінен өзендегі қызметкерлерге беруге, сондай-ақ тапсырыс бойынша орындалған өнеркәсіптік сипаттағы жұмыс пен қызмет көрсетуге арналған кәсіпорындар шығарған. Барлық дайын бұйымдар (өнімдер), өздері өндірген жартылай дайын өнімдер (өзендегі шикізаттар мен материалдардан, сондай-ақ тапсыпыс берушілірдің шикізаттары мен материалдарынан) құны.

          Өнеркәсіп бойынша өнім көлемі тұтастай және олардың жекелеген қызмет түрлері бойынша, меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалар мен оқшауланған бөлімшелер өндірген өнеркәсіп өнімдернің, өнеркәсіптік сипаттағы жұмыс пен қызметтің көлемі туралы деректер жиынтығ ретінде, құндық анықталады.

           Қаланың әлеуметтік- экономикалық жүиесінің  белгілі бөлігі  өнеркәсіп  секторын құрайды. Арыс қаласы 1904 жылы  теміржол стансиясы ретінде құрылған. Сондықтан Арыс қаласының негізгі кәсіпорындарын  теміржол кәсіпорындары құрайды. Өнеркәсіпті теміржол кәсіпорындарына «ВЧД — Арыс» ЖШС, «Арыс шпал зауыты» ЖШС, «Қоңырат» ЖШС жатады. Бұл кәсіпорындардың жалпы өнеркәсіп өніміндегі үлесі 55 пйызды құрайды.

  2004 жылы өнеркәсіп көлемі 1399,9 млн теңгені құрап, 2003 жылға қарағанда 116,9 пайызды құрап, 202 млн теңгеге ұлғайған. Оның ішінде кен өндіру өнеркәсібі бойынша 10,8 млн теңгені электр энергиясын, суды және жылуды өндіру және тарату бойынша өнім көлемі 127,7 млн теңгені құраған.

          2003 жылға қарағанда тиісінше электр энергиясын, суды және жылуды өндіру және тарату бойынша өнім көлемі 5,0 пайызға артқан.

          2005 жылдың қорытындысы бойынша 1436,4 млн теңгенің өнеркәсіп өнімдері шығарылады. 2004 жылмен салыстырғанда 126,3 пайыз құрап, өнеркәсіп өнімдері 157,0 млн теңгеге артқан. Оның ішінде кен өндіру өнеркәсібі бойынша 1225,4 млн теңгені, электр энергиясын, суды және жылуды өндіру және тарату бойынша өнім көлемі 187,2 млн теңгені құраған.

          Өнеркәсіп көлемінің негізгі салалары: кен өндіру өнеркәсібі, энергетика, металургия өнеркәсібі, машина жасау өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсібі, химия өнеркәсібі, тамақ өнеркәсібі. Яғни бұл аталған өнеркәсіп көлемінің барлығы айтарлықтай теміржол мекемелеріне тиесілі.

 

  1. 2. 1. Кен өндіру өнер кәсібі.

          Арыс қаласы брйынша кен өндірумен, табиғи құм, «алтын құм» ЖШС – гі айналысады. Кәсіпорынның 2005 жылғы өндірген өнім көлемі 10.8 млн.теңгеге өнім өндіріп, 2005жылға қарағанда 1120.4 пайыз артқан. Кәсіпорынның табиғи түрде өндірген өнім көлемі 2006 жылы 30.3 мың құб метр.

          Биылғы жылдың 1 тоқсанның қорытындысы бойынша 80 мың теңгеге табиғи құм өндірілген. 2007 жылға кәсіпорын 31.05 мың құб метрге немесе 25.3 млн. теңгеге табиғи құм өндірді леп күтілуде. Яғни былтырғы жылға қарағанда өсім табиғи түрде 4 пайызға ақшалай түрде 6.3 пайыз артатын болады. Кәсіпорында қазіргі таңда 20адам жұмыс істеуде. Жұмысшылардың орташа жалақысы 12 млн. теңгенң құрайды.

 

  1. 2. 2. Энергетика.

           Қала аумағында 168 трансформаторлар, 416 шақырым жоғары кернеулі злектр жүйелері мен 270шақырым төменгі кетнеулі электр жүйелері бар. Оның ішінде жоғары кернеулі 35 кв 124.6 шақырым, 10кв 291.3 шақырым төменгі кернеулі 0.4 кв 270.5 шақырым. 5290дана темір – бетон бағаналар, 5137 ағаш бағаналар бар.

          Арыс қаласы бойынша электр энергиясын өндіружәне тарату бойынша «Оңтүстік жарық» ЖШС және «Оңтүстік жарық — транзит» ЖШС – терінің бөлімшелері қаланы жарықпен қамтамасыз етуде. Бұл кәсіпорынның 2006 жылғы өнім көлемі 87.2 млн. теңгені құраған.2005 жылға қарағанда   31.5 пайыз арқан.

          Электр желілер мен су және жылу құбырларын, күзгі – қысқы жұмысқа дайындау жүргізіледі. 22 қазадықтың 22-і 12 шағын қазандықтың 12 ағымды.жөнделуден өткізілген. Жөнделуі тиіс 4км. Су құбырының 4 шақырымы жоғары кғернеулі элетр желісінің 6.7 шақырым бөлігі жөндеуді қажет етсе, бұл жұмыс толығымен атқарылды. Төменгі кернеулі электр желісінің 4 шақырымы күрделі жөндеуден, 4 шақырымы ағымды жөндеденөткізілді. Қала және қалаға қарасты елді мекендердегі тұрғындарды электр қуатымен қамтамасыз етуші мекеме «Оңтүстік жарық» ЖШС – нің арыс қалалық электр жүйелері мекемесі болып табылады. Қала орта есеппен электр қуатына тәуліктің қажеттілігі  51 мың квт – құралды. Оның қаражаты 1 квт /сағ. 4.4 теңгеден 224400теңгені құрайды. Қала аумағында 168 трансформаторлар, 416 шақырым жоғары кернеулі 0.4 кв 270.5 шақырым. 5290дана темір – бетон бағаналар, 5137 ағаш бағаналар бар. 1 – тоқсанда 5230 мың квт электр қуаты пайдаланымға беріліп 21705 мың теңге төлемақы төленіп отыр. Бұл қолданылған әлектр қуатының 94.8 төлем ақысын құрайды. Электр қуаты үшін дебитарлық қарыз 5623.6 мың теңгені құрпйды. Оның ішінде тұрғындар 1841.8 мың теңге, республикалық бюджеттен 1769.9 мың теңге, облстық бюджеттен743.8 мың теңге желгілікті бюджетке 623.1мың теңге және басқа да қарызданушы көздері 645.1 мың теңге. Жергілікті бюджетке қарайтын мекеме басшыларына тез арада электр қуаты 20006 жылға қарағанда 2007 жылы 104.2 пайыз. 107.1 пайыз артады деп күтілуде. Келешекте электр қуаты үшін төлем ақы 5.80 теңгеге көтеріледі деп күтілуде. Бұл қазіргі бағамен салыстырғанда 132% құрайды. 2007 жылы бюджеттен бөлінетін қаржыға тұрғын – үй құрылыстары салынбағандықтан электр желілері көзделмей отыр.

        2004 жылы «Оңтүстік жарық» ЖШС-гі бөлімшесінің өндірген өнім көлемі 66.3 млн тенге құраған.

        2006 жылдың 1- тоқсанында өндірген электр энергиясының көлемі 31.3 млн теңгені құраған. Жыл соңына дейін 108.0 млн теңгеге жететін болады деп күтілуде.

 

  1. 2. 3. Металлургия

          2005 жылды «Казарсенал» ЖАҚ-ның филиалы №2 өндірістік учаскесі жарамсыз қару – жарақтарды, оқ  дәрілерін айырып балқыту цехы жұмыс істей бастады. 2005 жылы цехта 1.7 млн теңгеге металл өндірген. 2006 жылы өңделген өнім көлемі 1.8 млн теңгеге жетеді деп болжануда. Яғни 2005 жылға қарағанда 5.4% артатын болады.

          2005 жылға өзге де металл емес минералды өнім шығаратын зауыт ашу жоспарланған болатын. Бірақ тиісті қаражат көздерінің болмауына байланысты зауыт ашылған жоқ.. Сол себепті 2006 жылға бұл сала бойынша өнім жоспарланбаған.    

 

шешім қабылдайды. Бұл жолдағы жұмыс 1914 жылы жазында Арыс стансасы жағынан басталып, келесі жылдың қыркүйегінде Темір жол Шымкентке жетеді, оның 75 шақырымы 10-шы қазанда ғана уақытша жүк                         

 

  1. 2.4. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі.

Бұдан басқа 2006- жылдың қаңтар- қараша да облыста да үй шаруашылығында да 21896 т (2005ж тиісті кезегіндегі деңгейіне 104,0%) ірі қара мал, шошқа ешкі, жылқы еттері мен тағамдық ішек қарындар өндіріледі. Бұл олардың облыс бойынша көлемінің 74,8 % құрады өңделген сүт және келегей, тиісінше – 36,2 мың теңге (102,9 %), 72,2 % жаңа пісірілген нан 135,6 мың тенге (105%), немесе 45,2 % өндірілді.

Тоқыма және тігін өнеркәсібі өңдеу өнеркәсібінің 18,5 %құрады.2006 жылдың қаңтар қарашасында осы саладағы кәсіпорындар 18545, 7 млн теңгенің өнімін өндіруді және нақты 16,1 есе маталар -3,3 есе өзге де жұмыс киімдері -2,7 есе, мақта иірім жіптері -2,4 есе, машина мен немесе қолмен тоқылған жемпер, кардигандар және тағы басқа киімдер өндіру -2,2 есе ерлер мен балаларға арналған сыртқы киімдер, трикатаждан басқа -15,9%, әйелдер мен қыздарға арналған сыртқы, киімдері трикатаждан басқа -0,2% шығару деңгейінің  артуынан орын алды. Сонымен қатар, 2005 жылы қаңтар, қарашасымен салыстырғанда ерлердің жұмыс киімдері -15,8 %, мақта талшығын өндіру -8% төмендеді.

Былғары, былғарыдан жасалған бұйымдар және аяқ киім өндірісі кәсіпорындарға 15,8 млн теңгенің өнімі өндірілді. Бұл 2005 жылдың қаңтар-қарашасымен салыстырғанда 24,7% кем.Үстіміздегі жылдың 11-ші айында түгі жоқ қойдың,ешкінің және шошқаның терісінен дайындалған былғары 1414,9 мың шаршы дцм өндірілді.

Тамақ өнеркәсібі  саласында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша өнім көлемі 2004 жылы 18,1 млн теңгені құраған. Тамақ өнеркәсібі бойынша жеке секторда ет өнімдері, сүт және ұн өнімдері өндірілуде.

         Бұл сала бойынша қалада «Арыс» СТК (салолық тұтыну кооперативі) ұн өнімдерін шығару, «Бәйдібек» ЖШС өсімдік майын шығару, «Сымбат» ЖШС ұн өнімдерін шығару кәсіпорындары жұмыс істеуде.

 

  1. 2. 5. Химия өнеркәсібі .

Кәсіпорындарда 5521,1 млн теңгенің өнімі өндірілді және 2005 жылы

тиісті кезегімен салыстырғанда 13,0% кеміді,бұл сабын,сабын ретінде пайдаланылатын органикалық заттар мен препараттардың -22,9% кем шығаруынан болып отыр.

