Ұлттық этнотұрмыстық белгілердің орыс тілінде берілуі
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1- БӨЛІМ. КӨРКЕМ АУДАРМА- ДЕРБЕС ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТУЫНДЫ
1.1. Аударма әдебиеттің түрлері
1.2. Жұмаділовтің ерекше туындылары орыс тілінде
2- БӨЛІМ. МӘДЕНИЕТ – ҰЛТ-ТІЛ ТҰТАСТЫҒЫ.
2.1.Көркем аудармадағы баламасыз лексика
2.2. Ұлттық этникалық мәдениетте этнотұрмыстық белгінің алатын орны
- БӨЛІМ. Қ.ЖҰМАДІЛОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ЭТНОТҰРМЫСТЫҚ БЕЛГІЛЕРДІҢ АУДАРЫЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
«Аударма» деген түсініктің ауқымы өте кең. Бір тілден екінші тілге өлең, әр түрлі мазмұндағы көркем проза, ғылыми- көпшілік кітаптар, дипломатиялық құжаттар, іс- қағаздары, саяси қайраткерлердің мақалалары мен сөздері, газет материалдары, әр тілде сөйлейтіндіктен аудармашыға жүгінуге мәжбүр болатын адамдардың сөздері т.б. аударылады. Аударманың мақсаты- түпнұсқа тілін білмейтін оқушыны немесе тыңдаушыны берілген текспен немесе ауызша айтылған сөздің мазмұнымен неұрлым жақынырақ таныстыру: бір тілде жазылған мәтінді екінші тіл арқылы жеткізу. Сонымен қатар осы іс- әрекет арқылы алынған нәтиже, мәтін, туынды «аударма» деп аталады.
Аударма тарихында түпнұсқаның бұрмалануы, ондағы ойдың көмескіленуі сияқты жағдайлар өте көп болған.
Бұл әсіресе, көркем әдебиет пен қоғамдық- саяси еңбектерге қатысты.
Көркем әдебиет стилінің әдебиеттің тілдік ерекшеліктері аударма әдебиетке де тән. Белгілі бір халықтың тілінде көркем өнері: туындының эстетикалық функция, прагматикалық сипаты- баршасы тілді иеленуші халықтың рухани- мәдени ұлттық танымның мүддесінен шығуды көздейді. Көркем аударманың тілі де сол мақсатқа бағындырылады. Көркем аудармаға екі түрлі талап қойылады; біріншіден, аударылып отырған шығарманың негізгі идеясының екінші тілде дұрыс берілуі, ал екіншіден, шығарманың көркемдік қасиетінің толық сақталуы. Соңғы талап сол аударылып отырған жазушының тек оның өзіне ғана тән тілектерін, белгілі дәрежеге сөз бояулары арқылы әдемі суреттелулері арқылы, характерлердің саналуан болып қабысулары арқылы бүркемелеп қойған жасырын сырларын аудармашының түсінуіне байланысты. Әрине аударма екінші тілде қайта жасалған көркем шығарма болғандықтан аудармашылар түпнұсқаны жай ғана түсініп қоймай, оны екінші тілге көркем етіп жеткізу үшін шығармашылық елегінен өткізеді. Бұл елек аудармашының күшіне, мәдениетне, аудармаға сіңірген еңбегіне қарай нәтиже береді.
Көркем шығарманың әр алуан қырлары мен сырлары болады: табиғат көріністері суреттеледі, адамның ішкі сыры (монолог) шертіледі, көңіл күйі, сезім дүниесі баяндалады, философиялық толғаныстармен психологиялық тебіреністер ашылады, тағысын тағылар. Бұлар кейде суреттеу түрінде, кейде баяндау түрінде берілсе, кейде асқақ пафоспен, кейде ұтымды афоризммен беріліп отырады. Аудармада осылардың бәрін өз қырымен, өз сырымен, өз бояуымен жеткізу керек.
Жұмысымыздың тақырыбы «Ұлттық этнотұрмыстық белгілердің орыс тілінде берілуі»
Зерттеудің өзектілігі. Аударматану ғылымында түпнұсқа тілдері ерекшеліктердің сақталуына қатысты біршама зерттеулер жүргізілген. Аударылатын тілдің ұлттық бітімге негіздері қалай игерілгендігі турасында еңбектер аз.
