АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Құрлықтар мен мұхиттар географиясын оқытудың әдістемесі

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

ГЕОГРАФИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

 

Физикалық география және геоэкология кафедрасы

 

 

 

 

 

 

Бітіру ЖҰМЫСы

 

 

 

Құрлықтар мен мұхиттар географиясын оқытудың әдістемесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2010

 

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 Құрлықтар мен мұхиттар географиясын оқытудың Әдістемесі

1.1 Географияны оқыту әдістемесіндегі ғылыми көзқарас бойынша жасалынған негізгі әдістердің тобы.

1.2 Өзіндік және сарамандық жұмыстарды өткізу әдістері

1.3 Сабақты өткізу барысындағы әдістер мен олардың түрлері

  1. Құрлықтар мен мұхиттар географиясы пәнін оқытудағы жалпы әдістемелік нұсқаулар

2.1 Географиялық түсініктер мен заңдылықтардың дамуы және түзілуі

2.2 Оқыту барысында қолданылатын құралдар мен оларды тиімді пайдалану

2.3 Оқушылардың білімін тексеру тәсілдері

2.4 Сабақтан тыс жұмыстар. Географиялық үйірме

2.5 Жеке тақырыптарды оқытуға арналған әдістемелік нұсқаулар

III. Африка материгі бойынша сабақ жоспарлары.

3.1Құрлықтар мен мұхиттар географиясы пәнін оқытудәң мақсаттары мен міндеттері

3.2 Сабақтың түрлері

 

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

 

Дипломдық  жұмыстың тақырыбы: «Құрлықтар мен мұхиттар географиясы пәнін оқытудың әдістемесі».

Дипломдық жұмыс  беттен, кестеден,  картадан,  суреттен  және  қосымшалардан  тұрады.

Кіріспе, 3 тарау, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Жұмыстың мақсаты: 7-сыныпқа арналған құрлықтар мен мұхиттар географиясы пәнін мектеп оқушыларына заманауи әдістемелік нұсқауларды пайдалана отырып, қажетті білім берудің оңтайлы жолдарын қарастыру.

Негізгі сөздер: Құрлықтар мен мұхиттар географиясы, әдістеме, Еуразия, Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Австралия, Антарктида, Тынық мұхиты, Атлант мұхиты, Үнді мұхиты, Солтүстік мұзды мұхит, сарамандық жұмыс және т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                         Кіріспе                                                     

         Географияны оқыту әдістемесі – педагогика ғылымының бір саласы. Оның зерттейтін негізгі пәні болып, болашақ  ұрпақтарды кейбір ғалымдардың (геология, эканомика, демография және т.б.) элементтермен байланысты физикалық және эканомикалық географияның негіздерін оқыту қоғамдық процесі саналады.

         География пәнінің мұғалімі, оқу пәнінің білім мен біліктіліктерімен жұмыс істей білу керек. Бұл өз жұмысын бағалауға, білімін дамытуға, шығармашылық ізденуге және басқа мұғалімдердің тәжірибелерін зерттеуге қажет. Педагогика саласындағы зерттеу жұмыстарымен қазіргі уақытта тек, ғылыми қызыметкерлер ғана емес, сонымен қатар мектептегі шығармашылық жұмыс істеп жүрген мұғалімдер де айналысады. Көптеген мұғалімдер қауымы, оқушыларды тәрбиелеу мен оқытудағы өзекті мәселелер туралы жұмыстар жүргізіуде.

         Құрлықтар мен мұхиттар географиясы – географияның мектепте оқытылатын курстарының ішіндегі ең қызықты бөлімдерінің бірі. Бұл пәннің оқушыларға танымдылық қабілеттіліктерін беретін мүмкіндіктері орасан зор. Бұл пәннің маңызы қазіргі ғаламдық экологиялық мәселелерді танып-білуде одан әрі өсе түсуде. Құрлықтар мен мұхиттар географиясы пәнін оқытатын мұғалімнен жан-жақты және терең білімділікті, әрдайым ізденісті, тыңғылықты дайындық пен әдіскерлік шеберлікті талап етеді. Бірақ, қазіргі уақытта пәнді оқытуға арналған сағаттардың мөлшерінің қысқартылуы оқушылардың аталмыш саланы толық қанды игеруге, оқып білуіне кедергі келтіріп, берілген оқу материалдарын толық үйретуде мұғалімнің мүмкіндіктерін шектейді.

         Осы дипломдық жұмыста, құрлықтар мен мұхиттар географиясының құрылымдық ерекшеліктері, географиялық түсініктердің қалыптасуының тиімді жолдары, өткізілетін сабақтардың түрлері мен оларды ұйымдастырудың әдістері, сабақтан тыс жұмыстардың түрлері, кейбір жеке тақырыптарды үйретудегі әдістемелік нұсқаулар келтіріліп отыр. Осы пәнді оқытуда туындайтын барлық мәселелерді бір бітіру жұмысына сидыру мүмкін болмайтындықтан, мектептер мен оқушылардың білім деңгейін ескере отырып, әрбір мұғалім шығармашылық түрде әр тақырыпты өз білімі  деңгейінде қарастыруы қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Құрлықтар мен мұхиттар географиясын оқытудың әдістері мен тәсілдері

 

1.1 Географияны оқыту әдістемесіндегі ғылыми көзқарас  бойынша жасалынған, негізгі әдістердің тобы

 

Зерттеудің теориялық әдісі, зерттелетін құбылыстар заңдылықтарының тұжырымдалуына, анықталуына, жалпы қортындыны шығаруына бағытталған. Географияның оқыту әдістемесі жүйелік- құрылымдық жағынан қарастырылды. Оның ерекшелігі- зерттелетін объектісі  бір-бірімен байланысты элементтерден тұратын тұтас жүйе ретінде қарастырылады. Осыған байланысты географияның оқыту процесін зерттеу барысында мұғалім мен оқушының, мақсат пен маңыздың, оқу құралдар мен әдістердің, оқушыны тәрбиелеу мен білімді қабылдау және дамыту арасындағы байланыстарды анықтауға басты көңіл бөледі.

          Жүйелік  – құрлыстық көзқарас сабақтың мақсатын, маңызын анықтаумен, оқыту барысында қолданылатын әдістеме мен құралдарын сұрыптау, сонымен қатар сабақтың мақсатын негізге алып оған нәтижелік баға берумен ерекшеленеді.

          Әдістемелік зерттеуде типолпгиялық тәсіл басыңқы болып келеді. Ол тәсіл арқылы әр бір топтардың негізгі ерекшеліктері анықталады және зерттеліп отырған объекті мен құбылыстар топтастырылады. Бұл тәсіл, сондай-ақ, әдістемелік ғылымның барлық мәселелерін зерттеуде қолданылады.

          Болашақта математикалық зерттеу әдістері кеңінен дамиды. Олардың мәні тек есеп жүргізумен ғана шектелмейді. Бұл әдістің негізгі функциясы- педагогикалық құбылыстардың заңдылықтары мен бір-бірімен күрделі байланыстарын анықтау және түсіндіру.

Теориялық зерттеу әдістердің құрылымына тарихи әдістер кіреді. Бұл әдістің ерекшелігі- барлық зерттелетін құбылыстардың уақыт бойынша дамуы мен өзгеруін қарастыру. Осы әдіс арқылы географияны оқыту әдістемесінде қазіргі проблеманы қарастыруда тарихи әдістемелік зерттеулердің мәліметтері пайдаланылады. Ал салыстырмалы зерттеу әдістер шетелдер тәжірибесін зерттегенде қолданылады.

          Зерттеудің эмпирикалық әдісі. Мектеп тәжірибесін зерттейтін әдістер практикадағы бір заттарды тіркеу және көрсету мақсатында қолданылады. Бұл әдіс бағдарламалар мен оқулықтарды жаңартуда, мұғалімдерге ғылыми- әдістемелік көмек көрсетуде, тәжірибелерді зерттеу мен насихаттауда, оны тартуда үлкен роль атқарады. Мектеп тәжірибесін зерттеуде бірнеше әдіс түрлері бар: оқыту прцесін бағалау, мұғалімдер мен оқушылар арасында сауалнама жүргізу, мектеп құжаттарын зерттеу, әңгімелесу, жазбаша тексеру жұмыстарын жүргізу [2].

          География сабағының мұғалімі зерттеу жұмысында нақты қойылған мәселе бойынша өзінің немесе бірнеше мектеп тәжірибелерін зерттеумен шектелуі мүмкін. Бұл мәселе географияны оқыту әдістемесінен курстық және бітіру жұмысын жазатын студенттерге де қатысты.

          Педагогикалық эксперименттің бірінші түрі- экспериментальдық және бақылау сыныптарын бөліп алу. Бұл кезде бір сыныпта (экспериментальдық) жаңа оқулық материалы немесе оны оқытатын жаңа тәсіл енгізіледі, ал басқа сыныпта (бақылау) оқу процесі өзгермейді. Бірақ, экспериментальдық және бақылау сыныптарындағы оқушылардың дайындық және үлгерім деңгейлері бірдей болуы керек.

          Қазіргі уақыттағы әдістемелік ғылымның дамуында эксперимент кеңінен пайдаланылады. Эксперимент алынған нәтиженің және оның ғылыми-практикалық маңызын жоғары деңгейге көтереді.

          Теориялық  және эмпирикалық зерттеу әдістері негізінен бірге қолданылады. Оның себебі- кез келген талдау деректерге сүйенумен басқа мектептердің тәжірибелерін зерттеу және экспериментті жүргізудің теориялық әдістерін қолданумен байланысады. Барлық зерттеу әдістері анализ, синтез, индукция, дедукция, талдау, салыстыру сияқты логикалық операциялар арқылы жүреді. Зерттеу әдістерін таңдап алу және оларды тиімді пайдалану, таңдап алған тақырып бойынша әдебиеттерді (оқу психологиялық-педагогикалық, географиялық) жақсы меңгеруін көрсетеді [3].

 

1.2 Өзіндік және сарамандық жұмыстарды өткізу әдістері

 

          Құрлықтар мен мұхиттар географиясын оқытудағы өзіндік және сармандық жұмыстарды өткізудің әдістемелік жүйесі оқышулардың өзін-өзі әлемдік құбылыстарды танып-білуіне, сабақ барысында тәрбиелік міндеттерді орындауына жетелейді. Бұл пәнді көптеген жылдар бойы оқыту тәжірибесінде өзінің тиімділігін көрсете білген келесідей негізгі әдістер мен сабақ өткізу формалары жасалынған: ауызша жауап беру әдісі (түсінік айту, түсіндіру, дәріс), оқытудың көрнекілік тәсілдері (табиғи құбылыстарды тікелей бақылау, көрнекілік құралдармен, яғни суреттер, плакаттар, карталар және т.б.), сарамандық жұмыс өткізу тәсілдері (тақырыптық карталарды салыстыру, статистикалық мәліметтерді талдау, географиялық әдебиет көздерімен, хрестоматиялармен жұмыс жасау, география пәнінің дәптерімен жұмыс жасау).

          Таңдап алынған сабақ ұйымдастыру түрі (дәстүрлі және дәстүрлі емес, экскурсия, факультативті сабақтар) мен сабақты өткізу түріне (оқытудың фронтальді түрі, топтастыра және жекелей оқыту) сәйкес, сабақ берудің ең тиімді әдістері таңдап алынады [1].

          Сабақтың ұйымдастырылуының түрлері біртекті және бір стандартты болмағаны жөн. Көп жылдар бойы қалыптасқан стандарттан тыс ауқымында да өткізілуі қажет. Қазіргі заманға сәйкес сабақтың басты құрамдас бөліктеріне келесі педагогикалық міндеттер орындалуы қажет:

  • Өзара түсінушілкке бағытталған мұғалім мен оқушылардың арасында қалыпты да тиімді атмосфера қалыптасуы керек;
  • Оқушылар өздігінен ой-өрісін дамытуға ұмтылуы керек;
  • Оқушылардың аталмыш пәнге деген шығармашылық қызығушылығын ойын элементтерін ендіре отырып ояту керек;
  • Әрбір тақырыпты өткен кезде, сол тақырыпқа сай балаларға тәрбиелік маңыздылыққа ие болар әдістерді пайдалану керек.

