Әл – фараби туралы мектеп оқушыларында көзқарас қалыптастыру
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І – ТАРАУ. ӘЛ – ФАРАБИДІҢ КӨЗҚАРАСТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ИДЕЯЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ .
ІІ – ТАРАУ . ӘЛ – ФАРАБИДІҢ ҚОҒАМДЫҚ – САЯСИ КӨЗҚАРАСТАРЫ.
2.1. Әль – Фарабидің гуманистік көзқарастары .
ІІІ – ТАРАУ . ӘЛ – ФАРАБИ ТУРАЛЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНДА КӨЗҚАРАС ҚАЛЫПТАСТЫРУ .
ҚОРЫТЫНДЫ .
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Әл – Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған . Ол данышпан философ, энциклопедист – ғалым , әдебиетші – ақын , математик . Әл – Фараби 870 ж. Арыс өзенің Сырдарияға құя беріс сағасындағы ежелгі Отырар қаласында дүниеге келген, Ол ең алғаш білімді қыпшақ тілінде Отырар қаласында алған , өсе келе сол замандағы ғылым мен мәдениет орталығы атанған Бағдад , Дамаск , Каир т.б. қалаларда білім алады. Өзінің түркі тілімен қатар араб , араб , латын , санскрип тілдерін жетік білген .
Әл – Фарабидің ғұлама ғалым ретінде зерттеу жүргізбеген , ат салыспаған ғылым саласы жоқ деуге болады . Сондықтан Әл – Фарабиді отандық және шет елдік шығыстанушы зерттеушілер таяу және Орта шығыстың ең алғашқы әлеуметтік саяси ғылымының негізін қалаушы ретінде таниды . Фараби және оның шәкірттерінің ғылым мен мәдениетті дамытудағы орнын анықтау , ғылым мұраларын мұқият өте үлкен маңызды жұмыс . Сондықтан дүние жүзінің әр түрлі халықтарынан шыққан оқымыстылар Фараби мұраларын 1000 жыл бойы тынбастан зерттеп келеді. Таяу және Орта шығыс елдерінде кітап басып шығарудың басталуымен шығыс халықтарының тарихын , әдебиет , философия , философиялық шығармаларын , мәдениеті мен ескерткіштерінің қолжазбаларын басып шығару үшін көп жағдай жасалды . ХХ ғасырдан бастап бұрыңғы өткен ойшылдарымен оқымыстылардың шығармаларымен бірге Әбунасыр Әл – Фарабидінде трактаттары басылып шыға бастады . Ең алғаш 1905 жылы белгісіз каирлік кітап шығарушы Фарабидің ең үлкен және негізгі « Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактаты » деген еңбегін басып шығарды . Кітаптың алғы сөзінде ескі әдебиеттерге сүйеніп берілген Фарабидің өмірі мен ғылым еңбектері туралы бірқатар мәліметтер берілді .
1907 жылы Каирде Фараби трактаттарының философиялық жинағы / Мажмуат фалсафа ли ибн Наф аль – Фараби / 8 шағын философиялық шығармаларынан тұратын еңбегі басылып шықты . Каирде 1909 , 1910 , 1916 , 1926 , 1948 жылдарда Фараби еңбектерін басып шығарды .
Фараби мұраларын зерттеуде дүние жүзінің көптеген оқымыстылары еңбек етті . Олардың ішінде араб – парсы тілдерінде жазған ибн әлнадим
/ 995 / , Әл – Байхоки / 1169 / , Ибн — әл Венике / 1484 / , Кам Сартон / 1927 / , түрік тілнде А. Сайылы мен П. Үлкен / 1950 / жазған .
Елімізде , шығыстану ғылымында фарабитанушы зерттеу 1924 жылы атақты әдебиетші А. Саадиден басталған . С. Н. Григорян / 1958 / еңбектерінде : / VII – XVI ғ. Орта Азия мен Иран философиясының тарихынан » , « Таяу және Орта шығыс халықтарының ортағасырлық философиясы » / Фарабидің әлеуметтік – саяси көзқарасы қаралған . М. М. Хайруллаев өзбек тілінде / 1963 / жазған өзінің « Фарабидің Философия тарихындағы көзқарасымен оның маңызы » және « Фараби :дәуірмен
уақыт » атты еңбектерінде оны өз дәуіріндегі ұлы гуманист деп бағалайды .
Ал қазақстандық философтар А. Х. Қасымжанов және С. К. Сатыбекова өздерінің еңбектерінде Әл – Фараби гуманист , ұлы ағартушы , ойшыл деп суреттейді . Шетелдік зерттеушілерден Әл – Фарабидің жалпы философиялық шығармаларына арналған И. Мадкура , Р. Вальцер , А. Эхаванидің еңбектері жатады . Неміс ғалымы Г. Леидің зерттеулерінде Фарабидің саяси — әәлеуметтік көзқарастары қысқаша талдау жасаған . Ал тәжік ғалымы Фарабитанушы А. Д. Жахиддің еңбектерінде мемлекеттің теориясы Фарабидің толығымен ашылған .
Атақты шығыстанушы – зерттеушілер И. Гольлцмер , М. Штайншипайдер , Дж. Сартон , Карра де Во , Н. Штайнер , Ф. Диетерицин , А. Мец , А. Массэ , А. О. Лери , Дж . Хоурони және де басқа ғылымдар Араб халифатының идеялық өмірі туралы , ондаған ой еркіндігі мен гуманизм туралы өз еңбектерінде көп жазған .
Кейінгі жылдарда , аз уақыт ішінде елімізде Фарабидің өмірімен өнерін халыққа таныстыру , насихаттау жөнінде едәуір істер істеліп жатыр . Сөйтіп , бүкіл Батыспен , шығысқа мәшһур , ғалымдар атасы Әбунасыр Фараби араға мың жылды салып барып , өзінің туған отаны – Қазақстанға қайта оралды . Мұның өзі осы заманда білім биігіне көтерілген қазақ халқының мәдени өсуінің , санасы артуының , өзін — өзі танудың бір жарқын белгісі іспетті .
Қазақстанда Фараби еңбектерін ең алғаш рет жинау , зерттеу , таныстыру жұмысын өз тарапынан мойнына алып , көп пайдалы іс атқарған адам – Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының коореспондент – мүшесі , профессор Ақжан Жақсыбекұлы Машанов . Оның Фараби өмірі тарихи орны туралы мақалалары газет , журналдарда жарияланды , жинақтарда шықты . Фарабидің ғылыми мұралары жөнінде ол әлденеше рет республика , бұрыңғы одақтық көлемде , халықаралық конгрестерде баяндама жасады . Фараби еңбегін алғаш рет қазақ тіліне аударғаны да мәлім. Фарабидің жер жүзі елдерінің кітапханаларында шашырап жатқан еңбектерін іздестіріп тауып , бірталайының көшірмесін алдырғанда профессор А. Машанов , ал 1968 жылы араб елдеріне саяхат жасап , араб ғалымдарымен кездесіп , Фарабидің Шам / Дамаск / шаһарындағы зиратын іздеп тауып , суретін түсіріп әкелді .
Фарабитану мәселесі бізде жаңадан қолға алынып отырған мәселелердің ең ауыры және құрметтісі . Ауыр дейтініміз , Фараби еңбектері әлі толығымен зерттеліп , қазақ тіліне аударылып болмаған . Құрметті дейтініміз , Әбунасыр Әл – Фараби қазақ жерінен шыққан , аты әлемге тараған , шығыстың Аристотелі . Оның еңбектерін толығымен зерттеп , өз ана тілімізге аударып , халыққа таныту , ғылымда пайдалану құрметті жұмыс . Сондықтан Фараби жайлы алдағы уақытта да тың зерттеулер жүргізіліп , бұл саладағы ғылым жүйесіне көп жаңалықтар қосылады деп сенеміз .
І – ТАРАУ. ӘЛ – ФАРАБИДІҢ КӨЗҚАРАСТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ИДЕЯЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ .
Орта Азияның Араб халифатының құрамына кіруі оның әлеуметтік – экономикалық және мәдени өмірінде үлкен өзгерістер жасады . Орта Азия әсіресе таяу және Қиыр шығыс мемлекеттерінің арасындағы сауда – саттық қатынаста үлкен роль атқарды .
ІХ – ХІІ ғ.ғ. Отырар қаласы өзінің гүлдену дәуірінің шыңына жеткен қала болды . Отырар Саманидтер мемлекеті мен түркі тілдес тайпалардың шекарасында орналасқан еді . Өндіріс пен мәдениеттің өркендеуі бұл ауданда қала мен дала арасындағы сауданың дамуына жағдай жасады , бұл қала мен оның шаруашылықтарының оданда күшті дамуына көмегін тигізді . Халифат әр түрлі бөлек феодальдық мемлекеттерге ыдырай бастады . Бұл мемлекеттер Орта Азия , Иран , Сотүстік Африка , Испания жерлерінде құрылды . Мәдениеттің даму процестері осы жаңадан құрылған мемлекеттерде тағы да жүздеген жылдар бойы дами түсті .
VII ғ. екінші жартысы мен ІХ ғ. бірінші жартысында азаматтық , рухани білімдер / ғылымдар / қарқынды дамыды. ІХ ғ. өзінде табиғи білімнің / ғылымның / дамуы күшейді . Үнді , Сирия , Грек тілдерінен медицина , астрономия , логика , психология және басқа да ғылымдар туралы еңбектер көптеп аударыла бастады . Бұған халифтердің өздері көп жағдай жасады : Мажур / 754 – 776 / , Харон ар – Рашид / 786 – 809 / , Мамун / 813 – 833 /
Осы аудармашылық жұмыстың арқасында ежелгі грек авторларының көптеген еңбектері белгілі болды . Платон / « заңдары » / , « Гиней » / , Аристотельдің / « Саясат » , « Категория » , « Этика » / Гипократтың / « Острые болзни » / , Гоменнің / « Ренесло » / Пталомейдің / « Великое построения » / , Архимедтің / « Соприкасающиеся окружности » / .
Халиф Машунның билік ету тұсында « Ақылдылар үйі » / Байт ал – Хикма / өзінің гүлдену кезеңінде еді . Бұл ұй негізінен Харон ар – Рашид халифтың тұсында құрылған үлкен кітапхана қоры бар , астрономиялық обсерваториясы бар өзіндік ғылыми академия еді .
Әл – Фарабидің өмірі мен философиялық , ағартушылық қызметі шаруалардың феодалдарға қарсы қозғалыстарымен бірге суреттейді . Жаулап алынған территориялар халық қозғалысшыларының орталығы болды . Закавказье , Иран , Орта Азия және Оңтүстік Қазақстанда наразылық патриоттық сезімнің күшеюімен қатар жүрді . Қарсылықтың ең үлкені және ұзақ жүргені қармат қозғалысы барматтар сесбасының құрамына кіргендер еді . Қарматтар өздерінің діни – философиялық көзқарасында ақыл мен білімге көп жүгінді , сондықтан , оқымысты , мәдениетті адамдардың қолдауына ие болған .
Феодализмге қарсы халық қозғалычстары , мұсылман діни басшыларының алдыңғы қатарлы ойшылдарға қатынасы мен көзқарасы мәдениеттің дамуын тоқтата алмайды . Керіссінше ІХ – Х ғ.ғ. философиялық және табиғи ғылымға деген қызығушылық арта түсті , исламмен қайшылық күшейді . Міне , осы жағдайлар негізінен ал – Фарабидің идеялық көзқарасын қалыптастырды .
Әртүрлі оппозициялық секталарға қарсы күрестің қажеттілігімен және исламдық білімнің негізін қорғау мақсатымен мұсылмандық занатикалылық ілім калам құрылды .
Калам « улум ал – ислам » құрамына кірді , бұл дегеніміз « ислам туралы ғылымның » жалпы уақыты келе мұсылман идеологиялық құрыллысының ажырамас бір бөлімі болды.
Ортағасырлық араб тілді ғылыммен философияның дамуына халифат халқының әртүрлі өкілдері белсене қатысты . Өз заманының атақты оқымыстысының бірі , ортағасырлық математика ілімінің негізін салушы Мұхаммед Ибн – Мұса аль – Хорезми / 783 – 850 ж./ болды , оның есімімен « алгоритм » және « алгебра » терминдері және « Астрономиялық ережелер » , « Тригонометриялық ережелер » атты еңбектер байланысты .
Хорезмидің жақын қызметкері ІХғ. – көрнекті астрономы Мұхаммед ал – Ферғани болды , ол да Орта Азияның азаматы еді . Оның « Астрономия кілттері » атты еңбегі астрономия ілімінің дамуында үлкен роль атқарды .
Философиялық ойлардың дамуындағы негізгі кезең болып көрнекті философ , жаңа бағыттың бастаушысы шығыстық аристотемизмдегі — Абу – Юсуф ибн исках аль Кинди / 800 – 819 / болды . Мұсылман авторларының мәліметтері бойынша ол білімнің әртүрлі саласына арналған 150 – дей еңбек жазған . Кинди философияның мәселелеріне байланысты көптеген трактаттар қалдырған . Кинди гректің философиялық ойларына үлкен құрметпен қарады , әсіресе ол Аристотельдің философиясын насихаттауға , түсіндіруге , оқытуға ерекше ықылас қойды . Оның негізгі ізбасары Абу – Насыр әл – Фараби болды .
Аристотельдің атағы ортағасырлық шығыста өте күшті болды , оған жалған шығармалар таңылып отырды . Аристотель Еңбектерінен және білімнің идеялық ойын түсінбей , оқымай ғылыммен айналысу мүмкін еді.
Міне осылайша , шығыстың Аристотель ілімін дамытушы , белгілі шығыс философы Әл – Фараби « шығыс Аристотелі » аранды .
Фараби өте бай творчестволық мұра қалдырды . Кейбір оқымыстылардың мәліметтеріне қарағанда Фараби еңбектерінің саны 80 мен 130 аралығында болып есептеледі : Фараби шығармаларын негізінен екі топқа бөлуге болады .
