АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. . «Қыз жібек» жыры және оның поэтикасы

Филология факультеті

Қазақ әдебиеті кафедрасы

Дипломдық жұмыс

 «Қыз Жібек» жыры және оның поэтикасы

 

 

Жоспар:

 

Кіріспе (лиро-эпостық жыр және поэтика  туралы түсінік)

 

І тарау «Қыз Жібек» жырының даму және қалыптасу тарихы.

1.1. «Қыз Жібек» жыры – қазақ фольклорындағы өлмес те өшпес туынды.

1.2. «Қыз Жібек» жырының зерттелу тарихы

 

ІІ тарау «Қыз Жібек» жырының поэтикасы

2.1. «Қыз Жібек» жырында қолданылған көркемдегіш-бейнелегіш

        тәсілдер.

2.2. «Қыз Жібек» жырының тілі мен стилі

 

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

Кіріспе

 

         Эпос (грекше, eposn — әңгімелу, тарихтап айту) – көркем әдебиеттің байырғы негізгі тектерінің бірі, дәлірек айтқанда, өмір шындығын мол қамтып, кең суреттейтін адам мінезін мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты танытатын іргелі күрделі жанр, [15,45]. Эпостың туу, қалыптасу тарихы адам санасының алғаш ояну дәуірлеріне тамыр тартып жатыр. Қай халықтың болсын баяғы бабалар заманынан бері қарай ауыздан-ауызға таратып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырып келе жатқан әдеби туындылардың дені-эпостық жырлар.

         Эпостық шығарманың арқауы – автор үшін ішкі субъективтік шындық емес, сыртқы объективтік шындық. Жекелеген адамдардың көңіл-күйі ғана емес, бүкіл халықтың тұрмыс-тіршілігі, тарихи тағдырлары мен ұлттық адам заңдылықтары .

Адамның көңіл-күйінен туатын лирика мен қимыл-әрекетіне негізделетін драмадан эпостың айырмасы – мұнда шындық кең көлемдегі баяндалу, әңгімелеу арқылы жинақталады. Сонда  эпикалық шығармадағы авторлық суреттеу мен қаһармандардың диалог – монологтары – эпостық баяндауды жүзеге асыру жолдары, амалдары мен тәсілдері ғана.  Белинский эпикалық шығарманың тағы бір ерекшелігі ретінде, мәселен, драмадағы басты нәрсе – адам болса, эпостағы басты нәрсе –оқиға екенін ескертеді. (Эпикалық шығармада адамның өмір жолы кеңінен баяндалады, оның басынан кешкен тағдыр мен тіршілік толық жинақталады, ол қатысқан оқиғалар молынан суреттеледі, ол жасаған іс-әрекеттер тұтас бейнеленеді, қысқасы адамдар арасындағы қарым-қатынастар әр қырынан айқын көрсетіледі.

Қазақ фольклортану ғылымында эпостық туындыларды үш салаға бөліп қарастырып келеді. Олар батырлық эпос, лиро-эпос және тарихи эпос.

Жұмыстың тақырыбы лиро-эпос шығармасының поэтикасы болғандықтан  кіріспеде лиро-эпостық шығармалардың ерекшелігін, оның зерттелуі мен даму тарихына және поэтикаға шолу жасауды қажет деп таптық.

Лиро-эпос – лиро –эпикалық жанр, лирикалық әрі эпикалық тұрғыдан жасалған көркем әдеби шығарма. Лиро-эпостық шығарманың қаһармандары қарапайым, сүйіспеншілікке берілген нәзік сезімді, азаттық үшін күрескер жандар болып келеді.

Лиро-эпостық поэмаларда ғашықтық, мұңды армандар, сүйіспеншілік, ынтызарлықтар жырланады. Бұл поэмаларда ерліктен гөрі мұңлық – зар басым болып келеді.

Лиро-эпос та халық арасында  көп замандар ауыздан-ауызға көшіп, біреуден – біреу жаттап алу арқылы кейінгі ұрпаққа жетіп, баспаға іліккен.

Батырлар жыры сияқты лиро-эпостың да нұсқалары көп.

Талай ғасырларды басынан кешіргендіктен, лиро-эпостардың да негізгі желісіне басқаша бір оқиғалар, эпизодтар қосылуы кейде бір нұсқада бар көріністер, екіншісінде болмауы кейде шығармаларда суреттелетін оқиғалардың шиеленісі, шарықтау шегі мүлдем өзгеше болуы да ықтимал.

Батырлар жырымен салыстырған, сүйіспеншілік, махаббат тақырыбындағы жырларда халықтың тұрмыс-салты, әдет – ғұрпы, адамның ішкі сезімі молынан баяндалады. Бұлардың лиро-эпос деп аталуы да сондықтан.

Қазақ лиро-эпостық шығармаларын үлкен-үлкен екі топқа бөлуге болады. Оның біріншісі – қазақ халқының тума шығармалары. Олардың бір тобы халық арасына  кең  тарап баспа бетінде жарияланып үлгерсе («Қозы Көрпеш — Баян – сұлу», «Қыз Жібек», «Айман  Шолпан»), тағы бір тобы қолжазба күйінде Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының Орталық ғылыми кітапханасында сақтаулы. Екінші топқа шығыстың классикалық әдебиетінің сюжетінің негізінде жасалынған «Ләйлі-Мәжнүн», «Тахир- Зухра», т.б. хикаялар жатады. Ә. Қоңыратбаев өзінің «Қазақ фольклорының тарихы» деген еңбегінде де осы пікірді  қолдайды.

Лиро-эпостық жырлардың жариялану тарихында Қазан төңкерісіне дейін орыс ориентанистері В.В Радлов, И.Н.Березин, Г.Н. Потанин т.б. еңбек етті. Ал қазан төңкерісінен кейін бұл бағытта М.О. Әуезов, Қ.Жұмалиев, Ы.Дүйсенбаев, М.С.Сильченко, Н.С.Смирнова, М.Ғабдуллин, Ә.Қоңыратбаев т.б. зерттеушілердің еңбегі бар.

Лиро-эпос ескі әдет-ғұрып нормаларына негізделген  күрделі жанр болып табылады. Батырлық жырлар мен лиро-эпос арасындағы ерекшеліктер қандай деген сауалға тұңғыш рет М.Әуезов жауап  іздеген еді. Зерттеуші батырлық және лиро-эпос жырларының 3 түрлі жанр ерекшелігіне тоқталады.

  1. Батырлық жырлардың тақырыбы-ерлік болса, ғашықтық жырлардың тақырбы – сүйіспеншілік.
  2. Батырлық жырлардың образдарында әсірелеу басым болса, лиро-эпоста реалистік арна үстем;
  3. Батырлық жырларында көбіне сыртқы, коллизиялық тартыс суреттелсе, лиро-эпоста қазақ қоғамының ішкі қайшылықтары, халық өмірінің шынайы суреттері көрсетіледі, — деп атады М.Әуезов.

Бұл пікірмен ғалым Ә.Қоңыратбаев та келісіп, қуаттайды.  [16; 195]

Лиро-эпос тақырыбына бұрын –соңды  үлкенді-кішілі мақалалар, кейде жеке зерттеулер жазылып келеді. Қашан және қандай зерттеу жұмысын алсақ та бір кісіден басталып, сол автордың есімімен аяқтала бермейтіні рас.  Көбінесе күрделі тақырыпты жан-жақты қамти отырып, терең тексеру жөніндегі кездесетін талас ойларды түйіп, белгілі бір қорытындыға ену үшін әдетте көптеген  ғалымдардың жемісті зерттеулерін қажет етеді.

Лиро-эпос жырларының қай мезгілде пайда болғанын кесіп айту өте қиын. Өйткені, олар кезінде қағаз бетіне түспеген және басқа да жөнді дерек сақталмаған, тек ұрпақтан-ұрпаққа ауызша айтумен жетіп отырған. Бұл нұсқалардың көпшілігі көне заманда туып тарала  бастады десек те, халық арасында жайылған аңызға қарағанда, сол жырлардың бір қатарын ХVІІІ-ХІХ ғасырда өмір сүрген атақты ақын-жыраулардың ел аралап айтып жүргені, өңдеп жөндегені мәлім.

Лиро-эпос жырларының қайсысы болса да олар жөнінде құнды пікірлер айтылған. Ш.Уалиханов, В.В.Радлов, Г.Н. Потаниндерден бастап қазақ фолклортанушы ғалымдары қазақ халқының ауыз әдебиетін, сондай-ақ лиро-эпос үлгілерінің кейбіреулерін өте жоғары бағалаған. Осындай ғалымдарымыздың қатарында ең алдымен М.Әуезовті атаған жөн. Аса көрнекті ғалым, қазақ ауыз әдебиетінің көптеген түрлерін  зерттеумен бірге, лиро-эпос жырларына да арнаулы еңбектер жазған. Автор  өзінің зерттеулерінде лиро-эпос жанрының шығу даму жолына, өзіне тән ерекшеліктеріне, көркемдік қасиеттеріне тоқтала отырып, терең талдау жасаған. [2; 50-58]

Поэтика (грекше «шығармашылық өнер» деген мағына береді), — көркем шығармадағы құндылықты бар болмысымен айқындар жүйе туралы әдебиеттанудың ең көне ғылым саласы. Кең мағынасында поэтика әдебиет теориясымен үндесер ұғымды білдірсе, ал нақтылы, яғни, тар мағынасында сол теориялық поэтиканың бір саласы ретінде қабылданады. Әдебиет теориясының саласы ұғымындағы поэтика әдеби тек пен түрдің, ағымдар мен бағыттардың, стильдер мен әдістердің ерекшеліктерін зерделейді.

Сондай-ақ көркемдік тұтастықтық әр түрлі деңгейінің ішкі байланыс заңдылықтарын және олардың арақатынасын зерттейді. Оның өзі мақсатты зерттеу аспектісіне байланысты романтизм поэтикасы, романның поэтикасы немесе белгілі бір суреткердің шығармашылығының поэтикасы болуы ықтимал. Әдебиеттегі көркемдік құралдардың  барлығы тілге қатысты екенін ескерсек, онда поэтика тілді зерттейтін көркемдік құралдар туралы ғылым болып анықталады. Поэтика мақсаты текстердегі элементтерді айқындап және оны жүйелеу болып табылады. Мысалы, лирикалық өлеңдерде сюжет элементтерін роль атқармайды, ал ырғақ пен дыбыстың мәні зор. Ал прозада керісінше. Поэтикалық жүйені ішінен зерттеу деп аталған ізденістер нормативтік поэтиканы «құрды»  зерттеу және баяндау поэтикасын алып шықты.

Поэтика – жалпы (теориялық немесе жүйелік «макропоэтика»),  жеке (баяндау түрінде «микропоэтика») және тарихи болып үшке бөлінеді.

Жалпы поэтиканың мақсаты — үш саланы да толық қамтитын әдістердің жүйелі репертуарын жасау болып табылады. Шығарманың дыбыстық жағын (ырғақ, бунақ, ұйқас өлең өлең өлшемі, дыбыс толқыны т.б) зерттеуі негізінен нақты өлеңтану ғылымы қарастырады. Сөз табиғатына үңілгенде, шығарманың лексикасы, морфологиясы мен синтаксисі зерттеледі де бұл сала стилистика деп аталады. Бұл лингвистикалық стилистикадан өзгеше болады. Лекциялық өзгешелігі «Сөздерді таңдау» синтаксис «Сөздердің байланысы» стилистикалық фигуралар мен троптар ретінде поэтика мен риторика ертеден зерттелуде. Ал поэтика метадологиясының  өзгешелігі пән ретінде соңғы уақыттарда ғана зерттеле бастады. Образдық салада шығармадағы образдар сюжеттер  зерттеледі және  поэтиканың бір саласы болып табылады.

Жеке поэтика жоғарыда аталған барлық аспектіде көркем шығарманы баяндап, табиғатын ашумен айналысады. Сол арқылы шығарманың эстетикалық ықпалдық қасиетінің дара жүйесін, моделін жасайды. Жеке поэтиканың басты проблемасы композиция, яғни барлық эстетикалық мәні бар элементтердің бір-бірімен үйлесім үндестігі. Яғни шығарма құрылымындағы барлық жайды айқындайды. Жеке поэтика негізгі шығарманы зерттеу талабының ерекшелігіне сай топ шығарманы баяндап, талдап түсіндіреді. Оның тақырыптық және идеялық қалыптасуы сөзбен өзгеруіне дейінгі процесс қамтылады.

Тарихи поэтика жекелеген поэтиканың жүйелі әдісті салыстырмалы әдебиеттанудың көмегімен эволюциялық қозғалыс бағытында мәдениеттің поэтикалық жүйесінің ортақ  қасиеттерін олардың генетикалық қайнар бастауын адамзат санасындағы ортақ заңдылықтар негізінде ашуға сол арқылы тануға бағытталған. Әдеби сөз өнерінің тамыры ауызша сөз өнерінде яғни фольклорда жатыр. Сондықтан, тарихи поэтика өзінің негізгі материалын сол бастаудан алады. Тарихи поэтиканың ең негізгі проблемасы жанр, кең мағынасында алғанда, сондай-ақ «элегия» т.б сол сияқты жанрлық түр де тарихи қалыптасқан жағдайға байланысты бірлікте не жекелей қарала береді. Мысалы, жанр мен жанрдың шекарасы өзгермелі, сондықтан поэтикалық жүйе едәуір ықпалымен және формалық өзгертулермен кезектесіп, өзгешеленеді. Осы өзгерістерді тарихи поэтика зерттейді.