     Резин мен пластмасса бұйымдарын шығару кәсіпорындарында 1768,7 млн теңгенің өнімі өндірілді және 2005 жылы тиісті кезеңмен   салыстырғанда 1,4% кемиді. Негізінен пластмассадан жасалған құбырлар, түтіктер мен шлангілер және олардың ерітінділерін 22,0 % кем шығаруынан болып отыр.

    Өзгеде металл емес минералдық өндірісінде 2005 жылдың қаңтар- қарашасының салыстырғанда киім өндіру көлемі 11,1 % артып отыр, 7957,2 млн теңге құрады. Бұл құрылыс қажетіне арналған бетон заттарының -72%,  цементтің -24,2%, құрылыс кірпіштерінің – 18,3 % және тауарлық бетонның – 3,7% артық өндіруден орын алады.

 

 2.2.6. Көлік кешені.

Қатты жамылғылы автокөлік жолының қашықтығы 315,4км. Қала аумағында облыстық маңызы бар 273,0 шақырым, жергілікті маңызы бар 42,4 шақырым, қала және ауыл ішілік 209,1 шақырым жолдар бар. Қала және ауыл ішілік жолдардың 37,7 шақырымы асфальтты, 22,45 шақырымы тас жолды, 73,25 шақырымы қара жолды құрайды.

Қала ішіндегі жолдарды ағымдағы жөндеуден өткізуге 6435 мың теңге қаралып,  6389 мың теңгесі игерілді. Қаладағы Ақымбеков, Майлықожа, Әйтеке би, Ергөбек, Салықбаев, Қазыбек би көшелері Хлопком елді мекен жолдары ағымдағы жөндеуден толық өткізілді. Бұл жұмыстарды «ЕР-НАР» ЖШС-гі жүргізді. Қаладағы 8 көше жолдары ағымдағы жөндеуден өткізіліп, теміржол көпірі астындағы жол асфальтталып, жиегіне су ағатын лотоктар қойылды. Орталықтағы бір көшедегі аяқ жолдарға 753 шаршы метрлік плиталар төселді.

        «Ауылдық елді мекендерді  дамыту» бағдарламасына сәйкес 2004-2005 жылдары облыстық бюджеттен 129,6 млн теңге бөлініп, Арыс – Шағыр -Монтайтас бағытында 12,6 шақырым асфальт жол салынды, 8,7 шақырым тас төселді. 44 метрлік көпір салынып, 8 автобус аялдамасы, 10 адамдық 8 павильон салынды.

        Жол қозғалысын реттеу құралдары бойынша  қала көшелеріне 33 жол белгілері орнатылды. Аудандық ішкі істер бөлімінің жол полиция тобының мемлекеттік автоинспекция тарапынан 15 жол белгілері орнатылды.

          Дермене мен Теміржолшы елді мекендерін жалғастыратын аспалы көпірді толығымен күрделі жөндеуден өткізілді. 3,3 млн теңге қаржы жұмсалып, пайдалануға берілді. ОК-8 «Бука-Бақыт-Мырзакент-Жетісай-Шардара-Арыс Темірлан» автомобиль жолының Москва-Ташкент бағытындағы 3215 шақырымындағы су өткеліне арналған көпірдің теміржол астындағы жол асфальтталып, жолдың жиегіне су ағатын  лотоктар қойылды. Жөндеу жұмыстарын Арт-Комплекс ЖШС-і атқарды.

         Облыстық бюджеттен ОК-92 Арыс-Монтайтас тас жолының аяқталуына 58 млн теңге қаржы қаралып, игерілді. Жоспарланған жұмыстар толық атқарылып, қаралған қаржы толық игеріліп, жол  пайдалануға берілді.  Биылғы жылы қала ішіндегі 8-шақырым жолдарды ағымдағы жөндеуден өткізу жоспарланып отыр.  

Қалаға 12 шақырым айналмалы жол салу жұмыстары ОҚО-ның экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті тарапынан, республикалық бюджеттік  инвестициялық жобалар тізіміне енгізу үшін ұсыныс беріліп,  қаралу үстінде. Қазіргі таңға инвестициялық жобалар тізімі енгізілді.

  

  Автомобиль көлігі. Қаланың транспорттық инфрақұрылымы жүк тасымалдайтын автокөлік, темір жол транспортынан, жолаушылар тасымалдайтын автокөлік транспортынан тұрады.

Көлік инфрақұрлымы жүк тасмалдауда жүзеге асыратын негізінен темір жол мекемелерінен, жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік мекемелерінен тұрады. Жолаушыларды тасымалдаушы қала іші бағытында “Автовокзал” ӨК-і атқарып келеді. Қала аралық бағытта “Меиржан моторс  ” ЖШС-і және ТВК ЖШС-гі атқарады. Қалада жүк тасымалдау 257 автокөлігі, 111 жеңіл автокөлтері бар.

        Арыс қаласы бойынша 2004 жылы автокөлік транспортымен  жүк тасымалдау көлемі 1,55 млн тоннаны, жүк  айналымы 57,9 млн тоннакилометрді құраған. Жолаушыларды тасымадау көлемі автокөлік транспортымен 19,5 млн адамды құраған, жолаушылар айналымы 116,3 млн жолаушыкилометрді құраған. 2005 жылы Арыс қаласы бойынша автокөлік транспортымен  жүк тасымалдау көлемі 1,5 млн тоннаны, жүк  айналымы  64,6 млн тоннакилометрді құраған. 2005 жылы жолаушыларды тасымадау көлемі автокөлік транспортымен 14,7 млн адамды құраған, жолаушылар айналымы 89,3 млн жолаушы километрді құраған.

      2006 жылы Арыс қаласы бойынша автокөлік транспортымен  жүк тасымалдау көлемі 1,6 млн тоннаны, жүк  айналымы  68,8 млн тонна километрді құрап, 2005 жылмен салыстырғанда өсім 6,6 % деп күтілуде.  Жолаушыларды тасымадау көлемі автокөлік транспортымен 15,7 млн адамды құрап, 2005 жылмен салыстырғанда өсім 6,8% , жолаушылар айналымы 95,1 млн жолаушы километрді құрап, 6,5 % құрайды деп болжануда.

                                               2002 ж           2003 ж         2004 ж            2005 ж.

 Өнім өндіру (млн тенге)     1601,5            1883,7          2141,4             2517,9           

Оның ішінде:

 Егін шаруашылығы            845,9              844,5            853,4              1323          

 Мал шаруашылығы            755,6             1039,2           1288,0            1194,         

 

  1. 2. 7. Машина жасау (локоматив және вагон)

Арыс стансасының тарихы  1900 жылы салына бастаған Орынбор-Ташкент Темр жол құрылысымен байланысты. Бұл Оңтүстік Қазақстан аймағынан өткен бірінші темір жол құрылысы Орынбор жағынан 1900 жылдың 10 маусымында Ташкент жағынан 9 қарашасында басталды. 1904 жылдың 1 қаңтарында Орынбор-Ташкент Теміржолының барлық желісі іске асты. Жүк жолаушы және әскери тасымал істері барлық желі бойынша 1906 жылы көктемде басталса да жолды ресми түрде пайдалануға беру сол кездегі  жұмысшылардың  ревалюциялық көтерілісіне байланысты 1906жылдың қыркүйегіне ғана толық ашуға мүмкіндік берді.

    Патша өкіметі Оңтүстікпен экономикалық байланысты арттырып, нығайту үшін 1913 жылы мамыр айында  Шымкент арқылы өтетін Жетісу  Темір жолдың құрылысын салуға, жолаушылар пойыздарын өткізуге мүмкіндік алды. Құрылыс басталған соң 3 жылдан кейін жол желісі Бурное стансасына жетті.

     Темір жолдардың құрылыстарында негізінен қазақтар мен өзбектер еңбек етті. Олардың саны Орынбор-Ташкент Темір жолында 3000 жетсе, жетісу Темір жолында 1000 адам болды. Темір жол бойына орын тепкен бірінші жаңа елдімекен 1900 жылы  Арыс стансасы мен поселкасы болды. 1902-1905 жылдар аралығында тұрған үйлер мен өнеркәсіптік ғимараттар салына бастады. Құрылыстар Темір жол стансалары мен  жергілікті ерекшеліктер ескерілген жобалар бойынша жүргізілді.

   Алғашында шағын станса ретінде құрылған Арыс 1956 жылы қала мәртебесіне ие болады. Осы уақыттан кейін барып қалада 1957-60 жылдары құрылысы аяқталған ірі мекемелер мен кәсіпорындар:  « Шпалға май сіңіру заводы », «Жол жөндеу құрылыс орындары » т.б. жол жөндеу мен жаңа құрылыстар тұрғызу мекемелері іске қосылды. 1950 жылдың соңына қарай « паравоздың » орнына « тепловоз » келді. Бұл өзгеріс тағы да вагондарды сұрыптау, рельстерді ауыстыру сияқты бірнеше жұмыс орындарының қосылуына үлес тигізді. 

    1975-80 жылы Темір жол жүйесіне қатысты мекемелер мен «Вагон жөндеу» және «Тепловоз жөндеу » депо құрылыстары іске қосылды. Қала тұрғындары үшін бұл тағы да ауқымды жұмыс орындары көзінің ашылуымен қатар қаланың көркейіп өсуіне үлкен үлесін тигізді.

      Қалада Темір жол транспортының басымдылығына байланысты Арыс стансасын «Қазақстан Темір жолы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорын бойынша «бағыттар фабрикасы» деп атайды. Бұл дегеніміз, стансадан шыққан составтардың дені белгіленген жерге дейін сұрыптаусыз баратындығын көрсетеді.   

       1990 жылы өнеркәсіп орындары және ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін  кіші кәсіпорындар мен шаруа қожалықтары жұмыстарын бастады.

 Алғашқы поровоз. 1904 жылы дәлірек айтқанда, қаңтардың 15 жұлдызында Ташкент-Түркістан-Шиелі телімі бойынша ақырын жылжыған пойыз Арысқа да келіп жетті.

  

             Мұнай – газды машина құрылысы. «Қоңырат» ЖШС электровоздарды жөндеу, 2004 жылғы қызмет көлемі 280,1 млн теңгені құраған. 2005 жылғы кәсіпорынның қызмет көлемі 358,8 млн теңгені құрап, 28,1 пайызға, 78,7 млн теңгеге артқан. Табиғи түрде 2004 жылы кәсіпорын 470 электровоз жөндеп шығарса, 2005 жылы 490 электровозды жөндеп шығарған. Биылғы жылдың 1-тоқсанның қорытындысы бойынша 115,0 млн теңгеге қызмет көрсеткен. Кәсіпорында қазіргі таңда 425 адам жұмыс істеуде. Кәсіпорында 303002 теңгені құрайды.

     «ВЧД- Арыс» ЖШС жүк вагондарын жөндеу, 2004 жылғы қызмет көлемі 154,9 млн теңгені құраған. 2005 жылға кәсіпорын 126,7 млн теңгеге қызмет көрсеткен. Табиғи түрде 2004 жылы 1049 вагон жөндеп шығарса, 2005 жылы 821 вагон жөндеп шығарған. Қызмет көлемінің төмендеу себебі «КТЖ» ҰҚ АҚ- мы тарапынан тапсырыстың аз болуына байланыстыү Биылғы жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша 23,4 млн теңгеге қызмет көрсеткен. 2006 жылы кәсіпорын 140,8 млн теңгеге қызмет көрсетеді деп күтілуде. Кәсіпорында қазіргі таңда 152 адам  жұмыс істеуде. Орташа жалақы 22478 теңгені құрайды.

