АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Қазақстандағы суармалы егіншілік және оның тиімділігі

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

География факультеті 

Эконмикалық әлеуметтік және география  кафедрасы

 

 

 

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

 

Қазақстандағы суармалы егіншілік және оның тиімділігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

 

Қазақстан республиксының суармалы егіншілігі мен оның экономикалық тиімділігі туралы жазылған бұл бітіру жұмысы 55 беттен, 2 суреттен, 1 кестеден,3 бөлімнен 10 тараудан тұрады. Пайдаланылған әдебиеттер саны 16. бірінші бөлімінде суармалы егіншіліктің Қазақстанда пайда болуы,таралуы және дамуы,суармалы егіншіліктің жалпы жағдайы жазылса, екінші бөлімінде суармалы егіншілік үшін жарамды топырақ ресурсы оны дұрыс,өнімді,тиімді түрде пайдалану мен жақсарту мелиоративтік шаралары қарастырылған. Ал,үшінші бөлімінде суармалы егіншіліктің экономикалық тиімділігі және еліміздегі су көздері мен су ресурстары туралы мәліметтер келтірілген.

Зерттеу нысаны  Қазақстандағы суармалы егіншілік

Жұмыстың мақсаты Қазақстандағы суармалы егіншілік пен оның экономикалық тиімділігін зерттеу.

   Қазақстанның оңтүстік облыстарында шөл және шөлейт аймақтар басым болғандықтан бұл өңірлерде егіншілікті қолдан суармайынша даму мүмкін емес,республикамыздағы суармалы егістің басым көпшілігі (85 проценттен астамы) жер, су жағдайлары қолайлы оңтүстіктегі төрт облыста, (Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан,  Қызылорда) орналасқан. Бұл облыстарда техникалык дақылдардан мақта, қант қызылшасы, темекі, дәнді дақылдардан — бидай, күріш, жүгері, сонымен бірге жемісті дақылдар мен бақша дақылдары өседі.ал,қазіргі көлемі 1млн.гектар аумақты алып жатыр,бұрындары ол 2,5 млн.гектарға жеткен болатын.

Мелиорация, топырақты тыңайту,  егіншіліктің ауыспалы жүйесін қолдану ,су эрозиясы, мелиоративтік алқап, суару мелиорациясы, құрғату мелиорациясы. парлы-астықты жүйесін қолдану, коллекторлы-керізді жүйелерді қолдану,топырақты бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………..4

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СУАРМАЛЫ ЕГІНШІЛІКТІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ…………………………………………5

1.1 Қазақстан жерінің топырақ — климаттық жағдайлары…………………… ..5

1.2Суарамалы егіншіліктің Қазақстанда дамуы және оның алғашқы нәтижелері…………………………………………………………………………7

1.3 Қазақстанның басқа облыстарындағы суармалы егіншілік жайы………..14

 

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУЛИКАСЫНЫҢ СУАРМАЛЫ ЕГІНШІЛІГІ ЖӘНЕ ТОПЫРАҚТЫ МЕЛИОРАЦИЯЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ……………17

2.1 Қазақстан топырақтарын мелиорациялау мәселелері мен суармалы егіншілігі…………………………………………………………………………..17

2.2 Егіншліктің ауыспалы жүйесін қолдану және топырақгы эрозиясы…….27

2.3 Топырақты тыңайту мәселелер……………………………………………..33

2.4 Суармалы жерлеріміздің мелиоратив тікжағдайлары және оны жақсарту шаралары………………………………………………………………………..36

 

3.СУ РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ СУАРМАЛЫ ЕГІНШІЛІКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ………………………39

3.1 Оңтүстік облыстарымыздағы суармалы егістіктерге пайдаланылатын топырақтарды бағалау…………………………………………………………..39

3.2 Жер суарудың зкономикалық тиімділігі…………………………………..44

3.3 Су  ресурстарын  тиімді  пайлану және  қазіргі жағдайы……………..48

 

ҚОРТЫНДЫ……………………………………………………………………53

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………………………………………….55

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Адам қоғамы табиғаттың бір ерекше саналы бөлігі бола тұрып, табиғат қорынсыз тіпті өмір сүре алмайды. Мысалы, адам организмі ауасыз (оттегісіз) тек 2-5 минут, сусыз 4-5 тәулік, ал тамақсыз 30-35 тәулік өмір сүреді екен . Адам өміріне аса қажетті табиғаттың осы үш қорыда (ауа, су және тамақтық заттар) осы өзіміз мекен етіп отырған жерімізде орын алып, түзіліп, өндіріледі. Сондықтан адам баласы, көне заманнан-ақ »Жерді – асыраушы анамыз» деп өте құрметпен атаған. Сонымен қатар жер қабаты тек адам қауымы емес, бүкіл тіршіліктің тірегі, әрі мекені, әрі асыраушысы. Міне сондықтан біздер төменде табиғаттың негізгі байлығы – Қазақстандағы суармалы егіншілік пен  қорлары, оны бағалау және экономикалық тиімділігі, тиімді пайдалану мен қорғау мәселелері туралы сөз болады.

Негізгі тақырыпқа кірісер алдында, Қазақстан респуликасында,  суармалы егіншілік қорларының соншалықты қоғам үшін,    ауылшаруашылығындағы маңыздылығына қарамастан, оны қорғауға, тиімді пайдалануға деген дұрыс көзқарас ХХ-ғасырдың екінші жартысына дейін болмағаны туралы біршама деректі мәліметтер бітру жұмысының алғашқы бөлімінде баяндалады.

Негізгі мәселе Қазақстан мысалында қаралғанымен, әрнәрсе салыстырмалы жағдайда жақсы көрінетіндіктен, бітіру жұмысының соңғы бөлімінде әлемнің, бұрынғы одақтың жер қорлары және оны бағалау мен суармалы егіншіліктің эконоиткалық тиімділігі жөнінде де біршама мәліметтер келтірілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СУАРМАЛЫ ЕГІНШІЛІКТІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ

 

1.1 Қазақстан жерінің топырақ — климаттық жағдайлары

          Қазақ  жері – кеңбайтақ. Халқының саны жөнінде әлемде 80-ші орындардың бірінде болған тұрып, жер көлемі жөнінде 9-шы орында.

Атыраудан Алтайға шейін 3000шақырымдай болса, Батыс Сібірден Алатауға шейін 1600шақырымдай созылып 272,5млн ға жерді алып жатыр.Біздің республикамыз геогарфиялық орналасуы жағынан Еуразияның орталығында әлемдегі барлық мұхиттардан ең қашық аймақта орналасқан.Сондықтан қазақстан аумағындағы ауа райының басты ерекшелігі –құрғақшылдық.

  1. Республикамыздың ең терістік Ресейдің Батыс Сібір ойпатымен шектесіп далалы қара топырақты зона 25,4 млн га,қазақстан жерінің 9,8% алып жатыр.Жылына түсетін ылғал 250-340мм, негізгі астық егілетін аймақтар.Қрғақшылық жылдарлың 10-25%болады.
  2. Бұл зонаның оңтүстігіндегі кең алқапты қара-қоңыр топырақты құрғақ дала мен шөл дала зонасы алып жатыр, көлемі 90,4млн га,қазақстан жерінің 33,2%.Аудан түсетін ылғал жылына 200-260мм ғана терістіктен оңтүстікке қарай азая береді, құрғақшылық жылдардың 25-75%түзеді. Сондқытан бүл зонада егіншілікпен айналысу жөнді нәтиже бере бермейді. Дегенмен тың игеру кезінде асығыстық, асыра сілтеушілік жағдайда бұл зонада жиі болатын құрғақшылықтан жөнді өнім бермейтін 13-14мм га астық егілетін. Елбасысыздың бастамасымен соңғы жылдары бұл жерлер егістіктен шығарылды. Бұл зонаның тек терістік бөлігіндегі күнгірт қара-қоңыр топырақты зонашасындағы астық егісінің біршамасы қалды да,оралық бөлігіндегі жай қара-қоңыр және оңтүстік бөлігіндегі ашық қара-қоңыр топырақты зонашалардағы егістіктер түгелдей егістіктен шығарылды. Бұл жағдай да еліміздің тәуелсіздік алғанының жемісі екендігі түсінікті. Бұл аймақ негізінен мал шаруашылығымен айналысатын болды.
  3. Құрғақ дала мен шөлді дала зонасының оңтүстігінде кең алқапты құба және сұр-құба топырақты шөл зонасы алып жатыр .Көлемі 119,2млн га, Қазақстан жерінің 43,7%Ауадан түстені ылғал мөлшері бар болғаны 120-170мм.Бұл аймақ аз өнімді жайылымды жерлер,негізінен уақ мал мен түйенің жыл бойы жайылатын кең алқабы. Егіншілік тек қолдан суарған жағдайда болады,бірақ оған су көздері жетісе бермейді.Суармалы кгіншілік тек Сырдария, Іле, Шу т.б таудан аққан өзендер бойында. Республикамыздың оңтүстік және оңтүстік-шығыс биік таулу аймақтарында күрделі климаттық топырақ зоналары,(биіктік білдеулік) орын алады. Майдарақ зонащаларды бір-біріне қосып таулы аймақтарда негізгі екі зонаға бөлуге болады.
  4. Таулардың төменгі етектеріндегі шөлді дала зонасы, топырақтары сүр және ашық қара-қоңыр. Біршама жерлері суармалы егіншілікке ,біршама жерлері суарылмайтын Егіншілікке,ал жалпы басым жерлері мол өнімді мал шаруашылығына пайдаланылады.Таудың әсерінен бұл зона түсетін ылғал 250-400мм жетеді. Біраз жерлерінде жчдек жемісті бұталар мен ағаштар. Көлемі 18,9млн га республика жерінің 6,9%-ы.
  5. Таулардың биіктеу етектері мен тау аралық дала, таулы-ормандыдалалы,щалғынды-орманды және шалғынды зоналар,топырақтары күңгірт қара-қоңыр, қаратопырақтар мен таулы орманның сұр және таулы шалғынды топырақтар. Ауданға тұсетін ылғал мөлшері 450-850мм. Негізінен мал шаруашылығы үшін жоғарғы өнімді жайылым,орман шаруашылығы жерлері,біршама суарылмайтын егіншілік,жемісті ағаштар.Көлемі 18,2млн га республика аумағының 6,7%- ы.

 Міне жоғарғы келтірілген Қазақстанның қысқаша топырақ климаттық сипаттамасынан қазақ жерінің бесым бөлігі құрғақ шөлейт және нағыз шөл зоналарда орналасқанын көріп отырмыз.орташа есеппен мүндай аймақтар Қазақстан жерінің80%жуық.ауадан түсетін ылғал тек солтүстік облыстар мен орталық облыстарымыздың терістік шеткі бөліктерімен оңтүстік шығыстағы таулы аймақтардың біршама етектерінде егіген егістерді қамтамасыз етеді. Сонымен грте заманнан-ақ қазақ жеріндегі  егіншілік шамалы орын алды,ал оның сурамалы егіншілікпен айналысу оңтүстік аймақтарда түратын орыс украин,өзбек,ұйғыр халықтарының үлесіне тиді. Жергілікті қазақ халқы атам заманнан негізінен мал шаруашылығымен айналысып,тігуі де,жығуы да оңай киіз үйлермен Қазақстанның кеңбайтақ жерлерінде көшіп-қонып жүрді.Ескеретін мәселе,қазіргі сәнге айналған «экология» мамандығы туралы ол кездегі мал бағушы жергілікті халықтың түсінігі болмаса да,көп жылдық тәжірибелеріне сүйеніп,жайылымдарды экологиялық бұзылулардан сақтап тиімді пайдалана білді.

 Мұдай жағдай xx ғасырдың алғашқы жылдарына дейін жалғасты.Мысалы,1913 жылы Қазақстан халқының 90%-ы тек осы мал шаруашылығымен айналысатын еді. Қазан төңкерісіне дейін бүкіл Қазақстан бойынша суармалы жер көлемі шамамен 500мың га еді. Басым түрде бүл жерлерде бйдай,арпа,тары егілетін . Ал аса қажетті техникалық дақылдар(мақта,қант қызылшасы) қымбатты астық дақылы күріш жоқтың қасы еді.

 

1.2 Суарамалы егіншіліктің Қазақстанда дамуы және оның алғашқы нәтижелері

   Мойындауымыз керек, Қазақстанда суармалы егіншіліктің өріс алуы қазан төңкерісінен кейінгі кеңестік заманмен байланысты. Оның себебі де түсінікті. Суармалы егіншілікпен айналысу оңай шаруа емес,ол күрделі инженерлік құрылыс жүйесі.суармалы егіншілік үшін барлық жерлер қатарынан жарай бермейді. Ол үшін  міндетті түрде топырақтың майда уақталған қабаты жеткілікті, зиянды тұздар аса мол болмай,жер беті бір бағытқа еңісті тегіс болуы және жер астының да бір баңытқа қарай еңісті болуы керек. Мұндай болған жағдайларда көп мәселелерді қолдан жасауға тура келеді. Міне бұл жұмыстарды қолында ешқандай техника жоқ, суармалы егіншілікпен үлкен масштабта айналысудан ешқандай тәжірибесі жоқ жергілікті халық жүргізуге шамасы келмейтін еді. Кейін әлемде ең жер көлемі үлкен, құдіреті де күшті кеңес мемлекеті орнап , оның құрамына кіретін барлық 15одақтас республикалар бойынша жоғарыдан бекітілген бесжылдық жоспарлар бойынша халық шаруашылығымыздың барлық салалары өрістей бастады. Ауылшаруашылық саласында  В.И,Ленин   қол қойған алғашқы декртерттің бірі – жер туралы болып, бүкіл еліміздегі жерге деген жекеменшік жойылып, оның барлығы мемлекет, бүкіл халық меншігіне өтті. Одақ бойынша барлық аймақтарда кеңшарлармен (совхоздар) ұжымшарлар(колхоздар) ұйымдастырылып барлық жерлер солардың иеліктеріне берілді. Негізінен мал шаруашылығымен шұғылданатын Қазақ халқының миллиондаған малдары мемлекет меншігіне тәркіленіп,бүкіл халық бұрынғы көшіп-қону орнына,тұрақты отырықшылыққа айналып,кеңшармен ұжымшарларда жұмыс істеуге көндікті. Сонымен республикамыздың оңтүстік өңірлерінде жоспарлы түрде ғылыми-негізделген жүйемен суармалы егішілік өрістей бастады. Еліміздегі бұрыннан өсіріліп келе жатқан дақылдармен қатар көптеген жаңа дақылдар өсіріліп, олар Қазақстан өздерінің жаңа отандарын тапты.республикамыздағы суармалы егістің басым көпшілігі(85пайыздан астамы)жер,су,күн райының қолайлы жағдайларына байланысты оңтүстік өңіріндегі төрт облыста (Алматы,Жамбыл,Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда)орналасқан. Сондықтан осы облыстардағы суарамалы егіншілік жайларына біршама тақталайық. Дегенмен бұл облыстардан басқа аймақтарда суармалы егіншілік тіпті жоқ деуге болмайды. Мысалы  Қызылорда облысымен шектесіп жатқан Ақтөбе облысының ойлы ауданында әлемге аты шыққан ақ тарының атасы атанған даңқты Шығанақ Берсевтің тарының суармалы гектарынан өнімді 200 центнерге дейін жеткізіп, әлемдік рекордқа жеткізгенін айтсақ та жеткілікті.