Қазақ ғылымында дербес, арнайы, зерттеуді талап етіп отырған салалардың бірі – аударма әдебиеттің тілі. «Аударма теориясы ғылымның бір саласы болып әлі жетілмегендігін, әлі төл күйінде, әрі кеткенде қалыптасып есею күйінде ғана екендігін» бұдан жарты ғасырдай уақыт бұрын М. Әуезов атап өткен болатын [1;3] Ғұлама жазушының тәржіма ғылыми – аударматану турасындағы тұжырымы маңызын жоғалтқан жоқ, өйткені қазақ филологиясында — әдебиеттанымдық жағынан да, тілтанымдық жағынан да – қазірге дейін аударма теориясының басты дәйектемелері, шешуші негіздері аударматану ғылымының объектісі мен ұстанымдары, әдіс-тәсілдері мен бірлік тұлғалары, аударманың нормасы, тәржіма ісіне қойылатын, талаптар сияқты маңызды жағдаяттардың оның- қанығы ғылыми тұрғыдан анықталған емес.
Осы ғасыр бойында, әсіресе соңғы жартығасырда қазақ мәдениетiнде өзге тілден қазақша аударудың бай тәжірибесінен жинақталды. Ал қандай да бір тәжірибиенің негізінде ғылыми тұжырымдарды түйіндеу, теориалық негіздемені қалыптастыру – бір тілден екінші тілге аударудың нысандарын, түрлерімен тәсілдерін қамтитын, өзге де бірнеше ғылым тармақтарымен тығыз байланысты, әлеуметтік, мәдени, шығармашылық, коммуникативтік қызметі бар тұтас жүйе аударма- мәдениеттің феномені, мәдениеттер байланысына тән құбылыс, ұлт мәдениеті мен ұлттық тілдің жеке адамды тәрбиелеудегі рөлі мейлінше артып отырған қазіргі кездегі кезеңде қазақ тілінде жасалған аударманың рухани- мәдени, тілді байыту қызметі, тәржімә әдебиетте қазақ тілінің лексикалық- фразеологиялық құрамының игерілуіндегі сипаттар тарихи- иәдени тұрғыдан, мәдениеттер байланысын мен тілдер ықпалдастығы аспектісінде зерттеуінің маңызы зор.
Еліміздіңдің рухани дамуындағы бағыттардың бірі – дүниежүізілік ақпараттар алмасудың сапалы деңгейіне көтерілу; ақпартаттық база жасау; ақпараттық анықтамалық ресурстар құру. Шет мемлекеттер мен ҚР-ның саяси-әлеуметтік байланыстары, қарым-қатынастары жөнінде нақты ақпараттарды жинау, қабылдау,өңдеу,жеткізу жүйесі бар бір тілден екінші тілге аудару ісімен тығыз байланысты. Аталған жағдаяаттарға орай соңғы онжылдық көлемінде аударылу процесінің объектісі ұлғайды, көркем аудармамен қоса, күнделікті баспасөз материалдары, публицистикалық стильдің әралуан жанрлары, саяси қайраткерлердің сөздері мен баяндамалары, ресми құжаттар (жарлықтар, бұйрықтар, өкілдер, өнімдер жардығар мен ережелер, қатнас қағаздары), кинофильмдер, жарнамалар негізінен аудармамен жолы арқылы жүзеге асырылуда – жазба аудармамен қатар ауызша аударма (ілеспе аударма және қосарлас аударма) жеке жанр ретінде байқала бастады. Сондай-ақ бұрын бір тілден екінші тілге аудару процесі орыс тілі мен қазақ тілінің арасында көрініс тауып келген болса, енді өзге де еуропалық тілдерден және араб парсы, қытай, жапон, түрік тілдерінен қазақ тіліне тікелей аудару тәжірибесі белгі беріп отыр. Қазақ тілімен өзге тілдерге тәржімалау ісі де жоғары деңгейде қалыптасқан. Қазіргі жаңа қоғамдағы еңбек, қарым-қатынастары шетел тілдерін оқып-үйренуді, шетел тілдері туралы білім дағдыны еңбек процесінде пайдалануды талап етіп отыр: осыған байланысты аудармашылық кәсіп жаппай сипат алуда. Байырғы тәжірибенің негізінде бір тілден екінші тілге аудару процесіндегі ортақ заңдылықтарды, тілдердің өзара ықпалдасуын, бір-біріне қарым-қатысын ғылыми тұрғыдан қорыту — егеменді Қазақстан Республикасымен рухани-мәдени, әлеуметтік-саяси байланыстары орныққан халықтар мен қазақ халқы арасындағы тіларалық коммуникацияның оңтайлы, ұтымды, білікті деңгейде қалыптасуына ықпал етеді.
