АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Қытай тіліндегі негізгі сөзжасам әдістері

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

 

І ТАРАУ.  ҚЫТАЙ ТІЛІНДЕГІ СӨЗ ЖАСАМ ЖАЙЫНДА ЖАЛПЫ  ТҮСІНІК

1.1 Түбірлер мен қосымшалар арасындағы сабақтастық

1.2 Сөздердің сөз жасам жүйесі

 

ІІ ТАРАУ.  ҚЫТАЙ ТІЛІНДЕГІ НЕГІЗГІ СӨЗЖАСАМ ӘДІСТЕРІ

2.1. Түбір сөздерді қосу арқылы сөзжасам әдісі

2.2  Аффикстер арқылы сөзжасам әдісі

2.3  Қытай тіліндегі басқа да сөзжасам әдістері

 

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

                                         

 

Кіріспе

   

Қазіргі таңда әлемдегі ең іргелі ұлттардың бірі болып саналатын Қытай тілінің тамыры өте алыс ғасырлар түкпірінде жатыр. Осы бір адамзат қоғамының нң көне мәдени ошақтарының ерекше үлгісі болып саналатын көне Қытайдың тілі дүние жүзіндегі бай тілдердің біріне жатады, Тіл – ол халықтың тарихы, шежіресі, халықтың күллі өмірінің жаңғырығы мен ізі, сол тіл  арқылы  халықтың арманы мен үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні естіліп тұрады. Сонымен қатар, комуникативтік әрекет ұлттың, мәдениеттің құрамды бөлігінің бірі болып ғана қоймай, бүкіл мәдениет пен танымның негізгі тұғыры саналады. Тілдің қоғамдағы рөлі қарым-қатынас жасаудың дамуына да ықпал етеді. Тіл арқылы сана дамып, рухани мәдениет өркендейді.

Қытай тілінің негізгі байлығы – оның сөздік қоры. Осы байлықтың қалай жиналғандығын, алуан түрлі сөздердің қыры мен сырын, олардың қалай қалыптасқанын, басқаша айтқанда, бай лексикалық қордың жасалу тетігін жүйелі түрде арнайы зерттеу бүгінгі күннің талабы. Алайда қытайдың бай сөздік қоры бірден қалыптасқан жоқ, оның лексикасы үнемі толығып, дамып, байып отырған.

Қоғамның дамуы, адам санасының өсуіне байланысты өмірде жаңа заттар мен ұымдар пайда болады да, оларды атау қажеттігі туады. Қажеттікті өтеу үшін жаңа сөздер жасалады, кейде жаңа атулар басқа тілдерден де алынады. Қытай тілінің сөз қабылдау процессі, яғни кірме сөздер сөздік құрамының дамуы мен баюында негізгі қызметті тілдің өзіндік сөзжасам жүйесі атқарады. Осыған орай, жоғарыдағы жағдайдың барлығы ескеріліп, қытай тілінің сөздік қорына ұлғаюына аса маңызы бар және грамматиканың алтын қорынан орын алатын сөзжасам жүйесін осы жұмыста жан-жақты қарастыруды ұйғардық.

Сөзжасам – номинативті бірліктерді құрайтын механизм, тілдің номинативті әрекет өрісі және сөздің құрылымы мен жасалу негіздерін  зерттейтін грамматиканың негізгі ұйтқысы болып табылады. Қытай тілінің сөзжасам жүйесі  атаудың жасалу, қалыптасу жолын, мағынаның дамуын, ұғым, мағына, атаудың кешенді бірлігін қарастырады.

Сөзжасам – негізгі зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті айқындалған, зерттеу тәсілі мен әдістері бар, жаңа мағыналы туынды сөздердің қалыптасуы мен мағыналық дамуын, жасалу тәсілдерін зерттейтін тіл білімінің негізгі бір жүйелі саласы.

Сөзжасам процессінің көнелігі тілдің шығу кезеңімен қарайлас,себебі, әлемдік әртүрлі бейнеге атау беріп, алғашқы атаудың жасалу сипаты мен одан туындайтын басқа ерекше мағыналарынан бастап, бұл процесс тілде үнемі жүреді. Сондықтан сөзжасам тарихы күрделі, өзіндік ішкі даму заңдылықтары, жаңа сөз тудыратын тәсілі мен қалыбы бар тіл білімінің бір саласы ретінде бағаланады.

Осы диплом жұмысын жазудағы басты мақсат: сөзжасамның  қытай тілі грамматика тарихында алатын орнын анықтап, талдап көрсету; сөзжасамның жаңа мағыналы белгілеудегі, ұғымды таңбалаудағы рөлі мен маңызын ашып көрсету.

Аталған мақсаттарға жету жолында зерттеу жұмысының алдына төмендегідей міндеттер жүктелді:

  • түбірлер мен қосымшалар арсындағы құрылымды — семантикалы сабақтастықты анықтау;
  • сөзжасам әдістерінің ерекшеліктерін көрсету;
  • сөздер арасындағы сөзжасамдық туынды сөздердің баqланыстарын анықтау;
  • синхронды және диахронды тұрғыдағы сөзжасам әдісін жан-жақты талдау;
  • түбір сөздерді қосу арқылы сөзжасам әдісін жете талдау;
  • аффикстер арқылы сөзжасам әдісін ашып көрсету.

Диплом жұмысын жазу барысында қазақ тілінде біз қарастырып отырған мәселеге қатысты зерттеу жұиыстары мен материалдар жоққа тән болғандықтан, тек қытай және орыс тіліндегі ғылыми еңбектерді пайдаландық. Атап айтсақ, қытай тіліндегі материалдар: Cунь Чансюйдің « Қытай тілінің лексикасы» атты еңбегін пайдаландық. Ғалымның осы еңбегінде көрсетілген сөзжасам жайында жалпы түсінік пен морфема туралы ұғым және сөзжасамның байланысы жайында мағлұматтар диплом жұмысын жазу барысында көп септігін тигізді. Орыс тіліндегі ғылыми еңбектер: Кубрякова Е.С « Сөзжасам» еңбегінен сөзжасам процессінің негізгі әдістері мен осы әдістер арқылы жасалған туынды сөздердің қызметі туралы бірқатар материалдар алсақ,  ал,  Семенас Л,А «Қытай тілінің лексиколгиясы», Хаматова А:А «Қазіргі қытай тілінің сөзжасамы» еңбектері аффикстер арқылы сөзжасам әдісін және қытай тілінің сөзжасамындағы басқа да әдістерін жете зерттеп, тақырыпты ашуда айтарлықтай үлес қосты.

Диплом жұмысы кіріспе, негізгі бөлімнің екі тарауынан және қорытындыдан тұрады.

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен міндеті көрсетіліп, қолданылған әдебиеттерге жалпы шолу жасалынды.

I тарау « Қытай тіліндегі сөзжасам жайында жалпы түсінік» тоқталып өтсек, түбір мен қосымшалар арасындағы тығыз байланысты және сөзжасам жүйесінің негізгі ғылыми ұғымдары – сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық мағына, сөзжасамдық тізбек және туынды сөзге ғылыми анықтама беріліп, талданды.

«Қытай тіліндегі негізгі сөзжасам әдәстері» атты II тарауда сөзжасам процессінің орындалу жолының негізгі тәсілдері ұсынылып, осы тәсілдер арқылы жасалған туынды сөздің құрылымын тұлғалық жағынан мағыналық деңгейде қарастыра отырып, мағынаның белгіленуіндегі  ұғымның, танымның рөлі мен маңызы талқыланды.

Диплом жұмысымыздың қорытынды бөлімінде мақсаттарға жету мен міндеттерді орындау барысында алынған нәтижелер мен ой түйінделеді.

Қорыта келгенде, қытай тілінің сөзжасам жүйесі атаудың жасалу, қалыптасу жолын, мағынаның дамуын, ұғым, мағына, атаудың кешенді бірлігін қарастырады. Сөзжасам – жаңа мағыналы туынды сөздің қалыптасуы мен мағыналық дамуын, жасалу тәсілдерін зерттейтін тіл білімінің негізгі саласы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І ТАРАУ.  ҚЫТАЙ ТІЛІНДЕГІ СӨЗ ЖАСАМ ЖАЙЫНДА ЖАЛПЫ  ТҮСІНІК

 

1.1 Түбірлер мен қосымшалар арасындағы сабақтастық

 

Сөзжасам дегеніміз – зерттеу заты мен объектісі және бірлік пен құрылым арасында байланысы бар тіл білімінің дербес бөлімі, ол тіл білімінің де салаларымен тығыз байланыста болады. Әр тілде сөз жасам мен тіл білімінің салаларының байланысы түрлі формада болуы мүмкін және сан алуан деңгейдегі сіңісу де болуы ықтимал. Сөзжасамның тіл білімінің басқа салаларынан айырмашылығаның бірі ол тілдің барлық сөздерін қарастырмайды, тек туынды сөздерді зерттейді.

Сөзжасам – сөздердің жасалу әдістерін зерттейтін, тілдің сөз жасамдық жүйесін бейнелейтін лексикологияның бір бөлігі. Сонымен қатар, сөз жасам – номинативті бірліктерді құрайтын механизм және тілдің номинативті әрекет өрісі.

Жалпы сөз жүйесінің процессінде, сөзжасам – күрделі сөз және туынды сөз болып екіге бөлінеді. Е.С. Кубрякованың пайымдауынша, “туынды сөз” терминіне әдеттегіден әлдеқайда кең мазмұнды енгізеді: туынды сөз құрамына күрделі сөз және аббревиатуралар, яғни қысқарған сөздер, конверсияланған бірліктер және сөз жасам құрылымындағы басқа да барлық қосымша түрлері кіреді. Туынды сөз ең кем дегенде бір толық мағыналы морфема мен аффикс немесе бірнеше толық мағыналы морфемалардан құралуы тиіс [10,58 бет].

Қытай лингвисі Цюй Фуюань туынды сөзге сөздерді қосу және түбірлерді біріктіруді жатқызып, тарихи (диахронды) және сипаттамалы (синхронды) сөз жасамды ажыратты. Синхронды сөз жасам қарым – қатынаспен қатар жүрген бірліктерді зерттесе, диахронды – бір бірліктің басқа бірлікке айналу процессі [27,121 бет].

Қазіргі қытай тілі сөздерінің көп бөлігі дәрәжесі төмен бірліктерден, яғни, өзара бір-бірімен байланысқан және белгілі бір ара‑қатынаста болатын морфемадан тұрады. Сонымен қатар, сөздің құрылымы, жасалу негіздері сөз жасамның негізгі мәселелерінің бірі болып есептеледі.

Айта кетер бір жәйт, мейлі орыс тілінде, қытай тілінде, қазақ тілінде болсын сөз жасамның тіл білімінің басқа салаларымен байланысына қатысты толық ортақ пікір жоқ. Л.А. Булахова, П.С.Кузнецов, Ф.Ф.Фортунатов, сынды орыс лингвистері мен қытай лингвисі Лян Да сөз жасамды морфологияның бір тармағына жатқызатын болса, А.А.Шахматова, Л.В.Щербы, Г.О.Винокура, А.Л.Реформаторский, Н.Д.Арутюнова, В.В.Лопатина, Гао Яочи, Чжан Цзина сынды лингвистер сөз жасамды морфология және синтаксиспен қатар грамматиканың бір бөлімі деген пікірлерін ұсынады. Ал кейбір орыс және қытай ғалымдарының, соның ішінде К.А.Левковская, Ван Цин, А.И.Смирнидский, Сунь Чаньсуй, У Чжанкунь және Ло Шихон бір ауыздан сөз жасамды лексикологияға жатқыза отырып, морфологиямен де байланысы бар деген де ұсыныстар айтты.

Алайда, соңғы жылдары қанатын кең жайған тіл білімі Ресейде болсын, шет елде болсын мүлде басқа пікірлерді ұсынады, яғни, сөз жасам –фонетика, морфология және лексикология, синтаксис сияқты тіл білімінің үлкен бір тармағы. Бұл көз­қарас орыстың озық ойлы ғалымдары Е.С.Кубрякова, Б.Н.Головина, Л.В.Сахарн, Н.А.Янко-Тринидский және қытай лингвистері Лу Чживэй, Сюэлян, Чжан Шоукуан және т.б ғалымдардың еңбектерінен көрініс тапты.

Дәстүрлі грамматикада құрылымдық жүйе негізінде бөлінген тіл білімінің салалары бір-бірінен мұлде ерекше бола алмайды. Өйткені негізгі зерттеу нысаны сөз болғандықтан, оның дыбыстық жағы, құрамы, жасалуы, тіркесуі, ойды білдіруі бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста ғана анықталады.

Сөзжасамдық процесс, жаңа мағыналы сөз жасауға қызиет етеді. Ал кез-келген сөз – лексикологиянық зерттеу нысаны. Демек, сөзжасамның нәтижесі саналатын туынды сөз лексикалық құрамды толықтырады. Сөзжасамдық процесс нәтижесінде туындаған сөздер мағыналық дамудың барысында жаңа мағынаға ие болады. Тіпті дамытып, жетілдіріп отыратын да осы процесс. Яғни лексикология сөзжасамдық процесс нәтижесінде пайда болатын дайын тілдік материалдың сөздік құрамын, мағынасын анықтаумен айналысады. Сөзжасамдық процесс нәтижесінде барлық жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздер, қос сөз бен біріккен сөз, фразеологиялық бірліктер, тіркесті сөздер жасалады.

Сөзжасам мен морфологияның да бір-бірімен байланысы бар. Сөзжасам сөздердің құрамын өзгертіп,оның мағыналық құрылымына өзгеріс енгізсе, морфология сөздердің құрамын, грамматикалық сипатын зерттейді. Морфологияның негізгі зерттеу нысаны – сөздерді сөз таптарына топтастырып жіктеп, олардың құрамын айқындау, грамматикалық категорияларын саралау болса, сөзжасам негіз сөздің мағынасы арқылы жаңа туынды атау туғызады. Мұндағы ортақтық негіз сөз бен қосымшаларға байланысты. Морфологияда негіз сөз сөздің түбірі делініп зерттелсе, сөзжасамда сөзжасамдық тұлға ретінде айқындаладыы.

Сөзжасам мен фонетиканың байланысы  сөз мағыналарын анықтаудағы дыбыстардың өзгерістерінің болуы арқылы көрінсе, ал сөздердің тіпкесуі арқылы жаңа атау жасалу процессі синтаксиспен сөзжасамның тығыз байланысын танытады. Яғни,синтаксис сөздердің бір-бірімен еркін байланысын зерттесе, осы еркін тіркес мағынасы кейде бірте-бірте шектеле келе, жеке ұғымды анықтайтын дәрежеге жетіп, лексикаланады. Соның нәтидесінде жаңа екіншілік мағыныадлғы атау сөз жасалады.

“Сөзжасам ерекшелігі – оның байланысының жан-жактылығында, сондықтан сөзжасам процессінің кез-келген бір жақты талқылануы істің шынайы жағын қамтып көрсетуін тоқтатып, сөзжасамның өзіндік мәселелерін елеулі түрде шектейді ”, – деп жазды Е.С.Кубрякова [11,176 бет]. Кубрякованың пікірінше сөзжасамды жеке дара қарастыру пайдасының таң қаларлықтай дәлелі болып – туынды сөз сияқты күрделі жинақты бірліктердің құрылымы мен байланысқан белгілі бір жүйелі ұйымдасқан амал-тәсілдердің жиынтығы болып, сөз жасамның үлгісінің бар болуы жатады. Осыған сәйкес, сөзжасамның заңдылығы мен сөзжасам үлгісінің ерекшелігін және барлық аспектілерде, яғни, формалды және мәнділік, біржағынан генетикалық процессуалды, сонымен қатар, нәтежиелі, стационарлы, құрылымды — функционалды аспектілерін оқып, зерттеу сөз жасамның ең басты мәселелерінің бірі болып табылдады.

Сөзжасам тіл ғылымының дербес саласы болып бөлінуіне қарамай тіл білімінің басқа салалары мен соның ішінде, атап көрсететіні грамматика және лексикология мен өте тығыз байланысты. Сөз морфология, лексикология және сөзжасамның зерттеу объектісі ретінде, біріншіден, сөз тұлғасының лексикалық мағынасы жағынан ұқсастығы мен жиынтығы, екіншіден, әртүрлі мағынаның жиынтығын, морфеманың әртүрлі сападағы бірігу дәйектілігін айқындайды.

Қытай тіліндегі сөзжасамды көптеген ғалымдар зерттеген. Мысалы, орыс ғалымдары А.А.Драгунов, И.Н.Коротков, В.Н. Солнцев, Б.С. Ичаянко, Н.В. Солнцев, С.Е.Яхонтов, А.Л.Семанас. Бұл лингвистер сөздер негізінің мәселесін, сөз таптарын, сөздердің морфологиялық ерекшеліктерін талқылап, қазіргі заманғы қытай тілі сөздерінің теориясын құрды. Сөзжасамды тек орыс ғалымдары   зерттеп ғана қоймай, сонымен бірге, қытайдың  Лу Чживэй, Линь Юйшань және Сюэлян т.б зерттеп шықты.

Алайда, қазіргі қытай тіліндегі сөзжасамды зерттеу уақыты ұзаққа созылғанына қарамастан, оның  көптеген аспектілері әлі де толық зерттелмеген немесе мүлде зерттелмеген деп айтса да болады.

Сөз сөзжасам талдауының объектісі ретінде морфема деп аталатын өте ұсақ бірліктерден құралады. Морфема – тілдің ары қарай бөлшектенуге келмейтін ең кіші мағыналық бірлік. Жалпы тіл білімінде морфемаға коптеген анықтамалар берілді. Морфеманың басты ерекшелігі  оның сөздегі қызметі, яғни  интонацияға дейінгі тілдің кез-келген көмекші тәсілі морфема деп аталады.

Блумфильдтің пікірінше, морфеманың басты ерекшелігі оның минималдылығы. Морфема – басқа бірліктерге (жай сөз, көмекші сөз, сөз бөліктері) байланысына және тіл жүйесіндегі рөлі мен орнына қарамастан ең кіші бірлік.[1.214 бет]

Ал Бодэнаның айтуынша, морфеманың басты ерекшелігі болып, оның басқа бірліктермен байланысы және тіл жүйесіндегі олардың орнының көрсетілуімен үйлесе келетін минималдылық.[2.248 бет]

Қытай лингвистерінің морфема түсігіне әр түрлі көз‑қараста болды. Олар сөзжасамдық қабілеттілігіне басты назар аудара отырып, осы сөз жасамдық бірлікті барлығына қожалық ететін немесе барлығын игеріп отыратын бірлік деп санайды.

