АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Көне түркі тіліндегі есім сөздер

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

ЖАЛПЫ ТІЛ БІЛІМІ КАФЕДРАСЫ

 

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

 

Көне түркі тіліндегі есім сөздер

 

 

РЕФЕРАТ

 

Жұмыстың тақырыбы: Көне түркі тіліндегі есім сөздер.

Жұмыстың көлемі – 45

Пайдаланылған әдебиеттер саны – 37

Тірек сөздер: сөз тұлғасы, зат есім, сын есім, сан ісім, есімдік, көне түркі тілі, түбір сөздер, туынды сөздер, күрделі сөздер, морфология, морфема, көптік жалғау, септік жалғау, тәуелдік жалғау, жіктік жалғау, шырай, есептік сан есімдер, реттік сан есімдер, жинақтау сан есімдері, бөлшекті сан есімдер, аралас сан есімдер және т.б.

Бітіру  нысаны: Көне түркі тілінің морфологиялық жүйесін анықтау арқылы қазіргі түркі тілдеріндегі есім сөздердің негізгі заңдылықтарын ашу.

Бітіру  жұмысының мақсаты: Туыстас тілдердің морфологиялық жүйесін Бітіру ге негіз болатын, түркі тілдеріне байланысты жарық көрген ғылыми еңбектерге сүйене отырып, түркі тілдеріндегі материалдар негізінде есім сөздерді анықтау.

Бітіру  жұмысының міндеттері:

  • көне түркі тіліндегі зат есімдерге сипаттама беру;
  • көне түркі тіліндегі сын есімдерге сипаттама беру;
  • көне түркі тіліндегі сан есімдерге сипаттама беру;
  • көне түркі тіліндегі есімдіктерге сипаттама беру;

Бітіру  жұмысының әдіс-тәсілдері: Жұмыста бітіру жұмысының мақсатына сәйкес тарихи-салыстырмалы әдіс қолданылды.

Бітіру жұмысының құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бітіру  жұмысының нәтижелері: Көне түркі жазба ескерткіштер тіліндегі есім сөздердің тарихына тоқталынады. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі морфология саласы бойынша бүгінгі күнге дейін сақталып келген құнды деректерді қазіргі түркі тілдері деректері бойынша тарихи-салыстырмалы талдау негізінде есім сөздерге зерттеу жүргізу  бітіру  тақырыбының жаңалығы болып табылады.

Бітіру  жұмысының дереккөздері: Ғ. Айдаровтың «Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі» (1986), А.С. Аманжоловтың «Түркі филологиясы және жазу тарихы» (1996), М. Томановтың «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» (1988) және т.б. түркология ғылымы бойынша жазылған ғылыми әдебиеттер пайдаланылды.

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ………………………………………………………….……………4

 

1 тарихи морфология және сөз тұлғасы…………………..6

 

2 көне түркі тіліндегі есім сөз таптарының дамуы

2.1 Көне түркі тіліндегі зат есімдер……………………………………………………….15

2.2 Көне түркі тіліндегі сын есімдер…..……………………………………………25

2.3 Көне түркі тіліндегі сан есімдер….……………………………………………..27

2.4 Көне түркі тіліндегі есімдіктер….……………………………………………….30

 

Қорытынды…………………………………………………………………….43

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………….. …..…………..45

 

 

Кіріспе

 

Бітіру  жұмысының өзектілігі. Тіл құрамында динамикалық дамудың нәтижесінде қалыптасқан элементтермен қатар, көне дәуірдің куәсы боларлықтай фактілер де кездеседі. Сондықтан тілдің морфологиялық құрылымының тарихи дамуы оны туыс тілдер материалдарымен, тілдік тарихи ескерткіштер фактілерімен салыстырып Бітіру  арқылы ғана емес, сол тілдің өз құрамында қалыптасқан тілдік элементтерді Бітіру  арқылы да ашылады. Қазіргі казақ тілінің осы күнгі морфологиялық кұрылымының бүгінгі қалыпқа жету жолын да аталған әдістерді қатар колдана отырып зерттегенде ғана айқын түсінуге болады.

Тіліміздегі «есімдер» деп аталатын топқа жататын сөздердің грамматикалық топтары тарихи даму тұрғысынан бір-бірімен ұштасып, байланысып жатады. Мысалы, зат есімнің жеке семантикалық топтарының қалыптасуы жайлы айтқанда дәл сондай тұлғалы сын есімдер тобының қалыптасуын назардан тыс қалдыруға болмайды. Сондай-ақ, зат есімдер мен сын есімдер жайында әңгімелегенде солармен орайлас қолданылатын сан есімдер мен есімдіктерге де соқпай кетуге болмайды. Бұлардың қазіргі тіліміздегі қызметі мен қолданыс жағынан ыңғайластығы олардың тарихи қалыптасу ерекшеліктерімен ұштасып жатады.

Сөздердің грамматикалық топтарға жіктелуі сөйлем ішіндегі мәні мен қызметіне байланысты болған құбылыс. Айталық, сөйлем құрамында үнемі бастауыш қызметінде жұмсалу, яғни, айтылатын ойдың иесін білдіріп, басқа сөздерге тәуелсіз қолданылу зат есімдердің дербес, тәуелсіз қолданылатын сөз ретінде қалыптасуына мүмкіндік жасады. Акад.    И.И. Мешанинов бұл туралы: «Зат есім өзінің сөйлемде заттык мағынадағы мүше (бастауыш және толықтауыш) болуымен жіктеліп шықты» – дейді [1, 134 б.]. Ал сол зат есімдермен іргелес, соларға бағынышты қолданылатын сын есімдердің сөз табы ретінде қалыптасуы туралы үндіеуропа тілдерінің материалдары негізінде акад.                        В.М. Жирмунский: «Грамматикалық жағынан тұлғаланған сын есімдер категориясының қалыптасуы, яғни, есімдердің зат есімдер мен сын есімдерге жіктелуі, үндіеуропа тілдерінде салыстырмалы грамматика әдістері арқылы көрінеді», – дейді [2, 134 б.]. Нақ осы тұжырымды түркі тілдеріндегі, солардың бірі – қазақ тіліндегі зат есімдер мен сын есімдерге де қолдануға болады. Алтай тілдері тарихын Бітіру шілер де сөз таптарының қалыптасуы туралы осыған ұқсас пікір айтады. Сонымен, есім сөз таптарының грамматикалық топ ретінде қалыптасуы тек зат есімдер мен сын есімдер арасындағы байланыстан ғана көрінбейді, олардың басқа топтарының да алдыңғы екі топқа қатысынан байқалады.

Бұл айтылғандарға қоса акад. И.И. Мешаниновтың сөздердің атрибут (анықтауыш) мүше болып жүмсалуынан сын есімдер, пысықтауыш мүше ретінде жұмсалуынан – үстеу қалыптасты дейтін ескертпесін еске алу керек. Егер осы айтылғандардың бәрін қорытындылай келсек, есімдердің әрі грамматикалық топ болуымен бірге, лексикалық та топ екендігін, осы ерекшеліктердің өзі, айналып келгенде, олардың тарихи қалыптасуынан туғандығын көреміз.

Көрнекті ғалым М. Томанов «Есім сөз таптарының ішінде оқшау тұратыны – үстеулер. Үстеулер шығу төркіні, қалыптасу тәсілі жағынан да әр қилы. Морфологиялық жағынан үстеулер бірде есім негізді болса, бірде етістік негізді болып отырады. Осындай әр тұлғалылық оларды біршама кеш қалыптасқан грамматикалық топ деп қарауға мүмкіндік береді. Бүгінгі тілдегі көпшілік үстеу сөздердің құрама бөлшектерге оңай ажырауы да соған дәлел» деген өзінің тұжырымын айтады [3, 135 б.].

Есімдердің бір тобы – сан есімдер түп негізі жағынан басқа сөз таптарымен ұштасып жататыны тіл білімінде әр кез айтылып келеді. Егер сандық үғымды білдіретін сөздердің қалыптасуы аналитикалық ойдың синтездеу дәрежесіне көтерілуінің нәтижесі екенін еске алсақ, мұндай пікірдің дұрыстығы әсте талас туғызбайды.

Сонымен, есім сөз таптарының дамуы, тарихи өзгерісі олардың бірыңғай қалыптасуына алып келді. Есім сөз таптарын, оларға тән категориялар мен тәсілдерді тарихи түрғыдан қарастырғанда да осы ерекшелік ескерілуге тиіс болады.

Бітіру  нысаны: Көне түркі тілінің морфологиялық жүйесін анықтау арқылы қазіргі түркі тілдеріндегі есім сөздердің негізгі заңдылықтарын ашу.

Бітіру  жұмысының мақсаты: Туыстас тілдердің морфологиялық жүйесін Бітіру ге негіз болатын, түркі тілдеріне байланысты жарық көрген ғылыми еңбектерге сүйене отырып, түркі тілдеріндегі материалдар негізінде есім сөздерді анықтау.

Бітіру  жұмысының міндеттері:

  • көне түркі тіліндегі зат есімдерге сипаттама беру;
  • көне түркі тіліндегі сын есімдерге сипаттама беру;
  • көне түркі тіліндегі сан есімдерге сипаттама беру;
  • көне түркі тіліндегі есімдіктерге сипаттама беру;

Бітіру  жұмысының ғылыми жаңалығы: Көне түркі жазба ескерткіштер тіліндегі есім сөздердің тарихына тоқталынады. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі морфология саласы бойынша бүгінгі күнге дейін сақталып келген құнды деректерді қазіргі түркі тілдері деректері бойынша тарихи-салыстырмалы талдау негізінде есім сөздерге Бітіру  жүргізу  Бітіру  тақырыбының жаңалығы болып табылады.

Бітіру  жұмысының дереккөздері: Ғ. Айдаровтың «Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі» (1986), А.С. Аманжоловтың «Түркі филологиясы және жазу тарихы» (1996), М. Томановтың «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» (1988) және т.б. түркология ғылымы бойынша жазылған ғылыми әдебиеттер пайдаланылды.

Бітіру дің жұмысының әдіс-тәсілдері: Жұмыста Бітіру  жұмысының мақсатына сәйкес тарихи-салыстырмалы әдіс қолданылды.

Бітіру  жұмысының құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

1 тарихи морфология және сөз тұлғасы

 

Ескі ұйғыр ескерткіштері тілінің де ерте кездерде қалыптасқан, жүйелі морфологиялық құрылысы болған. Будды, манихей, ұйғыр халқының әкімшілік, шаруашылық өміріне байланысты кездесетін ескерткіштер тілінде қазіргі заманғы түркі тілдерінде кездесетін грамматикалық формалардың бәрі де түгел кездеседі.

Ескі ұйғыр жазу ескерткіштері тіліндегі сөздер өзінің құрамына қарай төмендегідей үш топқа бөлінеді [4, 139 б.]:

  1. Түбір сөздер. Ескерткіштерде бөліп, жаруға келмейтін жалаң түбірлерден құралған түбір сөздер де кездеседі. Олардың түрлері темендегідей:

а) Тек жалғыз дауыстыдан құралған түбір. Мұндай сөздер
мәтіндерде онша көп емес.

ы — бұта, өсімдік

б) С—У*   (Дауыссыз және дауыстыдан құралған түбір):

бу — бұ, бұл

лу — ұлу

не — не

кү — даңк

тү —түк(шаш)

со — шынжыр

в) У—С   (Дауысты  және дауыссыздан  құралған  түбір):

ад — ат)— ат, даңқ

аз — аз

ай — ай

ал — ал

еб — үй

ер — ер

ем — ем

ід — есеп

іг — ауру

іч – іш

іт — ит

от — от

ол — ол

өг — шеше

өд — уақыт

уд — бүқа

уз — шебер

үч — үш

үн — үн т. б.

 

г)  С—У—С   (дауыссыз, дауысты  және дауыссыздан  құралған)

бағ — байлам, байлау     муң — мүн, қайғы

баш — бас                     қой — кой

бай — бай                     куш — құс

бар — бар                     саб — сөз

бег — бек                      сан — сан

біл — біл                       сув — су

бір — бір                       тағ — тау

бош — бос                     таң — таң

бөз – бөз                        тіл — тіл

кім — кім                      йағ — май

күч — күч                      йаз — жаз

мен — мен                     йүк — жүк

г)  С—У—С—С   (дауыссыз, дауысты, дауыссыз және дауыссыз):

барс — барыс                йурт — жүрт

барқ — үй                      йонт — жылкы

берк — берік                                                                ,

Екі  буынды  түбірлер   ашық, тұйық және  бітеу буындардан құралады.

1)  У—С—У   (дауысты,  дауыссыз   және  дауыстыдан  құралған):

ағы — қазына           ікі — екі

апа — апа                 іні — іні

ата — ата

2) У—С—У—С (Дауысты, дауыссыз, дауысты және дауыссыз):

адағ — аяқ                ешід — есіт

ачығ — ащы              ынан — сен

ағыр — ауыр             өкүн — өкін

3) У—С—С—У (Дауысты, дауыссыз, дауыссыз және дауысты):

алқу — бөрі             орду — сарай

алты — алты            орта — орта

арта — арта              утлы — сыйлық

Текстерде У–С—С—У—С; У—С—У—С; С—У—С—С—С—У; С—У—С—У—С; У—С—С—С—У және тағы басқа түрлері кездессді:

баға — бақа                    ішле — істе

балық — кала                 сілк — сілік

чечек — шешек               бедіз — ою

бічін — мешін                 қатун — катын

йаруқ — жарық              арслан — арыстан

сығта — жыла, сықтау     ердем — батырлық

  1. Туынды сөздер. Ескі ұйғыр ескерткіштеріндегі сөздер тек жалаң түбірден ғана құралмайды. Олар қазіргі тілдердегідей жұрнактар жалғану арқылы да жасалады.

етікчі — қарыздар           білігсіз — біліксіз

йолчы — жолшы              бөлүг — бөлік

күчлүг — күшті                батсық — батыс

қорқыныш — қорқыныш

  1. Күрделі сөздер. Күрдслі сөздер қатарына, көбінесе, кісі аттары мен жер-су және кейбір сөз тіркестері жатады:

Бег Буқа — Бекбуқа (кісі аты)

Иал Тұрған — Иалтурған (кісі аты)

Іл Темір — Елтемір (кісі аты)

Орқун йір — Орхон жер

бү күн — бүгін

Зат есім

Зат есімдер заттың, нәрсенін, құбылыстардың аттарын білдіреді. Зат есімдер семантика-мағыналық жағынан екіге (нақтылы және абстракті) бөлінеді. Көзге көрініп, денеге сезілетін зат атаулары нақтылы есімдерге жатады [4, 139 б.]:

оғул — ұл                            уд — сиыр

кіші — кісі                          лашын — лашын

йонт — жылқы                    қуш — құс

Абстракті зат есімдер негізінде адамның ойлау қабілеті арқылы танылады. Олар көзге көрінбейді, тек заттық үғымды білдіреді.

тапығ — қызмет, жұмыс            тынлық — тіршілік

біліг — білік                                берім —  берім, қарыз

Зат есімдер өзінің морфологиялық жағынан септеледі, тәуелденеді, көптеледі, кейде жіктеледі. Құрамы жағынан негізгі, туынды түбір болып бөлінеді. Буын құрамына қарай бір, екі, және үш буынды болып келеді. Бірақ төрт және одан да көп буынды болып келуі ескерткіштерде сирек.

Көптік жалғау

Көптік жалғау — түркі тілдерінің бәріне де тән категория. Ескерткіштерде қазіргі үйғыр және өзбек, татар тілдеріндегідей етістік түбіріне көптік жалғауы жалғана береді.

бартылар — барды         тутдылар — тұтты, ұстады

оқутдылар — оқытты     бітіділер — жазды

Ескерткіш тілінде де көптік жалғауы жалғанбай-ақ көптік мағынаны білдіретін сөздер кездеседі. Олардың қатарына кейбір жинақты ұғымды сөздер, лексикалық мағынасының өзінде көптік мәні бар сөздер жатады, зат есімнің алдында оның қанша  екендігін  білдіретін  үкүш,  көп сияқты  сөздер  айтылғанда оларға көптік жалғауы жалғанбайды [1, 142 б.].

Текстерде кездесетін қос сөздерге де көптік жалғауы жалғанбайды.

Ескерткіштерде көптік форма -лар, -лер аффикстері арқылы беріледі.

Жуан буынды сөздерде -лар түрінде келеді.

тынлығлар — тіршіліктер    орынлар — орындар

йоллар — жолдар                 дінтарлар — діндарлар

Жіңішке буынды сөздерде -лер түрінде келеді:

теңрілер — тәңрілер            йеклер — жындар

Тәуелдік жалғау

Көне үйғыр жазба нұсқалары тілінде де тәуелдік жалғаулар үш жаққа, жекеше және көпше болып бөлінеді.

Ескерткіштерде кездесетін тәуелдік жалғаулар төмендегідей:

жақ                жекеше                            көпше

I жақ        —м, -ым, -ім, -ум- -үм          -мыз, -міз, -ымымыз, -іміз

II жақ       -ң, -ың, -ің, -уң, -үң            -ңыз, -ңіз, -ыңыз, -іңіз

III жақ      -ы, -і                                   —лары, -лері

жақ                 жекеше                         көпше

I жақ      теңрім — тәңрім                 теңріміз — тәңріміз

                ақам — ағам                        ақамыз — ағамыз

                інім — інім                           ініміз — ініміз

               урығым — ұрығым               білігіміз — білігіміз

               тоғушым — туысым             күчүмүз — күшіміз

II жақ     евің — үйің                           улусыңыз — облысыңыз

                йерің — жерің                      йарлықыңыз — жарлығыңы^
                       сабың — сөзің

III  жақ  басы — басы                       атлары — аттары

               сачы — шашы                    адақлары — аяқтары

               улуғы — ұлысы                   бойунлары — мойындары

               кічісі — кішісі                     едгүлері — жақсылары

Тәуелді жалғаулы сөз әруакыт ілік жалғаулы сөзбен байланысты айтылады.

Септік жалғаулар

Зат есімдер сөйлем ішінде басқа сөздермен байланысты айтылады. Олар әдетте септік жалғаулары арқылы келеді. Көне ұйғыр жазба ескерткіштері тілінде төмендегідей септіктер кездеседі.

  1. Атау Жатыс
  2. Ілік Шығыс
  3. Барыс Көмектес
  4. Табыс

Атау Атау тұлғада тұрған сөздің ешбір жалғауы болмайды. Ол басқа септік жалғауларының жалғануына негіз болып есептеледі. Атау тұлғадағы сөздер түбір, туынды, біріккен, қос сөздер түрінде және тәуелдік жалғау түрінде келеді.

