АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Қазақ жазуының тарихы

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

Филология факулЬТеті

 

 

Қазақ тіл білімі кафедрасы

 

 

 

ДИПЛОМ жұмысы

 

ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ ТАРИХЫ

 

 

Алматы — 2011

МАЗМҰНЫ:

 

Кiрiспе……………………………………………………………………………………     5-7

 

1 Көне түркі жазуындағы кейбiр дыбыстардың таңбалану жүйесi………………………………………………………………….    8-13

 

2 Араб графикасына негiзделген қазақ жазуының ерекшелiктерi………………………………………………………    14-16

 

3 Орыс графикасына негiзделген қазақ әліпбиiнің жобалары (ХІХғ.)……………………………………………………    17-19          

 

4 А. Байтұрсынұлы ұсынған Төте жазудың графика-орфографиялық ерекшелiктерi…………………………….   20-26   

 

5 Латын графикасына негiзделген қазақ жазуының әліпбиi мен емле ережесi……………………………………… 27-37

 

6 Орыс графикасына негiзделген қазақ жазуының әліпбиi мен емле ережесi…………………………………….    38-43       

 

қорытынды……………………………………………………….   44-46

 

пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………….   47-48

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

 

Диплом жұмысының тақырыбы: Қазақ жазуының тарихы

 

Диплом жұмысының көлемі: 47 бет.

 

Диплом жұмысында пайдаланған әдебиеттер саны: 39

 

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері: Зерттеудің негiзгi мақсаты қазақ мәдени өмiрiнде қолданылған фонемографиялық жазу типi түрлерінің онтогенездiк дамуын, қазақ жазуының тарихын, осыған орай қазіргi қазақ графикасы мен орфографиясының теориялық негiздерiн iздеу, емле ережелерiнің уәжiн көрсету, сөйтіп, қазіргi қазақ жазуының мәртебесi мен орнын анықтау болды. Осы мақсатқа жету барысында мынадай мiндеттердің шешiмiн табу көзделдi:

— жалпы жазудың даму тарихын көрсете отырып, жазудың маңызы мен бүгінгi таңдағы қызметін парықтау;

— қазақ графикасы мен орфографиясының негiздерiн фонологияға, әліпби теориясына табан тiрей отырып, анықтау;

— көне түркі жазуының графикалық ерекшелiгiн, латын графикасына негiзделген қазақ жазуының жүйесiн, графема-фонема қатынасын көрсету;

— орыс графикасына негiзделген қазіргi қазақ әліпбиiнің әріп-фонема-дыбыс қорын түгендей отырып, қазақ жазуының фонологиялық негiздерiн айқындау.

 

Диплом жұмысының нысаны: қазақ жазуының тарихы, жазу бiрлiктерi, категориялары, қазақ жазуының тарихындағы әліпби, графика түрлерi, қазақ орфографиясына қатысты еңбектер.

 

Диплом жұмысының әдісі: Зерттеу барысында сипаттамалы, салыстырмалы, жүйелеу, АТ-дi транскрияциялау, жазба мәтіндi (ары қарай ЖМ) семантикалық деңгейде АТ-ге айналдыру тәсілi пайдаланылды.

 

Диплом жұмысының дереккөздері: Зерттеу материалдары ретінде көне түркі графикасы, араб (ХIХғ.), латын графикасына негiзделген (1929-1939) қазақ әліпбилерi, Ы.Алтынсарин, Н. Ильминский, В.В.Радлов ұсынған және пайдаланған орыс графикасына негiзделген жазу, А.Байтұрсынұлы әліпбиi, 1940ж. латын әрпiмен басылған қазақ емлесiнің алғашқы жобасы (Алматы, 1940), қазіргi қазақ әліпбиi қолданылды.

 

 Диплом жұмысының мазмұны: Диплом жұмысының бірінші бөлімінде  көне түркі жазуындағы кейбiр дыбыстардың таңбалану жүйесi, екінші бөлімде араб графикасына негiзделген қазақ жазуының ерекшелiктерi, үшінші бөлімде орыс графикасына негiзделген қазак әліпбиiнің жобалары (ХІХғ.), төртінші бөлімде төте жазудың графика-орфографиялық ерекшелiктерi, бесінші бөлімде латын графикасына негiзделген қазақ жазуының әліпбиi мен емле ережелері, алтыншы бөлімде орыс графикасына негiзделген қазақ жазуының әліпбиi мен емле ережесi мен мәселелері талданады.

 

Диплом жұмысының мазмұнын сипаттайтын тірек сөздер: жазу, әріп, графика, орфография, әліпби, төте жазу т.б.

 

Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі алты бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған ғылыми әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КIРIСПЕ

 

Жазу – адамзаттың ұлы мәдени құндылықтарының қатарына жататын, өркениет дамуының құрамдас бөлігi. Адамзат мәдениетiнің өркениетке аяқ басуы дыбыстық жазу типiнің пайда болуынан басталса, өркениеттің әлемиетке ұласуы жазба коммуникацияның, жазба тiлдің жоғары даму сатысына жеткенiнен хабар бередi. Жазу кеңістiгi ұлғайғаны соншалық оны жазу және мәдениет, жазу — өркениет, жазу — қоғам, жазу мен ойлау, жазу мен тiл, жазу және коммуникация сияқты iргелi ұғымдар оппозициясында қарауға болады. өйткені дыбыстық жазу адамның эмоциялық, экспрессивтiк сезiмдерiн таңбалаудан гөрi, ақпарат тарату, сақтау қажеттiлiгi туғанда мемлекеттің пайда болуымен қатар шықты. Сондықтан бүгінгi таңда ұлттың мәдени-әлеуметтiк, экономикалық дамуы жазудың тұрақтылығына, жетiлуiне қатысты болады.

Жазба мәдениетi дамыған ареалдардың жазу тарихында үш кезең болды: 1) әркім өз қалауынша жазған шығармашылық кезең; 2) жазба коммуникацияның ұлғаюымен байланысты жазу узусы болған кезең; 3) жазу нормасы, орфографиясы пайда болған кезең [1, 30 б.]. Сонда ХХ ғ. жазу нормаларын қалыптастыру, негiздеу дәуірi болса, ХХI ғ. жазудың таңбалық, код болу сипаты күшейетiн, әлеуметтік коммуникацияны өзгертiп, қайта құратын, ауызша тiлдi (ары қарай АТ) игеретiн кезеңi болады.

Зерттеу жұмысында қазақ жазуының тарихи даму кезеңдерiн саралау, қазақ жазуының қай кезеңнен басталғанын, қазақ жазуы тарихында қандай жазу түрлері пайдаланылғанын анықтау мақсат етіліп отыр.

Жалпы тiл бiлiмiнде жазуды зерттейтiн грамматология, графемика (графема мен дыбыс, әріп қатынасы), графикалық лингвистика салалары айқындалғанмен, бұл бағыттағы зерттеулер тапшы болып отыр.

Ал қазақ тiл бiлiмiнде жазу нормативтi сипатта орфография ережелерi, анықтағыштар, емле сөздiктерi, оларға берiлген түсiндiрмелер негiзiнде сөз болып келдi. Жазу ұғымы орфография ұғымына парапарланып, жазудың нормалылығы, оның кодификациялануы туралы жиi айтылды. Мысалы, Г.Жеркешова, Ғ.Ермековтердің бiрiккен сөз тақырыбындағы еңбектерi лексикология, семасиология тұрғысынан жазылды [2].

Қазiргi қазақ жазуының әліпбиi мен орфографиясының фонологиялық негiздерiн iздеген алғашқы грамматологиялық зерттеу Н.Уәлиұлының еңбегiнен басталады [3]. Н.Уәлиұлының бұл бастамасы бiрге, бөлек жазылатын сөздердің орфограммасын кодификациялаудың негiздерiн және араб жазулы қазақ жазбаларының графикалық-орфографиялық ерекшелiктерiн анықтаған шәкiрттерiнің диссертациялық зерттеулерiнде жалғасын тапты.

Ал қазақ жазуы теориясын оның даму кезеңдерi мен тарихы негiзiнде тұжырымдау кажеттiлiгi алғаш Н.Уәлиұлының мақаласында сөз болды [4]. Осыған байланысты қазақ жазуының көне түркі руникасынан берi қарайғы онтогенездiк дамуын көрсету, жазу теориясына қатысты ұғымдарды саралау, жүйелеу қажеттiлiгi, қазақ жазба мәдениетiнде қолданылған әліпби түрлерінің сипатын айқындау тақырыптың өзектiлiгiн танытады.

Жазу туралы түсiнiктiң қарапайым фабуласы — адамдардың қашықтықта тұрып, қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ету. Өйткенi жазу қоғамдық қажеттiлiктен туындады. Адамдар арасындағы күрделi қоғамдық қатынастың дамып жетiлуiн ауызша сөйлеу тiлi қанағаттандыра алмады. Сондықтан жазудың шығуы ең алдымен қарым-қатынастың маңызды бiр құралына деген қоғамдық мұқтаждыққа қарыздар.

Ауызша сөйлеудiң екi кемшiлiгi болды: таралу кеңiстiгiнiң шектеулiлiгi және уақыт жағынан шектеулiлiгi. Адамдардың қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтiк қатынасында жоғарыдағы олқылықтарды толтыру үшiн пайда болған жазудың қызметі өте зор.

Қазақ жазуының тарихы өте тереңде жатыр. Қазіргі Қазақстан мен Орта Азия территориясындағы ертедегі тайпалар өмірін бейнелейтін, тасқа қашап жазған мұндай жазулар жиі кездеседі. Бұл сияқты тасқа қашалған жабайы аңдар, хайуанаттар, адам бейнелері, аңшылық, садақ тарту, желекті найза ұстау, жыртқыштан қорғану, ертедегі адамдардың киелі түсініктері, ғұрыптары мен әр алуандас көріністері аң аулап, мал баққан ертедегі тайпалардың тұңғыш жазуы болып табылады. Тіл білімінің терминімен айтсақ, бұл ертедегі сурет жазуы немесе пиктографиялық жазу.

Дүниеге келген әрбір жаңалық сол күйінде қатып қалмайтынын ескерсек, ертедегі сурет жазуы да сол пайда болған күйінде қалып қойған жоқ, ол өмірге икемделіп, өзгеріп өрістей түсті. Осы жазудың негізінде ұғымды білдіретін жазу, символикалық немесе идеографиялық жазудағы ой мен ұғымның жұмбағын шешу дәл бүгінгі таңда оңай болмағанымен, оның сол кездегі қауымдық құрылыспен баяғы замандағы адамдардың өмір тіршілігінің дамуына лайық екенін көреміз.

Бұл жазу түрінің Қазақстан жерінде ұзақ сақталып, оның символдық көрініс нұсқалары келе-келе қазақтың рулық ен-таңбаларына да айналып, тіпті кейіннен меншікті көрсетерлік белгі болып кеткенін де байқай аламыз.

Алтай мен Тарбағатай жоталары, Сарыарқаның дарқан өңірі мен Алатау шатқалдарында қазірде бізге мәлім борған осындай жазу үлгілері бар. Түптеп келгенде түркі тайпалары арасында соншама кең тараған идеографиялық жазулар түркі тайпаларының «руникалық» тұңғыш әріптік жазуының шығуына да белгілі мөлшерде ықпал етіп, әсерін тигізді.

Жалпы жазу түрлерінің ғұмыры адамзат өркениетінің ғұмырымен өлшенедi. Тiл-тілдің барлығында бiр буынды түбірлердің көптігі сөз жазудан дыбыс жазуға өту сатысын растайды. Ойжазу, суретжазу, буынжазу, сөзжазу, дыбысжазу терминдерi пиктографиялық, семасиографиялық, силлабографиялық, фонемографиялық жазу түрлерiне сәйкес келедi.

Бiз қазақ халқының қолданған жазу типтерiн семасиографиялық және фонемаграфиялық деп бөле отырып, зерттеуге фонемаграфиялық жазу түрлерiн нысан етемiз. Өйткенi, пиктографиялық жазу мен дыбыстық жазу жазудың екi басқа типiне жатады. Екiншiден, ғалымдар арасында сурет жазуды жазу түріне санамайтын көзқарастар басым, үшiншiден, пиктографиялық жазу өз алдына кең масштабтағы зерттеуге нысан бола алады. Және қазіргi қазақ жазуының бейнесiн, болашақ “кескiнiн” тану үшін қазақ жазуы тарихындағы дыбыстық жазу түрлерінің сипатын, әліпбиi мен емлесiн анықтау қажеттiгi бар.

Қазақ халқының пайдаланған дыбыстық жазу түріне көне түркі жазуы, ұйғыр, араб жазуы және А.Байтұрсынұлының төте жазу (ТЖ) үлгісi, латын графикасына негiзделген қазақ жазуы (ЛГнҚЖ), орыс графикасына негiзделген қазақ жазуы (ОГнКЖ) жатады. Аталған әліпби түрлерi диплом жұмысында жекелей зерттеу объектiсi болатындықтан бүгінге дейiн аталған жазу түрлерi зерттеу нысанына алынбағандықтан, жұмысымызда жоғарыдағы әліпби түрлерінің белгiлi бiр ерекшелiгi мен әліпби құрамы, ондағы әріп пен фонема сәйкестiгi, iшiнара емле ережелерi туралы сөз болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Көне түркі жазуындағы кейбiр дыбыстардың таңбалану жүйесi

 

Алғашқы әріп жазуының бір тармағы – руникалық көне түркі алфавиті болып табылады. Бұл алфавитпен жазылған ескерткіштер – көне түркі тайпаларының жоғары тіл мәдениеті мен білім өресінің көрсеткіші. 

Көне түркі жазулы ескерткiштердің табылу аймағы үлкен: Хакасия, Алтай, Тува, Саян-Алтай, Енисей, Талас, Дмитриевск, Алта-Бай сайы, Орхон, Қарақорым, Тараз, Павлодар, Есiк, Шемонайха, Ертiс, Қырғызстан Қошқар өңiрi. Бұл әр аймақтың графикасы өзіндік дыбыстық ерекшелiгiмен көрінеді дегендi бiлдiредi. Дегенмен көне түркі жазуына қатысты жоғарыдағы ғалымдар еңбектерiне сүйене отырып, көне түркі жазуына ортақ графика-орфографиялық ерекшелiктердi тануға мүмкіндiк бар деп ойлаймыз. Көне түркі жазуы біздің ата-бабаларымыз қолданған жазу болғандықтан, бұл кезең қазақ жазуы тарихында елеулі орны бар дәуір.

Көне түркі жазуының пайда болу уақыты туралы әр түрлі пікірлер бар.                А. Аманжолов түркі алфавиті Ү ғасырда пайда болды деген пікірге өз уәжін келтіреді. Ғалым археологтардың Павлодар облысы Бобровое селосы тұсындағы қорымның барлық белгілері мен сипаттарын зерттей келе, қазба жұмысын жүргізген бейіттің біздің жыл санауымызға дейінгі Ү-ІҮ ғасырға, сақ дәуіріне жататындығы туралы пікір айтқандығын тілге тиек етеді. Бұл жерден әр түрлі бұйымдармен қатар жүгенге тағылған сүйек тұмар табылған. Сүйек тұмарда руникалық жазумен «Ақ сықын (суқын)» деген сөздер жазылған екен. Мұны А. Аманжолов «Ақ марал» деген мағынаны білдіретінін айтады. Осы деректерге сүйене отырып, ғалым мынандай пікірге келеді: «Тұмардағы руникалық жазу ертедегі түркі тілдес көшпелі тайпалардың арғы аталары – сақтарды алфавиттәк жазуының болғандығын көрсетеді. Бұл жазу – Оңтүстік Сібір мен Қазақстандағы көшпелі тайпаларда руникалық алфавит тек Ү ғасырда ғана пайда болды деген бұрынғы болжамның күмәнді екенін, асфавиттік жазу одн мың жыл бұрын қолданылғандығын дәлелдейді» [5, 42 б.]. Ғалымның көрсеткен бұл пікірінен көне түркі жазуының 2500 жыл бұрын пайда болғандығын пайымдауға болады.

Талас, Енисей, Орхон жазуларының табылуы, оқылуы, этногенезi, түркі халықтарының тарихына, әдебиетiне, мәдениетiне қатысы, графикасы мен грамматикасы, лексикасы, қазіргi түркі тiлдерiмен сабақтастығы туралы еңбектер аз емес. Көне замандағы ауызша сөйлеу жүйесi беймәлім жазу таңбаларын қазіргi тiл дамуының тұтынушысы бола отырып, дүдемал дыбыстық тiлге кодтау, код таңбаларының мәнiн көрсету, кодтың (әліпбидің) кiлтiн түзу қаншалықты қиын екенiн ескерсек, көне түркі жазуына ғалымдардың еңбегi өлшеусiз екенiн көремiз. Сондықтан көне түркі жазуы туралы қазақ тiл бiлiмiнде бірыңғай пiкiр қалыптастырған Ғ.Айдаров, А.Аманжолов, Ә.Қайдар, Ғ.Мұсабаев, Ә.Құрышжанов сынды ғалымдардың зерттеулерiн жоғары бағалай келе, зерттеушiлердің көне түркі жазуының әліпбиiн құрастырып, ондағы әріп таңбаларының мәнін, берiлу тәсілдерiн, дыбыстық заңдылықтары туралы жазған еңбектерiн пайдалана отырып, көне түркі жазуындағы дауысты дыбыстардың таңбалану жүйесi мен iшiнара дауыссыз дыбыстардың емлесi туралы сөз қозғағымыз келедi, себебі жоғарыда айтып кеткеніміздей, көне түркі жазуы қазақ жазуының қалыптасуының бір кезеңі емес пе?

Жалпы Орхон-Енисей жазбаларында қолданылған 35 графеманың 4-i ғана дауысты фонеманы, ал 31-i дауыссыз фонеманы және үнді қатаң тiркесiн бергенi бүгінде айқындалған жайт [6, 180 б.]. Сонда көне түркі жазуы дауысты фонеманың 4 инвариантымен тiлдегi 9 вариантын (а-е-ә, ы-i, о-ұ, ө-ү), дауыссыздардың 20- дан аса жуан-жіңішке вариантымен 10 инвариант фонеманы (б, д, ғ, й, ц, л, н, р, с, т ) берген түркі тiлдерiндегi үндесім құбылысын дауыссыздар санын көбейтумен шешкен графика болып табылады.

Осыған байланысты көне түркі жазуының графикасында а-е (э-ә) фонемасын белгiлейтiн таңба неге сөз iшiнде және сөз басында берiлмедi, керiсiнше, <о-ө> фонемасы нелiктен сөз басында және ортасында таңбаланды деген сауал төңiрегiнде ойланып көрелiк.

а графемасы басқа <ы>, <о>, <ө> инварианттарының таңбаларына қарағанда жиi түсiрiлiп отырған. Мысалы, (қазіргi графикамен жазсақ) дғ (адағ), дғр (адғыр), йғучы (айғучы), нығ (анығ). М сөз соңында жүйелi таңбаланады: бунча, йзқа (йазыңа), кче (кече) [7, 17 б.]. Сонда таңбаланған дыбыс ашық езулiк (а, е, ә) әрпіне қалай кодталған және рунист ғалымдар қалай топшылаған?

Ол, бiрiншiден, бiздің ойымызша, өзге “ш дауысты фонеманың КТЕ-нде белгiлену маркерлiгiмен өлшенедi. Өйткені <а/е> дауыстысынан басқа <о/у>, <ө/ү>, <ы/і> гиперфонемалары инициал позицияда да, Т-буында да жүйелi таңбаланып отырса, (ыдқ (ыдуқ, өлглi (өлгелі,), учн (учун)), <у>, <у> фонемалары барлық позицияда берiледi [8]. Сонда <о/у>, <ө/ү>, <ы/і> графемалары таңбаланғанда, бұлардың фонемасы және дыбыс реңктерi оқылады, ал бұл әріптер болмаған жағдайда <а/е (ә)> фонемасы дауыссыз дыбыс таңбасының жуан-жіңішкелiгiне қарай не [а’, не [е], [ә], [э] болып оқылады. Проф. А.Аманжолов көне түркі тiлiнде а графемасымен <а>, <е> фонемасы ғана белгiлендi десе, Ғ.Айдаров, С.Хасановалар <ә> фонемасы да таңбаланды дейдi.

