АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Парсы тіліндегі зат есім мен сын есімнің жасалу тәсілдері

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

 

I тарау. Парсы тіліндегі сөзжасам жүйесі

1.1. Сөзжасамның морфологиялық (синтетикалық) тәсілі.

1.2. Сөзжасамның синтаксистік (аналитикалық) тәсілі.

1.3. Сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілі.

 

II тарау. Зат есім мен сын есімнің жасалу тәсілдері.

2.1. Аффикстердің көмегімен жасалатын сөзжасам.

2.2. Сөз біріктіру (негіз біріктіру).

2.3. Сөз тіркестерінің лексикалануы.

 

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Қосымша

 

 

Кіріспе

 

 Кез келген тілдің дамуы, ең алдымен, сөзжасам жүйесімен байланысты. Тілдің байлығы-кірме сөздер есебінен сөздік құрамның толығуымен емес, төл сөздердің мағыналық және тұлғалық дамуы негізінде, жаңа сөздердің туындауы арқылы анықталады. Сондықтан тілдегі төл сөздердің ұғымдық, мағыналық және тұлғалық даму жүйесін зерделеу қажет.

 Тіл дамуы әлем бейнесін танып-біліп, олардың әр түрлі белгісі мен қасиеті, сапасы мен саны, қимылы мен әрекеті, амалы мен сипатына атау беруі арқылы орындалады. Заттар мен құбылыстардың белгілеріне атау, есім беру халық танымымен, ой-санасының өсуімен, ұлттық психология мен менталитетіне байланысты анықталады. Болмыстағы кез-келген зат не құбылыс ұғым тілдік таңба арқылы таңбаланып, өзінің сөздік бейнесін жасайды. Бұл таңбаланған бейне сөзжасамдық процесс арқылы жасалып, атау ретінде танылады. Атаудың жасалу, қалыптасу процесі-сөзжасамның негізгі зерттеу нысаны. Яғни сөзжасам-ұғымда қалыптасқан бейненің тілдік таңбасын жасау процесін айқындайды. Сөзжасам-атау жасау процесі. Процесс нәтижесі-туынды сөз. Сөзжасам туынды сөздің жасалу сипатын, әдіс-тәсілін, уәжділігін, жасалған жаңа ерекше мағынаның ішкі құрылымын талдайды. Туынды сөздің құрылымын тұлғалық және мағыналық деңгейде қарастыра отырып, мағынаның белгіленуіндегі ұғымның, танымның рөлі мен маңызы зерттелді. Жаңа сөз жасау, белгілі құбылыс пен затқа атау  беру-номинация мен сөзжасамның зерттеу нысаны.

 Тілдің сөздік қорын байытуда грамматикалық тәсілдер бойынша тілдегі қалыптасқан модельдер мен құрылған жаңа сөздер жетекші рөль атқарады, нәтижесінде оның лексикалық қоры толықтырылады. Бұл тілдің маңызды функциясы-коммуникацияның кемелденуіне ықпал етеді. Тілдің барлық даму сатыларында сөзжасам мәселелерін зерттеу тіл білімінің өзекті мәселесі болып саналады.

Сөзжасам семантикалық, синтетикалық, аналитикалық тәсілдер арқылы туынды сөз – атау жасайды. Атауды коммуникациядан және танымдық қызметтен бөліп қарауға болмайды. Ойлаудың кез келген материалдық бейнесі, ең алдымен, хабарлауға байланысты. Ал сөзжасам мен оның нәтижесі болып табылатын атау тілдегі лексикалық бірлік ретінде ғана емес, әлем бейнесін жасауға қызмет ететін номинативтік қызметімен бағалануы қажет.Атаудың қалыптасу тарихында тілде ортақ сөзжасамдық қалыптар түзіледі. Осы сөзжасамдық қалыптар кешені сөзжасамдық тәсілдердің жіктелуін туғызады.

Тіл дамуы көнеден келе жатқан күрделі әрі кешенді құбылыс. Оның өзіндік ішкі және сыртқы даму заңдылықтары бар, бұларды зерттеу сөзжасамның мақсаты болып табылады. Сөзжасам атаудың жасалу сипаты мен мотивациясын (негізделуін) жасалу тәсілі мен жаңадан туындаған мағынаның ішкі құрылымын анықтайды. Сөзжасам процесінің көнелігі тілдің шығу кезеңімен қарайлас, себебі әлемдік әр түрлі бейнеге атау беріп, алғашқы атаудың жасалу сипаты мен одан туындайтын басқа ерекше мағыналарынан бастап, бұл процесс тілде үнемі жүреді. Сондықтан сөзжасам тарихы күрделі, өзіндік ішкі даму заңдылықтары, жаңа сөз туғызатын тәсілі мен қалыбы бар тіл білімінің кешенді бір саласы ретінде бағаланады.

Жаңа сөз жасаудың сипаты мен құрылымын тану күрделілігі атау бейнелейтін заттың, құбылыстың және олар туралы ұғымның қатынасын анықтау қиындығымен байланысты. Туынды сөз жасау, көбінесе басқа тілдік құбылыстар арқылы негізделіп орындалады. Себепші (мотивтендіруші) сөз арқылы негізделіп, әр түрлі сөзжасамдық тәсілдер арқылы пайда болған жаңа мағыналы тұлғалар туынды сөздер болады, мұндай жасалымдар – сөзжасамдық процесс негізінде орындалғандықтан, сөзжасамның негізгі зерттеу нысанына айналады. Туынды сөздер екі не бірнеше морфемалар мағынасы арқылы жасалып, күрделі құрылымға ие болады. Сөзжасамдық аспектіде туынды сөздердің мағынасын айқындау – олардың ішкі семантикалық құрылымын зерделеу деген сөз.

Туынды сөз мағынасы түбір мағынасы арқылы жасалып, негізделгендіктен, тарихи тұрғыда түбір мағынасын анықтау қажеттігі туындайды. Көне этимон түбірлердің мағыналық қырлары айқындалып, туынды сөзді туғызуға себеп болып тұрған сема деңгейі көрсетілуі қажет. Сондықтан тарихи тұрғыда, сөзжасам дегеніміз – этимон түбірлердің мағыналық және тұлғалық жіктелуі, дамуы нәтижесінде ұғымда танылған заттар мен құбылыстарды таңбалау үшін, әр түрлі сөзжасамдық тәсілдер негізінде сигнификатты және денотатты мағыналы туынды сөздердің жасалуы болып табылады.

Екіншілік мағына беруге қатысатын тұлғалар тарихи тұрғыда түбірлер санатына ене алмайды, мағыналық жағынан ерекше семаға ие болып, тұлғалық жағынан фонетикалық не морфологиялық өзгеріске түскендіктен негіз сөз ретінде ұғынылады. Сондықтан туынды сөз мағынасын негіздеуге қатынасын себепші негіздерді түбір ретінде емес, негіз ретінде анықтаймыз.

Сөзжасам негіз сөз арқылы жасалған екіншілік мағыналы сөздердің қалай жасалатынын, негіз сөздің ішкі семантикалық құрылымын, жасалған туынды сөздің ішкі семантикалық құрылымын; туынды сөз жасауға қатысатын компоненттердің мағынасын; сөзжасамдық мағынаны, сөзжасамдық типті, сөзжасамдық қалып пен тізбекті; сөзжасам негізінде қалыптасқан түбірлес сөздерді; сөзжасамдық заңдылықтарды; номинация теориясын; сөзжасамның амал – тәсілдерін; сөзжасамның негізгі критерийлерін және т. б. теориялық мәселелерді онамасиологиялық аспектіде қарастырады.

Онамасиологиялық аспектіден қарастырылу себебі – сөзжасамдық процесс әлем бейнесінің ұғымын бейнелейтін таңба жасау үшін орындалады. Ал онамасиология – осы атау процесін зерттейтін сала. Онамасиология теориясының қайнар көзі антикалық кезеңнен бастау алады. Тілдің жасалу табиғаты мен атау теориясы антикалық философияның ең маңызды бөлігі болған. Сөз атауының пайда болуы, шындығы мен жалғандығы туралы мәселе сол кезеңнің өзінде-ақ ғылым алдында тұрған басты сұрау екен.

Сөзжасам сөз туғызатын процесс болғандықтан, сөз жасау тәсілдері арқылы іске асады, номинациялық ұғымды белгілейтін атау жасау жолында қызмет етеді. Атау адамзат танымының көрінісін бейнелейтін феномен ретінде танылып, атау жасаушы амал – тәсілдердің тарихи көрінісін, даму жолын бағамдау арқылы, сөзжасамнң негізгі теориялық мәселелері қамтылады. Тілдің дамуы таным дамуы негізінде айқындалады, ал оның нақты көрінісі мен таңбалануы сөзжасамдық процесс негізінде іске асады. Таңбалар – тілдік бірліктер жүйесі, олардың әр түрлі сипатта көрініп, сан түрлі мағыналарды бере алу қасиеті тек сөзжасамдық мағына арқылы жасалады.

Жұмыстың өзектілігі – парсы тіліндегі есім сөз таптарының деривациялық жүйесі басқа сөз таптарына қарағанда өте дамыған. Сондықтан зат есім мен сын есімнің әр түрлі тәсілдерінің көмегімен қазіргі парсы тілінің сөздік қорының толықтырылуы белсенді түрде жүруде. Басқа сөз таптарынан тек етістік қана өзінің құрамын белсенді толықтыруда, алайда жай сөзжасам әдістері арқылы емес (жай етістіктер саны азаюда), етістікті фразеологизмдердің өсуіне байланысты, әдетте оларды күрделі етістіктер дейді. Сонымен зат есім мен сын есімнің тәсілдерін талдай отырып парсы тілі сөздерінің шығу тегін, қалай пайда болғанын аңғара аламыз. Бұл тілді оқу барысында бірден-бір өзекті мәселе болып саналады, өйткені әрбір тілді оқыр алдында сөздердің қалай пайда болғанын, олардың шығу тегін, этимологиясын білуіміз қажет.

Жұмыстың зерттеу нысаны – парсы тілінің сөзжасамындағы зат есім мен сын есімнің жасалу тәсілдері арқылы сөздің қалыптасу, жасалу процесі.

Жұмыстың зерттеу мақсаты – зат есім мен сын есімнің жасалу тәсілдерін толық ашып және сипаттап қана қоймай, осы тәсілдердің берілген есім сөз таптарын бір-бірінен ажыратуда қалай көмектесетінін көрсету. Өкінішке орай, бұл тәсілдер әрқашанда бір сөз табын екінші сөз табынан айыруға мүмкіндік бермейді, өйткені олар бір уақытта зат есімге де, сын есімге де қолданылады.

Тәжірибелік құндылығы – зат есім мен сын есімнің жасалуы, олардың тәсілдері мен ерекшеліктерін зерттеу және қарастыру біршама күрделі болып келеді. Өйткені бұл мәселеге арналған әдебиеттер саны да молшылық емес, сондықтан берілген материалдарды жетілдіру керек. Сол мақсатпен мен бұл тақырыбты тандадым, зерттеу барысында көптеген қиыншылықтарға тап болдым, оларды шешуде сүйенген негізгі еңбектерім Ю. А. Рубинчиктың «Грамматика современного персидского языка», Пейсиков Л. С. «Очерки по словообразованию персидского языка», Рүстемов Л. З. «Парсы тілінің жолашары» болды. Келешекте жазған бітіру жұмысым парсы тілі мен әдебиетін оқып жүрген студенттерге өзінің пайдасын тигізеді деп ойлаймын.

 

 

 

 

 

             III тарау. Парсы тіліндегі сөзжасам жүйесі

 

             Парсы тілінің сөзжасамы ежелден бері зерттеушілердің көңілін аударып келеді. Ғылым мен техниканың, әдебиет пен мәдениеттің дамуы, саяси-әлеуметтік және экономикалық, т.с.с. Иран қоғамындағы өзгерістер мыңдаған жылдық көне тарихы бар, ең дамыған тілдердің бірі-парсы тілі сөздік құрамының толыға түсуіне, сөздердің қолдану ерекшеліктеріне үлкен әсерін тигізді, тигізуде.

             Парсы тілі де барлық тілдерге тән заңдылықтармен сөздік қорының жаңа туынды сөздермен, сөз тіркестерінің лексикалану, сөз мағынасының кеңеюі, бір сөз табының екінші бір сөз табына ауысу тәсілімен, кірме сөздер есебінен, тағы басқа жолдармен толығуда, дамуда.

             1935жылы ұйымдастырылған Тіл және әдебиет академиясының («Фәрхәнгстән») парсы тілін жат елдік сөздерден тазарту үшін басталған күресі әлі де толастаған жоқ.

             Мыңдаған араб, түркі сөздерінің орнына парсы төл және жасанды сөздері енгізілді. Алғашқы кезде құлаққа ерсі естіліп, қолдануда ыңғайсыздау сезілетін сөздер қазір байырғы, үйренішті сөздер секілді. Кейбір жасанды жаңа сөздер сөздік құрамға енбей қалып қойса, кейбір ежелден келе жатқан кірме сөздер жаңа сөздердің синонимі ретінде жұмсалады.

             Қандай да бір тілдік жүйелерді салыстырмас бұрын берілген жүйелердің ортақ суреттеу мен зерттеу әдісін шығару қажет. Қазіргі лингвистикада мұндай тілдік жүйелердің суреттеу мен зерттеудің ортақ әдісі болып-тілдік модельдену саналады, ол үлкен теориялық-тәжірибелік қызығушылық танытады. Оның маңыздылығы, тілдің әр түрлі сатысында барлық зерттелетін аймақты қамтитын құрылымдарды анықтау: синтаксисте (сөйлем, сөз тіркесі тарауларында және т.б.); морфологияда (барлық морфологиялық құрылымға байланысты); сөзжасамда (берілген тілдің барлық сөзжасам жүйесіне қолдануда) және т.с.с. Модельдену теориясының сөзжасамға қолданысын еңбектерінде жан-жақты қарастырған:Кубрякова Е.С., Степанова М.Д., Пейсиков Л.С.

            Парсы тілін және басқа иран тілдерінің зерттеушілері бұрыннан қалыптасқан салт-дәстүрге қарап сөзжасамды екі негізгі тәсілге бөліп қарастырады — аффиксация және сөз біріктіру. Жалғыз ғана парсы тіліндегі аффиксация мен сөз біріктіруді сипаттайтын кітапнама жұмысы кең ауқымды. Аффиксация мен сөз біріктіру иран тілдерінің тілдік модельдену сөзжасамында негізгі тәсілдері екеніне күмән жоқ. Бірақ соңғы жылдары өңделіп шыққан басқа да тәсілдер бар. Парсы тілінің мәліметтеріне қарап жаңа сөзжасам тәсілдерін жасап көру талабы болды (Ж.Лазар), аффиксіз сөзжасамның жалпы заңдылықтары қарастырылды (Пейсиков), күрделі сын есім мен зат есімнің фразеологиялық бірліктері мен өзара қатынасының көптеген түрлері зерттелді (М.Шаки), кейбір күрделі сөз түрлерінің омонимиялық құрылым мәселесін  шешудің жолы белгіленді (З.Телегди), аффиксация мен сөз біріктіруді түсіндіру және осы тәсілдердің арасындағы шекараларды орнату талаптары жалғасуда (Махальский, Мухамедова, Чхеидзе және т. б.), сөз тіркесі негізінде қалыптасқан күрделі туынды біріккен сөздердің түрлері жарықтанды (Пейсиков).

              Парсы тілінің сөз тудыру жүйесін — түбір не туынды сөзге қосымшалар қосу арқылы жаңа сөз тудыру — морфологиялық (синтетикалық) тәсіл, түбір туынды сөздердің бірігуі, тіркесуі, қосарлануы арқылы жаңа сөз тудыру-синтаксистік (аналитикалық) тәсіл және кейбір сөздердің жаңа мағынаға ие болуы не олардың алғашқы этимологиялық байланыстарының үзілуі арқылы жаңа сөздің дүниеге келуі лексика-семантикалық тәсіл деп негізгі үш салаға бөлуге болады.

 

       1.1. Сөзжасамның морфологиялық (синтетикалық) тәсілі.

 

              Қосымшалардың сөздерге жалғанып, оларды өзара байланыстыратын, сөзден сөз тудыратын, сөзді түрлендіретін сөзжасам тәсілі морфологиялық (синтетикалық) тәсіл парсы тілінде өте кең қолданылып, жиі жұмсалады. Бұл тәсіл сөзжасамның аффиксті тәсілі деп те аталады.

               Сөзжасамның синтетикалық (синтез дегеніміз қосу) тәсілі делінетіндіктен жаңа сөз жасауға қатысатын сөздердің саны ретіне қарай екі не одан да артық болуы негізгі шарты.

               Синтетикалық (морфологиялық) сөзжасамның ұйытқысы — жеке тұрып дербес толық мағынаға ие болатын, әрі қарай бөлшектенбейтін сөздің жасалу тегі деп танылатын негіз немесе негіз сөз, яғни түбір сөз.

              Дербес мәнді түбір сөздерге алуан түрлі қосымшалар жалғанып сөз түрлендіреді, жаңа сөз тудырады. Қосымшалардың ішінде жұрнақтар синтетикалық тәсілдің екінші бір шарты.

Сөзжасам процесс тарихи тұрғыда, жаңа сөз жасауға ғана қызмет етеді. Ал сөздің қай сөз табына жататындығы мен грамматикалық тұлғалануы морфологияның зерттеу нысаны. Сөзжасамның негізгі нысанының бірі туынды сөз болғандықтан, оның жасалу жолы мен сипаты, тәсілі мен қалыбы тағы басқа морфологиялық аспектіден қарастыра алмасы түсінікті. Грамматикалық, лексикалық тұлғалардың ішкі құрылымдық  семантикасын анықтағанда ғана, олардың ішкі табиғаты мен мәні айқындалады. Парадигматикалық және синтагматикалық байланыстылығы ашылады. Сөзжасамның осындай мәселелерін айқындауда морфология қауқарсыз болып шығады. Демек сөзжасам мен морфологияның ерекше сипаты зерттеу нысанында ғана емес, зерттеу принциптерімен де ерекшелінеді.

Морфология мен сөзжасам бір-бірімен өте тығыз байланысты. Себебі морфология сөздің құрамын зерттеуде, сөздің түбір және қосымша морфемаларын, лексикалық және грамматикалық мағыналарын тексерсе, сөзжасам туынды сөздің құрамындағы бөліктерді негіз сөз және сөз тудырушы тұлға ретінде қарастырып, олардың сөзжасамдық мағынасын талдайды. Демек морфология да, сөзжасам да туынды сөздерді нысан етіп алғанда байланыстылығы көрінеді, ал әр түрлі аспектіден талдану – ерекшелігін сипаттайды. Морфологияда түбірлес сөздердің семантикалық табиғаты айқындалмайды. Сөзжасам түбірлес сөздерді генетикалық деңгейде, тарихи даму барысында қарастырып, түбір семасының жіктелуі мен семалардың сақталуын түгелдей зерттейді.

             Парсы тілінде туынды сөз жасайтын аффикстер ( وندها ) үш топқа бөлінеді:

      а. Суффикстер         پسوندها

      б. Инфикстер           میانوندها

      в. Префикстер            پیشوندها        

             Туынды сөздер жасайтын суффикстер сөзжасам жүйесінде мейлінше кең қолданылатын аффикстер. Олар түбір не туынды сөзге жалғанып, оған жаңа лексикалық мағына береді, яғни жаңа бір дүниеге келген лексикалық тұлғаны сөздік құрамға қосады.

             Инфикс түбір сөз аралығына қойылатын қосымша. Дара мағыналы екі сөздің арасына килігіп, жаңа сөз тудырады.

