Мазмұны
Кіріспе ……………………………………………………………………………………………………………
Негізгі бөлім
I-тарау
Баспасөз қызметінің мәні және мемлекеттік мекемелердегі баспасөз қызметі
- Баспасөз қызметінің жұмыс бағыттары, құрылымы, құралдары………………..
- Мемлекеттік мекемелерде баспасөз қызметін ұйымдастыру және баспасөз хатшысы ……………………………………………………………………………………………………..
- Баспасөз қызметінің БАҚ-пен жұмыс істеу ережелері……………………………
II-тарау
Мемлекеттік мекемелердегі баспасөз қызметінің рөлі. Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметін жүргізушілер
2.1. Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің құрылымы және жұмыс бағыттары………………………………………………………………………………………………………
2.2. Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметкерлерінің функционалдық міндеттері ……………………………………………………………………………………………………..
2.3. Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің БАҚ-пен жұмысын үйлестіруі……………………………………………………………………………………………………..
Қорытынды………………………………………………………………………………………………….
Сілтемелер……………………………………………………………………………………………………62
Пайдаланған әдебиеттер………………………………………………………………………………64
Кіріспе
Тәуелсіз елдің осы заманғы үрдістерге сай болуы кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, өркениетті атанып отырған елдер осы демократияны негізгі бағыт-бағдарын алған. Демек, біз де демократияны басты құндылық ретінде әрі оны реальды өмірде орнықтыруға күш салуымыз – жаңаша дамудың кепілі екеніне сөз жоқ.
Осы айтып отырған демократияны ақпарат еркіндігінсіз елестету мүмкін емес. Себебі, қоғам осы ақпаратты меңгермесе, мемлекетіміздің ұстанған бағының негізі болмас еді. Бұл жолда журналистердің және БАҚ-тың көтерер жүгі аз емес. Ол биліктен бастап, қарапайым азаматтардың атқарып жатқан істерін айнадағыдай көрсетіп отарады. АҚШ-тың он алтыншы президенті Авраам Линкольн «Идея ағыны, жан-жақты ойластырылған шешім қабылдай білу, сынауға мүмкіндік алу – осының бәріне негізделген саяси демократия көп жағдайда ақпаратқа тәуелді» — деген екен./1/
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бері ақпараттық құралдарымыз да қарқынды дамып келеді. Қоғамда ақпараттық еркіндік, билік пен халық арасындағы дәнекерлік рөлді атқарып келе жатқан бұқаралық ақпарат құралдарының маңызы айтпаса да белгілі. Ақпараттық технологиялар мен нарық заманында ең жедел ақпараттар беру тәсілдері мен қоғамдық пікірді қалыптастыру күн тәртібіне қойылған мәселелердің бірі. Кешегі Кеңестік кезеңде тек қана бір идеологияға бағынған БАҚ болса, қазіргі кезде түрлі ұстанымдағы БАҚ қоғамымыздың жан-жақты дамуының кепілі болып отыр. Мемлекет пен қоғамның, билік пен халықтың арасын жалғастыруда, жұртшылықты елде, жаһанда болып жатқан жаңалықтармен таныстырып, хабардар етуде баспасөздің рөлінің аса жоғары екендігі ақиқат. Ел тәуелсіздігінің тұғырын нығайтуда да, қоғамда демократиялық, адамгершілік құндылықтарды насихаттауда да журналистердің аянбай еңбек етіп жүргеніне көпшілік куә. Бұқаралық ақпарат құралдарына «төртінші билік» деп қарау бекер болмаса керек. Өйткені бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғамның бейнесін тануға да, оны өзгертуге де болады. Осы жағынан келгенде Қазақстан баспасөзі өзінің кәсіби миссиясын абыроймен атқарып келеді. Оған біздің елде түрлі органдардағы баспасөз қызметі мен оны үйлестіруші орталықтардың жұмысы куә.
Қазақстан Республикасының Конститутциясының 18-бабында: «Мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды адамдар және БАҚ әрбір азамқа өзінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті», — деп жазылған.
Бұл БАҚ-та жарияланатын мақалалардың сенімді фактілерге сүйену арқылы жазылуын қамтамасыз ететін фактор екеніне дау жоқ. Рас, журналистердің мәлімет, деректерге қайсыбір кездерде тап осы лауазым иелерінен керегін алуға қолдары жете бермейтіні жасырын емес. Ондайда әрнені сылтауратып, оқиғаның себеп-салдарын немесе ішінара сыр бүгіп қалу да болмай қалмайды. Қай лауазым иесі жұмыстағы, қызметтегі олқылықтарын ашып берер дейсіз? Сол үшін де Конституциядағы жоғарыда келтірген бап көмекке келері анық. /2/.
Бұл заңдылықты жүйелі атқару үшін қазіргі таңда барлық билік органдары мен мемлекеттік мекемелер, түрлі ұйымдарданда баспасөз қызметі ұйымдастырылған. Бүгінгі ақпарат саласындағы басым бағытты қызмет жүйесінің бірі – баспасөз қызметі. Баспасөз қызметі билік пен халық арасын, ұйым мен қоғам арасын түсіністікке жеткізетін байланыстырушы орган. Баспасөз қызметінің негізгі жұмыс бағыты өз саласына қатысты күнделікті тыныс тіршілік, іс-әрекет жөнінде ақпарат тарату, жинау, өңдеу, сақтау./3/ Баспасөз қызметі кез-келген мекемеде, жеке адамдарда БАҚ-пен байланысты тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз етінін байланыстырушы орган.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі баспасөз қызметі әлемдік деңгейде қызмет жүйесі ретінде айшықталды. Өйткені, бүгінгі «ақпарат дәуірінде» өз жұмысын баспасөз арқылы, қоғамға таратуды, қоғамдық жағымды пікірге ие болуды, адамдармен түсіністік арқылы өзі жұмысын жандандыруды, жарнамалауды, көздемейтін мекеме жоқ. Сондай-ақ демократиялық қоғам талаптарына жауап беретін жариялылық, ашық қоғам принципі де баспасөз қызметінің жұмысына тікелей байланысты. Бүгінде кез-келген елде мемлекеттік мекемелердің қоғаммен байланыс қызметінің үйлестірушісі ретінде баспасөзбен байланыс қызметі көрсетіледі. Ол ұйымның ішкі және сыртқы коммуникациясын жүзеге асыратын маңызды қызмет түрі. Қазіргі таңда бизнес пен саясаттан бастап кез-келген саланы алып қарасаңыз да баспасөз қызметін тұтынатыны белгілі. Бірақ, қоғамда осы баспасөз қызметінің жете түсінушілік аз. Еліміздегі мемлекеттік органдардағы баспасөз қызметінің орны, атқаратын міндеттері, рөлі және жұмыс барыстары қандай деген мәселелер бүгінгі біздің қоғамда әлі де толып жатқан сұраққа жауап беруді талап етеді. Бұл туралы осы салының жетекші мамандары және журналистер тарапынан айтылмай жатқан жоқ. «Әліл сөз» қоғамдық қорының төрайымы Тамара Калеева: «Бүгінде қоғамның көпшілігі басылымдар мен электронды БАҚ, интернет жүйесін баспасөз қызметінің негізгі құрылымдары деп біледі. Ал негізгі ақпарат тарату қызметінің қайнар көзі болып отырған баспасөз қызметінің (үкіметтік, мемлекеттік, т.б.) жұмысы тасада көрінбей қалады. Дамыған батыста немесе АҚШ-ты алып қарасыңыз, оларда басқаша әртүрлі деңгейдегі баспасөз қызметі өздерін «жарнамалауда» алдарына жан салмайды. Ал біздегі мемлекеттік мекемелердің баспасөз қызметі туралы бір анықтамалыққа зорға жетесіз. Бұл қоғамның баспасөз қызметі туралы білмейтіндігіне алып келеді. Бізде шет елден делегация келсе, айтулы оқиғалар орын алса тек басылым мен электронды БАҚ, интернеттен біліп отырамыз. Бірақ сол ақапарат басылымдар мен телерадиоарналарға қалай тарады, интернеттен кім арқылы жетеді, сол ақпарат қандай құралдар арқылы таратылады, ол ақпарат қоғамға бұрмалаусыз шындықпен жетіп отыр ма? Әлде мемлекеттік шенеуніктер өз саясатын бұрмалап, қоғамға теріс ақпарат таратып отыр ма? Осының бәрі қоғам арасында күндердің-күні түсінбеушілік тудырары анық. Ал біз демократиялық қоғам даму жолына түскен мемлекет ретінде бұл мәселелерге назар аударуды талап етеміз»- деген пікір айтады. /4/.
Бұл негізінен еліміздің экономикалық-әлеуметтік және демократиялық дамуға тікелей байланысты. Сондай-ақ өз қызметін қоғам алдында айшықтайтын және сол салада білімді жетілдіретін құжаттар мен анықтамалық құралдардың жоқтығы олардың жұмысы туралы ақпараттың нашарлығына тіреп отыр.
2004-2005 жылдар аралығында АҚШ-тың мемлекеттік департаменті Халықаралық ақпараттар бағдарламасының кеңсесінің көмегімен 124 түрлі анықтамалық құжаттар 6-тілде жарық көрген. Сондай-ақ әр түрлі ашық қоғам институттарының көмегімен 64 түрлі анықтамалық, 14 тілде жарық көріп, таратылған. /5/
Мемлекеттің даму саясатын жүзеге асырып, қоғамның мүддесіне жұмыс істеп отырған мемлекеттік органдардың жұмысының бет-бейнесі БАҚ-та қалай көрініс алуда және оны қалай үйлестіру қажет? Сыртқы және ішкі коммуникацияны жүргізу үшін кімнің қызметіне жүгіну керек? Бұл қазіргі қоғамда баспасөз қызметінің маңыздылығын байқатады. Міне, осы мәселер менің бітіру жұмысымның арқауы болып отыр.
Жұмыстың зерттелу деңгейі. Елімізде баспасөз қызметі туралы зерттеу жұмысы жоқ. Тек әлемдік деңгейде коммуникация, қоғаммен байланыс және бұқаралық ақпарат құралдары салаларында зерттелген. Баспасөз қызметі Ворошилов В. В., Блаженов Е.А., Почепцов Г. Шейла Тейт (Қоғаммен байланыс маманы, Джордж Буштың президенттік компаниясының баспасөз хатшысы, баспасөз саласын зерттеуші ғалым), Майк Маккери, Ионн Инман (мемлекеттік баспасөз қызметкерлерінің Ұлттық ассоцациясы президенті) Блаженов Е.А., Маргерит Х. Салливан, Мамонтов А. сынды шетелдік ғалымдардың зерттеулеріне арқау болып отыр. Ал біздің елімізде журналистика, бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғаммен байланыс саласындаға кітаптарда шағын анықтамалар және мақалалар берілгенмен, әлі де ғылыми жұмыстарға арқау болмаған. Сондықтан қоғамда баспасөз қызметі жайлы бірегей түсінік қалыптаспаған. Міне осы мақсатта жазылған зерттеу жұмысы баспасөз қызметі ұғымына жан-жақты түсінік бере отырып, оның ақпараттық қоғамдағы маңызы мен рөлін анықтау себеп болып отыр. Сондай-ақ шетелдік және отандық тәжибелерге сүйене отырып, сараптамалар ұсынылған.
Зерттеу жұмысының нысаны. Жалпы, баспасөз қызметінің түсінігін және Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің құрылымын, жұмыс бағыттарын зерттеу. АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтонның бұрынғы баспасөз хатшысы Майк Маккэри: «Үкімет иелігіндегі ақпараттың көптігі сонша, олардың азаматтарға жеткізудің ең тиімді жолын қарастыру қажет, міне, осы тұста сахна төріне үкімет баспасөз қызметінің өкілі шығады. Бұл адам, үкіметтің өз ішінде жұмыс істейтін репортер ретінде әлеумет үшін ақпарат жинайды», — дейді. /6/
Мемлекеттік органдардың баспасөз қызметінің негізгі міндеті мемлекеттің саясаты және мақсатты бағдарламалары азаматтардың өміріне қалай әсер ететінін түсіндіру болып табылады. Осы қызметтің арқасында мемлекеттің және оның органдарының жұмысы қоғамдыық сипат алады. Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі осының аясында жұмыс атқарады. Яғни әкімнің қала өміріне қатысты саясаты мен бағдарламаларын түсіндіріп, оның қоғам өмірінде қандай көрініс табатындығын ұғындыру. Ол үшін баспасөз қызметі БАҚ-пен үнемі байланыста болып, әкімшіліктің атқарып жатқан қызметі жайлы толық ақпаратты журналистердің еш кедергісіз алуына себепкер болып, қала болашағы үшін біріге жұмыс істеуге жұмылдырады.
Бітіру жұмысының мақсаты – баспасөз қызметінің құрылымын және ұйымдастырылуын, жұмыс бағыттарын қоғамға кең таныстыру. БАҚ-қа ресми ақпарат тарату көзі ретінде баспасөз қызметінің маңызын, соның ішінде мемлекеттік органдардағы баспасөз қызметінің биліктің қоғаммен байланысын жүзеге асырудағы ұйымдастырушылық және шығармашылық жұмыс ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу мақсаты келіп шығатын Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінің баспасөзбен өзара әріптесе отырып жұмыс істеу ерекшеліктері, проблемалары, қоғамдық сипаты, әкімшілік қызметіндегі маңызын көрсету бітіру жұмысының міндеттерін айқындайды.
Бітіру жұмысының методологиялық және теориялық негізіне коммуникация, журналистика, қоғаммен байланыс т.б. ғылым салаларындағы еңбектерді жатқызуға болады. Сондай-ақ зерттеудің ақпараттық базасына қоғаммен байланыс, бұқаралық ақпарат агенттіктері туралы еңбектерден, БАҚ материалдарына жүргізілген зерттеулер, интернетте жарияланған баспасөз қызметі жайлы сараптама, анықтамалар, журналдар мен шетелдік басылымдардан аударылған мақалар және Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің жұмыс ережелері арқау болды. Отандық журналистика саласындағы Б. Жақыптың ғылыми еңбектері, кафедрамыздан жыл сайын шығатын «Қазақстандағы PR және БАҚ» ғылыми еңбектер жинағынын мәліметтер алынды. Сондай-ақ шетелдік көптеген қоғаммен байланысқа қатысты әдебиеттері: Ворошилов В.В. Современная пресс-сужба, Почепцов Г. Г. Информационные войны, Блаженов Е.А. Паблик рилейшнз, Маргерит Х. Салливен. Жауапты баспасөз қызметі. АҚШ-тың мемлекеттік департаменті Халықаралық ақпараттар бағдарламасының кеңсесі, Анықтамалығы, Мамонтов А. PR на 100% пайдаланылды.
Бітіру жұмысының тәжірибелік маңызы. Баспасөз қызметі жайлы теориялық та, тәжибелік те мағлұматтар берілген бітіру жұмысы түрлі ғылыми жұмыстарға, анықтамалықтарға пайдалануға, сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі жайлы жалпы ақпарат алғысы келетіндерге маңызды. Теоретиктер мен практиктер, сонымен қатар баспасөз қызметі, қоғаммен байланыс, бұқаралық ақпарат құралдарының ақпарат алу жолдарымен таныс болғысы келетін судент жастарға қажет.
Бітіру жұмысының құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспе бөлімнен, екі тараудан, алты тармақшадан және қортындыдан тұрады. «Баспасөз қызметінің мәні және мемлекеттік мекемелердегі баспасөз қызметі» тарауы «Баспасөз қызметінің жұмыс бағыттары, құрылымы, құралдары», «Мемлекеттік мекемелерде баспасөз қызметін ұйымдастыру және баспасөз хатшысы» және «Баспасөз қызметінің БАҚ-пен өзара әрекет ережелері» бөлімдерінен тұрады.
«Мемлекеттік мекемелердегі баспасөз қызметінің рөлі. Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметін жүргізушілер» тарауы «Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің құрылымы және жұмыс бағыттары», «Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметкерлерінің функционалдық міндеттері» және «Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінің БАҚ-пен жұмысын үйлестіруі» бөлімдерінен, қорытынды, сілтемелер, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I- тарау. Баспасөз қызметінің мәні және мемлекеттік мекемелердегі баспасөз қызметі
- Баспасөз қызметінің жұмыс бағыттары, құрылымы, құралдары.
«Баспасөз хатшысының жұмысының мәні президенттің ұстанымы мен ойын дәл жеткізу, сол арқылы келесі жасалатын қадамын мейлінше нақты жоспарлауға, баспасөзге үкіметтің немен айналысып жатқандығын білуге жәрдемдесу. Бұл екі бірдей қожайынға амалдап қызмет етуге мүмкіндік беретін теңгермешіл жұмыс», — дейді Ақ Үйдің президенті Джордж Буштың баспасөз хатшысы Ари Флейшер./7/ Осы ойлары арқылы ол баспасөз хатшысының қызметіне жалпы түсінік береді және демократилық қоғамда қалай жұмыс істеу керек екенін анықтайды. Олардың сол кездегі айтқан ой-пікірлері күні бүгінге дейін өз мәнін еш жойған жоқ. Билікті жүзеге асыру үшін таңдау жасауға жол ашып, тек ақпарат негізінде дербес шешім қабылдауға мүмкіндік жасау керек. Оған қол жеткізу үшін дәл әрі сенімді ақпарат қажет. Ал мұндай ақпаратты тәуелсіз БАҚ-тан алуға болады. БАҚ биліктің іс-әрекеттері туралы ақпараттарды әлеуметке жеткізе отырып, оларды пікірталасқа шақырады. Демократия жағдайында халыққа қызмет ету БАҚ-тың да, мемлекет шенеуніктерінің де атқаратын негізгі функциясы.