Осы міндеттерге байланысты, сабақтың өткізілуінің сан алуан түрлері қолданылады. Мысалы, саяхат сабағы. Оқушылар картадағы кез-келген географиялық нысан арқылы саяхат жасай отырып, ол нысанның табиғи жағдайларын ескере отырып, өздеріне тиімді қозғалыс түрін (жаяу, атпен, қайықпен, кемемен, ұшақпен және т.б.) және саяхаттың ұзақтығын (бір күндік, апталық, бір айлық және т.б.) таңдап алады. Сонымен қатар, өздерін қажетті құрал-жабдықтарды (шатыр, арқан, аспалы рюкзак) алып, күнделік толтырады, есеп береді, карта сызбаларын сызады. Бұл оқушыларды келешекте өз бетінше кез-келген жұмысты жасап кетуіне бейімдейді.

Құрлықтар мен мұхиттар географиясын өткізу кезінде сынақ сабақтарын жарыс, викторина, конкурс түрінде өткізуге болады. Ол негізінен, кез-келген үлкен тараудың, тақырыптың соңында бақылау сабағы ретінде ұйымдастырылғаны жөн. Сол тараудың соңындағы «өз біліміңді тексер!» деген сұрақтарды, тапсырмаларды пайдаланылады. Егер сыныпты топтарға бөліп өткізсе, соңында топтың жинаған ұпайлары бойынша бағалап, олардың білім деңгейі тексеріледі.

Дәстүрлі емес сабақ өткізудің өте жиі қолданылатын түрі конференция сабақтарын ұйымдастыру. Осындай сабақтарды өткізудің тақырыптары пәнаралық байланыстар арқылы анықталады. Мысалы, тарих пәнімен байланыстыра отырып, құрлықтар мен мұхиттардың ашылу және зерттелу тарихы, экономикамен байланыстыра отырып, мемлекеттердің саяси жағдайы, халықтары, биологиямен байланыстыра отырып, құрлықтар мен мұхиттардың табиғат зоналары, биогеографиясы және сол сияқты тағы басқалары. Бұл конференция сабақтарына оқушылар дайындалу барысында ғылыми-танымдық әдебиеттермен, мерзімді баспалармен танысып, олардың шығармашылық және ізденушілік іс-әрекеттерін белсенді түрде арттырады [4].

 

1.3 Сабақты өткізу барысындағы әдістер мен олардың түрлері

 

          VII кластың құрлықтар мен мұхиттар географиясын оқуда оқушылар алдыңғы жылы, яғни VI сыныпта оқыған білімін одан әрі нығайта түседі. Жаймен мұғалім оқушылардың өткен тақырыптарын есіне түсіре отырып жаңа тақырыптарды сол материалдармен толықтырады. Құрлықтар мен мұхиттардың табиғат ерекшеліктеріне сипаттама бергеннен кейін мұғалім балалардан сұрақ қоя отырып және сол тақырыпқа байланысты кездесетін терминдер мен жаңа сөздерді түсіндіріп беру керек.

Картамен жұмыс жасаған кезде өткен курста алған білімдерін пайдалана отырып географиялық объектілерге сипаттама беріп қана қоймай, соны дамыту қажет. Сонымен қатар басқа пәндерден алған білімдерінде барынша жүйелі түрде пайдалану керек. Мысалы, өсімдіктану пәнінен оқушылар өсімдіктер анатомиясы мен физиологиясы, маңызды мәдени өсімдіктер, басты өсімдіктер тобымен таныса отырып, бұл алған білімдерін құрлықтардың өсімдіктерін оқу кезінде қолдана алады. Ал тарих пәнінен оқушылар өткен курстарда танысқан ежелгі мемлекеттер: Египет, Месопатамия, Индия, Қытай, Ежелгі Грекия, Ежелгі Римді біле отырып, осы курста да одан әрі ол алған білімді дамыта түседі. Оқушылар XV- XVI ғасырларда болған географиялық ашылулар мен отаршылдық жүйенің ерекшеліктері мен Еуропа, Араб Халифаты, Византия, Осман Империясы, Қытай, Үндістан тәрізді феодалдық мемлекеттермен танысатын болады [5].

          Осы материалды оқытуда сол ел туралы жалпы географиялық мағлұмат беріледі. Бұнымен қоса сол елдің қазіргі таңдағы халқының саны және саяси картадан аталған елдің тарихын, өткенімен, сонда болған соғыстар, шаруашылығы мен халқының мәдениеті және де тарихи терминдермен де танысатын болады.

          География пәнін оқу барысында  да алгебра мен математиканы жақсы білуді талап етеді. Жетінші сынып оқитын бала өз жасында барынша миымен жұмыс жасай білуі және жан-жақты ойлай білуге үйрету керек.

          VII сынып құрлықтар мен мұхиттар географиясынан білім беруде тек қана кітаппен ғана жұмыс жасамай, картамен де жұмыс жасаған әлде қайда тиімді. Оқушылар картамен жұмыс жасау барысында шартты белгілер мен танысуы керек. Сонымен қатар картадағы кез-келген географиялық аймақ пен географиялық объектіге сипаттама бере білуі керек.

Құрлықтар мен мұхиттар географиясын оқытуда қабырғалық карталар: жарты шарлардың физикалық картасы, дүние жүзінің саяси картасы, дүние жүзінің тематикалық физикалық картасы-климаттық және өсімдіктер картасы, құрлықтар мен олардың бөліктерінің физикалық картасы қолданылуы керек. Жеке жұмыс жасау үшін географиялық атлас, кітаптағы шағын карталар мен текстік картасхемалар және кескін карталар қолданылады.

          Білім берудегі тағы бір әдіс мұғалім керекті материалды оқулықтан ғана алып қоймай, хрестоматия тәрізді кітаптардан да алуы керек. Бұнымен қоса балалардың қызығушылығын арттыру үшін хрестоматиямен бірге балалар энциклопениясы, саяхатшылар мен олардың жазған очерктері қолданылады. Мысалы, Д.Линвингстон «Оңтүстік Африкаға саяхат», В.Юнкер «Африкаға саяхат», В.Воронина «Африкаға маймылдар үшін» [7].

          Көптеген саяхатшылардың өмірі туралы мағлұматтар мен материалдар қазіргі таңда «Вокруг света», «Наука и жизнь», кішкентай балалар үшін «Глобус» және географиялық календар «Земля и люди» тәрізді журналдардан табуға болады.

Мұғалім сабақ барысында да оқушылармен әңгіме құра білу керек. Ол көбіне карта мен оқу көрнекілік құралдарын түсіндіру барысында болады. Мұғалім тек қана картамен жұмыс кезінде ғана емес, құрлықтар мен мұхиттарды салыстыра отырып, олардың ерекшеліктерін басқа пәндердің ақпараттарымен де толықтыра айтып беруі тиіс.

Мұғалімдер оқушыларымен әңгіме құрып қана қоймай, тақырыпты барынша оқушыларға қызықты етіп түсіндіре білуі керек. Түсіндіру барысында алдымен айтылғалы отырған объектіге не территорияға картада немесе кітапта жазылмай кеткен жайттарға жалпы сипаттама беру керек. Оқушылардың көз алдына айтылған жайтты елестету үшін алдымен сипаттамалық әңгіме және көрнекілік құрал ретінде пайдаланатын хрестоматиялық оқу түрінде де түсіндіру керек. Барлық жағдайда карта білім көзі ретінде қолданылады, ал қалған жағдайда әңгімелесу әдісі пайдаланады. Карта бойынша әңгіме айту арқылы мұғалім бір уақытта екі нәрсені ұтады: біріншіден, балаларды түсіндіріп жатқан тақырыпқа қызығушылығын арттырады, ал екіншіден тақырыптық физикалық өздігінен оқиды.

Сабақ соңында практикалық жұмыстар жүргізіледі, мысылы, диаграмма және әртүрлі обылыстар мен географиялық объектілер таблицасын толтыру тәрізді. Практикалық жұмысты орындау үшін география пәнінен дәптер қажет. Мұнда оқушылар өздерінің әртүрлі схемаларын (мысалы, материк рельфінің кескіні), пландарды жазу, айтуға және есте сақтауға қиын географиялық атауларды жазу, құрлықтарға сипаттама беру жоспарын жазады.

Құрлықтар мен мұхиттар географиясы курсынан оқыту әдістері өзгеріп отырады [6].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Құрлықтар мен мұхиттар географиясы пәнін оқытудағы жалпы әдістемелік нұсқаулар

2.1 Географиялық түсініктер мен заңдылықтардың дамуы және түзілуі

Адам ғарыш кеңістігіне шығу арқылы жер табиғатының бар көрінісін және оның алуан түрлілігін алғаш байқаған. Бұл мұхиттардың көгілдір айдынын, шыңдарын, қар басқан тау тізбектерін, жасыл орман алқаптарын, сарғыш тартқан шөлдерді, яғни өзінің тамаша планетасын көреді.

Осы оқулықтан оқушылыр тұтас алғанда біздің планетаның табиғатын, оның құрлықтар мен мұхиттарын, халықтар мен елдерін оқитын болады. Оқушылар ең биік тау жүйелері мен кең байтақ жазықтардың қайда жатқанын, қайсы бір жерлердегі климаттың неліктен ылғалды және құрғақ болатынын, әлемдегі ұлан байтақ шөлдер мен аумақты орман алқаптарының пайда болу себептерін; табиғат комплекстері деген не екенін, олардың орналасу заңдылықтары қандай болатынын, адамдардың шаруашылық әрекетіндегі табиғат байлықтарын қалай пайдаланатынын білетін болады. Оқушылар дүние жүзілік мұхит туралы білімдерін кеңейтіп, оның құрлықтың табиғат ерекшеліктерін қалыптастырудағы және жер беті халқының шаруашылығындағы ролімен танысады. Олар жекелеген құрлықтар мен мұхиттарды оқи отырып, оларды кімнің және қашан ашқанын, кімдердің зерттегенін, олардың табиғатындағы ерекшеліктерді, мұндай ерекшкліктердің себептерін; әр бір құрлықта қандай халықтар тұратыны, онда қандай құрлықтар орналасқанын, олардың қоғамдық-саяси құрлысында қандай айырмашылықтар бар екенін білетін болады. Оқушылардың жер қабықтары жөніндегі білімдері де толыға түседі. Оқулық олардың ішіндегі ең күрделісі-адамзат тіршілік ететін географиялық қабық туралы, оның даму заңдылықтары (заңдылықтар-бұл бүкіл жер бетінде әрекет ететін тәуелділіктер) туралы баяндайды. Оқушылар осымен бірге әр түрлі географиялық карталармен, суреттермен, кестелермен және басқа да әдебиеттермен жұмыс істеуді үйренеді [1].

Табиғат пен адам өзара тығыз байланысты. Халықтың шаруашылық әрекетінің ықпалымен жер шарының ең шалғайдағы түкпірлерінде, оның үстінде құрлықтарда ғана емес, теңіздер мен мұхиттарда өзгерістер болып тұрады. Мұндай өзгерістер көп жағдайда табиғатқа нұқсан келтіріп, оның байлықтарын кемітеді. Демік адамдардың тіршілік жағдайларына, олардың денсаулығы мен шаруашылық әрекетіне қолайсыз әсерін тигізеді. Сондықтан жер бетінде өтіп жататын барлық процестерді біліп түсінудің зор маңызы бар. Өзіміз тіршілік етіп отырған планетаның тағдыры үшін әр қайсымыздың жауапты екенімізді есте ұстай отырып, адамның табиғат тіршілігіне араласуының салдарын алдын ала болжай білу үшін де географиялық білім қажет болады.

Құрлықтар мен мұхиттар географиясын оқу барысында оқушы қандай білім алады.

Біріншіден, бұнда әр құрлықтың физико- географиялық ерекшеліктері: олардың географиялық орны, кескіні, жер бедері мен рельефінің құрлысындағы ерекшеліктері, климаты, гидрографиясы, олардың минералды ресурстары, олардың зонаға бөлінуін көрсетеді. Оқушылар сабақ барысында айтылып жатқан құрлықтың табиғаты басқа құрлықтардан қалайша ерекшеленетінін, қандай себептер арқылы оның табиғат ерекшеліктері ескерілгендігін, климатындағы элементтерде қандай байланыстар мен қарым-қатынастар бар екендігін, сол құрлықтың тұрғындары сол табиғат ресурстарын қалай пайдаланатындығын көрсетеді.

