АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Сырдария өзенінің экологиялық жағдайы

1 АУДАННЫҢ  ҚАЗІРГІ  КЕЗДЕГІ

ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ  ЖАҒДАЙЫ

 

 

        1.1 Сырдария аймағының географиялық орны

 

Сырдария ойысының аккумулятивті жазықтары солтүстік-шығысында Қаратау жотасымен, оңтүстік-батысында Орталық Қызылқұм көтерілімдерімен шектеседі. Ал, оңтсүтік-шығысында Қазақстан территориясынан тыс Тянь-Шанға дейін созылып, солтүстігінде және солтүстік-батысында солтүстік Арал маңы қабатты жазықтарымен және Арал теңізінің шығыс жағалауымен көмкеріледі.

Қазақстанның оңтүстігінде 1938 жылы құрылған Қызылорда облысы Сырдария өзенінің төменгі ағысында оның екі жағасын ала орналасқан. Жер көлемі жағынан республикадағы ірі облыстардың бірі болып саналады. Қызылорда облысының аумағы 228,1 мың шаршы шақырым. Мұнда республикадағы халықтың 3,9 %-і тұрады. Бір шаршы шақырым жерге 2,7 адамнан келеді.

Тұран ойпатының жазықтау келген кең алқабын алып жатқан зерттеліп отырған территорияның басым көпшілігі Сырдария, Сарысу және Шу өзендерінің ертедегі атырау жазығы болып табылады. Тарихтан мәлім, бұрын арғы дәуірде қазіргі Сырдарияның атырауы мен Арал теңізінің жерінде біріне-бірі тіркес жатқан екі үлкен қазан шұңқыр болған. Сонау Тянь-Шань тауынан басталып, Ферғана даласында түйісетін кішігірім өзендерден басын алып, батысқа Қызылорда шұңқырына құйған. Ол кезде Сырдария суы мол, ірі өзен болса керек. Өйткені, Шу мен Сарысу өзендері Сырдарияның арнасына құйылған екен. Ұзақ шөлде талай жердің қыртысын қақ жарып, екі жиегін опыра құлатып, жұлқына ағатын асау өзен орасан көп құм-лайды ала келген.

Ғылыми деректерге жүгінсек, бұл шұңқыр 56 мың жылда сумен келген шөгіндімен толып, осы заманға геоморфологиялық аймақ қалыптасқан делінеді. Сол геоморфологиялық аймақ солтүстік-шығысында Қаратау, батысында Қызылқұм биігінің жақын жатқан тар аралығынан басталып, батысқа қарай кең жайылып жатыр. Оны Сырдария ойысы деп атайды. Ойпаттың ең терең жері Тартоғай стансасы тұсынан басталады да, Қызылорда арқылы Тереңөзекке дейін созылып, онан оңтүстік-батысқа қарай бұрылып, Жаңадарияның арнасын бойлап жатыр. Шұңқырлардың табанынан санағанда жиналған шөгінді үш қабаттан тұрады. Төменгі бірінші қабаттың қалыңдығы 7 метрден аспайтын майда тас аралас құм мен саздан тұрады. Қызылорда қаласы мен Тереңөзектің тұрған жеріндегі екінші қабаттың қалыңдығы 60-80 метр болатын үрінді құмның қалыңдығы шетке қарай жұқара береді де, Шірік Рабаттың тұсында 30-45 метр болса, шығыс Арал өңірінде 6-20 метрден аспайды. Бұл екінші қабат осы өлкені ең алғаш мекендеген Келтеминар тайпасының атымен аталады. Ең үстіңгі, яғни, төменнен санағанда үшінші қабаттың қалыңдығы 1-5 метр, кей жерлерде 9 метрге дейін болатын саз, құмшық және құм аралас шөгіндіден тұрады. Бұл қабатқа біздің дәуірге дейін осы өңірді мекендеген Яқсарт (немесе Масығұрт) тайпасының аты берілген.

Жазықтың ең биік нүктелері Тартоғай тұсында 140-151 метр, Жосалы тұсында 100 метр, ал Аралдың шығыс жағасында 55 метрден аспайды. Сонда Сырдың атырауы теңіз бағытымен баяу ылдилап, көлбеу жатқан жазық дала. Жазық бетінде әр жерде жатаған жусан өскен шағыл құм төбелер мен жал-жал бұйрат құмдар. Кейде жазық бетінде жалғыз-жарым төбелер кездеседі, мысалы, Аққыр, Қарақ, Жосалы, Көксеңгір. Олардың биіктігі 60-80 метрге дейін барады. Бітім-бейнесі ешнәрсеге ұқсамайтын сол шоқылардың баурайы Тікжар болып келеді.

Арналар арасындағы кеңістіктің бет бедерінің өзіне тән ерекшелігі бар. Мұнда теңіздің толқыны тәрізді бұйраттанып жатқан ауқымы әртүрлі су айрықтары, айнала атшаптырым жиегі түйе-тайлы ойпаттар. Дария тасығанда бұл ой-шұңқырлардың бәрі сумен толып, бүкіл атырауда жүздеген көлдер пайда болатын. Олар – Қаракөл, Көксу, Ақсай, т.б. Айнала егістік, шабындық жерлерді су басып, ыза көтеріліп кетпес үшін жегін тоғандап қойған Далакөл, Жандыкөл, құм төбелерінің ара-арасындағы ой жерлерді ащы көлдер Сыр аңғарының келбетіне осы өлкеге тән ерекшелік берді. Кезінде бұл өлкеде көлдердің көп болған себебі Сырдария 2002 мың шақырымнан ұзақ жолында өзінің арнасында ағып келіп, осы даланың шетіне жеткенде арнасында симай жазық даланы жаппай қамтып, бірнеше тарауға бөліп ағатын болған. Баяғы заманда Қызылқұмды кемерлеп, Ескідариялық, оның солтүстік-шығыс жағынан Іңкәрдария, даланың орта тұсында Қуаңдария, одан оңға таман Жаңадария, сосын негізгі арна Сырдария болып теңізге құйған. Қазір олардың көпшілігі кеуіп, құрғақ арналары ғана қалған.        

 

 

        1.2 Ауданның зерттелу тарихы

 

Оңтүстік Қазақстан жазықтарын жүйелі түрде көптеген ғалымдар зерттеді. Н.А.Северцов, И.В.Мушкетов және Л.С.Берг еңбектерінде жазықтардың шығу тегі геологиялық құрылымы туралы ғана емес, осы ауданның рельеф динамикасы туралы да жазылды. Аралдың шығыс жағалауы мен Жаңадария құрғақ арнасында болған Н.А.Северцов теңіз деңгейінің төмен түсуі жөнінде ой қозғаған. И.В. Мушкетов “Түркістан” монографиясында Қызылқұмды толық сипаттады. Аталған ауданға алғаш рет құрылған Түркістан картасында үштік кезеңнен кейінгі  шөгінділер көрсетілген.

19-ғасырдың соңында  жел құмды ой жерден құмды қырқаларға үю арқылы шөл бедерін тегістемейді, керісінше тілімдейді деген пікір айтқан. Бұл аймақтың бедер тарихы туралы маңызды мағлұматтар Л.С.Бергтің “Арал теңізі” атты үлкен монографиясында келтіріледі. Көбіне ол бірнеше зерттеушілердің кең Арал-Каспий алабы бар деген идеясын жоққа шығара отырып, ежелгі Арал шөгінділерінің шектеулі тарағанын айтады. 1910-12 жылдары С.С.Неуструев Сырдарияның төменгі ағысымен Солтүстік Қызылқұм топырағын және оның астындағы жыныстарды зерттеп, оның жағалауындағы аллювийлік жазықтардың жастығын бірнеше мақалаларында жариялады. Оның ойы бойынша ескі өзендердің ұшырылған, өзгеріске ұшыраған шөгінділері болып табылатын Қызылқұм құмдарының шығу тегі болып табылатын гипотеза жасады. Сонымен бірге ол ауданда кең тараған сортаңдар мен тақырлардың түзілгені туралы айтты. Оңтүстік Қазақстан жазықтарын жоспарлы түрде геологиялық зерттеу өлкенің шаруашылыққа негізделуімен байланысты, Қазан төңкерісінен кейін басталды. 1927-28 жылдары И.П.Герасимов пен П.К.Чехаев Солтүстік Қызылқұмдағы Сырдарияның сол жағалауын өзеннің әртүрлі террасаларына сәйкес 3 геоморфологиялық бөлікке бөлді. 1930 жылдың басында Б.А.Петрушевский алғаш рет Сырдарияның төменгі ағысындағы шөгінді жыныстардың құрылымын анықтады. Сырдария аңғарымен жазық рельефін және соған қатыстыларды сипаттады. И.П.Герасимовтың “Тұранның беткі жазығының қазіргі дамуының негізгі белгілері” монографиясында ТҰран рельефінің даму тарихын және шөлдің қазіргі геологиялық динамикасын қарастырды. Автордың айтуынша Тұранның плиоценнен кейінгі климаты жалпы түрде аридті және экстра аридті сипатқа ие болды және климаттың ылғалдануына қарай ауытқуы аридті режим аясынан шықпады.

1951 жылы Н.Ф.Фединнің “Сырдария өзенінің төменгі ағысы террасаларының абсолютті жасы туралы” (“Об абсолютном возрасте террас низовии р. Сырдарьи”) мақаласы жарық көрді. Абсолютті жасы бойынша мәліметтер терраса үстінде таралған археологиялық ескерткіштер арқылы алынған.

1954 жылы Н.Н.Костенко “Сырдария өзені террасаларының жасы туралы” (К вопросу о возрасте террас  р.Сырдарьи) мақаласында өзеннің төменгі террасаларын өзбек геологтарының  мәліметтері бойынша голоцен, төменгі төрттік, орта төрттік кезеңге сәйкес Сырдариялық, шөлейттік және қызылқұмдық кешендердің аллювийлік шөгінділерінен құралған Ташкент ауданымен салыстырады.

 

 

1.3 Гидрографиясы

 

Сырдария өзені Қазақстаннан тыс Ферғана аңғарынан Нарын және Қарадария өзендерінің қосылуынан бастау алады. Басталған жерден сағаға дейін жалпы ұзындығы 2212 км. Қазақстан Республикасы аумағында өзен жоғарғы бөлігінде  үш сағаны (Келес, Күрік-Келес және Арыс өзендері) қабылдайды. Әрі қарай өзеннің су келмейтін бөлігі аймақпен ағып отырып, сағалық облыспен үлкен атырау қалыптастырып, Арал теңізіне құяды.

Сырдария алабының жоғарғы бөлігінде бірнеше үлкен су қоймалары салынған, олардың ішіндегі ең бастысы Тоқтағұл су қоймасы, Нарын (Қырғызстан) өзені ағындысының көпжылдық реттеушісі болып табылады. Қазақстан Республикасының энергетикасы мен ирригациясы үшін пайдалы көлемі 4.2км³ Шардара су қоймасы пайдаланылады.

Сырдария алабында ауылшаруашылық мәдениетін суару үшін ирригациялық каналдар қамтылған үлкен жүйе бар. Сырдарияға және оның сағаларына, ескі арналары, ағынсыз көлдер және рельефтің төмендеу жерлеріне коллекторлы-кәрізді ағындыны жіберетін коллектор жүйесі де дамыған. Арал теңізі бұрын ішкі материктік ең ірі су қоймасы болған, ал қазіргі кезде прогрессивті кебу мен тұзданудың салдарынан ең қолайсыз жағдайда. Арал теңізінің 1961 жылы орташа деңгейі 53 метр болған. Соңғы 35 жылда оның тереңдігі 16 метрге азайды. Қазіргі кезде Арал теңізі екі бөлікке бөлінеді: оңтүстікте Үлкен теңіз және солтүстікте Кіші теңіз. Квазистационды режиммен салыстырғанда теңіздің тұздылығы үш есе өсті.