1980 жылдары АҚШ-тың бірінші ханымы Нэнси Рейганның, 1988 жылы вице-президент Джордж Буштың президенттік компаниясында баспасөз хатшысы болып істеген Шейла Тейт: «Үкіметтің халықпен байланыс жүргізетін күллі жүйесінің орталығы – үкіметтің бұқарамен байланыс байланыс қызметі», — дейді. Тейттің пікірінше: «Үкімет баспасөз қызметі үкіметтің күнделікті тыныс-тіршілігі, іс-әрекеті жөнінде БАҚ ақпарат алатын арна». /8/
Оның басты міндеті – азаматтарға үкімет саясаты мен бағдарламаларын түсіндіріп, олардың қоғам өмірінде қандай көрініс табатындығын ұғындыру. Баспасөз қызметінің бұл қыры үкімет шенеуніктерінің қамқорлығы мен жоспарларын көпшілікке жеткізе отырып, үкіметтің белгілі бір іс-әрекеттерінің жеке адам өміріне қалай әсер ететіндігін түсіндіруге көмектеседі.
«Біздің жұмысымыз тек қана ақпарат таратумен шектелмейді», — деп есептейді, Мемлекеттік баспасөз қызметкерлерінің Ұлттық ассоциация президенті Йони Инман. «Біз мемлекет пен халық арасында байланыс орнатып, үкімет тарататын ақпараттарды әлеуметке түсінікті боларлықтай қалыпқа ғана түсіріп қоймаймыз, сонымен қатар айнлада, өзімізді қоршаған ортада не болып жатқандығын үкімет шенеуніктеріне де жеткізуіміз керек».
Баспасөз қызметі мекеме мен қоғам арасын ақпарат алмасумен қамтамасыз ететін байланыстырушы буын болып табылады. Мемлекеттік, қоғамдық, бизнес-құрылымдар жан-жақты байланысты ұйымдастыруды нақты іске асыру үшін баспасөз қызметін, баспасөз орталығын және әртүрлі модификацияларын қолданады./9/
Баспасөз қызметінің негізгі міндеті – БАҚ арқылы қоғамды ақпараттандыру. Бұл қызмет баспасөз конференциясы, баспасөз хабарламасы, редакциялық мақала, тұтынушылармен, ақпарат тарататын қауыммен, сайлаушылармен кездесуді өткізуді үйлестіретін пресс-жоспар негізінде құрылады.
Баспасөз қызметі екі мәселені шешеді:
- Ұйым қызметі туралы ақпараттың толыққандылығын және жеделдігін қамтамасыз ету;
- Аккредиттацияланған журналистердің жұмысына үйлесімді, қолайлы жағдай жасайды.
Баспасөз қызметінің маңызы мен міндеті:
Ұйымдардағы баспасөз қызметін шартты түрде ішкі және сыртқы ортаға бөлуге болады. Ішкі ортасына ұйымның өзі және аймақтық салалары кіреді. Ал сыртқы ортасына мекеменің барлық қоршаған ортасы жатады.
Мекеменің баспасөз қызметінің негізгі мақсаты:
- БАҚ-қа мекеме қызметі туралы ақпарат беру және осы арқылы ұйымның жағымды имиджін қалыптастыру;
- Ұйым ішінде және сыртқы ортасында бірдей ақпараттық ағынды қалыптастыру.
Мекеменің ішінде баспасөз хатшысы ұйымның алғашқы және жергілікті баспасөз хатшыларымен бірігіп әрекет жасайды және ішкі ақпараттық алаңды құрады. Бұл оперативті ақпарат берудің жақсы қойылған коммуникациялық бағыты.
Сыртқы ортаға – БАҚ, түрлі деңгейдегі билік органдары, қоғамдық және коммерциялық ұйымдар жатады.
Ұйымның баспасөз қызметінің жұмыс істеу аясы
Ішкі Сыртқы
Мақсаты:
Ақпараттық ағын: — БАҚ-пен жұмыс
- ұйым ішінде — жағымды имидж
- ұйымнан (от организации) — жарнама
Кіммен жұмыс жасайды?
- бастапқы ұйымның — БАҚ
баспасөз хатшылары — билік органдары — ҮЕҰ
— коммерциялық
ұйымдар
БАҚ-пен байланыс ресми өкілі әртүрлі сұрақтарға байланысты лауазымды тұлғаның позициясын көрсететін және лауазымды тұлғаға тікелей байланыса алатын болуы қажет. Ресми өкіл шұғыл жаңалықтарды лауазымды тұлға кез келген уақытта хабарлай алатын мүмкіндігі болуы керек. Мұндай мүмкіндік мекемеде қалыптасқан қызметкерлердің төменнен жоғарыға бағынуға қайшы келуіне қарамастан, бұл ұйымның БАҚ-қа байланысты сұрақтарға тез жауап қайтаруға жағдай жасайды.
Саясатын анықтайтын тұлғалар өздерінің шешімдері қоғамға қалай әсер ететінін түсіну үшін БАҚ-пен байланыс өкілі шешім қабылдау барысына қатысуы қажет. Егер БАҚ-пен байланыс өкілі бағдарламаны дайындауға қатыспаған болса, оған сөйлем құрамын түсіну және оны БАҚ-қа мәлімдеу қиын болады.
Ұлттық баспасөз қызметкерлерінің Ұлттық ассоцициясының мүшесі Йони Инманның айтуынша: «Егер мемлекеттік шенеунік қандай да бір іс-әрекетке кірісуді жоспарласа, оның қалай қабылданатынын міндетті түрде білу керек. Қоғамның көңіл-күйін жақсы түсінуші мамандарды уақытында жұмысқа араластырылмауы күтпеген жағымсыз қоғамдық пікір қалыптасуына апарады. Сондықтан жұмыстың алғашқы талқылау сатысында ақпараттық тарату мамандарын шақыру қажет.
Баспасөз қызметінің негізгі міндеті:
- Баспасөз қызметінің күнделікті қызметі;
- Ұйымның өткізген іс-шараларын БАҚ-та жариялау;
- БАҚ-ты ұйым қызметі туралы үнемі ақпараттандырып отыру: ұйымдық өзгертулер, қоғамдық маңызы бар шараларға және жобаларға қатысуы, ұйымның билікпен әріптесуі.
- БАҚ-пен бірігіп қоғамдық акция ұйымдастыру, теле және радио бағдарламаларын дайындау;
- Баспалармен байланыс
- Баспасөз мәслихатын, брифингтерді ұйымдастыру;
- Баспасөз орталығының құрамын жасақтау және оның жұмысын шараларды өткізуде ұйымдастыру;
- Ұйыммен тұрақты түрде қарым-қатынас жасайтын «сенімді» журналистер тобын құру;
- Ұйым қызметіне қатысты ақпараттық материалдар, имиджді қалыптастыратын мақалалар, баспасөз хабарламасы, анықтамалар, тағы басқа да материалдар дайындау;
- БАҚ-қа ұйымның басшысымен немесе бағдарлама жетекшісімен сұхбат ұйымдастыру;
- Баспасөзбен байланыс туралы және ұсынылған тапсырмаға БАҚ-тың қуатты реакциясы жайлы ұйым басшымен және аппаратпен кеңесу;
- Көпшілік алдына шығып сөйлеуді қадағалау, дайын болған мәтінді және хабарламаларды қарап шығу;
- БАҚ-та жарияланған барлық материалдарды қадағалап отыру. Ақпарат құралдарындары, ондағы мақалалар, видеоматериалдар, радио бағдарламалардың аталуы, күні, шығу мерзімі және қысқаша мазмұнына мониторинг жасау.
- Өткен іс-шараларға талдама жасау және болшаққа жоспар жасау;
- БАҚ-тың мәліметтер жинағын жасау және БАҚ-тағы өзгерістерін бақылап отыру;
- Алыстан келген журналистерді көлікпен қамтамасыз ету және қонақ үйлерге орналасуына жағдай жасау;
- Журналистерді аккредитациялау;
- Журналистердің және БАҚ-тың құқықтары мен мүддесін қорғайтын ұйымдармен әріптесу;
- Аймақтағы билік органдарының қоғаммен байланыс департаменттерімен және баспасөз қызметтерімен байланыс;
- Қоғамдық ұйымдардың баспасөз қызметімен әріптесу және бірігіп акция өткізу;
- Қажет болған жағдайда газет, журналдарға мақалалар жазу;
- Жеке баспа өнімдерін шығару (көп данамен шығаруы керек және оны ұйым мүшелеріне таратады)
- Жеке жарнама өнімінің фирмалық стилін жасауға қатысу (банктар, визиткалар, палакаттар, естелік календарлар, көрнекілік құралдары, брошюралар және т.б.)
Баспасөз қызметінің құрамы:
Баспасөз қызметі аппараттың құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Баспасөз қызметінің басшысы немесе баспасөз хатшысы тікелей бастыққа бағынады және барлық құрылымдық бөлімшелермен бірігіп қызмет атқарады.
Ұйымның қызметіне және құрылымдық бөлімшелеріне байланысты баспасөз қызметінің құрамы әртүрлі болады. Тәжірибе бойынша күнделікті жұмыс уақытында, үлкен іс-шаралар өткілізмеген жағдайда баспасөз хатшысы және оның көмекшісі де жеткілікті. Ал көлемді шаралар мен акциялар өткізу кезінде баспасөз орталығын құру және ұйымның бастапқы және аймақтық баспасөз хатшыларын тарту қажет. Бастапқы ұйымның баспасөз хатшылары баспасөз қызметінің негізгі әріптесі болып табылады. Баспасөз хатшысы олармен үнемі байланыста болады. Маңызды шаралар, жаңа бағдарламалар туралы ақпарат береді, семинар және мастер-класс өткізеді.
БАҚ-пен байланыс жұмыс ауқымына қарай оны орындаушылар құрамы:
- Баспасөз хатшысы;
- Баспасөз-бюросы;
- Баспасөзбен жұмыс бөлімі;
- Баспасөз қызметі немесе баспасөз орталығы
- ПР қызметі (оның басшысымен)
- Штаттан тыс қызметкерлер немесе ішкі кеңесші фирма
Баспасөз қызметінде штаттан тыс 1, 2 адамнан 20-ға дейін болуы мүмкін. Үлкен ұйымдарда баспасөз қызметі ПР-бөлімнің бөлімшесі болуы мүмкін. Баспасөзбен екіжақты байланыстың негізгі өзегі – баспасөз қызметі. Баспасөздің барлық өтініштері баспасөз-орталығы арқылы жүргені дұрыс. Әдепкі жағдайда баспасөзбен байланысқа жауапты адам ұйым атынан байланыс жасайды. Дегенмен, ұйым үшін өмірлік маңызы бар мүдделі сұрақтарға басшының өзі жауап беруі қажет.
Баспасөз қызметінің маңызды функциясының бірі – баспасөзбен байланыс стратегиясын жасау. Ақпараттық кеңестер, ақпараттық бюллетеньдер, мәтін және құжаттарды жариялау. Кез-келген ұйымның жұмысының нәтижелілігі – уақытылы және нақтылы ақпараттар тарату. Мұндайда ақпараттық орталық жоспарлар жасауда және мақсатқа жетуде бірігіп әрекет ететін ұйымның негізгі өзегіне айналады.
Маңызды оқиғалар орнында баспасөз қызметі субпресс-центр құрылады немесе пресс-атташе жұмыс істеуі мүмкін. Мұндай жағдай Олимпиада ойындарында көп байқалады. Пресс-атташе халықаралық байланыста және шетелдік құрылымдары бар ұйымдарда болады. Олар негізінен шетелдік БАҚ-пен байланыс байланыс кеңесшілері, сарапшылары болып табылады.
Баспасөз қызменіңі жұмысы мына шарттар арқылы тиімді болады:
- Ақпараттық қорының болуы және қажетті ақпарат алуға мүмкіндігі;
- Басшымен немесе маңызды қызметкерлермен байланыста болуы, стратегиялық шешімдер жасауға тікелей араласуы;
- Барлық ресми ақпаратты алуы;
- Сарапшыларды тарту мүмкіндігі
- Қажетті материалдық-техникалық қамтамасыз ете алуы.
Халықаралық ұйымдардың ірі баспасөз қызметтері көрнекті техникалық жабдықпен ерекшеленеді. Оларда телефон, факс, телетайп, компьютерлер, мағлұматтардың электрондық бланктері, ішкі теле-радио жүйелері, қазрігі баспасөз кітапханасы, ақпараттық-анықтамалық орны, бюллетень, баспасөз хабарламасын жазу және тағы да басқа қажетті материалдарын жазатын мүмкіншіліктері зор. Сондай-ақ қызмет көрсету де өте жақсы жолға қойылған (тамақтану, экспедиция, көлік т.б.)
Ұзақ өтетін іс-шаралар – конференция, симпозиум, фестивальдерде баспасөз қызметінде әртүрлі мақсатта арналған жедел хабаршы телефон аппараттары орнатылады. Аккредитация тобы журналистерге аккредитациялық карточкасын береді. Сонымен қатар теледидар, фотокорреспондент тобының шығармашылық қызметкерлеріне құжат береді. Белгілі бір мерзімге белгіленген БАҚ өкілдеріне құжаттардың ақпараттық пакетін, соңында өздерінің ақпарат жәшігінің кілтін тапсырады.
Аккредитация квотасын БАҚ өкілдеріне мекеменің басшысы, баспасөз қызметінің директоры баспаның өтінішіні және техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып береді. Сондай-ақ журналистің жұмыс істейтін орны, ақпарат құралының беделі де маңызды. БАҚ редакциясының квотасы мен өтінішіне байланысты бақылау тізімі және журналистерге аккредитациялық анкета толтырылуға беріледі.
Баспасөз қызметінің басшылары журналистерге арнап баспасөз конференциясын және мәдени бағдарламаларды ұйымдастырады.
Баспасөз қызметінің шығармашылық тобында БАҚ-қа материалдарды өздігінше дайындайтын өздерінің жеке корреспонденттері, ТВ-репортерлері және операторлары болады.
Баспасөз орталығы
Баспасөз орталығы қызметінің ауқымы жағынан баспасөз қызметінен шағын, бірақ сол бір міндетті атқарады. Пресс-орталық ведомстволық деңгейде құрылады. Ол министрлік, мемлекеттік комитет, басқару және жергілікті басқару құрылымдарында болады. Мысалы, қалалық немесе облыстық әкімдіктің баспасөз орталығы.
Осыған байланысты кейбір зерттеулердің пайымдаулары байқалады. Онда баспасөз қызметін 2 түрге бөледі:
— үнемі әрекет етуші (президент әкімшілігіндегі, үкімет жанындағы, министрліктерде, саяси партияларда және ұйымдарда, үлкен мекемелер мен банктерде). Бұны толық ұйымның баспасөз қызметі деуге болады.
— уақытша баспасөз қызметі – оқиға, түрлі іс-шаралардың баспасөз орталығы ретінде құрылады. Жиналыс, мерейтойлық салтанат, кинофестиваль және тағы басқа нақты жағдайларда қысқа мерзімді маңызды жариялауға құрылған.
Нақты шаралар мен жағдайларда баспасөз орталығы құрылады, бірақ ол уақытша болып саналады. Қандайда бір нақты оқиғалар – жиналыс, мерейтойлық салтанат, кинофестивальдар сияқты маңызды қысқа мерзімді жағдайларды жариялайды. Құрылымдық белгілеріне қарай баспасөз орталығына ведомстволық құрылымдар ұқсас болады. БАҚ-пен үйлесімді байланыс орнатумен қатар, барлық әлеуметтік институттармен, қоғамммен байланыс қызметіне бағытталған.
Пресс-орталықта байланыс құралдары, көлік, жедел полиграфиялық құралдар болады. Сондай-ақ онда техникалық қызметкерлермен қатар журналистер де жұмыс істейді. Біреуі газеттермен байланысқа мамандандырылса, екіншісі ТВ-топ құрады, үшіншісі тақырыптық контент-талдаумен айналысады. Журналист-практиктердің уақытша шығармашылық тобы қоғамдық-саяси науқандар мен ресми шараларда құрылуы мүмкін.
Баспасөзбен байланысқа жауапты адамның негізгі 3 міндеті:
- баспаға материалдар беру (мақала, очерк т.б. түрінде жазылуы мүмкін)
- баспасөздің сұрақтарына жауап беру және кешенді ақпараттық қызмет көрсету;
- газет, радио, және ТВ жаңалықтарын бақылауға алу, хабарламалардағы қателіктерді жөндеу, қажетінеде шара қолдану немесе жалған екенін дәлелдейтін мәлімдеме жасау.
Пресс-орталықтың сараптама тобында белгілі бір мәселені газет, журнал беттерінде, теле-радио бағдарламаларда қандай сипат алғанын қадағалап отыратын бақылаушы болады. Ол осы жарияланымның сапасын анықтайды, оқиғаның сипат алуына болжам жасайды және қорытындыы шығарады. Кезекті баспасөз конференциясын дайындау барысында бақылаушы мәселенің тақырыптық документтер жинағын, бэкграундер, әртүрлі құжаттар мен ескертпелерді құрастырады. Бақылаушыға журналистік қызметпен жақын таныс болған жөн.
