АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Қаратау жотасының географиялық кешендерінің динамикасы мен дамуы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

 

Тарих факультеті

 

Қазақстан тарихы кафедрасы

 

 

Дипломдық жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

Қаратау жотасының географиялық кешендерінің динамикасы мен дамуы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

Кіріспе…………………………………………………………………………………………………………3

І. Қаратау жотасын географиялық зерттеу тарихынан қысқаша   

   мәліметтер………………………………………………………………………………………………..6

ІІ. Қаратаудың географиялық кешендері қалыптасуындағы

       физикалық-географиялық факторлары……………………………………………………10

       ІІ.1 Қаратау жотасының геологиялық даму тарихы………………………………..10

       ІІ.2 Географиялық кешендер пайда болуындағы

       геоморфологиялық фактор……………………………………………………………………..13

       ІІ.3 Климат жағдайы………………………………………………………………………………15

       ІІ.4 Беткі және жер асты сулары…………………………………………………………….18

       ІІ.5 Топырақ-өсімдік жамылғысы мен жануарлары…………………………………24

ІІІ. Қаратаудың географиялық кешендері………………………………………………………28

       ІІІ.1 Географиялық кешен және биіктік белдеулілік туралы түсінік………..28

       ІІІ.2 Қаратау жотасының географиялық кешендері…………………………………33

       ІІІ.3 Қаратаудың географиялық кешендерінің динамикасы мен дамуы……38

       ІІІ.4 Қаратау жотасындағы биіктік белдеулілік……………………………………….42

Қорытынды………………………………………………………………………………………………….46

Әдебиет тізімі……………………………………………………………………………………………….48

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

 

       Казіргі ғылымның ең өзекті функцияларының бірі, шектелген бар ресурстарды, қоғамның қажеттілігі мен оларды қамтамасыз ету мүмкіншілік арасындағы сәйкестілікті орнату. Жалпы ғылымның құрамындағы физикалық география қоғамның қажеттілігі үшін, территориялық табиғат кешендерін тиімді пайдалану мақсатта зерттеу.

       Назарыңызға ұсынылған жұмысты орындауда, автор казіргі физикалық географияда қолданылатын негізгі классикалық әдістерді пайдаланды, оның негізгілері: картографиялық, баяндама, салыстырма және профильдер әдісі. Географиялық кешендерге баяндама беруде жүйелі көз қарас қолданылды, яғни Қаратаудың географиялық кешендері өзара байланысқан және өзара әрекеттегі элементтері жиынтығы түрінде қарастырылады.

       Жұмыстың негізгі мақсаты Қаратау таулары географиялық кешендерінің динамикасы мен дамуын қарастыру, әсіресе казіргі физикалық-географиялық процестер және географиялық кешендерге антропогендік ықпалының нәтижесін. Ландшафттарда болып жатқан физикалық-географиялық процестерді білу, осы физикалық-географиялық провинцияның табиғат жағдайы мен ресурстарын тиімді пайдалануға және бұл провинцияның табиғи географиялық кешендерін қорғау бойынша іс-шараларын ұйымдастыруға мұмкіншілік береді

Диплом жұмысы кіріспе, 3-тараудан, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады. Диплом жұмысын жазу барысында автор Оңтүстік Қазақстан облысы Жер ресурстары басқармасының фондттық мәліметтеріне негізденді, Ғылыми-техникалық, Абай, Пушкин атындағы кітапханалардан тақырып бойынша әдебиеттермен танысты. Сонымен қатар, автор оқу іс-тәжірибе кезінде осы мәселе бойынша бірнеше дала материалын жинады.

       Қаратау жотасы физикалық-географиялық провинциясы Қазақстанның оңтүстігінде, Қызылорда, Жамбыл және Оңтүстік-Қазақстан облыстары  территориясында орналасқан. Қаратау Батыс Тянь-Шань тауларының солтүстік сілемдері болып табылады, ең биік шыңы Бессаз тауы – 2176 м. Қаратау жотасы

5 — 6 баллдық сейсмикалық зонада орналасқан. Жотаның казіргі географиялық кешендері тау алды, аласа таулы және орта биікті таулы шөл, шөлейт, құрғақ дала және дала ландшафттары деп бөледі. Климаты кескін континентті, салыстырмалы құрғақ, таулы климат түрімен сипатталады.

       Қаратауда соңғы жылдарға дейін фосфорит, полиметалл рудасы өндірілген. Кеңес үкіметі кезінде Қаратау жотасында түрлі геологиялық зерттеулер жүргізілді, провинцияда уран, темір, алтын және рудалық емес құрылыс материалдар (құрылыс тас, цементтік шикі-зат) т.б. пайдалы қазбалардың кен орныдары табылған. Казіргі таңда өнеркәсіптік деңгейде уран рудасы өндіріледі, ал фосфориттің қоры жеткілікті болғанымен, өндіру тоқтатылған. Қаратау пайдалы қазбалардан басқада табиғат ресурстарына бай болып келеді, әсіресе ауыл шаруашылық үшін. Қаратау жотасының беткейлері мен су айырығы жазғы жайлау ретінде пайдаланылады, шалғындар әр түрлі шөптесін өсімдіктерге бай, сонымен бірге көптеген дәрі өсімдіктер бар. Өзен аңғарларында жабайы жеміс ағаштар өседі: алма, өрік, жабайы жүзім кездеседі, олар осы мәдені жеміс ағаштардың генофонды болып табылады.

       Қаратаудың тегіс жерлері егістікке кең пайдаланады, басым бидай, жоңышқа т.б. дақылдар бар. Бұл провинциядағы дәнді және жемшөп дақылдар суғарылмайды.

       Қаратау жотасы рекреациялық ресурстармен жоғары деңгейде камтамассыз етілген. Әсіресе таулы туризмді дамыту үшін Қаратауда көп мұмкіндік бар, мысалы, өзенмен байдарка және каноэмен түсу, атпен таулы аудандарға, үңгірлерге, ежелгі адамның тұрақтарына т.с.с. объектілерге саяхат жасау. Осы мақсатта Қаратауда ерекше қорғалатын территорияларды ұйымдастыру үшін арнайы географиялық, биологиялық т.б. зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет.

       Қаратауда адамдар ертеден мекендеген, мысалы, Арыстанды өзеннің шатқалында ежелгі адамның тұрақтары табылған, ал Шаян өзенінің шатқалында тас бетіндегі суреттер бар. Боралдайдың жоғарғы ағысында отқа табынушылардың ғибадатханасының қалдықтары, тас бетіндегі суреттер табылған. Орта ғасырларда Қаратаудың солтүстік және оңтүстік беткейлерінде Солтүстік Қазақстан және Ежелгі Русь мемлекетімен Оңтүстік Қазақстанның территориясын және сол кездегі Азияның басқа елдерімен байланыстратын Ұлы Жібек жолының тармақтары өткен.

       Қаратау жотасы территориясын, пайдалы қазба байлықтарын игеру мақсатта, сонымен бірге географиялық кешендерінің экологиялық тұрақтылығын сақтау үшін, Қаратаудың казіргі географиялық жүйелердің ресурстарын кешенді пайдалану принциптерін жасап шығуын талап етеді.

         Қаратау жотасы табиғи физикалық-географиялық шекара болып табылады, сондықтан солтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс беткейлері физикалық-географиялық жағдайы бойынша бір-бірінен кескін айырылып отырады. Қаратаудың су айырығы ландшафттардың жеке класын құрайды. Қаратау ерекше табиғат жағдайымен сипатталатын болғандықтан, осы провинцияның табиғи географиялық кешендерін, тірі организмердің биологиялық көптүрлілігін, эндемикалық түрлерін сақтау үшін 2004 жылы Қаратау-Сырдарья қорығы ұйымдастырылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Қаратау жотасын географиялық зерттеу тарихынан қысқаша мәліметтер

 

       Қаратау таулары туралы географиялық мәліметтер антикалық кезеңдегі географиялық еңбектерде кездеседі, оны дәлелдейтін Созақ, Сауран т.б. ежелгі қалалардың қалдықтары [12,37]. Осындай ежелгі елді мекендердің қалдықтары Қаратаудың батыс және шығыс беткейлерінде бар.

       Қаратау туралы бірінші жазба деректері Александр Македонскийдің әскери жорықтарынан кейін ежелгі грек ғалымдарының еңбектерінде жиналған. Бұл мәліметтер ежелгі римдіктер еңбектеріне көшіп, көбінесе баяндама түрінде болған.

       Орта ғасырлардың бірінші жартысында сол кездегі Орта Азия елдерін арабтар басып алды. Антикалық кезеңдегі ғылым орта ғасырдағы арабтарға көшті, сондықтан, Қаратау туралы мәліметтер осылардың ғылыми еңбектерінен табамыз. Абу Исхак Ибраһым ал-Истахри Арыс өзені және оның салаларында орналасқан елді мекендер туралы мәліметтер бар. Макдиси деген саяхатшының еңбектерінде Сырдарияның оң жағасында орналасқан Сауран (Сабран) және Шагальджин (Ишкан, қазіргі Түркістан қаласынан 26 км солтүстікке қарай) қалаларының сипаттамасы бар, сонымен қатар Испиджаб қаласына аса толық сипаттама берген. Махмуд Қашқари ХІ ғасырдың екінші жартысында жарық көрген «Диван лугат ат-түрік» еңбегінде Орта Азияның картасы бар, онда Тянь-Шань таулары бір-біріне параллель жатқан жоталар түрінде көрсетілген [12,37].

       1627 жылы Мәскеу мемлекетінің «Большой чертеж всему Московскому государству» және осы карталарда көрсетілген территорияға географиялық сипаттама беретін «Книга к Большому чертежу» деген еңбектер шықты. Бұл картада Қаратау таулары да көрсетілген. Қарату жотасы, 1701 жылы С. Ремезов жасап шыққан «Чертежная книга Сибири» деген атласта көрсетілген.

       ХІХ ғасырдан бастап Қазақстан территориясында орыс ғалымдары әр түрлі жолдармен жүйелі геодезиялық кескіндеу және пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізді. Ғасырдың басында Т.С. Бурнашев және М.Поспелов инженерлер Семейден Бетпақдала арқылы, Қаратудың үстімен Ташкентке қарай өтті. Олар көрсетілген айдандарда рекогносцировка жұмыстарын жүргізді. Батыс Тянь-шань тауларына сонымен бірге Қаратау жотасына жалпы сипаттама берілген. 1830 жылы осы маршрут бойынша Н.И. Потанин саяхат жасап жолда кездескен таулар мен өзендерге сипаттама берген, соның ішінде Қаратау таулары туралы мәліметтер бар [7,12].

       ХІХ ғасырдың 30-шы жылдарына Қазақстан туралы көптеген материалдар жиналды, оның барлығын жинап сол кездегі ғылым деңгейінде түсініп жалпыластыру қажет еді. Бұл мәселені А.И. Левшин «Описание киргиз-казачьх или киргиз-кайсацких орд и степей» деген еңбегінде көрсетті. Бұл еңбекте сол кездегі қазақ халқы туралы, оның тарихы, этографиясы, географиясы көрсетілген. Территория баяндамасында Қаратау таулары туралы айтылған. Климаттық ерекшеліктері және топырақтың сипаты негізінде автор Қазақстанның территориясын 7 белдеуге бөледі, Қаратау жотасы жетінші – Оңтүстік Қазақстанның шөл аудандарына жатқызады.

       Қаратау жотасының геологиялық зерттеу тарихы шамамен ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталады. Осы кезеңге дейін Қаратау туралы мәліметтер тосаттан, жекеленген мәліметтер көпестер (саудагерлер), елшілер т.с.с. адамдар жинаған. Қаратаудың геологиясы туралы мәліметтер жоғарыда көрсетілген авторлардың еңбектерінде кездеседі, Семен Ремезовтың (1697), П. Бурнашев және М. Поспелов (1800), Н.И. Потанин (1831), А. Левшин (1832) т.б. авторлар [19].

       1865 жылдан бастап әдебиетте Қаратаудың орографиясы, гидрографиясы, геологиясы туралы ғылыми еңбектер шыға бастады. Осы кездегі ғылыми жұмыстардан Р. Фрезенің (1865), Н.А. Северцевтің (1866), Д.И. Романовскийдің (1866), А.Н. Никольскийдің (1867) және А.Л. Татариновтің (1867) еңбетерін атап кетуге болады. Мысалы, Н.А. Северцевтің еңбегінде Қаратау бойынша маршруттық геологиялық карта берілген, А.Л. Татаринов өз еңбектерінде Қаратауда анықталған тас қөмір кен орындарының жасын анықтады және Ащысай кен орнына сол кездегі деңгейде толық сипаттама берді. Бұл кезең Г.Д. Романовскийдің (1878) және И.В. Мушкетовтың (1877) 1875 – 1878 жылдары аралығында болған экспедициялық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде шыққан ғылыми еңбектер аяқтайды. Олар өздерінің еңбектерінде Қаратау жотасындағы палеонтологиялық қалдықтарға баяндама берген және Қаратаудың геологиялық картасын жасаған.

       ХХ ғасырдың басында Қаратауда көптеген жалпы географиялық, геологиялық, топырақтанулық, ботаникалық т.б. зерттеу жұмыстары жүргізілді. Геологиялық жұмыстары бойынша М.М. Бронниковтың (1905), В.Н. Вебердің (1905) және Д.В. Наливкиннің (1924 және 1930 ж.ж. жарық көрген) ғылыми еңбектерін атап кетуге болады. 1908 жылдан бастап Қазақстанда Көші-қон басқармасының ұйымдастыруы бойынша топырақ-ботаникалық зерттеу жұмыстары басталды. Сол кездегі Сырдария облысының Шымкент уездінде З.А. Минквиц және О.Э. фон Кнорринг осы жұмыстарды жүргізді.

