АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Құдайберген Жұбанов және қазақ тіл білімінің қолданбалы саласы

ӘЛ–ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТТІ

 

 

Филология факультеті

 

 

Жалпы тіл білімі кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

Диплом жұмысы

 

 

Құдайберген Жұбанов және қазақ тіл білімінің қолданбалы саласы

 

 

 

 

Реферат

 

Жұмыстың тақырыбы. Құдайберген Жұбанов және қазақ тіл білімінің қолданбалы саласы

 

Жұмыстың көлемі: 56

 

Пайдаланған әдебиеттер саны: 43

 

Жұмыстың негізгі мақсаты мен міндеті. Диплом жұмыстың негізгі мақсаты – проф. Қ.Жұбановтың қазақ тіл біліміндегі қолданбалы лингвистикаға қатысты дәстүрлі және жаңа бағыттарының қазақ лингвистикасынан алатын орнын және ғылыми маңызын көрсету.

Осы мақсатқа жету үшін зерттеудің мынадай нақты міндеттері қойылды:

  • тіл білімінің дәстүрлі қолданбалы саласы мәселелерінің шешілуі;
  • тіл білімінің қолданбалы лингвистика саласының жаңа бағытының

шешім табуы;

 

Жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспе, негізгі екі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады

 

Тірек сөздер. Сөз, сөз форма, сөз қолданыс, лингвистика,  фонетика, морфология, синтаксис, статистика, құрылымдық лингвистика

 

Жұмыста қолданылған дерек көздері. Ғылыми еңбектер, ғылыми диссертациялар, сөздіктер, ғылыми мақалалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

     КІРІСПЕ ………………………………………………………………..…………3

 

1 Профессор Құдайберген Жұбанов

және қазақ тіл білімі ……………………………………………………………4

 

  • Проф. Қ. Жұбановтың өмірі мен қызметі ……………..4

 

  • Фонетика саласына қатысты зерттеулері ………………..6

 

  • Морфология мен синтаксис салаларына қатысты

                   зерттеулері ……………………………………………….10

 

  • Терминология саласына қатысты зерттеулері ………..17

 

  • Проф. Қ.Жұбанов тың зерттеулеріндегі қолданбалы

              лингвистиканың жаңа бағыттарының көрінісі …………..21

     

  • Проф. Қ.Жұбановтың зерттеулеріндегі

                    статистикалық әдістің көрінісі ………………………………….27

 

  • Табиғи тілдің синтаксисі мен семантикасын

                   модельдеуге қатысты қысқаша мәліметтер ………………..21

 

  • Проф. Қ.Жұбановтың зерттеулеріндегі модельдеу

                   әдісінің көрінісі…………………………………………….…………43

 

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………..52

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………………………………54

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ тіл білімі ғылымының алғашқы қалыптасу дәуірінде Қ.Қ.Жұбанов «қазақ тілін ғылым тезіне түсіруге» ат салысып, теориялық негізінің қалануында өзіндік ғылыми тұжырымдарын қалдырды. Ғалымның ғылыми еңбектері мен ой-пікірлері қазақ тіл білімінің ғылыми-теориялық тұрғыдан қалыптасуына негіз болды. Қазақ тілінің жеке мәселелерін ғылыми тұрғыда зерттеу профессор Қ.Жұбановтан басталады. Қ.Жұбановтың ғылыми зерттеулерінде маңызды ғылыми мәселелер көтеріліп, көбі өз шешімін тапты, ал бірсыпыра ғылыми жаңа идеялары ғылымның кейінгі дамуына әсер етті. Тілші ғалымның арнайы сөз етіп, айналысқан тілдік мәселелері әр саланы қамтиды: қазақ тілінің фонетикасы, грамматикасы, терминологиясы, ұлттық әдеби тілдің тарихы мен дамуы, жалпы тіл білімі мәселелері [1,21].

Сонымен қатар XX ғ. 60-жылдарында ғана пайда болған «Статистикалық лингвистика», «Лингвистикадағы модельдеу» бағыттарының кейбір бастамаларын Құдайберген Жұбановтың сол кездегі зерттеулерінің өзінен-ақ молынан кездестіруге болады. Қ.Жұбановтың қазақ тіл білімі туралы зерттеулерінде тілді сандық деректер мен мәліметтер негізінде қараудың алғашқы нышандары бар. Бүгінде тіл білімінің бір саласына айналып отырған лингвистикалық статистиканы ғалым сол кездің өзінде-ақ тани білген. Тілдің сандық сипатынан байқалатын сапалық қасиеттерін оны зерттеуде пайдалануға болатын тиімді әдіс көздерінің бірі екенін де байқаған. Сондықтан ғалым Қ.Жұбановтың дәстүрлі қолданбалы тіл біліміне және оның қазіргі заманға сай жаңа салаларына қатысты ой-пікірлерін, тұжырымдарын саралап қарастыру дипломдық жұмыстың өзектілігін білдіреді [30,122].

Зерттеу нысаны. Профессор Қ.Жұбановтың қазақ тіл білімі мен қолданбалы лингвистикаға қатысты көзқарастары мен тұжырымдамалары, еңбектері.

Зерттеу мақсаты. Диплом жұмысының негізгі мақсаты – проф. Қ.Жұбановтың қазақ тіл біліміндегі қолданбалы лингвистикаға қатысты дәстүрлі және жаңа бағыттарының қазақ лингвистикасынан алатын орнын және ғылыми маңызын көрсету.

Зерттеу міндеті:

  • тіл білімінің дәстүрлі қолданбалы саласы мәселелерінің шешілуі;
  • тіл білімінің қолданбалы лингвистика саласының жаңа бағытының

шешім табуы;

Зерттеу әдістері. Тарихи салыстырмалы, сипаттау, ой-пікірлерді жинақтау, қорыту әдістері басшылыққа алынды.

Зерттеу тәсілдері. Бақылыу, есепке алу, салыстыру, салғастыру.

 

 

 

 

Профессор Құдайберген Жұбанов және қазақ тіл білімі

 

1.1 Проф. Қ. Жұбановтың өмірі мен қызметі

 

Профессор Қ.Қ.Жұбанов Ақтөбе облысы, Темір ауданы (қазіргі Мұғаджар ауданы) 9-шы ауыл Ақжар деген жерде 1899 жылы желтоқсанның 19 күні дүниеге келген. Бастапқы білімін әкесі Қуан ауыл ұстасы Сатыбалдыға қозылы қой беріп салдырған мектеп «корпусы» — жыпырайған шым үй. «Педколлективті» құрайтын бір-ақ адам, — ол 1911 жылы Уфадағы медресе  «Ғалияны» бітіріп келген жас ағартушы Абдолла Беркінов (бұл кісі сол 1911 жылдан 1955 жылға дейін жарты ғасырдай өмірін жас буындарды оқытып тәрбиелеуге жұмсаған, Қазақ ССР-не еңбегі сіңген мұғалімі атағын алған ұстаз болатын). Қ.Жұбанов бұл мектеп қабырғасында оқып жүріп орыс тіліне сонша құмартады. Бірақ бұл мектепте орысша оқытпайды. Сондықтан мұның ретін басқа жерден іздеуге тура келеді. Қосуақтамда тағы бір «оқу орны» болатын. Ол – бір кластық орыс мектебі. Бұл мектептің мұғалімі Хұсайын Ашығалиев. Ол туған халқын орыс елінің тілімен, мәдениетімен, өнер білімімен таныстыру міндетін арқалаған қазақтың алғашқы демократ зиялыларының уәкілі еді. Ол тек орысша сауатты ғана емес, музыкадан да хабардар, ана тілін де, халқының ауыз әдебиетін де жақсы білетін, жастарға ұстаз боларлық жанның бірі болатын. Қ.Жұбанов сол мұғалімге барып тұңғыш орысша сабақты содан алады.

1914 жылы әкесінің қоштауымен Құдайберген Орынбордағы «Хұсайния» медресесіне шәкірт болып кіреді. ХХ ғасырдың бас кезіндегі мұсылман медреселерінде заман ықпалына байланысты, тек діни сабақтар ғана емес, «дүнияуи» пәндер де, яғни азаматтық білім беретін пәндер де оқытылғаны мәлім. Осындай медресе «Хұсайнияда» Құдайберген табиғат пен қоғам жөніндегі ғылымдардан алғашқы мағлұматтар алады. Бұл медресе талапты жастың әрі қарай орысша білімді толықтыра берсем деген ниетіне де кеселдік келтіре қоймайды. Өйткені медресе Орынбор сияқты қалада еді, ал қала ХХ ғасырдың бас кезіндегі саяси – мәдени өрлеу үстінде еді. Мұнда ғалым үш жылдай оқиды, медресе оған дүниетану ғылымдарынан там – тұмдаған мәлімет беріп, оның шығыс тілдерінен (араб, парсы, түрік) бұрынғы білгенін толықтыра, жетілдіре түседі, шығыс әдебиеті классиктерін түп нұсқадан оқи алатын дәрежеге жетеді. Сонымен, болашақ түркологтың шығысты алғаш оқып тануы осымен тәмам болады.

Енді Құдайберген орысша білімді тиіп – қашып өз бетімен емес, мектептен жүйелі түрде алғысы келеді. Сол мақсатпен ол 1916 жылдың күзінде Жұрын станциясындағы 2 сыныбтық (бес жылдық) орыс мектебінің 4 сыныбына келіп түседі. Табиғатынан зерек, алғыр, жасы да болса естиярлау Құдайбергенге Жұрын мектебінің берері аз болады. Баяғы орысша әліппені танытқан Хұсайын Ашығалиев Күйік қаланың (қазіргі Елек) орысша екі сыныбтық (6 жылдық) училищесіне баруға ақыл қосады. Бұл 1917 жыл еді. Сол Күйік қала училищесінің 5-6 сыныбын бір жылда (1918 жылы) үздік бағамен бітіреді. Үзіп – жұлып 2,5 – 3 жылдай оқыған орыс мектептерінен ол орыс тілін жақсы меңгеріп алады, дүниетану білімін толықтырады, өзі ұнатқан ғылым саласының қайсысын болса да өз бетімен игеріп кететіндей дәрежеге жетеді. Қ.Жұбановтың орта білімі осымен аяқталады [1,5].

1928 жылы Ленинградтың Шығыс тілдері институтын бітіріп, жоғары білімге ие болады.

1929-1932 жылдары Ленинградта аспирантурада оқиды: — 02.1929-09.1930. (1,5 жыл) Шығыс тілдері институтында түрік тілдері мамандығы бойынша;  — 10. 1930-09.1932. (2 жыл) СССР Ғылым академиясында (жалпы тіл білімі бойынша). Анкетада өзінің көрсетуі бойынша мына тілдерді білген: неміс, араб, парсы, түрік, моңғол, чуваш, коми, грузин, түркі тілдері.

Қызметі жөнінде:

  1. Темір аудандық, Құлжа – Темір болыстығы — әуелі хатшысы, кейін – председателі – 10. 1918 – 04. 1920 ж.ж.;
  2. Темір аудандық бақылау комитетінің басқармасы – 0920 – 1922 ж.ж.;
  3. Темір аудандық атқару комитеті (РИК — мүшесі) – 1922 – 1923 ж.ж.;
  4. Темір уездік оқу бөлімінде инспектор – 12. 1923 – 09. 1925 ж.ж.;
  5. Ақтөбе губерниялық оқу бөлімі – нұсқаушы методист – 09. 1925 –12. 1928 ж.ж.;
  6. Қазақ Мемлекеттік университеті (бастапқыда осылай аталып, кейін КазПИ болған), салыстырмалы түрік тілдері кафедрасында ғылыми қызметкер – 12. 1928 – 02. 1929 ж.ж.;
  7. Қазақ педагогткалық институты (КазПИ), Алматы, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі әрі профессоры; — 01. 09. 1932 – 20. 11. 1937 ж.ж.;
  8. Ағарту халық комиссариаты – коллегия мүшесі, программа, оқулықтар бөлімінің меңгерушісі, Мемлекеттік терминология комиссиясының председателі, Мемлекеттік терминком бюллетенінің бас редакторы. 1933 – 20. 11. 1937 ж.ж.;
  9. СССР Ғылым академиясының, Қазақстандық филиалы – лингвистика секторының меңгерушісі, қазақ тілінің Академиялық сөздігінің бас редакторы, Қазақ филиалының Ғылыми советінің және Президиум мүшесі – 1936 – 20. 11. 1937 ж.ж.;
  10. Қазақстандық ұлт мәдени ғылыми – зерттеу институтының ғылыми кеңесінің мүшесі – 1935 – 1936 ж.ж.;
  11. Бүкілодақтық және әліп Орталық комитетінің Қазақстандық мүшесі 1935 – 1937 ж.ж.
  12. Сайланған:

Темір аудандық атқару комитетіне (РИК) – 1922 – 1923 ж.ж.

      Каз. ЦИК мүшелігіне – 1935 – 1937 ж.ж.

XVI Бүкілресейлік Советтер съезіне делегат – 1935 ж.

  1. «Қазақстанның 15 жылдығы» Құрмет белгісімен наградталған – (1935 ж.)
  2. 1937 ж. желтоқсанның 19 – күні «халық жауы» деген жаламен ұсталып кетті (қамауға алынды).
  3. 1938 ж. ақпанның 25 – күні «тройканың» үкімімен атылып кетті.
  4. 1957 ж. қазан айының 3 – күні азаматтық тұрғыдан ақталды.
  5. 1958 ж. ақпанның 22 күні партиялық қалпына келтірілді [3,576.].

Ғылым, мәдениет, өнер қайраткерлерінің творчестволық мұрасы санымен және көлемімен өлшенбейді, мән – маңызымен, белгілі салада атқарған тарихи қызметімен, жалпы дамуға тигізген әсер ықпалымен өлшенеді, бағаланады. Осы тұрғыдан келгенде Қ.Қуанұлы Жұбанов – халқымыздың мәдениет, ғылым, өнер тарихындағы аса бір жарқын құбылыс. Творчестволық жолы ерте үзілген, жан – жақты әрі үздік талант иесі Құдайберген Жұбановтың бізге жеткен барша ғылыми мұрасы бір томның көлемінде. Бұған ғалымның бізге жеткен еңбектері дәлел [7,55.].

Ахмет Байтұрсынұлынан бастау алып, Құдайберген Жұбанов зерттеулерімен жалғасқан қазақ тіл білімінің теориялық негіздері бүгінгі ғылымымызда дәстүрлі жалғасын тауып отыр.