Проф. Б.Сағындықұлы көне түркі тiлдерiндегi алғашқы дауысты фонема ретiнде а-ны атайды [9, 1576.). Сонда жиi дыбысталатын фонеманың таңбасын үнемдеу арқылы жазу экономиясы жасалған деймiз. Дауыссыз дыбыстан басталатын сөздің алдынан түсiрiлген дауыстыны қателесiп калпына келтiремiз дейтiн қауіптің көне түркі жазуын жазуын оқушылар үшін болмайтын себебi түркі тiлiнің дыбыстық ерекшелiгiн, лексикасын бiлуге байланысты. Айталық, брзун (барзун) — барсын, мңа (маңа) — маған, мн (мен) — мен сөздерi а, е әріптерiнен басталмайтынын тiлдi тұтынушы да, жазуды дыбыстық тiлге кодтаушы да бiлуi тиiс.

Ендi <ы/і> гиперфонемасының инициал және медиал позицияда таңбаланып, сөз iшiнде ескерiлмеуi [10, 18 б.] жайлы. Гиперфонеманың сөз басында көрсетiлуiн жоғарыда <а/е (э)> фонемасының тұрмағанын бiлдiру үшін берiлдi дедiк. В.Томсен <ы/і> таңбасы салынса, <i> болып оқылады, болмаса <д>-ден өзге [л] [i] ортасындағы [л] болып оқылады деген [11, 8 б.]. Бұған қоса В.В.Радлов та КТТ-нің бiр буындыларында э (д) — дауыстысы ғана болғанын айтқан [11, 28 б.]. Сонда бiр буынды сөздердің iшiндегi дауыстының өзгеруiн таңба салып ескертiп отырған. Жалпы, бiраз ғалымдар (Ғ. Айдаров, А.Аманжолов, С.Хасанова) <и-і/ы> гиперфонемасының таңбасы болды деп топшыласа, С.Е.Малов [12, 44 б.], А.М.Щербак [11], М.Томанов, В.В.Радлов, М.Рясянен, И.Н.Кобещавидзе көне түркі тілі мен көне түркі жазуында <ы>, <i-и> оппозициясы күмәндi, мұндай жiктелiстi дәлелдейтiн фактi жоқ екенiн [13, 40 б.], әсіресе тәуелдік жалғауының сөз үндесімiне қарамай, жіңішке дауыссыз таңбасымен (н’) берiлгенiн [12, 44 б.] айтады: кгні кғ‘н, қз‘н. Тiл үндестiгiнің бұзылуын, -ның i-ге өтуiмен байланыстырады [11, 72 б.]. <и-і/ы> дүдемалдығының бiр себебiн түркі тiлдерi дамуының белгiлi бiр кезеңiнде 1-буыннан басқа буындағы дауыстылардың дербес фонологиялық жүйе құрай алмағанынан, сингормониялық паралелельдердің болуынан (алтан-алтун-алтын, балта-балто-балту-балты) [11, 74 б.], себебi көп буынды сөздердің екiншi буынынан былай қарай дауыстылардың ерекше жүйесi (подсистема) болатынынан, ол жүйеде ашық-қысаңдығымен айрылатын бар-жоғы екi ғана фонема болып, олар аллофондарының көптiгi арқылы қолданыс табатынынан [14, 109-118 бб.] iздеу керек. Негiзiнен көне түркі жазуындағы дауыссыздардың жуан жіңішке таңбаларын шартты деп және осыған сай тiл үндесімiне күмәнмен қарау [13, 40 б.] <и-і/ы> фонемасына қатысты шыққан. көне түркі жазуындағы дауыстылардың графемасына (инвариантына) телiнген фонемалар өзара (негiзiнен) ашық-қысаңдығымен айрылады (о-у, ө-ү, а-ә, е, э). Ал қазіргi фонологиядағы а-е (ә), о-ө, ұ-ү, ы-i жұптары жуан-жіңішке оппозициясын құрайды. Сонда бірыңғай жіңішке, қысаң, ерiндiкке (ө-ү) бiр графема, жуан ерiндiк, қысаңға (о-у) бiр графема берiлген жүйеде немесе керiсiнше мына жүйеде – жуан-жіңішке езулiк, ашық (а-ә, е, э) және жуан-жіңішке езулiк қысаң (ы-i) – ауытқу бар.

Проф. А.Аманжолов дауыстылар жүйесiнің сақтала бермегенi жергiлiктi фонетиканы бiлдiре ме, елде емле тұрақсыздығын бере ме деп, äI/iI, jеti/jiti параллельдерiн көрсеткен [10]. Сонда, бiздің ойымызша, ь,-и (i) сына дауыстысының ашық езулiктен (а-е, е, э) толық ажырай коймағанын, кейде онымен жұп құрайтынын көремiз. Оған қазіргi түркі тiлдерi тұрғысынан алсақ, түбірдегi жуан, жіңішке, ашық езулiкке қосымша жалғағанда қысаң езулiктер сәйкесетiнi дәлел. М.Томанов ұйғыр тiлiндегi е дыбысы бар сөзге аффикс жалғанғанда е-е, көпбуынды сөздердің соңғы буынында и-ге айналатынын, е дауыстысы көне түркілiк а дауыстысының көрінісi екенiн, а фонемасы о, е, и-ға сәйкескенiн айтады [15, 51].

Ендi көне түркі жазуындағы ерiндiк графемалардың (о-у, ө-ү) таңбалануын және ерiн үндестiгiнің берiлуi туралы. Көне түркі жазуында <о/у> гиперфонемасы бір таңбамен, о/ү бiр таңбамен берілген. Ерiндiк дауыстылардың графемасы жуан-жіңішкелiкпен айрылған. Сонда од (уақыт), үч (үш), күн сөздерiн [у], [е] дыбысы арқылы да оқуға болады. Көне түркі жазуына қатысты зерттеулерде және көне түркі жазуының оқылуына қатысты еңбектерде бұл графема қандай белгiге сүйенiп <о> не <у> болын оқылатыны айтылмайды. дегенмен, мынадай ерекшелiктi байкауға болады. Ескерткiштерде ө-ү, о-у графемасы <о>, <ө > фонемасының орнына жұмсалған да сөз басында және 1 буында ғана жазылған [7, 20 б., 80 б.], ал <ү>, <ұ> фонемаларын бергенде сөздің барлық позициясында кездескен. Мысалы, чолг (гаоядiк, кунтуз (күндіз), iлгеру (iлгеру), й агру [8].

Сонда 1 буындағы <ө>, <о> фонемаларының кейiнгi буынды ерiндiкке айналдыра алмауының, ал <ү>, <ұ> фонемаларынан кейiнгi буында да <ү>, <ұ> сәйкесетiнiн қалай түсiндiруге болады? Жалпы, көне түркі жазуы зерттеушiлердің барлығы жазбаларда тiл үндестiгi жаппай сақталатынын, тiптi жуан езулiк пен жуан ерiндiк қатар келе беретiнiн (алтун, азулы), ал ерiн үндестiгiнің ауытқуы көп екенiн мақұлдайды (көңүл-көңл, өтуз-отыз т.б.). Ерiндiк күшi де қазіргi ерiндiк фонемаларының сапасына тең. Мысалы, Ғ.Айдаров көне түркі жазуында <о> кейiнгi буында <а> <у>-ға сәйкессе, <ө> — <ү> — ге, <е>- ге сәйкесетiнiн көрсеткен [8, 506.], яғни ерiндiк сапасының күштiлiгi ө—ү—о–ұ қатынасында. В.Томсен: буквенная письменность, в которой те или иные знаки для одного звука чередуются в зависимости от того, какой знак за ним следует или стоит впереди” [16, 140 б.] деген. И.Н.Кобешавидзе: алфавит замечателен тем, что он в большой мере отражает систему дифференциальных признаков фонем, нежели самых фонетических единиц” дей отырып, морфонологиялық негiзге құрылған деп анықтайды [13, 416.]. Сонда <о>-дан басқа ерiндiктердің өзінен кейiнгi дауыстыларды да өзіне ұқсатып алатынын жүйелi түрде таңбаламағанына қарап, көне түркі жазуын диалектiлiк ерекшелiктердi де, фонетикалық алмасуды да таңбалап отырған фонетикалық жазу болды ма деген ойға қаламыз.

90-жылдардың ортасында В.Г.Гузев В.Томсеннің екiойлы болғанына қарап, көне түркі жазуы буын жазуы деген шешiмге келген. Себебi графика түркілердің топ жаңалығы болса, олар дауыстылар үндестiгiн беру керек едi, ал басқа елдің графикасынан алынды десек, <й>-дің жуан-жіңішке варианты (комбинаторлық түрі) таңбаланып тұр дей отырып, дауыссыз таңбасы дауысты-дауыссыз тiркесiн бередi. Оған себеп к фонемасының [ак], [әк/ек], [ок/ук], [өк/үк], [ук] деген буындарды таңбалайтыны дейдi. Және қосар әріптердің ант, алт, арт сөздерiн беретiнiн айтты [16, 64 б.]. Ғалымдар көне түркі жазуын әріп, не буын арқылы оқуға келмейтiнiн, сөздi тұтас отырып, мазмұны арқылы түркі үндесімiне салып оқу керектiгiн айтады [13, 43 б.]. Және көп жағдайда дауыстыларды белгiлеу хабарды таңбалаушы мен оны дыбыстық тілге кодтаушы екi жақтың аялық бiлiмi бiр деңгейде, ситуация туралы екi жақ та хабардар болуына байланысты болған [17, 30 б.]. Әрi адресат түркі диалектiсiнің көптiгiнен дауыстылардың жергiлiктi ерекшелiкке байланысты түрленiмiн осы тәсілмен шешкен деймiз. Осы орайда академик Ә. Қайдардың мына сөзi еске түседi: “Сол кездегi мемлекет құрамында болған тайпалардың (түркі, қарлұқ, түргеш, қырғыз, оғұз, тардұш, татабы, шұп, кенгерес, соғды, тоғуз-оғуз, онок) тiлi өзгермей, бiр орында тұрмауы, әр кезде ру-тайпа аймағында жазылған бұл ескерткiштер тiлiн алып қарасақ, ол өзi бiр тұтас болып, қалыптаса қоймаған түркі ұлыстары мен тайпа бiрлестiктерiнің өзара айырмашылығы бар тiл едi, жергiлiктi ерекшелiктер сақталған тiл едi, аударған ғалымның өз тұсынан қосып алғандары да аз емес еді’ [16, 27 б.].

Сөйтіп, көне түркі жазуы көне түркі тiлдерiнің фонетикалық және фонологиялық белгiлерiн анықтап алуға мүмкіндiк бередi.

Орхон-Енисей, Талас ескерткiштерi дауысты таңбаларының <а, е (э), ә> графемасында ғана әріп варианты көп болған, ал ы, о, ө графемалары бiр таңбалы болып келедi. Бұдан негiзгi инвариант дауыстының (а) вариант, вариациялары (э, е, ә, әе, i) басқа дауыстыларға қарағанда артық болғанын графика арқылы да көруге болады деп ойлаймыз. Көне түркі жазуында әсіресе ж, к фонемаларының жуан-жіңішке, ерiндiк-езулiк реңктерiн таңбалаған: [к], [к°], [к], [к°] [10, 20 б.]. Бұндай графика әсіресе Енисей, Талас ескерткiштерiне тән болып келедi.

Сонымен, көне түркі жазуы тiл үндестiгiне табан тiреген, тарихи қалыптасуы жағынан кеш пайда болған [11] ерiн үндестiгiн таңбалауды мақсат тұтпаған графика болып табылады. Үндесім заңы дауыссыздардың тембрлiк әуенiне негiзделген (Крамски, М.Маллова, В.Томсен, А.М.Щербак), ал дауыстылар үндесімi — осы арқылы шыққан екiншiлiк заң деймiз. Алғашқы әліпби түзушiлер санасында дауыссыз дыбыс қазіргi түсiнiктен өзгеше, ерiн, езу, тiл мүшелерiне сай тембрлiк әуен қоса ассоциацияланып отырған дыбыс типi болғанын айтқымыз келедi. Тiлдің даму барысында жуан-жіңішке, езулiк-ерiндiк әуен қысқа айтылатын сына дыбыс тыңдаушы санасына қабылдана бастайды. Сына дауысты таңбсы әсіресе дауыссыз бен үнділер арасына салынған. Кыстырынды дауыстылардың бүкіл руникалық жазбаларға тән екенiн айтады Ә.А.Мақаев [18, 57 б.]. Алғашында дауыссыздың тембрiне ғана үйлескен, фонемалық жүктемесi жоқ дыбыс кейiн дифференциацияланған. Оған Енисей, Талас жазуларында сирек таңбаланған дауыстылардың Орхон жазуында тұрақты бейнеленуi дәлел, дауыстылардың графикалық бейнесi арқылы көне түркі тіліндегі инвариант дауыстыны да, сына дауысты және одан өрбіген дауыстыдардың вариант, вариацияларын жобалауға болады.

Ендi консонанттар жүйесiнің графемалары және графикасы туралы қысқаша тоқталып өтемiз. Көне түркі жазуында <б>, <ғ>, <д>, <й>, <к>, <л>, <н>, <р>, <с>, <т> 10 дауыссызы 20-дан астам әріппен 20 сингармофонеманы таңбалайды. Оның iшiнде 3-тен артық әрпі бар дыбыстар <б>, <ғ>, <д>, <к>, <к> фонемалары болып табылады. <Қ> мен <к>-нің жуан ерiндiк және жіңішке ерiндiк таңбасы бар [7, 37 б.], б, д графемалары кейде [t‘], [n’] дыбыстарын да таңбалайды [19, 122 б.]. Ал <з>, <м>, <ң>, <п>, <ч>, <щ> дыбыстарының бiрмәндi таңбамен берiлуiн ғалымдар олардың кеш пайда болған туынды дыбыс болуымен байланыстырады [10]. Құрамында осы дыбыстар бар сөздердің жуан-жіңішкелiгi айырылуы мүмкін емес, мысалы мңа деген [маңа], [меңе] болып оқыла алады. Ал кей сөздерде iргелес дыбыс таңбасы арқылы ажыратып алуға болады. Жалпы бiрмәндi деген [м], [ш] дыбыстарының 6-ға дейiн әріп-вариациясы болған. Дыбыстың топ, туынды, кiрме екенiн оның сөз шенiнде кездесу, жуан-жіңішке дауыстымен тiркесе алу қабiлетi арқылы анықтасақ, ч, ш графемаларының да бірмәнді болуы ойландырады. Олай болса, сөз болып отырған дыбыстар неге сингармографемалық жұп құрамаған деген сауалдың басын ашық қалдырамыз. Консононттарға қатысты тағы бiр айта кететiн нәрсе – <с>, <ш>, <н> инварианттарының жіңішке таңбалары үндесім заңдылығынан уәжсiз ауытқитыны. Мысалы, [с‘быг] — сәбыг, [с‘мды] — сімады, [улус’] — уліс, [тыс‘ы] — атысi, [шс’ ыз] — ашсіз, [йорс ‘ар] — иорысәр, [сбын’]— сабiн, [ғын’] — ағiн т.б. Бұл <с>, <ш> фонемаларының инварианты тiл алды болып айтылатынынан хабар берсе керек. Қазiргi дыбыстық жүйемiзде де <ш>, <ж> фонемаларының орыс тiлiндегi <ш>, <ж> фонемасынан айырмасы — өзінен кейiнгi дауыстыны жіңішкертетiнi.

Бүгінгi қазақ тiлiнде сөз аяғында айтылмайтын [б], [д], [ғ] дыбыстары көне түркі жазуында таңбаланған. Жалпы, көне түркі жазуы <р>, <b>, <m>, <t>, <d>, <č>, <š>, <s> <z>, <n>, <i>, <j>, <k>, <g>, <l>, <q>, <q> 18 фонемасының <č> (ч)-дан басқасы қазіргi қазақ тiлiнің фонетикалық жүйесiыде бар және бiр-бiр графемага сәйкес келедi. [ни] дыбысын беретiн жіңішке мурын жолды әріп қазіргi түркі тiлдерiнде жоқ. Ал нт, нч, лт дыбыс тiркесiн беретiн графемалар тiлдің көне дәуірiндегi ерекшелiктi, яғни елiктеуiштер соңында жиi кездесетiн дыбыс тiркесiн бiр таңбамен берген деймiз.

Жалпы, көне түркі жазуындағы вокализмдер жүйесiнің таңбалану ерекшелiгi жазудың о бастағы мнемоникалық тәсiлге иек сүйейтiнiнен шыққан. Ұғымды таңбалауды жетiлдiру редукция арқылы жүредi, ал редукция таңбаның iшкi мазмұны мен сырткы тұрпатын құрайды. Сонда алғаш суретi салынған үлкен мәтін (сурет жазу) артық информацияларды редукциялап, керектi заның аты мен санын еске сақтау үшін шарпы бiр таңбаларды қалдырады (идеографиялық жазу), кейiн ребустық жазу шығады (логограмма). Жазудың белгiлi бiр адресантқа ғана бағытталғаны ондағы көмекшi сөздер мен сөйлемдердің таңбаланбауына әкеледi. Сөйтіп, жазу бағытталған адресанттың аялық бiлiмiне, оқиғамен хабардарлығына сүйенiп, мнемоникалық тәсiлдi қолданады. Онда грамматикалық формалар ғана редукцияланбай, әріп болмаса да, дыбысты қалпына келтiрiп оқитын әдiс қолданылады. Дыбыстық тілдi жақсы бiлетiн адресант ондағы фонемаларды “реконструкциялап” дыбыс варианттарына кодтайды. Жазба тілдің абстрактi таңбасы — графема мазмұн межесiн инвариант, вариант немесе О – нөлдiк әріп арқылы таңбалай алатынын, ал оны ауызша тілдің абстрактi бейнесi фонеманың мазмұн межесi (дыбыс) мен тұрпат межесi (графема) арқылы қалпына келтiредi. Сонда көне түркі жазуындағы ашық, қысаң езулiктердің таңбаланбауын жазу экономиясын жетiк бiлген, таңба теориясын меңгерген, жазу прагматикасын ойлаған халықтың мәдени құндылығы деп танимыз.

 

 

 

 

2 Араб графикасына негiзделген қазақ жазуының ерекшелiктерi

 

Араб жазуының түркі тілдерінде қолданылуы, негізінен, ІХ-ХІ ғасырлардан басталады. Мұндай түркі тілдес ескерткіштердің қазірде мәлім болған тұңғыш нұсқасының бірі – «Құдатғу біліг» (1069 жыл) дастаны. Бұл дастанның араб әрпімен жазылған Наманган және Каир қолжазба нұсқалары шамамен ХІІ-ХІІІ ғасырларда көшірілген.Сонымен қатар ХІ ғасырдың мұрасы «Диуани луғат ат-түрік» еңбегі де, ХІІ-ХІҮ ғасырларға жататын «Ақиқат сыйы», «Әулие-әмбиелер қиссасы т.б. еңбектер де араб әліппесімен жазылған.

Бұл дәстүр өз жалғасын тауып, ХҮІІ-ХІХ ғасырларда да жазба ескерткіштер араб графикасымен жазылды. Араб графикасына негiзделген қазақ жазуы жүйесiнде 34 таңба болды. Оның 28-i араб әлiпбиiне сәйкес, 4-i парсы әліпбиiнен алынған, 1 -түркі, 1 таңба ауған жазуының әрпі болып табылды. Қазақ тiлiндегi дауысты дыбыстар жүйесi араб жазуында таңбамен берiлдi. Ол фонемалардың ашық, қысаң, дифтонг белгiлерiне қарап топтастырылды: ا <а>, <ә>, <е>, <ы>; ی <й>, <ы>, <i>, <е>; و <о>, <у>, <ө>, <ұ>, <ү>.

