АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Батырлар жырындағы етістіктер семантикасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

                                                                                  

ӘЛ‑ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

 

 

Д И П Л О М  Ж Ұ М Ы С Ы

 

БАТЫРЛАР ЖЫРЫНДАҒЫ ЕТІСТІКТЕР СЕМАНТИКАСЫ

 

Алматы, 2010

ЖОСПАР

 

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………..

 

І ТАРАУ. БАТЫРЛАР ЖЫРЫНДАҒЫ ЕТІСТІКТЕР СЕМАНТИКАСЫ…………………………………………………………………………….

    1.2  Етістіктің лексика-семантикалық сипаты…………………………………..

    1.3  Батырлар жырындағы күрделі етістіктер олардың 

           жүйесі  және лексика-семантикалық мағыналары………………………

 

ІІ ТАРАУ. БАТЫРЛАР ЖЫРЫНДАҒЫ ОТЫР, ЖАТЫР, ЖҮР, ТҰР  

                  ЕТІСТІКТЕРІНІҢ    СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ………..

    2.1. Батырлар жырында етістіктің етіс категориясының 

           қолданылудағы семантикалық ерекшеліктері………………………………

    2.2. Батырлар жырында етістіктің болымсыздық және болымдылық

           категорияларының семантикалық сипаты

 

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………………………..

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………………………………………………

 

КІРІСПЕ

 

       Зерттеу жұмысының өзектілігі.  

       Сөздер белгілі бір заңдылық бойынша байланысып жататыны ешбір дау туғызбайды. Бірақ сол сөздерді байланыстыратын заңдылықтарды ашу, олардың өзара байланысу тәсілін анықтау осал шаруа емес. Мамандар бұның жолын сөздердің дербестігінен іздейді. Ал сөздердің полисемиялық қасиеттері сол тілдегі жүйеліліктің аясына сыймайды. Зерттеуші ғалымдар біраз уақыт лексиканы жүйелеуге болмайды деген ойда болды. Тілдегі сөздерді антонимдік, синонимдік қатарларға бөліп топтау бұрыннан бар болатын. Бірақ бұл тәжірибе сөздік құрамды толық қамтымайды. Себебі, тілімізде антонимдік, синонимдік сыңарлары жоқ сөздер де бар.

        Тілді жүйелі құбылыс деп, тұжырымды негіз салған Фердинанд де Соссюр, ал орыс тіл білімінде одан бұрын Бодуэн де куртене тілдің барлық салалары белгілі бір жүйеге бағынады деп тұжырымдаған. Ал түркі тілінің лексикасын белгілі бір жүйеге бағындыра алған семантикалық топтарға бөлген Н.К. Дмитриев. Бұдан кейін сөздерді лексика-семантикалық топтар бойынша зерттеу жұмысы қолға алына бастады.

       Н.К. Дмитриев етістіктерді сөйлеу, ойлау, қозғалу етістіктері деп бөліп, өзіне дейінгі дәстүрге сүйенеді. Қазақ тіліндегі етістіктер әлі толық семантикалық талқысына түсе қойған жоқ. Бұл мәселелерде біршама зерттеу жұмыстарын жүргізіп, бұл істі ілгері жылжытқан ғалымдар Ы. Маманов, А. Қасенова, Н. Оралбаева.

       Зерттеу нысаны.

       Жұмыстың негізгі зерттеу нысаны батырлар жырындағы етістіктердің семантикасын танып білу болып табылады. Осы арқылы етістіктің лексика-семантикалық мағыналарына талдау жасай отырып, олардың белгілі бір жүйесін анықтау.

       Жұмыстың алдына қойған мақсаттары мен міндеттері.

       Бұл жұмыста батырлар жырындағы етістіктердің лексика-семантикалық мағынасын аша отырып:

  • етістіктерді лексика-семантикалық мағынасына қарай топтастыру;
  • кіші семантикалық топтардың мәнін ашу;
  • олардың ішкі, сыртқы ерекшеліктерін айқындау;
  • сөз қолданысындағы өзіне тән сипаттарын айқындау;

       Зерттеу жұмысының дерек көздері. 

       Зерттеу жұмысының негізгі материалдары «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын» және «Қамбар батыр» жырларынан алынды. Ал жұмысты орындау үшін тілдік ғылыми еңбектер А. Ысқақовтың «Қазіргі қазақ тілі» (1991ж.),                 Ы. Мамановтың «Қазіргі қазақ тілі» (1966ж.), М. Оразовтың «Қазіргі қазақ тіліндегі қалып етістіктері» (1980ж.) және М. Оразовтың «Семантика казахского глагола» (1983ж.) еңбектері басшылыққа алынды.

       Зерттеудің теориялық және практикалық мәні.

       Етістіктердің семантикасын зерттеу жұмысы батырлар жырының үлгілерімен байланыстырыла қаралуы қазақ тілі ғылымындағы семантиканың дамуына игі ықпал етеді.

       Зерттеу әдістері. 

       Зерттеу жұмысы барысында салыстыру, топтастыру, түсіндіру әдіс-тәсілдері пайдаланылды.

       Жұмыстың құрылымы.

       Жұмыс кіріспеден, екі негізгі бөлімнен және негізгі бөлімнің тармақтары мен қорытынды бөлімнен, сонымен қатар пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І ТАРАУ. БАТЫРЛАР ЖЫРЫНДАҒЫ ЕТІСТІКТЕР СЕМАНТИКАСЫ

 

       Тілдің бір-бірімен тығыз байланысты екі жағы болады: бірі оның сөздік мағынасы, екіншісі грамматикалық мағынасы. Осы екі бірліктен тіл құралып, айтатын ой түсінікті дәрежеге жетіп, ол адамдардың арасындағы қарым-қатынас құралына айналады, қызмет етеді. Сөзді жалаң, бастапқы, түбір қалпында ғана қолданып, пайдаланғыңыз келсе, ол тек қана жеке дара ұғымдарды ғана білдіреді де бір-бірімен байланыспағандықтан жүйелі, ұғынықты ойды білдіре алмайды. Бұдан шығатын қорытынды сөздер тіліміздің грамматикалық заңдарына сәйкес қолданылғанда ғана айтар ой түсінікті, оның мағынасы жеткілікті болмақ. Осымен бірге сөздерсіз тек грамматикалық формаларды қолдану арқылы ғана ойды жеткізу жоғарғыдай кері нәтиже береді. Бұдан  шығатын қорытынды сөз бен грамматикалық құрылыс өзара бірлесіп қызмет етпесе, тіл құрал ретіндегі қызметін атқара алмайды. Яғни, сөз тіл материалы болса, грамматика олардың бастарын жымдастырып, біріктіретін, басын құрап беретін көріктендіруші жамылғыш деп айтуға болады. Тілдің сөздігін лексикология ғылымы тексереді, ал грамматикалық құрылысын грамматика ғылымы зерттейді. Тіл ғылымының осы екі саласының тексеретін мәселелері екі бөлек болғанымен, екеуіне де ортақ объект – сөз. Сөзсіз ғылымның екі саласы да алысқа бара алмайды. Сөз айналамыздағы түрлі құбылыстар мен заттардың аты мен атауы болса, сол атаулардың өмірімізде белгіленген нақты мағынасы болады. Ол мағына осы тілде сөйлейтін бүкіл халықтың барлығына ортақ, түсінікті болуға тиіс. Мысалы: от, орман, жер, күн, топырақ, ағаш, су, өзен, көл, жол деген сөздер айтылған сәтте әрқайсысы белгілі заттың атауы ретінде қазақ тілін білетін, сол тілді еркін меңгерген адамдардың барлығына түсінікті болып, көз алдымызға елестейді, яғни бейнесі ой-қиялымызда көрініс табады.

       Кез келген сөздің басқа сөздермен қатынасқа түспей дербес тұрғандағы нақты мағынасы лексикалық мағынасы немесе тура мағынасы болып табылады. Тіліміздің лексикология ғылымы сөздерді, олардың жүйесін, даму ерекшеліктерін, күнделікті өмірдің сан тарау салаларымен байланысуын, жекелеген сөздердің лексикалық мағыналарын, олардың шығу тарихы мен дамуын зерделеп зерттейді. Мағыналары сан алуан, түрлі-түрлі болып келетін сөздерді саралап, топтап олардың әрқайсысына тән ортақ немесе дербес сипаттарын анықтайды. Сөзіміздің басында біз от, ағаш, топырақ сөздерін мағына жағынан жалпы қарасақ, енді оларды грамматика тұрғысынан сөз таптарына топтастырамыз. Мұны біз бір сөздің бойында лексикалық мағына да, грамматикалық мағына да бірлесіп жарыса өмір сүретінін дәлелдеу үшін келтіріп отырмыз. Сөз тек мағынасы жағынан ғана емес, құрамы жағынан да өте сан қырлы, күрделі категория. Жеке сөз дербес тұрып ешқандай қасиетін көрсетіп бере алмайды, ол қолданысқа түсіп, пайдаланыла бастағанда ғана тұлғасы түрленіп түрлі өзгерістерге ұшырай бастайды. Осы сәттен бастап сөздің бірде лексикалық бастапқы мағынасы өзгерсе, бірде семантикасы басқа реңке ауысып кетіп отырады.

       Лексикология ғылымының ең негізгі маңызды бөлігі — семасиология тіл білімінің сөз мағыналарын, олардың түрлері мен өзгеруін зерттеп, зерделейді. Семасиология гректің semasia – белгі, мағына және logos – ілім деген сөздерінен жасалған. Семасиология сөздердің мағыналарының кеңею және тарылу жолдарын ұқсату, ат ауысу заңдарын, мағыналарының өзгеру себептерін анықтайды. Мысалы, жол деген сөзді алып қарастыратын болсақ, бұл сөздің бастапқы мағынасы мен қазіргі қолданыста пайдаланылып жүрген мағынасы арасында мынандай айырмашылықты байқаймыз. Мысалы, «Қазақстан-2030 стратегиялық бағдарламасының жолы» дегенді айтатын болсақ, осындағы жол сөзі бағдар, бағыт, идея дегенді білдіріп, бастапқы мағынасынан бұл сөздің жаңа қосымша мағынаға ие болғанын байқаймыз. Тіліміздегі сөздердің саны көбеймей-ақ бар сөздердің есебінен оның мағынасы ұлғайып отыратынын байқауға болады. Семасиологияның, әсіресе лексикография жұмысында орны ерекше маңызды болып табылады. Себебі, сөздік жасау үстінде (лексикографиялық сөздік) сөз, оның мағынасы жан-жақты қаралып, талданатын болғандықтан семасиология бұл жерде үлкен жетекші рөл атқарады. Ол сөздік жасау барысында сөздерді ғылыми жағынан зерделеп, дұрыс жолға қою үшін жетекші қызмет атқарады. Қазақ тіл ғылымында тіл білімінің семасиология саласы 1950 жылдардан бастап ғылыми түрде зерттеле, жүйелене бастағанын байқаймыз. Осы кезден сөз мағыналарының түрлері белгіленіп, олардың ара жігі айқындалып, шегі мен шекарасы нақтыланып өзара қарым-қатынасы сараланғанын ғылыми еңбектерден кездестіреміз. Көп мағыналы сөздердің даму жолдарына назар аударыла бастаған. Синоним, омоним, антоним мәселелері арнайы зерттеліп, тіл білімі ғылымына үлкен ғылыми жаңалықтар келгені байқалады. Семасиологияны жекелеген ғалымдар семантика деп те атайды. Ал семантика атауы ғылымның Марр кезеңінде қолданыста болып, асыра сілтеушілікке дейін жеткендігін байқауға болады. Қазір семантика деген атау бұрынғы терминдік мәнін жоғалтып, мағына деген сөздің синониміне айнала бастағанын атап өтеміз. Бұл термин көптеген шет елдерде де белгілі бір ағым ретінде қолданыста жүргендігін ғылыми еңбектерден кездестіреміз. Семантика термині біздің жұмысымызда сөздің семантикасы, оның ішінде етістік семантикасы ретінде батырлар жырын негізге ала отырып, талдау объектісі болады. Нақты тақырыпқа кіріспестен бұрын біз семасиология туралы көзқарастарға, олардың тарихына және даму кезеңдеріне қысқаша тоқталуды жөн деп білеміз.