Сырдария өзенінің Тартоғай стансасынан Қазалыға дейінгі  бөлігінде салалар жоқ. Қозғалу барысында сағаға қарай жайылымның тереңдеуі азаяды және ол қоршаған жазықтыққа кірігіп кетеді. Жергілікті жердің көрсеткіштері өзеннен оңға және солға қарай алыстап азаяды. Берік жағалаудың болмауы салдарынан және кіші биіктіктен өзен өзінің арнасын ауыстырып, жағаларды бұзып төмен жерлерді су басады, ескі арна өзеннен өз тасындылары арқасында бөлініп, таяз сулы көл түріне ауысады.

Сырдария өзенінің су алуы он төрт ірі каналдармен, сонымен қатар орташа жылдық су өтімі 1990 жылы шамамен 100 м³/с болатын тасынды құрылғылармен жүреді.

Қызылорда қаласынан 12 км жоғары Қызылорда су көтеру бөгені жұмыс істейді. Ол суды каналдарға жүйелі түрде бөлуді қамтамасыз етеді. Су өткізу қабілеті 220 м³/с солжағалық канал Сырдарияның сол жағалауын, бөгеннен Жусалы бекетіне дейінгі аумақты суару үшін арналған. Сол жақтан шығатын су өткізу қабілеті 50 м³/с Жаңадария каналы Қызылқұмның құмдарында жайылымдарды суару үшін пайдаланылады.

Сырдариядан Түмен-Арық бекетінен Жусалы бекетіне дейінгі бөлікте көп тармақтар бөлініп шығады, өз кезегінде олар тармақтарға бөлінеді, кей жерлерде судың жайылуынан көлдер мен батпақ қалыптасады. Тармақтың бір бөлігі ұзындығы мен кескіні жөнінен жоғарғы көрсеткіштерге ие. Олардың көп бөлігі құмдарда жоғалып кетеді, бұрынғы уақытта Арал теңізіне жететіндері де болған. Ұзындығы 170 км болып табылатын Қараөзек тармағы ең ұзын болып саналады. Бұл тармақ көптеген кіші тармақшаларға бөлініп, Жусалы бекетінің жанында қайтадан Сырдарияға құяды. Кейінгі жылдары Қараөзектің сағасы ауданында су көп тұрып қалады да, Сырдарияға жетпейді.

Жаңа-Дария – Сырдария арнасының сол жағалық ең ірісі, оның ұзындығы 600 км астам. Жаңа-Дария арнасы гидроторабымен жоғарыдан басталады және оңтүстік пен оңтүстік-батысқа қарай Өзбекстан шекарасына дейін өтеді. Жаңа-Дариядан 210 км батысқа қарай Қуаңдария тармағы кетеді (ұзындығы 480 км). Жаңа-Дария және Қуаңдария өзендері тікелей байланысты жоғалтқан соң  ұзақ уақыт бойы ірі су тасу кезеңдерінде ғана суланған. Қызылорда бөгеті мен Жаңа-Дария каналы салынғаннан кейін өзеннен 50м/с суды суару мақсатында алу мүмкіндігі туды. Қуаңдарияға су жеткізу және оның жағалауында орналасқан жайылымдарды суландыру үшін негізінен Қызылорданың солжағалық қашыртқы сулар алқабы пайдаланылады.

Сырдарияның төменгі ағысында бұл тармақтардың маңызы зор, себебі олар суландыру көзі болып табылады және ұсақ ирригациялық жүйелердің көп мөлшерін қоректендіреді. Жусалы селосынан төмен Қазалы қаласына дейін Сырдария құмды-шөлді кеңістіктен тармақтарсыз өтеді.

1970 жылы Қазалы қ. жоғары Қазалы гидроторабы пайдалануға беріледі. Оның жоғарғы бьефінен алынған сумен оңжағалық және солжағалық алқабтарды суару жүзеге асырылады.

 

 

1.4 Сырдария аңғары

 

Сырдария Қазақстан жеріне Шардара суқоймасының оңтүстігінен кіреді және солтүстік және солтүстік-батыс бағытта Арал теңізіне қарай 1000 шақырымнан артық созылады. Ол кең Сырдария аккумулятивті жазықтары және Шығыс Арал ойысын кесіп өтеді. Сырдарияның қазіргі арнасы Сырдария синеклизасы бойымен емес, оның Қаратау көтерілімін жанай, синеклизаның солтүстік-шығыс бортымен өтеді. Өзеннің оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай ауыспалылығы төрттік кезеңде ойыстың оңтүстік-батыс бөлігінің біртіндеп көтерілуімен түсіндіріледі. Бұл орын ауыстыру оң жағасына қарағандасол жағалауы енді болып келетін Сырдария террасасының орналасуынан айқын көрінеді.

Өзен аңғары өзінің жолында өзінің морфологиялық пішініне көп әсер ететін ірі жеке құрылымдарды басып өтеді. Аңғардың енді бөліктері синклинальды құрылымдарға, ал жіңішке, тар бөліктері антиклинальды құрылымдарға тура келеді. Бұлардың кезектесіп келуі анық көрінетін құрылымға жағдай жасаса, жаңа және қазіргі тектоникалық қарқындылық жеке учаскелер морфологиясының қарама-қарсылығын күшейтті.

Сипатталып отырған территорияда Сырдария аңғары төмен және анық көрінбейтін жағалаулы және гидрографиялық тордың көп өзгергендігіне куә болатын көп тармақты болып келеді. Геоморфологиялық белгілері бойынша оны негізгі 3 учаскеге бөлуге болады: 1) Шардара суқоймасынан Жаңақорған кентіне дейін;  2) Жаңақорған кентінен Жосалы кентіне дейін;  3) Жосалы кентінен Арал теңізіне дейін.

Бірінші бөлігінде Сырдария Жуғаш ойысының біршама терең бөлігін және Арыс ойысының оңтүстік-батыс шетін, Қаратау жотасының пролювийлік шөгінділерін кесіп өтеді. Өзен суында жинақталған материалдар мен аллювийдің тұрақты жиналы аңғар түбінің көлденең қимасының дөңес болуына әкелді. Аран айналасындағы жазықтарға қарағанда біршама гипсометриялық биіктікте. Өзеннің екі жағасында да арна бойы жалдар кездеседі. Олар басым ірі құмды материалдардан түзілген.

Жаңақорғаннан Жосалыға дейінгі бөлігінде Сырдария төменгі төрттік кезеңінің кең аллювийлік-атыраулық жазығын кесіп өтеді. Арна біршама иреңі бар көп меандрлы бола түседі. Жағалаулық территория жыл сайын су астында қалады. Қайрақты және Шардара суқоймаларын салғанға дейін аумақты су басу 60 км-ге дейін созылған (Федорович 1969). Тасқын нәтижесінде кішігірім көлшіктері мен батпақтанған жерлері бар жайылма құрылады.

Жосалы кентінен төмен өзен аңғары сипаты шұғыл өзгереді. Бұл жерде өзен палеоген және бор жыныстарынан құрылған төменгі Сырдария күмбезін кесіп өтеді. Осы арқылы Сырдария өзінің бағытын солтүстік-батыстан батысқа қарай өзгертеді. Оның аңғары жіңішке, арнасы салыстырмалы тура. Аңғар ені үш шақырымға дейін созылады. Түпкі жағалау мұнда биіктігі 15-20 метрлік кемерді құрайды. Қазалыдан батысқа қарай Сырдария аңғары қазіргі атырау аймағына кіреді. Бұл жерлерде терраса жоқ, өзен жағалаумен бірдей ағады. Палеогеннің түпкі жыныстары онша терең емес, кейде жер бетіне шығып қалады. Аллювийлік шөгінділер аз кездеседі, арагідік байқалмайды да. Бұл учаскенің жастығын білдіреді. Мұнда сәл ертерек көп тармақтар мен батпақты ойыстар болған. Қазіргі уақытта Арал теңізі деңгейінің төмендеуіне байланысты Сырдария атырауы құрғап қалды десе де болады. Тармақтарының көбі сусыз қалды.

 

 

1.5 Сырдария өзенінің арнасы

 

Өзен арнасы жер бетіндегі аса енді емес, ұзына бойы ирелеңдеп созылып жатқан жалпы еңістігі өзеннің бастауынан сағасына қарай бағытталған ойыс түрінде көрініс беретін бедер пішіні. Аңғар су ағындарының эрозиялық әрекеті нәтижесінде қалыптасқан.

Арна — өзен суы үнемі үздіксіз ағатын аңғар табанының  ең тереңделген бөлігі. Сырдария өзенінің негізгі арнасы Қызылорда қаласынан Қараөзек стансасына дейін орташа ені 300 метр (тасқын кезінде 735 метрге жетеді), орташа тереңдігі 3,85 метр, ал осы учаскедегі ең терең жері 12,5 метр. Арнаның кеңейген тұстары орташа және максимальды тереңдігі аз өзен қайраңдарына, ал тар тұсы керісінше біршама терең жерлерге сәйкес келеді.

Сырдария арнасының гидравликалық есептеулері өзеннің тереңдеп аға алмайтынын және егер оның шығыны жыл бойы өзгермесе, ол тұрақты меандрлы болатынын көрсетеді. Бірақ, шығынның тез өзгеру әсерінен жеке меандрлар бір-бірімен жақындайды және тасқын кезінде су мойнақтардан құйылады да, меандрларды шайып кетеді; өзен оларды жаңа бағытта дамытады және салыстырмалы тұрақты арнада өзгермелі меандрлы сипатта болады. Сырдария осы қасиетімен Амудариядан ажыратылады.

Арнаның меандрды бұзып өту нәтижесінде жылжуы өте баяу жүретін процесс. Мұны 1907 жылғы, 1948 жылғы топографиялық карталарды қазіргі карталармен салыстыра отырып байқауға болады. Бұл кезеңде өзен арнасы сызығы өте елеусіз шамада өзгереді.

Сырдария өзенінің оң жағалаулық тармақтарына көлдер жүйесін түзетін Көксу, сондай-ақ Қараөзек стансасы тұсынан бөлініп, қайтадан Жосалы стансасы тұсында құятын Қараөзек өзендері жатады. Өзеннің оң жағалауында суы кеуіп қалатын тармақтар қатары орналасқан; олардың ішіндегі біршама ірілері Қараөзек стансасы мен Қызылорда қаласы аралығында бастау алатын Сауранбай және Тереңөзек кенті маңынан ағып өтетін кентпен аттас тармақ. Бұл кеуіп қалатын арналар ұзындығының қысқалығымен, және кішігірім көлденең қимасымен ерекшеленеді.

Қараөзек тармағы ойыста оның түзілуіне дейін бар болған (одан ерте пайда болған) құмдар арасымен өтеді. Ұзындығы 189 шақырым, ал ол басталып және құяр тұсы аралығында Жамандария ұзындығы 218,5 шақырым.

Сырдарияның сол жағалауында Қызылорда қаласынан 12 шақырым төмен өзеннің Шіркейлі тармағы бөлініп шығады, және ол батыс бағытта ағады. Тереңөзек кенті меридианы тұсында тармақ Көксу (оң) және Майлыөзек (сол) тармақтарына бөлінеді. Шіркейлі арнасы Мәдениет каналымен аяқталады. Қазір ол арналар құрғақ, бірақ ол жерлер өткен ғасырдың басындағы карталарда адам аяғы жетпейтін көлшіктер мен батпақтар ретінде көрсетілген.  1941 жылы Шіркейлі құрғақ арнасы қайта қазылып, Жаңашіркейлі каналы ретінде ауылшаруашылығында пайдаланыла бастады.