Араб графикасындағы <е> фонемасының ашық-қысаңдығы айырылмағандықтан екi әріппен де берiлдi. Сонда <а>, <ә>, <е> фонемалары бiр графемаға ұйымдасқанмен төрт түрлі позициялық әріп-вариантта қолданылды. Оларды графема-әріп қатынасында көрсетсек, мысалы, фонема: 1 графема; 1 графема: 4 әріп болады [20, 88 б.). Г.Мамырбекованың зерттеуi бойынша, дауыстылардың өзіндік таңбаланатын жүйесi болған. Сөз басында <е> фонемасы мiндеттi түрде иа-мен берiлген, ал сөз ортасы мен аяғында <а>, <0>-лермен бiрге һа арқылы таңбаланған. Бiздің ойымызша, мұндағы сөз басындағы <е>-нің дифтонг реңкi жазуда ескерiлген. Ал сөз ортасы мен аяғында ашық езулiктердің позициялық реңкi нейтрализацияланып берiлген деймiз. Дауысты дыбыстардың бiр инвариант таңбасының (харакат) қойылмай кету ерекшелiгi жазудың кодтық қасиетiн бiлдiрдi.

Қазақ жазуында дыбыстық мәнi бар әріпке мадда белгiсiн қойып, дыбыстық мәнi жоқ әріпке мадда белгiсiнің қойылмауын қысқа дауыстылардың харакаттармен, созылыңқы дауыстылардың мадда белгiсiмен белгiлену тәртібiне сәйкес келдi.

Араб жазуында мәтін әріп не буын арқылы емес, сөздi тұтас көре отырып, мағынасына қарай дауыстыларды калпына келтiрiп оқитын логикалық әдіске негiзделдi. С ондыңтан алғашқы буындағы дауыстылардың редукциялануын, әсіресе қысаң езулiктердің фонемалық мәнге ие болмағанда таңбаланбауы тұрақты нормаға айналды [21, 119 б.].

Сөйтіп, дауыстылар жүйесiнің графема-фонема қатынасы: 3:9 болып шықты. Жазу бiр буынды сөздердің мағынасын ажыратуда қиындық тудырғаны рас. Мысалы, ор, өр, ұр, үр сипатты түбірлер бiрдей жазылды.

Жалпы араб графикасына негізделген қазақ жазуында араб графикасының дәстүрін, сипатын сақтаған, яғни араб тiлiнің графикасы түпнұсқа қалпында жүйесi бөлек қазақ тiлiнің жазба тілінде пайдаланылды. Сонда араб графикасына негізделген қазақ жазуы өзіндік жүйесi мен деңгейi болған, ауызшы тілден өзгеше, оған параллель жатқан жүйе болды. Н.Уәли айтқандай, халықтық тiлден едәуiр айырмашылығы бар кiтаби тiлдің тұрпат межесiн белгiлеген графикалық жүйе болды [22, 269 б.]. Ал дауыссыздар жүйесiн белгiлейтiн әріп таңбалары 20 болды. Мұндағы 3 әріп шеттен енген сөздердi таңбалады: х, ф, ч: хазрет, хабар, хош [23, 53 б.]. Араб жазуының демократиялана бастаған жәлил жазу жүйесiнде, мысалы, Түркістан уәләяты газетiнде бұл қатардың кейбiреуi қ әрпіне көше бастайды: қабар, қан [23, 53 б.]. <В> — у мен, <ц> — тс пен берілдi. Сөз мағынасы дауыссыздардың жуан-жіңішке вариантымен айрылып отырды. <ң> — /нк әріп тiркесiмен берiлдi. [п], [ғ], [ч] дыбыстарының таңбасы парсы әліпбиiнен алынды.

Г.Мамырбекованың зерттеуi бойынша, <п> фонемасының сөз басында парсылық /пе/-мен, сөз аяғында арабша /ба/-мен сөз ортасында бiрде /ба/, бiрде /пе/-мен берiлу [20] жүйесi қатаң. Бұдан сөз аяғы қатаң [п]-мен аяқталмайды дегендi бiлуге болады. Сондай-ақ <б> фонемасының сөз ортасында /ба/-мен, бiрге /ве/-мен де берiлуiн интервокал позициядағы бәсаң <б> вариациясын бiлдiруi деп түсiнуге болады.

Жалпы араб әліпбиiнiң түпнұсқасында болмаған <п> дыбысының әрпі өзге әліпбиден (парсы) алынса да, толық өз функциясында жұмсала алмаған деймiз.

Араб әліпбиiнде <г> фонемасының да таңбасы болмағандықтан кейде орнына ғ әрпі пайдаланылған. Сол себептi басқа тiлден енген сөздердегi <г>-к әрпімен таңбаланып отырған дейдi проф. Б.Әбiлқасымов: акроном, дәркер)’4 емке, крек [23, 536.]. Ч әрпі өзге графикадан алынғандықтан щ графемасынан дифференциацияланбай, екi әріп таңбалары бiрiнің орнына бiрi қолданыла берген, ч әрпі қатаңмен iргелес келгенде де, дауысты, үндімен iргелес келгенде де таңбаланған кездерi аз емес: айтчы, елчi. Орыс тiлiндегi <в> фонемасы 3 түрлі дыбысталуына сай, бiресе у мысалы, бiресе б таңбасымен (чинобник, бистафка), бiресе ф әрпімен берiлдi (Жапаноф, Ибаноф).

Араб жазуының емлесiндегi бiр ерекшелiк ерiн үндестігiнің басым берiлуi, тiптi қосымшаларда да таңбалануы болды. Мысалы, болұс, мүйүз, тұрғұн, ұзұнлқ, үстүнен [23, 466.]. Яғни, ерiн үндесімi позициялық өзгерiстi бейнелеген фонетикалық принциптен де шықты, сонымен бiрге оғыз-қарлұқ архаикалық элементiнің де дәстүрін сақтады, мысалы: оқұт, бірақ барұб, келүб.

Проф. Р.Сыздық К. Жалайырдың еңбегiнде лабиалды үндесім тұрақты таңбаланбайтынын, ал қосымшалардың ерiндiк варианты мүлде кездеспейтiнiн айтады [21, 1196.].

Бұл тенденцияны орта түркі шагатай тiлiнің орфографиялық нормасынан қазақ тiлiнің өз емле нормасы бөлінiп шыға бастағаны деп түсiндiруге болады.

Қосымшалардың түбірге үйлесiмсiз бірыңғай вариантпен жазылуын Г.Мамырбекова инвариант-вариант принципi бойынша ұяң нұсқасы инвариант болып табылған да, ауызша тілде үйлесiм варианттарымен дыбысталғаны деп көрсетедi [20].

Жалпы, мұнда қосымшалардың мазмұн межесi (мысалы, көптiк жалғауының қазақ ауызша тілінде 9 варианты бар) бiр тұрпат межесiне сай келген қосымшаның таңбалық сипатын көруге болады:  <лар, лер, дар, дер> / <лар>.

Сөз болып отырған жазу емлесi морфологиялық ұстанымға негiзделдi. Дегенмен, ерiн үндестiгiнің позициялық түрленiмiнің таңбалануы, орнына, халқыңыз, көңлүме сияқты сөздерде қысаң езулiктердің айтылуы бойынша түсiрiлiп жазылуы, интервокал позициядағы <қ> фонемасының <х> әрпімен (йахшы, йарылханыб, ахыры, ахшар) берiлуi, /қ/, /ғ/ әріптерiнің жуан дауыстылармен iргелес жазылуы [21, 1196.] араб жазу дәстүрінен қазақ тiлiнің өзiне тән жазу жүйесi түзілiп келе жатқанынан хабар бердi.

Бiздің ойымызша, араб графикасына негізделген қазақ жазуындағы қосымшалардың инвариант принципiмен (Г.Мамырбекованың анықтауы) таңбалануы, қысаң дауыстыдардың таңбалануы, жазу теориясына, жазу экономикасына сай, болашақтағы жазу дәстүрі үшін ескерудi қажет ететiн орфограммалар болуы тиiс.

Сонымен бұл бөлімде бiз араб графикасына негізделген қазақ жазуының жалпы сипаты мен маңызын көрсетіп, орфографиясының кейбiр ерекшелiктерiне пiкiрiмiздi бiлдiрдік. Себебі араб графикасына негізделген қазақ жазуы қазақ жазуының тарихында елеулі орын алатын кезеңді қамтиды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Орыс графикасына негiзделген қазақ әліпбиiнің жобалары (ХIХ ғ.)

 

Араб графикасының қазақ тiлiнің дыбыстық жүйесiн берудегi қолайсыздығы, омографтардың көбейiп кетуiнен мәтін мағынасын түсiну қиындығы жазудың демократиялануына кедергi келтiрдi. Бірақ генетикалық жағынан туыс емес тiлдің жазу жүйесiн жазу дәстүріне енгiзу қиындығынан ол дәстүрден бас тарту қиындығы басым болды. Сондықтан А.Байтұрсынұлы қазақ халқы үшін жазуды жөндеудің бiр ғана жолын көрдi, ол графиканы өзгертпей, әлiпбидi жетiлдiру жағы болғаны белгiлi. Бұл қазақ жұртының өзге елдің саясатына мойынсынбай, өз тiлiнің төл жазуын ойлап тапқанмен бiрдей болды. А.Байтұрсынұлы әліпбиiнің түзілiп, ұсынылғанынан бастап, қолданыста қолдау тапқанына дейiн үлкен күш, табанды бәсекелестiк қажет болды. әліпбидің iшкi құрылымы бәсекелестiкке төтеп бере алатындай жағдайда болса да, бiрiншiден, жалпы араб графикасынан бас тартуды ұсынғандар қатары көп болды, екiншiден, “сол кезеңдегi Ресей үкiметi саясатының есебiнен орыс жазуына көшу бағыты шығып қалып едi. 1876 жылы қазақ жазуын орыс графикасына көшіру туралы мәселе үкіметтің ресми саясаты дәрежесiнде мықтап қолға алынады” [24, 66.].

Орыс графикасына негiзделген ең алғашқы қазақ әліпбиi жобасын Н.И.Ильминский жасады. Н.И. Ильминский әліпбиiндегi қазақ тiлiнің өзiне тән дыбыс дауыстылардың таңбалары мынадай болды: ǎ – <ә>, ǒ – <ө>, у  – < ү>, i – і, – ы – <ы>, н – <ң>, к – <қ>, г – <ғ>. Сөйтіп, зерттеушi он шақты қосымша белгi алғанымен, орыс әліпбиiндегi е, в, и, ф, ц, х, ч, щ, ъ, ь, э, ю, я таңбаларын (қазақ тiлi дыбыстық құрамына тән емес дыбыс таңбаларын) қолданбады. Н.И.Ильминскийдің бұл жазуына кезiнде В.В.Григорьев тарапынан арнайы сын айтылған едi. Онда В.В.Григорьев араб жазуы сiз ойлағандай қазақ жазуына келмейдi емес дейдi: “Но справедливость прежде всего, даже и в отношении к арабской азбуке: зачем обижать ее, а вы, я нахожу, обидели ее, унизив паче меры”. Ғалым басқа әліпбидi алған соң оны не өзгерiссiз қабылдау керек, не сол әліпби таңбаларының шегiнде ғана пайдалану керек деген.

В.В.Григорьев қазақ тiлiнің консонантизм жүйесiне араб графикасының 19 әрпі жеткен едi, ал сөз болып отырған әліпбиде 3 әріптi (к, ғ, ң) қолдан жасайды, 2 әріптi (w, j) латыннан алады дейдi. “Находите вы еще в киргизском языке особое тонкое а которое изображаете через ǎ. Я полагаю что ваше а по тождественности своей с тонким глухим е, можеть быть безо всякого неудобство изображаемо буквою э” [25, с. 165] деп қате пiкiр түйедi. Автор к әрпімен <қ>, <к> фонемаларын, г әрпімен <ғ>, <һ>, <г> фонемаларын белгiлеу керек, себебi бұлармен iргелес келген дауысты таңбасы жуан-жіңішке оқылуын айырып тұрады, жүген, кереге, қаймақ, қол сөздерiн басқаша оқу мүмкін емес дедi. Ң фонемасын нг немесе н деп бергендi дұрыс көреді және й әрпі тұрғанда латыннан j таңбасын алып қажетi жоқ екенiн, сондай-ақ [иа] тiркесiн я, [йе]-е, [иы-йы, [йi] (ий), [йо]-йо деп берудi, сөйтіп я, ю, ъ әріптерiн орыс сөздерiн оқығанда оңай болу үшін, және әріп үнемдеу үшін қалдыруды ұсынады. Автор <е> дыбысын негiзгi реңкi [jе] деп табады.

Оқымысты тарапынан осындай сынға ұшырағанмен Н.Ильминскийдің орыс графикасымен берген қазақ әліпбиiнің қазақ тiлi дыбыстар жүйесiн белгiлеуде бiрнеше артықшылығы бар. Ғалым түзген графикада е графемасы сөз басындағы дифтонг реңкiн [jе], жіңішке [й] дыбысын және жуан [е]-нi таңбалайды. Және I-буындағы ерiндiктен кейiн [ө]-нi бiлдiредi: [тŷсцр]. Н.Ильминский ә әрпі (д) тек араб, парсы және Бөке, өтеке сияқты төл сөздерде қолданылатынын айта келiп, тiлде жіңішкеру бағытының күшейгенiн ескертедi. Ғалым <а>, <о>, <ұ>- дан кейiн <ә>, <е>, <і> келсе, алдыңғылары велярланады дейдi: [сцjерде], [сцiдеiдi], [бяiтйдi]. Сондай-ақ <й> дыбысының да сөздi жіңішкертетiн қасиетiн көрсетедi: бяjум, бiiдаi, бяiда, оiлдды, баiліқ.

Сонда автор әліпбиiндегi дауыстылардың әріп-дыбыс қатынасы төмендегiдей: а [а] [ә], е [э] бер, [й] неге, [ө] төсек, [jе] егер; о [о], [уо],  [ө] сөйледi; ы [ы], [i]; у [ұ], [ү]; а [ә], i [i], о [ө].

Ал дауыссыздар таңбасы мынадай болды: п, б, м, w (у), т, д, н, ж, з, ш, с, р, л, з (й), қ (к), ғ (г), к, г, нь (ң). Н.И. Ильминский <қ>, <ғ> дауыссызы басқа дауыссыздарға қарағанда ерекшеленетiндiктен жеке-жеке әріп арнадық дейдi, сондай-ақ <ж>, <ш> фонемалары жіңішке тiлалды ғана болып айтылатынын ескертедi. Сонымен бiрге ғалым ЖТ-де мынадай морфонологиялық алмасулардың таңбаланатынын көрсетедi: <б>-<у> (табыб-тауыб ), <м>-<н> (Махамбет, Үмбет), <н>-<д> (кiмдi), <д>-<н> жене о (кiмнен; мен(д)ен-менен). Ал сөз басындағы л, р ерiптерiнiц алдына әнтек естiлсе де ы, i қысаңдарын жазу дұрыстығын оларға күшейткiш буын лап-лас, рап-рас деп емес, ып-рас, ып-лас болып жалғанатынына негiздейдi.

В.В.Радлов та езiнiц 1870 жылы жарық көрген «История народной литературы тюркских племен Южной Сибири и джунгарии” деген хрестоматиялық материалдарын орыс графикасымен жазганы мәлiм. Мұнда байқалатын өзгелешiк [и] дыбысы бiрде i, бiрде белгiсiмен, <г>-ны таңбасымен, [дж] дыбыс тiркесiн – п ерпiмен және <л> фонемасын латын графикасындағы і-мен берiлуi болып табылады.

Б.Әбiлқасымов архив деректерi Н.И.Ильминский мен В.В.Радловтың қазақ тiлiне икемдеп жасаған әліпбилерi Ресей университетi оқымыстылары тарапынан қолдау көрмегенiн, орыс алфавитi өзгертусiз қолдануы керек деген ұсыныстар басым болғанын көрсеттi дейдi. Оған мына дәлелдер келтiрiлген дейдi автор: 1) тiлдің барлық оттенкiсiн бере алатын дүние жүзiнде бiр де бiр жетiлген алфавит жоқ, бiрақ одан тiлге келген қиындық байқалмайды; 2) араб әліппесi түркi халықтарының дытбыстық құрылысына үйлеспесе де, осы алфавитпен олар осы кезге дейiн пайдаланып келдi; 3) европа тiлдерi үшiн пайдалануға толық икемдi орыс әліппесi араб алфавитiне карағанда, осы күйiнде де қазақ тiлiне әбден жарайды [26, 27 б.].

Бiрақ В.В.Радловтың Қазан университетi жанындағы археология, тарих этнография когамының мәжiлiсiнде жасаған баяндамасынан кейiн орыс алфавитiн сол қалпында түркi жұртының жазуына қолдануға болмайды деген пiкiр қалыптасқанын көремiз [26, 28 б.].

Ы.Алтынсаринның “Қырғыз хрестоматиясының” 2-басылымында орыс алфавитiнiң және латын графикасының мынадай таңбалары пайдаланылған: д <ә>, я <ү>, у <ө>, н <ң>, к <қ>, у <ұ>, и <i> жене (iй), г <ғ>, i <i>, ү <ұ>, уу <үу> [27]. Мұндағы г-<ғ>, <г>, к <қ>, <к> таңбалары төрт дыбысты берсе, керiсiнше <i> фонемасы i және и екi графемасымен де белгiлендi (кiйиз, тiйме, адгiлдик), кейде и <е>нi де бердi. У әрпi [‘у] қосарып таңбаласа да (тоiу, саусщн, шоiу), уу тiркесi де пайдаланылды (ачiуума). Сондай-ақ [е]-мен қатар келген [у] я —мен <у> белгiлендi (бесеям, бiрея). Сонда ЪI.Алтынсарин әліпбиiнде <i>-<й>, <у>-<у> фонемалары жеткiлiктi дифференциацияланып, графикалана алмағанын көремiз. Хрестоматияда ерiн үндестiгi жүйелi таңбаланып отырады: болду, оку, окуулук, току, кяннцн-кянгц, дянйц, кццялгц, цнцр, бяйрцгямц, яйдцгумц. I-буындағы екi ашық езулiк буын арасында қысаң езулiктер жүйелi түсiрiлiп отырады: тлек, коблан ды, даншпан, ыклас, мнау, домбра, ,‘гскенде, брак, бреу, кшi, ксi; сөз аяғында б қолданылады: талаб, коб.

Соңғы орфографиялық ерекшелiктерге қатысты дУГ-нде қысаңдарды түсiрмеу, “у, iй орнына бiр таңба жазу ұсынылады (ДУГ 1899 Х 22,23). Сөздi жiңiшкерту үшiн кей жерде ь таңбасы да жазылған (ел-әль). Шәкiртi А.Балғымбаевтың естелiктерiне қарағанда, ресми түрде орыстан өзге халықтар жазуын орыс графикасына көшiру туралы заң (положения) 1906 жылы 31 мартта шыққан тәрiздi. Соның өзiнде оған қарсы шығушылардың пiкiрiнен қорыққан орыс әкiмшiлiк орындары осы мәселеге арнап, 1910 жылы июньде Петербургга әдейi кеңес шақырады. Жергiлiктi халықтан уәкілдер қатысқан бұл кеңесте жоғарыдағы Положенияның көп жерiне өзгерiстер енгiзiлiп, орыс жазуы тек ресми документтер мен оқулық кiтаптарга ғана қолданылатын болсын деген шешiмге келедi” [26] дейдi Б.Әбілқасымов. Революцияға дейiн жарық көрген қазақ тiлi сөздiктерiнің графикасы мен емлесiн зерттеген проф. М.Малбақов 1912 ж. сөздiк, 1917ж. Т.Бокиннің сөздiгi, Клапрот сөздiгi, Е.Бокиннің және «Қазақша-орысша сөздiгi» орыс графикасының әліпбиi мен емлесiн сақтап жазылғанын айтады [28, 102- 107 бб.]. Ендеше орыс графикасына негiзделген қазақ жазуы ресми iс-қағаздар стилiнің тұрпат межесiн ғана таңбалады деймiз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 А. Байтұрсынұлы ұсынған төте жазудың графика-орфографиялық ерекшелiктерi

 

Өз бастауын ІХ-ХІ ғасырлардан-ақ алып келе жатқан  араб графикасы кейінгі ғасырларда қазақ тіліне қанша икемделгенмен, кемшіліктен арыла алмады. Тіліміздегі дауысты дыбыстарды таңбалауда араб алфавитінің олақтығынан қазақ тілінің дыбыстық жүйесін толық беру мүмкін болмады. Дауысты дыбыстардың сөз мағынасын ажыратуда айырықша маңызды қызмет атқаратынын айтып жатудың да қажеті шамалы. Ал араб әліппесіндегі небәрі үш қана дауысты дыбыс қазақ тілінің вокалдық ерекшеліктерін бере алмады.

