МАЗМҰНЫ
Кіріспе……………………………………………………………………………………………………….3
1 ТАРАУ
1.1. Астана қаласының географиялық, саяси-экономикалыұқ орны………………….6
1.2. Астана қаласының физика географиялық жағдайы……………………………………8
1.2.1. Табиғат жағдайлары (Рельефі, геологиялық құрылымы)………………..10
1.2.2. Климаттық жағдайлары…………………………………………………………………12
1.2.3. Астана қаласының топырақ өсімдік жамылғысы……………………………13
1.2.4. Жер беті және жер асты сулары…………………………………………………….15
2 ТАРАУ
2.1. Астана қаласының даму тарихы……………………………………………………………..18
2.1.1. Ақмола елді мекенінің қалыптасуы……………………………………………….19
2.1.2. Целиноград таң игеру орталығы……………………………………………………31
2.1.3. Астана еліміздің астанасы…………………………………………………………….31
3 ТАРАУ
3.1. Астана қаласының халқы………………………………………………………………………..38
3.1.1. Қаланың даму бағыты және болашағы…………………………………………..39
4 ТАРАУ
4.1. Астана қаласының шаруашылық құрылымы……………………………………………41
4.1.1. Өнеркәсібі…………………………………………………………………………………….41
4.1.2. Астана агроөнеркәсіп кешені………………………………………………………..45
4.1.3. Құрылыс кешені…………………………………………………………………………..45
4.1.4. Көлік кешені………………………………………………………………………………..50
4.1.5. Қызымет көрсету салалары……………………………………………………………54
Қортынды………………………………………………………………………………………………60
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………………………63
КІРІСПЕ
Астана қаласы – Қазақстан Республикасының астанасы – оны сипаттау диплом жұмысының мақсаты болып саналады.
Далалы зонада қазіргі заман үлкен қаласының, астанасының пайда болу себептерімен және іздерін анықтау, оның халқын, шаруашылығын және болашақта даму перспективаларын талдап жазу жұмыстың міндетіне жатады.
Қазақстан Республикасының астанасы тәуелсіздік және өркендеу символы ретінде экономикамен халықтың молшылығын табысты өсуінің көрсеткіші болғандықтан оны баяндау, анықтау тақырыптың актуалдылығы болып табылады.
Астана жаңа тәуелсіз мемлекеттің Астанасы ретінде соңғы уақытқа шейін әлемге мүлдем таныс емес еді. 1997 жылы бұрынғы шағын қала Астаналық мәртебені алғанан кйін көз алдымызда бурқана жаңа қалалық рухани, сипатқа ие болып, есікілік пен жаңалықты үйлестіре өскені сөзсіз. Мұны саясат, мәдениет және тарих үлгісі ретінде біздің қаламызбен танысқысы келетіндерге неге көрсетпеске.
Қазақстан саяси картасында 1991 жылы КСРО құлағаннан кейін пайда болады, ал 6 жыл өткен соң призидент Назарбаевтың жарлығымен Республиканың астанасы Аламатыдан Астанаға көшірілді. Астананың ауысуы өте жылдам уақыт аралығында жүзеге асырылды, ол тіпті шығыста ештеңе жылдам салынбайды жақсақ пікірге қарама – қайшылық тудырып еді. 1997 жылы Үкімет шешім қабылдасымен Алматыдан Астанаға мемлекеттік шенеуниктер мінген пойыздар ағыла бастады. Қалаға салтанатты түрде – Мемлекеттік рәміздер — Ту мен Елтаңба әкелді, ал 1998 жылы Қазақстан Астанасының ресми презентациясы болды. Жоғарда айтқандай тоқсаныншы жылдары ортасында Қазақстан Республикасы Призиднет Нұрсылтан Назарбаев көпшілік көптеген алаида шұғыуыл түрде, оңтүстікте орналасқан Астананың Республиканың орталығына ауыстыруды қажет деп тапты. Астана ауыстырудың скбептері аз айтылған жоқ, тек бір нәрсе анық еді ештеңеге қаракмаи қазақстанның жаңа Астанасы қалыптасты. Астана елдің эканомикалық саяси және мәдени өмірінің орталығына аиналды. 1998 жылы 6 – мамырда Ел басы Нұрсылтан Назарбаевтің Жарлығымен Ақмола атауы Астана болып өгертілді.
Астананы ауыстыру сөсіз тосын да сирек оқиға. Әрине бір адамның ұғымының шеберлігінде. Мемілекет ауқымында бүл әдеттен тыс болсада соншалықты бас шайқап таң қаларлықтай жұмыс құбылыс емес. Қоныс аудару да адам өміріндегі айрықша оқиғаға саналды. Кейбір адамдарда еш уақытта көшуге деген қажеттілік тумайды, енді біреулер жиі көшіп қонуға мәжбүр. Мемілекеттер де өздерінің бас қалаларын ауыстырып жатады, әдетте мұндай ауыстырудың барша фактілері дәлелді және уәжді болып келеді. Осындай ауыстырудың қажеттілігі ел тұрғындарның қалыптасуна қарағанда мемілекеттің пайдасынан жиірек туындайды. Бірақ бұл жерде, ең бастысы еліміздің астанасы Астананы көшіруге мәжбірлеуші, аңғарлада түсінікті болада беретін кейбір себептер сілемін сезіне білу қажет.
Астананы көшіру Қазақстанда бірінші астананы біз әуел бастан геосаяси тұрғыда Қазақстанды нығайтуға бағытталған қадам ретінде қабылдағанбыз.Сөйтіп біз өзіміздің бейбітшіл сыртқы саясатымыздан сан салалы бағыттылығын қуаттадық.Осы әрекетімен Қазақстан Солтүстікпен және Оңтүстікпен, Шығыспен және Батыспен құқұқтық ынтымақтастыққа паш етті.Бұл еліміздің Еуропамен Азия арасындағы орта түсжақдайын артықшылығын барынша нығайтуға мүмкіндік береді. Екіншіден біздің таңдаумызда қауіпсіздік мәселесі орын алды. Бұл тұрғыда тәуелсіз мемлекеттің астанасы сыртқы шегарадан алыстау жерде мүмкіндігінше елдің ортасына таман жерде тұруы тиісті. Астананы ауыстыру Қазақстанның экономикасын одан әрі дамыту тұрғысында тиімді. Осының арқасында қалықпен өндіргіш күштердің Республика аймағы бойынша біржақты орыналасуын біртіндеп түзету, солтүстікпен орталық өңірде шетелдік тың жаңалықтарды, ғылымдандырылған өндірісті, озық ауыл шаруашылық машиналарын жасауды әрі өңдеуші ауыл өнеркәсібінің кең желісін қауірт өркендету іс жүзінде мүмкін болды. Өз кезегімізде бұл Қазақстанның өнеркәсіптік даму деңгейін де арттырмақ еңбек ресурстарын тиімді пайдалануға және жұмыспен мейілінше толығырақ қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек ті.(Евр.т.20. б) Астана Қазақстанның жаңаруның нышаны.Оның көпұлты халқының жасампаз күш қуатының куәсі.Бұл соншалықты жеңіл тимеген заманның өзінде жаңа астанасын туғызған бел шешіп көрсеткен халықтың өзінің күш жігеріне деген сенімінің белгісі 1994. жылы Қазақстан астанасы Ақмола көшіруге шешім қабылдайды. Сондықтан 1996 жылдың бір күндендерікезегі келгенде Ақмолада ереін экономикалық аймақ (ЕЭА) құруға арналған арнайы кеңсе өткізіледі.
1996 жылы 6 –қазанда Ақмола қаласының аумақтық шекарасы ішінде Ақмола арнайы экономикалық аймағын құру туралы тиісті жарлыққа қол қойлып, осы жарлықпен Ақмола Бөлекбаевты оның тұңғыш төрағасы етіп тағайындалды.Осылайша арнайы эканомикалық аймақ арқылы жаңа астананың қалааралық бюджетін түзуге және сауықтыруға мүмкіндік жасалды. Ақмола ЕЭА жемісті қызметінің нәтижесінде қала эканомикалық аймақ қызметінен түсетін пайданың 60%алатын болды. Облыс бюджеті де сырт қалған жоқ, оған ЕЭА қаржы түсімдерінің 40%бөлінді. Сөйтіп ұзаққа созылған сергелдең мен бұлталатқан кейін Ақмола қаласының еркін эканомикалық аймағы жобасы астаналық инфроқұрылымды қауырт та белсенді қалыптасуда және қаланың аудандарынсалуда күшті серпін берді.
1 ТАРАУ
1.1 Астана қаласының географиялық, саяси –экономикалық орны
Астана қаласы евразия материгінің орталығында орналасқан. Егеменді Қазақстан Республикасының астанасы. Ол Қазақстанның сыртқы өлкесінің орталығында Есіл өзенің оң жағалауында, жоғарғы ағымында орналасқан. Оның территориясы Ақмола обылысының оңтүстігінде болып, Жеке саяси әкімшілік бөлінуі болып табылады. Астана қаласы 5-ші сағаттық белдеуде орналасқан. -Астана қаласының географиялық коррдинаттары 530 се 72 0 ш.б.
1994 жылы шілдеде астананы Республиканың қиыр оңтүстігінде орналасқан Алматы қаласынан солтүстікке, 1000шақырымнан астам жерде жатқан, далалық Ақмолаға көшіруге шешім қабылдады. Ақмола Алматымен салыстырғанда қазақстанның орталығында болатын. Қала ірі магистральдік көлік бойында –оңтүстік солтүстікке қосатын теміржол және автомабильжолдарында орналасқан. Астана Республикасының барлық үлкен қалалармен бұл жолдар және басқа Астана –Повладар, Астана –Қытай –Ақтөбе – Атырау, жолдары торабында орналасқан. Бұдан басқа қала Қазақстан үшін көптеген шетелге шығудың мейлінше төте жолы трансеуразия аралығында таяу қоныстанған /12/.
Ақмола облысының әкімшілік – экономикалық картасы
Сурет-
1.2. Астана қаласының физика – географиялық жағдайы.
Жерінің басым бөлігі — абсалюттік биіктігі 300-400 метірден аспайтын аласа белесті, ұсақ төбелі жазық. Солтүстігінде Көкшетау қыратының сілемдері –Сандықтау, Домбыралы, т.б. аласа таулар орналасқан. Облыстың батыс орталық, шығыс бөліктерін Есіл, Атбасар, Сілеті жазықтары алып жатыр. Оңтүстік батысында Теңіз-Қорғалжын ойысы. Облыстың батыс жағында Есіл өзеніне дейін Торғай үстіртінің шығыс шеті еніп жатыр. Есіл өзенінің оң жағалауы Атбасар, сол жағалауы Теңгіз жазықтарымен шектеседі. Облыстың оңтүстік шығысында орманды, көркем Ерейментау өңірі орналасқан. Оның негізгі бөлігі жартасты қырқалар (100-500 м) тізбегінен тұрады. Туған жерден сұлу не бар? Оның үстіне шынында да сұлу болса. Республиканың баға жетпес байлығы, әрине іс жүзінде Еуразияның қақ ортасын алып жатқан ұлан байтақ Сарыарқа кеңістігі болды. Орталық Қазақстанның солтүстік бөлігінде жатқан қазіргі Ақмола облысының аумағы 96, 8 мың шаршы шақырымды құрайды.
Осы орасан көлемді аймақта жазық дала ландшафтының сан түрі кездеседі.Облыстың оңтүстігін Сарыарқаның ұсақ шоқылары, орталық бөлігінде жазық даламен өзендер алабы. Көкшетау қыратының сілемдері алып жатыр. Ақмола облысының аса ірі өзендері деп Есіл мен Нұраны бөліп көрсетуге болады /12/.
Ақмола облысының физикалық картасы
Сурет-
1.2.1. Табиғат жағдайлары.
Жалпы мәліметтер. Ақмола облысы Қазақстан Республикасының орталық бөлігінің солтүстігінде, Қазақтың ұсақ шоқыларымен Теңіз оипаты шеңберінде орналасқан. Ол 1939 жылы 14- қазанда құрылған. Облыс территориясының ауданы 96, 8 мың шаршы шақырым.Батыста Қостанай, солтүстікте Солтүстік – Қазақстан, шығыста Павлодар, оңтүстігінде және оңтүстік шығысында Қарағанды облысымен шектеседі.
Рельефі. Территориясының беті біркелкі емес: Ұсақ шоқылар, биік емес таулар аздап тілімденген жазықтық және өзен аңғары. Рельефтің пішіндерінің мұндай әр түрлілігі оның геологиялық құрамын және геологиялық тарихын күрделілігімен анықтайды Геоморфологиялық жағынан облыс территориясы цоколді төбешікті таулар елінің солтүстігінде Көкшетау қыратының етектері созылып жатады. Төбешікті таулардың орташа биіктігі 400-500 метрге жетеді. Аласа таулар оңтүстік бағытында кішігірім аңғарлар және жыралар тілімделген. Олардың бірі Жабай өзенінің аңғары. Балкашин ауданының территориясында төбешіктердің шынында кристалданған тау жыныстардың көбірек ашылулары кездеседі. Оңтүстігіне қарай ендік бағытында кең байтақ территорияда Атбасар жазықтығы орналасқан. Облыстың солтүстік – шығыс бөлігінде мередияндық бағытта сілеті жазығы созылып жатыр. Атбасар жазықтығымен салыстырғанда абсалюттік биіктігі төменірек (250-300). Оңтүстігінде биігірек Теңіз жазықтығы шектеседі, оның орталығында Теңіз және Қорғалжын көлдері бар. Теңіз ойпатының жазықтықтары жоғарыдан қарағанда дұрыс емес овал пішінде болып, ендік бағытта созылған ойпаатың көпшілік бөлігі абсалюттік биіктігі 250-400 метр болған Нұра және Терісаккан өзендерінің аккумлятивтік жазықтығынан құралған. Терісаққан өзені бассеиінінде үлкен аңғарды алаңдары өте өткір тілімденген және өзен алды ұсақ шоқыларға айналған. Теңіз ойпатының солтүстік батыс бөлігі Ишим өзенін алабы мен ашылған, оның оңтүстік шығыс бөлігінде су ағыны жоқ. Бұл жерде көп көлдер шоғырланған. Жоғарыда айтылған төбешікті – толқынды жазықтар негізінде ежелгі тау жыныстардан болып, оларды қалың төрттік дәуінірің сары-қоңыр лессті саз башықтары жамылып жатыр.Кей жерлерде жазықтарды сайлар, жыралар және өзен аңғарлары қиып өтеді. Кейінгі кездерде дала зонасының бедерін беткейлерін жыралар мен сайлар тілімдеген.Облыстың орталық бөлігіндегі жазықтардың обсалюттік биіктігі 300-450 метірден аспайды. Төбешіктердің салыстырмалы биіктігі 100-150 метрге жетеді.
Орталық- Қазақстан аласа таулы белдеуінен Солтүстікке қарай екі үлкен рельеф баспалдағы күзетіледі. Орта баспалдақ денудатциялық жазықтан құрайды. Төменгі баспалдақта денудациялық жазық болып оның ішінде жекелеген төбешіктер көтеріліп тұрады. Сарақаның биік емес төбешіктері Шортанды, Алексеев және Макинск аудандарының териториясында кездеседі. Олар желеген тізбекті қырқалы немесе салыстырмалы биік төбешіктері болған төбешікті бедерден құралған. Аласа таулар және төбешікті таулар кайназой эрасында белсенділенген кесек тас тәрізді тектоника әсерінен пайда болған. Ұсақ шоқыларының екі түрі кездеседі. Су айрықтың және өзен алды беткейіндегі. Біріншісі тізбек сияқты көтерілулер немесе жеке төбешіктер, олар палеозой тау жыныстарынан тұрады. Едәуір төменірек деңгейдегі және эрозия базисінен төмендегі өзен бойындағы ұсақ шоқырлар қазіргі заман денудация бетін құрайды, өзен жағалауында және кейбір жерлерде Ишим өзенінде. Облыс территориясында Ериментау таулары ерекше ажыратылып тұрады. Ол мередиян бағытта созылған, палеозой тау жыныстарынан құралған құзды тізбектер сериясынан тұрады. Қоршаған ортадан орташа биіктігі 400-500 метр. Бұл аласа таулы массивінің рельефінің оның беткейлерін экспозициясы құраған тау жыныстарының құрамына сәйкес рельеф тән болды. Кварциттер, граниттер таралған учаскелерге ең өткір ерекше рельеф пішіндері сәйкес келеді. Тақтатастар, құмтастар мен конгломмраттар таралған учаскелерге рельефтік жайпақ жұмсақ пішіндері сәйкес келеді.