Сырдарияның сол жағалауы мен Қызылқұм құмдарының арасында даланы батыс, оңтүстік-батыс бағытта “әжімдейтін” құрғақ арналар өте көп. Олардың көбі ұзын болуымен ерекшеленеді, кейбіреулері (Жаңадария, Қуаңдария) Арал теңізі  жағалауына  дейін жетсе, басқалары құмда ізін ғана қалдырады (Іңкәрдария, Қашқансу).

Солжағалаулық көптеген арналар құрғақ немесе олардан жыл мезгілдерінің аз ғана уақытында су ағады, ал кейбіреулері (Шіркейлі, Тораңғылсай) суландыру үшін пайдаланылады.

Жайылма — өзен аңғарының сол өзен тасыған кезінде су басып кететін бөлігі. Террасалар – тегіс немесе аздаған еңістігі бар аңғардың беткейлер шегінде сатыланып орналасқан алаңдар, соның ішінде жайылма ең төменгі терраса болып есептелінеді.

Өзеннің ырғақты түрде ирелеңдеуі меандрлар деп аталады. Ағынның алға жылжу бағытына байланысты, меандр жүйесі жыл сайын аңғар бойымен төмен қарай 0,5-20 метр жылдамдықпен ығысады.

Н.И.Маккавеевтің (1955) айтуынша, неғұрлым өзен шығыны көп болып, өзен еңістігі аз болса, соғұрлым иіндердің дөңгелену радиусы жоғары.

Жалпы айтқанда, аңғар бойында екі түрлі меандр кездеседі. Су тасуына байланысты үлкен радиусы және өзеннің төмен сағасына сәйкес кіші радиусты меандр. Алайда, арнаның морфологиялық элементтері негізінен су тасуы кезінде қалыптасатын болғандықтан, судың қайтқан кезіндегі әсері де аз болады, ал аңғардың морфологиясына аз ғана өзгерістер жасайды.

Меандрлану процесі өзен ағысының минималды күш жұмсау нәтижесінде кедергісі ең аз жолмен ағуы салдарынан пайда болған құбылыс. Меандрлану нәтижесінде өзеннің ұзындығы ұлғайып, шұңғымалар мен қайраңдардың арна бойымен ауысуы, жайылмалар мен террасалардың қалыптасуы, аңғардың меандрлануы арна ағыны дамуының негізгі заңдылықтарының бірі болып табылады және өзен аңғарларының барлық морфологиялық элементтерінің қалыптасуы бұл заңдылықтарына тікелей байланысты.

Сырдария өзені  аса қатты меандрланған өзендер қатарына жатады. Жайылма өзен меандрларының жеке аласа бөліктерінде кездеседі. Оның меженді су деңгейі үстіндегі биіктігі 1,5 – 2 метр болады. Жайылымы ұзындығы әдетте бірнеше жүз метрден аспайды, ал ені он метрден бірнеше жүз метр аралығында, тек аз жерлерінде километрден асады, көбіне жайылымы өзен арнасындағы кішігірім аралдармен сипатталады. Оның беті өте тегіс, өзен арнасына қарай аздап еңістелген, кейде арнаға қарай құлау бағыты бойынша 0,2-0,5 метр биіктікте бірнеше сатылар кездеседі.

Жайылма биік және аласа болып бөлінеді. Олар аңғардың тар жерінде анық, ал кең жерінде морфологиялық әлсіз көрінеді. Шиелі-Жосалы аралығында барлық жайылма (20-40 км) батпақтармен, көлдермен, көптеген құрғақ және сулы арналармен тілімденген. Жайылманың айтарлықтай бөлігі, әсіресе үлкен тасқын кезінде суға толады. Биік жайылма морфологиялық әлсіз байқалады.

Жайылмада өсімдік жамылғысы жоқ деуге болады, бірақ көлемді жерлерінде оның біршама биік бөліктерін шалғындар, кейде ағашты-бұталы тоғай өсімдіктері жапқан. Мұндай жерлерде Сырдарияның сол жағындағы Жаңа Шіркейлі каналының басынан, немесе Қызылорда қаласынан 4 километр төмен өзеннің сол жағалауынан байқауға болады.

Жайылманың кейбір жерлері біресе тасқын кезіндегі шөгінді материалдар есебінен өсіп, біресе өзен ағысымен қайта бұзылып, 1-2 жыл өмір сүруі де мүмкін.Қазіргі уақытта оның көптеген учаскелері ауылшаруашылық маңызға ие емес; кейбіреулері шабындық үшін қолданылуы мүмкін.

Суқойма салынып, өзен суының тасып, жайылуы азайғаннан кейін Қызылорда бөгетінен төмен Қазалы бөгетті тосқауылына дейін жайылма егіншілік үшін, бақтар мен бақшаларды механикалық суаруға, ал кейбір жерлерде суарусыз-ақ, өсімдіктерді жақын және тұщы сулармен қоректендіру немесе шабындыққа арналған жерлерді қолдан су алдыру жағдайында пайдаланылуы мүмкін.

Осындай сипаттағы жайылма учаскелері Сырдарияның атыраулық тармақтарында  — Шіркейлі, Қараөзек, құрғап қалған Жаңадария, Майлыөзек, Тораңғылсай тағы басқа тармақтары Сырдариядан тек масштабы бойынша ғана ажыратылады. Кейде, әсіресе Тораңғылсай арнасында сатылар түзетін бірнеше деңгейлі жайылмалар байқалады.         

Сырдария өзені және оның тармақтарының жағаларында көтерілген жалдар созылады. Сырдарияның  межендік су деңгейі үстінен оның арна бойы жалдары 3-5 метр биіктікке көтеріледі. Меандрдың дөңес жағында ол көбіне шайылады және өзенге тік кертпеш жасап жарлауыттанады. Меандрдың ойысты бөлігінде әдетте біршама жайпақ беткейімен жайылмаға ауысады. Оның ені жүздеген метрден бірнеше километрге дейін шұғыл өзгеріп отырады. Жалдар бедері жайпақ – толқын тәрізді, рельеф элементтерінің ауытқу амлитудасы 1 метрден аспайды. Арнаның кейбір учаскелерінде жал биіктігі өзеннің орташа тасқын су горизонты деңгейінен төмен болады, және осы жерлерде ол жыл сайын су астында қалады. Бірақ ол үлкен аумақта таралмаған. Апатты су тасқындары кезінде Сырдарияның арнабойы жалдары барлық өзен бойында су басуға ұшырайды. Су басудан тек төбешікті-қырқалы құмдардың биік жұрнақтарынан құралған өзен жағасындағы аздаған учаскелер аман қалды.

Сырдарияның арна бойы жалдарының өлшемдері барлық өзен бойында бірдей емес. Біршама биік жалдар Сұлутөбе стансасынан Жалағаш кентіне дейінгі өзен бойында кездеседі. Жалағаштан төмен қарай Жосалы маңында олардың биіктігі азаяды, және олар арна бойында біршама аласа қырқаларды құрайды. Өзенде әр жерде жеткілікті төмен батпақтанған жағалар ұшырасады, соңғы учаскедегі жалдар ені жоғарыдағыларымен салыстырғанда кеңейеді.

Жаңадария, Шіркейлі, Көксу, Майлыөзек, Тораңғылсай секілді өзеннің көне атыраулық тармақтарында да дәл Сырдариядағыдай арна бойы жалдар кездеседі. Қараөзекте жалдар тек алғашқы қырық шақырымдықта ғана айқын көрінеді, төменіректе олар қалыптасудың бастапқы кезеңінде.

Атыраулық ландшафттар құруда арна бойы жалдарының орны ерекше деп айтуға болады. Олар өзен суының тасып жайылатын жерлерінде тасқын сулар ағынының бағытын анықтайды. Тасқын кезінде өзеннің сол жағалауында арна бойы жалдарды бұзып-шайып өткен су оңтүстіктегі көрші ескі арнаға құйылады. Ал, оң жағалауда Қараөзекке және Көксу көлдеріне қарай ағатын. Бірақ, 1905 жылы салынған Орынбор-Ташкент теміржолытасқын су бағытын өзгертті. Енді ол су арнабойы жалдар мен теміржол үйіндісі арасын алып, жазық беткейі бойымен солтүстік-батысқа қарай ағады. Теміржол көтерілімдерінен өткел табыла қалған жағдайда (мысалы теміржол көпірі) су солтүстікке қарай ағатын жол табады. Су ағындарының мұндай мінезі 1949 жылы Қызылорда қаласын басып қалу қаупін туғызған Бөрібай каналының басында арнабойы жалды жарып кеткен су жағдайында туындады. Су аз уақыт ішінде Бөрібайдан қалаға ағызып жіберілді. Қаланы су басу қаупі көпірлік саңылауларды  ашу нәтижесінде тоқтатылған болатын. Бұндай су тасуы соңғы 2-3 жылдың көлемінде көп рет қайталанды. Көптеген елдімекендерді, олардың шаруашылық жерлерін су басып, ол егістік көлемінің азаюына әкелді. Қолдан су тоқтату үшін көптеген жерлерге ұзына бойы бөгетшелер жасалды. Ол қауіптің алдын алудың көптеген жолдары қарастырылып жатыр.

Кең арна аралық ойыстар ежелгі атыраудың орталық бөлігі бетінің көп бөлігін (ені 50-80 км) алып жатыр. Олар өзендегі су деңгейінен 4-8 метр төмен жатыр, және тасқын кезінде су басуға ұшырайды. Рельеф элементтерінің ауытқу амплитудасы елемейтіндей (2-3 метрден аспайды) болғанымен, арна аралық ойыстар бәрібір күрделі бедер пішініне ие. Ертерек уақыттарда ойпатты жазықта тасқын сулар кең дамыды. Су арыны қатты болған жерлерде уақытша арналар, ойпатты тегіс жерлерде біртіндеп лайлы тұнбаға айналатын көлдер мен батпақтар пайда болатын.

Қазіргі уақытта өзен суының тасып жайылуы қорғаныс жалдарды, бөгеттерді тұрғызу салдарынан айтарлықтай қысқарды. Бірақ сонда да қазіргі уақытта, Әсіресе қыс-көктем мезгілдерінде су алып кету жиілеп барады. Нәтижесінде, жазық күрделі эрозионды-аккумулятивтік бедер пішінін қабылдады.

Арна аралық ойыстардың әртүрлі пішіндеріне байланысты келесі топтарға бөлуге болады: кең жайпақ депрессиялар (Далакөл, Аламесек, Жыңғылдыкөл, Шошқакөл, Соркөл, Бәйбіше т.б.); толқынды суайрық жазықтар.

Кең жайпақ депрессиялар бедер пішіндері салыстырмалы тереңдігі 2-3 метр болатын, ондаған шаршы шақырым ауданды алып жатқан кең ойыстармен сипатталады. Бұл жазық депрессиялар ішіндегі қазіргі тұщы сулы көлдер және батпақтармен немесе құрғақ қазаншұңқырларымен сипатталатын диаметрі бірнеше шақырымды құрайтын қазаншұңқырлар қатарлары орналасқан. Сырдарияның оң жағалауындағы жер бедері бейнесі біраз өзгешелеу. Қараөзек пен Көксу тармақтарында арна бойы жалдар тек бас жағында кездеседі. Екі тармақ та Сырдариядан перпендикуляр бағытта 30-35 км ағып барып, өз арналарын Сырдарияға параллель етіп, солтүстік-батысқа ағады. Осылайша, Сырдариямен оның жағалауындағы негізгі тармақтар арасындағы сол жағалауға тән астау тәрізді арна аралық ойыстар түзіле қойған жоқ. Бірақ, мұнда әрекетті арнадан басқа құрғап қалған немесе маусымдық каналдар көптеп байқалады (Керкелмес, Сауранбай, Бөрібай, Бәйбіше, Ақсу, Тереңөзек, т.б.). Олар әсіресе Қараөзектің Сырдариядан бөлінер тұсында көптеп байқалады.