Жұмыстың тақырыбы – «Қыз Жібек» жырының поэтикасы» болғандықтан, жұмыста «Қыз Жібек»  жырының зерттелу және даму тарихы, сонымен қатар жыр нұсқаларында кездесетін көркемдегіш – бейнелегіш құралдарды сөз ету негізгі нысанға алынған.

Жұмыстың мақсаты – зерттеу еңбектерді салыстыра отырып өзіндік ой білдіру. Бұл тағы да классикалық туындының ұлылығын тани түсуге өз септігін тигізеді деген сеніміміз зор.

Жұмыстың  мазмұны кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Негізгі  бөлім екі бөлімнен тұрады, біріншісінде – тарихи — нұсқалары, версиялары арасындағы ұқсастық пен алшақтықты аша түсуді көздесе, екінші бөлімінде «Қыз Жібек»  жырының тілі, ондағы қолданылған көркемдегіш — бейнелеген тәсілдер туралы сөз етіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І  ТАРАУ. «ҚЫЗ ЖІБЕК»  ЖЫРЫНЫҢ ДАМУ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ.

 

1.1 «Қыз Жібек»  жыры – қазақ фольклорындағы өлмес те өшпес туынды.

 

Қазақ халқына кеңінен танымал  көркем жырлардың бірі — «Қыз Жібек» жыры. Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, дүниеге көзқарасын, ұғымын білдіретін әңгеме.

«Қыз Жібек» жыры, әңгімесі қазақ хылқының сол кездегі көшпелі салтын білдіреді, сондай салт, сондай дәстүр орнаған қоғамда туып-өскен адамның көзқарасы қандай екенін көрсетеді. Ескі көшпелі өмірдің сұлу табысы деп бағалауға сай жырлардың бірі- «Қыз Жібек» екені даусыз.

Жырдың  халық арасына кең тараған да, аз тараған да нұсқалары бар. Бірақ барлық нұсқалары мен версияларына ортақ бір сюжеттің бары анық. Жырдың қысқаша әңгімесі мынадай. Ертерек заманда Жағалбайлы деген елдің Базарбай деген байы болады. Оның  Төлеген, Сансызбай  атты екі ұлы болады. Базарбай асқан байлығымен танымал болса да екі ұлына қыз айттырмайды, есейгенде қылыңдықты өздері табады деп ойлайды. Төлеген ер жетіп, жігіт болған соң маңайдағы елден өзіне лайық қыз іздеуді бастайды.

Ешқандай  сұлу ұнамай жүрген кезде, сондай бір алыс елде Қыз Жібек деген сұлу бар екенін естиді. Қыздың салтанаты мен келбетінің асқан сұлу екендігін және ол да өзіне лайық жігіт таппай жүргендігін естіп, жүз жылқы айдап, қыздың елін іздеп кетеді. Арада  көп уақыт өтеді, сұлу қызы бар деген елдерге сый-сыйапат жасап, даңқын шығарып жүреді.

Аяғында Қыз Жібектің ағасы, ақылшысы болып жүрген Қаршыға деген адамға кез болады. Қаршыға Төлегенді көшінің соңынан ертіп, қарындасын көрсетпекші болады. Көш бойынан талай сұлуды көреді. Жібек қыздардың ішінде болмайды, ол көштің алдында, ақ күйменің ішінде, ешкімге көрінбей жеке кетіп барады екен. Қуып жеткен Төлегенге Жібек жүзін көрсетеді де, Төлеген – күйеу, Жібек  -қалыңдық болып, біраз уақыт бірге болады.

Біраз мезгіл болғанда Төлегеннің ел есіне түсіп, бір барып қайтуым керек дейді. Қиын жол, алыс сапардан қорыққан Жібек, Төлегенді жалғыз шығарып салады.

Еліне аман-есен оралған баласының қайтып кеткенін Базарбай қабыл көрмейді, әкесі оны жібермейтін болады. Баласына «бармайсың!» деп жарлық етуден басқа, ел жұрттың барлығына жол тартпаққа тиым салады. Төлеген жалғыз інісі Сансызбайға қайын жұртының жөн жолын айтып: «Мен кешіксем іздеп тап!» дейді.

Жібектің еліне жақын қалған жерде жігіттің алдын тосқан жай шығады. Жолын тосып өлтірмекші болған жігіттердің бастығы  — Бекежан батыр болады. Ол Төлегенді атып жығады.

Бекежан Төлегеннің Көк Жорғасын мініп Қыз Жібектің аулына келеді, Жібек сұмдықтың болғанын біледі, Қыздың ағалары Бекежанды өлтіреді.

Қыз Жібек жары өлген соң, Сансызбайдың келуін күтіп, соған жар болуды армандайды. Елге шабуыл жасаған қалмақ ханы Қореннен қашып құтылып Жағалбайлыға қарай жүріп кетеді. Жырдың негізгі, қысқаша мазмұны осындай. Жырдың халыққа танымал нұсқасы көп. Жырдың орындаушылары көп болғанымен, ерекше көркемі, ең бір толығы- Жүсіпбек Қожа Шайқұлнисламұлының  нұсқасы  болып есептеледі. Бұл пікірмен келіспеу оңай да емес.

«Орындаушы ақын өзінің кіріспе сөзінде былай дейді.

         Басында менен жайылды,

         Қисса  болып бұл Жібек.

         Баспасына қарасам,

         Бәрі шала сөзінің

         Еңіреп, жылап жүр жүдеп.

         Басында менен шыққанда,

         Тыңдаған адам жылаған,

         Сүйейін мұны бір демеп

         Қисығын қайта түзейін

         Аруақтарың бар болса,

         Сіздер де мені жүр жебеп…

Неге екені белгісіз, «Қыз Жібек» жырының 1963 жылы жарық көрген ғылыми басылымында осы 40 жол кіріспесі негізгі текстке қатысы жоқ деген сылтаумен алып тасталған.» — дейді ғалым Дүйсенбаев өз еңбегінде. [10; 92]

«Қыз Жібек» жырының  бұл нұсқасында басталуы мен оқиғаның дамуында да өзіндік айырмашылықтар бар. Мұнда ертеден келіп жеткен көптеген дастандағыдай қалыптасып үлгірген схема немесе дайын формалар жоқ.  Керек десеңіз, жырдың кіріспесінің өзінен-ақ  алдағы жойқын жазмыш  пен трагедиялық жайдың нышаны сезілгендей тәрізденеді. Өйткені, Базарбай қарттың үш әйелінен туған тоғыз ұлдың бір обадан қалмай теп-тегіс қырылып қалуы – тосын шындық, үрейлі көрініс. Демек, болашақта жайма-шуақ, марғау тіршіліктен гөрі үрдім әрекеттерді, қауіпті мезеттерді еріксіз күткендей боласыз. Шамасы мұның бәрі автордың жеке көзқарасына байланысты болса керек.

Поэманың негізінде қазақ сияқты елдің бұрынғы әйелге берген бағасы білінеді. Сондағы әйел турасындағы әдет – заң, сол заман еркегі мен әйеліне қандай ұғым берген. Ру жігіне бөлінген тіршіліктің кезінде ру мүлкі деп саналатын әйел махаббатқа қалай қарағандағы айқын көрініс тапқан.

«Қыз Жібек» әңгімесі осы жайларға жауап бергендей болады. «Қыз Жібек» әңгімесі жалғыз ғана әйел емес, барлық елдің дүниені түсінуі мен ұғынуын тұтас көрсетеді. Әңгіме ішіндегі негізгі, басты кейіпкерлер қыз бен жігіт өз заманының бел баласы. Сол өңірде өсіп, сол көшпелі салт пен ру жігіне бөленген елдің заңын, заң ұғымын түсінгендер, бет  қылып тұтынған адамдар. Әрбір кейіпкердің түр-тұлғасы, қимыл -әрекеті, жеңіс-жеңілісі, өмірден алар-берері бірде ақиқат жағдайға бағынса, тағы бір жерде кімде-кімнің болсын өз маңайына жазылған тағдырдың сыбағасынан аса алмайтындығын аңғарамыз.

Мысалы, Базарбай алғашқыда өмірден соққы жеп, бойын ыза-ашу кернегендей көрінсе, көп ұзамай, Төлеген, кейінірек Сансызбай  дүниеге келгеннен кейін перзенттерінің қамын ойлайтын ізгі әкенің роліне ауысады. Бірақ, ол бұл қалпында үнемі қала бермейді: Төлеген екінші рет Шектіге бармақшы болған кезде Базарбай ешбір дәлелсіз баласының бұл сапарына қарсы тұрады, оң батасын беруден бас тартады.

Ақын  Төлеген көркін сипаттағанда біраз серпіліп, жас жігіттің жарқын бейнесін жасауға қажетті бояуларын түр-түрімен шебер пайдаланады. Әрине, автордың өз заманында қалыптасқан түсінік – тұжырымды қолданбасына лаж жоқ. Мысалы,

                   Айдың өткен нешесі

                   Ай қараңғы көшесі,

                   Падишадан кем емес,

Ер Төлеген мүшесі…

деп суреттейді  ақын. «Падишадан кем емес» деген сияқты бір ауыз сөзбен ол Төлегеннің бет көркін де, әсем мүсінін де, сән-салтанатын да беріп отыр. Өйткені, қазақ арасына мол тараған ертегі аңыздар мен қисса – хикаяларда талай-талай патшалар мен шаһзадалардың бейнелері дайын атрибуттар арқылы жасалған болатынды» — деп ғалым М.Дүйсенбаев ақынның  жырдың негізгі кейіпкері Төлегенді суреттеудегі ерекшелікке өзіндік баға береді. Бұл пікірмен келіспеу қиын. [10; 95]

         Төлеген өз заманындағы қазақ арасындағы сері мырза, ерке бұлан болып өскен ер баланың жарқын үлгісі. Бұрынғы қазақ қауымының түсінігі бойынша үйлену ер жігіттің ерлігін, бойына дарыған өнерін сынайтын кез болады.

         Ескі заманда батыр жігіт қызды қиын қыстау сапарда табатын болса, бері келе жас жігіт қалыңдықты  өткелдерден өтіп, қиын  жерлерден өтіп барып алуға керек болған. Мұндай әрекет бір өңірдің сері мырзасына міндет есебінде жүрген. Базарбай Төлеген ержеткенше қыз айттырмай, қалыңдықты өз таңдауымен алсын деп келген, сол себептен ол алыс жолда, тіпті қиын қияда тұрған Қыз Жібектей сұлуды іздеп шығады. Жігіттің бұл жүрісі өзіндік батырлық, тәуекел жүріс. Бейнетпен қатерге жақсы жары үшін белін буып шыққан сапар, махаббат қандай шарттың арасында туып-өсетінін әбден ұғына білген ел қиялы екі жастың сезімдерін күшейтіп, махаббатын жарастырып, қызуын ұлғайту үшін әдейі осындай жайлардан бастайды. Төлеген іздеп шыққан, ынтық болған Қыз Жібек өз заманының барлық жас әйелінің сұлу үлгісі. Жібек пішінінде қазақтың ертегіде жырлайтын сән салтанаты, қызық — рақат ортасында өсетін ерке сұлуының мінезі, салты көрінеді және сол заманда нық орнаған әмеңгерлік, жесірлік заңы да белгі береді.

Сонымен қатар жырлаушы ақын қазақ эпосының ежелден келе жатқан дәстүрін  де берік сақтайды. Мысалы, Төлегеннің қысқа  өмірін, оның туылған күнінен бастап, Қособада оққа ұшқанына дейін түгел суреттейді. Бұл эпикалық шығарманың негізгі арқауы не? Поэманың бірінші бөліміне дәнекер ретінде ұстап тұрған жеке бас еркіндігіне ұмтылу арманы дер едік. Сол себепті «Қыз Жібек» поэмасының алғашқы бөлегінде,  шығарманың өн бойында жүріп отыратын  бір сарын бар ,- ол Төлегеннің бас еркіндігіне ұмтылуы, өзіне өзі қожа болып, сүйген жарымен қосылуы.

Төлеген образы жаңа заман өкілі іспетті берілген. Оның  басы ескіліктің шырмауынан мүлдем құтылып үлгерген жоқ. Кейде өзі сол ата-баба салтының кейбір сарқыншақтарын қолдайды да. Бұл ретте оның әмеңгерлікті қабылдауын мысалға келтіруге болар еді. Жайықтан шығар алдында Төлеген сүйген жары Жібекке «Егер де мен апатқа ұшырай қалсам, сені іздеп келетін Сансызбай деген қайның бар», — деп,  күні бұрын өзінің тілегін, еркін білдіреді.