Зерттелуi. Аударма ғылымында этнотұрмыстық белгiнiң этно- этникалық ерекшелiктердiң сақталуына қатысты бiршама зерттеулер жүргiзiлген.Олар Коныленко М. “Основы этнолингвистики”, В.С.Виноградов “Перевод. Общие лексические вопросы”, А.Алдашева “Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелерi”, Нурланова К.Ш. “Человек и мир. Казхская национальная идея ”, Н.Ж. Шаханова “Мир традиционной культуры казахов”, М. Муканов “Этнопсихическая специфика невербальных коммуникативных знаков”, және тағы басқа еңбектерде көрсетiлген.Бiрақ, әлi жеке тақырып ретiнде қарастырылмаған.
Зерттеудің мақсаты Мәдениетаралық және тіларалық байланыстардың нәтижесі –аударманың ұлттық мәдениетте ықпалын анықтау.
-тіл мен мәдениеттің өзара байланысын, бір- біріне ықпалын танытатын, ұлттық мәдени нышанға ие тілдік единицаларды (лингвокультуремаларды, атап айтқанда этнобелгілерді) талдау.
— көркем аударма материалдарнегізінде аудармадағы сөз таңдау, сәйкестік заңдылықтарын айқындау;
— аударманың сапасын анықтау;
Осы жұмысымызда этнотұрмыстық белгілердің мағынасын ашу үшін салыстырмалы әдіс қолданылды.
Дипломдық жұмысымыздың құрылымы: кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындымен, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімде көркем аударма әдебиеттің түрлеріне жалпы түсінік беріліп, көркем аударма жайлы айта отырып сонымен қатар Қ.Жұмаділовтiң орыс тіліндегі ерекше туындылары туралы айтылады.
Екінші бөлімде мәдениетпен тіл тұтастығы айтылып баламасыз лексика және ұлттық этникалық мәдениетте этнотұрмыстық белгінің алатын орны жайлы түсініктер берілген.
Үшінші бөлімде Қ.Жұмаділовтің шығармаларындағы этнотұрмыстық белгілердің аударылу ерекшеліктері туралы, аударылу барысында қолданылған әдіс- тәсілдер туралы айтылады.
1- БӨЛІМ. КӨРКЕМ АУДАРМА- ДЕРБЕС ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТУЫНДЫ
Қазақ мәдениетінде, тұтас бір кезең бойында жинақталған аударма қоры бар. Жанрлық, стильдік жағына келгенде аударманың түрлері де әралуан. Көркем әдебиеттің қай-қай тармағы да аударма елегінен өтті; ғылыми, әдебиет пен көсемсөз стилі жанрларының ағарту, білім беру, мақсатындағы кітаптар мен оқулықтардың көпшілігінің өз кезегінде мазмұны мен құрылымы жағынан өзге тілдегі түпнұсқаға иек артуы да басым болды. Сөз жоқ, әр жанрды немесе әр стильді дербес бөліп алып, аударма ерекшелігі тұрғысынан қарастыруға болады. Бұл аударматанудың дербес теориясының аспектісі. Әр тармақтың түпнұсқа мен аударма арасындағы барша, айырым-белгілері мен ортақ заңдылықтарын бүге- шүгесіне дейін талдау, айталық, орыс тіл білімінде жоғары деңгейде қалыптасқан.Дербес мәселелерді талдап барып, «Жекеден жалпыға қарай принципімен жүріп, одан әрі жалпы теория негіздерін қалау – дұрыс, ұтымды бағыт.
