АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Ұлыбритания, АҚШ, Кеңес Одағының мемлекет басшыларының Тегеран конференцияс

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе…………………………………………………………………………………………………….

 

І-ТАРАУ. ҰЛЫБРИТАНИЯ, АҚШ, КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ТЕГЕРАН КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

1.1.1939-1942 жж. әскери қимылдар. Гитлерге қарсы одақтың құрылуы…………………………………………………………………………………………………..

1.2.КСРО, Құрама Штаттары мен Ұлыбританияның 1943 ж. Мәскеу конференциясы…………………………………………………………………………………………

1.3.Ұлыбритания, АҚШ, Кеңес Одағының мемлекет басшыларының Тегеран конференциясы…………………………………………………………………………..

 

ІІ-ТАРАУ. КСРО, АҚШ ЖӘНЕ ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ҚЫРЫМ (ЯЛТА) КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

2.1.1944 ж. екінші Квебек конференциясы………………………………………………

2.2.КСРО, АҚШ және Ұлыбританияның мемлекет басшыларының Қырым (Ялта) конференциясы………………………………………………………………

 

ІІІ — ТАРАУ. БЕРЛИН (ПОТСДАМ) КОНФЕРЕНЦИЯСЫ. СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛЕРІНІҢ КЕҢЕСІНІҢ (СІМК) ҚҰРЫЛУЫ

3.1. Потсдам конференциясы. Сыртқы Істер Министрлерінің Кеңесінің (СІМК) құрылуы……………………………………………………………………………….

 

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………………

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТКЕ СІЛТЕУЛЕР…………………………………

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………………….

 

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі.

Адамзаттың дипломатиялық тарихында халықаралық конферен-циялардың алатын орны зор. Баршаға мәлім ең алғашқы бұндай халықаралық конференцияның Еуропадағы Наполеон жорықтары аяқталғаннан кейін 1815 Вена қаласында өткені. Ол тарихқа Вена конгресі деген атақпен кірді. Бірінші дүниежүзілік соғысы аяқталғаннан кейін Версаль-Вашингтон халықаралық жұйесін құрған атақты Париж бейбіт конференциясы өтті. Екінші дүниежүзілік соғыс барысында фашизмді жеңуге септігін тигізген, соғыстан кейінгі халықаралық тәртіпті орнатқан, адамзаттың келешек өмір сүруі мен дамуына зор ықпал тигізген Гитлерге қарсы құрылған коалицияның 3 конференциясы өтті. Ол Тегеран, Қырым, Потсдам конференциялары. Биылғы жылы бүкіл әлем адамзатқа зор қасірет пен қайғы әкелген, мыңдаған адамдардың жанын алып кеткен Екінші дүниежүзілік соғыс-тың аяқталуының 63 жылдығын және Кеңес үкіметінің фашизмді талқандауының 61 жылдығын салтанатты түрде атап өткен жағдайда бұл оқиғаларды қайтадан еске түсіріп зерттеу өте қажетті де өзекті.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі 1945-1991 жж. баяғы одақтастар арасында болған «қырғи — қабақ соғысы» барысында, Гитлерге қарсы құрылған коалицияның тарихы, жоғарыда аталған конференциялардың тарихы, олардың нәтижелері Кеңес одағында да, Батыс елдерінде де тенденциясында зерттелді. Сондықтан бұл кеңестік тарихнамада ең бұрмаланған тақырып болды.

Әлемдік социалистік жүйе күйреп, Кеңес Одағы ыдырып, оның құрамында болған мемлекеттер тәуелсіздікпен, егемендікке қолы жеткен жағдайда, имперлық диктаторлықтан арылған Қазақстан Республикасының жас тарихшылары көптеген мәселелерді қайтадан қарап, бағалауы керек. Сондықтан мен тарихи шындықты жаңғыртып, Екінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жетуге зор ықпалын тигізіген адамзаттың келешек дамуына зор әсерін тигізген Тегеран, Қырым, Потсдам конференцияларының тарихын зерттеуді өзімнің азаматтық борышым деп есептедім.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі тарихи ой жүйесіндегі өзгерістер негізінде зерттеу жұмысының өзектілігі мен қажеттілігін айқындай отырып, 1945-1991 жж. кеңестік тарихнамада, 1991 -2005 ж. ресейлік және отандық тарихнамада жарық көрген, бұл мәселеге арналған деректер мен арнайы зерттеулер негізінде, 1943-1945 жж. өткен Тегеран, Қырым, Потсдам конференцияларының шақырылу тарихын олардың қызметін, негізгі шешімдерін және адамзаттың тарихындағы алатын орнын көрсетуді мақсат етік. Бұл күрделі де жауапты мақсаттарға жету үшін төмендегідей нақты міндеттер айқындалды:

-1941 ж. бастап Гитлерге қарсы одақтың құрылуын, оның мақсаттарын сипаттау;

  • КСРО, Құрама Штаттары мен Ұлыбританияның 1943 ж. Мәскеу конференциясының маңызын ашу;
  • Ұлыбритания, АҚШ, Кеңес Одағының мемлекет басшыларының Тегеран конференциясының дайындалу тарихын, жұмыс барысын, күн тәртібіндегі қаралған маңызды мәселелердің талдануын, олар бойынша жүрген дискуссияларды көрсету және қабылданған шешімдерді талдау;
  • КСРО, АҚШ және Ұлыбританияның мемлекет басшыларының Қырым (Ялта) конференциясының негізгі шешімдерін көрсету;

—    1944 ж. екінші Квебек конференциясының Екінші дүниежүзілік соғыстағы алған орнын көрсету;

—  1945 ж. Потсдам конференциясының, әсіресе Германияға қатысты, және сонымен қатар бөтен де халықаралық мәселелерді шешуін көрсету;

—    Екінші дүнижүзілік соғыс барысындағы Тегеран, Қырым, Потсдам конференцияларының тарихи маңызын көрсету.

Зерттеудің хронологиялық шеңбері 2 жылдан астам — 1944 -1945 жж. негізгі мақсаты — фашизмді күйрету үшін шақырылған Тегеран, Қырым, Потсдам конференцияларының тарихын қамтиды

Зерттеудің деректік және тарихнамалық негізі болған 1945-1991 жж. кеңестік тарихнамада, 1991 — 2005 ж. ресейлік және отандық тарихнамада жарық көрген, бұл мәселеге арналған деректер мен арнайы зерттеулер және мерзімді басылымдағы жарық көрген материалдар.

Бұл жұмысты жазуға негіз болған мынадай деректер:

  1. Бұл мәселеге қатысты жарық көрген «Важнейшие рөшения», 2 томдық «Переписка Председателя Совета Министров СССР с Президентами США и премьер-министрами Великобритании во время Великой Отечественной войны 1941-1945 гг.», «Сборник действующих договоров, соглашений и конвенции, заключенных СССР с иностранными государствами», «Тегеран. Ялта. Потсдам: Сборник документов» деген құжаттар жинақтары мен «Қазіргі заман тарихы» бойынша хрестоматия.
  2. Сонымен қатар мен дерек ретінде бұл соғыс туралы жазған атақты саясатшылар мен әскөри адамдардың естеліктерін алдым. Мысалы Екінші дүниежүзілік соғыс барысындағы Ұлыбританияның премьер- министрі болған У. Черчилльдің «Вторая мировая война» деген 2 томдық естелігі мен фашистік Германияның 1933-1945 жж. Тұрғылықты әскерлерінің колбасшысы Б. Мюллер-Гиллебрандттың «Сухопутная армия Германии. 1933-1945 гг.» дөген мемуары.

Дипломдық жұмыста жоспарланған мәселелерді мен мынадай арнайы зерттеулер негізінде қарастырдым:

  1. 1945-1991 ж. кеңестік тарихнамада жарық көрген С.Л. Агаевтың «Иран между прошлым и будущим. События, люди, идеи», В.Л.Исраэлянның «Дипломатия в годы войны», В.С. Ковальдің «Политика и стратегия США во второй мировой войне», А.М. Самсоновтың «Вторая мировая война», В.Г. Трухановскийдің «Внешняя политика Англии в период второй мировой войны (1939-1945)»,  Н.Н. Яковлевтің «От Перл-Харбора до капитуляции» деген монографияларына негізделдім.
  2. Кеңестік кезеңде және қазіргі Ресей Федерациясында жарияланған мынадай зерттеулер жинақтары: «Внешняя политика Советского Союза в период Отечественной войны», «Всемирная история: Вторая мировая война / Под ред. А.Н. Бадак, И.Е. Войнич, Н.М.Волчек и др.», «Исторой Второй мировой войны /Под ред. А.Н. Бадак, И.Е. Войнич, Н.М.Волчек и др.», «Вторая мировая война: Дискуссии. Основные тенденции. Результаты исследовании. /По ред. В. Михалки.», «История войны на Тихом океане. Т.1У. «Мировое хозяйство и мировая политика», «Союзники в войне 1941-1945 гг.».
  3. Ресей Федерациясында 2000 ж. жарық көрген Е.Ю. Сергеевтің өте құнды «Новейшая история. Подробности 1941-1945гг.» деген материалдар жинағы.
  4. Бұл мәселені зерттеуге арналған шетелдік зерттеушілердің орыс тіліне аударылған еңбеқтері: Дж. Эрманнның «Большая стратегия. Август 1943-сентябрь 1944», Ф. Шерманның «Война на Тихом океане».
  5. Мерзімді басылымдар: «Правда», «Известия» газеттері, «Новая и новейшая история» журналы.

Зерттеу жумысының құрылымы. Жұмыс кіріспе, қорытынды, пайдаланған әдебиеттөр тізімі мен 5 параграфқа бөлінген ІІІ тараудан тұратын негізгі бөлімнен тұрады.

І-ші тарауда «Ұлыбритания, АҚШ, Кеңес Одағының мемлекет басшыларының Тегеран конференциясының» тарихы зерттелген. ІІ -ші тарауда «КСРО, АҚШ және Ұлыбританияның мемлекет басшыларының Қырым (Ялта) конференциясы» сипатталған. ІІІ — ші тарауда «Берлин (Потсдам) конфөренциясының» тарихи маңызы ашылып, онда құрылған біріккен Сыртқы Істер Министрлерінің Кеңесінің соғыстан кейінгі Германияға, оның саттёлиттері мен азат етілген Еуропаға қатысты мәселелерді шешуі көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І — ТАРАУ. ҰЛЫБРИТАНИЯ, АҚШ, КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ТЕГЕРАН КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

1.1. 1939-1942 жж. әскери қимылдар. Гитлерге қарсы одақтың құрылуы.

1939 ж. 1 қыркүйекте фашистік Германияның Польшаға соғыс жариялауымен Екінші дүниежүзілік соғыс басталды. 2 қыркүйекте Польша мемлекетінің өмір сүруіне кепілдік берген Ұлыбритания мен Франция Германияға соғыс жариялады. Немістер екі майданға соғысуға мәжбүр болды — Батыс майданында олар Ұлыбритания мен Франциямен соғысты, Шығыс майданда Польшамен.

Өздерінің «блицкриг» («қауірт соғыс») жоспарларына сәйкес немістер Батыста шамалы әскерлгерін ғана тастап, негізгі күштерін Польшаға төкті. Фашистер әскер саны және техника бойынша Польшадан біраз асып түсті. Поляк әскерлерінің қатты қарсылығына қарамастан, немістер Польшаның территориясына тереңдей түсті. 16 қыркүйекте поляк үкіметі Лондонға эмиграцияға кетті. Қыркүйек айының соңында барлық поляк жерлерін немістер басып алды. Гитлер басып алған поляк жерлерінде неміс наместнигі басқаратын генерал-губернаторство құрып қойды [1, 24.]. Бұл уақытқа дейін Польша мемлекетінің құрамында болған Батыс Украина мен Батыс Белоруссия жерлерін поляк үкіметі Лондонға қашып кеткеннен кейін, кеңес әскерлері басып алды және олар КСРО-ң құрамына қосылды [2, 58.]. Бұл уақытта Батыс майданда тарихқа «оғаш соғысы» деген атпен кірген оқиғалар жүріп жатты. Ұлыбритания мен Франция немістерге соғыс жариялағанымен бұл жерлерде белсенді әскери қимылдар жүргізілмеді [3, 28.].

1939 ж. қараша айында Еуропаның солтүстігінде тағы да соғыс басталды. Кеңес үкіметі көршілес Финляндиямен шекаралық мәселелерді келіссөздер арқылы шеше алмағандықтан енді оны күшпен шешуге кірісті. 1939 ж. 30 қарашада КСРО Финляндияға соғыс жариялап оған қарсы әскери қимылдарды бастады. Бұл соғыс Кеңес Одағы үшін өте қиын түсті. Кеңес әскерлері көп шығынға ұшырады, майдандарда жеңіске жете алмады. Бұл соғысқа байланысты оның халықаралық беделі түсіп кетті. Оны Ұлттар Лигасынан шығарып тастады. Бұл оқиғаны пайдаланып Батыс мемлекеттері КСРО-ға қарсы біріккен майдан құру үшін ат салыса бастады. Бірақта 1940 ж. науырыз айында көптеген адам шығынының нәтижесінде КСРО бұл соғыста жеңіске жетіп, өзінің Финляндиямен шекарасын Ленинградтан, Мурманскіден және Мурманск темір жолынан әжептәуір аластатты [4, 58.]

1940 ж. сәуір айында Лондон мен Париж күтпеген уақытта Гитлер өз тарапынан Батыстағы «оғаш соғысты» аяқтады. 9 сәуірдө 1 күннің ішінде ол Данияны басып алып Норвегияға десант түсірді. Гитлердің бұл әрекеттері Ұлыбритания мен Франциядағы Гитлерді «жайластыру» керек, оның экспансиясын КСРО-ға итермелеу керек деген бағытты үстанған саясатшылардың опық жегенін көрсетті. Ұлыбританияда бұл саясатты үстанған Дж. Чемберлен басқарған ағылшын үкіметі отставқаға жіберілді. Енді Ұлыбритания үкіметін басқаруға нацистік Германиямен батыл соғыс жүргізу бағытын қолдаған, XX ғ. ірі саясатшыларының бірі Уинстон Черчилль келді [5, 28.]

Бірақта бұл кеш болды, себебі Гитлер Батыс майданда шабуылға шығу үшін дайындықты жасап үлгерген еді. 10 мамырда 1940 ж. немістер француздер неміс-француз шекарасында жасап қойған «Мажино қорғаныс шебін» айналып өтіп Бельгия мен Голандияны басып алып Солтүстік Францияға ұмтылды. Дюнкерк деген жердің маңайында 400 -мыңдық ағылшын-француз әскерлері немістердің қоршауында қалды. Тек көптеген адам шығындарынан кейін бұл ағылшын-француз әскери тобының қалдығын Ұлыбританияға эвакуациялауға мүмкіндік туды [5, 32.]. Немістер адымдап астана — Парижге жақындап қалды. 1940 ж. 10 мамырында француз үкіметі астанадан қашып Бордо қаласына көшеді. Олар қашып кеткеннен кейін Францияның үкімет басына маршал Петен келеді. Билік басына келе сала ол Гитлерге тізе бүгіп бейбіт келісім жасауды өтінеді. Сөйтіп Фрнцияның коллаборационистік сатқын үкіметі Францияның немістерден жеңілгенін мойындады [6, 120.].

Германия мен Франция арасында жасалған келісім шарт бойынша, немістер Парижбен қатар Францияның 2/3 территориясын басып алды. Францияның оңтүстік бөлігі формалдық түрде тәуелсізідігін сақтап қалды. Виши деген кішкентай курорттық қала Гитлермен тығыз байланыста болған сатқын маршал Петен басқарған коллаборационистік француз үкіметінің резиденциясы болып жарияланды. Неліктен Гитлер Францияның жерлерін толық басып алмай, оның шектелген егемендігін сақтап қалды? Бұл іс-әрекеттерімен Гитлер мынандай мақсаттарды көздеген еді. Біріншіден, бұл әрекеттері арқылы ол орасан зор француздардың отарлық империясы мен қуатты француз флотын өзінің қол астында сақтап қалды. Егерде ол Францияның толық тәуелсізідігін жойса француз моряктары мен әскерлері Ұлыбританияға кетіп қалар еді және бүны сылтаулап Ұлыбритания француз отарларын өз қолына қағып алар өді. Ал Гитлердің бұл әрекеттерінен кейін, марионеттік француз үкімөтінің басшысы маршал Петен барлық француз моряктары мен Францияның отарларында орналасқан әскерлерге Ұлыбританияға кетуге қатаң түрде тиым салды. Екіншіден, формалдық түрде тәуелсіз Францияның сақталуы, бұл жерде өрістеп келе жатқан Қарсыласу қозғалысына тежеу болды, ал бул Ла-Манштан өтіп Ұлыбританияны жаулап алуға дайындалып жатқан Гитлерге бұл кезде өте пайдалы еді [6, 125].

