АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Жайық өзені атырауындағы ландшафтарды ГАЖ арқылы зерттеу

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті

 

 

География факультеті

 

Физикалық  география кафедрасы

 

 

 

Дипломдық жұмыс

 

 

 

Жайық өзені атырауындағы ландшафтарды ГАЖ арқылы зерттеу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

Кіріспе

 

І Тарау. Жайыз өзені атырауының физикалық

географиялық сипаттамасы

 

1.1. Зерттеу аймағының физикалық-географиялық орналасуы.

 

1.2. Ауданның геологиялық құрылымы 

 

1.3. Ауданның жалпы жер бедері

 

1.4. Ауданның гидрографиялық торабы

 

1.5. Ауданның климаттық жағдайы

 

1.6. Ауданның биогендік ерекшеліктері

 

2 Тарау. Жайық өзені атырауының ландшафтық құрылымы

 

2.1. Атырау алабының ландшафтық құрылымы

 

2.2. Жайық өзені ландшафтысының қалыптасуындағы құрылымдардың рөлдері

 

2.3. Жайық өзенінің қазіргі экологиялық жағдайы

 

3 Тарау. Жайық өзені  ландшафтына ГАЖ жасау

 

3.1. Қазіргі кезде ГАЖ қолданудың маңызы

 

3.2. Ландшафтық зоналарды зерттеуде ГАЖ қолдану

 

3.3. Жайық өзенінің ГАЖ-ын құру

 

Қорытынды

 

Қолданылған әдебиеттер  тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                              

 

РЕФЕРАТ

 

Берілген бітіру жұмысының тақырыбы: «Жайық өзені атырауындағы ландшафтарды ГАЖ арқылы зерттеу».

Орындалған жұмыстың мақсаты: Жайық өзені алабының ландшафттық құрылымдары және олардың ГАЖ-ын жасау. Табиғат  ресурстарын тиімді пайдалану стратегиясын жасаудың көп ақпаратты және объективті негізін салуда,  жерлердің деградацияға ұшырау процесстерін болдырмауда және ескертудегі ГАЖ-дың маңызын баяндау.

Берілген жұмыста негізгі мәтін 43 парақ, соның ішінде 2 карта, 25 әдебиет көздері, 7 кесте, 6 сурет  пайдаланылған.

Жұмыста келесі жаңа сөздер кездеседі: Географиялық ақпараттық жүйе (ГАЖ), өзен алабы, ландшафттық құрылымдар, мұнай, газ, ресурс, техногендік ластаушы көздер. 

Жұмысты жазу барысында келесі зерттеу тәсілдері қолданылды: әдеби, графикалық, картографиялық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Каспий теңізі – жердің ағынсыз ең ірі су қоймасы. Теңіз Қазақстанның батыс бөлігінде орналасқан.  Теңізге солтүстік жағынан Еділ, Жайық, Жем, Ембі, Терек өзендері құяды. Орал тауының шығыс беткейінің көпшілік өзендері Тобыл, Исет, Тура, Тавда, батыс беткейіндегі өзендері Печора, және Волга, Кама, Белая, Вишера алаптарына жатады. Ал Оңтүстік Оралдың негізгі өзені – Жайық. Жайық өзені жоғарғы ағысында бойлама аңғарлармен баяу ағып, содан кейін бағытын күрт өзгерте жоталарды, жондарды кесіп өтіп жазық бөлікке шығады.

Жайық өзені Орал тауының Үйтас жотасындағы биіктігі 637м Нәжім тауынан басталып, Башқұртстаннан Челябинск және Орынбор облыстарының жерін басып өтеді де, Тобыл өзенінен пайда болған өзендердің, Мұғалжар және Жалпы Сырт шоқыларынан аққан суларға қосылып, молайып барып Каспийге құяды.

Жайық өзенінің ұзындығы  2534 км., оның Қазақстан жеріндегі ұзындығы 1084 км, ал су жиналатын алабы 220 млн. км2.  Сулылығы жағынан Жайық өзені Қазақстанда төртінші орынды алады.

Атырау облысының жер бедерінің басты ерекшелігі, оның ойпатты жазық болып келуінде. Геоморфологиялық тұрғыдан жер бетінің биіктігі барлық аудандарда теңізге қарай көлбеулене кеми түседі, яғни Каспий маңының депрессиясы жақсы айқындалады. Соның  нәтижесінде көпшілік жерлердің абсолюттік биіктігі теңіз деңгейінен төмен жатыр. Облыс жері түгелімен Каспий маңы ойпатының құрамына  енеді және аздап Жем үстіртінің батыс шетін алып жатыр. Бұл екі геоморфологиялық құрылым Орыс платформасының күрделі әрі әр текті алқабы болып табылатын терең тектоникалық ойыс – Каспий маңы синеклинасының үстінде орналасқан. Каспий маңы ойпаты – теңіз түбінен босаған алғашқы аккумуляциялық жазық. Орографиялық жағынан жайпақ, теңізге қарай көлбеу жатқан орасан зор ойпаң. Ондағы Жайық өзенінің аңғары аллювий шөгінділерінен құралған. Облыстың аумағы түгелдей дерлік тұз күмбездерінен түзілген.

Зерттеліп отырған ауданның климаты тым континеттік, қуаң, қоңыржай. Қыста Азия максимумы, ал жазда Азор максимумы мен Оңтүстік Азия минимумы тармақтары әсер етеді.. Қаңтардың орташа температурасы -14 -15оС құрайды, ал шілденің орташа температурасы +26оС. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 190-300 мм. Қар жамылғысы солтүстігінде130-140, оңтүстігінде 70-80 күн жатады.

Зерттеліп отырған аумақтағы кен қабаттарының пайда болуы тектоникалық, литологиялық және стратиграфиялық экрандағы антиклиналдар сияқты әр түрлі қатты жыныстар кедергілеріне тығыз байланысты, сондықтан кендердің басым көпшілігі тектоникалық экрандағы кедергілер маңынан ашылды. Әдетте триастық мұнайлар жеңіл, күкірті аз болады. Ал юралық мұнайлар әдетте ауыр, бірақ күкірті аз келеді.

Жайық өзенінің суы жоғарғы және ортаңғы өзен ағындыларымен қалыптасады. Жайық өзенінің төменгі ағысында бір де бір сағасы жоқ. Өзен көбінесе қар суымен қоректенеді. Өзеннің төменгі бөлігінде су тасуы сәуір-маусым айларында болады.

Жайық өзені – Каспий алабының ортаңғы және төменгі ағыстарындағы балық шаруашылық маңызы зор, жалғыз реттелмеген өзен болып табылады. Жайық өзенінің қатты ағындысы және суының лайлылығы жазық жерлердегі Каспий теңізіне құятын өзендерге қарағанда жоғары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І Тарау

Жайық өзені атырауының физикалық

географиялық сипаттамасы

 

1.1. Зерттеу аймағының физикалық-географиялық орналасуы.

 

Каспий теңізі – жердің ағынсыз ең ірі су қоймасы. Бұл су қоймасын оның өте үлкен өлшеміне, теңіз суына ұқсас суының тұздылығына, режиміне қарап теңіз деп атайды. Каспий теңізінің деңгейі Әлемдік мұхиттан әлдеқайда төмен жатыр. 2000 жылдың басында оның биіктік белгісі – 27 абс. м. Каспидің осы деңгейге сәйкес келетін су айдынының ауданы  – 393 мың. км2, ал су көлемі – 78600 км3. Орташа тереңдігі және ең терең тұсы тиісінше 208 және 1025 м. 

Каспий теңізі оңтүстіктен солтүстікке қарай 1200 км-ден астамға созылып жатыр. Орташа ені 320 км. Жағасының жалпы ұзындығы 7 мың км. Каспий Ресей, Қазақстан, Түркменстан, Әзірбайжан және Иран елдері аумағының жағаларын шайып жатыр. Каспий теңізі Қазақстанның батыс бөлігінде.  Ең терең тұсы оңтүстік бөлігінде, қазақстанды бөлігі онша терең емес 200-328 м шамасында. Солтүстік Каспийдің тереңдігі 15-20 м-ден аспайды. Ірі шығанақтары: Комсомол, Маңқыстау, Кендірлі, Қаақ, Қарабұғазкөл және т.б. Жалпы ауданы 350 км2 50-ге жуық аралдары бар.  Аты – ежелгі заманда осы теңіз жағасын қоныстанған Каспий тайпаларына байланысты қалыптасқан. Сонымен бірге Гиркан, Хазар және Хвалын деген тарихи аттары бар. Каспий теңізі және оның жағалауын мекендеген тайпалар туралы алғашқы түсініктер сонау Ежелгі Греция кезінде жинақтала бастады. Геродот еңбектеріне енді. Орыс теңізшілері арасында бұл теңіз туралы деректер ІХ-Х ғасырларда тарады. ХVIII ғасырдың басында І петрдің талабына сай Каспий теңізі жан-жақты зерттеле бастады. А Бекович-Черкасский және т.б. экспедициялар. Кейіңгі кезеңдерде теңізді И.Ф. Саймонов, Н.А. Иващинцев, П.С. Паллас, С.Г. Гмелин, Г.С. Карелин және т.б. зерттеді. Теңіздің және оның төңірегінің табиғат сырларын анықтауда И.М. Апполов, Л.С. Берг және т.б. ғалымдар зор еңбек сіңірді. Республикада теңізді және оның алабын зерттеуге ҚР ҒА-ның және Қазақ Гидрометеорология институтының ғалымдары мен мамандары араласуда. Су қоймасы балыққа бай, ал оның қойнауы мұнай мен газға толы. Бұл су қоймада шеміршекті балықтардың ертедегі өкілдері – бекіре, шоқыр балық, пілмай, сондай-ақ балықтардың басқа да бағалы түрлері (көксерке, торта балық, сазан, табан балық және т.б.) тіршілік етеді.  Каспий теңізі айтарлықтай жақсы зерттелген, бірақ оның режимінде шешілмеген жұмбақтар көп. Ең басты ерекшелігі соңғы жылдары теңіздің су деңгейінің тұрақталмауы болып отыр. Су деңгейі күрт төмен түсіп немесе күрт көтеріліп бірқатар өзекті проблемалар туғызып отыр. Оның үстіне бұл су деңгейі өзгерісін жел қума және жел бөгет құбылыстары одан әрі ушықтыруда. Каспий теңізінің деңгейінің төмендеуі 1929 жылдардан басталып, 1977 жылға дейін созылды (29,02 м-ге дейін төмендеді). Алайда 1978 жылдардан бастап су деңгейі күрт көтеріліп, қазіргі кезде бұл мөлшер 2 м-ден асып кетті. Теңіз деңгейінің күрт жоғарылауынан күрделі экологиялық мәселелер туындады: жағалауды, елді мекенді, порт имараттарын, ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерді, мұнай кәсіпорындарын және т. б. су басты. 

Каспий теңізінің солтүстік жағалауы: ойпатты, құмды, тастақты жазық, теңіз суының шалқып шегінуінен кең алқапты шөгінді-лайлы қайраң қалыптасқан. Маңқыстау жағалау абразивтік (жемірмелі) жарқабақты болып келеді. Солтүстік бөлігінің жағалауы қарқынды түрде өсіп келеді. Оған теңіз суы деңгейінің төмендеуі, атыраудың күрт өсуі және мол терригендік материалдың келіп түсуі ықпалын тигізеді. Оңтүстікке қарай жағаның аккумуляциялық түрі басым бола береді.

Теңіз түбі бедерінің ерекшелігі: солтүстігі тайыз сулы, көлбеулене келген шөгінділі  жазық, оңтүстігі – шоңғалды терең ойыстар.  Түбінің бедері  мен  гидрологиялық ерекшеліктеріне қарай теңіз: Солтүстік Каспий, Орта және Оңтүстік  Каспий болып  ажыратылады.  Каспийдің  ең  таяз жерінің тереңдігі 4-8 м.

Теңізге солтүстік жағынан Еділ, Жайық, Жем, Ембі, Терек өзендері құяды. Олардың Жылдық жиынтық ағындысы Каспий теңізіне құятын өзендердің жылдық ағындысының 88 % құрайды. Батыс жағалауынан ірі өзендер: Сулак, самур, Кура және бірқатар кіші өзендер құяды (шамамен 7 % ағынды). Ағындының қалған  5 % иран жағалауы өзендері береді (Горган, Херез, Сефидруд). Шығыс жағалауында Қарабұғаз-көлді қоса алғанда бірде бір тұрақты ағынсу жоқ.

Орал тауының шығыс беткейінің көпшілік өзендері Тобыл, Исет, Тура, Тавда, батыс беткейіндегі өзендері Печора, және Волга, Кама, Белая, Вишера алаптарына жатады. Ал Оңтүстік Оралдың негізгі өзені – Жайық.

Орал тауының көпшілік өзендері, соның ішінде Жайық өзені жоғарғы ағысында бойлама аңғарлармен баяу ағып, содан кейін бағытын күрт өзгерте жоталарды, жондарды кесіп өтіп жазық бөлікке шығады.