Облыстың оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөліктерінде жеке тізбектер түрінде Сарыарқаның етектері шығады. Оларға биік емес аралдық таулар кіреді.
Геологиялық құрлысы. Жерінің геологиялық құрлымы каледон және герцин қатпарлығы кезінде қалыптасқан. Палеозой эрасының соңында континенттік түзілу кезеңі басталды.Өте ұзақ мерзімге созылған текістелудің нәтижесінде пайда болған таулы өлке Мезазой эрасында бірте -бірте қыраттарға айналды. Облыс жері, негізінен, палеозойдың метаморфталған тақта тастарынан, кварциттерінен, құм тастарынан, альбитофирлерінен, әк тастарынан, конгломераттарынан түзілген. Солармен бірге интрузиялық (гранит, диорит, габбро, тағы басқа) және эффузиялық жыныстар кең таралған Байырғы платформалық қабатын жыныстарды неогенмен төрттік дәуірлердің сарғылтым шөгінділерінің қалың қабаттары жатыр.Кең байтақтарынан алтын, уран, боксит, сүрьме, мыс, молибден, кобальт, көмір, каолин сазы, кварц құрамы, құрылыс материалдары, тағы басқалары өндіріледі /17,18/.
1.2.2. Климаттық жағдайлары.
Климаты тым континенттік, қысы ұзақ (5, 5 айға созылады), суық, жазы қоңыржай ыстық. Қаңтардың орташа температурасы -16-180 с шілдеде 19-210с. Тұрақты қар жамылғысы қарашаның ортасында қалыптасып, оңтүстігінде 130-140 күн, солтүстігінде 150-155 күн жатады. Қардың орташ қалыңдығы 20-220см. Жауын шашын шамамен орташа көрсеткіші солтүстігінде жылына 400 мм оңтүстігінде 250 мм (Энц-я 1 том)
Аймақтың климаты күрт континентальды әрі құрғақ. Ауаның температурасы жыл мезгіліне қарай шұғыл ауысып отырады. Қыста цельсий бойынша 300 с дейін суытса, жазда 350 с градусқа дейін қызады. Қыста күні қарлы борандар ұйытқиды, ауаның температурасы әсіресе ақпан айында күрт төмендейді. Жазда шаң борайды, аңызақ жел тұрады, күн әсіресе тамызда қатты ысиды.
Бірақ бір нәрсені айтып кетпеске болмайды. Қазір климат жылдан жылға өзгеріп бара жатыр. Ол баршамызға мәлім. Көне көздердің айтуынша бұрын Ақмола және орталық Қазақстанның басқа да қалалары қар астында қалады екен, қардың қалыңдығы кейде жер үйлерді көміп тастаса керек. Бірақ кейінгі жылдары қыста қар аз жауып, күн жылы болатынын көріп жүрміз. Жылдан жылға күн жылып қыс кеш түсе бастады.Ауа райының осындай құбылыстары өзгерісін елорданы Алматыдан Астанаға көшірген кезден бастап көшу дейміз. Осы орайда Астаналықтардың Алматылықтар жылуды өзімен ала келді деп қалжыңдап айтып жүргендер де бар /12,18/.
1.2.3 Астана қаласының топырақ-өсімдік жамылғысы.
Облыс аумағы Енділіктегі қара және күңгірт қоңыр топырақ енділікке жалғасқан болып кәдімгі және оңтүстік қара топырақ және күңгірт, қызғылт қоңыр және ашық қызғылт қоғыр топырақтар зоасына бөлінеді. Облыстың жер бедері төбе қыраты мен тау – төбе болып келетін жай қоңыржай дала солтүстік бөлігін кәдімгі қара топырақ зоналығында жайғасқан болады. Оның аумағы 487.6 мың га тең болып 90пайызын егіншілікке пайдаланылады.Осы зонаның негізгі топырағы кәдімгі орташа ауыр суглиникт қара топырақтар саналады. Қара шірік қабатының қалыңдығы(А+В ) 50-70см аралығында, қара шіріктің мөлшері 6-8 пайыз болады. Топырақ әрекетшең Калий мен тойылған (70-85пайызға дейін). Бұл топырақтың өзіне тиісті ерекшелігі болып құрамында әрекетшең фосфордың аз болуы және Калийй мен азоттың мөлшерінің орташа және көп болуы саналады. Осы подзона аумағында, әсіресе тау –төбе бөлігінде су эрозиясына ұшыраған жерлер көп болады. Подзонаның егіншілікке жарамайтын жерлерін негізіне қиыршықталған толық қалыптаспаған, шалғынды сорланған қара топырақтар жайғасқан болады.
Оңтүстік қара топырақ подзонасы төбе қыратты құрғақ дала аймағында таралған. Жер көлемі 2556.5 мың га кең. Айдалған жердің көлемі 85 пайызын қамтиды. Оңтүстік қара топырақ корбанатты ауыр саздақты топырақ негізгі топырағы болып саналады. Қара шірік горизонты 45-60см тереңдікте, қарашірік мөлшері 4-5пайыз болады. Корбанаттар көбінесе жер бетінде жайғасқан болады. 100-130см тереңдікте сорланған болып оның жоғары жағы сортаңдалған қабат жайғасқан болады. Сортаңдалған қабаттың жағарыда жайғасуы топырақ қабатына өсімдік тамырларына кіруіне зиянды әсер етеді. Оңтүстік қара топырақтардың құрамы сіңдірілген магний мен, ал кейбір уақытша натрий тойылған болып келеді. Осы подзонаның топырақтарға жел және су эрозиясына қарсы күресу шараларын қолдану керек. Оңтүстік тара топырақтарында фосфор, кейбір уақытша азот тыңайтқыштарын беру өте тиімді саналады.
Жер шаруашылық құамында сортандалған қара топырақ және сортаңды топырақтар негізгі топырақтарға кіреді. Айдауға жарамсыз жерлердің негізгі аумағын қиыршықталған және түйіршік тастары бар топырақтар иеленеді. Олар негізінен төбелерде және жердің жоғары беткейлерінде кездеседі.
510 солтүстік ендіктің оңтүстік жағасында қара топырақ зонасы біртіндеп қызғылт қоңыр топырақтарға өте басым. Қызғылт қоңыр топырақ аумағы 7340.3мың га тең болып, оның 70пайызы ауылшауашылыққа пайдаланылады. Бұл подзонаның ең жақсы топырағы қызғылт қоңыр корбанатты, орташа саздақты тоырағы саналады. Осы топырақтың қарашірік горизонты 35-45см жетеді.Топыраақтың қарашірік мөлшері3 тен 4 пайыз аралығында болады. Бұл топырақта қара топыраққа қарағанда сіңдірілген алмасу негізі құрамындағы Магнийме Натрийдің мөлшері көп болады. Оңтүстікке қарай топырақ сортаңдау болып келеді.Сондықтан бұл жерлерде сортаңдау процесін болдырмауға қарсы шаралар қолдану қажет. Облыстың шығыс бөлігінде қыратты майда шоқылы жазықтықтарда қызғылт қоңыр топырақтар жайғасқан. Бұлардың ішінде ең негізгі топырақ қызғылт қоңыр топырақ аз қабатын, орташа- ауыр саздақты топырақ саналады. Бұл подзонаның топырақтары эрозияға қарсы күресетін іс шараларды қолдануын талап етеді, сонымен бір қатарда фосфор, ал кейбір жерлерінде азот тыңайтқыштарын салу керек екендігін білдіреді. Топырақтың тығыз болуы су өткізгіштігін жақсарту үшін ағып келіп жатқан суды және судан түскен ылғалдықты жинау үшін қосымша іс- шараларды жургізуді керек етеді.
Облыстың оңтүстік бөлігінде дала зонасында Қызғылт қоңыр топырақ подзонасы тарқалған болады. Оның көлемі 2508, 9 мың га тең, оның 70 пайызын айдалған жер құрайды. Бұл подзонаның негізгі топырағы қызғылт қоңыр топырақ болып, қарашірік горизонты 30-40 см. Қарашіріктің мөлшері 2, 5-3, 5 пайыз аралығында болады. Бұл подзонаның топырақтарының механикалық құрамы ауыр саздақты болып, өте жоғары дәрежеде және сорланған өте төмен су өткізгіштігімен ерекшеленеді. Айдалған топырақтың ішінде бірыңғай сортаңды және сорланған массйвтер бөлініп тұрады. Ашық қызғылт топырақ подзонасы Облыстың ең Оңтүстік бөлігінде жайғасқан болып, оның көлемі 472, 2 мың га тең. Климаттың өте құрғақ топырақ жамылғысының кешенді болуы бұл подзонаның топырақтарының бірден бір ерекшелігі болып саналады. Барлық ашық қызғылт қоңыр подзонаның топырақтары сортнды және сорланған болып келеді.Ашық қызғылт қоңыр подзона топырақтарын егіншілікке пайдаланбайтын аймаққа кіреді.
Облыстағы таралған топырақтардың құрылған арттыруға академик А. И. Бараев басшылығында ғылыми негізінде жасалған топыра қорғау жүйесі бойынша белгіленген органикалық және минералдық тыңайтқыштарды, салу көпжылдық өсімдіктерді егу, сортаңды топырақты гипстеу жұмыстары жәрдем береді.
Өсімдіктің 73 тұқымдасы, 800 ден астам түрі кездеседі. Негізінен қылқан жапырақты сілеу, бетеге, далалық жоңыршқа, таспа шөп, жусан тағы басқа өзен жайылымдары мен жағалауларында астық тұқымдас және әр түрлі шөп аралас қарағай, қайың, көктерек, түрлі бұталар өседі /18/.
1.2.4. Жер бетіндегі және жер асты сулары.
Ірі өзендері Есіл мен Нұраны бөліп айтуға болады. Теңіз көлінің аты баршаға белгілі. Одан басқа қарасор, Қорғалжын, Балықтыкөл және Қыпшақ көлдері де баршаға ірі көлдердің қатарына жатады.
Астанадан батысқа қарай көлдер шалқыған өңірде дала табиғатының тағы бір кереметі-Қорғалжын қорығы жатыр. Бұл табиғат кешені теңіз ойпатының оңтүстігінде, одан әрі қазақтың ұсақ шоқыларына ұласады. Қорықтың жүрегі –өзара жалғасқан теңіз және Қорғалжын көлдер жүйесі. Теңіз көлінің аумағы 159мың га құрайды, бұл Женева көлінен екі есе артық. Суының минералдануы әлемдік мұхиттың тұздылығынан 5-6 есе жоғары. Көлде құстар ұя салатын үлкенді –кішілі 70-ке жуық арал бар. Қорғалжын көлі Теңіз көліне мүлдем ұқсамайды. Оның алып су ауданын қамыс пен қоға араласа өскен қопа басқан. Осы тамаша қорықта өсімдіктер дүниесінің 350-дей түрі өседі, оның 90 пайызы шөптер. Аймақтың ірі өзендері –Есіл, оның салалары –Қал – құтан, Жабай, Терісаққан, Нұра, Сілеті, Өлеңді, Құланөтпес т.б. өзендер бар. Көлдері туралы айтар болсақ ;Қорғалжын, Қожакөл, Шолақшалқар, Балықтыкөл, Ұялышалқар т.б. тұзды көлдері ; Теңіз, Керей, Итемген, Қыпшақ, Мамай, Үлкен Сарыоба және Вечеслав (Есілде) Сілеті бөгені бар. Олардан басқа жер суаруға арналып 37 бөген салынған. Олардың жалпы су көлемі 180.6 млн. М3. Қоғалжын көл жүйесін сумен толыстыру және Астана өнеркәсібін сумен қамтамасыз етуді жақсарту үшін Нұра өзені арқылы 70-74млн метр куб Ертіс суы беріледі.
Жер асты сулары
Облыс территориясы жалпылай 1-тәртіптегі Орталық Қазақстан гидрогеогогиялық ауданға жатады. Гидрогеологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы негізінде Орталық Қазақстан гидрогеологиялық ауданда төмендегі 2-тәртіптегі гидрогеологиялық аудандар ажыратылады: Көкшетау-Екібастұз, Теіңз-Қорғалжын және Сарысу-Теңіз. Көкшетау-Екібастұз гидрогеологиялық аудан облыстың солтүстік жарты бөлігін қамтиды. Оған Вишневский, Ерментау, селеті, Алексеевк, Макинск, Шортандының көпшілік бөлігі, Балқаш, Атбасар ауылдық-әкімшілігін солтүстік бөліктері жатады.
Гидрогеологиялық ауданның көпшілік бөлігін жер бедері тілімделген және жарықтары көп жартасты тау жыныстары жер бетіне жақын жерде орналасқандықтан жер асты суларына қалыптасуына қолайлы жағдай жасалған. Ауданның шеңберін ішінде 19 сулы горизонттар мен комплекстер ажыратылған.
Теңіз-Қорғалжын гидрогеологиялық ауданның оңтүстігінде орналасқан территорияны өз ішіне алып ол оңтүстік жағынан Сарысу-Теңіз қыраты (көтерілуі) мен шектелген. Аудан жер асты суларына кедей (жарлы). Бұл жерде тек 6 сулы горизонт пен комплекс ажыратылған. Ең сумен қамтамасыз етуге перспективті комплекс, бұл Нұра және Ишим өзендерінің аллювиалдық шөгінділеріне немесе аңғарларына орналасқан.
Сарысу-Теңіз гидрогеологиялық аудан облыстың ең шеткі оңтүстік бөлігіне Қорғалжын әкімшілік ауданын ішінде орналасқан. Бұл ауданда 12 сулы комплекс ажыратылған.
Солтүстіктен оңтүстікке қарай батыстағы облыс шекарасы бойлап созылып жатқан ені аз алқап 1-тәртіптегі Торғай гидрогелогиялық ауданға жатады, ал Ертіс артезиан бассейнін оңтүстік-батыс бөлігіне болып саналады. Тұщы сулар жеке линзалар түрінде кездеседі. Құдықтардың су мөлшері (дебиті) 0, 5 л/сек-ке жетеді. Олар ауылды елді мекендерді сумен қамтамасыз етуге жаратады (пайдаланады).
Жалпы облыстың минералданғаны 10 г/л-ге дейін болған жер асты суларының прогноздық (болжамдық) эксплуатациялық қорын көлемі 1733, 3 мың м3/тәу., оның ішінде минералданағандығы 1 г/л-ге дейін болған сулардың қоры – 916 мың м3/тәу-те. Барланған эксплуатациялық қоры 250 мың м3/тәу-ке тең, оның ішінде өнеркәсіптік категориялы су қоры – 193, 4 мың м3/тәу. облыстың факттік алатын жер асты сулары 148, 8 мың м3/тәу. құрайды, оның ішінде қоры бекітілген кен орындардың қоры 37, 6 мың м3/тәу /19/.
2 ТАРАУ
- Астана қаласының даму тарихы.
Астана – мемлекеттің саяси, әкімшілік, эканомикалық, мәдени орталығы, елдікті ұлттық бірлікті білдіретін бас қаласы.Астана ұғымы ұлыстар, тайпалар одағы, мемлекет бірлестікткр пада болған кезде, перғауын қаған, халифа, шаһ, әмір, король, патша, хан, сұлтан, т.б. елбасылар лауазымдар мен қатар өмірге келді. Оның ішінде қазақтар тұрағын «Орда» деп атаған. Астана орнын осы орда атқарады. Қазақстан тарихында өте көптеген қалалар астаналық рол атқарған. Абылайдың тұсында Түркістан (Көкшетау, Қызылжар) болған. Кенесары Ұлытауға ордасын тіккен. Қазақ астаналары тарихы өте бай. Үш мемлекеттің Батыс Түрік, Түркеш және Қарлұқ хандықтарының астанасы Суяб қаласының ірге тасы V- ғасырда қаланды. Орталық Азияның аса ірі қалаларының бірі –Баласағұн. Батыс Түрік қағандығының, Қараған және Қарақидан мекмлекетінің бас қаласы болды. Ең көне астаналардың бірі — Тараздың атағы VI- VII ғасырларда Қытайдан Византияға дейін таралған.Жазба деректерде бірінші қала атанған Испиджаб VII-ғасырда белгілі болған.Отырарды Араб ғалымы әл-Макдиси X-ғасырда өте көне астана деп атаған. IX-XI- Жаңакент. XVI-Сығанақ қаласы болды. XVII- Сарайшық, XVIII-Үргеніш қаласы болды.Қазақ хандығы жойылғаннан кейін бар билік Ресейдің Санкт- Петербург пен Мәскеу қалаларына аударылды. Кеңес дәуірінде Қазақстанның астаналары Орынбор(1920-1925), Қызылорда (1925-1929), Алматы (1929-1997) жылдары болды. 1994- жылы соңғы екі ғасыр тарихында қазақ халқы тұңғыш рет өз мемлекетінің Астанасы туралы дербес шешім қабылдады. 1997- жылы 20-шы қазанда ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Ақмола қаласының (1998 жылдың 6- мамырынан Астана қаласы) ҚР жаңа тұрпатты бас қаласы болғанын жариялады. (қазақ энц-я)
Егеменді еліміздің жүрегі қазіргі Астана қаласы әуелде Қараөткел деп аталыпты. Патшалық Ресей қазақ даласын отарлау мақсатымен 1832 жылы Ақмола бекінісін салыпты. 1961 жылы шаһардың есімі Целиноград болып өзгерді. 1994 жылы Республика жоғарғы советі ел Астанасын Ақмолаға көшіруге шешім қабылдады. 1998 жылы 6- мамырда ел басы Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен Астана қаласы болып өзгертілді /3,10,22/.
