АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Ұлттық әшекей бұйымдардың тілдегі көрінісі

       ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

ЖАЛПЫ ТІЛ БІЛІМІ КАФЕДРАСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

 

ҰЛТТЫҚ ӘШЕКЕЙ БҰЙЫМДАРДЫҢ ТІЛДЕГІ КӨРІНІСІ

 

 

 

 

                                    

                                                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                  

Реферат

 

Бітіру жұмысының тақырыбы:  Ұлттық әшекей бұйымдардың тілдегі көрінісі.

Бітіру жұмысының құрылымы: Бітіру жұмысы кіріспе, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бітіру жұмысының көлемі: 46

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 35

Тірек сөздер: тіл, лингвомәдениеттану, этнолингвистика, фразеологизм, мақал-мәтел, әшекей, зергерлік, мәдениет, этнос.

Бітіру жұмысының нысаны: Қазіргі тіліміздегі ұлттық әшекей бұйымдардың тіліміздегі көрінісі.

Бітіру жұмысының пәні: Ұлттық әшекей бұйымдардың тілдік танымдық табиғатын, фразеологизмдер мен мақал-мәтелдердің көрінісіндегі тілдік бірліктер.

Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері: Қазақ халқының рухани мәдениетімен сабақтас қалыптасқан материалдық мәдениеті, қолөнеріне қатысты ұшан-теңіз қазынасының тілдік табиғаты негізінде ұлттық болмыс мазмұнын анықтау. Осы мақсаттардан мынадай міндеттер туындайды:

  • ұлттық әшекей бұйымдардың танымдық табиғатын анықтау;
  • ұлттық әшекей бұйымдардың фразеологизмдердегі көрінісін ашу;
  • ұлттық әшекей бұйымдардың мақал-мәтелдердегі көрінісін сипаттау;

Бітіру жұмысының әдістері: Жұмыстың барысында жаппай сұрыптау, жүйелеу, баяндау, түсіндіру, талдау әдістері қолданылды.

Бітіру жұмысының материалдары ретінде жалпы іріктеу негізінде жинқталған халық тұрмысындағы әшекей бұйымдар мен олардң атаулары пайдаланылды. Жиналған материалдың жалпы саны – 200-ге жуық әшекей бұйымдар жұмыстың талдауына негіз болды.

Бітіру жұмысының дереккөздері ретінде ұлттық әшекей бұйым атауларының лексикографиялық еңбектерден, он томдық қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен (1974-1986), Қазақ тілінің сөздігінен, І. Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» (1977), Қазақ ұлттық энциклопедиясынан (1-8том), авторефераттар, диссертациялардан, оқулықтардан, көркем әдебиеттен т.б. алынды.

Бітіру жұмысының нәтижелері. Жұмыстың нәтижелері негізінде қазақ  тіл біліміндегі ғалымдардың, пікіршілердің теориялық білімдері мен тұжырымдарынан алынды.

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ…..4

  • ҰЛТТЫҚ ӘШЕКЕЙ БҰЙЫМДАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ТАБИҒАТЫ… ….9

 

2   ЛЕКСИКОГРАФИЯЛЫҚ ДЕРЕКТЕРДЕГІ ҰЛТТЫҚ ӘШЕКЕЙ БҰЙЫМДАРҒА ТАЛДАУ. . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 25

2.1  Ұлттық әшекей бұйымдар – халық мәдениетінің көрінісі………………. …25

2.2  Ұлттық әшекей бұйымдардың фразеологиялық көрінісі…29

2.3  Ұлттық әшекей бұйымдардың мақал-мәтелдердегі көрінісі …………35

ҚОРЫТЫНДЫ…..34

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ….43

 

 

КІРІСПЕ

 

Жұмыстың өзектілігі. Тіл – адамзат қоғамының белгілі бір кезеңінде туып, заңды түрде дамыған семантикалық жүйе. Тіл – адамзаттың бір-бірімен пікірлесуін, сөйлесуін қамтамасыз ете келіп, тілдік қарым-қатынасты іс жүзінде асырады.

Әлем бейнесінің небір құпия сырларын ұғынып түсінуге әрқашан қадам жасаған әрбір этностың ғасырлар бойындағы жеткен жетістіктері бүгінгі күнге жеткен мол қазына. Әр алуан халықтардың әлем күмбезін өзінше жүйелеп, өзінше жобалап, қияли-ой құдіретімен бейнелеуге талпынған жалпы кеңістік пен уақыт туралы танымы, наным-түсінігі, сенімі қазіргі антропоцентристік және этноцентристік ұстанымдардың өріс алып отырған тұсында өзекті мәселелердің біріне айналуда. Адам баласының өзіндік субъективті пікірі мен теориялық ойлау қабілеті күллі тіршілік-тынысының, мән-мағынасы ретінде көрінетін біртұтас таным үрдісі арқылы ғана дүние сырын жете ашуға мүмкіндік алады. Жаңа дәуір – XXI ғасырға аяқ басқан тұста мейлінше жетілген, кемеліне келген ғылым мен өркениет рухани жүдеуліктен бас тартып, халықтың ішкі рухының берік сақтаушысы – тіл мен мәдениетке арқа сүйеуді мақсат етіп отыр.

Лингвистика тілдің белгілі бір дәуірдегі статикалық қалпын да, әр дәуірді қамтитын динамикалық күйін де зерттейді. Тілдің тарихи дамуы, диахрондық қалпы сол тілді туғызған, оны қатынас құралы ретінде қолданған қоғам табиғатымен тығыз байланыста қарастырылады. Осы тұрғыда тіл білімінде халықтың рухани және материалдық мәдениетінің шындық- болмысын тілдік жүйе арқылы анықтайтын – лингвомәдениеттану саласы қалыптасқан.

Табиғи шындық, ой мен сана тіл формасы түрінде іске асатын болғандықтан, адамзаттың таным үрдісі, өзін қоршаған дүние әлемді, ғарыш пен кеңістікті қабылдауды тілде қалай көрінеді деген мәселені ғылым ескерусіз қалдыра алмайды. Мәдениет пен тілдің ара жігі туралы алғаш сөз еткендердің бірі, американдық ғалым Эдуард Сепирдің пікірінше, «мәдениет – халықтың ойлауының, іс-әрекетінің көрінісі, ал тіл – қалай ойлаудың көрінісі».

Тіл мен мәдениет – бір-бірінен ажырамайтын екі бірдей әлеуметтік құбылыс. Қоғамның өзі адамнан, ал адами жеке тұлғаның қалыптасуы тіл мен мәдениет бірлігінің тұтастығынан тұрады. Әр ұлт өз мәдениетін, ұлттық болмысын және тұрмыс тіршілігінің бейнесін тілінде сақтайды, тілі арқылы келер ұрпаққа жеткізеді. Тіл – мәдениеттің жемісі және оның құрамды бөліктерінің бірі, мәдениеттің қолданылуының бірден-бір шарты.

Қазақ тіл білімінде тілдік бірліктердің этнолингвистикалық табиғатын зерттеу – бірнеше ғылым түрлерінің басын біріктіретін күрделі, ерекшелегі мол зерттеу салалрының бірі. Әлем бейнесінің небір құпия сырларын ұғынып түсінуге әрқашан қадам жасаған әрбір этностың ғасырлар бойындағы жеткен жетістіктері бүгінгі күнге жеткен мол қазынасы – тілдік бірліктердің этнолингвистикалық сипатын айқындаудың, яғни қазақ тіл білімінде этнолингвистикалық зерттеулердің қазіргі жағдайы, кейбір лексика-семантикалық топтар этномәдени семаникасының жүйелі ғылыми-теориялық тұжырымдамасын жасау қажеттігін дәлелдейді.

Бітіріу жұмысы тілдің мәдени лексикасындағы әшекей бұйым атауларының тілдегі көрінісін лингвомәдени, этнолингвистикалық аспектіде қарастыруға арналған.

Бітіру жұмысында әшекей бұйымдар атауларына, олардың тіл және мәдениет, тіл және этнос тұрғысынан, фразеологизмдердегі, мақал-мәтелдердегі көрінісіне талдау жасалынады.

     Осымен байланысты ұлтымыздың тілін, дүниетанымын, материалдық және рухани байлығын т.б. зерттеу жұмысы жандана түсуде. «Тіл мен ұлт біртұтас» деген қағиданы басшылыққа алатын, «этностың болмыс-бітімін оның тілі арқылы танып білу» мақсатынан туындаған бітіру жұмысының этнолингвистикалық бағыты қазіргі ғылыми сұраныспен өзектес сипатта анықталады. Дегенмен, ұлттық әшекей бұйымдардың рухани мәдениетпен тығыз байланыстылығын, атап айтқанда, қазақтың салт-дәстүрлері, наным-сенімдері, тыйымдары күнделікті тұрмыста қолданылатын қолөнер бұйымдарына қатыстылығы ұлт мәдениетін танудағы өзекті мәселе екенін атап өткен жөн.

Ұлттық әшекей бұйымдар атауларының тарихи халықтың таным дүниесімен тығыз байланысты, сондықтан халық мәдениеті мен тілінің кеңдігін, тереңдігін танытуда әшекей бұйымдар атауларының лингвомәдени және этнолингвистикалық, фразеологиялық, мақал-мәтелдердегі көрінісін тілдік тұрғыдан зерттеу бітіру жұмысының өзектілігін айқындайды.

Бітіру жұмысының нысаны. Қазіргі тіліміздегі ұлттық әшекей бұйымдардың тіліміздегі көрінісі.

Бітіру жұмысының пәні. Ұлттық әшекей бұйымдардың тілдік танымдық табиғатын, фразеологизм мен мақал-мәтелдердің көрінісіндегі тілдік деректер.

Бітіру жұмысының мақсаты. Қазақ халқының рухани мәдениетімен сабақтас қалыптасқан материалдық мәдениеті, қолөнеріне қатысты ұшан-теңіз қазынасының тілдік табиғатын лингвомәдени, этнолингвистикалық, фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер

 зерттеу негізінде ұлттық болмыс мазмұнын анықтау.

Алға қойған мақсаттардан төмендегідей жұмыстың  міндеттері туындайды:

  • ұлттық әшекей бұйымдардың танымдық табиғатын анықтау;
  • ұлттық әшекей бұйымдардың фразеологиялық көрінісін ашу;
  • ұлттық әшекей бұйымдардың үлгілері мен олардың нұсқаулық атауларын анықтау, олардың суретін және қысқаша анықтамаларын беру;
  • ұлттық әшекей бұйымдардың мақал-мәтелдердегі көрінісін сипаттау;

Бітіру жұмысының әдістері. Жұмыстың барысында жаппай сұрыптау, жүйелеу,баяндау, түсіндіру, талдау әдістері қолданылды.

Жұмыстың материалдары ретінде жалпы іріктеу негізінде жинқталған халық тұрмысындағы әшекей бұйымдар мен олардң атаулары пайдаланылды. Жиналған материалдың жалпы саны – 200 – ге жуық әшекей бұйымдар жұмыстың талдауын негіз болды.

Жұмыстың дереккөздері ретінде ұлттық әшекей бұйым атауларының лингвомәдени, этномәдени табиғатын жан-жақты қарастыру негізінде лексикографиялық еңбектерден, он томдық қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен (1974-1986), Қазақ тілінің сөздігінен, І. Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» (1977), Қазақ ұлттық энциклопедиясынан (1-8том), Р.Н.Шойбековтың «Қолөнер лексикасы» атты автарефератынан, диссертациялардан алынды.

Сондай-ақ қазақ халқының материялдық мәдениетіне байланысты жазылған тарихи-этнографиялық, өнертану сипатындағы Ә.Х.Марғұланның «Казахское народное прикладное искусство» (1-3 том, 1986,1987,1994), С.Қасимановтың «Қазақ халқының қолөнері» (1969,1994), Ә.Тәжімұратовтың «Шебердің қолы ортық» (1977), Х.Арғынбаевтың «Қазақ халқының қолөнері» (1978), С.Кенжеахметұлының «Жеті қазына» (2000), Р.Н.Шойбековтың «Қазақ зергерлерінің сөздігі» (1987ж.), Д.Шоқпарұлының «Қазақтың қолөнері» (2005ж.) атты еңбектері пайдаланылды.

Бітіру жұмысының нәтижелері. Жұмыстың нәтижелері негізінде қазақ  тіл біліміндегі лингвомәдениеттану, этнолингвистика теорясына, сондай-ақ мәдени лексиканы, соның ішінде әшекей бұйым атауларын арнайы сөз ететін іргелі зерттеу жұмыстарына жүгіндік. Тілі білімі теориясында тіл мен мәдениет, тіл мен этнос ара-қатынасы жөніндегі В.Гумбольдт, Г.Пауль, А.Потебня, Ф.де Соссюр, Э.Севортян, Ф.Филлин, В.Ярцева, Е.Кубрякова, Қ.Жұбанов, І.Кеңесбаев, Ә.Қайдаров, Р.Сыздықова, Е.Жанпейісов, Т.Жанұзақов, Қ.Хұсайынов, М.Копыленко, Ж.Манкеева, І,Кеңесбаев, А.Салқынбай, А.Сейсенова, С.Қасиманов, М.Өмірбекова, Р.Шойбеков, еңбектері бітіру жұмысының теориялық өзегі етіп алынды.

Ұлттық әшекей бұйым атауларының тілдік бірлік ретінде лингвистикалық талдау жасау бұл мәселеге жаңаша көзқараспен қарауға септігін тигізді. Соңғы жалдары тілі білімінің шектес ғылымдар тоғысуындағы пайда болған бағыттарына орай әшекей бұйымдар этнолингвистикалық лингвомәдениеттану және танымдық тұрғыдан сипаттау ұлттық менталитеттің ажырамас бөлігі мен көрінісі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

   

      1  ҰЛТТЫҚ ӘШЕКЕЙ БҰЙЫМДАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ТАБИҒАТЫ

 

Тіл тарихы — сол тілді жасаушы және сол тілді қолданушы халықтың тарихының бір саласы. Сондықтан белгілі бір тілдің тарихын сол тілді жасаушы, қолданушы жене оның иесі — халықтың тарихына байланыссыз қарауға болмайды. Тіл тарихы мен халық тарихының байланысы — екі жақты байланыс.

Халықтың ерте кездегі әдет-ғұрпы, тұрмысы жайындағы этнографиялық ұғымдардың атаулары сөздіктер мен тарихи шығармаларда  сақталып, олар жайында мағлұмат береді.

Этнографтар, мәдениеттанушылар халықтың замандар бойындағы тұрмыс-салты, әдет-ғұрпына байланысты жайлар мен халық жасаған материалдық байлық, рухани мәдениетке қатысты жайларды зерттегеңде тіл фактілеріне соқпай өте алмайды. Өйткені тіл — солардың бәрін ұзақ замандардың бойында ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген және сақтап қалған құралдардың бірі.

Тіл білімі тілдің белгілі бір дәуірдегі статикалық қалпын да, әр дәуірді қамтитын динамикалық күйін де зерттейді. Тілдің диахрондық қалпын зерттеу — сол тілді туғызған, оны қатынас кұралы ретінде қолданған қоғам табиғатымен тығыз байланысты. Сондықган тіл білімінде халықтың материалдық мәдениетінің тарихын қарастыратын — лингвистикалық мәдениеттану және этнолингвистика салалары қалыптасқан.

Белгілі ғалым Э.Бенвенисттің «тіл, мәдениет және жеке адам үштігі (триада)негізінде басқа бір лингвистика тууы мүмкін» деген ойы XX ғасырдың соңғы онжылдығында қалыптаса бастаған жеке дербес лингвистикалық мәдениеттану пәнінің пайда болуына жол ашты[1, 52].

«Орта ғасырдың соңғы бөлігінде, ғасырлар тоғысқан тұста әлемдік озық лингвистика тілтанымның теориялық бағыттарын имманентті, структуралық лингвистикадан өзгешелеу жаңа арналарға — яғни тілді жеке адаммен, оның ойлау өрісімен және рухани-практикалық қызметімен байланыстыра қарауға қарай бет бұрып отыр. Когнитивті, антропологиялық лингвистика деп аталатын мүлде жаңа салалардың қатарында соңғы жылдары «лингвокультурология» деп аталатын бағыт та аталып келеді. Бұлардың қай-қайсысы да — қазақ тіл ғылымы төселе қоймаған соңғы салалар».