Ғалымның ғылыми мұрасы өткен күндердің мирасы, сонымен бірге теориялық тұжырымдар мен бүгінгі ізденіс, зерттеуге арқау екенін көреміз. Қ.Жұбановтың мұраларының бір саласы күн тәртібінде тұрған тіл құрылысы проблемаларын шешіп беріп, тіл практикасында бірте – бірте орныққан еңбектері болса, екінші бір саласы – озық ойлы теориялық ізденістері мен зерттеулер [4,30].

 

1.2  Қ.Жұбановтың   фонетика саласына қатысты зерттеулері

 

Тіл білімнің өзіндік орны бар, маңызды бір саласы – фонетика. Сондықтан тіл дыбыстарын, оларға тән заңдылықтарды зерттеп және терминологиялық жүйесін қалыптастыру лингвистиканың осы фонетика саласының міндеті болып табылды. Қазақ фонетикасында бұл реттегі алғашқы зерттеулер профессор Қ.Жұбанов есімімен тікелей байланысты. Ғалым өзінің зерделі зерттеулері нәтижесінде қазақ тіл білімінің басқа салаларымен қатар фонетиканың да обьектісін анықтап, дыбыстау мүшелері, дыбыстың саны мен сапасы, буын, сингармонизм, екпін, алфавит, орфография, терминология т.б. мәселелерге байланысты тұжырымды пікір айтып, тұңғыш рет қазақ фонетикасының ғылыми курсын жасады [5,3].

Қ.Жұбановтың ғылыми фонетиканың орны мен объектісі туралы көзқарастары.  Алғашқы кезеңде зерттеушілердің бірі фонетиканы грамматика құрамында қарастырьп, соған қатысты ғана сөз етсе, енді бірі оны жеке ғылым саласы деп қарады. Сондықтан фонетиканың зерттеу объектісі де әртүрлі түсіндірілді. Қ.Жұбанов бұрынғы тілші ғалымдар фонетиканы дыбыс жайындағы ғылым деп түсінетінін, бірақ табиғаттағы (күн күркіреуі, арба сылдыры, т.б.) адамнан тысқары, қоғамдық қажеттіліктен тумаған (түшкіру, кырылдау т.б.), қоғамдық (музыка т.б.) және бір тілде сөйлеушілерге түсінікті (малды шақыру, жел шақырғандағы ысқыру, т.б.) дыбыстарды фонетика тексермейтінін айтып, адамның пікір алысып, сөйлеуге қызмет ететін тіл дыбыстарын ғана фонетика өзінің зерттеу объектісі ететінін ескертеді. Ол: «Фонетика — дыбыс тілі дыбыстарының тілдік қасиеттерін тексеретін ғылым», — деп, қазақ лингвистикасында алғаш рет фонетиканың зерттеу объектісін көрсетіп берді — дейді Ә.Жүнісбеков [8,192].

Дыбыстау мушелері. Қ.Жұбанов қазақ лингвистикасында бұл бағытта да алғашқы болып зерттеу жүргізіп, «Қазақ тілінің грамматикасы» оқулығында дыбыстау мүшелерінің қызметі туралы толымды пікір айтты. Бүл оқулыққа дейінгі еңбектерде сөйлеу органдарының артикуляциясы талданбаған болатын. Бұл мәселе қазақ фонетикасына осы оқулықтан бастап енді. Қ.Жұбанов дыбыстау аппараттары өкпе, ауыз, мүрын және кедергі мушелер деп, «өкпе, сырнайдың көрігінше, ісініп-басылып, ауаны біресе сыртқа теуіп, біресе ішке тартып тұратынын», ал ауыз, мұрын қуыстары дыбысты зорайтып тұрса, ауа ағыны бірде еріннен, бірде тіс түбі, не таңдай, не көмейден бөгеліп, кедергіленеді де, дыбыс та кедергісіне байланысты әртүрлі шығатынын айтады. Дауысты дыбыстарды шығаруда дыбыстау мүшелеріне, ал дауыссыздарды шығарған кезде ауыз ішіндегі кедергі мүшелерге күш түсетінін дұрыс көрсетіп, олардың қызметін де дәл тани  білген.  Дыбыстау  мүшелерінің  қызметі туралы Қ.Жұбановтың пікірлері А.А.Реформатский, Л.Р.Зиндер, М.И.Матусевич, І.Қ.Кеңесбаев, Ә.Н.Нұрмаханова оқулықтарын-дағы ой-тұжырымдармен ұштасып жатқандығын байқатады. Тіл дыбыстарын түрлі аспектілер арқылы зерттеп тану бағытындағы ғалым ізденістері жалпы фонетика тұрғысынан да маңызды [5,12].

Дыбыс  пен фонема. Қ.Жұбановтың еңбек еткен кезеңінде фонетика мен фонологияның жігі ашылып, тіл дыбыстарының мағына айқындауға қатысын анықтауға ерекше назар аударыла бастаған еді. Әсіресе, фонема теориясы туралы көзқарастар тіл дыбыстарың фонологиялық түрғыдан тексеруге жол ашты. Фонема туралы ілімнің алғаш негізін салған И.А.Бодуэн де Куртенэ фонетиканы жаратылыстану, ал фонологияны қоғамдық ғылымдар қатарына жатқызған болса, Ф.де Соссюр де мұны екі ғылым ретінде таныды. Н.С.Трубецкой сөйлеу дыбыстары фонетиканың, тіл дыбыстары фонологияның объектісі деп есептеді [9,7]. Л.В.Щерба бұл екеуін бір-бірінен бөліп қарауға қарсы болып, бұлар бір мәселенің екі аспектісі екенін айтып, фонема мен оның варианттары туралы теорияны жасады [10,18-12]. Ал Қ.Жұбанов өз кезінде Л.В.Щерба идеясы негізінде фонема теориясын терең түсініп, тіл дыбыстарын фонологиялық тұрғыда қарастырды. Сондықтан оның еңбектерінің өн бойынан «тілдік қызметі бар дыбыстарды ғана зерттеу керек» деген қағиданы аңғарып отырамыз. «Бір сөзді екіншісінен айырғанда екеуінің дыбысталуында бір айырмашылық болғаннан айырамыз», — деп, сөз бен сөзді айыратын негізгі белгі ретінде дыбысталу мен оның мағынамен байланысына назар аударады.

Дауысты дыбыстар. Қазақ тілінде тоғыз дауысты дыбыс бар екендігін айтып, оларды ашық-қысаң, жуан-жіңішке, еріндік-езулік қасиеттеріне қарай алғаш рет топтастырушы В.В.Радлов болды [11,71-72]. Бірақ ол и мен у аралық немесе жарты дауысты дыбыс деп атаған. Сондықтан Қ.Жұбанов «дыбыстау түріне қарай» дауыстыларды толық дауыстылар /а, ә, е, о, ө/, келте дауыстылар /ы, і, ұ, ү/ және қосынды дауыстылар /ұу/үу, ыйй/ деп үш топқа бөлген. Қазақ тіліндегі дауыстылар жуан-жіңішкелігінің фонологиялық кезеңі болатынын дұрыс аңғарған ғалым жазуда олардың әрбіреуі бір-бір таңбамен белгіленетінін айтьп, ал қосынды дауыстыларда мұндай қасиет жоқ деп есептеп, ұу/үубір ғана у, ыйй косындылары й әріптерімен таңбалануын ұсынған. Жасалу түріне қарай ерін дауыстылары /о, ө, ұ, ү/ және езу дауыстылары /а,ә, е, ы, і/ деп топтастырған. Қазақ тілі дауысты дыбыстарын алғаш рет үш оппозициялық топқа бөліп жіктеген В.Радлов болса, оның ісі Қ.Жұбановтың ана тіліміздегі зерттеу еңбегінде жалғасын тапты. Қазақ тілі дыбыстарының жуан-жіңішке, еріндік-езулік, ашық-қысаң болып карама-қарсы қойылуының фонематикалық мәні зор. Дауыстылардың бұл жіктелісі сингармонизм заңдылығын терең түсінуге көмектеседі десек, Қ.Жұбанов та соған сай топтастыра білген. Қазіргі оқулықтарда дауыстылар жақтың қатысына  қарай ашық, қысаң болып жіктелсе, Қ.Жұбанов дыбысталу түріне қарай толық, келте деп бөлген. Олай болса, бір еңбекте артикуляциясына, екіншісінде акустикалық ерекшеліктеріне қарай топтастырылғанын көреміз. Ғалым  келте дауыстылардың ерекшеліктерін дұрыс көрсеткен. Себебі қысаң дауыстылардың ғалым айтқандай «бірде сапасынан айрылып» мүкі айтылуы редукцияға бейімділігі деп білеміз [16]. Қ.Жұбанов «сөзге ән беретін — дауысты дыбыстар» деп, қазақ тілі дауысты дыбыстарының акустика-артикуляциялық кестесін жасап, В.Радлов, А.Байтұрсынов ізденістерін жалғастырып, ғылыми-теориялық тұрғыда негіздеп берді.

Дауыссыз дыбыстар. Қ.Жұбанов жалпы қазаққа тән  дыбыс   пен   оның  жергілікті   ерекшеліктерге   байланысты қолданылуы туралы жалаң атап өтумен шектелмей, «диалектілік ен-таңбалардың   қазақ   тілінің   қай-қай   салаларынан   көрініс беретінін  басын ашып таныған,  саралап  және дәл  көрсеткен» [2,184].

Қ.Жұбанов: «салдыр болып, я салдыры басым болып шығатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз», — дейді [3,173]. Ол п, б, с, з, ш, ж, т, д, к, қ, ғ, г дыбыстарын ғана дауыссыз деп: «Дауыссыз дыбыстардың бәрі егіз болады да, бір сыңарының дыбысында сол салдырға болар-болмас үн қосылған болады. Дыбысы тек салдыр болып шығатын сыңарын үнсіз дауыссыз дейміз. Дыбысында салдырға үн аралас болатын сыңарын үнді дейміз», — дейді. Ендеше, дауыстың катысына қарай Қ.Жұбанов үнсіз  / п, т, с, ш, к, қ /,  үнді / б, д, з, ж, г, ғ /  деген дыбыстар В.Радлов еңбектерінде — қатаң, ұяң, ал А.Байтұрсыновта қысаң жолды, босаң жолды деп аталғанын білеміз. Дыбысының созымды-созымсыздығына, яғни дыбыстың шығу, айтылу жолына қарай дауыссыздарды үздікті  / т, д, п, б, к, г, қ, ғ /,       үздіксіз /с, ш, ж, з/ дыбыстар деп те жіктеген. Бүл дыбыстар туралы І.Кеңесбаев: «Шұғыл фонемаларды айтқанда ауа үзіліп шыкқандықтан бұларды үздікті деуге де болады. Ызың фонемаларды айтқанда ауа үзілмей шыққандықтан бұларды үздіксіз деуге де болады», — деп, Қ.Жұбанов ізденістерінің дұрыстығын айғақтайды [14,257-258]. І.Кеңесбаев ғ дыбысын айтқанда дыбыстау мүшелері бір-біріне жуысатындықтан оны ызың дыбыстар тобына қосып, Қ.Жұбанов зерттеулерін одан әрі дамытты. Қ.Жұбанов дауыссыз дыбыстарды артикуляциялық ерекшелігіне қарай жабысыңқы /п, б, т, д, к, г, қ, ғ/,  жуысыңқы /с, з, ш, ж/ деп топтастырған еді.

Сонорлар. Қ.Жұбанов қазақ тіліндегі дыбыстарды дауысты, дауыссыз, сонор деп үш түрлі акустика-артикуляциялық топқа бөліп, «үні мен салдыры тең бірқатар дыбыстар бар, оларды сонорлар дейміз» деген еді. Ол үн мен салдыр дауыстыларға да, дауыссыздарға да тән екендігін, тек дауыстыларда — үн, дауыссыздарда салдыр басымдығына қарай екеуі бір-бірінен ажыратылатынын,  ал сонорлардың «салдыры мен үні тең» болатынын айтып, у, й, р, л, м, н, ң сонор дыбыстар деп көрсетеді. Бүл жеті дыбыс та қазіргі таным бойынша үнді дауыссыздар ретінде дауыссыздар құрамында қаралатыны белгілі. Ғалым сонор дыбыстарды ауаның шығу жолына қарай тура жолды / у, и / және айналма жолды / р, л, м, н, ң / деп екі топқа бөлген. Шығатын орындарына қарағанда, у -еріннен, йтаңдайдан шығатын, ал жасалу түрі мен созымдылығына қарай екеуі де жуысыңқы, сондықтан екеуі де созуға келетін үздіксіз дыбыстар дейді.

Қ.Жұбанов айналма жолды сонорларды ауыз жолды айналма / р, л / және мұрын жолды айналма / м, н, ң / деп екі топқа бөліп, ауыз жолды айналма сонорлар шығарда дем мұрынмен айналып өтпсйді, ауыздың өзінен шығатынына, яғни «ауыздың өзінің ішінде-ақ бұлтарып жүріп барып шығатынын» айтады.

Қ.Жұбанов н, м, ң дыбыстарын мұрын жолды айналма сонорға жатқызып, «бұларда дем тура ауыздан шықпай, кеңсірікпен айналып барып, мұрыннан шығады» дейді. Ол н  «тіл ұшының үстіңгі күрек тіске соғуынан» жасалатын курек тіс дыбысы десе, І.Кеңесбаев — тіл ұшы, Ә.Жүнісбеков, С.Мырзабековтер тіл алды фонемасы деп үш түрлі атағанымен де, бұл дыбыстың артикуляциясын барлығы да Қ.Жұбановпен бірдей көрсеткен. Сол сияқты, ғалым  л — азу, р — қызыл иек,  й таңдай,  ң көмей дыбыстары деп басқалардан өзгеше атағанымен, жалпы алғанда артикуляциялық ерекшеліктерін дұрыс таныған [5,17-18].

