МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ……………………………………………………………………………………………..
1 ҚАЗІРГІ БЕДЕР ТҮЗУШІ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР……………………………………………………………………………………
1.1 Орография ……………………………………………………………………………….
1.2 Климаттық жағдайы………………………………………………………………….
1.3 Гидрографиялық сипаттамасы…………………………………………………..
1.4 Топырақ-өсімдік жамылғысы……………………………………………………
2 БЕДЕР ТҮЗУШІ ЭНДОГЕНДІК ФАКТОРЛАР…………………………..
2.1 Геологиялық құрылымы…………………………………………………………..
2.2 Тектоникалық құрылымы және жаңа тектоникалық құрылымы..
3 ШАРЫН ӨЗЕН АҢҒАРЫНЫҢ ГЕОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ…………………………………………………………………………………………..
3.1 Өзен және өзен аңғарының пайда болуы…………………………………..
3.2 Аңғарлар классификациясы……………………………………………………..
3.3 Бедер пішіндері және қазіргі бедер түзуші процестер……………….
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………………………
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………….
Кіріспе
Өзектілігі. Өзен мен өзен аңғарлары бір жүзжылдықтан да көп уақыт зерттеліп келеді.Осы уақыт ішінде тек арна ағысының гидродинамикасы, өзендердің эрозиялық-аккумулятивті жұмысы, өзен аңғарларының құрылысы және олардың мофологиялық құрылысы және т.б. құрылымдық тұрғысынан сұрақтарға жауап іздедік. Бірақ бұл мәселенің көптеген жақтары ашыпған жоқ, мәліметтер жеткіліксіз. Мысалы, ағын сулар қайдан және қалай пайда болады,олар қалай үлкен өзен торына айналады, олардың дамуыныңсоңғы кезеңі қалай болады т.с.с. Тіпті өзендердің жаралуы мен дамуы туралы нақты сілтемелер де жоқтың қасы.
Әрине, кемеліне жеткен, үлкен өзендер мен өзен аңғарларының қалыптасуы өте күрделі процесс. Мұнда бірнеше кезеңге бөліп қрастыруға болады: арна ағынының алғашқы жаралу кезеңі; өзен жіне аңғар жүйесінің қалыптасу және дамуының соңғы кезеңі. Бұл кезеңдердің әрқайсысы кешенді табиғи факторлардың әсерінен дамиды.
Егер бұл мәселені тек өзен ағыны ретінде ғана қарар болсақ ештеңе өзгермейді. Ал өзен әрқашанда артынан арна, аңғар, қатты материял түріндегі шөгінділер сияқты із қалдырады. Сондықтан мен бұл сұраққа кешенді түрде зерттелерді салыстыра отырып, яғни өзен арнасының гидродинамикалық ағынына, оның эрозиялық-аккумулятивті жұмысына, өзен аңғарларының құрылымы мен дамуына, берілген аумақтың ландшафттық ерекшеліктеріне аса көңіл бөле отырып сипаттама жасадым.
Нысаны. Әрине, бір өзенді алып, оның алғашқы пайда болуынан соңғы кезеңге дейін бақылап, зерттеу мүмкін емес. Сондықтан өзен аңғары күрделі көрініс беретін Шарын өзен аңғарын нысынаға алып отырмын.
Шарын өзен аңғарын зерттеу өткен жүзжылдықтың екінші жартысынан басталды.Тарихи- графиялық деректерге сүйене отырып қарастырып отырған аумақты зерттеуді екі кезеңге бөліп қарастыруға болады: біріншісі – 1854-ші жылғы революция алдындағы Жетісудың Россияға қосылу кезеңі; екіншісі – Кеңес Үкіметі кезеңіне жатады.
Алғашқы зерттеу атақты географ П.П. Семенов – Тянь-Шяньскийдің Тянь-Шянь таулы өлкесін зерттеу кезіндегі саяхатынан басталады.Оның зерттеулері Шарын өзен аңғарының солтүстік беткейінің, әсіресе, Жалаңашсай аңғарының орографиясы мен жыныстық жасына арналды.
Тянь-Шань тауын зерттеуде И.В. Мушкетовтың да еңбегі зор. Оның зерттеулері аймақтың геологиясына, стратеграфиясы мен тектоникасына арналды. Шарын өзен аңғарында болған ғалым, ондағы әктасты конглемератты, төменгі карбондық әктасты байқаған.
1915 жылы солтүстік Тянь-Шань тауларын зерттеген Н.Г.Кассин аумаққтың геологиясына, орографиясына, гидрографиясына, климатына аса көңіл бөлген.
1954 жылы пайдалы қазбаларды іздеу мақсатымен геологиялық карталар жасау үшін Шарын өзен аңғарына геологиялық түсірлер жүргізе бастады.
Аумақ геологиялық тұрғыдан да геоморфологиялық тұрғыдан да зерттелген. Бірақ, геологиялық-геоморфологиялық мәліметтер тек жекелеген орографиялық аумақтарға сәйкестеледі, ал Шарын өзен аңғарына арналған арнайы мәліметтер өте аз. Сондықтан менің бітіру жұмысым осы Шарын өзен аңғарының геоморфологиялық құрылымын зерттеуге арналады.
Бітіру жұмысымның мақсаты Шарын өзен аңғарының геоморфологиялық құрылымына сипаттама бере отырып, осы аймақтың геоморфологиялық картасын сызу, бедер пішінінің даму тарихы мен қазіргі бедер пішінін салыстыру.
Бітіру жұмысымның практикалық маңызына келер болсақ, өткен ғасырда өзен аңғары тек пайдалы қазбаларды іздестіру мақсатында зерттелген болса, қазір Қазақстан жерінің табиғи өзгерістерге ұшырап, қайталанбас бедер пішініне айналған Шарын өзен аңғары алабын тану, келешекке шығу тегі мен даму барысын қалдыру, қорғауға алу маңыздырақ болып отыр.
- ҚАЗІРГІ БЕДЕР ТҮЗУШІ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР.
1.1 Орографиясы
Шарын өзен алабы геоморфологиялық жағынан биік таулы, орта таулы, аласа таулы және тау ішілік ойысты бедер пішінімен ерекшеленеді.Таулы массивтері биік беткейлі әрі қатты тілімденген терең өзен аңғарларымен сипатталады.Кетпен жотасы мен Қаратау тауларының суайрық сызығы 2500-3000м, ал кейбір жерлері 3600-3700м абсолюттік биіктікті көрсетеді.Орталық Тянь-Шань және Күнгей-Алатауы жотасының суайрық сызығы 3400-3600м абсолюттік биіктікте өтеді.Қарқара өзенінің сағасында аймақ біртіндеп төмендеп, абсолюттік биік көрсеткіші алаптың орталық бөлігінде 2400м-ден аспайды. Тянь-Шань тауының солтүстік беткейіндегі тау жоталарының ерекшелігі біршама енділігі мен тау жоталарының алмасып келуі және үлкен тау ішілік ойыстарының болуында. Шарын өзен алабының аумағындағы ірі ойыстарының бірі – Кетпен ойысы болып табылады, ал солтүстігі Кетпен жотасымен ,батыста айғыржол,жабыртау, Басулытау, Тізген және т.б. таулармен шектеседі. Бұл таулардың басым бөлігі және Кетпен жотасы енді әрі доға тәріздес, беткейлері ассиметриялы болып келеді.
Кетпен жалпақ төбелі және үлкен беткейлі жота. Оның солтүстік сілемдері сайлармен қатты оқшауланған, ежелгі ағынның терең аңғарларымен, ал батыс беткейі зеңгірлі,еш кедергісіз, тау аралық Кетпен ойысына қарай құлай орналасқан. Теңіз деңгейінен абсолюттік биіктігі 2000 нан 3500м-ге жетеді. Төбесі қар сызығына жетпейді,мұздықтар жоқ. Ең биік нүктесі Небесная тауы (3638м). Кетпен жотасының төбесі солтүстіктен оңтүстікке қарай төмендейді және Үш-Хасан үстіртіне қосылады. Оңтүстік жақпарының биіктігі 2600-2700м-ге төмендейді.Үш-Хасанның тегістелген беті эрозиялық бөлшектелуге ұшыраған. Ежелгі ағын әсерінен қалдырған эрозия ізі терең каньондар мен шатқалдардан байқалады.Кетпен жотасының солтүстік беткейін кесіп өтетін аңғар таудан шығып, тауадлы шлейф аймағына дейін 100-200м шатқалдар арқылы ажыратылады.
Оңтүстікте жота беткейі Шалкөдесу өзенінің аңғарымен қосылады. Осы ойыс ішінде өзен торы құрылады. Батыста, Темірлік өзенінің төбесінде Кетпен жотасы екіге бөлінеді:оңтүстігі – Темірлік тауы және солтүстігі – Құлықтау тауы. Ал олардың орташа биіктігі 2500м-ден 2800м-ге дейін жетеді. Бұл таулардың беткейлері терең эрозияға ұшыраған,сынықты материялдарға толы сайлар түзеді.Осы жоталардан батысқа қарай абсолюттік биіктігі 1800м-ден 2200м-ге өзгеріп отыратын Кеген тауаралық ірі ойысы орналасқан.ойыс жазықты болып келеді.кеген ойысының солтүстік беткейі Елшін болатын, орталық бөлігі шалкөде аңғарына төмендей келе Шалкөдесу аңғары деп аталады.Ол сайлармен, терең емес шатқалдармен түйіседі.Кеген ойысының абсолюттік биіктігі теңіз деңгейінен 1800-2000м биіктікте орналасқан.Шығысқа қарай Кеген ойысы көтеріле бастайды.Солтүстік Шығыс жағының абсолюттік биіктігі теңіз деңгейінен 2200м биіктікке жетеді.
Кеген ойысының оңтүстік бөлігі Айғыржол, Елшін Бұйрық, Басулытау, Тізген, Қаратау, Сарытау, Сүмбетау, Лайлытау, Жабыртау және т.б. таулармен жалғасқан.Айғыржол және жабыртау орта таулары жайпақ бедер пішінді болып келеді және теңіз деңгейінен 1800-2000м биіктікте.Елшін Бұйрық, Басулытау, Лайлытау, Сарытау және Сүмбетау тауларының биіктігі теңіз деңгейінен 2200м – ден 3700м – ге дейін жетеді және олар биік тауларға жатады. Биік беткейлі аласа таулы бедер пішінді белдеуі таудың орталық аймақтарындағы Қызық–үй, Айдырған аралды массивтерінде кездеседі. Олардың абсолюттік биіктігі 1800-2000м құрайды.
Жалаңаш аңғары тау аралық ойыс болып табылады. Шелек аңғарының бойлық кескінімен, ал оңтүстікте – Күнгей-Алатау тауалды жоталарымен, солтүстікте – Торайғыр жотасымен және шығысы – Шарын өзен аңғарымен жалғасып жатыр. Бұл жерде Құлықтау тауының тауалды жазығымен шектесіп жатыр.Абсолюттік биіктігі 1300-1800м, ұзындығы 60км және ені 20км. Тауалды бөліктерінде жазықтық үлкен сайлармен тілімденген. Батыста, Шарын-Шелек өзен аралығында аңғар таудан кішкене еңістейді және тілімдену онша байқалмайды. Солтүстікке қарай Іле Алатауының шеті болып табылатын Торайғыр жотасы және Үлкен- және Бала-Бөгеті таулары жайғасқан. Бұл таулардың биіктігі теңіз деңгейінен 1200-220м және Сөгеті аңғарымен бөлініп тұр.
Шарын өзен алабының орталық бөлігі төбелі жазық болып келеді. Бұл аралықта абсолюттік биіктік 1200-1700м-ден аспайды. Суайрық беті биіктігі 1801м-ге жететін Сөгеті аласатауы арқылы өтеді. Аумақтықтың сағалық бөлігінің бедер пішіні құмды тізбекті және батпақтанған болып келеді.
Шарын өзен алабының төменгі бөлігі, яғни атырауында Іле ойысының осіне еңістелген пролювиалды жазық қалыптасқан. Бұл арада Шарын өзені терең (150м-ге дейін) тік беткейлі каньон арқылы өтеді. Солтүстікке жылжыған сайын аңғар енді әрі биік жағалы болып келеді. Аңғардан қалың аллювиалды шөгінділерден тұратын төрт террасса байқалады. Аумақтың солтүстік бөлігі ұсақ дөңесті және әлсіз жалды бедер пішінінен тұрады. Басым аумағын қатты деңгейдегі тасқын шайып кетеді. Аллювиалды жазық ішінде дөңесті құьды массив Қарабасқұм созылып жатыр. Дөңестердің биіктігі 2-3см-ге жетеді. Құмды дөңестер аралығында өсімдігі жоқ тақырлар кездеседі.
Шарын өзенінің төменгі ағысының батыс бөлігінде абсолюттік биіктіктігі 900-1300м болатын Үлкен Бұғыты аласатауы орналасқан.Үлкен Бұғытының морфологиялық ерекшелігі – беткейі ассиметриялы; оңтүстік беткейі биіктеу, солтүстік беткейі жайпақ әрі аласа.Аумақ қатты тілімденген. Аласа таудың төменгі бөлігі бірте-бірте солтүстікке қарай иілген тауалды бедерге ауысады. Ол төбелі-жонды бедер пішінді болады. Оңтүстікке қарай сайлар тереңдейді, ал солтүстікте ұсақталады. Мұнда абсолюттік биіктігі 1300м-ге жетеді. Солтүстікке қарй жазықтық төбелі-жонды бедер пішінінен жайпақ-еңісті, әлсіз жалды бедер пішініне көшеді. Мұнда абсолюттік биіктік 650-800м-ден аспайды. Алаптың жазық аумақтары грави мен қиыршықтастар араласқан саздақты шөгінділермен көмкерілген.