Әрине, бұл Төлегенге оңай түспейді. Оған арманы, тілегі және мұратына жету жолында қарсы күштер аз болмайды. Өзі шын жүрегімен сүйген асыл жары Жібекке қосылуы үшін Төлеген бірнеше кедергілерді жеңіп шығуға тиісті. Ең әуелі ол  Шектіге екінші сапарында қарт әкесінің рұқсатынсыз аттанады. Ал ескі ұғымда атаның теріс батасын алу үлкен кедергі. Екінші, осы сапарында Төлеген алыс жолдың азабын басынан кешіруі қажет. Үшінші, Бекежан мен оның қарақшылары да Төлгенге мықты тосқауыл. Автордың топшылауынша түптеп келгенде  Төлеген бар болғаны тек жалғыз жүрген жан ғана, себебі оны өз үй-іші де, бүкіл қоғам да қостамады. Ең ақыры Қос Оба көлі басында оққа ұшып жантапсырғалы жатқан кезінде мұңын шағып, ақтық сөзін айтарлық бірде-бір  тірі жан таба алмай, бар өкінішін аспандағы алты қазға білдіреді.

         Қос обаның жанында,

         Құс қонбас құла жапанда,

         Жылай –жылай бір жалғыз

         Дүниеден өтті, — дегейсің.

         Төлегеннің мұндай халге түсуіне не себеп? Бар болғаны Базарбайдың теріс батасы ғана ма? Сондағы ақынның айтпағы ата ризалығы  мен оң тілегі болмаған жерде жақсылық күтпе, сәт іздеме, өйткені «адамның басы алланың добы» дегендейін, өз тағдырыңнан құтыла алмайсың деген  секілді теріс ұғымға тоқырайды.

Қысқасы, ақын бұл жерде ескі ғұрыпты қостап, жастардың үмітін қасақана кесіп отыр. Оның тұжырымынша әке сөзіне құлақ аспай қарсы тұрған Төлеген қалайда апатқа ұшырауға тиісті, ал сол әкенің оң батасына ие болған Сансызбай қауіп-қатерден аман-есен өтіп, мұратына жетуі қажет.

Енді Төлегенге қарама-қарсы қойылған жағымсыз бейне- Бекежан. Ол екі ғашықтың бақытына кедергі жасап, ақыры Төлегенді өлтірумен тынады. Былайша  айтқанда, ескі әдет-ғұрыптың Төлегенге шығарған қатал үкімін орындаушы да осы Бекежан. Алайда, ақын Бекежан бейнесін едәуір шебер жасап, қонымды етіп сипаттаған. Поэманың дами түсуіне, өрбуіне бұл бейненің үлкен септігі бар.

Шығарманың ұтымды бір жері — Төлеген мен Бекежанның айқасы және Төлегеннің өлімі реалистік тұрғыда берілген. Себебі, Төлеген халық жырындағы керемет батыр емес, онда жойқын күш, сиқырлы қасиет те жоқ. Демек, оның Бекежанмен шайқасы әншейіндегі көп көріністің бірі сияқты. Сонан соң Төлегеннің мінген Көк жорғасы Қобыландының Тайбурылы немесе Ер Тарғынның Тарланы да емес. Керек десеңіз, ол  Көк жорға иесіне ықылас білдіріп, сенімді дос болудан да жұрдай. Өйткені, Төлегеннің өлімінен кейін көк жорға ат суға қанып, шөлін басқан соң бірқарақшының тақымы астында «ойнақтай басып» кете барады.

         «Мал опасыз» деген сол,

         Төлеген мінген көк жорға ат.

         Су ішіп әбден қанған соң,

         Бір қарақшы астында

         Ойнақтай басып жөнеді…

Тап осылайша бейнелеу ескі жырлардың қайсысында болсын тым сирек ұшырасады.

Әдетте, ер жігіттің қалап мінген аты әрі сенімді серігі, әрі ұшқыр  қанаты, кейде тұлпарға тіл бітіріп, оны иесіне ақылшы дос, қамқоршы етіп те қояды.  Бұл жырда мұндай суреттер кездестір мейлің. Сөз жоқ, бұл шығармадағы аса жарқын, ең қымбат, әрі сүйкімді, мейлінше әсем образ  — Қыз Жібек. Автор егер Төлегенді өзінің барлық ерекше сипаттары арқылы: көрік –келбеті, ақыл-парасаты, мінез –құлқы, ақ жүрек – ақылдығын айтып, шабыттана сипаттаса, Қыз Жібек те оған тең, барабар ұсынылған: ол керемет сұлу, нәзік сезім иесі, жар борышына да берік, ішкі жан дүниесі бай. Оның бер жағында сол Жібектің үздіктігін көрсету үшін ақын Төлегенге бүкіл  көшті аралатып, сол алуан сұлуларды оның көз алдынан тізбектеп өткізеді.

Қазақ эпосында қалмақ өктемдігі ертеден бері келе жатқан қосалқы тақырып. Осы сарын бірде күшейіп, елеулі орын алса, кейінірек, заман  озған сайын бәсеңдеп, азайып барып бітеді. Ал біз сөз етіп отырған кезде қалмақ – қазақ қарым-қатынасы әлі жойылып үлгермеген шақ болатын-ды. Ендеше, жырдың мазмұнына қалмақтарды енгізіп, оларды қазақ ақынының қырғынға ұшыратуында оншама ескілік жоқ. Бұл халық тілегінен туған елес болса керек.

Поэманың екінші бөлігінде ақын Жібекті жаңа рольде көрсеткенде, оның ескі әдет-ғұрыптың бірде-бір әрпін бұзбайтын мүләйім жан ретінде суреттейді. Бұл жағдай Жібектің қара басының қамы үшін ғана емес, ең алдымен елін қоршап алған қалың жау-қалмақтардан құтылудың тура жолы.

Сондай-ақ, автор Сансызбайдың портретін жасағанда тіпті өзгеше бояуларды қолданады. Егер Төлеген жас шағынан серілік құрып өзіне: «Батырлық, байлық кімде жоқ? Ғашықтың жөні бір басқа»  деген сөздерді өміріндегі ұраны деп санаса, Сансызбайдың арманы мүлдем басқада жатыр. Ол батырлықты көксейді, сондықтан Сансызбай сауыт киеді, қару-жарақ асынып, соғыс өнеріне құмартады. Мұны біз Ақ Жайыққа екінші рет жүрер алдындағы Төлегеннің інісіне айтқан сөзінен де анық аңғарамыз.

Бұл  жолы ақын жаңа геройға деген көзқарасын, оны іш тарта қостайтынын жасырмайды, көп жерде ашықтан ашық кетіп, Сансызбайдың әрбір қимыл-әрекетіне сүйсініп отырады. Автордың топшылауынша Сансызбай қатардағы кейіпкер емес, нағыз батыр, ендеше әр уақытта оның жолы болуға тиісті. Сондықтан да бір кезде Төлегенге кедергі болғанның бәрі-бәрі бірден өзгере қалады: қатал әке де оң батасын береді, ұзақ жолдың да қырсығы тимейді, Жібек те оны асыға күтеді, қалмақ ханын да жеңіп, оның қалың әскерін де оп-оңай қырып салады.

Осының бәрі неліктен? Мұндағы өзгерген бір ғана нәрсе ақынның жаңа қаһарманға деген ықыласы, көзқарасы. Демек, Сансызбай батыр оған ұнайды, сондықтан да оны мақсат мұратына жеткізу үшін автор бар жағдайды қолдан жасауға тырысады, жасайды да. Сансызбайға деген Жібектің сүйіспеншілігін ақтау, дәлелдеу ниетімен бар жақсылықты оған үйіп-төгіп бере салады да, жас батырды жер –көкке сыйғызбай мадақтайды. Сонымен Төлегендей мырзадан кейін Жібектің Сансызбайдай ер жігітке  ғашық болуында ешбір оғатттық жоқ, бәрі де заңды, бәрі де орынды дегісі келеді ақын.

Автордың ой-өрісі тар, ескілікті қолдайды деп қаншама жазғырсақ та  ол қазақ әйелдерінің халі мүшкіл екенін жасыра алмаған. Оларда ерік жоқ, «қыздың құны бес байтал» деген ұғымға бағынбасқа лаж жоқ. «Қыз Жібек» жырында жағымсыз кейіпкер екеу ғана. Бірі жоғарыда тоқталып өткен – Бекежан. Екіншісі- Қорен хан. Бұлардың екеуі де Жібектің жолында көсе –көлденең тұрып, зұлымдық жасайды, оның сүйгеніне қосылмауына себепкер болады. Алайда, бұлар мінез – құлық, іс- әрекет – жағынан біріне-бірі тіпте ұқсамайды. Мысалы, Қорен сырт жау болса, Бекежан ішкі дұшпан. Қареннің аздап болсын жағымды жағы бар: ер жүрек, ақ көңіл, икемге де келеді. Бекежан керісінше: айлалы, пасық, жауыз, қатал. Ол шынында Жібекті сүймейді де, тек сұлу қызды сырт адам Төлегенге қимайды, қызғанады. Бекежанның барлық іс-әрекеті, оның қара ниетіне бағынған, адамгершілік  қасиеттерден әуел бастан-ақ жұрдай.

Ал Қорен мен Жібектің арасындағы қарым-қатынасқа келсек, бір жағында зорлық, күш көрсету арқылы бағындыру  тұрса, екіншісінде — өз басын қорғаумен қатар, бейғам жатқан елін жау қаһарынан құтқару, Сансызбайдың араша түсуін асыға күту жатыр. Соның өзінде майталман Жібек қалмақтың ханы Қоренді күлкілі жағдайға ұшыратып, мазақ етеді. Ақырында, оны Сансызбайдың жеңуіне көмек жасайды, сол жеңіске зор үлес қосады. Жібектің асқан сұлулығына қызығып, өз сезіміне өзі ие бола алмаған Қорен хан дүниенің бәрін ұмытып, есіл-дерті бір ғана Жібек болады да, аңғалдығының үстіне аңқау, сенгіш, ақылы таяз адам болады да қалады.

Жыр қаһармандық эпостың дәстүрінде  жазылған. Сансызбай Қоренді жекпе-жек ұрыста өлтіреді. Жағалбайлы еліне ханын жоқтап   келген көп қалмақты қазақ қолы қырып жібереді. Сырлыбайдың аулын қамап жатқан жаудың быт-шыты шығарылады.

Эпостың  Сансызбай мен Жібектің қосылу тойын хабарлаумен бітуі де қаһармандық эпостың салтына сәйкес. Мұның өзі, «Қыз Жібек» жырында қаһармандық, лирикалық эпостың көркемдік принциптері аралас жұмсалғанын көрсетеді. Аракідік көне эпосқа тән керемет ғажайып күштерге сену сарыны да орын тепкен.

Мәселен, Қореннің ханның атқан оғы Сансызбай сауытының сегіз қабатын тесіп, тоғызыншы қабаттан өтпеуіне «Қырық шілтен пірілер пана болған» делінеді. Дегенмен жырда лиро-эпостың белгілері, өмір құбылыстарын нақтылы көрсету күшті. «Қыз Жібек» қазақтың тұрмыстық, әлеуметтік ақиқатын көркем жинақтап, оның аса мәнді тұстарын айта алған.

Жырдың екінші бөлегінде жау қалмақтардың келтірілуі кездейсоқ демейміз. Эпос нақтылы оқиғаның не өзін, не ізін көрсетпегенімен, сарынын ұстап қалатыны белгілі. «Қыз Жібекте» қалмақ ханы Қореннің көрінуі тарихи шындық, ол тарихтан  шет емес. Ақ Жайық пен Ақ Еділдің арасында көп замандар қалмақ билеушілері үстемдік үшін соғыстар жүргізгені барша қауымға тарихтан мәлім.

Ата қонысы Жоңғариядан ауып келіп, жергілікті халықтардың қонысы мен өрісіне сұқтанған, бейбіт елдің тыныштығын бұзған, жаулаушы ролінде жүрген қалмақ алпауыттарының «Қыз Жібекте» осылай суреттелуі эпикалық шындық. Халық қиялы мен санасы ерлердің ел ішіндегі өзара дауда жазатайым өліп кеткеніне көнгенімен, сырт жаудың халық тәуелсіздігін жойып, намысын таптауына келіспейді. Бейбіт күндерде Төлегеннің өлгенін мүмкін санайтын ел ұғымы, азаттық күресте Сансызбай секілді жас батырға асқан ерік пен күш сыйлайды.

«Қыз Жібек» жырының бас жағы күншығыс ертегілерінше басталса да қазақ өміріне өте жуық, қазақ ішінде осындай оқиға, осындай мінез бен істі туғызатын шарттың бәрі жоғарыда айтқандай анық болған. Осы  заманға дейін жігіттің қыз іздеп, қыз таңдап  шығуы әлі бар.

Бөтен жұрттың әдебиетінен келген әсер болса, ол басталуында ғана, одан кейін әңгіменің құрылысы ұлғайып өсуі, барлық адамы, адамдардың мінезі, ісі, барлығы да түгелімен нағыз қазақтың өзінікі.

Қорыта айтқанда, белгілі ғалым, зерттеуші Р.Бердібаев жырға өзінің мынадай әділ бағасын береді. «Қыз Жібек»  — қазақ халқының даналығы туғызған асыл жырлардың бірі. Мұны эпиакалық суреттеу өнерінің ең жетілген кемес нұсқасы десе де болады. [7; 78]

 

1.2  «Қыз Жібек» жырының зерттелу тарихы.