Осылайша морфеманың басты үш ерекшелігін атап көрсетуге болады: 1) Cыртқы, материалды, дыбыс шығару немесе айту тұрғысының бар болуы, 2) Онымен мағынасының ара‑қатынасының бар болуы, яғни мағына тұрғысынан,

3) Өте ұсақ мағыналы бөліктердің қолдануға қабілетсіздігі.

Кейбір орыс лингвистері сөзжасамды грамматикалық бөлімі ретінде қарастыра отырып, сөз жасау морфемасын оқытуды атап көрсетіп, “сөз жасау морфемикасы” терминін қолданады. Соңғы кездері лингвистер морфемиканы тіл білімінің фонетика, лексикология, сөзжасам және морфология бөлімдері сияқты өзіндік ерекшелігі бар болім  ретінде қарастырады.

О.С.Ахматованың анықтауынша, морфемика – ол тілдің морфологиялық үлгілерін бейнелеумен айналысатын морфологияның бір бөлімі, яғни морфема құрылымының бейнеленуімен және олардың аса созылыңқы жүйеліктегі орналасуының заңдылықтарын зерттейді. Әрбір тілдің морфемасы тілдің басқа бөліктерінен,  яғни, дыбыстан, буыннан, сөзден, сөз тіркесінен, сөйлемнен ерекшеленеді. Морфологиялық дыбыстардан ерекшеленуі сөз жасамдық және грамматикалық мағынаның бар болуы. Морфемаларды дыбыстық тұрғыда қарастырғанда олар жеке дара фонем немесе жүйелілік фонем  болып бөлінеді. Мұндай жағдайда морфема сөз бен немесе буынмен сәйкес келуі де келмеуі де мүмкін.

Н.В.Солнцев Қиыр Шығыс пен Оңтүстік Шығыс Азия тілдерімен қытай тілдерінің морфемасына сипаттама бере отырып, былай деп жазды: “Зерттелетін ареалдағы тілдерде морфема  норма ретінде буынмен дыбыс тұрғысында сәйкес келеді, сол себептен, буынға бөлудың морфологиялық маңыздылығы туралы заң түріндегі түсіндірмеге қол жеткізді. Бұл тілдердегі буындарда өте қатаң түрдегі айқындалған құрылым болады. Олар буын  құрылымының жазылуын алдын‑ала айқындайды. Әрбір өзгермейтін буын морфеманың дыбыстық қабаты ретінде қолданылғандықтан әрбір морфемаларда да өзгермейді. Әрбір буын қабаттарының өзгеруі басқа буын тудыратындығы сөзсіз, яғни, басқа морфеманы немесе басқа сөз тудыруы мүмкін” [15,17 бет].  Қытай тілінде немесе онымен типология жағынан ұқсас тілдерде  буын және морфема, морфема мен сөз арасында өзіндік ерекшелігі бар иерархиялық байланыс бар.

Қытай тілі морфемасының еуроппа тілідерінің морфемасынан өзгешелігі бар өзіндік көптеген қасиетке ие. Мысалы, қытай тілінде белгілі бір үлгі де болуы мүмкін, ал басқа жағынан тек морфемалық қызметін ғана  атқаруы мүмкін. Сонымен қатар, басқа тілдердегі сияқты қытай тілі морфемасы да сөз тіркесінен, сөйлемдерден, ең кіші мағыналық бөліктерге мүшеленбеуімен және сөйлеммен олардың мүшелерінің қызметін атқара алмауымен ерекшеленеді.

Морфемалар мағынасы мен қызметі жағынан әртүрлі болады, яғни, сөз құрылымының мағына мен рөліне орай олар түбір морфема немесе негізгі морфема және көмекші морфема болып бөлінеді. Жалпылама лексикалық мағынаны білдіретін морфема түбір морфема деп аталса, ал көмекші сөздер түбір морфеманы өзгертіп анықтайды, яғни, сөздің грамматикалық және сөзжасамдық мағынасын ажыратады.

Д.Е.Земская түбір сөзбен көмекші сөздің айырмашылығын былай деп түсіндіреді: Түбір морфема болмыс элементін білдіру ретінде танылады, сондықтан да олардың мағынасы нақты айғақты болып келеді. Аффикстік морфема ешқандай шындық элементі мен жанаспайды. Түбір морфема кейбір кезде лексикалық немесе атаушы деп аталады. Түбір морфема сөздің әр түрлі лексика — грамматикалық топтары үшін бірдей ортақ морфема ретінде қызмет ете алады. Мысалы: 感морфемасы, яғни сезу, 感触,感怀- уайымдау,                   感动- қобалжу, 感情- сезім деген зат есімдердің, сын есімдердің, етістіктердің де түбірі болып табылады. Бұдан шығатын қорытынды мынау: түбір морфема – сөздердің қандай лексика- грамматикалық топқа жататындығына қарамастан, олардың барлығына бірдей тән, күллісіне бірдей ортақ, баршасына бірдей негізгі ұйтқы болатын элемент. Сонымен қатар, түбір морфема сөздердің ары қарай бөлшектенуге келмейтін және негізгі лексикалық мағынаны білдіретін бөлшегі болып табылады. Мысалы:       сөздің грамматикалық формаларында қайталанады. 看- көру, қарау, 看过             — көрді, 看着- көре сала, 看了- көрді.

Түбір морфеманың ерекшеліктерінің бірі – оның сөзде орнының бекітілмеуі болып есептеледі, яғни, сол бір ғана түбір морфема сөзде басқа морфемалар мен байланысы турасында әртүрлі орында болуы ықтимал. Ол мүмкін сөздің басында, яғни, көмекші сөздің аяғында көмекші морфемалардан кейін және ортасында келуі мүмкін. Түбір морфеманы –А, көмекші морфеманы – Б деп белгілеп алып, түбір морфемалардың қытай тілі сөздеріндегі әртүрлі қызметтеріне мысал келтіреміз.

  1. А: 风 — жел; 雪‑ қар
  2. А.А: 山洞 — үңгір; 草木 — өсімдік; (ААА) 接力赛 эстафета;

(АААА) :输尿管炎- уретрит

  1. А.Б: 木头 -ағаш;
  2. А.А.Б: 接生员- аккушер; 箭靶子 — нысана
  3. А.Б.Б: 学者们 — оқымысты; 记者们 — журналист
  4. А.А.А.Б: 始作俑者 — ұрыс бастаушы
  5. Б.А: 老乡- жерлес; 非法 — заңсыз
  6. А.Б.А: 男子汉- ер адам; 果子冻 — тәтті тамақ
  7. Б.А.Б:老头子 — қарт; 第三者- бөтен адам

10.Б.А.А.Б: 老百姓们 – тұрғындар

 

Өз алдына дербестігі жоқ, тек сөз құрамында түбір мофемаға жалғанып қолданылғанда ғана, белгілі ‑ бір мағынаға ие болатын көмекші морфемалар аффикстік морфемалар немесе аффикстер деп аталады.

Аффикстер мағынасы мен қызметі жағынан түрлі‑түрлі келеді. Аффикстің кейбіреуі дербестігі жоқ түбір морфемадан сөз тудырады немесе дербестігі бар түбір сөзден туынды  сөз тудырады. Мысалы: орыс тілінде өз алдына дербес қолданыла алмайтын оч‑ деген түбір морфема -ник деген аффикстің жалғануы арқылы толық лексикалық мағынасы бар сөзге (очник) айналған. Және де осы аффикстің (‑ник) дербес сөз ретінде қолданыла алатын түбір морфемаға жалғануы арқылы туынды сөз жасалады.        Мысалы : ударник. Дербестігі жоқ түбірден немесе дербестігін сақтаған түбір морфемадан сөз жасайтын мұндай аффикстерді сөз тудырушы аффикстер деп атайды. Сөз тудырушы аффикстердің мағынасы деривациялық мағына деп аталады. Деривациялық – латынның derivato (меншіктеп бөлу) деген сөзден шыққан. Аффикстің кейбіреулері сөз бен сөзді байланыстырып, олрдың өзара қарым‑қатынасын білдіреді. Сөз бен сөзді байланыстырып, олардың бір‑біріне қатынасын білдіретін аффикстер сөз түрлендіруші аффикстер, ал олардың грамматикалық мағыналарын реляциялық мағына  деп аталады. Реляциялық – мағынаның relatio (қарым‑қатынас) деген сөзінен жасалған термин. Көмекші морфемалар немесе аффикстер осылайша екі үлкен топқа бөлінеді де, әрбір жеке тілде олар сол тілдің грамматикалық құрылысының ерекшелігіне орай бірнеше түрге ажыратылуы мүмкін. Мысалы: 微:微薄 :-мардымсыз, 琥:琥 泊  жақұт Орыс тіліндегі көмекші морфемалар немесе аффикстердің префикс, суффикс, флексия деп аталатын түрлері бар. Орыс тіліндегі суффикс деп аталатын морфема түркі тілдерінде, соның ішінде, қазақ тілінде жұрнақ деп аталатын морфемаға сәйкес келеді де, түбірдің соңынан жалғанады. Орыс тіліндегі суффикстермен барабар қызмет атқартын көмекші морфема – префикс. Суффикстер түбірдің соңынан жалғанса, префикстер түбірдің алдында тұрады. Түркі тілдердің бірі қазақ тілінде беймаза, бейтаныс, бейуақ, бейшара, бейхабар тәрізді сөздердің құрамында иран тілдерінен енген бей- префиксі ұшырасады. Бірақ ол префикстің қызметін атқармай, тек аталған сөздердің құрамында ғана қолданылып, бөшектенбейтін бір тұтас ретіде ұғынылады.

Енді қытай тілінде көп қолданылатын префикстерді атап өтейік: 老, 阿, 弟,初,超,非,无,不,反,自,可,小

Қытай тілі префикстерге қарағанда суффикстерге бай. Негізгі сөздің түбіріне немесе сөзге суффикстің жалғануы префикстердегідей сөз бір сөйлем мүшесінен екінші бір сөйлем мүшесіне ауысуын білдіре алады.  教(етістік) +员- 教员мұғалім; 胖(сын есім) + 子 — 胖子 толық (зат есім). 骗(етістік) + 子 ‑  骗子 өтірікші.

Суффикстердің түбірден кейін тұратындығы белгілі. Қытай сөздерінде жалғау болмайды. Суффикстік морфема сөзде ең соңғы орынға ие, бірақ  басқа да қызметтер атқара отырып, негізгі және суффикстік морфемалар арсында орналасады. Мысалы: АБА: 果子酱 джем

АББ: 苦头儿 ‑ бақытсыздық.

АБББ: 石头子儿 ‑ тастар.

Көмекші морфема сөзжасам және грамматикалық сөз түрлендіруші және форма тудырушы болып екіге бөлінеді. Қытай тіліндегі сөз түрлендіруші морфемаға 们суффиксі жатады, яғни们зат есім мен есімдіктің көпше түрі, ал 了,过,着 етістіктің жұрнақтары. Қытай тілінде көмекші сөздердің белгіленген екі категориясы бар.

现代汉语 “Қазіргі заманғы қытай тілі” еңбегінің авторы Ху Юйшу сөз жасам морфемасының грамматикалық және лексикалық мағыналары өзара бір‑бірімен біріге алады. Сонымен қатар олар суффикс 员,者,性,化        (教员‑ сөзінде мұғалім, 学者‑ ғалым,人们性халықтық, 集体化 ‑ коллективтендіру ) лексикалық та грамматикалық та мағынаға ие.                                                  

Ал ( 反革命 ‑ контрреволюция, 非常‑ өте, 不法 ‑ заңсыз) деген   сөздердегі 反, 非, 不 префикстері тек лексикалық мағынаға ие; 老,阿(老师 ‑ мұғалім, және 阿姨 — апай) сөздеріндегі 老,阿 префиксі және ( 桌子 ‑ үстел, 花儿‑ гүл, 木头- ағаш) сөздеріндегі     суффикстері тек грамматикалық мағынаны береді.

Қазіргі заманғы қытай тілі морфемасының қытай лингвистикасында толық жете талдаған Чжан Чжигун болды, яғни оның «Кытай тілінің морфемасы», ал жоғарғы оқу орындары үшін «Қазіргі заманғы қытай тілі» атты еңбегінде жете талқыланды. Чжан Чжигун ең алдымен бір буындылыққа назар аударды. Автордың пікірінше бір буындылық – қытай морфемасының ерекше боліндісінің бірі [28,97 бет].

Инь Биньюнанаың есептеуінше, қазіргі заманғы қытай тілінің морфемасы 97% буындылықтан құралады. Міне, сондықтан автор ең алдымен бір буынды морфемаға тоқталады. Ол бір буынды морфеманы байланысу деңгейіне қарай дербес, жартылай дербес, дербестігі жоқ деп бөледі. Дербес морфема деп – сөз ретінде қызмет атқара алатын және басқа морфемалар мен байланысып жаңа сөз тудыра алатын морфема. Мысалы: 花‑ гүл; 花环‑ гүл шеңбер, 花纹‑ өрнек, 跑鞋 ‑ туфли, 跑表‑ секундомер, 逃跑‑ қашу.

Ал жартылай дербес морфемалар – олар өз бетінше сөз ретінде қызмет атқара алмайды, бірақ басқа морфемалармен байланысып жаңа сөз тудырады. Мысалы: 牧 :牧草 ‑ шөп, 放牧‑ жаю, бағу, 游牧 ‑ көшпелі, 牧人‑ малшы, 基: 基石‑ түбір, 基金         ‑ капитал, 基地‑ негіз, 基质‑ субстракт.

Қазіргі қытай тілінде дербес және жартылай дербес морфемалар бір буынды морфемалардың көп бөлігін құрайды.

现代汉语词典‑ да, 人 ‑ морфемасымен байланысқа түскен шамамен 200 жуық сөз бар. Олардың 135人‑ морфемасы басқа бөлігінде орналасса, 70‑і сөз соңында келеді.

Дербестігі жоқ морфемалар қазіргі қытай тілінде сөз ретінде қызмет атқара алмайды және олардың сөзжасамдық қабілеті шектеулі. Олардың кейбіреулері көмекші сөзге, ал қалғандары – жартылай дербес морфемалардын, дербестігі жоқ морфемаларға айналу жолында.  Дербестігі жоқ морфемаларға мыналарды жатқызуға болады мысалы: 阿( 阿姨 ‑ апай), 初 (初夷 ‑ алғашқы), 们  ( 你们‑ сіз), 老(    老师 ‑ мұғалім). Және қазіргі қытай тіліндегі ерекше морфемаларды бөлек топшалаймыз оларға: 而‑ және, 且 ‑ тіпті, 但 ‑ тек, 虽‑ егер, 倘‑ егер, 很‑ өте, аса, 越 ‑ барған сайын бұл морфемалар өз алдына жеке дара сөз бола алады, кейбіреулерінің жеке қолданылуы сирек кездеседі және басқа морфемалармен байланысып екі буынды морфемаға ұқсайды, бірақ оларды бөлінбейді деп атауға болмайды. Мысалы: 但是 ‑ бірақ, алайда, 况且  ‑ оның үстіне, 尽管 ‑ дегенмен, 倘若 ‑ егерде. Алайда бұл морфемалардың басқа морфемалармен тіркесуі шектеулі. Мысалы:           морфемасы шамамен он морфемаға жуық морфемамен байланысады. 但是‑ бірақ, 但凡 ‑ егерде, 但愿‑ тек қана, 但‑ емес, 非但‑ емес, 岂但 ‑ тек қана.

Кейбір ерекше морфемалар екіден, бірақ қатарынан қолданылмайды. 越来越 ‑ ары қарай кете беру. Бұл жоғарыдағы ерекше морфемалар өз бетінше жеке‑дара қодланылуына және басқа сөздердің құрылуына септігін тигізуіне қарамастан, сонымен бірге көмекші сөз қызметінде рөлін атқарады. Алайда, осы морфема саны шамалы болғанымен олардың қазіргі қытай тілінде алатын орны асқақ.

Чжан Чжигун қытай тіліндегі барлық морфемаларды  көмекші, жартылай көмекші және көмекші морфема деп бөледі

Көмекші морфемаларға зат есімдер, етістіктер, сапалық морфемалар жатады. Зат есім сөздерге 天          ,石, 木, 月, 底 , 上 , 十, 斤, 个。Көмекші морфемалардың көп бөлігін етістікті морфемалар құрайды. Мысалы: 走 , 打, 吃, 想, 立, 念, 变, 忘, 流, 感。  және т.б. Ал сапалы морфема зат есімдер мен етістікті морфемаларға қарағанда едәуір аз. Оған жатаны: 大,长,高,红,冷,白,难,狂,忙.[28.243 бет] Алайда, осы орайда айта кететін жайт, қытайдаың барлық лингвистері Чжан Чжигунның көмекші морфемаларды заттық, етістікті, сапалық деп бөлуіне қосылмайды. Ал Чжан Шоукан жоғарыдағыдай мүмкіндік морфемаға емес, тек сөзге ғана тән деген пікір айтты  [20, 17бет].

Чжан Чжигун жартылай көмекші морфемаларға: 我,你,这,那жатқызды. Автордың классификациясы бойынша көмекші сөздер сол ерекше морфеманың өзі болып табылады. Қазіргі қытай тілінің бір буынды морфемасының жүйелей және түсіндіре келе, ең бір аса көңіл қойған мәселесі ­– ол морфемалар мен иероглифтер және тонды буындардың ара қатысы. Зеріттеуші осыған байланысты алты жағдайды бөліп көрсетеді.

  1. Бір буын бір морфема болып, бір ғана иерогифпен жазылады: 娃,痕.
  2. Бір буын көптеген морфемаларды көрсетіп, бір иероглифпен жазылады.

白:雪白‑ аппақ, 明白‑ түсінікті, 姓白‑ Бай тегі, 年: 年龄 ‑ жасы, 年会‑ жылдық жиналыс,    年华  ‑ жылы,  童年‑ жастық шақ.

  1. Бір буын ұғымды, тек бір морфемамен ғана емес басқа морфемамен де түсіндіруге болады: 权力‑ билік, 权利‑ құқық, 界限 ‑ шек, 界限 ‑ шекара
  2. Айтылуы әр түрлі бір морфема бір иероглифпен жазылады. Мысалы: fang‑妨(不妨‑ кедергі келтірмейді, артық емес), fang ‑妨 (妨碍‑ кедергі).
  3. Екі түрлі буын, екі түрлі морфемаларды құрайды, бірақ бірдей иероглифпен жазылады. 称 (称赞‑ мақтау), 称 (称心 ‑ көңілі толу).
  4. Бір буын бірдей иероглифпен жазылатын екі морфемадан тұрады (а және б), ал басқа бір буын әртүрлі иеролифпен жазылатын екі түрлі морфемадан құралады, бірақ (в және г) морфемалары бірдей мағына береді, сондықтан сол морфема ұқсас келеді.