Қараөзек аралының батыс бөлігінде  Сырдария мен Сарыжилван тармағы  арасында ірі арна аралық  ойыс орналасқан. Батысында ол аталған тармақтың арна бойы жалдарымен шектеседі. Бұл тұйық ойыстың ені ондаған, ұзындығы 18-20 шақырымға созылып жатыр,орташа тереңдігі 3 метр шамасында. Қараөзек аралының қалған барлық бөлігі Сырдариядан солтүстіктегі Қараөзекке қарай аздап еңістеледі.  

Толқынды суайрық жазықтар  жоғарыда сипатталған кең, жайпақ депрессиялар арасындағы жергілікті суайрықтармен сипатталатын кеңістіктерді алып жатыр. Биіктік белгілері бойынша көп жерлерде өзен суының тасқындық деңгейінен төмен жатыр және  су басуға бейім. Бірақ, су тасыған кезде жазық бетінің біршама төмен бөліктеріне – кең және жайпақ депрессияларға жиналады. Егер, тасыған су мөлшері өте мол болса немесе су басуға тосқауыл қойылса, онда суайрық кеңістік те су астында қалуы әбден мүмкін.

Олардың бедері өте жалпақ, кең, салыстырмалы биіктігі 0,5-1 метр болатын, ені 0,5-1 км, ұзындығы 1-2 км, көбіне солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай созылатын жайпақ жондармен сипатталады.

Бұрғылау мәліметтеріне сәйкес кең, жайпақ депрессиялардан толқынды суайрық жазықтар механикалық құрамы жағынан ала-құла шөгінділерден құрылуымен ерекшеленеді.

Толқынды суайрық жазықтар шөгінділерінің екінші маңызды ерекшелігі болып шеткі бөліктерінде оларды құрайтын қабатшалардың көлденең бағытта тұрақсыздығы табылады.

Территорияның жалпы жазықтығы қолдан жасалған көп мөлшердегі топырақ құрылыстарымен бұзылады. Бұл дегеніміз, даланы әртүрлі бағытта «ажымдайтын» әрекетті және тоқтаған ирригациялық каналдар. Көптеген жерлерде үлкен үйілген топырақ төбелер – қарауылдық қорғандар мен бекіністерде ұшырасады. Үйілген топырақ төбелер – «асарлар» жазық бетінде 40 км биіктікке дейін көтеріледі. Суайрық жазықтардың барлық беті қазіргі егістіктермен толтырылған немесе ертеректе оны егістікке пайдаланған іздері кездеседі. 

 

 

         1.6 Агроклиматтық жағдайының ерекшеліктері

 

Климат – бедер құратын факторлардың ішіндегі ең маңыздысы. Климат пен бедердің өзара байланысы әртүрлі. Мысалы, үгілу процестерінің қарқындылығы климатқа тікелей байланысты, ол белгілі мөлшерде үгілу құбылысының сипатын анықтайды, өйткені климатпен экзогендік күштердің қарқындылық дәрежесі тәуелді. Әртүрлі климат жағдайларында өздеріне тән бедердің ерекше пішіндері пайда болады.

Сырдария аңғары маңының климаты еуроазиялық құрлықтың ішкі оңтүстік жағында атмосфералық ауаның жылжу (циркуляция) ерекшеліктерінің ықпалымен қалыптасады. Климаты континенттік жазы ыстық құрғақ, әрі ұзақ, қысы – қарсыз қысқа, бірақ суық. Континенттік белгілері тәулік, ай, жыл ішінде білініп тұрады. Жазда температураның кенеттен құбылуы байқалмайды. Ежелгі эәне қазіргі атыраудың барлық жерінде шілде айының орта температурасы +25-28º. Территорияның көршілік бөлігінде ең жоғарғы абсолюттік температура +44-47º. Қыста территорияның солтүстік және оңтүстік бөлігінің арасында температураның айырмашылығы байқалып тұрады.

Зерттеліп отырған территорияның оңтүстік жағы ашық болғандықтан Сібірден жылжыған салқын ауа массасы еш кедергісіз келіп тұрады. Қыстың қысқа болса да суық болатыны содан. Қыс айларында кейде ең төменгі абсолюттік температура 40-45º-қа дейін төмендейді. Температураның жылдық абсолюттік тербелеу, яғни жоғары ең төменгі температураның айырмасы 85-90ºС.

Ауаның тәулікті орта температурасы 0º-тан жоғары болатын күннің саны – 235-275. Ол 23 ақпан – 18 наурыздан басталып, қарашаның 12-28-інде бітеді. Сондықтан, егінді пісіріп жинау суық ұрмайтын кезең 160-205 күнге созылады. Аймақтың климатына тән ерекшелігі – құрғақшылық. Жауын-шашын өте аз. Оның жылдық орта мөлшері 100-150 мм-ден аспайды және әр маусымда бірдей емес: 60 %-ті қыс-көктем айларында жауады. Жазда жауған қар жабындысы жарымсыз және тұрақты емес. Әдетте қар желтоқсан айының екінші-үшінші онкүндігінде жауады, қалыңдығы 10-25 см, 2,5 ай бойы жатады. Кей жылдары қардың жатысы 4 айға созылады. Мысалы, 1993-94 жылдың қысында, қараша айының басынан бастап қыс бойы 14 рет жауған қалың қар наурыздың бірінші онкүндігінде ериді.

Территорияға солтүстік-шығыстан қатты жел соғып тұрады. желдің жылдық орта жылдамдығы 3,1-ден 6,0 метр/сек. Дауылдатып, топырақ суырып соғатын қатты жел Арал теңізінің төңірегінде жиі болады. Қыс айларында соққан желден топырақтың беті шытынап жарылады. Жазда да алай-түлей жел жиі соғады.

 

 

1.7 Топырақ жамылғысының  сипаттамасы

 

Сырдарияның ежелгі атырауында топырақ жамылғысының негізін тақыр тәріздес топырақтар мен тақырлар құрайды. Олар ауыр саздықты механикалық құрамымен ерекшеленеді, хлоридтер мен сульфаттармен қатты тұздалған, сортаңданған, төмен суөткізгіштігімен және үстіңгі горизонттардың қатты сілтіленуімен ерекшеленеді, минералды қоректендіру элементтері тапшы.

Сырдарияның қазіргі атырауында көп жерлерді су өткізбейтін палеогендік саздардың үстіндегі қабатты аллювиальдық шөгінділерден тұратын гидроморфты топырақтар алып жатыр. Бұл топырақтар салыстырмалы түрде гумусқа (0,5 м қабатта 50-180 т/га), азотқа (3-10 т), фосфор (8-10 т) мн калийге (500-600 мг/кг) бай. Бұл топырақтар күріш пен көкөніс-бақша егістеріне кең қолданылады. Гидроморфты топырақтарда суармалы егіншіліктің дамуы топырақтың сулы-тұзды және ауа режимдерін сорғыту (дренаж) және шаю арқылы реттеп отыруды талап етеді.

Биік жазықтар мен тау жұрнақтарында сұр құба саздақты және қабыршақты-шақпатасты топырақтар кең таралған, арасында сорлы сортаңдармен комплексті түрде кездеседі. Аласа жазықта сорлы-сортаңды, тақырлар мен сорлар басым. Бұлақты төбелердің айналасында шымтезекті-батпақты, шалғынды-батпақты тұзданған топырақтар мен шалғынды сорлар кешені түзілген.

Дариялықтақыр – тақыр тәрізді топырақтар мен тақырлардың жазықты ауданы.Қаратау жотасының етегі мен Сарысу өзенінің төменгі ағысынан батысқа қарай Сырдария өзенін бойлай Аралмаңы Қарақұмының шетіне дейін 250 км-ге созылып жатыр. Ені 30-90 км жазық бетінде Сырдария яксарт аллювий түзілімі кезінде бұзылған және қайта өңделген құмды жалдардың қалдығымен сипатталатын беті тақыр тәрізді азғана (0,5-1 м) көтерілген рельеф, әртүрлі көлемдегі жазық тақырлы қойыстар, сондай-ақ төбешікті-жалды құмдар учаскелері мен сорлы депрессиялар оқшауланады. Ауданның қиыр батыс бөлігінде жайпақ төбелі, аласа, оқшауланған үштік-бортау жұрнақтары кездеседі. Саздақ пен саз қабатшалары басым қабатты аллювиальдық шөгінділер топырақ түзуші жыныстар қызметін атқарады. Ауданның топырақ жамылғысында тақыр тәрізді сорлы сортаңды топырақтар мен сорлы тақырлар басым.  Олардың арасында аздаған учаскелерде сұр құба құмдақты, саздақты топырақтар менсорлар кездеседі. Суармалы егіншілікте аудан топырағын кең пайдалану минералданған суларды бұру, тұзданған топырақтарды шаю, сорғыту сияқты күрделі мелиорациялау жұмыстарын жүргізуді талап етеді.

Сырдария өзені аңғарының суландырылған бөлігінде әртүрлі гидроморфты, көбіне тұзданған топырақтар – жайылмалық шалғындық, шалғынды батпақтар, батпақты топырақтар мен сорлар басым. Провинцияның топырақ жамылғысының негізгі ерекшелігі болып әртүрлі дәрежеде шөлденген, карбонатталған және тұзданған аллювийлік (басымежелгі гидроморфты) топырақтардың көп таралуы табылады. Автоморфты топырақтарда тұздың максимальді мөлшері қиманың орта бөлігінде, ал гидроморфты топырақтарда беткі бөлігінде кездеседі. 

Сырдария жайылмалық шалғындық топырақтардың интразональдық аңғарлық ауданы Тартоғай стансасынан Қазалы атырауына  дейін созылатын Сырдария өзені аңғарынан ұштастырылған. Бұл төмен, бірақ айналадағы ортадан біршама көтерілген, көптеген жылғалармен өзен тармақтарымен, көлдермен, батпақтармен тілімденген ұяшықты жазық. Өзеннің екі жағасында да арнааралық ойыстармен ауысып келетін кең аккумлятивті арна бойы жалдар орналасқан. Аңғарда жалпы рельефтің пәрмені әдетте 3-5 метрден аспайды. Аудан арнааралық ойыстарда саздақты және саз қабатшалары, арна бойы жалдар мен аласа жайылмада біршама жеңіл (құм, құмдақ) қабатшалар басым қабатты аллювиальдік шөгінділерден құралған. 3-5 метр тереңдікте олар өңделген ежелгі аллювидің ұсақ түйірлі құмдарын төсейді. Тұщы және тұзды грунт сулары 0,5-3,5 метр тереңдікте жатады.

Өсімдік жамылғысы арна маңында ағашты-бұталы-ірі шөпті тоғайлармен (терек, үйеңкі, жиде, шеңгел, жыңғыл т.б.) сипатталады. Ол арнааралық ойыстарда ауданы кең әртүрлі шөпті-дәнді (қамыс, ажырық, мия), галофитті-дәнді (қарабарақ, сарсазан) қауымдастықтарымен алмасады. Бұл – орташа жылдық өнімділігі жоғары жайылымдар мен шабындықтар)

Енді жайпақ арнааралық ойыстардың топырақ жамылғысын жайылмалық шалғынды, шалғынды-батпақты және басым тұзданған (хлоридті, сульфат) жайылмалық тоғайлар жамылғысының астында жайылмалық тоғайлы шалғынды топырақтар, ал құрғаған терең грунт сулы беттерде тақыр тәрізді сорлы топырақтар құрылады. Кәдімгі және қайталанған шалғынды сорлар, сондай-ақ топырағы дамымаған жазықтық және төбешікті құмдар кең таралған.