 

«Қыз Жібек» жыры –адамгершіліктің, достықтың, ар намыстың, бет қайтпас ерліктің, тұрақты махаббаттың үлгісі. Бұл жыр қазақ халқының өмірінде болған тарихи шындықты суреттеп қана қоймай, сол кездегі ел тұрмысын баяндайды. Жырда қазақтың төл салт-дәстүрлері, тұрмыс ерекшелігімен қатар, сауда саттықпен айналыса бастаған кезеңі, орыс отаршылдарымен енген кірме сөздерін кездестіруге болады.

         «Қыз Жібек» жырында естірту, жұбату, жоқтау, айтыс, сыңсу өлеңдері көп кездеседі. Көшпенді елдің негізгі күнкөріс құралы мал шаруашылығы болғаны мәлім. Жылдың барлық нұсқаларынан осы жайға байланысты айтылған айқындау сөздер, теңеулерді көптеп кездестіруге болады.

Уақыт озған сайын ауыз әдебиетінің жекелеген туындылары ғана емес, тұтас жанрлары да эволюцияны бастан кешіреді, бірі  жаңаланса, екіншісі ескіріп, үшіншісі тыңнан пайда болады.

Шығарма тексінің ұдайы қозғалыста, азды-көпті өзгерісте болып отыруы ауыз  әдебиетіне тән негізгі шарттың бірі. Енді осыдан келіп, фольклор туындыларының көп варианттылығы деген заңдылық шығады. Ескі сарынды жаңаша өңдей қосымшалар енгізу немесе қысқарту ауыз әдебиетінің айрықша белгісі болып табылады.

Көп варианттылық қандай да болмасын шығарманың ел арасына  кең тарағанының  халық көңілінен терең көңіл алғандығының нышаны.

«Қыз Жібек»  — ел арасына ауызша да, баспа арқылы да кең тараған лиро-эпостық жыр. Қазақ фольклористерінің басым көпшілігі «Қыз Жібек» жыры ХVІІ ғасырда пайда болған деп тұжырым жасайды. Жырдың нұсқалары көп емес және олардың арасында айырмашылықтары да аз. Мұның барлығы «Қыз Жібектің» кейін пайда болған жыр екенін аңғартады. Жырдың тұңғыш рет 1880 ж Е.А. Александров Мұсабай ақыннан жазып алып, мазмұнын орысшаға қара сөзбен аударып жазған. ХІІ ғ ІІ жартысында татар мұғалімі Фалиолла Тухватуллин Зайсанда ел арасынан «Қыз Жібек»   жырын жинап, 1894 жылы Қазан қаласында баспаға түсіреді. Ал Жүсіпбек Шайхысламұлы  нұсқасы Қазан қаласында 1900, 1903, 1905, 1909, 1911 жылдары қазақ тілінде жарияланды. «Қыз Жібектің» Тухватуллин жинаған нұсқасы 1925, 1933, 1939, 1957, 1967 жылдары басылып шығып, 1958 ж «Қазақ эпосы», «Казахский эпос» жинақтарында, 1963 ж. «Қыз Жібек»   деген атпен қазақ, орыс тілдерінде жарияланды. Сондай-ақ орыс тілінде 1988 ж жеке кітап болып шықты. Қазір ҚР Ғылым академиясының Орталық кітапханасының қолжазба қорында жырдың 2 нұсқасы сақтаулы. Оның ішінде Қ. Мырзағалиев, Ә. Дәнікереев, Ж. Қалмағамбетов, Е. Рақметов, Р.Мәзқожаевтардың нұсқалары бар.

«Қыз Жібек»  жырының   әр-кезде әркімдердің орындауынша бізге келіп жеткен весиялары түптеп келгенде 2-3 нұсқадан аспайды, қалғандарының қайсысын алсақ та  солардың бірін болмаса да бірін қайталайды. Жырдың халық арасында негізгі  айтушыларының бірі – Мұсабай жырау – дейді.Ы.Дүйсенбай. [10; 70-75]

Бірақ ел арасында көп тарап, әйгілі болған нұсқасы Жүсіпбекқожа Шайхысламұлының сан рет жарияланған ««Қыз Жібек»   хикаясы атты поэма екенінде ешбір күмән жоқ.

Осыншама көркем, әсем жырдың нұсқалары неге аз деген сұраққа  Ы.Дүйсенбаев төмендегідей дәлелдермен жауап береді.

Біріншісі «Қыз Жібек»   көне жыр  емес, әрі кетсе ХVІІ ғасырдың шамасында шыққан, яғни оның көбірек тамыр жаюына мүмкіндік болмай қалған.

Екіншісі. Ел арасында кезінде мол тараған бұл поэманың нұсқалары сақталмай, көпшілігі біздің заманға келіп жетпеген. Олай деуімізге мынадай дәлелдер бар:

  1. Орыстың ориенталист ғалымы А.Е.Алектров өзінің белгілі көрсеткішінде Мұсабай жыраудың бір кеш бойы Қыз Жібек пен Төлегеннің жырын айтқанын келтірсе де, бұл нұсқа әлі күнге дейін белгісіз болатын-ды. Соңғы жылдарда Мәскеу қаласындағы тарихи музей архивынан «Қыз Жібектің» 1887 жылы қағаз бетіне түскен жаңа бір варианты табылды, тегі бұл нұсқа Мұсабай жараудың орындауынан жазылып алынса керек.
  2. Қарт жазушы Сапарғали Бегалиннің куәлігі бойынша белгілі халық ақыны Омар Шипин жас шағында «Қыз Жібек» жырын Қалшынбай ұлы Әби жыраудың аузынан жаттап алып айтып жүрген, бірақ қарт ақын кейінгі кезде оның көпшілігін ұмытып қалып, есіне тек бірер шумақтарын сақтап келген:

Жақсыға бір сөз айтсаң шам алмайды,

Сөз бабын жаман адам таба алмайды.

Жайықтың екі жағын бірдей жайлап,

Өтіпті он бір үйлі Жағалбайлы.

Әр қойды жетім қозы елеген-ді,

Екі айғыр қасаң байтал тебегенді.

Жамағат құлақ салып тыңдасаңыз

Айтайын өлең қылып Төлегенді.

Ояды орыс барып қатқан мұзды,

Жалайды түйе барып кеннен тұзды.

Жамағат құлақ салып тыңдасаңыз,

Айтайын өлең қылып Жібек қызды…

 

Әрине бұл шумақтарға қарап, «Қыз Жібектің» Омар Шипин бір кезде орындаған нұсқасына баға беруге немесе белгілі бір тұжырым жасауға бола қоймас. Алайда, бұл мәліметті біз «Қыз Жібек»   поэмасының ертеректе басқа да үлгілері болуымен бірге, олар қазақ жерінің түпкір-түкпіріне таралғанын дәлелдеу үшін келтіріп отырамыз. Жоғарыда келтірілген үш шумақтың өзінен жырдың бұл вариантын да ескі дәстүрді, яғни ауыз әдебиетінің түрін бұлжытпай сақтағанын анық аңғарамыз.

  1. Аса көрнекті аға жазушымыз Ғабит Мүсірепов те өзінің жас шағында естіген «Қыз Жібек» жырында әмеңгерлік (Сансызбайға байланысты оқиғалар. – Ы.Д.) мүлдем жоқ екенін баяндап, төмендегідей бір үзінді келтіреді:

Көрпені ағаң ашқан сен ашқандай,

Не болды, жас басыңнан сорлы бала.

  1. «Қыз Жібек» поэмасының Майлықожа ақын орындауында да тағы бір нұсқасы болса керек. Өйткені, осы әйгілі дастанды өзбек тіліне сол Майлықожаның версиясынан аударған көрінеді.

         Үшіншісі. Жүсіпбекқожа Шайхұлысламұлының варианты революцияға дейін алты рет жарық көріп (1900, 1903, 1905, 1909, 1910, 1911) бүкіл қазақ өлкесіне тарағандықтан соңғы уақытта тек осы нұсқа ғана орын тепкен, жаңа варианттардың тууына жағдай кесіліп қалған.

         Жырдың қай вариантын алсақ та негізгі батырлар жырынан өзгешелігі – мұнда қазақ елінің қалмақ ханымен жауласуына үлкен маңыз берілмейді.

         «Қыз Жібек»   жыры 1894, 1900 жылдары Қазанда басылмастан бұрын, 1891 жылы Әулие – Ата (қазіргі Жамбыл) қаласында болып өткен үлкен бір аста Мұсабай жырау айтқандығы туралы және ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Майлыбай қожаның айтып жүргені туралы деректер сақталған. [8; 182]

         «Қыз Жібек»  жырының қазіргі күнге дейін ауыз әдебиеті түрінде сақталып келе жатқан екі варианты бар. Бұл варианттардың екеуі де Ақтөбе облысында, ертерек кезде Жағалбайлы руының көшіп-қонып жүрген жерлерінде таралған.

         Бұл нұсқаларды жинап алған Шапай Қалмағамбетовтың айтуынша, бұның екеуі де сол елде жеті атадан бері айтылып келе жатыр дейді.

         Бұл екі варианттың екеуінде де «Қыз Жібек»  жырының негізгі желісі болған Төлегеннің қыз іздеп ел кезуі және қосымша оқиғалар түгел сақталған.

         Жалғыз –ақ, бұл варианттың біреуінде Төлегеннің әкесі Базарбай бай емес, жай шаруа болып суреттелінген, Жібектің әкесінің аты Сырлыбай емес, Қараман деп беріледі.

         Бұл варианттың біреуінде, Төлеген Шектіге барар жолында Сырдарияны жағалай жүріп Түркістанды басып өтеді, ал екінші вариантында Ақпатшаға бармақ болып шығады.

         Бұлар – осы күнге дейінгі жазып алынбаған, ауыз әдебиеті түрінде сақталған шығарма. Бұл —  заңды жағдай. Сонымен  қатар бұл қолжазба «Қыз Жібек»   жырының анық халықтық екенін тағы да дәлелдей түседі.

         Ал Жүсіпбек Шайхұлысламұлының вариантында лирикалық шегіністер, діни уағыздаулар кездеседі және ХІХ ғасырдың аяғында қазақ тіліне енген жаңа сөздердің әсері байқалады.

Кеңес дәуірінің аса көрнекті ақын-жазушылары: Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Есмағамбет Ысмаилов, Ысқақ Дүйсенбаевтар «Қыз Жібек»  жырының қай жерде туғандығы, көркемдік ерекшелігі, қайшылықтары мен кемшіліктері жайында құнды ой-пікірлер айтқан болатын.

         Сәкен Сейфуллин, «Қыз Жібек»  жыры ноғайлы рулары ыдырап, бөлініп кеткен заманды суреттейді , —  [20; 150] десе, М.Әуезов пен С.Мұқановтың айтуына қарағанда бұл жыр ХVІІ ғасырдың шамасында туған секілді. [14; 548]  [6; 151]

Өйткені осы жырда аталатын рулар,  яғни ғл Жағалбайлы, Шекті рулары сол кезде Жайық бойларын мекендеп, сол маңда  көшіп қонып жүрген.

         Ғалымдардың  айтуы бойынша Жағалбайлы руы қазіргі Атыраудан бастап Магнитогорскіге дейінгі жерлерді мекендеген.

         Мұсатай Ақынжановтың пікірі бойынша «Қыз Жібек»   жыры Кіші жүздің Ресейге қосылуынан кейін туған. Бұны былай дәлелдейді.

         Біріншіден, жырда аталатын мекендерді Кіші жүз халқы Ресейге қосылмастан бұрын мекендемеген. Екіншіден, жырдағы кісі аттары, Базарбай, Төлеген, Сырлыбай, Қорен қалмақ аттары кейінде пайда болған, — дейді. [1; 11-12]

         Әдебиетшілер мен тарихшылардың екінші бір көтерген мәселесі «Қыз Жібек» жырының халықтың немесе халыққа жат шығарма екіндігін  анықтау болды. Сәкен «Қыз Жібек» жыры байлардың ұлдары мен қыздарын ардақтаған, соларды мадақтап суреттеген жыр болды деп айтқан пікірін М.Ақынжанов та қостайды. Жырдың жұртқа танымал нұсқаларын да халықтық сипат аз, идеясы мен мазмұны халықтық емес. Бұл жыр ілгері ұмтылуға шақырмайды деген ой айтады. Бірақ, ғалымдардың екінші бір тобы бұл ой-пікірмен келіспейді. Ғабит Мүсірепов, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Қажым Жұмағалиевтар жырда халықтық сипаттың бар екендігін, көптеген өзгерістер енгендігін атап көрсетті.

         Ал, жырдағы Кіші Жүз мекендеген жер Жайық, Орал бойлары екендігіне мынандай дәлелдер келтіреді. Ноғайлы ХVІ ғасырдың орта кезінде ыдырайды. Соның бір бөлігі Кіші Жүз халқы болатын. Тарихымыздан белгілі болғандай олар  Жайық маңын мекендеген. Шығармадағы адам аттары кейін туған деген оймен келіспей, Базарбай, Сырлыбай, Төлеген, Шеге деген адам аттарының Ахмет Ясауиге байланысты аңыздарда сауда-саттық, базар ұғымдарының  бар екендігін айтады. Жоғарыдағы ғалымдардың пікірлері шындыққа сай келеді.

         1995 жылы 2 мамырда «Қазақ Әдебиеті» газетіне Мұхамбетәли Есмағамбетовтың «Қыз Жібек» оқиғасы қай жерде болған?» деген мақаласы ойға-ой қосып, жырдың зерттелу тарихының тағы бір бетін ашты.