 

行      а) 不行   ‑ болмайды ( 行~可 )

           б)  步行  ‑ жаяу (             行~走 )                          行走,行车 .

走      в) 走路     ‑ жүру (   走~行         )

           г) 走样    ‑ түрін жоғалту ( 走~变 )

 

Қытай тілінде екі және көп буынды морфемалар бар. Инь Баньюнаның есептеуі бойынша, екі буынды морфемалар барлық морфемалардың 3% құрайды. Қытай тілінің бұл екі буынды морфемалары «Ляньмяньцзы» ‑ 联绵字бірігіп жазылатын және бөлшектенбейтін сөзге және шет елден енген кірме сөздерге бөлінеді. Ляньмяньцзылардың әрбір буыны жеке өз бетінше тұрып мағына бере алмайды, бірақ, олар өзара бірігіп толық бір мағынаны беріп, морфема бола алады. Осындай морфемалар көне қытай тілінде айтарлықтай көп, ал қазір едәуір азайып кеткен. Олардың көбеюі де екі талай жағдай. Чжан Чжигун оларды үш топқа бөлді: 1. «Ляньмяньцзы» ‑ алғашқы буындары бірдей дауыссыз дыбыстан құралған. Қытайша оларды        . Мысалы: 蜘蛛 ‑ өрмекші, 琉璃 ‑ глазурь, 吩咐‑ бұйыру, 仿佛‑ ұқсас, 2. «Ляньмяньцзы» ‑ финальдері бірдей екі буыннан тұрады. Қытайша атауы 叠韵. Мысалы: 喇叭 laba‑сырнай, сигнал, 汪洋wangyang-жалпақ, шалқар, 苗条miao tiao-нәзік, талшыбықтай, 迷离 mili-көмескі, күңгірт, 伶仃ling ding-жалғыз.

  1. «Ляньмяньцзы» ‑ сөздің екі буыныда жұпсыз, әрі әртүрлі тонмен айтылады. Мысалы:典妯娌 zhou li — абысын, 玛瑙ma nao-агат.

Автордың  пікірінше, кейбір «ляньмяньцзылар» біртіндеп азайып, тіпті қазіргі кезде олардың қолдану аясы төмендеуде бірақ, олардың айтарлықтай аз бөлігіде қолданыста болғанымен де, солардың өзінің қолданыс аясы қарқынды.

Екі буындылардың тағы бір басқа тобы шет тілден енген кірме сөздерден құралады.  Сондай морфемалардың біразы өз ареалындағы тілдерден енген көне сөздер. Мысалы: 和尚‑ монах, 菩萨 ‑ жарылқаушы 罗汗‑ сопы, архад. Міне, осындай морфемалардың едәуір бөлігі жапон, ағылшын, орыс, француз және тағы басқа тілдерден енді. Мысалы:加仑 ‑ jiа lun‑галлон, 卢比  lubi-рупия, 吉它  ji ta-гитара, 瓦特wa te-ватт, 马达ma da‑мотор.

Ал қазіргі заманғы көп буынды морфемалар – олар шетелден енген кірме сөздер. Олар үш буынды, төрт буынды, бес буынды және тағы сол сияқты морфемалардан тұрады. Мысалы: 白兰地 ‑ коньяк, 巧克力 ‑ шоколад, 阿司匹林 ‑ аспирин, 英特纳雄奈尔 ‑ интернационал.

Екі буынды морфеманы тағы бір топқа бөлуге болады, яғни, дыбысқа еліктеуіш сөздер. Мысалы: 丁当 ding dang‑сылдырлау, 哗啦hua la-сатыр‑сұтыр, 呱呱 gua gua-бақылдау.

Қазіргі қытай  тілінің екі және көп буынды морфемалары шкетеулі сөз жасамдық қабілеттілікті игереді немесе игере алмайды. Екі немесе көп буынды морфемалардың тілде болуы морфемалардың бір буындылығына ешқандай елеулі әсер тигізбейді.

Нөлдік морфема деп ‑ өзара байланысқан формалар мен салыстыру арқылы ерекшеленген сөздің материялды бөлінбейтін бөлігі. Қытай тіліндегі нөлдік морфема немесе нөлдік форма туралы мәселе орыс лингвистері Н. Н. Короткова, С. Е. Яхонтова, И. В. Солнцев және тағы басқалардың еңбектерінен көрініс тапты. Осы мәселе қытай тілінің күрделі әрі даулы мәселелерінің бірі болып табылады.

Осы күнге дейін қытай тілін зерттеушілерінің еңбектерінде, форма тудырушы нөлдік морфема туралы баса назар аударылып жазылған. Соңғы уақыттарда сөз тудырушы нөлдік морфема деген термин қолданысқа түсе бастады.

Нөлдік морфема аса шартты болғанымен көптеген кеңестік лингвистердің еңбегінде осы мәселеге дәлелді қарсылық туындаған. Анығырақ тоқтала кетсек, нөлдік морфеманы мойындау, морфемаға форма мен мазмұнның ортақтығын және материялды айтылуы мен мағынасын сипаттайтын тілдің бірлігі ретінде қарастырылып жүрген ортақ түсінікке орыс лингвистері арасында өзара қарсылық туындады.

Морфемада тілдің басқа бірліктері сияқты белгілі бір жүйесі бар. Морфеманың жүйелілігі белгілі бір белгілердің айырмашылығы мен ортақтылығын сипаттайтындығымен байқалады, соның негізінде солардың класификациясы жүзеге асады. Қазіргі замнғы қытай тілі морфемасының дифференциялды белгісі болып қызметі табылады. Ол морфеманың жүйелілігі, семантикалық‑құрылымды байланыстың болуымен ерекшеленеді. Көне қытай тіл білімінде осындай қарым‑қатынасты ең басты үш түрге бөледі:

  1. Әртүрлі морфемаларда бірдей дыбыстық құрам және әртүрлі мағына болады.
  2. Әртүрлі морфемалардың мағыналары бірдей немесе жақын, бірақ әртүрлі дыбысты құрамды.
  3. Әртүрлі пікірлер қарама‑қайшы мағынада. Морфемалардың өзара құрылымды‑семантикалық қарым‑қатынасының ерекшелігіне байланысты омонимиялы, синонимиялы және антонимиялы морфема болып бөлінеді. Омонимдес морфемалар – бір түбірден кемінде екі сөз тудыратын, дыбысталуы бірдей, мағынасы мен қызметі басқа морфемаларды омонимдес морфемалар деп атаймыз.

Қазіргі қытай тілінің омонимдес морфемаларының көп бөлігі фонетикалық буындармен байланысады. Қытай тіліндегі бір буынды морфемалардың шамамен 90% омонимдес морфемалар. Қытай тілі буындарының шегі морфемалар шегімен сәйкес келгендіктен фонетикалвқ буындар омонимдес морфемаларға, соның ішінде бір буынды морфемалардың пайда болуы мен қолданылуына тікелей әсерін тигізді.

Қытай тілінің омонимдес морфемалары әртүрлі буындардың түбірі бола алаатын және лексикалық омонимдермен байланыста болатын түбір морфемаларды қамтиды. Мысалы: лексикалық омонимдер 意‑ мағына, 异议‑ қарсылық білдіру – барлық морфемалар омонимдес: 义‑мағына, мән, 意‑ ой, пікір, 异 ‑айырмашылық, ерекшелік, 议         ‑ талқылау.

Әртүрлі дыбыстық буындар мен әр түрлі сөжасамдық құрылымның ерекшелінуі омонимдік морфемаларда болуы мүмкін. Мысалы, әр түрлі дыбысталатын сөздер 伐木‑ ағаш дайындау және罚金‑ ақшалай айып, омонимдес түбір морфемалар 伐‑ жару және罚‑ жазадау. Омонимдес түбір морфемалар 坐 ‑ отыру және         ‑ 作жазу. Сөздердің әр түрлі сөзжасамдық құрылымдарында: 坐落‑ орналасу,     作者  ‑ автор. 现代汉语词典-да омонимдік морфема yi-дің 90 түрі бар. Енді солардың біразына мысал келтіріп өтейік谊 ‑ байланыс, 溢 ‑ жайылу, тасу, 挹‑пікір, 译‑ аудару.

Қытай тілінің екі және көп буынды морфемаларының арасында омонимдес морфемалар болмайды. Ал көмекші сөздер омонимдес морфемалары бола алады. Омонимдес морфемалар полисемиямен шектеседі және жалпы тіл білімінде әр түрлі тілдік деңгейге бөлу турасында әлі күнге дейін қатаң сын жоқ. Шындығына сайып келгенде, омонимдес морфемалар мен полисемиялардың арасындағы шегін анықтау айтарлықтай қиын жағдай туғызды. Сонымен бірге полисемия түбір морфемаға қалай тән болса, көмекші морфемаға да солай тән.

Қазіргі қытай тіліндегі морфемалық синонимия деп – морфемалардың семантикалық ұқсастықтары мен тепе‑теңдігі және дыбыс қабаттарының айырмашылығын айтамыз. Синонимдес морфема түбір және көмекші болуы мүмкін. Мысалы, келесі төмендегі екі қатардағы түбірлі морфемалар синонимдес:

  1. 悲 ‑ қайғы, мұң, шер, 哀 ‑ қасірет, күйік, 凄‑ қамығу, қайғыру, 痛 ‑ қайғы.
  2. 死 ‑ қаза болу, 亡‑ дүниеден өту.

Синонимдес түбірлер сөз құрамында қолданылып, лексикалық синонимдермен байланысады: 亡故‑ қайтыс болу, 丧命‑ өмірден өту. Екі синонимдес түбірлі морфемалар байланысып, бір сөз құрай алады:代替‑ орнын басу ( 代 ‑ орындау, уәкіл болу, 替‑ орнына үшін).

Қытай тілінде екі синонимдес морфемалардан және керісінше, ретті орналасқан сөздер тұрады: 展开 ‑ жайылу, ашылу,  开展 ‑ дамыту, өрістету.

Көмекші синонимдес морфемалардың қызметтері бірдей. Олар жаңа сөздердің және синтаксисті және синтаксисті емес грамматикалық формаларын құру үшін қолданады. Мысалы, суффиксті омонимдерге келесі морфемалар жатады: 者,员 .

Сонымен бірге синонимді префиксті морфемалар бар. Оларға:无,非жатады.

Қытай тілінің синонимдес тілдері басқа тілдер сияқты белгілі бір мағынаны білдіріп, кейбір жағдайларда семантикамен сәйкессе, ал кейбір жағдайларда тек жарым‑жартылай сәйкеседі. Полисемантикалық синонимдес морфемалардың басқалардан ерекшелігі бір‑бірлеп немесе бірнеше мағыналармен сәйкес келуі мүмкін. Осыған сәйкес синонимдес морфема абсалютті және жартылай болып бөлінеді. Синонимдес байланыстағы түбірлі морфемалардың көп бөлігі түбірлі морфемалар сияқты көп мағыналы болуы мүмкін. Мысалы: 说мен 讲 морфемалардың лексикалық мағынасы说: сөйлеу, айту, дәттеу, түсіндіру, ұғындыру, сөгу, кінәлау. 讲: сөйлеу, баяндау, әңгімелеу, ақылдасу, мән беру. Енлтірілген мысалдардан көрінгендей说мен讲морфемалары өзара полисемантикалы.

Синонимдес морфемалар стилистикалықтан өзгеше болуы мүмкін. Стилистикалық синонимдес қытай тілінің түбірлі және көмекші морфемаларына тән. Стилистикалықтар түбірлі морфемадан ерекшеленеді.

Мысалы: 乞   ‑ жалыну (кітаби стиль) және 请‑ сұрау (ауыз‑екі стилі), синонимдес сөздер乞求 ‑ сұрау, жалыну және  请求 ‑­өтінішпен сұрау.

Мағыналары бір‑біріне қарама‑қарсы аффикстер антонимді суффикстер деп аталады. Қытай тіліндегі антонимдес аффикстер түбір морфемалар болып табылады. Мысалы: 爱         ‑ жақсы көру, 恨 ‑ жек көру, 大 ‑ үлкен, 小 ‑ кіші.

Қытай тілінде екі антонимді аффикстен құралған сөз бар. Ол:开关 ‑ өшіру,       大小‑ өлшем.. Лексикалық антонимдері жұп антонимдес морфемалардан құралуы сирек кездеседі. Мысалы:

1.前进  ‑ алға басу, 后退 ‑ артқы аяқ (前‑ алдыңғы, 后‑артта, 进 ‑ кіру, 退 ‑ шегіну).

  1. 强大 ‑ күшті, 弱小 ‑ әлсіз ( 强‑ күшті, 弱‑ әлсіз, 大‑ үлкен, 小‑ кішкентай).

3.生存 ‑ күн көру,тіршілік, 死亡 ‑ өлім (       生 – туылу,死-өлу,存-өмір сүру,亡- қайтыс болу)

Қазіргі заманғы қытай тілі морфемалары өте күрделі семантикалық‑құрлымды қарым‑қатынаста болады.

Демек, морфема – сөз құрамындағы ары-қарай бөлшектенуге келмейтін ең кіші мағыналық бірлік. Ол екіге бөлінеді: түбір морфема және көмекші морфема. Жалпылама лексикалық мағынаны білдіретін морфема – түбір морфема деп аталса, түбір морфеманы өзгертіп анықтайтын, яғни, сөздің грамматикалық және сөзжасамдық мағынасын ажырататын морфема – көмекші морфема деп аталады.Бір буынды морфеманы байланысу деңгейіне қарай дербес, жартылай дербес және дербестігі жоқ морфема деп бөлінеді.

 

1.2 Сөздердің сөз жасам жүйесі

 

Соңғы жылдары дүниежүзіндегі көптеген тілдердің сөзжасамдық теориясының дамуы мен сөздің сөзжасамдық жүйесіне деген қызығушылықтары күнен‑күнге жандануда. Орыстың көрнекті лингвистері сөз жүйесін сөз жасамдық түрде теңестіреді. Бұл көзқарас Н. С. Крушевский, Масловой‑Лашанскийдің еңбектерінен көрініс тапты. Әсіресе сөз жүйесін зерттеуде өз заманының таңдай қақтырарлық лингвисі Винокураның еңбегінде жан‑жақты, жете зерттеліп, жұртшылық назарын бірден баурап әкетті. Ал, орыс ғалымы А.Н.Тихонов сөздердің сөзжасамдық жүйесі дәл қазіргі уақытта әр түрлі құбылыстармен түсіндіріледі. «Сөздің морфологиялық жүйесі – ол сөздің сөзжасамдық жүйесі мен сөз морфемасының құрылымы».

Барлық туынды сөздер сөзжасамдық талдаудың объектісі болып табылады. Өйткені морфемалық жүйеге қарағанда екі негізгі элемент – сөзжасамдық негіз бен сөз тудырушы тәсілдер және форматтар аса маңызды. Туынды сөз – сөзжасам саласының ең негізгі ұғымы. Туынды сөздің басты белгісі – өзін негіздеп тұрған сөз жасаушы тұлғамен мағыналық және тұлғалық жағынан байланыстылығында. Туынды түбір термині мен туынды сөз термині бірін-бірі жоққа шығарады. Туынды сөз бар жерде туынды түбір бола алмайды. «Туынды» деген сөздің өзінің негізгі мағынасы екінші бір зат атауының пайда болғандығын айқындап тұр. Ал түбір сөз әуелгі түбір, бастау дегенді танытады. Демек, түбір сөздің өзі туынды бола алмайды.

Сөзжасамдық талдау мен сөздің морфологиялық құрылымы арасындағы айырмашылық былай қорытындылады: сөздің сөзжасамдық құрылымының анализі оның құрамында бар екі дербес сөз жасаушы элемент —  сөз  жасаушы негіз бен сөз жасаушы формантқа міндетті түрде сүйенеді, ал сөздің морфемалық құрылымының талдауында ең кіші бөлінбейтін маңызды бірліктері – түбір және көмекші морфемалар болуы тиіс. Кубрякова Е.С. егер «морфологиялық талдаудың іздеп отырған шамасы морфема болса, яғни сөз құрастырушылардан сөзжасамдық талдаудың іздеу шамасы- деривациялық аффикстер мен түбір сөздер болады»- деп айтады.

Қытай тілінде сөзжасамдық негіз ретінде түбір морфемада және жеке сөздер (жай және күрделі) де бола алады.Мысалы: 非条件 — шартсыз, 非派生            — өнімсіз, 科学家 — ғалым сөздерінде сөзжасамдық негіз күрделі сөздерден , яғни олар条件, 派生 , 科学құралады. Ал 小子 — ер бала, 读者- оқымысты сөздерінде сөз жасаушы негіз жай сөзден小 — кішкентай және读- оқу құралған.

Сөзжасамдық формант – ол  материалды тәсілдердің құрылуы және осының көмегінде туынды сөз жасалады, яғни сөз жасаушы негіздің құрамына кірмейтін туынды сөздің бір бөлігі. Қытай тілінің сөзжасамдық форманты болып белгілі бір көмекші морфемалар: префикстер, суффикстер, жартылай аффикстер және олардың тіркестері бола алады. Мысалы, 胖子         — толық, 苦头- қайғы сөздеріндегі сөзжасамдық форманты 子,头        суффикстері болады.. Ал 老乡- жерлес, 乌鸦- қарға, 老师- мұғалім сөздеріндегі сөзжасамдық формант 老 болады. Ал  无产者- пролетар сөзі екі сөзжасамдық форманттан құралған, 无 префиксі және 者 суффиксі .

Кейбір жағдайларда орыс тілінің сөзжасамдық мәселесімен айналысып жүрген мамандар сөзжасамдық форманттың анық, айқын түрде айтылуы мен материалды дайындығын немесе безендірілуін қажет етпейтіндігін айтады. Осындай туынды сөздердің аса айқын формалды белгілері болып олардың құрамында түбірдің екіден кем болмауы табылады. Түбірлердің қосылуы нәтижесінде пайда болған бұл қытай тілі сөздерінің өзіндік ерекшеліктеріне тән құбылыс. Мысалы: 美丽 — әдемі және  山林 — таулы орман сөздеріндегі         美 — әдемі, 丽- сұлу, 山 — тау, 林 — орман сөздің формалды белгілері болып табылады. Бұл мысалдағы келтірілген туындаған сөздердің формалды белгілері, яғни екі сөзжасамдық түбірдің болуымен тығыз байланысты.

Сөзжасам негізі мен сөзжасаушы формант – бұл туынды сөздің ажырамас сыңары әрі оның сөзжасамдық құрылымын анықтаушы.