Қысқа мерзімде Францияның немістердің алдында тізе бүгуі АҚШ-н қатты үрейлендіріп жіберді. Енді АҚШ-ның оқшаулану саясатын қолдайтындардың саны азайды. «Еуропа істерінің бізге қатысы жоқ» деушілердің үні өшті. Американ президенті Ф.Д. Рузвельт Көне әлемде, яғни Еуропада әскери қимылдар басталғаннан кейін, американ үкіметі осы уақытқа дейін ұстанған оқшаулану саясатынан бас тартып, Ұлыбританияға көмек көрсете бастады. Ең бірінші болып ол Ұлыбританияға АҚШ-нан қару-жарақ пен стратегиялық шикі заттарды сатып алып ағылшын кемелерімен тасуға рұқсат берді. Американ тарихында алғашқы рет президенттікке 3 рет 1940 ж. қараша айында сайланғаннан кейін, ол АҚШ-ң Еуропа істеріне қатысты бейтараптық жариялаған заңды жою үшін күресе бастады. 1941 ж. қантар айында ол американ Конгресіне ленд-лиз туралы заңды үсынып, кескілескен саяси күрестен кейін оны қабылдатты. Ленд-лиз заңы дегеніміз — АҚШ-ның үкіметінің фашисттік агрессияға душар болған елдерге қарызға қару-жарақ және бөтен де оларға қажетті құралдарды беру. Бұл заң қабылданғаннан кейін бұл уақытқа таман финанстары таусылған Ұлыбритания Америкадан тегін қару-жарақ, азық-түлік және т.б. өзіне қажетті зттарды ала бастады [7, 45.].

Ал бұл уақытта соғыс өрістей түсіп, өзінің орбитасына көптеген жаңа елдер мен территорияларды қосып ала бастады. 1940 ж. жазында, Ұлыбританияның Британ аралдарына немістердің шабуылын қайтаруға дайындалуын пайдаланып, итальян әскерлері Британдық Сомалиді басып алу әрекетін жасайды, бірақта жеңіліп қалады. 1940 ж. қыркүйегінде олар Египет пен Суэц каналын басып алу әрекетін жасайды, бірақта ол да сәтсіздікпен аяқталады. 1940 ж. қазан айында, Итальян империясын құру туралы үмітін үзбеген Б. Муссолини Грецияны басып алу әрекетін жасайды, бірақта бұл жерде де сәтсіздікке ұшырайды. Одақтасына көмектесу үшін Гитлер Солтүстік Африкаға Роммельдің танктік корпусын жібереді және де Балқан жартылай аралын жаулап алуға дайындала бастайды. Мұнымен қатар Гитлер одақтастарының басын қосу үшін дипломтиялық әрекеттер де жасайды. 1940 ж. 27 қыркүйегінде Германия, Жапония, Италия әлемді өз үлестеріне бөліп алу туралы Үштік пактқа қол қояды. Кейінірек ол пактке Венгрия, Румыния және Венгрия қосылады [8, 84.].

Соғыс қимылдары Қиыр Шығысқа да таралды. Негізіннен әскери қиылдар Қытай жерінде жүрді. Жапон элитасы арасында оңтүстік бағытта экспансия жүргізу керектігі туралы айтқан ханзада Каноэның ықпалы күшейе түсті. Өзінің бұл үсынысын ол мынадай фактілермен дәлелдеді: Франция мен Голландия немістерден жеңіліп қалды, сондықтан олардың Оңтүстік-Шығыстағы отарлық иеліктері иесіз қалды, Британия немістермен соғысып жатып — Бирма, Малайя, Сингапурге көз тігуден қалды, сондықтан біз оларғ ие болуымыз керек. Оларды жаулап алғаннан кейін Жапонияға Үндістан мен Австралияға жол ашылады [9, 48.]

1940   ж. КСРО 1917 ж. революция барысында айрылып қалған жерлерін: 1918 ж. Румыния тартып алған Прибалтика мен Бессарбияны өзіне  қайтадан қосып алды. 1941 ж. Югославия әскери жанжалдыңортасында қалады. Грецияға шабуыл дайындау барысында, Гитлер Балқан жартылай аралындағы ең ірі мемлекет-Югославияда бекінуді көздей бастайды. Гитлердің қысымымен Югославия Үштік пактке қосылады. Бірақта бұл оқиға елде халық наразылығын тудырып, үкімет отставкаға кетіп, жаңа құрылған үкімет 1941ж. 5сәуірде КСРО-мен достық туралы пакт жасасады, Бұған жауап ретінде сәуір айының аяғында Германия Греция мен Югославияны жаулап алады [10, 44.].

Сөйтіп 1941 ж. ортасьша таман барлық континенталдық Еуропаның елдері, бейтараптық саясат ұстанған Швеция мен Швейцарияны санамағанда, Германияның қол астында болды (кейбіреулерін Гитлер жаулап алды, қалғандары нацистік рейхпен одақта болды. Бұл уақытта Германиямен соғысып жатқан төк Ұлыбритания ғана еді. АҚШ пен КСРО әлі соғысқа араласпаған болатын. Ағылшындардың қатты қарсылығына кездесіп, керемет бекіндірген Британ аралдарына неміс десантын түсіре алмайтынына көзі жеткен Гитлер енді КСРО-ға қарсы первентивтік соғысты ашуды ұйғарды.

1941    ж. 22 маусымында неміс әскерлері соғысты жарияламастан Баренцово теңізінің жағалауы мен Молдавияға дейінгі аралықта кеңес шекарасын бұзып екініші Шығыс майданда әскери қимылдарды бастады. Бұл оқиғалармен кеңес халқының Ұлы Отан соғысы басталды. Гитлер КСРО-ны 8-10 аптада жеңуді жоспарлаған болатын. Басында Кеңес Одағының басшыларының жібөрген қателіктерінің нәтижесінде кеңес әскерлері сасып қалды. Шекарадағы көптеген әскери бөлімшелер басшылықсыз қалып немстердің қолына түсті, көбісі қырылып қалды. Немістердің өте жылдам Мәскеуге қарай жылжығанына қарамастан,Гитлердің «қауірт соғыс» «Барбаросса жоспары» жүзеге аспай қалды. Кеңес әскерлері табандылықпен барлық Шығыс майданда немістерге қарсылық көрсетті. Бірақта стрататегиялық иницитива бұл уақытта немістердің қолында болды. 1941 ж. шілде айының ортасына таман немістер Прибалтиканы, Белоруссияны, Молдавияны, Украинаның көп бөлігін басып алып Киевке, Ленинградқа және Смоленскіге қауіп төндірді. Бірақта олардың негізгі мақсаты болған — Мәскеуді алу еді [11, 215.].

Бұл уақытқа таман Гитлердің тек әскери ғана емес дипломатиялық жоспарларының да орындалмағаны айқын көрінді. Ол идеологиялық алшақтықтарға байланысты Ұлыбритания мен КСРО келісө алмайды, ал АҚШ президенті Ф.Д- Рузвельт американ конгресін «оқшаулану» саясатынан бас тартқыза алмайды деп ойлаған болатын. Бірақта олай болмады. 1941 ж. жаз айларында-ақ Гитлерге қарсы одақ құрудың алдыңғы қадамдары жасалды. 1941 ж. 12 шілдесінде Германиямен бірігіп соғысу туралы ағылшын-кеңес келісіміне қол қойылды. Сол жылдың тамыз айында Ұлыбританияның премьер-министрі У. Черчилльдің амөрикан президенті Ф.Д. Рузвельтпен келісуінен кейін, бұл елдердің Германияға қарсы соғыстағы көздеген мақсаттарын ашып берген Атлантикалық хартия дөген құжат пайда болды. Оған КСРО қосылып, енді келешектегі үш ұлы державаның одағының құрылуының идеологиялық дайындығы басталды. Сол жылдың қараша айында ленд-лиз заңы КСРО-ға таралды.

Бірақта бұл уақыттың негізгі оқиғалары 1941 ж. желтоқсанында өтті. Немістер бұл уақытта Мәскеуге таяп қалып, оны штурммен алуға дайындалып жатқан еді. Бірақта олар мақсатына жете алмады: 5 желтоқсанда кеңес әскерлері контрнаступлениеге шығып неміс әскерелерін Мәскеуден 250 шақырымға ысырып тастады. Бұл Екінші дүниежүзілік соғыс барысындағы немістердің бірінші ірі жеңілісі еді. Бұл оқиға неміс басшыларының КСРО-ны «блицкриг» нәтижесінде қысқа мерзімде талқандаймыз деген жоспарларын күйретті. КСРО-ның Мәскеу шайқасында неміс әскерлерін жеңуі тек кеңес халқына ғана емес, фашизмге қарсы күресіп жатқан еуропалық елдеріне де үлкен моралдық-саяси ықпал жасады [12, 65.].

Мәскеу шайқасы қызып жатқан уақытта, әлемнің басқа ауданында да өте маңызды оқиға өтіп жатты. 1941 ж. 7 желтоқсанында Жапония соғыс жарияламай АҚШ-ның Тынық мұхиттағы ең ірі әскери-теңіз базасын -Пирл-Харборды бомбылады. Бұл оқиғадан кейін АҚШ жапонияға соғыс жариялады. 11 желтоқсанда Жапонияның Үштік пакт бойынша одақтастары германия мен италия ез тараптарынан АҚШ-на соғыс жариялады. Сөйтіп әлемнің үшінші үлы державасы соғысқа араласты. Тынық мұхиттық 3 майдан пайда болды [13, 52.].

Басында бұл майданда, Тынық мұхитында және жалпы Азияда үстемдікке жапондықтар- ие болды. Олар Филиппинді, Малайя жартылай аралын басып алды. 1942 ж. 15 ақпанында жапондықтар Ұлыбританияның бұл аудандағы отарлық үстемдігінің негізгі тірегі болған Сингапурды басып алды. Олардың ықпалында Индонезия, Жаңа Гвинея болды. Сол жылдың науырыз айында Жапония Бирмаға шабуылын бастады. Жапондық оккуппация қауіпі Индия мен Австралияға төнді. Жер бетінің бұл ауданындағы қалыптасқан ауыр жағдай, АҚШ пен Ұлыбританияның үкіметтерін ортақ әскери басшылық құруға итермеледі. Олар әр мемлекеттің әскери қимылдар жүргізетін аудандарын бөліп алды. Ұлыбритания өз әскерлерімен Бирманы қорғау керек болды. АҚШ Қытайдағы Чан Кайши үкіметіне көмек көрсетіп жапондықтармен Тынық мұхитта соғысатын болды [14, 52.].

Ұлыбритания, АҚШ-қа, КСРО-ға төнген ортақ қауіп оларды Гитлерге қарсы одақ құруға итермеледі. 1942 ж. 1 қантарында Вашингтон қаласында әлемнің 26 мемлекетінің өкілдері «Біріккен Ұлттар Декларациясын» қабылдап «ось державаларына» қарсы бірігіп күресетіні туралы мәлімдеді. Бұл оқиғадан кейін Гитлерге қарсы коалиция құрылды. 1942 ж. 26 мамырында ағылшын-кеңес одақтық келісімі, сол жылдың 11 маусымында «Агрессорға қарсы соғыс жүргізудегі әскери көмек көрсетудің принциптері туралы» деп аталатын американ-кеңес келісімі жасалды [15, 28.].

Фашизмге қарсы коалицияның құрылуы Гитлердің ең маңызды стратегиялық қателігі болды, себебі ол өзінің қарсыластарын біртіндеп талқандағысы келгөн еді және де ол үш үлы дөржава бірігеді деп ойламаған еді. Бұл коалицияның құрылуы немістер басып алған жерлердегі Қарсыласу қозғалысының өршуі мен оның қатарындағы мүшелердің идеологиялық алшақтықтардан арылуына септігін тигізді. Сонымен қатар Гитлер Югославияда, Польшада, Францияда, Грецияда, Албанияда Қарсыласу қозғалысы бүндай жоғары дәрежеде болады деп күтпеген еді.

Гитлерге қарсы коалицияның құрылуының ең негізгі маңызы болған-оның соғыстан кейінгі әлемнің ұйымдастырылуының үлгісі болуында. 1942-1943 жж. Екінші дүниежүзілік соғыс барысындағы түпкілікті бетбұрыс 1942 ж. көктем-жаз айларына дейін Екінші дүниежүзілік соғыстың барлық майдандарында стратегиялық инициатива толық және тұтастай «ось державаларының» қолында болды. Гитлерге қарсы құрылған коалицияның мүшелері барлық майдандарда немістерге қарсы қорғаныс соғыс жүргізіп жатты. Кейбір кездерде жағдай өте қиындап кететін еді, бірақта толық жеңіске жетуге немістердің күші жетпеді. АҚШ және КСРО өте қысқа мерзімде өзінің экономикаларын әскери рельске аударып үлгерді және ол өзінің нәтижелерін бөре бастады.

Екінші дүниежүзілік соғыс барысындағы түпкілікті бетбұрыс 1942 ж. жазы мен күзінде болды. Жалпы стратегиялық жағдайды өзгертуге байланысты алғашқы қадамдар басында Тынық мұхиттық майдан шебінде жасалды. 1942 ж. 7-8 мамырында Кораллово теңізінде өткен ірі шайқаста жапон эскадрасы алғашқы рет жеңіліп қалды, оның нәтижесінде Жапонияның Австралиға шабуыл жасаймын деген жоспарлары жүзеге аспай қалды, ал сол жылдың 4-6 маусымында Мидуэй аралының қасындағы шайқаста американ флоты мен авиациясының жапон флотын талқандауы оларға Екінші дүниежүзілн соғыстың аяқталғанына дейін есін жиюға мүмкіндік бермеді. Бүг оқиғалардың нәтижесінде Тынық мұхиттық майдан шебінде стратегиялық белсенділік толықтай одақтастардың қолына көшті [16, 90.].

Тынық мұхит майданында үстемдік үшін күрес жүріп жатқан уақытта Шығыс майданда барлық Екінші дүниежүзілік соғыстың тағдырына ықпал еткен керемет шайқас жүріп жатты. Ол атақты Сталинград шайқасы еді. Басында ол КСРО үшін өте сәтсіз басталған еді. Мәскеу шайқасында жеңілген немістер 1942 ж. жазы мен күзі бойы жаңа блицкригке дайындалып жатты. Бұл тарихи шайқастың басында немістер КСРО басшыларын алдарқатып тастады, олар шабуылды Мәскеу бағытында күтіп отқанда оны оңтүстікте Харьков бағытында бастап, майдан шебін бұзып неміс танктік армадалары Ростовқа бағыт алды. Ондағы көздеген мақсаттары — Сталинград қаласын алу еді. Егерде немістер Сталинградты басып алған болса, олар біріншіден, Ресейдің орталық аудандарын Кавказбен байланыстыратын маңызды коммуникацияларын кесіп тастар еді; екіншіден, КСРО-ның әскери өнеркәсіптік орталығы -Уралға қауіп төндірер еді; үшіншіден, астана Мәскеуге флангысынен шабуыл жасауға өте қолайлы мүмкіндік алар еді. Қорыта айтқанда, Сталинград шайқасында жеңсе, немістер барлық шығыс майданда үстемдікке ие болар еді. Оны немістермен бірге Кеңес Одағының қарапайым солдаты мен Жоғарғы Әскери Қолбасшысы И.В. Сталинде де түсінді. Бір кезеңде неміс фельдмаршалы Паулюстің әскерлері Волгаға 1 км. қалғанда тоқтатылған еді. Кеңес әскерлері Паулюстің Сталинградқа шабуыл жасап жатқан әскерлерін кескілескен шайқастарда қалжыратып, 1942 ж. 19 қарашасында немістер күтпеген жерде шабуылға шығып, неміс майдан шептерін бұзып, Паулюстың 6 армиясын қоршауға алды. Паулюстың қоршауда қалған 6 армиясын босатып алуға жасаған немістердің әрекеттері нәтижесіз болды. 1943 ж. 2 ақпанында қоршалған 6 армия Паулюстың басқаруымен тізе бүкті. Өзінің табыстарын ілгері жалғастыра отырып, кеңес әскерлері неміс-кеңес майданының бөтен де бағыттарында шабуылға шығып Солтүстік Кавказды, Кубаньды, Донбасстың көп бөлігін немістерден босатты, Ленинградтың блокадасын үзді [17, 60.].

1942 ж. күзінде Солтүстік Африкадағы майданда бетбұрыс байқалды. Сол жылдың қазан айының аяғында ағылшындар Египетте Эль-Аламейн деген жерде шабуылға шығып бұл жердегі неміс әскерлерін талқандады. Сол жылдың қараша айында Марокко мен Алжирде генерал Д. Эйзенхауэр басқарған ағылшын-американ десанты түсірілді. Бұл оқиғалардың нәтижесінде, немістердің Таяу Шығысты басып алып Иранға жылжимыз деген жоспарлары жүзеге аспай қалды. Енді немістер Тунисті өзінің Солтүстік Африкадағы қорғаныс тірегіне айналдыруға ат салысты. Ол жерге көптеген неміс әскерлері төгілді. Сатқын маршал Петеннің бұйрығын тыңдамай, негізіннен барлық Францияның отарларындағы француз әскерлері одақтастарға көмөк көрсеткеннен кейін, ашуланған Гитлер оңтүстік Францияның жерлерін де басып алды. Бірақта немістер Тунисте бекіне алмады. 1943 ж. 13 мамырында Солтүстік Африкадағы неміс әскерлері ағылшын американ одақтастарына тізе бүкті [18, 20.].

