Мазмұны
Кіріспе
1 Фразеологизмдердің зерттелуі
1.1 Сын есімдердің зерттелуі
1.2 Фразеологизмдердің сөз табына қатысы
1.3 Фразеологиялық тіркестердің мағына белгісі
1.4 Есімді фразеологиялық тіркестердің күрделі сөздерден айырмашылықтары
- Сын есім канпонентті фразеологизмдердің тақырыптық – мағыналық топтары
- Сын есім кампонентті фразеологизмдеді мағыналық топқа жіктеу
- Сапалық сын есім кампонентті фразеологизмдер түр – түсті білдіретін фразеологизмдер
- Сапалық мағынаны білдіретін фразеологизмдер
- Көлемі мен аумағын білдіретін фразеологизмдер
- Дәмі мен исін білдіретін фразеологизмдер
- Қатыстық сын есім кампонентті фразеологизмдер
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Тіл мен халық – біртұтас. Тіліне қарай ұлтын тану – ежелгі дағды. Ұлттық ерекшеліктің бастысы да тіл. Халқымыздың ұлттық санасын, сапалық белгілерін айқындай түсетін неше алуан әдет – ғұрып, салт – сана, мінез – құлық, қасиет – қалыбы тілдік танымында тікелей көрініс тапқан. Өмірдің барлық саласын қамтитын ішкі мазмұн бай мағынамен көзге түсетін, тілімзге бейнеліде мәнерлі рең үстейтін, күрделі құрылым – құрылысы бар фрозеологизімдер – ана тіліміздің өзіндік ерекшеліктерін көрсететін тұлғалар. Олар тіл элементтері ілімде өзінің ұлттық нақышы мен көзге түседі.
Фрозеологизмдер сөйлеу тілінде де, жазу тілінде де көп қолданылатын құбылыс материалы. Фрозеологиялық тіркестер қай – қайсысын болмасын бәрі де алғаш халықтың сөйлеу тілі негізінде қолданылған. Сондықтан олар өмірдің барлық саласын қамтып, ішкі мазмұны жағынан өте бай болады.
Зеріттеудің өзектілігі. Қазақ халқының даналығын, дүниетаным — көзқарасын тілінде түйіндеген сыйғыза білген, сөзді үнеммен дәл де нақты қолдануды дағды еткен. Осы орайда өзінің оброздылығымен, эксперментті – эмоционалды баянаду мен көзге түсетін фрозеологизмдерді қолданып ұрпақтан – ұрпаққа мұра еткен. Тіл – ғасырлар жемісі, халық мұрасы, ұлттық құбылыс халық тілінің басқа эксперменттерімен байланысты біте қайнасып келе жатқан фрозеологизмдерді оқып, танымайынша тіл байлығын, тіл ерекшелігін толық түсіну мүмкін емес.
Қазақ тілінде есім мағыналы прозеологизмдер, оның ішінде сын есім компонентті фрозеологизмдер тілімізде түрлі мақсатта қолданылады, бірақ олар өз алдына зерттіеу нысаны болған емес. Сын есім компонентті фрозеологизмдердің морфологиялық құрлысын, синтаксистік қызыметін, семантикалық категориясын анықтап, мағыналық жағынан топтастыру, яғни олардың табиғатын ашу бүгінгі күн талабы болып отыр. Жұмысымыздың өзекті мәселесі осыдан келіп шығады.
Зерттеудің нысаны – қазақ тіліндегі сын есім конпонентті фрозелогизмдер, олардың семантикасын, мағыналық тақырыптық топтарын.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Сын есім компонентті прозеологизмдердің грамматикалық, лексикасемантикалық сипатын ашу мақсатында зерттеу жұмысы алдына төмендегідей міндеттер қояды:
- Фрозеологизмдерді мағына белгісі жағынан талдау;
- Есімді фрозеологизмдерді күрделі сөздерден айыру мәселесін саралау;
- Сын есім компонентті фрозеологизмдерді лексикасемантикалық топтарға жіктеу, әр мағыналық топқа сипаттама беру.
Зерттеу материялдары. І. Кеңесбаевтің «Қазақ тілінің фрозеологиялық сөздігінен» (1977), он томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен» (1974-1986), сондай – ақ көркем әдебиет пен халық ауыз әдебиеті туындыларынан, баспа сөз материялдарынан жиналды.
Зерттеудің жаңалығы қазақ тіліндегі сын есіим компонентті фрозеологизмдердің жеке зерттеу нысаны болуымен байланысты:
- Компонет құрамына талданды
- Көп мағыналылық, синоним, антоним категориялары ажыратылды
- Мағыналық – тақырыптық тұрғыдан топтастырылды
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы.
Қазақ тіліндегі сын есім компонетті фрозеологизмдерді теориялық тұрғыдан қарастырудың нәтижелері тіліміздегі фрозеологизмдерді сөз тобына қатысты жіктеп, олардың семантикалық категорияларын, мағыналық топтарын ажыратып, саралауға септігін тигізеді.
Зерттеу нәтижелерін қазақ тіл білімінің лексикология және фрозеология, грамматика салалры бойынша жүргізілетін практикалық сабақтарда пайдалануға болады.
Зерттудің әдістері. Зерттеу барысында алға қойған мақсат – міндеттерді шешу үшін мынандай әдістер басшылыққа аланжды яғни жұмыста сипаттамалы әдіс, семантикалық – структуралық әдіс пайдаланылды. Бұл әдіс бойынша сын есім компонентті фрозеологизмдер мағыналық топтарға ажырытылды.
Зарттеудің методологиялық және теориялық негізі. Қазақ тіл білімінің К. Аханов, С. Аманжолов, Х. Қожахметова, І. Кеңесбаев, С. Сәтеннова, Ә. Болғанбаев, Б. Қалиев, Г. Смағұлова сынды ғалымдарының ғылыми еңбектері мен тұжырымдары басшылыққа ашылды.
Зерттеудің құрылысы. Зерттеу жұмысы кіріспе, екі тарау және қорытындыдан тұрады. Сілтеме көрсетілген, пайдаланылған әдебиеттер мен мысалдар алынған көркем шығармалар тізімі берілген.
- Фразеологизмдердің зерттелуі
Қазақ тіл білімінде фразеологизмдерді арнайы теориялық тұрғыдан зерттеу ХХ ғасырдың ортасынан баталып, бүгінгі күнге дейін зерттеушілер назарына ілігіп, зерттеу обьектісіне айналып, әлі толастамай келеді. Осы уақыттағы зерттеулерді шартты түрде төрт кезеңге бөлуге болды:
— ХХ ғасырдың ортасы мен 60 жылдар арасы – қазақ фразеологиясын теориялық жағынан зерттеудің алғашқы кезеңі.
— 60 – 70 жылдар – қазақ фразеологизмдерін классификациялау, жеке авторлар еңбектеріндегі фразеологизмдер жайы.
— ХХ ғасырдың соңғы он жылы – фразеологизмдерді, этнолингвистикалық, этномәдени тұрғыдан зерттеу және салыстырмалы фразеология.
Қырықыншы жылдардан бері қазақ тілінің фразеологизмдері әр қырынан зерттеліп, мақалалар көлемінен шығып, диссертциялық зерттеулер обьектісіне айналды. Қазақ фразеологиясын тілдік тұрғыдан зеттеуге алғашқа кезеңде ұлттық тіл білімін қалыптастырудағы аса көрнекті тілші ғалымдар дені түгел назар аударды. Фразеологизмдердің теориялық – практикалық мәселелерін І. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев, Н. Сауранбаев, С. Аманжолов, К. Аханов, Р. Сәрсенбаев және кейінгі буын зерттеушілер А. Байталиев, Қ. Қалыбаева, Н. Қашанова, С. Сәтенова т.б. фразеологизмдердің тақырыптық – мағыналық топтарын, синтаксистік қызметін арнайы зерттеп, тұжырымдар жасады.
Фразеологияны дербес пән ретінде қарастыру туралы ой тастап, түркі тілдес халықтар тіл білімінде осы мәселеге байланысты зерттеудің тууына игі әсер еткен, қазақ фразеологиясының мәселесімен шқұғылданып, арнайы зерттеу жүргізген, сол жайында еңбек жазған І. Кеңесбаев болды. Академик І. Кеңесбаев фразеологизмдерді танып білуде мағыан тұтастығы, тіркес тиянақтылығы, қолдану тиянақтылығы сияқты «үш бергіге немесе үш критерийге сүйене, яғни табан трей отырып, бүкіл қазақ тілі құүрамындағы құбылыстарды ең негізгі үлен арнаға бөлеміз. Оның біріншісі – фразеологиялық түйдектер, екіншісі – фразеологиялық тіркестер деп аталады. Фразеологиялық тіркестер өз ішінен екіге бөлінеді: а) түйін тіркес; ә) түйіс тіркес» деп тұжырымдады.(1.591)
С. Аманжолов фразеологизмдерді зерттеуді қолға алу керектілігін атап өтті, бағыт – бағдарын көрсетді және фразеологиялық тіркестердің сөйлем мүшесіне қатысы жайлы айтып өтеді. (2.53-59)
Н. Сауранбаев фразеологияға не жатады дегенге көңіл аударады. «қазіргі қазақ тілі» оқулығына (1954 ж) фразеология бөлімін енгізген Ғ. Мұсабаев та фразеологиялық ерекшеліктерге көп көңіл бөлген. К. Аханов мәтелдер мен шектеулі тіркестерді фразеологиялық тіркестер құрамында қарастырып, өзінің «Тіл біліміне кіріспе» атты (3.22) жоғары оқу орындарына арналған оқу құралының лексикология тарауында қазақ тілі фразеологиясына В. В. Виноградовтың классификациясы бойынша жіктеу берсе, Р. Сәрсенбаев «мақал – мәтелдер мен нақыл сөздердің фразеологияға қатысы, бұлардың тұрақтылығы мен эвфониялық құбылыста қолдану сипатына байланысты, осы сипаттар арқылы бұларды фразеологиялық единицалар тобына қосып қараймыз деп атап өтеді. Сонымен қатар тіркестердің бір түріне жататын мақал – мәтелдердің тілік ерекшеліктеріне тоқталады». (4.29)
Қазақ фразеологизмдерін зерттеудің екінші кезеңінде 60 – жылдары ғалымдар фразеологизмдер мен тұрақты тіркестер бір ме, олраға не жатады дегенге көңіл бөлді. Р.Сәрсенбаевтың «қазақ мақал – мәтелдерінің лексика – стелистикалық ерекшеліктері» атты кандидаттық диссертциясында, С.Исаевтың «қазақ тілінің тұрақты сөз тіркестерінің бір типі жөнінде» мақаласында осы ерекшеліктерге назар аударған. Осы жылдарда жеке авторлар шығармаларындағы фразеологизмдердің қолдануына да көңіл аударып, сөз таптарын жүйеледі, сөйлемдегі беретін мағынасына қарай топтады. Ә. Болғанбаевтың «қазақ тіліндегі алғыс және қарғыс мәнді тұрақты сөз тіркестері», М. Белбаеваның «Сұлтанмахмұт шығармаларындағы фразолық тіркестер» мақалалры мен осы жылдары қорғалған Х.Қожахметовтың «Ғ.Мустафин шығармаларындағы фразеологиялық орамдар», Е.Бектұрғановтың «М.Әуезовтың «Абай жолы» роман – эпопеясындағы тұрақты сөз тіркестері» кандидаттық диссертациялары сол кезеңнің ізденіс нәтижелері еді.
Жетпісінші жылдарда фразеологизмдерді өзге құбылыстардан айыру жөнінде А.Байтелиев кандидаттық диссертация қорғап , Ә.Қайдаров пен Р.Жайсақова, А.Елешова қазақ фразеологизмдерін классификациялау мәселесіне көңіл аударды. Осы кезеңде қазақ фразеологизмдерінің өзге тілделде берілуі және өзге тілдердегі шығармаларды қазақ тіліне аударғандағы фразеологизмнің берілуі жайлі тілші ғалымдар назарын аударды. Ө.Айтбаев пен К.Дұйсетаеваның еңбектерін атауға болады.
Академик І.Кеңесбаевтың көп жылдық еңбегінің нәтижесі он мыңнан аса фрозаны қамтыған «қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» шықты.
Үшінші кезең – қазақ фразеологиясын жан – жақты зерттеу кезеңі. 80 – жылдар алдыңғы кезеңдегі жұмыстардың заңды жалғасы болды. Қазақ фразеологизмдерін өзге тілдердегі тұрақты тіркестермен салыстыра зерттеу, аударма мәселесі жайында кандидаттық диссертациялар қорғалды.
Ж.Қонақбаева антоним фразеологизмдерді қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде салыстыра зерттесе, Д.Алтайбаева фразеологизмдердің аудармадағы біргу жолдарына (колькалау жолымен, дәл баламасының берілуіне) назар аударды.
Осы жылдарда қазақ фразеологиясын зерттеуде М.М.Копленко мен З.Д.Попованың жаңа әдісін (семейный анализ) қолдану тәжрибелері жүзеге асты. Р.М.Таев пен Ф.Р.Ахметжанованың ғылыми еңбектерінде фразеологизмдердің семантикалық табиғатына талдау жасағанда сол әдіс – компоненттердің денотатив және конотатив мағынасын айқындау әдісі қолданылған.
Осы кезеңде қазақ және орыс фразеологизмдерін салыстыра зерттеу нәтижесінде «Қазақша – Орысша фразеологиялық сөздік» жасалды.
Бұл кезеңдегі тағы бір ерекшелік – тұрақты тіркестің тарихи қалпын зерттеуге көңіл бөлінді. Р.Сыздықованың «Қадырғали Жалайрдің «Жами-ат-тауарих» атты шығармасындағы тұрақты тіркестер» (5.) еңбегі – диахронды фразеологиялық зерттеу.
Қазақ фразеологиясын зерттеудің төртінші кезеңі 90 – жылдардан бастап бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді. Бұл кезеңде тіл білімінің осы саласында жан – жақты әрі өте көп ізденістер болып жатыр. Фразеологизмдердің этимологиясына көңіл аударылып, олардың шығу төркініне талдау жасалды. Фразеологизмдердің этимологиясы мен жасалу көздерімен тығыз байланыста жатқан этимопсихологиялық және мәдени – танымдық аспектідегі кейінгі он жылдықта академик Ә.Қайдаров пен оның шәкірттерінің еңбектерінде көрініс табады.
С.Тәтенова қазақ тілінде мал шаруашылығана байланысты қалыптасқан тұрақты тіркестердің табиғатын зерттесе, Ш.Сейітова өсімдікке байлалысты тұрақты тіркестерге этнолингвистикалық сипаттама берді, ал Қ.Ғабитханұлы наным – сенімге байланысты тұрақты тіркестерге талдау жасайды. Б.Қызбайева саматикалық етістік фразеологизмдерді зерттейді.
Фразеологизмдердің тұлғалық сипаты мен мағыналық сырына үңіле – зерттеу – қазақ фразеологизмдеррін ұлттық тіл табиғатын ашуға қосылған үлкен үлес. Осыдай еңбектердің қатарына С.Сәтенованың «Қос тағанды фразеологизмдердің тілдік поэтикалық табиғаты», Г.Смағұлованың «Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық – мәдени аспектілері» докторлық диссертацияларын атауға болады.
Уақытында орыс ғалымдары А.А.Шахматов, Ф.Ф.Фортунатов, А.А.Потғебня тұрақты сөз тіркестерін синтаксистік тұрғыдан зерттеп, фразеологияға үлкен үлес қосты. Академик Ф.Ф.Фортунатов және оның мектебі тұрақты тіркестерді, олардың сыңарларын сематикалық және грамматикалық белгілері жағынан зерттеу проблеммаларын қойды (6.173-174.) Академик А.А.Шахматов өзінің «Синтакис руского языка» /л.,1941/ атты еңбегінде тілде кездесетін құрамындағы сөздер бір – бірінен ажырамай тұтас күйінде қолданылатын тіркестердің зор маңызы тек лексикология үшін емес, грамматика үшін де аса маңызды деген пікір айтады.
Қазіргі қазақ фразеологизмдерін зерттеу І.Кеңесбаев көрсеткен барлық бағытта жүріп жатыр. Олар мынандай тағыттар: фразеологизмдердің басқа құбылыстардан айырмашылығы, фразеологиялық мағынаның қалыптасуы, олардың ішкі құрлымы, фразеологизм және синонимия, фразеологизмнің стильдік ерекшеліктері, фразеологизмдерді жеке автродың қолдануы т.б.
1.1 Сын есімдердің зерттелуі
Қазақ тіл білімінде сын есімдер жеке – жеке еңбектер, мақалалар, мектеп, жоғары оқу орындарына арналған еңбектерде айтылғаны белгілі.
Осы уақытқа дейін қазақ тіл білімінде сын есімдердің сөз табы ретінде алатын орны, шырай категориясы, семантикалық топтары, субстантивтенуі, синтаксистік қызыметі, олардың синтаксистік тіркесу қабілітіне біршама көңіл бөлінді.
Жалпы сын есім категориясының зерттелуі ХІХ ғасырдан басталады. Оның өзінде де сын есім жеке зерттелген емес. Сын есімнің зерттелуін М.А.Казембектің «Түркі – татар тілінің жалпы грамматиаксы» еңбегінен бастау керек. Профессор Н.К.Дмитриев сын есімнің морфологиялық жақтарын сөз етеді, түркі тілдеріндегі сын есімді тұлға жағынан негізгі және туынды деп бөлген.
Қазақ тіліндегі сын есімді алғаш сөз еткендердің бірі – М.Терентьев. Ол сын есімді жан – жақты қамтымағанымен, оның кейбір жеке мәселелері турасында дұрыс пікір айтады, мәселен, сын есімді ол өз алды сөз табы деп, оның салыстырмалы, таңдаулы шырайына, олардың жасалу жолына тоқтайды. (7.91)
Қазақ тіліндегі сын есімді сөз еткенде өз алдына тоқтауды керек ететін — Ғ.Мұсабайевтың «Қазақ тіліндегі сын есімнің шырайлары» деген тақырыпта жазған еңбегі. Бұл қазақ тіл білімі мәселесінде сын есімнің ең бір басты мәселесін алғаш сөз еткен еңбек. Автор мұнда тек шырайды ғана түсіндіріп қоймай, сонымен қатар сын есімнің жалпы мәселелерін де сөз еткен.