Қазіргі орыс әдеби тілінің грамматикасында « мағына» сөзге жалпы қатысты және берілген сөз табына жататын сөз бөліктерінің формалды айтылған сөз ішіндегі тәсілдердің мағынасы ретінде қарастырылады. В.В. Сөзжасамдық мағына – себепші негіздер мен сөзжасамдық тұлғалардың бірігуі немесе қосарлану, тіркесуі, жалғануы негізінде жасалатын ерекше туынды мағына. Сөзжасамдық мағына жасалу үшін, ең алдымен, сөзжасамдық тұлғалардың қосылуы, бірігуі, тіркесуі негізіндн сөзжасамдық процесс жүруі керек. Сөзжасамдық прцесс негізінде туынды сөз жасалады.дәлелд Осы туынды сөз мағынасы сөзжасамдық мағына ретінде саналады.

Б.Н. Головнин сөзжасам мағынасына берген анықтамасында былай дейді: « сөздің материалды жүйесінің бірдей ерекшеліктерімен айтылатын бірқатар туынды сөздерге ортақ мағына » [5, 476бет]. Ал, А.Е. Земскаяның айтуы бойынша мағына ол  — сөзжасаушы мен сөзтудырушының өзара сематикалық байланысының негізінде айқындалған және берілген түрдің ортақ туындысы [ 7, 341бет ] .

Сөзжасамдық мағына сөзжасамдық форманттың көмегімен айтылатын және берілген туынды сөздер мен сөзжасаушылардың арасындағы семантикалық байланыс негізінде қалыптасатын белгілі бір сөзжасам жүйесінің туынды сөздерінің  жалпы мағынасы ретінде анықтала алады. Осы орайда айтып кетер бір жайт, көптеген лингвистер сөзжасамдық мағынаның болуын және оның деревациялық немесе сөзжасамдық мағына сонымен қатар грамматикалық (жалпы және абстракты) және лексикалық (индивидуалды)мағына болып бөлінуінің еш қажеттігі жоқ деп таниды. Бұл көз-қарас С.С.Кароляк және А.И.Моисееваның еңбектерінде көрініс тапты. Алайда соңғы кездері бұл терминнің қолданылу аясы барған сайын өрбуде, ең көңіл аударарлығы, мағынаның барлық түрі (лексикалық, грамматикалық және сөзжасамдық) деңгей бойынша немесе қасиеті бойынша бөлінеді.Е.С.Кубрякованың пайымдауынша грамматикалық мағынаның қасиеті олардың облигаторлығы деп ерекшелейді. Сөзжасамдық мағыналар осындай міндеткерліктен айырылған, яғни өзінің белгіленген шегі болуы да болмауы да мүмкін. Сөзжасам мағынасы «лексикалық» экстролингвистикалық әлемімен байланыса алады, ал деривациялық мағына лексикалық және индивидуалды мағыналардан өзінің жалпылығымен ерекшеленеді.

Сөз жүйесінің мәселесін зерттеуші лингвистер туынды сөздің сөзжасамдық жүйесі морфема құрылымымен өте тығыз байланысты екенін анықтады. Әрбір тілде сөзжасамның және морфеманың құрылымдық байланыстылығын сипаттайтын сөздер бар. Мысалы: орыс тілінде море – моряк, автор- соавтор, писать- выписать, ағылшын тілінде form- formal- formalize, ал қытай тілінде 教- оқыту, 教员 — мұғалім. Осы сөздердің түбір морфемасы және сөз жасаушы аффиксы  анық ерекшеленеді. Осымен қоймай түбір морфема сөз жасаушы сөздің негізі болады, яғни сөзбен сәйкес келетін сөзжасамдық негіз болып табылады. Ұқсас сөздердің сөзжасамдық құрылымы олардың морфемалық құрылымымен айқындалады. Келтірілген мысалдардан байқағанымыздай, сөзжасамдық және морфемалық құрылым өзара байланысы сирек кездеседі. Бұл қытай тіліне де қатысты. Мысалы:            列车员-жол серік  үш морфемалық сөздердің сөзжасамдық жүйесі морфемалықтан айырмашылығы тудырушы негіз бұл сөзде 列车екі түбір морфемадан құралса, 员 аффикстік морфемасы сөзжасаушы формант болып табылады. 社会主义- социализм төрт морфемалы сөз, 社会 екі морфемалы сөз тудырушы түбірден және主义екі морфемалы сөзжасамдық форманттан құралады.

Сөздің морфемалық талдануы кезінде, талданатын сөздің әр түрліжүйедегі туыстас бір түбірлі сөздермен және берілген сөздің басқа да грамматикалық формаларының байланысынан туындайды. Мысалы: 人造             — жасанды сөзін екі түбір морфемаға: 人 — адам ( 人性- адамгершілік, 人类           — адамзат, 客人 — қонақ) және 早 — құру ( 造物 — құрушы, 造船 — кеме құрылысы) бөлуге болады.

Сөзжасамдық талдаудың міндеті тікелей-құрушы: сөз тудырушы түбір және сөзжасам элементі болып бөлінуі негізгі міндеті. Сөз тудырушы түбір мен сөзжасаушы элементінің бөлінуі дәлелденген сөзбен немесе сөз тіркесімен тікелей талданатын сөз тудырушының байланысына негізделеді.

Орыс ғалымдары Е.С.Кубрякова , Н.А.Янко- Триницкий, Е.А. Земская, Н.А.Крылова, В.Н.Немченколардың еңбегінде сөзжасамдық туындылық мәселесі сөзжасамның тіл жайындағы ғылымдардың бөлімі ретінде маңызды мәселелердің бірі болып қарастырылған. Бұл мәселенің маңыздылығы, ең алдымен, оның шешімі сөз жасамдағы туынды сөздерді туынды сөздер емес сөздерден бөледі, яғни зерттеу объектісін анықтауға көмектеседі. В.В. Лопатиннің пікірінше сөздің туындауы – ол оның басқа сөздер арқылы дәлелденуі. [12,221бет].

Сөзжасамдық туындылық диахрониялық және синхрониялық тұрғыда ерекшеленеді. Диохрониялық тұрғыда сөздің туындылығын , яғни салыстырмалы туыстас сөздердің қайсысы екіншіснің құрылуына (қай сөз тудырушы, қайсысы туынды екенін) анықтау үшін бұл сөздердің шығу тарихын, қай сөз біріншісі, қайсысы одан кейін пайда болғанын, бұл сөздердің қайсысы қайсысынан пайда болғанын анықтап зерттеу қажет.

Ал, синхронды тұрғыдан қарастырғанда туындылықтың байланыстылығы өзара екі немесе одан да көп синхронды түрде қатар келетін бірліктер арасында пайда болады.  Осы екі бірліктің біреуі алғашқысы, яғни дәлелдеуші ретінде , ал – екіншісі, яғни дәлелденуші ретінде қарастырылады.

Синхронды тұрғыдағы сөз жасаушының туындылық ұғымын сөзді құрайтын элементтерге, яғни тудырушы негіз және сөз жасаушы формантқа мүшелену ерекшелігі деп қарастыруға болады. Немесе бұл ұғымды сөздің сәйкес келетін тудырушымен құрылымды-семантикалық ара-қатынасына негізделетін   екіден кем емес түбірді бөліп қарастыруға болатын ерекшелігі деп анықтауға болады.

Синхронды туынды және туынды емес сөздер ұқсас түбірлермен бірге  сөзжасамдық ұяда бірігеді. Сөзжасамдық ұя – туындылықтың байланысы арқылы реттелген бір түбірлі сөздердің жинағы. Сөзжасамдық ұя алғашқы  тарауында немесе басында туынды емес негізгі сөз тұрады. Ал қалғандарының барлығы туынды сөздер. Енді осы сөзжасамдық ұя бір түбірлі сөздерге мысал келтірейік: 店 -қонақ үй, — дүкен店小- күтуші, 店员сатушы.           

 Сөзжасамдық ұя  түбір морфемалары сөздердің ортақтылығын олардың лексикалық мағынасының жақындығын анықтайды. Сөзжасаушы ұя  мүшелері арасында өзара айырмашылықтар болуы мүмкін. Олар мынадай түрлерге бөлінеді: туындылық сөздердің тікелей байланысы және жанама туындылы сөздер, бірдей және әр түрлі туынды сөздер..

 Егер өзара қатынаста болатын сөздердің біреуі басқамен дәлелденіп, одан тек бір ғана формантпен ерекшеленсе, онда бір түбірлі сөздер арасында сөзжасаушы туындылықтың тікелей байланысы немесе тікелей дәлел қолданылады. Мысалы: 胖-семіз,  胖子 -толық, 科学- ғылым, 科学家 -ғалым.

Жанама сөзжасаушы туындылық байланысы жанама семантикалық дәлелдеу кезінде бақыланады. Мұндай байланыстар бірнеше сөздердің сөзжасамдық тізбекте, яғни сөзжасам сатыларының есебегінде  белгілі бір жүйелікте орналасқан бір түбірлі сөздердің жиынтығы. Мысалы: 读-оқу,                         Келтірілген мысалдағы алғашқы және соңғы создер сөзжасам тізбегінің соңғы тізбегі немесе бөлімі болып саналады. Бұл сөздер сөзжасамның бір емес екі немесе үш сатыларымен ерекшеленіп, жанама сөзжасам туындылықтарының  қатынасымен байланысады.

Бір сөз бірнеше бір түбірлі сөздердің синхронды тудырушысы бола алады және олармен тікелей семантикалық дәлелдеу байланысында бола алады.. Мысалы: 教养所 -тәрбиелеу үйі, 员 — тәрбиеші тікелей教养-тәрбие зат есімімен дәлелденеді.

Синхронды сөзжасамдық талдау кезінде нақты туынды сөздердің, әдетте, тікелей дәлелдеуші сөздермен өзара байланыстылығына көңіл қойылып, сөздер арасындағы тікелей сөзжасаушы туындылықтың семантикалық байланысына және әр түрлі байланысына баса назар аударылады. Мысалы: 缝纫-тігу және 成衣匠-тігінші, бұлар семантикалық дәлелдену байланысында болғаны мен, сөзжасам туындылығының семантикалық қатынасымен байланыса алмайды. Өйткені олардың түбір морфемалары мүлдем әр түрлі. Ал басқа жағынан тағы бір мысал келтірсек,              头顶 — төбе және 头等 — бірінші дәрежелі бұл сөздерде түбір морфемалары бірдей болғаны мен өзара синхронды туынды сөз және туынды емес сөздердің расында белгіленеді. Мысалы: 说 – сөйлеу, 说明 – түсіндіру, 树        — ағаш, 树林 — орман ,  忘 – үміттену, 无望 — үмітсіз.

Сөйтіп, синхронды зерттеуде сөзжасамның сөзжасамның нәтижесінде туған туынды сөздің мағынасын әрқашан оның құрамындағы  морфемалар арқылы түсіндіруге болады. Сондықтан сөзжасам тұрғысында туынды сөзді анықтау оның құрылымындағы түп негізбен салыстырғанда түп негізден оның құрылымының  күрделілігіне және оның мағынасының түп негіздің мағынасымен байланыстылығына сүйену арқылы жүзеге асады.                 

 Бір түбірден тараған бірінен-бірі тікелей туындайтын, біріне-бірі негіз болатын негізді сөздердің тобы сөзжасамдық тізбек деп аталады. Бір сөзжасамдық тізбектегі сөздің саны ең кемі үш сөзден тұру керек.

Сөзжасамдық ұядағы сөздердің барлығы түбірлес сөздерге жатады. Олар бірінен-бірі туындаған сөздер. Солардың барлығының құрамында болатын бір ғана сөз бар. Ол – әр сөзжасамдық ұядағы негізгі түбір. Сонда әр сөзжасамдық ұяда бір ғана негізгі түбір болады,  ал қалғандары туынды түбірлер.

 Сөзжасамдық тізбек – бір сөзжасамдық ұядан немесе негіз сөзден  тараған туынды сөздер тізбегі. Сөзжасамдық тізбекте негіз сөзден басталатын туынды сөздің өзі екінші, үшінші мағыналы туынды сөздерге негізділік қызмет атқара береді, сондықтан сөзжасамдық тізбек тілдің дамуын танытады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ ТАРАУ.  ҚЫТАЙ ТІЛІНДЕГІ НЕГІЗГІ СӨЗЖАСАМ ӘДІСТЕРІ

 

2.1. Түбір сөздерді қосу арқылы сөзжасам әдісі

 

Тілдің сөздік қорын үздіксіз байытып, толықтырып отыру негізінен тілдің ішкі мүмкіндіктерімен, заңдылықтарымен байланысты. Басқа тілдерден сөз қабылдау арқылы да тілдің сөздік қоры байып отыратыны көпшілікке таныс. Алайда сөз байлығының толығу арнасы – тілдің сөзжасам жүйесі, оның ішінде сөзжасам тәсілдері мен тікелей байланысты.

Жоғарыда грамматикалық мағыналардың екі түрі – деривациалық және реляциялық мағыналардың болатындығы айтылды. Грамматикалық мағыналар тіл-тілде әр түрлі грамматикалық құралдар, амал тәсілдер арқылы беріледі. Грамматикалық мағыналарды білдірудің жолы – грамматикалық тәсілдер. Тілде грамматикалық тәсілдердің бірнеше түрі бар. Олар мыналар: аффикстер арқылы сөзжасама әдісі, түбір сөздерді қосу арқылы сөзжасам әдісі, қосарлану, тәсілі, көмекші сөздер тәсілі және екпін мен интонация тәсілі.

Сөзжасам тәсілдері әрбір тілдің лекцикасында сөзжасамдқ талдау кезінде маңызды мәселе болып есептеледі. «Сөзжасам тәсілі» ұғымын синхронды және диохронды тұрғыда бөліп қарастыруға болады. Алдымен диахронды тұрғыдағы сөзжасамға тоқталып өтейік.

Е.А. Земскаяның сөзжасам тәсілінің диахронды  тұрғыдағы пікірінде «қандай тәсілдің көмегімен туынды сөз құрылады деген сұраққа жауап беру үшін қызмет атқарады, ал синхронды сөзжасам — ол қандай тәсілдің көмегімен туынды сөздің сөзжасамдық мағынасы айқндалады деген сұраққа ұтымды жауап береді», —  дейді [7,47бет ].

Сөзжасам әдістері тунды негізін және сөзжасаушы форманттың ерекшелігімен ажыратлады. Алайда сөзжасам әдісінің өзі диохронды және синхронды сөзжасам тұрғысында әртүрлі ұғыммен түсіндіріледі. Синхронды көз қараста  сөзжасам әдіс – ол туынды сөздердің белгілі материалды елементі. Ал диохронды тұрғыдағы сөзжасам әдісі – осы тарихи процестің нақты, маңызды көрністерінің бірі болып саналады. Ал қалған сөзжасамдық әдістер тек қосымша ретінде қрастырлады және олар туынды сөздердің құрылуы кезінде жекеше түрінде бола алмайды, қосымшалар тек негізгі сөзжасамдық әдістерді жанамалайды.

Диахронды сөзжасам жаңа сөздердің құрылу процессін қамтыйды, ал диахронды сөзжасам әдісі – осы тарихи процестің нақты көріну маңыздылығының бірі болып саналады.

В.Н.Немченконың анқтауынша, диохронды тұрғыдағы сөзжасам әдсі – нәтижесінде жаңа лекцикалық бірлік пайда болатын, тілде кездесетін сөздің немесе сөз тіркесінің жүйесін өзгерту әдісі [13,412бет ].

Орыс тілінің диахронды тұрғыдағы сөзжасам әдісінің шамамен жиырмға жуық түрі бар олар әртүрлі белгілеріне қарай топталады, солардың ішіндегі төрт негізгісі мыналар: лекцика-семантикалық, лексика-синтаксистік морфологиялық, морфология-синтаксистік.

Ал Горелов қытай тілінде лексико-семантикалық, лексико-морфологиялық, морфологиялық, морфология-синтаксистік, морфология-фонетикалық, лексика-семантикалық, қосарлану және конверсия деп бөлді. Ал Цзиньси және Лю Шижу сөзжсам әдістерінің үш негізгісін ажыратады:

  • Синтаксистік – 成分结构
  • Морфологиялық – 形态结构
  • Фонетикалық – 语音结构

   Ал қытай ғалымдары Ли Цзиньси мен Лю Шижудың  пікрінше, сөздің құрылуының синтаксистік тәсілі – күрделі сөздің пайда болуы. Олар түбірлеуді қосу арқылы төрт негізгі үлгісін алды [23,59бет]: 

А: Салалас – 联合;弟兄 — бауырлар, 建设 — құрылыс.

В: Сабақтас – 附加式; 大众 — масса, 力争 -талпыну

С: Етістікті-объектілікті – 支配式; 上课 — сабақ өту, 打仗 — жаулап алу.

Д: Субъекті – предикативті – 述说式 ; 民主 — демократия, 自治- автономия.

      Сунь Чансюй қытай тіліндегі сөзжасмам әдістерін мынандай топтарға бөледі:

  1. Фонетикалық – 语音造词方法 ,
  2. Семантикалық – 语义造词方法 ,                  ,      
  3. Құрылымды –结构造词方法 ,
  4. Құрылымды-лекцикалық –词汇造词方法
  5. Морфология-құрылымдық. – 形态造词方法

Сунь Чансюй құрылымды лексиалық әдісіне түбірлеріне қосу арқылы сөзжасам мен қосарлану әдісін енгізді. Түбірлерді қосу арқылы пайда болған сөзтіркесінің құрылымы және сөйлем құрылымы бола алады. Компонентті сөздердің арасында сөз тіркесінің құрылымы бола алатындар төмендегідей байланысқа ие:

  1. Атрибуттық байланыс 修饰关系 ; 新闻 — жаңалық
  2. Салалас байланыс 并列关系 ; 买卖 — сауда-саттық
  3. Себеп-салдар 因果关系; 提高 — генерал

    Ал қосарлану әдісіне 纷纷- әр түрлі 哥哥- аға. Құрылымды-морфология тәсіліне Сунь Чансюй аффиксация әдісін жатқызады [26,17бет] Мысалы:         老鼠 — тышқан, 爱好者 — әуесқой

Қазіргі қытай тілінің сөзжсам әдістеріне ең жоғарғы классификация жасаған Жэнь Сюэлян. Ол жаңа сөзді құру әдістерінің бес негізгісін жасады:

  1. Морфологиялық 词法学造词法
  2. Синтаксистік 句法学造词法
  3. Стилистикалық修辞造词法
  4. Фонетикалық语音造词法
  5. Синтетикалық 综合式造词法

Жэнь Сюэлян морфологиялық әдіске аффиксация қосарлану, фонетикалық және конверсия  тәсілдерін жатқызды. Ал аффикстік тәсілге префикстік, суфикстік және  бірнеше суфикстер көмегімен ( 多重词尾) мысалы: 嘴巴子- шапалақта және көмекші сөздер көмегімен ( 加量词) мысалы: 花朵гүлдер осындай жаңа сөздер тудыру әдістерін жатқызды.

