ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ‑ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫ
Д И П Л О М Ж Ұ М Ы С Ы
Көркем әдебиет тілінде кездесетін бейәдеби элементтер (Дөрекі сөздер,одағайлар, орыс тілі элементтері, қарғыс сөздер)
Алматы, 2009
МАЗМҰНЫ
І-ТАРАУ. БЕЙӘДЕБИ ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ КӨРКЕМ ШЫҒАРМАДА АЛАТЫН ОРНЫ, МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ… 8
І.1. Дөрекі сөздердің сипаттамасы.. 8
І.4. Шығармада орыс тілі элементтерін қолдану — жазушы шеберлігінің бір қыры
ІІ ТАРАУ. ӘДЕБИ НОРМАҒА ЖАТПАЙТАН СӨЗДЕР МЕН СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТТЕГІ ҚОЛДАНЫСЫ…
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
РЕФЕРАТ
Жұмыстың тақырыбы
Көркем әдебиет тілінде кездесетін бейәдеби элементтер (дөрекі сөздер,одағайлар, орыс тілі элементтері, қарғыс сөздер).
Жұмыстың көлемі 46 бет
Жұмыс мазмұнын сипаттайтын тірек сөздер
Жұмыстағы негізгі ұйымды білдіретін термин мен сөз тіркестері: эмоционалды-экеспрессивтілік, табу, эвфемизм, дисфемизм, какофемизм, қарапайым сөздер, диалог, монолог, дөрекі сөздер, жаргон сөздер, эмоционалды-экспрессивті лексика, тұрмыстық лексика, тіл нормасы, одағай сөздер, сөйлеу тілі, қарғыс сөздер, діни лексика, просторечие, городское койне, қала тілі, ауыл тілі
Зерттеу жұмысының дерек көздері
Жұмыста М.Әуезов, Р.Сыздық, М.Балақаев, Б.Шалабай, М.Серғалиев т.б. ірі ғалымдардың еңбектері мен көзқарастары басшылыққа алынды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:
Көркем әдебиет тілінде кездесетін бейәдеби элементтердің алатын орнын, маңыздылығын зерттеу;
Бейәдеби элементтердің көркем әдебиеттегі қолдану мақсатын айқындау;
Көркем шығармадағы бейәдеби элементтердің маңыздылығын мысалдар арқылы дәлелдеу;
Зерттеу жұмысында қолданылған әдіс-тәсілдер
Жұмыста сипаттау, жүйелеу, талдау әдістері қолданылды. Бейәдеби элементтердің стильдік қалыптасуы көбінесе оларды практикалық тұрғыдан ұғынуымен қатар жүреді. Зерттеу материалдары М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, О.Бөкей, Д.Исабеков, О.Әубәкіров, Ә.Кекілбаев және т.б. жазушылардың шығармаларынан алынды.
Алынған нәтижелер және жұмыстың ғылыми жаңалығы
Қазіргі қазақ көркем әдебиет тілінің стильдік қызметі толығымен, дерлік зерттелмегендіктен көркем әдебиет тіліндегі бейәдеби элементтер деген тақырып алынып отыр. Көркем әдебиет тіліндегі бейәдеби элементтердің әдеби нормаға жатпаса да шығармада алатын орнының қомақты екендігі теориялық және практикалық жағынан барынша дәлелденді.
Жиналған мәліметердің сапасы мен саны
Зерттеу жұмысымыз жүйелі және жан-жақты болуы үшін 15 жазушы шығармасынан 230 мысал алынды.
Көркем сөз өнерінің небір майталмандары сөз өнерінің бастауын жалпы халықтық тіл қорынан алатындығы жаңалық емес. Жалпы халықтық тілді жаңарту, байыту, жаңа қырынан жарқырата қолдану — әрбір жазушының жеке шығармашылық жемісі. Тиесілі сөздің тетігін тауып пайдалану сөз өрнегін келісті сала білген жазушының шеберлігін танытады. Қандай да бір көркем шығарманың көркі, шұрайы сол шығарманың тілі арқылы көрінеді, тілі арқылы бағаланады.
Тіл – стильдің жаны. Әр жазушының өзіндік қалыптасқан стильдік мақамы бар. Көптеген халыққа танымал ірі қаламгерлердің үлкенді-кішілі атақты шығармаларын қолға алып үңіле түссең-ақ, кімнің шығармасы екенін айнытпай айтуға болады. Әдемі өрнек, сұлу сөзге тұнып тұрған, ұзын сонар ширатылған Әуезов сөйлемдерін, өлең жолдарындай өзара ұйқасын тауып, үйлесіп, төгіліп тұратын, артық деп бір сөзін алып тастауға көнбейтін Аймауытов сөйлемдерін, есте ұстауға ерекше икемді, әрбір кейіпкерін «өмірдің өзінен ойып алған» Майлин сөйлемдерін ешкіммен шатастыруға болмайды.
Тақырыптың өзектілігі
Көркем әдебиет тілін зерттеу – филология ғылымдарының алдында тұрған бүгінгі таңдағы қажетті міндеттердің бірі.
Көркем шығарманы талдау арқылы көркем әдебиет тілінде экспрессивтік-эмоциялық жүк көтеріп, өзіне соншалықты міндет артып тұрған сөздер мен сөз орамдары, сөйлемдердің үлкен маңызы, мәні бар екенін байқаймыз. Осындай таңдаулардың көмегі арқылы ғана жазушының сөз қолдану ерекшелігі жан-жақты ашылады. Жазушы қолданған әрбір элементтің мейлі ол әдеби нормаға жатпасын алатын орны ерекше.
«Көркем әдебиет тілінде кездесетін бейәдеби элементтер» деген тақырыптың қазақ тіл білімінде біраз зерттелгенімен, ол – монографиялық ізденіс ретінде әлі де толықтыра, айқындай түсуді қажет ететін проблема.
Көркем дүниедегі бейәдеби элементтердің стильдік қызметін зерттеу арқылы оның сыры, маңыздылығы ашыла түседі.
Зерттеу деңгейі
Қазақ көркем әдебиеті тілін зерттеуге өзіндік үлес қосқан зерттеушілеріміздің ең алдыңғысы деп Мұхтар Әуезовты айтуымызға болады. Ол сонау 50-жылдардың өзінде «Манас» жырының тілдік өрнектерін талдау арқылы бізге мол мирас қалдырған.
Қазақ көркем әдебиеті тілін зерттеуге қомақты үлес қосып келе жатқан ғалымдардың бірі – Рабиға Сыздықова. Зерттеушінің стилистикаға байланысты жазған ғылыми еңбектерінен жазушының сөз қолданысы, стиліне байланысты құнды пікірлер мен ғылыми тұжырымдарды көре аламыз.
Осындай ірі тұлғалардың ірі пікірлеріне сүйеніп, қазақ көркем әдебиет тілін зерттеуге үлес қосып жүрген зерттеушілеріміздің есімін атап өтпеуімізге болмайды. Шалабай Б, Әміров Р, Бизақов С, Сәрсеке Г, Майтанов Б т.б. осы бағыттағы ірі зерттеушілеріміз.
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері
Қазіргі қазақ әдебиет тіліндегі бейәдеби элементтердің қызметін көрсету. Ол мақсатқа орай мынадай міндеттерді қойдық:
Көркем әдебиет тілінде кездесетін бейәдеби элементтердің алатын орнын, маңыздылығын зерттеу;
Бейәдеби элементердің көркем шығармада қолдану мақсатын айқындау;
Көркем шығармадағы бейәдеби элементтерді маңыздылығын мысалдар арқылы дәлелдеу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы
Осы көрсетілген міндеттерден де аңғарылуы тиіс, дегенмен нақтырақ айтсақ:
Қазақ көркем әдебиеті тілінде кездесетін бейәдеби элементтердің алатын орны, мүмкіндіктері лингвистикалық стилистика тұрғысынан көрсетілді;
Көркем шығармадағы бейәдеби элементтер нақты материалдар (мысалдар) арқылы талданды;
Дөрекі сөз, орыс тілі элементтері, қарғыс, одағай сөздер осы жұмыста кеңінен баса көрсетілді;
Аталған бейәдеби элементтердің образ жасауға қатысы нақты мысалдармен көрсетілді.
Зерттеу жұмысының көмегімен көркем әдебиет тілінде кездесетін бейәдеби элементтердің әдеби нормаға жатпаса да шығармада алатын орнының қомақты екендігі барынша дәлелденді.
Зерттеудің әдістері
Жұмыста сипаттау, жүйелеу, талдау әдістері қолданылды.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы
Жұмыс зерттеушіні көркем сөз сырына, сөздердің не сөз оралымдарының қолданылу заңдылықтарына қанықтыра түсуде, бейәдеби элементтердің көркем шығармадағы орнын, қызметін, мүмкіндіктерін көрсететін лингвистикалық тұрғыдан талдауда септігін тигізетін танымдар мен талдаулар.
Зерттеу жұмысының құрылымы
Жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І-ТАРАУ. БЕЙӘДЕБИ ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ КӨРКЕМ ШЫҒАРМАДА АЛАТЫН ОРНЫ, МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
І.1. Дөрекі сөздердің сипаттамасы
Көркем әдебиет тілін зерттеу – филология ғылымдарының алдында тұрған бүгінгі таңдағы қажетті міндеттердің бірі. Көркем туынды белгілі бір оқиғаны оқырман сезіміне әсерлі, бейнелі етіп жеткізетіні белгілі. Сол әсерлілік пен бейнелілік түрлі амал-тәсілдермен жүзеге асырылады. Шығарма тілін талдау әдеби шығарманың көркемдік әрі эстетикалық қасиетін танып-білуге көмектеседі, кейіпкерлер тілінің өзіндік болмысын анықтауға мүмкіндік туғызады және стилистиканың көптеген мәселелерін шешуге көмегін тигізеді.
Көркем әдебиет тілін зерттеу түркологияда өткен ғасырдың 50-60 жылдарынан бастап қолға алынды. Соның өзінде жекелеген жазушылардың немесе олардың белгілі бір шығармаларының тілін талдау түрінде қалыптасты. Мұндай зерттеулер әзірбайжан, татар, қырғыз, өзбек тағы басқа түркі тіл білімдерінде пайда бола бастады.
Оларда ұлттық әдебиетті дамытуға зор үлес қосқан ақын, жазушылар тілінің сөздік құрамы, грамматикалық құрылысы, бейнелеу құралдары жан-жақты талдау нысаны болды. Түркологияда осы аралықта көркем әдебиет тілі мәселесін жалпы теориялық тұрғыдан да қарастырған еңбектер жарық көрді. Және проза тіліне қарағанда, өлең тілі анағұрлым терең де жан-жақты зерттелді (24; 25; 26).
Сонымен бірге түркологияда көркем әдебиет тілін әдеби тіл дамуының тарихы тұрғысынан қарап шешу жағы басым болып, ал көркем шығарма тілін өнер тілі тұрғысынан талдап зерттеу жағы кешеуілдеңкіреп қала берді.
Көркем әдебиет тілін зерттеудің қазақ тіл біліміндегі жалпы, қазақ филологиясындағы жайына келетін болсақ, оның біршама қалыптасқан тарихы, жасалған үлгісі, жинақталған тәжірибесі бар. 50-жылдары М.Балақаев, М.Әуезов, Қ.Жұмалиев (14;4) т.б. ғалымдар тарапынан негізі қаланған бұл сала алғашқыда жекелеген жазушылардың тіл ерекшеліктерін анықтау, сараптау тұрғысынан және әдеби тілмен арадағы байланысын анықтау тұрғысынан қолға алынса, кейін қомақты жалпы теориялық және нақты тәжірибелік ізденістерге айналды (12;27;28;29). Бұл еңбектерде көркем әдебиет тілін зерттеу жекелеген ақын жазушылардың әдеби тілге қосқан үлесін анықтау тұрғысынан да, сөз қолданудың көркемдік қырларын, шеберлік сырларын сөз ету тұрғысынан да жүргізілді. Оларда көркем шығарма тілін зерттеудің теориялық мәселелері де қаралады. Жекелеген көріктеу құралдары да зерттелді және көркем шығарма тілін талдаудың нақты үлгілері де жасалды (28;31;33;30;32).
Бұлардың қай-қайсысыда қазақ көркем әдебиеті тілін зерттеуге мол үлес қосқан, қазақ көркем әдебиеті стилистикасының ғылым саласы ретінде қалыптасуына елеулі атсалысқан зерттеулер. Алайда солай дегеннен көркем әдебиет тілін зерттеудің теориясы мен тәжірибесі қалыптасып бітті деген сөз шықпайды. Бүгінгі таңда біз әсіресе көркем әдебиет тілін зерттеудің жалпы теориялық мәселелеріне зәруміз. Сол теорияны жасақтауға өзіндік үлесін қосатын кейбір көзқарастарға тоқталсақ, Мұхтар Әуезов көркем әдебиет тілі туралы арнайы зерттеу жұмысын жазбағанмен, сөз өнерінің көркем тілдік материалы туралы қазақ филологиясында әлі күнге дейін айтылмаған тың ойды сонау 50-жылдары айтып, оны талдаудың үлгісінде атақты «Манас» жырының тілдік өрнектерін талдау арқылы көрсетіп берген еді.
«Поэзиялық лексика – жай лексика емес. Оны аңғару үшін әрі тілші әрі әдебиетші болу шарт» (15,276) деп, көркем әдебиет тілінің өзіндік ерекшелігін дөп басып, дәл тапқан ғалым, «сол тілдегі зерттеуші ғалым ғана тілде, әсіресе көркем әдебиет тілінде грамматикалық шарттарға қосымша, поэзиялық өзгеше үстем шарт, талаптар барын таныр еді. Оның ұғымынша көркем шығарманың бір сөйлемінде тұрған сөз бір-ақ қана ұғым, түсінік бермейді. Соны берудің үстіне ол әралуан қосымша ассоциация тудырып, оқушыға қосымша елес – емеурін танытып тұрады. Бұндай қатарда, жеке сөз өзінің орны мен сәтін тапқан шақта жаңаша жанданып кетеді… Оның көркемдігімен қатар сөйлем ішінде өзінен-өзі ұшқын атып тұрған сипаты болады» (15,283).
Қазақ көркем әдебиеті тілін зерттеуге қомақты үлес қосып келе жатқан ғалымдардың бірі – Рабиға Сыздықова. Әдеби тіл тарихы, ондағы ақын-жыраулар шығармашылының орны, рөлі туралы зерттеулері ғалымды ақын-жыраулар тілінің көркемдігіне, дара стиль мәселесін зерттеуге алып келді. Ол Абай тілінің лексикасы мен грамматикасын жан-жақты талдай келе тілдік жүйенің Абай поэзиясының құдіретті қуатын қалай жасайтынына көңіл аударды. Сол арқылы әдеби тілінің өзіндік заңдылықтары бар дара ғалым бола алатынына көпшіліктің көзін жеткізді.
Р.Сыздықова жазушы тілінің көркемдігі, шеберлігі туралы мәселені оның мәнері (стилі) деген ұғыммен байланыстыра қарайды (34,319). Ал «жазушы тілі дегенге келсек, ол — қаламгердің жалпыға ортақ тіл қазынасына алып көпшілікше қолданған, көптеген жазушыға тән сөздік байлық пен грамматикалық тұлға – тәсілдер, орысша айтқанда первоэлемент, яғни жазушы тілінің сүйегі» (34, 319).
Осындай ірі тұлғалардың үлкен пікірлеріне сүйеніп, қазақ көркем әдебиет тілін зерттеуге үлес қосып жүрген зерттеушілеріміздің есімін атап өтпеуімізге болмайды. Шалабай Б, Әміров Р, Бизақов С, Сәрсеке Г, Майтанов Б т.б. осы бағыттағы ірі зерттеушілеріміз (28; 36; 37; 38; 35; 29). Аталған зерттеушілеріміз – «кең мәніндегі филологтар» (35, 29).
Тілдік-стильдік талдау арқылы көркем әдебиет тілінде экспрессивтік-эмоциялық жүк көтеріп, өзіне соншалықты міндет артып тұрған сөздер, сөз оралымдары, сөйлемдердің үлкен маңызы мәні бар екенін байқаймыз. Осындай талдаулардың көмегі арқылы ғана жазушының сөз қолдану ерекшелігі жан-жақты ашылады. Талдау барысында жазушы қолданған сөздердің мағыналары ашылып, олардың эмоциялық бояуын түсінуге ерекше көңіл бөлінеді. Тілдік амал-тәсілдер образ жасау құралы ретінде оқырманның сезіміне әсер етіп, олар эстетикалық-көркемдік қызметте жұмсалады.
Көркем әдебиет тілінде қолданылатын сөздер мен сөз оралымдарының стильдік қызметі тіл мамандары мен сөз зергерлерінің назарын ерекше аударып келеді. Бұл назар аудару өте орынды, әрі маңызды.
Көңілімізге әр жағдайда әртүрлі сезім беріп, жүрегімізді бірде қуанышқа бөлеп, бірде қайғыға, мұңға батыратын сөздің қызметі ерекше.
Тілімізде әдеби тіл нормасына сіңісіп, қоғамдық өмірдің барлық саласында бірдей қызмет ете қоймағанымен, коммуникативтік қызметте берік орныққан, соған орай ауызекі сөйлеу тілі стилінде жиі қолданылатын сөздердің біршама қалың қабаты бір екені белгілі. Оның қатарына біреулер қарапайым сөздер, табу мен эвфемизмдерді жатқызса (4, 44), енді біреулері бұған дисфемизм (какофемизм) сөздерді де қосады (38, 36). Шындап келгенде бұларда мағыналық айырма болғанымен (бірі-қарадүрсіндеу, бірі-сыпайы, бірі-дөрекі), қызметтері жағынан, стильдерге қатысы жағынан бірдей сөздер, соған орай оларды «қарапайым сөздерң деп ортақ атауға алғанды дұрыс санадық. Бұл топтағы сөздердің изогласы (таралу шегі) жоқ болғандықтан да және эмоционалдық әсерінің күштілігінен де қаламгерлер өз туындыларында оларды қолданудан тартына қоймайды. Бірақ оның өзі де білікті, талғамды қажет етеді, соған орай оларды пайдалану өрісі әр жазушыда әртүрлі ауқымда, алатын нәтиже де әрқилы.
Сөйтіп, өз туындыларында дарынды суреткерлер кейіпкер тұлғасын сомдауға, оны жан-жақты ашуға тілдегі амал-тәсілдерді кеңінен пайдаланады.
Кейіпкердің сөйлеу мәнерін көрсетуде жазушы оның аузына сөйлеу тілі элементтерін салады.