1.2 Климаты
Шарын өзен алабының климаты континенттілігімен ерекшеленеді. Тянь-Шань тауының саластырмалы түрде материк ішінде төмен ендікте орналасып, Атлант мұхитынан келетін негізгі ылғалды алыстатуына байланысты үлкен жоталардың биіктігі, жер бедерінің күрделілігі мен қатты тілімденуі температура мен ылғалданудың дәрежесінің қарама-қарсылығына себепші болады. Жақын жердегі шөлді аймақтар тауалды және аласа таулы климатқа әсерін тигізеді. Биік таулы ландшафттардың ылғалдануына ауа тепературасы мен жауын-шашынның ұлғаюы әсер етеді. Шарын өзені алабы Іле өзені алабы аймағындағы құрғақтау аумақ болып табылады.
Алаптың барикалық және циркуляциялық жағдайы жылдың суық кезінде Сібірлік барикалық максимум сілемдеріңі, алжаз айларында Орта Азиялық термиялық депрессияның ықпалында болады. Аңғар аумағында жылдың суық кезеңінде арктикалық ендіктен келген антициклон байқалады. Жылдың бұл уақытында антициклон басымдылығы 60-70%. Жаз айларында аумаққа циклондық әсер басым болады.
Алаптың таулы аймағында жергілікті ауа ағымы, жазықтық жерлерде қыстық суық ауа ағыстары басым болады. Көктемде циркуляция күшейіп, Сібір сілемдері антициклондарын бұзып, циклонның дамуына ықпал жасап, оңтүстіктен жылы ауа массасын тасымалдайды. Бұл кезеңде үсік жүріп, жауын-шашынның түсуі молайып, ұзақ әрі түрақсыз ауа-райы орнайды. Алап аймағының климатына күн радияциясы да әсер етеді,ал оның үлкен ағымын бес-алты ай бойы байқалады. Жазық аймаққа келетін жылдық радияция 135-150 Ккал/см2 құрайды,ал таулы аймақтарда бұлттанудың мөлшерінің жоғарлауынан жылдық радияция 125-130 Ккал/см2 –-ге кемиді. Жазықтық- тауалыды белдеуде вегитациялық кезең (орташа тәуліктік температура 50С-тан жоғары) 205-тен 225 күнге, ал таулы белдеуде 180-нен 205-күнге созылады.
Алап аймағының температура және жауын-шашын режиміне қарап төрт климаттық белдеуге бөлуге болады:
- Жазықтық белдеу. Іле өзенінің сол жақ жағалауынан төменгі тауларды (700м дейін) аумақы қамтиды және континенттілігімен, яғни қысы суық, жазы құрғақ және температураның айлық амплитудасымен ерекшеленеді.
- Тауалды белдеу. 700 метрден 1500м биіктік аймақты алып жатыр және кентиненттілігі төмен, сонымен қатар температура ауытқуы шұғыл амплитудалы.
- Тауішілік белдеу. Шалкөдесу, Кеген, Қарқара қазаншұңқырларын және 1200-1500м абсолюттік биіктіктегі Жалаңаш жазағының батыс бөлігін алып жатыр.
- Таулы белдеу. 1500м-ден биік аумақты алып жатыр және климаттық вертикальды зоналылығы анық байқалады.
Жазық аймақтарда орташа жылдық температура 8-90С, тауалды белдеуде 6-8,50С, ал тауда 1,70С-қа дейін төмендейді.
Қыста жазық аймақтарда -420С-тан -450С-қа дейін төмендеп отырады. Ал тауалды және таулы аймақтарда -350С-тан -400С-қа дейін байқалады.
Теңіз деңгейінен биітеген сайын температура әр 100м сайын төмендеп, орташа 0,4-0,80С-ты құрайды. 2500-3000м биіктікте орташа температура +70С…+100С, ал максимальді +200С-ты көрсетеді. Ауа температурасының төмендеуі тамыз айынынан-ақ басталады. Жазық және тауалды аумақтарда 00С-тан теріс мәнге ауысуы қараша айынан, 2000-2500м биіктікте қазан айының бірінші күнінен-ақ байқалады. Жылы кезеңнің ұзақтығы жазық және тауалды аумақтарында 8-8,5 ай болса,таудың биіктігіне қарай тауішілік аймақта 6-7 айға кемісе, биік тауларда 1-2 ай ғана болады.
Қарастырып отырған аумақтың жылдық температура амплитудасы жазық аймақта 35-400С, ал таулы аймақта 250С және одан да төмен.
Көктемде тұрақты тәуліктік ауа температурасы теріс мәндерден оң мендерге жазық аймақтарда ерте, тауалды аймақтарда наурыз айының ортасында, ал тауда (3000м жоғары) мамыр айының екінші жартысында өзгеру байқалады.
Жазықтың ең ыстық айының (шілдеде) орташа температура +200С,… +250С болса, кейде +400С,…420С-қа дейін жетеді.
Алап аумағындағы атмосфералық жауын-шашынның түсуі біркелкі емес. Ол физикалық-географиялық жағдайына және жергілікті жердің биіктігіне, жер бедерінің пішініне және беткейлердің еңістігіне байланысты болады. Таулы жерлерде еңістіктің беткейіне және жергілікті жердің биіктігіне байланысты ылғалдылық басым және жауын-шашын мол түседі.Қар жамылғысының ұқсастығы мен күз-көктем айларындағы орташа тәуліктік ауа температурасының ауысуымен сәйкес келеді.
Алаптың таулы және биік таулы аймағында қар жамылғысы тұрақты және төрт- бес айдан көп сақталады. Қардағы су қоры 100мм-ге жетеді, ал тауалды және жазық аймақтарда қар жамылғысы тек 3-4 ай ғана тұрады. Басқа кезде қар болмайды. Алаптың бұл аумағындағы қардың су қоры 30мм-ден аспайды. Жазық аймақта қар жамылғысының орташа шағыны 5-14см, бірақ биіктеген сайын бұл көрсеткіш өзгереді, яғни 1800-2000м биіктікте 30-40см-ден көп болады.
Ауа ылғалдылығы. Жылдың суық уақытында ылғыалы ауа аз болады, ал су буымен салыстырмалы қаныққаны ең көп болады. Ал жаз кезінде керісінше. Алаптың құрғақ климаты әсіресе ылғалдықтың жеткіліксіздігімен және жарты жылдық жылы кезеңдегі аз мөлшерде ылғалды ауаның болуымен ерекшеленеді.
Алаптың жазық аймағы ауаның құрғақтылығымен жәнек жауын-шашынның аз болуымен сипатталады. Мысалы, таулы белдеулерде жылдық жауын-шашын мөлшері 630-900мм (Қарқара өзенінің бас жағында), ал алаптың жазығының төменгі бөлігінде жауын-шашынның мөлшері 50мм-ден аспайды. Егер жазықтық тауалды аймақтарда жауын-шашын минимумы жазда байқалса: екі максимуммен -– көктемде және күзде, ал таулы аймақта бір максимум (шілде-тамыз) және бір минимум (қаңтар) байқалады. Ауаның орташа жылдық абсолюттік ылғалдылығы жазық аймақтарда 5-5,5мб-ға дейін өзгереді,ал тауалды өлкесінде 7,3мб, тауларда абсолюттік биіктіктің жоғарылауынан орташа 6-дан 3,5мб-ға азаяды.
Жазық аймақтарда салыстырмалы ауа ылғалдылығының айқын жылдық (60-70%) және жазда минимум(20-40%).
Алаптың жел режимі негізгі жергілікті барикалық-циркуляциялық жағдайына қарай анықталады. Бірақ таулы аудандарда жергілікті жердің: таулы-аңғарлы; фен және т.б. желдердің пайда болуымен анық талады. Барлық аймақтарда желдің жылдамдығы 20м, ал жекелеген аймақтарда 25м-ге жетеді.
Климат жағдайларына қарай алап аумағының төменгі бөлігін күріш егуге, тауалды жазығын бау-бақша мен жүзім егуге, орта таулы және биік таулы аймаққа мал жайып, пішен шабуға арналған алқаптарына қолдануға болады.
- Бедер түзуші экзогенді факторлар
Экзогендік бедер құратын факторларға әр түрлі климат элементтерінің, өзендер мен көлдердің, теңіздердің, мұздықтар мен қарлардың, желдің және тағы басқа элементтердің әсері жатады.
Экзогендік бедер құратын процестердің негізгі көзі күн радиациясы, ол жер бетіне, гидросфераға және атмосфераға өзара әреккеттесіп, әр түрлі климаттық жағдайлар қалыптастырады. Ал климат жағдайлары бүкіл жер бетінің өзгеруінде негізгі факторлардың бірі болып табылады. Климат элементтерінің ішіндегі аса маңызды фактор – ауа температурасы.Осы ауа температурасының әсерінен әр түрлі табиғи зоналардың климаты қалыптасады. Мәңгілік мұздықтар мен қар жамылғысының пайда болуы, тау жыныстарының үгілуі, химиялық процестер және т.б. осы ауа температурасына тікелей байланысты.
Климаттың екінші маңызды элементтерінің бірі – жауын-шашын. Олар өзендердің, көлдердің, батпақтардың және мұздықтардың пайда болуына едәуір әсерін тигізеді. Тау жыныстарының ыдырауына және олардың тасымалдануына, бедердің көптеген пішіндері тілімделіп жаңа пішіндердің қалыптасуына жауын-шашын өте қолайлы жағдай жасайды. Жел бір жағдайларда құм бөлшектері арқылы тау жыныстарын бұзып,қашап,өңдеп механикалық әсер етсе, екінші жағдайларда құмның тасымалдануына, шөгуіне және жаңа аккумуляциалық жер бедерлер (құм төбелер, барқандар, жағалық шағылдар және т.с.с.) құрылуына себепші болады.
Экзогендік процестердің жалпы энергиясының негізгі көзінің бірі – Жердің өз осі бойымен және Күннің төңірегінде айналуы, осының әсерінен жылдың төрт мезгілінің болуы және күн мен түннің ауысып тұруы. Ауа температурасының, жуын-шашын мөлшерінің және табиғи қиратқыш құбылыстардың оқтын-оқтын маусымдық өзгеруі, жалпы айтқанда бедер пішіндерінің құрылуына едәуір әсер ететін бүкіл табиғи ландшафтының жаңаруы осы құбылыстарға байланысты.
Ағын сулар жер беті пішіндерінің қалыптасуында маңызды роль атқарады. Олардың әрекетінен пайда болған жер бедер пішіндері алуан түрлі. Сол себептен суды жер бетінің үшіншісі дейді. Ағын сулардың әрекеті алдымен сумен шайылуынан, шайылған заттардың судың ағынымен төмен тасымалдануынан, соңында оларды шоғырлап, жинақталуынан құралады. Сонымен, аңғарды сулар әрекетінен атқарылатын геоморфологиялық процестердің жиынтығын флювийлік (латынша fluvius – ағын, тасқын) процестер деп атайды.
Уақытша ағын сулар әрекетінен пайда болған бастапқы эрозиялық пішіндер – жылғалар (атыздар). Олар делювийлік беткейлер бойымен жайылып аққан су кішігірім бір арнаға жиналған кезде ғана пайда болады. Жылғалардың терендігі мардымсыз: 3-30 см-ден аспайды, ені де терендігімен бірдей. Эрозиялық жылғалар бір нөсердің кезінде немесе көктемгі қар тез ерігенде пайда болуы ықтимал. Ағын тоқтағаннан кейін жылғалар өздерінін морфологиясын жоғалып жайпақтала береді. Жылғалардың терендігі мен морфологиядық бейнесі беткейлерді құрған тау жыныстар кұрамына және беткейлерден аққан судың мөлшеріне байланысты. Әдетте жылғалар бір-бірінен бірнеше метр алшақ орналасып тармақталған жылғаларды құрайды.
Жыртылған және сирек өсімдікті беткейлерде жылғалар уақыт өте бере тереңдігі 1,0-2,0 м-ге, ені 2,0-2,5 м-ге жететін эрозиялық жырмаларға айналады. Жырма ернеулері де жарлауытты келіп, көлденең кескіні көбінесе V әрпін елестетеді.
Алайда кез келген эрозиялық жылғалар жырмаларға айнала бермейді. Ол үшін ағыс күштірек, жиналған судың көлемі молырақ болуы тиіс. Сондықтан да жырмалар эрозиялык жылғаларға қарағанда әлдеқайда сирек кездеседі және бір-бірінен ондаған метр алшақ жатады.
Су қоры жеткілікті мөлшерде жиналғанда жырмалардың бір бөлігі тереңдей және кеңи келе, бірте-бірте жыраларға айналады. Жыралардың тереңдігі 10-20 м, не одан да көп, ені (бір қабақтан екінші қабаққа дейін) 50 м немесе одан да артық бодады.
