АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. ХІ-ХІІ ғасырлардағы Хорезм мемлекетінің саяси тарихы

 

Кіріспе……………………………………………………………………………………………………..

 

І-Тарау. ХІ-ХІІ ғасырлардағы Хорезмнің саяси тарихы.

  • Хорезмшах әулетінің құрылуы мен саяси аренаға шығуы……………………..
  • Хорезмшахтардың қыпшақтармен қарым-қатынасы және салжұқтар бодандығынан дербестікке ұмтылуы…………………………………………………………

 

ІІ-Тарау. Хорезмшах мемлекетінің құрылуы.

2.1 Мемлекетің құрылуы, көрші елдермен саяси қарым- қатынастары……….

2.2. Хорезмшах мемлекетінде тақ таласының белең алуы және империя дәрежесіне көтерілуі…………………………………………………………………………………

 

Ш-Тарау. XIII ғасырда мемлекеттің шарықтауы мен жойылуының алғы шарттары.

  • Хорезмшах мемлекетінің XIII ғасырда Гур, Қарақытай және Қарахан мемлекетірімен байланысы……………………………………………………………………….

3.2.Мемлекетте бір орталықка бағынбаушылықтың белең алуы және Монғол шапқыншылығына ұшырауы…………………………………………………………………….

 

Қорытынды…………………………………………………………………………………………….

Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………………………………………….

 

 

Кіріспе

 

Тақырыптың өзектілігі: Бүгінде Қазақстан Республикасы өз тарихыңда күрделі бетбұрыс кезеңін бастан кешіріп отыр. Дүниеге қоғамға халықтың тарихына көзқарас өзгеріп отыр. Отанымызда шыншылдыққа және ақиқатты ғана айтатын тарихқа деген ынта ықылас та қаурыт өсе түсті. Тарих дегеніміз халықтың зердесі болып табылады. Тарих ол болып өткен, оны түзете алмайсың және жақында ғана жасалып келгендей каньюктураға жағынып бір түсін екіншісі мен ауыстырып жаңадан жазуға болмайды. Біз оны бүкіл қайшылықтарымен қаһармандық және қайғылы беттерімен қоса ол қандай болса нақ сол түрінде бүкіл алуан түрімен тұтас күйінде қабылдауға тиіспіз /1/. Өкінішке орай кеңестік дәуірде көптеген тарихи зерттеулерге үрдісті  шамадан тыс идеолгияландыру қара-дүрсін тікелей түсіну схематизм тән еді. Тиім салу жүйесі тарихи зерттеулер деректеме базасын шектеп отырды. Қазақстан тарихын түркі халықтары тарихынан оқшаулап бөлектеп ұстады. Бұхара халықтың санасына бұрынғы КСРО халықтарының тарихында, дүние жүзілік тарихта Ресейдің ерекше роль атқарғандығы және басқыншылардан құтқарушы дәрежесі туралы идея қалыптастырды /2/. Ия XX ғасырдың аяғы ұлы қоғамдық кұбылыстарға толы ерекше бір кезең. Ең негізгісі бостандық сезімі және жас мемлекеттердің жеке алдына шаңырақ көтеруі. Тарихымызда кеткен олқылықтарға бүтіндеп толықтыратын уақыт жетті. Тарихтың ешқашанда өзгермейтінін дәлелдейтін кезең болып табылады. Саналы адамзаттың және қоғамның мәңгілік ізгі арманы, тілегі мақсаты тәуелсіздікпен тікелей байланысты.

Тақырыптың мақсаты. Менің диплом жұмысымның тақырыбы «Хорезмшах мемлекетінің құрылуы» болып табылады. Тақырыптың өзектілігі сондай кезек күттірмейтін жұмыс болып табылады. Әрине хорезмшах мемлекеті жайында елімізде дерек көздері өте аз. Тек қана монғол шапқыншылығы тұсындағы мемлекеттің саяси тарихы кеңінен айтылған. Алайда осы мемлекеттің қайдан шыққаны және құрылғаны бізге көп таныс емес. Деректер көбіне парсы-араб тілдеріңде жазылған. Сонымен қатар қазіргі таңда орыс, түрік тілдеріне тарихшылар аударып зерттеген, сонымен қатар батыс елдерінің зерттеулері де кездеседі. Әрине бізде жоқ деп айтуға болмайды, бірақ өте аз зерттелген. Сондықтан мен осы тақырыпқа қызығып, өз ойымды ортаға салып отырмын. Жалпы түріктер тарихына көз жүгіртер болсақ ғұндардың тарих сахнасына шығып мемлекет құруы және Қытайдың арандатушылық саясатының нәтижесінде екіге бөлініп, батыс ғұңдар Талас өңірімен Арал Каспий аралығында мекендеді. Бұдан кейін тарихқа көктүріктер қағанаты келді. Жібек жолының үстемдігі үшін түркі тайпалары барын салып күресті. Осының арқасында түріктердің Хорезм территориясына орналасулары басталды. Мұнан соң құрылған ұйғыр мемлекетінің қырғыздар шабуылына ұшырап ыдыраған соң ұйғырлар бет ауған жаққа көшіп кетті. Ұйғырлардың бір бөлігі Турфанға екінші бір бөлігі Гансуға орналасса, ендігі бір бөлігі  Ирронқа орналасты. Сары ұйғырлар сол кездің өзінде-ақ Арал теңізінің солтүстік бөлігіне орналасты. Д.Ж. Гамильтон «Ұйғырлардың IX ғасырда күйреуінен кейін тоғыз оғыз-ұйғырлар батыс шекараға қарай ығыстырып»Арал теңізінің бойына орналастырылды» деп айтады /3/.

Жоғарыда атап айтқандай IX ғасырда ұйғырлардың бір бөлігі қимақтар қатарына кірді. Сөйтіп Шығыс Қазақстан далаларына қоныс тепті. Соңынан батысқа қарай қоныс аударды. XI ғасырдың басында Қыпшақ-қимақ мемлекеті құрылғанда, ұйғырлар және тағы басқа түркі тайпалары Орталық Азиядан көш жасап, қыпшақ тайпаларына қосылып солтүстік шығыс Хорезм аймағына орналасты. Орта Азиядағы ең мықты мұсылман мемлекетімен біріге отырып, олардың ішкі саясаттарына бүкіл тыныс тіршілігіне түгелдей араласып кетті. Н.Н.Бартольдтың тұжырымдауына карағанда «Хорезм басқа аудандармен салыстырғанда түріктердің әсер етуіне бой алдырды. Осыдан бастап XI соңғы жылдарында Хорезм билеушілерінің дені түрік есімдерімен аталды» деп жазды /4/.

Осы себептерден болар Хорезмшахтардың қандай түркі тайпасынан шыққандығы талас тудыратыны белгілі. Қалай айтсақ та Ануштегин әулетінің түрік екені даусыз болғанымен тарихшылар әр түрлі пікірлер ұстануда. Тарихшылардың көпшілігі бұл әулетті оғыз тайпасының Бегділі руына жатқызады. Тарихтан белгілі айтып өткенімдей ұйғырлар мен оғыздардың осы аумақтарға орналасуы және саяси билік құрулары, қаңлылардың бой көрсетуі, қарлұқ тайпаларының Маураннахыр территорияларыңда қоныстануы және қыпшақтардың билігі бұлардың барлығы осы аймақтармен тікелей байланысты болғандықтан әулеттің қай тайпаға жататынын дөп басып айту қиын. Сұлтан Меликшах кезінде сарайға келген Ануштегин «құмырашы» шеніне қол жеткізген /5/. Хорезм билігіне осы кезенде келген болатын. Мұхаммед ұрпақтары түрік құлдарын ұстауда ең биік сатыда тұрды. Бұл ұлттық тұтқындарды Персияда сыртқы тұлғаларымен күші және мінез-құлқы үшін өте жоғары бағаланып отырған. Бұларды Каспии теңізінің солтүстік шығысындағы елдерден жасөспірім шақтарында көптеп алып келіп отырған. Жергілікті түріктер мен тілдестер және номадтар бір-бірімен соғыста қолга түскен жасөспірімдерді құлдықка сатып отырған. Бұл балаларды әмірлер мен ел басшылары өте жоғары бағаға сатып алып оларды ислам дінінде тәрбиелеп және оларды әскери тәртіпке баулып отырған. Олардың көбі өз қожайындарының әскери жасағында немесе үй шаруашылығында қызмет атқарған. Қожайындарының сенімінен шығып адал қызмет атқарғандарының кейбіріне бостандық беріліп әскер қатарында және сарай қызметтерін аткарған. Сонымен қатар аймақ билеушісі дәрежелеріне қол жетізген. Осыдан бастап ислам дініндегі түрік құлдарының ұлы адамдар қатарына қосылып осы территорияны түріктердің жаулап алуына тездеткен болатын /6/. Менімше және тарихшылардың қелтірген деректеріне сүйене отырып Ануштегин әулетін «Қаңлылардан» шыққан деп тұжырымдаймын. Әрине мен бұл жерде кейбір тарихшыларымыз өз ата-бабаларын дәріптегені сияқты рушылдыққа салынып отырған жоқпын, аз да болса өзімнің тапқан әдебиеттеріме сүйеніп айтып отырмын. Бұған кезегі келгенде тоқталып өтемін.

Хорезмшах билеушілері саяси билігін нығайту мақсаттарында көшпелі тайпалармен қақтығысып отырған. Олардың бір бөлігін бейбітшілік жолмен жайылымдық жерлер беріп ислам дінін қабылдатса және әскери шендер үлестіріп қызықтырып отырған. Өз бостандығы мен дербестігі үшін күрескен бөлігін, күштеп басқыншылық жорықтар арқылы бағындырып отырған. Ел билеуші хорезмшахтар билікке қол жеткізісімен өз мемлекетін кеңейтуге әрі мықты әскер көшпелі тайпалар екенін түсініп, оларды өз уыстарынан шығармауға күш салып отырған. Сонымен қатар кең байтақ Қазақстан далалары да қызықтырып отырған. Салжұқ бодандығынан шығып, қарақытайларға бағыныштылығы, Батыс қарахандарды және Гуриттерді жеңіп тарихымыздан өшпестей орын алған «Отырар апаты» және сол кездегі монғол шапқыншылығына өжеттікпен қарсы тұрған, ең маңыздысы өмірі қысқа болса да, ислам дінінің кең етек жайуына себепкер болған бірден бір мемлекет болып табылады /7/.

Дипломның құрылымы: Кіріспе және үш тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

 

І-тарау. ХІ-ХІІ ғасырлардағы Хорезмнің саяси тарихы.

 

1.1. Хорезмшах әулетінің құрылуымен саяси аренаға шығуы.

 

Амудария өзенінің төменгі ағысының екі жағына орналасқан географиялық аймақ Хорезм атымен аталады. Осы аумаққа билік жүргізген билеушілердің барлығына «хорезмшах» атағы беріліп отырған /8/. Хорезм атымен танылған бұл аймаққа салжұқтардан бұрын бірнеше мемлеккеттер билік жүргізген. Н.Н Бартольд бұл аймаққа билік жүргізген мемлекеттерді төрт бөлікке бөлген.

  1. Исламнан бұрын пайда болған және 995 жылына дейін саяси билігін сақтаған Афригиттер.
  2. 995-1017 жылдарында билік жүргізген Мамун әулеті.
  3. Ғазнауи сұлтаны Махмудтың Хорезмді жаулап алып, жергілікті билікті 1017 жылы Алтынташқа берді. Алтынташ хорезмшахтары болып табылады.
  4. 1097-1231 жылдар арасында салжұқтардың тағайындауымен Хорезм билігін қолдарына алған ең соңғы хорезмшахтар болып табылады/9/.

Алғашқы Хорезмшахтар дәуірінде орталық Кас (қазіргі Шах Аббас Нели ауданы) қаласы болатын. Бұл кезеңде Хорезмнің оңтүстік аумағы маңызды болған. Алайда Амударияның солтүстік аймағында өте маңызды қала болып есептелген Үргеніш каласының әміршісі Мамун 996 жылы Кас қаласың жаулап алуымен оңтүстіктегі маңыздылық Үргеніш қаласына ауысты. Аздаған уақыт ішінде тек сауда мен шектелмей саяси және мәдени аланда өте қарқынмен дамыды. 1017 жылы Хорезмді Мамун әулетінің соңғы хорезмшахы Абул Харис Мұхаммед бин Алиден, Ғазнауи сұлтаны Махмуд тартып алып әскербасыларының бірі Алтынташты тағайындады. Алайда хорезмшах Харун Ғазнауи сұлтанының орнына отырған сұлтан Месудқа қарсы көтерліс жасады. Сонымен қатар сол кезеңде Хорезм территориясына келген Тұғырыл, Чағры және Ибрахим Инал басқаруындағы салжұқ түркмендері мен қосылып Хорасанды өздеріне қаратпақшы болды. Бірақ Женд қаласының билеушісі Шах-Мелик, Ғазнауи мемлекетімен одақтасып 1034 жылы салжұқ түркмендеріне шабуыл жасауы Харунның жоспарын тежеді. 1035 жылы хорезмшах Харунның өлімі, Хорезмді қайта саяси келеңсіздіктерге ұшыратты/10/.

Дегенімен аздаған уақыттан кейін Харунның бауыры Исмайыл Хандан «хорезмшах» болды. Харунның өлтірілуіне байланысты салжұқтар бұл жерде өздеріне қолайлы отан болмайтынына көз жеткізіп Хорасан территориясына көш жасаудан басқа шаралары қалмады. Ғазнауи сұлтаны, Шах-Меликтің Хорезмнен дәмелі екенін түсініп оған басы бүтін өзіне берілгені жөнінде хабарлады. Бұл хабарды алысымен Шах-Мелик Хорезмге қысымын арттырды және Алтынташ әулетін жақтастарымен қоса ығыстырып 1041 жылы 12-ақпанда Үргенішке басып кірді /11/. Сұлтан Месуд бұл жерде өз атына «қүтбе» оқытты. Осы уақытта Хорасанда салжұқтар Бейдоғду, Хажиб субашы әскер басшылардың басқаруымен Ғазнауи әскерлерін жеңіліске ұшыратты. 1040 жылы салжұқтар Ғазнауи мемлекетін «Данданакан» соғысыңда ауыр жеңіліске ұшыратты. Шах-Мелик тарпынан Хорезмнен куылған Алтынташ ұрпақтары Хорасанға келіп ескі достары салжұқтарды паналағанымен көп ұзамай ыдырап кетті. Батыс Иран жорығынан оралған. Тұғырыл Чағрымен қосылып 1043 жылы Хорезмге аттанды. Үргеніш қаласын қоршауға алғаңда Шах-Мелик қоршаудан құтылып шығып Ғазнауилерді паналады. Хабибус Сиер мағлұматында Шах-Мелик Ғазнауилерден жәрдем алмақшы болып жолға шыққаңда өлді деп келтіреді. Ибнул Есирдің келтірген дерегіне сүйенсек Чағры алғашқы жорығында сәтсіздікке ұшыраған. Сұлтан Месудтың орнына отырған Мендут уақтында, Шах-Мелик Ғазнауи мемлекетіне бағынышты болған. Тұғырылдың Хорезм жорығында Шах-Мелик қашып Дихистан, Табес, Кирман аймағынан Мекранға дейін шегінген. Бірақ бұл жерде Ибрахим Иналдың бауыры Ерташ оны ұстап Чағрыға берген дейді. Осыған қарағанда Хорезмде салжұқ билігі Тұғырыл бей кезеңінде құрылған деп айтуға болады. 1065 жылы сұлтан Алып-Арслан Маңғышлаққа жорық ұйымдастырды Салжұқ мырзаның мазарына зиярат ету мақсатымен Женд қаласына барды. Қайтар жолында Үргенішке соғып билігін екінші баласы Арслан Аргунға берді /12/.