Ол бег тіріліп келті — Ол бек жиналып келді.

Тоғмақ болмасар, қарымақ, өлмек болмаз — Туу болмаса, қартаймақ, өлмек те болмас.

Ілік септік. Ілік септікте тұрған сөз заттың, қимылдың, не белгінің белгілі біреуге тән екендігін көрсетіп, -ың, -ің, -ның, -нің (нуң, нүң) аффикстерінің жалғануы арқылы жасалады.

Темүрнүң — темірдің    бегнің — бектін.

бөрінің — берінің             йернің — жердің

Оғлының — ұлының      сабның — сөздің

Ілік септікте тұрған сездер ешуақытта жеке айтылмайды. Олар үнемі тәуелдік жалғаулы сөздермен тіркесте келеді.

Үчүн-чі ең кічігі — оғлының аты — Мағастава ерті — Екінші, ең кіші ұлының аты — Мағастава еді.

Текстерде ілік жалғаулы сөз ашық түрде де, жасырын түрде де келеді. Ілікте тұрған сөз сөйлем ішінде, негізінде, анықтауыш мүше қызметін атқарады.

Барыс септік. Барыс септік белгілі істің, қимылдың алған бағытын көрсетіп, төмендегідей аффикстер арқылы жасалады:

а) —қа, -ке:

йылқықа — жылқыға        іске — іске

тынлығқа — тіршілікке     күчке — күшке

қанқа — қанға                 улуғқа — үлықка

б). —ғару, -герү, -ғары, -гері:

біргерү — бері қарай

йергерү — жерге қарай

теңрігерү — тәңірге қарай

-ғары, -гері аффикстері — құранды аффикстер. Олар -ға және -ру қосымшалары арқылы жасалған. Текстерде -ру, -рү аффикстері жалғанған сөздер де кездеседі:

оңару — оңға

іңерү — далаға

ыңару — ол жерге т. б.

в) -ра, -ре:

Өңре — алға            ташра — сыртқа, далаға

г)  -а, -е; Жіктік есімдіктері мен тәуелдік жалғаулы сөздерден соң жалғанады:

құтыңа — құтыңа      күчүңе — күшіңе

башыңа — басыңа     йеріңе — жеріңе

Ескерткіштердегі барыс септікте келетін сөздердіц мағыналары әр түрлі. Олар бет алысты, бағытты, мекенді және мезгілді көрсетеді. Сөйлем ішінде не толықтауыш, не пысықтауыш қызметін атқарады.

Табыс септік. Табыс септіктегі сөз амал мен іспен тікелей байланысты болып, төмендегідей аффикстер арқылы жасалады.

а)   -ны, -ні.

бітігні — жазуды      кісіні — кісіні

оғлыны — ұлды         бізні — бізді

оларны — оларды

б)  -ығ, -іг, -уғ, іг.

кісіг — кісіні                    төрүг — терені

ісіг — істі                         қудуғығ — құдықты

номуғ — ережені, занды

ығ, -іг аффикстері қазіргі кездегі түркі тілдерінде кездеспейді, бірақ Орхон-Енисей және көне ұйғыр жазба нұсқаларында жиі қолдапылған. Ол — монғол тілінен енген форма.

в)  -ын, ін, -н; Тәуелдік жалғаулы сөздерден соң жалғанады.

ағзын — аузын     көркүн — көркін

йерін — жерін

ойнун — ойнын     сөзін — сөзін т. б.

Табыс септіктегі сөздер толықтауыш қызметін атқарады, ашық түрде де, жасырын түрде де кездеседі.

Жатыс септік. Текстерде жатыс септік заттың мекен, мезгілін білдіріп, —та, -те, -да, -де аффикстерінің жалғануы аркылы жасалады.

Көңүлте — көңілде                 бітігде — жазуда

йазуқда — жазыққа, далада    тегдүкте — жеткенде т. б.

балықда — қалада

Тәуелдіктің үшінші жағында —ынта, -інте, -нта, -нте аффикстері арқылы келеді.

ташында — сыртында         күчінте — күшінде

ічінте — ішінде                  қатунында — қатынында

елігінде — қолында

Жатыс септікте тұрған сөздер сөйлем ішінде, көбінесе, жанама толықтауыш, не пысықтауыш мүше болады.

Шығыс септік. Шығыс септікте тұрған сөздер қимылдың орнын, себебін, мезгілін білдіріп, -дын, -дін, -тын, -тін, (-дан, -ден, -тан, -тен) аффикстерінің жалғануы арқылы жасалады.

теңріден — тәңріден       улустын — облыстан

төпедін — төбеден           өзнідін — өзінен

балықтын — қаладан

Көмектес (құралды) септік.

Көмектес септік текстерде төмендегідей қосымшалар арқылы жасалады.

а). -н, -ын, -ін.

көзін — көзімен                  тілін — тілімен

қулғақын — құлағымен        елігін — қолымен

адақын — аяғымен

б) бірле:

оғланы бірле — ұлымен бірге

отын бірле — отынмен бірге

өдін бірле — уақытпен бірге

кіші бірле — кісімен бірге

Сын есім

Көне ұйғыр жазба нұсқаларында кездесетін сын есімдер мағынасына қарай екі түрлі.

  1. Сапалық сын есімдер.
  2. Қатыстық сын есімдер.

Сапалық сын есімдер. Ескерткіштерде ешбір аффиксіз түбір күйінде заттың түр-түсін, сыр-сипатын көрсететін сапалық сын есімдер де кездеседі. Олар төмендегідей топқа бөлінеді [4, 145 б.]:

  1. Заттың түр-түсін білдіретін сын есімдер:

боз — боз               сарығ — сары

йашыл — жасыл     қызыл — қызыл

көк — көк

  1. Заттың көлемі мен аумағын білдіретін сын есімдер:

артуқ — артық           йумчақ — жұмсақ

бедүк — биік               йумғылы — жинақы

йінчке — жіңішке      күчлүг — күшті

улуғ — ұлы, үлкен

  1. Заттың сапа, сыр-сипатын білдіретін сын есімдер:

ач — аш                           тіріг — тірі

арығ — таза                     тоқ — тоқ

бош — бос                       ысық — ыстық, ыссы

йаблақ — жаман, төмен

Қатыстық сын есімдер. Текстерде қатыстық сын есімдер аффикстер жалғану арқылы басқа сөз таптарынан жасалады. Сын есімдер жасайтын аффикстердің бастылары төмендегідей:

-лы, -лі.

теңрілі — тәңрілі          беглі — бекті

йарақлы — жарақты       қатунлы — қатынды

йеклі — жанды, рухты

-лығ, -ліг, -лық, -лік:

көрүглүг — көрікті     тонлығ — тоңды

адағлық — аяқты       бағлығ — баулы

күчлүг — күшті

-сыз, -сіз, -суз,-сүз:

білігсіз — біліксіз     йоқсуз — жоқсыз

інчсіз — қайғысыз    түпсіз — түпсіз

сувсыз — сусыз

-дақы, -декі, -тақы, -текі. Бұл аффикс — жатыс септіктің -да, -де, -та, -те аффикстері мен сын есімнің —қы, -кі жұрнақтары арқылы жасалған күрделі аффикс.

евіндекі — үйіндегі     ажурлардақы — дүниелердегі

ічінтекі — ішіндегі

-қы, -кі аффикстері жалғанған сөздер текстерде мезгілдік және мекендік ұғымдарды білдіретін сын есімдер тудырады:

ічлі — ішкі                   бурунқы — бұрынғы

бүгүнкі — бүгінгі

-тег, -дағ есімдерге жалғанып, салыстырма мәнді сын есімдер жасайды:

күнтег — күндей    антағ — сондай

Сын есімнің шырайлары

Көне ұйғыр жазба  ескерткіштері тілінде төмендегідей үш түрлі шырайлар кездеседі. Жай шырай:

узун — үзын          едгү — игі

қара — қара          көк — көк

йашыл — жасыл

Салыстырмалы шырай:

бегрек — бегірек               күнтег — күндей

артуқрақ; — артығырақ

Күшейтпелі шырай:

ең кічігі — ең кішісі       ең ілкі — алғашқы

ең үлуғы — ең үлкені

Сын есімдер әдетте сөйлем ішінде анықтауыш болады. Кейде сын есімдер етістіктен бұрын болған мүшеден бұрын келсе, пысыктауыш та болады. Сын есімдер сөйлем соңында көмекші етістіктермен тіркесіп, баяндауыш та болады.

Заттанған сын есімдер сөйлем ішінде бастауыш та, толықтауыш та болады.

Сан есім

Ұйғыр жазба ескерткіштерінде сан есімдер мағынасына қарай төмендегідей топтарға бөлінеді:

  1. Есептік сан есімдер:

бір — бір                      йегірмі — жиырма

ікі — екі                        отуз — отыз

үч — үш                        қырқ — қырық

төрт — төрт                еліг — елу

беш — бес                     алтмыш — алпыс

алты, алды — алты     йетміш — жетпіс

йеті, йіті — жеті          секіз он — сексен

секіз — сегіз                 йүз — жүз

тоқуз — тоғыз             бін — мың

он — он                         түмен — он мың

  1. Реттік сан есімдер. Текстерде реттік сан есімдер -інті, -нч, -ынч, -інч аффикстерінің жалғануы арқылы жасалады:

екінті — екінші             үчүнч — үшінші

төртінч — төртінші     бісінч — бесінші

алтынч — алтыншы     бір йегірмінч — он бірінші

  1. Жинақтау сан есімі. Жинақтау сан есімі ескерткіштерде -егү аффиксінің жалғануы арқылы жасалады.

екігү — екеуі       бірегү — біреуі

үчегү — үшеуі

  1. Бөлшекті сан есімдер. Текстерде кейбір сан есімдер -ар, -ер, аффикстерінің жалғануы арқылы жасалады.

бірер — бір ғана, жеке           үчер — үштен

ікірер — екіден                   онар — ондап

  1. Аралас сан есімдер. Мұнда кіші сандар үлкен сандардан бұрын келеді.

үч йегірмінч — он үшінші      біш йегірмінч — он бесінші

бір йегірмінч — он бірінші

Сан есімдер негізінде сөйлем ішінде анықтауыш мүше қызметін атқарады. Бірақ сан есімдер сөйлемнің басқа да мүшелері бола алады.

Есімдік

Ұйғыр жазба ескерткіштеріндегі есімдіктер төмендегідей топтарға бөлінеді [4, 148 б.].

  1. Жіктеу есімдігі:

Мен — мен                     біз — біз

сен — сен                        сіз — сіз

ол — ол                         олар — олар

Жіктеу есімдіктері септеледі:

Атау:   мен — мен, біз — біз

Ілік:     менің — менің, бізнің — біздің

Барыс: маңа — маған, бізге — сізге

             саңа — саған, сізге — сізге

             аңа — оған, оларқа — оларға

Табыс: мені — мені, бізні — бізді

             сені — сені, сізні — сізді

Жатыс: менде —  менде, бізде — бізде

Шығыс: ментін — менен, біздін — бізден

2.Сұрау есімдігі:

кім — кім                    қай — қай

не — не                        қачан — қашан

нече — неше                қанча — қанша

нечүк — қалай

  1. Сілтеу есімдігі:

бу — бұ, бұл    ол — ол

Сілтеу есімдіктері де септеледі:

Атау: ол                              бу

Ілік: аның — оның              буның

Барыс: аңа — оған             буңа — бүған

Табыс: аны — оны             буны — мүны

Жатыс: анта — онда         бунта — мұнда

Шығыс: антын — одан       бунтан — мұнан

Қөмектес: анын — онымен

  1. Өздік есімдігі:

Өз — өз    кентүн — өзі

өзүм — өзім

  1. Болымсыздық есімдігі:

нең — ештеңе

  1. Жалпылау есімдігі:

барча — барша    үкүш — көп т. б.

қамуғ — бүкіл

Есімдіктер де белгілі бір сөз табынын орнына жұмсалуына қарай сөйлемде кез келген мүше бола алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 көне түркі тіліндегі есім сөз таптарының дамуы

 

2.1 Көне түркі тіліндегі зат есім

 

Зат есім – есімдер тобындағы сөздердің ішіндегі дербес қолданылатыны. Есімдердің басқа топтары осы зат есімдер айналасына топталып, осыған қатысты ғана қолданылады. Сөйтіп зат есімдер тек заттық мән-мағына туғызушы ғана сөздер емес, соған сәйкес дербес қолданылатын да сөздер.

Қазіргі қазақ тіліндегі зат есім категорияларының негізгі түрлері көне түркі тілінде де кездеседі. Ол тілде де зат есімдер басқа сөз таптарымен салыстырғанда септелетін, көптелетін, тәуелденетін сөздер есебінде ерекшеленген. Зат есімдерге тән грамматикалық категориялардың тұлғалық (кейде фонетикалық) өзгерістерін, жеке аффикстердің пайда болуын және кейбір семантикалық өзгерістерін (мәнінің тарылу, кеңеюі) еске алмасақ, олардың қайсысының да өздерінің негізгі қызметтерінен айнымағандығын байқауға болады. Сондықтан зат есім деп аталатын сөз табының тарихи өзгерісі, оның тарихи жаңаруы туралы әңгіме қозғау мүмкін де бола бермейді.

Көптік категориясы және көптік жалғаулары. Түркі тілдерінің көне дәуірлеріне қатысты мұралар тілінде де жекелік мәнді білдіретін арнайы аффикстер болмағаны мәлім. Көптік мән арнайы жалғаулар арқылы да, яғни, морфологиялық тәсіл, сөздің лексикалык мағынасы, яғни, лексикалық тәсіл арқылы және сөз тіркестері, яғни, синтаксистік тәсіл арқылы да берілген.

Кейбір жеке сөздердің лексикалық мағынасының өзінде топтасу, жинақтау ұғымы жатады. Мысалы, йылқы (жылқы), барым (мүлік-дүние) тәрізді сөздер қолданылуына қарай жекелік те, топтау ұғымын да берген. Сонымен бірге, көптік ұғым сан есім мен зат есімнің тіркесі арқылы да жасалған. Мысалы, алты йегірма йаш (он алты жас), екі шад (екі шал), т.б. Сондай-ақ көптік мән қос сөздер арқылы да берілген. Мысалы, шад – апыт (шадтар, би-бектер), т. б.

Көптік мағынаны тудырудың негізгі жолы — көптік жалғаулары. Орхон-Енисей жазбаларының тілінде көптік жалғауларының екі түрі кездеседі: -лар, -т, -лар жалғауы көптік мағына тудырудың негізгі тәсілі. Мысалы, беглер (бектер), кунчуйлар (әйелдер ханымдар), т. б. Жинақтық мән беретін сөздер көбіне -лар жалғауынсыз да қолданылған: Тоқуз оғуз бегілері будуну бу сабымын егүті есід қатығды тыңла деген сөйлем құрамында бег (бек) сөзі көптік жалғаумен келсе, жинақтык мән беретін будун (халық) сөзіне жалғанбаған. Кейінгі дәуір жазбаларында да -лар көптік мән берудің басты тәсілі есебінде қолданылған: Білге кетік кішілер енім сөзүм ешідіңлер (КК.). Қазіргі қазақ тіліндегі -лар жалғауының қолданылуымен салыстырғанда, көне түркі тілінің біраз ерекшеліктері бар. Олар мына төмендегідей: сан есіммен бір тіркесте келген зат есімдер де кейде -лар жалғауын қабылдайды: мақа төрт йеклер йақын келті (ЗБ). Кейде алдында сан есім айтылған бірыңғай мүшелердің әрқайсысына -лар жалғанып қолданылады, төрт атларым, йылқыларым (ЗБ). Әрине, бұл жерде ал-дыңғы сан есім бірыңғай мүшелердің әрқайсысына жеке-жеке қа-тысты деп те ойлауға болар еді. Қос сөздердің әр сыңарларына жалғанады: куртлар — қоңыздар (ЗБ). Кейде жинақтық мән беретін сөздерге де -лар жалғанып келеді: Қар, буз қамуғ ерішді. Тағлар суғы ақышты. Көкшін бұлт өрүшді. Қайғуқ болуб егрішүр (МК). Ал осы тәрізді сөздер ыңғайына қарай жекелік тұлғада қолданылады: Кулан түгел қумурты. Арқар, соқақ йумутты (МҚ). (Құландарды түгелімен аудырды. Арқар, киіктерді жиды). Қолданылу мәні тұрғысынан соңғы сөйлем құрамындағы арқар, құлан сөздерінің алдыңғы тау сөзінен айырмашылығы жоқ. Сірә, бұл реттерде   -лар аффиксінің стильдік қолданылуын ғана байқауға болар.

А.М. Щербак -лар аффиксінің X–XIII ғ.ғ. жазбаларында мынадай қолданыстарды көрсетеді. -лар жалғауы изафеттің бірінші сыңарына ғана жалғанып келеді: Тағлар сувы (МҚ.). Кейде -лар изафеттің екі сыңарына бірдей жалғанып келеді: қушлар авлағулары. Кейде -лар изафеттік тіркестің соңғы, басынқы сыңарына ғана жалғанады. Ашру улу йазлықлы турмен менің йаман ішлерімнен, йаман сағынчымдан (КК.). «Менің жаман істерімнен, жаман сөзімнен аса үлкен жазықты болып тұрмын [5, 112 б.]. -лар аффиксінің изафеттің құрамында осы қолданысы қазіргі қазақ тілінің кейбір заңдылықтарын барлап қаруға мүмкіндік береді. Изафеттің алғашқы сыңары көптік жалғаулы болып келуі қазақ тілінде тек мынадай ыңғайларда ғана мүмкін: Кісілердің келісі, уйлердің төбесі, т. б. Екінші сөзбен, изафеттік тіркестің бірінші сыңарының көптік жалғаулы болуы не көп нәрсеге заттың ортақтығын не көп затқа көп заттың тәндігін білдірумен байланысты. Бірақ соңғы ыңғайда сөз жинақылығы мақсатымен екінші сыңары жалғаусыз айтылады. Изафеттің екі сыңарына бірдей көптік жалғау жалғану қазақ тілінде стильдік мақсатпен ұштасып жатады. -лар аффиксінің қолданылуының үшінші түрі қазақ тілінде бір затқа көп нәрсенің тәндігін білдіру тәсілі есебінде жиі колданылады.