Шебер суреткердің стиль даралығы кейіпкер аузына сөз, сөз оралымдарын белгілі мақсат көздеп салуынан байқалады. Ол тілдің лексикалық қабатына тереңнен бойлай, татымды керегін ұтымды тәсілмен ала білген, сөз қазынасын молынан игеріп, оны айтпақ идеясымен қиюластыра білген суреткердің қаламымен өрнектеледі.
Көбінесе жазушылар өз кейіпкерлерінің бейнесін диалог, полилогтердегі сөйлеу үрдісімен толықтыра түседі.
Диалог – тілдік қатынастың бастапқы және табиғи түрі. Оның түп төркіні сөйлеу тілі. Ал сөйлеу тілінің өзіндік ерекшелігін көрсететін белгі – кейіпкердің сөйлеу мәнері. Ол ерекшелік ең алдымен, кейіпкер тіліндегі лексикадан басталады.
Сөйлеу тілі лексикасының құрамына көбінесе қарапайым, тұрпайы, дөрекі сөздер, жаргон сөздер және диалектизмдер мен кәсіби сөздер енеді. Бұлар алдын-ала дайындықсыз, кенеттен сөйлегенде қолданылады. Көркем шығармада жазушы мұндай сөздерді кейіпкер аузына белгілі бір мақсат көздеп салады.
Көркем шығармада кейіпкер сөзі ауызекі сөйлеу тіліне жақын келеді. Бірақ көркем әдебиеттегі диалогтің өзіндік ерекшелігі бар. Көркем диалог — жазушының қаламымен өңделген, автор идеясына бағынған тілдік кесте.
Диалог қысқа, икемді, бай ой-тұжырымдарға құрылады. Оның оралымды болуы өмірлік ситуацияға динамикалық қозғалыс береді.
Кейіпкер тіліндегі дөрекі, қарапайым сөздер оның мінезінің бір қырын аша түседі. Қарапайым сөздер – жазушы үшін кейіпкер бейнесін жасауға қажет тілдік-стильдік элемент. Мұндай сөздердің кейіпкер аузында экспрессиясы арта түседі. Сөздердің мұндай қасиетін байқаған тілші-зерттеушілеріміз бұл сөздерді эмационалды-экспрессивті лексика құрамына кіргізіп қарастырып келеді.
Бір топ ғалымдар эмоционалды-экспрессивтікті кең түсініп, оны стилистикалық бояумен байланыстырса, екінші топ ғалымдар стильдік бояу жеке сөздерде де эмоциялық мағына элементтерінің дербес болатындығын көрсетеді.
Бұл тұжырымдардың, осы құбылыстың қазақ тіліне де тікелей қатысы бар. Эмоционалдық және экспрессивтілік мәселелерінің кейбір аспектілері М.Балақаев, Ғ.Мұсабаев, Ә.Қайдаров, Ш.Сарыбаев еңбектерінде көрініс тапты. Соңғы жылдары А.Абдуллаев, Х.Нұрмаханов, Ш.Нұрғожина сынды зерттеушілердің еңбектерінде аталмыш мәселе кеңінен зерттеле бастады. І.Кеңесбаев: «Фразеологизмдердің синонимдік варианттары сияқты, лексиканың әртүрлі элементтері де жалпы тілдік және сөйлеу процесі барысында сөзге экспрессивтік реңк беріп тұрады», — деп көрсетеді (9.30). Ал М.Серғалиев өз жұмысында эмоционалдық пен экспрессивтілік құбылыстарын синтаксистік құрылымдар мен синонимияның негізгі меже белгілері болып табылатын қасиеттерінің құрамдас бір бөлігі ретінде алады (30.10).
Тіліміздегі эмоционалды-экспрессивті сөздерді зерттеген еңбектерді басшылыққа ала отырып, зерттеуші Ш.Нұрғожина сөйлеу тіліндегі эмоционалды-экспрессивті лексиканы алты түрге жіктейді. Олар:
Жалпы қолданыстағы лексика;
Қарапайым сөздер;
Тұрмыстық лексика;
Әдепсіз, балағат сөздер;
Диалогтілер;
Варваризмдер;
Эмоционалды-экспрессивті лексиканың алты түріне де жеке-жеке тоқталған Ш.Нұрғожина алтауына да тілдік фактілер ұсынады және «халықтың ауызекі сөйлеу тіліндегі қарапайым сөздердің экспрессиясы күшті болып келеді. Сондықтан олар ешбір өзгеріссіз сол қалпында кейіпкерлер тілінде беріледі» (37.220) деп, оған мысалдар келтіреді: Ана сорлы таздың жамандығы ғой. Әшейінде адамсып, шәңгірлеп сөйлер еді, енді қайда қалды екен? (Б.Майлин. Раушан-коммунист) немесе мынадай мысал, «Жалап-жұқтау» деген сөз бе екен, — дейді Қайрақбай кейіп, — «сіміріп жұтқаныңң деп неге айтпайсыңдар? (С.Мұқанов. Мөлдір махаббат).
Эмоционалды-экспрессивті лексикада сөйлеу тіліндегі қарапайым сөздердің өзіндік орны бар. Бұл жөнінде Ш.Нұрғожина: «… семантически емкие и потенциально способные выразить объективно-субъективную экспрессию, эмоции и оценку. При этом разные типы просторечных слов передают три коннотативные признако в разной степени сочетаемостиң, — деп қорытады (37,30); зерттеуші әдепсіз, балағат сөздер тез әсер етумен ерекшеленеді дей келіп, мынадай мысалдар келтіреді:
-Әй, шал, сен де бар ғой, бет жоқ (Нұрманов А.Арайлы таң);
-Жоқ, жоқ. Обал жоқ Айжанға, намыссыз қаншық. Қатын үстіне барғанша өлсейші, — деп күліп жүрген құрбылар да аз емес (С.Адамбеков. Қожанасыр қақпасы). Көріп отырғандай адамның көңіл-күйі, эмоциясы тіл арқылы шығып отырады. Оның бағалаушылығы номинативті-функционалды категория бола отырып, айтылатын зат пен оның тыңдаушысының қатысын көрсетеді.
Эмоционалды-экспрессивті лексиканы «жағымды» және «жағымсыз» деп екіге бөліп қарастырған өзбек ғалымы Л.Абдуллаева «жағымдыға» құрметтеу, кішірейту еркелету сөздерін жатқызса, «жағымсызға» дөрекі, тұрпайы, ирониялық-кекету және қомсыну сөздерін жатқызады. Сонымен бірге «Жағымсыз мәндегі эмоционалды лексика тек жаман кейіпкерді сомдау үшін емес, сонымен қатар жағымды кейіпкердің жағымсыз эмоцияларын реніш, күйінішін, ашуын суреттеу мақсатында да пайдаланады» (44.23) дейді.
Қарапайым, дөрекі сөздердің тіл нормасына жатпайтындығы белгілі, бірақ оларды орынды, әрі там-тұмдап қолдану тілді тұщылықтан сақтап, оны өткір де әсерлі етеді. «Все средства языка выразительны, надо лишь только умело воспользоваться имиң (1.53) деген В.В.Виноградовтың сөзіне құлақ түрсек, қарапайым, дөрекі сөздерді де өз орнымен сөйлетсек еш сөкеттігі жоқ деген қорытындыға келеміз.
Дегенмен дөрекі сөздер сөйлеу тілінің лексикасына жатады. Сөйлеу тілі лексикасына функционалдық сөйлеу стиліне тән сөздер жатады. Сөйлеу лексикасы өзіндік ерекшелігіне байланысты мынадай топтарға бөлінеді:
А) тұрмыстық қарапайым лексика
Б) варваризмдер
В) әдеби сөйлеу лексикасы
Дөрекі сөздер осы бөліктің біріншісіне кіреді. Тұрмыстық қарапайым лексикаға күнделікті өмірде, тұрмыстық қарым-қатынаста қолданылатын жалпы халыққа белгілі, сөйлеу тілінің аясындағы сөздер жатады. Тұрмыстық қарапайым сөздердің ішінде бір нәрсенің бағасын кеміту, құнын түсіру, төмендету мақсатында қолданылатын стилистикалық бояуы бар сөздер көп кездеседі. Мұндай сөздер көркем шығармада образды ашуға көп көмегін тигізеді.
Тіл мәдениетін арттыратын басты қасиет — қарапайымдылық. Олай болса, ауызекі сөйлеу тілін (қарапайым, дөрекі, дөкір сөздерді) орынды пайдалану – көркем әдебиет стилінің ерекше бір сипаты. Бұл жердегі қарапайымдылық дегеніміз — өмір шындығы. «Жазушы дегеніміз – шындыққа жүгіну, ал әдебиет дегеніміз – сол шындықты шырақ алып іздеуң, — дейді О.Бөкей.
Осы ойымызды ғалым Р.Сыздықованың мына пікірі толықтай түсетін сияқты. Ол: «Раушан гүлі жарып шығып құлпыруы үшін табиғат шіркін тікенектерді де керек етіп жаратқаны сияқты сөз өнері табиғаты керек жерінде «ащы-тәттің сөздерді шебер қолдануға да баратын боларң, – дейді. Мұндай дөрекі, тұрпайы сөздер мен сөз оралымдары көркем әдебиетте өз орнымен келген кезде, кейіпкер болмысын ашуға зор көмегін тигізеді. Лексикалық мұндай қатпардың кейіпкер аузында жиі кездесуі – болмыс шындығын ашуға мейлінше мүмкіндік беретін суреткер шеберлігі.
Қаламгер шеберлігі сөз қазынасындағы дайын қалпында қолданыла беретін тіркестерді ұтымды, орынды пайдалануынан да байқалады. Әсіресе қарапайым фразеологизмдерді көркем әдебиетте қолдану жазушы шеберлігін шыңдайды.
Әдеби тіл нормасына сай келмейтін жай, дөрекі тұрақты тіркестерді қарапайым фразеология дейміз (41.117). Алайда ол әдеби тіл нормасына жатпағанмен, көркем әдебиетте образ жасау үшін кейіпкердің ой-өрісін, өскен ортасын, әлеуметтік халін, мінез-құлқын көрсетеді.
Сөздікте қарапайым фразеология – жоғарғы экспрессиямен, еркін қолданылуы және төменгі дөрекі мазмұнмен ерекшеленетін функционалды стилистикалық категория.
Қарапайым фразеологизмнің айырым белгісі ретінде олардың төменгі – дөрекілеу мазмұны қызмет етеді, олар еркін ауызекі тілінде қолданылады.
Ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер әдеби тілге жататын болса, қарапайым қолданыстағы фразеологиялық тұлғалар көбінесе әдеби нормадан тыс болады.
Т.А.Дегтерованың «Просторечные выражения могут допускаться в литературной письменной речи лишь с четкой стилистической мотивировкой, так чтобы читатель сразу же понимал целесообразность и необходимость их использования. Полная осознанность просторечного качества слова или выражения со стороны автора и применение этого качества в определенных стилистических целях являются теми обязательными условиями, при которых просторечные элементы не вступают в конфликт с культурой речиң, деп айтқанындай (60,62), қарапайым фразеологизмдерді көркем әдебиетте қолданғанда абай болу керек.
Қарапайым фразеологизмдер тілде кеңінен қолданылады деп айтуға да болады. Мысалы В.М.Глуховтың «разговорная и диалектная часть нашего русского национального языка бытует преимущественно в устной форме и служит для повседневного производственно-бытового общения. Ныне разговорно-просторечный вариант русского языка широко используется не только, как это было прошлом, безграмотный и отсталый частью населения, но и большинством русских. Просторечие активно используют и те носители русского языка, которые в совершенстве владеют литературными нормами. Ср., например, наличие разговорно-просторечных слов и фразеологизмов в речи героев современных телеспектаклей и художественных произведений (59,77)ң, — деп айтқан пікірі қазақ тіліне де қатысты.
Қарапайым сөйлеу тілінің қамтитын аумағы өте кең. Көркем әдебиет тілінде, сондай-ақ жалпы халық арасында да өте қарапайым тілде сөйлейтін адамдар аз емес.
Қарапайым фразеология күнделікті тұрмыстағы сөйлеу тілінде жұмсалады. Олар – алғыс, қарғыс мысқыл, жек көру, тағы басқа сол сияқты мәнді білдіретін фразеологизмдер. Олардың мағыналары да дөрекі болып келеді.
Қарапайым фразеологияға әдетте жағымсыз эмоционалды-экспрессивті мағынаға ие болатын және күнделікті тұрмыс тілі мен көркем шығарманың кейбір кейіпкерлер тілінде қолданылатын, әдеби тілдің нормасына сай емес дөрекі фразеологиялық тұлға жатады. Олардың көбіне әдепсіздік, тұрпайылық, ожарлық тән.
Қарапайым фразеологиялық тұлғаның дөрекілік дәрежесі әр түрлі екендігін айта кету керек. Кейбіреуі дөрекі емес, көңілге қатты тимейді, яғни ауызекі сөйлеу стиліне жақын; екіншілері дөрекілеу; үшіншілері өте дөрекі.
Мысалы:
- Дөрекі емес фразеологиялық тұлғалар: бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай; бірде бие, бірде түйе; жайдақ атқа мінгізу;
- Дөрекілеу: айран ботқа болу, құйрығы қоныс таппау;
- Өте дөрекі: көк инені көтіне түртпеу, т.б.
Қарапайым фразеологиялық тұлғаның негізгі лексикалық белгісі — әдепсіз, дөрекі сөздермен келуі. Бұл көркем әдебиеттерде көптеп кездеседі. Дегенмен біраз фразеологизмдерді терсек, олар мынадай болып келеді екен.
К…і ашылу
К…і көріну
К…і айналғыш
Есектің артын жу
Шілдің боғындай бытырау
Жегені-у, ішкені зәр болу
Зәрін ашшу
Бірде биенікі, бірде түйенікі
К…і шелектей болу
Арты (к…і) ашылу
Көк инені көтіне түртпеу
К…іне бақпау
Сідік шаптырым жер
К…інен кейін кері сию
К…і тесілгенше отыру
К…інен су аққанша отыру
Салдақы қар
Көріп отырғанымыздай дөрекі сөздер немесе тіркестерді қолдану барысында дөрекі сөздердің бір-ақ әрпін немесе басқа әрпімен соңғыларын қалдырып, басқаларының орнына көп нүкте қойып кету көркем әдебиетте кездеседі. Мұндай тыйым салынған сөздерді ауыстыруда рөл атқаратын тәсілдердің бірі – эллипсис. Бұл – белгілі бір ойды білдіретін сөйлемнің кейбір мүшелерінің контекстен түсіп қалуы. Кейбір сөздер дөрекілігінің немесе айтуға ерсілігінің салдарынан мәтіннен жорта, яғни әдейі түсіріліп қолданылады. Бұл әдісті көбінесе ақын, жазушылардың өздері немесе олардың шығармаларын жарыққа шығаратын баспа орындары жиі қолданады.
Мақал-мәтелдерде кездесетін дөрекі сөздер туралы белгілі зерттеушіміз Ә.Ахметов былай дейді: «Мақал-мәтелдерде кездесетін дөрекі сөздер күнделікті ауызекі тілде ашық қолданылады. Дегенмен, дөрекінің аты-дөрекі. Бірақ, қазақта «сөзге сөз келгенде, сөйлемесе атасы өлер» деген сөз бар, сондықтан ондай ыңғайсыздау мақалды қолданбас бұрын, сөйлеп отырған адам оның тігісін жатықтау етіп көрсету үшін, алдымен «Ұлы сөзде ұят жоқ» деген мәтелді бет перде етіп айтып алғаннан кейін ғана оғаш сөздерді қымсынбай айтып жібереді. Әйтпесе, тыңдап отырған жұрт дөрекі сөз иесін сөгіп тастауы ықтимал» (22.207).
Ал, көркем шығармаларға келетін болсақ, мақал-мәтелдерде кездесетін дөрекі сөздер сол қалпында немесе бұдан бұрын айтып өткендей, олардың орны көп нүктемен толтырылады. Мысал келтірсек:
Сенген қойым сен болсаң, күйсеген аузыңды……
Тышқан ……. көріп жаралы болыпты.
Иттің ….. дәрі болса, дарияға……
Біздің елде….. жейтін қарғалар бөгде елге келіп, жыл құсы болып қалыпты.
Мақал-мәтелдер көбінесе кейіпкер аузынан сол қалпында шығып отырады.
Көркем шығармаларда басқа тілден енген дөрекі кірме сөздердің де қызметі айтарлықтай.
Қазақ тіліне ертеректе өзбек, татар тілдері арқылы араб және парсы тілдерінен енген кірме дөрекі сөздердің дәл мағынасын, ұғымын білдіретін сөздер қазақ тілінде де баршылық. Мәселен, дәрет, нәжіс, зайып, анар, кейуана, сүндет, зинақор т.б. Бірақ төл сөздерден гөрі осы кірме сөздердің көркем әдебиетте қолданылуы анағұрлым жатықтау екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Мұндай дөрекі кірме сөздер көркем әдебиетте өз орнын таба алған.
Нағыз жазушы кейіпкерлерін өздері беріп тұрған образға сай сөйлетеді. Кейіпкер сөзі оның бейнесін жасауға тікелей қызмет ететін көркемдік тәсілдің бірі болып саналады.
Кейіпкер тілінде ауызекі сөйлеу элементтері, жергілікті тіл ерекшеліктері, кірме сөздер, бөгде тілдік элементтер молынан көрінеді.
Көркем әдебиет халық тілінің негізінде қалыптасады. Олар айқын тұрақталған сөздер мен сөз оралымдарынан тұрады.
Қорыта айтқанда көркем шығармаларда кездесетін дөрекі қарапайым сөздердің алатын орны қай жағынан болса да ерекше.
Кісінің сезімін көңіл-күйін, еркін білдіретін, дербес грамматикалық тұлғалары жоқ сөздер – одағай сөздер (53.218). Одағайлар сөйлемде көңіл-күйге байланысты болғандықтан, олар таңданғанда, күдіктенгенде ерекше интонациямен айтылады.
Одағайлар сөйлеу тілінде қаратпа ретінде жиі қолданылады. Әрі олардың көмегімен жасалатын сұраулы сөйлемдер де көп кездеседі.