Лингвистикалық мәдениеттану — лингвистика мен мәдениеттану пәндерінің тоғысуында пайда болған халықтың мәдениетінің тілге әсер етуін зерттейтін ғылым. Лингвистика ғылымында ұлттық мәдениет пен ұлттық тілдің өзара байланысы туралы көптеген

 

пікірлер кездеседі. Орыс тіл білімінде бұл мәселе жөнінде «тіл -мәдениетті жеткізудің құралы», «мәдениеттің компоненті», «мәдениеттің бір құрамдас бөлігі» [2, 103] делінген бағыттарда біршама зерттеу жұмыстары бар. Сонымен қатар тіл мен мәдениеттің парадигмасындағы жеке тұлға аспектісіне назар аудару қажеттілігі айтылып келеді. Мұнда мәдениеттің феномені мен тілді тұтынушы тұлға арасындағы байланыс зерттелуі қажет. Ал бұл мәселе кез-келген халық өмір сүретін қоғамда болып жататын әлеуметтік-қоғамдық өзгерістерге байланысты. Тіл мен мәдениеттің өзара байланысын зерттеушілер, яғни лингвомәдениеттанушылар осы мәселені жан-жақгы, ауқымды түрде қарастыруға талпыныс жасауда.

«Лингвокультурология — это наука, возникшая на стыке лингвистики и культурологии и исследующая проявления культуры народа, которые отразились и закрепились в языке» [3, 14]. Тіл мен мәдениеттің өзара әсері және өзара байланысы процесін қарастыратын ғылым саласы жоғарыда көрсетілген анықтамамен берілгенімен, аталған меселе бүгінгі күннің жаңа бағыты емес. Этностың тілі мен мәдениетінің ерекшеліктері соңғы кезде жаңаша көзқараспен қарастырылғанымен, бұған дейін ғалымдар бұл мәселені психология, әлеуметтік лингвистика, этнопедагогика, этнолингвистика тағы басқа пәндердің негізінде зерттеп келді.

Тіл мен мәдениеттің өзара байланысы мәселесін алғаш рет көтерген ғалымдар Я.Гримм, Р.Раск, А.А.Потебня. Бұл мәселелердің қайнар көзі — Ф. фон Гумбольдттың ғылыми еңбектерінде мынандай ғылыми ой-тұжырымдар жасалады:

  • материалдық және рухани мәдениет тілге әсер етеді;
  • кез келген мәдениет ұлттық нышанға ие, бұндай сипат тілдік
    жүйеде айқын көрінеді;
  • тіл — адам мен қоршаған ортаны жалғастырушы буын;
  • тілге «халықтық рух» пен мәдениетгің белгісі — ішкі форма тән[4, 15].

В. фон Гумбольдттың ізбасарлары Г.Штейнталь мен М.Лацарус этностар психологиясының тілге әсерін қарастырса, ал В.Вундт тілдің әлеуметтік сипатын зерттеді. Белгілі ғалым  А.А.Потебня тіл халықтың мәдениетінің негізгі қайнар көзі екендігін дәлелдеп, халық ауыз әдебиетіндегі аңыз-әңгімелердің ерекшеліктерін анықтады. Лингвист Ф. де Соссюрдың теориясы бойынша халықтың мәдениеті, салт-дәстүрлері мен менталитетінің тілге әсері мәселелері этнолингвистика пәні түрғысынан зерттелген. Тіл мен мәдениет ара қатынасы американдық ғалымдар Э.Сепир мен Б.Уорфтың лингвистикалық салыстырмалы болжам гипотезасында қарастырылған, бұл теория бойынша:

  • тіл халықтың ойлау қабілетіне әсер етеді;
  • күнделікті өмір мен дүниені тану амалдары субъектілерді тілде ойлауына байланысты болады [5, 174].

Осы гипотезаның негізгі қағидаларын Л. Вейсгербер жалғастырды. Лингвистикалық салыстырмалы болжам теориясы шетелдік және ресейлік ғалымдардың бірде қарсы пікірлеріне тап болса, бірде зерттеушілер оның тіл мен мәдениеттің өзара қатынасындағы орасан қызметін бағалап, негізгі ойды жалғастырып отырды. Соңғылардың қатарына Н.И.Толстой мектебінің этнолингвистикалық еңбектері жатады.

Қандай да болмасын жаңа ғылымға қатысты түйіндеулердің болжам айту, бағыт сілтеу тұрғысынан әртүрлі болатындығы сияқты ұлттық тіл мен ұлттық мәдениет арасындағы байланысты, мәдениеттің тілге және тілдің мәдениетке әсерін пайымдайтын анықтамалық тұжырымдар да әрқилы. Алайда осы ғылым саласының объектісі турасындағы тұжырым біреу, ол — ұлттық менталитеттің, ұлттық мәдениеттің және рухани құндылықтардың тілдегі көрінісі, тіл арқылы берілуі.

Әр ұлт өз тілінде дүние, әлем туралы түсініктерін түрлі тілдік фактілер арқылы кесіп-пішеді, қоршаған әлемнің тілдік әлемі, негізінен алғанда адамдар санасындағы дүниенің логикалық бейнеленуі жағынан ұқсас болып келеді. Құбылыстар арасындағы ұқсастықтар ұғым категорияларын жасайтын лексемалардың толығуына әсер етеді. Сол ұғым түрлерінің тұтастай алғандағы атаулары тілдің негізін құраса, әлемнің, ондағы құбылыстардың тілдегі бейнесінен ұлт ерекшеліктерін танып білуге болады.

Орыс тілінің фразеологиялық жүйесінің ұлттық менталитетке қарым-қатынасын зерттеген В.Телия ұлттық мәдениет пен этностың ұлттық-танымдық сипатын фразалық тіркестермен қатар халық мәдениетінің рәсімдік нысандары, паремиологиялық қор, образ — эталондар жүйесі, символ сөздер және символды таныта алатын сөз тіркестері, теологиялық атаулар, қанатты сөздер мен орамдар арқылы ажыратуға болатынын дәлелдейді [6, 239-247]. Лингвомәдениеттану саласындағы басты бағыт — ұлттық тіл мен ұлттық мәдениеттің бір-біріне өзара ықпалы, бұнда «мәдениет» ұғымы «… рассматривается применительно к аспектам взаимодействия с языком и языковой личностыо». Лингвомәдениеттану саласының объектілері, бірліктері мен пәні жайындағы орыс тіл біліміндегі алғашқы көзқарастар В.Телияның, В.Воробьевтің еңбектерінде аталған.

Тіл мен мәдениеттің ұлттық ерекшеліктері, этнопсихологиялық болмысы, қарым-қатынастың әр лингвомәдени қауымдастықтағы өзгешеліктері  мен коммуникациядағы    бейвербалды компоненттердің қызметі және т.б. мәселелер көптеген монографиялар мен мақалаларда қарастырылған.

Мәдениеттің тілдегі көрінісі, ұлттық мәдени сипаттардың тілдік құралдар арқылы белгіленуі қазақ ғылымында ретроспективалық ыңғайда этнолингвистика аясында қарастырылып келгені белгілі. Сонымен қатар, ғасыр соңындағы жаңа ғылыми бағыттарда қоғам, қоғамдық құрылым, жеке адамның қоғамдағы мінез-құлқы, табиғат құбылыстары, қоршаған табиғи орта, өсімдік, жан-жануар ерекшеліктері, сондай-ақ адамның антропологиялық келбеті, ішкі жан-дүниесі белгіленетін, осыларды концептуалды немесе образды түрде атайтын тілдік құралдардың қай-қайсысында да лингвомәдени сипат, мәдениет пен тілдің қарым-қатынасы керінетінін  дәлелдеуге  ұмтылыс  бар.

Бұл туралы А.Вежбицкая: «… каждый язык национально специфичен. При этом в языке отражаются не только особенности природных условий и культуры, но и своеобразие национального характера его носителей» дейді [7,21]. Бұған мазмұндас пікірді орыс ғалымы В.В. Виноградов та айтқан болатын «… каждый язык прежде всего национальное средство общения». Тілдегі бірліктер халықтың дүниетанымы, болмысы, салт-санасы, әдет-ғұрпы, рухани мәдениеті сол халықтың тіршілігінен өмір сүрген ортасынан, менталитетінен, психологиясы мен әлеуметгік — саяси көзқарасынан мағлұмат беретін ұлттық құбылыс болып табылады. Тіл — мәдениеттің феномені, ұлт мәдениетінің көрінісі ретінде ғылымда өз дәрежесінде әлі де зерттелмей келеді. Тіл — рухани күш, демек тіл және семиотикалық таңбалар арқылы адам кез-келген құбылысты қабылдап, оған баға беріп, өз көзқарасы мен ойын білдіре алады. Лингвомәдениеттану — мәдениет пен тіл бірліктерінің жиынтығын танып, жүйелі түрде қарастырады. Тілде бейнеленетін, тіл арқылы көрінетін мәдени құндылықтардың қолданылатын жүйесін зерттейді. Осыған байланысты тіл мен мәдениеттің элементтерін шоғырландыратын, яғни жинақтайтын, синтездейтін «лингвокультурема» түсінігі, лингвомәдени  өріс, лингвомәдени компетенция      деген түсініктер аталып жүр. Бұл аталған терминдік ұғымдардың әрқайсысы күрделі мәселе.

Тіл деректерін зерттеу және оларды пайдалана білу тарихқа қатысты әртүрлі мәселелерді танып-білуге көмектеседі. Ол мәселелер қатарына белгілі бір халықтың тегі, оның пайда болуы, халықтардың дамуының әр дәуіріндегі мәдениеті, белгілі бір халықтың басқа халықтармен байланысы туралы мәліметтер енеді. Рулардан тайпаның, тайпалар одағынан халықтың жасалып пайда болуы ру тілінен тайпа тілінің, тайпа тілінен халық тілінің пайда болып жасалуынан бөлек емес, қайта бір-бірімен қабаттасып жатады. Демек, халық тілінің жасалып, пайда болу тарихына қатысты мәселелерді есепке алмай тұрып, халықтың жасалып, пайда болу мәселесін ғылыми тұрғыдан жан-жақгы дұрыс  шешу мүмкін емес.

Тілдің мәні, оның таңбалық сипаты, тілдің шығуы мен дамуы, ойлау мен тілдің ара-қатысы және т.б. мәселелерді зерттеп шешу үшін философия тіл біліміне бағыт-бағдар сілтейді. Адамның ойлауы тіл формасы түрінде іске асатын болғандықтан, ғылым адамның ойлау процесі, өзін қоршаған дүниені адамның тану процесі тілде қалай көрінеді деген мәселені ескерусіз қалдыра алмайды. Бұл жерде этнография, мәдениет, өнер, тіл туралы айтқанда семантикалық философияның өкілі, американдық дискриптивті мектептің ірі ғалымы Эдуард Сепир туралы айтқан жөн. Ғылымда Уорф-Сепир гипотезасы деген атпен белгілі болған атақты ілімнің иесі тіл мен мәдениет туралы алғаш сөз еткендердің бірі. Оның пікірінше, «мәдениет- халықтың ойлауының, ісінің көрінісі, ал тіл — қалай ойлаудың көрінісі».

Тіл мен мәдениет бір-бірінен ажырамас екі бірдей әлеуметтік құбылыс. Қоғамның өзі адамнан, ал адам тіл мен мәдениеттің бірлігінен тұрады. Э.Сепир еңбектерінің негізгі тұжырымдамасы:

  • тіл — мәдениеттің өнімі;
  • мәдениеттің негіз — тіл;
  • тіл мен мәдениет — егіз жұп

Сонда тіл мен мәдениет арасындағы байланыс генетикалық па, функционалдық па? Сепирдің түсінігі бойынша, тіл — биологиялық мұра емес, ол мәдени құбылыс [8, 251].

Лингвомәдениеттану — жаңа ғана өрісін жайып келе жатқан, әлі де болса ғылыми ұстанымдары мен межелері, тұжырымдамалары нақтылана қоймаған ғылым, екіұдай түсінік тудыратын пікір-тұжырымдары да бар, бірақ оның XXI ғасырда гуманитарлық ғылымдардың көшбасында   болатындығы даусыз.

Көп ретте лингвистикалық мәдениеттану этнолингвистика пәнімен байланысты, біраз мәселелерді шешуде ғылыми принциптері ұқсас келеді. Ғалым В.Н.Телияның пікірінше, лингвистикалық мәдениеттану — тілдің корреспонденциясы мен мәдениеттің өзара қатынасының синхронды түрін зерттейтін және сипаттайтын этнолингвистиканың бір бөлігі. В.В.Воробьев этнолингвистиканы комплексті, этнографиямен шектес, халықтың мәдени ерекшеліктерін, тарихи-мәдени қарым-қатынастарының шығу тегімен таралуын зерттейтін ғылым деп анықтайды [9, 34].

Этнголингвистика – этнос болмысын оның тілі арқылы танып-білу мақсатынан туындаған лингвистиканың (тіл білімінің) жаңа да дербес саласы. «Тіл әлемінің» өзіндік табиғатын, даму заңдылықтарын толық та жан-жақты зерттеу барысында іштей жіктеліп, дүниеге келген әлеуметтік лингвистика,  психолингвистика, паралингвистика сияқты этнолингвсистика да – «этностаным» мен «тілтаным»  ғылымдарының ортақ мәселесі шеңберінде тоғысу нәтижесінде пайда болған жаңа сала. Ол – этностың табиғатын тереңнен танып – білу үшін басқа емес, тек тіл феноменінің өзіне ғана тән ғажайып мүмкіншіліктері мен қазына байлығын зерделеп зерттеуді мақсат ететін ғылым. «Этнос пен этнос тілі» негізінде қалыптасқанын толық мойындаса да, олардың өзара үйлесімін айқындауға келгенде, бір жерден шыға алмай жүргендігі мәлім. «Этносты» кейде мәдениет, тарих пен әлеуметтік жағдай деп оның шеңберін тарылтып бүтіннің бөлшегі ретінде көрсетулері ерекше көзге түседі. Мәселен, Фердинант де Соссюр этнолингвистиканы этнос тарихы мен этнос тілі тарихының өзара әсерін зерттейтін ғылым ретінде танып, өз ойын сол халықтың өзін қалыптастырады деп тұжырымдады. Э. Сепир де этнография, салт-дәстүр мифология т.б. осы сияқты ұғымдарды этнос болмысымен шендестіріп, «тіл әлемін» тілдің символдық қызметі мен шектеп көрсеткісі келеді.

Бүгінгі таңда қазақ этнолингвистикасы ғылыми негізі қалыптаса бастаған, жан-жақты ізденіс нәтижесінде өзіндік ерекшелігі мен үрдісі айқындалып келе жатқан, дербес те перспективті ғылым саласы ретінде танылып отыр. «Этнос жоқ жерде тіл болмайды, тілсіз этнос болмайды». «Этнос» және «этнос болмысы» деген ұғымдарды  этнолингвистика тұрғысынан қалай түсінуіміз керек ?

«Этнос» — ғылым жүзінде: «өткен бір дәуірлерде дүниеге келіп, белгілі бір географиялық ортада қалыптасқан, шұғылданған тіршілік-тірлігі бірыңғай, діні де тілі де бір, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы ортақ, өзінің ортақ тегін, туыстығын, тайпалық рулық, ұлыстық және халықтық дәуірлерді басынан кешіріп, бүгінде дербес ел болып отырған адамдар қауымы» болып танылады. «Этнос болмысы» — этностың ұлттық бейнесі, тарихи тұлғасы және ол туралы реальды шындық, оның тілі арқылы қылыптасып, жадында сақталып, ұрпақтан мирас болып ауысып келе жатқан бай рухани мәдени қазынасы.

Міне, осынау бай тіл қазынасын этнос болмысы тұрғысынан толық меңгеру, оның бейне бір тұңғиық теңіздей терең мағына-мазмұнына бойлап еніп, оны игеріп, жан-жақты зерттеу этнолингвистиканың ең басты мақсат міндеті.

Этнолингвистиканың зерттеу объектісін этнос тілі десек, ондағы мақсаты – сол тіл арқылы этностың болмысын танып білу болады. Этнолингвистиканың зерттеу объектісі – барлық жағдайда да этнос тілі екендегі айтылады. Алайда ғылым-білім саласында тілге тікелей қатысты, оны әр тұрғыдан зерттеуші, оған арқа сүйеуші пәндер көп. Олардың біразы этнос тіліне байланысты этнолингвистикамен тілдік деректерді өз мүддесіне қарай зерттеп ғылым, білім, мәдениет т.б. салалар. Этносты танып білуге тұс-тұсынан өзіндік үлесін қосушы қоғамдық ғылым салаларының бірі – мәдениеттану десек, ол этнос болмысының ауқымда да маңызды саласымен шұғылданады. «Мәдениет» жеке адамның басына тән қасиеттен басталып, бүкіл ұлттық менталитетті, ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық сана, дүние таным, салт-дәстүр, рухани-мәтериалдық байлықтың бәрін түгел қамтитын өте күрделі ұғым. «Этнос мәдениеті» ғылыми тұрғыдан былай анықталып жүр: «Этнические культуры – эти особые исторические выроботанные способы деятельности, благодаря которым обеспечивалась и обеспечивается адаптация народов к условиям окружающей их природной и социально-культурной среды». Бұл мәдениет әрбір этносқа тән белгілі бір табиғи-әлеуметтік ортаға сәйкес қалыптасатын құбылыс. 