Екінші дүниежүзілік соғыс барысындағы түпкілікті бетбұрыс 1943 ж. шілде-тамыз айларында өткен атақты Курск шайқасында аяқталды. Бұл шайқас аяқталғаннан кейін Кеңес әскерлері Шығыс майдандағы стратегиялық инициативаға ие болып оны өз қолдарынан соғыс аяқталғанға дейін бермеді. 1943 ж. «осьтық державалардың» барлық майдандарда жеңіліп қалуы, бұл фашисттік блоктың дағдарысын туғызды.

Бұл одақтың ішіндегі ең әлсізі Италия болды. Итальян фашисттерінің көсемі Б. Муссолинидің көптеген авантюралары Италияның экономикасын құлдыратты. Сталинград түбінде ең үздік итальян армиясы қырылды. Елде Муссолинидің фашисттік тәртібіне қарсы наразылық арта түсті. Күн сайын Қарсыласу қозғалысы өркендеп отырды. Наразылық пікірлер итальян билеуші топтарын да жайлай бастады, олар фашистік блоктың жақында жеңілетініне көзі жете бастады. Бұндай елдегі дағдарыс жағдайда, американдықтар ешқандай қарсылық көрмей Сицилия аралына десант түсірді. 1943 ж. 25 шілдесінде Үлкен фашисттік кеңес Б. Муссолиниге сенімсіздік білдірді. Сол күні оны билік басынан түсіріп түтқындады. Мемлекетті басқару ісі Муссолинидің жақын серіктесі маршал Бадольоға тапсырылды. 1943 ж. 27 шілдесінде ол фашистік партияны таратып жіберді. Бұл уақытта Апеннин аралына түсірілген ағылшын-американ десанты Неапольға қарай тезірекжылжыды. 1943 ж. 7 қыркүйегінде маршал Бадольо Италия үкіметінің атынан ағылшын-американ одақтастарының басшыларымен бейбіт келісім жасасты. Бірақта Гитлер дереу итальян әскерлерін қарусыздандырып Солтүстік және Орталық Италияны басып алды. Енді Итальян майданы пайда болды. Муссолини тұтқыннан босатылып қайтадан мемлекет басына келді, бірақта енді ол Германияға толық тәуелді болды [18,25.].

Екінші дүниежүзілік соғыстың тағдырын шешетін оқиғалар әрине майдандара өтіп атқаны сөзсіз, бірақта әлем тарихы, адамзат өркениетінің даму тарихына маңызды әсер еткен оқиғалар бұл уақытта дипломатиялық салада өтіп жатты. Соғыстың жақында аяқталарына көзі жеткен одақтастарды, енді бұл соғысты қалай аяқтау керек, соғыстан кейінгі әлемдік құрылысты қалай ұйымдастыру керек деген күрделі және өте маңызды мәселелер тоғандыра бастады. Бұл мәселелерді шешу туралы ақылдасу 1943 ж. бойы жүрген еді, бірақта бұл мәселелердің нақты шешілуіне алғашқы қадам 1943 ж. 19-30 қазанында өткен АҚШ, Ұлыбритания және КСРО-ның сыртқы істер министрлерінің мәскеу конференциясында жасалды.

1.2. КСРО, Құрама Штаттары мен Ұлыбританияның 1943 ж. Мәскеу конференциясы

Кеңестік Армияның жеңістері АҚШ пен Ұлыбританияның үкіметтерін маңызды халықаралық мәселелерді КСРО-ның үкіметімен бірлесіп шешіп отыруға мәжбүр етті. 1943 ж. екінші жартысында, жүріп жатқан Екінші дүниежүзілік соғыстың қимылдарын бірлесіп жүргізу және соғыстан кейінгі әлемді жайғастыру мәселелерін шешуде мемлекеттердің халықаралық ынтымақтығыкың қажеттігін тағы да әлемге жария еткен КСРО, АҚШ және Ұлыбританияның өкілдерінің мәжілісі өтті [19,75 6.].

1943 ж. 19-30 қазан аралығында Мәскеуде КСРО, АҚШ және Ұлыбританияның сыртқы істер министрлерінің конференциясы өтті. Одақтастар Мәскеуге жоғары өкілділік делегацияларды жіберді: американдық делегацияны басқарып келген АҚШ-ның мемлекеттік хатшысы — К.Хэлл болды, ал ағылшындық делегацияны -Ұлыбританияның сыртқы істер министрі — А.Иден басқарып келді. Оларға көмекке әскери миссияларды қосып берді, себебі КСРО-ға тиімді стратегия проблемалары шешілмей, саяси мәселелердің талқыланбайтынына одақтастардың көзі жеткен болатын бұл уақытта.

Американ әскери миссиясының басшысы генерал Д. Дин Құрама Штаттардың штабтарының басшыларының Комитетінен тиянақты нұсқаулар алған болатын — американ делегациясының басшысы Хэллге келісім сөздер барысында «саяси ұсыныстар мен әскери мүмкіндіктер арасында ажырамас байланыс бар екені туралы» ұмытпауды есіне салып отыруды. Американ әскери күштерінің басшылығы генерал Динге тағы да қатаң ескертілген болатын, Германияның талқандалғаннан кейінгі «қуатты кеңестік әскери машинаның Рейн мен Адриатиканың шығысына үстемдік етітіні туралы және соған байланысты Кеңес Одағының Батыс Еуропа мен Балқанда өзіне қажетті өзгерістерді жүргізуді талап етуге мүмкіндігі болатыны туралы» [20,122].

Американ делегациясы бұндай жан-жақты және толық нұсқаулармен қаруландырылып жіберілгеннен кейін, Черчилль Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Иденге тек мынадай тілеуін айтты: «Менің Сізге қатты жаным ашиды, себебі Сіз ең енжар конференцияға қатысайын деп отырсыз» Ағылшын премьер-министрі Иденді «ағылшын үкіметінің Кеңес Одағына қатысты табанды саясат үстайтынына» сендірді [21, 130.].

Кеңес делегациясын В.М.Молотов басқарды.

Мәскеу конференциясында ең негізгі қарастырылған мәселе — үш ұлы державалардың әскери ынтымақтығы туралы болды. Кеңес Одағы гитлерлік Германия және оның сателлиттеріне қарсы соғыстың мерзімін қысқарту туралы мәселені көтерді. АҚШ пен Ұлыбританияның өкілдері бұл кеңестік ұсыныстарды қабылдамауға дәлелді аргументтер келтіре алмады. Конференцияның жұмысы туралы жарияланған коммюникеде, үш одақтас мемлекеттің негізгі көздеген мақсаттары » соғыстың аяқталуын тездету.» делінді [22, 50.].

Конференцияға қатысқан үш державаның өкілдерінің соғыстың аяқталуын тездету қажеттілігі туралы қабылдаған шешімі халықаралық ынтымақтықтың дамуна және кеңестік дипломатияның Еуропадағы Екінші майданды ашу үшін күресін жеңілдетті.

Бұл шешіммен бірге конференция ұлы державалардың соғыс аяқталғаннан кейін де ынтымақтықтарын одан әрі дамытуы қажеттігі туралы айтты. «Өздерінің ұлттық және барлық бейбітшілік сүйгіш ұлттардың мүдделері үшін, бұл үш мемлекет, соғысты жүргізу үшін құрылған ынтымақтықты, соғыс аяқталғаннан кейін де әрі жалғастыру керек, тек осы жол арқылы ғана барлық халықтардың толық саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуына және әлемде бейбітшілікті сақтауға қол жеткізуге болады» — делінген еді бұл коммюникеде [22, 51 б.].

Соғыс уақытындағы үш мемлекеттің ынтымақтығының ең негізгі мәселесі конференцияның ашылған күні шешілді. 1943 ж. 19 қазанда Лондонда одақтастардың КСРО-ға көмек көрсетуі туралы үшінші келісімге қол қойылды. Бұл келісімге қол қояр алдында Кеңес үкіметі АҚШ пен Ұлыбританияның үкіметінің бұдан алдындағы жасасқан келісімдер бойынша 1943 ж. көмекті белгіленген мөлшерден аз жасағанын, ол түгіл оның азайып кеткенін және бұл көмектің Кеңестік әскерлерінің шабуылдық операцияларының қарқынына сәйкес болмай отқанын атап көрсетті. Сондықтан жаңа 3 келісім бұл көмектің көбеюін көздеді.

Үш елдің сыртқы істер министрлерінің Мәскеу конференциясында қызу талқылаған мәселелері қатарына — Шығыс Еуропаға қатысты мәселелер жатты. Премьер-министр У. Черчилльдің тапсырмасы бойынша Ұлыбританияның сыртқы істер министрі А. Иден Ұлыбританияның Түркиямен қосылып Оңтүстік-Шығыс Еуропаны әскерлерімен басып алуына КСРО мен АҚШ-ның келісімін алуға тырысты. Кеңес үкіметі өз жағынан, ағылшын әскерлерінің Оңтүстік-Шығыс Еуропаны басып алуға тырмысуы ешқандай әскери қажеттілікке байланысы жоқтығын және бұл жерде ол тек өзінің мүдделерін қорғап отырғанын ашып көрсетіп, одақтастардан Екінші майданды батыс Еуропада ашуды талап етті [23, 72.].

АҚШ пен Ұлыбританияның өкілдері Кеңес үкіметінен өздерінің эмигранттық поляк үкіметімен байланысын қолдатуға әрекет жасады. Ондағы көздеген мақсаттары — азат етілген Польшада билік басына өздері қолдап отырған поляк эмигранттық үкіметін келтіру. Бірақта АҚШ пен Ұлыбританияның өкілдерінің бұл Польшаға қатысты ұсыныстары Кеңес үкіметі тарабынан қолдау таппады, сондықтан бұл мәселе бойынша келіссөздер нәтиже бермеді.

Екі мемлекет арасындағы көптеген мәселелер бойынша елеулі келіспеушіліке қарамастан, АҚШ пен Ұлыбританияның өкілдері Австрияның төңірегінде Оңтүстік-Шығыс Еуропаны біріктіріп, онда Австрияға үстемдік беру арқылы — Дунай федерациясын құру мәселесінде Кеңес одағына бірлесіп ұсыныс жасады. Бұл жоспардың авторы болған американдықтар мен Ватикан еді. Батыс мемлекеттерінің бұл жоспарды ұсынғандағы көздеген мақсаты — жасанды түрде 1 дүниежүзілік соғысы барысында шашырап кеткен Австро-Венгрияны қалпына келтіру еді.

АҚШ -ның билеуші топтары мен Ватикан Габсбургтер монархиясын қалпына келтіріп, Еуропаның қақ ортасында католиктік мемлекетті құруды 1942 ж. бастап жоспарлаған еді. Олардың жоспарлауынша, бұл Дунай федерациясына Австрия, Венгрия, Бавария, Чехословакия Югославия сияқты мемлекеттер кіру керек еді. Бұл мемлекеттік құрылым Ватиканмен тығыз байланыста болған американдықтардың еуропалық саясатының негізгі құралына айналу керек еді [24, 87.]. «Президент Рузвельттің ойынша», — деп жазды кеңес тарихшысы В.С. Коваль, -«Австро-Венгрия империясын жою, бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жіберілген ең күрделі қателік. Дунай федерациясын құрғандағы оның көздөген мақсаты Дунай бассейніндегі елдерді біріктіру. Ол Габсбургтер әулетінің билігін қайтадан қалпына көлтіруге тырысқан жоқ, бірақта оның жоспарын жүзеге асыруға көмегін тигізсө, бұл іске қарсылық білдірмеді [24, 87.].

Бұл жоспарымен қатар АҚШ үкіметі Австрияға қатысты бөтен де жоспар құрып қойған еді — оны Германияның құрамына қосу. Бұл туралы Аллен Даллес өзінің Гогенлоэмен кездесу барысында айтқан болатын.

Кенес үкіметі 1943 ж. өткен Мәскеу конференциясында Австрия мемлекетінің тағдырына қатысты Декларацияны ұсынып, оны конференцияға қабылдатты. Бұл декларацияда конференцияға қатысқан үш мемлекеттің «Австрияны ерікті және тәуелсіз мемлекет ретінде көргісі келетіні» туралы айтылды [25, 52 б.]. Бұл Декларацияның шешімдері соғыстан кейінгі Австрияның егеменді, тәуелсіз мемлекет ретінде құрылуына және де оның еріксіз Германия мемлекетінің шеңберіне қосылуынан құтқарды.

Австрияға қатысты Декларацияда «оның соғыс уақытында Германия жағында қатысқаны үшін жауапқа тартылатыны туралы айтылды, бірақта сонымен қатар ұлы державалардың оның фашизмге қарсы күреске қосқан үлесін есепке алынатыны туралы да айтылды» [25, 53.].

Мәскеу конференциясында АҚШ өкілдері отарлық мәселелр бойынша өз ұсыныстарын берген еді. Бірақта ағылшын өкілдері бұл мәселені талқылауға қарсылық білдіргендіктен, бұл мәселе күн тәртібіне қойылып талқыланған жоқ. Үш елдің сыртқы министрлерінің Мәскеу конференциясында соғыстан кейінгі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қорғайтын әлемдік ұйымды құру мәселесі де талқыланды. АҚШ соғыстан кейін әлемдік билікті өзі басқарғысы келіп жаңа халықаралық ұйым — Біріккен Ұлттар Ұйымын (БҰҰ) құруды ұсынды. Өзінің басшылығынан айырылғысы келмеген Ұлыбритания І дүниежүзілік соғыстан кейін құрылған Ұлттар Лигасын қалдыруды талап етті. У. Черчилль Мәскеу конференциясындағы Ұлыбританияның өкілі Иденге- берген нұсқауында «Біз табандылықпен Ұлтар лигасының жұйесін сақтап қалуға тырысуымыз керек» — деген еді [25, 72.].

Конференцияға қатысушылар У. Черчилльдің бұл ұсынысына келіспеушілік білдіріп, АҚШ-ның Біріккен Ұлттар Ұйымын құру идеясын қолдады және соғыстан кейінгі әлемдік қауіпсіздікті қорғау мәселесі бойынша бірлескен Декларацияны қабылдады. Оған қол қойған КСРО, Ұлыбритания, АҚШ өкілдерімен қатар Қытайдың да өкілдері болды. Декларацияда «бейбітшілік сүйгіш мемлекеттердің суверендік теңдік принципі негізінде құрылатын, әлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтайтын халықаралық ұйымның тез уақытта құрылу қажеттілігі» жарияланды. Декларация тек БҰҰ құрудың қажеттілігін мойындап қана қойған жоқ, сонымен бірге оның негізгі принциптерін жариялады және оған қол қойған 4 мемлекет салтанатты түрде бұл принциптерді сақтауды ант етті.

Әлемдік қауіпсіздік туралы 4 мемлекеттің қабылдаған Декларациясының 6 бабында «соғыстан кейін де бұл төрт мемлекет өзара келісімсіз бөтен елдерде қарулы күштерін  пайдаланбайтыны туралы айтты [26, 54.].

Сепаратизмге жол бермеу, үш мемлекеттің саясаттарын координациялау үшін Кеңес үкіметі ұш державаның өкілдерінен түратын бірлескен органды құруды үсынды. Мәскеу конференциясының шешімі бойынша, Еуропалық мәселелерді шешіп, олар бойынша ортақ үсыныстарды қабылдауға арналған, орталығы Лондон қаласы болған Еуропалық консультативтік комиссия құрылды. Сонымен қатар Италияға қатысты мәселелерді шешіп ол мәселелер бойынша ортақ ұсыныстарды қабылдау үшін құрамына КСРО-ның, АҚШ-ның, Ұлыбританияның, ұлт-азаттық Француз комитетінің, Греция мен Югославияның өкілдерінен тұратын Италия мәселелері бойынша Консультативтік Кеңес құрылды.

Конференцияда гитлершілердің жасаған зұлымдықтары үшін жауап беруі туралы декларация қабылданды. Декларацияда әскери қылмыскерлерді жауапқа тарту шешілді. Басты әскери қылмыскерлерді үш одақтас державалардың бірлескен шешімі бойынша жазалайтын болды.

Қорыта айтқанда, 1943 ж. АҚШ, Ұлыбритания, КСРО-ның сыртқы істер министрлерінің мәскеу конференциясының маңызды нәтижелері мынада болды:

  1. Одақтастар Екінші майданның Францияда ашылатынына келісті;
  2. «Соғыс аяқталғаннан кейінгі еуропалық мәселелерді» шешетін үш ұлы державаның өкілдерінен тұратын Еуропалық Консультативтік комиссия құрылды;
  3. Көптеген маңызды құжаттар бекітілді:

а) «Жаппай қауіпсіздікті орнату туралы Декларация». Оған Қытайда қол қойды. Бұл құжатта, соғыс аяқталғаннан кейін, әлемде суверенитет пен өзара теңдік принциптеріне негізделген, бейбітшілік сүйгіш мемлекеттердің, әлемнің бейбіт өмірі мен қауіпсіздігіне кепілдік беретін халықаралық ұйымы құрылатыны туралы айтылды.