Қалай айтсақта Алып Арслан немесе Меликшах кезендеріңде осы кісілердің ықпалымен Хорезм билігіне әмірлер тағайындалып отырған. Сұлтан Меликшах Ануштегинді Хорезм билігіне тағайындады /13/. Алайда Ануштегин бұл әмірлікке келгенімен шын мәніңде Хорезмнің билігі қыпшақ тайпасынан шыққан хорезмшах Елкенже бин Қошқардың қолында болатын. Марвазидің келтірген дерегіне сүйенсек Еленкже (Акинжи) бин Қошқарды хұн немесе қидан тайпасынан шыққан дейді. Елкенже Санжардың құлы болған, билік басына отырғызған да сол Санжар болатын /14/. Дегенімен Елкенже бин Қошқарды Қодан мен Ярукташ өлтіріп әскерін ыдыратып жіберді. Содан кейін Хорезм халқына өздерін сұлтан жіберді деп жергілікті билікті қолдарына алды. Мұны естіген Беркярук Хорасан аумағына әмір етіп тағайындаған Хабеш бин Алтынтақты, Қодан мен Ярукташты жазалау үшін Хорезмге аттандырды. Хабеш Хорасанда болған оқиғаларды бір арнаға түсіріп жергілікті билікті Ануштегиннің баласы Кутб ад-дин Мұхаммедке берді. Хорезмшах Кутб ад-дин Мұхаммед Хорезмді 30 жыл яғни өлгенінше биледі және Санжарға тәуелді әрі бағынышты болды /15/. Ең бастысы осы әулеттің қайдан шығып қайда барғаны жөңінде сөз етсек, жоғарыда атап өткендей хорезмшах династиясының атасы болып есептелетін Ануштегин түрік екені даусыз. Алайда қандай түрік тайпасынан шықканы әлі күнге шешімін таппай келе жатқан даулы мәселелердің бірі болып қалып отыр. Ибнул Есирмен Ала ад-дин Ата Мәлік Жунейнидің келтірген мәліметтеріне сүйенсек салжұқ мемлекетінің әмірі Білге Тегін, Ануштегинді Гаржистандан сатып алған бір құл екені айтылады /16/. Осы себептен кейін ол Ануштегеин Гаржалық деп аталған. Ата Мәлік Жунейни тек қана Ануштегиңді түрік ретінде көрсеткен. Рашид ад-дин Ануштегинді Оғыз тайпасының Бегдлі руынан шыққан дейді /17/. Алайда бұл дерек Жувейниде көрсетілмеген. Бартольдтың мәліметтерінде кездеспейді. Фуад Қөпрулі «Жами ат Таварихқа» сүйеніп бұл пікірді қостайды. Дегенімен бүгінгі танда Рашид ад-динның айтқан мәліметін дәлелдейтін ешқандай қосымша дерек көзі жоқ. 3. У. Тоғанда алғашқы жылдары «Жами ат Таварихқа» қосылғанымен кейіннен бұл пікіріне қарсы жаңа мақалалар жариялады. Хорезмшахтардың атасы болған Ануштегиннің «Грже» атағын «Гузже» деп оқыған Рашид ад-дин оны оғыз тайпасынан санағанымен Енуше (Нуше, Нуш) және Тегин сияқты Тянь-Шань аймағының түріктері арасында қолданылған екі сөздің түрегенін және ұрпақтарының ешқашаңда оғыз болмағанына қарасақ, Ануштегиннің оғыз болмағаны белгілі. Тоған үздксіз Ануштегиннің ұрпағын имек, қаңлы, қыпшақ және ұйғыр тайпаларына байланыстырған. Шемс бин Кайстың жазған лұғатында бұл әулетті яғни Ануштегиннің Хорезмді билеген ұрпақтарына «Қаңлы Хорезмшахтар дәуірі» деп атап көрсеткен /18/. Міне 3. У. Тоған осы деректерге сүйене отырып Хорезмдегі Ануштегин ұрпағын «Қаңлы Хорезмшахтары» деп көрсетеді. Осы пікірлерге Ибрахим Кафесоглу әлі толық шешімін таппаған мәселе деп қарайды. Ануштегиннің лақабын «Грже» деп көрсеткен аңыздар бұл сөздің «Гурже» кіші огур де болуы мүмкін деп айтады /19/. Десек те осы кездегі хорезмшахтар уақтында қыпшақ тайпасына қараған түріктерге «Ұйғырзадеган», «Ұйғыр ұлдары» деп те аталған. Сонымен бұл пікірлерге қарап отырып өз ойымды ортаға салып отырмын. Меніңше Ануштегин оғыз тайпасынан емес, қаңлы тайпаларынан шыққан ба деп тұжырымдаймын. Әрине Ануштегин Халаш түріктерінен де болуға ғажаб емес. Хорезмшах әулетінің бұл жерде қыпшақ тайпасынан да қаңлы тайпасына жақындығы көрініп тұр. Өйткені жоғарыда атап өткенімдей оның ұрпақтарына «Қаңлы Хорезмшахтары» деп аталса яғни Кутб ад-дин Мұхаммед және хорезмшах Атсыз кезеңдеріне айтылған. Сонымен Ануштегиннің билік басына қалай келгенін айтар болсақ Ануштегинді Изз ад-Динан Онаром Билге Тегин оны сатып алған /20/. Осылайша ол сарайға келді және бұл жерде ол өте ақылдылығымен көзге түсіп Меликшахтың қарамағында болды. Сарайда «Құмырашы» «таштар» мансабтарына қол жеткізген болатын /21/.

1.2. Хорезмшахтардың қыпшақтармен қарым-қатынасы және Салжұқтар бодаңдығынан дербестікке ұмтылуы.

Кутб ад-дин Мұхаммед өлгеннен кейін орнына үлкен баласы Атсыз отырды. Атсыз 492 (1099) жылы туылған /22/. Атсыздың бұл орынға келуінің басты себебі сұлтан Санжар Кутб ад-дин Мұхаммедке өте разы болғаны үшін өлгенде орнына баласы Атсызды хорезмшах етіп тағайындады. Сонымен қатар Атсыз алғыр және ел басқара алатын қабылетін байқаған сұлтан оны осы орынға отыруға лайықты деп тапқан. Сұлтан Санжардың барлық соғыстарына қатынасып отырған, жоғары марапаттарға ие болған және өзінің саяси билігін артыру мақсатында әкесінің қорғаныс әрекеттерінен гөрі Атсыз жаугершілікке көшіп Женд, Маңғышлақ және Сырдарияның солтүстік аймақтарына жорықтар жасады. Маңғыстауды жаулап алып қыпшақтар мен олардың одақтастары оғыз-язырларды талқаңдап, Женд қаласын басып алды. Қырға бойлай еніп, бірнеше сәтті жорықтар жасап, 1133 жылы «дінсіздер арасында зор құрметке ие болған» қыпшақ ханын женді /23/. Деректемелер жоғарғы қыпшақ ханының байырғы өз ұлысы шегінде алғаш рет жеңіліске ұшырауының себептері туралы ешқаңдай қосымша деректер келтірілмейді.

Хорезмшах Атсыздың осы жасаған жорықтары Санжардың келісімінсіз болған болатын. Осы кезеңде сұлтан Санжардың Газнеге жасаған жорығына Атсыз да қатынасқан болатын. Алайда сұлтанның өзіне суық және күмән келтіре қарауы Атсызды қорқытты. Сұлтанның Атсызға ашулануы қоластыңдағы әмірдің рұхсатсыз өз алдына әскери жорықтар жасауы болатын. Сонымен қатар сұлтанның қарамағыңдағы әмірлер Атсыздың сұлтан алдындағы беделін қызғанып екеуінің араларын ашу үшін жанталасып баққан болатын. Сұлтан Санжар хорезмшах Атсызды мұсылмандардың қанын бекерден бекер төкті деп айыптады. Араларына от салған әмірлер дедік. Оны мынадан көруге болады. 1129-30 жылдары сұлтан Санжар Тамғаш ханның көтерлісін басу үшін Маураннахырға аттанған болатын. Бірақ соғыстарда тұтқынға түскен әскерлерге кешірім беріліп отыратын үрдістің болуымен Санжар осы жорыққа кешірім берілген тұтқын әскерлермен барған еді. Алайда осы кешірім берілген тұтқын әскерлер Санжарға қарсы. қастандық ұйымдастырып өлтірмекші болады. Қоршауға түскен Санжарды Атсыз келіп құтқарып алады. Сонда Атсыздан сұлтан сен мұны қалай білдің дегенде, сіздің халіңіздің нашар күйге түскенін түсімде көріп, уақыт өткізбестен жеткен бойым деп жауап берген. Осындай таңғажайып істерінің арқасында Санжардың алдында беделі жоғары болатын. Осыны қызғанғандар Атсызбен сұлтанның арасына от салумен болды. Әмірлердің арандатуымен өзіне сұлтанның суықтанғанын сезген Атсыз қорқып одан рұхсат сүрап Хорезмге кері оралды /24/. Сонда сұлтан Санжар жанындағыларға былай деді, «Ол өзін сендерден аулақ ұстауға бел буды және енді оны ешқашан да көрмейсіңдер» деп айтқанда «Олай болса сіз неге оған қайтуы үшін рұхсат еттіңіз» деп сұрағанда, бұған сұлтан «оның біздің жерімізде істеген жақсылықтары өте көп. Сондықтан оны жаманшылықпен қорлау біздің адамгершілігімізге жатпайды» деп жауап берген /25/. Осындай себептердің арқасыңда Атсыз өзінің қолдаушысы әрі жақтаушысы Санжарға қарсы, Хорезмге оралысымен тәуелсіздігін жариялады /26/. Салжұқ мемлекетінің адамдарын тұтқындап қазналарын тартып алды және Хорасанға баратын жолдардың барлығын жауып тастады. Осындай себептердің нәтижесінде Белх қаласында болған сұлтан Санжар 1138 жылы Атсызды сабасына түсіру мақсатында бірінші Хорезм жорығына шықты /27/. Атсыз әскерін жинап Хазарасп аумағына су жіберіп, Санжардың әскерін шөлдала мен жүруіне мәжбір етті. 1138 жылы 15 қарашада болған соғыста көп бөлігінің пұтқа табынған түріктерден құралған Атсыз әскерлері ауыр жеңіліске ұшырады. 10 000 мыңнан астам әскері қырылды және тұтқынға түсті. Тұтқындар арасында Атсыздың баласы Атлықта бар болатын, ол да өлтірілді. Атсыздың қалған бір бөлік әскеріне кешірім жасалып салжұқ әскерлеріне қосылды. Сұлтан Санжар Хорезмнің билігін қарындасының баласы жиені Сүлеймен бин Мұхаммедкке берді. Бірақ Атсыз бір жыл өткеннен кейін Хорезм тағына қайта отырды /28/. Атсыздың билікке келуінің себебі: Хорезм жерінде жылдар бойы үрдіс болып қалыптасқан жүйені, Санжардың Атсызды тізе бүктіргенде, бұл жерге жаңа басқару формасын енгізген болатын. Алайда бұл құрылған әскери жүйе халық үшін өте қолайсыз болып ауыр тиді. Міне осы жағдайды дер кезінде пайдаланылған Атсыз Хорезм билігіне келуіне себеп болды. Сүлеймен бин Мұхаммед және оның адамдары Атсыздың қайта оралуымен Хорезмді тастап шығуға мәжбүр болды. Атсыз билігін қайта құрып 1140 жылы Бұхараға жорық жасады. Қала әкімі Зенги бин Алиді өлтіріп қаланы талқандады /29/.

Алайда 1141 жылы Атсыз, сұлтан Санжарға қайта тәуелділікке түсіп оған «жеті қат көктің және жердің тәңірісі болған Алланың атымен мен мен болғаннан бері Санжардың қарамағында болайын деп бағыныштылығын білдірген болатын».

Бұл бағыныштылық ұзаққа созылмады. Себебі сұлтан Санжар мен қарақытай мемлекеті арасында 1141 жылы 9 қыркүйекте «Катван» соғысы болып Санжардың жеңілісімен аяқталған болатын /30/. Бұл соғыста өлілер мен жаралыларды қосқанда 30 000 мұсылман қырылған және Санжар Термез қаласына қашуға мәжбүр болды. Сонымен қатар қарақытайлар Бұхараға дейін жаулап алған болатын. Атсыз салжұқ мемлекетінің осы сәтсіздіктерін пайдаланып тәуелсіздігін қайта жариялап Хорасан аумағына жорыққа шықты /31/. 1141 Атсыз Серахс каласына келгенде, қала атынан Әбу Мұхаммед әз-Зейнади қарсы алып оған бағыныштылығын білдірді. Осыдан кейін Атсыз салжұқ мемлекетінің орталығы Мерв қаласына аттанды. Бұл қалада Атсызды қарсы алу үшін халық арасынан Имам Ахмед әл-Баһерзи шешілді.

Атсыз қалаға жіберген адамдарының ешқайсысына тиіспеуін және осы шарт арқылы қала халқына өз тарапынан ешқандай әрекеттерге бармайтынын айтты. Дегенімен бірнеше күннен кейін Фаших Ебул-Фазыл әл-Кирмани басшылығындағы қаланың игі жақсыларын жиналысқа шақырғанда күтпеген келеңсіздік оқиға орын алды және Хорезмшах Атсыз жіберген адамдарының біреуін өлтіріп жағдай ушығып кетті. Қалған адамдарын қаладан қуып шығарып қақпаны бекітіп алды. Қала ішіндегі адамдар соғысқа дайындық жасағанымен ешқандай пайда әкелмеді.

Хорезмшах Атсыз 1141 жылы 21-қазанда қаланы басып алып өзіне қарсы іс-әрекеттерді ұйымдастырған еш-Шерив Али бин Ысхахты және оған көмек берген адамдарымен қоса бір бөлігін қылыштың жүзімен суарды. Өлтірілгендер арасында Шафи Фаһихи Ибрахим ел-Мервези, ғалым Али бин Мұхаммед бин Арсландар да бар.

Мұнымен қатар хорезмшах Атсыз, Үргеніш қаласының ғылым саласын көтеру мақсатымен Ебул-Фазыл ел-Кирмани, Ебу Мансур ел-Аббады ел-Мервези, философ Баһа уд-дин Ебу Мұхаммед әл-Хирани сияқты атақты ғалымдарды өзімен бірге Хорезмге алып кетті /32/.

1142 жылы мамыр айында Атсыз Нишапур қаласына жақындағанда өзін қарсы алған адамдар Асыздан, Мерв қаласында болған оқиғаларды бұл жерде орын алмауын өтіңді. Атсыз бұл өтінішке былай жауап берді. Сұлтан Санжар менің және әкемнің құқықтарына құрметпен қарамай және өзім білгіштігі оны осындай бәлеге душар етіп отыр /33/. Сұлтанның осы жағдайларды түсініп түсінбегенін білмеймін, бірақ енді Хорезмшахтар сияқты куатты жәрдем берушіні енді ешқашан да таба алмайды деді. Нишапур халқына өздеріңді өздерің өлтіруге итермеледіңдер деп өзінің әрбір істеген ісінің әділ, тура екенін көрсеткісі келген Атсыз, Нишапурлықтарға ешқандай зарар бермеді. Нишапурда 1142 жылы 28 мамырда жұма күні «кұтбені» өз атына оқытты. «Құтбені» Санжар емес хорезмшах Атсыздың атына оқытқанын естіген халық толқулар жасағанымен тез арада бастырылды. Бес апта бойы «құтбе» Атсыздың атына оқытылды. Алайда 1142 жылдың тамыз айынан баетап «құтбе» бұрынғысынша сұлтан Санжардың атына оқытылы бастады. Хорезмшах Атсыз Нишапур қаласында болған кезеңінде бауыры Инал Тегін қолбасшылығындағы әскерді Бейһах, Ферюмез қалаларын және айналалрын қарақшылықша талқандаған болатын.

Сұлтан Санжар Маураннахырдан Тебризге қай жылы келгені айтылмаған. Қыркүйек айыңда Маураннахырдың қолдан шыққаны және осьі» уақытта Атсыздың Хорасанда жасаған іс-әрекеттерінен қарағанда, сұлтанның Хорасанға келмегені көрініп тұр. Бұл уақытта Сұлтан Санжардың Тебриз қаласында жаңа жасақтар құруымен айналысқаны айтылады. Ислам тарихшысы Ибнул Есирдің келтірген дерегі бойынша қарақытай әскерінің Маураннахыр және маңызды жерлерде тұруымен, Санжардың Хорезмшах Атсызбен соғысудан бас тартқан деген жорамал бар /34/. Дегенімен бұл оқиға ұзаққа созылмады және Хорасанды өз билігіне қаратқан сұлтан Санжар алдында, Хорезмшах Атсыз кері шегінуге мәжбүр болды. Сұлтанның 1143/44 жылында Хорезмге қарсы жасаған жорығының нәтижесінде Атсыз салжұқтарға бағыныштылығын білдіріп және Мерв қаласында алынған қазналарды кері қайтаруға мәжбүр болды.

Қарақытай мемлекетінің Маураннахыр территориясында күшейуімен шығыстан төнген үлкен қауіптен қорғану және Хорасан аумағындағы куатын түпкілікті күшейту мақсатында хорезмшах Атсыз жылына 30 000 динар алтын беруге келісті. Осыдан кейін қайта тәуелсіздікке ұмтыла бастады. Бұл оқиғаларды естіген Санжар істің қаншалықты өрбуін білу мақсатында ақын Едиб Сабирді елші етіп Хорезмге жіберді. Едиб Сабир хорезмшах Атсыздың, Сұлтан Санжарға қастандық жасау ниетімен екі адам жібергенін біліп тез арада сұлтанға хабар береді. Санжар қастандық торынан құтылғанымен, Едиб Сабирді Атсыздың адамдары ұстап алып өлтірді әрі Амудария өзеніне тастап жіберді.

Міне осындай оқиғалардың орын алуының нәтижесінде сұлтан Санжар 1147 жылы қараша айында Хорезмге үшінші рет соғысқа шығуына себепкер болды. Хазараса каласын екі ай қоршап ақыры жаулап алған сұлтан Санжар, Үргеніш қаласының маңына дейін келді. Хорезмшах Атсыздың өтінішімен Захиди Ахупуш атпен танымал болған дәуріш, қан төгілмеуі үшін сұлтан Санжардан араша сұрады /35/. Сұлтан Санжар дәуріштің өтінішін қабыл алып, Атсыздың өзінің алдына келіп тізерлеп отырып кешірім сұрау керектігін айтты /36/.

1148 жылы мамыр немесе маусым айында салт дәстүр бойынша атынан түсіп тізерлеп отырып сұлтан Санжардың кешірім сұрау керек болатын. Бірақ хорезмшах Атсыз ат үстінде тұрып сәлем беріп, кері қайтып кетті. Санжар ашулансада ештеңе деместен Мервке оралды. Осы оқиғадан кейін хорезмшах Атсыз, Хорасан аумағына жасайтын әрекеттрінен нәтижелі бола бермейтінін түсініп, барлық күш-куатын жинап Сырдария аймағын өзіне қарату жолына түсті. 1152 жылы пұтқа табынған қыпшақтардың орталығы Сығанаққа жасаған жорығының нәтижесінде Женд қаласын өзіне қаратты.

Жунейнидің айтуына қарағанда 1152 жылы Атсыз кәпірлерге қарсы бірнеше жорықтар жасаған. Сондықтан Сығанақты жаулап үйін Атсыз, Арсланхан Махмудттың ұлымен одақтасқан болатын. Осы жылдың мамыр айында хорезмшах Атсыз, Жендтің шекарасына таянғанда одақтасы өз жасағымен қашып кетеді. Сығанаққа жасаған жорық туралы басқа деректер жоқ, бұл жорықтың болмауы да мүмкін /37/. Осы жылдың маусым айында Женде болған көтерлісті басу үшін Атсыз Сығанақтан емес Хорезмнен аттанды. Жунейнидің айтуы бойынша Жеңдте болған көтерліс басылғаннан кейін Атсыз бұл жерге өзінің үлкен ұлы Абул-Фетқ ел-Арсланды басшы етіп тағайындады /38/. Осының арқасында Атсыз өзінің өмірінің соңына дейін қыпшақ жерлерінің көпеген территорияларын жаулап алып, өз мемлекетінің территориясын кеңейтуге қол жеткізді. Соның бір дәлелі 1133 жылы қыпшақ бірлестігін Атсыз ыдыратты. Осының салдарынан Қазақстан далаларындағы қыпшақтар екіге бөлінді. Олардың әр-қайсысы өз жағрафиялық жағдайларына қолайлы қыстық және жайлау мекеңдері болды. Андар аз Кифчак аудандарындағы көшпелі тайпалардың жаздық жайылымы Ертіс жағалауындағы Алтай, Тарбағатай таулары болды. Ал қыстауға олар. Сарысу, Шу және Талас аумағын мекендеді. Бұл қыпшақтардың орталығы Сығанақ қаласы болды. Арал теңізінің солтүстігін мекендеген қыпшақтар Орал тауларының оңтүстігін жазғы жайлауға, қыстауы Сырдарияның төменгі ағысы Арал аймағы болды. Қыпшақтардың Қазақстандағы екіге бөлінуі туралы эпостық жырларда да көрсетілген. Мысалы Қобыланды жырында қыпшақтар төменгі және жоғарғы болып екіге бөлінген. Атсыздың қыпшақтарға 1152 жылы жасаған жорығы нәтижесінде бір бөлігі Ислам дінін қабылдаған.