           Құрылыс материалдары саласы бойынша өңдеу өнеркәсібі бойынша қаладағы ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының бірі «Арыс шпал зауыты» ЖШС шпалға май сіңіру, 2004 жылғы өнім көлемі 461,6 млн теңгені құрады. 2005 жылы кәсіпорын 299,3 млн теңгеге өнім шығарған. «КТЖ» ҰК АҚ-мы тарапынан тапсырыстың аз болуына байланысты 2005 жылғы өнім көлемі 2004 жылға қарағанда төмендеген. Кәсіпорын негізінен тендерлік негізде жұмыс істейді. 2006 жылы кәсіпорын 308,3 млн теңгеге қызмет көрсетеді деп күтілуде. Кәсіпорында қазіргі таңда 60 адам жұмыс істеуде, оның ішінде негізгі жұмысшылыр саны 50 адамды құрайды. Кәсіпорында орташа жалақы көлемі 20417 теңгені құрайды.

 

                         

 

  2.3. Арыс ауданының ауыл шаруашылығы құрамы

                                                мен даму проблемасы.

     Осы уақытқа дейін біз өндіріс құралдарын- машиналар, конструкциялық материалдар, отын шығаратын саларды оқып үйреніп келдік. Дегенмен, адамдар үшін, ең алдымен, азақ-түлік өнімдері қажет. Олардың негізгі бөлігін ауыл шаруашылығы өндіреді.

     Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіріп қоюмен қатар, оны сақтап, сапалы түрде өңдегеннен кейін халыққа жеткізу керек. Бұл өнімді өңдейтін өнеркәсіп өндірістермен ауыл шаруашылығының арасында тікелей байланыс қалыптасқан. Басқаша айтқанда, агорөнеркәсіп кешені (АӨК) пайда болды.

       Агроөнеркәсіптік кешен халықты азық-түлікпен, ал өнеркәсіпті халық тұтынатын тауарлар жасап шығаруға қажетті шикізатпен қамтамасыз етуді біріктіреді.

        Ауыл шаруашылығы саласында шешімн табар мәселер: суармалы жерді тиімді пайдалану, ауыспалы егіс тәртібін сақтай отырып, гектар түсімін арттыру, суландыру және ирригациялық жүйелерді жөндеу және жаңадан салу, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу кәсіпорындарын ашу т.б.  Сондай-ақ мал тұқымын асылдандыру, мал дәрігерлік қызметті жақсарту бойынша нақты жұмыстар атқарылады. Ауылшаруашылық өнеркәсіптің 3 негізгі айырмашылығы бар.

  1. Ауылшаруашылығында жер – негізгі зат, әрі еңбек құралы болып саналады. Сондықтан жерді дұрыс пайдалану, құнарлығын сақтау – қоғамның маңызды міндеті болып саналады.
  2. Ауыл шаруашылығы  — экономиканың маусымдық саласы.
  3. Ауыл шаруашылық өндірісіне табиғи жағдайлар қатты әсер етеді. Олар біздің елімізде әр түрлі және күрделі.

  Қазіргі таңда қала бойынша 1046 құқықтық шаруашылық субьектілері, оның ішінде -788 шаруа қожалықтары, 13 өндірістік кооперативтер, 174 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 1 мемлекеттік кәсіпорын жұмыс істеуде.

   Мемлекет тарапынан нақтылай көрсетіліп отырған қомақты көмектердің арқасында ауыл шаруашылығы өнімдерін өніру жылдан жылға өсіп келеді. өнім өндіру бүгінгі таңда 2006 жылмен салыстырғанда 187 пайызға артып отыр.

   Ауылды және ауыл шаруашылығын дамытуға Республикалық, облыстық және қалалық бюджетерден сондай-ақ банктерден, 2006 жылы 86,9, 2007 жылы 106,9, 2008 жылы 235,8 барлығы 429,6 млн теңге қаржы бөлініп отыр.

    2003 жылы ашылған арыс несие серістектігі ЖШС-гі арқылы былтырғы 2006 жылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 12 жобаға, 10% өсіммен 4 млн теңгеге несие берілді.

 

2.3.1.Егіншілік шаруашылығы.

   Адамзатқа азық-түліктің көп бөлігі мен жеңіл өнеркәсіп үшін қажетті шикізатты өсімдік шаруашылығы береді. Біздің елімізде бұл ауыл шаруашылығының басты саласы.

    Өсімдік шаруашылығы немесе егін шаруашылығы егіншіліктен, бақша шаруашылығы мен жүзім өсіруден тұрады.

      Егіншілік дақылдар түріне қарай астық шаруашылығы, техникалық, азықтық, көөніс-бақша дақылдары мен картоп өсіруге бөлінеді. Елімізде 50-ден астам ауыл шаруашылық өсімдіктері өсіріледі. Егіншіліктің басты саласы- дәнді дақыл өсіру. Олар егістік жерлердің 2/3 бөлігін қамтиды. Ең алдымен- бидай, одан әрі – арпа, жүгері, күріш, сұлы, тары және қара бидай. Олардан нан, жарма, үй жануарларына жем алынады.

      Енін шаруашылығы бойынша 2007 жылы егістік көлемі 19400 га жерді құрап, 2006 жылға қарағанда 100т гектарға артады деп күтілуде. Оның ішінде астық дақылдары 10,6 мың гектарды, оның ішінде бидай 10,4 мың гектарды, техникалық дақылдар 3,5 мың гектарды құрап, 100  гектарға артатын болады.

        Бидай – жылуды жақсы көретін дақыл, ол үшін ең қажетті топырақ түрлері – қара және қара қоңыр топырақтар. Егін шаруашылығынан алынатын өнім 2007 жылы бидай 17,1 мың тоннаны құрайды.

      Қазақстанның жылы оңтүстік аймағында күзде, қысқа қарай себілетін күздік бидай өсіріледі. Ол ерте, маусым айында пісіп, көктемгі және күзгі жауын-шашынды пайдланғандықтан, тұрақты өнім береді.

      Техникалық дақылдар тамақ және жеңіл өнеркәсіптеріне шикізат береді. Олардың қалдықтары малға жем ретінде пайдаланылады. Біздің еліміздегі негізгі техникалық дақылдар – мақта, қант қызылшасы және күнбағыс.

     Мақтадан бағалы талшық, тұқымынан май алынатындықтан, оены «ақ алтын» деп те атайды. Мақта тропиктік өсімдік. Арыс ауданында мақта 6,5 мың тоннаны құрайды. Мақтаға көп мөлшерде жылу, жарық әрі мол су қажет. Ол үшін ең қолайлы топырақ – сұр топырақ. Елімізде мақта шаруашылығымен тек жалғыз Оңтүстік Қазақстан облысы ғана айналысады. Облыстың оңтүстігіндегі Сырдариы мен Арыстың аңғарлары өзіндік «мақта аралдары» іспеттес. Мұндағы басқа дақылдар орасан үлкен мақта егістіктерінің арасындағы ұсақ түйіршіктер тәрізді. Қазіргі таңда Арыс ауданында мақта коорпорациясын құру жоспарлануда. Бұған қоса «Азық-түлік» коорпорациясы да осынша қаржыға мақта сатып алатын болады. Шаруа қожалақтары ауылшаруашылық құрылыстарын ірілендіру жұмыстары одан әрі қарай жалғасын табатын болады.

      Мақта шаруашылығы болашақта кластерлік салаға айналмақ.

      Мақтаны тасымалдау жөніндегі көлік логистикалық орталықы Арыс және манкент станцияларынан ашылады. Ол үшін қаланың аранайы жер қорынан 14,50 га, задария әкімшілігі аумағынан 7,60 га, барлығы 22,10 гектар жер бөлінді.

     Азық – түлік келісім-шарт коррпорациясы Мақтарал өңірінен өңдейтін толық циклі бар қазіргі заманғы жабдықпен, жарақаттандырылған жылына 60 мың тонна шитті мақта өңдейтін мемлекеттік зауыт салынып 2006 жылы қырқүйекте іске қосылатын болады.

    «Мақта саласын дамыту туралы» заңның жобасы әзірленді, ол мақта нарығындағы қатынастарды реттейтін болады — әрі мақта өндірушілерді қолдау саясатының құрылымына айналады.

          Мақтаны сатып алу жүйесін мемлекеттік реттеу бағытында мақта коорпорациясы құрылып, ол қазірдің өзінде 1млрд теңгеге мақта сатып алуды жоспарлап отыр.

       Күнбағыс – ең көнбіс техникалық дақыл, негізгі одан өсімдік майлы алынады. Күнбағыс құрғақшылыққа төзімді, жылуы, жарығы мол, топырағы құнарлы жерлерде жақсы өседі. Оны қазақстанаң барлық облыстарында дерлік өсіреді. Бірақ, егістік пен жинаудың 2/3-сі Шығыс Қазақстан облысының үлесіне тиеді. Ал Оңтүстік Қазақстан   облысындағы Арыс ауданына күнбағыс 600 тонна тиесілі.

     Картоп – бұл уақытта азақ-түлік, мал азығы, әрі техникалық дақыл болып табылады. Халық арасында оны (екінші нан) деп атайды. Картоп құнарлы, ылғалды топырақта жақсы өседі, жазғы салқын жылдарда мол өнім береді. Оны егін шаруашылық мүмкін жерлердің бәрін де өсіреді. Өнімнің ¾ бөлігі Солтүстік және Оңтүстік аудандардың үлесіне тиеді, ал еліміздің негізгі (каотп жүйегі) болып бұрыннан бері Алматы облысы саналады. Ол Қазақстанның  барлық аудандарында ерте пісетін картоппен қамтамасыз етеді. Оның ішінде Арыс ауданына картоп 3,8 мың тонна тиеді. Алуан түрлі көкөністер – негізгі әрі арзан дәрумендер көзі болып табылады. Көкөніс дақылдарының көпшілігі (қызанақ, қияр, бақлажан, бұрыш) жылуды, жарықты, ылғалды құнарлы топырақты сүйеді. Бақша дақылдарының (қарбыз, қауын, асқабақ, кәді) олардың өзгешілігі – құрғақшылыққа төзімділігі, олар борпылдақ құмды топырақта жақсы өседі. Көкөністер мен бақша дақылдары суармалы жағдайда өсіру саласы барлық жерде дерлік таралған. Дегенмен, оларды өсіру үшін ең қолайлы аймақ – Оңтүстік Қазақстан. Көкөністің 2/3 –сін қауын – қарбыз 90%-ын беретін Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарынын еліміздің  «дәрумен цехы» деп атайды. Арыс ауданында көкөніс 12,5 мың тоннаны құрайды деп болжануда.

     2007 жылы егін шаруашылығынан алынатын өнім көлемінде,астықта күздік бидай өсімінің болмау себебі тәлімі жерлерде орташа өнімділік 16,1 цн/га құрайды. Монтайтас елді мекенінің климаты ылғалдылығы 500 мм төмен зонада орналасқан. Сондықтан орташа өнімділікті жоғарлату мүмкіндігі  жоқ. Егістік алған көлемін көтергенмен соған толық агротехникалық шараларды қолдануға мүмкіндік болмайды. Бақша өнімдерінің көлемінің жоғарламау себебі бақша дақылдарын егетін егіс көлемін арттыруға мүмкіндік жоқ. Арыс қаласы аумағы бойынша ең жоғары алынатын орташа өнімділік мөлшері 135 цн/ға  аспайды.