Этнолингвистикалық зерттеулердің негізгі мақсаты – тілдің қызметі мен дамуына лингвистикалық, этно-мәдени және этнопсихологиялық факторлардың әсер етуін қарастыру. Тіл мен этносқа қатысты, демек, этнолингвистика пәніне тән мәселелер  В.фон Гумбольдт, А.А.Потебня, Вяч.Вс.Иванов, В.Н.Топоров, Н.И.Толстой, Ә.Т.Қайдаров, Е.Н.Жанпейісов, т.б. ғалымдардың жұмыстарында қарастырылды. Қазақстандық ғалым М.М.Копыленко этнолингвистика пәнінің оқу құралы «Основы этнолингвистики» (1977) деп аталатын еңбегінде ғылымның бұл саласындағы негізгі қағидаларды ғылыми бағыт анықтайды деп тұжырымдайды. Бірінші бағыт — ресейлік ғалымдар Вяч.Вс.Иванов пен В.Н.Топоров бастаған ғалымдар тобы; екіншісі — академик Н.И.Толстой және оның шәкірттерінің концепциясы. Аты аталған зерттеушілер мен олардың ізбасарларының зерттеу объектісі ретінде славян халықтарының салт-дәстүрлері мен күнтізбелері, жалпы рухани мәдениеті болды. Үшінші бағыт — академик Ә.Т.Қайдаров мектебінің өкілдері [10, 24 ] . Қазақ тілі білімінде ғылымның бұл саласын (бұрын-соңды Ә.Т. Қайдаровқа дейін арнайы сөз болған емес.) белгілі ғалым Ә.Т.Қайдаров осы пәннің мақсаты мен міндеттері жөнінде айта келе мынандай тұжырым жасайды: «Этнолингвистика, егер оның түп-тамырына тереңірек үңілсек, этнография мен лингвистиканың жай қосыңдысы емес, бір шаңырақ астында әрқайсысы өз бетінше тон пішіп, өзінің жырын жырлайтын шартты түрде ғана қосарласқан дүние емес, этнолингвистиканың объектісі — этнос және тіл, тілсіз этнос, этноссыз тіл өмір сүруі мүмкін емес». Этнолингвистика лингвистикалық мәдениеттанумен шектес, қарастырылатын мәселелері және зерттеу объектісі жақын болғандықтан, бір-бірінен ажырамас пәндер, ал бүгінгі күні олардың негізгі қағидаларын жүйелеп қазақ этносының тілі мен мәдениетін қарастыру ең өзекті мәселелердің бірі.

   Тілді кейде көп бұлақтан бастау алып, арнасына сыймай, асып-тасып жатқан шалқар дарияға теңейтініміз, шынында да, оның мәңгілікті қалайтын, жасай бергісі келетін, жасаған сайын жасара беретін ғажайып құбылыс екеніне байланысты болса, тілдің дүниеге келіп,. өзін болашағы зор ғылым саласы екенін көрсете бастауы, оның ана тіліміздің, міне, осы бір қасиеті мен құдіретіне байланысты.

Мәдениеттану адамдардың мәдени әрекеті және қоғамдық орындардағы тәртіп пен әдеп-салты ұғымдарының дамуы мен қазіргі күндегі орнын қарастырады. Ғалым В.В.Воробьев лингвомәдениеттануды «металингвистикалық» ғылым деп анықтайды, себебі ол тіл мен мәдениеттің өзара байланысы және өзара әсері фактілеріне жүйелі түрде сипаттама береді [11, 36].

Лингвистикалық   мәдениеттану шекаралас     пәндердің қиылысуында пайда болып, олармен тығыз байланыста болады және мәдениеттану, лингвоелтану, әлеуметтік лингвистика, этнолингвистика пәндеріне қарағанда арнайы аспектісі — тіл мен мәдениеттің өзара байланысы мәселесін өзінше қарастырады. Осындай ерекше белгілерге байланысты ғалым В.В.Воробьев лингвомәдениеттану пәніне төмендегідей анықтама береді:

«Лингвокультурология» — комплексная научная лисциплина синтезирующего типа, изучающая взаимосвязь и взаимодействие культуры и языка в его функционировании и отражающая этот процесс как целостную структуру единиц в единстве их языкового и внеязыкового (культурного) содержания при помощи системных методов с ориентацией на современные приоритеты и культурные установления (система норм и общечеловеческих) ценностей» [12, 36-37].

Лингвомәдениеттану пәнінің мақсаты, объектісі мен ғылымдағы орнын анықтауда ғалымдар В.В.Воробьев, В.А.Маслова, В.Н. Телияның монографиялық еңбектеріне де сүйенеміз. Пәннің мақсаты — халық мәдениетінің тіліне әсер етуін анықтау, олардың диалектикалық өзара байланысы мен дамуын жүйелі түрде қарастыру. Ал зерттеу объектісі — тіл мен мәдениеттің өзара әсері мен өзара байланысы және осы өзара қатынас процесі бір тұтас жүйе түрінде туындайды. Демек, лингвомәдениеттанудың объектісі тіл білімі мен мәдениеттану пәндерінің қиылысқан жерінде зерттеледі. Ал зерттеу пәні ретінде төмендегідей объектілерді атауымызға болады:

  • тіл — дін өзара қатынасы;
  • сөйлеу әрекеті;
  • сөйлеу этикеті және т.б. [13, 51].

Ғылыми ой-тұжырымдардың негізінде халық тілінің еншісі мәдениетпен толығатынын, ұлт мәдениеті сол этностың тілінде сақталып, болашақта аманатталатыны сияқты астарлы ой-пікірлердің туындау төркіні тереңде жатыр. Айтылтан ой жайында В.фон Гумбольдттың «Тіл — халық рухы, халық рухы тіл арқылы көрініс табады» деген тұжырымы — жаңа ғылыми жолдың концепциясының алғашқы нышаны немесе қағидасы. Сондай-ақ оның мәдениет тілдің ішкі құрылымдық бөлшегі деп қарастыруы да тіл табиғатын таныта түсумен қатар, жарыққа шығып келе жатқан ғылыми жаңалықтардың шығу тегіне арқау болғаны сөзсіз. Атап айтқанда, ғалым пікірінше, біріншіден, мәдениеттің екі түрі — материалдық және рухани мәдениеттер ізі халық тілінде сақталады. Екіншіден, мәдениет – ұлт нышанын танытып, тілде өз жүйесін табады, үшіншіден, тіл – адам мен табиғатты жалғастырушы күш, төртіншіден, мәдениет пен халықтық рух — тілдің ішкі формасына тән», — деп көрсетеді. Ал мәдениеттің көне, жаңасын, мәдениеттің арғы-бергі тарихын сөйлетуші де, жеткізуші де тек ана тілдің құдыреті екені әр халықтың өзіндік тұрмыс-тіршілігі тілі арқылы өрнектелуінен, мәдениеті тіл арқылы басқа елге танылуынан тіл мен мәдениет арасында ажырағысыз байланыстың торабы бар екендігінен көрінеді. Мұның нақты ғылыми тұжырымын Э.Сепир: «Тілдің бір тұғыры бар. Ол мәдениеттен тыс өмір сүрмейді. Ол дәстүр болып жалғасқан біздің тыныс-тіршілігіміз мүлде қабысып кеткен салт-дәстүр мен наным-сенімдерден арыла алмайды. Тілдегі лексика өзі қызмет етіп отырған мәдениетті өз қалпында көрсетеді. Осы тұрғыдан алғанда тілдің тарихы мен мәдениет тарихы жапсарлас дамиды деуге болады» деп анықтай келе әр халықтың танымдық ерекшелігі тек тілінің табиғатынан танылатынынан көрсетіп, дәлелдейді. Соның негізіндегі адамзаттың дүниені тануы мен ойлау арасындағы тәсілінің тіл құрылысына байланыстылығын этнолингвистикалық болжам ретінде баяндаудан туған «Сепир-Уорф болжамы», оның халықтық тіл мен ұлттық дүниетанымды танудың ғылыми алғышарты іспеттес болғаны- ғылымның жаңа сатыға аяқ басқандығының дәлелі.

Тіл — тек мәдениетті танушы кұрал ғана емес, тілдің бойында оның (мәдениеттің) арқауын құрап, негізін қалайтын ұлттық рухтың ізін айқындап тұратын ұлы күш анықталады. Тіл рухының ұлы күші халықтың ой-танымында, мінез-құлқына сай табиғатын қалыптастыруы, өз танымына сай өмір салтын қалыптастыруы тұтастай бір мәдениеттің дүниеге келуінің үлкен себепшісінің бірі.

Осымен байланысты этностың психологиялық жайын тілге қатысты болжаулармен дәлелдеген В.фон Гумбольдт концепциясында: «тілдің табиғаты мен тегі тіл мен ойлаудың халық рухымен байланыстылығында» деген құнды пікірімен бағаланды. Осы пікірді ғылыми жолға  түсірушілер — Г.Штейнталь мен М.Лацарус. Олар өз еңбектерінде халық психикасының этнотанымдық мәні, тілдің ішкі мазмұны адамның мінез-құлқымен байланысты деп түсіндіріп «тіл мәдениетке қатысты алғанда индивидтің творчествалық әрекеті», «халық рухы алдымен тілде» деп түйіндеген. Демек, этнопсихология ілімінің тіл аясында мәдени факторларсыз анықталуы оның жете танылуын қамтамасыз ете алмайды.

Тілдің ерекшелігін әлеуметтану түрғысынан зерттеген ғалым В.Вундт өз еңбектерінде күрделі интеллектуалдық әрекеттердің ұлттық рухты жаңғыртатын факторлар, салт-дәстүрлер олардың дамуы мен халық мәдениетіндегі ролін әлеуметтік рухани құбылыс деп бағалаудың бағытын көрсетті. Расында да, ұлттық рухтың нағыз келбетін танытатын — салт-дәстүрлер деп танимыз. Этностың бар өміріне рухани азық болған, тұрақты ұрпақ жалғастығына себепкер құбылыс салт-дәстүрлердің ұлттық мәдениент бастауы екендігі сөзсіз. Осы құбылысты дер кезінде мойындап, ғылыми тұрғыдан жаға бағытқа жол салушы-ресейлік тілші-ғалым А.А.Потебня. Ол тіл халық мәдениетімен біте қайнасқан ұғым деген түсінікті қалыптастыра келіп: «Тіл -халықтық «рухтың» жемісі, оған дәлел халық ауыз әдебиеті үлгілері екендігін жан-жақты сөз ете келе: «Халық рухы» алдымен тілде, содан кейін барып әдет-ғұрып, салт-дәстүрінде, ән өнерінде, фольклорында көрініс береді»-деп қорытады [14, 117]. Жоғарыда біз сөз еткен ғалымдардың зерттеулері ұлттық тіл мен халық мәдениеті арасындағы сабақтастықты о бастан болжап, тілдің ішкі формасына саятын қасиеттерін танытудан туған. Оның (ішкі форманың) тілдегі көрінісін өзек қылған ғылыми  құнды ойлар мен түжырымдар тіл ғылымының жаңа бағытымен ерекшеленетін лингвомәдениеттану пәнінің болжамы іспеттес. Асылында, адамзат қоғамынының дамуында — әлеуметтік сананың өрлеуі, ой-сананың жетілуі, тіл, мәдениет, тарихтың тоғысуындағы маңызды фактор. Ал, әр халықтың этномәдени тұрмысын ұлт тілінің жетегінде әлемдік мәдениеттің ауқымында, дүниетанымын қоғамдық ғылымдардың саясында сөз ету мәселесі тіл ғылымының бүгінде ғылыми өрісін тереңге жайған этнолингвистика саласында сәтті бағытта іске асуда. Осымен тығыз байланысты ұлттық мәдениет пен ұлттық тілдің өзара байланыстары бір-біріне әсері айқын деректердің белгілі бір этносқа тән екендігін танытуда бізге кешеуілдеп жеткен жаңа бағыттың бірі — лингвомәдениеттану. Бірақ тіл ғылымында XV ғасырдың бас кезінен бастап ерекше қалыптасқан жоғарыда аталған ғалымдардың (Ф.Соссюр, В.Гумбольдт, А.Потебня, В.Штейнталь т.б.) ғылыми ой тұжырымдарын одан әрі ұластырушы Ресейдегі фразеологиялық мектептің өкілдері В.Воробьев, В.И.Телия, Е.М.Верещагин, В.Т.Костомаров, В.Маслованың зерттеулерінің лингвомәдениеттануды дербес ғылыми пән дәрежесіне көтерілуіне, қалыптасуына зор ықпал еткенін ерекше атап өткен жөн.

Тіл мен мәдениет ұғымдарының сыбайластығы әсіресе Е.М.Верещагин мен В.Т.Костомаровтың зерттеу еңбектерінде жаңаша қырынан танылады. Олардың: «Тіл — тек сөйлесу, қарым-қатынас құралы емес, ол адам өмірінің материалдық және рухани мәдениетінің сол ұрпаққа тән тума қасиеттерін жинақтаушы, сақтаушы құрал, осы арқылы болашақ ұрпаққа жеткізуші құрал. Мұны тілдің кумулятивтік қасиеті деп танимыз. Тілдің тағы бір қоғамдық қызметі — әлеуметтік өмірде адамдарды жеке тұлға ретінде, ұлт өкілі ретінде қалыптастыруы»  деген ойлары бүгінде лингвомәдениеттану пәнінің қоғамдағы әлеуметтік орнын нақтылай түскендей.

Мәдениет – қоғамдық фактор, бірақ оның мәдени түғырға көтерілуіне әлеуметтік ортаның ықпалы зор. Өйткені бір этностың мәдениеті екінші халыққа оның тілді деректері арқылы баяндалады. Ал тілдік деректер деп отырғанымыз — мәдениетті сипаттаушы сөз символдары мен тілдік таңбалар. Осы жайт туралы мәдениеттің тілге қатысты ерекшелігін зерттеген ресейлік мәдениеттанушы Ю.М.Лотман төмендегідей пікірімен сабақтастырады:

«Всякая культура, обслуживающая сферу социального общения, есть язык. Это означает, что она образует определенную систему знаков, употребляемых в соответствии и известными членами данного коллектива правилами. Знаками мы называем любое материальное выражение (слова, рисунки, вещи и т.д.), которое имеет значение и, таким образом служить средствам передачи смысла. Следовательно, культура имеет, во-первых, коммуникационную и, во-вторых, символическую природу» [15,6].

Ендеше, жоғарыда аталғандай мәдениет ұлттық менталитет құндылықтарының түп негізі тіл қасиетінде көрініс табады. Тілдің құдіретімен бейнеленіп, шынайылықты танытады. Осы тұрғыда әр халық тілінде өзі   жасаған   және   табиғат   дарытқан   ұлттық мәдениеттің ізі бар деуге болады. Бұл — тіл мен мәдениеттің тоғысуы жолын көздеген лингвомәденитеттану пәнінің негізі болмақ. Лингвомәдениеттану (лингвокультурология) латынның lіпguа-тіл, gultura- мәдениет, logos — ілім деген терминдерінің жинақталуынан туындап, лингвистика мен мәдениеттану пәндерінің тоғысуында пайда болып, халық мәдениетінің тілдегі әсерін, ерекшелігін, жаңаша көзқараспен салыстыра зерттейтін сала. Осы орайда А.Соломоник: «Лингвомәдениеттану – тілдің корреспонденциясы мен мәдениетінің өзара қатынасының синхронды түрін зерттейтін және сипаттайтын этнолингвистиканың бір бөлшегі», — [16, 217] деп сипаттаса, лингвомәдениеттану ғылымының теориялық және әдістемелік жолын көрсетуші ғалым В.В.Воробьев оны «менталингвистика» ғылымы ретінде танытуға ғылыми бағыт бұрып, бұл саланың тіл мен мәденитеттің өзара әсерінің негіздерінен туындағанын дәлелдейді, әрі мынандай ғылыми анықтама береді: «Лингвокультурология -комплексная научная дисциплина синтезирующего типа, изучающая взаимосвязь и взаимодействие культуры и языка в его функционировании и отражающая этот процесс как целостную структуру единиц в единстве их языкового и внеязыкового (культурного) содержания при помощи системных методов с ориентацией на современные приоритеты и культурные установления (система норм и общечеловеческих ценностей)».