2.1.1.Ақмола елді мекенінің қалыптасуы.
1830 жылдың мамырында Петропавл бекінісінің коменданты подполковник Федор Шубин 200 қазақтан тұратын отрядпен Ақмола жеріне келіп түсті. Оның мақсаты жаңа округті ашуға әкімшілік және шаруашылық дайындық өткізу және жергілікті жердің «көзбен өлшеген «картасын жасау болды.Ерте заманда Нұра және Есіл қос өзен аралығында –Сарыарқаның төсінде –ғұндар қорған орнатқан. «Ақмола «сөзінің пайда болуы туралы нұсқалар жеткілікті, бірақ біз олардың біреуіне ғана тоқталсақ: ғұндар тілінде «ақ» сөзі «батыс» деген мағына білдірсе, ал «мола» «қорған» деген мағынаны белдірген.Яғни, »ақмола»сөзін «батыс қорғаны» деп аударуға болады.
Белгіленген жерге келісімен Шубин өз отрядын Ақмола жеріне емес, Қараөткелге (округке айналғанда бұл жердің аты өзгеріссіз қалады) аялдатты. Осындаалдын ала хабарланған қазақ болыстарынан делегаттар келіп, маусым айының он сегізінші жұлдызында жазбаша түрде осы таңдауды мақұлдап бекітті. Сонымен 1830 жылдың 18 маусымы –Ақмоланың негізі қаланған күн болып саналады.
1832 жылдың басында Батыс Сібірдің генерал- губернаторы И.А. Вельяминов болыс сұлтаны Қоңырқұлжа Құдайменді ұлына Николай І патшаның «Жоғарғы мәртебелім айтуды бұйырды: Сіздердің тілектеріңізбен келісіп, осы жылдың жазында Сіздер тұратын Қарпықов және Қуандықов болыстарында Ақмола атты округ ашылсын « деген сөздерін жеткізді. Ақмола сыртқы округінің ресми ашылуы 1832 жылы 22 тамызды халықтың үлкен жиынында салтанатты түрде өткенін қазақ және орыс тілдерінде жазылған құжаттар дәлелдейді.
Аға сұлтан болып Сәмеке ханның шөбересі Қоңырқұлжа Құдайменді ұлы сайланды.Қала қазіпргі –ҚазМЗУ-дің орнында салынған казармалық құрлыстан бастау алады. Бұл құрлыстың 1973 жылы бұзылғанын айта кеткен жөн. Бұзылған казарма жақтаусыз, терезелері кішкентай, есіктері тар кішігім үйшік тәрізді еді. Сондықтан да олар бұл үй қазіргі сәулетті үлгідегі ғимараттардың арасынан көзге оғаш көрінетін. Уақыт өте тіпті сылақтары түсіп, жабайы тастан қаланған қабырғалары жалаңаштанып қалды.
Болашақ қаланың орнында бас кезінде осыған ұқсас бір-біріне қапсарлас, тастан және саманнан салынған казармалар бой көтерді. Оларда офицерлер мен күзет отрядтарының казактарытұрды және Қараөткел арқылы өтетін керуеннің көпестері демалуға тоқтайтын. Дәл осы жерде 1832 жылы Аға сұлтан Қоңырқұлжа Құдайменді Бұл уақытта мұрагерлік хандық билік орыс гарнизондарының қолдауындағы округтік жүйемен алмасқан.Алайда, патша үкіметінің шешімімен пайда болған жаңа тәртіп кейбір хан мұрагерлері мен ірі феодалдардың назарлығын тудырды. Олар бұзылған салтты қайта жаңғыртуға тырысты. Әсіресе, бұған Орта жүз ханы Абы-лай руынан шыққан Сұлтан Кенесары Қасым ұлы қарсы тұрды. Кенесары азаттық қозғалысын бастай отырып, 1838 жылдың мамыр айында қазақ бекінісі –Ақмола приказына шабуылды бастады.Бұл жерде қазір Қажымұқан Мұңайтпсаұлы атындығы стадион тұғызылды.
1838 жылдың 26 мамырында тәңіртегі сағат 10-дар шамасында Қараөткелде күтпеген жағдайда Кенесары Қасымұлының қол басшылығымен мыңдаған қаруланған салт аттылар көрінді. Көтерілісшілер Ақмола приказын тез арада басып алып, жоймақ болды.
Қорғанушы жақты Шубиннің орнында қалған есаул Г. Чириков басқарды. Шайқас алты күнге созылды. Жетінші күн дегенде жеңіске жете алмаған Кенесары шегінуге мәжбүр болды. Қарулы іс-әрекеттер кезінде Слободка өртенген еді. Слободка деген –жеке, ешкімнің иелігінде жоқ бес-алты ағаш үйлерден тұрған азаматтық тұрақ. Осы күнге дейін бұл ауданды көруге болады, қазір мұнда белсенді құрлыс жүргізілуде. Кеңес кезеңінде Кенесары қозғалысының үрдісті және обьективті түрде бағаланбағанын айта кеттеніміз абзал. Айталық, Кенесары «бүлігінің «Ақмола сыртқы округне келтірілген шығынның көптігінен, 1841 жылдың 30- желтоқсанды үкімет қазақтарды 2 жылға салықтан босатты, ал 1843 жылдың 20-сәуірінде бұл жеңілдікті тағы бір жылға ұзартты. Келтірілген зиянның көлемін Шохан Уалихановтың досы Қазақстанды зерттеуші, »Орталық Азия еліктерін зерттеумен оларды басқаруға байланысты заңдарды жобалаумен » айнасысатын мемлекеттік комисия мүшесі. Бас штаб полковнигі А.К. Гейнстің 1865 жылы 19-тамызда «Қазіргі Атбасар округне тұтас дір сілкіндірген Кенесары көтерілісі осы даланың бір бөлігін халықсыз қалдырды»деген жазбасы куәландырған.
Ақмоланың қазақ бекінісі ретінде пайда болу әкімшілік және комисиялық мақсаты көздеді. Ресей мен Орталық Азияны байланыстыратын сауда керуені жолында оранласқан Ақмола маңындағы транзитті орталыққа айналды.
Болашақ Астана ол кезде бірнеше заманнан және тас поилтарлардан салынған казармалар мен ағаш үйлерден тұратын кішігірім далалық тұрақ болатын. Бекіністің құрлысында ешқандай жоспар болған жоқ, ол стихиялы түрде, казармалар мен үйлер жүйезі шашыраңқы түрде тұрғызылып жатты.
Мәліметтерге сүйенсек, 1836 жылы Ақмола сыртқы округінде 3, 5 мың аса ауылдан құрылған 15 көше болыстары болған, ондағы тұрғылықты халықтың саны 130 мың адамды құрайтын. Сонымен қатар, округте бір ауыл (Қараөткелде) 9 ағаш үй, лазарет, жел дирмені, ұстахана болды. Қазақтардың жалпы саны 500 тарта адамды құрады. Батыс Сібір генерал-губернатолығы Ақмолаға келетін орталықазия саудагерлеріне қолайлы жағдай туғызды. Сондықтанда 1838 жылы Қараөткелде алғаш ағаштан мешіт салынды. Бұл мешітті діндар және қарапайым қазақ тұрғындары үшін және мәдени өмір ошағына айналды.Мешіттің жаныннан қазақ мектебі ашылды. Сабақтарды молда жүргізді, онда балалар оқуды, жазуды, санауды және Құран сүрелерін үйренді.
1838 жылғы мешітті қайталанбас сәулет өнерінің ескерткіші ретінде, солд кездегі қаланың көркем жерлеріне жатқызуға толық негіз бар. Бұл мешіт қазіргі Иманов атындығы көшеде (Республика даңғылына жақын) орналасқан. Өкінішке орай, мешіт 1920 жылы өртеніп кетті. Кейінірек осы орынға дінге сенушілердің берген садағалары арқасында жаңа мешіт салынды, бұл жолы ол Қызылтас кірпіштен еді.
1930 жылы Кеңес үкіметінің дінімен күресі кезеңінде, жаңа мешіт жабылып, ғимаратты тарихи аймақтану мұражайына берілді. Алайда үйдің сыртқы келбеті өзгертілген жоқ мұнара, күмбез, тас бөренелерден тұратын тұрақты қоршау сол күйінде қалды.Кейінірек бұл үй құлатылып орнына тұрғынүй салынды. Бұрынғы Церқовь көшесінде қазіргі Абай аудандағы көше мен Республика даңғылы қилсында тағы да бір татар мешті болды, оның аты құрлыс демеушісі Ақмоладағы бай көпестердің бірі татар Забировтың құрметіне аталып кетті. Бұл мешіт жасы тұспен боялған. Мешітті жабылып, қайта құрылған кезде онда жергілікті Пионерлер Үйі орталық алаңға көшіріліп, мешіт ғимараты құлатылды, ал оның орнына тағы бір тұрғын үй тұрғызылды.
Қаланың тарихи және сәулет өнері: ескерткіші ретінде православиелік Константин-Еленин шіркеуін айтуға болады, қазіргі ол Республика даңғылы бойындағы «Есіл»дүкенінің артында орналасқан. Патша билігінің Солтүстік жәнге Орталық Қазақстанның күшеюіне байланысты Ақмола қазақ бекінісі өзенің әскери стратегиялық мәнін жоғалтып, біртіндегені саудадық және жәрменкелік орталық сипатындағы азаматтық тұраққа айналды.
1845 жылы «Горькая линиядан « жеребе бойынша көшкен 100 қазақ отбасы Қараөткелде Ақмола қазақ станциясын құрды. Біртіндеп көпестер келе бастаыд. ХХІ ғасырдың 40- жылдарында осы жерде Волга маңғымен Ресейдің Оңтүстігінен келген орыс саудагерлері өз істерін ашты.
1851 жылы Ауыстыру кеңесі ашылды. Келесі жылы жыл сайын өтетін екі жәрменке –көктемгік Констаниновкісі және күздік Дмитриевск тұрақталды, кейінірек бұл жердегі сауда айналымы бір жарым миллион рубльге дейін жеткен тауарларМәскеу, Пішпек, Петербурк, ТөменгіНовгорт, Царицын, Ирбит, Ташкент, Бұқара, және т.б.жерлерден келетін.Барлық сауда гильдиялары, әртүрлі ұлттардан шыққан көпестер, мал өнімін, нан тасымалдары, өндіріс тауарлары, бықаралық және ташкентік жібектер кілемдер.
1862 жылдың 26 құркүйегінде император Александыр екі өзеннің жарғысы арқысы бұрынғы Ақмола қазақ бекінісінің. қалалық мәртебесін бекітті. Алайда жарғы ресіми түрде бір ай өткеннен кейін 1863 жылдың 16 шілдесінде жарияланды. Осы уақыттан бастап Ақмоланы толқынды тқала деп атауға болды.
Қала Ақмола атауның 1961жылғы дейін КОКП ОК-нің бірінші хатшысы Н.Хрушептің өкімінің Целиноград деген ат бергенше иеленді.
1860 жылы Ақмола бекінісі жанынан пошта бөлімі ашылды. Ол бекіністе Почтамт көшесінде (қазіргі Ирченко көшесі) бір қабатты ағаш үйде орналасты. 1878 жылы Петропавл-Көкшетау-Атбасар –Ақмола телеграф кеңсесін ашып, уақыт өте оны бекіністен Станичный мен Үлкен Базар көшелерінің қилысындағы (қазіргі Кенесары көшесі) екі қабатты үйге көшірілді, ол үй малды алыпсатар Сметбай Даниярұлынанжалға алынған болатын. Кейін кеңсе тек почтамт болып аталып, оаы Орталық және Новая көшелерінің қиылысындағыт (қазіргі Әуезов және Омаров атындағы көшелер)ғимаратқа, ал 1941 жылы арнайы салынған Ленин атындағы көшедегі ғимаратқа көшірілді. Қазір Бас почтамт корпусы Абай және Әуезов атындағы көшелерінің қилысында.
Қаланың қарқынды өсуі 1890-1891 жылдары байқалады. Осы жылдары қала басқармасының мекемесі, өрт сөндіру мекемесі тастан салынған Александр- Невсий Соборы көпестердің жер үйлері, дүкендер, қоймалар салынды. 1890 жылы қала басқармасы ресейлік банктердің бірінен несие алып, орталық алаңда қонақтарға арнап Қонақ Алаң-бір қабатты көлемі бір кварталды алатын тас дүкендердің екі корпусын салады. Корпус бойына кіре-беріс темір есіктердің және торкөзделген терезелердің үстінде тақтайшалар жазылды, жазулар ірі орыс және араб әріптерімен жазылды. Дүкендердің алдында ауылдан келген сатып алушылар аттары мен түйелерін байлауға арналған жерге қазықтар қағылды. Қонақ Алаңындағы секциялар менг дүкендер жергілікті және сырттан келген көпестерге жалға берілетін. Мұнда толып жатқан өндіріс және азық-түлік тауарлары сатылатын.Кеңес дәуірінде бұл сауда кешені Жасыл қатар деп аталған (дүкендердің есіктері жасыл майлы бояумен боялғандықтан).
Шойыннан жасалған маңдайшалар мен бөренелер, ат байлайтын қазықтар Ұлы Отан соғысына дейін жоқ болып кеткен.Қазір бұзылған көшенің орнында «Сине Темпоре»(бұрынғы ОӘД (ЦУМ)) сауда орталығы тұр.
Өрт сөндіру мекемесі Александр- Невсий Соборы тәрізді қаланың қай жағынан қарамасаңыз көрініп тұратын.Оынң төменгі бөлігінде қызыл кірпіштен қаланған кең бөлмесі болды, онда команданың кезекшілік бөлігі, ерттелген аттары, қол насостары, сатылар және тағы да басқа өрт сөндіруге қажет құралдар тұратын.
1912жылдың мәліметтері бойынша Ақмола өрт сөндіру командасы 24 адамнан тұратын, өз меншіктерінде 36 ат, 15 қос ат жегілген бөшке салынған арабалар және 5 қол насостары болды.Әрине, мұндай құрал-саймандармен команданың көптеген үйлері ағаштан салынған қаланы өрттен қорғауға күші жетпейтін. Өрт ақмолалықтар үшін үрейлі жұт болатын. Кейде өрт қала кварталдарын толық шарпып өртеп жіберетін, ал 1910 және 1916 жылдары қаланың үштен бір бөлігін алып кетті. Ол кезде Ақмола төрт негізгі бөлікке бөлінген еді. Бекініс, Слободка, Станица және Қала Бұтан басқа тағы үш жағы болған –Шығысы Солтүстік және Батысы.
Бұл жақтарда көбіне жел диірмендерін ұстаған мещандар тұрды. Диірмендердің көптігі соншалықты, 1903 жылы Ақмолаға келген П. Головачев «Азиялық Ресей» мәскеулік географиялық жинаққа берген мақаласында былай деп бейнелейді: «Қала жүздеген жел диірмендермен қоршалған, олар мейірімді ертегілік Дәулердің даланың жын-шайтандарын өздерінің ұзын қолдарынмен қуып тұрған тәрізді». Диірмендер доға тәрізденіп, қазіргі шамамен Бөгенбай және Уалиханов атындағы көшелер тұған жерде, бірақ ол кездегі далалық шалғайда орналасқан. Қала сонымен бірге су мен механикалық диірмендер болды, олар Есілдің оң жақ жағалауында орналасты. Мысалы, Мацевич диірмені Авдеев көшесінде (қазіргі Уалиханов атындағы көше) орналасса, Ефремов диірмені Больничный көшесінде (қазіргі Пушкин және Достық көшелерінің қилысы), Шестаковдиірмені-Училище көшесінде (Отырар көшесі 41 үй, қазір онда «Астана Энерго Сервиз»ААҚ кеңсесі орналасқан) болды.