Дәл осы уақытта Атсыз қыпшақтармен айналысып жатқанда Хорасан аумағында күтпеген оқиғалар болып жатты. Оғыздар көтерліс жасап сұлтан Санжарды 1153-1156 жылдар арасында тұтқында ұстады. Осы істердің барысында хорезмшах Атсыздың Хорасан аумағына жаңа әскери әрекеттер жасау үшін өте қолайлы сәт болатын. Бірақ хорезмшах Атсыз бұл жолы Хорасан аумағынан гөрі, сұлтанға шын берілген сияқты оның құқықтарын қорғауға тырысып бақты /39/. Хорасанның маңызды орталықтары Мерв, Нишапур қалаларын оғыздар талқандады. Махмуд жағдайдың осылай өрбігенін шешу мақсатымен хорезмшах Атсызбен хабарласты. Хорезмшах Атсыз баласы ел-Арсланды жанына алып Махмуд және салжұқ қолбасшыларымен жүздесу мақсатында Хорасанға аттанды. Хорезмшах Атсыз Неса қаласында Махмуд әскеріне қосылды және осы жерде сұлтан Санжардың тұтқыннан босағанын естіп, сұлтанға куанышты әрі оның әміріне дайын екеніні жайында хат жазды. Бір жағынан Махмудқа және қолбасшыларға хат жолдап Хабушан (Кушан) қаласында Махмудпен қайта қосылды. Сонымен қатар оғыз басшыларына хат жазып сұлтан Санжардың қоластына кіруіне және істеген істері үшін кешірім сұрауын айтты. Өзінің және Махмудтың, Гур, Систан әмірлерінің де сұлтан Санжарға бағыныштылығын білдірді. Алайда бұл істерінен ешқандай нәтиже шықпады. Атсыз 1156 жылы 30 шілде де 59 жасында Хабушан қаласында қайтыс болды /40/. Ол өзінің ұрпағына «Сахри Түркістан және Жент» жерлерін қалдырды /41/. Хорезмшах Атсыз Хорезмнің барлық жағдайын жасап, мұсылман әлемінде күшті мемлекеттің құрылуының негізін салды. Сонымен қатар оның ірі түлға болғандығын тірі кезінде өзіне арнап қойылған лақап аттарынан байқауға болады. Әмір Муиз зи-дин оған арнап жазған деректерінде хорезмшах Атсызға Баба уд-дин және Ала уд-дин сияқты және Ебу Мззаффар, Хусами емирил Муминин сияқты лақап аттары болған. Хорезм шекарасы бойында кәпір түріктерімен жүргізген соғыстары үшін «Гази» лақабы да берілген/42/.

П-тарау. Хорезмшах мемлекетінің кұрылуы.

2.1. Мемлекеттің кұрылуы және көрші елдермен саяси қарым

қатынастары.

Сұлтан Санжардың қазасынан кейін салжұқ мемлекеті өз тіршілігін жойып, оғыздардың талауына түсті. Қарақан мемлекеті болса Маураннахырда аңызға айналды. Олардың орнына жаңа жас мемлекеттер құрыла бастады /43/. Бұл уақытта тек қарақытай мемлекетінде ғана саяси басымдылық бар болатын. Хорезмде салжұқ мемлекеті құлағанымен қарақытайлардың бодандығынан құтыла алмады. Хорезмдіктер бұл бұғаудан құтылу үшін қаншама жанталасқанымен осы кезең де олар әлсіз болатын. Десекте Хорезмшахтар XII ғасырдың екінші жартысында бұл қиындықтан құтылу мақсатында қыпшақ тайпаларымен туыстық қатынас жасап күш біріктіруді қолға ала бастады. Бұл саясат Хорезмшах мемлекетінің күшін арттырып аяғынан тұруға көмектесті.

1156 жылы хорезмшах Атсыз өлгеннен кейін Ебул-Фетх ел-Арслан Хорезмге келіп нағашылары Инал-Тегін мен Юсупты және бауырлары Қытайхан мен Сүлейменшахты өлтіріп 1156 жылы 22-тамызда хорезмшах тағына отырды /44/. Әскердің өзіне қарсы шықпауы нәтижесінде жалақыларын көбейтті. Ел-Арсланның хорезмшах тағына отырғанын сұлтан Санжарда жылы қабылдады. Атабек оғылды да өлтірген ел-Арслан 1156-1172 жылдар арасында 16 жыл ел басқарды. 1157 жылы сұлтан Санжардың қайтыс болуымен салжұқ империясы ыдырап хандықтарға бөлініп кетті. ел-Арсланға Хорасан, Иранның шығысы еншісіне тиіп дара билеуші болып шығы келді әрі хорезмшах мемлекетінің нағыз «мемлекет» болып құрылу кезеңі болып табылады. Ирак салжұқ сұлтаны Гияс ед-дин Мұхаммедтің де хорезмшах ел-Арсланға қарсы тұрарлық күш-куаты жоқ еді. Міне хорезмшах мемлекеті енді хорезмшах Атсыздың өмір бойы армандаған тәуелсіздік жолына түсті /45/. Сонымен қатар шығыс Хорасанды да өзіне қаратты. Бұл жерде есқі салжұқ әмірлерінің бірі Ихтияр уд-дин Айтақ бар болатын. Хорезмшах Атсыз уақтында Хорезмдіктерден көп жәрдем алып өзінің билігін нығайтқан болатын. Осындай достықтың арқасында Ихтияр уд-дин Айтақ хорезмшах ел-Арсланға бағыныштылығын білдірді. Осыдан кейін ел-Арслан көзін Маураннахыр аймағына тікті. Себебі, Хорезмнің оңтүстігінде айтарлықттай маңызды әрекеттер болмағандықтан ел-Арслан бұл аймақтағы істерге араласпады. Батыс қарақан билеушісі Алихан 1158 жылы қарлұқ жабғуын өлтіріп белді адамдарын өз отандарынан қуып шықкан болатын. Осы оқиғаға байланысты қарлұқтар хорезмшах ел-Арсланнан жәрдем сұраған болатын. 1158 жылы хорезмшах әскерлеріне қарақытай әскерімен біріккен қарақан әскерлері Зеревшан аумағынында кездесті. Алайда бұл жерде он мындық жасақтан құрылған қарақытай әскері соғыстан бас тартты. Нәтижеде өзара келісім жүргізіліп қарлұқ ақсүйектерін өз отандарымен қауыштырды /46/.

Хорасанның шығысында орналасқан Нишапур қаласы маңында қарсыласы Махмуд ханды жеңді. Күшейген Ай-аба Неса қаласын 1165 жылы қоршауға алған болатын. Алайда хорезмшах ел-Арсланның бұл территорияға қайта-қайта қысым жасауының салдарынан Ай-аба Нишапурға шегіңуге мәжбүр болды. Нәтижеде Неса қаласында «құтбе» ел-Арсланның-атына оқыла бастады. Бұдан кейін хорезмшах, әмір Айтаққа қарсы аттанды. Бұл жорық нәтижесінде хорезмшах мемлекетіне бағынышты әмір Айтақ тәуелділіктен шығып, көтерлістер жасағаны түсінікті. Айтақтың Муеед Ай-абадан жәрдем алғанымен Дихистан аймағы хорезмшах мемлекетіне қарады /47/.

Садр ад-дин ел-Хусейінге сүйенсек ел-Арслан, Муеед Ай-абаның бас қаласы Ңишапурға қарсы әскери жорық жасаудың бұйрығын шығарған кезде Атабей Илденизден хат келді. Хатқа зер салсақ Хорасан және Хорезмнің салжұқ сұлтандарының атадан балаға мұра етіп қалдырған жері және Ирак салжұқ сұлтанына қарасты Нишапурға жорық жасар болса, қарулы қақтығысқа тап болары айтылған. Осы хат нәтижесінде екі жақ арасында соғыс біраз уақыт тоқтағанымен 1167 жылы Бистам аймағында болған соғыста екі жақ итжығыс түсті. Осымен қатар 1166 жылы қазан айында Бейхаһи қаласын қоршаған Ай-аба әскерлерін жеңген ел-Арслан, осы жылдың «Құрбан айтында» Себзебар қаласында өз атына «қүтбе» оқытты /48/. Ал Ай-аба болса қашуға мәжбүр болды. 1167 жылы шілде айында Таж уд-дин бед-дуния Мели-кут Түрік бел Ажем ел-Арслан, Нишапур қаласында да өз атына «кұтбе» оқытты /49/. Хусейнің тағы бір келтірген мәліметіне үңілсек Атабей Илдениз, ел-Арсланға қарсы жасаған іс-әрекеттері нәтижесіз болған соң Муеед Ай-аба Кады ад-дин, Ебул-Фетх ел-Арсланға елші жіберді. Елшілер Ай-абаның хорезмшах ел-Арсланға бағынышты және өз территориясыңда «күтбені» ел-Арсланның атына оқытатынын айтты. Осы елшілік нәтижесінде Хорасанды хорезмшах мемлекетіне қаратқан ел-Арслан, Ай-абаның жіберген елшілері арқылы түрлі силықтар мен лақаб аттар жіберді. Ебул-Фетх ел-Арсланның билігі шығыс Иранда бір-біріне қарсы. салжұқ сұлтандары Самарқант қаласында қарақан хандарының қарлұқ тайпасымен жүргізген қанды қырғындары және қарақытай мемлекетінің ашықтан ашық территориялық кеңейуі мақсатында жасалған жойқын жорықтарына қарсы тұрумен өтті /50/. Мұнымен қатар Аббаси халифатымен Ирак салжұқ сұлтаны арасындағы түсініспеушілікті бір қалыпқа келтіру үшін күш жұмсады.

Бағдаттағы халифатқа жазған хатында ел-Арслан, Ирак салжұқ сұлтанына жәрдем беруін және осы жәрдем мен Маураннахырды қарақытайлардан құтқара алатынын айтты /51/. Алайда Ирак салжұқ сұлтандығының шын мәнінде әскери күші анағұрлым мықты емес болатын. Хорезмшах ел-Арслан сұлтанға құрмет көрсету мақсатында Хорасан халқының алдында және салжұқ уәзірлері арасында өзіне деген сенімділікті арттыру мақсатында болатын. Қарақытай мемлекетіне салық төлеуден құтылыа алмады және Маураннахыр территорияларында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізе алмады. Сонымен қатар оғыздарға және салжұқ уәзірлеріне барынша күш көрсете алмады. Нишапурды өзінің астанасы етіп жариялады. Тус, Бистам, Дамеганды өзіне қаратқаннан кейін, Хорасанда Ирак салжұқ мемлекетіне бағынышты және «құтбені» сұлтанның атына оқытқан Муеед Ай-аба мен жүргізген соғыста ел-Арслан тек қана Дехистанды ғана өзіне қарата алды /52/.

Қарақытай мемлекетіне берілетін салық өз уақтында төленбеуі салдарынан соғыстың басталуы және хорезмшах мемлекетінің ең куатты әскерлерінің жойылуы, ел-Арсланның өмірінің соңғы кезеңдеріндегі ең маңызды оқиғалардың бірі болып табылады (1171-1172). Хорезмшах әскерінің бас қолбасшысы қарлұқ тайпасынан шыққан Айғар бейдің осы соғыста тұтқындалуы және хорезмшах әскерінің жеңілуін, мүндай күтпеген жеңілістің ауыртпалығын көтере алмаған Ебул-Фетх ел-Арслан хорезмшах кайтыс болды (19 наурыз, 1172жылы) /53/. 16 жыл ел басқарған хорезмшах ел-Арслан, әкесінің өзіне қалдырған жерінен де көп жер хорезмшах мемлекетіне қосқанымен Атсыз сияқты саясаткер бола алмады. Сонымен қатар қарақытайларға берілетін салықтың ауырлығын балдарына жүк етіп қалдырды /54/.

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2.Хорезмшах мемлекетінде тақ-таласының белең алуы және империя дәрежесіне көтерілуі.

Ел-Арслан хорезмшах өлген уақытта кіші баласы әрі мұрагері Жалал ад-дин Сұлтан Шах және шешесі Теркен Хатун екеуі Хорезмде болатын. Мұрагерлік жолмен Сұлтан Шах хорезмшах мемлекетінің тағына отырды. Женд қаласының билеушісі әрі бауыры Текешті, өзінің билігін мойындату үшін Хорезмге шақырды. Алайда Ала ед-дин Текеш бұл билікті танымауының салдарынан екі бауыр арасында тақ-таласы басталды. Осының нәтижесінде Сұлтан Шах Текешке қарсы әскер аттандырды /55/. Билікті өз қолына топтастыру мақсатыңда Текеш карақытайларды паналады және әскери көмек сүрады. Текеш қарақытайларға бұл жәрдемі үшін салықты артығымен төлеп түруға келісті. Екі жақты келісімнің нәтижесінде Текеш, Фума басшылығындағы қарақытай әскерімен Хорезмге аттанды. Мықты жасақпен келген ағасын көрген Сұлтан Шах оған қарсы тұра алмайтындығына көз жеткізіп, шешесі Теркен Хатун мен қазыналарын алып Хорасанға қашты. 1172 жылы желтоқсан айында Текеш ешқандай кедергісіз, қан төгіссіз Үргеніш қаласына кірді және хорезмшах тағына отырды /56/. Текеш ұрпағына хорезмшах империясын қалдырды және Сұлтан Шахтың қарсы әрекеттеріне қарамастан әрі бәсекелестерін толық жеңіп мұсылман дүниесінде ең қүдіретті билеуші болды /57/.

Текештің билігінің алғашқы жылдарында оған ел билеу оңайға соққан жоқ. Себебі: Сұлтан Шахпен шешсі Теркен Хатун, Ай-абаның әскери жәрдемі мен билікті қайтару мақсатында Хорезмге аттанды. Хорезмшах Текеш осы әскери жорыққа тосқауыл қою мақсатында Хорезмге 120 шақырым жердегі Субарлы ауданында күтті. Ай-абамен Сұлтан Шах әскерлерін шөлден бөліп-бөліп өткізіп Хорезмге таянғанда қайта қосылмақшы ниетте болған. Алайда Субарлы аймағына келген Ай-аба әскеріне қүтпеген жерден Текеш әскерлері шабуыл жасап Ай-аба әскері жеңіліске ұшырады және оның өзін тұтқындап өлтірді 1174 ж. Бұл жеңілістен кейін Сұлтан Шахпен шешесі Дағыстанға қашты. Соңына түскен Текеш Дағыстанда Теркен Хатунды ұстап өлтірді. Ал Сұлтан Шах болса қашып құтылып Нишапурға келді. Бұл жерде Ай-абаның баласы Тоған Шахтан жәрдем сұрады. Тоған Шахтан сұраған жәрдемін ала-алмаған Сұлтан Шах бауырына қарсы күресте өзіне сенімді әрі күшті Гур сұлтаны Гияс ед-динді паналауға мәжбүр болды.

Хорезмшах Текешпен қарақытай мемлекетінің достығы ұзаққа созылмады. Себеб: хорезмшах Текешті өздеріне бағынышты етіп санаған қарақытайлар жылдық салықты жинау мақсатында Хорезмге елшілерін аттандырды. Келген елшілік өзін басына сөйлегеніне ашуланған хорезмшах Текеш оларды өлтіруге бұйрық берді. Хорезмшах Текештің негізгі мақсаты да қарақытай мемлекетінің өзін тануы және өте күшті бір соққы беру болаты. Текеш өзінің әскерінің күші қарақытайлар мен күресуге жетеді деп санады. Осы оқиғаны естіген Сұлтан Шах Гур сұлтанынан бөлініп дұшпаны хорезмшах Текешке қарсы қарақытайлар мен бірікті /58/. Қарақытай мемлекеті хорезмшах Текешке қарсы Хорезм территориясына Фума басшылығындағы әскер жіберді. Хорезмдіктер ескіден келе жатқан тактика бойынша қарақытай әскерлерінің өтетін алқаптарға, Амудария өзенінің суын ағызып жіберді. Сонымен қатар мемлекеттің орталығында да соғысқа қарсы дайындықтар жүргізілді. Халықпен әскердің Сұлтан Шах тарапына өтеді деп ойлаған қарақытай мемлекеті, әскермен халықтың хорезмшах Текештің қоластына топтасқанын көріп соғыспай кері қайтуға мәжбүр болды. Сұлтан Шахтың өтініш мен оның қарамағына аздаған әскер берілді. Сұлтан Шах алған жәрдемімен Тус, Серахс және Мерв қалаларына өз билігін орнатты /59/.

Оғыз тайпасының қолбасшысы Мәлік Динарды және 1182 жылы Тоған Шахты жеңген Сұлтан Шах, оғыздардың Кирман аумағына көшуіне себепкер болды. Орталығы Нишапур қаласы болып саналған Мәлік Муеед Ай-абаның құрған хандығы да әлсіреп хорезмшахтар тәуелділігіне кірді. Осының нәтижесінде Гур сұлтаңдығымен бітіп таусылмайтын жанжалдар туындады.