Мұндай кемшіліктер сол кезеңдегі баспасөз беттерінде жарияланып, араб әліппесінен басқа бір алфавит ойлап табуды мәселе етіп көтерді.

Бұл мәселені шешуге қазақ халқының ағартушысы, қазақ тіл білімінің негізін қалаушы, қазақ халқының «рухани көсемі» А. Байтұрсынұлының қосқан үлесі айырықша. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі мен оны таңбалайтын әріптер туралы пікірлерін ғалым 1912 жылдан бастап «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің беттерінде білдіре бастайды. «Айқаптың» 1912 жылғы 9-10 нөмірлерінде «Шаһзаман мырзаға»  атты көлемді мақала жазып, онда қазақ дыбыстарын білдірмейтін араб таңбаларын қазақ алфавитіне енгізбеу керектігін, сөздің тұтас жіңішкелігін білдіру үшін оның алдына дәйікші дейтін таңба қою қажеттілігін дәлелдейді. «Қазақ» газетінің 1913 жылғы 34-інші және әрі қарайғы сандарында «Жазу мәселесі» деген үлкен мақала жарияланып, онда кейбір дауысты дыбыстарды таңбалау жайындағы өзінің пікірлерін айтады.

Әрі қарайға ізденістерінде араб графикасын қазақ жазуы үшін былайша лайықтап алуды ұсынады: 1) араб алфавитіндегі жуан дыбыстардың  таңбаларын алмау, 2) қазақ тіліндегі ы, е, и, о, ұ, у дыбыстарының әрқайсысына таңба белгілеу, 3) к, г дыбыстарынан басқа дауыссыз дыбыстармен келген сөздердің жіңішкелігін білдіру үшін сөздің алдынан дәйекші таңба қою.

Енді А.Байтұрсынұлы ұсынған төте жазудың графика-орфографиялық ерекшелiктерiне тоқталып кетейік. А.Байтұрсынұлы әліпбиiнде 24 әріп болды. Ал дыбыстың саны, ғалымның өзі айтқандай — 43. Графеманың бесеуi (а, о, у, ы, е) дауыстының, 17-i (б, п, т, ж, ш, д, р, з, с, ғ, қ, к, г, ң, л, м, н) дауыссыздың, 2-i (у, й) жарты дауыстының таңбасы. Ал фонеманың 9-ы (а, ә, о, ө, ұ, ү, ы, i, е) дауысты, 34-i (б, б’, д, д’, п, п’, т, т’, ж, ж’, ш, ш’, р, р’, з, з’, с, с’, ғ, қ, к, г, ң, ң’, л, л’, м, м’, н, н’, у, у’, й, й’) дауыссыз. Сөйтіп, ғалым тiл дыбыстарын бiр жарым есе аз әріп таңбаға сыйдырып, өз кезеңiнде ең үнемдi әліпби түрін жасады. Әліпби теориясында әріп саны фонема санынан аз әліпби жетiлген жазу сипатын көрсетедi деген қағиданы қалыптастырған А.Байтұрсынұлының төте жазуы деп бiлемiз. Ғалым ерiн үндесімiне қарағанда қазақ тiлiнде тiл үндесімi жетекшi қызметте екенiн пайымдап, лингвалды сингорманизмге жазуда доминаттық сипат бередi. Сөйтіп, өзге түркі тiлдерi iшiндегi қазақ тiлiнің дыбыстық ерекшелiгiн анықтап, орнын айқындайды. Сөздің бiрыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке айтылатыны басқа дыбыстық зандылықтарға қарағанда жаппай камтитын құбылыс екенiн пайымдайды. Және ол жуан-жіңішкелiкке өтетiн саны аз дауысты дыбыстар болатынын бiледi. Осы белгiлердi байқай отырып, ғалым 43 дыбысты мүмкіндiгiнше аз әріпке сыйдыруды қарастырады: дауысты дыбыстар сөздің жаны есебiнде, дауыссыз дыбыстар мен жарты дауысты дыбыстар сөздің тәнi есебiнде. Тәндi жан қандай билесе, дауысты дыбыстар басқа дыбыстарды сондай билейдi; яғни дауысты дыбыстар жуан айтылса, дауыссыз я жарты дауысты дыбыстар да солай айтылады. Дауысты дыбыстар жіңішке айтылса, басқа дыбыстар да жіңішке айтылады. Бұлай болғанда дауысты дыбыстардың жуан-жіңішке айтылмағын белгiлеп айырсақ, басқа дыбыстардың да жуан-жіңішке айтылатындығы да айрылғаны. Дауысты дыбыстар а, о, у, ы осы тұрған күйінде жуан айтылады, мысалы: аз, оз, ур, сары. Бұлардың жіңішке айтылатын орнын айыратын белгi аламыз ()-нi дәйекшi. Бұл белгi сөздің алдында дәйекшiге тұрып, ол сөздің жіңішке оқылмағын хабарландырады, яғни бұл белгi тұрған соң, сөздің iшiндегi дауысты дыбыстарды жіңішке айтамыз. Дауысты дыбыстар жіңішке айтылса, олардың қатарындағы басқа дауыссыз я жарты дауысты дыбыстар да жіңішке айтылады, мысалы: арман-әрмен, тор-төр, тұр-түр, жоны-жөнi. Жiңішкелiк үшін жалғыз ғана белгi алып, 43 түрлі дыбысты 25 белгiмен дұрыстап жазуға болады” [100, 3256.].

Қазақ жазуының кезеңдерiнен <ұ>, <ү>, <у> дыбыстарының фонемалық мәртебесiн анықтау қиынға соққаны белгiлi. Бұған араб графикасындағы ү, ұ, у, о, ө дыбыстарына бiр таңба арналуы себеп болды. Дыбыстардың ерiндiк, қысаң интегралдаушы белгiлерiнен бөтен, өзара жуан-жіңішкелiк (ұ-ү, о-ө) дифференциалды белгiсi және ерiндiк реңкi күштi, әлсiз, орта, орталау белгiлерi бар. Сондықтан олар сөзайырымдық, сөзтанымдың қасиетке ие фонема деңгейiнде қарала алатынын айқындаған А.Байтұрсынұлы бұл бес фонемаға үш таңба арнайды. Олар жуан-жіңішке белгiсi арқылы ажырайды.

 

                        /ү/                              /ө/

 

/ұ/                             /о/                      және /у/  графемасы.

 

                        /ұ/                             /о/

 

Ғалым: “о мен ү екеуiне зор iлтипат керек. Бұлардың жазылуы ұқсас болғанмен, айтылуы ұқсас емес. Қой деген сөзбен үй деген сөздердің мағыналары қандай басқа болса, айтылуы һәм сондай басқа. У көмескi айтылса да, қалдырмай жазу керек. У тұр, жұрт, құм деген сөздерде т-ның ж-ның қ-ның соңынан қандай дыбыс естiледi, сол дыбыстың белгiсi. Бұл дыбыстың карпiн одан айыру үшін, үстiне () қоямыз. У-ны оқығанда iюм оқытқанда сол естiлген қалыпта айтарға тиiс” [29, 326 б.] деген. Бірақ сонда да <ұ> мен <у>-дың арасын айыру қиындығы болғанга ұқсайды: “у — азу, iару, жабу деген сөздерде з-ның р-дың, б-ның соңында естiлетiн дыбыстың белгiсi. У, Ұ-сөздің бас буынында қысқа һәм көмескі естiледi. Құрау, жул’щ, лургаi деген сөздер iшiндегiдей. Сөздің басқа жерiнде ұзын, Жом анық айтылады. У- дан у-ны айыру керек. Қысқасы сөздің баскы буынында у ұзын Жом анық естiлсе, екi әріппен жазарға туура, туумас, буун, бууаз дегендей. (у)-ды (у) дан айыру үшін үстіне () қоямыз. Себебi, (у) менен (у)-ның жазылуы ұқсас болғанмен, айтылуы ұқсас емес” [29,383]. Проф. М.Жүсiпов А.Байтұрсынұлы iлiмiнде қысаң езулiктiң төрт түрі (ы, i, ый, iй) қысаң ерiндiктің төрт түрлі (у, у, ұу, үу) варианты бар деген. Оған А.Байтұрсынұлының у бар дерсiз, жоқ. Ол уауға сақiн болады” дегенi дәлел. “Ал сөз ортасында, я басында анық Жом ұзын естiлетiн жерлерде екi /ұ/ жазуға тиiс. Мысалы, тура, туыс деген сөздерде. Басқа түркі тiлiнде екiншi ұ орнына ғ келедi. Мысалы, тугра, туғыш” [29, 325 б.] деп ұу, үу тiркесiн ұұ, үү арқылы беру керек ден топтлылайды. Сөз басында айтылса, екi таңба сөз аяғында қалай естiлсе де, жалғыз /у/ әрпімен берудi ұсынады [29, 383  б.]. Мысалы, агау, ашулану, тату, татулық, татуласу. Бұдан А.Байтұрсынұлының объектiнi бiр деңгейде, объективтi түрде сипапайтынын көреміз. Мысалы, ашулану деген сөздегi бiрiншi ш әрпі ортаңғы буын болғанмен, ол ашу сөзiнде соңғы буында тұр деген сияқты.

М <ы>, <i> фонемаларының орфограммасы туралы ғалымның өз сөзiн тыңдағанымыз жөн: “ы-жаны, малы, тары деген сөздерде н-ның, л-дың, р-дың соңынан естiлетiн дыбыстыц белгiсi. Сөздің басында, ортасында ы-ны қысқа һәм көмескі естiп, бар-жоғы еленбейтiн орындарда жазбаймыз. Мысалы қн, қр, рн, жлм, жлтр деген сөздердің iшiнде <ы>- ның барлығы аз сезiледi, қатты сезiлмейдi деп те айтуға болады. Бұл сөздердi /ы/-ны жазғанда да жазбағанда да осылай оқимыз. Жазбағанда оқылуымызға кемшiлiгi болмаса, оны жазуға да қажет жоқ. Қаны, жаны, малы деген сөздердi ы-ны жазбай, солай оқи алмаймыз, сондықтан сөздің аяғында ы жазу қажет. Сөз басында ы-ның өзі жазылмаса да, сүйенiш харпi алиф жазылады. Мысалы: сз/а/ ыңтын, ынтың, (/ыргсщ. “ [29, 327 б.].

Ғалым фонемалық мәнi болғанмен, жазылған сөздi оқуға зияны тимесе, үнемдеп жазу принципiн осы дауысты таңбасына қатысты айтқан.

Ал жарты дауысты <й> фонемасы туралы, зерттеушi дауысты тек дауыстылардың жанында ғана айтылады. Қай жерде /й/ тұрса, оның алдында [ы], [i]-нің бiреуi болады” дедi. Сондай-ак /й/-дің алды, артынан да ы естiлсе, алдыңғысы жазылмайды да, соңғысы жазылатынын көрсеттi, мысалы: қиын, тиын, киiм, киiк [29, 327 б.].

А.Байтұрсынұлы “е жазылады сөздің бас буынында. Мысалы, ер, ерiк, еркiн, мен, менің, менiкi, ерке, серке, келеке. Қосылмайтын харiфтердің соңына () орнына () жазылады. мысалы, кіре, тiзе, керек, кедей сияқты жазылған сөздердің алдына дәйекше () қойылмайды. Себебi бұл дыбыс ол болмаса да жіңішке айтылатын дыбыс” дедi [29, 328 б.]. Сөйтіп, А.Байтұрсынұлы әлiпбиiнде /е/ графемасының үш мәнi бар болып шығады:

 

 

 

 

                    <(й)е> (й)ер, (й)ерік, (й)еркін     

 

е                   <э>   есэк, шелэк, кемэ, төбэ, келэке.

 

                      <е>  кiре, кедей, керек.

 

Жалпы, ғалым дауыстылар жүйесiнің таңбалануын былай бөлген. Бiрiншi, <ы> дыбысына қатысты жазу үнемдiлiгiн жасаған. Екiншi, <е> дыбысының таңбасын үнемi бейнелеп отыру керек, өйткені сөз мағынасына әсер етедi. <о>, <ө> қысаң ерiндiктердің таңбасы сөз аяғында ресми түрі е-мен ауыстыру. Үшіншi, и дыбысына екi таңба алу.

А.Байтұрсынұлы әліпбиiнде <қ>, <ғ>, <к>, <г> фонемаларының арнайы таңбалары бар. Ғалым оның себебiн “ц, г әрдайым жуан айтылады, жіңішке айтуға көнбейдi. <қ> һәм <г> дәйiм жіңішке айтылады, жуан айтуға келмейдi. қ мен ғ жазылған сөздердің алдында дәйекшi қойылмайды, оны қойғанмен бұл хәріптер жіңішке айтылмайды. к мен г алдында дәйекшi қойылмайды, оны коймаса да айтылатын болған соң” [29, 329 б.] деп анықтайды.

Төте жазу орфографиясының бiр өзгешелiгi <ш> орнына ч әрпінің қолданылуы. Оның себебiн А.Байтұрсынұлы былай ашады: <щ> дыбысы <с>дан гөрi <Ж>-ға жақын, олай болғанда ш әріпiнің түрі де (ж-га) жақын болғаны ұнамдырақ көрінеді. Осы айтылған оймен қазақ тiлiнде /ш/ хәрпі алынбай /ч/ харпi алынды. Мұны алғаннан кемшiлiк аз, ұнамы көп. Мысалы, екiнші, үшінші, бесiншi һәм басқа сондай /ш/ келетiн сөздердi екiнчі үшінчі бесiнчі деп жазсақ, бастапқылары ұнамдырақ көрiнедi. Себебi, менің ойымша, мынау боларға: ш араб тiлiнде с-ға жақын дыбыс боларға керек, сондықтан басқа түркі тiлiнде бiздің с орнына жұмсалады. Мысалы, бас-баш, тас-таш, қас-қаш деген сөздерде” [29, 329 б.]. Сонда ғалымның ойынша, араб тiлi мен қазақ тiлiндегi ш — с сәйкестiгiнен, <ш> дыбысын ч әрпімен таңбалап айыруға болады. “Әлбетте, харiп тiл үшін шығарған нәрсе. Олай болса, харiпi жоқ деп, тiлдегi дыбысты жоғалту емес, ол дыбысқа жоқ харiптi iздеп табарға керек. Ол жалғыз бiзде емес, өзге жұртта да болған, харiпке бола тiлдi бұзбайды, тiлге бола харiптi бұзып өзгертедi” [29, 388 б.]. Бұл Һ дыбысы одағайларда ғана естiлетiн дыбыс болса да, әріп арналу керек деген пiкiрiне келедi.

ХХ ғасыр басында қазақ тiл дыбыстарының инвентарiн анықтау қиындығы А.Байтұрсынұлының фонема-әріп теориясы арқылы шешiмiн тапқаны ақиқат. өзге графиканың (араб графикасы) әліпбиiн (араб әліпбиiн) өз тiлiнің дыбыстарына арнау керiсiнше әрекеттің, төл дыбыстарды өзге тiл әліпбиiнің құрсауына байлап беру қаупiн төндiретiн едi. Бірақ А.Байтұрсынұлы араб әліпбиi қазақ тiлi үшін шығарылған жоқ, араб тiлiне арналған әлiппе сондықтан араб графикасына негiзделген әліпби қазақ тiлi фонемаларын ғана беруi керек деп топшылады. Кейбiр оқымыстылардың <о>, <а>, <ұ> фонемаларын жарты дауысты, ал <ы> фонемасын мүлде жоқ деген көзқарастарына пайымды қарсылығын бiлдiрдi [29, 388 б.].

Ғалым дәстүрлі жазба тілде қолданылған туыс жүйелi емледен гөрі қалауынша жазу, яғни атасыға, атыға, қолыға орнына атасына, атына, олына деп жазуды дұрыс көрді. “Хасыл кәләм менің ойым: сөз жазылу керек айтылатұғын түрінше, яғни сөз iшiнде қай дыбыс естiлсе, сол дыбыстың әрпін жазу, естiлген дыбыстың әріпi жазылмай басқа әріп жазу керек болса, не үшін ол керектi ғылым наху я ғылым сарф жолыменен ыспат етiлсiн” [29, 382 б.] дейдi. Сондықтан ғалым бiрiншi әліпбидi жөндеу керек, әліпби жөнделмесе емледе ала-құлалық басталады. Ал “әліпби деген асылына адам акылы жетпейтiн нәрсе емес. Әлiпбиде бiрден мәдениет түрінің төбе басына шығарып жiберетiн адам бiлместей айрықша қасиет те, жасырын сыр да болмасқа тиiс” [29, 400 б.] деп санады.

Бұрынғы араб графикасынан қалған жазу емлесi қосымшалардың барлық түркі халықтарына ортақ бiр ғана вариантын (инвариантын) жазып, әр халық өз тiлiнің ауызша жүйесiмен әрқалай оқып жүрсе, ол жергiлiктi ерекшелiгi көп бiр тiл iшiндегi әдеби норманың азыуы сияқты болды. Ендiгi жерде әр ұлттың дербес жазу-сызуы болған күнде жазу принципiн сақтаудың қажетi жоқ екенiн сезген А. Байтұрсынұлы: другие тюркские народы не должны считаться с происхождением слов, а должны считаться с говором, с артикуляцией населения” [29, с.418] дедi. Сондықтан “Көптiк лар-ды қалған варианттарының орнына жазу қараймын, сөйлейтмін деген соң бараймын болмаса, малдай, малда деген соң малындай, малында деп, болмаса маллар, нанлар, атлар ден неге жазбаймыз дегенмен бiрдей” [29, 396 б.) деп, тiл қатынастарын бiр деңгейде қарастыру керектiгiн айтады. Ал ғалымның ашылған адам жазылған, я басылған сөздi әрпіне қарап оқымайды, бүтін тұрған сугiретiн танып оқиды. Таныс адамды көргенде мынау пәленше, анау түгенше деген сияқты әр сөздi тұрпатына қарап танып айтады” [29, 412 б.] дегенiн тiлдің таңбалық сипатын жазуға да қолдану керек, АТ-дің өзгерiстерiне сай жазу емлесiн өзгертудiд перспективасы жоқ деп түсiнемiз.

Жалпы, А.Байтұрсынұлы әліпбиi туралы Н.Уәлиевтің: «теориясы тұрғысынан алғанда бұл жазу жүйесi тұрпат межесi тұрғысынан жалпы халыңтың тiлдiң бiр формасы болын табылатын ауызша әдеби тiлдің дыбыс бiрлiктерiн, ал мазмұн межесi тұрғысынан тiлдің мағыналық бiрлiктерiн белгiледi” деген сөзiнің маңызы бар [4, 269 б.].

А.Байтұрсынұлының әліпбиi көпшілік назарына ұсынылып, “Айқапқа” жарияланғаннан кейiн зиялы қауым тарапынан талқыға салынды, әртүрлі көзқарастағы мақалалар жарық көрді. Мысалы, Е.Мусин А.Байтұрсынұлының қазақ тiлiнде бес дауысты бар деуi қате, дыбыс тоғыз, әрпі бесеу десе дұрыс деп, ЖТ мен ауызша сөйлеу жүйесiнің шегарасын айыруды талап еттi. Және /ы/ әрпі туралы: Ы харпiн сөздің аяғына ғана жазын, басқа жерде жазбаймыз деуi де қызық емес пе? /Ы/ аяғында керегi болған сияқты басқа жерлерiнде де керегi болса керек” деп, ы-ны барлық буында жазуды дұрыс көредi.