П. Головачев сонымен бірге былай деп жазады: «Ақмолада тіпті жергілікті бай көпестерге тиесілі, ұсқынсыз мещандық тас үйлер де бар… Көрнекі жерде Собор, Дума және Қонақ Алаңымен бірге абақты да кездеседі, оның көлемі жан-жағынан 20 құлаштай, биіктігі 3 құлаш болып келеді, айналасы өсіп кеткен ағашта. Абақтының қақпасында жалғыз сақшы тұр. Ақмоланың көшелерінде жарық бролған жоқ. Тек үлкен дүкендердің алдында ұрылардан қорғау үшін бірнеше көше шамдары тұрғызылған.Жайшылықта кең, әрі ұзын көшелер сыпырылмайды, қалада жиі құйын тұратындықтан, оларды жел тазартады.. Нан базарында ондаған «қымызханалар»орналасқан. Бұлар шағын ағаш дүңгіршектер, олардың есіктеріндегі жазулар «орысша» жазылған: «кымызами», «кумузной»және тағы басқа. Нан базарының жанында өзбек мейрамханалары орналасқан, онда манты, палау және қымыз сатылады. Қызықтырушы маңдайшаларында –ұшатын манты салынған ыдыс және оған көлденең бағытталған шанышқы (жергілікті қырғыз суретшісінің туындысы) –қонақжайлы мейрамхананың есігін көрсетеді, онда қожайын- аспазшы оң қолын жүрегінің үстіне қойып, келушілерді иіліп қарсы алады».
1913 жылдың есебі бойынша Ақмолада шошқамайын шыжғыратын, жүн жуатын зауыттар, 9 кірпіш жасайтын және2 қой зауыты 21 ұстахана, 70-ке тарта жел диірмендері, онда жалпы саны 208 жұмысшылар жұмыс жасаған. Революцияға дейін бұған тағыда 3 механикалық диірмендер, механикалық шеберханалар, бірнеше қолөнер орталықтары қосылды. Революцияға дейін Ақмолада екі шағын жекеменшік полиграфиялық мекемелер жұмыс жасаған: бұрынғы Училище көшесіндегі (қазір Отырар көшесі ) К.П.Шаховтың фотография, фототипия, баспаханасы және Старая көшесіндегі В.п.палкиннің баспаханасы. 1921 жылдан бастап Палкиннің баспаханасында Ақмоладағы алғашқ музика мектебі, халық денсаулығының обылыстық бөлімі, обылыстық балалар және жасөспірімдердің спортық мектебі кезектесіп орналасты.кейін мекемені бұзып әкетті.
К.п.Шаховтың жекеменшік полиграфиялық мекемесі Училише көшесіндегі (қазіргі Отырар көшесіндегі, Есіл, қонақ үйінің оңтүстік қанатына қарама қарсы) бір қабатты ағаш үйде орналасты.
Айта кету қажет, 1910-1915 жылдары Шаров өз еркімен Ақмоланың барлық тарихи ескерткіштерін суретке түсіріп, оларды өзбаспаханасына пошталық ашықхаттарға көбейту, Ақмола почтампына сатқан. Сөитіп ашықхаттар ел ішіне және шекара асып тартып кеткен. Олардың кейбіреулерін ТМД қалаларындағы коллекция жинаушылардан кездестіруге болады.
К.П. Шаховтың ақ-қара түстес пошта ашықхаттарнан Ақмола бекінісінің мұнарасы, Ақмоланың алғашқы азаматтық құрлыстарын алғашқы ағаш мешіті, екі парвославиелік, шіркеуді қалалық қыздар және Мария училищесінің, пошта-телеграфтық кеңесінің, Сібір сауда банкінің Ақмолалық бөлімін қалалық басқарманы өрт сөндіру үйін, Есілдің жағалауын және басқа да обьектілерді көруг болатын.
Ақмолада алғашқы кинемантограф, немесе сол кездегідей айтсақ синемотографтың пайда болуның қызықты тарихы бар. Алғашқы Метор атты жекеменшік тетырын Ақмолада 1910жылы бай алыпсатарлар А.И.Секроцов пен Д.В.егров ашты.Кинотетыр Дума және Театр көшелернің қилсындағы ағаш үйде орналасты (қазіргі Желтоқсан мен Кенесары көшелернің қилысы).
Сондықтан қазіргі Кенесары көшесінің жартысы Слоботканың батысынан Орталық алаңға дейінгіжер Театр немесе Театырльная деп аталған.
Фильмдер дауыссыз ақ-қара түсті және көбісі шетелдік болды. Қойлым кезінде экранға жақын тапер-пианист немесе гармоншы отырып алып, кадырларды өз бетінше қандайда бір сазбен көркемдейтін.
1911жылғы өрттің салдарынан кинотеатр өртеніп, одан кейін ағайынды Д.В. және П.В. Егоровтар қазіргі № 1 математика-экономикалық лицейдің орнына жаңасын салады, оның атауы-« Прогресс »болды. 1913 тері зауытының иесі И.М. Фуколов пен жалаушылары сарайын ұстаушы И.И. Ачкас бұл кинотеатрды сатып алады.
«Прогресс» үзіліспен 1919 жылға дейін істейді де, кейін жабылып, аппаратары мен машиналық бөлігі бұзылып алынады.1923-1924 жылдары ол аппаратар Халық үйінің ғимаратында, ал 1925 жылдың күзінде жөндеу жұмыстары жасалған соң, сол ғимаратқа қайта көшіріледі, енді оның атауы «Пролетарий» болады. Осы кезден бастап1934 жылдың тамыз айына шейін үзіліссіз отандық және шетелдік дауыссыз фильмдер корсетіліп тұрды.
1934 жылы «Пролетарий» кинотиатрын бұрынғы Александр-Невиски шіркеуіне көшіреді де, ескі ғимаратынбұзып, орнына қазіргі №1 математика-экономикалық лицейді сала бастайды.1935 жылы «Пролетарий» кинотиатры «Заря» атауын иеленеді де, Пушкин көшесіндегі бұрынғы жартылай саман, теміржол клубына көшіріледі, кейіннен бұл үй Бас жоспарға сәйкес бұзылады. Қазір осы дерде Республикңға даңгылында көп пәтерлі тұрғын үй тұр.
Ақмоладағы театр әлемі Горький атындағы орыс драма театрының ашылуымен басталадыда және оған дейін қала тұрғындарының сахналық өнер туралы түсініктері болған жоқ деген жансақ пікірлер де жиі айтылады. Шындығында, жергілікті зиялы қауым революцияға дейін ең бастысы мейірімділік мақсатты көздеп әуесқой спектакльдер қойған. Тіпті шағын халық театрын құрған және сирек те болса ақмолалықтарға басқа қалалардың театрлық топтары өз өнерлерін көрсетіп отырған.
Азамат соғысы қалыптасқан дәстүрді бұзды. Алайда, 1919 жылдың өзінде революциялық комитет Халыққа білім берудің уездік бөліміне халық театры жанынан тұрақты драмалық ұжымды ұйымдастыруды міндет етіп қояды. 1920 жылдары Халық үйі қалыптасты, онда қалалық кітапхана, тарихи-аймақтық мұражай, театрлық, концерттік және лекторлық топтар жұмыс жасады. Уақыт өте келе стационарлы драма театры құрылды.1930 жылы наурыз айында театр өртеніп кетеді, алайда ол келесі жылы қайтадан жабдықфдалып, 1982 жылға дейін (келесі өртке дейін) жұмыс жасайды, 1983 жылы театр қайтадан орнына келтіріледі.
1943 жылдың көктемінде орыс-қазақ облыстық музыкалық драмалық театры құрылды, ол ревалюцияға дейін салынған екі қабатты, қызыл кірпішті үйде орналасады. Бірлескен бұл театр бес жыл қатарынан орыс облыстық драма театрыатағы берілгенше жұмыс жасайды. Бөлінген қазақ бөлімін Қарағанды қазақ облыстық театрына береді.
1940 жылдардағы Ақмола жанындағы Есіл өзені тіпті басқаша еді. Оң жақ жағалауының сағасы тік, саз құлама болатын, өзенің ортасында итмұрын мен шілік өскен құмды арал көрінетін, өзеннен жүзіп өтуге де жылдам өтуге де болатын. Егер жаз құрғақ болса, Есілдің таяз тұстары кеуіп қалатын да, өзен суы мүлдем ақпай қалатын.
Әр көктем сайын қазіргі жаяу жолаушылар көпірінің тұсында уақытша өткел жасалынатын.1920 жылдары көліктерге арнап тұрақты көпір салуға талпыныс болғанымен, ол еш нәтиже бермеді. Тек 1963 жылы қазіргі жаяу жүргіншілерге арналған көпір салынып, ол 2003 жылы қайта жөндеуден өтті.
1917 жылдың көктемінде Ресей империясын талқандаған буржуазиялық революция болды. Император Николай 2 –ші тақтан тайды. Ақмолаға уақытша үкіметтің уәкілі Е. П. Петров келді, дәрігер Ф. И. Благовещенскийдің төрағалығымен уездік атқару комитеті сайланды. «Ақмола Атқару комитетінің Жаршысы» газеті шыға бастады.
Баршамызға белгілі, сол жылдын қазан айында қазан төңкерісі тарихи аренадан буржуазиялық Уақытша үкіметті құлатты.Билікке большевиктер Кеңесі келді.1917 жылдың 27-желтоқсанында Ақмола Қалалық депутаттар Кеңесі құрылды, ол белсенді түрде уездік съезді шақыруға, уездік Совдепті құруға құлшына дайын- дыққа кірісті Қалалық депутаттар Кеңесі барлық болыстарда азаматтар жиналысын өткізуге және уезд съездеріне делегаттар сайлауға өз уәкілдерін жіберді.
Съезд 1918 жылы 28- ақпанда Ақмолада. Делегаттар уезде Кеңес үкіметін құруды тездетуді ұсынды және Ақмола уездік депудаттар Кеңесін сайлады. Уездік депуттаттар Кеңесіне бірталай қиындықтарды шешуге тура келді. Уездің экономикасы артта қалған еді, халық сауатсыз, басшыларға саяси және шаруашылық істерді жүргізуде тәжірибе мен білім жетіспейтін. Алайда, осы қиындықтарға қарамастан депутаттар Кеңесі облыс орталығымен (Омбы қаласы) пошта- телеграфтық байланысты жөндеді, мүмкіндіктері келгенше тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз етті, алғашқы Кеңестік мектептерді, ауруханаларды, мәдени-ағарту мекемелерін, курыстарды ашты. Қызыл әскер жасақтарын құрды. Кезінде уездік депутаттар Кеңесі орналасқан Училище көшесіндегі (қазіргі Отырар көшесі) П.Г. Моисеевтің екі қабатты тас үйін, кейіннен большевиттер партиясының уездік көмитетінің, еңбекшілер депуттарынның Ақмола облыстық Кеңесінің ағартушы комитетінің, облыстық мәдениет басқармасының мекемелері, ал қазір соғыс және еңбек ардагерлерінің коспиталі болды (қазіргі Бөкейхан көшесінің қиылысы).Депутаттар Кеңесі уездегі барлық шетелдік және Ресей компанияларына тиесілі өндіріс орындарын мемлекетке өткізді (Спаск мыс балқыту зауыты, Өскемен руднигі, Қарғанды көмір шахталары және т.б.), көпестерге контребуция қойды, Сібір сауда банкінің Ақмола бөліміндегі ірі алыпсатарлар мен кәсіпкерлердің капиталдарын кәмпескеледі.Осындай жолмен алынған барлық Кеңес үкіметінің қажетіне жұмсалды.
1934 жылы Ақмолаға Сергей Киров келеді жергілікті өкіметке сол жылы бітік шыққан мол астықты жинау жұмыстарына көмектесті.Олосындағы жиырма күннің ішінде –шаруашылықтар мен өндіріс орындарында болып, колхозшылармен жұмысшылармен, мамандармен, кездеседі, партиялық отырыстар өткізеді. Егістікте егін орағы жұмыстарын тиімді ұйымдастыру мүмкіндіктерін анықтауға көмектеседі.
1939-жылы 14 қазанда Ақмола Қарағанды облылысының аудан орталығынан облыс орталығына айналды. Ақмола облысының құрамына 17 аудан Солтүстік Қазақстан мен Қарғанды облысынан бөлінген жерлер кірді.
Көп уақыт өтпей-ақ облыстық газет –«Сталин туы»және «Акмолинская правда»газеттері шығады, оларды алғашында Қазақстан КПОК ұйымдастыру бюросы органы және Ақмола облысы бойынша ҚазКСР Жоғары Кеңесінің Презендиумы ұйымдастыру комитеті, ал кейіннен Қазақстан КП Ақмола облыстық және қалалық комитеттерінің органдары және облыстық еңбекшілер депутаттары Кеңесі деп аталатын органдар шығарды.
Газеттердің редакция алқалары жеке ғимараттарда бірақ Ұлы Отан соғысы кезінде бір ғимаратта орналасты.Ол Пролетар көшесі (қазіргі Бибітшілік және Абай көшелерінің қиылысы )28-ші үй – ревалюцияға деиінгі салынған ағаш үй. Қазір бұл жерде «Гран Парк Есіл »конақ үйі орналасқан.
1941жылдың маусымында Ұлы Отан соғысы басталды 1941жылдың маусым –қараша айларында 29-шы, 310-шы және 387-ші атқыштар дивизиясы орналасады.Олар негізінен Ақмола, Қарағанды Көкшетау, Солкүстік Қазақстан және Қостанай облвсынан әскерге шақырылғандардан тұрды. Олар Ленинград, Сталинградты қарғады, Курск майданына қатысты, Севастополь, Харьков, Красноград, Кировоград, Румыния, Трансильвания, Венгрия, Австрия, Чехославакия елді мекендерін жаудан азат етті. Соғыс жылдарында Ақмолаға бірнеше өндіріс орындары көшірілді.Мысалы, 1941-ші жылдың күзінде мелитопольдан Ақмолаға насас жасау зауыты көшілді.1941 жылдың қараша айынан бастап зауыт майданға алғашқы әскери жабдықтардың бірінші партиясын жөнелтеді.1945жылы оны вакумды насостар шығару заводтына айналдырды. 1942жылы Қазақ ауыл шаруашылығы машина жасау зауытының құрылысы басталды. Болашақ зауыттың негізін қалауға Ақмолаға көшірілген Таганрог комбаин зауытының, ауыл шаруашылығы транспорты автобасқармасының бос қалған гараждары мен бұрынғы сыра жасау зауытының шағын корпусы қолданылды. Құрлысты тездетіп салу керек болды, ұстаханалық, механикалық және ағаш өңдеу цехтары, күштілігі 300 жылқы күшіне тең бу трибунасы жөнделді. 1943жылдың шілдесінде қазақ ауылшаруашылығы машина жасау зауытыалғашқы өнімін шығарды – ол 30 зиг-заг комплектілері мен ауылшаруашылық машиналардың саймандары еді.
Республиканың солтүстік өңірінде шаруашылық және мәдени құрылысты басқаруды жетілдіру мақсатында оның қорларын толық іске асыру үшін Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Президиумы 1960жылдың 26желтоқсанында бұйрық шығарды. Яғни Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарын біріріктіріп тың игеру аймагы ретінде жариялайды, оның әкімшілік орталылығы Ақмола қаласы болды /5,7/.
2.1.2. Целиноградтың жерді игеру орталығы.
Ақмола облысы мен оның аудандары тың игеру аймағының қол астына көшеді. 1961жылдың 20-шы наурызында Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Презиндиумының Жарлығы мен Ақмола атауы Целиноград болып өзгертілді, ал1961жылдық 24-ші сәуіріндегі Жарлығы бойынша -14 ауданы бар, орталығы Целиноград болып, Целиноград облысы құрылады.Бұрынғы Ақмола ауданы Целиноград болып ауысады.
1962.1.10- Педагогикалық институт ашылды, қазіргі Л. Гумилев атындағы Евразия университиті.
1962.20.10-Ашылы өзек сыртында жаңа шағын ауданның алғашқы үйлері салына бастады. Сол жылдары қалалық демалыс паркі аумағында Есіл өзені арқылы 180 метрлік көпірдің құрлысы аяқталып, өзеннің бекіту жұмыстары қолға алынды. 1963.4.10. –Қала әуежайына алғаш рет «ИЛ 18» лайнері қонып, «Масква — Целиноград» бағытындағы, «Целиноград – Алматы » бағытындағы тікелей әуежай жолдары ашылды.
1965.10.10. – тың өлкесі тартылып, қала қайта құрылған Целиноград облысының орталығы болып қалды /21/.
2.1.3. Астана еліміздің Астанасы.
Қазақстан саяси картада 1991 жылы КСРО құлағаннан кейін пайда болды, ал 6 жыл өткен соң президент Назарбаевтың жарлығымен Республиканаң, Астанасы Алматыдан Астанаға көшірілді.