 

 

1.8 Өсімдік жамылғысы

 

 Аудан аумағы шөлдің аңызақ және құрғақ бөлігінде жатыр және де бұған шұғыл континенттік климат тән. Жауын-шашын аз, жазы ыстық, қары аз, суық қыс – осының бәрі өсімдік жамылғысының құрылымына әсер етеді. Өсімдік жамылғысы алуан және құрылымдары да өзгеше. Жалпы аймақтың өсімдіктерін үш топқа бөлуге болады: құмды жазықтардың өсімдіктері; тау етегіндегі өсімдіктер; өзен арна бойы жалдарының өсімдіктері. Табиғатқа бейімделген өсімдіктер қауымдастығы қалыптасқан.

Сырдария өзені мен одан тарайтын сулы өзектердің арналарына жақын жатқан ылғалды жерлерде өсетін астық тұқымдастар мен әртүрлі шөптер. Бұл топқа кіретіндер  айрауық, аздап қамыс және шалғынды аллювий топырақтарға тән әртүрлі шөптер – қызыл мия, тергүлді, айбатмия т.б.

Сырдарияның арна бойы жалдарында ағаштар сирек. Кейде шоқ-шоқ болып өскен жиде мен тал аралас жиделі тоғайлар кездеседі. Қалың өскен нағыз тоғай ені 1-3 км, ескі атырау мен атырау басында суға жақын жерлерде өседі. Жоғарғы белдікте өсетін ағаштар жиде, терек, тал, тораңғы. Екінші белдікте қалың шеңғыл, жыңғыл. Ағаштар мен бұталарды шырмауық орап тастаған. Мұндай тоғайларға ит тұмсығы батпайды. Топырақ бетіне жақын төменгі үшінші белдікте бидайық, айрауық, қамыс, жабайы арпаға аралас әртүрлі шөптер, мысалы тергүлді, жалбызтікен, кендір, миялар өседі.

Өзен арнасынан шеттеу дарияның тасқын суы оқтын-оқтын басатын ойлау жерлерде ну қалың қамыс. Кейбір суы тайыз көлшіктердің  жағасында қамыспен аралас қоға да бар.  Су басқан, бірақ суы ұзақ тұрмайтын ылғалды жерлерде бірыңғай таза қамыс өседі, ал ылғалы аздау жерлердің қамысы сиреп, оған аралас жыңғыл, қарабарқын, кейде сораң өседі. Мұндай әртүрлі шөптен бұта аралас қамыс өскен жерлер атыраудың едәуір территориясын алып жатыр. Бірыңғай таза қамыс жылына әр гектардан 50 центнерге дейін пішін береді. Мұндай өсімдіктер формацияларының арасында кездесетін борпылдақ және шалғынды сорларда галофиттердің жұтандау өскіні ойдым-ойдым болып кездеседі.

Сор жерлердің өсімдіктерінің дені жыңғыл, итекгек болып келеді. Шалғынды тұзы аздау сорларда сиректеу өскен ажырық, ал жалаңаш сорларда сарсазан, балықкөз, қарабарқын, сорқаңбақ өседі. Сорлардағы өсімдіктердің өнімділігі әр гектардан 1,0 центнерден аспайды, онда да малға жұғымдылығы төмен.    

Сыр атырауының қуаң бөлігінде кепкен ескі арналарды жағалай және жазық жерде шоғырланып өскен сексеуіл тоғайлығы кездеседі. Олардың арасында сиректеу болып өсетін күйреуік, жусан, торғай оты, раң, балықкөз. Едәуір кеңістікті жалаңаш тақырлар алып жатыр. Онда жоғарғы айтылған өсімдіктер өспейді. Тек көктемде және күзде жаңбырдан кейін тақырға жиналған қақтың суын көкжасыл балдырлар басып кетеді. Тақырлау жерлерде өсетін раң, күйреуік, бұйырға. Олардың да шығымы сирек. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 СУ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУ

 

 

Қарастырылып отырған аймақта суды ең көп пайдаланатын сала – ауыл шаруашылығы. Егіншілікте суды құрдымдай тарататын дақыл – күріш. Сырдарияның сулылығы орташа болатын жылдары облысқа бөлінетін 10,58 км³ судың 5,84 км³ егіншілік саласына деп жоспарланады. Бұл оның шамамен 55,2 пайызы.

Аймақта суды егіншілікке пайдаланудың тиімділігін сөз ететін болсақ, ол ойдағыдай деуге негіз жоқ. Өйткені, түрлі себептермен судың пайдасыз шығыны көп. Суды бақылаусыз пайдаланып, ысырапқа жол беру сонау 60-жылдардан басталады. Ол кезде көптеген күріш егетін шаруашылықтар тұрақыты егістен гөрі “көшпелі” егісті кәсіп қылатын. “Жер ескірді” деген сылтаумен жыл сайын жаңа жерлер ашып, оған каналдар тартып жүретін шашыранды егіншіліктің кезінде судың өнімсіз шығыны миллиардтаған текше метрге дейін баратын. Құрғақ кезінде көзге тегіс көрінетін итаунақ жабайы жерге еккен күріш атызынан, жаңадан қазған каналдардың қабырғасын жарып қашқан су пайда келтірудің орнына айнала қоршаған ортаны бүлдіруге кетті. Бертін келе суармалы егіс инженерлік жүйеге көшіп, жер мен суды пайдалануда бұрынғыға қарағанда тәртіп болды десек те, салынған су құрылыстарының техникалық деңгейі төмен болғандықтан судың пайдасыз ысырабы азаймайды. Айталық, 1987 жылы күріштің бір гектарына жұмсалған судың мөлшері облыс бойынша 36,1 мың текше метр болды. Бұл нормадан 10-12 мың текше метр артық. Жекелеген аудандарда, мысалы, Жаңақорған, Шиелі, Сырдария аудандарында бұл көрсеткіш 37,0 мың текше метрден айналды. Сонда, су жүйелерінің пайдалы коэффициенті (КПД) жоба бойынша 0,8 болудың орнына 0,63-тен түспейді (2).

Мұның бәрі су пайдаланудағы шалалықты, кемшіліктер мен олқылықтарды көрсетеді. Шындығын айту керек, суды қалай болса солай жоспардан тыс пайдалану аймақта қалыптасқан әдетке айналып кетті. Азғантай суды ластамай үнемдеп жұмсау дегенді шаруашылықтардың әлі күнге үйрене алмағаны өкінішті.

Егістікті суару жүйесінің су ысырабын ұлғайтатын тағы бі кемшілігі көзге түседі. Ол көптеген каналдардың Сырдың атырауындағы ескі арналардың ізімен қазылғандығы. Ондай каналдар ирек-ирек болып ұзаққа созылатын, жиегі жайпақ, көлденеңі енді болғандықтан судың деңгейін көтеру үшін артық су айдауға тура келеді. Демек, суды ретсіз көп тартады. Судың пайдасыз шығыны деп осыны айтады. Кейбір күріштік учаскелерде қашыртқы каналдардағы судың деңгейі өте төмен жатқандықтан ол суларды қажет болғанда күріш атызына беруге мүмкіндік жоқ.

Аумақтағы ирригациялық жүйелердің КПД-сын көтеріп, суды үнемдеу үшін бірсыпыра шараларды жүзеге асыру қажет. Атап айтқанда, ірі магистралды каналдармен мойны қашық шалғай жатқан суармалы алқаптарға сонша көп су айдауды тоқтатып, кей жерлерде каналдан суды сорғышпен көтерсе, ысырабы азайған болар еді. Кепкен ескі арналардың ізімен салынған каналдардың қисық учаскелерін түзету де су үнемдеуге себін тигізеді. Кейбір учаскелерде каналдар құм жерді кесіп өтеді де, судың шығыны көбейеді және төңірегін ыза су басып жатады. Каналдардың ондай учаскелерін су өткізген материалдармен қаптау, мысалы, саз төгіп таптау тәуір нәтиже берер еді. Каналдарға суреттейтін құрылыстар салу, оларды қарап, жөндеп тұру, суды қай дақыл болса да жоспар бойынша нормамен суару, қажет болған жағдайда тұзы аздау қашыртқы суды қайталап күріш егісін суаруға пайдалану шаралары тиянақты іске асырылса қай жағынан да ұтыс болар еді.

 

 

2.1 Жерді егіншілікке пайдалану

 

60-жылдардың ортасында (1964 жыл) С.Я.Жук атындағы “Гипропроект” институты жасаған жоба бойынша Қызылорда облысында 315 гектар суармалы егіншілік болады деп белгіленді. Оның 300 мың гектарын Сырдария өзенінің және 15 мың гектарын таудан ағатын майда өзендер мен жерастының артезиан суларымен суарылатыны жобаланды. Сырдарияның суымен Шиелі ирригациялық алқабында – 70 мың, Қызылорда алқабында – 170 мың және Қазалы алқабында — 60 мың гектар жер суарылатын болды.

70-жылдардың ортасында төрт жыл қатарынан өзен суының азаюына байланысты Қызылорда облысы суармалы егістіктің көлемі едәуір кемітуге мәжбүр болды. Онан кейін болған мол су етек алып кеткен табиғи қуаңдану процесінің бағытын өзгертуге ықпал жасай алмады. Сол себепті 1977-78 жылдары облыста егістіктің көлемі жоспардағыдан 21,5 мың гектарға азайды.

Сырдария өзенінің жылдық ағысы әр жылы бірдей бола бермейді. Кей жылы суы мол, кей жылы тапшы болатыны белгілі. Бұл – табиғи құбылыс. Дегенмен, бөлінген су түгел келіп тұрғанда облыс 300,0 мың гектар егісті, оның ішінде 80-85 мың гектар күріш егісін суаруға толық жететін еді. Бірақ, олай болмады. Әйтсе де, облыс сол жетімсіз сумен суармалы егіс көлемін соңғы жылдары едәуір көбейді. Әрине, оған қыраулар қаржы-қаражат жұмсап, үлкен бағдарламаны жүзеге асыруға тура келді.

Суармалы егістік құрайтын алуан түрлі дақылдардың экономикалық маңызы бірінен бірі кем түспейді. Оның ішінде дәнді дақылдар (жаздық және күздік бидай, жүгері, күріш, арпа, тары), көкөніс, бақша, картоп, (сүрлемдік жүгері, жоңышқа, мал жемдік бақша, тамыр жемістілер, судан шөбі) бар. Жалпы дәнді дақылдардың ішінде күріштің көлемі – 43%. Онан өзгелері күздік және жаздық бидай – 27,5 %, жүгері, арпа, азғантай ғана тары.

Күріштің егіс көлемі бақылаусыз көбейіп, көкөніс, бақша, жеміс-жидек, мал азықтық дақылдар егуге қолайлы құнарлы жерлердің көпшілігі күріштікке айналды. Ондаған мың гектар бұталы жиде, тоғайлар, шөбі қалың балауса шабындық пен жайылым жерлер жыртылып, күріш егілді. Бірінші игерілген жылы табиғи құнарлылық есебінен әр гектардан 35-40 центнерден өнім беріп тұрды. Бірақ, бір учаскеге екі жыл қатарынан күріш егілмеді, яғни жыл сайын жаңадан тың жерлер ашылып, ондаған шақырым каналдар қазылып, егіншілік “көшпелі” сипатта болды. Күрішті бір маусым ғана егіп, артынша тастап кеткен жерлерді тұз басты. Сырдарияның төменгі ағысына келген азғантай су түгелдей күріштің атызына құйылып жатты. Біртіндеп “көшпелі” егістің көлеңкелі жағы да көрініп, экономикалық өрлеуге кедергі болды. Осыдан келіп суармалы егіншілікті инженерлік жүйеде көшіру қажеттілігі туды. Сөйтіп, соңғы ширек ғасырда аймақ осы бағытта едәуір жұмыстар атқарды. 