Сингармонизм. Жалғамалы түркі тілдер үшін сингармонизм тіліміздің тарихи дамуы нәтижесінде қалыптасқан ең басты зандылығы болып табылады. Қ.Жұбанов: «Сөз мүшелерін матастырып ұстайтын арқанның ең күштісі түбір мүше мен қосымша мүшелердің үндесуі. Бұл заңды сингармонизм дейміз», — дейді [3,193]. Ол сингармонизм деп түбір мен      қосымша      аралығындағы      дыбыстардың үндесуін қарастырған. Сондықтан түбір сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай қосымшаның да жуан, жіңішке келуін және екі аралықтағы көрші дыбыстардың үндесуін сөз еткен. Жалпы айтканда, ғалым түбір мен косымша аралағындағы барлық дыбыстардың да үндесуіне көңіл бөлген. Мұның өзі сингармонизм сөздің бүкіл өн бойында бірдей тембрдің сақталуын қамтамасыз етіп, сөз қүрамындағы дауыстының да, дауыссыздың да бір сазбен айтылып, өзара үндесіп тұруы туралы Ә.Жүнісбеков тұжырымдарымен ұштасып жатқандығын танытады. Қ.Жұбанов сингармонизмнің тартына үндесу, ұмтыла үндесу  атты екі түрі бар екендігін айтып, соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне ермейтін «тон мойын» қосымшаларды да көрсетеді. Қорыта айтқанда, Қ.Жұбановты қазақ фонетикасының ғылыми — теориялық негізін салушылардың бірі деп білеміз», –дейді [5,17-19].

 

1.3  Қ.Жұбановтың морфология мен синтаксис салаларына

қатысты зерттеулері

 

Морфология саласына  қатысты зерттеулері. Сөз-сөздің қалай құралатынын жалпы түрде қарайтын ғылымды жалпы морфология дейміз – дейді Қ.Жұбанов.

Сөздің бір қалыпта тұрмайтын, бір сөздің өзі бірде тура, бірде бурма күйде болып, өзгеріп, түрленіп отыратынын бұрыннан да білуші едік.

                                            Ауылдың алды айдын көл,

                                            Айдын көлде шағала.

                                            Айдын көлді жағала! –

                                                                                                        (Ілияс)

дегенде айдын деген сөз үш рет келген. Үшеуінде бір қалыпта, бірінің – бірінен айырмасы жоқ. Көл деген сөз де үш рет келген, бірақ бұл – үшеуінде үш түрлі:Осындағы сияқты бір сөздің өзі түрлі орында түрліше кейіпке кіруі мүмкін. Сөздің сыртқы тұлғасы дейміз. Сыртқы көрінісінің (кейпінің) түрленуін сөз тұлғасының түрленуі дейміз. Анау – көл, көлде, көлді – дегендердің бәрі де сөз тұлғасының түрленулері.Сөз тұлғасының түрленуі, я сөздің түркі мағынасына жаңа мағына үстеу үшін ғана керек; я болмаса, сол сөзді басқа бір сөзбен байланыстыру үшін керек. Қ.Жұбанов сөз тұлғасының түріне қарай, мынадай алты арыс болады – дейді. 1. Түбір сөз;  2. Қосымшалы сөз; 3. Кіріккен сөз; 4. Қыйулы сөз; 5. Қосар сөз; 6. Қосалқылы сөз [3,163].

Түбір сөз бен мен қосымшалы сөз. Сөздің түп мағынасын беретін бөлшегін түп бөлшек немесе қысқартып түбір дейміз.

                                            Айдын көл-де шағала.

                                           Айдын көл-ді жағала, —

дегенде тұлғасы бірде көл-де, бірде көл-ді болып, екі түрде тұрған сөздің екеуінің де түп бөлшегі көл дегені.

Көл дегенің көл-шік тағы дегендегі көлшік сөзінің де түп бөлшегі көл. Көл-де, көл-ді, көл-шік сөздерінің түр мағынасын беріп тұрған түбірі – осы көл деген бөлшек. Қалған –де, -ді, -шік деген бөлшектері қосымша.

Сөздің түбірі, осындағыдай, қосымша алып та, қосымшасыз тек өзі де тұра береді. Ауылдың алды айдын көл, көл дегенің көлшік тағы дегендерде көл сөзі түбір болғандықтан, қосымшасыз оңаша да тұр.

Сөздің қосымша бөлшегі түбірі бар сөзге қосылмай тұра алмайды. Оңаша күйде пайдаға аспайды.

Сөздің түбірі қосымшасыз, өзі ғана тұрса, түбір сөз дейміз. Айдын көл, көл дегенің дегендегі қосымшасыз тұрған көл сөздері – түбір сөздер.

Сөздің түбірі оңаша тұрмай, қосымша қосып алып тұрса, қосымшалы сөз дейміз.

Көлде, көлді, көлшік түрінде тұрған сөздердің бәрі де қосымшалы сөздер [3,164].

Жалғаулы сөз бен үстеулі сөз. Қосымша екі түрлі: бір түрі өзі жалғанған сөзді басқа бір сөзбен қыйындау үшін керек; екінші түрі өзі жалғанған сөздің түп мағынасына ғана мағына үстеу үшін керек.

                                           Айдын көлде шағала (отыр),

                                          Айдын көлді жағала! –

дегенде де қосымшасы көл деген сөзді шағала деген сөзбен қыйындастыру үшін тұр. Бұл де қосымшасын жалғамай, айдын көл шағала деп қойсақ, сөздер қыйындаспас еді, көл-ді дегендегі ді қосымшасы да көл сөзін жағала деген сөзбен қиындастыру үшін тұр.

Осындай, бір сөзді басқа бір сөзбен қыйындастыру үшін жалғанатын қосымшаны жалғау дейміз.Көл дегенің көл-шік тағы? Дегендегі көл сөзіне жалғанған шік қосымшасы бұл сөзді басқа сөзбен қыйындау үшін емес, көл сөзіне ғана мағына үстеу үшін тұр. Көлшік десек, үлкен емес, кішкене көл екенін көрсеткен боламыз.Осындай сөздің түп мағынасына үстеме мағына қосатын қосымшаны үстеу дейміз. Түбір сөзге жалғау қосылса, жалғаулы сөз болады. Көл-де, көл-ді дегендер, осындай, жалғаулы сөздер.

Түбір сөзге үстеу қосылса, үстеулі сөз болады. Көлшік деген үстеулі сөз.

Үстеу көп болады да, жалғау аз болады.

Қазақ тілінде қосымшаның бәрі де түбірдің соңғы жағынан жалғанады. Көл-де, көл-ді, көл-шік деген сөздердің бәрінде де көл деген түбірі алдында, қосымшалары онан кейін тұр.

Үстеу мен жалғаудың түбірге екеуі де жалғанса, үстеу бұрын келеді де, ең соңынан жалғау келеді.

                                           Орақшының орағын алды,

                                           Сушының шелегін алды, —

дегенде, орақ-шы-ның, су-шы-ның деген сөздер әрі үстеулі, әрі жалғаулы сөздер. Бұлардың аяғындағы –ның қосымшасы – жалғау. Бұл жалғау орағын, шелегін деген келесі сөздермен байланыстырып тұр. Жалғаудан ілгері тұрған –сы қосымшасы – үстеу. Бұл орақ, су дегендер сөздердің мағынасын үстеп тұр. Орақ, су дегендер заттың аты еді, енді орақ-шы, су-шы болып үстелгеннен кейін орақ жұмысын, су жұмысын істейтін адам деген мағына шығып тұр.

Жалғау, көбінесе, бір сөзде біреу-ақ болады да, бір жалғаудың үстіне екінші жалғау жалғанбайды.

Үстеу бірінің үстіне бірі жалғана береді де, бір сөзді біреуі ғана болмай, бірнешеуі бола береді. Сушы деген сөздің түбірі – су, үстеуі – шы. Мұнда үстеуі біреу-ақ. Ал, орақшы деген сөздің түбірі ор, үстеулері бірінші –ақ, екінші – шы. Мұнда екі үстеу бар. Орақ-шы-лық десек, бір сөздің өзінде-ақ     -ақ, -шы, -лық деген үш үстеу болады.

Үстеу нешеу де болса, түбір мен жалғаудың екі аралығында ғана болады да, жалғаудан кейін келмейді. Жалғау түбірге де, үстеуге де жалғанады.

Үстеу де, жалғау да өздігінен пайдаға аспайтын, тек түбірлі сөзге қосылып қана тұра алатын болғандықтан, екуін бір қосып қосымша дейміз. Үстеулі я жалғаулы сөзді қосымшалы сөз дейміз.

Түбір сөз де, үстеулі сөз де сөздің өз басының мағынасын беретін болғандықтан бұл екеуін бір қосып негіз сөз дейміз.

Түбір негізді түп негіз, үстеулі негізді туынды негіз дейміз. Көл-де, көл-шік-те деген екі сөздің негіздері алдыңғысында көл, соңғысында көлшік. Көл – түр негіз, көлшік – туынды негіз [3,164-166].

Түбір сөз, үстеулі сөз, жалғаулы сөздердің емлесі. Түбір сөз, үстеулі сөз, жалғаулы сөздердің әрқайсысы бір-бір тұтас сөз саналады да, өзге сөзден бөлек, әр түбір өзінің қосымшаларымен қосылып жазылады. Мысалы: ор, орақшы, орақшының, көл, көлшік, көлшіктерде.

Өлі қосымша. Қосымшалардың осы күнде де үстеулі сөз жасай алатынын, немесе, бір сөзбен екінші сөзді осы күні де байланыстыруға жарайтынын тірі қосымша дейміз.

Мысалы: Темір-ші, ойн-а, колхоз-дың, ауыл-да деген сөздегі-шы,-а, -дың, -да қосымшалары, осындай, тірі қосымшалар.

Бірқатар сөздердің түбір қанаты анық көрініп тұрса да, қосымша қанаты сол сөзден айырылып, басқа сөзге жалғауға келмейтін болады. Мысалы: ертең деген сөзде – ерте, соңыра деген сөзде – соң, жоңқа деген сөзде – жон түбірлері бөлек шығып-ақ тұр. Өйткені, ерте, жон, соң деген түбірлер жеке тұрып та қолданыла береді. Бірақ, ертең-дегі —ң, соңыра-дағы –ра, жоңқа-дағы –қа ана сөздерден бөлініп, басқа сөзге жалғанбайды. Олар бір кезде тірі қосымша болып жүрген де, бүгінде қосымша болуды қойып, түбірмен бірігіп қатып қалған.

Осындай, бүгінде қолданылудан шығып қалған қосымшаларды өлі қосымша дейміз.

Өлі түбір. Түбірдің де өлісі, тірісі болады. Мысалы: күрес, жарыс деген түбірлердің соңғы –с, -ыс дыбысы осы күні де тірі қосымша. Мұны соқ деген түбірге қоссақ, соғ-ыс, айт деген түбірге қоссақ, айтыс болады. Соңындағы –с үстеу болған соң, оның алдыңғысы – түбір болмақ.

Сонда, күрес, жарыс деген сөздердің түбірі күре, жар болып шығады. Бірақ, қазақ тілі бүгінде күресу, жарысу мағынасындағы күре, жар деген түбірлерді білмейді. Сондықтан: бұларды өлі түбірлер дейміз.

Үстеулі сөз бен жалғаулы сөздің түбірі өлісі де, үстеулі я жалғаулы өлісі де қосымшаларымен қосылып барып бір түбірге есептеледі [3,167].

Кіріккен түбірлер. Өлі түбірлі, не өлі қосымшалы сөздер сияқты, ішкі жігін бүгінде жоғалтып, бірігіп кеткен сөздердің бірсыпырасы, түбір мен жалғаудан құралмай, өңшей түбірлерден құралған:

     Мысалы: ашудас сөзі – ашу+тас деген екі түбірден,

     күндіз – күн+дүз (жүз, бет) деген екі түбірден,

     айаз – ай+юз деген екі түбірден,

     белбеу – бел+бау деген екі түбірден,

     қаралат – қара+ала+ат деген үш түбірден құралған.

     Осындай екі түбір, үш түбірден құралып тұрып, бір түбір болып кеткен сөздерді кіріккен түбірлер дейміз.

Қиюлы сөз. Еңбеккүн, белбеу, қолғап, ашудас, жермай сияқты сөздердің әрқайсысы екі сөзден құралып бір нәрсенің атын көрсетіп тұрғанын, сондықтан мұндайлардың әрқайсысы о басба екі сөз болғанмен, бүгінде бір сөз болып кеткенін білуші едік. Мұндай кіріккен сөздердің құрылысы осы күнгі қазақ тілінде екі түрлі. Бірін – жалғасулы кіріккен, екіншісін – қиюлы кіріккен сөз дейміз.

Жалғасулы кіріккен сөз тұтас күйінде тұрып-ақ тек жалғасып кірігеді. Ол – ана қол+ғап, ашу+дас сияқтылар. Мұнда қол сөзі мен қап сөзі, ашу (ащы) сөзі мен тас сөзі бұзылмай-жарылмай ғана жалғасып барып кіріккен.

Қиюлы кіріккен сөздер, ондай, тұтас тұрып жалғаспайды, жарықшақталып, қиюы келтіріліп барып кірігеді. Ауатком, аухалтер, партком сөздері, осындай, қиюлы сөздер ау+ат+ком сөзі аудандық атқару комитеті деген үш сөзді қиюлап барып жасалған. Ау+хал+тер сөзі аудандық халық тергеушісі деген үш сөзді қиюлап барып жасалған. Парт+ком сөзі партия комитеті деген екі сөздің қиюын келтіріп жасалған.

Қиюлы сөздердің құрылысы үш түрлі болады:

     а) буын қиюлылар,

     в) әріп қиюлылар,

     с) аралас қиюлылар.

Қосар сөздер. Түбір сөзден туынды сөз жасаудың жалғыз амалы түбірге қосымша жалғау ғана емес, түбір сөздің  я туынды сөздің өзді-өзін қосақтап та сөзге үстеме мағына беруге болады. Мысалы: бала-шаға, үлкен-кіші, үлкенді-кішілі, ұзын-қысқа, сатыр-сатыр, көзбе-көз, шай-пай, қап-қара, сап-сары. Мұндай, қосарынан айтылатын сөздерді қосар сөздер дейміз.

Құрылысына қарай, қосар сөздер мынадай бес арыс болады: теңдес қосар, сөздес қосар, матаулы қосар, тіркеулі қосар, қосақты қосар [7,133].

Қосалқы сөз. Қайсыбір сөздер түбірше, оңаша жұмсала алмай, басқа бір түбір сөз, үстеулі сөз, жалғаулы сөздердің біріне қосалқы болып ғана жүре алады. Ондай сөздерге көбінесе жаңадан үстеу де, жалғау да жалғанбайды. Осындай сөздерді қосалқы сөз дейміз. Шейін, сайын, менен, да, қой, ақ, тым, әрең, бек, қас, өте, ең, тап дегендер осы қосалқы сөздер.

Қосалқы сөзі бар түбір сөз бен қосымшалы сөзді қосалқылы сөз дейміз.

