ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Филология факультеті
Жалпы тіл білімі кафедрасы
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
ЗАҢ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
Алматы, 2011
РЕФЕРАТ
Жұмыстың тақырыбы: Заң тақырыптарының лингвистикалық сипаттамасы
Жұмыстың құрылымы: Бітіру жұмысының құрылымы зерттеліп отырған тақырыптың мазмұнына сай кіріспеден, үш тараудан және қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың көлемі: 45 бет
Жұмыста пайдаланылған әдебиеттер саны – 38
Жұмыстың мазмұнын сипаттайтын тірек сөздер: функционалды стильдер, ресми-іскери стиль, заң мәтіндері, заңдық құжаттар, тақырып, заң тақырыптары, клише, штамп,
Зерттеу нысаны: Қазақстан Республикасындағы заңдық мәтіндердің сипаты, заң тақырыптарының лингвистикалық тұрғыдан қарастырылуы, заң тақырыптарындағы тілдік элементтер.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында қабылданып жатқан заң тақырыптарының лингвистикалық қырларын ашып көрсету, олардағы қолданылатын негізгі ұғымдарды талдау, құрылымдық ерекшеліктерін сараптау.
Жұмыстың мазмұны: Жұмыстың кіріспесінде еңбектің мақсаты мен міндеттері, зерттеу нысаны айқындалады. Еңбектің маңыздылығы, өзектілігі, еңбекте қозғалып отырған мәселелердің көкейкестілігі сөз болады. Сонымен қатар негізгі дерек көздері айтылады.
Жұмыстың бірінші тарауында жалпы функционалдық стильге қатысты негізгі ғылыми тұжырымдар айтылады.
Жұмыстың екінші тарауында заң тақырыптарының лингвистикалық сипаттамалары сөз болып, олардың құрылымы, синтаксистік ерекшеліктері айтылады.
КІРІСПЕ
Бітіру жұмысының жалпы сипаттамасы. Бүгінгі таңда лингвистика саласында тақырыпты зерттеу өте маңызды мәнге ие болып отыр. Себебі, мәтінді тану үшін, ең алдымен, тақырыпты білудің қажеттілігі туындап отыр. Тақырып кейін кенжелеп дамыған тіл білімінің саласы емес, оны зерттеу өткен ғасырдың 20-жылдарынан бастап қолға алынған болатын. Мұнда ең басты мәселе, публицистикалық стильдің, яғни газет тақырыптарының лингвистикалық тұрғысына сипаттама жасалды. Орыс тіл біліміндегі тақырып мәселесіне арналған алғашқы еңбектердің бірі ретінде 1931 жылы жазылған С. Д. Кржижановскийдің «Поэтика заглавии» атты жұмысын атауға болады [1]. Бұл жұмыста тақырыптың көркемдік-ұйымдастырушылық қызметіне жан-жақты талдау жасалып, оның ерекшеліктері елеп-екшеліп, талқыға салынды. Бұл еңбек, сонымен бірге тақырып туралы алғашқы іргелі еңбектердің бірі болуымен де құнды. Орыс тіл білімінде тақырыпты зерттеу, оның мәтіндегі қызметін ашып таныту осы кезден бастап белең алды. Бұл зерттеулер кейіннен аталмыш салада көптеген диссертациялық еңбектердің, монографиялардың жазылуына себеп болды. Негізінен газеттегі мақалалардағы тақырыптардың фразеологиялану ерекшеліктерін қарастырған Қожабекованың еңбегі қазақ тіл білімінде ең алғашқы тақырыпты зерттеу нысанына айналдырған жұмыс ретінде маңызды болып табылады. Ғалым мұнда газет мәтініндегі тақырыптардың неше түрлі үлгіде беріліп, әсіресе тұрақты сөз тіркестері түрінде келу үрдісін сөз етеді [2]. Сонымен қатар тақырыптардың, газет тақырыптарының стереотиптілігін айқындайтын прецеденттік атауларды да ғылыми түрде дәлелдеп, оған мысалдар келтіріп, оның тақырыптағы арқалап тұрған жүгін айқындап көрсетеді. Мұндағы прецеденттік атаулар дегеніміз, оқиғаны бұрын болған басқа бір оқиғамен ұқсастыра отырып, сол тәріздес тақырып қою.
Тақырыптардың зерттелуіне қарап отырып, олардың түрлі-түрлі бағыттарда жүргізілгендігін байқауға болады. Оның ішінде газет тақырыптарының құрылымын, синтаксистік ерекшеліктерін қарастырған ғылыми еңбектер де, көркем мәтінннің тақырыптарының астарын қазбалаған жұмыстар да бар. Тақырыпты зерттеу мәселесі бүгінгі кезге дейін күн тәртібінен түспей келеді. Ғалым Л. Дүйсембекова тақырыптардың үш түрлі қызметі бар екендігін өз еңбегінде атап көрсеткен болатын: ақпараттық, прагматикалық, танымдық [3,116]. Бұл үш қызмет арқылы көркем шығарманың болсын, ғылыми стильдегі шығармалардың болсын, публицистикалық стильдегі еңбектердің (мақала, фельетон) болсын, негізгі мәні анықталады.
Газет тақырыптарының зерттелу межесіне қарап отырып, олардың барынша өскелең сипат алғаны белгілі болды. Қазақ тіл білімінде де тақырыпқа байланысты біршама зерттеу еңбектер, диссертациялық жұмыстар жазылған. Мәселен, Н. Е. Бахареваның «Структурно-функциональное развитие заголовков» [4] атты, Г. К. Ихсангалиеваның «Функционально-прагматический анализ заголовков (на материале казахстанских газет телепрограмм) [5] атты орыс тілінде жазылған диссертациялық сипаттағы ғылыми жұмыстары. Осыларды қарастыра отырып, жалпы тақырыптың мәтінге не үшін керектігі жөнінде біршама мағлұмат алдық. Жалпы тақырыптың зерттеу нысаны мәтіннің ең басты лингвистикалық тұлғасы ретінде тақырыптардың құрылымын, синтаксистік ерекшеліктерін талдау, олардың ақпараттық ұйымдастырушылық қызметіне назар аудару.
А. С. Выготскийдің пікірінше, «заголовок является доминантой, которая определяет собой все построение рассказа» [6, 16]. А. М. Пешковский: «заголовок представлят собой намек… на содержание или даже сжатое изложение его» деп жазады [7, 35]. Яғни тақырыпты мәтінмен тікелей байланысты элемент ретінде қарастырады. Т. Рахимованың мақаласы тақырыптық кешен мәселесіне арналады. Автор тақырыптық кешенге тақырыпты, тақырыпшаны және мәтін ішінде кездесетін тақырыптарды жатқызады. Автор: «Заголовочный комплекс – совокупность более двух-трех и даже десятков заголовков разного характера разной струкуры и с разным назначением», [8, 135] — деп атап көрсетеді. Ғалымның пікірінше, тақырыптың қызметі – атау, макромәтіннің аты, ал тақырыпшаның қызметі – ақпарат беру, түсіндіру, мәтін ішіндегі тақырыптардың қызметі – бөліп көрсету, бағыт-бағдар беру болып табылады.
Ақпараттық дәрежесі тақырыптың ономасиологиялық, танымдық, атаулылық қызметін көрсетеді, ол бұл қызметті ономасиологиялық процестің ішкі тетіктерімен бірлесе отырып қатаң тәртіпте орындайды: мәтіннің тұтас ауқымын нұсқап, оның мәні мен мағынасына толық жауап беріп тұрады. Мәтін ешқашан да тақырыпта көрсетілген сөзден қашық кетпеуі тиіс. Әйтпесе тақырып пен мәтіннің арасындағы қалыптасқан белгілі бір заңдылық бұзылады. Ал тақырып пен мәтіннің арасындағы байланыс, сабақтастық, тұтастық оның ескерілуіге тиісті ең басты қағидасы. Тақырып саласындағы зерттеу еңбектердің көпшілігі де оның осы қызметіне баса назар аударады. Өткен ғасырдың 50-жылдары «Өнер психологиясы» деген жалпы көркем әдеби мәтін мен оның бөлшектерінің ұйымдастырылуын, құрылымын талдып көрсеткен кітабында Л. С. Выготский тақырыптың мәнін былай деп атап көрсеткен болатын: «Әңгімеге (мәтінге) тақырып тегін қойылмайтын болса керек, өйткені ол сол мәтіндегі ең маңызды оқиғаның ашылуына басты себепкер» Тақырыптың өзектендірілуі оның «не», «немесе» деп келетін талғаулық мәндегі шылаулар қолданылған кезде анық байқалады. Бір тақырыптың маңызын толықтай ашу үшін екінші сөз бөлігінің келетіндігі осыдан болса керек [6, 35].
Бітіру жұмысында негізінен қарастырылып отырған мәселе, заң мәтіндерінің тақырыптарының лингвистикалық сипаты. Көркем мәтіндерге қарағанда, газет мәтіндеріне қарағанда, мұнда көптеген ерекшеліктердің бар екендігін аңғаруға болады. Біріншіден, заң мәтіндері ресми-іскери стильдің саласында қарастырылатын болғандықтан, екіншіден, заң тақырыптарының құрылымында көбінесе клише мен штамп сөздер қолданылатындықтан, олардың тақырыптары тұрақты, жүйелі, мазмұнды болып келеді.
Бітіру жұмысының өзектілігі. Тақырыптарды зерттеудегі жетістіктер оның сан түрлі қырын ашудан анықтала түседі деп тұжырым жасауға болады. Тақырыптардың бұдан да басқа әр түрлі қызметтерін, қолданылу аясын зерттеу бітіру жұмысының өзектілігін айқындай түсетін ең басты фактор. Соның ішінде заң тақырыптарының лингвистикалық сипаттарын қарастыру бітіру жұмысында сөз болып отырған негізгі мәселе. Ең алдымен, заң тақырыптарын сөз етпес бұрын жалпы заң мәтіндерінің лингвистикалық зерттеудегі маңызын ашып көрсеткен дұрыс.
Соңғы кезеңдердегі немесе тарихи әдеби шығармалардың тілі болмаса, басқа мәтіндер тілін зерттеген тілдік еңбекті кездестіре қою қиын. Стилистикалық тұрғыдан зерттеп, арнайы қарастыруды қажет ететін тілдік мәтіндердің түрлері жоқ емес, баршылық. Олардың әрқайсысының тілдік, мәтіндік ерекшеліктері бар екендігі де шындық. Десек те солардың өзі осы уақытқа дейін қазақ тіл білімінде тілдік тұрғыдан стилистиканың нысанына ілінбей, қарастырылмай келді. Ал олардың яғни әр мәтін түрінің ерекшеліктерін анықтау, тілдік заңдылықтарын айқындап, әрқайсысының артықшылықтары мен кемшіліктерін, өзіндік табиғатын көрсетіп беру қазақ тіліндегі мәтіндер тілінің төселіп, жүйеленіп, нормаланып, онсыз да қоғамдық қолданыста ақсап жатқан қазақ тілінің анақұрлым кеңірек қолданылуына аз да болса сеп болары сөзсіз.
Заң мәтіндерінің қазақ тіл білімінде арнайы сөз болып, жеке өз алдына қарастырылып жатқан уақыты қазақ мемлекетінің өз алдына тәуелсіздік алып, қалыптасу уақытымен тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан заң құжаттарының тілін зерттеу, олардың ерекшеліктерін танытудың, ең алдымен, заң шығару үшін де маңызы өте зор. Себебі заң шығарушы мемлекеттік органның заң құжаттарының тілдік құрылымын қатты сақтап, олардың ішінде басы артық сөз кетіп қалмауын қатаң қадағалауы қажет. Публицистикалық стильдің барлық талаптары заң мәтінінен толықтай табылуы керек. Мұндай талаптар сақталмаса, онда заң құжаттарының прагматикалық-ақпараттық қызметі солғындайды. Заң мәтіндерінің бүгінгі күн талабына сәйкес тіл білімі саласында зерттеу нысанына айнала бастағанының өзектілігі міне осында.
Заң мәтіндері туралы, жалпы ресми-іскер стильдің басқа да салалары туралы қазақ тіл білімінде біршама еңбектер жарық көрді. Бұл салада Л. Дүйсембекова, Д. Әлкебаева өнімді еңбек етіп жүр. Ғалымдардың қазақ тіл біліміндегі ресми-іскери стильдің барлық қырынан танытудағы жемісті ізденістері бұл стильдегі басқа салалардың, әсіресе заңдық құжаттардың зерттелуіне жол ашып отыр.
Заңдық құжаттардың тақырыбындағы тілдік элементтерді, олардың синтаксистік-құрылымдық ұйымдастырылуын зерттеу бітіру жұмысының ең басты қарастыратын өзекті мәселесі болып табылады. Бітіру жұмысында заң тақырыптарының басқа да функциялары сарапқа салынды. Бұл қазақ тіл білімінде бүгінгі таңда қолданбалы лингвистиканың қалыптасуы үшін қажетті бастама.
Бітіру жұмысының пәні. Қазақ тілінің стилистика саласы, оның ақпараттық-прагматикалық ауқымы, функционалдық лингвистикадағы соңғы кезде қалыптасып отырған тілдік ерекшеліктер бітіру жұмысының негізгі пәні болып саналады. Отандық лингвистикада әлеуметтік факторлардың әсерін тіл біліміне байланыстыра, сабақтастыра отырып қарастыру.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері. Заң мәтіндерінің қазақ тіл білімі тұрғысынан зерттелуін қарастыру. Заңдық құжаттардың лингвистика үшін қандай маңызы бар екендігін көрсету. Сонымен қатар ең негізгі мәселе, заң тақырыптарының лингвистикалық сипаттамасын ашып көрсету. Қазақ мемлекеттілігі қалыптасқанннан бері қаншама заң актілері қабылданып, күнделікті қолданысқа енгізіліп жатыр. Солардың барлығының тақырыптық ерекшеліктерін талдау. Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері осыларды қамтиды.
Бітіру жұмысының ғылыми жаңалығы. Алғаш рет заңдық құжаттардың тақырыптары зерттеу нысанына айналды. Заң тақырыптарының құрылымындағы ақпараттық, прагматикалық, танымдық қызмет талданып көрсетілді. Сонымен қатар тақырыптардың басқа да айрықша белгілері бітіру жұмысында сараланды.
Бітіру жұмысының нәтижелері. Бітіру жұмысында мынандай негізгі нәтижелер бөліп алынды:
— Функционалдық стиль саласында ресми-іскер стильдің зерттелуі тіл білімінің көптеген салалары үшін өте қажетті фактор болып табылады.
-Заңдық құжаттардың зерттелуі, тілдік тұрғыдан қарастырылуы заң шығарушы органның қызметін жеңілдетіп, олардың ресми-іскер салада нақты бекітілген талаптар тұрғысынан жазылуына мүмкіндік береді.
— Заң тақырыптарының барлығы анықталған түрде клишелер мен штамптарға қатысты болады. олардың негізгі тілдік бірліктері де осы болып есептеледі.
-Қазақстан Республикасының заңдық құжаттарынан үлгілер келтіріліп, олардың тақырыптарына, ондағы ерекшеліктеріне назар аударылды.
-Заңдық құжаттардағы тақырыптардың синтаксистік құрылымы, қызметі алғаш рет сөз болды.