Осы еңбеогінде тарихи кезеңдерге байланысты сөздердің мағынасы өзгеретін сияқты жұрнақтар да бірден пайда болмаған, бұлар да тілдің өсу, даму жолында қалыптасып, грамматикалық құрлымының ерекшеліктеріне ылайық болғанына тоқталып, туында сын есім жасайтын жұрнақтардың кейбіреуіне тоқталған. (8.26.)
Ғ.Мұсабаев қазақ тіліндегі сын есімді жеке сөз табы деуімізге екі түрлі дәлелі бар екендігі, бірі – сын есімде форманттың жоқтығы, бұл оны зат есімнен бөліп алуға керекті белгі екендігін, екіншісі – сын есімнің синтаксистік қызыметі, негізінен, анықтауыш екендігін айтқан. Автор сын есімнің өз алдына сөз табы екеніне бұдан басқа да бірнеше дәлел келтіреді. Мәселен, жоғарыда аталған еңбекте сын есімде төрт түрлі сипаттың барлығы:
1) Лексикалық мағынасының болуы;
2) Шрай жұрнағының -рақ, -рек, — ті жалғай алуы;
3) Зат есімге тән жұрнақ – жалғаудың тіекелей қосылмайтындығы;
4) Сөйлемде анықтауыш мүше қызыметін атқаруын, егер осы төрт түрлі белгісі бір жерде түйсіп шықса, онда сын есім болатынын, егер бұл сипаттары үйлеспесе, онда сын есім болмайтынын, сын есімге қоятынөлшемдердің осы екендігін айтқан. (8.10)
1945 жылы Қазақ ССР академиясының Тіл мен әдебиет институты дайындап берген қазақ тілінің жоғарғы оқу орындарына арналған кітабі басылып шықты. Мұнда да сын есім өз алдына сөз табы ретінде қаралады. Оның сын есім тарауын жазған А.Ысқақов қазақ тіліндегі сын есімнің негізгі мәселелерін қамтып, оны дұрыс түсіндірген.
Кейінгі шыққан «Қазіргі қазақ тілі» морфологиялық еңбектерде де А.Ысқақов сол көзқарасты ұстанады. Ғалым сн есімнің жалпы сипатына, семантиаклық топтарына, морфологиялқ құрлымына, жасалу жолдарына, шырац категориясына тоқталады.
Ахмеди Ысқақовтың «қазіргі қазақ тілі» морфология еңбегі қазақ тіл білімінің дамуындағы үлкен жетістік. Алғаш рет жүйелі түрде сөз таптарына тән сөз тудырушы тұлғалар сарапталып, афффикетердің мағыналарымен түбірлердің мағыналары бөлек сипатталады. (9)
Сын есім туралы жазылған келесі бір еңбек – Ж.Шакеновтың «Қазіргі қазақ тіліндегі сын енсім категориясы» атты зерттеуі. Еңбекте сын есім мәселесінде айтылған бұрын – соңды пікірлерді қамти отырып, бүтіндей қазіргі қазақ тіліндегі сын еісм категориясын белгілі жүйеге түсіріп айту мақсаты көзделген.
Автор түркі тіліндегі сын есім категориясының зерттелу тарихынан қысқаша мәлімет береді. Түркі тілінде сын есім категориясының ХІХ ғасырдан бастап зерттеліп келе жатқаны айтылады. Яғни М.Қазембек, Н.Гигамов, С.Б.Астремский, А.К.Боровков, И.А.Батманов, Н.П.Дыренкова, А.Н.Кононов, Н.А.Баскаков, Н.К.Дмитриев, т.б. ғалымдар еңбектерінде берілген сын есімдердің ерекшеліктеріне тоқталады ондағы қайшылықтарға сын көзбен қарайды. (10.28)
Автор сын есімді категория ретінде танып, оның белгілерін көрсетеді. «Сөз табы дегеніміз беретін мағынасы, грамматикалық категориялары, сөйлемде атқаратын қызыметі жағынан жекелеген сөздердің лексика – грамматикалық тобы». (10.16)
- Сын есімнің мағынасы – заттың алуан білдіру
- Сын есімнің морфологиялық белгісі – шырай формаларымен өзгеруі
- Сын есім зат есім мен анықтауыштың, етістікпен қабысып пысықтауыштың қызыметін атқарады
Ж.Шакенов сын есімнің шырайларына, жасалу жолдарын көрсетеді. Синтаксистік қызыметін талдайды. Тіпті сын есімнің қызыметінде жұмсалатын тұрақты сөз тіркестері жайында сөз етеді.
Қазқ тілін зерттеуші ғалымдар А.Байтұрсынов пен Қ.Жұбановтан бастап, тіл білімімен айналысқан ғалымдардың бәрі дерлік әр түрлі дәрежеде сын есімдердің мағынасын, басқа сөз табына жасалуы, сапалық және қатыстық сыны туралы сөз қозғаған.
Қ.Жұбановтың 1936 ж жарыққа шыққан «Қазақ тілінің грамматикасы» морфологияға арналған, онда сөздің жалпы құрылысы әңгіме болады. Сөз тұлға, түп мүше, жамау мүше, түбір, туынды негіз қосымша терминдеріне ғылыми негіздейді. «-қы, -кі, -ғы, -гі» үстеуін ертетін күн, жаз, жыл, мезгіл – мекен есімдеріне жалғанса, сын есімденеді. (11.151) Автор сөздің сыртқы мен ішкі мазмұнына терең мән беріп, сыртқы тұлғасының өзгеруі ішкі мағынасының да өзгеруіне әкелетінін түсіндіреді.
Профессор С.Аманжолов сын есімді мағынасына қарай екіге бөледі: белгі сыны (көк, күрең, жаман, кіші) және қатыстық сын (кешегі, блалы). Қатыстық сыны жұрнақтар арқылы басқа сөз таптарынан жасалады. Туынды сын есімдер зат есімнен, сын есімнен, сан есімнен, сөз тудырушы қосымшалар арқылы жасалады деп көрсетіп кеткен. Зат есімнен сын есім тудырушы жұрнақтар: -лы, -лі, -ды, -ді, -сыз, -сіз, -шыл, -шіл. Сын есімнен сын есім тудырушы жұрнақтар: -шыл, -шіл (ақшыл, көкшіл). (12.61)
Профессор Н.Сауранбаев сын есімді өнер сыны, сыр сыны, қатыстық сыны, салыстырмалы сыны деп төрке бөлген. Сыр сыныа түбір сөздерді жатқызады, қатыстық снына заттың текін, мекендік – мезгілдік белгісін, өзгешелік, ерекшелік қасиетін білдіретін туынды сын есімді, ал өнер сынына –ғыш, -шыл, -паз жұрнақтары арқылы жасалған сындарды салыстырмалы сынына –дай, -дей, -тай, тей қосымшаларфы арқылы жасалған туынды сын есімдерді топтастырады. (13.93)
Сонымен сын есімнің өз алдына сөз тобы болатынын қазақ тілі мамандары арасында пікір тудырған емес. Бірақ бұдан сын есімнің барлық мәселесінің барлық сыры ашылды, демек онда сөз етерлік ештеме қалмады деп түсінуге болмайды. Сондай мәселенің бірі, сын есімнің фразеологиялық тіркестердің компонентінде қолану ерекшелігі.
1.2 Фразеологизімдердің сөз табына қатысы
Фрозеологиялық тіркестердің мағына белгілеріне тоқталмас бұрын, фрозеологизмдердің сөз табына қатысы жайлы бір – екі ауыз сөз қозғай кетсек.
Фрозеологизмдерді сөз таптарына қарай жүйелеу жайлы пікірлер тілді зерттеушілер тарапынан айтылып жүр. Бұл мәселе қазақ лингвистері назарын да тыс қалмаған мәселен Кеңесбаев Г. (1977), Қайдаров А., Жайсақова Р. (1979), Болғанбаев Ә. (1988), Қожахметова Х. (1972), Смағұлова Г. (1993) сынды зерттеушілер фрозеологизмдердің белгілі бір сөз табына қатысын тілге тиек етеді.
І.Кеңесбаев фрозеологизмдерді сөз таптарының орнына жүреді деп шартты түрде ғана айтуға болмайтынын айтты./14,27/
Фрозеологизмдердің сөйлем ішінде басқа сөздермен байланысқа түсіп, өз мәнін нақтыландыратындығын, сөйлемнің бір мүшесі болатындығын, алсөйлем мүшесі белгілі бір сөз табына қатысты екендігін Х.Қожахыметова еңбектерінде атап көрсетті. /15.26/
Фрозеологизмдерді сөз табына қарай шартты түрде болса да жіктеуге болатындығы анық, оларды топтастыруда қазақ тілшілері бір – бірімен алшақ кете қоймады.
Ә.Болғанбаев «фрозеологизмдерді етістік мағыналы фрозеологизмдер, сындық мағыналы фрозеологизмдер, заттық мағыналы фрозеологизмдер, үстеу мағыналы фрозеологизмдер» деп төрт топқа бөледі /16,11/ фрозеологизмдердің белгілі бір сөз табына жатқызу мәселесінде компоненттер құрамының беретін мағынасына, морфологиялық табиғатына синтаксистік қызыметіне көңіл бөлу керектігін айта келіп Г.Смағұлова алты топқа бөледі: 1. Етістік мағыналы фрозеологизмдер. 2. Есім мағыналы фрозеологизмдер. 3. Үстеу мағыналы фрозеологизмдер. 4. одағай тұлғалы фрозеологизмдер. 5. Әр тарпты (модаль) сөздерден жасалған фрозеологизмдер. 6. Сөйлеу дағдысына қолданылатын. /17.25-26/
Фрозеологизмдерді белгілі бір сөз табына жіктеуде бұрын – соңды айитылған пікірлерді ескере отырып, төмендегідей топтарды айтуымызға болады: 1. Етістік мәнді фрозеологизмдер. 2. Есімді фрозеологизмдер. 3. Үстеу мәнді фрозеологизмдер. 4. Әртүрлі сөз таптарынан жасалған дер.
Фрозеологизмдерді сөз табына жіктеу арқылы оның ішкі мазмұны мен лексика – семантикалық мағынасын айқындай түсуге болады.
Фрозеологизмдер сөйлемде басқа сөздермен байланысу процесінде өзі қатысты «сөз табының» категориялық байланысу формаларына тікесу ерекшеліктеріне сай қызымет атқарады. Мысалы: «көк ми» /милау/ «адам» сөзімен бірге келіп, оның /адам/ анықтауыш қызыметін атқарып тұр. Енді фрозеологиялық тіркестердің мағына беолгісіне тоқталып өтсек.
1.3 Фрозеологиялық тіркестердің мағына белгісі
Тілдердің негізгі тұлғасы сөз және сонымен қатар синтаксистік саланың басты единицасы сөз тіркестері – міне осылармен сын есімді фрозеологизмдіқатар қойып зерттеу оның нақты белгілерін анықтауға көмектеседі. Есімді фрозеологизмдердің мағынасы жеке өзіне тән, тұтас мағына да, құраушы сыңарлардың мағынасымен және сөздердің тіркесу қабілеті туралы міселемен тығыз байланысты. Осы тұрғыдан сөздерге арақатысты, олармен кейбір белгілерімен жақындасса, енді бір белгілерімен олардан алшақтайды. Есімді фрозеологизмдер мен сөздер атқаратын қызыметі, мағыанлық байланыстары /синонимне, көп мағыналық антонимне т.б./ тұрғысынан арақатымты, бірақ мұндай арақатыстылық белгілі мөлшерде шектеулі болып келеді. Сөздердің фонкциональдық өмірінің кеңдігі – олардың тілдегі жан – жақты қабілеті, бір жағынан, қолдану процесінде морфема қызыметін екінші жағынан камуникативтік единица, яғни сөйлем қызыметін атқаруға қаблеттідігі. Сөздің осындай көп қызымет атқаруға икемділігі тіл құрлысында орталық тұлға болуын да. Бұлардың мағынасының ерекшелігі сол, оның мағынасы, біріншіден, құраушы сыңарлар мағынасымен тікелей немесе жанамалай байланыста болады, мысалы: қалың ой, ірі қара, қызыл көз, қиғаш қас т.б. Бұлар үшін фразеологиялық мағынаға топастырылады, екі сыңардың мағынасы бүтін мағынамен тоғысады. Мұндай тіркестер бір сыңарының фразеологиялық мағынаға өрістеуімен қалыптасады. Сыңарлардың жеке мағыналарының , тура немесе астарлы мағыналарының тоғысуы үлкен қызымет атқарады. Екіншіден, бір бүтіннің мағынасының дәлелдемесі бар болып, сыңарлардың лексикалық мағыналарына таралып бөлшектенбей тұтас күйінде ұғынылады, мысалы: қара дүрсін – нақты емес, қара жаяу – кедей, тірі аруақ – ілініп жүрген адам. Мұнда да бүтін тіркестің мағынасы сөз тіркесінің астарлы түрде ұғынылатын ішкі түсінігімен байланысып жатыр.
Тіркесті құраушы сөз – сыңарлар лексикалық мағыналарын фразеологиялық тіркес құрамында өрістетіп барып дацын қолданылатын тұтас тұлғаның құрамды бөлігіне айналады. Мысалы, мынадай сыңарлар: суық су, ашық күн, дәмді тамақ т.б. тілдің лексика – семантикалық жүйесінде төмендегі факторларға сүйенеді: 1) тілдік жүйеде осы сөздер тек осы ұғыммен заттың тұрақты наминативті мағынасында кездесуі, оның тұрақты бір қасиетін көрсету; 2) заттың ерекшелігіне қарай мағыналық байланыста болатын нұсқа – үлгі көлемінде сөздердің лексикалық байланыста боолуы; 3) тілдік жүйеде синтаксистік /анықталушы, анықтаушы/ тіркестік нұсқасының боллуы; 4) осы ұғым көлемінде мағыналары өзара тіркес құрауға қабілетті болуы.
Қайсібір тілдік тұлға болмасын барлық уақытта структуралық құрлымда болады. Кез келген сала оған тән сапалық ашықтамаға сәйкес тілдік единицалардан және олардың арасындағы болатын қатынастар жиынтығынан тұрады. Сыңарлардың мағынасын тауып анықтау барлық уақытта бола бермейді, мысалы, кейбір компоненттердің мағынасы осындай: ұзын құлақ — өсек, құла дүз – елсіз дала. Есімді празеологиялық тіркестердің компоненттері жалғыз – жарым /бір ғана сөзбен немесе бірнеше/ сөзбен «су» сөзі «қараңғы», «жаңа», «жорға», «жүрек», ал «судай» сөзі жаңа, «сары» сөзі «уайым» сөздерімен ғана тіркес құрайды.
Сөздердің фразеологиялық тіркестерде көрінетін «фразеологиялық байлауы мағынасы» тек сол фразеологиялық тіркес құрамында ғана көрініп белгіленетіндіктен , ол мағна барлық сөздерге жалпы тән қасиет емес, ол мағынаға барлық сөздер ие болып фразеологиялық тіркес жасай бермейді. Есімді фразеологизмдердің табиғаты осындай, құраушы сыңарлар тек белгілі бір есімді фразеологиялық трікестердің құрамынад ғана қолданылады да, басқа тіркестерді мүлдем ұшыраспайды. Мысалы, ну орман, шырт ұйқы, оймақ ауыз, тұлдыр жетім т.б. Мұнымен бірге, бұл сөздер бірен – саран сөздермен ғана тіркемеді. Сөздерді мағынасына байланыссыз бір – бірімен қатар айтып тіркес жасай беруге болмайды.
Сөз фразеологиялық байлаулы мағынаға ие болғандығынан келіп фразеологиялық тіркес жасамайды екен, керісінше бұл амғынаға сөз фразеологиялық тіркес құрамын да ие болады, өйткені фразеологиялық тіркес мағынасы фразеологиялық ерекше /лексикалық емес/ мағына болып табылады /сыңарлар ғана лексикалық мағынаға ие/. Фразеологиялық тіркес гамматикалық байланысқа, лексикалық тіркескіштікке қатыссыз болатын сөздердің ерекше байланысы Сын есім компонетті фразеологизмдер: қызыл иек, қызыл іңір, қысыр сөз сияқы есімді фразеологиялық тіркес құрамындағы сыңарлар талғаусы қатар тұрып тіркес құрау түркі тілдерінің елеулі ерекшелгі.
Фразеологиялық тіркестердің құрамды бөліктері арасындағы синтаксисік тұтастық та ерекше. Бүтін тіркестің компоненттерінің аралық байланысының тұтастығы мен тұрақты ауыс мағынасы оның сөйлемде бір ғана мүше қызыметін атқаруына ықпал жасайды. Бұл байланыс фразеологиялық тіркес құрамында, оның компоненттері арасында боатын ішкі фразеологиялық байланыс, сыңарлардың қолдануда бір – біріне тұрақты тәуелділігі, осы фразеологиялық құрам үшін бір – біріне қажеттілігі.
Фразеологиялық байланыстың мәні фразеологиялық тіркес құрылысы мен мағынасына тәуелді өйткені фразеологиялық тіркес сыңарлары толық мағынаға ие, яғни мұнда тұтастық пен мағына бірлігі бар фразеологиялық байланыстың өзі осы емес пе.
Фразеологиялық тұрақтылық семантикалық «сөз тіркесінің» астарлы мағынасының болуына байланысты, ал «даяр күйінде қайталану» астарлы мағынаның болуына байланысты құраушы сыңарлар мағыналарымен байланысы, құраушы сыңарларсыз және олардың мағынасынсыз тұтас астарлы мағына да, бүеін құрам да жоқ.
Мынадай фразеологиялық тіркестер: дәмді пікір, аш бел-нәзік бел, буынсыз жер-әлсіз жур, ауыр сөз-зілді сөз т.б. бір сыңырының негізірде фразеологияланғын тіркестер мәселесіне келсек, бұлардың бір сыңыры өзінің тура мағынасын сақтап, екіншісі жаңа мағынада тұрып қолданылған. Сыңардың біреуінің лексикалық мағынасы келтірінді мағынада, астарлы түрде қолданылған. Мұнда бүкіл тұтас тіркестің беретін мағынасы өзінің құрамындағы сөздердің мағынасымен байланысты, олардың мағынасынан онша алшақтамайды. Мұндай фразеологиялық тіркестердің мағыналарын ойдан тыс қалдырсақ, онда олардың фразеологиялық екендігін де, тіркес екендігін де айыра алмаймыз. Бұл тіркестерде номинативтік пен қатар/тіркестер құрамындағы сыңарлар мағыналық дербестігін екеуі бірдуй тодық жоғалтпай, ал граматикалық дербестілігінен айырылып барып, мағынаға ие болған/ эмоционольды – эксперессивті қызмет те бар.