Екіншіден, оқушылар сол құрлыққа тән төмендегідей географиялық ерекшеліктер мен танысатын болады: территориясында кездесетін табиғат зоналарымен, жалпы бөлінген физико-географиялық аймақтармен. Сонымен қатар оқушылыр әр аймақтың табиғатының физико-геграфиялық ерекшеліктері туралы да білу тиіс.

Үшіншіден, оқушылар сонымен қатар  сол құрлықтың тарихы мен зерттелуін, сол құрлықты зерттеген зерттеушілер жайында ақпараттарды ала алады.

Төртіншіден, оқушылар сол құрлықтың физико-географиялық объектілері (теңіздер, бұғаздар, шығанақтар, аралдар мен архипилагтар, таулар мен жазықтар, өзендер мен көлдер және т.б.) туралы білім алуы да қажет. Сонымен қатар, оқушылар сол құрлықтың номенклатурасын білуі қажет. Олар тағы да географиялық картадан объектіні тауып, сол объектінің атын есте сақтауы тиіс, және де сол объектіге тән ерекшеліктерін білген де жөн. Мысалы, Африкадағы Ніл өзені басқа өзендерден қандай жалпы ерекшеліктерімен өзгешеленетінін білу керек.

Бесіншіден, оқушылар құрлықтардың халықтар мен саяси картасынан оңай білім алады. Олар сол құрлықтың халқының саны, ұлттық және нәсілдік құрамы, ұлттардың сол жерде таралуын, физико-географиялық аймақтарға тән халық шаруашылығы туралы біле алады. Саяси картадан мемлекеттер және олардың астанасын таба білу қажет.

Алтыншыдан, соңында оқушылар мынандай қортынды жасау тиіс: жер бедерінің біркелкі еместігі, таулар мен жазықтардың пайда болуы, құрлық бедерінің дамуы мен құрлық көрінісінің өзгеруі. Жердің климаты мен климат түзуші факторлар туралы, климаттың топырақ түзуге әсері, өсімдіктер дүниесі мен жан-жануарлар дүниесі, табиғат зоналары мен биіктік белдеуі, климаты және географиялық белдеу, адам іс-әрекеті нәтижесінде климат пен қоғамның өзгерісі жайында білуі тиіс.

Жетіншіден, оқушылар картаграфиялық білім алады. Олар тематикалық, картаграфиялық карта, соның ішінде топырақ және табиғат зоналары картасын тани отырып, ондағы өзгерістерді байқайды. Сонымен қатар олар мынандай картаграфиялық біліктілікті игеруі тиіс: градустық тор және масштаб арқылы картада географиялық координаталар мен арақашықтықты анықтай алуы тиіс [8].

 

 

 

 

 

Құрлықтар мен мұхиттар географиясы пәні, олардағы нақты табиғат мысалдарына негізделе отырып, өз құрамына жалпы гелогия, физикалық географияның әр түрлі салаларының (геоморфология, климатология, т.б.), елтанудың жүйелік түсініктерін кешенді түрде қамтиды (1-сызба) [1].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-сызба. «Материктер мен мұхиттар географиясы» пәнін оқып білудің жүйесі (В.А.Коринский және т.б. бойынша)

Географиялық түсініктердің қалыптасуының тиянақталған бірнеше әдістемелік кезеңдері белгілі.

          Бірінші кезең – сабақ барысында жаңа түсініктермен таныстыру, олардың басты ерекшеліктерін ашып көрсету. Бұл кезеңде оқушылардың негізгі көңілі жаңа түсінікті игеруіне және оларды келесі сабақтарда пайдалануына аударылады. Мысалы, «Атмосфера және климаттар» тақырыбы бойынша оқушылар «Пассаттар» дегеніміз, тропиктерден экваторға қарай соғатын тұрақты желдер екендігін біледі. Ал пассаттардың климатқа әсері құрлықтардың жекелей климаттарын өткен кезде қарастырылады. Бұл кезеңде оқушыларға кеңінен қолданылатын түсіндірмелі-көрнекіліктік әдіс пайдаланылады.

          Екінші кезең – географиялық түсініктердің кеңейтілуі және тереңдете оқытылуы. Оқушылар климаттық белдеулермен, ондағы климаттың типтерімен танысады. Осы кезеңде оқушылар мұғалімнің ұсынуымен климаттық белдеулерге төмендегі жоспар бойынша сипаттама береді:

  1. Климаттық белдеудің орналасу орны.
  2. Қаңтар және шілде айларының орташа температуралары.
  3. Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері және олардың маусымдар бойынша таралуы.

Бұл кезеңде оқушылар әрбір құрлықтың климаттық белдеулерін сипаттау барысында, оларға пассаттардың әсерін анықтап, әрбір құрлықтың климатының ерекшелігіне байланысты өзара жұмыс жасайды. Бұл жұмыстар репродуктивтік әдістер арқылы іске асырылады.

Үшінші кезеңде оқушыларға белгілі географиялық түсініктер басқа түсініктермен тығыз байланыста қарастырылады. Мысалы, пассаттардың сипаты мен түзілу орнына байланысты олардың әсер етуінің сан-алуан екендігі анықталады. Оқушылар осы түсініктердің растығын климаттық карталар арқылы нақтылап, көздерін жеткізеді. Бұл кезеңде оқушыларға кітаптағы тексттерден бөлек, жеке тапсырмалар беріледі.

Географиялық түсініктер географиялық нысандар мен құбылыстардың жалпы сыртқы сипатын ғана береді. Олардың жекелеген сипаттары мен оларға тән күрделі байланыстарды түсіну үшін, оқушыларға жалпы географиялық заңдылықтарды үйрету аса қажет. Бұл үрдіс оқу бағдарламасы барысында жоспарға сай іске асырылады.

Жалпы географиялық заңдылықтардың жүйесі жекелеген материктердің және мұхиттардың мысалында қарастырылады (1 кесте) [1].

1-кесте. Жалпы географиялық заңдылықтар

Географиял-ық қабықшаның компонент-

Тері

Географиялық қабықшаның тұтастылығы

Табиғи айналым

Қайталануы

География-

лық белдемдер

Атмосфера

Ауа массаларының географиялық ендіктерге байланыстылы-

ғы, жер бедері мен басқа да климат түзуші факторлардың сипаттары

Ауа массалары-

ның қозғалысы

Климаттың және ауа райының қайталануы, климаттың уақытқа байланысты өзгеруі

Климаттың жер шары бойынша таралуы (жылулық және климаттық белдеулер) анықталады

Гидросфера

Табиғат компоненттерінің мұхит суларының қозғалысы мен қасиеттеріне әсері. Өзендер мен көлдердің ағысының, қоректенуінің және режимдерінің жер бедеріне, климатқа және биосфераға тәуелділігі.

Әлемдік мұхит суларының қозғалысы. Табиғаттағы су айналымы.

Әлемдік мұхит пен жер беті суларының режимінің қайталанып отыруы.

Құрлықтар мен мұхиттардың жылулық режимінде, қоректенуін-де, мұз жамылғысы-ның тығыздығын-да байқалады.

Литосфера

Жер бедері мен литосфера құрылысының ішкі және сыртқы күштердің өзара байланысына тәуелділігі.

Жер қыртысын құрайтын тау жыныстары-

ның айналымы.

Жер бедері пішіндері мен жер қыртысы дамуының қайталанып отыруы.

Ірі жер бедері пішіндеріне байланысты белдемдік заңдылықтар-дың бұзылуы

Биосфера

Табиғат компоненттерінің (оның ішінде адам да бар) топырақ-өсімдік жамылғысының және жануарлар әлеміне белдемдер бойынша таралуына әсері.

Биологиялық айналымдар

Өсімдіктер мен жануарлар-

дың өмір сүруінің қайталанып отыруы.

Топырақ және өсімдік, сондай-ақ жануарлар дүниесінің белдемдер бойынша таралуынан байқалады.

 

2.2 Оқыту барысында қолданылатын құралдар мен олардың тиімді пайдалану

 

Құрлықтар мен мұхиттар географиясы пәнін оқытуға арналған құралдарға оқулық, тақырыптық карталар, глобус, хрестоматия, атлас, тағы да басқа әртүрлі көрнекілік құралдар жатқызылады.

Олардың ішіндегі ең маңыздысы – оқулық. Ол оқушы үшін тек қана білім көзі ғана емес, сонымен қатар, оның ғылыми-танымдық ой-өрісін қалыптастыратын басты құрал болып саналады. Сол себептен, мұғалімнің басты міндеттерінің бірі – оқушыларды оқулықпен жеке өздігіне жұмыс істей білуге үйрету.

Оқулықтың негізін текстті мәліметтер құрайды. Олар қосымша әртүрлі тақырыптық карталармен, суреттермен, слайдтармен, диаграммалармен толықтырылған. Олар тек оқушылардың өтілген тақырыптарды игеруін оңайлатып қана қоймай, нақты табиғи құбылыстарды шынайы түрінде қабылдауына да септігін тигізеді. Сонымен қатар, оқулықта сұрақтар мен тапсырмалар жүйесі де берілген.

Құрлықтар мен мұхиттар географиясы пәнін оқушылар терең игеруі үшін оқулықпен жұмыс істеу әдісін үйренуі керек. Оқулықтың мәтінімен жұмыс істеу үш бағытта жүргізіледі:

  • Мәтіндегі негізігі құрамдас бөліктерді бөліп көрсетуі, нәтижесінде оқу материалдары әрі қарай оңай игеріле бастайды;
  • Мәтіннің құрамдас бөліктері аралығындағы өзара байланыстарды ашу және сол арқылы оның мазмұнының тұтастығын ұғыну;
  • Мәтінді салыстыру негізінде олардың себептік-салдарлық байланыстарын анықтап, сай қорытындылар жасауға дағдылану/9/.

Оқулықтағы мәтіннің әрбір құрамдас бөлігінің өз мазмұны болады, сөйтіп олар тұтас бір жүйені құрайды. Мысалы, «Атмосфера және климаттар» тақырыбы төмендегі бөліктерден тұрады:

  • Атмосфераның Жердегі тіршілік үшін маңызы. Климаттық карталар.
  • Атмосфералық қысым мен ауа температурасының таралуы.
  • Басым желдер мен ауа массалары. Жауын-шашынның таралуы.
  • Жердің климаттық белдеулері. Климат құраушы факторлар.

Оқушылардың оқу-танымдық шеберліктерін арттыру үшін қосымша мәтіндер жүйесі қолданылады. Мұғалімнің көмегімен оқулық мәтіні ішінен негізгі мәтінді бөліп алу, олардың басқа тақырыптармен байланысын түсіндіру, олардың түзілуі мен өзгеруінің себептерін анықтау оқушыларға ойларының тиянақталып, нақты қорытындылар жасауына себеп болады. Мысалы, Оңтүстік Америка құрлығының оңтүстігіндегі саванналар (льяностар) мен солтүстігіндегі саванналар (кампостар) ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау арқылы, ондағы топырақ-өсімдік жамылғларының климаттық факторларға тәуелділігі анықталады.

Оқу материалдарымен жұмыс істеу барысында мәтінге сәйкес картограммалар мен диаграммалар бірдей пайдаланылады. Мысалы, әрбір құрлықтың климатын оқыған кезде, климаттық карталар мен климатограммаларға талдау жасалынады. Құрлықтар мен мұхиттар географиясын оқыту барысында қолданылатын ерекше оқу құралдарының бірі – географиялық карталар. Олардың ішіндегі ең қажеттілері мен маңыздылары оқулықта келтіріледі. Сонымен қатар, 7 сыныптарға арналған «Материктер мен мұхиттар географиясы атласын» және қабырға карталарын, сондай-ақ кескін карталарды жиі пайдаланған дұрыс. Карта географиялық білім алудағы ең басты құрал. Сол себепті, мұғалімнің алдына қойылған басты міндеттердің бірі – оқушыларға картамен жұмыс істей білуге, нысандардың қайда, қалай, орналасқандықтарын түсіндіруге баулы/10/.

Әрбір тақырыптың соңында кескін карталармен жұмыс істеу тапсырмасы арнайы белгімен көрсетіліп отырады.