Зерттеудің дерек көздері: Н. Е. Бахареваның «Структурно-функциональное развитие заголовков» атты, Г. К. Ихсангалиеваның «Функционально-прагматический анализ заголовков (на материале казахстанских газет телепрограмм) атты және Р. Т. Қожабекованың «Баспасөз бетіндегі тақырыптардың фразеологиялану ерекшелігі» атты диссертациялық жұмысы, Л. Дүйсембекованың «Ресми-іскер стиль» атты монографиясы, Д. Әлкебаеваның «Прагмастилистика» атты оқу құралы, М. Мамабетованың «Ресми-іскери тіл белгісі – клише тұлғалар» атты еңбегі, Қазақстан Республикасында қабылданған заңдық құжаттардың тақырыптары пайдаланылды.
Сонымен қатар А. С. Попованың «Синтаксическая структура современных газетных заглавий и ее развитие» атты диссертациялық жұмысы, И. Р. Гальперин «Текст как обьект лингвистического исследования» атты монографиясы, С. Д. Кржижановскийдің «Поэтика заглавии» атты еңбегі зерттеу жұмысының негізгі дерек көздері болып есептеледі.
1 ЗАҢ ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ РЕСМИ-ІСКЕРИ СТИЛИСТИКА САЛАСЫНДА ЗЕРТТЕЛУІ
Қазақ тіліндегі іргелі зерттеулер жүргізуді талап ететін саланың бірі тіл білімінде соңғы кезде ғана қолға алына бастаған стилистика саласы. Стилистика саласының жан жақтылығы оны тіл білімінің басқа салаларымен ұштастыра зерттуеге әкеледі. Стилистика саласының теориялық негіздері қазіргі кездері нақтыланып, бұл салада ғалымдар жақсы жетістіктерге жетуде. Ең алдымен Мәулен Балақаев, Ербол Жанпейісов, Мархабат Томанов сияқты ғалымдар «Қазақ тілінің стилистикасы» деп аталатын еңбекті жарыққа шығарды. Одан кейін бұл оқулық кітап жетілдіріліп, тағы бірнеше рет басылып шықты. Стилистика туралы мәліметтер жинақтала келе, басқадай еңбектердің тууына себеп болды. Ғалым, Профессор Мырзатай Серғалиев «Стилистика негіздері» деген еңбекті жария етті. Филология ғылымының докторы Дина Әлкебаева «Прагмастилистика» оқу құралын басып шығарды.
Алайда осы аралықта стилистика саласы толық зерттелді, оның қарастыруға тиісті барлық нысандары қарастырылды деп айта аламыз ба? Бұл мәселенің мәнін ашып алуда ғалым Дүйсембаев Аян былай дейді: «Тіл білімінің бір саласы ретінде стилистиканың қалыптаса бастағанына да біршама уақыт өтіп кетті. Дегенмен, стилистиканың қазақ тіл біліміндегі әлі де жас салалардың қатарына жататындығын мойындауымыз қажет. Оған тіліміздегі кейбір маңызды болып есептелетін мәтіндердің өзінің әлі күнге дейін тілдік, стилистикалық тұрғыдан арнайы зерттеу нысанына айналмай отырғандығы дәлел. Шындығына келсек, қазіргі кезде қазақ тіл біліміндегі стилистикалық зерттеулер негізінен әдеби шығармалардың тілі мен баспасөз тілін зерттеу шеңберінен шыға алмай жүргендігі де шындық екенін жасырмауымыз керек.
Дегенмен стилистикалық еңбектерге қатысты пікірлер А. Байтұрсынұлы еңбектерінен бастау алды десек те болады» [9, 19].
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік маңызға ие заңдық құжаттарды зерттеу – бүгінгі күн талабынан туып отырған мәселе. Заңдық құжаттардың қолданылмайтын жері жоқ. Елдегі саяси-әлеуметтік жағдайларды реттеп, бекітіп отыру үшін оның қажеттігі шексіз. Заң шығарушы орган – аса әлеуетті құрылым болып есептеледі.
Тілдік тұрғыда қарастырылғанына қарай заңдық құжаттар функционалдық стильдік топтарға кіреді. Біз енді функционалдық стильдерге біршама үңіліп, зерттелу дәрежесіне мән бермекпіз.
Функционалдық стиль – ең көлемді жалпы категория. Функционалдық стильге не жатуы мүмкін. Ол көптеген салаларға бөлініп кетеді. «Мәселен, соттағы ақталушының, яғни адвокаттың сөзі, ғылыми мәжіліс, өлең жолдары, мәлімдеме т.б. – барлығының мазмұны әртүрлі, стильдік міндеттері әр бөлек. Сондықтан тілдің формасы, берілу мүмкіндіктері бір – біріне ажыратылады. Тілдік жанрлардың барлық түрінің басын біріктіретін ортақ міндеті (функциясы) бар. Тілдің өмір сүру стадиясы әдетте қарым – қатынас құралынан көрінеді. Сондықтан тілдің ең басты функциясы – қатынас құралы болу. Тілдің өмір сүру аумағы түрлі қоғамдық қажеттіліктерді өтеу барысында айқындала түседі. Яғни тілдік функциялары – сөйлеу, өзара түсінісуден бастап, қажеттілік түрлері, басқа адамдармен тіпті мемлекетаралық шарт жасасудан — ресми іс тілі, айналаны танып – білуден ғылым тілі, үгіт – насихат істері нәтижесінде коммуникативті газет – публицистика тілі, эстетикалық өнер түрлерінен көркем әдебиет тілі қалыптасқан. Осыларға қызмет ететін тілден ерекше қасиеттерді, мәселен, дәлдік, қысқалылық, бейнелілік тәрізді функцияларды, міндеттерді талап етеді. Уақыт өте келе қоғамдық қажеттіліктерге тіл өз тарапынан сараланған, қалыптасқан функционалдық стиль түрлерін жұмсайды» [10, 28].
Лингвистикалық әлеуметтануға қатысты функционалдық стиль ұғымы қоғамдық тұрғыдан танылған, мойындалған тілдік құралдардың шоғырлануына негізделеді.
Әдеби тілдің функционалдық стильдерін бір – бірінен ажыратып көрсететін нақты белгілердің болатындығы анық. Әрбір функционалдық стильдің өзіне ғана тән дифференциалдық белгілері бар, олардың бірқатары жетекші, екіншілері қосалқы немесе немесе ауыспалы белгі болуы мүмкін.
«Кітаби — жазба стильдердің бір – бірінен ажыратылып бөліне бастауы қоғамдық ой сананың жоғарылығынан болады. Неғұрлым қоғамдық ой жоғары болса, соғұрлым ұлт тілінің маңызы артады…» [11 ,21].
Функционалдық стильдің құрамындағы ресми – іс, публицистикалық, көркем әдебиет стилі қызметтік жағынан ерекшеленетін тілдік стильдер. Функционалдық стильдің салаларының ғылыми стиль түрлері деп те бөлінетіні бар.
Ғылыми тілдің өзінің саласы бар: термин таңдаудағы қаталдығы ойдың екі жақты болып кетпеуінен қатты сақтанады.
Қазақ тілінде функционалдық стиль қалыптасқан кезден бастап, қазіргі қазақ әдеби тіліндегі фунционалдық стиль құрамы туралы мәселе теориялық және практикалық түрде жетілдірілді.
Функционалдық стилдердің ғылыми стилдерінің қалыптасуы ХХ ғасырдан басталады. Қазіргі осы заманғы тіл біліміндегі функционалдық стилдің негізі 20 – 50 жылдары салынған. ХХ ғасырдың әр кезеңдерінде бұл салада В. В. Виноградов, Г. О. Винокур, Б. А. Ларина, А. М. Пешковский, Л. П. Якубинский, Л. В. Щерба, Д. Н. Шмелева еңбек етті.
Жеке функционалдық стильдерді сипаттауға арналған қазақ тілінде көптеген зерттеулердің болғанына қарамастан, [12, 192], [13, 255] бүгінгі күнге дейін функционалдық стилдердің түрлері мен номенклатуралары жайындағы таласты пікірлер басы ашық күйінде қалып келеді; сондықтан функционалдық стилдердің құрамы туралы мәселе әлі нақтыланбай келеді. Дегенмен қазақ тілінде мынадай функционалдық стильдердің бар екені күмәнсіз шындық, олар:
1) ресми іс – қағаздар немесе кеңсе тілі стилі;
2) публицистикалық стиль (газет – журнал тілінің стилі);
3) ғылыми – техникалық әдебиет стилі;
4) оқу – педагогикалық әдебиет стилі;
5) көркем әдебиет тілі стилі [12, 175].
Функционалдық стиль жайлы В. В. Виноградовтың және басқа да зерттеушілердің анықтамаларына сүйене отырып, жалпыхалықтық қазақ тілінде саяси фунционалдық стиль және заңдық-құжаттық функционалдық стиль деп жаңа стильдерді бөліп шығаруға болады деп есептейміз. Себебі, қазіргі кездегі экстралингвистикалық факторларға сәйкес әр салаларға қатысты функционалдық стильдердің жаңа түрлері сараланып шығып, олар өзіндік жеке атауларға ие болуда. Жоғарыда аталған академик В. В. Виноградов маркетингтік функциональдық стиль деген категорияны бөліп алып қарастырған болатын.
В. В. Виноградов функционалды стилді «санада жалпыланған, функционалдық жағынан негізделген, қолданылу жолдарының тұтастығы іштей біріктірілген, жалпыхалықтық, жалпыұлттық тілдің өзіндік немесе басқа формалар аясындағы сөйлеу қарым – қатынасына байланысты таңдап алынуы және тіркесуі» [14, 73] деп анықтайды. Сонымен бірге ғалымның осы тұрғыдағы, функционалды стилдерде көп ұшырасатын клишелер мәселесіне берген анықтамасы да назар аударуға тұрарлық: «Қазіргі әдеби тілдің жүйесінде сөздер көбіне еркін кездейсоқ іліккен жеке компоненттерден емес, дәстүрлі формулаларда шартты орын алады, адамдардың көпшілігі дайын формулалардың, клишелердің көмегімен сөйлейді және жазады» [15,162].
Біздің көзқарасымыз бойынша, тілдің функционалдық әр түрлілігінің тілдік сипаттамасының мамұны экстралингвистикалық, яғни тілдің қоғамдық көрінісі маңызды орын алатын жағдайлардан алшақтап кете алмайды. Функционалдық қалыптасу мен функционалдық аяқталу тілдің өмір сүруінің формасының айрылуы үшін қызмет етеді, В. Д. Бондалетов тілдік стилистикалық жіктелуінің шартына, бірінші кезекте, әлеуметтік факторды, стилдердің міндеті мен олардың қызмет ету жағдайын қатыстырады. Олар тілдің мынандай функционалдық өзгешеліктерге бөлінуінің негізі болып табылады, мысалы: жеке лингвистикалық белгілерге қатысты:
1) ортақ ұжыммен таңдалып, топтастырылып алынған арнаулы лексикалық, семантикалық, грамматикалық құралдар;
2) функционалдық стилдер шегіндегі стиилстикалық нормалардың болуы;
3) қандай да бір мөлшерде жалпы сөйлеу іс – тәжірибесінде анықталған функцияларды жүзеге асыру;
4) фунционалдық құралдардың болуы (лексикалық, сөзжасамдық, морфологиялық, синтаксистік)[16, 89].
Іскер адамдардың сұхбатында, ақиқат қарым – қатынасқа түсудің іскерлік тұрғыда жүзеге асу процесінде және іскерлік байланыс барысында қазіргі әдеби тілдің айрықша коммуникациялық жүйесі ретінде маркетингтік функционалдық стилдің стиль жасаушы құралдары қалыптасады, мұнда таңдау механизмдері тілдік құралдарды қолдану кезінде функционалдық және тақырыптық жоспарлармен алдын – ала айқындалады, яғни әрекет түрімен, қарым – қатынас мақсатымен, сөйлеушінің сөйлеуге деген қалауымен, рөлдік эспектациялармен әлеуметтік жағдайлардың басқа да компоненттерімен байланысты болады.
Ресми іс-қағаздар стилі шығу тегі бір және тілдік құралдардың пайдаланылуының айрықшалығымен сипатталынатын оларды нарықтық әрекетпен сәйкес келу мақсатында сұрыптап, іріктеп алумен, сөйлеу нұсқауларымен, сөйлеушілердің қалауымен, әлеуметтік мәртебемен және әрекеттің аталмыш шеңберімен байланысты экстралингвистикалық жақтан келісілген және коммуникациялық жүйеде бағытталған стиль болып табылады.
Ғалым Л. Дүйсембекова ресми іс-қағаздар стилінің жанрларының төмендегідей ерекшеліктерін көрсетеді:
1) ресми сипаты;
2) құжатты шығарушы немесе жазушы сипатының көрінуі;
3) құжат жанрының ресми қатынас жағдайына сәйкес болуы;
4) істің нақты жағдайының көрініс беруі немесе бейнеленуі;
5) мәліметтің сипатына, мазмұнына форманың тәуелді болуы
6) құжаттың аты;
7) мәтіннің құрылымдық-композициялық бөліктері;
8) құжаттың авторы мен адресаты;
9) мәтіндегі мағыналық бірліктердің қолданылуы мен орналасуының құжат мазмұнына тікелей тәуелді болуы;
10) шешілетін мәселе ауқымының шектеулілігі;
11) стандарт тілдік бірліктердің қолданылуы;
12) құрылым тұрақтылығы;
13) ойды жеткізу үшін белгілі бір тілдік бірліктер жиынтығының ғана қолданылуы;
14) прагматикасы;
15) әр құжат типінің жанр ерекшелігін көрсетуі [3, 101].
Заң кодекстеріміздің күнделікті тұрмысымызда қолданылып жүрген, әр түрлі тұлғалар мен мекемелердің түрлі жағдайдағы құқықтарын қорғап, қылмыстық іс әрекеттерін айыптайтын маңызды мәтін екендігін түсіндірудің қажеті жоқ. Сондай мәтіндердің ішіндегі маңыздыларының бірі заң мәтіндері. Оның үстіне, соңғы жылдары заң жүйесі заң шығару ісіне, сол арқылы заңдық қоғам құруға түбегейлі бетбұрыс жасағандығын аңғаруға болады. Оның да түрткі болған себептері мен ерекшеліктері жоқ емес.
Бірақ бұл пікірге сүйеніп, қазақ тіл білімінде заң мәтіндеріне қатысты еңбектер мүлдем болмады деп айта алмаймыз. Айталық, жекелеген заң ұғымдарының стильдік қолданысы, ұғымдық, мағыналық белгілері жөнінде белгілі тілші Р. Сыздықованың еңбектерінде талданып өткен.
ХХ ғасырдың соңғы жылдарында қоғамымыз заң тілінің қалыптасуына әртүрлі себептермен әсер етіп, көптеген заң жобаларының өмірге келуіне түрткі болды. Дербес мемлекет болғаннан бргі соңғы уақыттарда Қазақстан да осы жағдайды басынан кешіріп отыр. Қазір Қазақстанда жаңа заң жобалары бойынша жұмыс істеліп отырғандығы белгілі. Дегенмен мемлекетте пайда болған әр заң жобасының өзгеруінің белгілі бір обьективті себептері де жоқ емес. Реті келгенде, аталған бұл себептерге де тоқталып өтуге болады.
Соңғы кезеңдердегі Одақтан бөлініп шыққан мемлекеттердің өз ата заңдарын қалыптастыруға тырысуы Қазақстанды да айналып өтпеді. Тәуелсіздік алғаннан бергі соңғы он жыл ішінде басқа ТМД мемлекеттері немесе басқа да шет мемлекеттері сияқты Қазақстан да өз ата заңын жасап, оны мемлекеттің ішкі ерекшеліктеріне, қоғамдық құрылым құрылысына сай етуге ұмтылды. Неғұрлым қоғамымыздың игілігіне қызмет ете алтындай өміршең заң жасауды көздеді. Бұл жағдай заң жүйесіндегі істердің қарқынды жүргізілуіне иермелегені күмәнсіз.