Жыралардың жағалары көбінесе тік. Кейде жыралардың табаны жайпақ, ені бірнеше метрден аспайды. Жыра жырмадан тек өзінің көлемімен ғана емес, сонымен қатар өзіне тән жеке бойлық кескінімен ерекшеленеді, онысы ол тіліп өтетін беткейдің кескінінен өзгеше болады. Ал жырманың бойлық кескіні әдетте беткейдің бойлық кескінінің сәл тегістелген түрін қайталайды.
Таудағы уақытша ағынды сулардың өздеріне тән белгілі бір геоморфологиялық ерекшелігі бар. Мұнда су ағыстарының жоғарғы жағында айқын білінетін, амфитеатр тәрізді жырмалармен тілімденіп тармақталған су жинағыш шұңқырлар пайда болады. Осы жерден тау беткейінен төмен қарай созылған көлденең қимасы жыра іспеттес V-тәрізді терең, әрі тар ағыс каналы басталады. Ағыс каналының төменгі сағасы шетінде ысырынды конус қалыптасады.жыраның бастауынан сағасына дейін бойлық қималарының едәуір құламалы болуы ағып жатқан тау суларының мейлінше бұзу әрекетіне себеп болады.
Сонымен жыралардың морфологиялық құрылымы және дамуы тау жыныстарының құрылымына, жер бедеріне, климат жағдайларына байланысты.Бұлардың пайда болуына эрозиялық процестерімен қатар топыраұтың шөгу құбылыстары, сілтісіздендіру, ылғалдандыр, суффозия және т.б. құбылыстары әсер етеді.
Оңтүстік Қазақстанның тау етегіндегі дамыған жыраларды М.Жандаев (1961) төрт түрге бөледі: 1) алмұрт тәрізді; 2) тегіс түпті жыра; 3) сай тәрізді; 4) ернеу (карниз) типті.
Алмұрт тәрізді жыралар өзіндік пішінімен және құрылысымен ерекшеленеді. Жыраның бас бөлігі оның ортаңғы бөлігімен салыстырғанда кең және дөңгелектеу келіп тік кемермен басталады. Кертпештің ірге тұсынан 10-12 м тереңдікке жеткен құдық тәрізді шұңқыр қалыптасады. Шұңқырдың түбі жалпы жыраның деңгейінен әлдеқайда төмен. Жыраның ортаңғы бөлігі жіңішкеріп, екі жағы тіп-тік болып, түбі ірі кесекті тау жыныстарымен бітеледі. Жыраның ұзындығы 50-100 м-ден аспайды.
Жыраның қалыптасуы жер беті суларының мерзімдік ағуына байланысты. Әдетте жол жиегін бойлап аққан су лесс қабатына сіңіп, оны едәуір ылғалдандырады. Ылғалды лесс жынысының ұсақ тұз бөлшектері еріп, сумен шайылып әкетіліп жерасты суын қалыптастырады. Соның нәтижесінде лесс шөге бастайды.
Алғашқы кезде беткейдің үстінде кішкене ағыны бар эрозиялық қазынды пайда болады. Ол 1,5-2м тереңдікке жеткенде оның жағасында құлап түскен топырақ массасы арнаның жолын бекітіп тастап, одан жыра ағысы тоқталады. Бұл кезде жыраның бас бөлігінде құйылатын су шүңқыр арқылы жерге сіңіп, жер асты ағысын құрайды. Сонымен, бүл жерде эрозиялық-суффозиялық процесс дамиды.
Тегіс түпті жыра. Ұзындығы ондаған метр, тереңдігі 3-8м., түбі жайпақ, жыраның екі жақтағы жағасы тік. Мұндай жыра пайда болуына дейін астында су өтпейтін, сазды қабаттардың жер бетіне жақын жатқандығына байланысты. Атмосфера жауын-шашыны лесс тау жынысын су өтпейтін қабатына дейін шаяды да және сол деңгейде ағып, жыраның жайпақ түбін жасайды. Мұндай жыралар таяз тереңдіктегі сазды қабаттар дамыған жерде тау бөктерінің тауаралық ойпаттарында пайда болады.
Сай тәрізді жыраның ұзындығы 1 шақырымға дейін және одан да астам болады, терендігі 10-25 м. Жыраның көлденең қимасының сипаты әр түрлі, оның жоғарғы жағы лесс топырағының қалыңдығына сәйкес тік, жарлауытты, ал төменгі жағы жайпақтау келеді. Мұндай жыралар жұқа лесс қабаттарымен жабылған малтатас тау жыныстарының эрозиялық тілімделуі нәтижесінде тау етегіндегі пролювиалдық жазықтардың үстінде қалыптасады. Осындай жыралар суландыру далаларында қараусыз қалған каналдар мен арықтардың орнында пайда болуы ықтимал. Мысалы, Алматы маңындағы Ақсай өзенінің құйылысы тұсында суармалы судың әсерінен 30 жылдың ішінде канал бойында осындай жыра түзілді.
Ернеу (карниз) тәрізді жыра — өзен аңғарының екі жағаларында кездеседі (Алматыдан шығысқа қарай 220километр жердегі Шарын аңғарында), ол өте күрделі түрде ыдырап, жыралы-сайлы торап құрайды. Көбінесе бұлар тереңдігі 30-50м дейінгі сайлар. Олар бір-бірімен кезектесіп жазық бағытта астасқан малтатас құмдар, саздар қабаттарының дамыған аймақтарда болады. Мұндай күрделі жыралы лабиринттердің болуы таңбалы денудация немесе құрғақ климат, өсімдіктер мүлдем жоқ, немесе өте сирек кездесетін жағдайларына байланысты, қатты нөсер жауған кезде, тасқын судың шаю күші мейлінше жаңғыра түскен кездерде пайда болады. Сондықтан жыралардың екі жақ беткейі карниз, діңгек, күнқағар түрінде кездесіп, таң қаларлық архитектуралық әшекейлерді елестетеді. Жергілікті халық бұл жерді «қорғанды қамалдар аңғары» (долина замков) деп атап кеткен. Аңғардың ұзындығы — 2км, ені — 20-30м. Каньонды аралап жүріп алуан түрлі таңғажайып көріністерді көруге болады. Миллиондаған жылдар табиғаттың өзі осынау ұлы қорған қамалдар сияқты қайталанбас сәулет өнерін дүниеге әкелген.
Уақытша ағын сулардың қиратқыш күштерінің бірі – сел. Таулық өзендердің белсенді іс-әрекеттерінің түрі, яғни жоғарғы дәрежеде аңғар түзетін және көтерілген жаңа бедер пішіндерін туғызатын құбылыстардың бірі – осы сел тасқыны болып табылады. Сел құбылыстары көбіне қуаң климатты, биік таулы өңірлерде байқалады.
Сел құбылыстарынан соң өзен аңғарларында оқылық қуыстар, көшкіндер, опырылмалар, тік жартасты құламалар, ағынның ысырынды конусы пайда болу нәтижесінде “аспа” аңғарларына айналады. Тіпті өзен арналары тереңдеп, кеңейіп, кейде мареналық белдерде жаңа арналар немесе бойлық белдер,терраса тәрізді кертпештер пайда болады.
1.3 Гидрографиялық сипаттамасы
Шарын өзен аңғарының геологиялық-геоморфологиялық, тектоникалық, климаттық жағдайы ондағы гидрографиялық тордың орналасуына жағдай жасайды. Өзеннің орташа жиілігі 1км2 де 0,52км. Шарын өзен алабының жалпы ауданы 13 000км2, оның 693 км2 Қырғызстан Республикасының территориясында орналасқан.Өзеннің үлкен салаларына Темірлік, Шет – Мерке, Орта-Мерке, Кеңсу, Қарқара және т.б. жатады. Шарын өзені бастауы болып Кетпен жотасының оңтүстігінен ағатын Шалкөдесу мен бастауын Теріскей Алатаудан алатын Қарқара өзендері болып табылады. Жоғарыда өзен, болжамдар бойынша ертедегі Тау көлінен қалған қазіргі Шарын өзен аңғары арқылы ағып өтеді.
Өзен терең шатқал арқылы арнасының бағытын және еңістігін өзгерте отырып, Іле өзеніне бірнеше тармақтарға бөліне құяды. Жалпы өзен құламасының бастауынан (3169м) сағасына дейін (450м) 2719м құрайды, ал орташа еңістігі 7,3%-ға тең.
Іле өзеніне құятын ірі салаларының бірі Шарын өзені болып табылады. Өзеннің бірнеше атауы бар: жоғарығы ағысын Шалкөдесу, Қарқара, Кеген деп атаса, тек орта ағысы Шарын деп аталады.
Шарын өзенінің 72 саласы бар, жалпы ұзындығы 1972км. Ең ірі саласының бірі Қарқара өзені бастауын Күнгей Алатауының Көкжар және Түрік өзендерінің қосылуынан алады.алаптың жоғарғы бөлігінің абсолюттік биіктігі 3100-3400м. Өзен аңғары тар әрі тік беткейлі, ал өзен тау етегіне таяғанда кең арна.
Шарын өзенінің тағы бір саласы Кенсу бастауын Күнгей Алатау жотасының солтүстік беткейінен алады. Жоғарыда өзен терең әрі шыңды шатқалдар мен тау ішілік қазан шұңқырлар арқылы ағып өтеді. Осы бөлікте көптеген салаларға ажырайды.
Шарын өзенінің сол жақ жағалаудағы сала Орта- және Шет-Мерке бастауын Күнгей Алатауы жотасының солтүстік-шығыс беткейінен алады. Орта ағыстағы аңғарлар ассимметриялы болып келеді. Сол жақ беткейі тік, ал оң жақ беткейі – жазық, бұталы өсімдік жамылғысымен көмкерілген. Өзеннің төменгі ағысы дұрыс V әрпі тәріздес атырау құрайды.
Оң жақ саласының маңыздыларының бірі Кетпен жотасынан бастау алатын Темірлік өзені. Өзен арнасы ақырындап бұралаңдап ағады. Тау алды жазығында өзен тік жақты, жыра бойымен ағып өтеді. Темірлік өзенінің арнасы бұл арада бұралаңқы, құмды және батпақты болып келеді. Өзеннің төменгі ағысы бірнеше тұрақты және тұрақсыз Қотырарық, Кеңбұлақ, Қарасай суларынан тұрады. Олардың біршамасы тау етегіндегі сазды алапқа келе жоғалып кетеді.
Шарын өзенінің негізгі салаларына гидрографиялық сипаттама
кесте 1
өзен |
Қайда құяды |
Ұзындығы кв.км |
Су жинау алабы кв.км |
өзен еңістігі |
Шарын |
Іле өзені |
170 |
1600 |
7,7 |
Шарын-Кеген |
Іле өзені |
346 |
2388 |
3,9 |
Шәлкөдесу |
Жоғалып кетеді |
50 |
1038 |
20 |
Қарқара |
Шарын өзені |
65 |
1808 |
20 |
Кенсу |
Шарын өзені |
43 |
2399 |
40 |
Орта Мерке |
Шарын өзені |
34 |
2079 |
59 |
Шет Мерке |
Шарын өзені |
34 |
2079 |
47 |
Темірлік |
Шарын өзені |
58 |
609,7 |
35 |
Қарастырылып отырған аудандағы жерасты сулары өздерінің жатқан алқабына, сонымен бірге санына мен сапасына қарай өзара айырмашылыққа ие. Бұл айырмашылық физикалық-географиялық және геологиялық жағдайлармен анықталады. Алып жатқан алқабына, таралуына және динамикасына қарай жерасты сулары жарықшалы, пластты және грунтты болып негізгі үш топқа бөлінеді.
Жарықшалы жерасты сулары негізінен бассейннің таулы бөлігінде таралған. Бұл сулар сапасы жағынан жоғары болып келеді. Тау жыныстарының барлығы да сулы, бірақ, олардың сулылығы тау жыныстарының жарықшақтылығына байланысты су көздерінің дебиті мезгіл маусымына қарай өзгеріске ұшырайды және ол 1-60 л/сек дейін болады. Мысалы, Кетпен жотасының төменгі карбон әктасында жер бетіне көптеген бұлақ түрінде шығып жатқан көп мөлшердегі жарықшақты жерасты сулар кездеседі. Олардың су шығыны 43л/сек құрайды, құрамы гидрокарбонатты кальцийлі болып келеді.
Гранитті тау жыныстарының сулылығы төмендеу. Мұндай су көздерінің су шығыны 2-5л/сек. Бұл сулар мөлшерлі минералды, олардың құрғақ қалдығы 330-630мг/л, ал, құрамы бойынша бұл сулар гидрокарбонатты сульфатты кальцийлі сулар типіне жатады.
Жарықшақты жер асты сулары атмосфералық жауын-шашынмен, қар суларымен және аздаған мұздықтар есебінен қоректенеді. Іле, Сөгеті, Жалаңаш және Кеген-Қарасай тауішілік ойыстарда тау ішілік типтегі артезиан алаптарына жатады және ол неоген және төрттік кезеңнің терригенді қабатына тән.
Пластық сулар негізінен неоген-төменгітөрттік шөгінділермен байланысты және тауалды аккумулятивті жазықтың перифериінде кең таралған. Химиялық құрамы бойынша қысымы жоғары гидрокарбонатты кальцийлі болып келеді. Пластық су жауын-шашын және таудан аққан уақытша ағын сулармен қоректенеді.
