АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. А. Байтұрсынұлы және ХХ ғасыр басындағы орыс тілші ғалымдары

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

Филология факультеті

 

 

 

 

Қазақ филологиясы кафедрасы

 

 

 

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

 

 

 

А. Байтұрсынұлы және ХХ ғасыр басындағы орыс тілші ғалымдары

 

 

Алматы, 2008

 

РЕФЕРАТ

 

Жұмыстың тақырыбы: А. Байтұрсынұлы және ХХ ғасыр басындағы орыс тілші ғалымдар

 

Жұмыстың көлемі: 41 бет

 

Пайдаланған әдебиеттер саны: 49

 

Тірек сөздер: термин, тұжырым, дыбыстық жүйе, қорытынды, қазақ тілі грамматикасы, тіл білімінің теориясы, тіл материалдары, практикалық жетістіктер, тіл категориясы, әдіс, орфографиялық норма

 

Жұмыстың құрылымы: Бітіру жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады

 

Жұмыстың мақсаты мен міндеті: Ахмет Байтұрсынұлы түркі тіл білімі тарихында грамматиканың барлық саласында ғылыми жол бастаушы және негізін қалаушы ғалым екендігін салыстырудың қорытындылары бойынша дәлелдеу

 

Жұмыстың жалпы сипаттамасы:  Ахмет Байтұрсынұлы – ағартушы, қазақ тіл лингвистикасының көш бастаушысы, рухани – мәдени тарихымыздың көрнекті өкілі, белгілі ғалым – педагог, қазақ теориясы мен сынының негізін салушы, ақын, аудармашы ,филолог, еңбек сіңірген ғылыми қызметкер.

Бұл жұмыстар Ахмет Байтұрсынұлының қазақ (түркі) тілтанымдық мұрасы ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі әлем тілтаныммен сабақтас екендігін көрсету болып табылады. Ахмет Байтұрсынұлы тіл біліміндегі мәселелердің негізін қалаушы ғалым екендігін салыстырудың нәтижесіндегі қорытындылар бойынша айқындаймыз.

 

Жұмыста қолданылған әдістер: Сипаттамалы, ғылыми-зерттеу әдісі, салыстырмалы ғылыми-зерттеу әдістері қолданылды

 

Жұмыстың өзектілігі: Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы негізінде ХХ ғасыр басындағы орыс тілші ғалымдар өздерінің тілтанымдық концепциясын жасады деген тұжырымды дәлелдеу

 

Пайдаланылған дерек көздері: Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми еңбектері және оған арналған зерттеу мақалалар, сондай-ақ Н.Ф. Яковлев,   Е.Д. Поливанов, И.А. Бодуэн де Куртенэ, В.В. Виноградов, А.М. Кононов, П.М. Мелиоранский, А.Н. Самойлович, Л.Р. Зиндер және т.б. ғалымдардың тілтанымдық еңбектері қарастырылды

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………………….4-9

 

1  Қазақ орыс ғалымдары – Ахмет Байтұрсынұлы туралы………………………. 10-19

 

2  Ахмет Байтұрсынұлының фонетикалық еңбектері – түркологиялық зерттеулердің негізі………………………………………………………………………………..20-27

 

3        Ахмет Байтұрсынұлының грамматикалық зерттеулерінің жаңашылдығы………………………………………………………………………………………..28-38

 

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………………….39-40

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………………..41-43

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

 А. Байтұрсынұлы – ғұлама жазушы, энциклопедиялық білім иесі, рухани дүниесі биік ғұлама. Ахмет Байтұрсынұлының өзі және творчестволық мұрасы төрт рет репрессияға ұшырады. Бұл тарихи шындық. Көп жылдар бойы зерттемелері  “құлыптаулы” қамал ішінде сақталды. Ахмет Байтұрсынұлы жер шарының алты бөлшегінің бір ұшын қамтыған мемлекеттің тарихында жиі кездесетін көп ақтаңдақтардың біреуі. Ахмет Байтұрсынұлы КСРО-да репрессияланған болса да, Қытай да, Монғолстанда, Түркияда, Германия мен АҚШ ғалымдарының еңбектерінде, А.А. Реформатскийдің, А.Н. Кононовтың және басқалардың зерттемелерінде ХХ ғасырдың ғұлама тілшілердің бірі ретінде танылды.

Бүгінгі таңда, Ахмет Байтұрсынұлы еңбектері терең зерттеле бастады. Бұл зерттемелер, мақалалар, естеліктер мен деректі кинофильмдер және тағы басқалар аз да болса, Ахмет атамыздың жазушылық, қоғамдық-мемлекеттік, педогогикалық қызметін сипаттайды.

Енді қысқаша өмірбаянына тоқталып кетсек, Ахмет Байтұрсынұлы       1873 жылы 28 (15) қаңтарда сол кездегі Торғай уезіне қарасты Тосын болысының  5-ші ауылында Сарытүбек деген жерде дүниеге келген.                                  Ахмет Байтұрсынұлының әкесі (Байтұрсын Шошақұлы) ауылға інісі Ақтасты іздеп келіп, ойран салған патша әскерлерінің полковнигіне қарсылық көрсеткені үшін әскери соттың шешімімен інісі екеуі 15 жылға сотталып, Сібірдің каторгасына айдалды.

Жетім қалған  А. Байтұрсынов немере ағасы Ерғазының қолында тәрбиеленді. Ахмет ауылдағы молданың мектебінде (ислам дінінің негіздері, оқу, жазу, Шығыс әдебиеті, ауызекі халық әдебиеті (фольклор), түркі шежіресі, қазақ шежіресі, тағы басқа) сапалы діни білім алады. 1891 жылы Торғай қаласында екі кластық орыс-қазақ училищесін бітіреді. 1895 жылы Орынбор қаласында, кезінде Ы. Алтынсарин негізін қалаған  “Мұғалімдер мектебін” бітіреді. 1895-1905 жылдары Ахмет Байтұрсынұлы Ақтөбе, Қостанай және Қарқаралы уезінде  және екі кластық орыс-қазақ училищесінде мұғалім болып істейді. 1907 жылы Ресейдің отаршылық саясатына қарсы күреске қатысқаны үшін тұтқындалып, Қарқаралы қаласының абақтысына қамалды, одан Семей қаласының абақтысына өткізіледі, 1913 жылдың наурыз айынан 1917 жылдың соңына дейін Орынбор қаласында “Қазақ” газетінің бас редакторы болып жұмыс істейді. 1917 жылдың соңынан 1919 жылдың наурыз айына дейін “Алаш” партиясы жүйесінде және “Алашорда” атты уақытша Халық кеңесінің оқулықтар жазу Комиссиясының құрамында қызмет етеді. 1919 жылы наурыз айында Ахмет Байтұрсынұлы Совет үкііметін қабылдап, сол үкіметтің жүйесінде мемлекеттік істерде қызмет атқарады:                     1920-1923 жылдары – Қазақстан Халық Ағарту Комиссариатының комиссары; 1921-1922 жылдары – Қазақстан Халық Ағарту Комиссариаты жанындағы Ғылыми Әдеби комиссияның төрағасы; 1921-1926 жылдары – Орынбордағы Қазақтың халық ағарту институтының мұғалімі; 1926-1928 жылдары Ташкенттегі Қазақ педагогика (тәлім-тәрбие) институтының мұғалімі;       1928-1929 жылдары – Қазақ мемлекеттік университетінің профессоры,       1929 жылы колхоздастыру және конфискация жасау кезіндегі асыра сілтеушілерге ашық қарсы үгіт жүргізгені үшін тұтқынға алынып, Архангельск облысына жер аударылады. Дүниежүзілік Қызыл Кіреске М. Горькийдің жұбайы Е. П. Пешкованың жолдаған өтінішімен А. Байтұрсынұлы 1934 жылы мерзімінен бұрын айдаудан босатылады. 1936-1937 жылдары қайтадан тұтқынға алынады. 1937 жылы желтоқсан айының 8 күні атылады. 1988 жылы қараша-желтоқсан айларында ақталады /7, 13/.

Ұлы ғұламаның шағын өмірбаяны осындай. Қазақ даласының асыл перзентінің туған халқымыздың тарихы мен мәдениетіне қосқан үлесі қомақты. Ахмет Байтұрсынұлының мұрасы – қазақ халқының  айқын бейнесі. Ол тарихи тағдыр, сәулелі ойлар мен көкейкесті арманды білдіреді. Ұлы Ұстаздың әрбір сөзі бүгінде жеткіншек ұрпақтың тәрбиесіне игі ықпал етіп, рухани байлығымызды қалыптастыруға қызмет етеді. Оның тәрбиелік және эстетикалық идеялары бізді азаматтық және патриоттық сезімді көздің қарашығындай сақтауға баулиды. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тіл білімінде өз қолтаңбасын қалдырған тұлға.

ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік тынысының ашылуы, ғылымының өсіп-өркендеуі қазақ зиялыларының ағартушылық қызметімен тікелей байланыста болды. Сол тұстағы саяси өзгеріс, іс-оқиғалар мен үлкен сілкіністер әсерінен мемлекеттік істерге, саясатқа қызу араласқан зиялы қауым оқу-ағарту ісіне де белсене атсалысты. Бұл кезеңде қазақ тарихына, мәдениетіне, рухани дүниесіне мол ізін қалдырған ағартушы қайраткерлер мен ақын жазушылар, ғалымдар шоғыры жарқырап шықты. Сондай бірегей тұлғалардың бірі – Ахмет Байтұрсынұлы сияқты қайраткерлер өз халқына өлшеусіз еңбек сіңірді. Ахмет Байтұрсынұлы ағартушылық қызметті қазақтың саяси тынысы мен әлеуметтік тіршілігіндегі ең қажет, ең игілікті әрекет деп қабылдады және оқу-ағарту жұмысы туған халқына теңдік, азаттық, бостандық, өркениетті даму алып беретін біден-бір жол деп ұғынды /20, 10/.

Ағартушылық қызметі мұрат тұтып, ұлттық мектептерде, жоғары оқу орындарында дәріс беру, оқу-ағарту жұмыстарын қалың жұртшылық арасына насихаттаумен қатар, жекелеген пәндерден оқу құралдарын жазудың үлгілі көшін бастаған –  Ахмет Байтұрсынұлы. Оның қазақ халқына сіңірген санқырлы қызметі өзінің бастау арнасын ағартушылық қызметтен алады /19, 10-11/.

Мәселен, Рәбиға Сыздықова бұл мәселе жайлы былай деген:            “Ахмет Байтұрсынов демократтық-ағартушылық қызметті өзінің азаматтық борышы және ұстаған жолының негізі деп санаған. Ол білім-ғылымнан кенже қалған, малын бағып, марғау жатқан қазақ халқын сол қараңғылықтан, сол марғаулықтан маса болып ызңдап оятып, алып шығуды өмірінің мақсаты етіп қояды. Сонда, қазақ мәдениеті, әдебиеті көгінде Ахмет Байтұрсынов – жалаң ағартушы болып көрінеді ”/7, 18-23/.

А. Байтұрсынұлы – аса ірі қоғам қайраткері, көрнекті ақын, қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту үшін аянбай күрескен, тіл ғылымының негізін салған тіл зерттеушісі, қазақ поэзиясын теориялық тұрғыдан тануда жүйелеп ізге салған теоретик-ғалым, халыққа білім беру саласында еңбек сіңірген педагог –ұстаз. Мәселен, Зәки Ахметов: “Ахмет Байтұрсыновтың баға жетпес бірнеше сапалы еңбегін тереңдеп зерттеу – алдағы зор міндеттердің бірі. Байыптап тексерген сайын қоғам қайраткері, ақын, ғалым кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырған асыл мұраның мәні толығырақ ашылып, айқындала түспекші”, – деген екен.

Ахмет Байтұрсынұлы – халқымыздың ұлы перзенттернің бірі, әмбебап ғалым, аудармашы, журналист, көсемсөз шебері… Бір сөзден айтқанда, “сегіз қырлы, бір сырлы” адам. Ахмет Байтұрсынұлының сан қырлы қасиеттерінің бірі қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі болып табылады. Мәселен, осы күнге дейін Ахмет Байтұрсынұлының аса ірі қоғам және мемлекет қайраткері, айлалы саясаткер ретінде қызметі туралы жеткіліксіз айтылып, аз жазылып келеді. Оның басты себебін, Зейнолла Қабдолов: “Ахмет – Алаш қозғалысы аясындағы қоғам қайраткері ғана емес, кеңестік Қазақстанның алғашқы жылдарында жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкер атқарған адам.    Ахмет Байтұрсынұлы өткен осындай күрделі жол оның қайраткерлік сан қырлы және саясаткерлік қызметін зерттеушілер үшін айтарлықтай қиыншылықтар тудырады. Солай болғанына қарамастан, Ахмет Байтұрсынұлы мемлекеттік жүйелердің қайсысында жұмыс жасамасын, ол бірінші кезекте өзіне нысана етіп жалпыұлттық, бүкілхалықтық мәселелерді таңдап алды да, оларды туған елінің мүдделеріне сай шешу үшін еңбектенді”, – деп еңбегінде көрсетеді /2, 123/.

1895 жылдан 1909 жылдарға дейін 13-14 жыл бойы ауылдық, болыстық мектептер мен екі кластық училищелерде мұғалім болып қызмет атқарады. Оның ішінде 1896 жылдан 1907 жылдарға дейін Қарқаралыда әуелде екі кластық орыс-қазақ мектебінде, кейін қалалық училищеде сабақ берген. Бұл жылдарда А. Байтұрсынұлы қазақ графикасымен (жазуымен) айналыса бастайды. Ол үшін алдымен қазақ тілінің фонетикалық (дыбыстық) жүйесін зерттеуге кіріседі. Бұл екі әрекеттің екеуіне де Ахметті әкелген оның ағартушылық қызметі еді, яғни қазақ балаларының сауатын ашатын “Әліпби” мен ана тілін үйрететін “Тіл құралын” жазу мақсаты ең алдымен графиканы жөндеп алуды қажет етті.

Қазақ тілінің дыбыс жүйесі мен оны таңбалайтын әріптер туралы пікірлерін ол 1912 жылдан бастап “Айқап” журналы мен “Қазақ” газеттерінің беттерінде білдіре бастайды. 1912 жылғы 9-10 нөмірлерінде “Шаһзаман мырзаға” атты мақала жазып, онда қазақ дыбыстарын білдірмейтін кейбір араб таңбаларын қазақ алфавитіне енгізбеу керектігін, сөздің тұтас жіңішкелігін білдіру үшін оның алдына дәйекше дейтін таңба қою қажеттігін дәлелдейді.

А. Байтұрсынұлының араб жазуын қазақ тіліне икемдеген нұсқасын қазақ жұртшылығы, әсіресе мұғалімдер қауымы ешбір талассыз қабылдады. Себебі, А. Байтұрсынұлының реформасы қазақ тілінің табиғатына, яғни сингармонизм заңдылығына сүйеніп, ғылыми негізде жасалған болатын.

Сөйтіп, қазақ дыбыстарының табиғатын айқындап, тануы ғылымға қазақтың жаңа әліпбиін жасауға мүмкіндік берді. Баспа беттерінде жарияланған мәліметтерге қарағанда, 1915 жылдың бір өзінде бұл емледен   15-тей кітап басылып шығыпты. Сондай-ақ, Ахмет Байтұрсынұлы ұсынған “жаңа емле” 1913 жылдардан бастап мұсылман медреселерінде де, қазақ-орыс мектептерінде де қолданыла бастағандығы айтылады. Сөйтіп, араб әріптері негізінде лайықталған қазақ графикасы 1924 жылы ресми түрде қабылданады. Бұл – өз кезінде қазақ халқының мәдени дүниесінде үлкен роль атқарған, қалың көпшілікті жаппай сауаттандыру ісіне, жазба дүниелердің дамуына, баспа жұмысының жандануына игілікті қызмет еткен прогрессивтік құбылыс болды /4, 37/.

А. Байтұрсынұлы  қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсаған. Күш жұмсауға тура келген себебі мынада: қазақ балаларына арналып 1902 жылдан бастап ашылған үш жылдық бастауыш мектептің өзінде шәкірттер сауатын орыс тілінде ашатын. Сондықтан әр мұғалім өз ыңғайына қарай не орыс, не араб жазуларын пайдаланатын. А. Байтұрсынұлы мен өзге де бір топ қазақ интеллигенциясы уәкілдері болып, 1905 жылы 26 маусымда Ресей Империялық Министрлер Советінің Председателі атына петиция жазады. Мұнда бір пункт етіп қойған талаптары “қазақ даласында оқу-ағарту ісі дұрыс жолға қойылсын, ол үшін ауыл мектептерінде балалар қазақша сауат ашатын болсын, оқу ана тілінде жүргізілсін” деген болатын. Осы талаптың жүзеге асуы үшін Ахмет Байтұрсынұлы қазақша сауат ашатын тұңғыш әліппе құралын жазады. Оны “Оқу құралы” деген атпен 1912 жылы Орынборда басып шығарады. Демек, Ахмет Байтұрсынұлының “Оқу құралы” – тұңғыш әліппеміз. Ол кейін де бірнеше рет басылған.

Ахмет Байтұрсынұлы тек мектеп оқушыларына ғана емес, ересектердің де сауаттарын ашуға арналған “Әліпби” жазған, ол 1924 жылы Орынборда,    1926 жылы Семейде басылды.

