АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. -Шетелдегі түрік диаспорасы

Мазмұны

 

Кіріспе…………………………………………………………………………….

 

І. Тарау. Шетелдегі түрік диаспорасының қалыптасу тарихы.

1.1. Ресей жеріндегі түріктердің тарихы………………………………

1.2. Европа елдерінде түрік диаспорасының қалыптасуы……

1.3. Түрік диаспорасының ұйымдары мен қоғамдары және оның ықпалдылығы……………………………………………………………………

 

ІІ. Тарау. Еуропадағы түрік диаспорасының белсенді тұлғалары.

2.1. М.Шоқайдың өмірі мен қызметі…………………………………..

2.2. Зәки Валидидің қоғамдық қызметі……………………………….

2.3. Баймырза Хайттың қоғамдық қызметі………………………….

 

Қорытынды……………………………………………………………………..

Пайдаланған әдебиеттер мен сілтемелер………………………

 

Кіріспе

 

1983 жылдан бері статистика мен демография ғылымында түркі тілдес халықтардың жалпы саны мен орналасуы және өсу барысы жан-жақты сараланып, ғылыми тұрғыда тиянақты есептелетін. Осы жылдардың аралығында (1983-2000) түркі жұрты, жылына орта есеппен 2,4-2,7% өсіп, сапа жағынан тағы да дами түсті. Өткен замандарда көшпелі қауымның негізін түзген түркі халықтары қазіргі кезде жер жүзі тұрғындарының отыздан бір бөлігін құрап, әлемдік тарихта өзіндік орынға ие болып келе жатыр, 1999 жылдың аяғында 6 миллиардқа толған адамзат баласының жалпы санының 2,6 процентін құраса, ал өзі тұрған Еуразия алып континентті тұрғындарының 4 процентін құрады. Ал таралып-қоныстану жағынан, яғни орналасу ареалы жағынан біртұтас Еуропа мен Азия құрылығында ең көп  тараған славяндармен қатарлас келеді.

Кең байтақ алып Еуразияда түркі тілдес халықтар жайыла орналасуы жағынан алдыңғы орындардың бірінде. Олардың қоныстанған аймағы солтүстік-шығыста, сонау Солтүстік мұзды мұхиттан басталып, (Якутия-долғандар), оңтүстік батыста Босфор шығанағынан ары асып, Балқан түбегіне ) дейінгі, шамамен 15-16 миллион шаршы шақырым жерді алып жатыр. (Қытайлардың қоныстану ареалынан 1,5 есе кең). Осы XX ғасырда олардың ішінде тәуелсіз тек бір мемлекет – Түркия ғана болды, ал қалғандарында өз алдына дербес мемлекет, егеменді ел болмады. Түркі халықтарының Солтүстік мұзды мұхит пен қиырдағы Тынық мұхиттан Босфор мен Балқанға және Днепр мен Дунайға дейінгі аралықты алатын, осындай кең-байтақ территорияда, тарих пен табиғат бірлесіп жасаған біртұтас көшпенді белдеуін отаршылдар Оңтүстік Сібір мен Солтүстік Қазақстан, Орал өңірі мен Еділ бойы және Солтүстік Кавказ (Қаптау) мен Қиыр шығыста бірнеше жерден күшпен үзіп жіберді. Қырымдағы түркілік иіс мүлдем құрыды.

Мұндағы бірден-бір  негізгі ұйытқы – Түркия мемлекеті. Шамамен VІ-VII ғасырларда Сыр мен Әму бойынан кеткен түркі тайпалары – Кіші Азияға ауып барып, үлкен империяға айналған мемлекет құруы түркілер үшін еуропалықтардың Америка құрылығын ашуымен пара-пар ғаламат оқиға. Олардың жаңа мекендеріне ата жұрттың дәстүрлі жер-су атауларын да алып барғаны таңқаларлық. Қазіргі Түркияның оңтүстігіндегі қос бұрымдай екі өзен – Жейхұн жене Сейхұн деп аталады. Оларда да Ұлытау – Ұлудағ бар. Ал, Стамбұл Еуропаға «ислам бол» деген бұйрық, өктем сөзден шыққан сөз.

Түркі әлемі өзінің жер көлемі жағынан (250 млн. Халқы, 20 мемлекеті бар), көршілес араб елдерінен алда тұр. Араб әлемі 10 млн. Шаршы шақырым болса, ал түркі әлемі 15 млн. Шарашы шақырымға жайылып жатыр. Сол сияқты көрші парсы жерінен сан жағынан екі есе, жер жағынан төрт есе кең. Ал, 275 миллиондық славян әлемінен әзірге халық саны кем болғанымен, демографиялық өсу қарқыны жағынан анағұрлым басым.

Түркі тілдес халықтардың ежелдік қалыптасқан, тұрақ еткен мекені Еуразияның дәл кіндік ортасы, атап айтқанда Орталық Азия-Қазақстан мен Орта Азия, Шығыс Түркістан мен Оңтүстік Сібір, Еділ бойы мен Орал өңірі және Солтүстік Ауғанстан мен Батыс Монғолия (10 млн. Шаршы шақырым). Бұл жерлерде қазір түркі тілдес ұлттар мен ұлыстардың жартысына жуығы тұрып жатыр. [1]

Шет елдегі қазақ диаспорасының қалыптасуы мен дамуына мынадай аспектілер тән: саяси (18-19 ғасырларда болған ұлт-азаттық көтерілісі мен патша самодержавиесіне қарсы соғыс), экономикалық (шаруашылық жүргізудің дәстүрлі жүйесінің бұзылуы орыс колонизаторларының құнарлы жерлерді тартып алып, орныққан жерлерінен ығыстыруы, Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдары экономиканың құлдырауы), діни (мұсылман қайраткерлерін қудалау, мешіт пен медреселерді жабу).

«Қазақ диаспорасының тарихи тағдырлары» атты кітаптың авторы Г. М. Меңдіқұлованың пікірінше диаспора мен ирредент түсініктерін бір-бірінен айыра білуіміз керек. Қазақстанмен көршілес Ресей аумақтарында (Астраханъ, Орынбор, Қорған, Омбы облыстары), Өзбекстанда (Сырдария, Шыршық, Қызылқұм, Мырзашөл аудандары) және Қытайда (ШУАР-дағы Алтай, Тарбағатай, Іле, Құлжа, Еренқабырға, Баркөл-Құмыл аудандары) өмір сүріп жатқан қазақтарды «диаспора» терминімен бөлектеуге болмайды, өйткені олар өздерінің тарихи аумақтарында тұрып жатыр. Сондықган тұрғындардың бұл тобы «ирредент» терминімен анықтауға жатады.

Бұрынғы КСРО-дағы одақтас республикалар бір-бірінен бөлектеніп, тәуелсіздік алып кеткеннен кейін қазіргі кезде мемлекеттік шекараларды қайта қарап, ол жерлерді қайтару жайлы мәселе қойылып отырмағандығы өз-өзінен түсінікті. Жоғарыда айтылған пікірді тарихи өткен кезеңге байланысты деп карау керек.

Толық емес мәліметтер бойынша қазіргі кезде Ресейде 1 млн. 310 мың этникалық қазақтар тұрып жатыр. Олардың 70 пайызы селолық жерлерде ғұмыр кешуде. Жоғарыда айтылып өткендей, біздің отандастарымыздың көіпшілігі Ресей Ферациясның Қазақстанмен шектесетін 12 субъектісінде, атап айтқанда Алтай өлкесі мен Алтай республикасында, Астрахань, Орынбор, Самара, Қорған, Челябі, Омбы, Саратов, Волгоград, Новосібір және Тюмень облыстарында тұрады.

Дегенмен, Ресейден оралу процесі ақырын жүріп жатыр. Негізгі себеп олардың Мәскеудің аз халықтарды орыстандыру саяысатына бой алдырғандарында болып отыр. Олардың көпшілігі ана тілдерін ұмытқан және этнос ретіндегі ұлттық мақтаныштарын, өздерін ұлт ретінде сезінулерін жоғалтқан.

Ресейде бірде қазақ орта мектеп, қазақша республикалық газет-журнал шықпайды.

Қазақ диаспорасы ТМД мен Балтика мемлекеттерінде де өмір сүріп жатыр. Ол бұрынғы Кеңес одақ ішіндегі ішкі көші-қон процестерінің нәтижесінде қалыптасқан. Олардың тұрмыс-тіршілігі жергілікті халықтың жағдайымен бірдей. Жерлестік және мәдени орталықтарды құру диаспора өкілдерінің аздығына байланысты ұлттық белгілерге қарап емес, этнодіни белгілерге қарап (түркі тілдес ұлттар, мұсылман қоғамдары, т.б.) жүргізіледі. Бұл ортада елге көші-қон жасауға белсенділік байқала қоймайды.

Батыс Еуропа елдеріндегі (негізінен ГФР, Франция) қазақ диаспорасы Түркиядан басталған еңбек миграциясы «толқынында» пайда болды. Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың бақуаттылығы мен сол елдердің тұрмыс-тіршілігіне бейімделген менталитет оларды Еуропадан көшуге асықтырар емес. Соңғы жылдары АҚШ- қа біраз жас қазақтар жұмыс, оқу іздеп қоныс аударды, әсіресе қыз –келіншектер.

Басқа елдердегі қазақ ұлтының өкілдері сандарының аздығына байланысты жергілікті халықтарға жартылай сіңіп кеткен.

Болашақта әлемдегі қазақ этносы қалай дамиды, шетелдегі қазақ диаспорасы Қазақстанға оралып мықты ел құрама? Сол мәселені бүгінен бастап Өкімет, қоғам – жұртшылық болу ойлауымыз керек.

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Диаспорология ғылымының дамуына негіз болған дүниедегі диасиоралардың қалыптасуының ерте, орта, жаңа, қазіргі замандардағы дамуының тарихи кезеңдерінен байқағанымыздай, этностар сонау ертеден бастау алатын тайпааралық текетірестердің, ұлтаралық қақтығыстар мен жаулап алу соғыстарының тағы басқа алуан түрлі құбылыстардың әсерінен ұлттық келбетін жоғалтып, үстем этностарға сіңісіп, жоғалып этномәдени ассимиляцияға ұшырап отырған. «Белгілі бір этностың өз генофондын, мәдениеті мен салт-санасын (менталитет) тілі мен дәстүрлерін дамытуға, өркендетуге және ұдайы жаңғыртуға толық мүмкіндік алатын өзіндік табиғи ортасын этникалық кеңістік дейміз». Этностарды өзінің этникалық кеңістігінен, яғни ата-мекенінен басқа этнодиаспоралық кеңістіктерге қоныс аударуға мәжбүр ететін диаспоралардың қалыптасуын бейнелейтін құбылыстар болады. Бұл құбылыстар ұлтаралық дау-жанжалдармен тығыз байланысты.

Әлеуметтік қақтығыстар мен дау-жанжалдар туралы (конфликтология) ғылымның негізін салушы немістің көрнекті әлеуметтанушысы Г.Зиммель болды. Ғылыми жүйелерін жасауға К. Маркс, М. Вебер, Э. Дюркгейм, философиялық-психологиялық тұжырымдарын жасауға З. Фрейд, Э. Фромм және т.б. ат салысты. [2]

Зерттеу жұмысының тарихнамасы. КСРО-ны мекендеитін халықтардың тізімін жасау қажеттігі болған кезде назар аударылды. «КСРО-да «диаспера ұғымы ең қатерлі ,ең қажетті проблема екеніне күманы жоқ, халықтардың санасында «Этникалық Отан ұғымы кеңістікке берікбекіп ,нақты көрніс тапты.Ресейдегі диаспералар туралы әбден,жеткілікті айтуға болар еді-дейді. Сол кездегі бұл құбылыстарды бенелетін ұғым ретінде «этнолингинтік қауымдастық , «этногрфиялық топ (Чебоксаров Н.И., Чебоксарова И.А.), «негізгі этникалық бөлшектер деген еңбектері жарық көрді.   

Жұмыстың зерттеу мақсат: ХХ ғ. бірінші жартысында өткен тарихты зерттей отырып бүгінгі проблемаларын халықаралық қауымдастықтар деңгейінде шешуші қажеттіліктерге назар аудару.Қазіргі диаспорамыздың қиын мәселелерін тек мемлекеттік егемендігіміз, ұлттық мүдеміз халықтық бірлігіміз тұрғысында ғана қажет болып отырған жоқ. Ол әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, өткенннің қатесін түзеу, адам құқығын қорғау сияқты біздерге өте қажетті іс.

Зерттеу міндеттері: Осы тұрғыдан мынадай мәселелерді зерттеуді міндет етіп қойдым:

—    Еуропа елдерінде түрік диаспорасының тарихын зерттеу.

—     Ресей жеріндегі түріктердің тарихын зерделеу.

— Түрік диаспорасының ұйымдары мен қоғамдары және оның ықпалдылығын анықтау.

Еуропадағы түрік диаспорасының белсенді тұлғалары ретінде

— М.Шоқай

— З.У.Тоған

—  Б.Хайттың қоғамдық қызметі мен өміріне талдау жасау.

Қазіргі заманғы этномәдени үрдістер тереңдей түскен сайын жаһандану құбылысының бет-бейнесі айқындала түсуде. Қазіргі кезде өзінің тарихи отанында отырған халықтардың этномәдени дамуына айтарлықтай әсерін тигізе бастаған жаһандану үрдісі кезінде өзінің ата-қонысынан, яғни тарихи отанынан жыраққа өмір сүретін диаспоралардың атап айтқанда, біртұтас қазақ халкының құрамдас белігі, дүниеге шашыраған қазақ диаспорасының әлеуметтік мәдени болмысы қандай күйде болуы мүмкін? Жаһандану үрдісі кеңістікте берік бекіген сайын диаспоралардың жергілікті үстем этностарға сіңісу қауіпі белең алып отырғандығы белгілі. Дегенмен, бұл әлі басы ашық күрделі зерттеулерді қажет ететін мәселе.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Тарау. Шетелдегі түрік диаспорасының қалыптасу тарихы.

 

1.1. Ресей жеріндегі түріктердің тарихы.

 

Бүгінгі Ресейде әр түрлі деректер бойынша 800 мыңнан 1 млнға жуық этностық қазақтар тұрады. ТМД елдерінде 1 млн. 815 мыңдай қазақ болса, соның 40 пайызы ресейліктер деген дерек бар. Олардың басым көпшілігі Ресейдің Қзақстанмен шектес аймақтарында, атап айтсақ Алтай Республикасында, Астрахань, Орынбор, Самара, Қорған, Челябі, Омбы, Саратов, Волгоград, Екатеринбург, Новосібір, Тюмень және басқа облыстарында тұрады. Мәскеу мен Санкт-Петербург қалаларында 10 мыңдай қазақ өмір сүріп жатыр.

Ресей қазақтарының 70 пайызына дейіні ауылдық жерлерде тұрады. Мысалы, Орынбор облысында 197474 қазақ бар. Облыстың Адамов ауданы тұрғындарының — 31,2, Ақбұлақтың — 24.4, Белясевтің — 23, Домбаровтың — 41.5,    Первомай ауданының — 22,3, Соль-Илецкінің (қазақ Тұзтөбе дейді) — 22,5, Ясный ауданының — 52,2 пайызын қазақтар құрайды. Орынбор облысында бізше айтқанда 1 аудан әкімі, 24 селолық әкім, 1 аудаңдық білім бөлімінің, 1 мәдениет бөлімінің меңгерушісі, 1 облыстық депутат, 114 мектеп директоры, 74 қала және аудан әкімшіліктерінің қызметкерлері, 1 аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, 1 аудаңдық прокурор, 38 ауылшаруашылық   ұжымдарның жетекшілері қазақтар.

Диаспора — қырық құрау, ұлттық тарихи отанынан тыс жерде тұратындардың кездейсоқ бірлігі емес. Сондай-ақ оны жарғыға негізделген ұйым деуге де болмас. Диаспора — ортақ мүдделерімен айқындалып тұрған, ұйымдасқан, тұрақта қауымдастық ондай анықтамаға жүгінудің басты себебі — шет елге қоныс аударған ұлт өкілдерінің ұлттық саны мен сапасы бірдей емес. Ресейдің қазақ жастарының арасында ұлттық ассимиляцияға ұшырап, ұлтсызданған, қазақ ұлтына орыс көзімен қарап, орыс өлшемімен баға беретіндер баршылық. Ондай нигилистер бүгінгі қазақстандық қазақтардың арасында да бар, ал ресейлік қазақтардың арасыңда молырақ. Шет елге қоныс аударуына қарамастан, ұлттық идея төңірегінде топтасқан, ұлттық келбетін сақтауға мүдделі қазақтарды диаспора дейміз. [3]

Орыстандыру саясаты оларды бір қалыпқа салып, бір тілге, мәдениетке мойынсунуға итермелесе де, көп жағдайда ол саясат кері ықпалын тигізіп, ұлттық сананы оятып, ұлттық топтың өзін дербес этностық топ, диаспора болып сезуіне итермеледі. Қазақтар жұбын жазбай, іргелес қоныстану дәстүрін сақтауға да тырысады. Астрахань облысы қазақтары ауылдық жерде 78 қазақ, 121 — қазақ-орыс, 4 — қазақ-татар, 2 — қазақ ноғай, 5 — қазақ-чешен, 5 — үш үлтты елді мекендерде тұрып жатыр. Ал Омбы облысындағы 44 ауылда бірыңғай қазақтар қоныстанған.

Ресейдегі қазақ диаспорасы Ресей — Қазақстан қатынастарын — халықтар достығын нығайтуға өз үлесін қосып келеді. Бүгін еліміздің экономикасы қарқындап дамып келе жатқан тұста, мемлекетіміз диаспораны мәдениет, білім, ана тілін қолдау саласында, сондай-ақ этностық қазақтардың еркіне сәйкес тарихи отанына оралуына мүмкіндік жасай алады. Соңғы жылдары Санкт-Петербург, Астрахань қалаларында Бас консулдықтар ашылды, енді Омбы және Самара қалаларында да ашылу жоспарланып отыр. 2005 жылдың қаңтар айында Президент Н.Ә.Назарбаев Мәскеу қаласында қазақ диаспора өкілдерімен кездесіп, олардың мұң-мұқтаждарымен қатар, Ресей мен Қазакстан арасыңдағы мәдени, ғылыми-техникалық және іскерлік байланыстарды дамыту барысында диаспораның алатын рөлі жөнінде де пікір алмасты.