Грунттық сулар орта-жоғарғытөрттік кезеңнің борпылдақ шөгінділермен байланысты және тауалды жазықтарда тараған. Гунттық сулар өзендердің инфильтрациялануы есебінен және ысырынды конустағы ирригациялық сулар есебінен қоректенеді. Алювиалды тасқынды сулар өзінің жақсы сапасымен ерекшеленеді. Сөгеті жазығы мен Темірлік және Құлықтау таларының тау етегінде груннық сулар 40-50м төмендікте жатыр және су шығыны 0,1-0,18л/сек. Жалаңаш жазығында тұщы грунт сулары 200м-дей тереңдікте анықталған. Оның су шығыны 0,5л/сек. Кеген-Қарқара ойысында тұщы сулар 15-115м тереңдіктен алынған. Грунттық сулар Іле, Шарын, Қарқара өзендерінің жайылмаларындағы қазіргі аллювиалды шөгінділерінде кеңінен тараған. Олардың орналасу тереңдігі 0,5-4м, ал сулы қабаттың қалыңдығы 35м-ге дейін жетеді. Химиялық құрамы бойынша грунттық сулар күрделі болып келеді:гидрокарбонатты-кальцилі құрамнан гидрокарбонатты-сульфатты-натрилі құрамға дейін. Жалпы минерализация 200 ден 1500мг/л-ге жетеді.
Алаптың жерасты минералды сулары химиялық құрамы жағынан температурасы, биологиялық заттары құрамындағы газ компоненттері және адам организміне әсер етуі жағынан да әртүрлі. Олардың орналасуы физикалық-географиялық заңдылықтарға, геоқұрылымдарының ұқсастығына және гидрогеологиялық жағдайына байланысты. Типтердің әртүрлілігі, жерасты минералды сулардың орналасуы ең алдымен гидрогеологиялық, геохимиялық және геотермиялық жағдайлармен тікелей байланысты.
Шарын өзені алабындағы осы заңдылықтарға қарай екі ауданға бөлуге болады: таулық және жазықтық.
Таулық ауданы алаптың оңтүстік бөлігін алып жатыр және жаңа тектоникалық жарылымдарда орналасқан.
Алаптың жерасты минералды суларының жазықтық ауданының қалыптасуы 450-500м атыраудан 1000м дейін көтеріледі. Бұл жерде қалың мезозой-кайнозой шөгінділері грунтты да, қысымды да су болып табылады. Қысымды сулар барлық кешенді жыныстарда қалыптасқан.Скважинаның су шығыны 800-2500 ден 5000-7000м3 /тәул. ауытқып отырады. Су молдылығы юра және триастың сулы шөгінділерімен ерекшеленеді. Неоген және полеогеннің сулы шөгінділерінің су мөлшері аз әрі скважиналардың су шығыны 10-400-ден 1000-1700м3/тәул. ауытқып отырады.Шапын өзені алабының жер асты суларының қоры 300млн м3 деп есептеледі және ауыл шаруашылығын сумен, ал жерүсті ағындары ауыл шаруашылығын электр энергиясыменқамтамасыз етуге мүмкіндін береді. Қазіргі кезде Шарын өзен алабында бірнеше СЭС салу қолға алынуда.
1.4 Топырақ және өсімдік жамылғысы.
Өсімдік жамылғысы қияқ өлеңді астықты қауымдастығымен ерекшеленеді. Әртүрлі шөптесінді өсімдіктері бар(теңгежапырқ, қазтамақ, жатаған бидайық, сарғалдақ, ботакөз құралай гүл, таулы көкнәр, жауқазын).
Субальпілік таулық шалғынды топырақтар альпілік белдеудегі топырақтардан ерекшклігі, оның неғұрлым қара түсті болуы, қарашірінді қабатының қалың (15-20%) болуы, ылғалдану мөлшерінің аз болуында.
Осы белдеудің 2200-2800м абсолюттік биіктігінің төменгі және орта бөлігінде күлгінденген және қаратопырақты таулы-орманды және таулы-шалғынды топырақтарда өсетін ормандар мен биік шөптесінді альпілік шалғындар кездеседі.Таулық орманды топырақтар қоюланған қарашірінді қабатынан тұрады және әлсіз күлгінденген. Өсімдік жамылғысы шетен, бөріжидек, итмұрын бұталары бар шыршалы ормандармен көрініс береді.
Шарын өзен алабы аңғарының қалыптасу зонасындағы субгеожүйенің солтүстік беткейіндегі еңістеу бөлігінде делювилік орман қалыптасқан. Мұндағы өсімдік жамылғысы жабайы алма, өрік, долана және барбарис, итмұрын, қарақат, таңқурай бұталарынан тұратын жалпақ жапырақты сирек ормандармен көрініс береді.Таудың шайылған қаратопырағы салыстырмалы түрде еңістелген беткейлерде қалыптасқан және қарашірінді мөлшері көп (5-9%), корбонатты болуыьен сипатталады. Төменгі қара-қара қоңыр топырақтарда бетегелі өсімдіктер және ашық қара-қоңыр топырақтарда су ағысының маусымды ысырынды конусында бетегелі-жусанды өсімдіктер тараған. Бұл топырақтар қоректік элементтерінің көп болуымен, жақсы құрылымы мен сулы физикалық құрамымен сипатталады. Олардың қарашірінді мөлшері 3,5%-дан (ашық қара-қоңыр топырақтарда) 6,5%-ға дейін (қара-қоңыр топырақтарда) ауытқиды.
Шарын өзен аңғарында қалыптасқан табиғи ерекшеліктерін сақтап қалу мақсатыда мемлекет тарапынан ұлттық бақ ұйымдастырылды.
«Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи бағы 2004 жылы Алматы облысының Еңбекшіқазақ және Үйғыр аудандары шекарасында Шарын өзені аңғарында құрылды. Бақ жерінің көлемі 93150 га, Алматы қаласынан 193 шақырымдағы Іле тауаралық шүңқыры орталығында орналасқан. Оған Үлкен Бөгеті аласа тауы мен Сөгеті аңғарларының шекаралас жатқан шөлді жерлері, каньон тәрізді аңғар мен өзеннің қатпарлы атырауы, сонымен қатар аңғарлардың жоғарғы бөлігіндегі далалар мен Торайғыр тауы беткейлері кіреді.
Бақ жерінің ауа райы шөлді континентальды. Жылдық орташа температура +50С шамасында, ең суық ай (қаңтарда) -6°С, ең ыстық (шілдеде) +27°С шамасында. Ауаның аязсыз кезеңі үзақтығы 180 күн, атмосфералык, қүрғақшылык 40 күн шамасында болады. Қар жабыны таяз (10-20см), 60 күндей болады; орташа 20 желтоқсанда тұрақталады, 20 ақпанда ериді. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 150мм. Негізгі су көзі — Шарын өзені, Іле өзенінін ірі сол жағалау арнасы. Бүл тау өзені типті. Онын, қайнар көзі Кетпен тауының оңтүстік беткейіндегі қар жолағынан биік орналасқан. Сонымен өзен биіктік белдеудін, бәрінен өтеді. Оның атаулары да әр түрлі: қайнар көзінде — Шәлкөдесу, онан кейін Кеген, тек та\ етегі жазықтығында — барлық алматылыктарга үйреншікті Шарын деп аталады. Көктемгі су тасқынына (сәуір-мамыр) байланысты езен суы көп болады, осы кезде жылдық агынның 40%-нан көбі жұмсалады. Жазгы су тасқыны (шілде-тамыз) қуаты жағынан екі есе аз. Судын жалпы жылдық жұмсалуы 25-49 куб.м/сек. Аралығында ауытқиды, орташа жылдық — 34,5 куб.м/сек. Жылдың жылы мезгілінде су температурасы әрқашанда қалыпты қолайлы Сартоғай мекенінде (Шаған тоғайы) сәуірде температура 8,2°С, шілдеде +17,5″С, ал 5 желтоқсанда 0,2°С арқылы өтетіні белгіленді Қыркүйек соңында өзен жағалаулары мұзбен жабылады, ол ақпан соңы мен наурыз басында ериді. Өте сирек, шамамен 10 жылда бір рет өзен толығымен қатады, мұз қалыңдығы 35-40 см-ге жетеді. Өзен таудан тасқынды ағынмен ағады, олардың арналары үлкен тастармен жабылған, сондықтан катты ағыс көбіне үлкен әдемі сарқырамалар түзеді. Өткен миллиондаған жылдар ішінде өзен карбон дәуірінің ежелгі түзілістерінің қалың қабаттары мен атпа тау жыныстарын тілімдеп тастаған Нәтижесінде үлкен өте әдемі терең аңғар пайда болды, ол — үлттық бақтың басты көзге түсер байлығы. Ол соңғы онжылдық ішінде саяхатшылардың келуі жағынан ең жоғарғы орынды алып отыр. Бүл аймаққа жер бедерінің қатты тілімденуі тән жағдай. Иректелген, қиылысқан, одан қайта айырылған көптеген тік жарлар мен жыралар қалың тәртіпсіз тор түзеді, оны бедленд деп атайды. Біздің ғылыми әдебиеттерімізге сіңген бүл термин ағылшын тілінен тікелей аударғанда «жынды» немесе «жеміссіз жер», яғни «жетуі қиын», «өңдеуге жарамсыз жер» дегенді . білдіреді. Бедленд пен бақтың басқа жерлері бедері алуан түрлі — аласа тау, шоқылар, жазықтықтар, қүм сілемдері, терең аңғар мен оған түсетін беткейлерде көптеген сатылар, сөрелер, үңгірлер, ғажайып жалқы жартастар және т.б. Әр түрлі жастағы геологиялық жиынтықтар — палеозойдың атқылап шыққан кристалдық және метаморфтық тау жыныстары, неоген дәуірінің шұбар түсті шөгінділері және оларды жауып түратын төрттік дәуір түзілістері әдемі көрінеді. Осының бәрі бірлескен күйде ауа райы көрсеткіштерінің тез ауысуына байланысты жердің бірегей ландшафтысының алуантүрлілігін түзеді.
Жалпы ландшафт — тау, тау етегі және тауаралық шүңқыр және олардың жекелеген қайталанбас серіктестері өзгеше. Ұлттық бақ ландшафт картасында сайлар мен мекен түрлері дәрежесінде 100 бөлшек саналады. Бірегейлер қатарына — Сарытогай мекенінде шаған тоғайы, Шарынның қызыл және жасыл терең аңғары, Замков аңғары, өзіндік ерекше бедлендтер, Іле кен қабаттарының пайда болған түзілістері, шүңқырдың төменгі бөлігіндегі тасты шөлдер және т.б. жатады. Далалы (қара, қоңыр топырақтар) және шөлді (қоңыр, сұр-қоңыр, өте құрғақ) топырақ түзулерінің топырақ жиынтыгы ерекше алуан түрлі және едәуір өзгеше. Интрозоналық топырақ арасында шағанды ориан астындағы жайылма орманды-шалғынды және орталық азия (гобий) типті өте қүрғак. топырақ ерекше бөлінеді.
Шарын ұлттық бағында биологиялық алуантүрлілік жоғарғы дәрежеде Өзен аңғарларында өсімдіктердің өсуіне қолайлы жағдайы мен экологиялық түрлі тіршілік ортасы болуына, Солтүстік Тянь-Шаньнның ірі тау құрылысы әсеріне, территорияның Қазақстан және жоңғар шөлдері арасында шекаралас орналасуына байланысты өсімдік жабыны бай және өзіндік ерекше. Мұнда өсімдіктердің жеті типі (далалы, шөлді, бүталы, орманды, тоғайлы, шалғынды және батпақты), құрамы жағынан қайталанбас 70-тей өсімдік бірлестіктері бар.
Бақтың басты көзге түсер жерлерінің бірі Сарытоғай өңіріндегі жалпақжапырақты қалдық шаған орманы болып табылады, оның көлемі 5,014 мың га. Ол 1964 жылдан бері табиғи мемлекеттік ескерткіш дәрежесінде қорғалады. Бүл орманда қазіргі флораның ежелгі түрлерінің бірі — соғды шағаны (өзенсүйгіш) басым, мұнда палеоген дәуірінен бері сақталған. Жиі айрауық, қасқыржем және таңқурайдан түратын сирек шөптесін қабаты немесе өлі жабынды шаған қалың тоғайын түзеді. Шілік тоғайларда тал, іле және Альберт итмүрыны, сонымен қатар сирек кездесетін қызылкітаптық түрлер — іле бөріқарақаты мен іле үшқаты әдеттегідей. Сирек шаған тоғайларында ірі шөптесін (қызыл кендір, орал миясы, дәрі қасқыржем, сары қияқ және басқалар) қабаты жақсы жетілген. Ағашы кесілген жерлер мен алаңқайларда бүталардың (бөріқарақат, итмүрын, шеңгел, жыңғыл) қалың тоғайы әдеттегідей. Су арнасы маңында тал, жиде, шырғанағы басым ештеңе өтпестей қалың тоғайлар қалыптасқан. Олардың құрамында лиана -шығыс жібілгені, сібір түйешырмауығы, арамшөп калистегия көп. Жоғарғы сортаң жайылма сатыларда тағы бір қалдық түрдің шөл терегі — тораңғының сирек орманы кездеседі. Олар флоралық құрамы жағынан өте ерекше, өйткені тораңғының екі түрінен басқа (көкжапырақ және түрліжапырақ), мұнда шаған көп мөлшерде кездеседі.Сонымен қатар қара сексеуіл мен галофитті бүталар — сорқаңбақ, қарабарақ, сібір ақтікені, жыңғылдар мен сирек кездесетін қызылкітаптық түр Михельсон кермегі топтары бар.