1912 жылы мектеп балаларын қазақша сауаттандыратын “Оқу құралын” жазғаннан кейін көп ұзамай енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулық жазуға кіріседі. Бұл оқулықтың фонетикаға арналған І  бөлімі “Тіл құрал” деген атпен алғаш рет 1915 жылы жарық көреді. Ол әрі қарай бірнеше рет басылған, 1927 жылғы Қызылордадағы басылымы 7-ші деп көрсетілген “Тіл құралдың” қазақ тілінің морфологиясына арналған ІІ бөлімі бұдан да бір жыл бұрын 1914 жылы баспадан шыққан, оның 1927 жылғы басылымы 6-шы деп көрсетілген. Синтаксиске арналған ІІІ бөлімі де бірнеше басылым көрген. Оның 6-шы басылымы 1928 жылы Қызылорда-Ташкенттегі “Казгосиздаттан” шыққан /7, 4-17/.

 “Тіл-құрал” – қазақ мәдениетінде бұрын болмаған құбылыс. Оның қазақ жұртшылығы үшін мүлде тың дүние екендігін Ахмет Байтұрсынұлының өзі де ескертеді. Кітабының “Сөз басында: “Тіл құрал” деген ат қандай жат көрінсе, ішкі мазмұны да әуелгі кезде сондай жат көрінер, өйткені бұл – қазақта бұрын болмаған жаңа зат. Халықта бұрын болмаған нәрсе жат көрініп, бірте-бірте бойы үйренген соң қалатын”, – дейді /5, 142/.

Және де қазақ тілін талдап-тануда  Ахмет Байтұрсынұлының еңбегін тағы бір тұрғыдан ерекше бағалау керек: ол – термин жасаудағы іс-әрекеті. Ғалым қазақ тілі грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша термин ұсынды. Осы күнгі қолданып жүрген “зат есім, сын есім, етістік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш” деген тағы басқа сан алуан лингвистикалық ғылыми терминдердің баршасы Ахмет Байтұрсынұлынікі. Мәселен, олардың өте сәтті жасалғандығын күні бүгінге дейін қолданып келе жатқан өміршеңдігі дәлелдейді. Оның термин жасаудағы ұстаған негізгі принципі – ең алдымен қазақ тілінің өз мүмкіншіліктерін пайдалану болса, сонымен қатар 1912 жылдың өзінде “Айқаптың” беттеріндегі мақалаларында грамматика, фонетика, морфология деген халықаралық сөздерді қолдану оның орыс тілі арқылы келетін интернационалдық терминдерден бас тартпайтын принципінде көрсетеді. Біздің ойымызша, бұл принциптер осы күнгі терминологиямызда басты орын алып отырған бағыт-бағдар екені мәлім.

Тағы бір ескеретін нәрсе – қазақ тілінің фонетикасы мен морфологиялық тұлға-тәсілдерінің бірсыпырасын Ахмет Байтұрсынұлы жаңаша талдап, дұрыс көрсетуі деп есептейміз. Орыс лингвистикалық мектебінен сусындап, негізін содан алғанмен, қазақ тілі грамматикасын тануда ол көп ретте тілдің типологиялық ерекшелігін ескеру принципін ұстаған. Бұл мәселеге кейінірек тоқталамыз. Негізінен, қазақ тіл білімінің басталар тұсындағы ізденістері мен кемшіліктерін дұрыс тауып, мұқият зерттеу – алда тұрған міндеттеріміздің бірі. Әзірге бір ақиқат, ол – ана тіліміздің іргетасын қалаушы                     Ахмет Байтұрсынұлы екендігі. Олай дейтін себебіміз мынада,                       Н.И. Ильминскийдің 1861 жылы Қазанда басылған “Материалы к изучению киргизского наречия” деген кітабы қазақ тілінің грамматикалық жүйесін танытқан тұңғыш еңбек болды. Бұл “Материалдар” орыс тілінде жазылды, онда қазақша лингвистикалық терминдар жасалған жоқ. Ал, қазақ тіл білімінің ұлттық терминологиясын жасаған Ахмет Байтұрсынұлы болды.

Ғалымның тіл үйретуде жасаған еңбегі мұнымен де шектелмейді. Ол қолданбалы грамматика дегенді жазған. Бұл жұмысын “Тіл жұмсар” деген екі бөлімді екі кітап етіп 1928 жылы Қызылордада жарыққа шығарды.           Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілін оқыту методикасының іргетасын қалаушы болып табылады. Ол – қазақ тілінде дыбыс негізінде сауаттандыру әдісінің негізін салушы. Ахмет Байтұрсынұлы бұл салада 1910 жылдан бастап,                   1927-1928 жылдарға дейін бірнеше мақала жариялаған. 13-14 жыл бойы бала оқытқан тәжірибесінде түйген методикалық нұсқауларын 1920 жылы Қазанда “Баяншы” деген атпен кітапша етіп шығарды. Мұнда автор мұғалімдерге “әліппені” пайдаланудың, сауат ашу әдістерінің жол-жобасын көрсетті.      1921 жылы Ташкентте шағын көлемді тағы бір методикалық құралды шығарады.

Сөйтіп, тұңғыш қазақ лингвисі Ахмет Байтұрсынұлы өзінің алдына жүйелі программа қойғанға ұқсайды: ол әуелі қазақша сауат аштыруды мақсат еткен, бұл үшін “Оқу құралды” жазған; одан соң қазақ тілінің грамматикалық құрылымын ана тілінде талдап беру мақсатын қойған. Бұл үшін “Тіл құралды” жазған; үшінші – тілді дұрыс жұмсай білу тәртібін көрсетуді көздеген, бұл үшін “Тіл жұмсарды” жазған, төртінші – сауат аштыру, тілді оқыту методикасын жасауды міндетіне алған, бұл үшін “Баяншыны” жазған. Міне, бұлар ұлы тұлғамыз Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің грамматикасын зерттеудегі және оқу-ағарту майданындағы істеген істері мен жасаған еңбектері.

 Ахмет Байтұрсынұлы  қазақ ғылымына жасаған қызметі тек тіл білімі саласында емес, әдебиеттану саласында, этнография, тарих мәселелерімен де шұғылданғанын айта кету шарт.

Сөйтіп, Ахмет Байтұрсынұлы, біріншіден, қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы, ерекше із салған жаңашыл ағартушы.

Екіншіден, ғалым – араб графикасына негізделген қазақ жазуының реформаторы. Мәселен,  Ахмет Байтұрсынұлы жасаған жаңа жазу күні бүгінге дейін қолданыс тауып келеді: Қытай Халық Республикасы, Ауғанстан, Иран сияқты елдердегі қазақ бауырларымыз сауаттарын осы жазумен ашып, баспа дүниелерін осы графикамен шығарады. Шетелдік бауырлас қазақтарға арнап, осы күндерде өзіміз шығаратын “Біздің Отан” атты газетіміз де                        А. Байтұрсынұлы реформалаған араб жазуын пайдаланады.

Үшіншіден, Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ әдебиеті мен мәдениетін зерттеуші тұңғыш филолог-ғалым және Қазақстан ғылымын алғашқы ұйымдастырушылардың бірі.

Төртіншіден,  Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ халқына, үкіметке, қоғамға адал қызмет еткен ірі қоғам қайраткері /2, 4/.

Мәселен, Т. Қордабаев  Ахмет Байтұрсынұлы жайлы “Қазақтың тұңғыш лингвист ғалымы” мақаласында: “Басқа ғылымдар мен рухани өмірдегі сияқты ақтаңдақтар қазақ тіл білімінде де күні кешеге дейін орын алып келеді. Ғылымымыздың қалыптасу даму тарихына арналған зерттеулерде шындықты айтуға тыйым салынғандықтан, қазақ тіл білімі қалыптасуының ширек ғасырдан астам уақыт жауып тасталды. Міндет – ғылым мен мәдениет саласындағы қайраткеріміздің бір кезде жабылған пәле-жаладан ақталып, қатарға қосылғанына шын көңілмен ризалық білдіре отырып, еңбегін әділ бағалау керек” /17, 2/. Және де Қазақ тіліне қатысты біраз мәселенің қырын өткен ғасырда Н. Ильминский тәрізді миссионер түркологтардың орыс тілінде және осы тілдегі терминдерді қолдана отырып қазақ тілі грамматикасын жазғандары белгілі. Бірақ олардың ешқайсысы да ғылым негізіне жататын сүбелі салаларды түгел қазбалап қамти алған жоқ. Бұлардың көбісі шағын көлемді практикалық еңбектер еді. Сондықтан да, осындай зерттеушілерді қазақ тілі ғылымының негізін салды деп айта алмаймыз. Ал, ақиқатына келсек, қазақ тілі ғылымының негізіне жататын салаларды түгел қамтып, олардың терминдерін байырғы сөздеріміздің негізінде қалыптастырып, алғаш рет баяндап берген басқа ешкім емес, ол – Ахмет Байтұрсынұлы. Сонда, жоғарыдағы пікірлердің негізінде, Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тіл ғылымының негізін салушылардың бірі емес, өзі деп танимыз /18, 4/, – деген еді.

 

 

 

 

 

 

1 ҚАЗАҚ ОРЫС ҒАЛЫМДАРЫ – АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ТУРАЛЫ

 

Жиырмасыншы ғасырдың алғашқы қырық-отызыншы жылы – қазақ өркениетінің ең бір қарқынды дамыған, гүлденген тұсы. Олай дейтініміз, ұлт мәдениеті, үлкен әдебиет, қазақтық ғылым, білім де – бәрі шын мәнінде осы кезде ірге көтере бастады. Бәрінің де кейін қаз тұрып кетуіне, қалыптасуына Ахмет Байтұрсынұлы тікелей мұрындық болды. Сондықтан да, осы қырық-отыз жылды қазақ өркениетінің “Байтұрсынов дәуірі”, “Байтұрсынов ғасыры” десе де болады.

Ғылым жалпы өзінің филология және тарих сияқты салаларынан бастап дами бастайды. Демек, этнос атаулының қай-қайсысының да ғылыми өзін танудан бастау алады. Және қай халықта да түрлі ғылым салалары ешқашан “қол ұстаса” қатар тумайды. Жапа тармағай бір мезгілде қалыптаспайды. Мұндай да, әдетте, алдымен кейбір қоғамдық ғылым салалары  сараланып шығады. Қазақта да мысалы солай болды: бүгінгі бүкіл қазақтық ғылымның көген басы ретінде әуелі тіл білімі, әдебиеттану бой көрсетті. Бұлардың әрқайсысының өз алдына жеке дербестеніп кетуіне Ахмет Байтұрсынұлы ұйытқы болды. Бұларға кешікпей ғылымның тарих және этнология сияқты тарамдары келіп қосылды. Бәрі осылай бірте-бірте құрала келе Академиялық орталыққа айналды. Мұның да тұңғыш төрағасы Ахмет Байтұрсынұлы болды. Ол ұлт ғылымының көшбасшысы ретінде, міне, осылай танылды. Сондықтан да оны Елдос Омаров “первый светоч науки” деп атады /2, 3/.

Мысалы, Сәкен Сейфуллин Ахмет Байтұрсынұлының 1923 жылғы мерейтойына орай жариялаған , “Ахмет Байтұрсынұлы 50-ге толды” деген көлемі үш-ақ беттей болатын мақаласында “Ахмет Байтұрсынұлы… оқығандардың арасынан халықтың намысын жыртып, даусын шығарған кісі”, “ұлт намысын жыртып, ұлттың арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді”, “қазақ халқының намысын жыртып, арын жоқтады”, “қазақ халқының арын, намысын жоқтап…”, “Ахмет халықтың арын іздеп, сол өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тіккен” /29, 43/, – дей отырып, халық намысы, ұлт намысы, ұлттың ары, халықтың ары тіркестерін бірнеше жерде қайталап қолданады. Бір қызығы бұл мақаланы Сәкен Сейфуллин             Манап Шамиль деген бүркеншік атпен жариялаған көрінеді.

Ахмет Байтұрсынұлы Мұхтар Әуезовтің айтуы бойынша, “қазақ жұртының оқыған азаматтарының тұңғышы. Оның қызметі – қазақтың ұзын-ырға тарихымен жалғасып кететін қызмет, істеген ісімен өзіне орнатылған ескерткіш – мәңгілік ескерткіш”, – дейді.

Осы жерде Генрих Гейненің мына бір дана сөзі еске түседі: “Алмастың ажарын алмас ашады”. Шынында солай. Ахмет Байтұрсынұлының “ажарын” “қазақ оқушысының ойы мен пікірін тәрбиелеген”, “қазақ жұртының оқыған азаматтарының тұңғышы, алғашқы шыққан көсемі”, – деп М. Әуезов ашты. Өзінің “Қазақтың бас ақыны” мақаласында “Не нәрсе жазса да, Абай түбірін, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қармай жазады. Сөздің шырайлы, ажарлы болуына ойдың шеберлігі керек. Ұнамды, орынды, дәмді болуына сыншылық керек. Маңызды, мағыналы болуына білім керек. Абайда осының үшеуі де болған. Бұлардың үстіне Абай көсем, үлгі шығарып, өнеге жайғыш болған. Абай сөздерінің дүниеде қалғаны қазаққа зор бақ”, – деп, Абайдың “ажарын” Ахмет Байтұрсынұлы ашты /2, 6/.

Мәселен, Мұхтар Әуезов “Ақ жол” газетінің 1923 жылғы 4 ақпан 270-ші санында жариялаған “Ақанның елу жылдық тойы” деген мақаласында,     Ахмет Байтұрсынұлының орыс досы Алекторов туралы аз ғана мағлұмат беріп кетеді. Онда: “1896 жылы Ахмет Байтұрсынұлы Омбыда Ақмола, Семей школдарын басқарып тұрған Алекторов пен хабарласып, Омбыға барған. Ақаңның Қостанайдан кетуіндегі себептерінің көбі бізге белгісіз. Кетуінің бір себебі қазақтың басқа жерлердегі хал-жайын көріп, білу болса керек. Омбыға барып, Алекторовпен көрісуі Ақаңның кейінгі күндегі адамшылығы мен ісіне екі түрлі әсер берген. Біреуі – Алекторовтің қазақ турасындағы отаршылдық саясатының басын біліп, көздеп жүрген мақсатын сезген болар, атақты Ильминскийдің жолымен қазақтың көзін ашу үшін оқу керек деген саясатты тұтынып жүргендігін сөздерімен білдірген Алекторовтің ниетімен жақын келіп танысқан соң, Ахмет қазақ халқының ауырлығын ұғып, ел турасындағы түкпірлі ойы сол кезде ояна бастаған.

Алекторовпен танысудың екінші әсері – Ақаңның жолы ашылып, бұрынғы білім-өнер жүзіндегі шала біліп, көмескілеу түсініп жүрген нәрселерін таза білуіне себеп болған /30, 6/.

Ал, Телжан Шонанов болса: “Ахмет Байтұрсынович бескорыстно отдавшего всю огромную силу своего таланта на служение киргизскому народу с тех самых пор, как стал жить сознательной жизнью”, – дейді /31, 104/. А.Н. Самойлович “Ахмет Байтұрсынұлы энциклопедиялық және библиографиялық басылымдарда және Шығыс әдебиетінің І басылымындағы “Түрік халықтарының әдебиеті” атты материалында А. Байтұрсынұлын қысқаша анықтамалық шолуға сыйғызған. Онда қазақ ғалымы туралы: “… қазақ тілі орфографиясының реформаторы, қазақ грамматикасы және қазақ әдебиеті теориясының негізін қалаушы” /32-77/, – деп көрсетеді.

Сонда, Имаханбетова Райхан Сахыбекқызының айтуынша, 1919 жылы А.Н. Самойловичтің “Байтұрсынов Ахмет Байтұрсынович” туралы берген анықтама – ақпаратын бірінші танымдық ғылыми бағалау екені басы ашық дүние. Бұл қазақ ғалымы туралы жазылған тұңғыш ғылыми сипаттама. Орыс ғалымы Ахмет Байтұрсынұлы туралы тұжырымын “қазақтың бірінші көрнекті лингвист-ғалымы”, – деп түйіндеген дейді /33, 12/.

А.Н. Кононов болса, Ахмет Байтұрсынұлы өміріне тоқталып, оның қамауға алынғаны жайлы мәліметтерді қосып, И.А. Крыловтан 40 мысал аударған, “Қазақ” газетінде бас редактор болған. 1925 жылы жоғарғы оқу-орындарында сабақ бергені жайлы айтады. А.Н. Кононов: “…автор усовершенствованный казахской азбуки, созданной на основе арабского алфавита; им же написаны (на казахском языке) учебники по фонетике, синтаксису и этимологии казахского языка, а также по теории словесности и истории культуры. Все перечисленные труды написаны по-казахски”, – деп сипаттайды /34, 18/.

1924 жылы Ахмет Байтұрсынұлы түрлеген қазақ әліпбиін профессор    Е.Д. Поливанов Ортаазия мемлекеттік университетінің бюллетенінде жарияланған “Жаңа қазақ-қырғыз (Байтұрсындық) орфографиясы” (“Новая қазақ-киргизская (Байтурсуновская) орфография”) атты мақаласында: “…енді түзетуді қажет етпейтін, тарихи тұрғыдан алғанда кемелденген, жекелеген ұлттық графика”, – деп бағалаған /35, 52/.

Академик А.Н. Кононов 1974 жылы ғалымға берген сипаттамасы ішінде: “Мәдениет тарихын жазған” деген /34, 80/ мәліметтер бар. Әсіресе, түркітанушы ғалымның Қазақстанда А. Байтұрсынұлының атын ауызға алуға да, жазуға да тыйым салынған уақытта “Отандық түркологтардың библиографиялық сөздігі” атты кітапқа қазақ ғылымы туралы толыққанды ақпар беріп, “қара тізімге ілінген” тарихи тұрғыдан әділ бағалануы ерекше факт болып табылады.