Ресейдегі қазақ диаспорасы бүгін ұлттық ұстанысы жағынан біркелкі емес, күрделі. Қауымдастықтың этнопсихологиялық тұрғыдан бағыты екі ұшты: тарихи отаны мен бүгінгі қоныстанып отырған мемлекетінің, өз ұлты мен араласып отырған ұлттық ортаның проблемаларын басынан кешіруде. Олар өздерінің қазақстандық қазақтардан «өзгеше» екендігін біледі, себебі олар диаспораның екінші, үшінші ұрпағы, орыс тілін, мәдениетін жақсы игерген. Бірақ орыстардың оларға қазақ ұлтының өкілі, жағдай туса тарихи отанына оралатын мүмкіндігі барлар ретінде қарайтынын да терең сезінеді. Сондықтан олар Ресей мен Қазақстанның аралығынндағы көпірдей. Олардың арасында не Қазақстанның, не Ресейдің азаматтығын таңдамағандар әлі жоқ емес, тіпті совет азаматтарымыз деушілер де жасы елуден асқандардың арасында баршылық. Ал ондайлар қазақстандық орыстардың арасында тіпті көп.

Қазақстан Республикасының Ресейдегі елшілігінің ақпараты бойынша, қазақ диаспорасын алаңдатып отырған мәселелер мынандай:

— Қазақстанмен мәдени-гуманитарлық байланыстар;

  • Қазақстан бизнес құрылымдарымен серіктестік, экономикалық ынтымақтастық қарым-қатынастар;
  • қазақ диаспорасы шоғырланған Ресей аймақтарында консулдықтар ашу;

мәдени-гуманитарлық мәселелер төңірегінде диаспора өкілдерінің талаптары әр түрлі:

мәдени-ұлттық-автономиялар мен орталықтарға қаржылай-заттай көмек;

шекараға жақын аймақтарға теле-радио хабарларын, қазақ тіліндегі баспасөзді жеткізу;

диаспора өкілдерінің жастарына Қазақстан жоғары оқу орындарынан арнаулы орын бөлу;

Қазақстан театрлары мен белгілі өнер қайраткерлерінің гастрольдерін ұйымдастыру;

  • жазушы, ақын және мәдениет қайраткерлерімен кездесу;
  • бірлескен Қазақстан Ресей жоғары оқу орындарын ашу;

— кітапханаларды қазақ тіліндегі көркем әдебиет және оқу-методикалық әдебиеттермен қамтамасыз етуге көмек;

— диаспора өкілдерінің балаларын Қазақстан жеріне қазақы тілді ортаға бейімдейтін жаздық демалыс ұйымдастыру.

Ресейдің кейбір облыстарында қазақ басқа да этностық диаспора өкілдерінің санын тым асыра көбейту арқылы, мысалы, Волгоград облысындағы 42 мың қазақтың санын 60-80 мыңға жеткізіп, «аймақта демографиялық экспансия бар, бөтендер маңызды позицияны өз қолына алып жатыр» деп халықты қорқытып-үркіту де орын алып отыр. Экстремизмнің тарауын православие дініндегілер мұсылмандардан көруге әуес. Тіпті «іргелес мемлекеттер орыстарды ығыстыру үшін әдейі мұсыдмандарды Ресейге қоныс аударуда» деп кінә тағу жиі кездеседі.

Әр аймақтағы саяси биліктің қоғамдық пікірге, саяси күштер мен әлеуметтік ахуалға, сондай-ақ федералдық, орталыққа алаңдауы ұлттық саясаттың іс-қимылын шектейді. Дегенмен басты мақсат — диаспоралар мен билік арасындағы қатынастарды реттеу болып отыр. Ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз етудің басты жолы — диаспоралардың этномәдени өзіндік ерекшеліктерін сақтау. Федерация субъектілері заңдары бойынша ұлттық-мәдени саладағы мұқтаждықтарын диаспоралар өзінің қоғамдық бірлестіктері арқылы жүзеге асырады. Заңдарда диаспораның ұлттық мәдени құқын қолдау жолдары да қарастырылған. Мемлекеттік органдарда ұлттық қоғамдық бірлестіктерді білім, ақпарат, мәдениет салаларындағы іс қимылдарын қолдауға, оларға бюджеттен түсетін салық пен басқа да төлемдерден жеңілдіктер беруге, ғимараттарды жеңілдікпен жалға алуға жағдайлар қарастырылған. Өкінішке қарай, заңдардың бұл баптары бюджет заңымен үйлеспегендіктен жүзеге аспай, олар сөз жүзінде қалып отыр.

Ал Астрахань облысы мен Самара облысының заң шығару органдары ұлттық-мәдени қауымдастықтарға қаржылық, ғимараттарды пайдалануға, бюджеттен төленетін салықтардан жеңілдіктер жасап, диаспоралардың мәдени әлеуметін дамытуға арналған бағдарлама қабылдаған. Ол бойынша диаспоралардың мәдени дамуын 98,9 пайыз облыстық бюджеттен, 0,7 пайыз жергілікті бюджеттен, 0,4 пайыз басқа көздерден қаржыландырады.

Қазақ диаспорасы мекендеген бірқатар аймақтарда көптеген заң күші бар ұлттық саясат тұжырымдамалары, кешенді бағдарламалар, арнаулы іс-қимыл жоспарлары мақұлданған. Әлеуметтік, экономикалық, құқықтық мемлекеттік, рухани салаларда арнаулы іс-қимыл жоспарлары да бар.

Саратов облысы бағдарламасында халықтардың әлеуметтік және ұлттық-мәдени дамуына мән берілсе, «Тұжырымдамада» оны іске асырудың жолдары нақтыланған. Сондай бағдарлама Самара облысында «Жаңару» — («Возрождение — I-1994-1998), Возрождение — II-2000-2001 жылдарға, Орынбор облысында «Аймақтық ұлттық, саясатты жүзеге асырудын моделі» бағдарламасы 1994-1995, 1996-1997, 1998-2000, 2001-2005 жылдарға арналған. Олар сабақтастық негізінде қисынды жалғасып жатыр. Егер алғашқы жылдар диаспоралардың сұранысын қанағаттандыруға арналса, 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламада ұлттық және ұлтаралық қатынастарды үйлестіруге, дау-дамайлардың алдын алуға, әлеуметтік шиеленістерді бәсеңдетуге және ұлттық экстремизмді болдырмауға басымырақ мән беріледі.

Олардың 62,3 пайызы қоныс аударушылар мен диаспора өкілдерін жергілікті тәртіп пен дәстүрлерді сыйламайды  деп кінә тақса, 32,4 пайызы еңбек нарығы мен әлеуметтік саладағы жағдайды шиеленістіреді дейді. Ал 26,3 пайызы салықтан жалтарады, жергілікті заңды сыйламайды деген уәждер айтады. Мәскеуліктердің 13.5 пайызы ұлтына қарамай сырттан келгендерді ұнатпайды, 15,1 пайызы ұлтаралық араздықты саяси күштер әдейі ұшқыштарды деп есептейді. Енді біреулер Мәскеуде өмір сүру жылдан жылға қиын болып бара жатыр, сондықтан байырғы тұрғындар «қасқырдың ауызы жесе де қан, жемесе де қан» дегендей, қиындықтарды бөтен ұлттарға аударуға әуес.

Сонымен ұлттық, диаспораның атынан «ұлттық өкілдікке» кім құқылы, диаспораның мүддесін кім қорғайды: ұлттық серкелер ме, ұлттық құрылымдар ма, әлде ұлттық мәдени автономия ма деген сауалға заң жауап бермейді. Осы мәселенің басы ашылмағаннан, кейін диаспораның мүддесі аяқ асты болатыны да анық. Ұлттық серкелерден ұлт мәселесін тым саясаттандырады деп қауіптенсе, ұлттық мәдени автоноииялар мен ұлттық құрылымдар ұлт мәселесін озбырлықпен иемденіп кетеді деген қауіптен сақтандыру да орын алып отыр. Кейбір ғалымдар Мәскеу қаласында да орыс ұлттық мәдени автономиясын құру жөнінде пікір айтуда, себебі орыс ұлтын Мәскеуде басқа ұлттар ығыстыруда деп түсіндіреді. Оны неофашистік жастардың тобы қуаттап отыр.  [5]

Патшалы Ресейден кейінгі кеңестік империяның кезінде халықтар тарихы туралы бұрмалаушылықтар орын алған . Солардың бірі- көптеген ұсақ халықтардың бұрын дербес мемлекеттігі болмаған, солардың күшті Ресейге қосылуы табиғи заңдылық дегенге сайса, екіншісі-түрлі халықтар ақ патшаның құзырына «өз еркімен кірді «дейтін қисын. Бұл екі тұжырымның екеуіне де сын көзбен қарау керек болады. Ақиқатына келгенде қандай ұсақ ұлыс дегеннің өзі де бір замандағы қуатты мемлекеттердің құрамындас бөлшегі болғанын көреміз. Демек, тарихсыз ел жоқ, тағдыры сәтсіз қалыптасқан жұрттар ғана бар. Дүниеде өзінің болмысын, дербестігін сақтағысы келмейтін халық болмайды. Олардың күшітілердің қарауына өз еркімен апарған жағдайлар да түрлі-түрлі. Одақ, бірлестік дегендердің түрлі қажеттіліктен, көбінесе мәжбүрліктен туатынын жасырудың ешбір қажеті жоқ. Бір-бірімен терезесі тең  елдердің экономикалық бірлесуі бір басқа да, күшті мен әлсіздің «теңдестігі» одан анағұрлым өзгеше.

Көрші елдерді басып алумен шектелмей,сол елдің тарихын өшіргісі келу, жаман атқа ұшырату, қиянаттың асқынған түрі. Дәл осындай әділетсіздікке душар болған түркі халықтары: қазақ, өзбек, қырғыз, татар, башқұрт, қырым татары, хақас, тоба, құмық, қарашай, т.б.

     Ғасырлар бойында басына түскен түрлі қысым, қиянат, зорлық салдарынан өзінің атқонысында мүлде азайып шартарапқа тарап кеткен халықтардың бірі-Еділ бойындағы татарлар.Саны жағынан алғанда, татарлар түрік қауымдастығы ішінен түріктерден, қазақтардан кейінгі орында тұрғанымен Татарстан Республикасында тұрған жұрттың тең жартысын ғана құрайды. Татарлардың басым бөлігі бұрынғы Кеңес Одағының бар бұрышына шашырап қоныстанған, бір шеті- Жапонияда, екінші қиыры-АҚШ, тағы бір шоғыры Финляндияда жүргендігі туралы дерек бар. Бір ерекшелігі- сол татарлар орнықты ел ретінде қай өлкеде жүрсе де, жергілікті халыққа сіңіп кетпей, дінін, тілін, салтын сақтап келеді. Жапонияға  барып келгендер сол елдегі бірнеше мешітті ұстап, ислам қауымын көбейтуге ат салысып келгендер –татарлар екенін айтып жүр. АҚШ-та, соның ішінде, Нью-Йорк шаһарында татарлардың мәдени бірлестіктері бар. Сондай-ақ, татар ғалымдары Финляндияда тұратын бауырларының тұрмысы мен мәдениеті жөнінде зерттулер жазып жүргенін де білеміз.

       Дағыстанды жайлаған көптеген ұлыстар мен ұлттар  арасында құмықтар көрнекті орын алады. Құмықтар Баба-юрт, Хасав-юрт, Қызыл-юрт, Бойнақ-Ленин, Қиякент, Қайтас деген аудандарда және Махач-кала, Кизляр, Дербент т.б. қалаларда тұрады. Көрші шешен, ингуш, солтүстік Осетияға да шашыра қоныстанғандары да кездеседі.Соңғы есеп бойынша құмықтардың саны  300000 мыңнан асады.

      Қазіргі кезде түркі халықтарының шетелдерде тұруы Патша мен Кеңес өкіметінің ұзақ жылдар бойы жүйелі түрде жүргізген стратегиялық ұлт саясатының жемісі. Нәтижесінде түркі  халқының белгілі бір бөлігі кіндік кесіп, қаны тамған туған жерін тастап тоз-тоз болып, Маханбеттің «сені көлден айырған лашын құстың екпіні, мені елден айырған Жәңгір ханның тепкісі» дегендей, Кеңес ( кеңес деп аталғанымен ол орыс ұлтының мүддесін ойлайтын) үкіметінің епкіні мен тепкісінен жат-жұрт елдерде диаспораға айналды.

    Бұрынғы КСРО тарағаннан кейінгі бірталай халықтар тәуелсіздік туын көтеріп, азаттық жолына түсті. Алайда, Ресейдің империялық билеуші күштері халықтардың өз жерінде тәуелсіз мемлекет орнатпақ ниетіне суық қабақ көрсететін мінезінен арылатын емес. Олар Ресейдің тұтастығын бұзбаймыз деген кез келген азаттық сүйгіш әрекетті күшімен қырып-жойып басудан тайынбайды. Бұған Ресейдің шешен халқына жасап отырған жан түршігерлік зорлық-зомбылығы дәлел. Шешен Республикасының халық сайлаған үкіметіме қандай да болмасын келіссөз жүргізуге бармай, тек қана қара күшке сүйеніп, азаттық сүйгіш халықты жер бетінен құртып жіберуді көздегені-адамзат тарихында кездепеген сұмдық. Бұл орыс халқының еркімен жасалып отырған іс емес, Ресей билеп-төстеушілерінің шектен шыққан зұлымдығы.Сөз жүзінде демократиялық қоғам орнатамыз деп жар салып, ашық зорлықтар мен қастандықтарға шімірікпей бару-Ресей басшыларының адамдықтың жалпы жұрт мойындаған дәстүрін аяққа таптағандығы.

    Қазіргі кезде Ресей үкіметі ұлттық автономиялардағы орыстардың  санының көптігінің арқасында референдум өткізу арқылы ұлттық автономияларды  көрші облыстарға қосып, федеративтік  елден  біртұтас (унитарлы)  елге айналдыру  іс-шараларын шабан түрде жүргізуде. Оған делел: Палтава облысы мен  Коми автономиясын, 2006 жылдың 16 сәуірінде Иркутск облысы мен Бурят автономиясын қосу жөніндегі  өткізілген  референдумдар.

 

1.2. Европа елдерінде түрік диаспорасының қалптасуы.

 

   Дүниедегі сан алуан ұлттардың қоғамдық тарихи, әлеуметтік, мәдени, этникалық даму үрдістері біркелкі жүрмегені белгілі. Қазіргі кезде әлемнің кейбір аймағында әлі де болса классикалық түрдегі тайпалар бар. Әрине, бұл «классикалық даму» үстіндегі топтар да белгілі бір ұлт өкілдерінің оқшаулығын көрсетеді. Сондықтан этностардың:

  • қоғамдық-әлеуметтік, тарихи даму процесінің;
  • ұлттық салт-дәстүрлерін сақтау үрдістерінің;
  • басқа этнолингвистік ортада ұлттық болмысының еріп, жоғалып кетпеуі үшін оған қызмет ету тәсілдерінің алуан түрлі сатыларда әрбігендігінен ұлттардың оқшаулығын білдіретін ұғымдардың әр түрлі болуы заңды құбылыс (этникалық топтар, маргиналдар, метистер, аз бытыраңқы топтар т.б.).

Мәселен, Ресейде бұл мәселелерге өткен ғасырдың 20-шы жылдары КСРО-ны мекендейтін халықтардың тізімін жасау қажеттігі болған кезде назар аударылды. С.Лаллука: «КСРО-да «диаспора» ұғымы ең қатерлі, ең қажетті проблема екендігінде күмән жоқ, халықтардың санасында «Этникалық Отан» ұғымы кеңістікте берік бекіп, нақты көрініс тапты. Ресейдегі диаспоралар туралы әбден, жеткілікті айтуға болар еді» — дейді. Сол кездері бұл құбылыстарды бейнелейтін ұғым ретінде «этнолингнистік қауымдастық», «этнографиялық топ» (Чебоксаров Н.Н., Чебоксарова И.А.), «негізгі этникалық бөлшектер», «макроэтникалық топтар, микроэтникалық бөлшектер» (1972 ж. Ю.В.Бромлей), «субэтникалық бөлшектер» (1983 ж. Ю.В.Бромлей), «Аз халықтар» (А.И.Кузнецов), «Аналық этнос және оның шашыранды бөліктері» В.И.Ленин айналымға енгізген және т.б. ұғымдар болды. Осындай 20-дан астам терминдерге талдау жасап, бұл ұғымдардың өте жалпылама анықтама беретіндігіне тоқтала келіп О.В.Котов өзінің «Осколки этноса» деген еңбегінде «Аналық этностың дисперсиялық және диаспоралық бөліктері» деген ұғымдарын ұсынады. Дисперсия (бытырау, шашырау) — бір мемлекетте болғанымен, басқа ұлттық-территориялық бірлікте тұратын аналық этностардың бөлігі, диаспора — КСРО-дан тыс мемлекеттерде тұратын этностардың бөлшектері деген анықтама берді. Бұл Кеңес Одағы кезіндегі саяси-әлеуметтік, геосаяси аумақтық қоғамдық құрылыс негізінде берілген ұғымдар.

КСРО тұсында ұлт саясаты бұрмаланып, ұлттардың әлеуметтік дамуы мен дәстүрлі мәдениеті, тілі, діні, ділі әр ұлттың жеке дара тарихы көзге ілінбегендіктен Қазақстанда бұл мәселеге тек Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін ғана терең назар аударыла бастады.