Ал М.Сералин емленің екi түрлі менi бар екенiн көрсеттi: бiреуi ауыздан шыққан дыбысқа әріп белгiлеу, ол әліпби болса, екiншiсi сол әріптердi қалай қолдану, ол емле болын табылады деп анықтады. Бiзде осы екеуi қалыптасып қалды, оны өзгертудің қажетi жоқ деп санады. Ш.Жияшев деген автор А.Байтұрсынұлы әліпбиiндегi 24 дыбыс таңбасы қате, әріп араб жазуындай 28 болу керек, оны өзгертудің қажетi жоқ деп санайды .

Ал ендi бiр мақалада и, у әріптерiн қосармен беруге қарсы көзқарас айтылады. Сондай-ақ алғашқы буындағы қысаңды түсiрiп жазуды ұсынады. оны былай түсiндiредi: “Бикеш, бауыр деген сөздердегi и, у хәрпін Ильминский бiр түрлі жазса керек дейдi екi харiппенен. Бiздің пайымымызша, айтылған и, у-дың орнына екi хәріп жазу дұрыс емес, пышақ, кiсе деген реуiштi сөздердi әуелгi харiптерден соң жұмсақ әуез бағзы харакет харiптерi жазылмаса керек” [30].

Сөйтіп, А.Байтұрсынұлының қазақ әліпбиi мен емлесiне қатысты еңбектерiнде қазақ жазуының әріп-дыбыс қатынасы, <у>, <ұ>, <ү>, <ы> фонемаларының орфографиялық ерекшелiктерi, қазақ орфографиясының негiзгi принциптерi айқындалды.

А.Байтұрсынұлы әліпбиi мен емлесi арнайы зерттеу нысаны болу керектiгiн ескеріп, бiз мұнда қазақ жазуының хронологиялық тәртібiн сақтау үшін және онтогенездiк дамуын көрсету мақсатында аталған әліпбиге шолу ретiнде тоқталдық.

Сөйтіп, А.Байтұрсынұлы реформалаған қазақ әліпбиiнің ережелерi мен принциптерi алғаш 1924ж. 12-18 маусымында Орынбар қаласында өткен “Қазақ бiлiмпаздарының тұңғыш съезiнде” көтерiлдi [31]. А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейханұлы, Е.Омаров, М.Дулатұлы, Х.Досмухамедұлы, Н.Төреқұлов, Т.Шонанұлы қатынасқан съезде қазақ орфографиясының негiзгi принципi дыбыс жүйесiнше болып, ал қап-қабы, доп-добы сөздерiндегi <б-п> дыбысының асылы <п> емес, <б> фонемасы, ал желп-желпі, серi-серпі дегендегi дыбыстың асылы <п> фонемасы, бірақ қазақ емлесi дыбыс жүйесiнше б-п, қ-ғ өзгерiсiн таңбалайды деп анықталады [31, 25 б.]. Сондай-емлеге қатысты баяндама жасаған Е.Омаров қару, келу сөздерi қарұу, келүу емес, қарыу, келiу, қарыуы, келiуi ден жазылатынын олардың қа-рыу, ке-лi-уі болып буындалатынынан iздеу керек дейдi. Автор “қазақ тiлi түрік тiлдерiнен жiгi ашылып, ұ дыбысы ы-мен айтылатын болған. Бұл қазақ тiлiнде өз еркімен болған өзгерiс” дейдi [31, 63 б.]. Съезде мынадай мәселелер сөз болып, шешiмiн тапқан: қысаң езулiктер барлық позицияда жазылсын; қ-к, ғ-г фонемалары арнайы таңбалармен белгiленсiн, өйткені “ерқайсысы ауыздың ор жерiнен шығатын дыбыс” (Ахмет) [31, 59 б.]; “қанықей, қайткенде, бiрақ сықылды үндестiк заңына келмейтін сөздердi бөлiп дәйекшемен жазу қиын” [31, 25 б.] (Елдес); х, һ, ф, ш әріптерi әліпбиден шығарылсын, ш орнына өзге түркі тiлдерiнен алшақтамас үшiн ч әрпі қолданылсын [Е.Омаров] деген ұсыныс болғанмен <ш> фонемасы ш әрпімен берiлдi; ә әрпі сөз аяғында айтылмайтынын бiлдiру үшiн жіңішке түбірге паз, уар кiрме жұрнақтары жалғанғанда дефиспен жазылсын (білім-паз, сөз-уар [31, 34 б.]) (Е.Омаров) деген пiкiр болғанмен, сөз дефиссiз дәйекшемен жазылып, сөз аяғындағы а [ә] болып оқылмайды делiндi; жалғау мен шылауды айыруда екпiн қызметi пайдаланылды, мысалы, атта жал бар, огiзде муйiз бар деген сөйлемде алты екгiiн бар, ал ат та көлiк, өгiз де көлiк деген сөйлемде та, де тұлғаларының жеке екпiнi бар, сондықтан соңғысы шылау болып табылады [31, 34 б.]; қарыз, мұрын сөздерiнің түбір тұлғасында да, тәуелдеулi тұлғасында да ы, i әріптерi таңбалансын, қарз-қарызы, мұрн-мұрыны деп жазу сөз жүйесiнше де, дыбыс жүйесiнше де дұрыс емес [31, 69 б.]; у, и — дыбыстары үлкен пiкiр-таластан, жеке комиссия мүшелерiнің қарауынан кейiн дауыссыз дыбыс деп табылды (Ә.Бөкейхан, Е.Омаров, К.досмухамедұлы, Н.Шагиұлы, А.Байтұрсынұлы, М.Жолдыбайұлы), Т.Шонанұлы, Р.Сүгiрұлы, Н.Уәлиұлы и, у дыбыстарын дауысты қатарына жатқызды; Т.Шонанұлы, М.Дулатұлы аталған дыбыстар дауыссыз болғанмен, бiр таңбамен беру қолайлы дедi, бірақ съезд қаулысында қосар әріппен таңбалану қабылданды.

Сөйтіп, араб графикасына негiзделген қазақ жазуының емле ережелерi            1924 ж. Орынбор съезiнде қабылданды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 Латын графикасына негiзделген қазақ жазуының әліпбиi мен емле ережесi

 

А.Байтұрсынұлының әліпбиi ресми түрде тек 1924 жылы қабылданғанымен, бұл графиканы 1913 ж. Стамбулда өткен кеңесте түрік, араб, иран жазуының бәрi үлгі етуге пәтуаласқанмен, Қ.Жұбанов: бас тартып латын алфавитiн қабылдауымызға ұйтқы болған Қазақстан емес, Бүкілодақтық орталық жаңа Алфавит комитетi Ғылыми кеңесiнің қысымы… Бұл жүйе қазақ тiлiнің ерекшелiгiне әбден лайықты (тегiнде жалғыз қазаққа ғана тән деп қарауға болмайды), қазіргi алған жаңа әліпбиiмiзге де өте қолайлы, өйткені араб жазуын таңбалау табиғатына мұның еш қатысы жоқ және дәл сондай-ақ алфавит бiткенге бiрдей үйлесiмдi” дегенмен [32, 22 б.], бәрiнен бұрын профессор Е.Д.Поливановтың Байтұрсын әліпбиiне берген: “Эту последнюю форму, которую приняла казах-киргизская графика в 1924 году, я во всяком случае считаю уже не нуждающейся в исправлениях и представляющей последний шаг в историческом формировании национальной графики, котором с полным правом могут гордиться киргизские деятели просвещения — сөздатели реформы, как крупным культурным завоеванием” деген бағасына қарамастан, 1926 жылы 26 ақпан мен 5 наурыз аралығында Бакуде өткен түркітанушылардың съезiнен кейiн 6 наурызда қазақ жазуын латын графикасына көшiрудi қоса алу тапсырылады [33, 54 б.].

Осы орайда қазақ тiлiнің түпкілiктi жазуы болады деген төте жазуды латын жазуына ауыстыруға түрткi болған бүкілодақтық түркітанушылар құрылтайының жұмысы туралы айта кетудің жөнi бар. Өйткені съезд барша түркі халқының 600-ден астам зиялылары, Юдахин, Н.Ф.Яковлев, А.Н.Самойлович, В.В.Бартольд, Н.И.Ашмарин, Л.В.Щерба сынды Ресей ғалымдары, А.Байтұрсынұлы, Е.Омаров, Н.Төреқұлов, Т.Шонанұлы, Б.Сүлейұлы тәрiздi қазақ бiлiмпаздары бас қосқан, түркі халықтарының тiлi мен жазуын жаңа белеске көтерген аса iрi тарихи оқиға болып саналады.

Съезде емле, жазу мәселелерi бойынша Л.В.Щерба, Н.Ф.Яковлев, Жирков, Г.Шараф, А.Байтұрсынұлы, Н.Төреқұлов, Е.Омаровтар баяндама жасайды. Түркі тiлдерiнің iшiнде латын жазуына кешудi бiрiншi болып әзірбайжандар көтергенi белгiлi. Оның себебiн Н.Ф.Яковлев былай деп көрсетедi: мұнда қалалық әзірбайжан — 13% болса, халық сауаттылығы 1% ғана болды, бұл татар халқымен салыстырғанда 25% төмен. Ал қалалық татар халқы 4% едi. Сондай-ақ ғалым жазу дiнмен терең байланыста, дiнi күштi халық жаңа жазуды алмауға тырысады дедi. Бұл Е.Д.Поливановтың жазуын реформаламаған халық жаңа графикаға әуес келедi, оңай ауысады, ал жазуын жөндеп отырған тiл өзге графиканы көп көрмейдi деген сөзiмен үндесiп жатты.

Н.Ф.Яковлев, Жирков сынды ғалымдар араб жазуы функциясының кемiгендiгiн, жаңа тiлдердi жаулап алу бағытынан тайғанын сондықтан жаңа прогресс, техника үшін латын жазуының қолайлылығын айтса, Л.В.Щерба әр халық өз тұрғысынан шешуi, жөн деп, бейтарап позиция ұстады. Араб жазуын жақтаушы Ғалымжан Шараф Н.Ф.Яковлев пен Жирков латын графикасын дәріптегенмен, түпкі ойы басқа, олар орыс алфавитi де латын жазуынан кем емес деген мазмұндағы мақалаларын жариялап жүр дейдi.

Жалпы, съезде шығып сөйлегендердің денi латын жазуының техникалық артықшылығы (қолдың ыңғайы, көздің көруi, техникалық жағы, бас әрiбi), араб жазуының кемшiлiгi реформаланған араб әлiпбиiнің түпнұсқадан ауытқуы, оңнан солға қарай жазылуы, баспа қиындығы, әрiптердің танылмауы, бас әріптің жоқтығы) туралы сөз етедi. Араб графикасын жақтағандарға (әсіресе, А.Байтұрсынұлына) психологиялық шабуыл жиi жасалады (отырғандар күлiп, даурығып, кекетiп, тыңдамауға тырысады), латын графикасын жақтағандарды қолпаштап, ұзақ қол шапалақтап отырады. А.Байтұрсынұлы төл жазудың жетiлмей қалғанына басқа халықтың жауап беруi дұрыс емес [34, 288 б.], әр халық жазуының өз жолы мен деңгейi бар дейдi. Орыс графикасын пайдаланып келе жатқан халықтардың латынға көшу себебiне күмәнмен қарайды.

Съезде А.Байтұрсынұлынан басқа сөз алған Ғ.Шараф, Алпатовтар әзiрбайжан жазуы латын графикасының барлық таңбаларын пайдаланып отырған жоқ, бар-жоғы 47-56% -ын ғана қолданады, ол латын жазуы емес, өзгерген латын жазуы, бұл жазудың ғұмыры қысқа болады дейдi [34, 263 б.]. Дегенмен, дауыс беру нәтижесiнде 101 дауыс латын графикасына, 7 дауыс араб графикасына, 9 дауыс қалыс қала отырып, латын жазуы қабылданады.

Құрылтай қарарында латын әліпбиiн түзуде басты мынадай приниптердi ұстану тапсырылады: орыс графикасының әріптерiн алмау, кiрме сөздердi үндесім заңына бағындыру, бiрдей дыбыстарға әріп алмау, диакритикалық таңба алмау, созылыңқы дауыссыздарды белгiлемеу, қосар әріп алмау, жіңішке дауыстыға таңба алмау, морфологиялық принциптi ярпақ-япрақ, торпақ-топрақ деген сияқты сөздердің әдеби вариантын табу үшін пайдалану, дұрыс айту нормасын қалыптастыру, кiрме сөздердi айтылуы бойынша игеру (орыстар буын жазуы бойынша игерген едi, ендi айтылуы бойынша игередi) немесе кiрме сөздердi түпнұсқа тiлдегi айтылуы бойынша алу (волкан, вулкан емес, маскерад), кiрме сөздер үшін әріп алмау, халықаралық сөздердің соңындағы дауыстыны қысқарту: вакансия — ваканс, пианино — пианин, фортепиано — фортепиан кiрме сөздерде о әрпі тұрса, [о] дыбысы етiп айту.

Сөйтіп, 1927-1928 жылдары «Жас қазақ», “Тiлшi” газеттерiнде жаңа латын әліпбиiнің жобасы, сол графикамен басылған тақырыптар жариялана бастайды. Ең алғаш жарияланған латын әліпбиiнің жобасында 24 әріп, 1 дәйекше болды (яғни төте жазудың жүйесiнен ажыратылады). Олар: а, Ь, с, d, е, h, g, j, i, k, l, m, n, о, р, q, r, s, t, u, v, у, z және ‘ (Тiлшi, 17.09.27). Мұндағы һ — <ғ>, у — <n>-<i> фонемаларын таңбалады. Кейiнгi жоба (Лениншiл жас, 30.11.28) <ғ> — q, <ы>,<і> — ъ етiп бердi. z — таңбасы сызықсыз жазылып, дәйекше ‘ — деген таңбасымен ауыстырылады. 1927 жылы (24.04) Мәскеуде өткен қазақстандық студенттердің жалпы жиналысында жасаған баяндамасында Н.Төреқұлов жазуды ауыстыруға әлi ерте, оған он жыл керек дегенмен, латын жазуына көшу басы ашық мәселе болғаннан кейiн, өзiнің авторлығымен әліпби жобасын жасайды.

Н.Төреқұловтың әліпбиiнде 28 әріп, бір дәйекше болды: а <а>, е <е>, i <ы>, <i>, о <о>, <ө>, u <ұ>, <ү>, р <п>, b <б>, m <м>, f <ф>, w <у>, t <т>, ĝ <ғ>, d <д>, s <с>, z <з>, c <ш>, j <ж>, n <н), l <л>, r <р>, у <й>, k <к>, g <г>, q <қ>, х <х>, h <һ>, ŋ <ң>, ә <ә>,

Әлiпбиде <ф>, <х>, <һ>, <қ>, <ғ>, <к>, <г> дыбыстарының әрпі бар. Ал <ә> фонемасы басқа жұп дауыстылардан бөлек, латын графикасында жоқ таңбамен белгiленедi, яғни 1926 ж. құрылтай қаулысына сәйкес емес ә, д, ң таңбаларын жасайды.

Н.Төреқұловтан кейiн Х. Досмухамедұлы латын графикасын қолдамаса да, қызмет бабының ыңғайымен, саналы түрде жаңа әліпбиге кешудi ұсынып, латын олпбиiнің жобасын құрады. Бірақ науқан түрінде емес, қазір қолданып отырған әліпби мен емленi жетiлдiрiп, жаңа графикаға бiртiндеп өтудi ойластырады. “Қолданбасақ та латын харiфтерiн бiз де тiлiмiзге үйлестiрiп көру керек. Тез арада, әсіресе әкiмшiлiк әдiспен көшiру мәдениет iсi үшін залалды һәм саяси тұрғыдан да байыпты емес” [35] дейдi.

Х.Досмухамедұлы әліпбиiнде 14 әріп латын алфавитiне сәйкес алынады да, апостроф (‘) пен дәйекше ауыстырылады. Әліпбиде <ч>, <ф>, <ц>, <щ> сияқты орыс тiлi дыбыстарына таңба арналған, <к>, <д’>, <ц> фонемалары к’, g’, n’ арқылы белгiленедi. Бірақ аталған әліпбиде апостроф жіңішкелiктi екiншi мәрте көрсететiн кезi бар: kөr көр, сондай-ақ басқа функцияда да (п’<ң>) жұмсалды. Шет тiл дыбыстарына қосар таңба алынды да, бұл i түркітаяушылардың құрылтайында қабылданған қаулыға сәйкес келмедi.

Жалпы, латын жазуына көшу Орта Азия түркі халықтарында, әсіресе татар халқы мен қазақ даласында бiрауыздан қолдау тапқан жоқ. Процесс өте баяу, жай орбiдi. Сондықтан 1928 жылы 18-23 желтоқсан аралығында Қазанда жаңа түркі әліпбиiнің бүкілодактық орталық комитетiнің ІІІ пленумы шақырылады. Қазақстаннан Асфендияров, О.Жандосов, Нұрмақов, Т.Шонанұлы, Тоғжанов, Т.Рысқұлов сынды бiлiмпаздар қатынасады. Пленумда көтерілген мәселелер негiзiнен латын әліпбиiне көшу, әзірбайжан жазуы қабылданған әліпби негiзiнде өзге түркі халықтарының әліпбиiн бiрдейлестiру, жазу тарихындағы сол дәуірдi мурагат ретiнде сақтау, бас әріп мәселесi, емле принципi, фонетикалық пен морфологиялық принциптi қатар ұстау деген мәселелер төңiрегiнде болды. Н.Ф.Яковлев унификацияның-графикалық, фонетикалық, орфографиялық түрлерi болады. Негiзгi бiрлестiру – фонетикалық болып табылады, ол әр таңбаның ортақ дыбыстық мағынасы бар болу деген сөз дедi. О.Жандосов Қазақстан латын жазуына көшудi кешеуiлдетiп отырса да, бiрлестiру жағынан әзiрбайжаннан алда тұр, бiрлестiру негiзiне бiр жазуды алу деген дұрыс емес, әйткенде әр халық өз жазуының дұрыстығын дәлелдейдi. Толық унификация жасау мүмкін емес, дауыссыздарды да бiрлестiру керек дедi автор және Қазақстанда ескi арабшылдардың күнi таяды дегендi былай бiлдiрдi: “было время, когда казахский крестьянин по поводу любого вопроса, имеющего болыное общественное значение, спрашивал, что скажут Букейханов и Байтұрсынов. Это два толпа казахского прошлого, казахского национализма, смесь патриархальных предрассудков с буржуазно-националистическими представлениями” [35, 192 б.].

Сөйтіп, 1929 жылы қазақ жазуының араб әліпбиiнен латын графикасына түпкілiктi көшкенiн хабарлайтын алфавит туралы қаулы шықты. Мұндағы әліпбиде 29 әріп болады.

Әліпбиде қазақ тiлiнің өзiне тән 9 дауыстысы мен 20 дауыссыз фонемасына әріп арналды. <қ>, <ғ>, <к>, <г> дыбыстарының жеке таңбасы болды. ь <ы> таңбасы орыс алфавитiнен алынды, ĝ <ғ>,  j <ж>, ŋ <ң> таңбалары диакритикасы болды және одағайларда ғана қолданылатын шығыс кiрме сөздерiнде жазылатын һ <һ> дыбысының әрпі бар. Алфавитте бұдан басқа кiрме сөздерде кездесетiн әріп қатары болған жоқ.

Сөйтіп, жаңа жазудың графикасы мен орфографиясы және емле принциптерiн айқындау және қазақ тiлi емле ережесiн талқылау, қабылдау үшін 1929 жылы 2-4 маусым аралығында Қызылордада ғылыми орфографиялық конференция шақырылады.

