Мазмұны:
Кіріспе………………………………………………………………………………………..3-5
І-тарау. Шу-Сарысу ойысының физикалық-географиялық
орыны. Табиғатыныңқалыптасу тарихы.
- Шу-Сарысу ойысының физикалық географиялық
орынының ерекшеліктері. Зерттеу тарихы……………………….6-13
- Шу-Сарысу ойысының геологиялық құрылысы.
Табиғатының даму тарихы………………………………………..…..14-18
1.3. Шу-Сарысу ойысының жер бедерінің жалпы ерекшеліктері.
Жер бедерінің геомарфологиялық типтері………………………19-32
ІІ-тарау. Шу-Сарысу ойысының климатының.Органикалық дүниесі.
2.1.Шу-Сарысу ойысының климатының жалпы ерекшеліктері….…33-43
2.2. Шу-Сарысу ойысының топырағы мен органикалықдүниесі…..44-2.3. Шу-Сарысу ойысындағы шөлдердің түрлері ……………………….
- Шу-Сарысу ойысындағы шөлдің негізгі түрлері шөлді игеруге байланысты туындаған түйінді экологиялық мәселелері……64-68
ІІ.Қорытынды…………………………………………………………………………….69-70
ІV.Пайдаланған әдебиеттер тізімі……………………………………………..71-72
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті тарих-филология факультетінің «Шу-Сарысу ойысының табиғатының жалпы ерекшеліктері» атты бітіру жұмысына
ПІКІР
Бітіру жұмысы Шу-Сарысу ойысының табиғат жағдайларының негізгі ерекшеліктерін анықтап Қазақстанның батыс және оңтүстік бөлігіндегі шөлдердің негізгі түрлері мен олардың түзілу заңдылықтарын қоршаған ортаның тепе-теңдігін сақтау мәселелерін шешу жолдарын анықтауымен өзекті.
Бітіру жұмысы кіріспеден,екі тарудан және қорытындыдан тұрады.
Бірінші тарауда Шу-Сарысу ойысының географиялық орынынын ерекшеліктері, геологиялық құрылысы,жербедерінің ірі пішіндері климатын түзуші факторлар жөнінде жан –жақты түсінік берілген.
Екінші тарауда Шу-Сарысу ойысының ішкі сулары топырағымен өсімдіктер жамылғысы,шөлдің негізгі түрлері табиғат байлықтары мен оларды игеруге байланыстытуындаған түйінді мәселелер қозғалған.
Студент тақырыптың мазмұнын ашу үшін ғалымдардың тұжырымдамаларын өзінің ой пікірімен ұштастырып,тақырыптың физикалық карталарды,сандық деректерді тійімді пайдалана білген.
Тақырыптың мазмұны толық ашылған. Бітіру жұмысындағы жазба дерек көздерінің География мамандығының студенттері,орта мектептің мұғалімдерімен оқушыларды білім көзі ретінде пайдалануда манызы зор.
Құрылымы мен көлемі жоғарғы мектептің барлық талаптарына сай келуін ескере отырып,Бітіру жұмысын қорғауға жіберуге болады.
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті тарих-филология факультетінің «Шу-Сарысу ойысының табиғатының жалпы ерекшеліктері» атты бітіру жұмысына
САРАПТАМА
Бітіру жұмысы Шу-Сарысу ойысының табиғат жағдайларының негізгі ерекшеліктерін анықтап Қазақстанның батыс және оңтүстік бөлігіндегі шөлдердің негізгі түрлері мен олардың түзілу заңдылықтарын қоршаған ортаның тепе-теңдігін сақтау мәселелерін шешу жолдарын анықтауымен өзекті.
Бітіру жұмысы кіріспеден,екі тарудан және қорытындыдан тұрады.
Бірінші тарауда Шу-Сарысу ойысының географиялық орынынын ерекшеліктері, геологиялық құрылысы,жербедерінің ірі пішіндері климатын түзуші факторлар жөнінде жан –жақты түсінік берілген.
Екінші тарауда Шу-Сарысу ойысының ішкі сулары топырағымен өсімдіктер жамылғысы,шөлдің негізгі түрлері табиғат байлықтары мен оларды игеруге байланыстытуындаған түйінді мәселелер қозғалған.
Студент тақырыптың мазмұнын ашу үшін ғалымдардың тұжырымдамаларын өзінің ой пікірімен ұштастырып,тақырыптың физикалық карталарды,сандық деректерді тійімді пайдалана білген.
Тақырыптың мазмұны толық ашылған. Бітіру жұмысындағы жазба дерек көздерінің География мамандығының студенттері,орта мектептің мұғалімдерімен оқушыларды білім көзі ретінде пайдалануда манызы зор.
Бітіру жұмысының мазмұнының толық ашылуын, құрылымының жоғарғы мектептің талаптарына сай келуін ескеріп қорғауға жіберілсін.
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. 44-46°с.е аралығында дүние жүзілік мұхиттан шалғай құрлықтың орталық бөлігіндегі географиялық орынының ерекшелігіне сай Каледон Герцин, Альпі қатпарлықтарында түзілген биік және аласа тау жүйелерімен шектескен Шу-Сарысу ойысының табйғатының алуан түрлілігінің негізгі себебін ашып көрсету еліміздің аумағының оңтүстікк бөлігінің жер бедерінің,климатының, топырағы мен өсімдіктер жамылғысының қалыптасу заңдылықтарын әсер ететін негізгі факторларды анықтауға мүмкіндік береді.
Шу-Сарысу ойысының құрылықтың ішкі аймағында орналасуы Шығыс Европаның жазығының өзі орналасқан ендіктеріне қарағанда қысы суық, жазы ыстық болыпкелетін климатының шұғыл континеттілігінің, жел мен температураның әсерінен жүретін үгілу үрдісін,жер бедерінің эолдық пішініндерін,құрғақ климат жағдайында топырақ пен өсімдіктер жамылғысының шөлге тәң түрлерін таралуын анықтайды. Шөлді Шу-Сарысу ойысының жан -жақты оқып үйрену табиғат байлықтарын шаруашылық мақсатта игеру барысын қоршаған ортаның тепетеңдігін сақтау мәселесін шешу мен қатар, табиғат жағдайларының негізгі ерекшеліктерінің терен меңгеруге мүмкіндік береді.
Бітіру жұмысының мақсаты:
- Шу-Сарысу ойысының геогфиялық орынының ерекшелігінің климаты мен органикалық дүниесінің таралуына тигізетін әсерін;
- аумақтың табиғатының қалыптасу тарихындағы әртүрлі геологиялық кезендердегі палео климаттық, палеоэкологиялық, және палеогеографиялық жағдайларының негізгі ерекшеліктерін;
- геотектоникалық құрлысымен жербедерінің геоморфологиялық типтерінің арасындағы өзара байланыстарды;
- аумақтық табиғат кешендерінің қалыптасуына әкелетін негізгі факторларды анықтап,табиғи тепетеңдіктің бұзылу, себептерін ашып көрсету.
Бітіру жұмысының міндеттері:
- физикалық ,географиялық орынының негізгі ерекшеліктерін;
- аймақтың зерттеу тарихын;
- геологиялық даму тарихымен геотектоникалық құрылысының негізгі ерекшеліктерін;
- жер бедерінің түзілу жолдары мен аумақта таралуын;
- климаттың түзілу зандылықтарынымен ішкі суларын;
- Топырағымен өсімдіктер жамылғысының негізгі ерекшеліктерін;
- табиғат қорғау мәселелерін жанжақты талдап,ой қорытындыларын шығару;
Бітіру жұмысының әдістемелік методологиялық негіздері:
Бітіру жұмысының теорялық негізі ретінде М.Н Давидова мен Э.М Раковскаяның физическая география СССР Жанашеваның редакциялық басшылығымен шыққан Қазақстан Республикасының физикалық географиясы, В. Чупахиннің отпустын до снежных вершыин оқулықтары басшылыққа алынып, салыстыру, талдау, синтездеу әдістері қолданылады.
Бітіру жұмысының практикалық манызы: Бітіру жұмысының нәтижесінде жинақталған теориялық мәнәдәлектерді матерялдар География мамандығының студенттері,орта мектептің мұғалімі мен оқушылар Тұран ойпатының табиғатын жан-жақты оқып үйрену үшін, туристік фирмалармен өңдірістің жеке салаларының мамандары білім көзі ретінде пайдалана алады.
Бітіру жұмысының құрылымы мен мазмұны:
Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан, падаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тарауда Шу-Сарысу ойысының географиялық орыны, геотектоникалық құрылысы, жер бедері мен климатының негізгі ерекшеліктері жан-жақты ашып көрсетілген.
Екінші тарауда Шу-Сарысу ойысының ішкі сулары, топырағы мен органикалық дүниесі, табиғат байлықтарын игеруге байланысты туындаған түйінді мәселелермен оны шешу жолдары көрсетілген.
Бітіру жұмысының мазмұныны ашу үшін, географиялық карталар, графиктік кестелер пайдаланылған.
І-тарау. Шу-Сарысу ойысының физикалық-географиялық орыны. Табиғатыныңқалыптасу тарихы.
1.1.Шу-Сарысу ойысының физикалық географиялық орынының
ерекшеліктері. Зерттеу тарихы
Шу-Сарысу ойысының физикалық-географиялық орыны. Шу-Сарысу ойысының шекарасы айқын ажыратылған табиғи шептер мен өтуі мен ерекшеленеді.олтүстігінде Бетпақдаламен,оңтүстігінде Қаратау,Талас Алатауымен батысында Сырдария бойы жазығымен, шығысында Шу-Іле тауларымен шектеседі. /1/
Шу-Сарысу ойысының солтүстігі мен оңтүстігінде және шығысында, каледон қатпарлы белдеуіне жататын қазақтың ұсақ шоқылы ауданы Сарарқа Қаратау,Талас Алатау Шу-Іле таулары қоршап жатыр. Ойыстың шығысындағы Шу-Іле таулары Балқаш-Алакөл крпитодепресиялық ойысынан бөліп тұр. Шу-Сарысу ойысы тың елң ді бөлігі батыстан шығысқа 600, солтүстіктен оңтүстікке 250 шақырымға созылып жатыр. Ірі тектоникалық құрылымдарымен шектесетін шекарадағы тектоникалық жарықтарды бойында орналасқан Бетпақдала, Қаратаусырты сияқты жербедерінің көтерінкі пішіндері басқа аймақтан бөлініп жатыр. Жазық 43°-46° солтүстік ендіктермен 66,5°-74° шығыс бойлықтың аралықтарында орналасқан.Аймақтын басым бөлігі 43°-46° солтүстік ендіктердің аралығында орналасқан.Ойыс Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл обылыстарының орталығы мен солтүстік бөліктерін қамтиды. Батыс бөлігіндегі Ащыкөл ойысымен Шу өзенінің орта және төменгі ағыстарына қарай еңіс болып куеледі. Оңтүстігі мен солтүстігіне және шығысына қарай біртіндеп көтеріледі. Батысында Ащыкөл ойысында 200- метрден шығысында Шу-Іле тауларының батыс беткейінде 800-900 метрге дейін бірдіндеп көтеріледі.