             Префикс-түбір сөз алдынан жалғанып, жаңа сөз, тұлға тудыратын жұрнақ.

             Туынды сөздер жұрнақтар арқылы негізге түбірден өрбиді, морфемаларға бөлшектенеді. Туынды сөз түбір морфемасынан, жеке қосымша морфемалардан құрылады.Туынды сөздер тек түбірден (түбір морфемасынан) ғана емес, туынды сөздердің өздерінен де жасала береді.

Сөзжасам жеке сала ретінде бөлінгендіктен, жасалу тәсілдері мен амалдарына ерекше назар аударылады. Әсіресе, морфологияда сөз болмаған  сөзжасамның синтаксистік (аналитикалық), лесико-семантикалық тәсілдеріне көп көңіл бөлінеді.

 

             1.2. Сөзжасамның синтаксистік (аналитикалық) тәсілі.

 

Сөзжасам саласы тарихи синтаксиспен де тығыз байланыста қаралуға тиіс. Синтаксистік еркін тіркестердің ауыспалы мағынада жұмсалуы арқасында, тарихи тұрғыда, тұрақты тіркестер жасалғаны белгілі. Тұрақты тіркестердің номинативті мағынада жұмсала алу қабілетіне ие болуы сөзжасамдық процеспен тікелей байланысты.Сөз тіркесі мен күрделі сөздердің лексикаланып, туынды номинативті мағынада жұмсалуы, сөзжасам процесі нәтижесінде туындаған сөзжасамдық мағынамен сабақтас. Тіл дамуы барысында сөз тіркесі күрделі сөздер номинативтік қызмет атқарып, жеке атаулық мәнге дейін жете алады. Сөздің контекстік қызметі арқылы мағыналық жағынан дамитыны, сөйтіп әр түрлі транспозициялық мәнге ие болатыны белгілі. Функционалды транспозиция бір сөз табының екінші сөз табына өту сипатын белгілейді. Ал сөздің бір сөз табынан екінші сөз табына өтуі де сөзжасамдық аспектіден қарастырылып, ондағы мағыналық құрылымының көрінісі сөзжасамдық мағына негізінде түсіндіріледі.

Сөз қызметінің өзгеруіне сәйкес орындалатын заттану, сын-сапалану, етістіктену, үстеулену, есімдіктену процесстері – тікелей сөзжасамдық процесс көріністері.

Сөз мағынасының әр түрлі сипаты контексте, яғни сөйлем ішінде ғана анықталады. Сөйлемнен тыс сөздің ерекше мағыналары айқындалмайды. Тек сөйлем ішінде туынды сөздердің ерекше мағыналары нақтылана түседі. Демек, синтаксис пен сөзжасамды байланыстыратын ортақ тұстар да мол.

Таңбалау жүйесінің көнеден келе жатқан бір тәсілі – сөздердің бірігуі не аналитикалық тәсіл делінеді. Сөз жасаудың мұндай тәсілі ең көне замандарда-ақ  қолданылып, ғылымға белгілі болған. Сонау антикалық кезең грамматикаларынан бастап, тіл дамуының негізгі сөзжасам тәсілі ретінде тұлғалардың бірігуін атап көрсеткен.

Аналитикалық тәсіл ең көне сөзжасамдық тәсіл ретінде тілдің ежелгі даму сатыларында екі силлабофонемалардың бірігуі арқылы жаңа номинация жасаған. Силлабофонемалар толық лексикалық мағына білдіріп, олардың бірігуі арқылы жаңа номинация жасалғанын ескере отырып, мұндай құбылысты сөзжасамның алғашқы қалыбы (модель) ретінде қарастырып, аналитикалық сөзжасам көрінісі деп танимыз. Әрі бұл тәсілдің көнелілігін осы қасиеті, көрінісі арқылы бағалаймыз. Алғашқы силлабофонемалар толық белгілі болмағандықтан, әрі олардың ішкі мағыналық құрылымы ғылымда анықталмағандықтан, олардың бірігуі арқылы әңгіме қозғау ертерек. Дегенмен, мұндай сөзжасамдық тәсілдің тілде белсенді жұмсалғанын жорамалдауға болады.

Аналитикалық сөзжасамның тіл дамуындағы рөлі ерекше болған. Танымда бұрыннан қалыптасқан атаудың қатысуы арқылы ұқсас әрі ұғымдық сипаты жақын заттар мен құбылыстарға атау беру ыңғайлы, әрі оңтайлы. Аналитикалық сөзжасамның ерекшелігі – толық мағыналы сөздердің семалық бірігуі арқылы жаңа номинация жасай алу қабілетінде. Толық мағыналы сөздер арқылы сөзжасамдық жаңа мағына жасаудың екі жақты сипаты бар: біріншіден, жаңа сөзжасамдық мағына белгілейтін атаудың мотивациялық негізделуі айқын болады, яғни тұлғаның мағынасынан адам өзіне бұрыннан таныс информацияны тану арқылы затты не құбылысты көзге елестете алады. Бұл аналитикалық тәсілдің оңтайлы жағы. Екіншіден, құрамындағы екі тұлғаның да әуелгі мағынасы айқын, әрі танымда әбден қалыптасқан атаулар болғандықтан, олар жасаған жаңа сөзжасамдық мағынасы бар бірлік ерекше таңба ретінде бірден бағалана алмайды, сондықтан оны басқа күрделі тіркестерден айыру қиындық келтіреді. Аналитикалық сөзжасамның тағы бір ерекшелігі – толық мағыналы сөздер арқылы жасалған жаңа сөзжасамдық мағынаның сипатына байланысты. Туынды сөздің жаңа сөзжасамдық мағынасының ішкі семантикалық құрылымы күрделі болады, әрі оған екі негіз мағынасы  да бірдей қатынасып, ортақ жаңа сема жасайды. Туынды сөз мағыналарында себепші негіздердің тура не ауыспалы мағынасы болуы мүмкін. Сөз мағынасының туындауына негіздеме, ассоциация, аналогия, абстракция заңдылығы қатынасады, сөйтіп екі себепші мағынасы да тәуелсіз жаңа екіншілік семаны иеленеді.

 Синтаксистік сөзжасам, яғни екі немесе одан да көп дара сөздерден құралған, араларындағы синтаксистік қатынастарын жоғалтқан, тұтас бір бүтін тұлға ретінде қалыптасқан күрделі сөз тіркестерінің барлық тілдерде кездесетін өте көне тәсіл.

             Бұл тәсіл парсы тілінде де кең қолданылады және ішкі ерекшеліктері сан түрлі, күрделі сөздерді негізінен екі топқа бөлуге болады:

                           а. Копулятивті тіркес

                           б. Детерминативті тіркес

а) Копулятивті тіркесте күрделі сөздердің құрамды бөлшектері тең хұқықты болып келеді. Мысалы:

داد و ستد         сауда (сөзбе-сөз: беріс-алыс)

(دادن، داد)       «беру» етістігінің өткен шақ негізі

(ستدن، ستد)      «алу» етістігінің өткен шақ негізі

داد و فریاد      ойбай (біреудің шыңғырып бір бәледен көмекке шақырған                                дауысы)

داد                ойбай (одағай), шыңғырған

فریاد             дауыс

Копулятивті тіркесте екі сөз бірігіп күрделі сөз жасауына ال، یا، در، تو، تا، به، بر، اندر، آ، و шылаулары дәнекер болады.

 

1.3. Сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілі.

 

Сөзжасам лексикологиямен тығыз қарым-қатынаста және арасында өзіндік ерекшеліктер бар. Сөзжасамдық процесс, түптеп келгенде, жаңа мағыналы туынды сөз жасауға қызмет етеді. Ал кез келген сөз – лексикологияның зерттеу нысаны. Демек, сөзжасамның нәтижесі саналатын туынды сөз лексикалық құрамды толықтырады. Сөзжасамдық процесс нәтижесінде туындаған сөздер мағыналық дамудың барысында жаңа мағынаға ие болады. Тілді дамытып, жетілдіріп отыратын да осы процесс. Яғни лексикология сөзжасамдық процесс нәтижесінде пайда болатын дайын тілдік материалдардың сөздік құрамын, мағынасын анықтаумен айналысады. Бұл – екі саланың түйісетін жері, лексикология туынды сөзді бүтін бірлік ретінде, ал сөзжасам күрделі құрылым ретінде қарастырып, ішкі мағынасынның қалыптасуында пайда болатын сөзжасамдық мағынаны зерттейді. Яғни зерттеу аспектісінің ерекшелігіне сәйкес, екі сала ажыратылады. Сөзжасамды тілдің дамуын қамтамасыз ететін процесс ретінде танимыз, ал лексикология сөзжасамдық процесс нәтижесінде қалыптасқан сөздердің мағынасын зерттейтіндіктен, лексикалық бірлікті сөзжасамдық нәтиже деп түсінеміз. Сөзжасам – процесс, ал лексикология оның нәтижесін зерттейтін сала. Сондықтан сөзжасамның морфологиялық және синтаксистік тәсілдерінен басқа лексика-семантикалық тәсілі де бар. Бұл тәсіл кейбір күрделі сөздердің, тұрақты тіркестердің жаңа мағынаға ие болу, сондай-ақ олардың бастапқы мәнін жоғалту не болмаса әлсірету арқасында бөтен ұғымды беру жолдарын қарастырады. Бұл тәсілді де өз ішінде үш топқа бөліп қарастыруға болады:

               а. Идиомалану

               б. Лексикалану

               в. Делексикалану

а) Күрделі сөздердің мағынасы өзінің құрамындағы сөздердің тікелей мағынасынан құралмай, бөлек, басқа бір ұғымды білдіреді, олардың бірлік жігі ажырамайды, құрамындағы бір сөзді басқа бір сөзбен ауыстыруға келмейді. Мысалы:

تازه به دوران رسیده   кездейсоқ жаңадан мансапқа ие болған адам (сөзбе-сөз: жаңа ғана дәуренге жеткен)                           

دست و پا شکسته   қалай болса солай, белінен басу (сөзбе-сөз: қол аяғын сындырып)

خر در چمن    көргенсіз, дөрекі (сөзбе-сөз: есек көгалда)

هیچ مدان    надан, топас (сөзбе-сөз: түк те білме)

Осы тәрізді томаға тұйық күрделі сөздер (тұрақты тіркестер) идиома деп аталады. Парсы мақал-мәтелдерінің өздерінің беретін тікелей мағынасына қатысты болмай, басқа мағынаны білдіретін жағынан, кейде жалаң, кейде басқа күрделі сөздерге синонимдес болып келуі жағынан идиомалық тіркестерге жақын. Мысалы:

آهوی ناگرفته بخشیدن.       Ол араб нәйін (сыбызғысын) тастаған жерге кетті, яғни қайтпас сапарға аттанды, өлді.

با پا راه بروی کفش پاره می شود، با سر کلاه.   Жаяу барсаң етігің тозады, баспен барсаң қалпағың, яғни қайда барсаң да Қорқыттың көрі, амал жоқ, шара жоқ.

б) Күрделі сөздердің бір ұғымының атауы ретінде жұмсалуын, бүтін бір сөзге айналуын лексикалану деп атайды.

Лексикаланған тіркестегі сөздердің бастапқы мағыналары көмескіленбейді, әлсіремейді. Парсы тілінде бұл құбылыс изафеттік тіркестерде көбіне изафеттің түсіп қалуы арқылы жасалады. Мысалы:

آب رو                        су өткізгіш

مادر بزرگ                 әже

مادرزن                      қайын ене

برادر شوهر                қайын іні

داختر دایی                   нағашы қыз

в) Кейбір күрделі сөздердің алғашқы мағынасы дыбыстық өзгерістің нәтижесінде күңгіртенеді, тіпті ұмытылып та қалады.

Мысалы: دژ сөзі көне парсы тілінде «қарсы, дөрекі» деген мағынаны білдірген. Қазір мағынасы мүлде ұмыт болған бұл сөз دشمن — «жау, дұшпан», دژخیم — «жендет» (خیم – мінез, құлық) т.с.с. бірнеші сөз құрамында кездеседі.

Сол секілді پاد ертеде «қорғау» парсы мәнді сөз болған. Бертін келе оның мағынасы ұмыт болып, қазір پادشاه патша (патшаны қорғау), پازند «Авестаның» орта парсы тіліне аудармасының түсініктемесі (зентті қорғау), پازهر، پادزهر қарсы پاسخ жауап (сөзді қорғау) сияқты күрделі сөздердің құрамында ұшырайды.

(این روز) امروز – бүгін, (این شب) امشب – бүгін кеште, бүгін түнде, امسال – биыл сөздерінің мағыналары жартылай көмескіленген.

Міне, бұл тәрізді күрделі сөздер тіл білімінде делексикалану не деэтимологиялану, яғни сөздің бұрынғы этимологиялық мағыналық байланыстарының жоғалуы, жоюлуы деп аталады.

 

IV тарау. Зат есім мен сын есімнің жасалу тәсілдері.

 

Сөзжасам тәсілдері мен есімді сөз таптарының амалдарын қарастырмас бұрын  зат есім мен сын есімнің негізгі құрылым түрлерін сипаттау қажет. Морфологиялық құрылысы бойынша  зат есім мен сын есім былай бөлінеді: 1) жай 2) туынды 3) жартылай қосымшалы (аффиксалды) (жартылай туынды) 4) күрделі 5) күрделі туынды.

  1. Жай есімдерге бір түбірлі негізден (туынды емес) тұратын сөздер жатады:چوب «ағаш», خوب «жақсы», خانه «үй», زمین «жер», بزرگ «үлкен»,بلند  «ұзын».
  2. Туынды есімдер лексикалық негізге қосылатын сөз тудырушы аффикстертердің (суффикстер мен префикстер) көмегімен жасалады: بزرگی «ұлылық» (بزرگ «үлкен, әйгілі» + суффикс ی – یای مصدری), باغبان «бағбан» (باغ «бақ» + суффикс بان), خانگی «үйге, жанұяға қатысты» (خانه «үй «+ суффикс ی- یای نسبی), روزانه «күнделікті» (روز «күн» + суффикс انه), بی ابر «бұлтсыз» (префикс بی + ابر «бұлт»), بااستعداد «қабілетті» (префикс با  + استعداد «қабілеттілік»). Туынды есімдерде бір уақытта суффикс пен префикс болуы мүмкін:باسوادی  «сауаттылық» (префиксبا  + سواد «сауаттылық» + суффикс ی ), بی ارامی «мазашылдық» (префикс بی +  ارام «тыныш» + суффикс ی).
  3. Жартылай аффиксті есімдер аффиксті сөздер мен күрделі сөздер арасында аралық орын алады және лексикалық негізге етістік және есім жартылай аффикстердің қосылуы арқылы жасалады: کارشناس «маман» (کار «жұмыс» + жартылай аффикс شناس – етістіктің осы шақ негізі شناختن «білу, тану»), شهردار «қала әкімі» (شهر «қала» + жартылай аффикс دار – етістіктің осы шақ негізі داشتن «бар болу»), دستگاه «аппарат, құрылғы» (دست «қол» + есімді жартылай аффикс گاه – گاه «уақыт», «орын»), دانشکده «факультет, институт» (دانش «білім» + есімді жартылай аффикс کده – کده «үй»).

Жартылай аффиксті есімдер арасында лексикалық негізге етістіктің жартылай аффиксалды блогының қосылуы арқылы жасалған сөздерді атап көрсету қажет:گروه پرستی «жікшілдік» (گروه «топ» + жартылай аффиксалды блок پرستی ; етістік پرستیدن «табыну, құрметтеу»),  نمک زدایی «тұщыту (суды тұздан арылтып), тұщыландыру» (نمک «тұз» + жартылай аффиксалды блок  زدایی ; زدودن «тазарту»). Жартылай аффиксалды блоктың жай ғана жартылай аффикстан айырмашылығы, ол біртұтас блок ретінде көрінеді және жартылай аффикске сөз тудыратын ی (یای   مصدری) суффиксінің қосылуы арқылы жасалмайды.

  1. Күрделі есімдер не лексикалық негіздердің қосылуын (әдетте екі) көрсетеді: کارخانه «завод» (کار «жұмыс» + خانه «үй»), آب و هوا «ауа райы» (آب «су» + و «және» + هوا «ауа»), خوشبخت «бақытты» (خوش «жақсы» + بخت «тағдыр, бақыт»), не лексикалданған сөз тіркесін, тіпті сөйлемдерді көрсетеді: مرغ ابی «үйрек» (сөзбе-сөз: «су құсы»), راه آهن темір жол, از قلم افتاده «қалдырып кеткен» (сөзбе-сөз: «қаламнан құлаған»), مرافراموش مکن «ботакөз (ұсақ көк гүлді өсімдік)» (сөзбе-сөз: «мені ұмытпа»).

Өзінің құрылымы бойынша күрделі сөздерге парсы тілінде кең қанат жайған арабтың ال артиклі қосылған идафты сөз тіркестері жатады:دارالفنون «политехникалық институт, университет», صعب العبور «қиын өтетін», دفع الوقت  «тарту, сым», ذات الریه «пневмания».

  1. Күрделі туынды есімдер күрделі сөздерге сөз тудыратын аффикстердің қосылуы нәтижесінде орнаған (әдетте суффикстердің) : بدبختی «бақытсыздық» (بدبخت «бақытсыз» + суффикс ی), دلگاهی «сергектік» (دلگاه «сергек, сезімтал» + суффикс ی), اب و رنگی «су бояулы» (اب و رنگ «су бояу» + суффикс ی).

Күрделі туынды есімдерге сөз тудырушы суффиксі қосылған сан есім мен зат есімнің қабысуы негізінде пайда болған сөздерді жатқызады: دوزبانه қостілділік (دو زبان «екі тіл» + суффикс  ه), دومرحله ای «екі кезеңді» (دو مرحله «екі кезең» + суффикс ی),پنج نفری  «бес адамға арналған» (پنج نفر «бес адам» + суффиксی ).

Сөзжасам жүйесінде де зат есім мен сын есімнің арасына шек қою қиын. Тек туынды зат есім ғана жасайтын жұрнақтармен ( کار،گار،گر،دان،سار،زار،ستان) қатар, сын есіммен ортақтас жұрнақтар да бар (әрине, тек сын есім ғана тудыратын жұрнақтар да бар:ین،گین ).

             Зат есімнің өзіне тән сын есімнен айыратын мынадай морфологиялық және синтаксистік ерекшеліктері бар:

             -көптік жалғауларын қабылдайды:

         کتاب кітап                                         کتابها кітаптар

             -сөйлемнің барлық мүшелері ретінде жұмсала береді, алайда көбіне бастауыш және толықтауыш қызметін атқарады.

     -заттық, жақтылық және анықсыздық, жалпылық және жалқылық, жекелік және топтық ұғымдарды білдіреді.

             -изафеттік тіркесте анықталушы қызметін атқарады.Мысалы:

                                                                               نام بلند به از بام بلند است.                     

             Есімнің биіктігі үйдің биіктігінен артық

             -предлогтармен де, септеуліктермен де тіркесе береді.

             Сын есімдерде бұл ерекшелік жоқ, алайда сын есімнің өзіне ғана тән көрсеткіштері бар:

      -сын сыйпатпен байланысты ұғымдарды білдіреді.

      -зат есіммен тіркескенде оның көптік жалғауын қабылдамайды, яғни көпше тұлғада онымен қиыспайды, көптелмейді.

      -зат есімге анықтауыш ретінде қызмет етеді, сонымен бірге баяндауыш та бола алады.

      -шырай (жай, салыстырмалы, асырмалы) категориясына ие.