Дегенмен, мәселенің ғылыми жағын сөз еткенде, қазақ тіліне аударылған барша нұсқауларды кешенді тұрғыдан топтастыруға мүмкіндік беретін басқа заңды факторлар жа жоқ емес. Белгілі бір бір заңдылықтарға сүйене отырып, ұзақ мерзім бойында жүргізіліп келген аударма нұсқауларды шартты түрде көркем аударма әдебиет және арнаулы ақпаратты әдебиет деген қос топқа жіктеуге болады. Шарттылықтың бұлай болуына жол ашатын дәйек – ойлаудың типі.
Аударма жұмысы -жеке адамның ойлау-психикалық қызметінің жемісі; аударманың психолингвистика ғылымына ұштасатын жағы осында. Жазылған дүние сондай-ақ қабылдаушының да ойлау-пайымдау қабілет деңгейін ескереді, адамның ойлау психикалық әрекеті, қоршаған дүниені өз пайымынан өткізуді бірізді, тұйық, «механикалық» түрде жүрмейді. Ой-психика қоршаған дүниені логикалық шындыққа сәйкес тура қабылдайды немесе көріп-білген мағлұматынан әсер алады, алған мағлұматын өзге құбылыстармен теңестіреді, шендестіреді, образдар, суреттер жасайды; міне, осылардан барып психолингвистика ғылымы ойлаудың образды типі және ойлаудың логикалық типі деген түрлерді ажыратады.
Көркем әдебиет-ойлаудың образды типінің нәтижесі; ал ғылыми әдебиет, көсемсөз, ресми стиль тармақтарының ақпарат беру, ақпаратты логикалық, ғылыми, дүниетанымдық шындыққа сәйкес етіп, астарламай тура, дәл жеткізу функциялары ойлаудың логикалық типі арқылы жүзеге асырылады. Бұдан, әрине, тіл қызметіндегі әр алуан функционалдық стильдердің өзіндік бет-бейнесі көмескіленіп кетеді деген ұғым тумаса керек. Әр стиль, стильдің құрамына кіретін, подстильдер — өз алдына жеке-жеке стильдік, тілдік ерекшеліктерімен дараланатын күрделі салалар. Әсіресе бұл көсем сөздің жанрлық түрлерінде айқынырақ; очерк, репортаж, сұхбат сияқты шағын, ішкі тармақтардың төл тілде жазылуында да, өзге тілден аударылуында да ойлаудың логикалық типі мен ойлаудың образдылық типі бір-бірімен астасып жатады. Жалпы алғанда, тіл мен ойлау-психика қызметінің арасындағы қарым-қатынас — өте күрделі мәселе. Бұған жол-жөнекей, хабардар ету мақсатында ғана соғып отырғанымыздың себебі бар: өйткені ойлау-писхикалық қызметтің көп сипаты аударма жұмысымен айналысқан істе нақтырақ байқалады. Туындыны төл тілде жазатын адамның ой-психика қызметі еркін, шектеусіз. Оның пішін жағынан да, мазмұн жағынан жаңалық ашуына өріс кең. Ал өзге тілден аударма жасаушылық ойлау қимыл-әрекетінің алдына шекара жатады.
Ақпаратты (арнаулы) әдебиет қоғамдық-саяси, ресми, ғылыми мазмұндағы тәржіма үлгілерін қамтиды. Бір қарағанда жеке-жеке, дербес аспектілерді қарастырылуға тиіс қоғамдық – саяси, ғылыми немесе ресми мазмұндағы әдебиеттерді біртұтас ыңғайда зерттеуге негіз болатын дәйек – олардың негізгі функциясы.