Кеңестік Одақтан бөлініп шыққан жас мемлекеттердің ішкі қатынастары мен сыртқы қатынастарын заң арқылы рттеп, басқарып отыру қажеттілігі туындады. Ал жаңа мемлекетті ескі жүйесі бойынша басқару мүмкін емес болатын. Уақыт ағымы өз даму үрдісінде жаңа заңдарды, басқа формадағы қоғамдық қатынастарды талап етті.
Бұған дейінгі басқа империяның қол астында болған кездегі, басқа уақыттағы жұмыс істеген заңдар жарамсыз болып қалды. Жетпіс жыл бойы өмір сүрген басқа елдердің қоғамдық орталарымен салыстырғанда дүние жүзілік даму үрдісінен өзіндік бөлектеніп тұратын ерекшеліктері бар, партиялық билікке беймделген кеңес заңдары дамудың басқа кезеңінде пайда болған жас мемлекетке қызмет ете алмауы заңдылық еді. Осы тұрғыдан мемлекеттегі заңдары өзгерту күн тәртібіндегі бірінші кезекте тұрған мәселе болды. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» даму бағдарламасында көрсетілгендей, еліміздің тілдік мүмкіндігін де дәлелдеу басты міндеттердің бірі. Бұл үшін ұлт тілінде дұрыс заң тілін қалыптастыру қажет екендігі сөзсіз.
Оның үстіне жас мемлекеттің өз даму бағытын, мемлекет ретндегі дербес өмір сүру жүйесін, өзіндік басқару құрылымын айқындап алуы да қажет болды. Нәтижесінде, заң шығару саласындағы билік демократиялық мемлекеттердің үрдісіне сәйкес парламентке берілді. Парламенттің заң шығарушы билік жүйесі ретінде маңызды қызмет атқаруы да заң саласындағы жұмыстардың дамуына ықпал етті.
Заң шығару бағытындағы істер соңғы жылдары айтарлықтай алға басты. Өндіріс, мәдениет, экономика және т.б. салалардағы заң жобалары өмірге келді. Соның негізінде елімізде қазіргі кезде еңбек құқығы, әкімшілік құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық кодекстері сияқты құқықтық кодекстер мен түрлі құжаттардан тұратын ата заң жұмыс істеуде. Сонымен қатар еліміздің даму үрдісінің, экономикалық реформаларды жүзеге асырудың әр түрлі кезеңдеріне байланысты әр уақыт кезеңінде уақытша сипаттағы түрлі заң жобалары да жасалды. Бұдан заң кодекстері мен жобаларын жасаудың ерекше қарқынмен өріс алғандығын көруге болады. Бр сөзбен айтқанда, Қазақстан қоғамындағы заң жүйесі жаппай қарқынды ілгерілеумен, жаңарулармен сипатталды. Бұл процестің тек Қазақстанға ғана емес, басқа да ТМД мемлекеттеріне тән екендігін, заң шығару саласындағы мұндай өзгерістердің Ресейде де орын алғандығын орыс ғалымы Н. А. Власенконың еңбегінен көреміз.
Келесі кезекте осы заңдардың бүгінгі таңдағы жүзеге асу, орындалу деңгейіне, сапалық ерекшеліктеріне баға беру, анықтау міндеттері тұр. Бұл мәселелерге жазылған заң мәтіндерінің тілдік ерекшеліктерінің қатысы жоқ деп айта алмаймыз. Керісінше, заңдардың өмір сүруі бірінші кезекте олардың мәтіндерінің тілдік ғалымдарының еңбектері арқылы көз жеткізуге болады. Ғалымдардың бірқатары тілшілер болмаса да, олар өз еңбектері арқылы заң мәтінінің тілдік мәселелерін шешуге араласқан. Мұның өзі заң тіліне мән беріп, оны зерттеудің маңыздылығын аңғарта түседі.
Құқық тіліне қатысты бұл сияқты зерттеулер қазақ тіл біліміне де керек. Мұндай еңбек басқа елдің тіл білімінен қалайда артта қалмау мақсатымен емес, қазақ тіліндегі заңның жазылу ерекшелігін анықтау арқылы заң сапасын жақсарту үшін қолға алынуы тиіс. Бұл мақсат ғылымның адам баласының, халықтың игілігіне қызмет ету керектігі принципі тұрғысынан да орында болмақ. Яғни, заңның мазмұны оны жеткізетін тіліне байланысты.
Мұнымен қоса кез келген ғылыми еңбек жазуға ұмтыла отырып, оның қоғамда, белгілі бір салада пайдалы болу жағын бірінші орынға қою керек. Бұл жалпы ғылымның негізгі мақсаты.
Өкінішке орай, осы мақсаттың қазіргі ғылыми еңбектер ағымының дамуында сырт қалып жүргендігі де жасырын емес. Дегенмен, бұл мәселе өз алдына бөлек сөз қозғауды қажет ететін әрі жалпы өзекті мәселеге айнлып отырған бөлек тақырып. Ал біздің заң тілін зерттеумен байланысты айтпағымыз, мұндай еңбек, біріншіден, заң үшін әрі заңды нақты іске асыруға, өмірде қолдануға тікелей негіз болатын заң тілі үшін пайдалы. Белгіленген тілдік талаптарға сай жазылған заң да сапалы болмақ. Сондай ақ заң мәтінін зерттеу арқылы тіл білімінің кейбір мәселелерін, тілдегі ерекшеліктерді, тілдік қолданыстарды анықтап, тіл білімінің мәселелерін шешуге де көмектесуге болады. Заң мәтінін зерттеудің бұл жағы тіл білімі үшін пайдалы.
Құқық тілін зерттеудің тиімділігі осы екі жағымен ғана шектелмейді. Оған қоса заң тіліндегі ерекшеліктерді анықтау, оның жазылуына қойылатын талаптардың белгіленуі пайда болған жаңа заңдарға баға бере алады. Мұндай жұмыстар қазіргі таңда жаңа заң жобаларын жазып дайындауда парламен жұмысына көмекші құрал болар еді.
Жоғарыда көрсетілген себептермен өмірге келген заңдардың да жазылуы оңай бола салған жоқ. Заңдарды жазу барысында мемлекеттік деңгейдегі маңызды құжат болғандықтан, қиындықтардың болатындығы, үлкен жауапкершіліктерді қажет ететіндігі рас. Сол жауапкершіліктің ішіндегі маңыздыларының бірі тілдік жауапкершілік екендігі анық. Заңдардың жүзеге асуы, орындалуы да негізінен, сол заңның да жазылу деңгейіне, қоғамда қабылдану дәрежесіне байланысты екендігі сөзсіз. Осы тұрғыдан үлкен қарқынмен жазылған осы заңдардың жазылу барысы қалай болды, заң тілі қалай жазылды, қабылдаушы қоғам мүшесінің оларды қаблдай алу деңгейі қандай, қандай стильде жазылды, заң тіліне қандай талаптар қойылады, заң кодекстерінің қоғамдағы қатынастарды реттеудегі ролі қандай деген сияқты көптеген өзекті сауалдар туындайды. Бұл ауалдарға жауап іздеудің өзі заң тілін тілдік, стильдік, логикалық, психолингвистикалық және т.б. тұрғыдан зерттеудің міндеттерін жүктейді. Онымен қоса пайда болған заңдардың тіліне қойылатын талаптар мен ерекшеліктерді айқындап бере алатын ос уақытқа дейін жазылған қазақ тілі біліміндегі осы бағыттағы еңбектер жоқтың қасы. Бұл жағын ескерсек, осы арнадағы зерттеу жұмыстарын жан жақты жаңа қырынан жүргізу керектігі өз өзінен түсінікті.
Қазақ тілінде жазылған заң тіліне қойылатын негізгі талаптар мен оның тілдік ерекшеліктерін өз тарапымыздан анықтау міндеті тағы бар. Сондай ақ заң тілі бұған дейін тек терминологиялық жүйесі тұрғысынан ғана тіл білімінде зрттеу нысаны болғандығы анық. Заң мәтіндерін тіл білімінде басқа қырынан қарастыған ғылыми еңбектерді біз кездестіре алмаймыз. Ал, тікелей заң саласында жазылған еңбектердің жөні басқа. Олардың заң мәтіндерінің тілдік мәселесін шешуге қатысы аз.
Соңғы кезеңдегі немесе тарихи әдеби шығармалардың тілі болмаса, басқа мәтіндер тілін зерттеген тілдік еңбекті кездестіре қою қиын. Стилистикалық тұрғыдан зертте, арнайы қарастыруды қажет ететін тілдік мәтіндердің түрлері жоқ емес, баршылық. Олардың әрқайсысының тілдік, мәтіндік ерекшеліктері бар екендігі шындық. Десек те солардың өзі осы уақытқа дейін қазақ тіл білімінде тілдік тұрғыдан стилистиканың нысанына ілінбей, қарастырылмай келді. Ал олардың, яғни әр мәтін түрінің ерекшеліктерін анықтау, тілдік заңдылықтарын айқындап, әрқайсысының артықшылықтары мен кемшіліктерін, өзіндік табиғатын көрсетіп беру қазақ тіліндегі мәтіндер тілінің төселіп, жүйеленіп, нормаланып, онсыз да қоғамдық қолданыста ақсап жатқан қазақ тілінің анағұрлым кеңінен қолданылуынга аз да болса сеп болып, қозғау салған болар еді.
Заң кодексініңі күнделікті тұрмыста қолданылып жүрген, әр түрлі тұлғалар мен мекемелердің түрлі жағдайдағы құқықтарын қорғап, қылмыстық іс-әрекеттерін айқындайтын, маңызды мәтін екендігін түсіндіріп жатудың қажеті де жоқ. Сондай мәтіндердің ішіндегі маңыздыларының бірі-заң мәтіндері.
Ана тіліміздегі заңдық ұғымды білдіретін атаулардың дені өзіміздің төл атаударымыздың терминдік мәнде қолданыла келе, біртіндеп осы қасиетке ие болады. Әрине, олардың терминдік мән алып, жаңа лексикалық топ құрауына бірқатар жағдайлар қажет болады: тарихи-әлеуметтік кезеңдер, әртүрлі құқық қорғау мекемелерінің пайда болуы, қоғамдық тәртіп, оны бұзушылар мен оған қарсы күресетін күштердің дүниеге келуі, қоғамға жат қылықтар, олармен күрес, жеке адам басына, мемлекетке зиян тигізетін әрекеттер мен сияқты ұғымдардың адам санасына ұлсушылық нәтижесінде осы ұғымды білдіртін атаулардың қажеттілігі, осыған мұқтаждық негізінде бірқатар сөздер жаңа мәнде қолданыла бастайды да, олардың соңғы мағынасы ұған дейінгі мәндерінен бөлініп, жаңа сөздің қызметін атқара бастайды. Сөйтіп тілімізде жаңа праволық атау пайда болады [102].
Заң тілін зерттеу көршілес орыс тілі білімінде әлдеқашан қолға алынғандығына Н. А. Власенко, С. С. Алексеев, И. Грязин, А. С. Пиголкин, С. А. Боголюбов сияқты басқа да орыс ғалымдарының зерттеулері дәлел бола алады.
Заң мәтіндеріне қойылатын бірінші талап барлық басқа терминдер сияқты экспрессивтілік мағынанынң болмауы. Экспрессивтілік мағынаның болмауы барлық заң мәтіндерін басқа қарапайым мәтін түрлерінен ажырататын ерекшелік. Мұндай мағына болған жағдайда мәтін заң табиғатын дұрыс бере алмаған болар еді. Заң мәтінінде берілетін ой мазмұны бірқалыпты, бейтарап стильмен берілуі тиіс.
Құқық мәтіндерінің тағы бір ерекшелігі сөйлемдердің бір бірімен байланыста болуы мен ой мазмұнының бірізді динамикалы түрде тізбектеле өрбуі. Бұл, негізінен, тек заң мәтіндерінде ғана емес, барлық мәтін түрлеріне қойылатын талап. Әйтсе де, заң мәтіндерінде бұл талап ерекше ескеріліп, орындалуы тиіс. Сондай ақ заң жобаларын жазу үстінде ойдың үзіліп қалуы немесе кездейсоқ ұмытылып кетуі қатаң түрде, үзілді кесілді жіберуге болмайтын қателік. Өйткені ондай қателікті басқа мәтіндермен салыстырғанда, заң мәтіні маңызды құжат ретінде мүлдем көтере алмайды. Бұл заң жобаларын дайындау барысында міндетті түрде орындалуға тиісті талап.
Заң мәтініне құқықтық құжат болғаннан кейін қойылтын тағы бір негізгі талап ойдың дәлділігі мен нақтылығы. Яғни адам құқықтары заңд дәл берілуі керек. Бұл тұрғыдан, заңның адам құқықтарын түсіндіріп беретін, олардың қылмысқа баруы мүмкін іс әрекеттерін реттеушілік қызметі басым екендігін негізге алудың өзі жеткілікті. Әсіресе қылмыс түрлеріне сәйкес, жаза түрлері түсіндірілгенде жаза белгілеудің қылмысқа қатысты шарты анық болуға тиіс. Мұндай нақтылық пен дәлдікті заң мәтінінің тілінде жүзеге асыру үшін ойды беру барысында кейбір тілдік қолданыстарды, терминдерді, сөйлем қолданыстарын сол қалпында қайталап қолданудан қашпау керек.
Дегенмен мұндай ерекшеліктің заң мәтініне қатысты кемшілігі де жоқ емес.
Ресми стильге жататын мемлекеттік құжаттар жанр және мазмұн жағынан әр түрлі болып келгенімен, олардың барлығына ортақ жалпы сипаты болады:
- Белгілі бір қалыптасқан үлгіде, баяндау тәсілімен жазылады.
- Лексика-фразеологияның құрамы (саяси-публицистикалық сипатта, әкімшілік терминдер мен күрделі терминдер, қысқарған сөздер) өзгеше болып келеді.
- Ойдың логикалық жүйелілігін сақтау мақсатымен сөйлем күрделі құрылады [17, 32]. Дәлел ретінде төмендегідей заң үлгілерін мысалға келтіріп, олардың тақырыптарының ерекшеліктерін анықтайық:
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз республикасының арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімді бекіту туралы.
Астана 2003 жылғы 25 желтоқсанда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімді бекіту туралы.
Астана 2003 жылғы 25 желтоқсанда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісім бекітілсін.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н. Ә. Назарбаев
Астана 2004 жылғы мамырдың 25-і, №554-ІІ ҚРЗ
Қазақстан Республикасының заңы
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ислам даму Банкі арасындағы Қазақстанда Қарағанды облысының ауылды сумен жабдықтау жобасы үшін қарыз туралы келісімді бекіту туралы
Алматыда 2003 жылы 2 қыркүйекте жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ислам Даму Банкі арасындағы
Қазақстанда Қарағанды облысының ауылды сумен жабдықтау үшін қарыз туралы келісім бекітілсін.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н. Ә. Назарбаев
Астана 2004 жылғы мамырдың 26-сы. №555-ІІ ҚРЗ
Қазақстан Республикасының заңы
Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі арасындағы қарыз (Нұра өзенін тазарту жобасы) туралы келісімді бекіту туралы
Вашингтонда 2003 жылғы 17 желтоқсанда жасалған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы қарыз (Нұра өзенін тазарту жобасы) туралы келісім бекітілсін.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н. Ә. Назарбаев.