Хорезмшах Текешпен дос сияқты өмір сүргені мен реті келсе соғысудан бас тартпайтын Сұлтан Шах 1193 жылғы өліміне дейін, қаншама рет Нишапур каласын өзіне қаратуға тырысқанымен ешқандай нәтиже шығара алмады. Нишапур қаласы бұдан кейін түпкілікті хорезмшах Текештің қарамағына өтті. Хорезмшах Текеш Иракқа қарсы жорыққа аттанғанда Сұлтан Шах Хорезмді өзіне қарату мақсатымен соғысқа шықпақшы болады. Алайда өзіне қарасты Серахс қаласының хорезмшах Текеш қарамағына өткені жөнінде хабар алысымен, орталығы Мерв қаласына келді әрі осы жерде өлді. Сұлтан Шахқа қарасты қалалармен әскерлер және бар қазыналары хорезмшах Текештің қарамағына өтті.

Сұлтан шах өлгеннен кейін Мерв қаласының билігін Текеш, Кутб ад-дин Мұхаммедке бермекші болғанымен Нишапурдың әмірі үлкен баласы Насыр ад-дин Мәлік Шах Мервтің билігін өзіне берілуі жөнінде өтініш жасады. Әкесі де бұл өтінішті қабыл алып Мервке Насыр ад-дин Мәлік Шахты әмірші етіп тағайындады. Хорезмшах Текеш бауыры Сұлтан Шахтың өлгенінен кейін кең тыныетап шекарасын шығыс Иран территориясына дейін кеңейтті және Иранның батысында орналасқан мемлекеттердің істеріне араласа бастады. Аббаси халифаты Насыр мен Ирак салжұқ сұлтаны III Тұғырыл арасыңдағы келіспеушіліктер және сұлтан мен уәзір Құтлық Инайыш арасындағы дұшпандық әрекеттер, хорезмшах Текеш үшін өте пайдалы болды /60/.

Өйткені хорезмшах Текеш Сұлтан Шахпен арасындағы тартыс кезінде Ирак салжұқ сұлтаны III Тұғырыл Рей каласын өзіне қаратуға жанталасқан болатын. Сонымен қатар 1193 жылы көктемде Таберек қаласын қоршап халқын қанға бөктірген болатын. Хорезмшах мемлекетінің қолбасшысы Әмір Тамғашты өлтірді. Хорезмдік әскербасыларға тиіспеуге сөз бергенімен сөзінде тұрмай оларды тұтқынға алып Феррезин қаласына айдады. Сұлтан III Тұғырыл мұнымен тынбай Бистам, Дамеган аймақтарына жорық жасаған болатын. Хары Рей аумағыңда хорезмшах әскеріне күшті соққы беріп 25 кісіні тұтқынға алды. Сұлтан III Тұғырыл осы оқиғалардан кейін өзіне қарсы хорезмшах Текеш соғыс ашады деп ойлап Рей қаласында соғысқа карсы дайындықтарға кірісті.

Хорезмшах Текеш Құтлұқ Инаныш бастаған Ирак қолбасышыларынан шақыру хаттарын алды және маңыздысы Аббаси халифаты ан-Насыр Лидин ил-лахтың Хорезмге жіберген елшісі Тұғырылды араздап, жаулап алған жерлерді тек өзі ғана басқарады екен деп хорезмшах Текешке сәлемдеме жібереді. Мұны естіген хорезмшах Текеш Иракқа қарсы соғыс ашуға қарар берді /61/. Хорезмшах Текеш 1194 жылы көктемде Симнанға жақындағанда Құтлүқ Инанышқа куатты әскер беріп Рей қаласына аттандырды. Хусейннің сол кездегі Рей қаласының басшысы Емин уд-дин Мұхаммед-и Зенжаниден естігеніне қарасақ Хар-ы Рейге келген хорезмшах Текештің карсыласы Шихаб уд-дин Месуд, сұлтан Тұғырылға шұғыл түрде хабар беріп Рей қаласын хорезмшахқа тастап Санаға шегінуі керектігін айтты. Сол жерде қантөгіссіз бір келісім жасармыз деп үміттенді. Тұғырылдың қолбасшысы әрі Казнин қаласының әмірі Нур ад-дин Қара да бұл пікірді қостады. Алайда хорезмшах Текеш Рейден кейін де тағыда жорығын жалғастырып Исфахан және Хамадан аймағына да соққы беруге әзірленді. Дегенімен сұлтан Тұғырыл бұл пікірді қанағатсыздандырды. Себебі: хорезмшах мемлекеті Рей қаласын алса халықты өзіне қарсы қояды деп түсініп, хорезмшах Текешпен соғысуға осы жерден шықты. Құтлық Инаныш қарамағындағы хорезмшах Текештің алдыңғы саптағы әскерімен кездескеңде сұлтан Тұғырыл, Текеш әскерінің аз бөлігіне шабуыл жасауға бұйрық берді. Өзі қолына күрзісін алып хорезмшах Текеш әскеріне ұмтылды. Алайда сұлтан Тұғырылдың әскерлері бұйрықты орындамай орындарынан қозғалған жоқ. Осының нәтижесінде сұлтан Тұғырыл қоршауға түсті. Жанында шатырын ұстап жүретін адамнан басқа ешкім жоқ болатын. Жалғыз қалған сұлтан Тұғырыл тек басына қалсада атынан жерге құлағанша соғысты. Жерге құлаған сұлтан Тұғырылды Құтлық Инаныш басын кесіп алды (1194 жылы 25 наурыз) /62/. Ирак салжұқ әскері қатты жеңіліске ұшырап, Тұғырылдың басын соғыстың жеңісі ретінде Бағдатқа жіберді. Ал бассыз денені Рей қаласында асып қойды (1194 жылы).

Хамадан және Ирак-ы Ажем сонымен қатар салжұқтарға бағынышты болған маңызды жерлердің барлығы хорезмшах Текешке қарады /63/. Нәтижеде Ирак салжұқ сұлтандығы жойылды. Хорезмшах Текеш өзін салжұқ мемлекетінің мұрагері етіп санап және «сұлтан» атағын иемдеңді /64/. Ирандағы жеке жеке хандықтар және Гур сұлтандығын да өзіне бағынышты деп санады. Оларға «әкелік» дәрежесін ұстап, банжар уақтындағы сияқты бүкіл Иран территориясын хорезмшах мемлекетіне бағындыруға тырысқанымен бұл арманы баласы Ала ед-дин Мұхаммед уақтында іске асты /65/. Хорезмшах мемлекетінің Иранның батысына билік жүргізуі оңайға түспеді. Хорезмшах Текеш өмірінің соңына дейін Ирак істеріне араласуымен болды. Аббаси халифаты хорезмшах Текештің Ирак территориясындағы жеңістері нәтижесінде басып алған жерлердің бір бөлігін өзіне береді деп үміттенген Насыр Лидин ил-лах үмітінің желге ұшқанын және хорезмшах Текештің өзіне бүрынғы Ұлы салжұқ мемлекетінің сұлтандары сияқты қарауы, өзін тек қана діни лидер ретінде тануы, екі жақ арасында соғыс өртін туындатты /66/. Алайда осы соғыста халифат әскерлері жеңіліске ұшырады. Хорезмшах Текеш Исфаханды Құтлық Инашқа және Рейді ұлы Юсуп ханға берді. Қолбасшы Маяжуқты баласына ұстаз етіп тағайындады. Алайда Рей қаласының әміршісі Юсуп хан ауырып билікті ұстазы Маяжуққа тапсырды және Бағдат әскерлерінің Иракқа жасаған жорығын естіп жәрдемге келген Құтлық Инаншты, дұшпандарымен одақтасқан Маяжуқ өлтіріп және басын Хорезмге жіберді. Орын алған келеңсіздікгерді бір арнаға қайта салу мақсатымен 1196 жылы хорезмшах Текеш үшінші рет Иракқа келіп, Бағдат әскерлерін жеңіліске ұшыратты /67/. Хамадан билігін Атабег Өзбекке, Исфаханды немересі Ербузға берді. Дәл осы уақытта үлкен баласы Мәлік Шахтың өлуіне байланысты Нишапур қаласында көтерлістер орын алды. Хорезмшах Текеш бұл көтерлістерді бастырып, Сырдария бойында маңызды оқиғалардың туындауынан Хорезмге кері оралды. Бұл жердегі орын алған жайттарды бір арнаға салған хорезмшах Текеш, 1198 жылы Хорасанға қайта келіп көтерліс ұйымдастырмақшы болған Маяжуқгьгжәне оған дем беруші адамдардың барлығын ұстап жазаландарды /68/. Ирак халқына зұлымдық жасаған Маяжуқгы дәрменсіз шараға түсірген Текеш, халық арасында үлкен сүйіспеншіліктерге қол жеткізді. Аббаси халифаты ан-Насырда Текештің Ирак, Хорасан және Түркістан аймақтарының билеушісі ретінде танып оған салтанат меншурыны берді.

Бұдан кейін хорезмшах Текеш Исмайлилерге қарсы соққы беруге дайындадды. Алғаш Ирак салжұқ сұлтаны Арслан бин Тұғырыл тарапынан жаулап алынғандықтан «Арслан Гуша» деген атпен танылған Каһире қаласына әскер жіберді. Казнинге 12 шақырым ұзақтықта орналасқан бұл қаланы Текеш әскерлері төрт ай бойы қоршап ақырыңда жаулап алды. Бұл қала Аламұттан кейінгі Исмайлилердің ең маңызды қаласы болатын. Текеш Аламұт аймағына да барып көптеген Исмайлилерді өлтірді. Баласы Тажд ад-дин Алишахты Ирак билігіне тағайыңдап өзі Хорезмге оралды. Исмайлилер Текештен кек қайтару мақсатында уәзірі Низамү-л Мүлік Месудты пышақтап өлтірді. Уәзірінің өлтірілуіне байланысты Текеш Исмайлилерді түпкілікті құрту мақсатыңда шешім қабылдап, ең куатты әскерін дайындап қолбасшысы етіп Кутб ад-диң Мұхаммедті тағайындады. Кутб ад-дин Мұхаммед ең бірінші Торшиз қаласын қоршауға алды. Осы жорық барысында Текеш тағы әскер жинап Батинилерге қарсы жорыққа шыққалы тұрғанда ауруға шалдықты. Емшілері Текешке осы жағдайда жорыққа шықпау керектігін айтсада, шешім қабылдаған хорезмшах Текеш айтқанынынан қайтпай және емшілерді тындамай жорық туын көтерді. Емшілердің айтқаны дұрыс шығып 4 тамыз 1200 жылы хорезмшах Текеш жолда қайтыс болды.

Текештің «қарақытайлармен жасаған күрестері жайында мәліметтер өте аз және олардың өзі де әртүрлі жазылған. Мысалы: Хорезмдіктердің Бұхараны қарақытайлардан алғаны 1198 жылғы оқиғалар жайындағы мәліметтер әртүрлі деректерде кездеседі. Сонымен қатар Ұран тайпасы қыпшақтардан шыққан билеушілер мен Текеш арасындағы деректерде толық зерттелмеген.

Текеш Сырдарияның жоғарысында өмір сүрген қаңлы-қыпшақ тайпаларын қарақытайларға керек десең Хорасан үшін болған жорықтарға саяси және әскери қуат ретінде қолдану мақсатында туысқандық байланыстар жасаған. Әрі олардың басшыларына мемлекеттік лауазымдар таратып отырған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ш-Тарау. XIII ғасырда Хорезмшах мемлекетінің гүлденуі мен

жойылуының алғы шарттары.

3.1. Хорезмшах мемлекетінің XIII ғасырда Гур, Қарақытай және Қарахан мемлекетерімен байланыстары.

Торшиз жорығы кезінде әкесінің ауыр халде жатқанын естіген Кутб ад-дин Мұхаммед каладағылармен 100000 динар алтынмен келісім шарт жасасып қоршауды тоқтатты және өзі Хорезмге кері оралды /69/. Әкесінің өлімінен бір ай өткен соң «Ала ад-дин» лақап атымен 1200 жылы 3 тамызда хорезмшах мемлекетінің тағына отырды /70/. Оның таққа отыруы 1197 жылы ағасы Мәлік шахтың өлімінен кейін занды мұрагер болып шыққан болатын. Билігінің алғашқы жылдарында Хорасан территориясына көз алартқан Гур сұлтандары Шихаб уд-дин мен Гияс ад-диндер және қанды, қыпшақ тайпаларының көсемдеріне сүйеніп дара билеушілікті аңсаған шешесі Теркен Хатунмен талас-тартыс үстінде өткізді /71/. Себебі: Текештің өлімін пайдаланған Гур сұлтандары Мерв, Тус және Нишапурға жорық жасап Текештің баласы Тадж ад-дин Али шахты және басқа да ханзадалар мен бірге қолбасшыларды тұтқынға алып Гурға әкеткен болатын. Әкесінің өлгенінен кейін тәуелсіз өмір сүру үшін тырыскан Мәлік шахтың баласы Хинду ханды, хорезмшах Ала ад-дин Мұхаммедке қарсы қойып және өздеріне бағыныштылық шартымен Мерв, Серахс калаларының билігін берді /72/. Нишапурға әскерлерінің бір бөлігін қалдырып Бистан, Журжанға дейінгі жерлерге және Хорасанның маңызды қалаларына әскер жіберген Гурлылар, Хорасан территориясын хорезмшах мемлекетінен тартып алмақшы еді. Осы себептен хорезмшах Ала ад-дин Мұхаммед Нишапур қаласына аттанды және Гурлылардың өз территорияларына шегініп кеткенше тиіспеуге келісімін беріп қалаларды қиратып Мерв, Серахс қалаларын жаулап алды /73/. Хинду Хан жақтастарының касына кетуге мәжбүр болды. Хорезмшах Ала ад-дин Мұхаммед Хорезмге кері оралып бір жылдан кейін Гератқа жорыққа шыққан болатын, бірақ сұлтан Шихаб уд-диннің өзіне қарсы шықканын естіп Мерв, Серахс жолымен хорезмге кері кайтуға мәжбүр болды. Серахста Хорасан қалаларының берілуін талап еткен Гур елшілеріне Ала ад-дин Мұхаммед бұл талапқа келіспейтіндігін білдіріп Хорезмге шегінді. Тус қаласына дейін Гур әскерлері оның ізіне түсті. Қала халқына ауыр салықтар салған Гурларға халық тарапынан оларға деген ашу-ыза туғызды. Сонымен қатар Шихаб уд-дин бауыры Гияс ад-диннің өлгенін естіп кері қайтты. Гур сұлтандығына қарасты Мерв әмірінің әскерлері хорезмшах әскерлерінен жеңілісі және Гияс ад-диннің өлімі, мемлекет ішіндегі толқуларды пайдаланған хорезмшах Ала ад-дин Мұхаммед Герат қаласын жаулап алмақшы болды /74/. Алайда-көздеген мақсатына жете алмаған хорезмшах Бадгис (Бағдис) аумағын талқаңдап 1204 жылы Мерв қаласына келді /75/. Осы уақытта Гур сұлтаны Шихаб уд-диннің қуатты әскермен Хорезмге аттанғанын естіген Ала ад-дин Мұхаммед шөл даламен тез жүріп Хорезмге оралды. Үргеніш қаласының халқын соғыс жағдайына келтіріп, Хорасан және бағынышты аймақтарға хабар жіберіп аздаған уақыт ішінде 70 000 адамнан тұратын әскер жинады. Сонымен қатар қарақытайлардан жәрдем сұрады. Хорезмдіктер әдет бойынша ескіден қолданып келе жатқан тактикаларын қолданып алқаптарға су жіберді. Гур әскерлері осы себептен 40 күн кешікті. Алайда Қара-су бойында болған соғыста хорезмшах әскерлеріне Гурлықтар ауыр соққы беріп астанасы Үргеніш каласына аттанды /76/.

Амудария өзенінің екі жағына орналасқан әскерлер соғысқа әзір тұрды. Сұлтан Шихаб уд-дин хорезмшах әскері тұрған жағалауға өту үшін әскеріне бұйрық берді. Алайда осы кезде Самарқанд билеушісі қарақандық Османмен қарақытай әскерінің жәрдемге келгенін көрген Гур әскерлері шегінуге мәжбүр болды. Карақытай әскерін Таянку-Тараз бастап келген болатын.

Хорезмшах Ала ад-дин Мұхаммед шегінген Гур әскерлерін қуып жетіп сол қанат әскерлерін қырғынға ұшыратып мол қазыналармен тұтқындар алып Үргеніш қаласына келіп жеңісін тойлады /77/. Қарақытай әскерлері Гур әскерлерінің соңына түсіп Андхуд маңында Шихаб уд-динді қоршап алып екі күн соғысты. Нәтижеде Гур әскерлері көп шығынға ұшырады. Соғыс майданынан әрең қашып кұтылған Шихаб уд-дин қаланы паналады. Самарқанд билеушісі Османның араша жасауымен соғыс шығынын төлеп жанын құтқарды және Газне қаласына қайтты. Хорасанды бағындыру жолында болған соғыстар нәтижесі хорезмшах мемлекеті пайдасына шешілді. Соғыс шығынын төлету, мол олжаға кенелу барысында қарақытай мемлекетіде көп жетістіктерге қол жеткізді.