 

  • Оқушылардың білімін тексеру тәсілдері

 

Оқушылардың білімі мен біліктілігін тексеріп отыру – білім беру жүйесінің ажырамас бір бөлігі. Оқытудың тиімділігі оқулықтың мазмұны мен оқу үрдісін дұрыс ұйымдастыра білуге байланысты. Оқушылардың өздігінен дамуын қамтамасыз ететін ең басты тәсіл – олардың білімдерін тексеру. Әдетте, оқушылардың білімдерін тексеру сабақ барысында көп уақыт алады да, жаңа сабақты өтуге аз уақыт қалады. Дегенмен, оқушылардың білімін тексеру арқылы олардың сабақ кезіндегі белсенділігі мен қызығушылығын оятуға болады. Сол себептен, олардың білімін тексеру үшін ең тиімді, уақыт талабына сай тәсілддерді қолдану қажет. Білімді тексеру ағымдық және қорытындылық түрде өткізіледі. Ағымдағы немесе мезеттік тексеріс қысқа уақытқа есептелінген және қойылған мақсаттарға байланысты сабақтың кез-келген бөлігінде өткізіле береді.

Қазіргі уақыттағы талаптарға сәйкес, тексеру жұмыстарының мазмұны негізінен білім берудің ғылыми және қолданбалы түрлеріне ыңғайластырылған. Сондықтан, құрлықтар мен мұхиттар географиясы пәні бойынша, тексеру жұмыстары жалпы географиялық түсініктер мен заңдылықтарды, олардың арасында орын алатын байланыстарды, олардың нақтылы табиғи-территориялық кешендерде көрінуін, тәжірибеде картографиялық икемділіктерін оқып-білуге арналған.

Материктер мен мұхиттар географиясын оқытудың мақсаттарына сай, жалпы жертанулық ұстанымдарға байланысты, оқушылардың төмендегі кешендік білімдерін тексеру қажет:

  1. Табиғаттың әрбір компоненттері бойынша. Литосфералық плиталар теориясы, геосинклинальдар мен платформалар туралы түсінік, Жер шарының бедерінің ірі формалары және олардың орналасуы. Әлемдік мұхит сулары мен олардың қасиеттеріқұрлықтардың табиғатына әсері:
  • Ішкі сулардың түрлері, олардың таралуының заңдылықтары;
  • Климаттық белдеулердің орналасу заңдылықтары, ауа-райының элементтерінің таралуы;
  • Топырақ-өсімдік жамылғысы және олардың таралу заңдылықтары.
  1. Табиғи-территориялық кешендер бойынша. Құрлыөтар мен мұхиттар географиясы оқулықтарының елтанушылық бағыттылығына сәйкес, елтанушылық сипаттағы білімдерін тексеру қажет:

— құрлықтардың басты табиғи қасиеттері, географиялық орналасу орны, жағалаулық теңіздері мен мұхиттары;

— әрбір табиғи компоненттердің ерекшеліктері және олардың құрлықтар бойынша таралуының заңдылықтары;

— материктерде ірі аймақтар мен мемлекеттердің құрылуы және орналасу заңдылықтары/1/.

Құрлықтар мен мұхиттар географиясы пәні бойынша оқушылардың білімін бағалау үшін, әрбір білім компоненттерін (ауызша жауап, жазбаша жауап) толықтай бағалауға мүмкіндік беретін әдістемелік тәсілдердің кешені қажет. Әр тақырыптың соңында берілетін тапсырмалар мен сұрақтар оқушылардың тақырыпты игергендігін тексеруге арналған.

Аталмыш пән бойынша оқушылардың білімін тексеру төмендегі тәсілдер арқылы жүзеге асады:

  1. Қалыптасқан дәстүрлі сұрақтар мен тапсырмалар. Бұл сұрақтар мен тапсырмалар тексеріс кезінде көп уақыт алатындығына қарамастан, олардың тілінің, сөйлеу мәнерінің, ой-өрісінің дамуын арттырады. Мысалы, «Ауа массаларының негізгі түрлерін ата» деген сұрақ.
  2. Кешенді сұрақтар мен тапсырмалар. Олар оқушыларға бір тапсырманың негізінде бағыт-бағдар беретін бірнеше сұрақтардан жинақталады. Бұл сұрақтар оқушылардың жауаптарының нақтылануына, кең ауқымда ойлануына ұйытқы болады.
  3. Тест сұрақтар. Соңғы жылдары кең қолданылып жүрген тест сұрақтары бірнеше сұрақтар кешенінен тұрады. Олар оқушылардың тез арада және қысқаша жауап беруін талап етеді.

Оқушылардың білімін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар қарапайым жеңіл, орташа күрделі, күрделі қиын болып бөлінеді. Сол себепті сұрақтарды пайдаланған кезде, оқушылардың деңгейіне байланысты қою керек/10/.

 

  • Сабақтан тыс жұмыстар. Географиялық үйірме

 

География пәні бойынша сыныптан тыс жұмыс жүргізу оқу-тәрбиелік жұмыстың ажырамас бөлігі болып есептелінеді. География пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарға төмендегі іс-шаралар жатады:

  • Факультативтік сабақтар мен «география» апталығын ұйымдастыру;
  • Ғылыми-көпшілік әдебиеттер және мерзімдік басылымдардың мәліметтері негізінде хабарламалар дайындау;
  • География пәні бойынша үйірмелер ұйымдастыру;
  • Қабырға газеттері мен т.б. көрнекілік құралдарды (макеттер, буклеттер) дайындау;
  • Бейне және ғылыми-танымдық фильмдерді оқу бағдарламасына сәйкес көрсету;
  • Географиялық викториналар мен конференцияларды, ойындар мен жарыстарды өткізу, олимпиадалар мен ойша саяхаттарды ұйымдастыру;
  • Туристік, экологиялық және іздестіру саяхаттарын ұйымдастыру;
  • Компьютерлік бағдарламаларды қолдана отырып, сызбаларды жасап шығару.

География пәні бойынша факультативті сабақтар оқушылардың өздері таңдап, қызығушылық білдіріп жүрген тақырыптары бойынша тереңдете отырып, әртүрлі әдістерді үйрету арқылы жүзеге асады. Оқушылардың білімдерін тереңдету, толықтыру мақсатымен, төмендегі бағыттар бойынша факультативтік сабақтар өткізуге болады:

  • «Картография және топография» курсы. Бұл курс топографтардың, геодезистер мен картографтардың жұмыс істеу әдістері туралы мәлімет береді. Оқушылар топографиялық құралдармен, қондырғылармен, олардың жұмыс істеу тәсілдерімен, карта жасаудың ең қарапайым әдістерімен танысып, географиялық карталармен жұмыс жасау туралы білімдерін молайтады.
  • «Геология» курсы. Оқушылар жинаққа тау жыныстарын жинастырып, олардың түрлерін анықтайды. Жергілікті жердің геологиялық тарихымен танысып, пайдалы қазба байлықтарының таралуы мен түзілу заңдылықтарын біліп, олардың шаруашылықтық маңызын анықтайды.
  • «Әлемдік мұхиттың экологиясы» курсы. Бұл курста Әлемдік мұхиттың минералдық, биологиялық, энергетикалық ресурстары қарастырылады. Олардың шаруашылықтық маңызы анықталып, табиғат байлықтарын пайдаланудың тиімді жолдары іздестіріледі. Сонымен қатар, әлемдік мұхитты шаруашылықтық мақсаттарға пайдалану барысында туындайтын экологиялық мәселелер қарастырылып, экологиялық тәрбие беріледі.

Факультативтік сабақтар мектептердің оқу бағдарламасына сәйкес, кемінде аптасына 1 сағат көлемінде өткізілуі қажет. Факультатитвік топ 15 адамнан аспағаны жөн.

География пәнінен сыныптан тыс жұмыстың маңызды бір түрі – географиялық үйірме. Үйірме тұрақты 15-20 оқушыдан тұрғаны жөн. Географиялық үйірменің жұмысын төмендегі бағыттар бойынша ұйымдастырады:

-географиялық ашылулар тарихы;

-әлем халықтарының салт-дәстүрлері;

-қызықты география;

-құрлықтарда сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар;

-туристік өлкетану;

-табиғатты қорғау және экология;

-топонимика;

-метеорология және т.б.

          Бір уақытта жоғарыда айтылып кеткен сыныптан тыс жұмыстардың барлығын бірден өткізу мүмкін болмағандықтан, мұғалім оқушылардың білім деңгейі мен жас ерекшеліктеріне, мектептің мүмкіндіктері мен оқушылардың қызығушылықтарына байланысты бұл жұмыстардың ішіндегі өзіне тиімдісін таңдап алады/1/.

 

2-кесте. Тақырыптық күнтізбелік жоспардың жобасы

Сабақтар

Тақырыптар

 

1 сабақ

2 сабақ

3 сабақ

 

 

 

4 сабақ

5 сабақ

 

6 сабақ

7 сабақ

8 сабақ

 

9 сабақ

10 сабақ

11 сабақ

 

 

 

 

 

12 сабақ

13 сабақ

 

14 сабақ

 

 

15 сабақ

16 сабақ

17-18 сабақ

19-20 сабақ

21 сабақ

22-23 сабақ

24 сабақ

25 сабақ

26 сабақ

27 сабақ

28 сабақ

29 сабақ

30 сабақ

 

31 сабақ

32 сабақ

33 сабақ

34 сабақ

35 сабақ

36 сабақ

37 сабақ

38 сабақ

 

39 сабақ

 

 

40 сабақ

41 сабақ

42 сабақ

43 сабақ

44-45 сабақ

46 сабақ

 

47 сабақ

48 сабақ

49-50 сабақ

51 сабақ

52-53 сабақ

54 сабақ

55 сабақ

56 сабақ

 

 

 

57 сабақ

58 сабақ

59 сабақ

60 сабақ

61 сабақ

62 сабақ

 

63 сабақ

64 сабақ

65 сабақ

 

66 сабақ

 

67 сабақ

68 сабақ

Кіріспе (3 сағат)

Материктер мен мұхиттар географиясы нені оқытады

Материктер мұхиттардың зерттелу кезеңдері

Материктер мен мұхиттардың карталары

І бөлім. Жер шарының табиғатының басты ерекшеліктері (8 сағат)

1 тақырып. Литосфера және бедер (2 сағат)

Жер қыртысының құрылысы

Жердің бедерлері

2 тақырып. Атмосфера және климаттар (3 сағат)

Ауа температурасы мен атмосфералық қысымның таралуы

Ауа массалары және басым желдер. Жауын-шашынның таралуы

Жердің климаттық белдеулері. Климат түзуші факторлар.

3 тақырып. Әлемдік мұхит (2 сағат)

Әлемдік мұхит сулары. Беттік ағыстар.

Мұхиттағы тіршілік

І бөлім бойынша қайталау сабағы

 

ІІ бөлім. Материктер мен мұхиттар табиғатының алуан түрлілігі (54 сағат)

4 тақырып. Географиялық қабықшаның заңдылықтары. (2 сағат)

Табиғат кешені

Географиялық белдемділік

5 тақырып. Солтүстік жарты шар материктері (1 сағат)

Солтүстік жарты шар материктерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары

6 тақырып. Еуразия (16 сағат)

Географиялық орналасу орны. Зерттелу және қоныстану тарихы

Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер

Жер бедері мен пайдалы қазбалары

Климаты

Ішкі сулары

Табиғат зоналары

Мемлекеттері мен халықтары

Солтүстік және Батыс Еуропа мемлекеттері

Шығыс Еуропа мемлекеттері

Оңтүстік-Батыс Азия мемлекеттері

Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері

Орталық және Шығыс Азия мемлекеттері

Еуразия бойынша қайталау сабағы

7 тақырып. Солтүстік Америка (8 сағат)

Географиялық орналасу орны. Зерттелу және ашылу тарихы

Жер бедері мен пайдалы қазбалары

Климаты

Ішкі сулары

Табиғат зоналары

Мемлекеттері мен халықтары. АҚШ

Канада. Орталық Америка мемлекетттері

Солтүстік жарты шар материктері бойынша қайталау сабағы

8 тақырып. Оңтүстік жарты шар материктері (1 сағат)

Оңтүстік жарты шар материктерінің табиғатының ерекшеліктері мен жалпы сипаттамасы

9 тақырып. Оңтүстік Америка (7 сағат)

Материк жағалауындағы мұхиттар. Зерттелу тарихы

Жер бедері мен пайдалы қазбалары

Климаты

Өзендері мен көлдері

Табиғат зоналары

Халықтары мен мемлекеттері

10 тақырып. Африка (10 сағат)

Материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Зерттелу тарихы

Жер бедері мен пайдалы қазбалары

Климаты

Өзендері мен көлдері

Табиғат зоналары

Халықтары мен мемлекеттері. Солтүстік Африка мемлекеттері

Батыс, Шығыс және Оңтүстік Африка мемлекеттері

Оңтүстік Америка және Африка материктері бойынша қайталау сабағы

11 тақырып. Австралия және Мұхиттық аралдар. Тынық мұхиты (6 сағат)

Географиялық орналасу орны. Жер бедері мен пайдалы қазбалары

Климаты. Өзендері мен көлдері

Табиғат зоналары

Австралия Одағы

Тынық мұхиты

Мұхиттық аралдар

12 тақырып. Антарктида (3 сағат)

Географиялық орналасу орны. Ашылу және зерттелу тарихы.