Ғалым В.А.Маслова бұл пәнді халық әдебиетін танытушы ғылым деп санап, былайша анықтайды; «Лингвокультурология – это наука, возникшая на стыке лингвистики и культурологии и исследующая проявления культуры народа. Которые отразились и закрепились в языке».

Көріп отырғанымыздай, В.Воробьев, А. Маслова, В.Телияның бұл ғылыми түжырымдарына арқау болған мәдениет пен тіл арасындағы байланыстың сыры американдық ғалымдар Э.Сепир мен Б .Уорфтың «Лингвистикалық ықтималдық теориясының» негізін танытқан «этнос дүниетанымытдағы ерекшеліктің ізі халық тілінде сақталады» деген қағидамен астасып жатқандығы сезіледі. Бұл жайт лингвомәдениеттану пәнінің этнолингвистика мен лингвомәдениеттану пәндерінің тіпті ұқсас жақтары бірізді сөз етілгенімен, В.Воробьев атап көрсеткендей, этнолингвистика ғылымының өзіндік ерекшелігін былайша түсіндіруге болады: «Этнолингвистика комплексті этнографиямен шектес, халық мәдениеті, тарихтың шығу тегі мен таралуын зерттейді. Бүгінгі ғылымда этнолингивистиканың зерттеу мақсаты — тілдің қызметі мен дамуына лингвистикалық, этномәдени, этнопсихологиялық факторының әсерін ерекше қарастыру, ұлттық болмыспен ұштастыру».

Тіл ғылымында лингвомәдениеттану — лингвистика мен мәдениеттанудың түйіскен тұсынан туындап отырған, әрі этнолингвистика мен елтануды да ортақтастыратын жаңа ғылым. Сонымен, лингвомәдениеттану – ұлттық сипаты бар деп танылатын әлеуметтік, танымдық, эстетикалық, этикалық, саяси, адамгершілік, руханилық, тұрмыстық қағидалар мен заңшылықтарды тілдік құралдар арқылы жеткізуді зерттейтін тіл білімінің бағыты. Осы тұрғыдан лингвомәдениеттанудың ең негізгі мақсаты — ұлттық болмыстың тілдегі көрінісін, тіл фактілері мен халықтың танымдық, этика-эстетикалық категориялары арқылы рухани мәдениетін танытып, олардың қызметі мен орнын анықтау деп түйіндеуге болады. Лингвомәдениеттану пәнінің мақсатына қатысты негізделген ойымызды маман-ғалым В.Воробьевтің мына пікірі толықтыра түскендей: «Исследование загадки России, русской литературы и цивилизации — одна из важнейших задач лингвокультурологии: она позволяет открыть и освободить от всячиских наслоении духовный источник силы русского народа. Может дать разгадку многих устоичивых языковых выражений, словесных и художественных образов «подтекст», которых иначе останется не вполне ясным, осознанным» [17, 9]. Осы орайда лингвомәдениеттану пәнінің зерттеу объектісінің ауқымы ұлттық мәдениеттің және рухани құндылықтарының тілдегі көрінісі әдебиет, фольклорда т.б. да берілуі кеңи түсетіні көрінеді. Олай болса, бүгінгі қазақ тіл білімінде лингвомәдениеттану ғылымы пән ретінде жаңа қадам басып жатқанымен, ұлттық мәдениетпен болымсыздық ерекшеліктерді таныту, лингвомәдениеттану пәніне қатысты Ш.Уәлиханов, Ә.Марғұлан, Қ.Жұбанов, М.Әуезов еңбектерінен бастап ғалым-тілшілер І.Кеңесбаев, Ә.Қайдар, Р.Сыздық, Е.Жұбанов, Е.Жанпейісов, Т.Жанұзақов, Н.Уәлиев. Ж.Манкеева, А.Жылқыбаева, Қ.Рысбергенова, Р.Шойбеков т.б. ғалымдар еңбектерінде тіл фактілерінің сипаты ретінде танытылады. Ғалым Е.Жанпейісов «Этнокультурная лексика казахского языка» еңбегінде М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясындағы этнографизмдерді тілдік әрі халықтық болмыс тұрғысынан зерттеуі қазақ халқының мәдениетінің тіл деректері арқылы танытуда қосқан зор үлес деп білеміз. Көне сөздердің табиғатын танытып жүрген, белгілі тілші-ғалым Р.Сыздықова өзінің «Сөздер сөйлейді» т.б. еңбектерінде бүгінде жұртшылыққа таныс емес, бірақ ана тіліміздің қазынасында сақталған бірқатар сөздер мен сөз тіркестерінің (абжыландай толғану, кек, жыға, бес жетім т.б.) тарихи-тілдік мағынасын ашып, «қазақтың ауыз әдебиеті мен өткен ғасырда өмір сүрген ақын-жыраулардың тілінде, жырларда ескі тұрмыс-салтқа байланысты бүл күнде  ұмыт бола бастаған немесе мүлде ұмытылған, я болмаса мағынасы өзгерген сөздер мен сөз тіркестерінің кездесуі табиғи құбылыс» деп көретеді [18, 5].

Бүгінде лингвомәдениеттану ұлттық тілді танудың негізі екені соңғы кездегі біраз зерттеулерде (Г.Смағүлова, А.Алдашева, А.Салқынбай, Р.Авакова, А.Сейсенова, Г.Қажығалиевалардың т.б.) сөз болуы, назар аударылуы, лингвомәдениеттану ғылымының пәні ретінде қалыптаса бастағанын байқатады.

Тіл білімінің осы жаңа саласын көптен бері зерттеп келе жатқан ғалым Е.Жанпейісов «Этнолингвистика қазір өз алдына дербес пән ретінде ғылымның алдыңғы шебіне шығып, өзінің бітім-болмысы, табиғаты жөнінен жалпы тарихи категория болып табылады. Себебі ол этностың қазіргісін емес, көбіне-көп өткенін зерттейді. Ал этностың өткені оның этномәдени лексикасынан айқын көрінеді [19, 7] Г.Смағұлова ұлттық тіл мен ұлт мәдениетінің тоғысуыңдағы өзара байланысты анықтап, мәдениент ұғымын, мағыналас фразеологизмдердің бойынан тіл аспектісінде қарастырған. Ол өз еңбегінде лингвомәдениеттану пәнінің ерекшелігін былайша көрсетеді: «Лингвомәдениеттану — этномәдени және этнописхологиялық факторлар мен тілдегі ұлттық мәдени мағына компоненттерін тіл арқылы мәдениеттану бағытында зерттеп, тілдің дәл қазіргі қолданыс қызметін көрсететін ұлттық ерекшелігін ешбір идеологиясыз заманға сай келбетін таныту. Бұл ретте тіл – ұлт мәдениет дейтін үштік (триада) лингвомәдениеттану пәнінің зерттеу  нысаны  болмақ».

Лингвомәдениеттанудың өркениеті, қоғамдық ғылымдармен қатар дамуын тілдік тұрғыдан сөз ету пәннің зерттеу объектісін нақтылай түседі. Осы жайт тұрғысында, сондай-ақ, көне тіл деректері лексикамызда сөзжасам саласының қызметін арттыруда халқымыздың мәдени өмірімен байланысты екенін тілші А.Салқынбайдың мына пікірі толықтырады: «Тілдік деректерді лингвомедени аспектіде зерттеу — ең әуелі тілдер арасындағы жалпы адами    гуманитарлық, мәдени, өркениеттік қырларды айқындау болып табылады. Табиғаттағы, әлемдегі құбылыстар, қоғамдағы сана мен салт, бірі де тілде өз көрінісін табатындықтан, атау мен оның жасалу сипаты лингвомәдени аспектіде қарастырылады». А.Сейсенова этикет формаларына линговмәдениеттану аспектісінде салыстырмалы талдау жасап, халық мәденитеті мен ұлттық мөдениеттің бірлік қызметіне ерекше тоқтайды: «Лингвомәдениеттану — мәдениеттің тілдік жүйеге қалай әсер ететін, яғни фактор мен адам бойындағы тілдік факторлардың байланысын қарастырады»  деп түйіндейді.

Қазақ тіл біліміндегі лингвомәдениеттану пәні басқа халықтардың өмірінен де мәдени ақпарат береді. Бір ұлттың көршілес ұлтпен туыстығын немесе дәстүр ұқсастығын салыстыруды да мақсат етеді. Осы орайда лингвомәдениеттану пәні аударма мәселесімен шұғылданушылардың да назарынан тыс қалмаған. Аударматанудың лингвомәдени мәселелерін сөз еткен А.Алдашева бұл пәннің зерттеу көздерін ғылыми тұрғыдан анықтап, ірі лингивистика ғылымымен ортақтығын: «Лингвомәдениеттанудың ауқымы соңғыларға қарағанда өте кең, ол әрбір тілдік единицаның белгілі бір халықтың төл элементі, халық тілімен бірге жасасып келе жатқан өз сөзі, өзгелерден ауыс-түйіс емес, өз меншігіндегі сөз, сөз тіркесі, афоризм, мақал-мәтел екендігін дәледейтін белгі қайсы; ұлттық бет-пішіні бар деп есептелген сөз (өзге де тұлғалар) ұлттық әлеуметтік, этникалық, саяси, адамгершілік, тұрмыстық нормалары мен қағидаларынан қандай мәлімет жеткізе алады дегенді зерттеуге назар аударады»,- деп тұжырымдайды [20, 28].

Көріп отырғанымыздай, лингвомәдениеттану мен этнолингвистиканың теориялық зерттеу нысаны мен мақсатының өзектес, тамырлас екендігі дау туғызбайды. Осы екеуінің қатынасын жалпы мен жалқының, бүтін мен бөлшектің байланысы іспетті деп қарауға болады. Нақтырақ айтсақ, этнолингвистиканың зерттеу нысаны — этнос болмысын түтастай танытатын тіл әлемі, осы қағиданың құрамдас бөлшектерінің қатыстылығы мен үйлесімділігін анықтау мақсатына қарай зерттеушілердің «этнолингвистика» деп аталатын «тілдік әлемнің» тұтас шеңберін жеке-жеке салаларға бөліп қарастыруы, этнос болмысының белгілі бір жақтарын көрсеткенімен, тұтас бейнесін айқындай алмайды. Осыған байланысты » Этнолингвистика мен социология ғылымдарының аралығынан туған» (Б.Уорф), «Халықтың тілінде салт-дәстүрі көрініс табады» (Ф. де Соссюр), «Этностың дүниені тіл арқылы тануы, оның салт-дәстүр, этнография, мифология, т.б. символдық қызметімен байланысты» (Э.Сепир), «Этнолингвистиканың болымсыз ретінде антропологияны қолдану» (АҚШ ғалымдары), «этнолингвистика тек көне дүниені» немесе «ескіліктерді» зерттеуші ғылым (Е.Жанпейісов), «этнолингвистика пәнаралық ғылым» (Е.Копыленко) т.б. көзқарастар этнолингвистика ғылымын жіктейтін емес, оның кешенді сипатынан туындайтын сан түрлі қырларын айқындап, тұтастыра келіп, түптеп келгенде, бір-ақ арнаға тоғыстыратын салалары. Белгілі ғалым Ә.Қайдар «Қазақ тілінің өзекті мәселелері» атты жинағында этнолингвистиканың зерттеу объектілері мен мақсат-мүдделеріне тоқтала келіп, оның қоғамдық және лингвистикалық пәндермен байланысына тоқталады. Осындай тіл деректеріне сүйеніп, этнолингвистикамен сабақтас этнос болмысының сан түрлі қырын зерттейтін ғылымдарды академик Ә.Қайдар екіге бөледі:

  • этнос тіліне жалпы қатысы бар (мәселен, мәдениеттану, этнография, этнология, өлкетану фольклористика, мифология, астрономия, педагогика, дидактика т.б.) ғылымдар.
  • этнос тілінің тілдік табиғатын айқындауға тікелей қатысты ғылымдар (мәселен, этимологая, диалектология, онамостика, фразеология, паремология, терминология, лексикография, социолингвитсика, этнолингвистика, псиолингвистика т.б.).

Демек, бұл екі топтағы ғылым салаларын этнолингвистикамен байланыстыратын, этнос болмысын татынатын тілдік дерек көздерінен көреміз. Міне, осындай сабақтастықтың бірі — этностың мәдениетін таныту, мүддесін көздеген мәдениеттанумен сабақтас лингвомәдениеттану.

Бүгінгі таңда тіл арқылы мәдениетті тану лингвомәдениеттану пәнінен бұрын этнолингвистика ғылымында сөз етілген. Лингвистикалық түсіндірме сөздікте: «Этнолингвистика (гректің «этнос»- тайпа, халық, -француздың «лингвистика») тілде мәдениетпен, тілді этномәдени және этнопсихологиялық факторлармен байланыстыра қарастыратын тіл білімінің бағыты» деп анықталған.

Осы ғылымның жеке бағыт ретінде қалыптасу XIX ғасырдың 70- жылдарынан бері Американың тіл білімінде Орталық Американың Үндіс тайпаларын зерттеуімен байланысты өріс алып, жаңа дәстүрдің негізін салды. Этнолингвистика ғылымының негізі американдық ғалымдар: Ф.Боас, Э.Сепир, Б.Л.Уорф, Хайер т.б. еңбектерінен бастау алады. Бұл бұлақтың бастауы орыс тіл білімінде ресейлік ғалымдар Ф.И.Буслаев, А.Н.Афанасьев, ААПотебня еңбектерімен жалғасып, XIX ғасырдың 80-жылдарында фольклор аясында тіл мен мәдениетті сабақтастыра зерттеудің жаңа бағытын пайдаланған Н.И.Толстой, В.В.Иванов, В.Н.Топоров сияқты ғалымдардың этнолингвистикалық зерттеулері атаулы саланы ғылыми биік сатыға көтеріп жіберді. Ресейлік ғалымдар (соңғы аталған) өз зерттеулерінде нақты бір тілдің тарихын сол ұлттың мәдениеті, тарихы, этнографиясымен тығыз байланыстыра қарастырған. Осы тұрғыда ресейлік тілші О.С.Ахманова: «Этнолингвистика – это раздел макролингвистики, изучающий отношения между языком и нарадом и взаимодействия лингвистических и этнических факторов в фунционировании и развитии языка» деп түсіндіреді. Сөздіктегі бұл анықтама тіл мен халық арасындағы тікелей байланысты көрсетеді, ал оның басқа ғылым салаларының деректері арқылы зерттеу нысанын айқындау жағдайы шет қалған.

Ғылыми аяда «этнолингвистика» термині ең алғаш ғалым Б.Уорфтың идеясымен туындап, осы идеяның жалғасы Э.Сепирдің еңбектерінде көрініс тауып ғылымда аты белгілі «Сепир-Уорф» болжамына сай тілдік этнодеректер, халық мәдениеті мен жеке ивдивид тұрғысында қарастырылған. Айтылған ой жайында профессор М.Копыленко «Основы этнолингвистики» еңбегінде жан-жақты тоқталады. Осы жайтты Э.Сепир өз зерттеулерінде «халық дүниетанымында туған салт-дәстүр, мифологизм, наным т.б. ұғымдар этнос болымысымен тығыз байланысты, олар тілдің символдық қызметі ретінде көрініс табады»,- деп көрсетеді.

Жоғарыда атап көрсетілген ресейлік ғалымдар (Н.И.Толстой, В.Н.Топоров, В.В.Ивановтың) тұжырымдарында этнолингвистика көне тілді зерттеуші ғылым ретінде танылады.

Ғалымдар тілдік этнодеректерді көбінде байырғы халық тілі мен жергілікті халық тілінен негіздеуді дәстүрге айналдырған. Мәселен, этнолингвистиканың зерттеу нысаны этнографизмдерді Н.М.Шанский: «этнографизмы- такие диалектные слова, которые обозначают предметы и явление быта и труда, специфические для определенной местности и неизвестные литературному языку» деп тұжырымдайды. Н.И.Толстой  «Этнолингвистика – халықтың рухани         байлығының,                    менталитетінің, шығармашылығының, бір-бірімен байланысын, бір—біріне тәуелдігін, астарластығын зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Ол халықтың ұлттық мәдениетінің көрнекті позициясындағы негізгі формаларының бірі болып табылады» деп тұжырымдайды. Н.И. Толстой пікірімен мазмұндас анықтама лингвистикалық энцикпопедиялық         сөздікте     төмендегіше        берілген: «Этнолингвистика, қандай тәсіл арқылы берілгеніе қарамастан, мәдениеттің, халықтық психологияның және мифологияның «мазмұнын» лингвистикалық әдістер көмегімен зерттейтін кешенді пән» [21,597].