       Орта Азия және Қазақстанның топырақ жамылғысын зерттеуде С.С. Неуструевтің ерекше орны бар. 1908 – 1914 жылдары аралығында ол Оңтүстік Қазақстанның және Өзбекстанның Ферғана аңғарының топырақтарын зерттейтін Көші-қон басқармасының 8 топырақ-ботаникалық экспедицияларын басқарды. С.С. Неуструев 1908 жылдан бастап Шымкент уездінің топырақтарын зерттеді. Ол Қаратау жотасымен қатар Талас Алатауын, Арыс және Боралдай өзендері алқабтарын, Қаратаудың шығыс беткейлерін, Мойынқұмды зерттеді. 1912 жылы шыққан «Почвенно-географический очерк Чимкентского уезда» деген еңбегінде уездтің барлық топырақтарына сипаттама берді, олардың таралуындағы басты заңдылықтарды көрсетті тағы жер бедері, климат және геологиямен байланысты түрлі аудандардағы топырақ қалыптасу жағдайын түсіндірді. Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы территориясындағы лесс топырағын сұр топырақ (серозем) деп атады. Сұр топырақтың ерекшеліктерін қарастыруына байланысты Түркістандағы топырақ пайда болудың маңызды ерекшелігін – топырақ және грунттың карбонаттылығы туралы мәлімет берді.

       Қазақстанда Кеңес үкімет орнатылған соң, Қаратау жотасында геологиялық зерттеулер басым болды. ХХ ғ. 20-40-шы жылдары Қаратаудың геологиясы, палеонтологиясы, жер бедері туралы Д.В. Наливкин, Н.А. Брызгалов, В.В. Галицикий, И.И. Князев т.б. ғалымдардың еңбектері жарық көрді. Осы кезде, И.И. Князев Ащысай полиметал кен орнын өндіріске тапсыру жұмыстарын басқарды.

       1932-ші жылы геологиялық кескіндеу нәтижесінде Қаратаудың ірі масштабты (1:84000 және 1:200000) геологиялық карталары шықты. Кейінгі геологиялық зерттеу жұмыстары нәтижесінде Қаратаудың жеке аудандары 1:25000 масштабтағы карталар түсірілді.

      Соғыстан кейінгі жылдары Қаратауда жоспарлы геологиялық, гидрогеологиялық т.б. зерттеу жұмыстары жүргізілді. Осы кезеңдегі экспедициялық жұмыстардың негізгі нәтижелері Қаратауды жан-жақты зерттелуі, әр түрлі масштабтағы түрлі тақырыптық карталары, өсімдіктер дүниесіне жете сипаттамасы, ауыл шаруашылық мақсаттағы зерттеулер өте маңызды болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Қаратаудың географиялық кешендері қалыптасуындағы

физикалық-географиялық факторлар.

 

ІІ.1 Қаратау жотасының геологиялық даму тарихы және пайдалы қазбалары.

 

       Қаратау тектоникалық жағынан Қазақ қатпарлы жүйесі құрамына кіреді. Тектоникалық картада (ВСЕГЕИ, 1966) [36]. Қазақ қатпарлы жүйесі мозаикалық тектоникалық құрылымы ретінде қарастыралады, ал Солтүстік Тянь-Шань сонымен бірге Қаратау жотасы сызықты формалар деп белгіленген.

       Қазақ қатпарлы жүйесі соңғы қатпарлануы герциндік жаста, бірақ байкал және каледон қатпарлы формалары жер бетінде көрінбегенімен палеозой фундаментінің жалпы құрылымды жоспарына ықпалы басым болып келеді. Қаратаудың каледонидтері Ұлытау-Тянь-Шань геосинклиналдық зона немесе белдеуге жатады [14,40]. Бұл зонада Қаратау антиклинальдық аудан болып келеді.

       Қаратау мегантиклинорийдің ядролық құрылымдары екі қабатты құрайтын протерозой жастағы жыныстардан тұрады: төменгі қабаты гнейс, амфиболит және кристалдық сланецтерге айналған эвгеосинклиналдық эффузивті-шөгінді шөгінділерден құрылған, ал үстіңгі қабат шөгінді карбонаттық және құмды шөггінділермен және әлсіз метаморфтанған кварцтік құмтас және жер беті жағдайына қалыптасқан қышқыл эффузивтерден құрылған. Бұл зоналар фосфориттік және ванадийлік бассейндер ретінде ажыратылған. Бірінші бассейн, полиметалдық шөгінді рудаласу (соның ішінде ванадиймен) қабатымен, қалың емес кембрий шөгінділерімен (300 – 500 м) және ордовикті терригендік материалдан құрылған  салыстырмалы қалың емес горизонттарымен сипатталатын геосинклиналь түрінде болады.

       Фосфоритті бассейнінің кесіндісі екі ерекшелікпен сипатталады: төменгі кембрийдің үстінде қалыңдығы 30 м дейін фосфориттік горизонтымен және жасы бойынша орта кембрийдің төменінен орта ордовикке дейін әктастар мен сұр доломиттердің қабатымен (3000 м дейін) [14,15].

       Камдон миогеосинклинальдық белдеуі орта және жоғары ордовиктің шекарасында катпарланумен сипатталатын және оның ізінен орогендік дамуы басталады.

       Сыртқы каледонидтер белдеуі, үстінен қалыптасқан иіндерді (наложенные прогибы) толтыратын девон жасынан төрттік жасына дейін шөгінділермен жабылған. Үстінен қалыптасқан иіндер каледонидтер сияқты шөгіділердің жағдайы бойынша біркелкі, олар қызыл реңді конгломерат және құмтастар шөгінділерімен толтырылған [14].

       Герциндік қатпарланудың бірінші фазалары карбонның ортасына сәйкес болады. Қаратаудағы қатпарлы массивтерде герциндік орогенезде көптеген жарықтар, жақпарлы қозғалулар және вулканизм пайда болды.

       Перм дәуірінде герциндік орогенез аяқталды. Перм дәуірі бойы Қаратаудың көтерілген массивтері денудациялық процестермен қиратылды, ал ойыстар қиратылған шөгіділермен толтырылды.

       Мезозой эрасы салыстырмалы тектоникалық тыныштықпен сипатталады. Бұл кезеңде қазіргі Қаратаудың территориясында ыстық құрғақ климат болған, оның куәсі қызыл түсті жыныстар және үгілудің латеритті қыртыстары.

       Бор дәуірінде Қазақстан территориясы трансгрессияға ұшырады, теңіз Қаратауға дейін жетті, ашылуларда теңіздік терригендік шөгінділер сақталған. Бордың аяғында тектоникалық көтерілулердің себебінен теңіз шегінді.

       Палеогеннің ортасында (эоценде) күшті трансгрессия болды, теңіз Қаратау жотасын да қамтыған. Орта және кеш олигоценде Қазақстан жерінде тектоникалық көтерілулер пайда болды, оның нәтижесінде теңіз кайтты.

       Мезозой және палеогеннің басым бөлімінде Қаратауда салыстырмалы тегістелген, пененпленизацияланған жер бедері болған. Орта олигоценнен бастап, ежелгі тегістелу беттердің жаңа тектоникалық қозғалыстармен деформациялану және оларды эрозиялық процестермен тілімденуіне байланысты жаңа жер бедері қалыптасу кезеңі басталды. Жақпарлы және күмбезді-жақпарлы неотектоникалық қозғалыстардың, қазіргі тау пайда болу кезеңі неоген болып келеді. Осы кезеңде Қаратау жотасы көтерілді [14].

       Неогеннің аяғында климаттың салқындау және ылғалдануы байқалады, осы кезде Қаратау өзендерінің сулылығы көбейп тау етегінде көптеген көлдер пайда болады. Жоғарғы плиоцендегі сулану таудың көтерілуіне және мұмкін тау мұздықтар пайда болуына байланысты.

       Плейстоценнің басталуы тектоникалық көтерілуі мен эрозиялық тілімденуімен байланыстырады. Қаратаудың етегінде пролювийлік қабаттар қалыптасады. Плейстоцендегі климаттың ритмдік өзгеруі Қаратаудың шөлді аудандары табиғатының эволюциясында әлсіз сәулеленген. Қаратаудың тау алды жазықтарындағы шөлді режим неогенде қалыптасып төрттік дәуірде өзгермеген.

       Мойынқұм шөлінде плейстоценнің барлық қабаттарында (горизонттарында) шөлді өсімдіктердің тозаңдары кездеседі. Шөлді жағдайының ұзақтылығы мен ұздіксіздігі Қаратаудың сулылығының кезеңді тербелуімен ауысып отырды. Мұндай кезеңдерді И.П. Герасимов плювиалды кезеңдер деп атады. Шөлдегі плювиалдар, суық түсуімен және Каспий теңізінің трансгрессиялық фазаларымен бір кезде болған. Осы кезде Қаратау өзендерінің сулылығы және атмосфералық жауын-шашын мөлшері көбейген.

          Пайдалы қазбалары.

Рудалы пайдалы қазбалары. Қаратау жотасында гидротермальды кен орындар және құрамы бойынша карбонатты кен орындар бар. Ванадийдің кен орындары кембрийдің қара сланецтеріне тән Қаратау жотасының солтүстік-батыс бөлігінде кездеседі. Қаратауда Құрманов аймағындағы скарнды-магнетитті білінімдерде титанның белгісі көрінеді, бірақ білінім кіші және пайдалы компоненттің мөлшері өте аз.

       Қаратауда түсті металдардың кен орындары мен руда білінімдері өте көп кездеседі. Қаратауда қорғасын-мырыш кендері бар. Үлкен Қаратауда қорғасын мен мырыштың бірнеше белгілі кен орындары (Ащысай, Мырғалымсай және т. б.) мен жүздеген кен білінімдері бар. Олардың біршамасы ертеден белгілі. Кеңес дәуірі кезінде зерттеулер жүргізіліп, жаңа кен орындары ашылды. 1936 жылдан бастап Ащысай кен орыны жұмыс істей бастады [15].

       Мырғалымсай кен орны 1929 жылы ашылған. Барлау жұмыстары 1931-1939 ж. ж. жүргізілді. Кен орны антиклинальды зонаның оңтүстік-шығыс бату аймағында орналасқан.

       Ащысай (Тұрлан) кен орны ертеден мәлім жоспарлы зерттеу барлау жұмыстары 1926 жылдан бастап жүргізіле бастады. Өнеркәсіптік маңызы бар рудалар Белмазар жарығының жер бетіне жақын орналасқан және шыққан бөліктері негізгі Қаракенсай және 5-ші шығыс учаскесінде. Сонғысы воронкада орналасқан, 15 метр тереңдіктен бастап бай церусситті рудалармен білінеді. Ең үлкен негізгі кен шоғырлану өзінің ішінде барлық қорлардың  45 пайызын жинаған, қорғасынды және қорғасын-мырышты рудалы дене базолды пачканы құрайды.

       Байжансай рудалы ауданы. Қорғасын-мырышты минерализациясының білінімі жағынан Қаратау аймағында екінші ірі аудан болып есептеледі. Оның территориясында Ақсоран, Байжансай, Аралтау, Дарбаза кен орындарымен бірге көптеген руда білінімдер бар. Ауданы оңтүстік-шығыс Қаратаудың батыс беткейінде суайрыққа жақын орналасқан. Геологиялық барлау жұмыстары 1930 жылдан басталды.

       Ақсоран кен орны Қаратау жотасының батыс суайрығына жақын орналасқан. Негізгі кендену Ақсоран жарығында немесе соған жақын орналасқан. Ол шамамен үзіліспен 1750 м созылып жатыр. Руда кальцит пен цементтелген құрамында мырыш, қорғасын, темір бар брекниядан тұрады, ал тұтас қорғасын- мырышты рудалар сирек. Негізгі рудалы минерал галенит, сонымен бірге сфалерит және пирит те бар [15].

 

ІІ.2 Географиялық кешендер пайда болуындағы геоморфологиялық фактор.

 

       Қаратау 5-6 балдық сейсмикалық зонада орналасқан. Провинцияның оңтүстік-шығыс шетінде Арыс-Тараз темір жол трассасы бойынша қайта жүргізілген геодезиялық нивелировка арқылы жаңа тектоникалық қозғалыстар анықталған, мысалы, Шақпақ ауысуында көтерілу процесінің жылдамдығы +12 мм/жылына [2].

       Қаратау жотасы шұғыл ассиметриялық болып келеді. Оңтүстік тау алдының үстірттәріздес беті солтүстік бағытта көтеріліп, байқалмай жазықтық тау адырына өтеді, ал солтүстікте Қаратау тік беткейлі болып келеді. Су айырық беті, бор және эоцен теңіз трангрессиялар кезінде абразия үшыраған, қазір денудациялық жазық болып келеді [14,16,28]. Қаратаудың қазіргі жер бедері денудациялық үгілген беттің дұрыс емес қатпарлы-күмбезді деформациялау нәтижесінде қалыптасты. Бессаз шыңы осы беттен биік емес орналасқан, яғни ол ежелгі жер бедерінің қалдығы. Осындай қалдықты жер бедері Қаратаудың оңтүстік-шығысында байқалады, Боралдай таулары ежелгі жер бедерінің қалдықтары. Палеоген трангрессиясы кезеңінде бұл қалдықтар құрлық болған. Биогеографтар оны палеоген-неоген уақыттың маңызды орографиялық шекарасы деп есептейді. Әктасты-доломитты қабаттар таралған учаскелерінде оңтүстік жазықтық беткейінің көтерілген жазықтық бетіне ойып орнатылған өзендер мен жылғалардың көлденең аңғарлары шатқалтәріздес (каньон сияқты) сипатта болады. Жоспарда қарағанда бұл каньондар үшін жеке бір кесінділеріне тура сызықтылықпен және шұғыл буынды бұрылыстармен сипатталады.