Атап айтқанда, суармалы жерді инженерлік жүйеге келтіру, суару және қашыртқы жүйелерін, гидротехникалық құрылыстар салу, шөл және шөлейт аймақтардағы жайылымдарды суландыру сияқты өлке үшін өте маңызды ирригациялық жұмыстардың үлкен бағдарламасы жүзеге асырылды.

Инженерлік жүйемен дайындалған жердің көлемі 205 мың гектарға жетті. Жер суаратын Қызылордалық Солжаға және Оңжаға, Көлінтөбе, Әйтек, Жаңа Шиелі ірі каналдары қазылды. Қазалы су торабы және әртүрлі 22,5 мың гидротехникалық құрылыстар салынып, іске қосылды. Егістікке су беретін шаруашылық және ішкі шаруашылық каналдардың ұзындығы 10 мың шақырымға жетті. Сөйтіп, күріш егісінің көлемі 1988 жылы 94,2 мың гектарға, ал кей жылдары жүз мың гектардан асып түсті, ірі-ірі қашыртқы жүйелері салынды.

Олар Жаңақорған ауданындағы К-1, К-2, Шиелі ауданындағы К-1, К-3, К-4, Шиелі-Төлі көл, Сырдария ауданындағы Көксу мен Оңтүстік, Жалағаш, Қармақшы аудандарының күріштік жүйелеріндегі қашыртқы суды тартып, Солтүстік сияқты қашыртқы каналдар іске қосылды. Сонымен қатар, Қармақшы ауданында тағы бірнеше осындай қосалқы жүйе бар. Олар батыс Қармақшы (БКК), шығыс Қармақшы (ШКК) және Қармақшы қашыртқылары (КК). Қазалы ауданында К-1, К-2, К-3 қашыртқы каналдары жұмыс істейді.

 

 

2.2 Суармалы жерлер

 

Суармалы жерде әртүрлі дақылдар егіледі. Олардың ішінде биологиясы ерекшесі – күріш. Ол көктеп шыққаннан бастап толық піскенше, яғни үш ай бойы суда тұруы шарт. Соған сәйкес егу технологиясы да өзгеше. Ал, су болатын болса, ол тіршілік үшін өте қажетті фактор екені рас, әйтсе де бір жерде жиналып тұрыңқырап қалса, топыраққа тигізетін зияны шаш-етектен. Сондықтан, суармалы жердің экологиясын күріш дақылымен байланыстырып талдау жөн сияқты.

Қызылорда облысында күріштік жердің топырағын зерттеу нәтижесінде жиналған ғылыми деректерге қарағанда, күріштің астындағы топырақта өте күрделі биологиялық процестер жүреді. Соның әсерінен топырақтың физикалық және химиялық қасиеттері өзгеріске ұшырайды. Қызылорданың жағдайында күріш дақылын атызды суға тұрақты бастырып егетіні белгілі. Судың тереңдігі 5-тен 15-20 см-ге дейін, ал тұру мерзімі 85-90 күн. Атызды ұзақ тұрған су жер астындағы сумен қабысатыны түінікті. Соның нәтижесінде топырақ пен атмосфера арасында еркін газ алмасу тоқтайды, су мен топырақтың қауышқан жерінде қалыңдығы шамамен 0-2 см-ге, 0-3 см биологиялық шел (пленка) пайда болады. Бұл шелді топырақтың бетінен жоғарғы тотыққан (оттегі жеткілікті) зона мен онан төмен жатқан тотықсызданған зонаның арасындағы шекара деп қарауға негіз бар.

Атмосфералық қысым мен ауа температурасының құбылуына орай биологиялық шөлден жоғарғы суда еріген оттегінің концентрациясы да өзгеріп тұрады. Биологиялық шөлден төмен жатқан қабатта тотықсыздану процесі жүретін болғандықтан мұнда оттегі жеткіліксіз. Демек, шелден жоғары қабатта оттегінің қатысуымен жүретін аэробтық процестер, ал онан төмен оттегісіз анаэробтық процестер жүреді. Бұл процестер микроорганизмдердің тіршілігіне байланысты. Олардың күшеюіне күннің ыстығы ықпал жасайды. Маусым және шілде айларында атыздағы су да , оның астындағы топырақта +22-26º С, кейде +30º С-ге дейін қызады.

Көп жыл зерттеу жүргізген И.Д.Шараповтың (1969) мәліметі бойынша күріш еккен жерде жаз бойы бір гектар топыраққа 6-9 мың текше метр су сіңеді. Онда небәрі 50-70 кг еріген оттегі бар. Ал вегетация көзінде микроорганизмдердің тіршілігі үшін гектар сайын ең кемі 3-4 тонна оттегі жұмсалатын көрінеді. Топырақта органикалық заттар неғұрлым мол болса яғни оларды тотықсыздандыруға кететін оттегінің шығыны да соғұрлым көп. Түсінікті болуы үшін фактіге жүгінсек, бұрын егін егіліп жүрген, құрамында органикалық зат жұтаң топырақтарда тәулігіне 24 кг оттегі жұмсалады. Ал егер топырақта органикалық зат көп болса, әсіресе жоңышқаның орнында жасаң тамыр қалдықтары жеткілікті болған жағдайда, тотықсыздануға жұмсалатын оттегінің гектар сайын тәулікті шығыны екі есе артады, яғни 49 кг болады.Алайда бұл микроорганизмдер суда еріген оттегін түгел ала алмайды. Жылжып аққан су мен оттегінің едәуір бөлігі қашыртқыға кетеді. Судағы оттегі таусылған соң микроорганизмдер сол ортадағы жекелеген химиялық заттардың құрамындағы оттегін алып яғни соны пайдалануға көшеді. Ол химиялық заттар нитраттар, үш валентті темір тотығы, сульфат және көмір оксиді, фосфаттар тағы басқа. Топырақта құрамында оттегі бар химиялық қосылыстардың ішінде ең алдымен азоттың нитрат түрі тотықсызданады және бұл процесс тез жүреді. Бар мәлімет бойынша, әр гектардан 400-500 кг нитраттар тотықсызданады. Ол 100-120 кг таза азотқа тән. Нитраттың топырақтағы қоры көбейетін мезгілі – көктем, яғни күрішті суға бастырғанға дейін.

 

 

         2.3 Табиғи шабындықтар мен жайылымдар

 

Қарастырып отырған аймақтың ауыл шаруашылығының негізгі екі саласының бірі – мал шаруашылығы. Оған қажетті азық қазір көбіне табиғи шабындық пен жайылымдардың есебінен қамтамасыз етілуде.

Өзеннің төменгі ағысындағы атыраулық аймақтың барлық табиғи шабындықтарында көпжылдық және басқа мал азықтық шөптер өседі. Сонымен қатар бұл алқаптарда суармалы егіншілік, дәнді дақылдар, көкөніс-бақша, жеміс-жидек өсіру дамыған. Демек, астықты, егіншіліктің басқа да өнімдерін, мал азығын да осы алқаптардан алуға болады. Алайда, күріш-жоңышқа ауыспалы егісінде өсірілетін мал азықтық дақылдардың едәуір бөлігінен алынатын өнімнің шығындылығы төмен болғандықтан шаруашылықтар пішенді, жемдік азықтарды, сүрлемді біршама мөлшерде кем алып жүр. Оған себеп – соңғы жылдары аймақтағы жалпы суармалы егістің көлемінде мал азықтық дақылдардың үлес салмағы бұрынғыға қарағанда кеміп кеткені. Мысалы, 1976 жылы мал азықтық дақылдардың егіс көлемі жалпы егістің 50 %-ті болса, 1999 жылы бұл көрсеткіш 34,1 %-бен шектелді.

Суармалы мәдени жайылым ұйымдастырудың пайдалы екенін шаруашылықтардың тәжірибесі көрсетіп жүр. Жаз айларында мәдени жайылымдарда ұстаған сауын сиырлардың өнімділігі 15-25 %-ке, ал төлдер 25-30 % қосымша салмақ қосады екен.

Сырдария өзенінің сол жағалау жайылымы бірнеше табиғи ауданға бөлінеді: Қызылқұм құмдары, Жаңадария мен Қуаңдарияның аллювийлік жазықтары, шығыс Арал жағалауының Бозшоқы және Жуанқұм құмдары.

Қызылқұмда шымды жерде жусан, бұталар, шығыс жағында некен-саяқ қоянсүйек, селеу, құмаршық тағы басқа шөптер бұл өңірдің өсімдік жамылғысын құрайды. Бұл аймақта малды тек жазда ғана емес, қыста да ұстауға болатын ықтасыны көп, ойлы-қырлы шөбі де сапалы. Жаңадария мен Қуаңдария жазықтарында бұйырған сиректеу, жусан, арагідік ақ сексеуіл, сораңдар, ал құмдарында сексеуіл, боялыш, жүзгін, теріскен сияқты шөптер өседі. Бұл аталмыш жазықтардың шөп қорын басқа типті жайылымдармен кешенді пайдаланады. Шығыс Арал жағалауының құмдары шымды келеді, соған орай шөбі өзге аймақтарға қарағанда қалыңдау, бұта аралас өседі.

 

 

2.4 Өсімдік жамылғысын және суармалы егістікті қорғау

 

Табиғи ландшафтқа көрік беріп, жердің сәнін келтіретін, оны эрозиядан қорғайтын, топырақтың құрылымын жақсартатын, жан-жануарлардың тіршілігіне өте қолайлы орта – орман. Орманның көмегімен заттардың биологиялық айналысы қалыпты дәрежеде біркелкі жүреді.

Қазіргі кезде жалпы орманның 1751 мың гектар (87,06 %) сексеуілдер, 260 мың гектары (12,94 %) суармалы аймақтағы тоғайлар. Тоғайлы ормандар Сырдарияның атырауында ылғалды жерлер мен өзен жағалауын бойлап өсетін ағаш-бұталардан тұрады. Бұларды су мен топырақты қорғайтын орман десе де болады. Тоғай малдың қай түрін болса да жаюға өте қолайлы. жаздың ыстығында көлеңке, қыстың ызғырық суығында ықтасын. Тоғайда өсетін шөптің түрі бай, әрі қалың, әрі шүйгін. Тоғайдағы шөптің түрлері астық тұқымдастар, айрауық, қияқ, ажырық, құрақ, сондай-ақ аралас әртүрлі шөптер — жантақ, қызылмия, т.б. азықтық сапасы өте жоғары өсімдіктер.

Сырдарияның екі жағасында өзенді бойлай арна бойы жалдарға орналасып, жасыл қалқан болып тұрған тоғайлық су мен топырақтың табиғи қорғанышы. Оларды шын мәнінде, өзені арнасының жағалауын эрозиядан қорғайтын парктер мен орманды парктерге теңеуге әбден болады. Өзеннің, көлдің және басқа да су жинақтарының жиегінде өскен тоғай ағаштарының тамыры терең бойлай тұтасып жатады да, топырақты шайылып кетуден, сонымен бірге, эолдық құмдардан айналымдағы егістік, шабындық, жайылымдық жерлерді сақтайды.

Сыр бойының ең басты ерекшелігі жерді тез көгалдандыруға болады. Осы тұрғыдан алғанда жидесі бар, басқа ағаштары бар, бұталары ерекше экологиялық жағдайға бейімделіп, тез қаулап өседі. Тоғайлы ормандардың жиылып, тығыз өсуі топырақтың физикалық-химиялық қасиеттеріне, ылғалдылығына, өзендер мен қабаттағы судың гидрологиялық режиміне байланысты. Сонымен бірге орман құрайтын ағаш түрлерінің тез өсіп жетілуінің үлкен мәні бар.

Тоғайлы орманның ауқымды, қалың болып өсуі процесіне мал жаю, өртену, ағашты қырқу сияқты антропогендік факторлар үлкен ықпал жасайды. Әйтсе де, Сыр бойының тоғай-ормандары өзеннің гидрологиялық режимінің өзгеруіне өте сезімтал. Соңғы отыз жылда 133 мың гектар тоғайлы орманның құрып кетуіне Сырдария өзенінің ағысы азайып, өлкенің қуаңданған кезеңіне тура келеді.