     Семасиология туралы бірінші көзқарас батыс елдерінде кеңінен етек алған структурализм (структурная лингвистика) идеясы болды. Бұл бағыттың жақтастары сөздің дыбыстық формасын тексерудің ешқандай қажеттігі жоқ, себебі ол бізді тілден мүлдем басқа жаққа алып кетіп, философия мен психологияға апарып тастайды деп есептеді және тілдің өлшемі дыбыстар да  емес, сөздің мағынасы да емес дей отыра тілдің жүйесін жасайтын элементтердің өзін корреляциялық система деп атап, нәтижесінде сөздің мағынасын бүтіндей жоққа шығарады (Америка тіл ғылымын зерттеушілері Б.Блох, Г.Трэджер). Бұл идеяларды жақтаушылар тілі білімінің Кеңестік дәуір кезеңінде кеңестік одақ ғалымдарының арасында белең алғаны байқалады.

     Екінші, көзқарас — семасиологияны семантика деген атаумен ауыстырып, оны асыра бағалау «Жаңа тіл білімі» ағымын жақтаушылар бағыты. Академик В.В.Виноградов бұл мәселеде «Семасиологияны асыра бағаламай, тиісті орнында қолдану арқылы лексикологияның ішіндегі маңызды бір бөлімі ретінде пайдалану арқылы жақсы нәтижелерге жетуге болады»,- деп нақты түйінді қорытынды шығарды. Осыдан келіп шығатын қорытынды сөздің мағынасын және сөз мағынасының дамуын зерделегенде ол сөздің қазіргі қалпы мен өткен жолын диалектикалық тұрғыдан қарастыру қажет. Замандар өте, жылдар өте қоғамдағы өзгерістерге сәйкес сөз мағынасының да жаңа көріністерге де ие болып, мағынасы көбейіп, көркейіп отыратындығын көруге болады. Өйткені, сөз өмірдегі құбылыстардың барлығына тікелей қатысты болып, тікелей араласып отырады. Әсіресе, сөздің мағынасы сөйлем құрғанда ашылып, айқындала түседі. Профессор І. Кеңесбаев өзінің «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында: «Сөз қандай күрделі болса, сөз мағынасы да сондай күрделі»,- деген түйінді пікір айтады. Сөз мағынасының құбылуы ол сөздің грамматикалық тұрақтылығын әлсіретіп жіберіп, кей жағдайда сол сөз, бір сөз табынан екінші бір сөз табына өтіп кетіп жатады. Сөз мағынасы өзінің даму жолында жаңа қолданатын орын табуы да мүмкін. Бұл жерде сөздің жанды организм сияқты құбылып отыратындығын байқауға болады.

     Сөздің негізгі сөздік мағынасын (лексика-семантикалық вариант) айтқанда тілдегі сөздердің басым көпшілігінің көп мағыналы болып келетінін біз жоғарыда атап өттік. Академик В.В.Виноградов сөздерді тек семантикалық жағына қарай таптастыру оңды нәтиже бермейтінін айта келіп, сөздің нақты өз басындағы мағыналарына ерекше көңіл аудару қажеттігін айта отырып, сөздердің мағынасын мынандай 3 топқа бөледі:

 

  1. Ерікті
  2. Фразеологиялық байланысты
  3. Функционалды-синтаксистік

 

Біз де осы пікірге келісе отырып, оның дұрыстығына мына дәлелдерді келтіре аламыз: сөздің негізгі сөздік мағынасы заттың, құбылыстың атауы болып табылады. Себебі, сөздің негізгі мағынасы затпен, құбылыспен тура байланыста болады. Сөздер сөйлем құру процесіне қатысқан кезде әр алуан болатындықтан, олардың негізгі мағынасын затпен, құбылыспен тікелей байланыста қарау міндетті болып табылады. Мысалы, қазіргі қазақ тілінде қату етістік сөзінің негізгі мағынасы қат дегеннің қатты нан, қатты құрт және басқа түрі болады. Ал енді қатты дауыл, қатты аяз, қатты жүріс деп айтатын болсақ ол күшті, алапат деген ұғымды білдіреді. Бұл сөздердегі қатты сөзі өзі тіркескен сөздермен бірігіп, тұрақты мағынаға ие болған. Ал енді қатты адам дегенді алатын болсақ, бұл жердегі қатты сөзінің ауыспалы мағынаға ие болғанын байқаймыз. Бұл жерде біз қатты адам деп майыспайтын, иілмейтін адамды емес, мінезі тік, тоң мойын адам туралы айтылғанын байқаймыз. Сол сияқты қатты сөзін «ол қатты айтты деген» сөйлемде пайдаланатын болсақ, бұл жерде осы сөздің мағынасы бұл адамның іс-әрекетіне байланысты айтылғанын байқаймыз. Бұдан шығатын қорытынды қатты сөзінің мағынасы (негізгі мағынасы, тұрақты мағынасы, ауыспалы мағынасы) тек сөйлемде айқындалатыны байқалады. Сол себепті біз сөздің негізгі мағынасын заттың, құбылыстың тікелей атауымен байланыстыра қарауды жөн деп тауып отырмыз. Бұлай болатыны сөздің негізгі (сөздік) мағынасы баршаға ортақ, нақты ұғымды білдіретін шындық мағынасы болып есептеледі.

 

 

  • 1. Сөздің тұрақты мағынасы

 

       Сөздің негізгі мағынасы оның тұрақты мағынасы болып есептеледі. Сөздің тұрақты мағынасы болмаса, ол сөздің негізгі мағынасы да болмайды. Сондықтан негізгі мағына мен тұрақты мағына бір-бірімен байланысты болады. Сөздің негізгі мағынасынан барып жаңа мағына пайда болуы мүмкін. Сол жаңа мағынаға ие болған сөз бірте-бірте тұрақты мағынаға ауысып отырады.

 

 

  • 2. Сөздің нақты және абстракты мағынасы

 

        Қазақ тіліндегі сөздер бар мезгілде бір қалыпта қолданыла бермейді. Егер сөздердің әрқайсысының өздеріне тән мағынасы болса толық мағыналы сөздер дейміз (ағаш, от, су, көл, жер). Сонымен қатар тілімізде лексикалық мағынасы жоқ сөздер де кездеседі. Ол сөздер дербес тұрып өмір шындығын көрсете алмайды, былайша айтқанда, бұл сөздерді айту арқылы көз алдыңа, көңіліңе ешнәрсені елестете алмайсың (үшін, сайын, ғой, -ау). Бірақ бұл сөздерде өз кезегінде тілдегі белгілі бір қажеттіліктерді өтеу үшін пайдаланылатындығын атап өтеміз. Яғни, бұлар да белгілі бір семантикалық қызметтерді атқарады (эмоциялық, экспрессивтік қызметтер).

 

 

  • 3. Сөздің контекстік мағынасы және көп мағыналылығы (полесемантизм)

 

        Сөздің алғашқы шыққан кездегі мағынасы көп мағыналы болмаған, бірақ жылдар өте дамудың арқасында оның мағынасы бастапқы мағынасынан көрі кеңейіп, көбейіп отырған. Кей жағдайларда бұл сөздер бастапқы кездегі мағынасынан алыстап омонимге айналып кетіп отырғанын байқауға болады (омоним — дыбысталуы, айтылуы бірдей, бірақ мағыналары мүлдем басқа сөздер). Тілдің көп мағыналық сипатқа ие болуы күнделікті өмірдегі өзгерістер мен қажеттіліктен туындап отырады. Тілдегі сөздерді дұрыс қолданғанда оның негізгі мағынасын қосымша қажеттіліктен туған мағынасынан болмаса ауыспалы мәндегі мағынасынан ажырата білудің маңызы зор болып табылады. Кез келген сөздің барлық қосымша мағыналары ол сөздердің бастапқы негізгі мағынасынан барып шығады және сол арқылы айқындалады. Әрине бұл тексте ғана ажыратылады.

       Көп мағыналы сөздердің тобына ақтау (ағарту) деген етістікті алатын болсақ, оны мынандай мағыналарға ажыратуға болады:

  1. ақтау – ел кезіп кету.
  2. ақтау — әктеу немесе бояу, ағарту деген мағынада.
  3. ақтау – сот процесінде белгілі адамды айыпсыз, кінәсіз деп тану.

 

 

 

 

 

  • 4. Сөздің тура мағынасы

 

        Сөзіміздің басында біз сөздің негізгі мағынасы арқылы ғана қосымша мағыналары пайда болып дами алатындығын айтқан болатынбыз. Жоғарыда көрсетілген сөздердегі ақ сөзінің негізгі мағынасы сын есім белгісінде жұмсалған. Осы сапалық сын есім басқа сөздерге дамуға негіз болатын негізгі мағына болып табылады. Басқа сөздердің барлығы да осы ақ деген сөзден дамып, кейін ол сөзден алыстап, алшақтап іргесін бөліп жеке дара қолданылатын дәрежеге жеткен. Ақ деген сапалық сын есім өте көне замандарда шығып, ал бірте-бірте өмірде қолданылудың нәтижесінде қосымша заттық мағынаға ие болғанын мына сөздерден байқаймыз: аққа аузы тиді, ақ ішіп денсаулығын түзеді деген сөздерде бұл сөздің сапалық сыннан заттық мағынаға көшкенін байқауға болады.

 

 

  • 5. Сөздің ауыспалы мағынасы

 

       Сөздің негізгі мағынасынан ауыспалы мағына дамиды. Ауыспалы мағына негізгі мағынадан ұқсату арқылы шығады. Мысалы, бас деген сөздің негізгі мағынасы – адамның дене мүшесі. Осыған ұқсатудан барып таудың биігін – таудың басы, судың ағып шығатын көзін – судың басы деген ауысу заңдары бойынша жасалған мағыналары пайда болған.