Қазақ орфографиясына қатысты алғашқы ғылыми конференция туралы әдебиеттерде, оқулықтар мен оқу құралдарында мәлімет көп берiле бермейтiндiктен және латын графикасына негiзделген қазақ жазуы арнайы зерттеу жұмыстарының нысаны болатынын ескеріп, бiз мұнда конференция көтерген негiзгi мәселелер мен ұсыныстарға (өз көзқарасымызды қалыс қалтыра отырып) тезис ретiнде шолу бере кеткендi жөн көремiз.

Бұл бiр жағынан объективтi пiкiр қалыптастыруға және бүгінгi қазақ жазуының iргетасы қандай ұстанымдар негiзiнде каланды деген сауалға жауап беру үшін де керек.

Алдымен, емле принципi туралы конференцияда мынадай ұсыныстар болды.

— Емле фонетикалық принципке құрылады. «Фонетический принцип — принцип фонетической академической транскрипции. Мы понимаем под словам фонетическиим принципом передачу без искажения смысла слова, звуков нашей речи”. “Но и там, где мы применяем морфологический принцип, под этот принцип подводим фонетическое объяснение, ибо по нашим наблюдением нет такого пункта в нашем гтравёписании и не должно быть такого место в нашем языке, которой возможно было бы объяснить фонетически” [36] (Т.Шонанұлы).

— қазақ тiлiнде диалект болмағандықтан морфологиялық принциптің қажетi жоқ (Т.Шонанұлы, Юдахин, Е.Омарұлы);

— түбірдi фонетикалық, қосымшаны морфологиялық принциппен жазуды тiл табиғаты қалайды, бірақ морфологиялық жазуды 15-20 жылдан кейiн енгiзу (Е.Омаров) [36, 27 б.];

— шет сөзiн түпнұсқа принципiмен жазып, өз тiлiмiздің дыбыстық құндағында (Н.Уәлиұлының терминi) оқу (Е.Омаров);

— ой, қана сөздерiн морфологиялық принциппен жазу (Е.Омаров)  (Қ.Кемеңгеров);

— -шы жұрнақтарын (барсайшы) түбірмен бiрге жазу (К. Кемеңгеров)

[36, 72 б.];

— ғана, ғой, ма, көрi шылауларын фонетикалық принциппен жазу (Е.Омаров)

[36, 115 б.];

— барлық түркі тiлдерiнде палатал үндесім жетекшi, сондықтан емлеге осы үндесімдi негiз ету (Т.Шонанұлы).

Ерiн үндестiгi туралы:

— ерiн үндесімi бұдан 50-60 жыл бұрын күштi болса (В.В.Радлов), бүгінде құрып барады (Т.Шонанұлы, Элiбаев) // ерiн үндесіми мүлде құрығаны ғылыми түрде дәлелденген жоқ, сондықтан ойласу керек (Юдахин); // ерiндiктердi бiрiншi буыннан артық жазбау // ерiн үндесімiнің күшi қазақ тiлiнде 2 буынға дейiн сақталуы тиiс және солай жазылуы қажет (К.Кемеңгерұлы).

— ерiн үндестiгiн сақтау тиiмсiз, бiраж шет сөздердi игергенде екiншi буынға да жазу (Е.Омаров) // кiрме сөздердің соңғы буынындағы ерiндiктi алдыңғы буынға шығарып жазу (висмуоi-вусжчйп) (Т.Шонанұлы).

Қысаң езулiктердің емлесi туралы:

— сөз аяғындағы ы, i езулiктерi қосымша жалғағанда түсiрiлсе, түбірде де жазбау (Т.Шонанұлы);

— қысаң езулiктердi мүлде таңбаламау: млщтц (Байдiлдин, Әлiбаев;

— II қысаңдарды барлық позицияда таңбалап отыру (Поливанов).

Позициялық алмасуды таңбалау туралы:

— емледе iлгерiндi ыкпалды ғана белгiлеу (Т.Шонанұлы);

— түбір мен қосымша аралығында п-б, қ-ғ, к-г, п-у өзгерiсiн белгiлеу; (Т.Шонанұлы)

— аталған позициядағы н-м, н-ң өзгерiсiн жазуда белгiлемеу (Т.Шонанұлы).

Бiрге/бөлек таңбалауға байланысты:

— қосымшаларды бiрге жазу, ал жартылай қосымшаларды бөлек жазу:

“чтобы дать возможность свободно развиваться языку, мы очевидно, должны принять во внимание эту стадию не слияния полуприставок с основой”;

— тiл тұтынушы санасында бөлек сөз болып табылмайтын күрделi сөздердi бiрге жазу  (Т.Шонанұлы);

— бейүндес бiрiккен сөздердi дефиспен жазу (Алибаев);

Жеке әріптердің емлесiне қатысты:

— ж, ш, й дыбыстарының жіңішкеруi (шей, жей, тiййi) тiлде бар болса, оның емлесiн айқындау (Т.Шонанұлы);

— ш, ж, й дыбыстарының аралығындағы [а]-[ә] дудемалдығын қосымшаның жуан жалғанатынына қарап, а ретiнде таңбалау (Т.Шонанұлы); өйткені <ж>, <ш>, <й>-лардың жіңішкеруi диалектке байланысты болуы мүмкін (Юдахин) ;

— сөз аяғындағы <б>-ны таңбалау (болыб, келiб, саб, iшб).

— <к>-нің жіңішкеруi мен <қ>-ның жуандауын (әкт, пыртақол) жазуда белгiлеу (Кемеңгеров) ;

— һ әрпін әліпбиге алмау: қаһарман сияқты сөздердi қаарман деп жазу (Қ.Кемеңгеров).

Кiрме сөздердің емлесi туралы:

— шет сөздердi қазақ тiлiнің дыбыстық заңдылығына икемдеп жазу, игеру тәсілдерiне қазан төңкерiсiне дейiнгi дыбыстық өзгерiстердi алу (Т.Шонанұлы);

— шет сөздердi морфологиялық принцип арқылы игеру; өйткені кiрме сөздердің “тасқыны” оларды өте аз уақытта табиғи түрде игеруге мүмкіндiк бермейдi (Қ.Кемеңгерұлы);

— шет сөздердегi <ц>-ны [ш] етiп игеру, себебi шiркеу-церковь болып игерiлген, <в>-ны дауысты аралығында [у], сөз басында [б], тұйық буында [п] етiп игеру, ер адам фамилиясының соңын [п], әйел адам фамилиясының соңын [уа] етiп жазу (Е.Омаров) [36, 125 б.]. “А это значит, что мы от иностранных слов берем основу, имеющую материальное значение, с подчинением всех морфологических и других наращений этой основы свойствам казъязыка” (Т.Шонанұлы) [36, с.23];

— өзге тiл фамилиясын түпнұсқада жазу (Юдахин),

— өзге тiл фамилияларын икемдеп жазу (Е.Омаров) [36, 76 б., 90 б.];

— орыс тiлiндегi <r>-ны ж әрпімен беру дұрыс емес (Юдахин);

— орыс тiлiнің айтылуын шет тiл сөздерiнде сақтау (Юдахин);

— кiрме сөздердi өзгертпей жазу, бұрынғы игерiлiп жазылған сөздердi түпнұсқа тұрпатымен жазу (Байдiлдин) [36, 69 б.].

— сөз басында г, 5, ч, у, й әріптерiн таңбаламау, кiрме сөздерде не түсiрiп жазу, не жатаддатып беру (Е.Омаров) [36, 80 б.];

— шет сөздердi қазақ тiлiнің фонетикалық заңына сәйкес игеру, мысалы, космос-коспыс, газ-газ, смола-спала (Е.Омаров);

— жазуға дейiнгi кiрме сөздер мен жазу қалыптасқаннан кейiнгi кiрме сөздердi екi түрлі принциппен жазу, мысалы, жағырапия, бiрақ география, геология (Юдахин) [36, 121 б.];

— шет сөздердi орыс тiлi арқылы алмау, европа-еvrорь (еуропы) деп жазу (Е.Омаров);

— шет сөздерi халық тiлiнде қалай игерiлiп жатқанын зерттеу үшін материал жинау (Юдахин).

Сөйтіп, конференцияда көтерілген мәселелердің iшiнде кiрме сөздердiң емлесi үлкен қиындық тудырды. Комиссия мүшелерi ортақ пiкiрге келе алмай екiге бөлiндi. Е.Омаров, К.Кемеңгеров, Т.Шонанов бастаған топ терминдердi игеріп жазуды ұсынды, екiншi топ (Қ.Жұбанов, Байдiлдин, Әлiбаев) терминдердi орыс тiлi емлесiне жақындатып жазуды жақтады.

Қабылданған емле ережелерiнің ескертуiнде мынадай өзгерiс болды:

фонетический и морфологические принципы казахском языке в правописание иностранных слов, нужно избегать искажения основы иностранных слов, имеющее материальное значение без особой на то надобности” (Т.Шонанов) [36, с. 119]. Бірақ Е.Омаров ережеге мынадай пункттің енуiн қалайды: для выяснения характерного применения вышеизложенных принципов к орфографии иностранных слов ориентироваться на европейские слова, непосредственно воспринятые живым народным языком с русским, а потом на слова перешедшие с арабского и персидского”.  Комиссия мүшелерiнің көбi бұл пiкiрдi құптамайды.

Мiне, конференцияда сөз болған мәселелер мен ұсыныстардың ұзынырғасы осындай.

Бұл ұсыныс-пiкiрлерден қазақ графикасы мен орфографиясының негiзгi ережелерiнің алғашқы нұсқасы сөз болып отырған емле конференциясында (1929ж) жасалғанын көреміз. Мұнда мына мәселелер айқындалды: қазақ жазуының негiзгi ұстанымы (фонематикалық); халықаралық сөздердің қазақ тiлi дыбыстық заңдылығына сай игерiлiп, әліпбидегi әріп шегiнде таңбалануы.

2-буында ерiн дауыстылары бар шет сөздерiн ерiндiктi 1-буынға шығарып заңдастыру: этимологиясы күңгiрт түбір мен қосымшаны фонетикалық принциппен (айтылуынша) жазу, шылау сөздердi қосымшалармен бiрдей естiлуiнше таңбалау; түбір соңындағы қысаң езулiктердің қысаң буынды қосымша жалғанғанда түсiрiлiп таңбалану; дауысты дыбыстардың дүдемалдығын қосымша жалғау арқылы анықтау.

Қазақстанда латын жазуына бiржола өту, сауаттану басқа түркі халықтарына қарағанда бәсең жүрдi. Сондықтан жаңа алфавиттің бүкілодақтық орталық комитетiнің IҮ пленумы Алматыда өттi (1930 жылы 6 мамыр). Пленумға Асфендияров, Т.Шонанұлы, Қ.Жұбанов қатынасады. Пленум мүшелерi Қазақстанның жаңа алфавитке салғырт көзқарасы азаймай отыр дейдi (8-11 жасқа дейiнгi балалардың 20% мектепке тартылған). Ресей бiлiмпаздарынан қатынасқан Н.Ф.Яковлев терминдердi бағындырып жазуда сақтыққа, тiптi онымен күресуге шақырды. Пленумда бас әріп мәселесi (Асфендияров қазақ жазуы бас әріптi алмайды, алса қызметін азайтып алады, жалпы бас әрiп ағылшын, француз емлесiнде де бірыңғай принципке сүйенбейдi дедi); графемалардың психотехникасы (Шор жазу психологиясы Германия, Америкада жақсы зерттелген, сонда қазіргi жазу жолынан шығып тұрған таңбалар бас әріп, нүкте, үтiрлер көзге бiрден анық көретiнi анықталған дейдi), фонетикалық унификация (Қ.Жұбанов пленумның мақсаты бiр жазуды негiз етiп анықтау болмау керек, ешбiр жазу басқа тiлдің жазуымен ыңғайласа алмайды, әзірбайжандр Ч әріптерiнің мағынасын өзгертiп жiбердi десе, профессор Самойлович қазақ жазуы <ш>-ны с-мен бердi, себебi, с – унификацияланған әліпбиде <ч>-ны бередi дедi; Қ.Жұбанов бiр-бiрiне саяси, экономикалық, мәдени жақындығы бар тiлдер бiр унификация жасау керек, жаппай бiрлестiру болмайтын iс дедi) мәселесi сөз болды. Пленум қаулысы Қазақстандағы сауаттылықты тағы 15%-га көбейту, 1930 жылдың қазанында жаңа әліпбиге көшудi түбегейлі аяқтау, Қырғызстан, Қазақстан, Дағыстан жазуы бас әріптi қабылдау керектiгiн бекiтедi.

1933 жылдан бастап емленi өзгертуге байланысты ұсыныстар берiле бастайды. Алғашқы жоба Қ.Жұбанов авторлығына тиесiлi. Ғалым ұсынған әліпбиде 24 әріп, бiр дәйекшi болды.

Қ.Жұбанов f, h, х әріптерi кiрме сөздерде ғана емес, Оңтүстiк Қазақстан қазақтарының тiлiнде бар дыбыс және келешекте тiлдің термин (1934) сөздермен баю мүмкіншiлiгiн ескерсек, бұл әріптерден бас тарта алмаймыз және өзге түркі халықтарының әліпбиiмен бiрдейлестiру үшін бұл үш әріптi әліпбиге енгiзу керек дейдi [32, 510 б.]. Кейбір сөздерді Ь, р әріптерiмен таңбалаудың қиындығын көреді.

1936 жылы “һ әрпі әліпбиде болғанмен, қазақ сөздерiнде ұшырап жарымайды, тек одағайларда кездеседi” деп [32, 195 б.], әліпби құрамынан ө, ә, j (й) және с таңбаларын шығарып, һ әрпін <ғ> фонемасына берудi ұсынады [110, 5046.]. Ал j-дi i дауысты дыбыс әрпімен, v-ны u-мен беруге болады дейдi [110, 5076.]. Сөздің жіңішкелiгiне дәйекшеден басқа i, к, g әріптерi де қарақшы (маркер) бола алатынын көрсетедi [32, 504 б.]. Сонда Қ.Жұбановтың әліпби құрамынан алып тастауға болады деген таңбалары мыналар болды: ө, ә, j, ғ , v. Және ұу, үу, ый, iй қосар таңбаларының орнына бiр таңба алуды, дәйекше қызметін пайдалануды ұсынады [32, 507 б.]. Сөз болып отырған қазақ латын графикасының кемшiлiгi деп, “сызылған” ө, «құйрықты» 3, ŋ, «аударылған» е (ә), «созылған» g (q), “белi сызылған” z таңбаларын атайды. Сөйтіп, “Т.о. вместо прежних 13 букв по значению и 17 букв по числу знаков оставляются 7 букв, 7 знаков” [32, с.521] дейдi. “Сыз, сiз дегенде ы, i әріптерi сөз дыбысталуының ғана жуандығы мен жіңішкелiгiн көрсету үшін тұрған жоқ, ол бүтін буынның жуан-жіңішкелiгiн көрсетуге қойылған қарақшы” [32, 204 б.]. Буын сайын бiр дыбыстың жуан-жіңішкелiгiн айырып таңбалағанда, әр буынның дауысты дыбысының ғана жуан жіңішкелiгiн айырын таңбалаймыз. Әрқайсысына екi әріп алып әурелемей-ақ, буын-буынның ғана жуандығын я жiңiшкелiгiн айыртқандай бірақ белгi қоятын болсақ, әрпімiздің санын бүгіндегiмiзден де азайтын 26-ға түсiруге болар едi” [32, 205 б.] дедi .  

Ал кiрме сөздердi жазғанда орыс тiлiндегi түбірiн сақтап, қосымшаны қазақ тiлде жалғауды, сондай-ак туынды кiрме сөздердің жұрнағын қазақ тiлiнде беруге болатынын ескерттi (федератировать-федерациялау).

Ғалымның 1929 жылғы әліпби мен емле ережелерiне айтқан сынның қазақ жазуы тарихының бiр этюдiн құрайтындықтан, автор еңбегiне сiлтеме жасауды жөн көремiз. Мысалы, Қ.Жұбанов орфография ережелерi сөздердi ғана емес, төл сөздердің де дұрыс жазылуына кедергi келтiрiп келдi” [32, 54 б.]. асра, ру, көбрек, қойны, аулы, шаруа сөздерiнің бiрде ы-мен, бiрде ы-сыз жазылуына өзі жол бердi” [32, 515 б.] дедi. Сондай-ақ мына сөздердің бiрнеше вариантта жазылуына мүмкіндiк жасады дейдi: ғана / ғәне / гәне, iшкiм / ешкiм, шiймай / шіймай / шызбай, кервiш /керпіш /кiрпiш, бiйбастақ / бейбастақ / бiйбаста, / бейбастақ, жәнтiк / жәні/к, шынара / шінара / шінара / ішiн-ара / iшiнара. Сол сияқты құрделi бiрiккен сөздердi жазылуы да ортүрлі болды дейдi ғалым: жар-ғанат / жар қанат, қол-ғабыс / қол қабыс, жарымес / жәрмес, ійінагаш / ійінәғаш, жаздыгүнi /жаздыкүнi / жаздыкүн / жаздыкүні, жазғы тұр / жазғытұрым /жазытур / жазытұрым, баражатыр / баратыр/барат [32, 515 б.].

1929 жылы емледе тек кiрме сөздердің жазылуында ала-құлалық бар, ал төл сөздердің емлесi мiнсiз деген пiкiрлердің дұрыс еместiгiн осы мысалдардан да көруге болады дейдi ғалым. Емле ережесiнің аз болуы емленің жақсылығын емес, кемшiлiгiн көрсетедi. Ал кiрме сөздердің емлесi туралы қазақша жазушылар тiлдерден кiретiн сөздердің емлесi қазақ тiлiнің фонетикасы мен морфологиясының осы күнгi заңдарынша болу керек деп, бiр әуре болады. Аса бiр керек жерлерде ғана болмаса, жаңа сөздердің түбірiн бұзбай жазу керек” деп екi әуре болады [32, 338 б.] дейдi. Сондай-ақ гөрі/көрi шылауының гөрі вариантын кодификациялау керек. Өйткені ол үнемi шығыс жалғауынан кейiн қолданылады [32, 503 б.] дедi ғалым.

1935 жылы барма, келгесін, барғансын деп бiрге жазуды сынады да, ендi бiр мақаласында қосымша ма, ме-нi бiрге, шылау ма, ме-нi бөлек жазуды ескертедi [32, 177 б.]. Сондай-ақ да, де — нің қосымша болғанда сөз түбірiмен бiрге, шылау болғанда бөлек жазылатынын айырады. Ал мен, бен сөздерiн шылау, қосымша екенiн айыру жиындығынан бөлек жазуды жөн деп табады. Қос сөздер дефиспен тек аппақ, көкпеңбек сөздерiн бiрге, ал қолма-қол сияқты қосар сөздердің алдыңғы екi сыңарын бiрге жазуды ұсынады [32, 177 б.]. Сөйтіп, бүгінгi емле кодификациясының түпнегiзi Қ.Жұбанов тұжырымдамаларынан шыққанын көреміз.

Әліпби мен емленi өзгертуге байланысты екiншi ұсыныс С.Аманжолов тарапынан шықты. Автор 1933 жылы «Қазақстан» газетiне жариялаған мақаласында жаңа әліпби комитетiнің түркі тiлдерi дыбыстық ерекшелiктерiмен ескірмей, әліпбиден ә, ү, z, ө әріптерiн шығаруды ұсынуы, сондай-ақ  <қ>-ны к-мен, <ғ>-ны г-мен берудi дұрыс емес дейдi. <ғ> дыбысын х әрпімен берудi ұсынады, қысаңдарды түсiрiп жазуды қолдамайды. Қосар дыбыс әріптерiн бiр әріппен берудi ұсынады. <ый>, <iй> дыбыс тiркесiнде j таңбасы дауыссыз <й> — ді де беретiн болсын деген пiкiр айтады. Ал ұу], [үу] тiркесiмiне v таңбасын лайық көреді. Сонда v -<у>, <ұу>, <үу> беретiн болады дейдi. Терминдердi орыс тiлi арқылы игеру керек, 1929 жылы емленi жасаған Т.Шонанұлы, Е.Омаровтардың алашордашылдығын олардың шет сөздердi сол түпнұсқа тiлiнде алайық деген ниетiнен көруге болады дейдi. Сөйтіп, терминдердi орыс тiлiнің емлесiне нұсқап жазу К.Жұбанов, С.Аманжолов тарапынан ұсынылады: ескi түрік тiлiн, қазақтың құнсыз сөзiн көкке көтеріп, интернационалдық сөздердi сыртқа тебуiмен күресу керек”.