       Төменгі карбонның және жоғарғы девонның әктастары мен доломиттерде карсты құбылыстар күшті дамыған. Мұнда карсты үңгірлер, воронкалар т.б. карсты жер бедері пішіндері кездеседі. Шұғыл континентті климат жағдайында физикалық үгілудің интенсивті процестер нәтижесінде жалаңаш карст пайда болады.

       Қаратау жотасының шыңды бетінде салыстырмалы биік емес абсолюттік биіктікте жоғары кеңістіктегі тундра зонасы және Орта Азия биік тауларының шыңдары үшін сипатты көп тасты  бұрыштықтар таралған. Солтүстік-шығыс тау алдында, Шолақтаудан батысқа қарай үгілген граниттердің ерекше пішіндері кездеседі.

 

ІІ.3. Климат жағдайы.

 

       Оңтүстік Қазақстанның климаттық аудандастыруы бойынша Қаратау екі климаттық облыста орналасқан. Батыс-Тянь-Шань климаттық облыс құрамына кіретін, Қаратаудың оңтүстік-батыс беткейін қамтитын Батыс-Қаратау климаттық ауданы және Солтүстік-Тянь-Шань облысындағы Қырғыз таулы облыс тармағының, Қаратаудың солтүстік-шығыс беткейін қамтитын Шығыс-Қаратау климаттық ауданы [11,32].

       Жергілікті халық Қаратаудың солтүстік-шығыс беткейін Теріскей, ал оңтүстік-батыс беткейін күнгей деп атайды. Теріскей басым салқын және ылғалды, ал Күнгей жылы және құрғақ болып келеді. Негізінде Қаратау жергілікті мағынадағы климат айырықшы болып табылады. Қаратау жотасы гипсометриялық қатыста орта биікті тауларға жатады.

       Қаратау қысқы маусымда үш ауа массасының ықпалында болады: арктикалық ауа массалары, Қаратауға дейін өзгерген түрінде келеді, бірақ өзімен салқын ауа алып келеді; атлантикалық немесе батыс ауа құрғақтау күшті өзгерген түрінде келеді; Иран тау қыраты үстінде қалыптасатын субтропиктік ауа массалары Қаратауға жылымық алып келеді. Кейбір жылдары Қаратау жотасына дейін Сібір (Орта азиялық) антициклонның ықпалы жетеді, ол өзімен өте төмен температура алып келеді.

       Қасиеті бойынша әр түрлі ауа массалардың әрекеті қысқы ауа райында тұрақсыздықты қалыптастырады, әсіресе оңтүстік-батыс беткейінде. Бұл ерекшелік қар жамылғысының ұзақтылығында байқалады. Мысалы, Тасты метеостанциясында қар жамылғысының ұзақтығы 79 күн, Түркістанда (оңтүстік-батыс тау алды жазықтықтардың солтүстігі) – 49 – күн; ал Ащысайда (Қаратау жотасы) – 83 күн [30]. Осыдан, Қаратау климат айырық деген пікірге келеміз. Осы жерде жылы және суық ауа массалары арасында фронттық жауын-шашын көп болады.

       Термикалық режим. Қаратау жотасының термикалық режимін № 1 кестеден көруге болады. Кестені талдауда, солтүстік беткейлер оңтүстікке салыстырғанда өте суық екенін көреміз, температуралардың амплитудасы солтүстік және оңтүстік тау алды жазықтарға салыстырғанда тау жотасында төмендеу болып келеді. Бұл айырмашылық Қаратауға таулы климат тән екенін көрсетеді. Солтүстік тау алды жазықтарындағы температуралардың амплитудасы жоғары болуының себебі қысқы температуралырдың өте төмен, ал оңтүстікте – жазғы температуралардың жоғары болуы.

 

№ 1 кесте. Қаратауда және айнасындағы метеостанциялар бойынша ауаның орташа айлық және жылдық температурасы   (t0 С).

(Научно-прикладной справочник по климату СССР. Выпуск 18. Ленинград. 1989. бойынша, 168 б.)

 

 

Метеостанция

 

І

 

ІІІ

 

V

 

VII

 

IX

 

XI

 

Жыл

дық

Темпера

тураның жылдық ауытқуы

1

Тасты

-10,7

0,5

19,4

27,3

-17,6

-0,6

9,0

38

2

Ащысай

-3,1

2,7

17,0

25,6

17,7

2,9

10,5

28,5

3

Түркістан

-5,8

5,3

20,6

28,3

19,7

3,1

12,0

34,1

 

       Жазда Қаратау жотасы, Орта Азияның (Қарақұм, Қызылқұм) шөлдері үстінде континенттік субтропиктік ауа массалардың ықпалында болады. Олар өте құрғақ, шаңды, және ыстық. Мұндай ауа массаларының ықпалы жоғары температураларға алып келеді, мысалы, Тасты метеостанциясында — +27,3ºС, ал Түркістанда — +28,3ºС. Жотаның өзінде жоғары биіктіктер болуына байланысты температуралар төмендеу, Ащысай — +25,6ºС.

Жауын-шашын режимі. Қаратау жотасының Л.Н.Бабушкин Тұран провинциясының тау алды таулы провинция тармағының жеке климаттық округ деп есептейді. А.А.Пузырева Қаратауды батыс Тянь – Шань және шығыс Тянь-Шань климаттар облыстарына бөледі. Жотаның солтүстік шығыс беткейі солтүстік климаттық облысының Шығыс Қаратау климаттық ауданы, ал оңтүстік батыс деңгейі батыс Тянь – Шань климаттық облысының батыс Қаратау климаттық ауданын қалыптастырады [11,32].

       Қаратау таулы климатпен сипатталады, оның негізгі ерекшелігі жауын – шашын мөлшерінің 400 мм дейін көбеюі (№ 2 кесте).

 

№ 2 кесте. Жауын – шашынның орташа айлық және жылдық мөлшері.

(Научно-прикладной справочник по климату СССР. Выпуск 18. 1989, бойынша, 56 б.)

Метеостанция

І

ІІ

ІІІ

IV

V

VI

VII

VIII

IX

X

XI

XII

жыл

1

Тасты

13

15

21

28

15

11

7

4

2

14

12

19

161

2

Ащысай

75

68

82

75

46

15

9

5

7

37

52

69

540

3

Түркістан

28

23

34

28

18

8

3

2

3

10

19

30

206

 

Жауын-шашыннң максимумы қысқы маусымда байқалады. Жауын – шашын режимінің басты ерекшелігі қар жамылғысының  салыстырмалы үлкен қалыңдығы 30 см-ден 80 см-ге дейін, ал, ұзақтылығы 80 күнге дейін. Қаратауда таулы климат болуына байланысты жауын-шашын мөлшері биіктеген сайын көбейеді. Тау алды жазықтықтарда жауын-шашын мөлшері 200 – 300 мм шамасында, беткей бойынша көтерілген сайын – 400 – 600 мм-ге көбейеді, ал жотаның оңтүстік-шығыс бөлігінде 800 мм дейін.

       Маусымдардың қарсыластылығы өте айқын байқалады: жаз және күздің басы өте құрғақ; күздің аяғында сіркіреме жаңбырлар басым болады; қысы суық қарың қар қабатымен және қатты желдермен; көмтем кезінде фронттық жауын-шашын жаңбыр түрінде болады.

       Географиялық кешен қалыптасуында өсіп-өну (вегетациялық) кезеңіндегі жауын-шашын жиынтығы, белсенді температуралар жиынтығы т.с.с. климаттық көрсеткіштер маңызды роль атқарады. Қүзгі-қысқы-көктемгі кезеңнің кейбір климаттық көрсеткіштері № 3 кестеде көрсетілген.

 

№ 3 кесте. Күзгі-қысқы-көктемгі кезеңінің климаттық көрсеткіштері.

(Агроклиматические ресурсы Чимкентской области Казахской ССР. Ленинград. 1979. бойынша, 263 б)

 

Станция

Кезеңнің ұзақтылығы (күн есебімен)

Суық ұру (қатқақ) күндерінің саны

Жылымық күндерінің саны

Көктем

Күз

Көктем

Күз

Топырақ бетінде

ауада

Топырақ бетінде

ауада

0 — 15ºС

15 — 0ºС

Тасты

43

51

21

17

30

26

47

Шолаққорған

54

54

31

22

34

24

53

Ащысай

61

69

34

18

33

17

54

Түлкібас

70

76

44

29

37

20

36

 

       Кесте бойынша Қаратау жотасында өсіп-өну кезеңі салыстырмалы 180 – 200 күн аралығында, ал белсенді температуралардың жиынтығы (тәулік бойы орташа температурасы +10ºС жоғары температураларыдың жиынтығы) 3700 — 4200º шегінде тербеліп отыр. Мұндай жауын-шашын мөлшерінде және термикалық жағдайда дала және ылғалды дала географиялық кешендері қалыптасуына мұмкіндік береді.

 

ІІ.4 Беткі және жер асты сулары

 

       Қаратау жотасы жауын-шашын мөлшері аз және таулы мұздықтар жоқ болуының себебінен су ресурстарына бай емес болып келеді. Өзендердің барлығ аралас қоректенеді. Солтүстік-батыста еріген қар суынан, ал оңтүстік-шығыста — жер асты суларымен қоректену басым болады. Ең ірі өзендер Қаратаудың орталық және оңтүстік-шығысында орналасқан, себебі осы жерде жауын-шашынның мөлшері көп. Қаратау жоталарынан бастауын алатын өзендерге: Арыстанды, Бөген, Боралдай, Байылдыр, Бесарық, Ермексу, Жиделі, Көкқиясай, Қарашық, Шаян және Иқансу өзендері жатады. Бұл өзендердің әрқайсысы қысқаша тоқталып өтейік.

Боралдай — Арыс өзенінің оң саласы. Бәйдібек, Ордабасы аудандары жерінен ағып өтеді. Ұзындығы 130 км, су жинайтын алабының ауқымы 1860 км². Қаратаудағы Ақшоқы, Арқарлы, Боралдай тауларынан басталады. Жоғарғы ағысында Қошқар ата өзені құяды. Аңғарында жабайы жеміс ағаштары ( алма, долана, жабайы жүзім т.б.) көп. Арыс өзеніне құятын тұсында аңғар кеңейіп, ені 1-4 км-ге жетеді. Қар, жаңбыр және жер асты суымен көректенеді. Боралдай ауылы тұсындағы жылдық орташа су ағыны 10,5 м³/с. Суы тұшы. Минералдылығы 0,2 – 0,4 г/л. Жергілікті тұрғындар Боралдайдың суын егін, бау-бақша суаруға, ауыз суға пайдаланады. Өзеннен тікелей оннан астам ирригациялық каналдар тартылған.

Арыстанды — Арыс алабындағы өзен. Бәйдібек ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 108 км, су жиналатын алабы 896 км². Қаратаудың оңтүстік-батыс беткейіндегі екі шағын өзеннің қосылған жерінен бастау алып, Арыс-Түркістан каналына құяды. Аңғары тар, арнасы тік жарлы. Жер асты, жауын-шашын суларымен толығады. Жылдық орташа су ағымы 0,64 м³/с. Суы ауыз суға, егін суғаруға пайдаланылады. Өзен аңғарын бойлай Арыстанды-Қарабас желі соғады.

Бөген – Сырдария алабындағы өзен. Бәйдібек ауданының жерімен ағып өтеді. Қаратау баурайынан бастау алатын Қаттабөген (Үлкен бөген) және Балабөген өзендерінің қосылған жерінен бастап Бөген деп аталады. Ұзындығы 164 км, алабы – 4680 км². Басты саласы – Сасық өзені. Алабы белесті, еңкістеу келген жазық. Жайылымасы 300 – 600 м. Бөген ерте көкметмде тасиды. Қар, жаңбыр және жер асты суымен толығады. «Қызыл көпір» бекеті тұсында көпжылдық орташа ағымы 4,36 м³/с. Төменгі ағысында Бөген бөгені (су қоймасы) салынған, одан Түркістан каналы тартылған. Бәйдібек, Отырар және Ордабасы аудандарының  шаруашылықтары пайдаланылады.

Байылдыр — Сырдария алабындағы өзен. Түркістан, Кентау қалалық әкімдік аумағы жерімен жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 50 км, су жинау алабы 315 км². Қаратаудағы Бессаз тауынан бастау алады. Қар суымен, жер асты суымен толығады. Арнасы тар, тік жарлы. Салалары: Бозбұтақ, Балтабай. Қарашық ауылы тұсында Арыс – Түркістан каналына құйып, одан әрі қарай Қарашық тармағы екіге айырылады да, бірі Сырдарияға, екіншісі Қамыстықақ көліне құяды. Суы егін суаруға пайдаланылады.

Қарашық, Хантағы — Сырдария алабындағы өзен. Түркістан қалалық әкімдік аумағымен ағады. Ұзындығы 102 км, су жиналатын алабы  1210 км². Қарашық  Қаратау жотасының ортаңғы бөлігіндегі   Бессаз тауынан бастап , Текекөлге құяды . Аңғары жоғарғы бөлігінде тар шатқалды, төменгі бөлігінде жайпақтанып кеңейе түседі. Жауын-шашын, жер асты суымен толығады. Көп жылдық орташа су ағымы Хантағы  кеніші тұсында 1,72 м³/с. Суы егін бау-бақша суаруға пайдаланылады.