Ұлттық бақ флорасында жеке таулы жер флорасы байлығымен қатар жоғарғы өсімдіктердің 940 түрі бар. Оның қүрамында 20 түкымдас 39 туысқа жататын эндемиктік, субэндемиктік және сирек кездесетін 60 түр бар. Үш түр (іле сасыры, Зинаида шөлмасағы, Михельсон кермегі) қалдық эндемиктер болып табылады, яғни бүрын таралу аймагы кең болып, қазіргі кезде тек осы жерде ғана сақталған.Тар эндемикті түрлер 8, оның үшеуі (Недзвецкий кекіресі, сөгеті сасыры, жартас далазығыры) сирек кездесетін және Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген. Әсіресе монотипті туыстың (бір түрлі) екі сирек кездесетін өкілдері — Кауфман иконниковиясы және кекіре плагиобазисі қызықты. Қызылкітаптық түрлер не бары — 21 түр. Айтылған сегіз түрден басқалары: іле бөріқарақаты, ірі ақжапырақ, жоңғар түймебасы, жым, шарын және жалғанракитник таспашөптері, алматы кекіресі, тяньшань сылдыршөбі, Голоскоков ақүрпегі, кіші сүйелжазар, шаған, іле үшқаты және көкжапырақ тораңғы. Бақ жерінің жоғары сапалы сәндік өсімдіктері көп. Тасты шөл түрлері әдемі әрі өзгеше, аймақтың жазықтық жерлеріндегі тасты шөлдерді ботаниктер осылай атайды. Олардың арасында жатаған жастық тәрізді, жиі тікенекті шөптер, бұталар немесе шала бұталар; тікенді шырмауық, бозтікен, қостікенді лагохилус, Семенов кермегі, жоңғар сәулегүлі бар. Мамыр соңында осы гүлдеп түрған жастықшалар қатаң шөл көрінісінде ашық реңді сары, ақ, қызыл аралшықтар болып ерекшеленіп көзге түседі. Басқа түрлер, әсіресе каньон беткейіндегі, өздеріне гүлдерімен емес, жемістерімен -шырынды ашық түсті (бөріқарақат, қылша) немесе ерекше пішінімен (Розов және кеген түйетабандары) еліктіреді.
Ұлттық бақтың жануарлар әлемі өте бай. Мұнда сүтқоректілердің 36 түрі кездеседі, олардың ішінде түлкі, қарсақ, күм қояны, доңыз, тау ешкісі, аққалақ, ақкіс, қосаяқтар мен қүмтышқандар әдеттепдей. Қазақстан Қызыл кітабына бес түр: қарақүйрық, тас сусары, шүбар күзен, сабаншы және ортаазия өзен құндызы енгізілген. Құстар әлемі алуан түрлі, 200-ден астам түрі бар, оның 111 түрі ұялайды. Шаған тоғайында ағаш-бұта мекендеушілері — қоңыр және қызылаяқ кептерлер, түркептерлер, мысықторғай, зортұмсық бұлбұл, маубас жапалақ, боз және қаршығарен, сандуғаш, үлкен, ақсағал көк шымшықтар басым. Соңғы жылдары тоғайдан үялауы сирек кезқүйрық шымшық және шақылдақ, сонымен қатар қызылкітаптық бір түр — қара дегелек табылды. Терең аңғарда түрлер көп, олар тік жарларда, жартас қуыстары мен жарықтарында көк кептер, жартас карлығашы, кекілік, қасқа, шөл, биші шақшақайлар үялайды. Мұнда Қызыл кітапқа енгізілген үкі мен көптеген күндізгі жыртқыштар: бүркіт, құмай, сақалтай, жыланшы, жұртшы, ителгі, бидайық, қарақұс пен бақалтақ қыран мекендейді. Шекаралас шөлдің қанаттыларынан едәуір қызықтылары үш қызылкітаптық түр: жекдуадақ, қарабауыр бұлдырық пен қылқұйрық бұлдырық кездеседі. Бақта бауырымен жорғалаушылардың 18 түрі бар. Кесірткелерден алай жалаңкөзі, ешкемер, сүр жармаскы, жыландардан -қалқантұмсық, өрнекті және түрлі түсті қарашүбар, ал арна маңы биотоптарында су жыланы әдеттегі болып табылады. Оның қорегінің негізін балықтар құрайды, бақ су қоймаларында балықтың 10 түрі мекендейді. Оның жетеуі азия тау фаунасының нағыз жергілікті түрлері, ал біреуі (іле шармайы) Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген. Қызылкітаптық түрлерге сонымен қатар шүбар батбат пен орталық азия бақасы жатады. Көп түрлі насекомдардың түр құрамы тіпті зерттелмеген, жазда ашық түсті күндізгі көбелектер — қалақай көбелегі, көптүсті, адмирал, апполон — мнемозина, шалғын сары көбелегі мен ірі метал түсті жасыл барылдауық қоңызы — хош иісті әдемі барылдауық қоңыз назар аудартады. Бақ жерінде қызылкітаптық түрлер 10-нан кем емес, оның ішінде әдемі қыз инелік және әмірші инелік, қоңырқанатты шегіртке, дала шегірткесі, Семенов барылдауық қоңызы, іле отын кескіш қоңызы, нүктелі қанқызы және басқалар. Шарын терең аңғарында бірқатар геологиялық жағдайлардың сирек үйлесімділігі арқасында фауна мен флораның ежелгі, яғни қазіргі кезде өліп біткен өкілдерінің қызық мекен орындары сақталған. Шарын тік жарларынан тастанған сүйектердің бай жиынтығы (мастодонттар, пілдер, мүйізтұмсықтар, Стенон жылқысы, қорқау қасқыр және көптеген басқалар), сонымен қатар флораның ерекше тозаңдық жиынтықтары табылды.
Ұлттық бақ жерінде жоғары сұлулық қоры және едәуір демалу қоры бар. Мұнда автокөлік, су және жаяу саяхат маршруттары дайындалған. Бұл мекеменің мақсаты — тек бірегей табиғат бірлестігін қорғау ғана емес, сонымен қатар кейбір сирек кездесетін түрлердің санын қалпына келтіру. Мысалы, Ақтоғай мекені тоғай ақмаралы тобын қалпына келтіруге қолайлы, бұл түр Қазақстан Қызыл кітабы мен табиғатты қорғаудың Халықаралық Қызыл кітабына енгізілген. Ақсай елді мекеніне жақын жердегі аңғар сирек кездесетін құстар -жекдуадақ пен ителгіні өсіру үшін арнайы орын құруға өте қолайлы. Мұндай жобалар халықаралық көмек алуы мүмкін.
- БЕДЕР ТҮЗУШІ ЭНДОГЕНДІК ФАКТОР
2.1. Геологиялық құрылымы
Шарын өзені алабының геологиялық құрылымы жыныстық кешендерінің әртүрлілігіне байланысты. аумақтың жазық бөліктері кайназой түзілімдеріне сәйкес келеді, яғни онда борпылдақ әрі флювиогляциалды және провиалды шөгінділер басым. Алаптың тау бөлігінде әртүрлі жастағы эффузиялық және интрузиялық қатты дислокацияланған кембрилік және төменгі таскөмір тау жыныстарынан тұрады. алап аумағының негізгі құрылым бірлігі болып платформалық негізде қалыптасқан калидондық, герцендік және альпілік тау түзілімдер – антиклинорий мен тау аралық ойыстар- синклинорилер болып табылады.
Торайғыр және Бөгеті таулы массивтері Торайғыр- Қату, Үлкен және Бала Бұғыты тауларымен бөлектенген антиклинорий болып табылады. Бұл массивтер ежелгі ағын аңғарлары арқылы ажыратылады. бұл таулардың шығыс бөлігінде ордовик кезеңінің құмды тақтатасты қабаттары және төменгі карбонның эффузивті жыныстары қалыптақан. Оңтүстік тауалды бөлігіне неогенді шөгінділер сйкес келеді.
Оңтүстік пен солтүстіктегі антиклинорийін қиындататын жарылымдардың қалыптасуы әртүрлі шөгінділердің тектоникалық байланысының барлық аймақта байқауға болады. Антиклиноридің солтүстік жағымен ядролық граниті неоген ежелгі төрттік және Іле қазан шұңқырларындағы қазіргі төрттік шөгінділер арасын байланыстырады. Оңтүстік қанатының шетіде граниттер ежелгі кристаллды төменгі палеозойдың тақтатастары және төрттік шөгінділер арасында байланыс байқалады. Торайғыр жотасы аса ірі Іле Алатау антиклинориінен Алабайт аласа таулы массиві арылы бөлекшеленеді. жотаның төменгі шегінде аса ірі Жарылымдар бірігеді және ол Шарын өзені аңғарымен түйіскен жерінде анық байқалады.
Жалаңаш және Тоғызбұлақ тауалды жазықтары синклиналь болфып табылады, және оңтүстігінде Күнгей Алатауымен, ал солтүтігінде Торайғыр антиклинімен шектеседі. 120-150м неоген ежелгі төрттік шөгіндіден тұратын беткі ойыстар гаризонтты жалғақан. Синклинальдың ойысы – шығыс- солтүстік- шығыс бағытта, ал максимум майысуы ойыстың осімен сәйкес келеді. бұл Шарын өзені мен Темірлік өзендерінің каньон тектес қимасында анық байқалады. Төменгі таскөмір шөгінділерінен тұратын ойыстың орталық бөлігі түгелдей неоген ежелгі төрттік шөгінділерімен көмкерілген, ал оңтүстік және солтүстік беткейінде олар шеткі қабатына жақын орналасқан.
Жалаңаш аңғарының солтүстік бөлігінің жарылымдары ұзыннан созылып жатыр. Ең ірі жарылымдардың бірі Шарын өзені аңғарын қиып өтеді және неоген ежелгі төрттік шөгінділерін 120м амплитудада араластырады.
Көкпан- Күнгей – Алатау антиклинориі Жалаңаш синклиналін ассиметриялық құрылымды Кеген – Шәлкөдесу мегасинклиналінен бөліп тұрады. оның осьтік бөлігі калидондық және герцендік гранитоидтардан тұрады. Оның шығыс бөлігіндегі антиклиналінде төменгі және ортаңғы карбонның эффузивті — шөкпе шөгінділері мен неогендік шөгінділері қалыптасқан. Антиклинальдің ассиметриялылығы оның солтүстігінде ортаңғы және шығыс ордовигтің, протерозойдың қатпарлы кешендерінің дамуымен, ал оңтүстігіндетек кембриге дейінгі қатты дилокацияланған шөгінділерімен сипатталады. Антиклиноридің солтүстік және оңтүстік қанатында үлкен жарылымдар байқалады. Жалпы антиклинорийдің құрылымы қырқалар жүйесінің және оның жақтарындағы жарылымдар жүйесімен тығыз байланысты герцендік гранитоидтардың болуымен сипатталады. Жотаның мезазоилік – каиназоилік құырылым оның антиклиноридің құрылылуындағы ежелгі тегістелу бетінің деформациясына байланысты. Батыс – Кетпен антиклинориі Кеген – Шәлкөдесу мегистралінен Іле синклинориін және Жалаңаш — Тоғызбұлақ құрылымын алыстатады. Кетпен жотасы қолаттарының жарылымды, палеозой негізінде антиклинальды көтерілім болфып табылады. Жотаның батыс бөлігінде жер бедерінде локальды ұсақ, ағыстың ежелгі бойлық аңғарлары арқылы ажыратылады. Темірлік, Құлықтау жоталары арқылы бірнеше ассиметриялық антиклиндерге бөлінеді. антиклиноридің батыс бөлігі вулканогенді төменгі таскөмір тау жыныстарынан тұрады. Кетпен жотасының оңтүтік беткейі қызыл түсті құндақтармен кангломераттармен және әктастармен көрініс береді.
Күнгей Алатау жотасының антиклинориінің шығыс жалғасы болып табылатын Кеген-Шәлкөдесу магистралі Шуыл – Адыр және Қаратау тау көтерілімдерінің осі бойынша құрылымы онша күрделі емес. Ойыстың оңтүстік көтерілімі антиклинорий болып табылды. Ол герцендік гранитоидпен, девоннның эффузияларымен және төменгі карбоннан, олигоцен –меоцендік переферилерден және неоген ежелгі төрттік түзілімдерден құралған.
2.2 Тектоникалық құрылымы және жаңа тектоникалық қозғалыстар
Жоғарыда айтылып өткендей шарын өзен алабы аумағында келесі тектоникалық аймақтарға бөлуге болады: Торайғыр – Бөгеті антиклинорийі; Жалаңаш Тоғызбұлақ синклинориі; Көкпан Күгей Алатаулық антиклионирі; Батыс Кетпен антиклинорийі; Қарқара синклинориі; Кеген – Шалқыдысу мегасинклинориі.