Сарапшылар тобын әлеуметтену, саясаттану, саяси жарнама, ПР, әлеуметтік және экономикалық процесстерді басқаратын ғылыми білімі бар мамандар құрайды. Олардың міндеті – басшылықтың қоғаммен байланысының тиімділігін арттыратын пресс-орталықтың тәжірибелік қызметін ғылыми-зерттеу бағдарламаларымен үйлестіру. Осы мақсатта сараптау тобы іске кіріседі:
- редакциялық, журналистік қызметке қатысты кепілдемелер жасау арқылы БАҚ аудиториясына әлеуметтік зерттеулер концепциясын және бағдарламаларын жасау үшін;
- проблемалық іс-әрекетке дайындалу, қоғам дамуының маңызды мәселесін алдыға қоюға байланысты шығармашылық топ, журналистер, қоғамдық корреспонденттердің консультацияларын өткізу;
- конференция, дөңгелек үстел, дискуссия және журналистік тәжірибедегі сұрақтарды талқылау, саяси жарнама, ПР жүргізу мақсатында ғылыми күштермен байланыс (қоғамтану, саясаткер, журналистиканы зерттеушілермен қарым-қатынас);
- Пресс-орталықтың бақылаушылары мен сарапшылардың мәселесіне жататын кітаптарды, брошюралар, өзге де баспа өнімдерін рецензиялау;
- Саяси науқан, қоғаммен байланыс саласындағы арнайы оқиғалар, имидж, бедел, паблисити концепциясын жасау.
Баспасөз қызметінің құралдары. Журналистер арасында тек мәлімдемелер мен баспасөз конференциясында айтылған сөздердің мәтінін ғана емес, сонымен қатар түрлі баспасөз хабарламаларымен қоса анықтамалар, қабылданған шешімдерге байланысты негізгі ақпараттар мен алда болатын оқиғалардың анонстарын, баяндамалар мен саяси құжаттардың тезистерін, құжаттарға аса маңызды пунктердің талдауларын және басқа да құжаттарды таратып отырған жөн. /10/
Көптеген мемлекеттерде ақпаратты журналистерге жеткізудің себепші визуальді және ауызша құрал түрлері пайдаланылады. Кең таралған ақпарат берудің түрлеріне мынадарды жатқызамыз:
Баспасөз хабарламасы. Баспасөзге ақпарат берудің кең тараған тәсілі – ақпараттық хабарлама немесе баспасөз хабарламасы. Кең аудиторияға арналған қажетті және маңызды ақпараты бар хабарлама. Баспасөз хабарламасы нақты бір жаңалықты бере отырып, кім, не, қайда, қашан, неге және қалай деген басты алты сұраққа жауап беруі тиіс. Ол 1-2 беттен артық болмауы керек. Барлық ақпарат кері аударылған пирамида түрінде беріледі. Онда 70-80% ақпарат болу керек. Оны қарапайым пошта арқылы немесе факс, интернет поштасы арқылы барлық БАҚ-қа жіберіледі. Сонымен қатар еліміздің барлық баспасөзімен тікелей байланыс жасайтын ақпарат агенттіктеріне де оперативті түрде жіберіп отыру керек. Бірақ ақпарат агенттіктері баспасөз хабарламаларын редакторлап, толық мәтінін таратпауы мүмкін. Сондықтан кейбір адресанттар телетайп арқылы алдын ала қабылдаған болса да, баспасөз хабарламасының толық мәтінін жіберу арқылы оның мүмкіндігінше кең таратуын қамтамасыз ету керек.
Баспасөз хабарламасының екі түрі болады. Баспасөз хабарламасы-анонс – болатын іс-шараға журналистерді шақыру арқылы қатысуына жіберілетін бір беттен көп емес қысқаша хабарлама.
Ақпараттық баспасөз хабарламасы – ауқымды аудиторияға арналған маңызды және қажетті ақпараты бар хабарлама. Оның жазылу көлемі 1-2 бет болуы мүмкін. Баспасөз конференциясы барысында журналистерге тараталады.
Баспасөз хабарламасы еш кедергісіз таратылу үшін материалдарды қабылдаған баспасөздің тізімін жасап отыру керек. Өзгерістер болған жағдай жаңартып отыру қажет. Көптеген ұйымдарда баспасөз хабарламасының түріне қарай әрқайсысына жеке тізім жасау қажет болады. Тізім әрдайым нақты болу керек. Егер орталық газет болса, баспсөз хабарламасы жаңалықтар редакторының меңгерушісіне жіберіледі. Ал басқа баспасөзге қатысты жағдайда материалдарды бас редакторға жіберуге болады. Кейбір жағдайда баспасөз хабарламасының мазмұнына қарай мақсатты түрде соған мүдделі бөлімдеріне жіберуге болады. Мысалы қаржы жаңалықтар бөлімінің редакциясына, әлеуметтік және фотобөлімдерге т.б. жіберген дұрыс.
Егер баспасөз қызметі компанияның әртүрлі мүддедегі топтарымен жұмыс жасаса, баспасөз тізімін жасау ауырлауы мүмкін. Мұндайда әр салаға түрлі бұқаралық құралдарының тізімін көптеген түрін жасауға тура келеді. Бұл мәселіні шешудің жолы – іздеудің электронды жүйесін пайдалану.
Баспасөз хабарламасын жазу кезінде редакциялардың күнделікті көптеген осындай матриалдарын алытындығын, яғни баспасөзге келетін бұндай хабарламалармен бәсекелестінін ескеру керек. Сол үшін баспасөз хабарламасында нақты бір жаңалық және маңыздылық болу керек. Сонымен қатар баспасөз хабарламасындағы ақпараттың қайнар көзін анықтайтын, тақырыпшасын бірден көзге түсердей және жинақы, ұйымның стилі үлгісінде жазған дұрыс.
Егер баспасөз хабарламасы үнемі үйлесімсіз тілмен және ешқандай маңызды ақпараты болмаса, көзге түсетін тақырыпшасы мен ұйымның нақты құралдары көрсетілмесе, редакцияның елемей тастауы мүмкін.
Қажет болған жағдайда қосымша ақпарат беру үшін жіберушінің аты мен мекен-жайы, телефон нөмірі нақты көрсетілуі маңызды. Тіпті шет елдере кейбір газет редакцияларының тәулік бойы істейтіндіктен, түнгі уақытта да хабарласуына болатын телефон нөмірлері көрсетіледі.
Анонс. Баспасөз хабарламасына ұқсайды, бірақ ол алда болатын оқиғаларды хабарлауға арналған. Соған қарап БАҚ оқиғаларды тез бағалай алады және оны тарату қажет пе деген мәселені шешеді. Анонс та кім, не, қайда, қашан, неге деген басты сұрақтарға жауап беруі тиіс. Көлемі бір беттен аспауы керек.
Бэкграундер. Ол кең көлемді баспасөз хабарламасы. Тақырыпқа қатысты егжей-тегжей ақпарат береді. Онда фактілер мен статистикалық деректер беріледі, бірақ сілтеме түрінде емес. Анықтама баспасөз хабарламасымен бірге таратылады. Ол ұйым қызметі туралы базалық ақпарат ретінде 4-5 беттен тұрады. Оны журналистердің ақпаратты толық және бұрмалаушылықсыз алуға көмектеседі.
Визуалды материалдар. Ол баспасөз хабарламасына қосымша ретінде суреттер, графиктер, диаграмма мен карталардың берілу тәсілі.
Өмірбаян. Баспасөз хабарламасымен қосамша беріледі. Онда сөз сөйлейтін немесе оқиғаға қатысты бар лауазымды адамның кәсіби жолы мен табыстары қысқаша баяндалады.
Сарапшылар тізімі. Ол сіздің жолдауыңызды күшейте түседі. Тізімде сарапшылардың аты-жөні мен телефондары болуы керек.
Өзге де мәтін түрлері түрлі материалдарды қамтуы мүмкін. Олар брифингтердің транскриптері т.б. болуы мүмкін.
Іріктеу жағымды материалдарды көрсетеді. Лауазымды тұлғалар өздеріне ұнаған материалдарды көрсетеді. Лауазымды тұлғалар өздеріне ұнаған материалдар көшірмесін жасап, оларды медиа-комплекстерге немесе баспасөзге арналған пакеттерге сақтайды.
Медиа-кит немес пресс-кит – БАҚ-қа толық ақапарттардың жиынтығы.
Онда журналистерге арналған бір тақырыпқа арналған бірнеше материалдар: бэкграундер, өмірбаян, фото және т.б. болады.
«Бағдар хат» немесе телефонограмма материалдардың идеясын бір абзац
көлемінде қорытындылап, оның оқырмандар мен көрермендерді несімен қызықтыра алатындығын түсіндіреді. Онда адамдардың аты-жөні, түсіру жұмысының мүмкіндіктері мен материалдардың концепциясы қысқаша баяндалады.
Бейне және аудио-релиздер жазбаша баспасөз хабарламасы сияқты «кім,
не, қашан, қайда, неге, қалай?» принципі бойынша құрылады. Бірақ ол радио мен теледидарға арналған сюжет түрінде болады.
Спутниктік технология жетекші саясаткерлердің түрлі кездесулер өткізіп
сұхбат беруіне және ол материалдардың немесе хабарламаларды ел ішінде телекомпанияларға жіберуге мүмкіндік береді. Әдетте бұқарамен байланыс жөніндегі мамандар сюжет түсіріп, содан кейін оларды спутниктік байланыс арқылы тарату үшін спутникті уақыт сатып алады.
Радиоролик – сұхбат сияқты мемлекеттік лауазымды тұлғаның қысқаша
мәлімдемесінің аудио жазбасы.
Баспасөз конференциялар арқылы лауазымды тұлғалар белгілі бір
мәселелер бойынша өздерінің жаңа хабарламаларын көпшілікке жариялай алады.
Сұхбат барысында лауазымды тұлғалар журналистпен бетпе-бет отырып, өз
ойын тереңірек жеткізіп дамытуға баспасөз хабарламасынан гөрі көбірек мүмкіндік алады.
Редакция алқасы – танымал саясаткерлер мен газет редакторларының,
мақалалар мен комментарий авторларының және жаңалықтар бөлімінде істейтін репортерлердің әр түрлі тақырыптарды талқылау үшін өзара кездесуі. Мұндай кездесулерді ірі телевизиялық және кабельді торап арқылы ұйымдастырады. Редакция алқасы лауазымды тұлғаға өз идеясын кеңінен түсіндіруге мүмкіндік береді, сол арқылы БАҚ мекеменің саясатын жақсырақ түсініп хабарламалар мен редакция мақалаларының жиі жарияланып тұруына ықпал етеді.
Медиа—карта. БАҚ-пен тиімді жұмыс істеу үшін олар жайлы мәліметтер
жинағы, яғни ұйымның медиа-картасын жүйелендіріп және үнемі жаңартып отыру керек. Онда БАҚ тізімінің басазы, өздерінің қызмет саласына байланысты мамандандырылған БАҚ тізімі. Тараламы, аудиториялық ауқымы, шығу мерзімі, мақсаты мен құрылымы және бас редакторлары туралы толық мағлұматтар болады.
Медиа-турлар. Астанадан тыс жерлерге тарап, аймақтарда жұмыс істейтін
БАҚ-ты қамтиды. Медиа-турлар аймақтық баспасөзге сол аймақ үшін арналған жаңалықтарды жеткізеді, ол жерде тұрып жатқан азаматтарға қызметінің олардың өміріне қалай әсер ететіндігін түсіндіреді.
Интернет – БАҚ-тың фильтрінсіз тұрғындармен тікелей қарым-қатынас
жасауға мүмкіндік беретін қызмет арнасы. Ол сол сияқты журналистермен тез арада байланыс орнатуды қамтамасыз етеді. Интернет ұйым мен аудитория арасында тікелей және кері байланыс орнатуға мүмкіндік жасайды. Баспасөз қызметі өзінің хабарламалары үшін жеке локальды электрон тақтасын аша алады. Интернет мәтін, графика, бейне мен дыбыс сияқты барлық құрал түрін пайдалануға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде интернеттің көмегінсіз өздерінің қызметі туралы ашық ақпараттық қарым-қатынасты орнату мүмкін емес. Сондықтан кез келген мекеме өздерінің жеке сайттарын ашып, одан өздерінің күнделікті қызмет барысы мен болашақтағы жобалары туралы толық мағлұматтарды беру арқылы ақпаратты кеңінен тарата алады.
Интернет жаңалықтары. Виртуалды жаңалықтар ең жаңа ақпараттық орта. Радио мен телеарна сияқты интернеттің сайттарындағы жаңалықтар лезде тарайды. Интернетте жаңалықтардың барлық түрлері – газет, журналдардан бастап, пікірталас форумдарына дейін ұсынылады. Сол сияқты электронды пошта арқылы белгілі бір аудиторияға арналған жолдамалар жіберуге мүмкіндік бар.
Электронды поштада клавиатурадан берілетін бір команда арқылы оп-оңай
ақпарат алуға қызығушылық танытқан барлық тұлғалардың мекен-жайлары көрсетілген.
Көптеген журналистер материалдарды күнде, кейде сағат сайын өткізетін
болса да, оларға ақпарат іздестіру, сұхбат алу және мақала жазу үшін уақыт қажет болады. Кейде журналистер жедел ақпарат бойынша төтенше оқиғалар кезінде оқиға ізін суытпай жұмыс істеуі мүмкін. Мұндай сапалы материал жазу қиын. Сондықтан баспасөз қызметі мамандары БАҚ-пен журналистер тарапының қажеттілігін өтеу үшін ақпаратты мейлінше көп және қол жететіндей етіп жұмыс істеуі керек. Сол арқылы журналистердің жақсы материалдар тудыруына ықпал ете алады. Сондай-ақ оның қандай БАҚ екендігіне байланысты материалдарды сараптап беру керек. Өйткені БАҚ-тардың түрлеріне және аудитория ауқымына байланысты олардың мүмкіндіктері де әртүрлі.
Баспасөзбен байланыста жедел және тиімді жұмыс істеу барысында
баспасөз қызметінің түрлері де пайда болуы мүмкін. Бұл жерде оқиға орнында құрылатын баспасөз орталықтары мен пресс-атташе қызметін атап өткен дұрыс.
Ақпараттық әрекет етудің жоспары. Ақпарат берудің түрлері.
Ақпараттық өзара әрекет баспасөз қызметінің жұмысының негізгі өзегі
болып табылады. Ұйым арасында сапалы ақпараттық әрекетті қамтамасыз ететін журналистерге дер кезінде ақпаратты беру мақсатында баспасөз қызметі келесі кезеңді атап өткен жөн.
БАҚ бойынша мәліметтер жинағын құру:
БАҚ-тың мәліметтер жинағы – барлық бұқаралық ақпарат құралдарының тізімі. Оларды аймақтық белгілеріне қарай үш түрге бөлуге болады:
- Аймақтық. Тек белгілі бір аймақта шығатын.
- Орталық. Астанада жіберіледі және аймақтарда тек басылып шығарылады
- Орталық БАҚ-тың аймақтық қосымшасы.
БАҚ-тың мәліметтер жинағында қандай ақпараттар болуы керек?
- БАҚ-тың аталуы, мекені және редакциялық телефоны, таралымы.
- Бас редактордың және белгілі бір тақырыппен немесе бір бетті жүргізетін журналистің аты-жөні. Электронды бұқаралық ақпарат құралдарының басшысы мен бағдарламаларының бағыты.
- БАҚ-тың бағыты мен негізгі тақырыбы (саяси, экономикалық, көңіл көтеретін т.б.)
- Газетте қандай айдарлар бар және оны кім жүргізіп отырады? Барлық жастарға арналған ақпарат міндетті түрде жастардың бетінде жарық көрмейді. Мысалы, экономикалық сипаттағы ақпарат экономикалық бөлімде орналасуы мүмкін.
- Жергілікті телеарна және радиода қандай бағдарламалар бар?
- Газеттің шығу мерзімі, ТВ және радиода бағдарламалардың берілу кезеңі
Ақпараттық себепті құру жолдары және оған негіз болатын жағдайлар. Баспасөз қызметкерінің негізгі тапсырамысына ұйым туралы жұртшылықтың біліп қана қоймай, оның қызметінің ұмытылмауын қамтамасыз ету жатады. Бұл үшін ұйымның ішкі ақпараттық алаңын дұрыс қолдана білу және жұмыста шығармашылық қажет. Ақпараттық тасқынға басшының сәтті айтқан сөзі де болуы мүмкін. Ақпарат әрқашан оқырманды, көрерменді, тыңдарманды қызықтыратындай етіп берілуі қажет. Сондықтан сауатты құрылған ақпараттық себеп мекеме үшін сәттіліктің негізі болып табылады.
Ақпараттық себеп құрудың ережелері:
- Әлеуметтік маңызы бар жаңалық болу қажет;
- Мақсатты аудиторияның қабылдауына жеңіл, эмоцияға берілген, қызықты болу;
- Алдамау және артық айтпау.
Ақпаратты берудің жолдары:
- Баспасөз хабарламасы;
- Мақала мен репортаж;
- Жеке басылым (салтанатты басылымдарда қосымша бет, газетте орын сатып алу)
- Жәрмеңке, ашық есік күндері
- Бэкграундер – ұйымның қызметі туралы тұрақты шығып тұратын ақпараттар жинағы.