Адамның көңіл-күйі құбылмалы болып келетіні баршаға аян. Сол құбылмалылық көркем әдебиетте кейіпкер тілінде анық көрінеді. Мысалы, сұраулы сөйлем жасауға қатысатын одағайлар негізінен а, ә, ау, япыр-ау, япырай т.с.с. болады. Профессор Ш.Сарыбаев «қазақ тіліндегі одағайлар» атты еңбегінде е, әу, өй, әй сияқты одағайлардың қай кезде, қандай мағынада қолданылатынына тоқталған. Мысалы, «ә» одағайы 1) сөйлемде қайталап сұрағанда, 2) екінші біреудің есімін қайталағанда, 3) біреуге ашуланғанда және оны қорқытқанда, 4) сөйлемнің ең соңында, яғни өзінен кейін ешқандай сөз табы келмейтін жағдайларда келгенде әр уақытта сұрау мағыналы болады (48).
Жазушылар одағайларды сонымен бірге кейіпкердің таңдану, өкіну, разы болу, сүйсіну, ұнату сәттерін көрсету үшін де пайдаланады. Кейіпкер аузына қап, әттең, ай, құдай-ай сияқты одағайларды салу арқылы автор оның күйінгенін, өкінгенін, қапы қалғанын көз алдымызға әкеледі.
О, бәрекелді, алақай т.б. одағайларды кейіпкер аузынан естісек, кейіпкердің сүйсініп, ұнатып, қуанып тұрғанын бірден байқарымыз сөзсіз.
Жоғарыда айтып өткеніміздей одағайлар көркем әдебиет тілінде қаратпа ретінде жиі қолданылады.
Әр жазушының өзіне тән сөз қолдану тәсілі оның суреткерлік талантына байланысты. Көркем әдебиетте қаратпалардың тұлғалық көрінісі мен стильдік қызметі ерекше. Жазушы кейіпкер бейнесін әсерлі етіп беру үшін қаратпаларға стильдік жүк артып жұмсайды.
Қаратпалар, олар туралы алғашқы түсінік қазақ тіл білімінің негізін салушы Ахмет Байтұрсынов еңбектерінен басталады. Ахмет Байтұрсынов сөйлем ішіндегі сөздерді арнайы сөйлем мүшелеріне қарағанда «бұратанаң деп атауы, әрине, олардың оқшауланып тұратындығы, яғни бүкіл сөйлемге қатысы жағынан дұрыс айқындайды. Автор олардың өзін қазіргідей одағай сөздер, қыстырма сөздер, қаратпа сөздер деп үшке бөлмей, тек қаратпа, қыстырма сөздер деп екіге бөліп көрсетеді. Соның ішінде автор қаратпа сөздерді «сөз бетін біреуге қарата, қадап сөйлегенде айтылатын сөзң (2, 125) деп, оның негізгі қасиетін түсіндіреді. Әрине, автордың қаратпа сөздер туралы ойы дұрыс болғанымен, оның жасалу жолдарын нақты көрсетіп жатпайды. «Қызым, саған айтамын, келінім, сен тыңда! Сөз тыңдаңыз, әлеумет! Әй, Әлжан, қайда барасың? Құдай, оңда! Оңға баста…» сөйлемдерін объектіге ала келіп, «осы сөйлемдердің ішіндегі келінім, әлеумет, әй, әлжан, құдай сөздері қаратпа» деп қаратпаларды берумен шектеледі (2).
Қаратпа ретінде одағайлардың жұмсалуы мектеп, жоғары оқу орындарына арналған еңбектерде тек негізгі сөздерге тіркесіп келуі туралы ғана айтылып келді. Ол негізінде үнемі болып отыратын жай. Сондықтан одағайлар қаратпа сөз, сөз тіркесімен жарыса қабаттасып, оларға деген назардың біреуге арналуына дем беретіні анық. Мысалы: Әй, досым! Негізгі қаратпа сөз досым тәуелділік жалғаулы зат есім де, ал әй-одағай. Сол досым деген сөзге назар аудартудағы күшейтпелі элемент. Әрине, одағайлардың бұлайша жанды, жансыз зат есімдердің бәріне де тіркесіп келуі белгілі жайт. Ал одағайлардың өзі жеке қаратпа ретінде жұмсалуы жайында көптеген тіл ғалымдарының еңбектерінен көре аламыз.
С.Аманжолов мектеп грамматикасында қаратпалар тек зат есімнен ғана болады деп беріп келсе, енді одағай, оның ішінде шақыру одағайлары арқылы да қаратпалар жасалатынын қазақ тілінде алғаш көрсете білді. Ей, мұнда кел! (51-25). Автор осы пікірін 1950 жылғы басылыммен соңғы кезде авторлар ұжымымен шыққан еңбектерінде қайталайды.
Ғалым Р.Сыздықова 1967 жылғы академиялық грамматикада осы тақырып төңірегінде тоқталған. Қаратпалардың құрамында әй, ау, ей, ой, уа, уай тәрізді одағайлардың кейде жеке, кейде қаратпалармен бірге жұмсалуына, сол сияқты олардың семантикасы туралы да біраз мәлімет берген (50).
Профессор М.Балақаев оқшау сөздер оның ішінде қаратпа сөздер туралы, оның ерекшеліктеріне біраз тоқталған. Әсіресе, автор қаратпа сөздер оның кімге арналғанын білдіреді дей келіп, оған қосымша ретінде тағы да олардың айтылған ойға сол адамның көңілін аудару үшін жұмсалатынын алғаш нақтылай түсті. Автор қаратпа сөздердің жеке сөз және сөз тіркесі тұрғысынан жасалатынын көрсетті. Автор бір сөйлемде қаратпа, қыстырма немесе одағайлардың бірге келуіне назар аударған. Сол сияқты автор мұндай сөздердің көркем әдебиеттегі диалогта, шешендік сөзде қолданылатындығын алғаш көрсетті (52.93).
Қаратпалардың әр түрлі стильдік реңктерін ашып көрсетуге тырысқан, қаратпалардың мағыналық жағын баса көрсеткен профессор Р.Әмір «Қаратпа сөз сөйлемнің коммуникативті талабына сай түрліше мағыналық өң алады, сонысына сай лексикалық, грамматикалық, интонациялық түр алады. Ол бірде сөзді қатал, суық, сұсты етіп көрсетуге қызмет етсе, бірде сыпайылық, эмоциялықты білдіру үшін қызмет етеді. Мұндайда ол өзіне түрлі демеулік сөздерді үстейді», — деп қаратпалардың әр түрлі реңктерін де көрсетеді (59).
Қаратпа туралы М.Томанов пен Т.Сайрамбаевтардың оқулығы да жарық көрді, онда, алдымен, жалпы оқшау сөздер, олардың негізгі ерекшеліктері мен түрлері туралы айтыла келіп, қаратпа сөздер, сөз тіркестері және сөйлемнің синтаксистік құрылысы (дара, жайылыңқы), негізгі белгілері мәселесіне арналған. Авторлар қаратпаның табиғаты туралы айта келіп, «Қаратпа сөз арналған адресаттың назарын аудару, айтылып жатқан, айтылатын хабарға әрекетін байқау немесе сөз сөйленіп тұрған сәттегі іс-әрекетке араластыру мақсатын көздейді. Қаратпалардың синтаксистік топ құрамындағы негізгі қызметі сөз арналған жақты білдіріп, сөйлеушілер арасындағы байланысты іске асыру болып табыладың (49) деп бекітеді.
Ш.Сарыбаев одағай туралы айта келіп, Әй! Уа! Ей одағайлары, қаратпа ретінде жұмсалады деп көрсетеді. Әй, бұл кім? Әй, ояумысың? (Б.Майлин). Сол сияқты зерттеуші ау, әу одағайлары да қаратпа ретінде жұмсалады дейді (48).
Көркем шығармадағы өмір шындығы диалогтерден көрінетін болса, одағайлардың бірден көзге түсетін жері – диалогтар. Қаламгер кейіпкерлерді сөйлеткенде оны барынша шынайы, дәл өмірдегідей сөйлеткісі келетіндігі бәрімізге белгілі. Сондықтан да қай шығарманы алсаңыз да ондағы кейіпкерлер ауызекі сөйлеу үрдісінен жазбайды.
Шебер жазушы кейіпкер тілін әрлеп, оның сөз қолданысына поэтикалық өң береді. Суреткер кейіпкер аузына алуан түрлі сөз, сөз оралымдарын салып стильдік мақсат көздейді.
Әр кейіпкердің қоғамда алатын орнына, ой-өрісіне, өмірге көзқарасына, дүниетанымына сай сөйлету – кейіпкер (персонаж) бейнесін аша түсетін стильдік амалдың бірі.
Дегенмен, көркем шығармадағы шындық кейіпкер тілінен көрініп тұрады.
Одағайлар адамның сезімін, эмоциясын білдіретін сөз табы болғандықтан, олар көбінесе лепті сөйлемдерде кездеседі. Ал, шығармадағы адамның көңіл-күйін білдіретін сөйлемдердің бірі – лепті сөйлемдер.
Лепті сөйлем – ойдың айтылу мақсатына қарай бөлінетін сөйлемнің түрі. Ол біршама тиянақты ойға сөйлеушінің эмоциялық сезімін қоса білдіру үшін жұмсалады. Лепті сөйлемдердің мағыналары адамның өкініші, қорқынышы, таңдануы, аянышы, ызалануы сияқты көңіл-күйін білдіреді.
Тікелей адамның көңіл-күйіне байланысты болғандықтан, лепті сөйлемдерді олардың мағыналық түрлеріне қарай Еңсебаева К. былай топтайды:
Өкіну, қапы қалу, аңсау мәнді лепті сөйлемдер;
Кекету, мұқату, жек көру мәнді лепті сөйлемдер;
Таңдану, қуану, разы болу мәнді лепті сөйлемдер;
Сүйсіну, ұнату, тілек мәнді лепті сөйлемдер (56.96).
Мұндай лепті сөйлемдер көркем әдебиет тіліндегі кейіпкер тілінде түрлі мағыналық реңктерге ие болады. Мұндай сөйлемдердің ішінде одағайлардың болуы кейіпкер бейнесін ашып қана қоймай, оның сезім-күйін тереңдете суреттейді.
Жазушы одағай сөздер мен лепті сөйлемдерді (одағайлы лепті сөйлемдерді) кейіпкер аузына үстемелей сала отырып, оның көңіл-күйінің ширыққан сәтін, ол қатысқан оқиғаның шиеленісуін ұтымды береді.
Одағай сөздердің дөрекі сөздер секілді фразеологизмдер құрамында ұшырасатындығы туралы Смағұлова Г. былай дейді: «Тіліміздегі басқа сөз таптарына қатысты фразеологиялық тұлғалар ішінде жиі болмаса да, ауызекі тілде үнемі ұшырасатын фразеологиялық тіркестер бар. Олардың бір тобы – одағайлы сөздермен қатар келіп эмоциялы мағынаны үстеп тұратын тұрақты сөздер. Жалпы алғанда одағайлы тұрақты сөз тіркестері терең ой қорытындыларын бір-ақ сөзбен айтып, айтушының (сөйлеушінің) күшті эмоциясын аңғартадың. Мысалы: Апырай десеңші! Дариға қайран заман-ай! Қарай гөр! Адыра қал! Қап, құдай-ай! Құдай тоба! Уа, дариға! Бәсе десеңші! Айқай дүние! Қайран жиырма бес! Мәссаған безгелдек! т.б. (42.30).
Одағайлар көркем әдебиетте әр түрлі қолданылуы мүмкін. Тосыннан көрген, білген, естіген сәттерде адам реакциясы түрліше болатыны белгілі. Дәл осындай сәттерді оқырманның көз алдына келтіру жазушыдан шеберлікті қажет еткізеді. Мұндай сәттерде жазушыға көмекке келетін сөздердің бірі — одағайлар. Көркем шығармаларда кейде одағайлардың созылып айтылуы кездеседі. Дыбыс созылыңқылығы қарым-қатынас жағдайындағы сөйлеушінің эмоционалдық күйі, коммуникация (қарам-қатынас) тудырған түрлі жағдайларға қатысы және сөз қолданысындағы индивидуалды ерекшеліктеріне қарай айтылуы жағынан ұзағырақ болып, сандық өзгерістен, сапалық өзгеріске айналуы мүмкін. Мысалы: ой-ма-а-й, қа-а-ап, Е-е-е-е т.б.
Көркем шығармада фоникалық құрамдардың қатарындағы дыбыстардың созылыңқылығы:
-кейіпкер басындағы эмоционалдық, психологиялық күйді білдіруде;
-индивидуумның ерекше сөзсаптам машығын сипаттауда;
-уақыт пен кеңістікті, мөлшерді білдіруде;
-субъективтілік модальдықты білдіруде жұмсалады.
Дыбыстық құрылымның проза тіліндегі контекстік әуезділігі — жазушы көздеген белгілі бір стильдік мақсатпен ұйымдастырылған көркемдік құралдардың бірі. Жеке лексикалардағы дыбыстық қайталаулар мен ырғақты сөз орамдары жазушы сомдар образдар суретін қанықтыра түсетін, оның тұлғалық ерекшеліктерін аша түсетін фоностилистикалық тәсіл болып саналады.
Көркем шығармада одағайлардың дыбыстарының созылыңқы болуы көбінесе кейіпкер басындағы эмоциялық, психологиялық күйді білдіру кезінде көрінеді.
Сонымен қай жағынан болса да одағайлардың көркем шығармаларда алатын орны ерекше.
Әр автордың өзіне тән сөз қолдану тәсілі оның суреткерлік шеберлігіне байланысты. Бұл тәсілдер де кейіпкер бейнесінің тілі арқылы жанды іс-әрекетінен, мінез қырларынан, тіпті ішкі жан дүниесінен де хабар береді.
Кейіпкер тіл өзінің алуан түрлі байлығымен, мол экспрессивтік реңктерімен оқшауланады. Осы қасиеттері кейіпкер тіліндегі түрлі тұлғалардың көркем әдебиетте жан-жақты стильдік мақсатта қолданылуына мүмкіндік береді.
Көркем шығармадағы әр кейіпкердің сөз саптауы мен сөйлеу мәнері бір-бірен ұқсамайды. Олардың өзінше сөйлеу дағдысы болады. Бұл әртүрлілік тілдің лексикалық және грамматикалық қабаттары арқылы іске асады. Осындай тілдік байлықты пайдалану суреткер қаламының шеберлігіне байланысты.
Әр адам ұлт тілінің өкілі ретінде өз болмысы мен танымдық, интеллект қасиеттері арқылы дараланып көрінеді, әрі сол ұлт тілін дамытуға, сөздік құрамын байытуға үлесін қосады. Яғни ұлттың рухани мәдениетін қалыптастыруда жеке тұлғаның ықпалы ерекше. Ұлттық рухани мәдениетіміздің бірі тіл екені бәрімізге белгілі. Тіл болашағы — өткенді білумен құнды болмақ. Өткенді білу дегеніміз — қазақ ұлтының мәдени өмірінің ерекшеліктері ретінде танылатын тілдік бейнелі сөздермен сөз орамдарының ұлт мәдениетін танытудағы рөлін бағалау, түсіну. Ішімдегі-тілімде, тілімдегі-сөзімде дегендей, тілімізде (күнделікті тілімізде немесе көркем әдебиетте) кең қолданыста жүрген сөздер мен сөз тіркестері — ұлтымыздың өзге ұлттардан менталдық айырмашылығын көрсететін белгілер. Мұндай белгілерді халыққа танытып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге көмектесетін құрал-көркем шығарма екендігі бәрімізге мәлім. Көркем шығармада кездесетін сөздердің бірі — қарғыс сөздер. Дәл осы қарғыс сөздер — қазақ ұлтының мәдени өмірінің куәсі.
Қазақ ұлтының мәдени өмірінде ежелден қалыптасқан әдет-ғұрыптар көп. Солардың бірі – тілек-бата, ырым, садақа. Мұндай дәстүрлі мәдениет үлгілеріне байланысты айтылатын сөздер мен сөз тіркестерінің қатары жеткілікті.
Қазақ менталитетінде сөз магиясы өте күшті рөл атқарады. Солардың бірі – осы магиялық әсері жоғары тілек-бата сөздері мен қарғыс сөздер. Қазақ ұлтындағы бата беру, тілек айту, теріс бата айту дәстүрлеріндегі қолданылатын тіркестер – халықтың ғасырлар бойы таратқан көркем сөз үлгілері.
«Қазақ тіліндегі күні бүгінге дейін сақталып келе жатқан тілек-бата сөздеріндегі ерекше сөз қолданыстарының сыры неде?» деген сұраққа Г.Смағұлова былай деп жауап береді: «Оның сыры бастан-аяқ шынайы шеберлікпен шыңдалған тілек-бата сөздеріндегі тұрақты тіркестердің бейнелілігі мен мәнерлілігінде» (41.93).
Тілек-бата сөздерінің айтылу ерекшеліктеріндегі алғашқы жолдары ұқсас, бірыңғай діни лексикадан басталуы – назар аударатын нәрсе. Тілек-батаның өзі құдайдан сұрау, жалбарыну, тілек ету сияқты ой ниетінен туатындықтан, тұрақты діни тіркестердің орын алуы заңды.
Қазақ тілінің діни лексикасы, діни тіркестері арнайы зерттелмегендіктен, аталған терминдер шартты түрде алынып отыр.
Тілек-бата сөздерінің атына заты сай айтылар орны мен жағдайы бар. «Батаң ұғымының түп-төркінін зерттеушілер құранның бірінші сүресінің аты «Фатихаданң туындатады. Мұнда жаратушы мен оның Елшісіне мадақ сөз айтылады.
Тілек мазмұндық жағынан батадан алыстап кетпейді. Бірақ тілек сөздерінің, әсіресе соңғы уақыттары дастархан, той үстінде тост көтеру салтында «мықтап түрленіпң бара жатқанын еске алсақ, тілек тілеуден тілек айту сияқты қолданыс қызметі жіктеліп барады.
Сөз магиясына сенудің бір көрінісі халықтың ертеректе қарғыс пен алғысқа немесе батаға өте мән бергенінен байқалатыны жөнінде жоғарыда айтып өттік. Мұндай сөздердің немесе тіркестердің пайда болуының себебін ғалым Ә.Болғанбаев былай түсіндіреді: «Бұлардың негізгі идеялары көбіне діни ұғымдармен байланысты. Кісінің аузынан шыққан алғысы мен қарғысы арқылы адам баласы мен жан-жануардың өмір тіршілігі өзгереді. Мұндай сөздердің көмегімен адам өмірін оңайлатып немесе кедергіге ұшыратуға, қиындатуға болады. Ал жан-жануарларға арналған мұндай сөздер олардың ауруынан жазылуына немесе ауруға душар болуына, тіпті өліміне себепші деген ұғымнан келіп туындағанң (23.101).