б)  Титлершілдердің адамзат халықтарына жасаған қиянаттары үшін жауапқа тартылатыны туралы Декларация» қабылданды.

в)    «Италия туралы», «Австрия туралы» Декларациялар бекітілді. Оларда жалпылама түрде бұл елдердің келешек жағдайы сипатталды.

1943 ж. Мәскеу конференциясының шешімдері. ағылшын-кеңес-американдық коалицияның күшеюіне зор ықпалын тигізді. Бұл конференцияда үш елдің дипломаттарының жүргізген қыруар көп жұмысы 1943 ж. 28 қарашасы -1 желтоқсанында Тегерандағы жоғары дәрежедегі кездесуді жүргізуге мүмкіндік берді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3. Ұлыбритания, АҚШ, Кеңес Одағының мемлекет басшыларының Тегеран конференциясы.

Мәскеу конференцияды мен Тегеран конференциясы аралығындағы 1 ай ішінде Ұлыбритания мен АҚШ арасында стратегия мәселелері бойынша араздық күшейіп кетті.

Тегеранға барар жолда Черчилль мөн Рузвельтт 1943 ж. 22-26 қарашасында Каирде кездесіп Екінші майданды ашу мәселесі бойынша келісуге әрекет жасады. Бірақта бұл келіссөздер нәтижесіз аяқталды. АҚШ-ның үкіметі Черчилльдің «балқандық стратегиясына» қарсы шықты. Олар Батыс Еуропаға кіруге кешігіп қаламыз деп қорықты.

Каирға Қытайдағы гоминьдан үкіметінің басшысы Чан Кай-ши шақырылып онымен Қиыр Шығыстағы мәселелер талқыланды. АҚШ оған 1944ж басынан бастап қару-жарақ пен ақшалай көмек көрсететіні туралы мәлімдеді. Тынық мұхиттық әскери қимылдар театрындағы жасалатын әрекеттер бойынша АҚШ пен Ұлыбритания арасындағы қайшылықтар айқын көрінді. Оңтүстік-Шығыс Азиядағы американдықтардың белсенділігінің арта түсуінен сескенген ағылшын үкіметі американ әскерлерінің Солтүстік Бирма арқылы өтуіне қарсылық білдірді. Бірақта сонымен қатар Черчилль американдықтардан бұл жерлерде теңіз десанттарын түсіруді талап етті, ондағы көздеген мақсаты- американ флотының күшімен өзінің Оңтүстік-Шығыс Азияда айрылып қалған отарларын қайтарып алу еді. Ағылшын әскери қолбасшысы Маунбеттен Рузвельтпен кездесу барысында ағылшын әскери күштеріне АҚШ-ның көмегін көбейтуді талап етті [27, 73.].

Каирдегі бұл кездесу Еуропадағы фашисттік блокқа қарсы соғыстағы Ұлыбритания мен АҚШ арасындағы коалициялық стратегия бойынша келіспеушілікті жойған жоқ.

1943 ж. 28 қарашасынан — 1 желтоқсанға дейінгі өткен Тегеран конференциясында соғыс барысында бірінші рет Кеңес Одағы, Ұлыбритания мен АҚШ-ның мемлекеттік басшылары М.В. Сталиннің, У. Черчилльдің мен Ф. Рузвельттің алғашқы кездесуі өтті.

Мемлекет басшылары келешектегі фашизмге қарсы бағытталған коалицияның өмір сүруі мен іс-әрекеттеріне қатысты бір қатар саяси және әскери проблемаларды қарастырды. Осы қарастырған мәселелердің ішінде ең маңыздысы — Екінші майданға қатысты болды. Оның маңыздылығы — соғыстың шешуші кезеңге көшуіне және оның аяқтауның жолдары мен тәсілдері бойынша алауыздықтарды шешуге байланысты болды.

Тегеран конференциясының ең бірінші пленарлық мәжілісінде Рузвельт қысқаша түрде Екінші майдан мәселесі бойынша американ-ағылшын келіссөздерінің нәтижелерін баяндап берді. «Біз» — деді Рузвельт, — «бірлескен американ-ағылшын жоспарын соңғы 1,5 жылда жасадық. Ол бойынша біз Ла-Манш каналын өтіп жауды өз территориясында талқандаймыз. Квебек конферөнциясында бекітілген жоспар бойынша, біз бұл әскери операцияны 1944 ж. 1 мамырында ғана бастай аламыз. Егерде біз Жерорталық теңізде ірі десанттық операциялар жүргізсек, онда бұл Ла-Маншты өту операциясын тағы да 2-3 айдан кейін бастауға мәжбүр боламыз. Сондықтан бұл мәселе бойынша Біз кеңестік әріптестерімізден ақылдасқымыз келіп отыр» [28, 127.].

Одан әрі американ президенті сөзін жалғастырды «Біз Кеңес үкіметі жағынан Жерорталық теңіздегі әскерлерді қалай тиімді пайдалануға болатыны туралы кеңес сұрағымыз келіп отыр». Екінші майданды Ла-Манш бағытында 1944 ж. мамыр және маусым айларынан қалдырмай ашудың қажеттілігін айта келе, Рузвельт кеңес делегациясының назарын американ-ағылшын әскерлерін бұдан басқа аудандардада пайдалануға болатындығы туралы айтты. Оның ойынша, американ-ағылшын әскерлерін Адриатикалық және Эгей теңіздерінің маңында Италияда және де Түрцияда, ол одақтастар жағында Германияға қарсы соғыс жарияласа, пайдалануға болар еді. Американ президенті өз сөзін былайша аяқтады: «Біз Кеңес Одағына көмек көрсетіп Шығыс майдандағы неміс әскерлерін Батыс майданына ауыстыруға дайынбыз. Сондықтан бұл істі жүзеге асыру мәселесі бойынша, кеңестік достарымыздан ақыл-кеңес сұраймыз» [28, 130.]. Бұл Рузвельт баяндаған  Үндеу — ағылшындықтар мен американдықтардың Екінші майдан мәселесіне көзқарастарын білдірген болатын.

И.В. Сталин өзінің Тегеран конференциясында сөйлеген сөзінде кеңес-герман майданындағы жағдайды сипаттап, ағылшын-американ әскерлерінің Еуропаның қай ауданында Екінші майданды ашқаны КСРО-ға пайдалы болатынына өзінің пікірін білдірді. Ол Екінші майданның Италияда ашылуы, одақтастардың кемелерінің Жерорталық теңізде еркін жүзуіне мүмкіндік бергенімен, Германиямен соғысуға ешқандай пайдасының болмайтынын айтты, себебі Альпі қырлары Германияның оңтүстік шекараларын жауып отыр.

«Біздің есептеуімізше», — деп жариялады И.В. Сталин, — «ең нәтижелі болатын Екінші майданды Солтүстік немесе Солтүстік-Батыс Францияда ашу. Өте жақсы болар еді егер Түркия одақтастарға жол ашса. Балканнан Германияға жақын болар еді, себебі Альпі қырлары да, бұғазда кедергі болмас еді. Бірақта Германияның ең әлсіз жері Франция. Бұл өте қиын операция болады, Францияда немістер қатты қарсылық көрсетеді, бірақта стратегия жағынан Екінші майданды Франция жерінде ашу — ең дұрыс шешім болады» [28, 132.].

АҚШ пен Ұлыбританияның әскерлерінің Балканда әскери қимылдарды бастауы әскери тұрғыдан алғанда, Германияны талқандауды тездетуге ешқандай көмек бермес еді. Ол тек Италиядағы сияқты тағы да бір тұрақты әскери майданды ашумен шектелер еді.

Кеңес үкіметінің Екінші майданды Оңтүстік-Шығыс Еуропада ашуға қарсылық білдіруі өте дәлелді болғандықтан, одақтастар оған келісуге мәжбүр болды.

Одақтас үш мемлекеттің басшылары бекіткен Екінші майдан бойынша әскери келісімде: «Оверлорд» операциясы 1944 ж. мамырда басталып Оңтүстік Франциядағы шабуылмен қатар жүретіні туралы айтылды». Конференцияға қатысушылар маршал Сталиннің «Тура сол уақытта Кеңестік Әскери Күштерінің шабуылға шығып, неміс әскерлеріннің Шығыс майданнан Батыс майданға жіберілмеуіне кедергі жасайтыны» туралы мәлімдемесін ризашылықпен қабылдады.

Сөйтіп Тегеран конференциясында Екінші майданды ашу туралы мәселе шешілді және Батыс Еуропа майданындағы ағылшын-американ әскерлері мен Шығыс майдандағы Кеңес әскерлерінің қимылдарының бірлесіп жасалуының мақсаттары мен мерзімдері келісілді. Батыс одақтастары Кеңес үкіметіне Екінші майданды Ла-Маншта 1944 ж. мамырынан кешікпей ашатынына кепіл хат берді.

Тегеран конференциясы басталған кезде АҚШ президенті Кеңес үкіметіне Германиямен соғыс аяқталғаннан кейін оның Жапонияға қарсы соғысқа қатысу мәселесін талқылауды ұсынған болатын. Бірақта американ президенті бұл ұсынысында американ әскерлерінің Курила аралдарында әрекет жасайтыны туралы айтқан болатын.

Кеңес үкіметі АҚШ-ның Курила аралдарына көз тігуіне қарсылық білдірді, бірақта Еуропадағы соғысты аяқтағаннан кейін 6 айдан кейін Жапониямен соғысатыны туралы мәлімдеді. У. Черчилль өз мемуарларында, Кеңес үкіметінің бұл шешімінің «ұлы маңызы» болғанын атап көрсетті [29, 60.].

Тегеран конференциясында АҚШ пен Ұлыбритания үкіметтері біртұтас герман мемлекетін жою және оны бөлшектеп жіберу жоспарларын ұсынды, ондағы көздеген мақсаттары — бөлшектеніп кеткен ұсақ герман мемлекеттерінде өз ықпалын жүргізу еді.

АҚШ президенті Рузвельт Германиядан бес автономдық мемлекетті құруды ұсынды: 1) Кішірейтілген Пруссия, 2) Ганновер және Солтүстік-Батыс Германия, 3) Лейпциг районы қосылған Саксония, 4) Гессен-Дармштадт, Гессен-Касель, 5) Бавария, Баден, Вюртембург. Киль каналы мен Гамбург қаласын және Рур мен Саар облыстарын президент БҰҰ қарамағына, яғни АҚШ-тық қол астына беруді ұсынды.

Ағылшындар Германияны 3-ке бөлуді ұсынды: Пруссия, (құрамына Бавария, Вюртембург, Пфальд, Саксония және Баден мемлекеттері кірген) Оңтүстік Германия және Рур. Пруссияны Черчилль ұлттық мемлекет ретінде сақтауға болады деп есептеді. Оңтүстік Германияны ол Дунай конфедерациясына қосып жіберу керек деп есептеді. Рурды Ұлыбританияның билеуші топтары өз ықпалына жатқызып, оның өнеркәсіптік қуатына сүйеніп Еуропа континентінде үстемдік жағдайға жеткісі келді. Кеңес Одағы одақтастарының Германияны бөлшектеп жіберу жоспарларына қарсы шықты [29, 75.].

Тегеран конференциясында Польшаның соғыстан кейінгі шекаралары мәселесі де талқыланды. Конференцияға қатысқан кеңес делегациясь поляктарға немістер батыста тартып алған жерлерін қайтып беру ме Польшаның батыс шекараларын Одер және Нейсе өзендері бойынш белгілеуді ұсынды [29, 76.]. Тегеран конференциясында Иранға қатысты Декларация қабылданды Онда Иран үкіметінің Гитлерге қарсы коалицияға көрсетілген кеме әсіресе өз территориясы арқылы Кеңес Одағына жүктерді өткізуі, жоғар бағаланды. Үш мемлекеттің басшылары Иран мемлекетіне соғыс болып жатқан уақытта және одан кейін де экономикалық көмек көрсететі және де Иранның толық тәуелсіздігін, егеменділігін және территориялы тұтастығын мойындайтынын мәлімдеді [29, 77.]. Тегеран конференциясының тарихи  маңызы — Екінші дүниежүзі соғыс барысындағы Гитлерге қарсы күресуге біріккен одақтас 3 державаларының ортақ стратегияларының келісілуі мен жүргізілуі әскери операциялардың масштабы мен мерзімдер бойынша келісуі болды. Қайтар жолдарында Черчилль мен Рузвельт қайтадан Каи кездесіп, кеңесті. Тегеран конференциясының нәтижелерін талқылау барысында олар келешекте Екінші майдан мәселесін нақты шеше Кеңес үкіметінің алдында алған міндеттемелерді бұлжытпай орындауды емес, қалыптасқан жағдайларға байланысты шешетіні туралы келісімге келді. Өзінің «балқандық стратегиясынан» әлі де бас тартқысы келмеген Черчилльдің ұсынысы бойынша, 1943 ж. 4-6 желтоқсанда Каирде Черчилль, Рузвельт және Түркияның президенті Исмет Иненю қатысқан мәжіліс өтті. Онда Түркияның Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы әскери қимылдарға қатысуы туралы мәселе талқыланды. Американ монополияларының бұл елдегі ықпалын өсіруге ұмтылған АҚШ түрік үкіметіне әскери көмек көрсететінін мәлімдеді. Бірақта бұл мәселе бойынша жалтақтық көсеткен Түркия, одақтастардан қару-жарақ беру мәселесінде тым асқақтаған, орындауға болмайтын талаптар қойды. Түрция үкіметі шын мәнінде Германияға қарсы соғысқа қатысқысы келмеген еді, оның негізгі мақсаты болған — екі қарама-қарсы коалициялармен байланыстарынан өзіне пайда алу еді [30, 37.]. 1943 ж. 1 желтоқсанда АҚШ, Ұлыбритания. мен Қытайдың Каир декларациясы жарияланды Бұл мәлімдемеде үш державаның көздеген мақсаты: «Жапониядан Екінші соғыс басынан бастап Тынық мұхитта басып алған аралдарын тартып алу екені және Қытай республикасына ол тартып алған Маньчжурияны, Формоза және Пескадор аралдарын қайтып беру болғаны» екені жарияланды. Одақтастар әлем жұртшылығын Жапонияны өзінің ашкөздігіне байланысты әскери күштеріне сүйеніп тартып алған барлық территориялардан қуып шығатынына сендірді [31, 27].

Қорыта айтқанда, жоғары дәрежеде өткен Тегеран конференциясының нәтижелері мынада болды:

  1. Гитлерге қарсы құрылған коалицияны бекіткен әскери қимылдардың ортақ стратегиясы жасалды.
  2. Тегеран конференциясында келешек биполярлық әлемнің көрінісі айқындалды. Формалдық түрде «үлкен үштік» сақталғанымен, фактілік түрде маңызды шешімдердің қабылдануы ұлы екі держава — АҚШ пен КСРО-ға байланысты болғаны айқын көріне басталды.
  3. Гитлерге қарсы құрылған коалицияны бекітіп алып үш одақтас соғыстың ақырғы кезеңіне көшті.

ІІ — ТАРАУ. КСРО, АҚШ ЖӘНЕ ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ҚЫРЫМ (ЯЛТА) КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

2.1. 1944ж; екінші Квебек конференциясы.

6 маусым 1944 ж. одақтас американ-ағылшын әскерлері Солтүстік-Батыс Франциядағы Нормандия жерінде әскери қимылдарды бастады. Көп жылдар бойы күткен Екінші майдан ашылды.

Одақтас әскерлердің Нормандиядағы операциясы барысында оларға үлкен көмек көрсеткен француз Қарсыласу қозғалысы болды. 23-24 тамызда 1944 ж. одақтас әскерлері мен Францияның Қарсыласу қозғалысына қатысушылардың біріккен күштері Париж қаласын немістерден босатты. Бұл оқиға одақтас американ-ағылшын әскерлерінің Екінші майдандағы бірінші ірі жеңісі болды.

АҚШ-ғы 1944 ж. күзінде шақырылған мемлекет және әскери штабтарының басшыларының екінші Квебек конференциясы одақтастардың Еуропалық әскери театырындағы бірінші жеңісінің ықпалында өтті. Рузвельт пен Черчилль өздерінің әскери басшыларының оптимизмімен келіспесе де, оларда Еуропадағы әскери қимылдарды 1944 ж. аяқтауға болады деген пікірге қосылды. Черчилль 8 қыркүйекте 1944 ж. Ұлыбританияның әскери басшыларының алдында сөйлеген сөзінде соғыстың 1944 ж. аяқталуына үміт артатынын айтқан болатын [32, 75.].

Екінші Квебек конференциясында ағылшын делегациясын толғандырған үш стратегиялық проблема болды: Италияның тағдыры жәнө Италиядағы қалыптасатын жағдайға байланысты Еуропадан Оңтүстік-Шығыс Азияға әскерлерді жеткізу мәселесі, ағылшын әскерлерінің Тынық мұхиттағы соғыста атқаратын рөлі. Сонымен қатар, Черчилль кеңес әскерлерінен бұрын одақтас ағылшын-американ әскерлерінің Орталық Еуропаның көптеген аудандарын басып алуын қалады. Ол немістер Италиядан әскерін шығарып Альпі қырларына шегіне бастағанда Адриатика арқылы одақтастардың шабуылды жүргізіп Истрия жартылай аралын басып алып, Австрияның астанасы Венаға одақтастардың әскерлерінің орыстардан бұрын келуін қалады.