Табиғаты

Оңтүстік жарты шар материктері бойынша қайталау сабағы

ІІІ бөлім. Жер біздің ортақ үйіміз. (3сағат)

13 тақырып. Табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланыс (1 сағат)

14 тақырып. Жер шарының мемлекеттері мен халықтары (1 сағат)

ІІІ бөлім бойынша қайталау сабағы

 

 

 

2.5 Жеке тақырыптарды оқытуға арналған әдістемелік нұсқаулар

 

Курстың кіріспе тақырыбы. Географиялық орны туралы, көлемі және көрінісі, ашылу және оны зерттеу тарихы. Кіріспе сабақта мұғалім оқушыларға курстың негізгі міндетін түсідіру арқылы, мазмұнын қысқаша сипаттап, «құрлық» және «дүние бөлігі» терминдеріне анықтама беріп, терминдердің шығу тарихын ашып, олардың географиялық, орны мен ауданын анықтайды. Сонымен қатар әдеттегідей оқулықтың, құрылысымен таныстырып, оқулық және атласпен қалай дұрыс жұмыс жасау керек екенін үйретіп, курс бойынша қандай қосымша әдебиеттер қолдану керек екенін айтып, ауа райын бақылауды ұйымдастырушы үшін арнайы тапсырмалар берілуі тиіс. Алғашқы уақыттарда жарты шарлар картасы мен глобус бойынша географиялық, координатаны табу және градустық торлар бойынша ара қашықтықты есептеуге арнайы жаттығулар беру. Бұл білімдерді оқушылар алдыңғы курста алса да, білімдерін қайталап, нақтылауға мүмкіндік болады, себебі бұл білімдері материктерді оқығанда да қажет.

Ескі оқулық бойынша алғашқы тақырып «Материктер картасынан» басталып, оқушылардың алдыңғы алған картографиялық білімдерін толықтырып, карталарды жіктеуді және топтастыруды үйренеді. Әр түрлі масштабтағы карталармен жұмыс жүргізеді, яғни бір объектіні түрлі картадан дұрыс координатамен табуға жаттығады. Ал жаңа оқулық бойынша кіріспе бөлімнің алғашқы тақырыбы оқулықтың негізгі мақсаты мен міндетіне тоқталумен басталып, екіншісінде құрлықтар мен мұхиттардың зерттелу кезеңдерін қарастыра отырып, алғашқы қауымдық кезеңнен Ұлы географиялық ашылу кезеңінің соңына дейін физикалық және саяси картадағы орын алған өзгерістерге қысқаша шолу жасайды. Соңғы үшінші тақырып материктер мен мұхиттар картасы. Карта бойынша материктер мен мұхиттардың алып жатқан орнын, ондағы географиялық нысандардың орналасуын, табиғат кешендерінің орналасу ерекшелігін анықтайды. Картаның көмегімен дүние жүзіндегі елдердің орналасуы мен халкының шаруашылық әрекетімен танысуға болады. Сондықтан ең бастысы карталар мазмұнын оқу және олардың түрлерін ажыратуды үйретеді. Тақырып бойынша сонымен қатар картографиялық проекцияға нақты тоқталады. Бұрмалану терминін түсіндіріп, оның жазықтық карта бетінде болатыны нақты түсіндіріледі.

Оқушылар әр құрлықтың сызықтық мөлшерлері мен ауданының көлемін білуі тиіс. Бұл мәліметтер не мұғалім тарапынан айтылады, не оқушылар оқулықтағы берілген мәліметтерді өз беттерінше пайдаланып, жаттайды. Карта бойынша құрлықтардың шеткі нүктелері арасындағы ара қашықтықты есептеуге арнайы практикалық жұмыстар жүргізіледі. Бұл ара қашықтықтар (мысалы, Аустралияның батыс және шығыс нүктелерінің арасындағы арақашықтық) кез келген меридиан бойында немесе глобус бойынша жіптің көмегімен жүргізіліп анықталады/11/. Құрлықтар мен оларды қоршаған мұхиттардың көрінісімен танысуының нәтижесінде оқушылар төмендегідей талаптарды білуі керек:

1) карта бойынша әр құрлықтарға сипаттама беру;

  • тез уақыт аралығында бағдарлама бойынша картадан теңіз, шығанақ, бұғаз, ағыс, арал және түбектерді көрсетіп, орналасқан орнына қысқаша географиялық сипаттама беру;
  • бағдарлама бойынша теңіздердің негізгі қасиеттері мен ерекшелктерін карта бойынша сипаттай білу;
  • теңіз жағалауларының көрінісі жайында нақты түсініктерді толыққанды қалыптастыру.

Жаңа оқулықтағы тағы бір ерекшелік I бөлім ескі оқулықтағыдай бірден құрлықтарды оқытудан басталмай, Жер шары табиғатының басты ерекшеліктері деген арнайы тақырыппен басталады. Бұл бөлімде негізгі үш үлкен тарау: Литосфера және жер бедері; Атмосфера және климат; Дүниежүзілік мұхит. Аталған тақырыптарға сай бұл бөлімде негізінен Ғаламшарымыздың табиғаты айрықша алуан түрлілігі айтылады. Табиғат компоненттерінің арасындағы өзара байланыстардың ішкі себептеріне талдау жасау мақсатында Жер қабаттарының басты құрылымдық ерекшеліктерімен, ондағы табиғат кешендерімен, сондай-ақ құрлықтардың ұзақ уақыт қалыптасу тарихымен танысады/10/.

Ескі оқулықта Құрлықтар тарауы құрлықтарды оқу олардың географиялық орнына, көлеміне және көрінісіне сипаттама беруден басталып, бірден географиялық орнын анықтауға кіріседі. Географиялық орны дегеніміз, яғни құрлықтың экваторға және бас меридианға, басқа құрлықтар мен мұхиттарға қатыстылығы. Оқушылар құрлықтардың жер шарындағы орнын анықтап, картадан және глобустан дұрыс тауып және көрсете білу керек. Ал жаңа оқулықта II бөлім Материктер мен мұхиттар табиғатының алуан түрлілігі тақырыбында сипатталады. Алғашқы тарау Географиялық қабық зандылықтары деп аталып, бірінші тақырыбы Табиғат кешенінен басталады. Табиғат жағдайларын сипаттау географиядағы негізгі ұғымдардың бірі табиғат кешенімен тығыз байланысты. Табиғат кешені дегеніміз — өзара күрделі байланыста әрекет ететін табиғат компоненттерінің өзіндік ерекшеліктері мен көзге түсетін жер бетінің  бір көрінісі екенін оқушыларға ашып айтып, табиғат кешені туралы алдыңғы сыныпта танысқан алғашқы ұғымдарын естеріне түсіре отырып жаңа білімдермен толықтырып, бекіту. Географиялық қабықтың аса маңызды заңдылықтарына оның тұтастығы, зат және қуат алмасуы, ырғақтылығы, зоналылығын нақты түсіндіріп, білімдерін келесі тақырыптағы жаңалықтармен ұштастыра білуіне бағдар жасау. Құрлықтар мен мұхиттардағы табиғат кешендерін құрайтын табиғат компоненттері экватордан полюстерге қарай географиялық зоналылық заңдылығына сәйкес өзгеретінін мысалдар негізінде жете түсіндіру. Ендік зоналылық пен биіктік белдеудің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын сипаттай білуі үшін кескін карталарды пайдаланып түрлі деңгейдегі практикалық жұмыстарды, сыныптан тыс жүретін шығармашылық  жұмыстарды көп жургізу керек/12/.

 

 

1-сурет. Құрлықтар мен мұхитардың физикалық картасы

 

 

 

Тараудың соңында ұсынылатын Өз біліміңді тексер! Оқушыларға ұсынылатын рефераттар арқылыда оқушылардың қызығушылығын арттырып, білімін жан-жақты деңгейге жеткізуге мүмкіншілік береді.

Бұрынғы оқулық бойынша жоғарыда да айтылып кеткендей құрлықтарға қатысты алғашқы тақырып Оңтүстік жарты шар құрлығынан басталып, алғашқы құрлық Африкаға тоқталады. Жаңа оқулықта бірінші Солтүстік жарты шар құрлықтарымен таңғажайып құрлықтар мен мұхиттар әлеміне қадам басылады да, алғашқы із Еуразия құрлығына түседі. Еуразия құрлығына толық сипаттама беріп тоқталмас бұрын жалпы кіріспе ретінде Солтүстік жарты шар құрлықтары табиғатындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарға баса көңіл бөлінеді. Мұғалімнің негізгі міндеті әсіресе солтүстік жарты шарда құрлықтың аумағы үлкен, оның басым бөлігін ұзақ геологиялық уақыт бойы біртұтас Лавразия құрлығының құрамында дамыған Еуразия мен Солтүстік Америка құрлықтары алып жатқанын оқушыларға геологиялық кезең қалыптаса бастағаннан бастап, нақтылы түсіндіру. Жалпы алғанда, солтүстік жарты шар құрлықтарының табиғатында ортақ белгілер көп. Бұл жер қыртысының қалыптасу тарихындағы ұқсастықтармен, табиғатының ұзақ уақыт бірге дамуымен, географиялық орнының ұқсастығымен түсіндірілетінін айтып, оқушлыларды салыстырмалы сипаттама беруге дағдыландырып, белгілі қорытынды жасауға үйрету/13/.

Жаңа оқулықта бір тақырып бойынша материкке толық сипаттама беріледі. Атап айтсақ, мысалы Африка құрлығы. Құрлық бойынша қарастырылатын тақырыптар: Географиялық орны. Қоныстану және зерттелу тарихы; Африка жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер; Жер бедері мен пайдалы қазбалары; Климаты; Ішкі сулары; Табиғат зоналары; Халқы және елдері;. Барлық құрлықтар мен мұхиттарға осы жоспар бойынша сипаттама беріледі. Екі оқулықтада құрлықтарды оқыту әдістемесі бар екенін атап өту керек. Бір айырмашылық жаңа оқулықта құрлықтар мен қоса мұхиттарға қатар сипаттама берілген. Бұл әрине оқушылардың білімін толықтырып, жаңа бағытты қалыптастырады. Енді аталған жоспар бойынша екі оқулыққа ортақ оқыту әдістемелеріне тоқталамыз.

Тарауды оқыту құрлықтың көрінісінің ерекшеліктерін түсіндіруден басталады. Жарты шарлардың физикалық картасы бойынша берілген құрлықтың жағалық сызығын қарап, басқа құрлықтармен салыстыру ұсынылады. Сәйкес қорытынды жасағаннан кейін мұғалім жекелеген теңіздер мен жағалауларды оқытуға кіріседі. Бұл жұмысты «карта бойынша саяхат» ойыны түрінде жүргізсе, яғни, бағдарлама бойынша теңіздер, шығанақтар, бұғаздар, аралдар және түбектерді кезектестіріп атап, бірінен кейін бірін көрсету.

Мұғалім теңізді атап, оны қабырғалық картадан көрсетеді; оқушылар оны өз карталарынан тауып географиялық орнын анықтайды. Дәл осылай бұғаздар, шығанақтар, аралдар және түбектер қарастырылады.

Сабақта барлық, теңіздерді түгел қарастыру мүмкін емес, сондықтан маңызы бар ірі теңіздер ғана қарастырылады. Мысалы, Еуразияны оқығанда тек Балтық және Солтүстік теңіздерді нақты қарап, қалғандарын тек кескін картаға түсірумен ғана шектеледі.