Осы жылдар ішінде қуаңдануға байланысты басталған қолайсыз құбылыс топырақты аздырып, шөптерді қуратты, орман-тоғай да онан қағажу қалған жоқ. Қурағандары жойылды. Сақталған тоғайларда экологиялық жағдайдың өзгеруіне көнбісті деп жүрген тораңғыл, тал, жиде сияқты ағаштардың кепкен көл табандарда галофил бұталар көбейіп барады.

Басқа тірі организмдер сияқты орманға да ауа, су, қоректік заттар қажет. Олай болса, орманды қорғау кеңінен ойластырылып жан-жақты жүргізілуі керек. Орманды қорғауға бағытталған жоспарлы жұмыстары қазір де жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, тоғайлы ормандарды бақылауға алып, арасын қураған ағаштардан тазарту, ағаштардың тұқымын жинау, зиянкестерден қорғау, сондай-сондай басқа да жұмыстар.      

 

 

3 СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІНІҢ ГИДРОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

 

 

Қазір адам әр түрлі су көздерінен алып, тұщы судың табиғи қорының  0,1-0,15 %-ын пайдаланады. Судың болмашы мөлшерінің алынуы сырт көзге судың жетіспеуін туғызбау керек сияқты. Оның үстіне бұл сарқылмайтын ресурс ретінде зат алмасуға қатысып, қайтадан су көздеріне қайтып келеді. Бүкіл гидросфера аумағында судың таусылуы мүмкін емес, бірақ бұл мәселе аймақтық тұрғыда болуы мүмкін.

Сулардың ластануы ең бірінші рет су қоймаларына әр түрлі ластаушы заттардың келіп түсуіне байланысты болады. Екінші ретті ластану бірінші ретті ластаушылардың әр түрлі тізбекті реакцияларға түсуі арқылы жүреді.Ластаушы заттарға негізінен топырақ эрозиясының өнімдері, минералды тыңайтқыштар, улы химикаттар және тағы басқа заттар жатады (азот, фосфор және басқа биогенді элементтер мен олардың қосылыстары, органиқалық заттар, пестидцтер, тұрмыстық қалдық, мұнай және мұнай өнімдері).

Ластаушы заттардың басым бөлігін атмосфералық жауын-шашын әкеледі. Сулардың канализация ағысымен, тұрмыстық қалдықтармен, өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен, су транспорттарымен ластану үлесі де жоғары.

Су жүйелеріне жылулық ластану айтарлықтай зиян келтіреді. Ол ыстық су төгу немесе басқа да факторлардың әсерінен температураның өзгеру нәтижесінде орын алады.

Егіншілікпен айналысатын аудандарда ауылшаруашылығы судың негізгі ластаушысы болып табылады. Судың бұзылу өнімдерімен, тыңайтқыштармен, улы химикатармен, малшаруашылық кешендерінен шайылған сулармен ластанады. Мұндай кешендердің негізгі ластауы органикалық заттармен және азоттың әр түлі қосылыстарымен(нитраттар, нитриттер, аммиак), биологиалық агенттермен байланысты.

Арал теңізі деңгейі төмендеуінің қазіргі жағдайы және оның алдағы уақыттағы экологиялық, әлеуметтік-экономикалық салдары бассейннің табиғи потенциалының сақталуына кері әсер етуі сөзсіз.Тартылып бара жатқан теңіздің түбіріндегі тұз шөгіндісі мүлде ұлғайып барады. Осылайша сол тонна тұз атмосфераға көтеріліп төңіректі түгел зақымдауда, топырақ бетін құрғатып, шөлейттену процесін жиілетті.

Сырдария өзеніне суармалы жерлерден келіп құятын тазартылмаған дренажды-коллекторлық, тұрмыстық және өндірістік қажеттерге пайдаланылған шайынды судың тұздылығы мен ластану дәрежесі артып отыр.Осындай себептерге байланысты Қазақстан шекарасындағы Шардара су қоймасы суының минералдануы бірнеше мөлшерге жетті.Өзен суының құрамынан улы химикаттар мен тыңайтқыштардың зиянды қосындылары табылды, олардың әр түлі ауруларды қоздыратыны анықталды. Сырдария өзенін ластайтын заттарды келесі кестеден көруге болады(кесте 1).

 

Кесте 1- Сырдария өзен суының сапалық сипаттамасы

 

Жыл

  рH

Минералдану

  Са

Мg

SO4

CL

NO4

NO3

NH4

Шардара бекеті

1992

 

1460

 

 

568

113.4

0.11

20

 

1995

 

1400

 

 

 

 

0.09

12

 

1997

 

1508

 

 

730

141

 

16

 

1998

7.5

1484

140

63

680

126.9

0.04

18.5

0.25

1999

 

1243

 

 

 

165.2

 

11.4

 

2000

7.4

1303

93

64.5

690

117

0.11

17

0.14

Қызылорда бекеті

 

1992

7.2

1388

77.75

124.4

444.1

141.7

0.11

3.77

0.39

1995

7.3

1373

56.5

98.3

596

195

0.11

5.34

0.58

1997

7

1346

106.2

93.3

572.8

119.3

0.1

4.45

0.31

1998

7.3

1337

109

73.9

540.2

127.4

0.018

5.5

0.36

1999

7.2

1332

75.5

97

583.3

113.4

0.02

5.1

0.32

2000

7.3

1395

95.3

63

444.6

133.8

0.04

8

0.38

Қазалы бекеті

1992

7.25

1648

97

129.1

573.3

135.7

0.08

5.48

0.6

1995

7.2

1497

64

97.2

400.2

106.4

0.15

2.15

0.42

1997

7.43

1488

135.8

87.7

663

215.3

0.12

8.8

0.6

1998

7.32

1594

119.6

90.4

606.5

145

0.1

5.74

0.42

1999

7.7

1568

101.4

74.9

575

170.7

0.05

9.9

0.64

2000

7.54

1550

122.9

66.3

574.6

157.5

0.07

10.5

0.5

 

Кесте бойынша Шардара бекетінде pH жоғарғы мәні 1998 жылы байқалған (7.5). Минералданудың жоғарғы мәні 1997 жылы, ал төменгі мәні 1999 жылы байқалған. 1998 жылы Са, NO3, NH4 мөлшері көп болды. 1997 жылы SO4 мөлшері көп. 1999 жылы СL мәні жоғары, ал 1992 жылы NO4 мөлшері көп болды. Қызылорда бекеті бойынша 1992 жылы магний, NO4  мөлшері, ал 1995 жылы pH және SO4 , хлор, NO4, NH4 мәндері жоғарғы көрсеткішті көрсетіп тұр. 1998 жылда pH және кальций, 2000 жылы pH, минералдану, NO3 мөлшерлері көп болған. Қазалы бекетінде 1992 жылы минералдану мен магний, 1995 жылы NH4, 1997 жылда кальций, хлор, SO4, ал 1999 жылы pH пен NH4 мәні, 2000 жылы NO3 мөлшері көп кездесті.

Осының салдарынан Арал өңірінде, әсіресе, Қызылорда облысындағы елді мекендер тұрғындарының жер бетіндегі су көздерін ауыз су ретінде пайдалануы кері әсер етуде.Жергілікті халықтың, әсіресе, жас балалар мен әйелдер арасындағы әр түрлі ауру- сырқау жиілей түсті.Сондықтан аймақтың экологиялық және әлеуметтік жағдайын жақсартуға септігін тигізетін су шаруашылығына қатысты шараларға баса назар аударған жөн.

  • Аймақтағы барлық су көзі резервтерін үнемді де әрі ұтымды пайдалану;
  • Жергілікті халықты сумен қамтамасыз етуді жақсарту және су көздерін неғұрлым таза сақтауға қол жеткізу;
  • Ауыспалы егіс табанындағы суды қажет ететін дақылдарды оны неғұлым аз мөлшерде тұтынатын түрлерімен алмастыру арқылы суармалы жерлер құрылымына өзгеріс енгізу;
  • Қосымша су ресурстарын сыртан әкелу жолдарын қарастыру.

Алғашқы шаралар тобы Арал бассейніндегі барлық жергілікті су резервтерін жинақтап,оларды бір мезгілде үнемді пайдалануға негізделген. Соның арқасында өзеннен алынған судың суармалы жерлердің мұқтажын өтеген бөлігі ұшты- күйлі жоғалуы тоқталады, ал осынау үнемделген судың барлығы Амудария мен Сырдарияның төменгі сағаларына бағыттауға күш салған жөн.

Бассейннің Қазақстан бөлігіне қатысты шаралар тобы Сырдария өзенінің негізгі арнасының тазалығын сақтауға байланысты. Бұл үшін тұрмыстық-ирригациялық шайынды сулардың өзенге құйылуын тоқтату қажет.Бассеннің жер бетіндегі суларының барлығы дерлік ластануы бұл аймақтың экологиялық және ондағы су көздерінің санитарлық-гигеналық жағдайларын жақсарту мақсатымен Арал өңірінде орналасқан, соның ішінде ең алғашқы кезекте Қызылорда облысының елдік пунктерін таза жер асты суымен қамтамасыз етуді жүзеге асыру қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 ӨЗЕННІҢ НЕГІЗГІ МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ГИДРОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫН ЕСЕПТЕУ

 

 

4.1 Сырдария өзенінің метеорологиялық жағдайлары

 

Өзеннің кірісі және шығысын сипаттау үшін метеорологиялық жағдайларына да назар аударайық.Сырдария өзенінің су алабына әсер ететін факторлар ретінде жауын-шашын мен ауа температурасына климатологиялық көпжылдық мәліметтер неізінде сурет түсірілді (сурет 1, 2).

 

 
   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Cурет 1- Қазалы станциясындағы жылдық орташа ауа температурасы

 

1-ші суретте Қазалы станциясы бойынша алынған ауа температурасының көпжылдық орташа жүрісі келтірілген. Мәліметтер 1960 жылдан 2000 жылға дейінгі аралықта қамтылды. 40 жыл ішінде ең жоғарғы мән 1983 жылға сәйкес келіп тұр, яғни 11 0С, ал 2000 жылы ауа температурасы 10,3 0С-ты құрады және 10 0С мәні 1963 пен 1979 жылы байқалған. Ең төменгі температура көрсеткіші 1990 жылы 0,6 0С мәнде болды.

2-ші суретте осы станциядағы жылдық орташа жауын-шашын мөлшерінің тербелісі көрсетілген (сурет 2).

 

 

Сурет 2- Қазалы станциясындағы жылдық орташа жауын-шашын мөлшері

 

Келтірілген суретте Қазалы станциясында ең көп мөлшерлі жауын-шашын 1967 жылы жауған, оның мөлшері 202 мм-ге жеткен. Ал ең төменгі орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 1974 жылы 37,2 мм-ді құраған. Көп байқалған жауын-шашын мөлшерлері 90-110 мм аралығында болған.

 

 

4.2 Өзеннің гидрологиялық сипаттамалары және оларды есептеу

 

Сырдария  өзенінің 1960 жылдан 1990 жылға дейінгі аралықтағы Арал теңізіне ағынын сипаттау үшін арнайы сурет тұрғызылды (сурет 3).

Суретте көрініп тұрғандай 1960 жыл мен 1970 жылдар аралығында ағын жүрісі бұзылған, содан кейін 90-шы жылға дейін ағын мәндері дельта шығыны мәнінмен сәйкес жүрген. Бұл Сырдария суының тұрмыстық қажеттіліктер мен түрлі шаруашылықта шексіз пайдаланылғанын көрсетіп тұр, яғни антропогендік әсер бой алған.