Жайық өзені Орал тауының (Оңтүстік Орал тауы)  Үйтас жотасындағы биіктігі 637м Нәжім тауынан басталып, Башқұртстаннан Челябинск және Орынбор облыстарының жерін басып өтеді де, Тобыл өзенінен пайда болған өзендердің, Мұғалжар және Жалпы Сырт шоқыларынан аққан суларға қосылып, молайып барып Каспийге құяды. Сонымен қатар теңізге солтүстік жағынан Еділ, Жайық, Жем, Ембі, Терек өзендері құяды. Олардың жылдық жиынтық ағындысы Каспий теңізіне құятын өзендердің жылдық ағындысының 88 % құрайды. Батыс жағалауынан ірі өзендер: Сулак, Самур, Кура және бірқатар кіші өзендер құяды (шамамен 7 % ағынды). Ағындының қалған  5 % иран жағалауы өзендері береді (Горган, Херез, Сефидруд). Шығыс жағалауында Қарабұғаз-көлді қоса алғанда бірде бір тұрақты ағынсу жоқ.

Жайық атырауының алғашқы нақты сипаттамалары 1627 жылы Ресейде құрастырылған «Үлкен сызба кітапта» келтірілген: Жайық, Ойыл, Сағыз және  Жем т.б. алаптар қағаз бетіне түсіріліп, жан-жақты дерегі берілген. Семен Ремезов ұлдарымен бірігіп құрастырған «Сібірдің сызба кітабының» «Қуаң және жолсыз тастақты дала сызбасы» атты тарауында Батыс Қазақстан, соның ішінде Жайық бойы туралы бұрін белгісіз болған географиялық-картографиялық еңбектер беріледі. Міне осы 17 ғасырдан бастап Атырау өңірі Ресей назарынан тыс қалдырылмай, табиғи қорлары игеріле бастады, елді мекендер ірге көтерді, Еділ бойындағы қалаларға Жайық балығын тасу жолға қойылды.

Жайық өзенінің ұзындығы  2534 км., оның су жиналатын алабы 220 млн. км2, егер бұған Үлкен және Кіші Өзен, Ойыл және Сағыз өзендерінің алқабын қоссақ 307 млн. км2 болады. Қазақстан территориясында Жайық өзенінің ұзындығы 1082 км. Жайыққа Самара, Ор, Елек, Утва өзендері құяды. Сулылығы жағынан Жайық өзені Қазақстанда төртінші орынды алады.

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Ауданның геологиялық құрылымы 

 

Облыстың солтүстігін өзен аңғарларымен тілімделген, юра, бор жыныстарынан түзілген жонды жазық Жалпы Сырттың оңтүстік сілемі алып жатыр. Жайық өзенінен шығысқа қарай Жалпы Сырт Орал маңы үстіртіне ұласады. Бұл өңір төрттік кезеңнің саздақ, құм қабаттарынан жамылған бор жыныстарынан құралады,  биіктігі 110-263 м.  Каспий маңы ойпаты жас төрттік және сол кездегі тұздылығы жоғары болған шөгінділерден тұрады. Солтүстік-шығыстан оңтүстікке қарай Жайық өзені ағады. Жайық өзенінің аңғары аллювий шөгінділерінен құралған. Облыстың аумағы түгелдей дерлік тұз күмбездерінен түзілген.

Геологиялық құрылымы бойынша Орал тауы палеозойда меридиандық бағытта созылған геосинклинальдық жүйе болған, герцин қатпарлығы нәтижесінде біржола бекіген жер қыртысының ірі құрылымдарының бірі. Ортаңғы карбонға дейін геосинклинальдық аймақ, ортаңғы тристан кейінгі уақытта тау массивтерінің қарқынды көтерілулері мен мүжілулерінің және шөгінділердің қалың қабаттары жиылу провинциясы болды. Ортаңғы тристан бастап Орал таулары  планформалық режимде дамыды. Орал тауларында барлық геологиялық  жүйелердің жыныстары түгел кездеседі. Вулкандық әрекеттер докембрий мен палеозойда күшті болды. Ордовик, силур эффузияларының қалың қабаттары және бұлармен жастас интрузиялар Солтүстік және Орта Оралда біріншісін докембрий мен каледон қатпарлықтары, екіншісін герцин, үшіншісін киммерий мен альпі қатпарлықтары құрайды. Герцин қатпарлығының ерекшелігі – шығыс беткейдегі жоғарғы карбонда басталған қатпар түзуші қозғалыстардың батыс беткейге ауыса келе ондағы пермь жыныстарын қатпарлыққа жиырғандығы. Аталған қатпарлықтар және олармен байланысты магмалық әрекеттер нәтижесінде Орал алды бөктерлік ойпаңы, Солтүстік Орал ойысы, Орал-Тобыл анклинорийлері қалыптасты.

Атырау облысы платформалық геофизикалық деректер бойынша     7-20 км-лік тереңдікте және көршілес аудандармен салыстырғанда өзгеріске түскен шөгінді-жанартаулы және интрузиялық жыныстардан қалыптасқан. Платформалардың сынуының салдарынан ірі блоктарға ыдыраған.

Каспий маңы ойпаты геологиялық құрылымы жөнінен батысында Ергеней қыратымен және Еділдің тармақталған атырауымен, солтүстігінде Жалпы Сырт шетімен, шығысында Оңтүстік Орал етегіне, яғни Жайық өзеніне жалғасатын Жем үстіртімен, оңтүстік-шығысында Үстірттің кемерімен көмкерілген, Каспий теңізінің солтүстік айдынымен шайылып жатқан жазық аймақ. Бұл күнде алғашқы ежелгі жазықтың белгілері тек теңіз жағалауында ғана сақталған, ал су жиегінен солтүстікке немесе шығысқа қарай қашықтаған сайын жазықтың ежелгі ерекшелігі жойыла бастайды. Сөйтіп Нарын және Тайсойған құмды белестері пайда болған. Олардың биіктігі кейбір жерлерде 10-12 м-ге көтеріңкі келеді. Еділ, Жайық, Жем, Сағыз өзендерінің бұрынғы арналарының төңірегінде құмды жондар қалыптасқан және олардың биіктігі кейде 7-15 м-ге, ал ұзындығы 1,5-2  км, ені 200-300 м-ге жетеді. Бұлар негізінен хвалын кезеңінің  құмды-сазды жыныстарынан қат-қабатталып түзілген, гипстелген, тұзға қаныққан, кейде сілтісізденген болып келеді.

Қарастырып отырған аумақта жер  асты суларының қалыптасуы, олардың ауысуы және азаюы аймақтың геологиялық жағдайымен тығыз байланысты. Облыстағы қуатты шөгінді түзілімдерінде жатқан жер асты сулары мөлшерінің сан алуындығымен, гидродинамикалық, гидрохимиялық, гидротермикалық қасиеттерімен және қалыптасу шарттарымен ерекшеленеді. Мұнда су ұстайтын шөгінділердің құрылымдық және гипсометриялық жағдайына,  литологиялық құрамына, тереңдік дәрежесіне қарай әртүрлі болып келеді.

Тұз үстіндегі, тұз астындағы қысымды кешендер шөгінділердің түріне қарай жіктеледі. Тұз үстіндегі қысымды су кешендері өз кезегінде төменгі дәрежедегі кешендерге бөлінеді. Оларға пермотриасты, юралық, борлық, палеогендік, неогендік және төрттік кешендер болып ажыратылады.

 

1.3. Ауданның жалпы жер бедері және пайдалы қазбалары

 

Атырау облысының жер бедерінің басты ерекшелігі, оның ойпатты жазық болып келуінде. Геоморфологиялық тұрғыдан жер бетінің биіктігі барлық аудандарда теңізге қарай көлбеулене кеми түседі, яғни Каспий маңының депрессиясы жақсы айқындалады. Соның  нәтижесінде көпшілік жерлердің абсолюттік биіктігі теңіз деңгейінен төмен жатыр. Облыс жері түгелімен Каспий маңы ойпатының құрамына  енеді және аздап Жем үстіртінің батыс шетін алып жатыр. Бұл екі геоморфологиялық құрылым Орыс платформасының күрделі әрі әр текті алқабы болып табылатын терең тектоникалық ойыс – Каспий маңы синеклинасының үстінде орналасқан. Синеклиза екінші кезекті бірқатар тектоникалық құрылыммен күшейе түскен. Кристалдық жыныстар мұнда 20-30 км-лік аса тереңде, палеозой мен мезокайназой шөгінділерінің астында жатыр.

Каспий маңы ойпаты – теңіз түбінен босаған алғашқы аккумуляциялық жазық. Орографиялық жағынан жайпақ, теңізге қарай көлбеу жатқан орасан зор ойпаң. Атырау облысының солтүстік шетінің абсолюттік биіктігі нөлдік горизонталь сызығына сай келеді. Ал оңтүстік шетінде Каспий теңізінің жағалауы мұхит деңгейінен 27 м төмен жатыр. Облыс рельефінің көтеріңкі жері шығысындағы Жем үстірті. Бұл геомофрологиялық құрылым жаңа тектоникалық қозғалысының инверсиялық көтерілімінен пайда болған. Үстірттің биік жері облыс жерінен тысқары жатыр. Облыстың ең биік жері – қиыр оңтүстік-шығысындағы Үстірт. Осылайша зерттеліп отырған аудан рельефі шығыстан батысқа қарай да көлбеу келеді. Каспий маңы ойпатының қазіргі рельефінің антропоген дәуірінде бірнеше рет болған теңіз трансгрессияларымен байланысты. Соңғы теңіз трансгрессиялары алдыңғысының жасап кеткен рельефін қайта тегістеп отырған. Каспий теңізінің деңгейі ең жоғары көтерілген Төменгі Хвалын трансгрессиясы кезінде қазіргі 80 м биік, ал мұхит деңгейінен 50 м биікке жетті. Бүкіл Атырау және Батыс Қазақстан облыстары жерін су басты. Каспий маңы ойпаты теңізден түгелдей голоценде босады. Теңіз суы шегінген кезде біртіндеп емес, арасында тоқтап, кідіріп отырған.

Сонымен қатар теңіз шегінген кезде эрозиялық әрекеттер қарқынды өтеді, өзен аңғарлары оңтүстікке қарай ұзарып созылып, теңіз жағалауларында желпуіш тәрізді атыраулар жасап жылжып отырған. Үлкен атырау Жайық өзенінің сағасында Бақсай-Новобогат аралығында байқалады. Ол солтүстіктен оңтүстікке қарай 150 км созылған, табанының ені 80-100 км. Бірінің үстіне тірі түзілген, екінші қатардағы, төрт үшбұрышты шағын атыраулардан тұрады. Олардың әрқайсысы Каспий теңізінің трансгрессиясы мен шегінуінің тарихына байланысты түзілген. Жайық атырауының биік жері солтүстікте, салыстырмалы биіктігі 5 м, табанының биіктігі 27 м биікте жатыр. Мұндай аллювийлі атыраулы жазықтар Ойыл, Сағыз, Қайнар және Жем өзендерінің төменгі ағыстарында да кезігеді.

Каспий маңы ойпатының жер бедерін құруда желдің маңызы зор. Құмды жазықтарда эолды рельеф формалары кеңінен тараған. Олар теңіз трансгрессияларының және өзендердің алып келген аллювиальді дельталық шөгінді жыныстарында жақсы дамыған. Облыс жерінің Еділ-Жайық өзендерінің аралығындағы Нарын құмы алып жатыр.

Каспий маңы ойпаты батысында Ергеней қыратымен және Еділдің тармақталған атырауымен, солтүстігінде Жалпы Сырт шетімен, шығысында Оңтүстік Орал етегіне, яғни Жайық өзеніне жалғасатын Жем үстіртімен, оңтүстік-шығысында Үстірттің кемерімен көмкерілген.   Бұл күнде алғашқы ежелгі жазықтың белгілері тек теңіз жағалауында ғана сақталған, ал су жиегінен солтүстікке немесе шығысқа қарай қашықтаған сайын жазықтың ежелгі ерекшелігі жойыла бастайды. Еділ, Жайық, Жем, Сағыз өзендерінің бұрынғы арналарының төңірегінде құмды жондар қалыптасқан және олардың биіктігі кейде 7-15 м-ге, ал ұзындығы 1,5-2  км, ені 200-300 м-ге жетеді. Бұлар негізінен хвалын кезеңінің  құмды-сазды жыныстарынан қат-қабатталып түзілген, гипстелген, тұзға қаныққан, кейде сілтісізденген болып келеді.

Зерттеліп отырған  аймақта қалың шөгінді қабатармен байланысқан әр түрлі пайдалы қазындылар мол. Олардың ішінен қоры аса бай әрі негізгісі мұнай болып табылады. Атырау өңірінде мұнай өндіру 1899 жылдан басталды. Атырау облысының оңтүстік-шығысында шоғырланған карбонат жыныстарының мол аймағынан ондаған жылдар бойы игеріліп, қазақ елінің мұнай-газ өндірісінің негізі болып табылатын бұрынғы кендерге қосымша соңғы жылдары аса ірі Теңіз мұнай кені ашылды.

Кен қабаттарының пайда болуы тектоникалық, литологиялық және стратиграфиялық экрандағы антиклиналдар сияқты әр түрлі қатты жыныстар кедергілеріне тығыз байланысты, сондықтан кендердің басым көпшілігі тектоникалық экрандағы кедергілер маңынан ашылды. Әдетте триастық мұнайлар жеңіл, күкірті аз болады. Ал юралық мұнайлар әдетте ауыр, бірақ күкірті аз келеді.

Мұнай-газдан  басқа аумақта пайдалы қазбалар ішінен облыс экономикасы үшін маңызды борат және борат тұзды кендері, ас тұзы, калий, магнийлі жыныстар, құрылыс индустриялық шикізаттары (гипстер, саз, құм, әктастар), сондай-ақ битуминозды жыныстар мен тұщы және минералды су көздерінің кендерін атап кеткен жөн.