Шаян — Арыс алабындағы өзен. Бәйдібек ауданы жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 138 км, су жиналатын алабы 1500 км². Қаратау жотасынан басталып , Арыс-Түркістан каналына жетпей тартылып қалады. Жалпы ұзындығы 220 км, 90 саласы бар. Ірі салалары : Майбұлақ , Ағыбет . Аңғары жоғарғы ағысында таулық сипатта, арнасы тік жарлы, орта, төменгі ағысында бұйратты жазық. Жайылмасының ені 300-500м. Жауын-шашын, аздап жер асты суымен толығады. Жылдық орташа су шығыны Майбұлақ қонысы тұсында 1,12 м³. Суын егіндік, мал суаруға пайдаланады. Қазата ауылы тұсында Қапшағай бөгені салынған.

Көксарай — Сырдария алабындағы өзен. Қаратау жотасынан Ақалтын өзені болып басталып, оңтүстік-батысқа қарай Түркістан қалалық әкімдігі аумағының жерімен ағып, Арыс-Түркістан каналына құяды. Ұзындығы 46 км су жинау алабы 228 км². Үлгілі ауылы тұсында бөген салынған. Орта ағысында аты Жаңақорған өзені деп өзгереді. Жоғарғы ағасында аңғары тар, тік жарлы. Негізінен қар, жер асты суымен толығады. Шөл далада орналасуына байланысты бұл өзеннің мал суаруда, жайылымдарды суландыруда маңызы зор.

Ыққансу — Сырдария алабындағы өзен. Түркістан қалалық әкімдік аумағы жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 65 км, су жиналатын алабы 550 км². Қаратаудың оңтүстік беткейінен басталып, Аяқкөлге жетпей тартылып  қалады.Көктемде суы көбейіп, Арыс-Түркістан каналына құяды. Аңғары жоғарғы бөлігінде таулық сипатта, арнасы тік жарлы. Жер асты, жауын-шашын суымен толығады. Жылдың орташа су ағыны сағасы тұсында 1,60 м³/с. Суы егінге, мал суғаруға пайдаланылады.

Шағансай — Сырдария алабындағы өзен. Созақ ауданының аумағында ұзындығы 53 км, су жиналатын алабы 601 км². Шағансай Қаратаудың солтүстік беткейіндегі бұлақтардан басталып, Мойынқұмның оңтүстігіне жетпей тартылып қалады. Жоғарғы ағысында аңғары тар, төменгі ағысында кеңейе түседі. Негізінен қар суымен толығады. Жазда суы азайып иірімдерге бөлініп кетеді.

Қаратаудың көлдері. Билікөл — Талас ауданының оңтүстік жағында Жамбыл қаласынан батысқа қарай 80 км жерде орналасқан. Көлдің биіктігі 438,6 м, көлемі 86,5 км², ұзындығы 18,5 км, ені 7,3 км, жағалауының ұзындығы 53 км.

Билікөл Қаратаудың солтүстік жотасындағы тау аралығындағы ойыста жатыр. Көлдің солтүстік жағының ені 2 км дейін тарылып, осы жерден көл екіге бөлінеді, одан әрі көлдің оңтүстік бөлігінің арнасы кеңейе түседі. Көл орналасқан ойыс аса терең емес, түбі жазық, таза, жағалауы лайлы. Лайлы түсі сұр, қалыңдығы 0,5 м жетеді. Оңтүстік жағалауын бойлап қамыс өскен. Шығанақтарда су балдыры — хара, шолаң өседі, олар қамыс арасында да бар.

Көлдің жағалаулары ашық, батпақты, жазық тек солтүстік және батыс жағалауларының кей жерлері биік тік жарлауыты болып келеді. Оңтүстік жағалауы тасты, қалған бөлігі — құмайт топырақты, құмды.

Су жиналатын алабының оңтүстік және батыс жағы таулы, басқа жақтарының жер бедері бұйратты. Билікөлдің оңтүстігі солтүстік-батысқа қарай Қаратау( 1610,3 м), ал оңтүстік-шығысын Үлкен Буырылтау (843,4 м) сілемдері алып жатыр. Көлдің солтүстік-батысына қарай Бултын, Жетімшоқы, Кебекқашқан таулары орналасқан. Көл алабында бетеге, ақ жусан, кей жерлерде сарсазан, т.б. өседі. Су жиналатын алабы мал жайылымына пайдаланылады.

Билікөлге шығысында Ассы өзені құяды . Ол осы өзен суымен және қар, жауын-шашын суларымен толығады. Сәуірдің аяғынан бастап өзен суы көлге құймайды, өйткені оның суы жер суландыруға пайдаланылады. Көлдің орташа тереңдігі 2,1 м ( ең терең жері 4,5м). Көлге 182 млн. текше метр су жиналады. Суы 0,2-1,5 м тереңдікте мөлдір болып жатады. Түсі — қоңыр-сары. Су деңгейі наурыз, сәуір айларында көтеріліп, қыркүйекте төмендейді. Су деңгейінің жылдық орташа  өзгеруі 3 м, көпжылдық өзгеруі 5 м.

Билікөлдің суы тұщы (тұздың мөлшері бір литріде 0,86 гр), кермектігі орташа сілтілі, көл суының минералдылығы мамыр — маусым айыларында қырқүйек — қазан айларымен салыстырғанда 2 есе төмендейді. Химиялық құрамы жағынан көл суы сульфат класына, натрий тобына жатады. Суда микроэлементтер аз кездеседі, ал иод, бром, барий, мыс, марганец және кобальт мүлдем жоқ.

Көл фитопланктондарға өте бай. Көл суының гүлденуі тасқабықты қыл аяқтылардың әсерінен болады. Зоопланктондардан ашамұрттылар, шаяндар, ескек аяқтылар, коловраткалар кездеседі. Көлдің бентосы негізінен қанаттылар, инеліктер, құрты ручейниктер және поденоктар, сүліктер, су кандаласы, су қоңыздары және т.б.

Билікөлде елең, қара балық, табан балық, маринка, шабақ балық, сазан, сұр талма балық және серке бар. Ауланатын балықтың көбі сазан. Көлді қаз, жылқышы, үйрек, шағала, көкқұтан, ондатр мекендейді.

Қызылкөл — Созақ ауданының оңтүстік-шығысында орналасқан. Оның биіктігі 335 м, ал көлемі 16,2 км² . Ұзындығы 6,1 км, ені 2,8 км және жағалауының ұзындығы 18,6 км.

Қызылкөл ағынсыз, тау аралағындағы ойыста орналасқан. Оның тереңдігі 10 м астам, батыстан шығысқа қарай созылып жатыр . Солтүстік шығыс жағында кішкене арал бар, ол су деңгейі кішкене көтерілген кезде су астында қалады. Көлдің орталық бөлігінің түбі қатты, ал жағалау жағы сазды, лайының қалыңдығы 0,3 м.

Солтүстік және солтүстік-облыс жағалаулары тік жарлауытты, оның биіктігі кей жерлерінде 20 м жетеді. Көл жағалауына бетеге, ақ жусан, кей жерлерінде мия мен сарсазан, қарағай, сексеуіл өседі.

Қызылкөл қар, жауын-шашын және өзен суымен қорланады. Көлге оңтүстік-шығыстан Үшбас өзені құяды. Суы аз жылдары өзен құрғап кетеді.Көлдің орташа тереңдігі 3,7 м(ең терең жері 8,5). Көлге 89 млн. м³ су жиналады. Суы 0, 5-2 м тереңдікке дейін мөлдір, түсі жасыл. Көл деңгейі сәуір айында көтеріліп, қазан айында төмендейді.

Қызылкөлдің минералдануы және химиялық құрамы әр түрлі. Мысалы, шығыс жағындағы суда бір литрінде 4,8 г, ал батысында 4,5 г. Жалпы суы аздап ащы, өте кермек, сілтілі. Химиялық құрамы жағынан суы сульфат класына натрий тобына жатады.

Көлде микроэлементтер өте аз кездеседі, ал бром, мыс, марганец, қорғасын және кобальт мүлде жоқ. Көктем және жаз айларында көл суы мал суаруға пайдаланады.

Жасыл көк жасыл балдырлар өседі. Көлдің жасыл планктонын кловраткалар, сабақ мұртты шаяндар, ескек аяқтылар мен қабыршақты шаяндар мекендейді.

Көл жағалауының әр жерінде қамыс қопасы көрінеді. Қызылкөлдің зообентосына әсіресе инеліктің құрттары және хирономит басым. Көлде елең, маринка және сазан балығы бар. Көлдің ең терең жері 6,3 м. Суының жалпы тұздылығы бір литрде 18,7 г келеді, химиялық құрамы жағынан хлорид класына жатады.

Көлде үйрек, жылқышы және т.б. суда және сазды жерде тіршілік ететін құстар бар.

Жер асты сулары. Қаратаудың солтүтік-шығыс беткейдегі тау алды жазықтықтарда жер асты суларының ресурстары жоғарғы бор және палеоген жастағы құмдармен байланысты, аз бөлігі төрттік жастағы қиыршықтастармен. Бұл ауданның ғасырлар бойы жиналған тұщы және аз тұздалған жер асты суының қоры 227 млрд м³. Бірақ ауданы бойынша тең емес таралған, ең көп Созақ және Көкпансор ойыстарында, мұнда 1км² ауданда шамамен 10 – 20 млн м³ жер асты суы бар.

       Жоғарғы бор шөгінділеріндегі артезиан сулары Қаратаудың терең жер асты ағымы есебінен қоректенеді, мұмкін Талас және Қырғыз Алатауының жер асты ағымы қосылады. Қоректену жиілігі 167 млн м³/жылына. Палеоген шөгінділерінің артезиан сулары да таудан тектоникалық жарықтар зоналары бойынша терең ағым арқылы қоректенеді. Мұндағы табиғи ағым 116 млн м³/жылына.

       Төрттік аллювиалды-пролювиалды шөгінділердің еспе сулары атмосфералық жауын-шашынның және уақытша беткі су ағыстардың сіңу арқылы қалыптасады. Еспе суларының жылдық қайталану ресурстарының көрсеткіші 261 млн м³/жылына.

 

ІІ.5 Топырақ-өсімдік жамылғысы мен жануарлары

 

Қаратау тауларының топырағы ашық және сұр топырақ 800 — 1200 м биіктікте кездеседі. Одан жоғары 1200-2100 м биіктікте таудың қаштан және қара топырақтары кездеседі, олардың өсімдік және жануарлар дүниесі де әр алуан болып келеді. Бұл жерлерде өзен шатқалдарында ағаш-бұталы селдірторғай кездеседі. Тау беткейлері табиғи жайылым және шабындық суғармалы жерлерден тұрады.

Біздің облысымыздағы негізгі тау жүйелеріне Батыс Тәңіртау мен Қаратау жатады. Таулы жер бедерлерінің өсімдік жамылғысының құрылымы өте күрделі келеді. Таулардағы өсімдік тұқымдастарының түрлері мынадай:

 — әр түрлі шөптесін ірі астық тұқымдастардан тұратын;

 — ксерофильді сирек ормандар мен бұта-шіліктер (бадалдар );

 — жапырақты, жемісті ормандар;

 — су бойындағы бұталар мен ормандар ( тоғайлар);

— әр түрлі биіктік белдеулеріндегі таулы шалғындар т. б.

Бұл экожүйелердің көпшілігі жазық жерлерде кездеспейді. Қаратауда ксерофильді сирек ормандар мен бұталар шоғырланған. Бұл бірлестіктер терең сайлар мен адам аяғы баспаған, өзіндік микроклиматы бар жерлерде сақталған. Сонымен қатар Қаратау ағып жатқан өзен-сулардың бойында бұталар мен ормандар немесе тоғайлар кездеседі. Тау өзендерінің бойында бірқатар сирек, реликт түрлер кездеседі. Боралдай мен Ақсу өзендерінің бойында соғды шағаның ормандары бар. Қаратаудың кейбір жерлерінде жабайы жүзім сақталған. Қаратаудағы кішкене «арша аралдары» бұл түрдің бұрын көп тарағанын көрсетеді. Таулық далалар Қаратау белдемдерінде кең тараған. Негізгі фитоценоз түзушілер — қау мен боз және бетеге. Тау беткейлерімен жоғары көтерілген сайын бетегелі–бозды шөптесін өсімдіктер көбейе түседі. Қаратаудың далалық формациялық құрамы мен құрылымындағы өзіндік ерекшелік жартылай саванналық, фриганоидты өсімдіктер бірлестіктеріне жататын бұталардың –тобылғы, балқаш қарағаны, тобылғыгүлдің болуы. Тау беткейлеріндегі бұталар да Қаратауда кең тараған. Ал Қаратаудағы «Қызыл кітапқа» кірген өсімдіктерге: Қаратау лепидолофасы, тасжапырақты лепидолофа, мыңжылқы көбенқұйрығы және т. б. жатады .

Тек Қаратау да кездесетін эндемик өсімдіктерге: Қаратау кекіресі, қаратау маралтамыры жатады. Оларға жеке-жеке тоқталайық. Қаратау кекіресі – бұршақ тұқымдасы, кекіре көп жылдық шөптесін өсімдік, тек Қаратауда ғана 8- 15 см, тамыры жуандау келген, жер астындағы тамырлары шашақталған, жер үстіндегілерінің сабақтары қысқа, ұзындығы 5-12 см, сыртын ақ түк жапқан. Гүлсидамы ақ, қара түкті. Тұқымынан көбейеді. Мамыр — маусымда гүлдеп, шілдеде жеміс піседі. Қаратау кекіресі – сирек кездесетін эндемик өсімдік. Жылдан жылға таралу аймағының азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген .

Қаратау қауы – астық тұқымдасы, қау тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Батыс Тянь-Шань мен Қаратаудың, Іле-Шу тауларының тасты, тастақты беткейлерінде өседі. Биіктігі 20-30 см, сабағы жалаң тек буын асты ғана түктенген. Жапырақтары жіңішке қылша сияқты бұралған. Тұқымынан көбейеді. Мамыр – шілдеде жемістер піседі. Жемісі — дәнек. Қаратау қауы –жемістенуі алдында жақсы мал азықтық шөп. Қаратау қауы – сирек кездесетін өсімдік, жылдан — жылға таралу аймағының азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Қаратау маралтамыры – күрделі гүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қаратаудың тау жоталары және Мыңжылқы сайының тастақты, қорымтасты жерлері мен жартастардың жарықшақ сызаттарында өседі. Теңіз деңгейінен 1300 – 1500 м биіктіктегі таудың ұсақ тасты беткейлерінде кездеседі. Биіктігі 5 – 10 см дей. Тамысабағы өте жуан. Киіздей қалың әрі жұмсақ түктер қаптаған сабағында жапырақтары кезектесіп орналасады. Жапырақтары қалың түкті болғандықтан бозғылт түсті. Тұқымынан көбейеді. Маусымда гүлдеп, шілдеде жемістері піседі. Жемісі – сарғыш, оның ұзындығы 6 мм, ені 1,5 – 2 мм. Қаратау маралтамыры – сәндік өсімдік. Өте сирек кездесетіндіктен қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» еңгізілген.

Қаратау жотасында сиреп бара жатқан өсімдіктер мен жануарларды қорғау мақсатында құрылған қорықтар бар. Солардың бірі – Қаратау қыратының оңтүстік-шығысында Берқара ботаникалық қорықшасы. Онда шалғынды-далалы белдеуде, теректі-шетенді сирек тоғайда кездесетін өсімдіктер мен қатар жергілікті берқара терегі қорғалады.

Сонымен қатар Қаратау қыратының солтүстік-батыс бөлігін қамтитын Қаратау қорығы құрылған. Онда жергілікті жердің өсімдіктерінің 100 жуық түрі ирандық және жерорта теңіздік флора, таулы-далалы және таулы-шалғынды ландшафтты фауна алып жатыр. Олардың ішінде сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан жергілікті жердің бірнеше түрлі фаунасы мен флорасы бар, оған жататындар:

  • сүтқөректілерден: қаратау қойы, ақтөс сусар, тас сусары, үнділік жайран;
  • құстардан: қара тырна, жыланшы, бүркіт, жұршы, ителгі, ақбауыр, буылдырық;
  • бауырымен жорғалаушылар: қызыл жылан, абыжылан, сарыбауыр кесіртке:
  • өсімдіктерден: беріқара терегі, Недзев алмасы, түркістан картоп үшқаты, Альберт қызғалдағы, Сергей пиязы, Илорни кекегі, түрпі, әулиеата аққабапл, маргарита өжері, тұран пиязы, арғайы, қаратау шөмшігүлі, таусағыз, мыңжапырақ кездеседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Қаратаудың географиялық кешендері.

 

ІІІ.1 Географиялық кешен және биіктік белдеулілік туралы түсінік.

 

       Географиялық кешен. Қазіргі физикалық географияның негізгі идеясы – планетамыздың сыртқы қабықтарын (сфераларын) құрайтын табиғи географиялық компоненттердің өзара себепші болу және өзара байланысы туралы түсінік. Табиғи географиялық компонент деп: 1) қатты жер қыртысының массасын; 2) гидросфераның массасын (құрлықтың беткі суларымен қоса); 3) атмосфераның ауа массаларын; 4) биотаны — өсімдік, жануарлар, микроорганизмдер және саңырауқұлақтар жиынтығы; 5) топырақты түсінеді.[19,21] Одан басқа ерекше географиялық компоненттерге жер бедері мен климатты қатыстырады. Негізінен жер бедері өзбетінше табиғи дене емес, ол қатты жер қыртысының тек ғана сыртқы көрінісі, ал климат – ауа қабығының, дәлірек айтқанда жеке ауа массаларының белгілі бір қасиеттері мен процестердің жиынтығы. Бірақ, жер бедері және климат географиялық кешен қалыптасуы мен функциолануында (әрекетте болуында) өте маңызды роль атқарады, сондықтан олар өзбетінше географиялық компоенттер деп есептеледі.

       Географиялық компоненттердің бір-біріне тәуелді болу және олар қалыптастыратын қүрделі материалдық кешендердің немесе жүйелердің ақиқат болуы, комоненттердің бір орыннан екінші орынға қарай түйіндес өзгеруде көріністе болады, яғни олардың өзара кеңістікті ұштасуы.

       Географиялық компоненттер кеңістікте өзара байланысты болуымен қатар уақыт бойы да өзара байланыста болады, яғни олардың дамуы түйіндес түрде болады. Ол дегеніміз, географиялық кешендегі компоненттердің біреуінің өзгеруі міндетті түрде басқаларының өзгеруіне, ал бара-бара жердің бүкіл бейнесі өзгеруіне әкеп соғады. Бірақ, мұндай өзгеріске ұзақ уақыт қажет. Әрбір компонентке белгілі бір инерциялылық тән. Компоненттер қайта құрылып басқа компоненттермен сәйкестікке келуге тырсады.

       Сөйтіп, территориялық табиғат кешені компоненттердің қарапайым жинағы емес, ол бір тұтастық қасиетке ие, сапалы жаңа қүрделілеу материалдық құрама түрде көріністе болатын табиғат компоненттердің жиынтығы. Территориялық табиғат кешенді бір тұтас ретінде дамитын және өзінің орналасуында бір-біріне себепші болып келетін географиялық компоненттердің кеңістікті-уақытты жүйесі түрінде анықтауға болады.

       Территориялық табиғат кешені – жер затының белгілі бір деңгейдегі ұйымдастыруы. Жеке компоненттер кешенінен тыс бола алмайды. Шын мәнісінде оларды бір-бірінен ажырату мұмкін емес, себебі олардың бір-бірімен өзара енуі және өзара араласуы өте қүрделі түрде болады. Жеке компонентті, ландшафттан тыс зерттеуге мұмкіндік жоқ.

       Терминдік көз қарастан «территориялық табиғат кешені» рабайсыз сөз тіркес, қысқартылған түрде ТТК. Бұл терминге мағналы шектеулік тән, ол тек ғана құрлық бетіне ғана тиісті. ТТК-нің синонимі – табиғи географиялық кешен, оны қысқа түрде географиялық кешен, немесе геокешен деп атайды.

       1963 ж. В.Б. Сочава (Сочава, 1978) физикалық географияның зерттейтін объектілерін геожүйе аталсын деп ұсыныс берді. Геожүйе деген табиғи географиялық бірліктердің – географиялық қабықтан оның элементарлық құрылымдық бөліктеріне дейін иерархиялық қатардың барлығын қамтиды. Жүйе деген бір-бірімен байланысты және белгілі бір тұтастықты қалыптастыратын әртекті элементтердің жиынтығы болып табылады. Бүкіл табиғат әр түрлі типтегі және тәртіптегі жүйелерден құрылған. ХХ ғ. 50-60-ші жылдардан бастап тараған жүйелі концепция, географтар үшін үлкен жаңалық емес. Жүйелердің жалпы теориясы бойынша еңбектерден алдын шыққан географиялық қабықтың, территориялық табиғат кешеннің, ландшафттың бірінші анықтамалары осы объектілердің «жүйелілігі» туралы нұсқау болған, яғни олардың біртұтас, көпкомонентті, құрамдас бөліктерінің өзара байланыстығы және өзара себепші болуы. Географттарда мұндай құрамалар кешен деп аталған. Мысалы, 1949 ж. Н.А. Солнцев өзінің мақаласында былай деген: «ландшафт деген ұсақ территориялық кешендердің заңдылықты құрылған жүйесі» («ландшафт есть закономерно построенная система более мелких территориальных комплексов») (Солнцев Н.А. О морфологии природного географического ландшафта. Вопросы географии. 1949. №16. — 65 бет. А.Г. Исаченко бойынша келтірілген, 1991).

       «Кешен» деген сөзді латын тілінен, «жүйе» деген сөзді грек тілінен тікелей аударғанда олардың арасында мағналы айырмашылық анықтау мұмкін емес. Бірақ, қазіргі ғылыми тілде бұл терминдер әр түрлі мағынаға ие болды. «Жүйе» деген термин «кешен» деген терминге қарағанда кеңдеу түсінік болады.

       Жүйе пайда болу үшін, арасындағы белгілі бір қарым қатынасы бар, мысалы, «топырақ-өсімдік», «атмосфера-гидросфера», «көл-су жинау алабы» т.с.с. жүйелер. Белгілі бір объект әр түрлі жүйелерге қатыса алады. Мысалы, адам әрі қоғамдық, әрі табиғи әртүрлі жүйелі байланыстардың «блогы» болып табылады. Солай етіп, әр түрлі жүйелер бір-бірін жабады, осында зат пен құбылыс арасындағы бүкіл байланыс көріністе болады.

       Кешен деген термин өзара байланысқан блоктардың (компоненттердің) белгілі бір жиынтығы, және кешендер саны шектелген болады.территориялық-табиғи кешенге бірнеше міндетті компоненттер болуы тиісті, мысалы, геологиялық фундамент немесе климаттсыз ТТК болу мұмкін емес. Кешен тек ғана «толық» бола алады, бірақ, ғылыми мақсатта кез келген үйлестірімдегі компоненттер арасындағы жеке байланыстарды жеке жүйелер сипатында қарастыруға болады.

       Жүйенің элементтері бір-біріне қатнасы тосаттан болу және бір-бірімен шығу тегі бойынша байланыс болмауы да мұмкін, ал кешен үшін шығу тегі бойынша (генетикалық) байланыс міндетті. Кешеннің элементтері бір-біріне себепті, олардың сипатықалған компоненттердің жиынтығымен алдын ала белгіленген болады, яғни таңдау еркіндігі жоқ десек болады. Көрсетілген айырмашылықтар территориялық табиғат кешені мен адамның еңбегінің өнімі арасындағы өзара қатынасын зерттеуде үлкен маңызға ие. Кез келген елді мекен, шаруашылық саласы, немесе инженерлік құрылыс пайда болған соң табиғат кешені мен өзара әрекеттесіп бастайды. Бірақ мұндай объектілер табиғат компоненттерге тәуелді болады.

       Территориялық табиғат кешенді (ТТК) жалпы заңдылықтарға бағынатын, қүрделі құрылымы мен және компоненттер арасындағы өзара себепші болу қатынастармен, ұйымдастырылуының жоғарғы деңгейімен, ерекше класс жүйесі түрінде қарастыру қажет. Мұндай жүйені геожүйе деп атауға болады, бұл термин физикалық-географиялық объектілерді, жүйелердің универсалдық категориясына тиісті екенін көрсетеді. Сонымен бірге «геожүйе» деген түсінік «географиялық кешен», немесе «территориялық табиғат кешені» деген түсініктерге қарама қайшылығы жоқ, кейінгі терминдер географиялық зерттейтін объектілердің ерекшелігін дәлірек айқындайды (анықтайды). Бірақ, олардың жалпы ғылыми жүйелі терминологияға сәйкестілігі аз, сондықтан терминологиялық ыңғайсыздықты тудырады.

       Физикалық географияда географиялық кешендер планетарлық, аймақтық (регионалдық) және жергілікті жерлік (локальдық) деңгейлерде қарастырылады. Планетарлық деңгейде жалпы географиялық қабықты зерттейді. Оны П.И. Броунов 1910 ж. эпигеосфера (Исаченко бойыншы келтірілген, 1991) деп атауға ұсынды, тікелей аудармасы жердің сыртқы қабығы.

       Қаратау жотасы орта биікті тауларға жатады, сондықтан биіктік белдеулілік айқын байқалады. Кез келген географиялық кешеннің қалыптасуында мұхит деңгейінен абсолюттік биіктік маңызды роль атқарады. Бұл фактордың ықпалында ландшафттық сфера қабатты түзіліске ие болады. Белгілі бір биіктікке дейін тау алды жазықтықтағы ландшафттық зона белгі бермейді. Одан кейін, географиялық кешендер, көрші, әдетте солтүстікке қарай орналасқан (солтүстік жарты шарда) ландшафттық зонаның белгілері пайда болады. Таулы аймақтағы географиялық кешендердің биіктеген сайын заңдылықты өзгеруін биіктік белдеулілік деп атаймыз.

       Биіктік белдеуліліктің негізгі себебі биіктеген сайын жылу балансының өзгеруі. Бірақ, биіктік және жазықтық бойынша температуралық өзгерістер әр түрлі болып келеді. Күн радиацияның мөлшері биіктеген сайын өседі шамамен әр бір 1000 метрге биіктікке 10 %. Ол атмосфера тығыздығының және қалыңдығының және су буы мен шаңның кескін азаюна байланысты. Бірақ, инсоляцияға қарағанда, жер бетінің ұзын толқынды сәулеленуі тезірек өседі. Нәтижеде радиациялық баланс тез азаяды және ауа температурасы тез төмендейді. Биіктік температуралық градиент горизонттық немесе ендік бойынша градиенттен жүздеген есе көп, сондықтан, бірнеше километр биіктік бойынша физикалық-географиялық өзгерулер аса маңызды болады, оны жазықтық бойынша экватордан полярлық мұзды шөлдерге дейін теңбе-тең (равноценно) десек болады.