- Пресс-пакет: баспасөз хабарламасы, буклеттер, ақпараттық парақшалар
- Ұйымның танымал адамдарының өмірбаяндары
- Факт-лист: ұйым туралы қысқаша анықтама
- Сұрақ-жауап: ұйымның бастасымен бұқаралық ақпарат құралдарына жіберілген сұраулар;
- Өтініш, меморандум: көбіне дағдарыс жағдайларында пайдаланылады.
1.2. Мемлекеттік мекемелерде баспасөз қызметін ұйымдастыру және оның қызметкерлері
Мемлекеттік органдардың баспасөз қызметінің негізгі міндеті -мемлекеттің саясаты және мақсатты бағдарламалары азаматтардың өміріне қалай әсер ететінін түсіндіру болып табылады. Осы қызметтің арқасында мемлекеттің және оның органдарының жұмысы тез арада жұрттың қолы жететін және қоғамдық түсінушілік сипат алады. Мемлекеттік баспасөз қызметі БАҚ-пен үнемі байланыста болып, үкімет қызметінің жағымды жақтарын мәлімдейді, үкімет туралы қате немесе анық емес ақпараттарды жөндейді. Бірақ бұл олардың қызметінің жалғыз бағыты болмауы керек. Мемлекеттік баспасөз қызметкерлері қоғам және журналистер алдында мемлекеттің имиджіне қалай жауапты болса, мемлекеттің алдында да БАҚ пен журналистердің имиджіне бірдей деңгейде жауапты екенін білу қажет.
Мемлекеттік органдардағы баспасөз қызметінің негізгі принциптері
Мемлекеттік органдардағы баспасөз қызметінің мына принциптерін көрсетуге болады:
Биліктің қоғам алдындағы ашықтық принципі – басқарушылық шешімді жасағанда және оны қабылдау кезінде ашық ақпараттықты қамтамасыз ету. Бұл негізгі принциптердің бірі ретінде бақыланып отыруы қажет. Өйткені журналистер қауымы қызықты ақпаратты алу барысында түрлі қиындықтарға ұшырайды.
Теңдік принципі – барлық бұқаралық ақпарат құралдарын ақпарат алуға тең құқықты қамтамасыз еті. БАҚ-тың ақпарат алуға тең құқығы ҚР-ның Конститутциясының 20-бабында бекітілген. Бұл бұлжытпай бақылануы шарт. «Әділ Сөз» сөз бостандығын қорғау Халықаралық Фондының өткізген заң құқықтарын бұзу және журналистердің мүддесіне нұқсан келтіру мониторингі бойынша ақпаратты беруде іріктеушілік, құқық бұзушылықтың кең тараған түрі болып табылады.
Әлеуметтік бағыт принципі — әлеуметке бағытталған ақпараттық жобаларға мемлекеттік қолдау барасында бұл принцип толық қамтылады. Бұл принцип үкімет тарапынан жасалып жатқан үлкен әлеуметтік мәні бар жобаларды БАҚ арқылы жариялауға көп мән беруге міндетті мемлекеттік баспасөз қызметіне өте маңызды. Мысалы, коммуналдық тұрғын үй салу.
Заңдылық принципі – саяси, идеологиялық, ой және сөз бостандығын, бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігін қаматамасыз етін жүйені құру. Бұған қажетті нормалар Қазақстан Республикасының қазіргі заңында бекітілген (ҚР Конститутциясы, БАҚ туралы Заң).
Жүйелік принципі – ақпараттық саясат әкімшіліктің барлық БАҚ-пен байланыс жүйесінің принципіне сүйенеді. Бұл жағдай БАҚ-тың басшыларымен үнемі кездесіп, қызықтыратын сұрақтары мен мәселелерді біріге отырып талқылау болып табылады.
Мемлекеттік органдардағы баспасөз қызметінің қабылданған халықаралық принципі.
1 принципі. Максимальды ашықтық. Ақпарат еркіндігінің заңдылығы максимальды ашықтық принципіне шоғырлануы керек.
Максимальды ашықты принципі мемлекеттік органдардағы барлық ақпараттың қол жетерлік қағидасын тағайындайды және бұл қағидадан аса шектеулі жағдайларда ғана бас тартуға болады («Мемлекеттік құпия» туралы Заң). Мұндай принцип ақпарат еркіндігі концепциясының барлық негізінде болады және іс жүзінде Конститутцияда бекітілген болуы керек. Ақпаратқа алу еркіндігі құқықты мемлекеттің негізгі жүктелген принципі болып табылады. Заңдылық негізгі мақсаты тәжірибеде ақпарат шынайылығын қалыптастыру.
Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ақпарат беруге міндетті және қоғамдағы әр адам ақпарат алуға корреспонденциялық құқық бар. Еліміздің барлық тұрғындары бұл құқықты пайдалану керек. Ақпарат беруден бас тартатын мемлекеттік билік әр деңгейде ақпарат беруден бас тартуды дәлелдеп етіп отыруы керек. Басқаша айтқанда билік таратудан бас тартып отырған ақпарат шектеулі ақпарат қатарына жататындығын көрсету керек.
2 принципі. Жариялау міндеті
Мемлекеттік органдар маңызды ақпараттарды жариялауға міндетті. Ақпарат еркіндігі мемлекеттік органның тек сұраққа жауап беруін түсіндірмейді, сондай-ақ олардың өздері қоғамдық қызығушылықты көрсететін құжаттарды жариялайды және таратады. Жариялануы қажет ақпарат түрі мемлекеттік органның жұмыс ерекшелігіне, маңыздылығына байланысты.
Мемлекеттік органдар келесі ақпарат деңгейлерін жариялауы қажет:
— Мемлекеттік органның жұмысы, қызметінің маңызы, оның мақсаты, аудиториялық тексеру қортындысы, стандарттары, жеткен жетістіктері және тағы басқа жедел ақпаратты беріп отыруы керек. Әсіресе мемлекеттік орган қоғамға тікелей қызмет ететін болса;
— мемлекеттік органмен байланыста қоғам мүшесінің шағымдары және басқа да кез келген сұрақ бойынша ақпарат беру;
— қоғам өкілінің саясатты және заңдылықтарды қабылдау шешіміне қатысуға мүмкіншіліктері туралы мағлұмат;
— органның құзырындағы ақпараттар тізбесі және ондағы ақпараттың түрлері;
— қоғамға әсер ететін мемлекеттік органның кез-келген шешімдері және ықыласы, сонымен қатар шешім қабылдауға негіз болған дайындау материалдары және себептерінің мазмұны;
3 принципі. Үкімет қызметінің шынайылығын насихаттау.
Мемлекеттік органдар үкімет қызметінің шынайылығына және ашықтығына ықпал етуі қажет.
Егер қоғам мақсатын ақпараттық заңдылық бойынша жүргізгісі келсе, қоғам мүшелерін құқықтарын және үкімет жұмысын ашықтығын насихаттауы қажет. Көптеген мемлекеттердің тәжірибесі көрсеткендей мемлекеттік қызметкерлердің әрекетсіздігі тіпті ең прогрессивті заңдылықтың жүзеге асыруын бұзуы мүмкіндігін көрсетеді. Ашықтықты насихаттау жұмысы ақпарат еркіндігінің қажетті компоненті болып табылады. Бұл қызмет әр елде әртүрлі. Ол мемлекеттік қызметті ұйымдастыру жүйесіне, ақпараттық ашықтық пен бостандығын шектеу негізіне, қоғамның сауаттылық және ақпараттандырылу деңгейіне байланысты.
4 принципі. Ақпараттық ашықтық принципінен шектеудің толық тізімі. Мемлекеттік мекмелерден барлық ақпаратты сұраулар қанағаттандырылуы керек. Мемлекеттік мекеме сұралған ақпараттың ашықтық принципіне жатпайтын, шектелген ақпараттар қатарына жататындығын көрсетуі қажет. Ақпарат беруден бас тартуға болады, егер мемлекеттік орын ақпарат 3 маңызды белгілерге лайық болған кезде:
- ақпарат заңда бекітілген заңды қызметке байланысты болуы керек;
- ақпаратты ашу бұл мақсатқа көлемді зиян келтіру қаупін тудыруы қажет;
- бұл мақсатқа тиген зиян, ақпаратты ашуда қоғамдық мүдде басым болуы керек.
5 принципі. Ақпаратқа қол жеткізуге себепкер рәсімдер.
Ақпараттық сұрауларды жылдам және адал қарау: ақпаратты берудегі кез келген бас тартуды даулауға мүмкіндіктен туады.
ҚР «БАҚ туралы» Заңының 18-бабының 2-1 тармағындағы байланысты: Мемлекеттік органдар және басқа да ұйымдар сұралған ақпаратты түскен күнінен кейін 3 күннен кешіктірмей беруі керек немесе жауап беретін мерзімін көрсетуі және жауап беруден бас тартудың себебін түсіндіруі керек.
Мемлекеттік орындарға және өзге ұйымдарға бұқаралық ақпарат құралдарынан келіп түскен сұрақтарды шешуге мүмкіндігі жоқ, құзырына кірмейтін жағдайда 5 күннен кешіктірмей бұл өтінішті баспасөзге түсіндіре отырып, тиісті орынға жіберілуі қажет. /11/
БАҚ-пен байланыс өкілінің дәрежесін анықтау.
Ресми өкілдің дәрежесін анықтау жауапкершілігі біріншіден шенеунікке
немесе лауазымды адамға түседі. Лауазымды тұлға өзінің өкілімен баспасөз қызметін ұйымдастыру принципін жасау, оның міндетін анықтауы қажет.
Сондықтан лауазымды тұлға келісі сұрақтардың шешімін табу қажет:
- Баспасөзге қаншалықты қол жетерлік болғысы келеді?
- Ресми өкілдің лауазымды тұлғаның аппаратындағы басқа қызметкерлерімен қарым-қатынасы қандай болады?
- Сұхбатты қаншалықты жиі беретін болады?
- Ол қаншалықты баспасөз конференциясынциясын өткізетін болады?
- Ресми өкіл оның атынан сөйлей ала ма, әлде тек басшының өзі ғана журналистерге брифинг өткізетін болады ма?
Іс жүзінде басшы баспасөз үшін қолжетерлік болуы керек және жиі
баспасөз конференциясын өткізіп отыруы қажет. Сол үшін оның атынан баспасөзбен тығыз қарым-қатынас жасайтын, басшының атынан сөйлей алатын ресми өкілі болады.
Баспасөз хатшысы
Баспасөз қызметінің ең басты тұлғасы – баспасөз хатшысы. Ол өз қызметінде үш функцияны орындайды: ақпараттық, қоғамдық-саяси және басқарушылық. Оның қызметі басшының қоғаммен және БАҚ-пен қатынасының стильінде байқалады. Баспасөз хатшысы тікелей коммуникациялық ықпал ететумен ерекшеленеді. Ол өзінің мекемесінің қызметі туралы қоғамды үздіксіз ақпараттандыру үшін үнемі журналистермен қарым-қатынаста болады. Бұл апта сайынғы баспасөз конференциясы, ай сайынғы кездесу немесе маңызды оқиғалардан кейін тез арада баспасөзбен байланыс болуы мүмкін. Журналистердің сұрауына сәйкес ақпараттарды дер кезінде ұсыну баспасөз қызменің негізгі жұмыс барысы болып табылады. Сонымен қатар өзінің ведомствосының ақпараттық бағытын жүргізіп отыруға баспасөз хатшысы мүдделі. Журналистермен кездесу – баспасөз хатшысының ақпараттық қызметін жүзеге асыру болып табылады. Баспасөз хатшысы олармен жұмыс істеу барысында тыңдаушылары дайындалғанын және баяндалатын мәселенің мән-жайын білетіндігін ескеру қажет. Журналистер баспасөз конференциясы бітпей жатып кетіп қалуы мүмкін. Себебі олар соңғы жаңалықтардың шығуына есеп беру үшін редакцияға асығады. Сондықтан оларға маңызды ақпаратты қысқа, жоғары деңгейлі іскер түрде беру керек. Алғашқы ақпаратты атап көрсету, журналистердің уақытын үнемдеу, белгіленген уақыт тәртібін сақтау өте маңызды шаралардың бірі. Журналистердің алдына шығып сөйлегенде оқиғаның мән-жайын баяндап, басшының іс-әрекетіне, шешіміне түсініктеме бере отырып, күнілгері қарастырлымаған шараларды қарастыру арқылы қоғамның сеніміне ие болуы қажет. Түсініктеме беру баспасөз хатшысының қоғамдық-саяси функциясын жүзеге асыруы. Өзінің түсініктемелері арқылы дәл қазіргі уақыттағы маңызды қоғамдық байланысты анықтайды. Баспасөз конференциясында талқыланған оқиғаға қығызушылық бар әлеуметтік институттарға өтініш білдіреді.
Басшының қоғаммен, БАҚ-пен кері байланысы баспасөз хатшысының араласуымен жүзеге асады. Баспасөз хатшысының жариялаған ақпаратына жауап қайтару әрекеті көп ұзамай ұйымға белгілі болады. Бұл ұйымның баспасөзбен байланысын жақсартуға және өзгерістер жасауға әкеледі. Баспасөз хатшысының басшылық пен қоғамның кері байланысына араласуы басқару функциясын іске асыру болып табылады.
Белгілі бір жағдайды түсіндіруде, мәлімдемелер жасауда әділдік, жылдамдылық, анықтық, ақпараттық жеткіліктік – баспасөз хатшысының қызметінің негізі болып саналады. Оның пайымдау беделділігі ресми қызметінің деңгейін нығайтады. Сондай-ақ ұйымның, билік құрылымдарының қызметін күшейтеді.
Баспасөз хатшысының жұмыс күні өте қызу түрде болады. Басшымен іскер кездесулері, кеңес пен мәжілістерге қатысуы, жедел ақпараттармен танысу (құжат, өтініш, ішкі ақпараттық баяндамалар мен шолуларды оқу), баспасөздің материалдарымен танысу, поштаны сараптау, жарияланған баспасөз конференциясына дайындалу, баспасөз конференциясын және брифингтер өткізу, журналистермен ресми емес кездесулер, басшыға ақпараттық іріктемелер жасау, басшының түрлі сапарларында қасында болу баспасөз хатшысының маңызды қызметтірінің құзырына кіреді. Баспасөз хатшысының өзге де маңызына қарай кейінге қалдырылатын іс-шаралары да жеткілікті.
Баспасөз хатшысының ерекше міндеті – басшының сөйлейтін сөзін дайындау. Кейде бұл үшін мамандар, көбінесе журналистер шақырылады. Әр сөзде баспасөз хатшысы басшысының тыңдармандарының алдында имиджін, оның көпшілік алдында сөйлеу стилін сақтау қажет. Басшының әр сөз сөйлеуі сол кездегі ақпараттық науқанға және оның тұрақты қызметінің белгілі бағытына негізделуі керек. Басшының кезекті сөз сөйлеуі аудиторияның қызығушылығына ие болу керек және мәтінде тыңдармандар үшін жаңа ақпараттың болуы шарт. Юмор, әзіл, қанатты сөздерді дұрыс пайдалану арқылы шешенге тән сенімді көзқарас қалыптастыру қажет.
Мәтінді дайындауға баспасөз хатшысы ғана емес, басшының өзі, оның кеңесшілері және ондағы қозғалатын мәселенің сарапшылары қатысады. Бұл шығармашылық топтың өзара әріптестік жұмысы. Басшы мәтіннің құрылысын және ондағы мәліметтерді, дәлелдемелерді басынан бастап қайта құрылуына, өзгерістер енгізуге құқысы бар.
Баспасөз хатшысының жұмысы көптеген іс-шаралармен, әртүрлі талаптар мен бағыттар, істі уақытында орындау тәртібімен реттелген. Ол екі жақта да қызмет атқарады. Өзінің шаруасынан басқа ол басшының жұмысымен үнемі таныс болады. Басшының тығыз жұмыс кестесіндегі әр бос уақыт аралығын баспасөз хатшысымен кеңесуге, кезекті сөз сөйлеу, баспасөзге жариялаудың концепциясын және жоспарын жасауға, жоспарлы баспасөз мәслихатын қарастыруға пайдалануды көздейді.
Баспасөз хатшысы жеке қабілетін іске асыра білуі және журналистермен бірігіп жұмыс істеуге бейімділігі, өзге де көптеген жетістіктерінің бәрі басшының, команданың, белгілі бір құрылымның беделіне бағытталады. Қоғамдық-саяси немесе коммерциялық жағдай байланысты мәтінде баспасөз қызметкерінің жеке мәлімдесі орынсыз болып табылады. Сондай-ақ баспасөз хатшысы журналистермен шығармашылық жарысқа түспеуі керек. Өзі өткізген баспасөз конференциясына байланысты сараптамалық шолу жасау артық болады. Баспасөз қызметінің мәні – журналистермен бірлесіп жұмыс істеу.