      -тек туынды сын есім ғана жасайтын жұрнақтармен (   گین،ین،ی ) қатар, зат есім жасайтын жүрнақтарға еншілес, одақтас.

      -сөйлемде зат есім қасиетіне ие бола алады.

                                       سفید شایسته شماست.                                     

              Ақ сізге жарасады.

Зат есім мен сын есімнің негізгі құрылым түрлерімен танысу сөзжасамның бес тәсілін атауға мүмкіндік береді:

  1. аффикстердің көмегімен жасалатын сөзжасам;
  2. жартылай аффиксті тәсіл — лексикалық негіздердің етістік немесе есімді жартылай аффикстерімен қосылуы;
  3. сөзбіріктіру – есім және етістік негіздерінің қосылуы;
  4. сөз тіркестерінің лексикалануы;
  5. транспозиция (аффиксіз сөзжасам);

 

 

 2.1. Аффикстердің көмегімен жасалатын сөзжасам.

 

Сөзжасам тәсілдерінің бірі болып келетін аффиксация – сөздік қорды толтырудың маңызды көзі және терминдердің жасалуының негізгі жолы болып саналады. Парсы тілінде шет тілдерден енген терминдердің басымдылығына қарамастан сөзжасам тәсілдерінсіз лексиканың жетілуін көзге елестету мүмкін емес. Аффиксация жартылай аффиксациямен, транспозициямен, сөзбіріктірумен, сөз тіркестерінің лексикалануымен қатар есімді сөз таптарының  жасалуының ең маңызды жолы болып саналады. Парсы тілі аффикстердің көптеген мөлшерімен ерекшелінеді. Л.С.Пейсиков сөз тудыратын аффикстердің 80-ге жуық түрін көрсеткен, олардың құрылымы жай, морфологиялық бөлінбейтін суффикстер мен префикстер: هم، به، انه، دان، چی، ی  және т. б. Одан басқа, парсы тілінде аффиксті блоктар да қолданылады, олар жай бөлінбейтін элементтер сияқты функцияланады және сөз тудырушы негіздерге тікелей қосылады: صوفیگری «суфизм», منشیگری «хатшылық, хатшы қызметі»». Аффиксалды блоктардың тұтастығы былайша дәлелденеді, жоғарыда көрсетілген сөздердің жасалуы блокты аффикстің қосылуымен емес, ی ( یای مصدری) суффиксінің қосылуы арқылы жасалғанын дәлелдейтін тілде *sufigar, *monsigar дейтін сөздер жоқ. گری аффиксалды блогы мамандық, қызмет мағынасындағы сөздерді жасайды.کی  блогы көбінесе үстеуді және сирек – сын есім (آبکی «сұйық, сулы») мен зат есімді (نعلکی «өкше») жасайды.

Қолданудың жиілігіне байланысты аффикстер екіге бөлінеді: өнімді (мысалы, — انه، — دان، — ستان،  یای نسبی – ی، یای مصدری — ی ) және өнімсіз (немесе өнімділігі аз:- سیر، — سار، — مان، — گان ).

Парсы тілінде өзінің шығу тегіне байланысты таза парсы аффикстерімен қатар (мысалы,با-، بی-، — گر، — ستان، یای نسبی – ی، یای مصدری – ی ),  араб және түрік тілдерінен енген аффикстер де бар. Араб суффикстері —  — یت، — یه; араб префикстері — بلا -، لا- ; түрік суффикстері — تاش، — بیگی، — (-ولو) – وله، لاخ، — چی  —

Шығу тектері әр түрлі кейбір суффикстер қазіргі тілде дыбысталу мен графикалану жағынан сәйкес келеді. Мысалы, абстрактілік зат есімді жасау үшін қызмет ететін یای مصدری) ی  ) суффиксі қатыстық сын есім жасайтын ی (یای نسبی) суффиксімен дыбысталу жағынан толықтай сәйкес келеді. Бірінші суффикс орта парсы тілінің –ih суффиксіне, екіншісі орта парсы тілінің –ik суффиксіне келеді.

ا –a суффиксі (орта парсы –а) сапалық сын есімдердің негіздерімен бірге дерексіз зат есім жасайды:  گرما «ыстық» (گرم «жылы, ыстық»), ژرفا «тереңдік» (ژرف «терең»), پهنار «кеңдік» (پهن «кең»),درازا  «ұзындық» (دراز «ұзын»). Шығу тегі басқа болып келетін ا –а суффиксі (орта парсы –ak) етістіктің осы келер шақ негізімен үйлесіп сын есім мен зат есім жасайды:کوشا  «ынталы» (کوشیدن «ынталану» етістігінің осы шақ негізіکوش ), توانا  «күшті» (توانستن  «қолдан келу, істей алу» етістігінің осы шақ негізі توان),بینا  «көзі ашық» ) دیدن «көру» етістігінің осы шақ негізі بین),رسا  «түсінікті» (رسیدن  «жету» етістігінің осы шақ негізі رس),گنجا  «сыйымды, көлем,сыйымдылық, көлемді» (گنجیدن  «сыю, сыйдырту» етістігінің осы шақ негізі گنج),سوزا  «отын, жанармай, жанатын» (سوختن «жану, күю» етістігінің осы шақ негізі سوز).

Зат есім, сын есім, үстеу жасайтын ه –е (орта парсы –ag/-ak) суффиксін ерекше атап өту керек:

  1. Зат есім: а) зат есімдерден:دسته «тұтқа, сап» (دست «қол»),لبه «жүз, ұш» (لب «ерін»),بیمه  «сақтандыру» (بیم «қорқыныш»); б) сын есімдерден:زرده  «сары уыз» (زرد «сары»),سفیده  «жұмыртқаның ағы» (سفید  «ақ»),سبزه  «көк(шөп)» (سبز «жасыл»); в) етістіктің осы шақ негізінен:اندیشه  «ой» ( اندیشیدن етістігінен- «ойлану»),خنده  «күлкі» (خندیدن «күлу»),بوسه  «сүйіс» (بوسیدن «сүйісу»),لرزه  «діріл» (لرزیدن «дірілдеу»); г) сан есімнен:دهه  «он күндік» (ده «он»),هفته  «апта» (هفت «жеті»),صده  «ғасыр» (صد «жүз»),پنجه  «табан» (پنج «бес»);
  2. Сан есім немесе сұрау есімдіктерінің зат есіммен үйлесуінен туған — сын есім:هفت ساله «жеті жылдық» (هفت «жеті»,سال «жыл»),شش موتوره  «алты моторлы» (شش «алты»,موتور  «мотор»),چهار نفره  «төрт орындық» (چهار «төрт», نفر «адам»),هرروزه  «күнделікті» (هر «әрқайсысы, әркім»,روز  «күн»),همه جنبه  «жан-жақты» (همه «барлығы»,جانب  «жақ»);
  3. Кішірейту мен анықталған мағынасындағы зат есімдер:پسره «осы бала»,دختره «осы қыз»,مرده  «осы адам»,گرگه  «анау қасқыр» (бұл жағдайдаه  -е суффиксі жанды зат есімдерге қосылады).

Жоғары көрсетілген зат есім мен сын есім жасайтын тәсілдер үнемі модельде ескерілген сөз табын жасамайды. Мысалы, сан есім мен зат есімнің және ه –е суффиксінің үйлесуі тек қана сын есім жасамай, сондай-ақ зат есім жасайды:پنجساله  «бес жылдық, бес жыл» (پنج «бес»,سال  «жыл»).

ه –е суффиксі ешқандай жаңа мағына бермей, тек оның фонетикалық түрлерін жасауы мүмкін, мысалы:ثمره/ثمر «жеміс, ұрық»,اشیانه/اشیان  «ұя»,استانه/استان  «босаға, табалдырық» т. с. с., бірақ бұл, фонетикалық түрлердің қосымша мағына беру мүмкіндігін жоймайды.

Зат есім мен сын есімнің суффикстері. Аффиксацияның барлық түрлерінің ішіндегі көбірек тараған түрі – суффиксация. Суффикс түбір немесе негізбен тығыз үйлесіп, сөздің ішіне еніп, ортақ, бөлінбейтін тұтастық жасайды. Сөзжасамның бұл түрі көне тілдерде кездеседі, сонымен қатар ол үндіевропа тіліне тараған (жеке диалектілерге бөлінер алдында).

Зат есім жасауға қолданған үндіевропаның деривациялық суффикстері толығымен дерлік сын есім жасауға да қолданылған. Құрылымы жағынан бұл категориялар бір-бірінен ажыратылмады және олар бірдей септелінді. Бұл категориялар арасындағы ұқсастық құрылыммен шектелінбейді, олардың семантикасын да қамтиды, өте жиі зат есім сын есім функциясында пайдаланылады, керісінше сын есім де зат есім категориясына өтуі мүмкін, бұл өзінің табиғаты жағынан  анықталмаған сын есімнің анықталуы кезінде үнемі болып тұрады.

Сонымен сын есім мен зат есім анық шектелмеген, олар етістік категориясына қарсы тұратын ортақ есім категориясын жасайды. Бұл екі категория ойлаудың екі түрлі категориясын көрсетеді. Бірақ бұл полюстардың арасында бір уақытта етістік пен есім қасиетін қамтитын аралық сатылар бар.

Көне иран тілдері сөзжасам суффикстерін кең ауқымда қолданған, көне тілдердегі көптеген суффикстер көне иран тілдерінде де өзінің қолданысын тапты. Келесі даму сатысында орта парсы тілінде және басқа орта иран диалектілерінде соңғы элементтердің екпіні мен редукциясының жылжуы нәтижесінде сөзжасам суффикстерінде өзгерістер болды, көптеген иран суффикстері толығымен жойылды, басқалары түрленді және негізге еніп өзінің деривациялық күшінен айрылды. Бірақ бұған қарамастан суффикстік сөзжасам  мағынасын сақтап қалды және ол жаңа сөздерді тудырудың маңызды тәсілі болып саналады, осыған орай мына деректі келтіруге болады, орта иран тілдерінде үлкен мөлшерде дербес сөздер жасайтын жаңа суффикстер туды.

Жаңа парсы тілі суффиксті мұрагерлікті орта парсы тілінен иеленді және бірнеше суффикс көне парсы тілінен енген.

Зат есімнің өнімділігі көбірек суффикстеріне мыналар жатады:

ستان – жұрнағы топонимдерді, бір жерде түбір сөздегі аталған адамзат пен ғаламзаттың көп, мол екендігін білдіреді. Мысалы:پاکستان  «Пәкістан»,ترکمنستان  «Түркмения»,گلستان  «гүлстан, яғни гүл мол жер»,بیمارستان  «аурухана, яғни ауру көп жер»,کودکستان  «бала бақша, яғни балалар көп жер», تاجیکستان «Тәжікстан», قزاقستان «Қазақстан, яғни қазақтар көп жер».

— دان жұрнағы зат есімге жалғанып, бұйым-жайдық қоятын, құрал-сайман тағы басқа нәрселерді салатын зат, орын ұғымын білдіреді:قلمدان  «қаламсалғыш» (قلم «қалам»), نمکدان «тұз салғыш» (نمک «тұз»),خاکدان  «қоқыс тастайтын ор, шұңқыр» (   خاک «топырақ, жер»),ناندان  «ақыр, нан салатын ыдыс» (نان «нан»),گلدان  «гүл салатын ыдыс», جامه دان «шабадан».

بان – жұрнағы зат есімге жалғанып «қорғаушы, сақтаушы» мағынасындағы, дағдыға айналған іс-әрекет пен заттық ұғым атауларын білдіреді: باغبان «бағбан» (باغ «бақша»),دژبان  «комендант» (دژ «қорған»),شتربان  «түйе айдаушы» (شتر «түйе»),سایه بان  «сазбан, қалқа, тент» (سایه «көлеңке»),فیلبان  «піл айдаушы» (فیل «піл»).

گر – жұрнағы белгілі бір кәсіппен шұғылданатын қайраткер атауларын жасайды:آهنگر  «ұста» (آهن «темір»),کارگر  «жұмысшы» (کار «жұмыс»),حیله گر  «айлакер» (حیله  «айла»),توانگر  «бай»,کیمیاگر  «алхимик» (کیمیا «алхимия»).

چی – жұрнағы мамандық атауларын жасайды:معدنچی  «кенші» (معدن «шахта»),  توپچی «артиллерист» (توپ «зеңбірек»),شکارچی  «аңшы» (شکار «аңшылық»).

یای مصدری – ی – жұрнағы сын есімге жалғанып, абстракт ұғымының атауын жасайды:خوبی  «жақсылық» (خوب «жақсы»),جوانی  «жастық» (جوان «жас»), بدی «жамандық» (بد «жаман»),تنهایی  «жалғыздық» (تنها «жалғыз»),بیوزنی  «салмақсыздық» (بیوزن «салмақсыз»),زیبائی  «әдемілік, сұлулық» (زیبا «әдемі, сұлу»).

— ش жұрнағы етістіктің осы шақ негізіне жалғанып, қимыл атауларын не абстрактылы (дерексіз) ұғымды білдіретін зат есім жасайды:دانش  «білім» (دانستن «білу» етістігінің осы шақ негізі دان),گردش  «серуен, қыдырыс», «айналыс» (گردیدن  «серуендеу», «айналу» етістігінің осы шақ негізі گرد),ازمایش  «сынақ, сынау» (ازمودن  «сынау, байқау» етістігінің осы шақ негізі ازما),فرمایش  «бұйрық, әмір» (فرمودن  «бұйыру» етістігінің осы шақ негізі فرما).

یت – араб тілінен енген суффикс дерексіз ұғымдарды білдіретін зат есім жасайды: قابلیت «бейімділік, қабілеттілік» (قابل «қабілетті»),واقعیت  «шындық» (واقع «ақиқат, шын»),صلاحیت  «жете білушілік, білгірлік» (صلاح «орынды, мақсатқа сай»),ظرفیت  «көлем, сыйымдылық» (ظرف «ыдыс»),زوجیت  «неке» (زوج «жұбай, күйеу, қосақ») және т. б. Бұл жұрнақтың таза парсы негіздерімен қосылуы мүмкін:زنیت  «әйелдік, нәзіктік, жұмсақтық» (زن «әйел»),خریت  «ақымақтық, топастық» (خر «есек»), دوئیت «екіұдайылық, араздық» (دو «екі»), یرانیت «Иранға деген махаббат, ирандық патриотизм». Алайда یت – жұрнағымен шыққан иран сөздерінің мөлшері аз.

— یه араб тілінен шыққан жұрнақ, дерексіз ұғымдар жасайды: نظریه «теория», «көзқарас» (نظر «көзқарас»),نشریه  «басылым, жариялым» (نشر «басылым»),روحیه  «көңіл күй», «рухани келбет» (روح «рух») және т.б. Осы суффикстардың көмегімен араб сөздерінен құрылған сөздердің ішінде араб тілінде мүлдем қолданбайтын және парсы негізінен шыққан сөздер бар:اظهاریه  «өтініш» (اظهار «өтініш»),اعلامیه  «мазмұндама», «ресми мәлімдеме» (اعلام «хабарландыру»),اثاثیه  «әбзел, жиһаз» (اثاث «жиһаз»). Араб тілінің یه жұрнағы бар бір қатар сөздері парсы тілінен ығыстырылды және иран тегінен шыққан сөздер мен сөз тіркестеріне ауыстырылды. Осылайша,بلدیه  «муниципалитет» сөзін شهرداری деп қолданды,نظمیه  «полиция» орнына  سهربانی, بحریه «теңіз флоты» орнынаنیروی دریایی  . یه жұрнағы араб негізінен шықпаған сөздерді жасау үшін өте сирек қолданылады. Мысалы,رویه  «қимыл, іс-әрекет,әдіс, тәсіл» сөзі رفتن «жүру, кету» етістігінің رو осы шақ негізінен жасалған. Бұл сөзді орта ғасыр парсы классикалық әдебиетіндет кездесетін арабтың رویت «пайымдау, ойлану» сөзімен шатастырып алмау қажет.

یت және یه зат есімнің деривациялық суффикстері сын есімнен анық шектелгенін көрсетеді. Араб тілінде یه және یت суффикстері бірдей кескінделеді یه — , бір сөзжасам морфемасының екі түрлі фонетикалық айырмашылығы ретінде ғана көрінеді. Екі суффикстің қайсысын қолдануына идафты сөз тіркестегі екінші лексикалық морфеманың алдыңғы фонетикасы ықпал етеді: егер ол дауыстыдан басталса жұрнақ t дауысына аяқталады, егер дауыссыздан басталса –а (парсы тілінде –е) дауысына аяқталады. Парсы тілінде араб тіліне қарағанда бұл суффикстерді, олардың ортақ шығу тегіне қарамастан сөзжасамның екі түрлі дербес морфемасы деп қарастыруға барлық мүмкіндіктер бар: олар әр түрлі сөздер жасайды және бір-бірін ауыстыра алмайды. Л.С.Пейсиков یه суффиксін یت суффиксінің алломорфы деп қарастырды (Л.С.Пейсиков 1973, 184 бет), ал Ю. А. Рубинчик бұл суффикстердің әр түрлі мағына беретінін және олардың жеке өз бетінше қолданыла алатынын айтты, оған мына екі сөз мысал бола алады:بلدیت  «білім», «жете білушілік, білгірлік» және بلدیه «муниципалитет».

Сын есімнің өнімділігі көбірек суффикстеріне мыналар жатады:

یای نسبی – ی – абстракт, заттық мағыналы зат есімдерге жалғанып, олардың сыры мен сынын, ішкі қасиетін, мезгіл мен мекенге байланысты, т. б. қасиеттерін аңғартатын, сындық ұғымды білдіретін қатыстық сын есім жасайды:  قزاقی( قزاق «қазақ»),تابستانی  «жазғы» (تابستان «жаз»), زمستانی «қысқы» (زمستان «қыс»), دیروزی «кешегі» (دیروز «кеше»), علمی «ғылыми» (علم «ғылым»), دولتی «мемлекеттік» (دولت «мемлекет»), اقتصادی «экономикалық» (اقتصاد «экономика»), شش روزی «алты күндік» (شش روز «алты күн»).

ناک – жұрнағы зат есімдерге жалғанып сындық ұғымның атауларын және белгілі бір қасиетке ие, бейімділікті білдіретін сын есім жасайды: دردناک «аурушыл» (درد «ауру»), حطرناک «қауіпті» (حتر «қауіп»), نمناک «ылғалды» (نم «ылғал»), اسفناک «уайымшыл, қайғышыл» (اسف «уайым, қайғы, күйініш»),ابناک  «сұйық, сулы» (اب «су»).

مند – жұрнағы зат есімге жалғанып, адамның белгілі бір қасиетке ие екендігін, бейімділігін білдіретін туынды сын есім жасайды: ثروتمند «бай» (ثروت байлық),دانشمند  «данышпан» ( دانش «білім»), سعادتمند «бақытты» (سعادت «бақыт»), هنرمند «өнерпаз, дарынды» (هنر «өнер»),نیرومند  «күшті, мықты» (نیرو «күш»), خردمند «ақылды» (خرد «ақыл»).

گین – жұрнағы зат есімдерге жалғанып, солардың мағыналарына сай туынды сын есім жасайды: خشمگین «ашулы» (خشم «ашу»), غمگین «қайғылы», «мұңды»(غم «қайғы, мұң»), شرمگین «ұялшақ» (شرم «ұят»), اندوهگین «қайғылы» (اندوه «қайғы»).