Фразеологиялық тіркестердің мағыналық құрылымы өзіне лексикалық синоним болатын сөздің мағыналық құрылымымен ешқашан толық сәйкес келмейді. Тұтас мағына фразеологиялық тіркестердің сыңарларының толық түрде туынды мағынаға өтуімен қалыптасады, яғни тұтас мағына дегеніміз толық келтірінді мағынаға өткен мағыналары бар сыңардан тұратын фразеологиялық тіркестердің құрылымдық мағынасының түрі. Мұндай тіркестердің сыңарларының дербес мағыналарының әлсіреуімен қатар араларындағы синтаксистік қатынастары да әлсіреп, көмескіленеді.
Енді бір есімді фразеологиялық тіркестер құрамында бір сыңар тура мағынасында болады да, екіншісі келтірінді мағынада келеді және сигнификативтік мағына осы сыңарға түседі. Осындай сыңарларының тура мағынасының өзгеруін, келтірінді мағынаға өткендігін барлық уақытта негізге алып отыру қажет. Фразеологиялық тіркестердің жартылай я толық астарлы семантикалық тұтастығы олардың қажетті белгісі. Фразеологиялық тіркестер өздерін құраушы сыңарлардың семантикасымен /бұл семантикалық байланыс әр түрлі дәрежеде көрінгенімен де/ тығыз байланысты тұлғалар. Ал фразеологиялану процесінде фразеологиялық тіркестердің сыңарларының я сыңарларының тура мағынасының келтірінді, туынды мағынада белгім болуы, фразеологиялық тіркестердің фразеологиялық тұтас мағына тұрғысынан, белгілі дәрежеде дербес мағыналары әлсіреп екінші орынға сырылады, яғни бүтін мағынаға бағынышты болады.
Фразеологиялық тіркестердің кейбір түрінің номинативті қызметімен қатар эмоциальды және стилистикалық бояуы, образдылық қасиет пен экспрессивті қызметі болады, қайсібір астарлы, оброзды мағанада, енді біреулерінің мағынасы «байлаулы фразеологиялық мәнді сыңарлары» тұрғысынан фразеологиялық мағынада қолданылады, белгілі болады. Тілде тіркескен дайын күйінде белгілі болатын фразеологиялық тіркестердің есімді сөз тіркестеріне өте жақын бір түрі тіркестер –тізбектер, мысалы : асқар тау, асқар бел, қыпша бел, пісте мұрын, ьтдай дала, айдай әлем т.б. Тіркескен дайын күйінде белгілі болу, бір немесе бірнеше сөздермен ғана теіркесінде белгілі болу – осы құрамның сыңарлары арасында нақты грамматикалық байланыстың бар екендігін немесе осыған орай жаңадан тіркестірілгенін қуаттай алмайды, өйткені белгілі бір даму кезеңінле өздері ұйымдасқан үлгі – нұсқа көріністерін сырттай сақтап тұрғанымен /мысалы, салыстырсақ : асқар тау – биік тау/ мұндай есімді фразеологиялық тіркестердің құрамдарының тұрақтылығын сақтаған, қалыптасқан даяр құрылысқа жеткен. Құрамдары бір-біріне тәуелділікте де, барлық жағынан дайын, тұтас мағыналылығын қуаттай түседі. Тұтас мағынаның көрінісі сол – құрамның мүшелері негізінде туатын мағына. Сондықтан да фразеологиялық тіркестен көрінетін фразеологиялық мәнге ие сыңардың осы байлаулы мағынасы басқа бір сөздің мағынасымен тұрақты астарласып, тек сол сөздердің қатарында анық болады. Жеке сөздердің метафоралық, метонимиялық және т.б. мағыналарда қолданылуының фразеологиялық мәнге өтуі, келесі тіркесетін сөздермен тұрақты құрамын өзгертпей қалыптасып кетуі, фразеологиялық мағына тұтастығына өтуі фразеология процесімен тығыз байланысты.
Есімді фразеологиялық тіркестерге, әсіресе, сын есім компонетті фразеологизмдерге тән қасиет – тұрақтылық. Оларлдың құрамындағы сөз сыңарлар тек белгілі бір сөздермен ғана тіркесіп қолданылады да, тілдегі көптеген сөздермен тізбектелуге икемсіз келеді. Оларға тән белгі – тұрақтылық пен мағына бірлігі. Олар семантикалық тұтастықтағы тұқлға ретінде қарым – атынас жасауда, сөйлеу процесінде жасалмай тілдің бұрыннан қалыптасқан даяр тұлғасыретінде қолданылады. Сыңарлары бүтіннің бөлшектері ретінде бірлесе келіп, бір бүтін мағынаны білдіреді. Құрамдағы сыңарлардың әрқайсысы әр басқа мағынаны емес, барлығы жиналып келіп біртұтас, бір бүтін мағынаны білдіреді, мысылы: сұр жылан – жауыз, сұр бойдақ- үйленбеген, сары табан- көніккен. Сыңарлардың екеуі бірдей мағына жасайды дегенде, олардың мағыналарынан тікелей тіркестің біртұтас мағынасы туады деген сөз емес, сыңарлардың астарлы мағынасы мен ұштасып жатады, астарлы мағыналы сыңарлар бір бүтін мағынаның көрніуіне себепші болады, мысалы: аш қарын – аш өзек, сары дала – мидай жазық, дәмді пікір – ұнамды, құнды пікір, тар жол – қиындығы мол жол, теріс бата – жаман тілек т.б. бір мүшесі мағына жасаушы да, екіншісі экспресивті мәнді, мысалы: жуан сіңір, тұлдыр сөз, судай жорға т.б.
Фразеологиялық тіркестердің мағынасы тілдік өлшем болып табылады, өйткені ол /мағына/ белгілі тілдің семантикалық жүйесінде белгілі блады. Олар меншікті бекітілген және олардың обьктивті мән-мазмүны, міне осыдын оның құрамы, құрылымы және мағынасы да тұрақтылыққа ие, дайын қолданылуға өте икемді. Демек сын есімді фразеологизмдер белгілі бір ұғымның бірден-бір атауы емес, олар наминмтивтік қызметпен қатар эмоциономьды эксперсивті қызмет атқарады.
Сөздердің өзара тіркесу қабілеті әр түрлі: кейбір сөз аз сөзбен, кейбір сөз көп сөзбен, кейбір сөз тек бір сөзбен тіркеседі. Мысалы, сын есім көбінесе зат есімдермен тіркеседі де, етістікпен сирек тіркеседі. Бірқата сөздер тобы тек фразеологиялық тіркес құрамында жұмсалады. Осы мағынасында олардың көмегімен басқа фразеологиялық тіркес жасауға болмайды. Мысалы, көк ми, сор маңдай, тоң мінез бұлар құрылысы мызғымайтын, мағыналық тұтастығын берік сөздерден құралады. Анықтауыштық қатынастағы сын есімдер мен зат есімдер тобы әр түрлі тоб ішінде кездесе береді. Олар мағыналы сөз тіркестері қызыл кеңірдек, құуыс кеуде, ұзын құлақ, жуан орта, қара байлау, арам тер т.б. Демек тіркесті құраушы сыңарлардың бүтін мағынада үлесінің жартылай да, толық та, болотыны сияқты бүтін мағынаға /мысалы: көк жұлын- жүдеу, көк бармақ- олақ, қара табан- кедей т.б./ қатыссыз мағынада қалып, тек оның құрамынғана анықтайтын да тіркестер кездеседі. Мысалы, «жуан қоныш»- маруа, сияқты тіркестің құрамын анықтап, сыңарлар сөздерініңбастапқы мағынасының дербестіктерінен айырылған, олардың арасындағы анықтауыштың қатынас та жойылған.
Бір фразеологиялық мағынаны білдіруде тек өзара тәуелді екі сыңар ғана қатысады: сары кідір – орта жасқа келген адам; кәрі тарлан – ысылған, әккі, яғни осы мағынаны білдіру үшін бір комлонеттің белгілі блуы.
Фразеологиялық тіркестің сыңарлары арасындағы байланыс фразеологиялалау процесінде көмескіленіп, айналатын сияқты. Сыңарлар арасындағы грамматикалық байланыс бірте – бірте көнеріп көмескілене береді, мағынаның тауелділік үстем бола береді мысалы, бір сөз бірнеше құрамда келіп, фразеологиялық мағына жасайды. /ақ сүйек – феодал, ақ саусақ – жұмысқа икемі жоқ, ақ тілек – жақын тілек, ақ жүрек — әділ ақ ниет – адал, ақ көз – надан, ала ауыз – ынтымақсыз, ашық ауыз – ауызына сөз тұрмайтын адам т.б.
Сонымен қатар, қайсыбір тұлғаның фразеологиялығы тек оның мағынасымен ғана анықталмайды. Екі сыңардың екеуі де бірдей мағына жасай береді /ақ ниет , үлкен шаңырақ /мағына жасауға сыңарлар тікелей болмаса да жанамалай қатысты болуы мүмкін немесе бүтіннің мағынасы құрамының мағынасының ішкі астарларының мәнімен жымдасып кетеді мүмкін, /тесік өкпе, ұсақ сөз, ала көз, ала ауыз, үсақ адам, ашық ауыз т.б. тәрізді сын есім компанентері фразеологизмдер иошнативті немесе атаушы қызметпен қатар, эмоциональды және стилистикалық бояуы, обыразды мағынаға ие.
Демек фразологиялық мағынаның пайда болуына дастүрлі тіршілік пен мәдени өмірдің әсері мол. Образға негізделген көрініс тіл арқылы жарыққа шыққанда, ондаған ұлттың қабылдау, қазақы дұниетанымен, ойлау ерекшеліктері бірден аңғарылады. Фразеологиялық мағынаға тірек, негіз болатын нәрсе –адамдардың күнделікті өмірінде көріп жұрген дүнйедегі заттар, айналадағы құбылыстар, содан туындайтын жағыдалар түрлі жағымды – жағымсыз әрекеттердің ықпалын әсер етіп отырады.
1.3 Есімді фразеалогиялық тіркестердің күрделі сөздерден айырмашылқтары.
Тілде идиомалар, фразалар, мақал – мателдер, қоматты орамдар және авторлардың аформзмдер, күрдем сөздердің тобы омірдің барлық саласын қамтып, ішкі мазмұны жағынан өте бай келеді. Мұндай орамдар адамдардың ой – сезімін ара қатынасын, танымын білдіреді. Дайын қолданылатын мұндай тұрақты түрде кездесе беретін орамдардың бәрі бірдей фразеологиялық тіркестерге шектес единицалардың көпшілігі күрделі сөдер: сасық күзен, сарыбауыр, соқыр ішек, еркін шнтакшстік тіркестері: ақ аю, ақ бидай, асау ат, ашық жиналыс, қызыл көйлек, жылы бөлме, бұйра шаш т.б. болады.
Күрделі сөдер түбір мен түбірдің /немесе түбір мен негіздің, я негіз бен негіздің /бірігуінен қосарлануынан, немесе тіркеснен құралады. Мысалы сары май, кәр жілік, боз торғай, ала қарға т.б. кұрделі сөздердің түрі түбір мен түбірдің /сары және май, кәрі және жілік/тіркесуінен жасалған күрделі сөз бен фразеалогиялық тіркестердің жігін ажырату қиындығы көптеген тілдерге қатысты маселе екі сыңардан тұратын бір ғана мағынаға ие дайын тіркестер есімді фразеологиялық тіркестерді тіркесіп жасалған қүрделі сөздерден айыру өте қыйын өйткені тек жазыу ережелері бойынша жоғарыда аталған күрделі сөздердің топтарын сөздіктерде де, оқулықтарда да әр түрлі берілген, фразеологиялық тіркестермен араластырлған күрделі сөздердің біріктіріліп немесе сыңарларының ажыратылып жазылуы да біркелкі емес.
Күрделі сөздерде сөйлеу процесінде жасалмады әуелден бар, қалыптасқан сөздер ретінде жұмсалады. Бір ғана ұғымның атауын, яғни мағыналық бірлігі сөйлемде бір ғана мүше болатындығы құрамы мен құрлымының тұрақтылығын және т.б. белгілерімен кұрделі сөздер фразеологиялық тіркестермен, соның ішінде есімді фразеологиялық тіркестермен, ұқсас асақтары мен жақын келіп араластырылғанымен күрделі сөздерге тән айырықша белгілер оларды есімді тұтастығы және фразеологиялық тіркестерден түпкілікті ажыратады әр тілдің өзіндік даму заңдылқтары бар. Даму кезеңдерінде сөздердің тіркесіп келуінен жасалған сөз тіркестерінің сыңарларын дыбстық та, мағыналық та өзгерістерге ұшырап, оның нәтижесінде бөлшектенбейтін бүтін сөзге айналуы мүмкін. Олар сөйлеу процесінд жасалмай, қалыптасқан, даяр сөздерге айналады ал сыңарлаының мағыналық дербестік тен айрылуы себепті. Күрделі сөздер семантикалық тұтастыққа жеткен, сыңарлар бүтінің бөлшектері ретінде бірлесе келіп бір бүтін мағына жасайды. Осыған орай күрделі сөздер тұрақтысымен бір ғана ұғымның атауы. Қара жүрек /өсімдік/, дәуқабақ /өсімдік/, қарақұйрық/ ақ/, ащы ішек, суық торғай т.б. құрылымдық топтар номинативті немесе атауын қызмет атқарып бір атау ретінде қолданылады кұрделі сөздерде эмоциялық бояу да эксперсивті қызмет те жоқ. Кұрделі сөздер термин сөздерге жақын. Яғни терминдер ретінде белгілі ал терминдер келтірінді, обрады мағынада, эмоциональды – эксперессивті қызметте қолданылмайды, таза наминативті қызмет дара мағыналылық – терминдерге тән ең басты қасиет. Кәдімгі тұрақты тіркестер күрделі сөздерге таза наминативті қызыметімен сәйкес тұрақты тіркестердің бәрі бірдей фразеологиялық тіркес емес.
Құрылыстың сыңдарларының арасындағы ішкі синтаксистік қатынас /анықтаушы және анықталушы/жойылғанымен, күрделі атаудың өзіндің шыққан тегі – сөз тіркесімен сырттай ұқсастығы әр қашан сақталад есімді фразеологиялық итіркестерге ұқсастығы міне осыдан көрінеді. Күрделі сөздердің әрбір сыңары жеке қолданылғанда білдіретін мағынасынан, мағыналық дербестігінен айырылып қалптасуы немесе бір сыңарының жетекші қызмет атқаруы, екінші сыңарының дербестіктен айырылып, келесі сөзге мүше қызметне өтуімен қалыптасуы, немесе әрбір сөз өз алдына дербес ұғмды білдіру мүмкіндігінен айырылып бір ғана ұғымға өтіуі синтаксистік жақтан мүшеленбеуі – оның семотикалық жақтан да бөлшектенбеуіне, тұтас бір лексикалық единица қызметіне өтуіне байлансты жалпы алғанда сөздердің табиғаты өте күрделі де, оның мағыналық дербестіктен айрылуы, басқа категорияға өтіп кетіуі, бірнеше қызмет атқаруға икемділгінен, бі сөз табын категориясының қызметіндегі қасиеттерін қайсыбір сөздермен кеміп сақтамауынан мысалы: боз – сын есім, ал «боз торғай» күрделі сөздердің құрамында сын есім бола алмайды.
Күрделі сөздердің өзі шығу тегі, жасалу жолы жағынан бір сөз тіркесіне барып тіркеледі, егер күрделі сөз кемінде екі сөздің тіркесі түрінде басқа, олардың бір тұтас сөзге айналу процессі немен байлансты.
Сөз тіркесінің лексикалану процесінің нәтижесі лекцикалық тұлғаларды береді яғни күрделі сөдер лексикалану процесінің желісі лексикалану процесі өте өнімді амал. Мысалы, сөз тіркестері сөз сияқты тілде ломинативті қызмет атқарады. Сондықтанда олар ұғымдары атауға сөз жеткіліксіз болған жағыдайда онымен тең қолданыла береді. Бүл амал сөз тудыру процесінің түсіндірме жолы немесе синтаксистік түрі алғашында сөз тіркестерімен аталып уақыт озған сайын сыңарларының анықтағыш және анықталғыш қызметінен /сарыбақ, қара торғайт.б. айрылып, бүтіндей сөз тіркестерімен лексикаланған осының нәтижесінде күрделі сөз жасалған /18, 26-28/ күрделі сөдер сөз тіркесінің лексикалануы процесін басынан өткізуі нәтижесінде тууымен қатар, тілде бұрыннан бар күрделі сөздердің үлгісімен де жасала береді.
Қазақ тілі әсіресе тәбиғи байлықтар, ауыл шаруашылғына, соның ішінде мал шаруашылғына байлансты сөздерге бай сөзді өмір шындығы туғызады өмір шындығынан туған сөзді халық мәпелеп өсіріп, байытып отырады. Сөздердің бірігіп кірігіп жасалуы тіл заңына бағынып түрады,ол обоективтік заң бірақ тілімізде біріккен кіріккен, құрама т.б. сөздердің бәрі бірдей жүйелі жазу пренсиптеріне ие бола алмағандығы себепті әртүрі формада қалыптасып кеткен, яғни әркім әртүрлі қолданады, әртүрлі жазады. Бір тектес құбылстардың, бір сөздердің әртүрлі жазылуы бір-біріне қарама-қайшы келуі, бір-бірне ешбір айырмашылығы жоқ сөздердің сан-саққа жүгіруі, бірінің тұрақты тіркес делініп біреуінің күрделі сөз делініп, енді біреуінің тіркес деп беріліп қалыптасуында ешқандай сүйенетін принцип жоқ. Тілдік түлғалардың аралсуының себептерінің бірі сөздердің бірігіп және бөлек жазылуында жатыр. Мысалы: бір түсінікті білдіретін күрделі сөздердің ең үлкен тобын құрайтындары бөлек жазылып жүрген: көк жөтел, көк кептер, ала шағыр, суық торғай және т.б. тәрізді күрделі сөдер. Сондай-ақ күрделі сөздер: кәріқыз, кәрі жілік, алаөкпе, алабас, ала шағыр, көк бауыр, көк бас, көк серке, көктайлақ, қаражүрек, қаратамыр, қарақас, сары тоқаш, сарыбас, сарыбауыр, сары күшік/өсімдік аттары/ сарысу, сарыбуын, ақшелек, көкжөтел, сарытамақ деген көптеген күрделі сөздердің құрлымындағы сыңарлар дербестіктерінен айырылып, күрделі сөздің бір бөлшегі ретінде танылған. Бұлар сияқты қүрделі – құрама сөздердің таптарын тілде өте көп.