Ел арасындағы қарғыстың таралуы жөнінде зерттеуші Ә.Ахметов: «Қарғыс адамға да малға да айтыла береді» деп, оларға мысалдар келтіреді. «Мәселен, адамға байланысты: көк соққыр! көгермегір! көктемегір!, жетпегір!, көк шешек келгір! үйің күйгір! Тілеуің құрғыр! тағы сол сияқты қарғыстар айтылатын болса, малға кейігенде: топалаң келгір!, қарасан келгір! Жамандатқыр! Кебенек келгір! тағы сол сияқты лағінеттер ауызға ілігеді», — дейді (22.87).
Халық жақсы сөз жарым ырыс деген ниетпен адамға берілетін оң бата, алғысқа жақсылыққа бастайды деп қалай сенсе, бәле-жалаға тап қылады деп қарғыс пен теріс батадан соншалықты қорқатын. Соңығлардан қорқып қана қоймай, әдетте ондай лағінет жаудырған адамның қара ниеті орындалып кетпесін деген ниетпен және орындала қалған күннің өзінде өз басына көрінсін деген мақсатпен: тілің тасқа! Тіліңе шоқ түссін! Жағыңа жылан жұмыртқаласын! т.с.с. «қаға берісің бар дуалы тіркестерді қарсы бағыттайтын. Мұндай қарғыстарды, дуалы сөздерді кейіпкер тіліне салып беретін жазушы кейіпкер бейнесін ашып қана қоймай, біздің яғни қазақ халқының менталитетін танытады. Мұндай сөздер мен тіркестердің бір белгісі – эмоционалды-экспрессивтілік болатын болса, эмоционалды-экспрессивті лексиканың көркем әдебиеттегі орны өзінше бір төбе. Олар қазіргі уақыттағы көркем шығармаларда болсын, өмірде болсын молынан пайдаланылады.
«Культтік фразеологизмдер – адамдардың көңіл-күйін, көзқарасын, әр түрлі эмоционалдық әрекеттерін білдіретін және қолданылуы дәстүрге айналған алғыс және қарғыс мәнді сөз тіркестері ерекше фразеологиялық топ құрайды. Олар: фразеологиялық сөздік формулалар, фразеологиялық штамптар болып келеді де, адамдардың бір-біріне жасайтын әр түрлі қарым-қатынасынан пайда болатын көзқарасын білдіретін экспрессивті-эмоциялық сипаттағы одағайлық сөз орамында қолданылады. Бұл тіркестер кемінде екі не одан да көп компоненттерден болады. Кейде жеке сөйлем сияқты болып та келедің, — деп түсіндіреді К.Рысбаева (57.57-58).
Әдетте қарғыс ата-анаға, үлкенге тілі, қолы тиген, тәртіп бұзған, ел атына, руына кір келтірген, көпке зәбірі тиген, кісі өлтірген тағы басқа жат қылық, ерсі іс көрсеткен, ерсі мінез танытқан адамдарға айтылады. Мұндай адамдарды өмірді де көркем шығармалардан да кездестіре аламыз. Өмірде болып жатқан құбылыстарды дәл беруге тырысқан жазушының кейіпкерін оқырман дұрыс қабылдайды. Өйткені әдебиет — өмір айнасы. Көркем шығармада кездесетін қарғыс сөздерді мынадай етіп жіктесек дұрыс болатын сияқты.
Жалпы адамдарға айтылатын қарғыстар:
Атауыңды іш, аузыңа қолың жетпесін, әруақ соқсын, бетің жабылмай қалсын, жаның шықсын, жағыңа жылан жұмыртқаласын, дәм-тұзым атсын, ит өлімін берсін, көріңде өкіргір, қарғыс атсын, қатының өліп, қазаның сынсын, екі дүниенің қызығын көрме, шаңырағың ортасына түссін т.б.
а) Жас балаға арналған қарғыстар:
Жер жастанғыр, жетпей желкең қиылғыр (қиылсын), жеті кесектің (тастың) астында қал, жер жұтқыр, қарныңа қара пышақ салыңғыр, жетім қалғыр, жұлының үзілсін, жетпегір, көзің ағарсын, көк шешек келгір, көктей сол, қыршыныңнан қиылғыр, т.б.
ә) Әйелдер мен қыздарға айтылатын қарғыстар:
Байсыз өткір, байың өліп, бақытың күйсін, бетің тілінсін, бетің күйсін, бетеге болғыр, жесір қалғыр, қара жамылғыр, қара бет болғыр т.б.
2 Малға, жан-жануарларға айтылатын қарғыстар:
Арам қатқыр, ақшелек келгір (түйеге), борша болғыр, жалғыз қазыққа жығылғыр, кебенек келгір (ешкіге), киеңкі болғыр (жылқыға), қарасан келгір (сиырға), қара талақ болғыр (ірі малға), қарақаптал болғыр (ірі қараға), қасқыр жегір, қатпа болғыр (түйеге), қақпан басқыр, маңқа болғыр (жылқыға), топалаң келгір (қой, ешкіге), тіліңе қылау түссін, індет келгір т.б.
Дүние-мүлікке, заттарға арналған қарғыстар:
Адыра қалғыр, жау алғыр, жау тигір, отын болғыр, иесіз қалғыр, өрт тигір, су алғыр, қараң қалғыр, кебін болғыр т.б.
Көріп отырғанымыздай қарғыстың түрлері көп, олар ішінара жанды, жансызға, ерлерге, әйелдерге, балаларға, жан-жануарларға арнап айтылады. Мұндағы әйелге айтылатын қарғыстар бөлек олар тек әйелдерге арналса, балаларға арналған қарғыстар балаларға ғана бағытталуы тиіс. Жан-жануарларға, малға айтылатын қарғыстың өзі де өзінше бөлінеді. Төрт мүліктің төртеуіне де жеке арналған қарғыстар жетерлік.
Қарғыс сөздердің эмоционалды-экспрессивтілігі басым болғандықтан, оларды көркем әдебиеттегі кейіпкерлер тілінен көре аламыз.
Қарғыс өзіне қиянат жасаған адамдарға өлім немесе сондай бақытсыздық тілеуден, діни ұғымнан, сенімнен, бойды кернеген ашудан, кек пен ызадан шығады. Қарғысқа зәрлі, қаһарлы, өткір сөздер қолданылады. Мұндай сәттер көркем шығармаларда да болады. Кейіпкердің қатты ашуланғанын оның аузынан шыққан қарғыс сөздерінен байқауға болады. Жай ғана естігенде дене түршігетін улы қарғыстардың кейіпкер аузынан шығуы оның образын аша түседі.
Сөздерді көркем шығармада дұрыс қолдана білетін жазушы қарғыс сөздерді дөрекі, одағай сөздермен басын біріктіріп қолданатын кездері болады. Бұл үшеуінің де эмоционалды-экспрессивті бояуы тым қою болғандықтан шығарма әрлене түсері хақ. Кейіпкер аузынан қарғыс сөздер көбінесе тым ашулы, ызалы болғанда, күйінгенде, қорланғанда шығып отырады.
Адамның көңіл-күйінің өзгерісін білдіретін, белгілі бір іс жайында бұйыра немесе өтіне айтылатын сөйлем – бұйрықты сөйлем. Қарғыс сөздер де адамның эмоциясымен байланысты болғандықтан, бұйрықты сөйлемнің құрамында кездеседі.
Мұндай бұйрықты сөйлемдер көркем шығармаларда көптеп кездесетіндігіне зерттеу барысында көзіміз жетті.
І.4. Шығармада орыс тілі элементтерін қолдану — жазушы шеберлігінің бір қыры
Орыс тіл білімінде кейіпкер тілі – сол халықтың ауызша сөйлеу мәдениетін көрсететін материал. Ал қазақ тілінің ауызекі сөйлеуінде орыс сөздерінің кездесуі оның қазіргі тіл мәдениетінің жағымсыз сипатын танытады.
Тіл мәдениетін ретке келтіруші – көркем шығарма. Оның төмендеп кетуін немесе ілгерілегенін де сараптаушы – көркем шығарма. Қазіргі таңдағы қазақтың сөйлеу мәдениетінде қандай кемшіліктер барлығын, күнделікті сөйлеуде орыс тілінің сөздерін оңды-солды қосып айтудың дағдыға айналып бара жатқандығын өзіміз байқамасақ та, көркем шығарма байқатады.
Көркем шығармадағы кейіпкер тілінде осындай сөздердің қолданылуы жеке адамдарға ғана қатысты емес, ол — қазіргі сөйлеу тіліндегі жағымсыз көрініс. Себебі, соңғы 50-60 жыл ішінде қазақ халқының басым көпшілігі екі тілді бірдей меңгерді. Орыс тілін нашар меңгергеннің өзінде де орыс тілді орта көп, ақпарат құралдары (радио, теледидар т.б.) көбінесе орыс тілінде сөйлеп жатады. Осыдан келіп орыс сөздерін қыстыра сөйлеу еріксіз орын алып жатады. Міне осыны көркем әдебиет жақсы көрсетеді.
Дегенмен, көркем шығармадағы кейіпкер аузындағы орыс сөздері кейіпкер бейнесін ашуға, оның мінез-құлқын, тәрбиесін, мәдениет дәрежесін жасауға көмектеседі.
Ауызекі сөйлеу тілі қазынасын орынды пайдалану – көркем әдебиет стилінің ерекше бір сипаты. Сөйлеу тіліндегі дөрекі, қарапайым және орыс тілі сөздері образды аша түсуге молынан қатысады.
Орыс тіл білімінде «деревенская речьң және «городская речьң деген танымдар қалыптасқан. Әсіресе «язык городаң деп бөліп алып қала тұрғындарының тілін жеке қарастырады. Олар:
«Әдеби тіл – нормасы қалыптасқан, коммуникативтік тіл. Кез-келген дамыған тілде қалалық жаргондар әдеби тілмен кіріге отырып пайда болады. «Сленгң (жаргон) – стильді пәс, төмен ететін сөздер. Бұл процесс ескі «жаргонныңң орнын алмастырады. Негізі дұрыс «қаланған сленгң арқылы қалалық «просторечиең қалыптасады. Ол қала тұрғындарының тілі, қала тұрғындарының көпшілік аумағын қамтидың.
«Просторечиең — әдеби тілдің «пәс, төменгі сатысың күнделікті қарым-қатынаста қолданылады, бұл жерде ауызекі тіл яғни әдеби тілдің ауызша варианты, интелегенцияның сөйлеу тілі. Қала тұрғындары тілінің түрлі бастауларымен араласып келіп «просторечиең туады. Бұл – «сленгтіңң жаңа сапасы.
Зерттеушілер «городское койнең (қалалық койне) — өзіндік норма, тек жазба тілде ғана емес, ауызекі тілде туып, қалыптасады, — дейді. Осыдан келіп олар: «Не закон, а обычай правит просторечиемң деген қағиданы шығарған (10), (11), (45), (46).
Дәл осындай құбылыстың қазақ тілінде бар екендігін аңғарған Еңсебаева К.: «қазақ көркем әдебиетіндегі кейіпкерлер тілін зерттеу бойынша әлі қалыптаса қоймаған танымдар кездеседің (56.78). – дейді және «қала адамың, «дала адамың деген екі таным туралы да айтып өтеді.
Қала мен ауылдың арасындағы айырмашылық көзге көрініп тұрады. Қала халқының тілі ауыл адамдарының тілінен өзгешеленіп тұрады. Қалалық жерде басқа ұлт өкілдерінің көп болғандығынан қала халқының тілінде орыс элементтері көп кездеседі. Әрине, барлығында бірдей емес. Біздің ассоцациямыздағы «қала адамының образын жасауда, оны сөйлетуде жазушы орыс сөздерін қолданады. Автордың кейіпкерлер аузына орыс сөздерін салуы – тек оның образын ашу мақсатында ғана емес, оқиғаның болып отырған кезеңіндегі тілдік мәдениетті де көрсету.
Эмоционалды-экспрессивті лексиканың комика тудыратын орыс тілі элементтерінің қолданысы тек келеңсіздікті, білімсіздікті келекелеп қана қоймайды. Сонымен бірге олар комика тудырудың әсерлі құралы болып табылады. Қазақ халқы көршілес елдермен ерте кезден-ақ тығыз қарым-қатынаста болған. Ондай аралас-құраластық ана тілінің құрамына да тікелей әсерін тигізетіні дәлелдеуді қажет етпейтіні өмірдегі шындық. Осыған сай, ауызекі тілдегі лексикалық ауыс-түйіс көздерінің бірі – орыс сөздерін жазушылар кейіпкер аузына әдейі салады. Әрі ол сөздердің дыбысталуын толық сақтай отырып, кейде өзгертіп те қолданады. Суреткер шеберлігінің бір қыры астары мысқыл, қалжыңдарды орынды қолдана білуі айтылған ойдың әсерлі болуын, сөзді бейнелілік пен экспрессиялыққа ұластырады.
Қорыта айтқанда, шығарманың лексика-семантикалық жүйесін қарастыра отырып, орыс тілі элементтерін қолдану ең өнімді тәсіл екенін аңғардық.
ІІ ТАРАУ. ӘДЕБИ НОРМАҒА ЖАТПАЙТАН СӨЗДЕР МЕН СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТТЕГІ ҚОЛДАНЫСЫ
Күнделікті өмірдегі қарапайым адамнан (Байжанның) бейнесін сомдаған, «Оянған өлке» романының авторы, сөз зергері Ғабит Мүсірепов кеіпкер бейнесін сомдауда өз ерекшеліктерімен көзге түседі. Ол кейіпкері Байжанның тілі арқылы көркем бейнені нақты, табиғи сомдайды. Ғ.Мүсірепов құрған диалогтағы кейіпкердің сөйлеу мәнері, өмірі оқырманның көз алдында өтп жатқандай әсер қалдырады. Оған дәлел кейіпкер аузындағы ауызекі тіл, бейнелілік сипат, мәнерлі де эмоциялы сөз оралымдары.
Байжан аузындағы эмоциялық бояуы қою, тұрпайы, дөрекі сөздер мол. Олар: иттің баласы, иманың күйгір, кәрі албасты, былшылдама, ит, т.б. Бұлар кейіпкер бейнесінің бір қырын, мінез-құлқының реті келген жердегі тұсын байқатады.
Қаламгердің «Шұғыла» атты туындысындағы мына мысалдарға келсек:
Сен, әй, сұрқия сұрдың сұмырай байы, мына кісілерге өтірік лапкеңді көрсетпей, шын лапкеңді көрсет! – деді әлгі мосқалдау әйел (Шұғыла).
Олар да айыр ұстаған әйелді көп ауыздан жабыла сыбап кетті. Жалмауыз саудагердің қызы… Жалмауыз сұмырайдың жалмауыз қатыны. Сенің атың Ұрқия еді, сұрқия –сұр деп жай атанған жоқсың, сен салдақы…(Шұғыла).
Келтірілген үзінділердегі сұрқия сұрдың сұмырай байы, жалмауыз саудагер жалмауыз сұмырайдың жалмауыз қатыны салдақы сөздері мен сөз тіркестері бір қарағанда оқушыға жайсыз әсер етуі мүмкін. Шындығында, өте ауыр, жанды ауыртар сөздер.
Көз алдыңызға елестетіңіз: аштықтан үзілгелі тұрған азапты өмір. Ауылнай складында (қоймасында) тығылған қап-қап бидай, тары, ұн, шай, қант. «Ауыл аш. Бәрі де азған-тозған, арығы жеткен, ашынған әйелдер». Тығулы астықты көрген әйелдердің әрекеті… Әрине, айқай-шу, қарғыс, тілдеу, т.б. Осы шыңғырған шындықты айту үшін жазушы шеберлігі қажет-ақ. Ол жай шеберлік емес, сөзді қару еткен мақсатты, шын шеберлік болуы заңды да.
Әйелдердің бір ауыздан сыбамай көп ауыздан сыбауы да шындыққа сыйымды. Дәл осы суретті жайбарақат, әдемі, сұлу сөздермен беру тіпті де мүмкін емес. Сондықтан да жазушы қолданысындағы бұл сөздер қанша ауыр, қарабайырлау болса да сәтіменен орнын тапқан сөздер. «Сөйлеу стиліндегі тым қарабайыр сөздер көркем әдебиет стилінің табиғатына, тұтас контекст көлеміндегі көркемдік пен еш үйлеспейді, қайта оны тұрпайыландырып нұқсан келтіріп тұрады» (4.44).
Біз бұл тұжырыммен толық келісе алмаймыз. Себебі, жазушылардың барлығы дерлік қарапайым сөздерді қолданады және қолдануы керек те. Мұндай сөздер қоғамдық ортаның айқын суреті, кеіа-пкердің жан-дүниесін, тыныс-тіршілігін, мінезін суреттеуге, образын ашуға көмек етеді. Ауызекі сөйлеу тілінде көп кездесетін сөздер болғандықтан қарапайым, халыққа да түсінікті. Мұндай сөздер болсын тіпті басқа сөздер болсын иесі – халық. Сондықтан мұндай сөздер өзінің «қарабайырлығымен-ақ» шығарманың шырайын келтіріп тұрады.
— Адыра қалғыр, Калашокін алпыс деп сәндемей-ақ бастықтың консаралы қайсы деп сұрамайсың ба? (Шұғыла).
— Өңкей, өлімтік, — деп қорлап та қояды. (Шұғыла).
Жазушы қарапйым сөздерді үйіп-төгіп қолданбағанымен, талғаммен, аса жауапкершілікпен пайдаланады. Мысалы:
құтырған, оттамасын, боқмұрын, каззап, қатын, өсекші, жынды, боз сабалақ (Боранды түнде);
антұрған, сайтан қатын, көк соққан қатын (Тарландар);
аузы мұрныңды қан жалатам, құдайы құрғыр, ақымақ, өшір үніңді, құйрықтарыңа бірдеңе қыстыратын болар (Жиырма төрт сағатта).
Мұндағы сөздер мен сөз оралымдарын оқып отырып эмоциялық-экспрессивтік реңктерінің бірінен-бірі асқандығын байқаймыз. Бұл сөздердің немесе тіркестердің көңіл толмау, жек көру, ұрсу мағынасын үстейтінін де аңғарамыз, қай жерде, кімге қолдану керектігінен де хабарымыз бар. Ондай болса жазушы да қарапайым сөздерді шығарманың табиғатына сәйкес қолданады. Мұның өзі оқиға шындығын шарайландырып, оқушысын сендіру мақсатында жүзеге асырылады.
Енді мына мысалдарға көңіл аударып көрейік:
Ойбай-ау, қу салдақы-ай! Жасыңа жетпей әкеңді жалмадың. Асырап отырған шешеңді жұттың. Енді бізді құртайын деген екенсің, қу қаншық. Күні бойы не бітірдің, терген тезегің қайда? Ойбай-ай, ойбай! Енді не бетімді айттым, есікқақты күң!