І . Ежелгі грек философтарының мұраларын таратуға , оқытуға арналған еңбектері ,трактаттары .
ІІ . Ортағасырлық ғылым мен философия мәселелері туралы дербес трактаттары .
Фараби Аристотельдің барлық логикалық трактаттарына түсіндірме шолу жасады / « Бірінші аналитика », « Екінші аналитика » , « Категория » ,
« Этикасына » , « Риторика » / .
Абунасыр әл – Фараби шығармаларын мазмұны бойынша төмендегідей трактаттарға бөлуге болады.
І . Жалпы философиялық мәселелерге арналған трактаттар , яғни , тұрмыстың негізгі заңдары мен категорияларына арналған талдаулар . Оған :
« Субстанция туралы сөз » , « Сұрақтың мәні » , « Заңдар туралы кітап » атты шығармалары жатады .
ІІ . Адамның танымдық / қасиеттері / қызметінің философиялық аспектісіне тракататтары , танымның әдіс , форма , сатылары туралы . Оған « Ақыл – ойдың мәні туралы » , « Жастардың ақыл – ойы туралы кітап » , « Логика туралы қысқартылған үлкен кітапс » , « Логика туралы қысқартылған кіші кітап » , « Пәннің мәні туралы трактат атты шығармалары кіреді .
ІІІ . Философияның және әртүрлі нақты ғалымдардың тематикасы , мазмұны және пәні туралы трактаттар оған :
« Философияның мәні туралы кітап » , « Ғалымдар классифификациясын анықтау туралы кітап » . « Философияны оқып үйренгенге дейінгі нені білу керек жөніндегі кітап » атты шығармалары жатады .
ІV . Математика ғылымы бойынша еңбектер , яғни материяның сандық және кеңістіктік қатынастарын оқып , үйренуге арналған трактаттар . Олар :
« Көлемі мен саны туралы кітап » , « Кеңістік геометриясына кіріспе
кітабы » , музыка жайлы үлкен кітап ».
V . Адам организмі мен жануарлардың неорганикалық табиғатының құрылымы , материяның құрылымы мен түрлері жайындағы трактаттар :
« Вакуум туралы » , « Физиканың негізгі туралы » , « Жануарлар органы туралы » , « Адам органы туралы » .
VІ . Лингвистика , Этика , Риторика , Каллиграфия туралы шығармалары :
« Хат өнері жайлы кітап » , « Өлең мен риторика жайлы кітап » , « Калиграфия жайлы кітап » .
VІІ . Қоғамдық – саяси өмірге , әлеуметтік құрылыстың ерекшеліктеріне , мемлекеттік басқару мәселелеріне , адамгершілік және оның категориялары , тәрбие мәселесіне , саясат , этика , педагогика , юриспруденция басқа да қоғамдық ғылымдарға арналған трактаттар . « Азаматтық саясат », « Бақытқа жету туралы трактат » , « Соғыс пен бейбіт өмір туралы кітап » , « Қоғамды оқып үйрену туралы кітап » , Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат ».
Кейбір мәселелерді түсінуге Фараби өз дәуірінен асып түсті , әйтсе де ол ортағасырлық фанатизмнен , феодалдық деспотизмнің ықпалынан арыла алмады . Бірақ , оның бұл кемшіліктері қателік емес , қайта оның ойшыл екендігін көрсетіп , әлемдік мәдениеттің дамуына қосқан үлесі . В.И. Ленин атап көрсеткендей : « Оның тарихи сіңірген еңбегі сонда , өзінің алдындағы ізашарлармен салыстырғанда жаңа құнды міндеттер берді .
Өктемдікті айыптаудағы Фарабидің сіңірген тани отырып , тарихи жағдайларға байланысты шектеулігін көреміз . Ол қоғамдық құрылыстағы
« адамгершілік қасиеттерді » айыптады , бірақ оның неден туындайтындығын , түпкі себебін түсінбеді . Жоғары адамгершілік идея үшін күресуде ол бұл үшін ең бірінші әлеметтік – экономикалық база құру қажеттігін түсінбеді .
Сонымен бірге Фараби жеке әлеуметтік топтардың арасындағы күрес туралы , « байлар мен кедейлер » арасындағы айырмашылық туралы , адамды адамның қанауы мен әлеуметтік әділетсіздік туралы айтқаны мен , ол мемлекеттік құрылыспен қоғамдық саяси өмірдің дамуының себептерін түсінуден аулақ тұрды . Оның адамдардың адамгершілік және қоғамдық өмірі жайлы пікірімен адам қоғамының дамуы туралы пікірі көп жағдайларды абстрактылы түрде шектеулі болды . Фараби « идеялық » қаланың утопиялық сипатын жақын арада болады деп есептеді .
Бірақ Фарабидің әлеуметтік — этикалық қоғамдық философиялық көзқарас жүйесінде жаңа бағытқа жол ашты .
Фараби қоғам мен мемлекет туралы діни – теологиялық ілімнен бас тартты , қоғам мен мемлекеттің ішкі заңдылықтарына сәйкес пайда болуы туралы теорияны ұсынды .
Фараби қоғамның дамуын бағыттайтын басты күш адамның ақыл – ой мен көрегендігі деп түсіндірді .Құдайдың қоғамдық өмірге кедергі жасауын ол адамның белсенділігімен , білімге , бақытқа ұмтылуымен алмастырды . Ойшылдың теориясында құдайдың еркі орнына адамның еркі , « ол дүниедегі » бақыттың орнына бұл өмірдегі шын бақытты ұсынды . Орта Азия , Индия , Иран және басқа шығыс халықтарының философия — әлеуметтік ойларының жетістіктерін жалпылай отырып ежелгі грециялық философиялық қоғам туралы ілімнің барлық мәселелерін қамтитын бірыңғай жүйесін жасады .
Фараби ұлы гуманист болды . Ол соғыссыз қайырымдылықсыз , қанаусыз , жалпыға бірдей бақытты болашақты армандады . Әділеттіліктің , теңдіктің , достықтың өзара көмектің , өзара құрметтіліктің , жоғары мәдениетті қоғамның жерде орнауын армандады .
Адамды жетіле түсуге , бақытқа , молшылыққа жетелеуді көздеген Фараби әділеттілікті халықтар достығын насихаттауды , мәдениетті , ғылымды жасауда барлық адам бірдей екенін уағыздаған гуманистік идеяларды оның өз заманындағы шығыс елдерінің әрі дүние жүзі халықтарының көкейкесті проблемаларымен үндесіп жатады . Сондықтан оның энциклопедиялық мол мұрасы біздің қазіргі 20 ғасырдың аяғындағы әлеуметтік өмір мен мәдениеттің ішіне ұласып кетеді . Фарабидің : « Бақытқа жету жолында барлық халық бір – біріне көмектесетін болса , жер беті түгелімен берекеге толады » — деген сөзі тап бүгінде өте актуалды .
Ол адамның іс — әрекетінде интелекттің / зиялылықтың / ролі аса зор деп бағалады . « Олардың ақыл – ойы халықтар арасыдағы ұрыс – жанжалдардың пайдасыздығын ұғуға жетеді . Сондықтан олар ең жоғарғы игілікке жету жолында , / демек бақытқа жету жолында / бір – бірімен келісімге келуі керек » , өйткені ненің жаман , ненің жақсы екенін тек қана адамның ақыл – ойы шешеді » дейді . Гуманизмді , халықтар достығын насихаттап , адамның өзін , оның ақыл – ойын , қабілет пен жігерін өте жоғары қояды , адамның шынайы бақытын тілейді , оларды тынымсыз іздену , оқу – үйрену арқылы өзін — өзі жетілдіруге шақырады . Тек адамның мінез – құлқына байланысты ғана одан жаман немесе жақсы қылық шығады » , — дейді .
Өзінің көптеген шығармаларында Фараби білімдердің типологиясы туралы мәселеге белгілі бір жәйттерді талдау үстінде ішінара қана тоқталады . Өйткені бір мәселе жөніндегі ол « Ғылымды классификациялау және анықтау туралы кітап туралы кітап » / сөз / , / Китофи ихсо әл улум ва ат – таприб » яғни қысқаша « ЧХСО әл – улум » деп аталатын арнаулы еңбек берді . Еңбек 5 үлкен бөлімнен тұрады . Онда Фараби орта ғасырдағы білімнің классификациясын беріп қана қоймайды , сонымен бірге барлық ғылым саласын сипаттап соларды жан – жақты талдап берді . Мамандардың пікірінше бір трактат аса үздік еңбек , оның құндылығы ғылымдарға жасаған талдаулы өзінен бұрыңғылардан мүлде өзгешелігінде және оған мүлде жаңа тұрғыдан қарайтындығына ғана емес , ғылыми пролблемаларды қамту дәрежесі мен оларды талдаудағы тереңдігі жағынан « Чхсо — әл – улум » сол замандағы теңдесі жоқ жеке – дара озық тұрған бірден — бір терең мағыналы түсіндірілген әлгі ғылымдардың мазмұнымен біте қайнап астасып жатқан еңбек . Сондықтан ғылымның бұл еңбегін орта ғасырдың бейне бір энциклопедиясы іспеттес .
Кіріспе бөлімінде Фараби бұл трактаттың мақсаты ғылымдарды тетелестіре тізіп атап шығу ғана емес , солардың мен тарауларының мазмұнына терең жеке- жеке талдау салыстырып , олардың қайсысы дәлелді , қайсысы пайдалы екенін ажыратуға мүмкіндік алатын болсын дегенді көздейді . Ғылымды білмей тұрып , өзін ғалым етіп көрсеткісі келетін , білгішситін дүмшелерді әшкерелейді . Ондайлардың ғылымға деген көзқарасы терең білімге зерек ақыл – ойына сүйенбей , надандығын , көрсоқырлығына ғана сүйенеді . « Осы кітаптың көмегімен жұрт ғылымдарды өзара салысытырып , олардың қайсысы құнды , қайсысы пайдалы , жетілгені , сенімдісі , күштісі қайсы , әлсіздеуі , мәні кемдеуі қайсы дегенді біле алады » дейді .
Фараби ғылымдарды былай классификациялайды :
1 – бөлім . Тіл туралы ғылым . Ихсо — әл – улум осыдан басталады . Оның 7 үлкен тарауы , бөлігі бар .
2 – бөлім . Логика . Фараби логиканы ойлаудың заңдары мен ережелерін зерттейтін теориялық пәндердің бірі деп есептейді . Оның ғылымның бір саласы деп сипаттап нағыз өнер деп түсінеді . Ол логиканың барлық бөлімдері мен бөлшектеріне талдау жасайды , логикалық ойды жеткізудің әр алуан жолдарын қарастырады , пәннің толық сипатын береді , логиканың міндеті мен құрылымын көрсетеді .
3 – бөлім . Математика заттың сандық , кеңістік қатынастарын зерттейтін математиканы өз алдына дербес 7 үлкен бөлімге бөледі . І . Арифметика; 2 . Геометрия ; 3 . Оптика ; 4 . Жұлдыздар туралы ғылым ; 5 . Музыка туралы ; 6 . Салмақ туралы ғылым ; 7 . Механика .
4 – бөлім .Табиғи және құдайы ғылымдар .
І . Фарабидің түсінігінше , табиғи ғылым , яғни физика – табиғат туралы , оның негізгі принциптері мен бөліктері туралы ғылым . Бұл ғылымның өзі 8 бөлімнен тұрады .
2 . Құдайы ғылым немесе метафизика . Оны құдайы ғылым / әл – иллаһи / деп қарағанымен , Фараби оны табиғаттан жоғары тұрған құбылысты , демек физиканың міндетінен тыс нәрсені зерттейді деп қарады .
Жаратылыс тану ғылымдарының ішінде Фараби зманында медицина ғылымы жақсы дамыды .Антика заманы мен орта ғасырларда философия мен медицина жөніндегі білім бір — бірімен тығыз байланысты болатын . Көпеген философтар дәрігерлікті , дәрігер философияны қатар зерттейтін . Фараби творчестволық мұрасында медицина саласынан да еңбектер бар . Олар ғылымның бұл саланың теориялық негіздерін , оның тарихын өте жітік білетінін байқатады . Оның медициналық — философиялық идеялары тек соңғы кезде ғана совет ғылымдарының зерттеу обьектісіне айналады . Оның медицина проблемаларына арналған « Адам денесінің органдары » , « Адам денесінің органдары жайында Аристотельмен келіспеуіне байланысты Галенге қарсылық » атты трактаттарының орыс тіліне аударылып басылып шыққаннан бері зерттеле бастады . Өзбекстан Республикасының Шығыс тану институтында сақтаулы жатқан қолжазбалардың ішінде Фарабидің « Жануарлардың органдары / денесі / , олардың функциясы мен потенциясы » атты еңбегі бар екені айтылады .
Медицина пәнін , міндет пен мақсатын түсінуде Фараби материалистік позицияда тұрады . Бұл тұрғыдан алғанда ол орта ғасырдағы ұлы ғалым , медик , көп томдық « медицина капондары » атты еңбектің авторы Әбу Әли ибн Синаның тікелей алдында тұрған жол ашары болды . Мамандардың пікірінше , Ибн Сина медицинаның теориясын жасауда Фарабидің жолын ұстап , оның негізгі идеяларын қабылдаған .
5 – бөлім . Азаматтық ғылым мен оның бөлімдері , яғни мемлекет – қала туралы ғылым – « илм мадапия » демек қаланы басқару туралы ғылым , юриспруденция және догматикалық құдайшылық мұнда мемлекетті басқару проблемасы этика мен тәрбие мәселесі қаралады .