      Бұл мақаланы жазуға себеп болған жайт, автордың айтуы бойынша жырдың сегіз сері нұсқасы.

         Жырдың халық арасына кең тараған нұсқасы да,  эпостан экранға түскен кинофильмі де, Жібектің  Шекті елінің қызы, Төлегеннің Жабағайлы, ал Бекежанның Орта жүзден екендігі айтылады. Жырда Жабағайлы руы Жайық жағасын, Шекті осы күнгі Ақтөбе мен Қызылорда арасындағы байтақ мекенді алып жатқан.

         «Қазақ әдебиеті» газетінің 1991 жылғы 19 шілдедегі санында Сейтқали Қарамендиннің,   «Бекежан да бір арыс» деген тұтас бір беттік мақаласы жарық көрген. Мақаланы оқып шыққанда осында аттары аталатын тарихи тұлғалардың барлығы да Шалқар өңірінен болып шықты.

         Енді әңгімені әріректен бастайық. Әлімнің алты баласының үлкені Жаманақтан (кейін Шекті атанып кеткен) үш бала Шыңғыс, Өріс, Баубек тауады. Бұлардан тараған ұрпақ жаз жайлауы Табын, Жағалбайлы елдерімен қатар болған.

         Дастанның бізге жеткен нұсқасында, сондай-ақ «Қыз Жібек» кинофильмінде Бекежан жауыз, қандыбалық қарақшы ретінде бейнеленеді. Оның үстіне ол Орта жүз Арғын елінен келіп, Шектіні паналап жүрген. Ал сегіз сері хатқа түсірген дастанның бірінші нұсқасы не дейді?

         Құс салып, тазы ерткен аңға құмар,

         Көрген жау айбатына емес шыдар.

         Кіші жүз Әлімұлы Алты Шекті

         Елінде бес Жүз алпыс мырзасы бар.

         Басшысы жиырма алтыға жасы келген,

Тартатын жылқы, түйе Түрікпеннен,

Зайыбы Салиха атты Естек  қызы,

Мезгілсіз ажал жетіп былтыр өлген.

Жетім қалған үш  ұл, бір қыз баласын.

Немере арасына мүлде берген.

Әйелі өлгеннен соң бойдақ болып,

Бекежан сол себепті салт бос жүрген.

Ер болып жас кезінен шыққан аты.

Ішінде Алты Шекті Бөлек заты.

Бөлектің қабағынан шықса – дағы,

Болмапты Бекежанның көңіл шаты.

Бұдан Бекежанның  Арғын емес, Шекті, оның ішінде Қабақ руынан екені белгілі. Енді Қабақты тікелей таратсақ – Шектіден Өріс, одан Бөлек, одан Айт, одан Қабақ туады. Бекежанның әйелі  Салиха деп отырғаны – башқұрт халқының Естек жұртындағы Құрамыс байдың қызы.  Сегіздің шежіресінде «Бекежан 1667 жылы туып, 1730 жылы қайтыс болған» деп жазылған. Сонда жоғарыдағы жыр жолдарына қарағанда «Қыз Жібек» оқиғасы 1692-1694 жылдар шамасында болған.

Бекежаннан Байрақ, Қайрақ, Тайлақ деген үш ұл және Нұргүл есімді қыз туады.

Қожаберген жыраудың «Елім-ай» атты жырында «Ақтабан – шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманындағы Бекежан балалары туралы, олардың кімнен шыққаны, қандай болғаны былайша суреттеледі:

Қатысты Кіші Жүзден Тайлақ мерген,

Сулатты көздегенін атқан жерден.

Бір мерген Саңырақ атты жараланды

Екеуі де Кіші жүзде Шекті екен,

Қалмаққа әуел баста кекті екен.

Ағасы Тайлақ мерген Байрақ, Қайрақ

Олар да жүрек жұтқан бетті екен.

Баласы Бекежанның мерген Тайлақ

Садақпен Жүз  қалмақты атты байлап

Ағасы оның Қайрақ ғаскер жинап

Дұшпанға қарсы аттанды қару сайлап.

Қазыбек бек Тауасарұлының «Түп-тұқияннан өзіме шейін» деген кітабы жайлы әркім әртүрлі пікір айтып жүр. Бірақ осы кітаптың 260-261 беттерінде мынадай жолдар бар: «Кіші Жүз Шекті батырлары – Қабақ ұрпақтары – Байрақ, Қайрақ, Тайлақ – үшеуі осы Далатаудағы  соғыста үш рулы елдің ұрысын жүргізеді. Мен осылай дегенімде, Бөгембей да құптап жауап береді.» Яғни, Сегіз серінің де, Қожаберген жыраудың да, Қазыбек бектің де Бекежан мен оның балаларының кім және қай жерден шыққандығы жөнінде пікірлері бір жерге тоғысып отыр.

С.Қарамендин жоғарыда аты аталған мақаласында былай дейді: «Шежіре деректеріне қарағанда, Бекежанның әкесі Айбектің туған ағасы Қарабас байдан бірнеше ұл туып, олардан ұрпақ көп тарап, өсіп өнген. Қарабас кейін рулы елге айналған. Бұл да айна-қатесіз дәлелді пікір. Өйткені, Қарабас Қабақтың шөбересі. Оның Мәмбеталы, Жамалы, Жапақ, Тінәлі, Үмбеталы, Досалы, Өтеулі деген балалары болған. Жоғарыда аттары аталған, Арыстан Тінәліден, Көтібар Жапақтан тарайды. Ал Бекежанның әкесі Айбек Қалдыбай, Жолдыбай, Қайыпберді, Шіңірдің балаларының бірі болуы мүмкін. Өйткені бұлар Қарабастың әкесі Пұсырманмен бірге туған. Бірақ бұлардан ұрпақ аз тараған.

Әлімсақтан бойымызға сіңіп, халықтың Бекежанға деген жиіркенішті қарғысына ұшыратқан жайт-оның Төлегенді жауыздықпен өлтіруі. Бірақ дастанның Сегіз сері нұсқасына Төлегенді өлтірген Бекежан емес, сол Бекежанды паналап жүрген қарақшы қожа Кескентерек екендігі айтылған.

Бас болған елдің бұзық наданына,

Мәз болған айласы мен амалына,

Қожадан жол тонаушы сотқар шыққан

Бекежан Айбекұлы заманында.

Есімі тонаушының Кескентерек,

Тыңдамай ата-анасын жүрген бөлек,

Ұрлыққа бала кезден әуес болған,

Қан төккіш, мейірімсіз қара жүрек.

Әрине, дастан ұзақ уақыт бойы қолдан-қолға, ауыздан-ауызға көшіп жүргендіктен, түрлі өзгеріске ұшырауы әбден мүмкін. Біреулер оқиғаны бұрмалап, жанынан қосуы да ықтимал. Себебі, бұл кезде яғни, Бекежан жиырма беске толған 1662 жылы оның әйелі Салиха қайтыс болады. Бекежан әйелінің жылын бергесін, біршама уақыттан кейін Түрікпен жұртына Зулфия деген екінші әйелін алып келуге кетеді. Осы сәтті пайдаланып, Кескентерек Төлегенді өлтіреді. Себебі ол Жібекке ғашық болады. Ал Бекежан Жібекпен рулас болғандықтан, жеті атаға жетпейді, ол өз қарындасына ғашық болып, Төлегенді өлтіруі қисынсыз нәрсе.

С.Қарамендиннің мақаласында былай делінген: «Сегіз серінің «Қыз жібек» жырында Төлегенді Кескентерек деген Қожа жігіті жолда тосып, Кіші Борсық құмы төңірегіндегі Қособа деген көлдің жағасында атып өлтіргендігін …  Сансызбайдың ағасы Төлегеннен үш жас кіші екендігін, Төлегенді өлтірген соң екі жыл бойы көрсетпей жүрген көк жорға атты Кескентеректі өз тобынан аластап қуғанын суреттеген.

«Осындағы Кіші Борсық құмы деп отырғаны – Шалқардағы атақты құм. Ұзындығы 100, ені – 12-15 шақырым шамасында Арал ауданына дейін созылып жатыр. Ал Қособа көлі дәл сол Кіші Борсықтың басталар жерінде, жоғарыда айтқан Шалқардан Оңтсүтік шығысқа қарай 45 шақырым жерде. Бірақ кейін Аралдың экологиялық апатқа ұшырауына байланысты кеуіп қалған. 1900-1903 жылдары теміржол салынғанда сол жердегі бекетке сол көлдің аты берілген. Әлі күнге Қособа бекеті болып аталады.» [11; 14 б]

Бұдан шығатын қорытынды, «Қыз Жібек» жыры әлі де болса зерттелуді қажет ететін лиро-эпостық жырлардың бірі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ ТАРАУ. «ҚЫЗ ЖІБЕК» ЖЫРЫНЫҢ ПОЭТИКАСЫ.

 

2.1 «Қыз Жібек жырында қолданылған көркемдегіш — бейнелегіш тәсілдер.»

 

«Қыз Жібек» жыры қазақ халқының сүйіп оқитын көркем шығармасы. Неге десеңіз, ол өзінің көркемдік стилімен оқырманды өзіне  баурап алады. Жырдың сарыны, әуені батырлар жырының желісіндей айтуға ыңғайлы. Тыңдаушысын жалықтырмайды. Бір оқиғадан соң екінші оқиға қара  сөзбен байланысып, түсініктеме беріле жалғасып отырады. Жырда қазақтың салт-дәстүрі, тұрмыс ерекшелігі, сауда-саттықпен айналыса бастаған  кезеңі, орыс отаршылдығымен бірге енген сөздерді кездестіруге болады. Сол сияқты, «Қыз Жібек» жырында  естірту, жоқтау, жұбату, айтыс, жырлай арнау, зарлай арнау, сыңсу т.б. кездеседі. Жырдың өне бойына  зер салып, тоқталғанымызда айшықтау мен троптың түрлері жиі кездесетінін байқауға  болады.

Әсіресе аттың шабысын, батырдың ұрысын суреттегенде «Алпамыс», «Қобыланды батырлар» жырына ұқсайды. «Қыз Жібек» жырының бірнеше нұсқасы барын білеміз. Сол нұсқаларының кез келгені өзіндік жырлану стилімен көзге түседі.

Академик, жазушы  М.Әуезов «Қыз Жібек»  жыры туралы,  «қазақтың өткеннен қалған эпостық  мұрасының ішінде, «Қыз Жібек»  жыры асқан көркемдігімен ерекшеленіп,  оқшау танылады. Дастанның мол да алуан түрлі формасы оның күрделі де шебер композициялық құрылысы үйлесе  үндесіп келген» деген.

М.Әуезовтың сөзімен айтсақ, алуан түрлі  формасы  дегеніміз не? Ол жырдағы естірту, арнайы жырлау, қоштасу, араздасу, түс көру, әмеңгерлік, көңіл айту, өтініш, айтыс, бата, тілек т.б салт жоралғылар мен көркемдегіш құралдар жиынтығы болып табылады. «Қазақ әдебиетіңнің тарихы» деген еңбекте де «Қыз Жібек» жырының көркемдігі біршама ашылған, бірақ авторлық ұжым «Қыз Жібек» жырының мазмұндық ерекшелігін, кейіпкерлердің ерекшелігін таңдауды мақсат тұтқан.

Дастанның ең құнды жағының өзі оның тілінің таза, бай, көркем болып жасалуында. Сан алуан әсірелеу, көркем ұқсатулардан басқа кейбір жеке-жеке сөздердің шеберлігі де сұлу, жатық. «Ай қараңғы көшесі, айдың өткен кешесі» дейтін сөз кестесінің көркемдігі бұған дәлел бола алады. Жырда мұндай образды сөз кестесі өте көп. «Асуда асу бел дейді, аса бір соққан жел дейді» дейтін  сөз шумақтары да сыртынан қарағанда әншейін ғана бір сөз ұйқасы сияқты» деп айтылған. [14; 566 -588]     [60; 566-588 б]

«Басыр басыр, басырды, аққа құлып жасылды», — дейтін жырдағы ақынның тілінің шеберлігіне, композициялық көркемдігіне шолу жасап, бағыт-бағдар береді. Әрине, бір екі ауыстыру (метафора) ұлғайту (гипербола),  кішірейту (литота)  мысалдар келтірілген. Ол төмендегіндей:

Қанатым де қияғым,

Табаным да тұяғым,

Көлге  біткен құрағым,

Суырылып озған пырағым.

Кішірейтуге (литота):

Дария шалқар көлеміз

Жер болып қалған суалып.