Географиялық орынының ерекшеліктеріне сай Шу-Сарысу ойысының өзіне ғана тән ерекшеліктері бар.Олар:
-материктің ішкі бөлігіндегі 43-46 °с.е аралығындағы орынының;
-дүние жүзілік мұхиттан бірнеше мың шақырым қашықта орналасуы;
-оңтүстігінде биік таулы белдеулердің қоршап жатуы;
-мұхиттан қашықта орналасуына орай ауа массаларының
трансфориациялануына байланысты климатының аридтілігі мен
жауын-шашынның аздығы;
-тропиктік жоғарғы қысымды белдудің солтүстік шетімен Воекоов
білігінің оңтүстік бөлігі арқылы өтуінің климатының шұғыл
континентігін арттыруы;
-транзитті Сарысу, Талас пен Шудан басқа өзен торларының болмауы;
-шөлейт және шөл зоналарына тән өсімдіктермен жануарлар
дүниесінің таралуы. /2/
сай Шу-Сарысу ойысының жоғарыда аталған ерекшеліктері климаты мен табиғатының барлық компоненттерінің қалыптасуына тікелей әсеретеді. Аталған аймақ ортасында Шу өзенінің аңғары орналасқан біртұтас ірі ағынсыз тұйық аймақ болып табылады. Жербедерінің ерекшеліктеріне сай жа-жағын қоршап жатқан таулардан орасан зор мөлшерде бос жыныстары шөгеді. Ағынсыз тұйық алқапқа жатуы мен теріс радиациялық баланс жағдайнда көп мөлшердегі тұздың жинақталуы үрдісінің жүруі байқалады.Географиялық орынымен климатының ерекшеліктеріне сай Евразияның қоңыржай белдеудегі ең аз мөшердегі жауын-шашын жауады. (100-150 мм. шамасында) тұтастай алғанда Шу-Сарысу ойысының табиғатына аридтілік тән осыған орай шөлдерде жыл бойы ашық күнді құрғақ ауарайы басым болып, жербедерін түзуде желмен температураның әсерінен жүретін физикалық үгілулер жетекшіл орын алады./3/
Шу-Сарысу ойысының физикалық-геоеграфиялық тұрғыдан зерттеу тарихы. Шу-Сарысу ойысының туралы алғашқы тарихи жазба деректер ортағасырдағы араб саяхатшылары Аль-Идриси мен Аль-Истрахидің, Абдулафтың, Қазақ жерінен шыққан ғұлама ғалым Аль-Фараби мен Бабырдың еңбектерінде кездеседі. Шу-Сарысу ойысы мен Орта Азияның физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу XVlll ғасырдың бірінші ширегінде І Петрдің Ресей мен оған шектесетін аймақтардың табиғатын жанжақты зерттеу мақсатыда ұйымдастырған ғылыми экспедициясынан басталды.
1714 жылы Астраханнан шыққан А.Черкасскидің экспедициясы Каспий теңізінің Шығыс бөлігі мен Амудария өзеніне сипаттамаларын орыс саяхатшыларының ішінде алғашқылардың бірі болып ,құрғап қалған ескі арнасы узбойларды тауып бұрын Каспийге құйғанын анықтады.
1731 жылы Сырдария ,Шу,Сарысу, Жем, Жайық өзендері мен тоқсан елді мекен кескіндеген картасын жасады.П.И.Рычков1762 жылы
“Орынбор өлкесінің топографиясы” атты еңбегінде Арал теңізіне құятын өзендер мен Орал маңының жербедері жөнінен сол кездегі жазба дерек көздерін жинақтап бір жүйеге келтіріп, алғаш рет Тұран ойпатының бөлігі болып табылатын Шу-Сарысу ойысына сипаттама берді./3/
XVlll ғасырдың соңы мен XlX ғасырдың басында сол кездегі белгілі болған керуен жолдары арқылы Орта Азия мен Қазақстанның геодезистермен әскери топографтар, елшілер келе бастады. Олардың Шу-Сарысу ойысының табиғатына жасаған сипсттамалары XVlll ғасырдағы саяхатшыларына қарағанда біршама толық болды.
Арнайы білікті мамандар қатысқан саяхаттар нәтижесінде Шу-Сарысу ойысының жербедері, өзен торлары, климаты жөнінде ғылыми деректердің ауқымы біршама кеңейді. Сол кезеңнің өзінде Сырдария Шу Сарысу өзендері аңғарының Бетпақдала мен Мойынқұмның өсімдіктер ,жануарлар дуниесі жөнінде маңызды ақпараттар жиналды.
XlX ғасырдың 40-50 жылдары Шу-Сарысу ойысының табиғатын кешенді оқып үйрену мәселелеріне баса назар аударылып арнайы ғылыми экпедиция ұйымдастырыла бастады.
Сырдарияның Арал теңізінің, Мойынқұмның табиғатын жанжақты оқып үйренуде 1840-1850 жылдар аралығында А.И.Бутаковтың экспедициясы ерекше орын алды.Ол өзі болған аймақтың органикалық дүниесін оқып үйренуге баса назар аударды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап Шу-Сарысу ойысының табиғатын оқып үйрену ісінде Ресей ғылым академиясымен орыс география қоғамы жетекші рөл атқарып ғылыми экспедицияны ұйымдастыруды қолға алды.1830 жылдары Оңтүстік Қазақстан Ресей патшалығының бодандығын қабылдамағансон аймақты ғылыми тұрғыдан жаңжакты зерттеу ісі оданәрі жанданды. /4/
1873, 1874, 1875 жылдары Орыс география қоғамы ұйымдастырған экспедиция Шу-Сарысу ойысында ауқымды ғылыми зерттеулер жүргізді. Ол нәтежиесі жөнінен Ресейдің жазық аймақтарында жүргізілген саяхаттардың ең маныздылары болып табылады.Бұл экпедиция Мойынқұм мен Қызылқұм, Бетпақдала шөлдерінің ірі бөлігін Сырдария өзенінің аңғарынын табиғатының ерекшеліктерін, зерттеді. Нәтежиесінде Сырдария мен Шу өзендерінің аралығындағы Мойынқұм Қызылқұқұм шөлдері арқылы Самарқант пен Ташкентті жалғайтын жол бағытының негізі қаланды. Экспедицияның құрамына арнайы мамандырылған бес топ кіріп, онда жиырмадан астам Ресейге белгілі ғалым жұмыс істеді Жоғарыда аталған і экспедиция алдарына Шу-Сарысу ойысының табиғат жағдайларымен байлықтарын оқып үйреніп, геологиялық құрылысының жербедерінің, климатымен органикалық дүниесінің ерекшеліктерін аңықтау мақсатын қойды. Зерттеу жұмыстарының нәтижелері ғылымға орасан зор үлес қосты.
1886-1888 жылдар аралығында В.А.Обручевтің экспедициясы Шу-Сарысу ойысы мен Қызылқұм, Қарақұм шөлдерін зерттеумен айналысып, Қарақұмның теңіз табанында шөгуден емес аккумулятивтік жолмен түзілгенің аңықтады. Лестті шөгінділерді оқып ұйрене отырып оның пайда болуының желдін ғылыми болжамын қолдады.
1895 жылы Орта Азияға Каспи сырты теміржолының салыну жұмысы бастаыну жұмысы баста Ресейдің орман департаменті қарақұммен қызылқұмды бекіту жұмыстарын жүргізу мақсатында орманшы В.А.Пасецкийді жіберді. Ол жергілікті өсімдіктерді отырғызу арқылы құмды тоқтатуға болатының іс жүзінде дәлелдеді. 1912 жылы география қоғамы құмды шөлдерді тұрақты зерттеу мақсатында қарақұмда тұрақты жұмыс істейтін репетке бекетін ұйымдастырды ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдын басында Сырдария аңғары мен Жетісуда көші-қон басқармасының Түркістан бөлімшесі экспедициялық зерттеулер жүргізу жұмыстарын қолға алынды. Кеңестік дәуірде Шу-Сарысу ойысын жан-жақты оқып үйреніп, кешенді зерттеу жұмыстары қолға алынып, арнайы мамандандырылған экпедициялар ұйымдастырыла бастады.1912 жылы Н.Л.Карженевскийдің экспедициясы Мойынқұмды жаң-жақты оқып үйренудін негізін қалады. 1925 жылы Шу-Сарысу ойысының пайдалы қазбаларын зерттеу жұмыстарын белгілі геолог А.Е.Ферсман мен Д.И.Щербаковтың экспедициясы жүргізді. Шу-Сарысу ойысының табиғатымен табиғат байлықтарын Ұлы Отан соғысына дейін белгілі ғалымдар Б.А.Федорович, И.П.Герашмов, А.Г.Доскач, С.Ю.Гемер, А.Е.Ферсман, Д.И.Щ.рбаков, А.С.Кель, В.Н.Кунин, Е.В.Лобова, Э.М.Мурзаев, М.К.Граве зерттеді./5/
Шу-Сарысу ойысының табиғатының ерекшелігін Орта Азия мемлекеттік Университетінің экспедициясы айналысты. Экспедиция құрамында жұмыс істеген белгілі ғалымдар Д.И.Кашкаров пен Е.П.Коровин Шу-Сарысу ойысының шөлдерінің типтері жөніндегі Л.С.Берег пен А.И.Красновтың зерттеулерін одан әрі жалғастырып, сазды, тасты, құмды, сорлы шөлдерді экологиялық топтарға бөлді. Ұлы Отан соғысы жылдары оның өзінде Тұран ойпатында зерттеулер жүргізу оданәрі жалғастырылып ғылыммен іс-тәжірбиенің бір-бірімен одан-әрі жақындай түсті. Шөлді игеруге байланысты Шу-Сарысу ойысының суармалы жерлері мен малазықтың тән минералды байлықтарын зерттеу ісіне 1960-1980 жылдар аралығында КСРО ғылыми академиясының, Қазақстан ғылым академиялары зор үлес қосты. Қазіргі кезенде Шу-Сарысу ойысының табиғат жағдайлары мен байлықтары біршама жақсы зерттелген. Жинақталған материалдар ғылымдағы бірқатар даулы мәселелерді шешуге мүмкіндік бере отырып жаңа түйінді мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Олардың қатарына Шу Талас өзендерінің суын шаруашылықтың мақсатта шектен тыс пайдалану нәтежиесінде туындаған шөлденуі мен топырақтын сортаңдану, судың ластану, өзен суларын тиімді пайдалану сияқты түйінді мәселелер жатады. /6/
1.2. Шу-Сарысу ойысының геологиялық құрлысы. Табиғатыының
даму тарихы
Шу-Сарысу ойысы тектоникалық тұрғыдан таскөмір,пермь, дәуіріндегі герцин қатпарлығында түзілген эпипалеозойлық жас платформа болып табылады. Оның ірге тасыда герцин қырылымы басым. Олардың арасында кембриге дейінгі байкалдың массивтер Қазақтың ұсақ шоқылы ауданыныңоңтүстік бөлігімен Қаратау менШу-Іле тауларымен шектесетін аумақтарында көмілген коледондық құрылымдарда кездеседі.