Білімнің мазмұн – мағынасын анықтау және оған талдау жасау жөніндегі Фараби ілімі орта ғасырдағы ғылыми ой – пікірдің ең маңызды жетістіктерінің бірі болды . Сөйтіп , ол білім салаларының дамуында және оларды жүйелеуде елеулі роль атқарды . Фарабидің ғылымдарды жүйелеу жөніндегі теориялық – тарихи мәні материалдық заттардың адамның санасынан тыс , өз бетімен дербес өмір сүретін және белгілі бір қасиетке ие болып тұрған құбылыс деп мойындауында , демек мұның бәрі материалистік көзқарасқа негізделген . Ғалымның зерттеулерінде ғылымның әр түрлі саласы бірінен – бірі алшақтатылмайды , қайта өзара байланыста талданады . Әрбір ғылым , материалдық заттың белгілі бір жағын , сапасын зерттей отырып , ақырында бәрі жиналып бүкіл болмысты бейнелеп береді .
« Ғылымдарды талдау жөніндегі Фарабидің еңбегі « Ихо әл – улум » ХІ – ХІІ ғасырларда көне грек , латын тілдерінде аударылды , сөйтіп Батыс Европа ғалымдары арасында жоғары бағаланды . Батыстың кейінгі зерттеушілері оның бұл трактатын орта ғасырдағы ғылымның энциклопедиясы деп атады . Фарабидің ғылымды талдау теориясы сан ғасырлар бойы ғылымның дамуына игі әсерін тигізді , ғылыми мәнін сақтап келеді » .
ІІ – ТАРАУ . ӘЛ – ФАРАБИДІҢ ҚОҒАМДЫҚ – САЯСИ КӨЗҚАРАСТАРЫ.
Фарабидің философиялық еңбектерінде ең негізгі орындардың бірін қоғамдық өмір туралы ілімі алады. Қоғамның шиеленістеріне Фараби арнайы еңбектер жазды .
Фараби қоғамдық өмірдің шиеленісін зерттеуде көптеген сұрақтарды көтереді . Олардың негізгілері мыналар :
1 / Қоғамдық өмір туралы ғылымның мақсатын анықтау .
2 / Қоғамның шығу тегі , құрамы , құрылысы және қоғамдық ұйымдардың түрлері және Фараби көзқарасы бойынша бұл сұрақтарда сынаудың дұрыс еместік теориясы .
3 / Қала – мемлекет , қалалық / мемлекеттік / , ұйымдардың өмірі мен өзгешелігі , мемлекет және оны басқарудың түрлері .
4 / Қоғамдағы адамның орны мен міндеттері , оның қоғамдық қызметі , тәрбие және адамгершілік сұрақтары .
5 / Мемлекеттік ұжымның түпкі мақсаты , бақытқа жету әдісі және жолдары .
Фараби өзінің қоғамдық — саяси трактаттарында Аристотель мен Платонның саяси және этикалық идеяларын кең түрде қолданғанын атап көрсету керек .
Фарабидің ғылымдық мақсаты қоғамдық өмір ғылымның мақсаты мен пәнін анықтаумен аяқталады . Қоғамдық өмір мәселелерін қарайтын ғылымға ол мыналарды жатқызады : илм аль – мадапия / қалалық немесе мемлекеттік ұйымдар туралы ғылым / фикх / юриспруденцияны / және калам / құдайға сыйыну / :
Фараби өзінің негізгі уақытын азаматтық ғылымға / илм аль – мадапия / арнады . Қоғамдық өмір мен мемлекет проблемасына ол өзінің « Азаматтық саясат » , « Бақытқа жету туралы », « Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат » , « Мемлекеттік қайраткерлердің афоризмі » және т.б. еңбектерін арнады .
Фараби қоғамдық өмірдегі ғылымның пәні және мақсатын былайша анықтайды : илм – аль мадапия – азаматтық ғылымды зерттейді .
А) өмірдің әдістері мен сана қимылының түрлерін дәстүр , адамгершілік , әдетімен табиғи бейімділігі .
Б) мақсаты
В) адамдарда көрініс беру .
Г) адам үшін олардың сақталу және басқару әдістері .
Саяси ғылым өмірдің әдісімен қимылдарына ажырата отырып , осы өмірдің әдісімен қимылы арқылы нағыз бақытқа жететіндігін көрсетті : қайырымдылық , ақылдылық , бұған қарама – қарсы зұлымдық .
Азаматтық ғылымның міндеттеріне нағыз бақытқа жеткізетіндігін қайырымдылық қимылдары мен адамгершілік қимылдар жатады . Саяси ұйым басшының міндеті осындай адамгершілік қимылмен оның сақталуын қамтамасыз ету болып табылады . Бұл міндеттің орындалуы басшыдан мемлекетті басқару талап етеді , сонымен бірге басқару өнерінің білімділігін талап етеді .
Басқарудың екі типі болады .
І . Нағыз бақытқа жеткізетін моральдық белгілер мен өмірдің әдістерімен орнатуға бағытталған ; мұндай басқарудағы мемлекет қайырымды мемлекет және мұндай басқарудағы қала да , оның халқы да қайырымды болады .
ІІ . Басқару бойынша білімі жағынан кенжелеу мемлекет болады ; бұл мемлекеттің қала тұрғындары да мәдениетсіз , білімсіз болады .
Фараби қоғам мен индивид гармониясының идеясын дамыта отырып , мынадай қортынды жасады : мемлекетке адам пайда келтіргенде ғана күшті , дамыған мемлекет болады . Үлгілі мемлекет қандай болу керек ? Ондай мемлекет жетілдірілген , дамыған иерархиялық құрылыстағы мемлекет болу керек . Мұндай мемлекетте « Әрбір адам » бір өнермен шұғылдануы керек , немесе сол өнердің болашақ басшысы сол өнерді игеруі керек : Фараби Платон сияқты өзінің идеалдық мемлкетінде адамдарды сословиесіне байланысты кәсіптік белгісіне қарай бөлді . Жоғары сословиені « бақытты адамдар » құрады , яғни философтар – дейді Фараби басқа адамға бақытқа жететін жолды көрсете алады . Яғни қаланың басшысы ретінде қоғамға керек . Мемлекет бақытқа кенелетін екінші сословиелер дін қызметкерлері , шешендер , ақын – музыканттар , хат шеберлері , өлшегіштер . Үшінші сословиені Фараби « өлшегіштер » деп атады . Оларға : математиктер , геометриктер , дәрігер , астрономдар жатты . Төртінші « әскери адамдар » , бесінші қаланы байлыққа кеңелтетін « байлар » деп атап көрсетті .
Бұндай идеялық мемлекетте адамның қоғамдық жағдайы байлығына байланысты емес , оның біліміне байлаысты болады . Осы пікір арқылы Фараби ақша ауқатты қаланың басты шарты дегендерді айыптады .
Платонның идеялық мемлекетінде азаматтардың қызметтері бөлінді : философтар мемлекетті басқарса әскерлер оны қорғадығ, жер өндеушілер қол өнершілер тұтыну өнімдерін шығарады . Бірақ Платонның міндеттері мен праволарды иерархиялық бөлуі мемлекетте касталық бөлісті жандырады . Ол Фараби сияқты адам туылғаннан бақытты деген идеяны жақтады . Платон бойынша философтардың білімі философтардың сословиесі үшін керек , қолөнершілердің білімі қолөнешілер сословиесі үшін керек деді . Сондықтан бұл Платондық иерархияда бір сословиеден екінші сословиеге өтетін мүмкіндікте , қозғалыста жоқ , ал мемлекеттің игілігі үшін ешқашан бұзылмақ емес . Бұған қарама – қарсы Фараби білімі тәрбиеге байланысты , сыртқы жағдайға байланысты беріледі деді .
« Әр адам өзінің табиғаты , — деп жазды Фараби , — өзінің өмір сүруі және жетістіктерге жетуі үшін көптеген қажеттіктерді зәру етеді , оған өзінің күші , жағдайы жетпейді , ал өзінің мұқтаждығын өтеу үшін жұрттардың бірлестігінің , қоғамдастығының әрқайсысының әр түрлі көмектерін қажет етеді , бірлестіктің барлық мүшесінің қызметі әркімге өзінің өмір сүруі және жетістіктерге жетуі үшін барлық жағдайды жасайды » .
Осындай негізде Фараби адам қоғамы пайда болуының табиғи теориясын ұсынды . Тек басқа адамдармен қарым – қатынаста ғана , әлеуметтік топта ғана адам өмір сүруі мүмкін . Адамдардың бірігуінің себебі олардың материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандырудағы мұқтаждығы болып табылады .
Фараби адам қоғамының пайда болуында еңбектің маңызы мен ролін түсінбеді . Ол қоғамның пайда болуында материалдық қажеттілікті бірінші орынға қоя отырып , биологиялық көзқарасты жоққа шығарып қоғамның мәнін ашуда алға қарай елеулі қадам жасады .
Фараби қоғамды ұлы , ортақ , кіші қоғам деп үшке бөлді . Ұлы қоғамда жерде тұратын барлық адам біріккен ; Орта қоғамда жеке халықтар біріккен ; ал кіші қоғам тек қана халқын ғана құрайды . Қала осы қоғамның алғашқы сатысы болып табылады . Халық қалалық бірігуге қарай бөлінеді . Ал адамзат қоғамы халықтарға қарай бөлінеді . Халықтар бір – бірінен үш белгісі арқылы ажыратылады : табиғи әдеттерімен дәстүрі бойынша мінезі , тілі бойынша .
« Бір халық екінші халықтан үш белгісі бойынша : табиғи әдеттері , табиғи мінезі , үшінші ойды білдіретін құралы тілі арқылы ажыратылады ».
Мемлекет туралы ілімінде Фараби мемлекеттің ішкі және сыртқы міндеттерін анықтап көрсетеді . Мемлекеттің сыртқы міндетіне қайырымды қала тұрғындарын қорғау немесе елді сыртқы жаулардан қорғау , яғни қорғаныс ұйымдастыруды аттайды . Соғысты Фараби әділетті , әділетсіз деп бөлді . Әділетті соғыс игілікті мақсаттарға жету үшін жүргізіледі және де онда қылмысты айыптау болады . Ал әділетсіз соғыстар қайырымды қала тұрғындарының мүддесіне бағытталады , яғни ол жеке басшылардың мүддесінен туындайды .
Мемлекеттің ішкі міндеті бұл тұрғындардың бақытқа жеткі жолын қараастырады : әділеттілік орнату , халыққа білім беру , тұрмыс туралы ілімге оқыту оларды адамгершілікке тәрбиелеу , бақытқа жеткізетін әдеттерді тарату болып табылады . Экономикалық мәселемен шектелетін мемлекет Фарабидің есептеуінше мәдениетсіз мемлекет .
Фараби дін бақытқа жетудің құралы деп түсінді. « Әр түрлі қайырымды қалалар мен халықта әр түрлі дін болуы мүмкін , бұлардың бәрі дінге сеніп мақсатына жетуге ұмтылады » .
Фараби өз трактаттарында қоғамдық саяси мәселе бойынша халық билігімен демократия жайлы айтады. Мәдениетсіз қалалардың барлық түріне қарама – қарсы қайырымды қалаға ең жақыны коллективті қала дейді . Бұл қаланың тұрғындары барлық іс – қимылды тең құқылы , бұл жерде бағыныштылар мен билік етушілер жоқ . Ал қаланың басшылары құрметке иеленгендер ғана бола алады . Фараби бостандықпен тең құқылыққа ықыласпен қарайды , бірақ басшысыз , оның өкіметінсіз жалпыға ортақ бақытқа жету мүмкін емес деп есептейді .
Фарабидің дәуірінде мемлекеттік басқарудың билік етуші түрі феодалдық монархия болды. Онда бұқараны қатал қанау , елдердің арасында санысз тонаушылық соғыстар болды. Сондықтанда Фарабидің басқарудың коллективік , топтың үлгісі туралы идеясы , демократиялық әділетті , ақылды басшы туралы идеясы , ол заманда утопия — қиял еді .
Фарабидің ойы бойынша қоғамның жетілген алғашқы үлгісі болып
« қала » есептелді , ол одан төмен тұратын бірлестік мысалы ауыл тұрғындарының қоғамы , « толық емес » қоғам болып есептелді . Село немесе ауыл қаланы барлық қажетті азық – түлікпен қамтамасыз етеді . Фараби ауыл , селоның ролін толық бағаламады . Мұның себебі оның уақытында көзге түсерін өзгерістердің ең күштісіде , үлкеніде қалада болып жататын еді. Фараби қоғамында қоғам өмірінде қаланың ролі сауданың , мәдениеттің бастаған көзі еді .
Өзінің « қайырымды » және « қайырымсыз » қалалардың әр түрлі мінездемелерімен классификацияларында Фараби қоғамның жетілдірілген әлеуметтік құрылымы қайта жасады . Ол қала – мемлекеттің қоғамдық өмірінің толық мінездемесін береді . Фараби « адамның жануарлар әлемімен бөлініп тұратыны ақыл ойы және тәнінің жетілдірілгендігімен , бірақта адам одан әрі жетіле түсу үшін ол тіл және әр түрлі өнерге зәру » — деді .
Фараби өз қоғамындағы дамып танылған өнердің әрқилы түрлеріне көңіл бөледі . Олар жер шаруащылығы , малшылық , балық аулау , тігіншілік , бишілік өнері , дәрігерлік , шешендік , заңгерлік .
Фараби мемлекеттің міндетін және оның ішкі және сыртқы міндеттерін толық анықтап береді .
Сыртқы міндеті мемлекеттің қайрымды қала тұрғындарын немесе мемлекетті сыртқы жануардан қорғау , яғни күшті қорғаныс ұйымдастырумен жүктеледі .
Ішкі міндеті мемлекеттің өз халқының бақытқа жетуі үшін көрнекті шараларды іске асыру керек : Әділеттілікті орнату , халықты оқыту , оларды керекті ғылыммен толықтыру оны адамгершілікке тәрбиелеу , қайырымдылықты тарату және ең жақсы бақытқа жеткізілетін әдеттерді бойға сіңіру . Қалған мәселелердің бәрі – экономикалық және саяси мәселелер – негізгі міндетке бағынады , яғни адамдардың бақытқа жетуі олардың рухани жетілуіне тәуелді . Экономика мен саясатты басты міндет етіп қойған мемлекеттерді Фараби қайырымсыз , мәдениетсіз деп аталады .