  2008-2009 жылдары алынған өнім көлемі 2006 жылға қарағанда бидайда 1,2 пайызға,картопта 5,4 пайызға, көкеністе 8,7 пайызды құрайды деп болжауда.

      Ауыл шаруашылығынының барлық саласын дамытуға қолайлы аймақ.Арыс қаласындағы Ақдала елді мекенінде израильдік технология боиынша суару шлангалары төселуде

      Тамшылатып суару технологиясы дегеніміз –жіп-жіңішке резеңке тәрізді ұзын түтікшелер екен.Түтікшелердің бойында су өтетіндей саңылау тесіктері бар. Бұл күні ауа райы салқын тартып, Арыстанды –Қарабастың суық желі жер қойнауын кептіре бастапты.Егіншіліктің жаңа технологиясының артықшылығы осындайда бірден байқалғандай. Табиғаттың қытымыр қыспағынан құтқарып, өсімдіктің тамырына нәр беретін де сол түтікшелер. Әрі су ысырап болмайды әрі ауа райының құрғақшылығына қарамай кез-келген уақытта суара бересіз.     

    Бұл үшін    «Пильмах» америкалық қызанақ сортының көшеттері дайындалып отырғызылуда.Өткен жылы обыс бойынша израильдік технологиямен тамшылатып суару 490 гектар егістікті қамтыса, биыл бір мың гектардан асып отыр.  

 2.3.2. Мал шаруашылығы .  

Жас және ежелгі сапа.Бұл сапа ірі қара,жылқы,түйе,қой,шошқа және құс өсіру шарушылылықтарына бөлінеді.Өсімдік шарушылығындағы орналастырудың негізгі факторы – агроклиматтық жағдайлары болса,мал шаруашылығында бұл – жем шөп базасы.Оны жайылымдықтар,шабындықтар,азықтық дақылдар егістіктер құрайды.Малдарға азық ретінде көп мөлшерде азықтық дәнді дақылдар мен техникалық дақылдарды өңдеуден түскен қалдықтар пайдалынады.Шабындықтары аз Солтүстік пен Оңтүстікте азықтық шөптер өсіріледі.Бірақ,бәрі бір мал шаруашылығының негізгі жайымдылық жері болып табылады.

          Қазақстанның барлық бөліктерінде мал шаруашылығы мен айналысады,бірақ мал басының 3/5 бөлігі еліміздің Солтүстігі мен Оңтүстігінде өсіріледі.Негізгі өнімдер болып саналатын ет пен сүт ара қатынасына байланысты онда бағытты ажыратады.Оңтүстікте сүтті және сүтті – етті мал шаруашылығы дамыған.Жайылымдықтарында құнарлы өсімдіктері жоқ құрғақ далаларда,шөлейттер мен шөлдерде ет бағытындағы мал шаруашылығы дамыған.

Қой шарушылығының негізгі өнімдері – ет,май,жүн,тері,қаракөл.Оның екі негізгі бағыты – биязы жүнді және қылшық жүнді қой шаруашылығы бар.Қазақстанда өсірілетін қойлардың ішінде қаракөл қойлары ерекшеорын алады.Оның негізгі өнімі – аса жоғары бағаланатын қаракөл түрлері.Қаракөл қойларын өсірумен шұғылданатын негізгі аудан – Оңтүстік Қазақстан.Соның ішінде Арыс қаласында 2006-2007 жылы 117,2% қой шаруашылығына тиесілі.Мал азықтары бірліктеріне аударылып есептелінген барлық мал азығы – 11856,8 тонна болды,бұл өткен жылдың тиіст кезеңіне.77,95% шартты ірі қара малға есептегендегі орташа бір басқа мал азығы 2,2 центнерден келіп отыр.

           Еліміздегі халықтың дәстүрлі кәсібі – жылқы шаруашылығы.xx ғысырдың  басында Қазақстанда 4 млн-нан астам жылқы болған. Жылқылыр қазір де жук таситын, салық мінілетін, жұмыс және бәйге аттары ретінде кеңінен пайдаланылады. Оларды, сонымен қатар бағалы азық-түлік өнімдері – жылқы етін, қымыз алу үшін де өсіреді. Біздің елімізде жылқы малын өсу барлық жерде таралған сапа.

           Шөлді және шөлейтті зонада түйе шаруашылығының маңызы зор. Түйе – ең ірі, жүк тасуға бейім азық тапшылығы Арыс қаласында. 2007-2006 жылы 108,1 %. Түйе шаруашылығының негізгі өнімдері- ет, сүт, шұбат және жүні.

          Шошқа шаруашылығы – жылдам салмақ қосып, тез көбейетін әрі жайылымды қажет етпейтін, ауыл шаруашылығы үшін тиімді. Шошқа өсіруден егін шаруашылығынан алынатын жем, тамақ қалдықтарын пайдаланылады. Ол біздің елімізде астық шаруашылығы мен картоп өсіру дамыған зонада кең таралған. Шошқа өсірудің негізгі ауданы – Солтүстік, ал екінші ауданы – Оңтүстік  (15 %). Соның ішінде Арыс қаласында шошқа шаруашылығы 2007-2006 жылы 108,1% тиесілі.

           Жұмыртқа мен құс етін (тауық, қаз, үйрек, күрке тауық) алу үшін құс шаруашылығы дамыған. Ол өндірістің өнеркәсіптік технологияларымен жұмыс істейтін фабрикалар ауыл шаруашылығының алғашқы сапасы құс фабриаксында үй құстарының жартысынан көбі шоғырланған. Оларға жем ретінде азықтық дәні дақылдар пайдаланылады. Сондықтан, құс шаруашылығы бір жағынан оның өнімдерін пайдаланатын ірі қалаларға тояу орналасады. Әсіресе үлкен қалалар орналасқан Оңтүстік пен астық шаруашылығының негізгі орталығы – Солтүстік ерекшеленеді. Арыс қаласында шаруашылығы 2007-2006 жылдары 101,1% құрады. 2008 жылдың 1-ші қаңтарына 2006 жылы осы кезеңімен  салыстырғанда облыс шаруашылығының барлық санаттарында құстың барлық түрлері 61,2 мың басқа (2,9 %-ға ) көбейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.4.  Халыққа қызмет көрсету саласы.

      Қаладағы ІІ-деңгейлі банктер филиалдары «Халық банкі» АҚ, «Банк Каспийский» АҚ, «Валют транзит банк» ААҚ, «Темір банк» АҚ және «Арыс несие серіктестігі» ЖШС.

«Валют Транзит Банк» ААҚ  Қазақстан инвесторлардың назарын өзіне тарта отырып, сенімді қаржы секторын құрды. Еліміздегі банктер саласындағы табысы тұракты, көшбастаушы қаржылық институттарының бірі –«Валют Транзит» банк тобы. Осы заманғы технология, ізетті кәсіби қызмет, шешім қабылдлаудағы қарапайымдылық пен әбжілдік оны басқалардан тиімді түрде ерекшелейді. Банк қаржы институттар ондығына енді, меншік капитал жөнінде 8-ші орын, жеке тұлғалар салым көлемінен 6-шы орын, алтын валюталық қоры бойынша 1-ші орын алады.

         2004 жылдың ағында «Валют Транзит » банк тобының шағын тобы да өз қызметін Арыс қаласына ұсына бастады. Арыс қаласының тұрғындарына сапалы коммуналдық ақыларды төлеу, валюта айырбастау, депозиттерге ақша салу, несие алу, өзін немесе мүлкін сақтандыру, зейнетақылық қор, ломбард банктік спекторының түрлері бойынша жұмыс жүргізе бастады. Соған орай есептеу кассалық орталығы ашылды.

«Валют Транзит Фонд» зейнетақы қоры Арыс қаласы тұрғындарына өз қызметін ұсынуда. Бұл қорға өткен жеке тұлғалар кез келген уақытта жинақтау зейнетақы қорындағы жинақталған зейнетақысын келіп көріп өз кітапшасына енгізіп алып кетуде.

«Валют Транзит Полис» ААҚ сақтандыру компаниясы сақтық нарығында 1998 жылдан бері қызмет жасаушы сақтық компаниясы.

Қазіргі таңда  «Валют Транзит Полис» ААҚ сақтандыру компаниясының  сақтандыру түрінің 13 класына лицензиясы бар.

«Валют Транзит Микрокредит»- шағын және орта кәсіпкерлікті  дамытуды, қала халқының дәулетінің өсіруді, ауыл шаруашылық бағдарламалары бойынша несиелеуді жүзеге асырауда. Қазіргі таңда микрокредиттің 16 түрі болса, оның 5 түрі бойынша қызмет көрсетіп жүзеге асыруда.

«Валют Транзит Ломбард»-Қазақстан көлемінде көш бастап, бірінші орында келе жатқан  банктік емес несиелік мекеме.

Мекен-жайы Ергөбек № н/з   22439, 21612.

«Банк Каспийский» АҚ  «Банк Каспийский» 2005 жылы Арыс қаласында «Банк Каспийский» «Арыс» есеп айырысу бөлімшесі ашылды.

       Банктің көрсететін қызмет түрлері:

  • Экспресс-несиелеу -15 мин;
  • Ақшалай несиелеу 3,6,9,12 айға;
  • Тауар несиелеу тұрмыстық техника, жихаз, компьютерлер, ұялы телефондар;
  • Жылжымайтын мүлікті аманатқа қойып несиелеу;
  • Ипотекалык несиелеу;
  • Депозиттерге ақша салу;
  • Ақша аударымы: Қазақстан Республикасы бойынша, Мәскеу, Сібір;
  • Валюта айырбастау; сату, сатып алу.

Мекен жайы: Арыс қаласы, Салықбаев көшесі №10

Байланыс телефондары: 2-27-42,   2-27-43.

 «Халық банкі» ААҚ    1922 жылдан бастап Жинақтаушы кассасы жұмыс істеп келеді. 1992 жылы Қазақстан республикасының жинақтау Банкі құрылып, оған «Қазақстан Халық Банкі» деген атау берілді. 1995 жылдың аяғында «Қазақстан Халық Банкі» ірі операциялық банктің бірі болды. 1998 жылы шілдеде «Қазақстан Халық Жинақтау Банкі» болды.

Арыс №290400 аудандық бөлімшесі 2002-2005 жылдараралығында банктен жалпы көлемі 1895368 мың теңге несие берілді.

          Арыс №290400 аудандық бөлімшесінің қызмет көрсету түрлері:

Халық банкісіндегі операциялық қызмет көрсету.

Ағымдағы банктік шот ашу:

* Банкпен банктік шот ашу туралы келісім-шартқа ұлттық және шетел валютасында банктік шот ашу;

* Республика бойынша бөлімшелері бар банк клиенттері үшін транзиттік шот ашу;

* Халық банкісіндегі ағымдық шоты жоқ басқа банк клиентері үшін жинақтау шоттарын ашу.

          Қолма-қолсыз операцияларды жүргізу.

Банк клиенттерінің пайдасына төлемдер жасау;

* Банк клиенттерінің пайдасына жеке тұлғаларданг төлем қабылдау;

 Қазақстанның банкаралық есеп айырысу орталығы арқылы есеп айырысу.

          Кассалық операциялар және қолма-қол ақшаларды инкассациялау.

* Операциялық күн ішінде клиентерден қолма-қол ақшаларды және басқа да түсімдерді қабылдау;

* Банктік шоттан қолма-қол ақшаны беру;

* Қызметкерлердің жалақысын жинақ салымдарына аудару.

Мекен-жайы: Арыс қаласы, Әйтеке би көшесі 88 үй. Сымтетік: 21301.