Қысқасы, -лар аффиксі өзінің мәні мен колданылуы тұрғысынан көне түркі тіліндегі негізгі ерекшеліктерін сақтаған.

-лар аффиксінің этимологиясы жайлы көп пікірлер айтылды. Поляк ғалымы Т. Ковальский өзінің осы мәселеге арналған Бітіру лерінде өзінен бұрынғы    пікір — жорамалдардың    барлығына талдау   жасай келіп, —лар аффиксінің арғы   төркіні   болжалды санды (бірнеше, көп сөздері тәрізді) білдірген сөз болу керек деп есептейді [5, 142 б.].. В. А.Богородицкий бұл аффикстің қалыптасуын III жак жіктеу есімдігі мен -ар жұрнағының арасындағы ығысудың нәтижесі деп қарайды [7, 36 б.].      Н.А. Баскаковтың Бітіру лерінде -лар аффиксі құранды қосымша есебінде қаралады. Есім түбірлерден етістік жасайтын -ла (балта-ла, қылыш-та, тас-та, т. б.) істің қайталамалығын, дүркінділігін білдіреді. Мұның өзі, Баскаковтың ойынша, келер шақ есімшенің тұлғасы -р-мен бірігіп барып ішкі семантикалық өзгерістің нәтижесінде көптік мән берудін қосымшасы есебінде қалыптасуға мүмкіндік берді [6, 222 б.].

қосымшасы Орхон-Енисей жазбаларында атақ-дәрежені, чинді білдіретін азын-аулақ сөздердің ғана құрамында кездеседі: тарқан-тарқат, шад-апыт, тігін-тігіт, т. б. Бітіру шілер бұл қосымшаны монғол тілінен ауысқан деп есептейді. Солай екендігін қосымшасының сөзге жалғану тәртібі де дәлелдейтін сияқты [6, 75 б.]. Бұл қосымша жалғанғанда сөздің жеке түріндегі соңғы н дыбысы мүлдем түсіп қалады: тарқан-тарқат, -т қосымшасы осы Орхон-Енисей жазбаларынан кейінгі дәуірден қалған ескерткіштердің ешқайсысында да көптік мән туғызудың өнімді тәсілі есебінде ұшыраспайды. X–XIII ғасыр жазбаларында аффиксімен келген бірен-саран сөздер ұшырасқанмен, сол сөздердің өзі кейде көптік жалғаудың өнімді түрі —лар, -ды қабылдайды. Бұл қосымшаның ізін алпауыт, сәлем-сауқат қос сөзінің сауқат сыңары құрамынан көруге болады.

Қазіргі түркі тілдерінің ішінде бұл қосымша якут тілінде кездеседі. Ол тілде -лар көптік жалғауы есімдерге -т арқылы барып жалғанады, уол-ат-тар[7, 59-60 бб.]. Мұндай ерекше жалғаныс, әрине, қосымшасының өзінің бұрынғы мәнінен ажырап қалуының салдары -т қосымшасының ескіруі, сөйтіп өз мағынасынан ажырауы орта ғасырлардың соңғы кезеңдерінде болса керек. «Бабурнамэ» тілінде де жанағы якут тіліндегідей ерекшелік ұшырасады: бекетлер — бек есіміне әуелі -т, одан соң ғана -лар жалғанған [7, 89-96 бб.].

Көне түркі тілін Бітіру шілердің біразы (Габен, т. б.) ол тілде көптік жалғаудың тағы бір түрі -(а) н қосымшасы болған деген тұжырым айтады. А. Габен ерен сөзін көптік жалғауда тұрған көптікті білдіретін сөз деп қарайды. Ал Махмуд Қашқари сөздігінде осы сөз -лар жалғауымен қолданылған (еренлер).

А.Н. Кононов оғлан сөзінің құрамынан да осы аффиксті көреді [6, 311 б.]. Бұған сірә, көне түркі тілінде оғлан, қазіргі тілдерде ұл тұлғаларының айтылуы дәлел болса керек. Қазақ тілінде ерен сөзі тек жекелік мағынада ғана айтылады. Алайда сыртқы ұқсастығын еске алсақ, үшем (кейде үшен) сөзінің құрамындағы -ем (ен) қосымшасын осыған жатқызуға болар еді. Дегенмен, мұнда жалпылама көптікті білдіруден гөрі топтау мәні басым.

С. Е.Малов көне түркі тілінде көптік мағына туғызған қосымшаның бірі деп біз есімдігінің құрамындағы -з-ны көрсетеді [17, 116 б.]. Бірақ Орхон-Енисей жазбаларында көптік мән туғызатын еркін аффикс есебінде қолданылмаған. С. Малов бұл аффиксті тек әлгі айтылған есімдіктер құрамынан ғана ажыратады. Ол қосымша мына фактілерді келтіреді: меңіз (бет), көкүз (көкірек), ағуз (ауыз), ал біз, сіз есімдіктерінің құрамын былайша түсіндіреді: «бі-з, сі-з». Монғол тілінде «мен» есімдігі «бі», «сіз» есімдігі «сі» түрінде айтылады. Сонда түркі тілдеріндегі біз, сіз сөздері жіктеу есімдіктерінің жеке түрі мен көптік жалғаудың қосындысынан құралған болады. Ал М. Щербак X–XIII ғасыр жазбалары тілінен мына сөздерді келтіреді: көз, мүйіз, ікіз (егіз), тіз (е), йодаз (тізе алтайша). Сіз, сен есімдіктерінің өз заманындағы түркі тілдерінде қолданысы жайлы Кашқари былай дейді. «Сіз — үлкендерді құрметтеу мәнінде сен мағынасында айтылатын сөз. Асылында мұның беретін мағынасы сіздер. Кішілерге сен делінеді» (Ш. 136). Бұған қарағанда, Махмуд Қашқари дәуірінде сіз есімдігінің сыпайылық мәні мен көптік мәні қатар жүрген. Түркі тілдерін Бітіру шілердін, кейбірі бұл қосымшаны ескі дәуірдегі екілік категориясының көрінісі деп те қарайды. Айталық, ауыз, көз, егіз сөздері қос-қос немесе екі бөліктен тұратын заттардың атаулары, сол себептен бұл сөздер -з дыбысына, екілік категориясының қосымшасына бітеді деп қаралады. Алайда түркі тілдерінің бірі қазақ тілінде екі бөліктен тұратын атаулардың бәрі бірдей -з-ға аяқталмайды. Мысалы, құлақ, аяқ, қол, бет, т.б. -з-ға аяқталатын атауыш сөздер санаулы, көз, егіз, т. б. ғана. Екінші жағынан, қазақ тілінде -з-ға аяқталатын кей сөздердің -р-ға бітетін етістік варианттары бар. Мысалы, көз, көр семіз-семір, атыз-айыр, қарыз-қайыр, т. б. Сол сияқты, көне түркі тіліндегі бедіз қазақ тілінде — бедер түрінде айтылады. Бұған қарағанда -з қазақ тілінде есім сөздің көрсеткіші тәрізді де, -р етістік сөздің көрсеткіші. Ал -з-ға аяқталатын әлгі сөздер ешбір екілік не көптік мән бермейді.

Қазақ тілінде р мен з дыбысына аяқталатын мәндес сөздер
түркі-монғол бірлестігінің қалдығы деп қарау орынды.

Сонымен, -з аффиксінің жіктеу есімдіктерінің құрамында сақталуы әбден мүмкін жай да, басқа есімдер құрамында сақталуы
жайына келгенде, ойлана түсу мақұл. Айталық, қазақ тіліндегі
егіз сөзінің құрамынан осыны көруге болар (екі сан есімімен салыстырғанда). Сол сияқты А.Н. Кононовтың ізімен жүз, сегіз,
тоғыз сан есімдерінің құрамындағы -з-да осы қосымша деуге болады [6, 68 б.]. Бірақ кез келген сөз құрамындағы -з-ны осы қосымша деуге негіз жоқ. Көне түркі тіліндегі будун сөзі құрамындағы -ун қосымшасы да жинақтау мәнін берген. Сол себептен ол тілді Бітіру шілер бұл қосымшаны да көптік жалғаулардың тарихи түрінің бірі деп қарайды.

Тәуелдік категориясы және тәуелдік жалғаулары. Меншіктік пен меншіктелуші арасындағы қатынас, яғни, тәуелділік категориясы түркі тілдері құрамындағы байырғы құбылыстардың бірі. Мұндай тұжырымға дәлел — түркі тілдері тарихындағы ең көне мұралар тілінде де қазіргі тілдегі тәуелдік категориясы мен оның көріністері көп өзгеріссіз (қазіргі   тілмен   салыстырғанда) берілген. Көне түркі тілінде тәуелдік категориясы морфологиялық тәсілмен (арнаулы қосымшалармен), морфология-синтаксистік тәсілмен (ілік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің тіркесі), синтаксистік тәсілмен (ілік жалғаулы жіктеу есімдіктері арқылы) берілген. Тәуелдік жалғаулары көне мұралар тілінде мына төмендегідей болып отырады:

Жекеше: I ж. –м, (ым, -им, -ум, -үм, -ам, -ем); будун-ым (халқым), қаңым (әкем), қут-ым (құтым, бақытым). II ж. -ң, ың, -иң,
уң, -ұң, -үң, -аң, ең): қут-ың (сенің бақытың). III ж. -ы, -сы, (-ы,
-и, -сы, -си, -зы, -зи): уйасы (оның ұясы, ұрпағы), қағаны (ханы)
айғучысы (уәзірі).

Тәуелділіктің үшінші жағының бастапқы тұлғасы -ың, -сын (-ин,      -син) деген пікір бар. Ал Орхон-Енисей жазбаларында мынадай сөйлем бар: … табғач будунка беглік ұры оғылың кул болты, сілік қыз оғлың күң болты (табғач халқына мықты ұлы құл болды, таза қызы күң болды). Осы сөйлемдегі оғлың, қыз оғлың сөздері тәуелдік жалғаудың III жағында тұр, бірақ әдеттегідей емес, -ын.

Қөптік: I жақ: -мыз (-мыз, -миз, -мүз, -мұз, -ымыз, -имиз, -умуз, -амаз, -әмәз), ханымыз, ечимиз, қағанымыз.

II жақ: -қыз, -киз, (-ыңыз, -иңиз), -унуз, -үнүз: адашыңыз (сіздің жолдастарыңыз), қағаның (сендердің хандарың).

III жақ: -ы, -сы, -си, (-зы, -зи) -сылар, -силар.

Жазбалар тілінде тәуелдікте тұрған сөз жіктеу есімдіктерімен тіркесіп те, тіркеспей жеке де айтыла береді. Яғни, қазіргі қазақ тіліндегідей, бірде менің  кітабым бірде кітабым түрінде жеке де айтылады. Тәуелдік жалғауларының ашық дауыстылардан басталатын варианттары көне түркі тілі ескерткіштерінің бәрінде бірдей кездесе бермейді. Бұл варианттар көбінесе Шығыс Түркістаннан табылған жазбалар тілінде (манихейлік мәтіндер, сол сияқты кейбір ұйғыр жазбаларында) ғана ұшырасады, яғни, ұйғырлық варианттар. Тәуелділіктің II жағындағы сөз өзінің алдындағы сөздің ілік септікте тұруын бірде керек етсе, бірде керек етпейді. Бұл жағынан да қазіргі қазақ тілінің заңдылықтарымен астасып жатады.

Сонымен қатар, қазіргі қазақ тілінде тәуелділік мән синтаксистік жолмен де берілетіні мәлім. Мысалы: біздің үй, сіздің бала, т. б. Меншіктілік мән туғызудың нақ осы тәсілі ежелгі түркі ескерткіштерінің тілінде де кездеседі: Бегін ат (бектің аты) (КТ). Мұнда да тіркестің соңғы сыңары тәуелдік жалғаусыз келген. Орта ғасыр ескерткіштерінде мұндай конструкцияның мына төмендегідей варианты кездеседі: Бу Мекке біздің турур — Бұл Мекке біздікі. Бу бәйіт аныңдүр — Бұл өлең оныкі. Бұлар кемекші етістікпен келген, қазақ тіліндегі -нікі тұлғалы конструкцияға сәйкес қолданылған. Бұл фактілерге қарағанда, «бұл кітап — менікі» тәрізді конструкциялар осындай тіркестердің негізінде пайда болса керек, —нікі аффиксі құрамы жағынан күрделі, тарихи жағынан екі бөлікке бөлінеді: -нің — ілік септік қосымшасы, -кі — сын есім жасайтын жұрнақ. Ілік септік қосымшасының соңғы дыбысы (-ң) элизияға ұшырап, -кі аффиксімен бірігіп кеткен. Қазақ тіліндегі -нікі аффиксі өзі жалғанатын сөздің соңғы дыбысының ықпалына қарай бірнеше вариантта айтылады: қаланікі, ауылдікі. Түркологияда В.В. Радловтың ізімен тәуелдіктің дауысты дыбыстардан басталған варианттары алғашқы болу керек дейтін пікір айтылып келеді. Көне түркі ескерткіштерін хронологиялық тұрғыдан салыстырып қарағанда, тәуелдік жалғауларының көптік тұлғасының III жағында мынадай ерекшелік бар: V–VIII ғасырлар ескерткіштерінде тәуелдік жалғауларының III жағы көптікте де, жекелікте де бірдей бір ғана аффикс арқылы беріледі (-ы, -сы — түбірдің соңғы дыбысына қарай). Ал ортағасырлық ескерткіштерінде екі түрлі: бірде жекелік тұлғамен бірдей, бірде -ылар, -сылар түрінде, яғни, -лар көптік жалғауы қосылып келеді. Алғашқы тәсілде бір ғана аффикс контекстегі мәніне қарай бірде заттың бір кісіге, бірде көп кісіге қатысты екенін білдірсе, екінші тәсілде аффикстер де әр түрлі болып отырады. Хронологиялық тұрғыдан, сөйтіп алғашқы тәсіл ескі де, соңғы тәсіл жаңа болса керек. Қазіргі қыпшақ тілдерінде, оның бірі қазақ тілінде алғашқы, ескі тәсіл сақталған да, оңтүстік тілдерінде, татар, т. б. тілдерде соңғы, жаңа тәсіл пайда болған.

Түркологияда тәуелдік жалғауларының арғы негізі — жіктеу есімдіктері дейтін пікір тұрақталды. Түркі тілдерінің, тіпті жалпы алтай тілдерінің тарихын Бітіру шілер өте көне дәуірде екпін түскен буыннан кейін айтылған жіктеу есімдіктері бара-бара өзінен бұрын тұрған, негізгі логикалық екпін түскен сөздің энклитикасына айналған дейтін пікірді бекерге шығармайды. Осы постпозициялық қолданыстың соңғы нәтижесінің бірі — тәуелдік жалғаулары болса керек.

Тәуелдіктің жекеше I жағы -м «мен» жіктеу есімдігінің қысқарған түрі есебінде танылса (сонда соңғы буын — ен түсіп қалған болады), жекеше II жағы -ң «сен» жіктеу есімдігінің қысқарған түрі есебінде (сонда алдыңғы се — буыны түсіп қалған болады) танылып жүр. Н.К. Дмитриев II жақтың қосымшасының түрінде келуін якут тіліндегі II жақ жіктеу есімдігімен (ен) байланыстырады [13, 111 б.].. Ал I жақтың көптік тұлғасы       -мыз жекелік тұлға мен көптік жалғаудың қосындысынан (-м -ыз) қалыптасқандығы айқын. Айта кететін бір жай: қазіргі қазақ тілінде тәуелділіктіқ жекеше II жағы екі түрлі (-ң және -ыңыз) айтылатыны мәлім. Қазіргі норма оның біріншісін анайы тұлға (ң) есебінде түсінеді де, екіншісін (-ыңыз) сыпайы тұлға есебінде түсінеді, Ал осы тұлға тарихи тұрғыдан II жақ жекеше тәуелдік жалғауы мен көптік жалғаудың қосындысы: -ың, -ыз.

Тәуелдіктің III жағының түпкі төркінін В.В. Радлов «сын» (сипат мәніндегі) сөзі деп қараған. Қазіргі түркі тілдерінің барлығында дерлік тәуелдіктің III жағы септік жалғауларында дыбысын қосып алады (баласына, баласында), т. б. Радлов бұл жалғауды о баста толық сөз болды дегенде осыған сүйенеді. Н.К. Дмитриев тәуелдіктің III жағы о баста дыбысымен аяқталған, яғни, о баста ң және -сың (түбірдің соңғы дыбысының ыңғайына қарай) түрінде болған деп қарайды. Соңғы кейін түсіп қалуы мумкін. Сөйтіп есептік жалғаулары қосылған уақытта ғана ескі пайда болады [23, 420 б.]. В. Котвич тәуелдіктің III жағының пайда болуын сәл басқарақ түсіндіреді. Бұл ғалымның пікірінше түркі тілдеріндегі тәуелдіктің III жағы монғол тіліндегі сілтеу есімдіктерінің ілік жалғаулы тұлғасына сай (ін-у «мынаның» сін-у «оның») В. Котвич түркі тілдеріндегі тәуелдік жалғаулардың үш жағын да (есімдерге жалғанатын) жіктеу есімдіктерінің ілік септік тұлғасы негізінде пайда болған деп қарайды. Оған себеп-түркі тілдерінің бірсыпырасында (оңтүстік тілдерінде) I жақ жіктеу есімдігі бен түрінде айтылады да, тек ілік септікте ғана мен түрінде, м дыбысынан басталады [15, 12 б.]. В. Котвич пікіріне қоса келтіре кететін факт мынадай: «Кодекс куманикусте» жіктеу есімдіктерінің ілік тұлғасы м (-ым, -ім, -ум, —үм) түрінде де кездеседі: Білге кетік кішілер менім сөзүм ешітіңлер… .

Қазіргі қазақ тілінің диалектілік ерекшеліктерін Бітіру шілер де кейбір ауданның тұрғындары тілінде ілік септіктің -ім түрінде айтылатынын көрсетеді. С. Аманжолов батыс диалектісінің бір ерекшелігі есебінде ілік септіктің осы тұлғасын атайды [16, 315 б.].