Фарабидің дінге қатысында қызықтыратын мәселелердің бірі . Фарабидің есебінше дін бақытқа жету үшін қызмет ету керек . « Әрқилы қайырымды қалалар мен халықтардың әр түрлі діні болуы мүмкін , олар бәріде бір бақытқа сенеді және де бірі мақсатқа ұмтылады ».
Фарабидің діни ілімдерге мұндай қатынасы , адамның бақытын діннің алғышарттарымен міндеттерінен жоғары қоюы оның жалпы философиялық концепцияларымен туындайды . Дін мен мемлекеттің барлық шараларын , қызметін және адам бірлестіктерін барлық адамдардың бақытқа жету жолына бағындыруы Фарабидің орта ғасырдың ұлы гуманисі екендігін көрсетеді .
2.1. Әль – Фарабидің гуманистік көзқарастары .
Әбунасыр Әль – Фараби философиялық ойлаудың обьектісі ретінде адам және адамзат қоғамы мәселесін қарастырады . Бұл мәселені Алла шешті деп , ал оның жауаптарын Құран кітабында жазылған деп есептеген , ортодоксальды дін иелеріне қарама – қарсы Әл – Фараби философиялық көзқарастарды жақтады . Әл – Фараби дәуірі кезінде философия алдында бүтін гармониялық екі абсолюттік қарам – қарсы бағытқа бөлінбейтін құдайшыл адамзат өмірінің тұрмысын құру мәселесі тұрды . Осы мәселені шешуді Әл – Фараби бар ынтасымен рациональды білімнің бүкіл қоғамға және адамға қажетті екенін дәлелдеуге тырысты .
Әл – Фарабидің адамгершілік қасиеттері ой – сана , бақыт және адамгершілік туралы өз еңбектерін байқатуға болады . Фараби дәуірінде экономика , мәдениет және ғылымның өсуі сол кездегі ойшылдардың адам санасының күшіне сенімін нығайтуға әсер етті . Адамның талантын , білімін , оның дарындылығын мойындау күшейді . Бір кедегі ертедегі грек философиясы революцияшыл болды . Сол кезде антикалық орта өзінің тілінде өз ойын айта алды . Мысалы : адамға берілген анықтамада былай деген : « Жануар екі аяқты және түксіз » .
Фараби адамның тұрмысының мақсаты одан шығатын адамның ақылдылығынан деп түсінді . Аристотель ізімен Әл – Фараби әрбір заттың табиғаты өзі қолданылатын тұрмыста алатын орнымен бағаланды деді . Ол адамның ортада өзін еркін ұстау керек екенін айтты . Фараби адамдарды дүние танымда ерекше болды . Ол « адамдарды ақылды жануар » деді .
Фарабидің айтуынша адам өзінің жетілу жолында « адамдықтың баспалдағынан » өтеді . Оның үш жолы бар :
- Потенциалды ақыл – ой .
- Игерілген ақыл — ой .
- Күшті аыл – ой .
Бұл адам ақылын жетілдіру идеясы Фарабидің сологиялық теориясының логикалық тұжырымы .
Фарабидің « бақыт туралы ілім адамның өмірінің мүддесі » деген теориясы оның ақыл – ой туралы ілімінде жазылды . Фараби заманында бақыт туралы оның табиғаты туралы , оған да орын алған ең маңызды мәселелердің бірі .
Бақыт ақыл – оймен , қайырымдылықпен негізгі катеогориясы және оның қоғамдық саяси сипаттағы « азаматтық саясат » , « бақытқа жету жолын көрсетілетін кітап » , « Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы туралы» сияқты шығармаларының басты тақырыбы болды .
« Адам үйлесімді өмір сүру үшін бақыт қажет » — деді Фараби . Ол Платонның соңын ала бақыт неден тұрады , оның табиғаты қандай ? деген сұрақ бойынша жауап іздеді .
Бақыт сұлулықты ма , байлықты ма , атақ – абыройды ма деген сұраққа жауап берді .
Фараби , Сократ , Аристотель , Платонның « адамның екі өмірі болады » деген пікірімен келіспеді . Олар адмның бірінші өмірі жер бетіндегі өмірі , екіншісі өлгеннен кейінгі өмірі . « Адамның аллғашқы және соңғы қызметі болады , соңғы қызметі бұл өмірде емес , ол дүниеге сәйкес келеді . Адам бұл өмірде өзі қайырымды болмасада қайырымды істер жасайды » . Фараби бойынша адамның қайырымдылық санасы бүкіл өмірінде созылып , ал ол өлгенде аяқталады , сондықтан « Өмірді сүю қажет , өмір адамға қайырымдылық жасауға , бақытқа жетуге мүмкіндік береді » . Сондықтан адам өлімнен қорытпау қажет , ол дүниеде қайырымдылық та , зұлымдылық та жоқ .
Фараби баытқа жету заңында адамдардың теңдігін жақтады . Ол , әрбір адам туған кезден бастап бақытқа жетуге мүмкіндігі бар » — деп есептеді . Фараби феодализм заманының өкілі ретінде бақыттың мынадай түрлерін айтты : көрінісі , саны , сапасы бойынша . Бақытты бұлайша бөле отырып ең бақытты адам ақылдылар , философтар деп санады .Фараби бақыттылықты қайсы бір әлеуметтік топтың өкілі екеніне қарамастан адамның білімділігімен байланыстырады Феодалдық топтың идеологы ретінде ол қоғамның төменгі топтары бақыттан кенде деген ойда болды . Бұған біз Фарабидің бақыт туралы ілімнің тарихи шектеулігін көреміз .
Аристотельдің санын ала Фараби қайырымдылықты этикалық және рационалды деп бөлді . Этикалық қайырымдылыққа ерлік , ақкөңілділік , әділеттілік , ал рационалды қайырымдылыққа ақылдылық , интелект / жан — жақтылық /, мидың өміршеңдігі жатады .
Бірінші бұл бөлу формальды түрде болды . / Осы арқылы / яғни қайырымдылық ілімі арқылы ойшыл этикалық және рационалдық адамгершілік пен ақыл – ойдың байланысын көрсетіп оның кім танымаса сынға алды . « Ақылдылар – деп Фараби зұлымдықтан қашатын , қайырымдылық жасай алатын адамдарды » — атады .
Егер осы « ақылдылық » этикалық мәнде болса , онда этикалық қайырымдылық ақылдылықтың белгілері болады .
Қайырымдылықты үйренуге бола ма ? Бұл Фараби үшін өте маңызды мәселе болды . Оның шешілуін адамның жеке қызметінің идеясымен адамшылықтың жоғарғы шыңына — бақытқа жетуімен байланыстырады . Көне гректік философияда бұл мәселе Сократ , Аристотельді де ойландырғаны туралы бізге мәлім . Олардың бәрі де « шын және нағыз қайырымдық адамға табиғат арқылы әсер етеді » деген тұжырымдар жасаған.
Фараби жаңа туылған нәрестенің ақыл – ой , миы , таза болады , қайырымды және зұлымдықтың ешқайсысын таңдай алмайды , қайырымдылық адамның өмірінің процесінде жиналады деп есептеді . Фараби « адам ақылды немесе ақылсыз болып пайда болмайды , ол туғаннан табиғатынан тігінші немесе хатшы бомайды » — деді . Ақыл өзінің ақыл – ойы арқылы қайырымдылықпен зұлымдылықтың ара — жігін ажырата алады , ол қайырымды және зұлымдық істерді қайталай отырып нақтылы бір мінездерді меңгереді .
Фараби қайрымдылықты үйретуге тәрбиемен оқудың маңызды роль атқаратын айтып өтті . Жақсы мінез ақыл – оймен бірге қайырымдылықтың шарты болса , Фараби грек ақыл – ой иелері сияқты адамның қайырымды болуында оның сезімінінде маңызды роль атқаратынын атады . « Адам дүниеге келгенде таза мектеп тақтасындай болады , тақта бетіне әр адам өз қолжазбасын жазып қалдырғандай кішкене нәрестенінде таза санасына өсе келе әр нәрсе жазылады » — деді Фараби . Бұл оның еңбектерінде деп аталды.
Орташа іс – қимылдарды Фараби адамның денсаулығы үшін пайдалы есептеді . Ол адамнан тәртіпті талап ететін шара сақтауға оқытты. Шара / меры / сақталмаса – деді философ , адам ешқашанда бақытты бола алмайды .
Еріктің күшімен еркіндіктің байланысы туралы Фараби ойының негізгінде адамның қайырымды болуы үшін ең көректі еркіндігі туралы терең гуманистік идея жатыр . Фараби « Кул » деген ұғымды шектеулі түрде қарайды , оның әлеуметтік мазмұнын ашқысы келмейді . Фарабидің ойынша құл стоиктердің / бірде материализмді , бірде идеялизмді жақтаушылар / пікірі сияқты сыртқы жағдайда ешқандай билігі жоқ . Стоиктер адамның еркіндігін оның іішкі тәуелсіздігін сақтауда деп біледі , ал Фараби болса адамның еркіндігі адамның еркіндігі адамның қайырымды іс жасауға бағытталғанында деп қарастырды . Бұл екі жағдайда да құл туралы түсінік шектеулі болды . Оның әлеметтік өмірі ескерілмеді бұдан шығатын қорытынды құл өзін өзгертіп , еркіндіктемін деп сезінсе болғаны . « Игілікті болып табылатын әрекеттер – екі қарамам – қарсы шектіңс арасындағы ұнамды істер , ал ол екі шектің екеуі де жаман әрекеттер : біреуі – молшылық , екіншісі – тапшылық . Дәл сол сияқты қайырымдылықта екі түрлі күйдің арасындағы рухани күйлер мен қасиеттері , ол екі шеткі күйдің екеуі де теріс жағдай : біреуі — ысырапшылық , екіншісі – тапшылық . Мәселен таза ниеттілік бұл екеуінің бірі — құмарлық – ысырапшылық , екіншісі – тапшылық . Мырзалық – сараңдықпен ысырапшылықтың аралығы. Ерлік – ессіздік пен қорқақтықтың аралығы . Қарапайымдылық – қасиет , бір жағынан , ұялшақтықтың аралығындағы адамгершілік қасиет . Ізгілік – бір жағынан , мақтаншылықтың , менмендіктің , атаққұмарлықтың және екінші жағынан мүсәпіріліктің аралығы . Мейірбандық – шексіз ашу мен адамның мүлде еш нәрсеге ашуланбайтын күйінің аралығы . Ұялшақтық – бір жағынан ұятсыздықтың және , екінші жағынан , жасқаншақтық пен ұяңдықтың аралығы . Достық көңіл – жек көрушілік пен жармасақтықтың аралығы » .
Фарабидің ойынша адам құдайдың араласуынсыз белсенді түрде еңбек етіп өзін жақсы үлгіде тәрбиелей отырып қайырымды бола алады . Фараби қайырымдылықты үйренудң маңызы туралы бір жағынан ұятсыздық тың және , екінші жағынан , жасқаншақтық пен ұяңдықтың аралығы . Достық көңіл — жек көрушілік пен жарамсақтың аралығы ».
Фарабидің ойынша адам құдайдың арасуынсыз белсенді түрде еңбек етіп жақсы үлгіде тәрбиелей отырып қайырымды бола алады . Фараби қайырымдылықты үйренудің маңызы туралы жаза отырып , әрбір адам бақытты , бірақ оған жететін жолды біле алмайды . Бұл адамдар үшін мұғалім немесе басшы , яғни бақытқа жететін жолды көрсететін адам қажет . Қайырымдылар әртүрлі әдіс бойынша бөлінеді : оқуы , тәрбиесі және сенімі бойынша . Осыларды пайдалану арқылы Фараби адамдарды халық , бұқара , ғалымдар деп үшке бөлді . Ғалымдар – қайырымдылықты меңгерген адамның таңдаулы өкілдері . Бұлар білімнің қайнар көзі бұқара сияқты қоғамдық пікірді танумен анықталады .
Фараби қайырымдылық барлық адамдарға керек деп оқытты .
Ақыл – ой , бақыт , қайырымдылық Фарабидің ілімінде гуманистік принцип болып қарастырылады , оған адам өзінің жеке күші арқылы жетуге мүмкіндігі бар . Бұл мақсаттарға жетуге ұмтылатын жан ретінде адамды қарастыра отырып Фараби прогрестік даму идеясын алады . Ақыл — ой , бақыт , қайырымдылық , « бостандық » , « теңдік » сияқты Фарабидің көзқарасында адамның тұрмысына қатысты . Білімнің бұл бағалылығын : қаырымды , ақыл – ой , ерік , бақытты болу үшін білу керек және тану керек . Білім – бұл барлық қоғам мен жеке адам үшін бағалықты меңгеру құралы .
Фарабидің адам концепциясы оның әр компоненттегі орын туралы көзқарастық мәселенің шешілуімен байланысты : құдай – бейбітшілік — адам — қоғам және бұлардың арасында құдайдың мәні туралы , құдайдың бейбітшілікке қатынасы туралы , олардың адамға ықпалы туралы , адамның табиғаты туралы бір – бірімен байланысты .
Әл – Фараби жаңа мәдениет жағдайда құдай мәселесінің шешілінің шектеулігін түсінді : құдайдың ашарлық концепциясында құранның концепциясымен салыстырғанда еш қандай өзгеріс болмайды , ал құдайдың мутазилиттік концепциясы оны қанағаттандырмады . Алайда бұл құдайдың мутазилиттік концепциясы философияның талабына жауап бере алмады , сонымен бірге адам және адам қоғам арасындағы байланыстың қалай іске асырылатыны жөніндегі сұраққа да жауап бере алмады . Сөйтіп мутазалиттер құдайдың бейбіт өмірге қатынасын қарастырмады , орта ғасырлық дәуірде негізгі көзқарастық мәселені ашық қалдырды . Мұсылман ретінде өз дәуірінің ұлы ретінде Фараби бір ғана құдайды танып « Құдай бар деген мәселені қойды ». Өз дәуірінің әлеуметтік мәселесін шеше отырып Әл – Фараби құдайдың жеке адаммен және қоғаммен байланысын қалай іске асыруын көрсетуге тиіс болды .