Кез келген тілдік құбылыстың табиғатын оның тек тілдік заңдылықтарына ғана сүйеніп емес, сонымен қатар, халықтың дүниетанымына, салт-дәстүріне, ұлттық болмысына қатысты қарастыру этнолингвистика мен лингвомәдениеттану пәндерінің ортақ заңдылығы деуге болады. Профессор Қ.Жұбановтың «Тіл арқылы халықтың тағылымдық мұраты этностың әр дәуіріндегі ұрпақ өкілдеріне мәдени әрі тілдік мұра ретінде сақталынатын» және тіл мен мәденитетті табыстыратын жаңа саланың дүниеге келетініне сол кездердің өзінде-ақ болжам айтқаны белгілі.

Академик Ә.Қайдардың «Ана тіліміздің бай қоры – ұлттық болмыс-бітімді танытатын тілдік этнодеректерінің қазынасы» деген пікір қазақ этнолингвистикасының негізін салып, атаулы ғылым саласы жайында: «Этнолингвистика- этностың (одан ұлыс, халық, ұлт) нысандық болмысынан туындап, санасында сараланып, тарихи жадында сақталып, тіл арқылы ғасырлар бойы қалыптасып, қорланып, рухани мәдени мұра ретінде атадан балаға, әулеттен нәсілге үзілмей ауысып келе жатқан дәстүрлі мирасты жаңғыртып, жан-жақты зерттеп, танымдық мәнін ашып, болашақ ұрпаққа
ұсыну мақсатына байланысты дүниеге келген тіл білімінің күрделі құнарлы саласы» деп анықтама берген. Сонымен, этнолингвистика да, лингвомәдениеттану да халық мәдениметімен, халық тарихымен, халық тілімен тікелей байланысты. Бұл байланыстылық                 лингвомәдениеттанудың да шеңберіне кіретіндіктен, профессор М.Копыленко этнолингвистика ғылымының өзіндік бағытын былайша көрсетеді:

«Это направление изучает этнос в зеркале языка. В нем нет симбиоза дисциплин, поскольку язык представлятся главным и непосредственным предметом анализа: этнология, культурология, история и прочие нелингвистические дисциплины привлекаются как вспомогательные» [22, 11]. Ал лингвомәдениеттану ұлттық тіл деректерінің бойынан мәдени нышанды тауып, қарастырып, сол атаудың ұлт мәдениетіндегі өзіндік ерекшелігін танытуға көбірек бағыт бұрады. Біз жоғарыда сөз еткен лингвомәдениеттанымдық және этнолингвистикалық ой тұжырымдардың негізіне сүйене отырып, халық өмірінің даналығы халық жасаған мәдениет, тіршілігі мен тұрмысын қалыптастырған көзқарастың тіл құдіреті арқылы тарих, мәдениет, әдебиеттің қат-қабат қойнауында сақталғаны ақиқат дегіміз келеді. Лингвомәдениеттану мен этнолингвистика   ғылымдарының   ортақтастығын   екі   пәнге тән кумулятивтік қызметінің жемісі деп танып, өзіндік ұқсастық пен ерекшеліктерді төмендегіше анықтадық:

Біріншіден, этнолингвистика мен мәдениеттану ғылымдары ұлттық тіл аясында халықтың рухани, материалды мәдени өмірін зерттейді. Тілдік фактілерді мәдениет аспектісінде қарастырады.

Екіншіден, екі пәнді де тіл мен мәдениеттану, тарих, этнография ғылымдарының жиынтығы деп қарауға болады. Өйткені бұл пәндердің деректерінсіз мәдениетті тану мүмкін емес.

Үшіншіден, екі пәнге де ортақ мәселе — ұлт, менталдық, ұлттық тұлға, этнос өмірі, дүниетаным, менталитеттік ерекшеліктер.

Төртіншіден, мәдениет атаулары — адамзат баласының жемісті еңбегін нәтижесі ғана емес, ол сан ғасырдың лексикалық қабатының тарихы.

Бесіншіден, ұлттық тіл — бір ғана этностың тілдік заңдылықтарын сақтаушы, ұрпакқа жеткізші құрал ғана емес, ол — халық мәдениетінің адамзат мәдениетіндегі рөлін сипаттайтын, мәдени категория.

Алтыншыдан, этнолингвистика «көне дүниені» жаңғыртуға көбірек бүйрегін бұрса, лингвомәдениеттану халықтың өткені мен бүгінін  жаңа, тың көзқараспен сараптайды.

Жетіншіден, этнолингвистика ұлт мәдениетін сол халықтың мәдени өмірімен әрі кетсе туыстас халықгардың этнографиялық тарихымен байланыстыра қарастырады. Ал лингвомәдениеттану оларды ұлт тіліндегі мазмұнын мәдениетіндегі қалыптасу жайына да тоқталады. Осы орайда тағы бір айта кететін жайт, «этнолингвистика» деп айдар тағылып зерттеу қарастырылмағанымен, тіл білімінде бұрынырақ жарық керген көптеген лексикографиялық, тарихи, лексикологиялық, этимологиялық еңбектердегі кейбір деректердің талдануларын этнолингвистикалық зерттеудің алғашқы нышандары деп санайды зерттеуші Н.Сейілхан. Өзіндік айқын мақсаты бар қазақ тілінің бай тілі мен рухани қазынасының арқасында жыл сайын аумағын ширата түскен этнолингвистика ғылымы бүгінде халық тілінің сан түрлі атауға толы кұбылыстарының ұлттық тіл таным түрғысынан зерттелу жолы толығып келеді (бұл жөнінде С.Сәтенова, Қ.Ғабитханүлы, Ш.Сейітова, Б.Сағынова, Б.Ақбердиева, Б.Қарғұлова т.б.) ғалымдардың еңбегін атауға болады.

Тілді кейде көп бұлақтан бастау алып, арнасына сыймай, асып-тасып жатқан шалқар дарияға теңейтініміз, шынында да, оның мәңгілікті қалайтын, жасай бергісі келетін, жасаған сайын жасара беретін ғажайып құбылыс екеніне байланысты болса, тілдің дүниеге келіп,. өзін болашағы зор ғылым саласы екенін көрсете бастауы, оның ана тіліміздің, міне, осы бір қасиеті мен құдіретіне байланысты.

Тілде әрбір халықтың ұлттық сана-сезімінің, ойлау тәсілінің, мінез-құлқының нысаналары сақталады. Халықтың мәдениеті, әдет-ғұрпы, әдеби мұралары тіл арқылы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады.

Жалпы тіл – мәдениеттің барлық саласының дамуына дәнекер. Адамзат қоғамы тілдің осы қасиеті арқылы ілгерілеген. Қандай халық болмасын оның ұлттық тілі сонау дәуірдегі мәдениетпен бірге бірге өмір сүріп, қазірге дейін жетуіне арқау болған.

 

 

 

 

 

   2 ЛЕКСИКОГРАФИЯЛЫҚ ДЕРЕКТЕРДЕГІ ҰЛТТЫҚ ӘШЕКЕЙ БҰЙЫМДАРҒА           ТАЛДАУ

            2.1 Ұлттық әшекей бұйымдар – халық мәдениетінің көрінісі

 

Ғалам мен адамды екі түрғыдан зерттеп-білуге болады. Біріншіден, ғылым ең басты принциптерді анықтап, дүниеге деген жалпы көзқарастың белгілі бір деңгейін жасап, қалыптастырады. Екінші жағынан, дүниені — жеке субъектіні қабылдау, бейнелі — сезімдік, құндылық және эстетикалық тұрғыдан қабылдау ерекшелігіне баса назар аудара отырып та тануға әбден болады. Дүние-өмірді сезінуде күш-қуаты ерекше мәдениет тек өзіндік, дара дүниетаным қалыптастырып, өзі бейнелеп отырған объектілердің мәніне терең енуге мүмкіндік береді. Бұл ретте тек өнер ғана «бас білдіре» алатын объектілер жетерлік.

Кез келген қоғамда өмір сүрген кез келген халықтың тыныс-тіршілігіне мән берсек, сол халықтың әсемдік талғамы мен танымына,  эстетикалық көзқарасына орай белгілі бір өнер түрінің басым дамып отырғанына көзжеткіземіз. Осы түрғыдан алғанда әшекей бұйымдар — қазақ халқының тұрмыс тіршілігінде айрықша орын алатын, ғасырлар көшін артқа тастап, сан дәуірдің жүгін арқалап келе жатқан өнер түрі десе де болады. Ол бізге діндік ерекшелігін жоғалтпай жетті. Оның негізін табиғат пен қоршаған ортаны жіті бақылаудан туған белгі-символдар, Ұғым-түсініктер құрайтыны тегін емес. Ұлттық әшекей бұйымдар ғасырлар бойы дамып, халық шеберлерінің ой елегінен өтіп, арман-мүддесімен ұштасып, сұрыпталды. Ол қайғы мен қуаныш, бақыт пен сүйіспеншілік сияқты қай көңіл-күйді болсын өз бойында бейнелеп келеді. Әшекей өмірмен өзектес, оған қарап отырып, қазақ тұрмысының жай-жапсарын аңғаруға болады.

Қазақтың халықтық зергерлік өнері ұлттық мәдениет тарихынан ерекше орын алады. Зергерлік өнері – бұл біздің ұлтық әшекей бұйымдарымыз. Әшекейдің басты екі ерекшелігі ғасырлар бойы сақталып келген. Біріншіден, өрнек және оның әшекейлік белгілерінің бәрі затта сән мен үйлесімді танытатын эстетикалық талғамды көрсетуге бағытталып отырған [23, 54]. Екіншіден, бұл өнердің кең мағыналылығы, оның ғасырлар сырын түйе білуіне, сынына тетеп беруіне, халық дүниетанымындағы өзгерістерге тез бейімделуіне себеп болды. Тіл білімінің этнографиямен, археологиямен байланысы орасан. Тіл тарихы — сол тілді жасаушы, және сол тілді қолданушы халықтың тарихының бір саласы. Сондықтан, белгілі бір тілдің тарихын сол тілді жасаушы, қолданушы және оның иесі — халықтың тарихына байланыссыз қарауға болмайды. Тіл тарихы мен халық тарихының байланысы — екі жақты байланыс. Тілдің тарихын сол тілді жасаушы, қолданушы және оның иесі — халықтың тарихымен тығыз байланысында зерттеу қаншалықты қажет болса, халық тарихын сол халықпен бірге жасасып келе жатқан оның тілінің тарихымен байланыста зерттеу соншалықты қажет.

Тіл деректерін зерттеу және оларды пайдалана білу тарихқа қатысты әр түрлі мәселелерді танып-білуге көмектеседі. Осы мәселелер қатарына белгілі бір халықгың тегі, оның пайда болуы, халықтардың дамуының әр дәуіріндегі мәдениеті, белгілі бір халықтың басқа халықтармен байланысы туралы мәселелер енеді. Рулардан, тайпаның, тайпалар одағынан халықтың жасалып, пайда болуы ру тілінен тайпа тілінің, тайпа тілінен халық тілінің пайда болып, жасалуынан бөлек емес, қайта бір-бірімен қабаттасып жатады. Демек, халық тілінің жасалып, пайда болу тарихына қатысты мәселелерді есепке алмай тұрып, халықтың жасалып, пайда болу мәселесін ғылыми тұрғыдан жан-жақты дұрыс шешу мүмкін емес.

Тіл мен мәдениет бір-бірінен ажырамас екі бірдей әлеуметтік кұбылыс. Қоғамның өзі адамнан ал адам тіл мен мәдениеттен тұрады.

  • Тіл — мәдениеттің өнімі;
  • Мәдениеттің негізі — тіл;
  • Тіл мен мәдениет — егіз жұп.

Ұлттық мәдениетіміздің тарихында зергерлік өнері ерекше орын алады. Мәдени мұрамыздың ең негізгілерінен саналатын зергерлік өнері халқымыздың өткендегі материалдық мәдениет дәрежесін, рухани мәдениетін бейнелейді.

Ұлттық әшекей бұйымдар — өз алдына бір өнер. Халқымыздың дәстүрлі қолөнері – қайнар бұлақ, сарқылмас қазына, бай мұра. Зергерлік, әсемдік бұйымдар, тұрмысқа қажет түрлі дүниелер адамдардың тіршілік керегіне жарап қана қоймай, өздерінің әдемі өрнектерімен, сан қырлы, терең таң қалдырып, тәрбиелік танымдық қызметінде өтейді. Зергерлік өнер – өте ерте заманнан келе жатқан өнер. Оны барлық халықтар жоғары бағалап, ең қалаулы өнер етті. Сан салалы нақыштарының қалай аталатыны, қандай мағына беретіні, қай салада қолданылатыны, өрбіу, даму тегі түбегейлі зерттеуді қажет етеді.

Сан ғасырдың сарабынан өтіп, біздерге қаймағы бұзылмай жеткен халқымыздың қастерлі де дәстүрлі қол өнері көптеген салаға бөлінеді. Солардың ішінде түрі жағынан да, мән мазмұны жағынан да аса бай, шоқтығы биік тұрғаны – зергерлік өнері туындаларын зерттей келе, оның өте күрделі, қиын да қызық екеніне көз жеткізуге болады. Қазақтың зергерлік өнері ежелгі дәстүрлердің сабақтастығы мен көрші халықтар мәдениетінің өзара ықпалы арқылы қалыптасқан. Ұлттық әшекей бұйымдарды жасаушылар, яғни зергерлердің соғатын заттарының түрлері көп болған. Оған әйелдердің әшекейлері, киім-кешекке тағатын түрлі сәндік бұйымдары, жиғаздық заттар, музыкалық аспаптар, қару-жарақ, ат әбзелдері және тағы басқалар жатады. Бұларды әсемдеу үшін көбіне алдынды, күмісті молырақ қолданған. Зергерлер әшекей бұйымдарды асыл тастардан (лағыл, сапфир, гауһар т.б.) және інжу, маржан, жақұттан көз қондыру арқылы да әсемдей түскен. Зергерлердің көп жасаған бұйымдарының қатарына әйелдерге арналған әшекейлер жатады. Әшекейлердің бұл түрі тек сән-салтанат үшін ғана емес, күнделікті өмірдеде қолданған. Қас шеберлердің қолынан шыққан қару-жарақ, ер-тұрман, ат әбзелдері т.с.с. тұрмыста тұтынатын әртүрлі мүліктер мен сәндік әшекей бұйымдар шынайы өнер туындысына айналған.

Қазақ әшекейлерінің түрлері мен өрнегінің осыншалық байлығына қарамастан жасалу тәсілінің, өрнектелуі мен нұсқасының ортақ белгілерін ескере отырып, оларды бірнеше стильдік топтарға жіктеугеде болады. Себебі, кез келген әшекейдің негізгі өркен жайған өңіріне тікелей қатысты қалыптасқан дәстүрлі көркемдік жүйесі бар[24, 11].   

Киген киім, оған қадалған түрлі әсемдік заттар, құлаққа таққан, саусаққа салған сәндік бұйымдар халықтың ертегі-әңгімелерінде әр жырларында көптеп ұшырасады. Яғни өнерпаз халқымыз бір өнерді екінші өнермен ұштастырып, талғамның жоғарғы түрін, әдеміліктің өшпес үлгісін жасай білген.

Қазақ зергерлері, әсіресе, әйел адамдардың әшекейлі сәндік бұйымдардан асқан шеберлікпен зор талғаммен әзірлей білген. Олар: сырға, білезік, сақина, жүзік, шолпы, шашбау, ілгек, қапсырма, алқа, өңіржиек, түйме т.б. Солардың ішіндегі ең көп тарағаны әрі қастерлісі – сырға.

Сырға – әйелдердің құлағына тағатын әшекейлі сәнді зергерлік бұйым. Қазақта сырғаның көптеген түрлері бар. О баста сырға сүйек пен мүйізден, бертін келе қоладан, күміс, алтыннан әзірленіп, түрлі асыл тастардан көз орнатылатын болған. Жасалған материалы мен жасалу тәсіліне қарай алтын сырға, күміс сырға, қозалы сырға, гауһар сырға маржан сырға, феруза сырға т.б. түрлері бар. Құлақтағы әшекей сырғасы, бастағы кәмшат бөрігі, білек толған білезіктері – баршасы да, Абайдың бұл өңірден көрмеген бір сәні сияқты ( М.Әуезов, Абай). Мұнда қыздың құлағындағы әсем де, көркем сырғасын бейнелеп, көрінісі берілген.

Қазақ әйелдерінің ең көп тұтынатын бұйымы – білезік. Ол әйел адамдардың білек буынына тағатын әшекейлі сәнді бұйым. Білезіктің алтын білезік, күміс білезік, сом білезік, бес білезік, бұрама білезік, қос білезік, топсалы білезік т.б. түрлері бар. Керімбала көп сақиналы, үлкен білезік салған әппақ қолын сән көтере түсіп жігітке шынайы тілек етті (М.Әуезов, Абай).