“Арыс” Кредиттік серіктестігі”  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі   2004 жылы 11365000 теңге несие беріліп, оның ішінде егін шаруашылығына 7185000 теңге, мал шарушылығына 4180000 теңге.

          16.11.2004 жылы әділет бөлімінен қайта тіркеуден өтетіп, 27 құрылтайшыға 2005 жылы 85977000 теңге несие беріліп, оның ішінде егін шаруашылығына 2690000 теңге, мал шарушылығына 83287000 теңге.

2006 жылы Екінші топтан бірінші топқа өтіп, қайта тіркеліп 173 000 000 теңге  линия арқылы бөлу жоспарлануда. Мекен-жайы: Арыс қаласы, Әл-Фараби көшесі н/з үй. Сымтетік: 22263.

«Темір банк» АҚ  Арыс қаласының №7 есептік кассалық бөлімі Басқару Банкінің 1995 жылғы 4-шілдедегі №165 Қаулысының негізінде құрылған.

          Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласы, Төле би көшесі, 2А. Сымтетік: 21863.      

 

                                2.4.1. Денсаулық сақтауды дамыту

    Қазақстан республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын басшылыққа ала отырып, қалалық денсаулық сақтау бөліміне қарасты емдеу мекемелері халық денсаулығын қорғау саласында қала халқына қызмет көрсетуде.

  Қаланың денсаулық саласы мемлекеттік және мемлекеттік емес сектордан тұрады. Мемлекеттік медицинаға қалалық аурухана, жедел жәрдем стансасы, перзентхана, тубдиспансер, тері-мерез ауруханасы, жұқпалы аурулар ауруханасы және тіс емханасы кіреді. 2 ауылдық отбасылық дәрігерлік емханалар, Задария, Ақдала және Байырқұм ауылдық ауруханалары.  Сонымен қатар 21 ФАП қызмет етуде. Мемлекеттік емес секторға «Торабтық аурухана» ӨК және «Мұрат емхана» кіреді

          Тұрғындарға 35 емдеу мекемелері /орталық аудандық аурухана, перзентхана, 2-отбасылық дәрігерлік амбулатория, 3-ауылдық аурухана, 2-диспансер, 1-жұқпалы аурухана, 1-тіс емханасы, 1-жедел-жәрдем стансасы және 21 ФАП-тар/ медициналық көмек көрсетуде. Емдеу мекемелерінің 77 пайызы ауылдық жерлерде орналасқан.

Аудан көлемінде тұрып  жатқан барлығы 63123 халыққа, оның ішінде 15 жасқа дейінгі 21837 балаға, 4330 жасөспірімге, 1 жасқа дейінгі  1524 бала мен туу жасындағы  17173 әйелге (жалпы әйелдер -32821), 1 аудандық аурухана, 2 отбасылық дәрігерлік емхана, 4 ауылдық аурухана, жедел жәрдем стансасы, перзентхана-1, 1 тубдиспансер, тері-мерез диспансері, тіс емханасы мен 21 ФАП –тер мен 2-медициналық қызметкер ғимаратсыз) медициналық көмек көрсетуде. Аудан бойынша  126 дәрігер, орта буын медицина қызметкерлер саны — 477.

Ауданның медициналық демографиялық көрсеткіші.

Көрсеткіштер атауы

2004ж.

2005ж.

Абс саны

Көрсеткіш

Абс саны

Көрсеткіш

1

Туылу

(1000 балаға)

1688

27,1

1650

26,1

2

Жалпы өлім

 

417

6,6

414

6,5

3

1 жасқа дейінгі өлім

24

14,2

25

15,1

4

Табиғи өсу көрсеткіші

20,5

19,6

5

Ана өлімі

1

60,6

 

             2005 жылы 1650 бала туылған, туылу саны 2004 жылмен салыстырғанда 38 балаға азайған.

            Жалпы 414 адам қайтыс болған, оның ішінде 15 жасқа дейін -39 бала, 1 жасқа дейін бала өлімі 1 балаға өсіп отыр.

Шетінеген 25 баланың 13-перзентханаларда тіркелген, немесе 52 %  құрап отыр. Аналардың жүктілік кезеңінде бүйрек, жүрек, қан аздық ауруларының қозуы, әлеуметтік жағдайларының төмендігі, экологиялық әсері бала өлімін өсіріп отыр.

 

Ауруханалық көмек көрсету кестесі.

Емделіп шыққан ауру саны

Төсек күннің орындалуы

Аурудың төсекте орта есеппен жатқан күні

Төсек айналымы

Төсектің пайдалануы

өлген саны

2004

2005

2004

2005

2004

2005

2004

2005

2004

2005

2004

2005

14039

15458

102,4

103,7

10,6

10,6

29,2

32,2

309,5

345,4

69

0,5

52

0,3

            Аудандық орталық аурухана -125 төсектік, Байырқұм, Ақдала,  Задарья ауылдық ауруханаларында — әрқайсысы 20 төсектен. Туберкулез диспансері 40 төсек, тері-мерез диспансері  -20 төсек, ӨК „Торабтық аурухана” -120 төсектік, бірақ мемлекеттік тапсырыста 100 төсектік болып өткен, ӨК „Мұрат емхана” -20 төсек, перзентхана -65 төсек, жұқпалы аурулар ауруханасы -25 төсек, барлығы аудан бойынша -455 төсек.

10 мың халыққа төсекпен қамтамасыз ету -75,2.

Дәрігерлер  2005 жылы 126 дәрігер болса, 2006 жылы 129-ды құрап, 3 дәрігерге көбейеді. Орта буын  медицина қызметкерлерінің саны 152 болса,  2006 жылы 154-ті құрап, 2-ге көбейеді. Кіші буын  медицина қызметкерлерінің саны 325 болса,  2006 жылы да 325-ті құрайды.  

Мамандандырылған көмекті аудандық орталық аурухана  көрсетеді, он терапия, кардиология, неврология ересектер және балалар, хирургия, эндокринология  бөлімдері жұмыс атқарады. Сонымен қатар тәулік бойы реанимация бөлімі 6 төсектік толығымен дәрігер-реаниматологпен қамтамасыз етілген.

Аудан бойынша емханалық поликлиникалық  мекемелер саны 2005 жылы-3, оның бәрі мемлекеттік. ҚР Үкіметінің 28.12.2005 ж №1304 қаулысына сәйкес, 2006 жылы аудандық орталық ауруханадан, аудандық емхана жеке тұлға болып ашылады. 2005-2006 жылдары отбасылық дәрігерлік емхана-2. 2005 жылы ауылдық ауру хана саны-4, оның  3-мемлекеттік, 2006 жылы -өзгеріс жоқ.

 

  • 4.2. Білім беру саласы және сала бойынша білікті мамандар даярлау.

           2005 жылы ауданда 39 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істеді. Бұл көрсеткіш бойынша 2004 жылмен салыстырғанда мектеп желісі 2 бастауыш мектепке артты. Осы жылы қала Әкімінің 10.08.2005 жылғы №777 және №778 шешімдерінің негізінде және аудан тұрғындарының өтініш-тілектерін қанағаттандыру мақсатында қалада және Задарья аулында 2 бастауыш мектеп жаңадан ашылды. Жалпы мектеп желісі төмендегідей:

  1. Орта мектеп-17. Бала саны-12397
  2. Негізгі мектеп-6. Бала саны-1640
  3. Бастауыш мектеп-16. Оның ішінде шағын жинақталған бастауыш мектептер-11. Бала саны-1898.

          Аталған білім беру ұйымдарында барлығы 15935 балаға білім мен тәрбие берілді. Оқушылардың әр сыныптағы орташа толымдылығы 23,3 баланы құрады.Бұл көрсеткіш 2004 жылмен салыстырғанда 2 оқушыға төмендеді. 2005 жылы білім беру ұйымдарына қала бюджетінен 717 млн. 768 мың теңге қаржы бөлінсе, 2006 жылы 743 млн. 245 мың теңге бөлінді. Осы жылы республикалық бюджеттен трансферттен 22 млн. 90 мың теңге бөлінді. Бұл көрсеткіш бойынша да алға ілгерушілік бар, себебі 2005 жылы әр оқушыға жұмсалатын шығын 38 мың теңге болса, 2006 жылы 42 мың теңге болды.

          Бұған қосымша 28 жалпы мектептің базасында мектепалды даярлық топтар ашылып, оған 5-6 жастағы 1119 бала қамтылды. Бұл аудандағы мектеп жасындағы балалардың 83% құрайды. Бұл көрсеткіш 2004 жылы 72%, 2005 жылы 79% — ды құраған болатын.

          Қалада мектепке дейінгі 3 бала бақша мекемелері жұмыс істейді.Оған 214 жас бүлдіршін қамтылды. 2004 жылы мектепке дейінгі тәрбие беретін мекемелердегі бала саны 108, 2005 жылы 178 баланы құраған болатын. Сонымен қатар оқу-тәрбие процесінен тыс мезгілде мектеп оқушыларына жан-жақты тәрбие беретін 3 мектептен тыс, яғни балалар саз мектебі, балалар мен жасөспірімдердің спорт және бокс мектептерінде 1230 бала өз қалаулары бойынша спорттық үйірмелер мен музыка және өнер сыныптарында тәрбие алды. Бұл көрсеткіштер 2004 жылы 958 бала, 2005 жылы 1018 баланы құраған болатын. Ауданымыздың спортшылары облыстық, Республикалық, халықаралық жарыстарға бюджет және демеушілер есебінен қатысып, жеңімпаз болып қайтты. Атап айтсақ еркін күрестен Талдықорған қаласында өткен Қазақстан Республикасының біріншілігінде спорт мектебінің спортшысы Қ.Бегалиев «қола медальға» қол жеткізсе, бокстан Т.Диханбаев Қазақстан Республикасының бірінші жастар спорт ойындарының жеңімпазы атанды және осы бірінші жастар спорт ойындарында облыс құрамы сапында волейболдан Б.Ажибаев жеңімпаз атанды. Каратэ-додан шілде айында әлем кубогына Қазақстан құрама командасының сапында спорт мектебінің Е.Аймбетов қатысып 5 орынға қол жеткізді.

           Білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесінің деңгейін көтеру, мектеп оқушыларының білім сапасын арттыру және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімиятының 13.07.2001 жылғы «Білім жүйесін дамыту жөніндегі 2001-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарлама туралы» №100 қаулысын іске асыру мақсатында 11 мектептің оқу жоспарына жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытуды жүзеге асыратын, иновациялық бағдарламаға негізделген оқу варианттары енгізіліп, оқыту жалғастырылуда. М.Әуезов атындағы орта мектеп 2001 жылы көпсалалы гимназия мектебі болып қайта құрылып, оқу-тәрбие процесіне қосымша бағдарлама енгізу арқылы оқушыларға математика, физика, информатика, ағылшын тілі пәндерінен жан-жақты терең білім беруге қол жеткізілді. 2004-2005 оқу жылынан бастап білім бөліміне қарасты №4 бастауыш мектебінде 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу мақсатында бір 1-сыныпта эксперимент алаңы жұмыс жасайды.Сонымен қатар 2004 жылдан бастап Абай атындағы орта мектебінде «Жалпы білім беретін мектептерде 2-сыныптан бастап ағылшын тілін оқыту» мақсатында эксперимент алаңы жұмыс жүргізуде.
          Аудан көлемінде әртүрлі себептермен орта білім ала алмаған  жастар үшін 2005 жылы 3 консультациялық пункттер жұмыс істеді, оған орта білімі жоқ 18-21 жастағы 118 азамат тартылып, орта білім алып шықты.