«Диаспора» өзінің тарихи Отанынан тыс басқа ортада тұратын (болмаса өз халқынан тыс жерде орналасқан), этникалық шығу тегі бірдей адамдардың біртұтас, тұрақты тобы және аталған қауымның дамуы мен қызмет етуі үшін қажетті әлеуметтік институттары бар адамдардың тобы болып табылады. Оның басты белгілері:

  1. Басқа этнолингвистік ортада — мемлекетте өмір сүруге мәжбүр болған қауым бірлігі, олардың қалыптасуы басқа этномәдени ортамен байланысты болады.
  2. Этностық болмысын (тілін, дінін, дәстүрлі медениетін, өзіндік ұлттық санасын т.б. құндылықтарын) сақтап қалған және оны одан әрі қарай дамыту үшін күш салатын, ассимилицияға тұрақты (ұлтты болмысын жоғалтып, басқа этностардың ықпалында еріп, жоғалып-жойылып кету алдында тұрған емес) тарихи Отанымен байланыста болатын қауым бірлігі.
  3. Жерлестіктерден бастап қоғамдық, ұлттық мәдени немесе саяси ұйымдары бар қауымдар бірлігі.

Объективтік жағдайда өзін-өзі басқару органын, оқу-білім, мәдени, саяси т.б. ұйымдастырса, субъективтік жағдайда ұлттық идеясын тілін, дінін, т.б. тарихи тамырын жаңғыртып өзінің этникалық ерекше қалпының басқа этнолингвистік ортада еріп, жоғалып кетпеуіне жағдай жасайды.

Дамыған мемлекеттердің қай-қайсысында болмасын алуан түрлі құбылыстардың әсерінен өзінің табиғи этникалық генофондынан тыс басқа ұлт өкілдері — диаспоралар өмір сүреді. Осы диаспоралардың басқа этнолингвистік әлеуметтік-мәдени ортаның тұрмысы мен қоғамдық жағдайына өздерін икемдеу, күну, жаңа ортаға өздіксіз үйрену, сол жерде тұруға бейімделу процесі өз алдына үлкен мәселе. Мәжбүрлі түрде босқындыққа ұшыраған этнос өкілдері басқа этнолингвистік ортада ең алдымен ұлтаралық байланыс құралы тілді үйренуге мәжбүр болады. Сонымен қатар табиғат құбылыстарынан бастап өзін қоршаған әлемге, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени ортаға, экономикалық жағдайларына, психологиялық-танымдық жағынан да жаңа құндылықтарды меңгеруге жан-жақты бейімделуге мәжбүр болады. [8]

Мәжбүрлі бейімделу деген қайта құру, жаңа құндылықтар мен әлеуметтік іс-әрекет индивидтің көзқарасымен қарама-қайшы бағытта болғандықтан, олар жаһаны қабылдамай, әлеуметтік ортаның құндыдықтарын өзгертуге тырысты, бірақ олардың әлеуметтік ортаға қарсылық әрекеті сәтсіздікке ұшырады, сондықтан олар (уақытша немесе түпкілікті) жаһаны қабылдауға көнуге мәжбүр» болады. Уақыт өте жағдайлары түзеліп, босқындық сатысынан өткеннен кейін диаспора өкілі, яғни этнос адамдары өзінің ұлттық болмысына назар аудара бастайды. Абай атамыз; «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі ішсем жесем. Біреуі білсем демек. Дүниенің көрінген, көрінбеген сырын түгелдеп білмеген соң ол адам жаны болмайды» дейді. Ойшылдың бұл ой-түйінінен кез келген адам өмірден мән-мағына іздейтіндігін, дүниенің сырын танып білуге талпынатындығын байқауға болады. К.Ясперс бұл туралы: «адам болмысты, өзін және өзінің шекараларын (мүмкіндіктерін) түсіне бастайды, оның алдында дүниенің қорқынышты келбеті мен өзінің дәрменсіз күйі жарқырап ашылды. Ол азат ету мен құтқаруды талап етті, өзінің алдына биік мақсаттар қойды, өзіндік сананың қатпарлары мен трансцеденттік дүниенің айқындылығындағы абсолюттілікті танып білді — дейді. Өмірлік мақсатын саналы түрде анықтаған адам қандай жағдайда болмасын өзіндік болмысын сақтап қалады. И.Кант өмір мәндік мәселелерде адамға дұрыс бағдар беретін ақыл-ойға ғана, адамның рухани-мәдени қуаты мен оның болмысынын моральдық бастауларына, жауапкершілігі мен парызын ең жоғарғы құндылықты — мәнді инстанциялар ретінде саналы түрде алар мүмкіндігіне сенді. Диаспоралар басқа этнолингвистік ортаның мәдениетінен оның ұлттық ерекшеліктерін саналы түрде ажырата білу үшін алдымен өз ұлтының тілін, ділін, ұлттық идеясын дұрыс танып білуі керек.

Адамның жан дүниесінде »Мен кіммін?», «Менің ұлтым кім?». «Мақсатым қандай?» немесе тағы басқадай  гуманистік сауалдар туындауы мүмкін. «Гуманизмді адамшылдыққа талпыну, адамға құштарлықпен сүйсіне қарау, адам өзін-өзі танып, өзін-өзі түсіне бастағаннан іздеуіміз керек» — дейді белгілі қазақстандық философ І.Ерғалиев.

Адамның жан-жақты дамуына, тұлғалық деңгейге көтерілуіне ең алдымен әсер ететін ішкі жан дүниесінің сұранысы-қажеттігі руханилық болып табылады. «Рухани құндылықтардың материалды құндылықтардан айырмашылығы әрбір жанның ішкі потенциялын ашута көмектеседі. Ол әлеуметтік дүниеден әділетсіздікті, үйлесімділікті күшпен емес ыстық ықыласпен, жүрек жылуымен, нұрымен орнына келтіруге тырысады. Сондықтан, рухани құндылықтарды — адамның шынайы болмысының нығаюына игілікті әсер ететін, оның тұлғалық дамуына өзек болатын, еркіндігін жасампаздықпен паш етуге мүмкіндіктер ашатын Ақиқаттық нұрлы құбылыстары деуге болады». Яғни, руханилық барлық әлеуметтік-мәдени істерге бағыт бағдар жасайды. Адамның рухани дүниесінің жан-жақты дамуына терең әсер ететін тетік болып табылады.

Сондықтан кез келген адам «жетілген адам» деңгейіне көтерілу үшін, әлеуметтік-мәдени құндылықтарды жасап, оны дамыту үшін, мәнді амір сүру үшін, ата-бабаларымыздан келе жатқан дәстүрді жалғастырып, ұрпақтарды сабақтастыру үшін өзінің рухани дүниесін өздіксіз жетілдіріп отыруы керек. Ұлтжандылықты атамекенге — Отан-анаға деген қимастық пен шексіз махаббатты әрбір этнодиаспоралық кеңістіктегі диаспора өкілі жан дүниесімен сезіне алғанда, рухани дүниесімен ұштастыра білгенде ұлттық рух қалыптасып ұлт болып үю үрдісі жанданады, өсіп-үніп дамиды. Басқа әлеуметтік-мәдени кеңістіктегі диаспоралардың дәстүрлі мәдениетінің дамуы, материалдық және рухани құндылықтарының дүниеге келуі дүниеде ұлт болып сақталып қалуды кексеген, ұлт болып үюға талпынған этнос өкілдерінің ұлтқа, ата-мекенге, тарихи Отанға деген қимастық сезімінен туындайды деп ойлаймыз. Өйткені басқа ұлт мәдениетінің ықпалына ұшырап туған тілі мен ділін, дінін сақта маған басқа әлеуметтік-мәдени ортаның мәдениетінен өзінің табиғи ерекшеліктерін саналы түрде ажырата алмаған этнос өкілдері мәңгүрттікке бет бұрады.

Адамзат дамуында диаспоралар көптеген жоғарыда аталған алуан түрлі қиындықтарға төзе алмай, этностар шашырап біртұтас бола алмаған жағдайда этностардың бытырауы басталып, маргиналданып жаңа мәдениет үрдістерімен сусындаған ұлттық болмысының кейбір ерекшеліктерін ғана сақтай алған оқшау топтардың қалыптасуына себеп болады. «Р. Парк маргиналдар деп мінез-құлқында тынымсыздық, агрессиялық өзімшілдік, сенімсіздік белгілері бар (шетте болушы) американдық мулаттарды атаған. Кейде мәңгүрттік мәдени типпен маргиналдықты ұқсас қарастыру кездеседі. Мәңгүрт дегеніміз — рухани тамырларынан айырылған, ұлттық салт-дәстүрден жұрдай, күнделікті өмірде ұлттық-мәдени жүйенің құндылықтарын қолданбайтын адамдар жатады». Бұл құбылыстарды диаспоралардың қалыптасуының тарихи кезеңдерінен байқауға болады. Диаспоралардың қалыптасу тарихына көз жіберетін болсақ этнодиаспоралық кеңістіктердегі көптеген диаспоралар сонау ерте уақыттардан бүгінгі күнге дейін (мәселен, еврейлер т.б.) алуан түрлі құбылыстардың әсеріне мойымай ұлттым келбетін тілін, дінін, ділін сақтап қалған. Ал, қазіргі заманғы этномәдени үрдістердің тереңдей түсуі кейбір этностардың, диаспоралардың ұлт ретінде сақталып қалуына үлкен қауіп төндіріп отыр, бұл бүгінгі күні ең өзекті проблемалардың бірі болып отыр. Дегенмен, шын мәнінде ұлттық келбетін сақтап қалғысы келетін этнос өкілдері басқа этно-мәдени орта мәдениетінен өзінің ұлттық ерекшеліктерін саналы түрде ажырата отырып, ұлттық құндылықтарын сақтап қалу жолында бар күш жігерін салып іс-әрекет жасап, күресетін болса диаспоралар қаншама көпмәдениеттер тоғысқан әлеуметтік-мәдени ортада өмір сүрсе де ұлт ретінде сақталып қалуға мүмкіндігі бар деп ойлаймыз. Мұны адамзаттың даму тарихы дәлелдеп берді. Орыс ғалымы И.В.Пантин «Жаһанданудың ең алғашқы элементтері екі ұлы державалар Рим және Хань империялары Евразияның ұлан-байтақ даласын біріктіру кезеңінен б.з.д. II ғасырдан б.з.ІІ ғасырына дейінгі кезеңдерден бастау алады. Осы кезде Қытай мен Орта Азияны байланыстырып тұрған ұлы Жібек жолының ашылуы да тегін емес» десе, қазақстандық ғалым Р.Қасымова «Жаһандасудың басты қыр көрсетуі парасат пен жанның жанжалы. Мұның сұмдык қауіптілігін бағзы заман ғұламалары баяғыда-ақ ескерткен болатын, ол қазіргі кезде қоғам мен табиғаттың текетіресіне айналып отыр» — дейді. Сонымен қатар орыс ғалымы И.Н.Ионов «Жаһандық тарих XX ғасырдың 60-70-ші жылдарынан бастап ерекшелене бастады» — дейді.

Жаһандану бүгін ғана басталған үрдіс пе? деген сұраққа А.Егеубай «ол XXI ғасыр табалдырығына мемлекетаралық қарым-қатынастың жаңа сапасына қадам басқан елдер үшін ғана таңсық таным. Шын мәнінде, бұл адам қоғамдасқалы, қоғам-қауым болғалы жалғасып келе жатқан дәстүрлі даму жолы, түрлі тарихи-әлеуметтік (діни, мәдени, ғылыми, саяси жаугершілік, басқыншылық т.б.) ахуалда көрініс берген» дейді. Н.Я.Нечаев «Терең этномәдени ерекшеліктер мен олардың бір-бірінен алшақтығы жаһандану үрдістерінің өркениеттік дамуын айтарлықтай шектейтіндігін» тілге тиек етеді. Ал, саясаттанушы М.Әшімбаев «Жаһандану ықпалын шектейтіндей тетіктерді орнықтыру мүмкін емес. Олай болса, өзіңнің ұлттық мүдделеріңді саналы түрде түсіне отырып, жаһандану процесіне қарсы жүру керек» дейді. қандай болғанда да жаһандану туралы зерттеушілердің көзқарастары алуан түрлі.

Жаһандану үрдісі кезінде басқа этнолингвистік орталарда тұратын этностар өзінің ұлттың болмысын қалай сақтап қалуы мүмкін?

Алуан түрлі құбылыстардың әсерінен басқа этнолингвистік кеңістіктерде тұратын кез-келген этностық этномәдени болмысының сақтануына, ұлт болып үюына әсер ететін құбылыс «ұлттық тіл мен дін бірлігі болды» — дейді. Канададағы украин диаспорасын зерттеуші ғалым А.Сыч.

Осы мәселе туралы ойымызды әрі қарай өрнектейтін болсақ, жалпы адамның жан дүниесіне әлемді тану туралы ең алғашқы қарапайым білім бала кезінен бастап анасының тілі арқылы беріледі, өсе келе адам өзін қоршаған ортаны, дүниені, табиғатты, ертегі-аңыз әңгімелерді, халық даналағы мен ұлтының кемеңгер ойшылдарының, әлем әдебиетінің озық үлгілерін ана тілі арқылы танып біледі. Отбасында белгілі дәрежеде анасының тілінде тәрбиеленіп ұлтының салт-дәстүрлерін т.б. құндылықтарын бойына сіңіріп өседі. Адамның жан дүниесіне анасының тілі арқылы берілетін ұлттық құндылықтар адамның жадында ұлттық мінез-құлықтың, рухтың, сана-сезімнің қалыптасуына әсер етеді. Мәселен, қазақтар халық арасынан шыққан би-шешендердің даналық сөздерін қастерлеген. Ауыздан-ауызға жеткізіп құрметтей білген. Даналықтың түп тамыры бірегей рухаии қазына-мұралардың негізінде жатыр, ол ата-бабалардан келе жатқан дәстүрді жалғастырушы, ұрпақтарды сабақтастыратын қайнар бұлақтардың бірі.

Тіл арқылы түсіністік ұлтаралық өзара сыйысу үрдісі өрбиді, осыдан келіп тіл табысуы басталады. Мәселен, шетелдегі қазақтар өздері өмір сүріп, тіршілік етіп отырған басқа этнолингвистік ортаның мәдениетін құрметтеп, тілін үйренуі өз мәдениетімен үйлестіре білуі қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық қажеттеліктен туындады. Этнодиаспоралық кеңістіктегі қазақтардың тарихи отаны, туып өскен атамекен жері, тағдыры бір. Сондықтан олар өздері өмір сүретін елдің тілін меңгеруге, өзін қоршаған ортаға бейімделуге мәжбүр болды. Олар этностық шығу тегі бір адамдармен бірігіп, біртұтас болып, қиындықтарды бірге жеңуге тырысты. Дамыған мемлекеттерде шашырай, кей аймақта шоғырлы орналасқан қандастарымыз негізінен ассимиляцияға тұрақты, олар көп мәдениеттердің тоғысқан ортасында ұлттық келбетін сақтап қалды. Адамның жоғарғы деңгейге көтерілуіне, елінің бүгінгі мен ертеңін ойлайтын ұлтжанды болып қалыптасуына, ана тілін құрметтеуіне, ата-анасының, үлкендердің отбасында беретін тәрбиесінің де маңызы зор. Алыс шетелдердегі қазақ диаспорасына тілді арнайы оқытатын білім беру жүйелері болмаса да ана тілін ұмытпаған. Бұл үрдістердің қалыптасуына отбасында дұрыс бағыт, дұрыс тәрбие беруі шешуші рол ауқарды.

Шетелдегі қазақтарда бұл үрдістердің қалыптасуына отбасындағы тәрбиемен бірге халық даналығы, халық арасынан шыққан көренкті ойшылдар мен еліне адал қызмет еткен қоғам қайраткерлерінің, игі жақсылардың әсері де аз болмаған, өйткені туған халқын сол халықтың арасынан шыққан адамдар жақсы біледі.

Этнодиаспоралық кеңістіктердегі оқшау ұлттар үстем этностардың ықпалына бірелмей ұлттық келбетін сақтап қалуында шешуші рөл атқаратын, этнос адамдарының іс-әрекетін бақылаушы, бір сенімге біріктіруші үрдіс дін болып табылады.

Дін белгілі бір этнос адамдарын біріктіріп ғана қоймай, белгілі ережелер жиынтығы мен рәсімдерді орындауды қатал қадағалаушы да. Басқа этнолингвистік ортадағы оқшау этностар, диаспоралар көп-мәдениеттердің ішінде жоғалып, сіңісіп кетпей өзінің ұлттық ерекшеліктерін, тілін, ділін, ұлттық болмысын сақтап қалуы үшін этнос адамдарын қатал қадағалаушы белгілі бір рәсімдер жүйесін берік ұстанбаса, үстем этностың ықпалына ұшырауы мүмкін. Бұл құбылысты диаспоралардың қалыптасуының тарихи кезеңдерінен байқауға болады. Сенімінен айырылған ел мәңгүрттікке бет бұрады. Тұла бойында иманы жоқ басқа мәдениеттің ықпалына ұшыраған, мәңгүрттікке бой алдыра бастаған, қайырымсыз адамнан ұлт болашағын ойлайтан, елін қорғайтын ер шығуы нейқабыл.

Сонымен тіл мен дін бірлігі адамдардың бірлестігін, ынтымағын қалыптастыра отырып, күнделікті тұрмыс-тіршілікте өзінше қам-қарекет жасауға негіз қалайды. Бұл әлеуметтік-мәдени құндылықтардың ұлттық, мәдениетінің т.б. дамуына жол ашады.