Жоғарыда айтылған төрт облыста суармалы егіншіліктің даму жағдайлары бірдей емес. Мәселен,Қызылорда облысында барлық егіншілік тек суармалы жағдайда мүмкін,яғни егіншілік 100% суармалы, Оңтүстік Қазақстан облысында суармалы егішіліктің үлесі 90%-дан асады,ал Жамбыл мен Алматы облыстарында суармалы егіншіліктің үлестері бүкіл егіншіліктің 70-80% түзеді. Біршама егістіктер тау етегіндегі суармайтын егістіктер. Сонымен қатар әр облыстарда егілетін егістіктер түрлеріде тібиғи климаттық жағдайларына байланысты әртүрлі. Енді осы мәселелерге шамалы шолу жасайық.

Қызылорда облысы ежелден-ақ біршама суармалы егіншілікпен айналысып келе жатқан облыс . Бұған кезіндегі мол сулы Сырдария өзеніңің облыс орталығын басып өтетіні көп септігін тигізген.Бұрынғы кездері суармалы жерлердегі негізгі дақылдар қызылорданың тәтті қауындары,көкөністер,малазықтық шөптер болған. Кеңес үкіметі кезінде бұл аймақта басты дақыл болып күріш егіліп , бұл өңірде ол нағыз екінші отанын тапты . Кезінде Қызылорда облысында Кеңес үкіметінде өндірілетін күріштің25-30% өндірілетін。Жалпы өнім жөнінен ғана емес, әр гектардан алынатын  өнім жөнінде облыс алдыңғы  орындарда болды.  Әлемге  аты

шығып екі рет  ие болған Ыбырай Жақаев күріш егісінің әр гектарынан 1947

жылы 171 центнерге дейін өнім алып ,дүниежүзлік рекорд жасағаны  белғілі

Жасы ұлғайғанына қарамастан 1960-1970жылдарға дейін кетпені қолынан түспей өзі басқаратын звеносында күріш дақылының өнімін гектрынан 90-100 центнерден төмен түсірмей, көптеген шәкірттер тәрбиелеп Қызылорда өңірін күрішті-ырысты аймаққа айналдыруда өлшеусіз үлес қосқан дарынды тұлға.

Облыстағы суармалы жер көлемі 1960-1970 жылдары 250-300 мың гектарға жеткенімен,кейінгі Арал дағдарысынан кейін біршама кеміп,200мың гектардай ,оның жартысына жуығына күріш егуге мүмкіндік бар. Күріштен жоғарыда айтылғандай рекордтық өнім алнғанымен жалпы облыс бойынша орта есеппен гектарынан 35-40 центнерден өнім алынуда.

Ескеретін жағдай облыстағы суармалы егістіктердің барлық көлемдері Сырдария өзенінің көне дәуірде ағып өткен өзен (алювиалды) шөгінділерінен түзілген жербетінде және жерасты ағындары өте нашар жазықтар. Мұдай жағдайларда егістіктерді суарған кезде ,әсіресе күріш сияқты суды өте мол пайдаланатын дақылдарды суара бастаған алғашқы  жылдардан-ақ топырақ

астында ыза су қабаты (грунтовая вода)пайда болып,оның деңгейі жылдан-жылға жер бетіне жақындай түседі. Міне осы суармалы  жерлердегі

жерасты ыза сулары осы аймақтардың топырақтарының мелиоративтік жағдайларын нашарлататын басты фактор, кейбір өңірлерде суармалы жерлерді батпақтануға әкеп соқса ,көпшілік жағдайда олардың сорлануына (тұздануына)себеп болады.оның себебі бұл ағынсыз шөлді аймақтарда топырақ және жерасты қабаттарында әдетте суда ерігіш тұздардың біршама қорлары болады. Осы тұздар ыза суларда еріп, жер бетіне жақындаған сайын  оның мөлшері көбейе түседі .жер бетіне жақындаған сулар буланған кезде олардың құрамындағы тұздар топыраққа қонып,суармалы жерлерді сорландыруда. Ал сорланған топырақтар егістік өнімін көп төмендетеді, көп жағдайда тіпті жоқ етеді. Сондықтан бұл аймақтарда жерасты ыза суларының деңгейлерін міндетті түрде қолдан реттеуге тура келеді . бұл аса күрделі қымбатқа түсетін инженерлік құрылыстар. Яғни егістік жерлеріміздің жерастында түзілген ыза суларының деңгейлерін қолдан қазылған терең су қабаты арқылы реттеу. Депутат мырзарың келтірген мәліметтеріне қарағанда облыс егін алқаптарындағы қазыдған 908 шақырым бас және шаруашылық ірі су қашыртқыларының,оған қоса жалпы ұзындығы 10,5мың шақырым ішкі су қашыртқыларының істен шығуы-көптеген суармалы жерлерді жарамсыз еткен.бұл жағдай әрі қарай төзуге болмайтын мәселе.суармалы жеріміз-алтын қорымыз, оны міндетті түрде жоғарғы деңгейде жүргізіп,жерберілген қателерді тез іске қосу керек.

Оңтүстік Қазақстан облысы –республикамыздағы суармалы егістігі мол облыстардың бірі.

Облыстағы суармалы жер көлемі 511.7 мың гектар,оның 392 мың гектарында мақта шаруашылығы. Сонымен бұл облыс республикамыздағы аса бағалы техникалық мақта дақылын өсіретін жалғыз облыс. Кеңес өкіметі кезінде тоқыма өндірісін мақтамен қамтамсыз ету үшін Өзбекстан мен Қазақстан шекарасында орналасқан 《Мырзашөл》аймағын мақта өсіруге игеру басталды.Ол үшін Сырдария суын осы аймаққа бұру үшін ірі ирригациялық-инженерлік күрделі жүйелер салынды.Қазақстан аумағындағы Мырзашөл өңіріндегі алғашқы мақта шаруашылығы 《Мақтаарал》кеңшары 1924 жылы құрылып,Қазақстандағы мақта шаруашылығын дамытуда аса үлкен рол атқарды. Осы кеңшар жерінде мақта шаруашылығы жөнінен тәжірибе станциясы болып, мұнда аса алдыңғы осы саладағы жетістіктер енгізіліп, сыналып, басқа шаруашылықтарға үлгі болды. Бұл шаруашылықта мақта өнімінен әлемдік реқордтық өнім алынбағанымен аса жоғары өнімдер алынды . Мысалы звеногжетекшісі У.Ділдебеков 1947 жылы өзіне бектілген 14гектар мақта егісінің әр гектарынан 65центнерден өнім алды. Мақта егісі негізінен осы мырзашөлдегі мақтаарал ауданында өсірілгенімен, облыстың Шардара,Сарыағаш, Түркістан аудандарында егіліп отанға тапсыруда,дәлірек айтсақ жылына 400-450мың тонна тапсыруда.

Мақтамен қатар облыс жерінде біршама күріш (Шардара ауданында),бау-бақша, жүзімдіктер,дермене дәрі шөбі, малазықтық шөптер,көкөністердің көп түрлері өсіп жақсы өнімдер берді. Ренішке орай, бұл облыстағы суармалы жерлерінде соңғы 15-20жылдарда мелиоративтік жағдайлары көп төмендеп, егістіктен шығып қалған жерлер аз емес. Депутат мырзаның мәліметтеріне сүйенсек облыстың суармалы егістік, жерлерінде кезінде салынған (бұрғыланып) 1903дана тік дренаждық (суқашыртқыларының)1846 данасы жұмыс істемейді, 4743шақырым тазаланғандықтан жөнді жұмыс істемеді.Бұл жұмыстарды тез қолға алып жөндеу кезек күттірмейтін мәселе.

Жамбыл облысы. Суармалы  жер көлемі облыста 230-250мың гектардай. Бұл жерлерге егілетің негізгі дақыл аса қымбатты қант қызылшасы.  Бұрынғы кезеңдерде тіпті егілмейтін бұл дақыл кеңестік уақытта бұл аймақта екінші отанын тапты. Сонымен қызылша өнім жөнінен Жамбыл облысы республикамыздың кезіндегі кеңестік аймақтағы алдынғы сапта болған. 1940-1950 жылдары даңқы қызылша өсіруші звено жетекшілері социалистік еңбек ерлері С.Оңғарбаев. Д.Жантоқова. әр гектардан алынған қызылша өнімдерін 700-800центнерге жеткізген. Одан кейінгі жылдары осы апаларының ізбесарлары  Т.Байназарова,Т.Абдуллава сияқты қызылшашылар әр гектардан алынған өнімді жыл сайын 600-700центнерге жеткізіп жүрді.

Ренішке орай, соңғы жылдары бұл көрсеткіштер төмендеп кеткені байқалды. Бұл жағдайды көп кешікпей қалпына келтіріп, керісінше жақсарта түсу міндеті тұр. Себебі қантқа деген сұраныс жылдан жылға өспесе кемімейтіні түсінікті жағдай.

Қызылшамен қатар суармалы жерлерде мал азықтық щөптер,бау-бақшалар, көкөністер,дәнді-дақылдар т.б. өсіріледі. Ескеретін жағдай, суармалы жерлер бұл облыста негізінен тау етектерінде біршама төмен қарай еңісі бар жазықтарда орналасқандықтан топырақтың екінші сорлануы, батпақтануы көп байқалмайды.

Алматы облысы. Суармалы жердегі егістіктер көлемі облысқа 470-500 мың гектар шамасында. Негізгі дақылдар қант қызылшасы, жүгері, біршама күріш, жеміс ағаштары мен жүзімдіктер ауыспалы егіс жүйесіндегі шөптанақты мал азықтық шөптер және көкөністі дақылдар. Бұрын егілмейтін қант қызылшасы облысқа тек екінші отанын тауып ғана қоймай мұнда әлемдік рекордтық өнімдер алынғаны белгілі. Социалистік  еңбек ері атағына екі рет ие болған Н.Алдабергенов өзі басқарғандықтан Мұқыр ауылындағы ұжымдарда 10 гектар жердің әр гектарынан қызылша өнімін 834 центнерге жеткізсе, даңқты звено жетекшісі О.Гонаженко өзінің звеносындағы біршама жерден қызылша өнімін гектарына 1500-1600 центнерге жеткізіп, әлемдік рекордтың өнім алған. Ал гектарынан  өнімді 400-500 центнерге жеткізген бригадалар мен звено жетекшілері кезінде аз болмаған.

1930 жылдары егіле бастаған темекі дақылыда Жетісуда өзінің нағыз отанын  тапты деуге болады. Қырым облысында гектарынан небары 12 центнер өнім беретін темекі Алматы темекі кеңшарында өнімді гектарына 35-40центнерге жеткізген .Әлемдік деңгейдегі ең мол өнімді шаруашылық атанды. Алматы төңірегінде АҚШ-тың темекі өңдейтін Филип Морис мекемесін ашу тегін болмаса керек . Жаркент ауданындағы социалистік еңбек ерін екі рет алған  «Октябрьдің 40 жылдығы» ұжымшарын көп жыл басқарған Н.Голавацкий кезінде жыл сайын мемлекетке 100 мың центнерден астам қымбатты жүгері тұқымын өткізіп тұрды. Ал жеке жүгері өсіруші М.Ниязова, Т.Ушуров сияқтылар суармалы жердегі жүгері дәні өнімін гектарына 95-100 центнерге жеткізсе , сүрлемдік көк балаусадан 500-600 центнерге шейін өнім алған .

Жоғарғы келтірілген мәліметтерді қортындылай келіп айтармыз республикамыздың суармалы жерлері біздің алтын қорымыз, мұнда басқа өңірлерде өсе бермейтін ылғал мен күн сәулесін мол пайдаланатын аса қажетті , қымбаттты астықты дақылдар: күріш, жүгері, тары , техникалық дақылдар: мақта қант қызылшасы мен темекі т.б жақсы өсіп тамаша өнімдер береді. Оған жоғарыдағы келтірілген мысалдар толық дәлел. Ренішке орай, кейінгі жылдары еліміздегі кезінде көлемі 2,5 млн гектарға жуықтаған және өнімі де мол суармалы жерлеріміздің көлемі 1 млн гектарға шейін төмендеп, көптеген суармалы жерлеріміздің мелиоративтік жағдайлары нашарлап, істен шығып кетті . Кеңестік кезеңде бүкіл одақ бойынша және әрбір республикаларда суармалы егіншілік жағдайын бақылап, тексеріп , отыратын арнайы мелиорация және су шаруашылығы министерлігі, олардың облыстық,аудандық, тіпті әр шаруашылықтар өкілдері болатын . қазіргі кезде  бұл мәселелермен айналысатын жоқ сияқты. Біздің ойымызша бұл аса қажетті мәселе .

 

1.3 Қазақстанның басқа облыстарындағы суармалы епншілік жайы

Жоғарыда оңтүстіктегі төрт облыстың суармалы жер­лері мен оның болашағы туралы сөз еттік. Суармалы егіншілік аздап Қазақстанның басқа облыстарында да бар. Төменде осы облыстардағы суармалы егіншіліктің жәйі туралы қыскаша шолу жасап өтеміз.

Орал облысы. Облыста қазір 15 мың гектарға жуьгқ суармалы жер бар. Бұл жерлер негізінен Орал-Көшім суару жүйесінің бойында. Онда егілетін негізгі дақылдар — көкөніс пен картоп. Келешекте Орал-Көшім суару жүйесінде суармалы жер көлемі 25 мың гектарға арттырылады.

Облыстағы ирригациялық ірі инженерлік құрылыс Волга — Орал каналы болмақ. Бұл канал іске қосылған кезде облыстагы суармалы жер көлемі 500 мың гектар-га жетеді.

Мұндағы суармалы жерлердің топырағы негізінен шөл даланың ашық қара қоңыр топырағы мен шөлдің қоңыр топырағы. Бұл топырақтар суарған кезде сорланады. Бұған карсы күресу үшін ол жерлерде коллектарлы керізді жүпе жасау қажет.

Егуге жарамсыз болып  қалып отырса, Отанымыздың оңтүстіктегі көптегең аймақтар, керісінше, ылғалдың жетіспеушілігінен пайдаға аспай бос жатыр. Осы орайда табиғаттың «әділетсіздігін» қолдан түзеп бұл жерлерді мелиорацпялау қажет. Өйткені жерді мелиорациялап, егістікке тиісті мөлшерде сумен тыңайтқыш беріп өңдегенде, жерден жыл сайын мол әрі тұрақты өнім алуға болады.Жерді кең көлемде мелиорацпялау егін түсімін арттырудағы негізгі бағыт.  

Жерді мелиорациялаудыц екі түрі бар: қүрғату мелиорациясы және суару мелиорациясы. Қазақстаи жерінің басым көпшілігі ылғал жетіспейтін қуаң, шөлейтті болғандықтан, тек суару мелиорациясы қолданылады, ал құрғату мелиорациясы республика жерінде мүлде жоқтың қасы деуге болады.