Құдайды тану , құдай мен адамның қарама – қарсылығы туралы исламдық ілімді игерген гуманистік көзқарастың дамуына жағдай жасады .
Фараби адамның жеке бас құндылығын дәлелдеуді алдына мақсат қойды . Сондықтан оның бұл мәселені шешуі Фараби мен Плотиннің обьективтік – идеялистік құрылымына қарамастан , плотиндік шешуден өзгеше болды . Құдайды түсінудегі өзгешілік тұрмыс пен өмір сүру туралы мәселені шешуге әсер етті .
Әл – Фараби үшін екі тұрмыс бар ? Олар жоғары орта және материалдық дүние – бір — бірімен тең және бір – бірін толықтырып отырады . Материалдық дүние әдемілікке , дауыс ырғағының дұрыстығына толы . Оның өмірі тұрмыстың жоғарғы сферасына байланысты емес , ол өз заңы бойынша дамиды . Фарабидің ойынша құдай материалдық дүниеге араласпайды .
Фараби қоршаған орта екі себеп бойынша өмір сүреді : өмір сүруге , не өмір сүрмеуге мүмкіндігі бар . Фарабидің бұл тұжырымы оның алғашқы , Құдай бар , оның болмауы мүмкін емес » — деген тұжырымымен бесігі іспеттес .
Материалдық дүниенің дамуы төменнен жоғарыға қарай , төрт элементтен тұратын алғашқы материядан : от , су , жер , ауадан өсімдіктерге , жануарларға тұрмыстың сатысы адамға қарай жүреді .
Фараби төртеуінің арасуынан құралғанда элементтермен алғашқы материядан бөлінгендігін көрсетеді . Күрделі араласудан минералдар пайда болса , онда күрделі араласудан ақыл – ойдан жүрдай жануарлар пайда болады ; ол адам ең соңғы күрделі араласудан пайда болады .
Адамның денелік және рухани тұрмысы болады . Фараби бұлардың арасындағы байланыстық материя мен форма арасындағы қатынаспен салыстырады . Материямен форманың бөлек өмір сүре алмайтығыны сияқты , денеде тәнсіз өмір сүре алмайды. Материя формаға қатынасында алғашқы болса , денеде тәнге алғашқы қатынасы болып табылады . Адамның орны туралы Фарабидің ілімінде адамды табиғаттың бір бөлігі ретінде материалистік түсінудің тәсілін көреміз .
Жетілген адам туралы ілімінде Фараби , ойшылдық адамгершілік – этикалық утопиясы толығымен көрінді . Оның әділ басқарушы және қайырымды қала туралы ойы Таяу және Орта шығыстың сол кездегі халқының « әділ » « қала » және әділ басқарушы » туралы арманымен бірікті , Фараби қоғамындағы халықтар осы арманды іске асыру үшін феодалдарға қарсы көтеріліске шықты .
Әл – Фарабидің этикасының ең жоғарғы категориясы – бақыт , өйткені басқа бірдене үшін емес , тек өзі үшін қажет болатын игілік және ең жоғары игілік осы бақыттың бойына шоғырланған . Атап айтқанда этика және оның практикалық мағынасы осы шеңберде ұштасады , дүниенің жалпы үйлесімін , оның құрылысының сұлулығын ұқпайынша шын бақытқа жетуге болмайды .
Бірақ әділеттіктің о дүниеде қамтамасыз етілу мүмкіншілігі , тіпті де бұл дүниедегі өмірге мейлінше жиренішпен қарау деген мағынада түсінілуге тиісті емес . Әл – Фараби былай дейді : « Қайырымды адам өзінің өлімін зорлап жеделдетуге тиісті емес , өйткені өмірге деген сүйіспеншіліктің өзі ізгіліктің сарқылмас көзі болып табылады » ,
Жеке бастың тұрғысынан қарағанда , бақыт дегеніміз , Әл – Фарабидің пікірінше , адамның адамгершілігіне негізденеді . Ол ұғымға зеректік пен терең ақылдылықтың үстіне , жақсы мінез – құлық та кіреді . Бұл соңғы қасиет адамның іс — әрекетінен тіпті тәуелсіз жатқан әуел бастан берілетін бірднене емес Жазу өнерінде жетіле түсу шеберлікке жеткізетін сияқты , абзал іс — әрекеттерді үйрену , осыларды зорлау жолымен емес , қуанышқа кенелетін табиғи жолмен әдетке айналдыру жақсы мінез – құлықты қалыптастырады . Мінез – құлықтар іс — әрекеттер арқылы және керісінше көрінеді .
Ақыл – ой , адамгершілік этикалық – адамгершіліктен айырғысыз нәрсе : ақылды , демек , ол адамгершілігі мол , қайырымды адам . Жетілу үшін өзіңе өзін барынша адал болуың қажет , мұның , әсіресе өз бойыңда бар абзал қасиетті тани білуге , соларға ие болуға және соны дамытуға қатысы бар .
Фарабиді шығыстың Аристотелі деп танимыз. Ол ғылымның алуан түрлі саласын – философия мен логиканы , математика мен физиканы , астрономия мен ботаниканы , минерология мен лингвистиканы , медицина мен музыка зерттеумен қатар социологиямен этика , эстетиканың мәселелерін де естен шығармаған .
Этика Фараби мұрасының ішінде үлкен орын алады . Этиканы ол ең алдымен жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады .Сондықтан оның этика жөніндегі концепцияларында жақсылық , мейірбандық басты роль алады. Жақсылық өмірдің мазмұн – мағынасының бір бөлігі , сондықтан ол өмірмен біте қайнап жатыр , Ал жамандық жақсылық сияқты емес , ол болмыс жоқ жерден пайда болған дейді . Ұлы ғалымның осынау этикалық ойларынан терең гуманизмнің лебі еседі , ол адам баласын жаратылыстың , бүкіл жан иесі атаулының биік шоқтығы , сондықтанда адамды құрметтеу , қастерлеу керек деп түсінді . Бірақ жамандықты жақсылық жеңгенде ғана адам баласы ізгі мұратына жетеді деп қарайды .
Фараби бұл салада жасаған қорытындының басты түйіні – білім , мейірбандық , сұлулық үшеуінің бірлігінде Фарабидің гуманистік идеялары әлемге кең тараған . Ол ақыл – ой мен білімнің биік мәнін , халықтар арасындағы туысқандық принциптерін егіле жырлады , адамгершілік мораль мәселесін діни тұрғыдан берілетін негіздеу тар шеңбердегі тайыз далбаса екенін көрсетті . Ол өз заманындағы қоғамға тән феодалдық моральдық жағымсыз жақтарын сынады . Оның еңбектерінде берілген көптеген этикалық тұжырымдар қазіргі заман жағдайында да өзінің танымдық мәнін жойған жоқ .
Шешендік , өнер . музыка , поэтика т.б. жөніндегі еңбектерінде айтылған көркемдік – эстетикалық көзқарастары әлі күнге мәнін жоймаған . Оның ой – пікірлері принципті түрдегі аса маңызды зор эстетикалық ой- пікірлері ғасырлар белесінен асып , біздің заманғка жетті , олардың әліде мәні зор . Фараби шешендік туралы былай деді : « Шешендік — әңгіме жүргізу қабілеті , оның көмегі арқасында қолдауды немесе аулақ болуды керек қылатын жеке мүмкін заттар жөніндегі әңгімелесушіні сендіру шеберлігі қалыптасады . Алайда мұндай қабілетті игі істер үшін , пайымдағыштар игі істер үшінде , ал сұмдар пасықтық істер үшін пайдаланады ».
Ұлы ойшылдың көз тіккен эстетикалық проблемаларының ауқымы үлкен , шеңбері кең . Соны зерттеу үстінде ол өзінен бұрыңғы ұлы ойшылдардың прогресшіл дәстүрлерін бойына сіңіріп , ілгері дамыта отырып , заман талабына нақтылы тарихи байланыста Әбу – Наср әл – Фараби сан ұғымын оң нақты сан ұғымына дейін кеңейту туралы аса маңызды идея ұсынды . « Ғылымдардың шығуы » деп аталатын трактатында математиканың шығу тегі мен себептерін ашуға тырысады . « Евклидтің бірінші және бесінші кітаптарының кіріспелеріндегі қиын жерлерге түсініктеме » деп аталатын еңбегінде математиканың методология, мәселелері жөніндегі құнды – құнды пікірлер айтқан . Ол ұзақ уақыт мінсіз , мүлтіксіз саналып келген Евклид . « Негіздерін » сынауға , өңдеуге , түзетуге болатынын іс жүзінде көрсетіп , математиктерге дұрыс жол сілтеген. Әбу Наср әл – Фараби математиканың философияның іргетасын қаласумен қатар , оны табиғат құбылыстарын зерттеуге батыл , қолданудың қасиеттігін іс жүзінде танытты . Әбу Наср әл – Фарабидің пікірінше , математика анық , ақиқат білімді береді және басқа ғылымдардың дамуына күшті ықпал жасайды . « Астрологиялық болжамдарда да не дұрыс , не
теріс » деп аталатын еңбегінде ол ғылыми , астрологияны астрономиядан бөліп қарап , Аристотельдің логикалық шығармаларында айтылған қағидалар мен жаратылыстану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып , белгісіз , кездейсоқ құбылыстарды жағдайға сай өзіндік жаңалықтарды қосты . Эстетика мәселесі жөніндегі айтқан соны пікір тың идея , батыл тұжырымдар оның көптеген шығармаларында кездеседі .
Адамның бойына , халықтар мен қала тұрғындарына тән және бұл дүниеде тиесілі бақытқа жетуіне , о дүниеде асқан рахатқа кенелуіне септігін тигізетін төрт түрлі нәрсе бар : теориялық ізгіліктер , ойшылдық ізгілік , этикалық және практикалық өнерлер .
Теориялық ізгіліктер дегеніміз – түпкі мақсаты — өмірде бар нәрселерді зерттеу болып таьылатын және пайымдағы мазмұны өзінің көздеген мақсаттарын ған қамтитын білімдер .
Ойшылдық ізгілік дегеніміз — әлденедей бір ізгі мақматқа барынша көп пайда келтіретін ізгілік .
Этикалық ізгілік дегеніміз – ойшылдық ізгілікпен біріккен табиғи ізгілік .
Практикалық өнерге – екі түрлі әдіспен жетеді.
І . Иландырғыш нақыл сөз сезімге әсер ететін нақыл сөз және басқа нақыл сөздер әдісі арқылы жетеді .
2 . Өз еркімен , өз қалауы бойынша жөнге келмиейтін және сөзге құлақ аспайтын бүлікшіл , көнімсіз қала тұрғындары мен халықтарға қолданылатын күштеу әдісі арқылы жетеді .
Әйтседе оның негізгі эстетикалық – тнориялық ой пікірлерінің негізгілері : « Риторика » , « Поэзия өнерінің каноны туралы » , « Поэзия өмірі туралы » т.б. еңбектерінде жатыр .
Музыка зерттеу саласында Фараби әр алуан шығармаларда кездейсоқ құбылыстарды алдын ала болжауға болатынын немесе болмайтынын ажыратуға тырысады . Әбу Наср әл – Фарабидің бұл пікірлерінің кейіннен ықтималдар теориясының философия , логика , негіздерін қалыптастыруда маңызы зор болды. Ол математикалық , жаратылыстану саласында ірі еңбектер жазған . . Әбу Наср әл – Фараби ежелгі гректің ұлы математигі және астрономы Птолемейдің «Алмагесіне » көлемді түсініктеме жазған . Бұл еңбек « Алмаске түсініктеме » деген атаумен белгілі . Астрономия және математика тарихында үлкен маңызы болған Әбу Наср әл – Фарабидың бұл трактаты тригонометрияны дамытуға да игі ықпал жасады . Ол өзіне дейінгі және тұстас математиктердің еңбектеріне сүйене отырып , тригонометрия сызықтар жөнінде өз ілімін жасады . Мұндағы негізгі бір жаңалық Әбу Наср әл – Фараби синус , косинус , синус – ферзус , тангенс , котангенс сызықтарын бірыңғай радиусы тұрақты шеңбер ішінде қарастырады . Олардың арасындағы бірсыпара қатынастарды ашты , Әбу Наср әл – Фарабидің трактатын матем , тарихшылары осы уақытқа дейін атақты Хорасан математигі Әбу – л – Уфа теліп келгені анықталады . Әбу Наср әл – Фараби арифметиканың саласында « Теориялық арифметикаға қысқаша кіріспе » деп аталатын еңбек жазған. Музыка туралы зерттеу саласындағы еңбектерінде Фараби музыканың емдік қасиетін , жағымды әсерін , жан – жақты дәлелдеді. Оның тәрбиелік мәні зор екенін баса айтты . Адамның музыка шығару қабілеті дәрежесін көрсетті , адамның жан дүниесіне жақсы , жаман әсер ететін музыкалық жанрларға талдау жасады .
Фарабидің қоғам , этика , эстетика жөніндегі пікірлерінің қалыптасуына себеп болған жағдайлар ремсигі :
І . Фарабидің әлеуметтік – этикалық , эстетикалық ой – пікіріне көне грек заманының ұлы ойшылдары ықпал етті . Бірақ ол өзінен бұрыңғы ұлы ғұламалардың идеяларына сын көзімен қарады , олардың идеялистік , мистикалылық пікірлерін қабылдамады . Әсіресе , Платонның мұндай жақтарынан бойын аулақ салды .