Астана 2004 жылы мамырдың 26-сы №556-ІІ ҚРЗ
«Ресми-іс қағаздар стилінің белгілері байқалатын, осы стильде жазылған әдебиеттер төмендегідей: елшілік (дипломатиялық) сипаттағы құжаттар, заңдық құжаттар, құқықтық құжаттар, әкімшілікі-кеңселік құжаттар. Олардың өзі де жанрлық дифференциацияға ие: нота, конвенция, халықаралық келісім, арыз, өтініш, заң, жарғы, қаулы, протокол, баяндама және т.б» [18, 195].
«Жанрдың жоғарыда келтірілген сипаттарының бірі, ерекшеліктерінің бірі – мәтіндегі мағыналық бірліктердің қолданылуы мен орналасуының құжат мазмұнына тікелей тәуелді болуы. Мысалы, бұйрықтардың, қаулы, ереже, нұсқаулардың тақырыптары туралы, жөнінде, жайында т.б. шылаулармен келетін сөз тіркестерінен тұрады. Яғни бұл құжаттардың тақырыбында міндетті түрде құжат мәтінінде айтылатын мәселенің не жайлы екендігінен қысқа, нақты мәлімет беріліп тұрады. Сондай-ақ өкілеттік құжаттарға жататын жанр мәтіндерінде негізінен бұйрық рай формалы етістіктер қолданылады». [3, 99]
Бұл айтылған тұжырымның заң мәтіндерінің тақырыптарына да қатысты болатындығын жоғарыда келтірілген заң мәтіндерімен салыстыру арқылы байқаймыз. Үш заң тақырыбының үшеуінде де туралы деген септеулік шылаудың қолданылуы одан кейінгі тұтас мәтіннен хабардар етіп, ақпарат жеткізіп тұр. Демек, мәтіннің ақпараттылығы (информативность) деген категорияның заң тақырыбындағы ықпалы өте қатты сезілетіндігі анықталды. Бұл ерекшелікке қарап отырып, заң тақырыптарының айрықша міндетінің бірі мәтіндегі негізгі ойды алдын-ала жеткізу болып табылатындығын көруге болады.
Ресми іс-қағаздары стиліндегі жанр мәселесі туралы ғалым Л. Дүйсенбекова мынадай ой айтады: «Тілдік жанрлардың туып, дамуы әдеби тілдің стильдік тармақтарын қалыптастыруда үлкен роль атқарады. Яғни, тілдік стильдердің пайда болып, жеке стильдік тармақ ретінде қалыптасуы, ондағы жанрлардың дамуымен, өзіндік өріс алуымен тығыз байланысты»[93]. Ғалым сонымен қатар ресми-іс қағаздарының жалпы функциясы туралы орыс ғалымдарының пікірлерін келтіреді: «Официально-деловой силь – это ничто иное, как совокупность законов, постановлений, соглашений, деловых писем и др., т.е. обощение жанров деловой речи, воплощающее характерные черты языка текстов делового общения» — деп жазады «Функциональные типы русской речи» еңбегінің авторлары [3, 42].
Ресми-іс қағаздар стилі әртүрлі құжаттарда көрініс табады – мемлекеттік актілерден іскерлік жазбаларға дейін – және билік орындарын тұрғылықты халықпен байланыстырудың құралы ретінде қызмет атқарады. Әртүрлі құжаттар тіліндегі айырмашылықтарға қарамастан (оның белгіленуіне қатысты), тұтастай айтқанда стилге көптеген ортақ белгілер тән. Ресми-іскери стиль немесе іскери қарым-қатынас ресми, құқықтық және мемлекеттік саясаттың аясында қызмет атқарады. «Стиль мемлекеттің адамдармен қарым-қатынасын реттеп отыратын нормативтік актілерді қалыптастыру үшін пайдаланылады. Стильдің қызметі хабарлау болып табылады» [19, 197].
Ресми-іскери құжаттар деңгейі жағынан стандарттылығымен, тұрақтылығымен ерекшеленеді. Ол үш топқа бөлінеді: 1) стандартсыз түрде өздерінің құқықтық күшін жоғалтатын құжаттар (мәселен, паспорт, диплом, неке туралы куәлік, туу туралы куәлік, кәмелеттік аттестат т.б.); 2) стандартты формаға ие емес, бірақ анықталған стереотиптермен жазылатын құжаттар (ноталар, келісім-шарттар және т.б.); 3) міндетті стандартты формада жазылуды аса қатты талап етпейтін құжаттар (протоколдар, қаулылар, есептер, іскерлік хаттар).
Ресми-іскери құжаттар заңды дәстүрде , қалыптасқан ережелер мен үлгілерде жазылады. Сондықтан стандартты форма – ресми-іскери стилдегі құжат түрінің әдеби бейнесінің маңызды деталы.
Ресми-іскери стиль – басқа функционалдық стилдерге қарағанда, барынша тұйық, барынша тұрақты, дәстүрлі, стандартталған стиль. Бірақ бұл ресми-іскери стильге даму жат деген ұғымды білдірмейді: ол қоғамдағы әлеуметтік-тарихи жағдайлардың әсерімен өзгерістерге ұшырап отырады. Қазақ тіл біліміндегі академик Р. Сыздықтың, профессор А. Ибатовтың, профессор Л. Дүйсембекованың еңбектерінен аталмыш құбылысты, яғни қазақ тарихи заңдық құжаттардың осы күнге дейін қандай өзгерістерді басынан кешіргенін аңғарамыз.
2 ЗАҢ ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ КЛИШЕ МЕН ШТАМП
Қазіргі уақытта ресми-іскери стиль, оның ішінде заңдық құжаттар барынша нақтылыққа, дәлдікке, ойдың нұсқалығына негізделуде. Ақпарат дәуірінде оның мұндай өзгерістерге бейімделуі заңды. Заңдық мәтіндерде баяндау, тұрақтылық, ақпараттылық деңгейі жоғары болып келеді.
Мәтін теориясын зерттеген ғалым Н. Н. Валгина мынадай қызық дәлел келтіреді: «Ресми-іскери мәтіндердің унификациялануы (тұтастануы) эконмикалық жағынан (құрастырушыға пайдалы), психологиялық жағынан (жеңіл қабылданады) және техникалық жағынан (машиналық өңдеу оңтайландырылады) тиімді болып отыр. Унификация, әсіресе инструктивтік материалдарды, мемлекеттік актілердің негізінде жүзеге асырылуда» [18, 198].
Заңдық құжаттардың ішкістилдік белгілері: бірмәнділік, дәлдік болып табылады. Себебі заңдық құжаттар талассыз мәселе тұрғысында мәлімет береді.
Адам санасы көп рет қайталанатын құбылыстарға сәйкес тілде дайын клише – формулалар түрінде бейнеленетін стереотиптерді өңдеп шығарады, қалыптастырады. Көптеген зерттеушілер қайталанатын жағдайдың жоғары жиілігі, әрқилы әрекеттер мен жағдайдың барлығы дерлік тілдің стереотипті формуласын, клише – фразаларды тудыруға мүмкіндігі бар деп есептейді (А. Н. Васильева, В. Г. Костомаров, Дж. Ферс және т.б.). Өмірдегі маңызды оқиғалардың басым бөлігі жиі қайталанаып отырады. Мұндай жағдайда тіл артығынан құтылып, тілде бұрыннан бар қарым – қатынас бірлігін пайдалануға болады. мұның өзі таптаурын болған сөздердің бір сарынды жалғасып келіп, сол салада ғана айтылатын дәрежеге дейін жетуіне мүмкіндік береді. Әрине мұның негізінде үнемділік қағидалары жатқандығы белгілі. Бұл қағида тілде де осылайша – клише – тұлғалар арқылы көрініс тауып, адамдардың санасында жатталып қалады. Қайталамалы клишенің көп қолданылуы ол, ең алдымен, қарым – қатынасқа қатысушылар саны неғұрлым жоғары, тілдік жағдайды қайталау көп кездесетін салаларға ғана тән. Жалпы лингвистикада дайын қолданылатын тіл материалы көлемінің әр түрлі түсіндірулері бар. Белгілі бір дәрежеде мәселенің жеткіліксіз зерттелгендігіне, терминологияда берілген көзқарас алшақтығына байланысты болуы мүмкін тіл білімінде клише ұғымына морфема мен сөзден бастап, сөз тіркесі, сөйлем, фраза, мақал – мәтел, цитата (дәйексөз), жарнама, фразеологизм (тұрақты сөз тіркесі), ертегі, мысалға, тіпті мифке дейін жатқызатын әр түрлі кезеңдерде талқыланған еңбектерді кездестіруге болады. Дегенмен қазіргі тіл біліміндегі клишеге қатысты көзқарастардың дені тікелей функционалдық стильмен, оның ішінде ресми – іскери стильмен байланысты болып келеді.
Тілдегі дайын оралымдар фразеологизмдер сияқты тіл бірлігі ретінде қолданылатындығы рас. Дегенмен клишенің фразеологиялық оралыммен ұқсастығы функционалдық ұқсастықпен ғана шектеледі. Яғни фразеологизм және клишеге тән ортақ қасиет екеуінің дайын күйінде жұмсалуы. Ал клишенің ерекшелігі – еркін ұйымдастырылуы, клишеде компоненттер байланысы еркін. Онда фразеологиялық бірліктерге тән айтарлықтай семантикалық өзгерістер болмайды, яғни бұл тұрғыдан келгенде клишелердің еркін сөз тіркесінен айырмашылығы жоқ. осы қарама – қайшылықта өз бойында еркін сөз тіркесі мен фразеологиялық орам қасиеттерін үйлестіруші клишенің ауыспалы типті құбылыс ретіндегі мәні ашылады.
Клише тұлғаларын фразеологизмдермен жақындастыру ғылыми әдебиетте кездеседі. Мысалы, Н. Н. Дулина мен С. П. Кушнерук клишеге фразеологизмнің бір варианты, атап айтқанда, «стилистикалы шектеулі варианты» ретінде қарап, мынадай анықтама береді: «коммуникативтік – типтік сөйлеу фрагменттерінде қайталанатын, бірыңғай құжаттық жағдаяттармен байланысты, мәтінде құрылымдық және сигналдық қызмет атқаратын фразеологизмнің стилистикалы шектеулі варианты» [20, 18]. Олардың фразеологизм тұрғысынан қарастырылуы біршама қалыптасқан тұрақтылығымен байланысты екендігі белгілі.
Сонымен қатар клише мәселесін қарастырғанда стереотип, стандарт, шаблон, канцеляризм секілді ұғымдардан айналып өту мүмкін емес, өйткені олар бірімен – бірі байланысып, астасып жатқан ұғымдар. Олардың арақатынасын дұрыс айырмау салдарынан клише түрлі аталып, әрқилы терминдердің шырмауынан шыға алмай, жағымсыз бағаланатын стереотип құбылыстарымен шатастырылады. Осыдан келіп оның «тілді бүлдіруші» ретінде жағымсыз бағалануы белең алады. Дегенмен көп ұзамай дайын күйінде өзгермей қолданылуы заңды болып есептелетін құбылыстардың тілге қажет екендігі мойындалып, оң бағалана бастады.
Стереотип қандай да бір құбылыстың адам санасында бірыңғайланып, дайын күйінде меңгерілетін үйреншікті дағдыға айналған белгісі. Ол — әлеуметтану, этнология, психология, лингвистика, мәдениеттану және т.б. ғылымдарда қолданылатын ортақ ұғым. Стереотиптің бұл ғылым салаларында ортақ түйісетін жері – ұзақ уақыт қалыптасқан бір нәрсенің не құбылыстың адам санасында тұрақты қалып алған үлгісі, эталоны болуы. Осы ретте Т. М. Дридзенің пікірін келтіретін болсақ, ол былай дейді: «Саналы түрде уәжделмеген тілдік әрекеттің уәжделген, мақсатты бағытталған мәтіндік әрекеттен айырмашылығы тілдік сананың, осыған сәйкес тілдік ойлаудың стереотиптілік дәрежесінде айқын көрінуі. Сөйлеу стимулдарына деген стереотиптік реакция – бұл, ең алдымен, дағдыға айналған, қабылдау стандартына айналған бейсаналық реакция» [32, 139]. Сондықтан стереотип термині тілдегі қайталанатын тіл бірлігі ұғымдарының барлығына тектік атау ретінде қолданылғандығы дұрыс. Ғылыми әдебиетте оның бейтарап ұғым ретінде клише мен стандартпен қатар, яғни синоним болып қолданылуы жиі кездеседі. Жалпы осы қатардағы ұғымдардың қолданылуының шартты түрде екі түрін белгілеуге болады: 1) бейтарап ұғымдар ретінде қабылданып, жағымды сипатты, оң бағаланатындар: стереотип, стандарт, шаблон, клише; 2) жағымсыз сипатты, теріс бағаланатындар: штамп, шаблон.
Әрдайым әр адамға байланысты әр жағдаятта бұйрық беру үшін өзінше бөлек – бөлек сөз қолданысы қолданылмайды, бұлай болуы мүмкін де емес. Демек осы іспеттес оқиғаның қайталанып келуі онлдағы тілдік бірліктердің де қайта қолданылуына әкеліп соқтырады. Ал сол қайта қолданылуы, яғни басқа емес дәл сол бірліктерді қолдану керектігі бұл ресми – іскери тілге қойылатын оның құқықтық — әкімшілік сипатын белгілеп тұратын талап, ереже, десек те болады. Ал тіл білімінде осы бірыңғай талап, ереже қою, нормаға ұмтылу, бір ізге түсіру процесі стандарттау деп аталады. Сондықтан нақты тілдік бірліктерді клише деп атап, бірізділік қағидаларын стандарт деген жөн.
Біршама жағымсыз сипат алған ұғымдардың көшбасшысы штамп болып табылады. Штамп – дайын күйінде қолданылатын тіл бірлігінңі шектен тыс, орынсыз, ойсыз, ретсіз, талғамсыз қолданылуынан, тіл мәнерін бұзушы ретінде жағымсыз бағаланатын құбылыс.
Ғалымдар тілде оң бағаланатын, жағымды және жағымсыз сипаттағы құбылыстардың сөйлеуде бар екендігін бұрыннан – ақ аңғарған. Сол себепті бір кездері олармен жаппай күресу, тілден алшақтату жайында сөз болса, обьективті талданған ғылыми сараптаулар нәтижесінде олардың екі түрлі сипатқа ие екендігі, сондықтан екі түрлі аталып, ара жігін әділ ажырату да ұсынылады. Дегенмен кейбір лингвистикалық сөздіктерде клише терминіне «штампты қара» деген сілтеме тұруы әлі де кездеседі. Ал екі ұғымның қатар жүріп, арасындағы ұқсастықтары болуы заңдылық. Себебі екеуінің шығу тегі бір. Сонымен клише – кез келген тіл стилінде кездесетін оңай айтылатын, орынды, жағымды қабылданатын дайын тіл бірлігі, ал штамп – кез келген тіл стилінде шектен тыс қайталанып, орынсыз қолданылу нәтижесінде жағымсыз сипатқа ие болған тіл бірлігі. Штамп – қандай стильде болмасын кемістік болып есептелсе, клише заңдылық есебінде бағаланады, сонымен қатар клише тілдің даралаушы, стиль жасаушы белгісі.
Әр жанрдың өзіне ғана тән клишелері болады, соны дәл ажырата білу керек, ол үшін оны жанрмен бірге қарастырып, олардың сөздігін жасаса, құжат дайындаушыларға көп көмегі тиері сөзсіз.