Әйелдерге арналған әсем бұйымның бірі – жүзік. Оның үстіңгі бетіне әр түрлі тастардан не өңді әйнектерден ою-өрнек жүргізіледі. Жүзікке көбінесе күмістен көз, балдақ, құс тұмсық орнатылады. Қазақ, әдетте, ешқандай әшекейі жоқ, алтыннан, күмістен сомдап соғылған жай шығыршық тәрізді сақинаны балдақ деп атайды. Мысалы, Ақжамал сөзін пысықтай сөйлеген күйі, қолындағы жүзігін суырып алды да, Шолпанның саусағына өз қолымен кигізді (А.Хангелдин, Қараторғай).

 Шолпы – күміс теңгеліктердің бірнешеуін бір-біріне кішкене шығыршықтар арқылы жалғастырып жасайды, ең үстіңгісіне күміс, алтынан бау тағады. Шолпыны әшекей, сән ретінде тағады. Мысалы, Шолпысы сылдырлап күн көзімен шағылысы жалт-жұлт етеді (И.Салахов, Көкшетау).

Қазақ әйелдерінің сәндік бұйымының бір тамаша үлгісі – алқа. Алқа – алтын, күміс, маржан сияқты заттардан істелген әйелдер мойнына салып жүретін сәндік бұйымы. Мысалы, Құлағында шығыс әдетіндегідей ұзын сырға, омырауында  бірнеше қатар моншақтан тізген алқа (А.Жұбанов, Замана бұлбұл).

Ұлттық әшекей бұйымдарымыздың әсем бір түрі – сақина. Шапқымен шеку, бізбен безеу әдісімен орындалатын, ою-өрнексіз жасалатын сәндік бұйым. Мысалы, Жәмила қолындағы қызыл тас орнатқан бір сақинаны суырып берді (Ә.Нәбиев, Шолпан).

Ұлттық әшекей бұйымдарымыз қазақ халқының ұлттық қолөнеріне жатады. Қазақ халхының ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениеттің рухани да, материалдық қазынаның бөлігі – ұлттық қолөнер. Халық өнерінің тамыры халықтың өмір сүру салтымен, өмір сүру салты халықтың шаруашылық дәстүрімен тығыз байланысты. «Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық», — дейді халық даналығы. Қазақтың ұлттық әшекей бұйымдары төлтума бітім-қасиетімен, көркемдік мән-мағынасымен ерекшеленеді. Ұлттық әшекей бұйым үлгілері тек қана эстетикалық мұра ғана емес, ол сонымен бірге халықтың белгілі бір тарихи кезеңдегі таным-түсінігінен, өмір-салтынан сұлулық туралы түйсік-талғамынан хабар береді. «Өнерлінің қолы алтын» демекші, бейнелік жүйесі мен  әсерлік қуаты мол қазақтың сәндік әшекейлерін талдап қарастыру халық шеберлерінң эстетикалық табысы мен суреткерлік жетістігі жоғары дәрежеде болғанын көрсетеді. Әсерлік қуаты мол, түрі мен өрнегінің айқын үйлесімімен ерекшеленетін қазақ әшекейлері бұрын-соңды өткен талантты зергерлердің айшықты мұрасы болып табылады әрі ұлттық мәдениеттің асыл қазынасына қосылады.    

 

 

 

    2.2  Ұлттық әшекей бұйымдардың фразеологиялық көрінісі

 

Қазіргі тіл білімі тілді алдымен, оның ойлау қабілетімен, танымымен, соның негізінде тілдік фактілерді тілдік тұлғамен, олар өмір сүрген ұжыммен, ортамен тығыз байланыста зерттеуге бой ұрады. Осы тұрғыдан келгенде, сол тілде сөйлеуші халықтың тілдік құбылыстарының көрінісін тілдің, тілдік бірліктердің ұлтық-мәдени нысандарымен тығыз байланыста зерттеу тіл-этнос-мәдениет үштігінің негізін құрайтыны сөзсіз.

Тіліміздегі тұрақты тіркестердің мағыналық астарында халықтың ерте уақыттан бергі өмірінің бүкіл қыр-сыры жан-жақты сақталып суреттеледі. Халықтың күн-көріс, тұрмыс-тіршілік негізінде өрбіген түсінік пайымдаулары, соған байланысты қалыптасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар тілдік қолданыстағы тұрақты тіркестерден көрініс табады. Сондықтан тұрақты тіркестер халқымыздың ұлттық менталдық ерекшелігін бойына сіңірген басты мәдени байлығымыздың бірі болып есептеледі. Әр ұлт тіліміздегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығы Сол ұлт тіліне тән өзіндік бейнелі сөз орамдары арқылы оның бүкіл заттық, рухани, мәдени өмірінен хабардар етеді [25, 3].

Кез келген ұлттың мәдениетін танып-білуде ең басты сүйенетініміз тіл. Тілдік деректер арқылы ұлт туралы, оның мәдениеті мен ұлттық ерекшеліктері туралы мол деректер мен мағлұматтар аламыз. Бұл орайда тіліміздегі фразеологиялық бірліктердің алар орны ерекше. Онда халықтың ғасырлар бойы сақталып келген салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, дүниетанымы т.б. көрініс табады. Тұрақты тіркестер мазмұнына үңілу арқылы ұлттық-мәдени маңызы бар деректерді айқындауға мүмкіндік туады. Демек, ұлт болмысын танып білуде фразелогизмдердің қосар үлесі зор. Сондықтан тіл мен мәдениет байланысында ұлттық салт-дәстүр, наным-сенімдер мен этикалық нормалар жиынтығын сипаттайтын фразелогиялық тіркестердің алар орны ерекше құнды.

Фразеологизмдердің жалпы лингвистика саласы ретіндегі тарихы ұзаққа бармайды. Тіл білімінің жаңа бағытын таңбалайтын «фразеология» термині жеке лингвистикалық пән ретінде ХIХ ғасырдың 40-жылдары дүниеге келді. Фразеологияның алғашқы теориялық негізі және осы мәселе жөніндегі идеяны дамытушы Ш.Балли болса, Ресейде дамыуы мен лингвистикалық сала ретінде қалыптасып дүниеге келуі академик В.Виноградов есімімен тығыз байланысты. Ресейдегі В.В.Виноградовтың теориялық жалғасы орыс ғалымдары В.Л.Архангельский, В.П.Жуков, В.И.Зимин, А.ИВ.Кунин, А.И.Смирницкий, В.Н.Телия, Н.М.Шанский, Е.Д.Поливанов т.б. еңбектерінде көрініс тапты. Фразеология тіл білімінің ерекше мағынаға ие, сөз тіркестерін зерттейтін синтаксиспен, сөздердің мағынасын зерттейтін лексикологиямен байланысты, фонетика, морфологиямен қатар қалыптасқан, өзіндік ерекшеліктері бар лингвистикалық сала болып табылады. Фразеологияның нысаны ретінде тілдің барлық деңгейлеріндегі тілдік бірліктер емес, сөздердің тұрақты тіркестерін құрайтын, «ешкімнің еркіне көнбейтін», «дайын құрылыс материалы» болып табылатын құрамы жағынан тұрақты тіркестер танылады. Фразеологизмдердің тіл біліміндегі фонология, морфология, лексикология және синтаксис салаларынан ерекшелігі – сол тарихи тұрғыдан тіл туралы ғылымының тірегі, оның зерттеу нысаны — «сөздер мен сөйлемдердің мағыналық жағынан байланысты тіркесімі» (В.Н.Телия) болып табылатын фразеологизмдер мен фразеологиялық бірліктер. Атақты ғалым Е.Д.Поливанов фразеология саласын ерекше лингвистикалық пән ретінде оның нысанасы мен міндеттерін белгілеп мынадай пікір айтқан болатын: » Я позволю себе употребить термин «фразеология» для обозначения особой дисциплины занимающей по отношению к лексике то же положение, какое синтаксис занимает по отношению к морфологии» [26, 20].

Фразеология – құрамы мен құрылымы тұрақты, сөйлеу негізінде конструкцияланбай, даяр қалпын сақтай отырып қолданылатын, мағына тұтастығы мен тіркестердің қазіргі күйін және тарихи қалпын зерттейтін тіл білімінің саласы. Фразеологизмдер – тіл атаулының бәріне тән, ортақ құбылыс, тек олардың пайда болуы, құрылымы қолданылуы бейнелеуіштік қасиеті тіл иесі халықтың мінез-құлқы, салт-санасы, әдет-ғұрып, дәстүрлерімен ұштасып жатады және солардың көрінісі болып табылады.

Тіл белгілі бір құрылымы мен қызметі бар, біртұтас жүйелі құбылыс ретінде өмір сүреді. Жүйенің элементтері бір-бірімен өзара қарым-қатынаста, байланыста, бірлікте өмір сүреді. «Жүйесіз нәрсені жадыңда сақтау қиын. Егер тілде жүйе болмаса, егер олар бір-бірімен байланыссыз, ретке келтірілмеген, бөлшектері бүтінге біріктірген, онда тіл адам санасында сақталмаған болар еді, қатынас құралы болып қызмет етуге де жарамас еді. Тілде жүйелілік қасиет бар».

Кез келген халықтың халықтығы мен ұлттық болмысын танытатын оның әр алуан өнері болса, сол өнердің алды – қызыл тіл деген даналық сөз бар. Тілдің байлығын, терең тұңғиық сырлары мен құпияларын ашқан, сұлулығына тамсанып, шебер қолдана білген, сол тілде сөйлейтін халықтың кемеңгерлілігі мен даналығы екені сөзсіз. Тілдің бейнелілігін, байлығын арттыра түсетін сөздік қордың ауқымды бөлігін құрап тұратын тілдік бірліктер – фразеологизмдер. Фразеологизмдер – халықтың тұрмыс-салтының, әдет-ғұрпының, мінез-құлқының, өмір сүру формасының және т.б. айнасы. Тұрақты тіркестер — әр халықтың дүниетанымы, салт-санасы мен ұлттық мәдениетінен хабардар етеді. Тұрақты тіркестер, яғни фразеологизмдер арқылы халықтың  барлық келелі ой, пікір-түсінігі  сырлы сөзбен кестеленіп беріледі. Олар адамның құлақ құрышын қандырып, сезіміне әсер етіп, ойындағы бейнелілікті жандандырады. Тіліміздегі фразеологизмдер – халқымыздың ұлттық ерекшелігін көрсететін басты байлығымыздың бірі. Фразеология тіл байлығы ретінде тек сөз өнерінің өрісін кеңейтіп қана қоймай, сонымен қатар ерте замандардан бергі барша рухани өміріміздің байлығын, оның қыр-сырларын өз бойына жинап, жан-жақты сипаттайды.

Фразеологизмдердің көпшілігінің қалыптасуы қандай да бір сюжетке, тарихи және мәдени дерекке келіп тіреледі. Еркін тіркестер тұрақты тіркестерге айналуына дейін өте күрделі жолдан өтеді.

Қазақ тіл білімінде алғашқылардың бірі болып ХХ ғасырдың басында профессор С.Аманжолов идиомалық тіркестер мен фразеологизмдерді зерттеуді қолға алу керектігін атап өтті. 1948 жылы қорғалған докторлық диссертациясында, тұрақты тіркестерге диалектологиялық деректерден көптеген фактілер келтіріп, оларды қазақ әдеби тілімен салыстыра зерттейді. «Қазақ тілі идиомалар мен фразеологиялық тіркестерге» бай. Біздің ойымызша, идиомалық және фразеологиялық оралымдар қазақ халқының ойлау жүйесін зерттеудің және тілдегі мазмұн мен форманы қарастырудың тамаша нысаны бола алады», — деп ерекше атап көрсетті [27, 254].

Қазақ фразеологизмдерін теориялық тұрғыдан зерттеу мен арнайы лексикографиялық еңбектерді басып шығару атақты ғалым І.Кеңесбаевтың еңбектерінен бастау алады. Түркі тілдес халықтардың ішінде алғашқы фундаментальды еңбекті академик І.Кеңесбаев 1977 жылы басып шығарды.

Бұған дейін көптеген еңбектер Р.Авакова, Ш.Құрманбаев, Г.Сағидолда , Қ.Сарекенова, Қ.Сарбасов, С.Сәтенова, Г.Смағұлова, К.Рысбаева, Ә.Хазимова және т.б. көлемді тақырыптар негізінде зерттеліп келеді.

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: «Фразеология – белгілі бір тілге тән тұрақты сөз орамдарының жиын аты» делінген. Әр ұлт өз тілінде дүние, әлем туралы түсініктерін түрлі тілдік фактілер арқылы кесіп-пішеді, қоршаған әлемнің тілдік әлемі, негізінен алғанда, адамдар санасындағы дүниенің логикалық бейнеленуі жағынан ұқсас болып келеді. Фразеологияның пайда болуына күнделікті өмір мен өзімізді қоршаған заттар мен құбылыстардың бір-бірінің әсерінен туған бейнелі қабылдаудың ықпалы зор.

Ғалым Р.Ә.Авакованың «Халықтың рухани творчествосының жемісі, тілдің ажарын кіргізетін, оның құдіретін арттыра түсетін, ойды бейнелеп, астарлап өзінің нақышымен жеткізетін, ата-бабадан мұра ретінде келген сөз қазынасының дайын қолданылатын үлкен саласы фразеологизмдер этнос тілінің құрамдас бөлігі болғандықтан, оларға этнолингвистикалық талдаудың ғылым үшін құндылығы ерекше. Адамзат тарихын өз бойына сақтаған халықтың фразеологиялық қорына дүниені танып білуі, ұлттық мәдениеті көрініс тапқан», — дейді [28, 57-58].

Тіліміздегі фразеологизмдер айналадағы қоршаған заттар мен құбылыстарға тілдік тұрғыдан баға беру, сипаттау арқылы сол халықтың менталитетін, көзқарасын, дүниетанымын аңғартады. Ол тілдік бірліктер сол ұлттың ұрпақтан-ұрпаққа қалдырылған материалдық және рухани мәдениеттерінде ғана сақталған. Енді осы тілдік бірліктер қалыптасқан дәстүр бойынша әрбір салалық тұрақты тіркестер ішінен толып жатқан тақырыптық топтарға жіктелуі мүмкін. Тақырыптық топтар деп бір саладағы тұрақты тіркестердің мазмұны, мағынасы жағынан бірнеше топтарға іштей жіктеліп, тақырыпқа топтастырылған түрлерін айтамыз. Ғалым Г.Смағұлова: Фразеологизмдердің семантикалық тақырыптық топтарын салыстырғанда фразеологиялық топтардың үлес салмағы сан жағынан шектеулі, аздық етеді. Мұның өзі фразеологизмдердің үнемі сөздердің дублеті мен эквиваленті деуге болмайтынын аңғартады. Шын мәнінде, фразеологиялық тұлғалар өзіндік дербес мағынасымен ерекшеленіп, қызметінен өзгешеленеді. Фразеологизмдер сөздер сияқты тіршіліктің барлық саласын қамти алмайды, дүниенің кез келген ұғымына атау бола алмайды, ол тек өз өрісінде, өз жағдайында құбылыстармен заттар, адамның көңіл-күйін, эмоционалды-экспрессивті бағалауда образды елестетумен, туынды номинация жасаумен шектеледі. Ал сөз болса, оның жүрмейтін жері жоқ. Ойлау мен ұғымның шексіздігін жеке сөздер ғана қамти алады. Солар арқылы әлемнің тілдегі көрінісі нақтыланады [29, 84].

Қазақ тілінде ұлттық әшекей бұйымдарымызға байланысты І.Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі», «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі», мен көркем шығармалардан жиналған жуық тілдік бірліктерді жинастырсақ, солардың ішіндегі ең ауқымдысы фразеологизмдер. Олардың ішіндегі ұлттық әшекей бұйымдарымызға байланысты «Белбеуі шешілді«, «Сүлейменнің жүзігіндей«, «Бет моншағы үзілмеген«, «Құлағыңа алтын сырға«, «Бата аяқ сырға тағар» сияқты тұрақты тіркестер кездеседі. Ұлттық әшекей бұйымдардың атауларына, яғни сырға, жүзік, сақина, моншақ, балдақ, шашбау т.б. әсемдік бұйымдарға байланысты фразеологизмдер І.Кеңесбаевтың сөздігінде берілген. Тілімізде ұлттық әшекей бұйымдарға байланысты фразеологизмдер:

Белбеуі шешілді. Бұл жерде егілді, ынтыға елжіреді деген ұғымда. Мысалы, Есіме беу, қарағым түскен кезде, Белбеуім бес ораған шешіледі (Қазақ халық өлеңдері).