Қосалқы сөздердің тұратын орны екі түрлі:

Бірінде сөз түбірінің алдында тұрады. Ондайларын дәйек қосалқы дейміз. Дәйек қосалқылар: тым (ауыр), әрең (бітірдім), бек (жақсы), қас (батыр) т.б. сияқтылар;

Бірінде – түбір сөз, үстеулі сөз, жалғаулы сөздердің соңынан келеді. Ондайын аяқ қосарлы дейміз. Аяқ қосалқы болатын: — (жазға) шейін, (ай) сайын, (қой) мен (сиыр), (оқу) да, (жазу) да, (сен) ақ, (көрдім) ғой сияқтылар.

Бір сөздің өз мағынасын ғана үстейтін қосалқыларды, үстеуге ұқсағандықтан, үстеуіш қосалқы дейміз.

Бір сөзді бір сөзбен, я бір сөйлемді бір сөйлеммен қиындастыру үшін тұратын қосалқыларды, жалғауға ұқсағандықтан, жалғауыш қосалқы дейміз.

Сөз мүшелері. Бір мүшелі сөз бен көп мүшелі сөз. Сөйлем бір мүшелі де, көп мүшелі де болатын еді. Мәселен: Қыс. Жердің үстін қар жапқан деген екі сөйлемнің әуелгісінде бір-ақ сөз бар. Ол бір мүшелі сөйлем. Екіншісінде үш сөз бар. Бұл көп мүшелі сөйлем.

Сөздің құрылысы да сөйлемнің құрылысы сияқты. Жоғарғы екі сөйлемдегі, қыс, қар деген екі сөз бөлшектеуге келмейді. Ондай сөзді бір мүшелі сөз дейміз. Ал, жердің, үстін, Жапқан деген үш сөзді бөлшектеп, түбірі мен қосымшаларына айыруға келеді. Мұндағы жер-дің деген сөзде екі бөлшек, үст-і-н дегенде үш бөлшек,  жапқан дегенде екі бөлшек бар. Бұлар көп мүшелі сөздер.

Сөз тұлғаларының қандайы болса да, бәрі де түбір, қосымша, қосалқы – үшеуінен құралады. Сондықтан, бұл үшеуін сөз мүшелері дейміз. Сөз тек түбір сөздің өзі болса, бір мүшелі болады. Кіріккен сөз, қиюлы сөз, қосар сөз, қосымшалы сөз, қосалқылы сөздердің бірі болса, көп мүшелі болады.

Түп  мүше мен жамау мүше. Сөздің түп мағынасын беретін – түбір. Түбірсіз жерже сөз болмайды. Түбір бір өзі тұрып та, басқа мүшелерді ертіп алып та сөз бола береді. Түбірден басқа мүшелер өздігінен сөз бола алмайды, тек түбірге жамалып тұрып, түбір сөзді толықтыруға жарайды. Сондықтан түбірді түп мүше дейміз де, қосымша мен қосалқыны жамау мүше дейміз.

Жамау мүшелердің түр-түрі. Жамау мүше болатын – қосымша мен қосалқы. Қосымша мен қосалқының бір-бірінен айырмасы сол: 1) қосымша түбір сөзге тығызырақ байланысқан. Сондықтан, қосалқымен қабат келсе, түбір жағында қосымша тұрады да, қосалқы аяққа кетеді. Мысалы: жылқының да, сиырдың да дегенде –ның, -дың деген қосымшалары түбір жағында тұр да, да қосалқысы олардан соң келіп тұр. 2) Қосымшаның бәрі де түбірден соң ғана келеді; қосалқының ішінде түбірден бұрын келетіні де бар.

     Мысалы: нақ осының да қате, десек, осы деген түбірден нақ деген дәйек қосалқы бұрын келген; -нық деген қосымша түбірден соң келген; да деген енді бір қосалқы одан да соң келген [7,133].

Синтаксис саласы. Енді ғалымның қазақ тілі грамматикасы, синтаксис жайындағы зерттеулеріне тоқталсақ.

Профессор Қ. Жұбанов грамматика жайындағы ілімін сөз қылғанымызда, ең алдымен оның осы мәселедегі көзқарасын, түсінігін айқындап алу міндеті тұрады. Бұған оның өз еңбектері жауап береді. Ғалымның түсіндіруінше, тіліміздегі қарым-қатынасқа түскен сөздердің мағыналық көрінісін танып қою жеткіліксіз, сол мағына қалайша туындап тұр, қандай формалардың әсері болды, қысқасы, мағына мен форманың аралық тығыз қарым-қатынасын ескеріп отыру қажеттігіне ол барынша назар аударттырады. Бұл жайт әсіресе автордың «Жаңа грамматиканың жаңалықтары жайынан» атты еңбегінде жақсы тұжырымдалған. Осында ғалым грамматиканың алдына қойған мақсатын былайша айқындайды: «Грамматиканың мақсаты жалғыз-ақ сөздің қандай мағыналары болатындығын баяндау ғана емес, қандай формаларға қандай мағыналар сәйкес келетінін баяндап, дұрысы, қандай мағына шығу үшін сөзді қалайша құрастыру керек екендігін баяндау. Сондықтан құрастыру, құрылыс жағын елемейтін грамматика грамматика болмақ емес» [18].

Проф. Қ. Жұбанов грамматиканың мәнін осылайша аша отырып, оның бір үлкен саласы синтаксисті «құрастыру, құрылыс» деп түсіндіреді. Осы жағына айрықша көңіл бөледі.

Қазақ тіл білімінде 50 жылдары сөз тіркесі синтаксисі өз алдына жеке ғылым болып қалыптасты.

Бұған проф. М.Балақаев зерттеулерінің әсері болды. Міне, осы маңызды мәселе де 30 жылдары проф. Қ. Жұбановтың назарынан тыс қалған жоқ. Ол осыған арнап «О формах сочетания слов в казахском языке» атты мақала жазса, сондай-ақ оқулық ретіндегі «Қазақ тілінің грамматикасында» (1936) да бұған арнайы тарау беріп («сөз қиыны»), тоқтала кетеді. Автордың «сөз қиыны деп отырғаны – біздіңше, қазіргі ұғымымыздағы сөз т іркесі. Бұл жайында ғалым былай деп жазады: «Сөйлемде бір сөз болмай, бірнеше сөз болса, бұл сөздер бір-бірімен қиындасып тұруы керек. Қиынын келтірмей құрастырған сөйлем не тіпті сөз болмай шығады да, немесе айтайын деген сөзің болмай,  басқа бірдеме болып шығады». Сөз қиыны дұрыс болу үшін екі шартты атайды: «…бір сөзді екінші сөзге байлап беретін жалғаулар бар; соны дұрыс жалғау керек» [6,71].

Сөз тіркесіне байланысты тағы бір мәселе – автордың айтатынындай, «жетек сөз бен жетекші сөз». Бұл – тілімізде қазіргі баяндалып жүрген меңгерілуші сөз бен меңгеруші сөз. Бұларды ғалым былайша түсіндіреді: «Сөйлем ішінде сөздер бірін-бірі ерте де, біріне-бірі ере де байланысады. Еруші сөзді жетек сөз, ертуші сөзді жетекші сөз дейміз». Осылайша сөздердің бір-біріне бағына байланысудағы заңдылығы ашылады. Мұның бәрі, жоғарыдағыдай, автор өзі айтқан синтаксистің «құрастыру, құрылыс» табиғатымен тығыз байланысып жатады. [27].

Проф. Қ. Жұбановтың қатты көңіл бөлген мәселелерінің бірі – күрделі сөздер мен атаулардың синтаксисі. Бұлар әсіресе автордың «Из истории порядка слов в казахском предложении» атты еңбегінде кеңінен сөз болады.

Сөйтіп, проф. Қ. Жұбановтың сөз тіркесі, күрделі сөздерге байланысты жазғандары кейіннен оның жалпы сөйлем синтаксисіне арналған талдамаларында нақтылана түседі. Бұл оның жоғарыда аталған «Қазақ тілінің грамматикасында» айқын көрініс тапқан. Ғалым жалпы «сөйлем» деген ұғымды өте кең дәрежеде, тіпті синтаксистік ұғыммен пара-пара қарастырады. Сөйлемнің жеке түрлері мен бөлшектері болатындығын айта отырып, оларды қарастыратын арнайы бөлімді «сөйлем жүйесі немесе синтаксис» деп атайды. [18].

Ғалымның өзіндік айрықша ілімі, әсіресе оның сөйлем мүшелері жайындағы ілімінен анық байқалады. Сөйлемнің бастауышын ол бас мүше деп те атайды. Ал бастауыш пен баяндауышты негізгі мүшелер деп қарастырады. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін айқындауыш деп жіктейді. Осы жерден келіп автор іліміндегі ерекшелік айқын байқалады. Ол тұрлаусыз мүшелерді өзара саралауда жоғарыда сөз болған мағына мен формалардың өзіндік қызметін басшылыққа алған. Осы ретпен тұрлаусыз мүшелер әуелі мағыналық белгісі жағынан айқындауыш деп аталады. Мұны автор былайша дәлелдейді: «Сөйлемде баяндауыш қызметін атқарып тұрғанына қарай баяндауыш деп атағанымыз сияқты, басқа мүшелерді айқындап тұрғанына қарай айқындауыш деп атау дұрыс болады». Енді осы айқындауыш мүшелер формасына қарай екі түрге сараланады. Жалғаусыз түрі анықтауыш болып аталады да, жалғаулы түрі толықтауыш делінеді. Байқайсыз ба, анықтауыш, толықтауыш мүшелер, бұрынғыдай, сұрау арқылы емес, тек формалық жағынан ажыратылады. Бұл турасында автордың өзі талдаған сөйлемін келтіре кетуді жөн көрдік:

Жақып ұзақ сөйледі. Дәуіттің, Қасымның жаман жағын түгел ашып берді (Бейімбет), дегенде ұзақ, жаман, түгел деген сөздер – анықтауыш. Дәуіттің, Қасымның, жағын деген үшеуі – толықтауыш» [3,150].

Проф. Қ. Жұбанов іліміндегі көңіл бөлерлік енді бір мәселе – ол сөйлем мүшелерінің орналасу тәртібіндегі заңдылық. Сөйлем мүшелерінің орналасуындағы қалыптасқан тұрақты заңдылықтарды айта отырып (баяндауыш көбінесе сөйлем аяғында, бастауыш одан бұрын, анықтауыш анықтайтын сөзінің, толықтауыш толықтайтын сөзінің алдында тұрады), кейде олардың тіл құбылысында әрдайым да сақтала бермейтіндігін орынды ескертеді. Мәселен, өз табиғатына байланысты сөйлем соңында қолданылатын баяндауыштың орын тәртібінің кейде өзгеретін заңдылықтарын да көрсетеді. Мұндай заңдылықтар сөйлем құрылысының сипатына орай баяндауыш сөзін сөйлемнің басына, не болмаса ортасына шығаратын болады. Осы ретте мұның өзі, автордың көрсететініндей, үш түрлі сөйлем құрылысынан орын алады: ұранды сөйлемдер, төл сөзді сөйлемдер, өлеңді сөйлемдер.

Мысалы: Жасасын Кеңес үкіметі! Бітсін байлар! – Құжырайған шал ғой, не хабар біледі дейсің,дейді бір келіншек (Бейімбет). Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман (Абай) [7,74].

Проф. Қ. Жұбановтың ілімі құрмалас сөйлем синтаксисінен де орын алған. Әрине, бұл жайында оның арнайы жүргізген зерттеу жұмыстары жоқ, осы турасындағы кейбір ой-пікірлері жекелеген еңбектерінде («О построении речи на казахском языке», «Жанғазыға хат», «Қазақ тілінің програмы») көрініс тапқан.

Проф. Қ. Жұбановтың құрмалас сөйлем жайындағы толық көзқарасы оның өзі құрастырған, орта мектептің V – VII сыныптарына арналған «Қазақ тілінің програмы» (1936) құралында айқын тұжырымдалған. Бұл программа – қазақ тілі материалдарының ғылымға негізделген алғашқы жүйелі программасы ретінде танылады. Себебі мәселе мынада еді. Отызыншы жылдардың бас кезінде жарияланған кейбір программалар мен түрліше құралдар әр тектес мектептерге (қазақ жастары фабрика-завод мектептерінің оқу жоспары мен програмы, бастауыш политехникалы үлкендер мектебі, т.б.)  арналған еді. Сондықтан да оларда қазақ тілінен жүйелі түрде білім беру мақсаты көзделмеген, осыған орай бұлар орта мектеп оқушылары мен оқытушыларының қажетіне сай келмейді. Ал Жұбановтың программа осы жағын ескеріп, қазақ тілі грамматикасына қатысты мәселелерді әр класс бойынша ғылыми-методикалық негізде алғаш дұрыс жүйелей білген. Құрмалас сөйлем синтаксисінің (32 сағат) осы ретпен жай сөйлемнен кейін VII сыныпта өтуі көзделген. Автор, басқа грамматикалық мәселелер тәріздес, құрмалас сөйлем тақырыптарының кейбіреуіне де жол-жөнекей түсініктеме беріп, мазмұнын аша кетеді. Бұдан оның сол кездерде қазақ тіліне арналған жүйелі түрдегі оқулықтың жоқтығын ескеріп, әдейі осылай талдама-түсіндіру әдісін де қолданғандығын аңғарамыз (Осы 1936 жылы өзі құрастырған программаға сәйкес орта мектептің V сыныбына арнап «Қазақ тілінің грамматикасы» оқулығын жазды. Аяқталмай қалған) [18].

Аталған программада құрмалас сөйлемнің ең алдымен салалас түрін жасайтын түрліше амал-тәсілдер саралана көрсетілген. Ал сабақтас сөйлемнің жасалуы программада, негізінен алғанда, қатыстық сөздері бар шартты рай тұлғалы етістіктерге негізделген (Кімді айтсаң, сол келеді; Ол қандай болса, мен де сондай). Осыған орай да бағыныңқылар сөйлем мүшелерінің атымен аталған ( бастауыш бағыныңқы, баяндауыш бағыныңқы, т.с.с.) [7,77].

Қазақ тілінің өзге салалары тәріздес, проф. Қ. Жұбанов тіліміздің синтаксистік құрылысын зерттеуде үлкен теориялық білімінің кеңдігін танытып отырады.