7 сыныптың құрлықтар мен мұхиттар географиясында жекелеген құрлықтарды ашу мен зерттеу тарихына да арнайы тоқталған. Африка құрлығын оқу барысында оқушылар Д.Ливингстон және В.Юнкердің зерттеулерімен танысады. Аустралияны және Мұхиттық аралдарды оқығанда құрлықтың ашылуы мен ішкі территориясының зерттелуі жайлы мәліметтер беріледі. Антарктида мен Арктиканы қарастырғанда оларды зерттеудегі қиыншылықтар мен зерттеудің  қазіргі таңдағы маңызына тоқталады.

Оңтүстік және Солтүстік Американы оқу барысында алғаш ашушы-зерттеушілер Христофор Колумб пен Америго Веспучи жайлы айтылып, еуропалықтардың Америкаға саяхаты мен Солтүстік-Батыс Америкадағы орыстардың зерттеулері жайында қызықты мәліметтер келтіріледі.

Орталық Азияны оқығанда оқушылар Н.М.Прежевальский мен П.К.Козловтың саяхатымен танысады.

Саяхат жайындағы мәліметтермен оқушыларды қызықтырып және тәрбиемен ұштастыру үшін, әрбір саяхат жайлы нақты, толық, қызықты мәліметтер келтірілуі керек. Саяхатшыларды таныстырғанда мұғалім окушыларға олардың еңбегі мен атағы жайлы ғана емес, сонымен қатар олардың өмірі және саяхаттың қызықты сәттері мен күнделіктерінен естеліктер оқуы тиіс. Сонда ғана оқушыларда нақты түсініктер қалыптасып, саяхатшыларға еліктеушлік пайда болып, білім мен ғылымға қызығушылықтары арта түседі/14/.

Құрлықтардың жер бедері мен пайдалы қазбаларына сипаттама

Құрлықтар мен мұхиттар географиясын оқу барысында 6 сыныпта алған жер бедері жайлы білімдері тереңдей түседі. Оқушылар жер қыртысының құрылымдық, элементтері жайлы жаңа білім алып және тектоникалық карталармен танысады. Жер бедерін карта бойынша оқуларына толық мүмкіндік алады. Сондьқтан құрлықтар мен мұхиттарға сипаттама беру тарауын оқып толық игергеннен кейін, оқушылар төменде көрсетілгендерді білуі тиіс:

  • әр құрлықтың жер бедерінің ортақ белгілерін және жер бедерінің жекелеген бөліктерінен айырмашылықтарын білу;
  • құрлықтың жер бедерінің қалай құрылғанын түсіну;
  • бағдарлама бойынша физикалық картадан тау, шың, жанартау, үстірт, ойпаттардың орнын аньқтап  дұрыс көрсете білу;
  • құрлықтың әр облысының жер бедерінің ерекшеліктерін физикалық және тектоникалық карта бойынша сипаттау;
  • маңызды таулар мен шыңдардың сыртқы көрінісі жайында түсінік алу;

Құрлықтардың жер бедерін оқу әдетте келесі ретпен жүреді: алдымен оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап қайтару арқылы материктің жер бедеріне жалпы сипаттама береді, жер бетінің көрінісі бойынша басқа материктер мен салыстырады. Содан кейін материктің жер бедерінің қалыптасу тарихын анықтайды. Көрнекі құралдар ретінде әр түрлі физикалық карталар жинағы мен атластағы «Жер қыртысының құрылымы» бөлімін пайдаланады. Құрлық төңірегіндегі орографиялық облыстар анықталып, картадағы орны анықталып, жер бедерінің ерекшелктерін ашады. Одан кейін осы облыстарды құрайтын жекелеген таулар мен жазықтар қарастырылады. Жалпы таулар мен жазықтар жайлы негізгі мәліметтерді оқушылар физиқалық және тектоникалық картаны оқу арқылы өздері де біліп алады. Мұғалім жер бедерінің пайда болуын және жағалық сызықтық жер бедеріне тәуелділігін айтып түсіндіреді. ( мысалы, Африканың қатпарлы тауларының пайда болуы мен Еуразия құрлдығының кең ойпаттарының құрылуы).

Таулар мен жазықтарға ауызша сипаттама беру суреттер мен кітаптағы иллюстрациялар мен жүзеге асады. Оқу жоспары бойынша мұғалім құрлықтардағы барлық таулар мен ойпаттарға толық сипаттама бере алмайтындықтан, тек ең маңыздыларына ғана тоқталады. Мысалы, Еуропа бойынша жас таулар-Альпіге және ескі тау-Скандинавияға, ал Азия бойынша Гималай және Тибетке тоқталады. Еуразияның басқа тауларына жоғарыдағылар мен қатар тек салыстырмалы түрде айтып, картадан көрсету мен ғана шектеледі. Қорытындысында мұғалім бекіту сұрақтарын қойып, оқушылардың білімін саралайды.

Құрлықтар мен мұхиттардың жер бедерін оқу барысында оқушылар әр түрлі практикалық жұмыстарды орындайды. Олардың кейбірін орындау арқылы картаның мазмұнын толық меңгеруге мүмкіндік туады. Оларға кескін картамен істелетін барлық жұмыстар кіреді: Еуразия тауларын тусіру, тауларды, ойпаттарды, жазықтарды бояу.

Құрлықтар мен мұхиттар географиясы курсын оқу барысында оқушылар сонымен қатар, құрлықтардың барлық пайдалы қазбалары мен танысып, олардың өндіріс пен шаруашылықта пайдалануына тоқталады. Бағдарлама бойынша белгілі құрлықтың тек қоры мен өндірілу мөлшері бойынша ең көп мөлшерден пайдалы қазбалары қарастырылады. Әр пайдалы қазба бойынша тек ең ірі кен орны ғана көрсетіледі. Бұл тарауды оқу барысында кескін картаға түсіру сияқты практикалық жұмыстар жүргізіледі. Нәтижесінде оқушылар әр материкке тиісті пайдалы қазбаны біліп, шаруашыльқта қолданылуын меңгереді.

Ішкі сулары мен климатына сипаттама

Құрлықтар климатын оқу курсында оқушылар құрлықтың барлық өзіндік климаттық ерекшеліктерімен және бағдарламада көрсетілген климаттық белдеулер мен облыстар жайлы білуі тиіс. Оқушылар құрлықпен пен мұхитта қандай факторлар климатты анықтайтынын, және басқалардан қандай климаттық ерекшелігімен ерекшеленетінін түсінуі керек; оқушылар картадан климаттық белдеулер мен облыстарды көрсету мүмкіндігіне ие болады, климаттық ерекшеліктер және олардың пайда болулары жөнінде, оларға тән қысқы және жазғы ауа райы жайлы түсінік қалыптасады.

Африка климатын оқу барысында пассаттар жөнінде түсінік қалыптасады. Жер шарының әр облысының нақты климатымен танысу арқылы климат типі және климат түзуші факторлар мен олардың әсерін түсінуі тереңдей түседі/13/.

Курс барысында ірі территориялардағы және жекелеген пунктерден климаттың сипаттамасы мен климат карталарынан оқуға көп көңіл бөлінеді. Жеке пункттредің климатын сипаттау төмендегідей шағын жоспармен жүзеге асады:

  • қаңтар мен шілденің орташа температурасы;
  • басым желдер;
  • жылдық жауын-шашын мен оның жыл ішінде таралуы.

Осы жоспар Африканы оқу барысында мұғалім тарапынан айтылып, оны қалай дұрыс пайдалану керектігі түсіндіріледі. Сонымен қатар оқушыларға сандық мәліметтер бойынша климат типін анықтау мен оқулықтағы климат таблицаларын дұрыс қолдану жөнін түсіндіреді. Оқу барысы бойынша ары қарай оқушыларға климат белдеуі, типі жайлы тусінік толыққанды қалыпатасып, климатқа сипаттама беруге дағдыланғаннан кейін де ірі карталар бойынша білімдерін нақты бекіту мақсатында түрлі жаттығулар беріледі. Дәл осындай әдіспен басқа да құрлықтардың климаты оқытылады.

Құрлықтардың ішкі суларын сипаттау оқушыларға келесідей білімдерді беруі тиіс:

  • құрлықтың барлық өзендері мен көлдерінің қасиетін толық біліп, режимдерінің климат пен жер бедерінен тәуелділігін түсіну;
  • картадан ағыстардың орнын, өзендердің бағытын, көлдердің орнын тез және дұрыс табу;
  • жеке маңызды  өзендердің  негізгі  ерекшеліктерін  білу,  олардың режимінің климат пен жер бедерне тәуелділігін түсіну;

4) карта негізінде жоспар бойынша өзендер мен көлдерді сипаттай білу;

Бірінші жалпы құрлықтан өзендерге тоқталып, артынан тек ең маңыздыларына жекелеп тоқталуға болады. Басқаша да келесі жоспар бойынша жүруге болады, яғни бірінші жекелеген өзендерге тоқталып, қорытындылай келе жалпы құрлықтың ішкі суларын шолу жасауға болады.

Өзендерді сипаттау келесі жоспар бойынша жүзеге асады:

  • аты;
  • бастауын қайдан алады;
  • қайда құяды (сағасының орны);
  • қандай теңіз бассейніне жатады;
  • қандай бағытта ағады;
  • салалары (оң және теріс);
  • өзен ұзындығы мен бассейнінің келемі;
  • ағысына сипаттама;
  • қоректенуі және режимі (қай кезде тасиды және неге);
  • қату кезеңі;
  • шаруашылықтағы маңызы;
  • сыртқы көрінісі.

Көлдерді сипаттау келесідей жоспар бойынша жүзеге асады:

  • атауы;
  • географиялық орны;
  • мөлшері (басқа көлдермен салыстырғанда);
  • қоршаған жер бедері;
  • жалпы тереңдігі және ең терең жері;
  • ағынды және ағынсыз;
  • қандай өзендер құяды және ағып шығады;
  • қатуы;
  • жаралу тегі;

Осындай салыстырмалы сипаттау нәтижесінде оқушылардың жалпы құрлықтың ішкі сулары жайлы білімі белгілі жүйеге келеді. Сонымен қатар жиі практикалық жұмыстарды жүргізіп отыруда қажет.

Құрлықтардың табиғат зоналарына сипаттама.

         Антарктидадан басқа барлық құрлықтар аумағында әртүрлі табиғат зоналары кездеседі. Табиғат зоналары туралы тақырыпты өткен оқушылар жарты шарлардың физикалық, картасында табиғат зоналарының шекараларын көрсете алуы, зоналарға тән топырақтардың ерекшелігін, жануарлар және өсімдіктер дүниесін, олардың климат пен өзара қарымқатынасын, сондай-ақ топырақты пайдалану сипатын, берілген құрлықтың немесе мұхиттың негізгі жануарлары мен өсімдіктерін білуі керек.

Құрлықтар мен мұхиттардың табиғат зоналары туралы тақырыпты қарастырмас бұрын мұғалім картадан табиғат зоналарының орналасуын көрсетін, содан кейін әр табиғат зонасына жеке тоқталады.

Қатысушылар картадан зоналардың орналасқан орны мен шекарасын тауып көрсетеді. Бірнеше оқушыларды картадан зоналардың өсімдіктерін көрсету.

Осыдан кейін топырақ, өсімдіктер және жануарлар дүниесі қарастырылады. Оқытушы берілген табиғат зонасының топырағы мен өсімдіктер дүниесінің ерекшелігі туралы айтады. Терең әрі жан-жақты қарастыру үшін құрлық территориясындағы барынша үлкен ауданды алып жатқан табиғат зонасын қарастырамыз. Осыған байланысты басқа құрлыстардағы осы табиғат зоналарының аналогымен салыстырып сипатталады. Соңында оқушыларға дүниежүзінің табиғат зоналарының әртүрлігін көрсетеді.

Берілген табиғат зонасының өсімдіктер және жануарлар дүниесін қарастырғанда тек басты формациялар қарастырылады. Мысалы Африканы оқығанда сабақта шөлдер, тропикалық ормандар мен саванналарды қарастырғанда шөлдерге — түйеқұс пен құрма пальмасын, ал саванналарда — баобаб, акация, арыстан мен жирафты, тропикалық ормандарда май пальмасын, бегемот пен цеце шыбынын айтып өту керек.