Шарын өзен алабының аумағы жоғарғы сейсмикалылығымен сипатталады. Мәліметтерге сүйене отырып аумақты бірнеше катигорияларға бөлуге болды жән онда 7-9 баллдық күші бар жер сілкінісі болуының мүмкіндігін анықтаған. Бұл аймақтың эпицентірі болып жоталар аралығын және тереңде жатқан тектоникалық жарылымдар айналымын айтуға болады.
Шарын өзен алабының бедер пішіні альпілік тектоникалық процесстерімен және эрозияның, денудация мен аккумуляцияның қарқындылығымен тығыз байланысты. Аумақтың 80% астамы таулы бедер пішініне (1600м жоғары) ал қалған бөлігі жазықтық белдеуге жатады.
Қатпарлы аймақтардың бедері тек қана қаптарлардың түріне және олардың кескініндегі және пландағы сыртқы бейнесіне ғана емес, сонымен қатар тау жыныстардың құрамы мен сыртқы күштер әрекетінің қарқындылығына және тектоникалық жағдайларына байланысты. кішігірім және қарапайым қатпарлы құрылымдар жер бетінде биік емес аласа жоталар түрінде байқалады. әртүрлі иілімдерден құралған, жер қыртысының көтеріле даму нәтижесінде түзілген, ішкі құрылысы өте күрделі, ауқымы біршама ірі жалпы пішіні антиклинді болып келетін құрылымды антиклинорий дейді. Шарын өзені аңғарында антиклинорий кең ауқымды жоталарды құрады.
Неотиктоникалық қозғалыстардың пайда болуын әртүрлі геоморфологиялық белгілер арқылы анықтауға болады:
а) Климат өзгеру әсеріне байланысты емес, теңіз және өзен террасаларының қалыптасуына байланысты;
б) Теңіз және өзен террасаларының және ежелгі денудациялық тегістелген аймақтардың деформациялануы;
в) жоғары көтерілген терең және жиі ойдымдалған тау алқаптары;
г) пенеплен үстіндегі жарылымдардың болуы;
д) денудацияланған тиктоникалық кертпештер;
е) сатылы бедер пішінінің түзілуі;
ж) сатылы карстық үңгірлерімен биік тау беткейлерінде қар пішіндерінің түзілуі;
з) аңғарлардың антецеденттік телімдерінің қалыптасуы.
Антецеденттік аңғарлар — өзен суының жолындағы кездескен тиктоникалық көмпилерді (антиклинді қабаттар немесе блоктарды) тіліп, шаюынан қалыптасқан аңғарлар. жоғарыда атап айтқандай, неотиктоникалық қозғалыстарды, олардың тікелей белгілерінен басқа, жанама белгілері арқылы да байқауға болады. Мысалы тиктоникалық көтеріліске ұшыраған аңғар бөліктері тиктоникалық тұрақты бөліктерімен салыстырғанда тілімделу жиілігімен және едәуір тереңділігімен сипатталады. мұндай жерлерде аңғарлардың көлденең және бойлық кескіні – түбі терең, тік жағалы, тар шатқал аңғарлардың морфологиясына ұқсап келеді.
Сөйтіп қазіргі бедер пішіннің қалыптасуы негізгі бедер түзілу факторларының үздіксіз динамикалық әрекетінен, яғни тиктоникалық процестер мен үгілу және аккумуляциялық процестердің өзара байланысы әрекетінің салдарынан жүзеге асады.
- 3. ШАРЫН ӨЗЕН АҢҒАРЫНЫҢ ГЕОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ
3.1 Өзен және өзен аңғарларының пайда болуы.
Өзен аңғары дегеніміз — жер бетіндегі аса енді емес, ұзына бойы ирелеңдеп созылып жатқан жалпы еңістегі өзеннің бастауынан сағасына қарай бағытталған ойыс түрінде көрініс беретін бедер пішіні. Аңғар су ағындарының эрозиялық әрекеті нәтижесінде қалыптасқан.
Аңғарлардың төмендегідей негізгі морфологиялық элементтері бар: арна, жайылма, терраса, аңғар жағалауындағы беткейлер.
Жайылма — өзен аңғарының сол өзен тасыған кезінде су басып кететін бөлігі.
Террасалар — тегіс немесе аздаған еңістігі бар аңғардың беткейлер шегінде сатыланып орналасқан алаңдар, соның ішінде жайылма ең төменгі терраса болып есептеледі.
Аңғар беткейі — өзен аңғарының екі жағалауын оқшаулап шектейтін, еңістігі өзен арнасына бағытталған көлбеу жазыктық. Оның беті жыра, сай және басқа да жуып-шаю әрекетгерінен пайда болған элементтерден тұрады.
Арна — өзен суы үнемі үздіксіз ағатын аңғар табанынын ең тереңделген бөлігі. Оның ені әдетте ондаған метрден бірнеше жүздеген метрге дейін кетеді. Арнаның ең терең нүктелерін біріктіретін иректелген сызық өзеннің фарватері немесе тальвегі деп аталады. Өзен арналары планда әдетте ирек бейнелі болып келеді. Арна ұзына бойы бір-бірімен алмасып тұратын терең шұңғымалардан, яғни қарасулардан (плесы) және тайыз қайраңдар (перекаты) деген бөліктерден тұрады. Шұңғыма, яки қарасу бөліп өзеннің иілген тұсында ұшырасады, ал қайраң-шұңғымалар арасындағы арнаның тузу бөлігінде орын тепкен. Шұңғымалардың пландағы көрінісі доға тәрізді эрозиялық шұңқыр. Құмды жалдардан құралған кайраңдар өзен иінінің шығыңқы жағасынан келесі төменгі иіннің шығыңқы жағасына дейін созылып жатады. Қайраң мынадай негізгі элементтерден тұрады 1) жоғарғы қайыр (құм), қайраңның астауынан жоғары орналасқан; 2) төменгі қайыр, астаудан төмен орналасқан; 3) жоғарғы иірімдік жыра немесе жылға (верхняя плессовая лощина) — қайраңнан жоғары орналасқан арнаның терең жері; 4) төменгі иірімдік жыра немесе жылға — қайраңнан төмен орналасқан арнаның терең бөлігі; 5) бел-қайраңнын жоғарғы және төменгі қайырларын жалғастыратын ең биік бөлігі: 6) қайраңның астауы — арнаның фарватері өтетін, белдің ең терең бөлігі; 7) арынды (жоғары) беткей; 8) төменгі беткей (етек). Кейде өзен арнасынын бағытын өзгерткен тұстарында өзен табанының көтерілген жайпақ бөлікшесі — өткелдер кездеседі.
Әдетте қайраңдар мен шұңғымалардың орналасуы, көлемі мен биіктігі ағын судың тұрақты әсер етуінен үнемі өзгеріп отырады. Олар өзен ирелеңдеріне ұқсас өзен ағысымен ұзына бойына қозғалыста болады. Қайраң өзеннің тасыған кезінде ұлғайып, судың төмен сағасына келген кезде шайылуға ұшырайды. Ал, шұнғымаларда керісінше, судың тасыған кезінде, жыру процесі басым болады да, деңгей төмен түскенде бұл процесс бәсеңдейді.
Өзен арнасы төменгі құрылымдардан тұрады:
арал — жайылманың бір бөлігі, өзен қолтықтарымен немесе салаларымен қоршалған, өсімдік жамылғысымен бекітілген, орнықты;
қалдық — өзеннің негізгі арнасы мен өзеннің бөлініп қалған ескі өзен арасындағы жайылманың бір бөлігі;
жеңсала — аралмен бөлінген өзеннің бір бөлігі:
сала — (өзек) — өзеннің негізгі арнасынан алысырақ кеткен және одан енсіздігі, тереңдігі, ағысының жылдамдығымен ерекшеленетін бөлігі;
шығанақ — өзен жағасына терең біріккен өзен құрылымы;
қайыр — өзен арнасының саяз бөлігі, су тартылған кезде судан босап, кұрғақ аралға айналады;
жағажай — кең, тегіс келген, өзен тасындыларынан құралған өзен жағалауындағы жолақ:
түбекше — өзен арнасына сұғына кіріп жатқан құм шөгіндісі (Ж.Достайұлы, 1996).
Өзеннің құмдардан тұратын арнамаңы қайраңдардың бетінде судың ағысынан пайда болған күрделі түрде тарамдалған толқындар іспетті шағын-шағын иірімдер жүйесін ағыс иірімі (рябь течения) дейді. Мұндай құмды толқындар су ағынының бір бағытта ағуының нәтижесі, нақ осы себептен олардың сыртқы пішіні ассиметриялы болып келеді.
Сондықтан Шарын өзен алабын келесі геоморфологиялық өлкелерге бөлуге болады: Теріскей Алатауы биік таулы гляциялды тектоникалық; Күнгей Алатауы биік таулы эрозиялық – тектоникалық; Шалкөдесу — Кеген таушілік эрозиялық — аккумулятивті; Құлықтау – Темірлік орта таулық эрозиялық – денудациялық; Кетпен орта таулық денудациялық – тектоникалық; Торайғыр аласа таулы эрозиялық- денудациялық; Жалаңаш тауалды аккумулятивті; Ақсай — Сөгеті Тауалды эрозиялық – аккумулятивті; Төменгі Шарын аккумулятивті.
- Теріскей Алатау биік таулы гляциалды тектоникалық аймақ Қарақара өзен алабының Теріскей Алатаудың Солтүстік беткейіндегі 1,4км2 алып жатқан мұздықты аймақты қамтиды.
- Күнгей Алатау биік таулы эрозиялық – тектоникалық аймақ Шет және Орта Мерке өзеғн алабының биік гепсометриялық деңгейіндегі аумақты қамтиды. 1000м биіктіктегі биік таулы бедер пішін аумақтың барлық аймағына тән. Аумақ интенсивті қозғалыста болғандықтан эрозиялық процесстердің басымдылығымен мұнда анғарлармен сайлардың қалың торлары қалыптасқан. Түкім- Бұлақ тауының беткейлерінің тереңдігі 400- 800м — ге жетеді.
- Шалқұдысу – Кеген таушілік эрозиялық – аккумулятивті аймақ қазақшұқырлы әрі ежелгі алювиялды және көлдік жазықты болып келеді. Алювиалды жазықтар Кеген, Қарқара, Шалқұдысу, Сарыжаз өзендері аймағында кең тараған көлді жазықтар алаптың орталық бөлігіндегі Кеген өзен аймағында байқалады және қат – қабатты құм және грави таралған. Бұл жазықтарда аккумулятивті және эрозиялық террассалар тән және де кайназойдағы көне көлдің тартылуына әсер етіп айтарлықтай ендікті алып жатыр.
4.Құлықтау — Темірлік орта таулы эрозиялық – денудациялық аймақ реликті мезазой пенеплен бедер пішіні мен ұсақ шоқылы пішіндеріннің типтерін қосады. Реликті ежелгі денудациялық қатпары Құлықтау және Темірлік жоталарында 1100м- ден 2800м -ге абсолюттік биіктікте сақталған.
- Кетпен орта таулық денудациялық – тектоникалық аймақ құрылымы бойынша ендіктік бағытта жатқан жоталар болып табылады. Шығыста Қаратау, Сарытау және т.б. орта таулық массивтерінің ені 9км – ді құрайды. Қаратау жотасының бетінің тегістелуі «джон» деп аталған және таудың 50% — ын алып жатыр. Бұларға адырлар жатады.
- Торайғыр аласа таулы эрозиялық – денудациялық аймаққа беткі қабаты денудацяға ұшыраған, ендік бағытта жатқан жоталар жатады. Мұндай ұсақ шоқылы бедер пішін Торайғыр жотасының шығыс беткейіне тән.
- Жалаңаш таулы аккумулятивті аймақ сайлы әрі жалды – жонды бедер пішінді бедленд болып келеді.
- Ақсай — Сөгеті тауалды эрозиялық — аккумулятивті аймақ неоген төрттік кезеңнің ормандарымен, борпылдық шөгінді қабатындағы малтатасты – қойтасты қабаттармен жабылған тау бөктерінде қалыптасқан. Бұл аймақ аласа террасалы болып келеді. Бұлар – тау бөктері деп аталады.Тау бөктері қатты тілімденген көптеген сайлармен және терең қимасы 100-300м болатын өзен аңғарларымен көрініс береді.
- Төменгі Шарын аккумулятивті аймақ Шарын өзен алабының төменгі бөлігін алып жатыр. Аймақтың бедер пішіні алаптың аккумулятивті зонасының ежелгі аллювиалды көл шөгінділерінде қалыптасқан.
Қазіргі Шарын өзенінің атырауы Кеген қазаншұңқырының жоғарыдан түскен ағын аумағын алып жатыр. Атыраудың қазіргі құрылымы орта төрттік кезеңнің орта және жоғарғы Шарын алабындағы ұсақ көлдердің табылуынан басталады. Өзен атырауының қарқынды эрозияға ұшырауы алаптың жоғарғы және ортаңғы бөлігіндегі тау ішілік ойыстарының эрозия базисінің төмен
3.2 Аңғарлар классификациясы.