Тілде сөз тіркесі сөздер сияқты атаулық қызмет атқаратындық қасиетіне байлансты, заттар мен ұғымдарға ат беріп оларды сөздермен қатар қолдана береміз осы негізде туған күрделі атаулардың барлығы бірей сөдердің жәй сынтаксистік тіркесі емесолардың қайсыбірі өзара синтаксистік қатынастарын жоғалтқан, мағынасы жағынан грамматикалық қызметі жағынан тұтас бір бүтін единца ретінде қалптасқан /күрделі сөздер / күрделі сөз – сөз тіркесін өзінің басқа сөздермен жай дара сөз ретінде қатынаста болуы жағынан ажыратылады яғни жәй сөз сияқты қызмет атқарады, мысалы: көк бауыр, қызыл таңдай т.б. күрделі сөздің анықтамасына ие болады да, оны құраушы жеке сыңарлардың анықтамасынан алшақ кетеді. Кейбір күрделі сөздердің сыңарларын мағынасын сақтайды ал кейбіреулерінің сыңарларын мағынасын сақтамайды сыңарларының мағынасын сақтағаенмен де сақтамағанмен де және мағынасынан айрылып, дербестігін жойғанмен де күрделі сөз түтастай бір заттың, не құбылстың атауы күйінде қалады.
Заттар мен құбылстар атауы тілде былай тұрған кезде, оларға тән ерекше көзге түсетін ерекше сезімтал белгісі негізінде аталады мысалы: қара торғай, боз торғай – түр – түсіне байлансты ит қонақ, ит мұрын, ит тікен, — итке ұқсас, иттің қасиеттеріне сай келетін белгілеріне қарай т.б. қызметі, ұқсастығы, белгісі, түр-түсі, қасиеті, ерекше белгілері, бір түрінен екінші түрін айыру мақсатында т.б. тіркестірлген құрылстар мұндай тіркестер алғашқы анықтауыш және анқталғш қызметтерінен айырлған да, күрделі сөзге айналған.
Күрделі сөздердің құрлымындағы компоненттербірін-бірі не анықтай, не толықтай, не пысықтай алмайды, ал компоненттер, тарихы жағынан тіркесіу жүйесі мен орналасыу ретінде болсын, саны жөнінен болсын, тиісті тіркестермен құрамдас болғанымен, біртұтас лексика – морфологиялық тұлға ретінде құрамын, сөйлемде де, еркін тіркестерде бір күрделі мүше, есебінде қызмет атқарады құрделі сөздердің компоненттері не айналып, оны құраушы сыңарлар өздерінің дербес семантикалық көп қырлылығын және граммтикалық дербестігін жоғалтады. Олар өзне тән мағына, өзіне тән сынтақсистік қызметімен сипаттамаларын жаңа сөздің /күрделі сөздің/ құрамында тұрып, сөз тудыррушы негіздің бір бөлігі ғанақызметін атқарады. Кезкелген күрделі сөзде құрамды лексикалық негіз болады да, ол негізінде екі түбір болады, бірақ күрделі сөздің мағынасы құраушы сөздердің мағыналарынан барлық уақытта туа бермейді мысалы: құраушы сыңарлардың мағыналарынан келіп туған мағына мына күрделі сөздерде жоқ: бақабасбақа – бас, кемпірауыз – кемпір – ауыз, бұзаубақ, кемпірқосақ т.б. осылардың қай-қайсысы болса да күрделі сөздер деп танылуы керек. Себебі бұлардың әркайсысы, біріншіден, тұтас бір ұғымды білдіреді, екіншіден, құрамындағы сөз сыңарлары үнемі семантикалық бірлікте жұмсалып, қызыметі жағынан бөлшектенбей, үшіншіден, ол сыңарлар ырғақ тұрғысынан да бір ұдай болып, өзара ыңғайласа құрылып отырады.
Күрделі сөздер мен есімді фразеологиялық тіркестердің ұқсас жақтарының көптігіне қарамастан семантикалық, грамматиакалық және стилистикалық, тіпті фонкциональдық қызыметтері жағынан әртүрлі тұлғлар. Күрделі сөздің лексикалық және грамматикалық белгілері негізінде , күрделі сөздердің синтаксистік сөз тіркесінен және фразеологиялық сөз тіркестерінен ажырату, фразеологиялық тіркестер мен күрделі сөздердің /ұқсастықтарынан/ қарамастан оларды көпшілік жағдайда ажырату мүмкін. Сын есім копонентті фразеологизмдерді босқа м тіркестерге қарағанда күрделі сөздерден айыру өте қыйын.
Есімді фразеологиялық тіркестер құрамындағы сыңарлардың арасынлдағы тәуелді байланста әр түрлі дәрежеде көрінеді. Екі сыңар бірін – бірі керек етеді, өзара тәуелділік, яғни бір – бірінсіз фразеологиялық мағына тудыруға икемсіз /сары табан, көк тұқым, ұзын құлақ, тесік өкпе, көк бақа, сары ауыз, қуыс кеуде т.б./. Бірсыңардың астарлы туынды мағынада келіп, фразеологиялық бүтін мағына жасауда белгілі бір тура мағынадағы сыңармен өзара тәуелді байланысы: сары бай, қысыр сөз, арам ой т.б.
Негізінен есімді фразеологиялық тіркестерге өте ұқсас күрделі сөздер: көкбозат, көк дәрі, көк сағыз, қарақұйрық, көксау, қара өкпк, көк баур, көк кекіре, қара күйе, қызыл арша, кәрә жілік, ақ шолақ, ақселеу, ащшы ішек, сасық күзен т.б. ажыратыла тұлғанану төлшемінің көрсеткіштерінің белгілері болмаған жағдайда басқа көмекші өлшемденр қажет. Мысалы: қоңыр дауыс, қоңыр үн, аш қары, аш өзек т.б. тілде бар тілдің қазіргі даму кезеңінде жаңа сөз жасаудың бірден – бір өнімді — өнімсіз амалының үлгісімен жасалмайтын есімді фразеологиялық тіркестер: арам ой, арам пиғыл, көк өрім, тесік өкпе, қара таяқ, көк түйнек т.б. мағына тұтастығы әр түрлі құркмындағы сыңарлары бірдей немесе бір – бірімен «семантикасы» тұрғысына сай болғанымен /мысалы: арам ой, арам питғыл/, бұл өз алдына дербес фразеологиялық тіркес те, олардың әр қайсысына меншікті семантикалық /мейлі ол мағына сыңарлар мағынасына өте сәйкес болсын/ тән.
Күрделі сөздердің топтары мен есімді фразеологиялық тіркестердің тууына негіз болған, уақыт оза келе, мысалы: сасық күзен, көксау, ақбайпақ сияқты топтар тікелей атау қызметіне өтіп, тілдік тұлғаның белгілі бір категориясына, күрделі сөз категориясына өткен ал бастапқа бір даму сатысында олардың бойында астарлы атау болғаны хақ.
Қазір мұндай күрделі сөздерге жарыса қолданылатын сөз немесе күрделі сөз де жоқ. Ал есімді фразеологиялық тіркес мағынасын толық беретін сөздер кездесіп отырады. Аталған күрделі сөздер тобы номинативті атау қызметімен белгілі. Олардың астарлық қызыметі жайылған.
Есімді фразеологиялық тіркестің мағынасын, оның құрлымы мен осы құрлымның қызметі анық береді. Астарлы, образды мағына есімді фразеологиялық тіркестің құрамымен тікелей немесе жанамалай байланыста туады, мысалы: жуан жұдырық — өктем, ез адам – мылжың, көк шандыр – арық т.б. номинативтік мәнімен қатар эмоциональды және стилистикалық бояуы, образдылық қасиет пен эспрессивті қызмет те бар. Есімді фразеологиялық тіркестердің фразеологиялық бітұтас мағынасы сыңардың немесе сыңарлардың ттура мағынасынан емес, керәісінше туынды ауыспалы мағынасынан туады, тұтасмағына осы құрамдағы сөздердің біреуінің немесе тұтас құрамның фразеологиялық сипат алуы негізінде фразеологиялық тіркес болып дайын қалытасады.
Күрделі сөздер тұтасымен бір ғана ұғымның атауы – бір бүтін лексикалық единица ретінде ұғынылады. Күрделі сөздер, мысалы: көксары, қара торғай, қара сасыр т.б. наминативті немесе атаушы қызымет атқарады, бұлрдың әрқайсысы бір – бір атау ретінде қолданылады. Яғни күрделі сөздер заттың атауы ретінде тек қана номинативті қызымет атқарады. Есімді фразеологиялық тіркес заттың тікелей атауы еммес.
Күрделі сөздер, белгілі бір сөз табына қатысты болады да, сол сөз табына қатысты грамматикалық каиегорияларға толық өзгеріп түрленеді. Ал есімді фразеологиялық тіркестер белгілі бір сөз табына тисті қасиеттер мен ерекшеліктерді толық түрде қабылдай алуы мүмкін. Мысалы: тесік өкпе, көк тұқыл, қара жүрек, су жүрек, көк ми, көк долы., сары табан т.б. сын есім категориясына қатысты сын есімдерге арақатысты болып, осы сын есімдерге /ұшқалақ, бейнеқор, қорқақ, мисыз, долы, көніккен/ тән шырай формаларын қабылдайды. /19,75/
Есімді фразеологиялық тіркестердің бәрі бірдей тек бір ғана сөз табына қатысты болмайды, сондықтанда белгілі бірт категорияға сай толық өзгеріп түрлену есімді фразеологиялық тіркестің бәріне бірдей тән қасиет емес.
Есімді фразеологиялық тіркестің сөйлеу процесіндегі басты қызыметінің бірі жеке сөздер сөз орамдары бере алмайтын көркемдік, оброздылық, эксперсивтілік мағына арқылы ойды жеткізу.
Күрделі сөздерде, есімді фразеологиялық тіркестерде полиселиялық қасиетіне ие емес, есімді фразеологиялық тіркестің ішінде көп мағына беретіндері өте аз.
Есімді фразеологиялық тіркестер өзара бір – бірімен синонимдес болып келеді, жеке сөздер мен мағыналас болып, синонимдік қатар құрумен бірге, өзара да түзе береді. Семантиаклық, синонимдік қатар құрайтын есімді фразеологиялық тіркестер, олардың бәріне қатысты жалбы мағынасымен айырылады: ақ тілек – ізгі ниет; сары табан – көк тұқыл; сүр жылан – сум адам; ұзын құлақ – сыпсың сөз; қара кемік – көк шандыр; қара таяқ – қара жаяу; көк ми – су ми; сары дала – мидай дала т.б. күрделі сөздер өзара синонимдік қатар түзе алмайды. Мысалы: ашамай сүйек – сүйек деген жалпы атау да синонимдік сөз бола алмайды, боз торғай – торған түрінде синоним болғанымен тұп – тура «боз торғай» емес, ит емген, қап тесер т.б. тілде бұларға мәндес келетін дара сөздер /синонимдер/ басқаша атаулар жоқ, күрделі сөзде жоқ. Есімді фразеологиялық тіркестер – синонмидер – дербес, өз алдына фразеологиялық тіркестер, өзіне тән құрам, құрлым мен обфыразды мағынад0ағы, бір – бірімен тек жалпы мағыналарына сай келетін фразеологиялық тіркестер.
Есімді фразеологиялық тіркесте – антонимдер де дербес фразеологиялық тіркестер. Мұнда антоним болатын тұлғалар әртүрлі тұлғалар. Синонимдес есімді фразеологиялық тіркестер әр басқа ұғымды емес, бір ұғымды әртүрлі жақтан белгілесе, есімді фразеологиялық тіркестер – антонимдер көбінесе сапалық ұғымды білдіреді немесе сапалық белгісі бар тұлғалар. Бұлардың кез – келгені синоним бола бермейді. Есімді фразеологиялық тіркестердің көпшілігі есім сөздерге мағыналастыға жағынан /көк ми — мисыз/ антонимдік қатар құрайды: ақ ниет – қараниет; тесік өкпе /бейнет қор/-ас ішіп аяқ босатар /арам тамақ/, қара таяқ /кедей/-сасыған бай/бай/; жуан сіңір – құр сүлдер; таза арық – жардай семіз т.б.
Заттың атауы болып табылатын күрделі сөздерге өзара антонимдік қатар жасау тән есмес. Белгіленетін заттың бірден – бір атауы – күрделі сөздер: көк жөтел, көк кептер, сары бауыр т.б. өзара антонимдік қатар түзей алмаиды.
Көп қыйындықтан құтылудуң, яғни фразеологиялық тіркестер мен күрделі сөздерді бір – бірімен ажырату қыйындықтарынан құтылудың бір амалы жазу ережелерін жүеге келтіру болып табылады. Алайда орфография құрылыстарды ажырату белгісінің бірі бола алмайды. Дегенмен екі сөзден құралған кісі аттары, географиялық атаулар, т.б. ғылым салаларына қатысты, өсімдік, құрт – құмырсқа т.б. аттары бірігіп жазылуға өте икемді. Мысалы: көк дәрә, көк сағыз, көк серке, қара өкпе, қарабұға, сары бауыр, т.б. құрамдағы күделі сөздерден ешбір айырмасы жоқ көптеген біртектес заттардың аты басқаша көрніске ие болады. Мысалы: боз торғай, боз қырау, көк бауыр, алал қарға, көп кекіре, ақ тікен т.б.
Есімді фразеологиялық тіркестер мен күрделі сөздердің шыққан тегі – сөз тіркестері. Тілдің даму барысанда әр түрлі процестердің: лексикалану, грамматикалану, фразеологиялану процестері әсерінен тұрақты құрлыстардың әр тобына өтуі болып отырады. Есімді сөз тіркестері семантикалық та, морфологиялық та, синтаксистік те жағынан тұтасып бір бүтін ұғымды білдіруінен күрделі сөз жасалады, есімді фразеологиялық тіркестер фразеологизация прцесінің жемісі.
Күрделі сөздер семантикалық тұрақтылығынан есімді фразеологиялық тіркестің мағына тұтастығы астарлығымен, тұрақты астарлы мағынасымен қосылады ажыратылады. Белгілі бір даму процесінде есімді фразеологиялық тіркестер мен күрделі сөздер үлгі бойынша қалыптасқан бірақ қазіргі кезеңде есімді фразеологиялық тіркес үлгісімен жаңа есімді фразеологиялық тіркес жасалмайды, олар дайын күйінде белгілі, ал күрделі сөздер үлгісімен жаңа күрделі сөздер тобы жасала береді.
2 Сын есім компонетті фразеологизмдердің атқырыптық мағыналық топтар
2.1 сын есім компонентті фразеологизмдерді мағыналық топқа жіктеу
Өмірдің барлық саласын қамтып ішкі мазмұны жағынан өте бай болып келетін тілімізге бейнелі және мәнерлі рең бертін, өзіндік құрылысы мен белгі мағынасы болатын фразеологизмдер көптеп кездеседі.
Фразеологизмдер сөйлеу тілінде де, жазу тілінде де көп қолданылатын құрылыс материялы. Фразеологиялық тіркестер қай қайсысы болмасын бәрі де алғаш халықеың сөйлеу тілі негізінде қалыптасқан. Сондықтан олар өмірдің барлық саласын қамтып, ішкі мазмұны жағынан өте бай болады.
Тіл құбылыстарының ішіндегі ең күрделі, ең қиыны сөз. Сөз тілдік құбылыстардың бәріне де қатысты, тіл сөз арқылы барлық қоғамға да қызмет етеді. Осы ең күрделі, ең қиын тілдік құбылысты сөздің мағынасын тіл білімінде семасиология ғылымы зеттейді.ұ(20,29)
Бәрімізге белгілі ,этнолингвистика ғылымы тіл байлығын толық қамти отырып, зерттеушінің сол халықтың болымысына байланысты тілді қалыптасы, оның қат – қабат қойнауларында сақталып кележатқан көненің көзінде сыры мол дүниге тереңірік үңілуге бағдарлайды. Тіл тұла бойы тұнып тұрған тарих деген сөздің мағынасын сонда ғана түсінеміз. Этнографиялық лексикада өткен өмірден мол хабардар ететін сөздер мен сөзтірекестері молынан ұшырасады. Бірақ олардың бәрі күнделікті қарым – қатынаста айтылса да, бәрі бірбей бүгінгі ұрпаққа айқын бола бермеуі мүмкін.
Лексиканың басқа салалары сияқты, сын есім компонентті фразеологизмдер мағыналық жағынан ғасырлар бойы дамып, қалыптасып, көпшілік қауымға бірдей түсінікті құбылыс қатарына жаталы. Жалпы сын есім компонентті фразеологизмдерді өзара топтаситырып қарауға болады. Бұлтоптарға кіретін фразеологизмдер тұрмыс — салтқа, дүние танымға байланысты мағыналық комплекске ие болуында, бір фразеологизмнің ар жағында тек халақтың санасында ғана сақталған көптеген ұғым, фактілер бар. Сын есім компонентті фразеологизмдерді топтастыру мақсатында ғана емес, сонымен қатер тіл фактісі ретінде қарастырып, олардың мағына – мазмұнына тоқталып өтпекшіміз.
Бұл жұмыста тіл білімінде қолданылып кележатқан сын есім компонентті фразеологизмдерді белгілі бір тақырып төңірегінде топтастырып зерттеуді негізге алаотырып, фразеологизмдерге байланысты сын есімдердің қолданылу ерекшелігіне, олардың семантикалық жағынан бір ыңғайлылығына қарай, материялыды бірнеше тақырыпқа бөліп зерттеуді жөн көрдік. Сын есім компонентті фразеологизмдерді топтастыру арқылы фразеологизмдердің мағыналарын не ғұрлым саралап көрсетуге септігін тигізеді.