Құжаттар тілін стандарттау, яғни бір ізге түсіру – мәтінді ұйымдастырудың ерекше түрін туындатты. Атап айтқанда, сауалнама, кесте, бланк, формуляр. Бұл өз кезегінде клишелердің заңдылығын мойындатады. Трафареттік мәтіндердің пайда болуы өндіріс, көлік, сауда – саттықтағы бір типті проблемалық жағдайларды шешу қажеттлігімен байланысты болды.
Неғұрлым жоғары жиілікте қайталанатын типтік жағдаят соғұрлым жоғары дәрежедегі дайын сөйлеу формалары – клишелерді тудырады. Трафареттік мәтіндер алдын – ала дайындалып, түзетіліп, редакцияланып, жүздеп, мыңдап баспадан шығады.
Адам әрекетін және өмірлік жағдаяттарды жағдайдың типтендірілген класы ретінде ұғыну жиі қайталанушылыққа және сөйлеу құралдарының бірегейлігіне әкеп соқтырады, нәтижесінде сөйлеу клишелерінің пайда болуына ыңғайлы жағдай туады. Кез келген стандарт адамдар қатынасының нормалануына ықпал етеді. Сондықтан мұндай стереотиптердің қалыптасуы, ең алдымен, тілдік сөйлемдерде пайда болады.
Клише құбылысының табиғаты өте қызық. Ресми – іскери тілде қолданылып жүрген қандай да бір тілдік тұлғаларды клише деп тану төркінін қайдан іздеген жөн. Әлбетте, кез келген сөзді немесе сөз тіркесін клише деп тани алмаймыз. Белгілі бір тілдік бірліктерді клише деп атау үшін басшылыққа алатын бірден – бір өлшем – жиі қайталанатын тілдік жағдаятта қандай да бір тілдік тұлғаларының дайын күйінде қолданылуы болып табылады. Клишенің пайда болу, даму, қалыптасу, орнығу кезеңдері болады.
«Белгілі бір синтаксистік құрылымы мен лексикалық толықтырулары дайын формулалар ретінде меңгеріліп, адам санасында дайын блоктар ретінде жатталатын» клишелердің дайындығы қандай дәрежеде, лексика – грамматикалық мағынасы мен формасы қалай құрылады деген сұрақтар туындайды. Клише тұлғаларын талдау, сұрыптау нәтижесінде клишелер көбінесе сөз тіркесі, сөйлем деңгейінде болатындығы анықталды.
3 ТАҚЫРЫП ЖӘНЕ ЗАҢ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
Бүгінгі таңда кез келген бағыттағы зерттеу жұмысы үшін тіл бірліктерінің жүйелілігі, олардың функционалдық-мағыналық қатынасының өзара байланыс желісінің, сыртқы құрылымы мен ішкі мазмұнының, функционалдық қызметінің бірлігі мен диалектикасының, тілдің қоғамдық қызметінің, тілдік таңба мен оны қабылдаушы арасындағы байланыстан, қарым-қатынастан көрінетіндігі жайлы қағидалардың маңызы зор. Тіл білімінде тілдік бірліктердің жүйелілігі, олардың бір-бірімен байланысы тек тілге ғана тән функционалдық-мағыналық қарым-қатынас нәтижесінен туындайтындығы айтылған.
Кез келген мәтінді таңбаның таңбаланушы нысанға қатынасы: таңбалардың өзара қатынасы: таңбалардың оны қабылдаушыға қтнасы тұрғысынан жіктеп қарастырудың мңызы зор. Бұл үшеуі, әрине, бір-бірімен өзара тығыз байланыста екені даусыз. Себебі, үш саланың да нысаны – тілдік таңба, әрқайсысы тілдік таңбаның түрлі қатынасын зерттейді. Мәтіндегі ең басты назар аударылтын нысан – мәтіннің тақырыбы.
Тілді зерттеудің құрылымдық парадигмасында оның қолданылу саласына жете көңіл бөлінген жоқ. Құрылымдық элементтердің қызметі тілдің өз жүйесінің қызметінде ғана қарастырылып келеді. Құрылымдық зерттеулерде тлдің прагматикалық аспектісі көп жағдайда назардан тыс қалады. Прагматикалық лингвистика дәстүрлі зерттеулерде күні кешеге дейін тіл білімі ғылымының міндеті деп есептелмеген көптеген мәселелерді көтеріп отыр. Соның бірі – мәтін тақырыптарының прагматикасы. Мәтін тақырыптарын арнайы зерттеу – тілдің функционалды-коммуникативті табиғатын терең түсінуде, оның нақты біл сөйлеу актісіне орай қолданыс механизмін анықтауға мүмкіндік берері анық.
«Кез келген мәтінде қолданылатын тілдік бірліктердің прагматикалық деңгейі түрліше болатыны белгілі. Іс қағаздарындағы тілдік бірліктердің прагматикалық маңызы туралы сөз қозғағанда, ең алдымен, тақырыптардың рөлі басты назарда болуы керек. Себебі, жоғарыдағы айтылғандай, іс қағаздарындағы локутивтік акт, ең алдымен, олардың тақырыптары арқылы жүзеге асады. «Прагматический значимым может быть использование единиц разных уровней, от звука до предложения. Прагматика языковых единиц содержательна. Кроме того, умение соотнести языковое явление с тем значением, которое оно получает в конкретном тексте или придает высказывнию в определенной речевой ситуации, — важное условие выбора точных и эффективных языковых единиц для выражения мысли» — деп жазады В. Г. Ким өз еңбегінде [23, 82].
ХХ ғасырдың елуінші жылдарынан бастап орыс тіл білімінде тақырыптар ерекше тілдік бірліктер ретінде танылып, зерттеу нысанына айнала бастады. Бұл зерттеулерде тақырыптардың номинациялық тәсілдеріне, грамматикалық тұлғаларына, экспрессиялық қасиеттердің берілу тәсілдеріне, синтаксистік ерекшеліктеріне, функционалдық типологиясы мен семантикасына талдау жасалды»[3, 165].
Тақырып туралы қанша айтылса да, жазылса да, оның қызметін толықтай қамту мүмкін емес, себебі, оның мәтіндегі атқаратын ролі соншалықты үлкен. Оның қызметінің сан қырлылығы барлық мәтіндік категориялардың негізгі өзегі ретінде көрінуімен байланысты.
Ақпараттық дәрежесі тақырыптың ономасиологиялық, танымдық, атаулылық қызметін көрсетеді, ол бұл қызметті ономасиологиялық процестің ішкі тетіктерімен бірлесе отырып қатаң тәртіпте орындайды: мәтіннің тұтас ауқымын нұсқап, оның мәні мен мағынасына толық жауап беріп тұрады. Мәтін ешқашан да тақырыпта көрсетілген сөзден қашық кетпеуі тиіс. Әйтпесе тақырып пен мәтіннің арасындағы қалыптасқан белгілі бір заңдылық бұзылады. Өткен ғасырдың 50-жылдары «Өнер психологиясы» деген кітабында Л. С. Выготский тақырыптың мәнін былай деп атап көрсеткен болатын: «Әңгімеге (мәтінге) тақырып тегін қойылмайтын болса керек, өйткені ол сол мәтіндегі ең маңызды оқиғаның ашылуына басты себепкер» [6, 83]. Тақырыптың өзектендірілуі оның «не», «немесе» деп келетін талғаулық мәндегі шылаулар қолданылған кезде анық байқалады. Бір тақырыптың маңызын толықтай ашу үшін екінші сөз бөлігінің келетіндігі осыдан болса керек.
Модальдылық категориясы тақырыптың бойында эксплицитті түрде – яғни эмоционалдық –бағалауыштық сөздерді тура мағынасында қолданған кезде байқалады. Орыс ғалымдары бұған мысал ретінде көркем шығармадан, Н. Карамзиннің «Бейшара Лиза», В. Пратолинидің «Бейшара ғашықтар туралы хикая» атты шығармаларынан дәлелдер келтіреді [23, 90].
Модальдылық категориясы газеттік-публицистикалық жанрларда жоғары мәнге ие әрі ол жұрттың назарын аудару үшін күнделікті қолданылып отырады. Мәселен, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне байланысты шыққан мынадай мақаланың тақырыбына назар аударалық. «Әйелдерсіз жер бетінде өмір сүруге бола ма? Жоқ!»; маскүнемдікке қарсы күреске байланысты памфлет – «Әзәзіл арбауы». Сонымен қатар қазақ ақыны әрі қоғам қайраткері М. Дулатовтың «Оян, қазақ!» деп аталытн памфлетінің атау кейіннен атақты болып кеткені мәлім. Оның атауын білмейтін қазақ кемде кем деуге болады.
Аяқталғандық категориясы тақырыптың делимитативтік (межелі) қызметінде көрініс табады, бұл бір аяқталған мәтінді екіншісінен бөлектеп тұрады. Ол әсіресе бір әңгіменің соңы мен екінші әңгіменің басы бір бетке орналасқан әңгімелер жиынтығынан жақсы байқалады. Олардаы шектеуші және межелеуші белгі ретінде тақырыптың атқаратын маңызы зор.
Бір шығарманың басы немесе бір бөлігі болып табылатын аралық тақырыптар мәтіннің мүшелену категориясын өзектендіреді. Аралық тақырыптар оқырмандардың қабылдауын оңайлатады, тақырыпшаларды бөліп көрсетеді, мәтіннің композициялық-архитектоникалық мүшеленуінің маңызын белгілейді. Мәселен, ғалымдардың айтуы бойынша Дж. Дос Пассостың «АҚШ» деп аталатын үш томдық жинағының (трилогия) әрбір кітабы барынша күрделі композициялы болуымен ерекшеленеді, ол «сэндвич дәстүрі» (sandwich form) бойынша ұйымдасқан, сюжеттік тараулары деректі және баяндау сипатында ауысып отырады. Тараудың кез келген түрі дербес тақырыптық жүйемен ерекшеленеді: сюжеттері кейіпкерлердің есімдерімен аталады, өйткені баяндау соларға қатысты өрбиді.
Тақырыпта сонымен қатар байланыстылық категориясы да қарастырылады. Бұл мәтінде тақырыптағы сөздердің қайталанып келуі арқылы қарастырылады. Орыс әдебиетінде мұндай қайталау құбылыстары жиі кездеседі. Мәселен, Ю. Бондаревтің, П. Проскуриннің, Фл. О Коннордың, Т. Капотенің туындыларында тақырып пен мәтіннің сабақтастығы қатты қарастыырлған. Бұл тақырыптағы сөздердің гиперсемантизациялануына алып келетін құбылыс. Мәселен, «тағдыр» сөзі П. Проскуриннің осы аттас романының ішінде жиырма рет кездеседі: «Жүздеген адамдардың тағдырлары оның өмірін құрбан қылу арқылы өтті»; «қызының тағдырына араша түсе алмаған өзінің кінәсін ұғынды»; «тағдырдың алғашқы соққысы-ақ оны сұлатып түсірді», «Ресей тағдырындағы өзгерістер», «ауыр ер бақытының тағдыры» және т.б. демек бұл жерден түйгеніміз, байланыстылық категориясы дегеніміз – тақырыптағы белгілі бір тірек сөздің мәтін ішінде қайталанып тақырыптың мәнін ашып тұруы.
Ю. Бондаревтің «Ойын» романында бұл сөз романның екінші бетінде-ақ қайталана бастайды: «Әр кезде, ол шегарадан қайтып келе жатқан кезде ойынға құрылған, шынайы өтпеген өмірдің түйсігі сезілді, және бұл ойынға тойған оған мынадай шешім қабылдау керек болды…» Және әрі қарай: «Ол оның театрға қатысты айтатын сөзін еске алды… және өзі қызыға, құмарлана қатысқан бұл ойын»; «менің жан-дүниеме жат бұл ойын маған не бұйырмақшы», «оның құлмен ойнауымен», «менің ойналып біткен сайқымазағым, менің өміріммен ойыным», «тағдырмен ойнау», «өмір – спектакль, сценарий… ойын»; «өмір ойыншықты өзімен алмастырады»; «Барлық әлем бір арзан қызықтың соңына түсіп, ойнап жүр» [23, 95].
Осылайша тақырыпта берілген сөз бүкіл мәтінді көктей өтіп, бүкіл мәтінде жалғастығын тауып, оларды өзара байланыстырып отыр. Осы бойынша сөздің өзімен бірге семантикалық өзгерістердің де байқалатынын айта кету керек, ол индивидуальдық-көркемдік мән үстеп тұр. Бұл мәнді оқырман ретроспективті түрде түйсінеді, тақырыпқа қайта отырып, мәтіннің аяқталған кезінде сезінеді. Тақырыптан әрі қарай шығарманы оқу басталатын болса, тақырып негізгі ойдың өзіне қайтып келетінін білдіретін «шеңберлі белгі» болып тұр. Бұл қасиетімен тақырып мәтіннің басы мен соңын жалғастырады, яғни байланыстылық категориясын ғана жүзеге асырып қоймайды, сонымен бірге ретроспекция категриясына да себеп болады.
Тақырып жоғарыда айтылғандай, мәтіннің «шеңберлік белгісі» осымен мәтін ашылады да оқырман оқи отырып, осымен жабады. Мәтінмен ажырағысыз бірге бола отырып, тақырып материалдық жағынан одан бөлектенген: басқа шрифтімен теріледі, бірінші абзацтан жоғары тұрады және мәтін мен өзінің арасында сөз ендіруге болады-жанрды көрсету, эпиграф, арнау, алғысөз, автордың біреуге деген құрметі жазылады. Бірақ мұның бәрі көркем шығармаларда кездесетінін есте сақтау керек. Кәсіби-филологиялық қолданысында тақырып мәтіннен оның толық өкілеттті мүшесі ретінде бөлек тұра алады. Өзінің көлеміне барлық көркемдік әлемін сыйдырып, тақырып серіппенің алапат күшін иеленген кейіпте тұрады. Проспекция категриясының өзектендірілуі мен прагматикалығы міне, осы жерден басталады.
Тақырып мәселесінің зерттелуі деген мәселеге арнайы тоқталатын болсақ, В. Г. Адмонидің, П. В. Верховскийдің, Е. М. Галкина-Федорчуктың, И. К. Каншиннің еңбектерінде тақырып мәселесі жалпытеориялық мәселелер шеңберінде айтылады. Б. П. Ардентов, А. С. Попов, Н. И. Тарабасова т.б. ғалымдар тақырып мәселесін атаулы сөйлемге қатысты қарастырады. Бұл ғылыми тұжырымның да белгілі бір деңгейде шындыққа жанасатынын есте ұстау керек сияқты. Өйткені атаулы сөйлем мәтіннің негізгі мәнін атап беріп, оның мазмұнын көрсетіп тұратындықтан, жалпы тіл білімінде зерттеу нысаны ретінде қалыптасқан. Атаулы сөйлем ретінде тақырыптарды топтастыру мынадай негізгі заңдылықтарға сүйеніп жасалған:
Орыс тіл іліміндегі тақырып мәселесіне арналған алғашқы еңбектердің бірі ретінде 1931 жылы жазылған С. Д. Кржижановскийдің «Поэтика заглавии» атты жұмысын атауға болады. 1950 жылдардан бастап орыс тіл білімінде тақырып арнайы зерттеу нысанына айнала бастады. Тақырыпқа қатысты жазылған ғылыми-зерттеу жұмыстарының көпшілігі мерзімді баспасөз бетіндегі тақырыптарға арналған. Атап айтқанда, Л. А. Коробованың «Заглавие как компонента текста на материале газетной публицистики ГДР» атты [24], И. С. Стамның «Экспрессивность газетного заголовка и его взаймодействие с текстом» атты [25], В. И. Муренконың «Прагматические функции заглавии научно-технических текстов» [26], Э. А. Лазареваның «Заголовок в газете» атты [27], Н. Н. Портильоның «Семантика заглавии как обособленных образований и как компонент текста» атты [28], А. С. Поповтың «Синтаксическая структура современных газетных заглавий и ее развитие» атты [29], В. П. Вомперскийдің (К изучению синтаксической структуры газетного текста) атты [30] диссертациялық жұмысы және т.б.