Көл  тұзының жер бетіне шығып жатқан көлемі 121 км2, ал қалыңдығы 56,2 м-ге жетеді. Көлдің тұзды суы құрамында бор, калий, магний, бром, литий және басқа тұздар мол. Облыстың көптеген тұзды алқаптарын құрайтын ас тұзының қоры өте мол. Тұзды алқаптардағы тұз сапасы жөнінен химия өндірісінің жоғары талаптарына сай келеді. Тұздардың бір бөлігі ауыл шаруашылығында малдарды қосымша азықтандыру үшін де пайдаланылады.

 

1.4. Ауданның гидрографиялық торабы

 

Жайық өзені Ресей жеріндегі Орал тауы сілемінің оңтүстік-шығыс етегіндегі бес мөлдір бұлақ көзінен басталады да; Башқұртыстан жерімен ағып, Челябі, Орынбор облыстарын басып отіп, Елек өзені сағасынан бастап қазақ еліне еніп, Батыс Қазақстан облысы топырағына өтеді. Олар тауының Нәжім тауынан бастау алған Жайық өзені бастапқыда Оңтүстік Оралдың шығыс беткейін бойлай тар аңғармен ағады. Жалпы Жайықтың ағыс қуаты толығымен оның жоғарғы ағысы бойында, яғни Ресей жерінде қалыптасады. Жайық өзені Верхнеуральск қаласынан төмен қарай жазықпен өтеді, ал Магнитогорск қаласының тұсында өзеннің жағасы жарқабақ болып келеді. Ор қаласынан төменде өзен батысқа шұғыл бұрылып, Губерли шатқалымен өтеді. Жайық төменгі ағысында сәуірдің бас кезінде, ал жоғарғы ағысында сәуірдің 2-ші жартысынан маусымға дейін су тасқындары болып тұрады. Жайық өзенінің су күзде бір-біртеу суып, қараша айында қата бастайды, орташа есеппен өзен бетін жылына 121 күн мұз құрсап жатады. Көктемде 7 наурыздан 14 сәуірге дейін мұз мұқара түседі де, 1-3 күн сең жүріп, су беті ашылады. Жайық өзенінің жоғарғы ағысында 13 сала, ал орта ағысында 14 сала құяды. Соның ішінде ірі салалары: Сақмара, Тапалық, Шаған, Елек, Ор, Өлеңті, Бұлдырты, Қалдығайты, Бақсай, Бағырлай салалары Жайыққа жетпей Каспий маңы ойпатында құрғап қалады.

Жайық өзені – сулылығы жағынан Қазақстанда төртінші орынды алатын, ең үлкен тарзиттік өзен болып табылады, оның ұзындығы 2428 км, өзен ұзындығы 3531 км Волга және 2857 км Дунай өзендерінен ғана артта қалады.

Орал қаласынан төмен су деңгейі жоғарылағанда өзен теңіз құра жиналады. Оңтүстікке Калмыкова селосына қарай Жайық Узеней суларымен қосылады да жалпы ені 100 км жететін кездері болады.

Өзендер негізінен басын Жалпы Сырттан алады да Жайықтың оң сағаларымен (Шаған, Деркул), немесе Каспий маңы ойпатының ағынсыз алаптарына  қарай кетеді.

Жайық өзенінің суы жоғарғы және ортаңғы өзен ағындыларымен қалыптасады. Жайық өзенінің төменгі ағысында бір де бір сағасы жоқ. Өзен көбінесе қар суымен қоректенеді. Өзеннің төменгі бөлігінде су тасуы сәуір-маусым айларында болады.

Жайық өзені – Каспий алабының ортаңғы және төменгі ағыстарындағы балық шаруашылық маңызы зор, жалғыз реттелмеген өзен болып табылады. Жайық өзенінің қатты ағындысы (шөгінділер, үйінділер) және суының лайлылығы жазық жерлердегі Каспий теңізіне құятын өзендерге қарағанда жоғары.

Жайық өзенінің суы гидрокарбонатты-натрийлі класқа жатады, Кейбір мезгілде оның суы хлорлы-катрийліге ауысады. Өзеннің тұздылығы 3,21 г/кг нан  5,95 г/кг-ға, сілтілігі  — 3,1-3,4 мг-экв/л.

          Маңғыстау облысы аумағында үнемі ағатын ағындар жоқ. Мұнда ағыны тек көктем мен күзде ғана болатын құрғақ арналармен және салалармен қоршалған  ағынсыз ойпаттар тараған.         

          Қазақстан республикасының аумағын шайып жатқан Каспий теңізінің айдыны екі табиғи ауданға бөлінеді: Солтүстік Каспийдің шығыс бөлігі және Ортаңғы каспийдің шығыс бөлігі. Солтүстік каспийдің шығыс бөлігі тұтасымен жартылай тұйық оқшауланған су қоймасы болып табылады. Оның гидрологиялық режимі континенттік климат жағдайында, максимал тереңдігі 10 м-ден аспайтын су таяз қайраң жағдайында қалыптасады. Теңіздің фондық су деңгейінің тербелісіне және Еділ мен Орал өзендері ағындысына тәуелді. Солтүстік Каспийдің шығыс жағлауының жағаға іргелес түбінің және оған жапсарлас жатқан жағалау зонасының еңістігі өте кіші, бұл жағалау сызығының теңіз суның фондық деңгейі 1 м-ге көтерілген кезде 15 км-ге дейін шалқуын және желқума-желбөгет құбылыстары кезінде 2-3 км-ге шегініп шалқуын айқындайды. Орта Каспийдің қазақстандық шығыс жағалауы түзу сызықтыға жақын, жағасы құламалы, тік, ол жерде жағалау миграциясы аз. Теңіздің ортаңғы бөлігінде судың тереңдігі 50-200 м-ге дейін өзгереді.

Солтүстік Каспийдің шығыс бөлігінде байқалатын динамикалық процестерді: желқума, желбөгет, ағыс, толқын, тасындылар ағындысын, теңіз суы деңгейінің желқума-желбөгет әсерінен тербелуінің динамикасын айқындайтын басты фактор жел болып табылады. Ауаның Солтүстік Каспий үстіндегі циркуляциясы негізінен сібір қысқы максимум және жазғы ауған-иран минимумы сияқты континенттік баралық түзілімдердің әсерінен қалыптасады. Солтүстік Каспийдің акваториясында осы баралық центрлердің батыс отрогтарының түзілуі және таралуымен байланысты атмосфералық қысымның маусымдық өзгерісі байқалады. Сонымен қатар, теңіздің өзінің баралық өріске жергілікті термодинамикалық ықпалы орын алады. Солтүстік Каспийдің шығыс айдынында желдің режимі бойынша солтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс аудандарды ажыратады.

Каспий теңізінің солтүстік жағалауы: ойпатты, құмды, тастақты жазық, теңіз суының шалқып шегінуінен кең алқапты шөгінді-лайлы қайраң қалыптасқан. Маңқыстау жағалау абразивтік (жемірмелі) жарқабақты болып келеді. Солтүстік бөлігінің жағалауы қарқынды түрде өсіп келеді. Оған теңіз суы деңгейінің төмендеуі, атыраудың күрт өсуі және мол терригендік материалдың келіп түсуі ықпалын тигізеді. Оңтүстікке қарай жағаның аккумуляциялық түрі басым бола береді.

Теңіз түбі бедерінің ерекшелігі: солтүстігі тайыз сулы, көлбеулене келген шөгінділі жазық, оңтүстігі – шоңғалды терең ойыстар. Түбінің бедері мен гидрологиялық ерекшеліктеріне қарай теңіз: Солтүстік Каспий, Орта және Оңтүстік Каспий болып ажыратылады. Каспийдің ең таяз жерінің тереңдігі 4-8 м.

Теңіз деңгейінің уақытша ауытқуы көбінесе судың шалқып-шегіну, яғни желқұма, желбөгет құбылыстарына байланысты. Осыған байланысты теңіз су бетінің деңгейі солтүстігінде 2-2,5 м-ге дейін көтеріліп, 2 м шамасында төмендейді. Жалпы маусымдық ауытқу мөлшері 30 см-дей болады. Кейде сейш құбылысы байқалады. Оның периоды 10 минуттан 12 сағаттқа дейін, ал ауытқу аралығы 0,7 м-ге дейін жетеді.     

Орталық Оралдың  Батыс беткейдің өзендері жауын-шашын біркелкі таралмайтын шығыс беткейге қарағанда мол сулы келеді. Өзендер қар және жаңбыр суымен қоректенеді.

Солтүстік және Ортаңғы Каспидің гидрологиялық режимінде ағыс маңызды рөл атқарады. Ағыстың сипаты судың тұздылығының, лайлылығының, жылу адвекциясының, тасындылардың тасымалдануы мен шөгуінің кеңістіктік-уақыттық өзгерісін, теңіз түбі бедерінің қалыптасуын, планктоннның орын ауыстыруын, гидрохимиялық режим ерекшеліктерін, судың ластану процестерінің өзгеруінде маңызды рөл атқарады.  

Солтүстік Каспийде ағыс желмен, Жайықтың ағындысымен, су тығыздығының үлестірімімен анықталады. Олар судың тереңдігіне, теңіз түбінің рельефіне, су асты өсімдіктерге және жағалаудың конфигурациясына тәуелді. Өзен ағындысы және су тығыздығының үлестірімі тұрақты ағындық ағыстарды айқындайды, ал желдің әсері желдік және градиенттік ағыстарды айқындайды. Ағындық ағыстар мен желдік ағыстардың жылдамдығын салыстыру Солтүстік Каспийдің гидрологиялық жағдайының өзгеруінде соңғысы басымдық рөл атқаратынын көрсетті.

Солтүстік Каспийде ағыс ауқымды уақыттық өзгергішітігімен ерекшеленеді. Судың бір бағыттағы тұрақты қозғалысы 37 сағатқа тең. Солтүстік каспийдің шығыс бөлігінде тұрақты су айналымы жоқ.

Солтүстік Каспийдің шығыс жағалауын бойлай түгелдей дерлік су кемерінен 1,0-1,5 м изобат шегіне дейін су өсімдігінің «бөгеті» бар, ол жағаны толқыннан әсерінен қалқалайтын қалқан ретінде қызмет жасайды. Шығыс қайраңы үшін желдің қамтамасыздығы 2 % максимал жылдамдығы (30 м/с) кезінде және желқума кезіндегі 0,7 м тереңдікте толқынның орташа биіктігі 0,25 м құрайды, ал максимал биіктігі 0,45 м, толқынның орташа ұзындығы 2 м-ге жуық.  

Орта Каспийдің қазақстандық шығыс бөлігінде солтүстік және солтүстік-батыс толқындар, сондай-ақ оңтүстік-шығыс толқындар басым. Жазда солтүстік бағыттан пайда болатын толқындар басым. Толқындар ең үлкен биіктігіне оңтүстік-шығыстан пайда болғанда жетеді. 

 

 

1.5. Ауданның климаттық жағдайы

 

Зерттеліп отырған ауданның климаты тым континеттік, қуаң, қоңыржай. Қаңтардың орташа температурасы -14 -15оС құрайлы, ал шілденің орташа температурасы 22-25оС. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 190-300 мм. Қар жамылғысы солтүстігінде130-140, оңтүстігінде 70-80 күн жатады.

Каспий теңізі алабы бірнеше климаттық белдеулерді қиып өтеді: солтүстігінде континенттік, батысында қоңыржай жылы, оңтүстік батысында – субтропикалық-ылғалды, шығысында қуаң белдеулі.   Атмосфералық циркуляцияны айқындайтын басты барийкалық центрлері қыста азиат максимумының сілемдер, жазда азор максимумы мен оңтүстік-азиат минимумы сілемдері. Климатының басты ерекшеліктеріне айтарлықтай континенталдылық, ауа-райының антициклондық жағдайның басым болуы, құрғақ желдер, қатал аязды қыс (әсіресе солтүстік бөлігінде), жыл ішінде температураның айтарлықтай өзгеруі, жауын шашынның аз болуы жатады. Атмосфералық фронтарында циклондық іс-әрекет дамиды. Бұл да Каспий теңізінің климаты мен ауа-райының басты элементінің бірі болып табылады. Теңіздің солтүсті бөлігі өзінің континенттік климатымен, термиялық жағдайымен, ауа температурасының күрт ауытқуымен, жауын-шашынның тапшылығымен ерекшеленеді. Солтүстік және орта бөліктерінде жел қазан-сәуірде шығыстан, мамыр қыркүйекте солтүстік-батыстан соғады, оңтүстігінде муссондық жел байқалады, орта бөлігінің солтүстік-батысында жел өте күшті болады, жылдамдығы кейде 24 м/с-тан асады.

Көпжылдық орташа ауа температурасы солтүстік жағалауда 7-8 °С-ден (Ганюшкина, Забурунье, Атырау) 9-11 °С-ге дейін шығыс жағалауында (Форт-Шевченко, Актау, Тұщыбек) өзгереді. Жазы ыстық. Жылдың жылы айлары шілде-тамыздың көпжылдық орташа температурасы 24-26 °С, жекелеген жылдары байқалған абсолюттік максимумы 38-42 °С шамасында. Жаз айларындағы ауа температурасының тәуліктік ауытқуы орта есеппен 7-10 °С, максимум ауытқу 26-28 °С.  Қыс айларында ауаның тепмературасы – 10-12 °С. Жылдың ең суық айы қаңтардың көпжылдық орташа температурасы солтүстік жағалауында – минус 10 °С –ден, шығыс жағалауында минус 3-5 °С дейін. Ауа температурасының абсолюттік минимумы солтүстік жағалауында  минус 38 °С , ал шығыс жағалауында минус 28 °С. Қыстан көктемге өту өте жылдам жүреді. Наурыз айынан сәуір айына қарай ауа температурасының көтерілуі 10-12 °С құрайды.