Енді үйге кірші, шашыңды жұлып қолыңа берейін, бетің тілінгір бетпақ! Ой, сорлы басым-ай, мұндай сорлы болармысың. Ойбай-ай, енді қайтейін! Мұны бай да алмайды…
Бұл мысалдар Мұхтар Мағауиннің «Қара қыз» туындысынан алынған үзінділер. Келтірілген мысалдар арқылы Мұхтар Мағауиннің дөрекі, одағай сөздерді өз шығармасында жатырқамайтынын байқадық. Сөйлемдердегі одағай сөздердің де, дөрекі сөздердің де эмоциалық бояуының қою екендігін көреміз. Кейіпкердің (жеңгесінің) адуынды әйел екендігін аузынан шыққан сөзі арқылы байқаймыз.
Жоғал, неше айғырдың бауырынан өтсе де жыны басылмаған кәрі бедеу! (М.Мағауин. Қара қыз)
Автор кейіпкердің қатты ашуланып тұрғанын көрсетумен бірге, оның қандай адам екенін бірден жайып салды. Әйеліне қарай айтылған бір-екі ауыз сөздің әсер ету күштілігі өте орасан, дөрекілігі де жетіп асады. Мысалдағы әрбір сөзге жеке-жеке қарасақ ешбір дөрекілігі жоқ сияқты, дегенмен осындай жай сөздерді бір-бірімен әдемі байланыстырып бұйрықты сөйлем жасаған автор, сөйлемнің эмоционалды-экспрессивтілігін арттырып, оқырманды өзіне баурайды.
М.Мағауин шығармаларындағы орыс тілі элементтері де өз орнын таба білген. Мысалы:
Тоқта, тоқта-а, көда пайдөш?!
Тауға шығып қайтайық деп…
Нелзә! Алма украт будеш!
Ағасы кішкене сыпайырақ…
Қуатит! – күзетші ақырып жіберді.- жоғалт көзіңді! Әйтпесе ат бауырына сап, қамшының астына алып, ұры деп біргәдірге айдап апарам, тез кет! Дамой иди! К шорту иди!…
Шығармаларда кездесетін орыс тілі сөздері кейде кейіпкерлердің даңғой, еліктегіш қасиеттерін де ашуға көмектеседі. Жасыратыны жоқ, орысша сөйлемесең сөзің өтпейтін заман болғандығы рас. Сол уақытта шолақ белсенділердің де аз болмағаны белгілі. Дәл осы уақытты көрсететін шығарма – «Қара қыз» келтірілген мысал – сол шығармадағы күзетші мен басты кейіпкердің арасындағы диалог. Күзетшінің әрбір сөзіне араласқан қисық орыс сөздері оның өзінің де қисық адам екендігін аңғартады.
Қарапайым сөздердің еркін қолданылатын жері – кейіпкерлер тілі. Мұнда олар белгілі бір мақсат көздей жұмсайды. Мұндай сөздердің эмоционалдық әсері күшті болғандықтан, қаламгерлер оларды еркін қолданудан тартынбайды. Осы қарапйым сөздер қаламгер лексикасына енгенде ерекше өңге, реңке ие болады, тіпті мағына жағынан күшейіп, өткірленіп кетеді. Мысалы:
— қарай гөр… тілің майда шүйіркелескің келіп қышынып отырсың-ау, шырақ.
Оның рас, қара тілді қазақпен қажаспағалы қашан?! (О.Бөкей)
– Сойталдай үш ұлың бар, қатын неге әпермейсің?
Сенің қыздарыңды көздеп жүрмін
– Байсыз қалса да сендей заржақпен құда болмаспын. Дәмесінің зорын – Пішту! (О.Бөкей)
— Қап, мына бүкірдің қорлығын-ай! (Қ.Ысқақов. ке.)
– Сумырын, сен жүрген жер тек болушы ма еді, — деп Жарық Жұлдызды шаншып, бір шағып алды да, жай бұрылып жүре берді (Қ.Ы.Қ.к.е.)
— Теке сасыған сорлы, тұншығып өлейін деп пе едің?! – деп бетінен алып тастады (Қ.Ы.Бұқ.сар.)
Мысалдардағы айырып көрсетілген сөздердің барлығы да ауызекі сөйлеу тілінде жиі ұшырасатын сөздер. Түпкіш-ай, сойталдай, заржақ, пішту, қышынып, бүкір, сумырын, теке сасыған сорлы деген сөздер мен сөз тіркестерінің қай-қайсысын да жеке қарасақ жағымды сөздер емес екендігі көрінеді яғни бұлардың барлығы ауызекі сөйлеу тіліндегі тұрпайы, дөрекілеу сөздер. Қышынып, қатын деген сөздерді жеке алып қарасақ, бұл екі сөз қолданылу мақсатына, контекстегі орнына қарай жағымды да, жағымсыз да мағынада келуі мүмкін. Мысалы, қышынып сөзінің мағынасы жеке тұрғанда жағымсыз екендігі көрінеді. Ал келтірілген мысалда бұл сөз ешбір ділсіз, тіпті адамды бауыр тарта, бүйрегі бұра қолданылып отырғандай сезіледі.
Ал қатын сөзі қазіргі қазақ тілінде өзінің алғашқы мағынасынан алшақтап, этимологиялық өзгеріске ұшырау салдарынан жағымсыз мәнге ие болған. Абай дәуірі кезінде қатын сөзі ешбір дөрекі мағына бермеген. Әйтсе де қазіргі кезде кейбір жағдайда. Әсіресе ауызекі тілде қаратпа сөз ретінде «Қалайсың-ей, қатын!ң «Сен қатын бақыттысың!ң деген сияқты сөйлемдерде жағымды мәнде де қолданылады.
Басқа түркі тілдерімен салыстырғанда қазақ тілінде мағынасы дөрекіленіп, табуға айнала бастаған сөздердің бірі — қатын. Ал азербайжан тілінде осы ұғымды білдіретін гадын деген сөз, керісінше эвфемизм ретінде дәл сол ұғымды білдіретін, бірақ мағынасы одан дөрекілеу арвад деген сөздің орнына қолданылады (22.166). Бұл сөз туралы этимологиялық сөздікте былай делінген: «Қатын/хатын сөзінің бастапқы мағынасы – ханым, бәйбіше, әйел, кейін – күйеуге шыққан әйел, зайып. Бұл сөз кейбір түркі тілдерінде жоғарыда көрсетілген мағыналардан басқа қосымша ұғымға ие болған. Мысалы: қырғыз, алтай, хакас тілдерінде әйелді кеміту мақсатымен айтылатын өрескел сөз ретінде қолданылады» (21).
Екінші мысалдағы сойталдай сөзінің үлкен сөзін күшейту мақсатында жұмсалып тұрғаны көрінеді. Бұл сөздің орнына үлкен сөзін қоятын болсақ (үлкен үш ұлық бар), онда сөйлемнің сапасы төмендеп бояуы сұйылар еді.
Өмірде адамның кемшілігін бетіне басуға даяр тұратын адамдар көп кездеседі. Дәл осындай адамның образын жасауда жазушы түрлі тәсілдер қолданады. Сол тәсілдер 4,5,6 мысалдарда жүзеге асырылған. Мұндағы сөздерінің жай адамның аузынан шыға бермейтіні белгілі. Аталған бүкір, сумырын, теке сасыған сорлы сөздер мен сөз тіркестері әрбір кейіпкердің аузынан екінші кейіпкерді кеміту мақсатында шығып отырғаны айдан анық және бұл сөздердің мәтінде ешбір кемістік жасап тұрмағаны айқын.
– Бекеңе төртінші курста кездестім ғой, оған дейін қай қыз сау жүруші еді. Әйтіп-бүйтіп долбарлап ретін келтірді ғой Бекең де. Сол жас, сыптай жігіт кезінде қазіргісінен де ебедейсіз еді сорлы. Өзін сонша ұната да қойғам жоқ едім… Бірақ Бекеңді кейін қалай жақсы көріп кеткеніме таң қалам (М.Мағауин. Әйел махаббаты).
Келтірілген 7 мысалдағы сорлы сөзі мен 6 мысалдағы сорлы сөзінің айырмашылығы жер мен көктей. 6 мысалдағы сорлы сөзінің айтылу мақсаты бөлек. Ол біреуді жеку, бетін қайтару мақсатында айтылса, 7-ші мысалдағы сорлы кейіпкердің өз күйеуінің ебедейсіз, олақтығына қынжыла берген бағасы. Мұндағы сорлының артында аяушылық пен қоса ұнатпаушылық сезімі де бар.
Қазақта неме біреуді жақтырмай, жазғырған кезде дөрекі сөзбен тіркесіп айтылады. Мысалы, сорлы неме, көргенсіз неме, ит неме т.б.
«Көргенсіз неме, тілінің ұзынын қарашы», — деп үлкендердің бірі қамшымен тартып-тартып жіберді (Қ.Ысқақов).
— Әй, Қайран-ай, суға кетіп кешіккенді «ит өлдің деп шақырмаушы ма еді, соны да білмеймісің?..
Оллаһи, бірінші рет естіп тұрмын
Қазақпысың өзі!… Бетті қара… Жағал-жағал болып жетіп келуін… сатпақ неме! (Қ.Қазиев).
Келтірілген екі мысалдың белгілі бір объектіге бағытталып тұрғаны белгілі. Айырып көрсетілген сөздер біреудің істеген ісі, сөзі не қылығы ұнамаған жағдайда сол объектіге қаратыла айтылғаны көрініп тұр. Бұл жағынан екі мысалдың атқаратын қызметі бір болғанымен, көздеген мақсаты екі түрлі екенін байқауға болады. 1-ші мысалдан үлкендердің бірі деп отырған жанама кейіпкердің қатты ызалы екенін, сондықтан көргенсіз неме деп айтуына тура келгенін көре алсақ, 2-ші мысалдағы сөзді кейіпкердің (Гүлзаттың) Қайрошқа өзімсіп, іш тарта айтқанын байқауға болады. Мұндай сәттермен өмірде ұшырасып тұратындықтан, оқырман сөздердің дөрекілігіне аса мән бермейді шығармаларында.
Кейде жазушы кейіпкерінің тілі, сөз саптауы, олардың дүниені қабылдаулары тым тосын, «жер астынан жік шыққандайң көрінуі мүмкін. Мысалы:
— Өзіңнен бес жас кіші байыңа мақтанамысың?! Бай құтаймайтын қанды етек қаншық!
Сенің де сырың мәлім. Азаматыңның топырағы суымай жатып, шыжбаңдап жүрсің! Қу жатыр болған бедеулігіңді менен көремісің? (Бәрі де майд. үш. 44б.)
Кет, салдақы! – деді кемпір шаңқ етіп. Жатыры кепкен жалмауыз. Ойнастан болса да бақыр басты бала тапсаң, бүйтіп талақ қалмас едің (Жесірлер, 363б).
Мысалдардағы шыжбаңдап, қу жатыр, бедеу, салдақы, ойнас, талақ сияқты сөздердің халықтың күнделікті сөйлеу тілінде жиі кездесетіні мәлім.
Ондай сөздер кейіпкер аузымен оның қатты ашуланып, таусыла күйінген сәттерінде ғана айтылады. О.Бөкей бұл сөздерді соғыс кезінің ауыр тіршілігін, жесір қалған әйелдердің қайғы-қасіретін суреттеп, кейіпкерлердің әрқилы мінез-құлқы мен образдарын сомдау мақсатында қолданған. Тағы бір айта кететін жайт – мұндай сөздердің басқа тілде тура, дәлме-дәл баламасының кездесе бермейтіндігі. Мұндай сөздер белгілі бір ұлтқа тән қарапайым халықтық лексикаға жататын болғандықтан, ұлттық болмыс пен психология көрініп тұрады. Екінші мысалдағы кемпірдің айтқан сөздері қаншалықты дөрекі болғанымен, оның астарында қазақылық, ұлттық болмыс жатыр. Бұл мысалдағы сөздердің әр қайсысының өз орнын тауып орналасуы – жазушы шеберлігі.
Құрамында дөрекі сөзі бар мақал-мәтелдерді, фразеологизмдерді жазушылардың көркем шығармада еркін қолдана беретіндігін І тарауда айтып өттік, сөзіміз дәлелді болу үшін мысалдар келтірсек:
Құйысқанға қыстырылған нәжістей, жүрген жерімді Итбайдың тіліне ерем деп былғап болып ем, енді осындай бір ерлік істегім келді (С.Мұқанов).
«Иттің бірдемесі дәрі болса, дарияға бірдеме етедің дегендей қорлығы өтті-ау мына Қошғұлдың (С.Мұқанов).
Ызаға бой алдырған ол:
— Құйысқанға қыстырылған нәжіске ұқсап, саған не жоқ?! – деп ежірейді (Т.Әлімқұлов).
Не болса о болсын! Қолымдағы көзірім қарғаның мәткесі еді. Оны көзірдің тұзымен бастық, ұл болмаса күл болсын, уақ көзірімді тағы жүрем, өзіме жоқ көтен боғымен піссін (Ана тілі 1993 №47).
Келтірілген мысалдардың қайсысын алсақ та, құрамында қазақи сөз оралымдары мен мақал-мәтелдері бар. Бұл мысалдардың кейіпкер аузынан шығып отырғандығы олардың мінезі мен дөрекі сөз саптауын көрсетіп қана қоймайды, сонымен бірге ұлтымыздың сөзге деген шеберлігімен ойлау өрісінен де хабар береді.
Салыстырулар барысы қазақ әдебиетінде қарапайым сөздерді мейлінше батыл, мол қолданатын жазушы Әбіш Кекілбаев екенін көрсетті. Жазушы оларды авторлық ремаркаларда да, төл сөздерде де пайдалана береді, бірақ онысымен шығарманың эстетикалық әсерден айырылып, қарадүрсіндікке ұрынғаны байқалмайды. Керісінше, сөздердің эмоциялық бояуы қалыңдап, сөйлемнің экспрессиясы арта түседі, кейіпкердің де бейнесі ешбір авторлық түсініктемесіз айқындалып қалады. Автордың «Есболайң атты әңгімесі әп дегеннен: «Тфу… Уа, тфу!… Қап, мына енесін ұрайынды-ай! Қашатын шыбыштың құйрығындай шыжбаңдап тұрмауын… Қап, мына қатынды ма? Қақпыш неме, бұлданғанда нені қырам дейді екен. Уай, бұл доңызды жер жұтып кеткен бе түге!ң – деген қарапайым сөздердің шоғырымен басталады. Осы екі-үш сөйлемнің бояуының қанықтығымен қатар, ашушаң, сауатсыз қарт Есболайдың бейнесін бірден-ақ ашып тұрғаны сөзсіз. Осы сөйлемдердің алғашқы екеуін: «Қап, мына антұрғанды-ай! Мұздағы конькидей тайғанап тұрмауын…ң, — деп ауыстырсақ, мүмкін, сөйлем сәл-пәл «мәдениленерң, бірақ жоғарыда айтқан екі сапаны жоғалтып алған болар еді, ең бастысы шыншылдығынан айырылар еді. Автордың қарапайым сөздерге артып отырған стильдік жүгі осында. Осы әңгімеде одан әрі «малғұн, қақпас, жалбаңбай, былшылбай, найсап, дударбас, қыл борбай, үш сығыр, сумақай, зәнталақ, ыңыраншақ, жылмаңтөстер, пәшту, мәтіби, адыраңбай, заңғар/қарғыс мағынасындаң сияқты сөздер әңгімені тұрпайылыққа емес, баяндау мен көркемдік бояудың бір әуенділігін, эмоциялық әсердің тұрақтылығн тудырып тұр. Ә.Кекілбаев өзге де шығармаларынан қарапайым сөздердің қалың тобын табуға болады. Олар «томарбастар, битін салу, көтен өкпе, айғыр топ, бықынажай жермешел, жел қуық ұрғашы, ит сарығыр, түбіт-иек жігіттер, дырқу, көгермегір, тидеқаш, шүйкебас, шөмелебас, далаңбай, майтымақ, елпекбай, құбақай тірлік, құйтақандай, шелтеңбай, дызақтап т.б.ң.
Сөйлеу стиліндегі байырғы теңеу құралдарының сол кездегі өмірден, қоршаған ортадан алатыны, сондықтан да қазіргі оқырманға тым қарабайырлау, тіпті дөрекілеу көрінуі ықтимал. Бірақ шындап келгенде, олар да халықтың қазынасы сондықтан да оларды тәрк ету М.Әуезов айтқандай, «астамшылық пен қоқырлықң болар еді.
Бей әдеби элементтердің көбінесе сатиралық шығармаларда көптеп қолданылатынын зерттеу барысында байқадық. Олардың айтылу интонациясы мен мәнерлігі юмордың тамаша бір түрін береді.
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілінің бірі, қазақ сатирасының саңлағы Оспанхан Әубәкіров шығармашылығы көптеген сыншылар мен ақын-жазушылардың көңілін көптеп аударып келеді. Қалыптасқан заман ерекшелігіне орай О.Зубәкіровтың сықақ әңгімелерінің негізгі мәні ескіліктің қалдықтарын, жемқорлықты, мансапқорлықты ортамызда қай күн, қай заманда кездесе беретін, бас жарып, көз шығаратын келеңсіз жайттарды шенеп, мінеуден тұрады, сонымен бірге әркім бойлай бермейтін тереңдік пен әркім дөп басып төбесінен түсе алмайтын ащы шындық та О.Әубәкіров шығармаларынан табылады.
Оспанхан Әубәкіров әңгімелерінің баршасы таза ұлттық, қазақи оқиғаға басым. Күнделікті күйбең тіршілік иелерінің ақ-қарасын аша отырып ұлттық ерекшеліктерімізді сипаттайтын қазақы мінездердің алуан түрін көз алдыға тартады. Иә, қазақи мінез. Бұл жазушының қай шығармасының да темір қазығы десек артық емес.
Жазушы күнделікті тілдік қатынаста жиі қолданылатын қарапайым сөздерді сатиралық талапқа сәйкес қолданған. Оспанхан Әубәкіров шығармаларындағы қарапайым сөздер тура мағынасында айтылып, оларға экспрессиялық-эмоциялық бояу үстеледі де, ал мәтін сол бояуды күшейте түседі. Мысалы:
О, үйде басың қалғыр. Үй бір жаққа қашады ғой дейсің бе? Қарашы мұның төтесін. Егер бір аяғың сынса, бір аяғыңмен о дүниеге кетесің. О, киізбас ит, бұ не деген, есуас, а? Мына ақымақтың басын кесіп алса… О, тақырбас тажал! Уһ! (Ұ.с.қ. 14-14б).