Фразеологизмдерді әр компоненттің беретін жиынтық мағыналары мен синткасистік қызыметіне қарай шартты түрда сөз табына қарай жіктеледі. Фразеологизмдерді сөз табына жіктеу арқылы оның ішкі мазмұны мен лексика – семантикалық мағыналарын айқындай түсуге болады.
Сын есім компонентті фразеологизмдердің табиғатын, сипатын ашуда біздің ше алдымен, сын есімді сөздердің лексика – семантикалық жүйесін оның ерекшеліктерін ескеруіміз қажет.
Ахмеди Ысқақов «Қазірі қазақ тілі. морфология»еңбегінде сын есімдерді заттың әр алуан сыр – сипаттары мен белгілерін тікелей де, басқа заттардың қатынастары арқылы да білдіреді. Осындай жалпы сипаттармен байланысты, сын есімдер семантикалық мағыналары мен грамматикалық ерекшеліктеріне қарай, сапалық және қатыстық сын деп аталатын екі саклағы бөлінетіндігін айтып өткен. Олай болса, сын есім компонентті фразеологизмдерді сапалық сын есім компонентті фразеологизмдер және қатыстық сын есім компонентті фразеологизмдер деп қарастыруымызға болады.
Қазақ және түркі тіл білімінде лексикаға қатысты зерттеу еңбектерінде халықтық терминдерлді белгілі бір тақырыптар бойынша топтастырып, оларға лингвистикалық талдау жасауда әр түрлі терминдер қолданылып келеді мысалы, А.Шамшатова «Топтар», Қ.Айтазин «Лексикалық топтар», Т.Ходжанбердиев «Сөздердің тақырыпқа жіктелуі», И.Абдувалиев «Лексикалық – тақырыптық топтар», ал қазақ тілінің әскери лексикасын зерттеген Т.Байжанов «Тақырыптық топтар» деген атауларды пайдаланады.
Осы еңбектердің бәрін қарап жинақтай келгенде, қазақ тіліні сын есім компонентті фразеологизмдерін мынандай тақырыптық топатрға бөліп қарастыруға болады:
1 Сапалық сын есім компонентті фразеологизмдер
2 Түр – түсті білдіретін фразеологизмдер
3 Сапалық мағынаны білдіретін фразеологизмдер
4 Көлемі мен аумағын білдіретін фразеологизмдер
5 Дәмі мен иісін білдіретін фразеологизмдер
6 Қатыстық сын есім компонентті фразеологизмдер
2.2 Сапалық сын есім компонентті фрозеологизмдер
Түр-түсті білдіретін фразеологизмдер
Тіліміздеігі тұрақты тіркестердің біразы сын есімдердің қатысуымен жасалған.
Сын есім қатысқан фразеологизмдердің ерекшелігі: олардың номинативтік мағынасынан гөрі, ауыспалы (метафоралық, матонимиялық) мағынада, яғни заттық, абстрактылық мағынада көбірек қолданылады. Мәселен, «ақ, қарасын ажырату» — осы мәндес фразеологиялық тіркес. Ал енді: «көздіс ағы мен қарасындай» деген фразеологизм де көздің түсін айтып тұрған жоқ, мәселе бұл жерде бірінен бірін бөліп қарауға әсте болмайды, ең жақын екі адам жайында болып отыр.
Сондай-ақ, тіліміздегі «көз» деген сөзді алып, оған қара, қызыл, көк түстерді теліп, қара көз, ақ көз, көк көз, қызыл көз сияқты тіркестерді жасап көрейік. Бір қарағанда осындағы түр-түс атаулары көздің немесе түрлі іреңін анықтап тұған сияқты. Қара көз көк көздердің өмірде бары рас. Бірақ ақ көз бен қызыл көз жайында дәл осылай деп айта алмаймыз. Дегенмен көздің осы төрт түрі де қазақ тілінде тұрақты тіркестер санатына жатады.
Талдап көрейік мәселен, қара көз тіркесі көзі қара адамдарға айтылып, қазақ ұғымында, әсіресе әйелдер қауымына байланысты, сұлулықтың нышанын білдіреді. Осы тіркесті енді өзіміздің қара көз ғой деп қолдансақ, ол адамның басқа ұлттарға емес, қазаққа тәндәгі, өз ұлтымыздың атауы екндігін аңғартады.
Дәл осы сияқты көк көз, қазақ арасында да көк көздер болатұрса да, орыс халқының уәкілін мең зейді. Ал қазақтар әдетте көзін ақ шел басқан адамдарды айтуы мүмкін. Бірақ бұл арадағы ақ көз көбіне фразеологиялық мәнде қолданылады да, ол «ұрымтал, нар тәуекел, қайтпас қайсар» адамдарды білдіреді. Көзі ауырудан қызарып жүретін адамдарды ел арасында «қызыл көз бәленше» деп айтуы ықтимал. Бірақ бұл тіркес фразеологиялық мәнде жиі қолданады: қызыл көз немесе қызыл көзді пәле дегенді біз «ылғый тырнақ астынан кір іздеп біреудің үстінен арыз айтып, жамандап жүретін пәқор адамды» көз алдымызға елестетеміз.
Сонымен төрт түрлі түстің көздің ауыс мағынасы арқылы фразеология дәрежесіне көтерлуі мене осыгндай семантикалық процестерге тікелей байланысты. Ал енді көзге қатысты осы төрт тіркесті түр – түс бояулары арқылы қимыл, әрекетке келтіріп көрейік көз қараю, көзі көгеру, көзі ағару көзі қызару. Бұл тіркестердің жалпы ұқсастығы болмаса, жоғарда кетірілген қара көз, көк көз, ақ көз және қызыл көздермен мағыналық сәйкестігі, қатыстығы жоқ олай дейтін себебіміз көздің қараюы, көгеруі, ағаруы, қызаруы көздің түсіне байланысты емес бұл өзгерістер кезкелген (қой көзден дже, бота көзден де) көзденде байқауға болады.
Бұл мәселенің бір жағы. Екінші жағы: түр-түстен жасалған етістіктер көз қатысқан фразеологиялық тіркеске қандай ауыс мағыналар үстеп түр – соны анықтау. Бұл арада көздің қарасы екі түрлі мағына артады: біріншіден, көз кейде шаршап – шалдығудан көзге ауыртпалығы түсетін бірыңғай майда істен кітап оқудан немесе ашығып жүдеуден қараюы мүмкін де, екішіден ол адамының бір нәрседен аңсар қатты ауғанда айла – амалы, тағаты таусылғанда қараюы мүмкі ондай қалге душар болған адам әдетте тәуекелге бой ұрады. Бұл мағыналардың екеуі дғе ауыс мағыналар көзі көгеру, көзін көгерту фразеологизмі де осы тәрізді мұндайда көздің тұсын өзгерту деген ұғым ту майды көзін көгерту – «көп құтырып, қыйнау, тәбәсін аузына келтіру, зарықтыру, мүсәпір ету» мұның мәні «көзіне көк шыбын үймелетуге» бір табан жақын.
Қазқ тлінде қөзін ағарту джеген тіркес сиректеу қолданылады. Оның мәні: «ақ» түсінің жақында игі мағынасына қатысты – «күткені келіп, қуанышқа кенелу, бақытты болу» кей жерлерде көзі ағару керісіше, «құдайын танымау» мағынасында жұмсалады. Ал енді көзі қызару, көзін қызарту тіркесіне келсек бұл жерде де негізгі мағынасынан мүлдем алшақ жатқан ауыс мағына байқалады: «бір нәрсеге әуестік сезімін ойатып қызықтыру» қызыққан нәрсесін ала алмай қолына түсіре алмай, іштей талпыну.
Байқап қарасақ, түр – түс атауларын етістікке айландырып та ,тіл мүмкіншіліктерін дамытып қоланыс өрсін кеңейте түсурнге болады екен. Сондықтанда бұл тәрізді фразеологизмдердің сөз шеберлеріміздің бейнелеу тәсәлдерінде көркем образ, портрет жасауда, табиғат құбылыстьарын алатын орны ерекше зор.
Бұл саладағы фразеологизмдердің тағы бір ерекшелігі: олар о баста белгілі бір затқа немесе құбылысқа байланысты қалыптасада дами келе қолданыс аясын кеңейте түседі тіптті мүлдем қатысы жоқ басқа заттар мен құбылыстарға да ауысып, тілдің керемет икемділік қасиетін пәш етіп отырады. Мәселен, қазақ саятшылары мен құс бегілері лексиконда Алтайдың ақ иығы деоген тіркес бар қыран бүркіттің қауырсын қанаттарына дейін қалт жібермей қадағалап, оған ерекше мән беріп отыраты саятшы қауым бұл тіркес арқылы алтай өлкесін мекен дейтін екі топшысының ұшар басында екі ақ жолағы бар текті бүркітті атап отыр. Бұл — өз алдына мәселе, халықтың даналылығы мен бірлігі осы тіркесті адамға қолдануынан да айқын көрініп тұр. Ақ иық қыранға ендігі жерде өзінің өнерімен, ақындығымен, сал – серілігімен де қазақ даласына әйгілі болған азаматтарын теңейді: арқаның ақ иығы Ахан сері, Біржансалдар.
Түр-түсті фразеологизмдердің мағыналарын алып тізіп өтксек.
Ақ арулап жөнелтті өлікті мейлінше қадірлеп, бар кәдесін жасап қойды.
Ақ ауыз қылды алдап, отырғызып кетті, аузындағысын білдірмей, жырып алап кетті.
Ақ бата 1 біреудің болашағна тағдырына деген жақсы тіліе, ізгі ниет, алдал көңіл қалауы 2 көне құдалық салттың береке – бірлігі ынтымаққа келген уәделі байламы.
Ақ безер де көк безер болды ант – су ішті тауысла, қарғана, қорғанды
Ақ бейіл (көңіл, ниет) таза, адал ойдағы адам; арамдығы кұдігі жоқ көңілінде қара жоқ, ақ ниетпен. Тым жақын дос болуға ыңғайласты(Абай)
Ақ болып кетті Ақ болып тартылып кетті Малдан сүт шықпады, суалып кетті.
Ақ боран Ақ түтек үскірік Көз ашқысыз, деп, желдете жауған қар.
Ақ бөкеннің таңындай Күн шалмаған аппақ, ақ күмістей. Денесінің ақтығы ақ бөкенің таңындай (Қамбар батыр)
Ақ бүйрық өлім Ақөлім 1Тағыдырдың дегенімен болған тура қаза 2Кей уақыт аурмай-сыздамай, бірден қайтыс болған адам туралы да айтылады.
Ақ білек 1Сұлу перизат; 2Қара жұмыстан қашатын мырза-жора.
Ақ дегені алғыс, Қара дегені қарғыс Ақдегені-Ақ, қара дегені- Қарғыс. Айтқаны болған, амірі жұрген айтқаны екі болмайтын. Бұл фразеологизмде ақ пен қара түр-түс мағынасында қолданылып тұрған жоқ. Мұндағы ақ- «айыпсыз, күнасыз» қара-«айыпты, күнәлі» деген манде айтылып түр.
Ақ дидар 1Сүу, келбетті, ақ-құба, өң, жүз 2Адал ниетті, адал пейілді шырай.
Ақ етек (ақ етек иман) болады 1Адал кісі, арамдығы жоқ жан 2адал көрінетін, адал көрінгісі келетін кісі.
Ақ жарқын жайдары, ашық көңілді.
Ақ жаулық Әйел, жұбай, қатын.
Ақ жауын үзаққа созылып майдалап жауатын жаңбыр.
Ақ жем Ақ жем болды (қылды, етті) 1қанын суға сорғызған ет 2су сорып ағарып кеткен 3 арам тер болды.
Ақ жерден қара болды Босқа күйді жазықсыз жапа шекті
Ақ жол Ақыйқат әділ жол, адал жол
Ақ жол Емі Қазақтың ескі салтынде ер жігітке оқ түсе, денеде түрып қалған оқты түсіру үшін жаралы кісі үстінен айелдерді үш марте аттатаын әдет болған егер ол әйел қүнасіз(өзге ерекке көзі түспеген болса) денедегі оқ кері шығады деген ұғым болан. Ешбір дәрііз құрплсызтекадалдығмен шипагер боолғандықтан әйелдерлдеің ь\бұ емін «ақ жол емі деп атаған.
Ақ жолтай болды Қадамы құтты, үнемі жолы болатын адам туралы айтылащы; келуі өзгеге жақсылықболған кісігеайтылады
Ақ жуып, арулап көмді Ақ орап қоиды Өлікті ардақтап қастерлеп шығарып салды
Ақ жұмыртқа, сары уыз 1Ана бауырындағы алпешті нәресте 2кінәсіз
Ақ жүрек 1Ақ,Адал көңіл 2Белсенді, адал көрінгісі келетін жан
Ақ иық 1мұз балақ ерекше қыран айырқша асыл қыран 2Айрықша асыл адам, Ар жігіт
Ақ иық болды Мезі болды, қажыды, жауыр болды.
Ақ иіліп сынбайды Қасиетті, адал адам, жаладан мерт болмаыды
Ақ келінге оранды 1Дүние салып кебін киді 2Ақ қардың астында қалды
Ақ кигізге көтерді көне. Ақ кйгізге орап қан сайлады
Ақ көбік қылды Терле-тепшітті
Ақ көз Надан, оқымаған, қараңғы. Оқыған білер әр сөзді, надандай болмас ақ көзді
Ақ көз ерлік көзсіз батырлық, жалтақсыз қимыл
Ақ көйлег диал ақ көңіл, аңқылдақ адал ниетті
Ақ көкірек ашық жан, мейірімді, адал ниет, ізгі тілекті кісі
Ақ көірек торғай секілді Ұшып қонған, жеңілтек, шыжбалақ кісі туралы айтылады
Ақ күн тусын жолың болсын
Ақ қас жөрекі алла! Тілек Түшкіргенде жақсылыққа болсын деген ұғымда айтылады
Ақ құба, бидай өңді, сұлу өңді сымбатты кісінің көркі туралы айтылады
Ақ құйрық көңіл ашар шай секілді Сапасы жақсы, хош иісті шайдай көңіл жадырататын кісі «Ақ құйрық пәміл шай» делініп те айтылады. Бұл жерде ақын жарасты әзіл-әңгімесі бар отырсты сөз еткен. Осындағы мамілелі сөзіде, ақын мұны антек, өзге ұғымда келісімі бар әңгіме ретінде қолдана тұрса да, сол «фамильный» дегеннен шыққан.
Ақ неке Ақ некелі төсек Адал жар некесі
Ақ орда 1Киіз үй2Ерте кезде билік иесі отырған үйді де осылай атаған
Ақ отау тіктірді Үлкен ақ үй дайындатты
Ақ пен қара дұрыс-бұрысы, жөнімен қисығы
Ақ пен қызыл арасында Күн үиясына кірген шақта
Ақ сазандай бұлқынды Сылаң қақты
Ақ сайтаны үстады Ашу –ызасы келді арқасы қызды деген мағынада
Ақ сақал қара сақал үлкен-кіші, кәрі-жас,
Ақ сақалды, сарі тісті бол! Алғыс Көп жаса
Ақ саңдақ жүйірік жолы боп озып жүрген саңлақ жүйірік, ақын т.б.
Ақ саусақ 1Ешқашан жанын қинап, қара жұмыс істемейтін кісі 2слу келіншек, қалын іске апармайтын, өзін күтіп жүретін нәзік жан
Ақ семсер Сапы мен қанжардан ірі екі жұзді қару. өлген жоқ Амангелді алі тірі әнекій ілулі тұр ақ семсері(Жамбыл)
Ақ сирақ жұт малды тігерге тұяқ қалдырмай түгел қырып кететін үлкен жұт
Ақ сөйле 1Әділін ай деген мағынадағы тілек 2жақсылық әкелсін деген мағынада
Ақ сүңқар Ақ сұңқар құс 1Қыран құс Ер-азамат баламасы. Ақ сұңқар құс дабысты дұшпаннан алған намысты, Қамбар кедей деген сөз «Ел құлағы елу ғой»; Есітті батыр сыбысты(Қабар батыр)
Ақ сұпыдай Әсем, Ақ торғын
Ақ сүт берді Ақ сүтін емізді, Ана сүтін беріп өсірді
Ақ сүт итұман Боз тұман ақ бұлттай ұиыған тұман
Ақ сүті ұрсын қарғыс. Ананың қарғысы тисін, сүті атсын
Сүтін ақтады Ниетімен борышын өтеді ата-анасының ізгі тілегінорындады
Ақсүтін кешті Рыйзалығын берді ақ сүтін кешсін анамыз, разы болсын атамыз(қызЖібек)
Ақ сүтін көкке сауды Назаланды, алқанын теріс жәйіп аналық қарғысын айтты
Ақтабан Мал-мүліксіз, сорлы Жүріңіздер ауылға, кедейім көрсін ақтабан (Қамбарбатыр)
Ақтабан болды. Ақтабан шұбырынды. Ақтабан ауғын болды. өзге жаққа басқан(Жаугершіліке ұшрап, жұтаңдықтан шұбырған) ел туралы айтылып тұр
Ақтамақ1 Қыздың әдемі, слу тамағы. Білектей арқасында өрген бұрым, Шолпысы сылдыр қағып жұрсе ақырын. Кәшат бөрік, ақтамақ, қара қасты слу қыздың қөрпе ең мұндай түрін(Абай)
Ақтамақ2 Диал. Айран не, не содан жасалған тағам(Шғ.қаз.)