 ین – жұрнағы зат есімдерге жалғанып, негіз сөздің мағынасымен үндес жаңа мәнді туынды сын есім жасайды: شیرین «тәтті» (شیر «сүт»),سنگین  «ауыр» (سنگ «тас»), خونین «қанды» (خون «қан»), اهنین «темірлі» (اهن «темір»). Л.С.Пейсиков парсы тілінде  ینжұрнағын сын есімнің басқа (یای نسبی) ی жұрнағынан шектеулі қолданатынын айтады, тіпті біріншісі соңғысымен ығыстырылады: چوبی «ағаштан жасалған», کاغذی «қағаздан жасалған», مشکی «қара», خاکی «жерлік»,گلی  «кір» және олардың шектеулі мағынадағы сыңарлары: گلین، خاکین، مشکین، کاغذین، چوبین

— انه жұрнағы жанды зат есім негіздеріне қосылып сын есім және үстеу жасайды:دوستانه  «достарға арналған», «достықша» (دوست «дос»), بچگانه «балаларға арналған», «балаша» (بچه «бала»), مردانه «ерлерге арналған», «ерлерше» (مرد «ер адам»), زنانه «әйелдерге арналған», «әйелдерше» (زن әйел), تجاوزکارانه «агрессивті» (تجاوزکار «агрессор»), قهرمانانه «батырлық», «батырша» (قهرمان «батыр, қаһарман». Осы суффикс араб текті сын есім және үстеу негіздеріне де қосылады: محزونانه «қайғылы, мұңды», «қайғыша» (محزون «қайғылы»), عاقلانه «ақылды, ақылша» (عاقل «ақылды»), شجاعانه «айбынды, батыл», «батылша» (شجاع «батыл»), مغرضانه «пайдакүнем», «пайдакүнемше» (مغرض «пайдакүнем»).

Жанды / жансыз зат есімнің грамматикалық категорияларына мінездеме жасағанда, انه жұрнағына аяқталатын барлық сын есімдер жансыз зат есімдерге қолданылады: عصرانه «бесіндік ас, кешкі дәм татым» (عصر «кеш»), صبحانه «таңертеңгі ас» (صبح «таң»), بیعانه «кепілақы, кепіл-ақша, қардар» (بیع «сауда, сатылым»), مژدگانه «жақсы хабар үшін берілетін сыйақы, сүінші» (مژده «жақсы хабар»).

Жоғарыда сөз болған зат есім мен сын есім жұрнақтары көбінесе осы екі сөз табының әрқайсысын таза түрінде сипаттайды, бірақ бұлардың ішінде кейде зат есімнің де, сын есімнің де сөз тудыруына қатысатын жұрнақтары кездеседі. Мысалы: پوستین сөзі (پوست тері +ین ) «тон» және «теріден жасалған» мағыналарын береді, яғни зат есім де сын есім де бола алады. Жоғарыда айтылған انه жұрнағы да сын есім жасау үшін ғана емес сонымен қатар зат есімдер де жасайды. Зат есімдер жасайтын بان жұрнағы кейде сын есім жасауда қолданылады:مهربان  «мейрімді, жақсы көретін» (مهر «махаббат»).

Жұрнақтардың синонимдік мағынада қлдану жағдайлары аз емес: دردناک және دردگین «аурушыл», غمناک  және  غمگین «қайғылы, мұңды», چوبین  және  چوبی «ағаштан жасалған» және т. б. Сонымен қатар сын есімнің кейбір мағыналарындағы синонимділік: اهنی «темірлі, темірден жасалған» және اهنین «темірлі, темірден жасалған, қатты, бағынбайтын»; سنگی «тасты, тастан жасалған» және سنگین «ауыр, тасты, істелінген».

Префикстер. Жаңа парсы тілі басқа тәсілдермен қатар жаңа сөздерді тудыру үшін префикстер арқылы жасалатын тәсілді қолданады. Айта кетерлік жайт, префиксті сөзжасам көп тілдерде суффиксті сөзжасамға қарағанда едәуір кіші роль атқарады.

Есімді префикстерді қолдануда көне иран тілдері үлкен белсенділік танытқан жоқ. Тілдік дамудың келесі сатысында келесі мағыналар беретін аздаған префикстер кездеседі, көбінесе префикстер сын есім жасау үшін қолданылады:

با – көбінесе сапалық сын есімдер жасайды: با اراده «жігерлі, қайратты, батыл, шешімтал», با اساس «негізделген, сенімді», با ارزش «құнды», با استعداد «қабілетті, өнерлі», بااطلاع «хабардар болушылық, хабардар», با اعتبار «байсалды, тұлғалы, беделді», با انضبات «тәртіпті». Барлық келтірілген сын есімдер зат есімдерден жасалған, сондықтан да зат есіммен тікелей мағыналы байланысын сақтайды; тиісті көмекші сөзімен бірге با префиксі де мағыналы байланысын сақтайды. Алайда осындай сын есімдерден кейін артикль қолдану мүмкіндігі және де шырай түрлерінің шығу мүмкіндігі мен олардың изафеттік тізбекке қосылуы, олардан кейін басқа тәуелді сөздер жүргенде оларды жеке сын есім деп қарастыруға барлық себептер бар. Одан тұрақты құрылған болып көрінетін, ауыспалы мағына беретін сын есімдер жатады : با استخوان «табанды, берік, жігерлі, қайратты, терең, берік тамырлар жіберген (адам туралы)» (استخوان «сүйек»), با اشتها «тәбеті жақсы, пайдакүнем, ашкөз, дүниеқор» (اشتها «тәбет»).

Кейбір субстантивті сөздердің با префиксімен үйлесуі, сын есім мағынасынан басқа адвербиалды мағына да береді: با احتیات «сақ, құнтты» және «абайлап», با ادب «әдепті, сыпайы, тәрбиелі» және «әдеппен, сыпайы». Осындай түрде бірігіп құрылуы, бірінші кезекте, олардың мағыналарының теңдес болуында. Бәрібір де оларда туынды сөздердегідей біріккендік жоқ. با префиксінің тиісті көмекші сөзімен байланыста болуы олардың өтпелі болуына ықпал етеді, мысалы, با көмекші сөзімен субстантивті негіздің арасына сілтеу есімдігінің түсуі: با چنین اشتها «сондай тәбетпен», با ین ادب «сондай сыпайылықпен» және т. б.

به – сапалық сын есімдер жасайды: بخره «ақылды, даналы», بنام «әйгілі, атақты», بجا «орынды, ретті», بکار «жарамды, пайдалы, қолданулы». Алайда сын есімдер жасауда به префиксінің با префиксіне қарағанда қолданысы аз болып келеді. به префиксі үстеу жасау үшін де қолданылады.

بر – көбінесе етістік префиксі болып қолданылады; сын есім мен зат есім жасаған сөздері көп емес: برخا «тұрақты, төзімді», برحق «әділетті», برکناری «шеттеу, босату, жою», برنامه «бағдарлама».

— بی жұрнағы зат есімдерден сын есімдер жасайды, болымсыздық мағынасын береді: بی دین «сенімсіз, атеист», بی شمار «батыл, ержүрек, қорқынышсыз»,   بی باک «сансыз, өте көп».بی  жұрнағы зат есімге жиі болымсыздық мағынасын береді, ол кезде сөз деривациялы суффикспен жабдықталған болады: بی سامانی «кедейшілік, әлсіздік, тәртіпсіздік, абыржушылық» (سمان «байлық, әл-ауқат, тәртіп»), بی کنازی – بی گسستگی «үздіксіздік, үзіліссіздік, бірлестік».

نا (алломорф نه) префиксі сапаның немесе белгінің жоқтығын көрсетеді, яғни болымсыздық мағынасын береді. Зат есім, сын есім, үстеудің екі шақтарына да қосылады және етістіктің осы келер шақ негізіне қосылады:   ناکار «жарамсыз, қолдануға келмейтін», ناترس «ержүрек, батыл, қорықпайтын», ناشاد «қайғылы, шаттықсыз», نفهم، نافهم «түсініксіз, түйсігі аз», نسناش، ناشناس «таныс емес, бейтаныс, жат», نادرست «дұрыс емес», نابخرد «жетесіз, жөнсіз, ақылсыз», ناخوانا «анық емес, түсініксіз (жазу туралы)», ناخوانده «шақырылмаған» және т. б. Көп жағдайларда نه  және   ناпрефикстері бір-бірін ауыстыра алады.

هم жұрнағы бірлестікті, әріптестікті, теңдестікті, мерзімдестікті, қоныстықты білдіретін зат есім мен сын есімдер жасайды: هم راه، هم سفر «жолдас, сапарлас», هم سایه، هم خانه، هم چراغ، هم جوار «көрші, қоңсы, іргелес», هم درس «дәрістес, сабақтас, курстас», هم رنگ «реңдес», هم سن، هم سال «құрдас», هم زبان «тілдес», هم کار «қызметтес», هم وطن «отандас», هم اهنگ «үндес», هم خون «қандас».

Парсы тіліне енген араб тілінің بلا  және   لا( بی  жұрнағының لا болымсыздық шылауымен үйлесуі) болымсыздық шылаулары сөз тудыратын префикстерге айналды.

لا префиксі араб тілінің есімшесі және масдарларымен қосылып сын есім және үстеу жасайды: لاوارش «мұрагері жоқ», لاوصول «қайтымсыз», لامذهب «атеист».

بلا префиксі араб тілінің есімшесі және масдарларымен қосылып сын есім және үстеу жасайды: بلاصاهب «иесіз, иесі жоқ», بلامانع «кедергісіз, еркін, ерікті» және «еркінше, ерікше», بلافاصله «тез арада», بلاشرط «сөзсіз».

لا және بلا болымсыздық префикстері тек қана тікелей араб тілінен енген сөздерді ғана көрсетпейді, сонымен қатар парсы негіздеріне де қосылады: لاکردار «малғұн, қарғыс атқыр, жаман» (کردار «қылық», «іс-әрекет»), بلادرنگ «жедел, қауырт, асығыс» және «жеделше, қауыртша» (درنگ «баяушылық»), لاجان «арық».

Сын есім мен зат есім жасауда қолданатын тәсіл – аффиксацияны қорыта келгенде, сөз тудырушы негіздің орнында жай есім ғана емес туынды және күрделі есім негіздері де болуы мүмкін: ازمایشگر «экспериментші», ورزشی «спорттық, спортқа арналған», عقب افتادگی «артта қалушылық», دو اتشه «қуырылған, қызу, албырт».

Жартылай аффикстенген тәсіл

Осы кезге шейін парсы тілі сөзжасамында жартылай аффиксті жеке тәсіл ретінде қарастырған жоқ және де негізгі екі тәсілді ғана бөліп қарастырған – аффиксті тәсіл мен сөз біріктіру тәсілін. Жартылай аффикспен жасалған сөздерді күрделі сөздер қатарына жатқызған. Және иранистер арасында сөз жасам жүйесінде жартылай аффикстерді бөліп шығаратын тәсілдер мен белгілердің ортақ ойлары жоқ. Сөзжасам процесстерін зерттеу, жартылай аффиксацияның парсы тілінің лексикасын байытудағы мәнінің өсіп бара жатқанын айтады.

Жартылай аффикс арқылы жасалған сөзжасам өзінің мәні бойынша аралық түр болып саналады, ол өзіне екі негізгі тәсілді сіңіреді – аффиксті тәсіл мен сөз біріктіру тәсілін. Жартылай аффикстің моделімен жартылай туынды сөздердің өзгеше құрылымдық түрлері жасалады, олар аффиксті және күрделі сөздердің арасында аралық орын алады.

Лингвистикалық әдебиетте жартылай аффиксті «сөзморфемалары» деп те атайды. Жартылай аффиксті жолмен жасалған сөздерді «жартылай аффиксті» немесе «жартылай туынды» деп атайды. Осы сөздерге сәтті ат берген В.И.Месамед, оларды композитоидтар деп атады (Месамед 1984, 10 бет). Осы атпен, ол осындай лексикалық құрылымдардың күрделі сөздерге жақындығын көрсетеді.

Парсы сөзморфемалары есім және етістік жартылай аффикстерімен көрсетілген. Екеуі де сөз бен аффикс арасында аралық орын алады.

Жартылай аффикстер ішінде жай және блокты бөлінеді. Жай жартылай аффикстер – бұл морфологиялық блінбейтін суффиксті және префиксті түрдегі сөзжасам бірліктері. Блокты жартылай аффикстер етістіктің осы келер шақ негізі мен сөзжасам суффикстерінің үйлесімін көрсетеді. Сөзжасамның жартылай аффикстенген тәсілі парсы тілінде етістікті жартылай аффиксте кең өріс алды.

Семантикалық жағынан жартылай аффикстер күрделі сөздердің компоненттеріне жақын, яғни лексикалық морфемаларға, ал құрылымдық жағынан аффикстерге жақын.

Мөлшері жағынан етістік және есімді жартылай аффикстер аффикстенген морфемалардан әлде қайда көп. Қазіргі кезде жартылай аффикстенген тәсіл арқылы сөз жасау парсы тілінің сөздік қорын байытуда маңызды орындардың бірін алады. Жартылай аффикстенген тәсілді қлдану жаңа қоғамдық-саяси және ғылыми-техникалық терминдердің пайда болуымен байланысты. Етістік сөзморфемаларының мөлшерінің көптігіне байланысты парсы тіліндегі жартылай аффиксті тәсіл аффиксті тәсіл сияқты шексіз деуге болады. Сондықтан да жартылай аффиксті өзінің құрылымдық мағынасы жағынан және сөзжасам жүйесіндегі алатын орны жағынан оны аффиксті және сөз біріктіру тәсілімен қатар қоюға болады.

Етістіктен шыққан жартылай аффикстер. Жай етістікті жартылай аффикстер – етістіктің осы келер шақ негізінен пайда болған морфологиялық бөлінбейтін сөзжасам бірліктері. Олардың  лексикалық мағынасы болады, бірақ жеке дара қолданылмайды. Аффикстер көбінесе  абстрактылы семантикамен сипатталады, ал етістікті жартылай аффикстер негізінен нақтылы мағынамен сипатталады.

Жартылай аффикс мәліметтерінің жинағы бойынша, жай етістіктердің осы келер шақ негізі көбінесе жартылай аффикс рөлінде қолданылады. Сонымен қатар өте жиі жартылай аффикс мағынасы сол негізінен құрылған мағынасымен байланысты болады (Алиев 1985).

Композитоидтердің көп бөлігі әр түрлі жартылай аффиксті етістіктердің зат есім негіздеріне бірігуінен туады: زبانشناس «тілші» (زبان «тіл» + жартылай  аффикс شناس), شکم پرست «мешкей, тойымсыз», «тәтті тамақ» (شکم «іш» + жартылай аффикс پرست), چکش پذیر «шындалған, тапталған, шындауға жарайтын» (چکش «балға» + жартылай аффикс پذیر), نشاط بخش «қуандыратын, жігерлендіретін, көңіл көтеретін» (نشاط «қуаныш, шаттық» + жартылай аффикс بخش) және т. б.

Әлденеше сирек, композитоидтар мына үлгі бойынша жасалады «сын есім негізі + жартылай аффиксті етістік»: ریزسنج «микрометр» (ریز «ұсақ» + жартылай аффикс سنج), دیرین شناس «палеонтолог» (دیرین «ежелгі, көне» + жартылай аффикс شناس) және т. б.

Сөзжасамда жай етістіктердің осы шақ негізінен басқа префиксті және күрделі етістіктердің осы шақ негізі де қатысады.

Префиксті етістіктердің осы шақ негіздерінен көбінесе بردار жартылай аффиксі қолданылады (برداشتن – بردار етістігінің осы шақ негізі «көтеру, алу, алып кету»): حاک بردار «жер қазушы» (حاک «жер»), عکس بردار «суретке түсіруші адам» (عکس «фотосурет»).

Жартылай аффиксті күрделі етістіктердің бір қатар сөздерінің негізгі бөлігін, күрделі етістіктердің осы шақ негізі мен کردن  «істеу» етістігі құрайды: شیرگرم کن «сүт қыздырғыш» (گرم کردن – گرم گن  «жылыту, қыздыру» күрделі етістігінің осы шақ негізі), ماشین سوار کن «монтаж» (سوار کردن- سوار کن «жинау, құрастыру» күрделі етістігінің осы шақ негізі), مدادپاک کن «өшіргіш» (مداد қалам + پاک کن –      پاک کردن «тазарту» күрделі етістігінің осы шақ негізі)

Күрделі етістіктердің жартылай аффикстерін жай етістіктердің жартылай аффикстерімен салыстырғанда, олардың сөз жасауға деген қолданысы жиілік және қайталанатын сипат алмайды және күрделі етістіктің осы шақ негізінен туындаған жартылай аффикстер осы етістіктермен мағыналы байланысын тығыз сақтайды.

Композитоидтарды күрделі етістіктермен салыстыру, бізге туынды сөздердің екі категориясын бөліп қарастыруға мүмкіндік береді:

1) Күрделі етістіктерде сәйкестілігі жоқ жартылай туынды сөздер: شورانگیز «толқытатын, қоздыратын» (شور «толқу, қозу» + жартылай аффиксті етістік انگیز انگیختن- «арандату, қоздыру» етістігінің осы шақ негізі), زمین شناس «геолог, топырақ зерттеуші» (زمین  «жер» + жартылай аффиксті етістік  -شناس – شناختن «білу, тану» етістігінің осы шақ негізі);

2) Күрделі етістіктерде сәйкестілігі бар жартылай туынды сөздер: زحمتکش «еңбектенуші, еңбекқор» (күрделі етістікکشیدن  زحمت «еңбектену»), نکته گیر «тиіскіш, ұрысқақ», «сыншы» (күрделі етістік نکته گرفتن «сынау», «тиісу»).

Көбінесе жартылай аффикс бір мағына береді, бірақ бірнеше мағына беруі де мүмкін. Бір мезгілде етістік мағынасын және бір немесе бірнеше жаңа лексикалық мағына алатын жартылай аффикстер кездеседі.

Жартылай аффиксті етістіктердің көмегімен көбінесе зат есім мен сын есім жасалады. Жартылай аффиксті етістік өздігінен сөздің анық зат есім, не сын есімге жататынындығын көрсетпейді.

Қазіргі парсы тілінің өнімділігі көбірек жартылай аффиксті етістіктеріне:

دار (داشتن «бар болу» етістігінің осы шақ негізі). Көп жағдайларда зат есімдерге қосылады:تفنگدار  «мерген» (تفنگ «мылтық»), قالبدار «кірпіш салушы» (قالب «кірпіш жасайтын пішін»), کشودار «суырмасы бар» (کشو «суырма»), فضادار «кең, ауқымды» (فضا «кеңістік»), جاندار «тірі жан, жанды, тірі» (جان «жан»).

شناس (شناختن «тану, білу» етістігінің осы шақ негізі). Көбінесе зат есімдерге қосылады: کتاب شناس «кітапнамашы» (کتاب «кітап»), ویروس شناس «вирусшы, вирус зерттеуші адам» (ویروس «вирус»),شناس  هوا «метеоролог, аеролог» (هوا «ауа»), واژه شناس «лексиколог» (واژه «сөз»), خون شناس «гематолог» (خون «қан»), گیاه شناس «ботаник» (گیاه «өсімдік»). Жеке жағдайларда شناس сын есімдерге қосылуы мүмкін: انتیک شناس «антиквар» (انتیک «антикварлы»), زیبا شناس «эстетик, эстет» (زیبا «әдемі, сұлу»), باستان شناس «археолог», «антиквар» (باستان «көне, ежелгі»).