Академик Н. А. Максимовтың айтуынша, ауыл шаруашылық дақылдарыныц куаңшылыққа төзімді сортын шығарғанымен және агротехникалық тәсілдердің қаншалықты жақсарғанымен, қуаңшылыққа қарсы күресудің негізгі әдісі — егістікті қолдан суару болып табылады.

Республикамыздағы суармалы егістің басым көпшілігі (85 проценттен астамы) жер, су жағдайлары қолайлы оңтүстіктегі төрт облыста, (Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан,  Қызылорда) орналасқан. Бұл облыстарда техникалык дақылдардан мақта, қант қызылшасы, темекі, дәнді дақылдардан — бидай, күріш, жүгері, сонымен бірге жемісті дақылдар мен бақша дақылдарынын, басым көпшілігі егіліп, жақсы өнім беріп келеді.

Бұл бітіру жұмысы республика жеріпің топырақ, климат жағдайларына байланысты суармалы егістің жайы, суармалы егісте оңтүстіктегі төрт облыстың алатын орыны мен болашағы туралы, Қазақстандағы басқа да облыстардың суармалы егіншіліктегі орыны, егін суарудың түрлері мен әдістері, суармалы аймақтардьщ мелиоративтік жағдаилары мен оны жақсарту жолдары жайлы әңгіме болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУЛИКАСЫНЫҢ СУАРМАЛЫ ЕГІНШІЛІГІ ЖӘНЕ ТОПЫРАҚТЫ МЕЛИОРАЦИЯЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

2.1 Қазақстан топырақтарын мелиорациялау мәселелері мен суармалы егіншілігі

“Мелиорация” деген сөз түбірі латын тілінен алынған, жақсарту деген сөз. Көпшілік жағдайда жерді, топырақты жақсарту мағынасына қолданады.

Мәселен, ауарайын, жер бедерін т.б. әр аймақтардың табиғи орналасу жағдайларына байланысты топырақты мелиорациялау (жақсарту) түрлері әрқалай. Мысалы, ТМД елдерінің батыс бөлігіндегі және Балтық бойы мемлекеттерде ауадан түсетін ылғал мол да, күн сәулесінің жылуы жеткіліксіз. Яғни сулану басым, ал булану азырақ. Соған байланысты бұл өңірлерде батпақты топырақ молырақ орын алады. Ауыл шаруашылығына тиімді пайдалану үшін бұларды қолдан құрғату мелиорацияларын қолдану қажет.      

Ал ТМД елдерінің оңтүстік шығыстағы орналасқан мемлекеттерінде керісінше ауадан түсетін ылғалдар тапшы, булану өте көп. Орта Азия, Кавказдың арғы беті, Оңтүстік Қазақстан аймақтарында негізінен құрғақ дала, шөл дала және шөл зоналары орын алады. Бұл өңірлерде топырақты ауыл шаруашылығына тиімді пайдалану үшін оларды қолдан суғарады.

Оңтүстік Қазақстанның құрғақ, күні ыстық аудандарында егіншілікпен шұғылдану үшін егістіктерді қолдан суармайынша болмайды. Сондықтан бұл аймақта егіншілікпен айналысу атам заманнан бері сумен байланысты. Дегенмен белгілі Қазан төңкерісіне дейін бұл өлкеде суармалы егіншілік онша дамымады. Себебі жерді көп көлемде суару – оңай іс емес. Ол үшін күрделі ирригациялық-инженерлік құрылыстар салу қажет болды. Ал ол кездегі жеке меншік, бытыраңқы шаруашылықта не техника, не кадр, не қаржы болмаы. Сондықтан ол кездегі егісіктер тек қолдан қазылған шағын арықтар арқылы ғана суарылды.

Мемлекет тарапынан суармалы егіншілікті дамытып, өрістетуге ешқандай көмек болмады. Патшалық Ресей мен оның жергілікті шабармандары бұл мәселеге ешқандай көңіл бөлмей, қаржы босатпады.

Мысалы, 1909 жылы қазақ пен өзбек жерінде орналасқан Мырзашөл алқабын суару үшін оның топырағын жан-жақты, түбегейлі зерттеу керек екендігін дәлелдеп, Түркістан өлкесінің бастығынан қаржы сұраған ғалым, топырақтанушы-агроном М.М.Бушуевтің хатына Түркістан губернаторы – “Топырақтану ғылымы әлі өз аяғына жөнді тұрған ғылым емес” деген бұрыштама қойыпты. 1912-1913 жылдары қырғыз, қазақ жерімен ағатын суы мол Шу өзенінің бойын инженер В.А.Васильев толық зерттеп, осы өзеннің суы арқылы суарылатын Шу бойының жерлерінің жобасын жасайды да, оны егіншілік министрлігіне бекітуге апарады. Министрліктің жерді жақсарту бөлімінің бастығы Р.И.Мосальский бұл жобаға: “Архивке. Әлде бір қырғыздар қоныстанған, Шу бойын суару жобасы кімге қажет” деп қол қойыпты. Міне, осындай көзқарастан патшалық Ресейдің өзіне қарайтын шет аймақтарға қаншалық “қамқорлық” жасағаны көрініп-ақ тұр.

Қазан төңкерісінен кейін жағдай өзгерді. Жерді суару, құрғақшылықпен күресу және шөл аймақтарда суарылған кезде ғана өсетін мақта егісінің көлемін, өнімін арттырып, шет елдерден мақта шикізатын тасуды тоқтату міндетін алға қойды.

1918 жылы 17 мамырда Лениннің қолы қойылған”Түркістандағы суландыру жұмыстарына 50 млн сом қаржы бөлу жөнінде бұл жұмыстарды ұйымдастыру туралы ” деген декретте былай делінген: 1. Орыс тоқыма өнеркәсібін мақтамен қамтамасыз етуді арттыру жөніндегі жұмыстардың жоспары бекітлсін, бұл жоспар мынадай: а) Самарқан облысының Ходжент уезіндегі Бетпақ даланың 500 мың десятина жерін суландыру, Бетпақ далаға қарама-қарсы, Сырдария өзенінің арғы жағында Дальверзин даласының 40 мың десятина жерін қамтитын ирригациялық жүйенің басты құрылыстарын қамтамасыз ету; б) Ферғана облысының Үшқорған даласының 10 мың десятина жерін суландыру; в) Заравшан өзенінің арнасын реттеу жолымен мақта дақылына арнап 100 мыңдай жерді босату үшін Дупилин көпірі алдынан су қоймасын салу; г) Шу өзені алқабында 94 мың деятина жерді суландыру үшін салынатын ирригациялық жүйелердің құрылысын аяқтау (Ленин В.И., 1918 ж.).

Бұл ирригациялық кең бағдарламаны жүзеге асыру үшін Түркістанда (Ташентте) арнайы ирригациялық жұмыстар басқармасы құрылып, оған жоғарыда көрсетілген 50 млн сом қаржы бөлінді.

Бұл құжат түркімен, өзбек, тәжік, қырғыз және қазақ халықтарының ғасырлар бойғы арманын іске асыру үшін жер суландыру құрылыстарын кеңінен өрістетуге, суарылатын жерлер көлемін молайтуға шешуші әсерін тигізді. Энтузиаст агроном Бушуев пен инженер-ирригатор Васильевтің көздеген ойлары шешімін тапты. Ленин бұл декретке қол қойып, ақша бөлумен қатар, осы декреттің өмірде жүзеге асуы үшін көптеген шаралар қолданды. Мысалы, 1918 жылдың тамызында Лениннің қолы қойылған хатта: “Түркістан өлкесінің басшыларына, Түркістан ирригациялық жүйелерінде істейтін жұмысшылар мен қызметкерлер басқа жұмыстарға жіберілмесін, оларға тұрғын үйлер мен қоғамдық бөлмелер тез бөлінсін” делінген. Ленин осы күні Петроградтың төтенше комиссиясының председателі И.С.Урицкийге телеграмма соғып, Петроградтан Түркістанның ирригациялық басқармаына жөнелтілетін жүктердің тоқтаусыз жеткізілуін талап еткен. Ирригация жұмыстары Лениннің инициативасымен қолға алынып, бекітілген белгілі ГОЭЛРО жоспарынан да тыс қалған жоқ. Бұл жоспар бойынша ауыл шаруашылығының электрлендірумен, механикаландырумен қатар жерді мелиорациялау, яғни жерді суару мен құрғату кең түрде жоспарланған еді.

Бұдан кейнгі жылдары да жерді суарудың ауыл шаруашылығын дамытудағы маңызына үнемі үлкен назар аударылып отырды. 1921 жылдың көктемінде Әзірбайжан, Грузия, Армения, Дағыстан және тау халықтары республикаларының еңбекшілеріне жазған хатында Ленин: “Егіншілік пен мал шаруашылығын қалай болғанда да игеру үшін жерді суару ерекше маңызды。 Суару бәрінен де гөрі керек және бәрінен гөрі өлкені қайта құрады, оны жандандырады, ескіні келмеске жібереді, жаңа өмірге өтуді нығайтады” деп ирригация мәселесіне ерекше көңіл бөлген.

Ал Шу өзені бойында игерілген жер көлемі жоғарыдағы декретте көрсетілген көлемнен бірнеше есе асып, қазір туысқан қырғыз, қазақ республикаларындағы осы өзен суымен суарылатын егістік 500 мың гектарға жетті (негізінен қант қызылшасы егіледі). Таяу болашақта суармалы жер көлемі қазіргіден әлдеқайда артады.

Күн сайын өсіп келе жатқан халқымыздың әл-ауқатын жақсарту, күнделікті талғам-талабын қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылық дақылдарының өнімін де, көлемін де арттыра түсу керек. Суармалы жерлердегі егістіктер – ауыл шаруашылығымызды өркендетудің негізгі бір қайнар бұлағы, байлық көзі. Сондықтан бұл саланы өркендету әрдайым назарда болғаны жөн. Әсіресе бұл мәселемен мемлекетіміз соңғы жылдары қатты шұғылданып келеді. Таяу жылдары еліміздің суармалы жер көлемі үдемелеп артып келешекте суармалы егіншілік дамымақ. Себебі республикамыздың табиғи жағдайда ылғалмен қамтамасыз етілген, жыртуға жарамды жерлері түгелімен егістікке игерілген, ал қалған егісікке жарамды жерлерді игеру үшін оларды міндетті түрде қолдан суару қажет.

Қазақстанның суармалы жер көлемі кезінде 2,4 млн гектар болса, оңғы жылдары көп төмендеп 1,0-1,2 гектардай. Олар негізінен оңтүстіктегі Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында. Болашақта осы облыстардағы мол сулы өзендер – Іле, Шу, Сырдария және басқа майда өзендердің суларын тиімді пайдалану арқылы Оңтүстік Қазақстандағы суармалы жер көлемін 2-2,2 млн. гектарға жеткізуге болады. Біраз жерлерді республикамыздың батысындағы Жайық өзені, ал республикамыздың шығысы мен терістігінде Ертіс, Есіл, Тобыл өзендері арқылы суғарылмақ.

Мелиорацияны кең көлемде дамыту әр елдің техникалық және экономиалық мүмкіншіліктеріне тікелей байланысты.

Соңғы жылдары мелиорациялық жұмыстар мен техниканың дамуына байланысты қауыртт өрістеді. Ертеректе ғалымдар мелиорацияны ХХ ғасырдың резерві деп болжаған. Шындығында солай. Мәселен, ХХ ғасырдың басында суармалы жер көлемі 40 млн гектар болса, қазір ол алты еседей көбейіп, 235 млн гектарға жеткен. Дүние жүзіндегі суармалы жер көлемі 235 млн га, яғни бұл суарылмайтын егістік көлемінен алты еседей аз. Соған қарамастан бұл жерлерден бүкіл азық-түлік өнімдерінің жартысы өндіріледі, демек бір гектар суармалы жер өзінің өнімділігі жағынан алты гектар суарылмайтын жерге теңеседі екен. Бұл жағдай Қазақстанға да тән.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін арттыруда кешенді механикаландырудың, химияландырудың және мелиорациялаудың маңызы ерекше. Қазақстан жері негізінен құрғақшыл аймақ, мұнда батпақты жер жоқтың қасы. Осы себепті республикамызда жерді суаруға көп көңіл бөлінді. Қазір Қазақстанда суармалы егіншілік көлемі 1,2 млн. гектардай. Жерді суару жағынан республика ТМД елдер ішінде Өзбекстан мен Ресейден кейінгі үшінші орында, демек елімізде суармалы егіншіліктің болашағы зор. Онда суаруға жарамды жер көлемі 30-40 млн. гектар. Оның үстіне Қазақстанда суарудың тиімділігі басқа Достастық елдеріне қарағанда едәуір жоғары. Мысалы, белгілі агроклиматологтар Ф.Ф.Давитая мен С.А.Сапожниковалардың  мәліметтеріне, қарағанда, түрлі аймақтарда жерді суарудың тиімділігін анықтайтын коэффициент жасауға болады. Бұл коэффициент бойынша суарудан алынатын қосымша молырақ өнім Қазақстанда және Орта Азия республикаларында едәуір артық . Бұл жағдай іс жүзінде кезінде дәлелдендіде. Әлемдік рекордтық өнімдер: күріштен гектарынан 171 центнер (Ыбырай Жақаев), тарыдан 201 центнер (Ш.Берсиев), қант қызылшасынан 1600 центнер (О.Гоноженко), темекіден 35-40 центнер (П.Томоровский), Қазақстанның суармалы жерлерінен алынды.

Жерді мелиорациялау мәселелерін негіздеу мақсаттарымен Сырдария, Жайық, Шу, Талас, Іле, Қаратал, Тентек, Лепсі, Көксу, Арыс өзендерінің бойлары мен сағалары, Маңғыстау түбегі жан-жақты зерттелді, топырақты мелиорациялау мүмкіншіліктері анықталды. Ұлттық ғылым академиясының Топырақтану институты республикадағы күріш егуге жарамды жерлерінің барлығына мелиорациялық зерттеулер жүргізді. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Талдықорған облыстарында күріш егуге жарамды жерлер анықталды. Алматы облысында негізгі күрішті аймақ Іле өзенінің бойы мен сағалары болмақ. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде 500 мың гектардан астам күрішке жарамды жерлер белгілі болды, оның су жеткізуге қолайлысы –300 мың гектардай. Дегенмен оның барлығын суаруға су жетпейді. Кезінде Ақдала алқабында ‘’Бақбақты’’, ‘’Октябрьдің 50 жылдығы’’, ‘’Ақдала’’, ‘’Жеңіс’’, ‘’Тыңның 25 жылдығы’’ күріш овхоздары ұйымдастырылып, Отанымызға қымбат ақ маржанды дән тапсырған болатын. Ескеретін жай: бұл аймақ еліміздегі күріш егілетін ең терістік аймақ, сондықтан мұнда күріш егісінің пісіп жетілуіне кейбір жылдары вегетациялық уақыттың жетіспеуі байқалады. Бұған қоса Балқаш көлінің деңгейін бірқалыпты сақтау мақсатымен, бұл өңірде бұдан былай күріш егісін азайтып, мал шаруашылығымен шұғылдану жоспарланған.

Алматы облысында соңғы жылдары суармалы егіншіліктің дамуына Д.А.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы зор үлес қосуда .

Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара ауданындағы Сырдария өзенінің ескі жағалауларында да күрішке жарамды жерлер көп. Мұнда Шардара және Отырар далаларында 1 млн. гектардан астам суаруға жарамды жерлер зерттелді, оның 500 мың гектардай жері су келуге ыңғайлы. Дегенмен оның барлығын түгелдей игеруге су көздері жетіспейді. Қазіргі кезде Сыр бойының теріскей жағалауындағы аймақ Қызылқұм каналы арқылыигерілуде. Қызылқұм алқабын алғашқы кезеңінде күріш шаруашылықтары игерілген. Қазір мұнда көлемі 40 мың гетардан астамсуармалы жерде егістіктер орналасқан. Табиғи жағдайда өнім беріп жарытпайтын тақыртүстес топырақтар, оны суарып, тыңайтқыштар қолданған кезде гектарынан 40-50 ц-ден ақ маржан беруде.

Игеру кезеңі соңғы жылдары басталған бұл алқаптың екінші кезеңінде 60

 

Кесте 1 — Бұрынғы КСРО-ның кейбір аудандарындағы жер суарудың тиімділігі (Ф.Ф.Давитая мен С.И.Сапожникова бойынша)

 

 

 

Ауадан түскен ылғал бойынша

Қолдан суарылған кезде

Суару арқылы өнімнің айырмашылығы

1

Украина, қара топырақтар

34

50

16

2

Молдавия, қара топырақтар

40

51

11

3

Еділ бойы, қара топырақтар

30

43

13

4

Солтүстік Қазақстан, қара топырақтар

15

32

17

5

Солтүстік Қазақстан, қара-қоңыр топырақтар

10

37

27

6

О Орталық Қазақстан, ашық қара   -қоңыр топырақтар

0

45

45

7

Орталық Қазақстан, құба топырақтар

0

52

52

8

Оңтүстік Қазақстан, сұр және тақыртүстес  топырақтар

0

67

67

9

Өзбекстан, сұр және тақыртүстес  топырақтар

0

72

72

10

Түркіменстан, сұр-құба және тақыртүстес  топырақтар

0

85

85

мың гектар суармалы жер іске қосылды. Екінші кезектегі игерілген

Оңтүстіктегі жерлердегі шаруашылықтардың негізгі бағыты мақта шаруашылытары болмақ. Осы бағытта мамандандырылған ‘’Ақ алтын’’, ‘’Достық’’ атты мақта шаруашылықтары ‘’ақ алтын’’ өнімін жап-жақсы өткізуде. Мұнда суармалы егіншіліктің дамуын тежеп отырған нәрсе – су көздерінің жетіспеуі.

Қазақстанның негізгі күрішті аймағы Қызылорда облысы екені мәлім. Зерттеулерге қарағанда, ауыспалы егіншілік жүйесі арқылы күріш егуге жарамды жерлер облыста 5 млн. гектардан астам, оның 24 млн. гектары күрделі мелиорациялауды қажет етпейді. Дегенмен республикадағы су тапшылығын ескере отырып, суармалы жер көлемін бұл аймақта 150 мың гектарға жеткізіп, оның 70-80 мың гектардан астамына тек күріш егілмек.

Қазіргі уақытта Қызылорда облысындағы таза күріш егісі 60 мың гектардан артық. Соңғы жылдары судың тапшылығына қарамастан, егістің әрбір гектарынан орта есеппен 30-40 центнер ‘’күміс дән’’ алуда. Ал Жалағаш ауданының еңбеккерлері 1,5 мың гектарға жуық күріш егісінің әр гектарынан 40-50 центнер өнім жинаған күрішшілер саны оннан астам. Сыр суын егістікке, оңтүстік Қазақстан облысында мақта, күріш, ал Қызылорда облысында негізінен күрішке пайдалану жайын сөз еткенде, қазіргі апатқа ұшырап отырған Арал аймағын естен шығармауымыз керек. Мойындайтын жай: Сыр суын Өзбекстанда, өз республикамызда тиімді пайдаланбаудың нәтижесінде Арал құрғап келеді. Бұл дағдарысты ары қарай шиелендіре түспеу үшін Сырдың жоғарғы және рта бойындағы суды мол қажет ететін дақылдарды азайту қажет.

Жайық өзенінің бойы – суармалы егіс үшін мүмкіншілігі мол аймақ. Зерттеулер Батыс Қазақстан облысында суаруға жарамды, бірақ әртүрлі мелиорациялау жұмыстарын қажет ететін жер көлемі 8-10 млн. гектарға жететінін анықтап отыр. Атырау облысында мұндай жер көлемі 2,0 млн. гектарға жуық.. Бұл жерлердің біраз бөлігін суаруға мұндағы су көздері жетіспейді. Дегенмен біршама жерлерді сурауға мүмкіншіліктер бар. Ол жайында зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстанның терістік және орталық аудандарының топырақтары өте құнарлы болғандықтан, оларды суару көбінде топырақты алдын-ала жақсартуды қажет етпейді. Оның үстіне бұл аудандарда суару мөлшері аз. Терістік аудандарда негізінен дәнді дақылдар егіледі. Сондытан осы дақылдарды ауадан ылғал аз түсетін көктемнің соңғы, жаздың басқы айларында бір-екі рет қосымша суарса, астықтың өнімділігі гектарына 30-40 центнерге жетеді. Бұл жерлерді суару кейбір шаруашылықтарда қолданыла басталды. Ақмола облысындағы ‘’Степногор’’ совхозының тәжірибе учаскелерінде тыңайтқыш енгізіп, жаңбырлатқыш машинамен бір рет суарған кезде (гектарына 650 м3 су бергенде) ‘’Саратовская-29’’ тәлімі бидайдың өнімі әр гектарына 40-42 центнерге жеткен. Бұл аймақтарда егістіктерді суару үшін мол сулы Ертіс өзенінің суы біршама пайдаланылады. Біраз егістіктер, негізінен көкөністер Ертіс-Қарағанды каналы бойында өріс алған.

Қазақстанда таяу жылдары суармалы жерлер Еділ-Жайық өңірі мен Ертіс-Қарағанды каналының жағалауларына көшеді. Суармалы егіспен тек оңтүстіктегі аудандар ғана емес, терістік, орталық, батыс аймақтар да шұғылданады. Сондықтан оларды суару әртүрлі күтпеген жағдайларға соқтыруы мүмкін. Соншалықты көп жерді ешқандай тәжірибесіз бірден суару қауіпті. Ең алдымен табиғи жағдайы әртүрлі аудандарда егісті суландыратын тәжірибе станцияларын ашу керек. Тәжірибе танаптарында суармалы егіншілік жүйесін үйреніп, танысу қажет. Бұл учаскелерде суарудың әдісі, топырақтың сулы-тұзды жағдайын реттеу, коллекторлы-керізді жүйелерді сынау, агротехника мәселелері, тыңайтқыштар енгізу, дақылдардың әртүрлі сорттарын сынау т.б. мәселелер атқарылуға тиіс. Бұл мәселелерді шешу үшін Қазақстанның терістік облыстарында 2-3 арнайы тәжірибе учаскелерін ұйымдастырған дұрыс.

Қазақстанның көп жерінің климаты құрғақ, шөл дала, шөл, оның үстіне аймақтарда жерді суаратын табиғи су кемшін, яғни барлық мәселе суға келіп тіреле береді. Қазақстанның құрғақ шөлді аудандарында жер асты суларының мол қоры бар. Ұлттық ғылым академиясының академигі, Социалистік еңбек ері У.Ахметсафиннің көп жыл жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде Қазақстанда жерасты теңіздері табылды. Дегенмен мұны егісті суаруға кең көлемде пайдалану республикамызда ойдағыдай жүзеге асырылмай келеді.

Ескеретін жай суармалы жерлерді игеру арзанға түспейді. Каналдар қазып, жердің мелиорациялық жағдайын жақсартуға аз қаржы жұмсалмайды. Алайда мұндай шығындар ол жерлерді игергеннен кейін бірнеше жылдарда-ақ өтелетіні сөзсіз. Қазақстан жағдайында мақта егу үшін жұмсалған қаржы 3 жылда, қант қызылшасын егу үшін жұмсалған қаржы 4-5 жылда, күріш егуге жұмсалған қаржы 5-7 жылда, ал көкөніс пен мал азықтық егістерге жұмсалған қаржы 2-3 жылда өтеледі екен 。

Суармалы жердің тағы бір артықшылығы: бір жылда екі өнім алуға мүмкіндік береді. Мәселен, тез пісетн астық дақылдарынан кейін немесе жазда пісетін картопты жинап алғаннан кейін вегетативтік уақыт Алматы облысында 70-80 күн, ал Оңтүстік Қазақстан облысында 90-110 күнге дейін созылады. Бұл уақыт ішінде аңыздыққа тез пісетін тары немесе сүрлем жүгері сияқты дақылдарды егуге болады, былайша айтқанда суармалы егістіктердің экономикалық тиімділігі мол. Біріншіден, ешқандай өнім бермейтін, тіпті жайылымға жарамайтын шөлді жерлер суарылса, ол табиғаттың қолайсыз құбылыстарына тәуелсіз болып, тұрақты әрі мол өнім береді, жұмсалған шығын көп ұзамай есесімен қайтарылады. Екіншіден, суармалы егіншілік аймақтарында күн шұғыласын мол қажет ететін, халық шаруашылығына өте керек техникалық дақылдар – мақта, қант қызылшасы, темекі, күріш, бау-бақшалар, дәрілік шөптер өсіп, мол өнімдер береді.

Сондықтан мемлекетіміз бұрынғы Одақ құрамында жерді кең көлемде мелиорациялауды қолға алды. Қазір бұл бағыттағы жұмыстар республикамызда көп төмендеп кеткені рас. Көпке созбай бұл жұмысты жандандыру керек. Жерді суарғанда жер бедеріне, топырақтың құрамы мен физикалық қасиеттеріне, топырақтың төсеніш қабаттары мен жер асты суларының құрамы мен тереңдігіне т.б. қарай қолданатын арнайы ережелер, шаралар бар. Бұл шараларды дұрыс қолданбайынша,  көп қаржы   жұмсап игерген жерлердің тез арада сорланып немесе батпақтанып, істен шығып қалуы ықтимал. Жерді мелиорациялау дегеніміз – жерді жақсарту деген сөз, жақсартамыз деп жүріп істен шығарып алғанымыз кешірілмес қате болмақ. Суармалы жерлерімізді бағалау жұмыстары жоғарыда академик В.М.Бровский бойынша келтірілген.

 

2.2 Егіншліктің ауыспалы жүйесін қолдану және топырақ эрозиясы

Топырақтану ғылыми-зерттеу  институты  ғалымдарының    көпжылдық зерттеулері республикамыздың   жері   қаншалықты   кең   болғанымен, оның егіншілікке жарамдысы мен ылғалмен қамтамасыз етілгені шамалы екенін дәлелдеп отыр. Сондықтан жыртылған, егістікке айналған жердің әрбір гектарын тиімді пайдалану — бүгінгі күннің басты міндеті. Егістік жерді тиімді пайдалану — оның әр гектарынан мүмкіндігінше мол өнім алу деген сөз. Ал мол өнім алу үшін егістік жерлерге  ғылыми негізделген егіншіліктің ауыспалы жүйесін енгізумен қатар, егіншілікке барынша аудандастырылған дақыл сорттарын егіп, озат агротехниканы қолдану қажет.

 

 

Көпжылдық тәжірибе республиканың негізінен жаздық астық егілетін солтүстік аудандарында қолданылатын егіншіліктің парлы-астықты жүйесі тиімді екенін көрсетті. Бұл құрғақ аудандарда парға егілген дәнді дақылдар жыл сайын астық егілетін танаптарға қарағанда гектарынан 5-7 центнер артық өнім береді. Себебі танапты бір жылдай қара пар етіп өңдеп, «тынықтырса», арамшөптерден арылып, ылғалдың қажетті қоры жиналады да, микробиологиялық құбылыстардың нәтижесінде қоректі заттар көбейіп (әсіресе азотты заттар), бұдан кейінгі үш-төрт жыл бойы дәнді дақылдардың дұрыс өнім беруіне себеп болады.

Солтүстік облыстардың көпшілігінде, әсіресе  топырақ  құрамы  жеңіл

 

 

алқаптарда жыртылған жерлердің жиі әрі қатты тұратын желдердің күшімен үрленіп, шаңданып, тозаңданып, құнары азаяды, ал эрозияға қатты ұшыраған аудандарда топырақ құнары тіпті жойылып кетеді.

Эрозияның халық шаруашылығына тигізетін әсерін жеткізу қиын. Мәселен, жел эрозиясына ұшыраған бір гектар егістік жер 600 кг жалпы азотты, 36 кг жылжымалы азотты, 108 кг жылжымалы фосфорды, 105 кг калийді жоғалтады. Ал су эрозиясының зардабына көбірек душар болған жердің әрбір гектары екі тоннаға дейін жалпы азотты, 120 кг жылжымалы азотты, 280 кг фосфор мен 215 кг калийді жоғалтады екен . Республикамыздың солтүстігінде тың игеру жұмыстарын жаппай жүргізген кезде жыртуға жарамды жер таңдауда жіберілген қателіктерден көптеген құмдақ-құмды жерлер жыртылып, жел эрозиясына қатты ұшырағаны баршаға белгілі. Мұндай жерлер тек Павлодар облысында 805 мың гектарға жетті. Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Акмола облыстарында көптеген алқаптар жел эрозиясынан бүлінді. Кейін жүргізілген түбегейлі зерттеулердің нәтижесінде, солтүстіктегі аудандарда жел эрозиясына ұшыраған 1,5 млн гектар егістікке жарамай, ол жерлерге әр түрлі көп жылдық шөптер егілді. Табиғаттың бұл апатымен күресуде Шортанды астық шаруашылығы институтының академик А.И.Бараев басқарған ұжымы кезінде жақсы жетістіктерге жетті 。

Институт ғалымдары егіншілікті топырақ эрозиясынан қорғап, ауадан түсетін ылғалды топырақ қабатында сақтау мен арам шөптерге қарсы күресу үшін шаралар жүргізілуде. Топырақты кәдімгі соқамен (плугпен) қайырмалы етіп жырту орнына, оны арнайы соқамен қопсытып, егілген егіс сабақтары қарды тоқтату үшін сақталады және топырақ желмен ұшпайды. Танаптарға қар тоқтатып, жел күшін бәсеңдету үшін парды белдеу-белдеу етіп орналастырады, яғни пар танаптарының араларына биік сабақты өсімдіктерді жолақтатып егеді. Егіншіліктің қысқа ротациялы — парлы-астықты ауыспалы жүйесін қолданады, әдетте үш жыл астық егіп, төртінші жылы пар жыртады. Егіншіліктің осы жүйесін топырақ эрозиясына үшыраған облыстарда, Сібір және Алтай өлкесінің кейбір аудандарында қолданған кезде эрозия тоқталып, астықты дақылдар тұрақты өнім бере бастады.

Егіншіліктің топырақ қорғау жүйесі Қазақстанда тың игерумен, тыңдағы егіншілікпен тығыз байланысты болғанымен, егіншіліктің бұл жүйесін практикалық жағдайда қолдану географиясы кең. Сібір, Орал, Еділ бойы, Ставрополь, тіпті Украина егіншілері де егіншіліктің бүл жүйесін өздерінің топырақ-климаттық ерекшеліктеріне сәйкестендіріп қолдануда.