Н.А. Баскаков тәуелдіктің III жақ тұлғасын қалау райлық тұлға -сы, -сі мен байланыстырады. Сонда мұндай пікірге себеп болатын татар тіліндегі аласы келді тәрізді сөз тіркесі кұрамындағы -си аффиксінің қолданылуы. Н.А. Баскаковтың ойынша, осы жерде тәуелдіктің III жағы мен қалау рай тұлғасы семантикалық жағынан да, формалдық жағынан да сәйкес. Өйткені Баскаковтың түсіндіруінше, жаңағы форма мынадай өзгеріске түскен. ал+(ғ) а + ас (ығ)+ы келді>ала-сы келді. Сонда татар тілінде қолданылатын қалау рай мәнін беретін (әрі тәуелдіктің III жағы) аласы (келді) тұлғасы ал етістігінен қимыл есімі (ал-ғы), оның үстіне тағы да қимыл есім тұлғасы -сық жалғануы арқылы жасалады да, кейін сөз ортасындағы және соңындағы -ғ (қ) дыбысының түсіп қалуынан шағындалып аласы түрінде келеді.

Сонымен, тәуелдік жалғауларының I–II жағы да о баста шығу тегі жағынан жіктеу есімдіктерімен байланысты.

Жіктік жалғаулары. Қазіргі түркі тілдеріндегі сияқты, қазақ тілінде де жіктік жалғаулары баяндауыш қызметіндегі сөздердің грамматикалық көрсеткіші ретінде жұмсалатыны мәлім. Алайда баяндауыштың грамматикалық көрсеткіші    ретінде  жұмсалатын осы жалғаулардың пайда болып, осы күнгі тұлғасына келуі — түркі тілдерінің дамуында жиі кездесетін дербес сөздің қолданылу барысында қосымшаға айналу процесінің бір көрінісі.

Түркологияда тәуелдік жалғаулары сияқты, жіктік жалғаулары да жіктеу есімдіктерінен тараған дейтін көзқарас талас туғызбайтын жай. Алайда жіктік жалғаулардың қазіргі типі, белгілі мұралар тіліндегі түрі бұларды да тарихи тұрғыдан тәуелдік жалғаулармен тұлғалас деп қарауға мүмкіндік бермейді. Ежелгі ескерткіштерде бұл жалғаулар мына түрде кездеседі: VII–VIII ғ. сүледіміз, сүңүсдіміз, бүздумыз. XI ғ: Мен барырман, мен бармасман.Мен барамын, мен бармаймын (МҚ). XIV ғ. Сенің йазықыңның алдында мен турурмен.Сенің күнәңнің алдында мен тұрмын (КК). Егер қазіргі қазақ тіліндегі жіктік жалғаулар мен ескерткіштер тіліндегі осындай қосымшаларды салыстырсақ, бар айырмашылық дауысты дыбыстардың алмасуларында ғана. Қазіргі тіліміздегі жіктік жалғаулардың қысаң дауыстылармен -мын, -мін, -сын, -сін пішіндес келуін еске алсақ, ежелгі жазбалар тілінде бұлар әлі өздерінің түпкі төркінінен онша алыстай қоймағандығын байқауға болады. Қазіргі тілдегі жіктік жалғаулары, Н. К. Дмитриевтің сөзімен айтқанда, тұрақты дыбыстық құрамын жоғалтып, әр түрлі дыбыстық варианттарға жіктелудің нәтижесі. Н.К. Дмитриев бұлардың қазіргі түркі тілдерінде басқы дыбысқа қарай (-мын, -бын, пын), дауысты дыбыстың сапасына қарай (мын, -мин, -мун, -мін, -мән, -мен), соңғы н дыбысының сақталу, я сақталмауына қарай бірнеше варианттарда кездесетінін, олардың әр дыбысының әр түрлі тарихи фонетикалық заңдылықтардың нәтижесі екенін көрсетеді [13, 71-73 бб.].

В. Котвич жіктік жалғауларын «байырғы етістік суффикстері» деп атайды да, олардың жіктеу есімдіктерінің постпозициялық тұлғасына (атау тұлғасы) жақындығын, өзара ұқсас, ыңғайлас жақтарының көп екендігін айтады, Оның айтуынша, нақ осы жайды монғол тілдерінің фактілері де дәлелдейді [15, 120 б.].

Сонымен, жіктік жалғаулары, тәуелдік жалғауларындай септелген есімдіктердің энклитикасы емес, түбір түрінің энклитикасы, оның өзгерген, дербес мәнін жоғалтқан, сөйтіп қосымшаға айналған түрі.

Жіктік жалғауларының қалыптасуы, яғни, жіктеу есімдіктерінің жақты білдіретін грамматикалық көрсеткіштерге айналуының басты тәсілі — постпозициялық қолданыс болғандығын көне, жаңа түркі тілдерінің, материалдары дәлелдейді. Үчин Күлүг Тіріг бен, Қырғыз оғлы мен (Е). Ал тува тілінде: Мен ада мен. Сен ада сен (Мен атамын. Сен атасың). Орта ғасыр жазбаларында: Мен санға ашық турур мен. Сен менин анам турур сен (Ш. Тер..). Мен мухлис турур мен (тәпсір). Иақын тегті, түсті, күріп барды ол, Етіл сувы ақа турур (МҚ). Осы сөйлемдерден мынадай ерекшелік байқалады: біріншіден, жіктеу есімдіктері есім сөздерге тіркесе айтылған немесе баяндауыш қызметіндегі есімнен кейін байланыстырушы қызметінде айтылған көмекші етістіктің есімше тұлғасына тіркескен (анам турур сен). Бұл фактілер жіктеу есімдіктерінің постпозициялық қолданыста жалғауларға айналуының есім не есім мәнді сөздер негізінде пайда болғандығын көрсетеді. Олай болса, таза етістік тұлғалары жіктеу есімдіктерімен тіркеспеген, есімше формаларымен ғана тіркескен. Екінші жағынан, есімдердің баяндауыш қызметінде жұмсалып, жіктік жалғауларын қабылдауы байланыстырушы қызметіндегі көмекші етістіктер арқылы жүрген: есім+есімше тұлғалы көмекші етістік+жіктеу есімдігі>есім+ (көмекші етістік) +жіктеу есімдігі> есім + жіктік жалғауы. Кейін тіл дамуының барысында байланыстырушы қызметіндегі көмекші етістік түсіп қалады да, жалғау баяндауыш қызметіндегі есімге тікелей қосылатын болады. Ал III жақта сол жакты білдіретін жіктеу есімдігінің сөз құрамынан шығып қалуы орта ғасырларда-ақ қалыптаса бастаған. Жоғарыда М. Қашқаридан келтірілген сөйлем сондай процесті аңғартады: Етіл сувы ақа турур. Тіл дамуының кейінгі, жаңа дәуірлерінде соңғы есімше тұлғалы көмекші етістік фонетикалык өзгеріске ұшырайды, алдыңғы негізгі сөздің кұрамына енеді. Бір кезде үшінші жақты білдіру үшін айтылған ол есімдігінің түсіп калуымен байланысты әрі жақтық мән алған көмекші сөз енді жалғауға айналады. Сөйтіп жақтық және шақтық мәндердің бір тұлғаның бойына шоғырлануы болады. Турур көмекшісінің әбден қысқарған түрі қазіргі қырғыз тілінде (-т), ал қазақ тілінде аралық звено -(ады) орныққан.

Жіктік жалғауларының жақтық көрсеткіштер ретінде есімдерден болған баяндауыштарға да, етістіктен болған баяндауыштарға да тән болуы сол тарихи генезисінде жатыр.

Жіктік жалғауларының есімше мен көсемше етістіктерге, -мақ тұлғалы етістіктерге, көмекші етістіктерге қосылып қолданылатын түрлері бар да (бара-мын, барған-мын, барған-быз), шартты рай мен өткен шақ формаларына қосылатын түрлері бар екені белгілі. Соңғы түрі сыртқы пішіні жағынан тәуелдік жалғауларға көбірек ұқсайды. Бірақ бұлар да (екінші түр) алдыңғы топ сияқты етістіктерге қосылып, жақтық ұғым береді, ешбір меншік — тәуелдік ұғымды білдірмейді. Тарихи — генезистік тұрғыдан бұлар жіктік жалғаулармен бірдей болмағанымен, қолдану процесінде түгелдей солардың мәні мен қызметін атқарып, өздерінің алғашқы мәнінен ажырап қалған. Сонымен, бұл жерде морфологиялық тұлға — тәуелдік жалғаулары семантикалық өзгеріске түсіп, соңғы мәнде орныққан. Бұндай семантикалық өзгеріс о баста морфологиялық тұлғалардың сыртқы ұқсастығына негізделсе керек.

Бірсыпыра етістіктердің I ж. көпше түрінде (шартты рай, өткен шақ) қолданылатын -қ, -ық аффиксі тәуелдік жалғауларына ұқсамайды. І-жақ жекеше көрсеткіші -м (барса-м), ал көптік көрсеткіші болып келеді. Егер алғашқысын (-м) тәуелдік деп қарасақ (оның көпше түрі -мыз, -ыз көптік жалғау), тәуелдік керсеткіші емес, көптік және жақтық көрсеткіш мәнінде айтылады. Осы аффикс қалау райдың І-жақ көпше түрінде де кездеседі (барай-ық). Қалау райдың бұл түрі басқа түркі тілдерінде -лық болып айтылады. Қазақ әдеби тіліндегі -йық — осының      (-лық) өзгерген түрі.

Сонымен, өткен шақтың көпше I жағында, қалау райдың да сол жағында және шартты райда кездесетін — жіктік пен тәуелдіктің басқа формалары сияқты жіктік есімдіктерден шықты деп қарауға дәлел жоқ. Бұл аффиксті көптік көрсеткіш, ескі дәуірден қалған көптік жалғауы деп қарау қолайлы. Қазақ тілінде, әсіресе эпостық жырларда, т. б. фольклорлық шығармалар тілінде -ыңдар тұлғасы мен -ыңыз тұлғасының аралас қолданылғандығын байқауға болады. Бұл, бір жағынан, фольклорлық шығармалар тілінің (әсіресе өлең, жыр тілінің) ескілік іздерін бойында сақтайтындығын дәлелдесе, екінші жағынан, бұл тұлғалардың біраз уақыт жарыса қолданылғандығын дәлелдейтін факт.

Септеу категориясы және септік жалғаулары. Септеу катего-риясының даму ерекшеліктері. Түркі тілдерінің V–VIII ғасыр ескерткіштері тіліндегі септік жалғаулары кейінгі XI–XV ғасырлар ескерткіштері тіліндегі сондай категориямен грамматикалық қызметтерінің жіктелуі жағынан да, қолданылуы тұрғысынан да бірдей емес. Екі дәуір көріністерін салыстыра қарағанда мынадай негізгі айырмашылықтар айқындалады. V–VII ғасырдағы көне түркі тіліндегі кейбір септіктер екі не үш түрлі грамматикалық мәнде қолданылған, яғни, ол тілде септіктердің диффузиялық күйі байқалады. Онда, сонымен қатар, септік жалғаулардың шылаулар жетегінде айтылуы да енді қалыптаса бастаған құбылыс ретінде ғана көрінед. Қазіргі түркі тілдеріндегі септік жалғаулары басты екі топқа — грамматикалық септіктер мен көлемдік септіктерге жіктелетіні белгілі. Көне түркі тілінде де нақ осы із бар. Ал септік жалғауларының тілдің даму процесінде семантикалық жіктелуі осы екі топтың әрқайсысының өз ішінде болған құбылыс. Айталық, ілік септік пен табыс септік арасындағы функциялық жіктеліс осындай құбылыс. Көне түркі тілінде, орта ғасыр ескерткіштері тілдерінде септік жалғауларының бірінің орнына екіншісінің алмасып қолданылу құбылысы да көпшілігінде осы екі топтың өз іштерінде ғана байқалады. Семантикалық жіктелу, әрине, сол септік жалғауының алғашқы мағынасына сүйенеді. Ал тілдің даму процесінде септік жалғауының о бастағы мағынасының негізінде жаңа мағыналық мәнер пайда болады, яғни, бұрынғы бір ғана грамматикалық қызмет қолданылу процесінде өз ішінен бірнеше мағыналық мәнерлерге жіктеледі.

Септеу категориясының даму барысында бұған қарама-қарсы құбылыс — концентрация, яғни, екі не үш септік жалғауы семантикасының бір ғана жалғауға шоғырлануы да болған. Тілдің даму барысында бір-біріне семантикалық жақындығы айқын септік жалғауларының кейбірінің қолданудан шығып, «өлі» қосымшаға айналуымен байланысты, олардың мағынасы қолдануда тұрақталып қалған жалғауға ауысқан.

Септік жалғауларының морфологиялық және семантикалық дамуы екі түрлі грамматикалық категориямен тығыз байланысты; тіл құрамында жалғаулардың пайда болып, молаюы және етістіктердің меңгеру қабілетінің өзгеріп, кеңеюі. V–VIII ғасыр ескерткіштері тілінде шылаулар өте аз. Сондықтан септік жалғауларының шылаулар жетегінде қолданылуы аса сирек ұшырайды. Ал кейінгі дәуірде шылаулардың сан жағынан молаюымен бірге, септік жалғауларының да семантикалық саралануы күшейеді. Осындай өзгерістің екінші бір түрі етістіктердің меңгеру қабілетінің дамуымен байланысты болған. Көне түркі тіліндегі жиі ұшырасатын, септік жалғаулардың «жүйесіз» алмасып қолданылуының азайып, белгілі бір жүйеге түсуі де етістіктердің меңгеру қабілетінің сараланып, жіктелуімен тығыз байланысып жатады. Мысалы, көне түркі тілінде атау мен табыс, жатыс және барыс септіктерінің «жүйесіз» алмасып қолданылуы бар. Кейінгі даму барысында сол етістіктер әлгі септіктердің тек біреуімен ғана қолданылатын болған.

Қазіргі тіліміздегі септік   жалғаулардың арғы кезеңдегі пішінін, ең алдымен, ескерткіштер тілінен көреміз. Алайда осы арада мына бір ерекшелікті айту керек. Тарихи салыстырмалы әдісімен іздестірілуі мүмкін септік жалғаулардың бәрі бірдей ежелгі ескерткіштер тілінде қолданылатын (живые) құралдар қатарында ұшыраса бермейді. Ол тілде де іздестірілетін жалғаулардың кейбірі түбірмен бірігіп кеткен «өлі» қосымша түрінде ғана кездеседі.

Қазіргі түркі тілдеріндегі, солардың бірі қазақ тіліндегі септеу категориясын тарихи барлауда сүйенетін тірек — көне түркі тілі, сол тілдің бізге жеткен ескерткіштері екені белгілі. Ол тілдіқ фактілері түркі тілдерінің көне дәуірлерінде септелудің үш түрлі жүйесі болғандығын дәлелдейді. Ондай жүйелер: жай септеу, тәуелдеулі сөздердің септелуі және есімдіктердің септелуі. Көне түркі тілінде ілік, табыс септіктері ыңғайында зат есімдер мен есімдіктер септелуінің арасындағы айырмашылык, табыс, барыс септіктер ыңғайында жай септеу мен тәуелдеулі септеу арасындағы айырмашылық байқалады. Алайда сол дәуірде-ақ, яғни, көне түркі дәуірінде-ақ, бұлардың арасындағы, әсіресе, зат есімдер мен есімдіктер септелуіндегі шектелу жойыла бастаса керек. Сол жазбалардың тілінде де зат есімге жалғануға тиіс жалғаудың есімдіктерге не керісінше колданылуы ұшырайды. Екінші сөзбен, сол тілде-ақ жоғарыда айтылған айырмашылықтар жеке-жеке өз аясында қалмай, бірінің белгісі екіншісіне ауыса, араласа бастауы байқалады.

Негізгі септелетін сөздер — зат есімдер. Алайда қазіргі тілде заттық мәнге ие болған (субстантивтенген) кез келген сөз септік жалғауларын қабылдайтыны белгілі. Осы із түркі тілдерінің тарихында жаңа емес, дегенмен, қазіргі тілдегідей етек алмаған. Ондай өзгешеліктер әр септіктің өз тұсында мүмкіндігінше айтылады.

 

2.2 Көне түркі тіліндегі сын есім

 

Сын, сапаны білдірудің лексикалық, грамматикалық тәсілдерінің қалыптасуы. Аффиксация. Сын есімдердің грамматикалық класс ретінде қалыптасуы зат есімдермен байланысты құбылыс. Зат есімдер зат жайлы ұғыммен бірге сын, сапа ұғымдарын да бойына жинаған грамматикалық класс болды. Бүгінгі тіл білімі тұрғысынан синкретикалық ұғым мен қызметтегі бұл зат есімдер сөз, сөйлем құрамында субъекті мен объектіні ғана білдірмей, атрибуттық та мән туғызып, сондай қызмет атқарады. Анықтауыш деп аталатын синтаксистік категория осылай, зат есімдердің сөйлем, сөз құрамындағы қызметінің бір түрі ретінде қалыптасты. Ал анықтауыш қызметінде зат есімдердің қолданылуы, сөйтіп анықтауыш категориясының қалыптасуы бір затты екінші зат арқылы ұғынуға негізделді. Екінші сөзбен, заттарды өзара салыстыру жолымен, бір-бірінен айырым белгілері мен салыстырма артық-кемдігін байқау арқылы жүрді. Сонда тіл құрамында алғаш рет сын, сапаны білдіргендер зат мағыналы сөздер. Ондай сөздер басқа бір сондай сөздермен салыстырғанда белгілі бір затқа не заттар тобына тән қасиет пен белгіні айқынырақ, анығырақ білдіретін болады. Айталық, қатты нәрсені, затты таспен теңестіруден барып тас жер, жұмсақ, сусыма жерді құммен теңестіруден барып қүм жер, т. б. сөз тіркестері немесе анықтауыш қызметіндегі сөздердің тобы калыптасады. Синтаксистік анықтауыш категориясы осы тәрізді сөз мағынасын кең түсінуге негізделген қолданыстан басталды. Мұндай қолданыстың барысында бірсыпыра сөздер лексикалық шектеліске түсті: сөз әрі зат ұғымында, әрі сын, сапа ұғымында тұрақтады. Қазақ тіліндегі ақ, көк, қара тәрізді сөздер сондай жіктелістің нәтижесі: ақ әрі зат атауы (ағарған сөзімен синоним), әрі түстің атауы, көк — зат есім (аспан мәні), әрі түстің атауы, қара — зат есім (кісі, көрінетін жанды зат — көпшілігінде мал), түстің атауы. Адам ойының айналасындағы дүниені анализдеу қабілетінің одан әрі дамуы сөздердің лексикалық жіктелісіне аналогия жасау барысында сын, сапа категориясын синтаксистік тәсілмен білдіру дәрежесіне жетеді. Сөйтіп алтын қасық, ағаш күрек, темір қақпа тәрізді тіркестер жасалады, яғни, жоғарыда аталған синтаксистік анықтауыш категориясы қалыптасады. Түркі тілдерінің үлкен ерекшелігі — сын, сапа категориясын білдіретін арнаулы морфологиялық тұлғалар жүйесі болмаған, тілдің даму барысында да ондай жүйе қалыптасқан жоқ. Түркі тілдері сөздердің ондай грамматикалық класын басқа жолмен қалыптастырды: есім, етістік туынды түбірлер қолданыстың барысында сын, сапаны білдіретін сөздер тобы болып тұрақталды. Грамматикалық мұндай жіктелістің бірден-бір критерийі — синтаксистік анықтауыш категориясы немесе зат есімге қатысты айтылып, ешбір морфологиялық өзгеріссіз оның, анықтауышы болу қызметі. Қазіргі тілдегі қызыл, сары, жасыл тәрізді тек қана түстің атауы ретінде айтылатын негізгі сын есімдер мен етістікке жақындығы, түбірлестігі синтаксистік қызметімен айқындалатын берік, шебер, ұлық, улы, кіші тәрізді сын есімдер сондай қолданыстық нәтижесінде ғана сын есімдер тобында тұрақталып қалған. Мұндай тұлғалы сөздердің сын, сапа мәнінде тұрақталуының екінші бір ерекшелігі бар; туынды түбірлерді жасайтын қосымшалар жүйесі де сын есім жасайтын қосымшалар тобы ретінде қайта ұғынылды. Олардың кейбірі (мысалы, -л: қызыл, жасыл) тек сол сөздер құрамында ғана қалса, кейбірі сын есім жасаудың актив тәсілі болып қалыптасады (мысалы, -қ: толық, бөлек). Сонымен, сын есімдердің дербес грамматикалық класс болып қалыптасуы лексикалық және синтаксистік қолданыс барысында болды. Сын есімдердің арғы негізі ең алдымен есім синкретизмінен басталды, етістіктің есім тұлғаларымен толықты. Соның барысында сын есім жасайтын біршама аффиксация жүйесі қалыптасты. Соңғы құбылыстың шығуы сын есімдерді морфологиялық жағынан ерекшеленетін грамматикалық класс деп қарау мүмкіндігін берді. Анығында, зат есімдермен немесе етістіктермен салыстырғанда сын есім о баста айқын морфологиялық сыпаты бар грамматикалық кластар қатарына жатпайды. Ондай сыпатқа тілдің даму барысында ие болды.