Ақпараттың (арнаулы) аударманың негізгі қызметі – түпнұсқада айтылған мәліметті, ақпаратты екінші тіл арқылы қабылдаушыға (рецепторға) нақты, дәл, ақиқат шындыққа сәйкес түрліде жеткізу. Тәржімалы бұл түрінде экспресивті функция негізгі рөл атқармайды, алайда бұндай үлгілерде негізгі хабарлау, хабарды дәлме-дәл жеткізу қызметіне осы хабарға қабылдаушының білгілі бір көзқарасын, пікірін туғызу функциясы, яғни ықпал ету қызметі де ілесе жүріп отыратындығын жоққа шығаруға болмайды. Егер әдеби көркем аудармада динамикалық баламалының тәсілі пайдаланылса (немесе адекватты, балама және еркін аударма), ақпаратты әдебиетте сөзбе-сөз аударма, баламаны аудару амалдары қолданылады. Сонымен қатар материалдың мазмұнына қарай бір мәтіннің өзінде бірнеше тәсілдің қатар жұмсалатындығы да аталып өтіледі. Мәселен, А.В. Федоровтың пікірінше «существуют и переходные или смешанные типы материала (например, художественной литературе-произведения на производственные термины с обилием терминов, фактических сведений и т.п., внаучной литературе — произведения популярного жанра с исполь-
зованием выразительынх средств художественной образности)», [2;37]
Ақпаратты, мәліметті дәл жеткізу мүддесімен қатар ақпаратты (арнаулы) әдебиетті аударуда ең алдымен қабылдаушының ұлттық ерекшеліктері ескерілуге тиіс. Өзге тілдерден өзіңнің негізгі ана тіліне аударылған материалдарды оқу (есту, тыңдау) барысында қабылдаушыға тілдік-стильдік кедергілер кездеспеуі қажет. Алайда бұл ақпаратты аудармаға қатысты шартты түрде ұғынылуға тиісті талап: өйткені кейбір ақпараттың мазмұндағы әдебиеттің тәржімасында мазмұнды сақтау; түпнұсқаның мәні мен стилін жеткізу; баяндаудың ұғылықты әрі табиғи сипатта болуы; аударма мәтіннің нақ түпнұсқадай әсер туғызуы тәрізді міндеттердің баршасының үдесінен бірдей шығу мүддесі көзделмейді. Мәселен, ғылыми стиль үлгілерінің, оқу-ағарту әдебиетінің (айталық, математика оқулықтарында) тәржімасында ақпараттың, пәннің негізгі мазмұнының фактілік жағына көңіл бөледі де, қолданылатын күші тілдік-стильдік құрамдар осы мүддеге бағындырылады. Аталған міндеттерге қатысты өзге де стильдік тармақтардың өзіндік тілдік-стильдік ерекшеліктері бар. Бір тілдегі нақты бір функционалдық стильдің қалыпты тілдік-стильдік құралдарының екінші тілге аударылып берілуінің тармақтала, дербес қарастырылатын мәселелері сан салалы. Әсіресе синтаксистік құрылым ыңғайынан қарағанда салыстырылатын екі тілдің айырым белгілері жан-жақты.
1.1. Аударма әдебиеттің түрлері
Көркем әдебиет – айрықша күрделі жанр. Оның әдебиет қисынынан туындайтын жазушылық, шеберлік, және жазушылық қаламгерлік даралығы (стилі) мен таланты, эстетикалық, функцияны, мазмұн мен пішінді жеткізудегі жазушының танымдық-психологиялық қабілет деңгейі сияқты сан алуан проблемалары бар.
Көркем әдебиет тілінің де өзге функционалдық стильдерге қарағанда иірімі мол, кез келген прозалық шығармадағы лексикалық-грамматиканың құралдардың көлемін, көкжиегін дәлелдеп көрсету, жалпыхалықтық, әдеби немесе ауызекі сөйлеу тілі элементтерінің бір-бірімен жандаса қолданылуының, әр сөздің стильдік рецептен құбылуының алуан түрлі себептерін – ғылыми тілімен айтқанда, тілдік құралдардың көркем әдебиеттегі атауыштық (номинациялық, референттік), қабылдаушыға әсер ету (прагматикалық), қабылдаушының, оқырманның рухани тармағына ықпал жасау, жан-дүниесіне, адамгершілігіне тағылым-өнегені насихаттау сияқты қызметтерді жеткіудегі рөлін, орын анықтау — өз алдына бір бөлек, бірақ әдебиеттанымдық қағидаттармен ұштасып жататын маңызды факторлар.
Эстетикалық функция – көркем әдебиеттің басты функциясы. Бұл – арнаулы ақпараттың әдебиеттен басты айырмасы. Көркем әдебиеттің екінші және маңызды белгісі – оның образдылығы, жалпыхалықтың тілдік қордағы элементтерді пайдалану мүмкіндігінің болуы. Бұлар -«көркем шығарма тілдің өзіндік табиғатын, өзіндік сөз қиюын айқындайтын» басты факторлар [5;37.]