Қарақытай мемлекетінің күшейуінен қорыққан хорезмшах Ала ад-дин Мұхаммед ескі достығын кайта жалғастыру мақсатында Гур сұлтаны Шихаб уд-динге елші жіберді. Үндістанға жасаған «Ғазауат» соғыстарында «Гази» мансабына қол жеткізген Гур сұлтаны кәпірлерге жіберген есесін қайтару мақсатында Хорезмшах Ала ад-дин Мұхаммедтің одақтасу ұсынысын қуанышпен қарсы алды /78/. Келісім бола тұра Гур сұлтаңдығына бағынышты Белх қаласының әкімі Тажд ад-дин Зенги 1205 жылы хорезмшах өлкесіне жорық жасады. Бұл жорықта ол жеңіліске ұшырады. Себебі. Шихаб уд-дин өзіне бағынышты әмірге жәрдем бермеді, келісілген келісім шартты бұзбағаны айтылйды. Қайта Гур сұлтаны бұл жерге Белх қаласына жаңадан әмір етіп Имам ад-дин Өмерді тағайындап, өз бұйрығымен қарақытай мемлекетіне қарасты Термезге әскер аттандырды. Шихаб уд-дин Үндістан жорығын бастауымен қарақытайға қарсы жасаған жорығын нәтижесіз қалдырды. Үндістан жорығы Гур әскерлерінің жаңадан тыныс және мол қазыналарға иелену мақсатында жасалғаны белгілі. Себебі: Шихаб уд-дин Үндістан жорығын аяқтап бірден қарақытайларға қарсы соғысқа дайындықтар жасады. Алайда Гур сұлтаны үнділік немесе батини тарапынан өлтірілуі бүкіл алға қойған мақсатын жоқ қылды, 1206 жылы Шихаб уд-диннің өлімінен кейін Гур мемлекеті тез арада бөлшектенді. Ханзадалар бір-бірімен қырқыса бастады. Осыны пайдаланған Ала ад-дин Мұхаммед Нишапурға өз адамдарын жіберіп, Хорасан әскеріне Герат қаласын жаулап алу тапсырылды. Хорасаңда орналаскан Гияс ад-диннің баласы Махмуд және жақтастары тез арада бастырылып билігін Иззед дин Хусейін бин Хармилге берді. Белх қаласын да өзіне каратты /79/. Термез қаласы қарақытайларға бағынышты Самарканд билеушісі Османға берілді. Осындай жетістітерге қол жеткізген Ала ад-дин Мұхаммедті Геретқа келгенде өте зор қуанышпен қарсы алды. Хорезмшах Ала ад-дин Мұхаммед, Махмудты Фирузхуһ билеушісі ретінде танып оған силықтар жіберді. Герат сол аймақгың билігін Хусейін бин Хармилге беріп, 250 000 алтын алып 1207 жылы Хорезмге оралды.

Енді хорезмшах Ала ад-дин Мұхаммед үшін тек оның жолын кесуші қарахан мемлекетін бағындырған қарақытай мемлекеті болатын. Әр жылғы салықтан және Маураннахырды құтқару үшін және Ислам әлеміңдегі ең құдіретті сұлтан хорезмшах Мұхаммед үшін бұл бірінші кезекте тұрған іс болатын.

XIII ғасырдың басында мұсылмандық Азияда бірінші болуға дәмеленген хорезмшах Мұхаммед мемлекетінің құрамына Сығанақ аймағын да кіргізді. 1207 жылы Маураннахырда қарақытайларға қарсы жасаған жорықта, қарақытай мемлекеті жеңіліске ұшырап Бұхара қаласы хорезмшах мемлекетіне қарады /80/. Осы даңқты жеңісінен кейін хорезмшах Мұхаммед «Ескендір Сани және Санжар» лақап аттарын алды /81/. Өзін ислам әлемінің қорғаушысы әрі сұлтаны ретінде санады. Осы соғыс барысында сұлтан хорезмшахты қарақытайларға тұтқын болды және өлтірілді деген жалған қауесеттер тарады. Осының салдарынан Герат, Нишапур қалаларында көтерілістер басталды. Өлді деген хабарды естіген Хусейін бин Хармил «құтбені» Гур сұлтандары атына оқыта бастаған болатын. Бірақ Хорезмшах Ала ад-дин Мұхаммедтің аман-есен Хорезмге келгенін естігенде істеген ісіне өкініп қайта бағынғанымен сұлтанның әмірімен өлтірілді. 1208 жылы Герет және аумағын қайта бағындырды. Осы жылы сұлтанның шешесі Теркен Хатунның туысқаны Нишапур әкімі Кезлик хан көтерлісі де бастырылды және өлтірілді.

Осы кезенде қарақытайлардың шығысында дүниенің астаң-кестеңін шығаратын күш ортаға шығуда еді. Шыңғыс ханның күшейуіме бірнеше көшпелі тайпалар қарақытай мемлекетінің территориясына келіп орналасты /82/.Бұлардың ішіндегі ең маңыздысы 1208 жылы Ертіс бойында монғолдардан жеңілген наймандар болатын. Ұйғыр идикұты қарақытай тәуелділігінен шығып монғолдар қарамағына өтті. Осы оқиғалардан кейін қарақытай мемлекеті қатты әлсіреді. Күшліктің Гурханның қызына үйленіп әрі орнын тартып алып таққа отырсада мемлекетті бұрынғы күшіне әкеле алмады. 1212 жылы хорезмшах Мұхаммедтің Самарқанд қаласын жаулап алып билеушісі Османды өлтірді. Осымен бүтіндей Маураннахыр территориясы хорезмшахтарға қарады. Самарқандта мешіт сарай салдырып, қарахан мемлекетінің ең маңызды орталығы болып есептелген осы қаланы екінші бас қала етіп жасады. Хорезмшах Мұхаммед билігін шығысқа қарай орнату жолына түсті. Күшліктің Шығыс Түркістан мұсылмандарына қарсы жасаған зұлымдықгарына ештеңе істей алмады және Маураннахырдың солтүстігіңдегі жерлеріне қауіп төндірді деп 1214 жылға дейін Самарқандта тұрды. Исфиджап, Шаш, Ферғана және Кашан қалаларының мұсылмандарын оңтүстік батысқа көшуіне бұйрық берген хорезмшах, Сырдария бойындағы жерлерін Күшліктен қорғай алмағандығы көрініп тұр.

 

 

 

 

 

 

3.2. Мемлекетте бір орталыққа бағынбаушылықтың белең алуы және Монғол шапқыншылығына ұшырауы.

Монғол шапқыншылығы басталмастан бұрын хорезмшах мемлекетінің шекарасы Афганистан және Иран территорияларында жалғасын тауып кеңейу үстінде болатын. 1213 жылы Салгурлық Атабек Сад бин Зенгидің билігіндегі Кирман қаласы алынды. 1215 жылы Газне де хорезмшах мемлекетіне қарады. Мұхаммед бұл жердің билігін баласы Жалал ад-динге берді.

Сонымен ислам әлемінде хорезмшах Мұхаммедпен пара-пар түратын ешқандай билеуші қалмады. Бағдат Аббаси халифаты ан-Насырды (1180-1225) да қарамағына қарату және «Ұлы Салжұқ мемлекеті» сұлтандары сияқты халифты тек қана діни лидер ретінде қалдыру мақсатында қаншама күш салғанымен ешқандай жетістіктерге жете алмады. Өзінің мақсатын жүзеге асыру үшін Бағдатқа сенімді адамы Кади Омарды жіберді. Негізгі мақсаты халифтың өзіне «сұлтан» атағын беруін талап еткен болатын /83/. Халиф оның бұл ұсынысына келісім бермеді. Ол бұл талаптарды орындау үшін оның Бағдатқа сіңірген еңбегі және жергілікті тұрғындарға жасаған қызметі болуы тиіс деп келісімін бермеді. Хорезмшах Мұхаммедтің осыншама үлкен империя билеушісі бола тұрып өзінің астанасына көз салуына түсінбеушілігін білдірді, әрі оған қарсы ұлы Шихаб уд-дин Шухренердиді елші етіп Хорезмге жіберді. Алайда бұл келген елшіліктер ешқандай нәтиже шығара алмай араларындағы тартыс одан ары өрши түсті. Билігін, құдіретін арттыру жолында халиф қолынан келгенін істеп бақты. Халиф өзіне жат істермен араласып және Мекке әмірімен бірігіп, Бағдат қаласындағы хорезмшах елшілігін өлтірді /84/. Сонымен қатар халиф «шиилік» ағымға бойсұна бастады. Халифтің бұл ісін көрген «сунни» ғалымдар оны жек көре бастады. Халиф Насыр, Гур сұлтандарын өзімен бірлесуге шақырды. Осы жағдайларды естіген хорезмшах Мұхаммед қатты ашуланып қаланы Аббасидтардан тартып алуға тоқталды. Мұхаммед «сунни» жолдағы ғалымдармен ақылдаса отырып халифтың атын «құтбеде» оқытуға тиым салды. Оның орнына атақты Сейід Ала Термизді халиф етіп жариялады. Мұхаммедтің бұл істерді бұлай шешуі ғұлама заңгерлері арқылы істеген. Себебі: Олардың алдына мынадай сауал қойған болатын. «Егер билеуші өзінің өмір бойына өз атақ данқын, байлығын дінді сақтау жолына қиса, Алла жолына бас исе және ол дінсіздер құрбаны болғанын аңғарса, осыны қандай жолмен шешуі тиіс ? Ислам шекарасын қорғаса және осы үшін қасиетті ғазауат соғыс ашса, бұл күнә емес» деп заңға енгізулерін талап еткен болатын /85/.

Хорезмшах Мұхаммед осы жұмыстар барысында Бағдатқа қарсы әскери жорық жасаудың жолын тапты. Сұлтан әскер жинап ан-Насырға қарсы шығарылған үкімді орындау үшін ең алдымен Ирак-ы Ажемді басып алуға аттанды. Түріктің бір қолбасшысы Оғылмұш осы елдің сұлтанына сатылып, оған жағыну үшін өзінің бірнеше жасырын баскесерлерін қызметке берді. Халиф Насыр бұларды бұрын да Мекке билеушісінен бөлінгенде де қолданған болатын /86/. Оғылмұш өлгенен кейін оның есімі дұғалардан алынып тасталды. Оның орнын басуға шақырылған Фарс және Азербайжан билеушілері билік басына отыруға жанталасты. Осы жағдайдан кейін Мұхаммед өзінің Ирак жорығын бастады. Фарс атабегі Сад бин Зенги жеңіліске ұшырап тұтқындалды. Ол өзінің бостаңдығы үшін екі қорғанысын беруге және жыл сайын өзіне түскен пайдасының бір бөлігін беріп тұруға келісті. Ал Азербайжан атабегі Өзбекте жеңіліске ұшырап қашып кетеді. Сұлтан әскерлері оның артына түспекші болғанда, оларды сұлтан тоқтатып, бір жылда тұтқын болған екі ел басшысы бақыт әкелмейді деді. Өз еліне жеткен Өзбек оған елші жіберіп силықтар тарту етіп өзін өз қарамағына алуын сұрады /87/.

Ирак-ы Ажемді бағындырған сұлтан іле шала Бағдатқа соққы беруге дайындалды. Халиф Насыр өз жауымен бибіт келісімге келу мақсатында Шихаб уд-дин ІПухревердиді сұлтанға жіберді. Ол сұлтанды Хамадан лагерінен тауып кездесті. Ол Мұхаммедтің шатырына келгенде, Мұхаммед төсек үстінде қолайсыз киініп отырады, амандыққа жөндеп жауап бермейді, отыр депте айтпайды. Келген елші араб тілінде халиф Насырдың айтқан аманатын барынша түсіндіріп жеткізеді. Соңынан сұлтанға «Мұхаммед пайғамбардың» хадистерінің бірінде жазылғандай, бұл ұлы үрпақ өкілдеріне зиян тигізуге болмайтынын уағыздайды. Хорезмшах оның сөзін тыңдап болған соң «Халиф бұл айтылған ұлылар қатарына жатпайды. Мен Бағдатқа барысымен оның орнына бұл атақ шенге лайық адамды отырғызамын, ал бұл уағыздарда жазылған жағдайларға келсек және барлық Аббасид ұрпақтарына келер болсақ, олардың көбі түрмеде туылып, өмірінің соңына дейін соңда өткізген. Аббасид ұрпақтарына өз кесірін тигізушілердің көбі олардың өздерінің ішінен шыққан жаулары» деп жауап берді сұлтан /88/. Шейх өз жауабында, әрбір халиф өзін Алла жолында құрбандық етуді және алланың қалауымен қызмет етуге мойынсұнса, онда ол халықтың тыныштығы үшін біреулерді түрмеге жабу тиіс болса, онда мұндай қадам ешқандай Алла сөзіне қайшы келмейді деді. Бірақ Шейхтың сөздері хорезмшах Мұхаммедтің шешімінің өзгеруіне еш ықпал ете алмады. Нәтижесіз болған елшілік барсында халиф Насыр өз астанасын қорғап қалу үшін қорғаныс жұмыстарын жүргізе бастады.

1217 жылы күз айында хорезмшах Мұхаммед халиф Насырға жорыққа шықты. Алайда хорезмшах әскерлері Есед Абад тауларына жеткенде қалың қар жауып суыққа шыдамай қырылды және күрттердің тұтқиылдан жасаған шабуылына ұшырап көптеген шығынға ұшырады. Аздаған әскерімен кері қайтуға мәжбүр болды /89/. Бұл жорықгың нәтижесіз аяқталғанын барша мұсылман қауымы Алланың жіберген жазасы деп есептеді. Сонымен қатар сұлтан Мұхаммед оңай жаулап аламын деп ойлап, қайта оңбай саяси жағынан әлсіреуге әкеп соқгырды. Дегенімен хорезмшах Мұхаммед алған мақсатынан қайтпай халиф Насырға деген өшпенділік әрекеттерінен тынбай 1218 жылы Нишапурға келіп «құтбені» халиф атына оқытпады. Мерв,Серахс және Бұхара қалалрында да «құтбе» халиф атына оқытылмады.

Бұған керсінше Самарқанд, Герат қалаларында «құтбе» еш өзгерместен өз қалпында оқылуы және Хорезмде де ешқандай кедергісіз оқылуы Теркен Хатунның және оған бағынышты түрік хандарының, дін адамдарының арқасында болатын. Сұлтанмен шешесі Теркен Хатунның арасындағы саяси күресте осыдан белгілі /90/. Теркен Хатунның тағы бір рөлі хорезмшах Мұхаммед мұрагерін таңдарда белгілі болды. Теркен Хатунның ықпалымен ол ең кіші баласы Озлақты мұрагер етіп сайлады. Теркен Хатун немерелерінен бұны ерекше өзіне жақын тартты. Себебі: Озлақ Теркен Хатуның рулас қыздаң туған болатын. Теркен Хатун хорезмшах сұлтанның анасы емес, сонымен қатар өзі шыққан қыпшақ тайпаларының қолдаушысы болды. Хорезмшах Мұхаммед тұсында ықпалы қарыштап өсіп сұлтанның бұйрығына бағынбаушылыққа дейін әкелді. Қыпшақ тайпаларынан шыққан қолбасылар тек Теркен Хатунның бұйрығына ғана бағынды /91/. Жувейниде Теркен Хатунның шыққан тегі түрік тайпаларының ішіндегі қаңлы тайпасынан дейді /92/. Ажемилер (зұлымдар) деп аталған бұл адамдар өте қатал жан ашу дегенді білмейтіндер деп келтірген. Бұлар қай жерге барса да сол жерді бұзатын болғандықтан халық оларды көріп қашатын болған. Олардың халыққа жасаған зұлымдықгары және езушілік әрекеттері, хорезмшах мемлекетінің әлсіреуіне әкеп соқтырушылар болып табылады дейді /93/.

өлең арабша.

Бір қауым бар екен, бес уақыт намазын артығымен орындаған,

Бірақ та Харем-и Шерин-те қажылардың қанын төгуден еш

тайсалмаған.

Теркен Хатунның жеке сарайы және өзіне бағынатын адамдарына болған. Сонымен қатар сұлтанның қазынасындағы қаржыдан білгенінше алып жаратуға мүмкіндігі бар еді. Жаңа аймақтар жаулап алынғанда сол жердің билеушілері қолға түссе оларды тез арады өлтіртіп отырған. Ол осыларды жасағанда «Алланың» адам баласының жасаған іс әрекеттерінің жазасын тек бұл дүниеде ғана емес о дүниеде де жазаға тартатынынан хабары жоқ сияқты істейтін болған.

өлең.

Не істесеңде зұлымдық және кәпірлік, дүние әрқашан уақыт

өткізбестен сенің есебіңе жазады /94/.

Несеви жазбаларында бұл әйелдің бірнеше құдайға құлшылық ететінін, қаншама ғибадатханалар салдыртсада қан төгуден еш бас тартпайтыныны туралы айтылған. Өз туыстарының беделіне сүйенген бұл әйел патшайым орталық билікті өз қолына алуда аянбай күш салған. Сол заманнан қалған бір аңызға сүйенсек 1216 жылы шешесінің шейхы әрі сүйіктісі болған Мажд ад-дин Бағдатты, хорезмшах Мұхаммед біліп қойып ашу үстінде оны өлтіруге бүйрық береді. Міне содан бері ана мен бала арасындағы талас тартыс осыдан басталған дейді. 1218 жылы Нишапурда Низа ул Мүлікті парп алды деп уәзірліктен алғанымен шешесінің бұйрығымен қайта уәзірлікке келуі, мемлекет басында екі адамның отыруы және біріне бірі бағынбаушылықгың әсері еді.

Хорезмшах мемлекеті өз ішінде осындай бүлінушілікпен жүріп жатқанда жақын бір болашақта мемлекеттің астаң кестеңін шығаратын күш ортаға шыға бастаған болатын. Хорезмшах Мұхаммед Дешті қыпшақ территориясына талай жорықтар жасап отырған /95/. Осындай жорықтардың бірінде 1216 жылы Қадыр-ханға қарсы жорығы кезіңде Ырғызға дейін жетіп, онда торғай даласында монғолдардан қыпшақтар еліне қашқан меркіттерді куып келе жатқан Шыңғысхан әскерімен мүлдем күтпеген жерде қақтығысып қалды /96/. Жүзжанидің осы қақтығыс туралы келтірген деректемесіне сүйенсек хорезмшах «солтүстік полюстің маңына жеткен, бұл жерде ылғи қараңғылық негіз алған, ал шыққан күн нұры бүкіл түн бойы арайлап тұрған». Жазғы кештердің түнді алмастырып тұруы тек биік жерлерде және тек жаз айларында болған. Мүмкін хорезмшах әскерлері солтүстік полюске жете қоймаған шығар, бірақ мұндай жазғы кештің түнді алмастырып тұрған жағдайды алғаш көрген жауынгерлер қатты таңданған. Бұл күбылыстың тек қана солтүстік аймақга 48 /30 болатынын жақсы білеміз. 48 /30 кеңістігі ырғыз өзенінің географиялық ауданына жатады. Осы маңнан хорезмшах өз әскерлерін тоқгатады. Өйткені олар өзеннің мүз басқан екінші жағалауына өте алмайды /97/.

Н.Н.Бартольдтың айтуынша бұл оқиға көктем айларында мұздық салмақ көтере алмайтын еріген кездерінде болған. Хорезмшах өз әскерін тек сәуір айында өзен мұз құрсауынан босаған шақта алып өткен, солтүстікке қарай бағыт алады. Хорезмшах Мұхаммедтің монғол әскерімен қақгығысы жаз айларында болған деп тұжырымдайды /98/.