Шу-Сарысу ойысы Тұран плитасының оңтүстік шығыс бөлігн алып жатыр. /7/
Тектоникалық жарықтар арқылы тұран плитасының ірге тасы төрт ірі блокқа бөлінеді. Сарыарқа мен шектесетін солтүстік-шығыс блок мезозой мен кайназой кезендерінде көтерінкі күйінде қалғандықтан кристалды ірге тасы 1000 метр терендікте жатыр. Тек біршама терең крисьалды ойыстарда ғана 2000 метрден астам тереңдікте жатыр. Солтүстік Тянь-Шань мен шектесетін оңтүстік шығыс блок мезозойда көтерілгенімен кайназойда мантяға терең батқандықтан іргетасы 8-10 шақырым тереңдікте жатыр. Оңтүстік шығыс блокта жербедерінің үш оң пішінді формалары кездесетіндіктен іргетасы 1-3 шақырым терңдікте орналасқан./6 /
Олардын негізгі бөлігін орта және төменгі палеозойдың метаморфтанған тақта тастары,әктастары юра мен кремниленген диабаздар құрайды. /6/ Тұран плитасының кристалды ірге тасының бетін шөгінді жыныстардың жабуы таскөмір дәуірінің басы мен соңындағы теңіз трансгрессисының нәтежиесінде басталды.
Палеозой эрасының девон дәуіріндегі каледон қатпарлығының жүруіне байланысты Шу-Сарысу ойысына көршілес жатқан таулы аймақтарда тау түзілу үрдісі жүріп, құрлықтын ұлғаюына байланысты континентті климат басым болды. Таскөмір дәуіріндегі тектоникалық қозғалыстардың әсерінен қозғалмалы тұрақсыз аймақтарқалыптасты кәзіргі Тұран ойпатының орынында геосиклинальды жағдай саұталып теңіздің орыны болды. Таскөмір дәуірінң климаты біршама жұмсақ ылғалдылығы мен ерекшеленеді. Таскөмір дәуірінң екінші жартысынан бастап құрылықтын көлемі ұлғайып теңіз біртіндеп тартылып құрғай бастады. Шу-Сарысу ойысының теңіз табанына әктастар мен қабаттасқан ашық сұртүсті құмтастар, сазды жыныстардың қалын қабаты шөкті. Пермнің климаты ылғалдылығымен ерекшеленді Маңғыстау мен Үстіртте континентік жағдай сақталып қызыл түсті саздар түзілді. Мезозой эрасының триас дәуірінде тұран ойпатының аумағының іргетасының біртіндеп баяу мантяға батуына байланысты оңтүстігіндегі жерорта теңізі геосинклиналынан теңіз суы еніп ол Торғай бұғазы арқалы батыс сібір плитасымен жалғасып жатты. Триастың теңіздік шөгінділерінің қалындығы бірнеше мың метрге дейін жетті.Олар қазіргі кезде Шу-Сарысу ойысының солтүстігі мен оңтүстігіндегі көтеріңкі бөлігінде жер бетіне шығып жатыр. Олардың негізін әктастарымен қабаттасқан құм тастар конгомераттармен саздар құрайды.Триас дәуірінің соңында Шу-Сарысу ойысының Сары-арқа, Тянь-Шаньмен шектесетін бөліктерінде тектоникалық жарықтар пайда болып жер қыртысының баяу шөгуі оданәрі жалғасты. Триастын климаты құрғақ және ылғалды кезендер мен алмасып отыруымен ерекшеленеді. Юра дәуірінің Шу-Сарысу ойысының басым бөлігін теңіз алып жатты климаттағы өзгерістерді саяз теңіздердін табаныңда кәзіргі кездегі Шу – Сарысу Қызылқұм мұнайлы газды алыптарының пайда болуына қолайлы әсер етті. /8/
Ылғалды және құрғақ климаттық жағдайының алмасуы өсімдіктердің кеңінен тарауына қолалй әсер етті. Бор дәуірінің басында жер қыртысының біртіндеп көтерілуінің әсерінен Шу-Сарысу ойысының аумағындағы теңіздер біртіндеп тартыла бастады. Бордың соны мен палеогеннің басында жер қыртысының матяға батуының нәтежиесінде теңіз трансгрессиясы жүріп көлемі ұлғайды. Сол кезенде теңіз суы Шу-Сарысу ойысын баст. Бор дәуірінің сонында казір жазуға қолданылатын бор теңіз табанына шөгіп қалың қабат тұзеді. / 9/
Бор дәуірінің климаты аридті және ылғалды климаттарының бірін – бірі ауыстырып отыруымен ерекшеленеді. Палеоген дәуірінде теңіз трангессиясы арал маңынан жаңжағына таралды ежелгі теңіз табанына батысында нуконитті саздар мен құмдар солтүстік бөлігіне кремнилі құмдар, оңтүстігінде және сазды жыныстары шөкті, ерте палеогеннің өзінде ланшафтардың зоналық айырмашылықтары байқала батады. Шу-Сарысу ойысының оңтүстігінде құрғақ тропиктік климат жағдайында мәнгі жасыл ұсақ жапырақты ормандар өсті. Орталық бөлігінде су баспаған жерлерде ылғалды климат жағдайында мезофитті ормандар басым болды. Сол кезенде тұран мен батыс қазақстанда секвойя, эфкалипт, емен, лаврлармен пальмадан тұратын ерекше полеобатаникалық полтава провинциясы басым болса, солтүстік бөлігінде шамшаттан тұратын жапырағын түсіретін ормандар басым болған. Торғай полеобатаникалық провинциясы тарады. Палеоген дәуірінң тартылған теңіздерінің орындарында кең көлемді аумақты алып жатқан құрлыққа айналды оңын бетіне біртіндеп тұран ойпатымен шектесетін Сарыарқа, Тянь-Шань тауларынан ысырылған көлдік, батпақтық және өзіндік аккумулиативттік жыныстар, біршама көтерінкі бөліктеріне магний, калций, гипс карбанатты тұздарға қаныққан қоныр, қызыл қоныр түсті саздар шөге бастады. Қызыл қоңыр топырақ пен сол кезенге тән флорамен фауна миоценде тұран ойпатында аясыз жылы құрғақ су тропиктік климаттын басым болғаның айғақтайды. Палеонтологиялық қазба деректері қазіргі Шу-Сарысу ойысының солтүстігіндегі саванна, орталығымен оңтүстігінде субтропикттік шөл болғанын көрсетеді. Оны терең бұрғылау кезінде табылған гипсті шөгінді қабаттар айғақтады.
Палеоценде аталған аумақты құрғақ субтропикттік шөлді климат сақталды. Қазіргі Шу-Сарысу ойысын субтропиктік дала мен саванна плоценнің соңында Тянь-шань тауларының көтерілуіне байланысты табиғат жағдайы күрт өзгеріп субтропиктік саванна Шу-Сарысу ойысының оңтүстігіне қара ығыстыырылып біртіндеп субтропиктік жағдай мүлдем жойылып қоңыржай белдеудің шөлдерімен шөлейттері қалыптаса бастады. 1,65 милион жылға созылған сонғы төрттік дәуірінде климаттағы бірнеше өзгерістер болып Шу-Сарысу ойысының табиғатының казіргі жағдайы мен пішіні қалыптасты. Қорыта айтқанда неоген – төртік дәуірлердегі Шу-Сарысу ойысының казіргі жер бедерінің қалыптасуы тау түзілу үрдісімен теңіз регрессиясы, аридті климат жағдайында жүрді. Шу-Сарысу ойысының батыс блогында неоген – төрттік дуірлеріне дейін ұзақ уақыт бойы теңіздік режим сақталғандықтан терең теңіз түбінде түзілген әктасты- мергельді борлы карбонаты шөгінділер саяз сулы жағдайда тұзілген құмды – сазды шөгінді жыныстарымен кезектесіп отырады. /10/
Оңтістік – шығыс блокта терең сулы теңіздік шөгінділердің үлес салмағы кеміп оның есесіне құрылықтық шөгінділермен кезектесіп келетін саяз сулы лагуналық әктасты, гипсті сұр түсті саздар басым болады. Кристаллды ірге тасы биік Сары арқамен шектесетін солтік – шығыс блоктағы шөгінді қабаттар біршама жұқа әрі қызыл түсті құрлықтын сазды, құмды, шөгінділер мен конгомераттар гипсті құм тастармен гипстер басым болады. Шөгінді жыныстардың қабаттардың литологиялық құрамы тек күшті трансгрессия кезінде ғана бұл аумақты теңіз суы аз уақыт басқанын көрсетеді. Плиоценде теңіздік жағдай тек қыйыр батыс бөліктегі шеткі иіндерде сақталып саяз сулы шөгінділер жинақтала бастады. Неоген мен төртік дәуірдегі неотектоникалық қозғалытардын нәтежиесінде Альпі қатпарлығына жататын Кавказ, Копетдаг, Памир тауларының түзілуіне байланысты кайназой эрасының екінші жартысында Шу-Сарысу ойысының аумағында ежелгі саяз теңіздер тартылып толығымен құрлыққа айналды. Төртік дәуірінде жүрген мұз басулар кезеніңдегі флювиальды климатпен мұз басу аралық кезендегі құрғақ ксеротермальды (ыстық әрі құрғақ) климатпен алмасып отыруымен ерекшеленеді. Мұз басулар кезеніңде жабын және жартылай жабын мұздықтардың типі тау етектеріне дейін түсіп орасан зор су тасқыны жазықтарға ұсақ түйршікті тау жыныстарын шөктіріп кәзіргі кездегі орасан зор алқапты алып жатқан Қызыл құм Мойынқұм сияқты кәзіргі құмды шөлдердің қалың құмды қабаттары түзілді. Жоғары қысымды төменгі температуралы таулар мен жазықтардағы төменгі қысымды, жоғары температуралы аймақтық арасында қысым мен температура айырмасының әсерінен жел эрозиясы күшейіп тұран жазығының көршілес жатқан таулы аймақтан өте ұсақ тау жыныстарының түйіршіктері шөгінлесті сазды жыныстардың қалын қабаты түзілді./11/
1.3. Шу-Сарысу ойысының жер бедерінің жалпы ерекшеліктері.