ساز (ساختن «құру, соғу, дайындау» етістігінің осы шақ негізі) зат есім негіздеріне қосылып құрылымы жағынан айқын композитоидтарды жасайды:زرساز  «алтын қол шебері» (زر «алтын»), ماشین ساز «машина құрушы, жасаушы» (ماشین «машина»), مبل ساز «жиһазгер» (مبل «жиһаз»), مد ساز «сәнгер» (مد  «сән»), دندان ساز «тіс жасаушы» (دندان «тіс»), فلز ساز «металл өндіруші» (فلز «металл»), کشتی ساز «кеме жасаушы» (کشتی «кеме»). ساز жартылай аффиксінің сын есімге де қосылуы мүмкін:راست ساز «түзеткіш» (راست «түзу, тура»), قلب ساز «жалған ақша жасаушы» (قلب «жалған, жасанды көшірілген»), ظاهر ساز «қулықшыл, өтірікші», «сырттай тартымды» (ظاهر «сыртқы»), تازه ساز «жаңадан салынған» (تازه «жаңа»). ساز жартылай аффиксі көбінесе адамның мамандығын білдіреді.

اور (اوردن «әкелу, жеткізу» етістігінің осы шақ негізі) тек зат есімдерге қосылады:خواب اور «ұйықтататын, ұйқыға баттыратын, іш пыстырарын» (خواب «ұйқы»), عرق اور «тер шығаратын» (عرق «тер»), ربح اور «табыс, кіріс әкелуші», «пайыз әкелуші» (ربح «табыс, кіріс», «пайыз), رنج اور «қиын», «жалықтыратын» (رنج «еңбек», «талпыныс»), رزم اور «жауынгер, батыл» (رزم «соғыс, шайқас, айқас»). اور жартылай аффиксі көп жағдайларда сын есімдер жасайды.

Етістіктердің жартылай аффикстерін қарастырған кезде, есімді сөзжасамда қатысатын етістіктің префикстенген блоктарын айтпай кетуге болмайды. Мысал үшін екі блокты алайық: زدودن) زدایی  «тазарту» етістігінен)- نمک زدایی «тұщыту, тұщыландыру» және گراییدن) گرایی «ұмтылу» етістігінен) –خرد گرایی  «рационализм». Бұл жартылай аффиксті блоктар атаушы негіздермен тікелей қосылып نمک «тұз» және خرد «ақыл» жартылай аффиксті есімдерді жасайды.

Ұқсас жартылай аффиксті сөздер есім негіздердің, етістікті жартылай аффикстердің және یای مصدری) ی) сөзжасам суффиксінің бірігуінен жасалады. Көп жағдайда екінші және үшінші элементтердің бірігуі қандай дәйектілікте жүргенін аңғаруға қиын болады: صابون پز «сабын пісіруші адам» немесе صابون پزی «сабын пісіру ісі»; زبانشناس «тілші» немесе زبانشناسی «тіл білімі».

Сөзжасам талғамын ыңғайландыру үшін қарастырған екі жағдайда екі блокты ажыратамыз: бірінші- шын блок- сөзжасамның көзқарасы бойынша құрамдас бөліктерге бөлінбейтін, ал екінші- шын емес блок (квазиблок)- екі бөлікке бөлінетін. Жартылай аффикстерді осындай түрде бөліп қарастыруға нақты сөзжасам талдауы  және берілген жартылай туынды сөздің қалай жасалғаны, қандай сөзжасам әрекетінің өнімі екендігі негіз бола алады. Бірақ көп жағдайларда бұны жасау өте қиын немесе мүмкін емес.

Барлық етістікті жартылай аффикстенген блоктар тек қана зат есімдер жасайды.

Екі жартылай аффиксті блокты қарастырайық: سازی және شناسی (сөзжасам талдауынсыз).

 سازی жартылай аффиксті блогы көп жағдайларда зат есім негіздеріне қосылады: جمله سازی «сөйлем құрылымы» (جمله «сөйлем»), بستنی سازی «балмұздақ өндірісі» (بستنی «балмұздақ»), قند سازی «қант пісірушілік» (قند «қант»), کود سازی «тыңайтқыш өндірісі» (کود «тыңайтқыш»). Бұл жартылай аффикс кейде сын есім мен үстеуге қосылады: نو سازی «жаңартушылық» (نو «жаңа»), باز سازی «қалпына келтіру, қайта туу» (باز «қайтадан»), خصوصی سازی «жеке кәсіпкерлік, жекешелендіру» (خصوص «жеке, жеке меншік»).

شناس жартылай аффиксті блогы зат есімдерге қосылып ғылымның, білімнің жеке салаларының аттарын жасайды; осы жартылай аффикс блогы арқылы жасалған көптеген терминдер батыс европа тілдерінің калькасы ретінде көрінеді: واژه شناس «лексикология» (واژه «сөз»), زیست شناسی «биология» (زیست «өмір»), زیبایی شناسی «эстетика» (زیبایی «сұлулық»), نمود شناسی «физиономистика» (نمود «сыртқы түр, құбылыс, феномен»).

Соңғы жылдарда иран баспасөз құрылымында салыстырмалы түрде аз қолданылатын етістіктердің өткен шақ негіздерінен туындаған жартылай аффиксті блоктары бар неологизмдер пайда болып жатыр, мысалы, زدایی (زدودن «тазарту» етістігінің осы шақ негізі) және گراییدن) گرایی «ұмтылу, беталысы бар» етістігінің осы шақ негізі): ثبات زدایی «тұрақсыздану» (ثبات «тұрақтылық»), استعمار زدایی «деколонизация» (استعمار «колонизация»), سنت گرایی «дәстүрлік» (سنت «дәстүр, салт»), خرد گرایی «рационализм» (خرد «ақыл, ес»), عرب گرایی «панарабизм» (عرب «араб») және т. б.

Жартылай аффиксті есімдер. Жартылай аффиксті есімдерге синтаксистік деңгейде жеке сөз ретінде тірегі жоқ, бірақ жаңа парсы тілінің бастапқы даму сатысында жеке сөздер ретінде қолданылған сөз элементтері жатады. Мысалы, کده сөзморфемасы жаңа парсы тілінің ерте кезінде «үй» мағынасындағы жеке сөз ретінде қолданылған, ал منش сөзморфемасы «ой, табиғат, қасиет» мағынасында.

Жартылай аффиксті етістіктерге қарағанда жартылай аффиксті есімдер көп емес және өнімділігі де аз. Сонымен қатар жартылай аффиксті етістіктер тек суффиксті түрінде болады, ал жартылай аффиксті есімдер – суффиксті және префиксті. Жартылай аффиксті есімдер жай және блокты болып бөлінеді.

Суффикс түріндегі (-مانند، -مان، -باشی، -کده، -گون، -منش، -گاه) және префикс түріндегі (شاه- ، گاو- ، خر- ، کم- ، پر- ) есімді сөзморфемалардың әр түрлі лексико-грамматикалық сипаттары бар, солардың негізінде олар жартылай аффиксті деривацияға қосылады.

Жартылай аффиксті есімдер синтаксистік деңгейде дербес қолданылатын сөздермен ұқсасатығы бар. Жартылай префиксті есімдерге айналудың жарқын мысалы ретінде پر «толы, көп, өте» және کم «аз, кіші» сөздері бола алады. Оларды жартылай аффикстерге жатқызудың бір белгісі – типтік сөзжасам үлгісіне қатысуы «پر- (немесе کم-) + зат есім». پر және کم элементтері қазіргі парсы тілінде жартылай туынды сөздердің құрамында және бөлек те қолданылады. Композитоидтарда олардың мағыналары әлсірейді және де олар қосылатын зат есімге құрылым және семантика жағынан тәуелді болады. Қызметі жағынан олар жартылай аффикстерге айналады.

Сонымен, жартылай аффиксті есімдерді есімді негіздерге кіретін (дербес немесе дербес емес) морфологиялық бөлінбейтін суффиксті және префиксті түрдегі сөзморфемалары ретінде және сөз тудыруда қатысатын белгілі құрылымды-семантикалық үлгілері бойынша анықтауға болады.

Суффикс түріндегі есім сөзморфемалары. Суффикс түріндегі сөзморфемаларына келесі жартылай аффикстер жатады: — کاری، — مانند، — ماب، — باشی، — گون، — کده، — منش، — گاه (блокты жартылай аффикстер).

  1. – گاه ең өнімді сөзморфемасы, жартылай туынды сөздердің құрамында «уақыт, орын» сөздерінің мағынасын сақтайды. Композитоидтарды жасауда көп жағдайда зат есімдерге қосылады: دانشگاه «университет» (دانش «білім»), تبعیدگاه «жер аудару орны, қуғын, сүргін орны» (تبعید «жер аудару, қуғын, сүргін»), درگاه «табалдырық», «терезе алды текшесі» (در «есік»),کارگاه «шеберхана, цех» (کار «жұмыс»), رصدگاه «обсерватория» (رصد «бақылау, қарау»), سحرگاه «таң, таң сәрі» және т. б.

Сын есімдерге – گاه жартылай аффиксі сирек қосылады: پنهان گاه жасырын орын, құпиялы пана (پنهان құпиялы, жасырын), قرق گاه қорық (قرق қол сұғылмайтын), گیخگاه самай (گیج аңқау, алаңғасар, шашыраңқы, ұмытшақ).

گاه жартылай аффиксі кейде етістіктің тұйық райына және жай етістіктердің осы шақ негіздеріне қосылады: جستن گاه «секіруге арналған трамплин» (جستن «секіру»), نشستنگاه «отыру орны, күрке, мекен, тұрақ» (نشستن «отыру»), بستنگاه «айлақ» (بستن «байлау»), باشگاه «клуб» (بودن – باش етістігінің осы шақ негізі), ایستگاه «аялдама, станция» (ایستادن – ایست етістігінің осы шақ негізі), گریزگاه «шығу, құтқару жолы, амал» (گریز – گریختن «қашу» етістігінің осы шақ негізі).

گاه жартылай аффиксі композитоидтың құрамында «орын» және «уақыт» мағыналарын сақтай отырып, жиі «орын» мағынасында кездеседі.

  1. «ой», «қасиет» мағынасындағы منش жартылай аффиксі өзінің дербестігін жоғалтты және қазіргі парсы тілінде дербес қолданылмайды. Жартылай туынды сөздерде бұл жартылай аффикс көбінесе «…болмысы бар», «…қасиеті бар», «… ұқсас», «…сияқты» мағыналарын береді. Өте жиі منش жартылай аффиксі сын есімдерге қосылады: ازاد منش «бостандық сүйгіш, еркіндік сүйгіш» (ازاد «еркін, азат»), بزرگ منش «игілікті, мейрімді, ақ көңілді» (بزرگ «үлкен»), راد منش «жомарт, ақ көңіл» (راد «жомарт»).

Бұл аффикс зат есімдермен қосылып композитоидтар жасайды: گدامنش «аласа», «жексұрын, ұсақшыл» (گدا «кедей, тіленші»), گرگ منش «қасқырлық мінезбен, екі жүзді» (گرگ «қасқыр»), سگ منش «ұрысқақ» (سگ «ит»). منش арқылы жасалған сөздер көбінесе адамның қасиетін білдіретін сын есімдер жасайды.

Осы жартылай аффикспен жасалған композитоидтар жиі صفت ) صفت қасиет, сапа) морфемасымен жасалған сөздермен синонимдес болады:

گرگ صفت = گرگ منش «қасқыр мінезді, қатал»;  ددصفت = دد منشаң тектес, қатал»; شیطان صفت = شیتان منش  «шайтандық, перілік»; بربر صفت = بربر منش «айуандық, жабайы» және т. б.

صفت морфемасы сөзжасам процестерінде منش жартылай аффиксі секілді белсенді қатысады. Бұлардың арасындағы айырмашылық, صفت дербес сөз бола алады, ал منش морфемасы өзінің тәуелсіз мағынасын жоғалтты. صفت сөзжасам морфемасының үлкен өнімділігі мен оның лексикалық мағынасын ескерсек, біз онымен жасалған сөздерді күрделі емес жартылай туынды деп қарастыруға барлық мүмкіндіктеріміз бар.

  1. – کده қазіргі тілде дербес қолданылмайды; ерте жаңа парсы тілінде бұл морфема «үй» мағынасындағы дербес сөз ретінде қолданылған. Көбінесе зат есімдерге қосылады: اتشکده «отқа табынушылардың мұнарасы» (اتش «от»), بت کده «пұтқа табынушылардың мұнарасы» (بت «пұт»), دانشکده «факультет» (دانش «білім»), میکده «ішімдік үйі» (می «шарап»), خم کده «шарап жер қоймасы» (خم «шарап сақтайтын ыдыс») және т. б. Тек қана зат есімдер жасайды.

— کده аффиксімен кездесетін жаңа жасалымдар аз: دانشکده «институт, факультет», هنرکده «көркемдік училище, өнер институты».

  1. گون «түс», «түр», «ұқсастық» мағынасындағы жартылай аффикс зат есімдер мен сын есімдерге қосылады: سیمگون «сұр» (سیم «күміс»), شبگون «түн сияқты күңгірт, қара түсті» ( شب «түн»), قیرگون «шайыр сияқты қара» (قیر «шайыр»), اذرگون «оттай, оттай қызыл» (اذر «от»), گلگون «ақшыл-қызыл, қызғылт, ал қызыл» (گل «гүл»), نیلگون «көк, көк-аспанды» (نیل «көк бояу»), سرخگون «қызыл түстес» (سرخ «қызыл»), سبزگون «жасыл түстес» (سبز «жасыл»). Бұл жартылай аффикс түс мағыналарындағы сын есімдер жасайды. – گونмен жасалған композитоидтарда жартылай аффикстің семантикалық мағынасы босайды және ол жалпылама мағынаға ие болады.
  2. – باشی түрік жартылай аффиксі (باش «бас» + — ی «ие болу» суффиксі) «үлкен», «басшы» мағыналарын береді. باشی Ауғаныстанның дари тілінде тек қана жартылай аффикс ретінде қолданылмайды, сондай-ақ «бригадир» дербес сөз ретінде қолданылады. (Киселева, Миколайчик 1986, 94 бет)

Зат есімдермен қосылып тек зат есім жасайды:حکیم باشی  «лейб-медигі» (حکیم «емші»), تاخرباشی «сауда басшысы, саудагерлер старостасы» (تاجر «саудагер»), پیشخدمت باشی «сарай қызметшісі» (پیشخدمت «қызметші, жалшы, малай»), قزاق باشی «қазақ офицері, жүз басы» (قزاق «қазақ»), غلام باشی «сарайдың үлкен малайы» (غلام «малай»). باشی суффиксі арқылы жасалған сөздер ескірген сөздердің қатарына жатады.

  1. – ماب араб тілінің жартылай аффиксі, араб тілінде «пана», «қайтып оралу орны» деген мағыналарын береді. Парсы тілінде бұл сөзморфемасы «біреуге еліктеуші», «біреуге ұқсас» мағыналарында қолданылады және зат есімдерге қосылады: فرنگی ماب «еуропашыл (еуропаға түгелдей берілген)» (فرنگی «еуропалық»), انگلیس ماب «англофил» (انگلیس «ағылшындық»), سیاست ماب «саясаткерлікпен айналысушы» (سیاست «саясат»), فیلسوف ماب «философиялық ойларды көп айтушы» (فیلسوف «философ»).
  2. – مانند өзімен مانستن «келу», «ұқсас болу» етістігінің – نده осы шақ есімшесінің қысқартылған формасын көрсетеді. Бұл форма مانند manand-e көмекші сөзінің құрылуына себеп болды. Есімді сөзжасамда «сияқты», «тәрізді» мағыналарында кең қолданылады: گازمانند «газ тәріздес» (گاز «газ»), کوه مانند«тау тәріздес, әйдік» (کوه «тау»), موج مانند «толқын тәріздес» (موج «толқын»), گنبدمانند «күмбез тәріздес» (گنبد «күмбез»), شیشه مانند «шыны тәріздес» (شیشه «шыны»).

Мысалдарға қарасақ берілген жартылай аффикстің үлкен семантикалық салмағы жоқ және өзінің барлық қасиеттерімен  суффикске жақын болып келеді.

  1. – کاری блокты жартылай аффиксі ( کار «жұмыс», «іс» + суффикс ی-یای مصدری): پنهان کاری «конспирация, конспиративті, жасырын қызмет» (پنهان «жасырын, құпиялы»), سوار کاری «атқа міну өнерлігі» (سوار «шабандоз, ат жүргізуші адам»), جوب کاری «таяқ соғулары», «ағаш өңдеу» (جوب «ағаш»), بهره کارش «табысты сауда» (بهره «табыс, пайда»), کتک کاری «төбелес, сабау» (کتک «соққы, сабау») және т. б. Жоғарыда көрсетілген мысалдар ی суффиксісіз мұндай мағыналар бермейді, сондықтан کاری — блокты жартылай аффиксінің бүтін сөзжасам бірлігі.

Блокты жартылай аффикстердің мөлшері көп емес. Солардың көмегімен жасалған сөздерге мына мысалдарды жатқызуға болады: گاومرگی «ірі малдың өлім-жітімі» (گاو «сиыр, бұқа» + жартылай блок مرگی), پدرشاهی «патриархат» (پدر «әке» + жартылай блок شاهی),مادرشاهی  «матриархат» (مادر «ана» + жартылай блок شاهی). Бұлай деп қарастыруға, *gavmarg, *pedarsah, *madarsah сөздері, یای مصدری) ی) суффиксін жалғауға болатын, парсы тілінде жоқ. Құрылымы жағынан  есімді жартылай аффиксті блоктар жай етістікті жартылай аффиксті блоктардан  аффикстерге қарағанда күрделі сөздер қатарына жақын.

Префикс түріндегі есім сөзморфемалары. Оларға گاو-، خر-، کم-، پر жәнеشاه-  жатады. Бұлардың ерекшелігі, барлығы қазіргі парсы тілінде дербес сөз ретінде де қолданылады, оған қарамастан солардың көмегімен құрылған сөздерді біз күрделі сөздерге жатқызбаймыз.

Сөзжасам қызметі мен композитоидтардың  құрамындағы семантикалық сипаттамаларына қарасақ жоғары көрсетілген жартылай преффикстерді екі топқа бөлуге болады: 1) پر- (پر «толы, көп, өте»),  کم- (کم «аз, кіші») және 2) خر) خر- «есек»), گاو- (گاو «бұқа»), شاه) شاه- «шах, патша»).

  1. Бірінші топты « پر- (немесе کم-) + зат есім» үлгісі бойынша жасалған көп мөлшердегі композитоидтар құрайды. Егер де کم жәнеپر қолданысын дербес сөздер және жартылай префиксті есімдер ретінде салыстырсақ, олардың қолдану жиілігін бірінші не екінші жағдайда аңғару қиынға түседі. Алайда композитоидтардың құрамында бұл сөздердің тура лексикалық мағыналары босайды, олар қосылатын зат есімге тәуелді болады және қызметі жағынан жартылай аффикстерге айналады.

پر- жартылай префиксі зат есім негіздеріне қосылып сын есімдер жасайды, қандай да бір сапаның көп мөлшерде екенін және белгінің қарқындылығын көрсетеді: پرجمعیت «адамдарға толы, халқы көп жер» (جمعیت «халық, ел»), پراب «суы көп, суға толы, шырынды» (اب «су, шырын»), پرپهنا «кең, кең ауқымды» (پهنا «ен, кеңдік»), پردوام «ұзақ, ұзаққа созылған» (دوام «төзімділік, ұзақтық»), پرجگر «батыл» (جگر «бауыр»), پراب و تاب «ашық, ашық түсті, бояулы» (اب و تاب «әдемілік, жарқыл») және т. б.