Ақтеріні қара тері қылды. Көбіне бірді-бірге алмастырп, ауыструды, соқтығыстрады деген мағынада
Ақтүш, Ақсырдың сүтін іш. Кісі түшкргенде қалжың әзіл-ысқақ ретінде айтылған тілек
Ақ түйенің қарыны жарылды. Қарық болып қалды; ит басына іркі төгілді
Ақ тілеу адал ниет, таза, ізгі көңіл қалуы
Ақ құдай, сауапқа жаз! Жалбарына айтылар тілек рақым ете көр, істеген ісің қайрлы тисін
Ақ үйек мал. Адал мал, құтты мал
Ақ ұстінен қара таныды Ақты-қараны-ажыратты дұрыс-бұрысын білді
Ақ шелегі түскендей ақтарылды 1 Тасыла, өмешегі езіле сөйледі ақтарыла айтты 2 Түгін айаған жоқ
Ақ шелек келгір! Ақ шелек шалғыр қарғыс. Түйе малын айтылады
Ақ шалаң тарта құлаң иектенді. Рауандап атқан таң
Алауыз 1Бірлігі жоқ, ынтымақсыз, сабырсыз, арсыз, еріншек, көрсе қызар, жалмауыз сорлы қазақ сол үшін алтыбақан алауыз(Абай) 2Өсек-аяң ғайбат сөз
Алааяқ сұм, қу, залым, зымиан, суайт
Ала болды Арыздасты, дұрдараз болды ынтымақтан кетті
Ала бөтен, Ала бөек Елден ерекше, өзгеше
Ала жылан аш бақа Ала көз болып, араздасып отыр
Ала жібін аттамады Қианат жасамады, сұнанақтық істемеді, армадққа бармады
Ала арқан жіп кесісті Ат кекілін кесісті, бір жола араздасты, бөлінді
Ала кеуім(көлеңке) бозамықты күңгір шақ
Ала көбең орташ, құба төбел
Алакөз қылды Араз, қырғи қабақ болған адамдар туралы айтылады
Ала көзімен атты(қарады) Іштей жек көріп тікшие қарады, жақтырмады, жаратпады, ұнатпады
Ала көңіл1 Арам ниет көңілсіз
Ала көңіл2 1көбіне ойы өзгеге жұмысқа бөлінген ойы алаң кісі туралы айтылады 2 Жұртты бөле қарайтын кісі туралысайтылады
Ала қөрмеді Алаламай, алыс-жақындемей, бірдей көрді
Алакүлік келгі! Қарғыс. Алақүлік түйеде болатын ауырудың түрі
Ала қалжың, ақтай күлкі Әз-шыны аралас ақ жарылған күлкі
Ала қанат қар Ақ таңдақ жер, қара ала- құла еріген жер
Ала қаптың аузын аш Түгел ортаға сал, төгіп сал барыңды аяма деген ясияқты ұғымды береді
Ала қозыдай бөлінді Жік – жік болып ыдырады, телімге түсті
Ала қозыдай құлпырады Көздің жауын алап, жәйнәй түседі
Ала қол Алалаушы біредің райына қарай әділетсірдік жасаушы, ыңғайды бағып пайдакүнемдік істеуші, ала қолсыз, тіркесі «әіділ» деген мағынада айтылады
Ала құйын 1 ұйтқып соққан боран 2Жеңілтек мінезді, ұшып – қонған адам туралы айтылады
Ала құйындатып сөйлеу көптіріп әсірелей, өсіре еліре сөйледі
Ала тайдай бүлдірді 1 лаң, бүлік салды, атыстырып – шабыстырды, астан – кестең шықты 2 қатты ашуланды, долданды
Ала топалаңдатты Бөрі тигендей қылды
Ала ұстады алалды, әділ қарамады
Ала шабыр аралық, туыстығы шамалы ағайындар туоралы айтылып тұр
Ала шолақ болды қар ерй бастады, жер ала тартты
Аппақ қудай боп – боз жуған шүбіректей, жүзінде бір тамшы қан жоқ аппақ сазандай, жұп жұмыр, толық, етшеңді, көрікті, балғын
Ешкімнің ала жібін аттамады жан баласына қиянат жасамады, бұрауын алмады
Боз
Боз алатаң елең – алаң таң сәрі
Бөз ешек қылды биенің желінінде түк қалдырмай сауып алды
Бөз жаңбыр ақ жауын бөз күйік бор бас қолынан ештеңе келмейтін (адам)
Боз қасқа ақ сары, бас шалды бөз қасқа сойды мал сойып құдайы берді
Боз қырау күзгі түскен қырау
Боз өкпе жасық қойнынан безі түскен бос
Көк
Көйлек көк, тамақ тоқ не ішіп, не жеймін демейді ауқатты тұрмысы жақсы
Көк айыл долы 1 ашушаң ұрсқақ 2 күші ерен
Көк ала алуан түсті әр қилы әр тұқымдас
Көк ала жалшы жалшы жамылды ертеде батыр киінген киімді қастарлеп айтып отыр
Көк ала қойдай көк ала қойдай қылды қан жоса — қылып ұрып – соқты
Көк ала мылжың көк ауыз көк мылжың Ез малта, көпірме бөспе сөз кісі туралы айтылады
Көк аяз борсып көгерген қатқыл шикі көк бақа 1 тырбиған арық (кісі) 2 жылт етері жоқ арық ет
Көк байлады 1 шыңға шалшық өсті 2 көкпен жүзіді көкте самғады
Көк дауыл 1 өте екпінді мейлінше асқақ мағынасында 2 ашуы қатты, көк долы мағынасында
Көк есек көмпіс жан істің құлы жұмысқа қолжаулфы адам
Көк есепен сауда жоқ ертеңі мен ісі жоқ (ертеңгі сауда – сауда, кешкі сауда — қуға), «көк есектің саудасы ертеңгі сауда сияқты фразеололар: өмір – сауда, оның ертесі жақсы, — дегенді меңзейді»
Көк етікті бұ жерде басқалардан тәуір өзгеден артық деген мағынада к
Көк жалқау нағыз ерінше шабан аяқ
Көк жамбас 1 үсті сатала, тым жүдеу мағынасында 2 қрық қуық, шыжың 3 берекесі кеткен төсек тартып жатып қалған дәрменсіз қарт
Көк жасық 1 аса жылаң қарағы жоқ арақ ет туралы айтылып тұр 2 мардымсыз ештеңеге арзымайтын
Көк желке қара 1 құс шүйде жалғасқан сырт мойын 2 тіс қақан төзімді
Көк желкесінде Дәл сыртын ала, өте жақын жерде.
Көк желкесіне мінді Бағындырды, ырқына көндірді.
Көк жиек көтерілді Қараңғылық сейілді, таң сыз берді.
Көк жұлын Шабысқа, жортуылға шыдамды тұлпар ат.
Көк жұлын болды Әбден титықтап кетті.
Көк ит Озбыр мағынасында айтылады.
Көк кәріне ұшыра Қарғыс көк тәңірінің қаһары келсін, қаһар – кәріне тап бол.
Көк көбесі сөгілді Найзағай қатты сатырлап, жалт – жұлт ойнағанда айтылады.
Көк көкіретіп, Жер тітіретті жерді бір уыс етті, әлегін аспанға шығарды.
Көк күмбез Аспан әлемі.
Көк қарын Арық.
Көк қасқа Көне. үлкен ас, тойға сойылар, құрбандыққа шалынар малдың таңдаулысы.
Көк қасқа айтты Ескі наным, сенім бойынша ірі тойға, құрбандыққа т,б мал атау, сою дәстүрі.
Көк майдан Айдын шалқар.
Көк майса көк шалғын Шөбі мол, жайсаң жер. Жазды күн шілде болғанда, көк орай шалғын бәйшешек (Абай).
Көк малта Сөз құмар, көбік ауыз.
Көк (сор) маңдай Сорлы адам, азап – сор арылмаған адам.
Көк ми Топас, айтқан сөз басына қонбайтын ессіз.
Көк мойын 1.Ығыры шыққан, қажыған. 2. Келіскен, көркем, сұлу.
Көк орды Жастай қыршынын қиды, өмірден ерте алды. Көп жасамай, көк орған, жарасы үлкен жас өлім (Абай).
Көк өрім, көген көз Бала кез, қыршын жас, қатаймаған. Интернатта оқып жүр талай қазақ баласы, жаңа өспірім көк өрім, бейне қолдың саласы (Абай).
Көк сабан болды Дән алмады, басына түк шықпады.
Көк сақал Орта жасқа жетіп, сақал – мұртына ақ кіре бастаған адам туралы айтылады.
Көк соққан көк соққыр! “Алланың қаһары тисін” деген мағынада.
Көк соқта болды көк соқталанды Қардың қатты еріп, қарлы су бола бастағандығы туралы айтылады.
Көк сүңгі Бұрынғы батырлардың найза іспетті бас қаруының бірі.
Көк тайғақ Жауын – шашыннан, суықтан болған жылтыр сырғанақ.
Көк тер болды Қара суға түсті.
Көк тиын Түк те, дәнеңе де (ең болмаса бір тиын да).
Көк тұқыл Сақалын қырғанда, иек тұсы көгіс тартып қалатын адам туралы айтылады.
Көк түйнек болғыр Қарғыс ауруға шалдыққыр деген мағынада.
Көк шешек келгір Ұрыс – қарғыс.
Көк шиқылдақ жоқ диал әбден басылған жоқ, тапталған жоқ.
Көк шыбықтай қырқылайық Дауды бітіріп, бір қорытындыға келгенде айтылатын серт, ант.
Қара азық Ет – майдан басқа тамақ.
Қара аспан айналып түскір! Басыңа қара күн тусын!
Қара аспанды жауға алдырды Уайым – қайғыны, хауып – қатерді асқындыра айтты!
Қара байлады Көне. Кісісі өлген үйдің(ауылдың) қайғы – қасірет белгісі (қара мата, қара киім т.б) туралы айтылады.
Қара байыр 1. Күш көлік аты 2. Арғымақ пен қазақы жылқыдан туған будан.
Қара бақыр Жезден, мыстан жасалған тиын – тебен.
Қара басқан Оңбаған, ісі қырысқан. Қара басқан, қаңғыған, қас надан нені ұға алсын. көкірегінде оты бар, құлағын ойлы ер салсын (Абай).
Қара бастың қамын жеді Өзінің ғана пайдасын көздеді, өзінен өзгенің қамын ойламады.
Қара басы 1. Соқа, жеке басы; тек өзі, өзі ғана. 2. Жай қарапайым халық мағынасында.
Қара басыңа көрінгір! Бәле өз басыңа ғана келсін, өзгеден бөлек келсін.
Қара бауыр Без бүйрек, қаскөй жан. Қайрымсыз қатігез адам.
Қара бет Ұятсыз, арсыз, бетпақ, қаныпезер.
Қара болды Ес болды, бас – көз болды.
Қара борандатты Ызғар шашты.
Қара борбай Көне. Бейнетқор шаруа адамы.
Қара бұқара Көне. Қанаушы тапқа қарама – қарсы тұрған еңбекшілер, көпшілік жұрт.
Қара бітпеген Тақыр кедей, маңдайында, есігінде адалға қарасы жоқ.
Қара дауыл Екпінді, суық, ызғарлы жел.
Қара дауына басты, қара дауын қозғады Ескі әдетіне басты, көне сарынға салды.
Қара дүрсінге басты Бұл жерде дөрекілік, ожар мінез көрсетті деген мағынада.
Қара есекке теріс мінгізді Өсекке таңды, атына кір келтірді.
Қара ет Нансыз, басқа қосымшасыз таза ет.
Қара еті жыртылды Денесі ауырды, көтертпей қалды.
Қара жаңбыр Нөсерлі қалың жауын.
Қара жарыс Жәй жарыс. Бәйгесіз жарыс.
Қара жапты Жала жапты.
Қара жау Қас дұшпан.
Қара жаяу емес Құр алақан емес.
Қара жел Жауын – шашынсыз азынап соққан өкпек жел.
Қара жер Жер беті бейнеленіп айтылып тұр.
Қара жер болды 1. Тапталды, тып – типыл болды 2. Қатты ұятқа қалды.
Қара жерге отыртты Ұятқа қалдырды, масқара етті.
Қара жердің қыртысын қақ айырды Күш – қайрат жасады, маңдай терін төгіп бейнеттенді.
Қара жер төсек болды 1.Басына қиыншылық түсті, зәбір – жапа шекті, жаны күйзелді 2. О дүниеге кетті, молаға түсті.
Қара жердің талысы Жер қойны.
Қара жермен тең болды Қадірсіз, елеусіз, сыйсыз болды.
Қара жол Үлкен даңғыл жол.
Қара жон Есті, денесі тығыршықтай толық әрі мықты, төзімді деген мағынада қолданылады.
Қара жұмыс Көбіне дене еңбегі туралы айтылады.
Қара жұрт 1. Көпшілік, бұқара халық 2. Ескі қоныс, байырғы мекен.
Қара жүнді қарға Түкке тұрғысыз бейшара деген мағынада қолданылып тұр.
Қара жүрегі қақ айрылды Қатты құсаға шалдықты, қасірет шекті.
Қара жүрек Рақымы жоқ, қанқұйлы адам.
Қара жүріс Шаппай жүріп отырған аяңды ұзақ жүріс.
Қара кесек ет Майсыз ет.
Қара киді (жамылды, салды) Дүние салған, өлген кісіге байлансты айтылады; қайғыра жоқтады, қаралы болды.
Қара көбейтті Санын арттырды, қолынан келері болмасада көпшілікке қосылып жүрді.
Қара көже Қатықсыз ас, нәрсіз тамақ мағынасында.
Қара көз Сұлу қыз, жас әйел туралы айтылады. Қара көз, имек қас, қараса жан тоймас (Абай).
Қара көлеңке Апақ – сапақ, қараңғылық түсіп, айнала көмескі тартқан мезгіл.
Қара көңіл 1. ниеті арам, аяр кісі 2. Қам көңіл жан. Қара көңілім оянсын, жыласын көзден жас ақсын, омырауым боялсын (Абай).
Қара көрім жер Көз ұшы жетпейтін қашықтық, алыс, жырақ. Қара су қара көрім жерге апарады (мақал).
Қара көрсетті 1. Жырақтан көзге түсіп отырды 2. Бой көрсетті.
Қара көрінді Бірдеңенің қарасы байқалды, қараңдап көзге түсті.
Қара күн Әбден жан қиналған, қиындық түскен кез.
Қара күн туды Қиын – қыстау кез болды, жаман шақ келді.
Қара күш Дүлей қайрат, мылқау күш.
Қара күшке салды Әдіс – айласыз жәй күшке, дене қайратына салды.
Қара қағаз Қаралы хат.
Қара қазан бай Кедейден байыған жан, қатардағы кісілерден шыққан бай.
Қара қазан бұрын пісе ме, қара қатын бұрын таба ма? көне. Толғатқан әйелге ырым ретінде айтылады.
Қара қазан сары баланың қамы Бала – шаға өмірі, от басы амандығын қорғаштау мағынасында.
Қара қайыс болды (боп қатты) Қаңсыған, сірідей сіресті.
Қара қалмады Тұқым – тұқиян қалмады.
Қара қамшы Қара күш иесі, қаһарлы, өктем адам.
Қара қанат болды Өздігінен жетілді, толысты.
Қара қан боп қатты жүрегіне кек боп байланды.
Қара қаптал 1. Бұл жердегі мағына: жылқының желдік астына келетін қабырға тұсы. 2. Бұл жердегі мағына: жылқының ер қажаудан болған жауыр жарасы.
Қара қарын 1. Жылқының іш ауруы 2. Шиеттей бала – шаға.
Қара қасқа кедей Тым жарлы, кедей.
Қара көзді, қарақаттай көз, қарақат көзді Аса сұлу жүзді әйел мағынасында(кей түркі тілдерінде “қат” өздігінен тұрып ”қарақат” жемісін білдіреді. Бұл жерде көз әсемдігі сөз болып тұр).
Қара қатқақ болды Жердің әбден құрғап, кеуіп кетпей, тоңазып жатқан кезі.
Қара құйын Шапшаң, дүркірей, аяқ астынан.
Қара құлақ 1. қатерлі, тағы айуанат туралы айтылады. (қасқырды “қасқыр” деп атамай, қара құлақ деп атайды. Басқада жыртқыш аңды тілдегі”табу ” тәртібі бойынша осы тіркеспен атайды ) 2. Тыңшы, салпаң құлақ.
Қара құлақ болды 1. Едәуір жетіліп қалған төл мағынасында айтылады 2. Есейді, ер жетті.
Қара құрттай қаптады Быжынай түсіп, топтала ұмтылды.
Қара құрым қара құрық қара құрымдай Өте көп, жер қайысқан.
Қара құрым Ескі, қара қошқыл киіз.
Қара қылды қақ жарған қара қылды қырыққа бөлген Тең таразы, әділдік туралы айтылады.ақылды қара қылды қырыққа бөлмек, әр нәрсеге өзіндей баға бермек (Абай).
Қара мал Сиыр малы (кей жерде жылқыдан басқа ірі қара) туралы айтылады.
Қара мен төре көне. Қара сүйек, ақсүйек қауымдары. Қара мен төре таласып, форымына қарасып, алдынан өтті көріктен (Қамбар батыр).
Қара мысық өтті Салттық ұғым, ырым. Кісілер арасында алауыздық пайда болды., біреу от тастады (жолға шыққан адамның алдынан қара мысық өтсе, “жолы болмайды “деген ескі сенімнен келіп шыққан ).
Қара нар, қалы кілем көне. Ескі уақыттағы байлық салтанаттың, көрсетер си – құрметтің берілер айып – таралғының бас белгі заты (“қалы” сөзі құнды кілем ұғымын білдіреді) қалы кілем, қара нар тайтұяқ жамбы және бар, дабылдарын бөктіріп (Қамбар батыр).
Қара ниет (пейіл) Арамдық, жамандық ой.
Қара нөпір қара нөпір қол көне. Көп қол, әскер, қауым.
Қара нөсер Шелектеп құйған жаңбыр.
Қара орман Барлық мүлік, сайман, дәулет.
Қара орнынан айырылған Туған жерін, ата қонысын қолдан шығарып алған.
Қара от Мал жейтін, жусан тәрізді жабайы өсімдікті шөп.
Қара өзек шақ Жуанның созылып, жіңішкенің үзілген шағы.
Қара өрттей қаптады Құйындатып, астаң – кестең боп түтетіп кетті.
Қара пәле басты Албасты ұрды деген мағынада.
Қара сирақ көне. Тақыр кедей, жарлы – жақпай.
Қара сирақ (қара борбай ) бала әлі ұлғайып жетпеген жас жеткіншек.
Қара сорпасын ұрттатқыр қарғыс. Қазасына асылған тағамды жесін! Қазасын көрсетсін!
Қара сөз Бұл жердегі мағына: ауыз екі халық сөзі.
Қара сөзді қайын қылды Тапқыр сөйлеуді мақсат қылу мағынасында айтылып тұр.
Қара су 1. Тек қана су, жай ғана судың өзі 2. Ақпайтын су, көлшік, тоған, тұма суы.
Қара судан қаймақ алды Әбжіл, жылпос, қу кісі туралы айтылады.