Әнеу күні «қатындардың кітабың деген кәзиттен деп біреулер кепті деп есіттім. Бәрекелді, балам осы жолыңнан танба. Ал, кемпір қырықтың бірі қыдыр деген құдай айдап келген ғой, айналайын (Ұ.с.қ. 27б.).
– Ой қара басқыр-ау, неге атпадың жаңағы арқарды? – деді.
Шал екен деп қалдым. Ауылда шалдар сәлем бермесең, жер-жебіріңе жетіп ұрсады. Қарасам, Әупік ақсақалдан аумайтын бір шал тұр… Ассалаумағалейкум ата деп едім…
Өй, ит-ау, шалың не? Тіпті әкең болса да атпадың ба?
Өй, шошқа-ау, шалда соншама мүйіз бола ма?
Өй, құдай төбеңнен ұрғыр-ау, шал сонадайдан сонаға скіре ме?
Өй, ақымақ-ау! Шалдың төрт аяғы бола ма? Иттің ғана баласы! Міне, көбігі қалқылмаған бір қазан ет басыңнан аттады да кетті. «Кедейдің аузы керауызң деген. Өй, езуіңді… (Ұ.с.қ. 46б.)
4) Өй, құры әрі! Арақ береді деп жүргенше қырлы стақанға толтырып тұрып алдына қоймадың ба? (Ұ.с.қ. 49-50).
Ой, дүние-ай, өтіп бара жатқан заман-ай, о да біразға кеп қалған екен-ау.
Е, оттайды. Ысқырма дейді.
Бұл «үһң адам болып қалдым-ау дегені, — деді (Ұ.с.қ. 59-61б.).
Тіпті оған тілі жетпесе, оның бір жағындағы «Ақымақң, «Албастың, «Мәлғұнң, «Мақұлықң, «Қояншықң деген секілді қарапайым сөздер аузына түспей «Сасыған бюрократң деуін қарашы. Әй, құдай-ай. Дүниедегі лағінет айдаулының атасын естіп кеп жатса, жұмыстан шығарып жіберді ме дейді ғой.
Иттің балалары, естеріңде болсын, менің қолымнан ешкім алмайды. Құдай атты деген осы. Дәл тозақтың түбіне келіп отырғанын-ай, — деп бетімнен отым шығып бұрылмай біраз бөгеліп қалдым (Ұ.с.қ. 78б.).
О.Әубәкіров шығармаларындағы дөрекі қарапайым сөздердің, қарғыс, одағай, орыс тілі сөздерінің бірінен кейін бірі келуі бір қарағанда адамды есеңгіретіп тастауы мүмкін. Алайда өз орнымен қолданылған бұл сөздер шығармадағы кейіпкерлердің әрқайсысының бейнесін ашуға көмектесіп тұр. Келтірілген мысалдардағы кейіпкерлерді мінез-құлқы бірінен-бірі асқан дөрекі, ой-түйсігі, қылығы сөйлеген сөздерінен-ақ қандай адамдар екендігін білдіріп тұр. Сатиралық шығармалар арқылы жазушылар ақымақтықты, надандықты ашық көрсетіп, оларды мазақ етумен бірге шенеп, мінеп алады. Мұндай шенеп, мінеу оқырманның күлкісін туғызады.
Оспанхан Әубәкіров орыс тілінен енген сөздерді пайдаланудың үш түрлі тәсілін қолданады. Олар: орыс тілі сөздерін қазақ тілінің грамматикалық заңына бағындырып, жалғау, жұрнақ жалғап қолдану; қазақ тілінде сол сөздің мағынасын дәл беретін сөз болмаған жағдайда өз қалпын сақтау, сонымен қатар орыс сөздерін фонетикалық ірі өзгерістерге ұшыратып, орынсыз тықпалаған кейіпкердің тіл ерекшелігін ажыратып көрсету үшін пайдаланады.
«Осында Алматының мал дәрігерлік институтынан келген бір бұйра бас қызы бар еді, сол да қатардан қалмай өзінше пікір айтқысы келді, білем: — Ата, бұ сиырдың құйрығы тым длинный. Поэтому сүті аз. Неге десеңіз, құйрық нерв системасымен байланысты. Жайылымда жүргенде наверно мұның подругалары байқамай құйрығын басып қалады, ол нервісіне әсер етеді…ң
Айттым ғой, ата, бұл уже нервный болған мисыз сиыр. Но өзінің жұдырығы тастай екен, прямо қатты ұрып жіберді, — деп қыз жаңағы сиырдың «жұдырығың іліп кеткен капронына дауыс айтып жылағалы даяр тұр (Ұ.с.қ. 17б.)
Бұл үзіндіде сатирик орыс сөздерін орынсыз тықпалап, тыл шұбарлауды әдетке айналдырған адамдарды әжуалап, олардың сауатсыздығын мазақ етеді.
Разгон алып алған соң Мікең демін мұрнымен тартып аузын шығарады да М-буфор, м-буфор дегізіп желіп отырады (Қайда без. Барасың? 142).
Жазушы шеберлігі орыс сөзінің орынды қолданылуы арқылы, баяндауыштың мысқылдық бояуын қалыңдатуында.
Оспанхан орыс сөздерінен енген сөздерге қазақ тілінің ды, -ді, -ға, -ге, /-ты, -ті/ жалғауларын жалғап, фонетикалық өзгерістерге ұшыратып, морфологиялық тұлғасын өзгертіп, шығарманың ойын ашуды негізгі мақсат етіп қояды:
Әй, қатын, әпкел бері дәкіменттерді! – деп бұйырды. Жеңгей сондықтан бір буда қағазды әкеп алдымызға қойды да шығып кетті (Қ.б.б. 136б.). Осының ішіндегі асыл сөздің бәрі атаңа нәлет ақ арақтың семиәға, қызметке, аптариқаға зардабы (Қ.б.б. 2030.).
Мұндағы дәкіменттер документ, семиә семья аптариқа авторитет деген сөздердің орнына жұмсалуда.
Спірәпке беріліп отыр Шабдарұлы Жабаққа. Неге десеңіз, бұл бала сәті түсіп, тұп-тура бірінші май 190… өзінің шешесінен туылған (Қ.б.б. 136б.).
Бұл үзінділер шала сауатты кейіпкерлердің орысшасы сол кездегі өмір шындығынан мол мәлімет беріп тұр.
Соғыс бітер біткенше осы сталабай айырпланында аспаз болып, жұмыс істедім (Қ.б.б. 219б.).
Бұл мысалдан да автордың юморлық сөз қолданысының шеберлігін көреміз.
Жалпы юмор мен сатира тек юморлық-сатиралық шығармаға тән деп қарауға болмайды. Комизм элементтері көркем шығарма тілінде де кездесіп, жылы юмор туғызатыны белгілі.
Енесі байғұс та пыс-пыс етеді. Томашадай болып шаршамайды өзі.
Әй, қатын, бол, тездет. Күн ысып барады. Берден үй тігіп жатқан әйеліне анадайдан айғайлап әмір беріп тұр. Оған орақ тұмсық қара қатын қайдан қына қойсын.
Қу шешек шыққыр, сені сол жерге тұсап қойған шығар, — деп бір баж етті. Шылапшын ба бірдеңе құлап қаңғырлай жөнелді. Торғын мырс етіп күліп қойды (Ә.Кекілбаев).
Анада қияндағы командировкаға келгенде, Сәрсеновтің үйінің табалдырығынан аттай бере қарқылдап тұрып күлсін-ай кеп.
Оу, шошқа-ау, мынауың не, үйінді дәруіштің құжарасындай құлазытып қойғаның! Мына бір германи кебежелерін модадан шыққалы қашан! «Бирюсаң дегендеріңді бүгін де студенттер сатып алып, сыра салқындатып ішеді (Ә.Кекілбаев) немесе:
Бұл да бір біраз сөзбұйдаға салып көріп еді, шаршайтын Шара ма:
Әй, дөйқара, тоқсандық жоспар, жылдық жоспар деп жүргенде өміріңнің қалай өтіп кеткенін білмей де қаласың. Командировка сұрап жүруді ыңғайсыз көрсең, заңды демалысыңның тұсында барып қайт. Кисловодскінің суы сен бір жыл бармағаннан тартылып қалмас, — деп кейуаналық айтты (Ә.Кекілбаев).
Шығармада қарапайым сөздердің де комика тудыруда өзіндік қызметі бар. Қу шешек шыққыр, шошқа-ау, дөйқара сөздері мәтінде экспрессивтік мән үстеп тұр. Кейіпкерлер тілінің тағы бір сипаты одағайлар, қарапайым қарғыс мәнді сөздермен тіркесіп келіп, кейіпкер бейнесін аша түседі.
Ажар: Алдан! Әй, Алдан! Ей, үнің өшкір, қайдасың?
Алдан: Ау, мама, не боп қалды?
Ажар: Әй, жайрағыр, асханадағы ыдыстарды жуып қой. Жабысқыр, еденді жу. Еңбекке үйрен. Сен, жетпегір, көгермессің.
Алдан: Сонша ұрыспаңызшы.
Ажар: Әй, кеще, үлкеннің айтқан сөзін ұғып ал, «жақсы сөз – жарым ырысң дейді халық. Жақсы сөзді жаттап ал (О, несі-әй?!). Одағай және қарапайым сөздерді қолдану арқылы ана тәрбиесін және Жақсы сөз – жарым ырыс деп кеңес беруі, баланың қаншалықты тәрбиеленіп жатқанын оқырман не тыңдаушы еріксіз түсінеді. Әйел аузындағы сөздердің эмоционалды-экспрессивті қуаты мол. Оны тудырып тұрған кейіпкер тіліндегі қарапайым сөздер. Қаламгерлер кейіпкерлер тілінде жалпыхалықтық тілдің әдеби тіл, сөйлеу тілі элементтерін қажетті тұста кеңінен қолданады. Сөйтіп, кейіпкер тіліндегі мұндай жөнімен ауытқудың түрлері ұлттық көркемдік нормаға – субнормаға айналады. Қаламы жүйрік жазушылар осы субнорма үлгісін кейіпкер тілі арқылы таныта отырып, оның көркем бейнесін суреттейді.
Қазақ көркем әдебиетінде қалың жұртшылыққа жақсы танымал қаламгерлердің бірі — Қ.Ысқақов. Оның шағырмаларындағы диалогтар автордың кейіпкер образын берудегі қолданған құралы болып табылады. Шығармадағы кейіпкерлер тіліне мән беріп оқитын адам шын мәнінде ойын-жарыс, өнер-сайыс деген сияқты сөз додасының куәсі болады. Автор әр кейіпкерін өз тілінде сөйлете білгендіктен олардың тілінде ащы әжуа, астарлы теңеу, кекесін, тұрпайы әрекет, қарабайыр қоқан-лоқы шым-шымдап өріс алады.
Қ.Ысқақовтың «Қара орманң романында Кенді Алтайдың сонау қиыр шетінде өмір сүріп жатқан қарапайым халықтың тыныс-тіршілігі нанымды суреттелген. Шығармада әдеби нормадан тыс элементтердің, экспрессивтік бояуы күшті сөздер мен қарапайым немесе тұрпайы сөздер, стильдік пәс (стилистически сниженные) сөздердің стильдік мақсатта қолданылуы кездеседі. Жазушы шығармада келтірілген диалогте кейіпкер образын өзінің сөзі арқылы беретін амалды стильдік мақсатта молынан қолданған.
Жазушы құрамы 5-6 адамнан тұратын балташылардың бастығы Әбдіжапар мен бухгалтері Есенқұлдың диалогінде Бұғағын бұқаның әукесіндей сияқты теңеуді, жеу жағын былай…, қаншасының қалтасын қақтың деген әжуаны, жұт, жұт тәрізді қайталауды, жұтқан жұтамайды, ит білет, қай жыртыққа сіңіп кеткенін, трынка, маңдайыма жазбаған кәсіп қой деген сөз үлгілерін және бір-бірін Тасқабақ, Сайтан деп атаған сөздерді кейіпкердің аузына салу арқылы олардың бір-бірінен қалыспайтынын, жеу жағы мен әпербақандықтарын аша түсу мақсатын көздеген. Осындай мақсат шығармадағы диалогтердің көбінен табылады.
Автор Әбдіжапардың аузына арам қат деген қарғыс адалымыздан жағып жүрген біз жоқ сияқты дүрдараздық, апормит қыл, абанс бер тәрізді орыс сөздерін, со келіншектің сауыны мұнша жиі болар ма деген сөз орамдарын салуы, Есенқұлға арамнан басқа жақпайды, каждый год, кәлымщик сияқты сөздерді айтқызуы олардың сөйлеу мәдениеті, білім дәрежесі, ой өрісі бір-бірінен қалыспайтын кейіпкерлер – бір ұжымда жүрып біріне-бірі ыңғайласа түскен адамдар екенін білдіретін оңтайлы қолданысы. Егер жазушы аталған сөз үлгілерін кейіпкер тілінде бермесе, олардың образы әсерлі, нақты болып шақпауы да мүмкін еді. Кейіпкер тіліндегі ажуалы, кекесінді сөздер оның одағайларды жиі келтіріп сөйлеуі де жазушы үшін стильдік амалдардың бірінен танылады. Автор әр кейіпкерін өз стилінде сөйлете білген.
Қ. Ысқақовтың «Менің ағаларымң шығармасындағы кейіпкерлер тілінде дөрекі, қарапайым элементтер, бөгде тілдік сөздер, қарғыс сөздер, одағайлар жиі кездеседі. Автор сөзімен айтсақ, айналдырған үш жылдың ішінде әйелімен үш рет ажырасып, үш рет қайта қосылған, заготскоттың конторында есепші боп істейтін Жанымхан деген кейіпкердің тілінен жоғарыда айтылған элементтердің алуан түрін көреміз. Атап айтсақ, өй, атаңа нәлет, беталдыңа көкіме, мына иттің қорлығын-ай ә!…, т.б. осы сияқты дөрекі сөздер арқылы Жанымханның мінезінің тұрпайылығы бірден байқалады. Осы шығарманың өн бойынан Жанымхан бейнесінің әр қыры шым-шымдап өріс алады.
Осы шығармадығ Жанымханның дүниеқоңыздық қасиетіне бап қосылған Нағиманың да бет пердесі оның өзінің сөздерімен ашылады.
Әлгі құдай атқыр… Желік суын ішіп-ішіп мас болып келді де, көзіме көк шыбынды үймелетіп! Енді, міне, үйден қуып шықты… — деп бырқ-бырқ етіп, есіктен жылай кірді, — құдай атқырды құдай да алмайды, адам да алмайды…
Тіл қатысынан-ақ Нағиманың мінезінің бір қыры ашылып тұр.
Бұл шығармадағы ана образы бір ғана мысал арқылы толығымен ашылып отыр. Барлық анаға тән қасиет баласы үшін қайғыру болса, сол қайғыру бұл шығармадағы анаға да тән.
Жанымханды біреу желкеден түйгіштеп алып бара жатқандай-ақ: «құдай-ау, сақтай гөр. Уа құдай-ау, құдай-ау сақтай гөр құлынымды!ң деп өз-өзінен күбірлеп тәубесіне сиынып отыр.
Кейіпкер тілінде сөйлеу этикетінде актив қолданылатын қаратпа түрлері кездеседі. Олардың екі түрі (бірі – таныс адамға, екіншісі – таныс-бейтаныс адамға қатысты қолданылады) бар болса, соның екінші түріне қатысты қаратпаны жоғарыда келтірілген мысалдан тауып отырмыз.
Әрбір ұлы халыққа тін бір қасиет болуы керек (тиіс десек те артық болмайды). Ол — өз кемшілігін өзі көре алуы, көре білуі. Ал қоғам мерезін, халқының жаман қылығы мен жағымсыз қасиетін жазушыдан асып кім айтып бере алмақшы? Дәру-емді кім ұсынбақшы?
Д.Исабековтың «Талахан-186ң әңгімесінде автор бүгінгі күн, өмір шындығынан ауытқымайды. Осы әңгімеден біздің қоғамымыздың барлық кемшілігі, қасіреті, мерезі айқын көрінеді. Қаламгер шығармасында «мына әдеттен безіп, мынаған ұмтылң дейтін ғақлия, жалаң дидактика жоқ, тіпті ешқандай тұжырым да айтпайды. Өйткені, айтарлықтай оқиға жоқ әңгімеде тек шындық, бүгінгі өміріміздің ащы шындығы сабақтасып жатыр.
Ауыл жанындағы апанда үш түп помидор өсіп шығады. Осы помидордың сортын анықтау үшін ауыл адамдары апанның аузына кұнде жиылады, әңгіме қылады, таласады, ерегіседі.
«Невадада ядролық қару сыналыптың, — деді Виктор. — Қуаттылығы 150 килотонна.
Жұрт үндемеді
Мәссаған, — деді ол сәлден соң, — Дәл осындай қару біздің Семейде де жарылыпты.
Жұрт оған көзінің астымен қарап қойды.
Пікән шыдай алмай шарт кетті.
Әй, оттамай аузыңды жапшы-ей, деді ол Викторға қанталаған көзімен қарап. – Не істерге білмей жұрттың басы қатып тұрса, қайдағыны айтып қақсай бергені несі?
Оның пікіріне жұрттың бәрі қосылды. (Д. Исабеков. Талахан-186).
Сырттай қарағанда, бұл диалогтарда тұрған ештеңе жоқ. Кәдімгі қарапайым тілдесу. Бірақ сәл ойланып көрейікші?!
Осы диалогтың өзінде үлкен мән жатқанын байқаймыз. Автор осындай халықтық, ұлттық характерді әдемі сынап, мақтамен бауыздап отыр.
Автор осы шығармасы арқылы: «Өмір шындығы дегеніміз осы. Қайдағы помидордың сорты қандай, қанша өнім бере алатындығына басы ауыратын, бүкіл халық алаңдауға тиіс хабарға «Әй, оттамай аузыңды жапшы-ей!ң деп жауап беретін «Қазакемң, мынадай халықтық үлкен мәселеге келгенде бойкүйез, салғыртң – деген әлеуметтік астары терең ой түйдіреді.
Көркем әдебиет өмірдің қыр-сырын көркем сөз арқылы бейнелейтін өнердің бір түрі болғандықтан, көркем шығармада диалогтыі-ң қолданылуы да табиғи құбылыс деп тұжырымдауға болады. Диалогтарда кездесетін қарапайым сөздер оның неғұрлым шынайылығын аңғартады.