Кейде پر- жартылай префиксі сын есімдермен бірігеді, олардың сапалық белгісін күшейтеді: پرواضح «мүлтіксіз анық, мүлтіксіз айқын» (واظح «анық, айқын»), پردور «өте алыс» (دور «алыс»).

پر- жартылай префиксі жасалатын сын есімдерге жоғары немесе шеткері сатыдағы сапаның, белгінің байқалуын айтуы мүмкін: پرخطر «өте қауіпті» (خطر «қауіп»), پراستعداد «өте қабілетті» (استعداد «қабілет»), پرزور «өте күшті, мықты» (زور «күш»), پرپول «аса бай» (پول «ақша»).

کم- жартылай префиксі зат есім негіздеріне қосылып сын есім жасайды. Белгінің немесе қасиеттің аз мөлшерде байқалуын, әлсіреуін көрсетеді: کمزور «мықты емес, күші аз» (زور «күш»), کم عقل «кемақыл, ақылды емес» (عقل «ақыл»), کم سال «қаршадай, жас» (سال «жыл»), کم اب «суы аз, құрғақ» (اب «су»), کم پهنا «тар, кең емес» (پهنا «кеңдік»), کم ارتفاع «аласа, ұзындығы азғантай» (ارتفاع «ұзындық») және т. б.

Мағынаның кеңеюі және сөзжасамдық пішіндену процесі басқа да қысқа сын есімдерді қамтиды. Мысалы, خوش «жақсы», «ұнамды», به «жақсы», «жақсырақ» сын есімдері композитоидтарда жартылай префиксті элементтер сияқты жиі қолданылатын болады: خوش اواز «жақсы, дауысы ұнамды», خوش اب «таза сулы (қымбат тас туралы)», خوشبو «хош иісті, аңқитын», خوش قلب «ізгі, мейірбанды», بهروز «бақытты», بهنام «жақсы атын қолданатын, жақсы даңқ, жақсы ат», بهداشت «санитария, гигиена», بهزیستی «сәтті өмір» және т. б.

  1. Жартылай аффиксті есімдердің екінші тобын شاه-، گاو-، خر- құрайды, шығу мағыналары әр түрлі болғанымен олар бірге қарастырылады. Өйткені жартылай туынды сөздердің құрамында солардың бірінші компоненттері ретінде олар шамамен бірдей мағыналарға ие болады – «үлкен», «әйдік», «басты», «негізгі». Бұл мағыналар парсы-тәжік классикалық әдебиет тілінен пайда болған.

Қазіргі тілде شاه-، گاو-، خر- жартылай префиксті есімдер аз өнімді болғанымен, олардың көмегімен жасалған сөздердің мөлшері көп және де олар осы уақытта әр түрлі білім, өмір, тұрмыс-салт салаларында қолданылады: خرمگس «бөгелек, оқыра» (مگس «шыбын»), خرموش «егеуқұйрық» (موش «тышқан»), خرگوش «қоян» (گوش «құлақ»), خرچنگ «шаян» (چنگ «қысқыш, шымшуыр»), خرپول «қалтасы қалың, ақшалы қата» (پول «ақша»), گاوصندوق «сейф, күймейтін шкаф» (صندوق «сандық, жәшік»), گاوچاه «терең құдық» (چاه «шұңқыр», «құдық»), شاه راه «бас көтерер, тракт, тас жол» (راه «жол»), شاه سیم «кабель» (سیم «сым»), شاهرود «үлкен өзен» (رود «өзен»), شاه لوله «магистральды су құбыры» (لوله «құбыр»), شاهکار «асыл, керемет», «шығарма» (کار «жұмыс») және т. б.

Жоғарыда қарастырылған жартылай аффиксті есімдер мен етістіктер, оларға тән қасиеттер және бастысы олардың көмегімен қалыптасқан үлгі бойынша жасалған жартылай туынды сөздердің стандартты мағынаны білдіруі жартылай аффиксацияны сөз біріктіруден ажыратады және оны парсы тілі сөзжасамының дербес тәсілі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

 

2.2. Сөз біріктіру (негіз біріктіру).

 

Сөзжасам зерттеушілерінің алдында тұратын бірінші мәселе мынандай сұрақпен сәйкес келеді: нақты берілген сөзжасам тәсілі бойынша жасалған күрделі сөз мағынасын қалай түсінуге болады және кез-келген күрделі сөздер сөзжасам нәтижесінде пайда бола ма?

Күрделі сөзді және оның танымдық белгілерін анықтау тікелей сөзжасам тәсілдеріне немесе оның тарихы шығу жолдарына тәуелді емес. Өйткені тілдің «үстіңгі қабатында» күрделі сөздердің үлкен құрылымды-семантикалық айырмашылықтары бар, оларды морфемалар, жай және туынды сөздер, тұрақты сөз тіркестері және сөйлемдерден құрылым тәсілі бойынша емес морфемді және әсіресесөзжасам талдауының көмегімен шығаруғаболатын дифференциалды белгілері бойынша ажыратуға болады.

Күрделі сөздердің белгілері туралы әр түрлі тілдерде көп еңбектер жазылған. Бұл белгілерді әдетте күрделі сөздердің құрылым аймағында, олардың семантикасы мен синтагматикасында, просодикалық сипаттамасында  және тағы басқада аңғарады. Алайда бірқатар белгілердің әр түрлі жүйелі тілдерде ортақ болғанымен белгілерді бір тілден екінші тілге өткізу мүмкін емес.

Парсы тіліндегі күрделі сөздің белгілерін жоғарыда аталған сөзжасамдық талдау әдісі бойынша шығарып көрейік.

Бір сөздің ішінде екі немесе одан да көп лексикалық морфемалардың бірігуі грамматикада сөз біріктіру деп қарастырылады. Осындай сөзжасам әрекеті нәтижесінде өзімен лексикалық бірліктердің бинарлы (кейде үш мүшелі немесе көп мүшелі) бірігуін көрсететін күрделі сөз туады, олардың әрқайсысы көбінесе тілде еркін қолданылатын сөздер: کتابخانه «кітапхана» (کتاب «кітап» + خانه «үй»), مارماهی «жыланбалық» (مار «жылан» + ماهی «балық»), شترمرغ «тырна» (شتر «түйе» + مرغ «тауық»), رنگین کمان «кемпірқосақ» (رنگین «түрлі түсті» + کمان «садақ, доға, иін»), جانماز «намаз оқитын кілемше» (جا «орын» + نماز «намаз»), رفت و امد «қозғалыс» (сөзбе-сөз: «кеткен және келген»), دادوستاد «сауда» (сөзбе-сөз: «берген және алған»).

Күрделі сөздерге лексикалық морфемалардың бірігуі де жатады, олардың (немесе олардың бірігуінің) еркін синтаксистік қолданысы болмайды: شستشو «жуыс» (етістіктің өткен шақ негізі شست + و «және» +  شستن «жуу» етістігінің осы шақ негізі شو),     شیک و پیک «тамаша, әдемі, көрнекті» (شیک «тамаша» + و «және» + аллитерирлік қайталау پیک), پخت و پز «дайындық, әзірлік» (پخت «пісіру» + و «және» + پختن «әзірлеу» етістігінің осы шақ негізі پز), رفت و روب «сыпырушылық» (رفت «сыпырушылық» + و «және» + رفتن «сыпыру», «жинау» етістігінің осы шақ негізі روب).

Күрделі есімдерді жасауда жиі интерфикстер – лексикалық морфемаларды біріктіретін тілдің сөзжасам құралдары қолданылады. Л.С.Пейсиков оларды байланыс морфемалары деп атап, олардың тиянақты мағына бермейтінін және тек «бос» функция байланысын атқаратынын ескереді (Л.С.Пейсиков 1973, 16 бет). Ол интерфикстің екі түрін ажыратады: 1) Копулятив түріндегі күрделі сөздердің морфемаларын біріктіретін және синтаксистік деңгейдегі байланыстырушы қызметші сөздерде ұқсастығы жоқ интерфикстер және 2) Әр түрлі құрылымды күрделі сөздердің құрамына кіретін және синтаксистік деңгейдегі байланыс- қызметші сөздермен сырттай тепе-тең келетін жалғаулықтардан, предлогтардан, изафеттерден шыққан интерфикстер.

Бірінші түрдегі интерфикстер тек салалас сипаттағы күрделі сөздерді жасайды: ا –a- интерфиксі- رنگارنگ «түрлі түсті, шұбар» (رنگ «түс»), سراسر «барлығы, басынан аяғына дейін» (سر «бас, басы, аяғы»); وا –va- интерфиксі- کشواکش «қиыншылықтар, ауыртпалықтар», «күрес, қақтығыс» (کشیدن — کش «сүйрету» етістігінің осы шақ негізі), جورواجور «түрлі, әр түрлі» (جور түр); -е- интерфиксі- گفتگو «әңгіме, сөз» (گفتن етістігінің өткен шақ негізі گفت және осы шақ негізі گو), جستجو «іздеу» (جستن етістігінің өткен шақ негізі جست және осы шақ негізі جو); مه –me- интерфиксі- خل مه خلی «ақымақ, ақылсыздықпен», «орынсыз» (خل «кемақылдылық», خلی «албырт, аңғалдық, көзсіздік»), شل مه شلی «босаң, әлсіз, нашар, бос» (شل «әлсіз, босаң», شلی «әлсіздік, босаңдық»). Интерфикстер арқылы жасалған күрделі сөздер зат есімдердің, етістіктің өткен және осы шақтарының бірігуін көрсетеді. Мысалдарға қарағандай бірдей негіздер бірігеді.

Екінші түрдегі интерфикстер жалғау, предлогтарды және изафет элементтерін қосады: و –o-, و –vo-, به –be-, در –dar-, اندر –andar-, تا –ta-, بر –bar-, تو –tu-, -e-. Олардың көмегімен құрылған күрделі сөздер компоненттер арасында басыңқы және бағыныңқы қатынаста болуы мүмкін.

و –o-, و –vo- интерфикстері копулятивтер жасайды: پشم و نخ «жартылай жүнді мата» (پشم «жүн, түк» + و o «және» + نخ «мақталы мата»), رفت و آمد «қозғалыс» (رفت «кеткен» + و о «және» + آمد «келген»), آب و رنگ «су бояу» (آب «су» + و о «және» + رنگ «бояу»), شسته و رفته «таза, жуылған» (شستن – شسته етістігінің өткен шақ есімшесі «жуу» + و vo «және» + رفتن – رفته етістігінің өткен шақ есімшесі «сыпыру») және т. б.

-o-/-vo- интерфикстерімен күрделі сөздердің копулятивтерін және –o-/-vo салалас жалғаулармен копулятивті тұрақты сөз тіркестерін ажырату семантикасы мен құрылымның жақындығына байланысты қиындықтар туғызады. Сондықтан бұл бірліктердісалалас жалғаулармен копулятивті тұрақты сөз тіркестерін ажырату семантикасы мен құрылымның жақындығына байланысты қиындықтар туғызады. Сондықтан бұл бірліктердің арасында шекара орнату талабы болды. (Рубинчик 1981, 75-91 бет).

Басқа интерфикстер күрделі сөздерді жасайды, олардың құрылымы сөз таптары арасында бағыныңқылы қатыныстарды көрсетеді. Лексикалық негіздері қайталанып жүретін композиттер кең өріс алды, олар бір-бірімен көмекші сөз түріндегі интерфикстер арқылы байланысады: دیواربدیوار «көршілес, жақын арадағы» (دیوار «қабырға»), پی درپی «үзіліссіз» (پی «табан, із»), دربدر «үйсіз, кезбе, қаңғыбас» (در «есік»), خرتوخر «тәртіпсіздік, былық» (خر «есек»). Интерфикстермен мұндай қайталану сөз тіркестерінің лексикалану жолымен жасалған сөздердің арасында қарастырылады.

Компоненттер арасындағы мағыналы қатынасына қарай күрделі есімдер екі түрге бөлінеді: 1) екі элементтің семантикасы тең құқылы болып келетін салалас түріндегі күрделі сөздер; 2) детерминатив түріндегі күрделі есімдер, ондағы бір элемент екіншісіне мағына жағынан тәуелді болады: анықтайды, түсіндіреді және толықтырады.

Салалас түріндегі күрделі есімдер (копулятивтер). Компоненттердің қатынас сипатына қарай копулятивтер  салалас сөздердің үйлесіміне, редупликацияға және синонимдік сөз қатарына ұқсас. Олардың компоненттері тең құқылы семантикалық элементтер.

Кейбір жағдайларда бір интерфикстің екіншісіне ауысуы рұқсат етіледі (گفتگو goftogu = goftegu «әңгіме», جستجو jostoju = josteju «ізденіс», دورادور dowradowr = دورتادور dowrtadowr «айнала» — دور «дөңгелек») немесе интерфикстің түсіп қалуы (کت وشلوار kotosalvar = کت شلوار kotsalvar «костюм-шалбар» — کت «костюм, бешпент», شلوار «шалбар», تاریک وروشت tarikorowsan = تاریک روشن tarikrowsan «ымырт, алакөлеңке, алагеуім» — تاریک «күңгірт, қараңғы», روشن «жарық»).

Копулятивтерде зат есімдердің интерфикссіз бірігуі мүмкін: آفتابه لگن  «құмыра мен леген» (тамақ жеу алдында және кейін қол жуу үшін). Күрделі сөздердің копулятивтеріне әр түрлі есімдер мен етістіктердің өткен шақ есімшелерінің редупликациялары жатады – бірдей лексикалық негіздердің қатарласу жолымен бірігуі: راه راه «ала» (راه «жолақ, алқап»), خانه خانه «торлы» (خانه «тор», «төртбұрыш»), سوراخ سوراخ «тесік» (سوراخ «жыртық, тесік»), رفته رفته «бірітіндеп, ақырындап» (رفتن – رفته ет. өткен шақ есімшесі «жүру, кету»), جسته جسته «аз-аздап, бірте-бірте» (جستن – جسته ет. өткен шақ есімшесі «секіру»).

Копулятивтер санына сөйлеу тіліне тән аллитерирлік немесе ұйқастық үйлесімдерін жатқызу керек. Олар дербес сөздің лексикалық мағынасы жоқ, тек ұйқастық қайталану болып табылатын элементімен бірігуі арқылы жасалады (ساخت و پاخت «келісім» — ساخت «келісім», شیک و پیک  «сәнді, салтанатты, әдемі» شیک «керемет»; پاره پوره «жыртылған» — پاره «жыртып тасталған», خرج و برج «шығындар» — خرج «шығын») немесе өздігінен алғанда лексикалық мағынасы жоқ екі ұйқас элементтердің бірігуі (خرت و پرت «ескі-құсқы», خرج و مرج «тәртіпсіздік, анархия»).

Детерминатив түріндегі күрделі есімдер. Детерминативті тіркесте күрделі сөздің құрамды бөлшектері бірін-бірі анықтап, толықтырып тұрады. Мұндай түрдегі күрделі сөздерде компоненттердің біреуі екінші компоненттің детерминаторы (анықтаушысы) болып табылады. Күрделі сөздің ішінде детерминатор жиі бірінші орында болады. Екі есім, етістік негізі ешбір дәнекерсіз тіркесіп, күрделі сөздер жасайды. Олардың мынандай түрлері бар:

  1. Біріккен екі зат есімнен: سیمان «сынап» (سیم «күміс» + آب «су»), بادرنگ «қияр» (باد «жел» + رنگ «рең»), کارخانه «кәсіпорын» (کار «жұмыс» + خانه «үй»), سال جشن «жылдық мереке» (سال «жыл» + جشن «мереке»), سالنامه «күнтізбе», «альманах» (نامه «хат, шығарма»), گلبرگ «гүл жапырағы» (گل «гүл» + برگ «жапырақ»), خردل «қорқақ» (خر «есек» + دل «жүрек», «жан»); چاپخانه «баспахана» (چاپ «баспа, басылым»).
  2. Сын есім мен зат есімнің бірігуінен:سفید آب «әк» (سفید «ақ» + آب «су»), سیاه چشم «қаракөз» (سیاه «қара» + چشم «көз»), خوشحال көңілді (خوش «жақсы» + حال «қал-жағдай»), کورفهم «түйсіксіз, топас» ( کور «соқыр» + فهم «түсінушілік»),چابک دست «епті, тәсілқой» (چابک «епті, шапшаң» + دست «қол»), گرمخانه «жылыжай» (گرم «жылы» + خانه «үй»), خرده مالک «ұсақ меншік иесі», «ұсақ жериеленуші» (خرده «ұсақ» + مالک «меншік иесі», «ірі жер иеленуші»);
  3. Зат есім мен сын есімнің бірігуінен туған күрделі сөздер: قد کوتاه «кішкентай бойлы, аласа» (قد «бой» + کوتاه «қысқа»), دست کج «қолы таза емес, ұрылау» (دست «қол» + کج «қисық»), دست و دل پاک «таза», «шынайы» (دل «жүрек» + پاک «таза»), ساقه کوتاه «қысқа сабақпен» (ساقه «сабақ» + کوتاه «қысқа»). Әдетте «зат есім + сын есім» моделі бойынша құрылған детерминативтерде компоненттер арасында изафет те болмайды және сын есім ретінде шығады. Лексикалық изафеттік сөз тіркестерінен басты айырмашылығы осында.
  4. Сан есім мен зат есімнің тіркесіне сын есім немесе зат есім жасалады: چهارپا «мал», «шаруа» (چهار «төрт» + پا «аяқ»), دودل «тербелу, теңселу», «екі ойлы болу» (دو «екі» + دل «жүрек»), چهار دست و پا «еңбектеп (жүру)», چهار زبان «мылжың» (زبان «тіл»), دو روزه «он күндік».
  5. Зат есім мен сын есімнің осы шақ негіздерінен күрделі зат есім жасалады: کارکن «қызметші» (کار «жұмыс» + کردن– کن «істеу» етістігінің осы шақ негізі), کفگیر «кәпкір» (کف «көбік» + گرفتن- گیر «алу» етістігінің осы шақ негізі).
  6. Зат есім мен етістіктің өткен шақ негіздерінен күрделі зат есімдер жасалады: درآمد «кіріс, пайда» (در «есік» + آمدن- آمد «келу» етістігінің өткен шақ негізі), قرارداد «келісім, шарт» (قرار «шешім» + دادن- داد «беру» етістігінің өткен шақ негізі).

Кейбір детерминативті күрделі сөздерде компоненттердің кері айналуы рұқсат етіледі. Мысалы, سفید ریش «ақсақал, шал» (سفید «ақ» + ریش «сақал»), تنگدل «қайғылы, мұңды» (تنگ «тар» + دل «жүрек», «жан»), گشاده دست «жомарт, кеңпейілді» (گشاده «кең», «ашық» + دست «қол») сөздері бұрынғы мағынасын сақтай отырып компоненттерінің орнын ауыстыра алады – دلتنگ، دست گشاده، ریش سفید. Бұл соңғы мысалдарда бірінші орында зат есім, ал екіншісінде сын есім болғанына қарамастан олардың араларында изафеттік көрсеткіш пайда болмайды. Осымен олар лексикалық изафетті сөз тіркестерінен айрықшаланады.

Жоғарыда копулятивті және детерминативті күрделі сөздердің басты модельдері қарастырылды. Тілде мұндай модельдер көп және олардың барлығы парсы тілінің сөзжасам жүйесінде қарастырылуы керек. «Грамматикада» қаралған модельдер есімді сөз таптарының лексико-грамматикалық құрылымын тереңірек түсіну үшін қызмет жасауы қажет.

 

2.3. Сөз тіркестерінің лексикалануы.