Жер бедерінің геомарфологиялық типтері
Шу-Сарысу ойысының жер бедерінің ерекшеліктері. Бетпақдала арқылы солтүстігінде герци каледон қатпарлығында түзілген Сарыарқамен шектеседі. Оңтүст-батысында Шу-Сарысу ойысын Қаратау жотасы Тұран ойпатының оңтүстігіненбөліп тұр Шығысындағы Шу-Іле таулары Балқаш-Алакөл ойысыннан бөліп жатыр, Батысындағы Орта Сынрдария жазығы арқылы Тұран ойпатымен жалғасады. /12/
Геотектоникалық құрылысының ерекшеліктеріне сай кристаллды ірге тасы әртүрлі терендікте орналасуына байланысы кең көлемді үстіртермен терең құрғақ ойыстар кезектесіп келуімен ерекшеленеді орталық бөлігін Ащыкөл ойысына қарай еңіс болып келеді.
Теңіз денгейінен ең биік және ең төмен орналасқан нүктелерінін биіктік айырмасы 800 метрден асады. Биіктік айырмасының ауытқуы әсіресе жазықтың солтүстігі мен оңтүстігінде бөлігінде жоғары. Шу-Сарысу ойысының ірі орографиялық элеметтерінің таралуына кристалды іргетасының әркелкілігі әсер етеді ірге тасының көтерінкі бөлігіне көбінесе зангуз (орталық қарақұм көтерілулері) бетпақдала үстірті жатады. Ойыстың орталық бөлігіндегі Шу өзенінің аңғары іргетасы теренде жатқан тектоникалық құрылымдарға сай келеді . Шу-Сарысу ойысының жер бедерін пайда болу жолдарына қарай төменде көрсетілген топқа бөледі.
|
Қарату мен Сарыарқаның, Шу-Іле тауларында Жалайыр – Найман тектоникалық жарықтарымен шектелетін Шу – Сарысу ойысы орналасқан. Ойыс оңтүстік шығыстан солтүстік батысқа 600 шақырымға созылып жатыр. Оңын орташа еңі 300 шақырымға дейін жетеді.
Геологиялық тұрғыдан Шу-Сарысу ойысы салыстырмалы түрде тегіс синиклинальді алып жатыр. Кристалды ірге тасынын негізін төменгі палеозойдын күшті жіктелегн жыңыстары құрайды.Оның бетін жоғарғы палеозойдын сазды құмды, жыныстарының қалын қабатты, оның үстін палеозой, кайназой жасындағы қалың сазды құмды, құмды-сазды шөгінді қабаттар жауып жатыр. Орталық бөлігінің жер бедері талас тасты көтерулерімен жамбыл фрианов иінділерімен күрделінген. Ойыстын тектоникалық құрылысының ерекшеліктері жер бедерінде әсер еткен неоген – төртік дәуірінде іргетасынын матияға батуы 500 және 100 метрге дейінгі тереңдікті қамтыйды. /13/
Шу – Сарысу ойысынын шөгінді көлдік, — алювиальді және эолдық аккуммуляцияның негізінде қалыптасқан, көлдік және көлдік – аккумулятивтік жазықтар негізінен аумақтың оңтүстігі мен Сарысу өзенінің анғарында таралған. Олар негізінен әртүрлі түйіршікті құмдармен көл түбіне шөккен ұсақ түйіршікті қайрандардан тұратындықтан беті тегіс немесе сәл еңіс болып келеді, желдің үрлеуінен түзілген дефяциялық ойыстарды қазіргі кезде сорлармен сортандар алып жатыр. Шу өзенінің солжақ жағалауын эолдық мойын құм үстіртімен шағысылып жатыр. Құмды алап көлденен қимасы баспалдақ тәрізді болып келуімен ерекшеленеді. Бірінші сатысына еңтөменгі абсалют биіктігі 180-240 метрден аспайтын әлсіз бекіген, тілімдену терендігі 2-10 метрден аспайтын құм жасалдары тән. 250-280 метрге дейінгі абсалют биіктер аралығын қамтитын екінші сатысына 20-30 метрге дейінгі жететін терең тілімденген күрделі құм жолдары тән. Мойынқұмның ең биік жері 300-420 мертге дейінгі абсалютті биіктердің аралығын қамтиды. Төбелі сызықша жалды құмдар өсімдіктермен нашар бекіген олар солтүістік батыстан оңтүстік шығысқа бағытталып созылып жатыр. Жекелеген құм жолдарының биіктіг 100 метрге дейін жетеді. /2, 4/
Шу мен Сарысу өзендерінің аңғарында еңі 2-6 шақырымнан 10-30 шақырымға дейін жететін. Окумулятивті жазықтар тізілген Сарысу өзеңінің аңғарында екі жайылма үсті текшелері бар. Екінші биік жайылма үсті текшесінде тақырлардың сорлар мен сортандардың көп болуымен ерекшеленеді./14/
Шу өзеңінің аңғарында үш жайылма үсті текшесі, биік және аласа жайылмалары бар. Үшінші жайылма үсті текшесі жел үрлеген құмды – сазды жыңыстардың қабатынан тұрады. Ол жоғары гипсометриалық деңгейімен ерекшеленеді Мойынқұмдағы абсалют биіктігі 330 метр. Екінші жайылма үсті текшесі өзен арнасынан 180 метр биіктіктен шығысында 30-40 метрге дейін төмендейді. Шу- Сарысу ойысының жер бедерінің дамуы жер бедерінің денудациялануы жүріп үгілу қабаты түзілген мезозой эрасының ор дәуірінін екінші жартысында басталды. Көршілес жатқан Сарыарқамен Шу, Іле, Тянь-Шань тауларының көтерілуі эрозияны күшейтіп, ежелгі өзен торлары арқылы ойысқа мезозой – каназой жасындағы тау жыныстарының шөгуін күшейтті. Жоғарғы борда теңіздік жағдай ойыстың батыс жағында сақталғанымен палеоген ірге тасының матяға батуына байланысты палеогенде бүкіл ойысты теңіз суы басып жатты. Төменгі олегоценнен бастап Шу-Сарысу ойысынын көтерілуі басталғандықтан біртіндеп құрғай бастады. Лагуналы көлдік жағдай мен аритті климаты оңтүстігінде қызылтүсті саздың, солтүстігінде ылғалды жылы климат жағжайында ашық сары түсті саздардын шөгіуне қолайлы әсер етті. Шумен Сарысу өзендерінің сағасы тектоникалық ойыстағы Арттырауға айналып бірнеше салаларға бөлініп көлдер түзілген. Жер бедері дефиациялық шұнқырларға бөлініп көлдер тұзілген.Жер бедері дефляциялық шұнқырлармен, көтерілген төбесі текшелі қалдық дөңдермен эолдық түзілістердін алқаптарымен күрделенген.
Шу-Сарысу ойысының батысындағы Ащыкөл маңы бөлігінің жер бедері геоморфологиялық – геологиялық тұрғыдан алғанда әркелкі. Мұнда денудациялық құрылымды қабатты жазықтар мен теңіздік, көлдік алювиальді – пролювиальді құрылымды қабатты жазықтармен көлдік, теңіздік көлдік алювиальді – пролювиальді және эолдық жазықтар төртік дәуірге дейінгі аласа қалдық таулармен үстірттер мен терең ағынсыз ойыстармен күрделенген. Морфо-генетикалық тұрғыдан алғанда Мойынқұм мен Ащыкөл маңының жер бедері алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Ащыкөл ойысының солтүстік және шығыс бөлігіне бірнеше оңдаған метрден жүз метрге дейін тілімденген төбесі текшелі дөнесті көтерінкі жер бедері тән.
Геоморфологиялық тұғыдан Ащықөлдің солтүстік-шығысында Бетпағдала жазығы орналасқан. /15/
Бетпақдала көлбеу үстірті қиыр Шу-Сарысу ойысының солтүстігінде орналасқан Сарыарқадан ысырылған тау жыныстары шөккен Тұран ойпатының. жалғасы болып табылады. Оның оңтүстігі 200 метрден Сарыарқаға ұласар солтүстік бөлігінде 464 метрге дейін көтеріледі.. Негізінен палеогеннің сазды, төрттік дәуірдің малтатасты қиыршық тасты жыныстарынан тұрады. Жер бедері сыртқы күштердің бұзушы әрекетінен қатты тілімденген. Батысында биіктігі 100-150 метрге жететін Арал маңы құмды денудациялық жазықтарына ұласады. Шу-Сарысу ойысы батысында Сырдария алювиальды жазығымен шектеседі.
Сырдария алювиальді жазығы Сырдария мен Шығыс Арал синиклизасының аралығында орналасқан. Сырдария өзенінің аңғары ірі жеке құрылымдарды кесіп өтеді. Сырдария жұқа шөгінді жыныстар жауыпжатқан атырауын түзді. Шардара су қоймасынан оңтүстікте өзен аңғарында айқын ажыратылатын екі жайылма үсті текшелері бар. Өзеннің жайылмасының ені 10 шақырымға дейін жетеді. Шиелі мен Жусалының маңында жайылмасы 20-40 шақырымға дейін артады. Жайылмасында қазіргі және ескі арналар ескі арналы көлдер бар. Қазіргі кезде бөгеттермен арық қазылғандықтан кейбір құрғақ тереңдетіліп каналдарға айналдырылған. Су басатын жайылма негізінен ірілігі орташа құмды, сазды алевритті шөгінділерден тұрса көтерінкі жайылма құмды алевритті, сазды және құмды сазды шөгінділердін қабаттарынан тұрады.
ІІ-тарау. Шу-Сарысу ойысының климаты мен органикалық
дүниесі.
2.1 Шу-Сарысу ойысының климатының жалпы ерекшеліктері
Шу-Сарысу ойысының климатының қалыптасуына төмендегі факторлар әсер етеді:
— біршама төменгі және орта еңдіктерде отналасуына байланысты раациялық баланстың мөлшерінің жоғары болуы;
- атмосфералық циркуляциясының үрдістеріне әсер ететін жер бедерінің тегіс болуы. Құрлықтың орталық бөлігінде орналасуына дүниежүзілік мұхиттардан қашық болуына байланыстыклиматты шұғыл континентті болып келеді:
— Орта еңдіктерде орналасуына сай күн радияциясының қарқыны жоғары әрі аумақтың мол жылу алуына аридті шөл ланшафтысының қалыптасуына ықпал етеді. Жер бедерінің тегіс болуына орай трансформатцияланған қоңыржай ауа массаларының кедергісіз өтіп кетіп жауын шашынның аз түсуіне климаттың шұғыл кантинентті болып күшеитіледі./15/
Географиялық орынының ерекшелігіне сай жазы өте ыстық ашық әріқұрғақ, қысы суық аязды болып келеді, температураның жылдық амплетудасы 45-50 0, орташа айлық температура 28-30 0С, құрайды.
Шу-Сарысу ойысының климатына жауын шашынның жылдық орташа мөлшерінің аздығы мен жыл мезгілінде әркелкі таралуы,температура ауытқуының тәуліктік және жылдық ауытқуының жоғарылығы, атмосфера ауасының құрғақтылығы бұлтсыз ашық күндердің көптігі тәң.