Диалогтан кейіпкер бойындағы өзгеріс-құбылыстарды көре алсақ, ал кейіпкер бойындағы түрлі көңіл-күйдің (қуаныш, реніш, ашу-ыза) бір-біріне ауысуын қадағалау тіпті қызық. Айталық, Д.Исабековтің «Ақырмаштан наурызға дейінң әңгімесіндегі Кемпірбай Киевте оқып жүрген баласы салған посылканы алмаққа пошташы Отарға келеді. Әрі қарай екеуінің арасында төмендегідей қызық әңгіме өрбиді:
Отаржан, мәшинеңді ашып, посылкеңді бере қал, — деді. Ол бермеймін деді.
Е, неге?
Кеңсеге барып тіркеу керек.
Одан қашан келесің?
Ертең.
Ойбай-ау, осы жерден-ақ беріп кете салсаңшы. Сонан кейін тіркерсің. Кеңсе жүріп кететені пойыз емес шығар
Бермеймін. Ертең паспортыңызды алып келесіз.
Пашпортты қайтесің? Пашпортқа сенесің бе, маған сенесің бе?
Заң солай, паспортқа сенем.
Қап, қап мына қызталақты-ай, ә?!
Ақсақал, боқтамай сөйлеңіз.
Боқтағаны несі, кім сені боқтады?
Сіз боқтадыңыз. Ол сөзіңіз үшін жауап бересіз.
Неғыл дейді, мына шірік неме, а? – ол ашудан терісіне сыймай кетті.
Жауап бересің дегенің қалай? Боқтағанды естімей жүрмедің. Ойбай-ау, мынау өз баламның поселкесін өзіме бермей пашпортыңа берем деп күйдіргені былай тұрсын, жауап бересің деп қорқытып құртты-ау (Д.Исабеков).
Кемпірбай қария мен почташы Отардың арасындағы диалог арқылы олардың мұндай ситуацияға қалай тап болғанын, ненің, кімнің себепші болғанын білеміз. Олардың ауызекі сөздерінен мінез сапасын, характерін топшылаймыз.
Тынышбай Нұрмағамбетовтың суреттер объектісі – негізінен ауыл өмірі. Кейіпкерлері қарапайым адамдары, еңбекторылары, ақ көңіл қарттар мен ақ пейіл балалар, кетпен мен қамшы ұстаған ауыл жастары.
Қаламгердің қайсыбір үлкенді-кішілі шығармасын алсақ та, ауыл өмірін терең білетінін, ауыл адамдарын, табиғатын ықыласпен суреттейтінін көреміз.
Ол «сушың әңгімесінің кейіпкері Жаманқұлды мінездеуге аса қатты көңіл бөледі де, оның «ойлау мен сөйлеуң мәнерін ашады.
«Әлгінде ғана салмақты болып тұрған Жаманқұл аяғын мамырлап басып келе жатқан Мұрташты көре сала-ақ: Әй, сен мамырлама. Білдің бе? Құрттай болған неме, суды неге аласың? Ондай правоны саған кім берді?ң деп тұра ұмтылғаны.
«Жаманқұл көзін ашып, жан-жағына қараса, серейіп жерде жатыр екен. Өзі Мұрташтың астында жатса да, Жаманқұл тілін тарпай айқай жағынан басым түсіп жатты.
Иттің ғана күшігі, алманың сабағындай болған мойныңды үзіп алып, жағыңды қаусатып ұн қылып жіберейін бе, осы? – деді.
Бақырған ащы дауысы тіпті алысқа кетіп жатты (Т.Нұрмағамбетов. Сушы).
Бұл үзіндіден біз алғашында сап-салмақты боп, маңғазданып тұрған Жаманқұл характерін көрсек, артынша-ақ «өз қадірін өзі кетіргенң қызба, «аузымен орақ оратынң адамның характерін көреміз. Оның сөйлеген дөрекі сөздері оны тереңірек танытады. Кейбір адамдар жеңіліс тапқанын біле тұрса да, тілін тартпай, қарсыласады. Ол оның төмендігін көрсетеді. Осындай төмен адамның аузынан шығатын сөздер де өзіне сай төмен. Зерттеу барысында аңғарғанымыз қай автордың көркем шығармасын алсақ та ашуланып тұрған адамның аузынан көбінесе ит, итттің баласы, иттің күшігі деген итпен тіркескен т.б. сөз тіркестері жиі ұшырасады. Бұл біздің ойымызша, адам дамады жек көргенде немесе істеген ісінің ұнамағанында оны итке теңеуі көп жағдайда оның ашуланған шағында болады. Оны мына мысалдардан көреміз:
– Тфу! Атаңа нәлет ит кержақ! – жігіттің ызалы үні естілді де сіріңке шырпысы быж етті (Қ.Ысқақов. Бұқт.сар.).
–Ой, ит-ай! – деп кіжінді. Өзі емес, әлде біреу кінәлідей, белгісіз жанды балағаттаған сыңайы бар. (Қ.Ысқақов. Б.С.).
– Мына иттің қорлығын-ай, ә! Мына иттің! Апырмай! – деп зығырданы қайнап, өшімді сенен алайын дегендей столды жұдырығымен салып-салып жіберді. (Қ.Ысқақов М.ағал.).
Берілген мысалдың қайсысынан да кейіпкердің ызалы үнін естиміз. Кейіпкерлер белгілі бір адамға өте ренішті сондықтан да оны итке теңеп, зығырдандары қайнауда.
Қ.Ысқақовтың драмалық шығармасына келетін болсақ, «Талақ комедиясындағы Қарақатын деген кейіпкер былай сөйлейді:
Әй, байғұс-ай, қатын алмай қайын алған сенің не теңің еді?! Ол шұнақ қар қыз күнінде-ақ Байболдың бұтын қақтап сауған жүзіқара еді ғой!..
Осы екі-үш сөйлемдегі қарапайым сөздердің молдығынан ашушаң Қарақатынның бейнесі бірден байқалады. Автор кейіпкер бейнесін ашуда қарапайым сөздерге стильдік жүк артып тұр.
Дулат Исабековтың «Әпкең драмасындағы (екі бөлімді) кейіпкерлер тілі қарапайым халық тілі. Драмадағы көрші әйелдің тілінді қарапайым сөздердің алуан түрі кездеседі. Атап айтсақ, балшық боп кеткір, байы құрғыр, баланың қасында отырса қатын боп қалмас.
Бұл сөздер де көрші әйелдің бейнесін еш түсініктемесіз-ақ ашып тұр. «Талақң комедиясында Зейнеп аузындағы әдірем ақл, арам қат, қарасан келгір, қағыңғыр, қараң қалғыр қу мола, қақылдап қал сияқты қарғыс міндегі қолданыстар қарадүрсін сөйлеу тілінің үлгісін жақсы көрсетеді.
Осы комедиядағы Айдарбек тілінде әй, қатын, әй, жап аузыңды, әй, тарт тіліңді, иттің ғана қатыны, жайрағыр, итаяқ, талақ т.б. қарапайым сөздерді автор кейіпкер аузына тегін салмаған. Бұл сөздер арқылы Айдарбектің дөрекілеу, мәдениетсіз бейнесі танылады.
Сөйлеу тілінде одағайлар қарапайым және қарғыс мәнді сөздермен тіркесіп келіп кейіпкер бейнесін аша түседі. «Талақң комедиясындағы Сейпен байдың бұрынғы құлақ кесті құлы Айдарбек аузынан мұндай дөрекі, қарғыс мәнді сөздерден басқа өрнекті тіл күту мүмкін емес.
Сонымен Зейнеп, Айдарбек және көрші әйел аузындағы сөздердің экспрессивті-эмоционалды қуаты мол. Оны тудырып тұрған кейіпкер тіліндегі қарапайым сөздер.
Ілияс Жансүгіровтың Қазан төңкерісі кезіндегі Жетісудағы қазақ жалшысы туралы «Бадырақң атты романы жаңадан табылды. Романның тілі айшықты, желісі шымыр, шебердің ғана қолынан туатын сүмбідей суреттер оқырманын ә дегенде-ақ өзіне үйіріп әкетеді. І.Жансүгіровтың шебер жазушы екендігі бұрыннан белгілі. Соңғы табылған шығармасы бізге оның шебер жазушы екендігін тағы да мойындатқызды. Сағындық деген байдың жалшысы, жасы жиырма екідегі Бадырақ деген жігіт байдың тоқалымен көңіл жарастырады. Екі жасқа кедергілер де болмайды емес. Роман сол уақыттағы шындықты бізге ашып көрсетуге, елестетуге көмектеседі. Романда автор дөрекі қарапайым сөздер, одағай, орыс тілі элементтері, қарғыс сөздерді пайдаланған.
Мұны көріп дәті шыдамаған Бадырақ жүгіріп келіп баланы ұстай бергенде қалада жүретін карташы Қуанышбай:
А, тексіз кедей, байдың баласына жаның ашып бара ма, — деп атының бауырына алып Бадырақты қамшымен салып-салып жіберді.
Шығармада ешбір жазығы жоқ нәрестені аяған Бадырақты сол жаны ашығандығы үшін қамшының астына алған қалада жүретін Қуанышбай деген кейіпкердің аузына ісіне сай балағат сөздер салуы автор шеберлігінің бір қырын көрсетеді. Өзі қалада жүріп көрінгенді алдап, карта құмарлыққа салынған адамның аузынан қандай сөздер шығатыны белгілі. Өз тегіне қарамай, Бадырақты тексіз кедей деп балағаттауы оның қандай адам екендігін көрсетеді. Бұл шығарманы оқи отырып, әдебиеттің тарихпен тығыз байланысты болатынын мойындаймыз. Халқымыздың тіліне қазан төңкерісі уақытында кірген орыс тілі сөздерін осы шағырма арқылы көре аламыз. Шығармада кездесетін орыс тілі сөздері мен тіркестеінің дыбысталуын кейде дұрыс, кейде бұрыс қолданған автор тіл тарихынан хабар береді. Шығармада көп қолданылған орыс тілі сөздері мыналар: торваш-товарищ, балшабай-большевик т.б.
– Ей, қақбас, сақал текеде де бар, жоқтан өзгеге саудаламай-ақ қой (Жетім бота, 367б.).
– Албасты-ау, үйдің астында қыңсылап жатқаныңда қол ұшын берейін деп барған жігітті неге нақаққа күйдіресің (Ж.Б., 367б.).
Мысалдардағы қақбас, албасты сияқты сөздерді автор кейіпкер бойындағы қазақылықты, қарт адамға тін сөз саптау мен ұлттық болмысты бейнелеу үшін қолданған.
Көркем шығармаларда осы тәрізді дөрекі сөздер өте көп. Олардың әрқайсысы өз орнын тапқан, әрине мысалдарды оқығанда ерсі көрінеді. Бірақ еш сөкеттігі жоқ. Жазушылар дөрекі сөздерді қолдану барысында жалған төркінді дөрекі сөздерді қолданған. Жалған төркінді дөрекі сөздерді О.Бөкей де кейіпкер мінез-құлқына сай өте шеберлікпен ұтымды пайдаланған.
Плебал, сенің сенің отыз бес сомдығыңды (О.Б.Шұғыла, 551),
Мұндағы плебал орысша «плевал» (түкірдім) деген сөздің орнында. Жазушы кейіпкер аузына сала отырып, оның дөрекі де ашушаң мінез-құлқын көрсетіп отыр. Ал мұндағы орыс тілі сөздерін әдейі дыбыстық өзгеріске ұшыратқызып қолдануын қаламгердің өзіне тән стильдік әдісі десек те болады.
Ах, подлец! Ах, подлец! – ол менің жағымнан тартып жіберді. – Жалтырат табаныңды! (Қ.Ы.Менің ағаларым, 110).
Бұл жерде Қ.Ысқақов кейіпкердің өте ашулы, ызалы екендігін көрсетіп отыр. Мұндағы жалған төркінді дөрекі сөздердің дыбысталу жағы ешқандай өзгеріске ұшырамай, сол күйінде алынған.
Одағайлар сөйлемде көңіл-күйге байланысты болғандықтан, олар таңданғанда, күдіктенгенде ерекше интонациямен айтылады. Мұны төменде келтірілген мәтін үзінділерінен де көруге болады.
Телефонды кезек күтіп отырған Бозым безілдете жөнелді:
Әй, Әліқыз, әлі үйдемісің, әй, былай, біздегі бас қосу күнде болып жүрген той-томалақ емес, оның үстіне өңкей өзіміз екен. Мен бір жасанайын деп тұрмын. Басқасын таптым. Әй, сенің әнеукүнгі театрға іліп барған жеңі ұзын көк көйлегің бар емес пе… соны сатсаң да бір күнге бересің. Майын төлеймін-ей (О, несі-әй?!)
Тәйтік: Мынау кеселді қара, не дейді?
Андабек: Әй, Аңдамас десе аңдамассың-ау, адыраңдамай шық бері (Ш.Хұсаинов).
… Сонда дәркембай санын бір соғып, алақанын жайып:
Қап, бауырым-ай! Құй сен, құй сенбе, мәшине сатып алуын сатып алсам да, «право» сатып алуды ұмытып кетіппін ғой, — деген екен (Көңілашар).
Құдайға шығындап әуре болма, ол менің әшейін ұйқы ашарым еді, — дегенде,
Ақан: — Қап, шын пері дегенім пері соққан сен екенсің ғой, қап! Деп санын бір-ақ соғыпты. Бұл гәпті екеуіміз ғана білейік. Аузыңнан шығарма деп өлердегі сөзін айтып өтініпті. Бірақ болған іс жата ма… (Көңілашар).
Сақан: Бөссе, бөсе берсін, отчет-тастай, көр, тексер…
Мақан: Мәссаған! Әй, досым, осындай да оспадарлық бола ма? Бір қораға бір тонна шеге кетті деп жазыпсың. Әй, батыр, мынауыңа адам тұрмақ, құдай да сенбейді ғой. Бұның не?
Сақан: Сен сенсең, құдай қайда қашады дейсің (құлағына сыбырлап), басқа жерге сыйғыза алмадым.
Мақан: Бұл болмайды! Мен заңсыз документті қабылдай алмаймын. Мынау елге не деп жауап беремін?! Кешегі құрылысшылардың бөскеніндей-ақ бар екен. Сенде қора салмай жора салып кеткен екенсіңдер. Тексеру комиссиясы барып, тексеріп келсін, мына документацияны қайта жасау керек.
Сақан: Мақа, сен былай етеді деп, менің үш ұйықтасам түсіме кірген емес.
Мақан: Өң-түс керек емес, іс керек.
Сақан: Міне, бұл дұрыс болды. Сол үшін саған бір тай сыйлық. Қағазды қабылдаса, шаш етектен пайда табамыз. Жаңадан үй салып алмақ ойым бар. Ол жағы да сәтті болады.
Мақан: Хе-хе-хей! Әй, сен менің көңілімнің кілтипанын дәл таптыңе-ей (О, несі-әй?!).
Мақан аузынан одағай сөздердің шығуына қарап, әкелінген отчеттің қателігі айтылып, қабылданбайтын шығар деп ойлайсыз. Бірақ көңілінің кілтипаны табылғасын, мысқылдап күле отырып, әй, сен дәл таптың деп өзгеруі және бұның күнделікті өмірде кездесіп қалатын жайттар екені өткір көрсетілген.
Ол хатшысын шақырып алып, оңашалап сұрап жатыр:
-Ауданнан келген кім дедің?
-Шумақаев.
-Ол қандай сумақай, қайдан дедің?
-Райкомнан болса керек.
-Оһо! – деді де тілсіз қалды, көптен кейін:
-Райкомның өзінде істей ме екен?
-Жоқ, жай бір жауапты уәкіл сияқты.
-Еһе – деді де, ыңқылы басылыңқырап, ьір-екі кесе шай ұрттады. Бірақ, тамақ жөнді сіңбей отыр. Ол хатшы баладан тағы сұрады.
-Неге шақырыпты?
-Мақта жайында баяндамаңыз қойылса керек.
Оһо!
-Басқа кімдерді шақырыпты?
-«Мақталы», «Ынталы» колхозының бастықтарын…
-Еһе, көппен бірдей көрсек арман жоқ. Бірақ соңғы күндері мақта теруді қойып алдық-ау өзі. Әрине, бұған аспан айыпты. Біресе қарын, біресе жаңбырын жіберіп…(А.Тоқмағамбетов). Оһо!, еһе! Одағай сөздерін бұлданып отырған адресаттың қандай дәрежеде екенін шебер көрсеткен. Тосыннан болса, Оһо!, деп, жай уәкіл десе, еһе! деп жайлана түсуінің өзі күлкілі немесе мақта шығынының нашарлығына табиғатты кінәлауы өте әдемі келекеленген.
Адамның көңіл-күйін, күлкілі жағдайды тудыруда эмоционалды-экспрессивті лексикаға жататын одағай сөздер комика жасаудағы ең өнімді тәсіл болып табылады.
Өз кезінің өзекті шындығын қандай қаламгер болсын кесек-кесек толыққанды образдармен елестетіп көрсетеді.
Өз шығармаларында уақытқа үн қосумен бірге жаңа уақыттың аяқ алысымен бірге келе жатқан жазушылардың бірі – Асқар Алтай. Ол іс-әрекеті, мінез-құлқы өзгеше кейіпкерлердің бейнесін сомдауға талпынады.
Жазушы өмір шындығының нағыз қайшылықтарын бар толық мәнінде бейнелеуге тырысады. Ащы шындықты айта білу, өмірдің көлеңкелі жақтарын әшкерелеу – оның басты бағыты. Оның шығармалары қазіргі кезең адамдарының сөйлеу мәдениеті мен мәнерінен де хабар береді. Оның «Лайбаран» деген әңгімесінде әкөн деген жігіттің арақ ішіп, өмірдің соқпағынан адасып, қазіргі біздің тілдік қорымыз жатырқамай жүрген Бомж деген атауға ие болғаны (яғни есімге), өмірінің бұралаң кезеңі кеңінен суреттеледі. Қазіргі өмірді дәл беруге тырысқан А.Алтай қоғамнан бөлініп, сырт қалған адамдардың өмірінен түсінік береді. Әйел, баласынан айрылса да арақтан айрылғысы келмеген Әкөннің өмірін ит тірлігін көз алдыңа келтіреді.
–Иттен туып, іннен шыққан… «Иттен туып, іннен шыққан хайуан» – деді-ау!