Астананың ауысуы өте жылдам уақыт аралығында жүзеге асырылды, ол тіпті шығыста ештеңе жылдам жасалынбайды деген жаңсақ пікірге қарама қайшылық тудырып еді. 1997 жылы үкімет шешім қабылдасымен Алматыдан Астанаға мемлекеттік шенеуліктер мінген поиыздар ағыла бастады. Қалаға салтанатты түрде мемлекеттік рәміздер –Ту мен Елтеңба әкелелінді, 1998 жылы Қазақстан Астанасының ресми презентациясы болды. Астана жас тәуелсіз мемлекеттің тарихына өз алтын парағын жазып үлгерді жоғарыда айтқанымыздай 90-шы жылдардың ортасында Қ.Р. Президенті Нұрсылтан Назарбав көпшілік күтпеген, алайда шұғыл түрде, оңтүстікте орналасқан астананы Республиканың орталығына аустыруды қажет деп тапты.Астананы ауыстырудың себептері азайтылған жоқ, тек бір нәрсе анық еді, ештеңеге қарамай Қазақстанның жаңа Астснасы қалыптасты. Астана елдің экономикалық, саяси және мәдени өмірінің орталығына айналды.Қазір астана тұрғындарның саны жарты миллионнан асып жығылды. 2006жылдың 1-шілдесіндегі мәлімет бойынша, ол538 мың 300адамды құраған.Қазақстандық менеджмент экономика жәнеболжам жасау институның зертеу тобының есептеуінше 2030 жылы Астана 1млн 200 адамға тұратын болды.
Жаңа астананың келбеті ретінде, қаланың көркін танымастай өзгерткен, ол әрине жаңа сәулет өнерінің тундылары. бұл объектілерді жобалауға шетелдік, зерек, алдыңғы қатардағы құрлыс компаниялары жұмылдырылды. Астанадағы жобалау базасының дамунына 2000 жылы құрылған МҚК Астана бас жоспары көп септігін тигізді. Ал 2002жылы Астана –жаңа қала арнайы экономикалық айлағын құру туралы Жарлық шықты, ол қолайлы инвеститциялық климатты қамтамасыз етіп, жеке инвесторларды тартты. Астананың бас жоспарын жасауға көп көңіл бөлінді. Ең жақсы бас жоспарға екі рет байқау өткізілді. Екіншісінде Ресей, Италия, Жапония, Австралия, Германия, Түркия, Полъша, Өзбекстан, Белару және т.б.елдердегі шеберлер мен шығанмашылық ұжымдар қатысты.
Әлемдік сәулет өнернің шебері жән тероетик Кейшо Курокава жеңіп шықты. АСтананың дамуы негізіне ол симбиоз, метаболизм және абстракті символизим идеяларын ұсынды. Жапондық суретші үшін қрола қоршаған ортамен үйлесісімділікте өмір сүріп жатқан жергілікті ланшафтқа әдемі жарыстық тірі ағза ретінде көрінді. Себебі астананың басты қантамыры –Есіл өзені –дала өмірінің өзегі ретінде сезілетін мұндай итдеяны ысырып тастау мүмкін емес еді.
Баснан бастап ақ құрлысшылпардың алдына болашаққа самғаған ыңғайлыда әсем, көркем де динамикалық қала салу міндеті қойылды.
Бұл міндетті дәсірді шеттетпйтін және әлеуметтік жетістіктері мен жаңа ізденісті мақсат етіп қойған жаңа бағыттар мен ұмтылысты талап етті. Алғашқы кезеңде бұрынғы салынған ғимараттарды, кварталдар мен орталық көшелерді безендіру жұмыстары жүргізілді. Ғимараттардың алдыңғы бөлігіне ерекшк көңіл бөлді-көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын сенімділік ұйялайтын тек жарқын ашық түстер қолданылады. Екінші кезеңде Астананың сол жақ жағалауындағы жаңа әкімшілік орталықтың құрлысы басталды.
Астана сәулеті – әртүрлі стильдердің үйлесімділік табуы. Әрқайсысы қазақ тарихы кезеңдерінен сыр шертіп тұрғандай. Ақорданың шығыстық стилдегі күмбезі Әмір Темірдің кезінде тұрғызылған мешіт, мазар, сарайларды еске түсіреді. Дөңгелек алаң деп аталатын алаң кеңістік псевдоклассизмді жаңаша ұғыну. Бірақ, бүгінгі Қазақстанның ұмтылысын білдіретін батыс стилі басымырақ. Арнайы эканомикалық айлақ құрылған сәттен бастап, сол жақ жағалаудағы әкімшілік орталық териториясында қаржыландыру көздері есебінен сомасы442.6 млрд теңге инвестиция тартылған, оның 239.4млрд теңгесі игерілді. Қазіргі таңда сол жақ жағалауда 500 орынға арналған Республикалық бала және аналар балалардың бейімделу орталығы, 300орынға арналған балалардың бейімделу орталығы 160 орындық республикалық нейрохирургия орталығының құрылысы аяқталса велотректі салу жалғасуда. 30 мың орындық стадион 3, 5 мың орындық киноконцерт залын тұрғын үйлер мен тағыда басқа ғимараттарды салу жоспарда тұр.
Осы жылдар ішінде Астана карьасында келесі маңызды ғимараттар орын алды, «Ақорда»Президент Резиденциясы Парламент Мәжілісі Сенаты Жоғары Сот Министрліктерге Үйі Транспордтауер Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер Министірлігі кордиорталық, Ұлттық Академиялық кітапхана және т.б. 2007 жылы маңызды Республикалық әкімшілік обект Министрліктері Үйі қолдануға берілді. Обектінің жалпы аумағы 228 мың шаршыны құрайды. Ғимарат 1, 5 шақырым жерді алып жатыр. 20 блоктан тұрады және 8 қабаттан 10 қабаттқа дейін басбалдақ формасында салынған. Министрліктер Үйінде жұмыс кабинетерімен кеңсе бөлмелерінен басқа 4-конфоренц залдары 6-асқана сонымен бірге мұрағат мұражай және емхана бар.
Астана қарқынды дамып алып келе жатқан қала ретінде бүгінде тек саясаткерлердің қоғамданушылардың кәсіптік қызығушылығын тудырып қана қоймай сәулетшілерді қызықтыруда сондықтанда кейбір ғимараттарды жобалауға танымал шетелдік шеберлер ат салысқан. Мысалы Британдық шебер Норман Фостельдің екі жобасы Астанада іске асқан. Олкоференциялық келісім Қазақстандық қоғамдық мәмілелік қасиетін білдіретін бейбітшілік және келісім сарайы. Екінші конус тәрізді Ханшатыры деп аталатын сауда және ойын-сауық орталығы. Ғимарат сыртынан қарағанда көнпенді –нуматтардың шатырына өте ұқсас.
25 қабатты бейбітшілік және келісім сарайы және гранитпен көмкерілген, ол 15м биіктікте орналасқан, оның аумағы 25, 5ш.м. сарайда ұлттық мәдениетердің мұражайы, өркениет университеті, көрме және концерт залдары, кітапхана әлеуметтік діндерді зерттеу орталығы және рухани конференциялар бар. Перамиданың төменгі бөлігінде 1, 5мың орындық опратеатры, аут үстінде сақина тәріздес бөлігіндеконфеция залы орналасқан. Ханшатыры негізінде әлемнің жеті кереметінің бірі цмирамиданың апслы бағы идеясы жатыр. Жоба бойынша ойын-сауық орталығында төрт терасада аумагы 3га болатын бау-бақша, онда цитрустық, Архидея және басқада таң ғажайып гүлдер өсірілебі. Ханшатырын төбесінен мөлдір пластикпен көмкерілген 100м биіктікте шоу алаңы орналасқан. Террасадан төмен дүкендер, финтесзалдар, 6 кинотеатр және т.б. Қазіргі Ақорданың тура қасында Италияндық шебер М.Николиттидің жобасы бойынша 3, 5мың орындық кино және концерттік зал салынып жатыр. Ғимаратта майысқан пластина қабырғалар кейіпінде салу ойластырылған, ғимарат келбеті желкен немесе раушан гүлдерінінің қауыздарын еске салу мүмкін. Жаңа Астананың символы ретінде жоғары мәртебелі жеңіл алаң әрине қала тұрғындары мен қонақтары арасында кеңінен танымал болған –Бәйтерек. Кешенінің жоғарғы бөлігі алтындатылған шар тәріздес, несесе орталық мифологиялық ағашты бейнелеген биіктігі -97м Бәйтерек философиясы ерекше ол алып Бәйтеректің басына жұмытқа салынған бақыт құсы самрұқ жайлы аңызды бейнелеиді. Бәйтеректің басына тұрып, қаланың қалай қанат жайып өркендеп келе жатқанын көзбен көруге боады.Астана қонақтарын қызықтыратын тағы бір нәрсе ол Президент алақананының рельефтік беинесі, оған келушілер қолдарын қоып арман тілектерін ойлайды.
Келесі бір обьект-«Атамекен Қазақстан Картасы» этномемориляды кешені халыққа үнемі толы. Бұл жерде әлемде өз жер көлемі мен 9- шы орынды иеленетін Қазақстанды аралап шығыуға болады. Республиканың кең байтақ жері «Атамекеннің» 1.7 га аумағына сиғызылған, Мұнда 200-ден аса мемлекеттер көрсетілген. Олардың 40-шақтысы Астананың сол жақ жағалауындағы жаңа әкімшілік орталыққа арналған. Айта кеткен абзал астананың туристік мүмкіндіктері күн санап артып келеді. Оның алғашғы қарлығашы ретінде «Интерконтиненталь» бесжұлдыздық қонақ үйі салынады. Екі жыл ішінде тұрғызылған бұл қонақ үй 1998 жылы маусымда жаңа Астананың ресми перзентатциясына келген жоғарғы мәртебелі қонақтарды қарсы алды.
Астана өмірнің тағы бір көрнекті жерін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық Университеті ЕҰУ алады. Ол еуразиялық идеяның нышаны ретінде Президент Н.Ә. Назарбаевтың тілегімен ол университет ұлы ойшыл түркі танушы еуразия идеясының негізін қалаған Л.Н.Гумилев атын алды. Университетте ірі халық аралық ғылыми форымдар жиі өткізіліп тұрады. ЕҰУ-не мемлекет үкімет басшылары, шетелдік атақты саяси және мемлекет қайраткерлері келеді. Бұл университетке 2001жылы Рим папасы Иоанн Павел II-де келген.
2000 жылы салынған Президент мәдениет орталығы астаналықтардың ғылыми- рухани үйі екені даусыз.Мұнда 570 мың кітабы бар кітапхана, 400 орындық концерт залы, Қазақстан мұражайы және шеберханалар жұмыс жасайды.
Қара және ақ түсті клавишалармен безендірілген рояль тәріздес Қазақ ұлыттық музика Академиясы тұрғызылды.Бұл көрнекті сәулет өнері туындысының авторы –Сағындық Жанболатов. Қала мәдениет өміріндегі ерекше жаңалықтардың бірі ретінде ұшатан табақ түрінде тұрғызылған цириктің салынуын айтуға болады. Жобаның авторы-қазақстандық саулетші Төлеген Әбділдә. Транспорттық инфрақұрылым туралы айтқанда, Есілдің қос жағалауын қосып тұрған жаңа М-1 және М-2 көпірлеріне тоқталған жөн.Көпірлер қаланың орталық көшелеріндегі транспорт көштерін едәуір сеиілтті. Бүгінде қаладағы машиналардың саны 200 мыңға жеткен. 2006-2010 жылдар аралығындағы транспорттық инфрақұрылымның 20 обекьтісін салу, соның ішінде 4 көпір, 8 транспорттық жол айрық, 8 жол асты жаяу жолаушыларға арналған өткел. Екі жол торабы және 42 шақырым жол салу жоспарды тұр. Қаланың өсуінің қызықтыратын фактілермен дәлелдеуге болады-соңғы жылдарда астаналық тұрғындар саны 4 есеге өскен! Қаланың ел экономикасына қосқан үлесі ішкі өнімнің 2 пайызын құрайды.2006 жылдың І- жартысында астана бюжетіне 176 млрд. Теңге құйылды, бұл мамандардың пайымдауынан 15 млрд. 200 милн. теңгеге көп. Шағын көсіпкерлердің саны 40 мыңана асады.
Бүгінде Астана әлемінің 20 қаласы мен және Ресейдің алты аймағы мен достық қарым қатынаста.Астана Астаналар мен ірі қалалардың Халықаралық Ассамблеясына мүшелікке енген. 1999 жылы ол «әлем қаласы» атағымен марапатталды. Мемлекет басшысы жетекшілік етіуімен әлемнің алдыңғы қатардағы сәулешілермен бірлесіп Үлкен қала құрлысы Үлкен кеңесі құру қарастырылуда. 2006 жылдың қыркүйек айында Астанада мүсіншілердің халықаралық симпозиумы өтті. Астана алдына үлкен алайда шеше алатын міндет қойды, ол әлемдегі ең тамаша Астаналардың бірі болу және ол соған жету үшін алдына жан салмады /9,12,21/.
3 ТАРАУ
3.1. Астана қаласының халқы
Облыста Республика халқының 3, 8 % тұрады. Тұрғындардың орташа тығыздығы бір шарша шақырым жерге 4, 9 адамнан келеді. Солтүстік және орталық аудандарында халық жиі қоныстанған қалалары Астана, Стнпнагор, Атбасар, Макин, Есіл, Ериментау. Қалашықтары: Ақсу, Аршалы, Жолмамбет, Шортанды, Кросногор, Бестөбе, Шортанды, Ақбейіт.
2005 жылы Астана қаласының тұрғындар саны 541, 7 мың адамға жеткен, әр шаршы шақырымға шаққанда 762 адам. Қала халқының 57, 2% — қазақтар, 29, 8% орыстар, 3, 7% украйндар, 2, 0% татарлар, 1, 7% немістер, 1, 1% беларустар құрайды. Сонымен қатар қала халқының жасы бойынша құрамы төмендегідей:
20-жылға дейінгілер- 143493 адам.
21-40 жасқа дейінгілер-220146 адам.
41-60 жасқа дейінгілер – 120646 адам.
61 және одан жоғарылар -45050 адамды құраған. Астана тұрғындарының орташа жасы 32, 4 жыл.
Жылдық есеп бойынша 2006 жылдың сәуірінде Астана қаласының халық саны 555, 1 мың адамды құрайды. Бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда 20, 4 мың адамға өсті /15,17/.
Кесте 1
Халық санының өзгеруі
Жылдар |
Барлығы мың адам |
Сонымен қатар |
|||||
Қала |
Ауыл |
||||||
Мың адам |
% |
Мың адам |
% |
||||
1939 |
550, 5 |
244, 7 |
44, 6 |
305, 8 |
55, 4 |
||
1970 |
749, 6 |
398, 1 |
53, 1 |
351, 5 |
46, 9 |
||
1979 |
798, 7 |
456, 0 |
57, 0 |
342, 7 |
43, 0 |
||
1992 |
866, 5 |
531, 4 |
61, 3 |
335, 1 |
38, 7 |
||
3.1.1. Қаланың даму бағыты және болашағы.