Теңіз бетіне түсетін жауын-шашын мөлшері өте жеткіліксіз. Солтүстік жағалауында жылына орта есеппен 170-190 мм, оңтүстік-шығысқа қарай 140-150 мм-ге дейін төмендейді. Жауын-шашын маусым бойынша біркелкі таралмаған. Көктемнің басында, жазға қарай өткенде және күз түскенде жауын-шашынның көп мөлшері түседі.

Сұйық жауын-шашын жылдық жиынтық жауын-шашынның 50-75 % құрайды.

Қар жамылғысы жылдардың 50 % артық жағдайда қалыптаспайды. Орта есеппен қар жамылғысының қабаты мардымсыз, ең үлкен шамасы ақпан айында (15-20 см) байқалады. Кеңістікте біркелкі таралмайды. Суайрық сызықтарынан жел қуып әкеліп микро және мезо-формалы рельеф ойыстарына тығып тастайды. 

Теңіз бетінен буланудың жылдық орташа мөлшері басым бөлігінде 1000 мм-ге дейін жетеді. Оңтүстік каспийдің шығыс бөлігінде, Апшерон түбегінің маңында жылына 1400 мм-ге дейін жетеді.

Жазда судың беткі қабатының орташа температурасы 24-26 °С, оңтүстігінде 29 °С. Шығыс жағалауында шілде-тамыз айларының кейбір күндерінде судың беткі қабатын күшті жел ығыстырып араластыруына байланысты, төменнен көтерілген суық су жалпы температураны 10-12 °С дейін салқындатады. Қыста судың орташа температурасы солтүстігінде – 0,5 °С, орталығында 3-7 °С, оңтүстігінде 8-10 °С. Солтүстігінде теңіз беті қарашадан наурызға дейін қатып, мұздың қалыңдығы 2 м-ге дейін жетеді. Теңіз суының орташа тұздылығы – 12,7-12,8 ‰, шығыс жағалауында               13,2 ‰, теңіздің Еділ мен Жайық сағаларына жуық бөлігінде 0,1-0,2 ‰. Теңіздің аумағы бойынша тұздылықтың өзгеруі тіктеме бойынша да, уақыт бойынша да елеусіз, тек солтүстігінде ғана Еділ ағындысының тербелуіне байланысты айтарлықтай тербеліс байқалады. Каспий теңізі тұзының әдеттегі мұхит суының тұздылығынан айырмашылығы үлкен. Теңіз суында сульфат, кальций корбонаты, магний мол, керісінше мұхит суына қарағанда хлорид аз. Оны өзен ағындысының ықпалымен түсіндіруге болады.

 

1.6. Ауданның биогендік ерекшеліктері

 

Топырағы. Орал облысының жерінде қара, қара қызыл қоңыр,  боз қызыл қоңыр топырақтар кездеседі. Кейде қоңыр шалғынды, сор, сортаң топырақтар түрлері де ұшырайды. Облыс жерінің 10%-ы құмды болып келеді.

Жалпы Каспий маңы ойпатының топырақ жамылғысының құрылымы өзінің түзілу факторлары мен құрамының сан алуандығына байланысты өте күрделі болып келеді. Зерттеліп отырған аймақ негізінен шөлейт зона құрамына кіреді, Жайық өзенінің екі жағындағы кең жайылымдарда құнарлы қабаты 70 см-ге дейін болатын шалғынды аллювийлі қуаң топырақ, Нарын, Тайсойған, Ментеке өңірлерінде бозғылт құмды топырақ тараған. Ойпаттың теңіз жағалауында батпақты-тұзы саз топырақ гімісқа тапшы, шикі шым тезек аралас келеді. Афтоморфты қоңыр не сұр топырақ Жайықтың екі жағасында да, әсіресе сол жағында Тайсойған дейінгі өңірді, Ойылдың  сағалық бөілігін қамтиды, біршама құнарлы келеді. Каспий маңы ойпатының шығыс жағында гумісқа кедей, сұр, қоңыр не саз топырақты ойыстыра қалыптасады. Жайықтың сол жағында, Сағыз және Жем өзендерінің сағаларында сорлар басым келеді. Аймақтың осы сипаттағы жер қоры, топырақ жамылғысы, негізнен ауыл шаруашылығына, соның ішінде мал шаруашылығына пайдаланылады.

Өсімдігі. Аймақтың өсімдік жамылғысы алуан түрлі. Орал облысының солтүстік бөлігін бетегелі-бозды дала алып жатыр. Бұның оңтүстігінде ақ жусанды-бетегелі шөлейт зона орналасқан. Өзен аңғарларында шалғынды құрақ, қамыс Жайық жайылмасында ақ және қара терек, тал, емен, қайың, ырғай, итжүзім, долана, итмұрын т.б. өседі. Жайық өзен мен Тайпақ каналы бойларында орманды алқаптар отырғызылған. Облыс жерінде бояу, дәрі-дәрмек алынатын өсімдіктер де өседі.

Орал тауларында солтүстіктен оңтүстікке ауысып отыратын бірнеше табиғат зоналары бар. Сонымен қатар топырақ және өсімдік жамылғысының биіктік белдеулері де анық байқалады. Полярлық және поляр маңылық Оралда тасты, қыналы және мүкті тундра дамыған. Оңтүстігінде және беткейлердің төменгі бөліктерінде тундра Орал тауының көп жерін қамтыған орман зонасымен алмасады. Бұл зоналық солтүстігі кілең қылқанды тайгадан, ал оңтүстігі аралас және жалпақ жапырақты орманнан тұрады.  Қылқан жапырақтардан шырша, май қарағай, қарағай, бал қарағай, сотүстігінде самырсын қайың, көк терек өседі. Оңтүстік Орал етегінде, Жайық өзен маңында орман зонасы шымды-күлгін және қара топырақтан тұратын орманды дала зонасына ауысады.

Зерттеліп отырған аумақтың шөлейт зонасының табиғи ылғалы жеткіліксіз және топырағы тұзды аймағының құрамына кіретін Каспий маңы жерінің өсімдік жамылғысы солтүстігіндегі далалық және оңтүстігіндегі  шөл зоналарының осы өңірге өскен және бейімделген өсімдік түрлері ғана қалыптасқан. Барлық аудандарда дерлік ақ және қара жусанды-қияқты, бұйырғынды-ебелекті, мортықты, қоңырбасты-көкпекті шөптер жиынтығы басым өседі. Бұларға қосымша көктемде ойдым-ойдым ойыстарда, қазан шұңқырларда селеу, изен, сарсазан, итсигек, ажырық т.б. араласа өседі.

Қазақстанның «Қызыл кітабына» Жайық алабының табиғаты  бойынша  енгізілген, яғни жойылып кету қаупі бар өсімдік түрлері кездеседі. Оларға мыналар жатады: ақтұңғиық, ауыспалы қау, берік сүттеген, бор рияны, бор сиякөгі, бүршікті феллориния, кәдімгі жұмсақ жеміс, кестелі шампиньон, комаров жоңышқасы, қатпар гладиолус, су шылымы, талиев гүлкекіресі, теңге жапырақты шықшөп.

Жануары.  Жайық өзені бойындағы тоғайларда суыр, елік, Үлкен Өзеннің қамысында жабайы шошқа, оңтүстік-батыс жағында бөкен, күзен, түлкі, қарсақ, қасқыр, қоян, өзен жайылымдарында бағалы аңдардың бірі  ондатра, құндыз, саршұнақ мекендейді. Зерттеліп отырған аумақта құстардан   аққу, сұрқаз, бірқазан, сұртырна, балықшы, сұр кекілік, ұзын құйрықты су қарақұсы, кезқұйрық, қаршыға, қарлығаш, қараторғай кездеседі. Бауырмен жорғалаушыларға келетін болсақ, жылан кесіртке, кездеседі. Өзен-көлдерде қаракөз, аққайран, сазан, көксерке, т.б. балықтар кездеседі. Жайық өзенінде бекіре және шоқыр сияқты қызыл балық түрлері де ауланады.

Зерттеліп отырған аймақтың жануарлар дүниесіне негізінен кемірушілер мен бауырмен жорғалаушылардың үлесі басым деуге болады. Бірақ бұл аймақта пайдалы қазбалар, соның ішінде мұнай мен газды қарқынды игерудің нәтижесінде жануарлар дүниесінің таралу кеңістігі күрт тарылып бара жатыр, түрлерінің де саны азаюда.

Атырау өңірінің, соның ішінде Жайық өзенінің басты байлығы – бекіре балығы ғасырлар бойғы бір-ден бір табиғат қоры болып табылады. Кезінде Атырау қаласының ірге тасының қалануына да басты себепші болған осы балық қоры. Сол күндерден бастап есепсіз ауланып келе жатқан балықтар жылдан-жылға азайып бара жатыр. Балықтардың санын молайту және оның өнімділігін  арттыру мақсатындағы жұмыстар мүлдем мардымсыз жүргізілуде. Қызыл балықтың кейбір түрлері осы Каспий – Жайық алабынан басқа жер шарының басқа еш жерінде  кездеспейді.

Қазақстанның «Қызыл кітабына» Жайық алабының табиғаты  бойынша  енгізілген, яғни жойылып кету қаупі бар жануарлар  түрлері:  ақбас тырна, ала жертесер, алып соқыртышқан, безгелдек, бұйра бірқазан, бүркіт, дуадақ, жұпар тышқан, жыланбүркіт каспий албырты, қоқиғаз немесе қызыл қаз, кіші аққұтан, қарабай, қарабауырды бұлдырық, қаракүзен, қара кірпі, қарақал, қарақұйрық, құндыз, мәрмәр шүрегей, сары алақоржын, субүркіт, үстірт қойы, шағыл мысығы, шұбар күзен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Тарау

Жайық өзені атырауының ландшафтық

Құрылымы

2.1. Атырау-Маңғыстау алаптарының ландшафтық құрылымы

 

Президентіміздің халыққа жолдауы  мен Мемлекетіміздің стратегиялық жоспарларына сай ауыл аймақтарының проблемалары 2003-2005 жылдардағы ең маңызды  проблемалар болып саналды. Бағдарлама бойынша қоршаған ортаны қорғау Министрлігі 2005 жылы Батыс Қазақстанның ауыл аумақтарының әкімшілік облыстар шекарасында  экологиялық-демографиялық  зерттеулер жүргізді. Ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейі мен негізгі ландшафттық-экологиялық талдау жасау жобаның ең маңызды міндетерінің бірі болды. Табиғат  ресурстарын тиімді пайдалану стратегиясын жасаудың көп ақпаратты және объективті негізін салуда,  жерлердің деградацияға ұшырау процесстерін болдырмауда және ескертуде табиғи-аумақтық кешендердің (ТАК) құрылымдық ұйымдастрылуын зерттеу, олардың кеңістіктік моделін жасау маңызды. 1:1000 000 масштабындағы ландшафтық карта ТАК–тың дифференциациясының кеңістіктік моделі болып табылады. Бұл карта аумақтың ландшафтық-экологиялық жағдайын бағалаудың негізгі базасы болып табылады.

Атырау  және Маңғыстау облыстарының кеңістіктік құрылымдық құрылысы бірқатар өзіндік ерекшеліктерге ие. Егер Атырау облысының аумағы біртипті кеңістіктік ландшафтық құрылымдық болса, Маңғыстау облысының аумағы–айтарлықтай күрделі болып келеді.  Бұл ерекшеліктер облыстардың географиялық орналасуына, аумақтың геологиялық-геоморфологиялық ерекшеліктеріне, төрттік кезеңдегі негізгі ландшафтқұрушы компонеттерді қалыптастырудағы аридтік жағдайларға, сонымен қатар қазіргі кездегі физикалық-географиялық процесстердің ерекшеліктеріне байланысты.

Морфоқұрылымдық көрсеткіштері бойынша Атырау облысының ландшафттары жазықтық классқа жатады, қабатты дифференциациясына сәйкес біршама төмен түскен, салыстырмалы түрде көтерілген жазықтар мен ұсақ шоқылық подкластарға бөлінеді.  Маңғыстау облысының ландшафттары жазықтықтық және таулық кластарға жатады, қабатты дифферциациясына сәйкес біршама төмен түскен жерлер және біршама көтерілген жазықтар мен аласатаулар подкласына  жатады. Бөл бөлінулер аумақтың генезисін, литологиялық құрылымын және морфоқұрылымдық ерекшеліктерін есепке ала отырып жүзеге асырылған. Атырау облысының ландшафттарының жазықтықтық кластары шөлейт және шөл типтерін қамтиды, ал Маңғыстау облысы аумағы шөлді тип болып саналады.