Жэнь Сюэлян өз еңбектерінде префикстің он сегіз түрін қарстрған және соңғы он жылда қытай тілінде атау сөздерден пайды болған әлі күнге дейін өздерінің мағынасын жоймаған префикстердің бар екендігін дәлелдеді   Оларға: 老,阿,小,可,第,初,巴,反,被,见,所,而,非,不,准,二,以Автордың айтуынша, қытай тілінде префикстерге қарағанда суффикстер саны едәуір көп. Олардың көмегімен зат есім, етістік, сын есім құрылады. Және оның баса назар аударғаны суффикстер, префикстер сияқты  атау сөздерден шығып, өздерінің лекцикалық мағынасын жоймайды. Сөзжасамдық суффикстерге төмендегілерді жатқызды: 子,头,儿,员,家,者,土,使,生,手,汉,丁,郎,众,属,鬼,棍,迷,犯,派,分子,主义,性,处,品,巴,化,于,乎,么,然,其,切,而,尔,且,的,地,得,了,着,

Ал инфикстерге мына элементтерді енгізді: 不,里,七,八,三,四,花不棱登 – гүлді, 矶里咕噜 — міңгірлеу.[21,418бет]

Қосарлану тәсілі – морфеманың  қосарлануы арқылы жаңа сөздің құрылу тәсілі. Қосарлану тәсілі екіге бөлінедіді: 1) толық қосарлану, яғни қайталану кезінде морфемалардың барлығы қолданылады. 2) жартыл.ай қосарлану, яғни қайталану кезінде морфемалардың тек біреуі қайталанады. Толық қосарлану жолымен пайда болған сөздерге: 奶奶 —  әже, 花花绿绿                — гүлді. Жарым-жартылай қосарлану жолымен пайда болған сөздерге: 干巴巴 құрғақ  

 Фонетикалық өзгеру көмегімен пайда болған сөздер екі түрге бөлінедіді. 1) Тонның өзгеруі —  改变声调мысалы: – жақсы және – жақсы көру;    – тұру және     – орын. 

2) Буын жүйесінің өзгеруі —  改变音节结构 мысалы: 还  huan – оралу, 还       hai – тағы, тағыда, 长 сhang – ұзын және 长 zhang —  бастық. Конверция тәсіліне мына сөздер жатады: 锁 — құлып, 锁 — құлыптау, 丰富- бай, 丰富          -баю.

 Сөзжасамның синтаксистік тәсілі деп – синтаксистік үлгі бойынша сөздердің немесе түбірлердің қосындысы арқылы жаңа сөздің пайда болуы.  бұл тәсіл бес негізгі бес қосымша үлгіде қарастыруға болады:

І. Негізгілері:

 1) субъектті-предикатифті – 主谓式 , 毛病 — кемістік, сырқат

2) Предикативті – объектілі –  主宾式 , 关心 — қамқорлау,

3) Толықтауышты – 补充式 ,  缩小 — азайту.

4) Салалас – 并列式 ,  人民 – халық

5) Сабақтас – 主从式, 黑板 — тақта.

ІІ. Қосымшалары: қытай тілінің негізгі синтаксистік конструкциясына сәйкес келетін үлгілері.

1) 承接式 — жалғастыру. Іс-әрекетті жүйелеу мағынасы мен екі етістікті қосып жаңа сөз шығару. Мысалы: 查办 — жазалау.

2) 兼语式 — қосарлану мысалы: 讨人嫌-зеріктіру, Бұл сөзді синтаксистік құру тұрғыда талдасақ, онда морфема 人адам екі қызметті біріктіріп тұр: толықтырғыш 讨 және 嫌 зат есім

3) орынбасу – 代替式 бұл сөздегі 代办біреу үшін істеу, 代理 — уақытша жауапкершілігін орындау, 代表 — делегат; 代-сөздің соңынан келетін компоненті анықтамайды, әрекеттегі жақтың орын басады.  Бұндай сөздердің екі морфеасы да етстікті болып келеді.

4) 以…为…  біреу үшін біреу анықтайды.

5) 变序式 — компоненттің ретінің өзгеруі.  Мысалы: 补贴 — жәрдем беру, біреуге материалды көмек көрсету, 贴补 — жәрдем беру.

 Стилистикалық сөзжасам – ол стилистикалық тәсілдердің көмегімен жаңа сөздің туындауы .Ол сегіз түрге бөлінеді:

 1) 比喻 — салыстыру, метафора;  мысалы: 佛手 — саусақ тәрізді цитрон, әулие ағаш (тура мағынасында Будданың қолы.)

2) 借代 — кірме сөздер; 会计 — есепші,

3) 夸张 — гиперболла , ұлғайту; 万能 — бес аспап, қолынан келмейтіні жоқ (тура мағынасында он мың мүмкіндк)

4) 万分 — төтенше, айырықша (тура мағынасында он мың бөлік )

5) 谦称 — төмендетіп атау 拙笔 — шығармасымағым, 拙见 — менің өрескел ойым

6 )婉言 — орынды сөз; 接手 — қол жуу, дәрет сындыру, 寿衣 – ақырет киімі

7) 对比 –  салыстыру, параллелизм;  主人 — үй иесі, 客人 — қонақ

8) 仿词 – еліктеу, имитация;  — жазушы,   先人 — ата-баба

 Сөзжасамның фонетикалық әдісі – жаңа сөз пайда болу кезінде ең бастсы мағына емес, дыбысталуы. Осындай сөздерден құралған морфема мағынаны білдірмейді, ал иероглифі тек фонограмма болып табылады. Олардың брнеше түрі бар:

1.取声命名 – дыбыс номинациясы (тура мағынасында дыбысты алып, атау беру) мысалы: 布谷bugu- көкек (көкектің дыбыс еліктеуішіне қарай алынған).

2.取声表情– дыбыстық эмоция (тура мағынасында дыбысты алып, көңіл-күйін көрсету) 啊 — келісуді білдіру, 哎呀 -ах, ай таңқалдыруды білдіреді.

  1. 单纯拟声 – қарапайым дыбысқа еліктеу.

Бұл әдістегі пайда болған жаңа сөзге   атау берілмейді, көңіл-күй сезімдері  көрсетілмейді, тек дыбысына еліктеушілік болады. Мысалы:  吧嗒 bada –бах, тақ, 呱呱  gua gua –ква ква

  1. 双声 – аллитерация — екі буынның бірдей инерциялдан пайда болған сөз  Мысалы: 琉璃 liu li – жылтырақ,  荏冉 ren ran – уақыт өте келе

5.叠韵 — буындардың ұқсастығы – екі ұқсас буынның құрылу нәтижесінде сөздің пайда болуы. 骆驮 Luotuo –түйе, 浪荡 lang dang —  қаңғыру

  1. 合音 – дыбыстарды қосу бұл дегеніміз бір буынды екі сөздің дыбыстарын қосу арқылы сөз жасау 不 + 用 – 甭қажеті жоқ, 你 + 心 –您сіз

7.音译 – транслитеракция  бұл шетел сөздерін дыбысталуы арқылы берген сөздер. Бұл әдіс шет ел сөздеріне дыбысталу бойынша еліктейді: 吉普        jipu-джип, 德漠克拉西 demokelaxi – демократия. 甲克Jiake – жакет.

Қытай тілінде фонетикалық тәсіл арқылы жаңа сөз тудырудың әр түрлі жолы бар. Бұл қытай тілінің сөзжасам жүйесін байытып келеді.

 Синтетикалық және комплекстік сөзжасам – ол  екі немесе одан да көп сөзжасамдық тәсілдер арқылы жаңа сөз тудыру. Синтаксистік сөзжасам бірнеше түрге бөлінеді:

  • 此法内部综合式 — морфологиялық сөзжасамның әр түрін қосу.

а) префиксті – суффиксалды әдіс; 反革命分子 — контрреволюционер.

б) суффиксті-қосарлану әдісі; 佼佼者- көрнекті адам.

2) 句法内部综合式- бірнеше синтаксисті сөзжасам тәсілдерін қосу арқылы сөз тудыру.

а) субъектілі- предикативті – сабақтастық;  电流表- амперметр, 电 — тоқ және 流 — ағу – бұлар субъектілі- предикативті байланыста, 电流 – 表 — құралып анықтап тұр.

б) етістікті-объектілі – сабақтас; 发电厂- электростанция, 发- тарату,жөнелту және 电 — тоқ – етістікті – объектілі қатынаста. 发电 – 厂 — зауыт пен атрибутивті байланыста.

в) салалас-сабақтас; 寒暑表 — термометр, 寒 — суық және 暑 — ыстық екеуі салаласа байланысқан. 寒暑 – 表 –  құралдың анықтауышы.

г) бағыныңқы- бағыныңқы; 假面- маска, 假 — жалған, 面具- бетті анықтайды,  假面 — 具  құралмен белгілі бір байланыста.

д) бағыныңқы- салалас; 暴风雨 — найзағай, 暴 — қатаң, қатігез- 风желдің анықтаушысы, 暴风 — боран және 雨 — жаңбыр – салалас байланысқан.

е) толықтауышты- бағыныңқы; 说明书 — мәлімдеу, түсіндіру, проспект, 说- сөйлеу, 明 — анық – бұлар  өзара етістікті- толықтауышты байланыста, 说明 — 书 — кітаптың анықтаушысы.

ж) етістікті-объектілі, салалас-сабақтас; 无产阶级 — пролетариат, 无- жоқ және 产 — мүлік – екеуі өзара етістікті-объектілі қатынаста. 阶 – қабат және 级- дәреже – екеуі салаласа байланысқан, 无产 — кедей, 阶级- класпен атрибутты байланыста.

3) 词法–句法综合式- морфология- синтаксистік тәсіл. Морфология- синтаксистік  тәсіл деп – морфология- синтаксистік тәсіл көмегімен бір уақытта жаңа сөздің құрылуы.

а) бағыныңқы- суффиксация; 急性子 — асығымпаз, қызуқанды адам, 性子  — мінез – аффиксация нәтижесінде құрылған, 急- асығу, 性子мен – атрибуттық байланыста.

б) сабақтаса- қосарлану;  娃娃鱼 — ірі саламандра, 娃娃 — нәресте, 鱼 балықтың анықтаушысы.

в) етістікті-объектілі – қосарлану; 打转转 — айналу, 打- ұру, істеу – қосарланған негіз, 转转 мен  етістікті- объектілі байланыста.

г) етістікті-объектілі, қосарлана – сабақтасу; 打破碗花花 — Хубэйлік ұлпа гүл.

4) 语音-句法综合式- фонетика- синтаксистік синтетикалық әдіс. Бұл – фонетиканың және  синтаксистік тәсіл көмегімен сөздің пайда болуы, олардың түрлері:

а) дыбысқа еліктеуші – бағыныңқы; 打哈哈 — қалжыңдау, 打- ұру, істеу етістігінің 哈哈  дыбысқа- еліктеушісі болып табылады.

в) сабақтаса- буын қосарлануы; 西葫芦 — асқабақ, 西 — батыс  葫芦сқабақтың анықтауышы, 葫芦- фонетикалық процесс- буынның қосарлануы нәтижесінде құрылды.

 г) транслитерация- бағыныңқы; 逻辑学 — логика, 逻辑 -калька, 学 — оқу, ғылым,  逻辑 мен  学  — атрибуттық байланыста.

5) 修辞-句法综合式- стилистико- синтаксистік  тәсіл. Бұл – стилистико- синтаксистік тәсілдің көмегімен сөздің құрылуы. Түрлері:

 а) метафора- бағыныңқы; 板鸭 — қақталған үйрек, 板-қатып қалу 鸭- үйректің анықтауышы.

б) Гипербола- бағыныңқы; 万事通 — білгішсіну, 万事- гипербола(он мың жұмыс) —  通 — білуді анытап тұр.

Қытай тілінің жоғарыда келтірілген сөзжасамдық классификациясын талдай келе, қытай авторлары қазіргі қытай тілінде фонетикалық, морфологиялық сөзжасам әдістерінің қолдану аясының кең, маңызды екенін аңғартты.

 Лю Шижу мен Ли Цзиньсидің пайымдауынша, морфологиялық сөзжасам  аффикстік және қосарлану әдістерінен құралады. Ал Сунь Чаньсуй аффиксация мен фонетикалық өзгеруді морфология – құрылымды  сөзжасамға енгізген болса, ал Жэнь Сюэлян морфология – құрылымды сөзжасамға конверсияны, қосарлануды және фонетикалық өзгеруді де енгізді [ 23,281 бет, 26,310 бет, 21,48бет]

 Сөзжасамның диахрониялық әдісінде сөзжасамның негізгі әдістерінің жиынтығы айқындалады, мысалы, негізгі түбірге префикстік  және суффикстік морфема жалғанады. Алайда, 佼佼者 — “ көрнекті адам “ сөзі- қосарлану және аффикстік екі сөзжасам әдісінен жасалған десек қателескен болар едік, өйткені ол аффиксацияның нәтижесінде жасалған, ал түбірі 佼佼         — көрнекті – қосарланудың негізінде құрылған сөз болып табылады.

Сонымен, диахрониялық әдіс негізгі сөзжасам әдістерінің жиынтығын айқындайды. Және сөзжасамның диахрониялық тұрғыдағы әдісі – жаңа лексикалық бірлік туындайтын тілдегі сөз немесе сөз тіркесінің жүйесінің өзгеру әдісі болвп табылады.

  1. Түбірлерді қосу арқылы сөзжасам әдісі – бір сөзде бірнеше сөзбен түбірлердің қосылуы негізінде жаңа сөздің туындауы. Түбірлерді қосу әдісі кезінде негізгі сөзжасамдық әдіс сол сөздердің немесе түбірлердің бірігуі болады. Бұл әдіс қазіргі қытай тілінің жаңа лексикасындағы ең тиімді әдіс болып саналады. Түбірлерді қосу әдісіне лексико- синтаксистік сөзжасам жатады, яғни ол сөз тіркесін лексикализациясының негізінде пайда болған сөз. Қазіргі қытай тілінің түбірлерді қосу арқылы сөзжасам әдісінің бір тармағына қосарлану әдісі жатады. Ол – бір сөздің немесе түбірдің немесе түбір морфемаларының қайталануы нәтижесінде жаңа сөздің құрылуы.

 Қытай тілінің сөзжасамдық өрісінде қосарлану әдісінің рөлі түбірлерді қосу және аффикстер арқылы сөзжасам әдісіне қарағанда рөлі шамалы ғана. Бірақ қосарлану арқылы құрылған жаңа сөздің басқаларға ұқсамайтын өзіндік ерекшелігі бар.

  1. Морфологиялық әдіс – тілдегі түбірлер мен сөзжасаушы аффикстер негізінде жаңа сөздің құрылуы басқа сөзбен айтқанда оны аффиксация тәсілі деп атайды. Қытай тілінде бұл әдіске ең алдымен префиксация және суффиксация әдісі жатады. Ол – тудырушы сөзге немесе түбірге префиксалды және суффиксалды морфемалдардың қатар жалғанулары нәтижесінде жаңа сөздің пайда болуы. Морфологиялық әдіс соңғы кездері қытай тілінде негізгі рөлді атқаруда. Аффикстердің көлемі ұлғайып, тиімдігі артып қолдану өрісі шарықтауда.
  2. Жартылай аффиксация – сөздің немесе жартылай аффиксті түбірлердің қосылуы негізінде пайда болған сөз. Сөзжасамның бұл әдісі түбірлерді қосу және аффикстер арасындағы аралық қызметін атқарады, қытай тіліндегі соңғы кездердегі рөлі айтарлықтай өсті. Жартылай аффикс – бұл синтаксисті-морфологиялық әдіс негізінде сөздің тууы

4.орфемдік контракция – көп буынды сөздерден немесе  терминологиялық сөз тіркестерінен атау морфемаларының түсіп қалуларының негізінде жаңа сөздің құрылуы. Морфемалық контракция негізінде пайда болған қысқарған күрделі сөздерді, түбірлерді қосу арқылы туындаған сөздерден сырттай еш айырмашылығы жоқ, бірақ күрделі және қысқарған күрделі сөздер – сөз құрылымының артуы мен көп буынды сөздердің құрамына немесе терминологиялық сөз тіркесінің құрамына енетін морфемалар көлемінің азаюы негізінде құрылады.

  1. Лексико-симатикалық – сөздің мағыналық жағынан өзгеруі және омонимдерге ыдырауының нәтижесінде пайда болатын сөз.
  2. Конверсия немесе сөзжасамның морфология-синтоксистік әдісі деп- сөзжасамдық тәсілге сөздердің парадигмаларының қызмет етуі. Конверсия негізінде пайда болған сөздер ұқсас түбірлі болғанымен, бірақ форма жүйелері өзгеше.
  3. Фонетикалық сөзжасам — әр түрлі фонетикалық сөзжасам негізінде пайда болатын сөз.

Енді сөзжасамның синхронды тұрғысындағы әдісіне тоқталсақ, бұл әдіс диахронды әдіске сүйенеді. Лексикалық бірліктер негізіндегі жаңа сөздердің пайда болуының шынайы тарихи процесстерін белгілейтін диахронды сөзжасамына қарағанда синхронды сөзжасам әдістері синхронды туынды сөздер құрылымының ерекшеліктерін сипаттайды. Және осы сөздердің тілдегі басқа сөздермен ара-қатынасын айқындайды. Синхронды сөзжасам әдісі екі негізгі топқа бөлінеді: аффиксалды және аффикссіз.

Сөзжасамның аффиксалдық тәсілдеріндегі туынды сөздердің деривациялы мағынасының негізгі жеткізу тәсілі аффикс болып табылады.

Сөзжасамның аффикссіз тәсіліне аффикстер қатыспайды. Туынды сөздің деривациялық мағынасын білдіру үшін мынадай әдістер қолданылады: сөз өзгерудің парадигмалвқ өзгеруі, бірдей екпін және сөз тудырушы негіздің қысқаруы қызмет атқарады.

Сөзжасамның синхронды тұрғыдағы әдісін ажырату кезінде туынды сөздердің тағы бір түрі ескеріледі. Ол – сөз жасаушы негіздің сандық құрамы және туынды сөздердің бір немесе одан да көп түбірлерінің бар болуы. Сондықтан да барлық синхронды сзжасам екі негізгі түрге бөлінеді: 1) Жай және туынды сөздердің пайда болу әдісі (бір ғана сөз жасаушы негіз). 2) Күрделі туынды сөздердің пайда болуы әдісі (екі немесе одан да көп сөз жасаушы негіз).

Сөзжасамның синхронды әдісі диахронды әдіспен ара-қатынаста. Диахронды сөзжасамдағы секілді синхронды сөзжасам да барлық аффиксалды сөзжасамдар, түбірлерді қосу әдісі, конверсия қызмет атқарады. Диахронды сөзжасамның негізгі әдісі болып саналатын лексико-семантикалық әдісі синхронды сөзжасамда қызмет атқармайды.