Балдағы алтын ақ берен. Асыл, өткір қару-жараққа айтылған. Мысалы, Бұл батырдың мылтығы балдағы алтын ақ берен еді (Қазақ ертегілері).

Бос белбеу. Адамға байланысты салдыр, салақ, жалқау екендігі айтылған. Сонымен қатар, ештеңемен ісі жоқ, болбыр, ешнәрсеге құнты, ебі жоқ деген мағынада. Мысалы, Бота тірсек бос белбеу бозбалалар, Арасынан табылмас жайды ұға алар (С.Бақбергенов, Қайран шешем).

Жүзіктің көзінен өткендей. Мұнда екі мағынада қолданылады. Біріншіден, сұлу, мүсінді. Екіншіден еті тірі, пысық. Мысалы, Өзі де жүзіктің көзінен өткендей жұтынып тұр (Т.Ахтанов).

Сүлейменнің жүзігіндей. Сүлеймен патшаның күштілігі, оның жүзігінің істемейтін нәрсесі жоқ деген қауесеттен туған ескі сенім. Соған теңеп айтқаны. Мысалы, Ол тастың Сүлейменнің жүзігіндей, Мұсаның асасындай, Дәуіттің қоржынындай қасиеті бар (Қазақ ертегілері).

Әкеңнің ала моншағын алып па едім немесе Әкеңнің көз құны бар ма? Мұнда да адамға қатысты әкеңнің қандай ақысы бар, атаңның қандай құны бар ма, не ақың бар, қандай өшің кетті деген мағынада айтылған.

Бет моншағы түсті [үзілді]. Адамға байланысты, ұялды, батылы бармады, кісіге тіктеп қарауға жүзі шыдамады деген мағынада айтылады. Мысалы, — Әй, құдай –ай, сенің орныңа еркек болмағам екен! – деді келіншек. – Қазынаның берем дегенін сұрауға да бет моншағың түседі (Ғ.Мұстафин, Таңд.шығ.).

Бет моншағы үзілмеген. Ұяң, беті ашылмаған адам. Мысалы, Қаншама ер жетті дегенмен, бет моншағың үзілмеген жассың ғой, сондықтан ойыңа алған ісіңе батылдығың жете бермейді(С.Мәуленов).

Тесік моншақ жерде қалмас. Бұл фразеологизм екі мағынада қолданылады, бірінде асыл зат жерде жатып қалмайды, керексіз болмайды, екінде көбіне қыз орнын табады, теңін табады деген мағынада қолданылады. Мысалы, Сөзді ұғар осы күні кісі бар ма? Демеймін жалпақ жұртқа бірдей жағар. Жазған соң жерде қалмас тесік моншақ, Біреуден біреу алып, елге тарар (Абай).

Моншақтап терледі. Адам терлегенде тер моншақтап терледі, қара суға түскендей ағып терледі деген мағынада айтылған. Мысалы, Егін-жай болып өтелмек, Моншақтап тамған теріміз, Төсінде орман мекендеп, Жайнамақ осы жер жүзі (С.Мәуленов).

Сақинасы бар. Басында ұстамалы бас ауруы бар деген мағынада, кейде адамды кекетіп айтуы. Мысалы, Сақинасы бар кісідей неге тырысв қалдың (А.Тоқмағамбетов).

Сау басына сақина тіледі. Өзіне-өзі істеді, ауру азап сұрап алды; өзін-өзі дауға іліктірді, әлек тілеп алды. Мысалы, Бодан сау басына сақина тілеп алып, енді содан құтылатын жол іздеуде (Б.Соқпақбаев, Өлгендер)

Құлағыңа алтын сырға. Көпшілік адамға немесе жалғыз адамға ескерте айтуы; Сен тыңдамай-ақ қой, есітпей-ақ қой деген мағынада. Мысалы, Келіннің құлағына алтын сырға, берер шайын ертерек берсін (Б.Кенжебаев, Асау).

Бата аяқ сырға тағар. Қазақтың салт-дәстүрінде қолданылады. Құда түсе келгенде ұлдың әкесі жіберетін сый мал мағынасында қолданылады. Мысалы, Ұлдың атасы бата аяқ деп бір түйе, бір жылқы жіберді, оны алып барған адамдарына шапан жауып жіберді(Ә.Дидабаев).

Сырғасы тайды. Оқыс жығылғаннан бақайы шықты, мертікті деген мағынада қолданылады. Мысалы, Бірер жылқының сырғасы тайды, тұяғы жарылды (Б.Әбдіразақов, Салдалкөк).

Шашбауын көтерді. Біреуге жағымпаздық етті, қошеметтеді, біреудің арқасына жүрді деген мағынада қолданылады. Мысалы, Бөжей: «Ажарым өтпейтін болса, шашбауыңды несіне көтердім?» деп өкпелеп қалды (М.Әуезов, Абай).

Жалпы, тұрақты тіркестің қалыптасуы – адамның  белгілі бір түсінікті одан әрі жарқын, нақты бейнелі етіп жеткізуге, әңгімелеушінің тыңдаушыға ойын өте әсерлі етуге тырысуының нәтижесі. Тілдің құпиясы адамзат құпиясымен байланысты болғандықтан, олардың сырын ашу, ғасырлар қойнауындағы жұмбақтар сырын ашуға жол ашады. Тіл – мифтердің сақталуының негізгі қайнар көзі болғандықтан, осы деректер тілдің бейнелі тіркестері, халық мәдениеті мен менталитетінің қайнар бұлағы болып табылатын тілдік бірліктер фразеологизмдердің байланысын талдау зерттеудің өзекті жағы болмақ.

І.Кеңесбаев «фразеологиялық бірліктердің бірден жасала қоймағаны, уақыт ұзаған сайын  бірте-бірте барып қалыптасатыны, еркін тіркестердің негізінде жасалғаны сөзсіз. Олар сол дәуірдегі нақты өмір шындығына, халықтың ерте кездегі ұғымына, ой-санасына сай келуі де фразеологиялық мағына келе өрбіген», — дейді [30, 605].

Дербес мағынаға ие лексикалық бірлік болып табылатын фразеологизмдер – тіл байлығы, халықтың тарихы мен танымы, әдет-ғұрпы, салт-санасы көрініс табатын рухани қазына.

 

  2.3 Ұлттық әшекей бұйымдардың мақал-мәтелдердегі көрінісі

 

Тіл – мәдениетті танытушы ғана емес, ол сол мәдениеттің негізін салушы. Өйткені тіл рухы халықтың ой-санасында, дүниетанымында, табиғатында сақталған. Осылар арқылы тұтастай бір мәдениет өмірге келеді.

Тоқсан ауыз сөзді тобықтай түйінге сыйғызып, сөзді үнеммен, қысқа да нұсқа қолдануды дағды етіп, оның өзінен кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдырған қазақ халқы даналығын, дүниетанымын, көзқарасында түйіндеген. Солардың бір қатарына ұлттық әшекей бұйымдармен байланысты мақал-мәтелдерді жатқызуға болады. Жүзігің алтын болғанша, Жүзің жарқын болсын, Сақина сәнге жатпас, Айқай әнге жақпас, Жібек белбеу – белдің көркі, Батыр жігіт елдің көркі сияқты мақал-мәтелдерді тілдік қолданысымызда көреміз.

Кешегі өміріміздің куәгері ғана емес, қазіргі тіліміздің де қаймағы, бейнелі айшығы болып табылатын мақал-мәтелдер атадан балаға мұра болып жалғасып, келешек ұрпаққа жетіп, отырған асыл қазына.

Әлемде қанша ел болса, сонша сөз сыры бар. «Мақал» сөзі араб тілінен енген дейді. 1889 жылы Н.Исәнбеттің «Татар халық мәкальләрі» жинағының бірінші томында берілген мысалдарда арабтарда «мекели мәканын мекал» — «әр іске лайық сөз бар» деген мақал бар көрінеді. Сонда «мақал» деп «орынды сөз», яғни «тиісті жеріне дәл айтылған сөз». «Мақал-мәтел» сөзіне «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» «үлгі-өнеге ретінде айтылатын жалпы халықтық нақыл сөз. «Мақал» деп қысқа, образды, ұйқасты тұжырымды нақыл сөздердің тізбегін айтамыз. Ал «Мәтел» деп тұжырымды бейнелі әрі ықшам нақыл сөзді айтамыз [31, 102].

Мақал-мәтелдердің зерттелуіне алғаш көңіл бөлген орыс тіл білімін зерттеуші П.Т.Глаголевский. Ал А.А.Потебня мақал-мәтелдердің семантикасы туралы зерттеуінде, шағын образды мәтелдер «ой тұтастығы» нәтижесінде тұрақты тіркеске айналуының жолын көрсетеді.

Мақал-мәтелдер табиғаты қазақ тіл білімінде әлі де болса толық зерттелмей келеді. Дегенмен, қазақ тілінің құрылысын, құрылымдық жүйесін түгендеп, жан-жақты қарастырған А.Байтұрсынұлы өз зерттеулерінде мақал-мәтелдерге анықтама беріп, оларды тілдік материал ретінде пайдаланады. Қазақ мақал-мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым – Ш.Уәлиханов пен И.Н.Березин архивтерінде XIX ғасырдың 50-інші жылдарында ел аузынан жазылып алынған мақал-мәтелдер сақталған. Содан бері қазақ мақал-мәтелдері әр түрлі хрестоматияларда, жинақтарда жарияланып келеді. Мысалы, Б.Адамбаев, Ы.Алтынсарин, М.Әлімбаев, Ә.Диваев, Ш.Ибрагимов, В.В.Катаринский, Т.А.Мелиоранский, Б.Абдулдина, Ж.Дәуренбаев, Ө.Тұрманжанов және т.б. адамдардың жинақтар атауымызға болады.

Қазақ тіл білімінде ғалым Р.Сәрсенбаев 1961 жылы жазылған «Қазақ мақалдары мен мәтелдерінің лексика-стилистикалық ерекшеліктері» атты диссертацмясында мақал-мәтелдерді лингвистикалық тұрғыдан зерттеп, айырмашылықтарын көрсетеді. Осыдан бастап тілші-фразеологтар І.Кеңесбаев, Ө.Тұрманжанов, Н.Уәлиұлы, Ө.Айтбаев, С.Сәтенова, Б.Уызбаева т.б. ғалымдар мақал-мәтелдердің өзара айырмашылығын, фразеологияға қатысын ғылыми жұмыстарына арқау етті. Жеке сала ретінде қарастырылған Р.Сәрсенбаевтан кейін Б.Динаның «Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің танымдық-прагматикалық аспектісі», С.Кенжемұратовтың «Мақал-мәтелдердің синтаксисі» атты кандидаттық диссертациясын атауымызға болады. Лингвистикада мақал-мәтелдерді фразеологияның нысаны ретінде қарастыру — әлі де болса шешімін таппаған мәселе.

Кез келген тілде фразеологиялық тіркестер мен мақал-мәтелдер қатар өмір сүреді. Себебі мұндай тілдік бірліктер тіл байлығының ең құнарлы тармағы, көркем сөз қорының мәйегі. Мақал-мәтелдер ауыз әдебиетінің кіші жанры ретінде қарастырылса, ал фразеологиялық тіркестер тіл фактісі ретінде тіл мамандарының зерттеу нысаны болып келеді.

Осыған байланысты зерттеулер фразеологияның зерттеу нысаны туралы ой-пікірлері бір жерден шықпай жатады. Фразеологизмдерді тар мағынада қарастырушылар оның құрамында атауыштық қызметі бар сөз тіркесі ретінде келген фразеологиялық тіркестерді жатқызады. Фразеологизмдерді кең көлемде қарастырушылар номинативті сөз тіркестері түрінде келген фразеологиялық тіркестермен бірге коммуникативті сипаттағы сөйлем түрінде келген, фразеологиялық тізбектерді алып, оларды мақал-мәтелдердің құрамында қарастырады.

Мақал-мәтелді тар көлемде қарастырушылар басты назарды мақал-мәтелдер мен фразеологиялық тіркестердің құрылымдық өзгешеліктеріне аударады. Олардың сыртқы құрылымдық формасы сөйлем түрінде, ал номинативті фразеологиялық оралымдар сөз тіркесі түрінде келеді. Осы тұрғыда Н.Н.Амоносова, А.И.Молотков, Ш.Қ.Құрманбаева, А.Юлдашев және т.б. зерттеуші ғалымдар тұрақты тіркесті тар ұғымда қарастырды. В.П.Жуковтың мақалдарды фразеологияның құрамында қарамауына негіз болатын мақалдың мазмұны ұғымды емес, пайымдауды білдіретіндігі. Сонымен бірге, мақалдардың мағынаса сөйлем түрінде берілетінін айтады»[32, 7].

Мақал мен мәтелді бір-бірінен ажырату жұмыстары XIX ғасырдың орыс тілшілері мен халықтың даналық сөздерін жинақтаушыларынан бастау алаған. В.И.Даль, А.А.Потебня еңбектерінде мақал-мәтелдер жайында айтылған. Дегенмен, жүйелі зерттеу жұмыстары, яғни орыс тіл білімінде С.Г.Гаврин, М.А.Рыбникова, О.Широкованың мақалаларында жарық көрсе, Ө.Айтбаев, Б.Дина, А.Нұршаханов және т.б. сөз етті. XIX ғасырдың орта ширегінде мақал-мәтелдердің айырмашылығын И.М. Снегинов: «Мақал өмірдегі маңызды мәселелерге шынайы түрде қорытынды жасаса, мәтел тұспалдау, ұқсастыру, салыстыру арқылы беріледі», — [33, 49] дейді. Ал В.Даль мақал-мәтелдердің айырмашылығын олардың мағыналық жағынан қарастырады. Мақалдың айтылу сазына қарай, кейде қысқа айтылуы арқылы мәтел пайда болатынын анықтайды [34, 19]. М.А.Рыбникова : » Мақал –түрі жағынан пайымдаудың бейнесі де мәнді бір элементі» десе, Л.А.Морозова:»Мәтел – адамның белгілі бір жағдайын немесе белгілі бір құбылыстың жекелеген қасиетін сипаттайтын, сөйлеу тілінде кең қолданылатын тұрақты бейнелі сөз тіркесі» деп көрсетеді [35, 11].

Паремиология – мақал-мәтелдер мен әр алуан қанатты-нақыл сөздерді жан-жақты зерттеуге байланысты пайда болған тіл білімінің дербес те жаңа салаларының бірі. Көркем сөз тәсілдерінің ішіндегі қуаттысы мен құнарлысы болып саналатын мақал-мәтелдер тіл атаулының баршасына тән, өзіндік ерекшелігімен көзге түсетін уневерсалдық құбылыс. Паремиология ғылымы мақал-мәтелдерді тек тіл фактісі ретінде зерттегенімен, оларды лингвистика аясымен ғана шектеуге болмайды. Себебі мақал-мәтелдердің бойына бір ғана көркем сөз тәсілінің ауқымына сыя бермейтін көптеген басқа да қасиеттер мол шоғырланған [36, 34].

Ал мақал-мәтелдердің жалпы ортақ белгілеріне келсек: а) халықтың өмірден алған тәжірибесінің жиынтығы, ой-тұжырымының қорытындысы; ә) тұлғасы жағынан тілге жеңіл, белгілі бір ұйқаспен құрылған, тілі көркем, мазмұны терең, аз сөзбен толық бір мағынаны өз дәрежесінде нақты жеткізетін, қолдануға даяр тұратын құрал; б) тура және ауыспалы мағынада қолданылады;

Мақал-мәтелдер – этнолингвистикалық арнаның фразеология сияқты ең құнарлы саласы.

Мақал-мәтелдердің жасалуындағы тілдік табиғатын этнолингвистикалық уәждерді байқауымызға болады. Этнолингвистиканың негізгі міндеті – тіл байлығы негізінде халықтың рухани өмірін, салт-дәстүрін жан-жақты көрсету. Ұлттық әшекей бұйымдарға байланысты мақал-мәтелдерді тілдің көрінісі тұрғысынан танымдық қырын зерттеу негізінде олардың ұлттық болмысы мен мазмұнын, сонымен қатар ұлттық әшекей бұйымдарға байланысты мақал-мәтелдердің қоғамда қалыптасқан ауыспалы мағынасын ғана емес, сол мағынаның қалыптасуына негіз болған о бастағы әр алуан уәждерді анықтау болып табылады. Қазақ тіл білімінде ұлттық әшекей бұйымдарға байланысты мақал-мәтелдер кездеседі. Олар үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие, ақыл-ой, ғылым-білім, денсаулық қолөнер батырлық, ерлік т.б. туралы мақал-мәтелдер. Осыған байланысты бірнеше мысалдар келтірейік:

Үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие туралы.

Жүзігің алтын болғанша,

Жүзің жарқын болсын.