Е-хе! Сен не оттап тұрсың?! Иттен туып, іннен шыққан хайуан! Өлексе… — деп Ваня кочегарды ыза буды. Ит ұрламаймын дейді, ей мына «баран», Лайбараннан садаға кет, сен сорлы! «Ұрламаймын» дейді, ит емес, адам ұрларсың аш жүрсең… Адам болып қалыпты, маныу! Сені адам қылған кім, а? Мен. Құдайыңды ұмытайын деген екенсің… Ұмытқанды көрсетермін әлі. Көрермін кө…ді, сілімтік!
Үй, енеңнің қара қасқасы!.. Тілің таңдайыңа жабысып қалды ма, жаңа ғана тақылдап, берместің білегіне жармасып, көрместің көзін шұқып ала жаздап тұр едің ғой?
Бұл үш аша қармақ көмейінен қабылған кавказдық овчарка аузын арандай аштыра жетектеп жөнелді. Жаңа ғана жау алардай жалпылдап, дуал ішінде бос жүрген хайуан құйрығын бұтына қысып сүлкөктей ерді.
Е, не боп қалды? Сенің үлесің мол. Жолыңда жеңіл екен, оп-оңай алып кеттік. Өзі өгіздей семіз ұртымыз майланып, ішегіміз айланып, нағыз май тышқақ болатын болдық… қой бауыздап көрмеп пе ең, одан оңай, — деп ділмарсыды Ваня кочегар.
Ол ынжық — деп Ваня кочегар өзі ұмтылды.
Әкел бері, шошқаша-ақ жан тапсыртайын мен бұған.
-Ә, иттің баласы! Сен не деп ырылдап тұрсың?
-Өлімтік! – деді алқынып — қаныңды ішем… жаның барында «бараныңды» бауызда!
Бұлар – иттің етін жеп, иттіктен де асып кеткен адамның аузынан шыққан сөздер. Жан түршігеді, түршіге отырып шығармадағы ит болып итаяққа тиіп жүрген адамдардың сөз саптауынан хабардар болдық. Қазіргі кездені адам өмірінің өзгеруін тек іс-әрекетінен ғана біліп қоймаймыз, олардың сөйлеу мәнерінен де мәдениетінің белгілі бір дәрежесінің өзгерісін көре аламыз. Олардың сөздерінен өмірге деген қызығушылығының төмендігін бір күндік ас үшін өмір сүріп, адамдық қасиеттерінің жоғалып бара жатқандығын байқайсың. Дегенмен оқиға қазіргі өмірдегі келеңсіз жайт, келелі мәселені қозғайды.
Қарғыс сөздер және олардың көркем әдебиетте қолданылуы жайында зерттеу жұмысымыздың алғашқы тарауында айтып өттік. Енді соларға мысал келтірсек:
а) -Құдай сілегір, кетші былай, құдай сілегір! Тыныштық бермедің ғой сен-ақ! – деп, жылатқан бойында итеріп тастады (М.Әуезов).
Берілген үзіндідегі балаға әбден ыза болған Байдалының дәл кейпін берген мына сөздер әсіресе қарғыс сөздер сөйлемнің реңктерін ашып тұр. Мұндай алла жазаңды берсін, құдай сілегір тіркестері кейде жай да айтылады. Мысалы:
–Уа тәңір алғыр, кешегі таққан белбеуім қане? Бибіш үн-түнсіз іздеп көп жүретін (Е.Әкімқұлов)
-Құдай тапқыр! Бұрын үйге жақындай құлайтын еді де әкеле қоятын ек, енді алысқа құлауды шығарды ғой бұ шарду басқыр! (Е.Әкімқұлов)
ә) ортақ қарғыстар
– Шық, көрінбе көзіме, қуарған. Құдай төбеңнен ұрғыр! Тас төбеңнен құдай ұрсын! Айуан шошқа! Деп айдап шықты (М.Әуезов).
–Осы отырған қалың би сендерді құдай тапсын!
Ей, Құнанбай, әруақ қаны қарғыс атсын! Көріңде өкір!
Тәкежанды құдай атсын, құдай атқырды (М.Әуезов).
Б) малға айтылатын қарғыстар да адамның көңіл-күйін (малға ашуланған кездерде айтылады) білдіреді. Мысалы:
Әй, арам қатқыр! Құдай бар болса қарасан келсін. Қасқыр жесін. Қарғанып-сіленген күйі Аққағаз адымдай басты (Ш.Күмісбаев).
в) «Қаға берісі» бар қарғыстар – біреуге қарай айтылған дуалы тіркестерді қарсы бағыттайтын қарғыстар. Мұндай Ұлы жазушымыз М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясынан соңғы пікірді қуаттайтын бір нақты мысал келтіре кетейік:
Құнанбай Әмір мен Абай екеуіне қатар бір ғана шұғыл кек ойлады. Ойлады да Абаймен ұрысты сәтте тыйып, сол ниетке тез ауды.
Талып жатқан күйінен есін жиып, екі көзін алартып ашып атасына қараған.Әмірге, Құнанбай қос қолын созып, алақанын сырт қаратып тұр. Намаздағыдай мінәпсәт қимылын, суық тілек қимылын жасады. Әмір мен Абайға қатар созды. Нұрғаным мен Ызғұтты екеуі екі жақтан ұлардай шулады.
Я, құдай, қабыл етпе!
Жаратқан елең алма! Не сұмдық! Қарғыс айтқалы жатыр ғой, өз балаларына! – десіп үркіп үн салды. Бірақ Құнанбай енді оларды пеуейіне де ілген жоқ. Жүгініп алып, көлденең жатқан немересінің кеудесінің үстіне теріс батаның алақанын жайып тұр. Абайға да қатал қолдарын жиі нұсқайды.
Қызарып атқан таңда… Айттым ататлың қарғысымды. Менен туған арам қан, бәдбәхіт нәсілдерім мына екеуі. Жаратқан ием, иә кәрім алла, менің қолымнан өлтіртпедің. Бендең болған бар тілегім, ақ тілегім сол болсын! Ал мынау екеуін! Жібер өзіңнің ақ бұйрықты ажалыңды. Уын, зәрін өзгегег жаймай тұрғанда, жой көздерін, жоғалғырлардың! – деп қолының сыртымен теріс батасын етіп салды (М.Әуезов).
Берілген үзіндіден Құнанбайдың балаларына деген реніші өте қатты екенін байқаймыз.
Адамға тез, бірден әсер ететін сөздер бар екенін білсек, сол сөздердің ішіндегі ең әсері күштісі қарғыс сөздер екенін келтірілген мысал дәлелдейді. Әкенің аузынан шыққан уытты сөзден денең түршігеді. Аузынан дәл осындай сөздер шыққан әкенің дінінің қатты екенін аңғару қиын емес. Дуалы ауыздан шыққан сөзден қорыққан Нұрғаным мен Ызғұттының кері бата яғни қаға берісі бар сөздер айтуы шығарманың эмоционалды-экспрессивті реңкін одан сайын күшейтіп, жазушының хас шебер екендігін дәлелдейді.
Жұмыстың бірінші тарауында дөрекі сөздердің, одағай сөздердің, қарғыс сөздердің және орыс тілі элементтерінің көркем әдебиеттегі орны, қызметі жайында сөз болды.
Дөрекі сөздер – жазушы үшін кейіпкер бейнесін жасауға қажет тілдік-стильдік элемент. Мұндай сөздердің кейіпкер аузында экспрессиясы арта түседі. Олар сөйлеу тілінің лексикасына жатады. Одан ары қарай тарауда шғарманы неғұрлым шынайы көрсеткісі келетін және О.Бөкейдің «Жазушы дегеніміз – шындыққа жүгіну» принципін ұстанатын жазушы дөрекі сөздерден қышпайтындығы және одағай сөздердің де адам көңіл-күйін білдіретіндігі олардың да сөйлеу тілінде қаратпа ретінде жиі қолданатындығы сөз болды. І-тарауда сонымен бірге қарғыс сөздердің ұлттық менталитетімізден хабар беретіндігі жайында да біраз айтылды.
Қазақ менталитетінде сөз магиясы өте күшті атқарады. Солардың бірі – магияның жоғары тілек-бата сөздері мен қарғыс сөздер.
Қарғыс өзіне қиянат жасаған адамдарға өлім немесе сондай бақытсыздық тілеуден, діни ұғымнан, сенімнен, бойды кернеген ашудан, кек пен ызадан шығады. Қарғысқа зәрлі, өткір сөздер қолданылады. Мұндай сәттер көркем шығармаларда да болады. Кейіпкердің қатты ашуланғанын оның аузынан шыққан сөздерінен байқауға болады. Осындай сәттерде кейде кейіпкер аузынан қарғыс сөздер шығады.
Осы тараудағы орыс тілі элементтері жайлы мәлімет былай өрбиді: көркем шығармадағы кейіпкер аузындағы орыс сөздері кейіпкер бейнесін ашуға, оның мінез-құлқын тәрбиесін, мәдениет дәрежесін жасауға көмектеседі. Ауызекі тілдегі лексикалық ауыс-түйіс көздерінің бірі – орыс сөздерін жазушылар кейіпкер аузына әдейі салады. Әрі ол сөздердің дыбысталуын толық кейде өзгертіп қолданады. Орыс тілі элементтері сонымен бірге халықтың белгілі бір уақыттағы сөйлеу мәдениетінен хабар береді.
ІІ тарауда осы сөздер мен тіркестер нақты мысалдармен келтірілді. Мысалдар бізді мынадай қорытындыға әкелді. Көркем әдебиет тілінде кездесетін бейәдеби элементтердің алатын орны ерекше екендігін және олардың кейіпкер бейнесін жасауда, кейіпкердің мінез-құлқының өзгеру сәтін беруде үлкен рөл атқаратындығын білдік.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Виноградова В.В. Стилистика. Теория поэтической речи. Поэтика. Москва, 1963
Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы Ана тілі А. 92
Виноградов В.В. О языке художественной литературы. Москва, Гослитиздат. 1959 (стр. 212)
Балақаев М., Томанов М., Жанпейісов Е., Манасбаев Б Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1974
Болғанбаев Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы: Санат, 1997
Әуезов М.О. Қазақ әдеби тілінің мәселелері. Алматы, 1950
Сыздықова Р. Сөз құдіреті. Алматы: Санат, 1997 223 бет
Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. Алматы: Ғылым, 1984
Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1962
Колесов В.В. Язык города. Москва. Высшая школа. 1991. 190стр
Литературная норма и просторечие. Сб.ст. Москва. Наука, 1977-254 стр.
Сыздық Р. Тілдік норма және оның қалыптасуы. Астана: Елорда, 2001
Сыздықова Р. Абайдың сөз өрнегі. Алматы.
М.Әуезов. Уақыт және әдебиет. Алматы.
М.Әуезов. Шығарманың жинағы. Алматы, 1979, 19 том.
Сауранбаев Н.Т. Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері. Алматы, 1960
Қалиев Ғ., Сарыбаев Ш. Қазақ диалектологиясы. Алматы, 1967
Жұбанов Қ. Исследование по казахскому языку. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1966
Әбілқасымов Б. Алғашқы қазақ газетінің тілі. Алматы, 1971
Жанпейісов Е. Қазақ прозасының тілі. Алматы, 1968
Қазақ тілінің қысқаша этамологиялық сөздігі. Алматы, 1966. 124 бет.
Ахметов Ә.Қ. Түркі тілдеріндегі табу мен эффемизмдер // филол. ғыл. докт. Дисс. Алматы. 1995
Болғанбаев Ә. Қазақ тіліндегі алғыс пен қарғыс мағынасындағы тұрақты сөз тіркестері // Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері. 2-шығуы, Алматы, 1960. 121 б.
Багиров. Особенности языка азербайджанских советских романов Автореферат канд. диссерт. Баку, 1955
Курбатов Татарская лингвистическая стилистика и поэтика. Москва, 1978
Хамраев М.К. Основа тюркского стихосложения Алматы, 1963
Сыздық Р. Көркем мәтінді лингвистикалық талдау. Алматы: Ғылым, 2002 184 бет
Шалабаев Б. Көркем проза тілі Алматы: Білім, 1994 128 бет
Бизақов Сейдін Тілдік норма және варианттылық Алматы: Ғылым, 1997-208 бет
Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі Алматы, 1960
Исаев Ж.Т. Көркем әдебиет шығармаларының тілі мен әдеби тілдің өзара байланысы. Филол. ғыл. Канд. дис. Алматы, 1999-124 бет
Шоқын Г.Т. Көркем проза тілінің стильдік ерекшеліктері Алматы, Ғылым, 2001-94 бет
Мұратова Г.Ә. Көркем әдебиет тіліндегі қажеттілік пен кездейсоқтық Алматы, Б.б., 2002-138 бет
Сыздықова Р. Абай шығармаларының тілі Алматы, 1968
Шалабай Б. Көркем проза тілін зерттеудің ғылыми-теориялық негіздері. Дис. Ф.ғ.д. Алматы, 1997 333 бет
Серғалиев М. Көркем әдебиет тілі А. 1997
Нұрғожина Ш.И. Эмоционально-экспрессивная лексика казахского разговорного языка. Дисс. На соискание уч. Степ. Канд. филол. Наук. Алматы, 1989, стр. 145
Белбаева Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы Алматы, Мектеп, 1976
Кеңесбаев І. Қазақ тілінің
Майтанов Суреттеу мен мінездеу Алматы, 1991
Смағұлова Г.
Смағұлова Г. Қазақ фразеологизмдерінің варианттылығы.
Сыздықова Р., Шалабаев Б.
Абдуллаева Л. Лексическая стилистика узбекской художественной литературы. Ташкент. Фан, 1979. 150 стр.
Милехина Т.А. Стилистические различия разговорн. и худ. диалог. // Автореф. Канд. филол. Наук. Саратов 1988 142 стр.
Моисеев А.И. Богатство языка и культура речи С.п.Гос.ун. 1995-85 стр.
Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы Алматы, 1994 183 бет
Сарыбаев Ш.Ш. Междометие в каз. языке А-А, 1959, 87 стр
Томанов М., Сайрамбаев Т. Қазақ тіліндегі қаратпалар Алматы, 1980ж.
Қазақ тілінің грамматикасы. Ғылым. Баспасы Алматы, 1967
Аманжолов С. Қазақ тілі синтаксисінің қысқаша курсы, Алматы, 1940, 112 бет
Балақаев М.Б., Қордабаева Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1974, 180 бет.
Балақаев М., Сауранбаев Н. Қазіргі қазақ тілі Алматы: Санат, 1997-240 бет
Нұрмұқанов Х.М. Сөз және оның контекстегі қолданысы. Филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін даярланған диссертация. Алматы-1994 392 бет. Жет. Сызд.
Еңсебаева К.К. Қазіргі көркем әдебиеттегі кейіпкер тілінің стильдік қызметі. . Филол. ғыл. Канд. диссертация. – Алматы. 1999. 182 бет.
Рысбаева К.Қ. Қазақ тілі культтік фразеологизмдері. Филол. ғыл. Канд. диссертация. – Алматы. 1997. 175 бет.
Глухов В.М. Свойства просторечно-диалектной фразеологии // Образование и функционирование фразеологических единиц. Ростов на Дону. Изд. Рост. Ун., 1991. 77-82 стр.
Дегтерова Т.А. Выразительная сила слова // Язык и стиль Москва. 1965. 56-95 стр.
Әміров Р. Жай сөйлем синтаксисі Алматы, 1983
Сәрсеке Г., Р.Сейсенбаев шығармадағы кейіпкерді мінездеуші. Тілдік-стильдік тәсілдер // Автореф. Фил.ғыл.канд. Алматы, 1998
ТІЛДІК МАТЕРИАЛДАР АЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Қадыр Тайшықұлы. Күлмеске не. Алматы: ҚКӘБ. 1936.
Б.Майлин. Таңдамалы повестер және әңгімелер. Алматы: Жазушы, 1977. 544 б.
Ғ.Мүсірепов. Бес томдық шығармалар жинағы. Алматы: Жазушы, 1991.
Ә.Кекілбаев. Екі томдық таңдамалы шығармалар мен әңгімелер. Алматы: Жазушы, 1989.
А.Тоқмағамбетов. Фельетондар мен сықақтар. Алматы: Қаз. Мем. Көркем әдебиет баспасы. 1958. 214 б.
С.Адамбеков. Қожанасыр қақпасы. Алматы: Жазушы, 1989. 384 б.
О.Әубәкіров. Сиқыр. Алматы: Жазушы, 1971. 151 б.
Ш.Смаханұлы. Елпекбайдың телпегі. Алматы: Жазушы, 1987. 214.; Өткірдің жүзі. Алматы, 1985. 302 б.
Көңілашар (құрастырған Кенжебаев). Алматы: Жазушы, 1971ү
Көңілді көшенің жігіттері. (құрастырған О.Әубәкіров). Алматы: Жалын, 1981. 144 б.
О, несі әй? Алматы: Жазушы, 1991. 351 б.
«… деген екен». (құрастырған О.Әубәкіров). Алматы, Өнер, 1994.
Әубәкіров О. Қайда безіп барасың. Алматы: Жазушы, 1989-254б.
Әубәкіров О. Ұзын сөздің қысқасы. Сықақ әңгімелер. Алматы: Жазушы, 1967-100 б.
М.Әуезов
Бөкей О. Екі томдық таңдамалы шығармалар. Алматы, Жазушы 1994, 496 бет 1-2т.
Бөкей О. Қайдасың қасқа құлыным повестер. Алматы, Жазушы 1993 200 бет
Бөкей О. Құлыным менің пьесалар. Алматы, Өнер. 1986 ж. 368 бет.
Исабеков «Қарғын» роман. Алматы, Жалын. 1980, 280 бет
Исабеков Д. «Тіршілік» повестер. Алматы, Жазушы. 1975, 256 бет.
Исабеков Д. «Қара шаңырақ» повестер. Алматы, Жазушы. 1973, 216 бет
Исабеков Д. Жеті желкен пьесалар Алматы, Өнер. 1987, 304 бет.
Ысқақов Қ. Таңдамалы ` томдық. Алматы, Қайнар. 1997.
Ысқақов Қ. Тұйық роман. Алматы, Қайнар. 1997, 320 бет
Ысқақов Қ. Ақсу-Жер жаннаты. Роман. Алматы, Қайнар. 1978, 508 бет.
Ысқақов Қ. Жарық дүние пьесалар. Алматы, Өнер. 1983, 288 бет
Әкімқұлов Е. Жібек жел. Алматы, Жалын. 1977. 280 бет.
Әуезов М. Абай жолы, Роман эпопея. Алматы, Жазушы. 1989 1-ші кіт. Абай 608б., 2-ші кіт. Абай жолы 616б.
Күмісбаев Ш. Қаладағы келін. Алматы, Жазушы 1989 272б.