 Синхронды сөзжасам әдісінде өте кең қолданысқа түсетін терминдер: “сөзжасамдық үлгі” және  “сөзжасамдық түр”. Сөзжасамдық үлгі деп – сөзжасамждық қатардың ортақ құрылу схемасын, олардың орналасу тәртібін айтамыз. Бұлар бір типтік құрылымдардың ең ортақ формуласы және құрылымды-семантикалық  үйлесуі. Белгілі бір сөзжасамдық  үлгінің туынды сөздері  оны құрайтын элементтерден бірнеше формалды белгілері арқылы ажырата алады. Оның белгілері  сөз тудырушы негіз, түбір және көмекші морфема.

Ал сөзжасамдық  түрді анықтау кезіне келсек, ол кезде туынды сөздің сыртқы, яғни формалды материалды айтылуы және ішкі мағыналы, семантикалық белгілері ескеріледі. Сөзжасамдық түр – бұл сөз тудырушы сөздің лексико-грамматикалық ортақтығын сипатайтын және бірдей сөзжасамдық мағынаға ие, сөз тудырушы сөздердің құрылымдық- семантикалық  үлгісінің құрылуы.

Қытай тілінің тек сөздік құрамы  ғана  бай емес, сонымен қатар сөзжасамдық дістерінің әр алуандылығымен ерекшеленеді. Қытай тілінің сөзжасамдық жүйесінде түбірлерді қосу арқылы сөзжасам әдісі басқа әдістермен салыстырғанда айтарлықтай басым дәрежеде. Жалпы тіл білімінде түбірлерді қосу арқылы  сөзжасам  әдісі – ол бір сөзде бірнеше сөздердің немесе түбірлердің қосылуы негізінде  құрылған сөз. Түбірлердің қосылу негізінде сөзжасамның негізгі әдісі сөздердің немесе түбірлердің бірігуі болып саналады. Қытай тілінде түбірлердің қосылуы деп —  бұл жаңа сөзді құрудың ең негізгі әдісі. Осы әдістің негізінде күрделі сөздер құралады.

 Қытай тілінде түбірлерді қосу арқылы жасалған сөздер ең көп болып саналады. Бұл әдіс бұрын да қазіргі кезде де  қытай тілінде жаңа сөздерді құруда ерекше тиімді әд іс болып саналады. Түбір сөздерді қосу арқылы сөзжасам әдісінің нәтижесінде пайда болған лекцикалық бірлік  күрделі сөз деп аталады. Күрделі сөздердің басым бөлігі екі морфемалы құрылым болып табылады. Күрделі сөздердің компоненттері жеке лекцикалық бірлік. Олардың қазіргі қытай тілінде қолдану аясы өте кең. Күрделі сөздер бірлгінің  араснда әдетте компоненттердің мағыналық ара-қатысы болады. Күрделі сөздердің үлгісі деп – ол сөз тіркесінің үлгісінің үйлесуі айтылады.  Күрделі сөз беп сөз тіркесін салыстыру негізінде түбірлерді қосу арқылы сөзжасам әдісінің әр түрін көрсетеді.

 Түбірлерді қосу арқылы пайда болған сөздерге тән құбылыс, олардың компоненттерінің болуы, ішкі форманың жүйелілігі және құрлымның мағыналылығы. Күрделі сөздің мағынасы сөз құраушы морфемаға сүйенеді. Алайда күрделі сөздердің мағынасы оларды құрайтын морфемалардың мағынасының бірігуі нәтижеснде айқындалмайды. Және түбірлерді қосып сөзжасау негізінде компоненттердің алғашқа мағынасын қайта ойластыру құбылысы жиі болады.

Қытай тіліндегі сөзжасам бір компоненттің басқа компонентке қарапайым түрде қабысуының көмегімен негіздесе, кей кездері күрделі сөздердің құрылуы кезінде фонетикалық өзгеріс (екпін мен тон) болады. Күрделі сөздердің формалды байланысында морфемалардың бірігуі қарапайым болмайды және әрқашан нейтралды тондармен ілесе жүреді. Мысалы: 多 — көп, 小 — аз → 多少 — неше, 喜- қуаныш , 喜欢- ұнату                    Бұл сөздердің екпндері бірінші буынға түседі, ал екінші  буын ек пінсіз көмескі тонмен айтылады. Түбірлерді қосу арқылы құрылған жаңа сөздер арасындағы компонентері үлкен екі топқа бөлінеді:  Салалас күрделі сөз және сабақтас күрделі сөз.

 Күрделі бөліктері арасында салалас немесе копулятивті байланыс кезінде еркін қатынас болады, яғни бір бөлігі екінші бөлігіне тәуелді емес және тең қалыпты мағылалық байланыста болады. Копулятивті байланыс деп – нәтижесінде ұқсас мағына тудыратын тең құқылы морфемалардың қызметтік-синтаксисті және семантикалық байланысы.

 Салалас байланыс қытай тіліндегі ең тиімді үлгілердің бірі. Салалас байланыста күрделі сөздерді мағыналық бірігуіне басты назар аударылады.

 Салаласа байланысу тәсілі қытай тілінің сөзжасам жүйесінде маңызды орындарға ие, және де салалас күрделі сөздер қытай тілі лексикасының маңызды бөлігін құарайды. Ол бес түрге бөлінеді:  1. Синонимдік байланыс, 2. Антоним түбірлердің бірігуі 3. жинақтаушы түр 4. Ерекше түр 5.Жинақтап қорыту түрі

  1. Синонимдік байланыс – синонимдес екі буынның бірігуі. Олар екі затты екі белгіні (сапаны немесе іс-әрекетті) білдіреді. Осы сөздерді құрайтын морфемалар мағынасы жағынан жақын немесе ұқсас әрі бірін-бірі толықтырып отырады. Бұл байланыс негізінде жасалған сөздер қытай тілінің семантикалық байланысы мен лексикалық тәсілдерінің әр алуандылығын көрсетеді. Мысалы: 语言 — тіл (тіл, сөз +сөз, тіл), 朋友 — дос (дос, таныс + құрбы), 接受 – қабылдау (алу + алу ).

Қытай лингивистерінің пайымдауынша, кейбір жағдайда синонимдес түбірлердің салаласа байланысу негізінде туындаған сөздердің компоненті қазіргі қытай тілінде тек морфемалық дейгейде болады. Ал қытайдың көне тілінде бұл компонентер бір буынды дербес сөздер болатын. Тілдің даму процессінде олардың көбі дербестіктерін жоғалтып, қазіргі қытай тілінің сөзжасамдық морфемасына айналды. Ол морфемаларға мыналар жатады: 询     — кездесу ақылдасу – 询问 — сұрастыру.          

  1. Антонимдік түбірлердің бірігуі – бір-біріне қарама-қарсы екі морфеманың бірігу нәтижесінде құрылған күрделі лекцикалық бірліктер. Мысалы: 开关 — сөндіргіш ( ашу + жабу) 买卖 — араласу (келу +кету)

3 Жинақтаушы түр.  Сөзжасамның бұл түрі арқылы пайда болатын лекцикалық бірліктер екі белгіні білдіретін, яғни сапа мен іс-әрекетін екі түбір морфеманың бірігу нәтижесінде болады. Жинақтаушы түрдің құрамында екі морфологиялық-семантикалықтың бір түрін көрсетуге болады.

а) заттың тұрақты белгісі ретінде сапаны анықтайтын екі морфеманың жиынтығы. Жаңа лексиқалық бірлік сын есімге қатысты: 宽大 -кен+үлкен > көлемді, 高大 ұзын + үлкен > алып.

б) заттың белгілірінің ауыспалы ретнде іс-әрекетті білдіретін екі түбір морфеманың тіркесуі, жаңа пайда болған сөз етістіктің тобына жатады. Сонымен бірге бұл түрдің лексикалық бірліктері синтаксистік қызметті атқарып зат есім болуы мүмкін. Мысалы: 学习үйрену + қайталау > оқып үйрену, 收拾 жинау + көтеру > жинастыру.

  1. Ерекше түр – лексикалық бірліктердің екі буынды морфемаларының біреуінің мағынасы болмайды. Оның алғашқы лексикалық мағынасы күрделі сөздердің басқа компоненттерінің мағынасын тартып алады. Сондықтан кейбір морфемалар этимологиялық тондарын жоғалтқан. Вэньян да күрделі сөздер дербес лекцикалық бірліктер болған. Алайда, кейінірек жиі қолдану нәтижесінде бұл сөздер бірігіп, бір лексикалық бірлікті құрады.

      Ван Ли салаласа байланысудың бұл түрін 并合语 терминімен білдірді. Автордың айтуынша мағынасын жоғалтқан түбір сөзжасам кезінде қосалқы рөлді атқарады.  Бірақ бұдан түбірсіз толық мағыналы сөз шықпайды. Мысалы: 国家 — мемлекет   (ел + жанұя), 窗户- терезе (терезе  + есік), 忘记                — ұмыту (ұмыту + есте сақтау) [20,125бет]

 Сөз мағынасы жайында мәселелерді қарастыра отырып, салаласа байлансу негізінде пайда болған сөздердің түбірлерінің мағыналарында әр алуандылықтың бар екендігін байқаймыз. Сөздердің қосылу негізінде пайда болған сөздердің екеуі де өздерінің бастапқы мағынасын жоғалтпайды. Мысалы: 诊疗 — диагностика және емдеу; екі сөздің де мағынасы сақталған

 Алайда синонимдес түбірлердің салаласа байланысуында ешқандай семантикалық өзгерістер болмайды.   Екі түбір де өз мағыналарын сақтайды. Мысалы: 身体 — дене  бітімі сөзінде мағыналары бірдей түбірлерден құралған, яғни 身- дене, 体 — дене. Осы екі түбірден құралған күрделі сөздің мағынасы да 身体 — дене. Ал антонимдік компоненттері мынандай түрде болады. а) қосып жинақтау —  父母  — әке + шеше → ата-ана

б) Бір-біріне қарама-қарсы қасиеттерден жаңа параметр шығару. Мысалы: 大小 — өлшем ( үлкен +кіші) в) Сіңіру 好歹- бақытсыздық (жақсы + жаман) Синонимдес түбір етістіктердің салалас байланысып бірігуі  нәтижеснде зат есімді конверциялайтын етістіктен құрылады. 工作 – жұмыс істеу  (жұмысісте +істеу), 计划- жобалау (санау + бөлу).Синонимдес түбір етістіктер салаласа байланысуы негізінде зат есімдер туындайды,  тағы сол сияқты антонимдес түбір етістіктердің салалас байланысуы негізінде зат есім пайда болады. 问答 – диалог (сұрау + жауап беру) міне,  бұл жоғарғыдағы заңдалықтардың өзіне тән ерекшеліктері бар.  Қытай лингивистері сөзжасамның  салаласа байланысу тәсілін зерттей келе, морфеманың орын – тәртібінің ауысып отыратындығына басты назар аударды. Салаласа  байланысу негізінде пайда болған сөз тең құқылы және дербес түбірлерден тұрады. Олардың орын тәртібін өзгертіп қоланғанымен де мағына өзгеріске ұшырамайды. Мысалы:  力气 — күш,  气力 — күш.   

  1. Жинақтап қорыту түрі. Сөзжасамның осы түрі арқылы туындаған сөздер зат пен іс-әрекетті білдіретін екі морфеманың тіркесуі негізінде жасалады. Атаушы морфемалардың тіркесуі нәтижесінде пайда болған жаңа лексикалық бірліктер айтарлықтай жоғары жинақтап қорыту нәтижесіне ие. Бұл сөздердің негізгі компонентері өздерінің лекцикалық дербестерін жоғалтып, кұрделі сөздің жинақтап қорыту мағынасына сіңісіп кетеді.

 Жинақтап қорыту түрінің лексикалық бірліктері де екі морфология –семантикалық түрге бөлінеді: Біріншісі, затты білдіретін екі түбір морфеманың тіркесуі. Мысалы: 衣 裳үстіңгі киім + төменгі киім > киім, 子孙                 ұлы + немере  > ұрпақ. Екіншісі,  іс-әрекетті бірдіретін екі түбір морфеманың тіркесуі. Сөзжасаушы  морфеманың мағынасын қорыту және олардың семантикалық жан-жақты талдану нәтижесінде заттық мағынадағы лекцикалық бірліктер туындайды. Пайда болған сөздер зат есім болады. Мысалы: 书记жазу+жазып алу> хатшы , 会议 жиналу + талқылау> жиналыс, конференция. Кейде іс-әректті білдіретін екі түбір морфеманың тіркесуі негізінде пайда болған сөз лекцика – граматикалық категориялрға жататын етістік және зат есім болады. Мысалы: 经验өту + сынау> тәжірибе,           қазбалап 审判сұрау + үкім шығару> сот, соттау.

ІІ. Күрделі сабақтас сөз сабақтаса байланысу кезінде күрделі сөздердің бір бөлігі біреуіне бағыныңқы келіп, әртүрлі мағыналық дербестікте болады. Сабақтас байланыс —  дербес мағыналы және қызметтік-синтаксисті байланыстағы морфемалардың  қосылуы. Сабақтаса байланысу тәсілі де қытай тілінің сөзжасамдық жүйесінде маңызды орынды алады. Сабақтас күрделі сөз құрылымды–семнтикалы әр түрлілігімен ерекшеленеді. Және қытай тілі лексикасында өте көптеген топтарды құрайды. Бұл атрибуттық үлгі бес түрге бөлінеді: анықтауышты, толықтауышты, нәтижелі  предикатты, ерекше түр

Анықтауышты түр күрделі сөздің арасындағы компонентердің анықтауышты байланысы кезінде алдыңғы бөлігі екінші бөлігін анықтайды. Қытай тілінде анықтауышты түр – кейде атрибуттық үлгі деп аталатын сөзжасамның ең тиімді үлгілерінің бірі.

 Күрделі сөздің алдыңғы бөлігі – заттың қатыстық белгілерін немесе сапасын, мөлшерін сипаттаса, екінші бөлігі – затты сипаттайды. Түсінікті болу үшін бірнеше мысалдыр келтіріп өтейік, алдымен заттың сапалы белгсін білдіретін морфемаларға мысал: 白糖ақ + қант> қант, 黑人қара + адам> негір, 红肠қызыл + ішек> колбаса.  Кейбір кездері күрделі сөздердің алдыңғы белгілері заттың сапалық белгісін білдіреді: 多嘴көп + ауыз>мылжың, 四季төрт + мезгіл> жыл мезгілдері. Қытай тіліндегі күрделі сөздерінің көбінің бірінші бөлігі заттың қатысты белгісін білдіреді. Мысалы: 工人жұмыс + адам> жұмысшы, 飞机ұшу +көлік >ұшақ, 袋鼠сөмке + тышқан > кенгуру

Толықтауышты түр. Туынды сөз бөліктерінің арасында толықтауышты байланыс кезінде бірінші компонент іс-әрекетті білдірсе, екіншісі объектіні білдіреді. Бұл түрдегі күрделі сөздер бірнеше морфология-семантикалық және қызметтік түрлерге бөлінеді.1) Бұл түрге жататын сөз толықтауышты қабылдай алмайтын тікелей объектіні бітіретін етістік болып табылады. Мысалы: 服务алып жүру + қызмет > қызмет көрсету, 失望жоғалту+ үміт > күдер үзу. 2) Кей кездері етістікті- объектілі байланыстағы күрделі сөз бөліктері сын есім болып табылады: 合口сәйкес келу+ ауыз > дәмді,             称心сәйкесу+ жүрек > риза болу. 3) Қазіргі қытай тілінің бірнеше етістікті – объектілі сөз тіркесінің лексикализациясы нәтижесінде өзінің категориялы тиістілігі және синтаксистік қызметі бойынша зат есімі туындайды. Мысалы:  司机басқару + көлік > машинист, 护膝қорғау + тізе > тізеқап. 

3) Нәтижелі түр. Күрделі сөз бөліктері арасындағы нәтижелі байланыс кезінде бірінші морфема әрекетті білдіріп, екінші нәтижесін білдіреді. Және де өзінің лексика-грамматикалық сипатына қарай сын есімге жатады. Осы морфемалар қосылу нәтижесінде пайда болған лексикалық бірліктер етістік болып табылады. Мысалы: 升高көтерілу+ жоғары > жоғарлау, 说明         айту+ анық > түсіндіру, 改正 өзгерту+ дұрыс > түзету. Және тағы бір жағдайда күрделі сөздің алдыңғы бөлігі әрекетті білдіріп, етістік тобына жатса, екінші бөлігі осы әрекеттің нәтижесін көрсетіп, ол да етістік болады. Мысалы: 打死ұру+ өлтіру > қаза болу,  打倒құлау+ жаралау > сындыру.

Осы түрдегі күрделі сөздердің екі бөлігіндегі морфемалар іс-әрекетті білдіреді, бірақ екінші әректті білдіретін морфема бірінші әректтің нәтижесін көрсететін іс-әрекет болып табылады.

4) Предикатты түр. Туынды сөздердің арасындағы компонененттердің предикатты байланыс кезінде бірінші бөлігі затты, екінші бөлігі белгісін білдіреді. Сөздер субъектілі- предикативті байланыста болады. Осы түрдің күрделі сөздері екі топқа бөлінеді. 1) Бірінші бөлігі затты, екінші бөлігі заттың ауыспалы белгісін білдіретін әрекет болып табылатын екі морфеманың тіркесуінен тұрады: 地震жер+ сілку > жер сілкіну, 喘气демалыс + әрең демалу   тұншығу, 2) Морфемалардың жиынтығынан тұрады. Олар – алдыңғысы затты білдірсе, екіншісі заттық белгінің сапасын көрсетеді: 年轻жыл+ жеңіл > жастық шақ, 面生 бет + бөтен > бөтен адам.

Қазіргі қытай тілінің предикаттивті түрі екі түрлі қызмет атқарады: сөз тіркесі және сөз ретінде. Олар тілдің пайда болуында, қозғалу әректінде және дамуында маңызды рөл атқарады.

5) Ерекше түрдің өзіне тән сипаты – ол атаушы морфемалар және көмекші морфемалардың қосылуы нәтижесінде сөздің пайда болуы. Екі морфемадан құралып, алғашқысы затты, екіншісі заттың тобын көрсетеді. Және өздерінің категориялы тиістілігі бойынша бірінші морфема зат есім, ал екіншісі топтастырушы. Мысалы: 星座жұлдыз+ классификатор > шоқжұлдыз, 信件хат+ классификатор > хат, тілші.