Черчилльдің бұл ұсыныстары Квебек екінші конференциясында талқыланып американ өкілдерінің қолдауын тапты. Бұл мәселенің талқылануы былайша өтті. Адмирал У. Леги әскери штабтарының американдық комитетінің генерал Эйзенхауэр қарсы болмаса оның Италиядағы 5 армиясын Францияға аударуын ұсынды. Фельдмаршал Брук, егерде немістер Греция мен Югославияның қыс бойында тастаса, Любляны арқылы Венаға жол ашылатыны туралы айтты. Бірақта немістер бұл жерлерден кетпеген жағдайда да, Бруктың ойынша, ағылшын және американ әскерлері Жоғарғы Италияны және Истрияны жеңіл басып алып, бұл аудандарды Австрияға шабуыл жасайтын плацдармға айналдыра алады. Сондықтан ол американдықтарды Италиядан әскерді шығармауға шақырды. Бұл мәселені талқылау барысында одақтастардың штаб басшыларының бірлескен Кеңесі, жүргізіп жатырған шабуылдың нәтижесін білмей Италиядан әскерді шығаруға болмайды деген шешімге келді. Уилсонды 10 қазанға дейін Истрияны басып алудың жоспарын жасауға міндеттеді.

Конференцияға қатысушылар генерал Эйзенхауэрдің Батыс және Оңтүстік Еуропада әскери қимылдарды жүргізу жоспарларының жобасын талқылады. Еуропалық әскери театрдағы қимылдарды жүргізу туралы конференцияның шешімінде былай делінді: » Жоғарғы қолбасшының негізгі мақсаты — герман әскери күштерін тезірек талқандап Орталық Германияның жерлерін басып алу. Американ әскери басшысының ойынша, Батыстағы дұшпанды талқандау үшін — негізгі шабуылдарды Рур мен Саарға бағыттау керек, себебі Германия өзінің негізгі күштерін бұл жерде топтастырады.

Алғашқы операция барысында «Зифгрид шебін» талқандап Рейн бойындағы өткелдерді басып алу керек. Негізгі күштер майданның солтүстік флангінде шабуылға шығады. Одан кейін әскер Германияның жеріне тереңдеуге дайындық жүргізеді. Біз генерал Эйзенхауэрдің ұсыныстарын қабылдап, оның назарын мынадай мәселелерге аудардық:

а)  оңтүстік бағыттан гөрі шабуылды солтүстіктен бастаған тиімдірегіне;

б)  ауа райы бұзылмай түрып, солтүстік-батыс порттарды, оның ішінде Антверпен мен Роттердамды ашу» [33, 25.].

2 Квебек конференциясының шешімі бойынша, генерал Эйзенхауэрге 7-ші американдық және Оңтүстік Франциядан келген 1-ші француз армиясы бағындырылды, олардан американ генералы Деверс басқарған 6-ші армиялар тобы құрылды. Ағылшындардың талабы бойынша, Еуропадағы АҚШ пен Ұлыбританияның стратегиялық әскери-ауа күштері қайтадан штаб бастықтарының кеңесінің басқарылуына берілді.

Әскери қимылдардың Жерорталық театрында одақтастардың әскерлері Италияда шабуылды жалғастырып, Балқанға жылжиды деп жоспарланды. Олардың таяу мақсаты — По өзенінің жазықтығына шығып Венеция мен Истрияның батыс бөлігін Джулияны басып алу болды, ал түпкі мақсаты — бұл аудандарды 1-ақ дивизияның күшімен басып алып, қалған әскерлермен Любляны арқылы Венаға шабуылға шығу. Грецияны басып алу үшін арнайы әскер — екі ағылшын дивизиясы дайындалды.

Бұл конференцияда Германияның соғыстан кейінгі жағдайына қатысты мәселелер де қарастырылды. Американ делегациясы АҚШ-ның финанс министрі Г. Моргентау ұсынған, герман өнеркәсібін толық талқандап оны «агралық елге» айналдыру жоспарын ұсынды. Черчилль американдықтардың Еуропадағы Германияның үстемдігін жою керек деген ұсынысын қолдады, ол үшін, оның ойынша, Германияның өнеркәсәптің қуатын көршілерінен асырмау керек». Бірақта ағылшын делегациясы бұл мәселені талқылауға дайын болмағандықтан, оны талқылау кейнгі уақытқа қалдырылды [34, 265.]

2.2. КСРО, АҚШ және Ұлыбританияның мемлекет басшыларының

Қырым (Ялта) конференциясы.

Үш ұлы державаның жаңа кездесуі туралы келіссөздер белсенді түрде 1944 ж. күзінен бастап талқылана басталды. Тегеран конференциясынан кейін көптеген маңызды оқиғалар өтті. Одақтастардың әскери күштері майдандарда жаңа жеңістерге жетті. Қызыл әскер неміс басқыншыларын өзінің территориясы мен шығыс еуропалық мемлекеттердің жерлерінөн қуып шықты. Гитлерге қарсы күрескен коалицияның жеңіске жету күні жақындап қалды. Сондықтан соғыстан кейінгі әлемдегі жағдайды реттеу мәселелері алдыңғы шепке шыға бастады.

Бұндай жағдайларда «ұлкен үштіктің» кездесуі өте маңызды бола бастады. Қиындықты туғызып отырған мәселе — оның өткізу жерін келісуде болды.

1944 ж. 27 желтоқсанда президент Рузвельт КСРО-ғы американ елшісі Гарриманға өзінің «үлкен үштіктің» кездесуіне 1944 ж. ақпанында Ялта қаласына келетіні туралы хабарлауды тапсырды. Конспирация мақсатында бұл кездесуді келешекте «Аргонавт» деген кодтық атаумен атауға келісілді (келешекте «Магнето» деп өзгертілді).

Осы уақыттан бастап Ялта конференциясына қызу дайындық басталды. Оған қатысушылар конференцияға пресса өкілдерін шақырмай, тек фотокорреспонденттерді шақыруды келісті.

Қырымның өзінде бұл кездесуге дайындық қызу жүріп жатты. «Үлкен үштіктің» жаңа кездесуіне техникалық дайындықпен қатар, оның алдындағы апталарда, конференцияда талқыланатын негізгі саяси мәселелер бойынша қызу пікір алмасулар өтіп жатты.

Бұндай пікір алмасулар үшін Черчилльдің Мәскеудегі келіссөздері пайдаланылды. Одан кейінгі айларда талқыланатын маңызды саяси мәселелер бойынша қызу хат жазысу, кеңес басшыларының АҚШ пен Ұлыбританияның елшілерімен кездесулері жүріп жатты. Американдықтар Кеңес үкіметінің Еуропадағы соғыс қимылдары аяқталғаннан кейін Жапонияға қарсы одақтастардың жағында соғысқа араласуы туралы келіссөздер жүргізіді. Кеңес үкіметі өз жағынан Қиыр Шығыстағы өз мүдделерін қорғауға тырыстып жатты.

Кеңес үкіметінің Қиыр Шығыстағы мәселелер бойынша ұстанған позициясы американ елшісі Гарриманның И.В. Сталинмен 14 желтоқсан 1944 ж. ресми кездесу барысында түзетілді.

Бұл уақытта екі елдің келешектегі қарым-қатынастарының барысы туралы пікір алмасулар АҚШ-ның астансында жүріп жатты.. Бұл проблема әсіресе, соғыстан кейінгі екі елдің өзара ынтымақтастығын бекітіп, американ-кеңес қатынастарының қомақты экономикалық негізін қалағысы келген, американ президенті Рузвөльтті қатты толғандырды.

1945 ж. 10 қантарында сол уақыттағы АҚШ-ның финанс министрі Генри Моргентау, Ақ үйге американ үкіметінің орасан жеңілдіктермен КСРО-ға кредиттер берудің жоспарының жобасын ұсынды. Онда 35 жылға жылына 2% төлем алынатын 10 млд. доллар кредит беру мәселесі туралы айтылған болатын. Бір аптадан кейін Г. Моргентау АҚШ-ның жаңа мемлекеттік хатшысы Эдварл Стеттиниуспен кездесіп бұл жоспарды талқылады.

Бұл жоспардың мақсаты Моргентаудың айтуынша, Кеңес үкіметін соғыс аяқталғаннан кейін АҚШ-пен жақсы қарым-қатынастарда болуға итермелеуде. «Біздің Кеңес үкіметіне жақсы көзқараста екенімізді көрсетуге уақыт пісіп жетілді» — деді ол [35, 90 б.].

Шамалы уақыттан кейін мемлекеттік хатшының көмекшісі Клейтон КСРО-дағы американ елшісі Гарриманға Рузвельттің бұл жоспарды қолдағаны және оның бұл мәселені Ялтада Сталинмен кездесу барысында талдайтыны туралы хабарлады.

Ялтадағы кездесу алдында Черчилль бұл конференцияда КСРО-ға қарсы одақтастардың бірігіп әрекет жасауын үйымдастырумен айналысты. Рузвөльттің бұл идеяны қолдамайтынын біліп ол Мальта аралында АҚШ пен Ұлыбританияның біріккен штабтарының бастықтарының кеңесін өткізіп оған ағылшын премьері мен американ президентінің қатысқаны дүрыс болар деген үсыныс жасады. Бұл кездесу туралы Рузвельтке жазған хатында, ол екі батыс лидерлеріне Ялта конференциясының алдында «орыстарға қатысты емес мәселелерді талдап алуды ұсынды», бірақта Рузвельт бұл Черчилльдің ұсынысын қабылдамады. Ол Черчилльге берген жауабында Мальтаға келе алмайтынын, тікелей Ялтаға ұшатыны туралы хабарлады. Бірақта Черчилль айтқанынан қайтпай, 8 қантарда жіберген жаңа телеграммасында, Рузвельтті Сталинмен көздеспей тұрып көптеген талданатын мәселелер бойынша келісіп алуға тағы да шақырды, өздері болмаса бұл мәселелр бойынша сыртқы істер министрлерінің келісіп алуын.

Американдықтарды Мальтадаға кездесуге көндіру үшін Черчилль бұл мәжіліске Молотовты шақыру мүмкіндігі бар екенін айтты. Тек осыдан кейін Рузвельт американ генералдары Кинг, Арнольд, Маршаллдың британ әріптестерімен кездесіп екі елге қатысты мәселелерді талдауға рұқсат берді. Бірақта Рузвельт екі елдің сыртн істер министрлөрінің кездесіп келісуіне рұқсат бермеді. Черчилльд кездесу туралы жаңа өтініштеріне жауап ретінде ол Лондонға өзін меншікті өкілі Гарри Гопкинсті жіберді.

21 қантарда Г. Гопкинс Лондонға келіп Черчилль мен Иденмен тек «ұлкен үштіктің» Ялтадағы талдайтын мәселелерді ғана емөс, ағылшын американ қатынастарына қатысты бөтен мәселелерді де талдады. Оны ішінде американдықтардың наразылығын тудырып отырға ағылшындардың Италиядағы әректтері.

Мәселе мынада еді. Ағылшындар Италияның басында Муссолиниді билікке жіберген, фашисттік тәртіпке қолдау көрсеткен король Виктор-Эммануилды сақтап қалғысы келді. Вашингтон оны қолайсыз деп, Италияда либералдық үкіметті құруды ұсынды. Сол мақсатпен АҚШ Римге эмиграцияда жүрген белгілі итальян саяси қайраткері граф Скорцаның келуін ұйымдастырды. Бірақта ағылшындар оны өздері құрған итальян үкіметінің құрамына кіргізбей қойды. АҚШ-ның жаңа мемлекеттік хатшысы Э. Стеттиниус бұл мәселе бойынша Ұлыбританияға арнайы нота жіберіп, Черчилльдің саясатына наразылық білдірді. Бұл әрекеттер Черчилльдің ызасын келтірді.

Лондонннан Г. Гопкинс тікелей Парижге де Голльмен кездесуге барды. АҚШ-ның үкіметі де Голльді жаратпай, оның орнында генерал Жироны көргісі келетін еді, сондықтан Г. Гопкинс келешек американ-француз қатынастарының перспективаларын анықтауға барды. Одан кейін Гопкинс Римге барып, папа Пий ХІІ кездесіп, Италиядағы жағдай туралы толық мәлімет алды.

1944 ж. 31 қантарында Гопкинс Мальтаға ұшып келіп, бұған дейінгі келісімдер бойынша Ұлыбритания мен АҚШ-ның бірікен штабтарының бастықтарының кездесуіне қатысты. Бірақта онымен іс біткен жоқ. Черчилль дегөніне жетіп әйтеуір Рузвельтпен кездесіп тынды. Американ президенті Ялтаға бару үшін 2 ақпанда ауыр крейсер «Куинсимен» Ла-Валетта портында түскенде оны рейдте Орион кемесінде Черчилль күтіп тұрды. Екі лидердің кездесуі «Куинси» крейсерінің үстінде кешкі сағат 6-да өтті.

Еуропадағы әскери жағдайды талқылау барысында Черчилль американ президентін «Қызыл әскерден бұрын Австрияның көптеген территорияларын басып алуға үгіттеді. Бірақта Рузвельт оған көнбеді. Оған Черчилльдің бұндай одақтасына қатысты опасыздық саясаты ұнамады. Ол, бұндай саясат соғыстан кейінгі ұлы державалар арасында орнайтын ынтымақтыққа нұсқан келтіреді деген пікірде болды.

Кешке жақын американ президенті ұйымдастырған салтанатты қабылдауда Ялта конференциясында талқыланатын мәселелер бойынша жалпы пікір алмасу өтті. Жарым түнде делегация мүшелері Ялтаға бет алды [36, 92].

Конференция ресми түрде ашылмастан бұрын державалар басшылары алдын ала кездесу өткізді. 4 ақпанда Қырымдағы Воронцов сарайында түскі сағат үште И.В. Сталин ағылшын премьер-министрі Черчилльмен кездесті. Черчилль өзінің естеліктерінде, бұл кездесуде Сталин кеңес-герман майданындағы жағдайды сипаттап, неміс әскерлерінің қатты қарсылық көрсетіп жатқанымен, Германияның ұлы держава болуынан айрылғанын атап көрсеткенін және өзінің Италиядағы қалыптасқан жағдайды сипаттағаны туралы айтады [37, 60.]. Сол күнгі күндізгі сағат төртте Ливадия сарайында орналасқан американ президенті Рузвельт пен Сталиннің кездесуі болды. Кездесу барысында Рузвельт кеңес басшысына Ялтаға келер жолдағы немістер жасаған талқандауды көргеннен кейін оның немістерге қарсы дұшпандылығының артта түскені туралы айтты.

Батыс майдандағы әскери жағдайды сипаттай келе ол Сталинге генерал Эйзенхауэрдің Рейн өзенін тек науырыз айында, мұз ерігеннен кейін өте алатындығын және соған байланысты одақтастардың Германияға негізгі шабуылының мерзімінің жазға қалдырылатыны туралы ескертті [38, 80.].

1945 ж. 4-11 ақпанында өткен Ялта конференциясының Екінші дүниежүзілік соғысының дипломатиялық тарихында алатын орны өте маңызды. Ол Гитлерге қарсы күрескен үш ұлы державаның басшыларының екінші кездесуі болды және онда 1943 ж. Тегеран конференциясында сияқты бұл державалар көптеген бірлескен шешімдер қабылдады.Ялта конференциясының күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралды:

  1. Германия мәселесі;
  2. Азат етілген Еуропа тағдыры;
  3. Польша және Югославия мәселелері;
  4. Кеңес үкіметінің Жапонияға қарсы соғысқа араласуы туралы.

1.Германия мәселесі. Конференция мүшелері мәжілістің бірінші күні Кеңес Бас штабының бастығы генерал А.И. Антонов пен АҚШ-ның Бас штабының бастығы генерал Дж. Маршаллдың майдандағы жағдай туралы хабарландыруларын тыңдап шығып, Германия толық тізе бүккенге дейін әскери қимылдарды жалғастыратынын мәлімдеді.

Ялтада одақтас державалар Германияға қатысты ұстанған саясатының жалпы мақсаттарын жариялады. Үш одақтас держава жауды талқандаудың біріккен әскери жоспарларын жасады. Бұл мәселені шешу үшін одақтас үш ұлттың әскери штабтарының басшылары күнде мәжіліске жиналып отырды. Бұл мәжілістер бойынша қабылданған коммюникеде, олардың жұмысы нәтижелі болғаны және үш одақтас мемлекеттің әскери жоспарларының тығыз координацияда болғаны туралы айтылды. Әр мемлекет өзінде бар мәліметтермен олақтас мемлекеттерді толық таныстырды. Германияға шығыстан, батыс пен оңтүстіктен одақтастардың әскерлері мен әскери-ауе күштері жасайтын шабуылдарының мерзімдері, жерлері келісілді [39, 28.].