Сонымен жақсы баспасөз хатшысы мынадай қасиеттерге ие болуы қажет:
- Ақпараттың қайнар көзі. Баспасөз хатшысы басшымен күніне бірнеше рет қарым-қатынас жасайтындықтындықтан журналистер тек онымен ғана байланыса алады;
- Баспасөз хатшысының жан-жақты ақпараттандырылуы, бағдарламаны жасауға, талдауға және жүзеге асыруға қатысуы, маңызды шешім қабылдауға, басшыны журналистермен сөйлесуге дайындауға атсалысуы;
- БАҚ-тың көңілі аударатын ақпараттық себепті туғызуы және қоғамның мүдделі тобына ақпаратты жеткізу үшін барлық әдіс-тәсілдерді пайдалана білу./12/
Баспасөз хатшысының функциясы:
Баспасөз хатшысының қызметі нәтижесі ол өзінің жұмысына шығармашылықпен келуіне байналысты. Тек қажетті мөлшерде БАҚ-пен байланыспен ғана шектелуге де, өзінің ұйымының қызметі туралы барлық БАҚ-қа тиімді, тұрақты ақпарат көзі болуға мүмкіндігі бар. Орталық ұйымның баспасөз хатшысы бастапқы ұйымдармен байланысты жақсартуы және олармен біріккен іс-шараларды өткізу кезінде олардың жұмысын үйлестіріп отыруы керек. Жалпы республикалық және аймақтық шараларда бірігіп жұмыс істеуі қажет. АҚШ-тың Президенттік жүйені басқару сарапшысының дәлелдеуінше АҚШ-тың федералдық деңгейдегі баспасөзбен байланыс ресми өкілінің уақытының 50%-ы журналистердің сұрақтарына жауап берумен, 25%-ы мәліметттермен танысуға, 25%-ы іс-шараға материалдар жинаумен өтеді екен.
Баспасөз хатшысы қандай қасиеттерге ие болуы керек?
Стивен Хесс өзінің «Үкімет пен баспасөз арасындағы байланыс» деген кітабында БАҚ-пен байланыс өкіліне төзімділік, жұмысына қызығушылық, тілектес, жақсы есте сақтай білушілік, сыпайылық, дағдарыс кезінде беріктік, адам психологиясын түсінушілік, әрбір нәрсені болжай алушылық және дер кезінде шеше білушілік қажет дейді. Сондай-ақ фактіні тез арада еске түсіре білу маңызды. Ресми өкіл өзінің қызметінде белгісіз жағдайларда әрекет ете білу, бір мезгілде бірнеше тапсырманы орындай алу, түрлі көңіл аудару жағдайында жұмыс істеуді игеру, тез арада жауап қайтару, репортерлермен қарым-қатынаста әділ болу, біреуді басқалардан жоғары бағаламауы керек. Сонымен қатар ресми өкіл арнайы жоғары әдепті адам болуы қажет.
Маңыздысы, баспасөз хатшысының жұмысы тиімді болуы үшін оған лауазымды адамы және баспасөз сенетін болуы қажет.
Кейінгі кезде жаңалықтар тасқынының көбеюі және оларды тәулік бойы қол жетерліктей қамтуы баспасөз хатшысының жұмысын күрделендіре түсті. Ресми өкілдің міндетіне мекемеде кім, қандай жағдайда ақпарат беруі керек екенін шешу жатады. Ресми өкіл ақпарат берумен қоса, журналистердің жұмысын мүмкіндігінше жеңіл қылуға міндетті. Сондықтан баспасөз хатшысының жұмысы көптеген қарым-қатынасты — өзінің лауазымды адамымен, мемлекеттік аппараттың өзге де жоғарғы бөлімшелерімен, баспасөзбен, шенеуніктермен келісімін қажет етеді. Сонымен қатар баспасөз хатшысы қажет болған жағдайда басшысының қасында бола білу керек және басшысы баспасөздің назарында болғанда ол көрінбеуге тырысуы керек.
«Баспасөз хатшысының жұмысы тиімді болу үшін ол журналистердің
қолы жетерліктей үнемі байланыста болуы қажет, жан-жақты ақпараттандырылған және демократия жағдайында баспасөздің маңыздылығын түсінуі қажет. Баспасөз еркіндігінсіз демократия болмайды. Кей кездерде жалықтырарлық болса да, баспасөз әрқашан тәуелсіз, еркін болуы шарт. Баспасөз хатшысы баспасөздің ұстанымын жете біліп және осы жолда жұмыс істеуді мақсат тұтуы қажет», — дейді Билл Клинтонның бұрынығы баспасөз хатшысы Ди Ди Майерс. /13/
Мүмкіндігі және үйлестіруі
Бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс өкілінің лауазымды тұлғаның өзге қызметкерлерімен қарым-қатынас мүмкіншілігі де маңызды болып табылады. Бұл жағдайда мынадай сұрақтар туындауы мүмкін:
— Барлық баспасөзбен қарым-қатынас бастапқыда БАҚ-пен
байланыс өкілі арқылы жүргізіледі ме және басқа аппарат қызметкерлерінің БАҚ-пен бірігіп жұмыс істеуінде оның мүмкіншілігі зор ма?
— Басқа қызмет бөлімшелері өздерінің жұмысына тікелей
қатысы жоқ сұрақтарға алдымен баспасөз хатшысымен кеңеспей жатып жауап беруге мүмкіндігі бар ма? Мысалға, журналист жеке хатшы кеңсесіне хабарласып, қандай бір іс-шараның өту мерзімі туралы сұраса, бұны баспасөз қызметіне бағыттауға бола ма, әлде хатшының өзі жауап бере ала ма?
— Баспасөз қызметінің ресми мәлімдемелерін және сөз мәтінін, баспасөз хабарламаларын кім қарап шығуы керек?
— Әкімшіліктің жоғары қызметкері, мысалы бөлім бастығы ресми мәлімдемені дәлелдеуге мүмкіндігі болу тиіс пея?
— Жоғары қызметкермен ресми өкіл тікелей қарым-қатынас жасай ала ма?
Бәрінен бұрын баспасөз хатшысы персоналдардың БАҚ-пен байланысты үйлестіруі маңызды. Баспасөз хатшысына тез арада қандай да бір әріптесі баспасөз өкілдерімен сөййлесті ме және қандай мәселені талқылағанын білуі керек. Мұндай нақты рәсімдер болмаған жағдайда әкімшілік баспасөзге қарама-қайшы ақпаратты беруі мүмкін. Қоғам тарапынан наразылық байқалып, ұйым жұмысына сенімсіздік тууы мүмкін.
Қызмет адамына және оның баспасөз қызметіне мынадай тәртіп орнатылуы керек: ешқандай күтпеген жағдай, мүмкіндігінше аз қолайсыздықтар.
Ұйымның байланысы және бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты қандай бағдарлама жасалынуы қажет екенін шешуі керек және мұнда ресми өкілдің рөлін анықтау маңызды болып саналады.
Баспасөз қызметіне көп жағдайда үйлестірушілік жұмысы өзекті болып табылады. Мысалы, өзінің бөлімшелірінің қоғаммен байланыс қызметімен апта сайын мақсатты түрде телефон арқылы баспасөз конференциясын өткізу. Телефонмен кеңесу арқылы жақын апталарда істелетін шаруалардың негізгі сұрақтарын үйлестіру және бақылауға алуға болады.
Белсенді басшы өзінің тиімді жұмысында кәсіби баспасөз хатшысының маңызын жете түсінеді.
Американдықтар президенттің 2 түрін атап көрсетеді: біреуі баспасөзге тілектес ретінде қараса, екіншісі оны дұшпандай көреді. Р.Никсон соңғылардың қатарынан табылады. Сол себепті ол өзінің бар қызметінде баспасөзбен қарым-қатынасын жақсарта алмады. Оның ойынша президенеттің сәтті жұмыс істеуі баспасөзге манипулияция жүргізе білуге байланысты болады. Бірақ, ешқашанда басшының баспасөзге манипулияция жүргізгендігін байқатпау керек және оны қазіргі ақпараттық қоғамды жүзеге асыра да алмайтындығы ақиқат.
Қазіргі кезде баспасөз хатшысы мен спиндоктор өте жақын қызмет болып табылады. В. Костиков: «Көбінесе жағымсыз жарияланымдарға қайтара жауап берген жоқпыз. Тәжірибеден жалған екенін білдіру қауесетті күшейте түседі. Ал басшыға артық жан-жал қажет емес. Арандатушы жарияланымға жауап қайтару мүлде іске аспайды. Өйткені оның авторы, бар болғаны біздің пікір білдіруімізді ғана күтеді». Міне, осындай жағымсыз жаңалықтармен айналысу спиндоктордың тікелей жұмысы болып саналады.
Клинтонның баспасөз хатшысы әр брифингінің алдында президентпен кездесіп тұрған екен. Бұл жерде баспасөз хатшысының жұмысының ең қиын тұсы президенттің белгілі бір сұрақ туралы ақпараттандырылмауында. Оған барлық ақпараттарды ұсынбауы, әсіресе жағымсыз ақпараттарды басшының назарынан тыс қалуы қоғам тарапынан басшыға деген сенімсіздікке әкелуі мүмкін. /14/
Сергей Ястржембский «Билік — өзінің құпия ақпараттарын қорғауға ұмтылатын маңызды автономды орын». Бұл баспасөз хатшысы мен журналистердің қарама қайшы мүддесін байқатады. Бұл жерде бір жағынан бір жағынан журналистердің сұрауынан бас тартудың қажеттілігі, екіншіден журналистер тарапынан сенімділіктің белгілі бір деңгейде сақтау үшін тек шындықты айтуға талпыну байқалады. Яғни осындай жағдайда баспасөз хатшысының негізгі бағытын атап көрсеткен жөн. Біріншіден, ол ресми және журналистика сияқты екі қарама-қайшы коммуникациялық ортада өзінің адамы ретінде қызмет атқаруы керек. Әрқашан журналистер өздерінен аса маңызды ақпаратты жасыратындай көзқараста болады. Екіншіден, ол рупор, әкімшіліктің бет-бейнесі. Барлық қиындық осы ымыраласпайтын екі билік орнын бірлесе жұмыс істеуінде жатыр. Бірақ интеллектуалдық жағынан мықты баспасөз хатшысы әрдайым қиындықтың бәрін жеңіп шыға алады. /15/
- 3. Баспасөз қызметінің БАҚ-пен жұмыс істеу ережелері
Ұйымдардың баспасөз қызметі – басқарушылық орган емес, ол баспасөзге
көмектесу үшін құрылған бөлімшелердің бірі. Баспасөз қызметі көлемі мен құрылымы оның қызметінің қажеттілігіне байланысты. Қарапайым күнделікті шаруаны жеңіл жүргізу үшін және мезгіл сайын болып тұратын дағдарыс жағдайын шешуге ұйым әрқашан дайын болу үшін баспасөз қызметінің ауқымы кең болуы қажет.
Мекеменің баспасөз қызметінің бұқаралық ақпарат құралдары және оның
өкілдерімен үнемі қарым-қатынасының арқасында белгілі бір ережелер құрылды. Бұл БАҚ-пен өзара байланыстың мықты тұғырын қалыптастырудың негізі болып табылады.
Бұқаралық ақпарат құралы арқылы берілген мәлімдеме әрқашанда шынайы, анық және сенімді болуы керек. Тіпті ол ұйымның өзіне аса қолайлы болмаса да ақиқатқа негізделуі қажет. Бұдан ұйым мен бұқаралық ақпарат құралдарының арасындағы қарым-қатынасы анықталып, ал БАҚ арқылы қоғамның көзқарасының қалыптасуын байқауға болады. Сондай-ақ, ұйымның көмегінсіз ақпаратты алатын жеке журналистік зерттеулерді де ескеру керек. Кейбіреулер ашық саясатты аса қауіпті деп санағанына қарамастан, мамандар бұқарамен шынайы жұмыс ұйымға қомақты табыс әкеледі деп санайды.
БАҚ-пен жұмыс істеудің маңызды ережесі түрлі ақпарат құралдарына ақпаратты әділ таратуды үйлестіре білуден тұрады.
Ұйымның медиа-саясатын алдын-ала құрып алу керек, бірақ масс-медиамен байланыс жоспары ыңғайлы және тексеруге қысқа уақытқа берілуі керек. Әйтпесе белгілі бір бұқаралық ақпарат құралына тәуелді болып қалуы ықтимал.
Бұқаралық ақпарат құралдарымен әрқашанда тіл табыса білу маңызды. Қоғамның мүддесі байқататын, соның көзқарасын білдіріп сөйлейтін баспасөз қызметінің өкілінің жұмысы қолайлы болып табылады. Бұл адам әрдайым баспасөздің жұмысы үшін тиімді, қай кезде де толық ақпарат ала алытындай, журналистердің қолы жетерліктей болуы керек.
Баспасөзбен байланыста ескерілетін шарттар бар. Ол – жылдамдылық және нақтылық. Егер репортер телефон арқылы сұрақ қойса, тез арада жауап беру керек. Ал егер ол мүмкін болмаса, шындықты айтуы немесе басқа ақпарат көздеріне жол көрсету керек. Редактор фотосурет сұраса, оның бар-жоғын және оны қалай, қашан алуға мүмкіндігі бар екендігін хабарлауы қажет. Ақпараттың немесе фотосуреттің берілуі болсын барлық нәрсе мұқият бақылануы керек./16/
Баспасөзбен байланысқа жауаптылардың жұмысында қиындық тудыратын мәселеле баспасөзге арналған ақпараттар мен ауызша өтініштер журналистік шеберлікте жағымсыз сипат алуы. Баспасөзге жауаптының міндеті – тек шынайы ақпаратты алуға журналистерге көмектесу. Егер ол баспасөздің жұмысына араласып, кедергі келтіріп, қиындық тудырса, онда ол қызметінің мәнін түсінбегендігі және жұмысын тиімді жүргізе алмағандығы. Баспасөзге хабарлама – баспасөзге ақпарат берудің маңызды формасы. Әйткенмен журналист оның мәтінін сөзбе-сөз қолданбағаны лазым. Баспасөзбен байланыста екі маңызды фактор – қолайлы кезең мен қажетті аудиторияны таңдау. Мақсатты аудиториясына хабарламаны жариялау үшін сәтті психологиялық кезеңді таңдап алу керек.
Баспасөзбен байланыс – аса жауапты қызмет. Үлкен ұйымдарда баспасөз қызметі өзінің қызметімен қандай да бір жұмысты қоса атқармағаны дұрыс. Өйткені баспасөз қызметінің күнделікті атқарар жұмысымен қоса басшысымен бірлесе отырып барлық болашақтағы атқарылар іс-шаралар мен бағдарламалды жасауға атсалысуы оның қызметінің тығыз және маңызды екенін байқатады.
Баспасөз қызметі бәрінен бұрын баспасөздің сұранысына уақытында көңіл аудару үшін қажет. Егер баспасөз қызметкеріне журналистің хабарласуға мүмкіндігі болмаса, онда баспасөз тарапынан оған деген сенімсіздік туындап оның қызменің қажеті шамалы болып қалуы мүмкін. Кей кезде баспасөз қызметінен гөрі басшының өзімен сөйлесу оңай болады. Бұндай жағдай қоғаммен байланыс бөлімінің басшысының баспасөзбен байланыс жауапкершілігін өз мойнына алған жағдайда туындайды.
Кейбір баспасөз қызметі баспасөзге жоғары қызмет көрсеткені үшін өздерінің жұмысынаа мақтанышпен қарайды. Бұл дұрыс болуы мүмкін. Бірақ көп жағдайда олар қателеседі. Одан да бұл жағдайды баспасөз өкілінің өзінен оларға көрсетілген қызмет көңілдерінен шығатындығын білген дұрыс немесе олардың қандай да бір ұсыныстары болуы мүмкін, соны ескеру қажет. Бұны анықтау, журналистердің пікірін білуіп, жауап алу ұйым үшін көп нәрсені анықтаған бола еді.
Журналистермен жақсы әріптестік қарым-қатынас орнату үшін олардың жұмысының мәнін және жеке ойлау қабілеттерін жете түсіне білу қажет. Баспасөз қызметкеріне журналистік тәжірибесінің болуы міндетті емес, бірақ бір-екі газет редакциясының жұмыс жағдайымен таныс болғаны дұрыс. Мүмкіндігінше күнделікті әртүрлі газеттерді оқып, танысып отыру қажет, сондай-ақ белгілі бір тәжірибесі болуы үшін мақала және очерк жазуға дағдыланғаны тиімді.
Журналистермен тек қандай да бір сенсация туындаған кезде ғана емес, бэкграундар және түрлі ақпараттық сипаттағы мәліметтер бере отырып үнемі байланысып отырғаны дұрыс. БАҚ-пен ұдайы достық қарым-қатынас ұйым үшін үлкен табыс әкеледі.
Баспасөз қызметі баспасөзге хабарламаны және очеркті жариялау жоспарын құру және орындау үшін ұйымның мақсаты мен міндетін толық түсінуі маңызды. Ал ол өз кезегінде мекеменің барлық бағдарламаларын сәтті орындауға мүмкіндік береді.
Егер ұйым қандай да бір төтенше жағдайларға қатысты болса, тез арада әрекет етудің тәртібін жасау керек. Баспасөз мұндайда ұйым атынан шығатын ресми адамның атын, онымен байланысу мүмкіндіктерін білуі керек. Төтенше жағдайда ақпарат журналистерге тез арада және барынша толық берілуі қауіптің алдын алуға және қоғамдық дұрыс көзқарасты қалыстастыруға көмектеседі. Өйткені БАҚ қоғам мен ұйым, мекеме арасын байланыстыратын құрал болып табылады.