Қазақстандық тіл білімінде тақырып мәселесі кеңінен зерттелмесе де, ғалымдар назарынан тыс қалған жоқ. Мәселен, Н. Е. Бахареваның «Структурно-функциональное развитие заголовков» атты, Г. К. Ихсангалиеваның «Функционально-прагматический анализ заголовков (на материале казахстанских газет телепрограмм) атты және Р. Т. Қожабекованың «Баспасөз бетіндегі тақырыптардың фразеологиялану ерекшелігі» атты диссертациялық жұмысы тақырып мәселесіне, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары тіліндегі тақырып мәселесін зерттеуге арналған.
Аталған ғалымдар еңбектерінде тақырып мәселесі түрлі аспектіде қарастырылады. Мысалы, Л. А. Манькова мәтін ерекшелігін басты назарда ұстай отырып қазіргі газет мәтіндері тақырыптарының лингвистикалық типологиясын жасайды. Ғалым еңбегінде Бұқаралық Ақпарат құралдары мәтіндері тақырыптарын қоюдың тиімді тілдік әдістері зерттеледі [31]. С. В. Ляпун «Комсомольская правда» газетіндегі мәтін тақырыптарының лексика-семантикалық және стилистикалық ерекшеліктерін қарастыра отырып, қазіргі газет тақырыптарының лексикалық жүйесінің дамуы мен стильдік жаңару үрдісін анықтайды [32]. В. Г. Костомаров газет мәтіні тақырыптарын жарнамалық қызмет атқарушы тілдік таңба ретінде қарастыра отырып, оларды публицистиканың ерекше жанры ретінде қарастырады. Ғалымның пікірінше, белгілі бір кезеңдегі газет мәтіндерінің тақырыптары сол кезеңдегі тілдік ерекшелікті көрсетеді және тілдің эволюциялық дамуында өзіндік роль атқарады [33].
Бірқатар ғалымдардың еңбектерінде газет мәтіні тақырыптарының синткасистік ерекшелігі сөз болады. А. С. Попованың «Синтаксическая структура современных газетных заглавий и ее развитие» атты еңбегінде газет мәтіні тақырыптарының синтаксистік ерекшелігі тарихи аспектіде қарастырылады. Ғалымның пікірінше, газет мәтіні тақырыптары жалпы әдеби тілдің синтаксистік құрылымында кездесе бермейтін өзіндік ерекшеліктерге де ие [29]. Г. А. Золотова тақырыптардың синтаксистік ерекшеліктерін танып білудің үш жолын ұсынады. Олар: 1) тақырыптарда қолданылатын синтаксистік құрымыдардың ерекшелігін сипаттау; 2) тақырыптардың синтаксистік табиғатын көрсететін теориялық мәселенің шешімін табу; 3) тақырыптардың белгілі бір типіне талдау жасай отырып, негізгі синтаксистік бірлікті анықтау [34]
И. Р. Гальперин «Текст как обьект лингвистического исследования» еңбегінде кешенді түрде берілетін тақырыптарды тезис тақырып ретінде қарастырады. Қазіргі тіл білімінде кешенді тақырыптардың құрылысы туралы бірізді пікір жоқ [35]. Г. А. Золотованың пікірі бойынша синтаксистік ортаға тәуелсіз мұндай құрылымдар осы қалпында тұрып-ақ белгілі бір көлемдегі қажетті мағынаны беріп, ойды тыңдаушыға жеткізіп тұр, сондықтан оларды сөйлемнің синтаксистік моделінің белгілі бір типіне жатқызу міндетті емес.
Г.А.Ихсангалиева өз еңбегінде қазақстандық газеттер мен телебағдарламалар тақырыптарына функционалдық-прагматикалық талдау жасайды. Р. Т. Қожабековагың диссертациялық жұмысында 1991- 2002 жылдар аралығындағы қазақ тілді басылымдардан жиналған тілдік материалдарға талдау жасай отырып, баспасөз бетіндегі тақырыптардың фразеологиялану ерекшеліктерін негізгі зерттеу нысаны етіп алады. Автор: «газет тақырыптарының негізгі өзегін құрайтын прецеденттік атаулар ұлттың тарихымен, менталитетімен, мәдениетімен, саяси және әлеуметтік жағдайымен тікелей байланысты. Сондықтан да олар тұрақты тіркесті тақырыптардың басым көпшілігін құрап, әлемнің тілдік бейнесін, яғни қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық, саяси және т.б. өзгерістер көрінісін бейнелейтін феномен», — деп жазады.
Жоғарыда аталған зерттеушілердің барлығы дерлік өз еңбектерінде мәтін тақырыптарының негізгі ерекшеліктеріне мән бере отырып, тақырыптардың негізгі қызметтерін көрсетуге тырысады, зерттеу нысанының ерекшелігі мен қарастырылатын аспектіге орай тақырыптарға түрлі анықтама береді. Зерттеу жұмыстарының көпшілігінде мәтін тақырыптарының ішкі мазмұны мен сыртқы формасы арасындағы байланыс, мәтін тақырыбының өзіндік сипаты мен ерекшелігі, ең негізгі белгілері көрсетілген. И. Р. Гальперин: «информация, получаемая из каждого виды текста, в какой-то степени предопределяется самим названием данного типа текста», — деп атап көрсетеді. С. Д. Кржижановский: «Как связь в процессе роста разворачbвается постепенно множащимися и длиннящимися листами, так и заглавие, постепенно, лист за листом раскрывается в книгу; книга и есть развернутое до конца заглавие, заглавие же – стянутая до обьема двух трех лов книгах», — деген пікірп айта отырып, мәтін мен тақырыптың ішкі байланысы мен мағыналық бірлігін көрсетеді. Көркем шығарма тақырыптарының функциясы мен құрылымын зерттеуші Н. К. Кожина: «Заголовок способен дать читателю допольнительное к названию представление: о стиле, жанре, композиции и тональности художественного текста, о тех смысловых кодах, которые следует активизировать в читательском сознании для полного восприятия художественого произведениях», — деп жазады. В. С. Мужевтің анықтауынша: «Заголовок – это целостная единица речи стоящая перед текстом, являющаяся названием текста, указывающая на содержание этого текста и отделяющая данный отрезок речи от других».
А. С. Выготскийдің пікірінше, «заголовок является доминантой, которая определяет собой все построение рассказа». А. М. Пешковский: «заголовок представлят собой намек… на содержание или даже сжатое изложение его» деп жазады. Яғни тақырыпты мәтінмен тікелей байланысты элемент ретінде қарастырады. Т. Рахимованың мақаласы тақырыптық кешен мәселесіне арналады. Автор тақырыптық кешенге тақырыпты, тақырыпшаны және мтін ішінде кездесетін тақырыптарды жатқызады. Автор: «Заголовочный комплекс – совокупность более двух-трех и даже десятков заголовков разного характера разной струкуры и с разным назначением», — деп атап көрсетеді. Ғалымның пікірінше, тақырыптың қызметі – атау, макромәтіннің аты, ал тақырыпшаның қызметі – ақпарат беру, түсіндіру, мтін ішіндегі тақырыптардың қызметі – бөліп көрсету, бағыт-бағдар беру болып табылады.
Тақырыпқа қатысты жазылған ғылыми еңбектерге шолу жасай отырып, тақырыптардың адресатқа мазмұнды және прагматикалық бағдар берудің жалыпға бірдей қызмет ететін тілдік норма ретінде қабылданған тәсіл екендігін байқауға болады. Мәтін тақырыптары тек құжат мазмұнын ашып қана қоймайды, қоғамдық сана мен болмыстағы өзгерістерді де білдіретін тілдік бірлік қызметін атқарады. Кез келген мәтінде қолданылатын тілдік бірліктердің прагматкиалық деңгейі түрліше болатыны белгілі. Тілдік бірліктердің прагматикалық маңызы туралы сөз қозғағанда, ең алдымен тақырыптардың ролі басты назарда болуы керек. Себебі жоғарыда айтылғандай мәтінге қатысты ең алғашқы ақпарат олардың тақырыптары арқылы беріледі. «Прагматизм» ғылым мен философиядағы теориялық идеялардың нәтижесінде ғана емес, қоғамдық-әлеуметтік қатынас жағдайында ғылымның іргелі, қолданбалы салаларында нақты практикалық міндеттерді шешу мақсатынан да туындады. Мұндай міндеттер коммуникативті әсер етудің ең тиімді деген жолдарын, стратегиясы мен тактикасын көрсетуді талап етті. Мұндай практикалық міндеттерді орындаудың теориялық базасы лингвистикалық прагматика болды. «Тіл білімінің қазіргі жай-күйі қарым-қатынастың түрлі жағдайындағы тілдік бірліктердің қызмтін талдауға ерекше мән берілуімен сипатталады», — деп жазады И. М. Копыленко өз еңбегінде.
Мәтін тақырыптарына ерекше тілдік бірлік ретінде талдау жасау, оны негізгі прагматикалық компоненттердің бірі ретінде қарастыру бұл мәселеге жаңаша көзқараспен қарауға септігін тигізеді. Мәтін тақырыптары – жүйелі түрде қолданылатын тілдік бірліктер. Олар кез келген мәтіннің құрамдас бөлігі ретінде мәтіннің мазмұнын ашатын, мәтініндегі алғашқы ақпаратты жеткізетін тілдік таңбаның ерекше түрі. Олар мәтін тақырыбы қызметінде жұмсалып, құжат мәнін ашатын ерекше құрал ретінде қызмет атқарады. Тақырыптарға қатысты жазылған ғылыми еңбектердің барлығы да тақырыптардың мәтінінің мағыналық доминанты болып табылатындығын көрсетіп отыр.
Мәтін тақырыптары құрылымына, құрамына қарамастан, үш негізгі қызметті атқарады. Олар: атауыштық, ақпараттық жне прагматикалық. Бұл негізгі үш қызмет бір-бірімен тығыз байланысты. Мәтін тақырыының атауыштық қызметі мәтіннің белгілі бір атаумен таңбалануымен, мәтіннің аты ретінде қолданылуымен байланысты. Кез келген мәтін тақырыптары мәтіннің жалпы прагматикалық бағытын жасай алады. И. Р. Гальперин атап көрсеткендей: «әр мәтін туралы белгілі бір деңгейдегі ақпарат сол мәтіннің тақырыбы арқылы да алдын ала беріліп отырады».
Ғылыми еңбектерге жасалған шолу орыс тіл ілімінде публицистьикалық, көркем әдеби мәтін тақырыптары туралы бірқатар еңбектің бар екендігін көрсетеді.
Номинатив бірліктен немесе Фердинанд де Соссюр тілімен айтсақ, сигнификаттан заң тақырыптарының басты айырмашылығы: «белгілі бір заттың биологиялық, табиғи байланысы жоқ акуисткалық бейнесі емес, оның мазмұнымен тіелей байланысты өзге деңгейдегі атау болуында». Тілдегі болып жатқан өзгерістер, белгілі бір тілдік құбылыстың өшіп, екінші біреінің туып, жандана бастауы ешбір себепсіз болмайды. Әр заманның ағымына қарай жанрлардың өсетіні, өнетіні, жоғалып жаңадан қайта туатыны бар. Белгілі кезеңдегі жаңалық, өзгерістер жалпы тілдің дамуы барысынан, қоғамдық қажттіліктен, тілдің ішкі заңдылықтарының негізінде туындап отырады. Тілдің белгілі бір кезеңдегі тармағын зерттегеннің өзінде де, сол жалпы тілдің даму заңдылығынан бөлінбей, сол дамудың желісінде қаралады. Зерттеуші Р. А. Будаговтың пікірінше, «тілдің дамуы оның өткен кезеңінен ғана емес, қазіргі сәтінен де байқалады, тілдегі тарихи құбылыстар оның қазіргі сәтінен көрініп отырса, қазіргі дәрежесіне жетуі тарихи дамуынан танылады».
Тілдегі әрбір құбылыс белгілі бір дәрежеде қоғамдық құбылыстармен тығыз байланысты. «Тілдік құбылыстар арасындағы байланыстар мен олардың сипаттары тарихи жағдайларға байланысты құбылып өзгереді. Тілдің тарихын, тілдік құбылыстардың туып, қалыптасу тарихын зерттегенде оның қалыптасу негізінде, басқа құбылыстармен қандай айырмашылығы барын анықтау қажет».
Тақырып ұлттық мәдени ақпараттың қайнар көзі. Тақырып мәтін мен идея арасындағы көпір. Кез келген құрамдағы болмысына қарай тақырып анық берілуі тиіс. Тақырып мәтіннің ең күшті, басты позициясы болып табылады.
Зерттеуші Л. В. Бойкованың газет тақырыбына берген дәйексөзінде ; газеттің ең негізгі басты элементі оның тақырыбы дей келе, «Заглавие, определенное И. В. Арнольд как «сильная позиция», является мини текстом по отношению к макротексту (Ю. М. Лотман), степень его автосемантики неодинакова в разных текстах».
Тіл иесі халықтың басынан өткен, өмір шындығына сай туған, сан салалы тақырыптарды арқау етеді.
Жалпы тіл білімінде тақырыптардың өзіне тән қасиеттері мен құрылымдарын сипаттауға өткен ғасырдың 20-30 жылдарында-ақ талпыныс жасалған болатын. Және бұл зерттеу саласы орыс тіл біліміндегі тілші ғалымдардың ортақ ізденіс жүргізуіне себеп болды. Төңкерістен кейін, әсіресе кеңестік тіл білімінде тақырып мәселесі қолға алына бастады (мәселен, Г. О. Винокурдың «Тіл мәдениеті», 1924 және А. М. Селищеваның «Төңкеріс дәуірінің тілі», 1928 атты еңбектері жарық көрді). Бұл жылдары бәрінен бұрын газет мақаласындағы тақырыптар газет тілі ұғымы «көркемдік, поэтикалық сипатын» жоғалтқан тіл (Г. О. Винокур) екендігіне және барынша мол тілдік қалыптасқан бірліктер, клишелер кездесетіндігіне қарамастан, арнайы лингво-стилистикалық зерттеулердің нысанына айналды. Оның ішінде газет тақырыптарындағы клишелерге қатысты француз ғалымы Ш. Баллидің мынадай пікірі бар еді: «Газет стилін клишелер көрсетіп тұрады. Бұл тіл бірлігінсіз дұрыс және жылдам жазу мүмкін емес». (Ш. Балли. «Француз стилистикасы»). Газет тақырыптарын зерттеу оны штамп, тілдік шаблондар мен стереотиптерге қатыстылығына қарай сыни бағалар берілсе де тоқтамады.
Г. О. Винокурдың «Тіл мәдениеті» кітабы сонымен қатар газет мәтінінің тақырыбына штамп сөздерді қолдануды газет сөзіне зиян келтіретін, оның айқындығын әлсіретіп, таптаурын ететін құбылыс деп жазған болатын. Дайын тұрған клише сөздерді, стереотиптерді, шаблондарды қолдану журналистің өз бетімен ізденуіне мүмкіндік бермейді, оқырманның газетке деген көзқарасының дұрыс қалыптаспауына себеп болады деп бағалады. Ғалымдардың бұл пайдалы кеңеспен келіспеске лажы да қалмады.