Жануарлар мен өсімдіктер сипаттамасы осы жердің шаруашылығын көрсетеді. Мысалы бананды сипаттағанда оның шөптесін өсімдік екендігі жылына бір рет гүлдеп, жеміс беретіндігін, экваторлық елдерде кеңінен таралғандығы айтылады. Осының нәтижесінде қатысушылар өсімдіктер мен жануарлар түралы біршама мәлімет жинауға мүмкіндік алады.

Егер сабақ барысында кинофильм көрсетілсе, осы көрсетілімнен кейін талдау жүргізіледі.

Құрлықтардағы топырақ, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің ерекшеліктері туралы жиналған білімді бекіту үшін салыстырмалы кестелер құрастырылады.

 

2-сурет. Африка материгінің физикалық картасы

 

 

 

Табиғат зоналарының шекараларын жақсы есте қалдыру үшін кескін картаға түсіруге болады. Физикалық картамен жұмыста жақсы нәтиже береді. Мысалы, мұғалім тақтадан кез келген жерді көрсетіп қай табиғат зонасынында орналасқанын сұрайды.

Бұл жұмысты климаттық карталарды қолдану арқылы күрделендіруге болады.

Құрлықтардың саяси картасы мен халықтар орналасуының сипаттамасы. Бұл бөлімді оқу барысында оқушылар мынандай білімдерді игеруі қажет:

1) Әр құрлықтың халық санын және халықтың таралуын білу;

2) Құрлық территориясында таралған негізгі халықтарды білу. Бұл тақырыпты түсіндірмей тұрып оқытушы құрлықтың халық санын және басқа материктер халқы саныменен салыстырып көрсету.

Оқушылар картамен жұмыс істеп құрлықтар бойынша халқы ең тығыз және ең сирек қоныстанган аумақтарды белгілеу. Мысалдар келтіру арқылы халықтардың территория бойынша біркелкі таралмауын түсіндіру. Мысалы, Африка материгінде тиімді табиғат жағдайлары бар ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп орындары көп жерлерде халық тығыз орналасқан, ал өнеркәсіп аз дамыған, табиғат жағдайлары тиімсіз жерлерде халық сирек қоныстанған.

Халықтар тақырыбын оқыту барысында оқытушы құрлықтарда орналасқан халықтардың қай әулетке және қай тіл тобына жататындығын айтып, картадан көрсетеді.

7-ші сынып географиясы курсы құрлықтардың саяси картасымен таныстырады. Бағдарламада мемлекеттердің атулары мен астаналарын оқушылар картадан көрсете алуы керек. Құрлықтардың саяси картасын оқу барысында оқытушы жекелеген елдердің жаңа замандағы орнын айта кетуі керек. Сонымен қатар, оқушылардан жекелеген елдер туралы не білетіндігі туралы сұрап отыру керек.

Құрлыктардың физико-географиялық облыстарына сипаттама. 7-ші сыныпта құрлықтардың табиғат зоналарымен қатар физико географиялық облыстарына да сипаттама жасалады. Табиғат зоналарын қарастырғанда негізінен зональды заңдылыққа сүйенсе, ал физико географиялық облыстарды анықтауда табиғи компоненттерінің, табиғат жағдайларының шаруашылық әрекетінің ерекшеліктеріне мән беріледі. Физико-географияльқ облыстар құрлық аумағында жер бедері, климат және өсімдіктер жамылғысы негізінде жасалады.

Оқушылар құрлық, аумағында физикалық географиялық облыстарды картадан көрсете алуы керек. Сонымен қатар, кез келген физикалық облыстарды толық, сипаттап кешенді картамен жұмыс істей алуы керек. План бірінші оқу курсына берілген Еуразия құрлығында жасалынады. Ол өз құрамына мыналарды қамтиды: облыстың шекарасы мен құрлықта орналасуын керсету; облыс құрамына кіретін мемлекеттер; табиғи жағдайлары (рельеф, климат, ішкі сулары, топырағы, өсімдіктері мен жануарлар дүниесі); халқы және олардың өмір сүру жағдайы туралы негізгі мәліметтер.

Жалпы алғанда оқушылар құрлықтардың табиғи жағдайларымен танысады. Құрлықтардың физикалық-географиялық облыстарына өзіндік сипаттама жасағанда кұрлықтың табиғи жағдайлары туралы нақты білімге ие болады. Құрлықтардың жалпы табиғи жағдайын қарастыру барысында тақырыптың карталармен жұмыс істеуді үйренеді.

Физикалық географиялық облыстарға арналған сабақтарда оларды толықтай қарастырып шығу мүмкін емес. Сондықтан оқытушы сабақ барысында құрлық шегіндегі негізгі облыстарға ғана тоқталып өтеді. Мысалы, Солтустік Америка құрлығын үш бөлікке бөліп қарастырады (солтүстік, орталық, оңтүстік). Олар тоғыз облысқа бөлініп қарастырылады.

Құрлықтың облыстарын оқытуға арналған сабақты оқытушы картадан шекараларын көрсету арқылы бастайды. Оқушылар оларды өз карталарынан көреді. Әңгімелесу барысында облыстардың табиғи жағдайлары сипатталады. Сонымен қатар берілген облыс басқа облыстармен салыстырылып сипатталады.

Ұқсастықтары және айырмашылықтары арқылы облыстарды салыстыру әдісі берілген облыстардың табиғи жағдайларының ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.

Облыстарды қарастыру барысында халықтың мәдениеті, әлеуметтік  жағдайына баса назар аударылады. Облыстар халқының өмір сүру жағдайын керсету үшін кино фильмдер мен суреттер қолданылады.

Жалпы түсініктер мен заңдылықтарды қалыптастыру. Бұл тақырыпта жалпы географиялық заңдылықтар тереңдетіліп қарастырылады. Мұны біз жалпы климаттық заңдылықтар шеңберінде қарастырамыз. Әсіресе, климаттық карталармен изотерма тақырыбына кеңінен тоқталамыз. Африка құрлығының климатын қарастырғанда экваторлық және тропиктік ауа массалары, сондай-ақ пассаттардың пайда болу, ауа массаларының қозғалысы, жоғарғы және төменгі қысым аймақтарының жыл мезгіліне сай ауысып отыруын түсіндіреміз.

Осы тақырыптарды оқу барысында оқушылар климаттық карталармен жұмыс істеуді, жергілікті жердің климатын сипаттай алуы керек.

«Климат» бөлімінде негізгі үш сұраққа тоқталу керек. Ең бірінші климат түзуші факторлар (күн радиациясы, атмосфера циркуляциясы, жер бедері). Зональды климат түзуші факторлармен қатар жергілікті климат түзуші факторларды қарастырамыз.

Осы заңдылықтарды қарастыру барысында климаттық белдеулерді белгілей аламыз.

Құрлықтар және мұхиттар географиясы жөнінен сабақтар жүйесі. Құрлықтар және мұхиттар географиясы курсы үш бөлімнен: жер шары табиғатының басты ерекшеліктері; құрлықтар мен мұхиттар географиясы; Жер-біздің ортақ үйіміз бөлімдерінен тұрады. Әр бөлімнің өз зерттеу тақырыптары бар. Сонымен қатар олар бір бірімен тығыз байланыста қарастырылады. Қайталау сабақтарында құрлықтар арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар қарастырылады. Практикалық жұмыстар мен картамен жұмыстар әрбір сабақ барысында жүргізіледі. Құрлықтар мен мұхиттар географиясы курсы 105 сағаттан тұрады.

Құрлықтардың климатына сипаттама. Барлық құрлықтардың климатын қалыптастыруда өзіне тән климаттық факторлар болады, яғни бұл дегеніміз әр материк өзінің климаттық ерекшеліктері арқасында бір-бірінен ерекшеліктерін көрсетеді. Сонымен қатар жеке құрлықтардың территориясындағы климат барлық жерге бірдей емес. Бұл жерде климаттық белдеу мен климат түзуші   фактор және климаттық режимді анықтау.

Құрлықтардың климатын оқу барысында оқушыларғы жалпы құрлықтың климаттық ерекшеліктерімен және де климаттық белдеулермен таныстыру қажет. Оқушылар құрлықтың климатын қандай факторлар анықтайтынын және сол құрлық басқа құрлықтардан қандай ерекшеліктерімен өзгешеленетінін түсіну қажет. Соның арқасында олар картадан климаттық белдеулер мен облыстарды емін-еркін көрсете алатын болады. Және де жаздық пен қыстық ауа райының қалыптасуына әсер ететін себептерді білуге болады.

Африка құрлығының климатын оқуда алдымен жалпы пасаттар туралы мағлұмат беріледі. Жердің әр бөлігіндегі климатпен танысу барысында оқушыларда аз да болса климат типтері  мен климат түзуші факторлар мен және олардың әсері туралы түсінік тереңдей түседі. Климат белдеулері мен зоналары туралы көптеген маңызды мәліметтер арнайы климаттық карталардан қарастыруға болады, ал климат түзуші факторлардың ара қатынасы – климаттық және физикалық картасынан көруге болады.

Курстың бастамасында құрлықтар климатын оқуда оқушылар изотерма, оларды тұрғызу әдістері мен белгілеуде, изотерма бойынша әртүрлі территориялардағы температураларды анықтау жаттығуларын жасау және изотермалар арасындағы территориялардағы температураларды анықтау арқылы білім жинайды. Климаттық картадан климат типтерінің пландарын сипаттау барысында төмендегідей пункттерге бөлінеді:

  1. Қаңтар мен шілде айының орташа температурасы;
  2. Соғатын желдер;
  3. Жылдық жауын-шашын мөлшері мен жыл мезгілдерінде түсу мөлшері;

Бұл план құрлықтарды оқытуда қолданып, түсіндіріледі. Дәл осы уақытта оқушыларға берілген сандық мәліметтер мен кітаптағы климаттық  кесте бойынша қалай жұмыс жасау керектігін үйрету керек. Бұның барлығы жаттығулар нәтижесінде іске асырылады. Содан соң оқушылар климаттық белдеу, климаттың типтері мен жеке жерлердің климатының сипаттамасын беруде, климат типін анықтау мен оған барынша суреттеме бере алатын жағдайға жеткен соң, оларға климаттық карталар арқылы үлкен бөліктер мен жұмыс жасау тапсырмасы беріледі.

Құрлықтар климаты каратсын қарастыру барысында өткен курстардан климат туралы не білетіндігі қайталанады. Содан соң әңгімелесу барысында климатқа материктің ендігі, оны шайып жатқан мұхиттар ағысы, құрлықтың жер бедері және қаншалықты ауа массалары әсер ететіндігін түсіндіру керек. Барлық құрлықтың климатына жалпы сипаттама жасап болған соң биік таулы өлкенің климатына жеке тоқталады.

Жоғарыда аталған жұмыстар жасалған соң мұғалім климаттық белдеудің жылдың әр мезгіліндегі ауа райының өзгерісіне сипаттама жасауға кіріседі. Ауа райының сипаттамасын жазуда оқытушы зерттеушілердің кітаптарын негізге ала отырып жазады.

Мысалы, Оңтүстік Азияның Пенджаб жауын-шашындық кезеңінің жаздық ауа райына христоматиялық кітап арқылы былайша сипаттама жасайды: «Жауын-шашын кезеңі 4 немесе 6 аптаға созылады… Кей кездері жаңбыр 2-3 күн қатарынан жауады. Содан соң күн шайдай ашылып, бірнеше күн қатарынан жаңбыр тамшысы түспейтін кездерде болады, сонымен қатар апта бойында жауын түспейтін кездерде болады.»

Шектелген уақыт белгілі бір құрлықтың табиғат белдеуін сипаттауға ғана жетеді, ал қалғандарына бағыт беріледі. Оқытылып жатқан материалды тереңдету үшін сол құрлықтың климат белдеуін соған ұқсас басқа құрлықтың климат белдеуімен салыстыру керек. Климат картасын оқу барысында жаттығуды орындау үшін мынадай практикалық жұмыстар жасалады:

  1. Оңтүстік америка құрлығының қаңтардағы температурасы мен Африкадағы температурамен салыстыу керек;
  2. Изотерма амплитудасының картасы бойынша Оңтүстік пен Шығыс Африканың қаңтардағы және шілдедегі температурасын салыстыру керек;
  3. Бразилия таулы қыратының сипаттамасын жасау;
  4. Оңтүстік Американың барынша ылғалды аймағын тауып, оның себептерін түсіндіру;

Осылайша құрлықтар мен мұхиттар географиясын оқушыларға оқыту нәтижесінде оларға сапалы білім беру әрі мұғалімнің сабақ беру және оқыту әдістемесіне тығыз байланысты.  