«Біздің бірлескен жоспарларымыз адамзатқа олар жүзеге асырылғаннан кейін белгілі болады» — деп айтылған еді бұл мәселе бойынша қабылданған коммюникеде, — «бірақта біз үш әскери штабтардың бірлесіп атқарған жүмысы соғыстың тезірек аяқталуына септігін тигізеді деген сезімдеміз. Үш штабтың бірлескен мәжілістері қажет болған әр уақытта болып тұрады. Нацистік Германияның күні санаулы. Неміс халқы келешегі жоқ қарсылықты жалғастырьіп, өздерінің жеңілісі үшін өте жоғары баға төлейіндеп отыр»

Конференцияда Германияны оккупациялау мен келешекте ондағы жағдайды бақылау туралы мәселе талданды. Бұл мәселе бойынша қабылданған коммюникеде былай делінген еді: » Үш одақтас держава Германия толық тізе бүккенннен кейінгі Германияда жүргізітін жалпы саясаты мен оны жүзеге асыру жоспарлары бойынша келісіп қойды. Бірақта ол жоспарлар Германия толық талқандалғанға дейін жарияланбайды. Үш державаның әскери күштерінің бірлесіп бекіткен жоспары бойынша, Германия арнайы зоналарға бөлініп онда одақтастардың әскерлері түрады. Келісілген жоспар бойынша, ол зоналарды басқару Берлинде орналасатын үш державаның Жоғарғы қолбасшыларынан түратын Орталық Бақылау Комиссиясына тапсырылады. Егер Франция келісім берсе оны үш держава бірігіп Германияны оққупациялауға шақырады. Ол Бақылау Комиссиясының 4-ші мүшесі болып жарияланып, оған оққупациялау зонасы бөлінеді. Оған бөлініп берілетін оққупациялау зонасының мөлшерін Еуропалық Кеңес беруші Комиссиясындағы 4 үкіметтің мүшелері шешеді.

Біздің негізгі мақсатымыз — герман милитаризмі мен нацизмді жою және де Германия еш уақытта әлемдегі бейбітшілікті бұза алмауына кепілдік беру болып табылады. Сондықтан біз алдымызға мынадай мақсаттар қойдық: герман қарулы күштерін қарусыздандырып, тарату; герман милитаризмінің жандануына осымен 2 рет әрекет жасаған германдық Бас штабты мәңгілік жою; барлық герман әскери обмундированиесін жою; келешекте әскери өндірісті жандандырып қарулануға пайдаландырмау үшін герман өнеркісібін жою; соғыс отын тұтатқандардың әділ жазасын беру; немістерге соғыс барысында бөтен елдерге келтірген шығындарын өтету; жер бетінен нацистік партияны, нацистік заңдармен, ол.ардың үйымдары мен мекемелерін жою; Германияның экономикасына, мәдени өміріне нацистік және милитаристік тұрғыдан ықпал етіп отырған қоғамдық ұйымдарды жою. Сонымен қатар келешекте Германияны тағы да соғыс ошағына айналдырмауға кепілдік беретін бөтен де шараларды жасау.

Бізідің мақсатымыз неміс ұлтын жою емес. Тек қана нацизм мен милитаризмді біз жойғанда ғана, герман халқы әлемдік қауымдастықта өзіне лайық орнын алып, өнегелі өмір сүруге мүмкіндік алады» [40, 30].

Конференция жеңілген Германияның одақтастар державаларымен басқарылуының формалары мен функцияларын белгіледі. Ортақ келісім бойынша Кеңес Одағы — Германияның шығыс бөлігін, Ұлыбритания — солтүстік-батысын, АҚШ — оңтүстік — шығыс оккупациялайтын болды. Одақтас державалар Францияны Германияны бірлесіп оккупациялауға Шақырды. Конференцияның шешімі бойынша Үлкен Берлиннің ауданы одақтас 3 державаның бірікккен күштерімен оққупацияланатын болды.

Германияға қатысты біріккен келісілген саясат жүргізу үшін Берлинде Орталық бақылау комиссиясын құру ұйғарылды. Ол Германиядағы барлық жоғары билікті атқаратын болды. Бұл комиссияға Герман территориясында орналасқан КСРО, АҚШ және Ұлыбританияның қарулы күштерінің қолбасшылары кірді.

Одақтас мемлекеттердің мемлекет басшылары Германиядан репарация алуды шешті. Бұл мәселе бойынша, Терманиядан натуралдық түрде репарациялар алу мәселесі бойынша Қырым конференциясына қатысушы үш үкіметтің келісім сөздері деген Хаттама қабылданды.

Үш үкіметтің басшылары мынадай мәселелер бойынша келісті:

  1. Германия натуралдық түрде соғыс барысында одақтас ұлттарға келтірген зиянын өтеуге міндетті.

Репарацияны бірінші кезекте соғыс барысындағы соғыстың ауыртпалығын көтерген, көптеген шығын шығарған және фашизмді жеңуге зор үлес қосқан мемлекеттер алады

  1. Германиядан репарациялар мынада үш түрде алынады:

а)  Германия тізе бүкеннен немесе ұйымдасқан қарсылық көрсетуін қойғаннан көйінгі 2 жылда Германияның өзінің территориясы мен шет елдерде ораналасқан ұлттық байлығынан репарация (құралдармен, станоктармен, кемелермен, поездармен, шет елдік банктегі ақшаларымен, онеркәсіптік, транспорттық, кеме және бөтен де өнеркәсіптік салаларының акцияларымен) алынады және де ол алымдар неміс халқын тонау үшін емес Германияның әскери потенциалын жою үшін жасалады;

б)    мерзімі кейін белгіленген уақытта, Германия репарацияны жылдық өнеркәсіптің табысынан төлеп тұрады;

в)  репарация есебіне одақтас державалар Германияның жұмыс күшін пайдаланады.

  1. Жоғарыда көрсетілген принциптерге негізделген нақты толық репарациялық жоспарды жасау үшін Мәскеу қаласында КСРО, Ұлыбритания, АҚШ мемлекетінің өкілдерінен тұратын одақтастар аралық Репарациялық комиссия құрылады.
  2. Германия төлейтін репарацияның жалпы сомасы мен оны герман агрессиясынан зардап шеккен мемлекетерге бөлу туралы мәселе бойынша американ және кеңес делегациясы мынадай шешімге келді: «Мәскеу Репарациялық комиссиясының ұсынысы бойынша, әзірше талқылауға Кеңес үкіметі ұсынған мынадай көрсеткіштер қабылданады: 1. Репарациялардың жалпы сомасы 20 миллиарда долларға теңеледі және оның 50 % Кеңес үкіметіне беріледі.» Британ делегациясы Германия төлейтін репарациялардың жалпы сомасын атау әлі ертерек деді.

Қырым конференциясында батыс мемлекеттері қайтадан біріккен герман мемлекетін жоюды ұсынды. Американ президенті Рузвельт Германияны 5-7 мемлекетке бөлшектеп жіберуді ұсынды. Черчилль өз жағынан бұған қарсылық білдірмеді.

Бұл жоспарлар Кенес үкіметінің басшысынан батыл қарсылық көріп, сондықтан қабылдамбай қалды.

Қырым конференциясында Германия мәселесінен басқа мынадай мәселелер талданды және олар бойынша шешімдер қабылданды:

  1. Азат етілген Еуропа бойынша Декларация қабылданды;
  2. Польша және Югославия мәселесі талқыланды;
  3. Бірккен Ұлтар Ұйымын құру мәселесі;
  4. Кеңес үкіметінің Еуропада соғыс аяқталғаннан кейінгі Жапонияға қарсы соғысуы туралы;

Қырым конференциясының тарихтағы маңызы зор.

Бұл конференцияда соғысты жүргізу мен аяқтаудың және соғыстан кейінгі әлемдегі жаңа тәртіптің орнатылуы туралы мәселелер табысты шешілді. 1943 ж. Тегеран конференциясында сияқты бұл мәжілісте одақтастар тек өздерінің саясатын ғана емес әскери жоспарларын дг келісіп алды, Бұл оқиға адамзатқа қоғамдық құрылыстағы айырмашылықтардың фашизмге қарсы коалиция құруға және әскери саяси ынтымаққа кедергі болмайтынын көрсетті және келешекке үлгі болды.

Конференциядан қайта сала АҚШ конгресінің алдында соөлеген сөзінде президент Рузвельт былай деген болатын: «Қырымдағ конференция, менің ойымша, біздің тарихымыздағы және  адамзат тарихындағы маңызды оқиға. Қырым конференциясы ғасырлар бойы нәтижесіз өмір сүріп келген біржақтылық қимыл-әрекет, жабық одақты ықпал үлестерін бөлу, күштердің тепе-теңдігін орнату сияқты тарихти аксессуарларын жойып, оның орнына әлемнің барлық бейбітшілік сүйгіш мемлекеттердінің басын қосатын әлемдік одақты құруды ұсынды [41,12].

Қырым конференциясының нәтижелерін шығара келе американ саясатшысы Гарри Гопкинс былай деді: «Біз бұл конференцияның табысты шешілуін құдайдан сұрағанбыз. «Біз» дегенде мен тек американдықтарды емес барлық адамзатты айтып отырмын. … Орыстар бұл жерде өзінің көрегендігі мен ақылдылығын көрсетті, бұл істерімен олар біздің прөзидентіміздің фашизмді жеңу жолында барлық елдердің бірігіп әрекет ету керек деген сөздерін қолдағанын көрсетті» [40, 85.].

Қырым конференциясының шешімдері соғыстың ақырғы кезеңіндегі Гитлерге қарсы коалицияның бекуіне және нацистік Германияны жеңуге зор үлес қосты. Қырым конференциясының шешімдерін толық түрде жүзеге асыру үшін күрес 1944-1945 жж. американ, ағылшын, кеңес дипломатиясының негізгі мазмұны болды.

Негізіннен Ялта конференциясының жұмысы өзара түсініктік конструктивтік рухта өтті.

Қорыта айтқанда, Қырым конференциясының нәтижелері мынада болды: 1.Ялтада Біріккен Ұлттар Ұйымын (БҰҰ) құрудағы соңғы кедергілер жойылды. Американ президенті Ф.Д. Рузвельттің ұсынысы бойынша, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде мәселелер бойынша қарарлар қабылданғанда бір ауыздан қабылдау принципі енгізілді. Біріккен Ұлттар Ұйымынның Құрылтай конференциясы Сан-Франциско қаласында 25 сәуірде 1945 ж. шақырылады деп шешілді.

2.Кеңес Одағы одақтастарына Еуропадағы Германиямен соғысты аяқтағаннан кейін 2-3 айдан соң Жапонияға қарсы соғысатыны туралы уәдесін берді.

3.Конференцияның нәтижелері бойынша, «Азат етілген Еуропа туралы»  Декларация қабылданды. Онда фашизмді жеңген одақтас-мемлекеттер  азат етілген Еуропа континентін қандай принципетерге негізделіп қайта құратыны туралы айтылды.

Жоғарыда айтылғандармен қатар, бұл конференцияның бөтен де маңызды нәтижелері болды. Онда 1945 жылдан 1991 жж. дейінгі 50 жылдан астам өмір сүрген халықаралық қатынастардың биполярлық жүйесінің негізі қаланды. Бұл оқиғаның негізінде, екі ұлы держава — АҚШ пен КСРО — ның ортақ қуатының, бөтен елдермен салыстырғанда соғыстың аяқталуына таман өсіп кетуі жатты. Олардың өзара қуаты тең түсті және олар бірі-бірін теңестіріп отырды. Сонымен қатар олар бөтен мемлекеттерді өзінің шеңберіне тартатын екі орталыққа айналды. Бұл екі мемлекеттің соғыстан кейінгі әлемді билейтіні және оның параметрларын белгілейтіні айқын көріне бастады. Қырым конференциясында осы туралы Ф.Д. Рузвельт пен И.В. Сталин өзерінің кездесу барысында келісті. Сондықтан өкі мемлекет басшысы өздерінің ықпал ететін сфераларын бөліп алды. Сондықтан олар басында адамзаттың келешегіне зор әсер ететін Еуропадағы өздерінің ықпал ететін сфераларын бөліп алуға тырысты. Көне Әлемді олар былайша бөліп алды: Батыс Еуропа АҚШ-ның ықпалына бөрілді, ал Шығыс Еуропа — КСРО-ның ықпалына «берілді. Кейінірек олар бірі бірін бұл келісімнің шарттарын бұздың деп көп кінәлайды, бірақта қуаттары тең болғандықтан бұл келісім ұзақ уақыттай бұзылмады.

Бұл істер келешекке қатысты еді, ал қазір одақтастар Германияны тезірек жеңуі керек еді. 1945 ж. ақпан айының басында кеңес әскерлері Одер өзенінің жағалауына шықты. 13 ақпанда Германияның Еуропадағы қалған соңғы одақтасы Венгрияның астанасы Будапештті кеңес әскерлері басып алды. Осы 1945 ж. ақпан айында КСРО-ның одақтастарының Батыс майдандағы шабуылы басталды. Немістерден көп қарсылық көрмей олар науырыз айында Рейн теңізінің жағалауына жетті. Енді одақтастардың әскери қимылдары Германияның өзінің жерінде жүре бастады. 1945 ж. 13 сәуірінде кеңес әскерлері Австрияның астанасы Венаны немістерден азат етті, 25 сәуірде Берлин үшін шайқас басталды. 29 сәуірде Италиядағы неміс әскерлері тізе бүкті. Бұның алдында итальян патриоттары Муссолиниді түтқындап дарға асқан болатын. 30 сәуірде Гитлер өзін мерт қылды. 1945 ж. 2 мамырында берлиннің гарнизоны тізе бүкті. 5-9 мамырда Прага үшін шайқас болды. 8 мамырда 1945 жылы немістер толық және сөзсіз капитуляцияға қол қойды. Еуропадағы соғыс айқталды.

Бұл оқиғалардан бұрын, 1945 ж. 25 сәуірінде бүдан бүрын жоспарланғандай, Сан-Франциско қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының Құрылтай конференциясы өтті. Оған әлемнің 42 елінің өкілдері қатысты. Құрылтай конференциясының күн тәртібінде бір-ақ мәселе қаралды- ол Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысын қабылдау. Біріккен Ұлттар Ұйымының Құрылтай конференциясы өзінің жүмысын 1945 ж. 26 маусымында аяқтады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы бір ауыздан қабылданып, халықаралық құқықтың негізгі құжатына айналды..

Германияның талқандалуымен Екінші дүниежүзілік соғысы аяқталған жоқ, бірақта әлемнің бұл соғыста кім жеңетініне және кім соғыстан кейінгі әлемді билейтініне көзі жеткен еді. Германия мен оның одақтастарының тағдырын, соғыстан кейінгі Еуропаның құрылысын талқылау және де халықаралық жағдайларға қатысты бөтен де мәселелерді шешу үшін 1945 ж. 17 шілдесі мен 2 тамызына дейін Берлиннің қасындағы Потсдам қаласында «үлкен үштіктің» конференциясы өтті. Оған қатысушылардың құрамы күрделі өзгеріске үшырады. 1945 ж. 12 сәуірінде фашизмді жеңуге зор үлес қосқан американ президенті Ф.Д. Рузвельт қайтыс болып, АҚШ президенті болып Гарри Трумэн тағайындалды. Конференция барысында Ұлыбританиядағы парламенттік сайлауда У. Черчилль жеңіліп қалып, оның орнын Клемент Эттли басты. «Үлкен үштіктің» баяғы мүшелерінен тек И.В. Сталин қалды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ — ТАРАУ. БЕРЛИН (ПОТСДАМ) КОНФЕРЕНЦИЯСЫ. СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛЕРІНІҢ КЕҢЕСІНІҢ (СІМК) ҚҰРЫЛУЫ

3.1. Потсдам конференциясы. Сыртқы Істер Министрлерінің Кеңесінің (СІМК) құрылуы.

Соғыс жеңіспен аяқталғаннан кейін 1945 ж. 17 шәлдесі — 2 тамыз аралығында Берлиннің қасындағы Потсдам. қаласында одақтас 3 державаларының мемлекет басшылары кездесті. Бұл кездесуге Кеңес үкіметінің басшысы И.В. Сталин, АҚШ президенті Г Трумэн және Ұлыбританияның премьер-министрі У. Черчилль (соңғыны 28 шілдеден бастап парламенттік сайлауда жеңіп шыққан лейбористтік партияның көсемі К. Эттли айырбастады), үш державаның сыртқы істер министрлері.

Ең бірінші болып конференцияға қатысушылар Еуропадағы мәселелерді бейбіт жолмен реттеуге кірісті. Олар Германиямен және оның бұл соғыста одақтасы болған Италиямен, Румыниямен, Болгариямен, Венгриямен, Финляндиямен бейбіт келісімдерді жасасатын халықаралық орган құру керек еді.

Ұлы державалардың басшылары Потсдамда бұл мәселелерді шешетін Сыртқы Істер Министрлерінің Кеңесін (СІМК) құрды. Бұл мекемеге соғыста жеңілген Германия және оның одақтастары Италиямен, Румыниямен, Болгариямен, Венгриямен, Финляндиямен бейбіт келісімдердің шарттарын жасау және бөтен де одақтас державалар ұсынатын мәселелерді шешу тапсырылды.