Көркем әдебиет стилінің әдебиеттік, тілдік ерекшеліктері аударма әдебиетке тән. Белгілі бір халықтың тілінде жазылған әңгіме, повесть, роман – сол халықтың ұлттық көркемөнер, туындының эстетикалық функциясы, прагматикалық сипаты – баршасы тілді иеленуші халықтың рухани-мәдени ұлттық танымдық үдесінен шығуды көздейді. Көркем аударманың тілі де сол мақсатқа бағындырылады.
Көркем өнер ретінде аударма әдебиет жеке адамға ақиқат өмірінің сырлы суретін барынша жеткізуі керек. Көркемделіп жасалған ақиқат дүниенің, бейнесін жасап шығаратын құрал – тіл. Шығармасын ұлттық этникасы, тіл жағынан топтасқан қауым — өз ұлты, өз халқы қабылдайтынын білетін, яғни нақты арналған аудиториясы бар қаламгер, өз ана тілінде жазғанында тілдік құралдардан пайдлану, стильдік түрлендіру, сөз шығармашылығы жағынан еркін. Ал аударма жасайтын қаламгер мұндай еркіндікке бара алмайды. Тәржімашының алдында екі жақт, бір-бірімен ауыр, қос міндет тұрады. Осының бірі:
— түпнұсқаның мазмұнын, сюжеттін, түпнұсқа авторының негізгі иедеясын мүмкіндігінше толық сақтау;
— аударылатын тілдің – қазақ тілінің табиғи заңдылықтарын, нормаларын қадағалау.
Көркем аударманың мынандай айырым белгілері бар:
а) көркем аударма – ойлаудың образдылық типінің жемісі, демек, мұнда индивидуалдық даралық, шығармашылық ізденіс бар;
ә) бірақ ізденістің шеңберіне шек қойылады, өткені аударманың алдында жатқан мазмұн – құрылымы дайын мәтін шығармашылық еркіндікке жіберілмейді;
б) көркем аударма да төл әдебиет сияқты эстетикалық қызмет атқаруы керек;
в) көркем аударма төл әдебиет сияқты тұнымды, тұщымды кедір-бұдырсыз оқылуы қажет;
г) сондықтан аудармада қазақ тілінің табиғи күйі, сөз қолдану, емлелік нормалары сақталуға тиіс.
Бірін-бірі тізерлеп, тұсап, аударманы қаламгер ретінде тым бастамдыққа жібере қоймайтын межелердің арасында белгілі-бір өлшемдестік (симметрия) бар. Көркем аударманың лингвистикалық табиғатын айту – осы өлшемдістіктің заңдылықтарын анықтау. Көркем аудармада қазақ тілі сөздік құралының, грамматикалық-стилистік жүйесінің, стильдік құралдарының қолданылуындағы тәуір тұстардың немесе кемшіл жақтардың болатындығы аталған талаптардың тең атқарылғанына немесе бірінің екіншісіне «ырық бермей», бірі екіншісінен басым болып келетініне байланысты. Демек, түпнұсқаның мазмұны үшін қазақ сөзі, айшықты тіркесі, синтаксистік тұтастық неліктен алынған; түпнұсқаның идеялық – көркемдік санасы аударманың бойына қандай тәсілмен, қалай ендірілген дегендер, басқа алуан түрлі сипаттар тікелей ретелгенде, көп мәселенің күрмеуі шешіледі.
1.2. Жұмаділовтің ерекше туындылары орыс тілінде
Жұмаділов Қабдеш- 1936 жылы, Шынжақ өлкесі, Тарбағатай аймағы, Шәуешек ауданында дүниеге келген.Ол қазақ Совет жазушысы. Оның мынандай ерекше туындылары бізге танымал: «Бақыт жолында» романы, «Көкей кесті» романы, «Қаздар қайтып барады» әңгімелері, «Саржайлау» повес және әңгімелері, «Соңғы көш» романы, «Тағдыр романы», «Шарайна» роман, повес және әңгімелері. Осылардың ішінде оқырманның сезімі мен көңіл күйін баурайтын ең ерекше туындылары «Көкейкесті», «Соңғы көш», «Бақыт жолында» деген романдары.