 

 

1.2.   Етістіктің лексика-семантикалық сипаты

 

        Қазақ тіліндегі етістік сөз табының лексикалық құрамында неше сөз болса, олардың әрбірінің жеке өз басына лайық лексикалық мағынасы болатыны еш дау тудырмайды. Сонымен бірге олардың лексикалық мағыналары басқа-басқа бола тұра осы етістіктердің барлығына ортақ сипат ретіндегі ерекшелігіне қарай семантикалық ерекшеліктерін ескерісек бір топқа жатқызылады. Сөздік мағынасы жағынан жақындықтарына қарай отырып, оларды Ахмеди Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында мынандай топтарға бөледі:

 

  1. Амал-әрекет етістіктері (босат, көтер, ки, сыз, өлше, кес).
  2. Қимыл-қозғалыс етістіктер (ауна, аудар, домала, қаш, секір).
  3. Қалып-сапа етістіктері (жат, жантай, тұр, тос, күт).
  4. Ойлау-сөйлеу етістіктері (айт, сөйле, де, ескер, жатта).
  5. Өсу-өну етістіктері (балала, жапырақта, гүлде, өс, өн).
  6. Бағыт-бағдар етістіктері (бар, кел, кет, қайт).
  7. Көңіл күй етістіктері (жыла, қайғыр, өкін, күл, қуан).
  8. Бейнелеу-еліктеу етістіктері (жарқыра, күркіре, дүрсілде, дүркіре).

 

        Автор осы еңбегінде, сонымен қатар, дыбыс, сес етістіктері, көру, есту етістіктері, мінез-құлық етістіктері деген топтарға бөліп жіктейді. Осымен бірге сыртқы ұқсастықтарына және мағына, мазмұнына қарап, омоним етістіктер, синоним, антоним етістіктер деген топтарға жіктейді. Осы жердегі біздің байқағанымыз етістіктерді мағынасына қарай топтастыру сөздерді сөз  таптарына топтастырған сияқты белгілі бір мақсатқа сәйкестендіргенін көреміз. Етістіктерді осылай топтастыру лексикология, лексикография, семасиология үшін белгілі бір жағдайларда өте ұтымды болатынын байқаймыз. Тіліміздегі байырғы түбір етістіктер әрқашан да өзге туынды етістіктерге (жұрнақ арқылы жасалған жаңа етістіктер) мағыналық құрылымы жағынан негіз, ұйытқы және өрнек ретінде қызмет етеді. Автор осы еңбегінде етістіктерді грамматикалық семантикасына қарай мынандай үш салаға бөледі:

 

 

        1-сала. Лексикалық мағыналарын толық сақтаған, осыған  

                     орай дербестігі бар, сонымен қатар грамматикалық

                     қызметтерін толығымен атқара алатын етістіктер.

                     Осы етістіктер қайда болмасын өзінің негізгі

                     мағыналарын толық сақтап, үнемі жетекші қызметте

                     қолданылады. Бұған көбінесе түбір етістіктер

                     жатады: аш, айт, ас, бақ, ем, ек, ер, ес, жар, жел

                     (шап деген мағынада),  кеш, күл, қама, қыс.

 

       2-сала. Өздеріне тән негізгі лексикалық мағыналарын

                     сақтаған және сөйлем ішінде дербес мүше бола

                     отырып, кейде негізгі етістікпен тіркескен сәттерде

                     бірде лексикалық мағынасын жартылай, бірде толық

                     жоғалтып алып жетекшілік рөлінен айырылып

                     қалып, жәрдемші, көмекші қызметке түсіп қалатын 

                     етістіктер жатады. Ал (ала бар), бол, біл, де, ет,

                     жат, жүр, қой, отыр, тұр.

 

       3-сала. Бастапқы лексикалық мағынасын жартылай болмаса

                     толық жойған тек қана грамматикалық формада

                     қалып  жәрдемші демеушілік сипатта қалған

                     етістіктер (е, еді, екен, жазда).

 

       Қазақ халқының үлкен рухани бай мұрасы болып табылатын батырлар жырынан етістіктің семантикасының жоғарыда аталған сипаттарын кеңінен кездестіруге болады. Ең көне және көп вариантты «Алпамыс батыр» жырында толық лексикалық мағыналары сақталған мына етістіктердің қолданылуында әрқайсысының жеке өзіне тән мына сипаттарына тоқталамыз.

       Батырлар жырындағы туынды етістіктердің өздеріне тән қолданылу ерекшеліктеріне келетін болсақ, олардың семантикалық мағыналарынан мынандай мәселелерді ерекше белгілерді ажыратып айтуға болады:

 

  1. Есім негізді етістіктер (-ла, -ле, -да, -де, -та, -те жұрнақтары арқылы жасалған).
  2. –лан, -лен, дан, -ден, -тан, -тен жұрнақтары арқылы жасалған есім негізді етістіктер семантикасы.
  3. -лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес жұрнағы арқылы жаслаған есім негізді етістіктер семантикасы.
  4. –лат, -лет, -дат, -дет жұрнағы арқылы жасалған есім негізді етістіктер семантикасы.
  5. ай, -ей, -й жұрнағы арқылы жасалған есім негізді етістіктер семантикасы.
  6. –а, -е жұранғы арқылы жасалған етістіктер семантикасы.
  7. ар, -ер, -р жұрнағы арқылы есім негізді етістіктер семантикасы.

 

 

1.3  Батырлар жырындағы күрделі етістіктер олардың жүйесі және лексика-семантикалық мағыналары

 

       Батырлар жырындағы күрделі етістіктер, олардың қолданылу жүйесі және олардың семантикалық мағыналарына тоқталатын болсақ бастапқы жалаң етістіктерден бөлек мынандай түбірлі өзгешеліктерді байқаймыз. Мысалы: жәрдем ет, жар бол, құлап кете жаздады т.б.

 

              Көрпенің шетін жамылып,

              Тұра алмады қойнынан…

              Шешіп ала жөнелді…

              Табанымнан тас өтіп..

 

       Бұл етістіктер өзінің семантикалық мағынасы жағынан алғашқысы негізгі мағынасын толық сақтап, ал екіншісі тек жәрдемші, көмекші қызметте жұмсалатыны байқалады. Ал жырдағы күрделі етістіктердің біразы тұрақты тіркесті етістіктер тобы ретінде қалыптасқанын көреміз:

 

            Оятса да оянбай,

            Сілесі қатып қалды енді… (197-бет)

 

 

             Қалағаныңды берді деп

             Шыбын жанын құрбан қып… (26-бет)

 

 

             Атса мылтық өтпеді

             Шапса қылыш кеспеді (208-бет)

 

 

 

 

  • 6. Батырлар жырындағы де етістігінің семантикалық ерекшеліктері

 

       Де етістігі қазақ тілінің сөйлеу және ойлау етістіктері деп аталатын тобына мына етістіктермен бірге (сөйле, айт, болжа, ойла) бір топқа жататынын ескерсек осылардың ішінде де етістігі сөйле, айт етістіктерімен синонимдас болып келетініне көз жеткізуге болады. «Алпамыс батыр» жырында Байбөрі құдайға өз мұңын шағып былай дейді:

 

          Айналайын атыңнан

        Жаратқан жалғыз Құдайым,

        Бір баланың жоғынан

        Зорлық қылды маңайым

        Өкім қыла сөйлейді

        Баласы көп ағайын (153-бет)

       

        «Алжыған қақбас» дер еді…

         Малда, жанда нең бар деп

         Мақұл десең алғаным

        Алаша төсек салғаным…

        Байеке, болсын жолың,- деп,

        Қабыл болсын мұның деп

        Қол жайып дұға қылады…

        Бірнеше күн жүргенде

        Өлдік талдық дегенде

        Әзіретке келеді…

 

         Сұңқардай мойын бұрады:

         «Түсінбедім шешежан,

         Қайтадан айт!»- деп сұрады

         Сонда кемпір сөйледі

         Шекті деген елінде

         Сарыбай деген бай еді…

         Гүлбаршын сұлу бар деді… (165-бет)

       

        «Мінбеймін»,- деп Алпамыс,

         Жүгенмен басқа ұрады

        «Жүгенде,-  деп,- басымды»

         Жүгенге мойнын бұрады… (166-бет)

 

         Қаракөзайым сөйледі...

         Қолыңдағы сырнайды

         Кім қылды екен, Кейқуат?

         Сұрағанда шын айтсаң

         Сені тәуір көрейін… (172-бет)

 

       Осы жолдарда де етістігінің айт, сөйле етістіктерімен тікелей мазмұндас бола отырып, кезектесе жұмсалғанын байқаймыз. Бірақ де етістігінің семантикасы мен қолданылу қабілеті жағынан айт, сөйле етістіктерінен әлдеқайда мүмкіндігі мол екенін байқауға болады. Жоғарыда келтірілген мысалдарда айт, сөйле етістіктері қолданылу жағынан өздерінің негізгі қызметтері аясынан алшаққа кетпей қолданылып отыратынын байқасақ, де етістігі жырдағы қолданыста де, деп, деген, дейтін формаларда айтылып, кейде дара, кейде күрделі бірлікте қолданылып отырып мүмкіндіктерін кеңінен ашып бере алады, болмаса әлденеше сөз тізбектері мен тұтас тіркестерді бөліп жібереді немесе оларды жинақтап, тұжырымдап тиянақтайды. Бұл жағдайларда де етістігі өзінің негізгі лексикалық мағынасынан түгел айырылып қалмайды және семантикалық белгісін сақтап отырады.

       Де етістігі «Алпамыс батыр» жырында көбінесе жетекшілік қызметте, сонымен қатар көмекші қызметте жұмсала отырып, жырда өзінің сөз қолданысындағы оралымдылығын, тіркесімде ыңғайлылығын, икемділігін анық байқатады. «Алпамыс батыр» жырынан де етістігінің өте көп қолданылғандығын және бұл етістіксіз жырдың жолдары өте сирек орайластырылғанын байқай отырып, оның сөйлеу қызметінде белсенді етістіктер тобына жататынын байқауға болады. Де етістігінің сипаттары басқа етістіктер ғана емес, басқа сөз атауларының көбінде табыла бермейді. Де етістігі басқа етістіктермен тіркесіп көмекшілік қызметті атқармағанын байқаймыз. Яғни де етістігі жетекші етістіктерге мүлдем тіркесіп пайдаланылмаған.

        Сонымен қатар жырда де етістігі өзінен бұрын тұрып жіктік жалғауын, рай формасын, есімше жұрнақтарын қабылдаған етістіктерге еркін тіркескенін көреміз. Бұл ерекшелік тек де етістігіне ғана тән сипат деуге болады.