Басқа этнолингвистік кеңістіктерде тұратын кез-келген этностың ұлттық болмысының сақталуына негізінен жан дүниесі таза жас ұландарын имандылыққа баули алатын, ұлт тағдырын, халқын, ұрпағын ойлайтын ұлтжанды, басқа этномәдени үрдістерден өзінің тілін, ділін, ұлттық мәдениетін саналы түрде айыра алатын этнос адамдары, ата-бабаларынан келе жатқан дәстүрді жалғастырып, үнемі жаңғырып отырады. Ұлттық этномәдени ерекшеліктерін сақтай отырып, одан әрі дамыту үшін оған қызмет етеді, жаңа белестерден, қоғамның жаңа даму кезеңдерінен өту үшін алдына дұрыс мақсат қойып, өзіне тән материалдық және рухани дүниесін жасап, оны ұрпақтарына мұра етіп қалдырады. Осы құндылықтарды сақтау үшін іс-әрекет жасайды. Сонда ғана басқа этнолингвистік кеңістіктердегі этнос өкілдері ұлт ретінде сақталып қалуы мүмкін. Алайда диаспоралардың тарихи (ерте, орта, жаңа қазіргі замандардағы) даму кезеңдерінен байқағанымыздай, басқа этнодиаспоралық кеңістікте өтетін уақыт тезі, өмір қиындығы қоғамдық-экономикалық, саяси, әлеуметтік-мәдени жағдайлардың, құндылықтардың өзгеруі, ұлтаралық текетірестер адамның болмысы мен жан дүниесіне қаяу салып, адамның жадында келер ұрпаққа, «Отан анаға», «Атамекенге» деген қимастық, сезімді, ұлтжандылықты оята алмайтындай жағдайға әкелуі мүмкін. [10]

Диаспоралардың этнодиаспоралық кеңістіктердегі көп мәдеииеттердің тоғысқан әлеуметтік-мәдени ортасы мен өзінің ұлттық мәдениетінің үйлесімділігі, басқа этностармен қарым-қатынасы, олардың мәдениетін құрметтеп, тілін үйренуі, ұлттық болмысын сақтап қалуы тағы басқа алуан түрлі күрделі мәселелерінің туындауы жаңа қоғамдық ғылым — диаспоралогияның дамуына жол ашты. «Диаспоралогия дегеніміз — халықтардың өздерінің этникалық ортасынан тыс жерге көштеп немесе геноцид қаупінен қоныс аударылған, шашыранды топтарын құрайтын диаспоралардың саяси-әлеуметтік ортасына байланысты тарихындағы, мәдениетіндегі, философиясындағы, жалпы рухани дүниесіндегі, тіліндегі, кәсібі мен салт-санасындағы өзгерістері мен ұлттық қасиеттерін сақтау мәселелерін зерттейтін ғылым». Сондықтан қай елде болмасын әр ұлттың жеке дара ұлттық өзіндік санасын жаңғыртуына, дамытуыана жол ашып беретін ғылым саласы диаспорология болып табылады.

Шетелдердегі қазақтар тағдырдың «тар жол, тайғақ кешуіне» — төтеп беріп, басқа этномәдени ортада әр уақытта ұлты қазақ екенін мақтанышпен жырлаған. Монғолия қазақтарының арасынан шыққан аса талантты ақындардың бірі Кәкей Жаңжұңұлының «қазақпын» өлеңінде ұлтқа деген төгілген ыстық мейрім мен елді, жерді аңсау сарыны, туған ұлтын мақтан ететіндігі, туған елге деген қимастық сезімін байқаймыз. Бұл өлеңде ғана емес, жалпы шетелдердегі қазақтардың рухани дүниесінде ата-мекенге, туған жерге, ұлтқа деген шексіз махаббат шетел қазақ поэзиясында, қисса-дастандарымен өлең-жырларында, проза жанрларында ерекше бейнеленіп, бірегей туындылардың жазылуына мұрындық болған.

Шетел қазақтарының арасынан шыққан белгілі ғалымдардың: мәселен, З. Қинаятұлының, Қ. Қалиасқарұлының т.б. еңбектері моңғол тілінде, Н.Мыңжан, Ж.Мырзахан, С.Жанболатұлының еңбектері Қытай тілінде, Х. Оралтайдын, Зейнештің еңбектері ағылшын, түрік тілдерінде т.б. көптеген шетелдегі қазақ ғалымдардың еңбектері дамыған елдердің тілінде жарық, көруде.

Сонымен қатар шетелдегі қазақтардың арасынан өздерінің ақын-жазушылары, би-шешендері қоғам қайраткерлері қалыптасып шықты. Туған халқының азаттығы жолында қаһармандық ерліктің әлгілерін көрсете білген қазақ халқының Исатай мен Махамбет т.б. секілді шетел қазақтарының арасынан да Оспан батыр, Бөке батыр, Елісхан батыр, Зұқа батыр, Райыс батыр, Көрімбай батыр, Кешім батыр, Есет т.б. батырлар шықты. Шетел қазақтарының арасынан шыққан көрнекті тұлғалардың даналық сипаты мен тұлғалық-азаматтық болмысы, жасаған құндылықтары сарапталып тарихи отанында өз деңгейінде бағасы берілуі керек деп ойлаймыз.

 

1.3. Түрік диаспорасының ұйымдары мен қоғамдары және оның ықпалдылығы.

 

Түрікшілдік қозғалыс идеологтары (И.Гаспралы, Ж.Ақшора, А.Ибрагимов, А.Топшыбашоғлы, М.Шоқай, А.З.Уәлиди, М.Расул-Заде, З.Көкалып және тағы басқалары) түрікшілікті түрік халықтарының санасына сіңіру үшін жан-жақты әрекеттер жасады. Әсіресе, газет-журналдар арқылы насихаттауға баса назар аударды.

Ж.Ақшора, А.Ибрагимов сынды эмирациядағы түрікшіл қайраткерлер саяси түрікшілдіке негіз салды. 1905-1907 жылдарында Ресейдегі мәдени  түрікшілдік саяси сипатталп, түрікшілдік саясатта да, мәдениетте де, сонымен бірге тактикалық жағынан руханилықта да бірігіп кетті.

Түрікшілдік туын Ресейде тұңғыш көтерген ұлтжанды перзент-И.Гаспралы. Ол 1851 жылы Қырым топырағындағы Бақшасарай қаласына таяу жерде орнасқан Ажик ауылында, прапорщик М.Гаспралының отбасында дүниеге келді. И.Гаспралы алғашында ауылдық мұсылман мектебінде оқиды, кейіннен Воронежде оқып, содан кейін Москвадағы кадет корпусына түседі. Одан кейін Ыстанбулға жоғарғы білім алу үшін аттанады. Кейін Парижде жарнама агенті болып үш жыл жүмыс істеді және И.С.Тургеневтің хатшы болып жұмыс істеді .

Оның Мәскеудегі кадет корпусында оқыған кезін атақты башқұрт оқымыстысы З.У.Тоған былайша түсіндіреді: «Орта түркілердегі Шоқанға ұқсас тұлға-қырымдық И.Гаспралы. Ол да орыс әскери ортасының түлегі, Щедрин, Тургенев, Чернышевский шығармалары, XIX ғасырындағы орыс либерализмі, «батысшылдық» пен «славяндық» ағымдарының тартысы, әскери мектептердегі орыс еместерге деген сенімсіздік, орыс армиясындағы бүкіл әлемдік билікке ұмтылу пиғылдары И.Гаспралының ұлтжандылық сезімін оятты «.

Европа және мұсылман елдерінде болып, ұлттық мәселемен жете танысқан И.Гаспралы 1876 жылы Бақшасарайға келіп өзінің түрікшілдік қызметін бастады. Ұлттық езгіден шығудың бірден-бір жолы ұлтшылдық деп шешкен И.Гаспралы алдымен мектепті түзетіп, ұлтшылдық тәрбиесін мектептен бастау керектігіне баса назар аударды. Ол » Русское мусылманство» «Мысли, заметки и наблюдения мусылманииа» еңбегінде (1881жылы жарық көрген). Онда ол патша өкіметінің мұсылман халықтарының ассимиляциялау іс-әркетін сынға алып халықтардың ұлттық ерекшеліктерін ескеріп, олардың өзін-өзі басқаруға мүмкіндік беру қажеттігін көрсеткен болатын.

Түркі тілдес мұсылман халықтарының мәдени бірігуінде И.Гаспралы алдымен араб әріпін түрік халықтарының тіліне лайықтап, дыбыстың естілу ерекшеліктеріне сәйкес бір ізге түсірілген жазу «усул-жәдидке» көшіруді ұсынады. Осы мақсаттың орындау жолында «тілде, істе және пікірде бірлік» ұранын көтерген «Тәржіман» (Аудармашы) газетін 1813-1914 жылдар аралығында шығарып, мұсылман халықтарын саяси оянуға шақырады.

«Туған жерім, халқым, тілім» деп, көкірегі шерге толған ұлы жанға «пантюркист», «панислаиист» деген ат таңылады. И.Гаспралы жаңа әдісті заман талабына сәйкес қажет екенін көрсетте отырып, жалпы адамзат құндылықтарының құрамдас бөлігі ретінде дінін, әсіресе ислам дінін маңызына ерекше көңіл бөледі. Ол өзінің «Мұсылмандықтың тағдыры» деген мақаласында: «Біздің түсінігімізше ислам басқа да діндер тәрізді өркениеттілікке мезгейтін ілім, оны берік ұстаған мұсылмандар мәдениет және білім жағынан европалықтардан ешбір кем түспейді» деді.

Халықтың басындағы кіріптарлық халді татар арасынан шыққан ойшыл-ағартушылар терең түсініп, ұлттық дамудың жолдарын көрсетіп, бағалы істер атқарды. Отаршылдықтың зұлматын а душар болған түрік халықтарының ортақ мұңын сөйлеген Исмаил Гаспринский (1851-1914) шығармалары ұлттық сананың оянуына күшті ықпал жасады.  Өзінің қоғамдық істердегі бағыты жағынан досы,Литва татары Мұстафа Давидовичпен пікірлес болады.

       Орынбор діни басқармасында қызмет атқарған татар азаматы, саяси күрескер А.Ибрагамов  бірінші орыс революциясы жылдары Петерборда «Үлфәт» («Достық») және «Тилмиз» («Оқушы») газеттерін шығарды. Реакция жылдары Түркияға кетіп, онда 1910 жылдан «Тагариф муслимин» («Мұсылмандық прогресс») газетін шығарып тұрған) Түркияда жүріп шетелдік басылымдар арқылы патша өкіметінің отаршылдық саясатын сынға алып, әлем жұртшылығының назарын Ресей мұсылмандарына бұруда елеулі еңбек сіңірді.

     XX ғасырдың бірінші ширегіндегі түрік халықтарының қоғамдық-саяси өмірінде зор рөл атқарған саяси түрікшілдердің бірі — Жүсіп Ақшора. Түрік халықтарының азаттығы жолында өмірін күреспен өткерген татар ұлтының біртуар ұлы жайында 1935 жылы ол қайтыс болғанда М.Шоқай былай деп жазған еді: «Тек төркіні Еділ бойынан шыққан Юсуб бек кең мағыналы түрікшілдік касиеттерді бір бойына жинай білген адам еді. Ол өзінің екінші атамекені Түркияда да ең алдыңғы адамдардың қатарынан орын алды. Юсуб бек қайда жүрсе де, Еділ бойындағы атамекенін және түрік екенін ешқашан ұмытқан емес. Бұл күнде түрік дүниесінің көпшілігі ең ауыр және ең қасіретті күндерді бастарынан кешіріп жатқан кезде, маркұм Юсуб бектің дәл осы қасиеттері бізге өте-өте қажет болып отыр… Юсуб бек өмірінің ең ақтық сәтіне дейін жалпы түрікшілдік идеясына шын берілген күйінде қалды» [11].

       1904-1905 жылдардағы орыс-жапон соғысы Ресей қоластындағы түріктерге зор сілкініс әкелді. Жапондардың тамаша жеңісі нәтижесінде Ресей түріктерінің бостандық алуға деген ұмтылысы арта түсті. Соғыс күндерінде ресми емес радикалды-ұлттық бағдарламасы бар «Хуррият» («Азаттық») атты саяси партия құрылып, өз қатарына көптеген түрік-татар зиялыларын біріктіреді [12].

Бұндай сілкіністің болуына Ресейдегі барлық халықтардың азаттыққа ұмтылысы, ең алдымен орыс жұмысшыларының үгіт-насихаттары зор негіз қалады. Жалпы ресейлік азаттық қозғалысының өрістеуі барысында түрікшілдік қозғалыстың дамуына кең жол ашылды. Осы жылдардағы саяси түрікшіпілдіктің қалыптасуына төмендегідей жағдайлардың әсер еткені талассыз:

  1. Ресейде қалыптаскан қоғамдық-саяси жағдай және жалпыхалықтық азаттық қозғалысының, яғни патшаға қарсы күрестің өршуі;
  2. 1904 жылдың қыркүйегінен бастап А.Ибрагимовтың, 1904 жылдың соңында Ресейге оралған Ж.Ақшораның түрікшілдік қызметінің жаңа сатыға көтерілуі;
  3. Осы кезеңде Ресей түріктері арасында кеңінен тараған жәдидшілік идеялары саяси түрікшілдіктің бел алуына алғы шарт қалыптастырды;
  4. Ресейдегі түрік халықтарының зиялылары бірлесіл күресудің маңызын түсінетін дәрежеге көтерілді. Сондықган да олар түрікшілдік шеңберінен де асып жығылып, мүдделік мақсатқа жету жолында кез келген ұлттық немесе басқа да қоғамдық-саяси күштермен тығыз байланыс орната бастады.

Біз түрікшілдікті мәдени және саяси деп бөліп карастырғандықтан, бұл екі ағым екі арнада дамыды деген жаңсақ ұғым қалыптаспауға тиіс. Екеуі де ортақ мақсат — түрік бірлігі арқылы отарлық күштерден қорғану жолында бірлесе, ықпалдаса дамыды. Әсіресе, бұл 1905-1907 жылдарда және одан кейінгі кезенде бірігіп кетеді. Яғни, 1905 жылғы «Мұсылмандар одағының» құрылуымен бірге түрікшілдік жаңа сатыға көтеріліп, саяси сипат ала бастады.

XX ғасырдың басында болған түрлі қоғамдық-саяси оқиғаларға қазақтың көзі ашық ұлтжанды интиллигенция өкілдері бейтарап қарап отырмады. А.Байтұрсынов, М.Дулатов, О.Қарашев сынды ақын-жазушылар, алғыр ой иелері ескі оқу жүйесіне реформа жүргізу мәселесін бірден қолдап, «Алаш» партиясының бағдарламасында, «Қазақ» газеті беттерінде мәселені кеңінен насихаттайды. Мектептерде оқу бағдарламаларын жаңа талапқа сай құру, оқулықтар мен көмекші оқу құралдарын дайындау ісіне кірісіп те кетеді.

Ресейде жеңіске жеткен болшевиктердің ұлт мәселесіне қатысты саясаты және олардың ұлттық демакратиялық күштерімен санаспауы көптеген түркістандық қайраткерлердің эмиграцияға кетуіне себеп болды. Олардың қатарында түрікшілдік қозғалыстың көрнекті өкілі М.Шоқай болды. Ол Түркістанның азатығы жолында күрес жүргізуді және тұтас Түркістан идеясының басты қолдаушысы болды. М.Шоқай үшін Түркістан тұтастығы     мен Түркістан еркіндігі — егіз ұғымдар. Ол өзінің ешбір кезеңінде тұтас Түркістан идеясына солқылдақтық танытпаған. 

 

 

 

 

ІІ. Тарау. Еуропадағы түрік диаспорасының белсенді тұлғалары.

 

2.1. М.Шоқайдың өмірі мен қызметі.

 

Мұстафа Шоқай Түркістан халықтары тарихыңда бүтін бір кезеңді қамтыған ерекше ұлы құбылыс. Ол ерекшелік бұл қайраткердің Түркістан халықтарының 1917 жылы Кеңестік билікке балама Түркістан (Қоқан) автономия үшін демократиялық қозғалысына басшылық жасағанымен шектелмейді. Әрине, тіптен оның басқа атқарған істерін былай қойып, тек осы биік мақсат үшін айтулы күресін атаудың, өзі ғана Шоқайұлының есімін Түркістан халықтары тарихындағы мәңгі есімдер қатарына жатқызуға жеткілікті негіз болар еді. Бірақ М. ІІІоқайұлының өз елі үшін атқарған қызметінің мәні мен орны басқада. Ол Мұстафа Шоқайұлының Түркістан халықтары тарихында бұрынды-соңды болмаған құбылыс — демократиялық Еуропаның ортасында түркістандық саяси эмиграциялық қызметтің негізін қалап (20-шы жылдардың екінші жартысы), оған өзі көз жұмған 1941 жылдың желтоқсанына дейін басшлық жасауында, сондай-ақ осы кезеңде Түркістанда болып жатқан өзгерістерді жан-жақты терең талдауға алуында еді. Біз Мұстафа Шоқайұлының екі кітаптан тұратын еңбектеріне берілген бұл кіріспе мақаламызда ретіне қарай оның саяси қызметі мен артында қалдырған мұрасының мазмұнына қысқаша тоқталмақпыз.

 Мұстафа Шоқайұлының мұраларын жинастырып, оларға ғылыми талдау жасауда шетелдік әріптестеріміздің, әсіресе, түркиялық ғалымдардың біраз нәтижелі іс бітіргенін үлкен ризашылықпен айтқан жөн. Бұл ретте алдымен түркістандық эмигранттар Анкара университетінің профессоры Тахир Шағатайдың және дәрігер Әбдулақап Оқтайдың есімдері құрметпен аталуға лайық. Олар 1942 жылы М. Шоқайұлының қайтыс болуына жыл толуына  орай Ыстамбұлда «Мұстафа Шоқай альбомын» даярлап, басып шығарады. Ал 1950 жылы олар М. Шоқайұлының туғанына 60 жыл толуына арнап «Түркістан ұлттық қозғалысы және Мұстафа Шоқай» деген кітап даярлайды. Міне осы кісілердің және Т. Шағатайдың жары, профессор Саадат Исхаки Шағатайдың тікелей басшылығымен 1972 хылы Мария Шоқайдың және 1988 жылы Мұстафа Шоқайдың естеліктері жеке кітап болып жарық көреді.  

Мұстафа Шоқай мен Мария Шоқайдың естеліктерінен «тұратын кітап соңғы рет қазақ тілінде тағы да «Түрік дүниесін зерттеу орталығында» (жетекшісі Тұран Язған) басылып шықты. Естеліктердің бұл жолғы басылуына Хасан Оралтайдың да қосқан үлесі зор. Ал 1997 жылдан бастап Ыстамбұлдағы «Түркістан, Еділ-Орал қоғамы» «Яш Түркістанның» факсимилелік нұсқасын жариялауды қолға алды. Көп томдық бұл басылымның алғашқы екі томы Тюлай Дуранның алғы сөзі және Тимур Қожаоғлның даярлауымен жарық көрді.