 

1.4   Қ.Жұбановтың терминология саласына қатысты зерттеулері

 

XX ғасырдың алғашқы жартысында қазақ халқының рухани-мәдени өміріндегі аса зор саяси-әлеуметтік, халықтық мәні бар мәселенің бірі   —   жазу, емле,   термин   туралы   мәселе   болғаны мәлім. Міне осы мәселенің басы-қасында Қ. Жұбанов жүрді [6,14].

Қ.Жұбановтың қазақ жазуының емлесі мен термииологиясына қатысты еңбектеріне назар аудару,   әсіресе  терминологияға байланысты  ойлары мен

пікірлеріне бойлау. Бір қарағанда, оның термин туралы жазған еңбегі шамалы ғана. Атап айтқанда «О специфике слов-терминов»(1935ж.)             «О терминологии казахского литературного языка»(1935 ж ) «Принципы термииологии казахского литературного языка, принимаемые государственной терминологической комиссией», «К пересмотру казахской орфографии (1935 ж.) деп аталатын еңбектерін атауға болады [24,31].

Оның   1929   жылы   Қызылорда   қаласында   өткен   ғылыми-терминологиялық конференцияда сөйлеген сөзінде де терминология мәселесі қозғалады. Сондай-ақ «Қосар ма, дара ма?», «К проекту   реформы   казахского   алфавита»,   «Проект   казахского алфавита»   деген   мақалаларында   да   терминология   мәселесіне едәуір назар аударылған. Бұдан біздің аңғаратынымыз, тіл-тілдің қандайы да өзінің мәдени даму жолында жазу мен терминология мәселесіне айрықша мән беріп отыратыны. Сонда емле деңгейіне қарап, көпшіліктің   сауаттылық   дәрежесін   анықтауға   болады. Сондай-ақ  термин   мәселесі  де   осы   орфография   ережелерінің қалай қалыптасуына орай ыңғайласады.  Кезінде қазақ сөздерін

жазудың   12   және   термин   сөздердің   жазылуына   қатысты 18 пункттен тұратын ереже бола тұра К.Жұбанов сауаттылықтың әлі күнге неге жетілмей келе жатқанын сынға алған. Сөйтіп, ешкім өзіндік жазуын дұрыс деп дәлелдей алмайтыны «дұрыстықтың шарты айкындалмағанынан» деген ой айтады  Қ.Жұбанов [24,15].

Күні бүгінге дейін мәнін жоймаған термин туралы пікірлерінің негізгілерін біз термин-сөздер ерекшеліктерін козғайтын мақаласынан табамыз. Онда ол ғылыми термин сөздерге қойылар талаптың басты-басты шарттарын анықтап береді. Шынында, Қ.Жұбанов айтқандай ең басты қателік термин сөздер мен жай сөздердің ара-жігін айырып түсіне алмаудан неше алуан қателіктер күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Ол осындай кемшіліктерден арылу үшін, ең алдымен, термин дегеннің не екенін, оның нендей үғымды білдіретінін және қай сөздерге термин боларлық стандарттық (қалыптық) нышан ыңғайласып тұрғанын білу қажеттігін баса айтады. Сөйтіп термин сөздің тұңғыш peт ғылыми анықтамасын жасап, оның лексиканың өзге қатпарларынан өзіндік ерекшелігін қолға таяқ ұстатқандай етіп көрсетіп береді. Профессордың тұжырымын дәл беру мақсатында анықтаманы сол түпнұсқадағыдай түрінде берулі [6,33].

«Термином называется специфический вид определенных словесных обозначений, передающих определенные понятия, установленные на данном этапе развития науки и революционной практики, причем передаваемые термином терминологическое понятие может не совпадать со словарным значением, которое присуще данной словесной величине в обыденной жизни» (Қ.Жұбанов. Исследования no казахскому языку. «Ғылым», 1966, 273 б) [24,16].

Осыдан аңғаратынымыздай, термин дегеніміз белгілі бір кезеңнің сөз әлеміндегі ғылыми атаулык кейпі.

Қ.Жұбанов термин сөздердің эволюциялык даму ерекшелігін, өзіндік даму заңдылықтарды дұрыс болжап кеткен. Мұндай процесті   көптеген  терминдердің  де  жасалу,   қалыптасу  тарихынан аңғарамыз. Термин жасамдағы қателіктің ең бастысы Жұбановша айтқанда, аударылмайтын сөздерді аударуға тырысудан, ал аудара қалғандай   жағдайда   терминнің   өзін   емес,   оның  лексикалық мағынасын аударудан    туындайтыны рас.  Ғалым орыс тіліндегі «лошадь»,  «корова»,    «толстый»,    «мелкий»    сөздерін    қазақ тіліндегі am, сиыр, жуан, жіңішке сөздерімен салғастыра сөз етіп, ескермеуге болмайтын қызықты тұстарға мән береді. Мәселен, бұл сөздер бір қарағанда бір-біріне тепе-тең балама іспеттес боп көрінгенмен, белгілі бір кезеңнің сұранысына орай олар ғылыми ұғымға ие бола алмаса, терминге қойылар талап шартына жауап бере коймағаны. Қараңыз, шынында, «лошадь» дегенді   қазақтар «ат» деп те, кейде «жылқы « деп те айта береді. Ал қазақтың атын   орыстар   кей   жағдайда   «мерин»   деп,   екінші   бір   тұста «конъ» деуі мүмкін. Сонда аударып термин жасауға мәжбүр болып отырған маман сөздердің осы тектес құбылысын дәл басып саралай    қолданбаса    шатасуы    әбден    мүмкін.    Сол    сияқты «толстыйдың»   қазақта   «жуан»   (жуан   сабақ),   «қалың» (қалың қағаз) боп, «мелкийдің», «ұсақ» (ұсақ тастар), тайыз (тайыз су -мелкая вода) болып құбылатыны жөнінде жасалған талдамалар терминтану іліміне қосылған үлкен үлес. Мұны ол қалыптасқан табиғи заңдылык қатарында сөз етеді.  Оның ойынша, сөз дегеніңіз тек зат, нәрсе атауы ғана емес,  сонымен бірге санаға сіңген, қалыптанған заттардың да атауы. Қоғам дамуының  ерекшелігіне сәйкес бұл танымдық құбылыс әр халық  ұғымында әр алуан қалыптасуы ықтимал [25].

Ал ғылыми ұғымдардың жөні сәл басқашалау екеніне ол баса назар аударады. Ғалым сөздер терминденген кезде олар әлгіндей таза ұлттық ерекшеліктерінен арылып, ортақтық сипат ала бастайтынын дәлелдеуге тырысқан. Қазақтың қарапайым may сағыз, жабағы сөздері ботаника, биохимия, тауартану ғылымдарының терминдеріне айналу процесін баядауы қызық. Сөйтіп ол таза ұлттық терминология дегеннің қисынсыздығы туралы пікірді ұстанады. Әрине, бұл профессордың осы тектес тұжырымдарын дау айтуға болмайды деген сөз емес. Ең бастысы, оның сол кезеңнің жағдайында термин қалыптастыру мәселесін ғылыми тұрғыда қоя білуі деп білу керек және оның қазақ терминологиясы екі негізден қалыптасқан: халықаралық сөздер мен ұлт тілі сөздерінен құралуы тиіс деген қорытындысы дұрыс [24.].

Қ. Жұбанов 1930-1935 жылдары терминология мәселесіне жиірек көңіл бөлген. Бұған негізгі себептің бірі жоғарыда айтылғандар болса,  екіншіден, оның 1933 жылы мемлекеттік терминология комиссиясына төраға болуымен байланысты. Ол жазу мен терминология мәселесін нақты қадағалап бір орталықтан басқарып, ұйымдастырып отырмайынша нәтиже болмайтынын ерте түсінген. Сөйтіп, жедел түрде мемлекеттік терминология комиссиясын ұйымдастырып қана қоймай, онда қаралған мәселелерді дер кезінде жұртшылыққа жеткізудің жолдарын қарастырып, бюллетень шығара бастайды. Мұның өкінішке қарай төрт-ақ саны шығып, ары қарай жалғасын таппай тоқтап қалды. Әйтсе де осы 4 санының өзінде қазақ терминологиясының басты мәселелерін қозғап үлгерді. Сонымен бірге ғылымның әр саласында бой көрсетіп әрі-сәрі қолданылып жүрген терминдердің дені (30 мыңдайы) мемтерминком мәжілісінде талқыланып, бекітіліп, бюллетенде жарияланды. Бұл терминдер кейін қазақ ғылымының калыптасуына негіз болды деп айта аламыз [7].

Қазақ терминологиясының өзекті мәселесінің бірі — оның принциптерін қалыптастыру. Қ.Жұбанов өзі қарап бекіткен 10 мыңнан аса терминдерді қаңдай принциптерге сүйеніп жасады дегенде — айтарымыз мынау. Ол бұл мәселеге алдын-ала үлкен әзірлікпен келген. Бұл жөніндегі өзінің ойларын ол әуелі 1935 жылы 20 мамырда Алматыда өткен мәдениет қайраткерлерінің бірінші құрылтайында баяндап береді. Ол съезде 11 принцип ұсынады. Өз сөзімізбен қысқартыңкырап айтқанда олардың жалпы мазмұны мынадай:

  1. Көптеген әдеби тілдерде аударылмай қалыптасқан халықаралық терминдерді, казақ тіліне аудармай сол қалпында алу (революция, совет, теория, практика, тенденция, хирургия, климат, абсолютный, конкретный т.т);
  2. Көптеген әдеби тілдер тәжірибесінде аударылып алынған халықаралық терминдер (производство, труд, деньги, корень, стебель, мышцы, деление, умножение т.т.) қазақ тіліне де аударылады, егер аударма термин мағынасын дәл бере алмай, бұзатын болса, онда оларды (сословие, состав, клетка, слет т.т) орыс тіліндегі калпынша алу;
  3. Әр қилы пәнде бір мағынада қолданылатын терминдерді бірегейлетіп алу; мысалы, формо — форма (философия, физика), материя — материя (физика,; философия)  корень —  түбір (математика, ботаника, лингвистика), реакция — реакция ( химия, биология, политика) т.т .
  4. Білімнің әр саласында әр қилы мағына білдіретін терминдер (мануфактура, продукт, легенда) бір салада термин ретінде, басқасында жай сөз ретінде қолданылады. Мысалы: мануфактура экономикалық даму кезінде термин болады, бірақ тауар түріне жата алмайды.
  5. Халықаралық сөздер түрінде қалыптасқан терминдер орыс тіліндегі үлгімен қабылданады (пролетариат, физика, биология);
  6. Терминдерді түсініксіз етіп жіберетін жасанды сөзжасамға бармай-ақ, қазақ тілінің грамматикалық ерекшеліктерін де, атаудың ғылыми   мәнін   де   толық   қамтый   алатын   терминдердің (Мысалы: беріліс — передача, көпкіл — многоуголник, тоқыма -текстиль, тәжірибе — практика т.б. ) баламасын табу ;
  7. -изация, -ификация,-ация тәрізді формалды элементтермен (машинизация, электрофикация, объективация)  келетін  сөздерді қазақ тіліндегі материяландыру, электрлендіру, объективтенулер түрінде  қалыптастыру  келеді.   Сол  сияқты   популярная  книга популяр кітап, абсолютная величина —   абсолют шама, буржуазная идеология   —   буржуаз   идеология,   дифференциальное  уравнение   —Дифферциал теңгерме түрінде қысқартып алу;
  8. Қазақ тіліне халықаралық терминдермен ілесіп — ист,- изм қосымшалары және ре, сиын, де, суп, анти, контр тәрізді префикстер енгізіледі.
  9. авто, аэро, авиа сияқты қысқартылған формаларға қазақ сөздері бірігіп   (автожол,   аэрошана,   авиашана,   автоқатынас)жазылады.
  10. Қаркөмір (Қарағанда уголь), Халкомжер (Наркомзем) т.т. сияқтыларды қысқартып колдану.
  11. Бұрын терминологиялық қолданыстан шығып қалған диктатура, революция, совет, теория, практика, котрреволюция, милитаризм сияқты терминдері қазақ тіліне қайта енгізу [20].

Профессор Қ. Жұбанов ұсынған бұл принциптер съезде 10 пунктке шақталып, негізінен қабылданды. Бұл принциптердің тбіразы қазақ терминологиясының қазіргі даму мен сұранысы тұрғысынан  қарағанда сын көтере қоймайтын тұстары да бар. Әрине, негізінен ғылыми тұрғыда дәйектелген бұл қисындар термин жасам процесінде зор рөл атқарғанын айту лазым. Біз профессордың осы жүйелеуінің арқасында ғылым тілін бір ізге салуға жол ашқандай болдық – дейді Өмірзақ Айтбайұлы [6,15]

Алайда, кезінде қазақ терминологиясын жасау ісінде орыс үлгісінің ықпалы яғни «орыстандыру» саясатының әсері айрықша болғанын аса сауатты лингвист – Қ. Жұбанов еңбектерінің – өзінен байқамай өте алмайсыз. Соның салқыны мына принциптерден де аңғарылады. Қазақ тілінің даму, қалыптасу заңдылықтары мен ерекшеліктерін мейлінше терең білетін тіл білімпазының өзі ұлттық терминологияны ұлттық негізде жасауға кесірін тигізетін ұстанымдарды басшылыққа алуға мәжбүр болған сыңайлы.Әйтпесе, интернационалдық терминдер мен орыс тілінде қалыптасқан үлгілерді олардың қазақ тілінде баламасының бар – жоқтығына қарамастан бұлжытпай қапысыз қабылдай берейік дейдің қисынға келе бермейтінін өмірдің өзі дәлелдеді [6,19].

 

2  Профессор Қ.Жұбановтың зерттеулеріндегі қолданбалы

лингвистиканың жаңа бағыттарының көрінісі

 

2.1 Проф. Қ.Жұбанов зерттеулеріндегі статистикалық тәсілдің көрінісі

 

Түркі тіліндегі мәтіндерді статистикалық тәсілмен зерттеу – бұл тілдің ішкі табиғатына, яғни агглютинативті құрылымына негізделеді. Мамандардың пайымдауынша, кітаби және сөйлеу тіліндегі түрлі типті сөздердің әр ыңғайдағы қолдану жиілігін анықтайтын мұндай тәсіл тілдің құрылымдық-грамматикалық, кейде стильдік-семантикалық айырым белгілерін ажырата отырып, осы стильдерге тән қасиеттерді анықтауға мүмкіндік жасайды. Сонымен бірге грамматикалық категорияларды сандық тәсілмен талдау әдеби тілдің барлық аясындағы функционалдық салмағын көрсетуде де маңызды.