Құрлықтар географиясы география пәнін оқыту барысындағы алғашқы аймақтық курс. Курстың негізгі міндеті тұтас құрлықтар мен олардың облыстары және қарамағындағы территориялар және құрлықтардың халқы мен саяси картасы туралы білімін жетілдіру.

Бұл білімді жетілдіру барысында өткен 6 сыныпта алған білімді жүйелеп, бекіту және нақтылау, сонымен қатар бірқатар ортақ жаңа түсініктерді қалыптастыру. Мысалы, құрлықтар географиясында климат тарауын өткен 6 сыныпта алған білім нақтыланып, климат туралы жаңа түсінік қалыптасады. Африка құрлығының климатын оқыта отыра изотермалар, экваторлық және тропикалық ауа массалары туралы, пассаттар, пассаттардың әсері туралы, мұхиттардың ағыны туралы жаңа түсінік қалыптаасды.

Құрлықтардың физикалық географиясы туралы нақты бір мәліметті зерттеу үрдісінде табиғаттың даму заңдылықтары, табиғат пен қоғамның өзара байланысы туралы түсініктер қалыптасады. Оқушылар қазіргі табиғаттың қалыптасуына ішкі және сыртқы үрдістердің әсері екенін түсінеді.

Құрлықтар географиясын оқу барысында әлемге танымал алғаш Жерді зерттеушілермен, Ұлы географиялық ашулар кезеңінің атақты өкілдерімен жақсы таныс болады. Курстың негізгі міндеті оқушылардың картография саласында білімін толықтырып және жетілдіру. Олар физикалық картаны оқи отырып, әр түрлі территорияның табиғатына кешенді сипаттама беруге үйретеді.

Құрлықтар географиясын оқу барысында алатын білімінің мазмұнына тоқталатын болсақ:

  1. Әр құрлықтың физикалық – географиялық ерекшеліктері туралы түсінік: географиялық орны, көлемі, жер бедерінің және оның құрылымының ерекшеліктері, климаты, гидрографиясы, минералды ресурстары және табиғат зоналарын бөлінуі. Оқушылар тұтастай құрлықтың табиғатының өзіне тән ерекшеліктерін және оның басқа құрлықтардан айырмашылығын, сонымен қатар табиғи ерекшеліктері нақты немен байланысты қалыптасқанын, олардың табиғат элементтерінің арасындағы өзара байланыстар мен тәуелдіктер, құрлықтың табиғи ресурстарымен жергілікті халық қалай пайдаланады деген сұрақтарға жауап береді.
  2. Оқушылар құрлыққа тән негізгі географиялық айырмашылықтарымен танысады: аумағында алмасып отыратын табиғат зоналарын және оның қарамағындағы белгіленген физикалық географиялық облыстарды айтуға болады. Оқушылар құрлықтағы әрбір табиғат зонасын білуі тиіс сонымен қатар олардың қалыптасуы қандай заңдылықтарға негізделгенін білуі керек. Сонымен қатар оқушыларда түсінік қалыптасуы керек және құрлықтағы физика – географиялық облыстардың табиғат зоналарының қалыптасу себептерін білу.
  3. Оқушылар Ұлы саяхатшылар туралы, құрлықтың ашылу және зерттелу тарихын, сол территорияны зерттеген саяхатшылардың іс-әрекеті туралы түсінік қалыптастырады.
  4. Оқушылар программада өтілетін физикалық географиялық объектілер туралы білуі тиіс.
  5. Оқушылар құрлықтың ірі және шағын географиялық объектілері туралы білуі тиіс. Сонымен қатар ең маңыздыларын картадан көрсете отыра ең ірілері туралы шағын мағұлмат білуі тиіс.
  6. Оқушыларда жалпы физикалық географиялық түсініктер қалыптасады. Оқу нәтижесінде оқушылар келесі маңызды түсініктерді қалыптастыруы тиіс: жер қыртысының біртекті еместігі және онымен байланысты жер бедерінің типтері туралы, тау мен жазықтардың пайда болуы, құрлықтардың көрінісінің өзгеруін, Жердің климаты және оны қалыптастырушы факторлар туралы, атмосфера циркуляциясы, климаттың уақыт өте келе өзгеретінін және олардың топырағына, өсімдігіне және жануарлар әлеміне әсерін, сонымен қатар табиғаттың зоналығы және биіктік белдеу, табиғат пен қоғамның өзара іс әрекеті шаруашылықтың әсерінен табиғаттың өзгеруі туралы білуі тиіс.
  7. Оқушылар бірқатар картаграфиялық білім алады. Олар климттың, топырақ картасының, табиғи зоналар картасының тақырыптық кратасымен таныса отыра картадағы бұрмалаулар туралы қарапайым түсінік қалыптастырады. Оқушылар келесі картографиялық білім алуы тиіс: Географиялық координаталар мен арақашықтықты масштаб және градустық торды пайдаланып анықтай білу.

Мысал ретінде 7сыныпта өтілетін Африка тақырыбын алайық.

  1. Географиялық орналасуы, Африканың көрінісі мен үлкен аумағына және оның жер бедерінің ерекшеліктері, олардың пайдалы қазбалары, климаты, ішкі сулары, Африканың климаттық белдеулері және табиғат белдеулеріне бөлінуін айтуға болады.
  2. Экваторлық, субэкваторлық, тропикалық және субтропикалық климаттық белдеулерінің ерекшеліктері туралы; Африканың табиғат зоналарының ылғалды экваторлық ормандар саванна және сирек кездесетін орманда, тропикалық шөл және шөлейт, субтропиктердің климаты, топырағы, өсімдік және жануарлары туралы ой және түсінік қалыптастыру.
  • Африканың ашылу және зерттеу тарихына қысқаша шолу.
  1. Физикалық географиялық объектілердің картадағы географиялық орналасуын білу. Мына географиялық объектілер туралы түсінік қалыптастыру: Жерорта теңізі, Қызыл теңізі, Гибралтар бұғазы, Суэц каналы, Мадагаскар аралы, Атлас таулары, Килиманджаро жанартауы, Ніл өзені және Африканың басқа да өзендері, Сахара шөлі туралы білу;
  2. Африканың халқы туралы түсінік қалыптастыру және көз алдына келтіру.
  3. Саяси картадағы мемлекеттердің географиялық орналасуын білу: Араб Республикасы Египет, Алжир, Эфиопия, Ганы, Гвинея, Али, Конго, Нигерия, ОАР; қалалар: Кайр, Алжир, Аддис-Абеба, Браззавиль;
  • Изотермалар, экватораралық және тропикалық; ауа массалары, пассаттар туралы және олардың жауын шашынның таралуындағы мухиттық ағыстың орны, табиғи зоналар туралы, таулардағы табиғат жағдайларының өзгеруі туралы жалпы тусінік қалыптастыру;
  • Климаттық және топырақтық картадағы көрініс әдістері туралы жалпы түсінік қалыптастыру, градус және километр өлшемімен координаталық нүкте және арақашықтықты анықтау; аумақтық физикалық картасы арқылы типтік планға сипаттама беру, ал климаттық карта бойынша әр пункттің климатына сипаттама беру; план бойынша өзендерге сипаттама беру, климаттық, топырақ, табиғат зоналары картасын құрастыра білу; климаттық; диаграммамен сандық мәліметтер бойынша климат типін анықтау.

Барлық құрлықтарды қарастыру географиялық орнынан, қоныстану және зерттелу тарихынан, жағалауындағы шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер туралы оқытылады. Кейінірек жер бедері мен пайдалы қазбалары туралы, климаты және ішкі сулары қарастырылады. Физикалық географиялық зерттеуіміз табиғи зоналары бойынша топырақтарды, өсімдіктерді және жануарларды қарастырумен аяқталады.

Физикалық географиясын қарастырып болғаннан кейін артынша құрлықтың саяси картасы және халқы туралы өтіледі, ал одан кейін құрлықтар бойынша физикалық облыстарын қарастырамыз.

Жалпы жаңа түсініктер оларды физикалық географиялық шолуда өтілетін табиғи элементті өтілуімен байланысты білуге қажеттілік туындаған кезде ғана қарастырылады. Мысалы, пассаттар туралы түсінік тек Африканың климатын қарастырған кезде ғана өтіледі.

Курс солтүстік жарты шарларда орналасқан құрлықтарды қарастырудан басталады. Еуразия ескі оқулықтарда құрлықтардың арасында ең соңғы болып карастырылған болса қазіргі таңда керісінше, ең алғашқы өтілетін материк — Еуразия. Оқулықта бірінші құрлыққа жалпы сипаттама беріледі, кейін Азияға және Еуропа аймақтарына жеке тоқталып өтеді. Еуразиядан кейін қарастырылатын құрлық Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Африка, Аустралия, Тынық мұхит және аралдар, Антарктида.

7-ші сынып курсы ескі оқулықтарда «Жалпы географиялық заңдылықтар деген» тақырыппен аяқталатын болса, қазіргі оқулықтарда Жер біздің ортақ үйіміз деген тараумен аяқталады, онда «Табиғатпен қоғам арасындағы өзара байланыс», «Жер шарындағы халықтар және елдер» деген тақырыппен аяқталады.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

«Құрлықтар мен мұхиттар географиясы» пәнін оқытудың әдістері атты бұл бітіру жұмысында осы пәннің қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің оқу бағдарламасына сәйкес еліміздің барлық мектептерінде оқытылу кезінде туындайтын барлық мәселелер ашылып көрсетілді. Атап айтсақ, осы пәнді оқытудағы мақсаттары мен міндеттерінен бастап, оған арналған оқу құралының, яғни оқулықтың құрылымы мен мәтінінен бастап, курсты оқытуға арналған жалпы қалыптасқан әдістемелік нұсқаулардың кемшіліктері мен ондағы дұрыс нұсқаулардың барлық компоненттері айқындалып көрсетіліп отыр. Сонымен қатар, оқушылармен жұмыс кезінде бұл пәннің білімдік, тәрбиелік маңыздылығына байланысты, сабақтың түрлері, сабақтан тыс жұмыстарды қалай өткізу керек екендігі, сабақтың күнтізбелік жоспарлары толықтай баяндалды. Осы бітіру жұмысын кез-келген орта мектептің география пәнінің оқытушысы өз қажетіне пайдалана алады.  Жұмысты жасау барысында бірнеше көрнекілік құралдар (сызбалар, кестелер, карталар) қолданылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Абилмажинова С., Бейсенова А., Каймулдинова К., Асубаев Б., Кубенкулова С. География материки и океаны. Методическое руководство для учителей 7 класса общеобразовательной школы. Алматы., Атамұра, 2007
  2. Лавринович М. В. Физическая география Евразии (региональный обзор). Мн. БГУ, 2003.
  3. Витченко А.Н. Физическая география океанов. Мн., 1998.
  4. Залогин Б.С. Океаны. М.: Мысль, 1996.
  5. Пирожник И. И. Экономическая география Мирового океана. Мн.: БГУ, 2004.
  6. Рылюк Г.Я., Еловичева Я.К. Физическая география Мирового океана. / Учебное пособие для студентов географического факультета. Мн.: БГУ, 2005. – 195 c.
  7. Романова Э. П. Современные ландшафты Европы. М.: МГУ, 1997.
  8. Романова Э. П., Куракова Л. И., Ермаков Ю. Г. Природные ресурсы мира. М.: МГУ, 1993.
  9. Лавринович М. В., Водные ресурсы Западной Европы и их современное состояние. Мн.: БГУ. 2002.
  10. Географический атлас мира. М.. 1997.
  11. Океанографическая энциклопедия. Л.: Гидрометеоиздат, 1974.
  12. Физико-географический атлас мира. М., 1964.
  13. Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы, 1-том, Алматы, «Қазақ энциклопедиясы» баспасы. 2001
  14. Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы, 5-том, Алматы, «Қазақ энциклопедиясы» баспасы. 2003
  15. Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы, 4-том, Алматы, «Қазақ энциклопедиясы» баспасы. 2003
  16. Розанов Б.Г. Основы учения об окружающей среде. М., Изд-во МГУ., 1984