Егіншіліктің терістік облыстарда негізінн қолданып келе жатқан парлы-астықты жүйесінің кемістігі жоқ емес. Жалпы парлы-астықты егістік жүйесін ауыспалы егістік жүйесіне жатқызу күмәнді. Бұл егістік жүйесінде жерді органикалық тыңайтқыштармен толықтыратын шөп танапты егіс жоқ.Бұл жағдай мал шаруашылығын дамытуға да кесірін тигізуде. Парлы танапты да тиімді пайдалану қажет сияқты. Міне осы бағыттарда Қазақ Ауылшаруашылығы академиясының академигі, Шортанды астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бұрынғы директоры М.Сүлейменовтың жетекшілігімен жүргізілген кезіндегі зерттеулер жақсы нәтижеге меңзейді.

Қазақстанның оңтүстігіндегі суармалы облыстарда негізгі дақылдарды ауыстырып, топырақ құнарлығын, әсіресе топырақтағы азотты арттыратын дақыл — беде (люцерна). Сонымен қатар беде өте құнды белокты азықтық шөп. Сондықтан бұл аймақтарда беделі-күрішті, беделі-мақталы, беделі-қызылшалы ауыспалы егістер нәтижелі егіліп келеді. Топырақтың мелиоративтік жағдайларына, шаруашылықтың мамандандырылған бағытына қарай беденің ауыспалы егістерде алатын орны әр түрлі (әдетте, 30%-дан 50%-ға дейін). 1961-1962 жылдары академик В.Р.Вильямстің шөп танапты ауыспалы егісіне қарсы Н.С.Хрущевтің «шабуылы» басталған аймақтарда, оның ішінде біздің оңтүстік облыстарымыз да беде егістері жөнсіз жыртылып тасталды, соның салдарынан беденің тұқымы әлі күнге дейін көп шаруашылықтарда жетіспей келеді. Суармалы аудандарда негізгі құнды дақылдардан мол өнім алу үшін ауыспалы егіс жүйесі тезірек қалпына келтіріліп, оның ішінде беде өзінің заңды орнын алуы қажет.

Егер республикамыздың солтүстік облыстарында топырақтың жел эрозиясы басым болса, оңтүстіктің суармалы алқаптарында су эрозиясы орын алған.

Топырақтың су эрозиясы деп аққан су күшімен топырақтың жоғарғы құнарлы қабатының, кейбір кезде тіпті төменгі қабатының жуылып-шайылып, жыралар мен сай-салалардың пайда болуы сияқты табиғи құбылыстарды айтады. Топырақтың су эрозиясы суармалы егіншілік дамыған Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының тау баурайындағы аймақтарында орын алған. Оған бұл жерлердің тым еңістігі, төменгі қабаттарының су эрозиясына өте берілгіш ұнтақ жыныстардан (лесс типтес) түзілуі септігін тигізеді.

Су эрозиясының негізінен екі түрі болады: топырақ бетінің шайылуы және жыралық эрозия. Қатты нөсерден немесе суарғанда судың мөлшерден артық жіберілуінен топырақтың беткі қабаттары шайылады. Судың негізгі ағысы жүрген жерлерде тілінген майда жыралар пайда болады. Бұл жерлер жер жыртылған кезде егістің аралығы өңделіп, культивацияланған уақытта қайта тегістеледі де, топырақтың шайылғаны жөнді байқалмайды. Бұл жағдай жыл сайын қайталанған ретте, топырақтың құнарлы қабатының біразы шайылып, топырақ құнары төмендейді. Мұны шайылу эрозиясы деп атайды.

Ал көлбеу тігірек, құлама беткейлерде әуелі жіңішке болып басталатын майда жыралар судың ылдиға аққан екпінімен тез ойылып, ірі жыраларға, сайларға айналады. Мұндай жайлар көбінесе су жүретін ірілі-ұсақты арықтар бойында көп кездеседі. Оңтүстіктегі облыстардың кейбір жерлерінде осындай арықтардың табаны бірте-бірте шайылып, жер бетінен тереңдеп кетеді. Мұндай жағдайларда судың өз ағысымен айналадағы жерді суару мүмкін болмай қалады. Су эрозиясының бұл түрін жыралық эрозия деп атайды.

Су эрозиясымен күресудің үш түрлі жолы бар.

Агротехникалық шаралар: еңісі мол баурайларды су ағысының бағытына көлденең жырту, топырақты қайырмасыз жырту, қыста қар тоқтатып, көктемде судың ағыс екпінін кеміту үшін егілген егістіктердің пая-сабақтарын қалдыру, топырақ құрылымын жақсарту т.б.

Орманды-мелиоративтік шаралар: жыралар мен сайлар жағалауына, өзендер айналасына, суару жүйелерінің бойына міндетті түрде ағаштар, бұталар отырғызу.

Гидротехникалық шаралар: жыраларды бекітетін инженерлік құрылыстар салу, ирригациялық эрозия болмас үшін арықтар мен каналдардың табаны мен ішкі қапталын су өткізбейтін заттармен (плита, латоктар, полиэтилен т.б.) қаптау.

Осы шараларды ұқыпты қолданған жағдайда топырақтың су эрозиясына ұшырауы жойылады. Қазақстандағы жел эрозиясына үшыраған жер көлемі Р.Жанпейісовтің мәліметі бойынша, 70 млн гектардан асады, яғни республика территориясының 26%-ті топырақ эрозиясына, оның 52 млн гектардан астамы жел эрозиясына бейім болса, 18 млн га астам су эрозиясына ұшыраған. Олардың жартысына жуығы егістікке жарамды жерлер. Су эрозиясы бұл аймақтарда жер бетін бүлдіріп қана қоймай, сонымен қатар жылына 2,5 млн тоннаға жуық азот, фосфор, калийді ағызып әкетеді .

Сел тасқындары да су эрозиясының аса бір қауіпті апатты түрі екені белгілі. Алматы облысы жағдайында осы сел тасқындарын болдырмау үшін Кіші және Үлкен Алматы өзен бойларында салынған тосқауыл-құрылыстар көпшілікке белгілі. Алматы төңірегіндегі аласа таулар мен Ақсай трассасы бойындағы, негізінен тас басқан тау етектеріндегі жерлерді көгалдандыру арқылы бау-бақша отырғызып, қала халқының демалыс аймақтарына айналдырып, қала тұрғындарын саяжай ретінде учаскелері үшін бөліп беру өте ұтымды болады. Сонымен қатар бұл жағдай қала халқының қосалқы шаруашылығы ретінде де, оларды азық-түлікпен, әсіресе жеміспен, көкөніспен қамтамасыз етуде көп септігін тигізеді. Дәл осындай жерлер тау етектеріне орналасқан оңтүстіктегі басқа да облыстарда кездеседі. Жоғарыда көрсетілген әдіспен бұл жерлерді де тиімді пайдалану құптарлық мәселе.

Жыртылған егістік жерлерді тиімді пайдаланып, құнарын арттырумен қатар ауыл шаруашылығының екінші саласы — мал шаруашылығын өркендету үшін республикамыздың мол байлығы — миллиондаған гектар жайылым мен шабындық жерлерді де тиімді пайдалану керек. Қазақстанда 180 млн гектардай жайылым жерлер бар, олар бүкіл ТМД елдеріндегі жайылым жерлердің жартысынан астамы. Өкінішке орай, соншалықгы мол байлық бүгінге дейін дұрыс пайдаланылмай отыр. Оның негізгі себебі бұл шөлейтті және шөлді аймақта орналасқан жайылымдар осы күнге дейін жақсы суландырылмай келеді.

Болашақта жер асты суларын, жер бетімен ағатын өзендерді тиімді пайдаланып, бұл кең алқапты суландыру — кезек күттірмейтін іс. Сондай-ақ жайылымдық жерлерді топырақ эрозиясынан сақтау қажет. Эрозияның бұл түрі малды бір жергекөп орын алады.қайталап жая бергеннен, шөптердің сиреуінен және мал тұяқтарымен беткі қабаттарының бұзылуынан пайда болады. Мұндай «тұяқтесті» жайылымдар республикамызда миллиондаған гектарды алып жатыр. Қазақ халқының «мал шөпті аузымен емес, тұяғымен жейді» дегені тегін болмаса керек. Мүндай жайылым эрозиясына ұшыраған жерлер негізінен елді мекендер мен малды суаратын аймақтарда

 

2.3 Топырақты тыңайту мәселелері

Егілген егіннен мол өнім алу үшін топырақта өсімдіктерге қажетті минералдық және органикалық заттар жеткілікті болуы шарт. Әдетте топырақтың қай жерде орналасуына және басқа табиғи жағдайларға қарай оның құрамында өсімдіктер тіршілігіне қажетті қоректік заттардың қоры шексіз емес, олар жыл сайын егілетін өсімдіктердің өсіп-жетілуінен, түскен өніміне қарай жұмсалып, белгілі мөлшерде кеміп отырады.

Егістіктердің топырақ құрамынан қаншалықты мөлшерде қоректік заттар алатынын мына мысалдан анық көруге болады. Мәселен, жүгерінің гектарынан 600 центнер көк балауса жинау үшін өсімдік өсіп жетілу дәуірінде жерден 150 кг азот, 70 кг фосфор, 200 кг калий тұздарын алады. Ал қант қызылшасының әр гектарынан 400 центнер тәтті тамыр алу үшін қызылша өзінің вегетация кезеңінде бойына орта есеппен 160 кг азот, 60 кг фосфор, 260 кг калий сіңіреді екен . Өнім бұдан жоғары болған жағдайда өсімдіктердің жерден алатын қоректік заттарының мөлшері де арта түседі. Егер егістік жерлерден тұрақты әрі жоғары өнім алғымыз келсе, онда қосымша тыңайтқыштар енгізу қажет. Егістікке тыңайтқыштарды топырақтағы минералдық және органикалық заттардың мөлшеріне, егілген егіндердің физиологиялық ерекшеліктеріне қарап енгізеді.

Бұл жөнінде республикамыздың барлық облыстарында жүмыс істейтін агрохимиялық лабораториялардың қолғабысы үлкен. Бұл лабораториялардың қызметкерлері облыстардағы барлық ұжымшарлардың егіс танаптарының агрохимиялық картограммаларын жасап, әрбір шаруашылық басшыларына қай жерге қандай тыңайтқыш және қандай мөлшерде енгізу туралы ұсыныстар береді.

Республикамыздың білім министрлігі — Ғылым академиясының Ө.О.Оспанов атындағы Топырақтану институты қызметкерлерінің көп жылдық жүргізген агрохимиялық зерттеу жұмыстары мынаны көрсетеді:

  1. Қазақстанның барлық топырақтары табиғи жағдайдың өзінде калиймен жақсы қамтамасыз етілген. Калий тыңайтқышын тек картоп пен қызылша үшін енгізген жөн.
  2. Қазақстанның барлық топырақтары фосфорлы тыңайтқыштарды керек етеді. Сондықтан оны барлық егістіктер үшін тиімді пайдаланған жөн. Әсіресе суармалы жерлерде фосфорлы тыңайтқыштар ауадай қажет.
  3. Қазақстанның топырақтары азотты тыңайтқыштарды да көп қажетсінеді. Әсіресе олар оңтүстік облыстардың суармалы техникалық дақылдар мен суармалы жерлерде өсірілетін басқа дақылдар үшін өте қажет.
  4. Қазақстан топырақтары микроэлементтермен жылжымалы бормен және марганецпен қамтамасыз етілген. Жылжымалы бордың Каспий маңы ойпатында мөлшерден артық екендігі анықталды. Молибден мен мырыш оларда тапшы болса, мыс орта мөлшерде кездеседі. Кобальт Қазақстанның барлық жерінде мөлшердегіден аз. Тәжірибе көрсеткендей, егістікке тек қана жоғарыда айтылған макротыңайтқыштарды ғана емес, сонымен қатар микротыңайтқыштарды да қажетті мөлшерде енгізу егістіктің өнімін едәуір арттырады, сондай-ақ дақылдардың сапасына әсер етеді.

Минералды тыңайтқыштар, әсіресе фосфор тыңайтқыштарын өндіруде республика ТМД-да алдағы орында. Бұған Жамбыл облысының Қаратау аймағындағы шикізат негізінде жұмыс істейтін Жамбыл суперфосфат зауыты, Шымкент фосфорлы тұздар зауытының үлесі мол. Сондай-ақ фосфор зауыты Ақтөбеде, фосформен қоса азот, калий тыңайтқыштарын өндіретін зауыттар соңғы жылдары Маңғыстауда, Степногорскіде іске қосылды.

Минералды  тыңайтқыштарды сөз еткенде, негізгі үш микроэлементтерден (азот, фосфор, калий) басқа өсімдік тіршілігіне өте аз  мөлшерде болса да, қажетті микротыңайтқыштар туралы да айта кету қажет. Қазақстан топырағында бұл микроэлементтерден жетіспейтіндері мырыш, молибден,   кобальт   екендігі   анықталып   отыр.   Осы   микроэлементтерді егістіктерге немесе мал жайылымдық жерлерге қолдан енгізген жағдайда, егістіктің өнімі, ал жайылымдағы малдың қоңдылығы жоғары болады. Қазақстан агрохимиктері бұл салада әлі де ізденіс үстінде.

Біз жоғарыда тек минералды тыңайтқыштар туралы сөз еттік. Ал негізінен егіс өнімдеріне тек минералды тыңайтқыштар емес, сонымен қатар тыңайтқыштардың басқа түрлері де көп әсер етеді. Бұл тыңайтқыштар органикалық тыңайтқыштар, соның бір түрі жасыл тыңайтқыштар және бактериялы тыңайтқыштар болып бөлінеді. Органикалық тыңайтқыштардың көп тараған түрлері малдың көңі, көң садырасы, құс саңырағы, шымтезек, компосталған жасыл шөптер.

Органикалық тыңайтқыштарды күрделі немесе кешенді тыңайтқыштар деп те атауға болады. Себебі оның құрамында органикалық заттардан басқа азды-көпті минералды заттар да бар. Органикалық тыңайтқыштардың бір түрі — жоғарыда айтылғандай, жасыл тыңайтқыштар. Жасыл тыңайтқыштар немес сидерация деп, еккен кезде топырақ құнарын көп талап етпей, өніп-өсіп жақсы өнім беретін көпжылдық, не біржылдық шөптерді өсіп-жетіліп тұрған кезінде тамырымен қоса жыртып тастауды айтады. Тыңайтқыштың бұл түрі еліміздің-оңтүстігінде органикалық және азотты заттарға кедей, құрамы жеңіл топырақтарды (құмдақ) органикалық заттармен байыту үшін қолданылады. Бактериялы   тыңайтқыштар   өзінің   атынан-ақ   белгілі   болғандай, тірі бактериялардан тұрады. Оның себебі: жоғарыда айтқанымыздай, топырақ түзу процесіне, оның   құнарлылығына    микроорганизмдердің,    оның   ішінде бактериялардың маңызы өте күшті. Тіпті кейбір бактериялар түрлері бұршақ тұқымдас өсімдіктер ішінде (тамырында) түйіртпекті (клубни) болып өсіп ауадан бос азотты өз денесіне жинап, топырақтың тыңаюына көп “қолқабыс” тигізеді. Топырақ құрамындағы органикалық заттарды да ыдыратып, оны өсімдіктер    үшін    сіңімді  қоректік заттарға айналдыратын да осы микроорганизмдер. Табиғи жағдайда көбінде топырақ микроорганизмдері топырақта өзінше өсе бермейді. Осы жағдайларды күшейту үшін топыраққа бактериялы  препараттардың   ішінен  нитрагин, азотбактерин  мен фосфорбактерин т.б. енгізеді.