ІІ . Фарабидің әлеуметтік – утопиялық идеясының , адам бойындағы ең жоғарғы моральдық қадір – қасиет туралы көркемдік , сұлулық , парасат туралы пікірлерінің қалыптасуына оның туған жері Қазақстан мен Орта Азияның бай ауыз әдебиеті , төлтума мәдениеті , халықтардың азаттық жолындағы күресі , бостандық сүйгіш ой – пығылы ықпал етті .
ІІІ . Оның әлеуметтік – этикалық және эстетикалық қөзқарастарына әсер еткен . Таяу Шығыс пен Орта Азия халықтарының ілімдеріндегі прогресшіл сарындар мен гуманистік идеялар болды .
ІV . Фарабидің ғылыми мұралары орта ғасырдағы олқылығы мен заманның жемістері . Сондықтан оның тұжырымдары мен әлеуметтік – этикалық , эстетикалық концепциялары сол дәуірдің дәстүріне , тәліміне әуендес болып келеді. Оның көптеген логикалық , еңбектерінде математиканың , логиканың элементтері де кездеседі . Әбу Наср әл – Фарабидің математика , идеяларын , мұраларын Әбу – л – Уфа , Әбу — Әли ибн Сина , Әбу Райхан Бируни , Омар Һайям , Роджер Бэкон , Леонардо да Винчи тәрізді Еуропа ғалымдары да көп пайдаланған . Физика саласындағы Әбу Наср әл – Фарабидің көрнекті еңбегі « Вакуум туралы » деп аталады . Мұнда ол вакуум жоқ екенін ежелгі гректерде сирек кездесетін тәжірибеге сүйенеген логикалық қорытындылар арқылы дәлелдеуге тырысқан .Ғұламаның ғылыми – философиялық еңбектерін байыптап қайта қарау барысында оның педагогика тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі болғандықтан көреміз . Ол – шығыс елдерінде тұңғыш сындарлы педагогикалық жүйе жасаған ағартушы оқымысты . Оның пікірінше , жас ұрпақтың сана – сезімін қалыптастыру үшін үш нәрсенің ерекшелігін жүйелеп , дәйектеп алу шарт ; 1) баланың ішкі ынта – ықыласы , құмарлығы ; 2) ұстаздың шеберлігі , ар тазалығы ; 3) сабақ процесінің алатын орны . Ғалым дене тәрбиесі мен адамгершілік тәрбиесінің ұқсастығына , оның бір – біріне тигізетін әсеріне ерекше мән берді .
Ол жалпы теориялық ой – пікірдің жетістіктерін жаңғырып , жетілдіре түсті . Халық даналығы туғызған данышпандық пікірлерге ден қойды , сөйтіп өзінің философиялық төл концепциясын жасады .Қоғам туралы ілімді , этика мен эстетиканы дамытты .Аристотельдің еңбектеріне сүйене отырып , ол антика заманының теориялық азат ой – пікірлерін сыннан өткізіп барып бойына сіңірді , өз заманының ілімін белгілі бір жүйеге салды . Аристотельдің жаратылыс танудың ғылыми және стихиялық материалистік тенденцияларын мейлінше күшейтті. Фараби Платонның идеалистік және мистикалық қателерін қабылдамайды .
Ең бастысы , Отырардан шыққан ойшылдың қоғам , этика , эстетика проблемаларына арналған ғылыми еңбектерінде Пифагорға тән цифрлық мистиканың да , Платонның « Заңдар » деп аталатын кесек еңбегінде діни мифологиялық наным – сенімдерін де әсері мүлде жоқ . Платонның діні мистикалық пікірлерін , атап айтқанда , барлық азаматтарға ортақ мінсіз мемлекет құру , оның міндетті түрдегі діні болуы қажет дейтін идеясына қарсы шықты .
Фарабидің пікірінше , дін елдің ішіндегі ізгілікті тәртіпті орнатушы күш бола алмайды . Өйткені оның негізгі бөліктері философиядан алынған . « Философия ізгілікті діннің мазмұны дәлелдеп береді . Олай болса , елді басқару ісімен айналсу діннің ішіне кіретін мәселе болғандықтан , әлі философияға бағынды » :
Әбу Насыр әл – Фарабидің өзінің « Риторика » , « Поэзия өнері
туралы » Бақытқа жол сілтеу » туралы трактаттарында этикалық , эстетикалық мәселелерге көңіл бөліп , көркемдік , сұлулық , бақыт , мейірбандық туралы білім категорияларының бетін ашып , солардың негізін дәлелдеп берді . Этиканы ол , ең алдымен жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылыми деп қарады . Сондықтан оның этика жөніндегі тұжырымдамаларына жақсылық , мейірбандық категориясы басты орын алады . Ғұламаның этикалық ойларынан терең гуманизмнің лебі еседі , ол адам баласын жаратылыстың , бүкіл жан иесі атаулының биік шоқтығы , сондықтан да оны құрметтеу , қастерлеу керек деп түсінеді . Фараби жасаған қорытындының басты түйіні – білім , мейірбандық , сұлулық үшеуінің бірлігінде . Фарабидің гуманистік идеялары әдемге кең тарады . Ол ақыл – ой мен білімнің биік мәнін дәріптеді . Фараби көркемдік , сұлулық халқында былай дейді : Ол — өмір шындығының өзіне тән қасиетті , болмыстың , нақты құбылыстардың , әлеуметтік өмірдің көкейдегі елесі .Көркемдік тән мен жан қасиеттерінің сұлулығын көрсететін белгі деп санайды .
Тек шын мәніндегі ғылым ғана , теориялық философия ғана ел басқарушы әкімдердің игі істерге қарай бастайды , сөйтіп мемлекетті басқарудың ісін шыңына жеткізе жетілдіруге мүмкіндік береді , деп есептейді . Бұдан байқалатыны : Фараби діни көзқарастарға ашық қарсы шықпағанымен , ол ғылымды білімді діннен әлде қайда жоғары қояды . Оның ілімі негізінен діни идеологияның ірге тасын шайқалтуға бағытталған . Ол халықты моральдық және интелектуалдық жағынан өркендеп өсуге шақырады , бірақ адамның бақыты о дүниеде дейтін мүддесін көздеген жоқ , адам атаулының бәрі бұл дүниеде оқысын , үйренсін , еңбек етсін , жетілсін дегенді арман етті .
Фараби жан – тәнімен ақыл – ойдың қорғаушысы ақыл – ойдың қадір – қасиетін мадақтаушы , оны қорғаушы болды . Теориялық таным проблемаларын қарастырғанда , логиканы негіздегенде және оны мазмұндағанда ғана емес , адамның іс — әрекетіне , ақыл – ойына негізделген , өздігінен дамыған философияның , этиканың , эстетиканың , жалпы ғылым атаулының дінге байланыссыз – ақ дербес өмір сүре алатындығын дәледегенде оның рационалды ойшылдығы айқын көрінді . Ұлы ойшыл шындықты босқа іздеген жоқ , оны адамның игілігі , бақыты үшін қолдануды армандады . Адамның игілікке жету жолдары туралы ойларын Фараби экономиданың саясаттың , мемлекеттік құрылыстың , семьяның , тәрбиенің проблемаларын рационалды түрде ұғу қажетігі сияқты мызғымас берік негізге сүйенеді .
Мұсылман діні дәуірлеп тұрған орта ғасырда Фараби қоғамды ақылмен дұрыс асқарудың шарттары жөнінде батыл пікір айта алды . Ол бақытты болуға лайықты , сол бақытын ол табуға тиіс , оны әуел бастағы жұмысына жетуі керек , ал адам өз заманында жақсы да дұрыс басқарылатын қоғамды ғана шын мәнісінде бақытты өмір сүре алады дейді . Алайда Фараби адамның практикалық іс — әрекетіне үлкен мән бергенімен еңбектің ролі мен оның мәнін жете түсіне алмады , тек еңбек қана адамды жануарлар дүниесінен бөліп , оқшау шығарғанын ұғудан алшақ жатты . Адамзат қоғамның өмір сүру керекті ең басты жағдай оның материалдық тұтыну қажеттері дегенді бірінші орынға қоя отырып , ол осынау маңызды проблема төңірегіндегі діни , теололгиялық биологияық үзілді – кесілді теріске шығарды , сол арқылы қоғамның мән мағынасын ашуда ілгері қадам басады .
Адамдар бір — бірімен келісіп , тіл табысып отыруы керек деп есептейді . Әділеттіктің қалыптасқан жоспарлы , универсал заңдар болса оны мүлтіксіз орындау керегін заң шығарушылар талап етуін қажет деп есептейді . Ұлы ойшылдың заң күші туралы осы айтқандарында қоғамдық келісімдер туралы идеяның аллғашқы ұрығы жаққанын байқау қиын емес . Бұл идея Европа кең кейін өріс алды . Кейбір шығармаларында Фараби өз тұсындағы қоғамды астыртын ған сынап отырады , ондағы етек алған озбырлықтар мен қаталдықты ақыл смен адамгершілік принциптерінің өрескел бұрмалануы деп түсіндіреді , әділеттіліктің , шын мәнісіндегі бақыттың жоқтығын , біреудің елін , жерін жаулап алуға олжадан баюға құштарлық сезімі , айуандық , қараңғылық үстем қағам екенін айтады .
Өз заманындағы қоғамды сынай отырып , Фараби оны түбірімен қайта құруды талап етпегенімен , соны жетілдіре түсуді жақтады . Ол уағыздаған мінсіз мемлекет / « Ізгілікті қала » / оның өзі қиялдап армандаған феодалдық қоғам болды да шықты , барлық спецификалық белгілері соған тән .Бұдан оның өз заманындағы философиялық идеяның шеңберінен шыға алмағандығын , одан шығу да мүмкін емес екендігін көреміз . Ол идеялардың ауқымы сол заманның материалдық жағдайы мен қоғамдық саяси құрылысына байланысты болатын . Осыған орай Фарабидің әлеуметтік утопиясы оның феодалдық қоғам туралы түсініктерге негізделеді .
ІІІ – ТАРАУ . ӘЛ – ФАРАБИ ТУРАЛЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНДА КӨЗҚАРАС ҚАЛЫПТАСТЫРУ .
Әбунасыр Әл – Фарабидің туған жері , ең алғаш білім алған елі Отырар қаласы уақытысында ең мәдениетті қалалардың қатарына енетін еді .Оның ұлы ғалым , хаким болудағы бірінші қайнар көзі болған осы өз елінің мәдениеті . Оның екінші ғылыми ордасы – араб мәдениеті .
Әл – Фараби заманында ислам мәдениеті өз шыңына жеткен шағы еді. Грециядан ІV – VI ғ.ғ. қуылған ғалымдар таяу Шығыс пен Орта Азия елдеріне келіп паналады . Оларды араб , парсы , түркі халықтары жақсы қарсы алды . Сонымен байланысты бұл елдерде ғылымға деген ынта күшейді. Сол кезде ғылымға есігін кеңінен ашқан ислам діні ғылымның дүниежүзілік туын жоғары көтерді .
Араб тілі халықаралық ортақ тілге айналды .Ендеше оны араб тілді мәдениет деген дұрыс деседі . Өйткені ол мәдениеттің дамуына көп елдердің ғылымдары да атсалысты . Солардың бірі біздің жерлесіміз Әл – Фараби еді .
Әл – Фараби еңбектерінің көбісі араб тілінде жазылған . Оның елі Туран сол кездегі Бағдад халифатының құрамына кірген елдердің бірі еді . Көп замандар бойында Әл – Фарабиді тек араб ғалымы қатарында саналғаны осыдан . Тек кейінгі кездерде туған елдері оны есіне ала бастады . 1950 ж. Стамбулда Түркияның Шығыс зерттеушісі ғалымдары оның дүние салғанына 1000 жыл толуын еске алып өтті . Сол кезде оның бірсапыра еңбектері жиналған , мақалалар жазылған , библиография жасалған . Осы жұмысты жазуда біз сол еңбектерді пайдаландық . Бірақ оның бәрі кейін болған оқиға өйткені , ол кезде мереке туралы біздер хабардарсыз болдық . Тек кейін Әл – Фарабидің туғанына 1100 жыл толған мерекесіне дайындалған кезде 1970 ж. әлгі 1950 ж. Стамбул мерекесі жөніндегі мәлімет алдық .
Қазақстан ғалымдарының 20 жыл бойында тынбай еңбек етуінің арқасында ЮНЕСКО кеңесі Әл – Фарабидің мерекесі оның туған елінде ,
Қазақстанда тойлансын деген қаулы алған . Сол бойынша мерей тойы 1975 ж. өткізілді .Халқымыздың рухани еңсесін көтеруге оның зор әсері болды . Расында ғасырлар бойы жат елдің отары болып келген халықтан бір кезде дүние жүзіне мәшһүр болған ұлы ғалым – хаким адам баласының екінші ұстазы аталған кемеңгердің шығуы көктен түскендей еді .
Сол кейінгілердің үстем болып тұрған кезінде Әл – Фараби мұрасын зерттеу жөнді қолға алынбады . Әсіресе оның ислами шындыққа сүйенген ең кеекті ілімдерін жариялауға жол берілмеді . Керісінше , оған жалған жала жауып исламға қарсы етіп көрсетпекші болды . Осындай жағдайларда әрине , Әл — Фараби туралы , оның тамаша ілімі туралы шындыққа жол ашылмады.
Тек кейінгі жылдар ішінде ғана Әл –Фараби жөнінде шындыққа бет бұра бастадық .
Ұлы ұстаздық өмірбаяны еңбектері , оның мирасқоры бәрі әр жерде айтылып , жазылып жүр , бірақ толық зерттеулер шықпай жатыр . Мысалы , 1100 жылдық мерекесіне арналған халықаралық ғылыми конференциясының материалдары әлі күнге жарық көрмеген .