Ландшафт типтері биоклиматтық көрсеткіштердің ерекшеліктері бойынша, соның ішінде топырақ түзуші типтерді және өсімдік жамылғысының сипатын анықтайтын жылу мен ылғал сәйкестігі бойынша бөлінген. Жергілікті жердің физикалық-географиялық жағдайлары мен процесстеріне, геологиялық- геоморфологиялық құрылымын анықтайтын ерекшіктеріне, гидро-климаттық сипаттамаларына, топырақ-өсімдік жамылғысына, жаңа тектоникалық қозғалыстардың пайда болуына байланысты Атырау облысы аймағында ландшафттың 72 түрі анықталған. Оның 4 түрі – шөлейтті типтегі, 68 түрі шөлді типтегі ландшафттар, ал Маңғыстау облысы аумағында  осындай 67 ландшафт типі анықталған.

Атырау облысының жоспарлы ландшафтық құрылымындағы айтарлықтай төмен түскен шөл және шөлейт типтердің  теңіз ландшафттары негізгі болып табылады. Бұл типтер гидрологиялық агенттер мен дифференциациялық белдеулік факторлар және  белдеулік ландшафт түзуші факторлардың бірігуімен құрылған. Бұл типтегі табиғи аумақтық кешен зерттеліп отырған аймақтың 70 %-ын алады. Барлық  табиғи аумақтық кешеннің 56,7 % -ы ландшафтық әртүрлілігі дәрежесі бойынша ерекшеленеді. Теңіздік әлсіз еңістелген және еңіс жазықтықтық ландшафттық табиғи аумақтық кешен аумақтың 46,3%-ын алып, басымдылық көрсетеді. Одан кейінші орташа басымдылық көрсететін, аз жерде тараған эолды теңіздік жазықтықтық табиғи аумақтық кешен 39%ды құрайды. Теңіздік алғашқы жазықтық ландшафттары табиғи аумақтық кешеннің  14,7% әртүрлілігін құрайды. Аз  дамыған ландшафттарға шөл мен шөлейт типтердегі аллювиальді,                көлдік-аллювиальді дәне аллювиальді-пролювиальді жазықтар. Ландшафттық әртүрлілігі жағынан мұндай жерлер табиғи  аумақтық кешеннің 23,7 %-ын алып жатыр. Фонды зональды табиғи аумақтық кешенге бұл аумақта шөлді типтердің төмен түскен жазықтарының аллювиальді ландшафттары жатады және аумақтың 76,5%-ын алып жатыр. Шөлді типтердің біршама төменгі жазықтарының көлді-аллювиальді және аллювиальді-проллювиальді табиғи аумақтық кешендеріне  берілген ландшафттардың   5,9 % және  17,6 % тиесілі.

 Шөл және шөлейт типтердегі қабатты көтеріңкі жазықтықтық ландшафттары және шөл типінің ұсақшоқылары Атырау облысының 12,5%  түрлік ерекшелігін қалыптастыра отырып, шығыс бөлігінде тараған. Шөлді 62-68 типтің   қабатты көтеріңкі жазықтық ТАК-ның  берілген ландшафт әртүрлілігінің 77,8 % келеді. Субдоминантты ландшафттарға ұсақшоқылы ТАК  және шөлейт типтерінің қабатты көтеріңкі жазықтар ТАК  жатады. Олардың жиынтығы ландшафттық әртүрлілікктің  22,2%-ын құрайды. Интрозональды ландшафттарға Жайық, Сағыз, Қайнар және Ембі өзендерінің алаптары кіреді, барлық ТАК-тың 7,1 %-ын алып жатыр.

Маңғыстау облысының  негізгі ландшафттық құрылымында                шөлді типтердің көтеріңкі жазықтықтық ландшафттар басым келеді.                    Бұл түрдің ТАК-ы зерттеліп отырған аймақтың 65 %-ын алады.                          ТАК құрылымдық ұйымының заңдылықтарын көрсететін ландшафттық картаға сай басымдылық көрсететін немесе ландшафттық фонды құрушы ТАК құрылымдық еңіс және әлсіз еңіс үстірті, бұл ландшафттардың 40,3 %-ын құрайды. Субдоминантты ТАК аз аумақта тараған, бірақ жалпы кеңістіктік құрылымда ерекше орын алады. Біз бұндай ландшафттарға құрылымдық бөктерлік және толқынды-бөктерлік үстірттерді жатқызамыз, мұндай ландшафттар аумақтың 17,1 %-ын қамтиды. Шөлді типтердің төмен түскен теңіздік ландшафттары аз жер тараған, олардың ТАК-ның 18 түрін құрайды. Ландшафттық әртүрлілік дәрежесі  бойынша  олар барлық ТАК-ның 26,9 %-ын алып жатыр. Зональды фонды ТАК-ға бұл топта теңіздік әлсіз және еңістіктік теңіздік жазықтар жатады, олар ландшафттардың әртүрлілігінің 50 %-ын құрайды.

Шөлді типтердің деллювиальді-пролювиальді көтеріңкі жазықтықтары Атырау облысының орталық бөлігінде тараған, олар барлық түрлік әртүрлігіктің 11,9 %-ын қалыптастырады. Шөлдік типтердің эолды салыстырмалы-көтеріңкі жазықтардың ландшафттары түрлік әртүрліліктің 3 %-ын құрап, облыстың солтүстік-шығыс бөлігінде тараған. Шөлдік типтердің көтеріңкі жазықтарындағы аллювиальді-пролювиальді ландшафттары және шөлдік типтердің қатарлы-бөктерлі аласа таулары аумақтың 1,5 %-ын қамтиды.

Интрозональді ландшафттар өсімдіктен айырылған сорлы және сортаңды  беткейлер түрінде кездеседі. Түрлік әртүрліліктің бар болғаны 1,5 %-ын ғана  алып жатыр.

 

          2.2. Жайық өзені ландшафтысының қалыптасуындағы тұзды-күмбезді құрылымдардың  рөлі

 

Каспий маңы ойпаты және оған солтүстік-шығысына жанасып жатқан Орал алды ойпаң жері әлемдегі ең ірі тұзды құрылымдар дамыған ауданға жатады. Ауданда жалпы саны 3000-ға жететін тұзды көтерілімдердің күмбезі күрделі ламинарлы құрылымды түзеді. Қатты  қысымның әсерінен ең төменгі тектоникалық сатылардан жоғары қабаттарға  тұздардың көтерілуінен  күмбездер пайда болады. Тұзды тектониканың ландшафттарға әсер ету механизмі тұзды жыныстарды механикалық сығуға, сындыруға, ең соңында жер бетінде формалар түзіп, геологиялық өзгерістерге  алып келеді. Тұзды-күмбезді ландшафтардың пайда болуының басқа да факторлары бар. Олар карстты галогенді-сульфатты жыныстардың шайылуынан және хлоридті-сульфатты тұздануынан пайда болған. Алғашқы тұзды-күмбезді ландшафттар Каспий маңы ойпатындағы тұзды-шөлді ландшафттар белдеулік геожүйелері арасындағы аномалия ретінде В.А.Николаевтің (1998 ж.) зерттеуімен қарастырылды.

Тұзды-күмбезді ландшафттардың морфоқұрылымына жүргізілген  талдаулар табиғи компоненттерді құрушы тұзды құрылымдар Каспий маңы ойпаты мен Оңтүстік Оралдың ландшафттық құрылымдарының негізгі факторлары болып табылатынын көрсетті. Феноменологиялық сипаттарымен қатар тұзды тектоникалардың түзілуінің ландшафттық процесстер жүйесіндегі тұзды көтерілімдер тұрақты табиғи кешендерді қалыптастырады, соның әсерінен қалыптасу жүйелерінде геополялық және экотондық байланыстар жүреді.

Тұзды қабаттардың дисгармониялық сипаттары сирек және керемет шатқарлардың  қалыптасуын анықтайды. Олар табиғатта өзіндік табиғи зоналар құрайды. Тұзды дислокациялардың үзілмелі сипаты геологиялық ортадағы тұзды-күмбезді ландшафттардың белдеулік геожүйелері арасындағы сәйкестікті анықтайды. Каспий маңы ойпатында да және Орал алдында да тұзды құрылымдар геоморфологиялық ауытқуларды қалыптастырып, аккумулятивтік немесе денудациялық рельефтерге айналады.

Геоморфологиялық ауытқуларға жүргізілген зерттеулер тұзды көтерілімдердің өте анық және белсенді екендігін көрсетеді. Белсенді құрылымдардың өте қатты көтерілу жылдамдығы Шалқар күмбезінде 0,25 мм/жыл көрсетеді, Басқыншақ күмбезінде – 0,5 мм/жыл. Орал алдындағы бұл типтердің  өзіндік аналогына Илецкая, Боевогорская және Дедуровская құрылымдары, сонымен қатар рельефтегі құрылымдық қатарлар, көлдік ойпаттар жатады. Тұрақсыз және тектоникалық жылжымалы денелер бола тұры тұзды көтерілімдер тұзды-күмбезді ландшафттардың динамикалық жоғары белсенділігін анықтайды. Тұзды-күмбезді геокешендердің дисгармониялық пайда болуы зональды ландшафттқа араласуына сәйкес тұзды күмбездердің көп болуына қарамастан, литогендік негіздердің ерекшеліктерімен түсіндіріледі.

Каспий маңы- Орал алды аймақтарында тектоникалық түзілімдер үш құрылымдық сатыға бөлінеді: тұзүсті, тұзды және тұзасты құрылымдары. Осылайша, тұзды күмбезді ландшафттар эвапориттік  шөгінділердің ерекше горизонтын анықтап, иілгіштік және ағушылық қасиетінің басымдылығын көрсетеді.  Эвапориттік қабаттардың ландшафттардың түзілуіне әсерін бағалай отырып екі маңызды сәтті анықтадық: біріншісі, тұзды тектогенездің таралу аймағында галогендік қабаттары жоқ күмбезаралық зоналар мен блоктар тараған. Екіншісі тұзды тектониканың әсерінен ландшафттық сфералардың  трансформациялану дейгейі әрбір көтерілімдердің тұсында әр түрлі. Бұл тұзды ядролардың жылжымалылығымен, көтерілімдердегі тектоникалық  процесстердің ұзақтығымен, тұзасты жыныстардың қалыңдығымен байланысты. Аталған факторлар тұзды ландшафттардың морфологиялық құрылымындағы әртүрлілік мен күрделілігін сипаттайтын белгілі математикалық көрсеткіштерді жүйелейді. Зональды далалы және шөлейтті ландшафттар құрылымының әртүрлілігі мен күрделілігін үнемі эталондық өлшем ретінде ескере отырып тұзды-күмбезді геокешендердің құрылымының трансформациясының дәрежесін геополя формасында елестетуге болады. Геополя кеңістігі тұзды-күмбезді ландшафттардың ауытқуын сипаттайтын  зональды эталондарының  өзгермелі мәндерінен тұрады. 

Айта кететін бір ерекшелік ландшафттық-морфологиялық геополяның біртекті болмауы бір жағынан күмбез аралық мәндердің 0-ге тең болуымен, екінші жағынан, — көлемі жағынан үлкен ашық тұзды көтерілімдердің аномалидан жоғары ауытқулардың болуынан.

Ландшафттық суреттерді құрушы сандарды және оның таксонометриялық дифференциациясын  көрсететін энтропийлік коэффициенттердің негізінде тұзды-күмбезді ландшафттардың күрделілігі мен әртүрлілігін бағалай отырып келесі мәселені айтуға болады: тұзды құрлымдардың ең белсенділері үшін – 0,5-1 мм/жыл, күрделілері – 2,2-2,5 мм/жыл. Ең күрделі морфоқұрылым ретінде карстты-антропогенді ландшафттар басым, олар бірнеше катастрофикалық қозғалыстарды өткерген, мұнда тұзды карсттар дамыған  және жерастынан тұздар қазылып алынады. Илец кен орнында 250 жыл бойы  тұз қазып алыну кезінде карсттық процесстердің белсенділігі әсерінен көлдік ойпаттар пайда болуымен байланысты рельефте қозғалыстар  болған. Осылайша,  әрбір тұзды күмбез өзінің ерекшелігіне байланысты жекеше тектоникалық дене бола отырып жеке бір ландшафт құрады. Бұл белгілі бір географиялық аудан немесе аймақта орналасқан бір-біріне жақын жатқан тұзды күмбезді ландшафттардың арасындағы күрт өзгешеліктерді көрсетеді. Осылайша, тұзды-күмбезді ландшафттардың «феноменологиялық» пайда болуы бір ауданның төңірегінде өте ерекше типтегі геокешендердің кездесуіне әкеп соқтырады.

 

2.3. Жайық өзені атырабының қазіргі экологиялық жағдайы

 

          Каспий теңізі – жердің ағынсыз тұйық  су қоймасы, яғни көптеген өзендер ағып келіп құйғанымен одан бірде-бір өзен ағып шықпайды. Соңғы жылдары өзендер суымен ағып келетін өндіріс қалдықтары теңізді қатты ластауды. Көктем айларында тасып, жағалауға жайылған сумен бірге мұнай қалдықтары теңізге шайылып төгілуде. Каспийден ауланатын балықтардан табылған аурулардың себебін  да ғалымдар балықтар көректенетін микроорганизмдердің улануына байланысты екенін айтады. Теңіздің жағалауында орналасқан көптеген өнеркәсіп орындары өндіріске пайдаланған техникалық суды тазартудан өткізбей теңізге ағызып, теңіз суын ластауда. Мысалы Ақтау қаласындағы Каспий аймақтық тау-кен металлургия комбинатының өндіріске пайдаланған суымен бірге ағызған қалдық заттары әсерінен Қошқарата көлі тіршілігі жоқ өлі көлге айналған. Теңіздің су алабын бірнеше мемлекеттің пайдалануы, теңіз қайраңы мен түбінен мұнай өнімдерін өндіру судың едәуір ластануына әкеп соқтырды. Сондықтан Каспий теңізінің экологиялық проблемасы Қазақстанды ғана емес, Ресей, Әзербайжан, Түркменстан, Иран мемлекеттерін де алаңдатып отыр. Аталған  мемлекеттер Каспий теңізінің экологиялық жағдайын бірігіп  шешудің жолдарын қарастыруда.