Сонымен егістік жерлерге тыңайтқыштар енгізу мөселесі оңай шаруа емес. Бұған ұқыптылық пен сауаттылық қажет. Міне, осыларды ескере отырып, үкіметіміз егістікті химияландыру жұмыстарын тиімді жүргізу үшін барлық облыстарда, аудандарда арнайы химияландыру басқармаларын ұйымдастырған. Мәселе осылардың қолқабысын тиімді пайдалану.

2.4 Суармалы жерлеріміздің мелиоративтік жағдайлары және оны жақсарту шаралары

Келешекте көршілес республикалардан әкелінетін су көздерін былай қойғанда, республикамыздың ішкі су қорларын пайдаланып, суармады егіншілік көлемін әлдеқайда молайтута болатынып жоғарыда айттық.

Суармалышіліклен анналыскан, бұл ьнірлердіц жер бедері-пе, топырақтыц қүрамы мен физикалық қасиеттеріне, топырактың астындағы қабаттардың қүрамы мен қа-сиеттеріпе жонс жер асты суларының бар, жоғына қарай колданылатын ережелер, шаралар бар. Міне осы ережелер мен шаралар дұрыс қолданылмаған жағдайда, көп қаржы жұмсалып нгерілген жерлер пайдаға аспай, і.стен шығып қалады. Бірер мысал келтірейік:

Талдықорған облысындағы Қаратал суару алқабы (көлемі 16 мыц гектар) 1940 жылдары жыртылып, егін салына бастады. Алғашқы жылдарда алынған өнім айта қаларлықтай болғап. Амал ие, агротехникалық заңды-лықтар дүрыс сақталмағандықтан, 5—6 жылдан кейін сорланып, батпақтанып, егін салуға жарамай қалды Ол жерлер осы қалпымен 20 жылдай қамыс басып бос жаттьі. Тек соцгы жылдары мелиоративтік жағдайы жақсартылып, қайтадаи егін салу шарасы жүргізілуде.

Қазалы суару жүйесінде  Қазақ  Ғылым академиясының Топырақтану институты ғылыми — зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Жоғарыда. аталғандардан басқа, облыста бұрыннан сорланып, батпақтанып қалған жерлер құрғатылып, ол жерлердің мелиоративтік жағдайын жақс;арту шарала-ры қолға алынуда. Таяу жылдарда Жаңақорған плоти-насын салуда көзделуде. Сонымен үстіміздегі -бесжыл-дықта облыстағы суармалы жер көлемі 120 мың гектарға жеткізілмек. Ал суармалы егіншілік дамығаы оңтүстік-тегі бес облыста суаруға жарамды жер көлемі шамамен 12—14 млн. гектарға жуықтайды. Егер облыстардағы қолда бар су қоры тиімді пайдаланылса 3,5—4 млн. гек­тар жерді суландыруға жетеді.

Болашақта Қазақстанның, Орта Азияның егістік алқаптарын сумен қамтамасыз етіп, Арал, Каспий теңізде-рінің деңгейін қазіргі қалпында сақтау үшін, мол сулы Сібір өзендерінің суын бүру да көзделуде. Бұл туралы кейбір жобалар мен пікірлер айтылып жүр.

Бірақ бұл істің жүзеге асуы үшін көп уақыт, көп қар-жы жұмсау қажет.

Оңтүстік облыстарымыздың жерін суаруға әжептәуір үлес қосатын өз территориямызда кейбір су көздері бар. Олар, біріншіден, жер астындағы сулар. Белгілі ғалым, Социалистік Еңбек Ері У. М. Ахмедсафиннің зерттеулері бойынша, Қазақстанның оңтүстік аймағында су көлемі 4,6 триллион текше метрге жететін 15 артезиан бассейн! бар. Бұл су көлемі жағынан Балхаш көлінен 35 есе мол. Бір ғажабы, бұл судьщ көбі шөлді аймақтардың астын-да кездеседі де, пайдалануға өте ыңғайлы келеді. Бұл жер асты сумен жайылымдарды,, егістік алқаптарды суа­ру жер бетіндегі суды пайдаланғанға қарағанда 10 есе-дей арзанға түседі. Өкінішке орай, жер асты суымен егіс суару ісі республикамызда кең өpic ала алмай отыр.

Қала төңірегіндегі егістіктерді суару үшін пайдалануға болатын су көзінің бірі — тазаланбай қала төңірегіне немесе өзендерге құйылатын канализациялық ақпа су. Ол су қала төңірегінің санитарлық жағдайына және балық шаруашылығына көп зиян келтіреді. Егер оларды тиімді пайдаланып, қала төңірегіндегі овощты және басқа дақылдарды суарса, ол сулар көп пайда келтірер еді. Ғылми мекемелердің мәліметі бойынша, 4—6 мың текше метр ақпа судың құрамында 200—300 кг азот, 40—60 кг фосфорлы тыңайтқыш, 100—150 кг калийлі тыңайтқыш болады.

Қанализациялык ақпа су Батыс Европа елдерінде өте тиімді пайдаланылады. Мысалы, Берлин, Лейпциг қалаларының төңірегінде ондаған мың гектар жер тек қаланың ақпа суларымен ғана суарылады.

Қанализациялық ақпа суды егістікке пайдалану біздің елімізде тек Россиянин, орталық аудандары мен Украииада кең өрістеген.

Республикамызда канализациялық суды егістікке пайдаланудың мумкіишілігі мол. Бұл әдісті суы тапшы, шөлді жерлердегі қалалар теңірегінде қолданған жөн.

Қазір Алматы төңірегінде 1500—2000 гектардай жер осындай сумен суарылады. Үстіміздегі жылдарда мұндай сумен суарылатын жер көлемін 10 мың гектардан асыруга толық мүмкіндік бар. Мұндай мүмкіндіктер республнкамыздың оңтүстігіпдегі қалаларда да бар.

 

 

  1. СУ РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ СУАРМАЛЫ ЕГІНШІЛІКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ

 

3.1 Оңтүстік облыстарымыздағы суармалы егістіктерге пайдаланылатын топырақтарды бағалау

Қазақстанның басым көпшілік жерлері құрғақ, тіпті шөл-дала және шөл зоналарында орналасқан. Бұл аймақтарға егіншілікпен өнімді айналысу үшін оларды қолдан суармайынша болмайды. Республикамыздың оңтүстік алқаптарында, негізінен бұрыннан суармалы егіншілікпен айналысатын туысқан өзбек, ұйғыр халықтарымен көршілес, аралас мекендейтін аудандарда суармалы егістікпен айналысу көптен-ақ бар. Дегенмен оңтүстік Қазақстанда суармалы егіншіліктің біршама дамуы кеңестік дәуірде болғанын мойындауымыз керек. Ол кезеңде Қазақстан суармалы егіншілік жөнінен ҚСРО-да Ресей мен Өзбекстаннан кейінгі 3 орында болып, суармалы егіншілік көлемі 2,5 млн. гектарға жуықтағаны белгілі.

Ескеретін тағы бір жағдай, Қазақстандағы егіс суарудың тиімділігі көптеген көрші елдерге қарағанда көп жоғары. Бұл жағдай практика түрінде де көптен дәлелденіп жүр. Мәселен, әлемдік рекордтық өнімдер, күріштен гектарынан 171 центнер, (Ы.Жақаев, Қызылорда), тарыдан — 201 центнер (Шығанақ Берсиев, Ақтөбе), қант қызылшасынан — 1600 центнер (О.Гоноженко, Талдықорған) Қазақстанның суармалы жерлеріне алынғаны әлемге әйгілі. Міне сондықтанда Қазақстандағы суарылмалы егістікті дамыту мәселелерін негіздеу мақсатымен республикамыздың сумен қамтамасыз етілген оңтүстік аймақтарының жерлерінің топырақ-мелиоративтік жағдайлары жан-жақты зерттеліп, бағаланды. Бұл жұмыстар Ұлы Отан соғысы жылдары тағдырдың тәлкегімен Қызылордаға жер аударылып келген топырақтанушы, болашақ аса ірі ғалым В.М.Боровскийдің атымен тікелей байланысты. 1930 жылдардың ортасында Ленинград университетінің геолог-топырақтанушы мамандығын, академик Б.Б.Полыновтың жетекшілігімен үздік бітірген В.М.Боровский Қызылордада алғашқы жылдарды облыстық су шаруашылық жүйесінде, сонымен қатар жергілікті педагогикалық институтта дәріс береді.

1940 жылдардың ортасынан бастап, облыс жер жағдайларымен біршама танысқан В.М. Боровский Сырдария бойында суармалы егіншілікті дамыту мүмкіншіліктерін зерттеу үшін терең ғылыми жұмыстармен айналысады. Осы жылдары жаңа ашылған Қазақ ғылым академиясының Қызылордадағы базасын басқарған В.М. Боровский негізгі ғылыми жұмыстарды Сыр бойының топырақ-мелиоративтік жағдайларын зерттеп, бұл өңірде суармалы егіншілікті дамытып, күріш тағы да басқа дақылдарды өрістетуге бағытталды. Бұл ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесінде В.М. Боровский алдымен, 1940 жылдардың аяқ кезінде ауылшаруашылық ғылымының кандидаты, ал 1950 жылдардың ортасында ауылшаруашылық ғылымының докторы дәрежелерін жемісті қорғады. Бұл мәселелер жөнінде көптеген ғылыми мақалалар мен қатар В.М. Боровский мен оның шәкірттернің екі томдық монографиясы 1950 жылдардың аяқ кезінде ‘’Ғылым’’ баспасынан жарық көрді. Бұл еңбектерде Сыр бойының топырақ-мелиоративтік жағдайлары толық сипатталып, бағаланып, оларды егіншілікке игеру кезінде қолданылатын мелиорация шаралары анықталды.

Сыр бойы өңірі зерттеліп болған соң, мұндай топырақ-мелиоративтік зерттеудер Іле, Шу, Жайық сияқты ірі өзендер бойлары мен қатар Қаратал, Талас, Тентек, Лепсі, Көксу, Арыс т.б. майда өзендер бойларында да жүргізіледі. Бұл жұмыстарда негізінен В.М.Боровскидің тікелей жетекшілігімен, оның шәкірттерімен, ал біршама жұмыстар су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ғалымдарымен жүргізілді. Бұл еңбектер нәтижесінде де зерттелген аймақтардың топырақ-мелиоративтік жағдайлары, оларды суармалы егіншілікке игерген кезде қолдануға қажетті шаралар жан-жақты сарапталып бағаланды. Міне, осы зерттеулер нәтижелерінде оңтүстік суармалы егіншілік өрістеген аймақтар өздерінің мелиоративтік жағдайларына қарай В.М.Боровский бойынша (13) негізгі үш мелиоративтік алқаптарға бөлінді.

1) Тауетегі мен бөктерлеріндегі көлбеу тегістіктер, топырақ қабаттары сарысазды, майда ұнтақталған жыныстардан тұрады.  Ал топырақтың астыңғы қабаттары ірі қиыршық таспен құмдардан тұрады. Таудан алыстаған сайын топырақ астындағы төселген тау жыныстарының ірілігі бірте-бірте кеміп, майда ұнтақталған жыныстарға айналады. Топырақ астындағы ыза сулар ірі кесекті жыныстардан еңкейісі төменге тез ағып кететіндіктен, бұл алқапта олар терең жатады, немесе тіпті жоқ. Сондықтан олар топырақ түзілу процестерінде ешқандай әсер етпейді. Зоналық топырақтары сұр және қара-қоңыр топырақтар. Топырақ құрамында тұздар жоқ есебі, суару кезінде сорлану және батпақтану қаупі жоқ. Дегенмен топырақасты қабаттарының суды мол өткізгіштігінің нәтижесінде арық-атыздар мен каналдар бойларында, сонымен қатар суарылмайтын жер алқаптарында су жерастына көп сіңіп, шығын болады. Міне сондықтанда бұл алқаптарды суару кезіндегі негізгі шара-судың жер астына сіңіп, көп шығын болуымен күресу. Канал арықтар табандарын, қабырғаларын су өткізбейтін плита , латактармен қаптап, егістік жерлерге суды топырақтардың тек беткі қабатының суды өзінде ұстай алатын мөлшерін ғана беру т.б. шаралар қажет.

2) Жоғарғы алқаптан төменірек орналасқан тау етегіндегі жерасты ыза сулары топырақ бетіне жақын жатқан сазды жерлер. Бұл алқаптағы топырақ түзуші тау жыныстары да негізінен таудан жылжыған пролювиалды-делювиалды жыныстардан тұрады. Дегенмен бұл алқап таулардан біршама алысырақ жатқандықтан топырақ түзуші жыныстар ірі қиыршық тастар орнына майда ұнтақталған, су өткізгіштігі нашар жыныстардан түзіледі. Оның үстіне бұл алқаптың жер беті және жерасты еңкейісі де аз болғандықтан ағымы (отток) нашарлайды. Міне осыған байланысты таулы өңірлерде жер астына сіңген сулар жер бетіне жақындайды. Тіпті кей жерлерде су көздері майда бұлақтар болып жер бетіне шығып жатады. Сондықтан жергілікті халық оны ‘’қарасұлы зона’’ деп те атайды. Сулары негізінен тұщы, топырақтары жерасты ыза суларының жақындығына байланысты шалғынды-сұр, шалғынды-сазды, шалғынды-батпақты, ал кейбір бұлақтар шығып жатқан жерлерде батпақты. Бұл алқаптың жерлерін жыртып игерген кезде жерасты ыза суының жақындығын ескеріп, суару мөлшерін көп азайту қажет, себебі жерасты ыза суларын егістіктер біршама пайдаланады.

3)Жоғарғы сазды алқаптан төмен орналасқан кең алқап — шөлді зона. Негізінен көне кездегі, кейбір жерлері қазіргі өзен бойлары мен атыраулары, еңісі өте нашар, кей жерлерде тіпті еңісі жоқ тегістік — жазықтар, топырақтары шөлдің сұр-құба, тақыртүстес топырақтары. Алқаптың көп жерлерін құмды және таза тақырлы аумақтар да алып жатады. Негізгі топырақтарының беткі қабаттары майда ұнтақталған, ал төменгі қабаттары сазды, құмды болып келеді. Жерасты ыза сулары әдетте тереңде, топырақтың түзілуі мен қасиеттеріне ешқандай әсер етпейді. Бұл алқапты суарған кезде жерасты ағысының өте аздығынан жерасты ыза суы пайда болып, ол тез көтеріледі де топырақ сорланады. Себебі табиғи жағдайдың өзінде бұл топырақтар мол сорланған, ал пайда болып жоғары көтерілген ыза сулар құрамында да тұздар мол. Топырақтарды сорланудан сақтау үшін бұл алқаптарда міндетті түрде топырақты сордан шайып, шайынды суларды қазылған қашыртқы су керіздері арқылы бұл учаскелерден алыстатып жіберу керек. Бұл мелиоративтік алқаптардың схемалық картасы В.М.Боровский бойынша 6-суретте берілді.