Ибнул Есеридің айтуынша Мұхаммед әскері осы аралықты төрт ай мезгілде жүріп өткен дейді.

Екі өзен арасындағы қақтығыс.

Тобол өзенінің батысындағы Ақгөбе және Орынбор облыстарының 52 градусында, оңтүстік батысындағы Орал тауларының етегін, Мұхаммед әскерінің көздеген жері болатын. Құмақ өзенінің солтүстігіне Жарлы өзені келіп қүұды. Осы айтылған екі өзен XIII ғасырда Жувйнидің айтқан Қимач, Қайлы өзендері болса керек /99/ Осы өзендер аралығында 1216 жылы жазда монғол әскерімен хорезмшах Мұхаммедтің алғашқы қақтғысы болған. Монғол әскерлерінің қолбасшылары Сүбетей мен Жебе болған (Осы жорық кезінде кейбір тарихшылар Сүбетейдің қасыңда Жебе емес Жошы болған дейді).- Қайлы, Қимач өзендерінің арасында монғолдар мемркіттерді талқандайды. Бұл жерге кешқұрым келген хорезмшах Мұхаммед жаралы меркіттен монғол әскерінің соғыс алаңынан жаңа ғана кеткенін естіп, олардың соңынан куа жөнелді. Монғол әскеріне хорезмшах әскері келесі күннің таң алдында жетеді. Сол кезде монғол әскербасылары хорезмшахқа адам жіберіп өздерінің соғысуға шамалары жетпейтінін айтады және өздері жаулап алған меркіттерден түскен қазынамен тұтқыңдарды береміз дейді. Хорезмшах Мұхаммед өз әскерінің саны жағынан да күші жағынан да күшті екеніне көзі жетіп, олардың бұл ұсынысын қабылдамайды. «Шыңғысхан саған менімен шайқаспауды бұйырса, маған менің құдайым тілдестерді жойып құрметке бөленуді бұйырады» деді. Монғол әскерімен хорезмшах әскерлері Жарлы маңында кездеседі. Юаньши бұл жөнінде екі әскер арасындағы қақтығыс Хуилиөзені бойында болған десе, М.Маркварт қақтығысты Қайлы өзені деп көрсетеді. Соғыс бір күн бойына толастамайды. Екі жақ әскерлері де беріспейді. Хорезмшах Мұхаммед монғол әскерінің өжеттігіне, батырлығына осы соғыста тәнті болады. Кешке қарай монғол әскерлері артқа шегініп өзен жағасына демалады. Екі әскер арасын кішкентай өзен бөліп тұрады. Бұл өзен кәзіргі Құмақ өзені болса керек /100/. Мұны Жүзжани да куаттайды. Бұл өзендер туралы Н.Ф.Минорский  Ырғыз және Торғай десе,  Маркварт бұл шайқас Ырғыз өзенінің оңтүстігінде болған дейді. Ал Г.Е. Грумм-Гржимайло Ырғыз жағалауы деп жазады. Н.Н.Бартольд осы соғыстың дәл қай жерде болғаны туралы ашық айтпаған, тек соғыс Торғай даласында болған деп тұжырымдайды.

Хорезмшах пен монғол әскерлерінің мүлдем күтпеген жерден кездесіп қалды дегені енді сәл артықтау сияқты. Себебі: Хорезмшах Мұхаммед алғашқыда осы территорияға монғолдардың келмегенін білмеуі әбден мүмкін. Бірақ ол осы жерде қырғынға ұшыраған меркіт жауынгерінен істің мән жайын білді және өзі монғол әскерінің артынан барды. Мұны тек мен ғана айтып отырған жоқпын. Тарихшылардың жазған деректерінде осылай келтірілген. Міне сондықтан бұл соғысты күтпеген жерден қақтығысып қалды деу артықтау. Қалай дегеңде бұл соғыс хорезмшах Мұхаммедке қатты әсер етті. Н.Н.Бартольдтың пікірінше 1219-1221 жылдары хорезмшахтың мемлекетін шапқан кезде оның монғолдармен ашық майданға неліктен шықпаған себептерінің бірі осы болған деп келтіреді /101/.Ал бүдан әрі Хорезм-монғол қатынастары барған сайын шиеленісе түсті.

Қазақстан мен Орта Азияға жорық жасауға Шыңғысхан зор мән берді. Соғысқа ұзақ уақыт және мұқият дайындалды. Мұсылман көпестерімен монғолдарға қызмет еткен қашқындардан қарақытай мемлекетінен және хорезмшах мемлекетінің ішкі жағдайымен әскери күштері туралы мағлұматтар алынып, солардың негізінде ойластырылған іс-қимыл жоспары жасалды.

Шыңғыс ханның жеткен жеңістері туралы хабар Орта Азияда алуан түрлі пікірлер туғызды. Жебе ноянның 20 000 әскермен 1218жылы Жетісуда Күшлік әскерін талқандаған соң, монғолдармен хорезмшах мемлекетінің шекаралары тұстас болып шықты. Хорезмшах Мұхаммед Шыңғыс ханның қаншалықты күшті екенін толық біле алмауынан және 1215 жылы монғолдардың Қытайға жасаған жорығы кезінде Пекин қаласының алынғанына шүбә келтіріп, жағдайдың анық қанығын білу мақсатында Сейід Бахеддин бастаған елшілікті Шыңғыс ханға жолдады. Елшілер Шыңғыс ханға жеткен шақта Пекин қаласының алынғаны жайында хабар келеді /102/. Шыңғысхан елшілерді жақсы ілтипатпен қарсы алып өзін шығыстың, хорезмшах Мұхаммедті батыстың қағаны ретінде танып, араларыңда татулық болуын қалайтындығын айтты. Екі ел арасында сауда қатынасының жақсы дамуына, саудагерлердің екі жақтан қарсылықсыз келіп кетуіне баса назар аударды. Шыңғысхан саудагерлердің өз елінде жан-жақты қарсылыққа тап болмауына сөз берді /103/. Бұған керсінше Ала ад-дин Мұхаммедтің түп мақсаты саудагерлердің екі ел арасындағы сауда жасауы емес, Шыңғыс ханның беделінің қаншалықты екенін білу болатын /104/.

Хорезм елшілері қайтқанда Шыңғысхан оларға Хорезмдік Махмудты, Бұхаралық Али Хожаны және Отрарлық Юсуп Кендті қосып жіберді. Елшілер Шыңғыс ханның сәлемімен силықтарын хорезмшахқа табыстады. Силықтар Орта Азияда жасалған күміс кұйма, нефрит кесектері, киім кешек және ақ жүннен тоқылған такул болатын. Елшілер монғол ханының сәлемін былай жеткізді. «мен саған өз сәлемімді жолдаймын, мен сенің күшіңе және күшті империяңа тәнтімін, сенің жер бетіндегі ең үлкен территорияға хандық ететінінді білемін. Мен сенімен тек достық қатынаста болғым келеді әрі өзімнің сүйікті ұлымдай қараймын. Менің Қытайды жаулап алып және түріктерді өзіме қаратқанымды білесің, менің елімнің құмырсқаның илеуіндей әскерге толы және жерімнің күміс қазынадай бай екенін білесің. Мен сенің екі елдің сауда жағдайын өзара жақсартуына қарсылық жасамайтыныңа сенемін» деген сәлемін жеткізді /105/. Хорезмшах Мұхаммед өзін Шыңғыс ханның ұлым дегеніне ашулансада монғол елшісінен оның қарамағына кіруін немесе баласының әкесіне деген, інісінің ағасына деген қызметін қалай атқаруды сұрады /106/. Сұлтан елшілердің ішіндегі мұсылшман Хорезмдік Махмудты түнде өзінің жанына алдырып, оған өзінің сенім білдіретінін айтып және қызметі үшін ақысын телейтінін айтады. Одан Шыңғыс ханның мақсаты туралы шындықты айтуын және келешекте өзіне қажетті мәліметтер беріп тұруын сұрады. Өз сөзінің кепілдігі ретінде саусағыңдағы бағалы сақинаның бірін алып берді. Шыңғыс ханның Қытай елін жаулап алғаны рас па? деп сұрады. «Бұл сенімсіздік білдіруге жатпайтын жағдайлардың бірі» деп жауап берді.»- Хорезмшах Мұхаммед мақұл бірақ сендер менің басқарып отырған империямның зор екенін білесіндер ме? Мені өз баласына теңеген бұл қандай жан? Және оның әскерінің көптігі рас па? деп дейді. Хорезмшах Мұхаммедтің қатты ашуланғанын көрген елші «Шыңғысхан әскері сіздің әскеріңіздің жанында, қараңғыда көрінген болар болмас жарық сияқты» деп жауап береді /107/. Осы сөзден кейін сабасына түскен сұлтан екі ел арасындағы сауданың жақсы дамуына,. келісім шарт жасалады /108/. Шыңғысхан және туыстарының аттарын жамылған саудагерлер шығыс және батыста сауда жолының дамуына үлкен рөл атқарады. Келіп кеткен елшілердің барысында екі елдің қағандары жақын бір болашақта соғыстың болатынын сезетін еді /109/. Шыңғысхан бұл соғысқа қатты әзірліктер жасады. Бүған керсінше хорезмшах мемлекеті ешқандай дайындық жүргізбеді /110/. Хорезмшах мемлекетіне бағынышты саудагерлерден үш адам монғолдар жеріне жібек және қағаз, мата алып келді. Шыңғыс ханның алдына алып келген олардың бірі өзінің алып келген заттарына өте жоғары бағада ақы сұрады. Бұған ашуланған Шыңғысхан «Бұл бізді өмірімізде мұндай мата көрмеген деп тұр»  деп оған өзінің бұл жөніндегі мол байлығын көрсетуді бұйырды. Хорезмдік саудагерлердің әкелген заттарын тонауға алды. Сонан соң оның қасындағы жолдастарын алдыртты. Оларға алдын ала өздерін қалай ұстау керектігін айтып қояды. Олар әкелген маталардың бағасын айтпайды. Тек бұл маталардың монғол ханына тарту үшін  әкелгендігін айтады. Осы жауапқа риза болған Шыңғысхан олардың әкелеген маталарын және алғашқы жолдастарының заттары үшін де жақсылап ақысын беріп, бұлардың үшеуінде тамақтандырып, сый сияпат көрсетіп, бөлек үйге түскізді. Шыңғысхан өзінің нояндарымен әскербасшыларының адамдарын ақшамен қамтамассыз Орта Азиялық саудагерлерден Омар Хожа, Жамал Марағы басқарған 500 түиелі, монғол эансыздарын қоса есептегенде 450 адамнан тұратын үлкен керуенді хорезмшах мемлекетіне жібереді /111/. Рене Гроуссет бұл керуендегі адам санын 100 шақты деп келтіреді /112/.

Керуенде Шыңғыс ханның сұлтанға керуен жайыңда және жақсы тілектер айтқан хат жолдаған болатын. 1218 жылы Отрар каласына келген керуенді қыпшақ Қайырхан қабылдайды. К.д Оссон өз кітабында Қайырханды осы байлықтың барлығын өзім иемденсем деген арам ойға бой алдырып, керуендегілерді тұтқынға алады әрі хорезмшах Мұхаммедке бұларды Шыңғыс ханның жансыздары деп хабарлайды. Жувейни мен Ибнул Есирдің келтірген деректеріне сүйенсек ол кезде сұлтан Иракта болған. Қайырхан сұлтанға осы керуеннің тыңшылыққа келгенін хабарлайды. Хабарды алған хорезмшах олардың өлтірілуіне әмір береді /113/. Қайырхан әмірді орындап, қазыналарын сұлтанға жібереді. Алайда олардың ішінен біреуі қашып шығып болған бәрін Шыңғыс ханға хабарлайды. Сұлтан Ала ад-дин Мұхаммед жіберген елшілермен саудагерлер қай кезде келмесін тыңшылықпен келіп жүр деп тусінген және Отрардағы саудагерлердің өлтірілуіне әмір берген /114/. Шыңғысхан жаңадан тағы бір елшілік тобын құрып, хорезмшахқа жіберді. Бұл елшілікті Хорезмдік Ибн Кефрес Бұғрани және екі татар бастап келді. Шыңғысхан елшілікті жіберіп былай деді. Біз еліміздің ешқандай саудагерлеріне тиіспейміз деп келіскен едік, бұл іс өз қолыңмен істелмесе, қылмыстыны өз қолыма бер және керуендегі дүние мүлікті қайтар деп сәлем жібереді /115/. Хорезмшах Ала ад-дин Мұхаммед бұл талапты орындамағаны былай тұрсын, келген елшілерді де өлтіруге бұйрық береді. Бұл Шыңғыс ханның Хорезмге қарсы соғысына себеп болды.

М.Шахановтың Оңтүстік Қазақстан газетінде жариялаған «Отрар Қасыреті туралы жаңа дерек» атты мақаласында Отрардағы елшілердің өлтірілуіне Қайырхан және хорезмшах Мұхаммедтің ешқандай кіңәсі жоқ дейді. М.Шахановтың сүйеніп отырған дерегі 1842 жылы Ресей армиясының бас штабында генерал-лейтенант профессор М.И. Инанин «Монғол-татарлардың  және Орта Азия Халықтарының Шыңғысхан мен Темірлан кезіндегі соғыс өнері» деген тақырыпта баяндама жасаған. Бұл еңбек 33 жылдан кейін Санкт-Петербургкте тиісті орындар үшін 300 дана болып басып, құпия сақталған көрінеді. Осы баяндаманың жаңадан табылған қосымша бөлігінде, заманыңда Шыңғысхан қолданған тыңшылық барлау тәсілдеріне кең орын берілеген, осыған сүйене отырып академик Рустам Рахманалиевтің Москваның «Прогресс» басылымынан шығарған » түркілер империясы» атты 912 беттік еңбегі жарық көрді. «Н 1218 г. Чингисхан послал второй караван, роскошнее первого. Караван достиг границ Отрара и был уничтожен стражниками крепости. Возможно, необычайное долготерпение хана объясняется влияниеми его советника Елюй Чуцая, пытавшегося установить добрососедские отношение с Хорезма? Возможно. Однако по мнению военного историка генерел- лейтенента, профессора М.И.Иванина все обстоялоиным оброзом. И, прежде всего, долготерпение Чингисхана, объясняется хорошо продуманным провакационным ходам, дабы развязать войну с Мухаммедом Хорезмским. Что касается жестоких мер, предпринятых по отношению к дипломатичской мисси Чингисхана, то действительно при въезден Отрара, пограничным фортпост, весьимеющийся товар стражниками крепости был конфискован, а прочвивших неповиновение, н том числе Чингисхана подвергли уничтожению. Это каварная и жестокая расправа с караваном была запланирована и исполнена военной разведкой Чингисхана. Правитель Отрара Каирхан не совершал этого преступления. Летописцы характеризуют Каирхана как яркую, неординарную личность, спасобную зажечь собственным патриотизма народ»

Кейбір тарихшылар әскери барлау жұмыстарымен тыңшыларды пайдалануда және қарсыласына түрлі-түрлі арандату тәсілін қолдану шыңғысхан және Наполеон тұсыңда қатты дамығанын жазады. Тіпті өмірінің соңында өліміне жиналған мыңдаған тілектес адамдарды түгел қырғызып тастауға бұйрық берген. Шыңғыс ханның өз тапсырмасымен хорезмшах сұлтанына алтын, күміс, алуан түсті жібек маталар сыйға апара жатқан 450 саудагер бұйым болып па? Оларды әлгіндей жансыздары арқылы өлтірткізіп хорезмшах Мұхаммедке соғыс ашу үшін кінәнің барлығын Қайырханға жапқан деп келтіреді.

Шыңғысхан Бұғрани бастаған жүз елшімнің өшіне өш аламын, сарт ауылдардың сазайын тарттырамын деп жорыққа шықты /116/. Десекте Отрардағы саудагерлердің өлтірілуі сұлтан тарапынан болмай, Қайырханның өзі істегенде де оны Шыңғыс ханға бере алмайтын еді, хорезмшах Мұхаммед. Себебі: Қайырхан бұл орынға Теркен Хатунның ықпалымен отырған болатын. Сонымен қатар хорезмшах әскерінің қолбасшыларының көбісі Қайырханның тайпаластары болатын. Бұл қыпшақтар өз тайпаластарыы үшін жандарын беруге даяр болған. Оған дәлел келтіретін болсақ хорезмшах Текеш Қадыр Буке ханға жорық жасағанда, қол астындағы қыпшақ қолбасшылары өз тайпаластары жағына шығып кетіп, хорезмшах Текештің жеңілісімен аяқталған болатын. Міне сондықтн сұлтан хорезмшах Мұхаммед қалай болса да бұл талапты орындамаған болар еді. Ал бұан керсінше Абдулкерім Өзайдын осы істер барысында хорезмшах Мұхаммед тар түсінікте ойламағанда және Орардағы саудагерлердің өлтірілуіне байланысты, Шыңғыс ханның талабын орындағанда жағдай басқаша болар еді дейді /117/. Оның дәлелі Күшлікке қарсы күресін бтірмеген және Қытай, танғұгтарға жасалған жорығын бітірмеген Шыңғысхан, сырттан қарағанда өте куатты саналған хорезмшах мемлекетіне соғыс аша алмайтын еді дейді. Менімше бұл жорамал онша дәл келе бермейтін сияқты. Себебі: Шыңғысхан үш күн, үш түн аза тұтып бұл жорыққа қатты әзірлікпен кірісті.

Шыңғысхан хорезмшахпен соғысу үшін жинаған әскерінің санын ешкім дөп басып айта алмайды. Одақтастары Жетісу қарлұқтары және Шығыс Түркістан ұйғырларымен қосқанда 150 мың жауынгері болған /118/. Ислам тарихшыларының мәліметтеріне сүйенсек 150-200 мыңдай болған. Жорық 1219 жылдың қыркүйегінде Ертіс жағалауынан басталды. Сол кездегі деректерге сүйенсек, Шыңғысхан әскерін Ертістен Сырдарияға дейін бұрынғы жаулап  алушылар жүрген жолмен Жетісу арқылы жүрген.