Баспасөздің барлық өтініштері баспасөзбен байланысқа жауаптылар арқылы бағытталғаны дұрыс және ол қызметте кез-келген мәселені шешуге қабілетті, жеткілікті деңгейде хабардар, терең білімді адам болу қажет. Әдеткі жағдайда баспасөзге жауапты адам ұйымның басшысы атынан шыға алады. Ал ұйым және мемлекет үшін аса маңызды оқиғаларда басшының өзі көпшіліктің алдына шықаны жөн. Көптеген танымал кәсіпкерлер қоғамдық өмірге араласу үшін БАҚ-қа шығып сөйлеуге назар аударатындығы қуантады. Бұл қоғаммен жүзеге асырудың тиімді тәсілі және қажет болған жағдайда басшының баспасөз қызметінің міндетін өзі атқарып, баспасөзбен байланыстың мәнін түсінуі үшін баспасөз қызметкері бар күшін салуы қажет.
Баспасөз қызметінің берген хабарламаларын жариялау үшін БАҚ ұйымның қызметі туралы толық мағлұматтар пен ақпараттар алуды өтінуі мүмкін. Өкінішке орай, жариялауды қалмайтын сұрақтарға байланысты қызығушылық танылуы мүмкін. Бұл кезде ұйымның баспасөз қызметі баспасөзбен өзара түсіністікке негіздей отырып жұмыс істеу керек. Жариялауға мүмкіншілігі шектеулі дүниелердің себебін айтып жеткізу қажет.
Журналистерге ақпарат бере отырып, бұл мәлімдемені олар нақты бір тұлғаның ресми жариялауы ретінде көрсете ала ма, жоқ па соны түсіндурі керек. Сонымен қатар журналистке бұл ақпаратты оның тарату көзін атап көрсетпей-ақ пайдалана алатындығын немесе бұл қатаң құпия екенін және баспасөзге жариялауға болмайтын ескерту керек. Мұндай жағдайда ұйымның берген құпия ақпараты белгілі бір газетке жариялауға рұқсат берілмей, ал ол өзге баспасөзде көрініс тауып жатқан болса, редакторлар мен баспасөзге жауапты адам арасында түсінбеушілік туындауы мүмкін. Бірақ бұндай жағдай өте сирек кездеседі. Баспасөз бен оған жауапты адам арасындағы өзара түсіністік, сенім болған жерде мұндай мәселелер туындамайды, болған күнде де тез арада тиімді шешім мен келісімге жетуге болады.
Бәрінен бұрын жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, ақпараттың тақырыбына мүдделі белгілі бір баспасөзді шақырған жөн. Өйткені, басқа бағыттағы баспасөз сіздің мекемеңіздің қызметі жайлы жақсы ақпараттандыра алмауы мүмкін. БАҚ-пен ұзақ мерзімді өзара байланысты орнату барысында баспасөзді сыйлық арқылы шақыру және жағымпаздыққа бару қажет емес. Барлық бұқаралық ақпарат құралдары мерзімді болып табылатындықтан, масс-медиамен жұмыс барысында кесімді мерзімді ескеру керек. Берілген ақпарат потенциалды жаңалық ретінде көңіл аударуды қажет етеді. Сонымен қатар ақпаратты жеткізуде түсіндіру және комментарий берілуі мүмкін, бірақ тар мамандандырылған терминдермен беруге болмайды.
Коммуникация процесінде белгілі бір хабарлама таратуда тек жағымды факті мен дәлелдерге ғана сеніп қалмаған лазым. Жағымсыз жағдайларды да қаперде ұстаған жөн. Зерттеулер көрсеткендей тек жағымды дәлелдермен таныс аудитория, оған қарсы дәйектемелерге тез сеніп қалады. Егер қолайсыз фактілер ұйымның қалауынан тыс берілген болса, жағымсыз әсерлерді азайтатын немесе ұйымның имиджін жақсартатын және қоғамның сенімін жаулап алу үшін тез және жан-жақты ұйымдастыра отырып әрекет ету керек.
БАҚ-пен жұмыс тәжірибесінде нақты адамдармен байланыс жасалатынын есте сақтау керек. Баспасөзге сұхбат, не телеарнадан тікелей эфирге шығу болсын журналистермен кездесуге алдын-ала дайындалған жөн. Ұйымға жағым, жағымсыз сипаттығы барлық қойылуы мүмкін сұрақтарды анықтап алып, оған ыңғайлы жауаптарды қарастыру керек.
Аса маңызды факті бірінші кезекте хабарланады. БАҚ-та берілген барлық материалдар қысқартулар мен редакторлық өңдеуден өтетінін ескеру қажет. Репортер – бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыстың ең маңызды коммуникациялық элементтерінің бірі болып табылады. Оның жұмысы әрқашан мақтауға тұрарлық, бірақ қатесін сақтықпен жөндеу керек. Мардымсыз қателерге көңіл аудару қажет емес. Оны аудитория аңғармауы мүмкін, ал БАҚ ақпарат берушінің алдында өзін ыңғайсыз сезінеді. Егер жіберілген қателік елерліктей болса, материалды дайындаған журналистпен немесе редактормен кеңесу керек немесе жәй редакцияға хат жазуға да болады. Хаттың мазмұнында: қате ақпаратпен шыққан материалдың күні, уақыты, дұрыс ақпарат, сондай-ақ хаттың авторының аты және лауазымы көрсетілуі керек.
Баспасөз қызметкері ұйымның үзіліссіз ақпараттық барысын қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіндікті жасау керек. Бұл үшін баспасөзді толық және үнемі ақпараттандыру қажет екенін басшылыққа түсіндіру қажет болады.
Әдетте баспасөз қызметі өзінің жұмысында бүгінгі күннің қажеттілігін орындаумен шектеледі. Әйткенмен алдағы атқартын шаралар егжей-тегжейлі жоспарлауды қажет ететіндіктен болшақпен жұмыс істеу қажет. Қандай да бір маңызды оқиғаның мерзімі сол уақытта белгілі болады. Сондықтан сәйкес шешімдер мен қадамдарды алдын-ала жоспарлап, қабылдауды ойластыру керек. Маңызды оқиғаны жариялауды қамтамасыз ету үшін қажет болған жағдайда ішкі ақпарат көздерінің көмегіне жүгінген дұрыс.
Газеттерде көлемді мақала орналастыру – ұйым қызметіне қоғамның назарын аударудың тиімді тәсілі болып отыр. Қазіргі кезде қай сала болса да өздерінің қызметі туралы толық ақпарат беру үшін ұйымның өз ішіндегі мамандандырылған, жұмыстың ауанын жетік білетін адамға баспасөзге матриалдар жинап, журналистерге ұсыну және оны сол салаға мүдделі баспасөзге орналастыру тиімді болып отыр.
Көптеген ұйымдарда шарт бойынша баспасөзге мақала жазу туралы ұйым мүшелерінің өтініштерінің бәрі баспасөз қызметінде қарастырылады және сол арқылы жүзеге асады. Бұл өте дұрыс жүйе. Бірақ оны қатал ұстанған жағдайда, баспасөзбен алауыздық туындауы мүмкін. Егер редактор ұйым президентінің атына хат жазып, баспасөз қызметінен жауап алған болса ешқандай түсінбеушілік туындамауы керек. Кейбір жағдайда баспасөз қызметі осыған ұқсас барлық хаттардың ұйымның президентіне, басқару мүшелеріне тікелей бағытталмай өзіне ғана келгенін қатаң талап еткенде редакторлар баспасөз қызметінен жауап алады.
Баспасөз қызметі өзінің міндетін сәтті орындау үшін кеңес беру, консультациялық қызметпен айналысу, коммуникация саласында жұмысты атқару, зерттеулер және анализ жүргізу, бағдарламалар жасау және жүзеге асыру, барлық коммуникациялық қызметті меңгере білуі керек.
- Мемлекеттік мекемелердегі баспасөз қызметінің рөлі. Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметін жүргізушілер
2.1. Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің құрылымы және жұмыс бағыты.
Қазақстан Республикасының Конститутциясында мемлекеттік органдарға, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты жеткілікті, нақты нормалар белгіленген. Конститутцияның 18 бабы 3 тармағына сәйкес «Мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды тұлғалар және бұқаралық ақпарат құралдары әр азаматқа өзінің құқы мен мүдделеріне қатысты құжаттар, шешімдер мен ақпарат көздерімен танысуға мүмкіндік туғызуға міндетті».
Байқап отырған мемлекеттік органдарға секілді бұқаралық ақпарат құралдарына да тұрғындарды ақпараттандыру міндеті тең дәрежеде қойылған. Осы қызметті атқару үшін барлық мемлекеттік органдарда дерлік баспасөз қызметі құрылған. Олардың құрылу мақсаты мемлекеттік орган қызметі туралы ақпаратты қоғамға жеткізу және тек бұл органдардың бар екендігін жүйелі түре еске салу ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік орган жұмысының тиімділігі мен тұрақтылығы жөнінде жағымды қоғамдық пікір қалыптастыру болып табылады. Мемлекеттік органдарға деген тұрғындардың оңтайлы қарым-қатынасын дамыту үшін баспасөз қызметі мемлекеттік органдардың қызметі қоғамды толғандырып отырған әлеуметтік және экономикалық мәселелерді жоюға бағытталғандығына көпшілік назарын аударып отыру қажет. Жоғарыда айтылғандай ҚР Конститутция бабына сәйкес БАҚ мемлекеттік органдармен бірге тұрғындарды оларды мүдделеріне қатысты ақпараттармен қамтамасыз етуге міндетті. Әйтсе де бұл мәселеде бұқаралық ақпарат құралдарына мемлекеттік органмен бәсекеге түсу қиынға соғады. Мемлекеттік органдар ақпарат алу жолында журналистке қолдан жасалған кедергілер туындатуда және бұл Конститутцияда «Әркім заңда тыйым салынбаған кез келген жолмен ақпаратты еркін алуға және таратуға құқылы» деп қарастырылған жағдайдың өзінде көрініс табуда. Мұндай кедергілер журналистерге мемлекеттік органдардан ақпарат алуына шектеулер журналист құқығына ғана емес, сонымен қатар ҚР азаматтарының олардың қажетті ақпарат алуға деген конститутциялық кепілдігінің бұзылуы болып табылады.
Баспасөз қызметінде бұқаралық ақпарат құралдарындағы секілді журналистер қызмет етеді, бірақ олар бір-біріне қайшы тұрғандай ой қалдырады. Бұл жағдайда мемлекеттік органдардағы баспасөз қызметі футбол терминологиясын пайдалана ойын есебін сақтап қалуға тырысады, демек, ақпаратты таратуға емес, барынша ұстап қалуға күш жұмсайды. Кейде мемлекеттік шенеуніктің бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысын сырттай бақылау көптеген баспасөз қызметінің көңілінен шықпайтындай болып көрінеді. Бұқаралық ақпарат құралдарын жағдай жасау, бейнекамера алу, өзін-өзі ұстау бәріне беріле қоймаған қасиет. Әйтсе де бұл процесс баспасөз қызметіне араласқан жағдайда тезірек жүзеге асады. Баспасөз қызметі өзінің мемлекеттік органы қоғам пікірін және ол жайындағы бұқаралық ақпарат құралдарында сараптап, жарияланған материалдарды қадағалау керек. Бірақ мониторинг «Ендігәрі бұл журналист бізге қажет емес. Мұнда аяғын аттап баспасын» деген шешім қабылдауға әкелмеу керек, керісінше, мемлекеттік органдары қызметкерлеріне деген қоғамның теріс көзқарасы жағдайында кемшіліктерді жоюға, қоғамдық пікірдің жағымды жаққа қарай өзгеруіне, мемлекеттік органдар өткізген маңызды іс-шараларға журналистерді одан әрі көптеп шақыруға ұмтылу маңызды. «Алып-қашпа» сөзге негізделген мемлекеттік органдар қызметінің кемшіліктері туралы ақпарат мемлекеттік органдарға деген кері пікірдің себеп болуы жиі кездеседі. Мәселе мұндай жағдайда тарату көзін іздеу емес, атқаратын мемлекеттік орган қызметі туралы ақпараттың жеткіліксіздігінде. Мұны баспасөз конференциясын өткізу жолымен, сонымен қатар осы органдардың іс-шараларында журналистердің көптеп қатысуымен түзетуге болады. Ал егер жұмыста шынында да кемшіліктер кеткен болса, өтіріктің санын көбейтетін жалғандыққа жол берудің қажеті жоқ. Одан да осы кемшіліктерді мойындап, олардың пайда болу жолдарын атап өткен дұрыс./17/
Мемлекеттік органдардың қандай да бір мәселені ашық айтуға деген сақтығы баспасөз қызметінің жұмысына өз таңбасын қалдыруы мүмкін. Олардың жариялауға деген құлықсыздығы қоғамда түрлі пікірлердің қалыптасуына алып келуі мүмкін. Сондықтан қоғамдық пікірді серпілтетін шынайы ақпаратқа негізделген мәліметтерді жариялау, журналистермен достық қарым-қатынасты орнату, әлеуметтік сала мәселелеріне биліктің де БАҚ-тың назарын аударып отыру баспасөз қызметінің қоғам алдындағы жауапкершіліг деуге болады. Мемлекеттік органдардағы баспасөз қызметінің маңызы сол – мемлекеттің саясатын, бағдарламалар мен қабылданған шешімдерін көпшіліктің санасына жеткілікті және анық жеткізу, атқарушы биліктердің осы мақсатта атқарып жатқан істеріне БАҚ-тың, қоғамның назарын аудару арқылы біртұтас ақпаратқа негізделген даму жолын қамтамасыз ету. Міне, осындай қызметті мемлекеттік органдардың бірі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіның жұмыс барысынан байқауға болады. Әр атқарылып жатқан істің қоғамдық сипатын көрсететін бірден бір маңызды жұмыс баспасөз қызметінің құзына енеді. Алматы қаласы әкімі мен әкімшілік қызметінің қоғамдық сипат алуы үшін баспасөз қызметі бұқаралақ ақпарат құралдарымен үнемі қарым-қатынаста болады. Мемлекеттік орган мемлекеттік деңгейде қызмет көрсететіндіктен оған журналистердің де ынтасы жоғары. Сондықтан, мемлекеттік органның қызметі жайлы жан-жақты, іскер, ақиқатқа негізделген ақпаратты тарату, жинау, реттеу баспасөз қызметінің тікелей міндетіне жатады. Негізі ақпарат тарату бағыттары елеміздегі және шет елдердегі бұқаралық ақпарат құралдарына ақпарат тарату.
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі аппараттың құрылымдық бөлімшелері болып табылады. Баспасөз қызметі Қазақстан Республикасының Конститутциясына, Заңына, ҚР Президентінің жарғысы мен қаулысына, Алматы қаласының әкімінің нормативтік шешімдері мен нұсқауларына бағынады. Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі әкім аппаратының БАҚ-пен байланысын үйлестіруші орган болып табылады. ҚР «БАҚ туралы» Заңы бойынша баспасөз қызметкерлері ақпаратты алуға, таратуға, сұрауға, мемлекеттік құпия мәліметтерден тұратын белгілеріне қарамағанда құжаттар мен материалдарды алуға, ақпаратты тексеруге құқылы./18/
Баспасөз қызметінің негізгі міндеттері мен қызметі:
1) Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әкімнің және әкімшіліктің қызметі туралы тұрғындарды жылдам және толық ақпараттандыру;
2) Алматы қаласы әкімдігінің өткізетін маңызды іс-шаралары туралы БАҚ-қа ресми хабарламаларды дайындау және тарату;
3) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардағы БАҚ журналистерін аккредитациялау ережеріне» сәйкес аккредитацияланған журналистермен жұмысты ұйымдастыру;
4) отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарымен жедел әрекетті ұйымдастыру;
5) Әкімшіліктің қызметін объектиавті таныстыру мақсатында Қазақстан Республикасының атқарушы билік органдарының баспасөз қызметімен және тағы басқа ақпараттық қызметтер мен ұйымдармен өзара әрекетті жүзеге асыру;
6) Белгілі бір сұраққа байланысты баспасөз хабарламасын дайындау және тарату. БАҚ-тың сыни көзқарасына жауап беру және қоғамдық сипаттағы мәселелерге БАҚ басшыларының назарын аудару.
Сондай-ақ көрсетілген міндеттерге орай:
- Әкімнің жұмысына және қаланың атқарушы билік қызметіне қатысты БАҚ-қа ресми хабарлама, өтініш және басқа да ақпараттық матрериалдар дайындау және оны тарату баспасөз қызметінің тікелей міндеті болып табылады.
- Әкімнің қабылдаған шешімі және іс-әрекетіне түсініктеме және комментарийді дайындап, БАҚ-қа береді.
- Әкімнің және қаланың атқарушы биліктің қызметін жариялайтын және редакциялық тапсырманы орындайтын журналистерді аккредитациялауды жүзеге асырады.
- Аккредитацияланған журналистер мен корреспондеттерге публикация, теле және радио бағдарламалары үшін материалдар жинауға және дайындауға жәрдем береді.
- құрылымдық бөлімдермен біріге отырып пресс-конференцияны өткізуді ойластырады, брифингтер, сұхбат, журналистердің ағымдағы мәселелер байланысты әкіммен кездесуін ұйымдастырады.
- Әкім және әкімшілік қызметіне қатысты БАҚ материалдарын сараптайды;
- Әкімге жедел есеп беру және жарияланымның шынайылығын анықтау үшін әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын БАҚ-тың сыни материалдарының объектісі болған себептеріне сұрастырады.