Қара суық Жер қара кездегі жаңбырсыз ызғарлы жел.
Қара табан көне. Еңбегін сатып күн көрген жарлы кедей.
Қара табан болды Ержету, ұлғаю мағынасында айтылады.
Қара талақ келгір! Қарғыс қара талақ ауруына кезігу мағынасында.
Қара таныды Хат біледі, сауаты ашылды.
Қара тартты Назарға алып, алаңдады.
Қара тасты балқытқан Тас көңілді ерітті, елжіретті.
Қара таяқ көне. Қала оқыған адамға ертерек кезде қойылған кекесін ат.
Қара тер болды қара терге боялды 1. қара суға түсіп терлеп – тепшіді 2. бекер әуре сарсаңға түсті.
Қара тұман 1.судың қалың буланып,жер бетін түтін іспеттес қаптауы мағынасында 2. Өксіген өмір, қызығы жоқ тіршілік.
Қара тұтты Арқа сүйеді, тірек қылды.
Қара тұяқ 1. Өсіп жетілген туар мезгілі таянған іштегі төл 2. Төлдің аяқтанып кетуі.
Қара түйнек Мал ауруы (ішектің түйілген жері қарайып кететін ауруы ).
Қара түнді қақ жарды Қараңғы уақтағы шаңқылдаған дыбыс туралы айтылып тұр.
Қара түнек 1. Көзге еш нәрсе көрінбейтін, қап – қара көзге түртсе көргісіз қараңғы 2. Өмір соққысы, тіршілік азабы.
Қара (сары) уайым басты Қайғырды, қамығу, қайғыға шомды.
Қара үзіп қалды Көз жазып қалды.
Қара үзді қара үзіп шықты Озып шықты, топтың алдына түсті.
Қара үй 1. Ескі киіз үй 2. киіз үй.
Қара үйлі Күй тұрмысы нашар, шаруа жайы кем мағынасында.
Қара шаңырақ Үлкен үй, тәрбие алған, ұшып шыққан ұя.
Қара шапан Жібектен басқа матадан тігілген сырт киім.
Қара шаруа көне. Қара жұмыспен күн көретін қарапайым жұрт (осы күні әдеби тілде “шаруа” делініп жүр “қара ” сөзі жеке тұрып та ”жай” деген ұғым білдіреді ).
Қара шашы жайылсын! Қарғыс. Қазалы болсын.
Қара шешектей жайылды Барынша бойды билеп алған.
Қоңыр жел Бір келкі жайлы салқын леп(қоңыр компоненті басқа да кейбір сөзге қосылып, тиянақты тіркес құрамына енеді. ыңғайына қарай “орташа” деген ұғымды білдіреді. Мәселен “қоңыр салқын” “қоңыр көлеңке” сияқты тіркестер керісінше : ақпан, қаңтар салқынын емес, қара көлеңке емес. “қоңыр бел” деген тым үлкен бел емес, біркелкі кішігірімдеу бел).
Қоңыр кеш Кешқұрым, жаңа қара көлеңке түсе бастаған мезет.
Қоңыр көрді Кем тұтты, олқы санады. Татулықты, тыныштықты қоңыр көрер, кем көрер, ұрлық пен қулықты қызық көрер, өңі енер (Абай).
Қоңыр күз Ызғар, суығы жоқ, біркелкі жәйлі күз.
Қоңыр салқын(шақ, сәт) Ызғарсыз сәт, мезгіл.
Қоңыр салқын қабақ Ренішті суық жүз, рай.
Қоңыр салқын қабақпен қарады Бар ықыласы құламай, бейтарап қарау.
Қызыл арай Күн шапағы( таңертеңгі және кешкі мезгілге байланысты айтылады).
Қызыл ауыз Көп сөйлейтін мылжың.
Қызыл гүл Ақын бұл жерде сұлу, жас қызды бейнелеп тұр.
Қызыл жон қып сабады Көк ала қойдай етіп сабады, арқасынан қанын шығарып отырып ұрды.
Қызыл иек болды Бұл жерде кәріліктен тістері түсіп қалды деген мағынада.
Қызыл кеңірдектесті қызыл өңеш болды Таласып дауласты, керілдесті, жанжалдасып керісті.
Қызыл көз пәле барып тұрған пәлеқор, жалақор.
Қызыл көрген құзғындай Аш көз, ашқарақ, қомағай.
Қызыл көрмеді Ұзақ уақыт ет жемеді.
Қызыл қанға боялды Бірін – бірі аямады, өлген – тірілгеніне қарамай төбелесті, аузы – басын даладай қылды.
Қызыл қарын жас бала Ес біліп, етек жаппаған, буыны қатпаған, ержетпеген бала.
Қызыл қарын бұты шыт көне. От басында елеусіз жүрген, бағып – қағуы кем ойын балалары.
Қызыл қырғын Қан майдан.
Қызыл қырман қылды қырып салды, қызыл жоса қан қылып кетті.
Қызыл май болды 1. Ат алқынып, қан сорпасы шықты 2. Босқа әуреленді, арам тер болды.
Қызыл өңеш Даукес, сөзуар.
Қызыл сирақ сіңірі шыққан жарлы.
Қызы сөз құр, бос сөз. тиянағы байлауы жоқ сөз, ойсыз жылтыр сөз.
Қызыл сөзден бал жақты Әсіреледі, асыра мақтады.
Қызыл судай жүрді Қолынан келгенін істеді, еркін баса көктеп әмір етті.
Қызыл табан болды Табанынан таусылды, көп жүріс көрді.
Қызыл танау болды Барынша елерді, өрекпіп, асығыс – үсігіс қимылдады.
Қызыл тұмсық болды Олжаға кенелді, олжасын қызықтады.
Қызыл тіл Шешен, орамды, жүйрік тіл. Сайрада, зарла қызыл тіл, қара көңілім оянсын(Абай).
Қызыл тілін безеді Тілі мен жағына сүйене, суырыла сүйреңдеп сөйледі.
Қызыл шақа 1. Шыр етіп, жаңа туған бала 2. Құс балапаны.
Қызыл шақа қылды Тап – тақыр жүнін жұлып, қырқып алды.
Қызыл шеке болды Аянбай жұдырықтасы, әбден төбелесті.
Қызыл шұнақ аяз Бетті қарып жіберетін шытырлақ аяз.
Қызыл шырайлы Бетінен қаны тамған, өңді.
Қызылым қырда, жасылым жарда жиналып бітпеген, қырмандалып, бастырылмаған егін туралы айтылады.
Қызыл іңір Кешке таман ымырт жабылып, қас қарая бастаған мезгіл.
Сары
Сары ала етек сарпылтаң бұл жердем күнделікті күйбің тіршілік ыңғайымен сарытып болды деген мағынада.
Сары алтындай сақтады Мейлінше қадір тұтып, қастерлей күтті.
Сары төсек ұзақ төсек тартып ауыру.
Сары ауыз Өте жас, жетілмеген, бесік табы белінен кетпеген.
Сары аяз Ұзаққа созылған қатты суық, шытырман райлы күн.
Сары бел Кең, ұзақ сонар созылған жон.
Сары жамбас болды Ешқайда шықпай, ұзақ жатып алды.
Сары жон Ұзын ұрға дөңес, қырқа, жал.
Сары жұрт Ескі, көне қоныс орын, қалың ел мекен – жайы.
Сары жұрт болды сары жұрт қылып тастады жер суды тоздырды, шаңын шығарды, шөбі таусылып, тақырланды.
Сары жілік саргідір, орта жастағы кісі.
Сары қарын бала сары мойын бала Шиеттей жас бала.
Сары сүргін қу қырғын Аласапыран кез, талау – тартыс, айдауға түскен шақ, елдің берекесі кеткен кез.
Сары табан Еңбек, бейнетке құрыштай шыныққан.
Сары табан қар із түсіп тапталған, ысқаяқ жылтыр тартқан қар.
Сары тап болды Ысылды, қатып – семді.
Сары тоқым ұры Тіс қаққан кәнігі ұры.
Сары тора жақ Тоқтасқан кез.
Сары тіс Көпті көрген жер ортасы жасқа келген адам.
Сары тіс сақа айғыр Әккі, кексе жылқы.
Сары уайым Тұңғыйық қайғы – қасірет.
Сары ізіне шөп салды жамандық істеді, көзіне шөп салды.
Сұр
Сұр жебе көне. Бұрынғы өткен батырлардың өткір садақ оғы.
Сұр заман көне. Қатігез шақ, ауыр уақыт.
Сұр кедей көне. Қу тақыр жарым – жақбай.
Сапалық сын есімдердің ішіндегі түр – түспен келген фразеологизмдердің тағы бір ерекшелігі: ақ пен қызыл, ақ пен қара тәрізді контрасты түстерді алма – кезек қолданып, қарама – қарсы қою арқылы небір өмір көріністерін суреттеуде, логикалық ойда\ы әсерлі де, нақышты да етіп беруде таптырмайтын тәсіл. Оған “Аузынан ақ ит кіріп, қара ит шығу” “Ақ дегені – алғыс, Қара дегені — қарғыс”, “Көздің ағы мен қарасы”, сияқты мысалдарды көптеп келтіруге болады.
2.3 Сапалық мағынаны білдіретін фразеологизмдер
Түр – түсті білдіретін сын есімдермен қатар сапалық мағынаны білдіретін сын есімдерде фразеологиялық бірліктер құрамында кездеседі:
Жақсы айтты Дұрысын сөйледі, орынды сөз сөйледі.
Жақсы ата Беделді, текті қабырғалы ата баласы.
Жақсы атанды жақсы атты болды, ауызға ілінді.
Жақсы ат жоқ Қанша бейнеттеніп, тырбынса да, мақтау ала алмады, еңбегі зая болды.
Жақсы атты болды Тәуір атанған, ел аузына ілінген, мақтаулы атқа ие болған кісі.
Жақсы атты көрінді Жағымпазданды, жалпақтады.
Жақсы аты келеді Аброй – атағы, мақтауы саған болады.
Жақсы – жаманды ажыратты Өлер жерін білді, оң мен солын таныды.
Жақсы жатып, жәйлі тұрыңыз Ұйықтар кезде, жатар алдында айтылады.
Жақсы ит өлігін көрсетпейді Өзін ешкімге қорлатпайды, көз түрткі болмай шетке кетеді.
Жақсы сөз – жарым ырыс Жағымды сөз жанға медеу.
Ай ортақ, күн ортақ, жақсы ортақ жақсы адамның шарапаты ай мен күндей, жұртқа бірдей түседі.
Ештен кеш жақсы Игіліктің ерте – кеші жоқ.
Жаман
Жаман айтпай, жақсы жоқ Алда – жалда сәтсіздік болса, Алма – ғайып дүние.
Жаман айтты Қатты айтты, ұрсып тастады.
Жаман ат 1.жаман атақ 2. өлім туралы, не әлде бір жәйсіз хабар.
Жаман атты болды жаман атаққа қалды Өсекке, абыройсыздыққа қалды.
Жаман атқа тақты Өсекке, айыпқа теліді.
Жаман аты шықты Жаман қылығы әйгілі болды.
Жаман көзбен қарады Жаратпады, жақтыртпады.
Жаман көзден аулақ етсін Тіл – көзден сақтасын.
Жаман сөзге барды Ренжісті, жүз шәйісті, жағымсыз сөз айтысты.
Жаман түйенің жабуындай Әбден тозығы жеткен ескі, алба–жұлбасы шыққан.
Нашар кісі диал. Әйел бала, қыз бала.
2.4 көлемі мен аумағын білдіретін фразеологизмдер
Үлкен есеппен жасады Белгілі бір пікірмен істелді, алдына зор мақсат қойды.
Үлкен үй көне. Үлкен ата, кәрі әже отырған үй.
Жолы үлкен Бас рудың адамы, не атасы, әкесі үлкен кісі туралы айтылады; қызмет бабы жоғары кісі туралы да айтылады.
Қолақпандай үлкен Еңгезердей, сойдауыттай.
Кіші бесін Күн төбеден ауып, кешкірген кез. Тек мойындары ырғайдай, беттері торғайдай болғанда, кіші бесін кезінде бір қалың қамысқа жетті (қазақ ертегісі).
Кіші дәрет сындырды Түзге отырды.
Кіші пейіл Мінезі сынық, сыпайы, инабатты.
Ауырдың үсті,жеңілдің астымен жүрді ауырмен жеңілдің арасынан өтті Істің оңайына жүретін, ауыр бейнетсіз, жанға жайлы жағына ұмтылатын кісіге айтылады.
Жеңіл жүрді Жылы киімсіз, жеңілтек Киммен жүрді.
Жеңіл жүрісті Жұбайының көзіне шөп салы, жат мінезге түскен кісіге айтылады.
Жеңіл тиді Ауыр болмады, оңайға соқты.
Аузы жеңіл Не болса, соны айта салатын жеңіл мінезді кісі.
Кең балақ, жалпы етек Қолынан іс келмейтін, олақ, салдыр салақ, шаруасы ұқсап жатпайтын кісі.
Кең дүние тар болды Күллі әлем, жарық дүниеде барар жері қалмады, дүниеден түңілді.
Кең қолтық, кең есік кең пейіл, бауырмал жан.
Кең құдай діни. Кешірім, рақымы мол, тәңір.
Кең пейіл Ашық көңіл, қолы ашық, мырза, сараңдығы жоқ адам.
Бейілі кең Жомарт, мырза.
Жуан ата Революциядан бұрынғы ел басқарған, үстемдік жүргізген үлкен әулет.
Жуан аяқ көже Үлкен ыдысқа толтыра құйған, бір кісі сыбағасынан артық көже.
Жуан жұдырық көне. 1 Біреуді жалдап, еңбегін пайдаланушы, зорлап үстемдік жүргізуші. 2 Алды – артына қарамайтын, ұр да жық, томырық мінезді, өзімшіл, тізе көрсетуші кісі туралы айтылады.
Жуан ортасында Істің, я топтың, әңгіменің нақ төрінде, ең ішінде, арасында.
Сынық жан Мұңды, қайғылы, жабырқаңқы кісі.
Сынық қарыс Өлшем, сұқ я ортан қолдың екі буынын бүгіп барып есептейді.
Сынық ине, сыдырым таспа бермейді Өте сараң, өлермен, пайдакүнем.
Сынық кісі Сыпайы, кішіпейіл адам.
Сынық сөз Сыпайы, мүлайым сөз.
Терең білді Жете бойлап барып таныды.
2.5 Дәмі мен исін білдіретін фразеологизмдер
Сырты ащы, іші тәтті Сырттай қатал, тік болғанымен, түбін ойлағанда пайдасы мол кісі туралы айтылады.
Ащы аңсаған мал сияқты Ащыға өте құмартты(жерік болған әйелге, Ащылаған кісіге айтылады).
Ащы дауыс Шыңғырған үн, үрейлі, зарлы айқай, қатқыл үн.
Ащы зар Ауыр қайғы, уайым, мұң, тілек.
Ащы қылды Араз болды, өкпелесті (ағайын, дос – жар арасын бұзғанда айтылады).
Ащыменен тәттіні татқан білер Бәрін көрген, көрмегені жоқ, өмірдің ыстық – суығы, ащы – тұщысын көп көрген.
Ащы өмір 1. Азап шеккен тіршілік 2. берекесіз, өсек – аяңды күн.
Ащы тер Қатты қиналған жұмыс, артық жұмсалған еңбек күші туралы айтылады.
Ащы тері төгілді Қатты қиналды, қатты қиналып әрекет етті.
Ащы тіл Өте ауыр, жер – жебіріне жеткізе, қатты айтылған балағат сөз, ызалы сөз, қатты айтылған кейіс сөз.
Ащы тілін сұғып алды Кекесінді өткір сөзбен түйреді.
Ащы шындық Жанға батар ақиқат.
Ащы ішектей созылды 1. Ұзыннан – ұзақ шұбатылды 2. оралғы, сылбыр кісіге де айтады.
Бала балдан тәтті, оттан ыстық, күннен жарық, мамықтан жұмсақ Ата- ананың балаға деген мейірі, сүйіспеншілігі туралы айтылады.
Тұщы тәнге тиген ащы таяқ Жазықсыз жанға көрсеткен азап.
Тұщы ұйқы Жәйлі, тыныш, алаңсыз тәтті ұйқы.
Тәтті сөз Көңілге жағымды әңгіме.
Тәтті сөздің дәмін кетірді Айтатын ретін білмей, сөздің құнын түсірді деген мағынада.
Тәтті тіл Жанды еріткен жақсы сөз, әңгіме.
Тәтті ұйқы Рақаттанып ұйықтағанда айтылады.
Жараға себілген ащы тұз Азап үстіне азап.
Жан тәтті Өмір сүру өте қымбат мағынасында.
Сапалық сын есімді фразеологизмдер де номинативтік мағынасынан гөрі ауыспалы мағынасында көбірек кездеседі. Тағыда біраз сапалық сын есімді фразеологизмдерге тоқтала кетсек:
Семіз сөз Асқынған сөз. Бай аузында сасық сөз (мақал).
Жардай семіз Бұл фраза малдың, әсіресе түйе мен жылқының семіздігі туралы да, адамның семіздігі туралы да айтылады.
Жылы жүрек Қайрымды, мейрімді, тірлікке ынтығы бар сергек көңіл.
Жылы жүзді Жайдары, мінезі жайлы.
Жылы көңіл Ілтипатты сезімге толы көңіл, жұмсақ елжіреген көңіл.
Жылы қабағын бермеді Жадырап, жылы жүзбен қарамады.
Жылы қабақ білдірді жылы қарады Жылы шырай берді, жадырап жақсы қарсы алды.
Жылы құшақ 1. Ана құшағы, ана аймалауы 2. Ыстық көңіл 3. Жар құшағы.
Жылы орнын суытпады Отырған, тұрған үйінен қозғалмады; қоныс ауыстырмады, ешқайда көшпеді.
Жылы орын тапты Жәйлі орынға жайғасты.
Жылы сөз Жағымды сөз, ұнамды әңгіме.
Жылы сөйлесті Ішіне кіре сөйлесті, жағымды тіл қатты.
Жылы тиді Көңілге ұнады, жанға жәйлі болды.
Жылы шырай Жайдары жүз.
Жылы шырай берді жылы жүз, жайдары келбет көрсетті.
Жылы ізін суытпады Іле – шала, тез, кешіктірмеді.