       Тауға көтерілген сайын ылғалдану жағдайы маңызды өзгереді. Бірақ, бұл өзгерістер ендікті-зоналылық пен сәйкес келмейді. Таудағы жауын-шашын жер бедерінің тосқауыл  (барьерлі) эффектіне міндетті. Таулы тосқауылдың ықпалымен ауа массаның жоғары көтерілу қозғалысы болады, ылғалдың конденсациясы күшейеді, бірақ белгілі бір деңгейге дейін, кейін ылғалдың азаюна байланысты жауын-шашаны кеми бастайды.

       Әрбір ландшафттық зонаға биіктік белдеуліліктің ерекше типі қасиетті, яғни биіктік шекараларымен, олардың орналасу бірізділгімен, белдеулердің санымен сипатталатын өзінің ерекше белдеулілік қатары. Биіктікті-зоналылық қатарлардың заңдылықты орналасуы орографиямен қүрделенеді. Мысалы, Қаратудың орталық және солтүстік бөліктерінде төменгі белдеу тау алдыңғы жазықтықтардағы шөл зонасын жалғастырады, кейн зоналардың ендік бойынша өзгерістерін қайталайды, шөлейт, құрғақ дала, дала және өзен аңғарларында галереялық ормандар немесе тоғай географиялық кешендері кездеседі. Орман белдеуін қалыптастыру үшін Қаратаудың биіктігі жетпейді.

       Абсолюттік биіктік факторымен қатар, тау ғимаратының жалпы бағытына байланысты беткейлердің экспозициясы таулардың ландшафттық дифференциациясында маңызды роль атқарады. Экспозицияның екі түрін ажыратады – солярлық, немесе инсоляциялық және желдік, немесе циркуляциялық. Біріншісі – беткейлердің көкжиектің бағыттары бойынша бағытталуын, ал екіншісі – ауа ағымдарына қатысты таулардың орналасуын көрсетеді.

       Солярлық экспозициядан беткейдің жылу және су режимдері тәуелді. Оңтүстік беткейлерінің, солтүстік беткейлеріне салыстырғанда қызуы жоғары болады, булану интенсивтілеу өтеді, демек, басқа тең жағдайда оңтүстік беткейлері құрғақтау болып келеді. Оңтүстік беткейлерде биіктік белдеулердің шекаралары солтүстік беткейлерге қарағанда жоғарылау болады.

       Желдік экспозиция екі түрлі роль атқарады. Ол, экспозицияның эффектін күшейте отырып, солярлық қарама қарсы беткейлердің термикалық режиміндегі қарама-қарсылықты маңызды шиеленістіреді. Мұндай жағдай Қаратау жотасына тән, солтүстік беткейіне солтүстік ауа массалардың ықпалы басым, ал оңтүстік беткейінде олардың ықпалы салыстырмалы төмендеу. Сондықтан, Қаратау климаттық аудандастыруда климат айырығы болып келеді.

       Беткейдің климаты мен ландшафттарына, желдік экспозиция ықпалының екінші бағыты ылғал көздеріне қатысты бағыттандыру, яғни ылғалды ауа массалар тасмалдау жолы мен циклондардың траекториясына қатысты.  

 

ІІІ.2 Қаратау жотасының географиялық кешендері.

 

       Ұсынылған жұмыста географиялық кешендер аймақтық деңгейде қарастырылған. Қазақстан Республикасы территориясын физикалық-географиялық аудандастыру бойынша көптеген зерттеу жұмыстары бар. Олардың арасындағы ең маңызды авторлар, Л.С. Берг (1930, 1950 т.б. еңбектері), М.А. Глазовская (1960), В.М. Чупахин (1964, 1968), В.А. Николаев, Н.А. Гвоздецкий (1971), Г.М. Джаналиева т.б. (1998) тағы басқа еңбектер бар.

       В.А. Николаев және Н.А. Гвоздецкий бойынша (1971) Қазақстан Республикасының территориясы төрт ірі физикалық-географиялық бөлікке бөлінеді: Солтүстік-Батыс Қазақстан, Солтүстік және Орталық Қазақстан, Оңтүстік-Батыс және Оңтүстік Қазақстан, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан. Осы авторлар, аудандастырудың негізгі бірлігі ретінде физикалық-географиялық провинцияны алып, Қазақстан Республикасы территориясын 16 провинцияға бөлуді ұсынған. Жазықтар мен қыраттардың физикалық-географиялық провинцияларын табиғат зоналары бойынша топтастырылған. Таулы географиялық (табиғат) кешендерін таулы облыстардың провинциялары деп көрсетілген. Қаратау жотасын В.М. Чупахин Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның, Тянь-Шань облысының Қаратау физикалық-географиялық провинциясы деп анықтайды.

       Г.М. Джаналиева т.б. (1998) бойынша Қаратау жотасы Орта Азия физикалық-географиялық елдің құрамындағы Тянь-Шань физикалық-географиялық облыстың Оңтүстік-Батыс Тянь-Шань провинциясына Қаратау-Талас физикалық-географиялық округ болып кіреді.

       Қазақстан Республикасының Физикалық-географиялық атласында ландшафттық карта бойынша Қаратауда тау алды, аласа таулы және орта биікті таулы ландшафттар ажыратылған, олар таулы шөл, таулы шөлейт, таулы құрғақ далалы және далалық ландшаттар типіне жатады.

       Әдетте, үш бөлімге бөледі:

  • Оңтүстік-Шығыс Қаратау – Шақпақата асуынан Боралдай өзенінің аңғарына дейін;
  • Орталық Қаратау – Боралдай өзенінің аңғарынан Майдантал өзенінің алабына (су жинау алабы) дейін;
  • Солтүстік-Батыс Қаратау – Майдантал өзенінен солтүстік-батысқа қарай.

       Қаратудың оңтүстік-шығыс бөлігін Боралдайтау деп атайды, ең биік шыңы Бокейтау 1813 м. Боралдаутау көптеген үшкір шыңдармен салыстырмалы тар қырқамен көріністе болады.

       Орталық Қаратау көлденең кесіндісінде шұғыл ассиметриялық болып табылады: оның оңтүстік-батыс беткейі жаймен тау алды жазығына өтетін кең және жайпақ болып келеді, солтүстік-шығыс беткейі тау алды белдеуінен шұғыл шектелген тар және тік жар болып келеді.

       Солтүстікте түсіріліспен шектелген жайпақ оңтүстік-батыс беткейі абразиялық денудациямен тегістелген бет түрінде көзге көріністе болады. Орталық Қаратауда солтүстік-батыс бағытта Арыстанды өзеніне дейін көлдене түскен аңғарлар арасындағы суайырықтардың жазықты учаскелері біртіндеп 510 метр абсолюттік биіктікке дейін төмендейді. Бірақ Қарабас өзені жоғарғы ағысынан Қаратаудың бас суйырығы біртіндеп көтеріледі, Бессаз (2176 м) және Мыңжылқы (1940 м) шыңдарында жотаның ең биік жеріне дейін жетеді. Батысқа қарай суайырық аласара түседі.

       Қаратау жотасы жер бедерінің ең сипатты элементі, әр түрлі литологиялық құрамындағы палеозой тау жыныстарын кесіп өтетін суайырықтардың тегіс үстірт тәріздес учаскелері. Солтүстік-Батыс және Орталық Қаратаудың кейбір учаскелерінде осы денудациялық беттің үстінде, алдымен төменгі юраның лагуналық, ал оның үстінде теңіздік жоғарғы бор шөгінділері орналасқан. Қаратау жотасының суайырық жазықтары ландшафттық қатынаста таулы дала кешендері дамыған болып келеді. Топырақтың негізгі түрі таулы сарғылт (каштан) және қара топырақ. Өсімдік түрлері әр түрлі шөптесін – ірі астық тұқымдастардан тұратын, таулы шалғындар.

       Географиялық кешеннің даму ерекшелігі климат жағдайына байланысты. Қысқы маусымда түрақты қар жамылғысы қалыптасады, ашық көтеріңкі жерлерде қар жамылғысының қалыңдығы 30 – 40 см дейін ал сайларда  — қалыңдығы 1 метрден асады. Мұндай жағдайда көктемде үзақ уақытқа дейін ылғал сақталады. Оның нәтижесінде қалың шөптесін өсімдіктер жамылғысы пайда болуына алып келеді.

       Қаратаудың суайырық жазықтарының далалық формациялары құрамы мен құрылымындағы ерекшелік жартылай саванналық [21], фриганоидты өсімдіктер бірлестіктеріне жататын бұталардың – тобылғы, балқаш қарағаны, тобылғы гүлдің болуы. Шөптесін формацияны құрайтын негізгі өсімдіктер: қау мен боз және бетеге. Өсімдік жамылғысында қызғалдақ, Қаратау маралтамыры, таусағыз, мыңжапырақ кездеседі.

       Өзен немесе құрсай аңғарларында ағаштардың бірнеше түрлері тоғай формацияларын құрайды. Мұнда жабайы алма, өрік, беріқара терегі т.б. бар. Өзен аңғарлары жайлау ретінде пайдалануда, әсіресе қара ірі малдың сүтті-етті породаларын бағуға өте тиімді.

       Қазіргі таңда бұл географиялық кешендер шабындық ретінде, кейбір учаскелері күздік бидай егіге пайдалануда, әсіресе күздік өте жоғары өнім береді.

       Қаратау жотасының абразиялық бетіндегі барлық бас өзен аңғарлары бас суайырыққа және жотаның бағытына перпендикуляр болып түседі және бір-біріне параллель болып келеді. Аңғарлар геологиялық түзілуден тәуелсіз пайда болған, тек ғана беттің еңкісіне қарай қалыптасқан. Екінші дәрежедегі өзендер, бас өзендердің салалары, жұмысақтау тау жыныстардың орналасуына сәйкес, ұзына бойы аңғарларды қалыптастырады. Қаратау жотасының оңтүстік жайпақ беткейндегі эрозиялық жер бедері типтік орта биікті таулы ландшафтарға сәйкес келеді. Суайырық учаскелерінде топырақ жамылғысы шоқ-шоқ болып дамыған, басым ойыс жерлерге тән. Биіктеу учаскелерінде ірі сынық материал – «тас теңіздері» деген жинақтар пайда болады, олардан беткей бойы төмен қарай тасты ағындар қалыптасады.

       Орталық Қаратау аңғарлардың жоғарғы бөліктері терең шатқалдары түрінде болады, кейбір жағдайда жар тас беткей болып келеді. Шатқалдардың тереңдігі ондаған метрге жетеді. Ақсу, Ақтас, Талдыбұлақ өзендердің шатқалдары 50 – 150 м, Қантағы өзеннің шатқалы 300 – 400 м тереңдікке жетеді.

       Ағыстың төменгі бөлігінде аңғарлар беткейлерінің биіктігі және еңкістігі төмендейді, аңғарлар түбі кеңейеді, ірі аллювийден тұратын аласа локальдық террасалар пайда болады. Аңғарлардың төменгі учаскелерінде жайылма және жайылма үстіндегі террасалар қалыптасады, олардың арнадан биіктігі 6 – 10 метрге жетеді. Террасаларда табиғи жағдайда, тоғайлы географиялық кешендері пайда болады.

       Қазіргі таңда бұл кешендер жоғарғы деңгейде игерілген. Тарихи мәліметтер бойынша бұл аңғарларда адамдар ерте кезден қоныстанған. Масштабы 1:1000 000 Оңтүстік Қазақстан облысының картасын талдауда, өзендердің аңғарлары бойы көптеген ауылдық елді мекендер бар, мысалы, Боралдай өзенінің оң саласында Қошқарата өзені бойы елді мекендер арасындағы қашықтық 1 – 2 километрден 10 километрге дейін барады, Шұқыршақ, Ақтас, Қошқарата, Кенсай елді мекендері, олардың арасындағы нөмірленген кішігірім ауылды елді мекендер не бары 15 км аралықта орналасқан.

       Қаратау жотасының оңтүстік беткейлері тығыз қонысталған, сондықтан, өзен аңғарларында жұздеген жылдар бойы антропогендік кешендер қалыптасуда. Жергілікті халық басым мал шаруашылығымен, суғарылмайтын егіншілікпен шұғылданады.

       Қаратау жотасында картсы құбылыстар кең дамыған. Қаратауда карсталатын тау жыныстары төменгі карбон және жоғарғы девонның әктастары мен доломитизацияланған әктастар және төменгі палеозойдың карбонатты тау жыныстары. Таудағы карст пішіндері кейбір жерлерде шоқ-шоқ түрінде ғана кездеседі. Ең көп Боралдайтау мен Орта Қаратауда кең таралған.

       Беткі карст пішіндері аңғарлардың беткейлерінде, үңгір тәріздес ойыстар және карсты воронкалар болып келеді. Карсты воронкалардың размері әр түрлі. Боралдайтаудың жазықтық бетінде, воронкалардың диаметрі 20 – 100 м дейін, ал тереңдігі 3 метрден 45 метрге дейін.

       Қаратаудағы карстың жер асты түрі уңгірлер болып табылады. Үңгірлер жар тасты беткейлерде кездеседі. Ең ірі үңгірлер Созақ селосынан солтүстік-батыста 10 км қашықтықта Алтынсай үңгірі, Суундық өзенінің бассейнінде Кеңүңгіртас және Төгестық елді мекені маңында орналасқан. Орталық Қаратаудың оңтүстік-батыс беткейінде Хантағы елді мекені маңында Жылағаната, Қарасай, Жыңғылшық, Қаракірім деген ірі үңгірлер бар. Боралдайтауда Кеңес ауылды елді мекеннің жанында, Бала-Бөген өзені бойында, Пістелі елді мекеннің маңында Бала Боралдай өзеннің сағасында үңгірлер кездеседі.