Шу-Сарысу ойысында ашық бұлтсыз күндердің ұзақтығы 2300-3000 сағатқа дейін созылады. Жылдық жиынтық күн радиациясы оңтүстігінде 150 ккал /см² тең солтүстігінде 130 ккал/см² аралығында ауытқыйды. Оңтүстіктегі географиялық орыны қыстың өзінде белгілі мөлшерде күн радиятциясының енуіне мүмкіндік береді. Ашық күннің көптігі мен жылудың мол түсуі күн энергиясын пайдалануға мүмкіндік береді .
Шу-Сарысу ойысының басым бөлігіне қыста Азия максимулының ықпалы күшті болатындықтан төменгі температура мен жоғарғы атмосфералық қысым бұлттың түзілуіне мүмкіндік бермейді. Жазда мол жылуасатындықтан жердің ауамен әрекеттесетін беткі қабаты құрғап кетеді. Осыған орай ауа массаларыда құрғақшылығымен ерекшеленіп ауаның конвекциялық ағынын тудырып су буының конденсациясын күшейтеді. Табиғи кедергілер болмағандықтан қатпарлы бұлттар өте биікте түзіледі. Сондықтан жазда жауын шашын өте аз түседі:
Шу-Сарысу ойысындағы бұлтсыз ашық күндер саны солтүстігінде 180 күннен оңтүстігінде 260 күнге дейін артады. Ашық күндердің көп, тура радиацияның жыл бойы басым болуына сай мүмкіндік береді .
Қыста жиынтық күн радиациясының мөлшері азайып жазда күннің түсу бұрышы көтерілуіне сай шілде тамыз айларында артады. Шілде тамыз айларында тұран жазығының орталығы мен оңтүстігі 19-20 ккал/см² дейін жетеді./16/
Көп жылдық метеорологияалық бақтаулардың деректеріне сүйенсек жиынтық радияцияның мөлшері күзде 16 ккал/см²,көктемде 14 ккал/см² деиін кемиді
Жиынтық күн радиятциясының мөлшері мен жылу балансы температураның жылдық және айлық орташа мөлшерінеде әсеретеді.
Шу-Сарысу ойысының солтүстігінде қаңтардың орташа температурасы -6ºС оңтүстігінде -4ºС дейінгі аралықта ауытқиды. шілдеде солтүстігінде +24ºС, оңтүстігінде +32ºС аралығында ауытқиды.
Шу-Сарысу ойысының аумағындағы қаңтардың изотермасы субендік бағытта оңтүстіктен солтүстікке қарай жылжыған сайын біртіндеп кемиді оңтүстігінде әр 100 шақырым жылжыған сайын 1,3-1,5ºс артады.
Қыста Сібірден суық ауамассасы енгенде солтүстігінде-25º-30ºс, оңтүстігінде -15º-20ºс дейін төмендедейді.
Кіші Азия мен Иранның оңтүстігіндегі түзілген циклон енгенде температураның көтерілуі байқалады . Шу-Сарысу ойысының оңтүстігінде жылы циклонның қайталауы 35-45℅ дейін жетеді.
Жазықтың оңтүстігінде қыс қоңыржай жылы,солтүстігінде қоңыржай суық.
Шу-Сарысу ойысындағы атмосфера циркуляциясының үрдістер.
Шу-Сарысу ойысының үстінде жүретін атмосфера циркуляциясының урдістері жылумен ылғалдың таралана әсеретіп, ауарайының анықтайтын манызды факторлардың бірі болып табылады.
Жазда аймаққа азор максимумының солтүстік шығыс тармағын, (1025 мб) қыста Азия (сібір) максимумының батыстарларға әсеретеді. (1030 мб) меридианальды бағытағы циркуляцияның Қыста солтүстік- батыстан және солтүстіктен ауа массалары енетіндіктен адвекциясының әсерінен аумақ біршама суынады. Суық фронтың енуінен күшті желдер тұрп қарлы боран болады. Батыстық еңдік бағыттағы церкуляция кезінде анти циклондық жүйелердін шығысқа қарай ығысуы байқалып төменгі қысымды жылға тұзіледі./17/
Ендік бағыттағы циркуляция кезінде Шу-Сарысу ойысының аумағында жауын – шашынның жетіспеуінен, температураның көтерілуі байқалады. Қиыр оңтүстік батыс бөліктен азор максимумының шығыс тариағынан жылы ауа массалары енеді суық ауа массалары солтүстікке қарай ығысып температураның көтерілуі байқалады. Желдін соғылуына церкуляция ұрдісімен тығыз байланысты.
Батыстан шығысқа қарай қысымның артуына байланысты жел шығыстан батысқа бағытталып соғады. Оның айлық орташа жылдамдығы 4-8 мин дейін жетеді. Шу-Сарысу ойысында жауын-шашынның таралуына атмосфера церкуляциясы тікелей әсер етеді.
Полярлық фронттын Иран тармағы Тәжікстанмен Түркменстанның, Ауғаныстанмен шекарасында орналасқанымен озінің негізгі жолынан ауытқып, тұран ойпатының оңтүстік бөлігіне таралатындықтан суық және жылы ауа массаларының араласуына байланысты жауын-шашын түзіледі. Қыстын соңында Азия максимумы әлсіреуне байланысты жазыққа солтүстіктен арктикалық суық ауа ағыны енедіде суық ашық ауарайы қалыптасады.Каспий теңізінің солтүстік-батыс бөлігінен ылғалды жылы ауа еңгенде бұқлтты жауын-шашынды ауарайы қалыптасады. Шу-Сарысу ойысында қыста жауын-шашын қар түрінде түседі. Оңын қалындағы солтүстігінде 15-20 сантиметрден оңтүстігінде 10 сантимертге дейін кемиді./18/
Оңтүстігінде жауын-шашын сұйық күйінде түседі. Катты түрінде түсетін жауын-шашынның мөлшері солтүстігінде 61 мм оңтүстігінде 31 мм дейін кемиді.
Көктемде теріс және оң радиациялық баланстың бір-бірімен алмасатын кезеңінде ауа –райының режимі жылдам өзгереді. Оңтүстігінде ақпанның екінші жартысында біртіндеп солтүстікке қарай тарала бастайды. Бұл кезенде ауа мен топырақтың температурасы жылдам көтерілуі байқалады Полярлық фронттың Иран тармағы солтүстікке қарай ығысады оның бойында салқын қоныржай және жылы тропиктік ауа массалары бірбірімен араласқанда қалыптасқан қарқынды циклогенез үрдісі жүріп жауын-шашынды ауа-райы қалыптасады.
Жазғы бұлтылық шамалы әрі биік қатпарлы болатындықтан күн сәулесін ұстап тұра алмайды.
Климаты жағынан Шу-Сарысу ойысы құрғақ континентті өлкеге жатады. Жазы ыстық, қысы суық. Қаңтардың орташа температурасы солтүстікте -16°С, оңтүстікте -4°С. Қыста бұл аймаққа артктикалық ауа массасы мен Сібірдің суық ауасы жиі кіреді. Бұл кезде ауа температурасы -30°-40°С-қа жетеді, шілденің орташа температурасы солтүстікте +22°С,оңтүстікте+29°С. Аңызақ желдер жиі соғады.Көктем мен күз ылғалдырақ келеді. Жалпы жауын –шашын мөлшері аздау, жылдық мөлшері 80-100 мм. Климаттың қуаншылығы Тұран жазығының шөл, шөлейтті табиғатымен тығыз байланысты./19/
Шу-Сарысу ойысының ішкі сулары. Шу-Сарысу ойысында өзен жүйесі нашар дамыған. Талас өзені басын Қырғызстандағы Талас Алатауынан алып,Шу-Сарысу ойысындағы Ақкөл көліне құяды.Оның суын қаныт қызылшасын,астық, көкөніс және мал азықтық дақылдарды суаруға пайдаланады. Шу өзеніңдең жағдайы да осыған ұқсас оларда Қазақстан жеріне талмаусырап жетіп (суының көп мөлшерін Қырғыстан елі бөгеп алады), Мойынқұм мен Бетпақдаланың қажетін өтей алмай отыр. /20/
2.2. Шу-Сарысу ойысының топырағы мен органикалықдүниесі
р Алатауынан солтүстікке қарай, тау алдындағы жазықтан төмен үлкен құм алқаптары – Мойынқұм, Тайқұм және Сарыесік атырау орналасқан. Мойынқұм Қаратау мен Шу – Іле тауларының арасына жатыр, олар солтүстікте Шу өзенінің аңғарымен шектеседі. Тайқұм құмдары Шу – Іле таулары мен Іле өзені аңғары арасында, ал Сарыесік атырау шығысқа таман орналасқан және таулар мен Балқаш көлінің арасындағы өңірді алып жатыр. Бұл жазықтар шөл зонасының солтүстік аралық зонасын қамтиды. /21/
Мойынқұм бірқатар текшелер жасай отырып, солтүстік бағытта ылдиланады. Шөл қырқалы – төбелі, ұсақ қырқалы және құм төбелі болып келеді. Мойынқұмның солтүстік шетімен Шу өзенінің аңғарына қарай сазды жазық жалғасады. Жазықтың бетін ендік бағытындағы толып жатқан ескі құрғақ арналар кесіп өтеді.
Мойынқұм Шу – талас ойысының аумағында орналасқан. Солтүстікке қарай платформаның қатпарлы палеозой фундаменті тұмсығының оңтүстік беткейінде үштік дәуірдің жыныстарынан құралған Бетпақдала жазығы орналасқан. Мойынқұмның шегінде қатпарлы палеозой фундаменті тағы да тереңдей түсті. Солтүстьік – батыс бөлігінде қатпарлы фундамент Шу өзенінің аңғарында жер бетіне шығады да, тас көмірлі ізбес тастар өзеннің арнасында сарқырамалар жасайды. Шу – Талас ойысы бордың саздақ қабатты және төрттік құмдарымен жабылған төменгі үштік жыныстарының қалың қабаттарымен толтырылған.