Көрнекті ғалым Т. Қожекеевтің “Халқымен қайта қауышты қайран ерлер” (1991) атты мақаласына сүйенсек, 1967 жылы Америкадағы Колумбия универсиетінің профессоры Эдвард Олуорд, Ян Муррей, Мэтли Карл,              Х. Мэнгес өз шәкірттерімен бірлесіп, Нью-Йоркте ағылшын тілінде “Орталық Азия орыс билеген ғасырда” (“Центральная Азия в век русского правления”) деген кітап шығарған.Осы кітапта Орта Азия халықтары мен қазақ халқының экономикалық, саяси, мәдени даму жолдары туралы олардың ұлттық сезімінің оянуы, интеллектуалдық жағынан өсуі, әдебиеттің даму жөнінде, әсіресе, әр халықтың осы үлкен саяси істерде зор қызмет көрсеткен қайраткерлері туралы мол мағлұмат берілгені айтылады. Сол тұста өз елінде “халық жауы” деп жүрген Ахмет Байтұрсынұлы туралы 16 беттік пікір білдіргені, онда оның саясат, әдебиет, мәдениет майданындағы ерлік істерін ерекше бағалап жазылғандығы айтылады /33, 18/.

Орыс тілтаным зерттеушілерінің назарына ілініп, аса жоғары бағаланған тұсы Ахмет Байтұрсынұлының фонологиялық шешімдері еді.  Н.Ф. Яковлев “… применение тождественного способа сокращения числа букв в алфавите к одному из тюрко-татарских языков, именно казахскому (быв. киргизскому), полностью сохранившему закон так называемого “сингармонизма”, – способа, интутивно изобреттеного одним из местных культурных работников – казахов, Байтурсыном… дает новое поле для совершенно безупречного употребления выведенной формулы”, – /36, 144/ деп теориялық тұрғыдан бағаласа, екінші жағынан А.М. Сухотин мен К.К. Юдахин “… способ выражения парности гласных через согласные, дополненный введением особого знака смягчения, мы видили в казахской “байтурсыновской” орфографии…” /37, 158/, деп практикалық тұрғыдан бағалап жатыр.

Көбей Хұсайын: “В.В. Виноградов 1962 жылдың күзінде әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің филолгия факультетінде орыс тіл білімінің өзекті проблемалары және лингвистикадағы қазіргі бағыттар туралы бірнеше қызықты дәріс оқыған еді. Ғалым лингвистикалық терминологияның даму, қалыптасу жайын сөз еткен тұста тіл білімінің қай кезеңінде де бұл процестің өте күрделі болғанын атай келіп, “бір немесе бірнеше ғылыми термин жасаған адамға ескерткіш қоюға болады”, – деген еді. Академиктің дәріс арасындағы бір әңгімесінде студенттер оған қазақ тіл білімі терминдерінің көпшілігін бір-ақ адам – Ахмет Байтұрсынұлы жасағанын айтты. В.В. Виноградов бұған таң қалып, сенерін де, сенбесін де білмегендей сыңай танытты”, – дейді.

Сондықтан, терең ойлы оқымысты ғалым, ұлы ұстаз, жазушы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілін ғылыми негізде, өз дәуірі тіл білімінің теория мен практикалық жетістіктерін қамти отырып, үлкен ғылым саласы ретінде алдымен ұлтымызға, одан соң бүкіл әлемге өз тілімізді танытты. Қазақ тілінің негізін құрайтын басты салаларды қамтып, оның ішінде – дыбыстық жүйесін, морфологиясы мен синтаксисін өз тілімізде алғаш рет сипаттай отырып, көптеген теориялық мәселелердің басын ашып, терең де зерделі тұжырымдар айтты /2, 133/.

Кеңесбай Мұсаұлы зерттеуінше, 1926 жылы І Бүкілодақтық түркология құрылтайында Ахмет Байтұрсынұлының екі баяндамасы мен жарыссөзде сөйлегеніне академиктер В.В. Бартольд, Е. Поливанов, А.Н. Самойловичтер көп назар аударды. Ахмет Байтұрсынұлы солардың деңгейінде ғылыми сөз жарысына қатысып, құнды пікірлерін ортаға салып отырды. Оның орфография, терминология мәселелері бойынша баяндамалары қабылданған қаулылардың негізі болды.

І Бүкілодақтық  түркология құрылтайында қазақтар                                        (Ахмет Байтұрсынұлы, Н.Төреқұлұлы, Е. Омарұлы) орысша сөйлеп, жұртқа терең білімін көрсетті. Басқа түркі халықтарының тіл мамандары негізінен ана тілінде сөйлеген еді  /2, 134/.

Махамбет Жүсіпұлы: “Сингармопозициялық көзқарас пен фонема – сингармодыбыстар ұғымы Ахмет Байтұрсынұлының да, Москва фонология мектебінің де теорияларының негізгі принциптері”, – болып келеді дейді.

Сонда фонема-дыбыстар қоры ұғымы  Москва фонология мектебінің теориясына Н.Ф. Яковлевтің “Математическая формула построения алфавита. Опыт практического приложения лингвистической теории” атты мақаласы арқылы енді. Бұл мақалада Н.Ф. Яковлев Ахмет Байтұрсынұлының сингармоалфавитін зерттеп, оған өте биік ғылыми баға берген.                  Ахмет Байтұрсынұлының сингармоалфавиті мен сингармоорфографиясын – “лингвистическое изобретение”, яғни сол кездегі тіл білімі саласындағы ұлы маңызы бар жаңалық деген. Н.Ф. Яковлев мақаласында                               Ахмет Байтұрсынұлының негізгі ойларының бірін айқын көрсете білген. Ол пікірдің ғылыми негізі мынандай: түркі (қазақ) тілінде жеке жуан, жіңішке сингармофонемалар болмайды: жуан, жіңішке дыбыстар бір сингармофонеманың позициялық түрлері. Олар сөйлесім процесінде сингарможуан, сингарможіңішке сөздердің құрамында дыбысталады (бірақ мақалада ой кеңінен дәлелденіп баяндалғанымен, Ахмет Байтұрсынұлына сілтеме берілмеген). Сонымен, 16 жылдан кейін Н.Ф. Яковлев                           А. Байтұрсынұлының дыбыс туралы ойын өзінің мақаласында орыс тілінде қайталады.

Ахмет Байтұрсынұлы ғылыми ізденісінде фонологиялық ұғымдарды анықтаумен шектелмей, оларды жан-жақты нақ зерттеді, оларға сингармониялық түсінік берді, мұндай сингармофонологиялық ірі зерттемелерді Ахмет Байтұрсынұлы тіл білімінің тарихында бірінші болып жасады. Сонымен, фонологияның осы үлкен екі ұғымы Москва фонология мектебінің теориясына Н.Ф. Яковлевтің мақаласы арқылы енді, ал                Н.Ф. Яковлевтің мақаласына Ахмет Байтұрсынұлының еңбектері арқылы енді. Яғни шығатын қорытынды Н.Ф. Яковлевтің мақаласы                                  Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми ілімі мен Москва фонология мектебінің ғылыми ілімі арасындағы пікір жеткізетін көпір болды /2, 183/.

Көбей Хұсайын: “Тіл білімінде тіл дыбыстары мен оның құрылыстарын қарастыратын саласы фонология деп аталады. Қазақ тіл білімінің алғашқы фонологы – Ахмет Байтұрсынұлы. Оны ғалымның өзі түзген әліпбиінен көруге болады”, – дейді.

Сонда, Ахмет Байтұрсынұлы өз еңбектерінде фонема туралы түсінікті толық анықтаған. Сол ұғымның көрсеткіші ретінде “дыбыс”, “әріп” сөздерін қолданған. ХХ ғасырдың бірінші ширегінде және одан кейінірек те мамандар арасында мұндай сөз қолданыс жиі кездесетін еді. Бір ғылыми ұғымды білдіретін сөздің орнына екінші басқа ғылыми ұғымды атайтын сөзді пайдалану ұлы ғалымдарда да кездеседі. Мысалы, М.В. Ломоносов “дыбыс” терминінің орнына “әріп” терминін де қолданған.

Ахмет Байтұрсынұлының 1912 жылы қазақ тілінде жарияланған еңбектері мен Н.Ф. Яковлевтің 1926 жылы жазылып, 1928 жылы жарияланған мақаласында екі тамшы судай біріне-бірі ұқсайтын пікірлер, ғылыми тұжырымдар кездеседі. Дәлел ретінде М. Жүсіпұлы сол еңбектерден бірнеше мысал келтіреді:

  1. Ахмет Байтұрсынұлы: “… дауыссыз дыбыстар жуан айтылса – олардың қатарындағы дауыссыз дыбыстар да жуан айтылмақшы; дауысты дыбыстар жіңішке айтылса – дауыссыз дыбыстар да жіңішке айтылмақшы” (Байтұрсынов, 1912; 1992. 381-б)

Н.Ф. Яковлев: “… твердость гласных в этих примерах всегда сопровождается твердостью приведенных согласных ”. (Яковлев, 1928; Реформатский, 1970. 145-б). Н.Ф. Яковлев Ахмет Байтұрсынұлының ойын, сөздерін бұлжытпай қайталап тұр. Ал, егер  Н.Ф. Яковлевтің цитатасын қазақ тіліне сөзбе-сөз аударсақ, ол жағдайда Ахмет Байтұрсынұлының ойы қаз қалпында сақталып тұрады. Мысалы, бұл мысалдарда дауыстының жуандығына дауыссыз жуандығы үйлеседі, дауыстының жіңішкелігіне дауыссыздың жіңішкелігі үйлеседі.

  1. Ахмет Байтұрсынұлы: “… сөз екі түрлі: бір түрі жуан, екінші түрі жіңішке. Жуан сөздің ішіндегі дыбыстардың бәрі жуан болады, жіңішке сөздің ішіндегі дыбыстардың бәрі жіңішке болады. Жалғыз түрлі айтылатын дыбыстар екі түрлі сөздің бір-ақ түріне кіреді” (Байтұрсынұлы, 1912; 1992. 390-б).

Н.Ф. Яковлев: “… как гласные, так и парно различаемые по признаку твердости, мягкости согласные звуки в границах одного и того же слова могут быть в языке этого типа или только твердыми, или только мягкими, и наоборот, в пределах одного и того же слова не может быть одновременно и твердых, и мягких как гласных, так и согласных, для которых существует в языке парное различение по твердости-мягкости (Яковлев, 1928; Реформатский, 1970. 145-б). Н.Ф. Яковлевтің бұл сөздері де                        Ахмет Байтұрсынұлының ойын қайталайды. Егер осы айтылған ойды қазақ тіліне аударсақ, мағыналық өзгерістер сезілмейді, бірақ Н.Ф. Яковлевтің осы ойды жазғанында, көп сөзділікке ұрынып кеткендігі айқын байқалады.

Сонда, Н.Ф. Яковлев еңбегінде математикалық формулаға бөліп, ұсынған алфавит жасау принциптері, ғылыми тұжырымдары Ахмет Байтұрсынұлының алфавит жасау принциптерінен айнымайды. Бар айырмашылығы – тек жазу, дәлелдеу дағдысында: Ахмет Байтұрсынұлы өзінің алфавит жасау принциптерін, ойларын математикалық формулаларының таңбаларымен белгілемесе де, математикалық дәлдікпен берген, сондықтан ғылыми ізденістерінің қорытындылары көпшілікке түсінікті, ұтымды шыққан:        Н.Ф. Яковлев сол принциптерді, ойларды математикалық формулалардың таңбаларын пайдаланып жасаған. Н.Ф. Яковлев математикалық формулаларды қолданып жазған алфавитінің құрамындағы әріптер санының                      Ахмет Байтұрсынұлы алфавитінің құрамындағы әріптер санынан айырмашылығы жоқ десек болады. Мысалы, Н.Ф. Яковлевтің зерттемесінің қорытындысы бойынша, алфавиттегі әріптер саны 23-тен 28-ге дейін (алдымен 28, кейін 25, соңында 23 деген). Мұндай қорытындыны Н.Ф. Яковлев жаңа, ешкімге белгісіз принциптерді қолданып жасаған жоқ. Қолданған принциптері дәл Ахмет Байтұрсынұлынікіндей. Ал, әріп санының айырмашылығының себебі мынада: Ахмет Байтұрсынұлы қ-ғ, к-г дауыссыз дыбыстарын жеке фонемалар деп жариялаған, себебі олар акустика жағынан да, артикуляция жағынан да дифференциалдық қасиеттерге ие, сондықтан сөздердің мағынасын өзгертеді, ал солай болғаннан соң олар жеке әріптермен таңбаланады. Н.Ф. Яковлев бұл дауыссыз дыбыстарды бір фонеманың түрлері деп түсінген, сол себептен оларға жеке әріптер арнамаған.

Сонымен, Н.Ф. Яковлевтің алфавит жасау математикалық формуласына негіз болған пікірлер мен принциптер тікелей Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми шығармашылығымен байланысты. Н.Ф. Яковлев бұл туралы былай деп жазған: “изобретенный… Байтурсыном…”/36, 146/. Сонда, ғылыми принциптерді бірінші болып тіл білімі тарихында қолданған ғалым да –    Ахмет Байтұрсынұлының өзі.

Белгілі тілші Қ. Жұбанов Н.Ф. Яковлевтің еңбегі туралы былай деп жазған: “для доказательства применимости этой системы достаточно сослаться на “проект алфавита для всех языков” известного дилетанта”, профессора Яковлева”, – деген еді. Мәселен, біраз мамандар үшін Н.Ф. Яковлевтің еңбектеріндегі негізгі ойларды Ахмет Байтұрсыновтың еңбектерінен алған-алмағандығы үлкен сұрақ дейді. Мысалы, В.А. Редкин мен В.Ф. Каюмова мынадай пікір айтады: “Н.В. Яковлевтің қазақ тілі дыбыс  қорын зерттеуі нәтижелері Ахмет Байтұрсынұлының  зерттемелерінің нәтижелеріне өте ұқсас болуы мүмкін, сондықтан жазу синтаксисі де (фразалар, сөз тіркестері)    Ахмет Байтұрсынұлы синтаксисіне ұқсап кетсе керек. Ал,                          Ахмет Мектеп-тегінің “Жалын” журналында жарияланған “Қазақ жазуының қасиеті мен қасіреті” атты мақаласында Н.Ф. Яковлевтің А. Байтұрсынұлы жасаған ғылыми “қырманынан” заңсыз “кеспені” (“сыбаға”) алғандығына күмән тудырмайды. Ол Н.Ф. Яковлев туралы былай дейді: “.. Профессор Яковлевтің көрер көзге жасаған ғылымындағы қарақшылық әрекеті…” деген сияқты пікірлер айтады /40, 166/.

Бүгінгі таңда, ескеретін мәселе Ахмет Байтұрсынұлының ұлттық кітапхананың сирек қорынан өте мұқият қатталған картотека ұясында             46 кітабы тіркелген екен. Осы туындылардың бірі 1-данадан, бірі – 2 дана, кейбірі 3-4 данамен сақталғандығы белгілі болып отыр. Қазіргі күні бұл сирек жадығаттардың жағдайы өте мүшкіл. Өйткені, ертедегі кітап шығару технологиясының сапасы төмен және қағаздары тым жұқа болғаны мәлім. Ондай кітаптарды парақтап, оқудың салдарынан беттері үлбіреп, қағаздары сарғайып кететінін зымыран уақыт көрсетті /33, 20/.

Жұбаева Орынай Сағынғалиқызы: “Ахмет Байтұрсынұлы еңбектері, негізінен, қазақ мектептеріне қазақ тілін үйретуге бағытталғаны белгілі.  Ахмет Байтұрсынұлы оқулықтарында алдымен ереже беріліп, кейін мысалдармен пысықтау жұмыстарына көп мән беріледі. Ахмет Байтұрсынұлы кітабындағы сөздікте грамматикалық ережелер бірізділікпен (мысалы, бір сөз табын түсіндіріп болғаннан кейін, екінші сөз табына көшу т.с.) беріледі. Мәселен,    Т. В. Архангельский Ахмет Байтұрсынұлына: “Ценное пособие для русских, задавшихся целью серьезно изучить казахский язык”, – деп жоғары баға беріп, пікір жазған /41, 62/.

Уәли Нүргелді “Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ жазуының онтогенездік дамуы” деген мақаласында: “Ахмет Байтұрсынұлы түзген әліпбиді сол кезеңдегі фонологиялық мектебінің аға буын өкілдері, әлемдік лингвистиканың көшбасшылары болған Е.Д. Поливанов, Н.Ф. Яковлев тәрізді көрнекті фонологтар аса жоғары бағалады. Түркітанушы К.К. Юдахин мен А.М. Сухотин латын жазуына көшкенше қырғыз халқының                         Ахмет Байтұрсынұлы әліпбиін сол күйінде қолданғанын атап айтады. Мұның өзі А. Байтұрсынұлы әліпбиінің ұлтаралық мәртебесін көрсетпекші  /2, 279/, – дейді.

Сондай-ақ, Ахмет Байтұрсынұлы түзген әліпби жазу тәжірибесінде жұртшылықты сауаттандыру ісінде өте оңтайлы болғанын М.Дулатовтың мына пікірінен анық байқауға болады: “Қазақ тілін қолына қалам ұстағаннан бері ылғи қазақша жаза бастаған Байтұрсынов қазақ емлесін шығарды, оқу құралдарын жазды….. Бұл емлені тосырқап түсінбейміз, оқи алмадық деген ешкімді естігеніміз жоқ”. Бұл мақала “Труды общества изучения Киргизского края” басылымында жарияланған. Оренбург, 1922.