       Кейбір үңгірлер салыстырмалы үлкен, мысалы Қарасай үңгірінің ұзындығы 2000 м дейін, Алтынсай үңгірінің ұзындығы 56 м, ені 16 – 18 м, биіктігі 10 м дейін.

       Қаратаудың солтүстік-шығыс беткейі тар және тік жар, терең аңғарлармен күшті тілімденген. Ежелгі денудациялық беттер көбінесе сақталмаған. Суайырық тар жар тасты қырқа түрінде, бірақ биіктігі осы абразиялық беттің биіктігінен жоғары болмайды. Суайырықтардың аңғарлардан салыстырмалы биіктігі 600 м дейін барады. Бас аңғарлар күшті еңкістелген, кейбір жағдайда сарқырамалар пайда болады.

       Қаратау жотасының геологиялық қазіргі тарихи кезеңдері мынадай. Жоғарға боз кезеңіндегі трансгрессиядан кейін Қаратау территориясыкөтеріле бастады, оның нәтижесінде бор шөгінділері палеозойлық негізге дейін жуылып кетті. Палеогенде теңіз қайтадан көтерілді, Солтүстік-Батыс және Орталық Қаратау теңіз астына түсті. Боралдайтау палеоген теңізі астында болмаған. Неогенде Қаратау құрлыққа айналды, палеоген шөгінділері көптеген аудандарында денудация процестерімен жойылды. Төрттік кезеңінде Қаратау жотасы біркелкі емес көтерілу процестері дамыған, оның нәтижесінде бір кезде пайда болған шөгінділер әртүрлі биіктіктерде орналасқан.

 

ІІІ.3 Қаратаудың географиялық кешендерінің динамикасы мен дамуы.

 

       Қаратау жотасының географиялық кешендендерінің динамикасы. Ландшафттың динамикалық өзгерісі кеңістік пен уақыт аралығында жер бедері пішінінің, тау жыныстардың, шөгінді жыныстардың қабаттануынан, өсімдік топтарының ауысуынан, топырақтың құрамы мен құрылымының өзгеруінен көрінеді. Жер бедерінің өзгеруі өзен, көл жағалауының шайылуы, жыралардың өсуі, жаңа эрозиялық формалардың пайда болуы, карст, солифлюкция және сел көшкіндері. Бір жерде тіршілік ететін өсімдік бірлестігінің ауысуы бір адамзаттық өмір кезінде бола алады. Алдыңғы геологиялық дәуірден сақталған бұрыңғы фитоценоздардың қалдықтары (реликт) сирек кездеседі, мысалға Каратау жотасында қаратау кекіресі, каратау маралтамыры.

       Геологиялық масштаб уақытында фитоценоздардың, топырақ пен жер бедерінің өзгерісі соншалықты, типті бір ландшафт түрлерінің екіншісімен ауысуы туралы айтуға болады. Өткен геологиялық және климаттық жағдайларға ландшафттың реликті (қалдықты) элементтері куә.

       Сонымен ландшафттар динамикасы оның компоненттерінің өзгерісі арқылы байқалады. Өсімдік жамылғысында оның өсуі мен фитомасса қорының өзгеруі – себебі зат пен энергия айналымы. Литогендік негіз динамикасында топырақ түзілу процесін, жыныстардың үгілуін және үсақ тасты-құмды материалдардың беткеймен жылжыуын ажыратады. Егер топырақ түзілу процесінде негізгі рольді зат айналымы атқарса, онда рельеф құрушы процестерде қатты және сұйық ағынның маңызы зор. Су ағынындағы өзгеріс ағынның шығынынан, ауа массаларында ауаның горизонтальдық бағытта өзгеруіненкөрінеді. Осы процестердің бәріне тән жалпы заңдылық уақыт аралығындағы ырғақтығы және циклдығы, көп жылдық және ғасырлық өзгерістер.

       Географиялық кешендердегі табиғи процестердің динамикасы жер бетінде күн энергиясының біркелкі таралмауынан үздіксіз ұстап тұратын және пайда болатын зат пен энергияның планетарлық алмасуымен тығыз байланысты. Термодинамиканың заңына сәйкес жер бетінің біркелкі қызбауы жылы аймақтың суығырақ аймаққа қарай бағытталған ауа мен су массаларының тасмалдауын өршітеді және соған қарай жылу мен ылғал алмасу процестерінің дамуын байланыстырады. Берілген жағдайда термикалық өрістің потенциалдық энергиясы ауа мен су тасқындарының кинетикалық энергиясына айналады. Планетаның бетінде күннің жылу қорының біркелкі таралмауы жердің геоид пішінді және оның астрономиялық заңмен ось бойымен айналуы мен орбита бойымен ауысуы, құрлықтар мен мұхиттардың өзара географиялық орналасу жағдайлары, дүниежүзілік мұхит деңгейінің абсолюттік биіктігімен, табиғи денелердің физикалық және химиялық қасиеттерінің айырмашылығымен түсіндіріледі. Күн энергиясы таралуынан жалпы географиялық заңдылығы полярлық ендіктен тропикке дейін маусым аралық температура градиентінің төмендеуі мен жер бетінің абсолюттік биіктігінің көбеюінен, тәуліктік ырғақ пен температура циклдеріне, әртүрлі ырғақтағы жылдық температура циклінен көрінеді.

       Күн энергиясының түсуіндегі ырғақтылығы мен циклдығы осыған сәйкес гидротермикалық процестердің ырғағында, ал олар арқылы географиялық кешендерде және олардың арасындағы зат тасқындары мен айналымның ырғақтары және циклдерінде бейнеленеді. Топырақтың көп түрлілігімен байланысты гидротермикалық режимді зерттеу қажеттілігіне В.Р. Волобуев (1974, 1983) пен М.А. Глазовская (1981) көңіл аударды. Бүл әсер топырақтың аналог көрсеткіштерімен бірге атмосфераның жер қабатының температурасы мен ылғалдық қатынасында, сонымен қатар биомассаның көбеюі мен ыдырауында, оның демалу белсенділігінде, химиялық элементтердің миграциялық жиілігінде, үгілу процесінің бағыты мен интенсивтілігінде көрнекті байқалады. Тәулік бойы жарық пен жылудың интенсивтілігі таңертеңгі кезден тал иүске дейін күшейіп және қайтадан кешкі сағаттарға таман төмендеп өзгереді. Түнгі уақытта бұл көрсеткіштер минимальды, бірақ жаңа тәуліктік цикл басталып, таңсәріден жылу мен жарықтың келу ритмі қайталанады. Берілген сипаттамалардың сандық көрсеткіші күн сайын өзгеруі мүмкін, бірақ процестердің бағыты сақталады. Топырақ пен жер беті суына қарағанда ауа тез қызады және тез суынады. Сондықтан топырақ пен судың температурасы ауа температурасының өзгеруінен біршама кешігеді, биомассалардың көбеюінде білінетін фитоценоздың реакциясы да соған сәйкес кешігеді.Топырақ температурасының тәуліктік ауытқуы 50 см тереңдіке дейін байқалады, жылдық – 14 м-ге дейін. Сонымен жер беті топырағымен салыстырғанда тереңдеген сайын температура көрсеткіштері кешігеді. Уақыт айырмашылығы бір айға дейін жетуі мұмкін.

       Көршілес географиялық кешендерде табиғи процестердің ырғақтары мен циклдері уақыт және көріну деңгейі бойынша бір-бірімен сәйекс келмейді, өйткені әрқайсысының жер бетінің жылынуы, ылғалдануы мен геологиялық-геохимиялық процестері әрқалай. Таулардың әртүрлі деңгейдегі бедерінде әртүрлі ырғақтылық жақсы байқалады. Аралас географиялық кешендерде сыртқы ырқатылық әртүрлі табиғи процестердің маусымдық фазасының басталуы мен аяқталуы әртүрлі мерзімдерде болуынан байқалады.

       Қаратауда ландшафттың морфологиялық бөлігіндегі процестердің әртүрлі ырғақтылығын көктемде қар еріген кезеңде бақылаған ыңғайлы. Оңтүстік беткейлер солтүстікке қарағанда қардан бірнеше күн бұрын босайды. Тау беткейлеріндегі бүл айырмашылық 8 – 12 күнге жетуі мүмкін. Көршілес географиялық кешендерде мерзім бойынша бір типті фенофазаның басталу айырмашылығы 7 – 12 күнге дейін. Ырғақ пен цикл процесінің ұзақтылығы мен ауысуы географиялық кешеннің орнына, олардың ылғалдану дәрежесіне байланысты. Уақыт бойынша қайталанып отыратын тұрақты атмосфералық және гидрофизикалық процестерді гидрометеорологиялық циклдер деп атайды.

       Қаратау жотасының географиялық кешендендерінің дамуы. Ландшафттың динамикасы деген үғым «даму» категориясымен диалектикалық байланысты. Географиялық кешендердің дамуы қайтымсыз өзгерістердің уақыт аралығында жиналуынан көрінеді, соңғысының бағытында регрессивті немесе прогрессивті кездер басым болуы мүмкін. Мысалы, ағын сулар арқылы элементтердің автономды фацияларда, олардың биогенді компоненттерінде шоғырлануы. Кейіннен бұл процестер тектоникалық, климаттық немесе антропогендік факторлардың нәтижесінде өз бағытын өзгертуі мүмкін, мысалы, топырақтың тұздануы немесе керісінше. Алайда әрбір табиғи кешенде не заттың ағындық ыдырауы не оның шоғырлануы басым, яғникешеннің даму эволюциясын анықтайды.

       Географиялық кешендердің дамуындағы инварианттар мен кезеңдер. Кеңістік пен уақыт аралығында өзгеріп отыратын табиғи кешендердің даму эволюциясында үзақтығы әр алуан бірнеше кезеңдерді жіктейді. Географиялық кешендердің әрбір жеклеген инвариантына өзіне ғана тән морфологиялық құрылым, компонент аралық байланыс және бір типтегі фация қатары енеді. Инварианттардың ауысуы – даму, яғни табиғи кешен бір типтен екіншісіне айысты деген сөз. Ол климаттың немесе тектоникалық режимнің тұрақты бір бағытта өзгеруінен көрінеді, бірақ үзақ уақыт бойы жаңа қасиеттері мен белгілері сақталды.

       Бір инвариант шеңберіндегі географиялық кешендер уақыт бойы өзгеріссіз қалмайды, бір типтегі табиғи кешеннің даму кезеңдерінен тұрады. Кешендердің бір кезеңінің екіншісімен ауысуы жаңа тектоникалық немесе климаттық өзгеріске байланысты топырақ, өсімдік жамылғысы мен үгілу қабығында бір бағыттағы өзгерісте. Жаңа инварианттық типтегі морфологиялық құрылым бірден пайда болмайды, алдымен жаңа компоненттер арасындағы байланыс пен жаңа факторларға сәйкес компоненттердің жаңа қасиеттері мен белгілерітұрақталады. Содан кейін климаттың жаңа белгілеріне, тұрақты бағытталған неотектоникалық режимге байланысты компоненттер мен көрші фация арасында болатын қалыптастыратын табиғи процестердің қарым-қатынасы тұрақтанады. Ол өсімдік жамылғысымен топырақтағы жаңа белгілер арқылы көрінеді. Осының негізінде қалыптасу, тұрақтану және жаңару кезеңдері бөлініп шығады.

 

IІІ.4 Қаратаудағы биіктік белдеулілік.

 

       Таулы ауданда физикалық-географиялық дифференциацияланудың маңызды факторы қүрлықтың теңіз деңгейінен биіктігі. Биіктеген сайын климаттық көрсеткіштер өзгеріп отырады, сондықтан, тауда географиялық кешендер биіктікке қарай өзгереді.

       Қаратау жотасындағы биіктік белдеулері туралы географиялық әдебиетте бірінші мәліметтер Н.А. Северцевтың экспедициялары нәтижесінде шықты. Северцев Н.А. өз еңбектерінде өсімдіктер мен жануарлардың таралуына экологиялық-географиялық жағдайлардың әсер ететін анықтап берді.

       Қаратау жотасы маңызды климаттық, физикалық-географиялық шекара болып табылады. Дипломның екінші тарауында Қаратау маңызды климат суайырық екенін А.А. Пузырева және Л.Н. Бабушкин еңбектеріне негізденіп дәлеледеп көрсетілді.

       А.Г. Исаченко бойынша (1990), Жердің әртүрлі тау жүйелеріндегі биіктік белдеулілікті зерттеу нәтижесінде биіктік-белдеулік спектрлердің, немесе белдеулілік жүйелердіңәр алуандық байқалған. Биіктік белдеулердің саны ендіктік зоналар санынан көп екен. Биіктік белдеулік жүйелердің әртүрлілігі таулы аймақтың қандай ландшафттық зонада және белгілі бір физикалық-географиялық секторда орналасқанымен тағы да тау жүйесінің орографиялық ерекшелігімен анықталады.

       Әрбір ландшафттық зонаға биіктік белдеуліліктің ерекше типі тән, яғни тек ғана осы зонаға тән белдеулер қатары. Ол белдеулер қатары биіктік шекараларымен, белдеулердің санымен, олардың орналасу ізбе-ізділігімен сипатталады. Экваторғажақындаған сайын белдеулер саны өсе келеді.