Сонымен қатар, оңтүстік суармалы егіншілік аймақтарда жерлердің мелиоративтік жағдайларын бағалау үшін, жоғарғы айтылған мелиоративтік көрсеткіштермен (топырақ қабаттарының құрылымы, жер беті, жер асты ағысының болу, болмауы, жер асты ыза сулары деңгейі т.б.) қатар топырақ жайғасқан аумақтардағы топырақ пен топырақ асты қабаттарындағы және жер асты ыза суларындағы тұздар құрамы да үлкен роль атқарады. Міне осы көрсеткіштер арқылы академик В.М.Боровский өзі жетекшілік етіп, көпжылдық жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сүйене отырып, Қазақстанның оңтүстік суармалы егістік дамыған бөлігінде 3 топырақ-геохимиялық провинцияларды анықтады (14). Ескеретін жағдай, бұл 3 топырақ — геохимиялық провинциялардың әрқайсысы тиісті су бассейндерінің ағымдарының барып құятын түпкі нүктелері: Каспий, Арал теңіздерімен Балқаш көліне негізделген. Бұлардың барлығына бірдей заңдылық — бассейндердің топырақ қабаттарының да, жерасты суларының тұздылығы да бассейн басынан бастап төменгі ағысты қабылдайтын нүктелеріне жақындаған сайын арта түседі. Сонымен бұл 3 провинцияларға қысқаша сипаттама келтірейік.

1) Каспий теңізі бассейнінің хлорлы топырақ — геохимиялық провинциясы. Топырақта да, жерасты суларында да сорланудың көбеюі өскен сайын тұздар құрамында хлордың үлесі өсе түседі, негізінен хлорлы-натрий. Сонымен қатар бор тұздарының да мөлшері өседі.

2) Арал теңізі бассейн ағынының хлоролы-сульфатты провинциясы. Жер асты суының тұзы көбейген сайын, онда хлордың үлесі (негізінен хлорлы-натрий) өседі, ал топырақтағы тұздар көбейген сайын сульфат үлесі (негізінен натрий сульфаты) өседі.

3) Балқаш көлі бассейн ағымы провинциясында хлор мен сульфаттардың шоғырлануы Арал бассейніне ұқсас, бірақ мұнда топырақтың сорлануына сода тұзының әжептәуір үлесі бар, ал оған қоса біршама бор тұзы да қатысады.

Міне осы 3 топырақ-геохимиялық провинцияларды тұз құрамдарының сапаларын салыстыру суармалы егіншілік үшін ең ыңғайлысы хлорлы-сульфатты Арал бассейні екенін көрсетеді. Бұл туралы нақтылы мәліметтер жоғарыда тұздардың құрамдары және олардың әртүрлі мөлшерлерінің өсетін өсімдіктерге келтірілетін зиянды әсерлерін келтірген кестелерде толық берілген.

Ескеретін жағдай, В.М.Боровсикйдің бұл келтірген  материалдарында тікелей суармалы егістіктегі барлық шаруашылықтардың жер кадастрын жасау үшін пайдалана алмаймыз. Бұл материалдар жалпы жер кадастрын жасаудың зоналық масштабында бағдар, бағыт болып табылады. Ал нақтылы топырақ түрлері мен шаруашылықтардың жер кадастрын жасау үшін, тек сол топырақ түрі мен шаруашылықтың нақтылы материалдарын пайдаланып жасау қажет.

 

3.2 Жер суарудың зкономикалық тиімділігі

«Сулы жер — нулы», «сусыз жердің шөбі аясыз»— деп тетін айтылмаған. Бұл өмір тәжірибесінен алынған шындық. Академик Л. И. Прасоловтың есебі бойынша, дүние жүзіндегі егістің 13 проценті ғана суармалы жерге орналаскаи. Осы 13 процент, жерден алынған өнім кал­ған 87 процент тәлімі жердегі егістен түскен өнімге тең, яғни өнімділігі жағынан суарылатын жердің бір гектары суарылмайтын жердің жеті гектарына бара-бар деген еді.

Қазақстанда суармалы жср 1300 мың гектарға жуық. Бұл бүкіл республикадағы жалпы егіс көлемінің 3,5 проценттейі. Осы жерлерден алынған өнімді ақшаға шақканда республика бойынша алынған жалпы өнімнің 20 процентіне тең болады екен. Яки, бір гектар суарма­лы егістіктің өнімі алты ,гектар тәлімі егістің өніміне тең деген сөз.

Міне бұл оңтүстік облыстардағы суармалы егістің тәлімі жердегі егіске Карағанда анағұрлым өнімді екендігін көрсетеді. Мұның себебі не? Баршаға мәлім, өсімдіктің жақсы өсіп-өнуіне топырақтың тек құнарлы болуы жеткіліксіз. «күн егіннің әкесі болса, су шешесі».деп Үнді халхы айтқандай, өсімдік әрқашан күннің нұрлы сәулесін, жеткілікті мөлшерде суды қажет етеді.
Бірақ куаңшылық аймақтарға ауадан түсетін ылғал өте аз, ал күн сәулесі барынша мол, сондықтан егінді колдан суару қажет. Колдан суару жүйесін енгізгенде күн сәулесі мсн ылғалға қаныққан өсімдік өнімді едәуір мол береді. Суды уақытылы, әрі мөлшерлеп бергендіктен егін табиғаттың ешбір қолайсыз құбылыстарына тәуелді болмай, одан еселеген өнім алынады. Суармалы жерлерде агротемикалық тәсілдерді дұрыс қолданған жағдайда суармалы гектардың құндылығы әлденеше есе арта түседі. Қызылордалық атақты курішші Ыбырай Жақаев күріштің гектарынан І71 центнерге дейін, ақтөбелік даңқты тарышы  Ш. Берсиевтің өзі суарған жердің әр гектарынан 201 центнерден өнім алғаны, республикамыздың шебер қызылшашысы Ольга Гоноженконың әр гектардан өпімді 1500 центнерге жеткізгені — бұған толық дәлел бола алады.

Әрнне, бүл көрсеткіштер көлемі шағын жерлерден алынған өнімдер, Республикадағы суармалы жерлердің жалпы көлемінің әр гектарынан дәл осындай табыстарға жету өте қиын. Дегенмен, суармалы егісті батыл енгізіп, оның бабын таба білсе, келешекте жоғарыдағыдай көрсеткіштерге жетуге толық мүмкіндік бар.

Суармалы егіншіліктің экономикалық тиімділігін сөз еткенде цифрларға жүгінбеуге, оларды өзара салыстырмауға болмайды. Осыған орай, төменде біраз мысал келтірейік.

Әдетте тәлімі жердің әр гектарынан алынған өнімнің құны орта есеппен 150 сомнан аспайды екен. Ал суар­малы жерлерде қант қызылшасы 750 сом, мақта 1200— 1300 сом кіріс кіргізсе, күріш егісінің гектары одан да мол табыс береді. Бидайдың гектарынан 80 центнер (Іле ауданының «Алматы» колхозы), жүгеріден 80— 90 центнерге дейін (Панфилов ауданыиың «Октябрьдің 40 жылдығы» атындағы колхозы) өнім алған шаруашы-лықтар аз емес. Бұл суармалы егістің берекелілігін, өнімділігін растай түседі. Бұл ретте Ленин орденді Алма­ты темекі совхозының жетістіктері назар аударуға әбден тұрарлық. Бұл совхозда орта есеппен эр гектар темекі егісі 6197 сом табыс берсе, кейбір озат бригадаларда темекінің гектары 8694 сомға дейін таза пайда келтірген.

Рас, суармалы жерлерді игеру арзанға түспейді. Каналдар қазып, су жүргізу, жердің мелиоративтік жағдайын жақсарту үшін аз қаржы жұмсалмайды. Алайда мұндай шығындар ол жерлерді игергеннен кейінгі алғашқы жылдардың өзінде-ак өтеледі де, шаруашылықтар көп ұзамай рентабельді бола бастайды. Д. Сарықұлыовтың мәліметі бойынша Қазақстан жағдайында мақта егу үшін жұмсалған қаржы 3 жылда, қант қызылшасын егу үшін жұмсалғап қаржы 4—5 жыл­да, күріш егуге жұмсалған қаржы 5—7 жылда, ал көкөніс және мал азығындық егістерге жұмсалған қаржы 2— 3 жылда өтеледі екен. Мұны көп уақыт деуге болмайды. Суармалы егістің тағы бір артықшылығы — бір жылда екі рет өнім алу мүмкіндігіпіц барлығы. Мәселен, тез пісетін астық дақылдарын немесе картопты жинап алғаннан кейінгі вегетативтік уақыт Алматы облысында 70—80 күн, ал Шымкент облысыида 90—110 күнге дейін созылады.

Бұл мерзімнің ішінде аңызға екінші бір дақыл егіп, одан да жақсы өнім алуға болады. Бұл — суармалы гектардың өнімділігінэкономикалық  тиімділігін   арттыра түседі.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сарыағаш ауданының Қарл Маркс атындағы совхозы көптен бері ерте пісетін арпа, бидай сорттарынан кейін, оның аңызына мал азығындық жүгері егіп жүр. Астық егісінің әр гектарынан 30 цент­нер, аңызға себілгеп жүгерінің гектарыпан 600—650 центнерге дейін сүрлемдік балауса алады.

Аңызға жүгеріден баска күнбағыс, сұлы, сорго т. б. мал азыгындық дақылдар егуге де болады. Мұңдай тәжірибелер Алматы жоме Жамбыл облыстарының бірсыпыра шаруашылықтарында жақсы нәтиже беріп келеді.

Республнкамыздың суармалы жерлерін тиімді пайдалану жәйін әңгіме еткенде, ол жерлерге дәнді дақылдар егy, оның ішінде бидай егy мәселесіне тоқталайық. Астық өндіру — ауылшаруашылығының жетекші саласының бірі. Солай бола тұрса да, соңғы жылдарға дейін біздің республикамызда суармалы жерлерде бидай егіп, түсімін арттыруға жете көңіл бөлінбей келді. Суармалы жерлердегі аз көлемді бидай егісінің өзін уақытылы суару, агротехниканы дұрыс қолдаиу, жердің мелиоративтік жағдайын жақсарту, сортты тұқымдар себу сияқты шараларга көп мән берілмеді.Негізгі күш суармалы техникалық дақылдарга жұмсалды. Осының салдарынан 1964—1965 жылдары республикамызда суармалы дәнді дақылдардың әр гектарынан алынған өнім орта есеппен 11 —15 центнерден аспады, оның ішінде бидай өнімі 9— 10 центнердей-ақ болды.

жерлерде астық ендіруге, оның ішінде бидайды кебірек егуге кеңіл аудара бастады. Сөйтіп 1967 жылы дәнді дақылдардыц суармалы жердегі егіс көлемі 500 мыц гектардан асты. Әр гектардан алынған астық өнімі де арта түсті.

Есептеп қарағанда, суармалы гектарға жүмсалған еңбектің өтелуі үшін одан алынатын астық өнімі 20 цептнерден кем болмауы керек. Мұндай көрсеткіштерге қазір көп шаруашылықтар жетті.

Суармалы жерлерден астық өндіруде Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түлкібас ауданының егіншілері де айтарлықтай табысқа жетті. 1968 жылы бұл ауданда суармалы дәнді дақылдар егісінің келемі 3 мың гектарға жетті. Безостая 1 күздік бидайынан алынған астық өнімі гек­тарынан 30 центнер болды.

Ауданның жекелеген бригада, звенолары алған өнім бұдан да қомақты. Мәселен, «Победа» колхозының звено жетекшісі Ж. Жапаров 80 гектар жерге егілген осы бидайдың әр гектарынан 59,1 центнерден енім жинаса, Куйбышев атындағы колхоздың сушысы Б. Дөңбаев 125 гектардың әр гектарынан 48,4 центнерден өнім алды.

Суармалы дәнді дақылдар, оның ішінде бидайдың Безостая 1 сорты соңғы жылдары Алматы облысының тау бөктеріндегі аудандарында егіле бастады. Бұған «Алматы» колхозы диқандарының (Іле ауданы) жеткен табыстары айқын дәлел бола алады. Артель басқарма-сының председателі Л. С. Мань-коның мәліметі бойынша, 1968 жылы колхоздағы суар­малы дәнді дақылдар егісінің келемі 800 гектарға жетті, оның әр гектарынан алынған өнім 45 центнерден келді. Суармалы жердегі күздік бидай егісі шаруашылықта егілген барлық дәнді дақылдардың оннан біріндей бола тұрып, одан алынған өнім колхоз бойынша алынған жалпы өнімнің жартысындай болды. Звено же-текшісі М. Клюев тәжірибе участогындағы 30 гектар суармалы егістің (безостая 1 сорты) әр гектарынан 74 центнерден, ал тәжірибеге жатпайтын 120 гектар суар­малы жерден 56 центнерден өнім жинады. Мұнда әр центнер өнімнің өзіндік құны 1 сом 76 тиынға түсті.

Ия суармалы  егіншіліктің оңтүстіктегі  төрт облыста алатын  орны  өзгеше. Қызылорда  облысында суармалы егістіктен  түскен өнімнің бағасы бүкіл егіншіліктен түскен өнім бағасына тең, яғни бұл облыста тәлімі егіншілік тіпті жок деген сөз. Шымкент облысында суарма­лы егістіктің құны жалпы егіншіліктің 93’проценті, Ал­маты облысында 80 лроценті, ал Жамбыл облысында бұл көрсеткіш 70 процентке төмендейді. Ал келешекте суармалы егіншіліктің өнімі бұл облыстарда арта бермек. Ол туралы төменде сөз етеміз.

Жоғарыда айтылған мысалдарды қорыта келіп, су­армалы егіншіліктің экономикалық тиімділігін былай тұжырымдауға болады:        

1) Суарылмаған жағдайда ешқандай өнім бермейтін, тіпті жайылым болып та жарытпайтын шөлді жерлерді суландырса, ол табиғаттың қолайсыз кұбылыстарына тәуслсіз болып, тұрақты және мол өнім береді, жұмсалған шығынды аз уақыттың ішінде еселеп қайтарады.

  • Суармалы егіншілік    аймақтарында   республиканыц   климаты   қатал,   ылғалы тапшы басқа жерлерінде өсіп-өнбейтін, күн шұғыласының  мол,  жылы  уақыттың ұзақ болуын керек ететін,   халық шаруашылығына  өте қажет техникалық дақылдар  (мақта, қант қызылшасы, темскі т. б.)  мен күріш, бау-бақшалар жақсы өсіп, көп енім береді. Жылы уақыттың ұзақтығы бір жерден екі  рет өнім алуға  мүмкіндік туғызады. Сөйтіп, суармалы жердің тиімділігін арттыра түседі.
  • Америка ғалымы Firman Е. bear-дың мәліметі бойынша, құрғақшылық   аудандардағы   суармалы   егісте өсірілген дақылдар өнімі өзініц азықтық сапасы жағынан жауын-піашын мол   түсетіи   аймақтарда   өсірілетіндақылдардыц еніміне қарағанда   анағұрлым   тиімді бо­лады.