        Де етістігінің есімше (деген, дейтін), көсемше (деп), шақ (деді, депті, дегенді), рай формалары жырда дербес те және тіркестер құрамында да қолданылып отырған. Ол етістіктің тікелей қолданылу семантикасына байланысты болып отырады:

 

          … Жиделі Байсын жерінде

          Қоңырат деген елінде

          Байбөрі деген бай бопты…

          Байбөрі қубас деген сөз

          Сүйегімнен өтеді… (153-бет)

 

Осындағы мысалдардан деген формасының беретін мағыналары  жағынан болсын алуан түрлі сипатта жұмсалып, сөзде жиі қолданылатын етістіктер қатарына жататынын байқаймыз. Жырда де етістігінен өрбитін жалаң формалар (деп, дей, дер, деген, дейтін, десе, демек) мен күрделі формалар  (-йін деп, -йын деген, -йын десе) еді, екен формаларымен тіркесіп, күрделі  суреттемелік формада жұмсалған. Мысалы:

           Қан шыққан жоқ онымен

           Кереметті екен деп

           Ақылмен ойлап біледі…

           Атылып тасып қайнаған

           Жылы бұлақ дер еді …  (157-бет)

 

       Сонымен қорытып айтқанда, де етістігінің жырда қолданылу сипаттарынан мынандай ерекшеліктерін байқаймыз:

 

  1. Сөзде немесе сөз тіркесінде, бірнеше сөйлемге созылған жыр жолдарында де етістігі ойдың, сөздің мағыналарын сақтап, тікелей дәл бере білуде дәнекерлік қызмет атқарғанын көреміз.
  2. Көңілдегі, көкейдегі ойды жеткізе білуде жарыққа шығару үшін дәнекерлік қызмет атқарғанын байқаймыз.
  3. Де етістігі түрлі формада қолданылу арқылы сөздерді немесе

     сөз  тіркестерін бір-бірімен байланыстыру үшін жұмсалғанын     

     байқаймыз:

    

          Байбөрі деген бай бопты…

          Байбөрі қубас деген сөз

          Сүйегімнен өтеді… (153-бет)

 

  1. Де етістігі өзінен бұрын тұрған көсемше немесе бөгде формалармен тіркесу арқылы сараламалы етістіктің әртүрлі формаларының қалыптасуына әсер етіп отырғанын көреміз.

 

       Қазақ тілінде айт етістігінің «Қобыланды батыр» жырында мынандай лексика-семантикалық ерекшеліктермен қолданылғанын көруге болады:

 

          Әулиеге ат айтып

     Қорасанға қой айтып 

 

Бұл жолдарда айт етістігі өзінің тура мағынасындағы айту, сөйлеу деген мағынасынан бөлек кетіп, ауыспалы мағынада, яғни арнау (Құдай жолына арнау) деген мағынада қолданылған.

        Ал енді сөйле етістігінің «Қобыланды батыр» жырындағы қолданылу сипаттарына қысқаша тоқталатын болсақ, көп жағдайда бұл етістіктің өзінің тура мағынасында қолданылғанын және кей жерлерде өлең сөздің ерекшелігіне сәйкес де етістігімен жарыса қолданылып отырғанын кездестіруге болады. Бұл жағдайлардың бәрінде де, сөйле етістігі өзінің бастапқы мағынасынан алшақтап, ауытқып кетпеген:

 

      Сонда Естемес сөйледі

      Сөйлегенде бүй деді (Ақсауыт, 1977ж., 17-бет)

 

Тек ескерте кететініміз айт, сөйле етістіктері  шақ, етіс, есімше, көсемше формаларында түрленіп, қолданылуы арқылы жыр жолдарының ұйқаса қолданылуына, олардың өлең сөз жолдарында шығарманы көркемдеуіш құрал ретінде құбылта пайдаланылғанын байқаймыз. Жырда сөйле етістігі көп жағдайда оқиғаны баяндауда кіріспе бағыттаушы қызметте жұмсалып отырылады:

 

      Сонда Қобылан сөйледі... (34-бет)

      Сонда Құртқа сөйлейді… (35-бет)

       Қамығып Құртқа сөйлейді... (37-бет)

       Қарындасы сөйлейді… (44-бет)

       Қара Бұқан сөйледі… (55-бет)

 

Қорытып айтқанда сөйле етістігі айт, де етістігінің орнына синонимдес қалыпта жұмсалып, «тіл қатты» деген мағынада жұмсалғанын көреміз.

 

 

ІІ тарау.  Батырлар жырындағы отыр, жатыр, жүр, тұр етістіктерінің    семантикалық сипаты

 

       Айнала қоршаған орта, оны мекен еткен түрлі жанды жансыз заттың қайсысы болмасын олардың сипаты жатқан, тұрған, отырған, жүрген қалпында болады және бұлардың әрекеті сол жоғарыда көрсетілген қалыптың бірінде жүзеге асады. Қазақ тілінің грамматикасында бұл төрт етістік қалып етістіктері деген атаумен дараланған. Бұл төрт етістіктің формаларында семантикалық реңктерінде бәріне ортақ ерекшеліктер бар. Төрт етістіктің барлығы дерлік өзінің лексикалық мағыналарын толығымен сақтаған және морфологиялық жағынан түрлене отырып, дербес синтаксистік қызмет атқара алады. Яғни негізгі етістік есебінде қолданылады. Осымен бірге аналитикалық тіркес құрай отырып, көмекші етістіктер қызметін де атқара алады. Бұл екі жағдайда да аталған етістіктердің жетекшілік және көмекшілік қызмет атқару қабілеттері біртектес, әрі түрлену жүйесі де бірыңғай, алайда лексикалық мағыналарына үнілетін болсақ түрлі-түрлі болып келетінін байқаймыз. Қолдану қызметтері жағынан біртектес болып келетініне қарамастан семантикалық мағыналары әртекті болып келеді. Бұл аталған етістіктердің жетекші және көмекші қызметтеріне де тән сипат. Бір атап өтетін мәселе бұл етістіктер күрделі етістіктің құрамына көмекші етістік ретінде кірген жағдайда өзінің бастапқы мағынасын толық жойып жібермейді. Мысалы: отыр, оқып отыр, жатыр, келе жатыр, тұр, келіп тұр, жүр, айтып жүр т.б. Егер бұл етістіктердің бастапқылары тікелей қимылды білдірсе, көмекші қызметте қолданылып тұрған етістіктер негізгі етістіктерге қосымша, үстеме мағына беріп, оларға лексика-семантикалық сипат беріп тұрғанын байқауға болады. Нақтылап айтатын болсақ, шақтық сипат берумен қатар, күшейту немесе бәсендету сипаттарын беру үшін жыр жолдарында мақсатты түрде пайдаланылғандары байқалады:

 

            Енді атына мінеде

           Жамбыға қарай жүреді…(250-бет, негізгі қызмет)

 

       –п тұр тіркесінде жұмсалған жағдайда тұр етістігінің көмекші қызметі амалдың өзгеріссіз бір қалыпта жүретінін, үздіксіз болатынын білдіретін реңк беріп тұрғанын байқаймыз:

 

             Ішінде тұлпар тулайды

             Биенің тынысы бітіп тұр (25-бет, көмекші қызмет)

             Қасына адам жолатпай

             Құртқа жалғыз күтіп тұр (25-бет, көмекші қызмет).

 

Осындай сипат жырда –й тұр, -ып жүр, -ып отыр, -ып жатыр, -й жат формасында да кездеседі. Бұл жырға түрлі эмоционалдық-экспрессивтік реңк үстеме мағынасын беріп отырады. Мысалы:

 

            Әлі сабыр қылғаның,

            Әлі де шыдап тұрғаның

            «Жалғызда мейірім жоқ» деген

                                     (240-бет, көмекші қызмет, шақтық мағына)

 

       Бұл етістіктер (отыр, жатыр, тұр, жүр) семантикалық ерекшеліктеріне қарай бірімен-бірі тығыз байланысты болып келетін амалдың даму кезеңі категориясының және нақ осы шақ категориясының жасалуына кең көлемде қатысып отырады. Мысалы: келіп тұр (нақ осы шақ), айтып жүр (нақ осы шақ).

 

           Ашуы кернеп жөн еді

           Ләшкер тартып келеді…

           Айналдырып санаса,

           Он екі айлық жер еді

            Бет алдында төбе бар

            Төбеге шыға келеді… (182-183-бет)

 

            Аяғының астында,

            Тақтай тастың бетінде,

            Жазылған таста хат жатыр (жетекші, тура мағына)                                          

            Хатқа бала қараса,

            Іші толған тамаша

            Талай-талай кеп жатыр

            Түсінбеген түсінсін

            Болмаған бұрын сөз жатыр

            Қалмақтарда бар екен

            Қараман деген бір батыр…

            Он қарадан бір қара

            Зекеттеп алып жеп жатыр (көмекші, шақтық мағына)

             «Гүлбаршын сұлу шонықты

             Бересің маған»,- деп жатыр (көмекші, шақтық мағына)

             Көкпарын шауып күніге

             Қыз ойнағын қып жатыр… (көмекші, шақтық мағына)

             Арасы да бұлардың

            Олқы-толқы боп жатыр

                                                  (көмекші, шақтық мағына,186-бет)

 

             Тізеден шұбар қан кешіп,

             Шапылдап шауып жүреді   (көмекші, эмоционалды-

                                                            экспрессивті мағына) 

             Шапқанын ешкім көрмейді (жетекші, болымсыздық

                                                             мағына)  

             Өлгенін ешкім білмейді (188-бет)

 

       Бұл сөйлемдердегі қолданылған күрделі етістіктерді сараптайтын болсақ, олардың қайсысы болсын басталған, бірақ әлі аяқталмаған, яғни бірқалыпты сарынмен жүріп жатқан бір процесті білдіреді. Яғни амалдың болып жатқан немесе жүріп жатқан кезеңін білдіреді. Бұлардың арасындағы семантикалық айырмашылықтарды ажырататын болсақ, олардың мағыналық реңктері де тез ажыратылатын болады. Жатыр, тұр, отыр, жүр етістіктері көсемшенінің –ып, -іп, -п жұрнағымен селбесіп, жетекші етістікте басталған істің үздіксіз жүріп жатқан кезеңін білдіретін реңк (мағына) үстемелеп тұр. Бұдан шығатын қорытынды отыр, жатыр, тұр, жүр етістіктері жетекші етістіктерге дәнекер (жұрнақ) арқылы тіркесіп, оған қимылдың үздіксіз жүріп жатқандығын білдіретін мағына үстейтіндігі.

       Батырлар жырындағы етістіктердің қолданылуындағы тағы да бір ерекшелігі — жыр жолдарының қайсысын алсақ та, ондағы амалдың дәл сөйлеп тұрған уақытта жүзеге асып жататындығы. Бұған байланысты айтатынымыз аталған етістіктердің нақ осы шақ мағынасында қолданылуы болып табылады. Яғни етістіктің нақ осы шақ категориясын құрауға негіз болып тұр. Сонымен қатар, аталған етістіктердің көмекші еді, екен етістіктерімен тіркесуі арқылы күрделі етістіктерді құрағанын кездестіреміз:

 

            Қатын деген бір сөзін

           Бетіне соғып тұр еді (114-бет)

 

           Көп қосынға жан көкем

           Олжа салып жүр еді.