«Қыз Жібек» жырының көркемдігі, кейде кейіпкердің іс-әрекетін төрт түлік малға салыстыру арқылы көрсетеді. Жырда бұл теңеулердің кездесуі түсінікті де. Өйткені қазақ тікелей мал шаруашылығымен ұзақ жылдар араласқандықтан, жырға да өзінің таңбасын қалдырған. Кезінде, зерттеуші С.Толыбеков 1959 жылы өткен қазақ әдебиетінің негізгі проблемаларына арналған ғылыми теориялық конференцияда жасаған баяндамасында: «В миро эпической поэме» «Кыз Жибек» главная геройня поэмы,  красавица и ханская дочь говорит про себя, что она подобно течению реки, народ  бережет ее как свой скот, весь род  ухаживают за ней, как стадом овец. Ее дяда Каршига, обращаясь к Кыз Жибек говорит ей: «Ты мой камыш, растущий на озере, ты мой лучший скакун». О Кыз Жибек говорится, что она  как скаковый конь ее движения плавны как  движение трехгодалого барана, она  ходит неспеша, выпрямившись, как темно-бурый марал, она как тающее масло, она  же, подобно жирному яженку и.т.д. [5; 15 -19]    

Жырдың өзіне тән стилін, тілін  көркемдік тұрғысынан қарастырған ғалым Қ. Жұмалиев: «біздің айтайын дегеніміз тілінің жалпы көркемдігі емес,  басқа жырларда жоқ, кейбір ерекшеліктері, жырда кездесетін (эллипсис)сөз  тастап кету туралы  да», — деп өз  ойын білдіреді.

Жұмалиев Қ. Сөз тастап кету, бір жағынан жыр жыршының  ойының логикасының кеңдігін, ұтқырлығын көрсетсе, екінші жағынан оқырманның ойлау қабілетін дамытуға септігін тигізеді. М. Ғабдуллин де  өзінің жыр туралы пікірін айта келіп, былай түйеді: «Қыз Жібек» ақындық тіл жағынан да әдемі жырдың бірі. Неше түрлі әсірелеу, көріктеу, кейіптеулер, әдемі теңеулер, сөз айшықтары жиі ұшырайды. Жыршы ақын халықтың тіл байлығын пайдалана отырып, аз сөзге көп мағына сыйғыза білген». [9; 274]    

         Осындай жақсы ойды  сабақтай келіп, Ә.Қоңыратбаев «Қыз Жібек» жырының тілінде  троп пен фигура мол кездесетіндігін айта  келіп, сөйлемнің түрлі сезімдерді білдіретін арнаулы фигуралық түрлері эпостан да, сөйлеу тілінен де алынған дейді. (Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихиАна тілі). «Қыз Жібек» жырына көз  тоқтатып, көңіл бөлген академик З.Қабдолов. «Сондай-ақ, біздің көркемдегіш сөздеріміздің көпшілігі баяғы бабалар дәуірінен бері қарай мың мәртебе қолданылып келеді. Ол әсіресе ауыз әдебиетінде   тұнып тұр», деп, төмендегіндей мысал келтіреді.

         Әуелдей бас қосқаным Жағалбайлы;

         Жылқысын көптігінен баға алмайды,

         Өлгені Төлегеннің рас болса,

         Құдайым Қыз Жібекті неге алмайды?  [13; 95, 244]    

Бұндай көрікті ойдың кемелінен көріне білген әдебиеттер  өте көп, соның бірі, Бойжеткеннің тол бойынан табылуға тиісті  тағы бір қасиет-сымбаты мен көркі. Мәселен, халқымыздың  қыз сұлулығы туралы ежелден қалыптасқан  талғам түсінігі, «Қыз Жібек» жырында былайша жырланады:

Қыз Жібектің ақтығы,

Наурыздың ақша қарындай

Ақ бетінің қызылы,

Ақ тауықтың қанындай. [21; 52]    

Осындай  жырдың стилінен хабар берген лебіздердің тізбегін соза беруге болады.

Жырдың стилін айтпас бұрын, жырдың екі нұсқасын алып, оның мазмұнына салыстырмалы тексеру жасаймыз. Сонда ғана қай жырдың стилінің көркем екендігіне көзіміз жетеді. Оның үстіне алдымызда  жырдың стилі мен тілі тұр, ал жырдың  мазмұндық  көркем дәрежесін білмей жырдың басқа да  түрін аша қою қиын іс.

         Ендігі әңгіме «Қыз Жібек»  жырының 1887 ж жазылған Мұсабай нұсқасы мен Қыз Жібектің хикаясы Қазан, 1900, Жүсіпбек Шайхысламұлы нұсқаларын салыстырып, мазмұн ерешелігіне  тоқталыс жасайық.

         Эпос пен ғашық жырында да кездесетін кейіптеу табиғат құбылысына, жан-жануарға тәуелді  болып, келтіреді. Өз өмірінің бір   кезеңін екінші құбылыспен береді. «Қыз Жібек»  жырындағы, Төлеген өлейін деп жатқанда, әуелеп ұшқан бес қазға  өзінің хал-жайын сипаттап жеткізеді. Еліне айтып  баруын сұрайды.

Мысалы: Мұсабай ақынның  нұсқасында:

Сәлем айтып Төлеген,

Бес қазға сонда сөйледі.

Қайырыла кетіп қоңыр қаз.

Сіздер елге  барғанда,

Күзекке тартып болар жаз (22).

Бес  қазы шулап ұщып жөнеді.

Арада жалғыз қонады

Таң сарғайып атқанда,

Төлегеннің елін,

Алты жасар Сансызбай,

Жылқы баққан жеріне,

Бес қаз ұшып келеді.

Сансызбай қазды көреді,

Жалғыз ағам Төлеген

Көре алдың ба қоңыр қаз?

Сонда қаздар сөйлейді.

Аса рудың еліне

Төлегенді көрдік,-деп,

Жалғыз ағаң Төлеген

Тулап жатыр екен,-деп (24)

Жүсіпбек қожа Шайхысламұлының нұсқасында:

Әуелеп ұшқан алты қаз,

Жерге неге қонбайсың?

Сіздер тірі, мен өлі,

Жатырсың неге демейсің?

Қасірет, қайғы қалымды,

Неге келіп  білмейсің?

Тілсіз мақұлық жануар,

Бірге келген жолдасым,

Қасыма неге келмейсің? (90)

Алдыңнан шығып Сансызбай,

— Көкешім менің Төлеген,

Көрдім бе? десе не дейсің?

Сауыттың көзі сөгіліп,

Сетіней кетті дегейсің. (90)

Міне, осы екі жырда да, Төлеген ұшып бара жатқан  қаздарды  киелі санап, жалбарынып көмек сұрайды. Төлегеннің қоңыр қаздарға жалбарынып- жауап сұрауы, басқа көне  жырдан ауысқан болуы керек. Мұндай жалбарынуды, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында да кездестіреміз.   Құбылтудың бір түрі алмастыру. (метономия). Жырда  ол былай  көрініс тапқан.

Мұсабай Жыраудың нұсқасында:

          Сұлу  тауып ала алмай (7)

Он екі жорғаның мойнына (8)

Бір зергерге барады (9)

Бір шоқ қара көрінді (20)

Сүй деп сақау жөнеді (39)

Бір тайыңды тілепті (39)

Сансызбай мінді аттың беліне. (48)

Жүсіпбекқожа Шайхысламұлы нұсқасында:

Тұлпардың қалған тұяғы (109)

Асындым алмас беліме (109)

Ерлер мінер тұлпарды (107)

Атаңа лағнет, алпыс ит (89)

Иттердің қылған  зорлығай (88)

Қу бауырды қия алмай (81)

Өледі  кемпір- шалыңыз. (58)

«Қыз Жібек» жырының көркемдігі, әр бір оқыған жырда кездесіп отырады. Әсіресе, 1900 жылғы басылымда Қыз Жібектің  көшінің  сән-салтанаты,  кетіп бара жатқан қыз-келіншектер, ақ бәйбішелер, бәрі жүзіктің көзінен өткендей сұлу сүреттеледі. Ал, бұл көрініс 1887 жылғы басылымда оншалықты көркем суреттелмеген. Осы орайда салыстырмалы түрде Қыз Жібектің бейнесі суреттелген жерінен үзінді келтіріп, қатар беріп көрелік.

Мұсабай жырау нұсқасында:

Алтауының қарындасы,

Жібек сұлу деген бар екен,

Айтулының өзі екен,

Қырымдағы сұлу қыз екен,

Оймақтай аузы түрілген,

Ішкен асы асалдың,

Тамағынан көрінген,

Қостан әйкен тағынған,

Жүз теңгелік опа ендік,

Екі бетке жағылған (88)

Жүсіпбекқожа нұсқасында:

Қыз Жібектің құрметі,

Жаһаннан асқан сәулетті,

Ләйлі-Мәжнүн болмаса,

         Өзгеден артық келбеті,

Үш  қыз бар қасында-ай,

Өзі он төрт жасында-ай,

Көбісінің өкшесі,

Бұқараның гауһар тасындай,

Ақ маңдайы  жарқылдап,

Танадай көзі жарқылдап. (69)

Жыршы Қыз Жібектің сұлулығын екінші затқа балап, салыстыру арқылы көрсетіп, нұрландырып отырады. Мысалы,

         Қыз Жібектің ақтығы,

Наурыздың ақша қарындай

Ақ бетінің қызылы,

Ақ тауықтың қанындай.

Қандай әсем сурет. Психологиялық параллемизм бар, екі затты ұқсату бар. Қыз Жібек   ақ емес, наурыздың ақша қарындай, ақтан да ақ, осыдан артық  ағартуға бола ма? Қыз Жібектің беті қызыл емес, ақ тауықтың қанындай қызыл. Осыдан артық Қыз Жібектің бетін қызартуға бола ма? Әрине, жоқ. Бағана көш салтанаты туралы сөз болғандықтан, енді нақты мысалмен осы көшті көрсетелік.

Мұсабай жырау нұсқасы:

Қыз Жібектің аулы

Жылғалы сайдан көшіпті,

Уық буын шешіпті,

Жібек көштің соңында

Сексен қазға жетіпті,

Он екі жорға жегіпті. (11)

Жүсіпқожа нұсқасы:

Бір көш шықты түбектен,

Көш алдына қараса

Бір қыз кетіп барады,

Отыз түйе жетелеп,

Сары мая үлектен,

Мұрындағы сары жез,

Бұйдасын ескен жібектен

Толған айдай толықсып

Бұралып кетіп барады. (61)

Осы жырдағы көшті бастап бара жатқан, сары мая, сары жез мұрындыққа тағылған жібек  бұйда, оны жетелеп,  толықсып бара жатқанның бірі-бәрі, бірін-бірі толықтырып жырға ерекше  күй және әр беріп тұр. Мұндай жыр сұлуын тебіренбей оқу мүмкін емес. 1887 жылғы Мұсабай жыраудың нұсқасын кейінгі кезде көп түзеп, өңдеуге түскені  анық байқалады. Керісінше   бұл жырда кеткен олқылықтың орны 1900 жылғы басылымда  айқын көрінеді.

1900 жылғы нұсқада астарлаудың сан алуан түрлері кездеседі. Мысалы: Ай мүйізді қошқардың, Бөрі тартар қоңынан (65),  Іңірде шайтан көшкендей, құланның атты қодығы, Алдыма жанған шырағым, Біреу үрлеп өшіріп, Желкесін қиды бидайық (86). Жырда ұлғайтудың түрлері батырлар жырынан ауысқан сияқты да әсер береді. Мысалы,

Кірістен оғы кетеді,

Топ арғынға жетеді,

Селдірлеген шетінен,

Жетеуінен өтеді,

Аруағы оның асады,

Төлеген сынды мырзаның

Қанын судай шашады.. (89)

Немесе,

Бұлайша талғап Сансызбай,

Қарамсаққа қол салды

Бір салғанда мол салды,

Садақты қолға алады,

Толықсып тұрған кәпірді,

Талғап тартып қалады. (21)

Енді жырда  кішерейту қалай берілген, соған мысал келтірелік.

 Қалынға соққан қырандай,

 Қанатымнан қайрылдым,

Тасқа тиіп тұяғым,

Табанымнан тайырылдым (97)

Қалың  жолды қақ жарып,

Арық қойдай тырысып, Тарта тарта Жібектің алақанына тозады. (114)

1887 және 1900 жылғы  басылымдарды салыстырып көркемдік стилін біршама аштық. Енді 1894 ж  «Қыз Жібек хикаясы», 1957, 1959 жылғы басылымдар туралы бір ауыз сөз айтқанды  жөн көрдік. 1894 жылғы Қазан қаласында басылған нұсқасы. Мұнда жырдың кіріспесі қара сөзбен әңгімеленіп беріледі. Мазмұны жырланғаннан көрі, көбінесе қара сөзді әңгімесі басым. Жалпы, 1894, 1957, 1959 жылғы басылымдардың мазмұн  желісі бір. Тек қана кейбір сөздерде әлқиссаның түсінігінде ауытқулар бар. Мысалы, 1894 жылда жазатын (93), 1957 жылда «Жауаптұғын» немесе 1894 жылда «Мекке таман барамын» болса  (95), 1957 жылда «Мекке  тарап барамын» — деп өзгеріске ұшыраған.

         Қорыта айтқанда  тіл байлығы ерекшелігі жағынан «Қыз Жібек» жыры қазақ ауыз әдебиетінде жеке дара тұрған ғажап туынды, шын мәніндегі шедевр екендігіне күмән жоқ.  

2.2  «Қыз Жібек» жырының тілі мен стилі.

 

Ғашықтық жырлар ішінде ең сүйіктілерінің бірі-«Қыз Жібек»  (көлемі үш мың жылдан артық). Жырдағы басым тақырып махаббат, жастардың азаттық аңсары. Дегенмен, «Қыз Жібек» көп ретте қаһармандық эпикалық дәстүрдің өрнегін танытып отырады. Төлегеннің әкесі Базарбайдың  елін, байлығын мадақтау Жағалбайлы елінің мекені деп Ақ Теңіз бен Қара Теңіз көлдерін атау әсірелеу, қиял желісі. Базарбай  зарығып жүріп, сексен жасқа келгенде Төлегенді көріпті. Жігіттің сымбат, келбеті де ерекше әсерленіп суреттеледі.