Мойынқұм құмдары бетін жел үріп, рельефтің эолдық формаларының комплексін жасаған ежелгі аллювийлік және флбвиогляциальдық шөгінді болып табылады. Құмның пайда болуы және жиналуы төрттік дәуіріндегі тауларды мұз басуымен байланысты. Сол кезеңде көптеген өзендер Тянь – Шаньның солтүстік жоталарынан ағып түсіп жатты. Олардың суы қазіргіге қарағанда өлшеусіз мол болды, әрі олар Талас пен Шу өзендеріне келіп құятын. Талас өзені Шу өзеніне құйды, Шу өзені Сарысу өзенімен қосылып, содан кейін Шу Сырдарияға барып құйды. Төрттік дәуірінен кейін өзендердің бұл жүйесі өзгерді де, өзендер торы біртіндеп қазіргі қалпына келді. Шу өзенінің қазіргі аңғары жақсы жасалған және беткейлерінде террасалар сериясы бар. Ағындарының азайып, өзендердің оңашалануына байланысты Шу – Талас ойысының толтырылуы жалғаса берді, оның үстіне өзендер шегіне келе, аңғардың ішінде бірқатар атыраулар қалдырып кетті./22/
Жылу мен ылғалдың таралу ерекшелігіне Шу-Сарысу ойысының өзіне тән топырақ ,өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесі бар.Аймақтың аумағында шөлдердің төменде көрсетілгендей бірнеше түрі бар :
-Талас пен Шу, Сарысу өзендерінің орта және төменгі ағысының жайылмалары мен Ащыкөл, Ақкөл, көлдерінің жүйесіне жататан көл жағалауларындағы жер асты сулары жер бетіне жақын жатқан жерлердегі қамыс , құрақ , қоға , су қарақұмығы сияқты ылғал сүйгіш мезофитті өсімджікті сазды шалғындар ;
-Шу-Сарысу ойысының солтүстік бөлігіндегі сұр , ашық қызғылт қоңыр топырақта өсетін жусан , көкпек , бетеге жарлау тәрізді құрғақшылыққа төзімді ксерофитті және суккулентті өсімдіктер өсетін сазды шөлдер;
-Аймақтың солтүстік бөлігіндегі Бетпақдала мене оңтүстік-батысындағы Қаратаудың етегіндегі тауалды жазықтарындағы сазды-қиыршықтасты жыныстарда топырақ түзуде ерекше орын алатын тау жыныстарын желімдейтін гипсті қабаты бар жерлерде өсетін баялышты-көкпекті , тас бұйырғынды гипсофитті өсімдікті тасты шөлдер;
-Мойынқұм сияқты бекіген және жартылай бекіген құмдарда өсуге бейімделген сексеуіл, қылша, жүзгін, құм ұоңырбасы, құм қарағаны тәрізді құмды жерлерге өсуге бейімделген псаммофитті өсімдіктер өсетін құмды шөлдер ;
-Сазды құмды шөлдердің аралықтарындағы ойыстьардағы жерасты суы жер бетіне жақын жатқан, еріген минералды тұздарға бай жерлерге өсуге бейімделген бұйырған, сортаң шөл сияқты галафитті өсімдіктер өсетін сортаң шөлдер./23/
Аталған шөлдердің ішінде Шу өзенінің оңтүстік-батысындағы Мойынқұм шөлінің, Ақкөл, Ащыкөл көлдері мен Шу, Талас өзендерінің жайылмаларындағы саздар мен батпақтар өсімдіктермен жануарлар дүриесіне біршама бай . Ылғал жеткіліксіз , жаз ыстық, қыс суық қатаң климат жағдайында өсуге бейімделген Шу-Сарысу ойысының құмды, сады, тасты шөлдеріне тән өсімдіктердің тамыр жүйесі жақсы жетілген , суды тереңнен сорып алып , ылғалды үнемдеп пайдалануға бейімделген . Өсімдіктерінің көбіне ерте көктемдегі ылғал жеткілікті сәуір- мамыр айларының аралығындағы 1,5 ай ішінде өсіп жетіліп тіршілігін жоятын сарғалдақ, қызғалдақ, жауқазын, бота табан , көкнәр тәрізді эфемерлер мен эфемеройдтар құрайды.
Кристаллды жыныстар жер бетіне шығып жатқан жерлердегі гипсті- қиыршық тасты жыныстарда гифсофитті шөлдер тараған. Олар аймақтың солтүстігіндегі Бетпақдала мен оңтүстік-батыс бөлігіндегі Қаратаудың етегіндегі кең алқапты алып жатыр.Ондағы қоңырсұр топырақта негізінен баялышты-көкпекті ,жусанды өсімдік бірлестіктері өседі . Мұнда топырақ түзуші аналық жыныстың құрамында жиналған гипс қиыршық тасты және сазды жыныстарды бір-бірімен желімдеп өте тығыз қабат түзеді.
Атмосфералық жауын-шашынның жетіспеуі мен буланудың қарқынды болуы қоңыр-сұр топырақтың беткі қабатына дейін карбонатты болуына әсер етеді. Топырақ құрамындағы гипс пен құмның, қиыршық тастың бөлшектері көптеген өсімдіктің өсуіне мүмкіндік бермейді. Сондықтан тасты гипсофитті шөлдерде сортаң шөп сияқты жапырағы етженді суккуленттері мен қатар баялыш, қараған, көкпек, жусан сияқты ксерофитті өсімдіктер өседі. Қоңыр сұр топырақ құнарсыз болғандықтан өсімдіктер сирек болуымен ерекшеленеді.
Талас,Шу, Сарысу өзендерінің аңғарындағы көктемде су басатын жайылмаларында құнарлығымен ерекшеленетін алювиальды-шалғынды топырақ тараған. Мұндағы топырақ түзуші аналық жыныстардың қатарын механикалық құрамы әртүрлі ұсақ түйіршікті құмды, сазды және ауыр сазды жыныстар жатады. /24/
Алювиальды-шалғынды топырақ көктемгі су тасыған кезде таужыныстарына сіңетін еріген қар жаңбыр суының және жер бетіне жақын жатқан жерасты суының есебінен ылғалданады. Өзен аңғарындағы алювиальды шалғынды топырақта ылғал жеткілікті болғандықтан ылғалсүйгіш жиде, тал-терек, шырғанақ, итмұрын, тобылғы сияқты ағашты-бұталы тоғайлар мен қатар ши тәрізді биік астық тұқымдас әртүрлі шөптесін өсімдіктер өседі.
Ащыкөл мен Ақкөлдің жағалауларындағы су басатын ойысты бөлігінде ені біренеше шақырымға жететін топрақ қабаты жасылданған жағалауларда қамысты-құрақты, қоңырбасты мезофитті шалғындар таралған. Ол жерасты суы жер бетіне өте жақын жатқан тау жыныстары қаныққан жағдайда қалыптасады. Батпақты-шалғынды топырақта ылғал сүйгіш қамыс, қоға, түлкі құйрын, құрақ. Сортаңда жусан, сортаң шөп ,ши өседі. Үржар өзенінің атырауында жер тәрізді қара қамыс өседі. /25/
Шу-Сарысу ойысының солтүстігіндегі бетпқдаламен шектессетін және Мойынқұмның оңтүстігіндегі қаратаумен шектесетін тау алды көлбеу жазықтарда шөлді- далалы белдеу тараған. Ондағы лесс тәрізді сазды жыныстарда карбонаты аз сұр топырақ қалыптасады. Аталған топырақ түрі лесе тәрізді сазда саздақтармен құмды сазды аналық жыныстардың бетіндетүзеледі. Ол жылдың орташа температурасы +4,50С аспайтын жауын-шашын аз түсетін қыс жағдайында қалыптасады.
Көктемде түсетін мол ылғал топырақтың беткі қабатындағы жылдам еритін тұздарды шайып кетеді. Өсімдіктің, өсімдіктері сирек аз болуына байланысты топырақ құрамындағы гумстың мөлшерінде 1,5-2,0% артпайды. Гумстың қабаты өте жұқа болуымен ерекшеленеді.
Биологиялық тұрғыдан сәуір мамыр айларымен маусымның бірінші жартысы өсімдіктердің өсуіне қолайлы жағдай туады. Бұл кезеңде өсімдіктер қарқынды дамиды. Маусымның екінші жартысына дейін жауын-шашын өте аз түсетіндіктен топырақтың беткі қабаты құрғап кететіндіктен өсімдіктердің өсіп өнуіне қолайсыз жағдай туады. Жерасты суы жер бетіне жақын жерлерде ши біртіндеп биіктейтін шығыс бөлігінде тау алды құрғақ даласына тән бетеге, боз, шайшөп, тобылғы, қараған сияқты ксерофитті өсімдіктер өседі. /26/|
Мойынқұм мен Шу өзендерінің төменгі ағысындағы құмды алқаптарда құмды топырақ қалыптасқан. Онда жоғарыда аталған құм сүйгіш псаммафитті өсімдіктер кең тараған. Аймақтың оңтүстігіндегі құмды шөлдер сазды , сазды-тасты жусанды, сортаң шөпті жусанды және гифсофитті тасты шөлдерге қарағанда өсімдіктер жамылғысына бай болумен ерекшеленеді.
Шу-Сарысу ойысының аумағындағы құмды шөлдерде өсімдіктердің өсіп өнуіне, дамуына сусымалы қозғалғыш субетраты мен құмның сулы- физикалық қасиетіне байланысты ылғалмен жақсы қамтамасыз етеді.Ылғал сиымдылығы жоғары болатындықтан құмның 1- 1,5 метрге дейінгі тереңдіктегі қабаты ылғалды болады. Капилярлық қысымның төмен болуына байланысты құмның бетінен салған баяу буланатындықтан ондағы ылғал толығымен өсімдіктер бойына сіңіріп траниспирациялауға жұмсайды.
Тәуліктік температура айырмасы жоғары болатындықтан түнгі кезде ауадағы су буы конденсацияланып құм атмосферадан қосымша ылғал алады. Жоғарыды аталған ерекшеліктеріне сай Шу-Сарысу өңірінің құнды шөлдерін де 100- 140 см тереңдікте тұрақты ылғалды қабат түзеді. Құмның астыңғы қабаттарының тұрақты түрде ылғалды болуы басқа шөлдерге қарағанда өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне бай болуына жайлы жағдай тудырады. Жоғарыда көрсетілген белгілеріне сай ауданның құмды алқаптарда, жүзгін, құм қарағаны, сексеуіл, еркекшөп, құм қоңырбасы сияқты өсімдіктер кең таралған. Құмды шөлдер негізінен қысқы жайылм ретінде қолданылады./27/
Шу-Сарысу өңірінің жануарлар дүниесі.Шу-Сарысу ойысында жануарлардың 290 түрі мекендейді. Мұнда сүт қоректілердің 28 түрі кездеседі.Олар : қабан , елік , түлкі , қасқыр.Олардың 21 түрі ерекше қорғауды қажет етеді .
Шу-Сарысу өңірінің жануарлар дүниесінің басым көпшілігін көл маңындағы қамыс-қоғалар мен суда мекндейтін құстар мен балықтар , сазды, тасты шөлдер мен өзен аңғарларындағы тоғайларда мекендейтін сүт қоректілер мен бауырымен жорғалаушылар құрайды . Шөлді алқаптарға тән жануарларының денесінде сыртқы бүркеніш реңдерінің бояуы жыртқыштардан қорғануларына мүмкіндік береді. Күндізгі аптап ыстық пен түнгі салқын ауа-райына бейімделген ерекшеліктеріне сай жануарлары екі үлкен топқа бөлінеді.