Соңғы кездері осы сөзжасамдық  үлгі қытай тілін де бұрынғы ға қарағанда, өте кең колданыла бастады. Тілдің дамуына орай көптеген сөздер елеулі мағыналық өзгерістерге ұшырады. Мысалы: 房间сөзі бұрын «үй», «ғимарат» деген ұғымда қолданылса ал қазір бөлме мағынасында қолданылады және тағы сол сияқты 事件жұмыс деп емес , оқиға деп қолданады.

Күрделі сөздің алғашқы компоненті іс-әрекетті білдіріп етістікті болса, екіншісі іс-әрекеттің объектіге байланысын білдіріп жұрнақ болады. Олардың құрамына  以, 为,于көмекші  морфемалар кіретін азғана лексикалық бірліктер мен шектелген, мысалы:  етістік + жұрнақ以:可以            +жұрнақ> мүмкін, етістік + 为жұрнақ : 作为санау + жұрнақ > деп санау, деп қарастыру,   Етістік + 于жұрнақ: 关于қатысты + жұрнақ> жайында.

Күрделі сөздердің перепозитивті морфемасы әдетте болымсыз, ал постпозитивті  морфема затты, іс-әрекетті немесе сапаны білдіреді. Морфологиялық сипаттамасы бойынша бірінші морфема болымсыз демеулік шылау, екіншісі зат есім немесе етістік болады.

Қытай тіліндегі болымсыз демеулік шылаулар байхуа және вэньян де оншақты болса, ал қазір, яғни  путунхуада тек төрт түрі ғана бар: 无,非,不,未Енді осыларға жеке-жеке мысал келтіріп өтейік, 无: 无望жоқ +үміт> үмітсіз, күдер үзу无: 无耻жоқ +ұят > ұяттан жұрдай. 非 :非法жоқ + заң>заңсыз. 未: 未了: жоқ + аяқтау>аяқсыз , аяқталмау. 不 :不断жоқ +доғару > үздіксіз. Дербес сөздердің көмекші сөздермен, соның ішінде жұрнақ пен немесе болымсыздармен тіркесу нәтижесіндегі лексикалық брліктер қытай тілінде қолдану аясы өте кең.

Қорыта айтқанда, ерекше мағыналы номинативті туынды сөздер туғызу – тарихи, табиғи процесс. Сөздің жасалуы тілдік дамудың кепілі, ол процесс ұзақ уақыт аралығында қалыптасып, қалың қауымның  ой таразысынан өтіп барып қабылданады. Сөзжасамдық процесстің көне тарихы бар болғандықтан, амал -тәсілдерінің де қатарлары мол. Сөзжасамның өзіндік нысаны мен зерттеу әдісі, тәсілі бар тіл білімінің кеженді саласы.

2.2  Аффикстер арқылы сөзжасам әдісі

      

Аффикстер арқылы сөзжасам әдісіне тоқталмас бұрын алдымен  аффикс деген ұғымды талдап алайық.

Аффикс – түбір  морфемаға жалғанатын формалды морфема. Аффиксация – аффикстердің атау морфемаларға жалғануы негізінде болатын сөзжасамдық тәсіл. Сөзжасамның аффиксалды тәсілі қытай тілінде түбірлерді қосу арқылы сөзжасам әдісінен кейінгі екінші орынды алады. Аффиксация мен түбірлерді қосу әдісі бір – бірімен тығыз байланыста. Басқа тілдердегі сияқты  қытай  тіліндегі сөзжасамдық аффиксация зат есімнің түбірлерді қосу әдісі негізінде пайда болады, сондықтан  олар өзара тығыз қарым – қатынаста. Сөзжасамдық әдіс арқылы пайда болған сөз түбір мен аффикстің қосылу нәтижесінде пайда болады. Сондықтан аффиксацияны  түбірлерді қосу әдісінің  бір түрі ретінде қарастырады. Өзге тілдердегі сияқты қытай тілінде де аффикстер атау сөздердің сөзжасамдық форманттық элементтерге айналу салдарынан туындайды. Олар абстрактылы-грамматикалық мағынаға ие.

Қытай тіліндегі аффикстер екіге бөлінеді: префиксті және суффиксті. Суффикстер арқылы зат есімдер, етістік және үстеулер құрылады, ал префикстің көмегі мен тек реттік сан есімдер, зат есімнің біраз бөлігі жасалады.

Жартылай аффикс – түбір морфеманың алғашқы туындысы. Және онымен қарым-қатынаста болып, мағыналық байланысты сақтайды. Сондықтан жартылай аффикстер мен түбірлер сөзжасамның морфемаларының этимологиялық ара-қатысы мен коррелятивті теңдігін тудырады. Жартылай аффикстерге тән ерекшелік – олар әдетте кең көлемді семантикалық категорияларды білдіретін сөздерді жасайды және де айтарлықтай тиімділігі жоғары лексикалық бірліктерді құрумен ерекшеленеді.

Жартылай аффиксация – түбірге жартылай атау морфемалардың жалғануы. Лингвистика да аффикс пен жартылай аффикс тәсілі сөзжасамның екі дербес тәсілі  ретінде қарастырылады. Аффиксация сөзжасамның сөзжасамның морфологиялық тәсіліне жатса,  ал жартылай аффикс сөзжасамның лексико-морфологиялық тәсіліне жатаы. Аффикстер мен жартылай аффикстердің айырмашылығы жайындағы мәселелерді  орыс ғалымдары: В.А. Цыкин, И.В. Жданкина, О.П. Фроловой және қытай лингвисі Жэнь Сюэлян зерттеді. Бұл ғалымдардың еңбегінен байқайтынымыз, қазіргі қытай тілінің сөзжасамдық аффикстерінің көп бөлігі атау сөздерден шықты. Алайда атау сөздерден  аффикстерге өтпеген әлі де көп морфемалар бар. Осы морфемалар сөзжасамдық атау морфема мен аффикстер арасындағы  аралық орында болады. Бұл морфемалар жартылай аффикстер деп аталады.

Префиксация тәсілі – префикс пен атау морфемалардың  қосылуы негізін де пайда болады. Префикс – түбірдің  алдыңғы аффиксалды морфемасы. Префикстердің грамматикалық қасиеті – белгілі бір лексико-грамматикалық категорияларының жаңа лексикалық бірлігіне жатып, олардың категориялды тиістілігін белгілейді.

Қытай лингвистері арасында қай морфемаларды префикскн жатқызуға болады деген даулы мәселе туындады. Лу Чживэй негізгі префикстерге               老, 第, 小енгізссе, Ли Цзинси мен Лю Шижу тек 老, 阿, 小 жатқызды.[ 23, 234бет].

Чжао Юаньжунның пікірінше, 阿префиксі толық морфема болмайтын жалғыз-ақ префикс. Бұл лексикалық және өте сирек кездесетін жағдай. 阿           мен қолданылатын жалғыз ғана сөз бар, ол Манчжур бектігі кезінде қолданылатын 阿哥, яғни «аға» сөзі. Ал басқа жағдайларда оның қолданысы шектеулі.

Ал  Жэнь Сюэлян келтірген мысалы: 阿姨 — әпке, 阿婆 — әже, 阿爹 -әкей, мырза, сіз – жалпы үлкендерге қарата айтылатын құрмет сөз. Және кейде еркелету кейіпін де береді: 阿猫мысығым. 阿префиксі  сөзжасам процессін де тек зат есімдерді, яғни жанды заттарды ( адам, құс, жануар) білдіреді.[21, 61бет].

Морфема 老- «ескі, өте піскен(жеміс-жидектерге)» деген мағыналарды білдіріп сын есім және «әрқашан, жиі» немесе «фамиляны»  білдіріп үстеу  болады. Мысалы: 老先生 — «қарт мырза», 老сын есім, 老先生Lao мырза – фамиляны білдіріп тұр, 老子 — «әке»  сөзінде, 老 — түбір морфема, ал 子 – 老子 суффикс. 老子 сөзінде  — философ laozi – бұл жалқы есім. 老– префикс ретінде келетін сөздер: 1) Жануарлар атауы: 老虎 — жолбарыс, 老鹰 – лашын.

2) Үлкенді-кішілі ұғымды білдіру:  老大- ең  үлкені(ағасы немесе әпкесі), 老二 — екіншісі, 老三- үшіншісі. Бұл префикс көп буынды сандарға қолданылмайды: 老十一 — он бірінші деп айтуға болмайды, бұл жағдайда,  十一弟 — он бірінші інісі деп атайды.

3) 老  + орын, мекенді білдіретін зат есім: 老北京 — нағыз Пекиндік.

4)老Адамдар арасындағы байланыстың идеологиясын меңзейтін зат есім: 老正统 ортодокс

5) 老  + үстеу, сын есім:  老粗 — білімсіз, 老顽固 — консерватор.

6) 老+етістік: 老传达вахтер.

初 — префиксі толық морфема. Аудармасы «алғашқы, басында». Ал префикс ретінде  ол айдың сандары ретінде қолданылады. 初一 – айдың бірінші күні, 初二 — айдың екінші күні

Қытай тілінің сөзжасам жүйесіндегі жартылай префиксті категорияларының рөлі айтарлықтай шамалы. Жартылай префикс – ең позитивті және жартылай мағыналы морфеманың түбір морфемаға жартылай префикстердің жалғануы нәтижесінде құрылған лексикалық бірліктер жартылай  префиксалды сөздер деп аталады. Жартылай префикстеріне 超, 泛, 微,亚, 反 жатады.

Жартылай префиксі超көбінесе  терминологиялық лексика аясында кездеседі. Ол  әдеттегі стандарттан шаманың, үлгінің артуын көрсететін зат есім. Орыс тіліндегі сверх-, под-,  гипер-, супер-, ультра-, префикстері мен сәйкес келеді. Мысалы: 超音速 — өте шапшаң жылдамдық, 超声波- ультрадыбыстағы толқын, 超星系- гипергалактика, 超人 — супермен. Сонымен қатар, бұл префикс сапалы белгінің ең жоғарғы дәрежедегі жетістігін көрсететін сапалы сын есім. Мысалы: 超底 — ең төменгі, 超高 — ең жоғарғы.

Жартылай префикс 泛саяси-қоғамдық және терминологиялық лкексикаға жататын сөздерді құрастырады. Бұл бір нәрсені бүтіндей қамтитын зат есім. Ол орыс тіліндегі пан-, префикісіне сәйкес келеді. 泛 – «рекшелену, кеңінен» деп аударылады. Мысалы: 泛论- панлонум.

Жартылай префикс 微 өте аз молшердегі заттарды және мағынасы жоқ немесе жоққа тән шамаларды бейнелейтін зат есім. Орыс тіліндегі микр-,  префиксімен сәйкес келеді: 微生物 — микроб,  微血管 — каппеляр.

亚Жартылай префиксі де көбінесе терминдер де қолданылады. Орыс тіліндегі   под-, суб-,  гипо-, префикстері мен сәйкес келеді. Мысалы: 亚种      — ерлік, 亚们 — қосалқы түр;

反Жартылай префиксі қарама — қайшылық, өшпенділік және антагонизм мағынасын да қолданылатын сын есім. Орыс тіліндегі     анти-,     контр-,  префикстері мен сәйкеседі. Мысалы: 反民主 — аити демократиялы, 反革命                       — контрреволюция; 

Суффиксалды сөз суффикстер мен атау морфемалардың қосылуы нәтижесіндн пайда болады. Суффикс – түбірден кейін жалғанатын аффиксалды морфема. Қытай тілінде суффикстер мен жартылай суффикстер, префикстер мен жартылай префикстерге қарағанда едәуір көп және әрдайым саны артып отырады. Суффикстер мен жартылай суффикстердің көп бөлігі атау сөздерден пайда болады. Қытай тілінің суффикстері:  员, 家, 表, 图, 区, 质, 件, 然, 地, 种, 法 .      

Коротков Н.Н  қытай тіліндегі барынша кең қолданысқа түскен суффикстер子, 儿, 头деген пікір айтты.[ 8, 52 бет] Ал, Люй Шусян оған тағы екі  巴 және 者суффикстерін қосты.   [25, 191бет ] Енді қолданылу аясы көлемді суффикстерге тоқталып өтейік: 儿суффиксі қытай тіліндегі буын болмайтын жалғыз-ақ суффикс. Ол кішірейту кейіпін танытатын жұрнақ.                   

Суффиксінің этимологиясы 儿 — бала. 儿Зат есімнің сөзжасамдық суффиксі де етістіктің суффиксі де бола алады. Мысалы: 玩儿- ойнау. Енді儿       суффиксінің ерекшеліктеріне тоқталып өтейік: 1) 儿көмегі мен  дәрежесі кішірейтілген немесе еркелету тұрғысындағы зат есім жасалады: 小孩儿            — бала, 老头儿 — қартаң.

2)Етістіктен зат есім жасау: 吃  — жеу, 吃儿 — тамақ.

3)Мөлшер сөзден зат есім: 个 — тал, 个儿 — өлшем, бой.

4) Алғашқы сөздің мағынасының өзгеруі: 白面 — бидай ұны,  白面儿 — героин.

子Суффиксі 儿суффиксі сияқты « бала »  сөзінің мағынасы мен сәйкес келеді. Ол толық морфема сияқты зат есім бола алады: 这个鱼没子 —  бұл балықта уылдырық жоқ. Және күрделі сөз де құрай алады: 原子 — атом, 质子          — протон. 子мен 儿бірігіп сөз құрайды: 子儿- монета, бұл екеуінің ұқсастықтары болғаны мен мынадай ерекшеліктері бар: 子суффиксін де кішірейту кейіп байқалмайды, оның басты қызметі – зат есім тудыру 门儿 — есік, 门子 — тар жол, 面儿- бет, 面子 — ар-ұят, 腰子- бел, 腰子- бүйрек.1)Етістіктен зат есім жасау: 骗       — алдау,  骗子 —   суайт. 2) Көмекші сөзден зат есім тудыру: 个 — дана, 个子 — адамның бойы.

Және 子 суффиксі кемсітушілік кейіп береді: ;来了一个老头                             — бір қарт келді, 瞧, 这个糟老头子多讨厌呢 — Қараңыздаршы, мына шалдың беймазалығын-ай.

头Суффиксі әр түрлі семантикалық қатарға жататын  зат есім тудырады. Этимологиялық корреляты қазіргі қытай тіліндегі бір буынды сөздер статусы болатын 头 «бас»  атау морфемасы. 1) 头зат есім мен қосылып адамды білдіреді: 工头 — бақылаушы, 对头- дұшпан. 2) Етістік+头       →  зат есім: 想头 – үміт, 来头 — себеп, негіз.3) Сын есім+ 头 →  зат есім:            甜тәтті → 甜头 — тәттілер.

Суффикс зат есімнің лексика грамматикалық қасиетіне иеленетін лексикалық бірлік. Және ол айтарлықтай аз сөздерді құрайтын маңыздылығы төмен морфема. Қытай лингвистикасының келтірген мысалына тоқталайық: 下巴 — иек,  结巴 – кекеш, 哑巴 — мылжың

Суффикс 者сөзжасамның маңызды тәсіліне жатқызуға болады.         Арқылы әр түрлі қызметтегі адамдарды білдіретін зат есім жасалады. Мысалы: 作者 —  жазушы, 记者 — тілші.

Суффикс 家  да 者суффиксі сияқты  әр түрлі қызметтегі адамдарды білдіред: 专家 — маман, 作家 — жазушы.

Жартылай суффикс қазіргі қытай тілінің сөзжасамдық жүйесінде сөзжасамдық тәсіл сияқты көрнекті орындарға ие. Жартылай суффикс – постпозитивті  және жартылай атау морфемалары. Олар адамды, әр түрлі қызметтер мен заттардың белгілерін білдіреді. Олар: 员, 师, 生, 汉, 夫, 客, 手, 丁, 物品, 体, 力, 心意, 性, 当, 学Осылардың ішіндегі ең көп қолданысқа түсіп жүрген бір-екеуіне сипаттама берейік: жартылай суффикс 员қандай да бір қасиеттегі адамды немесе қызмет саласын білдіреді: 教员 — мұғалім, 广播员         — диктор.

Жартылай суффикс 手адмның өз заманына сай әр түрлі мамандықты жете меңгеруін білдіреді: 助手 — ассистент, 歌手 — әнші, 对手 — қарсылас.

Қытай тілінің етістікті суффиксация өрісін де етістіктің екі түрін құрайтын формалды морфемалар бар: 1) Өзіндік нәтижелі етістік. Оған мынадай форманттар жатады: 到, 着, 得, 住, 见, 好, 成, 完, 了                                                                         — бұл суффикстер белгілі бір қорытындыға жету мағынасын білдіреді. Мысалы:  等到 — күту, тосу, 买到 — сатып алу, 收到 — алу, қабылдау.

着Суффиксін 到синонимі деп айтуға болады, өйткені ол да бегілі бір істің толық қорытындысын айқындайды. Міне, сондықтан осы суффикс  арқылы жасалынған лексикалық бірліктер өзіндік қорытынды етістіктердің көп бөлігін алады.Мысалы: 等着 — күту, тосу,  找着 — іздеу, табу,  累者       шаршау. Ал суффикс 完-соңғы қорытындыға жету, 成 табысты                                        қорытындыға жету,  好  болымды нәтижеге жету: 做完 — істеп бітіру, 写成      — жазып бітіру, 做好 —  аяқтау, 坐好 отыру.

2)  Қорытынды бағыттағы етістіктерге төмендегі сөзқжасам форманттары жатады: 上, 下, 进, 出, 过, 起, 回, 开. Бұл суффикстер қорытындыға жетудің қосымша потенциалды мүмкіндік мағынасын білдіріп және іс-әрекеттің жоғары, төмен және ішке, сыртқа  бағытталу мағынасын білщдіреді. Мысалы: 上суффикс  іс-әрекеттің жоғарыа  бағытталғандығын білдіреді. 走上 – көтерілу, тұру, 跨上 —  отыру (атқа), ал 下 суффиксі 上ға қарама-қарсы, яғни төменге бағытталады: 走下-төмен түсу.进, 出Суффикстері де  біреуі ішке, біреуі сыртқа  мағынасын береді: 跑进 — жүгіріп кіру, 跑出  — жүгіріп шығу.

过Суффиксі «арқылы» мағынасын берсе, 起 — көтеру, көтермелеу, 回- іс-әрекеттің қайту немесе оралу мағынасын береді. Мысалы: 走过 — өтіп кету,        站起 — тұру, 走回- оралу.

Демек, лффикстердің белгілі бір тәртіп бойынша жалғануы грамматикадағы жүйелі қатынастарға негізделеді. Жүйелі қатынас, қалыптасқан заңдылық  түбірге аффикстердің жалғануын да белгілі жүйеге келтіреді. Күллі тілдерде, соның ішінде, қытай тілінде аффикстердің түбірге жалғануы өз бетінше болмай, белгілі бір заңдылықтарға, жүйелі қатынастарға бағынады. Аффикстің бір ғана грамматикалық мағынаны білдіріп, тек соған ғана телінуі  қытай тілі аффикстеріне тән қасиеттердің бірі.