Әл – Фараби өзінің табиғат туралы ғылыми еңбектерінде алдымен құран аяттарында онан кейін пайғамбар сөзіне , онан кейін өзінен бұрыңғы ислам ғалымдарына сүйенеді .Басқа тараптан кірген мәліметтерді Әл – Фараби ислам елегінен өткізіп барып талдаған . Мысалы , ғалымның алғашқы нұры жайында дәл сондай талдау берілген .Нұр , сәуле , жарық , жылу деген талдауларда Әл – Фараби қазіргі оптика ғылымының негізін салған .Ол сәуленің жиналу , сыну , тарау , шоғырлану заңдарын геометриялық дәлді әдіспен тапқан . Сәуленің шоғырланған шұғыласын ол « мұхарақ » деп атаған , яғни « күйдіру » — « оттық орын » деген сөз . Әл – Фараби бұл мәселені әрі қарай дамытып , өз қолымен ойыс / пара бола / айна жасап , линза жасап соларды қоланған .
Әл – Фарабидің осы саладағы еңбектері Испанияда Европа тілдеріне ХІ – ХІІ ғ. бастап аударылған . Ол кезде Испанияда / Кордова / исламның екінші халифаты болғаны белгілі . Сол арқылы ислам ғылымы Европаның ғылымға деген ынтасын оятты . Роджер Бэкон Әл – Фараби еңбегіне сүйеніп , Европаның барлық ғылыми бағытына реформа жасады . Оның замандасы ХІІІ ғ. ойшылының бірі Винтелло / Селезиялық поляк ғалымы / Әл – Фараби мен Ибн әл – Хайсамның геометриялық оптикасын барлық ғылымның негізгі деп таныған .
Осы бағыт онан кейінгі көптеген европалықтарға әсер етті . Мысалы , Леонардо да Винчи , Н. Коперник , Г . Галилей , И. Кеплер , тағы басқалары сол бағытта болды .
« Мухарақ » / Шұғыла / деген түсінікті Европа ғылымында бұрын болмаған . Оны бірінші рет И . Кеплер ХVІІ ғ. енгізген , арабшадан мухарақты аударып « Фокус » атаған . Сонымен қатар оның астрономиялық заңдары шықты .
Әл – Фараби мол мирастарының барлық саласынан осы сынды бүгінгі ғылымға , бүгінгі өмірге байланысты зор мәселе табуға болады .Мысалы , астрономия , алхимия , математика , архитектура , музыка , социология тарауларында тамаша өрнектер бар . Соның ішінен бір ғана мысалдың атын атайық . Орта Азия мен Қазақстанның орта ғасырдағы тамаша архитектуралық құрылыс – ғимараттары Әл – Фараби үлгісімен салынғаны айқындалып отыр . Мысалыға : Ахмет Яссауи , Шаһи – Зинда сынды тамаша ғимараттарда Әл Фарабидан қалған үлгілер қолданылғаны белгілі болды .
Әл – Фарабидің адамдар арасындағы ғаделетті өмір сүрудің үлгісі бұл күнде нң керекті мәселе болыа отыр . Бұл жөнінде де біз Әл – Фараби үлгісіне сүйенуіміз керек.
Әбу Насыр Әл – Фараби — өз дәуірінің көрнекті ақындарының бірі . Бұл жөнінде Әл – Фараби замандастары және одан кейінірек өмір сүрген шығыстың көрнекті ақындары , әдебиетшілері және тарихшылары көптеген мәліметтер жазып қалдырған . Мәселен , белгілі араб тарихшысы Ибн Аби Усайба / 1203 – 1270 / және Ибн Халлихан / 1211 – 1282 / өздерінің еңбектерінде Әл — Фарабидің араб , парсы тіліндегі жазылған жырларынан үзінділер келтірілген .
Кезінде араб тарихшылары Ибн Халликан жазып қалдырған Фараби бәйттерінің шумақтары қазақшаға аударылғанда былай оқылады .
Бауырым , сен теріс жолға түскен жандарға ерме ,
Олардан аулақ жүр , қашанда әділдік жағында бол .
Бұл дүние – біз мәңгі тұратын мекен – жай емес,
Әлемде ешкім өлімді жеңе алмады .
Сөйтіп , ақыл – парасат пен оқу ағарту ісінің жалынды күрескері болған Фараби зорлық – зомбылық атаулыға
Барынша қарсы шықты . Осы идеяны өз жырларына арқау етті . Ақынның гуманистік тұрғыдан айтылған ой – пікірлері бүгінгі оқырманды да таңдандырып , сүйсіндіреді .
Орта ғасырда өмір сүрген арабтың мәшһүр шайырлары мен тарихшыларының еңбектерінде Әл – Фараби көп өлең жазған деген пікір айтылады .Белгілі Шығыстанушы Е.Э.Бертельс те осындай қорытынды жасайды .
Әл – Фараби өлеңдерінің негізгі тақырыбы — өмірдің мән – мағынасы жайлы толғау , оқу мен білімді мадақтау , адамгершілікке шақыру .
Ақынның мына бір жырынан Фараби поэзиясының бағыт – бағдарын , тынысын айқын сезінуге болады .
Қашықтасың туған жер – қалың елім ,
Не бір жүйрік болдырып жарау деген .
Шаршадым мен қанатым талды менің
Шаңыт жолға сарылып қарауменен .
Әл – Фараби тағы бір өлеңінде бұл ғұмырдың мәңгі еместігін айта келіп , жастық жүректің жалынын осы өмірдің игілікті істерін атқаруға жұмсау керектігін аңғартады .
Қағаздың түсіп бетіне,
Сызықтай бейне тартылған .
Тап болып жігер сарқылған
Кездейсоқ өмір өтіне .
Қайыспас тұрса нар тұлғаң .
Сонда да да беріп кетеміз ,
Жүректің отын молында
Арманды аңсап өтеміз
Біз ұлы Мұрат жолында .
Біз бір мейман бұл жайда аз – ақ күндік .
Болымсызға таласып күн өткіздік .
Анталасып аптықпа тар қапасқа
Адамға әлем мекен ол мәңгілік .
/ А. Машанов , арабшадан аударған / .
Саусақпен санарлықтай бізге жеткен азғана жыр жолдарының өзінен оның зор шабытты , кең тыгысты , терең ойлы , нәзік сезімді , дарынды ақын болғанын аңғару қиын емес .
Әл – Фараби сонымен қатар тіл білімі туралы да көптеген зерттеулер жүргізген . Фараби негізінен тіл білімін жеті тарауға бөледі .
А) дербес және қарапайым сөздер мен сөйлемдер туралы ғылым .
Б) күрделі және құрамды сөздер мен сөйлемдер туралы .
В) тілдің заңы мен ережелері жайлы ғылым .
Д) емле ережелері .
Е) дұрыс оқу ережелері .
Ж) өлең жазу , шайырлық туралы ғылым немесе пеоэтика
Фараби тіл білімі жөнінен өз тарапынан да , « сөз бен әріп туралы » , « жазу өнері туралы » , « Өлеңнің ұйқасы мен өлшемі туралы » , « Өлеңнің ырғағы туралы » деген сияқты еңбектер жазған .
Ғылымның даму тарихында жинақталған білім қорларын сұрыптап , реттеп белгілі бір жүйеге салу тәртібі ежелден келеді . Мұндай әрекеттер бір жағынан , ғылымдағы бар жоқты айқын сезіп , оны кемелдендіруге , дамытып , толықтыруға итермелесе екіншіден ғылымның өзін түсінуді , түсіндіруде , пайдалануды жеңілдететін еді . Міне , осылай білімдердің белгілі бір жүйемен баяндалған жиынтығы – энциклопедиялар жасау дәстүрі пайда болған .
Әбунасыр Әл – Фараби бұл тұрғыдан да қарап қалмай , өзінің ең атақты шығармаларының бірі « Ғылымдар энциклопедиясы » деп аталатын трактатын жазған . Фарабидің бұл еңбегінен ғылым тарихында алатын орны ерекше үлкен . Фараби трактатқа жазған кіріспесінде бұл еңбекті жазудағы мақсаты жөнінен былай дейді : « Бұл кітапта біз белгілі ғылымдардың әрқайсысын дара – дара саралап , мазмұнын толық баяндауды көздедік ; Сонымен қатар ол ғылымдардың бөліктері болса , оларды да атап , мазмұны келтірмекшіміз » . Бұл кітап негізінен мынадай алты тараудан тұрады :
Фараби еңбектерін төмендегідей бөлімдерге бөлуге болады .
І . Жаратылыстану ғылымы / Химия мәдениетінің керектігі туралы » , « Вакуум туралы трактат » , « Физика негізі туралы трактат » , « Адам ағзалары туралы трактат » т.б. /
- Математикалық . / « Книга об объеме и количестве », « Книга введения к пространственной геометрии » , « Книга о правильных и неправильных положениях астрологии » т.б. /
- Апологиялық және философиялық жүйелік құрылымын / ғылымның классификациясы туралы сөз » , « Философияның мәні туралы сөз » ,
« Философияның мәні туралы кітап » , « О том , что должно предшествовать изучению философии » . т. б ./
- Жалпы философиялық . / « Субстанция туралы сөз » , Заң туралы кітап » , « Существо вопросов » , « Уақыт туралы » , т.б. /
- Гиесологиялық және психологиялық . / Логика кіріспе кітабы , « Книга доказательства » , « Разум и понятие » , « О душе » , « О силе души » , « Книга о разуме юных » , « Книга о разуме взрослых » . т.б./
6 . Саяси — әлеуметтік , этикалық , эстетиткалық және педагогикалық .
/ Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат » ,
« Азаматтық саясат » , « Книга указания пути к счастью » / « Книга достижения счастья » , « Соғыс және бейбіт өмір туралы » , « Қоғамды оқыту кітабы » , « Музыканың үлкен кітабы » , « Книга о стихе и риторике » , « Книга об искусстве письма » , « О словарях » , « Трактат о каллиграфий » . т.б.
Бабамыз Фарабидің даналығы , ақылдығы , көрегендігі сонда , оның оқыту , тәрбие , білім беру туралы айтқан , жазып кеткен еңбектері осы күнге дейін маңызын жойған жоқ . Қайта оны қайта қарап , жаңартып пайдалануға болады .Ұлы ұстаздың тәлім – тәрбие жайлы қалдырған бай мұраларын мұқият зерттеп , терең тексеру арқылы осы күнгі педагогикалық практикада жүзеге асыру керек . Әл – Фараби ұстаздық ету туралы « Мұғалімдік – ұстаздық еткен адамның әдісі тым қатаң болмасын және тым асыра босаңсытқан да болмасын . Егер тым қатты , үнемі ызғармен болса , онда оқушылар мұғалімін жек көретін халге жетеді . Егер өте боса тып жіберген кішіпейілділік болса , онда оқушылар жағынан мұғалімді елемеу , оның ғылымына селқос қарау қаупі туады . Ғылымды игеру үшін үнемі сол ғылымның жолында болу қажет және ғылымнан басқамен шұғылдануды азайту керек болады . Әр нәрседен шұғылдана беруден істе тәртіпсіздік пайда болады » деп жазған . Фараби оқытуда аса қатаңдықтан да , аса жұмсақтықтың да дұрыс болмайтынын сынап , ортаны шектей шықпауды ұсынып оттыр . Бұл күні бүгінге дейін күшін жоймаған педагогикалық қағида . Ол ойды әр нәрсеге бөліп , жеңілтектікке салуында ғылым игерудің дұшпаны деп дұрыс көрсеткен . Мәселен , оқып үйрену жаттап алу дұрыс па , жоқ түсініп алу дұрыс бола деген сұраққа мүмкін емес , ал оларды белгілі бір байланыстары арқылы ойда топтастырып түсініп , тоқып алоған жөн дейді .
Ұлы ұстаз ғылымдарды меңгерудің , үйренудің қажеттігін дәріптеп қана қоймай , бұл мақсатқа жетуге көмекші боларлықтай жетекші құралдар мен оқулықтар жасаумен де көп шұғылданған .
Қалай болғанда да Фарабидің ғылым жасау ісі орта ғасырдағы ең үлкен ғылыми табыстардың қатарына жатады . Бұл факт Фарабидің кемеңгерлігінің, ойшыл – білімпаздығының тағы бір жетістігін , оның ескерілмейтіндігін көрсетеді .
Әл – Фарабидің бай ғылыми – педагогикалық мұраларын зер сала оқығанда Әл – Фарабидің Таяу және Орта Шығыстың ортағасырлық педагогикалық аса көрнекті теоретигі мен практигі болғанын , педагогикалық бастасаның / идеяның / бүкіл құрылысын құрғанын көреміз . Фараби бұл идеяда педагогиканың методологиялық сұрақтарына , адамзат мәселесі және оның тәрбиесі , тәрбиенің мәні мен құралы , білім беру және жеке адамның ғылыми көзқарасын қалыптастыру сұрақтарына толық жауап береді .
Әл – Фарабидің педагогикалық көзқарасына оның алдыңғы қатарлы , прогрессивтік көзқарасы , білімі көп әсер етті . Соның ішінде оның өз заманындағы ілімінің негізгі салалары философия , логика , математика , ән өнері , астрономия әсер етті .
Ол тәрбие жүйесіндегі әсіресе , жастарды тәрбиелеуде бірінші орынға адамгершілік тәрбиесін қойды , және де оған қоса тәрбиенің басқа түрлерінде еңбек , дене тәрбиесі , эстетикалық , гуманитарлық , патриоттық тәрбиені қойды . Ғалымның педагогикалық жүйесінде озық дидактиканың негізгі принциптері , яғни ғылымилығы , көрнектілігі , жүйелілігі , оқыту арқылы тәрбиелеу орын алған .
Әл – Фараби Шығыста алғаш рет музыканың , әдебиеттің / ақындық , шешендік / білім беру және тәрбиедегі маңызды ролін ашты .
Әл – Фараби өзінің « музыканың үлкен кітабы » атты басты шығармасында педагогиканың өзекті сұрақтарына жауап берді : осында оның тәжірибелік – теориялық методы , оқулық жасаудағы өзіндік үлгісі туралы айтылады .