Көрнекті қаламгер Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қабдеш Жұмаділовтың Шығыс Түркістан қазақтарының өмірінен жазылған «Соңғы көш» роман- дилогиясы оқырман жұртшылыққа кеңінен танымал. Бұл романда сол кездегі заманның мал өсіріп, көшіп қонған қазақ халқының өмірі баяндалады. Әсіресе, отырықшылыққа енді үйрене бастаған қазақ халқының жай- күйі көркем суреттелген.
Қабдеш Жұмаділов- өзінің лирикалық жоспарда жазылған сыршыл әңгімелерімен, «Көкейкесті», «Соңғы көш» атты романдарымен оқушы жүрегіне жол тапқан жазушы. «Көкейкесті» романында бүгінгі жастар өмірі, жас жігіт Жәнібектің қиын сындардан өтіп, біртіндеп азаматтық биікке көтерілуі оның туған жерге, адамға деген қарым- қатынасы, алғашқы махаббаты шұрайлы тілмен шабытты суреттелген.Ал әңгімелерде ауыл еңбеккерлері мен қала зиялылары, студент қауым, тірлігі нанымды бейнесін тапқан. Жинаққа кірген шығармалардың қай- қайсысы да оқиға шынайлығымен, тіл көркемдігімен сүйсіндіреді.
Қабдеш Жұмаділовтің шығармаларының ішінде «Көкейкесті» романы орыс тілінде «Зов», «Соңғы көш» роман- дилогиясы- «Последнее кочевье» деген атпен аударылған.
«Көкейкесті»романын- «Зов» деген атпен жарыққа шығарған көрнекті аудармашы Н.Скалковский болатын. Ол аударманың қыр- сырын сақтай отырып, көркем аударған.
Ал енді «Соңғы көш» романына келетін болсақ, мұны Қ.Жұмаділовтың шығармашылық жағынан көп жыл бойы аудармашы ретінде жұмыстас болған. А.Смойленко «Последнее кочевье» деген атпен аударып,орыс оқырман халқына өзінің аудармашылық шеберлігімен тәнті еткен.
2- Бөлім. Мәдениет – ұлт-тіл тұтастығы.
Мәдениет – ұлт-тіл үштігі бір-бірімен тығыз байланыстағы ұғымдар. Ұлт мәдениеті мен ұлт тілі-ұлт тұтастығының негізгі белгісі. Мәдениет ұлттық тарихи даму бойында жинақталған материалдық рухани құндылықтарының жиынтығы, мәдениеттің ұлттық негізгі дүмпуі күшті әлеуметтік уақиғаларға қарамастан, әрқашанда тұрақты және мәдениет – ортақ нышан белгілері бар біртұтас жүйе.
Мәдениет – қоршаған ортаны, әлемді жай, сырт көзбен бақылау немесе қоршаған ортаға бейімделу емес, жеке адамның (социум), халықтың өз ұлттық этникалық ерекшеліктері арқылы айнала дүниеге реакция жасауы, оны өз ұлттық мінез-құлқы, пайымы шұғылданатын кәсібі арқылы талып-білуі, алған таным пайымдауын бағалауы. Әрбір ұлттың өзіне тән таным пайымы, қоршаған ортаға қарым-қатынасы тіл арқылы танылады. Тіл – халықтың болмысы, жаратылысы, ол мәдениетпен тығыз байланысты, тіл мәденитеттің дамуын, қалыптасуын, деңгейін көрсететін, мәдениеттің ажырамас бөлігі. Тіл – ойды жеткізудің негізгі құралы, сонымен қатар тіл – материалдық рухани мәдениетті танып білудің, ұлт мәдениеті көрніісінің ұлт мәдениеті өмір сүруінің негізгі арнасы; белгілі бір халықтың мәдениеті мен ақпаратты жинақтау және сақтау (аккумуляция) қызметін атқаратын басты форма. Демек, тіл арқылы мәдениет суреттеледі, рухани және материалдық мәдениеттің барлық белгілері тіл арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жетеді. Әр халықтың тілі – ұлттық бітімінің өзгелерге ұқсамайтын айрықша нышанын ғасырдан ғасырға ұластырып, тұтас күйінде жеткізетін қуатты құрал.