       Қаратау жотасы, А.Г. Исаченко бойынша (1990) суббореалды экстрааридті (шөл) ландшафттық зонасында орналасқан. Бүл зонаға күшті аридтік тән, жауын-шашын мөлшері 200 мм дейін, ылғалдану коэффициенті 0,1 – 0,15 аралығында, ыстық жаз  +24ºС, +26 ºС шамасында және жылудың маңызды қоры бар радиациялық баланс R = 1800 – 2000 МДж/м2 тең, бірақ салыстырмалы суық қыс, қаңтар айының орташа температурасы – 10 ºС, — 15 ºС дейін.

       Қаратау жотасына солтүстіктен Мойынқұм шөлі жанасып отыр. Мойынқұмның тау алды аймағында абсолюттік биіктігі 250 – 300 м шамасында. Мойынқұм эолды төбелі-қырқалы болып табылады. Беткі тау жыныстары эол процестерімен қайта оңделген алювийлік және көлді шөгінділері. Мұнда құмды субстратта өсетін қара сексеуілді, жусанды және кейреуік өсімдігімен сипатталатын кешендер дамыған. Осындай жазықты-тауалды географиялық кешендер, Қаратаудың солтүстік беткейінде шамамен 300 м биіктікке дейін созылады.

       Қаратаудың оңтүстік беткейіне, Сырдарьяның оң жағасы бойы аллювиальдық жазықтық үласып жатыр. Бүл жазықтықта сұр-қоңыр және шалғанды-сур топырақтағы сұр жүсанды, боялыш-жусанды, көкпекті және қара жусанды-көкпекті өсімдігімен географиялық кешендер дамыған. Мұндай ландшафттар 250 м биіктікке дейін созылған.

       Қаратау жотасының келесі белдеуі таулы шөлдер ландшафттары. Тау алды аллювиальды-пролювиальды жазықтық, сұр-қоңыр және шалғанды-қоңыр топырақтағы сұр-жусанды, эфемерлі-сұр жуанды, боялышты-сұр жусанды кейреуікті-сұр жусанды өсімдігімен ландшафттар шамамен солтүстік беткейлерінде 750 – 800 м биіктікке дейін, ал оңтүстік беткейлерінде 800 – 900 м биіктікке таралған. Осы белдеудің топырағы суғарылған жағдайда жақсы өнім береді, сондықтан Қаратаудан басталатын өзендердің саға жағында ғасырлар бойы елді мекендер болған, егін шаруашылығымен шұғылданған.

       Таулы шөл ландшафттарынан жоғары, таулы шөлейт кешендері басталады. Доңғал-қырқалы аласа таулы, таулы сұр топырақтағы эфемерлі-қаратау жусанды өсімдігімен таулы шөлейт ландшафттары солтүстік беткейлерінде 1200 – 1500 м, ал оңтүстік беткейлерінде 1300 – 1600 м дейін көтеріледі. Бұл зона, басым күздік бидай, егінді шөптесін өсімдіктер, әсіресе жоңышқа егі дамыған. Көктемеде, жаздың басында егістікке жарамсыз жерлер жайылым ретінде пайдаланылады.

       Қаратаудың ең жоғарғы белдеуі, орта биікті таулы дала зонасының кешендері орналасқан. Мұнда қатпарлы-орқашты орта биікті таулар, таулы қара және таулы қызғылт топырақтағы бұталар кездесетін, көп түрлі шөптесін шалғындарымен (типчак), бетегелі-типчакты таулы өсімдігімен таулы дала кешендері Қаратаудың ең биік шыңдарына дейін дамыған.

       Қаратаудың кейбір биік шалғындарында суайырық учаскелерінде топырақ жоқ, өсімдік жамылғысы қалыптаспаған, бөлшектенген қатты тау жыныстардың жинақтары — қорымдар кездеседі.

       Қаратау жотасының биікті белдеулері осы кешендермен көрінеді. Тау жотасынан басталатын өзендер бойы азоналды тоғайлы географиялық кешендер дамыған. Мұндай кешендер басым шалғынды топырақта, бұталы-ағашты өсімдіктерімен сипатталады. Тоғай кешендері жыл бойы тұрақты су ағысы бар өзендерде болады.

       Қаратау жотасының табиғатын сақтап қалу мақсатында 2003 жылы Қаратау-Сырдарья қорығы ашылды. Қаратауда көптеген эндемикалық өсімдіктер бар, қаратау қызғалдағы, каратау маралтамыры т.б. тау беткейлерінде, өзендерді бойлай тоғайларда жабайы алма, долана кездеседі, олар мәдени алма бағын дамыту үшін өте маңызды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

 

       Қорыта келгенде қазіргі таңда, адам шаруашылық іс-әрекетінің ықпалы табиғи компоненттің деңгейіне жетті, кейбір жағдайда асып кетті деген ойға келеміз. Физикалық географияның маңызды мәселелерінің бірі, табиғат кешендерінің пайда болу, даму мәселелерін зерттеп, олардың келешегіне болжам беру.

       БҰҰ жанындағы табиғатты қорғау мәселелерімен шұғылданатын ЮНЕП ұйымының ұсынысы бойынша мемлекеттің шамамен 10 % территориясы түрлі форма бойынша қорғалатын жер болуы тиісті. Қазақстан Республикасы бұл мәселені қолға алуда, бірақ қорғалатын территорияларда зерттеу жұмыстары аз көлемде жүргізілген.

       Қаратау жотасының географиялық кешендерінің динамикасы, дамуы, қазіргі жағдайына сипаттама беру барысында табиғи кешендер ауыл шаруашылық мақсатында жоғары деңгейде игерілген. Әсіресе, өзен аңғарлары қазіргі кезде толық антропогендік кешендерге айналған. Соңғы 30 – 40 жыл бойы, Қаратау жотасының табиғатына өте күшті антропогендік қысым болған. Әріне, табиғат адамға өмір сүру үшін жаратылған деп түсінеміз, бірақ бұзылған табиғат кешендерін қайта тіктеуге өте көп уақыт кетеді. Сондықтан, Қаратаудың табиғат кешендерін тиімді пайдалану қажет.

       Жоғарыда көрсетілген, Қаратау жотасынан табиғи кешендерінің динамикасы мәселесі өте маңызды. Таулы аудандарда гравитациялық процестер басым болады, ал жылдан жылға Қаратаудың беткейлеріндегі өсімдік жамылғысы сиректеп, кейбір учаскелерінде жойылып жатыр. Мұндай жағдай эрозиялық процестерді күшейтеді, сел құбылыстары жиі болып, тау беткейлері бедленд деген, шаруашылықта жарамсыз жерге айналу мүмкін.

       Диплом жұмысының ІІІ тарауында, географиялық кешендердің даму барысында қалай өзгеретіндігі көрсетілген, ол табиғи өзгерістер кейбір жағдайда өте қысқа мерзімде болу мүмкін. Адамның тиімсіз табиғатты пайдалануы осы табиғи өзгерістерді жағымсыз бағытта бұрып жылдамдатуға алып келеді. Осындай процестер күшейп кетпеу үшін 2003 жылы Қаратау қорығы ұйымдастырылды. Бірақ, басқа қорықтарымен салыстырғанда, мұнда физикалық-географиялық, геоэкологиялық, геоботаникалық, топырақ зерттеулер жоқтың қасы. Сондықтан, диплом жұмысының негізгі мақсатының бірі Қаратау жотасының географиялық кешендер динамикасы мен дамуын көрсету еді, бірақ сандық мөлшерлі көрсеткіштер аз берілген. Диплом жұмысының тағы бір мақсаты Қаратау жотасында физикалық-географиялық эксперименттік жұмыстарды ұйымдастыру мәселесін көтеру. Дүние жүзі бойынша бірнеше арнайы табиғи полигондарда, қорықтарда физикалық-географиялық эксперименттік зерттеу жұмыстары ұйымдастырылғын, олар көбінесе орманды зонаны қамтиды, мысалы, Иркутск, Тбилиси, Мәскеу университеттерінің іс-тәжірибе өту базаларында жүргізіледі. Ал, осындай шөл зонасының ортасында орналасқан маңызды табиғи шекара болып табылатын Қаратауда, мұндай зерттеу жұмыстарын ұйымдастырған жағдайда табиғи процестердің көптеген белгісіз беттерін ашуға болатын еді.

Әдебиет.

 

  1. Биғалиев А. т.б. Қазақстан топырағы және оның экологиясы. Алматы. Санат. 1995. – 128 б.
  2. Құсайынов С.А. Жалпы геоморфология. Алматы. 1998. 389 б.
  3. Оспанов Б. Қазақстан жер қорлары, оларды бағалау және тиімді пайдалану. Алматы. Қазақ университеті. 2005. – 112 б.
  4. Омаров Т. Қазақстан өзендері мен көлдері. Алма-Ата. 1997. 234 б.
  5. Туяқбаев Н.Т. Жер асты суларын пайдалану. Алма-Ата. Қайнар. 1982. – 152 б.
  6. Агроклиматические ресурсы Чимкентской области Казахской ССР. Ленинград. 1979.  — 268 с.
  7. Азатьян А. Выдающиеся исследователи Средней Азии. Ч. 1 – 2. Ташкент. 1960.
  8. Азатаьян А.А., Мурзаев Э.М., Югай Р.Л. Средняя Азия. – В кн: История открытия и исследования Советской Азии. Москва. 1969.
  9. Антропогенные ландшафты: структура, методы и прикладные аспекты изучения. Сб. стат. Воронеж. ВГУ. 1988. – 236 с.
  10. Артезианские бассейны Южного Казахстана. У.А. Ахмедсафин и др. Алма-Ата. Наука. 1968. – 324 с.
  11. Бабушкин Л.Н. Климатография Средней Азии. Ташкент. 1981. 91 с.
  12. Бейсенова А.С. Исследование природы Казахстана. А. 1978. 248 с.
  13. Гельдыева Г.В., Веселова Л.К. Ландшафты Казахстана. Наука. Алма–Ата. 1992. — 173 с.
  14. Геология СССР. Том 40. Южный Казахстан. Геологическое описание. Книга 1-ая. Гл. ред. А.В. Сидоренко. Москва. Недра. 1971. — 511 с.
  15. Геология СССР. Том 40. Южный Казахстан. Полезные ископаемые. Под ред. Ш.Е. Есенова. Москва. Наука. 1977. — 403 с.
  16. Гвоздецкий Н.А., Николаев В.А. Казахстан. Очерк природы. Москва. 1971. — 296 с.
  17. Гвоздецкий Н.А., Федчина В.Н., Азатаьян А.А., Донцова З. Н. Русские географические исследования Кавказа и Средней Азии в ХІХ – начале ХХ веков. Москва. 1964.
  18. Глазовская М.А. Принципы классификации природных геосистем по устойчивости к техногенезу и прогнозное ландшафтно-геохимическое районирование. // Устойчивость геосистем. М. Наука. 1983. 61 – 78 стр.
  19. Джаналиева Г.М. Физическая география Казахстана. Алматы. 1998. – 364 с.
  20. Жихарева П.А. Почвы Чимкентской области. М. Наука. 1969. – 412 с.
  21. Исаченко А.Г. Основы ландшафтоведения и физико-географическое районирование. Москва. 1990 — 386 с.
  22. Мильков Ф.Н. Человек и ландшафты. Москва. 1973. – 327 с.
  23. Научно-прикладной справочник по климату СССР. Выпуск 18. Ленинград. 1989.
  24. Климат Казахстана. Под редакции А.С.Утешова. Ленинград. 1959. — 315 с
  25. Маслова О.В. Обзор русских путешествий и экспедиций в Среднюю Азию 1715 – 1880 г.г. ч. 1 – 3. Ташкент. 1955, 1956, 1962.
  26. Методика проведения нормативного деления территории эколого-географического района по активности хозяйственной деятельности при проведении экологического районирования. Астана. 2004.
  27. Мурзаев Э.М. В далекой Азии. Москва. 1956.
  28. Равнины и горы Средней Азии и Казахстана. Москва. 1975. — 264 с.
  29. Реймерс Ф.Н. Природопользование. Москва, 1990. — 637 с.
  30. Поверхностные воды Южного Казахстана (Джамбульская, Чимкентская и Қызылординская области). Под ред. И.Б. Вольфмунца. Ленинград. Гидрометеоиздат. 1976. – 462 с.
  31. Почвы Казахской ССР. Алма – Ата. 1973. – 345 с.
  32. Пузырева А.А. Климатическое районирование Южного Казахстана. Алматы. Наука. 1975. — 226 с.
  33. Сваричевская З.А. Геоморфология Казахстана и Средней Азии. Ленинград. 1965. – 296 с.
  34. Сочава В.Б. Введение в учение о геосистемах. Новосибирск. 1978. – 319 с.
  35. Справочник Государственного фонда данных о состоянии природной среды. Алма – Ата. 1987. — 237 с.
  36. Тектоническая карта СССР. Масштаб 1:4000000. ВСЕГЕИ. 1966.
  37. Федчина В.Н. Как создавалась карта Средней Азии. Москва. 1967.
  38. Хасанов Х.Х. Среднеазиатские географы и путешественники. Ташкент. 1964.
  39. Чупахин В.М. Природные районирование Казахстан. Алма – Ата. 1970. -259 с.
  40. Чупахин В.М. Физическая география Казахстана. Алма – Ата. 1970.
  41. Шайык О.Ш. Орошаемые сероземы Южного Казахстана. Алматы. 2001. -190 с.
  42. Шульц В.Л. Реки Средней Азии. Ленинград. 1965. — 691 с.
  43. Оңтүстік Қазақастан облысының жала географиялық картасы. Масштабы 1:1000000.