           Бөлінбеген ұйқыға,

           Жыртылмаған құлпыға,

           Қараман мен жан көкем

           Таң ата алып жүр еді(115-бет)

 

            Жалғыздықты айтып зарығып,

           Пірлерге налып жүр еді(116-бет)

 

 

  • 7. Бол, ет, қыл етістіктерінің батырлар жырында қолданылуындағы семантикалық ерекшеліктері

 

      Батырлар жырында бұл үш етістіктің әрқайсысы әрі жетекші, әрі көмекші қызметтерді атқарып отырады. Олардың мағыналарында, түрлену жүйелерінде, қызметтерінде ұқсас ортақ сипаттары болумен қатар, әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар. Көп жағдайда бұл етістіктер батырлар жырында есім сөздермен тіркесу арқылы күрделі сөз тіркестерін жасап, кейде тура, кейде ауыспалы мағынада жұмсалып отырады. Басым жағдайларда бұл етістіктер жетекші қызметтерден көрі көмекші қызметтерді жиі атқарып отырады. Осыған байланысты бұл етістіктер құранды етістіктердің құрамына кіріп, бір күрделі сөз ретінде жұмсалып отырғанын байқауға болады. Бол, қыл, ет етістіктері есім сөздермен тіркесу арқылы құранды етістік жасап, күрделі сөз тудыру. Бұл сипат басқа етістіктерде кездеспейді. Ал, бол, қыл, ет етістіктері арқылы лексикаланған идиомаланған (сөз тіркестері ішінде сөздердің орнын ауыстыруға болмайтыны) тұрақты етістіктер көптеп кездеседі. Мысалы:

 

           Ат шаптырып той қылып

           Ашыққанды тойғызып… («Қамбар батыр» жыры, 44-бет)

 

            Құлаған жардай дүрс етіп,

            Ырылдауға әлі жоқ… («Қамбар батыр», 50-бет)

 

            Кәміл пірлер, жар болмай

            Салғаның ба уайым?  («Алпамыс батыр», 90-бет)

 

             Белгілі төбе бел болса,

             Еретұғын ер болса

             Қараманға барайын… («Қобыланды батыр», 99-бет)

 

            Жарап жүрген нардай боп (қысқарған формасы – болып)

            Кішігірім таудай боп

            Қарсы ұмтылды Алпамыс

            Қысыр емген тайдай боп

            Қарсыласты екі шер

            Үркер менен айдай боп

            Құлады қалмақ жардай боп

            Біле алмады өлгенін

            Келісімен қандай боп

            Үшеуі жатты теңкейіп

            Байлаған орып таудай боп

            Осыны айтып болды да

            Екі ер соғыс бастады…

             Майданнан аққан қызыл қан

            Сарқырап ақты судай боп

             Ол уақытта еш соғыс

             Өткен емес мұндай боп

             Өліктері төбе боп

             Төскейден шапқан қырдай боп

             Есебі жоқ өліктің

             Домалап жатыр пілдей боп

             Неше ерлер айрылды

             Әскерінен жұрдай боп

             Ортада отыр Қаракөз

            Он бесте туған айдай боп

            Қызыл күрең іреңі

            Құбылып отыр шамдай боп

            Адамзаттың баласы

            Туады екен мұндай боп!

            Оқтаудай бойы бұрылып

            Тартып қойған сымдай боп

            Сөйлеген сөзі қырмызы

            Қамырдан тартқан қылдай боп

            Сүйкеніп өтсе денесі

            Тиеді жұмсақ ұндай боп

             Арманы бар ма жігіттің

             Қосылса жары сондай боп?!

 

       Бұл жыр жолдарында жыршы бол етістігін қысқарған формада қолданып және олардың алдына сын-сипатындағы есім сөздерді қолдану арқылы көркемдік тәсілді шебер пайдаланады.

 

            Кетейін тағы баян ғып

            Қарлыға сұлу не қыпты?

            Қаншама еңбек қылса да

            Қобыланды батыр алмайды…
            Қарындасын Қарлығаш

            Ораққа берді той қылып

            Қызын беріп Тоқтарбай

            Қайырлы етіп ақырын,

            Отыз күн ұдай ойын қып

            Қырық күн ұдай тойын қып

            Қарындасын ұзатқан.. («Қобыланды батыр», 136-137-бет)

 

             Қазынадан қамқа киеді

             «Өзімнің еншім болсын»,— деп

              Өкім құла атқа мінеді… («Қобыланды батыр», 141-бет)

 

 

       Бұл жерде ескерте кететін нәрсе – ауыз әдебиетіне тән ерекшелік: қыл етістігіне көсемшенің –ып жұрнағы қосылғанда, қылып етістігінің қып болып қысқарта айтылуы – ауыз әдебиетінің, батырлар жырының үлгісінде жиі кездесіп отыратын құбылыс болып табылатындығы. Мысалы: келіп – кеп, алып — ап т.б.

 

 

  • 8. Е, еді, екен етістігінің батырлар жырында қолданылуындағы семантикалық ерекшеліктері

 

       Өзінің толық семантикалық мағынасын жойғанына қарамастан е етістігі — батырлар жырында  молынан ұшырасатын көмекші етістіктердің бірі. Е етістігі батырлар жырында еді, екен, емес түрінде кездесіп, шақ, жақ категорияларының мағынасын қосуға дәнекер болып тұрады және ол негізгі етістікпен  көсемше, есімше жұрнақтарын аралық дәнекер ретінде пайдалану арқылы тіркеседі. Мысалы:

 

            Осы келген қызылбас

             Жая десең, жал екен

             Шекер десең, бал екен

             Өз жұртында нар екен

             Жаңа емес басында

             Ескі кегі бар екен

             Көбіктінің жиені

              Шошай деген хан екен … («Қобыланды батыр», 142-бет)

 

              Атадан жалғыз ер еді

             Еңіреген ердің бірі еді

              Осы уақытта Баба ата

              Томпайып жатқан жер еді

              Бет алдына қараса

              Асусыз асқар бел еді

              Белге шыға келеді

              Белден арман қараса

              Жалтырап жатқан көл еді…

              Жылы бұлақ дер еді  (де етістігімен тіркесе қолданылуы)

              Шеңгеліне қараса,           

              Қараағашпен тең еді   («Алпамысбатыр», 172-бет)

               Мұнанда хабар алайық:

              Шекті деген ел еді

              Алты шекті арғынның

              Демалатын бел еді

              Ә дегенде мә дейтін

              Ішінде ерлер көп еді… («Алпамысбатыр», 188-бет)

              Сол уақытта падиша

              Қалмақтан шыққан ер еді

              Елде болса екі ер

              Екеуінің бірі еді

            Керней, сырнай тарттырып…

            Әр жерден адам кеп еді

             Ішінде дәулер көп еді

            Өлтіреміз дер еді…    («Алпамыс батыр», 208-бет)

 

             «Әкеңнің кегін ал!»- деді

             Күшіне сенген ер еді

             Әкесімен тең деді

 

 

2.1.   Батырлар жырында етістіктің етіс категориясының қолданылудағы семантикалық ерекшеліктері

 

        Етістіктен етістік тудыратын өздерінше морфологиялық және синтаксистік сипаттары бар жұрнақтар жүйесі етістер, етіс категориясы деп аталады. Олар бір түбірден өрбіген сөздерге жалғана отырып (сұра, сұрат, сұрал, сұран, сұрас) түпкі лексикалық мағынасы сақталғанмен, олардың семантикалық мәндерінде бір-бірінен өзгешеліктері көрініп тұрады. Бұл өзгешеліктерді жасап отырған етіс жұрнақтары –с, — т, — л,   -н. Сонымен қатар осы түбірлес етістіктердің қай-қайсысына болмасын болымсыздық категориясының –ма, -ме, -ба,- бе, -па, -пе, шартты рай категорисяының –са, -се, өткен шақ категориясының –ды, -ді, -ты, -ті, есімшенің –ған, -ген, -қан, -кен, -атын, -ар, көсемшенің –ып, -іп, -п, -а, -е, -й, -ғалы, -келі жұрнақтарын жалғап қолдана беруге болатындығы байқалады. Бұл жағынан қарағанда етіс жұрнақтары сөзден сөз тудыратын жұрнақтармен ұқсас болып лексикалық категорияға жатады.

       Етіс категориясы субъектінің немесе объектінің амалға қатысын білдіреді (ортақ, өзгелік, ырықсыз, өздік). Етіс категориясының батырлар жырында түрлі сипаттағы лексика-семантикалық мәнде жұмсалғанын көптеп кездестіруге болады.

 

          Енді шап деп қыстады         (мағынасы – негізгі етіс)

          Жарақтың бәрін тастатып   (мағынасы — өзгелік етіс)

 

          Жақындасып, жанасып,

         Тұлпар мен Шұбар жарысып (мағынасы – ортақ етіс)

 

 

          Шаһар жұрты жиналып...

         Ұрысуға сайланып

          Көп әскерге келді кез…

 

           Таласқан соң малына

           Бәрін Тайшық өлтірді   (мағынасы – (-тір) өзгелік етіс)

 

           Осы сөзбен қу кемпір

           Алдап ұрды ақылын

           Сөзбен бойын балқытты  (мағынасы –ты өзгелік етіс)

 

           Алпамыстай батырдың

          Атын болса шалдырып      (мағынасы –дыр өзгелік етіс)

          Ұйқыңды әбден қандырып

          Жүресің ертең, шырағым

          Тарттырар құдай жазаны

 

           Енді кемпір жүгірді

           Омыртқасы бүгілді

 

           Керней сырнай тарттырып

           Түп зеңбірек аттырып

           Тегіс хабар береді

 

           Орда жатыр зарланып…

 

            Балаға нанды бермекке

            Ым қылысты оңланып…

 

            Аруақтар қозғалып

 

          Әр жерден ұста алдырды…

          Бір шұбар ат қалдырды…

          Темір үйді салдырды…

          Ашықтырып жегізіп…

           Шөлге қойды көңгізіп…

          Патшаға да мінгізіп..

          Шұбар атты тындырып…

          Баланың белін сындырып…

          Сап қояйын қораға…

          Бетіменен жайылсын…

           Бір үйді тікті жайнатып…

           Ішіне бұлбұл сайратып…

           Қыздарды түнде ойнатып

          Бұлбұлды күнде сайратып…  (мағынасы — өзгелік етіс)

 

          Кейқуатты билетті …

 

         Аттың жолы қазылды…

         Бес жүз құлаш жазылды…

 

           Ырғай сапты сүңгіні

          Ырғай-ырғай салысты

          Итерісіп тұрысты…    (мағынасы – ортақ етіс)

          Семсерменен серместі

 

          Қырық мың атты қызылбас

          Алдында қойдай қамалды

          Көптігіне мақтанып…

          Жекпе-жектен тоқталып

          Бірте-бірте жиналды

 

          Қабағынан қар жауып

          Кірпігінен мұз жауып

          Қатуланып қаттанды

          Буырқанып бұрсанды

          Мұздай темір құрсанды

 

          Алаулаған қалмаққа

          Өзінікін келтіріп

          Шаһардың тұрып ішінде

          Қыз Құртқаның зарланып,

          Шығарған қатты дауысын

          Періштелер жалғасып

          Құлағы қатты есітті…

          Буырылдың дауысын

          Құртқаға жел жеткізді

          Көңілден кірін кеткізді

          Айтса сөзін өткізді

 

        Жырдан байқағанымыз -ла+н жұрнақтарынан біріккен құранды жұрнақ кейде есімдерден жасалған туынды етістіктер өздік етіс мағынасында жұмсала беретіндігі (қатулан, қаһарлан, шаттан). Сол сияқты, есімдерден –ырқан, -іркен, — сын, -сін құранды жұрнақтары арқылы жасалған етістіктер жырда тікелей өздік етіс мағынасында жұмсалғанын байқаймыз. Мысалы: буырқанды, бұрсанды сөздерінің семантикалық мағынасы тікелей өздік етіс мағынасында екенін байқатады. Бұл батырлар жырындағы сөз қолданысының өзіндік ерекшелігі екенін көрсетеді.