Қазақстан жер беті су ресурстарымен нашар қамтамасыз етілген, әсіресе оның батыс және орталық аудандары. Қазақстандағы 120-130 мыңға жуық өзен мен көлдердегі су қоры 800 км3 тең. Ірі өзендер, көлдер, егістік пен мал шаруашылығында, өнеркәсіпте кеңінен қолданылады. Сондықтан Қазақстанның су реурстары әр түрлі деңгейде ластану орталықтарына айналып отыр. Ірі өзендер мен көлдердің техногендік қалдықтармен ластану қарқындылығының артуы соңғы уақытта күрделі проблемалардың біріне айналды. Қазақстанда осындай өзендердің бірі – Жайық өзені.

          Каспий теңізі жағалауында экологиялық жағдай жылдан-жылға  күшейте түсуде. Ұзақ жылдар бойы табиғатты қорғауға, халықты экологиялық зардартардан сақтауға жете назар аударылмай келді. 1998 жылғы деректер бойынша зерттеліп отырған аумақтың ауа кеңістігіне, су айдындарына және топырақ бетіне тасталатын өндірістік зиянды заттарды жан басына шаққанда әр  жанға 404 кг улы-заттардан келеді, әр тонна топырақта 4 кг-нан қорғасын мен хром қосындылары тасталынады екен. Саралап көрсетсек, аталған зиянды заттардың 7 %-ы мұндай өңдеу, 53 %-ы «Теңіз Шевройл» бірлестігі, 28 %-ы «Ембімұнай» және «Теңізмұнайгаз» өндірістік бірлестіктерінің үлесіне тиеді, яғни өнімді  өндіру  көлемі ұлғайған сайын бүкіл қоршаған орта, сондай-ақ су, топырақ беті және ауаның ластануы одан ары күшейе түсуде.

          Суды орынды, ысырапсыз пайдаланудың және оны ластанудан қорғаудың, буланудан сақтаудың жер бетіндегі су ресуртарына өте тапшы Атырау облысы үшін маңызы зор. Мұнда жан басына шаққанда сумен қамтмасыз ету әзірге 1,1 мың м3 ғана болып отыр (1998ж). Оның үстіне қоршаған ортаны қорғау мәселесін ескермей, ресурстардың барған сайын көп бөлігін шаруашылықтық айналымға үсті-үстіне қоса беру су тапшылығы проблемасына қоса климат жағдайының адам өміріне күрт қолайсыздануы күннен-күнге экологиялық жағдайды қиындата түсуде. Сонымен қатар судың сапасы  да төмендеп бара жатыр. Жайықтан бактериялық  құрамды анықтау үшін алынған жалпы анализдердің 90 %-ы судың ішуге жарамсыздығын көрсетті, мамандардың қорытындылары бойынша, Атырау қаласындағы аурулардың 20-30%-ы осы жағдайдан туындаған.

          Жайық өзені осы аймақтағы бірден-бір тұщы су көзі, сондай-ақ ол бекіре тұқымдас балықтар өсірілетін  жалғыз айдын болып табылады. Міне, осылардың бәрі өзен суын тұрақты тазартып отыратын және су шығынын реттеуші кешенді қондырғы салуды талап етіп отыр.

          Жайық өзенінің алабында көптеген қалалар мен өнеркәсіп орындары орналасқандықтан және де бұл аймақтың ауыл шаруашылық жұмыстарының салдарынан су көздері әр түрлі пестицидтермен, химиялық қалдықтармен ластанған. Жылына Жайық өзеніне 250-ден 750 мың тоннаға дейін зиянды өнеркәсіп қалдықтары құйылады. Судың құрамындағы азот қоспалары мен органикалық заттардың мөлшері ПДК деңгейінен 3-7 есе, мыс 5-8 есе, қорғасын 1-3 есе, кадмий 4-6 есе, мырыш 8 есе артық екені анықталған.

          Зерттеліп отырған ауданымызда Жайық, Ертіс өзендерінің ластануы айтарлықтай жоғары. Мысалы, Жайық өзенінің Атырау қаласы маңында балық консерві комбинаты қалдықтарымен ластануын байқауға болады. Мұнай өңдеуші, химия, металлургия және целлюлоза-қағаз шаруашылықтарынан шыққан ағын сулар  суқоймаларындағы суды тұрмыста және техникалық мақсатта пайдалануға мүмкін еместей ластайды, сонымен қатар балық шаруашылығына зор зиян келтіреді. Аталған өнеркәсіптерден шыққан ағын сулардың құрамында улы фенолдар, смола, мырыш, мыс, фторлы және басқа да улы қосылыстар анықталған. Олар суға теріс әсерін тигізіп, судың химиялық және физикалық қасиетіне әсер етеді, яғни судың мөлдірлігін  жояды, түсін өзгертеді, температурасын, дәмін, иісін өзгертіп, құрамындағы оттегіні азайтады. Сонымен қатар судың минерализациясы мен қаттылығы жоғарлайды.

          Қарастырып отырған алапта экологиялық ахуал нашар. Қарашығанақ пен Теңіз мұнай кен орындарында зиянды заттар шамадан тыс көп және олар бірден ауаға, суға және топырақ бетіне тасталуда. Теңіз суының деңгейінің көтерілуінен мұнай кәсіпкерлерін ауық-ауық  су басып кетіп, оның төңірегі шайылып теңізге қосылып, айдынның күрт ластануына әкеп соқтыруда. Химия зауытының қалдық суының қосылуынан ластану мөлшері 9 есеге артқан. Мұнай және мұнай өнімдерімен неғұрлым көбірек ластанған сайын адам организміне, малға да зиянын келтіріп отыр.

          Жайық өзені осы аймақтағы бірден-бір тұщы су көзі және бекіре тұқымдас балықтар өсірілетін  жалғыз айдын болып табылатындықтан бекіре балықтарының жаппай ауруын, улы заттар балықтардың ет белогының ыдыраауын, азуын тудырады, бауырдың қоректенуі нашарлап, белок қабығы бүлінген, уылдырық қабығы да әлсіреген. Соңғы зерттеулердің нәтижелері балықтардың ет ыдырауына шалдығуы 100 %, уылдырық қабығының әлсіреуі – 30 % екенін көрсетті. Осының үстіне балық қорын көбейту, балық аулау айдындарын мелиорациялау жұмыстары өте нашар жүргізілуде. 1999 жылы басталған Каспийдің солтүстігінде орналасқан Шығыс Қашағандағы бұрғылау жұмыстарының теңіз балықтарына, итбалыққа, жан-жануарларға, құстарға өсімдіктерге айтарлықтай зиян келтірді. Су жинау құрылыстарын қажетті балық қорғау қондырғыларымен жабдықтау ісі де қанағаттандырлықсыз деуге болады. Қорыта айтқанда Атырау облысының жануарлар дүниесі жаппай антропогендік қысым көруде. Сөйтіп көптеген түрлердің күрт азайған. Аймақ табиғаты қазірдің өзінде бұрын мекендеген сүтқоректілердің 7 түрін, құстың 42 түрін және өсімдіктің 10 түрін жоғалтқан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Тарау

Жайық  өзені  ландшафтысының 

ГАЖ-ын  құру

3.1. Қазіргі кезде ГАЖ қолданудың маңызы

 

ГАЖ көмегімен нысанның географиялық жағдайы негізінде біріктірілген жинақталған тақырыптық қабаттар түріндегі нақты әлем туралы ақпарттарды сақтауға болады.  Бұл қарапайым, бірақ өте ыңғайлы тәсіл әртүрлі міндеттерді шешуде өзінің бағалылығын дәлелдеді.  Мысалы, әртүрлі материалдардың қозғалысы мен жылжуын, жоспарланған шаралар мен болып жатқан  жағдайлардың  нақты көрінісін, климаттық жаһандық өзгеруін моделдеу мен көптеген басқа мәселелерді.

Кез-келген географиялық ақпарат зерттеліп отырған аумақтың кеңістіктік орналасуы туралы, географиялық координаттар және басқа да  мәліметтер береді. Осы  мәлімтетерді пайдалану кезінде нысанның орналасқан орнын автоматты түрде анықтау үшін географиялық кодтау процедурасы қолданылады, бұл кез-келген нысан немесе құбылысты  картадан тез және оңай тауып алуға мүмкіндік береді.

ГАЖ түрінде берілген географиялық ақпараттар бар болған жағдайда нысанның орналасуына және оның қасиеттеріне байланысты кез-келген сұрақтарға жауап алуға болады. Бірақ кейбір жауаптар қосымша талдауды талап етеді. ГАЖ көмегімен біз іздестіруге арналған шаблондар бере аламыз. Қазіргі ГАЖ талдау жүргізу үшін өте қуатты құралдарға ие, соның ішінде ең маңызды болып табылатындары: жақындық талдауы және қондыру  талдауы. Бір –біріне салыстырмалы түрде жақын нысандарға жақындық талдауын жүргізу үшін ГАЖ-да  буферизация процесі қолданылады. Ол мына типтегі сұрақтарға жауап беруге көмектеседі: белгілі бір су қоймасынан 1000 м жерде иондаушы сәулелендіру көздерінің бір түрінің саны қанша? Қондыру процесі әртүрлі тақырыптық  қабаттарда орналасқан мәліметтер интеграциясының жинағы. Қарапайы түрде бұл бейнелеу операциясы, бірақ әртүрлі қабаттардағы бірқатар аналитикалық операциялық мәліметтер еріксіз біріктіріледі. Қондыру немесе кеңістіктік біріктіру топырақ, геология, беткі сулар мен қоршаған ортадағы радионуклеидтердің қозғалысы туралы мәліметтердің шегін табуға мүмкіндік береді.

Алайда  ГАЖ-нің нақты қысқаша анықтамасын беру біршама қиынға түседі. Географиялық ақпараттық жүйе (ГАЖ) – бұл бізді қоршаған ортаға жаңа көзқарас мүмкіндігі. Бұл технология бізге карта арқылы берілетін толық географиялық талдау басымдылығы бар статистикалық талдау және сұралым сияқты  мәліметтер базасымен дәстүрлі жұмыс істеуді біріктіреді. ГАЖ-дың бұл қасиеті басқа ақпараттық жүйелерден ерекшелейді және қоршаған әлемдегі басты себептер мен факторларды анықтаумен байланысты құбылыстар мен оқиғаларға болжау жасау мен талдауға,  сонымен қатар қабылданған шешімдерді жоспарлаудың  оларды орындауда болған нәтижелерге байланысты кең ауқымды міндеттерді шешудегі мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді. 

Кеңістіктік операциялардың көптеген  түрлері үшін ақпаратты карта немесе диаграмма түрінде беру соңғы нәтижесі болып табылады. Карта – ақпаратты сақтауды, оны  берудің  және ұсынудың өте тиімді және ақпараттылық тәсілі болып табылады. ГАЖ картографияның ғылыми  базасын толықтыратын және дамытатын жаңа тиімді тәсілдерді ұсынады. Картаны көзбен көруде ГАЖ қолданғанғанда есептік құжаттармен, диаграммалар және кестелермен, суреттермен және ақпарат беретін әртүрлі құралдармен толықтырылады.

Карталардағы ГАЖ-ға ерекше көңіл бөлінген. Карта құру процесіндегі ГАЖ  картографиялаудың басқа автоматандырылған немесе қолмен жасалатын әдістеріне қарағанда айтарлықтай қарапайым және ыңғайлы. Ол мәліметтер базасын жасаудан басталады. Алғашқы мәліметтер көзін алу ретінде кәдімгі қағаз карталарды қолдануға болады. ГАЖ-ға негізделген картографиялық мәліметтер базасы үздіксіз және нақты масштабқа байланыссыз болуы мүмкін. Осындай мәліметтер базасы негізінде кез-келген аумақтың, кез-келген масштабта қажетті белгілеу тәсілдері бар электронды түрдегі немесе қатты көшірме түрінде карта құрастыруға болады. Кез-келген уақытта бұл мәліметтер базасы қажетті жаңа мәліметтермен толықтырылып отырады, ал ондағы бар мәліметтер қажет болған жағдайда қажет түзетіліп  отырады.

ГАЖ технологиясы адамзат, компаниялар немесе жеке адам соқтығып отырған проблемаларды шешу мен талдау жасау үшін  қолданылатын  ең тиімді, ыңғайлы, қазіргі талаптарға сай, жаңа және жылдам әдіс болып табылады. ГАЖ талдау және болжау процесстерін автоматтандырады. ГАЖ-ды енгізгенге дейін тиімді шешім қабылдау үшін кейбір адамдар ғана географиялық ақпараттарды толық талдап және біріктіре алатын.

Қазіргі кезде ГАЖ миллиондаған доллар қаржы құйылған және бүкіл әлем бойынша онда мыңдаған адамдар жұмыс істейтін ірі өнеркәсіп болып табылады. ГАЖ мектептерде, колледждерде, университеттерде оқытылады. Бұл технология халықты қайта қоныстандыру проблемасын, аумақтың ластануын, орман массивтері аумағының қысқаруын, табиғи апаттарды талдау, сонымен қатар әртүрлі локальды муниципальды проблемаларды шешу сияқты адам қызметінің барлық саласында дерлік қолданылады.