 

Сурет 3 — Сырдария өзенінің Арал теңізіне ағынын анықтау

 

Сырдария өзенінің гидрологиялық сипаттамаларын есептеп, оларға арнайы сурет салынды (кесте 2, сурет 4).Ол үшін вариациялық коэффициент есептелінді:

Сv=√∑(K-1)²/n

 

 

 

мұндағы: К- берілген жылдағы шығынның модульді коэффициенті;

       n- қатар мүшелерінің саны;

Осы формуладан вариациялық коэфициент мәні 0,65-ке тең болды.

 

          Бұл кесте арқылы су шығыны мен әр мүшеге ранжирленген қатар бойынша қамтамасыздық қисығы тұрғызылды (сурет 4).

 

 

Кесте 2. Ағын режимін анықтау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    №

жыл

орт.ж.шығ.

орт.ж.ағ.

К=Qi/Q

(К-1)

(К-1)2

(К-1)2/n

 

 

1

1936

530

16695

1,805396

0,805396

0,648663

0,009979

0,522431

 

2

1937

468

14742

1,594199

0,594199

0,353072318

0,005432

0,209795

 

3

1938

366

11529

1,246745

0,246745

0,060883235

0,000937

0,015023

 

4

1939

346

10899

1,178617

0,178617

0,031904078

0,000491

0,005699

 

5

1941

428

13482

1,457943

0,457943

0,209711399

0,003226

0,096036

 

6

1942

524

16506

1,784958

0,784958

0,616158636

0,009479

0,483658

 

7

1943

512

16128

1,744081

0,744081

0,553656288

0,008518

0,411965

 

8

1944

394

12411

1,342125

0,342125

0,117049313

0,001801

0,040045

 

9

1945

475

14962

1,618044

0,618044

0,381978068

0,005877

0,236079

 

10

1946

485

15278

1,652108

0,652108

0,425244611

0,006542

0,277305

 

11

1947

340

10710

1,158179

0,158179

0,025020494

0,000385

0,003958

 

12

1948

426

13419

1,45113

0,45113

0,203518057

0,003131

0,091813

 

13

1949

513

16160

1,747487

0,747487

0,558737177

0,008596

0,417649

 

14

1950

378

11907

1,287622

0,287622

0,082726517

0,001273

0,023794

 

15

1951

419

13198

1,427285

0,427285

0,182572387

0,002809

0,07801

 

16

1952

495

15592

1,686172

0,686172

0,470831877

0,007244

0,323072

 

17

1953

620

19530

2,111973

1,111973

1,236483697

0,019023

1,374936

 

18

1954

670

21105

2,282293

1,282293

1,644276053

0,025297

2,108444

 

19

1955

530

16695

1,805396

0,805396

0,648663

0,009979

0,522431

 

20

1956

520

16380

1,771332

0,771332

0,594953204

0,009153

0,458907

 

21

1957

300

9450

1,021922

0,021922

0,00048059

7,39E-06

1,05E-05

 

22

1958

568

17892

1,93484

0,93484

0,873925218

0,013445

0,81698

 

23

1959

572

18018

1,948465

0,948465

0,899586438

0,01384

0,853227

 

24

1960

666

20979

2,268668

1,268668

1,6095176

0,024762

2,041943

 

25

1961

372

11718

1,267184

0,267184

0,071387146

0,001098

0,019073

 

26

1962

184

5796

0,626779

-0,37322

0,139293878

0,002143

-0,05199

 

27

1963

335

10552

1,141147

0,141147

0,019922374

0,000306

0,002812

 

28

1964

473

14900

1,611231

0,611231

0,373603246

0,005748

0,228358

 

29

1965

136

4284

0,463271

-0,53673

0,288077513

0,004432

-0,15462

 

30

1966

304

9576

1,035548

0,035548

0,00126366

1,94E-05

4,49E-05

 

31

1967

277

8725

0,943575

-0,05643

0,003183783

4,9E-05

-0,00018

 

32

1968

231

7276

0,78688

-0,21312

0,045420041

0,000699

-0,00968

 

33

1969

554

17451

1,88715

0,88715

0,78703506

0,012108

0,698218

 

34

1970

312

9828

1,062799

0,062799

0,003943747

6,07E-05

0,000248

 

                               

35

1971

259

8158

0,88226

-0,11774

0,013862792

0,000213

-0,00163

36

1972

221

6962

0,752816

-0,24718

0,06109986

0,00094

-0,0151

37

1973

283

8914

0,964013

-0,03599

0,001295033

1,99E-05

-4,7E-05

38

1974

61,2

1928

0,208472

-0,79153

0,626516318

0,009639

-0,49591

39

1975

19,4

611,1

0,066084

-0,93392

0,872198511

0,013418

-0,81456

40

1976

17,9

563,85

0,060975

-0,93903

0,881768512

0,013566

-0,828

41

1977

15,2

479

0,051777

-0,94822

0,8991261

0,013833

-0,85257

42

1978

24,8

781

0,084479

-0,91552

0,838178856

0,012895

-0,76737

43

1979

102

3213

0,347454

-0,65255

0,425816799

0,006551

-0,27787

44

1980

78,8

2482

0,268425

-0,73158

0,535202067

0,008234

-0,39154

45

1981

76,8

2419

0,261612

-0,73839

0,545216654

0,008388

-0,40258

46

1982

55,2

1739

0,188034

-0,81197

0,659289248

0,010143

-0,53532

47

1983

29,1

917

0,099126

-0,90087

0,811573118

0,012486

-0,73112

48

1984

18,9

595

0,064381

-0,93562

0,875382709

0,013467

-0,81902

49

1985

21,6

680

0,073578

-0,92642

0,858256962

0,013204

-0,79511

50

1986

16,2

510

0,055184

-0,94482

0,892677637

0,013734

-0,84342

51

1987

56,02

1765

0,190827

-0,80917

0,654760993

0,010073

-0,52981

52

1988

217

6836

0,739191

-0,26081

0,06802159

0,001046

-0,01774

53

1989

138

4347

0,470084

-0,52992

0,280810663

0,00432

-0,14881

54

1990

114

3591

0,38833

-0,61167

0,374139579

0,005756

-0,22885

55

1991

117

3686

0,39855

-0,60145

0,361742437

0,005565

-0,21757

56

1992

151

4756

0,514368

-0,48563

0,235838838

0,003628

-0,11453

57

1993

261

8222

0,889072

-0,11093

0,01230492

0,000189

-0,00136

58

1994

319

10048

1,086644

0,086644

0,007507202

0,000115

0,00065

59

1995

159

5008

0,541619

-0,45838

0,210113276

0,003233

-0,09631

60

1996

131

4126

0,446239

-0,55376

0,306650767

0,004718

-0,16981

61

1997

137

4315

0,466678

-0,53332

0,284432484

0,004376

-0,15169

62

1998

370

11655

1,260371

0,260371

0,067793014

0,001043

0,017651

63

1999

329

10364

1,120708

0,120708

0,014570468

0,000224

0,001759

64

2000

266

8379

0,906104

-0,0939

0,008816366

0,000136

-0,00083

 

 

293,5644

 

 

 

26,84770748

0,413042

1,917063

 

 

0,65

 

 

 

 

 

 

 

 

0,110247

 

 

 

 

 

 

 

Қамтамасыз қисығын тұрғызу үшін эмпирикалықпен қатар теориялық қисықты есептеу қажет (кесте 3). Вариациялық коэффициент арқылы су шығынына теориялық қисық есептелінді. Бұл кестеде P мәні 0,1 % болғанда Q мәні 970-ке тең болды. Ал P = 99 % болғанда Q = 1-ге тең.

 

 

Кесте 3-Су шығынының теориялық қамтамасыз қисығын есептеу

 

 

 

 

 

 

 

Сv

Qо, м3

 

 

 

0,65

293,6

 

р.%

Фпо т.3

Ф*Сv

к = ФСv+1

Q=К*Qо

 

 

по т.3

 

по т. 3

0,1

3,13

3,48

3,305

970

1

2,59

2,88

2,735

803

3

2,27

2,5

2,385

700

5

2,1

2,3

2,200

646

10

1,83

1,99

1,910

561

20

1,51

1,6

1,555

457

30

1,29

1,33

1,310

385

40

1,1

1,1

1,100

323

50

0,928

0,891

0,910

267

60

0,768

0,698

0,733

215

70

0,609

0,515

0,562

165

75

0,528

0,426

0,477

140

80

0,445

0,338

0,392

115

90

0,264

0,165

0,215

63

95

0,157

0,081

0,119

35

97

0,107

0,048

0,078

23

99

0,047

0,015

0,031

9

99,9

0,008

0,001

0,005

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 4 –Сырдария өзеніндегі су шығынының қамтамасыздық қисығы

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

Бітіру жұмысын қорытындылай келе Сырдария өзенінің экологиялық жағдайы қазіргі кезде өте нашар хәлде екеніне көз жеткіздік. Сонымен қатар өзеннің метеорологиялық және гидрологиялық сипаттамасы бойынша келесі жұмыстар жүргізілді:

  • Ауа температурасы бойынша жылдық орташа мәннің ең жоғарғы көрсеткіші 1983 жылы 11 0С, ал 1990 жылы 0,6 0С болды.
  • Жауын–шашын мәнінің көп мөлшері 202 мм 1967 жылы болса, 1974 жылы аз мөлшерлі, яғни 37,2 мм болған.
  • Арал теңізіне Сырдария ағынын анықтаған кезде ағын жүрісі 1960 жылдан бастап бұзылған.
  • Су шығыны мәнінің вариациялық коэффициентін анықтау үшін кесте құрылып, оның мәні 0,65-ке тең болды.
  • Алдымен кесте эмпирикалық қамтамасыздықты есептеу үшін құрылды.
  • Келесі кесте теориялық қамтамасыздықты есептеу үшін құрылды.
  • Осы кестелер негізінде қамтамасыздық қисығы тұрғызылды. Қамтамасыздық мәні 0,1 % болғанда, су шығыны 970 м3/c, ал 99,9 %-те 1 м3/с-қа тең болды.

Бұл мәліметтерден Сырдария өзен суының су ресурстары антропогендік әсерден және сонымен бірге жауын-шашын мен температураның аз мәндері әсерінен азаюы көрінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

  1. Аэроклиматические ресурсы Кызылординской области Казакской ССР. Л.:          Гидрометеоиздат, 1978. — 118 с.
  2. Киевская Р.Х., Можайцева Н.Ф., Богачев В.П. Изменение природных условий современной дельты Сырдарьи в связи с загулированием ее стока. //Проблемы освоения пустынь- 1979. №4. С. 11-17.
  3. Стародубцев В.М. Формирование почвенного покрова в Приаралье. //Проблемы освоения пустынь. 1990. №5. С. 49-54.
  4. Фаизов К.Ш. Почвы пустынной зоны Казакстана. Алма-Ата. 1983.
  5. Нұрғызарынов А., Шапшанов Қ. Арал өңірінің экологиясы. Алматы. 1996.
  6. Диярова К.Ш. Развитие и размещение сельскохозяйственного производства в низовье Сырдарьи. //Сборник статей научно-практической конференции. Алма-Ата.: Наука, 1992. 47-56 б.
  7. Гельдыева Г.В., Будникова Т.И. Изменение природных комплексов Приаралья в условиях интенсивного хозяйственного освоения. //Проблемы и перспектива комплексного развития производственных сил Кызыл-Ординской области. Алма-Ата. Наука, 1985. 102-104 б.
  8. Попов Ю.М., Некрасова Т.Ф., Стародубцев В.М. и др. Антропогенные изменения почв Приаралья и их эколого-хозяйственное значение. Алма-Ата, 1992. 59 б.
  9. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология. Алматы. Экономика, 2002. — 237-243 б.