- Тек соңғы кездерде ғана жалпы мәтін тақырыптарының құрылымын зерттеу мәселесін айқындау мүмкін болып отыр. Бұл зерттеу саласының , ең алдымен, функционалдық стильдер аясында қарастырылатынын ғалымдар баса айтады [30, 83].
Қазіргі кездегі тіл білімі үшін тақырыптың құрылымын жеткілікті деңгейде сипаттау мәселесі күн тәртібіне қойылып отыр. Ол үшін тақырыпты синхрондық тұрғыдан қарастыру қажеттігі белгілі болды (Б. И. Фомин «Тақырыптардың синтаксистік құрылымы» «Орыс тілі. Мақалалар мен зерттеулер. М. Ломоносов атындағы ММУ-дің ғылыми жазбалары»; С. П. Суворов. «Ағылшын газет тақырыптарының стиліндегі өзгешеліктер («Жұмысшы») газетінің материалдары бойынша «Тіл және стиль» жинағында «Мысль» баспасы», Москва, 1965; З. Д. Блисковский. «Атау әрқашан да маңызды», Москва, 1962).
Сонымен қатар газет тақырыптарының құрылымының даму тарихына қатысты мәселелер қойған жұмыстар да пайда болды (мысалы, А. С. Дубовая, «Роман тілдерін салыстырмалы және типологиялық зерттеу бойынша координациялық талқылау. Баяндамалар мен хабарламалар тезисі» кітабындағы «Француз тілінде XVII ғасырдан ХХ ғасыр басына дейінгі газет тақырыптарының құрылымының дамуы» мақаласы, Ресей Тіл білімі институты, Ленинград, 1964; жекелей алғанда, «Орыс тілін орыс еместерге үйрету тәжірибесінен» деген жинақтағы В. Г. Костомаровтың «Газет тілін бақылау; газет тақырыптары» атты мақаласы. «»Мысль) баспасы, Москва, 1965).
- Осыған қарап отырып, газет тіліндегі сияқты басқа мәтіндердегі тақырыптардың автордың, оқырманның және сөз болып отырған анықталған нәрсені талап ететіндігі байқалады, яғни тақырыптан кейін не туралы қозғалатындығы маңызды мәселе болып отыр. Тақырыптың төрт қызметін атап көрсетсек болады:
Біріншіден, тақырыпқа коммуникативтік қызмет тән, бұл бойынша тақырып белгілі бір нәрсе туралы хабардар етіп тұрады.
Екіншіден, тақырыпқа аппелятивтік қызмет тән, ол оқырманмен тікелей байланысты, сондықтан тақырып оқырманға белгілі бір нәрсе туралы тек хабар беріп қана қоймайды, сонымен қатар оған белгілі бір деңгейде әсер етеді. Тақырыптың бұл қызметін былайша түсіндірсек болады, мысалы заң мәтіндеріндегі тақырыптар мемлекеттегі қабылданған заңдық құқықтар туралы хабардар етеді. Оны оқыған кез келген адам сол заңның аясында өзінің не істеу керектігін, міндеттерін немесе басқа біреудің міндеттерін ұғынады. Мысалы, бұған дәлел ретінде «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы Заңының» тақырыптарын келтірсек болады. Ондағы тақырыптар Заңдағы мәтіндердің мазмұнын көрсетеді:
Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары
Қаржы полициясы органдарының мінедеттері
Қаржы полициясы органдары қызметінің құқықтық негізі
Қаржы полициясы органдарының ұйымдастырылу және қызмет ету принциптері
Қаржы полициясының жүйесі және қызметінің ұйымдастырылуы
Қаржы полициясының жүйесі
Уәкілетті орган
Уәкілетті органның басшысы
3-тарау
Қаржы полициясы органдарының міндеттері
Қаржы полициясы органдарының құқықтары
4-тарау
Қаржы полициясы органдары қызметкерлерінің білек күшін, арнайы құралдар мен қару қолдануы
Білек күшін және арнайы құралдар қолдану
Қару қолдану
Қаржы полициясы органдары қызметкерлерінің білек күшін, арнайы құралдарды және қаруды қолдануы жөніндегі шектеулер
5-тарау
Қаржы полициясы органдары қызметкерлерінің құқықтық жағдайы
Қаржы полициясы органдары қызметкерінің еңбегін құқықтық реттеу және оның құқықтық жағдайы
Қаржы полициясы органдары қызметкерлерінің қызмет өткеруі
Қаржы полициясы органдарында қызметте болудың шекті жасы
Қаржы полициясы органдарындағы қызметті тоқтатудың негіздері
Қаржы полициясы органдары қызметкерлерінің арнайы атақтары
6-тарау
Қаржы полициясы органдарының қызметкерлері мен зейнеткерлерін әлеуметтік қорғау
Қаржы полициясы органдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу, оларды зейнетақымен және өзгедей қамтамасыз ету
Қаржы полициясы органдары қызметкерлерінің демалыстары
Қаржы полициясы органдарының қызметкерлері қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертіккен жағдайдағы кепілдіктер
Қаржы полициясы органдарының қызметкерлері мен зейнеткерлерінің тұрғын үй құқықтары
Қаржы полициясы органдарының қызметкерлері мен зейнеткерлерін әлеуметтік қорғаудың өзге де шаралары
Қорытынды және өтпелі ережелер
Қаржы полициясы органдарын қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Қаржы полициясы органдары қызметкерлерінің жауапкершілігі мен олардың іс-әрекеттеріне шағым жасау құқығы
Осы Заңды қолданысқа енгізу
Үшіншіден, мәтіндегі тақырыптар белгілі бір тұлғаның көзқарасына, ұстанымына сай келіп отырады.
Төртінші қызметі, тақырыптар бір мәтінді екіншісінен айырып, олардың арасын шектеп тұрады.
- Тақырыптың құрылымы оның синтаксистік құрылысының қолданылу тәсілінде көрінеді. Заң тақырыбының синтаксисіне мыналар тән болып келеді:
- «Мен», «және» деп келетін жалғаулық шылаулар белгілі бір ойды толық жеткізу үшін оларды салаластырып, байланыстырады. Қазақстан Республикасының Баланың құқықтары туралы Заңындағы тақырыптардан бұл ерекшелікті байқауға болады:
«Баланы алкогольді өнімдер мен темекі бұйымдарының зиянды әсерінен қорғау
Баланы жезөкшелік пен порнографиядан қорғау
Баланың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау
«Немесе» деп келетін талғаулық мәнді шылаулардың кездесуі
Баланы есірткі, психотроптық, күшті әсер ететін немесе улы заттардан қорғау»
- Синтаксистік құрылымда сонымен қатар бірыңғай мүшелердің келуі Заң тақырыптарында кездесіп отырады:
Баланың өмір сүруге, жеке басының бостандығына, қадір-қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауға құқығы
Баланың сөз және ар-ождан бостандығына, ақпаратқа, қоғамдық өмірге араласуға құқығы
Ата-анасының баланы тәрбиелеу, күтіп-бағу және асырау жөніндегі міндеті
Баланы тәрбиелейтін, емдейтін және сол сияқты өзге де мекемелерде күтіп-бағу мен тәрбиелеу
- Заң тақырыптарының көбінесе тұйық етістікпен аяқталып отыратындығы ондағы жиі ұшырасатын құбылыс:
Бала және қоғамдық ақпарат құралдары
Баланы соғыс қимылдарына қатыстыруға тыйым салу.
Мәлімет беруге бағытталған сөйлеу актісі тілдік бірліктердің көмегімен жүзеге асырылады. Лингвистикалық прагматикадағы сөйлеу актісі теориясының бірінші деңгейі іс қағаздар тілінде белгілі бір қалыпқа түскен тілдік бірліктер – іс қағаздарының тақырыптары арқылы көрініс табады. Ерекше назар аударатын бір мәселе – көркем әдебиет стилінде, публицистикалық стильде, ішінара ғылыми стильде әр мәтіннің өз тақырыбы болатын болса, ресми-іс қағаздар стилінде мәтін тақырыбы қызметін негізінен іс қағаздарының атаулары атқарады. Іс қағаздары шығу, жасалу сатысына қарай түпнұсқалық және көшірмелік болып бөлінетіні белгілі. Түпнұсқалық іс қағаз түріне кез келген құжаттың бірінші рет жасалған нұсқасы (оригинал) жатса, көшірмелік іс қағазына түпнұсқаның мәтін сол күйінде, өзгеріссіз алынған толық нұсқасы немесе белгілі бір бөлігі жатады. Екінші сатылы іс қағазы болып табылатын құжаттардың атаулары да стандарт тілдік бірлікке айналып, қалыпқа түскен және олар да іс қағаз тақырыптары ретінде қолданылады.
Іс қағазының атауы тақырыптың басында, ортасында, соңында берілгеніне қарамастан, ол басыңқы қызмет атқарады. Ал мына тақырыпты іс қағаз атауы оның жанрлық түрін көрсету үшін ғана қолданылғанымен, мұнда да негізгі ақпараттық қызметті атқарып тұр. Мысалы,
Қазақстан Республикасының президентінің Қаулысы
әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің мәртебесі туралы
Әдетте, мұндай құрылымның бірінші бөлігі, яғни іс қағазының атауы көрсетілген бөлігі қосымша мәлімет беруші компонент ретінде кіші қаріптермен беріледі де, екінші бөлігі, яғни мәтін тақырыбы негізгі мәліметті беруші компонент ретінде үлкен қаріптермен теріледі. Бірақ жоғарыда айтылғандай доминанттық қызмет іс қағазының атауы көрсетілген бөлікте.
И. Р. Гальперин «Текст как обьект лингвистического исследования» деген еңбегінде мұндай кешенді түрде берілетін тақырптарды тезис-тақырып ретінде қарастырады [35,103]. Іс қағаздарында кездесетін мұндай кешенді тақырыптар жоғарыда айтылғандай, көбінесе екі бөліктен тұрады. Бірінші бөлік типтес құжаттарда қайталанып келетін болғандықтан, мысалы, Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулысы, Қазақстан Республикасының Заңы т.б., бұл бөлікті тұрақты элемент ретінде қарастыруға болады. Бірінші бөлікте құжат типі мен оны шығарушы ұйым атап көрсетіледі. Екінші бөлік көбінесе анықтаушы, айқындаушы қызмет атқаратындықтан, мысалы, Қазақстан Рспубликасының Білім және Ғылым министрлігі Ғылым академиясы мен оның ведомстволық мемлекеттік мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы, Бұқаралық ақпарат құралдары туралы, ол ауыспалы элемент ретінде қарастырылады.
Тезис-тақырыптардың бірінші бөлігінің құрамына іс қағаз атауы кіретін атаулы сөйлемнен жасалады да, екінші бөлігі туралы, жайлы, жайында, жөнінде шылауларының бірімен келетін зат есімді немесе «етістіктің мағына жағынан да, түрлену жүйесімен де ерекшеленетін функциялық формаларының бір түрі» [37, 527] қимыл есімді құрылымнан тұрады. Мысалы,
Қазақстан Республикасы үкіметінің Қаулысы
Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы
«Жалпы кез келген мәтін тақырыбына қойылатын негізгі талаптың бірі олар мүмкіндігінше қысқа, мүмкіндігінше нақты болу керек іс қағазының тақырыбында қимыл атауын қолдану тақырып мазмұнын ашу үшін қолданылатын сөздерді мүмкіндігінше қысқартуға септігін тигізеді. Аталған іс қағаздарының көпшілігі жалпыхалықтық сипатта болып келеді, онда халықтың барлығы хабардар болуға тиіс, белгілі бөлігі орындауға тиіс іс-әрекет сөз болғанымен, тақырыпта сол іс-әрекеттің жалпы, жинақталған, тұжырымдалған атауы тыңдаушыға мәтіндегі бүкіл іс-қимылдың барысынан ақпарат жеткізу қызметін атқарады» [38, 86].
Қазақстан Республикасының Заңы.