Бүкіл әлемге танылу үшін Астанаға көп уақыт керек болмады. Көлем мен уақыт тек қана құрылысқа байланысты емес, сонымен қатар, Елорданың өмір сүру жиынтығына да байланысты айтылуда. Ақмола, Целиноград, Ақмоланың қаншалықты өзгергенін ауызбен айтып жеткізе алмайсың. Және де жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық. Есілдің екі жағалауындағы сұлу ғимараттар, небір сәулет туындылары, жаң әлеуметтік бағдарламалар, қаланың инфрақұрлымының кеңеюі, гастрольді турлар, туризм мен қызмет көрсетудің дамуы… Елорда елдің айнасы спетті. Әрине, мұндай ілгерілеушілік, міндетті түрде, елдің экономикалық хал-ахуалын сүйенетіні анық. Өнеркәсіптік бірлестіктер дами бастады.Тек 2007 жылдың өзінде Астанада 116333.6 миллион теңгенің өнімі өндірілген. Әсіресе металлургия өнеркәсібінде және дайын металдық өнімдер, метал емес минералды өнімдер, пласмасса бұйымдары, машина құрылысы, ауқымы өсті. Өнеркәсіптік даму жұмыстары индустриалды – инновациялық даму бағдарламасында жүзеге асуда. Мәселен, шыны пакеттер, цемент өндіретін цех. Т.б. Жалпы алғанда, Астанада 71 ірі және орта өнеркәсіптік өндірістер жұмыс істейді. Қазақстанның жас астанасының дамуына мемлекеттік қолдау көрсетілді. Қалаға отандықжәне шетелдік компаниялардың қоныс аударуы, банк филиалдарының ірілендіруі, Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы Астана қаласында шағын кәсіпкерліктің белсенді дамуына әкелді. Шағын бизнес саласында тіркелген заңды тұлғалардың да саны біркелкі. Астананың тағы да бір сәтті экономикалық дамуының кепілі негізгі капиталға инвестицияның даму бөлігінде 436901, 9 миллион теңгені құрайды екен. Республикалық деңгейде алып қарайтын болсақ, Астана қаласына 11, 6 пайыз болады. Инвеститцияның басым бөлігі құрылыс меншігіне тмесілі. Тәжірбие көрсеткендей Тұрғын үй кешендерін салу инвесторлар үшін жақсы табыс көзі болып табылады. Құрылыс секторын санмен суреттейтін болсақ, 2007- жылы құрылысы басталған тұрғын үй алаңдарының ауданы бір миллион шаршы метр болған. Сол жағалауды игру тек қана қала үшін емес, сонымен қатар, Республика бойынша маңызды құрылыс нысандарын іске қосу болып саналады. Атап айтар болсақ, Президенттік «Ақ орда» Резиденциясы, Транспорт –Тауэр, министрліктер ғимараты, Ұлттық кітапхана, т.б. Көбісі шетел инвесторларының есебінен салынып жатыр.
Бұл күндері Астананы көптеген халықаралық сарапшылар Орталық Азия фономені деп атайды. Саяси және экономикалық орталықты бір жағынан Еуропа мен Азия арасындағы байланыстырушы көпір десе де болады.Сонымен қатар сарапшылар айтуы бойынша, Қазақстанның жас Астанасы бұл міндетті жоғары деңгейде атқарып жатыр.
Біздің жаңа Астанамыз бір миллион тұрғыны бар қала мәртебесінің жартысына енді ғана жетті, бірақ қазірдің өзінде Астана болашақ мегаполистің белгілерін бойына жинауда. Астана тұрғындарының алпыс пайызын республиканың басқа өңірінен келгендер құрайды. Халықты еңбекпен қамтамасыз ету және әлеуметтік бағдарлама жөніндегі департаменттің мәліметтер базасы облыстардан жоғарғы оқу орындарының түлектерімен қарапайым жұмысшылармен толығып жатыр. Астанада жұмыссыздық деңгейі 7.5 пайызды құрайды. Бұл бүкіл республика бойыеша ең төмен көрсеткіш. Ай сайын еңбек нарығында жұмыс күшін 834 адам ұсынады. Есілдің екі жағалауына да созылған Астана бүгінде үлкен бір «Құрылыс алаңына» айналды. Сондықтан да жұмысшы мамандықтары аса қажеттілік танытып отыр. Бос орындар банкі тиімді жұмыс жүргізуде, яғни, тек халықты еңбекпен қамтамасыз ету қызметтеріне ғана емес, сонымен қатар, бұқара ақпарат құралдарында да ұсынылуда. Сонымен қатар, кәсіби дайындық, қайта даярлау, біліктілікті көтеру, қайта оқыту, білімін көтеру дұрыс жолға қойылды.
Болашақ осы шақты ғана емес, сонымен бірге өткен шақты да бойына сіңіріп тұратындай етіп құрылуы қажет. Болашақтың конститутциясында өткен уақыт «кірпішінің» көзге көрінбей қаланып тұруы-біз ұдайы айтып жүретін халықтық мәдениеті мен өркениеті сол болады /10,12/.
4 ТАРАУ
4.1. Астана қаласының шаруашылық құрылымы.
4.1.1. Өнеркәсібі.
Солттүстік Қазақстанның машина жасау және металл өндіру өнеркәсібінің кәсіпорындары мен шығаратын өнім- ауыл шаруашылығы машиналары — АӨК-ке қызмет етеді. Астанада орналасқан зауыттар («Астанаауылмаш», «Қазақауылмаш») шөп шабатын, шөп жинайтын машиналар, сұйықтарды айдайтын насостар шығарады. Ауыр өнеркәсіп Таукен өнеркәсібі салалары темір рудасын асбест, боксит, энергетикалық көмір және т.б. өндірумен байланысты қалыптасты. Олар өткен ғасырдың тек 1960жж. дами бастағанмен, аудан экономикасында қазіргі уақытта маңызды рол атқарады. Құрлыс өнеркәсібінің кәсіпорындары кірпіш, темір-бетон конструкцияларын шығарады. Құрлыста пайдаланатын тастарды Атбасар мен шортанды карьерлерінен алады. Бұдан басқа, жергілікті құрылыс материялдарын — тас, саз, әктасты қолданады. Астанада өнеркәсіп саласы жақсы дамыған деп айта аламыз. Астана қаласында 2006-шы жылдың қаңтар – наурызында қолданыстағы бағамен 15074, 0 млн теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2005 жылдың қаңтар – наурызының деңгейіне 120, 1 % құрады. 2005 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда өңдеу өнеркәсібіндегі өндірістің 24, 7%-ға өсуі машина жасау саласында өзге де металл емес минералды өнімдердің өндірісінде (41.2-%ға)өнеркәсіптің өзге де саласында (57, 3%), резеңке және пласмасса бұйымдары өндірісінде(69.1%), металлургия өнеркәсібінде және дайын металл бұйымдары өндірісінде (74, 6% ға) өндіріс көлемдерінің көбеюіне байланысты болды.Электр энергиясын, газ бен суды өндіруде және бөлуде 2006-шы жылдың қаңтар – наурызында өткен жылдың қаңтар – наурызының деңгейіне өнімнің нақты көлемінің индексі 115, 5% құрады. Алматы ауданының кәсіпорындары мен 2006 жылдың 1-ші тоқсанында 8672, 1 миллион теңгеге өнімдер өндірілген. Сарыарқа ауданы бойынша өнеркәсіп өнімінің өндіріс көлемі 6080, 4 миллион теңге болды. 2006 жылдың қаңтар – наурызында қаланың байланыс кәсіпорындары мен 1988, 4 миллион теңге қызмет көрсетілді. Есептеу деректері бойынша Астана қаласының шағын бизнес кәсіпорындарында жұмыспен қамтылғандардың саны 2006 жылдың 1-ші сәуірінде 52, 4 мың адам болды. Азық-түлік тауарлары бағаларының индексі 101, 1% құрады. 2006 жылдың наурызында қант бағасының 7, 4% -ға жеміс пен көкеніс 3, 5%, бөлке нан және ұннан жасалған өнімдер 1, 7% нан 1, 5% алкагольді сусындар 1, 2% өскені байқалды.(Астана хабары өн-іл да-дағы)
2002 жылдың қаңтар наурызында өңдеу өнеркәсібінде 2001 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда өндіріс көлемінің өсуі негізінен осы эканомикалық қызметтің барлық салаларында байқалды, тек қана тақыма және тігін өнеркәсібінде және осы өнеркәсіп пен басқа салаларында өндіріс көлемі 49, 1% төмендеді. Электр қуатының, газ бен судың өндірілуінде және тартылуында 2002 жылдың қаңтар- наурызында 2001 жылдың деңгейінде қарағанда жалпы сала бойынша өндіріс көлемдері қысқарды, бұл бу және ыстық сумен қамтамасыз ету (8, 5 %-ке) көлемдерінің азаюына байланысты болды. Жергілікті мемлекеттік орындардың және кәсіпкерлік сектордың бірлескен іс қимылының арқасында бағдарлама күшінде болған кезеңде қалада 9 бірлескен кәсіп орын салынып, іске қосылды. Атап айтқанда олар – «Экотон+» АҚ ұялы бетон бұйымдарын шығаратын зауыты, «Азия-Ақмола» ЖШС шыңдалған шыны пакеттерін өндіру зауыты, «BIQ-ELIT» ЖШС құрғақ құрылыс кәсіп орындары зауыты, «SHEBER SC. KZ» ЖШС ағаш бұйымдары фабрикасы, «Амитех Қарасай Пайп» ЖШС шынылы пластикалық полиэфирлі құбырларының зауыты және басқалар.
Сондай ақ, Астана қаласында шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бағдарламасына сәйкес оның бәсекеге төтеп беру қабілетін арттыруға бағытталған кешенді шаралар да жүзеге асырылып келеді. Бұдан басқа Астана туристік ұйымдар ассоциациясы, «Астана технопарк» АҚ аумағында жұмыс істейтін кәсіпорындар директорының ассоциациясы сяқты кәсіпкерлердің қоғамдық негізінде бірлестіктері құрылып, жұмыс істеуде.
Астана кәсіпорындарын ИСО9000 және 14000 сериялары стандарттарының талабына сәйкестендіру үшін сапа және сертификат менеджментінің жүйесін енгізу мақсатында отандық тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілер өкілдері кеңінен көрсетушілердің өкілдері кеңінен қамтылып отырған семинарлармен аймақтық конференциялар өткізілуде. Техника реттеу және метрология жөніндегі комитеттің қалалық басқармасының мәліметі бойынша әр түрлі саладағы қызметтермен айналысатын35 кәсіпорын ИСО9000-14000 сапа менеджменті жүйесімен сертификатталып, олар14-не енгізілген.
Астанада жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың ең көбі сауда, автомобиль, тұрмыс бұйымдарын және жеке пайдаланатын заттар жөндеу (жұмыс істейтін кәсіпорындардың 41%-ы) және құрылыс саласында (29%-ы ) келеді. 5696шағын бизнес кәсіпорындары экономикалық қызметін нарықты түрде, яғни, белсенділікпен жүзеге асырады. Есептеу бойынша Астана қаласының шағын бизнес кәсіпорындарында жұмыспен қамтылғандар саны 2006-жылдың 1-сәуірінде 52400 адамды құраған /15,16/.
cурет
сурет
4.1.2. Астана –агроөнеркәсіп кешені.
Солтүстік экономикалық ауданында Қазақстанның ең дамыған АӨК орналасқан. Солтүстік Қазақстан — еліміздің ең үлкен астықты ауданы. Қара топырақты жерлердің мол болуы егін шаруашылығын дамуына игі әсерін тигізеді.Негізгі маманданған саласы жаздық бидай өсіру. Бұдан басқа мұнда сұлы, арпа, күздік бидай және қарақұмдықта өсіріледі. Техникалық дақылдар үлесі көп емес, дегенмен күнбағыстан алынатын өнім біршама жоғары. Қала маңында өзен бойында картоп және бақша дақылдары өсіріледі. Аймақта сүтті, етті-сүтті бағыттағы ірі қара мал өсіруге болтын жайылымдық жерлер де мол. Тамақ және жеңіл өнеркәсіптерінің дамуына бай ауыл шаруашылық базасының болуы ықпалын тигізеді. Аймақ экономикасына тамақ өнеркәсібі салаларының үлкен маңызы бар. Сүт және май шайқау салалары сары май, ірімшік, құрғақ сүт өндіруге маманданған. Барлық қалалар мен кейбір ауылдық елді мекендерде жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары бар. Олар тері, тоқыма және тігін өнімдерін шығарады. Ауылшаруашылық коплексі жаңа құрылымды білім ретінде 1983 жылдан дами бастады.
Оның құрамына совхоз, колхоз, оқу тәжірибе шаруашылығы, құс шаруашылығы кіреді. Қайта өңдеу өнеркәсібі ет комбинатынан шикізат өңдеу және май алдыру завоттарынан, сүт консерві коминатынан тұрады. Бидайды дайындау үшін элеватор нан өнімдерін шығаратын комбинат нан өнімдерін қабылдайтын ұжымдар және нан базарлары жұмыс істейді /23/.
4.1.3. Құрылыс кешені.
Әрине Астана құрылысына шетелдіктердің тікелей инвеститциялары туралыда ұмытуға бролмайды. Ел басымыздың шетелге сапарларында барлығында Астана сөз болмай қалмайтын. Көбнесе оның құрылысына және дамуына инвеститция салу мәселесі қозғалатын. Өтемсіз инвеститциялар есебінен –Астана құрлысына аздай емес, көптей 200 милн доллар жинай алады. Оған Астананың көптеген сәулет құрлысы мен кешені салынды. Олар: «Астана -Бәйтерек», әкімдікдің жаңа ғимараттары, жаңа Ақ орда Астананың құрлысына Катар, Сауд Арабиясы, Б.А.Ә, АҚШ, және Кубеит сияқты елдер бірінші кезекте тікелей өтемсіз көмек кө Мысалы Құрама Шаттар 11 милн. доллар. Ол қаражатқа «Қазақстан» спорт кешені салынды. Егер тек гранттар мен өтемсіз инвеститциялар есебінен салынған обьектілерді жайғана санамалап шықсақ әжептеуір тізім болар еді. Мысалы Президент Ақордасы Әбу-Даби Қорының гранты есебінен салынды. Бұл 72 милн дай доллар. Парламент Сенатының ғимараты Сауд Арабиясының гранты есебінен бой көтеріп отыр. Бұл 12 милн дай доллар. Ұлыттық кітапхана «Аджип» және «Қарашығанақ Петорлеум» инвеститциялар есебінен жасалуда. Бұл 11 милн нан астам доллар. Оның үстіне «Аджип» Үкімет үйінің құрлысына 9 милн дай долар «Оқжетпес»шипажайын қайта құруға 11 милн нан астам доллар қаржы бөлді. Стадион құрлысын «Испот-Кармет» қаржыландырып отыр. Бұл 38 милн долар. «Нұр-Астана» мешіті Катар мемлекеғтінің 15 милн доллар есебінен тұрғызылды. Астана қаласы әкімдігінің ғимаратына Кубеит қоры 10 милн доллар грант бөлді. Құны 33 милн дай доллар тұратын «Астана — Тауер» бизнес орталын Туркияның АБС орталығы қаржыландырды. 5 милн долларлық Кардиология орталығы Сауд Арабиясы карольдігінің гранты есбіне салынды. «Қазақ мыс »7 милн тұратын дипломатиялық қалашық құрлысын қаржыландырды.Астананы салуға инвеститциялар көлемі 2 млрд тай доллар құйды. Бір атап өтерлігі соның 70 пайызы біздің өз инвеститциямыз.
Астананың дамуына жаңа ел орданың әкімі Аділбек Жақсыбеков зор үлес қосты. Қала инфрақұрылымы тіршілігіне байланысты болған қаланың барлық қызметі нақ соның арасында тиістідеңгейге жеткізілді. Камуналдық шаруашылықты, денсаулық сақтауды, сумен жабдықтауды, білім беруді, қаржы бөлуді және энергетиканы күн сайын, сағат сайын қадағалап, үйлестіре білді. 2003 жыыл ашылған Кардиохирургиялық орталық. Бұл обьект Сауд Арабиясындағы ханзада Сұлтанның жеке силығы. 2001 жылы Республикалық клиникалық аурухана ашылды. 2003 жылы 10-маусым жаңа астананың сол жағалауында Қазақ – Ресей университеті ашылды. Осылай-осылай жаңа Астана дами түсті. «Астана-жаңа қала» арнаулы эканомикалық аймағы 2002 жылдың 1- ші қаңтарынан жұмыс істей бастады. Бұл арнаулы аймақ Қазақстанның жаңа астанасын әлеуметтік эканомикалық дамудың ең пәрменді моделіне айналды, мұнда инвесторлардың нарықтық мүдделерімен ел үкіметінің мемлекеттік басымдықтары оңтайлы түрде ұштасты.2004 жылы Астананың мынадай әкімшілік обьектілері тапсырылды деп жоспарлаған:Резиденция, Мәжіліс ғимараты, Үкімет үйі Жоғарғы сот, Сыртқы істерминстірлігі, Ұлыттық академиялық кітапхана, Басты және Дөңгелек алаңдар мен жаңа әкімшілік орталықты Абылайхан даңғылымен жалғастыратын магистральды авто жол. Алтын күмбезді жаңа «Нұр-Астана »мешіті. Еске сала кетейік 1997-2004 жылдары Астанада 1 милн 600 мың шаршы метір тұрғын үйлер пайдалануға берілді. 2005 жылы тағы да 400 мың шаршы метр Астанада құрлысдүбірі толассыз жүріп жатыр. 2005-2007 жылдар ішінде Астанада бұған қосымша 1 млн 590 мың шаршы метр тұрғын үйлер салынды. Іс жүзінде 10 жыл ішінде жарты млн халыққа арнап 3 млн шаршы метрден астам мұнша жаңа үй салу бұрындары ешқашан болған емес /12,13/.