 

Сөз тіркестерінің лексикалануы дегенде синтаксистік сөз тіркестерінен фразиологиялық сөз тіркестерінен жасалуы емес, лексикалық негіздер үйлесімінің дербес күрделі сөзге айналуын түсінеміз. Лексикалану кезінде еркін және тұрақты сөз тіркестер күрделі сөздерге айналады, олар өздерінің компоненттерінің фонетикалық және лексико-семантикалық тығыз байланысымен сипатталады.Кейде жеке сөздер де лексикалануға ұшырайды.

Кейде күрделі сөздердің мағынасы өзінің құрамындағы сөздердің тікелей мағынасынан құралмай, бөлек, басқа бір ұғымды білдіреді, олардың бірлік жігі ажырамайды, құрамындағы бір сөзді басқа бір сөзбен ауыстыруға келмейді. Мысалы: خر در چمن «көргенсіз», «дөрекі» (сөзбе-сөз: есек көгалда), دست و پا شکسته «қалай болса солай», «белінен басу» (сөзбе-сөз: қол-аяғын сындырып), هیچ مدان «надан, топас» (сөзбе-сөз: түк білме). Осы тәрізді тұйық күрделі сөздер (тұрақты тіркестер) идиома деп аталады.

Кейбір парсы мақал-мәтелдерінің өздерінің беретін мағынасы ондаған сөздердің тікелей мағынасына қатысты болмай, басқа мағынаны білдіретін жағынан, кейде жалаң, кейде басқа күрделі сөздерге синонимдес болып келуі жағынан идиомалық тіркестерге жақын. Мысалы: آب در دیده ندارد – көзінде су жоқ, яғни ұятсыз; آب را زیر هفت طبقه زمین می بیند – жеті қабат жердің астынан су көреді, яғни білмейтіні биттің астында, бәрін біледі; خرش از پل گذشت – есегі көпірден өтті, яғни есегі лайдан өткенше, қу ала аяқ.

Күрделі сөздердің бір ұғымының атауы ретінде жұмсалуын, бүтін бір сөзге айналуын лексикалану деп атадық. Лексикаланған тіркестерге сөздердің бастапқы мағыналары көмескіленбейді,әлсіремейді. Парсы тілінде бұл құбылыс изафеттік тіркестерде көбіне изафеттің түсіп қалуы арқылы жасалады. Мысалы: راه آهن «темір жол», رئیس جمهور «Республика Президенті», رئیس دانشکده «декан», آب جشم «ұят», آبجو «сыра», سیب زمینی «картоп», آب رو «абырой, ар, намыс», مرغابی «үйрек». Сөйлеу кезінде жоғары көрсетілген сөздерде изафет қайтып орнауы мүмкін, онда олар сол мағыналарын сақтап изафеттік сөз тіркестеріне айналады.

Сөз тіркестерінің қабыса байланысуы негізінде пайда болған күрделі сөздер. Оларға сөз тіркестерінің екі түрі жатады.

  1. Сілтеу есімдіктерінің این «осы», آن «анау», همین «осы сол», «осындай», همان «сондай», сұрау есімдігінің چه؟ «қандай?», жалпылау есімдігінің همه «бәрі, барлығы», белгісіздік есімдігінің هر «әркім, әрқайсысы, әрбір» зат есімдерімен тіркесуі طور «тәсіл, әдіс», «бейне», گاه «уақыт», گونه «бейне», «тәсіл», «түр», «жол», قدر «мөлшер», «өлшем, ұзындық». Бір сөз жасап, бұл компоненттер лексикалық негіздің соңғы буынына түсетін бас екпінімен бірігеді. Олардың адвербиалды немесе адъективті мағыналары болады немесе бір уақытта екеуі де болады: آنطور «солай, солайша», همینطور «тура солай», چطور «қалайша? қалай? қандай?», آنگاه «сонда, сол уақытта», «кейін, сосын», همه گونه «әр түрлі, түрлі», «әр қалай» және т. б.
  2. Сан есімдерінің зат есімдерімен тіркесуі. Семантикалық тұтастықтан басқа олардың соңғы компонентінің соңғы буынында бас екпін болады, бұл оларды сәйкес келетін сөз тіркестерінен ерекшелейді:

سه گوشه «үшбұрыш»           және       سه گوشه   «үш бұрыш»

چهارراه  «қиылыс»               және           چهار راه   «төрт жол»

چارپا      «жануар»               және           چار پا       «төрт аяқ»

هزارپا     «қырықаяқ»           және           هزار پا      «қырық аяқ»

چلچراغ   «аспа шам»            және           چل چراغ   «қырық шам»

دورو      «екібеткей»            және           دو رو       «екі бет»

Фразеологизмдерге емес, күрделі сөздерге көптеген یک «бір» сан есімімен зат есімдердің тіркесуі жатады. Сын есім мен үстеу ретінде қолданып олар  ортақ екпіннен басқа жаңа лексикалық және бөлек бір категориялық мағына береді: یکدانه «біреу, жалғыз», «қымбатты, сүйікті», یکدل «ынтымақтас, бір ауызды», «шынайы, тура», «бір ауыздан», یکرنگ «бір түсті», «шынайы, ашық, аңқылдақ», یک زبان «ынтымақтас, бір ауызды», «ынтымақша» және т. б.

Көмекші сөзбен зат есімдердің сөз тіркестері негізінде жасалған күрделі сөздер: پابرجا «орнықты, тұрақты» (پا «аяқ» + بر «үстінде» + جا «орын»), پا در هوا «тұрақты емес, негізделмеген» (پا «аяқ» + در «ішінде» + هوا «ауа»), خانه بدوش «қаңғыбас, үйсіз» (خانه «үй» + به «үстінде» + دوش «иық»), خلقه به گوش «құлдай берілген, құл, еркінсіз» (خلقه «сақина» + به «ішінде» + گوش «құлақ»), دست اندرکار «білетін, жетік білетін, білгір, маман» (دست «қол» + اندر «ішінде» + کار «жұмыс»),خردرچمن «жағымсыз, ұнамсыз (өлең айту туралы)», «тәртіпсіздік, азан-қазан» (خر «есек» + در «ішінде» + چمن «шалғын, жайылым»), دست بدهن «азбен қанағаттанатын, кедей» (دست «қол» + به «ішінде» + دهن «ауыз») және т. б. Осы сөздердің көбісі сөйлеу тіліне жатады.

Компоненттерінің қатынасы бойынша күрделі сөздер сырттай предикаттық сөз тіркестерімен, бір мүшеден және екі мүшеден құралған сөйлемдерімен ұқсас. Бір лексикалық бірлікке бір топ сөздердің ұласуы сияқты болады. Осыдан барып біріккен сөздер деген күрделі сөздердің ұғымы пайда болады. Өте жиі ұласудың соңғы компоненті жекеше түрдегі бұйрық райының формасымен берілген: هیچ مدان «надан (сөзбе-сөз: «дымбілмес»)», راحت باش «демалыс, үзіліс» (сөзбе-сөз: «тыныш бол»), آماده باش «әскери дайындалған жағдай» (сөзбе-сөз: «дайын бол»), آتش باش «бітім, татуластық» (сөзбе-сөз: «отты қой»), مرافراموش مکن және فراموشم مکن «ботакөз» (сөзбе-сөз: «мені ұмытпа»), بگومگو «даулар, келіспеушіліктер» (сөзбе-сөз: «айт-айтпа»).

Кейде мұндай түрдегі күрделі сөздердің компоненттері арасында و –о- интерфиксі болады, бұл копулятив түріндегі күрделі сөздерді еске түсіреді: کجدارومریز «бұлтару» (сөзбе-сөз: «қисық ұста және төкпе»), بزن وبکوب «төбелес» (сөзбе-сөз: «ұр және соқ»), بخورونمیر «тапшы, болмашы, тым аз, маңызсыз» (тамақ туралы; сөзбе-сөз: «же де өлме»), بریزوبیاش «ысырапқорлық, шашпалық» (сөзбе-сөз: «құй және сеп»).

Тұрақты және еркін етістікті сөз тіркестерінен туындаған күрделі сөздер — өткен шақ есімше. Нәтижесінде күрделі сөздердің екі түрі пайда болады.

  1. Күрделі етістіктер негізіндегі бинарлы тұрақты етістікті сөз тіркестерінен туындаған күрделі сөздер: شکست خورده «жеңіліс жәбірленуші, сынған, жеңілген» (күрделі етістікشکست خوردن «жеңіліс тапқан», «сәтсіздікке ұшыраған», «құлау (экзаменде)»), تعلیو دیده «үйретілген, оқытылған» (күрделі етістік تعلیم دیدن «оқу, үйрету, жаттықтыру»), تقدیم شده «жеткізілген, тапсырылған» (күрделі етістік تقدیم شدن «жеткізу, тапсыру», «сыйланған»), آبدیده «суланған», «шыңдалған», «сыналған» (күрделі етістік آب دیدن «сулану, дымқылдану, судан дақ, із қалдыру»), از خود گذشته «жанкешті, аянбайтын» (күрделі етістік از خود گذشتن «өзін құрбандыққа шалу»), از قلم افتاده «жіберілген (хатта)» (күрделі етістік از قلم افتادن «жіберілген болу») және т. б. Өткен шақ есімшеге қарағанда (оларда бас екпін күрделі етістіктің атаушы бөліміне түседі) туындаған күрделі сөздерде екпін есімше формасының соңғы буынына түседі.
  2. Етістік фразеологизмдерімен ара қатынас жоқ еркін сөз тіркестер және тіпті сөйлемдер негізінде туындаған күрделі сөздер. Бұлардың ішінде тек кейбіреулері сыртынан күрделі етістіктердің өткен шақ есімшесіне ұқсайды. Негізінен олар күрделі етістіктер сатысынан өтіп белгілі бір құрылымды үлгі бойынша жасалған:زلزله زده «жер сілкінісінен жәбірленген» (زلزله «жер сілкінісі» + زدن – زده «ұру, соғу» етістігінің өткен шақ есімшесі), وخشت زده «қорыққан, шошынған» (وخشت «қорқыныш» + өткен шақ есімше زده ), هجران زده «айырылыстағы, айырылған» (هجران «айырылыс» + өткен шақ есімше زده). Л.С.Пейсиков مادرمرده «жетім, анасын жоғалтқан» күрделі есімше формасын بچه ای که مادرش مرده بود «шешесі қайтыс болған бала» сөйлемінің трансформасын көрсетеді деп ескереді.

Еркін сөз тіркесі кезінде соңғы есімше формасымен күрделі сөздің туындауына лексикаланған жасалым мысал бола алады: تازه بدوران رسیده «секіріп салма» (сөзбе-сөз: «жақында дәуірге жеткен»).

Транспозиция (аффиксіз сөзжасам).

Транспозиция – бұл жаңа сөздердің аффикстің және жартылай аффикстің көмегімен ұқсас негіздерден жасалатын сөзжасам тәсілі. Сөздің бір сөздің тобынан өзінің морфологиялық құрылысын өзгертпей екінші сөз табына ауысу құрылысы. Осы құбылыстың нәтижесінде көптеген зат есім, сын есім, модальды (көмекші) сөздер пайда болған.

Аффиксіз сөзжасам бірнеше модельдерді қамтиды, сондағы бөлек жағдайларда транспозициялық сөзжасамның жеке моделі парсы тіліндегі белгілі бір сөз категорияларын толықтыруда негізгі және жалғыз тәсілі болуы мүмкін. Осылайша транспозицияның жеке моделі бойынша «есім     көмекші сөз» парсы тілінде кең қанат жайған көптеген изафетті көмекші сөздер жасалуда. Осындай көмекші сөздер жасалғанда есім (зат есім, сын есім) өзінің негізгі мағынасын жоғалтып, жаңа бір мағынаға ие болады. Изафетті көмекші сөздер бастапқы мағынасына қарағанда нақты, айқын мағынаға ие және кеңістік, уақыт, себеп және басқа да қатынастарды сипаттау үшін жұмыс істейді. Мысалы, زیر «төмен», بالا «жоғары», نزدیک «жақын», رو «бет», پهلو «бүйір», «шет» сөздері берілген транспозициялық модель бойынша изафетті предлогтарға айналғанда келесі мағыналарға ие болады: زیر… zir-e «астында», بالای… bala-ye «үстінде», نزدیک… nazdik-e «қасында, жанында», روی… ru-ye «үстінде, үсті», پهلوی pahlu-ye «маңында, жанында».

Аффиксіз сөзжасам модельдерінен ең жиі қолданатын транспозициялық модельдерге тоқталайық – «сын есім     зат есім» және «етістік      зат есім», бұл модельдер бойынша зат есім рөлін атқаратын көптеген сөздер жасалған.

«Сын есім      зат есім» моделі жүзеге асқан кезде сын есімдердің субстантивациясы болады. Мұндай жағдай сын есімнің өзіне барлық сөз тіркесінің функциясын алады, жаңа лексико-грамматикалық мағынаға ие болады және зат есімге айналады: بارانی «су өтпейтін сырт киім (плащ)» (بارانی «жаңбырлы» сын есімінен), پوستین «тон» (پوستین «жүнді» сын есімінен), چینی «кәрлен (шыны ыдыс)» (چینی «қытайлық» сын есімінен), زیردریایی «сүңгуір қайық» (زیردریایی «сүңгуір» сын есімінен), شکاری «жойғыш, құртушы, қырып-жоюшы» (شکاری «аңшылық», «жоюшыл» сын есімінен), زره پوش «броневик, қаруланған бронялы автомобиль» (زره پوش «бронямен қапталған, броняланған» сын есімінен), تبریزی «пирамидалық терек» (تبریزی «табриздік» сын есімінен) және т. б.

Анықтаушы компонентсіз қолданып جامه، لباس «киім» (جامه بارانی «жаңбырлы киім»), پالتو «пальто» (پالتوی پوستین «жүнді пальто»), کشتی (کشتی زیردریایی «сүңгуір кеме»), ظروف «ыдыс» (ظروف چینی «қытай ыдысы»), هواپیما «ұшақ» (هواپیمای شکاری «жойғыш ұшақ»), اتومبیل «автомобиль» (اتومبیل رزه پوش «бронялы автомобиль»), درخت «ағаш» (درخت تبریزی «табриздік ағаш») сөздері жаңа, дербес мағынаға ие болды және сөз тіркестердің бір сөзді терминдерге айналғанын көрсетеді. Алайда синхрониялық талдау кезінде нақты қандай сөз тіркестерінде қандай да бір сын есімнің субстантивациясы болғанын әр уақытта көрсете бермейді.

Қазіргі парсы тілінде дір компоненті түсіп қалатын құрамдас терминдер (көбінесе бинарлы) бар. Қалған компонент дербес қолданып, түгел сөз тіркесі қандай мағына беретін болса, ол да сол мағына береді. Осылайша, синонимдік жұптар қатар өмір сүреді:عمل پیوند  және پیوند «трансплантация», چتر نجات және چتر «парашют», هواپیمای جت және جت «реактивті ұшақ».

«етістік     зат есім» моделі өте өнімді болып саналады. Бұл модель бойынша префиксті жай және күрделі етістіктердің осы шақ және өткен шақ негіздерінен зат есімдер жасалады. Бұл модель жүзеге асқанда екі негіз де етістік жүйесінің  парадигматикалық қасиетін жоғалтады және зат есім парадигмасының жүйесіне қосылады.

Көптеген зат есімдер етістіктің өткен шақ негіздерінен туындайды:

Жай етістіктерден: خواست «талап» (خواستن «қалау, талап ету» етістігінен), خرید «сатып алу» (خریدن «сатып алу»), گذشت «ымыра, шегінім, көнушілік» (گذشتن «шегіну, көну, жол беру»), سوخت «жанармай, отын, күюшілік» (سوختن «жану, күю»), شکست «жеңіліс» (شکستن «сыну»), شتاخت «таным, мойындаушылық» (شناختن «білу, тану, мойындау»);

Префиксті етістіктерден: درآمد «табыс» (درآمدن «болып шығу, болып табылу»), درخواست  «талап» (درخواستن «талап ету»), دریافت «алым, алу» (دریافتن «талап ету»), درگذشت «өлім» (درگذشتن «өлу, қайтыс болу»), ورشکست «банкротқа ұшыраушылық, банкроттық» (ورشکستن «күйреу, банкротқа ұшырау, тақырға күйреу»);

Күрделі етістіктерден: عملکرد «операция» (عمل کردن «әрекет ету, жұмыс істеу»), قرارداد «келісім» (قرار دادن «келісім орнату, келісу»), پیشپرداخت «аванс, борышақы» (پیش پرداختن «алдын-ала төлеу»), رویداد «оқиға, жағдай» (روی دادن «болу, болып өту»).

Етістіктің осы шақ негізінен жасалған сөздер мөлшері көп емес, мысалы: فروش «сату» (فروختن «сату»), افت «сілкілеу» (тауардың тасымалдау кезіндегі сілкуден шашылып-төгіліп салмағын жоғалтуы), «құлау, түсу» (افتادن «құлау»), سوز «күю, күюшілік» (سوختن «күю, жану»), گذر «өткел, жол» (گذشتن «өту»), ایست «аялдау, тоқтау» (ایستادن «тұру, тоқтау»), وابند «түйіскен жер» (وابستن «байланыстыру, біріктіру»), واخواه «даушы, жақтаушы, қуынушы» (واخواستن «наразылық білдіру»), واریز «ретке салу, ретке келтіру» (واریختن «ретке келтіру»).

            Өткен шақ, осы шақ есімшелер кейде сөйлемде зат есім, үстеу ретінде жұмсалады: گفته «сөз», دیده «көз», کوفته «күбі майы», افکنده «қалдық», گوینده «шешен, сөйлеуші», نویسنده «жазушы», خواننده «оқырман, әнші», خنده «күлкі», آینده «болашақ».

 

 

 

 

 

 

 

                                   Қорытынды

 

Парсы тілі Иран Ислам Республикасының мемлекеттік тілі және іс жүргізетін, экономикалық – қаржы, әскери, мәдени салалардың басқарылуы жүзеге асырылатын, халықаралық қатынастар жүргізілетін тіл.

Парсы тілінің шығу тарихы өте ертеден бастау алады. Дүние жүзіндегі ең ежелгі тілдердің бірі. Парсы тілінде есімдері әлемге таралған иранның ұлы ақындары Фердауси, Рудаки, Сағди, Хафиз, Омар Хаям және тағы басқалары өздерінің інжу – маржандарын жазып, қалдырған.

Қазақстан Республикасы егемендігін алғаннан кейін көптеген шет елдермен, соның ішінде Иран Ислам Республикасымен де саяси, экономикалық және әдеби – мәдени қарым–қатынас жасуда. Кеңес билігі тұсында үзіліп қалған рухани – мәдени байланыстар қайта жандана бастады.

Қазақ – Иран мәдени байланыстарының ішіндегі маңыздыларының бірі – тілдік байланыстар. Қазақ тілінің қорында парсы сөздері мен терминдері көптеп ұшырасады. Мысалы: нан, дәріхана, асхана тағы басқа осы сияқты жүздеген сөздер Орталық Азия халықтарының тілдерінде мықтап орныққан. Парсы сөздері аздаған фонетикалық өзгерістерімен түркі халықтарының тілдеріне сіңісіп, олардың төл сөздері сияқты болып кеткен. Керісінше, түркі тілді халықтардың парсы мәдениетіне еткен әсері де бір төбе екендігі белгілі.