 

2.3  Қытай тіліндегі басқа да сөзжасам әдістері

 

Алдыңғы тарауларда біз сөзжасамның негізгі әдістерін жан-жақты қарастырып өттік. Қазір қытай тілінде басқа да мысалыға  қосарлану тәсілі, контракция, лексико-семантикалық, тонның өзгеру әдістері бар. Бірақ бұл әдістер сөзжасамның негізгі әдістеріне қарағанда жиі қолданылмайды.

Қосарлану әдісі 重叠– екі ұқсас морфемалардың қосылуы және атауыш морфемалардың бірігуінен жасалатын сөзжасамның тәсілі. Қытай тілін де қосарлану тәсілінің екі жағдайы бар: бірінші жағдайын да, жаңа мағына сөзжасм процссінің қорытындысын да лексикалық бірлік пайда болады Ал екінші жағдай, сөздің екі морфемадан жасалу тәсілі.

Сөзжасам мен сөз қолдану бір-бірне мүлде ұқсамайды. Сөзжасам тәсілі ретіндегі бірігу мен қолдану ретіндегі бірігудің арасында айыриашылық бар.

Қосарлану тәсілінің негізінде пайда болған лексикалық бірліктерді біріккен сөздер немесе қайталама сөздер деп атайды. Біріккен сөздер деп тек фонетикалық қайталау болады. Олар негізгі түбір морфемалар мен семантикалық жағынан байланыспайды. Мысалы: 往往- жиі-жиі (往-бағытталу,кету), 花花 — әр түрлі, көзге шағылысу (花- гүл)  .  Біріккен сөздердің екінші жағдайына келсек, оған негізінен туыстық терминдер жатады: 爸爸 — әке, 妈妈 — ана, 叔叔 — аға.

Біріккен сөздерден мынадай лексикалық бірліктерді ажырату керек: 偏偏 — қырсыққанда, 常常 — әрқашан, 刚刚- жаңа ғана. Бұл  біріккен сөздер негізгі сөздің құрылымды өзгеруі. Бұндағы мрфнмалардың бірігуі тек мәнерліліктің күшею әдісі ғана.

Қытай тілінің сөзжасамдық жүйесінде қосарлану әдісі айтарлықтай маңызды орын алмайды.Біріккен сөздер лексикалық бірліктің біраз болігімен шектелген лексикалық  сыртқы қабат болып табылады.

Сөзжасам жүйесінде маңызды рөл атқаратын тағы бір тәсіл – морфемалы контракция. Бұл әдіс көп буынды лексикалық бірліктің қысқаруымен ерекшеленеді. Көп буынды сөздерден немесе сөз тіркесінің терминологиялық  морфемаларының түсу процессі қытай тілінде морфемдік контракция деп аталады. Контракция негізінде пайда болған бірліктер қысқарған күрделі сөз деп аталады.

Сөздің қысқарған толық формасындағы мағына мен қысқарған күрделі сөз арасында ешқандай айырмашылық жоқ.  Екеуінің лексикалық мағынасы бірдей, синоним болады. Морфемдік контракция тәсілінің әр түрлі түрлері бар. Көп буынды сөздердегі немесе номинативті сөз тіркесіндегі морфемалардың қысқару тәсілі мағыналық байланысына немесе комбинациалды мүмкіндіктеріне, сонымен қатар, қысқаратын лексикалық бірігулердің компонент сандарына байланысты. Лексикалық  бірліктердің үш, төрт және бес морфемалы контракцияларына тоқталайық: 1) Лексикалық бірліктің үш буынды морфемді контракциясының нәтижесінде  екі морфемадан тұратын қысқарған күрделі сөз пайда болады. Мысалы: 外国语сырт- мемлекет – тіл → 外语шет тілі..2) Лексикалық бірліктердің төрт морфемді контракйиясы кезінде екі морфема түсіп, екі морфемадан тұратын қысқарған күрделі сөз шығады: 北京大学 солтүстік – астана – үлкен – оқу → 北大Пекиндік университет. 3) Лексикалық бірліктіңи бес буынды морфемдік контракция кезінде екі немесе үш морфемдік қысқарған күрделі сөз пайда болады: 语言研究所 — сөз – тіл – оқу – орын →研究所тіл білімі институты.

Конверсия – сөзжасамдық әдіс кезінде тек сөздердің парадигмалары ғана қызмет ететін сөзжасамның бір түрі. Конверсия тәсілі негізінде пайда болған түбірлері ұқсас, бірақ форма жүйелері өзгеше. Н.Н. Коротков мұндай сөздерді поливалентті сөздер деп атайды. [8, 16бет]

Е.С. Кубрякова конверсияны сөзжасамдық қасиеті бар морфемалардың транспозициясы деп атайды. [10, 43бет]

Осы тәсіл бес түрге жіктеледі: 1) Зат есім → етістік:  锁 — құлып; 锁        — құлыптау, 2) Сын есім → етістік: 丰富- бай; 丰富 — баю, 3) Етістік → зат есім: 访问 4) Етістік  → мөлшер сөз: 挑 — арқалау, 挑-  себеттің мөлшер сөзі, 5) Сын есім → зат есім: 困难 -қиын,  困难 — қиындық.

Лексико – семантикалық әдіс – сөздің омонимдерге бөліну салдарынан мағынасының өзгеруі нәтижесінде пайда болған жаңа сөз. Бұл тәсілді  қытай лингвистерінің ішінде жан-жақты зерттеген Сунь Чансюй болды. Ол  бұл тәсілді екіге бөлді 1)Мағынаның тасымалдануы 引申变义造词, яғни бұрынғы адамдардың қоршаған құбылыстары мен заттар жайындағы білімдерін тереңдету жолында пайда болған. Мысалы: көне қытай тілінде 日Иероглифі «күн» мағынасын берсе, кейіннен ассойиацияға сүйене отырып, күннің шығуы мен батуы аралығындағы уақыт бірлігінің мағынасына ие болды, яғни «күн» — день.2) Мағынаның өзгеруі 转化 变义造词,  мысалы: 大夫сөзі феодалды қытай кезінде – «ірі сановник» мағынасын берсе, қазір  «дәрігер» мағынасын береді.

Мағынаның жекешелену әдісі негізінде пайда болған сөз қазіргі қытай тілінде негізгі лексикалық бірліктер мен байланыс үзді және омонимде қатарласа жүрді. Олардың генетикалық жақындығын бекіту үшін сөздерге арнайы этимологиялық зерттеу қажет мысалы: төмендегі сөздер мағынасы жағынан алыс сөздер. 本 – тамыр, 本 — кітап томдарына қолданылатын мөлшер сөз, 心 — жүрек, 心 — орталық.

Қытай тілінде сөзжасамның фонетика – морфологиялық тәсілі бар бұл құбылыс жалпы тіл білімінде аталы фонетикалық изоляцияға немесе фонетикалық жекеленуге иеленеді. Бұл әдіс екіге бөлінеді: 1) тонның этимологиялық өзгеруі, 2) екпіннің өзгеруі және тонның көмескіленуі.

1) Тонның өзгеруін бір буынды сөздер аясында көруге болады. Тонның этимологилық өзгеруі салдарынан мағынасы жағынан үйлесетін жаңа лексикалық бірлік пайда болады. Сунь Чансюи бұл құбылысқа өз пікірін былай деп қосты: «Бір уақытта түбір морфеманың дыбысталуы мен мағынаның модификациясына алып келеді. Бұл морфемалар қазіргі қытай тілінде бір буынды сөз ретінде қызмет атқарады. Тон етимологиялық өзгеріске ұшырауда негізгі және негізгіден туындаған сөздер жазылғанда бір ироглифпен жазылады, Кейде оларды омография деп атайды» [26,62бет] Мысалы  钉子 -шеге,  钉钉子 — шегелеу,  教员- мұғалім,  宗教 — дін.

2) Екпіннің өзгеруі және тонның көмескелену тәсілі екі буынды сөзердің шеңдерінде қолданылады. Тонның өзгеруі және екпіннің көмескеленуінің негізінде жаңа сөз пайда болады. Күрделі сөздерде екпін екінші морфемадан біріншісіне ауыса береді. Сөздің дыбыстық қабаттары өзгерген сайын лексикалық бірлік басқа мағынада иеленеді. Этимологиялық тонды сақтайтын екі морфема құрамында тудырушы лексикалық бірліктер мен қатар туынды сөздер қызмет атқарады. Сондықтан да бұл сөздер әр түрлі дыбысталу мен мағынағ ие. Оларды тек бр ғана графикалық форма біріктіреді. Мысалы: 工作 — жұмыс істеу 工人 -жұмысшы.

Сөзжасам белгілі бір сөздердің лексико-семантикалық мәні мен тығыз астарласып жатады. Осының нәтижесінде бір сөздер ол  бастағы мәнін әлсіретіп, жаңа мағынаға ие болып жатса, енді бір сөздер омонимдік қатар құрай,әр түрлі сөз табының туындауына себепкер  болады,

Конверсиялық сөзжасам тәсілі арқылы сөз иағынасы дамығанда, макросемалар жеке семаларға ыдырап, арнайы сема туғызады. Сөйтіп, тарауда талданғандай, синкретті түбірлер деп танылып жүрген көптеген мағынасы ортақ лексемаларды конверсиялық сөзжасам негізінде пайда болған туынды сөз деп танимыз. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 Қазіргі қытай тілі қанатын кең жайған сөзжасам жүйесіне ие. Сөзжасам процессі кезінде түзілген атау – затты не құбылысты, оның әр түрлі белгілері мен қасиетін атау қажеттілігінен ғана туындайды. Пайда болған ұғымды жаңа сөзбен атау барысында, қай сөз табына жату керектігі ескерілмейді, бұл тіл үшін маңызды нәрсе емес. Тіл – адамға қызмет етеді, ал адам үшін басты нәрсе, өзі таныған заттық немесе құбылыстық белгіге атау беру. Демек, сөзжасам морфологияның ішінен туындамайды, қайта сөзжасам негізінде пайда болған сөздерді жүйелеу үшін, грамматикалық құрылымды саралау үшін морфология саласы келіп шығады, сондықтан сөзжасамды ең көне тілдік сала деп танимыз.

Тілдің сөзжасам жүйесінің әбден қалыптасып, орныққан өзіндік заңдылықтары бар. Жаңа сөз атаулының барлығы сөзжасам заңдылықтары арқылы өмірге келеді. Мысалға, сөз тудыру процессінде әр сөзжасамдық тұлғаның өзіндік орны бар. Қандай сөз, қай тәсілмен жасалмасын оған қатысатын тұлғалар жаңа сөз құрамында тілде қалыптасқан заңдылық бойынша орналасады. Міне, бұл тілдің сөзжасам жүйесінің ішкі заңдылықтарының барына дәлел. Демек, тілдің сөз жасау табиғаты – өзінше бір өте күрделі құбылыс, сондықтан ол тіл білімінің жеке саласының зерттеу объектісі бола алады.

Қытай тілінің сөздік қорын молайтуға бірден бір себебін тигізетін оның амал-тәсілдері.  Осы  тәсілдері негізінде жаңа сөздер пайда болады. Ол тәсілдер: түбірлерді қосу, аффиксация жартылай аффиксация, қосарлану, морфемдік контрация, конверция және интонация мен тонның өзгеруі.

Түбірлерді қосу әдісі қытай тіліндегі күрделі лексикаларды құруда ең көп таралған негізгі тәсіл болып табылады. Бұл әдістің ерекшелігі ол элементердің бірігуі негізінде емес жәй компоненттердің қосылу нәтижесінде жүреді, ал бұл компонентердің арасындағы сөз тіркесінің біртектес байланыстары күрделі сөзді бөлу мәселесін күрделендіреді. Күрделі сөздердің компонентері күрделі сөз шеңберінде ерікті күйде болғанда тілде әр түрлі статусқа иеленеді. Ал бұл жағдай, мәселені бұрынғыдан да   шиеленістіреді.

Орыс және қытай лингвистері күрделі сөз және сөз тіркесінің анықталуы үшін бір қатар сындар айтты: грамматикалық, фонетикалық, семантикалық. Түбірлерді қосу әдісі нақтылы процес болғандықтан синхронды анализ кезінде күрделі туынды лексикада бірліктер құрылады. Қытай лингвистері ондай бірліктерді арнайы терминдермен атады, яғни – «лихэцы» немесе сөздердің бөлшектенуі. Осы бірліктер жөнінде қытай тіл білімінде көптеген сан алуан пікірлер бар. Кейбір лингвистер оларды сөзтіркесіне жатқызса, ал кейбіреуі сөз тіркесі мен сөздер арасындағы аралық бірлік деп санайды.

Қытай тілінде жаңа лексиалық бірліктің пайда болуында түбірлерді қосу әдісі ең негізгі әдіс болып саналғаныменде,  кейінгі кездері аффиксация тәсілінің рөлі де айтарлықтай өсті. Сонымен қатар, аффиксацияның көлемі ұлғайып, аффиксалды сөздердің қолданылу аясы кеңейіп, күрделі сөйлеу аффикстері пайда болуда. Ал қытай тіліндегі жартылай аффикстері осы күнге дейін қытай зерттеушілерінің, орыс және еуропа зерттеушілерінің еңбектерінде тиісті зерттеулеріне қол жеткізген жоқ. Шындығында да әлі күнге дейін  түбірден немесе толық мағыналы сөзден жартылай аффикстердің бөлінуі жайында ешқандай толық қанды мәлімет жоқ.

Қытай тілінің сөзжасамдық жүйесінің бұдан ары зерттелуі тек қытай теориясының дамуына ғана емес, сонымен бірге жалпы тіл білімінің дамуына да әсерін тигізеді. Жоғарыда аталған грамматикалық тәсілдер негізгі екі топқа бөлінеді:  оның бірі синтетикалық тәсіл деп аталса, екіншісі аналитикалық тәсіл деп аталады. Бұл екеуінің бір- бірінен   айырмашылығы мынада: синтетикалық тәсіл сөз ішінде болады да, аналитикалық тәсіл сөздің сыртында болады. синтетикалық тәсілге аффиксация қосарлану тәсілдері жатқызсақ, аналитикалық тәсілдерге көмекші сөздер тәсілі жатады. Кейбір тілдерде аффиксация немесе қосарлану тәсілі жиі қолданылса, қайсы бір білдерде көмекші сөздер тәсілі жиі қолданылады. Осыдан келіп, аналитикалық тәсілдер жиі қолданылатын тілдер кейле аналитикалық тілдер делініп, ал синтетикалық тілдер жиі қолданылған тілдер синтетикалық тілдер деп аталады

Сөздің жасалу жүйесі тілдің қалыптасу жолын белгілейді. Тілдің дамуының нақтылы көрінісі сөздің мағыналық дамуы мен жасалу сипатынан  танылады. Сондықтан сөзжасамның теориялық мәселелерін айқындау жалаң қалыпта емес, кешенді жүйеде қарастырылуы тиіс. Сөз жасауға семантика, морфология, фонетика, синтаксис т.б әр түрлі деңгейде қатынасатындықтан, сөзжасамның теориялық негізін де тарихи фонетика, тарихи лексикология,  тарихи грамматика, этимологияда қалыптасқан теориялар арқылы айқындаймыз.

Қорыта келгенде, қытай тілінің сөздік қорын толассыз толықтырып,  сөз құрамының дамуы мен баюына ерекше үлес қосатын сөзжасам грамматиканың алтын қорынан орын алады.               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. Блумфильд Л. «Язык» М. , 1968.
  2. Бодуэн де Куртенэ И.А. «Некоторые общие замечания о языковедении и языке» //Хрестоматия по истории языкознания ХІХ и ХХ веков М., 1956г ..
  3. Бодуэн де Куртенэ И. А. «Николой Крушевский, его жизнь научные труды» //Избранные труды по общему языкознанию. Т.1.М., 1963..
  4. Винокур Г.О. «Заметки по русскому словообразованию» //Избранные работы по русскому языку. М., 1959 .
  5. Головин Б.Н. «Ведение в языкознание» М., 1966.
  6. Горелов В.И. «Лексикология китайского языка». М. , 1984 .
  7. Земская Е. А. «Интерфиксации в современном русском словообразовании // Развития грамматики и лексики современного русского языка. М., 1964..
  8. Коротков Н.Н. «К вопросу об от дельности слова и его границах в современном китайском литературном языке» //морфологическая структура слова в языках различных типов. М.-Л., 1963 . .
  9. Крушевский Н.Н. «Очерки науки о языке». Казань, 1989..

10 Кубрякова Е.С. «Деривация, транспозиция , конверсия» // Вопросы языкознания. 1974 №5.

11.Кубрякова Е.С. «Словообразование // Общее  языкознание: Внутренняя  структура языка» М., 1972.

12.Лопатин В.В. «Словообразование как объект грамматического описания // Грамматическое описание славянских  языков: Концепция и методы». М., 1954.

  1. Немченко В.Н. «Современной русский язык. Словообразования» М., 1984.
  2. Семенас А.Л. «Лексика китайского языка». М., 2000. .

15.Солнцева Н.В. «Проблемы морфологии  изолирующих языков в типологическом освещении: Автореф. дис… докт. филол. Наук».  М.,1985.

  1. Спешнев Н.А. «Фонетика китайского языка». Л., 1980.

17.Хаматова А.А. «К вопросу о тенденциях развития  современной китайской лексики // Актуальные проблемы китайского языкознания: материалы VII Всероссийской  конференции по китайскому языкознанию». – М.,1994

  1. Цыкин В.А. «Именное словопроизводство в современном китайском языке»: Автореф. дис… канд. филол. наук. М.,1980
  2. Шанский Н.Н. «Очерки по русскому словообразованию» М., 1968.
  3. Ван Ли «Қытай тілі грамматикасының теориясы.» Т.2. Пекин,1955.
  4. Жэнь Сюэлян. «Қытай тіліндегі сөзжасам». Пекин., 1981
  5. Инь Биньюн. «Қытай тілі морфемасының талдану»,. //Қытай тілі 1984.№ 5.

23.Ли Цзинси, Лю Шижу. «Қытай тілі грамматикасының оқу материалы».. Пекин, 1953 Т.1.

25.Люй Шусян. «Қытай тілі грамматикасының талдау мәселесі». Пекин.,1981

  1. Сунь Чаньсюй. «Қытай тілінің лексикасы».. Чанчунь 1956.
  2. Цуй Фуюань «Қазіргі қытай тілі сөзжасамының мысалдары мен түсіндірмесі». Цзинянь , 1958.  
  3. Чжан Чжигун «Қытай тілінің морфемасы».. Пекин, 1953..