Белгілі филолог-статист Р.Г.Пиотровский түркі тілдерін сандық деңгейде зерттеудің негізі олардың ішкі құрылымдық табиғатына тєн екендігін айта келе, бұл тілдерге үндіеуропа тіліне тән екпінді ассимиляция мен редукциялар және осы сипатты қасиеттер жат екенін баса көрсетеді. Бұл жағдай тілдік деректердің жай кезде қиындық туғызатын кейбір тұстарын математикалық әдіспен тіркеу мен тануда аса маңызды деп саналады [75].

Тілдік мәселелерге қолданылатын математикалық әдісті интуитивті түрде тұжырымдалған, сол сияқты толық шешімі жоқ мәселелердің логикалық тұжырымдалуына бағынатын және алгоритмдік шешімі бар бір немесе бірнеше қарапайым математикалық есептермен ауыстыру деп ұғыну қажет. Тілдік мәселені осылайша математикалық жолмен шешу – лингвис-тикалық нысанның математикалық моделіне (үлгісіне) көшуді қажет етеді [29, 6.]. Тілдің аса күрделі түрдегі сан алуан параметрлі көп қабатты жүйе екенін ескерсек, онда ықтималдық теория, математикалық статистика, ақпарат теориясы және т.б. ғылыми салалар әдістерін қолданудың мүмкіндігі кең екені байқалады. Әсіресе, бұл әдістер сөйлеу тәжірибесінде (жазба не ауызша) жиі кездесетін белгілі бір кешенді шарттарға байланысты тілдік кездейсоқтық құбылыс заңдылықтарын қарастырғанда аса ыңғайлы. Тіл табиғатының нақты ғылымдар саласының ережелеріне бағына бермейтін тұстары баршылық. Сондықтан осындай күрделі нысан ретіндегі тіл саласына ықтималдық теориясы мен математикалық статистиканы қолдану үшін, ең алдымен, «тілге» бірнеше шектеулер қою қажет. Мәселен, толығымен өзгермелі бірліктерден тұратын табиғатына жүйелілік сипат тән тілді көптеген зерттеуші «ашық жүйе» ретінде қарастыруды дұрыс деп санайды. Осы тұжырымның негізінде, тілге қойылатын бірінші шектеу бойынша, белгілі бір кезеңде тілдік жүйеде өзгермелілік сипат болмайды деп, оны «жабық жүйе» ретінде санау (модельдеу) ұйғарылды [30,19].

Екінші шектеу – тілдің ауызша және жазбаша түрлерінің аралық айырым белгілерін ескермей, оны арнайы түрде құрастырылған белгілер жүйесі немесе жазба тіл деп қарастыру. Мұндай ұйғарым мәтінді көру арқылы қабылдауға негізделген сипаттау грамматикасын құруға жеткілікті негіз бола алады [31,32-36].

Статистикалық зерттеу кезінде нақты мәтінді сөйлеу ақиқаттығына белгілі дәрежеде сәйкес келеді деп ұйғару негізінде оның үлгісі зерттеу нысаны ретінде алынады. Әрине, бұл жағдайда мәтін қасиеттері арнайы кеңейтіліп қарасты-рылады және мәтін үлгісі бір-біріне тәуелсіз дискретті бірліктердің тізбегі ретінде танылады.

Тілге қойылатын келесі шектеудің туындау себебі: тілдің қай саласында болмасын зерттеу арқылы сөйлеу қызметінің әр алуандығын қамту мүмкін еместігінде. Өйткені зерттеу нысаны ретінде алынған мәтінге қатысты мәліметтер тек сол мәтіндік стильге ғана тән болады. Зерттеу барысында мәтін типі мен оның сандық мөлшерін дұрыс таңдай білу зерттеу арқылы байқалған заңдылықтың дұрыстығына күмән туғызбаудың айғағы деп саналады.

Статистикалық әдіс басқа математикалық әдістерге қарағанда тіл зерттеу ісіне бұрынырақ және тұрақты сипатта енді деуге болады. Бұл әдістің қажеттілігі айқын, ол қазіргі жағдайда тілшілер арасында айтарлықтай күмән туғызбайды.

Белгілі орыс ғалымы Б.Н.Головин әуелден-ақ сандық сипаттың тіл категориялары мен оның элементтеріне объективті түрде тән болуынан, сонымен бірге сапалық және сандық сипаттарының өзара қатынастылығы тілдің қатынас құралы ретіндегі қызметі мен даму сатысындағы объективтілігінен тілді сандық тұрғыда зерттеу қажеттілігі туындады деп түсіндіреді [30,147]. Мысалы, морфемдік құрам сөздің сапасына әсер ететіндігі сияқты морфологиялық деңгейдегі сандық құбылыстар оның синтаксистік деңгейдегі сапасына әсер етпей қоймайды. Осыдан барып әр қалам иесінің стилі де тек өзіне ғана тән тұрақты бірліктерінің қатынастары арқылы ерекшеленеді.

Заңдылықтарды тәжірибелік байқау мен оның нәтижелерін математикалық жолмен өңдеу арқылы анықтау тілдік жүйені танып-білудегі лингвистикалық статистикадағы әрі табиғи, әрі ғылыми бетбұрыс болып саналады. Нәтиженің дәлдігіне, жасалатын тұжырымдардың объективті болуына талпыну – барлық ғылымдар саласына тән жағдай. Ал қоғамдық ғылымдар саласындағы ерекше дәлдікті қажет ететін ғылым саласы – лингвистика деуге болады.

Статистикалық әдістің тіл саласындағы қолданылу тарихын сөз еткенде, осы әдісті тұңғыш ұсынған орыстың белгілі математик-ғалымы В.Я.Буняковскийдің (1804–1889) атын атамай кетуге болмайды [33]. Сонымен бірге басқа да ірі ғалымдардың тілді зерттеуде сандық деректерге жүгінудің қажеттілігін дәлелдеулеріне деректерді көптеп келтіруге болады (И.А.Бодуэн де Куртенэ, А.М.Пешковский, М.Н.Петерсон, Е.Д.Поливанов, В.В.Виноградов және т.б.).

Классикалық тіл білімінің өкілі В.В. Виноградов тілдің кітаби, сөйлеу түрлерінде және көркем әдебиет стилінің әр жанрларында сөздердің қолдану жиілігінің біркелкі еместігін айта келе, оларды анықтау үшін арнайы зерттеудің қажеттігін көрсетеді. Ғалымның тұжырымдауынша, мұндай зерттеулер түрлі стильдердің құрылымдық-грамматикалық, тіпті семан-тикалық айырмашылықтарын белгілеуге, сондай-ақ барлық грамматикалық категорияларына статистикалық талдау жүргізілген әр әдеби стильдің қатынастық-функционалдық салмағын айқындауға мүмкіндік туғызады [34,94].

Қолданбалы лингвистиканың жаңа аспектілері теориялық тіл біліміне жаңадан ғана ене бастаған математикалық әдістерді, әсіресе, теоретика-жиындық, формальды-логикалық, статистика-ықтималдық әдістердің қолдануын барынша жеделдетті.

Классикалық тіл білімінің, классикалық логиканың, психологияның, семантика мен математиканың қиылысуынан барып тілдегі модельдеу әдісінің өзінше бөлек ғылым ретінде көрініс табуының нәтижесінде қазіргі «құрылымдық лингвистика» деп аталып жүрген ғылыми сала өмірге келгені белгілі. Сол сияқты енді тіл біліміндегі дербес тұрған теориялық бағыт ретінде «тілдің теориялық модельдері» атты жаңа тарау пайда болды.

Лингвистика мен математика салаларының аралығынан туындаған – «математикалық лингвистика» атты  жаңа пән өмірге келді. Бұл пәннің ХХ ғ. 50–60 жылдары қалыптасуы бұрыннан да тіл білімінің барлық ішкі дамуының өзінен де сезіле бастаған болатын. Мәселен, бұл жайт тілдің құрылымына көңіл аударудан, тілдік жүйе ретінде қарастырудан және оның микрожүйелерден тұру күрделілігін жете түсінуден, лингвистикалық нысандар мен олардың атрибуттары аралығындағы қатынастарды танып-білуден байқалып, математикалық лингвистика пәнінің дамуына объективті жағдай туғызды деуге болады.

Атап айтқанда, қазіргі теориялық тіл білімінің дамуына ең көп әсер еткен – құрылымдық лингвистика мен математикалық лингвистика пәндері. Бұндай әсер көбінде грамматиканың синтаксис және семантика салаларында айтарлықтай көрініс тапты [30,10].

Құрылымдық синтаксисте мынадай формальды екі синтаксистік модельдер жүйелі түрде жете зерттелді. Олар — тікелей құрастырушылар моделі мен өзара тәуелді модельдер деп аталады. Бұл аталған екі модель де машиналық аударма жасауда, автоматтанған синтаксистік талдау мен мәтінге жасалатын басқа да автоматты өңдеулерде кең түрде пайдаланылады.

Семантика тілдің барлық деңгейлеріне ортақ болғандықтан, тіл білімінде оны бөлек деңгей ретінде қарастырмайды. Семантикада, біріншіден, лингвистиканың өзіне ғана тән әдістің әсері байқалса, екіншіден, логикалық семантика мен теориялық классификациялау әдістерінің де әсері орын алады. Синтаксистік семантикада сан жағынан көбірек зерттелген жайттар — сөйлемнің семантикалық құрылымы жайлы тұжырымдар (концепциялар).

Қоғамдық ғылымдарда ғылыми зерттеулерді автоматтандыру, ең алдымен, құжаттық және фактографикалық деректердің ауқымды қорын құру барысында қажет болды. Себебі, мұндай автоматтандыру типі ең алдымен қоғамдық ғылымдар мамандарының өз қалауынан туындап отыр. Мәселен, ғылым жолындағы қандай анықтамалар түрі қоғамдық саладағы қызметкерге қажеттірек? Біріншіден, мұндай сұраныс кітапханалардағы библиографиялық істе, белгілі бір мәселеге қатысты барлық отандық не шетелдік әдебиеттерді іздестіріп, тауып алу сияқты мәселелер. Мұндай материалдарға жататындар: кітаптар, мақалалар, конференция тезистері, хроникалық шағын мақалалар және т.б.

Екінші кезеңде, жиналған әдебиеттер ішінен қажетті деректерді жинастыру, оларды қажетті белгілеріне қарай сұрыптау, топтастыру және т.б. жұмыстар орындалуы керек.

Көптеген қоғамдық ғылымдарға қатысты мәселелер, әсіресе, тіл білімінде, этнографияда, антропологияда, тарихта карталық мәліметтерге тікелей қатысты болып келеді. Сондықтан, ЭЕМ-ге ондай деректерді енгізу мен қағаз бетіне шығару өте-мөте өзекті деп саналады.

Қоғамдық ғылымдар бойынша ғылыми-зерттеу жұмысын автоматтандыруды қажет ететін мәселелер:

а)  әр тілдер бойынша белгілі тақырыпқа қатысты әдебиеттерді іздеп, табу;

ә) жазба ескерткіштер мен мәтіндік материалдар қоры бойынша таңдама жұмыстарын атқару;

б)  табылған материалдар арқылы қажетті амал-әрекеттерді іске асыру;

в)  материалды жан-жақты сұрыптау;

г) алдын ала белгілі өлшемдер бойынша реестрлер, каталогтар сипаттамаларын жинақтау;

д) статистикалық, картографикалық, сұрыптау теориясы мен жүйелік талдау әдістерін қолдану;

е) берілістерді (деректерді) сызба, сурет, карта түрінде көрсету.

Жоғарыда сөз болған мәселелерді қорыта келе айтатын болсақ, қолданбалы лингвистика, ең алдымен, кешенді пән. Себебі, ол философия, психология, физиология, математика, логика, әлеуметтану, информатика салаларымен үнемі тығыз қатынаста болады [30,12].

Қолданбалы лингвистика салаларының барлық  тілдерде, соның ішінде  қазақ тілінің жазба түріне қатысты зерттеулерде ең көп қолданыс тапқан тармағы –  статистикалық лингвистика. Дәстүрлі әдіспен тілді зерттейтін тілші-ғалымдардың бәрі бірдей статистикалық әдіс-тәсілдерді қолдай бермейді, бірақ өз ізденістерінде осы саланың көп, аз, мол, жиі, сирек, өнімді, өнімсіз тәрізді терминдерін барынша пайдаланады және олардың статистикалық ғылым саласына қатыстылығын көп жағдайда аңғара бермейді.

Статистикалық лингвистика тілді зерттеудің тек әдісі не тәсілі болып қана қалмай, қазіргі кездегі тілтануда  өзінше  бір бөлек ғылыми пән дәрежесіне көтеріліп отыр. Бұл пән тілдік бірліктердің сапалық және сандық (мөлшерлік) мәліметтерін тілдің табиғатына сай қарастыруды жөн санайды.

Статистикалық лингвистика, негізінен, математикалық статистика әдістемесіне сүйенеді. Зерттеу барысында ондай әдістемені қолдану қатынас құралы ретіндегі «тілді»  белгілі бір жүйе деп қарастырудан туындайды. Шынында да, «тіл» дегеніміз ақиқат болмыста өмір сүретін көп өлшемді және белгілі бір ішкі заңдылықтардың негізінде топталған (реттелген) табиғи құбылыс деуге болады. Ал тілдік жүйе математикалық статистика заңдылықтарына бағыну үшін ондағы бірліктер тобы қайталанып отыратын және кездейсоқтық сипатта болатын тілдік элементтерден тұруы қажет. Бұл жерде айта кететін жайт, тіл қызметі кезінде (яғни тілдік қарым-қатынас кезінде) дыбыстар, сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер және одан да үлкен бөліктер қайталанбайтын сипатта болса, адамдар арасындағы тілдік қатынас бұзылып, ақпарат таратушы мен қабылдаушы арасында түсінбестік пайда болған болар еді. Сондықтан да тілдік бірліктердің қайталануы олардың тілімізге тән болуынан, олардың қолдану сипатына жиі, сирек деген  ұғымдардың да тән екендігінен  туындайды.