         Төлеген деп қойыпты ұлдың атын,

         Құдай артық жаратқан оның затын,

         Баланы сипат қылып айтып болмас.

         Көрген жан ақынынан бір танатын.

Мазмұнды  жанды сурет Жібектің сұлулығымен қатар кербездігін, ұяты күштілігін, зеректігін, тәкәппәрлығын көп қырлы етіп  көрсетеді. Бұл айтқанымызды мына жолдар растаса керек.

         Кер маралдай керіліп,

         Сари маңдай еріліп,

         Тәңірі берген екі аяқ,

         Бір басарға ерініп…

         Атқан оқтай жылысып,

         Ор қояндай ырғысып,

         Қылаң етіп, қылт етіп,

         Сылаң етіп, сылт етіп,

         Тау суындай құлтылдап

         Сүмбілдей жылтылдап,

         Буындары бұлтылдап,

         Мықындары былқылдап,

         Айдынды туған Қыз Жібек,

         Отауға қарап жөнеді.

Осындағы теңеме, балама сөздердің бәрі де ескі эпикалық поэзияның қорынан ауысқан, көне  өмірдің ерекшелігіне сәйкес туған кестелер екені көрініп тұр. Бірақ,  осы дәстүрлі  бояу бейнелер Жібектің  қайталанбас тұлғасын нақтылауға жараған. Демек, бұл арада эпикалық әсірелеулер сұлу  қыздың сырт кескінін  емес, ішкі толқындарын да алуға себеп болған. Бұл кезеңі  келгенде эпикалық қайталама  теңдеулердің  тірі суретке айналып, мінезді  талдауға  қызмет ете алатындығын көрсетеді. Жаопы қазақтаң эпикалық поэзиясында  жазба  әдебиеттің талабына еркін жұмсалуға  лайық, мейлінше әсем, сәнді тіркестер мен баламалар өте көп. «Үлкен теңіздер  мен көлдерлің беті бөлінгенімен түбі  тереңде тұтасып жататын секілді эпос та жазба әдебиеттің де көп белгілері ұласып, ұштасады,- деп белгілі ғалым Рахманқұл Бердібай әділ бағасын берген. Р.Бердібай. (Эпос ел қазынасы) Жазба  әдебиетке тән белгілердің  біразы «Қыз Жібек» жырынан табылғандай.

         Басқа халықтар сияқты, қазақ елі де көне заманнан бері сұлулық пен әсемдікті айрықша ардақтай білген.  Оны сөз өнерімен қастерлеген. Көрік  пен келбеттің, шынайы  сұлулық пен табиғи әсемдіктің тамаша үлгісі «Қыз Жібек»  жырындағы көш сүретінен аңғарылады. Қыз Жібекті іздеп келе жатқан Төлегеннің талай көшке жетіп, қыз дидары мен қылығына көз салған тұстарында қаншама көркемдік таным жатқанын  көруге болады. Мысалы:

         Көш алдына қараса,

         Бір қыз кетіп барады,

         Шытырма көйлек етінде,

         Нұр сәулесі бетінде,

         Бұралып кетіп барады,

         Перінің қызы секілді.

Бұл сипаттаудағы әсем де ажарлы суреттер эстетикалық әсер туғызатыны сөзсіз.

          Толған айдай толықсып,

         Ақ сазандай бұлысып,

         Алтынды қанша қолға алып,

         Әбжыландай толғанып,

         Бұралып кетіп барады,

         Жын соққандай теңселіп,

дегендегі сөз баяулары  нақты  портрет жасауға  қажетті қимыл мен детальдарды аңғартады. Он бір көштен өткен Төлеген:

         Орта бойлы дембемеше,

         Алтын шыны кеседей,

Екі көздің шарасы,

         Бейіште жанған шамшырақ

         Көзінің гауһар қарасы

Туған айдай иілген.

Екі қастық арасы

Сымға тартқан күмістей

Он саусақтың саласы

Сондай-ақ боп туар-ау,

Адамзаттың баласы,-

дегенде сөз бояуы кірігіп, ажарлы ару портреті көлеңдейді. Бұдан да асқан сұлу бар ма екен деген ой қылаң бере бастағанда жаңа бір көшке жетеді. Жыр әуені өз тыңдаушысын әсемдік пен сұлулықтың буына әбден жығып алған соң, әсірелеудің биік шегіне жетеді де кілт бұрылады. Бұдан әрі суреттеу қиындап, сөз  бояуы таусыла  бастаған шақта көркемдік қулыққа көшеді. Тыңдаушысын тәнті еткен ақын енді өзінің  поэтикалық мүмкіндігінің  азайып қалғанын  сезген соң, көш алдындағы келбетті бәйбішені, яғни Жібектің анасын суреттеуден  басқа амалы қалмайды. Салдығы мен серілігі қыздардан асып түсетіндігін жыр өрнегіне  қосып өріп, әсемдікті  ардақтау, одан ләззат алу сезімен эстетикалық танымға айналдырады.

         Осындай ажарлы көрініс пен шынайы әсемдіктің әр алуан құбылысын түсіне білген оқушы  енді өз қиялына ерік беріп, Қыз Жібектің сұлулығын көңіл  көзінен өткізеді. Бір ғажабы- жырда Қыз Жібектің  бейнесі жасалмайды. Ақынның осалдығынан емес, қиял жүзіндегі сұлулықтың әсері күшті екендігін ескергендіктен туған көркемдік тәсіл. Сондықтан тыңдаушысы,  оқушы өзінің көркемдік танымында  әсемдік пен сұлулықтың келісті ажарын енді өзі кестелейді.

         (Т.Кәкішов Қазақ әдебиеті  сынының тарихы.

                                                  Алматы, Санат, 1994. 7-9 бет.

         1887 жылғы Мұсабай жырау нұсқасында Орта жүз бен Кіші жүз барымталасып жау болып, Жайықтың арғы жағындағы Шыбық судың бойын жайлаған Қыпшақ деген ел Орта жүз Базарбайдың 550 жылқысын тартып алады. Базарбай 200 кісі қуғынға  жібермекші болады. Қыпшақ елінде  Алшынбай деген бай бар екен, оның алты ұлы бір қызы бар екен. Қызының аты Жібек. Кетіп бара жатқанда, күйменің терезесінен оны Төлеген көріп қап, ғашық болады.

         1990 жылғы Жүсіпбекқожа Шайхысламұлының нұсқасында  жыршы  біраз толғап келіп, дін мұсылман заманында Кіші жүз ішінде Жағалбайлы елі бар, олар ақ теңізді жайлап, жаз жайлауды Қара теңізді қоныс қылған екен. Жағалбайлы елінде, Базар деген байдың үш қатынынан тоғыз ұлы оба ауруынан  қайтыс болған соң, Базарбай тағы алты қатын алыпты, оның ең кішісі толғатып, аман есен бір ұл туған екен. Оның аты Төлеген деп қойылыпты. Іле-шала бір ұл туып, атын Сансызбай  деп қояды. Міне, көріп отырсыздар екі жырдың басталуы, осылай екі түрлі болып келіп, 1887 жылғы басылымда  Төлеген 200 жігітпен Қыпшақ еліне аттанады. Жібек  көшпен бірге кетіп бара жатқан Қаршыға ақын  Төлегенді мақтап жыр нөсерін төгеді. Төлеген де жырлап Қаршығаға жауап береді. Одан кейін Төлеген мен Жібек айтысып, жыршы Қыз Жібектің нақты бейнесін суреттеп береді. 1900 жылғы басылымда саудагер Төлегенге  Ақ Жайық жақта сұлу Қыз Жібек  деген бар, соны іздеп шық деген ақыл-кеңес береді. Сөйтіп анасы батасын беріп, Төлеген Қыз Жібектің ауылына аттанады. Төлеген қасына 200 емес 10 жігіт қосшы, 15 жігіт басшы  алып, жолда келе жатқанын Сырлыбайдың бас жылқышысы Қаршыға естіп,  алдынан шығады. Төлеген кетіп бара жатқан көшті аралап, Қыз Жібекке  жолығады. 1887 жылғы басылымда Төлеген 550 жылқысын Алшынбайға беріп, Қыз Жібектен рұқсат алып, келе жатқанда, 60 жігіт  нөкері  бар, Бекежан Төлегенді  өлтіреді. 1900 жылғы басылымда:  Қаршыға  мен Төлеген көшті  аралап, әрең  дегенде  Қыз Жібекке жолығады, үш ай жатып,  қалыңдық ойнап, еліне қайтпақ болады.

         Егерде,  Төлеген бұл жырда  аман-есен келіп, Базарбайға  болған жайтты  айтса, 1887 жылғы басылымда : Төлеген үйіне жетпейді жолда Бекежан тосып жүріп өлтіреді. Төлеген өлгелі жатқанда  ұшып бара жатқан  бес  қаздан  Сансызбай деген інісіне сәлем айтады.

         1900 жылғы  басылымда  Төлеген елінен  қайта аттанарда Сансызбай інісіне ақыл айтып, Шеге ақынды  қасына ертіп, Жайыққа аттанады. Сөйтіп, Жібекке келе жатқанда, Бекежан тосып  жүріп өлтіреді. Бекежанның Жібекке, Төлегеннің  өлгенін естіртуі, екі басылымда  да бірдей. Сөйтіп Жібектің алты ағасы Бекежанды  өлтіріп, Төлегеннің кегін алады.

         Мұсабай жырау нұсқасында Қорен хан Жібектің алты ағасымен келісіп Жібекті  алғалы  жатқанда, Сансызбай мен Шеге алып қашқалы  жатқанын біліп қойып ұрыс салып, Сансызбай оны  жеңіп, Жібекті алып мұратына жетеді.

         1900 жылғы Жүсіпбекқожа версиясында Сансызбай алты  қаздан Төлегеннің өлгенін естіп, ағасының сүйегін іздеп шығады. Жолда бір қойшыға кезігіп, Жібекті қалмақтың ханы Қореннің  алғалы  жатқанын естиді. Жібек  қалмақтың Сандалкөк деген атын мініп Сансызбай, Шеге үшеуі қашып шығады. Соңынан  қуып жеткен қалмақпен жекпе-жек шыққан Сансызбай Қоренді өлтіреді.

         Мінекей,  жырдағы қысқаша ерекшеліктер туралы  айтатын болсақ, ол-осындай. Жырдың мазмұны жағынан алғанда 1900 жалға басылым, біршама  толық жырланған. Және осы басылым кейінгі жарларға арқау болған ба дейміз. Сөзіміз нақты  болу үшін енді жырдың стилі мен тіліне жүгініп көрейік. Жырда көркемдегіш құралдардың барлық үлгілері  кездеседі. Айталық айқындау (эпитет) заттың, құбылысының айрықша  сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз «Қыз Жібек» жырында болсын, басқа  жырларда  болсын, ең бір көп кездесетін түрі.

Мұсабай жырау  нұсқасында:

          …Бидай өңді нұр жүзді (8), күмістен қоңырау-тақтырап, Жібектен жабу жаптырып… Сексен қыз нөкерге, Алтыннан сая көтертіп…(9)

Сарайшықта арай бар, Сары орамал орай бар (15), үстіндегі ақ сауыт, Қан қылмай-ақ шешерсің (20). Сондай сұлу Жібекті Қорен алмақ болады (30). Үрдің мен қосылып (33), Үр жігіт ол қылып, Алтын домбыра  қолға алды (33), Таудан аққан қара қан (47), Қозы жауыран оқ алды (46), жеті қабат жер астына кетеді (45), Шашақты қара ту алып (43), бұл арада шашақты ту- таңбалы бейне (эмблема). Алты қанат орданы (37), Темірден келіп киіпсің, көк арбаға мініпсің (29). Жетім құлан бізде бар, Төлеген киген ақ сауыт (23). Ақ сырық мылтық қолға алды (21), Мінген  аты  көк еді (20), Ақ балдақ қылыш байлаған (18), Ақ күймеге енгізіп (17), Ал жағын көрің мен бе едім (9)? Ақ жұлынғы мойында (9), Астынды ер сатып алады (9).

         1900 жылғы  басылым, Ж.Шайхысламұлының нұсқасы:

         «Жаратты бір қаракөк тұлпар атты (56), Мұрындығы  сары жез, Шытырма көйлек  етінде (60), Астын шашбау шашында, Алтынды кемзол жейдеше (82), Көзінің гауһар қарасы (62), Қара жорға мінгені, қара торқа  кигені (63), Ақ бетінде кіршік жоқ (63), Қызыл алтын сандығы (64), Тұлпардан туған  көк жорға ат (64), Ақ маңдайы жарқылдап (65), Алмас қылыш сартылдап (65), Тігейін алтын сарайды (67), Оймақ ауыз, күлім көз (69), Ақ орда болды кіргенің (72), Асыл киім киінді (76), Көк бұйралы тұлпар бар (85), Алтын балдақ, ақ семсер, Аш белеңі ілгейсің (85), Бадана көзді  кіреуке (85), Тоғыз қабат ақ сауыт (85), Алтынды сауыт  көбесі (85), Шұбалған шаңға  жолықты (86), Алтанды сауыт, шөже көз (92), құс қонбас құла  жапанда, Жайықтың суы лай-ақ (100), Қынабы  алтын қырқарың (109). Осы келтірілген мысалдардың бәрі айқындау болып тұр.