Аңғарлардың морфологиялық типі. Өзен аңғарларының морфологиясы олардың жергілікті физикалық-географиялық жағдайларына, геологиялық құрылысына және даму тарихына байланысты. Таулы өлкенің жоғары өрлеуіне байланысты қарқынды түрде эрозиялық тілімдену нәтижесінде саңылау, шатқал және каньон тәрізді терең аңғарлар пайда болады.Саңылау (теснина, щель) — екі жағы тік құламалы, тар аңғар. Тау шатқалы (ущелье) — тік құлайтын екі жақ беткейлері төмендеген сайын сүйірлене беретін өте енсіз көлденең қимасы V — әрпі тәрізді терең анғар. Кей жағдайда, шатқал тектоникалык жарылымдар бойында қалыптасады. кейіннен ағын сумен одан әрі кеңейіп, терендей түседі. Каньон — жазық бағытта қабатталған жағаларының беріктігі әр түрлі тау жыныстары қабаттарының су тіліп өткен жағдайда кертпештеніп калыптасқан саты тәрізді аңғар. Эрозияға төзімді қабаттар тегістеліп каньонның жағасында террасаға ұқсас жазық алаңшалар құрады.
Дүние жүзіндегі ең ірі өзеннің бірі Солтүстік Америкадағы Колорадо өзені каньонының тереңдігі 1200-1800 м, ұзындығы 320 км. Қазақстанда Іленің саласы Шарын өзені бойында терең каньондар кең дамыған. Бұдан басқа каньондар Маңғыстауда және Үстірт өлкелерде кездеседі.
Жоғарыда айтылған үш түрлі аңғарлардың (саңылау, шатқал, каньон) түбін түгелімен немесе түгелге дерлік су басып жатады.
Аңғардың даму жолындағы кейінгі кезеңдерінде бүйірлік эрозия күшейе түсіп, аңғар кеңейіп, түбінде жазық жайылма алаңшалар қалыптасады. Анғар одан әрі тілімденіп, және аккумуляцияға ұшырап, жағалары жайпақ кең аңғардың түбінде бірнеше террасалар түзеледі. Мұндай аңғардың көлденең қимасы жәшік немесе астау пішінді болады да, өзен дамуынын бұл кезеңін оның толысқан яки жетік кезеңі деп атайды.
Геологиялық құрылымына жэне тектоникалық элементтеріне байланысты аңғарлар синклиндік, антиклиндік, моноклиндік, грабендік (опырықтық), антецеденттік және тектоникалық жарылым бойына сәйкес келген болып бөлінеді. Мұндай аңғарларды жаралу тегіне орай тектоникалық аңғарлар деп айтуға болады. Жоталармен жарыса жатқан аңғарларды немесе геологиялық құрылымдардың созылымымен сәйкес келген аңғарларды бойлық аңғарлар дейді. Бойлық аңғарлар енді келеді және олар ұзына бойында морфологиялық жағынан көп өзгермейді, яғни біркелкі болады. Ал тау жотасын жарып өтетін аңғарларды көлденең аңғарлар деп атайды. Көлденең аңғардың тұйық және ашық түрлері бар. Тұйық аңғар тау жотасының бір-ақ беткейінде дамиды. Ашық аңғарлар көлденең жатқан жас тау жотасын бірте-бірте тілгілеп өтуі нәтижесінде түзіледі. Мысалға, көлденең аңғарға куэст аймақтарының консенвенттік өзендер аңғары және
жотаны тесіп өткен антецеденттік аңғарлар жатады. Антецеденттік аңғарлар немесе кесіп өткен аңғарлардың түрі терең шатқал аңғарға ұқсайды. Жалпы көлденең аңғарларда тар шатқалдар мен аңғардың жайпақ кең бөліктері кезектесіп ауысып отырады.
Аңғарлар өзінің өтетін айімақтарының сипатына қарай таулы және жазықты аңғарларға бөлінеді. Таулы аңғарлар әдетте терең, тар және жағалары тік болады, ал бойлық кесіндісі өте еңіс немесе құлдилау болып келеді. Жазықты аңғарлар керісінше, кең, жағалары жайпақ, көлбеу немесе сатылы болады.
Аңғарлардың халық шаруашылығындағы маңызы өте зор. Қазақстанның Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық, Сырдария сияқты жазықтағы өзендерінің жайылмалары шұрайлы шабындық үшін, ал террасалар әр түрлі ауылшаруашылық дақылдарын егу үшін кең пайдаланылады. Елді мекендер көбіне өзен аңғарларына қоныстанады.
Аңғарлардың генетикалық ерекшеліктері. Судың еріткіштік қасиетіне байланысты карбонатты тау жыныстары (әктас, бор, доломит) кең тараған аймақтарында карстық аңғарлар кездеседі. Жалпы карстқа ұшыраған тау жыныстары дамыған аймақтарда карстық аңғарлардың бойлық қимасы кездейсоқ бұрылыстармен және аңғар түбінде кездесіп қалатын қуыстармен немесе «қалташықтармен» ерекшелінеді.
Мұздық аңғарлары тау өлкелерінде мұздық әрекеті нәтижесінде пайда болады. Трогтың көлденең қимасы тік беткейлі, астау тәріздес ойпаң түпті болып келеді. Оның жағалары қаншама тік болғанымен етек жағында едәуір көлбеуленеді де, аңғар түбіне ауысады. Екі жақ беткейлердің көлбеуленген үстіңгі тұсында трог иығы деп аталатын бүгіс байқалады. Трог — ең алғаш V — әрпі тәрізді таудың эрозиялық пішіні болған, ал кейінірек мұздық осы тау аңғары бойымен төмен ығысқан кезде, ол аңғар жағаларын өз салмағымен қопарып, кеңейтіп астау тәрізді аңғар түзген.
Көмбе аңғарлар — көне өзен пішіндері, олар әдетте борпылдақ төрттік шөгінділермен бүркелген. Орталық Қазақстандағы Сарыарқа даласында көмбе аңғарлар жиі кездеседі. Тоқырау, Қусақ, Шар және т.б. өзендердің аңғарлары осы көмбе аңғарларға жатады. Кезінде көмбе аңғарлардың аумағы қазіргі кезеңмен салыстырғанда суы мол, өзен торлары кең ауқымды қамтыған. Кейін физикалық-географиялық жағдайлардың өзгеруіне байланысты өзендердің суы тартылып, аллювий шөгінділері азайып, аңғарлардың аумағы едәуір кішірейген. Орталық Қазақстаңдағы кейбір аңғарлардың қазіргі көлемі көне аңғарлардың оннан бір бөлігін ғана қамтиды.
Көмбе аңғарлардың халық шаруашылығындағы маңызы зор. Олар әр түрлі шашылымдардың, жерасты суларының және құрылыс материалдарының кен орны болып табылады. Мысалы, Балқаш қаласын сумен жабдықтау түгелімен Тоқырау өзенінің жерасты суын сақтаған құмды қабаттар есебінен камтамасыз етіледі.
Су асты аңгарлары өзен сағасынан теңіз түбіне қарай жүздеген, мыңдаған километрге дейін созылады. Мәселен, үстінен қарағанда Үнді мұхитының түбінен Инд пен Ганг өзендерінің су астындағы жалғасы айқын көрінеді. Сібір өзендерінің (Обь, Лена) су асты жалғасы 200-300 километрге жетеді. Дүние жүзіндегі суы мол Амазонка өзені ағысының ықпалы өзі құятын Атлант мұхит түбінің бедеріне де едәуір әсер етеді.
Ғалымдар осындай аңғарлардың пайда болуын көбінесе суға батып кеткен құрлықтағы өзен аңғарлары десе, екіншілері оларды өзеннің су асты эрозиялық әрекетінің нәтижесінде қалыптасқан деп есептейді.
Жалпы жер бетінде аңғарлардың геоморфологиясын зерттеу сол жердің даму тарихын, яғни палеогеографиялық жағдайын анықтауға пайдалы қазбалардың кен қорларын іздестіруге (әсіресе шашылымдарды анықтауға), гидротехникалық құрылыстар мен су электр станцияларын салуға, суару каналдарын жүргізуге және басқа инженерлік құрылыстар тұрғызуға керекті деректерді алуға жәрдемдеседі.
3.3 Қазіргі бедер түзуші процесстер.
Арналық эрозия және өзен аңғарларының кеңістіктегі дамуы. Өзендер негізгі арнадан және оның тармақтарынан тұрады. Олар әр қатардағы өзендер жүйесін түзеді. Екі кішкене тармақ қосылып, екінші қатардағы тармақты құрайды, ал екінші қатардағы екі өзен тармағы қосылып үшінші қатардың тармағын кұрайды. Осылай өзен тармағының төртінші, бесінші т.б. қатарлары құрылады. Үлкен өзен барлық тармақтарымеи бірге қосылып өзен жүйесін құрайды, ал белгілі бір аумақтағы өзендер саны сол жердің өзен торын қалыптастырады. Олардың жиілігі аймақтың физикалық-географиялық сипатына, климатына, бедер жағдайларына, геологиялық құрылымы мен өсімдік жамылғысына байланысты.
Өзеннің негізгі жер бедер құру факторлары: 1) өзен ағысы: 2) өзен ағысының жылдамдыгы. Өзеннің ағысы мен шығыны жауын-шашынның мөлшеріне және су жинау алабына тәуелді. Ал жекеленген өзендерді, өзен жүйелерін су қорымен қамтамасыз ететін, сумен мейлінше қаныққан беткі жазықтықты, топырақты жэне тау жыныстарының белгілі бір қабатын біріктіретін ауқымды аймақты өзен алабы деп атайды. Өзен алабының ерекшелігі: оның аумағы бастаудан құйылысына дейін өседі, сондай-ақ су шығыны да көбейеді. Керісінше, суайрыққа жақындаған сайын өзен ағысы толық тоқтағанга дейін азаяды. Бұл сипаттамалардың маңыздылығы мынада: ол кейбір геоморфологиялық мәселелерді, мысалы, суайрықтардың эрозия әрекетін, өзендердің бір-біріне косып алу құбылысын тау өлкесінің пенепленденуін т.б. негіздеуге және түсіндіруге мүмкіндік береді.
Көктемгі су тасқыны кезінде өзеннің су шығыны жоғары (максимальды) болады, сондықтан ол өзен арнасында орасан зор бұзу жұмысын жүргізеді, ал су азайғанда оның жылдамдығы бесеңдеп, бедер құру әрекеті де төмендейді. Өзен ағысының жылдамдығы оның еңістігіне байланысты. Еңістік — өзеннің құлау биіктігінің (падение) оның ұзындығына қатынасы. Құлау биіктігі деп бастауы мен сағасының нақты (абсолютгі) биіктіктері арасындағы айырманы айтады. Еңістік өлшемі %-дық бөлшектер түрінде немесе өзеннің құламалы (м/км), яғни промиль арқылы өрнектеледі. Мәселен, өзеннің орташа еңістігі 0,07% немесе 0,07 м/км делік. Әрине, өзеннің еңістігі неғұрлым мол болса, соғұрлым оның жылдамдығы жоғары болып, өзен өз арнасын мейлінше бұзып эрозия әрекетіне ұшыратады. Өзеннің бойлық жылдамдығымен қатар әр түрлі көлденең циркуляциялық ағыстары бар. Өзен иіні бөлікшесінде ең алдымен өзен түбінің ағысьі (донное течение) қалыптасады. Ол арнаның жар қабақ ойыңқы жағасынан жайпақтау келген шығыңқы жағасына қарай ағады, ал компенсациялық (орын толтыру) немесе беткі ағыс, керісінше, өзен бетімен арнаның шығыңқы жағасынан ойыңқы жағасына қарай ұмтылады. Сөйтіп ағын бойында судың көлденең циркуляциясы жүзеге асады. Жоғарыда айтылып кеткендей, осындай ағынның көлденең циркуляциясынан басқа, өзеннің бойлық ағыны да бар. Бүл екі ағын қосылып шиыршық тәрізді ағыс түзеді. Спираль тәрізді ағыс өзен бұрылысында ең жоғарғы амплитудаға жетіп, бірте-бірте екі өзен иінінің ортасында оның қарқыны азаяды. Осыған байланысты ағын судың жылдамдығы бәсеңдегеннен кейін, екі иіннің ортасында аллювиалдық материал жиналып, өзеннің таяз жері — қайраң қалыптасады. Бұдан төмен қарай спираль тәрізді ағыс кері айнала бастайды да, арна ағысы қайта дамиды. Сөйтіп, айтылған процесс жаңадан айталанады. Өзен ағысынын көлденең циркуляциясының пайда болуы нәтижесінде арна ағысының негізгі заңдылықтарының бірі —меандрлану кұбылысы пайда болуының мүмкіндігін туғызады. Эрозиялық әрекеті ағып жатқан судың кинетикалық энергиясы (тірі күш) арқылы жүзеге асады. Эрозияның жұмыс өлшемі су массасы мен су жылдамдығы квадратының көбейтіндісінің жартысына тең. Өзен еңістігі едәуір болса, тереңдік эрозиясы да басымдау, сонымен бірге өзеннің бүйірлік эрозиясы да дамиды. Алайда бүйірлік эрозия негізінен өзен арнасының жазық бағытга ауысуына немесе меандрлануына байланысты. Бұл жағдайда өзен жағалауына тиесілі жардың төменгі бөлігі сумен қопарылып төмен ағызып әкетіледі, ал жоғарғы жағы опырылып құлап айырылады, сөйтіп өзен жағасы бірте-бірте кейін шегініп отырады. Мұнда өзен жиегінің ірге жағында су ағынының активті, агрессиялы екені айқын байқалады, ал жардың жоғарғы бөлімдерінің опырылып құлап отыруы ауырлық күші процестеріне байланысты.
Регрессиялық эрозия ағысқа карсы бағытта, суайрыққа қарай жүреді, яғни шегіну эрозиясы нәтижесінде өзен арнасы жоғары қарай өседі. Ағыс бойында, арна түбінде түпкі тау жыныстарынан құрылған тік құламалар кездескен жағдайда, оны бұзуға эрозиямен қатар гравитациялық процестер де қатысады. Бірақ суайрыққа жақындаған сайын регрессиялық эрозияның қарқыны бэсендейді де сонымен байланысты су ағыны азаяды.
Трансгрессиялық эрозия келесі кұбылыстармен түсіндіріледі.
- Жоғарыдан төмен қарай су жинау алабының өсуіне байланысты осы бағытта өзеннің су шығыны мен эрозиялық мүмкіншілігі көбейе береді.
- Трансгрессиялық эрозия өзен сағасының ұзаруы нәтижесінде жүзеге асырылады:
а) тау етектеріндегі тау бөктерінен аққан өзендер еш жерге құймай «соқыр» кұйылыспен бітіп, ысырыкды конустарды түзеді. Келесі таскындарда немесе ылғалды кезеңдерде ағындар элгі конустарды жарым-жартылай бұзып-шайып, өзен анғарының сағасын әрі қарай алға ығыстырып, тағы да жаңадан ысырынды конусты құрады да бұдан әрі осылай жалғаса береді;
б) трансгрессиялық эрозия мен өзеннің құйылыс маңындағы сағаларының ұзаруы оның төменгі бөлігінің тармақталуы мен миграциялануы кезінде айқын көрінеді;
в) теңіз суы кейін тартылып шегінген кезде оған құлайтын өзен сағасы оның соңынан ілесіп, өзінің ұзындығын теңізге қарай ұзартады;
г) көптеген өзен атырауларының теңізге қарай ысырылуы аркылы өздерінің аңғарын төмен қарай ұзартады.
Осылайша өзен аңғарының дамуында ағынның алға ығысу әрекетінің мәні ете зор. Кез келген өзеннің бастауларында регрессиялық эрозия арқылы өзеннің суайрық бағытына өсуі сол айрык беткейінің ұзындығына байланысты шектеледі. Ал өзеннің құйылыс жағынан ұларуы ештеңемен шектелмеген. Өзен теңізге құйғаннан кейін де атыраудың өсуімен бірге оның алға ығысуы да жалғаса береді.
Сөйтіп, өзен аңғарларының даму барысында арнанын, эрозиядан басқа жалпы денудациялық процестері де едәуір ықпал етеді. Олар өзен аңғарының өсуі мен кеңеюіне жағдай жасап, жалпы беткейлерге өздеріне тән белгілі қима береді. Сондықтан, бір-біріне тығыз байланысты, ал мәні жағынан әр түрлі екі кұбылысты айқын бөліп қарастырған абзал, бүл айтылып өткен эрозия мен аңғардың кеңістікте дамуы. Эрозия (тау жыныстарының агын күші эсерінен механикалық шайылуга ұшырауы, су арнасы түбіндегі тау жыныстарының ағын күшімен қозғалған түйірлердің үйкелісі эсерінен қажалуы жэне тау жыныстарының химиялық ыдырауы) арна ағысының кез келген бөлігінде айқын білінетін бірыңғай процесс.
Уақытша ағын сулар мен сел тасқындарының бедер құраудағы орны. Ағын сулар жер беті пішіндерінің қалыптасуында маңызды роль атқарады. Олардың әрекетінен пайда болған жер бедер пішіндері алуан түрлі. Сол себептен суды жер бетінің үшіншісі дейді. Ағын сулардың әрекеті алдымен сумен шайылуынан, шайылған заттардың судың ағынымен төмен тасымалдануынан, соңында оларды шоғырлап, жинақталуынан құралады. Сонымен, аңғарды сулар әрекетінен атқарылатын геоморфологиялық процестердің жиынтығын флювийлік (латынша fluvius – ағын, тасқын) процестер деп атайды.
Уақытша ағын сулар әрекетінен пайда болған бастапқы эрозиялық пішіндер – жылғалар (атыздар). Олар делювийлік беткейлер бойымен жайылып аққан су кішігірім бір арнаға жиналған кезде ғана пайда болады. Жылғалардың терендігі мардымсыз: 3-30 см-ден аспайды, ені де терендігімен бірдей. Эрозиялық жылғалар бір нөсердің кезінде немесе көктемгі қар тез ерігенде пайда болуы ықтимал. Ағын тоқтағаннан кейін жылғалар өздерінін морфологиясын жоғалып жайпақтала береді. Жылғалардың терендігі мен морфологиядық бейнесі беткейлерді құрған тау жыныстар кұрамына және беткейлерден аққан судың мөлшеріне байланысты. Әдетте жылғалар бір-бірінен бірнеше метр алшақ орналасып тармақталған жылғаларды құрайды.
Жыртылған және сирек өсімдікті беткейлерде жылғалар уақыт өте бере тереңдігі 1,0-2,0 м-ге, ені 2,0-2,5 м-ге жететін эрозиялық жырмаларға айналады. Жырма ернеулері де жарлауытты келіп, көлденең кескіні көбінесе V әрпін елестетеді.
Алайда кез келген эрозиялық жылғалар жырмаларға айнала бермейді. Ол үшін ағыс күштірек, жиналған судың көлемі молырақ болуы тиіс. Сондықтан да жырмалар эрозиялык жылғаларға қарағанда әлдеқайда сирек кездеседі және бір-бірінен ондаған метр алшақ жатады.
Су қоры жеткілікті мөлшерде жиналғанда жырмалардың бір бөлігі тереңдей және кеңи келе, бірте-бірте жыраларға айналады. Жыралардың тереңдігі 10-20м, не одан да көп, ені (бір қабақтан екінші қабаққа дейін) 50м немесе одан да артық бодады.
Жыралардың жағалары көбінесе тік. Кейде жыралардың табаны жайпақ, ені бірнеше метрден аспайды. Жыра жырмадан тек өзінің көлемімен ғана емес, сонымен қатар өзіне тән жеке бойлық кескінімен ерекшеленеді, онысы ол тіліп өтетін беткейдің кескінінен өзгеше болады. Ал жырманың бойлық кескіні әдетте беткейдің бойлық кескінінің сәл тегістелген түрін қайталайды.
Таудағы уақытша ағынды сулардың өздеріне тән белгілері бар. Мұнда су ағыстарының жоғарғы жағында айқын білінетін, амфитеатр тәрізді жырмалармен тілімденіп тарамдарынан су жинағыш шүңқырлар пайда болады. Осы жерден тау беткейімен төмен қарай созылған көлденең қимасы жыра іспеттес V тәрізді терең әрі тар ағыс каналы босталады.Ағыс каналының төменгі сағасы шетінде ысырынды конус қалыптасады. Жыраның бастауынан сағасына дейін бойлақ қималарының едәуір құламалы болуы ағып жатқан тау суларының мейлінше бусу әрекеті себеп болады.
Сонымен, жыралардың морфологиялық құрылымы және дамуы тау жыныстарының құрылымына,жер бедеріне, климат жағдайларына байланыста болады. Бұлардың эрозиялық процестермен қатар топырақтың шөгу құбылыстары, сілтісіздендіру, ылғалдандыру, суффозия және т.б. құбылыстары әсер етеді.
Оңтүстік Қазақстанның тау етектеріндегі дамығын жыралар М.Жандаев бойынша (1961)төрт түрге бөлінеді:1) алмұрт тәрізді; 2) тегіс түпті жыра; 3) сай тәрізді; 4) ернеу (карниз) типі жыралар.
Алмұрт тәрізді жыралар өзіндік пішінімен және құрылысымен ерекшеленеді. Жыраның бас бөлігі оның ортаңғы бөлігімен салыстырғанда кең және дөңгелектеу келіп тік кемермен басталады. Кертпештің ірге тұсынан 10-12м тереңдікке жеткен құдық тәрізді шұңқыр қалыптасады. Шұңқырдың түбі жалпы жыраның деңгейінен әлдеқайда төмен. Жыраның ортаңғы бөлігі жіңішкеріп, екі жағы тіп-тік болып, түбі ірі кесекті тау жыныстарымен бітеледі. Жыраның ұзындығы 50-100 м-ден аспайды.
Жыраның қалыптасуы жер беті суларының мерзімдік ағуына байланысты. Әдетте жол жиегін бойлап аққан су лесс қабатына сіңіп, оны едәуір ылғалдандырады. Ылғалды лесс жынысының ұсақ тұз бөлшектері еріп, сумен шайылып әкетіліп жерасты суын қалыптастырады. Соның нәтижесінде лесс шөге бастайды.
Алғашқы кезде беткейдің үстінде кішкене ағыны бар эрозиялық қазынды пайда болады. Ол 1,5-2м тереңдікке жеткенде оның жағасында құлап түскен топырақ массасы арнаның жолын бекітіп тастап, одан жыра ағысы тоқталады. Бұл кезде жыраның бас бөлігінде құйылатын су шүңқыр арқылы жерге сіңіп, жер асты ағысын құрайды. Сонымен, бүл жерде эрозиялық-суффозиялық процесс дамиды.
Тегіс түпті жыра. Ұзындығы ондаған метр, тереңдігі 3-8м., түбі жайпақ, жыраның екі жақтағы жағасы тік. Мұндай жыра пайда болуына дейін астында су өтпейтін, сазды қабаттардың жер бетіне жақын жатқандығына байланысты. Атмосфера жауын-шашыны лесс тау жынысын су өтпейтін қабатына дейін шаяды да және сол деңгейде ағып, жыраның жайпақ түбін жасайды. Мұндай жыралар таяз тереңдіктегі сазды қабаттар дамыған жерде тау бөктерінің тауаралық ойпаттарында пайда болады.
Сай тәрізді жыраның ұзындығы 1 шақырымға дейін және одан да астам болады, терендігі 10-25 м. Жыраның көлденең қимасының сипаты әр түрлі, оның жоғарғы жағы лесс топырағының қалыңдығына сәйкес тік, жарлауытты, ал төменгі жағы жайпақтау келеді. Мұндай жыралар жұқа лесс қабаттарымен жабылған малтатас тау жыныстарының эрозиялық тілімделуі нәтижесінде тау етегіндегі пролювиалдық жазықтардың үстінде қалыптасады. Осындай жыралар суландыру далаларында қараусыз қалған каналдар мен арықтардың орнында пайда болуы ықтимал. Мысалы, Алматы маңындағы Ақсай өзенінің құйылысы тұсында суармалы судың әсерінен 30 жылдың ішінде канал бойында осындай жыра түзілді.
Ернеу (карниз) тәрізді жыра — өзен аңғарының екі жағаларында кездеседі (Алматыдан шығысқа қарай 220километр жердегі Шарын аңғарында), ол өте күрделі түрде ыдырап, жыралы-сайлы торап құрайды. Көбінесе бұлар тереңдігі 30-50м дейінгі сайлар. Олар бір-бірімен кезектесіп жазық бағытта астасқан малтатас құмдар, саздар қабаттарының дамыған аймақтарда болады. Мұндай күрделі жыралы лабиринттердің болуы таңбалы денудация немесе құрғақ климат, өсімдіктер мүлдем жоқ, немесе өте сирек кездесетін жағдайларына байланысты, қатты нөсер жауған кезде, тасқын судың шаю күші мейлінше жаңғыра түскен кездерде пайда болады. Сондықтан жыралардың екі жақ беткейі карниз, діңгек, күнқағар түрінде кездесіп, таң қаларлық архитектуралық әшекейлерді елестетеді. Жергілікті халық бұл жерді «қорғанды қамалдар аңғары» (долина замков) деп атап кеткен. Аңғардың ұзындығы — 2 км, ені — 20-30 м. Каньонды аралап жүріп алуан түрлі таңғажайып көріністерді көруге болады. Миллиондаған жылдар табиғаттың өзі осынау ұлы қорған қамалдар сияқты қайталанбас сәулет өнерін дүниеге әкелген.
Уақытша ағын сулардың қиратқыш күштерінің бірі – сел құбалыстары. Таулық өзендердің белсенді іс-әрекеттерінің түрі, яғни жоғарғы дәрежеде аңғар түзетін және көптеген жаңа бедер пішіндерін туғызатын құбылыстардың бірі осы — сел тасқыны болып табылады. Сел құбылыстары көбіне қуаң климатты, биік таулы өңірлерде байқалады.
Сел тасқындарынан соң өзен аңғарларында оқылық қуыстар, көшкіндер, опырмалар, тік жартасты құламалар, ағынның ысырынды конусы пайда болады және нәтижесінде “аспа” аңғарларына айналады. Тіпті өзен арналары тереңдеп, кеңейіп, кейде мареналық белдерде жаңа арналар немесе шатқалдарң аңғарларда әртүрлі көлденең және бойлық белдер, терраса тәріздес кертпештер пайда болады.