Ұзын, ұзақ сын есімдері бір ғана түбірден әр түрлі аффикстер арқылы жасалған сөздер екендігі олардың өзара мағыналық жақындығынан да, ортақ түбірлестігінен де айқын көрінеді. Бұлар ұза (ұзар, ұзару) етістігімен бір түбірден тараған. Алайда мұның алғашқы түбірі ұза емес, ұз екені қазіргі тіл фактілерін салыстырудан да көрінеді: ұзақ, ұзын сөздерін ұзар етістігімен салыстырсақ, -ақ, -ын, сол сияқты -ар қосымша болып шығады. Мұнымен байланысты мынадай фактілер бар: көне түркі тілінде уд, удз, уз (ізбе із жүру, ізбе — із еру). Сондай-ақ уду, удзу — ізбе із (ДТС, и әрпі). Бұларға қарағанда, алғашқы түбір аффрикат джмен айтылған қосарлы дыбыстың екі жарылуынан уз және уд варианттары қалыптасқан. Қазақ тілінде соңғы, з-мен айтылатын вариант орныққан. Енді алғашқы түбір етістік пе, есім бе деген сұраққа, жоғарғы фактілерді ескерсек, етістік болды деп жауап беру керек, өйткені ұзын, ұзақ сөздері құрамындағы -ын, -ақ қимыл есім тұлғалары, ал ұзар етістігі құрамындағы -ар етіс қосымшасы, сол сияқты етістіктің ұзай (ұзайды) варианты р>з>й дыбыс ауысуларының нәтижесінде қалыптасқан. Бұған бір дәлел: көне түркі тілінде бұл етістіктің ұзал (етіс тұлғасы) түрі де кездеседі (ДТС, 620). Қазақ тілінде ұзарт-пен қатар ұзат тұлғасы тағы бар. Осылардың бәрін ескерсек, ұзын, ұзақ сөздері түбірге аффикс қосылу арқылы сын есім болып қалыптасқан емес, түбір мен қосымша бірігіп, көнеленіп, қолданыс барысында сын есімге айналған.

Қыңыр сын есімінің түбір мен қосымшадан кұралғандығы қың-ба (ол қыңбады) сөзімен салыстырғанда көрінеді. Сол сияқты, жұмыр, мықыр, шымыр, обыр, бүкір сөздері де көнеленген түбір мен қосымшадан қалыптасқан. Қазіргі қазақ тілінде -ыр қосымшасы осы қызметінде кездеспегенмен, бүк (бүк түсіп жатты), мық (мықшию, мықты), об (обып жіберді, опыру) түбірлері жеке немесе сөз құрамында кездеседі.

Сонымен, қазіргі казақ тілінде түбір мен қосымшаға бөлінбейтін, байырғы түбірлер деп қаралатын сын есімдер негізінен басқа сөз таптарынан ауысқан, яғни, адъективтенген сөздер. Ал олардың басым көпшілігі түбір мен қосымшадан құралған көне сөздер. Мұның өзі о баста тіл құрамында сын есімдердің арнайы мағыналы сөздер есебінде кеш қалыптасқандығын дәлелдейді. Сын есімдердің мұндай тобы аффиксация сын есім жасаудың механизмі ретінде орныққанға дейін, лексикалық жіктелу   арқылы   келіп   шықса керек.

 

2.3 Көне түркі тіліндегі сан есім

 

Тіліміздегі сан, санақ, мөлшер жайлы ұғымды білдіретін сөздер бірнеше түрлі және олар құрамы жағынан да әр түрлі. Сөз таптарының ішінде бір-бірінен өзгеше қалыптасқан, көпшілігінде бір-бірінен алшақ, бір-біріне сай түспей жататын да осы сан есімдер. Г.И. Рамстедт алтай тілдеріне ортақ сан есім деп тек қана төрт сөзін көрсетеді [18, 64-65 бб.]. Алтай тілдерінде сөз таптырының басқа түрлері негізгі грамматикалық категориялар ыңғайында бір-бірімен байланысып жататындығы мәлім. Сан есімдер ыңғайындағы бұл екрешелік, олай болса, халықтардың тарихи даму барысында әр түрлі саяси-мәдени, экономикалық жағдайлардың негізінде ғана пайда болуы мүмкін. Кейбір халықтар тілінде, сан, санақ, мөлшерді білдіретін сөздердің жат тілдік элементтер негізінде қалыптасу фактілері де соны дәлелдейді. Бұндай фактілер түркі тілдерінде бірсыпырасы этимологиясы анық емес сөздердің о баста пайда болуы сондай жат тілдік әсердің нәтиежесі емес пе екен дейтін ойға итермелейді. Миллион, триллион тәрізді сөздер кейінгі дәуірлерде батыс тілдерінен келгені анық. Көне түркі тілдерінде мұндай сөздер де, бұндай ұғым да болған емес. Ал түмен «он мың» мәнін берген сөзі түркі тілінде қолданыс тапқанмен, қазір қолданудан шығуға айналған сан есім. Бітіру шілердің бірсыпырасы бұл о баста монғол сөзі болса керек дейтін жорамал да айтады.

Тіліміздегі сан есімдерді басқа тілдер (туысқан тілдер) материалдарымен салыстырғанда, сондай-ақ, ескі түркі фактілерімен салыстырғанда, олардың бәріне ортақ кейбір жайлар анықталады. Сан есімдердің көпшілігі (түбірлер) өздерінің қалыптасу негізі жағынан басқа сөз таптарымен (есімдер, етістіктер) тығыз байланысты болып келеді. Бір кезде зат және қимыл-әрекетті білдірген сөздердің кейбірі адам баласының айналадағы дүние жайлы ұғымдарының дифференсациялануына, адам ойының интеллектуалдық өсуіне байланысты сан, зат пен құбылыстың сандық мөлшерін, шамасын білдіре бастауы әсте жат құбылыс емес [3, 201 б.].

  Түркі тілдеріндегі сан есім сөздер о баста ескі үнді, қытай тілдерінен ауысқан дейтін жорамал айқын тілдік Бітіру лерге құрылмай, ескі дәуірдегі мәдениет үндестігін  немесе сол ежелгі дәуірдегі саяси және әскери байланыстар тарихын ескеруден ғана туса керек. Өйткені көне түркі тілінде сандар жүйесін білдіретін сөздер мен қазіргі сондай сөздерді салыстыра Бітіру  олардың жат тілдік ортада емес, түркілік топырақта қалыптасқандығын дәлелдейді.

Санау жүйесі және сонымен тығыз байланысты болып келетін есептік сан есімдер тарихи тұрғыдан сан жайлы ұғымды білдіретін басқа сөздердің алғашқы ізі тәрізді. Олай болатыны – қазіргі күрделі сандық ұғымдарды білдіретін сөздер мен сөз тіркестерінің барлығы да осы сөздердің негізінде ғана пайда болғандар. Орхон және Енисей бойынан табылған тас жазуларда, сондай-ақ одан кейінгі ғасырларға қатысты ұйғыр, араб жазуының ескерткіштерінде көп қолданыс тапқан сан есімдердің қысқа тізімі мынадай: бір, ики (екі), уч (үш), төрт, дөрт (төрт), бичи, бечи (бес), алты, йити, йети (жеті), секиз (сегіз), тоқуз, он, йигирми, йегирми, отуз, қырқ, мин, бин (мың), түмен (он мың), алтмыш (алпыс), елиг (елу), йетміш (жетпіс), және т.б.

Сан есімдердің негізгі тобы – бірден онға дейінгі сандарды білдіретін сөздер.

Қазіргі түркі тілдерінде, соның бірі қазақ тілінде, оннан бастап санау тәсілі басталған санға келесі санды білдіретін сөзді тіркестіру арқылы жүреді, ал жүзден мыңға дейінгі аралықта жүздіктің мөлшерін білдіретін бірлік (не жүздік), содан соң жүздік айтылады. Көне мұралар тілінің материалдарын шолып қарағанда, анақтың осы жүйесі ежелгі болмаса керек. Орхон-Енисей жазбаларында оннан кейін жүретін санау жүйесі мүлде басқа. Ол тілде оннан кейін қажетті бірлік, оған тіркес санап бара жатқан ондық айтылады. Сонда, шамамен, 12 – екі жиырма, 35 – бес қырық, 46 – алты елу түрінде айтылған. Санаудың бұл тәсілі қазіргі түркі тілдерінің ішінде тек сары ұйғыр тілінде ғана сақталған. Бірақ ол тілде де тек 11 мен 31 аралығындағы құрама сандарды білдіру тәсілі есебінде қолданылады, 31-ден бастап қазіргі түркі тілдерінің бәрінде қалыптасқан санау жүйесі қолданылады.

Көне түркі тілінде санаудың басқа да бір тәсілі болған. Әуелі ондықты білдіретін сөз, оған тіркесе артуқ сөзі, сонан соң қажетті бірлік айтылған. Мысалы: қырқ артуқ йеті – қырқ артық жеті (47), отуз артуқ төрт (34), отуз артуқ бір (31), т.б. Жүзден жиырмасы артық тәрізді сан-мөлшерлік сөз тіркестері осындай қолданыстың ізі. Санаудың мұндай тәсілі қазақ тілінде діни ұғым, салтқа байланысты табу қызметінде де қолданыс тапты. Жүзден жиырмасы кем аулы (сексен аулы), алтыдан бір артық қайнаға (Жетібай), т.б.

Қазіргі қазақ тілінде реттік санды білдіретін сөздерді жасайтын -ншы аффиксінің прототипі сонау көне жазбаларда ұшырасады. V-VІІ ғасыр жазбаларында көбінше -нч түрінде ұшыраса, кейінгі дәуірлерге қатысты ескерткіштерде оның ұзақ түрі -нчы ұшырасады. Сонымен қатар, VІІІ ғасыр жазбаларында екі сын есімінен реттік сан -нті аффиксімен жасалған (екінті). Көне жазбалар тіліндегі реттік сандардың мынадай болып келеді: екінті (екінші), учунч (үшінші), бешинч (бесінші), алтынч (алтыншы), йетинч (жетінші), секизинч (сегізінші), тоқузунч (тоғызыншы), онунч (оныншы), беш йигрминч (он бесінші), йети йигрминч (он жетінші) және т.б.

 Қазіргі қазақ тілінде түркі тілдерінде жинақтық сан есім жасайтын қосымша -ау, -еу. Көне түркі тілінде осы қызметте -ағу, -егу, кейде -гу қосымшасы қолданылған. Егер осы фактілерді еске алсақ, қазіргі тілдердегі –ау, еу қомысшасының қалыптасуын мына жолмен түсіндіруге болады: -ау//-еу, -ағу//-егу, екінші сөзбен, -ғ, -г дыбыстарының түсіп қалуы. Көне жазбалар тіліндегі тәуелдіктің ІІІ жағы еріндік дыбыстармен де -у, -ү берілетінін және жинақтық сан есімдер қолданылуының сол ерекшелігін еске алсақ, Ф.Т. Исхаковтың ізімен алтау жинақтық сан есімінің арғы сипаты алтағ, сол сияқты үчег, төртег, т.б. деуге негіз бар.

Қазіргі қазақ тіліндегі болжал санды білдіретін бірер сөзі көне жазбалар тілінде топтау мәнді сан есімін жасаған. Топтау сан есімдерінің жасалуының басқа тәсілдерінің қалыптасуы хронологиялық жағынан жаңа құбылыс. Бұған дәлел – топтау сандарды білдіретін сөздердің есімдердің өзгеруіне ұқсас болып келуі: үш-үш-тен, төрт-тен, т.б. Х-ХІІІ ғасыр жазбалары тілінде арагідік осындай сан есім жасайтын -дейін қосымшасы кездеседі. Алайда нақ осы қосымшамен қазақ тіліндегі -дан (ден, -тан, -тен) қосымшасын салыстыра қарауға келе бермейді. Сонымен бірге, қазіргі қазақ тілінде топтау сан есімдері етістік моделімен де жасала береді: бес-бестен, төрт-төрттен, екеулеп, т.б. Мұндай екі түрлі аффиксті байқауға болады: -ла (есімнен етістік жасайтын), -п (модификациялық аффикс).

Болжалдық сандардың ең көне түрі -екі-үші, -бес-алты тәрізді қос сөз тұлғаластары болса керек. Болжалдық сандардың басқа түрлері тіл қолдану барысында басқа сөздермен тіркесіп, тұрақталу арқылы ғана қалыптасуы мүмкін.

 

 

2.4 Көне түркі тіліндегі есімдік

 

Түркі тілдеріндегі есімдіктер жайлы сөз болғанда, ең алдымен, жіктеу және сілтеу есімдіктерінің генезистік бірлігі айтылады. Белгілі түрколог Н.К. Дмитриев өзінің «Башқұрт тіліндегі сілтеу есімдіктері» дейтін мақаласында түркі тілдеріндегі сілтеу есімдіктерін шығу тегі жағынан жіктеу мүмкіндіктерімен бірлікте қарау керек. Ал соңғылар шақ тұлғаларына негіз болды деп жазды [23, 189 б.]..  Мұндай пікірдің тууына бірінші негіз: жіктеу есімдіктері мен сілтеу есімдіктерінің мағыналық орайластығы. Шынында да, мен мынау, сен сонау, ол ол, анау тәрізді орайлас мағыналық қатарлар құратынын еске алсақ, түркі тілдеріндегі, сол сияқты қазақ тіліндегі жіктеу және сілтеу есімдіктерінің мағыналық мұндай орайластығын жайдан-жай пайда болған құбылыс деп қарауға келмейтіні анық. Тіл құрамындағы мағыналық орайластық әрқашан генезистік бірліктің ғана нәтижесі болуы мүмкін екендігі белгілі. Оның бер жағында, жіктеу және сілтеу есімдіктерін өзара тығыз байланысты топтар деп қарауға тағы да мынадай дәлел бар: біріншіден, III жақта жіктеу есімдігі мен сілтеу есімдігі бір ғана сөзбен—ол арқылы беріледі. Ол сөзі әрі жіктеулік мәнді, әрі сілтеулік мәнді түбір күйінде де, септеулі күйінде де бере алады. Екіншіден, ол сөзі жіктеулік мәнде болсын, сілтеулік мәнде болсын, септеген уақытта оның құрамында пайда болады. Нақ осы сілтеу есімдіктерінің басқасының құрамында да (сол, бұл, т. б.) септелген кезде пайда болып отырады. Мұның I—II жақ жіктеу есімдіктерінің құрамындағы осындай дыбыстан (ме-н, се-н) пәлендей принциптік айырмашылығы байқалмайды. Н.А. Баскаков «Түркі тілдеріндегі жіктеу, сілтеу есімдіктердің арақатынасы» атты мақаласында есімдіктердің даму жолын мынадай схемамен көрсетеді: сілтеу есімдіктері «тәуелдеу (притяжательные) есімдіктері» жіктеу есімдіктері. Бұған қарағанда есімдіктердің ішіндегі ең көне, байырғысы — сілтеу есімдіктері (Бітіру шілер бұлардың қалыптасуын көлемдік орыналасумен байланыстыратыны мәлім) болып шығады да, ең жаңасы жіктеу есімдіктері болып танылуға тиіс. Есімдіктер дамуы нақ осындай схемамен жүрді ме, жоқ па, оған қарамай бір даусыз нәрсе мынадай: осы аталған есімдік топтары бір-бірімен мағыналық жағынан да, құрылымдық жағынан да орайласып, астасып жатады.

Салыстырыңыз: мен-менікі (кейбір тілдерде меніңкі) -мынау, сен-сенікі-сонау, ол ол-оныкі-анау. Оның үстіне мынау есімдігінің міне (яғни, қысаң дауыстылы варианты бар, е~і) варианты барлығын да еске алу керек.