          Бөлімге қарасты 17 орта мектепті 2005 жылы 1187 бала бітірді. Осы оқушылардың қатарынан 794-і жоғары  және арнаулы орта оқу орындарына, яғни ҰБТ-ке қатысуға тілек білдірді.ҰБТ өткізу пункты дайындалып, ол қажетті құрал жабдықтармен және ақпаратты техникалармен толық қамтамасыз етілді. Ауыл мектептерінен келетін 174 оқушыны көлікпен, жатын орынмен және тамақпен тегін қамтамасыз ету толығымен Республикалық бюджет арқылы қаржыландырылды.

          ҰБТ қорытындысы бойынша 18 оқушы 100 ден жоғары (2%), 279 оқушы 70-100 (35%), 459 оқушы (58%), 40-59 аралығында  балл жинады. Барлығы 756 оқушы, яғни қатысқан оқушылардың 96% 40 балдан жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Өкінішке орай 36 оқушы, яғни ҰБТ тапсырған түлектердің 4% 40 балдық деңгейден өте алмады. 14 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды. ҰБТ-тен өткен оқушылар қатарынан 756 түлек жоғары оқу орындарына студент болып қабылданып, оның 107–і грант иегері.

          2004 жылы бөлімге қарасты орта мектептер бойынша мектепті 1297 бала бітірді. Осы оқушылардың 857-і ҰБТ-ке қатысты (жалпы қатысымы 65,5%). ҰБТ қорытындысы бойынша 2 оқушы 100 ден жоғары (1%), 56 оқушы 70-100 балл аралығында (5%), 40-70 балл аралығында 533 оқушы (63%) жинады.Өкінішке орай 268 оқушы, яғни ҰБТ тапсырған түлектердің 31,3% 40 балдық деңгейден өте алмады. «Үздік аттестатқа» үміткер ретінде тіркелген 36 оқушының 3-і ғана «Үздік аттестатқа» ие болды.                  Жалпы ҰБТ тапсыруда 2004 жылмен салыстырғанда 2005 жылы мектеп бітірушілердің көрсеткіші жоғары деңгейде болып, облыс көлемінде 3 орында тұрды.  

          2005 жылы оқу жасындағы балаларды мектепке тарту, тұрмыс жағдайы  төмен оқушыларға материалдық көмек көрсету мақсатында 5 рет «Қамқорлық» акциясы ұйымдастырылып өткізілді. Нәтижесінде 4 млн. 742 мың теңге қаржы жиналып, 1028 балаға материалдық көмек көрсетілді. 2006 жылға «Міндетті оқу қорына» бюджеттен 3 млн. 100 мың теңге бөлініп жұмсалуда. Бүгінгі таңға дейін 775 мың теңгесі игерілді. Алайда, бюджеттен «Міндетті оқу қорына» бөлінуге тиісті қаржы 5 млн.400 мың теңге болғанмен, бөлінгені 57,4% -ды ғана құрап отыр.

           2005 жылы жергілікті бюджеттен «Міндетті оқу қорына» жоспарланған 3 млн. 100 мың  қаржы толық игерілді. Мектептердегі әлеуметтік картада тұратын аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан 1923 балаға 1 млн. 232 мың теңге қаржыға ыстық және қоғамдық тамақ тегін берілді. 1млн. 744 мың теңге қаржы 6888 баланы тегін киім-кешекпен қамтамасыз етуге, 124 мың теңге қаржы 124 баланы жазғы сауықтыру лагерінде демалуына жұмсалды.Қордан көмек көрсетілген жалпы оқушылар саны-2735 бала.

          Жалпы алғанда, 2005 жылы да Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Міндетті оқу қорына» сәйкес шығарылған 28.08.1998 жылғы №812 қаулысының орындалуы 57,4% -ды құрады.

          Мектептен 3км қашық тұратын 167 оқушыға көлік, жанар-жағар май бөлініп, тегін тасымалдау ұйымдастырылды. 2006 жылға 1 млн. 550 мың теңге қаралды. 15 мектепте асхана жұмыс істейді. Ыстық тамақпен қамтамасыз етілген оқушылардың жалпы саны-8843 бала. Оның ішінде тегін тамақтанғаны-1923 бала. 26 мектепте буфеттер жұмыс істейді. Қоғамдық тамақпен қамтылған оқушылар саны-10358 бала. Тегін тамақпен қамтамасыз етілгені-322 бала. Барлық мектептерде дәрігерлік бөлмелер жұмыс істейді. 2005 жылы мектептерге қажетті дәрі-дәрмек алуға жергілікті бюджеттен 310 мың теңге қаржы бөлініп, толық игерілді. 2006 жылға дәрі-дәрмекке 216 мың теңге бөлінді.

           Мектеп жанындағы интернат тәрбиеленушілерін тамақпен қамтамасыз етуге 2005 жылы  5 млн.483 мың теңге  бөлініп толық игерілді.  2006 жылы 4 млн. 853 мың теңге бөлініп, оның 2 млн. 80 мың теңгесі игерілуде.

          Сонымен қатар 2005 жылы 31 бала потранаттық тәрбиеге беріліп, оған мемлекеттен 3 млн.734 мың теңге бөлінді және қаржы толық игерілді. 2006 жылы 26 бала потраннаттық тәрбиеге алынды. Оған облыстық бюджеттен 3 млн. 733 мың теңге бөлінді, оның бүгінгі таңға игерілгені 934 мың теңге.

          2005 жылы 30 мектепте телефон нүктелері жұмыс істеді (77%) , оның 17 ауылдық жерлерде орналасқан мектептер.20 мектеп Интернет жүйесіне қосылды (67%).Мектептерді телефондандыру және интернетке жүйесіне қосу үшін 2005 жылы Республикалық бюджет трансфертінен 2 млн. 644 мың теңге бөлініп, оның игерілуі 87% құрады.Қаржының толық игерілмеу себебі ауылдық мектептердегі байланыс жүйелерінің жарамсыздығынан және орнатылған радиотелефон арқылы интернетке шығу мүмкіндігінің жоқтығынан болды.

           2006 жылға телефондандыру мен интернет жүйесіне қосуға бөлінген қаржы 2 млн.117 мың теңге. Оның бүгінгі таңға дейін игерілгені 705 мың теңге. Бөлімге қарасты 39 мектептің 35-не телефон нүктелері орнатылып (90%), Интернет жүйесіне шығуға 21 мектептің толық мүмкіндігі бар (60%). 2006 жылы мектептердің интернет жүйесіне қосылуы мен телефондандыру барысының 2005 жылмен салыстырмалы көрсеткішінің төмен болу себебі, байланыс жүйесінің ескіргендігі мен жарамсыз болуы және интнрнет жүйесіне шығуда радиотелефондардың мүмкіншілігінің өте төмен екендігі.   

  Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастырып өткізуге 2005 жылы  бюджеттен 724 мың теңге бөлініп, оған «Балдаурен» демалыс лагерінде 150 бала демалды.2006 жылы оқушылардың жазғы демалысына жергілікті бюджеттен 786 мың теңге бөлініп, оған 150 баланы демалдыру жоспарлануда.

           2005 жылы қалалық бюджеттен білім беру ұйымдарын ағымдағы жөндеу жұмыстарынан өткізуге 934 мың теңге қаржы бөлініп, толығымен өз мақсатында игерілді.2 орта мектепті (№11 Б.Момышұлы және М.Әуезов орта мектептері) күрделі жөндеу жұмыстарынан өткізуге жергілікті бюджеттен 2 млн. теңге қарастырылып, аталған мектептердің шатырын жабуға және жылу жүйесін іске қосуға жұмсалды.

          Осы жылы Көкжиде ауылында 1 негізгі мектептің ғиараты пайдалануға берілді. Оған облыстық бюджеттен 48 млн.244 мың теңге бөлінді. 2006 жылға мектептердің күрделі жөндеуіне жергілікті бюджеттен 13 млн. теңге бөлініп, оған 4 мектептің шатыры мен жылу жүйесі күрделі жөндеуден өткізіледі.Сонымен қатар мектептердің ағымдағы жөндеуіне 528 мың теңге бөлінді.

          2005 жылы білім беру ұйымдарын жылумен қамтамасыз ету үшін 2050 тонна көмір және 80 тонна 250 литр сұйық отын тасымалданып, қамтамасыз етілді. 2006 жылға мектептерді жылумен қамтамасыз етуге 10 млн.650 мың теңге бөлінді. Бүгінгі таңға дейін игерілген қаржысы 10 млн. 290 мың теңге (96,6%).

          Білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін мектептерге 2005 жылы жергілікті бюджеттен жалпы орта білім беретін мектептерге 635 млн.959 мың теңге, мектепке дейінгі мекемелереге 8 млн.76 мың теңге, мектептен тыс балалар мекемелеріне 23 млн.733 мың теңге, барлығы 717 млн.768 мың теңге қаржы бөлінді және ол толығымен игерілді.

          Бұл қаржы 2006 жылға жалпы орта білім беретін мектептерге 743 млн.245 мың,мектепке дейінгі мекемелерге 10 млн.180 мың, мектептен тыс балалар мекемелеріне 8 млн.151 мың теңге, барлығы 761 млн. 577 мың теңге қаржыны құрады. Жалпы алғанда, 2005 жылға қарағанда білім саласына бөлінген қаржы 2006 жылы салыстырмалы көрсеткіш бойынша 6,1%-ға өсті. (Өсу себептері 2005-2006 оқу жылында мектептер желісіне жаңадан 2 бастауыш мектептің ашылуы).

 

                                 2.4.3.Рекреациялық  орындары.

          Туризм   саласы  бойынша қалады  қалпына   келтіруді  жөндеуді және құрылысты  қажет  ететін туризм  объектілерінде тиісті  жұмыстар  жасалды.

          Мұңлық-Зарлық кесенесін  ретке  келтіру  жөнінде  ауыл тұрғындарымен  кездесулерөткізіліп,  насихат  әңгімелер айтылады,  қазіргі таңда  ретке  келтіру  бойынша аудандық  қор жинақталуда. Жеке кәсіпкер Б.Сарбасов  «Жекен-Шайқ » кесенесін толық  ағымдағы жөндеуден  өткізді. Ескерткіштер  мен саябақтарда  үнемі  тазалықжәне  ағымдағы  жөндеу  жұмыстары  жүргізіледі. Орталық  алаң  мен вокзал  алдындағы  алаң қайта  күрделі жөедеуден  өткізілді,  ал қазір  «Батырлар аллеясы» деп аталады. Батырлардың  мүсіндері ретке келтірілді,  су фонтаны жөнделіп, іске  қосылды түнгі уақыттарда жанып  тұратын шамдар  орнатылды кіре берісіне «Батырлар  аллеясы» деген  жазу жасалды. Аллея  қаланың  ең  көрнекті  жеріне  айналды.

           «Қазақстан  темір  жолы»  ҰҚ-сы  «Батырлар  аллеясын   » күрделі  жөндеу  жұмыстарына  30,0 млн тнңге  қаржы  бөлініп, игерілді. Арыс  өзенінің  жағалауында  демалыс  аймағының көлемі  белгіленген, биылғы  жылы онда  түрлі  ағаштар егілді, құрылыс  бөлімі  демалыс  аймағын салу  бойынша  іс-құжаттарын жасап қойған.  Аңшылық  экологиялық  және  т.б  жүргізіледі  дамыту  үшін  Сырдария  өзені бойынан  аңшылық   үйлері   қалпына  келтірілген  бірнеще үйлер жеке  меншікке аңшыларға және демалушыларға  сапалы  қызмет күрсету  үшін  берілген.

           Қаланың  курорттық сауықтыру  объектісін  дамыту  мақсатында  «Арыс»  санаторий  профилакториясы  жекеменшікке берілді, қазір онда демалушыларға сапалы қызмет көрсету бойынша көптеген шаралар жасалды. Сонымен бірге ыстық сумен және емделу мақсатында «Тараптық аурухана» өндірістік кооперативті де емдеу кешенін салды. Шағын және орта кәсіпкерлердің трасса бойында орналасқан сервистік қызмет көрсету объектілерін дамыту бөлімдерімен бірлесіп ұсыныстар әзірленді және кәсіпкерлерге берілді. әлеуметтік туризмді, балалар және жастар туризмін және мүгедектерге арналған туризмді дамыту үшін қолайлы курортты- санаториялық және рекреациялық – сауықтыру демалыстарын ұйымдастыру шаралары бойынша жүзеге асырылды, атап айтқанда ауылдық жерлерде балаларды тарихи орындарға ұйымдастырып апарып, көрсету жұмыстары жүргізілді, курортты – санаториялық демалыстарға аудан балалары мен мүгедектер орталық ауруханаға жолдамаларымен емделуге жіберіліптұрады. өз мақсатына қарай қолданылмай тұрған туристік объктілер қалада жоқ.

 Халақтық  қолөнермен және қолданбалы өнермен айналысаьтын кәсіпкерлер тіркеуге алынды, өздерінің сұраныстары бойынша оларға қолдау жасалуда ақпараттық және әдістемелік көмек көрсетілуде. Оқушыларға арналған Оңтүстік Қазақстан обылысының туристтік объектілеріне автобуспен және жаяу баратып тақырыптық экскурциялар ұйымдастырылды. Білім беру және спорт бөлімі сыныптан тыс жұмыс жөніндегі жоспарларға  өлкетану жөніндегі   үцірмелерді  ұцымдастыру  жұмыстарын  жүргізді,  мұражайларға және тарихи-мәдени  объектілерге  саяхат, туристік  жарықтар,  байқаулар  ұйымдастырып өткізілді. Мектеп оқушылары бойындасалауатты өмір салтын қалыптастыру, туған өлкесіне деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу, спорттық туризм сабақтарына тарту, боп уақытта демалуды ұйымдастыру және үйлестіру үшін қалада жас туристер станциясының ашылуына жағдай жасалуда. Бұқаралық ақпарат құралдарына туристік саланың дамуы барысы жөнінде үнемі ақпарат жариялануда.

          Қала бойынша 2005 жылы 1589 адамға туристік қызмет көрсетілді, оның ішінде 980 адамға «Арыс» санаторий – профилакториясы қызмет көрсетсе, 603 адамға «Тораптық аурухана» өндірістік кооперативі қызмет көрсетті. Арыс қалалық мұражайына барлығы 420 адам кіріп, қала тарихымен танысты.

          Орталық Д. Қонаев атындағы саябақта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қалада 1904 жылы салынған барлығы 25 ғимараттарға мәрмәрден тақталар жасалды, онда ғимараттың салынған жылы мен мемлекет қорғауында екені көрсетілген .

          Туризм инфрақұрылымын дамыту мақсатында «Арыс» санаторий – профилакториясына инвестор тартылған, ол көптеген жұмыстар атқарды ,жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жарнама жасауды жолға қойды, бүгінгі күні демалушыларға сапалы қызмет көрсетілуде.

          Осының ішінде тоқталып өтетін болсақ Жекенсаяқ әулие. (1714-1782). Арыс қаласынан Шымкентке қарай темір жол бойымен 5 шақырым жол жүрсеңіз. Арыс өзені бойындағы Жекенсаяқ әулиенің кесенесіне кезігесіз. Ол туралы ел аузында әңгіме көп. өзі ескіше оқыған білімді, көреген, діндар кісі болыпты. Өмірінің соңында жыл сайын сонау Жетісу өлкесінен Арыстанбабқа келіп түнеп, Түркістаннан тікелей келеді екен. Осындай жол сапарға алтыншы рет шығып, қайтып бара жатқан жерінде Арыс өзені бойында қайтыс болады.

          Жекенсаяқ әулиенің кереметін ел аузындағы аңыздан да аңғаруға болады. әулиенің мүрдесінің басына 1972 жылы Әселхан молданың демеушілігімен кесене салынады. Басындағы күмбезін Түркістанда жасайды. Кесененің шырақшы қызметін Жалғас Ақатайқызы атқаруда.     

 

2.5. Арыс ауданының халқы және демографиялық әлеуметтік дамуы.

         2.5.1. Жалпы халқына сипаттама.

 

Белгіл бір аумақта (елде, аймақта, қалада, ауылда) өмір сүріп жатқан адамдар сол жердің халқын құрайды. Географтар үшін ол табиғат пен шаруашылық сияқты негізгі зерттеу нысандарының бірі болып табылады. Былайша айтқанда, табиғат пен шаруашылық адамдар қандай ортада өмір сүріп, өздерінің тіршілігін қалай қамтамасыз ететіндігін білу үшін зерттеледі.

          Еңбек ететін адамдар – қоғамның негізгі өндіргіш күші болып табылады. Олар материалдық құндылықтарды өндірушілер ғана емес, оларды пайдаланушылар да болып саналады. Сондықтан халыққа сараптама жасау – кез келген экономикалық – гоеграфиялық зерттеудің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

         Елді аймақты, елді мекендерді зерттеу үшін халықтың санын, оның жыл сайынғы өзгерісі мен жынысқа, жасқа байланысты таралуын, қала мен ауылда қанша халық тұратынын, олардың ішіндегі еңбекке жарамды адамдар санын, олардың шаруашылықтық қай маласымен айналысатынын, ұлттық құрамын, еңбек ету дағдысын, әдет- ғұрпын білудің маңызы зор.

          Халық саны жағынан республикамыздағы ең ірі аудан –Оңтүстік Қазақстан облысы. Бұл жерде республика халқының 37 %-ке жуығы тұрады. Халықтың орташа тығыздығы 1км2 жерге 6 адамнан келеді. Соның ішінде Арыс қаласында халық саны 65,4 мың адамды құрайды.(2007 ж) Халқы көп ұлтты, басым көпшілігі қазақтар(94,2%), орыстар(3,7%) жиырмадан астам ұлт өкілдері тұрады. Халықтың орташа тығыздығы 1км2 жерге 9,9 адамнан келеді. Басым көпшілігі өзен аңғарлары мен темір жол, автомобиль жолдары бойында қоныстанған. Ірі елді мекендері: Арыс қаласы (35,4 мың адам), Задария (4,0), Ақдала (3,7), Монтайтас (3,6), Байырқұм (3,2), Дермене (2,3), Жиделі (1,6). 2006 жылға қарағанда 0,7 мың адамға көбейген.

          Елді аймақтың, елді мекеннің халқының саны екі түрлі себептерге байланысты.

          Бірінші фактор – туу мен өлудің нәтижесінде ұрпақ ауысуы немесе халықтың табиғи өсімі, ал екінші – адамдардың бір жерден екінші жерге қоныс аударуы (келу мен кету) немесе оны халықтың механикалық қозғалысы көші –қон) деп атайды. Туу мен көшіп келу тұрғындар санын көбейтсе, ал өлу мен көшіп кету, керісінше азайтады. Арыс ауданында туған саны 1563. 2006 жылға қарағанда 159-ға артқан, өлгендер саны 381. Халықтың табиғи қозғалысын демография зерттейді. Сондықтан оның көрсеткіштерін демографиялық көрсеткіш деп атайды. Олардың негізгілері – туу (туғандар саны) және табиғи өсім (туғандар1141 құрап, көші-қон өсімі теріс көрсеткішті – 425 адам құрап отыр, 1000 адамға шаққанда некелесу көрсеткіші 0,77 құраған.

           2006 жылы халық саны 63,8 мың адамды құраған, 2005 жылға қарағанда 1,0 мың адамға көбейген. Туылған саны 1528, 2005 жылға қарағанда 35-ке кем, өлгендер саны 399, 2005 жылға қарағанда 18 аотық. Табиғи өсім 1129 адамды құрап 2005 жылға қарағанда 4,5% төмендеген. 1000 адамға шаққандағы туу көрсеткіші 26,26 өлім көрсеткіші 6,85 құрап отыр. Қалаға келгендер саны 1022 адам, кеткендер саны 1251 көші-қон өсімі теріс көрсеткішті 229 адамды құрап отыр.

       2007 жылғы халық саны 65,4 мың адамды құраған. Туылған саны 338 адам, өлгендер саны 90. Табиғи өсім 248 адамды құрады. Қалаға келгендер саны 244 адам, кеткендер саны 312 адам болып отыр. Соңғы жылдары қала халқы негізінен табиғи өсім негізінде көбейіп келеді. Қаладан кеткендердің басым бөлігі студент жастар. Алдағы жылдары 12-жылдық оқу бағдарламасы студент жастардың миграциясына оң әсерін тигізуі анық.

 

 

 

 

2.5.2.  Тұрғындардың әлеуметтік қамсыздандырылуы

2007 жылы 4389 адамға 702,6 млн теңге зейнетақы төленеді деп болжануда. Орташа зейнетақы мөлшері 13340 теңгені құрайтын болады. 3110 адам 368,2 млн теңге көлемінде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын болады, орташа жәрдемақы мөлшері 9865 теңгені құрайды деп болжануда. 5 адамға 598 мың теңге мемлекеттік арнайы жәрдемақы төленеді деп болжануда, жәрдемақының орташа мөлшері 9962 теңгені құрайтын болады. 6288 адамға 300,7 млн теңге арнайы мемлекеттік жәрдемақы төленеді деп болжануда, жәрдемақының орташа мөлшері 3986 теңгені құрайтын болады. 4432 адамға 159,6 млн теңге базалық зейнетақы төленетін болады. Орташа базалық зейнетақы мөлшері 3000 теңгені құрайды.

2008-2009 жылдары зейнеткерлер саны 4432-ге жетіп, 2006 жылмен салыстырғанда 2,2 пайызға артатын болады. Орташа зейнетақы мөлшері 15560 теңгені құрап, 2006 жылмен салыстырғанда 27,5 пайызға артатын болады 3130 адам 412,4 млн теңге көлемінде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алып, 2006 жылмен салыстырғанда 36,1 пайызға артатын болады, орташа жәрдемақы мөлшері 10980 теңгені құрап, 2006 жылмен салыстырғанда 34,6 пайызға артатын болады деп болжануда. 6 адамға 798 мың теңге мемлекеттік арнайы жәрдемақы төленеді деп болжануда, жәрдемақының орташа мөлшері 11088 теңгені құрап, 2006 жылмен салыстырғанда 34,6 пайызға артатын болады деп болжануда. 6298 адамға 335,3 млн теңге арнайы мемлекеттік жәрдемақы төленеді деп болжануда, жәрдемақының орташа мөлшері 4436 теңгені құрап, 2006 жылмен салыстырғанда 34,6 пайызға артатын болады.. 4456 адамға 180,3 млн теңге базалық зейнетақы төленетін болады. Орташа базалық зейнетақы мөлшері 3371 теңгені құрап, 2006 жылмен салыстырғанда 12,4 пайызға артатын болады деп болжануда.