ГАЖ мәліметтер базасында ісдестіру жүргізу және кеңістіктік сұраныс жасау мүмкіндігі арқылы миллиондаған  долларды сақтай алады. ГАЖ адамдардың сұранысына  жауаптар құрастыруға қажетті уақытты үнемдеуге, қажетті шаралар жүргізу үшін аумақты таңдап алуға, әртүрлі параметрлер арасындағы байланыстарды анықтауға, электр жүйелері жарылысының орнын анықтауға және т.б. көмектеседі.

ГАЖ басқа ақпараттар технологиясы сияқты жақсы мәліметтілік жақсы шешім қабылдауға мүмкіндік беретінін мақұлдайды. ГАЖ-бұл шешім беретін құрал емес, шешім қабылдау үшін тиімді жол көрсететін және тездетуге көмектесетін құрал. 

 

3.2. Ландшафтық зоналарды зерттеуде ГАЖ қолдану

 

Су проблемасы және оның маңызы  ландшафтардың қызметі мен қалыптасуында маңызды әлеуметтік және ғылыми-техникалық проблемалардың біріне жатады. Жылу мен ылғалдың қатынасы табиғат ландшафтарының көптүрлілігін анықтайды, олардың қалыптасуына және эволюциясына әсер етеді, сонымен қатар олардың антропогендік әсерлерден өзгеруі. Осының әсерінен су теңдестігі әдісін геожүйелерді зерттеудегі ең маңызды және тиімді әдісі  деп санауға болады. Сутеңдестік зерттеулерін  жүргізу  әдетте өте күрделі және қиын. Қазіргі кезде су ресурстарын зерттеуге арналған бұрынғы қолданылатын әдістер қажетті күрделі байланыстарды анықтауға  арналған ақпараттарды бере алмайды. Болашақта су ресурстарын зерттеу және ондағы болып жатқан қайта құрылу процестерін шешу, жүргізілетін сутеңдестік мәселелерін зерттеудің жаңа  әдісі, компьютерлік технология базасы, яғни ГАЖ технологиясы арқылы зерттеу дамып келе жатыр. Бұл технология су ресурстарын зерттеушілер мен осы салада жұмыс істеушілердің алдында зерттелетін процесстерді, олардың өзара байланыстарын жаңаша ойлауға, сонымен қатар су ресурстары элементтерінің картографиялық түрдегі мүлдем жаңа моделдерін жасауға мүмкіндік береді.

ГАЖ 60-шы жылдардың бас кезінде пайда болып, географиялық сипаттағы мәселелерді шешетін тиімді құрал ретінде әлемдік практикада бірден қолданыс тауып, кең таралды. Қазіргі кезде ГАЖ және бағдарламалық қамтамасыздықты құрудан алдыңғы қатардағы фирмаларға АҚШ-тағы ESRI және ESDAS, Европада  SPOT  орталағы, және SSC  Швед космостық корпорациялары жатады. ГАЖ –дың дамуы  бойынша алдыңғы қатардағы елдерге Канада, АҚШ, сонымен қатар Европалық одақ жатады. ТМД елдері ішінде ГАЖ құру бойынша Ресей Ғылым Академиясы институты, Мәскеу, Санкт-Петербург университеттері, Мәскеу мен Иркутскідегі география институттары жатады. Қазақстанда ГАЖ құру бойынша тәжірибе зертханасы Космостық зерттеу Институтында, ҚР ҒБМ География Институтында, Жер ресурстары бойынша Қазақ ғылыми-өндірістік орталықта бар және басқа мекемелерде енгізілген.

ГАЖ технологиясы арқылы топографиялық карта жасау, сандық моделдер құру, табиғат ресурстарын, соның ішінде су ресурстарын, жерді пайдалану, пайдалы қазбаларды барлау, орман шаруашылығын басқару мәселелері төңірегіндегі міндеттер шешіледі.

Соңғы екі онжылдықта ГАЖ нақты бір аумақтың қолданбалы  мәселелерін шешу үшін кең қолданыс тапты. ГАЖ республикалық, өлкелік, аймақтық, әкімшіліктік  аудандық, өнеркәсіптік, қалалық және т.б. болып құруылуы мүмкін.

ГАЖ технологиясы көмегімен ландшафтық зоналар бойынша зерттеулер жүргізудің 4 сатысы бар:

Бірінші сатысында зерттелетін нысанды зерттеу кезінде ГАЖ моделін пайдаланудың болашағы мен қызметінің негізгі тәсілдері, бағыты анықталады.

Екінші сатысында картографиялық және ақпараттық қамтамасыз ету – моделін құру. Бұл сатыда ландшафтық зоналарды зерттеуге қажетті ақпараттар жинақталып, бұл ақпараттарды сандық түрде ГАЖ-дың  келесі жұмысы үшін ұсынудың тәсілдері анықталады. ГАЖ қалыптастыруда картографиялық мәліметтер мен нысанды зерттеуге қажетті материалдарға ие мекемелерді  анықтау маңызды.

Үшінші этап – бастапқы карта құру. Бастапқы карта ГАЖ құру кезіндегі бар ақпараттардың үйлесімділігі үшін қажет. Бастапқы карта мазмұнының негізгі элементтеріне: гипсометрия, тұрғылықты            жерлер, гидрография нысандары, метеобекеттер, гидрологиялық посттар т.б. кіреді.

Төртінші сатысы векторлық ГАЖ құру  болып табылады. Векторлық ГАЖ кез-келген нысанды зерттеу кезінде жинақталған мәліметтер базасының негізінде жасалады және ол бірнеше қабаттан тұрады. Бір қабат ГАЖ-дың бір элементі болып табылады. Мысалы, Гипсометрия – бір қабаты, гидрография- екінші қабаты және сол сияқты.

Жүргізілген жұмыстардың  нәтижесінде келесі қорытындыларды айтуға болады:

                ГАЖ технологиясын қолдану зерттеудің мүмкіндіктері мен              қарқындылығын айтарлықтай жылдамдатады және географиялық жоспардағы міндеттер мен мониторингтік міндеттерді шешеудің тиімді  тәсілдері мен формаларын  ұсынады;

  • Аймақтық міндеттерді шешуде белгілі бір аудан немесе аймақ туралы толық мәлімет алу үшін нақтылы және кең көлемде  зерттеулер жүргізуге болады;
  • Алынған карталар зерттелу көлемінің үлестірілуіне қарай өзінің көрнекіліктілігімен ерекшеленеді;
  • ГИС технологиясындағы кемшіліктің бірі – алынған мәліметтердің толық болмауы карталарды құрастыру кезінде бірқатар бұрмаланулардың болуына әкеп соқтырады, яғни белгілі табиғи заңдылықтарды (жер бедерінің әсер етуін, биіктігін, беткейлердің құламалылығын және т.с.с.) ескермей кетуі мүмкін. Компьютерлік моделдеу тек зерттелетін аймақ туралы жинақталған мәліметтер базасы негізінде ғана жасалауы қажет;
  • Болашақта ГАЖ технологиясы арқылы Қазақстан аумағындағы ландшафттық зоналар аймағының шекараларының өзгеруін болжаудың моделі, оларға антопогендік факторлардың әсері және т.б. карталар сериясы құрылмақ.

 

3.3. Жайық өзенінің ГАЖ-ын құру

 

ПРООН-ның «ГАЖ технологиясы мен дистанциондық зондылау мәліметтерін пайдалана отырып Қазақстанның сулы-батпақты жерлерінің экологиялық жағдайын бағалау және картографиялау» жобасы жасалды. Жобаның негізгі мақсаты Орал өзені алабының қазіргі экологиялық жағдайын бағалау болып табылады. Жобаның қойылған мақсатын жүзеге асыру үшін қазіргі дистанциондық зондылу және ГАЖ технологиялары дәстүрлі топырақтық, геоботаникалық, ландшафттық және басқа әдістермен біріге отырып негіз болып алынды. Жобаның картографиялық негізі ретінде М 1:100 000 масштабындағы сандық векторлық карта және Landsat 7 ETM+ космостық түсірілімі алынды. Бұл тәсіл жобада зерттеліп отырған аумақ туралы толық кеңістіктік ақпарттар берді.

ГАЖ жүйесін енгізу келесі проблемаларды шешуге мүмкіндік  береді:

— ақпараттың дәлдік дәрежесін көтеруге;

— мәліметтердің қайталанбауына;

— ақпараттарды сақтау мен өңдеудің сенімділігіне;

— ақпаратты ыңғайлы формада беруге;

— қажетті ақпарат жинау үшін уақытты үнемдеуге.

ешілетін міндеттер:

— ГАЖ қолдану міндеттері мен мақсаттары;

— есептеуші құралдармен қамтамасыз ету;

— қажетті деңгейде картографиялық және тақырыптық ақпараттарды жинау және қорыту;

— кеңістіктік мәліметтерді моделдеу;

          Су ресурстары проблемасы және оның қызметі маңызды әлеуметтік және ғылыми-техникалық проблемалардың бірі болып табылады, сонымен қатар тұрақты дамуды талап етеді. Су тапшылығы, судың ластануы бүкіл әлемді алаңдатып отырған сұрақ және де халықаралық форумдарда қаралатын негізгі мәселелердің біріне айналды.

          Сумен аз қамтамасыз етілген елдер қатарына жататын Қазақстан үшін су факторы ең алдыңғы орындағы, елдің дамуын анықтайтын фактор болып саналады. Қажетті сумен қамтамасыздық 54,5 км3 құрайды. Су ресурстарының аймақта таралуы және аумақтар мен экономика салаларының сумен қамтамасыздығы да біркелкі емес. Су ресурстарының тапшылығы теріс сапасымен күрділене түседі, республиканың су ресурстары қанағаттанарлықсыз деп бағаланады. Әсіресе Ертіс, Жайық өзендерінің ахуалы өте нашар.

          Тұрақты супайдалануға жету үшін ең алдымен су ресурстарын басқару жүйесінде өзгерістер енгізу қажет. Қазақстан Республикасының  2002 жылы бекітілген 2010 жылға дейінгі жасалған сушаруашылық саясаты мен су секторы  Концепциясындағы басқару жүйелері өте ескірген және түбегейлі өзгертуді талап етеді. Жаңа басқару жүйсін енгізумен қатар Қазақстан үшін трансшекаралық супайдалануды басқаруды да өзгерту қажет. Қазақстанның жер беті суларын құрайтын 100,5 км3  судың 56,5км3 республика аумағында қалыптасады, ал қалған су Орталық Азия мемлекеттеріне, Ресей Федерацисы мен Қытайға түседі. Трансшекаралық су нысандарын бірігіп пайдалану барысында су проблемасы туралы көптеген пікірталастар туындайды, әсіресе экологиялық жағдайды бағалау кезінде. Бұл бағалаудың жалпыға  ортақ әдістерінің болмауынан туындайды. Су пайдаланудың қазіргі  стратегиясы су жинау алаптарының экожүйесін қалыпты сақтауға бағытталады, сондықтан супайдалануды басқаруда экожүйелік тәсіл қажет. Қазіргі кезде су ресурстарын жүйелі басқару тәсілі Россияда да Қазақстанда да қалыптаспаған.

          Қазақстанда гидроэкологиялық проблемалармен Ж.Д.Достай, А.А.Тұрсынов, М.Ж.Бурлибаев айналысады, және де олар Арал-Сырдария алабындағы субөлу проблемаларын шешуде.  Көптеген зерттеушілер геожүйелік тәсілді қолдануды ұсынғанымен де ол әлі әлсіз қолданыс табуда. Біздің қарастырып отырған Жайық өзені алабы зерттеу нысаны болып  саналады. Жылына Жайық өзеніне 250-ден 750 мың тоннаға дейін зиянды өнеркәсіп қалдықтары құйылады. Судың құрамындағы азот қоспалары мен органикалық заттардың мөлшері ПДК деңгейінен 3-7 есе, мыс 5-8 есе, қорғасын 1-3 есе, кадмий 4-6 есе, мырыш 8 есе артық екені анықталған. Жайық өзенінің Атырау қаласы маңында балық консерві комбинаты қалдықтарымен ластануын, мұнай өңдеуші, химия, металлургия және целлюлоза-қағаз шаруашылықтарынан шыққан ағын сулар  суқоймаларындағы суды тұрмыста және техникалық мақсатта пайдалануға мүмкін еместей ластайды, сонымен қатар балық шаруашылығына зор зиян келтіреді. Аталған өнеркәсіптерден шыққан ағын сулардың құрамында улы фенолдар, смола, мырыш, мыс, фторлы және басқа да улы қосылыстар анықталған. Олар суға теріс әсерін тигізеді, судың химиялық және физикалық қасиетіне әсер етеді, яғни судың мөлдірлігі   жойылады, түсі өзгереді, температурасы, дәмі, иісі өзгереді, құрамындағы оттегі азайтады, және де судың минерализациясы жоғарлайды.

          Жайық өзені алабы Қазақстанның жоғары дамыған өндірістік аймағы болып табылады. Мұнда «Теңіз Шевройл» бірлестігі, «Ембімұнай» және «Теңізмұнайгаз» өндірістік бірлестіктерінің ірі өндіріс орындары орналасқан. Бұл бірлестіктер республика бюджетіне айтарлықтай пайда келтіріп отырғанымен де экожүйеге орасан зор зиян тигізіп отыр.