 

 

2.2.  Батырлар жырында етістіктің болымсыздық және болымдылық категорияларының семантикалық сипаты

 

       Батырлар жырынан байқағанымыз етістіктің болымдылық және болымсыздық категориялары көп жағдайларда семантикалық мағынасы жағынан қарама-қарсы мәнде кей жерде әсірелеу, күшейту сипатында қолданылғанын көреміз:

 

           Құбылып Бурыл гуледі,-

           Табаны жерге тимеді… (мағынасы – қарсы, антонимдік)

 

            Бұлаңдаған Бурылдың

            Маңдайында машат бар,

            Марал ішсе таусылмас

            Құйрығында құдық бар

            Құлан ішсе таусылмас  (мағынасы – қарсы, антонимдік)

 

            Айбалатам тасқа өтпейді,

            Жамандар сөзді кектейді…

            Қызылбастың еліне

             Сенсіз күшім жетпейді!  (мағынасы – болымсыздық)

 

       Айтылмақшы ойдың талабы мен талғамына қарай кейде күрделі етістіктерде болымсыздық қосымшасы кейде жетекші етістікке, енді бірде көмекші етістікке, болмаса екі етістікке де қатар жалғанып қолданыла бергенін кездестіреміз.

       Етістіктің көсемше, есімше, рай, шақ т.б. формаларына байланысты айтылмақшы мағынасына стильдік ерекшелігіне қарай болымсыздық мағынаны білдіретін емес, жоқ сөздері де жырларда жиі кездеседі. Мысалы:

 

           Өш алғанда, өш жоқ деп

           Кек алғанда кек жоқ деп

            Шошай ханның алдында

           Кегімді мен де алдым деп…

           Найзаны салды қоңынан… «Ақсауыт», «Жазушы» баспасы,

                                                                                 1977 жыл.

 

 

  • 9. Батырлар жырында етістіктің көсемше, есімше категорияларының семантикалық сипаты

 

       А. Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» еңбегінде есімшелерді етістік негізіне жалғанып, бірақ өз бойында етістік қасиеті де, есім қасиеті де бар деген ерекше топқа жинақтайды. Есімшелер қолданылу ыңғайына қарай көптік, тәуелдік жалғауларын қабылдап, сөйлемнің кез келген мүшесінің қызметін атқара беретін грамматикалық сипатына сәйкес батырлар жырындағы олардың семантикалық сипатына келетін болсақ, сан алуан мақсатта жұмсалып отырылады. Біз батырлар жырындағы –ша, -ше, -дық, -дік, -дай, -дей, -сы, -сі, -атын, -етін, -ар, -ер, -р, -мақ, -мек жұрнақтарының семантикалық сипатына талдау жасау барысында, олардың түрлі сипаттарын анықтадық.

 

 

 

             Қыдыр дарып бақ қонған

            Келгеннен соң Қобыланды…

 

             Алты жасқа ат толғанша

             Қобыландыдай батырың

             Үйге сірә келмейді…

 

            Қара Бұқан жауырыншы

            Түнде қалың жол тартар

             Ғайыптан болжап сөз айтар

 

            Құртқажан ұйықтап жатқанда

            Таң сарғайып атқанда

            Шолпан жұлдыз батқанда

            Естеміс кедіп сөз қатты…

 

            Тұлпарына жұмсаған

            Жұрт иесі сұңқарға

            Жолдасына жұмсаған

            Көп құлдық бас дегейсің

            Қарааспан тауын жайлаған

            Жұрт иесі жолбарысқа  (31-33-беттер)

 

            Асқар тауды бел деген

            Ақ бармақпен жем деген

             Ауырса жеммен емдеген

            Өзінен басқа көрмеген

            Бағып тұрған баласы

            Күтіп тұрған анасы

            Өзі әйелдің данасы… (34-бет)

 

       Ал енді етістік негіздерінен арнаулы қосымшалар арқылы жасалып, тиісті дәрежеде шақтық, модальдық және басқа мәндерді білдіретін көсемшелер категориясының батырлар жырындағы қолданылудағы семантикалық сипатына келетін болсақ, жырда әсіресе көсемшенің –ып, -іп, -п, -а, -е, -й, -қалы, -келі, -ғалы, -гелі, -ғанша, -генше жұрнақтары шақтық ұғымды білдіруде ерекше орын алады.  Кей жағдайларда көсемшенің аталған жұрнақтары етістіктің болымсыздық категориясының жұрнақтарынан кейінде қолданылып отырған.Мысалы:

 

 

            Мұны естіп Естеміс…

           Бұлжытпай айтып келеді

 

           Құртқадайын сұлуың

           Төмен қарап жер шұқып

           Өксіп жылап қамықты

           Енді Құртқа қашады

           Оң етегін басады…

           Сасып жүріп жөн тауып

           Ақылменен жол тауып...

           Төрде тұрған Бурылдың

            Басын шешіп алады

            Шылбырынан жетелеп

            Алдынан кетіп барады

            Түнектен шыққан Тайбурыл

            Түлкідей көзі жайнайды

            Қазандай болып қайнайды   (36-37-беттер)

                                           «Ақсауыт», «Жазушы» баспасы, 1977ж.

 

           Астына мінген Бурыл ат

           Жауатын күндей күркіреп

           Жаңбырдай тері сіркіреп

           Құбылып ойнап жер басты  (58-бет)

 

       Қорытып айтқанда етістіктің көсемше категориясы батырлар жырында өткен шақтық, осы шақтық, келер шақтық ұғымды білдіруде кеңінен қолданылған. Сол сияқты ежелгі өткен шақтың шақтық мағынаны білдіруде –ыпты, -іпті көне жұрнағы кездесіп отырады. Ғалым зерттеуші Ы.Маманов өзінің етістікке қатысты зерттеу еңбегінде –ыпты, -іпті қосымшаларын ежелгі өткен шақ категориясына жатқызған.

 

           Жиделі Байсын жерінде

           Қоңырат деген елінде

           Байбөрі деген бай бопты

           Төрт түлігі сай бопты

 

       Бұл жолдардан байқағанымыз батырлар жырының үлгілерінде -ыпты, -іпті қосымшасының кейде қысқартыла қолданылғанын кездестіреміз.

 

          

             Алатаудың қырғызы

            Кигенің ала қырмызы,

            Ат саурысын басыпты

            Көп шабысты көргендей

            Аттың жалы жатыпты

            Алыс жолдан келгендей

            Қабақ-қаның тасыпты  (66-бет)

 

            Қызылбастың елінен

            Қазан деген ер шықты…

            Ноғайлының көп елін

            Олжалап шауып жаншыпты

             Бағынбаған адамын

             Қырық жойып тауысыпты

             Жерін малын олжалап

             Қатарынан асыпты

             Мал жанына қарамай

             Ноғайлы елі қашыпты

             Олжалап жанын босыпты

             Ноғайлының көп елін

             Қара табан десіпті

             Тартып алып Ер Қазан

             Тасыған судай тасыпты…

             Бектері басын қосыпты...

             Жау жүре алмас десіпті

             Көңілі сондай өсіпті    (28-бет)

                                      «Ақсауыт», «Жазушы» баспасы, 1977ж.

 

        Қазақ тіліндегі ғылыми зерттеулерді және осы тақырыпқа байланысты ғылыми еңбектерімен белгілі ғалым М.Оразовтың «Етістіктің лексика-семантикалық топтары және қалып етістіктері»,- деген еңбегін басшылыққа ала отырып, біз батырлар жырындағы етістіктерді мынадай лексика-семантикалық топтарға бөлуге болады деген қорытындыға келдік.

 

       І. Амал-әрекет етістіктері. Бұл етістіктердің сипаты белгілі   

          бір қимыл әркеттерден соң әйтеуір бір нәтиженің

          болатындығын талап ететін етістіктер жатады. Мұндағы іс-

 әрекет тікелей объектіге бағытталады. Қазақ тілінің

 ғылыми грамматикасында бұл етістіктер сабақты етістіктер

 деген ұғымға топтастырылған (сабақтылық ұғымы бұл

           етістіктің алдындағы байланысты сөздің міндетті түрде 

  табыс:септігінде тұруын қажет ететіндігі). Осы амал-

     әрекет етістіктері өз ішінде бірнеше семантикалық).

  топтарға бөлінетінін біз осы ғылыми талдаудан байқай

  отырып, батырлар жырындағы етістіктер семантикасын

  талдау барысында мынандай топтарға бөлдік:

 

  • Ішіп –жеуге байланысты амал-әрекет етістіктері (ішу, жеу,

  ұрттау,  қарпу, жұту, сораптау, жалмау, сору, асау).

           Жырда:

 

«Тарғын, Тарғын» дейтұғын,

Қолымнан сарқыт жейтұғын,

Жамандық жер кез келсе,

Қайрылмай кетпен дейтұғын… («Ер Тарғын», 18-бет)

 

Алты жаста ақтаттым,

Аттай мұрның танаттым.

Алшақтатып ойнаттым,

Арпа-бидай асаттым!   («Ер Тарғын», 21-бет)

 

Мосыдан алып түсіріп,

Қоң етін кесіп беріпті.

 Әрқайсысынан бір асап,

 Бәйбіше басты жерікті.   («Алпамыс батыр», 176-бет)

 

          Қырық күнге шейін Бурылға

          Қулықтың сүтін емізді

          Және қырық күн біткенше

          Қысырдың сүтін емізді

          Сексен күні біткесін,

          Тоқсан күні жеткесін

          Алмасын деп, талмасын деп

          Маңқа-қолқа болмасын деп,

          Жеміне қосып Қыз Құртқа

          Қызыл дәрі жегізді   («Қобыланды батыр», 25-бет)

 

 

  • Жас өру, өндіру, салу, тігу. Бұл етістіктерді қолдану нәтижесінде амал-әрекетке жаңа бір нәрсе қосылады.

    Мысалы: ау-құру етістіктері (құру, жасау, жарату, соғу,   

     тұрғызу.

 

      3) Қырып-жою етістіктері. Бұл топтағы етістіктер жасау, құру

          етістіктеріне мағынасы жағынан қарама-қарсы антонимдік

          сипатта  -өшіру т.б. Осы мағынаға жақын шабу, сою, асу,

 қабырғасын қирату, басын алу, жұлу, балталау, қылыштау  

 етістіктерін айтуға болады. Мысалы: өндіру – қирату, салу   

 бұзу, тұрғызу – құлату,  өндіру

 

            Шәрін тегіс бұзсам деп

            Ат қоймаққа ойлады…

 

            Жалғыз өзі батырың

            Жойып кетіп барады

            Қойға тиген қасқырдай

            Сойып кетіп барады.

   

            Қазанның сырлы қаласын

            Қайта айналып шабады.

            Бетіне қалқан далдалап

            Шаһарын шапты «аллалап»

            Қазанның Сырлы қаласын

            Бұзып жарып Қобылекең

            Он екі күн дегенде

            Айдап шықты далаға.

     

            Келе салды найзаны…

            Қарсыласып шабысып

            Дұшпанын Қобылан табады.(«Қобыланды батыр»,190-б.)

 

 4) Өзгеру етістіктері (бояу, майлау, сырлау, ақтау, жану,

           әшекейлеу, өрнектеу, тазалау, сабындау, оюлау, бұйралау, 

           туу, өңдеу т.б.).