 Хорезмшах әскерлері монғол әскерінен көп әрі куатты болған. Монғолдармен соғысу үшін жасалған мәжілісте баласы Жалал ад- динмен қолбасшылар Сырдария бойында монғолдарға ашық майдан жасау керек деген ұсыныс жасады /119/. Алайда хорезмшах Мұхаммед бұл ұсынысты қабылдамай соғысты Маураннахырда жүргізу керек деп шешті. Әскерін қалаларға бөліп-бөліп орналастырды. Өзі әскерінің басында тұруға жарамай Хорасанға кетті. Себебі: Шешесінің жанына жиналған түрік қолбасылардан қорыққан болатын. Осы жағдайлардың барлығы монғолдар үшін өте қолайлы болды. Қамалдарды бір-біріне қоспай жаулап алуға жеңілдік тудырды.

Шыңғысханның бірінші мақсаты осы соғысқа себепкер болған, Отрар қаласының билеушісі қыпшақ Қайырханды қолға түсіру болатын. Осы себептен 1219 жылы басталған монғолдар жорығы Ертістен басталып Жетісуды көктей отырып Отрар қаласын қоршады. Қаланы қоршаған әскер басылар Шыңғысханның балдары Шағатай мен Өгедей және әйгілі қолбасшылар Жебе, Сүбетей және Тонучарлар болатын. Қайырханда қаланы қорғауға өзінің 50 мың әскерін жұмылдырды. Қаража Қажып көмекке 10 мың әскермен келді. Әйгілі Парсы тарихшысы Жувейнидің «Жаханда жаулап алушының тарихы» атты кітабында, қала халқы бес ай бойы берілмей табандылықпен күрес жүргізіп, қалың жаумен айқасқан Отрар халқы ашаршылыққа ұшырады. Қайырхан бар күшімен күресті жүргізе берді. Қаража Қажып өз әскерімен «Солпыхан» қақпасынан шығып жау жағына шығып кетті. Өгедей мен Шағатай Қаража Қажыптан қала туралы мәліметтер алған соң, оны әскерімен бірге қырып салды. Монғолдар Қаража Қажыптың өз әміршісіне, халқына және отанына істеген опазыздығын ескеріп, ол бізге қалай опа бермек деп өлтірткен /120/. Монғол әскерлері қалаға осы қақпа арқылы кірген. Алайда монғолдар қалаға кірісімен Қайырхан бастаған 20 мың қорғаушыға тап болды. Отрардың алынуына тағы бір ай уақыт кетеді. Нәтижесінде Қайырхан тірідей ұсталып қала халқы қырылды және мал мүлікті талан таражға салып, қаланы жермен жексен етті. Аса аянышты жері Отрарда кітаптарымен бағалы ескерткіштерінің саны жағынан дүниеде екінші орын алған кітапхана өртеліп жіберілді /121/. Жошы бастаған әскер Сығанақ, Сауран, Баршылықкент, Жент, Үзкент қалаларын жаулап алды /122/. Сырдария бойындағы қалалардың алынуымен Маураннахыр территориясына жол ашылды. Маураннахырдың ең мықты қаласы Самарқандты жаулап алған Шыңғысхан әскерлерін бөліп хорезмшах мемлекетіне бағынышты қалаларды бағындыруға аттандырды. Балхта түрған сұлтан Ирактағы баласы Рукнед дин қасына барды. Алайда бұл жерде де ол монғол қуғынынан құтыла алмады. Содан соң Тус қаласына қашты. Монғол әскерлері әрбір аймақтарда жеңістерге жетіп, алға қарай ілгерлеуде болатын. Хорезмшах Мұхаммед Нишапур, Бистам жолымен Рейге келді. Хамадан аймағында Фаррезин қаласында 20 000 әскермен күтіп түрған баласы Рукнед динге қосылды. Мазасы кеткен сұлтан әскеріне жөндеп бұйрық та бере алмады. Девлетабад (Демавенд) аймағында монғолдармен болған соғыста жанын әзер құтқарып, Мазендран жолымен Каспии теңізінің оңтүстік шығысына жақын Абескун аралдарының біріне паналады. Осы жерде ауырып 1220 жылы осы аралда өлді /123/. Өлімінен аз күн бұрын хорезмшах Мұхаммед шешесі Теркен Хатунмен отбасының Илал қаласында тұтқынға түскенін естіген болатын. Сұлтан Мұхаммед өлместен бұрын Термез өзенінен өткеңде шешесінің және әйелдерінің Мазеңдран каласын паналауы үшін Хорезмге адамдарын жібереген болатын. Теркен Хатуын баласының бұрығын орындап сұлтанның әйелдерін алып әскерді хорезмге қалдырған болатын. Теркен Хатуын туысқандары мен немерелерін алып Уәзір Нассреддиннің көмегімен Дихистан жолымен Мазендранға жүрді. Мазендран қаласына келген сұлтан бұл жерде шешесінің және жақыңдарының өміріне қауіпті деп Ларижан және Илал қалаларына жіберді. Монғол қолбасшысы осы айтылған қалаларды қоршауға алды. Оның үстіне Илал қаласының үстінен әрқашан кетпей жаңбыр жауып қала тұрғындары судан таршылық көрмейтін еді. Алайда монғол әскерлері қаланы қоршағанда бір тамшы жаңбыр жаумады. Он бес күн қоршауда қалған Теркен Хатун сұлтанның әйелдері және Уәзір Насареддин су тапшылығынан амалсыздан қаладан шықты. Бұлар қаладан шыққан заматта аспанды бұлт торлап, найзағай ойнап жаңбыр жауа бастады.

өлең. Біз өлгенен кейін дүние теңіз болсын, не сағым болсын, біз үшін бәрібір /124/.

Монғол шапқыншылығы басталмастан бұрын Ала ад-дин Мұхаммед Теркен Хатунның және оның жақтастарының ықпалымен кіші баласы «Ебул Мұзаффар Кутб ад-дин» лақабын иемденген Ұзлақты тақ мұрагері тағайындаған болатын. Себебі: Ұзлақтың шешесі Теркен Хатунның руынан шықкан болатын. Теркен Хатуын Жалал ад-дин Менгубердиді жақтырмайтын еді. Хорезмшах Мұхаммед өлер алдыңда ең соңғы бұйрығын шығарды. Ол да тақ мұрагерлігіне байланысты болатын. Хорезмшах Мұхаммед мемлекетті қайта қалпына келтіре алатын және жаужүрек, ақылды деп санап баласы Жалал ад-динді тақ мұрагері етіп тағайындап, қалғандарының оған бағынышты болуын әмір етті /125/. Әкесінің өсиетімен монғолдар қарамағына өтпеген Хорезмге келгенде оның сұлтандығын танымады және монғол әскерлерінің жақындауы салдарынан, өзіне қарасты адамдарымен Хорасанға кетуге мәжбүр болды /126/. Артынан екі бауыры Ұзлақшахпен, Ақшақта Хорасанға келді. Ал Хорезмде қаңлы-қыпшақ тайпаларынан құрылған 90 000 мыңдық әскер Хумар Тегін деген қолбасшыны сұлтан деп жариялады /127/. Орта ғасырдағы атақты қалалардың бірі және Хорезмшах мемлекетінің астанасы болған Үргеніш төрт ай қоршалып 1221 жылы монғолдар қарамағына өтті. Үргеншггің монғолдар қарамағына өтуі өзін сұлтан деп жариялаған Хумар Тегін қақпаны ашып қаланы жау қолына тапсырды /128/. Ибнул Есирдің айтуынша монғоддар тоғанды ашып қалаға су жіберген. Бұдан ешкімде тірі құтыла алмаған және қаланың көрікті ғимараттарының барлығы қираған дейді. Осымен хорезмшах мемлекеті құлады. Ең соңғы хорезмшах сұлтаны Жалал ад-дин мемлекетті қалпына келтіру мақсатында монғолдарға қарсы ең соңғы тынысын алғанша соғысуға серт берді. Үргеніштің монғолдар қолына өтуімен Нишапурға келген хорезмшах Жалал ад-дин өзіне қарасты қолбасшыларға хабар жіберіп монғолдарға қарсы күресте жәрдем берулерін сұрады. Монғолдардың бұл аймаққа келуімен Жалал ад-дин Себзебарға жақын Кахире қаласына кетуге мәжбүр болды. Қаладағы қазынаның барлығын қоластындағыларға таратып берді. 1221 жылы Газне қаласына келді. Монғол әскерінің қолбасшылары Текежүқпен .Малхорды қырғынға ұшыратты. Бұны естіген Шыңғысхан Шики Құтлұқ ноян басшылығындағы әскерді хорезмшах Жалал ад-динге қарсы жіберді. Осы соғыста хорезмшахтың жеңісімен аяқталды. Алайда соғыс барысыңда түскен олжаны бөлу кезінде әскербасылар арасында түсініспеушіліктер пайда болды. Осы араздықты дер кезінде пайдаланған Шыңғысхан әскерімен Жалал ад-динге қарсы аттанды. Бұдан құтылу мақсатыңда хорезмшах Жалал ад-дин Синд өзенінен өтіп Үндістан жағына шығып кетпекші болатын. Алайда монғол әскерлері қуып жетіп 26 қарашада 1221 жылы қоршауға алды. Хорезмшах Жалал ад-дин әскерінің аздығына қарамай Шыңғысхан әскернің қақ ортасына шабуыл жасап монғол әскерлерін жусатып салды. Соғыстың Жалал ад-дин пайдасына шешілі бастағанын көрген Шыңғысхан өзіне арнайы бағынатын қуатты 10 000 әскерін соғысқа кіргізді /129/. Хорезмшах Жалал ад-дин шұғыл түрде шешесін және отбасын соғыс майданынан ұзақтатып өзіде әскерімен соғыс даласын тастап шықты. Шыңғысхан хорезмшах Жалал ад-динді қолға түсіру мақсатында Шағатайды Үндістанға жіберді. Дегенімен Шағатай хорезмшахты қолға түсіре алмады. Үндістан территориясында хорезмшах Жалал ад-динге Рана Шатра басқаруындағы үнді әскерлері шабуыл жасады. Соғыс нәтижесіңде Рана Шатра өлтірілді. Бұдан кейін Жалал ад-дин Девдата Усакун билеушісі Қабажаның қызымен саяси тұрғыда үйленді. Дели сұлтаны Шемс ед-дин Ұлтұтмышқа елші жіберіп өзіне қолайлы жер беруін сұрады. Хорезмшахтың бұл ұсынысын Шемс ед-дин қабыл алды. Осыдан кейін хорезмшах Жалал ад-дин Рай Кокар Санжиге елші жіберіп қызын әйелдікке сұрады. Рай бұл ұсынысты қабыл алып және баласын әскермен қамтамассыз етіп сұлтан хорезмшахқа жіберді. Бірақ Шемс ед-дин Ұлтұтмыш, Қабажа және Үндістан билеушілерімен келісім жасап, Жалал ад-динге қарсы әрекеттер жасай бастады /130/. Сұлтан Жалал ад-дин орнына Жихан Пехлеванды қалдырып 1224 жылы Үндістан территориясынан шығып кетті. Жихан Пехливан бірнеше жыл Шемс ед-дин және оның одақтастарымен күрестер жүргізуге тура келді. Алайда күрестен ешқандай нәтиже шықпаған соң 1230-31 жылдары Үндістанды тастап Ирак-ы Ажемге оралды. Жалал ад-дин Кирманға келгенде жергілікті билеуші Барақ Хажиб бағыныштылығын білдірді. Осы тұста бауыры Гияс ед-дин Пиршах Азербайжаңда, Арран, Ирак-ы Ажемде Салгурлық Сад бин Зенги билік жүргізіп түрған болатын. Жалал ад-дин Сад бин Зенгимен саяси келісім жасап оның қызымен үйленді. Гияс ед-дин Пиршахпен күрестер жүргізіп Акута аймағында ойсырата жеңді. Осы жеңілістен кейін Пиршах ағасына бағыныштылығын білдірді. Осыңдай жетістіктерге жеткен Жалал ад-дин осы жерде болған құрылтайда хорезмшах тағына отырды /131/. Иран территориясын түгелдей өзіне каратқан Жалал ад-дин Азербайжан территорияларына көз тікті. Азербайжан жорығы кезінде Мерага қаласы соғыспай берілді. 1225 жылы шілде айында Тебриз қаласын жаулап алды. Азербайжанды бағындырған хорезмшах енді Грузия территориясына жорыққа аттанды. Жалал ад-дин Грузия жерінде соғысып жатқан кезінде Тебриз билеушісі Низам ед-дин және бауыры Шемс ед-дин Туғрай көтерілістер жасады. Осыны естіген хорезмшах Тебризге оралып Низам ед-динді өлтірді. Бұдан кейін хорезмшах Хорасан уәзірі Орхаңды әскерімен Генже каласына аттаңдырды. Орхан Генже, Байлакан, Бердия Шенкир және Шизиді жаулап алды. Арран билеушісі Жемал ед-дин Кумми өз еркімен бағынды. Одан ары Грузия хандығын жаулап алу жолына түсті. Алғашқыда дипломатиялық түрде жүрді. Біраз уақыттан кейін тікелей өзіне бағынсын деп хорезмшах Желал ад-дин елші жіберді. Бұл ұсынысты Грузиялықтар қабылдамай тастады. Нәтижесінде 1225 жылы тамыз айында Кербиде болған соғыста Грузия хандығы ойсырай жеңілді. 1226 жылы Грузия жорығын жалғастырып Тибилиси қаласын жаулап алды. Осыдан кейін сұлтан хорезмшах Кирман каласына кетті. Қайтар жолында 1227 жылы тамыз айында Ани каласын қоршады. Әскерінің бір бөлігі Карс қаласын қоршады. Алайда Карс қаласын қоршаудан ешқандай нәтижелер әкелмеді. 1229 жылы хорезмшах Жалал ад-дин лори қаласын өзіне бағындырды. Грузия хандығының Армиян, Алан, Сабар, Лаз және қыпшақтардан құралған 40 000 мың әскер жинағанын естіді. Екі жақтың әскерлері Бетак көлі аймағында кездесті. Қыпшақ тайпасынан құралған әскерлер соғыс даласын тастап шықты. Сұлтан Жалал ад-динмен болған Грузия хандығы арасындағы соғыстың барысы, Грузия хандығын ауыр жеңіліске ұшыратты. Желал ад-дин хорезмшах 1224 жылы Аббаси халифы Насыр Лидин иллахтың қарамағына қарасты Хузистанға барып, қысты сол жерде жерде өткізді. Хорезмшах, Зия үл-мүлікті халиф Насырға елші етіп жіберді. Елші халифқа өздеріне жәрдем берулерін сұрады. Алайда халиф Насыр Жалал ад-диннің ниетін білетін болғандықтан бұл ұсынысты қабыл алмады. Осыдан кейін хорезмшах Тустер қаласын қоршауға алды. Бевазит каласы өз еркімен берілді. Халиф Насыр Жалал ад-динді Ирактан шығару мақсатында  Куш Тимурға 20 000 атты әскер беріп оған қарсы аттандырды. Алайда Куш Тимур әскері жеңілді, хорезмшах Жалал ад-дин Бағдатқа дейінгі жерлерге ойран салды. Осы кезендерді Артықоғылдары салжұқтар қоластынан шығып Мысыр Еюби мемлекетіне қараған болатын. Силван билеушісі ел Меликүл-Ешреф Мұса да салжұқ мемлекетімен арадағы қатынасын үзген болатын. Хорезмшахтың күшейуінен түркия салжұқ сұлтаны I Ала ад-дин Кейкубат үшін қауіпті бола бастады. Осының салдарынан Кейкубат, Мысыр Еюби мемлекетімен достық қарым-қатынастар орнатуға тырысты. 1225 жылы тамыз айында Жалал ад-дин хорезмшах азербайжан территориясындағы маңызды қаланың бірі Мерагиді өзіне қаратты. I Ала ад-дин Кейкубат және хорезмшах Жалал ад-дин екеуі бірігіп монғол шапқыншылығына қарсы одақ құруға бір-біріне хат жолдап отырғанымен, бұл достық ұзаққа созылмады. I Ала ад-дин Кейкубат Жалал ад-диннің монғолдарға қарсы тұра алмайтынына көз жеткізіп, достығын бұзды. Керісінше бұған хорезмшах Түркия салжұқ мемлекетін жойып, Анадолыны өзіне қаратпақшы болды. Осылайша 1230 жылы Ахлат қаласына жорық жасады. Бұған қарсылық ретінде I Ала ад-дин де Тибилиси қаласына жорық жасамауына және өзінің монғолдармен бірлескені жөнінде хат жолдайды. Егер бұл үсынысты қабылдамасаң саған қарсы әрекеттер жасаймын деді. Хорезмшах бұл талапқа құлақ аспай елшілерді куып жіберді. Нәтижеде Кейкубат Еюби мемлекетімен келісім жасап, хорезмшах жалал ад-динді Шығыс Анадолы территориясынан қуып шығаруға одақгасты. I Ала ад-дин және ел-Мүлікүл Ешрефтің өзіне қарсы бірлескенін естіген Жалал ад-дин Ерзурумнан, синасқа аттанды. Екі жақ әскерлері Яссышимен деген жерде кездесті. Соғыс басталған уақытта одақгастар әскерінің басым екенін аңғарған Жалал ад-дин соғыс даласын тастап шықгы. Алайда хорезмшах әскерлері көп шығынға ұшырады. Жалал ад-диннің бағалы киімдерімен қатар қазыналары салжұқтардың қолына өтті (1230 жылы, тамыз). Бүдан кейін хорезмшах монғоддардың өзіне қарсы шыққднын естіп Генже қаласына кетті. Бұл жерде жанын қүтқара алмайтынына кез жеткізіп ел-Жазира (Алжир) аймағына кетуге шешім қабылдады.