Сонымен, жіктеу есімдіктері бұрын қалыптасты ма, әлде сілтеу есімдіктері бұрын қалыптасты ма — бұл мәселе қалай шешілсе де, олар қашанда бір ғана генезистік тұлғалар есебіне танылуы дәлелді. Қайсысы бұрын қалыптасса да, тілімізде қазір екі түрлі мағынада (орайлас болса да) жұмсалатын және екі түрлі дыбыстық құрамда тұрақталған есімдік топтарының қайсысы да тілдің кейінгі даму барысында күрделеніп, әр түрлі грамматикалық сипат, әр түрлі мағына алған күрделі сөздер болуы керек. Тарихи-салыстырма Бітіру лердің нәтижесі бұлардың да басқа сөз таптары ізімен туынды  түбірлерден  қалыптасып,  тұрақталғандығын  дәлелдейді.

Жіктеу есімдіктері. Қазіргі қазақ тілінде жіктеу есімдіктері деген атпен бес түрлі сөз біріктірілетіні мәлім: мен, сен, ол, біз, сіз. Үшінші жақ жіктеу есімдігі жекешеге де, көпшеге де ортақ. I—II жақтық жіктік есімдіктерді салыстырып байқағанда, жалпы түркі тілдеріне ортақ м//б дыбыс сәйкестігін (I жақта, бұл сәйкестік қазақ тілінде де бар: мұнда//бұнда, т.б.) көруге болады. Соған қоса, жіктеу есімдіктерінің жекеше және көпше түрлерінің арасындағы айырмашылық тек қана соңғы (жекеше), (көпше) элементтері екенін көреміз. Бұдан шығатын алғашқы қорытынды -мен, сен есімдіктерінің құрамындағы о баста түбірдің құрамында болмаған элемент дейтін пікір. Осы пікірді біз, сіз есімдіктерінің құрамындағы -з туралы да айтуға болады. Мен, сен есімдіктерінің алғашқы түбірлерінін, құрамында элементі болған жоқ дейтін пікір айтуға тағы бір себеп — чуваш тілінде I жақ жіктеу есімдігі эпе, II жақ жіктеу есімдігі эсе түрінде айтылады. Бұлардың құрамын э-се, э-пе деп талдауға да болар еді, сонда соңғы -пе, -се морфемаларынан мен, сен есімдіктерінің алғашқы бөліктерін көруге болар еді (м-б-п: ме-бе-пе). Екінші жағынан, чуваш тілінде I—II жақ жіктеу есімдіктері түбір қалпында осылай айтылғанмен, септелетін негіз I жақта ман, II жақта сан. Бұл ерекшелікті салыстырып қарағанда да, соңғы элементі түбірдің құрамында о баста болмаған дейтін пікір дәлелдене түседі. Алтай тілдерін Бітіру шілер олардың бірсыпырасында, мысалы, монғол тілінде бі, чі түрінде айтылатындығын келтіреді. Сонымен, бұл фактілерге қарағанда, мен, сен есімдіктерінің алғашқы тұлғасы ме, се болуы керек те, соңғы кейін пайда болған элемент. Түркі тілдеріндегі осы сөздерді алтай тілдерімен салыстырғанда, қазіргі түркі тілдеріндегі жіктеу есімдіктеріне негіз болған түбірлер қазіргідей ашық дауыстымен емес, о баста қысаң дауыстылармен ғана айтылуы мүмкін, — дейтін ой туады. Бұған, бір жағынан, қазақ тілінде, басқа да кейбір түркі тілдерінде мына, міне сілтеу есімдіктерінің барлығы да себеп болады. Егер жіктеу есімдіктері мен сілтеу есімдіктерінің генезистік бірлігін еске алсақ, мен, мына, міне есімдіктерінің түбірлестігін оңай түсінуге болады. Осылардың ішінде өзінің бастапқы прототипіне бір табан жақыны мына, міне сөздерінің -мын, -мін элементтері.

Мен, сен есімдіктерінің құрамындағы -н, қорыта келгенде, түркі тілдерінің басым көпшілігінде айтылады, түркі тілдерінің ішінде бұл құбылыстан жырақ қалғаны — чуваш тілі. Ал монғол тілдерінде, сондай-ақ, алтай тілдерінің басқа да топтарында осы элементі кейде айтылмау фактісі кездеседі екен. Мұның өзі Бітіру шілердің арасында элементі тарихи өте көне дәуірде монғол тілінде түсіп қалған дейтін пікірдің тууына себеп болды. Алайда түркі тілдерінің материалдарын салыстыра қарастыру мен, сен сөздерінің құрамында элементінің пайда болуын тарихи тұрғыдан жаңа құбылыс деп қарауға да тиянақ болады. Н.А. Баскаков бұл элементті қазіргі тіліміздегі ілік септік жалғауымен байланыстырады. Оның айтуында, ілік септік тұлғасының алғашқы негізі нен (зат, нәрсе, негіз) сөзі энклитикалық қолданыста әр түрлі фонетикалық сыпат алған, соның әбден қысқарған түрі, яғни, осы есімдіктер құрамында сақталған. Ілік септігі тұлғасы мен мен, сен есімдіктерінің соңғы элементі қалайда жақын формалар екенін көрсететін тағы бір факт: мен, сен есімдіктері ілік септікте қазіргі тілде менің, сенің түрінде айтылады. Мұндағы ілік септік тұлғасы -ның. Сонда септелетін ме-, се- болып шығады. Ал Орхон-Енисей жазбаларынан бастап, есімдіктердің ілік тұлғасы септелетін негіз болғаны мәлім. Менің үчүн, меніңдин, т.б. Мұндай қолданыстың кейбір қалдықтары қазіргі қазақ тілінен де ұшырасады: меніңше (менше), сеніңше (сенше), т. б. сондай. Бұл құбылысты (яғни, ме-нің, сенің түрінде септеліп, түбірдің соңғы элементінің түсіп қалуын) түркі тілдерінің даму барысында байқалатын н дыбысының тұрақсыздығы деп қарауға да болар еді. Алайда ондай құбылыс басқа септіктер тұсында әсте байқалмайды.

Жіктеу есімдіктерінің III жағы болып табылатын ол сөзін де алдыңғы ізбен о-л тәрізді құрама бөлшектерге бөліп қарауға болар еді. Соңғы элементі осы есімдіктің септелетін негізінде кездеспейді. О-ның, о-ны, т. б. Ал көмектес тұлғасы онымен түрінде айтылғанмен, -ны морфемасын ілік септіктің қысқарған түрі деп қарау керек (салыстыр: оның-мен, оның үшін, оныц бірле). Оның бер жағында, сілтеу есімдік мәнінде жұмсалғанда ол сөзі тек о түрінде айтылуы да кездеседі: о жақта, о үйде, о не, т. б. Түркі тілдерінің бірсыпырасында, мысалы, әзірбайжан, құмық, түрік, өзбек тілдерінде III жақ жіктеу есімдігінде айтылмайды. Сонымен, ол есімдігінің арғы, бастапқы түбірі — о деп қарауға толық негіз бар. Ойландыратын мәселе, алайда, сол элементін түсіндіру болса керек.     В. Котвич тұнғыс-маньчжур тілдерінде III жақ жіктеу есімдігі і, ін түрінде, қырғыз тілінде ал түрінде айтылатындығына сүйене отырып ін (і) III жақ жекеше түрі, оның көпшесі — а (н) түрінде айтылған деп жорамалдайды, -ан морфемасы біздің тілімізде анау, анда, ана жақта сөздері құрамында кездеседі. Сонда, оның айтуынша, ал қырғыз тілінде а (н) мен о (л) сөздерінің қосындысынан барып пайда болған. Соңғы -л-ді Котвич нақтылаушы (утвердительная частица) қосымша деп қарайды. Сөйтіп жайлы пікір осындай [15, 96-98 бб.]. Бұл пікірдің қалайда ойландыратын жағы мынада: ол есімдігі септелгенде жатыс септікте (онда) түсініксіз пайда болады. Нақ осы -н ана, анау, анда есімдіктерінің құрамында кездеседі. Қазіргі тілдің құрамында онда, анда сөздерінің арасында пәлендей лексикалық айырмашылық жоқ. Бірақ о/а параллелін кейбір түркі тілдерінде есімдіктердің септелуінде кездесетін сәйкестікпен түсіндіруге болар еді. Мысалы, хакас тілінде: ол, анын, т. б.

Біз, сіз есімдіктерінің құрамындағы -з элементі жайлы айтылып жүрген пікірлерді екі топқа бөлуге болады. Бітіру шілердің біразы бұлардың алғашқы түбірі бі, сі деп қарайды да, соңғы -з бір кезгі екілікті, қосақты білдірген қосымша деп есептейді. Мұнда біз сөзі бір кезде мен және сен дейтін мағынада қолданылған болып шығады. Осы тұрғыдан келіп -з ауыз, көз, егіз тәрізді сөздер құрамындағы -з-мен салыстырылады. Бірсыпыра Бітіру шілер біз сөзінің осы тұлғасының қалыптасуын мынадай схемамен түсіндіреді бі-сі, біз, сі-сі2. Бұл пікірді ұсынушылар да екілік (парность) идеясын берумен байланыстырады. Алдыңғы пікірден айырмашылығы: алдыңғылар -з екілікті (парность) білдірген қосымша деп қараса, соңғылар екі сөздің бірігуінен, соның салдарынан ілгері ықпал заңдылығына сәйкес ның -з -ға айналуы, соңғы қысаң дауыстының түсіп қалып, бүкіл сөздің ыкшамдалуы деп есептейді. Соңғы пікір сөз құрамында болуға мүмкін езгерістерге негізделгендіктен және сөздің лексикалық мағынасымен үйлесіп жататындықтан дәлелді тәрізді. Тек бұл жағдайда біз, сіз сөздерінің құрамындағы -з элементімен бірдей деп тануға ешқандай негіз болмай қалады. Есімдер құрамында кездесетін -з элементі сөз болғанда, әр кез көңіл аударуға тиіс құбылыс мына сияқты: мағыналық жағынан бір-бірімен ұштасып жататын, ұялас лексикалық мән беретін есімдер мен етістіктер қатарларын салыстыра қарағанда -з әрқашан есім сөздерді мағыналас етістіктерден оқшаулап, олардың есімдер тобына жатуының грамматикалық белгісі есепті көзге түседі. Мысал үшін мынадай сөз қатарларын салыстырып көрейік: кез — көр, семіз семір, т. б. Осындай фактілерге қарағанда, -з тілдің белгілі бір дәуірінде есімдерге тән қосымша болған ба деп те ойлауға болады. Қалай болғанда да біз, сіз сөздерінің құрамындағы -з сөздің бастапқы түбірінің құрамында болмаған, кейін ғана қосылған морфема. Солай екендігін бүгінгі түркі тілдерінің фактілері де дәлелдейді. Қазақ— сіз (дер), тува — силер, алтай — слер, шор — силер, хакас — сірер, чуваш — эсир, тува, алтай, шор тілдерінде басқа түркі тілдерінде айтылатын -з айтылмай, көптік жалғау сі (си) түбіріне тікелей жалғанады. Бірақ сол тілдерде де, басқа тілдердегідей, бірінші, екінші жақтық жіктік есімдіктері жекеше түрінде мен, сен (мин, син) түрінде мен айтылады. Ал чуваш пен хакас тіліндегі варианттар -р -ға аяқталады. Олардың құрамынан да түркі тілдерінің бәріне ортақ сі (си) түбірін көруге болады: сірер, э-си-р. Хақас пен чуваштық варианттар біз, сіз есімдіктері бі-сі, сі-сі, яғни, екі сөздің бірігуі, сөйтіп фонетикалық өзгерістерге түсу арқылы пайда болған дейтін пікірді дәлелдемейді, Егер ол тілдерде де түркі тілдерінің барлығына ортақ бі, сі түбірлері сақталған болса, біріккен уақытта (бі-сі, сі-сі) соңғы қайдан шығуы мүмкін дейтін сұрақ туады. Өйткені байырғы түбірдің құрамында   -р жоқ. Бұл жағдай чуваш, хакас варианттарының құрамындағы түбірге қосылған қосымша деп қарауға негіз  болады. Сонымен, біз, сіз есімдіктері екі түбірдің бірігуі арқылы емес, түбір мен қосымшаның бірігуінен жасалған болса керек.

Сілтеу есімдіктері. Сөздердің семантикалық орайлас, ұялас болуы көбінесе олардың генезистік бірлігінің салдары болып отырады. Сондықтан да жіктік есімдіктері мен сілтеу есімдіктері пайда болу, қалыптасу негізі жағынан бір-біріне байланысты болу керек дейтін пікір үстем. Н.К. Дмитриев түркі тілдеріндегі сілтеу есімдіктерін екі түрлі мағыналық топқа жіктейді. Оның айтуында, сілтеу есімдіктері алыстық пен жақындықты білдіруде көлемдік және мезгілдік мәнде екі топқа: бұл және ол болып жіктеліп отырады [13, 112-116 бб.]. Әрине, қазіргі түркі тілдерінің фактілері мынаны дәлелдейді: ең алдымен заттың көлемдік орналасуына қатысты болып келетін мағына — сілтеу есімдіктерінің алғашқы, байырғы қолданысы да, соның негізінде, сол мағыналық қолданыстың дамуынан барып, мезгілдік мән, заттың мезгілдік мерзімде орналасуы шықса керек. Дмитриевтің бұл пікірін қазақ тілінің мынадай фактілерімен түсіндіруге болар еді: бұл — қасында, жанында тұрған, орналасқан зат, көрініп тұрған зат, ол — алыста, көрінбейтін, бірақ бар екендігі анық зат. Осы екі түрлі сөз арқылы берілетін, екі түрлі мағыналық топ одан әрі дамығанда мына тәріздес болса керек: бұл, мынау, осы, осынау және ол, сол, сонау, анау, ана (жақта). Мағыналық қолданысы жағынан осы екі топтың әрқайсысы өз ішінде бір-бірімен орайласып жататыны рас. Бұл кісі, мына бала, осы адам, осынау төбе тәрізді қолданыста мына, бұл, осы, осынау есімдіктері бір-біріне жақын, жалғас орналасқан адамды (затты) білдіретіні тәрізді, бұл уақыт, мына кез, осы уақыт тәрізді тіркестер құрамында да олар бір-бірінен алшақ кетпейтін уақыт кезеңдерін білдіреді. Мұның бәрі сілтеу есімдіктерінің екі қолданысы да орайлас, бірі екіншісінен туып жататын салдар деп қарауға мүмкіндік береді. Сонымен, сілтеу есімдіктерінің мағыналық екі тобы о баста екі сөздің негізінде пайда болған. Ол сөздер: бұл және ол. Н.К. Дмитриев теориясын еске алсақ, бұл сөздер о баста заттардың көлемдік орналасуына (топографиялық белгілерді білдіруге) байланысты қалыптасқан. Ал сілтеу есімдіктерінің басқалары бұл және ол сөздерімен семантикалық орайластығын, көлем мәнінде де, мезгіл мәнінде де бір-біріне мағыналастығын ескерсек, оларды сол екі сөздің (бұл және ол) әр түрлі фонетикалық және грамматикалық өзгеріске түскен тұлғалары деп ойлауға болады. Морфологиялық жағынан тұлғалас деуге олардың сыртқы пішіндерінің ұқсастығы да дәлел бола алады. Мына сөздерді өзара салыстырып көрейік: бұл, мына және ол, ана; бұлардан түркі тілдерінде кездесетін кейбір дыбыс сәйкестіктерін көруге болады: б-м, ұ-ы, о-а. Әрине, бүгінгі тіліміздің фактілері негізінде сілтеу есімдіктерінің бойынан кездесетін тұлғалық ерекшеліктердің барлығын бірдей түсіндіріп беруге мүмкіндік бола бермейді. Олардың өзара ұялас, тұлғаластығын біршама болса да толық түсіну үшін басқа түркі тілдерінің материалдарымен және тарихи фактілермен салғастыра қарастыру керек болады.

Бұл есімдігінің арғы түрі қандай болған, яғни, соның құрамындағы о баста түбір құрамында болған ба, әлде кейін қосылған қосымша ма дейтін мәселе түркологтарды көптен ойландырып келеді. Оған себеп болатын осы сөздің сөз тіркестері құрамында кейде соңғы -л-сіз айтылуы. Қазіргі қазақ тілінде бұ жақ, бү кез, бұ кісі деп, -л-сіз айтылу норма екені белгілі. Ал қазіргі түркі тілдерінде осы сөздің айтылу пішіні мынадай: қырғыз — бұл, башқұрт — был, өзбек түрікмен, ұйғыр, құмық, ноғай, татар, түрік, якут, азербайжан, алтай тілдерінде — бу, тува тілінде — бо, хақас — пу, шор — по. Бұған қарағанда, түркі тілдерінің басым көпшілігінде соңғы -л-сіз айтылады, яғни, қазақ тіліндегі осындай құбылыс әсте оқшау емес, жалпы түркілік негізде пайда болған. Көне ескерткіштер тілінде де бу түрінде ұшырасады. Бұл факт о баста байырғы түбір құрамында элементі болмаған деген пікірді бекіте түседі. Бұл сөзі нақ осы күйінде екі түбірдің бірігуінің нәтижесі болса керек. Көне жазбалар тілінде бу және ол есімдіктерінің қабаттасып, бір қызметте қолданылуы ұшырасады. «Кұдатқу білікте» мынадай сөйлем бар «тілеч барча булдум, бу ол бір сөзум, бу йаңлы кішіке мунадур өзум». Бұл сөйлемдегі бу ол тіркесі қазіргі тіліміздегі бул есімдігінің мағынасында қолданылғаны күмән туғызбайды. Мынадай бір жайды да ескеру керек. V–VIII ғасыр ескерткіштерінде, кейінгі «Кодекс куманикусте» әңгіме болып отырған есімдік тек бу түрінде, -л-сіз айтылады. Жаңағыдай қолданыс та ол ескерткіштер тілінде ұшыраспайды. Алайда сол ескерткіштердің қайсысында да бұл есімдігінің қызметінде III жақтық жіктік есімдігі ол сөзінің қолданылуы жиі ұшырасады. Бір-екі мысал: ол сабығ ешітіп қағанғару ол сабығ ыттым (Т.). «бұл сөзді есітіп қағанға айттым». Күл тігін ол сүңүшде отуз йашайур ерті (КТ). «Күлтегін бұл соғыста (соғыс болған кезде) отыз жасар еді». Качан ол сөзні айтты феріште кутүчүге, теңірінің йарықлықы, йарытты аларны (КК). «Қашан бұл сөзді феріште күтушіге айтқанда, тәңрінің бұйрығы сәулелендірді оларды». Ол сөзүнү айтты да, жанын теңрі еліне берді (КК)». Бұл сөзді айтты да жанын тәңрі қолына берді». Келтірілген сөйлемдерде ол есімдігі қазіргі тіліміздегі бұл есімдігінің мәнінде қолданылған. Солай екендігін мәтін құрамындағы бір-біріне жалғас айтылған сөйлемдер мағынасын салғастыра отырып анық байқауға болады. Ал жіктеу есімдігінің мұндай қолданысы қазіргі қазақ тіліне де жат емес. Алайда қазіргі қазақ тіліндегі мұндай қолданыс негізінен сөзді стильдік мәнерлеумен ұштасып жатады. Бұ ол тіркесі де, біздің байқауымызша, көбіне тек жазба тіл мұраларының тілдік ерекшелігі ретінде ғана ұшырасады. Ауызекі сөйлеу тілдің негізгі заңдылықтарын байқататын Орхон-Енисей жазбаларында немесе «Кодекс куманикусте» мұндай қолданыстың кездеспеуі соны дәлелдейді. Әйтпесе, XIV ғасырда жазылған «Кодекс куманикусте», XI ғасырда жазылған «Құдатқу білікте» қолданылған тілдік фактінің ұшыраспауын ешбір ерекшелікпен түсіндіру мүмкін болмас та еді. «Құдатқу білік» өз заманының жазба тілінің ескерткіші. Ал жазба тіл қашанда сөзді саралап, нақтап қолдануға ұмытылатыны белгілі. Бу ол тіркесі де сондай мақсаттан туған деп қарауға болар еді. Жазба тіл құрамында қалыптасқан тіркес жиі айтылу процесінде кірігіп бұл күйіне келуі әбден ықтимал.