 

        Қобылекеңнің сүңгісі

              Қызыл қанға боялды  (72-бет)

 

              Буырылға Қыз Құртқа

              Алтыннан жабу оюлап

              Құлағын тігіп қиюлап

              Балағына түсірді

 

      5) Объектіні қозғалысқа түсіретін амал-әрекет етістіктері

          сүру, итеру, шашу, жүру, беру, алу, көтеру, лақтыру, ыршу,

          түсіру, құлату, сүйреу,  тарту т.б.

 

      6) Объектіні толық қамтымайтын амал-әрекет етістіктері. Бұл

           топқа мына етістіктерді жатқызуға болады: шабу,

           найзалау, сұғу, қамшылау, сипау, түрту, шымшу, шаншу.    

           Мысалы:

 

   Ықтиярсыз найзалап

   Біріне-бірін қосыпты.

   Бөлек-бөлек қылады,

   Есебіжоқ қырады.

 

      7) Объектінің қалпын өзгертетін етістіктер (төңкеру, аудару,

  құлату, бүктеу).

 

 ІІ.  Қозғалу етістіктері.

  • Бағыт-бағдарды білдірмейтін жалпы қозғалыс етістіктері (жүру, шабу, секіру, сүңгу, жорту, желу, жүзу, ағу, ұшу, самғау, құлау, қалықтау, құлдилау).

 

          Түсіріп аттан көкемді

          Қарааспан тауға қашыпты

 

           Жанына байлап болатты

           Беліне садақ ілгізді

           Тапсырдым деп жалғызға

           Амандасып жүргізді

 

           Атасымен қоштасып

           Құртқаны алып ұзатып

           Еліне қарай жөнелді

 

           Байдың сөзін есітіп

           Қара ала атты көсілітіп

           Қайта шапты балаға

 

          Асқар таулы бел еді

          Бір шауып бір желеді

          Құбылып ойнап жер басып

          Дөңгеленіп келеді

 

          Бурыл көкке секірді

 

          Аршын басты Бурылмен

          Аңқытып желді соңынан

          Іс келеді қолынан…

 

         Былқытып Қобылан желеді

         Соңынан жетіп келеді…     («Қобыланды батыр», 60-62 бет)

 

       ІІІ.  Сөйлеу етістіктері (хабарлау, сөйлесу, сұрау-жауап,

              көңіл- күйге байланысты (эмоциялық) етістіктер:

              мысқыл, әжуа, келеке, мазақ, қарғау, балағаттау, сөгу,

              мақтау, жамандау, жалыну, жалбарыну, тілеу, тілек,

              мінәжат ету, бұйыру т.б.

 

       Етегінен ұстады:

       «Бәйгемді бер!»- деп қыстады  (мағынасы бұйыру)

 

       Алпамысты тани сап

       Топтан шыға қашады  (мағынасы — әжуа, мазақ)

 

        Тышқан алған мысықтай

        Тамашасын көреді…

        Домалатып ойнайды

        Үйге әкеліп байлайды…

        Терісін сойып іреді

        Тірсегінен тілдіріп

        Бәйтееректің басына

         Салбыратып іледі    (мағынасы – мазақтау, қорлау)

 

        Алмадың, құдай, жанымды

        Бір баланың жоғынан

        Ағайын жейді малымды

        Айналайын атыңнан

        Жаратқан жалғыз, құдайым.

        Бір баланың жоғынан

        Зорлық қылды маңайым

        Өкім қыла сөйлейді

        Баласы көп ағайын

        Көретін күнің бол ма?

        Көзімнің жасын, құдайым!

            …Байбөрі қубас деген сөз

             Сүйегімнен өтеді

             Жаратқан жаппар, құдайым,

             Перзентке зар қып қойғанша

             Жаратпасаң не етеді  (мағынасы – зарлану, жалбарыну)

                                                  («Алпамыс батыр», 268-269-бет)

 

       ІҮ. Қалып сапа етістіктері қимыл-әрекетті білдірместен,

              қимылдың не заттың қалпын білдіреді (жантаю,.

              шынтақтау, отыру, тұру, семіру, азаю, көбею, ағару,

              жану, сөну, шіру, азу, толу, ұйықтау, өлу, жүдеу,

              шаршау, арықтау т.б.). Бір ескерте кететін мәселе

              жұмыстың бастапқы тарауларында талданған отыр,

             жатыр, жүр,   тұр таза қалыптық мәндегі етістіктер

              қатарына жатады. Жұмысымыздың барысында бұл

              төрт етістікке жан-жақты толық талдау жасалғандықтан

              біз бұл аталған мәселеге қайталап тоқталмаймыз.

 

            Қырық қыздан ішіп қырық шиша

            Бала әбден тояды
            Әрқайсысынан бір ұстап

            Көргеннің көзі тоймаған …  (206-бет)

 

            Күрекпенен шоқ салса

            Жақындамай сөнеді

            Барлығы мұны көреді…

 

            Ақыл салса бәріне

            Өлтіреміз дер еді,

            «Олай болса өлтір,-деп

            Сабасына келтір»,- деп

            Ортасына береді…

 

       Ү. Сезіну етістіктері. Бұл топтағы етістіктер лексика-

            семантикалық мағынасына қарай адамның сезім мүшелері

             арқылы қабылданады. Олар көру арқылы (көру, қарау, көз

             қырын салу, телміру, сығалау, көз салу, көз алмау,

             қараңдау, ағарандау, көздеу), есту арқылы (тыңдау, құлақ

             салу, құлақ түру), иіс сезі мүшелері арқылы (сасу, мүңку,

             аңқу, иістену, тері (дене) арқылы сезіну (жаурау, тоңу,

             қышу, ауыру, сыздау, ұю, шаншу т.б.)

 

          

           Байдың сөзін есітіп

           Қара ала атты көсілтіп

           Қайта шапты балаға…    («Қобыланды батыр», 24-бет)

 

           Бұл сөзді естіп Қобылан

           «Артымда жау қалдырмаң

           Берсе құдай несіпті»,- деп…

           Дауыстап хабар береді…

 

           Іліп алып аяққа

           Мініп алып торы атқа

           Дүрілдетіп жөнелді…

 

           Бұрқыраған бу шықты

           Шуылдаған шу шықты

           «Бұл не қылған дауыс?»- деп

           Естеместен сұрайды… («Алпамыс батыр», 226-228-бет)

 

       ҮІ.  Ойлау етістіктері. Бұл топтағы етістіктер лексика-

             семантикалық мағынасына қарай тікелей ойлау

              процесімен байланысты болады (ойла, ойлан, ойға шому,

              ойдан  шығару, аңдау, ескеру, есіне салу, қабырғасымен

              кеңесу, ой таразысынан өткізу, басы қату, ой  

              таразысынан өткізу, ой талқысына салу, есінде сақтау).

              Бұл тараптағы етістіктердің көбі батырлар жырында

              жиі ұшыраспайды. Біздің топшалауымызша, оның негізгі

              себебі бұл етістіктердің көбі кейінгі заманда әдеби

               тілдің дамуына байланысты сөз қолданысына енгендігі

               болуы керек.

 

           Артық туған Қобыланды

           Қамағанын жаудың көргесін…

           Сонда тұрып ойланды     (69-бет)

 

           Сол уақытта Тарғынға қайғы түсті. (16-бет)

 

Сонда Қартқожақ ойлады: «Бұл ғой менің бес жасымнан елу бес жасыма келгенше не қылғанымның бәрін де тапты: тап менің өзімнің қасымда жүргендей…»   (14-бет)

 

Сонда Ақжүніс ойлайды: «Мен қыз да болсам, ханның қызы едім…» (23-бет)

 

Бұл Тарғын: «Мені жұрт ағаштан жығылып өлді демес, Шағанның бойындағы көп қалмақты асырамын деп жаудан өлді дер»,- деп ойлайды екен. (28-31-бет)

 

«Ер Тарғын» батыр жырынан

«Батырлар жыры» Алматы, «Жазушы» баспасы 2007ж., 2-том.

 

       ҮІІ. Көңіл-күй  етістіктері. Бұл топқа енетін етістіктер өзінің

              лексика-семантикалық мағынасына қарай адамның

              психикалық қалпы мен жағдайына байланысты болып

              келеді. Осы психикалық процестер мыналар: ұялу,

              қысылу, тартыну, бетінен оты шығу, абыржу, сескену,

              қорқу, қуану, ұнату, жақсы көру, еркелеу, әлпештеу,

             аялау, қапалану, ғашық болу, жылау, долдану, мейірлену,

              мұңаю, жадырау, ренжу, күлу. Батырлар жырының

               үлгілерінен біз топтағы етістіктердің түрлерін көптеп

               кездестіре аламыз. Оның бірден-бір себебі жырдың

               көркемдік қуатын неғұрлым әсерлі, әдемі және әрлі

               етіп беру үшін жыршылар жыр нұсқаларында

               барлық күш мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланғанын

               анық байқаймыз.

 

           Қарлығаштың дауысы шыққан соң

           Қобыландыдай бөріңіз

           Ақ найзаға сүйеніп

           Өксіп жылап қамықты… (43-бет)

                                    «Ақсауыт», «Жазушы» баспасы, 1977ж.

 

            Қамығып Құртқа сөйлейді

            «Асқар таудан белдігі…

            Тайбурылдың бар еді

            Қырық үш күндік кемдігі…

            Сұлтаным дағы десіпті

            Тұре келіп бұлаңдап,

            Қарады ашып есікті

            Қарады да қамықты (36-бет)

 

            Сөз сүйектен өткен соң…

            Ақ алмасты қолға алды

            Қобыланды шапты ауылға

            Қатуланып қаттанып

            Буырқанып бұрсанып

            Мұздай темір құрсанып

            Кірпігіне мұз қатып…

             Батыр кейіп келеді

 

            Егер шықса алдынан

            Басын кесіп алмаққа…  (35-бет).

                                       Мағынасы –ашулану, долдану, ызалану.

 

           Құртқа көріп батырды

           Шашу шашып басына

           Бұралып келді қасына

           Нұрына тойып төнгені

           Көзіне көрмей өңгені

            Іздеген теңім келді деп… (19-бет).

                                        Мағынасы – ғашықтық, сүйіспеншілік.

 

          Сексенге жасы келгенше

          Бір бала көрмей Тоқтарбай

          Қайғыменен қан жұтып

          Ақылынана адасқан

          Тоқтарбайдың зарына

          Қалың қыпшақ қайысқан … (15-бет)

 

 

 

           … «Арыстан туған құрдасжан

           Ол қатын емей немене?!». Мағынасы – мазақтау, қорлау

 

           … Қобыландыдай батырдың

          Тері тамып иектен

          Түгі шығып білектен

           Жаны бір тулап жүректен…

           Қараманның бұл сөзі

           Өтіп кетті сүйектен... (35-бет).

                                           Мағынасы – ашулану, қаһарлану.

 

 

          Көлден ұшқан қаздаймын

          Қаз жайлайтын саздаймын

           Наурыздаң соңғы жаздаймын

          Ақылы жоқ мен байғұс

           Бүйтіп жүрген Құртқамды

           Шауып тастай жаздаймын… (37-бет).

                                            Мағынасы — өз ісіне өзі қысылу.

 

            Ұстай алмай ешбірін

            Ер Алпамыс жылады

            Қайғымен көзін бұлады. (181-бет).

                                             Мағынасы – қайғыру, қапалану.