Табиғи ортадағы элементтер арасындағы қайталану сипатының негізінде математикалық статистика мен ықтималдық теория атты ғылым салаларында тілдік бірліктердің статистикалық заңдылықтары қалыптасады. Зерттеуге алынған бірліктің (единица, элемент) ондай заңдылыққа бағыну не бағынбауын айқындау үшін алынатын ортаның аумағы (мәселен мәтін көлемі) барынша мол болғаны жөн. Мысалы, кітаптың  бір бетінде кездесетін сөздер мен оның жүз бетінде кездесетін сөздердің қайталану сипаты әр түрлі болатындығына ешкімнің күмәны жоқ. Ал заңдылықты айқындау үшін, кітаптың бір бетіндегі мәліметтен гөрі оның көптеген беттерінен алынған мәліметтердің шамасы шындыққа жақын болатындығы белгілі.

Тілге тән заңдылықтарды статистика тәсілімен анықтау негіздемесі мынада:

1)  сандық (мөлшерлік) құбылыс тіл табиғатына әуелден-ақ тән болуы;

2)  тіл құрылымындағы сандық және сапалық сипаттардың өзара байланыста болуы;

3) тілдің әр түрлі бірліктері сөйлеу ағымында статистикалық заңдылықтардың ең болмағанда біреуіне бағынуы тиіс деп ұйғару керектігі.

Әдістердің индуктивті, дедуктивті болып ажыратылатынын ескере отырып, негізінен алғанда, статистикалық әдіс индуктивті әдіс арқылы, ал тілдің әр түрлі модельдерін жасау үшін  қолданылатын логика-математикалық әдістер – дедуктивті әдіс арқылы жүзеге асады.

Тілдік фактілерді сандық ұғымдарға жүгініп баяндау – қазақ тіл білімін зерттеуші ғалымдарға да тән. Өйткені қай кездегі болмасын қазақ тілі жайлы зерттеулердің бәрінде дерлік аз, көп, көптеген, жиі, сирек, өнімді, өнімсіз, мол, жуық, тең, шамалас, көп рет т.б. шама, мөлшерді көрсететін сөздер кездесіп отырады және бұлардың мәнін нақты санмен көрсетуге талаптанушы ғалымдар да бар. Сөйтіп, қолданбалы тіл білімінің бүгінде «Статистикалық лингвистика» деп аталып жүрген жаңа саласының алғашқы нышандары мен белгілері міне осылардан басталады. Ал қазақ тіл біліміндегі бұл саланың бастауында профессор Құдайберген Қуанұлы Жұбанов тұрды. Мұны белгілі тілші-статист ғалымдар – Қ.Б.Бектаев, С.Мырзабеков т.б. қазақ тілінің статистикасы туралы зерттеулері мен мақалаларында атап көрсеткен. Мәселен, С.Мырзабеков «Қазақ тілін зерттеуде санды пайдалану» атты мақаласында: «Қазақ совет тіл білімінің негізін қалаушылардың бірі, совет дәуірінде қазақ тілін тұңғыш рет ғылыми түрде зерттеген маман-лингвист Қ.Жұбанов ретіне қарай сандық деректерді де пайдаланған», – десе [35, 167], ғалым Қ.Б.Бектаев «Лингвистикалық статистикаға қатысты элементтерді – сандық деректер мен мәліметтерді, оны пайдалану нәтижесіндегі кейбір пікірлер мен тұжырымдарды біз профессор Қ.Жұбановтың еңбектерінен жиі кездестіреміз», – дейді [36,]. Ғалымның сол кездің өзінде-ақ тіл білімінде сандық деректерді пайдаланудың қажеттілігіне ерекше ден қойғаны байқалады. Мәселен, ғалымның 1936 жылы жарық көрген «Қазақ тілінің грамматикасында» сөз мүшелерінің орны, дыбыстардың саны мен сапасы, түрлері туралы жазған мына тұжырымы көңілге қонымды: «Дыбыстың саны бар да, сапасы бар. Дыбыстың сапасы бірдей бола тұрып, саны әлденешеу бола береді. …Бір тілде жұмсалатын дыбыстардың жалпы санының ұшы-қиыры жоқ, бірақ оның бәрінің бірдей сапасы әр түрлі бола бермейді. Сапасы әр түрлі болатын дыбыстар да көп болмайды». Сол сияқты «… Ілиястың небәрі 12 жол «Қойшы ойы» деген кішкене өлеңінде 488 дыбыс бар. Бірақ 488 дыбыс түрлі емес, мұнда небәры 28-ақ түрлі дыбыс бар. Осы 28 түрлі дыбыстың бірі 10; бірі 50 рет қайталанып барып 488 болған. … Қазақ тілінде де сапасы әр түрлі болатын дыбыстардың арнаулы саны бар» [3, 183].

Профессор Қ.Қ.Жұбановтың «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулерінде» бұл жайлардан басқа да мәселелер, айталық: сөз тіркесінің формалары, сөйлем мүшелерінің орын тәртібі, буындар және ондағы дыбыс саны, буындарды оқыту әдістемесі т.б. мәселелер сөз болған тұста көптеген сандық (статис-тикалық) деректер мен мәліметтер келтірілген [3].

Шын мәніндегі статистикалық ізденістерді Қ.Жұбанов қазақ орфографиясын ғылыми негізде құру мақсатында қолданған. Ол әліпби құрамына енуге тиісті әріптердің санын қазақ тіліндегі белгілі бір фонеманы іс жүзіндегі қажеттігіне, оған деген ділгерлікке, қолданыс жиілігіне бағындыра белгілеуді мақсат тұтқан [36, 114].

Міне, бұл айтылғандардан проф. Қ.Қ.Жұбановтың тілді зерттеуде, оның заңдылықтарын қарауда есеп-санаққа, ретті жерінде математикалық ойлауға, оның тәсілдеріне сүйен-гендігінің тағы да бір дәлелі.

Қ.Қ.Жұбанов еңбектеріндегі сандық деректерді пайдалану жайымен таныса отырып, мынадай қорытынды жасауға болады: проф. Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың қазақ тіл білімі туралы зерттеулерінде тілді сандық деректер мен мәліметтер негізінде қараудың алғашқы нышандары бар. Бүгінде тіл білімінің бір саласына айналып отырған лингвистикалық статистиканы ғалым сол кездің өзінде-ақ тани білген. Тілдің сандық сипатынан байқалатын сапалық қасиеттерін оны зерттеуде пайдалануға болатын тиімді әдіс көздерінің бірі екенін де байқаған. Сөйтіп, ол сандық деректердің негізінде тілге қатысты бірсыпыра жайларды (дыбыстар, буындар, сөздер, сөйлем мүшелерінің орны т.б.) нақты анықтап, кейбір тың тұжырымдар жасаған. Бұлардың маңыздылығы сонда – олар қазіргі кезде бұл саладағы ізденуші-зерттеушілерге үлгі-тірек, бағыт-бағдар болып отыр [36, 115–116].

 

2. 2  Табиғи тілдің синтаксисі мен семантикасын модельдеуге қатысты қысқаша мәліметтер

 

Табиғи тіл – әлем моделі. Тілді модельдеудің нақты проблемаларын қарастырудан бұрын, мына үш жағдайға көңіл бөлейік [37,100-112]:

  1. Адамның сөйлеу қызметін үш түрлі тип ретінде қарастыруға болады:

 1-ші тип – адам өмірі мен оның қызметіндегі орын алатын әдеттегі тілдік қатынас (коммуникация);

2-ші тип – бір тілден екінші тілге аудару кезіндегі тілдік қызмет;

3-ші тип – тілді үйрету немесе әр ғылым саласына (мәдениетке, өнерге және т.б.) қатысты білімдерді үйрету (үйрену) кезіндегі тілдік қызмет.

  1. Сөйлеу қызметінің барлық типтерінде адамдар бір-бірімен қарым-қатынас (коммуникация) кезіндегі ауызша және жазбаша тілдік шығармаларды (немесе мәтіндерді) түсіну мен нәтиже шығару (продуцировать) ісімен айналысады.
  2. Мәтіндерді түсіну мен одан нәтиже шығару нақты тілдің тілдік тетігін білуге негізделеді. Яғни тілдің лексикалық құрамын, сөзжасам мен сөз өзгерту ережелерін, сөйлем мен толық мәтіндерді құрастыру ережелерін білуді қажет етеді.

Осылайша тіл қызметін үш түрлі қарастыру негізінде тілді модельдеуді де үш түрге бөліп қарастыруға болады.

Модельдердің бірінші түріне – тіл қызметінің түріне қарай «қайта жасау» (воспроизводящие) модельдері жатады. Бұлар: мәтін мазмұнын түсіну немесе «талдау» (анализдеу) модельдері, тілдік шығармаларды туындату немесе «жинақтау» (синтездеу) модельдері, «автоматты аудару» модельдері, «тілге үйрету» модельдері, табиғи тілде диалог түрін пайдаланатын – «әр типтік ой өрісі жүйелерінің» (интеллектуальные системы) модельдері және т.б.

Модельдердің екінші түрі – тілдік шығармалар (мәтіндер) модельдері деп аталады. Модельдеу проблемасының аспектісіне қарай олардың ерекшеліктері мынада: тілдік шығармалар, яғни мәтіндер тіл қызметінің кез келген типінің міндетті түрдегі компоненті болуынан, кез келген модельдің де міндетті құрамы болады. Солай бола тұра, тілдік шығармалар (немесе мәтін) болмыстың белгілі бір моделі немесе «әлем моделі» бола алады.

Үшінші модельдер түрін – тілдік шығармаларды түсіну мен оларды құрастыруға қажетті тілдік заңдылықтарды айқындайтын «тілдік механизмдер моделі» деп атайды.

«Табиғи тіл – бізді қоршаған шындықтың моделі» деген тұжырымды қазіргі кездегі тілшілердің көпшілігі қолдайды. Дегенмен, мұндай тұжырыммен тек тілдік шығармалар (немесе мәтін) жайлы сөз болған жағдайда ғана келісуге болады.

Әлемді модельдеуде тілдік тетіктің (немесе тілдік жүйенің) де қатынасы бар, бірақ ол жаңаша түрде сипатталады.

Тілдік шығармалардың әлемді модельдеуге қатыстылығын, модельдердің жалпы қасиеттерін талдау мен олардың тілдік шығармалар талабына сай келуін анықтау негізінде көз жеткізуге болады.

Жалпы жағдайда, модельді ақиқат шындықтың қайсыбір жүйесін белгілі бір тәсілмен қайта өндірілетін конструкция (құрылыс) деп түсіндіруге болады.

Енді модельдердің жалпы қасиеттерін және оларға елеулі түрде әсер ететін модельдеу жағдаятты атаумен қатар, оларды әлем моделі ретіндегі тіл қасиеттерімен және осы жағдайға тән келетін модельдеу жағдаятымен сәйкестендіре қарастырайық.

Жағдаятты модельдеудің кез келген әдісі, ең алдымен, модельдеу нысаны мен оны өмірде ақиқат түрде кездеседі деп болжам жасауға қатысты болады. Табиғи тіл тұрғысынан алғанда, модельденетін нысан ретінде адам баласын қоршаған орта, яғни ақиқат шындық, ал модель ретінде оны суреттейтін мәтіннің өзі алынады. Бұл жағдайда әлемнің моделі ретіндегі тілдіњ ерекшелігі – ақиқат шындықтың кең мағынада түсінік табуы. Яғни ондай түсінік бойынша: әлем тек физикалық сипатқа ғана ие емес, ол адам өмірінің интеллектуалды (ойлау), рухтық, әлеуметтік және адамның өзі туындатқан тілдік шығармаларды қоса есептегендегі барлық құндылықтарға ие болуында.

Тілдің әлем моделі ретіндегі тағы бір ерекшелік сипаты, оның ақиқат шындықтан тыс жатқан: мүмкіндік, ойлау, армандау, қиялдау, ықтималдық және жалған әлемді мәтін арқылы модельдеудің шексіз мүмкіндігінің болуында.

Француздың белгілі лингвист-ғалымы Ш.Балли жазғандай, «Действительность может быть не только объективной но и мыслимой, воображаемой» [38. 88]. Мұндай мүмкіндіктер ертегілерде, аңыздарда, мифтерде, фантастикалық, тіпті, шындықты суреттейтін көркем әдебиет шығармаларында да орын алады.

Модельдеуге қатысты жағдаяттын жүйелілігі. Модель ұғымының анықтамасы бойынша, модель қайсыбір жүйені қайта туындатады. Ондай жүйе өзара байланыста тұратын және бүтіндік сипатта қызмет ететін элементтер немесе бөліктерден тұрады.

Тілдік шығармаларда, яғни мәтіндерде ақиқат шындықтан тұратын жүйені тілдік тұрпатта қайта өндіреді. Мұндағы ерекшелік – үлкен жүйелерді ғана суреттеу емес, мысалы, космос әлемін, сонымен бірге кішігірім жүйелерді де суреттеу мүмкіндікке ие болуы. Кішігірім жүйенің мысалы ретінде қысқаша диалог түріндегі тілдесуді суреттейтін күнделікті адам өмірінің микроәлемін айтуға болады.

Кез келген модель бір-бірімен белгілі қатынастық байланыста тұратын элементтер жүйесін құрайды. Әрбір мәтін де өзара мағыналық, құрылымдық және сызықтық қатынастардың байланысын құрайтын элементтер жүйесінен тұрады [39,56].

Модельдердің дуалистік (екі жақты) сипаты. Кез келген модель қайсыбір тұрпат пен мазмұнның бірлігі ретінді көрініс табуынан ол дуалистік сипатқа ие болады деп саналады. Бұл жердегі айта кететін жайт, модельдің тұрпаты мен мазмұны модельденуші нысанның тұрпаты мен мазмұнынан айрықша болады. Мұндай жағдай, тіпті күшті еліктеушілік сипаты негізінде болатын қайта туындату процестерінде де айырмашылықтары бар деп саналады. Мысалы, су кемесінен айнытпай жасалған модельдің тұрпаты түпкі нысаннан (нағыз кеменің өзінен) өлшемдік жағынан, құрамдық бөліктерді нақтылау дәрежесінен, жасалған материалынан және т.б. айырмашылық табады.

Интеллектуалды (ой әрекеті) модельдердің тұрпатын табиғи және жасанды тілдер негізінде жасалған суреттеу көрінісі десек, ал оның мазмұнын элементтер жүйесі мен олардың арасындағы қатынастар деп ұйғаруға болады.

Әлем моделін сипаттайтын мәтіннің тұрпаты деп, уақытқа қатысты (сөйлеу тілі үшін) немесе сызықтық (жазба тілі үшін) пішініне қатысты мәтін элементтерінің тізбегін атайды. Ал оның мазмұны ретінде – мәтіннің грамматикалық және мағыналық құрылымы алынады. Тілдік шығармалардың екі жақтық сипаты тілдің таңбалық табиғатымен түсіндіріледі.