СІМК-ге КСРО-ның, АҚШ-ың, Ұлыбританияның, Қытайдың және Францияның сыртқы істер министрлері қатысты. Жеңілген мемлекетпен бейбіт келісім шарттың жобасын бұл елдің капитуляциясын қабылдаған мемлекеттердің өкілі жасайтын болды. Сондықтан Финляндиямен бейбіт келісімнің жобасын жасаған КСРО мен Ұлыбританияның бұл Кеңестегі өкілдері болды, Румыниямен, Болгариямен Венгриямен бейбіт келісімнің жобасын жасаған КСРО, Ұлыбритания және АҚШ болды. Италиямен бейбіт келісімнің жобасы жасалғанда оған одақтас үш державаның өкілдерімен қатар Францияда қатысты.

Бұл мәселе бойынша қабылданған Коммюникеде былай делінді: «Конференцияға қатысушылар жеңіске жеткеннен кейінгі Еуропада орнатылатын тәртіп бойынша мынадай мәлімдеме жасауды шешті.

Үш Мемлекет қазіргі замандағы Италиядағы, Болгариядағы, Финляндиядағы, Венгриядағы, Румыниядағы қалыптасқан аномалдық жағдайды олармен бейбіт келісімдер жасау арқылы тоқтатуды шешті. Бөтен де бұл мәселелерді шешкісі келіп отқан Бізге одақтас мемлекеттердің Үкіметтері де бұл шешімімізді қолдайды деп сенеміз. Үш Үкіметте өз жағынан СІМК-нің Италиямен тезірек бітім жасауын кідіртуге болмайтын маңызды іс деп есептейді, себебі Италия фашистік осьтің ішіндегі бірінші мемлекет болып Германиямен байланысын үзіп, оны талқандауға біраз материалдық үлес қосты және қазір де Жапониямен соғысу үшін одақтастармен бірігіп отыр. Италия өз бетімен фашистік тәртіптен құтылып демократиялық билену бағыты жолында әжептәуір прогресске жеткен мемлекет. Әлем таныған Италияның Демократиялық Үкіметімен бейбіт келісім жасасу, Үш одақтас Үкіметке Италияның БҰҰ ұйымына мүшө болғысы келген мақсатын қолдауға мүмкіндік береді.

Үш Мемлекет Сыртқы Істер Министрлерінің Кеңесіне Болгариямен, Румыниямен, Венгриямен, Финляндиямен бейбіт келісімдердің жобасын жсауды ұсынды. Әлем таныған бұл мемлекеттердің Демократиялық Үкіметтерімен бейбіт келісім жасасу, Үш одақтас Үкіметке бұл мемлекеттердің БҰҰ ұйымына мүше болғысы келген мақсатын қолдауға мүмкіндік береді. Үш Мемлекет өз бетімен бұл мемлекеттермен бейбіт бітімдердің жобалары жасалғанса олармен диппломатиялық қатынастарды орнатудың шарттарын талқылауға қарсы емес.

Үш Мемлекет соғыс аяқталғаннан кейінгі Еуропадағы жағдайлардың өзгергеніне байланысты, одақтас мемлекеттердің прессасының өкілдері сөз еркіндігіне ие болып Румынияда, Болгарияда, Венгрия мен Финляндияда болып жатқан оқиғалар туралы әлемге шынайы ақбарат беріп тұрады деп сенеді» [41,168.].

Бөтен мемлекеттердің БҰҰ мүшелігі туралы мәселеге келетін болсақ, ол туралы БҰҰ Жарғысының ІV бабында былай делінген:

«1. Біріккен Ұлттар Ұйымына оның Жарғысында жарияланған шарттарды мойындап оны орындауға кепілдік берген барлық бейбітшілік сүйгіш мемлекеттерге жол ашық.

  1. Бұл шарттарды орындауға келіскен әрбір мемлекетті Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке алу Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынысы бойынша Бас Ассамблеяның шешімімен жасалады.

Үш Мемлекет, бұл мәселені шешу оларға қатысты болғандықтан, Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшелігіне, соғыс барысында бейтараптық ұстаған мемлекеттерді және жоғарыда көрсетілген шарттарды мойындап оларды  орындауға кепілдік берген мемлекеттерді қабылдауға қарсы болмайды.

Сонымен қатар Үш Мемлекет Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшелігіне Испания мемлекетін қабылдауға қарсы екенін жариялайды, себебі бұл мемлекет фашистік ось державаларының қолдауымен құрылған болатын, сондықтан өзінің пайда болуымен, сипатымен, өзінің қызметі мен агрессор мемлекеттермен байланыста болғандықтан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болатын шарттарға сәйкес келмейді [41, 172.].

Потсдамдағы конференция Ялтадағыдай достық, ынтымақтық жағдайда өткен жоқ. АҚШ пен Ұлыбританияның өкілдері КСРО-ға одақтастық пікір танытқан жоқ. Соғыс аяқталғаннан кейінгі 1945 ж. мамыр айының соңында Трумэнге жазған хатында У.Черчилль Шығыс майданда «Темір сахнаның» жабылғаны туралы жазған еді. Ол баяғыдағы фашистік Германияның Насихат министрі Пеббельстің «темір сахна» туралы сөзін қайталаған еді. Сондықтан бұл конференцияға қатысқан У.Черчилль мен Д. Рузвельт КСРО-ға көз аларта бастады. Көптеген батыс тарихшыларының жазуынша, Ф.Д. Рузвельттің бұндай саясат үстауы, АҚШ-ның алғашқы болып ядролық қаруға ие болуына байланысты болды. Олардың айтуынша, Трумән маңайындағыларға былай деген екен: «Енде менің қолымда Кеңес үкіметін қорқытып үстайтын үлкен сойылым бар» [42, 44.].

Бұл конференция барысында Ф. Рузвельт У. Черчилльмен алдын ала келісіп И.В. Сталинге АҚШ -да атом бомбасының сынақтан өткені туралы хабарлады. Бірақта бұл хабар күткендей эффект бермеді. Маршал Г.К. Жуков » Мысли и размышления» деген естелігінде былай деп жазады: «Трумэнмен сойлесіп бұл хабарды есіткеннен кейін, Сталин кеңестік делегаттардың ортасында, батыс өкілдерінің құлағына жеткізу үшін, «Қурчатовқа атом қаруын дайындауды тездетуге тапсырма беріңдер деді» [43,24.].

Потсдам конференциясында бірқатар мәселелер бойынша одақтастар арасында елеулі келіспеушіліктер болды. Оның бірі болған -Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдеріндегі жағдайлар туралы мәселе. Румыния мен Болгарияны кеңес әскерлерімен азат етілуі бұл жерлерде өткен фашизмге қарсы халық көтерілістерімен қатар келді. Румынияда кескілескен саяси күрес барысында мемлекет басына 1945 ж. науырыз айында П. Гроза басқарған демократиялық үкіметі келді. Болгарияда 1944 ж. қыркүйегінен бастап елді үздіксіз басқарған Отандық майдан үкіметі болды.

Кеңес әскерлері немістерден азат еткен Венгрияда демократиялық партиялардың одағынан түрған коалициялық мемлекет билік басына келді. Бұл елдерде қайта құрулар жүргізіліп, үкіметтерінің фашизмнің қалдықтарын жоюға, демократиялық билену принциптерін жаңғыртуға жасап жатқан іс-әрекеттері бұл елдердің қолдауын тапты.

Потсдам коыференциясына қатысқан батыс мемлекеттерінің өкілдері бұл елдерде қалыптсқан жағдайларды өзгертуге тырысты. Мысалы АҚШ дөлегациясы «Румыния мен Болгариядағы өмір сүріп жатқан билену түрін дереу өзгерту туралы» қарар қабылдауды ұсынды [44, 84].

Потсдам конференциясында ең кескілескен күрес Польша және Германия мәселесі бойынша жүрді.

Польша мәселесі. Қырым конференциясының шешімі бойынша Польша солтүстігі мен батыста өзінің территорияларын кеңейту керек еді. Потсдамда американ және ағылшын делегаттары Кеңес үкіметінің Польшаға немістердің басып алған батыс аудандарын қайтып беруіне қарсылық білдірді. Бірақта дискуссия нәтижесінде АҚШ пен Ұлыбританияның өкілдері «баяғыда Балтық теңізінен Одөр мен Батыс Нейсе бойынша Чехословакияға дейінгі немістер жаулап алған жерлердің және Данциг қаласының (полякша Гданьск қаласының) Польшаға қосылуына» келісті. Және сонымен қатар одақтастар бұл жерлердің неміс тұрғындарының Германияға көшірілетіні туралы келісті. Бұл шешімдердің барлығы, конференцияға қатысқан елдердің Польшаға қайтарылып берілген жерлердің заңдылығын және мызғымастығын мойындайтынын көрсетті.

Польша мәселесі бойынша қабылданған арнайы Коммюникеде былай делінген еді:

«Конференция Польшаның Ұлттық Бірлігінің Уақытша Үкіметі мен Польшаның батыс шекараларына қатысты мәселелерді қарастырды.

Польшаның Ұлттық Бірлігінің Уақытша Үкіметіне қатысты позицияларымызды төмендегі Мәлімдемеде жариялаймыз:

А. Біз Қырым Конферециясының шешімдеріне сәйкес эмиграциядағы және елдегі поляктардың келісімге келіп үш держава мойындаған Польшаның Ұлттық Бірлігінің Уақытша Үкіметінің құрылғанына ризашылығымызды білдіреміз. Британ Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі Польшаның Ұлттық Бірлігінің Уақытша Үкіметімен дипломатиялық қатынастарды орнатқаннан кейін эмиграциядағы Лондондағы Польшаның Үкіметін мойындамайтынын мәлімдейді және ол үкімет таратылу керек. Ұлыбритания мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметтері өздері ресми түрде мойындаған Польшаның Ұлттық Бірлігінің Уақытша Үкіметінің мүдделерін және қандай түрде болса да Польша жерлерінде өмір сүретін меншігін қорғайтынын мәлімдейді.

Одақтастар Польшаның меншігін бөтен үшінші жаққа беріліп кетпеуінің жағдайларын жасады. Польшаның Ұлттық Бірлігінің Уақытша Үкіметіне олардан заңсыз тартып алған барлық меншігін қайтып алуға юридикалық құқық берілді.

Одақтас Үш Үкімет Польшаның Ұлттық Бірлігінің Уақытша Үкіметіне тез уақытта шет елде жүрген өз еркімен елге қайтқысы келген поляк азаматтарын, сауда флотын және әртүрлі әскери құрамдарда жүрген әскери адамдарын қайтаруға көмек көрсететінін мәлімдөйді. Одақтас Үш Үкімет бұл Отандарына қайтып оралған азаматтарға Польшаның азаматтарына сияқты толық азаматтық қүқықтары беріледі деген сенім білдіреді.

Одақтас Үш Үкімет Польшаның Ұлттық Бірлігінің Уақытша Үкіметінің Қырым Конференциясының шешімдеріне сәйкес таяу уақытта еркін және ешқандай кедергілер жасамай жаппай даус беру негізінде барлық Польшадағы партиялардың қатысуымен сайлау өткіземіз деген шешімін қолдайды және ол сайлау барысы туралы одақтастардың баспасөз өкілдерінің әлемге мәлімет беріп тұруына Польшаның Уақытша Үкіметі кедергі жасамайды деген сенімін білдіреді.

В. Польшаның батыс шекаралары бойынша мынадай Келісім қабылданды:

Қырым конференциясында Польша мәселесі бойынша қол жеткен Келісім бойынша Үш Үкіметтің басшылары Польшаның Ұлттық Бірлігінің Уақытша Үкіметінің Польшаның солтүстік пен батыста алғысы келетін территориялар туралы пікірлерін қарастырды. Польшаның Краева Рада Народованың төрағасы мен Польшаның Ұлттық Бірлігінің Уақытша Үкіметінің мүшелері Конференцияда қабылданып бұл мәселе бойынша өз қөзқарастарын жариялады. Үш Үкіметтің басшылары бұл мәселені жан-жақты талқылап, Польшаның батыс шекарасын белгілеуді ендігі бейбіт конферөнцияға шешуге қалдырды. Үш мемлекеттің басшылары Польшаның батыс шекаралары толық белгіленгенге дейін, Берлин Конференциясының шешімдері бойынша КСРО-ға берілген жерлер мен Дангиг қаласынан басқа, Балтық теңізінің жағалауында орналасқан Свинемюнде ден басталып Одер өзені бойынша Батыс Нейсеге, одан Чехословакия шекарасына дейін жатқан жерлерді уақытша Польша қарамағына беріледі және олар Германиядағы кеңестік зона оққупациясына жатпайды деп шешті» [44, 90].

Потсдам конференциясында қаралған ең маңызды мәселелер қатарына Германия мәселесі жатты.

Германия мәселесі. Потсдам конференциясы герман милитаризмі мен нацизмінің түбегейлі жойылып, келешекте Германия тарабынан адамзаттың бейбіт өміріне қауіп төнбейтініне кепілдік берді.

Потсдам конференциясының шешімі бойынша, оккупация уақытында Германия біртұтас мемлекет ретінде қарастырылатыны туралы мәлімдеді. Германияны толық қарусыздандыру, фашизмнің қалдықтарын жойып демократияландыру үшін «герман экономикасының децентрализацияланатыны, ол үшін синдикаттардың тресттердің және бөтен де монополисттік бірлестіктердің жойылатын туралы» айтылды.

Одақтастардың Бақылау органдарының Германияда тек өнеркәсіптің бейбіт салалары мен ауыл шаруашылығының дамуын қатаң қадағалайтыны туралы айтылды.

Конференцияның шешімінде былайша делінді:

  1. Соғыстан кейінгі Германияның экономикасының дамуын ұйымдастырғанда негізгі назар оның ауыл шаруашылығы мен халықтың қажөттілігіне керекті тауарларды шығаратын өнеркәсіптің бейбіт салаларын дамытуға аударылады.
  2. Оққупация уақытында Германия біртұтас экономикалық бірлестік ретінде қарастырылады. Соған байланысты мынадай мәселелер бойынша ортақ саясат жүргізіледі:

а)  тау-кен және өңдеу өнеркәсіп салалырының шығаратын өнімдерін бөлуде; б) ауыл шаруашылығы, орман және балық аулау өндірістерінің өнімдерін бөлуде;

в) жалақы мен бағаны қоюда;

г) Германия үшін импорт және экспорт бағдарламаларын анықтағанда;

д)   ақша және банк жүйесін ұйымдастырғанда; салықтар мен кеден алымдарын тағайындағанда;

е)   Германияның әскери-өнеркәсіптік потенциалын жойғанда және репарацияларды алғанда;

ж) транспорт және коммуникация жұйелерін қайтадан құрғанда. Одақтастар бұл салалардағы бірлескен саясатты жүргізгенде

жергілікті жағдайларды ескеріп отырады.

  1. Герман экономикасына одақтастардың бақылауы орнатылады.
  2. Мына мәселелер бойынша дереу шаралар жүргізіледі:

а) транспорт құралдарын жөндеуде;

б) көмірді өңдеудің көбейтуінде;

в) ауыл шаруашылық тауарларымен халықты жабдықтауда;

г)  әскери қимылдар барысында қирап қалған халықтың баспаналары мен коммуналдық мекемелерді қалпына келтіруде [44,110.].

Потсдам конференциясының шешімінде барлық Германияда қызмет ететін демократиялық партиялар мөн кәсіподақтарға қолдау көрсетілітіні туралы айтылды.

Кеңес Одағының делегациясының ұсынысы бойынша Германияның әскери қылмыскерлерінің соты тезірек өткізілетін болды. Германияға төртжақты — КСРО, Ұлыбритания, АҚШ және Францияның оккупациялық бақылауы орнады және ортақ билеу үшін Одақтық бақылау кеңесі құрылды. Бұл Одақтық бақылау кеңесіне мынадай мәселелерді шешу тапсырылды:

  1. Германияны толық қарусыздандыру және демилитаризациялау және сонымен қатар келешекте әскери қару-жарақ шығармау үшін неміс экономикасын жою және оған бақылау орнату. Бұл мақсаттарды шешу үшін:

а) Германияның барлық құрлықтық, теңіз және ауе әскери күштерін, СС, СА, СД және Гестапоны барлық үйымдарымен, штабтарымен және мекемелерімен толық және түбегейлі жою, келешекте герман герман милитаризмі мен нацизмі қайтадан жанданбау үшін;

б) барлық қару-жарақ, амуниция, соғыс құралдары және оларды жасайтын құралдар одақтастардың бақылауына берілуге тиісті немесе жойылу керек. Ұшақтар және бөтен қару-жарақтар, амуниция, әскери техниканы жасау тоқтатылады».

Конференцияға қатысушылар, оққупацияның ең негізгі мақсаты -«нешетүрлі нацистік және милитаристік қызмет пен насихатты тоқтату» екенін мәлімдеді».