Мұстафа Шоқайүлының өмірі мен қоғамдық, қызметін талдауға алған дискуссиялық мақалалар мен құжаттық материалдар елімізде де біраз жарияланды. «Туркестан под властью Советов» атты зерттеуі, 1917 жылға арналған естеліктерінің қысқартылған нұсқасы басылып шықты.

Міне, осы атқарылған істер оқырман қауымға Мұстафа Шоқайұлының еліміздің тарихында, түркістандық және қазақ қоғамдық ойында алатын орнынан біраз хабар берсе керек. Дегенмен, бұл қайраткердің күрес жолы мен артында қалдырған рухани мұрасын бүгінгі өзгерістер арнасында зерттеп тану енді ғана қолға алына бастады деп айтуға негіз бар. Ал бұл атқарылмақ жұмыс, әрине, Мұстафа Шоқайұлының еңбектерін жариялаудан басталғаны жөн. Қайраткердің өзі жетекшілік жасаған «Яш Түркістан» журналында жарияланған еңбектерінен тұратын екі томдық кітабы осы бағыттағы ізденістердің көрінісі.  [13]

Мұстафа Ақмешіт (Перовск, қазіргі Қызылорда) үйезінде ескі календарь бойынша 1886 жылы желтоқсанның 25-де дүниеге келген. Жаңа стиль бойынша 13 күн қосқанда 7 қаңтар болып шығады. Мұстафаның тегі орта жүздегі Қыпшақ, онын ішінде Торайғырдың Шаштысы, Бошай ұрпағының Жанай тармағы болса керек. Әкесі Шоқай дала қазақтары арасында ерекше мәдениетті, елге беделді, үлкен дәулеттен шыққан. Шоқайдың әкесі Торғай Сыр қазақтары Ресей патшалығының қоластына кірмей тұрғанда Хиуа ханының датқасы (уәлиі, Уәлаят басшысы) болған. Торғайдың да, Шоқайдың да суреттері патша үкіметінің арнайы тапсырмасымен жасалған фотоальбомына кіруі де тегін емес сияқты. Шоқай ағайындарының ішінде отырықшылықпен айналысып бау-бақша егеді, кірпіш үй салдырады. Бірақ жазда жайлауда киіз үйде тұрады. Қазақ ғұрпынан айнымаған, қазы (би) танылған Шоқай үйінің есігі қара Қазаққа да айқара ашық болған. Дегенмен, байлықты малмен өлшейтін қазақтар үшін Шоқай аулы кедей саналады. Ол өзінің бау-бақша, егінін көшпелілермен айырбастап, немесе жаңа қоныстана бастаған орыстарға балта, шаруаның құрал-саймандарына алмастырып тіршілік етеді.

Мұстафаның нағашы жұрты да текті болғанға ұқсайды. Анасы Бақты әйгілі әскер басылардың бірінің ұрпағы. Оның әкесі өзбек хандарына қарсы ұрыстарда аса ерлік көрсетіп, қазақ батырлары санатына кірген. Ал Түркістанды патша әскерлері жаулап ала бастаған кезде ол отаршылдармен күреске шыққан. Сол кезде Мұстафаның болашақ анасы осы соғыстарға қатынасып, әкесіне жәрдем етеді. Атқа мініп шөл далада дұшпан әскерлерінің жолын барлап, хабар жеткізіп отырған. Бақты өлең жазып, дастандар жырлаған. Ана тілінде сауатын ашып, әкесі сияқты араб әліппесінде оқу-жазуды да білген.

Шоқай би отыздан аса ағайын-туыстарымен бір ауылда тұрған. Тұрағы 1917 жылға дейін Орынбор-Ташкент темір жолы бойындағы Сұлутөбе станциясынан 5 шақырым жерде орналасады. Шоқай 1912 жылы қайтыс болған. Жасынан зерек Мұстафа әкесі, туыстары жайлы көрген-білгенін есінде сақтайды. Оның айтуынша, елдегі саяси оқиғалар Шоқай әулетіне де әсерін тигізген. Мысалы, екі рет Шоқайдың кірпіштен соғылған үйін жергілікті орыс үкіметі мен мұжықтар мектеп үшін алып қояды, тіпті егістігін де тартып алады. Бірақ оларға ашық, қарсылық білдіре алмай, өз наразылығын ішінде сақтайды.

Отаршылдықтың өктемдігін, әділетсіздігін Мұстафа жас шағынан бастап-ақ сезіп өседі. Бұл жағдай кішкентайынан баланың еркесі болып, бұла өскен Мұстафаның санасында терең із қалдырады.

Шоқайдың үш ұлы, екі қызы екінші әйелінен туады, бірақ Мұстафаны бірінші әйелі, яғни бәйбішесі бауырына салады. Мария Шоқайдың айтуына қарағанда, Мұстафа өле-өлгенше сол асыраған анасына деген кіршіксіз махаббатынан айныған емес. Үлкен ағасы Сыздық Мұстафадан 15 жас үлкен. Інісінің ұрпақтары қазір Қызылорда облысында тұрады.

Мұстафа сауатын ауылда ашады да, оқуды Сұлутөбе станциясындағы орыс мектебінде оқудан бастайды. Кейін 1902 жылы гимназияға (Ташкентте) түсіп, оны 8 жылдан кейін «өте жақсы» деген бағамен аяқтайды. Бірақ гимназияда оған берілмекші алтын медальды генерал Самсонов бергізбей, оны күміс медальға ұсынылған орыс баласына жазады. 20 жасар Мұстафа медалъды алмайтынын айтады да, әлгі орыс оқушысы Зепреметов күміс медальды ғана алады, бұларды гимназия директоры Граменицкий де қолдайды. Отаршылдықтың бұл өрескел көрінісі тек жергілікті жастар емес, орыс жастарының да қарсылығын туғызады. Көпшіліктің есінде қалған бұл оқиғаның оңы мен сапын тани бастаған Мұстафаға қандай әсер еткенін аңғаруға болады.

Мұстафаның терең білім алып, саяси көзқарасының қалыптасуы және қоғамдық қозғалысқа, халқының азаттығы үшін күреске қатысып шыңдалуы оның Петерборда өткізген жылдарына түс келеді.

Мұстафа 1910 жылы гимназия бітіргенге дейін-ақ жерлестерінің көп арыз шағымдарын жазысып, олардың жоғын жоқтап, жоғарыда айтылған генерал Самсоновтың алдына да талай барған болатын. Генерал іске тыңғылықты, орысша сауатты қазақ жігітін өз кеңсесіне тілмаш етіп алмақшы болады, бірақ Мұстафа одан бас тартып, Петербор университетінің заң факультетіне түсуді кездейді. Ол факультетке белгіленген стипендия тек орыс баласына берілуі тиіс еді. Сондықтан Мұстафа Қазақ татарларына берілетін стипендиядан үміттенеді. 1912 жылы «Айқап» журналының 13-санында Мұстафа туралы мынандай сөздер жазылыпты: «Осы күнде Петербург университетінде 1910 жылдан бермен қарай Сырдария облысынын Перовский уезінің Гродековсхий болысының Шашты Қыпшақ руынан Мұстафа Шоқаев деген жігіт оқып жатыр. Бұл жігіт Перовский уезінде жоғары жерден оқыған бірінші қазақ болса керек». Бұл хабарлардан мақтаныш сезіммен жазылғаны байқалады. Ал Мұстафа шынында аз іс атқарған жоқ. Оның оқып жүрген кезінде де (гимназияда, әсіресе, Петерборда) жерлестері әртүрлі арыздарымен келіп, одан жәрдем алып тұрады. Сөйтіп студенттің оқуына да бөгет жасайды. Кейбір үлкен істер бойынша тіпті сенат алдында да мәселе қоюға тура келеді. Осының бәрі оның көп уақытын алып, ақыры 6 жылдың орнына оқуын 7 жылда, яғни 1917 жылы тәмамдайды. Екінші жағынан мұндай бай тәжірибе болашақ заңгерге елдегі қазақтардың мұң-мұқтажын терең білуіне де мүмкіншілік туғызды. Мұстафа Шоқай оқып жүрген кезінде Мемлекеттік Думаға кандидатурасын ұсынуы үшін сұлтан Сәлімгерей Жантөрин оған Уфадағы жер үлесін ұсынады (меншігі жоқтардың Думаға сайлануға құқығы болмаған).

 Мұстафаға алғашқы жүктелген қоғамдық жұмыс — оның 1914 жылы Әлихан Бөкейхановтың ұсынысымен IV Мемлекеттік Думадағы Мұсылман фракциясының хатшысы қызметіне тағайындалуы. 1907 жылғы 3 маусым заңы қазақтарды Мемлекеттік Думаға депутат сайлау құқығынан айырады. Осындай жағдайда Думадағы Мұсылман фракциясы жұмысына араласып жүрген М. Шоқайдың қызметі ерекше бағалы еді. Бұл Мұстафа Шоқайдың Ресейдегі қайраткерлермен, Дума депутаттарымен араласуына, іс жүзінде жалпы мұсылмандық, жалпы түркістандық идеяларды қолдауына алып келді. Азаттық алу үшін езілген халықтардың тізе қосуы қажет екендігін Мұстафа сол кезде анық түсініп, өмірінің соңына дейін бұл пікірден айныған жоқ.

1916 жылғы Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалысты патша үкіметі аяусыз басып-жаншыған кезде демократиялық топтар үкіметке қарсы оппозиция құрып, талқылады. Осы мәселе бойынша ресми баяндама дайындау үшін Түркістанға арнайы сапармен келген депутат эсер А. Ф. Керенский және фракция жетекшсі К. М. Тевкелевпен бірге мұсылман фракцизияның хатшысы Мұстафа Шоқай да балады.

1917 жылы окоп қазуға Бірінші дүниежүзілік соғыс майдандарына жіберілген қазақ жігіттерінің аман-есен елге қайтуы үлкен қиыншылықтарға кездесті. Тіл білмейтің қазақтардың темір жолдардағы орыс шенеуніктерінен пойызға орын ала алмай үлкен станцияларда сандалып жүруі — олардың өмірі үшін қауіпті еді. Осы кезде Петербордан елге оралған Мұстафа Пенза, Сызрань, Самара қалаларында қазақ жігіттерін алып келе жатқан составтардың өз уақытында елге жетуіне ат салысады.

Мұстафа Шоқай қазақ автономиясын құру әрекетіне де ат салысты. 1917 жылдың шілде айында бірінші жалпықазақ құрылтайына қатысып, «Алаш» партиясын құру туралы шешімге дауыс берді. 1917 жылғы 5-13 желтоқсандағы 2-ші жалпықазақ құрылтайы барлық қазақ облыстары өкілдерін қамтыған 15 адамнан тұратын Ұлт Кеңесі — Алашорда өкіметін құрғанда, оның құрамына Мұстафа Шоқай да енді. Құрылтай өз жұмысын аяқтаған күннің ертесіне біртұтас автономия құру мәселесін қорғау үшін Сырдария қазақтарының құрылтайын шақыру туралы тиісті адрестерге телеграмма жолданады. Оған Алашорда өкіметі атынан Ә. Бөкейхан мен Мұстафа Шоқай қол қояды. Мұстафа Шоқайдың жерлестеріне өз атынан жолдаған қайрылуында «Сырдария халқына өз тарапымнан айтарым, тегінде Алаш баласының басы қосылатын кезі осы, бүгін. Айрылсақ, мұнан соң жұрттың басын қосуымыз қиын. Алаш ұранына шаппайтын қазақ баласы болмас. Сырдария қазағы кешіктірмей Алаш туының астына жиналар деген үміттеміз» — деген сөздер бар еді. Мұстафа Шоқайдың бұл әрекеттері нәтижесіз болған жоқ. 1918 жылдың бас кезінде өткен Сырдария қазақтарының құрылтайында қабылданған қарарда мынадай жолдар бар-тын: «Алашорда өз алдына автономия иғлан қылып болып, Түркістан автономиясына союз (одақ) болса, Сырдария қазақ-қырғыздары Түркістан автономиясынан шығып, Алаш автономиясына кіруге қарар қылады». [14]

 

2.2. Зәки Валидидің қоғамдық қызметі.

 

Зәки Валиди — дүние жүзіне Ахмет-Зәки Валиди Тоған деген атпен мәлім болған шығыстанушы ғалым (Тоған — Ештуған деген бабасының есімінен қосылған тек аты). Оның ғалымдығы, түркі халықтарының ежелгі мұсылман-түркі мәдениеті ортасында қалыптасып, кейін басқа Шығыс елдерінің, Батыс Еуропаның әйгілі ғалымдарының еңбектерін Еуропа тілдерін пайдалану арқылы байи түскен. Ресей топырағында ол Катанов, Бартольд, Шоқан сияқты зерттеушілерінің қатарын толықтырған ғұлама.

Зәки Валиди ғылымға жастық шағында емес, есейгенде ден қояды. Тіпті Вена университетін де кейін, 1935 жылы тәмамдайды. Мұның себебі З.Валидидің жастық шағы ез халқының, сонымен бірге тағдырлас бүкіл түркі халықтарының бостандығы үшін күреске, азамат соғысына, қуғын-сүргінге тап болады. Отарлық езгіні көзімен көріп, сезген жас жігіт ғылыми жоспарларын ысыра салып, ел үшін саяси күрескер, IV Мемлекеттік Думаға депутат, әскери қолбасшы, тұнғыш Башқұрт кеңес мемлекетінің басшысы, «басмашылық» деп теріс түсіндірілген, Кеңес өкіметінің озбырлығына қарсы Орта Азиядағы азаттық қозғалысқа қатынасу, ақыры эмиграция, Стамбул университетінде профессор, көптеген елдерде ғылыми экспедициялар жүргізген тынымсыз ізденуші — міне, осының бәрі бір ғана Зәки Валидидің басынан өткен оқиғалар.

Осы атқарған істерінің, көрген-білгендерінің өзі, 400-ден аса ғылыми еқбектерін былай қойғанда, біз үшін өз алдына мектеп болмас па еді? Өкінішке орай, З.Валиди Кеңес Одағы халықтары үшін буржуазияшыл ұлтшыл, пантүрікшіл, тарихты бұрмалаушы ретінде большевиктік идеология тұрғысынан сипатталып келді. Ал осы кезге дейін онын еңбектерін, не естеліктерін оқыған адам кемде-кем. Бұдан біздің тарихи біліміміз таяздамаса, санамыз төмендемесе, басқа ұтқанымыз жок.

Зәки Валиди (1890-1970) башқұрт Ахметтің отбасында Стерлітамақ үйезі, Күзен ауылында дүниеге келген. Тегі юрмат тайпасының сақлыкай руына жатады. Оның бесінші атасы Ештуған орыстарға қарсы соғыста қаза тапқан. Зәкидің туған жерінде «орыс өлген», «орыс қырылған» деген атаулар сақталған. Бабаларының азаттық үшін күресі туралы аңыздар Зәкидің рухани ой-өрісіне ықпал еткен.

Зәкидің жастық шағы сол кездегі мұсылман мәдениеті дамыған зиялы ортада өтеді. Оның шешесі Уммулхаят та мұғалима болған. Зәки өзі туралы: «әкем маған араб тілін үйретсе, шешем парсыша үйретті», — деп жазды. Ол 11 жасында әкесінің медресесінен нағашысының медресесіне ауысады. Нағашысы Хабибназар Сатлықұлы — белгілі ойшыл, көрнекті тарихшы Шихабутдин Маржанидан оқыған, кейін өзі де «Тарихтың кілті» атты кітап, оқулықтарға түсініктемелер жазып, Исмаил Гаспралының (Гаспринский — ред) 1883 жылдан бастап шығатын «Тәржіман» газетін, Түркияда басылған жаңа кітаптарды алдырып тұрған, ғылым-білімнің әр саласынан хабардар, саяси көзі ашық зиялы адам болған. Зәкидің әкесі Ахмет кейін большевиктердің қолынан көп зәбір көріп, 80 жасында өлтіріледі.

Зәки Валидидің түрік-араб-парсы мәдениетінен ерте сусындағаны оның болашақта түркі-ислам тарихымен, этнографиясымен терең айналысуына негіз болады. Осыны профессор Катанов та түріктанушы З.Валидидің ерекше артықшылығы деп мойындаса керек.

Ғылым шыңына барар жол Ұлы империяның қоластындағы «бұратана» халықтың өкілі үшін талмас еңбек пен қайтпас қажырлылықтың арқасында ғана ашылады. З.Валиди жоғары білімді Ресейде ала алмаса да, өз бетінше оқу-ізденуден жалықпайды. Ол тек діни оқумен шектелмей, ғылыми пәндермен де айналысады. Медреседе орыс тілі мен математикадан дәріс алады. Оны «Қасымия» медресесінде «Бұратаналар үшін орыс тілі оқытушыларын даярлайтын мектептің» мұғалімі Емельянов оқытады. Гимназия бағдарламасы бойынша тапсырылатын пәндерді оқиды. Өзі де дәріс береді. Мысалы, медресе (бағдарламасына түркі тарихы мен әдебиеті тарихы пәнін енгізіп, өз еңбегінің нәтижесінде ол бұратаналар мектебінің орыс тілі оқытушысы атағын алып шығады. Кейін 1916 жылы академик Бартольд оны император ханым қамқорлық ететін Петербордағы «Шығыс тілдері мектебіне» орналастырмақшы да болады, бірақ рұқсат ала алмайды.

Зәки Валиди атақ-дәреже тосып отырмай, өз бетінше еңбектене береді. Соның нәтижесінде 1911 жылы жарық көрген «Түркілер мен татарлар тарихы» деген еңбегі арқылы, ол барлық Ресей шығыстанушыларына танылады. Оған Ғ. Ибрагимов, И. Гаспыралы, Катанов, Бартольд, Радлов, А. А. Семенов, Ә. Диваев, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Иоқаев, Н. Төреқұлов сын-пікір айтады, түрлі қолдау жасайды, пікірлес болады.