Модельдегі модельденуші нысанның жинақты қорытындысы және оның жеңілдетілген тұрпаты (пішіні). Модель әр уақытта модельденуші құбылыстың құрылымдық, функционалдық немесе басқа да бір қасиеттерінің қайсыбір тәсілдермен жинақты қорытындыланған және сонымен бірге, жеңілдетілген пішіні. Сондықтан модель ұғымын нысанның немесе олардың кластарының жинақты қорытындыланған сипаты деп ұғынған жөн. Әрине, модельденуші нысанның кейбір өлшемдері мұндай модельде анықталмай қалуы да мүмкін.

Коммуникация мақсатына сай, табиғи тіл негізінде әлемді модельдеу әр түрлі дәлдікпен орындалады. Бірақ қалай болғанда да, әлем моделі аса бір қарапайым және жинақты қорытындыланған күйінде көрініс табады. Тілшілер мен логика мамандарының тілдік айтылым мағыналарының шамамен алғандағы немесе белгісіздікке қатысты пікірлері көпшілікке белгілі. Мысалы, көптік жалғаудың белгісіздік мағынасы: Аулада кішкентай балалар ойнап жүр – деген сөйлемдегі субъектің денотаттық статусын дәлдікпен айту қиын, ал олардың саны екіден аз еместігі анық деуге болады. Сол сияқты, сөйлем ішіндегі кейбір, бірнешеу, бір-бірімен сияқты белгісіздік есімдіктер де қажетті дәлдікті азайта түседі. Қайсыбір тілдесу кезінде мұндай дәлдік жеткілікті де болуы мүмкін. Ал басқа бір жағдайларда дәлдікті күшейту үшін қосымша айтылымдар қолданылады.

Енді тілдегі жинақты қорытындылау мәселесіне келсек, оған мысал болатын атау процесі. Мәселен, «мал» деген атаудың мағыналық құрылымында көптеген жан-жануарлардың жинақталған сыр-сипаты жатқаны мәлім.

Тілдік айтылымдардың жалпылау, жорамалдау және белгісіздікке, дәлдікке қатысты ерекшеліктері, жалпы алғанда, коммуникация нәтижесін жоққа шығармайды деуге болады. Ал тіпті, ондай ерекшеліктер айтылым мағынасын күңгірттендірсе, қалаған дәлдікке жету үшін айтылымды қосымша фразалармен толықтыруға әр уақытта мүмкіндік болады.

Модельдің модельденуші нысаннан айырмашылығы. Мұндай айырмашылық жоғарыда айтылған қасиеттерден қисынды түрде туындап тұр деуге болады. Тіпті адам қолымен жасалмаған модель, мысалы, су ағымының «үлкен иіріміне» сай келетін өлшемдерін қайсыбір «кіші иірім» өлшемдерімен салыстыратын болсақ, біріншіден, ол өз өлшемімен, қоршаған ортаға әсер ету күшімен және т.б. айырым табады деуге болады.

Сол сияқты, тілдік шығармалардын да өзінде көрініс табатын ақиқат шындықтан айырмашылығы болатыны сөзсіз.

Модельдің сапасы. Модельдер, модельденуші нысанды түпнұсқаға барабар етіп және оны толық қамту жағынан әр түрлі дәрежедегі дәлдікпен қайталайды. Модельдің сапасын анықтайтын мұндай дәлдіктер объективті факторлардан басқа субъективті факторларға да байланысты болып келеді. Субъективті факторларға модель құрастырушылардың білім деңгейі, қабілеті, тәсілқойлығы және қоршаған әлемді меңгеруге қажетті білім дәрежесін және т.б. жатқызуға болады. Бірақ «жаман» модельдердің өмірде кездесуінен, жалпы модельдеу идеясына қатысты күмән туғызу және бұл зерттеу бағытын толығымен қолдамауға болмайтыны анық.

Мәтіндер шындықты әр түрлі барабарлықпен және әр түрлі толықтық дәрежеде сипаттайды. Кейбір жағдайда, мысалы, әдейі таратылған жалған ақпарат негізінде құрылған модельде (шығармада, мәтінде) ақиқат шындыққа қарама-қарсы мәлімет болуы мүмкін. Бірақ бұған қарап әлемді мәтін арқылы модельдеу тезисіне күмән туғызуға болмайтындығы шындық.

Модель құрастырушылардың белсенділігі (активтігі). Модель, ол әр уақытта жеке адамның немесе ұжымның белсенді түрдегі интеллектуалды-физикалық қызметінің нәтижесі. Мәтін авторының ақиқат шындықты модельдеу процесінде тілдегі аспектілердің ең маңыздылары тілдесу мақсатына релевантты (аса қажетті) деп саналып, белсенді түрде таңдалып алынады. Осы сияқты хабарламаның мақсатын дұрыс таңдай білу де өзінше бір белсенділік пен мақсаттылықтың нәтижесі деуге болады.

Сонымен, ақиқат шындықтың мәтін арқылы белсенді және саналы түрде құрылған моделін адам әрі өзі туындатады, әрі өзі қабылдайды. Соңғы жағдайда, яғни адамның модельді қабылдауы тілдік тетік арқылы автоматты түрде іске асады.

Модельдеу жағдаятындағы мақсаттылық. Ақиқат болмысты тану ретінде құрастырылған модель белгілі бір әлеуметтік маңызды мақсатпен жасалады. Мысалы, ондай мақсатқа жататындар – адам қызметінің әр аясы бойынша жасалған модельдердің көмегімен анықталатын модельденуші нысан жайлы немесе табиғаттын неше түрлі құбылыстары жайлы мәліметтерді тіршілік қажеттігіне пайдалануды айтуға болады.

Тілдік шығармалар арқылы болмысты модельдеудегі әлеуметтік маңызды мақсаттарға жататындар: шындықтың әр түрлі аясындағы адамдар қызметін іске асыруға қажетті коммуникация мәселесін шешу. Қарым-қатынас кезінде байқалатын мақсаттылық принципін бұзу ережеге сай келмейтін ерекшелік болып саналады. Осы сияқты мақсаттылық шартын бұзушылық фактілері сөйлеу актының нәтижелі болуына кедергі жасайды деп саналады.

Жоғарыда келтірілген сәйкестіктердің негізгі мақсаты – тілдік шығармалар негізінде, яғни мәтін арқылы ақиқат әлемін модельдеуге болатындығына көз жеткізу. Бұл жағдайлар сөйлеу қызметі түрлерін модельдеу проблемасына байланысты туындайтын қиыншылықтарды түсіну үшін аса маңызды. Яғни бұл жердегі модельдеуге қатысты қиыншылықтар тіл қызметінің кибернетикалық моделін құруға қатысты мәселелер.

Сонымен, шағын пәндік аяға қатысты «сөйлеу тәртібі» (речевое поведение) жүйесін модельдеу тәжірибелері тілдік шығармалар негізінде әлемді модельдеуге болатындығы туралы пікір-талас теориялық жағынан қолдау тапты деуге негіз бар.

Егер әр түрлі «сөйлеу тәртібінің» (речевое поведение) және оның міндетті түрдегі компоненті болып саналатын мәтіннің негіздерінде қайсыбір ортақтық болмаса, адам арасындағы тілдік қарым-қатынас та іске аспаған болар еді. Мұндай ортақтық әр нақты тіл үшін өзіне ғана тән тілдік механизмдер негізінде жасалады. Басқаша айтқанда, аталған ортақтық нақты тілдің грамматикасы мен сол тілдің сөздігі арқылы көрініс табады. Тілдік тетікті, барлық аспектілері бойынша, белгілі тәртіппен құрылған және анық түрде қызмет ететін тілдік жүйе деп те түсінуге болады. Мұндай шарт орын алмаған жағдайда, тілдік тетік адамдардың тілдесу қызметінің құралы бола алмай, адамдар бір-бірімен түсінісе алмас еді. Тілдің құрылымы қарапайым түрде болғанымен, қайсыбір алдын-ала қабылданған болжамсыз тілдік әрекеттердін моделін жасау мүмкін болмас еді.

Табиғи тілдің синтаксисін модельдеу. Қолданбалы лингвистика саласындағы әр қилы мәселелердін шешімін табуда, әсіресе, жазба не сөйлеу мәтіндерін  автоматты  түрде өндеу кезінің ен бір маңызды этапы – сөйлемдерге синтаксистік талдау жүргізу. Ал мұндай талдаудын негізгі мақсаты – сөйлем мен онын бөліктерінін синтаксистік құрылымын танып-білу, сөйлем құрамына енетін сөзтұлғалар тізбегінің сол тілдін алдын ала белгілі грамматикалық ережелеріне сай келуі мен құрылымдық шарттардың орын алу мүмкіндіктерін анықтау. Егер осындай алдын ала белгілі шарттар қанағаттандырылса, талдауға алынған сөйлем осы грамматикаға қатысты «дұрыс сөйлем» деп саналып, онын құрылымы анық түрде сипатталады. Сөйлемдердін синтаксистік құрылымын сипаттау әдістері арқылы табиғи тілді зерттеу – синтаксистік құрылымдар теориясынын [40,142-160] негізгі проблемаларынын бірі.

Аталған теорияны сөз етуден бұрын, синтаксистік талдауды қажет ететін мәтінді автоматты өндеудін кейбір тұстарына тоқталайық. Оған жататындар: толық сөйлемнің немесе онын бөлігінің, мысалы, сөйлем құрамындағы есімді сөз тіркестердің синтаксистік құрылымын анықтау.

Бір тілден екінші бір тілдерге машиналық аудару жүйелерінің дамыған түрлерінің барлығында да автоматтанған синтаксистік талдау жүргізіледі. Мұндағы синтаксистік талдау дегеніміз, біріншіден, сөйлемнің семантикалық түсінігін алу қажеттігі болса, екіншісі – белгілі бір тілдегі аударуға тиісті сөйлемнің синтаксистік құрылымын «аударма грамматикасы» ретінде аталатын екінші тілдік жүйедегі сөйлемдер құрылымына ауыстыру.

Электронды-есептеу машиналары (ЭЕМ) мен адам аралық қатынасты табиғи тілде іске асыруға әрекеттенетін «жасанды интеллект» жасау мәселесіндегі мәтінді тану (түсіну) жүйесінде табиғи тілдегі сөйлемдерге синтаксистік талдауға қатысты зерттеу жұмысы, әдетте, жеке бір бөлек топтама (блок) құрайды.

Сол сияқты, сөйлеу тілін тану мен түсінуге қатысты автоматты жүйе де өзінше бөлек семантика-синтаксистік топтаманы құрайды. Ондай топтама айтылымның грамматикалық және семантикалық дұрыстығын тексеру бағытын ұстаным етеді. Бұл бағыт бойынша, мағыналары ақырына дейін анықталмаған сегменттік сөз тізбектерін тану мақсатымен қосымша жорамал (гипотеза) жасалады.

Сонымен бірге, зерттеушілердін синтаксистік құрылым теориясына қызығушылығы ішкі лингвистикалық қажеттілік тұрғысынан да туындайды. Мысалы, сөйлем құрылымынын дәл және формалды берілісі анықталмайынша, табиғи тілге тән синтаксистік параметрлердін кен спектріне статистикалық зерттеулер жүргізу мүмкін емес.

Қазіргі кезде сөйлемнің синтаксистік құрылымының көрінісін білдіретін негізгі үш түрлі әдіс кең қолданыс тауып жүр.

Оларға жататындар:

1) тікелей құрастырушылар құрылымы немесе құрастырушылар таралуы;

2) қатынастар құрылымы немесе қатынастар таралуы;

3) аталған екі жағдайды бірге қарастыратын құрылымдар [39].

Құрастырушылардың құрылымы. Құрастырушылар моделінде немесе құрастырушылар жүйесінде сөйлем сөзтұлғалардың реттелген сызықтық тізбегі (П) ретінде қарастырылады. Дәлірек айтсақ, тізбек құраушы тілдің ең кіші бірліктері – морфемалар, сөзтұлғалар, ал кейбір жағдайда одан да үлкен болуы мүмкін, мысалы, тұрақты сөз тіркестері.

Осындай реттелген сызықтық тізбек (П) құрайтын кесінділердің жиыны  құрастырушылардан тұратын «С» жүйесі деп аталады.

Сонымен бірге, толық сөйлем құрайтын  «П» және бөлек сөзтұлғалар «С» жиыны құрастырушыларының жүйесіне енеді.

«С» жүйесінің жиынын құрайтын сөйлем кесінділері – құрастырушылар деп, ал сөйлемнің өзі «П» – жиынның толық құрастырушысы деп аталады. Бөлек сөзтұлғаларға сәйкес келмейтін және толық емес жиын құрастырушылары сөз тіркес ретінде түсінік табады.

Осындай түсініктегі құрастырушылар жүйесі сөйлемінің синтаксистік құрылымының моделі ретінде қарастырылады. Аталған модельде элементарлық синтаксистік бірлік ретінде бөлек сөзтұлғалармен бірге сөз тіркестер де көрініс табады. Ал сөз тіркестердің құрылымдық қатынасы ретінде бір сөз тіркесінің екінші сөз тіркесіне тәуелді болуы (қатыстылығы) ескеріледі. Сөз тіркестер сөйлем құрамындағы синтаксистік қатынаста тұруына байланысты оларда «жекелік қиылысу» болмауы керек.

«С» жиындағы бір құрастырушы екінші құрастырушының құрамына тікелей ену мүмкіндігін анықтауға болады. Ал «С» жиынына енетін құрастырушылардың бір-бірімен қатынастары граф сызбасы (дерево зависимостей)  немесе «тәуелділіктер тармақтары» арқылы көрініс табады. Ондай көріністе граф төбешігі ретінде ең кіші бірлік ретінде – сөзтұлғалар алынады. Мұндай «тәуелділіктер тармақтарын» құрастырушылар таралуы немесе «НС» таралуы деп те атауға болады. «С» жиынын тәуелділіктер тармақтары арқылы графикалық түрде жазу көрнектілік үшін аса қажет. Құрастырушылар таралуы «П» сөйлемнің құрастырушылар құрылымы деп те аталды.

Сөйлемнің «НС» таралуына мысал ретінде В.Д.Буторовтың мақаласында мынадай сөйлем қарастырылған:

1) «Для(1) представления(2) синтаксической(3) структуры(4) предложения(5) используется(6) структура(7) составляющих(8)» [40.145].