Шара Мәжітаева: “Қазақ оқығандары, оның ішінде Ыбырай Алтынсарин тәрізді ағартушылар, қазақтың ұлттық жазба әдеби тілін қалыптастыру үшін оның дыбыстық жүйесін дұрыс бере алатын жаңа алфавит қабылдауды, оны біраз жетілдіруді күн тәртібіне қоя бастады. Міне, осы пікір ағымын өз мақсаттарына шеберлікпен пайдаланған. Н.И. Ильминский бастаған миссионерлер араб жазуының кемшіліктерін сынай отырып, қазақ жазуын бірден орыс графикасына көшіру идеясын қызу уағыздады /2, 282/, – деп Ахмет Байтұрсынұлының әліпбиі жайлы әңгіме қозғайды. Біздіңше, осы мақаланың түбінде Шара Мәжітаева “Ахмет Байтұрсынұлы терминдерді Ыбырай Алтынсариннен алған” деген ойды тұспалайтын сияқты көрінді. Бірақ бұл болжамның қаншалықты шын не жалған екенін зерттеуіміз қажет.

Талғат Сайранбаев: “Тілдің негізгі топтарының ең басты салалары – фонетика, морфология мен синтаксис, ал оның қалған топтары жан-жағынан нақтылай түсетін түрлері ғана. Тілдің осы салаларының түркологияда жүйелі зеттелуі Ахмет Байтұрсынұлы есімімен тығыз байланысты”, – дейді.

Айгүл Ісмақова өзінің зерттеу мақалаларында Ахмет Байтұрсынұлы орыс ғалымдарынан аудармаған деген ұранды әуендерді бүгінгі кезде жиі айтып жүр.

Егер түркология тарихына үңілсек түркі халықтары алғаш өз тілін өздері зерттеген болуы керек. Түркология атасы ХІ ғасырдағы Махмуд Қашғари. Одан кейін 8 ғасыр бойы көбінесе басқалар зерттеп жүрді, мәселен, араб сөздіктері, түрік грамматикасы. Сонда, Ахмет Байтұрсынов мұралары да барша түркі халықтарына негіз болатыны төмендегі пікірлер дәлелдей түседі.

Бұл жөнінде, Байқазақ Бекетов: “Ахмет Байтұрсынұлы және қарақалпақ тіл білімі” деген мақаласында: “Ахмет Байтұрсынұлының өзінің “ай ортақ, күн ортақ, жақсы ортақ” дегеніндей, Ахаң тек қана қазақ тіл білімінің емес, қарақалпақ тіл білімінің де іргетасын қалаушылардың бірі деп толық айтуға болады. Егер оның 1926 жылғы Бірінші түркологиялық съезінде жасаған баяндамасын және көпшілік түркі халықтары пайдаланған араб алфавитіне жасалған реформаларын ескерсек, Ахмет Байтұрсынұлы түрік әлеміне ортақ оның тіл тағылымынан әр халыққа жол-жоба боларлықтай пікірлер табылады”.

Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығының Қарақалпақстан халықтарының арасына кеңінен таралуының бірнеше факторлары бар. Біріншісі – Қазақстан астанасының Қызылорда қаласына көшіп келуі қарақалпақ жастарының жаппай сауат ашуға ден қоюына әсері Ахаңның “Қырық мысалы” өсиет сөз сипатында ақын-жыраулардың репертуарынан кең орын алды. Екіншісі – 1926 жылдың аяғында Ахмет Байтұрсынұлы ұстаздық етіп жүрген Қазақтың ағарту институтының Қызылорда қаласына көшіп келуі қарақалпақтар үшін үлкен мәдени жаңалық болды.

Ахмет Байтұрсынұлының тіл туралы тағылымы қарақалпақ тілінің ең алғашқы әліппелерін жазған Е. Мажитов, Қ. Ерлановтар тарапынан да есепке алынды. Ахмет Байтұрсынұлының идеялары қарақалпақ тілінің фонетикасына байланысты жазылған Ж. Аралбаевтың ғылыми еңбектерінде де көрініс тапқан. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ және қарақалпақ ғалымдарының шығармашылық байланысы болып табылады/2, 210-214/.

Сұлтан Жанболат былай дейді: “Ахмет Байтұрсынұлының қазақ алфавиті Қытайда тұратын қазақтардың қызу қолдауына  жолыққан…”. Бұл айтылған ойдың дәлелі ретінде төмендегі мәселеге көңіл бөлсек, 1924 жылы Орынборда өткізілген қазақ-қырғыз білімпаздарының тұңғыш съезі ресми қабылдаған  Ахмет Байтұрсынұлының қазақ алфавиті Қытайда тұратын қазақтарға онды да күшті дүмпу жасаған, оны “жаңа әліпби”, “жаңа емле”, “Байтұрсын емлесі”, “Ахмет Байтұрсынов әліппесі” деген аттармен Қытайға тез жетуінен, 1925-1926 жылдарда Құлқа, Шәуешек, Сарысүмбезе, Үрімшіде көзі ашық зиялылардың үйренгенінен байқауға болады. Он жыл өткен соң, бұл әліппе айтылған қалаларда жаппай ашылған мұғалімдер курстарында ресми сабақ ретінде оқытылды /2, 216/.

Мәселен, өзімен бірге оқыған Қытайдан келген оралман-студенттер де бүгінде осы жазуды ұстанатын мәселені айшықтай түседі емес пе?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ФОНЕТИКАЛЫҚ ЕҢБЕКТЕРІ – ТҮРКОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ НЕГІЗІ

 

           Ахмет Байтұрсынұлы сөздің мәндік, грамматикалық сырын, сипатын өте терең де нәзік біліп, зерттеген. Тілдің жалпы қасиеттері туралы ол: “Сөз өнерінде жұмсалатын зат – сөз”, – дейді. Сөздің мағынасы өте күрделі, көп екенін былай баяндайды: “Қазақ тілі қазақ ортасындағы бәріне бірдей ортақ мүлік болғанымен, бәрі бірдей пайдаланбайды. Әркім әр сөзді өзінше қолданады, өзінше тұтынады”, – дегенді айтады.

Сонда, тілдің құрылымын зерттегенде “Дыбыс заңы”, “Сөз жүйесі”, “Сөйлем жүйесі” деп бөліп, тілге таң қаларлықтай жүйелі түрде қараған, қазіргі лингвистикалық түсініктерді алдын ала болжай білген.                   Ахмет Байтұрсынұлының қазақ, түрік ғылымы үшін аса бағалы еңбектері – “Тіл құрал” деген кітаптары. “Тіл құрал” деуде түзуші тілдің құралдық қызметін жоғары қойған. Мақсат – ана тілінде зерттеу керек екенін           Ахмет Байтұрсынұлы жақсы білген. Сондықтан да, “Тіл құралдары” тек оқулық емес, ғылыми еңбек дәрежесінде жазылған, өз заманындағы теңдесі жоқ еңбектердің бірі болды /2, 135-136/.

Ахмет Байтұрсынұлы: “өз тіліне ерекше мән берген: “…һәр жұрт баласын әуелі өз тілінде оқытып, өз тілінде жазу-сызу үйретіп, өз тілінің жүйесін білдіріп, жолын танытып, балалар әбден дағдыланғаннан кейін басқаша оқыта бастайды. Біз де тіліміз бұзылмай сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі өз тілімізбен оқытып, онан соң басқаша оқытуға тиіспіз” /5, 142/.

Бақытжан Хасанұлы: “Ахаң ана тілінде оқыту үшін бел шешіп күресті”. “Біздің қазіргі ел ішіндегі мектептерімізде жоғарыда айтылған шарттардың біреуі-ақ бар, ол бар дегеніміз – ана тілмен оқыту” /5, 438/, – деп қазақтан өзге ұлттарды да ана тілінде оқытуға шақырады.

Ахмет Байтұрсынұлы тіл дамытарлық 3 бағытта бірдей қалам тартты. Олар: тілдің таңбалануы, тілдің жаңаруы және тілдің қалыпқа түсуі, яғни нормалануы. Енді осы принциптерге қысқаша тоқталып кетсек, тілді жазу тіліне айналдыру, жазуды жетілдіру – адамдардың тілді саналы түрде дамытуының бірден-бір көрінісі. Ахмет Байтұрсынұлы “Тіл – құрал” (Орынбор, 1914) атты еңбегінде жазудың маңызын былайша баяндайды: “Осы күні адамдар жазудан айырылып, жаза алмайтын күйге ұшыраса, ондағы күйі де тілінен айрылғаннан жеңіл болмас еді. Біздің заманымыз – жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман. Алыстан уақытпен сөйлесуге болмайды: жазумен дүниенің бір шетіндегі адам екінші шетіндегі адаммен сөйлеседі, сондықтан сөйлей білу қандай керек болса, жаза білудің керектігі одан да артық. Сөйлегенде сөздің жүйесін, қисынын келтіріп сөйлеу қандай керек болса, жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жазу сондай керек. Сөздің жүйесін, қисынын келтіріп жаза білуге: қай сөз қандай орынды қалай өзгеріп, қалайша бір-біріне қиындасып, жалғасатын дағдысын білу керек” /5, 142/.

Сонымен, Ахмет Байтұрсынұлы: “Қазаққа керек оқу екі түрлі: бірі – мұсылманша оқу, бірі – русша оқу”, – дейді. Мұсылманша болғанда ол қазақша оқуды айтады. Ғалым: “Қазақша оқу дегенде мен осы күнгі мұсылманша жүрген жолмен оқуды айтпаймын, қазақтың тіліменен оқуды айтамын” /5, 380/ – деп нақтылайды. Ахаңша “Орысша оқу қазақша оқығанның үстіне керек” /5, 381/. Осыдан біз Ахмет Байтұрсынұлының ойын тұжырымдасақ, орыс тілі бізге әлі керек, керек болғанда ана тілімізден кейінгі екінші тіл ретінде керек.

Мәселен, заман енді үшінші тілді оқытуды ұсынуда. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған тілдік жоспар жүйелі үстемділікке меңзейді, ол болашақ жастары туралы былай дейді: “Они будут одинакова хорошо владеть казахским, русским и английским языками” /42, 113/. Өкінішке орай, бұл сөйлем Жолдаудың қазақша нұсқасында жоқ, сондықтан сілтеме орысша жасалады.

Ахмет Байтұрсынұлы І Бүкілодақтық түркішелдер құрылтайында былай дейді: “… Мы все иностранные слова будем брать в таком виде, чтобы это было легко для произношения казаков” /5, 418/. Осыдан-ақ,                        Ахмет Байтұрсынұлының  астарлы саясатын көреміз.

Мысалы, түркі әлеміне аты әйгілі П.М. Мелиоранский былай деген: “По единогласному свидетельству всех исследователей киргизского языка он принадлежит к числу самых чистых и самых богатых тюркских наречий. Киргизы большие мастера и охотники говорит складно и красно” /11, 3/.

Сонда, Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілінің асыл тіл болуын қазақтың дәстүр жалғастығына, оның геосаяси жағдайына, өзге тіл жазуы ықпалы болмауына, кәсіп ерекшелігіне, қазақ кеңістігіндегі тіл бірыңғайлылығына, оның жас айырмашылығына қатынасы сияқты факторлардың қазақ тіліне әсері бар-жоғын ескере отырып дәлелдейді /2, 303/.

В.Г. Белинский: “Егер бір халық өзіне жат идеялар мен әдет-ғұрыптың ықпалына түсіп, оларды өз ұлтының ерекшелігіне райлас өзгертіп, игеріп, бойына сіңіруге күші жетпесе, онда ол халық саяси өмір сүре алмайды. Өзіндік даралығы жоқ, қуыс кеуде адамдар қандай болса, ұлттық белгісі, бет-бейнесі жоқ халық та сондай”, – деп орыстың атақты әдебиет сыншысы дәл айтқан. Міне, осылай Ахмет Байтұрсынұлы да есептеген. Сонда ол: “Біз сияқты мәдениет жемісіне жаңа аузы тиген жұрт өз тілінде жоқ деп, мәдени жұрттардың тіліндегі даяр сөздерді алғыштап, ана тілі мен жат тілдің сөздерін араластыра-араластыра, ақырында ана тілінің қайда кеткенін білмей, айырылып қалуы ықтимал. Сондықтан, мәдени жұрттардың тіліндегі әдебиеттерін, ғылыми кітаптарын қазақ тіліне аударғанда пән сөздерінің даярлығына қызықпай, ана тілімізден қарастырып, сөз табуымыз керек” /5, 413/, – деген.

Сонда ең бастысы, Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттық ғылым жасаушы. Ұлттық ғылым дегеніміз – ұлтқа қызмет ететін, оны өркениет жолымен таным шыңына жетелейтін, ұлттық болмысты жарқыратып көрсететін, ұлттық санаға жарық отын жағатын рухани қару. Міне, Ахмет Байтұрсынұлының бір қыры осындай!

Ахмет Байтұрсынұлы өз еңбектерінде тек тілді оқыту әдістемесінің мәселелері мен тіл тарихы мәселелерін ғана зерттеген жоқ. Оның шығармаларында, біздіңше, бірінші қатарда тіл теориясының мәселелері тұрды. Солардың бір қатарының ғылыми шешімін Ахмет Байтұрсынұлы лингвистикада бірінші болып тапты, ғылыми шешім табуға бірінші болып әрекет жасады.

ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілінің материалында терең және кең лингвистикалық, методикалық зерттеулер жүргізді. Ол кезде тіл білімі саласында кейбір зерттеу әдістері толық қалыптасқан еді, кейбіреулері енді қалыптаса бастап, тағы біреулері – тіл біліміне белгісіз болған. Ал, түркология әлемінде тілді жан-жақты зерттеу мақсатымен бір ғалымның еңбектерінде бірден бірнеше лингвистикалық зертттеу әдістерін қолдану жағдайы сирек кездесетін еді. Ахмет Байтұрсынұлының зерттеулерінде орын алған лингвистикалық зерттеу әдістерінің қолдану сапасы және саны өте қызықты. Себебі,  Ахмет Байтұрсынұлы лингвистикада бірінші болып тілдің дыбыс жүйесін зерттеп жазды, сөйтіп түркі әлемінде және жалпы тіл білімі тарихында жаңа ғылыми саланың негізін қалаушы болды.           Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерін саралап зерттеу нәтижесінде,      Маханбет Жүсіпұлы төмендегі қорытындыға келді. Яғни,                           Ахмет Байтұрсынұлы сол кездегі тіл білімінде пайдаланатын негізгі зерттеу әдістерінің барлығын қолданған. Олар:

  1. Жағрафиялық әдіс.
  2. Интегралдық әдіс.
  3. Статистикалық әдіс.
  4. Лингвистикалық баяндау әдісі.
  5. Минималды жұптар әдісі.
  6. Салыстырмалы әдіс.
  7. Салыстырмалы-тарихи әдіс.
  8. Структуралық (құрылымдық) әдіс.
  9. Эксперименталдық әдіс.

Тіл зерттеу әдістерінің Ахмет Байтұрсынұлы зерттемелерінде қолдану жиілігі, қолдану деңгейінің тереңдігі, кеңдігі және жан-жақтылығы бірдей емес /6, 82/.

Енді, Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерінде лингвистикалық ғылыми зерттеу әдістерін қолданылғанын қысқаша баяндап кетсек.

Лингвистикалық баяндау әдісі. Бұл әдісті Ахмет Байтұрсынұлы барлық ғылыми еңбектерінде пайдаланған. Осы әдісті қолдануының нәтижесінде, Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілі материалдарының құралдарын сала-салаға бөліп, олардың құрылымының ерекшеліктеріне, тіл қатынасындағы қызметінің қасиеттеріне ғылыми түсіндірме, ғылыми дәлел берген. Осы әдісті қолдану арқылы қазақ тіл құралдарының ғылыми зерттемесін дүниеге келтірген. Дәлел келтіретін болсақ, қазақ тілінің дыбыс жүйесін зерттеу саласында бірнеше ғылыми терминдерді ендірген (жуан, жіңішке дыбыс тағы басқалар). Қазақ тілі грамматика саласында қолданатын терминдердің басым көпшілігін жасап, олар анықтайтын грамматикалық категориялардың мағынасы мен формаларын заманға сай ғылыми баяндауын жасап берген.

Салыстырмалы әдіс.  Ахмет Байтұрсынұлы бұл зерттеу әдісін жиі қолданады. Сөйтіп, қазақ тілінің материалын татар, ноғай, башқұрт, қырғыз, өзбек, орыс, ағылшын тағы басқа тілдердің материалдарымен салыстырады.

Статистикалық әдіс. Статистикалық әдісті Ахмет Байтұрсынұлы көп пайдаланған. Осы әдіс арқылы маңызды қорытындылар жасаған. Бір топ түркі тілдерінің (түрік, әзірбайжан, өзбек, татар, қазақ, қырғыз) сөз қорының өзгеру көлемі және ол процестің қарқынының тездігін анықтау әрекетін жасаған; тілдің орфографиялық нормаларының құбылыстарының сапалық және сандық өзгерістерін зерттеген; түркі тілдерінің көне замандағы туысқандық бірлестігінің деңгейін және олардың бүгінгі күнде алшақтап кетуінің статистикалық көрсеткіштерін анықтаған.

Жағрафиялық әдіс. Ахмет Байтұрсынұлы жағрафиялық әдісті әр түрлі өлкелерде, мемлекеттерде тұратын қазақтардың қазақ тілін қолдану дағдысын зерттеу үшін пайдаланды.

Эксперименталдық әдіс. Ахмет Байтұрсынұлы өз заманында педагогикалық эксперимент әдістерін жиі қолданған. Оны оқыту мақсатына да, тілді зерттеу мақсатына да пайдаланған.

Жоғарыда айтылған мәселелерден, Ахмет Байтұрсынұлы зерттемелерінде лингвистикалық зерттеу әдістерін көлемді және жан-жақты қолданғаны көрінеді. Тілді зерттеу әдістерінің қолданылу дағдысы, тіл білімінің бүгінгі күндегі деңгейіне жауап беретіне де сөзсіз.

Сонда, қазіргі заман тіл білімі тарихында фонетика және фонология, графика және орфография, лингводидактикалық салаларында                    Ахмет Байтұрсынұлы тұңғыш болып ірі ғылыми зерттеулер жүргізді /6, 88/.