Баланың құқықтары туралы
Жалпы ережелер
Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңның қолданылуы
Қазақстан республикасының баланың құқықтары туралы заңдары
Балалардың тең құқықтылығы
Баланың құқықтарын шектеуге тыйым салу
Балалар мүддесін көздейтін мемлекеттік саясат
Балалар мүддесін көздейтін мемлекеттік саясаттың мақсаттары
Қазақстан Республикасы орталық және жергілікті атқарушы органдарының мемлекетте баланың құқықтарын қорғау мәселелері жөнінде өкілеттіктері
Баланың негізгі құқықтары мен міндеттері
Баланың денсаулық сақтауға құқығы
Баланың даралық ерекшелікке және оны сақтауға құқығы
Баланың өмір сүруге, жеке басының бостандығына, қадір-қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауға құқығы
Баланың сөз және ар-ождан бостандығына, ақпаратқа, қоғамдық өмірге араласуға құқығы
Баланың қажетті тұрмыс деңгейіне құқығы
Баланың мүліктік құқықтары
Баланың тұрғын үйге құқығы
Баланың білім алуға құқығы
Баланың еңбек бостандығына құқығы
Баланың мемлекеттік көмекке құқығы
Мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттарды белгілеу
Баланың дем алуға және бос уақытын пайдалануға құқығы
Баланың міндеттері
Бала және отбасы
Баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығы
Баланың отбасындағы құқықтары
Бала тәрбиелеп отырған отбасыларына мемлекеттік қолдау
Ата-анасының баланы тәрбиелеу, күтіп-бағу және асырау жөніндегі міндеті
Баланың ата-анасымен бірге тұру құқығы
Баланың өзінен бөлек тұратын ата-анасымен қарым-қатынас жасау құқығы
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың құқықтары
Қорғаншылық, қамқоршылық және патронат
Бала асырап алу
Баланы тәрбиелейтін, емдейтін және сол сияқты өзге де мекемелерде күтіп-бағу мен тәрбиелеу
Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын ұйымдар
Мүгедек баланың құқықтары
Мүгедек баланың толымды өмірге құқықтары
Мүгедек баланы жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік кепілдіктер
Мүгедек балаларға мемлекеттік көмек
Бала және қоғам
Ұлттық және әлемдік мәдениетке баулу
Бала және дін
Баланы әлеуметтік ортаның теріс ықпалынан қорғау
Баланы алкогольді өнімдер мен темекі бұйымдарының зиянды әсерінен қорғау
Баланы есірткі, психотроптық, күшті әсер ететін немесе улы заттардан қорғау
Бала және қоғамдық ақпарат құралдары
Баланы жезөкшелік пен порнографиядан қорғау
Баланы соғыс қимылдарына қатыстыруға тыйым салу
Баланың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау
Баланы заңсыз алып кетуден қорғау
Баланың заңды өкілдері
Мемлекеттік органдар мен баланың құқықтарын қорғау
Осы Заңды орындау кезінде дауларды шешудің сот тәртібі
Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы мемлекеттік баяндама
Босқын және амалсыз қоныс аударушы балалардың құқықтарын қорғау
Бала жауапкершілігінің және оның мінез-құлқына әсер етуден ерекшеліктері
Бала жауапкершілігінің ерекшеліктері
Баланың мінез-құлқына әсер етудің ерекшеліктері
Қорытынды ережелер
Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік
Уәкілетті органның Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңдарының сақталуын іске асыруды үйлестіруі
Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы заңдарының сақталуына бақылау жасау
Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен ұымдардың қызметін үйлестіру
Нормативтік құқықтық актілер туралы заң
Жалпы ережелері
Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңның қолданылу саласы
Нормативтік құқықтық актілердің негізгі және туынды түрлері
Нолрмативтік құқықтық актілер сатысы
Нормативтік құқықтық актілердің тікелей қолданылуы
Әр түрлі нормативтік құқықтық актілердің құқық нормаларының қайшылықтары
Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауды жоспарлау
Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау жоспарлары
Қазақстан Республикасы Президенті шығаратын нормативтік құқықтық актілерді дайындауды жоспарлау
Қазақстан Республикасы Парламентінің заң актілерін дайындауды жоспарлау
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жосбасы жұмыстарын жоспарлау
Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілер дайындау жөніндегі тапсырмалары
Орталық атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қазақстан Республикасының өзге орталық органдары құрамына кіретіндерінің де, кірмейтіндерінің де, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару органдарының нормативті құқықтық актілерінің жобаларын дайындауды жоспарлау ерекшеліктері
Нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлейтін мемлекеттік органдар
Нормативтік құқықтық акт жобасын әзірлеу тәртібі
Нормативтік құқықтық актінің жобасын мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісу
Нормативтік құқықтық актінің реквизиттері
Нормативтік құқықтық актінің құрылымы
Нормативтік құқықтық актінің мәтінін жазу мәнеріне қойылатын талаптар
Нормативтік құқықтық актілерде басқа актілердің баптарына сілтеме жасау және актілерде басқа актілердің баптарын келтіру
Нормативтік құқықтық актілердің баптарына басқа баптарға сілтеме жасау
Нормативтік құқықтық актінің жобасын Қазақстан Республикасының Парламентінің мәжілісіне енгізу
Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ғылыми сараптама
Ғылыми сараптаманың міндеттері
Сараптаманы жүзеге асыратын адамдар мен ұйымдар
Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сараптамаға жіберу кезіндегі бастамашылық
Нормативтік құқықтық актіні қабылдау мен оны күшіне енгізу тәртібі
Нормативтік құқықтық актілерді қабылдау тәртібін белгілеу
Нормативтік құқықтық актіні күшіне енгізу тәртібі
Жаңа нормативтік құқықтық актінің қабылдануына байланысты нормативтік құқықтық актілердің және олардың бөліктерінің күші жойылды деп тану, оларды өзгерту мен толықтыру
Қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу
Нормативтік құқықтық актілерге қол қоюға уәкілдік берілген адамдар
Нормативтік құқықтық актілерді жариялау
Нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялаудың міндеттілігі
Заң актілерін ресми жариялау
Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын ресми жариялау
Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялау
Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, әкімияттардың нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау
Нормативтік құқықтық актілердің мазмұнын толық жарияламауға жол бермеу
Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жариялануын бақылау
Нормативтік құқықтық актілердің уақыт, кеңістік жағынан және тұлғалар бойынша қолданылуы
Нормативтік құқықтық актілерді күшіне енгізу уақыты
Нормативтік құқықтық актінің кері күші
Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін олардың күшіне енгізілуі шарты ретінде мемлекеттік тіркеу
Нормативтік құқықтық актінің қолданылу мерзімі
Нормативтік құқықтық актінің қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату
Нормативтік құқықтық актінің қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату
Нормативтік құқықтық акітілердің кеңістік жағынан қолданылуы
Нормативтік құқықтық актілердің тұлғалар бойынша қолданылуы
Нормативтік құқықтық актілердің заңдылығын қамтамасыз ету шаралары
Нормативтік құқықтық актілерді ресми түсіндіру
Нормативтік құқықтық актілерді ресми түсіндіру реттері мен жағдайлары
Нормативтік құқықтық актілерді ресми түсіндіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар
Нормативтік құқықтық актілерді жүйеге келтіру мен есепке алу
Нормативтік құқықтық актілерді жүйеге келтіру
Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік есебі
Нормативтік құқықтық актілердің жариялылығы
Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы Қазақстан Республикасының Заңы
Жалпы ережелер
Заңның мақсаттары
Заңның қолданылу аясы
Монополияға қарсы заңдар
Негізгі ұғымдар
Монополияға қарсы орган
Монополияға қарсы органның міндеттері
Монополияға қарсы органның атқаратын жұмыстары
Монополияға қарсы органның қызметі
Монополияға қарсы органның өкілеттігі
Монополияға қарсы органның ақпаратқа қол жеткізу құқығы
Монополияға қарсы орган жанындағы сарапшылар кеңестері
Монополистік қызмет және бәсекені қорғау
Мемлекеттік органдардың бәсекені қорғау жөніндегі міндеттері
Мемлекеттік органдардың бәсекені шектеуге бағытталған актілері мен іс-әрекеттері
Рынок субьектілерінің бәсекені шектейтін келісімдері (келісілген іс-әрекеттері)
Мемлекеттік органдардың бәсекені шектейтін келісімдері (келісілген іс-әрекеттері)
Рынок субьектісінің үстем (монополиялық жағдайы)
Мемлекеттік бақылаудың жекелеген түрлері
Рынок субьектілері мен олардың бірлестіктерін құруды, қайта ұйымдастыруды, таратуды мемлекеттік бақылау
Рынок субьектілерінің жарғылық капиталындағы акцияларды (үлестерді, пайларды) иелену кезінде және өзге де жағдайларда монополияға қарсы заңдардың сақталуы мемлекеттік бақылау
Белгілі бір тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субьектілерін еріксіз бөлу, бөліп шығару
Бағаларды мемлекеттік реттеуді енгізу
Монополияға қарсы заңдарды бұзушылық үшін жауаптылық
Монополияға қарсы органның нұсқамаларын, шешімдерін орындаудың міндеттілігі
Монополияға қарсы заңдарды бұзушылық үшін жауаптылық
Рынок субьектілерінің жауаптылығы
Рынок субьектілері басшыларының, мемлекеттік органдар лауазымды адамдарының жауаптылығы
Монополияға қарсы органның нұсқамалары мен шешімдерін қабылдау, оларға шағым жасау және оларды орындау тәртібі
Монополияға қарсы органдардың монополияға қарсы заңдарды бұзушылық туралы істерді қарауы
Монополияға қарсы органның нұсқамалары мен шешімдерін орындау тәртібі
Монополияға қарсы органның нұсқамалары мен шешімдеріне шағым жасау тәртібі
Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы Заңы
Жалпы ережелер
Маслихаттарды құру, олардың құзыреті және қызметінің ұйымдастыру
Әкімдер және әкімияттар, құрылуы, құзыреті және қызметінің ұйымдастырылуы
Қорытынды және өтпелі ережелер
ҚОРЫТЫНДЫ
Заң құжаттарының маңызы оның билік пен қарапайым халық арасындағы байланысты реттеп отыруымен байланысты. Бұл тұрғыдан алғанда, заң құжаттары қолданбалылық сипат алады. Қазақстан Республикасында қабылданып жатқан заң актілерінің елде өмір сүріп жатқан азаматтардың өмір тіршілігін реттеуге, олардың тұрмыстық-әлеуметтік мәселелерін шешіп беруге тікелей әсер ететіндігі белгілі. Сондықтан заңдық құжаттарды барлық жағынан қарастырудың қажеттілігі туындап отыр. Олардың сыр-сипатын ашу, жетістіктері мен кемшіліктерін сөз ету бүгінгі күн тәртібініде тұрған аса күрделі мәселе. Бітіру жұмысындағы заңдық құжаттардың тақырыбының лингвистикалық сипаттамасы осы ерекшелікті бір қырынан таныту болып табылады.
Заң шығару бағытындағы істер соңғы жылдары айтарлықтай алға басты. Өндіріс, мәдениет, экономика және т.б. салалардағы заң жобалары өмірге келді. Соның негізінде елімізде қазіргі кезде еңбек құқығы, әкімшілік құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық кодекстері сияқты құқықтық кодекстер мен түрлі құжаттардан тұратын ата заң жұмыс істеуде. Сонымен қатар еліміздің даму үрдісінің, экономикалық реформаларды жүзеге асырудың әр түрлі кезеңдеріне байланысты әр уақыт кезеңінде уақытша сипаттағы түрлі заң жобалары да жасалды. Бұдан заң кодекстері мен жобаларын жасаудың ерекше қарқынмен өріс алғандығын көруге болады. Бр сөзбен айтқанда, Қазақстан қоғамындағы заң жүйесі жаппай қарқынды ілгерілеумен, жаңарулармен сипатталды. Бұл процестің тек Қазақстанға ғана емес, басқа да ТМД мемлекеттеріне тән екендігін, заң шығару саласындағы мұндай өзгерістердің Ресейде де орын алғандығын орыс ғалымы Н. А. Власенконың еңбегінен көреміз.
Келесі кезекте осы заңдардың бүгінгі таңдағы жүзеге асу, орындалу деңгейіне, сапалық ерекшеліктеріне баға беру, анықтау міндеттері тұр. Бұл мәселелерге жазылған заң мәтіндерінің тілдік ерекшеліктерінің қатысы жоқ деп айта алмаймыз. Керісінше, заңдардың өмір сүруі бірінші кезекте олардың мәтіндерінің тілдік ғалымдарының еңбектері арқылы көз жеткізуге болады. Ғалымдардың бірқатары тілшілер болмаса да, олар өз еңбектері арқылы заң мәтінінің тілдік мәселелерін шешуге араласқан. Мұның өзі заң тіліне мән беріп, оны зерттеудің маңыздылығын аңғарта түседі.
Құқық тіліне қатысты бұл сияқты зерттеулер қазақ тіл біліміне де керек. Мұндай еңбек басқа елдің тіл білімінен қалайда артта қалмау мақсатымен емес, қазақ тіліндегі заңның жазылу ерекшелігін анықтау арқылы заң сапасын жақсарту үшін қолға алынуы тиіс. Бұл мақсат ғылымның адам баласының, халықтың игілігіне қызмет ету керектігі принципі тұрғысынан да орында болмақ. Яғни, заңның мазмұны оны жеткізетін тіліне байланысты.
Демек, заң құжаттарының тақырыбын зерттеу, оның тілдік табиғатын ашу әрі қарай да талданып, терең зерттеле беретін құбылыс. Жалпы заң құжаттарының тақырыптарындағы ерекшеліктер бітіру жұмысында сөз болып өтті.
Қорыта келе айтарымыз, заң құжаттарының тақырыптары қазақ тіл білімі үшін зерттеуге тұрарлық өте қажетті сала. Оның сын-сипатын толығымен ашып-таныту алдағы ғылыми жұмыстардың да негізгі зерттеу нысанына айналары сөзсіз.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Кржижановский С. Д. Поэтика заглавии. –Москва, 1931.
2 Қожабекова Р. Т. Баспасөз бетіндегі тақырыптардың фразеологиялану ерекшеліктері: Филол. ғыл. канд. дис. –Алматы, 2002.
3 Дүйсембекова Л. Қазақ ресми-іс қағаздары. –Алматы, Ана тілі, 2003.
4 Бахарев Н. Е. Структурно-функциональное развитие заголовков (на материале заголовков из газет и журналов за 1903-1907, 1935-1939, 1965-1970 годы): Автореф. дисс. канд. филол. наук. – Алма-Ата, 1971.
5 Ихсангалиева Г. К. Функционально-прагматический анализ заголовков (на материале казахстанских газет и телепрограмм): Дис. канд. филол. наук. Алматы, 2000.
6 Выготский А. С. Психология искусства. –Москва: Наука, 1965.
7 Пешковский А. М. Заголовок в газете. –Москва, 1989
8 Рахимов Х. Заглавие произведения. -Алматы, 1985
9 Дүйсембаев А. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің тілі. Фил. ғыл. канд. дисс. Алматы, 2003
10 Смағұлова Г. Мәтін лингвистикасы. -Алматы, 2002
11 Балақаев М, Жанпейісов Е, Томанов М, Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. -Алматы, 1966
12 Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. -Алматы, Мектеп, 1989
13 Хасанова С. Жексембаева Г. Қазақ тілі стилистикасы: Оқу құралы, -Алматы, 1999
14 Виноградов В. В. «Итоги обсуждения вопросов стилистики» //Вопросы языкознания, 1955, -№1
15 Бондалетов В. Д. Социальная лингвистика. -Москва, Просвещение, 1987
16 Абишева К.М. Политический социально – коммуникативный стиль как разновидности функциональнық стилей современного русского литературного языка. -Москва, 2002
17 Балақаев М, Жанпейісов Е, Томанов М, Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. -Алматы, 2003
18 Валгина Н. Н. Теория текста. –Москва, 1998
19 Әлкебаева Д. Прагмастилистика. Оқу құралы, -Алматы, 2007
20 Дулина Н. Н., Кушнерук С. П. Варианты клише в текстах деловых писем// Управление персоналом. -№6, 2003
21 Дридзе Т. М. Язык и социальная психология – Москва, 1980
22 Ким Г. В. Репрезентация прагмасемантической стороны языковых явлений – условие эффективности обучения//Русский язык в Кыргызстане. –Бишкек: Кыргызско-Российский Славянский университет, 2003.
23 Александров В. А. Интерпретация текста. –Москва, 1993
24 Коробова Л. А. Заглавие как компонента текста на материале газетной публицистики ГДР: Дис. канд. филол. наук. –М. –202с.
25 Стам И. С. Экспрессивность газетного заголовка и его взаймодействие с текстом: автореф. дис. канд.филол. наук. –М., 1982. -22с.
26 Муренко В. И. Прагматические функции заглавий научно-технических текстов//вопросы анализа специального текста. –Уфа: Башкирский университет, 1987, -с.45-49.
27 Лазарева Э. А. Заголовок в газете. –Свердловск: Изд-во Уральского университета, 1989. -96с
28 Портильо Н. Н. Семантика заглавий как обособленных образований и как компонент текста: Автореф. дис. канд. филол. наук. –Воронеж, 1989.
29 Попов А. С. Синтаксическая структура современных газетных заглавий и ее развитие// Развитие синтаксиса современного русского языка. –Москва: Наука, 1966.
30 Вомперский В. П. К изучению синтаксической структуры газетного заголовка//Искусство публицистики. Алма-Ата: Казахстан, 1966.
31 Манькова Л. А. Лингвистическая типология газетных заголовков (90-е годы ХХ в): Дис. канд. филол наук. 2000.
32 Ляпун С. В. Лексико-семантические и стилистические особенности современного газетного заголовка (на материале газеты «Комсомольская правда» за 1994-1998 гг): Дис. канд. филол. наук. Адыгейский государственный университет (АдГу), 1999.
33 Костомаров В. Г. Из наблюдений наж\д языком газеты: газетные заголовки//Из опыта преподавания русского языка нерусским. –Москва, Мысль, 1965.
34 Золотова Г. А. Очерк функционального синтаксиса русского языка. –М: Наука, 1973.
35 Гальперин И. Р. Текст как обьект лингвистического исследования. –Москва: Наука, 1981.
36 Копыленко И. М. Опыт выявления прагматики частиц//Русский язык в Кыргызстане. – Бишкек: Кыргызско-Российский Славянский университет, 2003.
37 Кожина Н. А. Заглавие художественного произведения: структура, функция, типология (на материале русской прозы ХІХ-ХХ): Автореф. дис. канд. филол. наук. – Москва, 1986.
38 Мужев В. С. О функциях заголовка// Ученые записки МГПИИЯ имени М. Тореза. –М., 1970. Т. 55.
Қосымша
- Баланың құқықтары туралы Қазақстан республикасының Заңы
- Нормативтік құқықтық актілер туралы Заң
- Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы Қазақстан Республикасының Заңы
- Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы Заңы