- БАҚ-та жарияланған материалдың объективтілігін, анықтығын және негізділігін анықтайды. Анық емес, бұрмаланған ақпаратты түзеу үшін қажет болған жағдайда мақала авторымен кеңес өткізеді.
- Әкімшілік, оның құрылымдық бөлімшелері мен қызметкері жайлы сыни материалдар туралы әкімге жедел ақпарат береді;
- Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп әрекет етеді;
- Республикалық және аймақтық мерзімді басымыдардың бас редакторларымен, ақпарат агенттіктері мен телерадиокомпания басшыларымен шет ел БАҚ-тарының жергілікті өкілдерімен өзара әрекет етеді;
- Жергілікті билік органдарының қызметі, қаланың әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы туралы журналистердің пікірін білу мақсатында БАҚ-пен кері байланыс орнатады. Нақты бір тақырыпты талқылау үшін дөңгелек үстел өткізе отырып баспасөзді тартады көздейді.
13.Әкімшіліктің баспасөз қызметінде аккредитацияланған БАҚ журналистерінің мәліметтер жинағын құрады және жүргізеді (мемлекеттік және коммерциялық телекомпания, радиохабарлар редакциясы, ақпараттық агенттік, гажет, журнал);
- Әкім және әкімшіліктің қызметін мәлімдейтін теле, радио хабарламалар, бағдарламалар ұйымдастырады, сондай-ақ фото өнімдерін және басқа да материалдарды пайдалануға береді.
Баспасөз қызметінің құқығы мен мүмкіншіліктері:
Алматы қаласы әкімі және қызметкерлері мен атқарушы биліктің ақпараттық қызмет жүйесі жұмысының жүйелі, дұрыс бағытта жұмыс істеуі үшін баспасөз қызметі әкімшіліктің басқа да құрылымдық бөлішелерімен бірлесе отырып жұмыс жүргізеді. Бапасөз қызметі жүктелген міндет пен қызметті жүзеге асыру үшін төмендегі құқықтарға ие:
1) әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінен баспасөз қызметіне қойылған міндеттері орындауға қажетті құжаттарды, анықтамаларды және сараптамалық материалдарды алуға;
2) Мемлекеттік, соның ішінде үкіметтік және арнайы байланыс жүйесін және коммуникацияны пайдалануға;
3) әкімшіліктің осы құрылымдық бөлімшесінің ақпараттық банкін қолдануға;
4) мамандар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен кеңесті ұйымдасытур;
5) баспасөзге арнап ұйымдастырылған іс-шараға қатысуға;
6) ақпаратты-анықтамалық және жарнамалық материалдарды шығаруғ қатысуға;
7) Әкімшіліктің жұмыс бағыттарын, қызметтерін ақпараттық қамтамасыз етуін және координациясын жетілдіру үшін ұсыныс жасау;
8) әкімнің бекіткен қалалық бағдарламаларды істеуге қатысу;
9) баспасөз қызметінің міндетіне кіретін әкімнің шешімдері және жарлықтарына жобалар дайындау;
10) әкімшілік қызметін мәлімдейтін БАҚ өкілдерін аккредитация жүргізу, кездесулер мен баспасөз конференциясын ұйымдастыру;
11) баспасөз қызметінің жұмысын жүргізуге қатысты өтініштер мен шағымдарды қарастыру. /18/
Баспасөз хатшысы және баспасөз қызметкерлері өздерінің қызметтік міндеттерін орындау барысында әкімнің, оның орынбасарлары өткізген мәжіліске, кеңестерге және басқа іс-шараларға қатысуға құқылы. Функционалдық міндеттерін жүзеге асыруға қажетті ақпаратты және материалдарды алу үшін барлық құрылымдық бөлімшелер мен ақпараттық орталықтармен байналыс жасай алады.
2.2. Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметкерлерінің функционалдық міндеттері
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі қоғаммен байланыс инспекциясы, ақпараттық-сараптамалық секторы мен оперативті-техникалық қаматамасыз ету секторы, әкімнің веб-сайтымен бірлесе отырып жүзеге асырады. Қазіргі кезде бапасөз қызметі қоғаммен байланыс инспекциясына қарайды. Баспасөз қызметінің басшысы әкімнің баспасөз хатшысы қызметін қоса атқарады. Әкімнің күнделікті ақпараттармен қамтамасыз ету, баспасөз қызметінің жұмысын үйлестіріп басқару, баспасөз өкілдерімен сөйлесу және ақпарат берілу процесін басқару жұмысын жүзеге асырады. Сондай-ақ әкімнің ресми іс-сапарлары кезінде, төтенше жағдайлар кезінде ақпарат тарату жұмысын жоғары деңгейде атқаруды көздейді.
Алматы қаласы әкімдігі баспасөз қызметін әкімнің баспасөз хатшысы мен төрт баспасөз қызметкерлері жүргізеді.
Баспасөз хатшысы баспасөз қызметінің басшысы болып табылады. Әкімнің баспасөз хатшысы тікелей әкімге бағынады, тағайындалады және қызметтен босатылады. Баспасөз қызметіне жүктелген міндеттер мен тапсырмаларды орындауға жауапты.
Баспасөз хатшысы – баспасөз қызметінің басшысының міндеттері:
- баспасөз қызметін басқарады және жүктелген міндеттері мен қызметтерін жүзеге асыру үшін жауапты;
- баспасөз қызметін басқа құрылымдық бөлімшелермен өзарара әрекетін қамтамасыз етеді;
- баспасөз қызметінің міндеті шеңберінде қызметтік документацияға қол қояды;
- баспасөз қызметкерлерінің міндеттері мен қызметтерін анықтайды;
- қалада әкімнің қатысуымен өткен маңызды іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз ету үшін құрылымдық бөлімшелерін БАҚ-пен өзара бірігіп әрекет етуін ұйымдастырады;
- баспасөз қызметіне жүктелген міндетері орындау үшін жедел жоспарлау мен бақылауды жүзеге асырады;
- баспасөз қызметкерлерінің Қазақстан және шет елдердерге сапарлары туралы ұсыныс жасау;
- электрондық БАҚ пен баспасөздің бас редакторларымен әрекет етеді;
- атқарушы биліктен қалыптасқан тәртіп бойынша қажетті ақпаратты алуға өтініш жасайды;
- ақапараттық қаматамасыз етуді жетілдіру үшін ұсыныс жасайды;
- әкімшілік, оның құрылымдық бөлімшелері және қызметкерлеріне қатысты сыни материалдар туралы қажет болған жағдай әкімге жедел ақпарат беру;
- БАҚ-та жарияланған материалдың бұрмаланған ақпаратты түзеу үшін қажет болған жағдайда мақала авторымен кеңеседі.
Баспасөз қызметінің бас мамандары:
- мерзімді басылымда, веб-сайтта, ақпарат агенттіктерінде шыққан материалдарға жедел шолу және талдау жасайды;
- әкімнің қаланың қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық байланысты авторлық мақала ретінде өтініш, сұхбат, комментарилер түрінде БАҚ-қа материалдар дайындайды;
- БАҚ-қа ақапараттық хабарлама және басқа ақпараттық материалдар дайындайды;
- журналистердің жариялаған материалдарының объективтілігін, анықтығын, үйлесімділігін анықтайды. Бұрмалағанған ақпаратты түзеу үшін қажет болған жағдайда мақала авторымен кеңес өткізеді, нақты емес, қате жіберудің себебін анықтайды;
- Әкімшіліктің баспасөз қызметінде аккредитацияланған БАҚ журналистерінің мәліметтер жинағын құрады және жүргізеді (мемлекеттік және коммерциялық телекомпания, радиохабарлар редакциясы, ақпараттық агенттік, гажет, журнал);
- отандық және шетелдік БАҚ-пен өзара әрекет етеді.
- өтетін баспасөз конференциясын, брифингті, дөңгелек үстел және т.б. іс-шараларға анонс жасайды;
- БАҚ материалдарына контент-анализ және шолу жасау;
- баспасөз қызметінің барлық документациясын жүргізеді.
2.3. Баспасөз қызметінің БАҚ-пен жұмысын үйлестіруі
«Баспасөз қызметі үкіметтің қайыр-садақасы немесе оның тиімді көрсеткіші емес, ол ерікті қоғамның табиғатынан және мемлекеттің өз азаматтарына деген қарым-қатынасынан туындайтын нәрсе»,- деп жазды Стивен Хесс, президенттік биліктің негізін зерттеу саласының маманы өзінің «Үкімет пен баспасөздің арасындағы байланыс: баспасөз қызметінің өкілдері және олардың қызмет» деп аталатын еңбегінде. Демократия жағдайында баспасөзбен қарым-қатынас орнату – парыз. /19/
Мамандар БАҚ-пен тиімді жұмыс істеу үшін қосымша шығын шығарудың, қызметкерлер санын өсірудің, қосыша жабдықтар алудың қажеті жоқ. Тек ресурстарды дұрыс орната білу керек деп есептейді. Мысалы, бір мекменің баспасөз қызметінде ақпараттық қарым-қатынас жасаумен шұғылданатын мамандар саны көп болады. Ал шын мәнінде олардың бірнешеуі ғана жұмыс істеді. Қызметкерлердің басым көпшілігі мекеменің апталық, айлық жарияланымдарын дайындаудан босамады. Ал бөлімнің БАҚ-пен жұмыс істейтін қызметкері ретінде тіркелгендер журналистер сұрақтарына жауап бере алмай жататын, журналистер өз сұрақтарына берілетін жауаптардың тым мардымсыз екенін, олардың тым кешігіп жететінін айтып шағымданатын, нәтижесінде мекеме жұмысы қанағаттанарлықсыз болды.
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің БАҚ-пен байланысы мына бағытта жүзеге асады:
- Алматы қаласы әкімі мен әкімшілік қызметкерлерінің түрлі жай-жапсарлары туралы әр бағыттағы ақпараттық-сараптамалық мәліметтерді дайындау, тарату үшін БАҚ-пен жұмыс жүргізу.
- Аймақтық бұқаралық ақпарат құралдары журналистерімен әкімшілік қызметкерлерін қатыстыра отырып әкім қызметі туралы ақпараттардың таралу сапасын көтеру мақсатында семинар өткізу.
- Республикалық жетекші басылымдардың қатысуымен мемлекеттік сала лық бағдарламалар жөніндегі ақпараттарды тарату сапасын көтеру мақсатында түрлі тресс-турлар өткізу.
- Әкім қызметі мен қала бағдарламалары жайлы баспасөзде түрлі айдарлар мен бағдарламал ұйымдасырылуын қаматасыз еті.
- Әкімшіліктің қызметі туралы ақпараттың таралу әдістері жақсарту, жетілдіру.
Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінің 2006 жылға арналған жылдық есебі.
- Қала әкімінің қатысуымен өткен шаралардың бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетілуін ұйымдастыру.
1.1. Әкімнің қатысымен өткен шаралар және олардың БАҚ-та көрсетілуі
1.2 Әкімнің мерзімдік басылымдардың бас редакторларымен және баспсөз өкілдерімен кездесуін ұйымдастыру
1.3. Әкімнің сұхбаттарын ұйымдастыру
1.4. Әкімнің сөйлейтін сөздері, құттықтауларын дайындау
1.5. Елбасының Алматыға сапары барысында Президенттің баспасөз қызметімен бірлесе атқарылған жұмыстар
- Қала әкімінің имиджі бойынша атқарылған жұмыстар
2.1. кейбір маңызды мәселелер бойынша әкімнің ұстанымын айқындау (жер, құрлыс, тіл, т.б.)
2.2 Әкімнің БАҚ-та көріну, жариялану жиілігін реттеу
- Қала әкімдігі және аудандық әкімдіктер мен қалалық қызметтер ұйымдастырған шаралардың БАҚ-та көрсетілуі
3.1. Қалалық бағдарламаларды іске асыру бойынша ұйымдастырылған іс-шараларды БАҚ-та көрсету
3.2. Аудан әкімдерінің, қалалық құрылымдық бөлімшелер басшылары мен қызметкерлерінің сұхбаттарын, журналистерге түсіндірсе беруін, блиц-сұхбаттар ұйымдастыру
- Ақпараттық қолдау көрсету
4.1. Заңды тұлғаларға ақпараттық қолдау көрсету
4.2. Жеке азаматтарға ақпараттық қолдау көрсету
- 5. Басапсөз қызметі және бұқаралық ақпарат құралдарының қарым-қатынасы мен өзара іс-қимылы
5.1. Газет-журналдардың бас редакторларымен, телеарналардың басшыларымен қарым-қатынас
5.2. Жекелеген беделді журналистермен және депутаттармен бейресми кездесулер
5.3. Шетелдік БАҚ-пен және олардың журналистерімен қарым-қатынас
5.4. Обылстық әкімдер мен бауырлас қаладардың баспасөз қызметкерлерімен байланыс
5.5. Ақпараттық саясат аудиториясын кеңйту мақсатында қалалық газеттерге жасалған ұсыныстар
- Баспасөз қызметінің деректер базасы
6.1. Республикалық, шетелдік және қалалық газет-журналдардың тігіндісі
6.2. Фотоархив, фонотека, бейнетека
6.4. Кейбір мәселелер бойынша қажетті жағдайда пікір білдіретін беделді адамдар тізімі
- Баспасөз қызметінің кадр саясаты
7.1. Баспасөз қызметінің кадрлық құрылымы
7.2. Журналист студенттерді өндірістік тәжірибеден өткізу
7.3. Студенттермен кездесу, шеберлік-кластарын ұйымдастыру
- Баспасөз қызметінің жеке жобалары
8.1. Әкімдіктің 2006 жылға арналған маңызды мәселелер жылнамасы
8.2. Алматы қаласының фотоальбомы
8.3. Алматы қаласы туралы деректі фильм
8.4. Медиа-орталық құру
- Баспасөз қызметінің 2007 жылға арналған бірқатар жобалары
9.1. Алматының қаржылық-мәдени орталық ретіндегі имиджін насихаттайтын президентациялық материалдар
9.2. 2007 жылға арналған мелиажоспар /20/
Міне, бұл Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінің жұмыс бағыттарын толық және әр қырынан көруге мүмкіндік береді. Осы бағыттар негізінде Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі елеміздегі жетекші БАҚ-пен тығыз байланыс жасайды. Сондай-ақ шет елдік басылымдар да Алматы қаласы туралы кез келген ақпаратты баспасөз қызметімен келісім негізінде алып тарата алады.
Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратудың ең маңызды жұмысы отандық БАҚ-пен достық қарым-қатынаста жұмыс жүргізу. Қаланың барлық бұқаралық ақпарат құралдарының бас редакторларымен және баспасөз өкілдерімен тығыз байланыс орнату арқылы қала өміріне қатысты маңызды бағдарламар мен қаулыларды қоғам санасына жеткілікті және тиісті деңгейде жеткізуді көздейді. Қаламызда тіркелген бұқаралық ақпарат құралдарының 62% тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуде. Баспасөз қызметі таратқан ақпараттар негізінде 2485 материал әртүрлі БАҚ-та жарық көрген. Кез келген БАҚ баспасөз қызметінің жеке сайты арқылы керекті ақпаратты алуға мүмкіндігі бар. Жалпы заңда тіркелген кез келген БАҚ аккредитациялаудан өту арқылы үкіметтік баспасөз қызметінің ақпараттарын тұтына алады. Яғни, Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі әкімшіліктің қызметін қоғамға жеткізіп, атқарып жатқан істерінің әр тұрғынның өміріне маңыздылығын түсіндіру мақсатында қоғамдық пікірді қалыптастарушы бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара түсіністікке негізделген байланыс орнатады. Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі қоғамымыздың демократиялық даму жолын айшықтайтын әкімшілік аппаратының құрылымдық бөлімшелердің бірі және бірегейі.
Қорытынды
Бүгінгі нарықтық қатынастары дамыған демократияшыл бағыттағы қоғамда ақпараттың маңызы айтпаса белгілі. Ақпарат – қазіргі заманғы басқарудың басты тетігі болып табылады. Ақпартты жинақтаудың, тарату мен талдаудың, арнайы арналар арқылы таратудың технологиялық желісі қалыптасқан. Қоғамдық пікірді қалыптастыруда идеология саласындағы тура және кері ақпараттық байланыстарды тиімді басқару маңызды орын алып отыр. Осы орайда мемлекеттік органдардың бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекет ете отырып, қоғаммен байланысын орнататын баспасөз қызметінің орны қаншалықты құнды, мекеме жұмысына әсері мен тиімділігі қанша, құрылымдары, жұмыс бағыттары қандай? Бұл мәселенің менің бітіру жұмысыма арқау болды.
Бүгінде кез-келген елде мемлекеттік мекемелердің қоғаммен байланыс қызметін үйлестірушісі ретінде баспасөз қызметі жұмыс істейді. Ол ұйымның ішкі және сыртқы коммуникациясын жүзеге асыратын маңызды қызмет түрі. Қазіргі таңда бизнес пен саясаттан бастап кез-келген саланы алып қарасаңыз да баспасөз қызметін тұтынатыны белгілі.