Күндізгі ыстық жағдайда құмды-сазды шөлдерде мекендейтін тышқандар , қояндар, сұртышқандар жылдам қимылдаумен ерекшеленеді. Шу-Сарысу өңірінің шөлдері кемірушілермен қатар тасбақа, кесіртке, жылан сияқты бауырымен жорғалаушыларға өте бай. Олардың көбісі ұзақ уақытын ұйқыда өткізуге бейімделген.
Түнде тіршілік етуге бейімделген сүт қоректілердің қатарына сексеуілдің жас өркендерін жеп қоректенетін сексеуіл тышқанын, жарқанаттарды жатқызуға болады. Құмды шөлдерде мекендейтін зымыран, шөл шымшығы, сексеуіл торғайы сяқты құстардың өзі күндізгі ыстықта көлеңкеге тығылуға тырысады .
Жылан, кесіртке, тасбақа, кірпі, жайран сяқты жануарлар су ішпей жүре беруге бейімделген, олар өзі жейтін қорегіндегі аз ылғалды қанағат тұтады.Тау бөктерлерімен өзен жағалауындағы тоғайларда қырғауыл, кекілік, тырна, дуадақ сияқты құстармен қатар қабан-шошқа, қасқыр, түлкі, борсық, суыр сияқты жыртқыштармен кемірушілер кең тараған. Сонымен қатар ұсақ кемірушілермен қоректенетін Қырғи, бөлтіргі, балықпен қоректенетін ақ құйрық су бүркіті сияқты жыртқыш құстарда кең тараған./28/
Құстары :180 түрі тіркелген. Олардың 98 түрі ерекше қорғалады. ларды сулы-батпақты , су жағалауында тіршілік ететіндер деп топтауға болады ,әсіресе, шағалалар , бірқазандар , тырналар , жабағайлар , көкқұтандар , аққу жиі кездеседі.
Қос мекенділер: Жасыл бақа және бақа.
Балықтардан: 8 түрі кездеседі. Олар : сазан , лещ ,субак , окунь , жылтыр карас т.б. мекен етеді.
Ащыкөл, Ақкөл көлдерінің маңында, Мойынқұм шөлінде жайран,арқар, қарақұйрық сыяқты сирек кездесетін шөп қоректі аңдар кездеседі. Алтай,Балқаш көлдерінде балықтармен суда жүзетін құстар кең таралған. Көктем мен күз аралығында тырна, қасқалдақ, аққұтан, қараша қаз сияқты жыл құстары ұя салады. Қамыстардың арасында қабан шошқа сақталған.
Шу-Сарысу ойысы құрғақ, ащы қатты сабақты мал азықтық шөптесін өсімдіктерге бай. Оларды көбінесе қысқы көктемгі күзгі жайылым ретінде қолданылады. Ащыкөл, Ақкөл көлдерінің жағалаулары мен Талас, Шу, Сарысу өзендерінің жайылмаларындағы қамысты-қоғалы, құрақты – қоңырбасты биік шөптесін өсімдікті шалғындар шабындық ретінде пайдаланылады.
1932 жылы Талас Шу өзенінде салынған магистральды суару жүйелері арқылы аймақтың 70-80 мың гектар қызылша, көкөніс, астық,малазықтық дақылдары егілген егіс алқаптары суарылады. Топырақтың сапасының төмендігі мен тұщы суды шектен тыс пайдалану экологиялық тепе-теңдікті бұзуына байланысты суармалы егістіктің көлемін арттыру тиімсіз.
Шу-Сарысу ойысындағы Талас, Шу өзендерінің алабында 1970-1990 жылдар аралығында суармалы егіншіліктің қарқынды дамуы қызылша, күріш, сарымсақ өсірілетін егіс алқаптарынан пестециттермен, гербециттермен ластанған су Шу өзені мен Ащыкөлдің ихтиофаунасы мен құстарына, адамның денсаулығына кері әсер етіп ,Ащыкөл жүйесіндегі көлдердің деңгейін төмендетті және егістікті дамыту барысында тыңайтқыштармен ластанған қалдық сулар жерасты еспе суларының да ластануымен қатар олардың деңгейін көтерілуіне әкеліп соқты. Нәтижесінде егіс алқаптарының тұзданып батпақтану, шөлдену үрдісі, топырақ эрозиясы күшейді. /29/
Топырақ жамылғысында қоңыр топырақ мол. Олар өздерінің құрылысы мен құрамы жағынан сұр топыраққа жақын. Қоңыр топырақтың қара шірік қабаты қоңырқай реңді, әрі қуқыл түсті карбонат қабатымен алмасады. Қоңыр топырақтар жеңіл майда топырақты, минералды тұзға бай аналық жыныстарда түзіледі, бұл олардың құнарлылығын қамтамасыз етеді.
Өсімдік жамылғысы өте сирек, 50%-ке жетпейтін жерді жауып жатыр. Мұның өзі топырақтарды аласа өсімдіктердің – қынаның, балдырдың және мүктің өсуіне қолайлы жағдай туғызады. Өсімдіктердің құрамы рельеф пен грунтқа байланысты өзгеріп отырады. Интрозоналық өсімдіктер өзен аңғарларына тараған. Өзен жайылымдарын тоғайлар алып жатады.
Мойынқұм мен Шу-Сарысу шөлді алқаптарының жануарлар дүниесі құмтасты шөлдерге тән жануарлардан тұрады. Бұларда қарақұйрық, қарсақ, түлкі, қасқыр, көптеген кеміргіштер, бауырмен жорғалаушылар кездеседі.
2.3. Шу-Сарысу ойысындағы шөлдердің түрлері
Шөлге ылғалмен ылғалдың диспропорциясы құрғақ ыстық жаз бен суық қар аз түсетін қыс тән. Жазда құрғақ жауын – шашынсыз ауа райы басым болады. 0°С жоғары аязсыз күндердің саны 130-150 күнге дейін созылады. +10°С жоғары қарқынды температураның жиынтығы 3000-3500° жауын – шашынның жылдық орташа мөлшері солтүстігінде 150-170мм, оңтүстігінде 100-150мм аспайды. Жауын – шашынның бір жыл ішіндегі таралуы әркелкі болуымен ерекшеленеді. Қоңыржай белдеуде қыс біршама тұрақты және ұзақ әрі салыстырмалы түрде суық. Қаңтардың орташа температурасы — 15°Стен 0°С аралығында ауытқиды. Жазғы температура субтропиктік шөлге қарағанда біршама төмен болады.Шу – Сарысу ойысы шөлдің солтүстік зонасының оңтүстік тармақтарына жатады. /30/
1983 жылы жарық көрген КСРО – ның үлкен атласында Мильков пен Гвоздецкий қоңыржай және субтропиктік белдеулерінің шекарасын Қарабұғаз – Гол мен Қаратау жотасының солтүстік бөлігі арқылы жүргізеді. Жылу ресурстарының молдығымен ылғалдың жетіспеуіне байланысты Шу-Сарысу ойысындағы шөлдің экологиялық жағдай климаттың зоналық ауысуына ғана емес, жердің беткі қабатын түзетін тау жыныстары субстраттық ылғалды сіңіргіштігі, Капиллярлығы, ауадағы аз ылғалды жұта білу қасиеттері айқындайды. Сондықтан субстраттық сипаты шөлдің аумақтық табиғат кешендерінің орналасуымен таралуында ерекше орын алады. Белгілі ғалымдар Г.И.Борщов, А.Ф.Мидендорф, А. Н.Краснов, Л.С.Берег Шу-Сарысу ойысындағы шөлдерін құмды, сазды, тасты (қиыршық тасты) сортаң және лессті деп бес топқа бөледі. Кейіннен 1934 жылы Е.Л.Коровин ботаникалық белгілеріне қарай эфемерлі, псаммофитті, гифсофитті және галофитті деп төрт топқа бөлді. Жоғарыда аталған екі топтастыруды бір – бірімен салыстыра отырып, субстраттың әрбір түріне үш немесе төрт түрлі өсімдіктер тобы басым болатыны айқындалды.
Шу-Сарысу ойысының лессті сазды шөлдерінің түрлері. Аймақтың лессті сазды шөлдерде – ксерофитті эфемерлі, құмды шөлдерде – псаммофитті, тасты шөлдерде – гипсофитті, сорлар мен сортаң шөлдерде – галафитті өсімдіктер бірлестіктері тарайды. Ұсақ түйіршікті лессті жыныстардан тұратын жазықтарда (субстраттарда) оңтүстік зона тармағында эфемерлі және жусанды эфемерлі, солтүстік зона тармағында жусанды – сортаң шөпті, сортаң шөпті – жусанды шөлдер қалыптасады. Шу-Сарысу ойысының аумағында басқа шөлдерде геоботаникалық провинция негіздегі өсімдіктер бірлестіктерінде аздаған ауытсулар болғанымен сол қалпында сақталады. Солтүстік зона тармағында болғанымен оңтүстік зона тармағында эфемерлер мен эфемеройдтар басым болады. /31/
Шу-Сарысу ойысының Сазды – жусанды және сортаң шөпті – жусанды шөлдері. Аймақтың аталған шөлдері солтүстік зона тармағына тән шөлдердің қатарына жатады. Олар Шу-Сарысу ойысының солтүстігі мен шу өзенінің шығысында таралған. Онда оңтүстік тармағындағыдай көктемгі жауын – шашынды кезең айқын байқалмайды. Маусым мен қыркүйек аралығындағы жылы кезеңде айына 10-15 милимертден жауын – шашынның біркелкі таралуы оңтүстік шөлге қарағанда буланудың біршама аз болуымен температураның аздап төмен болуы вегатациялық кезеңде топырақта аздаған мөлшерде ылғалдың сақталуы өсімдіктердің өсіп — өнуіне қолайлы жағдайлар тудырады. Саздан жусанды, сортаң шөпті – жусанды шөлдерге жусан, бұйырғын көкпек байалыш итсигек сияқты құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер тән. Онда жусандар басым болғандықтан жиырмадан астам түрі өседі. Камфосма және алабота тұқымдас өсімдіктерде кездеседі. Қар еріген кезде температура төмен болып топырақтың беті қызып үлгермейтіндіктен эфемерлер мен эфемеройдтар аз болады. Жауын – шашынның аздығы топырақтың қимасында карбонаттардың мөлшерінің шамалы болуына қарамастан беткі қабатының шайылуына, жылдам қозғалатын суда жақсы еритін тұздардан арылуына онша әсер етпейді. Сазды шөлдерде аз карбонатты қоңыр – сұр топырақ басым болады. Суды нашар өткізуі мен капиллярлығының жоғары болуы топырақ қабаттарының тұзданып, сортаңдар мен сорлардың дамуына қолайды жағдай тудырады. Бұл шөлге тән басты ерекшелік топырақ — өсімдік жамылғысының бір – бірінен айқын байқалатын кешенділігінде.