Ахмет Байтұрсынұлы: “Фонетиканың қарастыратыны тілде қандай дыбыстар бар, олар қалай сөз ішінде байланысады” /5, 392/ – дейді.

Оның тіл біліміндегі алатын орнын белгілі ғалым Н. Уәлиев бір сөзбен былай деп түйген еді: “Жалпы тіл білімінде тұңғыш фонолог деп әдетте әліпби түзушілерді атайды. Олай болса, қазақ тіл біліміндегі алғаш фонолог –      Ахмет Байтұрсынұлы”. Ахаңның қазақ тіл білімінің өзге салаларындағы еңбегі бір төбе болса, әліпби, жазу теориясы, емле жайындағы еңбегі бір төбе болмақшы.

Ахмет Байтұрсынұлы әліпбиінің фонологиялық негіздері, ондағы “инвариант-вариант” қисыны бойынша “әріптердің фонемалық мәнді бере отырып, дыбыстық мәнді де (жуан, жіңішке әуезін) білдіріп, біте қайнасып тұрған ішкі құрылымдық ерекшелігі туралы да бірегей зерттеу Н. Уалиевтің “Қазақ графикасы мен орфографиясының фонологиялық негіздері” атты еңбегінде жазылған /38, 43/. Онда Бодуэн де Куртенэ, Л.В. Щерба салған жалпы жазу теориясының фонологиялық негіздері Ахмет Байтұрсынұлының “бес дауыстыға” құрылған жазуындағы әріптердің белгілі бір фонеманы таңбалай отырып, оның жуан-жіңішке екі тембірін қоса бейнелейтін сингарможазуында жалғасын тапқаны толыққанды дәлелденген. Ең бірінші, Ахмет Байтұрсынұлы: “Жазудың негізі екеу (таңба негізді және әріп негізді), ал жүйесі төртеу (таңбаша, дағдыша, туысша, дыбысша)” деп көрсетуі /5, 361/ жалпы жазу теориясының ортақ қағидаларымен сәйкес келетіні жөн. Мысалы,  Л.В. Зиндер жазудың тегі семасиографиялық немесе идеографиялық және фонографиялық болып бөлінеді дейді /39, 52/.

Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерінде “жеке фонемаға – жеке әріп” принципін ұстанғанын көреміз. Мәселен, Ахмет Байтұрсынұлының атауларын қолдануда, дыбыстарды топтастыруда Қ. Кемеңгерұлы басшылыққа алған.

Ахмет Байтұрсынұлы ұсынған дыбыстардың жіктелім белгілері нақты болып келеді. Ғалым дыбыс белгілерін бірінен-бірі туындатып отырады: “Басқаша айтқанда, алдымен бас белгі (дауысты-дауыссыз) анықталады. Сонан соң бас белгінің ішіндегі орташа белгі (дауыс қатысы) анықталады. Әрі қарай орта белгінің ішіндегі орташа белгі (жасалу орны) табылады. Ең соңында орташа белгінің ішінен кіші белгі (жасалу тәсілі) шығады /44, 17-24/.

Әбдуәли Қайдаров пен Рәбиға Сыздықованың айтуынша,                  “Ахмет Байтұрсынұлы тіл білімі саласында еңбектері үшін өз кезінде де, ішінара бүгінгі күндерде де жоғары бағаланып келді. Есімі дүние жүзі шығыстанушыларына мәлім, аса беделді түрколог академик А.Н. Кононов Қазан төңкерісіне дейінгі отандық түркологтардың библиографиялық сөздігін жасағанда, Ахмет Байтұрсынұлын белгілі түркологтардың қатарында көрсетеді де, оны жетілдірілген қазақ әліпбиін жасаушы, қазақ тілінің фонетикасы мен грамматикасын зерттеп, оқулықтарын жасаушы, қазақ әдебиеті мен мәдениеті тарихын зерттеуші ғалым деп танытады” /3, 3/.

Мәселен, Т. Қордабаев: “Қазақ тілі туралы ой пікірлердің Ахаңа дейін де айтылғаны, ондай пікірлердің ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, жүйелі сипатталғаны рас, оларды ешкім жоққа шығармайды. Бірақ ол еңбектердің барлығы да туған тілімізде емес, қазақтар үшін жат тілдерді жазылды. Екіншіден, оларда қазақ тілінің дыбыстық, грамматикалық құрылымдары байырғы замандардан бері қарай жалғасып келе жатқан, үнді-европалық тіл білімінде орныққан дәстүрлі ұғымға, үлгіге негізделді. Сонда қазақ тіл білімінің бастаушысы да, негізін қалаушы да, кейінгілерге жол-жоба көрсетуші де тек Ахаң ғана. Өйткені, тіл барлық істің бастамасы екенін, онсыз ешқандай ғылым, білім дегендердің болуы мүмкін еместігін Ахаң жақсы түсінді. Бұл саладағы өзінің лингвистикалық қадамын ол тіліміздің дыбыстық жүйесін зерттеуден, оның әліппесін жасаудан бастады /16, 4/.

Осы тұрғыдан тоқталып кетсек, Ахмет Байтұрсынұлы бұл тақырыптарға арналған алғашқы еңбегі “Айқап” журналының 1912 жылғы 4-5 сандарында жарияланды. Осы пікірлерін Ахмет Байтұрсынұлы 1914 жылдан бастап, 1923 жылға дейін бірнеше рет қайталанып басылған “Тіл құралы” атты оқулықтарында дамытты. Т. Қордабаевтың зерттеуінше,                              Ахмет Байтұрсынұлының “Әліппеге” байланысты ең соңғы пікірі “Түзетілген әріп” деген атпен “Жаңа мектептің” 1927 жылғы 5-санында басылған болатын. Мәселен, осы туындылардың бәрінде де Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тіліндегі дыбыстарды таңбалауда 24 әріп жетеді деп есептейді. Олай дейтін себебі, дауысты дыбыстардың жіңішке айтылатын түрлері жеке таңбаланбаған, олардың мағынасын білдіру үшін дәйекше қолдану жеткілікті деп есептеген, екіншіден, һ, х дыбыстарына жеке таңба бермеген. Осы себептерден        Ахмет Байтұрсынұлы пікірінше, дыбыстар әрі айтылуына қарай, әрі сөз жүзінде бөлінуіне қарай жіктелуі керек, тілімізде бұл екеуі үйлес келеді.

Ахмет Байтұрсынұлы: “Қазақ тілінде 24 түрлі дыбыс бар. Оның бесеуі дауысты, он жетісі дауыссыз, екі жарты дауысты. Дауысты дыбыстар: А, О, Ұ, Ы, Е. Дауыссыз дыбыстар мынау: Б, П, Ж, Ш, Д, Р, З, С, Ғ, К, Қ, Г, Ң, Л, М, Н. Жарты дауысты дыбыстар: шолақ У, Й /5, 24/,”– деп көрсетеді.

Ахмет Байтұрсынұлы қазіргі кезде “У” таңбасымен белгіленіп жүрген дауыссыз дыбысқа берген анықтамасының біз үшін маңызы зор. Ғалым бұл дыбысты дауыстылар тобына жатқызғанымен, жіктеу үстінде дауыстылардан бөліп алып, жарты дауыстылардың қатарына қосады. Дауыссызды айтқанда ауыз қуысында кедергі кездеспейтінін ескеріп қана дауысты тобына кіргізген. Ендеше, бұл дыбысты таза дауысты деп отырған жоқ. Сонан соң бұл дыбыс Й дауыссызымен бірге “шолақ У” деп те аталады. Мінеки осы анықтамаларына қарап, У дыбысының дауыссыз дыбыстардың қатарына жататынын аңғарамыз /45, 783/.

Ахмет Байтұрсынұлы ұяң дауыссыздарды жалғау, жұрнақтардың ауысуына қарай, әрі сөз соңында келмейтініне байланысты ымыралы, ымырасыз деп жіктейді. Ахмет Байтұрсынұлы қ-к, ғ-г дауыссыз дыбыстарын акустикалық жағынан да, артикуляциялық жағынан да өзгешеліктері болуына байланысты, жеке фонема ретінде танып, олардың әрқайсысына таңба арнайды.

Ұлттық тіл біліміне дейін В.В Радлов пен П.М. Мелиоранский дауыстылардың 9 түрін көрсетсе, Н. Ильминский сегіз түрін (“а” мен “ә”-ні бірге қарастырған), ал Н. Созантов он үш түрін көрсетеді (“я, е, ю” әріптерін де дауыстыларға жатқызады). Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезінде де баспасөз бетінде дауыстылардың саны, құрамы туралы түрлі көзқарастар, пікірлер болды. Мысалы, Ж. Аймауытұлы, Б. Малдыбайұлы, С. Мұқанұлы “и, у” дыбыстарын да дауыстыға жатқызып, қазақ тілінде он бір дауысты бар дейді.

Тіліміздің сингармонизм заңдылығын ескере отырып, дауысты дыбыстардың құрамын дұрыс анықтаған Ахмет Байтұрсынұлынан бастап, кейін Е. Омаров, Қ. Кемеңгерұлы, Т. Шонанов, Қ. Жұбанов сияқы ғалымдардың айтқандарына бүгінгі таңда Ә. Жүнісбеков, С. Мырзабеков,      Н. Уәлиев, Н. Машқанова сияқты ғалымдардың еңбектері үндесіп жатыр.

Ахмет Байтұрсынұлы дауыстыларды жуан-жіңішке, еріндік-езулік деп топтастырғаны Н.И. Ильминский, В.В. Радлов, П.М. Мелиоранский пікірлерімен ұштас. “Дыбыстарды жіктеу туралы” деген мақаласында      Ахмет Байтұрсынұлы езулік дауыстыларды аңғал, еріндік дауыстыларды қымқырулы деп атап: “қымқырындысы бас буыннан басқасында келмейді”/1, 9/, – деп көрсетеді. Дәл осындай тұжырымды Е.Д. Поливанов, Қ. Жұбанов,     Е. Омаров, Т. Шонанов еңбектерінен байқауға болады.

П.М. Мелиоранский “е, о, ө” дыбыстарының ерекшеліетерін байқамады. Ал, Ахмет Байтұрсынұлы дауыстыларды жақтың қатысуына қарай 3 деңгейде топтастырды. Сонда, А. Байтұрсынұлы дауыстыларды: “ауыздың ашылуына қарай бірінші дәрежелі ашық (а, ә); екінші дәрежелі ашық (е, о, ө); үшінші дәрежелі немесе тұйық дауыстылар (ы, і, и, ұ, ү, у)”/5, 395-399/, – деп бөледі.

И.А. Бодуэн де Куртенэ 1899 жылдар еңбегінде “фонема, дыбыс, дауыстыларға” берген анықтамасына назар салсақ ол: “Фонема – языковедческий термин: психическая живая фонетическая единица. Фонема – это единые, непреходящие представления звуков языка”/24, 352/, дыбысты “звук – обозначающего простейшую, единицу, вызывающую единое акустическо-фонетическое впечатление”/24, 80/ ,– дейді. Л. Р. Зингер болса, “Общая фонетика” деген 1979 жылғы еңбегінде “…предметом фонетики следует признать звуковые средства языка во всех их проявлениях и функциях, а также связь между звуковой стороной языка и письмом”/12, 4/, – дейді. “Фонеманы” – “иной звук речи”/12, 6/, – дейді.

Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілінің фонетикасы мен емлесі туралы ой-тұжырымдарын жинақтай келе, ғалымның қазақ тілінің табиғатын, дыбыстық ерекшелігін дөп басып анықтағанын көреміз.

Түркі тілдеріндегі сингармонизм табиғатын тануда зерттеушілер екіге жіктелген, яғни И.А. Бодуэн де Куртенэ, В.В. Радлов, П.М. Мелиоранский,    А. Байтұрсынұлы, Е.Д. Поливанов, Т. Шонанов зерттеушілер сингармонизмді дауыстылардың ғана үндесуі деп түсінсе, Х. Досмұхамедұлы, Қ. Кемеңгерұлы, К.К. Юдахин тағы басқа зерттеушілер сингармонизмді сөз құрамындағы барлық дыбыстардың үндесуі деп түсінген /43, 21/.

Түркі тілдерінің фонологиялық жүйесі кеңес одағы кезінде сингармонизмге негізделіп өте аз зерттелді. Сол себептен екпінді тілдерді зерттеу дағдысы, әсіресе орыс тілінікі, сингармониялық тілдерді (қазақ, қырғыз, татар, қарақалпақ тағы басқа) зерттеу процесінде қолданылған. Бұл жағдай түркі тілдерінің басты қасиеті сингармонизмді ғылыми тұрғыда әділдікпен бағалап, зерттеуге мүмкіншілік тудырмады. Міне, осы себептермен басты қасиет деп сингармонизмді емес, сөз екпінін анықтаған. Осы ұстаным қазақ тілін зерттеуде де пайдаланған.

А. Байтұрсынұлы бастаған қазақ тілінің сингармониялық зерттеу жолдарын, өз пікірлерін қазақ ғалымдары жасырын түрде болса да, қазіргі кезде жеткізді. ХХ ғасырдың 90-шы жылдары сингармонизм мәселесі             Ә. Жүнісбековтің, М. Жүсіпұлының еңбектерінде әрі кең, әрі терең зерттелінді.

Сингармонизм әр түрлі қырлары басқа түркі тілдері материалдары негізінде де ғылыми ізденістер объектісі болды. Мәселен, Алымова, Виноградов, Журавлев, Касевич, Реформатский, Тенишев тағы басқалар. Қазіргі заман лингвистикасында сингармонизм туралы ғылыми пікір           ХІХ ғасырда пайда болды. И.А. Бодуэн де Куртенэ 1876 жылы сингармонизмді дауысты дыбыстардың үндестігі деп түсініп былай деген: “Гармония гласных в туранских языках служит так сказать цементом соединяющим или связывающим слоги и слова”/8, 79/. Бұл мәселе жайында А.Н. Кононов пен А.М. Барулин былай деп жазады: “Бодуэн де Куртенэ первый из европейской школы ученых обратил внимание на то, что сингармонизм по своим функциям отличается от других явлений ассимиляций…” Н.Ф. Яковлев в своей работе 1928г., ссылаясь на опыт разработки казахского алфавита учениками           А.Н. Самойловича, Байтурсыном и Тюрякуловым, развил эту мысль Бодуэна…./9, 13/. Шынында да, бұл пікірді ғылыми-практикалық ізденістер негізінде бірінші болып тіл білімінде жоғары деңгейде дамытқан ғалым – Ахмет Байтұрсынұлы.

Ең алғаш қазақ тілінің материалдарын зерттеп, Ахмет Байтұрсынұлы сингармофонемалардың сингармопозиялық түрлерін, сингармовариациялық сингарможуан, сингарможіңішке екендігін анықтады.                                  Ахмет Байтұрсынұлының сингармонизмді күрделі зерттеудегі бірінші ғалым екендігінің ғылыми көпшілікке белгісіз болып қалған себептерін төмендегідей көрсетуге болады. Олар мыналар:

  1. Еңбектері қазақ тілінде араб графикасымен басылған.
  2. Еңбектері жарық көрген басылымдар (газет-журналдар) арнайы ғылыми басылымдар емес еді, сондықтан Европа тілшілері үшін бейтаныс еді.
  3. Ахмет Байтұрсынұлының репрессияға ұшырағандығы, сол себептен еңбектерінің 70 жылдай “жабулы” болғандығы әсер етті.

Н.Ф. Яковлев 1928 жылы “Математическая формула построения алфавита” атты еңбегінде, Ахмет Байтұрсынұлына сингармониялық алфавит пен сингармониялық орфографияны жасағаны үшін өте биік баға беріп тұрып, Н. Төреқұловтың, А. Байтұрсынов дүниеге келтірген таңбалау теориясын, латын графикасының негізінде жасаған қазақ алфавитінде өте ұтымды пайдаланғанын айтып тұрып, былай деп жазған: “Таким образом, в этих языках, которые являются языком с так называемым полным сингармонизмом, не может быть установлено ни отдельных твердых, ни отдельных мягких как гласных, так и согласных фонем. Признак твердости точно так же, как и признак мягкости, служит не для различия кратчайших звуковых моментов речи – фонем, но для различения целых слогов, для выделения целых слов речи, для выделения в ней границ этих слов”/10, 145/.

Ал, Маханбет Жүсіпұлы Н.Ф. Яковлевтің пікірімен толық сәйкес келмейді. Бұл мәселені былай түсіндіреді: “Қазақ тілінің сингармодауысты дыбыстар құрамында арнайы жуан, жіңішке сингармодауыстылар анықталған. Олар сөз мағынасын өзгертеді, жеке дыбысталмайды. Қазақ тілінің фонологиялық системасының бұл ерекшелігін 1913 жылы бірінші болып Ахмет Байтұрсынұлы анықтады”, – дейді /6, 93/.

Сингармонизмнің түркі тілдері үшін өзекті мәселе екені туралы             И.А. Бодуэн де Куртенэ, Е.Д. Поливанов, В.В. Радлов, әсіресе                     Ахмет Байтұрсынұлы көп айтты. Зерттеушілер сингармонизмнің қасиеттерін ескеру үшін көп әрекет жасады, бірақ олардың бұл әрекеттері сингармонизмді “дауыстылар гармониясы” деп түсіну ұғымынан асып кете алмады.

Белгілі фонолог Л.Р. Зиндер, жалпы ғылым туралы былай деген: “… задача всякой науки состоит не только в описании ее объекта, но и в объяснение наблюдаемых в ней явлений. В меру существующих возможностей наука обязана сказать не только как устроен изучаемый ею объект, но и почему он так устроен”/12, 5/. Сонда қазақ тілі дыбыс жүйесінің Л.Р. Зиндер айтқан ғылыми шарт бағытында, зерттеліп баяндалуы, басқа тілдің дыбыс жүйесімен объективті түрде салыстырылып, типологиялық ізденістердің жүргізілуі тек сингармонизм фонологиясының принциптерінің негізінде ғана жасалуы мүмкін /26, 117/.

Әлем тілдері негізінен 3-ке бөлінеді:

  1. Акцентті (сөз екпіні бар) тілдер. Бұл топқа үндіевропа, семит және тағы басқа тілдер енеді.
  2. Тоналды тілдер. Бұл топқа Оңтүстік Шығыс Азия тілдері енеді.
  3. Сингармониялық (үндестік) тілдер. Бұл топқа түркі және басқа да Орал-Алтай тілдері енеді.

М. Жүсіповтың айтуынша, екпінді және тоналды топтарға кіретін тілдердің дыбыс қорлары терең және кең зерттелінген. Ол тілдердің негізгі белгілері жан-жақты ғылыми талдаудан өткен. Сингармониялық топқа кіретін тілдердің дыбыс қорлары  кейінгі кезге дейін кең түрде және терең зерттелмеді. Себебі, сингармонизм жалпы тіл білімінде негізгі зерттелетін нысана құрамына ендірілмеді /14, 4/. Бірақ, түркі тілдерінің сингармонизм мәселелерінің зерттелуі жалпы тіл білімі үшін де, түркология үшін де өте қажетті дүние екендігі белгілі.

С. Мырзабековтың айтуы бойынша: “Сингармонизм (грек. Sun  – бірге және harmonia – байланыс, үндесу) – түркі тілдеріне тән аса күшті заң /15, 130/” – дейді.

Бүгінгі таңдағы қазақ тіл білімінде ғылыми көпшілікке танымал болған дыбыс жүйесін зерттеу бағыты Ленинград фонология мектебінің теориясының негізінде қалыптасқан еді. Осы ғылыми теориялық бағытта жазылған еңбектердің авторлары қазақ тілінде сөз екпіні бар деп есептейді.

Қазіргі кезде қазақ тілінің дыбыс жүйесі үш түрлі теория негізінде зерттелген, яғни үш түрлі ғылыми қорытынды, үш түрлі ғылыми тұжырымдар бар. Олар:

  1. Ленинград фонология мектебінің теориясы.
  2. Москва фонология мектебінің теориясының кейбір мәселелері.
  3. Сингармониялық теория /6, 107/.

Енді сингармонизм дегеніміз – сөздің фонетикалық және фонологиялық бейнесінің таңбасы. Бұл құбылыс сөз құрамындағы барлық дыбыстарды қамтиды. Қазақ тіліне басқа тілден енген сөз қазақ тілінің сингармониялық заңдарына сәйкес дыбысталса, онда ол сөзді қазақ халқы ана тілінің төл сөзіндей қабылдайды. Егер сөзді дыбыстауда сингармонизм заңы бұзылса, онда ол сөздің тура, тез қабылдануы көп жағдайда қабылданбайды. Сингармонизмнің тағы бір қызметі сөздің құрамындағы дыбыстарды біріктіру.

Сонымен, сингармонизм – көп қызмет атқарушы құбылыс. Сингармонизм барлық дыбыстарды, буындарды, сөздерді, мәтіндерді орфографиялық және нормаларды қамтиды. Оның атқаратын қызмет түрлері – сөз таныту, сөз жасау, сөз айыру. Сингармонизмнің негізгі фонологиялық қызметі – қазақ сөзінің құрамындағы бір түрлі сингармотембрді сақтау.

 

 

3 АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРІНІҢ ЖАҢАШЫЛДЫҒЫ

 

Қазақ халқының абзал ұлдарының бірі, ХХ ғасырдың бас кезіндегі үркердей шағын топ – демократтық бағыттағы қазақ интеллигенциясының ең ірі, ең беделді өкілі, бір емес, екі рет заңсыз жазғырылып, сталиндік режимнің құрбаны болған  Ахмет Байтұрсынұлын осылай танимыз. Бұл таным – бүгінгі күнгі демократия мен әділеттіліктің жемісі. Бұл – халыққа сіңірген адал еңбектің тарихта өшпейтіндігінің айғағы.

Енді, А. Байтұрсынұлының грамматикалық зерттеулеріне назар салсақ дейміз.

В.В Виноградовтың “Русский язык” деген еңбегі 1947 жылы, 1972 жылы, 1986 жылдары жарық көрді. Оның “Исследования по русской грамматике” (1975), “Поэтика русской литературы” (1976), “Лексикология и лексикография” (1977), “История русского литературного языка” (1980) деген таңдаулы еңбектері баршылық. Бірақ негізінен, алғаш 1938 жылы баспаға жарияланған “Современный русский язык” деген еңбегін есептеуге болады. Онда В.В. Виноградов А.А. Шахматовтың және Л.В. Щербаның осы мәселе жайлы ойын дамыта түседі.

Мәселен, В.В. Виноградов 1947 жылы “Русский язык” деген еңбегінде сөз дегеніміз: “… представляет собою внутреннее, конструктивное единство лексических и грамматических значений. Слово, рассматриваемое в контексте языка, то есть взятое во всех совокупности своих форм и значений, часто называется лексемой” /22, 21-23/, – десе, А.А. Потебня сөз жайлы: “Слово как творческий акт речи и мысли”, – дейді.

Ал, Ахмет Байтұрсынұлы 1914 жылы: “Бір сөйлемнің ішінде бірнеше сөз болады. Сөздердің біріне-бірі жалғасып, тізілетін дағдылы жолы, жүйесі, қисыны болады” /5, 142-144/ , – дейді.

Грамматиканың қай тілде де, қай кезде де болмасын аса бір өзекті мәселелерінің бірі – сөз таптарының теориясы. Тілдің негізгі сипаты тілдің сөздік қорын грамматикалық таптарға топтастыру және олардың грамматикалық категорияларының ерекшеліктерін, қызметтерін айқындаудан көрінеді. Тілмен тілді салыстырғанда да, ең алдымен олардың сөз таптары мен морфологиялық құрылымдарының ерекшеліктеріне көңіл аударылады. Ал осы сөз таптары қай тілдің де болмасын грамматикаларында осы уақытқа дейін бір жүйеге келген деп айту қиын. Мысалы, сонау ХVІ ғасырдан бастау алған неміс тілінің грамматикасында осы күнге шейін бес сөз табынан он беске дейінгі түрлерін ажыратады. Қазақ тілі грамматикаларында сөз таптарының жалпы саны тоғыз делінгенімен, ішкі топтастыруда бірегейлік жоқ. Осындай құбылыстың себебі негізінен тілдік теорияның дамуында, әртүрлі бағыт-бағдарларды ұстауында жатады.

Қазақ тілінің төл грамматикасын ана тілінде жазып, бұрын-соңды болмаған дәрежеде қазақ тіл білімінің ғылыми терминологиясын қалыптастырған қазақтың біртуар ұлы, ғалым Ахмет Байтұрсынұлы үш бөлімнен тұратын “Тіл – құралымен” қазақ тілінің грамматикасының ғылыми негізделуі дәрежесін аз уақыттың ішінде өзінен көп ғасырлар бұрын бастау алып, дамыған, ғылыми тұрғыдан кемелденген басқа тілдер грамматикаларының деңгейіне жеткізеді /2, 363-364/.

Рысалды Құсайын былай дейді: “Ахмет Байтұрсынұлы барлық сөз таптарын атауыш сөздер және шылау сөздер деп екі топқа бөлуінде үлкен негіз бар. Жеке сөздердің семантикалық мағынасы өз алдына дара тұрып, болмыстағы заттар мен құбылыстарды атай алса, олар автосемантикалық атауыш сөз, ал тек басқа бір дербес күйінде толыққанды мағына білдіретін автосемантикалық сөзбен тіркескен жағдайда ғана мәні ашылатын сөздер синсемантикалық  шылау сөз. Атауыш сөздер, шылау сөздер термині осы мәнді дөп басып, сөз таптарының затына сай екенін көрсетеді”.

Енді,  Ахмет Байтұрсынұлы және орыс тілші ғалымдарының сөз таптарына, қосымшалар мен олардың топтастырылуы, жалғаулар мәселесіне назар аударсақ.

Ол – барлық сөз таптарын зерттеген ғалым. Ахмет Байтұрсынұлы сан есімдерді де арнайы сөз еткен. Өз еңбектерінде сан есімді төртке бөлсе,          Н. Ильминский “Материалы к изучению киргизского наречие” (1860),               М. Терентьев “Грамматика турецкая, персидская, киргизская, узбекская” (1875), И. Лаптев “Краткая грамматический очерк казак-киргизского языка” (1990),  Н. Созантов “Записки по грамматике киргизского языка” (1912) еңбектерінде топтау сан есімдерін сан есімнің бір түрі ретінде қарастырып, беске жіктейді”.

Қосымша мәлімет ретінде, Қ. Жұбанов “Қазақ тілінің программасы”    1936 жылғы еңбегінде Ахмет Байтұрсынұлы топтастыруына сүйене отырып, реттік, есептік, жинақтау және бөлшектік сан есімдерді атайды да, реттік сан есімдерді өз ішінен тең үлес түрі (екі-екіден тағы басқа); болжал түрі (бес-он, бестер, он шақты тағы басқа) деп жіктейді. Ал кейін І. Кеңесбаев, А. Аханов, А. Ысқақов, “Қазақ тілінің грамматикасы” (1965), С. Аманжолов “Қазақ тілінің грамматикасы” (1939) сол кезге дейін танылып жүрген төрт түрлі сан есім тобына (есептік, реттік, бөлшектік, жинақтау) топтау және болжалды сан есімдерін енгізіп, сан есімді алтыға бөледі. Осы кезден бастап, сан есімнің алты түрлі мағыналық тобы танылып, бұл қазіргі қазақ тілінде де сабақтастық тауып келеді. Ең бастысы, сан есімнің осы топтасуы да    Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерінен бастау алғандығы сөзсіз.

В.В. Виноградов 1947 жылы “Русский язык” еңбегінде: “Слово, являющиеся отвлеченными обозначениями чисел и выраженного в числах количества, счета, образуют обособленную грамматияескую категорию имен числительных, или счетных” /22, 241/, – деп айтады. В.В. Виноградовтың зерттеуі бойынша, сан есімнің орыс тіл білімі мен европа тілдері арасында айырым белгілері бар. В. Виноградов сан есімді қазіргі орыс тілі тұрғысынан сипаттайды. Оның айтуынша, сөз табының ішіндегі сан есімге математикалық ойлау ерекше әсер еткен. Ол сандар тарихына да жан-жақты тоқталып, әрбір санның сырын ашуға талпынады. В. Виноградов сан есімде грамматикалық форма болмайды деп тұжырымдайды. Мәселен, “Обозначая числовые различие, счет в пределах множественности, имена числительные уже своим лексическим значением выражают понятие числа. Поэтому числительные не имеют грамматических форм числа” /22, 246/, – дейді.

Ахмет Байтұрсынұлы “Тіл құралда” (Орынбор 1914): “Неше? Қанша? деген сұрауға жауап болатын һәм нәрсенің санын көрсететін сөздерді сан есім дейміз” /5, 163/, – деп көптеген мысалдар келтіреді.

Ахмет Байтұрсынұлы есімдіктерді де арнайы қарастырады. Ол “Тіл құралында” (Семей 1927) есімдіктің бес түрін көрсетеді. Олар: жіктеу, сілтеу, сұрау, шектеу, танықтау. Ал, мәселен Н. Ильминский есімдіктердің үш түрін ғана көрсетсе, М. Терентьев, П. Мелиоранскийлер бес түрін, И. Лаптев,          Н. Созантовтар алты түрін атайды /46, 20/.

Ахмет Байтұрсынұлы еңбегіндегі танықтау есімдігі нәрсенің жоқтығын (ешкім, ештеңе, ешбір), анық белгілі еместігін (әлдекім, әлдене) немесе түгел еместігін (қайсібір, кейбір) білдіретіні сөз болса, қазіргі кездегі оқулықтар да бұлар жеке-жеке топтауға түскен. Сонда, Қ. Жұбанов “Қазақ тілінің программасы” (1936), С. Аманжолов “Қазақ тілінің грамматикасы” (1939),      Ғ. Бегалиев, Н. Сауранбаев “Қазақ тілінің грамматикасы” (1948) еңбектерінде нәрсенің жоқтығын білдіретін сөздер – болымсыздық есімдіктері, анық белгілі еместігін білдірсе – белгісіздік есімдіктері, түгел еместігін білдірсе – алалау есімдіктері деп көрсетеді. Сонымен, бір сөзбен айтсақ,                                  Ахмет Байтұрсынұлының танықтау есімдігінің мағыналық ерекшеліктеріне сәйкес өз ішінен одан әрі таратыла түскені байқалады.

О.С. Жұбаева зерттеуінше, Ахмет Байтұрсынұлы және Қ. Кемеңгерұлы еңбектерінде “әр” сөзі шектеу (анықтау) есімдігі ретінде танылады. Себебі, кейбір, қайсыбір, әлдекім, әлдене тағы сол сияқты есімдіктерде белгісіздік мәннен гөрі нақтылау басымдау сияқты. Бұл ерекшелік әр сөзінің зат есіммен тіркесуінен айқын көрінеді: әр адам, әр оқушы, әр ай, әр зат тағы басқа. Ендеше, әр сөзінің қатысуымен жасалған есімдіктерді белгісіздік есімдігінің қатарына қосуға келмейтін тәрізді.

Сонда, неге Ахмет Байтұрсынұлы есімдіктерді топтастырғанда белгісіздік, болымсыздық есімдіктерін – танықтау, ал Қ. Кемеңгерұлы “Оқу құралында” (1928,1929) өздік, жалпылау есімдіктерін – анықтау есімдіктері ретінде қараған?

Себебі, сыртқы тұлғасына байланысты өздік есімдіктерін жеке топ ретінде танығаннан гөрі өзара мағыналас есімдіктер қатарына қосқанды ғұламамыз жөн көрген сияқты /43, 57/.

Енді, В.В. Виноградов берген анықтамаға назар аударсақ ХІХ ғасырдың бірінші жартысында бұл термин Ресей жеріне түптеп енді. Егер бұл сөздің этимологиялық мазмұнына үңілсек, грек және латын тілдерінен “в место имени” деген мағына береді екен. В.В. Виноградов: “Древний грамматический класс местоимений как субъективно-указательных слов, определяющих действительность в ее отношении к говорящему лицу, к данной обстановке речи, в истории русского языка пережил глубокие изменения своего строя. Большая часть местоимении слилась с категориями имен прилагательных, наречий, союзов и частиц”/22, 264/, – дейді.

Мәселен, Г.П. Павский: “Имя данное местоимениям, не вполне выражает их значение в языке. Местоимения не заменяют имен, а служат только указанием об них, вовсе не выражая качества, вида, числа вещей… Только намекают на них…”/28, 111/. И.И. Давыдов та бұл айтылған ойға келісе былай дейді: “Местоимения неправильно называют частью речи, поставляемою вместе имени предмета”/22, 266/, – деп айтады.

В.В. Виноградов сонымен қатар, есімдікті жан-жақты тексере отырып, барлығындағы өзгешелікті айқындайды.

А.А. Потебня Штейнталь сияқты сөзді 2 лексико-семантикалық топқа бөліп қарастырады. Олар: а) слова “качественные”, отражавшие действительность в ее конкретных признаках; б) слова “указательные” означавшие явления и восприятия указанием на их отношение к говорящему лицу, – дейді.

Сонда, жоғары айтылған нәрселерден шығатын түйін:                          Ахмет Байтұрсынұлы орыс тілші ғалымдарға қарағанда есімдікті зерттегенде нақты әрі дәлелді қарастырған. Ал орыс тілшілері мәселеге “гипотеза” ретінде қараған сияқты сезіледі. Міне, осыдан Ахмет Байтұрсынұлының көшбасшы ғалым болғандығы дәлелдене түспекші.

Ахмет Байтұрсынұлы қай сөз табына жалғауына байланысты зат есімнен туған сөздер, сын есімнен туған сөздер, сан есімнен туған сөздер, етістіктен туған сөздер деп топтастырады.  Және сөз жасау мәселесін, олардың тұлғаларын, жұрнақтарын Ахмет Байтұрсынұлы әрбір сөз табының соңында қараған. Нақты сөз табынан жасалған жаңа сөздерді басқа сөз таптарына бөлмеген, мысалы, зат есімнен туған сөздер: зат есім, сын есім, етістік, үстеулер; сын есімнен туған сөздер: сары-лау, ақ-шыл, жақсы-лық, жақсы-ла, ағ-ар, жақсы-сын /5, 218/.

Мұндай қараудың жағымды жағы – әр сөз табынан қандай сөз таптары жасалады деген сұрауға жауап беретіндігі.

Мәселен, Ахмет Байтұрсынұлы есімдерден есім тудырушы жұрнақтардың мәнін түсіндіруде ең басты, негізгі мәндерге тоқталады. Ескеретініміз,       Ахмет Байтұрсынұлы есім тудырушы жұрнақтарды сипаттауында мәндес жұрнақтарды, омоним жұрнақтарды, көп мағыналы қос қызметті жұрнақтардың табиғатын толық түсіндіретіні. Мысалы, П. Мелиоранский,     И. Лаптев еңбектерінде жұрнақ ретінде түсіндірілген “ғана” шылауын      Ахмет Байтұрсынұлы “қосалқы сөз” деп атайды да, “кішкене, азғана” деген сөздерді “қос сөздер” деп береді. Бір қызығы, ғасыр басындағы жарияланған қазақ тіліне қатысты материалдармен танысу барысында осы кезеңде, “қос сөз” деген ұғым бірнеше сөздің тізбегіне  (біріккен сөз, тіркескен сөз, қос сөз) қатысты қолданылғанын байқауға болады. Мысалы, А. Байтұрсынұлы,            Е. Омаров, Н. Залыұлының “Қазақ жазу тақырыпты жаңа ережелер” (1924) деген мақаласында басқұр, желбау, Кенесары тағы басқа сөздер қос сөздер деп аталған. Сол сияқты, Ахмет Байтұрсынұлының “Қазақстан мен Қазағыстан” туралы деген мақаласында “Қазағыстан”, қара құрт, құла құнан, қара қол тағы сол сияқты сөздерге “қос сөз” деген атау берген /49, 3/. Демек,                   Ахмет Байтұрсынұлы “кішкене, азғана” деген сөздерді қос сөзге жатқызғанын түсіну үшін ол кезде “қос сөз” деген ұғымның аясы бүгінгі қолданыстағыдан әлдеқайда кең болғандығын ескеру керек /43, 74/.

Ахмет Байтұрсынұлы морфемдік құрылымын:

а) түбір сөз; ә) туынды сөз; б) қос сөз; в) қосалқы сөз; г) қосымша деп топтастырады.

Жалпы тіл білімінде ұлттық тілді зерттеудің түпқазығын сол тілде сөйлеуші халықтың жан дүниесімен, ой-санасымен, тарихы және мәдениетімен тығыз байланысты, яғни тілді “ішкі форма” негізінде қарастырған ғалымдар – В.Ф. Гумбольдт, И. Гердер, Г. Пауль, В. Вундт,         Г. Штейнталь, М. Лацарус, А.А. Потебня, Э. Сепир, Б. Уорф тағы басқалар болды.

Осы ғалымдардың еңбектерімен және орыс тіл білімінің жетістіктерімен таныс, бірақ қазақ тілінің табиғатына сай грамматикалық құрылымы, дыбыстық жүйесі тағы басқа өзіндік типологиялық ерекшеліктері бар екенін терең түсінген, қазақ тіл білімінің негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлының  да есімін осы қатарда бірге атауға әбден болады.

Осы орайда ерекше атап өтерлік жай – халқымыздың образды ойлау мүмкіндігі мен шешендігіне сүйеніп, Ахмет Байтұрсынұлы жасаған қазақ тіл білімнің негізгі терминдері. Олардың қалың көпшілікке түсінікті болып, осы кезге дейін қолданылып келе жатқан өміршеңдігінің себебі – осы анықтамалардың ішкі мазмұны мен ұлттық таным табиғаты сабақтас өрілуінде.

Ахмет Байтұрсынұлы өзі анықтап берген тілдік ұғымның бірі – ана тіліміздің сөздік қорының даму заңдылығы мен өзіне тән құрылымын көрсететін “түбір” ұғымының атауы. Қазақ тілі лексикасының тарихи қалыптасуының негізі ретінде осы тілдік құбылыстың тамырының тереңде  – жалпы түркілік қабатта жатқанын ғұлама терең түсінді. Қазақ тілін пән ретінде  оқытатын оқулық ретінде жазған “Тіл-құралының” екінші бөлімінде тіліміздің грамматикалық құрылымын талдап, жүйелеп берген басқа да тілдік категориялармен бірге “түбір” ұғымын да танытып, анықтамасын берген.

Тілдің дамуы дегенде, әдетте, оның жаңа сөздер мен сөз тіркестері арқылы толығуы, баюы туралы сөз болады. Алайда,  ана тіліміздің басып өткен жолының тарихи қат-қабаттарындағы сырының көбі – сол жаңа сөздердің жасалуына негіз болып келе жатқан көне  де байырғы түбір сөздердің бойында.

Тілдік құбылыстарды, соның ішінде түбірді синхрондық және диахрондық бірлік тұрғысынан қарау қажеттілігін Бодуэн де Куртенэ, В.А. Богородицкий, А.А. Потебня тағы басқалар атап өткен /2, 379-382/ болатын.

Мәселен, Бодуэн де Куртенэ 1876 жылы былай деген: “Корни – как главные, господствующие части слов, то есть корни с статического-морфологической точки зрение”/24, 91/. “Суффиксы, разделяются по внешнему виду и по значению, по функции. Префиксы есть в языках финско-тюркских (урало-алтайских, туранских)” /24, 94/, – деп  көрсетеді. Бұл айтылған ойлары Ахмет Байтұрсынұлы идеясына сәйкес келетін тұстары да бар. Ал морфема жайлы Бодуэн де Куртенэ: “Морфема – любая часть слова, обладающая самостаятельной психической жизнью и далее неделимая с этой точки зрения. Морфема охватывает корень, все возможные аффиксы, как суффиксы, префиксы, окончания, служащие показателями синтаксических отношений и так далее”/24, 272/.

В.В. Виноградов қосымша, жұрнақ, жалғау мәселесіне 1947 жылы “Русский язык” еңбегінде дәлелді мәліметтер бере отырып, түрлерге бөліп жіктейді.

Ахмет Байтұрсынұлы жалғауларды жай жалғау (көптеу, септеу), жақ жалғау (тәуелдеу, жіктеу) деп топтастырады. Қызығы, Н. Ильминский,           П. Мелиоранский, Н. Созантов еңбектеріндегі көптік жалғау халық, ру аттарына, жануар, дене мүшелерінің атауларына, қос сөздерге жалғанбайтыны туралы айтылады /48, 83/.

Ғалым “Тіл құралында” септіктің бес түрін көрсетеді.                          Ахмет Байтұрсынұлы: “Септік жалғау бесеу”; 1) ілік жалғау “да”; 2) барыс жалғау “ға”; 3) табыс жалғау “ды”; 4) жатыс жалғау “да”; 5) шығыс жалғау “дан”/5, 2003/, – дейді. Ахмет Байтұрсынұлы атау, көмектес септіктерін септік құрамына қоспайды. Ахмет Байтұрсынұлы атау септікті “нольдік форма” деп таныған. Байқап қарасақ, бүгінгі кездегі тілші ғалымдар нысана етіп,         Ахмет Байтұрсынұлы септеу үлгісін пайдаланады.

П.М. Мелиоранский “салыстырмалы” (сравнительный падеж) септік жалғауы ретінде – дай тұлғасын қосып, 7 септеу берген /47, 31/. М. Тереньтев, И. Лаптев пен Н. Созонтов 9 түрін атайды.

Сонда былай тұжырым жасауға болады. Бүгінгі таңдағы грамматикалар мен оқулықтарда да Ахмет Байтұрсынұлы еңбектеріне ұқсастық бар:

а) Түркологияда атау септік негіз (И.А. Батманов); белгісіз                    (Н.К. Дмитриев); абсолютті (А.П. Поцелуевский) болып түрліше аталғанымен, қазақ тіл білімінде ілік, табыс септіктерінің тағы басқа жасырын келуі атау септік ретінде танылмай, нөлдік форма деп түсіндіріледі.

ә) Ілік септікті сөздің тәуелдік жалғаулы сөзді керек ететіні (“түрік изафеті”) – бүкіл түркологияда да, оның ішінде қазақ тіл білімінде де әбден қалыптасқан тұжырым.

б) Септік атаулары бүгінгі таңда да еш өзгеріске түскен жоқ.

В.В. Виноградов: “Падеж – это форма имени, выражающая его отношение к другим словам в речи”/22, 143/, – деген анықтама береді.

“Тілдің антикалық стилі мен теориясы” деген еңбекте септік ұғымы грек тілінен шыққан. Оның әуелгі мағынасы – сүйекші ойынының аты. Яғни “падеж, падение” – это брошенные кости той или другой стороной к верху”, – деп сипатталады.

В. Виноградов септіктің 6 түрін көрсетіп, оларға жеке-жеке анықтама береді. Ол: “Именительный – как “начальный” падеж назывался orthe –прямой, в отличие от других, отклонившихся, склонившихся. Родительный получил свое имя от того, что он иногда обозначал род, принадлежность, происхождение. Дательный – своим названием выражал одну из своих функций. Творительный – падеж введен в русскую грамматику        Лаврентием Зизанием. Предложным – падеж был сказательным падежом /22, 143/, –деп тұжырымдайды.

Сонда жалпы алғанда, Ахмет Байтұрсынұлы және кейінгі ғалымдардың септіктерді танудың басты ерекшеліктері – ол септік санына байланысты. Яғни,  Ахмет Байтұрсынұлы бес септікті көрсетсе, кейінгі ғалымдар септіктің жеті түрін атап, атау септігі мен көмектес септікті септік қатарына қосады. Мәселен,  басқа түркі тілдері грамматикаларында алтыдан онға дейін болады.

Ахмет Байтұрсынұлы тәуелдік жалғауын арнайы қарастырады. Ол “мендік” (айтушы жағы), “сендік” (тыңдаушы жағы) және “бөгделік” (айтушы мен тыңдаушы екеуінен басқалардың жағы). 3 жаққа байланысты сөздің түрленуін ғалым басқа жалғаулардан бөлек алып, оны “жақ жалғауы” деп атайды да тәуелдік және жіктік жалғауларын жатқызады.

Ал, Н. Ильминский, М. Терентьев, П. Мелиоранский, И. Лаптев,               Н. Созонтов тәуелдік жалғауын жіктеу есімдігінің қысқарған түрі деп түсініп, есімдікке байланысты сөз етеді /46, 19-27/.

Қазақ тілінің табиғатын, өзіндік ерекшелігін терең түсінген                Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерінде жекеше-көпше түрлері мен анайы-сыпайы немесе оңаша-ортақ тәуелдеу үлгілерінің арасы айрықша сараланған. Орыс түркологтары анайы жөннің (немесе оңаша тәуелдеудің) көпше түрі мен сыпайы жөннің (немесе ортақ тәуелдеудің) жекеше түрін шатастырған.

Н. Ильминскийдің қазақтардың сөйлеу мәдениеті туралы пікірі назар аударарлық. Зерттеуші былай дейді: “Относительно личных местоимений должен заметить, что сказать о себе мен, а другому сен было бы неприлично низшему в разговоре с высшим или младшему с старшим скромность и вежливость требуют сказать вместо того: біз, сіз. Таким образом, эти два слова в киргизском языке должно назвать вежливым единственным числом” /11, 16/.

Ахмет Байтұрсынұлы еңбегінде ортақ тәуелдеудің жекеше түрінде бір заттың бірнеше адамға ортақтығы, көпше түрінде бірнеше заттың көп адамға ортақтығы айқын көрінеді. Ахмет Байтұрсынұлының тәуелдік жалғаулы сөздің ілік септікті сөзді керек етуі, жай септеу, тәелдеулі септеу үлгілері                    І. Кеңесбаев, С. Аманжолов, Ғ. Бегалиев, Н. Сауранбаев, А. Ысқақов, С. Исаев еңбектерінде жалғасын тапқан.

Ахмет Байтұрсынұлы  қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктерін терең пайымдағандықтан төмендегідей сипаттайды: жіктеуді анайы-сыпайы жөнге ажыратып, анайы жіктеуді І жақ (мендік), ІІ жақ (сендік), ІІІ жақ (бөгделік); сыпайы жіктеуді І жақ көпше түрі жоқ екенін көрсетіп, жіктеу үлгісі бірізділікпен, жүйелі түрде баяндалған болатын.

Мәселен, Ахмет Байтұрсынұлы еңбегінде жіктік жалғауларының жіктеу есімдіктерінен шыққаны айтыла келіп, соған сәйкес І жақ көрсеткіш –мын/-мін түрінде, ІІ жақ –сын/-сін түрінде берілсе, кейінгі қазақ зерттеушілер еңбегінде ІІ жақ көрсеткіштері –сың/-сің түрінде көрсетіледі.

Сонда, жоғарыда айтылған нәрселердің негізінде біз                            Ахмет Байтұрсынұлын қазақтың алғаш ғалымы деп танимыз.

“Тіл құрал” (Қызыл-орда 1925) атты еңбегінде синтаксиске қатысты да сүбелі ой қалдырды. 20-жылдардағы одан бұрынғы ғылымның сәби шағын, ғылым тілінің қалыптаса қоймаған кезеңін, демек, сөйлемдердің қарапайым болып келетінін есептемегенде, ғалым пікірлерінің ауқымдылығы мен ойлылығы, ақылға қонымдылығы назар аударады. Олай болуы да заңды, өйткені бұл тұжырымдар – қалай болғанда да, қазақ тіл біліміндегі синтаксистік теориядағы алғашқы толғаныстар, тұңғыш ережелер.             Ахмет Байтұрсынұлы: “Сөйлем дегеніміз – сөздердің басын құрастырып, біреу айтқан ой”/5, 263/, – дейді. Енді бір ғана мысал келтірсек,                            Ахмет Байтұрсынұлы тұрлаулы мүшелер туралы былай дейді: “Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері екеу: 1) бас мүше, 2) баяншы мүше. Бас мүше дейміз – сөйлем ішіндегі сөздер байланатын қазық сөзін, сөйлем иесін… Ол нәрсенің сырын-сипатын, жайын, амалын, болмысын айтып баяндайтын сөз баяншы болады… Жеңілдік үшін бас мүше – бастауыш деп, баяншы – баяндауыш деп аталады. Мұнан былай жеңілдік үшін бас мүше, баяншы мүше деп жатпай, бастауыш, баяндауыш деп қысқа түрлерін тұтынамыз” /5, 265/.

Бұл мысалдардан Ахаңның ғұламалығына тағы да куә боламыз. Ол – орыс тіл біліміндегі “главные члены” деп аталатын терминді “бас мүшелер” деп алмай “тұрлаулы” деп, ал “подлежащеені” бас мүше деп алуы мәселені дәлелдей түседі емес пе?

Енді, сөйлемдерінің интонациясы жайында біраз мәліметке тоқталып кетсек, интонацияның ғылыми тұрғыдан зерттелуін ХІХ ғасырдың соңынан ХХ ғасырдың қырықыншы жылдарына дейінгі және осы кезден бүгінгі күнге дейінгі аралықтарды құрайтын екі кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңде интонацияның жалпы мәселелерін құрайтын оның тілдік объект ретінде қаралуы, қызметі мен құрылымы алғашқы эксперимент лабораторияларында зерттеле бастады. ХІХ ғасырдың аяғында адамның сөз ағымын экспериментті түрде зерттеу мақсатында пневматикалық құрал ойлап табылды. Оның мүмкіндіктерінің шектеулі болғанына қарамастан, тіл білімінің фонетика саласында эксперименттік әдіс кеңінен қолданыла бастады. ХХ ғасырдың отызыншы жылдары эксперимент әдістері мен құралдарын жетілдіру әрекеттері Москва мемлекеттік университеті Психология институтының      В.А. Артемов бастаған бір топ ғалымдар үшін табысты аяқталды. 1923 жылы жаңадан құрылған лаборатория М. Торез атындағы Москва мемлекеттік шет тілдер педагогикалық институтының басқаруына беріліп, осы күндерге дейін жемісті жұмыс істеп келеді. Бұл кезеңдегі ғалымдардан В.А. Богородицкий, В.И. Всеволодский-Гернгрос, А.М. Мешковский,  В.А. Артемовтармен қатар С. Карцевский, Л.В. Щерба, Н. С. Трубецкой және тағы басқаларды атауға болады.

Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерінің де осы кезде жарық көргені белгілі. Оның ойлары интонацияны зерттеудің алғашқы кезеңінде әр түрлі ғалымдар көтерген мәселелермен ұштасып жатты. Ахмет Байтұрсынұлының “тіл әуезділігі”, оның ішінде “сөз әуезділігі” деп атап, жан-жақты қарастырған құбылысы таптырмас құнды зерттеулер /5, 179/ болып келеді.

Тағы да ескеретін нәрсе, Ахмет Байтұрсынұлының “Тіл құралында” (1925), “Жазу қосымша белгілері мен тыныс белгілерінің жалпы ережесі” деген мәселе. Тыныс белгі мәселесі Бодуэн де Куртенэ (1876) еңбегінде де кездеседі. Бодуэн де Куртенэ: “Имеются 2 главных категория знаков припенания: 1) Один из них относятся только к морфологии писанной речи, то есть к ее расчленению на все более мелкие части. Таковы: точка (.) отделящая периоды или же обособленные предложения одни от других; кроме того, она служит знаком сокращения слов; двоеточие (:) употребляется перед исчислением отдельных частей сказанного перед двоеточием или же, когда приводится цитата; точка с запятою (;) отделяет сочетание неполных предложений или же исчесляемые части расчленяемого целого; запятая (,) служит для отдельных друг от друга дальше не разделяемых предложении или же обособленных, в ставочных выражений, вроде звательного падежа, сочетании слов или даже отдельных слов; 2) Другая категория знаков препинания или тоже отношение к морфологии или расчленяемости писанной речи, подчеркивает главным образом семасиологическую сторону”/25, 238-239/.

Бодуэн де Куртенэнің ойын қазақ тіліне аудармаған себебіміз, біріншіден Ахмет Байтұрсынұлы тыныс белгілерге берген анықтаманың қаншалықты нақты екенін, екіншіден екі тілді салыстырып қорытынды шығару мақсатын көздедік.

Ахмет Байтұрсынұлы тыныс белгілерінің жалпы ережелеріне назар салсақ: “1) Кіші сызықша “=” (тіркестіру белгісі). Бұл белгі: 1) бір сөзді екінші сөзге тіркестіретін орында қойылады, сөзді олай тіркестіру екі сөзді қосақтап, бір сөз (қос сөз) қылып айтатын орындарда келеді. Мәселен, төсек-ағаш, құрт-құмырсқа. 2) сөздің бір бөлімін екінші бөліміне тіркестіру керек болған орындарда қойылады, ондай тіркестіру көбінесе сөздің бөлімдері жазып келе жатқан жолға түгелімен сыймай, сыймаған бөлімін  екінші жолға шығару қажет болған жерде келеді.

2) Үлкен сызықша “–” (жұмақтау белгісі). Бұл белгі бытыранды ұғымдарды шоғырландырып, жалқыланған ұғымдарды жалпыландырып, теңелерлік нәрселерді теңеп, балап айтатын орындарда қойылады. Мәселен, ақымақты үйрету – өлгенді тірілту.

3) Ноқат (нүкте) “.” (ұлы тыныс). Бұл белгі: 1) әбден біткен ойлы сөйлемдерді бір-бірінен айыратын орында қойылады; 2) мақала, кітап басының атауларынан соң қойылады; 3) қысқартқан сөздің соңынан қойылады; 4) келте-келте қысқартылып айтқан сөйлемдердің соңынан қойылады.

4) Үтірлі ноқат (нүкте) “;” (орта тыныс). Бұл белгі: 1) сөйлемдердің ішкі жақындығы күшті болған жерде қойылады. Сөйлемдер арасында ондай жақындық ортақ ой айтылған немесе нәрсе тұтас суреттелген жерде келеді; 2) сыйысулы құрмалас сөйлемдердің баяндауыштары демеулермен құраспай, алды-алдына тұрған жаңа да қастарында тұрлаусыз сөйлем мүшелері немесе бағыныңқы сөйлем болған орында қолданылады.

5) Теріс үтір “,” (кіші тыныс). Бұл белгі: 1) бұратана сөздерді бөлек шығару үшін қойылады; 2) сыйысулы сөйлемдердің бірөңкей мүшелерінің арасына қойылады; 3) бағыныңқы сөйлемнің жігін басыңқы сөйлемнен айыру үшін қойылады; 4) лепті сөйлемдерде одағайдан кейін қойылады; 5) бір сөз не болмаса сөйлем қайта-қайта айтылған орында қойылады.

6) Қос ноқат (қос нүкте) “:” (бәшелеу белгісі). Бұл белгі: 1) алдыңғы сөйлемдегі пікірді, кейінгі сөйлем ыдыратып сөйлейтін орындарда қойылады. Олай сөйлеу жалпы түрдегі ұғымнан жалқы түрдегі ұғымға айналдырған жерлерде келеді.

7) Сұрау белгісі (“?”). Бұл белгі жауап сұраған сөйлемдердің соңынан қойылады.

8) Леп белгісі (“!”). Бұл белгі: 1) лепті сөйлемдерден соң қойылады; 2) тікелей сөйлемдердің бұйрық, өтініш түрлерінің соңынан қойылады; 3) тілекті сөйлемнің үгіт түріндегісінің қаратпа сөзділерінің соңынан қойылады.

9) Көп ноқат (көп нүкте) “…” (қалдыру, тастау белгісі). Бұл белгі сөзді бүкпелеп жорта қалдырып сөйлегенде немесе сөздерді тізіп тұтастыра сөйлемей, үзіп бөлек-бөлек сөйлеген орындарда қойылады.

10) Қабат үтір (“ ”) (қабатша қос тырнақ). Бұл белгі: 1) төл сөздердің жігін ашу үшін алды-артынан қойылады; 2) кітап, журнал, газет аттарына қойылады; 3) бір нәрсені сөз қылғанда, айырып айқын көрсету үшін қойылады; 4) бір нәрсені теріс мағынада атау үшін қойылады.

11) Жақша “()” (қамау белгісі). Бұл белгі: 1) бір нәрсені қабарында болдыра кетейін деген орындарда қойылады. Ондай кездер айта кетейін деген ой сөйлеп келе жатқан әңгіменің жүйесінен тысқары бүтіндеу болған орындарда келеді; 2) алдағы сөзді артқысы түсіндіре өтетін жерлерде қойылады. Ондай кездер жат сөзді немесе жаңа сөзді оқушы түсінбес деген орындарда болады”/5, 310-312/, – дейді ғұлама.

Ал, енді осыдан шығатын басты мәселе, Бодуэн де Куртенэ Ахмет Байтұрсынұлынан тыныс белгі жайлы бірнеше жыл бұрын айтса да, оның Ахмет Байтұрсынұлы анықтамаларына қарағанда қысқа әрі жүйесіз. Дәлелді болатындай мысал берілмеген. Ахмет Байтұрсынұлы болса, әрбір ережеге анықтама беріп, бірнеше нұсқада атауын көрсетіп, әрбіреуіне мысал келтіреді. Осыдан біз Ахмет Байтұрсынұлының шоқтығы биік екеніне тағы да көз жеткіземіз.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келетін болсам, қазақ тіл білімінің ғылым ретінде қалыптасып, дамып келе жатқанына бір ғасырдан астам уақыт өтті. Осы кезең ішінде қазақ тіл білімі түрлі бағыттар мен көзқарастардың куәсі болды. Бұл орайда, әсіресе, ұлттық тіл білімінің бастау көзінде тұрған ғалымдардың еңбектерін зерделеудің маңызы ерекше.

Манаш Қозыбаев: “Ахмет Байтұрсынұлы – ХХ ғасырдың ірі құбылысы, феномені. Оның есімі осы дүбірлі ғасырдың түбірлі, түбегейлі құбылыстарымен тағдырлас. Ахаң тағдыры – ел тағдыры”, – деп айтады.

“Ахмет Байтұрсынұлы тұжырымдарының бүгінгі таңдағы ғылым жетістіктерімен сәйкес келуі, бір жағынан, өткен ғасырдың 20-жылдарында тіл білімінің қаншалықты құлаштап алға басқанын көрсетсе, екінші жағынан, репрессия зардабының нәтижесінде ғылым дамуының қаншалықты тежелгенін де танытса керек”, – деген Жұбаева Орынай Сағынғалиқызының ойы қаншалықты терең екені ерекше әсер етеді. Сонда да, ірі тіл білімпаздың қудаланып, еңбектеріне тыйым салынуы, қазақ тіл білімінің өз деңгейінде дамып жетілуіне кері әсер еткені даусыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Ахмет Байтұрсынұлы мұрасы – барлық түркі халықтарын байланыстыратын алтын өткел. Оның әралуан ғылым саласында көп оқып, батыс, орыс әдебиетін жақсы білгендігі барлық еңбектерінде айқын көрініп тұрады. Ахмет Байтұрсынұлы – ең бірінші болып тіл біліміндегі өзекті мәселелерді ғылыми тұжырым жасаған тілтанушы ғалым. Бодуэн де Куртенэ, Л.В. Щерба салған жалпы жазу теориясын фонологиялық негіздері Ахмет Байтұрсынұлының “бес дауыстыға” құрылған жазуындағы әріптердің белгілі бір фонеманы таңбалай отырып, оның жуан-жіңішке екі тембрін қоса бейнелейтін сингарможуанда жалғасын тапқаны толыққанды дәлелденген. Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттық ғылым жасаушы. Ұлттық ғылым – ұлтқа қызмет ететін, оны өркениет жолымен таным шыңына жетелейтін, ұлттық болмысты жарқыратып көрсететін, ұлттық санаға жарық отын жағатын қару. Бұл жұмыста Ахмет Байтұрсынұлының тілтанымдық концепциясының ғылыми табиғаты анықталады. Ахмет Байтұрсынұлының  мұрасының сан қырлы ерекшеліктері талданды. Орыс тілші ғалымдар еңбектерімен салыстыру негізінде тұжырымдар жасалды. Оның ғылыми мұрасы прагматикалық мақсатта жазылған ғылыми және ғылыми оқыту еңбектері арқылы жалпы тіл білімдік те, түркологиялық та, қазақша тілтанымдық та мәселелерді қамтиды.

ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ тілі грамматикасының басым көпшілігі шығу тегі қазақ индивидінің, қазақ қоғамының ұлттық менталитетіне негізделіп жасалған. Бүгінгі грамматикадағы ішкі және сыртқы стандарттары ХХ ғасырдың бірінші ширегінде дүниеге келген Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мәтіндеріне басталып қалыптасқан. Ұлы педагог, ағартушы ұстаз, қазақ тіл білімінің негізін қалаған ғалым Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми, әдеби мұрасы әр кез туған халқының рухани игілігіне айналып, есімі халық жадынды жұлдыздай жарқырап тұра береді. 

Ахмет Байтұрсынұлы реформалаған қазақ жазуы өз кезінде қазақ халқының өмірінде, оның мәдениеті мен ғылымында үлкен роль атқарды. Жаппай көпшілік қауымды сауаттандырған, жазу мәдениеті мен жазба әдеби тілінің дамуына әсер еткен, мәні мен маңызы зор құбылыс болды. Оның қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне сәйкестендіріп жасаған әліппесі, оның емлесін туған тілімізде дұрыс беруі қазақ фонетика ғылымында тұңғыш рет іс жүзінде жүзеге асқан еңбек болды. Ол қазақтың дыбысына, сөзіне, арнап әріп шығарды, әріптен әліпби түзеді, оқу құралдарын жазды, қазақ халқын бостандыққа, жарқын өмірге бастады, жол көрсетті.

Негізінен, орта ғасырлық дәуірде түркі тілдерін араб тіл білімі дәстүрінің негізінде сипатталса, ХVІІІ-ХІХ ғасырдан бастап көбінесе Еуропа тіл білімі негізінде зерттеліп келді. Ахмет Байтұрсынұлы болса, тіл біліміне қатысты жайттарды қазақ тілінің өз табиғатынан туындайтын  заңдылық, ерекшеліктерге сүйене отырып баян етті. Тіл жүйесін жасап, сөз, тіл мәдениеті деп аталатын үлкен саланың негізін қалады.

Қазақ түркологтары тек қазақ үшін бағалы емес, бүкіл түркі дүниесіне ортақ. Бірақ ана тілінде жазылғандықтан, олардың еңбектерін басқалар оқып жақсы түсіне алмайды. Сондықтан біле де бермейді. Осылардың бірі – қазақ тіл ғылымын тұңғыш бастаушы ірі түрколог Ахмет Байтұрсынұлы.  Түркология теориясының негізін қалаушы ретінде Н.К. Дмитриевті саналады. Бірақ, оның грамматикалық еңбегі 1940 жылдары жазылса,                               Ахмет Байтұрсынұлы одан бұл жүйені 30 жылдай бұрын жазған. Мәселен, сингармонизм және фонема мәселесі Москва фонология мектебінің теориясына Н.Ф. Яковлев мақаласы арқылы енді, ал Н. Ф. Яковлевтің мақаласының Ахмет Байтұрсынұлының еңбектері арқылы енді. Осыдан шығатын қорытынды Н.Ф. Яковлевтің мақаласы Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми ілімі мен Москва фонология мектебінің ғылыми ілімі арасындағы пікір жеткізетін көпір болып, бүкіл бүгінгі таңдағы қалыптасқан фонологиялық зерттеулердің тұжырымы Ахмет Байтұрсынұлының зерттеулерінің тұжырымы екені даусыз. Себебі, он алты жылдан кейін        Н.Ф. Яковлев Ахмет Байтұрсынұлының дыбыс туралы ойын өзінің мақаласында орыс тілінде қайталады. Бірақ, мақалада ой кеңінен дәлелденіп, баяндалғанымен Ахмет Байтұрсынұлына сілтеме берілмеген.                     Ахмет Байтұрсынұлы орыс тілші ғалымдарда аудармаған. Керісінше, орыс зерттеушілері қазақ топырағынан жаралған Ахмет Байтұрсынұлының ойына сүйеніп, идеясын дамытқан екені осы жұмысты жазу барысында көз жеткіздік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  • Байтұрсынов А. Дыбыстарды жіктеу // Қазақ тілі, 1922. – № 22.
  • Ұлттық рухтың ұлы тіні. Ғылыми мақалалар жинағы (қазақ, орыс, ағылшын т.б. тілдерде). – Алматы: Ғылым, 1999. – 568 б.
  • Сыздықова Р. Сан қырлы саңлақ ақын // Социалистік Қазақстан, 1989. – 4 январь.
  • Ұлттың ұлы ұстазы: “Ұлы тұлғалар” атты ғылыми-библиографиялық серия / Құрастырушы В.Қ. Күзембаева. – Алматы: Қаз. Рес. Білім және ғылым министрлігі, Орталық ғыл. кітапхана, 2001. – 305 б.
  • Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 448 б.
  • Жүсіпұлы М. Ахмет Байтұрсынов және қазіргі қазақ тілі фонологиясы. – Алматы: Ғылым, 1998. – 216 б.
  • Сыздықова Р. Ахмет Байтұрсынов. –  Алматы, 1990. – 51 б.
  • Бодуэн де Куртенэ И.А. Избранные труды по общему языкознанию. – Москва, 1963. – 367 с.
  • Кононов А. М., Барулин А. М. Теоретические проблемы турецкой грамматики // Новое в лингвистике. Вып. ХІХ Проблемы современной тюркологии. – Москва, 1987. – 36 с.
  • Яковлев Н. Ф. Математическая формула построения алфавита (Опыт практического приложения лингвистической теории) // Из истории отечественной фонологии. – Москва, 1970. – 148 с.
  • Ильминский Н. Материалы к изучению киргизского наречия. – Казань, 1860. – 26 с.
  • Зиндер Л. Р. Общая фонетика. – Москва, 1979. – 312 с.
  • Қордабаев Т. Жалпы тіл білімі. – Алматы: Мектеп, 1983. – 231 б.
  • Джусупов Ә. М. Фонемография А. Байтурсынова и фонология сингармонизма. – Ташкент, 1995. – 176 с.
  • Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. – Алматы: Сөздік – Словарь, 1999. – 200 б.
  • Қордабаев Т. Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ тіл білімі // Орталық Қазақстан, 1992. – 2 шілде.
  • Қордабаев Т. Қазақтың тұңғыш лингвист ғалымы // Қазақстан мұғалімі, 1988. – 30 декабрь.
  • Қордабаев Т. Бірі емес, өзі // Қазақстан мұғалімі, 1990. – 20 шілде.
  • Әбсадықов А. Ахмет Байтұрсынұлының әдеби мұралары. – Қостанай, 2003. – 144 б.
  • Байтұрсын І. Алтын бесік. – Қостанай, 1998. – 240 б.
  • Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ филологиясы мәселелері атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы: Арыс, 2004. – 25 б.
  • Виноградов В. В. Русский язык (Грамматическое учение о слове). – Москва: Высшая школа, 1986. – 639 с.
  • Виноградов В. В. Проблемы литературных языков и закономерности их образования и развития. – Москва: Наука, 1967. – 133 с.
  • Бодуэн де Куртенэ И. А. Избранные труды по общему языкознанию. Том – 1. – Москва: Академия Наук СССР, 1963. – 382 с.
  • Бодуэн де Куртенэ И. А. Избранные труды по общему языкознанию. Том – 2. –  Москва: Академия Наук СССР, 1963. – 388 с.
  • Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – Алмат, 2002. – 664 б.
  • Поливанов Е. Д. Труды по востояному и общему языкознанию. – Москва, 1991. – 622 с.
  • Павский Г. П. Филологические наблюдения над составом русского языка. Спб., 1850. – 250 с.
  • Сейфуллин С. Ахмет Байтұрсынов 50-ге толды // Еңбекші қазақ, 1923. – №64.
  • Әуезов М. Ақанның елу жылдық тойы // Ақ жол, 1923. – №270.
  • Шонанов Т. Ахмет Байтурсунов в области народного просвещения и литературы. – №544 қор, 1-тізбе, 104 б.
  • Самойлович А. Н. Ахмет Байтұрсынов энциклопедиялық және библиографиялық басылымдарда / Ұлттық рухтың ұлы тіні. – Алматы: Ғылым, 1999. – 305 б.
  • Имаханбетова Р. С. Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны, шығармашылығы (мұрағат деректері негізінде). Автореф. Ф.ғ.к., – Алматы, 2007.
  • Библиографический словарь отечественных тюркологов (до октябрский период). – Москва, 1974. – 392 с.
  • Поливанов Е. Д. Новая казак – киргизская (Байтурсыновская) орфография. Бюллетень Среднеазиатского государственного университета. Вып. 7. – Ташкент, 1924. – 24 с.
  • Яковлев Н. Ф. Математическая формула построения алфавита (Опыт практического приложения лингвистической теории) // Из истории отечественной фонологии. – Москва, 1970. – 148 с.
  • Сухотин А. М., Юдахин К. К. О сокращении некоторых букв в ряде тюрских алфавитов / В книге: Реформатский А. А. Из истории отечественной фонологии. – Мосвка, 1970. – 162 с.
  • Уәлиев Н. Қазақ графикасы мен орфографиясының фонологиялық негіздері. Ф. ғ. к., дисс. – Алматы – 1993.
  • Зиндер Л. Р. Очерк общей теории письма. – Москва: Наука, 1987. – 263 с.
  • Мектеп – тегі А. Қазақ жазуының қасиеті мен қасіреті // Жалын, 1997.–6 б.
  • Архангельский Т. В. Грамматика казахского языка. – Ташкент, 1927.- 62 с.
  • Назарбаев Н. Ә. Қазақстан – 2030. – 113 б.
  • Жұбаева О. С. Қ. Кемеңгерұлының тілтанымдық мұрасы мен лингвистикалық тұжырымдамалары. Ф. ғ. к., дисс. – Алматы, 2002.
  • Жүнісбек Ә. Қазақ тілі дыбыстарының артикуляциялық моделі. Ф. ғ.к., дисс. – Алматы, 2004.
  • Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002. – 420 б.
  • Созантов Н. Записки по грамматике киргизского языка. – Ташкент, 1912. – 27 с.
  • Мелиоранский П. М. Краткая грамматика казак-киргизского языка. Фонетика и этимология. СПб. Часть І, 1894. – 15 с.
  • Лаптев И. Краткий грамматический очерк казак-киргизского языка. – Москва, 1990. – 84 с.
  • Байтұрсынов А. Қазақстан мен Қазағыстан туралы // Еңбекші қазақ, 1925. – №29.