 Тұрмысы төмен отбасылардың санын 2006 жылға 20 пайызға кеміту. Бұл үшін мұқтаж отбасыларға шағын несие беру, жаңа жұмыс орындарына жұмыссыздарды оранластыру, ауылдық жердегі мұқтаж отбасыларға мал және жер беру арқылы кедей отбасыларының әл-ауқатын көтерудегі жұмыстарды жандандырып кедейшілік шегіндегіотбасыларды өзін өзі қамтамасыз ететін отбасыларды санатына қосуды ұйымдастыру арқылы кедейлер санын  кеміту

 

2.5.3. Демографиялық және гендерлік проблемалары.

 

ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 27-ші қарашадағы  №1190 қаулысымен Қазақстан Республикасындағы Гендерлік саясат тұжырымдамасы мақұлданған. Ол еліміздегі гендерлік саясаттың негізгі бағыттары – ерлер мен әйелдер билік құрылымдарына теңгеріледі. Қатысуына кол жеткізуді әйелдердің экономикалық тәуелсіздігі, өз бизнесі дамытуы мен мансап жолында ілгерілеуі үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуді, отбасындағы құқықтар мен міндеттердің тең жүзеге асырылуы үшін жағдайлар жасауды, жыныс нысаны бойынша зорлық- зомбылықтан азат болуды айқындады. Осы тұжырымдаманың негізгі экономикалық, әлеуметтік және саяси салаларды, қоса алғанда, қызметтің негізгі бағыттары, әйелдерге тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету шараларының жүйесі әзірленген Қазақстан Республикасында Гендерлік теңдік стратегиясы бекітілді.

  Осы стратегияға сәйкес тең құқықтар мен тең мүмкіндіктерге қол жеткізу мақсатында мынадай міндеттер шешілуі қажет:

  • биік органдарда шешімдер қабылдау деңгейінде мүмкіндігінше әйелдердің көп болуына ұмтылу;
  • заңнаманы жетілдіру және гендерлік теңдікті қамтамасыз ету институттарын қалыптастыруы;
  • әйелдерді экономикалық өмірге белсенді араласуы үшін жағдайлар жасау;
  • әйелдер үшін экономикалық жеңілдіктер мен артықшылықтар жасау; ана мен баланың денсаулығын жақсарту, құқықтық және әлеуметтік кепілдіктердің елеулі түрде артуын қамтамасыз ету;
  • адамгершілік құндылықтарды жаңғырту, отбасы мен некені жағымды бейнесін әспеттеу.

Гендерлік теңдік стратегиясына сәйкес 2006-2016 жылдар аралығындағы кезеңде еркектер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігіне қол жеткізу жөніндегі мүндеттері шешілетін болады. Сонымен қатар, стратегияның іске асыру әйелдер мен елдердің өздерінің өмір сүру құқықтарын жынысқа байланысты кемсітусіз іске асыруы үшін жағдай жасауға ықпал ететін болады.

     Гендерлік саясаты дамытуда шешілуге тиісті мәселелер:

1.Басты проблемалардың бірі – жұмыс орындарының жетіспеушілігі

 болып табылады. Бұл мәселені шешу үшін жұмыс жүргізуде. Бүгінгі таңға «Ұмаймаркет» ЖШС оралық офисі Шымкент қаласында сиымдылығы 15 000 куб мұнай базасының және 50-70 жұмыс орны бар тәулігіне 50 вагон бумен жуатын стансасының құрылыстары салынуда. Бос орындар жәрмеңкесі үнемі өткізіліп отырады.

2.Өз ісін ашқысы келген көптеген  азаматтардың алғашқы қаражаттары

болмағандықтан жұмыстары алға баспайды.Бұл мәселені шешу үшін екінші деңгейдегі банктермен жұмыс жасалуда. Тұрмысы төмен отбасыларды қолдау бағдарламасы бойынша тұрмысы төмен әр отбасыға 100 мың теңгенден беру үшін ақпан айында қала әкімдігі Темір банкке 2 млн теңгені аударды. Кепілдікке тұрған ұй қойылады. Аталған несиені алу үшін тиісті құжаттарды жасау көп уақыт қажет етеді, сол себепті бүгінгі таңға несиелер алынбады.

3.Мектепке дейінгі білім мәселесі шешімін таппай келді. Ауылдық

 жерлердегі жекешелендіріліп кеткен бала бақшаларды мүмкіндігінше кері қайтару жөнінде жұмыс жүргізіліп келеді. Балар мектепке тиісті дәрежеде дайындықмыз келеді.

4.Баларды сабақтан тыс уақытта қамту мәселесі. Мемлекеттен тыс мекемелерді қалпына келтіру қажет. Балалардың ата-аналары жұмыста болған кезде сабақтан соң балалар жалғыз қалады. Бұл мәселені шешу үшін тұрғылықты жерлерде балалар алаңдары ашылуда, ұйірме, жұмыстарына қаражат бөлінуде, дегенмен проблемалар бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ҚОРЫТЫНДЫ

         Қорыта келгенде,біздің кешегіден бүгініміз ,бүгінімізден ертеңіміз нұрлы. Республикалық ауқымнан қарағанда алақандай Арыстың атақ-абыройы, мәртебе-мерейі өзіне лайықты екені арыстықтардың жарқын болашаққа арналған жасампаздыққа толы еңбегінің ылғи да жемісті екені әрбіріміздің кеудемізде мақтаныш сезімін туғызады.Арыстықтардың аға ұрпақтың елдік, еңбек және ерлік дәстүрлеріне адалдығы тәуелсіздік жылдары ішінде алға адым басқан сайын анық аңғарылады.                     

         Қаланың әлеуметтік –экономикалық дамуының барысын ұсақ түиегіне дейін ой елегіне өткізеді. Міндеттерді нақтылайды. Оларды жүзеге асыру шараларын белгілейді. Өзіне дейінгі биліктің кемшілігін қайталамауды, жетістіктерін одан әрі баянды етудің жолдарын қарастырады.   

           Қазіргі таңда белгіленген экономикалық-әлеуметтік дамуды қамтамасыз ету ивестициясыз мүмкін емес. Бұл бағыттағы белсенді қызмет те өз нәтижесін беріп отыр. Былтыр барлығы 61 млн сомның 22 млн 777 мың теңгесі негізінен ауылшаруашылығына тартылды. Бұл іске «Витязь-1» өндірістік коперативі, «САЖ и В» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Қазақстан» мақта коорпорациясы атсалысты.  

       Арыс –тек қана үлкен теміржол торабы ғана емес, сонымен қатар өнеркәсіп, құрылыс, ауылшаруашылығы дамып жатқан қала. Ауылшаруашылығының өзінде егін, мал шаруашылығы бар. Қала халқының саны 60 мыңнан астам, ал аумағы 60 мығдай шаршы шақырымды алып жатыр. Арыс өзенінен бастап Сырдарияның екі жағасына созылған.  

       Елбасымыз айтқандай, өзара түсіністік қалыптасқан жерде алмайтын асу жоқ. Президентіміз жыл сайын халыққа жолдау арнағанда біз қай жерге келдік, алда мақсаттар тұр, таяу арада не істеуіміз керек, — деген мәселелердің басын ащып, негізгі басымдықтарға бағыт-бағдар беріп жатады. Мұның бәрі ел экономикасының алға басуы үшін жасалған тірлік. Салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды отан сүйгіштік, патриотизм рухына тәрбиелеу ісі қолға алынып келеді. Сондықтан, біздің жанашырлығымыз да, жүректегі айтар сөзімізде халықтың мүддесін қорғауға арналады. Біз қандай жерде, қандай деңгейде қызмет жасамайық, туған жердің топырағы өзіне тартып тұрады. Сондықтан да болар Арыс қаласының, сол өңірдің мәселесін бірінші кезекке қойып, шешуге тырысамыз.   

       Қазақстан  Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болып жуырда тағайындалған Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаевтың Оңтүстік Қазақстан облысына іссапары алғашқы күні Арыс қаласындағы  «Ақдала» тәжірибе шаруашылығы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның жұмысымен танысудан басталды. Мұның себебі де бар. Үкіметіміз ауа райы қолайлы, жері шұрайлы деп Оңтүстік өңірде жеміс – жидек, көкөніс кластерін дамытуды қолға алып отыр. Осыған орай «Азық –түлік келісімшарт корпорациясы » АҚ-ы мен республикалық деңгейдегі «Ақдала» тәжірибе шаруашылығының арасында он жыл мерзімге арналған үлкен жрба қолға алынған еді. Алғашқы кезде бұл жерде 150 гектардай жер жыртылып, өделіп, қазіргі уақытта израильдік технология бойынша суару шлангалары төселуде.     

      Министрді тамшылатып суару технологиясымен мақта өсіруге көшкен тұрандықтардың тәжірибесі қызықтырды. Оның қазіргі қолданып жүрген әдістен артықшылығы көп. Мәселен, ескі тәсіл бойынша әр гектардан 18 центнерден ғана «ақ алтын» жиналса, жаңа технологияның қайтарымы бұдан жоғары болып тұр. Гектар айналымы 43 центнерден келді. Министр су тапшылығына байланысты үнемдеу, тамшылатып суару әдісін кеңінен қолдану қажеттігіне тоқталды. Сондай-ақ, шаруалар көтерген ұсыныс –пікірлерге қатысты өз көзқарасын  білдірді.  

                 

 

 

 

 

 

 

           ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

  1. Аяпұлы Мәдіахмет «Арыс өңірінің тарихы»

                   Алматы 2001 жыл.

  1. Әбдімәлік Садықұлы Ағыбай «Қазақстан Республикасы ОҚО Арыс қаласының 45 жылдық мерей тойына арналалады»

                    Арыс – Алматы 2001. -96с.

  1. Б.Ш.Шайманов «ОҚО-ның әлеуметтік экономикалық дамуы 2006 жылдың қаңтар-қараша »

                   Шымкент 2006 жыл.

  1. В.Усиков, Т. Казановская, А.Усикова, Г.Забенова «Қазақстанның экономикалық және әлеуиеттік географиясы»

                   Алматы  «Атамұра» 2005жыл.

6.Добросмыслова А.И «Города Сыр-Дарьинской области Казалинск, Перовск-Туркестан, Аулие –Ата и Чимкент»

                    Ташкент 1912 год.

  1. ОҚО –ның әлеуметтік экономикалық дамуы 1991-2000жыл. Статистикалық жинақ. Шымкент 2001 жыл.

 

8.Қазақ Совет Энциклопедиясы.   Алматы  1975 жыл.

  1. М.Х.Асылбеков, К.А.Акимов,К.И.Баипаков, «Свод памятников истории и культуры Казакстана Южно-Казакстанская область»

                 «Қазақ энциклопедиясы»1994 жыл.

10.С.М.Нурманбетов, Қ.С. Санбетов, И.С. Қарабаев «Қазақстан темір жолдарының тарихы» 1том.

МАГМА,Чехия 1997жыл.

  1. П. Салықпаев, С.Әлібекұлы «Арыстың елі-намыстың елі»

 

                  Алматы 2006 жыл.

12.Т.Өтемағамбетов «Қазақстанның Физикалық Географиясы»

                 Алматы  1982 жыл

  1. С.Оразалыұлы , С.Жексенбаев,Е.Досымбай «Жепі шұрайлы Оңтүстік»

               Оңтүстік Қазақстан газеті 19 сәуір 2008 жыл..

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Арыс ауданының климат картасы

 

Сурет

 

Арыс ауданының физикалық картасы

 

Сурет