Мен парсы тілі мен әдебиетін оқып, үйренген кезден бастап тілдік, әдеби ұқсастықтарды аңғара бастадым. Осы кезге дейін қазақтың төл сөзі деп келген көптеген сөздерді парсы тілін үйренгеннен кейін оның парсы сөзі екендігіне көзім жетті. Сол кезден бастап парсы тілінің сөзжасам жүйесі мені қатты қызықтырды. Сөздердің шығу тарихын, олардың жасалу тәсілдерін, даму заңдылықтарын оқып, үйренуге көп көңіл бөлдім. Парсы тілінің тарихын зерттеу аса күрделі де жауапты іс, себебі түптеп келгенде, бұл тілдің даму тарихын зерделеумен пара-пар. Тіл дамуы сөзжасалу арқылы ерекшелетінін мойындасақ, онда сөзжасам саласының кешенді зерттелуі – адам танымының өсу сипатын да таныта алады деуге болар еді. Сондықтан да бітіру жұмысымның тақырыбын «Зат есім мен сын есімнің жасалу тәсілі» деп атадым. Парсы тілінің сөзжасамында зат есім мен сын есімнің алар орны ерекше және қомақты. Бұл есім сөз таптары парсы тілінің сөздік қорын байытуда белсенді жұмыс атқарады. Сондықтан, жұмыста зат есім мен сын есімнің жасалу тәсілдерінің сипатына ерекше көңіл бөлдім.

Жұмысты зерттеу барысында мынандай мәселелерді қарастырдым, ең алдымен кіріспе бөлімінде сөзжасам ұғымын, оның тілдегі алатын орнын, маңызын қарастырдым, жұмыстың зерттеу өзектілігін, нысанын, зерттеу мақсаты мен тәжірибелік құндылығын айқындадым. Негізгі бөлімнің бірінші тарауында жалпы парсы тілінің сөзжасам жүйесі, оның негізгі үш заңдылығы арқылы іске асатыны берілген, екінші тарауда зат есім мен сын есімнің амалдарын қарастырмас бұрын олардың негізгі құрылым түрлерін сипаттадым, есім сөз таптарының өзіндік ерекшеліктерін атап көрсеттім. Кейін барып зат есім мен сын есімнің жасалу тәсілдеріне нақты, жеке-жеке тоқталғам, оларды мысалдармен дәлелдедім, әрі бұл кездейсоқ мысалдар емес, тіл дамуының негізіне алынған алғашқы номинация туғызған сөзжасамдық тұлғалар. Диплом жұмысымның соңында зат есім мен сын есімдерді топтастырып шағын сөздік құрастырдым.

Осы тақырыпты өзімнің шамам жеткенімше сараптау жасауға тырыстым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                          Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

  1. Амонова Ф.Р. «Именное аффиксальное словообразование в современном персидском и таджикском языках». Учебное пособие – Душанбе: ТГУ, 1982
  2. Амонова Ф.Р. «Проблемы деривационной онамасиологии современного персидского языка». Душанбе: Дониш, 1990 год
  3. Бейсенбаева З. «Сөзжасамды оқытудың ғылыми — әдістемелік негіздері». Алматы: РБК, 1998
  4. Клевцова. С.Д. Русско-персидский словарь. Издательство «Русский язык», 1975
  5. Кубрякова Е.С. «Что такое словообразование». Москва, «Наука», 1965
  6. Қазбеков М., Шойбеков Р. «Русско-казахский словарь».
  7. Мұсабаев Ғ.Ғ. «Орысша-қазақша сөздік» 1-2 том. Қазақ совет энциклопедиясының бас редакциясы. Алматы, 1978
  8. Орысша-қазақша сөздік. «Сөздік» баспасөзі, Алматы- 2000
  9. Пейсиков Л.С. «Очерки по словообразованию персидского языка». Москва, издательство Московского университета, 1973
  10. Пейсиков Л.С. Сложнопроизводные слова – сращения в персидском языке. « 4 Всесоюзная научная конференция по иранской филологии. Тезисы докладов». Ташкент, 1964
  11. Рүстемов Л.З., Иадолла Сәмәре «Парсы тілінің жолашары». Тегеран, 1995 жыл.
  12. Рубинчик Ю.А. «Грамматика современного персидского литературного языка». Москва, издательская фирма «Восточная литература» РАН.
  13. Рубинчик Ю.А. «Лексикография персидского языка». Москва: «Наука», 1991
  14. Рубинчик Ю.А. «Персидско-русский словарь» 1-2 том. Москва, «Советцкая энциклопедия» 1970
  15. Салқынбай А.Б. «Қазақ тілі сөзжасамы». Алматы: ҚазҰҮ, 2003
  16. Салқынбай А.Б. «Тарихи сөзжасам». Алматы: ҚазҰҮ, 1999
  17. Салқынбай А.Б., Абақан Е. «Лингвистикалық түсіндірме сөздік». Алматы «сөздік», 1998
  18. Сарбалаев Ж. «Сөзжасам мәселелері». Алматы, 2002
  19. «Словообразование и его место в курсе обучения иностранному языку». Владивосток: ДВГУ, 1973
  20. Сүлейменова Э.Д. «Тіл білімі сөздігі». Алматы «Ғылым», 1998
  21. Төлеуов Ә. «Қазақ тіліндегі зат есім мен сын есім тудыратын жұрнақтар». Алматы, 1956
  22. Төлеуов Ә. «Сөз таптары». Алматы «Мектеп» 1982
  23. Чхеидзе Т.Д. «Именное словообразование в персидском языке». Тблиси, «Мецниереба», 1969
  24. Ысқақов А. «Қазіргі қазақ тілі» Морфология. Алматы «Мектеп», 1974
  25. فرهنگ وندهای زبان فارسی. دکتر ضیا الدین هاجری. تهران-۱۳۷۷

 

 

 

 

 

            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                 Зат есім мен сын есім жұрнақтарының қысқаша сөздігі

                         

                             Суффикстер

 

1) ا –ā¹ , өнімсіз

«Өндіруші негіз сапалық сын есім + ا –ā¹ » моделі бойынша абстрактылы зат есімдер жасалады: garmā «жылылық», žarfā «тереңдік», pahnā «кеңдік».

2) ا –ā² , өнімді

«Етістіктің осы шақ негізі + ا –ā² » моделі бойынша сын есімдер және бөлек зат есімдер жасалады: tаvānā «әйгілі», zibā «әдемі», kusā «ынталы», binā «көретін, көзі ашық», gazā «тікенекті, шағушы, тістейтін».

Зат есімдер: cara «жайылым», gonjā «сыйымдылық» , yārā «күш»

3) — āk¹, өнімсіз

«Етістіктің осы шақ негізі + āk¹» моделі бойынша зат есімдер жасалады: xorāk «тағам», pušāk «киім», suzāk «гонорея», jušāk «қайнау», tapāk «абыржушылық».

4) -āk², өнімсіз

Бірнеше көнерген сөздерде: fažāk «кір», foqāk «ақымақ, есалаң», «дөңбек», maqāk «шұңқыр, ор, ой».

5) –āl, өнімсіз

«Есім + -āl» моделі бойынша «заттық» зат есімдерді жасайды: čangāl «айыр», «тырнақ», dombāl «арты», «құйрық», goudāl «шұңқыр».

6) ān¹, өнімді

«Етістіктің осы шақ негізі + ān¹» моделі бойынша етістіктен шыққан сын есімдер жасалады: xandān «күлетін, күліп жатқан», lаrzān «дірілдейтін», jušān «тасқынды, долы», «қайнаған». Және де зат есімдер жасайды, әсіресе дәстүрлік терминдарды: gusfandkošān «құрбандыққа шалу мұсылмандық мерекесі».

7) -ān², өнімді

Көптеген патронимдар мен топонимдарды жасайды: kešāvarziyān «Кешаварзиян», gorgān «Гурган», savārān «Саваран», espāhān/esfahān «Исфахан».

8) -ān³, өнімсіз

niyāzān «қалаған», «қажетті» сын есімінде және jānān «сүйген жар», kuhān «туйенің өркеші», čerāqān «иллюминация» субстантивті сөздерінде.

Кейбір жағдайларда жаңа сөз тудырмай, тек фонетикалық варианттарын жасайды: ābād/ābādān «көріктенген, көркейтілген», marqzār/marqzārān «шалғын, жайылым», qam/qamān «қайғы».

9) –āne, өнімді

Негізде көрсетілген қасиетті білдіретін сын есім, заттық ұғымды аңғартатын зат есім, сын есім жасайды: divāne «дуана, ақылынан адасқан», ruzāne «әркүні, күнде, күндізгі», mardāne «ерлерге арналған», māhāne «айлық, ай сайын».

10) ār, өнімсіз

«етістіктің өткен шақ негізі + -ār» моделі бойынша зат есімдер мен сын есімдер жасалған: gereftār «уақыты жоқ», nemudār «көрінетін, көзге түсетін», «кесте», xaridār «сатып алушы», koštār «қырғын», «кісі өлтіру», raftār «әрекет», «қылық», «үлгі».

11) –āsā, өнімсіз

«зат есім + -āsā» моделі бойынша «… ұқсас» мағынасындағы сын есімдер жасалады: barqāsā «лезде, дереу», sarvāsā «сымбатты»,     ambarāsā «амбраға ұқсас», «хош иісті», širāsā «арыстанға ұқсас», «батыл, ерлі», xoršidsān «жарқын, ашық, жарық», yeksān «бірдей» және т.б.

12) –ak, өнімді

Кішірейткіш және аймалайтын, еркелететін мағынадан басқа зат есімдер жасайды, белсенді терминологиялық функцияны атқарады: morqak «сына», barfak «аусыл, ауыздың уылуы», sorxak «қызылша», sangak «жалпақ ұзын нан», zardak «жұмыртқаның сары уызы», dastak «аса таяқ», «таяқ» және т. б. Бұл туындаулар кішірейту формасындағы семантикалық «қиысу» жағынан күрделі, mušak «тікұшақ», mušak «тышқан» метафорасынан, xersak «қылшық жүнді кілемше» — xersak «қонжық» және т.б.

13) –aki, аффиксалды блок (аk + i), өнімді

Өте сирек сын есім мен зат есімді жасайды, көбінесе үстеу жасайды: ābaki «сулы», na’laki «аяқ киімдегі өкше».

14) –andar, өнімсіз

Кейбір сөздерде: mādarandar «өгей шеше», pedarandar «өгей әке».

15) –bā, өнімсіз, көнерген

Бірнеше сөздерде: šurbā «көже, шалап», rizebā «палаудың түрі».

16) –bān, өнімді

«зат есім + -bān» моделі бойынша «қорғаушы», «сақтаушы» мағынасындағы сөздерді жасайды: bāqbān «бағбан», šotorbān «түйе айдаушы», bādbān «желкен»,  dežbān «комендант».

17) –bār, өнімсіз

«зат есім + -bār» моделі бойынша молшылық мағынасындағы сөздер жасалады: sangbār «тасты», juybār «жылғаның көп жері».

18) –čе, өнімді

Кішірейту формасындағы мағынадан басқа, терминологиялық функциясындағы зат есімдерді жасайды: ambarče «мойынтұмар», mahiče «аяқтың уылдырығы», «бұлшық ет», tāqče «сөре».

19) –či, түрік суффиксі, өнімді

Мамандық суффиксі: šekrāči «аңшы», doroškeči «тасушы», madanči «шахтёр».

20) -či², өнімсіз, көнерген

Топонимдерден жасалған аздаған қатыстық сын есімдер белгілі: tehrānči «Техранчи» (ирандық тегі, тікелей: «тегерандық», «Тегеранннан»),  nišāburči «Нишабурчи» (тегі, тікелей: «Нишабурдан»).

21) –dān, өнімді

«зат есім + dān» моделі бойынша сыйымды орын мағынасындағы атаулар түзіледі: qalamdān «қалам салғыш», namakdān «тұз салғыш», anfiyedān «шақша».

22) –е, өнімді

«етістіктің осы шақ негізі + -е» моделі бойынша зат есімдер, соның ішінде терминдарды жасайды: pirāye «әшекей», zāre «жылау», larze «діріл», šomāre «есеп», «нөмір», āvize «аппендикс».

Өндіруші негіз сын есімнен –е суффиксі зат есімдер жасайды: sabze «шөп», sepide/sefide «жұмыртқаның ағы», «таңсәрі», «кез келген заттың ақ бөлігі». Өндіруші негіз сан есімдерден: sade «ғасыр», hafte «апта», panje «табан».

24) –estān, өнімді

Орналасқан жер, топонимдер және молшылық мағынасындағы сөздерді жасайды: kordestān «Күрдістан», «күрдтердің орналасқан жері», tākestān «жүзімдік», benafšestān «шегіргүлдің көп орналасқан жері», farhangestān «академия».

25) –gār, өнімді

Өндіруші негіз етістіктен зат есімдер жасайды: parvardegār «жаратушы», «құдай», āmuzgār «ұстаз», āfaridgār «жаратушы», «алла», xāstgār «құда түсуші күйеу».

26) –gar, өнімді

Маман аттарын және сын есімдерді жасайды: kārgar «жұмысшы», kuzegar «қышы», ešqālgar «басқыншы», kāvešgar «қазба жұмыстарын жүргізуші».

27) –gin, өнімді

«Толық сападағы» сын есімдерді жасайды: anduhgin «қайғылы», zarrgin «алтынмен жарқыраған».

28) -i¹, yā-ye nesbat, өнімді

-i¹ суффиксімен көптеген сын есімдер транспозиция моделі бойынша зат есімдерге айналды: guši «телефон трубкасы», sāfi «сүзгі», adasi «объектив».

30) -i², yā-ye masdari, өнімді

Абстрактылы мағынадағы зат есімдер жасайды: zardi «сарылық», javni «жастық», tanhāi «жалғыздық», bivazni «салмақсыздық», aqaboftādegi «артта қалушылық».

31) –iyyat, араб тілінен енген, өнімді

Араб негіздерімен енген және парсы негіздерінен абстрактылы зат есімдерді жасайды: xariyyat «ақымақтық», doiyyat «екіжүзділік», irāniyyat «ирандық», zaniyyat «әйелдік».

32) –in, аз өнімді

Заттық мағынасын білдіретін зат есім негіздерінен сын есімдер жасайды: zomorrodin «зүбаржатты», āhanin «темірлі», bolurin «кристалды».

33) –ine, аз өнімді

Сын есім мен зат есімдер жасайды: simine «күмісті», «күмістен жасалған бұйымдар», zarrine «алтынды», «алтыннан жасалған бұйымдар», «алтын ыдыс», palangine «барыстың терісі».

34) –mān, өнімсіз

Зат есім мен сын есім жасайды: sāxtemān «құрылыс», xānemān «үй», šādmān «шаттықты».

35) –mand, өнімді

«Ие болу» мағынасындағы суффиксі. Парсы және басқа тілден енген негіздермен қосылады: xeradmand «даналы», dānešmand «ғалым», honarmand «суретші», sudmand «пайдалы».

36) –nāk, өнімді

«абстрактылы мағынадағы зат есім + nāk» моделі бойынша сапалық сын есімдер жасалады: xatarnāk «қауіпті», bimnāk «қорқақ», xoufnāk «қорқынышты», namnāk «дымқыл».

37) –sir, өнімсіз

garmsir «ыстық», «тропикалық», sardsir «суық», «салқын климатпен» сөздерінде суффикс толықтық, қаныққандықты білдіреді.

38) –vār, аз өнімді

Ие болу және пассесивті мағынада қолданылатын суффикс, зат есім мен сын есім жасайды: omidvār «үміттенген», xānevār «жанұя», ayālvār «отбасылық», sugvār «азалыдағы, қаралыдағы (адам)».

39) –vāre, аз өнімді

Суффиксті блок (-vār + е), ұқсастық мағынасын білдіреді, тек зат есімдер жасайды: gušvāre «сырға», gāhvāre «бесік», dastvāre «таяқ», sangvāre «тас сияқты қатып қалғандық».

40) –vand, аз өнімді

«Ие болу, бар болу» мағынасындағы зат есім мен сын есімдерді жасайды: pulādvand «болатты», xeradvand «даналы», xodāvand «алла», xišāvand «туыс».

41) –var, өнімді

«Ие болу» мағынасындағы суффикс: jānvar «жануар», pahnāvar «кең», andiševar «ойшыл».

42) –vaš, өнімсіз, көнерген

Ұқсастықты білдіреді: māhvaš «айдай», fereštevaš «періштедей», šāhvaš «патшалық».

43) –yār, аз өнімді

«Ие болу» суффиксі: šahryār «әмірші», ābyār «суды қолданудағы бақылаушы», pāsyār «полиция полковнигі», dānešyār «доцент», «университет оқытушысы».

 

                       Префикстер

 

  • bā, предлогты префикс, аз өнімді

Адъективті және адвербиалды функциядағы көптеген предлогты есімді топтар: bā estedād «қабілетті», bā savād «сауатты».

2) bāz-, өнімді

Етістіктің осы шақ және өткен шақ негіздерімен қосылып зат есімдер жасайды: bāzras «инспектор»,  bāzpors «тергеуші», bāztāb «рефлекс (биологияда)», bāzdam «дем шығару», «экспирация».

3) bar-, өнімді

Етістіктің осы шақ және өткен шақ негіздерімен, зат есімдермен қосылып неологизмдер жасайды: barčasp «заттаңба», «құлақша қағаз», barrasi «тексеру», «қаралу», barnām «есімдік», barnehād «синтез» және ескі сөздерде: barkenār «босатылған», barkamāl «мүлтіксіз», baraks «керісінше», barnāme «бағдарлама».

4) be-, өнімді

«be + зат есім» моделі бойынша сын есімдер жасайды: bexerad «даналы», bekām «сәтті», bekār «керек».

5) bi-, өнімді

Зат есімдермен қосылғанда белгінің жоқтығын білдіретін сын есімдер жасайды: bišomār «сансыз», binavā «көргенсіз», bidin «сенімсіз», bičāre «бейшара», «бақытсыз», bibāk «қорқусыз».

Cонымен қатар зат есімдер де жасайды: bisim «телеграф», bidād «әділетсіздік», birāh «ұрыс».

6)  dar-, өнімді

Етістіктің осы шақ және өткен шақ негіздерімен, сөзморфемаларымен: dargiri «тартыс, арпалыс», darrou «өткел», «өту,ену», «шығу», darbast «толығымен», darxor «тұрарлық», «лайықты».

Басқа негіздермен: darparde «жасырын», darsad «пайыз», darqam «даркам (мелодияның аты)», darham «шиеленіскен», «шатасқан», dardām «тұтқын», «тұтқынға алынған».

7) foru-, аз өнімді

Зат есімдермен, етістіктің осы шақ және өткен шақ негіздерімен қосылады: forutan «кіші пейіл», «жуас»,  forumāye «оңбаған», forudgāh «аэродром», forudast «бақытсыз», forukāse «сараң».

8) ham-, өнімді

Бірлескендік мағынасындағы көптеген зат есімдер мен сын есімдерді жасайды: hamkār «әріптес», hamfekr «пікірлес», «ниеттес», hamrāh «серік», hamvelāyati «жерлес», hamrang «түстес», «бірдей».

9) lā-, араб тілінен енген, аз өнімді

Шеттен енген сөздерде болымсыздық мағынаны білдіреді: lāvāreš «мұрагері, ізбасары жоқ», lāmazhab «атеист», lāelāj «емделмейтін», lāqeyd «салақ», «ықылассыз», «қамсыз».

10) nā-, өнімді

Зат есімдермен, сын есімдермен, үстеулермен, есімдіктермен, етістіктің осы шақ және өткен шақ негіздерімен бірігіп болымсыздық мағынасындағы сын есімдерді жасайды: nābinā «соқыр», nāfahm «ақымақ, түсінігі жоқ», nāšekan «сынбайтын», nāšenās «бейтаныс», nādorost «дұрыс емес», nārāhat «рахатсыз».