Бұл есімдігімен түбірлес сөздер — мына, мынау. «Құдатқу білікте» бу есімдігінің муну түрі де кездеседі. Қазіргі түркі тілдерінде осы есімдіктердің дыбысталуы мынадай: башқұрт — бынау, қарақалпақ — мынау, т.б. Түркі тілдерінің біразында мұндай есімдік жоқ, оның мәнінде басқа сөздер қолданылады. Қазіргі қазақ тілінде мұнау, мұнда, мұндай, бүндай тәрізді есімдік немесе есімдік негізді басқа сөздер де бар. Сонда мына, мынау, мүнау есімдіктерін осылардан туынды мынадай, мұндай, бүндай, мұнда, бүнда сөздерімен салыстырып қарасақ, бұлардың барлығына ортақ түбір — мын, мұн, бүн. Алайда дыбыстық ерекшеліктеріне қарай бұлардың әрқайсысы дербес түбір емес, бір ғана түбірдің фонетикалық варианттары. Бұл жерде түркі тілдеріне ортақ, сол сияқты қазіргі қазақ тілі құрамында да ұшырасатын мынадай дыбыс сәйкестіктері бар: м-б, ы,ұ. Мұндай ерекшеліктер, әсіресе, бір ғана тілдің құрамында кездессе, сол тілдің о бастағы этникалық құрамының куәсы есепті деп қарау орынды. Бір-біріне ұқсас тілдерде сөйлеген тайпалардың қайсысында да өзіндік дыбыстық ерекшеліктер болған, жаңағыдай фонетикалық варианттар соның ізі. Әйткенмен мын, мұн, бұн түбірлерінің құрамындағы түбірдің элементі емес, бұл есімдігінің құрамындағы -л-дің варианты. Егер солай деп қарасақ, түбірдің өзгеру жолын былай көрсетуге болар еді: бу/бұ/му/ мұ/мы. Біздің байқауымызша, мына, мынау есімдіктері және мұн-дай, бұндай есімдік туынды сын есімдер бұл есімдігі қалыптасқаннан кейін барып пайда болған. Сондай екендігіне көрсетіліп отырған сөздердің барлығына ортақ түбір — мын (мұн) екендігі де дәлелдейді. Бұл есімдігінің септелетін негізі бұн (бұның, бұнан, бұнда, бұнымен) екендігін және осы түбірдің өзі атаудан басқа септік жалғауларында м дыбысынан басталып та айтыла беретінін еске алу керек. Мына, мынау есімдіктерінің арғы, алғашқы түбірі мын деп қарасақ, соңғы -а, -ау қосымшаларының арғы төркінін тап басып, дәл айту қиын. Бұл жайында әзірге Бітіру шілердің әрқайсысы әр түрлі пікірде: элементін Рамстедт, мысалы, ол сілтеу есімдігінің айтылу практикасында танымастай болып өзгерген варианты деп қарайды [18, 36 б.]. Егер осы пікірді мақұлдасақ, мына сөзі мын (бұл) негізі мен ол сөзінің бірігуінен пайда болды деп қарау керек болады. Бірсыпыра Бітіру шілер мұны барыс септік қосымшасы деп есептейді. Алайда осы сөзде бағытты білдіру мәнінен гөрі сілтеу, нұсқау мәні басым жатыр. А. Ибатов басқа түркі тілдерінің материалдарына және Рамстедт келтіретін алтай тілдері фактілеріне сүйене отырып, -е, -а ескі қолданыстан қалған сілтеу есімдігі болу керек дейтін жорамал айтады. Бұл пікір бойынша, мына, міне, міні сөздері екі түрлі сілтеу есімдігінен қалыптасқан болып шығады. Егер түркі тілдерінде де бір   кезде сондай сілтеу есімдігі болған болса, бір мағынадағы екі сөздің бірігуі нендей құбылысқа байланысты болды екен дейтін ой туады. Мынау сөзінің құрамындағы элементі жөнінде біршама сенімді болжамды В.М. Насилов айтады. Ол ұйғыр, т. б. түркі тілдерінің фактілері -у, -ву сілтеу есімдігінің қысқарған варианты екендігін дәлелдейді. Ал ву есімдігі ұйғыр тілінде манаву есімдігінің құрамында сақталса керек.

Ол жіктеу, сілтеу есімдігімен түбірлес ана, анау сөздерінің құрамындағы -а, -у элементтері жайлы да осы айтылғандарды қайталау керек. Қосымша айта кететін жай: ескі жазбалар тілінде, сирек те болса ан есімдігі кездеседі. Осы ан мен анау, ана есімдіктері төркіндес. Ал ан о баста шығу тегі жағынан ол есімдігінің фонетикалық варианты: о/а. Соңғы –н-ді ол құрамындағы -л-дің өзгерісі деп қарау керек пе, әйтпесе өз алдына дербес тұлға деп есептеу керек пе — ол жағы айқын емес. Алайда ескерткіштер тілінде ұшырасатын ан (атау тұлға) есімдігінің құрамындағы ол құрамындағы -л-дің фонетикалық варианты болмаса керек. Қайта ан құрамындағы -н-мен, сен жіктеуліктерінің құрамындағы -н-мен тектес болуы мүмкін. Алтай тілдерін Бітіру шілер кейбір тілдерде қолданылатын ын, ін есімдіктері де осы ұялас сөздер деп есептейді. Сонда ол сілтеу есімдігінің алғашқы түбірінің мынадай фонетикалық варианттары болған деп қарауға болады: а//о//ы//і. ы, і дыбыстарынан басталатын варианттардың ізі ескі жазбалар тілінде ұшырасады: інче (інча) (солай, сондай, ҚБ), ынчып (ын-чып, сондай, солай, ТЖ.), ынару (ы-нару, немесе ын-ару, оған, соған, -ғару барыс септік, ТЖ.). Бұлардың сол тілдегі қолданысын еске алсақ, ол есімдігімен ұялас екеніне күмән тумайды, а дыбысымен келетін варианттың да ескі жазбалар тілінде ізі бар: анча (ан-ча, КБ), анчада (ан-ча-да — сонда, сол кезде), анчақынча (ан-чақ-ын-ча — сол шақта, сол кезде. ТЖ.), аңтағ (ан-тағ — андай, сондай. КБ). Бұл сөздердің қазіргі қазақ тіліндегі анша (анша — мұнша), ан-дай (ғ — й) сөздерімен тұлғалас екені ешбір дау туғызбайды. Сөйтіп бұл фактілерге қарағанда, қазақ тіліндегі ана, анау сөздері құрамындағы а мен ол дегендегі о бір түбірдің екі варианты болып шығады.

Осы ан түбірі әне, әнекей сөздерінің құрамында да ұшырасады, ән түбірі осы тұлғасында жалпы алтайлық ін (ын) есімдігімен тікелей байланысты, і>ә ауысуы тарихи тұрғыдан жеке фактілер ыңғайында ұшырасып отыратын құбылыс. Ән түбірі осы көрсетілген екі сөз құрамында ғана ұшырасуы да оның ескі қалдық екенін көрсетеді.

Сол сілтеу есімдігі нақ осы тұлғасында қазіргі қазақ тілінен басқа қарақалпақ, ноғай тілінде кездеседі. Басқа тілдерде бұл есімдіктің фонетикалық сипаты мынадай: башқұр, татар тілдерінде — шул, қырғыз тілінде — ошол, ошо, құмық тілінде—шол, со, түрік түрікмен тілдерінде — шу, якут тілінде сити. Осы фактілерді салыстыра келгенде с   дыбысымен   айтылу   қыпшақ   тобына тән екендігін байқауға болады. «Кодекс куманикусте» сол, шол тұлғасының екеуі де ұшырасады. Бір-бірінен мағыналық айырмашылығы жоқ, тек дыбыстық қана ерекшеліктері бар бұл сөздердің жалпысына ортақ түбір мен жасалу, қалыптасу жолын айқындауда қырғыз тіліндегі ошол тұлғасы басты тірек болса керек. Нақ осыған ұқсас тұлға «Құдатку білікте» кездеседі: ошул. Қырғыз тілінде және «Құдатқу білікте» ұшырасатын осы тұлғаны құранды деп қарауға әбден негіз бар: ош-ол (ул). Бұлай деуге қазақ тіліндегі осы сілтеу есімдігінің алдыңғы элементі ос (ош) және қазіргі өзбек тіліндегі ушбу есімдігінің алдыңғы морфемасы уш дәлел. Осыларды салғастыра келгенде, бір кезде тіл құрамында есімдіктерге қабаттаса айтылатын ош (немесе уш) күшейтпелі сөзі болған деп шамалауға әбден болар еді. Күшейтпелі ош (уш) сөзі сілтеу есімдіктерімен қабаттаса алдынан айтылған да, келе-келе әр түрлі фонетикалық өзгеріске түсудің салдарынан қазақ тілінде сол, басқа тілдерде шул, т. б. тұлғада қалыптасқан болса керек. Қазіргі түркі тілдерінің ішінде сөздің алғашқы күйін сақтап қалған тіл деп тек қана қырғыз тілін атауға болады. Қазақ тілінде сол түрінде қалыптасуын ош-ол//ос-ол-шо-л//со-л/ш-с арқылы, яғни, алдыңғы дауыстының редукциялануы деп қана түсіндіруге болады. Соңғы дыбысы факультативті элемент. Түркі тілдерінің бірсыпырасында бұл (-л-сіз айтылу) әбден орныққан құбылыс.

Қазіргі қазақ тіліндегі сона, сонау (сонда үстеуі де) есімдіктерінің жасалуы да нақ осы тәсіл арқылы жүрген. Тек бұл жерде ош және ан (ол есімдігінің варианты) элементтерінің бірігіп қалыптасуын көру дұрыс. Әйтпесе, сона, сонау сөздерінің құрамында л емес, н дыбысының айтылуын дыбыстық үндесу заңдылығымен түсіндіру мүмкін емес.

Осы, осынау есімдіктері де ош және о есімдігінің тіркесінен қалыптасқан. Қырғыз тілінде бұл есімдік ушул, ушу түрінде айтылса, башқұрт тілінде ошо түрінде айтылады. Тағы да бұл ретте қырғыз тіліндегі ушул тұлғасын ең ескісі деп негізге алуға болады. Қырғыз тіліндегі тұлға уш+ул — құрама бөліктеріне ажырайтыны анық. Радлов қазақ тіліндегі осы сөзін ош+бу деп этимологиялаған. Біздің байқауымызша, Радлов сол дәуірдегі кітаби тіл құрамында көп қолданыс тапқан үшбу сөзімен байланыстырған тәрізді. Анығында, қырғыз тіліндегі ошу сөзіне берілген этимология қазақ тіліндегі осы сөзіне де келер еді. Қырғыз тіліндегі ошу сөзін былай талдайды: ош-у. Егер қазақ тіліндегі осы сөзін, Радлов айтқандай, ош-бу деп қарағанда, ортаңғы — б -дыбысының түсіп қалуын ешбір заңдылыққа сыйғызуға болмас еді. Ош сөзі мен о сілтеу есімдігінің тіркесінен құралғандығын қырғыз тіліндегі ушул сөзі де дәлелдейді. Сөз соңындағы (есімдіктер құрамында) -л-дің факультативті элемент екені қашанда белгілі. Сонда қазақ тіліндегі осы есімдігінің қалыптасу жолын былай деп қарауға дәлел бар: ош-ол//ос-ол//ш//ос-о >ос-ы. Сөз соңында еріндік дауыстының езулікке айналуы тарихи тұрғыдан қазақ тіліне әсте жат құбылыс емес.

Сұрау есімдіктері. Сұрау есімдіктерінің қазіргі түлғалары тарихи тұрғыдан құранды. Сонымен бірге, сұрау есімдіктері тілдің көне дәуірінде қазіргі тілдердегідей сан жағынан мол, тұлғалық жағынан әр қилы болмаған. Бұған дәлел ретінде қазіргі заманда белгілі болып отырған ескерткіштер тілдеріне жүгіну орынды. Орхон-Енисей жазбаларында, мысал үшін, сұрау мәнінде қолданылған сөздер саны 2—3-тен аспайды. Сұрау есімдіктерінің сан жағынан молайып, тұлғалық жағынан әр қилы бола бастауы кейінгі дәуірлерде, алғашқы түбірлердің күрделеніп, ұялас туынды түбірлердің молаюымен тұстас болғандығы анық. Сұрау есімдіктердің құрамының не біріккен, не түбір мен қосымшаның кірігуі арқылы қалыптасуы соның нәтижесі.

Қазіргі түркі тілдерінде сұрау мәнінде қолданылатын есімдіктер негізінен 3 түбірдің айналасына топталады. Олар: кім, не, қай (қан). Бір тілде сұрау есімдіктерінің саны аз, бірінде көп болуы да мүмкін. Бірақ қайсысы да осы түбірлер негізінде жасалған. Әрине, чуваш, т.б. кейбір тілдерде шет тілдерден ауысқан сұрау мәнді сөздер де кездеседі. Бірақ ондайлар аса көп емес. Егер жеке тілдерге тән дыбыс ерекшеліктерін (тарихи тұрғыдан әбден түсінікті) ескерсек, түркі тілдеріндегі сұрау есімдіктері ортақ түбірлерден ортақ тәсілдер арқылы күрделеніп, өзгеріп отырғандығын көреміз.

Сұрау есімдіктеріне негіз болған не, қай (қан), кім түбірлері о баста есім болған. Ондай жорамалға әлгі түбірлердің кейінгі барысында есім ұялас туынды сөздер жасауы ғана емес, түбір қалпында қолданысы да дәлел бола алады. Мысалға қай сөзінің дербес қолданысын қарастырайық: қай кісі, қай нәрсе, қай бір адам, т. б. Қай түбірінің мұндай атрибуттық ыңғайда дербес қолданылуы екі түрлі жайды аңғартады, біріншіден, түбір есім екендігі байқалса, екіншіден, тап осы қолданыс бұл түбірдің қатыстық мәнін көрсетеді. Сонда қай есім түбірі о баста сұрау мәнін емес, қатыстық мән (относительное) берген. Нақ осындай ерекшелікті не, кім сөздері жайлы да айтуға болар еді. Не нәрсе, не іс және кім де кім тәрізді тіркестер құрамында бұлар да атрибуттық қызметте жұмсалып, қатыстық мән береді. 8–9-ғасыр жазбалары тілінде не есімдігінің қолданысы да сұраулық мәннен гөрі қатыстық мәнді көбірек танытады: не қағанқа ішіг-күчіг берурмен — қай қағанға ісім мен күшімді жұмсармын. Бұл сөйлемде не есімдігі қатыстық мәнде және қай есімдігінің орнына жұмсалғандығы анық. Жалпы 8–9-ғасыр ескерткіштері тілінде не және қай есімдіктерінің қолданысы өзара айқын жіктелмегендігі байқалады. Салыстырыңыз: не ойун, не ийрдә (қай, қандай ойын, қай жерде).

Қай түбірі қазіргі қазақ тіліндегі қайда, қайдан, қанша, қашан, қандай, қаны (кәні), қалай тәрізді сұрау есімдіктеріне негіз болған. Егер осы түбірлерді байқап қарасақ, бірде байырғы түбір мен қосымшаның (қайда, қайдан, кандай, қалай), кейде екі түбірдің бірігуін көреміз. Бірақ барлығына ортақ түбір — қай (қан). Әрине, кейбір сөздер құрамына қарай, бастапқы түбір қай емес, қа деп те ойлауға болар еді. Өйткені қай-да, қай-дан болғанмен, қа-лай екені айқын. Алайда қазақ тілінде қалай  есімдігіне  синонимдес қайтіп (кәйтіп) дейтін де сұраулық сөз бар. Қалай және қайтіп есімдіктерінің мәндестігін былай қойғанда, ортақ түбірге негізделгендігі де күмән туғызбайды. Бұлай деуге тікелей себеп — қазіргі түркі тілдерінің кейбірінде қалай сұрау есімдігі хайди (хақас т.), хайдах (якут т.), кайде (шор), қанайып, қандайып (алтай т., қазақ тіліндегі қайтіп сұрау есімдігімен салыстыр) түрінде де айтылады. Осы фактілермен салыстыра келгенде, ортақ түбір қа емес, қай (қан) болып шығады. Ф.Г. Исхаков қалай есімдігін мынадай құрама бөліктерге талдап қарастырады: қа(й) ла-й. Мұндағы -ла — етістік тудыратын аффикс, — көсемшелік форма. Сөйтіп қалай — сұрау есімдігі әуелі есім, одан туынды етістік, көсемше. Ал көсемше тұлғаларының сұрау есімдігі есебінде қалыптасуы әсте жат құбылыс емес. Ол үшін қайтіп сөзін (қай-ті-іп) еске түсірсе де жеткілікті.