         Мұсабай жырау нұсқасына қарағанда, Жүсіпбек Шайхысламұлының нұсқасында айшықтаудың түрі өте көп кездеседі. Мұның бір себебі, жырдың кейбір мазмұн желісінің қосынды болуы, екіншіден кейінгі  жыршының сөз қолданысының  шыңдала түскенінен деп түсінуге  болады. Теңеу  сүреттеп отырған құбылысты не затты, екінші балама затқа, не құбылысқа  теңеп салыстыру. Жырдың екі нұсқасында да молынан кездеседі. Мұсабай жырау нұсқасы:

Оймақтай аузы бүрілген (8), Жібектің ауылын, әулиедей көреді (11). Таудан аққан бұлақтай,  Төлеген деген бір дауыс, алынды барып құлаққа-ай (13), Бір шыбындай  жаныңды, мұнша неге қинадың? (34), Саз балшықтай илейді (14), Жұлдыздай аты жылтылдап (43), Торғайдай мойнын жұлайын (45).

Жүсіпқожа нұсқасынан мысал:

Көзінің ағы  мен қарасындай (51), Қосақтап қойдай бағып тұр (56), Танадай көзі жарқылдап (60), Туған айдай толықсып, Ақ сазандай бұлықсып (60), Туған айдай иіліп (63), Сыйға тартқан күмістей(63), Айдың көлдің қуындай, Патшаның алтын тонындай, әп-зәйзәм суындай (63), Сары алтынның буындай (63), Сымға тартқан күмістей (64), Асылдай  боп есіліп (64), Сүмбідей боп жарады (64).  Нұрдай болып шешіліп (64), Ор қояндай секірді (65), Ұршықтай саны бұлтылдап (65), Шапшақ тастай жылтылдап (65), Құйындай шаңы бұрқылдап (65), Тау суындай сыңқылдап (66),  Бал шекердей сөзі бар (68), Наурыздың ақша қарындай (69), Ақ тауықтың қанындай (68), Жазы түскен сағымдай (68), Ай балтаның сабындай (68),  Нар бураның санындай (68), Бұқардың  гауһар тасындай (68), Халқын малдай бағады (69), Ағыным судай ағады (69), Ұсталар соққан кетпендей (69), Жұртым қойдай қағады (70),  Болғанда айдай әлем, күндей күлем (72), Қояндай қарғып түседі (76), Кер маралдай керіліп (70), Жүйрік аттай ойқастап (76), Құнан қойдай  бой тастап (76), Тау  суындай  құлтылдап (76), Ор қояндай ырғысып (76), Атқан оқтай жылысып (76), Сары  майдай еріліп, Бейінете самал ескендей, Сүмбілдей  жылтылдап, балқып толады, Өңірде шайтан көшкендей, қой ішінде марқадай, Қаршыға ілген үйректей, Аш күзендей бүгіліп, Бірдей болып үгіліп, қой  тоғындай қорғасын, қамшы судай шашады,  су сепкендей басылды, Тай құнандай тебіскен, Ботасы өлген түйедей зарла Жібек, Ішінен судай тынады, Қызылға соққан қырандай, Арық қойдай тырысып, Бітіпті хор қызындай саған келбет, Торға түскен  тұйғындай пенде болып, көңілі ғарыптардың судай  тасты, Малдай мойнын созады, Майпаңдап қаздай баяулап.

    Әдеби  тілді ажарлау аз, құбылту керек- дейді академик З.Қабдолов. Олай болса, ауыз әдебиетінде, астарын тіл оралымдарын құбылтуға жатады. Зат пен құбылысты астарлап келтіріп бкріп тұрады. Осындай тәсілдің бір түрі құбылту. Құбылыстың түрлері көп, әдеби тіліміздегі ең толымды, көре жылыұшырайтыны ауыстыру (метафора).

1987 жылғы басылымнан мысал алсақ.

Үстіндегі ақ сауыт, қан қылмай-ақ шешерсің, Қорамсаққа қол қойып, Іші күйгір жорғаға астындағы көзіңді салсаңшы, Сіз темір де,  біз көнір, Ерітпекке келемін, Ханнан келген жаушымын, Жібекке келген даушымен, Тілге шешен жорға екен, келгеніңді білдіріп құлағына саламын, Мен бір жатқан айдаһар, Мен айтайын ит қалмақ, Қалмақ қайда, бұл қасқыр, кейін тастап жөнеді.

1900 жылғы басылымнан мысал.

 Өзі жорға жануар құс қанатты, көзі оттай жанады,   ?      сом алтын, Қыз Жібектің дидары , қо,ам көлдің құрағы, суырылып озған пирағым, көлге біткен құрағым, қабырғамда қанатым, жауға барсам  жарығым, жетегімде жан атым, Артымдағы құйрығым, Судан шыққан сүйрігім, Суырылып озған жүйрігім,  От болып жанған көңілім, Қанатымда қияғым, Табанымда тұяғым, жылжымас жерден ауырым.

         Академик жазушы  М. Әуезов Жырың тілі де  өте шебер: Тамаша бейне, өрнек нақышқа бай дегені көрегендікпен айтылған. Алматы Қазмемкөркемәдеббас) Жырдың бастауының өзі: Мен сөйлейін жарандар, Ал, тыңдаңыз жарандар деп кесуі, жұртты өзіне қаратудың, селт еткізудің тәсілі. Айтушыдан, тыңдаушының мықты  болсынның? Тәсілі. Немесе Осы екен –деп  Қыз  Жібек , Бұл екен- деп, Қыз Жібек  -деп  келуі де, жырға ерекше күй беріп, әрлендіріп, ырғаққа, әуенге күш салмай, айтушы тек қана желіп отырады. Айта берсе тіпті көп.

         Еліне бі саудагер келді дейді,

Бұлардың әбден жайын білді-дейді

Дейді,-дейді-деп аяқталуы да  бір заңдылыққа бағынып тұр.

Немесе:

-Асуда аск бесе,-дейді,

Аса бір соққан жел,-дейд деген жер жолыда сәтте шыққан жаршаның жырлау  стилі болып табылады. 1900 жылғы нұсқада  негізінде  мағынасы  бас араб, парсы сөздері  жиі кездеседі. Жыршы шынында да молда болғанға ұқсайды, оның үстіне құран-кәрімді жатқа білген, үлкен оқымысты, сауатты адам болғандығы байқалады. Әуелгіде жыр былайша  басталады.

Дін мұсылман аманда,

Еіші жүздің ішінде,

Жағалбайлы елі бар,

Жағалбайлының мекені.

Ақ теңіз деген көл бар-деп оқиғаның болған жерінен, ру жер аттарынан хабар  береді. Сол сияқты  жырдың бірыңғай қаратпа  сөзден басталып, елді өзіне  таратып, оқиға кімге байланысты айтылатынын күні бұрын хбардар ету жыршының өзіндік стилі болу керек.

 Жырда орыс тілінен енген сөздер де кездеседі, 1887 жылғы басылымда,

Повозкалы күймемен,

Парлатып жорға  жіктіріп

Келмеді менің шеніме

Шекарасына көшіп

Кем жатқан салдатты,

-А солдаттар, солдаттар

Көп солдатты шулатып.

1900 жылғы басылымда:

Шаһизада кісі еді

Кісі бойы  кіреует

Фірәукімен белдіктеп

Отырмын формасына қайран қалып.

1957 жылғы басылымда: Черное море деген  орыс сөзі кездеседі. Жырдағы соғыс кезінде  пайдаланатын құралдардың кейбіреулерін атап өткенді жөн көрдік. Көк сауыт,  алтынды кебені, қозы жауларын жебе, қарамсақ, садақ, кірістен, қорамға  мылтық бұның бір түрі берен мылытық болса, 1887 жылғы басылымда ақ сарық мылтықтың түрі кездеседі.

Қорыта келегнде  Қыз Жібек  жырының стилі мен тілі туралы айтарымыз осындай. Бір байқағанымыз, қай басылымда болсын жыршының өзіндік стилі сақталған. Жырдың әр түрлі басылымын алудағы мақсатымыз жырдың қай түрі көркем екендігін айқындау еді. 1900 жылғы басылымы өте  көркем 1957, 1959 жылғы басылымдар осы нұсқаның негізін сақтаған.

Қазақ әдеби тіліндегі әсірелеу, көркемдеу тәсілінің ішінде фразеологизмдердің алатын орны ерекше. Бұл тіркес айтатын деген ойға айрықша әр, мәнерлік береді. Фразеологизмдер көркем шығарма тілін жандандыратын, астарлап бейнелеудің дайын құралы. Фразеологизмдер алуан түолі болғанымен  оларға ортақ қасиет тұжырымдылық. Аз сөзге көп мағына сыйдыру ауыз әдебиеті тіліне тән қасиеттердің бірі.

         Айтмұхамет Тұрышев 1998 жылы Қазақ тілі мен әдебиеті жұрналына жарияланған  Қыз Жібек жырындағы фразеологизмдердің қолдануы деген мақаласында  тұрақты  тіркестердің троптың мынадай түрлері кездесетінін  айтып, бірнеше топқа бөледі. Олар төмендегіндей:

Метоформа көркем әдебиетте көп жұмсалатын мәнерлі тілдік құралдың бірі. Көркі раушандығы , Алтауы бірдей бөрі еді. Тәуелдік жалғаудың бір жағындағы метаформа. Жауға барсам жарағым, Қабырғам, қанатым, Артымдағы құйрығым, Жетегімде жан атым. Қолғанатым, құйрығым, Судан шыққан сүйрігім, Суырылып озған жүйрігім.

Қарға жүнді қаттасым, Үйрек жүнді оттасым, Жалғыз інім баырым. Алтынды сүйек Төлеген, Атаңа  лағмет алпыс ит, Тілсіз мақұлық жануар, Ит қарақшы, сол сықылды мүсінді, қылғын бауыр.

 Теңеу. Теңеуде біріне-бірінің ұқсастығы бар екі зат салыстырылады. Бұл да көркемдеуші тілдік құралдың бір түрі. Және де теңеу жалпы көркемдеуіш құралдың қай түрі болсын жырда өте көп, біз бәрін келтіріп жатпаймыз. Толған айдай толықсып, Ақ сазандай бұлықсып, Буралып кетіп барады, Туған айдай иілген екі қастың арасы.

         Эпипеп те-ойды бейнелі түрде мәнерлеп жеткізудің кең тарағантәсілі. Тоқтатып алып қалам деп, шыбын жанын қинадым.

Эвфемизм- зат, құбылыс,, оқиғаны тікелей  айту қолайсыз, дөрекі көрініс оларды сыпайы  сөздермен алмастырып айтвп жеткізу. Тілімізде  эвфемизм болып келетін фпазеологизмдер баршылық. Қай іске талап  қылмады, жер бесікке кіргенше адамзаттың баласы, Төлеген мырза, шырағым…, Айналацын күйеужан….

Стильдік фигуралар-ойды бейнелі, тартымды  жеткізудің, шешен сөйлеудің тәсілдері.бҰлар жай тіркестердеде,тұрақты тіркестен де болады.

Гипорбола- бір затты асыра, әсірелей суреттеу.Алдына жылапкелген соң, Ат үстінен Төлеген көтеріп алды…Қабырғасы  сөгіліп…Солқылдайды қара жер… Ұршықтай саны бұлтылдап.., Құйындай шаңы бұржырап, Төрт тұяқтан шыққан от, Жеті Қырдан асқанда, Қолтығынан аққан тер Төгіледі сылтылдап..,Дүржауһар сырғасын, Көтере алмай тұр құлағы, Күндейбалқып, көзінен ағып қанды жас, қайғыменен қан жұтып, Сауырынан аққан тер.., көктен құйған тамшыдай, Борбайынанан тамшылап, Үй орындай  бір жерді, Төңкеретастап келеді, Нан пісіп тұрған  деміне, Оттай қойлап жанасың , Тоғыз қабат сауыттың сегізінен өтеді, Қызыл қанға бояды қара қара  жерді.

Литота. Белі нәзік талап тұр, Тартқан сымнан жіңішке, Үзіліп кетпей неғып тұр, Аш кезеңдей бергіліп, Бордай болып үгіліп, Тұлпардан қалған тұяғым, Алақаны тозады.

Синекдоха. Қанғырып  өскен бір қу бас, Қу бауыр қия алмай, Сүйретңп барып ал тауы, Қу кәпірдің кеміне. 

Қайталау.  Бұл  ойды дәл, оның беру үшін сөзді не сөз тіркесін қайталап қолдану. Өлкенің көркі тал болар, өзеннің көркі жар болар, Жігіттің көркі мал болар, қанаты бүтін тұлпар жоқ. Сары  ағаш кескен сайын құм болады, заманы жылдан жылға сұм болады.

Перифраз. Бұл  қарапайым жай сөз  орнына  бейнелі сөз  тіркесін қолдану. Жақсының бал тамады тіл жағынан. Қыз бібек жырындағы фрозеологизмдердің  қолданылуы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі