АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Телеарналардағы балаларға арналған бағдарламалардың ерекшеліктері

 

Телеарналардағы балаларға арналған бағдарламалардың ерекшеліктері

 

Мазмұны

 

 

КІРІСПЕ————————————————————————- 2-7

 

І ТАРАУ.  БАҚ және ұлттық тәрбие

  • Теледидардың бала психологиясына әсері ——————— 7-13
  • Тәрбие бесіктен басталып, БАҚ арқылы жалғасады ——- 14-17
  • Ресей телеарналарындағы балаларға арналған

        бағдарламалардың тәжірибелік ерекшеліктері———————— 18-27

 

ІІ ТАРАУ.  Қазақстан арналарындағы балалар     бағдарламалары

  • «Қазақстан», «Хабар» және «Еларна» арналарындағы бағдарламалардың бағыттары—————————————— 28-44
  • Тәуелсіз арналардағы балалар бағдарламалары————- 45-54

 

Қорытынды —————————————————————55-57

Сілтемелер

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 Бүгінгі таңдағы еліміздің басты мақсаты — өркениетті елдердің қатарына қосылу, бүкіл әлемдік білім кеңістігіне еніп, дамыған елдермен терезесі тең ұлтқа айналу. Ендеше, бұл жолда мемелекетіміздің алдында көптеген атқарар жұмыстар тұр. Соның бірі – болашақ ұрпақ тәрбиесі. Жаһандану дәуірі қызу жүріп жатқан кезеңде алпауыт мемлекеттердің жетегінде жұтылып кетпес үшін ұлттық білім беру жүйесін тың арнаға, жаңа сапаға жеткізуіміз керек. Замана талабына сай баланың білімі мен білігі екінші орынға түсіп, басты орынға оның тұлғасын жан-жақты дамыту, ұлттық тәлім-тәрбиені сіңірту міндеті алға қойылды. Демек, өмірге келген сәбиге туыла салған сағаттан бастап жан тәрбиесін беру – бүгінгі күннің басты міндеті. Азаматты тәрбиелеу – мемлекеттің мойнындағы мәселе. Әр елде осы мәселеге қатысты тәрбие берудің өзіндік идеологиясын жасаудың әр ұлтқа тән үрдістері бар. Яғни баланы балабақшаға барғаннан бастап, күнделікті көріп жүрген теледидарынан, оқып жатқан оқулықтарынан бастап осы мәселені жан-жақты қарастыру керек.

Теледидар – бүгінде біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналған. Әсіресе, бүлдіршіндер мен жеткіншектер тарапынан жоғары сұранысқа ие болып отырған бұл ақпарат құралының қоғамдағы алатын орны зор. 2000 жылы Германияда балалар мен жасөспірімдер арасында «Егер елсіз-жұртсыз айдаладағы аралға апарып тастаса, өздеріңмен не алар едіңдер?» деген сұраққа олар бірінші орында теледидар, компакт дискілер, екінші орынға – тамақ, тек үшінші орынға ғана өз ата-аналарын қойған екен. Бүгінгі біздің қоғам жағдайы да осыған келіп тұрғаны анық.

          Тақырыптың өзектілігі

     Бүгінде балаларға арналған бағдарламалар арналарымызда санаулы ғана. Соның өзінде олардың көбі – орыс тілінде. Яғни, балалар журналистикасының дамуына қолдау аз. Екіншіден, көптеген телеарналар балаларға арнап шығарылатын бағдарламаларға қаржы көп кететінін және бұл шығыннан телеарна қаржысының ақталмайтынын алға тартады. Сондықтан да болар, кейбір арналарымызда балаларға арналған хабарлар атымен жоқ. Ендеше, біздің еліміздің болашағы болар бүлдіршіндер «қара жәшіктен» қандай тәлім-тәрбие алуда?

Келесі мәселе, балаларға арналған бағдарламалардың сапасында.

Әлди,әлди,әлдиім,
Жарасымды сән биің.

        Өзіңе тән өмірің.

Адал болсын көңілің.- деп сәбиді әженің әдемі бесік жырымен тәрбиелейтін ұлттық құндылықтарымызды бойына сіңірген балалар бағдарламалары жоқтың қасы. Ендеше, олардың тамашалауына тұратын қызықты, әрі мазмұнды бағдарлама жасап шығаруға аянбай жұмылу шарт.

Қазіргі уақытта ұлттық арналарымыз болсын, немесе жеке арналарды қарасаңыз да зорлық-зомбылыққа негізделген үрейлі, мейірімсіз көріністерді жиі кездестіруге болады. Экрандағы көріністі шынайы өмірден ажырата бермейтін бүлдіршін көргенінің бәрі дұрыс деп қабылдары хақ. Осылайша, оның психикасы мен дүниетанымы теріс қалыптаса бастайды. Ал, баланың әлемі тазалық пен әдемілік, жақсылық пен жылылыққа құрылуы керек. Сонда ғана біздің қоғам түзеледі. Ендеше, менің ғылыми жұмысымның өзектілігі, біздің телеарналардағы балалар бағдарламалары балаларға қалай тәрбие беруде, олардың жасалу технологиясы қаншалықты сапалылығын анықтау және оны Ресей телеарналарының өнімдерімен салыстыра отырып, олардың тәжірибелеріне сүйеніп, белгілі бір қорытындыларға келу болып табылады. Еліміздің көптеген бұқаралық ақпарат құралдары балаларға арналған телеарна ашу керектігі жөнінде көптен бері мәселе көтеріп келеді. Шындығында да, мемлекетімізде осы бағытта жұмыс істейтін ең болмағанда бір арна ашудың уақыты әлдеқашан жеткен.

     Менің дипломдық жұмысымның өзектілігі, балаларға арналған бағдарламалар мен арналардың баланың тұлға болып қалыптасуына, өмірден өз орнын тауып, кәсіби қабілеттерін шыңдауға және әлеуметтенуіне тигізер әсері мен пайдасын дәлелдеу болып табылады.

                      Тақырыптың зерттелу деңгейі

                     Статистикалық есеп балалар мен жас­өспірімдер телеаудиторияның, аудио­бейнелік медиатекстердің ең белсенді көрушілері екенін көрсетіп отыр. “Ба­ла­лар мөлшермен 2 жастан бастап, теле­ди­дар көре бастайды. Нағыз амери­кан­дық бала өз уақытының шамамен 30%-ын теледи­дардың алдында өткізеді. Ол орта есеппен мек­теп­ке бар­ғанша 5 мың сағат, мектеп бітіргенше 19 мың сағат экран алдында оты­ра­ды”, дейді американ­дық зерттеушілер». Демек, осы аралықтағы уақытта бала өзіне қажетін ала алды ма және бүгінгі заманғы балалар хабарлары қандай деңгейде болуы керектігіне ғылыми диссертация барысында талдау жасалды. Ол үшін «Қазақстан» ұлттық арнасы, «Еларна», «31» арна, «КТК», «НТК», «ТАҢ» телеарналарындағы балаларға арналған бағдарламалардың сапалық  деңгейі, балалар бағдарламасын шығаруда басы-қасында жүрген шығармашылық топтың жұмысы қандай дәрежеде деген мәселелер қарастырылады. Ресейде балалар бағдарламаларын былай қойғанда, оларда бірнеше арналар тек осы кішкентай көрермендердің мүдделеріне жұмыс істейді. Дипломдық жұмыстың зерттелуі осы аталған бағдарламалар мен арналардың жұмысын зерттеу деңгейінде жүргізілді.

 

 

Дипломдық жұмыстың  теориялық және әдістемелік негіздемесі

      Телехабар дайындауға қатысты Георгий Вачнадзе «Всемирное телевидение», «Телевизионная журналистика», В.В.Собкинаның редакторлығымен уақытша ғылыми-зерттеу «Школа» коллективі шығарған «Телевидение и школа» еңбегі, «Телевидение и дети», Р.Әбсаттаров, М. Дәкенов. «Әлеуметтану», Дружилов С.А. Профессионалы и профессионализм в новой реальности,  психологические механизмы и проблемы формирования Алексеева М.И. «Советская детская журналистика»,  «Телеэкран приглашает детей», Холмов М. «Становление советской журналистики для детей» және өзге де теориялық еңбектер пайдаланылды. Сонымен қатар, бала психологиясын танып білуде И.М.Никольская, Р.М.Грановская, А.В. Запорожец, Л. Рубинштейн және өзге де психологиялық, педагогикалық еңбектер пайдаланылды. Тақырыпты тереңірек аша түсу мақсатында Қазақстан Республикасының ресми құжаттары: Конституция, Білім туралы заң, Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы, Бұқаралық ақпарат құралдар туралы заңнамалық құжаттары пайдаланылды. Бүгінгі таңдағы балалар бағдарламасына қатысты айтылатын сын-пікірлерді білу мақсатында Смағұл Елубай, Жолдасбек Дуанабай, Асқарбек Құсайыновтың және өзге де авторлардың газет-журнал беттерінде жарияланған мақалаларындағы дәйектер алынды.

                 Дипломдық жұмыстың мақсаты

   Абай атамыздың «Балаға көбінесе үш алуан адамнан мінез жұғады. Біріншісі – ата-анадан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі – құрбысынан. Солардың ішінде, бала қайсысын жақсы көрсе, сонысынан көбірек жұғады» деген дана сөзі бар. Ал бүгінде бұл үшеуіне де бағынбайтын әлемнің түкпір-түкпірінен ақпараттар ағыны ағылтып әкеліп жатқан балаға әсер етуші төртінші фактор – теледидар. Ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты бүгінгі ақпараттар тасқыны ғасырында жаһандану қаупі көптеген ұлттардың алдында басты мәселе болып тұрғанда балаларға қажетті дұрыс ақпарат беру мәселесін еліміздің телеарналары қалай жүзеге асырып жатыр және болашақ ұрпақтың әрбір мүшесі болып табылатын балалардың тұлға ретінде дұрыс қалыптасуына керекті бағдарламаларды салыстыру, сараптау нәтижесінде анықтап, ғылыми тұрғыдан баға беру.

    Дипломдық  жұмыстың міндеті

          — балалар мен жасөспірімдер арасында ұлтжандылықты, отаншылдықты қалыптастыру,

          — қызығушылықтарына сәйкес шығармашылық қабілеттерін дамыту, өмірлік жолдары мен көзқарастарын айқындауға ықпал ету,

— елінің гүлденуі мен өркендеуіне үлес қосатын, білімді, парасатты, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру,

— алға қойған мақсаттар мен жаңашыл ойларды іске асыру, балаларды дұрыс өмірлік таңдау жасауға, маңызды шешімдер қабылдай білуге үйрету,

— балалар мен жасөспірімдер арасында бір-бірін құрметтеу, өзара түсінісу және көмектесу, ынтымақтастық пен достық қатынастарын нығайтуға жағдай жасау. Міне, осы аталған мәселелерді жүзеге асыруда балалар бағдарламаларының атқаратын қызметін көрсету ғылыми жұмыстың алға қойған негізгі мәселелерінің бірі.

                               Зерттеудің жаңалығы. Телевидениені оқу құ­ра­лы ретінде пайдалануға бола­ды. Сондай-ақ, әрі шоу, әрі оқу-тәр­бие құралы ретінде қолдана алсақ, ол онда біздің ең үлкен жетістігіміз болар еді. Біздің арналарға балалар өздері ер­кін араласып кететіндей бағ­дарламалар қажет. Әйтпесе, көптеген бағдарламаларда ба­лалар, жастар тек эфир үшін ғана, болмаса, залды толтыру мақсатында ғана шақыры­латыны жасырын емес. Сон­дықтан белгілі бағдарлама ая­сында балалар клубы, ұйым­дар ашылып жатса, онда оқушылар өздерін еркін ұстап, журналист, редакторлармен жақсы араласып кетер еді. Шығармашылық, ұжымдық жұмыс деген, міне, осындай. Ал қазіргі кезде Қазақстанда балаларға арналған бағдарла­малар аз, енді солардың санын көбейту керек. Өйткені қазір электронды технологияның заманы, оқушы күнінің бір сағатын кітап оқып өткізетін болса, 2-3 сағатын теледидар алдында өткізеді. Сол уақытта олар сериалдар тамашалаған­ның орнына тәрбиелік мәні зор бағдарламаларды көрсе, құп болар еді. Қазақтың би-шешендері, ба­тыр­лары, хандары көп, олар­дың бәрін оқушылар тек кітап арқылы ғана біледі. Ал енді оның телевизиялық нұсқасын жасасақ, ол тарих баланың басында мәңгіге сақталып қалатынына күмән жоқ. Тәуелсіз елдің өзіндік сипатын қалыптастыруда, БАҚ арқылы идеология ұстанғанда, негізгі арнаның бірі осы баланың бойына ұлттық тәрбиені сіңіру болуы да тиіс. Тіпті бүгінгі жаһандану заманында алып державалардың аузында жұтылып кетпей, бірлесіп әрекет жасау, бауырласып тірлік кешу, ынтымақтасып қарым-қатынас орнату қазақ қоғамы үшін өте маңызды. Ал бұндай маңызды мәселелер тек сөз жүзінде ғана айтылып қоймай, ілгері жылжуға мүмкіндік беретін жобалар телеарналарда жасалуы шарт. Телеарна, интернет жалпы, электрондық ақпарат құралдары бүгінгі күнде қарыштап дамып келе жатқаны анық. Сондықтан, олардың зиянды жақтарын қанша айтқанымызбен, олар қоғамның басты қозғаушы факторлары болғандықтан, біз ешқайда қашып құтыла алмасымыз белгілі. Ендеше, менің ғылыми жұмысымның негізгі жаңалығы, телеарнаның тек ақпарат беруші, немесе баланың санасын шетелдік өнімдермен улаушы ғана емес, жас ұрпақтың тұлға болып қалыптасуына, оның әлеуметтік ортадан өз орнын табуға, сондай-ақ, кәсіби жағынан шыңдалуына өзіндік үлес қосу теледидардың негізгі атқарушы функциялары екенін ашып айтып, ғылыми тұрғыдан дәлелдеу болып табылады.

       Әдіс, тәсілдері

 Дипломдық жұмысты зерттеу мәселесіне байланысты телевизиялық, этнопедагогикалық, психологиялық, ғылыми-педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге талдау; Ресей телеарналарының озық тәжірибелерін зерттеу, бақылау, сауалнамалар жүргізу, жинақтау және қорытындылау; эксперимент жүргізу, алынған нәтижелерді сұрыптау,  ғылыми тұрғыда өңдеу әдістері пайдаланылды.

     Дипломдық жұмыстың сипаттамасы

 Еліміздің жас азаматын қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, белсенді өмір позициясын қалыптастыру барысында балалардың әлеуметтік бастамаларын дамытатын телеарналардың бағдарламаларын жетілдірудің маңызы зор. «Қазақстан телеарналарындағы балаларға арналған бағдарламалардың ерекшеліктері» деп аталатын дипломдық жұмысым кіріспеден, негізгі бөлімі екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Бұнда еліміздің телеарналарында қандай бағыттағы бағдарламар әзірленеді, еліміздегі мемлекеттік және мемлекеттік емес арналардағы бағдарламалардың айырмашылықтары, бұл бағдарламалардың сапалық ерекшеліктері, жетістіктері мен кемшіліктері, жалпы, отандық арналардың бала тәрбиесіне, қалыптасуына берер пайдасы қандай деген мәселелер айтылады.  Ресейдегі балалар арналары, соның ішінде соңғы жылдары пайда болған «Бибигон», «Теленяня» телеарналарының жұмысы, олардың балаларға танымдық, көңіл-көтерушілік, оқыту телевидениесін, медиа кеңістікте білім беру мақсатына арналған бағдарламалардың бүгінгі ақпараттық кеңістіктегі орны мен олардың тәжірибелік ерекшеліктері жайлы айтылады.

                          Технологияның жедел әрі шарықтап дамуына байланысты бүгінде теледидардың зиянды және пайдалы қырлары жайлы көптеген бұқаралық ақпарат құралдары дабыл көтеруде. Бұл мәселе тек қана біздің елімізде ғана емес, әлемнің көптеген елдерінде басты мәселенің бірі болып тұр, телеарнаның әсері жайлы электрондық және басылымдық ақпарат құралдары бұл мәселеден сырт қалып отырған жоқ.  Осы аталған мәселелер жайында дипломда сөз болады.

                          Қорытындыда бүгінгі күнге дейін балалар бағдарламасына қатысты жүргізілген зерттеудің аясында өз тарапымнан жасаған ұсыныстар мен қорытындыларыма тоқталамын. Сондай-ақ, зерттеу барысында көзім жеткен нақты нәтижелерім көрсетіледі.

                  Бала — әрбір елдің туын көкке көтеріп, өркендетуші азаматы. Ендеше, мемлекетізідің дамуына қатысты алдымызға қойылған дамыған 50 елдің қатарына кіру стратегиясы секілді көптеген мақсаттарымызға жету барысында болашақ ұрпақтан ешқандай мүмкіндігімізді аямай, осы мақсатта жұмыла еңбек етуіміз керек. Осындай мақсаттарды орындауда әрине БАҚ-тың, соның ішінде телеарна қызметкерлерінің алдында үлкен жауапкершілік тұр. Осы басты міндеттерді сезіне отырып, оның шешу жолдарын қарастырудағы іс-әрекеттерді ауызша ғана айтып қоймай, ғылыми тұрғыдан, түрлі сараптамалар мен зерттеулердің нәтижесінде нақты жолдарын көрсету – дамушы еліміздің алдында тұрған үлкен мақсаттарды жүзеге асыруда тигізер аз да болса көмегі болар дей отыра, дипломдық жұмысымның  тақырыбын жан-жақты ашуға тырыстым.

 

 

 

 

 

  1.   БАҚ және ұлттық тәрбие

 

        1.1  Теледидардың бала психологиясына әсері

             БАҚ-тың бала тәрбиесіне ықпалы туралы пікірлер бір арнаға тоғыспайды. Бір пікірлер теледидардың бала санасына оң ықпалы бар екенін дәлелдесе, енді бір пікірлер кері әсерін айтып, оны дұрыс пайдалана білудің жолдарын іздестіруді қажет деп санайды. Бүгінде алпыстан аса телеарналардың бағдарламаларын тамашалауға мүмкіндіктері бар оқушылар мен жастар үшін олардың неге көңіл бөліп, қандай бағдарламалардың оларға қажет емес екенін тәрбиелеудің кезі жеткен тәрізді.Өйткені бір ғана тыйым салумен, яғни үйдегі теледидардан тәрбиеге кері әсері бар бағдарламаларды, ұсқынсыз мультфильмдерді, киноларды, жеңілтек көңіл көтеруші музыкалық арналарды көрсетпеу арқылы бала санасын қалыптастыру мүмкін емес. Бала көріп білуім керек деген бағдарламаларды басқа да жолдар арқылы көре алады. Сондықтан бұл мәселе төңірегінде ата-ана, мектеп, сонымен қатар БАҚ-тың ішінде ықпалдылығы жағынан ең алдыңғы орынды алатын теледидар басшылығы, ондағы қызметкерлер аталған мәселенің ауқымды екенін сезінуі тиіс.      Теледидар мәселесіне келгенде, бүгінде әлемнің бүкіл ақпарат құралдары ерекше дабыл етіп көтеріп жүрген мәселелерінің бірі – оның бала психологиясына әсері. «Теленяня» арнасының қызметкері Александр Гуревич: «Сіз білесіз бе… біздің «Теленяняны» жасаушы әріптестеріміз де психологтар мен педагогтармен араласып тұратынына күмәнім жоқ. Бірақ мен өзім бір қызық қорытындыға келдім. Психологтар кез келген телевидение, кез келген картиналардың жылдам ауысуы, ақпараттардың миға сыймайтын көптігінің қаупі басым әрі пайдасы аз дейді. Сондықтан, психологтардың бізге беретін кеңестері, балаларға деген теледидардың қауіпті жақтарын азайту болып табылады. Әрине, кітап оқу, оның білім кілті екенін балаларға түсіндіру , сондай-ақ кітапты парақтағанда одан шығатын иістің өзі керемет екендігі жайында айтудың өзі бір ғанибет. Дегенмен, теледидар зиян деп балаға мүлдем теледидар көрсетпей қоюға да болмайды. Мәселен, баланы мектепте бұзылады деп үйге мұғалімдер шақыртып оқытты делік. Білімнің бәрін жақсы сіңірген бала кейін ер жеткенде 10 жылдан кейін сыртқа шығуы керек қой. Тымау кезіндегі иммунитеттің жоқтығы секілді бала да сыртқы ортамен байланысын жоғалтады. Міне, теледидар жайлы да соны айтуға болады. Онда нағыз өмір көрсетіледі, ал баланы өмірден тығып қоя алмайсың. Өйткені, бала одан кейін де сол ортада өмір сүреді» — деп бұл мәселені осы қырынан қарап түсіндіреді.

Телевидение бұқаралық ақпарат құралы ретінде эстетика аумағында тәрбиелеу мәселелерін шешуде маңызды орынға ие.

Балалар теледидарды жақсы көріп және оған өте көп уақыттарын бөлетіні жақсы белгілі. Бастауыш сыныптың кейбір балалары телевидение жайлы түрлі пікірлер айтады. Бір бала былай деп жазады: «Мен кино мен теледидарды жақсы көремін. Мен үшін теледидар — дос. «В мире животных» бағдарламасында мен аңдар мен құстар жайлы ойладым. Әсіресе, мен мультфильмдер мен үнділер жайлы киноларды жақсы көремін».

           Немесе тағы бір мынандай пікір: «Мен теледидарды көбірек қалар едім, оқитын кітабың жоқта немесе сабақтарыңды оқып болғанда телевизор сені жалықтырмайды.»

Осы сөздерден байқалғандай, балалардың теледидарға деген қажеттіліктері туындап отыр. Ал бұл оқушылардың бос уақытының көбеюін және оларды теледидар неге үйрететіні жайлы мәселелер туындайды. Теледидар балаларға көптеген пайдалы және жақсы бағдарламаларды бағыттайды. Дегенмен, олардың бала психикасына әсерін зерттеу бүгінгі күннің басты мәселесі.

             Қазіргі таңда көптеген бұқаралық ақпарат құралдары, соның ішінде баспасөз беттерінде теледидардың бала психологиясына тигізетін кері әсері жайлы дабыл қағып жатқан мақалаларды жиі кездестіруге болады. «Телевидениенің жастарға әсерін заманауи қоғамның бәрін мазалайды. Женевада осыдан 10 жыл бұрын өткен Денсаулық сақтаудың Бүкіләлемдік Асамблеясының ХVІ сессиясында балалардың денсаулығына телевидениенің тигізетін кері әсері жайлы дабыл қағылғаны айтылған болатын, және денсаулық сақтаудың ұлттық органдарына телевидение пайда болғалы бергі күн тәртібінің өзгеруіне, және жастардың еңбекке белсенділігі әр елдерде қолға алынсын деген мәселе көтерілген. Кеңейтілген зерттеулердің нәтижесінде, АҚШ, Англия, Жапония және өзге елдерде балалар үш жастан бастап теледидар көретіндіктері анықталған. Оқушылар күніне жарты-екі сағат уақытын теледидар көруге жұмсайды. Кіші сынып оқушылары үш сағатқа дейін отыра беруі мүмкін. Зерттеулер қорытындысы көрсеткендей балалардың еңбегіне теледидар көптеген елдерде үлкен өзгерістер әкелген», — дейді.      Бүгінгі жағдайда тұлғаның әлеуметтену процесі ерекше күрделеніп келеді. Білім беру мен оқытудың негізгі — отбасы мен мектеп секілді әлеуметтік институттарымен қатар, электрондық құралдар да балалар мен жасөспірімдердің өмірінде маңызды рөлге ие. Қалалық, болмаса ауылдық аймақтарды алып қарасаңыз да, теледидар балалар өмірінде ерекше уақыттарын бөлетін құралдардың бірі деп айтуға болады. «Көк жәшік» арқылы берілетін көрсетілімдер аясы балаларға мол таңдау мүмкіндігін береді. Теледидар — бұл білім беру құралы, демалыс әрі көңіл көтеру объектісі деп жан-жақты қарастыруға болады. «Медицина елшілігі» деп аталатын сайтта жарияланған «Көгілдір экранның көлеңкесі» атты мақаласында теледидардың кері әсерлерін былай келтіреді,

 Теледидардың кері әсері болып табылатындар:

Интеллектуалдық дамуды тежейді. Теледидарға құмартып кеткен балалар басқа балаларменсалыстырғанда оқи алу дәрежесін тексергенде, орта есеппен төмен нәтижелер көрсетті. Оның бірнеше себептері бар: кітап оқу мен білім алуға аз уақыт қалады, теледидар балаларға кітаппен дос болуына кедергі жасайды.

Қиялдау және шығармашылық ойлау қабілеті төмендейді. Кітап оқу балаларға әртүрлі жағдайларды елестетуге, іс-әрекеттерді көз алдына әкелуге мүмкіндік жасайды. Теледидар қиялдау кеңістігіне мүмкіндік бермей, дайын картинаны баланың көз алдына әкеледі.

Өз бетінше ойнай алмау. Теледидарды көп көретін балалар өз еркілерімен ойнай алмайды, өз-өздерін белгілі бір іспен айналысуға міндеттей алмайды, өйткені кез келген ойын ойлау мен қиялдай алуды талап етеді.

Отбасылық және әлеуметтік байланыстың әлсіреуі. Тәулік бойы теледидар қосылып тұратын отбасыларында өзара жақындық азаяды. Үйдегі әлдебіреу үнемі теледидардың алдынан шықай отыратындықтан, отбасы мүшелеріне әңгімелесу, өз ойлары, сезімдерімен бөлісу қиындыққа түседі». Иә, теледидардың өзіндік жетістіктерімен қоса, осындай жоғарыда аталған кемшіліктер де бой алдыратыны рас. Алынған сауалнамалар балалардың бос уақытын теледидар алатынын көрсетті. 60 және 70% оқушылар күнделікті телебағдарламалар қарауға екі-екі жарым сағатын жұмсайды. Мектепке дейінгі балалар бұдан азырақ қарайды, дегенмен ол да аз емес: олардың 35% бір жарым-екі сағаттарын теледидарға арнайды.

  Зерттеулері бойынша, екінші орында барып кітап оқу алды. Кіші сынып оқушыларының бос уақытының көбін ойын алады. Үйірме, спорт түрлерімен балалардың аздаған бөлігі ғана айналысады. Жоғарғы сынып оқушылары үйірмелерге қызығушылықтарына байланысты қатысады — авто, радио қызығушылықтар және өзге де үйірмелер.

        Келесі орынды музыка мен шет тілдерін үйрену алды.

Спортпен айналысу — ең соңғы орындарда тұр. 1-4-сыныптарда көптеген балалар спортқа қызығады, ал 10-сыныпта олар оқуға дайындалатындықтан спортқа деген қызығушылықтары төмендейді. Зерттеулердің нәтижесі балалардың бос уақытын пайдалануы өзге елдермен сай екенін, мысалы, Жапония, Польшада спорт, ойындарға деген ойлауға негізделген қызығушылықтар төмендейтіні байқалады. Көптеген балалар кітап оқуға, кино, театр, радионың орнына теледидарды құп көретіндері белгілі болды. Кейбір дәрігерлердің куәлары бойынша күнделікті 3-5 сағат, ал демалыс күндері 3-8 сағатын теледидарға арнайтын балалардың телевизиялық ауру белгілері байқалатыны анықталған. Бұл аурудың белгілері шектен тысшаршауға сай медициналық әдебиеттерде: тітіркену, жүйкесі шаршау, ұйқысыздық, тәбетінің төмендеуі, бас аурулары, көз нашарлауы кездеседі.

  Денсаулық сақтау Министрлігінің балалар мен жасөспірімдер гигиенасы институты жүргізген арнайы зерттеулері телевидениенің жағымды және жағымсыз әсері бірнеше факторларды анықтауға көмектесті:

Біріншіден, бағдарламаның ұзақтығы және оның аптасына қаншалықты жиі қарайтыны;

        Екіншіден, баланың теледидар көре бастағандағы көңіл-күйі;

        Үшіншіден, қандай жағдайда қарайды — экран мен көрерменнің арасындағы                        қашықтық, экранның көлемі, көріністің саны, экран мен бөлменің жарығы және т.б.

Бағдарламаның ұзақтығына келер болсақ, институттың жүргізген зерттеулері көрсеткендей, қысқа әрі қызықсыз бағдарламалар балалардың орталық жүйке жүйесінде және қарау анализаторында ұзақ, әрі мағынасы жағынан балаларға қызықты бағдарламалардың әсерімен теңдей. Мультипликациондық фильмдер, ертегілер, қуыршақтар спектаклі, олардың зерттеулерінің нәтижесі бойынша балалардың функционалдық организмдерінің жағдайына ешқандай кері әсерін тигізбейді. Бұл бағдарламалар уақыты жағынан ұзақ емес, қанық және динамикалық тұрғыда құрастырылған. Балалар үлкен қызығушылықпен қарайды.

              Ескере кететін жайт, телевидениененің кіші сынып оқушыларына әсері мол.  Жоғарғы сынып оқушыларына қарағанда, олар ашушаң және қызуқанды болып келеді.  Кіші сынып оқушыларына арналған бағдарламалар мағынасы мен мазмұны жағынан салмақты, бірақ формасы жағынан тартымды болуы мүмкін. Ушинскй баланың есінде бір нәрсені нақты қалдыру үшін еске сақтау кезінде қаншалықты сезім мүшелері көбірек қатысатынын ескергені жөн деген. Біздің зерттеулеріміз бойынша үй жағдайында мектепке дейінгі жастағы балалар 30 минут, бастауыш сынып оқушылары — 45 минуттан 1 сағатқа дейін, орта жастағы оқушылар 1 сағат 30 мтинут қараулары тиіс деп шештік. Телевизиялық бағдарламаларды күнделікті қарамаған жөн. Аптасына 2-3 рет, ал тек демалыс күндері ғана қарау өте дұрыс норма. Егер бала теледидарды жиі қараса оның бойынан жүйкенің жұқарушылығы байқалады, оған басқа іс түрімен айналысу қиын, сондықтан ол теледидарға қайта оралады. Өйткені телевизиялық бағдарламаларды қарау балалардан жүйкенің мықтылығын талап етеді. Бұл салмақ бастағы мидың белгілі бір бөлігіне әсер етіп, алдында болған ойлау және көру жұмысына әсер етіп  күні бойы жиналғанын көбейте түседі. Ол бағдарламаны көрі біте салысымен байқалмағанымен, бәрібір ертелі кеш белгі беретіні рас. Таңертеңгі бағдарламалар түстен кейін оқитын балалардың жүйкесін жұқартады.. Түрлі бағдарламалардағы сәйкестік те осыған жатады. Мысалы, енді ғана қызықты фильм бітіп, енді қызықты бағдарлама басталғанда балалар оған назар аударады. Әрине, бұл жерде үлкендер, ата-аналар, отбасындағы қарым-қатынас үлкен әсер етеді. Біз өзіміз балаға қызықты бағдарламаны және көруге ыңғайлы уақытты табуымыз керек.

  Кіші мектеп жасында көрудің нашарлауы да қобалжыту тудырады. Ондай жағдай жиі кездеседі. Біздің және шетелдің дәрігерлері де теледидар диафиьм қарау, сызу, сурет салу, тігу секілді көру жұмысы екенін айтады. Егер балалар бағдарламаларды ұзақ уақыт қараса, олардың көру анализаторларында қарау кезіндегі шаршағандықты  байқауға болады. Ол телевидениенің спецификасына қатысты емес, күні бойы оқушының көру мүшесіне үлкен жұмыстар жүктеледі, ал экран алдындағы ұзақ отырыс — көзге түсетін салмақты ұлғайтады.

       Біздің зерттеулеріміз көрсеткендей, өзге сабақтарға қарағанда телевизиялық бағдарлама пайдаланған сабақ әлдеқайда тез шаршатады. Телевизиялық сабақ ақпаратты көп көлемде береді, оның жеткізу формасы тиімді болғанымен, жоғарғы дәрежедегі концентрация тез шаршатады. Әдебиет және математика сабақтары әлдеқайда жағымды әсер қалдырған, 50-60% оқушылар сабақ бойы және бір күн бойы еңбекке қабілеттілігі. Жоғарғы дережеде болған. Физика және химия сабақтарының нәтижесі керісінше. Айта кетерлігі, телевидениені пайдалануды есепке ала отырып оқу бағдарламасын құрастырғанда телебағдарламаның баланың организміне әсерін комплексті және жан-жақты зерттеген дұрыс.

Адамның қабылдау механизмі жиі дамып отырады. Ең қарапайым өзінің функцияларынан бастап адамның қабілеті объекттің қимылынан бастап, қозғалмайтын объектті анықтау, әр заттың бірегейлігін ажыратуға дейін дамып отырады. Бала үш жасқа дейін обьекттің динамикасын кинофильм немесе телевизиялық хабар қарағанда нашар ажыратады, оған психологиялық жағынан пайдасыз, керісінше, зиянды. Үш жастан бастап бала динамика мен контрастылықты қабылдай бастайды — заттың көлемі жағынан үлкейгенін немесе кішірейгенін, адам бұрылған кездегі фас пен профильді ажыратып, киімінің ауысқанын байқап, әртүрлі ракурс пен пландарда — бір зат немес бір адамның түрліше түсірілгенін түсіне бастайды. Образды қабылдауда контрастылық пен динамизм салыстырмалы түрде баяу дамиды. Сондықтан да бастауыш сыныптағы оқушылар қатысушы кейіпкерлері көр күрделі фильмдердегі көп нәрсені аңғара бермейтінін, ал керісінше, олар мағнасы жағынан қабылдауы мүмкін емес деген мәселелерді олардың қабылдағанын байқаймыз. Бұл жерде қабылдау механизмі белгілі бір дәрежеде түсіну мүмкіндігінен қалып отыратыны байқалады. Сол себепті, телевизиялық хабарды дайындағанда осындай ерекшеліктерді ескерген дұрыс.

  Балалардың арасында тұрақты кейіпкерлер үлкен табысқа ие. Оны ерекшелеп алутүрлі жағдайларда тануға оңай. Ал кейіпкерлер ауысқан жағдайда бала қиын жағдайға тап болады. Бұл кейіпкерді идентификациялау мүмкіндігі түрлі ситуацияларда көріністі қабылдауда кеш жүреді, ал затты қабылдауда ертерек жүреді. Психологиялық зерттеулер көрсеткедей, балада алғашқыда қозғалмалы картиналарды қабылдау жүреді, одан кейін барып статикалық картинаны қабылдау, кейін — динамиканы қабылдау жүреді.

  Көріністі тамашалағанда фигура мен фонның сәйкес келуі маңызды. Балаларға арналған телевизиялық хабар немесе бағдарламада фон қарапайым болғаны дұрыс, образды қабылдауда ең басты қажетті нәрсе ғана анықталуы керек. Фон ерекше көңіл-күй тудырады. Фактура мен фон көрініске әлдебір поэтикалық мағына береді.

       Балалардың мультфильм мен мультипликацияларға деген ерекше ықыласын кейіпкерді образы нақты контур фильмнің соңына дейін сақталатынымен тартады.

Телевидениенің таралуы мен қолдану аясының кеңеюіне байланысты телевидениенің экспериментальді психологиясының жағымды және жағымсыз қырлары анықтала бастады. Телебағдарламаның объектісі  біріншіден – камераның алдында сөйлеушілер болса, екінші жағынан – көрермендер. Бұл зерттеу объектілерін шартты түрде «камера алдындағы адамның мәселелері» және «телебағдарламаны қабылдау мәселелері» деп бөлуге болады. Телевизиялық көріністі қабылдау шынайы көз алдыңыздағы өмірде кездесетін көріністі қабылдаудан айырмашылығы бар. Телевизиялық көріністі қабылдау мыналарға байланысты:

Шынайы өмірдегі көріністі жарықты пайдалану арқылы өзгешелеу;

Динамикалығы, статикалық көріністердің өзін жеделдету;

Көрінетін объекттің шынайы қашықтығы;

Көріністің түсініктілігі, яғни объект пен телекөрерменнің әлеуметтік тәжірибесі;

        Көрініс пландарының ауыстыру жиілігі.

Камерадағы адамды оның сипаттамасы жеткіліксіз болғандықтан, көрермендер шатастыруы мүмкін. (Мысалы, ақ халатты адамды дәрігер, аспазшы, парикмахер т.б мамандық иелерімен шатастыруы мүмкін).

             Тек психологиялық мәселелерден басқа, телебағдарламаны қабылдаудың                әлеуметтік-психологиялық қырлары да болуы мүмкін. Бұл «камера алдындағы адамға» тікелей қатысты, диктор немесе жүргізуші мен көрермен, немесе бір экран  алдында отырған бірнеше адамға да қатысты мәселелер осы бағытқа жатады. Мәселен, теледидар арқылы берілген концертті көрермен бақылаушы ретінде қараса, ал телекомментатордың сөзін актер емес, тікелей өзіне қарым-қатынас жасап тұрған әңгімелесуші ретінде қабылдайды, демек психологиялық тұрғыда бұл мәселелер түрліше қабылданады.                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

              1.2 Тәрбие бесіктен басталып, БАҚ арқылы жалғасады

 

           Келешекте елімізде тәулік бойы мемлекеттік тілде хабар тарататын үш бірдей телеарна ашу жоспарланып отырғанын 2009 жылғы желтоқсанның 12-сінде  мемлекеттік тілді дамыту президенттік қоры қамқоршылық кеңесінің отырысында кеңес төрағасы, Мемлекеттік хатшы — Сыртқы  істер  министрі Қанат Саудабаев айтқан болатын. Қ. Саудабаевтың атап көрсеткеніндей, олар ақпараттық-танымдық, әлеуметтік-мәдени, тарихи-патриоттық бағыттағы телеарналар болады деп жоспарлануда. Арналардың біреуін «Мәдениет», екіншісін  оқу-ағартушылық бағыттағы «Зерде», ал үшіншісін бүлдіршіндерге арналған «Балауса» деп атау көзделіп отыр. «Арналардың атауына қатысты айтарым, бұл — түпкілікті шешім емес. Келешекте өздеріңізбен бірге бас қоса отырып, жаңа телеарналардың аттарын жақсылап ойластыру қажет», деді  Қ. Саудабаев.   Ал, 2009 жылғы желтоқсанның 21-де болған ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед қазақ тілінде тәулік бойы хабар тарататын телеарналар Қазақстанда сандық жүйе енгізілгенде барып жүзеге асуы мүмкін екенін айтқан болатын. «24 сағат толық қазақ тілінде хабар тарататын үш телеарна туралы баспасөзде бірнеше мәрте жазылды. Дегенмен, мен өз басым ешқашан келесі жылы осындай үш телеарна ашылады, деп айтқан емеспін. Жалпы, бұндай телеарна Қазақстанда сандық телеарна жүйесіне көшу жүзеге асырылғанда ғана ашылуы мүмкін. Ал оның қай мерзімде, қашан ашылатынын уақыт көрсетеді. Бірақ, бұндай арналардың ашылатындығында еш күмән болмауы керек», деген болатын. Министрдің айтуы бойынша , Қазақстандағы  республикалық жиілікте 10 арнаны көрсетуге мүмкіндік бар болса, сандық арналар іске қосылғанда олардың әрқайсысының жиілігіне тағы 7-8 телеарна ашуға мүмкіндік туады. «Демек, сандық жүйе арқылы қазақстандық көрерменге 50-60 телеарнаға дейін тамашалауға мүмкіндік болады. Қазір осы бағыттағы тұжырымдама жасалуда. Бұл тұжырымдама дайын болған соң оны Үкімет бекітеді. Содан кейін барып, тәжірибе жүзінде екі-үш өңірде 2010 жылдың екінші жартысынан немесе 2011 жылы көшіруді жоспарлап отырмыз», деді министр. Оның айтуынша, сандық телеарнаға көшу 1-2 жыл емес, 4-5 жылдың мерзімінде жүзеге асатын үдеріс. Тәуелсіздігімізді нығайту мақсатында Отанға деген сүйіспеншілік, яғни патриоттық тәрбие алдыңғы қатарға шығатыны сөзсіз. Жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеу мемлекеттік маңызды мәселе екенін тағы бір еске сала кеткен жөн болар. Бұл жөнінде Қазақстан және Ресей Білім академия­лары­ның академигі Б.Момынбаевтың “Отан­шылдық білім мен тәрбиенің тұғыры болуға тиіс” деген мақаласында [1].  “… Осы тұрғыдан келгенде, қоғамдық сананы қалыптастыруда, әсіресе жас ұрпақ тәрбиесінде БАҚ-тың жетекші орынға шығып отырғаны өмір шындығы. Солай бола тұра, бүгінгі таңда қазақстандық БАҚ жүйесіндегі еркіндіктің бассыздыққа ұласып бара жатқаны айырықша алаңдатады”, дейді. Бұл мақалада қазақ жерінде қазақстандық БАҚ-тан гөрі шетелдік БАҚ-тың пайыздық көрсеткіші жоғары деген мәлімет берілген. Одан әрі автор отаншылдық жайындағы ойын жан-жақты сараптай келе: “Біздің ойымызша, БАҚ-тың ең киелі міндеті ақпараттық-ағартушылық ұстаным болуға тиіс. Бұл ретте, БАҚ-тың рөлі бүгінгі таңда бірінші орында тұрғанын социологтар бірауыздан мойындайды. Демек, Қазақстан БАҚ-тарындағы ұрпақты аздыратын, ұлтты тоздыратын кейбір бейбастақтықты ауыз­дықтау мәселесі  әбден шегіне жеткенін терең сезінуіміз керек” деген ұтымды ой айтады.

Соңғы кезде жүргізілген зерттеулер балалар мен жасөспірімдер өмірінде бұқара­лық ақпарат құралдары рөлінің барынша артып келе жатқанын көрсетіп отыр. Ғалымдардың пікірінше, бұқаралық ақпарат құралдары, әсіресе оның ішінде теледидар ересектерден гөрі балалардың өмірінде елеулі орын алады. Оған дәлел ретінде аталған проблемалармен айналысып жүрген ресейлік ғалым А.Журиннің еңбектеріндегі келтірілген деректерді атап өтуге болады. Онда Ресей балаларының ақпарат құралдары өнімін пайдалану дәрежесі жан-жақты баяндалады. Сонымен қатар, 1992-1999 жылдар аралы­ғындағы әртүрлі жүргізілген зерттеу жұмыс­тары нәтижесінде бұқаралық ақпарат құралдарының ішінде теледидардың алдыңғы орынға шыққаны көрсетіледі.

Сондай-ақ, А.Журин зерттеу барысында өте маңызды тағы бір мәселеге көз жеткізген. Мысалы, балалардың ақпарат құралдарына риясыз сенетіндігі, яғни журналистердің бұ­рыс ақпарат беруіне негіз жоқ деп есептейтін­діктері. Аталған деректерге сүйенсек, жеткіншектерді тұлға ретінде қалыптастыру барысында бұқаралық ақпарат құралдары белсенді құрал болады деуге толық негіз бар. Бірақ, ғалым бұл әрекеттің кейбір жағдайда кері ықпал тигізетінін де естен шығаруға болмайтынын ескертеді. Ресейде жүргізілген сауалдаманың нәтижелеріне қарағанда, сұрал­ғандардың 67 пайызы қазіргі теледидар бағдар­ламалары балалар мен жасөспірімдерге кері әсер етеді деп есептейді. Тек 14 пайызы теледидар жастарға оң ықпал етеді, яғни нақты өмірге бейімделген еркін де баста­машыл адамдарды тәрбиелейді деген пікірде. Ал сауалдамаға қатысқандардың 13 пайызы электронды БАҚ-тың Ресей жастарының адам­гершілік қасиеттеріне кері әсер етіп отырғанын сезінбейтінін айтады. Яғни, БАҚ-тың ықпалы біреулер үшін оң болса, енді біреулер үшін кері әсері бар. Бұл мәселе қа­шан­нан талас тудырып келе жатқаны белгілі. Сол себепті БАҚ-тың адамға ықпалы ең тиімділердің қатарына жататындықтан, оның мүмкіндіктерін қажетті бағытта пайдалануға болатынын ескерген жөн.

Тағы да А.Журиннің пі­кіріне жүгін­сек, бұл проблеманы ше­шу­дің бірден-бір жолы — өсіп келе жатқан тұлғаны ақпараттық қорғау, оның ішінде теріс әсері бар әртүрлі ақпараттардан қорғау керек. Өйткені, қазіргі оқушылар қай жағынан алғанда да өте белсенді. Әсіресе, ақпарат әлеміне енуге мүмкіндік жоғары болған сайын олардың қызығушылық әрекеті де ұлғая түсуде. Дәл осы кезеңде мектеп тарапынан жасалатын әрекет алдыңғы қатарға шығуы қажет. Мектеп маңызды әлеумет­тендіруші институт ретінде оқушылардың бойында білім, білік, дағды қалыптастыруға тиіс десек, аталған проблеманы шешу жаңа заманның мұғалімдеріне жүктеледі. Бірақ, бір қиындығы, кеңестік дәуірде де, қазіргі уа­қытта да мектеп өз алдына балаларға ақпа­ратты “қажет”, “қажетсіз” деп ажырата білуге үйрету міндетін ешқашан мақсат етіп қойған емес. Соған қарамастан, бұл мәселені шешуде мектеп шешуші рөл атқарады. Себебі, басқа әлеуметтендіруші инсти­туттармен салыстырғанда, мектептің тәрбие­леушілік ықпалы жоғары және мүмкіндігі зор. Демек, бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін дұрыс таңдай білуге үйрету үшін әртүрлі шаралар ұйымдастыру, ойластыру қажет. Мысалы, өткен ғасырдың 60-70 жыл­дары Ресейдің бірнеше мектептерінде, көңілге қонарлық жұмыстар жүргізілген, яғни бұқа­ралық ақпарат құралдарының, оның ішінде мерзімді басылымдардың тәрбиелеушілік ықпалын пайдалануға негізделген арнайы жоспар жасалып, сол жоспардың аясында әртүрлі шаралар ұйымдастырылған. Ол жос­парда төмендегідей бірнеше міндеттер белгіленген:

– оқушыларды мерзімді басылымдарды оқуға деген саналы сұранысқа тәрбиелеу;

– қоғамдық-саяси және танымдық маңызы бар мақалаларға қызығушылығын қалыптастыру;

– оқушылардың бойына басылымдармен жұмыс істей білу іскерлігі мен дағдыларын сіңіру;

– аталған міндеттерді шеше отырып, мектеп мұғалімдері оқушылардың идеоло­гиялық-саяси, еңбек, эстетикалық, адамгер­ші­лік тәрбиесін жолға қоюдың тиімді құралы ретінде мерзімді баспасөздің мүмкіншілігін кең түрде пайдалануы керек деп көрсетілген.

Мұндай тәжірибені 90-жылдары Алматы қаласының мектептерінде де жүзеге асырғаны белгілі. Атап айтқанда, №2 республикалық мектеп-интернатта, Әл-Фараби атындағы №145 мектепте де мерзімді баспасөздегі материалдармен жұмыс жүргізуге арналған шаралар ұйымдастырылған. №2 мектеп-интернатта бұл факультатив сабақ түрінде жүргізілетін-ді. Бұл пәнді оқу арқылы оқушылар қоғамдық пікір тудыратын күшті қарудың құдыретімен таныса алатын. Сол арқылы оқушылардың дүниетанымын, өмірге көзқарасын қалыптастыруға тиімді жол табылды. Сондай-ақ, сабақ кезінде оқушылар күнделікті газеттерде жарық көрген мақала­лар­ға талдау жасап, өз пікірлерін ортаға сала­тын. Сабақ өзіндік пікірі қалыптасып үлгер­ген жоғары сынып оқушыларымен жүргізі­летін. Онда тек мектеп мұғалімдері ғана емес, Әл-Фараби атындағы ұлттық университеті журналистика факультетінің ғалымдары дәріс оқыған-ды. Осындай игі шараны қазір де республика мектептеріне түгелдей енгізуге болар еді.

Бала санасының қалыптасуында өзіндік орны бар бұқаралық ақпарат құралдарының тәрбиелік ықпалын пайдалану үшін, ең алдымен, балаларды соған тәрбиелеу керек. Тағы да С.Елубаевтың мақаласына оралар болсақ, онда: “Тәуелсіздігіміздің 15 жылында біз үлкен экранға, телеэкранға қалай ие болып отырмыз? Күніне жүздеген мың қазақстандық рухани тәрбие алып жатқан киноэкран жас ұрпақ санасына қай елдің қандай тәрбиесін құйып жатыр? Қай елдің идеологиясын сіңіріп жатыр? Экранына ие бола алмаған жұрт ұрпағына ие бола ала ма? Күмәніміз бар. Ұрпақ тәрбиесі — мемлекеттік мәселе” деп жас жеткіншектерді тәрбиелеу мәселесінде ақпарат құралдарын дұрыс бағытта пайдалану керектігін айтады.

Ендеше, БАҚ-тың бала тәрбиесіне әсері жөнінде айтылған тұста, оның тәрбиелік ықпалына көбірек көңіл бөліп, керісінше зиянды деп табылатын бағдарламаларға тосқауыл қоюдың уақыты келді. Ондай мысалдарды дамыған елдердің тә­жірибесінен де кездестіруге болады. Мәселен, АҚШ, Ұлыбритания, Франция сияқты мемлекеттерде балаларға қатысты бағдарламаларды сараптаудан өткізу, олардың дамуына кері әсерін тигізетін хабарлар қатаң түрде бақылауға алынады. Сонымен қатар жас жеткіншектердің тұлға ретінде дамуына сәйкестігі мақсатында ақпараттық өнімді жасаушылармен тығыз байланыс жүргізуді ұйымдастыру жағы да қарастырылған. Ондай қарым-қатынасты жүзеге асыру саясаты тікелей мемлекеттік дәрежеде жүргізіледі. Ол үшін заң органдары әртүрлі нормативтік актілер дайындайды. Аталған елдердегі бұл шаралар БАҚ-тың қызметіне қол сұғу деп танылмайды. Өйткені, балалар тұтынатын БАҚ өнімдеріне деген көзқарас аталған елдердің ұрпақтың болашағына деген сергектігін көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             

 

 

 

 

    1.3 Ресей телеарналарындағы балаларға арналған                            бағдарламалардың тәжірибелік ерекшеліктері

 Көршілес Ресей елі балаларға арналған бағдарлама жасау жөнінен бірқатар жоғары нәтижелер көрсетіп келеді деп айтуға болады. Мәселен, 2007 жылдың басында ғана осы елдің президенті Владимир Путин бастап, және көптеген мамандар балаларға арналған телебағдарламалардың аздығын айтып дабыл көтерген болатын. Тіпті, 2006 жылы балалардың телеөнімдерін дайындау барысында жүргізілген зерттеулердің нәтижесі бойынша Ресей мен Германия дамыған елдер арасында соңғы орындарды иеленіп келгендігі жайлы жиі айтылатын. Осыған қарамастан, Ресей телеарналарындағы кейбір балаларға арналған бағдарламалар талай жылдан бері кішкентай көрермендердің назарынан тыс қалмай, сүйікті хабарларына айналды. Мәселен, «Спокойной ночи, малыши!» бағдарламасы арқылы тек Ресей ғана емес, көптеген елдердің соның ішінде өзіміздің талай қазақ балаларының да бірнеше буынын тәрбиеледі деуге болады. Әр жексенбі сайын болатын «Утренняя почта» бағдарламасы жайлы да соны айтуға болады. Дегенмен, көптеген ескертулерден кейін бұл елде бірден жақсы нәтижелерге қол жеткізді деп айтуға болады. Бір ғана 2007 жылдың ішінде балаларға арналған екі бірдей телеарнаның есігі ашылды. Яғни, кішкентай көрермендердің назарына «Теленяня» және «Бибигон» арналары ұсынылды. Әрине, бұдан бұрын да бұл елде «Никеолодеон», «Жетикс», «Детский», «Детский мир»,  JimJam» секілді балаларға арналған шетелдік және отандық арналар көрсетіліп тұрды.

«Детский мир» балалар телеарнасы Лондоннан трансляция жасайды. Осы арнаның құқығы RTVI компаниясына қарайды. Алдыңғы уақыттарда бұл телеарнаның барлық құқықтары «НТВ-Плюс» орталығына қарайтын. Қазірде бұл арна кабельдік пакеттерде ретрансляция жасауға мүмкіндік алып отыр. Ресейдегі оның өкілі «Медиамарт» компаниясының дестрибьюторы. Арнаның жұмысы таңертеңгі сегізден кешкі сегізге дейін. Негізгі көрсетілімдері мультипликациялық және көркем фильмдер мен сериалдар, олардың барлығы 1993 жылға дейін Ресейде шығарылған телевизиялық өнімдер. Телеарнадан берілетін бағдарламалар түрлі жастағы аудиторияға, яғни кішкентай бүлдіршіндерден бастап жоғары сынып оқушыларына дейін қамтиды. Ертегілердің экранда берілуіне арнада ерекше мән беріледі. Тіпті олардың арнайы циклдары да бар, мәселен, «Сказки народов мира», «Сказки Андресена», «Сказки Пушкина», «В мире сказок», «Русские народные сказки». Телеарнаның сеткасы үшке блокқа бөлінген және әрбір блок төрт сағатты құрайды.Кешкі блок – премьералық деп аталады. Ол 16.00-ден басталады. Ертеңіне осы блок екі рет қайталанады – 8-ден және 12-ден басталады.

Ресейде шетелдің кейбір балаларға арналған телеарналары да ретрансляция жасалады. Солардың бірі «Jetix» арнасы. Телекомпания жарнамалық және қайырымдылық акйияларын жүргізіп отырады. Мәселен, көптеген балалар үйлеріне және кемтар адамдардың отбасыларына арна тегін көрсетіледі. Ол үшін тек телеарна келісім шартқа отырған кабельдік операторларға алдын ала ұсыныс жасалуы керек. Сондай-ақ, бұл арнаның кейбір қайырымдылық акциялары концерт, танымал жүргізуші және ертегі, мультфильм кейіпкерлерімен кездесуге арналады. Jetix арнасының барлық барлық бағдарламалары орыс тіліне дубляж жасалған. Хабар тарату уақыты тәулігіне 18 сағатты құрайды. Сетканың негізгі бөлігін мультфильмдік сериалдар алады. Мәселен, арнадан берілетін Человек-пауктың шым-шытырық оқиғалалары талай жылдардан бері бүлдіршіндердің назарына ұсынылып келеді. Ресей мен ТМД аймағында бұл арнаның эфирден таралуымен «Телко Медиа» компаниясы айналысады.

Ресейде таратылатын шетелдік телеарналардың бірі — Nickelodeon бүгінде дүние жүзі бойынша балаларға арналған алғашқы орындағы телеарна деп айтуға болады. Бұл арна бүгінде кабельдік және спутниктік жүйелер бойынша Қазақстанға да таралып, елімізде жоғары танымалдылық пен сұранысқа ие болып отыр. Nickelodeon халықаралық атақты Viacom компаниясына қарайды. 1998 жылдың қарашасынан бері Ресейде таралып келеді және тәулік бойы ТМД мен Балтия елдеріне тарайды. Бұл арнаның бағдарламалары 2 мен 15 жас аралығындағы балаларға арналған. Арнаның бағдарламаларының негізі — достық, мектеп, баырлар арасындағы жылы сезім секілді мәселелерге арналады. Сондай-ақ, бұнда спектакль, түрлі байқаулар, мектеп жасына дейінгі балаларға арналған бағдарламаларвикториналар, интерактивтік ойындар көрсетіледі. Nickelodeon арнасы әрбір аймақтың тілдік ерекшеліктеріне лайықталып таңдалады. Ресей мен ТМД елдеріне арна MBG компаниясы арқылы тарайды.

Бір айта кетерлігі, соңғы уақыттары Nickelodeon арнасынан таралатын мультфильмдер көптеген елдерде сынға ұшырап отырғаны белгілі. Яғни, алысқа бармай-ақ, Ресейдің өзінде бұл арнаның мультфильмдері бала психологиясына кері әсер етіп жатқандығы жайлы ғалымдар мен психологтар талай рет дабыл көтерді. Мәселен, басы қоян аяғы жыландікіндей болып келетін не екені белгісіз, түсініксіз жануар емн теледидар секілді төртбұрыш басы бар құйрығы түлкінікіндей ұзын белгісіз бір жануар тіптен қорқынышты не екені белгісіз ұсқынсыз, құбыжық тәрізді біреулермен шайқасады. Оны көрген бала ол жануарларды қалай қабылдарын білмей, дал болуы мүмкін. Міне, осындай дүниелер арқылы балаларда қате түсінік қалыптасады. Сондықтан, бұндай мультфильмдерден аулақ болу керек деп дабыл көтерілгенімен, әзірше ешқандай өзгеріс жоқ.

Ресейде таралатын Nickelodeon-ға бағыты жағынан ұқсас келетін шетелдік арналардың бірі — Cartoon Network. Ол 160 елде 22 тілде 25 нұсқада таралады. Енді осы соңғы жылдары ашылған екі арнаның жұмысына тоқтала кетсек. 2005-жылдың 1-сәуірінен бастап бұл арна орыс тілінде тарала бастады және ол негізінен мультфильмдер көрсетеді. Онда заманауи, сәнді, динамикалық, көңілді және басқа да «есерсоқ» кейіпкерлер қатысатын түрлі бағыттағы мультфильмдер көрсетіледі. Арнада «Лаборатория Декстера», «Джонни Браво», «Корова и цепленок», «Эд, Эдд и Эдди», «Самурай Джек», «Близнецы Крэмп» секілді көпшілікке танымал мультфильмдер көрсетіледі. Бүгінде телеарна мультфильмдерінің саны 10 мыңнан астам деуге болады. Бұнда арнайы ұлдар мен қыздардың аудиториясына арналған тақырыптық бағдарламалр әсіресе Ресей аудиториясында жоғарғы сұранысқа ие.

Бұл арналардың бәрі Ресей балаларының назарына күнделікті ұсынылып отырғанымен, олар түгелімен шетелдерде шығарылады және  бағдарламаларды қаржыландырушылар да шетелдің компаиялары. Міне, біраз уақытқа дейін осындай дағдарысқа душар болған ресейліктер жоғарыда айтпақшы жан-жақтан дабыл қаға бастады. Әрине, билік кімде болса, сол сөйлейді демекші, шетелдерден шығарылатын арналар қаржы өздерінікі болғандықтан, олар қалай болған күнде де алдымен олар өз мүдделері үшін жұмыс істейтіні белгілі. Олар өз бағдарлама, мультфильмдерінде өз идеологияларын насихаттап отырды. Бір ғана TiJi  арнасының өзін алып қарасақ, француз тілінде шығарылатын бұл телеканал міндетті түрде алдымен өз елінің бүлдіршіндеріне қызмет етіп, оларға өз ұлтына тән тәрбие мен мәдениет, идеологияны жүргізіп бағады. Тіпті, әр елдің идеологиясына қарай бағдарламаларын реттеп таратып отыратын Nikelodeon, Jetix-тердің өздері де қарапайым мультфильмге келгенде, Ресей балаларының түсінігіне қайшы дүниелерді көрсете бастады. Осындай мәселелерді ескере келе, осы елдің мамандары бірлесе отырып, 2007 жылы президент Путиннің арнайы қолдауымен «Бибигон» және «Теленяня» арналарын шығарды. «Бибигон» жайлы арнаның бас продюссері Александр Гуревич былай дейді: «Біздің мақсатымыз — балалар араласып тұруға лайықты жағымды арна жасап шығу. Бірақ бұл да аздық етеді. Жағымды дүниелердің қатарында , үлкендерге де ұнайтын, бәрінің көңіліне жағатындай бағдарламалар болу керек. Ол біздің ойымызша, білім беретін дүниелер болуы керек. Балаларға арналған телеарнаның жарыққа шыққанына үлкендер де қуанышты.Біз бәрінен бұрын арна балаларға өмір жайлы айтып беруі керек» — дейді.\16.\

Оқушылардың теледидарға көңіл бөлу ынтасы (анкета алу арқылы % өлшеммен алынған)

 

 

Ынта

ІІ

ІІІ

V

VІІ

ІХ

Тенденция

танымдық

51.1

66.6

76.1

77.7

84.0

Өсімі

көңіл-көтерушілік

61.2

78.1

71.8

69.0

72.9

ІІ сыныпқа дейін максимум, ары қарай төмендейді

қажеттілік

29.4

44.0

32.1

27.5

26.0

шындықтан қашу

19.3

17.0

15.4

14.9

12.5

Төмендеуі

Ойланбас-тан қарау

12.4

17.4

7.1

8.2

7.2

V сыныпта бірден төмендейді

 

Кестеден көріп отырғанымыздай, бесінші сыныпқа дейін көңіл-көтерушілік ынта басым болса, одан кейін танымдық ынтаға ауысады. Бір нәрсе білуге деген қызығушылық біртіндеп шындықтан қашу ынтасының  орнын басады.  Сондай-ақ, бала өскен сайын еш нәрсе ойланбастан теледидар қарау ынтасынан аулақтай береді. Бүгінгі күнгі балалардың да теледидарсыз өмірлерін елестету мүмкін емес деп айтқанмен, олардың «көк жәшікке» деген сұранысы осы зерттеуге сәйкес келеді деп айтуға болады. Енді Ресейдегі бүгінгі балалар арналарының жұмысына тоқтала кетсек.

«Теленяня» арнасы алғашында 2006 жылы «Эрудит» атымен брендке шықты. Бірақ ол кезде арнаның жұмысы толығымен аяқталмаған, әншейін балалар арнасының шағын жобасы ретінде ғана болатын. Кейін 2007 жылдың 1маусымында арнаның аты «Теленяня» болып ауысып, Балаларды қорғау күнінде жаңа форматта өзгеше логотиппен эфирден берілді. Арнаның негізгі ұстанымы ресейлік дәстүрлі мәдениеттің айқын көрінісін жасау болды. «Теленяня» басшылары арнада барлық зорлық-зомбылық, агрессия және бала психикасына кері әсер беретін бағдарламалардың көрсетілуіне тиым салатындарын жариялады. Арнаның концепциясы балалар психологтары мен арнайы мамандардың көмегімен жасалып, алғашқы нұсқалары балалар мен ата-аналардың назарына ұсынылып, арнайы тесттен өткізілді.

        «Теленяня» арнасы ең алғаш эфирге шыға салысымен, бірден-ақ көпшіліктің көңілінен шығып, ауқымды аудиторияны қамтыды. Алдыңғы өзге елдерден таралатын балалар арналарына қарағанда, «Теленяня» орыс халқының мәдениеті мен тәрбиесіне сай бағдарламалар әзірлене бастады. «2000 жылдың адамдарына ақылмен ерекшеленіп, өз жүректерінің жылуын бөліп, туған жері өгей шешеге айналмайтындай жағдайға жетулері керек. Олар туған жерін білім мен махаббаттың арқасында ғана марқайта алады. Бір нәрсені жақсы көруге міндеттеу мүмкін емес. Бұл әсіресе балаларға қатысты. Бірақ оларды қызықтырып, олардың көңілін аулап, сендіруге болады. Олар барлық тірі дүниелерге еніп, оларға назар аударып, қызығушылық танытқан жағдайда ғана махаббат пайда болады. Ал адамның табиғаты сондай: ол өзі жақсы көрген дүниесін ренжітуге жол бермейді» — деген еді кезінде балаларға арнап Ленингар телеарнасында «Солнцеворот» бағдарламасының редакторы И.Трофимкин «Три рассказа» мақаласында [2]. Демек, бүгінде «Теленяня» арнасының бағдарламалары осы айтылған қағидаларға сай дайындалып келеді деуге болады. Арнадағы әр бағдарлама бүгінгі балалардың қызығушылығына толығымен сай болмаса да, соған әлдеқайда жуықтады деп айтуға болады..

Ойын — баланың ойлау жүйесін дамытудың ерекше тәсілдерінің бірі. Бала ойнай жүріп, өзімен-өзі әңгімелесуі мүмкін, немесе белгілі бір нәрсе жайында ойша жан-жақты қиялдайды, өзінің ойлау жүйесін дамытады. Осыны ескерген телеарна ұжымы ойынға құрылған бағдарламалар топтамасын жасап шығарды. Мысалы,  «Большие буквы» бағдарламасы:

Бұл орыс тілін, оның қыр-сырын үйренуге арналған икторина. Командалық ойын түрінде жүреді. 7-9 жас аралығындағы 5 бала төрт арнайы сайыстардан өтіп супер ойынға шығады. Ол үшін олар өздерінің күшін, ептілігін, ақылдылығын және ең бастысы – орыс тілін жақсы меңгергендігін көрсете білулері қажет. Әр ойынның негізінде атақты ертегі, немесе белгілі бір сюжет болады, ол бүкіл ойынның өту барысына арқау болады. Бағдарлама жүргізушісі және оның көмекшісі Буквоед балалардың уақытын барынша қызықты өткізулеріне көмектеседі. Бағдарламаның негізгі мақсаты – орыс тілінің жан-жақтылығы мен бай, әрі дамыған ұлы тіл екенін көрсету.

Бүгінде арнаның www.telenyanya.ru атты өзінің жекелеген сайты жұмыс жасайды. Онда «Бағдарламалар», «Видео», «Ата-аналарға», «Әңгімелесу», «Программа» секілді көптеген блоктары бар. Осы блоктар көпшіліктің арнаның жұмысымен танысуына мол мүмкіндік береді.  Мәселен, «Бағдарламалар» блогында сіз арнада қандай арнайы бағдарламалар бар және олардың мазмұндық ерекшеліктері неде екенін біле аласыз, сондай-ақ, бағдарламадан үзінді фотолар сайтта жарияланған. «Видео» блогы кез келген уақытта интернет арқылы арнаның көрсетілімдерін тамашалауға мүмкіндік берсе, «Ата-аналарға» блогы балалардың әке-шешелеріне арналған ақпарат береді, яғни арнаның мүмкіндіктері, қай жылы ашылғандығы, бүгінгі күндегі жұмыс жасау жағдайы жайлы білуге болады. «Әңгімелесу» көпшіліктің хат жазысуға арналған беті, ол арқылы көрермендер өздерінің пікірлерімен бөлісулеріне, форум өткізулеріне мүмкіндік береді. «Программа» блогы арқылы аптаның әр күнінде қай сағатта қандай дүниелер болатынын, яғни өзіңіз қалаған бағдарламалардың уақытын біле аласыз. Демек, арнаның сайты көпшілікке толығымен «Теленяня» жайлы ақпарат беруге арналған. Бұл бір жағынан – арнаның танымалдылығын арттырса, екіншіден, көрерменді тартудың ең тиімді жолдарының бірі деуге болады. Осы жерде айта кетерлігі, бүгінде біздің еліміздегі арналарға да осындай ақпараттық сайт міндетті түрде қажет екені анық.

Сонымен, «Теленяня» арнасындағы әр бағдарлама ата-аналарға баланы тәрбиелеуде көмектесіп, өзіне тиісті функцияны толықтай атқарады деуге болады. Тағы бір ерекшелігі, көрерменді тартуда және рейтингін көтеруде балаларға арналған әр бағдарламада танымал әртістер, жазушылар немесе танымал тележұлдыздар қатысады. Бағдарламалар барысында бірде бір жарнама жүрмейді. Арнаның негізгі жұмысы өте кішкентай аудиторияға бағытталғандықтан бұндағы әрбір бағдарламалардың хронометражы 15-20 минуттан аспайды. Студияны безендіру, қаржылай көмек көрсету жағынан бірталай шығынын бірінші арна өз мойнына алып отыр. Және тағы бір бұл арнаның басты ерекшелігі, жарнамасыз ешқандай табыс кірмейтініне қарамастан, өз аудиториясы үшін барынша аянбай қызмет етуі болып табылады. Демек арнаның жұмысы «баланы — бастан» демекші, балалардың есеюіне, әлеуметтенуіне, және түрлі ойынға құрылған танымдық, көңіл-көтерушілік бағыттағы бағдарламаларға қатысу арқылы өз-өздерін жетілдіру, қоғамда өз орнын табу, кәсібилену жағынан зор мүмкіндіктер жасап отырғаны құптарлық іс.

— «Спорт» телеарнасында балаларға арналған бағдарламалар таралымы сол арнаның спецификасына сай жүреді. Яғни бұл ойындар, танымал спортшылар балаларға арналған жаттығулар жүргізеді, балаларды спортқа үйретеді және спорт жайлы өздерінің білгендерін айтып береді. «Россия» телеарнасының күндізгі болгы барынша жан-жақты болып жүзеге асады: сериалдар, викториналар, ойындар. «Культурада» да арна дәстүрі сақталып, аудиториясының ерекшелігі есеріледі.  Қоғамдағы жас жағынан және интеллектуалдық айырмашылыққа қарамастан, кез келген адамды қызықтыратын білім берушілік бағдарламалар болады.  Мақсаты – арнаны бүкіл елдің масштабына барынша толық тарату. «Қисынды сөйлеу өнері – сана-зейінді дамытуға қабілетті және қателіктер болуы мүмкін сана обьектісіне жетудің барлық жағдайларында адамды ақиқат жолына бастайтын бірден-бір дұрыс тәсіл», — деген екен әл-Фараби бабамыз [3]. Сөйлеуге үйретудегi негiзгi мақсат тiлдiк материалдарды балалрға таныстыру ғана емес, оларға фонетикалық, лексикалық, грамматикалық материалдардың қолданылу заңдылықтары мен амалдарын үйрету, оларды сөйлеу кезеңiнде дұрыс жұмсауға дағдыландыру екенiн естен шығармау керек. Сөйлеудi үйрету – күнделiктi өмiрде кездесетiн жағдайларға байланысты адам өз ойы мен пiкiрiн тұжырымдау; сол ойды сөзбен бейнелеудiң, сөйлем арқылы түсiнiктi түрде жеткiзудiң амалдарын игерту. Сөйлеудi үйрету, негiзiнен мынадай ерекшелiктердi тiкелей меңгеруге байланысты: сөйлеуге қатысатын тұлғалар мен тiлдiк құралдардың қолданылу амалдарын жете игерiп, оларды қажеттi жағдайға орай жұмсай бiлу; екiншi тiлде сөйлеудiң машығын үйрету, тiл үйренушiнiң тiлдi қолдану дағдысын дамыту, оқыту кезiнде сөйлеу әрекетiнiң барлық түрлерiн бiрге игере бiлу, ойды дұрыс жеткiзуге әсерi бар барлық негiзгi және қосымша құралдарды пайдалану.

  Бағдарлама барысында кейде күнделікті өмірде қолданылатын, бірақ мағынасына, оның қайдан шыққан сөз екеніне терең мән берместен қолданыла беретін тіркестерге тереңірек тоқталып, балаларға ақпарат беріп қана қоймай, олардың сөздік қорын көбейтіп, білімін тереңдете түседі. Кейбір жағдайда бағдарламаның редакциясына балалар өздері хабарласып, кітаптардан немесе басқа да анықтамалық құралдардан тапқан жаңа сөздері жайлы айтып беріп жатады, болмаса мағынасын білгісі келген сөздерді хат арқылы, немесе интернет арқылы бағдарламаның сайтына жолдайды. Оған шығармашылық ұжым жауап іздеп, бір сөзбен айтқанда ешбір сұрақты жауапсыз қалдырмауға тырысады.

Бұл академиядан мастихин және сангина не екенін, граффитидің аэрографиядан қандай айырмашылығы бар екенін және көмірмен және пастельмен қалай сурет салуға болатынын білуге болады. Бірнеше сабақтардан кейін-ақ, сіз Ван Гог пен Гогеннің, рококо мен барокконы еркін айыра алатын боласыз. Атақты суретшілер, графиктер, сәулетшілер мен дизайнерлер портрет салып, скульптура жасап, сәндік аксессуарлар жасап және достарыңызға ғажап сыйлықтар жасап үйретеді. Ал телекөрермендердің «Академия художеств» бағдарламасында өтіп жатқан көрмеге жасаған заттары да назардан тыс қалмайды. Телеарнада көркем өнер түрлеріне арналған байқаулар ұйымдастырылып тұрады. «Бибигон» арнасының сайтында және кейбір күндері бағдарлама соңында: «Құрметті достар! Сендердің де өз таланттарыңызбен жарқ ете қалатын мүмкіндіктерің бар! Біздің бағдарламада үйреткен техниканы қолдана отырып, жасаңдар! Өз жұмыстарыңды «Академия художеств»-тің көрмесіне жолдаңдар! Олардың ең үздіктерін біз бағдарламамызда көрсетеміз!» — деген хабарландыру беріліп тұрады.

       Бұл бағдарламалардың негізгі мақсаттарының бірі балаларға заманауи жаңашылдықтарды түсіндіру және оны жай ғана айтып беру емес, қызықты сюжеттер арқылы кең түрде көрсету болып табылады. Бұл бағдарлама балаларға психологиялық тұрғыдан заттар мен кеңістіктегі құбылыстар жайлы дұрыс түсінік қалыптастыруға көмектеседі.

  «Бибигон» арнасы балаларға білім беру бағытын, сондай-ақ оқыту телевидениесінің қызметін атқарады. Оған дәлел ретінде, арнаның лекцияларға құрылған бағдарламаларын атауға болады. Әр ұлттың басты құндылықтарының бірі – оның әдебиеті болып табылады. Әдебиет арқылы ғана сол елдің сөз маржандарын, тілдік құндылықтарын байқауға болады. Қазақтың маңдай алды жазушысы Мұхтар Әуезов: «Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес», — деген еді.

  Тәрбиелік мәні мен білім көкжиегін кеңейту мақсатында бұл бағдарламаның балаларға берер пайдасын жоққа шығаруға болмайды. Дегенмен, кейбір жағдайларда монотондық сарын көрерменді шаршататыны рас. «Оқыту бағдарламаларының үйрету функциялары жан-жақты. Оның негізгілері мыналар:

1) Оқытушының сөздерін есте сақтап қалу жолдарын бағдарлама дайындау барысында басты орында ұстау.

2) Белгілі бір түсінік қалыптастыруда бақылау қасиетін қалыптастыру. Бұл мақсатта телеэкскурсия-бағдарламалардың пайдасы мол: өндіріс орындарына, ғылыми зертханаларға, мұражай, тарихи оқиғалар орны, мәдени ескерткіштер және тағы басқаларды айтуға болады.

3) Балаларға алдын-ала өтетін тақырып жайлы хабарлама жасау.

  Оқу бағдарламасын есте сақтау, кең ауқымда түсінуде телевидениенің мүмкіндіктері мол.

Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың санасына теледидардың оң және кері әсері жайлы көптеген әңгімелер айтуға болады. Дегенмен, теледидардың балаларға қандай да болса да, әсері бар екені анық. Ресейдегі балаларға арнап бағдарлама жасаушы мамандары өзге арналармен салыстырғанда, жаңа отандық телеарналардың балалардың өмірге бейімделуіне, аяқтарынан тік тұруларына,  ақыл-ойларының өсуіне тигізер пайдасы зор дейді. Дегенмен, бұл айтылғандарға келіспеушілер де бар. Ресейде балаларға арналған орыс тілдік арналардың саусақпен санарлық екенін айтпағанның өзінде, бұл елде оларға бәсекелес болушылардың саны жетіп артылады. Балалар аудиториясының назарын өздеріне аударуда ресейлік мемлекеттік арналардан өзге, қаржылай қосылатын шетелдік бәсекелестері де белсене жұмыс істеуде. Өз кезегінде екі алпауыт телеарна саналатын «Бибигон» мен «Теленяня» осы мақсатта едәуір жұмыстар атқарып келеді. Бірақ, бүгінде осы арналардың жұмысына кедергі келтіретін бір мәселе бар. Ол – трансляция, яғни халыққа таралуы. Кезінде балаларға арналған телеарна жоқ деп шулаған ресейліктер бүгінде бар арнаны тарататын жиіліктің жоқтығын айтып мәселе көтеруде. Мәселен, «Бибигон» арнасы «Россия», «Культура», «Спорт» арналарынан кезек-кезек көрсетіледі және кішкентай балаларға олардың қай уақытта қандай хабар тарататынын бақылап отыру оңайға соқпайтыны рас. Ал, бұл арналардың толық нұсқасы «НТВ Плюс» және VIVA («Орион экспресс») ақылы спутниктік пакеттерден ғана сатылып алынады. «Бибигон» 4 пен 16 жас аралығындағы балаларға арналғанымен, бүгінде кез келген бала өзі қалаған телеарнаны еш қиналмастан, қосып ала алады. Ал, балаларға арналған арна бола тұрғанымен, үйдегі жеткіншектің не көріп отырғанын телеарна басшылары бақылай алмайды. Әрине, балаларға арналған хабарларды қарауға тек қана ата-ана ғана әсер ете алатыны белгілі. «Теленяня» жайлы да осы мәселені айтуға болады. Бұнда да кішкентай бүлдіршіндердің танымдық көзқарасын кеңейтіп, оған ұлттық тәрбиені сіңіруде үлкен жұмыстар атқарылғанымен, оның да кейде шетелдік телеарналармен бәсекеге түсуге қауқары жетпей жатады. Бүгінде Ресейде дәл біздің елдегідей екі тенденция қалыптасуда: шетелдік өнімдерді жақтаушылар және шетелдік арналар балаға кері әсер етеді деген позицияны жақтаушылар. Алғашқылары – балалар мен жастар болса, соңғы тенденцияны жақтаушы – ата-аналар, жалпы аға буын. Әрине, кімге де болса, өзі қалаған арнаны көргені тиімді. Бүгінде кез келген телеарна көрерменді тарту жолында, немесе рейтинг жинауда аянбай еңбек етеді. Себебі, мәжбүрлеу арқылы көргеннен де, жүрегінің қалауы арқылы өзіне ұнаған арнаны қарау әркімдерге де қызықты. Айта кетерлігі, ең бастысы, баланың қай арнаны қарағанында емес, оның болашақта жақсы азамат болып қалыптасуына қажетті деген бағдарламаны дұрыс тани білуінде.

            Балаға ерекше сенім беретін әрекеттердің бірі – оның өзі өмір сүріп отырған қоғамның бір мүшесі екенін және сол қоғамға керек екенін түсіндіру. Жоғарыда атап өткендей, осы бағытта екі телеарнаның жұмыстары үлгі боларлық. Бұл арналар балаларды өздеріне тартуда түрлі қызықты жарыстар, білім берушілік бағыттағы ойындар, байқаулар өткізіп тұрады. Және осы байқаулардың жеңімпаздарын балалардың өздері таңдайды. Мәселен, «Ивановсктегі №33 лицейдің үшінші сынып оқушысы Степан Климов «Бибигон» телеарнасы ұйымдастырған «Мир детских фантазий» атты байқауының жеңімпазы атанды. Басты сыйлық ретінде ол сандық фотоаппаратқа ие болды. Түрлі тақырыптағы байқаулар «Бибигон» телеарнасының сайтында жиі өткізіліп тұрады» — деген хабарландыру Частник.ru сайтында жарияланған. Осы тектес балаларды қызықтыру, олардың белсенділігін арттыру мақсатындағы жарыстарды өткізіп отыруды телеарналар жиі өткізіп тұрады. Сондай-ақ, «Бибигон» телеарнасы жақында Лондонда балалар телеарналарына қатысты өткен байқауда «Ең әдемі салынған заставка» деген номинациямен жеңіске жетті. Бұл арнада бағдарламалар арасында түрлі-түсті заставкалармен аңдар таңғажайып фактілер жайлы айтып береді. Мәселен, олар тотықұстың миы оның көзінің көлемінен кішкентай болатынын және араның 47 тісі болатыны жайлы мәліметтерді балаларға жеткізеді. Сондай-ақ, телеарналар жылда бұқаралық ақпарат құралдары арасында өткізілетін «Включайся!» байқауына қатысуға өз ниеттерін білдіріп отыр. Бұл байқау балаларға арналған бағдарлама мен телеарна жасаушыларына арналады. Телеарналардың көпшіліктің көңілінен шыққанының бір дәлелі, олардың жұмысына елдегі кәсіпкер, бизнесмендер де қолдау көрсетуге дайын. Сондай-ақ, телеарна ұжымы өз бағдарламаларының атынан түрлі байқаулар, ойындар ұйымдастырып, бүлдіршіндерге сыйлықтар беріп, жүздеген түрлі-түсті шарлар аспанға ұшырылды. Бұл мереке, бір жағынан телеарнаға деген жарнама болса, екіншіден балаларға деген көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, олардың жазғы демалыстарының қызықты өтуіне үлес қосу болды. «Балалардың ақпарат алу алаңын екіге бөлуге болады. Біріншісі – тұрақты, екіншісі – кездейсоқ. Тұрақты ақпарат алаңының бірнеше көздері бар. Оларды келесі топқа бөліп қарастыруға болады.

  1. Макрокоммуникацияны құраушы ақпарат көздері – телевидение, радио, газет, журналдар;
  2. Микрокоммуникацияны құраушы ақпарат көздері, бұған күнделікті қарым-қатынастағы – отбасы мүшелері,
  3. Оқу процесіндегі ақпарат көздерін құраушылар – оған оқытушылар, балалармен жеке жұмыс істейтін педагогтар, яғни баланың мектептегі әлеуметтік ортасын құрушылар жатады;
  4. кітаптар, оқу құралдары – бұлардың балаларға қатысты ақпараттық қызметін екі топқа бөліп қарастыруға болады, біріншісі, уақыт пен кеңістікке тәуелді қажеттілігі, екіншісі, олар ұзақ уақыттық және ең тұрақты ақпарат көздері болып табылады. Телевидение балалар үшін маңызды ақпарат көзі болып табылатынын біздің жүргізген зерттеулерімізден байқадық. Балалардың жасы есейген сайын олардың ақпаратқа деген қызығушылығы өседі. Осы тұста олардың теледидарға деген сұранысы да үлкейе түсетіні анық және білімнен бөлек, өзін қоршаған өмірді танып-білуде теледидардың маңызы ерекше екенін айта кету керек», — делінеді теледидардың бала өміріндегі маңызы жайлы. Демек, осы айтылғандардан байқалғандай, Ресей телеарналары балаларға эстетикалық тәрбие беруде, кешенді түрде білім беруде, олардың тұлғалық қасиеттерін дамытуда ықпалы зор.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ТАРАУ  Қазақстан телеарналарындағы балалар бағдарламалары

2.1 «Қазақстан», «Хабар» және «Еларна» арналарындағы бағдарламалардың бағыттары

            Болашақ ұрпақты күшті де рухты етіп тәрбиелеу жолында, баланы жан-жақты дамытуда теледидардың атқарар қызметі зор. Бүгінгі таңдағы егеменді еліміздің ең басты мақсаты — өркениетті елдердің қатарына қосылу, бүкіл әлемдік білім кеңістігінен орын алу болып табылады. Мұның өзі ұлттық білім беру жүйесінің бағыттарын тың арнаға, жаңа сапаға жеткізудің қажеттілігін алға тартады. Заман талабына сай балаға білім беру мәселесінде көгілдір экранның да әсері мол екені рас. Өйткені, қазіргі уақытта ешбір отбасын теледидарсыз елестету мүмкін емес. Германияда 2000 жылы балалардан «егер сені алыстағы аралға апарып тастаса, өзіңмен бірге не алар едің?» деген сауалнама жүргізіліпті. Сонда олардың көбі бірінші орынға – теледидар, компакт-дисклер, кассеталарды, екінші орынға тамақ пен су, ал үшінші орынға ата-аналарын қойған екен. Бүгінде біздің елде де дәл осылай тәжірибе жүргізілетін болса, осы жадай бізде де қайталануы әбден мүмкін.

           Теледидар адам баласының өміріндегі ажырамас бір бөлігіне айналып кетті. Сондай-ақ, енді ғана тебіндеп өсіп келе жатқан бүлдіршіннің тұлға болып қалыптасуына, әлеуметтік ортадан өз орнын табуына бүгінгі ақпараттық қоғамда көгілдір экранның тигізетін әсері мол екені рас. Ал, ендігі мәселе, еліміздегі телеарналар кішкентай көрермендердің сұранысын қанағаттандыра ма?

                       Еліміздің арналарын қарастырғанда, балаларға арналған бағдарламалардың саны жағынан тым аздығына көзіміз жетті. Олардың барлығын қосқанда небәрі оншақты ғана. Оның өзі көбісі орыс тілінде, және кейбіреулері шетелдік арналардың өнімдері. Қарапайым мультфильмдердің де біразы – алыс-жақын шетелдердікі. Бағдарламаларға нақтырақ тоқталар болсақ, мәселен, «Қазақстан» ұлттық арнасында «Еркетай», “Білім арнасы”, «Айгөлек», «Толағай» отбасылық спорттық шоу, Хабар арнасында – «ХХІ ғасыр көшбасшысы», «Сыйқырлы әріптер», «Еларнада» – «Өзін-өзі тану», «Топ-малыш», «КТК»-да «Мамина школа», «Взрослые отдыхают», «НТК»-да «Балақай», «ТАҢ»-да «Өнерпаз болсаң», «Балбұлақ», «Астана» арнасында «Дочки-сыночки», «31» арнада «Кто умнее пятиклассника?» бағдарламалары көрсетіледі.

        Журналистика теориясынан белгілі хабарлар жасалу жолы, бағытына қарай бірнеше жанрларға бөлінеді. Мемлекеттік арналардағы балаларға арналған бағдарламаларды бірнеше жанрларға бөліп қарастыруға болады:

          1.Көңіл-көтерушілік /«Айгөлек», «Толағай», «Еркетай» («Қазақстан»          телеарнасы; «Топ-малыш»» («Еларна»)/

    2.Танымдық /«Білім арнасы»(«Қазақстан»), «Сыйқырлы әріптер» («Хабар»), «Өзін-өзі тану»(«Еларна»)/

   3.Интеллектуалдық /(«ХХІ ғасыр көшбасшысы» («Хабар»)/

                     Арналардағы бағдарламалар бағытының көбеюі балалардың таңдау мүмкіндігін кеңейтеді, сондай-ақ, олардың таным-түсінігіне лайық ақпарат алуына және әлеуметтік ортада өз орнын табуына жол ашады. Жалпы, әр телеарна балаларға қатысты бағдарлама дайындағанда, оның бүлдіршіннің болашақта тұлға болып қалыптасуына, әлеуметтенуіне қаншалықты әсер ете алады деген мәселені алғашқы орынға қоюы керек. «Әрбір адамның мінез-құлқын әлеуметтік орта тіл, дәстүр, әлеуметтік құрылымдар, бұқаралық ақпарат құралдары және т.б. арқылы қамтамасыз етеді және бақылайды. Басқа адамдармен өзара әрекетте, кез келген әлеуметтік топта адам өз мүддесін қорғайды: егер де оның мінез-құлқы қолдау тауып, жағымды ынталандырылатын болса, онда адам өзін қоршаған ортаға және жалпы әлеуметтік жүйеге ниеті түзу, тілектес болады; егер қоғам тарапынан ол қолдау таппаса, онда ол шамшыл келеді, тәртіп бұзады… Басқаша айтқанда, тұлға проблемасын қарастырғанда, адам нендей бір жағдайларға неге әсерленеді деген мәселені сараптағанда мінез-құлық әлеуметтануы басты рөлді ынталандыру жүйесіне береді. Осыдан тұлға мінез-құлқындағы өзгерістер жақсыға, әрекетке үйрету процесінен туындайды» [4].

    Демек, әлі психикасы мен мінез-құлқы қалыптасып болмаған бала үшін теледидар маңызды рөл атқаратыны сөзсіз. Сондықтан, бүгінгі заман талабына сай, балалардың сұранысын қанағаттандыратындай тың бағдарламалар біздің арналарымызға ауадай қажет.

         Соңғы уақыттары «Қазақстан» ұлттық арнасының бағдарламалары, сөз жоқ, ілгері бағыт алып келеді. Әсіресе, кішкентай бүлдіршіндер аудиториясына арналып түрлі бағыттағы көрсетілімдер эфирде көбейіп жатқаны көпшілікті қуантады. Осылардың ішінде көрермендердің назарына ерекше ілігіп отырғаны, әрине, ұлттық арнадағы көңіл-көтерушілік бағыттағы «Еркетай» бағдарламасы. 

        Бағдарламаны жасаушы шығармашылық ұжым:

         Продюсері – Алтынбек Рахметов
Жүргізушісі – Жәния Қалиева
Шеф-редакторы – Жанар Шәмел
Бағдарламаның эфирдегі уақыты – 15 минут.
Эфирге шығатын мерзімі – аптасына 4 күн, дүйсенбі мен бейсенбі күндері аралығы.
Жанры – балаларға арналған сауықтық – танымдық бағдарлама.
Тілі – қазақ тілі.

                          «Еркетай» бағдарламасының көрермендері бала-бақша жасындағы бүлдіршіндерден бастап мектеп жасындағы балалар. Ұлттық арна көрермендерінің ең кішкене өкілдері үшін «Еркетайдың» берері көп. Себебі бағдарламада баланы еңбекке баулитын «БІРГЕ ҮЙРЕНЕЙІК», баланың жан- дүниесін байытатын «ЕРТЕГІ ӘЛЕМІНДЕ», танымын арттыратын «БІЛІП АЛАЙЫҚ» атты айдарлары бар. Сонымен қатар, баланың ынта-талабын арттыру үшін арнайы байқау да қарастырылған. Ең қызық фотосуретке және ең үздік қолдан салынған суретке байқау жариялайды. Нәтижесі бойынша айына рет жеңімпазды анықтап, арнайы тағайындалған сыйлықты табыс етеді. «ЕРКЕТАЙДА ҚОНАҚТА» айдары бойынша студияға өнерлі, талантты, қабілетті баланы шақырып өнерін тамашалайды, соңында міндетті түрде студияға келген баладан оның жақсы көретін мақалын сұрайды. Бұл баланың сөз қадірін түсініп, құрметтеуге, мақалдың мағынасын білуіне, бос сөз сөйлемей, ойын жиып, сөздің қасиетін ұғынуына азда болса да септігін тигізері анық. Шақырылған қонақ-балаға қарап жас көрермендер сүйсініп, «осындай болсам екен, мен де өнерлі, білімді болам» — деп талпындыру бұл айдардың басты мақсаты. «Жақсының жақсылығын айт» демекші, осындай айдарлардың көмегімен балалар өз қатарластарына қарап бойларын түзеп, жақсылыққа ұмтылады.

          Әрбір үйдің еркесіне ұқсас келетін тақырыбы бар бағдарлама эфирге жарқ етіп шыққаннан-ақ, көптеген ата-аналар да, бүлдіршіндер де жылы ықыласпен қабыл алды. Қызылды-жасылды көркем безендірілген студиясы баланың ықыласын біден өзіне аударады. Бағдарлама барысында балалардың тілімен айтылған қызықты пікірлер мен тақпақтар кішкентай көрермендердің де назарынан тыс қалмайды. Бастапқыда Айсұлу есімді жүргізуші, кейіннен Жәния есімді кішкене қыз жүргізген бағдарламаның күннен күнге мәні арта түсуде. Және де ең маңыздысы — әрбір бағдарлама соңындағы базарлық – қызықты мультфильмді бүлдіршіндер тағатсыздана тосады. Көтерілетін тақырыптар да көбіне балалардың ұғым-түсініктеріне лайықталып алынады. Мәселен, оның тақырыптарына тоқталар болсақ, бағдарламаның бір айлық тақырыптары мынандай: 

 

 

                «ЕРКЕТАЙ» бағдарламасының МАМЫР айының тақырыптар тізімі:

ТАҚЫРЫБЫ

ЭФИРДЕН КЕТЕТІН КҮНІ

АЙДАРЛАРЫ

«Бірлік күні»

Дүйсенбі

«Бірге үйренейік!»

«Еркетайдың байқауы»

«Бала тілі – бал»

Мультфильм

«Қазқалпында»

«Жол жүру ережелері»

Сейсенбі

«Бірге үйренейік!»

«Еркетайдың байқауы»

«Бала тілі – бал»

Мультфильм

«Біліп алайық!»

«Телефон»

Сәрсенбі

«Бірге үйренейік!»

«Еркетайдың байқауы»

«Бала тілі – бал»

Мультфильм

«Әдеп әліппесі»

«Планета»

Бейсенбі

«Бірге үйренейік!»

«Еркетайдың байқауы»

«Бала тілі – бал»

Мультфильм

«Кел, ойнайық!»

«Қуыршақтар»

Дүйсенбі

 

Толғанай

«Бірге үйренейік!»

«Қазқалпында»

«Бірге үйренейік!»

«Еркетайдың байқауы»

«Бала тілі – бал»

«Біліп алайық!» қуыршақтар туралы Мадина!

Өнерпаз болсаң

«Қазқалпында»

Торт жасау (скрытая)

«Қазақстан –менің Отаным»

Сейсенбі

  Мәдина

 «Әдеп әліппесі»

 «Біліп алайық!»

«Бірге үйренейік!»

«Еркетайдың байқауы»

«Бала тілі – бал»

«Еркетайда қонақта»

Өнерпаз болсаң

«Біліп алайық!» Жарқын

(тәуеліздік туралы)

«Сағат»

Сәрсенбі

Әйгерім

«Біліп алайық!»

«Бірге үйренейік!»

«Еркетайдың байқауы»

«Бала тілі – бал»

«Біліп алайық!» Әйгерім

Өнерпаз болсаң

«Әдеп әліппесі»

 

                      Бағдарлама тақырыптарының сан-алуандығы оның басты ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Мазмұндық жағынан бай, әрі балаларға түсінікті қарапайым тілде жазылған бағдарлама сценарийі көпшіліктің көңілінен шығады. Мәселен, бұлттар тақырыбына арналған сценарийге тоқталып көрелік: «Балалар, жаздың күні аспандағы ақша бұлттарға көз алмай қарап жатқанда біз оларды ертегі кейіпкерлеріне ұқсатамыз.Солай ғой? Олар кейде қоянға, аюға, шауып бара жатқан аттарға, көбелектерге ұқсап кетеді. Ерте-е кезде адамдар бұлттардың ар жағында қанаты бар періштелер тұрады деп ойлайды екен», — делінеді. Яғни мәтіннен көріп отырғанымыздай, әрбір сөз кішкентай баланың ұғымына түсінікті, тілі жеңіл. Тіпті, ертегімен салыстыру кез келген баланың көз алдына сол кейіпкерлерді әкеліп, қиялын өрбіте түсері анық. Ары қарай: «Бұлттар миллиардтаған су тамшылары мен мұз қиыршықтарынан тұрады екен. Және олар өте жеңіл болады.  Ғалым ағаларымыз бұлттардың әртүрлі болатынын айтады. Мақтаға ұқсайтын әппақ ұлпа бұлттар, сирек ораналасқан ыдырап жататын, құстың қанатына ұқсас бұлттар, және қою қара бұлттар. Ақ-ұлпа бұлттар жерге жақын, сәл төменірек орналасады. Ал құс қанатына ұқсас бұлттар орташа биіктікте болса,  қою-қара бұлттар биікте болады екен.  Бұлттар арқылы ауа-райы қандай болатынын да білуге болады екен. Аспанда әппақ, ұлпа бұлттар жүрсе, күн жылы болады дейді. Ал қою-қара бұлт қаптап кетсе, күн күркіреп жауын жаууы мүмкін. Сендер бұлттардың қозғалып бара жатқанын  көрдіңдер ғой? Оны бұлттар керуені деп атайды». Иә, тартымды тілде жазылған сценарийде мін жоқ. «Бағдарламада камерадағы адам мен көрерменнің иерархиялық қарым қатынасы, яғни жүргізуші (комментатор) тең әріптестік қатынасты ақылгөйлікке ауыстырса, ол  кері әсерін береді».\2.\

                 Демек, бұл мәселе балаларға да қатысты. Кез келген бағдарлама арқылы бала өзінің жанына жақынын таба білуі керек, демек ол өзіне тікелей қаратылып айтылған әңгімені жақсы қабылдауы мүмкін. «Еркетай» бағдарламасында бұндай сәттер жиі кездеседі. Мәселен, өзіміз талқылап отырған сценарийдің соңында: «Достар, әдемі ән тыңдап отырғанда , ақша бұлттардың арасымен ұшып кеткендей болған шығарсыңдар, иә? Жарайды, осымен бұлттар туралы әңгімемізді аяқтайық.. Балалар, бізге өздерің жайлы хат жазып, байқауға суреттеріңді жіберіңдер. Мекен жайымыз Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі 177 үй, «Еркетай» бағдарламасы. Сау болыңдар, балалар!» Жүргізуші өз сөзінде балаларға жиі үн қатып, олардың назарын өзінеаударып бағады. Тағы бір айтарлығы, жүргізуші Жәнияның актерлық ерекшелігі. Ол өзін эфирде еркін ұстайды, айтар сөзін бағамдап, интонациямен жеткізуге тырысады. Оның жүргізуінен жасандылық байқалмайды. Мәселен, сәл бұрынырақта «Еркетайды» Айсұлу есімді бойжеткен жүргізді. Рас, Айсұлудың әдемілігі, сөйлеу мәнері бар. Дегенмен, оның кейбір қазақша сөздерді айтуда қателіктері байқалатын және қанша дегенмен ол үлкен адам болғандықтан, жүргізіп тұрғанда кейбір жасандылықтары көрініп тұратын. Үлкен адамның эфирде титтей бүлдіршіндерге «Сау болыңдар, достар!», немесе «Қалайсыңдар, достар!» деп тұрғаны онша көңілге қонымды емес. Жәния болса, ол да кішкентай қыз болғандықтан, оған бұндай сөздерді айту әлдеқайда жарасымды. Көп жағдайда балалар бағдарламаларына қатысты баланың тілін бала түсінеді деген әңгіме жиі айтылады. Сондықтан, кез келген балалар аудиториясына арналған хабарларды олардың қатарластары жүргізгені тиімді, әрі баланың қабылдауына жеңіл тиетіні сөзсіз.

                  Дегенмен, бағдарламаның өзіндік кемшіліктері де жоқ емес. Оларға тоқталар болсақ, біріншіден, жүргізуші эфирде ұзақ сөйлейді. Бастан аяқ құр сөзден гөрі көріністік қатарды пайдалану әлдеқайда ұтымды, әрі баланың қабылдауына да оңай болар еді. «Телеэкрандағы сөзбен көрініс бір-бірінің контексті болып келеді, ол сөз сияқты көріністің де санын азайтады… Мектеп жасына дейінгі балалар шынайы іс әрекеттің көрінісін ол жайлы жақсылап айтылған әңгімеге қарағанда жақсы қабылдайды» [5]. Мәселен, фотоаппарат жайлы бағдарламада: «Енді достар, сендерге фотоаппараттың қалай жұмыс жасайтынын түсіндіріп көрейін. Фотоаппараттың негізін жарық өткізгіш камера құрайды. Осы камераның алдына түсіретін затты көрсететін обьектив орналасқан. Ал, обьективке қарама-қарсы суретті түсіретін пленка қойылған. Ал өздерің білетін фотоаппараттың обьективінің қақпақшасын суретке түсіретін кезде ашып қоямыз. Қақпақша обьективке жарық түсіру арқылы түсіретін нәрсенің көшірмесі пленкаға түседі. Міне осылай сурет шығады. Кішкене болсада фотоаппартың қалай жұмыс жасайтынын біліп алған сияқтымыз ғой, иә?!» деген мәтінді алып қарайтын болсақ, мәтін барынша қарапайым тілмен жазылғаны көрініп тұр. Оны жүргізуші камераның алдында тақылдатып айтып береді. Дегенмен, басты кемшілік осында көрінеді. Жан-жағындағы заттар мен құбылыстарды енді ғана танып-біліп келе жатқан балаға «жарық өткізгіш камера», «объектив», «пленка» деген секілді таза кәсіби сөздерді түсіну оңайға соқпайды. Осы жерде егер мәтіндегі айтылған барлық дүниелерді көріністік қатар арқылы көрсеткенде, ол балаға әлдеқайда ұғынықты болареді. Екіншіден, бағдарламаның танымдық маңызынан гөрі, көңіл көтерушілік қырлары көп. Үшіншіден, бағдарламаға балаларды көбірек қатыстырған жөн. Мәселен, ойын арқылы, болмаса, қойылым жасау арқылы түсірілген бағдарламаның тартымдылығы жоғары екенін бүгінгі күннің өзі дәлелдеп отыр.

        «Қазақстан» ұлттық арнасындағы жаңа маусымда шығарылып жатқан ауыз толтырып айтарлық жобаларының бірі — »Толағай» отбасылық спорттық ток-шоу. Бағдарламаны әзірлеуші шығармашылық ұжым:

         Продюсері – Сауле Мықтыбаева
Жүргізушілері – Әлия Кемелбекова, Роман Лопатенко
Сценарий авторы: Назар Мухаметжан
Редакторы – Жадыра Тойбай
Электрондық пошта: sm@kaztv.kz
Эфир: жексенбі күндері, 10.10

                   «ТОЛАҒАЙ» отбасылар сайысы – еліміздің барлық аймақтарынан келетін отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты бағдарлама. Бір хабарға үш отбасы қатысады. Соның бірі жұлдызды отбасы. Әр отбасы жеке топты құрайды. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс.

               Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата-ана – шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептелінеді. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасан зор. Спорт – денсаулық кепілі десек, «ТОЛАҒАЙ» отбасылар сайысы отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Бұл бағдарлама, біріншіден, дені сау ұлттың қалыптасуына атсалысады, екіншіден бағдарламаға қатысқан әр отбасыға рухани және мәдени мереке сыйлайды.

«ТОЛАҒАЙ» отбасылар сайысы – отбасыларды да, көрермендерді де спортқа баулиды. Ата-ана мен баланың арасындағы бірлік пен татулық қасиеттерін нығайта түседі. Мәселен, бағдарлама болашақта белгілі бір спорт шебері болғысы келетін немесе дені сау ұрпақ болып ер жетуді қалайтын балалар үшін таптырмайтын бағдарлама деп айтуға болады. Баланың болашақтағы мамандығын таңдауда, болмаса қоғамда өз орнын табуда әсер етуші факторлар: ата-ана, достары және оны қоршаған орта, яғни оның ішінде БАҚ дейтін болсақ, «Толағай» бағдарламасы ата-ана мен баланың өз қатарластары және теледидардың қатысуымен оның болашақтағы қалыптасуына көмектесетіні сөзсіз. «Әлеуметтендіруді бірінші және екінші әлеуметтендіру деп бөледі. Бірінші әлеуметтендіру адамға өзін тікелей қоршаған ортаның, алғашқы әлеуметтік топтардың: отбасының, туған-туыстардың, достардың, құрдастардың, оқу және еңбек ұжымдарының, тәрбиешілердің, ұстаздардың, оқудағы, қызметтегі, жұмыстағы тікелей басшылардың және т.б. тікелей ықпал жасауымен байланысты… Екінші әлеуметтенудің агенттері мемлекет пен оның органдарының (әскер, полиция, сот, прокуратура, т.б.), кәсіпорындардың, жоғары оқу орындарының, мектептердің, балабақшалардың, радио, теледидар, баспасөз және т.б. басшылары және ресми өкілдері болып табылады.

Адам өмірінің әр түрлі кезеңдерінде әлеуметтендірудің өзіндік мәнді ерекшеліктері болады. Осыған байланысты әлеуметтендіру процесі өз ерекшелігі бар бірнеше сатыдан: балалық, жасөспірім, есейген, қартайған шақтан тұрады.Әлеуметтендіру процесі балалық және жастық шақта пәрменді әрі қарқынды жүреді.

         Балалық кезеңде әлеуметтендіру агенттерінің саны ғана артып қоймайды, сонымен бірге олардың қызметінің мазмұны ен бағдарламалары да түбегейлі өзгеріп, күделене түседі. Ата-аналарымен қатар, тұлғаны әлеуметтендіруге балалардың мектепке дейінгі тәрбие орындары, мектеп, балалар бағдарламалары, бұқаралық ақпарат құралдары және т.б. барған сайын үлкен үлес қосады» [6].

              Концерттік шоу бағдарламалар – қазіргі заман теледидарындағы рейтингі ең жоғары қойылымдардың бірі. Біздің елімізде балалардың ойын-сауық қойылымдарына деген сұранысқа тек ресейлік үлгілер ғана сай келеді. Балалардың кәсіби деңгейде, кәсіби сахналарда өнер көрсетуі кез-келген жас мөлшеріндегі телекөрермендерге – балалар мен олардың ата-аналарына барынша ұнайды. Және де қазіргі заманғы қазақстандық көрерменге жоғары сапалы үлгілерді ұсына алады. Осындай бағыттағы «Қазақстан» ұлттық арнасындағы бағдарламалардың бірі – «Айгөлек» музыкалық көрсетілімі. «Айгөлек» бағдарламасы аясында бүлдіршіндер және әлеуметтік мәртебесі, кәсібі мен жас мөлшері әр түрлі адамдар «Қазақстан» телеарнасындағы  әр жексенбісін қызықты және еркін өткізу мүмкіндігіне ие болады. Концертті жүргізудің түрлі формаларының үйлесімділігінің  нәтижесінде, бағдарлама кез-келген көрерменге жақын, тамаша әндерге және эпизодтық, классикалық және халықтық билерге толы болады. Көрермендер ықыласына ие болу үшін бағдарламаның мүмкіндіктері зор. Бұл – музыкалық номерлерді материал тақырыбына сәйкес қойылымдық элементтермен байыту, әдемі және сапалы көріністерді пайдалану, жүргізушілердің ерекшеліктері, сықақ пен күлкі, балалармен ойындар жүргізу, бағдарламаға өзіндік күтпеген ерекшеліктер енгізу, қазіргі заманғы және уақыт талабымен тексерілген танымал хиттерді беру және тағы басқа жұмыстар бағдарлама барысында іске асырылады. Әр хабар белгілі бір тақырыпқа арналған, мысалы: «Отан», «Отбасы» және өзге де баланың ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерін арттыруға негіз бола алатын мәселелер. Таңдалып алынған тақырып музыкалық материал мен сценарийлік жүргізілу барысын айқындайды. Қазақстандық балалар шығармашылығының инфрақұрылымы қажетті деңгейде жұмыс істемейді, сондықтан да оның мұрасын суреттеу мен дамыту – бағдарламаның басты міндеттерінің бірі.
Бағдарламаны дайындаушы шығармашылық топ:

        Жүргізушілері: Жәния Қалиева. Шыңғыс Әбдібек
Орындаушы продюсері: Айжан Батырова
Продюсері: Ғалия Байбосынова
Қоюшы режиссері: Ғалия Байбосынова
Режиссері: Ринат Қоқымбаев
Жарық суретшісі: Юрий Пак
Жарық шоу-операторы: Андрей Кузнецов
Режиссер ассистенті: Олжас Исаев
Редакторы: Ләззат Жұмағұлова
Үйлестіруші: Манара Ағыбаева
Әкімшілері: Гүлжахан Сәлімбаева, Айман Габдуллина
Бағдарламаның эфирдегі уақыты: 35 минут
Жанры: музыкалық-ойын-сауық, ақпараттық телевизиялық шоу
Тілі: қазақ тілі

Ұлттық арнадағы бұл жобада көбіне балалар ән айтып, би билейді. Таза балалар шығармашылығына арналған. Арасында, кішкентай көрермендердің хаттары оқылады. Жалпылама алғанда, бұрынғы «Әнші балапан», «Стань звездой» жобаларынан аса айырмашылығы жоқ. Дегенмен, баланың өзіндік қабілетін арттыруға, музыкалық жағынан ыңғайы бар балалардың кәсіби деңгейін шыңдап, өзін-өзі көрсете білу де бағдарламаның атқаратын маңызы ерекше. Бала өсіп жетілгенге дейін көптеген кезеңдерді басынан өткізеді және солардың бірі – он белгілі бір іске, кәсіпке немесе өнер түріне деген бейімділігі. Көптеген адамдар өзінің болашақта кім болатынын ерте кезден-ақ, бойындағы қабілетіне қарай анықтап жатады. Ал кейбір әсіресе мектепті жаңа бітірген жасөспірімдер қандай мамандық таңдарын білмей, дағдарысқа ұшырап жатады. Сондықтан, белгілі бір кәсіпке деген қабілетін ерте жастан тәжірибелік жағынан дамыта түскен абзал.   Осындай ерекше қабілеттердің бірі – музыкалық жағынан ыңғайы бар балалардың ерте жастан дамуына, сахнада кәсіби шеберлікке қол жеткізуіне «Айгөлек» бағдарламасының қосар үлесі мол. «Адам бір ден профессионал болмайды. Кәсібилену процесі белгілі бір кезеңдер мен кәсіби дамудың фазаларынан тұрады. Кәсіпке ену адамның нормативтік кәсіби моделі интериоризациямен жолға қойылады. Интериоризация келесі кезеңдерден тұрады: 1) кәсіби модельмен оқу арқылы танысу; 2) кәсіпті тәжірибелік қызмет арқылы игеру; 3) өзіңді кәсіппен бірегейлеу». [7].

 Демек, бүгінгі бағдарламалар неғұрлым балалардың өзін-өзі табуына көмектесуі қажет. Біздің еліміздегі телеарналарға осындай балаларды әртүрлі кәсіби шеберліктерге баулитын бағдарламаларды көбірек жасаған дұрыс.

 Потомучкин есімді студент – барлық «негештердің» үлкен досы, ол «Неге?» деген сауалдардың барлығын біле бермейді, дегенмен түрлі саяхаттарға аттанып, қандай қиын сұрақ болса да, жауабын табуға тырысады. Бұл рольде ойнайтын актер Ділмұрат Жамбакиев.

        Неменешка – қызықты жаратылысты желөкпе, оның Сімі  қазақтың «немене» сөзінен алынған. Актриса Надежда Майбо бағдарламада осы рольді сомдайды.

Суперстарчик — өте сәнқой және ақылды айдаһар, Неменешканың досы, оның ролін Василик Хохлов есімді актер ойнайды.

       Фея – «Топ-ням-ням» айдарын жүргізуші, актриса Ольга Насонова.

        Бағдарлама ең қарапайым материалдардан жасалатын заттар, аппликация секілді дүниелерді үйрететін «Мастерская», әлемнің құрылымы, табиғи құбылыстар секілді балларды қызықтыратын сұрақтарға жауап беретін «Почемучка», дарынды балалардың өмірі, баланың бір күні жайлы әңгімелеп беретін «Шаг за шагом», жеңіл әрі пайдалы кулинарлық кеңестер беретін «Топ-ням-ням»  секілді көптеген қызықты айдарлардан тұрады. Жобаның авторы, әрі продюсері – Ғалия Нұрахунова. 2004 жылы бағдарлама 52 ел қатысқан халықаралық «ABU Prizes» конкурсына қатысып, Жапониядан кейінгі екінші орынға ие болды. Сондай-ақ , 2007 жылы өткен «Балалық шақ досы» атты конкурста лауреат атанып, осы конкурстың арнайы белгісімен марапатталды. Бұндай жарыстарды атамағанның өзінде, бұл бағдарламаның көрермендерінің ілтипаты зор. Ерекше безендірілген студия, тартымды көрініс, ойын түрінде кейіпкерлердің әңгімесімен өтетін бағдарламаға балалардың бар ықыласы ауады. Әсіресе, бағдарламаның соңында орындалатын әнді үнемі тамашалайтын балалар жаттап та үлгерген. Қиыны, бағдарлама тек орыс тілінде ғана шығарылады. Егер дәл осындай бағдарлама ана тілімізде жасалса, нұр үстіне нұр болар еді.

2008 жылы ғылым, Мәдениет және ақпарат министрліктері мен «Қазақстан» ұлттық телеарнасының қолдауымен құрылған «Білім» арнасы еліміздің білім және ғылым саласындағы айтулы оқиғаға айналды. Танымдық бағыттағы «Білім арнасы» — оқыту бағдарламасына құрылған еліміздегі ең алғашқы бағдарламалардың бірі. 2008 жылдың басында Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі Жансейт Түймебаев, Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев және «Қазақстан» МТРК АҚ басқармасы төрағасы Дәурен Әбдіхамитов арасында «ҚР оқыту телевидениесі» атты жалпыұлттық жобаны жүзеге асыру қарым- қатынастарын орнату жөнінде меморандумға қол қойылған болатын. «Бұл бағдарламаны шығару үшін, елдің территориясында 98% таралатын ұлттық Қазақстан телеарнасы таңдалды», — деді. Е. Ертісбаев . Ол атап өткеніндей, «оқу білім бағдарламасы бастапқыда аптасына 1-2 рет эрифрден шығарылады, кейін оның көрсетілімі күніне 2-3 сағатқа көбейтіледі». [8]

Бұл арнаны құрудың мақсаты – жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып оқушы жастарға, жалпы қоғамға және еліміздің әр аймағындағы тұрғындарға тең дәрежеде білім алуға мүмкіндік туғызу, отандық білім мен ақпарат саласын жаңа сапалы деңгейге көтеру.  Мемлекеттік білім беру стандарты шеңберінде бағдарламаларды үш тілде трансляциялау қазақ, орыс және ағылшын тілдерін тең дәрежеде меңгеруге жағдай жасайды. Мұғалімдерге көмек ретінде деректі фильмдер циклы мен ақпараттық-танымдық бағдарламалар ұсынылады. Қазіргі таңда жобаның бір сағаттық бағдарламалары «Білім арнасы» «Қазақстан» ұлттық арнасының эфирінен шығуда. Алғашында жексенбі күндері 12.50-ден 13.50-ге дейін шығып тұрған бағдарлама 1-қыркүйектен бастап сенбіге ауыстырылды. Жалпы хронометражы 1 сағат. Көптеген қиындықтарға қарамастан, бұл мақсаттағы жоба ілгерілеп келеді. Білім беру блогына бүгінде 5 жекеменшік циклды бағдарламалар кіреді. Олар: «Кітап әлемі» — бұнда Қазақстандағы балалар жазушыларының шығармашылығы, балалар журналдары, балаларға арналған кітапханалар, іс-шаралар айтылады. Оның мақсаты – балаларды кітапты сүюге үйрету. «Керек кәсіп» — экономиканың әр саласына қажетті деген мамандықтар (архитектор, агроном, инженер, медик, өрт сөндіруші т.б.) жайлы айтып береді. «Педсовет» циклында — өсіп келе жатқан ұрпақтың бойына патриоттық тәрбиені сіңіру, білім беру саласындағы жаңа технологиялар секілді мәселелерді көтереді. «Телеэнциклопедия» — түрлі тақырыптарға қатысты толық мағлұмат беруге арналады. «Телесабақтар» — түрлі сабақтардың экрандық нұсқалары жасалады. Сондай-ақ, сатып алынатын ағылшын тілін үйренуге және танымдық мультфильмдер т.б. кіреді. 2009 жылдың 1маусымынан бастап, желтоқсан айына дейін елімізге танымал деген педагогтардың 20 телесабақтары көрсетіледі. 

Ұлттық білім арнасын дамыту – еліміздің әлемдік деңгейде лайықты орын алуына мүмкіндік туғызбақ. Мұғалімдерге көмек ретінде ұсынылатын деректі фильмдер циклы мен ақпараттық-танымдық бағдарламалар атауы:

  1. Барлық пән бойынша телесабақтар (қазақша, орысша)
  2. Кітап әлемі
  3. Керек кәсіп
  4. Телеэнциклопедия
  5. «Қазақ әдебиетінің классиктері»
  6. Қазақстанға саяхат
  7. Қазақстан ғылымы
  8. Этнография
  9. Экология
  10. Қазақстан археологиясы
  11. Қазақстанның мәдени мұралары
  12. Қазақстан мұражайлары
  13. Бір жәдігердің тарихы
  14. «Жаңа көзқарас» (Мұғалімдерге арналған бағдарлама. Онда білім берудің жаңа әдістемелері қамтылады. Сарапшылар мен әдіскерлердің пікірі беріледі.)
  15. «Эврика» (барлық жастағы мектеп оқушыларына арналған танымдық-ойын-сауық бағдарламалары) т.б. «Әрбір қоғам мүддесін, ұстанған қағидаларын жүзеге асыруға күш-жігерін, бүкіл білімі мен тәжірибеін жұмылдыратын жақсы тұлғаның болуын қалайды. Сондықтан да әлеуметтік сипаттың дұрыс қалыптасуына сол қоғам өз талаптарын қояды. Бұл мақсат күнделікті өмірде білім беру мен тәрбие жүйесі, бұқаралық ақпарат құралдары т.б. арқылы жүзеге асады» [9].

                      Демек, балалардың білім імен танымдық көзқарасын арттырып, кәсіби, әрі тәжірибелік қырларын дамытуда бүгінгі баланың қосымша «тәрбие көздерінің бірі» — теледидардың әсері ерекше екенін жоғарыдағы дәлелдерден байқап отырмыз.

               Бүгінде қоғам өмірінен теледидарды алып тастау мүлдем мүмкін емес. Ендеше, оны дұрыс бағытта, өзімізге пайдалы жақтан қолданудың бір тәсілі оқыту телевидениесін дамыту болып отыр. Медиа-оқыту мәселесін қозғағанда 60-70 жылдары осы мәселеге қатысты әлемнің түрлі елдерінде белглі бір концепциялар дүниеге келді. Олардың қоғамда ерекше көрініс тапқан үш концепциясына тоқтала кетейік.

Ең алғашқы концепция АҚШ-та 60-жылдары пайда болды. Ол «визуальді сауаттылық» (немесе «медиа-сауаттылық») деп аталды. Бұл концепцияны жақтаушы Дж. Дьюи бастап, кейін ол бұқаралық коммуникация теориясын жақтаушылар М. Маклюен, К. Шеннон, В. Шраммдардың еңбектерінде жарқын көрініс тапты. Бұл концепция бойынша, бүгінгі заманда адамды жан-жақты стимулдардың мыңдаған түрі қоршаған,олар жаратылыстану және әлеуметтік мәдени сфералармен тығыз байланысты. Жазбаша және ауызша айтылғандардың, музыканың және өзге де дыбыстардың, қозғалмайтын және қозғалатын көріністердің, табиғи заттар мен құбылыстардың адамға әсер ететіні белгілі, олар адамға түсінікті және қолдануына икемді, сондықтан да оларды адам қабылдай алады. Демек, мектептер балаларды оқытуда коммуникацияның вербальді емес тәсілдеріне жүгінуі керек, әрі ең бірінші визуальдық формасын пайдаланған дұрыс. Осы жерден фотография, комикс, карикатура, жарнамаға деген қызығушылық артып, одан әрі ол индивидтің  «визуалдық сауаттылығына» — кино, телевидение, көріністі қабылдауын дамытады. Яғни, бұл концепция негізінен баланың эстетикалық қабылдауын дамытуға арналған. Бізде оқыту телевидениесін жасауда ең алдымен, балаға көріністі қабылдау жағын дамыту керек. Сонда ғана ол экрандағы болып жатқан хабарды түсінеді.

Екінші концепция Еуропада 60-жылдардың соңы мен 70-жылдардың басында Ұлыбритания мен Францияда пайда болған, бұл концепция бұқаралық коммуникация құралдарынан балалар мен жасөспірімдерге кері әсер ететін ақпараттардан қорғауға бағытталған. Ол адамның өзіне қажет емес, психикасына кері әсер ететін дүниелерге сыни көзқараспен қарап, өзі үшін қажетті ақпарттарды таңдай білуге негізделген. Демек, ол «сыни ойлауды қалыптастыру» деген ұранға бағытталған және ол Р. Барта, Ж. Пиаже, С. Френе және тағы басқалардың еңбектеріне негізделген, сондай-ақ, тіл, семантика мен синтаксис мәселелерін қамтиды, және ол «сыни» (критический) концепция деп аталады. Бүгінде бұл концепцияның қоғамда алатын маңызы зор. Теледидардың кері әсері жайлы тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде зерттеушілердің назарын өзіне аударып отырған проблемалардың бірі. Демек, біздің телеарнадағы бағдарламалар зорлық-зомбылықты емес, белгілі бір оқыту-тәрбиелеу мақсатын қарастырғаны орынды.

        Ең соңғы, үшінші концепция 70-жылдардың басында пайда болған, ол әлеуметтік-педагогикалық сипатқа ие және «ақпараттық империализмнің» үлкен әсеріне тап болып отырған елдерді қамтиды. Бұл концепцияның әлдеқайда өңделген түрі Финляндияда кейінірек жасалды, яғни онда ақпараттық және мәдени жағынан елдер арасындағы теңсіздікті жоюға негізделген.Ол әлдеқайда дамыған өндірістік державалар мен дамуы жағынан артта қалып келе жатқан халықтарға ақпарт беруді теңестіру, демек бүгінгі жаңа заманда әр елдегі білім беру стандарттарын бір қалыпқа келтіруді көздейді. Сол себепті де, бұл концепция «әлеуметтік-педагогикалық» деп аталады. «Медиа сауаттандыру процесі кезінде бала білуге міндетті:

  1. саналы түрде вербальді емес қабылдауды жетілдіру;
  2. вербальді емес хабарламаның тілін түсіну, сол арқылы бала көз       алдындағы көріністі жетік санасына сіңіреді;
  3. медиа мен өзінің арасындағы «психологиялық дистанцияны» бақылау, өзін манипуляциялаудан сақтау және әр нәрсеге сыни қарай білу.

Осы кезде ғана баланың ішкі жан-дүниесі байып, адамдармен қарым-қатынасы дами түседі» [10].

                        Концепцияларды қорытындылай келе, зерттеушілер мектептегі оқу бағдарламасын үш жүйеге негіздеп, топтасытырып, оқыту телевидениесін жасауға болады дейді. Демек олар:

  • эстетикалық циклдағы пәндер («визуальдық сауаттылық») және бұнда ең бастысы бейнелеу өнері болуы қажет;
  • ана тілі мен әдебиеті («сыни концепция»);
  • әлеуметтік ғылымдармен байланысты пәндер (әлеуметтік-педагогикалық» концепция).

Бұндай оқыту телевидениесінің тәжірибесі Финляндия мен Норвегияда қолданылып, оң нәтижелерін берді. Мәселен, Финляндиядамедиа-оқыту фин тілі, бейнелеу өнері, тарих әлеуметтану және экология пәндерінде кеңінен қолданылады.

Қазақстанда білім және ғылым саласы халықаралық талаптарға сай дамып келеді. Бәсекеге қабілетті ұлт болуды мақсат тұтқан қазақ мемлекеті ілім-білімге айрықша мән беріп отыр. Қазір 4 жарым млн-ға жуық адам осы салада еңбектеніп жүр. ЮНЕСКО-ның мәліметі бойынша білім беруді дамыту индексі жағынан Қазақстан әлемдегі 129 елдің ішінде алдыңғы орынға шықты. Білім беру бағытын дамытуда осындай телевидение арқылы оқыту бағдарламаларының саны мен сапасын қолға алу болашақ телемамандардың үлесінде.

«Хабар» арнасындағы бүлдіршіндерге арналған бағдарламалардың бірі «Сиқырлы әріптер». Жанры жағынан танымдық бағдарлама. Мақсаты – балаларды қазақ тіліне үйрету. Бағдарламаның ұзақтығы 25 минут. Жоба арнайы екі тілді аудиторияға арналған. Орыс және қазақ тілдерінде шығарылады. Елбасының дәстүрлі халыққа жолдауында көрініс табатын, мемлекеттік саясат бағыттарының бірі – бастауыш және орта білім беру жүйесін әлемдік стандартқа жақындату. Бұл міндетті жүзеге асыру барысында телевизия ролі ерекше аталады. Жолдауда оқу телевизиясын жасау қажеттілігі көрсетілген. Осы мақсатта «Сиқырлы әріптер» оқу видеоматериалы ретінде, сондай-ақ, бастауыш мектеп оқушыларына мектеп пәндерін өзіндік анимация мен музыкалық қызықты телеойын ретінде театрландырылған қойылым арқылы беру төлтума әдістеме ретінде де қарастырылады. Оқу жобасы қазақ тілін әліппеден үйрету арқылы басталады. Тележобадағы театрландырылған қойылымдарда мұғалім ролін кәсіби әртістер ойнайды. Сонымен қатар, өз мінез-құлықтарына сай роль бөлінген танымал ертегі кейіпкерлері мен майрампаздар шақырылады. Сценарийде нақты да қызғылықты міндеттерден бөлек, тәрбиелік мәні бар – Отанға деген сүйіспеншілік, мемлекеттік нышандарға деген мақтаныш, «Тілдердің үштұғырлығы» мемлекеттік жоба аясындағы үш тілді меңгеруге деген ұмтылыс туғызатын қосымша сәттер қосылған. Жобадағы көркем рольдерге екі тілді еркін меңгерген, «Перекресток», «Саранча» фильмдері арқылы танымал, кәсіби білікті актерлер шақырылады. Актерлерге оқу бағдарламасын балаларға жеңіл әрі ойнақы түрде жеткізу міндеті қойылған. Рольдерде – ҚР Еңбек сіңірген әртісі Ғазиза Әбдінабиева – оқушы Айгүл, М. Әуезов атындағы Драма театрының бас актеры Жалғас Толғамбай – оқушы Жасұлан, Лермантов атындағы театрдың бас актеры Игорь Горшков – Жалмауыз-Кемпір, Жас көрермендер театрының актеры Виталий Куприянов – мейрампаз, мұғалім ролінде — «Перекресток» фильмі арқылы танымал актриса Сайя Есмұрзаева

        Шығармашылық топ:      

        Продюсер – Адамбаева Жанар
Идея авторы – Кирилинская Людмила
Қоюшы-режиссер – Мұстафин Бағдад
Мизансцен қойылымы бойынша режиссер – Мақажанов Тимур
Монтаж режиссеры – Бекхожин Мурат
Редакторлар – Сәуле Чарышева, Омарова Шынар

Бұл жобаның ерекшелігі – актер­лердің ойындарында. Өйтке­ні балалардың рөлін біздің ак­терлер ойнайды. Одан кейін бұл жерде көп қазақ ерте­гілері пайдаланылады. Мыса­лы, «А» әрпін оқыған кезде Ал­дар көсе келеді қонаққа, «Б» әр­­пін үйренген кезде Батыр ке­ле­ді. Ал «З» әрпін үйренсе, қо­нақ­қа қазақтың маңдайына біткен ұлы ақыны, ойшылы Абай Құнанбаевтың әжесі Зе­ре ке­ліп, өнегелі әңгімесін ай­та­ды. «Сиқырлы әріптерде» оқиға театрландырылған көрі­ніс­тен тұрады. Яғни көрер­мен­дердің достарына айналған Жал­мауыз бен Сайқымазақ және екі кішкене бала ұстаз­дың тәлімін алып, одан білме­генін сұрайды. Теледидардың арғы бетінде отырған бала да бағ­дарлама кейіпкерлеріне қосы­лып, сұрақтарға жауап беріп, әріптерді жаттап, өсиет тың­дайды. Бағдарлама сондай-ақ,  Болгарияда өткен «Арт-Амфора» Х ха­лық­­аралық балалар мен жас­өс­пірімдер бағдарла­ма­лары фестиваліне қатысып, бірінші орынды жеңіп алды. Атауынан белгілісі, биыл 10-шы рет шымылдығын ашқан «Арт-Амфораға» бұл жолы Германия, Италия, Франция, Ресей, Македония, Литва, Болгария және Қазақ­стан телеарналарындағы балалар мен жас­өс­пірімдерге арналған бағдарламалар қа­ты­сып, бақ сынасыпты. Телеөнімдер алдымен бірнеше ай бұрын Софияға жөнелтіліп, ірік­теуге іліккендері ғана қатысушылардың кө­зінше қорытынды сарапқа салынған. «Әуелі таңдауға алынғанымыздың өзіне таң қалыс­тық. Оның үстіне шет мемлекеттен шақырту алудың өзі үлкен мәртебе ғой…», – дейді «Сиқырлы әріптер» бағдарламасының про­дюсері Жанар Адамбаева. Болгариядағы ақтық байқау бүлдір­шін­дер өнімінің өзін фильм, анимация, теле­визиялық бағдарлама және балалар мен жасөспірімдердің қатысуындағы балалар студиясы түрлері бойынша төрт аталымда бәсекеге салған. Нәтижесінде бас жүлде Болгария ұлттық телеарнасындағы «13+» бағдарламасына, ал бірінші орын «Сиқырлы әріптерге» бұйырған. Ал қалған үміткерлер түрлі марапат алумен ғана шектеліпті. Бол­гариядан базарлық алып қайтқан бағдар­лама продюсері, керек десеңіз, Ресейден келген «Теленяня» балалар телеарнасы мен «Культура» арнасы бағдарламаларының өзі жүлдеден құралақан қайтқанын айтады.
Рас, әсіресе қазақ тілін меңгеремін деген жеткіншектер үшін тиімді тәсіл таң­дап алған «Сиқырлы әріптердің» сценарийі де театрлық көрініс түрінде жүреді. Мыса­лы, ондағы оқушы ұл мен қыз, жалмауыз кемпір мен клоун күнделікті сабаққа қаты­сып, мұғалімдерінен тәлім алуға тырысады. Сабақ барысында кейіпкерлер көрерменін қатты ойландырып, санасын ауыр тапсырмалармен бөгеп тастауға әрекеттенбейді, керісінше олардың қызықты оқиғаларға толы әрбір іс-қимылы мен әрекеттері бүлдіршіндердің езуіне күлкі әкеліп, сергуіне жол ашады. Әріптерді үйрену кезінде экраннан соған сәйкес зат­тардың бейнесі көрсетіліп, есте сақтауға ың­ғайлы болатындай анимациялық көріністер бейнеленеді. Бүлдіршіндер ара-арасында мультфильм тамашалап алады. Ал сабақ желісіне білікті методист мамандар жауап­ты. Асылы, әрбір сабағы әріп танып, тіл үйренуге жетелейтін бағдарламаның тәр­бие­лік түйіні балаларды отансүйгіштікке жетелеп, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық құндылықтарды қастерлеуге тоғысады.

               «Еларнадағы» «Өзін-өзі тану» Сара Алпысқызының авторлық жобасын насихаттайды, бұл тек балаларға ғана емес, олардың ата-аналарына, тәрбиешілерге арналған. Яни бағдарламаның мақсаты – тебіндеп өсіп келе жатқан баланың бойына ізгіліктің нұрын себу болып табылады. Көбіне әр балабақша, мектептерде өтіп жатқан «Өзін-өзі тану» сабақтарын көрсетеді. Бағдарлама балаларға өмірдегі өз орнын табуға, өзінің тұлғалық қабілеттерін жоғалтып алмай, адами ерекшеліктерін дамытуға көмектеседі. “Өзін-өзі тану” білім беру  бағдарламасының авторы: «Балалардың бүгінгісі мен келешегіне қамқорлық жасау – біздің ортақ міндетіміз. Ұлдарымыз бен қыздарымыз өмірде қандай таңдау жасамақ? Олар қайырымдылық жолымен жүре ме, адамдарға пайда әкеле ме, әлсіздерге  көмектесе ме, қоршаған әлеммен үйлесімді өмір сүре ме, жасампаздық немесе күйреу жолына  түсе ме – осыларға біздің барлығымыз және жеке алғанда әрқайсымыз жауаптымыз», — деп көпшілікке ой тастайды [11].

                     Ең ерте балалық шақтан балалардың бойында қайырымдылық жасауға қажет сапаларды тәрбиелеу және қалыптастыру – бағдарламаның басты мақсаты.

«Хабар» агенттігі акционерлік қоғамы оқушыларға арналған интеллектуалды сайыс «ХХІ ғасыр көшбасшысы» бағдарламасын жүзеге асыруда. Аталмыш бағдарлама Қазақстанның әр түкпірінен жиналған талантты жас өрендерге өз білімдерін сынауға және білім гранттарын ұтып алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бағдарлама дарынды балаларды және мемлекеттік тілді дамыту бағытында жұмыс істейді. Бағдарламаның ұзақтығы 40 мин. Аптасына бір рет эфирден беріліп тұрады. Бағдарлама 1999 жылы алғаш рет шыққан.  Алғаш­қы­ нұсқаларында оқушыларға тек жеңіл сұ­рақтар дайын­дай­тын бол­са, бірте-бірте қиын­датып, қа­зір оларды ұпай­­мен өлшейтін болды. Соң­ғы уақыттары шешендік өнер сынынан 10-11 сынып сайысшы­ла­ры байқауы­на түсетін болды. «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық жобасының басты мақсаты — дарынды жастарды тауып іріктеу болып табылады. Еліміздің түрлі өңірлерінен келген көптеген үздік оқушылар осы жобаның арқасында өз білімдерін паш етіп, шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік алды. Сонымен бірге бағдарлама олардың басым бөлігіне еліміз бен шетелдердің жетекші жоғары білім ошақтарында білім алуды одан әрі жалғастыруға нақты мүмкіндіктер берді. Осы мерзімде бағдарлама тек танымал телевизиялық жобаға айналып қана қоймай, сонымен бірге жастар арасындағы әлеуметтік маңызы зор оқиғаға айналып үлгерді. Мәселен, бағдарламаның негізінде ойынға қатысушылар «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты республикалық бірлестік құрып, қоғам өміріне белсене араласумен бірге жастар арасында түрлі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда. Бағдарламаға бес жыл толған уақыттан бастап ойынға қаты­су­шыларды төменгі және жо­ғарғы лигаға бөлетін болды. Жоғарғы лига бұрынғысынша жұмыс жасай беретін болса, төменгі лигада 6-7 сынып оқушы­лары арасында сайыс ұйым­дас­тырылады. Осылайша Қа­зақ­­­­станның келешек білімгер­лерін төменгі сыныптан дайын­­дауға арна болып күш салуды жоспарлап отыр. Десе де, көрер­мен сұранысын бәсеңдеудің ор­нына өсе беретін болса, мұн­дай бағдарламалар мәңгілік бағдарламалар санатына қо­сы­лады. «ХХІ ғасыр көшбас­шы­лары» да осы топқа қосы­лып келетіні бізді де қуантып отыр. Оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар тарапынан ағылып келіп жатқан хаттар – соның дәлелі. Бұл бағдарламаның бас­ты ерекшелігі – оның нә­тижелілігі деп білемін. Оның үстіне «Хабар» агенттігі балалар­дың білімін жетілдіру үшін түрлі тренингтер ұйымдастырады, оқу­шылар эфирдегі сайысқа дейін де талай мәрте түрлі жа­рыс­тарға қатысады, өз білім-білігін сыннан өткізеді.

                  Теледидар – ұлттық нақышты, салт-дәстүрді, тілді, өнерді, әдебиетті, бір сөзбен айтқанда ұлт тарихы мен мәдениетін көрерменмен үндестіретін құрал. Батыс және Ресей телеарналарында соңғы уақыттары интеллектуалдық  шоу бағдарламалары қарқынды түрде түрде дамып келеді. Біздің қоғамға да жеткіншек жастағы балаларға осындай шоулар керек-ақ. Себебі, ителлектуалдық ойындардың өзіне тән бірқатар артықшылықтары бар. Алдымен, интеллектуалдық шоу баланың интеллекет деңгейін көтеріп, оның мүмкіндіктерін жетілдіреді. Баланың бойында бар қабілеттері арта түседі. Екіншіден, баланың ойлау жүйесі, яғни логикасы дамиды. Белгілі бір сөйлеу мәдениеті қалыптасады. Айта кету керек, бүгінде ораторлық, яғни шешендік өнерді меңгеруге әлемнің мықты мамандары ерекше көңіл аударып отыр. Жарнама,қызмет көрсету аясында жұмыс жасайтын мамандар арнайы курсатрға қатысып, тіл мамандарынан сабақ алуда. Үшіншіден, біртіндеп ғылымға жақын балалардың теориялық, ғылыми ойлары дами түседі. Бала ойымен белгілі бір нәрсені зерделеп, сараптап, мәселені сан қырынан қарап үйренеді. Оқушының шығармашылық мүмкіндіктері артады. «Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретіндегі мектепке дейінгі білім беруге баса назар аударған жөн. Және бұл сатыны олардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға арналған тиімді бағдарламалармен қамтамасыз ету қажет. Әрі балалардың білім алуға, еңбекке және қоршаған ортаға бейімі, қарым-қатынасы нақ осы кезеңде қаланатынын естен шығармауымыз керек». \9\.

                     Интеллектуалдық деңгейі дамыған, білімді де, саналы, дені сау ұрпақ еліміздің мәртебесін асқақтатып, қоғамның жан-жақты дамуына себепкер болатынын ескерсек, телеарналардағы интеллектуалдық бағдарламалардың осы айтылған мәселелерді жетілдіруде балаларға берер пайдасы мол.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Тәуелсіз арналардағы балалар бағдарламалары

 Еліміздегі балалар бағдарламаларын шығарушы тәуелсіз арналардың  көрсетілімдері жайлы бір бөлек әңгіме айтуға болады. Теледидар бүгінгі қоғамдық өміріміздің айнасы болумен қатар еліміздің тыныс-тіршілігінің күре тамырын дөп басып, бағамдап отыратын өлшеуіш іспетті. Себебі, ол көрсетпейтін өмірдің қаға беріс сәттері жоқ десек те болады. Бірақ, оның ең басты мақсаттарының бірі қоғамдық ойды, пікірді, көзқарасты қалыптастыру, әдебиетті, мәдениетті, өнерді, әдет-ғұрыпты, дәстүр-салтты насихаттау екені белгілі. Бүгінде Қазақстанда тәуелсіз арналар едәуір дамып келеді. Олардың қызметі функционалдық жағынан сан-түрлі екеніне қазіргі таңдағы телекөрсетілімдер куә. Онда арнаның жеке өнімінен бастап, шетелдік, әсіресе, Ресей арналарының да көрсетілімдерін аңғаруға болады. Қазақстандағы тәуелсіз арналардың балаларға арналған бағдарламалары негізінен көңіл-көтерушілік бағытта жүреді.

               Енді оларға жекелей тоқтала кетер болсақ, бүгінде өзіндік имиджі қалыптасқан тәуелсіз «КТК» арнасында әр жексенбі сайын сағат 10:20-да өздерінің кішкентай көрермендеріне «Взрослые отдыхают» бағдарламасын ұсынады.  Бағдарламаның мақсаты – балалардың назарын толығымен жаулап алып, үлкендерге демалыс беру. Екінші жағынан, бұл балалар территориясына арналған бағдарлама, сондықтан үлкендер демалады деген мағынаны білдіреді дейді арна ұжымы. Дегенмен, тақырыбына қарамастан, бұл жалпы барлық отбасы мүшелерінің көруіне арналған. Бағдарламаның «Странные открыватели» айдары Қазақстан қалаларының көшелеріне есімдері берілген тарихи тұлғалар, киелі мекендер, елдің мәдени мұраларына арналады. Жүргізуші саяхатшылар балаларға еліміздің көне трихының қыр-сырын ашады. «Гулять, так гулять» бөлімі уақытты қалай тиімді өткізуге болады деген мәселені қамтиды. Кейбір ұсыныстарды кез келген отбасы өздері ұйымдастырып, редакцияға хабарласады. Және түсіру тобы сол отбасымен бірлесіп, «уақыт өткізеді», яғни түсірілім жасайды. Бұл айдар арқылы балалар және олардың отбасы демалыс күндерді немесе бос уақытты қалай қызықты өткізуге болады деген мәслелерге арнайды. «Я САМ» айдары кішкентай бүлдіршіндерге әртүрлі мамандық иесі болуға мүмкіндік береді. Олар өздері шаштараз болып шаш қиып көреді немесе геологиялық зерттеу жасайды, сиыр сауады деген секілді өздерін түрлі мамандықта тексеріп көреді. Яғни бала өзіне ұнаған мамандықтарының бар кереметін басынан кешіреді. «Мысли о немыслимом» айдары балалардың ойына келе бермейтін істермен айналысып, мүмкін емес әрекеттерге жол ашады. Осы айдар арқылы бүлдіршіндер өздеріне әдетте рұқсат беріле бермейтін мүмкіндіктерге ие болып, еркін еркелікке кезек беріп, ойларына түскен іспен айналысуға, яғни бақытты балалықтың тәтті сәттерін бастан кешіруге мүмкіндік алады. «Больше всех надо» айдарында кейіпкерлер өздерінің ғажайып дарындарымен бөліседі. Мәселен, біреу домбырада жақсы ойнаса, немесе тағы сондай бір ерекше таланты болса, бағдарламаға қатысуына мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, бұл айдарда үздіктерге арналған байқау да өтіп тұрады. «Достать звезду» айдары, біздің тілге аударғанда жұлдызды жалықтыру, титығына жету деген мағынада. Оның екі жолы бар. Біріншіден, оларды өмірі таусылмайтын сұрақтармен «жүйкесіне тию». Екіншісі — бір күнді жұлдызға да, өзіңе де тиімді өткізу. Бұнда олармен дүкен аралауға, сурет салуға немесе дайындықтарына қатысып бірге ән салуға болады. «Съемка алаңында түрлі жағдайлар болып жатады. Жүргізушілер жұлдыздармен түрлі қарым-қатынастар орнататын кездері болады. Жобаның ерекшелігі — қатысушылардың табиғи бейнесін барынша көрсетуде. Бұнда автор арнайы сценарий жазбайды, балалар ешнәрсені де жаттамайды. Ешқандай түсірілімге дубляж жасалмайды. Кейбір жағдайда кадрда жүргізуші Ольга Крылова шығады. Ол сценарий авторы болып саналғанымен, сценарий жазу үшін емес, тексеру жасап, болып жатқан әрекеттерге комментарий беру, қорытындылар жасау үшін ғана шығады. Сондай-ақ, жоба авторлары бағдарламаға қатысушы жүргізушілер сабақ үздіктері де емес екенін, олардың кейбіреулері «Р»-ға да тілі келмейтінін, ерке, кейде съемкаға да кешігіп келетін қарапайым балалар екенін айтады. Олардың ерекшелігі — дарынды да қызықты, әрі кез келген тақырыпқа әңгімелесуге әзір балалар екенін айтады. «Әрбір айдар бағдарламаның алға қойған мақсатына жауап беруі керек. Екіншіден, көптеген балалар нағыз өмір мектепті бітірген соң басталады деп ойлайды. Тамаша поляк дәрігері мен педагогы Януш Корчак өзінің «Балаларды қалай жақсы көру керек» деген кітабында: «Олар ертеңнен бастап емес, қазірден-ақ адам!» деген еді. Демек, бағдарлама айдарлары бүгінгі күннің өзінен-ақ қалыптасуы керектігін, қазір болып жатқанның бардлығы олардың келешегінде маңызды рөлге ие екенін түсіндіру керек» — дейді Г.Лебедева.[12].

                 Бағдарламаның айдары балалрдың өзімен-өзі болуына, емін-еркін ешкімнің нұсқауынсыз әрекет етуіне жол ашады.

Отбасы, бала, отбасылық құндылықтар мен қалыптасқан дәстүрлер біздің қоғам мен мәдениеттің негізі болып қала береді. Еліміздің және әрбір отбасының алдына қоятын негізгі мақсаты – қалыптасқан отбасылық ұйытқыны сақтау, жас отбасыларға қолдау көрсету және оларды насихаттау. Бұл үшін әрине мемлекет аз жұмыс жасап жатқан жоқ. Осындай мақсатты көздеген телевизиялық бағдарламалардың бірі – «Дочки-сыночки». Бұл бағдарлама эфирге шыққалы 7 жылға жуық уақыт өтті және осы уақыт аралығында ол көптеген ата-аналар мен мемлекеттік ұйымдардың сеніміне кіріп үлгерді. Кезек күттірмейтін мәселелердің бірі – бала тәрбиесі мен денсаулығы бұл жобаның басты мақсаты. Оған денсаулық сақтау департаменті, білім беру мен балалардың құқығын қорғау комитеті, қалалық және аудандық әкімшіліктер, жәрдемақы және зейнетақы төлеу орталығы, балалар емханалары секілді біршама мекемелер көмек көрсетеді.  Бағдарламаның демеушісі балаларға арналған тамақ шығаратын «Humana» неміс компаниясы. Бағдарлама жүргізушісі, әрі авторы – Ольга Бутко. Жеке авторлық жоба болғандықтан бағдарлама бірнеше арналарда көрсетіліп келді. Ал 2008 жылы «Астана» телеарнасының басшысы М.Дорофеевтің шақыруымен бағдарлама осы телеарнада көрсетіліп келеді. Бағдарламадағы «Апашкины советы», «Ждем аиста», «Именины», «Вундеркинд» айдарлары кішкентай бүлдіршіндердің ерекше ықыласына ие. Дегенмен, бұл бағдарламаны жоғарыда айтылған бағдарлама мақсаттарына қарай, толыққанды балаларға арналған бағдарлама деп айту мүмкін емес. Өйткені, бұл жобаның басты мақсаты – халықтың әлеуметтік жағдайын қарастыруға арналады және балалардан гөрі олардың ата-аналарына көбірек негізделген.

            «ТАҢ» телеарнасында балалар аудиториясына арналған екі бағдарлама шығарылады: «Өнерпаз болсаң» және «Балбұлақ». Алғашқы бағдарламаның эфирге шыққанына сегіз жылдан астам уақыт өтті. «Өнерпаз болсаң» негізінен аты айтпақшы, өнерлі балаларға арналады. Ән айту, би билеу, домбырада ойнау, шахмат-шашкидің жеңімпаздары, спорттық ойындарға қызығушылар тағы басқа көптеген өнер түрлеріне икемі бар балалардың қабілеттерін дамыту, олардың игі әрекеттерін насихаттап, шығармашылық дамуына жол ашу – бағдарламаның басты мақсаты. Әр бағдарламада бір өнерлі бала жайлы айтылып, одан студияда сұқбат алынады. Өнер иесі жайлы сюжет көрсетіліп, оның өнерін көпшілік тмашалайды. Сондай-ақ, бағдарлама барысында Абайдың қара сөздері оқылып, әр ұлт өкілдері, өзге елдердің қалалары жайлы айтылады. Кәсіби сана-сезімге адамның белгілі бір кәсіптің иесі ретінде, белгілі бір кәсіптік мәдениетті игеруші, кәсіби нормалар, мен ережелер дәстүрін жалғаушы адам ретінде сезінуге көмектеседі. Осы сезінулер адамның өз мамандығында табысты болуына көмектеседі.

             Демек, бағдарлама көрермендеріне шаттық көңіл-күй сезінуге көмектессе, ал қатысушы кішкентай кейіпкерлерге шығармашылық мүмкіндіктерін дамытып, өзін кәсіби музыкант, әнші немесе тағы басқа шығармашылық адам ретінде қалыптасуына септігін тигізеді.

             Телевидение бүгінде әлеуметтік мәдениеттің маңызды бөлігінің бірі болып табылады. Бүгінгі балаларды сол себепті де теледидарсыз елестету мүмкін емес кезеңнің адамдарына жатқызуға болады. Егер ертеректегі адамдар үшін телевидение ақпарат көзі болса, бүгінгі балалр үшін ол интерьердің қарапайым бір бөлігі, ақпарат беруші фон, яғни өмірдегі ата-ана, достары секілді ажырамас бөлігі ретінде қарайды. Сондықтан да, «Балбұлақ» бағдарламасында баланың күнделікті өміріне қажетті көңіл-көтерушілк мақсаттағы барлық қырлары қамтылған.

                  «Балбұлақ» балалар бағдарламасының эфирге шыққанына үш жылға жуық уақыт өтті. Танымдық әрі көңіл-көтерушілік бағытқа арналған бағдарлама негізінен 3-14 жас аралығындағы балаларға арналады. Жас ұрпақтың танымдық көзқарасын кеңейтіп, оның мәдени, рухани жан дүниесін байытуға, оларды үлкен өмірге дайындауға, олардың отансүйгіштік, патриорттық қабілетін шыңдауды көздейді. Әр бағдарлама балаларды қызықтыратын белгілі бір тақырыпқа арналады. Бағдарламаның жүргізушілері – кішкентай балалардың өздері. Олар белгілі бір тақырып аясында әңгімелесе отырып, балалармен түрлі айдарларға саяхат жасайды, өздері корреспондент болып сұрақ қойып, өздерін қызықтыратын мәселелерге жауап алады. Бағдарламада бірнеше тұрақты айдарлар бар. «Білгенге маржан» айдары танымдық мақсатта жұмыс істейді, яғни ол арқылы балалар шахмат, әлемнің таңғажайып суретшілері, ең алғашқы пайда болған ойыншықтар, қазақтың ертеден келе жатқан салт-дәстүрлері, дүниежүзіндегі, болмаса Қазақстандағы ерекша кітапханалар, Медеу мұз айдыны, дұрыс тамақтану ережелері секілді мәселелерді білсе, «Сүйінші» айдарынан Қазақстанда жарық көрген балаларға арналған жаңа кітаптар жайлы ақпарат беріліп отырады. «Балалық шаққа саяхат» айдарында аты танымал тұлғалармен сұқбат беріліп отырады. Ал, «Қуырмаш», «Ертегілер елінде» айдарлары балалардың бал тілімен айтылған тақпақ, санамақ, жұмбақ-жаңылтпаштары мен көрініс ретінде қойылған ертегілерге арналады. Күнделікті қала өмірінде кездесіп жататын жол жүру ережесіне қатысты мәселелер де балалардың назарынан тыс қалмайды. «Бағдаршам» айдары балаларға жол жүру ережелері мен жол белгілерін, осы мақсаттағы түрлі іс-шараларға арналады. «Туған жерге саяхат» айдарында Қазақстанның көрікті мекендері мен тарихи ошақтары жайлы айтылса, «Шебер қолдар» көмегімен балалар өздерінің достарынан немесе өнер шеберлерінен қағаздан, матадан, саз балшықтан және өзге де заттардан жаңа бұйымдар жасап үйренеді. Осындай пайдалы, әрі тұрақты айдарлардың бірі – «Өнерлі өрге жүзер». Бұнда балалар өздерінің достары, айналада болып жатқан түрлі шаралар жайлы  біледі. Мәселен, бірде достары оларға гүл өсіріп үйретсе, енді бір достары салауатты өмір салтын ұстану үшін не істеу керек, келесі бір балалар Мұқағали секілді танымал ақындардың өлеңін оқиды. Жалпылама алғанда бағдарламаның өн бойында баланы 20 минут көлемінде көңілін аулайтын түрлі қызықтар бар екені сөзсіз. Дегенмен, кез келген істе болатын кемшілік секілді, бұл бағдарламаның дайындалу спецификасында бірқатар кемшіліктер кездеседі. Мәселен, ең бастысы – бағдарламада белгілі бір көз тартарлық  көркем студияның болмауы. Жүргізушілер әртүрлі жерлерде жазылады. Олардың біреулері сәтті шықса, келесілері тартымсыз болып келеді. Екіншіден, бағдарлама соңында үнемі орыстың болмаса, шетелдің мультфильмдері қойылады. Үшіншіден, жүргізуші балаларға кәсіби шеберлік жетіспейді. Олардың жүргізуінде жасандылық байқалады. Ол үшін балалармен жұмыс істейтін мамандар қажет. Кейде баланың бойында бар қабілетін аша алмай жататын кездер болады. Сондай-ақ, телевидениедегі құдіретті құрлдардың бірі – камера. Камера алдында кейбір талай топтарда тайсалмай сөйлеп, ән айтып үйреніп қалған адамдардың өзі абдырап, қобалжып қалады. Олармен салыстырғанда ешқандай тәжірибесі жоқ, мектептегі мұғалімінің алдында ғана сөйлеп үйренген блаға камера кейде қиындықтар туғызып жатады. Ал ондай мәселелер туындамауы үшін, арнайы психолог-маманның  балалармен жұмысы қажет екені анық. Бағдарламаны әзірлеудегі тағы бір қиындық – архивтік видеоматериалдардың аздығы. Тіпті кейбір елеулі даталарға арнап хабар дайындауда ешқандай мұрағаттық көріністік қатар таба алмайсың. Әрине, айта берсең, талай мәселенің түбін ашуға болады. Бірақ, олардың барлығы дерлік – қаржыға келіп тірелетіні жасырын емес.

            Еліміздің болашағы біздің бүлдіршіндеріміз. Ал, сол бүлдішіндердің тəрбиесі біздің қолымызда. Алайда қазіргі таңда балалар телеарнасын қойып, балалар бағдарламасының дұрыс жүйесін тауып үлгермеген отандық телевизияның бағдарламасында аздап енжарлык бар екені жасырын емес. Бүгінгі таңдағы қазақ телеарналарының негізгі мақсаты көбіне қаржы табу, яғни табыс көзіне айналу. Және тағы бір мәселе, теледидардың ұлттық тәрбиеге байланысты мәселелер, экранда болып жатқан көріністер негізінен жабық студияларда өтеді, балалар аудиториясыен хаттан артық байланыс көзі жоқ. Ал, халық өмірі, әсіресе, қайнағанқазақ ортасы ауылда. Сондай-ақ, балалар бағдарламаларының көпшілігі дерлік қала өмірінде тәрбиеленіп өсіп келе жатқан балалардың ұғым-түсінігіне сай мәселелер көп қарала бермейді. Сондықтан, бүгінде ауыл мен қала өмірін сабақтастырып, қара домалақ ауыл баласы мен асфальтта өскен балалардың дәрежесін теңестіретіндей ауқымды да, мазмұнды бағдарламалар ауадай қажет.

             Біздің әсіресе қазақша хабарлардың көбі ділмәрсу, яғни ақыл айтуға бейім. «Нысанаға алған хабарлардың бірі – «Қазақ тілін үйренеміз!» Бұл сондай проблемалы тақырып бола тұра атқарылуы жағынан сын көтермейтін формада. Барлық хабарға тән жалаң ұран, жадағай сөз, жауыр болған пікір көрермен жүрегіне жетпейді. Ділмәрсу мен дидактика ұшпаққа шығармайтынын әлі ұға алмай келеміз» [13].

           Мақала авторы сол кездегі балаларға арналған ең тартымды бағдарламалар деп «Хабар» арнасындағы «ХХІ ғасыр көшбасшысы» мен «Қазақстан» арнасындағы «Үшінші сынып» жобаларын айтады. Сондай-ақ, бүгінгі таңдағы балаларға арналған бағдарламаларының кемшіліктері деп мыналарды қарастырады: «Теледидардың ең басты кемшілігі көрерменнің жас ерекшелігіне сәйкес шағын, шынайы нәрсені ұсына алмауында. Тіпті, режиссер өз еңбегінің жемісін баланың жас ерекшелігіне ықшамдай алмай жатса, хабарды психологқа тексертуге, сөйтіп, психологиялық өлшемін дұрыстауға болар еді».  Біздің балаларға арналған бағдарламалардың көпшілігін нақты қай жастағы балаға арналған бағдарлама екенін айыра алмай жатасың. Дамыған шетелдерде бұған ерекше мән беріп, зерттеулер жүргізіп, барып, белгілі бір жас аралығындағы балаларға арнап жеке-жеке жобалар дайындалады. Тағы бір мәселе, бүлдіршіндер аудиториясына арналған дүниелерді шығару үшін де, арнайы мамандардың жұмысы қажет. Мәселен, бізде «ХХІ ғасыр көшбасшысы» бағдарламасында ғана арнайы психолог-маман жұмыс істейді. Ал басқа телеарналарда көбіне тек режиссер мен редактордың көмегімен ғана жасалады.

                      Балаларға арналған хабарлардың өзінде белгілі бір аудитария болатынын ескерсек, ол аудитория сол хабарды толық түсініп, одан өзіне қажеттісін алатындай болуы тиіс. Кез-келген хабарды талқылағанда біз оның проблемалық па, жоқ əлде бүгінгі күннің күн тəртібінде жоқ мəселе ме осы тұрғыдан қараймыз. Шын мəнісінде хабарды жандандыратын көркемдік құралдар мен əр түрлі қызықты стильдер. Балалар хабарына зер салсақ: көбіне көп, кітаптар, суреттер, таблицалардан басқа ештеңе жоқ. Олардың керектігін жоққа шығарудан аулақпыз, дегенмен, баланың көңілін жаулау үшін бұл керемет жаңалық емес. Əр жақтардан əр түрлі тақырыпта түсірілген киносюжеттер, көңіл тартарлық əр түрлі музыкалық шапкалар, айшықты заставка – титрлар т. б. Бұдан да басқа көрнектілік құралдарын іздестірсек. Хабарда ең жетекші роль жүргізушіге беріледі. Осыдан оның хабардағы жауапкершілігі айқын көрінеді, жүргізушінің киінуі, сөйлеу мəнері тіпті столда отыруы, дауысы, бет əлпеті де үлкен əсер етеді. Баламен «бала болып» тілдесу үшін, оның сезімін сендіру үшін үлкен актерлік қабілет керек. Қазір кейбір хабарға қуыршақтар, кішкентай жүргізуші балалар қатысады. Кішкентай бүлдіршіндер қатысқан хабар қай кезде де қызықты болады. Өйткені, көрермен не тыңдарман болмасын-бүлдіршін онымен өзін салыстырып, шынайы ой шиеленісе түседі. Өзі де солай болуды армандайды. Енді, балалар бағдарламадары турасындағы проблемаларға келсек, бəріне тəн жəне күрделі мəселенің бірі- еліктеу. Орысша немесе шетелдік хабарларға еліктеу, қайталау яғни соның көшірмесіне айналу- балалар хабарының өн бойында кездесіп жатады. Стильдік тұрғыда тəжірибе алмасу бар да, еліктеу бар. Еліктеудің əрқилы ыңғайсыздыққа ұрындырары белгілі. Одан да ұлттық болымысымыздан ажырамаған заманауи балалар хабары керек. Мысалы, ұлттық ертегі, жұмбақ жаңылтпаш тағы басқа. Ұлтымызда қаншама батырлар, Қожанасыр, Алдар көсе, Дəу, Жалмауыз кемпір, желаяқ, қанатты ақбоз ат, керқұла ат туралы аңыздар бар. Осы кейіпкерлерді жанды бейнеге айналдырып көрсетуге ұсынсақ. Өтірік өлеңдерден қаншама қызықты фантастикалық, мультипликациялық фильмдер құрастыруға болады. Турасын айтқанда бізге нағыз ұлттық нақыштағы хабарлар керек. Тіпті, сондай балалар телеарнасын ашсақ та артық етпейді. Бұл мемлекеттік болса дұрыс. Оған анау-мынау жарнаманың да қажеті жоқ. Ең бастысы – өкіметтің көмегі керек. Екіншіден, бізде балалар тақырыбына икемді жазушылар мен журналистерді менсінбей қарайтын көзқарас бар. Сөйтіп, балалар жанашырларының жалақысы да аз болып шығатыны сондықтан. Балалардың драматургиясы да, балалардың музыкасы да, балаларға кітап насихаттау да ақсап жатыр. Мəселен, бізде балаларға арналған кішкентай бір ғана бағдарлама шықса, мұны оларға деген жұбаныш, алдау деп түсінеміз. Демек, олардың тыңдауына қызғылықты əрі жан-жақты хабар беретін ұлттық бағдарламалар молынан болуға тиісті. Ол тілімізден бастап, ұлттық негізімізге дейін насихат жасауға талпынса болғаны. Сонда ғана біз тіліміздің мəртебесін арттырып ұлттық тəрбиеден тəлім ала алмаған бүгінгі ұрпақты қайта тəрбиелейміз. Бүгінгі қазақтың тəрбиелі бүлдіршіні ертеңгі ұлт мақтанышы, Сондықтан балалар бағдарламаларына көңіл бөліп, саналы ұрпақ, сапалы бала тəрбиелеуге ат салысу- біздің барлық жұмыстарымздан маңызды.

                    Мәселен, «Еркетай» бағдарламасы жайлы мен бастауыш сынып оқушылары арасынан сауалнама жүргіздім. Оған №145-мектеп-гимназияның 2-3-сыныптары, М.Әуезов атындағы №128-мектептің 2-3-сыныптары және №29-«Балбөбек» балабақшасының мектепке даярлық тобынан 2-ден аса бала қатысты. Сауалнама сұрақтары және нәтижесі төмендегідей:

  1. «Бағдарламадан не көргілерің келеді?» деген сауалға:

А) балалардың қызықты оқиғаларын – 30%

Ә) Ән тыңдауды қалаймын — 16%

Б) саяхат жасағанды қалаймын — 20%

        В) қызықты ойындар ойналса —  40%

        «Жүргізуші ретінде кімді көргің келеді?» деген сауалға:

        А) балаларды —  30%                      

        Ә) ертегі кейіпкерлерін — 40%         

        Б) ересек адамды — 10%

        В) аңдарды — 20%

        «Бағдарламада мульфильм қойылғанын қалар ма едің?» деген сауалға:

        А) Иә —  93%        

        Ә) Жоқ  — 0%      

        Б) бағдарлама қызық болса, керегі жоқ — 7%

        В) кейде —  0%

       «Бағдарламада ертегі болғанына қалай қарайсың?» деген сауалға:

        А) достарымның айтқанын қалаймын — 12 %

        Ә) ертегілерді көрініс ретінде қойса — 31%

        Б) ертегінің желісі бар бағдарламалар ұнайды —  41 %                                                                       

        В) одан да әжемнің (басқалардың) жатарда айтқаны жақсы — 25%

        «Бағдарлама кейіпкерлері өздерің болғанды қалар ма едіңдер?» деген                сауалға:

       А) Иә — 39 %                   

       Ә) Жоқ  — 16%               

       Б) Білмеймін — 8%

       В) Менің достарым (немесе туыстарым) қатысқанын қалаймын — 37%

      «Төмендегілердің қайсысын көргенді қалар едің?» деген сауалға:

       А) «Еркетай» — 19%                                     

       Ә) «Спокойной ночи, малыши!» — 9 %     

       Б) Жетикс — 37%

       В) Николадеон — 35%

      «Балаларға арналған бағдарламадан не үйренгің келеді?» деген сауалға:

       А) белгілі бір бұйым жасағанды — 11%

       Ә) спорт түрлерін (суға жүзу, футбол, бокс т.б) — 21%

       Б) қызықты кітаптар жайлы білгім келеді — 18%

       В) шетел мультфильм, кинолары жайлы — 29%

       Г) белгілі бір мамандық үйренгім келеді (ән айту, сурет салу, дизайн, т.б) —  21%

       «Бос уақытыңды қалай өткізесің?» деген сауалға:

      А) теледидар қараймын — 43 %                              

      Ә) ойын ойнаймын, компьютерде отырам — 26%

      Б) ұйықтаймын — 14%

      В) ата-анама көмектесем, сабақ оқимын — 17%

      «Күніне неше уақыт теледидар қарайсың?» деген сауалға:

      А) уақытымның барлығын теледидар қараумен өткізем — 26%

      Ә) жарты күнім теледидармен өтеді — 31%

       Б) бір-екі сағат қараймын — 20%

      В) қызықты мультфильм не кино немесе бағдарлама болса ғана қараймын — 18%

         Г) теледидар мүлдем қызықтырмайды — 5%

            Сауалнаманы қорытындылай келе, бірнеше фактілерге көзім жетті. Демек, балалар өздеріне арналған бағдарламада көбіне өздерінің қатарлас достары, олардың бастарынан өткен қызықты оқиғалары жайлы тамашалағылары келетіні байқалды. Сондай-ақ, ол бағдарламалардың жүргізушісі үлкен адамдар, немесе салмақты жүздерден гөрі, ертегілердің кейіпкерлері болғанын көпшілік балақайлар қалайды. Бір қызығы, балалардың қай-қайсысы болсын, қызықты мультфильмнен бас тарта алмайтыны сауалнамадан анық көрінді. Салмақты ақыл айту, немесе қатып қалған өзге де ережелерден гөрі балалар ертегілер желісіне құрылған, ойнақы сценарийдегі бағдарламаларды жеңіл әрі жылдам қабылдайтыны да аңғарылды, және кейде олар қызықты бағдарламаның кейіпкері болғысы келетінін де жасырмады. Батыс телеараналарының әсері сондай, «Еркетайдың», тіпті «Спокойной ночи, малыши!»-дың жанында балалар «Жетикс» пен «Никелодеонды» көбірек қалайтындары және шетел кинолары мен мультфильмдері жайлы көбірек білгілері келетіндері жайлы да сауалнама нәтижесінен көрінді. Сонымен қатар, сауалнамаға қатысқан балалардың 43% бос уақыттары тек теледидар көруге арналатыны анықталды. Ендеше, біз ұлттық арналарымыз, отандық каналдардан берілетін балаларға арналған бағдарламалардың саны мен сапасын қалайда көбейтуіміз керек. Сондай-ақ, бұл бағдарламалардан ізгілік пен жылылықтың нұры мол болғаны дұрыс. Дегенмен, бөлімді қорытындылай келе балалар бағдарламаларын әзірлеуде бірқатар мәселелер айқындалды.

Нидерландияда әлемдік деңгейде «Синекид» фесивалі өтіп тұрады.

 1987 жылы аймақтық деңгейде ғана ұйымдастырылған бұл фестиваль

 еуропалық киностудиядағы басты оқиғаға айналды. Мұнда жыл сайын

«Балалар фильмі», «Балаларға арналған телебағдарлама», «Балаларға

 арналған жаңа БАҚ (медиа) деген сияқты номинациядағы түрлі

 әлемдік премьералар болып тұрады. «Синекид» фестивалының мақсаты:

  • Балаларға арналған БАҚ өнімдерінің сапасын арттыру;
  • БАҚ өнімдерін жасауға балалар мен жеткіншек жастарды ынталандыру;
  • Балаларға арналған БАҚ-ты әлемдік нарықта реттеу болып табылады.

Демек, біздің елде де балалар бағдарламасын жасауға телеарналарды

 қызықтыратын белгілі бір шаралар ұйымдастырылуы керек.  

  Балалар бағдарламаларына қойылатын тағы бір негізгі әрі басты шарт – олардың шуақты, бала көңіліне жағымды әрі жылы болуында. Мәселен, 2008 жылдың басында Times газетінің корреспонденттері телевидение жұлдыздарын анықтауға кірісті. Олар оншақты жылдардан астам уақыт бойы көрермендердің ықыласына бөленіп келген әр елдердегі бағдарламаларды қарастырды. Бір таң қаларлығы, ең үздік орындарды атыс-шабыс мультфильмдері, немесе секеңдеген жалаңаш денелер емес, талай жылдар бойы өз аудиториясынан қол үзбей үнемі шығып тұрған әр елдің ұлттық мәдениетін насихаттаушы, әрі балаларға жылылық сыйлаушы бағдарламалар болған. Мәселен, олардың бірнешеуіне тоқтала кетсек. Әрбір жексенбі күндері 11.30-да Германияның көптеген отбасылары өз балаларын теледидар алдына жайғастырып, «Капитан Блаубар» бағдарламасын тамашалатады. Онда капитан фуражкасын киген аю балаларға түрлі қызықты оқиғалар айтып береді. Бұл кейіпкердің бейнесі жасаған Вальтер Моерс атты суретші. Бұл бағдарлама тек көңіл көтеріп қана қоймай, Батыс және Шығыс Германияның бүлдіршіндерін біріктіріп, елдің бірлігін жарастыруды өзінің негізгі мақсаты етіп келеді. 16 жылдан бері эфирден түспей келе жатқан бұл бағдарламаның аудиториясы ешқашан азайған емес.

     Жапонияда «Анаммен бірге» аталатын бағдарлама алғаш рет эфирге               1959 жылдың қазанында шыққан. 30 минуттық шоуда түрлі костьюмдердегі персонаждар ойнайды. Әсіресе — Бу, Ху, Ву атты үш торай балалардың сүйікті кейіпкерлері болып табылады. Бұл бағдарлама жапон елінің мәдениетін насихаттап қана қоймай, балаларға оқу, жеке бастың тазалығы және тәрбиесі жайында айтады.

Иә, көршілес Ресей елінің бірінші арнасындағы «Спокойной ночи,малыши» бағдарламасының өзі тек орыс балаларын ғана емес, талай қазақ ұрпақтарын да тәрбиелеп өсіргені анық. Бір өкінішітісі, бізде бұндай бағдарлама әлі күнге дейін жоқтың қасы. Мүмкін, бізде әлі балалар бағдарламасын жасайтын майталман шығармашылық топ жетіспей жатқан шығар. Дегенмен, «бала тәрбиесі — бесіктен», демекші бұл тележурналист мамандары мен телеарналар үшін  уақыт оздырмай шешуді қажет ететін басты мәселе екені анық.

             «Балаларға теледидардың әсері бар екені рас. Оған педагог, сынып жетекшілері, ата-аналардың бақылаулары куә. Ол бәрінен бұрын айналадағы түрлі заттарды, табиғи құбылыстарды, адамдар жайлы белгілі бір тұжырымға келуде, мәдени өмірдегі оқиғаларды қабылдауда көрініс табады. Бұл олардың «танымал сөздерді» қолдануында, өзін-өзі ұстау мәнерлерін игеруде, белгілі бір бағдарлама персонажына еліктеуде, олардың қызығушылығының өзгеруінде, уақытын белгілі бір іске арнауда байқалады. Телевидание балалардың өміріне кіріп қана қоймай, олардың қызығушылығы менмәдени сұраныстары, еліктеулеріне әсер етті. Бұл өзгерістер өсіп келе жатқан адамның ішкі әлеміне де қатысты екені анық, адамның өмірдегі мақсаты мен адамдар арасындағы қарым-қатынасы, өзіне тиесілі міндетті атқаруда да әсер ететіні сөзсіз» — дейді П.Якобсон. [14].

        Тәрбиелі де, тәлімді ұрпақ тәрбиелеуде бүгінгі таңда «көк жәшіктің» берер әсерінің мол екенін ескерсек, осындай маңызды мәселелерді ерекше назарға ұстағанымыз жөн болар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                              Қорытынды

 

 «Адам баласы басқа мақұлықтардан қандай ақылды, өнерлі болса, сондай осал, төзімсіз. Басқа жәндіктер ешбір жәрдемсіз, қарусыз жорытып жүретін ыстық я суықта адам баласы киім киіп, үй салып басын қорғайды. Тауықтың балапаны туысы мен тамақ іздеп шауып кетсе, адам баласы берген тамақты әрең ішеді. Сондықтан адамның адам болуына көп күтім, көп тәрбие керек. Басқа жәндіктерге тәрбие бек  аз  һәм тән тәрбиесі ғана керек. Адам балаларына, жаратушы аллаға, ұлтына һәм өзінен кейін өсіп-өнетін ұрпақтарына міндеті көп болғандықтан, тән тәрбиесі қанша керек болса, жан тәрбиесі сонша керек.  Адамның аштан, отқа күйіп, суға түсіп өлмей адам болуына туған сағаттан бастап тән тәрбиесін жасау керек болса, жан тәрбиесін де сол мезгілден бастау керек. .  Адам баласы барлық білікті сыртқы бес мүшесімен алады. Көзбен көріп, құлақпен естіп, мұрынмен иіскеп, тілмен татып, денемен сезіп.Сондықтан баланы оқытқан уақытта бұл бес мүшелердің барлығын бірдей тәрбиелеу керек. Бірқатары тәрбиеленіп, бірқатары тәрбиеленбей қалса, ол балаға зор кемшілік келтіреді. Адам балалары бір нәрсені білуде түрлі –түрлі болады. Біреу есіткенін ұмытпайды, біреу көргенін ұмытпайды, біреу татқан дәмін ұмытпайды» — деп бала тәрбиесі жөнінде М. Байбақ жазды. Жалпы алғанда бүгінгі таңдағы еліміздің арналарында кішкентай көрермендердің бағдарламаларының сапасының төмен болуына не себептен  болып отыр дегенге тоқталар болсақ, оның бірнеше себептерін атап өтуге болады:

        1.Балалар журналистикасы дамымай отыр. Жасыратыны жоқ, қазақ журналистикасында балалар журналистеріне менсінбеушілік көзқарас бар. Сондықтан да болар, көптеген журналистерді қаржылық пайдасы мол жарнама, шоу-бизнес, немесе экономика, саясат  мәселелері көбірек қызықтырады да, кішкентай көрермендердің қызығушылығы шетте қалып қояды.

             2.Балаларға арналған бағдарламаларға бәсекелестіктің жоқтығы. Оған    кететін шығынның молдығынан қорқып, көп арналар бұл тақырыпқа жолай бермейді.

        3.Бұл арнаға қаражаттың жеткілікті деңгейде бөлінбеуі, ал телеарналардың көбі тек қалайда қаржы табу мақсатын ұстанған. Сондықтан, балаларға арналған бағдарламаларға өз тараптарынан қаржы бөлгілері келмейді. Бұл әсіресе, мемлекеттік емес арналарда жиі кездеседі.

             4.Балаларға арналған бағдарламаларда арнайы мамандардың жетіспеуі. Мәселен, редактор мен режиссер былай тұрсын, шетелдің арналарында арнайы психологтар, жүргізуші-балалармен жұмыс істейтін, балаларды кадр алдында дұрыс сөйлеуге үйрететін тіл мамандары секілді бірлескен командалық топ жұмыс істейді. Ал бізде бұл жағы әлі ақсап келеді.

                 1.Аудиторияны зерттеу жағы жеткіліксіз. Кез келген бағдарлама ашыларда, оны кімдер көреді, қандай бағытқа арналады, бағдарламада нендей мәселелер көрерменнің көкейінен шығады, және оны қалай бергенде көпшіліктің көңілін аударатындай әсер қалдырады деген мәселер көп зерттеле бермейді. Мәселен, Америкада ВВС компаниясы кез келген бағдарлама ашардың алдында өздерінің концепцияларына қарай алдын-ала телефон арқылы немесе сауалнама жүргізу арқылы, болмаса алғашқы нұсқасын, яғни пилотнигін шамалы аудиторияға көрсетіп, олардың пікірін білу арқылы деген секілді көптеген тәсілдерді пайдалана отырып, жобаны әзірлемес бұрын арнайы зерттеу жүргізіп алады.

                 2.Балаларды жас ерекшеліктеріне жіктеу жағы жетіспейді. Мәселен, шетелдерде бөбектерге, бастауыш сынып оқушыларына, жеткіншек жастағы балаларға арналған деген секілді түрлі жас ерекшеліктеріне арналған бағдарламалар бар. Ал бізде олай жіктемек тұрмақ, жалпылама бағдарламалардың өзі жетіспейді.

 Бұқаралық ақпарат құралдары адам баласы үшін дүниетанымдық тұрғыдан қосымша әлеуметтендіруші құрал ретінде қарастырылады және ол соған қызмет етуде. Демек, олар адамзаттың дүниені танып-білуінде, қосымша білім алуында үлкен рөл атқарады. Бірақ БАҚ-тың, соның ішінде теледидардың көрермендерді өзіне тәуелді ету ықпалының өте жоғары екенін ескере отырып, одан берілетін қандай да бір бағдарламаның көрерменді әртүрлі сезімде ұстау мүмкіндігін де әсте естен шығаруға болмайды.

Теледидар жас жеткіншекке эмоцио­нал­­дық тұрғыдан, яғни бірде қатты қуа­нуына, енді бірде қобалжуына, мазасыз­да­нуына, үрейленуіне тікелей әсер ете алады. Бұған қоса соңғы он-он бес жылдың көлемінде еліміздің ақпарат кеңістігінде әртүрлі шетелдік басылымдардың, телеар­налардың көбейіп кеткені тағы бар. Кабельді және спутниктік телеарналардың өрісі кеңейе түсті. Өз кезегінде олар жеткіншектерді өз идеологиясы шеңберінде “арбап” ұстайды. Әсіресе, Батыста, кейінгі кезде Ресейде де көптеп шығарылып жатқан қатыгездікке толы фильмдер, мағы­насы түсініксіз мультфильмдер, айқай-шуға толы музыка жеткіншектер санасына, денсаулығына, тәрбиесіне теріс әсер ететіні сөзсіз. Фило­логия ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Омарұлы: “Ұлттық болмысы­мыз­дың тұтастығы туралы айтар болсақ, спутник байланысы арқылы берілетін “Никелодеон” телеарнасы еске түседі. Батыстың бізге арнап хабар тарататын бұл арнасы бала біткенді бірден баурайды. Үйіңізде мектеп жасына дейінгі бала болса, “Никелодеонның” құрбаны болды дей беріңіз. Бұл арнадағы мультфильмдердің перзент психологиясына әсер ету мүмкіндіктері терең ойластырылып, шебер қиюластырылған… “Никелодеонның” хабарларын үзбей көрген бала айғайлап-шыңғырып, басын қабырғаға соғып жүретін кейіпкерлердің қимылын айна-қатесіз қайталайды”, деген болатын.

Шынында да, аталған арнадан көрсетілетін мультфильмдердің мазмұнына мән берсеңіз, бала жүйкесіне әсер ететін жайттар өте көп. Осы мультфильмді көріп отырған бір бала құбыжық бейнелі кейіпкер жөнінде анасына сұрақ қойыпты. Ол сұрақ басты кейіпкердің дене бітіміне байланысты болған, мысалы, басты кейіпкердің (мультфильмнің аты айтып тұрғандай ит пен мысықтың) денесі бірігіп кеткендіктен, оның дәрет сындыруы қалай жүзеге асырылатыны бала үшін түсініксіз. Егер педагогикалық тұрғыдан балаға өтірік айтуға болмайтынын ескерсек, анасы жаңағы сұраққа қалай жауап беруі керек?

Қысқасы, кейінгі кезде балаларды теле­ди­дар хабарлары мен әртүрлі бағдарлама­лары тәрбиелеуде. Осыған байланысты белгілі жазушы С.Елубаевтың “Егемен Қазақстан” газетінде жарияланған мақаласына назар аударсақ: “…Бүгінде экран — әсіресе, телеэкран адам­заттың негізгі ақпарат көзі. Газет, кітап ондаған, жүздеген мыңға жетпей шаршап-шалдығып жатса, заманауи экран құлашы кең, ол ондаған, жүздеген мил­лионды бір-ақ қармайды. Демек, қазіргі ұлт үлкен экранды игермей, замана додасына төтеп бере алмақ емес. Тілден бастау алатын ұлттық санаға ие болғыңыз келсе, үлкен экранға ие болыңыз. Кино мен теле­видениеге ие болыңыз”, дейді. Бұл пікір­ден түйетін бір ой — бүгінгі күні телеарна­лардағы кейбір бағдарламалар балалардың тәрбиесіне кері әсерін тигізіп отыр­ғандығы.

Қазіргі кезде қандай бағ­дар­ламаны болсын көруге, тыңдауға барлық жағдай бар. Жаһандану заманында сырттан келіп жатқан ақпараттарға ешбір тосқауыл қойылып отырған жоқ. Ал мұның өзі балалардың БАҚ материалдарын ретсіз тұты­нуына әкеліп отыр. Педагогика ғылымдары­ның докторы А.Құсайынов бұл әрекетті медиазорлық деп санайды. Шын мәнінде, оң мен солын әлі танып үлгермеген балалардың қа­лыптасуына кері әсері бар зорлық-зомбы­лықты насихаттайтын фильмдерді көруге мүмкіндік туғызу – үлкен қиянат. Ғалымның “Егемен Қазақстан” газетінде жариялаған “Медиазорлық және балалар” атты мақа­ласында Ресей ғалымдарының пікірлеріне сүйене отырып, ата-аналар балаларына барлық жағдай жасай келе, әйтсе де оларды агрессиядан қорғай алмай отырғанын айтады. Ал агрессия мен жаман қылық көбіне теле­дидардан берілетін зорлық-зомбылыққа толы фильмдерді көргеннен соң пайда болады.

Жоғарыда айтылған мәселелердің қай-қайсы да енді ғана қалыптасып, дамып келе жатқан мемлекет үшін көкейкесті мәселе болып табылады. Өйткені, жетпіс жылдан кейін тәуелсіздіктің арқасында ана тілімізге, ұлттық дәстүріміз бен салт-санамызға жан-жақты мән бере бастағанда, жаһанданудың кері әсерінен немесе балаларға уақытында дұрыс бағыт бермеуден оны қайта жоғалтып алу қаупі бар.                             

 

 

 

                          

                                 Сілтемелер:

 

 

  1.   Момынбаев.Б “Егемен Қазақ­стан”,\\.- 2006 — 27 қаңтар

 

  1. Трофимкин.И «Телеекран приглашает детей» Москва, Исскуство, 1976ж.

 

  1. әл-Фараби мен Ибн-Сина философиясы. – Жазушы, 2005ж. 150-бет.

 

  1. Трофимкин.И «Телеекран приглашает детей» Москва, Исскуство, 1976ж.

 

  1. Собкина. В. «Телевидение и дети». Москва, Искусство, 1976. 38-39-б.б.

 

  1. Әбсаттаров.Р , Дәкенов.М «Әлеуметтану», оқу құралы.  Қарасай, 2007ж. 250-251 б.

 

 

  1. Дружилов С.А. «Профессионалы и профессионализм в новой реальності, психологические механизмы и проблемы формирования» Альманах. Новокузнецк, 2001 (выпуск 5) – 51с.

 

  1. Kazakhstan today. Астана. 11. 01. 2008ж.

 

  1. Әбсаттаров.Р, Дәкенов. М «Әлеуметтану», оқу құралы. Қарасай, 2007ж. 255-б.

 

  1. Телевидение и школа. Собкина. В. 1989ж. 111-с. тастайды

 

  1. www.bala-kkk.kz/obzor_v_smi.

 

  1. 12. www.bala-kkk.kz/obzor_v_smi.

 

  1. 13. Жәпек. М. «Орталық Қазақстан», «Тәлімді телехабар — уақыт талабы», \\ .- 2006-9 наурыз

 

  1. 14. http://www.regnum.ru/ Жарияланған уақыты 16:59 08.2007

 

 

 

 

 

 

                                 Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Сейітқазы. П. Бастауыш мектеп. 2006.-№4. 32-34 бет.

 

  1. Түстікбаева. Г. Жас ғалым. №3. Журналистика факультетінің магистранттарының ғылыми мақалаларының жинағы. Алматы. 2009ж. 39-44 бет.

 

  1. Қозыбаев. С «Отандық журналистика тарихынан».Алматы 2001ж.

 

  1. Тұрсын. Қ «Қазақ теледидары» Алматы. 2008ж.

 

  1. Барманқұлов. М «Телевидение, деньги или власть» Алматы. «Санат» 1997ж.

 

  1. Цвик. В.Л «Телевизионная журналистика» Москва. Аспект пресс. 2004ж.
  2. Омашев. Н. «Ақпарат әлемі» Қазығұрт. Алматы. 2006ж. 2том.

 

  1. Қазақстан ұлттық энцоклопедиясы Алматы. 2005ж.

 

  1. Бекниязов. Т. «Демократиялық қоғам және баспасөз» Алматы.2005ж.

 

  1. Қозыбаев С «Масс-медиа» словарь-спавочник Алматы. 2007ж.

 

  1. Әбсаттаров.Р, Дәкенов. М «Әлеуметтану», оқу құралы. Қарасай, 2007ж.                    255-б.

 

  1. Алексеева. М. «Советская детская журналистика»

 

  11.Жәпек .М «Орталық Қазақстан» наурыз, 2006. «Тәлімді телехабар уақыт талабы». 

 

 

              13.П.Якобсон. (Телеэкран приглашает детей. Москва, Искусство, 1976,               155-б).

 

  1. www.bala-kkk.kz/obzor_v_smi.

 

  1. Дружилов С.А. Профессионалы и профессионализм в новой реальности, психологические механизмы и проблемы формирования// Сибирь. Философия. Образование– Новокузнецк, 2001 (выпуск 5) – 51с.

 

  1. Телеэкран приглашает детей. Москва, Исскуство, 1976. И.Трофимкин «Три рассказа». 35-бет.

 

  1. Қазақ журналистикасы. ҚазҰУ. Таймас. Алматы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық

Университеті

 

 

Филология факультеті

Журналистика кафедрасы

 

 

Телеарналардағы балаларға арналған

бағдарламалардың ерекшеліктері

(Дипломдық жұмыс)

 

 

 

 

 

    4-курс студенті

                                                                                     Құлынбаева Айнұр                     

 

                                                                                     Ғылыми жетекші:

                                                                                    С.ғ.к., доцент Әділбеков.C

 

 

 

 

 

Қорғауға жіберілді

Кафедра меңгерушісі:

Ф.ғ.д., профессор Шевякова Т.В

_____________________

«___»________________2010ж

 

 

 

 

 

                                                  Алматы   2010ж