Оқулықтан басқа Әл – Фараби оқу – педагогикалық еңбектерді және басқа түрінде де құрды , яғни комментаторлық шығарма түрінде . Ол Шығыста ең алғаш гректің ертедегі ұлы философтарынын бай мұраларына / Аристотель , Евклид , Птоллмей / комментарий жасады .
Әл – Фарабидің әлеуметтік – этикалық идеясы өзіне педагогикалық , методикалық ілімдерді қоса отырып Шығыстан да , Батыстан да Ортағасырлық халықтарының мәдени тарихында елеулі орын алады . Осы елдердің көптеген атақты оқымыстылары , ғалымдары Әл – Фарабиді өздерінің ұстазы деп танып , оған « Екінші ұстаз » деген атақ берді . Аристотельден кейінгі Әл – Фарабидің « Перечисление наук » атты шығармасы одан кейінгі педагог – ғалымдардың педагогика мен дидактиканы дамытуына үлкен әсерін тигізді . Бұл трактаттағы көрсетілген әр ғылымға арналған тараулар , оларды оқудың тәртібі мен классификациясы аль – Хорезми , Ибн – Сина және басқада Шығыс оқымыстыларының методологиялық , дидактикалық зерттеулерінің негізін қалады .
Өзбектің ұлы ақыны және жазушысы Әлішер Навои өзі туралы жазғанда : « Ғылымда мен ерте заманғы ойшылдар жасаған ілімнің бәрін оқыдым , яғни Аристотельден бастап Әл – Фарабиге дейін деп атап өтті .
ҚОРЫТЫНДЫ .
Қазақ әдебиеті , мәдениеті , тарихында Әбу – Насыр Әл – Фарабидің орны мен ролі бөлекше . Әл – Фарабиді Аристотельден кейінгі , « Екінші ұстаз » деп атауда , солай тануда үлкен мән жатыр . Өзінің туған тілі – түркі тілін айырықша құрмет тұтқан Әбу – Насыр Бағдат , Шам , Каир шаһарларында оқып білім алады . Ол араб , парсы , грек , латын , тағы басқада бірер тілді жетік білген . Оның басқада ғылым салаларымен қатар әдебиет теориясы жөнінен қалдырған мұралары ұшан – теңіз . Оның трактаттары жүзден саналады . Олардың ішінде ақылдылық , данышпандық , пәлсапа , шешендік туралы жеке – жеке трактаттары бар . Сол сияқты « Бақыт жолын көрсету » , « Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары » , « Мемлекет қайраткерлерінің нақыл сөздері » , « Бақытқа жету халқында » дегендей толып жатқан шығармалары – бізге ғана емес , бүкіл түркі тамырлас халықтарға , адамзатқа ортақ мұралар .
Ұлы жерлесіміздің қай саладағы мұраларын да әсіресе оның білім , ғылым үйренудің дұрыс теориясы туралы еңбектерін жан — жақты игеруде , оқып – үйренуде оның бүгінгі ұрпақтары – біздің бойымызда ойсырапм жатқан олқылықтарымыз көп – ақ . Бүгінгі ұсатаздар болсын , студенттер мен оқушылар болсын , оның аса терең мазмұны , кең мағыналы , философиялық жағынан , теориялық тұрғыдан теңдесі жоқ тағылымды еңбектерін жүйелі түрде оқып – үйренумен кем айналысады . Қайбір саланы алсақта да керемет еңбектер қалдырған ұлы жерлестеріміздің мұраларын былай қалдырып , көбінесе батыстан шыққан ғалымдарға көп жүгінеміз . Әрине оларда аса керек , бәрін де өзінің саналы ғұмырын ислам діні мен ғылымды бір бірінен айырмай , егіз өгізуге арналған ұлы бабамыз хижра жыл санауының 339 ж. ерешеп айында , Шам шаһарында Дамаск қаласында қайтыс болғанда , оны сол елдің әміршісі Сайф ад – Даула өз қолымен жерлеген . Ұлы ғалымның мүрдесі Сириядағы Баб әс – Сағир зиратында жатыр . Ғалым мұраларының бізге жетуін төрт кезеңге бөлуге болады :
- Орта ғасырдағы араб , парсы және басқа тілдерде жазған ғұламалар арқылы ( Ән – Надим , әл – Бейһақи , ибн Сайид әл – Кифти , Хаджи Халифа , Венике , Камерариус , т.б.) ;
- Жаңа дәуір кезеңдеріндегі Батыс Европа мен Америка ғалымдары арқылы ( Леонардо да Винчи , Спиноза , И.Г.Л. Козегартен , Г. Зутер , Ф. Длетернуи , К. Брокель , Дж. Сартон;
- ХХ ғ әсіресе Кеңес одағы шығыстанушы ғалымдары С.Н. Григорьян , В. П. Зубов , А .Сагадеев , Ю. Завадовский , түріктер А. Сайылы , Х . Үлкен . т.б. ) ;
- Қазақстан мен Орта Азия оқымыстылары арқылы ( Ә . Марғұлан , А. Маманов , О . Жәутіков , А. Қасымжанов , А. Көбесов , М. Бурабаев , Ә . Дербісалиев . Қ . Жарықбаев , М. Хайруллаев т.б. ).
Фараби өз заманындағы аса көрнекті педагог – методист болған. Ол оқыту , білім беру мәселелеріне үлкен назар аударып , бұл тұрғыда көптеген түбегейлі де терең пікірлер айтқан . « Философтардың қойған сауалдарына жауаптар » деп аталатын еңбегінде ұлы ұстаз педагогикаға , оқу оқыту ісіне қатысты мәселелерге тоқталады .
Зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей ұлы ғалым және философ Әбу – Насыр аль Фараби терең шын мәніндегі өз дәуірінің рухына сай адамға деген гуманистік көзқарасты қалыптастырды . Адам мен қоғам сұрақтарын шешуде өз уақытысының , ерте грек философиясының табиғи және қоғамдық ғылымдардың ең алдыңғы жетістіктерін пайдаланды . Араб тілді философтардың арасындағы бірінші әлеуметтік – саяси ойшылы Әл – Фараби адам өмірінің мәні , жер бетіндегі оның орны , қоғамдағы ролі және мемлекеттік бірлестіктің табиғаты туралы зерттеп жазып , өзінің исламдық адам концепциясына деген наразылығын білдіреді .
Діни көзқарастардың сол дәуірдегі билік жүргізіп тұрғанында Әл – Фараби адам мәселесін шешуді тек адамгершілік тұрғыдан шеше білді .
Адамзаттың алдыңғы қатарлы табиғи ақыл — ой жетістігі нәтижесіне сүйене отырып , Фараби табиғат алдындағы адамдардың барлығының бірдей екендігін және адамзат тұрмысының тәуелсіздігі , іздемпаздық қабілетінің жоғарғы болуы , оның еркінің бостандығы және адамзат өмірінің өзіндік құндылығы туралы бірқатар гуманистік пікірлерге тоқталды .
Әбу Насыр Әль – Фараби мұраларының Қазақстанда түбегейлі зерттелуі ХХ ғасырдың 60 – жылдарында ғана қолға алынды . Оған алғаш бастамашы болған қазақ ғалымдары А. Машановеді . Әбу Наср әл – Фарабидің 1100 жылдығына орай шығарылған ЮНЕСКО шешімі бойынша 1975 жылы Алматыда халықаралық конференция өткізілді . Бұл күндері ҚР ҒМ . – ҒМ – ның Философия және Фарабитану бөлімі жұмыс істейді . Мұнда ғұламаның қазірге дейін қазақ және орыс тілдеріне аударылып , ғылыми түсініктемелері мен алғы сөздері жазылып , 20 – дан астам трактаттары жарыққа шығарылды . Бұл бөлім Әбу Наср әл – Фароабидің диалектикасы , гносеологиясы мен әлеуметтік философиясы мәселелері бойынша зерттеулер циклін жүргізіп келеді . Қаз МУ – де Фарабитану орталығы құрылған .
Әл – Фарабидің гуманизмі жаппай ағартушылық мақсатқа негізделеді . Өзінің адамға деген көзқарасында ол адамзат атаулының барлығына ортақ табиғи қатынас , саналы еңбек , қызмет тұрғысынан қарастыруды мойындады . Ежелгі Грецияның гуманистік ойларының үздік үлгілеріне сүйене отырып , Фараби оған бірқатар атап айтқанда Платонның әлеуметтік – саяси іліміне сын – ескертпелер енгізді .Оның ежелгі философтарынан айырмашылығы ол « адам »деген этикалық ұғыммен шектеліп қана қоймады .
Адамзаттың білімге ұмтылу мүмкіншілігі туралы идеяны бекіте отырып , Фараби нәсілдік , әлеуметтік , діни , ұлттық белгілерінен тәуелсіз жалпы адамзаттық гуманистік идеалды жоғары көтерді . Мұнда оның « Қайырымды қала » және « жетілген адам » туралы шығармалары жатады .
Фараби адам туралы концепциясы Таяу және Орта Шығыс халықтарының ортағасырлық өкілдерінің : Ибн – Сина , Аль Бируни , Ибн – Баджа , Ибн – Туфейль , Ибн – Рушдтың философиясына елеулі әсер етті .
Фарабидің логикалық , әлеуметтік – этикалық , эстетикалық , гуманистік пікірлерімен жете танысу оның сан салалы мұраларын , оның дәуірін терең түсінуге мүмкіндік береді , оның ғылыми тұжырымдары өзінен кейінгі дәуірдегі Шығыс пен Европа халықтарының эстетикалық , қоғамдық , этикалық , философиялық ой – пікірін және өнердің дамуына ықпалын тигізді . Фараби өз алдына жеке – дара тұрған үздік ойшыл , ғылым , энциклопедист , ақын , ұстаз болды .
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
І . Әл – Фараби. Философиялық трактаттар . 1972 . Алматы .
- Әл – Фараби. Әлеуметтік трактаттар . Алматы . 1975 ж.
- Әл – Фараби. « Математикалық трактаттар » Алматы . 1972 ж.
- Әл – Фараби. « Дін туралы трактаттар » Алматы . 1975 ж.
- А. Әлімжанов « Ұстаздың оралуы » . Алматы . 1983 ж.
- Е. Жәнібеков . Фарабидің музыкасы , « Білім және еңбек » № 7 , 1968 ж.
- Ш. Есенов , « Қазақтың ғылымы және ғалымдары » . Алматы . 1969 ж.
- А. Көбесов . Біздің ұлы жерлесіміз — Әбунасыр Әл — Фараби , « Білім және
еңбек » №6 ,1961ж .
- А. Көбесов . Орта ғасырдағы қазақ ғалымдары . « Білім және
еңбек » № 4 , 1964 ж .
10 . М. Бурабаев . Сөнбес жұлдыздар. Алматы . 1989 ж.
- А . Х. Қасымжанов . Әл – Фараби . Алматы . 1979 ж.
- Н . Нелімбетов « Ежелгі дәуір әдебиеті » Алматы . 1991 ж.
- А. Көбесов . Фарабидің трогонометриясы . « Білім және еңбек » № 1 ,
1969 ж .
- А. Көбесов . Фарабидің астрономиялық трактаты . « Білім және еңбек »
№ 1 , 1968 ж.
- А. Көбесов . Фараби және математика , « Білім және еңбек » № 1 ,
1967 ж.
- А. Көбесов , Е. Жәнібеков . Фарабидің физикалық трактаты , « Білім
және еңбек » № 3 , 1969 ж.
- А. Көбесов. Фарабидің энциклопедиясы , « Білім және еңбек » № 5,
11 , 1969 ж.
- А. Көбесов. Евклид « Негіздері » және Фараби , « Білім және еңбек »
№ 4 , 1970 ж.
- А. Көбесов. Птоломей және Фараби , « Білім және еңбек »
№ 9, 1970 ж.
- А. Көбесов , А. Ж. Машанов . Астрологиялық трактат , қазақ энциклопедиясы . І – том . 1971 ж.
- А. Көбесов. Алмагеске қосымша кітап , қазақ энциклопедиясы . І – том .
1971 ж.
- Лен Нысаналин . Әбунасыр Әл – Фараби . « Трактат және өлеңдер » .
А . 1974 ж.
- Ә. Х. Марғұлан VІ – ХІІ ғасырдағы Қазақстан халықтары мен тайпалары
мәдениеті .Қазақ ССР тарихы , І том . Алматы , 1957 ж.
- Жаман – Қазақстан газеті . Ақпанның 7 – сі , 1992 жыл . Алматы .
А. Ж. Машанов. « Әл – Фараби – Ұлы ұстаз » .
- А. Ж. Машанов. Әл – Фараби , « Қазақ ССР Ғылым Академиясының
хабаршысы » , № 5 , 1961 ж.
- А. Ж. Машанов. Фарабидің « Философияны үйрену үшін қажетті
шарттар жайлы трактаты » , « Білім және еңбек » , № 1 , 1962 ж.
- А. Ж. Машанов.Әбунасыр Фараби , « Орта Азия мен Қазақстанның ұлы
ғалымдары » . Алматы , 1964 ж.
- Р. Әбсаттаров . Фараби – феодализм сыншысы , « Білім және еңбек »
№ 4 , 1968 ж.
- А. Ж. Машанов , А. Көбесов . Алмагеске түсініктеме , қазақ
энциклопедиясы . І – том . 1971 ж.
- Қ. Нұрсұлтанов . Тағы бір Фараби , « Білім және еңбек » № 8 , 1968 ж.
- М. Ө. Ысқақов . Шығыс ғалымдарының екінші ұстазы , 1967 ж.
- М. М. Хайруллаев Әбу Насыр Әл – Фараби , М. 1982 ж.
- М. М. Хайруллаев « Фарабидің философия тарихындағы көзқарасымен оның маңызы » . Ташкент . 1967 ж.
- М. М. Хайруллаев « Фараби : дәуір мен уақыт » Ташкент . 1963 ж.