Күміс күнге қонса,

Алтын өз аяғымен келер.

Тесік моншақ жерде қалмас.

Батырлық, ерлік туралы

Алтын кемер белге сән,

Ақылды жігіт елге сән.

Алтын шекпен ерге жарасар,

Алтын кісе белге жарасар.

Алтын кемер белге сән,

Алтын қылыш ерге сән.

         Түрлі салаға байланысты мақал-мәтелдер.

Алтын балдақ –                 Ер қадірін ерлер білер,

Қол сәні.                                    Зер қадірін зергер біледі.

Әшекей, кесте –                       Өнер өрмек тоқытады.

Тон сәні.                                    Зергер – ісмер жезге үйір

Қолында өнері бардың                 Сыршыл адам сөзге үйір.

Белінде кемер бар.                       Адам өнерімен әсем

Сақинаны сәнге салмайды.          Аң жүнімен әсем.

Тазалыққа таразы.                      Еңбек — өнер өрісі

Сақина –                                       Өнер — өмір жемісі.

Сәнге жатпас,                             Жастық шаққа өнер тән

Айқай –                                         Өнерлінің ісі сән.

Әнге жатпас.

Қазақ халқы ұлттық әшекей бұйымдардың түрлі ерекшеліктері мен қасиеттерін көрсететін мақал-мәтелдерге басқа халықтардан бай екені белгілі. Мақал-мәтелдердің жасалуындағы этнолингвистикалық уәждері ең алдымен, ұлттық менталитеттен іздеген жөн. Этнос өмірімен тығыз байланысты бұл аталы сөздерді арнайы зерттеудің, олардың түп негізін айқындаудың танымдық, тәрбиелік мәні зор.

Кез келген халықтың ойлау ерекшелігі оның ұлттық тіліінде көрініс табады. Адам заттың ойлау жүйесі мен дүниедегі құбылыстар жөніндегі танымдары жалпы алғанда бірдей. Олардың ой формасы болып табылатын тіл ғана бір-бірінен өзгешеленіп отырады. Адам баласына ойлау жүйесі ортақ болғандықтан, мақал-мәтелдердің ұқсас болуы заңды құбылыс.

Тіл тағдыры – ұлт тарихымен сабақтас. Халықтың салт-дәстүрі, ой-санасы, мәдени деңгейі сол ұлттың тілінде бейнеленеді, Көп ұлттың ішіндегі түркі халықтарының тілінде де әр халықтың сана-сезімін, мәдени тұрмыс тарихын бейнелейтін ерекше мақал-мәтелдер ұлт тілінің даму ерекшеліктерін және ұлт мәдениетінің негізгі көрсеткішін айқындайтын тілдің ажырамас бір бөлігі болып табылады.

Мақал-мәтелдер – қазақ халқының баға жетпес бай мұрасының бірі. Ол өткен өміріміздің куәгері ғана емес, қазіргі тіліміздің қаймағы, бейнелі айшығы, әрі дана халқымыздың рухани көрсеткіші. Мақал-мәтелдерде халық өмірі, философиялық түсінік, тіршілік тынысы, ерлік рухы, әдет-ғұрып кеңінен қамтылады. Оны айтушы да, таратушыда – халық. Тапқыр, ұтымды, ықшам, орамды сөйлеген кез келген адамның қажетіне қарай сөз арасында жұмсалатын, терең ойдың куәсі, шешен тілдің мәйегі.

Демек, мақал-мәтелдер — өткен дәуірлерде жасаған, өмір тіршілігі, салт-санасы, дүниетанымы, тілі ұқсас бабаларымыздан ғасырлар аттап, бізге рухани мұра болып жеткен ортақ дүниеміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Тіл – мәдениеттің құрамдас бөлігі, оны меңгерудің негізгі құралы, ұлттық менталитеттің ерекше белгілерін сақтаушы. Солай бола тұрсада, мәдениет тілде көрініс табады, сонда өмір сүреді. Ұлттық мәдениетті қалыптастырып жарыққа шығаратын – тіл. Ұлттық тіл болмаса, ұлттық мәдениетіміздің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, бүнінгі күнге дейін жетуі мүмкін емес еді. «Өнер – алды қызыл тіл», «Жер астында жатқанды қазбай қарап тіл табар» деп аталы сөзді сары алтыннан артық бағалаған халқымыз тілді тәрбиенің пәрменді құралы, ақыл-ойдың асыл қоймасы деп таныған.

Әлем бейнесінің небір құпия сырларын ұғынып түсінуге әрқашан қадам жасаған әрбір этностың ғасырлар бойындағы жеткен жетістіктері бүгінгі күнге жеткен мол қазына. Әр алуан халықтардың әлем күмбезін өзінше жүйелеп, өзінше жобалап, қияли-ой құдіретімен бейнелеуге талпынған жалпы кеңістік пен уақыт туралы танымы, наным-түсінігі, сенімі қазіргі антропоцентристік және этноцентристік ұстанымдардың өріс алып отырған тұсында өзекті мәселелердің біріне айналуда. Адам баласының өзіндік субъективті пікірі мен теориялық ойлау қабілеті күллі тіршілік-тынысының, мән-мағынасы ретінде көрінетін біртұтас таным үрдісі арқылы ғана дүние сырын жете ашуға мүмкіндік алады. Жаңа дәуір – XXI ғасырға аяқ басқан тұста мейлінше жетілген, кемеліне келген ғылым мен өркениет рухани жүдеуліктен бас тартып, халықтың ішкі рухының берік сақтаушысы – тіл мен мәдениетке арқа сүйеуді мақсат етіп отыр.

Лингвистика тілдің белгілі бір дәуірдегі статикалық қалпын да, әр дәуірді қамтитын динамикалық күйін де зерттейді. Тілдің тарихи дамуы, диахрондық қалпы сол тілді туғызған, оны қатынас құралы ретінде қолданған қоғам табиғатымен тығыз байланыста қарастырылады. Осы тұрғыда тіл білімінде халықтың руханижәне материалдық мәдениетінің шындық- болмысын тілдік жүйе арқылы анықтайтын – лингвомәдениеттану саласы қалыптасқан.

Табиғи шындық, ой мен сана тіл формасы түрінде іске асатын болғандықтан, адамзаттың таным үрдісі, өзін қоршаған дүние әлемді, ғарыш пен кеңістікті қабылдауды тілде қалай көрінеді деген мәселені ғылым ескерусіз қалдыра алмайды. Мәдениет пен тілдің ара жігі туралы алғаш сөз еткендердің бірі, американдық ғалым Эдуард Сепирдің пікірінше, «мәдениет – халықтың ойлауының, іс-әрекетінің көрінісі, ал тіл – қалай ойлаудың көрінісі»

Ұлттық әшекей бұйымдар — өз алдына бір өнер. Халқымыздың дәстүрлі қолөнері – қайнар бұлақ, сарқылмас қазына, бай мұра. Зергерлік, әсемдік бұйымдар, тұрмысқа қажет түрлі дүниелер адамдардың тіршілік керегіне жарап қана қоймай, өздерінің әдемі өрнектерімен, сан қырлы, терең таң қалдырып, тәрбиелік танымдық қызметінде өтейді. Зергерлік өнер – өте ерте заманнан келе жатқан өнер. Оны барлық халықтар жоғары бағалап, ең қалаулы өнер етті. Сан салалы нақыштарының қалай аталатыны, қандай мағына беретіні, қай салада қолданылатыны, өрбіу, даму тегі түбегейлі зерттеуді қажет етеді.

        Сан ғасырдың сарабынан өтіп, біздерге қаймағы бұзылмай жеткен халқымыздың қастерлі де дәстүрлі қол өнері көптеген салаға бөлінеді. Солардың ішінде түрі жағынан да, мән мазмұны жағынан да аса бай, шоқтығы биік тұрғаны – зергерлік өнері туындаларын зерттей келе, оның өте күрделі, қиын да қызық екеніне көз жеткізуге болады

Тілде әрбір халықтың ұлттық сана-сезімінің, ойлау тәсілінің, мінез-құлқының нысаналары сақталады. Халықтың мәдениеті, әдет-ғұрпы, әдеби мұралары тіл арқылы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады.

Тіл мен мәдениет бір-бірінен ажырамас екі бірдей әлеуметтік кұбылыс. Қоғамның өзі адамнан ал адам тіл мен мәдениеттен тұрады.

  • Тіл — мәдениеттің өнімі;
  • Мәдениеттің негізі — тіл;
  • Тіл мен мәдениет — егіз жұп.

Қазіргі тіл білімі тілді алдымен, оның ойлау қабілетімен, танымымен, соның негізінде тілдік фактілерді тілдік тұлғамен, олар өмір сүрген ұжыммен, ортамен тығыз байланыста зерттеуге бой ұрады. Осы тұрғыдан келгенде, сол тілде сөйлеуші халықтың тілдік құбылыстарының көрінісін тілдің, тілдік бірліктердің ұлтық-мәдени нысандарымен тығыз байланыста зерттеу тіл-этнос-мәдениет үштігінің негізін құрайтыны сөзсіз.

Кез келген ұлттың мәдениетін танып-білуде ең басты сүйенетініміз тіл. Тілдік деректер арқылы ұлт туралы, оның мәдениеті мен ұлттық ерекшеліктері туралы мол деректер мен мағлұматтар аламыз. Бұл орайда тіліміздегі фразеологиялық бірліктердің алар орны ерекше. Онда халықтың ғасырлар бойы сақталып келген салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, дүниетанымы т.б. көрініс табады. Тұрақты тіркестер мазмұнына үңілу арқылы ұлттық-мәдени маңызы бар деректерді айқындауға мүмкіндік туады. Демек, ұлт болмысын танып білуде фразелогизмдердің қосар үлесі зор. Сондықтан тіл мен мәдениет байланысында ұлттық салт-дәстүр, наным-сенімдер мен этикалық нормалар жиынтығын сипаттайтын фразелогиялық тіркестердің алар орны ерекше құнды.

Тіл белгілі бір құрылымы мен қызметі бар, біртұтас жүйелі құбылыс ретінде өмір сүреді. Жүйенің элементтері бір-бірімен өзара қарым-қатынаста, байланыста, бірлікте өмір сүреді. «Жүйесіз нәрсені жадыңда сақтау қиын. Егер тілде жүйе болмаса, егер олар бір-бірімен байланыссыз, ретке келтірілмеген, бөлшектері бүтінге біріктірген, онда тіл адам санасында сақталмаған болар еді, қатынас құралы болып қызмет етуге де жарамас еді. Тілде жүйелілік қасиет бар».

Кез келген халықтың халықтығы мен ұлттық болмысын танытатын оның әр алуан өнері болса, сол өнердің алды – қызыл тіл деген даналық сөз бар. Тілдің байлығын, терең тұңғиық сырлары мен құпияларын ашқан, сұлулығына тамсанып, шебер қолдана білген, сол тілде сөйлейтін халықтың кемеңгерлілігі мен даналығы екені сөзсіз. Тілдің бейнелілігін, байлығын арттыра түсетін сөздік қордың ауқымды бөлігін құрап тұратын тілдік бірліктер – фразеологизмдер.

Тіл тағдыры – ұлт тарихымен сабақтас. Халықтың салт-дәстүрі, ой-санасы, мәдени деңгейі сол ұлттың тілінде бейнеленеді, Көп ұлттың ішіндегі түркі халықтарының тілінде де әр халықтың сана-сезімін, мәдени тұрмыс тарихын бейнелейтін ерекше мақал-мәтелдер ұлт тілінің даму ерекшеліктерін және ұлт мәдениетінің негізгі көрсеткішін айқындайтын тілдің ажырамас бір бөлігі болып табылады.

Мақал-мәтелдер – қазақ халқының баға жетпес бай мұрасының бірі. Ол өткен өміріміздің куәгері ғана емес, қазіргі тіліміздің қаймағы, бейнелі айшығы, әрі дана халқымыздың рухани көрсеткіші. Мақал-мәтелдерде халық өмірі, философиялық түсінік, тіршілік тынысы, ерлік рухы, әдет-ғұрып кеңінен қамтылады. Оны айтушы да, таратушыда – халық. Тапқыр, ұтымды, ықшам, орамды сөйлеген кез келген адамның қажетіне қарай сөз арасында жұмсалатын, терең ойдың куәсі, шешен тілдің мәйегі.

Қорыта келгенде, біздің тіліміз – ең бай, ең асыл құдірет.

 

                         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Алдашева А. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1998. – 215б.
  2. Верещагин Е.М. Язык и культура. – Москва, 1976. – 248с.
  3. Лотман Ю.М. Беседы о русской культуре. – Санкт-Петербург, 1994. – 399с.
  4. Соломоник А. Семиотика и лингвистика. – Москва, 1995 – 325с.
  5. Жанпейісов Е. Этнокультурная лексика казахского языка. – Алматы, 1998. – 28с.
  6. Телия В.Н. Коннотативный аспект семантики номинативных единиц. –Москва, 1986. – 144с.
  7. Манкеева Ж.А. Мәдени лексиканың ұлттық сипаты. – Алматы, 1997. – 272б.
  8. Сепир Э. Избранные труды по языкознанию и культурологии. – Москва, 1993. – 656с.
  9. Барт Р. Избранные работы. Семиотика. Поэтика. – Москва, 1994. – 248с.
  10. Күркебаев К.Қ. Қазақ тіліндегі өлшемдік атаулардың этнолингвистикалық сипаты: филол. канд. дис. – Алматы, 2003. – 45б.
  11. Акимишева Ж.Ә. Ою-өрнек атауларының уәжбемесі және таңбалық табиғаты: филол. канд. дис. – Алматы, 2004. – 58б.
  12. Копыленко М.М. Основы этнолингвистики. – Алматы, Евразия, 1995. – 179с.
  13. Гумбольдт В. Избранные труды по языкознанию. Пер. с нем. – Москва, 2000. – 400с.
  14. Потебня А.А. Эстетика и поэтика. – Москва: Искусство, 1976. – 614с.
  15. Воробьев В.В. Лингвокультурология (теория и методы). — Москва: Изд. Российского университета дружбы народов, 1997. – 322с.
  16. 16. Маслова В.А. Введение в лингвокультурологию. – Москва, 1997. – 272с.
  17. Ғабитханұлы Қ. Қазақ тілінің сөздік қоры: дін және этнолингвистика // Қазақтану, — Алматы, 2006. №1 – 67-71б.

18.Сейсенова А.Д. Лингвистикалық мәдениеттану: этикет формаларына салғастырмалы талдау: филол, канд. дис. – Алматы, 1998. – 121б.

  1. Айтбаева А.Ж. Бесік жырларының этнолингвистикалық сипаттамасы. – Алматы, 2006. – 15б.
  2. 20. Толстой Н.И. Из славянских этнокультурных древностей // Труды по знаковым системам. – Москва, 1987, Т.21.
  3. Бодуэн де Куртенэ. Избранные труды по общему языкознанию. – Москва, 1964. – 55б.
  4. Маслова В.А. Введение в языкознанию. – Москва, 1998. – 160с.
  5. Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері. – Алматы: Қазақстан, 1969. – 28б.
  6. Шойбеков Р.Н. Қазақ зергерлік өнерінің сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1991. -433б.
  7. Қайдар Ә.Т. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. – Алматы, 1998. – 304б.
  8. Поливанов Е.Д. Введение в языкознание для востоковедных вузов. – Ленинград, 1928. – 200с.
  9. Аманжолов С. Қазақ әдеби тілінің және диалектологиясының мәселелері. – Алматы, 1997. – 608б.
  10. Авакова Р.Ә. Фразеологиялық семантика. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 150б.
  11. Смағұлова Г. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері. – Алматы, 1998. – 197б.
  12. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – Алматы, 1977. – 102б.
  13. Ғабитханұлы Қ. Наным-сенімге байланысты қазақ тіліндегі тұрақты тіркестер: филол. ғылым. канд. авторефераты. – Алматы, 1995. – 27б

32.Хазимова Ә.Ж. Қазақ фразеологизмдерінің ұлттық мәдени деректері. Филол.ғыл. канд. дис. – Алматы, 2002. – 120б.

  1. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. — Алматы: Ғылым, 1974-1986, I-X т.
  2. Айтбаев Ө.М. Мақал-мәтелдердің жазылуымыз бен сөйлеуіміздегі қызметі // Сөз өнері. – Алматы: Жазушы, 1978, 350б.

35.Сәрсенбаев Р. Қазақ мақал-мәтелдерінің лексика-семантикалық

ерекшеліктері.: филол. ғыл. док…. дис. – Алматы, 1961. – 250б.

  1. Словарь по языкознанию. Тіл білімі сөздігі. Под ред. Э.Д. Сулейменовой. – Алматы, 1998. – 346б.