Арас, Елешкирт, Малазгирт, Хани жолымен Амид маңына 1231 жылы келіп тоқгады. Баргири-Ахлат жолымен келген монғолдар Дижле көпірі маңында хорезмшах Жалал ад-динге түтқиылдан шабуыл жасады. Әскері қырғынға ұшыраған хорезмшах Меяфаркын аумағына қашты. Сұлтан Жалал ад-диннің қалаи. өлгені жайыңда ешкім дөп басып айта алмайды. Сол кездегі аңыздардың біріне сүйенсек монғол әскерлері қуғанда тауға өрмелеп кеткен сұлтанды қашқындар (бұлікшілер) өлтірген десе, екінші бір аңыз Жалал ад-дин Амид тауына барып кешті өткізбек үшін күрке қүрады. Тау адамдары сұлтанның киімін алу үшін оны пышақтап өлтірген дейді. Алайда халық арасында сұлтанның сол кезде өлмегені, тірі екені әрі өмір сүріп жатыр деп сенеді. Халық арасындағы аңызды естіген монғолдар жылдар бойы хорезмшах Жалал ад-динді іздеп әуре сарсаңға түскен. Сұлтанның өлімінен кейін қолбасшылар Түркия салжұқ мемлекетіне, қалған бөлігі Сирия, Алжир аумақгарына бытырап кетті.

Қай заманда болмасын түрік мемлекеттері жалғасын тауып, мемлекеттігін құра алады деп ойлап, хорезмшах Жалал ад-дин өзін «Ұлы Салжұқ мемлекетінің» мирасқоры етіп қабылдаған. Жалал ад-дин түрік-ислам тарихындағы батыр және бахадүр сұлтандардың бірі болып табылады. Грузия және монғолдарға қарсы күресте, ислам әлемінде, исламды қорғаушы бір қаһарман ержүрек батыр болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

Бүгінде тарихымызды өткен олқылықтарын бүгінде толықтыратын уақыт жетті. Тарихтың ешқашанда өзгермейтін дәлелдейтін кезең болып табылады. Саналы адамзаттың және қоғамның мәңгілік ізгі арманы тілегі мақсаты тәуелсіздікпен тікелей байланысты.

Міне осы тәуелсіздігімізді алып көк байрағымызды желбіреткен шақта біз неге өз тарихымызда кеткен қателіктерді түзетіп енгізбескке. Сондықтан мемлекетіміздің тарихшылары хорезмшах мемлекетінің құрылуы жайында онша сөз қозғалмайды. Тек қана монғол шапқыншылығы тұсындағы тарихын ғана жазумен шектелген. Оның өзі де біраз талас-тартыс әркім әрқилы пікірлер айтуда. Мен осы жайттарға қарап отырып, қол жеткізген орыс тарихшыларымен, түрік тарихшыларының жазып шыққан еңбектерін отанымызда жазылған еңбектерді салыстыра отырып өзіндік пікірімді ортаға салып отырмын.

Әрине айтар болсақ ауызға ең бірінші хорезмшах мемлекетінің құрылуы және қандай және қандай әулеттен шыққан адамдар басқарды деген сұрақ өзінен — өзі туындайды. Міне тарихшылар осы жайтты өз пікірлері бойынша әр түрлі пікірлер айтуда. Менде сол тарихшылардың зерттеген еңбектерін толық зерттей алмасамда шама шарқымша зерттеп Ануштегин әулетінің түрік екені даусыз деп айта аламын. Бұл әулетті оғыз тайпасының Бегділі руынан шыққан дейді. Бұның өзіндік себептері де бар. Тарихтан белгілі айтып өткенімдей Ұйғырлармен оғыздардың Хорезм аумақтарына орналасуы және саяси билік құрулары, қаңлы тайпасының бой көрсетуі, қарлұқ тайпасының Маураннахыр территориясында қоныстануы және қыпшақтардың билігі, бұлардың барлығы осы аймақтармен тікелей байланысты болғандықтан әулеттің қай тайпаға жататынын дөп басып айту қиын.

Мен өзім тарихшылардың келтірген деректеріне сүйене отырып Ануштегин әулетін қаңлы тайпасынан шыққан деп тұжырымдаймын. Хорезмшах билеушілері саяси билігін нығайту мақсатында көшпелі тайпаларды өздеріне бағындыру жолы арқылы, екенін түссінеміз. Бұл жолда хорезмшах сұлтандары бар жан-тәнін салды. Бұл оқиғалар әсіресе хорезмшах Атсыз заманында орын алған Атсыз өзінің саяси билігін нығайту үшін қыпшақтарға шыққан болатын. Алайда Атсыз сол кезде салжұқтарға мемлекетіне бағынышты болатын. Сұлтан санжар Атсыздың бұл әрекетін өзіне бағынбаушылық және мұсылмандардың қанын төкті деп айыптап Хорезмге жорыққа шықты. Нәтижеде Санжар хорезмшах тағына жиені Сүлеймен бин Мұхаммедті тағайындады. Алайда Санжардың бұл жерден кетісімен Атсыз билікті өз қолына алды. Себебі: Атсыздың билікті өз қолына топтастыруында Үргеніш қаласының халқы көп жәрдемін тигізді. Өйткені сұлтан Санжар қала халқына үрдіс болып қалыптасқан жүйені ауыстырғаны қала халқына көптеген ауыртпалықтар әкелген болатын. Міне осыны дер кеіңде пайдаланған Атсыз хорезмшах тағына келген болатын. Билікке келген Атсыз қайта дербестігін жариялағанымен қайта салжұқтар бодандығына қарады. «жеті қат көктің жәңе жердің тәңірісі болған Алланың атымен мен мен болғаннан бері Санжардың қарамағында болайын» деп бағынштылығын білдірді. Бұл бағыныштылық ұзаққа созылмады. Себебі: Сұлтан Санжар мен қарақытай мемлекеті арасында 1141 жылы 9 қыркүйекте «Катван» соғысы болып Санжардың жеңілісімен аяқталған болатын. Атсыз осы сәтсіздіктерді пайдаланып тәуелсіздігін қайта жарялап, Хорасан территорияларына жорықтарын жасады. Нишапур қаласын 1142 жылы 28 мамырда «құтбе» өз атына оқытқан болатын. Сұлтан Санжар Маураннахырдан Тебризге қай жылы келгені айтылмаған. Қыркүйек айында Маураннахырдың қолдан шықканы және осы уақытта Атсыздың Хорасанға жасаған іс-әрекеттеріне қарағанда сұлтанның хорасанға келмегені көрініп тұр. Бұл уақытта санжардың Тебриз қаласында жаңа жасақтар құрумен айналысқан айтылады. Ибнул Есирдің дерегі бойынша қарақытай әскерінің Маураннахыр және маңызды жерлерде тұруы, санжардың Атсызбен соғысудан бас тарқан деп жорамалдайды. Алайда 1143/44 жылы Санжардың Хорезмге жасаған жорығының нәтижесінде Атсыз Хорасанда жасаған іс-әрекеттерінен түскен қазыналарды кері қайтаруға мәжбүр болды. Хорезмшах Атсыз 1156 жылы 30 шілде де 59 жасыңда Хабушан қаласында қайтыс болды. Атсыз ұрпағына «Сахри Түркістан және Жент» жерлерін қалдырды. Хорезмшах Атсыз Хорезмнің барлық жағдайын жасап, мұсылман әлемінде күшті мемлекетің қүрылуының негізін қалаған болатын. Хорезм шекарасы бойында кәпір түріктермен жүргізген соғыстары үшін «гази» лақабын алған.

Сұлтан Санжар өлгеннен кейін салжұқ мемлекеті өз тіршілігін жойып, оғыздардың талауына түсті. Қарахан мемлекті Маураннахырда аңызға айналды.» Тек саяси күш қарақытай мемлектінде ғана болатын. Хорезмшахтар салжұқ бодандығынан құтылғанымен қарақытай бодандығынан құтыла алмады. Хорезмшахтар бұдан құтылу мақсатында қыпшақ тайпаларымен туыстық қатынас жасап күш біріктіруді қолға ала бастады. Бұл саясат хорезмшах мемлекетінің күшін арттырып аяғынан тұруға көмектесті. Атсыздың өлімінен кейін баласы Ебул-Фетх ел-Арслан өзіне қарсы шыққан Инал-Тегін және Юсупты, бауырлары Қытайхан мен Сүлеймен шахты өлтіріп 1156 жылы 22 тамызды хорезмшах тағына отырды. Ел-Арслан 1156-1172 жылдар арасында 16 жыл ел басқарды. Осы кезең Атсыздың өмір бойына армандаған тәуелсіздік жолына түсті. Хорезмшах мемлекетінің нағыз «мемлекет» болып құрылу тарихы міне осы кезеңнен басталды. Қарақытай мемлекетіне берілетін салық өз уақтында төленбеуі салдарынан соғыс өрті тұтанды. Бұл соғыста хорезмшах әскерінің қолбасшысы қарлұқ тайпасынан шыққан Айғардың соғыста тұтқындалуы және хорезмшах әскерлерінің жеңілгенін күтпеген жеңілістің ауыртпалығын көтере алмаған ел-Арслан хорезмшах 1172 жылы 19 наурызда қайтыс болды. Хорезмшах ел-Арслан әкесінің өзіне қалдырған жерінен де көп жер хорезмшах мемлекетіне қосқанымен Атсыз сияқты саясаткер бола алмады. Сонымен қатар қарақытайларға берілетін салықтың ауыртпалығын балдарына жүк етіп қалдырды. Ел-Арслан өлгеннен кейін мемлекетте тақ-таласы басталды. Мұрагерлік жолмен Сұлтан Шах хорезмшах мемлекетінің тағына отырған болатын. Алайда бұның билігін Текештің танымауынан екі бауыр арасында соғыс басталды. Билікті өз қолына.алу -мақсатында Текеш, қарақытай мемлекетінен жәрдем сұрады. Бұл жәрдемі үшін жыл сайынғы салықгы артығымен төлеуге келісті. Текеш Фума басшылығындағы қарақытай әскерімен Хорезмге келді. Сұлтан Шахпен шешесі теркен Хатун оған қарсы тұра алмайтындарына көз жеткізіп, хорасанға қашып кетті. 1172жылы желтоқсан айында Текеш ешқандай кедергісіз кан төгіссіз Үргеніш қаласына кіріп, хорезмшах тағына отырды.

Текеш билігінің алғашқы жылдарында оған ел билеу оңайға соққан жоқ. Себебі: Сұлтан Шахпен шешесі Теркен Хатунның қарсылықтарына тап болды. Сұлтан Шах билікті қайтару мақсатында қолынан қолынан келгенін істеп бақты. Текешпен қарақытай мемлекетінің достығы ұзаққа созылмады. Хорезмшах Текешті өздеріне бағынышты етіп санаған қарақытай мемлекеті жылдық салықты жинау мақсатында Хорезмге жіберген болатын. Келген елшілік өзін басына сөйлегеніне ашуланған Текеш оларды өлтіруге бұйрық берді. Осы оқиғаны естіген Сүлеймен шах Гур сұлтанынан бөлініп дұшпаны Текешке қарсы қарақытайлармен бірікті. Нәтижеде карақытай әекерлері соғыспай кері қайтаруға мәжбүр болды. Хорезмшах Текеш Гур және Түркия салжұқ мемлекеттерін өзіне бағындырып оларға «әкелік» саясат жүргізді. Текеш Хорезмшах мемлекетін империя дәрежесіне көтерді. Сонымен қатар Аббасид халифаты да оның билігін танып «сұлтандығын» мойындаған хаттар жіберген. Хорезмшах Текеш 1200 жылы қайтыс болды.

Хорезмшах Текеш қайтыс болғаннан кейін орнына баласы Кутб-ад-дин Мұхаммед 1200 жылы 3 тамызда хорезмшах тағына отырды. Мұхаммедтің таққа отыруы 1197 жылы ағасы Мәлікшахтың өлімінен кейін заңды мұрагер болып шыққан болатын. Билігінің алғашқы жылдарында Хорасан территориясына көз алартқан Гур сұлтандары Шихаб-уд-дин мен Гияс ед-диннің және қыпшақ тайпаларына арқа сүйеген шешесі Теркен Хатунмен талас-тартыс үстінде өткізді. Қалай айтсақта хорезмшах Мұхаммед мемлекетінің территориясын кеңейткенімен әкесі Текеш сияқты ірі қайраткер бола алмады. Себебі: Монғол шапқыншылығы тұсында қателіктерге бой алдырмағанда «Отрар ойраны» және Орта Азиямен Анадолы территорияларында монғол шапқыншылығының зардаптарына ұшырамас еді. Хорезмшах Мұхаммед 1220 жылы Абескун аралында өлер алдында өзінен кейін мемлекетті бір арнаға салып, қайта қалпына келтіре алады деп тақ мұрагері етіп Жалал ад-динді тағайындады. Алайда Жалал ад-дин монғолдарға қаншама қарсылықтар көрсеткенімен мемлекетті бұрынғы қалпына келтіре алмады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

І.Қазақстан тарихы. І.т. А. 1996. «Атамұра». 7 бет.

2.Бұл да сонда. 8 бет.

З.С.М.Ахинжанов. «Кыпчаки в истории средневекового Казахстана» А. 1999. с.202.

4.Бұл да сонда. 203 с.

5.Н.Н.Бартольд. «Сочинения». Т.VII. М.1961. 387 с.

6.К.д Оссон. «От Чингисхана до Тамерлана» А. «Санат» 1996. 97с.

7.С.М.Ахинжанов. Кыпчаки в истории средневекового Казахстана. А.1999.204 с.

 8.З.М.Буниятов. Государство  Хорезмшахов-Ануштегинов, 1097-

  1. М. 1996. 12 с.

9.Н.Н.Бартольд. Сочинения . Т.VII. М.1961.387 с.

10.Қазақ ССР тарихы. А.1976.69 б.

11.Бұл да сонда 251 бет.

12.Бұл да сонда 251 бет.

23.Қазақстан тарихы. I том. А.1996. «Атамұра» .423 бет.

13.Бұл да сонда 251 бет.

14.С.М.Ахинжанов. «Кыпчаки и история средневекового

Казахстана». А. 1999. 210 с.

15.Н.Н.Бартольд. «Сочинения» . Т.VII. М.1961. 389 с.

16.Бұл да сонда 389 бет.

17.Бұл да сонда 72 бет.

18.3.М.Буниятов. Государство Хорезмшахов-Ануштегинов, 1097-

  1. М. 1996.27 с.

19.С.М.Ахинжанов.»Кипчаки в истории средневекового

Казахстана» . А. 1999. 213 с.

  1. 20. Бұл да сонда 213 с.

21.С.М.Ахинжанов. «Кыпчаки и история средневекового

Казахстана». А. 1999. 241 с.

22.История Узбекской ССР, I том. Ташкент.1967 г. 388 с.

23.Н.Н.Бартольд. «Сочинения». Т.VII. М.1961. 398 с.

24.Бұл да сонда 399 с.
25.Н.Н.Бартольд. «Сочинения». Т.VII. М.1961.400 с.

  1. 26. Бұл да сонда 401 с.
  2. 27. История Узбекской ССР, I том. Ташкент.1967 г. 388 с.

28.Н.Н.Бартольд. «Сочинения». Т.VII. М.1961. 404 стр.

29.Бұл да сонда, 405 стр.

30.Бұл да сонда, 405 стр.

  1. 31. З.М.Буниятов. Государство Хорезмшахов-Ануштегинов, 1097-
  2. М. 1996. 17 с.
  3. 32. Бұл да сонда, 18 стр.
  4. 3 Бұл да сонда 21 стр.
  5. 34. Бұл да сонда 25 стр.
  6. 35. З.М.Буниятов. Государство Хорезмшахов-Ануштегинов, 1097-
  7. М. 1996. 12 с.

36.Бұл да сонда 15с.

37.»История Бухары с древнейших времен до наших дней» Ташкент,2002

96 с.

38.К.Д Оссон. «От Чингисхана до Тамерлана». А. «Санат» 1996. 103 с.

  1. 39. Бұл да сонда 103 с.

40.Бұл да сонда 104 бет.

41.Бұл да сонда 104 бет.

42.Бұл да сонда 105 бет.

43.С.М.Ахинжанов. «Кыпчаки в истории средневекового

Казахстана» . А. 1999. 227 с.

44.Қазақстан тарихы. I том. А.1996. «Атамұра» .425 бет.

45.Бұл да сонда 425 бет.

46.С.М.Ахинжанов. «Кыпчаки в истории средневекового Казахстана». А. 1999. 232 с.

47.Н.Н.Бартольд. Монғол шапқыншылығына дейінгі Түркістан. А.1998.436 бет.

48.Бұл да сонда 436 бет.

49.С.М.Ахинжанов. «Кыпчаки в истории средневекового Казахстана». А. 1999.234 с.

50.Қазақстан тарихы. I том. А.1996. «Атамұра» .441 бет.

51.К.д Оссон. «от Чингисхана до Тамерлана». А. «Санат» 1996. 110 с.

52.Бұл да сонда 111 с.

  1. 53. Қазақстан тарихы. I том. А.1996. «Атамұра» .443 бет.

54.Бұл да сонда 448 бет.

  1. 55. Бұл да сонда 448 бет.

56.Нығмет Мыңжан. «Қазақтың қысқаша тарихы» 196 бет

57.Бұл да сонда 197 бет.

58.Қазақстан тарихы. I том. А.1996. «Атамұра» .443 бет.

59.М.Сұлтанғазыұлы. «Монғолдардың қүпия шежересі» 156 бет.

60.Қазақ ССР тарихы. I том. А.1972.129 бет.

61.История Узбекской ССР, Ташкент, 1984.422 с.

62.Вамбери Т. История Бухары или Транссаксонии с древнейших времен до настоящего. Т. 2. М,. 1993. 228 с.

  1. Бұл да сонда. 229с.

64.Газиз Г. История татар. Сост., пер. с татарск. С.Г. и А.Х.Губайдуллиных. М., 1994. 198 с.

65.Горелик М.В. Основные этапы военного дела кочевников Евразии в древности и средневековья (Историко-культурные контакты народов алтайской языковой общности. / Тез. Докл. 29-и сессии. Постоянной международной алтаист. конф.) Гл. ред. В.М.Солнцева. М., 1986. С. 22–23.

66.Гумилев Л.Н. Древняя Русь и Великая Степь. М., 1989. 764 с.

  1. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Государста и народы евразийских степей; Древность и средневековья. СПб., 2000 , 320 с.