 

 

       ҮІІІ. Дыбыс, сес және бейнелеу етістіктері. Бұл топтағы

                етістіктер лексика-семантикалық мағыналарына қарай

                табиғаттағы түрлі құбылыстармен байланысты

                қолданылатын болғандықтан еліктеуіш, бейнелеуіш

                сөздерге қосымша (жұрнақ) қосылу арқылы жасалады.

                Бұл топтағы сөздер ішкі мағыналарына қарай адамның

                және жан-жануарлардың дыбыстарына байланысты

                (мөңіреу, маңырау,үру,әупілдеу, күркілдеу, ұлу, кісінеу,

                боздау, сынсу), табиғат дыбыстарымен байланысты

                (гуілдеу, шытырлау, сатырлау, сыңырлау, тарсылдау,

                 дүрсілдеу, гүрсілдеу, тықылдау), адамның бет

                 құбылысына байланысты (бадыраю,бедірею, адыраю,

                 аңқаю, көзі алақандай болу), табиғат көрінісіне

                 байланысты (жарқылдау, құлпыру, шайқалу), қимыл.

                 әрекеттің орындалу тәсілімен байланысты (теңселу, 

                 қайқандау, елбектеу, ербендеу, көлбеңдеу, жалпылдау,

                 ойқастау) кіші мағыналық топтарға бөлінеді. Бұл топқа

                 жататын етістіктерді батырлар жыры үлгілерінен

                 көптеп кездестіруге болады және бұл тараптағы

                 дыбыстықжәне бейнелеуіш етістіктері өзінің

                 қолданылуында лексика-семантикалық мағынасына

                 сәйкес сан қырынан тура немесе ауыспалы және көп 

                 әрі синонимдік, антонимдік мағынада жиі қолданылып 

                 отырады.

 

           Бұған Қобылан қуанып:

           «Шырағым, Бурыл, шу»,- деді,-

           Құбылып Бурыл гуледі

           Табаны жерге тимеді…

 

           Астына мінген Бурыл ат

           Жауатын күндей күркіреп

           Жаңбырдай тері сіркіреп

           Құбылып, ойнап жер басты… (58-бет)

 

            Бәйбіше барды аңырап

            Қоздаған қойдай маңырап 

           Аналық атты бәйбіше

           Танадай көзі жарқылдап

           Жылайды жазған аңқылдап

            Байбөрі бай келеді

            Құзғындай қақасап қаңқылдап

            Екеуінің дауысы

            Қосылады сыңқылдап

            Кей жерде жатып ыңқылдап

            Кей жерде жатад қыңқылдап     (170-бет)

                             «Ақсауыт»,1-том, «Жазушы» баспасы, 1977жыл

 

           Қызылбас қашып салақтап

           Өкім құла атпен бұлақтап

           Шұбалып шапқан баласын

           Батырдың көзі шалады  (160-бет)

              «Батырлар жыры», «Жазушы» баспасы, 1986 жыл, 1-том,

 

           Сол уақытта қараса

           Өкше ізінен шаң шықты

           «Не қылған шаң?»,- деп қараса,

           Саулы інгендей ыңқылдап,

           Буыны түсіп былқылдап,

           Алтын қалпақ дулыға

            Шекесінде жарқылдап

           Ақ моншақ ат пен Қарлыға

           Шыға келді жарқылдап   (128-бет)

 

            Түрекелді Қобыланды

            Көзінің жасы мөлтілдеп,

            Мойыны кетті батырдың

            Қуатсыз болып былқылдап,

            Қос бүйрегі солқылдап,

            Көзінің жасын ағызып,

            Артық туған Қобыланды

            Қарлығаның қасына

            Азар келді былқылдап … (102-бет)

 

            Ұлы сәске кезінде

            Тау суындай сарқырап,

            Ақ сауыты жарқырап,

            Қобыланды сынды батырдың

            Үстіне келді барқырап    (92-бет)

 

             Әуеге қарап есінеп

             Ием бе деп кісінеп    (90-бет)

 

       ІХ. Өсіп-өну етістіктері. Өзінің лексика-семантикалық  

             мағынасына сәйкес өсіп-өну етістіктері біріншіден, тірі

             организмдердің туып өсуімен(балалау,боталау, күшіктеу,

              туу, құлындау, жұмыртқалау, бұзаулау, төлдеу, босану)

              байланысты, екіншіден, табиғаттан өсіп көркеюімен

             (өсу, жапырақтау, гүлдеу, бүршік жару) байланысты,.

              үшіншіден, пісіп жетілуге байланысты үш топқа             

              бөлінеді. Батырлар жырына тән ерекшелік осы үш

              топтың жырда  тек алғашқы – бірінші тобы ұшырасып

              отырады.

 

       Х. Табиғаттың түрлі құбылыстарына байланысты

            қолданылатын етістіктер (түнеру,бұлттану, күн шығу, күн

            бату, ай туу, борандату, нөсерлету, желдету) батырлар

            жырында тура және ауыспалы мағынада қолданылып,

             жырдың мақсатына сәйкес жұмсалып отырылады.

 

       ХІ. Субъективті реңді білдіретін етістіктер (азсыну, көпсіну,

             менсінбеу, бойын аулақ салу, білгішсіну, масаттану).

 

       Осы жоғарғы топтарда көрсетілген етістіктер лексика-семантикалық мағынасына сәйкес батырлар жырында көркем текстің мазмұнына сәйкес кейде өзара синонимдес, бірде бір-бірімен антонимдес болып қолданылып отырылады. Мысалы: кел етістігінің кет етістігімен антонимдес сипатта жұмсалғанын жыр жолдарынан жиі кездестіріп отырамыз. Сол сияқты кел етістігі мен жақында етістігінің де бір-бірімен синонимдес мағыналық жуықтығы байқалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

       Қорытып айтқанда тілдің сөздік қорының баюы және молаюы түрлі тәсілдер арқылы жүзеге асатын болса, осылардың ішіндегі ең көне түріне (сөздік қордың баюына) семантикалық даму жатады. Семантикалық даму бойынша тілдегі сөздер дыбыстық болмаса морфемдік еш өзгертпестен-ақ бірте-бірте өзіне жаңа мағыналарды қосып байып отырады. Тілдік даму процестерінде бір сөз бірнеше лексикалық мағына білдіреді. Олардың тілдегі қызметі күшейеді. Семантикалық даму барысында тілдегі сөздің саны көбеймесе де, олардың мағыналық мүмкіндігі әлдеқайда өседі.

      Түркі тілдерінде етістік семантикасы мәселесі біршама зерттелген:

Э.Р. Тенишев (1961), Н.З. Гаджиева, А.А. Коклянова (1961),                Б.И. Татаринцев (1987), И.К. Кучкартаев (1977), А.К. Алекперов (1980), А.А. Цалкаламанидзе (1973).

       Қазақ тілінде де грамматикатанушы ғалымдар етістікке қатысты арнайы зерттеулер жүргізді. Етістікті сөз табы ретінде және мағыналық сипатын қоса талдаған. А.Қалыбаеваның (Хасенова), Ы.Мамановтың, А. Ысқақовтың, Н. Оралбаеваның еңбектері бұл салаға қосылған үлкен үлес болып табылады.

       А. Хасенова «Қазақ тілі грамматикасында» түбір етістік дейтін межеге сыйдыруға келетін сөздерді іс-әрекет, амал, қалып процесінің динамикасын білдіру жағынан зерделеп, оларды бірнеше лексика-семантикалық топтарға бөледі. Ұйымдастару, жорғала, мияула, шырылда т.б. туынды етістіктер де осы лексика-семантикалық топтардың құрамына кіргізген.

А. Ысқақов өзінің зерттеуінде (Қазіргі қазақ тілі. Алматы «Ана тілі» 1991ж.) етістіктерді лексикалық-семантикалық топтарға бөледі.                 

       Ы. Мамановтың түбір етістіктерді семантикалық топтастыруда  Г.А.Золотованың,   А.В. Бондальконың,                        З. Ахметжанованың функционалды грамматика теориясын басшылыққа алады. Ғалым: «Негізгі түбір етістіктерді семантикалық жақтан мағыналық топтарға жіктеуге келмейді, морфологиялық және синтаксистік тәсілдердің белсене қатысуының арқасында ғана түбір етістіктерді мағынасына қарай бөлуге болады»,— деген тұжырымдама жасайды. Бұл тұжырым қазіргі тіл ғылымындағы функционалды семантиканың негізгі принципі болып табылады. Қазіргі кезде етістіктің жекелеген лексика-семантикалық топтары зерттелуде.

       Түркі тілдеріндегі етістіктердің лексика – семантикалық мағыналарын зерттеуде В.Ф. Вещилова (1962) оларды глаголы движения, глаголы действия, глаголы жизненных процессов, глаголы явлении природы деп төрт топқа, Б.Б. Кульмагамбетова қазақ тіліндегі етістіктерді глаголы выражающие действие движение человека, глаголы выражающие мышления и чувства, глаголы выражающие переживание человека, глаголы способа приема пищи, глаголы выражающие поведения, глаголы звукоподражательного характера деп алты топқа, әзірбайжан ғалымы С.А. Рзаев өз тіліндегі етістіктерді семантикасына қарай сегіз топқа бөліп қарастырады. Осылардың ішінде, әсіресе, қазақ тіліндегі етістіктер семантикасын  арнайы зерттеген                   М. Оразовтың (1983 ж.) ғылыми еңбегі ерекше атап өтуді қажет етеді. Біз өз жұмысымызда зерттеудің негізгі өзегіне теориялық басшылық ретінде осы автордың еңбегін негізге алдық.

       Жалпы семантика мәселесі қазақ тіл білімі ғылымында кеш қолға алынған, аз зерттелген мәселелердің бірі екеніне көзіміз жетті. Өзінің өзектілігі жағынан бұл мәселе келешекте тереңнен қарастыруды қажет ететін тақырып деп білеміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

 

  1. Оразов М. Қазіргі қазақ тіліндегі қалып етістіктері. – Алматы: Мектеп, 1980 жыл.
  2. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991 жыл.
  3. Маманов Ы.Е. Қазіргі қазақ тілі. Лекциялардың текстері — Алматы, 1973 жыл.
  4. Оразов М. Семантика казахского глагола. Диссертация. 1983 жыл.
  5. Ақсауыт. Батырлар жыры. Жазушы, 1977 жыл, І, ІІ –том.
  6. Батырлар жыры. Алматы: Жазушы, 2007 жыл, І, ІІ, ІІ – том.
  7. Маманов Ы.Е. Сөз, морфема, қосымша туралы түсінік // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 1991жыл.
  8. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. – Алматы: Рауан, 1998 жыл.
  9. Омарова А. Қазақ тіліндегі нөлдік морфеманың функционалдық және семантикалық аспектісі. Ф.ғ.док.дис. – Алматы, 2006 жыл.
  10. Қазақ тілінің грамматикасы. – Алматы, 1967 жыл.
  11. Мырзабеков С. Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің құрылымына

      статистико-лингвистикалық талдау. 1973 жыл.

  1. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992ж.
  2. Маманов Ы. Қазіргі қазақ тілі. Етістік. – Алматы: Мектеп,

      1966 жыл.

  1. Кеңесбаев І. Қазіргі қазақ тілі