Әлiппе мен емлеге қатысты өзгерiс С.Жиенбаевтың тарапынан да ұсынылған. Автор қысаң езулiктердi, мысалы, сталин, склад, рғыз, қтын деп жазу керек, себебi рығыз, қтын деген сөздерде де редукциялауды оқылатын қауіп жоқ екенiн айтады. Қазақ тiлiнің жалғамалы сипаты қосымша жалғағанда, көпармалы тiлге айналып кетпейдi, қрғз (қырғыз) дегенде түсiрiп, қрғызы дегенде түбір тұрпатын өзгерту дұрыс емес дейдi ғалым. Сондай-ақ автор дауыстылардың тек жуан түрін алуды а, о, у дыбыстарын сөз iшiндегi i, й, е әрiптерiне қарап оқуды, ал бiр буынды жіңішке дауыстылы сөздерге дәйекше қоюды ұсынады. Ғалымның есептеуiнше, қазақ тiлiнде ә-мен-23, ө-мен-18, ү-мен 19 сөз басталады.

Алайда ұсынылған бұл жобалар, әсіресе К.Жұбановтың дәйекше қызметін пайдаланған әліпбиi, 1934 жылы жоғары комитетте қолдау тапқандай болса да, 1938 жылы қабылданбай қалады. Бірақ uv (ұу) мен уv (үу) қосар әріп орнына бiр ғана u жазылатын болды да, u (ұ) әрпі ь таңбасымен ауыстырылды.

Қысаң езулiктердiд таңбалары (ы) мазмұнға ие болып тұрса, жазылуы керек делiндi. Бірақ бұл емле ала-құлалығын тудырды. Сондай-ақ түбірдің соңғы буынында <ы>, <i> дыбыстары естiлетiн сөздерге тәуелдік жалғауы қосылғанда, қысаң езулiктер түсiп калса, түбірде жазылмайды, ал түсiрiлмесе түбірде жазылуы керек делiндi. Мысалы, көрк, себебi көркiм; көрiк, себебi, көрiгi (ұстаның).

Сөйтіп, қазақ тiлiнің дыбыстық негiзiнен шығарылған алғашқы емле ережесi 1929ж. латын графикасымен бiрге қабылданды. Онда орфографияның негiзгi ұстанымы анықталып, кепiлдiк сөздер қазақ тiлi төл сөздерiнің жазылу принципiне сай таңбаланды. Қазiргi емлемiздегi негiзгi орфограммалар сол 1929ж. емле ережелерiнде айқындалды. Графика латын алфавитiнің барлық әрiптерiн пайдаланды. Бірақ [ый], [iй], [ұу], [үу] қосар дыбыстарының бiр әріппен таңбалануы бұл графикада қабылданған жоқ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6 Орыс графикасына негiзделген қазақ жазуының әліпбиi мен емле ережесi

 

Қазақ жазуының 1940ж. латын графикасынан орыс графикасына көшуiнің бiрнеше себебi болды: 1) өзге идеология мен саясат ұстанған Түркия мемлекетi мен кеңестер одағындағы түркі халықтарының араласуына кедергi жасау; 2) араб және латын графикасына негiзделген қазақ жазуының негiзiн калаған қайраткерлердің (Т. Шонанұлы, К. Кемеңгеров, К. Жұбанов, Е. Омаров, О. Жандосов, Н. Төреқұлов) “халық жауы” болып шығуы; 3) бiр мемлекет (КСРО), ортақ астана (Мәскеу) астындағы халықтардың ортақ мемлекеттiк жазуы болуы керектігi (орыс тiлi мен жазуы); 4) термин сөздердің орыс тiлi арқылы игерiлуi; 5) жазу емлесiндегi ала-құлалық т.б.

1926ж. 1 түркітанушылардың съезiнде де,  1929ж. емле конференциясында да қатынасқан орыс ғалымдары әр халық өз жазуын өз мүмкіндiктерi тұрғысынан шешуi керек деп, бейтарап позиция ұстанғанмен, термин сөздердi орыс тiлi арқылы игерген жөн (К. Юдахин), орыс жазуының да латын графикасынан кемiстiгi жоқ (Н. Ф. Яковлев, Жирков), фонетикалық принципке сақтықпен қарау керек (Л.В. Щерба) деген iшiнара, iрiткi ойлары, сондай-ақ қазақ оқымыстыларының да ортақ жазу – орыс жазуына көшкен дұрыс, терминдер орыс тiлi нұсқасынша жазылу керек (С. Аманжолов) деген көзқарастары, сөйтіп, ақырында орыс графикасын қабылдауымызға себеп болды.

Орыс графикасына негізделген қазақ жазуының алғашқы әліпби жобасында (1939 ж. 10-тамыз) 40 әріп болды, ал әліпби тәртібi төмендегiдей: а, ә, б, в, г, д, е, ж, з, и, й, қ, к, л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у, ұ, ү, ŷ, ф, х, к,  g, ц, ч, ш, щ, ъ, ы, ь, э, ю, я [37].

Мұнда дауысты дыбыстар (ә, ө, ŷ, ү) орыс әліпбиiндегi жуан дауыстылармен (а, о, у) i-и, й жіңішке дауыссыздармен, ы әрпі жуандық белгiсiмен қатар келген. Ал қазақ тiлiндегi <қ>, <ғ> фонемаларының таңбасы хәрпінен кейiн орналаскан. Сөйтіп, мұнда 1940 ж. қабылданған олiгхби құрамына қарағанда iлгерiлеу болды.

Ал графикасында мынадай ерекшелiктер болды: бiрiншiден, дауысты дыбыстардың таңбасы ретiнде 14 әріп көрсетiлдi: а, о, у, е, ы, и, ә, ө, ŷ, ү, я, ю, я. Әліпбиде ё әрпі болмады, ол әріп кездескен сөз ө-мен белгiлендi: слёт – слөт; е, ө, ә, ү, i әріптерi сөздi жіңішкертетiндiктен, бұлар жазылған сөзде ь белгiсi қойылмады; ы, i әріптерi сөз мағынасына осер етеген жағдайда, я буын араларында жазылмайды делiндi: смағұл, рет, ахмет; я әрпі сөз басында, дауысты дыбыстан соң, қатаңдық, жұмсақтық (ъ, i) белгiлерiнен кейiн жазылатын болды: Яков, химия, аяғы, таяу, мия. Мына мәселелер ескерту ретiнде берiлдi: орыс тiлiнен енген сөздерде дауыссыздан кейiнгi я әрпі е ергтiмен белгiлендi (Колә, желәбов, трансләция). ю әрпі түбір iшiнде жазылады да (қою, аю), түбір мен жұрнақ iшiнде йу тiркесi арқылы берiледi (ойу, сойу). әліпбиде Ii әрпі болмағандықтан, оның қызметін е, а, х таңбалары атқарды:

қаарман (қаһарман,), гауәр (гауһар), аһ (ах). осар дауыссызга аяқталған сөзге қосымша жалғанғанда бiр дауыссыз түсiрiлмедi: класс/классқа. Дыбыстық құрамы игерiлген кiрме сөздер айтылуынша жазылды: газет, самауыр, қамыт, сиез, доға. Араб-парсы тiлiнен енген сөздердің ортақ әдеби вариантын орфографиялық сөздiктен қарап, жазу керек делiндi, себебi сөз мағынасы дифференцияланып, жазуда айқындала бастады: ғаскер — войска, әскер — армеец, ғылым — мәлім. Бiрiккен жалқы есiмдер кiрiктiрiп те Талдықорған, Кожакелдi кiрiктiрiлмей де (Амангелдi, Қазанғап) жазылатыны көрсетiлдi.

Латын графикасына негізделген қазақ жазуы соңғы өзгерiс проф. С.Аманжолов негiздеген — “Қазақ тiлi емле ережелерiнде” көрсетiлдi. Онда ДГнКО-ндегi кемшiлiктер деп мыналар көрсетiлдi [38]:

1) әліпбиде х, f, v таңбаларының болмауы;

2) и, у таңбаларының жоқтығы, соның салдарынан миссисипи, миссури сияқты сөздердің 6, 7 әріптің орнына, 13-9 әріпке дейiн жазылу;

3) Фонетикалық принциптің ұсталынуы;

4) Қазақ тiлiнің төл сөздерiнде екiншi-үшіншi буындарда ерiн дауыстылары жазылмағандықтан кiрме сөздердің әртүрлі орфограммалануы (кило-келi, динамо-динамы, бюро-бюра);

5) Сөз iшiнде екi дауысты дыбыс қатар келмейдi деп, зоология, биология, театр сөздерiнің золоғыйа, быйалоғыйа, тыйатыр болып таңбалануы;

б) Қатаң-ұяң дыбыс тiркесiмi болмайды, сондықтан жазылмайды делiнiп, аптаномыйа, Бекполат, апсалұут сияқты фонетикалық орфограммалардың көбеюi. С. Аманжолов: “Қазақ тiлiнің сингармонизм заңына бағынатындығы бұлай тұрсын, қазақтың ежелгi сөздерiнің талайы дыбыс жүйелi принципке бағынбайтын едi [38, 12 б.] деп, емленi тiлдің дыбыстық заңдылығынан шығарудың мүмкіндiгi төмен екенiн айтады. Сөйтіп, емле ережелерiне мынадай өзгерiстер ендiрiлетiн болды дейдi: емленің негiзi – морфологиялық принцип, түбір морфологиялық, қосымша фонетикалық принциппен жазылады, түбірлерi сақталған бiрiккен сөздер, кiрiкпей жазылады да, қосымшасы фонетикалық принцигшен жазылады; кiрме сөздер iшiнара болмаса, морфологиялық принциппен түпнұсқа тұрпатын сақтап жазылады, қосымша фонетикалық принцип бойынша жалғанады [38, 12 б.], қазақ тiлiне ауызша жолмен енiп, игерiлген географиялық атаулар, ұғым атаулар қалыптанған түрінде жазылады, екi немесе одан көп дауыссыз дыбысқа аяқталған кiрме сөздерге қосымша жалғанғанда, соңғы дауыссыз түсiп қалады, қосымша сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелiгiне қарай жалғанады:, кiрме сөздердегi ерiндiк дауыстылар таңбасы соңғы буында да жазылады, кiрме сөздердің аяғында в, д, г әріптерi таңбаланады; <у> дыбысы ы таңбасы арқылы, <i> фонемасы j әрпі арқылы таңбаланады; екi дауысты дыбыс таңбасы тiркесе бередi; әліпбиге х, f, v әріптерi алынады; қосар ый, iй, ұу, үу дыбыстары i, и таңбалары арқылы берiледi; әліпбиде 32 әріп болады; кiрме сөздерде айтылатын ә, е, и дыбыстарының орнына, сөз мағынасы бұзылмаса, а әрпі жазылады; екiншi-үшіншi буындарға дейiн [ә] дыбысы сөздердің тек буынында ә-әрпін жазу; соңғы буындарда естiлген ө, ұ, ү дыбыстарының орнына е, ь, j әрпін жазу; түбір мен қосымша жiгiндегi [п-б], [қ-ғ], [к-г] дыбыстарының алмасуы таңбаланады; сөз басындағы қысаң езулiктер мағынаға әсер етпеген жағдайда таңбаланбайды. Бірақ екi буын аралығындағы мағынаға есер етпейтiн қысаң езулiктер таңбаланбайды; соңғы буындағы қысаң езулiктер түбір тұлғасында да, тәуелдi жалғау тұлғасында да жазылмайды; одағай сөздерде екi дауыссыз әрпі қатар жазыла бередi; соңғы буындағы қысаң езулiгi бар сөздерге тәуелдік жалғау жалғанғанда сөз аяғындағы қатаң ұяңдап, қысаң езулiктер түсiрiлмейтiн болса, түбірде де таңбаланады [38, 16 б.]; і, и әріптерiнің жуан-жіңішкелiгiн түбір не қосымша ажыратып тұрады; жуан-жіңішке пары бар сөздердің жіңішкесiн таңбалау; кiрме сөздердегi ь белгiсiн е, ө әріптерi арқылы беру; ю әрпін iй әріп тiркесiмен беру; барлық дауыссыз дыбыстардан соц келген ю әрпін и таңбасымен беру; кiрме сөздердегi я әрпін iа тiркесi арқылы беру, ал дауыссыздан соң жіңішке естiлсе, ө арқылы беру; ё әрпі іо арқылы берiледi; с дыбысынан басқа дауыссыз дыбыстардан соң келген ё әрпі ө әрпімен берiледi, ц әрпі сөз басында және дауыссыз дыбыстан сон келсе s-пен берiледi. Ал сөз аяғында және дауысты дыбыстан соң келсе, тс арқылы берiледi; щ әрпі сөз iшiнде және дауысты дыбыстан сон кос сс әрпімен ал дауыссыз дыбыстан соң және сөз басы мен аяғында с-мен берiледi.

Сонымен, бұл жобада 32 әріп болады.

Ұсыныс-жобаға байланысты М. Балақаев j <i> таңбасы сөздің барлық буынында келгендiктен таңбалап, ә, у, ө әріптерi сирек жазылатындықтан жіңішкелiк белгiсiн пайдаланайын дедi, А. Ысқақов бұған жіңішкелiк белгi орыс тiлiнде тек жіңішке дауыссыздарды белгiлейдi деп қарсылық бiлдiрдi .

Бiр жылдан кейiн 1940 ж. 30 тамызда жаңа алфавит жөнiндегi ғылыми конференция 41 таңбадан тұратын жаңа әліпби туралы жоба ұсынды. Мұнда һ әрпі әліпбиге енгiзiлдi және <ұ> фонемасы таңбасымен берiлдi.

Алфавит жобасының соңғысына жетекшiлiк еткен С. Аманжолов жобаны талқылауда э әрпін қазақ тiлiндегi е дыбысының орнына қолдануды, ә-әрпін екiншi буындарға да жаза берудi, я әрпін қолдануды азайтуды, мысалы, түбір мен жұрнақ позициясына жазбауды, ы әрпін тек орыс сөздерiнде ғана жазып, қазақ тiлiндегi <ы> үшін басқа таңба алуды ұсынған пiкiрлердің болғанын және оларға негiздi дәлелдер бар екенiн айтады. я, ю әріптерiнен қызметi арқылы жазу үнемдiлiгiне қол жеткiземiз дейдi. Автор ь таңбасын қазақ тiлiндегi жер-су атаулары адам есiмдерiнде қолдануды мақұл көреді.
Ш. Сарыбаев к әрпімен <к>, <к>, г әрпімен <ғ>-<г> дыбыстарын белгiлеп, iргелес келген дауыстының жуан-жіңішкелiгiне орай <қ>, <ғ>, <к>, <г> екенiн айыруды ұсынды. Сондай-ақ <к> — кь, <р> — къ деп алайық деген де, тiптi <қ> -қ, <ғ> — ғ деп алу жазу жылдамдығына кедергi, сондықтан q, g таңбасын қалдырайық деген де пiкiрлер болады. А. Ысқақов э әрпінің мәнін е әрпі де бере алады, сондықтан әліпбиге э-нің қажетi жоқ ден табады. М М. Балақаев керiсiнше э әрпін сөздің бас буынында жазайық, сонда тек ч, ц, ъ әріптерi ғана орыс сөздерiнде кездеседi де, қалған әріптер ортақ болады дейдi. Және қысаң езулiктердің емле қиындығын азайту үшiн мағна, рет сияқты сөздердегiдей анық естiлмейтiн позицияда ы, i әріптерiн түсiрiп, қалған позицияда тәуелдік жалғауы жалғанғанда да, түсiрiлмегенi жөн дедi.

 

КЕСТЕ – Латын графикасына негізделген қазақ әліппесі мен орыс графикасына негізделген қазақ жазуының ерекшеліктері

 

М. Балақаев сөз бiрiгiп жазылу үшін сөздің екi сыңары да атау тұлғада және олар изафеттің III түрі болмауы керек дедi. Фразеологиялық тiркестердің барлық түрі бөлек жазылуы уәждi деп табады [39].
Сөйтіп, осындай талқылаулардан соң, жаңа әліпби 1940ж. 11 желтоқсанында түбегейлі бекидi. Әліпби тәртібiндегi қазақ тiлiнің төл дыбыстары жұмсалу жиiлiгiне сәйкес, i, қ, ң, ғ, у, ө, ә, һ болып реттеледi. Бiрiншi орыс алфавитiнің әріптерi, соңынан қазақ әріптерi тiркеледi. Әрiп атауы вэ, бэ деп, орыс алфавитiндегiдей белгiленедi. Әлiпбидің жоғарыдағыдай берiлуi оның қосалқы қызметi (санау, инвентарлау) үшін қолайлы делiндi. Графика мен дыбыстық тіл екi басқа, бiр-бiрiне сәйкес келмейдi деген пiкiрлер де осы кезден шыға бастайды. Жазылған сөздегi әріп пен дыбыс арасында айырма қай кезде де болады, сондықтан 1940ж. емледе қабылданбай қалған ый, iй тiркестерi орнына и жазу; түбір мен қосымша аралығына ю, я әріптерiн салу (қию, боя), я әрпімен [йа], [йе], [е], ю әрпімен [йу], [йұу], [у] дыбыс тiркестерiн беру сияқты пiкiрлер айтылады.

Осы әліпби жобасының негiзiнде 1941ж. С. Аманжолов, С. Баишев,                    Г. Бұзырбаев, С. Кеңесбаев, Н. Сауранбаевтардың ұжымдық авторлығымен алғашқы емле сөздiгi жарық көреді. Онда мынадай өзгешелiктер болды: а) ы, i әріптерi түсiрiлдi: жыйлыс, құрлыс, бұйрық, ұрлық, топрақ, жапрақ, көкрек, ә) жалқы есiмдерде [йы] тiркесi үшін и (Баир, Раис), жалпы есiмдерде йы жазылды: айыл, кейiн, б) кiрме сөздерде я әрпінің алдынан и (пияла, пияз, зияыд, ал қазақ сөздерiнде ы жазылады: пыялы, сыяқты, тыянақты, в) йы, йi-ге аяқталған сөзге көсемшенiң й жұрнағы қосылса, и әрпі жазылады (байыйды; баиды).

Сөздiкке а) жер-су аттары б) бiрiккен, қысқарған, кiрме сөздер в) терминдер кiсi есiмдерi д) жазылуы қиын сөздер кiрдi.

Қазiргi орфограммадан өзгеше мына сөздер бiрiктiрiлiп жазылды: Алааяқ, алакөлеңке, антатан, антұрған, асыр, сiлiк, ататек, атсалысу, атшаптырым, атышулы, атқора, ауажайылу, ауылшаруашылығы, ахрет, ахуал, ашiшек, аяқкиiм, бейнетхор, бейпiлауыз, белкүрек, белорақ, боссөз, бытра, бытраңқы, бiркүнi, бiрнәрсе, бұрнағыкүн, дарқан, дастарқан, диқан, емiзiк (емiздiк емес), етбетiнен (етпетiнен), жалақор, жәндiк, жапрақ (жапыра емес), жетiата, жыйлыс (жиналыс), жыйырма, кеңпейiл, күретамыр, көзбайлау, махлұқ, мағна, мұраб, мұқыят, мұғаллiм, нахақ, суд (сот емес), табиғат, табиғи, хажет, хата, хатер, хауiп, хиял, хаянат, хұдды, хұрмет, iшкиiм, қаблет, ғибрат, ұйқтау, өкмет.