Аталған еңбегі үшін Зәки Валиди Қазан университеті жанындағы археология, тарих және этнография қоғамына мүшелікке сайланады. Бұл қоғам оны 1913 жылы Түркістан елкесіне ғылыми экспедицияға аттандырады. Осы жұмысының нәтижесі және Бартольд пен Радловтың ұсынысы бойынша оны 1914 жылы Ресей Ғылым академиясы мен Халықаралық Орта Азияны зерттеу қоғамы тағы да Бұқарға экспедицияға жібереді. Бұл экспедициялар жергілікті және астана ғалымдарымен байланысын нығайтып, соның нәтижесінде жазған еңбектері баспасөзде жарық көре бастайды. [15]

З.Валиди ғалымдығына қоса өз халқының азаттығын кексеген қайраткер де болатын. Сондықтан елдегі күрделі саяси толқулар оны да ілестіріп әкетеді. Ол 26 жасында Уфадағы «Османия» медресесінде мұғалім болып жүргенінде мұсылмандар атынан IV Мемлекеттік Думаға депутаттыққа сайланады. Думада 1916 жылы көтеріліске қатынасқан қазақтарды қорғауда, 1917 жылы ақпан төңкерісі күндерінде ол Мұстапа Шоқаевпен тізе қосады, басқа қазақ зиялыларымен де бір сапта болады.

Саяси қайраткер ретінде З.Валиди азаттық жолындағы күресте түркі халықтарының тағдыры ортақ екенін ерте түсінеді және осы бағытта аянбай еңбек етеді. Бұған оның «Естеліктер» кітабының төменде келтірілген үзіндісі-ақ айғақ бола алады.

1923 жылдан эмигрант болған З.Валиди өз Отанына орала алмайды. Содан аттай он жылдан кейін ол түркітану әлеміне қайта ден қойып, енді ғылым арқылы түркі халықтарына еңбек ете бастайды. 1944 жылы «пантүрікшіл» деп қудаланып, біраз уақыт түрмеге де жабылады.

З.Валиди ислам дүниесінің тарихын, мәдениетін, тарихи жағрапиясын, әр кезеңдегі экономикасын да жақсы білген. Сондықтан ол 1935-1939 жылдары Бонн, Геттингем университеттерінде исламтанушы-профессор қызметін атқарады, Стамбул университетінде ислам зерттеу институтын ашу ісіне басшылық етеді.

Осы еңбектері арқылы З.Валиди есімі тарихта түркі халықтары тарихын зерттеуші және олардың тәуелсіздігі мен бірлігі үшін күресуші  қайраткер есебінде мәңгі сақталады.

Өзінің 80 жылдық ғұмырының соңғы 45 жылын туысқан Түркияда өткізген бүкіл түрік әлеміне жақсы танымал аса ірі тарихты ғалым, үлкен жүректі түрікшіл азамат Ахмет Зәки Уәлиди Тоған (1890-1970) артына мол ғылыми мұра қалдырды. Оның әрқайсысы бірнеше жүз беттік жиырмаға тарта кітаптарының ішіндегі ең сүбелісі «Бүгінгі Түрік еді — Түркістан және оның таяудағы тарихы.  І том. Батыс және Солтүстік Түркістан» атты еңбегі дер едік. Ресейден тыс жерде басылу үшін 1918-1921 жылдары қолға алынған бұл еңбектік бірінші басылымы 1928-1939 жылдары Мысырда араб әріптерімен жарияланды. Бұл түркістандық оқушыларға арналған басылым болатын. Екінші басылым 1942-1943 жылдары дайындалды. Бірақ таратылмады сатуға түспеді, шаң басқан күйі қоймада қалып қойды. Кітаптың бұл екінші басылымы Түркия оқушыларына арналды. Кейін автор оны тағы бір қарап шықты да, алғы сөзше 1947 жылы 6 қыркүйекте қол қойды. Осы екінші басылым 1931 жылы ғана Ыстанбұлда («Эндерун» баспасынан) жарыққа шықты.

Кітап мынадай негізгі бес бөлімнен тұрады:

  1. Түркістанның жағрапиялық жағдайы.
  2. Түркістанның әкімшілік бөлінісі және халқы.

III. Түркістан тарихынан (16ғ. дейінгі тарихынан бастап Түркістанның атарлануына дейінгі тарихына шолу).

  1. Отарланған Түркістандағы саяси өмір.
  2. Отарланған Түркістандағы әлеуметтік және мәдени өмір. Кітаптың жалпы көлемі.

Кітап Түркісіанның негізінен ХVІ-ғасырдан бергі тарихына арналған.

Кітапта Мұстафа Шоқайға, яки оның өмірі мен қызметіне арнайы тарау немесе тақырыпша берілмеген. Ол туралы уақиғалар желісіне сәйкес оқтын-оқтын айтылып отырылады. Әлихан Бөкейханұлы, Міржақып Дулатұлы, Ахмет Байтұрсынұлы және басқа да Алаш жетекшілері мен қайраткерлері де осылайша еске алынып отырылады. Кітап авторы Мағжан Жұмабаев, Әбділхамит Сүлеймен (Шолпан), тағы да басқа бірқатар ақьш-жазушыларға арнайы тоқтаған.

Мұстафа Шоқай есімі кітаптың он бес бетінде кездеседі. Оған кейде бір-екі абзац, кейде жарты, кейде бет арналады. А. 3әки Уәлиди Тоғанның Мұстафа Шоқай жайлы пікірлері туралы айтқанда біз осы кітаптағы мағлұматқа сүйенеміз.

Мұстафа Шоқай туралы Ахмет Зәки Уәлиди 1916 жылғы көтерілістен кейінгі 1917 жылға ақпан төңкерісіне байланысты айта бастайды. 1916 жылғы бүкіл Түркістанды қамтыған көтерілісте өздерін көрсете алмаған зиялылар, Тоғанның пікірі бойынша, 1917 жылғы төңкеріске дайындықсыз келді. Осы арада Ахмет Зәки Уалиди заманауи білім алған зиялылардың сол кезде салыстырмалы түрде алғанда Қазақстанда көбірек болғанын атап көрсетіп, олардың басым бөлігі жаңа режим мекемелеріне жұмысқа кірді, жергілікті жердегі билікті өз қолдарына алды, ал Түркістанның оңтүстігінде билік негізінен орыстарының қолында болды дейді.

Сол бір күндерде жиын сайын пікір таласын туғызған үлкен мәселе болашақ Ресейдің федерация түрінде, ал оның құрамына енетін ұлттық құрылымдардың автономия сипатында болуы яки болмауы мәселесі еді. Бұл сол бір кезең үшін өте маңызды мәселе  болатын.

Ташкентте 1917 ж. сәуір айының басында болып өткен Түркістан мұсылмандарының І Құрылтайында да бұл мәселе құн тәртібінде тұрды. Қыста Орынборда Әлихан Бөкейханұлының басшылығымен I Қазақ құрылтайы болды, Садри Мақсұди Арсал. Мұхаммет Аяз Ысқақи, Кәбір Бәкір, Ісләм Шахахмедовтер басқарған татар-башқұрт зиалыларының бір тобы Ресейдің федерация, оның құрамындағы ұлттық мемлекеттердің автономия сипатында болуына барынша қарсы шықты. Ресейдің біртұтас, унитарлық мемлекет болуын жақтады. Мұстафа Шоқай алғашқя кезде осы татар-башқұрт зиялыларының ықпалында қалып қойды. Мысалы, Тоғанның жазуынша, І.Шахахмедов пен М. Шоқай (онда ол Ресейдің мемлекеттік думасының мұсылман фракциясының Ташкент бюросында қызмет атқарған) тіпті Түркістанның генерал-губернаторы Куропаткин орнынан кетсе, әр жерде көтерілістер болады, халық арасында бүліншілік басталады, сондықтан ондай атақты адамның өз орнында қалғаны әлдеқайда пайдалы болар еді деп ойлап жүрген.

Дегенмен, Түркістан мұсылмандарының I Құрылтайында көпшілік дауыспен федерация және автономия идеясы қабылданады (қолдағандар — 446, қарсы шыққандар — 271). Орынбордағы қазақ құрылтайы да осы пікірде болды.

Түркістан мұсылмандарының 1 Құрылтайынан кейін жер-жерде орталық кеңестер құрыла бастайды. Ташкентте құрылған мұсылман депутаттарының орталық кеңесін М.Шоқай басқарады, Қазақстнда -Ә.Бөкейхан. Қыркүйек айынан бастап саяси партиялар өмірге келіп жатты.

Жоғарыда аты аталған Кәбір Бәкір Ташкентке ауысып (Орынбордан), «Ұлұғ Түркістан» газетіне ұйымдастырады. М.Шоқай мен С.Қожанов Ташкектте «Бірлік туы» газетін шығара бастайды. Олар да «Кәбір Бәкір сияқты енді федерация және автономия идеясын қолдап, сол бағыт жолында қызмет ісіейді», — деп көрсетеді А.З.У.Тоған.

Сол кезде саяси өмірде қауіпті екі топ болған. Олар — монархистер және кадеттер. Бұлар діии топтармен бірігіп жатты: «Олар үшін ежелгі билік пен дін қалса жетіп жатыр! Мұның бәрі, сөз жоқ, ұлттық мүдделер үшін, еркіндік пен тәуелсіздік жолындағы күрес үшін қатерлі еді», — дейді кітап авторы. 

Бұдан әрі қарай Ахмет Зәки Уәлиди автономнялардың жарияланып. Ұлттық (немесе Түркістан) автономиялық республикасының төрағасы әуелде Мұхаметжан Тынышбайұлы кейін Мұстафа Шоқай болғаны белгілі. 1918 жылдың ақпан айының алғашқы аптасында қанды қол бәлшебектер Қоқан қаласын атқылап, өртеп, автономиялық үкіметті озбырлықпен құлатты. Орыс бәлшебектеріне бұл мәселеде жергілкті армяилар қатты көмек берді.

Осы арада А.З.У.Тоған Қоқан автономиясының жеңілу себептерін түсіндіре келіп, оның орнықты идясының, нақты бағдарламасының болмағанын айтады. Үкімет құрамындағы орысша оқыған зиялылар (М.Ш. да солардың бірі) автономия идеясынан гөрі жалпы бәлшебектерге қарсы күресу идеясында болғанын атап өтеді. Бұған қоса А.З.Уәлиди мынадай фактіні келтіреді: сол кездегі басмашылардың жетекшісі Ергеш ресми үкіметке «Қарусызданыңыздар, беріліңдер» деген ұсыныс білдірілген. Бұған өкімет төрағасы М.Шоқай келіспеген, яғни қателік жасаған деп есептейді автор.

А.З.У.Тоғанның жазуынша, М.Шоқай тіпті кейін өз естеліктерінде де автономия жанында болмағанын айтады. Біздіңше, М.Шоқай автономия идеясын місе тұтпаған, қашан да Түркістанның толық тәуелсіздігі мен біртұтастығын армандаған, тек сол үшін күрескен болса керек. Кітап авторы бұл жайын ашып түсіндірмейді.

М.Шоқайдың бұдан арғы тағдыры туралы А.З.У.Тоған: «Түркістан бүтіндей дерлік бәлшебектердің қолына өтті. Түркістанның азаттыға туралы идеяларды шет елдерде түсіндіріп, бәлкім көмек сұрауға болар ма еді? Бұл бағытта Орта Азияға келген шетелдіктермен азды-көпті жұмыс істеліп жүрді. Дегенмен жағдай бірте-бірте түгелдей кеңестердің пайдасына қарай өзгере бастады. Сондықтан ендігі жерде Түркістан проблемасын Еуропаға, әлемге түсіндіру үшін М.Шоқайды шет елге жіберу ұйғарылды. Сол бір тұста Ресейдің Учредительное собраниесінің мүшелерінен құралған бір делегация Еуропаға бара жатты. Сол делегацияның құрамында Түркістан, Қазақстан және Башқұртстан атынан Баку жолы арқылы біз де М.Шоқайды Еуропаға жібердік», — деп жазады Алмет Зәки Уәлиди ктгабының 376-бетінде. Демек, бүгінде кейбіреулер ойлап жүргендей, М.Шоқай шет елге (Еуропаға) басын сауғалап қашқан жоқ, арнайы тапсырмамен — Түркістан үшін күресті жалғастыруға кеткен. Егер М. Шоқайдың өмірі мен күрес жолы әлі де толық зерттеліп біткен жоқ дейтін болсақ. Ахмет ағамыздың бұл айтып отырғаны бүгінгі біздер үшін де жаңа пікір тың дерек.

Кітаптың IV бөліміне енетін «Түркістан атынан сыртта жүргізілген жұмыстар» деген 6 тарауда автор М.Шоқайдың Еуропада жүріп, Тіркістанды, Түркістан мәселесін таныту жолындағы еңбегіне тоқталады Парижде бірнеше жыл бойына орыстың эмиграциялық (мысалы, Мелинков пен  керенскийдің газеттеріне), кейбір француз, поляк газеттеріне Түркістандағы бәлшебектердін саясать туралы мақалалар жазады. А.З.У.Тоған, мысалы, М.Шоқайдың «Ориент эт оссидент» (Шығыс пен Батыс) атты француз журналының 1923 ж. 16-17 сандарында жарық көрген «Түркістандағы ұлтазаттық қозғалысы» деген мақаласына тоқталып, оған жоғары баға береді. Ол сондай-ақ М.Шоқайдың «Жорнал де Варшавйе». А.Керенскийдің «Дни» газеті сияқты басылымдардағы бірер мақаласына тоқталады. Мысалы, «Дни» газетінің 1923 ж. 25.08-дағы М.Шоқайдың «Түркістандағы көтерілістер» деген мақаласына тоқтала келіп, А.З.У.Тоған ол мақаладан мынадай үзінді келтіреді: «Түркістанда басмашылық қозғалыстың күшеюі — бәлшебектік саясаттың табиғи көрінісі. Сәбет зұлымдығына деген қарсылық. Көтеріліс, әлбетте, — апат, ол елді бүлдіреді. Мұсылмандардың (орыстарға қарсы) өшпенділігін арттырады, бірақ бұл — сол апатты туғызған режимге қарсы күрестің мұқтаждығы». А.З.У.Тоған М.Шоқай 1929-1939 ж.ж. аралығында Берлинде «Яш Түркістан» атты журнал шығарғанын, оның өте танымал болғанын айтады. Ұзақ жылдар бойына Түркістанның Еуропадағы өкілі болған (Тоған осылай дейді). М.Шоқайдың 1941 ж. 27.12-да Берлинде ауырып өлгенін жазады. Ең соңғы мағлұмат мынадай: »1920 жылдардың басында Түркістан азатшылдары Бұхарада «Түркістан ұлттық одағын» құрған. Оны Бұхара әмірі де, орыстар да ұнатпаған. М.Шоқай 1924 жылы осы одақтың Берлиндегі өкілдігіне мүше болады.

М. Шоқай Париждегі «Прометей» журналына да мақала жазып тұрады. Оны бұл жұмысқа шақырған — поляктар. 1928 жылы М.Шоқай Варшаваға барып, Түркістан проблемасын түсіндіретін лекция оқиды. Сонда М.Шоқайды бұған дейін өзіне берілген, адал «инородецтердің» бірі деп санап келген Керенский «Дни» газетінің 1929 жылғы 41-санында «Енді Шоқайды да жоғалттық па?!» деген мақала жариялаған екен. Мұстафа үшін социализмге қарсы азаттық үшін күрес мәселесі біртұтас ортақ тақырыпқа айналғанын Керенский жете түсінбеген сияқты. [16]

Жалпы А.3.У.Тоғанның М.Шоқай туралы жазғандарын оқи отырып бұл екі ұлы тұлғаның көзқарастарында алғашқы кезде аздаған алшақтықтың болғанын аңғарып, сәл де болса салқындықтың барын сеземіз. Алайда қатыгез тарих екеуін ақырында жақындастырды, тіпті бір арнаға тоғыстырды. М.Шоқайдың көзжарасындағы эволюция оны тез арада автономия идеясын місе тұтпай, толық тәуелсіздік пікіріне алып келсе. Ахаңның да түбінде осыған көзі жетеді. Бәлшебектер Башқұртстанды басып алған соң «автономияның'» жәй сөз екенін, оның кәдімгі отардан ешқандай айырмасы жоқ екенін аңғарып («Одақтас» республикалар да отар болды емес пе?), ол да шет елге туысқан Түркияға кетуге мәжбүр болады. Сонда жүріп том-том кітап жазады. Тіркістанның ғана емес, бүкіл Түрік Дүниясының проблемаларын насихаттайды. Бұл да күрестің бір жолы еді. (Осында қалса атылып кететіні анық). Осы арада маған мынадай ой келеді: «Неге өзіміздің Алашорданың жетекшілері Түркияға кетпеді екен сол кезде?! Бұл Қазақстан үшін де, Түркия үшін де, тіпті бүкіл Түрік әлемі үшін де пайдалы болар еді ғой! Тоғаннан басқа Демократиялық Әзірбайжанның басшысы Мәмет Емін Расұлзаде (Анкарада жерленген), тағы да қаншама әзірбайжан, өзбек, татар-башқұрт зиялылары туысқан Түркияға кетті! Олар сонда рухани күресін жалғастырды, түрікшілдіктің қалыптасып, дамуына үлес қосты, артына едәуір ғылыми мұра қалдырды».

 

2.3. Баймырза Хайттың қоғамдық қызметі.

 

Баймырза Хайт… Қарасы өшкір коммунистік партия үстемдік құрған бұрынғы КСРО атты зорлықпен ұйымдастырылған жасанды да дәйексіз елде, оның ықпалындағы басқа социалистік лагерь елдерінде біз үшін аса құрметті бұл есім, ондаған жылдар бойына орынсыз қараланып, датталып келді, оның танымдық қана емес, тәрбиелік маңызы үлкен тамаша туындыларын сақтауға, аударуға тыйым салынды. Оған еліне келіп қайтуға рұқсат етілмеді. Өйткені тағдыр тауқыметімен жарты ғасырдан астам уақыт бойына Алманияда өмір сүріп, еңбек етіп келе жатқан үлкен түркі ғалымы Баймырза Хайт Түркістанның шынайы тарихын жазды, орыс отаршылдарының қасиетті Түркістан жері мен халықтарына әкелген өлшеусіз қайғы-қасіретін ерінбей-жалықпай, тайсалмай-тартынбай айдай әлемге әшкере етті. Біз мұның бәрін білмедік, оқи алмадық. Бірақ азат әлем елдерінде Баймырзаға Хайт еңбектері әлденеше рет жарияланды, оған құрметті атақтар мен сыйлықтар берілді.