2 Национал-социалисттік партия мен оның филиалдарын және оған бағынышты мекемелерді тарату, барлық нацистік ұйымдарды тарату, келешекте олар бөтен түрде жандануына тиім салу және нацистік, милитаристік насихатқа жол бермеу.

Германияның саяси өмірін қайта құруға, демократиялауға дайындау және оның қайтадан халықаралық қатынастар жұйөсіне кіруін дайындау.

             3.Гитлерлік тәртіптің орнауына әкелген, нәсілі, діні және саяси көзқарастары бойынша дискриминациялауға әкелген нацистік заңдарды жою. Келешекте ешқандай құқықтық, әкімшілік немесе бөтен де дискриминацияға жол бермеу.

             4.Әскери қылмыскерлер және немістердің адамзатқа жасаған қылмыстары мен зұлымдықтарына қатысы бар барлық қызметкерлер тұтқындалып, сотталады. Нацистік көсемдер, оларды қолдаған ықпалды жақтаушылары және нацистік мекемелердің басты қызмөткерлері және бөтен де оққупациялық тәртіпке қас адамдар тұтқындалып, сотталады.

             5.Барлық фашисттік тәртіпке қатысты болған қызметкерлер өздерінің қызмөттеріненалынады.

Әзірше ешқандай орталықтанған герман үкіметінің мекеме-лері құрылмайды. Бірақта күнбе-күнгі өмір үшін қажетті қаржы, транспорт, коммуникация, сыртқы сауда және өнеркәсіп салаларында мемлекеттік хатшылар басқаратын орталық неміс әкімшілік департаменттері құрылады. Олар Бақылау Кеңесінің басшылығымен қызмет атқарады.

  1. Әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сөз, баспасөз, дін бостандығы жарияланады. Ерікті кәсіподақтарды құруға рүқсат беріледі».

Үш елдің басшылары барлық Германияға бір Бақылау Кеңесі басқаратын қаржы, сыртқы сауда, өнеркісіп департаменттерін құруды ұйғарды [44, 112].

Репарациялар мәселесі бойынша, Германия одақтастардың шығындарын өтеуге міндеттелді және олар бойынша мынадай шешімдер қабылданды:

  1. КСРО-ның репарациялық претензиялары оның оккупациялаған неміс зонасы мен Германияның шетелдегі банктерде жатқан ақшаларымен өтеледі.

         2.Польшаның репарациялық претензияларын КСРО өз үлесінен төлейді.

         3.Америка Құрама Штаттарының, Ұлыбританияның және бөтен де елдердің Германияға қойылған репарациялық талаптары батыс оккупациялық зонасы мен Германияның шетелдегі банктердегі ақшаларынан өтеледі.

  1. Өзінің оккупациялық зонасынан алған репарацияларға қосымша КСРО батыс елдерінің оккупациялық зонасынан: а) пайдалануға жарайтын металлургиялық, химиялық және машина салу салаларының комплектік өнеркәсіптік капиталдық құралдарының 15% аладыб бірақта ол үшін арнайы келісім бойынша германияға азық-түлік, көмір, құрылыс материалдарын береді: б) герман бейбіт экономикасына қажет емес өнеркәсіптік капиталдық құралдардың 10% алады, бірақта олар үшін ешнәрсе бермейді, себебі олар репарация есебіне кетеді.

Кеңес Үкіметі батыс елдерінің оккупациялық зонасында орналасқан герман өндірістерінің акцияларынан репарация алмауға сөз береді және бұл мекемелердің шетелдік активтерінен де бас тартады.

  1. Өз тарапынан АҚШ пен Ұлыбритания үкіметтері Германияның шығыс оккупациялық зонасында орналасқан герман өндірістерінің акцияларынан репарация алмауға сөз береді және бұл мекемелердің Болгариядағы, Финляндиядағы, Венгриядағы, Румыниядағы және Шығыс Австриядағы шетелдік активтерінен де бас тартады.
  2. Кеңес Үкіметі батыс одақтастарының Германияда басып алған алтын қорларынан бас тартады [44, 115.].

Потсдам конференциясы КСРО-ға маңындағы территорияларымен бірге Кенисберг қаласын беруді шешті.

«Кеңес Үкіметінің үсынысы бойынша, одақтастар Балтық теңізінің жағалауындағы территориялық мәселелер толық шешілгенге дейін КСРО-ның батыс шекарасы Данциг бухтасынан басталып, солтүстікке қарай Браунсберг-Гольдап және Литва, Поляк Республикасы мен Шығыс Пруссияның шекаралары түйіскен жерге дейін өтөді деп шешілді.

Конференция негізінде Кеңес үкіметінің үсынысымен келісіп, маңындағы территорияларымен бірге Кенисберг қаласын КСРО-ға беру керек деп шешті» [44, 117].

Сонымен қатар бұл конференцияда Гитлер басып алған жерлерде орнығып алған неміс тұрғындарын қайтадан Германияға қайтару мәселесі шешілді.

«Конференцияға қатысушылар Польшаға, Чехословакияға және Венгрияға орнығып алған немістерді қайтадан өз еліне қайтару туралы мынадай келісімге келді.

Үш Мемлекет бұл мәселенің барлық аспектілерін қарастырып бұл елдердегі орныққан немістерді Германияға қайтаруды шешті және бұл көшірілу гуммандық және үйымдасқан түрде жүргізілетінін атап көрсетті.

Сонымен қатар бұл Конференция Польша, Чехословакия, Венгрия үкіметтерін өз тарапынан одақтастардың Бақылау Кеңесінің рұқсатысыз бұл неміс тұрғындарын көшіруге тиым салды» [44,120].

Потсдам конференциясының тарихи маңызы өте зор болды. Ол қабылдаған шешімдер соғыстан кейінгі әлемнің демократиялық билеуінің жоспарын ұсынды. Әлемдік прогрессивтік баспасөз оны солай бағалады да. Нью-Йоркта шығатын «Пост Меридиан» газеті «Потсдам конференциясының шешімдері тек бір-ақ мақсатқа бағытталған — әлемде бейбітшілікті орнату» — деп жазған еді [45].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорытындыда жұмыстың негізгі тұжырымдары айқындалған.

  1. Гитлерге қарсы коалицияның құрылуы 1941 ж. фашистік Германияның Кеңес үкіметіне шабуыл жасауынан басталды. Бұл коалиция 1941- 1945 жылдарға дейін «қырғи — қабақ соғысы» басталғанға дейін өмір сүрді. Оған КСРО, Ұлыбритания және АҚШ қатысты. Бұл коалицияның қызметін үш кезеңге бөлуге болады:

1.Гитлерге қарсы коалицияның құрылуы (1941-1943 жж);

2.Фашизмге қарсы құрылған коалицияның нығаюы (1943-1944жж.);

  1. Екінші майданның ашылуы, Германияға қарсы күштердің топтасуы және соғыстың аяқталар кезіндегі ұлттардың бірігуі.

4.Бірінші кезең мынадай оқиғалармен ерекшеленеді: фашизмге қарсы коалиция құрыла басталды. Оған АҚШ, Ұлыбритания, КСРО кірді 1941ж. Ұлыбритания мен КСРО Ирандағы бірлескен әрекеттерді жүргізеді.

29 қыркүйек- 1 қазан 1941 ж. өткен Мәскеу конференциясының шешімдері одақтастардың ынтымағын бекітуге қолайлы жағдайлар жасады.

  1. Екінші кезеңде фашизмге қарсы құрылған коалиция нығая түсті. 1943 ж. одақтық қарым-қатынастар үлғайды. 1943 ж. мамыр айындағы АҚШ пен Ұлыбританияның үшінші Вашингтон конференциясы және 1943 ж. тамыз айындағы Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбританияның Квебек конференциясы мен КСРО, Құрама Штаттары мен Ұлыбританияның Мәскеу конференциясының шешімдері одақтық қарым-қатынастардың бекуінде орасан зор роль атқарды.

Ұлыбритания, АҚШ, Кеңес Одағының мемлекет басшыларының 1943 ж. өткен Тегеран конференциясы соғыстан кейінгі әлемдегі жаңа тәртіпті орнату мәселесі бойынша көптеген мәселелерді қарастырып оның шешімдерін ұсынды.

  1. Үшінші кезеңде 1944 ж. Екінші майданның ашылуына байланысты Германияға қарсы күштер бірікті. Одақтастардың қарым-қатынастарының бекуіне 1944ж. екінші Квебек конференциясы мен КСРО, АҚШ және Ұлыбританияның мемлекет басшыларының Қырым (Ялта) конференциясы зор септігін тигізді. Соғыс аяқталар кезіндегі ұлттардың бірігуіне 1945 ж. өткен Потсдам конференциясы мен Сыртқы Істер Министрлерінің Кеңесінің (СІМК) құрылуы және оның қызметі зор ықпалын тигізді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТКЕ СІЛТЕУЛЕР

1     Буханов В.А. Европейская стратегия германского фашизма. Свердловск, 1991.

  • Парсаданова В.С. Депортация населения из Западной Украины и Западной Белоруссии в 1939-1941 гг. //Новая и новейшая история. 1989, №2.-55-65 66.
  • Виллар Ж. «Странная война» и предательство Виши. — М., 1962.
  • Зимняя война. 1939-1940. — М., 1998. — Кн. 1-2.
  • Трухановский В.Г. Внешняя политика Англии в период второй мировой войны (1939-1945). — М., 1965.
  • Смирнов В.П. Франция во время второй мировой войны. — М., 1964.

7  Шамрай В.А. Ленд-лиз: новые факты, новые подходы: (Из истории второй мировой войны) //Вестник Воронежского ун-та.- Сер.1.Гуманитарные науки. — 1996, № 2. — 40-60 66.

  • Самсонов А.М. Вторая мировая война. — М., 1990.
  • Хаттори Такусиро. Япония в войне. 1941-1945. — М., 1973.
  • Стругар В. Югославия в огне войны. 1941-1945. — М., 1985.
  • Всемирная история: Вторая мировая война / А.Н. Бадак, И.Е. Войнич, Н.М.Волчек и др. — Мн.: Харвест.: АСТ, 2002.
  • Жуков Г.К. Воспоминания и размышления. — М., 1987. — Т. 1.
  • Хаттори Такусиро. Япония в войне. 1941-1945.
  • Шерман Ф. Война на Тихом океанө. — М., 1999.
  • Важнейшие решения.»- М., 1964.
  • Шерман Ф. Война на Тихом океане.
  • Самсонов А.М. Вторая мировая война.
  • Союзники в войне 1941-1945 гг. — М., 1995. Выступление
  • Важнейшие решения. — М., 1964.
  • Исраэлян В.Л. Дипломатия в годы войны. — М., 1985.
  • Всемирная история: Вторая мировая война / А.Н. Бадак, И.Е. Войнич, Н.М.Волчек и др. — Мн.: Харвест.: АСТ, 2002.
  • Трухановский В.Г. Внешняя политика Англии в период второй мировой войны (1939-1945).

23.Черчилль У. Вторая мировая война. — М., 1991. -Т.2.

  • Трухановский В.Г. Внешняя политика Англии в период второй мировой войны (1939-1945). — М., 1965.
  • Тегеран. Ялта. Потсдам: Сборник документов. — М., 1971.
  • Трухановский В.Г. Внешняя политика Англии в период второй мировой войны (1939-1945).
  1. Всемирная история: Вторая мировая война. 28 Тегеран. Ялта. Потсдам: Сборник документов. Исраэлян В.Л. Дипломатия в годы войны. — М., 1985.
  • Шерман Ф. Война на Тихом океане. — М., 1999.
  • Трухановский В.Г. Внешняя политика Англиив период второй мировой войны (1939-1945).
  • Важнейшие решения.
  • Всемирная история: Вторая мировая война.
  • Коваль В.С. Политика и стратегия США во второй мировой войне.
  • Сонда.
  • Черчилль У. Вторая мировая война.
  • Тегеран. Ялта. Потсдам: Сборник документов.
  • Важнейшие решения.
  • Коваль В.С. Политика и стратегия США во второй мировой войне.
  • Тегеран. Ялта. Потсдам: Сборник документов.
  • Сергеев Е.Ю. Новейшая история. Подробности 1941-1945 гг.
  • Жуков Г.К. Мысли и размышления. — М., 1954 .
  • Коваль В.С. Политика и стратегия США во второй мировой войне.
  • Тегеран. Ялта. Потсдам: Сборник документов.
  • Пост-Мередиан, 20 тамыз 1945 ж.

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ДЕРЕКТЕР

Важнейшие решения. — М., 1964.

Гренье Ф. Дневник «странной войны». — М., 1971.

Жуков Г.К. Воспоминания и размышления. — М., 1987. — Т. 1-3.

Мюллер-Гиллебрандт Б. Сухопутная армия Германии. 1933-1945. — М.,

1956.-Т.1.

Переписка Председателя Совета Министров СССР Президентами США и премьер-министрами Великобритании во время Великой

Отечественной войны 1941-1945 гг. — М., 1976. — Т.1-2.

Сборник действующих договоров, соглашений и конвенции, заключенных СССР с иностранными государствами. — М., 1955. — Вып.XI

Тегеран. Ялта. Потсдам: Сборник документов. — М., 1971.

Хрестоматия по новейшей истории. — М., 1980. — 4.1.

ЧерчилльУ. Вторая мировая война. — М., 1991. -Т.2.

АРНАЙЫ ӘДЕБИЕТТЕР

Агаев С.Л. Иран между прошлым и будущим. События, люди, идеи.-М., 1987.

Виллар Ж. «Странная война» и предательство Виши. — М., 1962.

Внешняя политика Советского Союза в период Отечественной войны. -М., 1944.-Т.1.

Волков Ф.Д. Тайное становится явным.  Деятельность дипломатии и разведки сверхдержав в годы второй мировой войны. — М., 1989.

Всемирная история: Вторая мировая война //А.Н. Бадак, И.Е. Войнич, Н.М.Волчек и др. — Мн.: Харвест.: АСТ, 2002.

Всемирная история: Итоги второй мировой войны //А.Н. Бадак, И.Е. Войнич, Н.М.Волчек и др. — Мн.: Харвест: АСТ, 2002.

Вторая мировая война;Дискуссии. Основные тенденции. Результаты исследоваыии. //По ред. В. Михалки.-М., 1999.

Горев А.В., Федосеев К.Г. Уроки Берлинской (Потсдамской) конференции // Новая и новейшая история. — 1985, № 4. — 30-50 бб.

Зимняя война. 1939-1940. — М., 1998. — Кн. 1-2.

Исраэлян В.Л. Дипломатия в годы войны. — М., 1985.

История войны на Тихом океане. — М., 1958.- Т.ІV.

Коваль В.С. Политика и стратегия США во второй мировой войне. Киев, 1987.

Лавров В.С. Дипломатические зигзаги Германии накануне нападения на СССР // Международная жизнь. — 1993, № 9. — 20-36 бб.

Мировое хозяйство и мировая политика. 1946.

Новоселов  Б.Н. Второй фронт: полемические  заметки //Новая и новейшая история. — 1989, № 6. — 25- 35 бб.

Орлов А.С. Странности «странной войны» //Новая и новейшая история. -1989, №5.-15-25 66.

Парсаданова В.С. Депортация населения из Западной Украины и Западной Белоруссии в 1939-1941 гг. //Новая и новейшая история. — 1989, №2.-55-65 66.

Парсаданова В.С. Польша, Германия и СССР между 23 августа и 28 сентября 1939 г.// Вопросы истории, 1997, № 7.

Парсаданова В.С. Трагедия Польши в 1939 г. //Новая и  новейшая история.-1989, №2, 5.

Самсонов А.М. Вторая мировая война. — М., 1990.

Сергеев Е.Ю. Новейшая история. Подробности 1941-1945 гг. — Москва.,2000.

Смирнов В.П. Франция во время второй мировой войны. — М., 1964.

Союзники в войне 1941-1945 гг. — М., 1995.

Стругар В. Югославия в огне войны. 1941-1945, — М., 1985.

Трухановский В.Г. Внешняя политика Англии в период второй мировой войны (1939-1945). — М., 1965.

Хастингс М. Операция «Оверлорд»: Как был открыт второй фронт. — М., 1989.

Хаттори Такусиро. Япония в войне. 1941-1945. — М., 1973.

Шамрай  В.А.  Ленд-лиз- новые факты,  новые  подходы: (Из  истории второй мировой   войны) //Вестник. Воронежского  ун-та. — Сер.1.

Гуманитарные науки. — 1996, № 2.

Шерман Ф. Война на Тихом океане. — М., 1999.

Эрман Дж. Большая стратегия. Август 1943-сентябрь 1944. — М., 1958.

Яковлев Н.Н. От Перл-Харбора до капитуляции. — М., 1965.

МЕРЗІМДІ БАСЫЛЫМДАР

«Правда» от 14 июля 1941 г.

«Правда» от 14 сентября 1941 г.

«Правда» от 26 сентября 1941 г.

«Известия» от 3 января 1942 г.

«Известия» от 12 июня 1942 г.

«Известия» от 13 июня 1942 г.

«Известия» от 18 ноября 1943 г.

«Известия» от 14 декабря 1943 г.

Новая и новейшая история (ННИ). — 1997, №4.