          Бұл айтылғандардың бәрі трансшекаралық проблемаларды күшейте түседі. Экологиялық  картографиялау мұндай проблемаларды шешудің бәрден бір құралы ретінде пайдаланылады. Картографиялық талдау жүргізу үшін ГАЖ құрылады. Ол үшін, су пайдалану құрылымын анықтау үшін судың қалыптасуы жайлы және өзен алабындағы судың пайдаланылуы жайлы жинақталған мәліметтерге математикалық талдаулар жүргізілу қажет. Климаттық аудандастыру 52 метеобекет бойынша ауа температурасының, жауын-шашынның және ауа ылғалдылығының айлар бойынша көпжылдық көрсеткішін талдау негізінде орындалды.

          Ағын сипаты 11 өзен жармасы бойынша орташа алғанда 25 жыл аралығындағы талдауларға негізделеді. Су пайдалану құрылымын талдау үшін 1976 жылдан 2002 жылға  дейінгі орташа жылдық көрсеткіштер қаралды.

Су ресурстарын басқару оларды бағалаусыз жүзеге асырылмайды. Су ресурстарының қазіргі жағдайы мен олардың болашағын болжауды бағалау қиынға түседі. Себебі, біріншіден интегралдық сипаттан бұрын өзеннің өзі аз зерттелгендіктен, екіншіден, уақыт бойына үнемі өзгеріп тұратындықтан өзен ағысы көптеген геофизикалық процесстердің өзара әрекетінің және алаптың физикалық-географиялық жағдайының  интегралды сипаты болып табылады. Осыған байланысты өзен суларының жаңарған ресурстарын бағалау кезінде ең алдымен есептеу кезеңін таңдау жайында мәселе туындайды. Ағынның бағаланған параметрлерінің дәлдігі және оларды болашақта жүзеге асыру өзен суының көпжылдық өзгеруіне талдау жасаудың сапасына байланысты болады.

          Есептеу кезеңін талдау әдісі қазіргі гидрологияда көпжылдық үшін кесілген уақыттағы ағын динамикасына талдауға және сулылық қайталануын анықтауға негізделген. Гидрометеорологияда қайталанушы ауытқуларға, яғни құбылмалы кезеңдер мен аумплитудалық ауытқуларға көп назар аударылады. Олар  міндетті түрде бастапқы қалпына келмейтін тұйық қайталану жүйесін құрады.  Бұл бір жағынан, табиғатта кезеңдік ауытқулардың болмауына, екінші жағынан табиғи процесстердің ауытқулық қозғалыстары туралы білімнің жеткіліксіз болуына байланысты.

          Қайталанушылықты анықтаудың нақты негізделген әдістері әлі күнге жоқ екені мәлім. Бұл кейбір зерттеушілердің қайталанушылық ауытқуларының бар екенін мойындамауына әкеп соқтырды, бірақ бұны терістейтін еңбектер де аз емес еді. Көптеген зерттеулердің ұқсастығы қайталанушылықтың гидрометеорологиялық элементтер қатарында пайда болуын нақтылау ретінде қаралуы  мүмкін.           

          Өзен суларының көпжылдық өзгеру динамикасын зерттеудің тағы бір қиындығы сол,  біз табиғи ұзын қатарларды сирек кездестіреміз.  Көптеген өзен алаптарында шартты-табиғи қатарды өзен ағысы туралы ғана емес, сонымен қатар алаптағы түрлі шаруашылық шаралары туралы да ақпарттардың жеткіліксіз болуынан оларды қайта қалпына келтіру мүмкін болмайды. Жайық өзені жағдайында бұл сұрақ оның одан ары күрделендіре түседі.

Жайық өзенінің ГАЖ-ын құру аталған проблемалады болдырмаудың және шешудің бірден — бір амалы  болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Жайық өзені Орал тауының Үйтас жотасындағы биіктігі 637м Нәжім тауынан басталып, Башқұртстаннан Челябинск және Орынбор облыстарының жерін басып өтеді де, Тобыл өзенінен пайда болған өзендердің, Мұғалжар және Жалпы Сырт шоқыларынан аққан суларға қосылып, молайып барып Каспийге құяды. Жайық өзенінің ұзындығы  2534 км., оның су жиналатын алабы 220 млн. км2, егер бұған Үлкен және Кіші Өзен, Ойыл және Сағыз өзендерінің алқабын қоссақ 307 млн. км2 болады. Қазақстан территориясында Жайық өзенінің ұзындығы 1082 км. Жайыққа Самара, Ор, Елек, Утва өзендері құяды. Сулылығы жағынан Жайық өзені Қазақстанда төртінші орынды алады.

Су проблемасы және оның маңызы  ландшафтардың қызметі мен қалыптасуында маңызды әлеуметтік және ғылыми-техникалық проблемалардың біріне жатады. Географиялық ақпараттық жүйе (ГАЖ) технологиясы арқылы топографиялық карта жасау, сандық моделдер құру, табиғат ресурстарын, соның ішінде су ресурстарын, жерді пайдалану, пайдалы қазбаларды барлау, орман шаруашылығын басқару мәселелері төңірегіндегі міндеттер шешіледі. ГАЖ – бұл бізді қоршаған ортаға жаңа көзқарас мүмкіндігі. Бұл технология бізге карта арқылы берілетін толық географиялық талдау басымдылығы бар статистикалық талдау және сұралым сияқты  мәліметтер базасымен дәстүрлі жұмыс істеуді біріктіреді, қоршаған әлемдегі басты себептер мен факторларды анықтаумен байланысты құбылыстар мен оқиғаларға болжау жасау мен талдауға,  сонымен қатар қабылданған шешімдерді жоспарлаудың  оларды орындауда болған нәтижелерге байланысты кең ауқымды міндеттерді шешудегі мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді. 

Жайық өзені осы аймақтағы бірден-бір тұщы су көзі, сондай-ақ ол бекіре тұқымдас балықтар өсірілетін  жалғыз айдын болып табылады. Міне, осылардың бәрі өзен суын тұрақты тазартып отыратын және су шығынын реттеуші кешенді қондырғы салуды талап етіп отыр.

          Зерттеліп отырған Жайық өзенінің алабында көптеген қалалар мен өнеркәсіп орындары орналасқандықтан және де бұл аймақтың ауыл шаруашылық жұмыстарының салдарынан су көздері әр түрлі пестицидтермен, химиялық қалдықтармен ластанған. Жылына Жайық өзеніне 250-ден 750 мың тоннаға дейін зиянды өнеркәсіп қалдықтары құйылады. Судың құрамындағы азот қоспалары мен органикалық заттардың мөлшері ПДК деңгейінен 3-7 есе, мыс 5-8 есе, қорғасын 1-3 есе, кадмий 4-6 есе, мырыш 8 есе артық екені анықталған.

Жүргізілген жұмыстардың  нәтижесінде келесі қорытындыларды айтуға болады:

  • ГАЖ мәліметтер базасында ісдестіру жүргізу және кеңістіктік сұраныс жасау мүмкіндігі арқылы миллиондаған долларды сақтай алады;
  • ГАЖ адамдардың сұранысына жауаптар құрастыруға қажетті уақытты үнемдеуге, қажетті шаралар жүргізу үшін аумақты таңдап алуға, әртүрлі параметрлер арасындағы байланыстарды анықтауға және т.б. көмектеседі;
  • ГАЖ-бұл шешім беретін құрал емес, шешім қабылдау үшін тиімді жол көрсететін және тездетуге көмектесетін құрал;
  • ГАЖ технологиясын қолдану географиялық жоспардағы міндеттер мен мониторингтік міндеттерді шешеудің тиімді тәсілдері мен формаларын  ұсынады;
  • Аймақтық міндеттерді шешуде белгілі бір аудан немесе аймақ туралы толық мәлімет алу үшін нақтылы және кең көлемде  зерттеулер жүргізуге болады;
  • Болашақта ГАЖ технологиясы арқылы Қазақстан аумағындағы ландшафттық зоналар аймағының шекараларының өзгеруін болжаудың моделі, оларға антопогендік факторлардың әсері және т.б. карталар сериясы құрылмақ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Герштанский Н.Д. Некоторые особенности рельефа водной поверхно­сти при нагонах и сгонах в отмелых районах моря (на примере Север­ного Каспия) // Тр. ГОИН. — 1971. — Вып. 104. С. 82-95.
  2. Гидрометеорология и гидрохимия морей, том IV. Каспийское море, вып.1. Гидрометеорологические условия. — Санкт-Петербург: Гидрометеоиздат. — 1992.- 359 с.
  3. Казанский М.М., Шульман А.Р. К вопросу о колебаниях уровня водо­ёма, покрытого льдом под влиянием гидрометеорологических факто­ров// Метеорология и гидрология. — 1946 — № 6.
  4. Мурадов М.А. Условия возникновения сильных ветров на Северном Каспии// Гидрометеорология и экология. — 1997. — № 2 — С. 15-22.
  5. Скриптунов Н.А., Герштанский Н.Д. Некоторые черты современной прибрежной зоны восточной части Северного Каспия // Сб. работ Аст­раханской ГМО. — 1970 — Вып.1.
  6. Бухарицин П.И. Особенности ледового режима и методы прогноза ледовых условий северной части Каспийского моря. — Автореф. дис… канд. геогр. наук. — Л.: Изд. ААНИИИ, 1986. — 20 с.
  7. 7. Гидрометеорология и гидрохимия морей. Т.VI. Кас­пийское море.- Л.: Гидрометеоиздат, -359 с.
  8. 8. Кошинский С.Д. Режимные характеристики сильных ветров на морях Советского Союза. — 4.1. Кас­пийское море.- Л.: Гидрометеоиздат,1975.- 412 с.
  9. 9. Дризо Е.А., Диаров М.Д., Большое А.А. Нефтяное загрязнение восточной части Северного Каспия и его возможные последствия// Научно-технический прогресс и экология Западного Казахстана: Материалы Ш рес­публиканской научно-технической конференции. — Атырау, 1994. -с.14-15.
  10. 10. Ивкина Н.И. Ветровые нагоны морской воды, их моделирование и влияние на окружающую среду северо-восточного Каспия / Автореф. дис. на соиск. уч. степ. канд. геогр. наук. — Алматы, 1998.- 25с.
  11. 11. Кирьянов С.В., Афанасьев Н.А., Лукьянов Ю.С. Современное состоя­ние загрязнения устья Волги и Северного Каспия // Каспий — настоя­щее и будущее: Материалы международной научной конференции.-Астрахань, 1995.-с.91-93.
  12. 12. Расчет ветровых нагонов на казахстанском побережье Каспийского моря на основе модели Mike 21 / Шиварева С.П., Ивкина Н.И., Строева Т.П., Васенина Е.И. // Сб. докладов международного научного семинара по экологическим проблемам прикаспийского региона.- М., 1999.- С. 14-16.
  13. 13. Степанов А. Всевидящее око мониторинга //Экология.-№5 .-2001.-С. 7-15.
  14. 14. Тлеубергенов С.Т. Экологические проблемы прикаспийского региона / Аналитический обзор.- Алма-ата.-1989.-70 с.
  15. 15. Фролов А.В., Зильберштейн О.И., Музылев С.В. Особенности расчета экстремальных уровней в прибрежно-шельфовой зоне Каспийского моря / Сб. докладов международного научного семинара по экологи­ческим проблемам прикаспийского региона, 1-3 декабря 1999.- Москва.-1999.-С.176-180.
  16. 16. Шиварева С.П., Ивкина Н.И., Строева Т.П. К моделированию сгонно-нагонных колебаний уровня в береговой зоне Каспийского моря Рес­публики Казахстан // Вестник КазГУ.-1998.-№7.- С. 83-86.
  17. Березовчук Л.С., Юнанидзе Т.Я. Палинологические комплексы средне- и верхне-четвертичных отложений бассейна правобережья р. Самары. В сб. «Вопросы стратиграфии палеозоя, мезозоя и кайнозоя». Изд-во Саратовского ун-та, 1987
  18. Волкова В.С. Стратиграфия и история развития растительности Западной Сибири в позднем кайнозое. Изд-во «Наука», Москва, 1977
  19. Гитерман Р.Е. Некоторые данные по истории растительности низовьев р. Чусовой в четвертичное время. – Бюлл. комисс. по изучению четверт. периода, 1953, №17.
  20. Карта четвертичных отложений Урала масштаба 1:500000: Объяснительная запис-ка. – Свердловск, 1978.
  21. Куржебеков П.М., Турбанов В.Ф. и др. Геологическая карта Урала масштаба 1:50 000, планшеты N-41-98-В, N-41-110-А и В. — 1960.
  22. Лидер В.А. Четвертичные отложения Урала. Москва, Недра, 1976, 143 с.
  23. Лидер В.А., Стефановский В.В. Четвертичные отложения Южного Урала и Заура-лья. Информационный отчет о работе четвертичного отряда № 4 за 1961-62 гг. Листы N-41-А, Б и N-40-Б, Г. Челябинская и Курганская области и северная часть Казахской ССР.- 1963
  24. Макаров В.С. Отчет о детальной разведке Чесменского месторождения строитель-ных песков. Уралгеология. Челябинск, 1989.
  25. Объяснительная записка к стратиграфическим схемам Урала (мезозой, кайнозой). Екатеринбург, 1997.

Плиоцен и плейстоцен Волго – Уральской области. Изд. “Наука”, Москва, 1981