Жалпы, 1938, 1939, 1940ж. ұсынылған әліпби жобаларында қосар [ц] дыбысын бiр таңбамен беру ұсыньлып, ол қолдау тапқанмен, и әрпінің емлесi айқындалып, шешiле коймаған едi. Мысалы, М.Балақаев 1940 ж. орфографияда 4 параграфта и пишется во всех словах как мягкий гласный, в других случаях (13 параграф) — буква и пишется для обозначения звуков ый (йың, иса), в третьих случаях, правда без специального пункта правил и употребляется для обозначения звуков [i] [й] (ки, жи)” делiнгенiн айтады. Сондықтан и әрпiнің емлесiн жүйелеудi ұсынады. Мысалы, жiңішке сингармотембрде бiр әріппен жуан сингармотембрде екi таңбамен берiлдi (қый). Мұндағы БС-дердің орфограммасына проф. М.Балақаев біріккен сөзге бiр зат, бiр ұғымның мағынасын беретiн сөз деп анықтама берiлген соң ауажайылу, басатеру сияқты тiркестердің де бiрге жазылын кеткенiн, ал аяқ киiм, темір жол анықталғыш анықтағыш қатынастағы сөз екенiн айтады. Кiсi аттарының фонетикалық принциппен жазылуы уәждi деп табады, сондай-ақ қарыя – қәрия – қария, қайтып – кәйтiп деген сөздердің әдеби вариантын анықтау емле сөздiгiнің құзырына тиедi дейдi.

Жалпы, орыс графикасына негізделген жазудың қабылдану, емле ережелерiн жетiлдiру тарихына барсақ, жазуды қазақ тiлi табиғатының тұрғысынан (М. Балақаев) және орыс табиғатына жақындатып, бағындырып жазу тұрғысынан ұсынатын (С. Аманжолов) екi бағыттың болғанын көреміз. М.Балақаев қазақ орфографиясының 40 ж. қиындықтары ретiнде мыналарды көрсеттi: күрделi сөздер емлесi, и, ы, i әріптерiнің емлесi, б-х әріптерiнің емлесi, ә әрпінің жазылуы, термин сөздердің қосымшалануы, жалпы есiмдерiнің жазылуы .

3-мәселе бойынша, ғалым һ әрпін х-мен беруге, қ, ғ фонемаларын г, к әріптерiмен таңбалауға болады деген ұсыныс айтты. Ал ог, уг, к-ға аяқталған сөздерге жіңішке қосымша жалғауды (полктiк, педагогке) екi сыңардан құралған бiрiккен сөздер жiгiндегi қ/ғ, к/г алмасуын таңбалауды ұсынады. Бiрiккен сөздердің емлесiн орыс тiлiндегi баламасының жазылуына қарап анықтаудың қателiгiн айтады. Және қазақ әліпби жүйесiнің тәртібiне, оны қабылдаған үкімет қаулысына наразылығын бiлдiредi .

ҒА-ның Тiл, әдебиет институтында (1952 III) осы ұсыныстар талқыланған жиналыс қаулысы әліпбиден һ әрпін алып тастауды, әліпби тәртібiн өзгертудi, ый, iй, ұу, үу қосарын и, у таңбаларымен берудi қабылдайды. Бірақ                      С. Аманжолов керiсiнше, қазақ әліпбиiн өзгерту “қазақ тiлi дыбыстарына арналған әріптердің керексiзi бар ма”, алифавит сиқын бұзып тұрғаны жоқ па”; “орыс әріптерi толық қолданылып жүр ме” деген бағытта журуi керек дейдi. Автордың ойынша, ә әрпінің қызметін я әрпі де атқара алады (Куляш, сiря); к, г-ге аяқталған термин сөздерге соңғы буынның жуандығына байланысты жуан қосымша жалғану, бiрiккен сөздердi кiрiктiрiп жазбау ақкөңiл, асырасiлтеу сияқты сөздердi бiрге жазу уәждi. Сондай-ақ С. Аманжолов әліпби тәртібiн өзгертуге қарсы болды. Ғалым әріп ретiн өзгерту алфавиттің қосалқы – нөмiрлеу – қызметіне кедергi болады дедi. Және қосар дыбыстарды бiр таңбамен беру морфологиялық принципке сай емес, сөздің айтылуы мен жазылуын алшақтады. к, г-ге бiткен орыс сөздерiне жіңішке қосымша жалғау орыс тiлiндетi сөздердің айтылуын бұзады дедi.  Осы екi бағының соңғысының ұсынысы ескерiлiп һ әрпі әліпбиде қалдырылсын деген пiкiр, бiрiншi буыннан басқа буынға ә әрпін жазбау, орыс тiлiнен ентен сөздердің соңғы буынына қарап қосымша жалғау сияқты пiкiрлер тұрақтана бастайды ŷ таңбасын ұ таңбасымен ауыстыру туралы ұсыныс 1951 ж. 15 тамызында ресми түрде қабылданады (ŷ — ұ).

1957ж. қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері қабылдағанға дейiн қазақ жазуының тарихында бiрнеше ұсыныс болған. Оның алдыңғысы 1939ж. әліпби жобасы, 1940ж. емле жобалары болса, орыс графикасына негізделген қазақ жазуының алфавитi мен орфография ережелерi 1953ж. 28 ақпанда “Қазақстан мұғалiмi” газетiнде ұсыныс ретiнде жарияланды. Әліпбиде 40 әріп рет санымен белгiлендi, ё әрпі е таңбасынан кейiн орналастырса да, әліпбидің рет санына алынбады. Ал һ әрпі алфавитте болмады. Әлiппедегi әріп ретi қазіргi әліпби тәртібiмен бiрдей.

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Тiл екi жүйеде — ауызша жене жазба жүйеде – өмiр сүредi. Жазу тiлдiң өзiндегi құбылыстарды дифференциялайды және көрсетедi, ауызша жүйедегi құрылымдарды қайта құрап, тiлдiң жоғарғы абстрактi межесiн белгiлейдi. Жазудың ойды ұйымдастыру, жасау, нақтылау, тiлдi нормалау қызметiнiң артуы, оның таңбалық жүйе ретiнде әлеуметтiк коммуникацияны өзгертiп, қайта құру бағытын көрсетедi. Бүгiнгi ауызша коммуникация құралдарының жетiлу заманында жазудың негiзгi қызметi — ойды жүйелеу, нақтылау, жасау, жарыққа шығару; мемлекет құрылысының күрделiлiгiне байланысты факт, аргумент болу; бiлiм-ғылым нәтижелерiн сақтау, жеткiзу; тiлдiң жетiлу мүмкiндiктерiн ашу, тiлдi жетiлдiру болып табылады.

Жалпы жазу түрлерінің ғұмыры адамзат өркениетінің ғұмырымен өлшенедi. Тiл-тілдің барлығында бiр буынды түбірлердің көптігі сөз жазудан дыбыс жазуға өту сатысын растайды. Ойжазу, суретжазу, буынжазу, сөзжазу, дыбысжазу терминдерi пиктографиялық, семасиографиялық, силлабографиялық, фонемографиялық жазу түрлерiне сәйкес келедi.

Қазақ жазуының тарихында болған әліпбилердi фонографиялық (латын, орыс графикасы негiзiнде әліпбилер) және сингармографиялық (көне түркі жазуы және А.Байтұрсынұлы әліпбиi) деп екiге бөлуге болады.

Диплом жұмысының бірінші бөлімінде  көне түркі жазуындағы кейбiр дыбыстардың таңбалану жүйесiне талдау жасалды. Көне түркі жазуының пайда болу уақыты туралы әр түрлі пікірлер бар. А. Аманжолов түркі алфавиті Ү ғасырда пайда болды деген пікірге өз уәжін келтіреді. Ғалым археологтардың Павлодар облысы Бобровое селосы тұсындағы қорымның барлық белгілері мен сипаттарын зерттей келе, қазба жұмысын жүргізген бейіттің біздің жыл санауымызға дейінгі Ү-ІҮ ғасырға, сақ дәуіріне жататындығы туралы пікір айтқандығын тілге тиек етеді. Бұл жерден әр түрлі бұйымдармен қатар жүгенге тағылған сүйек тұмар табылған. Сүйек тұмарда руникалық жазумен «Ақ сықын (суқын)» деген сөздер жазылған екен. Мұны А. Аманжолов «Ақ марал» деген мағынаны білдіретінін айтады. Тұмардағы руникалық жазу ертедегі түркі тілдес көшпелі тайпалардың арғы аталары – сақтарды алфавиттәк жазуының болғандығын көрсетеді. Бұл жазу – Оңтүстік Сібір мен Қазақстандағы көшпелі тайпаларда руникалық алфавит тек Ү ғасырда ғана пайда болды деген бұрынғы болжамның күмәнді екенін, асфавиттік жазу одн мың жыл бұрын қолданылғандығын дәлелдейді  осы негізге сүйене отырып, көне түркі жазуының 2500 жыл бұрын пайда болғандығын пайымдауға болады.

Жалпы, көне түркі жазуындағы вокализмдер жүйесiнің таңбалану ерекшелiгi жазудың о бастағы мнемоникалық тәсiлге иек сүйейтiнiнен шыққан. Ұғымды таңбалауды жетiлдiру редукция арқылы жүредi, ал редукция таңбаның iшкi мазмұны мен сырткы тұрпатын құрайды. Сонда алғаш суретi салынған үлкен мәтін (сурет жазу) артық информацияларды редукциялап, керектi заттың аты мен санын еске сақтау үшін шартты бiр таңбаларды қалдырады (идеографиялық жазу), кейiн ребустық жазу шығады (логограмма). Жазудың белгiлi бiр адресантқа ғана бағытталғаны ондағы көмекшi сөздер мен сөйлемдердің таңбаланбауына әкеледi. Сөйтіп, жазу бағытталған адресанттың аялық бiлiмiне, оқиғамен хабардарлығына сүйенiп, мнемоникалық тәсiлдi қолданады. Онда грамматикалық формалар ғана редукцияланбай, әріп болмаса да, дыбысты қалпына келтiрiп оқитын әдiс қолданылады. Дыбыстық тілдi жақсы бiлетiн адресант ондағы фонемаларды “реконструкциялап” дыбыс варианттарына кодтайды. Жазба тілдің абстрактi таңбасы — графема мазмұн межесiн инвариант, вариант немесе О – нөлдiк әріп арқылы таңбалай алатынын, ал оны ауызша тілдің абстрактi бейнесi фонеманың мазмұн межесi (дыбыс) мен тұрпат межесi (графема) арқылы қалпына келтiредi. Сонда көне түркі жазуындағы ашық, қысаң езулiктердің таңбаланбауын жазу экономиясын жетiк бiлген, таңба теориясын меңгерген, жазу прагматикасын ойлаған халықтың мәдени құндылығы деп танимыз.

Көне түркі жазуында негiзгi инвариант дауыстылар таңбасы редукцияланып отырған. Ол ашық езулiк — а, е (о) фонемалары. Екiншiлiк дережедегi дауыстылар жүйелi түрде таңбаланып отырған. Өйткенi соңғыларын жазбау негiзгi инвариант дауыстылардың тұрғанынан хабар беретiн едi. Қазақ тiлiндегi ерiн үндесiмiнiң соңғы буындарда белгiленбеуiн аффиксация тәсiлi арқылы, кiрме сөздердi фонетикалық деңгейде игеру тәсiлi арқылы, ерiндiк дауыстылардың ХҮIII-ХIХ ғ. қазақ жазбаларында жүйесiз таңбалануы арқылы уәждеуге болады.

Екінші бөлімде араб графикасына негiзделген қазақ жазуының ерекшелiктерiне тоқталып, үшінші бөлімде орыс графикасына негiзделген қазак әліпбиiнің жобалары (ХІХғ.), төртінші бөлімде төте жазудың графика-орфографиялық ерекшелiктерi, бесінші бөлімде латын графикасына негiзделген қазақ жазуының әліпбиi мен емле ережелері, алтыншы бөлімде орыс графикасына негiзделген қазақ жазуының әліпбиi мен емле ережесi мен мәселелері талданады.

Араб графикасына негiзделген қазақ жазуының емле ережелерi            1924 ж. Орынбор съезiнде қабылданды. Сонымен бұл бөлімде бiз араб графикасына негізделген қазақ жазуының жалпы сипаты мен маңызын көрсетіп, орфографиясының кейбiр ерекшелiктерiне пiкiрiмiздi бiлдiрдік. Себебі араб графикасына негізделген қазақ жазуы қазақ жазуының тарихында елеулі орын алатын кезеңді қамтиды.

А.Байтұрсынұлы төте жазуы, 1929 ж. латын графикасына негiзделген қазақ жазуында сингармониялық ұстаным негiзгi болса, қазіргi қазақ жазуы сингармофонологиялық принциптi басшылыққа алады.

Сөйтіп, қазақ тiлiнің дыбыстық негiзiнен шығарылған алғашқы емле ережесi 1929ж. латын графикасымен бiрге қабылданды. Онда орфографияның негiзгi ұстанымы анықталып, кепiлдiк сөздер қазақ тiлi төл сөздерiнің жазылу принципiне сай таңбаланды. Қазiргi емлемiздегi негiзгi орфограммалар сол 1929ж. емле ережелерiнде айқындалды. Графика латын алфавитiнің барлық әрiптерiн пайдаланды. Бірақ [ый], [iй], [ұу], [үу] қосар дыбыстарының бiр әріппен таңбалануы бұл графикада қабылданған жоқ.

Қазақ жазуының 1940ж. латын графикасынан орыс графикасына көшуiнің бiрнеше себебi болды: 1) өзге идеология мен саясат ұстанған Түркия мемлекетi мен кеңестер одағындағы түркі халықтарының араласуына кедергi жасау; 2) араб және латын графикасына негiзделген қазақ жазуының негiзiн калаған қайраткерлердің (Т. Шонанұлы, К. Кемеңгеров, К. Жұбанов, Е. Омаров, О. Жандосов, Н. Төреқұлов) “халық жауы” болып шығуы; 3) бiр мемлекет (КСРО), ортақ астана (Мәскеу) астындағы халықтардың ортақ мемлекеттiк жазуы болуы керектігi (орыс тiлi мен жазуы); 4) термин сөздердің орыс тiлi арқылы игерiлуi; 5) жазу емлесiндегi ала-құлалық т.б.

Кең тараған әлiпби түрлерi: латын, араб, кириллица жазуларын қабылдаған жазба тілінде әрiп саны мен фонема санынан аз болады. Ол алфавит стандартынан шықпауға байланысты.

Қорыта келгенде, диплом жұмысында көне түркі, араб, төте жазу (1912-1929) және латын (1929-1940), орыс графикасы қолданылған кезеңдер мен осы графикаларға негiзделген әліпби мен емле ережелерi сипатында қарастыра отырып, қазақ жазуының тарихына тоқталып өттік. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІ3ІМІ

1 Волков А.А. Типология алфавита, графики и орфографии: автореф. канд. фил. наук:. М, 1974—30 с.

2 Ермеков Ғ. Семантика слитных слов в казахской лексике: автореф.
канд. фил. наук:. Алматы, 1950.— 21 с.; Жеркешова Г. Қазiргi қазақ әдеби тiлiндегi бiрiккен сездер: фил. ғыл. канд. … автореф. Алматы, 1949.— 22 с.

3 Уәлиев Н. Қазақ графикасы мен орфографиясының фонологиялық негiздерi: фил. ғыл. канд. … автореф. Алматы, 1993.—162 6.

4 Уәлиұлы Н. А.Байтұрсынұлы жене қазақ жазуының онтогенездiк дамуы // Ұлттық рухтың ұлы тiнi. Алматы: Ғылым, 1999. -566 б.

5 Аманжолов А. Түркі филологиясы және жазу тарихы. – Алматы: Санат, 1996. – 128 б.

6 Аманжолов А. Көне түркi жазуы // Қазақ тiлi энциклопедиясы. Алматы, 1998.—509 б.

7 Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткiштерiнiң тiлi. Алматы, Мектеп, 1986.-180 б.

8 Айдаров Ғ. Язык памятника Кюль-тегину. Алматы: Ғылым, 1993.- 280 с.

9 Сағындықұлы Б. Қазақ тiлi лексикасы дамуының этимологиялық негiздерi. Алматы: Санат, 1994.-168 б.

10 Аманжолов А. Графика таласских, енисейских и орхонских надписей // Қазақ тiлi мен әдебиетi. 1973, 3-шығуы.

11 Щербак А.М. Сравнительная фонетика тюркских языков. Л.: Наука,
1970.—204 с.

12 Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. М-Л, 1951 .-451с.

13 Кобешавидзе И.Н. К характеристике графики и фонемного состава языка орхоно-енисейских надписей // Советская тюркология. 1972, М2.

14 Фридрих И. дешифровка забытьих письменностей и языков, М., 2003.-
208 с.

15 Томанов М. Түркі тiлдерiнiц салыстырмалы фонетикасы. Алматы: Қазақ университетi, 1992.—192 б.

16 Гузев В.Г. К вопросу о слоговом характере тюркского рунического письма // Вопросы языкознания. 1994. М5.

17 Драчук В. Дорогами тысячелетий. М: Молодая гвардия, 1977.-256 с.

18 Макаев Э.А. Язык древнейших рунических надписей. М., 2002. —156 с.

19 Ленин Г. Орфографические особенности текстов рунических памятников древнетюркской письменности II Туркология. Түркістан. 2005. М1.

20 Мамырбекова Г. Қазақ тiлi дауыстылар жүйесiнiң ХҮIII-ХІХ ғ. араб жазулы ескерткiштерде таңбалану ерекшелiктерi // Тiлтаным. 2001. К3.

21 Сыздыкова Р. Язык Жами ат-тауарих Жалаири. Алматы, 1989.-248 с.

22 Қайдар Ә. Көне түркі жазба ескерткiштерi кiмге ортақ, кiмге тән? // Көне түркі өркениетi: жазба ескерткiштерi. Алматы, 2001.-128 б.

23 Әбiлқасымов Б. Алғашқы қазақ газеттерiнiң тiлi. Алматы: Ғылым, 1971. —272 б.

24 Әлiппе айтысы. – Караганды, 1990. — 106 б.

25 Григорьев А.А. О передаче звуков киргизского языка буквами русской азбуки // Қазақ тiлi туралы революциядан бұрынғы зерттеулер. – Алматы, 1993, 232 б.

26 Әбiлқасымов Б. Қазақ жазбасында орыс графикасының қолданылу тарихынан // Известия АН Каз ССР Сер. фил. 1977. К4.

27 Алтынсарин И. Киргизская хрестоматия. Изд. 2. Оренбург, 1906-160 с.

28 Малбақов М. Қазақ сөздiктерi. Адматы: Ана тiлi, 1995.–112 б.

29 Байтұрсынұлы А. Тiл тағылымы. Алматы: Ана тiлi, 1992. – 414 б.

30 Сұлтанғазин д. Қазақ сөзiн қалайша жазу турасы // Қазақ тiлi туралы революциядан бұрынғы зерттеулер. Алматы: Ғылым, 1993. —232 б.

31 Қазақ бiлiмпаздарының тұңғыш съезi. Алматы. 2005. – 144 б.

32 Жұбанов Қ Қазақ тiлi жөнiндегi зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1999. — 581 б.

33 Революция тюркологического съезда о новом латинированном алфавите // Культурное строительство в Казахстане (1918-1933), Алматы, 1965.- 564 с.

34 I Всесоюзный тюркологический съезд 26 /-51111-1926. Баку, 1926. —426 с.

35 Мектептегi А. Қазақ жазуының қасиетi мен касiретi 1/ Қазақ елi.
1995.20.10.

36 Стенографический отчет научно-орфографической комиссии созванной 2-4.06. 1929 г. научно-методическим советом.

37 Қазақ тiлi әлiппесiнiң жаңа емлесiнiң ережелерi // Лениншіл жас 10.07.1939.

38 Аманжолов С. Орыс графикасына негiзделген қазақтың жаңа алфавитi мен орфографиясы. Алматы, 1940. – 30 б.

39 Балақаев М. Бiрiккен сөздердiң емлесi туралы // Социалистiк Қазақстан – 5.01.1940.