Жалпы баспасөз қызметі халық пен мекеме арасындағы делдал қызметін атқаратын әмбебап жүйе. «Біздің жұмысымыз тек ақпарат таратумен шектелмейді», — деп есептейді, Мемлекеттік баспасөз қызметерлерінің Ұлттық ассоциациясының президенті Йони Инман (МБҚҰА) «Біз мемлекет пен халық арасында байланыс орнатып, үкімет басшысын және үкімет мүшелерінің баспасөзбен байланысын жолға қою, үкімет қабылдаған және жүргізіп отырған саясатты халыққа жеткізу, түсіндіру, жұмысын жүргізу, БАҚ-қа мониторнг жасау» деп баспасөз қызметіне баға береді.
Көптеген мекемелерде (Батыстық мемлекеттер мен АҚШ үлгісінде) мемлекеттік мекемелердің баспасөз қызметін үкіметтік қызмет жүйесінің бөлімі ретінде қарастырады. Мысалы АҚШ-тың министрліктерінің баспасөз қызметі үкіметтік қызмет жүйесіне сәйкестікпен құрылады. Мысалы: Мемлекеттік департаментте істейтін мемлекеттік хатшының бұқаралық дипломатия жәнебұқарамен байланыс мәселелері жөніндегі орынбасары қоғаммен байланыс, БАҚ-пен қарым-қатынас және ақпараттық өзара қарым-қатынас салалары бойынша атқарылатын жұмыстарға басшылық жасайды. Оған мемлекеттік хатшының атынан сөйлеп, бес бөлімшенің жұмысын басқаратын мемлекеттік хатшының бұқарамен байланыс жөніндегі көмекшісі бағынады. Бөлімшелердің құрамына мыналар кіреді:
- Баспасөз қызметі, күнделікті ақпараттар негізінде шолу және нұстау материалдарын әзірлейді, сонымен қатар мемлекеттік хатшының көмекшісінің күнделікті баспсөз брифингтеріне дайындалу барысында пайдаланатын сұрақ-жауаптарын да дайындайды.
- БАҚ-пен байланыс жөніндегі бюро, ол мемлекеттік департаментте жұмыс істейтін ресми тұлғалардың АҚШ аумағында орналасқан аймақтық телекомпаниялар мен радиостанцияларға және басылымдарға беретін сұхбаттардың кестесін жасайды.
- Бұқралақы және үкіметаралық байланыс жөніндегі бюро, Мемлекеттік департаментте істейтін ресми өкілдің Құрама штаттары аумағында жасайтын мәлімдемелері мен өткізетін кездесулерін ұйымдастырады. Штаттағы үкімет өкілдері мен жергілікті өкімет органдары арасында байланыс орнатады, сол сияқты келген делегациялар мен арнайы топтар үшін брифингтер ұйымдастырады.
- Электронды ақпарат және хабарлар бюросы, мемлекеттік департаменттің веб-сайттарын бақылайды және санды бейне конференциялар ұйымдастырумен айналысады. Спутниктік телекөпір ұйымдастырады.
- Стратегиялық ақпаратты жоспарлау бюросы, мемлекеттік департаменттің өз ішіндегі және одан тыс жерлерде орналасқан өзге де бөлімшелерінің нақты бір стратегиялық хабарлама төңірегінде жүргізілетін жұмыстарын үйлестіреді.
Баспасөз қызметінің маңызды функциясының бірі – баспасөзбен байланыс стратегиясын жасау. Ақпараттық кеңестер, ақпараттық бюллетеньдер, мәтін және құжаттарды жариялау. Кез-келген ұйымның жұмысының тиімділігі – уақытылы және нақтылы ақпараттар тарату. Мұндайда ақпараттық орталық жоспарлар жасауда және мақсатқа жетуде бірігіп әрекет ететін ұйымның негізгі өзегіне айналады.
Баспасөз қызметі екі мәселені шешеді:
- Ұйым қызметі туралы ақпараттың толыққандылығын және жеделдігін қамтамасыз ету;
- Аккредиттацияланған журналистердің жұмысына үйлесімді, қолайлы жағдай жасайды.
Баспасөз қызметі мамандарының негізгі жұмыс бағыттары мына түрде көрініс табады:
- Баспасөзбен және журналистермен жұмыс
- Брифингтер өткізу
- Мекеме қызметі туралы материалдар әзірлеу, тарату
- БАҚ-пен келісілген ұзақ мерзімді арнайы кампанияларды жоспарлау және өткізу
- БАҚ-тың сұранысын қанағаттандыру. Баспасөз үшін мемлекеттік шенеуніктермен сұхбат және брифинг өткізу жұмыстарын жүзеге асыру
- Баспасөз хабарламасы, анықтама және басқа да көптеген ақпараттық материалдар дайындау
- Өзге мемлекеттердің баспасөз қызметтерімен байланыс орнату немесе оларды бақылау
- Журналистерді аккредитациялау
- БАҚ материалдарына іштей және сырттай бақылау жүргізу
- Сыртта, іште болатын оқиғаларды жоспарлау, зерттеу.
Сергей Ястржембский «Билік — өзінің құпия ақпараттарын қорғауға ұмтылатын маңызды автономды орын». Бұл баспасөз хатшысы мен журналистердің қарама қайшы мүддесін байқатады. Бұл жерде бір жағынан бір жағынан журналистердің сұрауынан бас тартудың қажеттілігі, екіншіден журналистер тарапынан сенімділіктің белгілі бір деңгейде сақтау үшін тек шындықты айтуға талпыну байқалады. Яғни осындай жағдайда баспасөз хатшысының негізгі бағытын атап көрсеткен жөн. Біріншіден, ол ресми және журналистика сияқты екі қарама-қайшы коммуникациялық ортада өзінің адамы ретінде қызмет атқаруы керек. Әрқашан журналистер өздерінен аса маңызды ақпаратты жасыратындай көзқараста болады. Екіншіден, ол рупор, әкімшіліктің бет-бейнесі. Барлық қиындық осы ымыраласпайтын екі билік орнын бірлесе жұмыс істеуінде жатыр. Бірақ интеллектуальдық жағынан мықты баспасөз хатшысы әрдайым қиындықтың бәрін жеңіп шыға алады
Ұйымдардың баспасөз қызметі – басқарушылық орган емес, ол баспасөзге көмектесу үшін құрылған бөлімшелердің бірі. Баспасөз қызметі көлемі мен құрылымы оның қызметінің қажеттілігіне байланысты. Қарапайым күнделікті шаруаны жеңіл жүргізу үшін және мезгіл сайын болып тұратын дағдарыс жағдайын шешуге ұйым әрқашан дайын болу үшін баспасөз қызметінің ауқымы кең болуы қажет.
Баспасөзбен байланыс – аса жауапты қызмет. Үлкен ұйымдарда баспасөз қызметі өзінің қызметімен қандай да бір жұмысты қоса атқармағаны дұрыс. Өйткені баспасөз қызметінің күнделікті атқарар жұмысымен қоса басшысымен бірлесе отырып барлық болашақтағы атқарылар іс-шаралар мен бағдарламалды жасауға атсалысуы оның қызметінің тығыз және маңызды екенін байқатады.
Бітіру жұмысын қортындылай келе мен осы сала аясындағы ақпараттардың аздығын және қоғамда баспасөз қызметі туралы бірегей түсініктің жоқтығын айта кеткеткім келеді. Оған себеп көпшіліктің баспасөз қызметін ақпарат агенттіктері мен БАҚ-тың негізгі құрылымдары деп санауы, баспасөз қызметі туралы зерттеу жұмыстары жоқтығы және осы салаға арнайы мамандардың дайындалмауы. Сондай-ақ шетелдердегідей мемлекеттік деңгейде ірі баспасөз орталықтарының жұмыс істемеуі біртұтас ақпараттық қоғам құрудағы мәселердің бірі болып отыр.
Экономикасы мен қоғаммен байланыс саласы енді дамып келе жатқан елімізде бұл қызмет түрі маңызды, әрі сұрағы көп қызмет түрі ретінде көрініс табады. Дамыған елдерде қоғаммен байланыстағы баспасөз қызметі түрлі мекемелердегі міндетті құрылымдар ретінде, ғылым саласы ретінде жұмыс істеуде.
Қазақстан Республикасының Конститутциясында мемлекеттік органдарға, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты жеткілікті, нақты нормалар белгіленген. Конститутцияның 18 бабы 3 тармағына сәйкес «Мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды тұлғалар және бұқаралық ақпарат құралдары әр азаматқа өзінің құқы мен мүдделеріне қатысты құжаттар, шешімдер мен ақпарат көздерімен танысуға мүмкіндік туғызуға міндетті».
Мемлекеттік органдарға жүктелген міндетпен секілді бұқаралық ақпарат құралдарына да тұрғындарды ақпараттандыру міндеті тең дәрежеде қойылған. Осы қызметті атқару үшін барлық мемлекеттік органдарда дерлік баспасөз қызметі құрылған. Олардың құрылу мақсаты мемлекеттік орган қызметі туралы ақпаратты қоғамға жеткізу және тек бұл органдардың бар екендігін жүйелі түре еске салу ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік орган жұмысының тиімділігі мен тұрақтылығы жөнінде жағымды қоғамдық пікір қалыптастыру болып табылады. Мемлекеттік органдарға деген тұрғындардың оңтайлы қарым-қатынасын дамыту үшін баспасөз қызметі мемлекеттік органдардың қызметі қоғамды толғандырып отырған әлеуметтік және экономикалық мәселелерді жоюға бағытталғандығына көпшілік назарын аударып отыру қажет.
Сонымен-ақ Қазақстандық баспасөз мамандарының жұмысындағы шешімін таппай келе жатқан мәселелердің бірі этика мәселесі. Алматы қаласы әкімінің баспасөз хатшысы екі бірдей істі қатар жүргізеді десе болады. Өйткені ол халық алдында әкім ұстанымын, ал әкім алдында баспасөз бен адамдардың ұстанымын танытады. Осындай екі жақты рөл кейде баспасөз маманын қиын моральдық жағдайларға душар етеді. Бұндайда негізінен көмектесетін әдеп көдексі. Адам ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін, ненің әділ, ненің әділетсіз екенін анықтауға мүмкіндік алатын мұндай құндылық жүйесі кәсіби мамандар мен қызметкерлер үшін ең бір тиімді әдеп нормалары болып табылады. ОЛ мамандықтың ар-ожданы іспетті. Әкімшілік қызметкерлерінің ресми өкілдері қоғам мүддесіне және жұмыс берушінің мүддесіне, сонымен қатар олардың жеке құндылықтары мен кәсіби қалпына сай шешім қабылдауы тиіс. Бұл құндылықтардың өзара қақтығысуы мүмкін, сондықтан әдеп кодексі жарасымды мінез-құлық пен тәртіптің негізгі критерииі болып қалмақ. Баспасөз хатшысы өзіне деген басшының да, БАҚ-тың да сенімін жоғалтпағаны маңызды. Жұмыс берішіге адал болуы – маңызды, бірақ БАҚ-қа жасалған жолмашы қиянаттың өзі баспасөз хатшысының беделіне үлкен нұқсан келтіреді, нәтижесінде жұмыс берушінің алдында оның өз қадір-қасиеті кетеді. Баспасөзбен этикалық байланыс орнатудың бірінші жолы – оларға оқиғалар мен түрлі мәселелер, саясат пен жоспарлар туралы шынайы ақпарат беру керек.
Өз әдеп кодексіне сай мекеме мен баспасөз өзара бәсекелес сияқты көрінгенмен, демократия жағдайында олардың кодекстеріне ортақ қағидалар көп болады. Мысалы: АҚШ-та ақпарат беру туралы ережелер мен баспасөздің әдеп кодекстері маманнан жауапкершілікті, шынайылық пен дәлдікті, сонымен қатар оның қызмет бабын пайдаланып қиянат жасамауын, қоғам мүддесіне қызмет етуін, адал болуын және қоғам сенімін ақтай білуін талап етеді.
Осы мақсатта жұмыс істейтін Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі толық ақпараттық пен сенімге негізделген маңызды құрылымдық бөлімшелердің бірі. Демократиялық құндылықтар жолындағы мемлекет ретінде Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі өз жұмысын тиісінше шынайы және халықаралық стандарттар негізінде жүргізуде.
Сілтемелер:
- Бекниязов Т. Демократиялық қоғам және баспасөз. –Алматы: Қазақ университеті, 2005ж.5-8б.
- Бұл да сонда. Бекниязов Т. Демократиялық қоғам және баспасөз. –Алматы: Қазақ университеті, 2005ж.5-8б.
- Маргерит Х. Салливан. Жауапты баспасөз қызметі. – АҚШ мемлекеттік департаменті бағдарламасы бойынша шығарылған анықтамалық. 2005ж. 19-бет
- «Журналист» Қазақстан журналистер конгресінің басылымы. 2004, № 9(10) 2-бет
- usino/state/ gov
- Маргерит Х. Салливан. Жауапты баспасөз қызметі. – АҚШ мемлекеттік департаменті бағдарламасы бойынша шығарылған анықтамалық. 2005ж. 20-бет
- Бұл да сонда. Маргерит Х. Салливан. Жауапты баспасөз қызметі. – АҚШ мемлекеттік департаменті бағдарламасы бойынша шығарылған анықтамалық. 2005ж. 22-23б.
- Бұл да сонда. Маргерит Х. Салливан. Жауапты баспасөз қызметі. – АҚШ мемлекеттік департаменті бағдарламасы бойынша шығарылған анықтамалық. 2005ж. 26-бет.
- Ворошилов В.В. Современная пресс-служба. – Санк-Петербург: Издательство Михайлова В.А. 2005г. 9-10б.
- Бұл да сонда. Маргерит Х. Салливан. Жауапты баспасөз қызметі. – АҚШ мемлекеттік департаменті бағдарламасы бойынша шығарылған анықтамалық. 2005ж. 37-бет
- Организация работы пресс-служб – международные стандарты» методическое пособие, г. Тараз, Жамбылская область, Общественный Фонд «Орден защиты свободной журналистики «FORPOST» 8-10 бет.
- Ворошилов В.В. Современная пресс-служба. – Санк-Петербург: Издательство Михайлова В.А. 2005г. 12б.
- Организация работы пресс-служб – международные стандарты» методическое пособие, г. Тараз, Жамбылская область, Общественный Фонд «Орден защиты свободной журналистики «FORPOST» 8-10 бет
- Почепцов Г. Г. Коммуникативные технологии ХХ века 278-279б.
- Почепцов Г. Коммуникативные технологии XX века 175-179б.
- Блэк С. Паблик рилейшнз. М, 2003, 42-49 б.
- Сергей Власенко. Отношения между средствами массовой информации и государственными органами. 2-бет
- Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі туралы қаулысы, 2005 жыл
- Маргерит Х. Салливан. Жауапты баспасөз қызметі. – АҚШ мемлекеттік департаменті бағдарламасы бойынша шығарылған анықтамалық. 2005ж. 37-бет
- Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінің 2005 жылға арналған жылдық есебі, Алматы, 2005
Пайдаланған әдебиеттер:
- Ворошилов В.В. Современная пресс-служба. – Санк-Петербург: Издательство Михайлова В.А. 2005
- Почепцов Г. Г. Коммуникативные технологии ХХ века
- Бекниязов Т. Демократиялық қоғам және баспасөз. –Алматы: Қазақ университеті, 2005ж.
- Маргерит Х. Салливан. Жауапты баспасөз қызметі. – АҚШ мемлекеттік департаменті бағдарламасы бойынша шығарылған анықтамалық. 2005ж.
- «Журналист» Қазақстан журналистер конгресінің басылымы. 2004, № 9(10)
- usino/state/ gov
- Организация работы пресс-служб – международные стандарты» методическое пособие, г. Тараз, Жамбылская область, Общественный Фонд «Орден защиты свободной журналистики «FORPOST»
- Блэк С. Паблик рилейшнз. — Москва, 2003,
- Сергей Власенко. Отношения между средствами массовой информации и государственными органами.
- Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі туралы қаулысы, 2005 жыл
- Алматы қаласының әкімі баспасөз қызметінің 2005 жылға арналған жылдық есебі. Алматы, 2005
- Марина Горкина, Андрей Мамонтов, Игорь Манн. PR на 100% как стать хорошим менеджером по PR .– Санк-Петербург, 2004
- Почепцов Г.Г. Паблик рилейшнз или как успешно управлять общественным мнением. – Москва: Центр, 2004
- Почепцов Г.Г. Паблик рилейшнз для профессионалов. – Рефл-бук, Ваклер, 2003
- Пашенцева Е. Н. ПР от бизнеса до политики. – Москва: Финпресс, 2002
- Пашенцева Е. Н. Связи с общественности. – Москва: Дело, 2000
- Чумиков А.Н. Связи с общественностью. – Москва: Дело, 2000
- Синяева И.М. PR коммерческой деятельности. – Масква: ЮНИТИ, 1998
- Алешина И. В. ПР для менеджеров и маркетеров. – Москва, 1997
- Организация и содержание работы пресс-служб. Пособие для студентов факультета журналистики. – Москва, 2003
- Үкімет баспасөз қызметін жүргізетіндердің ұлттық ассоциасы әдеп кодексі. АҚШ
- Қазіргі заманғы БАҚ менеджменті және маркетинг // ғылыми-тәжірибелік конференция материалдар жинағы. – Астана: Алаш-пресс, 2005
- рressclub.kz
- Журнал «Пресс-служба» www. press- servise.ru
- PR info ақпараттық-анықтамалық Web басылымы. www. Prinfo.zone. ru