Сурет
Сурет
Тұрғын үй құрлысы-2002 жылдың басынан бері жалпы инвестиция көлемінің 2965, 9 млн теңгесі немесе 29, 2 % тұрғын үй құрлысына жұмсалды. Өткен жылға қарағанда тұрғын үй құрлысын қаржыландыру 23, 4%-ке өсті. Астана қаласының шаруашылық жүргізуші тұлғаларымен, тұрғын үйлерді пайдалануға бергеннен басқа, көлемі 1460 шаршы метр сауда кәсіпорындары, көлемі 1541 шаршы метр спорт залы, автогараждар, қуаттылығы сағатына 10 текше метр таза су өндіретін кешен, 50 орындық дәмхана, 9 мың номерге АТС, көлемі 37700 шаршы мерт «Алатау» спорт сарайы пайдалануға берілді. 2002 жылдың қаңтар — наурыз айында жалпы қала бойынша күрделі құрлысқа бағытталған инвестиция көлемінің басым бөлігі (66.6%) Сарыарқа ауданына келеді. 2002 жылдың басынан бері Алматы ауданы бойынша тұрғын үй құрлысына 1293, 8 млн теңге жұмсалды, жалпы көлемі 51990 шаршы метр 383 жаңа пәтер пайдалануға берілді.
Тұрғын үй құрлысының дамуы 2004 жылы Астана қаласының кәсіпорындары, ұйымдары мен халқы жалпы алаңңы 451252 шаршы метр үй салып, пайдалануға берді, оның ішінде 173603 шаршы метрі халық қаражаты есебінен салынды. Жетекші позицияны сақтап қалу үшін тұрғын үй құрылысын дамытудың 2006-2007 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды, оның шеңберінде үш жыл ішінде 1, 59 млн шаршы метр тұрғын үй салу көзделіп отыр, мұның өзі сабақтас салалар мен өңірлерде маңызды көп салалар әсер туғызады. (Егем қаз. Болашағы ғажап ғажап қала.).
Астанада құрылыс жүргізіп жатқан ірі фирмалар : ҚУАТ, БАЗИС-А, ТРАНССТРОЙМОСТ, ASAI-AS және тағы да басқа көптеген фирмалар мен корпорациялар жұмыс істеп жатыр. Мысалы менің өзім 2007 жылдың маусым- тамыз айларында Астанада ТРАНССТРОЙМОСТ фирмасында жұмыс істеп қайттым. Біз Қараөткел -2 мөлтек аданында, 2- қабатты катеж үйлерді тұрғыздық. Сонымен айтқым келіп отырғаны Астанада құрылыс өте қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі таңда жастардың көпшілігі сонда барып жұмыс ітеуде /8,9,14/.
4.1.4.Көлік кешені.
Астана қаласының тұрғындары соңғы 8 жыл ішінде 3 есе өсті, ерекше жылдамдықпен өсіп келе жатқан мұндай ірі қаланың бір кемшілігі, қала ішіндегі жолаушы және жүк көліктерінің көбеюі. Басқаша айтқанда қала көшелеріндегі көлік кептелісі. Үкіметтік ұйымдар мен ірі ұлттық компениялар сол жағалауға көшірілгелі бері, күнделікті, бір сағат ішінде 5000 жолаушы жеткізу керек. Тек автабус пен траллейбустан тұратын қала көлік жүйесі мұндай жүктемені көтере алмасы анық. Бұл қиындықты тез арада шешу мақсатында қала әкімдігі бірнеше бағдарламаны өңдеді.
Темір жол кешені. 1920-шы бастап Петропавл-Көкшетау бағытында салына бастады. 1931-ші жылға дейін Петропавл-Көкшетау –Курорт Бурабай – Ақмола – Қарағанды бағытындағы жолдар өз құрлысын аяқтай бастады.1939 жылы Ақмола – Қарталы бағытында 1945-1946 жылы Ақмола – Қарағанды бағытында екінші жол құрылысын аяқтады. Бұл Қарағанды көмірін тасмалдауда зор рол атқарды. Орал қаласына және т.б. қалаларға түрлі заттарды тасмалдауда теміржол ролі ерекше болды. 50-ші жылдардың екінші жартысында екінші бағыттағы темір жолдар құрылысын жалғастырды. 60-шы жылдары Ақмола қаласы толық теплавозбармен қамтылды. Сол уақытта электірлі поыздар құрылысы жүргізіліп жатты бұл барлық жерді электірмен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. 1954-1986 жылғы аралықта темір жол бағытында жүк тасымалы 1, 7 есе артты. Астық тасымалы 3, 5-8, 3 есе атты. 1988 жылы темір жолдың ұзындығы 1311 километрге созылды. 2002 жылдың үш айында теміржол көлігімен 1376, 0 мың тонна жүк тасмалданды. Тасмалданған жүк наменклатурасы бойынша астық және дән ұнтақтарын тасмалдануы 1, 8 есе өскен, темір рудасы 50% өскен.
Автокөлік кешені. 1992 жылы жүк тасымалының 60%құрады. 1992 жылы авта көлік жолының ұзындығы 4761 км құрады. Оның 4684 км қатты жол. Ақмола аймағындағы қатты жолдарды қамтиды. Облыс аймағынан екі бағыттағы жол Ақмол-Екатеринбург, Ақмола-Петропавл, жалпы ұзындығы 579км. Қала ішілік жодар толық қамтамасыз етеді деп айта алмаймыз. 1992 жылы жүк көліктерінің саны 24, 4 мың шт. Жеңіл автокөліктер саны – 63, 1 мың, автобустар 30 мыңды құраған. Қала көлігімен 2002 жылдың наурызында 4336, 4 мың тонна жүк тасмалданған.
2002жылдың қаңтар – наурызында жүк тасымалдаушы жол көлігі кәсіпорындарымен және кәсіпкерлермен 2960, 4 мың жүк тасымалданған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 2, 2 есе жоғары. Автокөлік кәсіпорындарымен 103, 3 мың тонна жүк айналымы 7, 1 млн. Тонна шақырым құрады. 2002 жылдың қаңтар – наурызында қаладағы жол көліктерімен 15, 6 млн. Жолаушы, оның 13, 9млн.-ны автобустармен және маршрутты таксилермен (89, 1%) және 1, 7 млн. Адам (10, 9%) троллейбустермен тасымалданды.
АСТАНА МОТОРС-автомабиль және оның қосалқы бөлшектерін сататын, автомашиналар жөндеу мен күту қызметтерін атқаратын Қазақстандық компания Жапониядағы «Тойота Мотор Корпорейшн» компаниясының Қазақстандағы ресми делдалы. 1993-ші жылы Алматыда құрылған. Компанияның Қостанай Ақмола қалаларында филиалдары жұмыс істейді.
Әуе көлігі. Әуе көлігімен 2002 жылдың қаңтар-наурызында 3, 1 мың адам тасымалданды.Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейінен 1, 5 есе жоғары. Барлық көлік түрлерінің жолаушылар айналымы 803, 9 млн. жолаушы шақырым болды. Мемлекетке жатпайтын сектор 69, 3% құрамына теміржол көлігі кіретін мемлекеттік сектордікі 30, 71%құрады. Жалпы, жолаушы айналымының басым бөлігі автомобиль көлігінің үлесіне келеді.
Астана халықаралық әуежайы Еуропаны Қиыр Шығыс пен, Оңтүстіктік-Шығысты Кіші Азиямен жалғастырып жататын әуедегі « Жібек жолы» болмақ. 1998 жылы елбасы Жапонияға сапары кезінде Астана халықаралық әуежайын қайта жаңғырту жобасын іске асыру үшін несие бөлуге келісім алған еді. Қ.Р-мен JBICарасындағы заем туралы келісімге Токио қаласында 1998 жылы келісімге қол қойды. Заем сомасы шамамен 176, 5 млн. аұш доллары құрады. Өтеу кезеңі құрылыс бөліміне – жылына 2, 2 % мөлшерімен 30 жыл, ал консалтингтік шындарға жылына 0, 75% мөлшерімен 40 жыл. Жобаның кеңесшісі болып PCI Жапон косорциумы және ККААбас мәдігері болып құрамына Германияның «Siemens»Ұлыбританияның «John Laing» Жапонияның SMLA консорциумы белгіленді. Жаңа әуежайдың үлгісін Астана қаласының құрылысы бас жоспарының авторы Жапон сәулетшісі Кишо Курокава әзірледі. Әуежай құрылысы жүріп жатқан кезде 2, 5мың құрылысшы жұмыс істеген. Әуежайдың алаңы 20мың шаршы метр. Әуежай 6 қабаттан тұрады. Төменгі екі қабат жолаушыларға арналған. Бірінші қабатқа кірген бойда өзіңді қазақтың киіз үйі үлгісіндегі еңселі ордаға кіргендей сезінесіз.Оның биіктігі 34 метр, диаметрі 45 метр. Жоғары қарасаңыз –бес деңгейдің ұшар басындағы алып шаңырақ асқақ көрінеді. Екінші қабатта жолаушыларды ішкі және халықаралық рейстерге тіркеу алаңдары, ұшаққа шығушылардың күту залдары орналасқан. Үшінші қабаттың жобасы ресми тұлғаларға қызмет көрсетуге арналған.
Төртінші қабатта терминалдың бақылау диспечерлік пункттері бүгінгі заман талабына сай жабдықталған. Бесінші қабат-жолаушылардың ұшақтардың ұшыуы мен қонуын тамашалауға, әуежайдан әрі жалғасатын қазақтың кең байтақ даласына зер салуға арналған шолу алаңы. Әуежайдың өткізу қабілеті тәулігіне 750 жолаушы, жүк тасмалының қуаттылығы 600 тонна болмақ.
Жобалаушылар жобалаушыларға көрсетілетін қызметтің жоғары деңгейде болуын жан-жақты ескерген. Жаңа терминалда халықаралық телфон байланысы тәулік бойы жұмыс істейді. Интернет қызметі, қала қонақ үйлеріне алдын ала тапсырыс беру, такси шақыру сияқты қызметтер ұсынылады. Әрқайсысы 35 орынды 11 бар, 80 орынды мирамхана, тауарлар үстеме баға қосылмай сатылатын 2 кі магазин, валюта айырбастау пункті, ұлтық сувинирлер сататын дүкендер қызмет көрсетеді. Бұларға қоса жолаушылардың жұктерін қаптап беру оны, дәрігерлік пукті, анамен балаға арналған екі бөлме, діни рәсімдер өткізетін екі бөлме бар.
«Астана халықаралық әуежайын қайта жаңарту» жобасына сәйкес жалпы алғанда 33 нысан қайта жаңартылады және салынады. Солардың ішінде жаңа жолаушы және жүк терминалдары, мұнарасы бар әуе қозғалысын басқару орталығы, перрон, перрондағы әуе кемесіне жанрмай құятын орталықтандырылған жүйе, авиация қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелері, әуежай энергия жүйесінің орталық- тарату шағын станциясы, қазандық, Ж.Ж.М. қоймасы, аппараттық құтқару станциялары, техникалық бригадалар ғимараттары және тағы басқа заман талабына сай жабдықталуда. Қазіргі уақытта Астана халықаралық әуежайы АН-124, В-400, Ғ және В-747 кемелерін қоса алғанда барлық үлгідегі әуе кемелеріне, олардың ұшу салмағынада шектеу қоймай қызмет көрсетеді. Рейстің басым көпшілігі «Эйр-Астана» авиакомпаниясы жүзеге асырады. Жаңа әуежай болашақта тек қана Қазақстандағы ғана емес, сондай-ақ бүкіл Орталық Азиядағы авиатасымалдардың негізі орталықтарының біріне айналды.
Астана басшылығының көліктік жобалары мұнымен ғана шектелмейді. Жақын күндері Есіл өзенінде үлкен бір жаңалық болады. Яғни, енді Есілмен кеме жүетін болады. Өзенді қайта құрғаннан кейін, оның техникалық параметрлері игерілген учаскелерде кеме тасмалдауын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бұл жобаны1998 жылдан бері арналар мен жағалауларда қайта құрып жатқан «Орта» ЖШС ұсынды. Баолық жұмыстар үш кезеңде жүзеге асады. Бірінші кезек Сарыарқа көшесінен Президент Резиденциясына дейін қамтиды. Арналарды біраз тереңдетіп жатқан жағада кемелердің қысқы, тұрағы, жолаушыларға арналған құрылыстар, ал өзеннің өзінде жүзу белгілері пайда болады. Ол жерлерде яхта клубтары, құтқару станциялары, қайық пен катараманды жалға беретін орындар, катер мен қайықтарды сақтау тұрақтары, жазғы дәмхана мен мейрамханалар және қажетті жабдықтар мен жағажай аймақтары орналасады.
Қалалық транспорт. Алғаш рет 1954 жылы Ақмола және Атбасар қалаларында автобустар қатынасы болды. 1992-ші жылы 18 қала және ауылдарда автобустар қатынады. Облыс орталығында 177 автобус 25 микроавтобус қызмет көтсетті. Облыс териториясында 18 автостанция екі автовокзал 352 халықаралық және қалалық маршрут жұмыс істеді /5,6,20/.
4.1.5. Қызмет көрсету салалары.
Қызмет көрсету жүйесі демалыс және көңіл көтеретін орындар көптеп ашылуда. Олардың ішінде Астаналық саябақ, «Аквапарк» Президенттік мәдени орталығы, «Астана-Бәйтерек» монументі, «Тұлпар» және «Құлагер» ат спортының клубы, цирк, кинотеатрлар, спортсарайлары жәнеде Қазақстан үшін тың ойын – сауық, танымдық бағыттағы орталықтар –«Атамекен» Қазақстан картасы тарихи- этнографиялық кешені және «думан» океанариумы бар. Жаын арада Астанада көптеген туристер үшін жаңа меккеге айналатын атақты Британдық сәулетші Норман Фостнердің жобасы-сауда –ойын сауық орталығы бой көтереді. Дәмхана, Мейрамхана, алты кинотеатр, фитнес орталықтары, тенис коттары, дүкендер ғимараттың еңбасты ерекшелігіне айналды. Сондай-ақ, ол жерде үш климаттық аймаққа бөлінетін жабық сайабақта болады деп жоспарлауда. Ал ол үшеуінің бірінде жағажайы бар сарқырама орнатылады. Көлемі-орасан – 200м. Содай-ақ қызмет көрсетіп жатқан инфроқұрылым да ұмыт қалмады оларды қайта жөндеп, қызмет көрсету үлгісін жақсарту туралы жоспарланып отыр. Одан өзге, экономиканы кластерлі дамыту бағдарламасы аясында Астана қаласының әкімдігі осы салада қызмет етіп жатқан Елорданың фирмалары мен біріге отырып, қаланы туристік келбетін жақсарту жөніндеде іс-шаралар асырылуда.
Туристік инфрақұрылымды нысандары бар жаяу жұретін жол құрлысы, 2006-2008 жылдары хайуанаттар бағының құрлысы. Бос уақытын өткізетін нысандар, театрлар, кинотеатрлар, спорттық нысандар. Дүниежүзілік асханасы мейрамханалар желісін кеңейту. Қазірдің өзінде қалаға келіп жатқан туристіклектің бірнеше есе көбейді деп айтуға болады. 2001-2007жылдар аралығында Астана қаласына туристтік сапармен келгендер саны 13 339-дан 63.6 мың адамға көбейген. Ал сыртқа шыққандар саны 9451 -ден 19400–ке дейін, ішкі туризм 125145–тен 242200 ке дейін өскен. Туристік фирмалардың саны екі есе, яғни, 27-ден 54–ке көбейді.Сондай-ақ басқа өңірдің туристік фирмаларының 9-филиалдары мен өкілдіктері қызмет көрсетеді Астана қаласының қонақ жай кешені бір уақытта 2386 адам қабылдай алады. Жалпы туристерге Астананың қай жеріне баруға болады?
«Астана –Бәйтерек» мономенті -металдан, шыныдан және бетоннан жасалынған сәулеті бойынша ерекше мәнге ие «Бәйтерек»: Метал құрылғысының биіктігі 105 метр, бес жүз қадаға тұрғызылған салмағы 1000 тоннадан асады. Әлемдегі алғашқы диаметрі 22 метр, ал салмағы 300 тонна, «Хамелеон»атты күн сәулесі түсуінен түсі өзгеріп отыратын шыныдан жасалынған ең үлкен шар. Жас Астананың төрінде орналасқан ол жаңарудың белгісі, Астананың белгісі, Қазақстанның белгісі, Астана сол жағалауы.