Бұл келтірілген мысалдар суармалы егіншіліктің өте пайдалы, аса тиімді екенін дәлелдейді.  мелиорация мәселесі жөніндегі шешімдерін жүзеге асыру суармалы егіншілікті бұдан да берекелі, пайдалы етеді.

 

3.3 Су ресурстарын тиімді пайлану және қазіргі жағдайы

Еліміздегі ірі сулы өзендердің көздері көрші елдерден бастау алатындықтан көрші елдердегі суды қажетсінетін өнеркәсіп салаларының қарыштап дамуы,табиғи су  ресурстардың сарқылуы,ауыз су тапшылығы сияқты күрделі мәселелер бәрімізді толғандырмай қоймайды.халықтың өскелең қажеттілігін өтеу экономиканың барлық салаларының дамуына әкеліп соғады. Мысалы,1 t. болат өндіру үшін- 10 текше метр, 1 t. Қағазға 250 текше метр су қажет болатын болса,суарылатын жерлерден 1 t.бидай алу үшін -500 текше метр,ал күрішке 5000 текше метр су керек екен.

Демек, коғам мен мәдениетіміздің дамуы су шаруашылығы жүйелерімен әрі су тұтыну жағдайымен тығыз байланысты. Дүние жүзінде 1900 жылдан 2005 жылға дейін суды пайдалану орта есеппен 40 есеге дейін, ал Қазақстанда 30 есеге дейін жоға-рылады. Сол мерзімде бұрынғы КСРО бойынша өнеркәсіп саласында суды пайдала­ну 100 еседен жоғары есті. Су тұтыну мөлшерінің жоғарылауы өз кезегінде ағынды сулардың кебеюуіне алып келеді. Мысалы, Іле езені суынын Қазакстан шекарасындағы ластану дәрежесі 20-25 еседей болса, Шу, Талас өзеңцері суларының ластануы 5-10 еседен асып отыр,

Өзен суларының ластануымен қатар, суды тұтыну деңгейінің өсуі су ресурста­рының сарқылуына әкеліп соғуда. Сонымен катар өзен арналарының төменгі жағында орналасқан аумақтар үшін бүл қауіпті жағдай. Жалпы су ресурстарынын сарқылуы барлык өзен алаптарына тән. Қазір Балкаш көлінің экологиясы, сондай-ақ Казақстан аумағындағы барлык ішкі көлдер мен теңіздердің де жағдайлары аландатады. Каспий теңізіндегі итбалықтардың өлімдері де осы су тазалығымен тығыз байланысты. Шу, Талас өзендерінің төменгі жағындағы экологиялық ахуал Арал теңізі аймағындағы экологиялык жағдайдан жаксы емес. Яғни, халыктың көшіп-қонуы да су мөселесіне байланыс­ты боп отырғаны белгілі. Өзендердің төменгі жағына су ресурстарының жеткілікті мөлшерде бармауы сол жақта өмір сүретін халықтың әл-ахуалдарына теріс әсер етеді. Мысалы, шалғындықтар кажетті су мөлшерлерін ала алмай калады, нетижесінде оның өнімділігі төмендейді. Мүндайда мал жайылымдарының өнімділігі де кұлдырайды. Олар кұмды аймактар, өзен аңғарлары сусызданғаннан кейін амалсыздан өзеннін. жоғарғы жағына жылжи бастайды. Сөйтіп, мүндай аху­ал мал шаруашылығының өсіп-өркендеуіне теріс әсерін тигізеді, сондай-ак коршаған ортаның нашарлауына да кесірін тигізеді. Халыкгың тұракты өмір сүруіне теріс ыкпал етеді.

Су ресурстарын тиімді пайдалану — өте күрделі мәселе. Ол үшін мемлекетгер арасында өзен-су ресурстарын бөлістіру, су ресурстарынын сапасын жақсартып, қалпына келтіру кажет. Қазақстан аумағында су ресурстарын экономика салалары арасында бөлістіруді жолға қойған жөн, бұған коса өзеннің орта жене төменгі сағалары арасында да суды дұрыс бөлу мәселесі күрделі қалпында қалып отыр. Сонымен қатар коршаған ортаның жағдайъш нашарлатпауды ойластырған абзал.

Байтақ жерімізді, су ресурстарын, өсімдік пен жануарлар әлемін, тіпті суаттарды таза қалпында сактау, табиғи байлыкты ұдайы өндіру жене ғылыми түрғыдан оларды тиімді пайдалануды негіздеу — казіргі және болашақ ұрпақтардың мүддесі үшін колға алынатын шаруа.

Қазакстан Республикасының су ресурстары 1960 жылдары 114,96 текше шакырым деп есептелген болса, 2000 жылдары бар болғаны 100,5 текше шакырым екені белгілі болды. Есептеулер бойынша, 2010 жыддары — 86 текше шакырым, ал 2020 жылдары өз кезегінде 75 текше шакырым болады деп болжануда (трансшекаралык езендердің су ресурстарын бөлістіру мәселелерінсіз). Қазакстан Республикасының өз жерінде құралатын су ресурстары — 60,37 текше шақырым. Есептеу нәтижелерінің дәлдігі өзгермесе, келешекте жергілікті жерде кұралатын су мөлшері өзгермейді. Баска түзетулер климаттың жаһаңцык өзгерісі аркылы, ия болмаса су ресурстарынын жоғары деңгейде пайдаланылуы әсерінен де болуы мүмкін. Ал трансшекаралык өзеңдермен, басқа мемлекеттерден келетін су ресурстары өте көп өзгереді. Яғни, Казақстан Республикасы аумағьша баска мемлекеттерден келетін су ресурстарынын мөлшері адамзат коғамының өркендеуіне байланысты уакыт озған сайын төмендеуде. Сондыктан трансше­каралык өзендердің су ресурстарын мемлекеттер арасында тиімді белістіру мәселелері қазіргі кезенде өте өзекті болып отыр.

Су ресурстарын кершілес мемлекеттер арасында бөлістірудің әртүрлі үлгілері бар. Мысалы, Қырғыз Республикасы ғалымдарынын әдістемелерінде өзеннің төменгі жағында орналаскан мемлекеттердін табиғи кешендерін корғау мәселелері есепке алынбайды. Су ресурстарының негізгі бөлігі Қырғызстанда құралады екен, яғни, сол су ресурстарыньщ иесі Қырғызстан болуы керек деп есептейді. Ал трансше­каралык өзеннін су ресурстарына тек кана Қырғызстан халқы ғана емес, Өзбекстан мен Қазақстан халыктарының да кұкылары бар екені ескерілмейді. Олардың есебі бойынша, Қырғызстан аумағынан жіберілген әрбір текше метр су ресурсына төменгі жақга орналаскан мемлекетгер акы төлеуі тиіс. Қырғызстанньщ өз аумағына орналаскан гидротехникалық ғимараттарды төменгі жақтың сұранысын орындау үшін арнайы баскару керек, яғни, ол үшін кеткен шығындар осы ақы мөлшеріне енуі тиіс. Сонымен катар ақы кұрамына әрбір жіберілген текше метр судың бағасы жене сол текше метр су Кыр­ғызстан аумағына әкеле алмаған пайда мөлшері де енеді.

Жалпы алғанда, «әрбір текшеметр су мөлшеріне акы төлеу керек» деген пікірмен келісуге болады. Онда да өзеннің табиғи су жүргісінен артык су мөлшеріне ғана. Яғни, төменде орналаскан мемлекет өзеннің табиғи жағдайдағы су жүргісінен артык су мөлшерін талап ететін болса, акы төлеттіруге болады. Мысалы, өзеннің табиғи жағдайдағы су мөлшері 400 текше метр/с, ал Қазакстан 500 текше метр/с су мөлшеріне тапсырыс берсе, онда Казақстан 100 текше метр/с су мелшеріне ақы телеуі керек. Баска жағдайларда, келісілген су мөлшерлерінен артык, ия кем тапсырыстар берген кездерде есеп-кисап жүргізуге бо­лады. Ал егер жоғарыда орналаскан мем­лекет өзеннің табиғи сужүргісінен(ияболмаса келісілген су жүргісінен) артық немесе кем мөлшерде жіберетін болса, онда теменгі сағаларда орналаскан мемлекеттердің шығынын жоғарыда су өткізіп отырған мемлекет көтеруі тиіс.

   Жұртшылық бүгінде «ғасырға салмақ боларлық ғаламат жоба» ретінде атап жүрген Көкарал бөгеті құрлысының бітуі өңір өрнегін өзгертетін нышанды нысан болып отырғаны уақыт ұзаған сайын айқындалып келеді. Толайым бөгеттің тұрғызылуы Арал теңізінің теріскей бөлегін түстігінен бөліп тастап,кіші теңізді немесе солтүстік Аралды қатарға қосты.осы арқылы аймақтың экономикалық,экологиялық ахуалы біртіндеп жақсара бастады. Сыр дарияның теңізге құярлығындағы оншақты ірі көлдердің барлығы суға толып,жағалары жайқалған жасыл желек жамылды.өңірдегі суармалы егіншіліктің дамуына, халықтың  жағдайының  жақсаруына  септігін  тигізді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРТЫНДЫ

 

Қазақстанның қысқаша топырақ климаттық сипаттамасынан қазақ жерінің бесым бөлігі құрғақ шөлейт және нағыз шөл зоналарда орналасқан. орташа есеппен мүндай аймақтар Қазақстан жерінің80%жуық.ауадан түсетін ылғал тек солтүстік облыстар мен орталық облыстарымыздың терістік шеткі бөліктерімен оңтүстік шығыстағы таулы аймақтардың біршама етектерінде егіген егістерді қамтамасыз етеді. Сонымен ерте заманнан-ақ қазақ жеріндегі  егіншілік шамалы орын алды,ал оның сурамалы егіншілікпен айналысу оңтүстік аймақтарда түратын орыс украин,өзбек,ұйғыр халықтарының үлесіне тиді.

Мойындауымыз керек, Қазақстанда суармалы егіншіліктің өріс алуы қазан төңкерісінен кейінгі кеңестік заманмен байланысты. Оның себебі де түсінікті. Суармалы егіншілікпен айналысу оңай шаруа емес,ол күрделі инженерлік құрылыс жүйесі.суармалы егіншілік үшін барлық жерлер қатарынан жарай бермейді. Ол үшін  міндетті түрде топырақтың майда уақталған қабаты жеткілікті, зиянды тұздар аса мол болмай,жер беті бір бағытқа еңісті тегіс болуы және жер астының да бір баңытқа қарай еңісті болуы керек.

   Жоғарыда айтылған төрт облыста суармалы егіншіліктің даму жағдайлары бірдей емес. Мәселен,Қызылорда облысында барлық егіншілік тек суармалы жағдайда мүмкін,яғни егіншілік 100% суармалы, Оңтүстік Қазақстан облысында суармалы егішіліктің үлесі 90%-дан асады,ал Жамбыл мен Алматы облыстарында суармалы егіншіліктің үлестері бүкіл егіншіліктің 70-80% түзеді. Біршама егістіктер тау етегіндегі суармайтын егістіктер.

Жоғарғы келтірілген мәліметтерді қортындылай келіп айтармыз республикамыздың суармалы жерлері біздің алтын қорымыз, мұнда басқа өңірлерде өсе бермейтін ылғал мен күн сәулесін мол пайдаланатын аса қажетті , қымбаттты астықты дақылдар: күріш, жүгері, тары , техникалық дақылдар: мақта қант қызылшасы мен темекі т.б жақсы өсіп тамаша өнімдер береді. Оған жоғарыдағы келтірілген мысалдар толық дәлел. Ренішке орай, кейінгі жылдары еліміздегі кезінде көлемі 2,5 млн гектарға жуықтаған және өнімі де мол суармалы жерлеріміздің көлемі 1 млн гектарға шейін төмендеп, көптеген суармалы жерлеріміздің мелиоративтік жағдайлары нашарлап, істен шығып кетті . Кеңестік кезеңде бүкіл одақ бойынша және әрбір республикаларда суармалы егіншілік жағдайын бақылап, тексеріп, отыратын арнайы мелиорация және су шаруашылығы министерлігі, олардың облыстық,аудандық, тіпті әр шаруашылықтар өкілдері болатын. қазіргі кезде  бұл мәселелермен айналысатын жоқ сияқты. Біздің ойымызша бұл аса қажетті мәселе .

Қорыта келгенде, Қазақстанда суармалы егіншілікті барынша дамыту кезек күттірмейтін өзекті мәселе болып отыр.себебі,халықтың күннен күнге артып отырған қажетін,арзанда экологиялық таза өніммен қамдау және жаңа жұмыс орындарын ашумен қатар экономикалық тиімділігі жоғары суармалы егіншілікті дамыту біз үшін, жалпы кластырлық жүйені жолға қойып отырған еліміз үшін өте пайдалы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Оспанов Ө., Жамалбеков Е. Құнарлы жер — құтты мекен. Алматы, Ғылым, 1983.
  2. Қазақстанның топырақ жамылғысы мен жер қорлары,оларды бағалау,қорғау,тиімді пайдалану. Оспанов.Ө, Жамалбеков.Е, 2005,Қазақ университеті.
  3. Мемлекет арасында суды дұрыс бөлу қажет. Әуелбек Зәуірбек, Жас қазақ  2007 жыл 8 маусым.
  4. Суармалы жеріміз — береке бастауы. Е.Жамалбеков, Егемен қазақстан,2006 жыл 25 қараша.
  5. Көкарал бөгеті. Серік Пірназар, Егемен қазақстан, 2006.06.12
  6. Сұңғат Әліпбай. Жер кодексі жерге көзқарасымызды өзгертті. Егемен Қазақстан. 2004. 27 қазан.
  7. Әліпбай Сұңғат. Қуаң жерлер қайта қалпына келе ме? Егемен Қазақстан. 2004, 24 наурыз.
  8. Имангазиев К. Егіншілікте тыңайтқыш қолдану жүйесі. Алматы. Қайнар. .
  9. Смаилов К. Қазақстан, ХХІ ғасыр. Егемен Қазақстан. 25.05.1996.
  10. Давлятшин И.Д. Принципы и критерии бонитировки почв. Аналитический обзор КазНИИНКИ. Алма-Ата. 1991 .
  11. Абуталипов Ж.А. Казахстан в мировой экономике. КазНИИНИ. Алма-Ата, 1992.
  12. Тихов Г.А. (1875-1960). Советский энциклопедический словарь. М., 1980.
  13. Тәтімов М., Әлиев Ж. Дербестігіміз — демографияда. Алматы. Жеті жарғы. 1999.
  14. Боровский В.М. Геохимия засоленных почв Казахстана. Изд. »Наука» М. 1978。

15 Джанпеисов Р.Д. Эрозия и дефляция почв Казахстана. Алма-Ата, Наука. 1977.

16 Прошляков В.П. Использование и охрана земель. М.Колос. 1979.