Сазды шөлдерге тән жануарлардың қатарына жылдам жүгіретін бөкен, қарақұйрық сияқты тұяқты жануарлар мен кеміруші тышқандар басым болады. Құстардан бұлдырық, қырғи, баурымен жорғалаушылардан тақыр және торлы дөңгелекбас кесіртке кең тараған. /32/
Шу-Сарысу ойысының құмды псаммофитті шөлдері. Құмды шөлдер Шу-Сарысу ойысының оңтүстік-батысындағы Мойынқұм шөлін алып жатыр. онда өсімдіктер жамылғысында эндемиктердің үлесі үлкен роль атқарады. Өсімдіктер жамылғысының таралуы мен дамуына субстраттың қозғалғыштығымен басқа шөлдерге қарағанда ылғалды жақсы ұстайтын екі қасиеті әсер етеді. Ол құмның сулы – физикалық қасиетімен тығыз байланысты. Құмның сусымалы болуымен борпылдақтығына байланысты атмосфералық ылғал құмға толығымен сіңіп кетеді де 1-1,5 метрге дейінгі қабатын сулайды. Капиллярлығының аздығына байланысты құм қабаттарына жиналған ылғалды тамыры арқылы өсімдіктер транспирациялайды. Температураның тәуліктік ауытқуы жоғары болғандықтан түнде ауадағы су буы конценсацияланып құмға сіңеді. Аталған белгілердің барлығы 100-140 см-ге дейінгі құм қабаттарының тұрақты түрде ылғалды болуына тікелей әсер етеді.
Жоғарыда көрсетілген құмды шөлдердің ерекшеліктері шөлдің басқа типтеріне қарағанда өсімдіктер жамылғысының мол болуына әсер етеді. Құмды шөлдердің өсімдіктерін жүзгін, құм қарағайы, тамарикс сияқты бұталар, Сексеуіл, эфемерлер мен эфемеройдты шөптесін өсімдіктер құрайды. Эфемерлердің кең таралуына сазға қарағанда құмның жылдам жылынуы әсер етеді. Құмды шөлдердің өсімдіктері субстраттың қозғалғыштығына жақсы бейімделген. Мұндай қасиеттерге ие болған құм сүйгіш өсімдіктер ерекше псаммофиттер тобын құрайды. Олар тез өсіп қосымша өркендер түзуге, сабағында қосалқы тамырдың болуымен ерекшеленеді. Құмды жел үрлегенде жер бетіне шығып қалатындықтан күн сәулесінің тіршілікті жоятын әсерінен сақтайтын тамырларында арнайы жабын қабығы болады. Тұқымдары мен жемістерінде құм көміп қалудан сақтайтын қабыршықты қанаттары болатындықтан желмен жеңіл таралып, құмның бетіне бекіп қалуға бейімделген. Шу-Сарысу ойысындағы құмдардың беку дәрежесіне сай өсімдіктер дамудың әркелкі сатысында болады. Желдің үрлеуі күшті байқалатын құм жолдарының төбесінде шым түзетін астық тұқымдас өсімдік семн, құм қарағайы, жүзгін өседі. Құм жолдарының бекіген ұсақ сазды жыныстардың бөлшектері кездесетін беткейлерінде ақ немесе құм сексеуілі, ағаш тәрізді шеркез, жүзгіннің кейбір түрлері, құм қоңырбасы басқада эфемерлі шөптесін өсімдіктер өседі. Жаларалық ойыстарда құмдар біршама тығыз әрі жалаңаш болып келеді. Онда көптеген бір жылдық шөптесін өсімдіктер өсіп, тамырлары шым түзеді./33/
Құмды шөлдердің жануарлар дүниесі алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Әрі басқа түрлеріне қарағанда түр құрамына бай болады. Олардың көпшілігі эндемиктер. Олардың қатарына жіңішке саусақты сұртышқан аяғы түкті тышқан, үлкен құм тышқаны, құлақты кірпілер, ешкілердің бірнеше түрі жатады. Құмдар құлақты және домалақбас құм кесірткесі, агама, ескек саусақты геккон, сұр варан, құм эфасы, құм айдаҺары, оқ жылан сияқты баурымен жорғалаушыларға бай. Жыландар мен кесірткелердің санының көп болуы құмды шөлдерге тән басты ерекшеліктердің бірі. Ірі бұталар мен аласа ағаштардың болуы сексеуіл торғайы, сексеуіл сойкасы, басқада құстардың ұя салуына қолайлы жағдай тудырады. Мұнда шөл бүркіті, үкі Қыран бөктері сияқты жыртқыш құстар да көптеп кездеседі.
Шу-Сарысу ойысының тасты — галофитті шөлдер мен тақырлары.
Шу-Сарысу ойысының тасты шөлдер аймақтың солтүстігіндегі Бетпақдамен, шығысындағы Шу-Іле тауларымен, оңтүстік-батысындағы Қаратаумен шектесетін шеткі бөлігінде тараған. Өсімдіктердің таралуына әсер ететін басты жағдай топырақ қабаттарында гипстің жинауы. Топырақтың арнайы қабатындағы гипс топырақ құрамындағы саз бен құмды жыныстардың ұсақ бөлшектерін желімдеп қатырып тастайды. Топырақ құрамындағы гипс көптеген өсімдіктердің өсіп өнуіне мүмкіндік бермейтіндіктен өте сирек болатындықтан біртұтас бірлестік түзбейді. Тасты шөлдерде сұр, тұран, майкара жусандары, жапырағы етженді суккуленттер сияқты гипсофиттермен қатар қылшалар, теріскендер өседі. Тасты шөлдерде 100-120 тарта эндемик өсімдіктер өседі. Тасты шөлдердің бетін қиыршық тастар мен бір – бірімен желімделген сазды жыныстар алып жатады. Тығыз қабыршақты тасты шөл топырағында кең тараған өсімдіктердің қатарына баялыш пен көкпекті тасбұйырғынды жатқызуға болады. Шөлдің бұл түрі жануарлар дүниесіне өте кедей.
Шу-Сарысу ойысының сортаңды –галафитті шөлдері. Негізінен тұзданған жерасты суы жер бетіне жақын жатқан шағын ойыстарда басқа шөлдердің арасында кішігірім арал немесе дақ түрінде таралады. /36/
Аймақтағы жерасты сулары жер бетіне жақын жатқан жерлерде кездесетін бұл шөлдердің субсратын сорнар құрайды. Өсімдіктердің өсіп өнуіне субстраттың белгілі дәрежеде тұздануі мен топырақтың жерасты еспе суымен ылғалдану қолайлы жағдай тудырады. Қатты тұзданған топырақта өсуге өсімдіктердің аздаған түрлері ғана бейімделгендіктен түр құрамы аз. Тұзды жерлерде өсуге бейімделген өсімдіктердің ерекше тобын Галафиттер құрайды. Олардың қатарына сабағы мен жапырағы етженді бойына су жинап құрғақшылық кезеңде үнемдеп пайдаланатын суккулянттар жатады. Оларға сарсазаң сортаң шөп сияқты бірқатар өсімдіктер жатады. Сортаң шөлдер жануарларға өте кедей болады./37/
Шу-Сарысу ойысының шөлдерінің әрбір типінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Табиғат компоненттеріндегі өзара байланыс әрбір шөлге тән ландшафтларды айқындайды.
Қорытынды
Бітіру жұмысын қорыта келе Шу-Сарысу ойысының қазіргі ланшафтыларының қалыптасуына физикалық географиялық орынының,геологиялық құрылысымен жер бедерінің,климаты мен ішкі суларының әрекетін анықтап,табиғат байлықтарын пайдалану барысында табиғи қоршаған ортаның тепетендігін сақтау,шөлдену топырақ эрозиясы,мен құм көшкінділерін болдырмау мәселесін жолға қою.
Бүгінгі тақырыптың ең өзекті мәселелерінің бірі екеніне көз жеткіздім.
Шу-Сарысу ойысының 43-46°с.е. аралығында орналасуына байланысты шөлейттермен,шөлдер кең тараған.Жылу менылғалдың таралуына сай шөлдердің өзі солтүстік және оңтүстік болып екіге бөлінеді. солтүстік бөлігінің қоңыржай белдеудегі шөлдері салыстырмалы түрде біршама ылғалды жағдайда қалыптасатындықтан жусанды-әртүрлі шөптесін өсімдіктерге біршама бай жусанды-біртүрлі шөптесін өсімдікті сазды, астық тұқымдас әртүрлі шөптесін өсімдікті құмды және баялысита, көктекті әртүрлі шөптесін өсімдікті тасты шөлдерқалыптасқан. Шу-Сарысу ойысының оңтүстік бөлігіндегі субтропиктік шөлдері қысы жылы,жазы ыстық өте құрғақ болуы мен ерекшеленетіндіктен көк нәрлі, сарғалдақты, әртүрлі шөптесін өсімдікті эфенерлі шөлдер басым болып келуімен ерекшеленеді: Қатаң әрі шұғыл кантинентті климат жағдайында ылғалдың сақталуында Тұран жазығының шөлдерінің субстраты ерекше орын алады. Шу-Сарысу ойысының беткі қабатының литологиялық құрамына сай жусанды-сортан шөпті сазды,астық тұқымдас әртүрлі шөптесін өсімдікті құмды псаммофитті баялыситы-көкпекті тастти гифсофитті жәнесортан шөпті сорлы-галофитті шөлдер қалыптасқан,солардың ішіндетау жыныстарыныңер екшеліктеріне,ылғалдану жағдайына сай құмды псаммофитті шөлдер тіршілікке өте бай болып келеді: Ылғалдану мүмкіндігішектеулі болуына байланысты типсофитті тастышөлдер өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне өте жұтаң болып келеді.
Қазіргі кезенде ғаламдық жылыну үрдісіне табиғат байлықтарын пайдалануға байланысты Ащыкөл,Ақкөлдерінің құрғап қалған көл табанынан ұшқан шаңды тұздардың бұлтпен араласып Оңтүстік Қазақстанның топырағын,жер асты суларымен ауаны ластап,қоршаған ортаның тепе тепетеңдігін бұзып адам өміріне қауіп төндіруде.
Суармалы егіншіліктің жедел дамуы Шу мен Таластың суында тыңайтқыштармен еріген концентрация сының мөлшері шектен тыс артып кетуі Шу-Сарысу ойысының халқын ауыз су мен қамтамасыз ету мәселесін шешіп, аймақтың биологиялық байлықтарына орасан зор нұқсан келтіруде.
Осыған орй ортаталық Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл обылыстарының халқы Шу мен Талас өзендерінің суын үнемдеп пайдаланып суды көп қажет ететіндақылдардың егіс көлемін азайтып өзен суының Ащыкөл мен Ақкөлге жеткілікті мөлшерде құйылуын қамтамасыз етіп қазіргі денгейін сақтап қалу мәселесін шешу қажет.
Шу-Сарысу газды алабының табиғи газын басқада табиғат байлықтарын игеру барысында табиғи тепе-теңдікті сақтау мәселесіне зор мен беру қажет.