Бейбітшілік және келісім сарайы-25-қабатты «Бейбітшілік және келісім Сарайы» шыны және гранит пен көмкерілген, ол 15 метр биіктікте орналасқан. Оның аумағы 25.5шаршы метр: Сарайда ұлттық мәдениеттің мұражайы, өркениет университеті, көрме және концерт залдары, кітапхана, әлемдік діндерді зерттеу орталығы және рухани конференциялар кеңселері бар. Пирамиданың төменгі бөлігінде мың орындық опера театры, ал үстінде-сағина тәріздес-конфессия залы орналасқан.Астана, Сол жағалауы.
«Атамекен»Қазақстан картасы-Этномемориялды кешен: Табиғатпен адамның Қазақстанға не бергенін «Атамекен »Қазақстан картасы- Этномемориялды кешеннен кһөруге болады. Картада 14 облыс және Республикалық маңызы бар екі қала орналастырылған.Мұнда табиғаттың, ландшафтың, сәулет өнерімен қала құрысының ерекшеліктері көрсетілген. Бірақ ең бастысы-тарих және мәдениет ескерткішдері. Астана Қабанбай Батыр дыңғылы.
«Нұр-Астана» орталық мешіті— шығыс ғажайыбы шыны, бетон болат, гранит, алюкобонд арқылы сараланып өрілген. Сол жағалаудың көлемдік ерекшелігісақталған: мешіттің айналасындағытөрт мың шаршы аумаққа, яғни бес мың дінге сенушілер мен мешіт алдындағы алаңдағы екі мың келушілерге құранның даусы естіліп тұрады. Әр қайсысы метр төрт мұнарасы мен алтындатылған алюмениймен көмкерілген күмбезі қаланың іскер бөлігіне руханилықты естен шығармауды ескертіп тұрады.
ҚР Президентінің мәдени орталығы-Астананың екі үлкен магистралі Республика даңғылы мен Бараев көшесінің қилысқан жер мен ауқымды ақ маржандай ҚР Президентінің мәдени орталығын көруге болады. Үстінен қарағанда қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің белгісі ретінде әлемнің төрт жағасына сәуле шашып тұрған дөңгелекті көруге болады. Түрік сәулет өнерінің туындысы –жерден 38.5 биікте орналасқан күмбез. Ол бес қабатты мұражайдың нақ ортасынан ала көтерілген, радиусы 19.5 метрді құрайды. ҚР Мемлекеттік мұражайы мен С. Сейфуллин атындағы Республикалық кітапхананы біріктіріп жасаған Орталық қазақстандық халықтың рухани мұрасы мен мәдени дәстүрдің кешені спектес.
Конгресс-Холл-тек жаңадан салынған концерт залы ғана емес, бұл Астананың басты мәдени орталығы, онда Қазақстанның жаңа Астанасының мәдени жәнге саяси өмірінің тарихына айналатын оқиғалар болып жатады. Бүгінгі түрде әлемдік тайпаларға сай келеді: оның алты қабатында 158 бөлме және 1600 орындық көрермен залы орналасқан және соны мен кең оркестор балет залдары, мейрамхана және қонақтарды қабылдау залы бар. Ерекше акустикасы мен кеңейтілген сахнасы, «люкс» бөлмелері әлемдік сахна жұлдыздарын қабылдауға мүмкіндік береді. Сарай фойесі кең әрі жарық, ол үлкен көлемдегі көрмелер мен жәрменкелер өткізуге өте қолайлы.Астана бейбітшілік көшесі.1.1
«Жастар »Сарайы-жергілікті мәнге ие сәулет өнері мен тарихының есмкерткіші ретінде санауға болады.2001 жылы жасалған қайта жөндеу жұмыстарынан кейін Сарайдың сырты және алды қазіргі жаңа материалдармен жабдықталған. Құрылғылық сипаты, жалпы мерекелік келбеті бұрынғысынша сақталған. «Жастар » Сарайы –қаладағы ойын–сауық және қоғамдық өмірдің орталығы. Мұнда бүгінде мыңнан аса балалар және жас өспірімдер жұмыс істейтін жастардың жүзге тарта өкілдері шығармашылықпен айналысады. Астана, Република даңғылы, 34
ҚР Бірінші Президентінің мұражайы-мемлекет басшысының бұрынғы Резиденциясында орналасқан. Кешендегі бұрынғы қондырғылар сол беті сақталған. Мұражай өз бастауын Президентке тарту еткен ескерткіш зарттардан, кітаптар мен суреттерден алады. Қазіргі таңда мұражай қорында 60 мыңнан астам ескерткіштер сақталған: мұрағаттық жазбалар, баспа материалдары, кино және фотоқұжаттар, суретжәне қолданбалы өнер туындылары, қарулар Н.Ә. Назарбаевтің жеке заттары мен құжаттары, Елбасымыздың құрмет қағаздары. Мұражай экспонаттары тәуелсіз Қазақстанның даму кезеңдерімен еліміздің бірінші Президентінің өмірінен сыр шертеді. Астана, Бейбітшілік көшесі 11.
С.Сейфуллин атындағы мұражай- өткен ғасырда (1846) ұқыпты салынған ағаш үй. Мұнда 1988 жылы 20 ақпанда Қазақ КСР Министрлер Кеңесі үкімімен ақын, прозашы, драматург, публицист, әдебиеттанушы, сазгер, педагог, қоғам және мемлекет қайраткері С.Сейфуллиннің мұражайы ашылды. Бұл тек Сакеннің өмірімен еңбегімен тығыз байланысты тарихи, материалды және рухани мәдениеттеріміздің есмкерткіштерінің сақталған орынғана емес, сонымен бірге ол Астананың тарихи жәнеи рухани қызығы ретінде саналады.Астана Әуезов көшесі 20
Қазігі заманың өнер мұражайы-бүгінде мұражайда Қазақстан, Ресей және тағы басқа елдердегі көркем шеберінің 3000 астам шығармалары сақталған. Мұражай коллекциясы қылқалам мен және графикалық парақтарға бейнеленген мәдени құндылықтарға қызығушылықпен оны зерттеу нәтижесі болып саналады. Мұнда Қазақстан, Ресей, Украйна, Беларус, Өзбекстан, Грузия, Армения, Латвия, Литва Истония, Тәжікстан, және басқа да елдер суретшілерінің шығармалары аса қамқорлықпен сақталады. Алуан түрлі тақрыптар бойынша суретөнерінің барлық жанырлары кездеседі.Астана, Республика даңғылы 3.
К. Бәйсейітова атындағы Опера және балет ұлттық театры –бұл еліміздегі ең жас музикалық театр болып саналады. Ұлттық театр әр түрлі кезеңдер мен стильдегі қойылымдарды қоя отырып, өзінің тез өсіп келе жатқанын көрсетуде. Театр жоспарында Дж.Пуччинидің «Сағыныш »қойылымы қоюшы –режиссер Ресейдің еңбек сіңірген қайраткері Ю. Александров және Ф.Шопеннің «Шопениана» атты бір актілі балеттер циклі, Р.Шуманның «Карнавалы» бар. Астана, Ақжайық көшесі 10.
М. Горький атындағы Орыс драма театры -1899 жылы Ақмола қалалық Басқармасы қоғамдық театрға ғимарат бөлген болатын. Осылай М.Горкий атындағы драма театрдың алғашқы киім ілгіші жүз жылдан аса уақыт бұрын пайда болып еді. Осы жылдар аралығында театр соғыста да, қмыншылықта да, құлдырауды да басынан көшірді. Ал қазіргі орыс театры нағыз кәсіпқой мәдениет шаңырағы. Театр өз көрермендеріне М.Горкийдың, А. Чеховтың, Н. Гогольдың, А. Пушкиннің, Ж.Б.Мольднрдің, т.б шығармалары жыл сайын тарту етіп отырады. Астана Бегелдинов көшесі, 72.
Елорда мәртебесіне байланысты, Астанада туризм де дамуда. Экономиканың бұл саласына үкімет те қолдау көрсетуде Әсіресе, Қазір іскерлік туризи дамыды.Жаңа қала, біріншіден, жаңа мүмкіндіктер, бар күш пен қаражатты салатын жаңа қала болып табылады. Сарыарқаның төсінде орналасқан Қазақстанныңжаңа астанасы бҮгінде жер шарының түкпір түкпіріндегі бизнесмендердің қызығушылығын оятып отыр. Қазірдің өзінде Астанада жыл сайын отыздан астам халықаралық және республикалық көрмелер ұйымдастырылады. Қала іскерлік форумдары мен мәслихаттар өткізетін орынға айналды /13,14,17/.
ҚОРТЫНДЫ
Қорыта келшенде Астананы – Алматы қаласынан ауыстырудың өзіндік себептері бар. Біріншіден Ақмола облысы Қазақстанның дәл ортасында орналасуы. Бұл біздің Республикамыздың барлық облыстарымен тығыз байланыста болады. Солтүстік және Оңтүстік, Шығыс және Батыспен құқықтық ынтымақтастыққа паш етті. Сонымен қатар Астанамыз ел территориясының ортасында орналасуы сыртқы жауларымызға да қолайсыз болады. Біздің таңдауымызда қауіпсіздік мәселесі орын алды. Бұл тұрғыда тәуелсіз мемлекеттің астанасы сыртқы шекарадан алыстау жерде мүмкіндігінше елдің ортасына таман жерде тұруы тиісті. Астананы ауыстыру Қазақстанның экономикасын одан әрі дамыту тұрғысында тиімді. Осының арқасында халықпен өндіргіш күштердің Республика аймағы бойынша біржақты орналасуын біртіндеп түзету, солтүстікпен орталық өңірде шетелдік тың жаңалықтарды, ғылымдандырылған өндірісті, озық ауыл шаруашылық машиналарын жасауды әрі өңдеуші ауыл өнеркәсібінің кең желісін қауырт өокендету іс жүзінде мүмкін болды.
Астана Қазақстанның жаңаруының нышаны, оның көпұлтты халқының жасампаз күш қуатының куәсі.
Астана қаласы еврозия материгінің орталығында орналасқан. Егеменді Қазақстан Республикасының астанасы. Ол Қазақстанның сыртқы өлкесінің орталығында есіл өзенінің оң жағалауында жоғары ағымында орналасқан. Оның территориясы Ақмаол облысының оңтүстігінде болып, жеке саяси әкімшілік бөлінуі болып есептелінеді.
1994 жылы шілдеде астананы Республиканың қиыр оңтүстігінде орналасқан Алматы қаласынан солтүстікке, 1000 шақырымнан астам жерде жатқан, далалық Ақмолаға шешім қабылданды.
Физика географиялық жағдайына қысқаша тоқталар болсақ, жерінің басым бөлігі – абсолюттік биіктігі 300-400 метрден аспайтын аласа белесті, ұсақ төбелі жазық. Облыстың оңтүстігін Сарыарқаның ұсақ шоқылары, орталық бөлігінде жазық даламен өзендер алабы және Көкшетау қыратының сілемдері алып жатыр. Ақмола облысынң аса ірі өзендері деп Есіл мен Нұраны бөліп көрсетуге болады. Территориясының үстіңгі жағы біркелкі емес, ұсақ шоқылы биік емес таулар, қыраттар, жазықтар көп және көп болып келеді.
Климаты тым континенттік, қысы ұзақ, суық, жазы қоңыржай ыстық. Қаңтардың орташа температурасы -16 -180С. Суық жазы 19-210С ысиды. Сонымен қатар облыс аумағы ендіктегі қара және күңгірт қоңыр топырақ енділікке жалғасқан болып кәдімгі және оңтүстік қара топырақ күңгірт, қызғылт қоңыр және ашық қызғылт қоңыр топырақтар зонасына бөлінеді. Ірі өзендері Есіл мен Нұра теңіз көлі Қарасор, Қорғалжын, Балықтыкөл және Қыпшақ көлдері де ірі көлдердің қатарына жатады.
Егеменді еліміздің астанасы Астана қаласы әуелде Қараөткел деп аталған. Патшалық Ресей қазақ даласын отарлау мақсатымен 1832 жылы Ақмола бекінісін салған. 1961 жылы қаланың есімі Целиноград болып өзгертілді. 1994 жылы Республика жоғарғы Советі ел астанасын Ақмолаға көшіо\руге шешім қабылданды. 1998 жылы 6-мамырда елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен Астана қаласы болып өзгертілді. Бүгінде Астана әлемнің 20 қаласымен және Ресейдің алты аймағымен достық қарым-қатынаста. 1999 жылы ол әлем қаласы атанған. Астана қаласының шаруашылық құрылымы да өте жақсы дамыған. жалпы шаруашылық құрылымға: өнеркәсіп кешені, құрылыс кешені, көлік кешені, қызмет көрсету салалары жатады.
Астанада жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың ең көбі сауда, автомобиль, тұрмыс бұйымдарын және жеке пайдаланатын заттар жөндеу және құрылыс саласында келеді. Әрине Астананы айтқанда құрылыс кешеніне тоқталмай өту мүмкін емес. Астананың құрылысына шетелдіктердің тікелей инвестициялары туралы ұмытуға болмайды. Астана құрылысына аздай емес, көптей 200 млн.доллар жинай алады. Оған Астананың көптеген сәулет құрылысы мен кешені салынды. Ол елдер: Катар, Сауд Арабиясы, Б.А.Ә., АҚШ, Кувейт сияқты елдер бірінші кезекте өтемсіз көмек көрсетті. Сонымен қатар Астанада көлік кешені де өте жақсы дамыған. темір жол кешені – 1920 жылдан бастап салына бастады. Жүк тасмалының 60% автокөлік кешені құрайды. Автокөлік жолының ұзындығы 4761 км құрайды. Әуе көлік саласы да жақсы дамыған. астана халықаралық әуежайы еуропаны Қиыр Шығыстан, Оңтүстік-шығысты Кіші Азиямен жалғастырып жататын әуедегі «Жібек жолы» болып отыр.
Астана қаласының қызмет көрсету саласына көз жүгіртіп өтіп көрейікші. Қызмет көрсету жүйесі, демалысорындары, көлік көтеретін орындар, ғылыми, мәдени, тарихи, сауда орталықтары, спорт кешендері көптеп ашылуда. Астанада туризм саласы да жақсы дамып келеді. Көз тартарлық әдемі ғимараттар, Астаналық саябақ. «Аквапарк», «Президенттің мәдени орталығы», «Астана-Бәйтерек» монументі, «Тұлпар», және «Құлагер» ат спортының клубы, цирк, кинотеатрлар, спорт сарайлары және де Қазақстан үшін тың ойын-сауық, танымдық бағыттағы орталықтар – «Атамекен» Қазақстан картасы тарихи-экнографиялық кешені және «Думан» океанариумы бар. Жылдан жылға келуші туристер саны асуда. Жалпы Астана қаласы болашағы жарқын, зор үміт күттіретін, өте қарқынды дамып келе жатқан Қазақстан Республикасының астанасы.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
- Абдиева. К. С. Реионы Қазақстан статистически сборных тоо «Куренов» 2003ж
- Асанбай. Р.
«Қазақстан: табысқа жету тарихы әлемдік қоғамдастық көзімен» Алматы «Таимас» Баспа үйі 2005ж.
3.Аяған Бүркітбой «Көркем суретті Қазақстан тарихы» Қазақстан энциклопедиясы Аламаты 2007ж.
- Әбсеметов Марат Ертеңі ертедегідей Елорда Егемен Қазақстан 2007 ж – 15 желтоқсан – 6. бет.
- Браун А.Г. «Алматы «Атамұра» 1995 ж.
- Әсембекұлы Ерғазы. Астана халықаралық әуежайы Астана 2005 №1 -12 бет.
- Қосымбаев Н.К, Азубаев Н.Ж. «История Ақмола» Алматы «Жеті жарғы» 1998 ж.
- Қабдоладанов Н. Молдағұлов Т. Ахметжанов О. Камзанов Д. «Астана 10 жыл» Алматы 24 желтоқсан 2004 ж.
- Құланбай Ә. Арйбай салынған Астана Егемен Қазақстан 2008ж — 1 қаңтар 3 бет.
- Қосмамбетов. С. Блашағы ғажап қала Егемен Қазақстан 2005 ж– 10 маусым.
- Мажитов Марат Ақмола – Астана Ақиқат 1998ж №5 – 3 – 21 бет.
- Назарьаев Н.А. Евразия жүретінде 2006 ж.
13.Саухат Жұмагүл «Астана» 2006ж №3. 28 – мамыр – 29 бет.
- Ервинский О.Е.»байтерек» №4 желтоқсан 2003 ж.
15.Астана қаласының статистика басқармасы Астана қаласының әлуметтік экономикалық жағдайы. Астана ақшамы 2002ж. 30 мамыр – 3бет
- Астана қакласының статитика басқармасы. Өнеркәсіптік іргерлеу даму бағдарламасы. Астана хабары 2006 ж – 4 мамыр
- Web – site : http : // www Sezastana kz.
- Қазақ ұлттық энциклопедиясы.