Жоғарыда келтірілген сұрау есімдіктері құрамындағы байырғы түбір бірде қай, бірде қан түрінде дыбысталған. Мұның үстіне қазіргі кейбір түркі тілдерінде сол сұрау есімдіктері хайдағ (қандай, хақас), ханна (қайда, якут) тәріздес те дыбысталатынын еске алсақ, сұрау есімдіктерінің едәуір тобына негіз болған түбір жалпы түркі тілдері құрамында бірде қан, бірде қай түрінде айтылуын көреміз. Көне жазбалар тілінде: қаны, қайуда, қайу, қайда, т. б. Сөйтіп кейде бір ғана ескерткіш тілінде бірде қанда (н-мен айтылған), бірде қайда (й-мен айтылған). Осы бір ғана түбір ыңғайында байқалатын н-й сәйкестігі тайпалық тілдер ерекшелігі болуы да ықтимал. Алайда Орхон-Енисей жазбаларында сұрау есімдіктері тек қана қанта, қантан түрінде кездеседі. Егер осы фактіні ескерсек, н~ й сәйкестігі кейін пайда болған құбылыс деп қарауға тура келеді. Махмуд Қашқари қой сөзінің бірде й мен қой түрінде, бір-де қон түрінде айтылатынын келтіреді де, н-мен айту арғу тайпасының ерекшелігі деп көрсетеді. Және Қашқари сұрау есімдігінің де екі түрлі айтылуын келтіреді. Ол былай деп жазады: «Түріктер қайу нең (қайсы нәрсе) десе, олар (арғулар) қану дейді». Бұған қарағанда, сұрау есімдіктеріне негіз болған түбірдің екі түрлі дыбысталуы Қашқари дәуірінде қалыптасқан құбылыс және бұның өзі тайпалық тілдердің қалдығы есебінде орнығып қалған деп қарауға дәлел бар. Қайтіп сұраулық сөзінің құрамын былай деп те қарайды: қай-ет-іп. Қай — сұрау есімдігі (әрине, ескірген) -ет көмекші етістік, ал соңғы морфема көсемшелік қосымша. Екі сөз (ескі сұрау есімдігі мен көмекші етістік) біріккен уақытта соңғы сөз құрамында элизия болып, е түсіп қалған.

Сонымен, бұл айтылғандардан шығатын қорытынды қандай және қайда сұрау есімдіктері бір ғана түбірдің екі түрлі фонетикалық варианттары негізінде қалыптаскан ұялас сөздер.

Жоғарыда қай (қан) түбірі — есім сөз деген тұжырым айтылды. Сол тұжырымды дәлелдейтін тағы бір факт — оның септелуі, қайда және қайдан сұрау есімдіктері жатыс және шығыс септік жалғаулары мен есім түбірдің бірігуінен барып қалыптасқандығы анық. Ал қайсы есімдігі есім түбір мен тәуелдік жалғаудың III жағының бірігуінен қалыптасқан. Көне жазбалар тілінде де қайдан, қандан, қайда, қанда, қайдын түрінде ұшырасады. Жалғаулар құрамындағы дауыстылардың батыс және оңтүстік тілдер ыңғайына қарай дыбысталуын еске алмасақ, қазіргі тілдерден ешбір айырмашылық байқалмайды.

Қанша, қалай, қандай сұрау есімдігі қан түбіріне әр түрлі сөз тудырушы аффикстердің жалғануы арқылы жасалған. Қанша, қа(й)-ла-й және қан-дай, қанша есімдігінің құрамындағы -ша, сірә, орысша, қазақша, балаша тәрізді туынды үстеулер құрамындағы осындай. аффикстен бөлек болмаса керек.

Қашан есімдігінің қалыптасуын Ф. Г. Исхаков қан-шағ-ын, яғни, қан және шағ сөзінің көне түркілік құралдық септік (творит. падеж) тұлғасының (ын) бірігуі, сөйтіп қысқаруының нәтижесі деп түсіндіреді. Қазіргі қазақ тілінде, сондай-ақ басқа да түркі тілдерінде қай және шақ сөздерінің тіркесі мезгіл — уақытты білдірудің қалыптасқан тәсілі екендігі белгілі. Осы тұрғыдан келгенде, бұл пікір шындыққа саяды.

Көне түркілік жазбалар тілінде кеңірек мағынада кездесетін не есімдігі де қазіргі тілде бірсыпыра сұрау есімдіктерінің жасалуына өзек болған. Бұл топқа немене, неге, неше тәрізді сөздер жатады. Бұлар не-ме-не, не-ге, не-ше тәрізді құрама элементтерге ажырайды. Немене сұрау есімдігінің құрамындағы -ме сұраулық шылау. Неме сөзі қалыптасып, заттық ұғым алған кезде, сұраулық мән туғызу үшін екінші рет не қосылған. Неше есімдігінің құрамындағы -ше осыдан бұрын айтылған қанша есімдігінің құрамындағы морфема екені анық.

Не сөзі о баста зат есім мәнінде қолданылған. Солай екендігіне қазіргі тілдегі кейбір қолданыстары да айғақ. Не нәрсе, не іс, не зат тәрізді тіркестер құрамындағы не — тек зат есім мәнін ғана береді. Не — о баста тек зат есім болғандығын оның септеулік тұлғаларының сұрау есімдіктері есебінде қалыптасуы да дәлелдейді. Нені, неге, неде, неден, немен тәрізді тұлғалардың сұрау есімдіктері есебінде қалыптасуы сөз мағынасын саралап түсінуге ұмтылудан туған болса керек. Тура объект мәні нені, жанама объектілік мағыналар неге, неде, неден (септік жалғаулардың семантикасына сай) сұрау есімдіктері арқылы ашылатыны мәлім. Не сөзінің септік тұлғаларының сұраулық мәндерде қалыптаса бастауы сонау ескі дәуірден басталған процесс. VIII ғасыр жазбалары тілінде мынадай тұлғалар ұшырасады: негү: біз икегү, негү тіп өтүне-лім (біз екеуміз қалай өтінейік), неке: неке қорқурбыз (неге қорқамыз), неде: неде өтру йоқ (не үшін жоқ). Сонымен, не сөзінің объектілік мән беретін септік жалғауларында қолданыла бастауы ертеден кездеседі. Оның үстіне, көне түркілік жазбалар тілінде не есімдігінін септік тұлғалары кейде қазіргі тіліміздегі мағынасынан өзге, басқа сұрау есімдіктері орнына қолданылғандығы да бар. Жоғарыда келтірілген біз икегү негү тіп өтүнелім сөйлемі құрамындағы негү есімдігі қазіргі тіліміздегі қалай сұрау есімдігінің орнына қолданылған (негү, -гү барыс жалғауының оңтүстік тілдерге тән варианты). Не есімдігінің және оның әр түрлі тұлғаларының баска сұрау есімдіктері орнына қолданылуы көне түркілік жазбаларда жиі ұшырасады. Мысалы: не қағанқа ісіг-күчіг берүрмен «қай қағанға ісім мен күшімді жұмсармын». Не ийрде «қай жерде». Қазіргі қазақ тілінде қалай, қандай есімдігінің орнына нендей, қанша деудің орнына неше сұрау есімдіктерінің қолданылуы бір кезде, тілдің көне дәуірінде не түбірлі есімдіктердің қолданылу аясының кеңдігінен қалған із.

Не есімдігі ескі жазбалар тілінде де басқа сөздермен тіркесіп, сұрау мәнді тіркестер жасаған. VII—VIII ғасыр жазбалары тілінде не үчүн, не ийрде, некуке керек тәрізді сұраулық тіркестер ұшырасады. Қазіргі тіліміздегі не қылды, не етті, не істеді, не үшін, не мақсатпен тәрізді толып жатқан тіркестер бір кезгі ескі түркілік модель бойынша қалыптасқандығы анық.

Өздік есімдігі деп аталып жүрген топқа жататын бір ғана өз сөзі екені белгілі. Бітіру шілердің қайсысы да өз сөзі о баста «сущность, самость», яғни, «бүтін, түгел бәрі, негізі» дейтін мән берген дейтін пікірге ойысады. Сонда өз сөзінің тәуелдіктің III жағында айтылуы кейін пайда болған құбылыс деп танылуға тиіс. Көне түркілік ескерткіштердің кейбірінде бұл сөздің айтылып отырған мәнде және тәуелдік жалғауынсыз қолданылуы ұшырасады. Өз ынча кергек болмыш (ҚБ). «Өмір де өзінше аяқталды». Қазақ тіліндегі өз-өзінен (сөйледі), өзі-өз болғалы, өзді-өзі, өз бетімен (бетінше), өз басы тәрізді тіркестер құрамынан да өз сөзінің алғашқы мәнін де, тұлғалық ерекшелігін де (өзі-өз болғалы, өз-өзінен) байқауға болады. Өзі-өз болғалы, өз-өзімен тіркестері құрамындағы қосымшасыз өз сөзі есімдіктен гөрі зат есім мағынасына жуық. Бұл фактілер түркологияда кең таралған пікірдің дұрыстығын дәлелдей түседі. Өз сөзі даму барысында тәуелдіктің III жағында есімдік есебінде қалыптасумен бірге, басқа да сөздерге негіз болған. Қазіргі тіліміздегі өзек (өз-ек), өзге (өз-ге), өзгеше // өз-ге-ше/, өзінше (өз-ін-ше) сөздері осы түбірден тараған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Тіліміздегі «есімдер» деп аталатын топқа жататын сөздердің грамматикалық топтары тарихи даму тұрғысынан бір-бірімен ұштасып, байланысып жатады. Мысалы, зат есімнің жеке семантикалық топтарының қалыптасуы жайлы айтқанда дәл сондай тұлғалы сын есімдер тобының қалыптасуын назардан тыс қалдыруға болмайды. Сондай-ақ, зат есімдер мен сын есімдер жайында әңгімелегенде солармен орайлас қолданылатын сан есімдер мен есімдіктерге де соқпай кетуге болмайды. Бұлардың қазіргі тіліміздегі қызметі мен қолданыс жағынан ыңғайластығы олардың тарихи қалыптасу ерекшеліктерімен ұштасып жатады.

Сөздердің грамматикалық топтарға жіктелуі сөйлем ішіндегі мәні мен қызметіне байланысты болған құбылыс. Айталық, сөйлем құрамында үнемі бастауыш қызметінде жұмсалу, яғни, айтылатын ойдың иесін білдіріп, басқа сөздерге тәуелсіз қолданылу зат есімдердің дербес, тәуелсіз қолданылатын сөз ретінде қалыптасуына мүмкіндік жасады. Акад.    И.И. Мешанинов бұл туралы: «Зат есім өзінің сөйлемде заттык мағынадағы мүше (бастауыш және толықтауыш) болуымен жіктеліп шықты» – дейді. Ал сол зат есімдермен іргелес, соларға бағынышты қолданылатын сын есімдердің сөз табы ретінде қалыптасуы туралы үндіеуропа тілдерінің материалдары негізінде акад.                        В.М. Жирмунский: «Грамматикалық жағынан тұлғаланған сын есімдер категориясының қалыптасуы, яғни, есімдердің зат есімдер мен сын есімдерге жіктелуі, үндіеуропа тілдерінде салыстырмалы грамматика әдістері арқылы көрінеді», – дейді. Нақ осы тұжырымды түркі тілдеріндегі, солардың бірі – қазақ тіліндегі зат есімдер мен сын есімдерге де қолдануға болады. Алтай тілдері тарихын Бітіру шілер де сөз таптарының қалыптасуы туралы осыған ұқсас пікір айтады. Сонымен, есім сөз таптарының грамматикалық топ ретінде қалыптасуы тек зат есімдер мен сын есімдер арасындағы байланыстан ғана көрінбейді, олардың басқа топтарының да алдыңғы екі топқа қатысынан байқалады.

Бұл айтылғандарға қоса акад. И.И. Мешаниновтың сөздердің атрибут (анықтауыш) мүше болып жүмсалуынан сын есімдер, пысықтауыш мүше ретінде жұмсалуынан – үстеу қалыптасты дейтін ескертпесін еске алу керек. Егер осы айтылғандардың бәрін қорытындылай келсек, есімдердің әрі грамматикалық топ болуымен бірге, лексикалық та топ екендігін, осы ерекшеліктердің өзі, айналып келгенде, олардың тарихи қалыптасуынан туғандығын көреміз.

Көрнекті ғалым М. Томанов «Есім сөз таптарының ішінде оқшау тұратыны – үстеулер. Үстеулер шығу төркіні, қалыптасу тәсілі жағынан да әр қилы. Морфологиялық жағынан үстеулер бірде есім негізді болса, бірде етістік негізді болып отырады. Осындай әр тұлғалылық оларды біршама кеш қалыптасқан грамматикалық топ деп қарауға мүмкіндік береді. Бүгінгі тілдегі көпшілік үстеу сөздердің құрама бөлшектерге оңай ажырауы да соған дәлел» деген өзінің тұжырымын айтады.

Есімдердің бір тобы – сан есімдер түп негізі жағынан басқа сөз таптарымен ұштасып жататыны тіл білімінде әр кез айтылып келеді. Егер сандық үғымды білдіретін сөздердің қалыптасуы аналитикалық ойдың синтездеу дәрежесіне көтерілуінің нәтижесі екенін еске алсақ, мұндай пікірдің дұрыстығы әсте талас туғызбайды.

Сонымен, есім сөз таптарының дамуы, тарихи өзгерісі олардың бірыңғай қалыптасуына алып келді. Есім сөз таптарын, оларға тән категориялар мен тәсілдерді тарихи түрғыдан қарастырғанда да осы ерекшелік ескерілуге тиіс болады.

Тіл құрамында динамикалық дамудың нәтижесінде қалыптасқан элементтермен қатар, көне дәуірдің куәсы боларлықтай фактілер де кездеседі. Сондықтан тілдің морфологиялық құрылымының тарихи дамуы оны туыс тілдер материалдарымен, тілдік тарихи ескерткіштер фактілерімен салыстырып Бітіру  арқылы ғана емес, сол тілдің өз құрамында қалыптасқан тілдік элементтерді Бітіру  арқылы да ашылады. Қазіргі казақ тілінің осы күнгі морфологиялық кұрылымының бүгінгі қалыпқа жету жолын да аталған әдістерді қатар колдана отырып зерттегенде ғана айқын түсінуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштер тілі. Алматы,1986.–180 б.
  2. Щербак А. М.  Грамматический   очерк   языка   тюркских   текстов X-XIII вв. из Восточного Туркестана. М.—Л., 1961, стр. 96.
  3. Кононов А.Н. Показатели     собирательности – множественности   в тюркских языках. Л., 1969.
  4. Богородицкий В.А. Введение в татарское языкознание. Казань, 1953, стр. 16.
  5. Сб. Академику Гордлевскому В.А. к его семидесятипятилетию. М., 1953, стр. 57—58.
  6. Санжеев Г.Д. Сравнительная грамматика монгольских языков. М., 1953, стр. 129—130.
  7. Благова Г.Ф. Комбинация  аффиксов  множественности – исконно  алтайская константа или типологический параллелизм. Сб. Проблема общности алтайских языков. 1971.
  8. Малов С.Е. Памятники древнетюркской  письменности.  М.—Л.,  1951, стр. 51—52.
  9. Кононов А.Н. Грамматика  языка  тюркских рунических  памятников. Л., 1980, стр. 147.
  10. Дмитриев Н.К. Исследования по сравнительной грамматике тюркских языков. Ч. II, М., 1956, стр. 22—37.
  11. Исследования по сравнительной грамматике тюркских языков Ч.II.. Морфология, М., 1956, стр. 24—35.
  12. Котвич В. Исследование по алтайским языкам, М., 1962, стр. 167.
  13. Аманжолов С.А. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. – Алматы, 1959, стр. 311.
  14. Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. М.—Л., 1951, стр. 437.
  15. Рамстедт Г.И. Введение в алтайское языкознание. — М., 1957.- 64-65 с.
  16. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. – Алматы: Мектеп, 1988. – 263 б.
  17. Дмитриев Н.К. Строй тюркских языков. М.,  1962, стр. 22—24.
  18. Дмитриев Н.К. Неустойчивое положение сонорных р, л, н в тюрк. яз.
    в сб. Исследование по сравнительной грамматике тюрк. языков. Т. II, М., 
  19. Котвич В. Исследование по алтайским языкам. М., 1962, стр. 144.
  20. Кононов А.Н. Грамматика современного узбекского литературного
    языка. М.—Л., 1960, стр. 173.
  21. Дмитриев Н.К. Указательные местоимения в османском языке. Строй тюркских языков. М., 1962, стр. 19.
  22. Рамстедт Г. Введение в алтайское языкознание. М., 1967, стр. 75.
  23. Ибатов А. Местоимения в казахском языке. АКД, А-А., 1962, стр. 23.
  24. Историческое развитие лексики тюркских языков. М., 1961, стр. 240.
  25. Аманжолов А.С. Түркі филологиясы және жазу тарихы. – Алматы, 1996. – 127 б.
  26. Малов С.Е. Енисейская писменность тюрков. Изд. АН СССР. – М., Л., 1952.
  27. ПоливановД.  К вопросу о долгих гласных в общетюркском праязыке. «ДАН СССР», 1927.
  28. БатмановИ.А. Язык енисейских памятников древнетюркской письменности. – Фрунзе, 1959.
  29. Рясянен М. Материалы по исторической фонетике тюркских языков. – М., 1955.
  30. Айдаров Ғ., Құрышжанов Ә., Томанов М. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. –Алматы, 1971.
  31. Аманжолов С. Памятники древнетюркской письменности и их отношение к современным тюркским языкам. // Материалы Первой Всесоюзной конференции востоковедов в г. Ташкенте 4-11 июня 1957 года. Ташкент, 1958.
  32. Аманжолов А.С. Көне түркі ескерткіштерінің тілі туралы // ҚазМУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. №5, 1998. –10-15б.
  33. Аманжолов А.С. История и теория древнетюркского письма. Алматы, 2003.
  34. Ахметов М.А. Глагол в языке орхоно-енисейских памятников (в сравнительном плане с современным башкирским языком). –Саратов, 1978.
  35. Малов С.Е. Енисейская письменность тюрков. –М.–Л., 1952.
  36. Насилов В.М. –Язык орхоно-енисейских памятников. –М., 1960.
  37. Насилов В.М. Язык тюркских памятников уйгурского письма ХІ-ХVвв. –М., 1974.

 

 

 

* У дауысты, С дауыссыз дыбыс түрінде оқылсын.