Ұлы Тәңірі түркілердің көз жасын көрді: ақыры қызыл аждаһа гүрс етіп құлап, жаны жаһаннамға кетті, КСРО-ның шаңырағы ортасына опырылып түсті де, бірқатар түркі елдері (Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан) тәуелсіздіктеріне қайта қауышты. (Иншалла, Ресей мен Қызыл Қытай империялары құласа, көп ұзамай қалған түркі жұрттарының да азаттық алары анық). Мұстафа Шоқай, Хасен Оралтай, Баймырза Хайт… есімдері де өздеріне лайық құрметке қайтадан ие болды, алыста жүрсе де ата-баба жұртына қайта оралды, еңбектері аударылып, өздері туралы жазыла бастады. Әрине едәуір кеш, бірақ кеш те болса, ештен жақсы ғой.

Алманияның Көлін қаласында тұратын Баймырза Хайт таяуда 80-ге келді. Ол 1917 жылы 17-желтоқсанда Наманган өңіріндегі Жарқорған ауылында туды. Әкесінің аты — Айтмырза, шешесінің аты — Рабия (Рабиға) ханым. Баймырза бұл отбасының 15 баласының 9-баласы.

1923 жылы Баймырза өз аулындағы діни мектепте, І924-1934 жылдар аралығында орта мектепте оқыды. [17]

Баймырзаның Нармырза есімді сүйікті ағасы өте батыл жігіт болып өсті, әрі атқа жақсы отыратын. Ол 22 жасында «басмашыларға» қосылып, бәлшебектерге қарсы күресті. Бірақ, өкінішке орай, төрт жылдан кейін бір құрбан айты күні сәбет солдаттары оның кесілген басын үйіне апарып тастайды. Бәлшебектердің бұл зұлымдығын інісі ешқашан ұмытқан емес! (Бұл оқиға туралы кейін жазушы Өзтемір Ниязи «Құрбандық сыйлық» деген роман жазды).

1934 жылы Баймырза Хайт Орта Азия (қазіргі — Ташкент) мемлекеттік университетінің тарих факультетіне түсіп, 1938 жылы оны бітіріп шығады. Бұдан кейін Баймырза Хайт Өзбекстан ағарту халық комиссариатының (министрлігінің) бұйрығымен Ташкенттегі Низами атындағы педагогикалық институтының тарих факультетінде оқиды. 1938 жылдың қараша айына ол осы институттың сырттай оқу бөліміне ауыстырылып, біраз уақыт түрлі аудан орталықтарында тарих пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарады, ал 1939 жылдың басында Үйші аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалады. 1939 жылдың маусымында мемлекеттік емтихандарды сәтті тапсырып, пединституттың дипломын алады. Ал осыдан бір ай бұрын, яғни 1939 жылғы мамыр айында оқу-ағарту саласындағы табысты еңбегі үшін Баймырза Хайт КСРО-ның «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған болатын. [18]

1939 жылы 24-желтоқсанда Баймырза Хайт совет армиясы қатарына алынады. Алдымен немістер тарапынаң бағындырылған Польщаның Белосток қаласында танкі бөлімшесінде қызмет атқарады. 1941 жылы 4 шілде күні немістердің қолына тұтқынға түседі. 1942 жылдың 15 наурызына дейін Честахов қаласындагы Алмания тұтқындары лагерінде ұсталады. Сол 1942 жылғы 16 наурыздан 1945 жылдың 7 мамырына дейін Баймырза аға Түркістан легионында (1945 жылдың наурызынан — Түркістан ұлттық армиясы) қызметте болады. Соғыстың соңына дейін ол капитан әскери шенін алып жүрді. 1944 жылдың мамырынан соғыстың аяғына дейін Баймырза Хайт осы Түркістан легионының әскери бөлімін басқарды және Түркістан легионының Алмания жаяу әскерлері бас қолбасшылығындағы өкілі болды.

Айта кету керек, Түркістан легионының сипаты, мақсаты мен мүддесі туралы талас күні бүгінге дейін толастаған жоқ. Біздіңше, бұл ең алдымен методологиялық мәселе. Түркістан легионы да, менінше, «басмашылар» сияқты, Түркістанның тәуелсіздігі жолында қарғыс атқыр бәлшебектерге қарсы күресу үшін ұйымдастырылған ұлт-азаттық армиясы деп сипатталуы қажет. Оны басқаша бағалауға болмайды. Бұл легионның (басқа да түркі-мұсылман легиондары сияқты) құрамындағы жауынгерлердің бәрі дерлік Түркістанның азаттығын аңсаған шынайы патриоттар еді. (Легионның өзінің осы ізгі миссиясын толық атқара алмағаны бөлек бір мәселе).

Соғыс аяқталды дегенмен де Байыырза Хайттың өмірінде тыныштық орнай қоймайды. 1945 жылы 7 мамыр күні ол енді Чехословакияның Марйнбад қаласындағы Американың әскери тұтқынына айналды, ал 1945 жылдың шілдесінен 1947 жылғы тамызға дейін, яғни екі жыл бойына БҰҰ-ның Мүнхен және Миттенуальд қалаларындағы (Алмания) қайырымдылық лагерлерінде тұрды.

1947 жылдың күзінде Баймырза ағаның өмірінде ақыры тыныштық, оқу, ғылыми жұмыстар кезеңі басталды. Осы жылы қазан айында ол Мүнстер қаласындағы «Вестфален» университетінің философия факультетіне оқуға түседі. (Бұл 30 жастағы Баймырза Хайт түсіп отырған үшінші жоғарғы оқу орны). Университетте Б.Хайт араб, иран, түркі және славян (орыс, украин, поляк, чех, серб) тілдері мен жаңа заман тарихын оқып-үйренеді. Университетті Баймырза Хайт «философия докторы» ғылыми атағымен бітіріп шығады (1950 ж. 25.04). Профессор Герхарл фон Менденің ғылыми жетекшілігімен Баймырза Хайттың жазып, қорғаған диссертациясының тақырыбы — «Қоқан және Алашорда ұлттық үкіметтері». 1950 ж. 5-қазанда Баймырза Хайт Рут есімді неміс қызына үйленеді. Ол — акушер-гинеколог. Екеуінің үш баласы бар: Ділбәр, Ертай, Мырза, олардан он шақты немере сүйіп отыр.

Рут жеңгеміз бар тапқан — таянғанын Баймырзаның жолына арнап, оның еңбектерін шығаруда, қажет болса емделуде кеп көмек береді. Б.Хайт — 1959 жылдан Алмания азаматы.

1950 жылдан бастап Баймырза Хайт біржола ғылыми зерттеу жұмыстарына ден қояды. Мақалалар, кітаптар жариялайды, түрлі Халықаралық жиындарда баяндамалар жасайды, лекциялар оқиды, басқа елдерде ғылыми жұмыстармен шұғылдануға мүмкіндік табады. 50-жылдардың басында ол ғылыми жұмыстарынан қол үзбей Түркістанның ұлттық бірлігі комитетінде де қызмет атқарады (1951-1953 ж.ж.)

1954 жылдың басынан 1964 жылдын ортасына дейін, яғни он жылдай Баймырза Хайт Шығыс Еуропаны зерттеу институтының Шығыстағы ислам елдері бөлімін басқарды. Ал 1964 жылдан бастап ол күні бүгінге дейін ғылыми жұмыстарын дербес түрде жүргізіп келеді. Жарты ғасырдан астам уақыт бойына ғылыми жұмыстармен шұғылданып келе жатқан Баймырза Хайттың (оның алғашқы мақаласы 1942 жылы Уәли Қаюмхан шығарып тұрған «Милли Түркістан» (Берлин) журналында жарық көрген қаламынан 9 (әрқайсы бірнеше жүз беттік) кітап, 12 кітапша (брошюра), 250-ден астам мақала туған. Онын еңбектері әлемнің 12 тілінде жарық көрген. [19]

Баймырза Хайттың бүкіл ғылыми өмірі, жарық көрген бйрлық еңбектері, әлемнің түрлі елдеріндегі халықаралық жиындарда, ол жасаған баяндамалар немесе оқығаи лекциялары мен жүргізген курстары негізінен басты бір ғана мәселеге арналған. Ол қасиетті мәселе — Түркістан тарихы, Түркістанның кешегі, бүгінгі тағдыры, орыс және қытай отаршылдарының кесірінен түркістандықтардың тартқан және тартып келе жатқан ауыр азабы. Баймырза Хайт әлемнің қай елінде, қай жерінде баяндама жасамасын, лекция оқымасын, сөз сөйлемесін, мақала немесе кітап жарияламасын, үнемі осы тақырыпты тілге тиек етеді, осы мәселені әлемдік, қоғамдық пікірге жеткізуге тырысады, соған жұртшылықтың назарын аударады. Ол Түркістаннан алыста тұрып, еңбек етуге мәжбүр болса да, осылайша қаламымен, кітаптарымен, мақалаларымен туған Түркістанының тәуелсіздігі үшін, азаттығы үшін күресіп келді. Сондықтан Баймырза Хайт — үлкен күрескер ғалым, қайраткер зерттеуші. Ол арманына жетті — Түркістанның (Батыс бөлігінің) орыс — совет отаршылдығынан құтылып, тәуелсіздігіне қайта қауышқанын өз көзімен көрді. (Бәлкім, Баймырза Хайт жүргізген ғылыми — рухани күрестің де Түркістанның отаршылдықтан құтылу процесін жеделдетуде өзіндік рөлі болған шығар). Ұлы Тәңірі Шығыс Түркістан мен Ресей езгісіндегі қандастарымызды да мұндай күнге тезірек жеткізгей!

Бір өкініштісі — Түркістанның бүгінгі басшылары әлі де Баймырза Хайт хақында бұрынғы кеңестік идеологиялық көзқараста қалып отыр, сондықтан оның еңбектерін насихаттауға, оған туған өлкесіне келіп қайтуға рұхсат бермей отыр. Мысалы, осыдан бес жыл бұрын, 1992 жылдың жазында тұңғыш рет Өзбекстанға барып, ата-бабаларының қабірлеріне тағзым еткен, құран оқып қайтқан кезде оған небары бір апта — он күн көлемінде ғана мүмкіндік берілген, әрі бақылауға алынған. Алманияға қайтып барған соң Баймырза Хайыт өзінің бұл сапары жөнінде ренішке толы үлкен мақала жариялайды («Отанымызда болып қайтты» деген атпен Б.Х. бұл ыақаласы Ыстанбұлдағы Түрік әлемін зерттеу қорының «Түрік әлемі бойынша зерттеулер» альманағының 1993 жылғы 83-санының 65-92-б.б. жарық көрді).

Ал келесі 1993 жылдың 27 қараша күні Түркиядағы Түркістанды зерттеу қоры мен түркістандықтардың мәдени және әлеуметтік көмек ұйымы Ыстанбұлдың Атакөй ауданындағы Жүніс Әміре атындағы мәдениет орталығында Баймырза Хайтқа арналған «Алғыс күнін» ұйымдастырды. Оған Түркияның белгілі тарихшы ғалымдары, саяси қайраткерлері, депутаттар қатысты, телеграммалар жіберілді.

Жиналғандар Баймырза Хайттың Түркістанды зерттеу, оның тәуелсізідігі жолында жүргізген ғылыми-рухани күресі үшін шын жүректен алғыс айтты.

1986 жылы Баймырза Хайтқа «Түрік ошақтары» ұйымының сыйлығы берілген болатын.

1995 жылы Баймырза Хайт ұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойына қатысқан құрметті қонақтардың бірі болды, салтанатты жиындар төрінде отырды, мінбеге шығып, тебірене сөз сөйледі. Алматыда ол бір ай тұрды, Семейге, одан келіп, «Манастың» 1000 жылдық тойына барды. Қазақстаннан риза болып аттанды.

Орайы келіп, сол 1995 жылдың соңғы күндерінде Баймырза ағаның үйінде біз қонақ болып қалдық. Мүнхеннен арнайы іздеп барғанымызға қарт ғалым қатты қуанып еді. Өте кішіпейіл ізетті дәрігер жеңгеміз Рут ханым да риза болды. Сол жолы Баймырза аға біздерге (ақын, теледидар қызметкері Жұмаш Кенебай — Көкбөрі, әнші — сазгер Шәміл Әбілтай және осы жолдардың авторы) тебірене көп әңгіме айтты, үлкен қошемет көрсетті. Оның әңгімесі бізді оқтын-оқтын толқытып отырды. Әнгіме үстінде ол жиі-жиі ардақты арысымыз Мұстафа Шоқайды еске алып, ол жайында жылы пікірлер білдірді. Алла өмір борсе, естеліктер жазбақ ойының бар екенін де айтты. Оны болашақ көрсетеді, әрине.

Үлкен түркі тарихшысы Баймырза Хайттың еңбектері мен қызметі туралы көп жазылған, оның есімі энциклопедияларға енген, диссертациялық зерттеулерге тақырып болған.

Түркиядағы Ататүрік атындағы Мәдениет, тіл және тарих жоғары қоғамына қарасты Ататүрік атындағы мәдениет орталығы доктор Баймырза Хайттың еңбектері мен қызметі жайлы білдірілген пікірлер жинағының I томын 1994 жылы басып шығарған еді. Оны баспаға әзірлеген Б.Хайыттың шәкірттпрінің бірі — доцент Айфер Қайнар ханым. Жалпы көлемі 644 беттік бұл кітап Баймырза Хайт жайында Батыс Еуропада, АҚШ-та және Шығыс елдерінде жарық көрген материалдарды қамтиды. Олардың бәрінде де Баймырза Хайт еңбектері мен қызметіне әділ баға беріліп, жылы пікірлер білдірілген. (Кітапта Ататүрік атындағы мәдениет орталығының төрағасы профессор, доктор Садық Тұрал-дың Б.Х. туралы көлемді мақаласы мен газет-журналдар, радиобекеттер және кісі есімдерін көрсететін индекс те бар).

Мұндай материаллардың II томы (610 бет) 1996 жылы жарық көрді. Ол тұтасымен бұрынғы кеңес одағына арналған. Оны да баспаға дайындаған — доцент Айфер Қайнар ханым. (Қандай еңбек, ұстазға деген қандай құрмет сезімі). Кітапта орыс, өзбек, қырғыз, т.б. тілдердегі 346 мақала мен сөйлеген сөз, радиохабар орын алған. Олардың 50-ге жақыны Қазақстаннан. II томда да доцент Айфер Қайнардың алғы сөзі, профессор Садық Тұралдың үлкен кіріспе мақаласы берілген. Доцент Айфер Қайнар ханым өзінің алғы сөзінде бұрынғы кеңес одағында Б.Хайт жайлы барлығы 13613 беттік материал жарық көргенін, бұл кітапта олардың белгілі бір бөлігі ғана жарияланып отырғанын айтады. [20]

Құрастырушы бүл кітаптың жарық көруіне рухани көмек берген, қолдау білдірген қазақ ғалымдары К.Ә.Сағадиевке, Ж.М.Әбділдинге, А.Қошановқа ж.б. алғыс айтады. Кітапта бұл жинақ туралы профессор Кеңес Нүрпейісовтің шағын рецензиясы (пікірі) берілген.

Бұл томда жарық көрген материалдардыц басты бөлігі Баймырза Хайтқа қарсы, оны орынсыз жамандауға, даттауға арналған. Кезінде Б.Хайтқа қарсы пікір айтқан кісілердің ішінде Совет Одағы жылдарында өте атақты болған жоғары лауазым иелері бар. Олардың қатарында Рашидов, Қонаев, т.б. жазушылардың ғалымдардың аттары көптеп кездеседі.

Доцент Айфер Қайнар ханымның жазуынша, доктор Б.Хайтқа қарсы бұрынғы Совет Одағында 19 диссертация қорғалған, ол жайында 90 кітапта, 261 газет-журналда қарсы пікір айтылған, оның қызметімен 300 қоғам мен ұйым шұғылданған. Баймырза Хайт туралы пікір айтқан 406 автордың ішінде КОКП ОК-нің бір хатшысы, Түркістандағы бұрынғы бес сов. республикасы КП ОК бірінші хатшысы, ірі-ірі совет ғалымдары мен жазушылары, 3 совет армиясының полковнигі, т.б. бар.

Кеңес одағы ыдырап, бұрынғы «одақтас» республикалар қайтадан өз тәуелсіздіктеріне қауышқан 90-жылдардың басында жағдай өзгерді -ТМД елдерінде, оның ішінде Түркістан республикаларында Баймырза Хайт туралы ұнамды мақалалар жарияланып, оның еңбектері аударыла бастады. Ақыры шындық жеңді, Түркістанда да алыста жүріп «Түркістаным» деп еңіреген асыл азамат, абзал аға есімі қайтадан құрметпен ауызға алынатын болды. Алтынды тот баспайды.

Доктор Баймырза Хайт еңбектері мен қызметіне әсіресе туысқан Түркия елінің ілтипаты ерекіне екенін жоғарыда айттық. Ол Түркиядағы бірқатар қоғамлар мен қорлардың құрметін көріп, сыйлықтарын алған, ол үшін арнайы алғыс кештері ұйымдасгырылған.

80 жасқа толуына орай да Баймырза Хайт ақсақал таяуда (1998 ж. қаңтар) Түркияға арнайы шақырылып, оған үлкен сый-сияпат жасалды. Осыған байланысты «Тұран» мәдениет қоры арнайы жиын өткізді. Бұл жиынға көптеген зиялы қауым өкілдері қатысып, сөз сөйлеген. Мемлекеттік министр, профессор, доктор Ахат Әндіжан өз сөзінде Баймырза Хайт туралы айта келіп, былай деді: «Ол Түркістандағы тәуелаздік сезімінің жығылмауын мәңгі қамтамасыз ететін еңбектер берді. Түрік жастары оны жақсы түсінуге тиіс».