Нәзік жан Әйел бала, қыз бала, әлсіз кісі.
Суық ажар Ренішті, кейсті пішін, зәрлі бет; жатырқап жасқана қараған пішін.
Суық жүріс біреумен көңілдес болу.
Суық қарады, суық қабақ көрсетті Жақтырмады, жақтырмай салқын жүздесті.
Суық қапты суық қысты, аяз қарыды.
Суық қолын сұқты Талан – таражға салды, ұрлап – жырлады.
Суық сорды Суық шалып, түрі қашты.
Суық сөз Жағымсыз, жаман хабар, алып – қатысы бар қауіпті әңгіме.
Суық сыр Жаман ниет, түйген зілі мол, бүркеулі жәй.
Суық тартты Көңілі жығылмады, салқын қарады.
Суық үн Ашулы, қатты шыққан дауыс, қаралы үн.
Суық ұстады салқын тиді.
Сасық ой Арам пиғыл, ниет, пікір.
Сасық сөз Бықсық әңгіме.
Сасық қулық Жатып атар, алдамшы қылық, жымысқы мінез.
Кәрі буын Егде тартқан, тіс қаққан.
Кәрі жыны қозды Ашуы келді, ашулы айбарға көшті, намыстан ашуға мінді, шабыты келді.
Кәрі иттік Бұрыннан келе жатқан арамдық, оңбағандық.
Кәрі қатты Ашуы ызғарлы.
Кәрі қойдың жасындай жасы қалды Жасы жетіп, қартайды.
Кәрі құлақ көне. Сөзді, ескі әңгімені көп білетін кісі.
Кәрі тарлан көпті көрген көне, жасы орта жастарға келген, егде тартқан, ыстық – суықты көп көрген адам.
Кәрі шөңге Көпті көрген, көне сөзді, айла – шарғысы мол.
Жас буын Жеткіншек.
Жас балапан Нәресте, жас бала.
Жас жауқазын сарымсақтай Бұл жерде ақын уыз жас келіншекті, әлі толып піспеген жас жауқазынға теңеп отыр.
Жас иіс 1 сәби бала, нәресте 2 жас әйел.
Жас күн Балалық кез, жастық шақ.
Жас қыршын Өрімдей жас, жас өрім, боздақ (бұл фраза көбінде есіркеу, әлпештеу мәнінде айтылады).
Жас өлім Қыршын жастың қазасы.
Жас өспірім жас түлек Өрімдей бала.
Жақын тартты Туысқан көрді, бауырмалдылық істеді.
Бетегеден биік, жусаннан аласа бетегеден аласа, қойдан жуас 1 Тым аласа, төмен 2. Аса спайы, кішіпейіл, ілтипатты, инабатты.
Ағыны теріс бытпырақ болмағандарының ағыны теріс (Айқап) [ҚТБС, 11-б].
Ары таза Кінәсі жоқ, ешкімге қиянат жасамаған.
Қатыстық сын есім компоненті фразеологизмдер
Жалпы фразеологиялық тізбектер құрамында сапалық сын есіммен қатар қатыстық түрі де қатысады. Мысалы :
Көкірегі көзді, көзі ашық, надан ұқпас сөзді
Сөзді ұғар көкірегі болса көзді
Қадырын жақсы сөздің білер жанға
Таппай айтпа, оған да айтар кезді. (Абай)
«көзді» қатыстық сын есім «көзді» зат есіміне – ді сын есімін тудырушы жұрнақ арқылы жасалған бұл « көкірегі көзді» фразеологизмде тура мағынасында емес, ауыспалы мағынасында қолданылған.
-лы, — м, — ді, — ды, — ты, — ті, жұрнақтары арқылы жасалған сын есім компонентті фразеологизмдер .
Тоқсан баулы ақ көбе Эпостық жырларда кездесетін батыр киетін сауыт.
Буулы сөз Іште жатқан, айтыла алмай жатқан сөз.
Дау төрт бұрышты, қамшы екі ұшты дауды әр саққа жүргізіп айта беруге болады деген мағынада.
Ақ бұйрықты өлім 1. тағдырдың дегенмен болған тура қаза.
- кей уақыт ауырмай, сыздамай, бірден қайтыс болған адам туралы да айтылады.
Жабулы қазан жабулы күйінде сырды жасырды; шетке сыр білдірмей, не болса да өзі біліп қоя салды.
— лық, — лік,(- дық, — дік, — тік, — тық) жұрнақты сын есім компонентті Фразеологиялық тізбектер :
Күйеу жүз жылдық, құда мың жылдық Бұл жерде күйеу көп болғанда жүз жасайды, ал сүйек шатыс жекжаттық ұрпақтан – ұрпаққа кетеді дегенді білдіреді.
Күйеу мұңлық бұзау мұңлық көне . күйеудің жолы тар байлаулы бұзау сияқты деген мәнде.
Жан түршігерлік өте қорқынышты , үрейлі.
-лас, — лес, — тас, -тес, — дас, — дес жұрнақты сын есім компонентті Фразеологизмдер. Бұл жұрнақ арқылы туынды сын есімдердің мағыналары жұрнақ жалғанатын негіздердің мазмұндарына сәйкес бірлестікті, теңдестікті білдіреді бұл жұрнақ арқылы жасалған сын есім компонентті Фразеологизмдер санаулы – ақ.
Дәмдес болды қызметтес болды.
— сыз, — сіз жұрнақты компонентті Фразеологиялық тізбектер:
Буынсыз жерге пышақ ұрды орынсыз жерге жабысты, кісінің қимас нәрсесін сұрап әуре болды.
Дуасыз ауыз берекесіз сөзді, бәтуәлі сөзі жоқ адам.
Бауыры құтысыз: 1. жұртқа береке ынтымағы, жақсылығы жоқ
- бала тұрмайтын.
— қ, — п, — лқ, — ік, -ақ, -ек, жұрнақты сын есім компонентті Фразеологизмдер. 1. өзі жалғанатын салт және сабақты етістіктің лексикалық мағынасына тікелей байланысты түрлі сындық ұғымдардың атауларын жасайды. Мысалы: Ашық , тұнық, құрғақ .
Ашық жүзді ақша бет ақ құба, шынайы жарқын. Үлбіреген ақ етті, ашық жүзді кісі.
Ашық көзбен қарады іске оймен, ақылмен зер салды.
Ашық қалды белгілі бір жұмыс айқындалмай шешілмей қалды.
тұнық көңіл таза көңіл .
жарық дүние өмір, тіршілік дүниесі.
Жарық көңіліне жара салды кіршіксіз көңілін бұзды, жара салды
Жарық көрді 1. дүниеге келді 2. жүзеге асты пайда болды.
Жарық қарын жер диал. бірнеше жыл тыңайтылған жер
Жарық сәуле көрінді дүниеде жақсылық рақат көрмеді
Құрғақ қасық бұл жерде еш нәрсе берме де жылы көңіл білдіру туралы айтылады.
Құрғақ уәдеден қуырдақ қуырды құр сөзбен бәрін үйіп төкті.
Жалпақ ел барша күллі жұрт, қалың көпшілік.
Жалпақ шешей көрінгенге көңілшектік істейтін адам деген мәнде.
— қы, — кі, — ғы, — гі жұрнақты сын есім компонентті Фразеологизмдер:
Артқы толқын кейінгі ұрпақ.
Бұралқы сөз қуаңқы, көлденең әңгіме; қысыр сөз.
Кешкі зауал шақ кешкі түнеріңкі кез, жарық атаулы жоғалып бара жатқан шақ, жарық пен қараңғылық өлі арасы.
Қортынды
Қандайда бір ұлттың ерекшелігі ең алдымен оның тілі, ана тілі болып табылады. Біздің ана тіліміз, қазақ тілі – қазақ халқының байлығы. Осы тіліміздің үлкен бір саласы — Фразеология яғни тұрақты тіркестер.
Фразеологизмдер тіл – тілдің бәрінде бар құбылыс. Бұларды тілдің бөлекше бір сипаттаған элементтері деп атауға болады. Тілдің байлығы, тілдің сұлулығы, тілдің өткірлігі дегеніміздің айырықша көріне жері осы Фразеологизмдер маңы.
Ғылымдағы Фразеологизм проблемасының мейлінше қиын проблема екенін байқау қиын емес.осыларды ғылыми проблема ретінде қарастыратын әр алуан еңбектерді қарастырсақ мұның не қилы мәселелері айқындала түседі.
Қазақ Фразеологизмдерінің осындай бір мәселесі – олардың сөз таптарына қарай жүйелену мәселесі жәйлі. Тілімізде Фразеологизмдердің осы уақытқа дейін бір шама зерттеу жұмыстары жүргізілген, ал есімді Фразеологизмдер туралы зерттеу жұмыстары әлі де болса жоқтың қасы деп айтуымызға болады.
I тарауда Фразеологизмдер мен сын есімдердің қазақ тілі білімінде зерттелуі жәйлі есімді Фразеологиялық тіркестердің күрделі сөздерден айырмашылықтары, Фразеологизмдердің сөз табына қатысы жайлы, Фразеологиялық тіркестердің мағына белгісі туралы сөз болады.
Фразеологизмдердің құрамындағы сыңарлардың әр қайсы әр басқа мағыналар емес, барлығы жиналып келіп бір тұтас Фразеологиялық мағынаны білдіреді.
Фразеологизмдердің компоненттері бір – бірімен өзара тәуелді сыңарлардың негізінде белгілі, тұрақты болады да, сөйлеу процесінде жасалмайды, сондықтан екі сыңардың арасында грамматикалық байланыс көмескіленген де, қазіргі кезде тұрақты байланысқа өткен.
Қарастырып отырған сын есім компонентті Фразеологизмдер оның құрамын жасаушы сыңарын есімдер болғандықтан , олар әр түрлі мағыналық қатынастарда болады, беретін мағына тек өздеріне тән, сыңарлары мағыналы сөздер болып келіп, бір – бірімен байланысы өте берік болады, мағыналық тұтастық оның сыңарларына да, тән қасиет. Мағыналық тұтастығы берік сыңардан құралып, құрамы құбылып, өзгере бермейді. Фразеологизмдердің құрамы әр түрлі сөз таптарына қатысты болады. Сын есім сыңары кәдімгі сын есім немесе туынды сын есім түрінде бола береді./ ақ ниет / — ақ / түбір сын есім / , қанды / туынды сын есім / ауыз.
Фразеология құрамындағы сөздер өзінің лексикалық мағынасы мен бірге белгілі бір сөз табының мағынасына да ие болады. Сөздердің лексикалық мағынасы мен сөз табы ретіндегі мағынасын бірдей деп есептеуге де бұл екеуінің арасына да тепе – теңдік белгісін қоюға да болмайды. Белгілі бір сөз табына енетін алуан түрлі сөздер әр басқа лексикалық мағыналарды білдіргенімен сөз табы ретінде бір ғана мағынаны білдіреді, морфологиялық және синтаксистік белгілері арқылы сөз топтар бір – бірімен ажыратылатын болса, Фразеологизм құрамындағы тіркестер белгілі бір сөз табына қатысы оның беретін бүтін мағынасына тікелей байлансты болады.
Бір сөз әр түрлі құрамда келе беруі мүмкін Мысалы: қара жүрек, қара сөз, қара күш, қара қағаз қара сирақ т,б. Осы келтірілген тіркестердің құрамынан оның құрамы тұрақты емес деген ой тумайды, керісінше келтірілген Фразеологиялық тіркестің барлығы дербес тіркестер әрқайсысы жеке тұтас Фразеологиялық мағынаға ие.
Көптеген сөздердің туынды мағынаның қалыптасуы олардың құрамындағы сыңарлар сол құрамда ғана емес, басқа құрамда да кездесіп, жан – жақты белгілі болады, мысалы : «көк» сөзі бірнеше дербес Фразеологиялық тіркес құрайды : көк бақа – арық, көк долы – бетпақ, көк ми – есуас.
II тарауда сын есім компонентті Фразеологизмдердің тақырыптық – мағыналық топтарына топталдық. Сын есім компонентті Фразеологизмдерді үлкен екі топқа бөлуге болады : сапалық сын есім Фразеологизмдер және Фразеологизмдер. Оның ішінде түр – түсті білдіретін Фразеологизмдер көлемі мен аумағын білдіретін Фразеологизмдер, дәмі мен исін білдіретін Фразеологизмдер деп жіктедік. Осылардың ішінде әсіресе, түр – түсті білдіретін Фразеологизмдер молынан ұшырасады.
Қорытып айтқанда сын есім компонентті Фразеологизмдер тілімізде молынан кездеседі, көбіне, сын есімдер бірінші сыңарда келіп ұйтқы сыңарда бола алады, сын есім компонентті Фразеологизмдер құрамында ауыспалы мағынада жұмсалады,
Зерттеудің негізгі мақсаты тіліміздегі сын есім компонентті Фразеологизмдердің лексика – семантикалық категорияларын мағыналық топтарын айқындап, лексика – семантикалық сипатын ашу болғандықтан жинақталған материал осы тұрғыдан талданды.
Сонымен қатар олардың мағыналық топтарға енбей , жіктелмей, талдаудан тыс қалғандары болуы даусыз. Зерттеу материалдары белгілі Фразеологиялық сөздіктерден іріктелгендіктен, қазіргі таңда туындап, қолданысқа енгендері жәйлі жұмыста сөз қозғалмады. Бұл өз алдына зерттеу нысаны боларлық мәселе.
Пайдаланған әдебиеттер
- Кендебаев Г. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – Алматы : Ғылым , 1977
- Аманосолов С. 11 халық мұғалімі №4, 1940 – 1959бет.
- Аханов К. Тіл білімінің негізі. – Алматы : местеп, 1973.
- Сәрсебаев Р. Қазақ тілі фразеологиясы. – Алматы: қазақ университеті 1973.
5.Сыздыова Р. Қадырғали Жалаиридің Жалш – ат – тауарихаттн шығармашылық тұрақты тіркестер . – Алматы : Санат, 1996.
- Фортунатов Ф.Ф. Сравнительное языкозноние . – избранные труды. М. І, М,1956.
- Терентьев М. Грамиатика турецкая , персидская, киргизская и узбекская. – м. спб. 1878.
- Мұсабаев Ғ Қазақ тіліндегі сын есім шырайларын – Алматы : оқу – педагогика баспасы, 1951.
- Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі . Морфология. – Алматы: Ана тілі, 1991.
- Шакенов Ж. қазіргі қазақ тіліндегі сын есім категориясы. – Алматы: Ғылым, 1964.
- Жұбанов Қ. Қазақ тілінің грамматикалық. – Алматы: Қазақстан баспасы І б. 1936.
- Аманжолов С. Қазақ тілінің грамматикасы. І.б. – Алматы: қазақ мемлекеттік баспасы, 1938.
- Сауранбаев Н. Қазақ тілі. – Алматы : ОП б. 1953.
- Кеңесбаев Г. О некоторых фразеолгческих едшщах в қазахском языке 11 известие А. Н қаз. сср серия филалог и искуссив № 135 выпуск 1 – 2 Алматы – ата, 1954.
15.Қохсахнетова х. Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылады. – Алматы: мектеп, 1972.
- Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. – Алматы:мектеп, 1988.
- Смағұлова г.Н фразеологизмдердің варианттындарындағы Алматы: Санат, 1996.
- Қазақ тілінің грамматикасы . — /морфология / Алматы, 1967.
- Аханов К. Грамматика теориясының негіздері . – Алматы, 1972.
20.Кеңесбаев Г. Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі / лексика / Алматы: мектеп, 1977.
- Смағұлова Г. Н. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық мәдени аспектілері. – Алматы: Ғылым, 1998.
- Төлеуов Ә. Сөз топтары. – Алматы: мектеп, 1982.
- Айғабылұлы А. Қазақ тілінің лексикологиясы. – Алматы, 1995.
- Кеңесбаев Г. Қазақ тіл білімі туралы зерттеулер. – Алматы : Ғылым 1987.
- Болғанбаев Ә. Қамиев Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. – Алматы: санат, 1997.
- Аблоқов Ә. Исаев С. Ағманов Е. Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің дамуы мен лексиколону процесі . – Алматы: санат, 1997.
- Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері. – Алматы : мектеп, 1981.
- Тіл тарихы және сөз табиғаты. – Алматы: Ғылым, 1997.
- Шәкенов Ж Қазақ тіліндегі күрделі сөздер мен күрделі тұлғалар. – Алматы: Ана тілі, 1981.
- Қайдаров Ә.Т. Қазақ тілінің өзекті мәрелері. – Алматы: ана тілі, 1998.
- Уәлиұлы Н. Кейбір этнографизмдердің лексика – семнтикалық аясы. Ұлт тағылымдары. 2000№1
- Сәтенова С. Әр типтес тілдердегі фразологизмдердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары. – Алматы, 1999.
- Қайдоров Ә. Өмірбеков б.Ахтамбердиева з. Сырға толы.
- Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы. – Алматы: Ғылым, 1964.
- қазақ тілі тарихи лексикасының мәрелері. – Алматы, 1988.
- Сағындықұлы б.қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. – Алматы , 2003.
- Ерғаиев Т. Қазақ тілінде сөздермен сөз таптарының морфологиялық құрылымы. – Алматы, 1968.
- Томанов М. сын есімдердің сөз табын ретінде қабілетті. 1974 №4.
39.Жолшаева М. қазіргі қазақ тіліндегі сын есімдердіәң тіркесу қабілеті Қану диссертация. Алматы, 2001.
- Аханов К. Қазіргі сөздер және оған тән белгілер // Қазақстан мектебі, №10, Алматы, 1972 //
- Исаев С. Қазақ тіліндегі тұрақты тіркестердің бір түрі жөнінде // Қазақстан мектебі, №9, 1965 //
- Кеңесбаев Г. Қазақ тілінің идиолдары мен фразалары туралы // халық мұғалім №1-2 Алматы 1946
- Сарымова К.С қазақ тіліндегі эмоцияны білдіретін фразеологизмдердің синонимдік парадигмалары // Қазұу хабаршысы филология сериясы . №6 2004 123-124б.
- Қамбар батыр – Алмата, 1957.
45.Қыз жібек – Алматы, 1963.
46.Мұңлық – зарлық – Алматы, 1967.
47.Қазақтың мақал – мәтелдері – Алматы 1965
48.Қазақ эпосы 4-5 кітап, Алматы, 1957