Бұл жиында сондай-ақ мынадай құрылымдардың өкілдері құттықтау сөз сөйлеп, доктор Баймырза Хайтқа сыйлықтар берді: «Тұран» мәдениет қоры атынан — қордың төрағасы Рәсім Экши, Ататүрік атындағы мәдениет орталығынан — орталықтың төрағасы проф., доктор Садық Тұрал, «Зиялылар ошағы» атынан проф., док. Нәузат Ялшынтас, Қожа Ахмет Яссауи қоры атынан — оның төрағасы Ердоған Аслыйүже, Түрік әлемін зерттеу қоры атынан — қор төрағасы проф., док. Тұран Язған, түркістандықтардың әлеуметтік көмек ұйымы атынан — доцент Салық Айнұрал, Шығыс Түркістан ұлттық орталығы атынан — Қызырбек Қайратолла, ж.б. Сондай-ақ Өзбекстан «Тұран» қоры мен Өзбекстан «Бірлік» қозғалысы атынан да сыйлықтар тапсырылды.

Түркістанның тәуелсіздігі мен Ісләмнің жеңісі үшін дінсіз де озбыр бәлшебектерге қарсы ұйымдастырылған әйтілі халықтық қозғалыс туралы жазылған доктор Баймырза Хайттың «Басмашылар (1917-1934)» атты 1992 жылы Көлінде неміс тілінде жарық көрген үлкен кітабын Түркия Діни қоры түрік тілінде басып шығарды.

Сол Түркістанның ажырамас бір бөлігі — Қазақстан емес пе? Біз не істедік? Кім білсін, бәлкім жекелеген телеграммалар жіберілген болар? Ал жалпы Қазақстанның ғылыми жұртшылығы Баймырза ағаның 80 жасқа толғанын білген де жоқ. Тіпті ол кісінің өмірде бар екенін біле бермейтін ғалымдар да кездеседі. Баспасөзде ештеңе жазылмады. Бұл жөніндегі менің ұсынысыма газеттер онша ықылас байқатпады.

Меніңше, алдағы уақытта доктор Б.Хайттың іргелі еңбектерінің бір-екеуін қазақ тіліне аударсақ, оған университеттеріміздің бірінің (мысалы, Түркістан қаласындағы халықаралық Қожа Ахмет Иассауи атындағы қазақ-түрік университетінің, яки Әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің) «Құрметті профессоры» атағын берсек, ғылым академиямызға қабылдасақ, дегіміз келеді. Бұған қоса, ол міндетті түрде 1998 жылы аталып өтетін Түркістан қаласының 1500 (әлде 2000) жылдық мерейтойының құрметті қонақтарының бірі болуға тиіс. Өйткені, Ол — Түркістан тарихшыларының Пірі. [21]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Көптеген диаспоралар өзінің ата-мекенінен тыс көп мәдениеттер тоғысқан орталарда жүріп өзінің тарихи Отанының нағыз жанашары болды. өз ұлтының келер ұрпақтың жарқын болашағы үшін, ұлттық сабақтастықты сақтап ғылым мен мәдениетте, әдебиет пен өнерде т.б. ғылым салаларында айтарлықтай табыстарға жетті. Тарихи Отаннан тыс басқа этномәдени ортада ұлттық болмысты сақтау мақсатында мектептер, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу орталықтарын, университеттер ашып отандық ғылым мен мәдениетті дамытуға үлкен үлес қосты. Ата-мекеннен тыс, диаспоралық жағдайдағы кез-келген ұлттық дәстүрлі мәдениеті өзінше бірегей, қайталанбайтын құбылыс, әрине кез келген диаспора өкілдерінің ұлттық мәдениетіне жергілікті этномәдени ортаның әсері болады, сөйтіп олардың ұлттық мәдениетіне айтарлықтай ерекшеліктер енуі мүмкін. Қазіргі кездегі этномэдени процестердің жедел қарқын алып дамуы өзінің ата-мекенінен тыс өмір сүретін диаспоралардың ұлттық келбетін сақтап қалуына үлкен әсерін тигізіп отырғандығы белгілі. Мәселен, қазіргі кезде Э. Ротенбергтің мәлімдеуінше «АҚШ-ғы 99% еврейлердің әрқайсысы » мен, ең алдымен американдықпын, одан кейін ғана еврей болармын» дейді екен. Ал, Ч.Либмэн: «АҚШ-ғы еврейлердің американ мәдениетіне терең енуінен еврей тілі мен мәдениетінің ұмытылғаны соншама, өздерінің еврей халқына жататындығын сезіну шарасыздықтан туған ой, олар өздерін АҚШ-та өз үйінде сезінеді, басқа елдердегі еврейлерден гөрі оларды америкадағы еврей еместермен көп нәрсе байланыстырады» дейді. Бұл мәселені әр алуан қырынан бағамдап түсінуге болады. Еврей диаспорасы дүниедегі ұлттық келбетін сонау ерте заманнан сақтап бүгінгі күнге дейін жеткізген ірі диаспора өкілдері болып табылады. Диаспоралогияны әлеуметтік-мәдени және философиялық жағынан саралау осы мәселелердің сырын танып-білуге мүмкіндік береді. [4]

Жалпы еврей диаспорасы алдыңғы қатарлы дамыған елдердің материалдық және рухани құндылықтарын жасауға үлкен үлес қоса отырып грек өркениеті, араб-мұсылман өркениеті. Орталық, Европа мен батыс роман және герман халықтары өркениетінде айтарлықтай үлкен із қалдырды. АҚШ-тағы еврейлерге қарағанда Батыс елдеріндегі, әсіресе арабтық -мұсылман өркениетінде арабтармен қоян-қолтық араласа өмір сүретін еврейлердің дәстүрлі мәдениеті жалпы ұлттық келбетін сақтау үрдістері анағұрлым жақсы сақталып қалған екен. Еврейлер басқа этномәдени орталарда жүріп өздерінің ұлттық санасың қалыптастырып, бірегей ұлттық -мәдени құндылықтарын жасады. «Иосиф Флавийның еврейлердің тарихына қатысты еңбектері мен Филон Александрийскийдің философиялық еңбектерін еврей оқымыстылары ортағасырдағы философиялық ой-пікірлердің ішіндегі алдыңғы қатарына жатқызады». Дамыған елдердің тілінде еврей ғалымдарының тарихи, философиялық, әдебиет пен ғылымға қатысты көптеген еңбектері кітап болып шықты. Еврейлердің арасынан Немісше жазған тамаша ғалымдар Цунц, Грец, Мории Штейндер т.б. ғалымдар шықты. Иудаизм филасофиясын иврит тілінде жазған Нахман Крохмал, неміс философиясын да зерттеген екен. Мұсылман әлемінің әсерімен еврей философиясы қалыптасты, оның өкілдері И.Гольдциер, Соломон Мунка т.б.  [6]

Сонымен қатар алуан түрлі себептердің әсерінен неміс жерінен жырақта өмір сүрген немістер, неміс мәдениеті мен ғылымын дамыта отырып өздері қоныс аударып барған елдердің ғылымы мен мәдениетіне үлкен үлес қосты. «Мәселен, орыс жеріне немістердің көптеп қоныстана бастауы сонау А.М.Романовтардың тұсында басталды. Петр І-нің тұсында Москва мен Санкт-Петербургке неміс мамандары мен ғалымдары әкелінді, Екатерша II-нің тұсында көптеген неміс ғалымдары мен дәрігерлер, мұғалімдер императрицаның шақыруымен Ресейге келген». Сол ғалымдар мен мамандар орыстың ғылымы мен мәдениетінің дамуына үлкен үлес қосты. Немістер орыс жеріне ғылым мен бірге өз мәдениетін ала келді, өзінің тілін, дінін сақтай жүріп орыс мәдениетіне әсерін тигізді.

Тарихи Отаннан тыс басқа этнолингвистік ортада ұлттық білім беретін оқу орындарын ғылыми зерттеу орталықтарын ашу, диаспора өкілдері үшін оңай емес. Бұл тұрғыда айтарлықтай табыстары жеткен украин диаспорасы туралы айтып өтейік.

Шет елдердегі украин ғалымдарының ішінде ерекше орын алатын украин халқының ұлттық санасын, эстетика тарихын, этикасын, Канттың фияософиясын жан-жақты саралаған т.б. көптеген философиялық еңбектердің авторы философия докторы, профессор Иван Мирчук 1921 ж. Венадағы Еркін Украин университетінде (УСУ Украинский свободный университет) ректор, 1926 ж. Берлиндегі Украин ғылыми зерттеу институтының директоры, 1931 ж. Прагадағы Еркін Украин университетінде, кейін 1961 жылға дейін Мюнхен Еркін Украин Университетінде ректор болып қызмет атқарған. И.Мирчук тағы басқа елдерде Еркін Украин университетін, украии халқының ұлттық мәдениетін зерделейтін ғылыми-зерттеу орталықтары мен институттарын ашуға ат салысқан, сол универститеттерде берілетін дәрістерге оқулықтар жазған. Украин халқының мәдеииеті мен тарихын әлемге таныту мақсатында «Учебник об Украине», «Украина и ее народ», «Мировоззрение украинского народа» т.б. көптеген еңбектер жазды. Ол өз еңбектерін ағылшын, неміс, украин, орыс, чех, поляк тілдерінде жазған екен. Ол этнодиаспоралық кеңістіктердегі украин ғылымын дамытуды ұйымдастырушы, өзінің бүкіл өмірін украин халқының рухани мәдениеті мен ғылымын дамытуға арнады.

АҚШ-тағы украин тарихшысы, философы, қоғам қайраткері Д.Чиживский де өзінің бүкіл өмірін украии халқының ұлттық мәдениеті мен рухани дүниесін, ғылымын алыс шетелдерде жүріп дамытуға арнады. Ол Гегель философиясын жан-жақты зерттеп, украин философиясы туралы екі ғылыми монография және көптеген ғылыми мақалалар жазған. «Дмитрий Чиживский (1894-1977) Киев университетінің тарихи-филологиялық факультетін бітірген. Ол Прагадағы Украин жоғары Педагогикалық институтында, УСУ-да т.б. шетелдердегі украин ғылыми-зерттеу орталықтарында қызмет еткен» дейді осы мәселелерді зерттеушісі Т.Закидальский.

Этностардың этнодиаспоралық кеңістіктерде дәстүрлі мәдениетін жаңғыртуы, ұлттық өзіндік санасын сақтап қалуы, оны дамытуға күш салуы диаспорологияның философиялық қырларының негізі болып табылады. Басқа этномәдени ортада ұлттық озіндік сананы сақтау ұлттық тіл арқылы қалыптасады. Тіл ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып отыратын құбылыс, бүкіл ұлттық құндылықтардың негізі әр ұлттың ана тілінде.

Сондықтан біртұтас қазақ халқының ұлттық, тілі мен дәстүрлі мәдениетін басқа мәдениеттердің ықпалына ұшыраудан таза сақтау мәселесіне жеткілікті назар аударылуы қажет деп ойлаймыз.

Сонымен қатар бүгінгі күні этнодиаспоралық кеңістіктердегі қазақтар басқа этнолингвистік ортада өз тілін қалай сақтап отырып, дамыта алады және дүние жүзі қазақтарын біріктіретін ұлттық идея қандай болуы керек? деген мәселелер туындап өз шешімін күтуде.

Диаспорологияның әлеуметтік-мәдени және философиялық қырларына алдына үлкен өзекті мәселелердің бірі. Біздің елімізде көптегсн диаспора өкілдері өмір сүреді. Жалпы диаспоралардың басқа этнолингвистік орта мен өзінің ұлттық мәдениетінің үйлесімділігі, жергілікті этностармен қарым-қатынасы, олардың мәдениетін құрметтей, тілін үйренуі, психологиясы, саяси-әлеуметтік жағдайларын айшықтау сонымен қатар диаспоралардың ұлттық келбетінің сақталуын,материалдық және рухани дүниесінің дамуын, ұлттық өзіндік санасының сақталу ерекшеліктерін саралап, диаспорологияның әлеуметтік-мәдени, философиялық негіздерін айқындай отырып талдау жасау алдағы міндет. [17]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сілтемелер

 

  1. Омарова Г. Диаспорологияның әлеуметтік – мәдени негіздері және қазіргі заманда этномәдени үрдістер // Қоғам және дәуір, 2005, №1.
  2. Зәңгіров Е. Қауымдастық диаспорсының қамқоршысы // Заң газеті – 2005, 2 наурыз.
  3. Мұстапаұлы К. Ресейдегі қазақтар // Қазақстан сарбазы, 2000, 10 қазан.
  4. Ресей қазақтары: атаменкенімен ата рухы қасыреті // Егемен Қазақстан, 2005, 25 мамыр.
  5. Бәмішұлы Б. Қазақ диаспорасының өзекті мәселелері // Қазақ тілі мен әдебиеті, 2006, №2.
  6. Сүлейменова Ж. Казахи остаются казахами // Каз правда, 2003, 20 март.
  7. Козина. Сибирские казахи// АИФ, 2004, 17 сентябрь.
  8. Тәтімов М. Түрік тілдес әлемнің диаспорасы // Түркістан, 2001, 20 шілде.
  9. Тұтас Түркістан идеясының қайраткерлері // Түркістан, 2002, 19 қыркүйек.
  10. Талдыбаев Ж. Дүниежүзінің қазақтардың саны және аймақтар бойынша орналасу // Іздені, 2004, №2.

11.М.Шоқай. Таңдамалы.-Алматы.,Т.1,1998,450- бет

12.Исхаки Г.Г. Идель-Урал. –Казань.,1991, с.22

13 Әли Ф. Түркістан тарихшыларының пірі // Жұлдыз, 2000, №1.

14 Қойгелдиев. Түркістанның ұлы перзенті // Қазақстан тарихы, 1997, №2.

  1. ХХІ ғасырда қазақ зиалысы қандай болмақ // Заман Қазақстан, 2005, 25 ақпан.
  2. Көбекбаева Г. Мұстафа Шоқай және Түркістандағы соғыс тұсында // Қазақстан тарихы, 1997, №2.
  3. Ұлы Түркістанның күйреуі // Түркістан, 2004, 17 қаңтар.
  4. Әділқасымұлы С. Алашын сүйген арыстан // Егемен Қазақстан, 2004, 25 мамыр.
  5. Шоқай М. Менің Мұстафам // Қазақ елі, 1999, 4 шілде.
  6. Шетелдегі қазқтар // Ислам әлемі, 2005, №8.
  7. Садық Б. Мұстафамен сұқбат // Жас түркістан, 2001, №1.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Омарова Г. Диаспорологияның әлеуметтік – мәдени негіздері және қазіргі заманда этномәдени үрдістер // Қоғам және дәуір, 2005, №1.
  2. Зәңгіров Е. Қауымдастық диаспорсының қамқоршысы // Заң газеті – 2005, 2 наурыз.
  3. Мұстапаұлы К. Ресейдегі қазақтар // Қазақстан сарбазы, 2000, 10 қазан.
  4. Ресей қазақтары: атаменкенімен ата рухы қасыреті // Егемен Қазақстан, 2005, 25 мамыр.
  5. Бәмішұлы Б. Қазақ диаспорасының өзекті мәселелері // Қазақ тілі мен әдебиеті, 2006, №2.
  6. Сүлейменова Ж. Казахи остаются казахами // Каз правда, 2003, 20 март.
  7. Козина. Сибирские казахи АИФ, 2004, 17 сентябрь.
  8. Тәтімов М. Түрік тілдес әлемнің диаспорасы // Түркістан, 2001, 20 шілде.
  9. Тұтас Түркістан идеясының қайраткерлері // Түркістан, 2002, 19 қыркүйек.
  10. Талдыбаев Ж. Дүниежүзінің қазақтардың саны және аймақтар бойынша орналасу // Іздені, 2004, №2.
  11. Әли Ф. Түркістан тарихшыларының пірі // Жұлдыз, 2000, №1.
  12. Қойгелдиев. Түркістанның ұлы перзенті // Қазақстан тарихы, 1997, №2.
  13. ХХІ ғасырда қазақ зиалысы қандай болмақ // Заман Қазақстан, 2005, 25 ақпан.
  14. Көбекбаева Г. Мұстафа Шоқай және Түркістандағы соғыс тұсында // Қазақстан тарихы, 1997, №2.
  15. Ұлы Түркістанның күйреуі // Түркістан, 2004, 17 қаңтар.
  16. Әділқасымұлы С. Алашын сүйген арыстан // Егемен Қазақстан, 2004, 25 мамыр.
  17. Шоқай М. Менің Мұстафам // Қазақ елі, 1999, 4 шілде.
  18. Шетелдегі қазқтар // Ислам әлемі, 2005, №8.
  19. Садық Б. Мұстафамен сұқбат // Жас түркістан, 2001, №1.
  20. Асылбеков М. Қазақстандағы бүгінгі демографиялық жағдай // Ақиқат, 1998, №2.
  21. Бұлтай М. Демографиялық ахуалымыздың: Ойлар мен ұсыныстар // Ақиқат, 2003, №4.
  22. Козина В. Орталық Қазақстанның демографиялық ахуалы // Заң, 2001, №6.
  23. Асылбеков М. Халықтың тууы, өлімі және табиғи өсуі // Ақиқат, 1999, №4.
  24. Козина В. 1926-1939 жылдардағы демографиялық ахуалы // Заң, 2001, №5.
  25. Козина В. Аймақтың этно-демографиялық сипаттамасы // Заң, 2001, №4.
  26. Жексебаев Г. Отарлау саясаты // Қазақстан тарихы, 1996, №1.
  27. Талдыбаев Ж. Қазақтың қаралық кезеңі // Қазақстан тарихы, 1999, №3.
  28. Үсейнова Г. Түркістан аймағы // Саясат, 1998, №4.
  29. Семтіков Ж. Ұлттық басылымдар тарихи дерек ретінде // Қазақстан тарихы, 1996, №5.
  30. Қолдыбаева Ә. Тарих көсегесін көтеретін шындық // Қазақстан тарихы, 1997, №1.
  31. Варинова М. Құлынды қазақтардың ежелгі мекені // Қазақстан тарихы, 2001, №4.
  32. Есназарова Ұ. Қазақстан географиясы – Алматы, 1971ж.