Жазылған туынды (речевое произведение) ретінде аударма әдебиет – төл әдебиеттің құрамдас бір бөлігі. Демек, аударма әдебиет те төл, ұлттық әдебиет сияқты көркемдік-эстетикалық қызмет атқарады, бұл қызметке қоса аударманың әлем халықтарының мәдениетімен әдебиетіндегі таңдаулы үлгілермен таныстыру, әлемдік өркениетке жақындату міндеті де бар.
Ұлттық мәдениет-жеке адамның (тұтас халықтың) рухани интеллектуалдық баюының қайнары, алайда дүниежүзілік өркениет, мәдени, ғылыми, білім-ілім баспалдақтарында өзгелермен нық теңестіре қатар тұру үшін ұлттық мәдениеттің игілігімен, өнегесімен шектеліп қалу жеткіліксіз
Адам факторының тілдегі көрінісін, тіл мен сол тілді иеленуші адамның (тұтас бір халықтың) ойнау-пайымдау қабілетінің арасындағы байланысты ұлттық мәдениеттің ұлт тіліне ықпалын зерттеуде аударма әдебиет көп көмек жасайды. Аударма әдебиетті түпнұсқамен салыстыру бірнеше тілдерде бар универсалды бір ұғым, образ, стереотиптер үшін жұмсалатын тілдік единицалардың ұлттық мәдени құндылығын дәлірек танытуға мүмкіндік береді.
Ұлттық этникалық мәдениеттің ерекшеліктері ұлттық бітімнің және рухани құндылықтардың ұлттық сипаттары адам санасына орнықпас символдық, образды метафоралық ойды көркемдеп жеткізуге эталон-үлгі болатын тілдік единицалардың семантикасынан, ішкі нысанынан байқалып тұрады. Ұлттық мәдениет әсіресе коммуникативтік актіге қатысушылардың сөз әдебінен, адам келбетінің, психологиясының суреттелуімен, уақыт пен кеңістікке, іс-қимылға қатысты атаулардан, туыстық, ресми-бейресми қарым-қатынастардың баршасынан да белгі береді. Айталық кез келген көркем туындының баяндау тәсілінің басты тілі диалог кейіпкерлердің өзара сөйлесу әрекеті; ал диалогте сөйлеу этикетінің тұрақты компоненттері болады; амандасу, өзіне назар аударту, пікір алмасудың «тізімі» сөйлеушінің бірінің қолында болу, қоштасу, ойды тиянақтау, құптау-қолдау сияқты күрделі компоненттері бар диалогтың коммуникативтік актінің жүруіне вербалды емес (невербальный) ерекшеліктер де ілеседі. Сөйлесудің вербалды емес компоненттеріне сөйлесудің ырғағы, дауыс мәнері диалогтың мазмұнына қарай қол, көз, иық, бас сияқты дене мүшелерінің қимылы, ымдау сияқты паралингвистикалық амалдар, яғни сөз (речь) процесінен тыс тәсілдер жатады.
Паралингвистикалық ерекшеліктер халықтардың барлығына да тән және олар – этнос мәдениетінің әр көрінісі. Өнер үлгілерінің басқа түрлерінде (мәселен, сахна, кино өнерінде) сөйлеу этикетінің вербалды емес белгілерін жеткізу тым қиын емес. Ал жазба нұсқаларында коммуникативтік актінің барысында ақпарат-пікір алмасудың толыққанды дәрежесіне қол жеткізуге дәнекер қызметін атқаратын паралингвистикалық компоненттер мәтінде тілдік тұлғалармен (сөзбен сөз тіркесімен) белгіленеді. Бір халықтың сөйлеу этикетіне таным, дене қимылы, сөйлеу ырғағы, дауыс мәнері сияқты сипаттар екінші халықтың сөйлеу этикетінде – ұлттық мәдениетінде жоқ болуы мүмкін. Мысалы, суреттеліп отырған оқиғаға, тосын жағдайда қарым-қатысты, ақпараттан алған әсерді вербалды емес түрде көрсететін, орыс халқының сөйлеу этикетінде кездесетін паралингвистикалық компонент – всплеснуть руками (Сөздіктегі баламасы қолын соғу) немесе вскрикнуть (сөздіктегі баламасы айқайлап жіберу.) Таңғалысты,болған оқиғадан алған әсерді білдіруде қазақ әдебиетіне қолды соғу немесе айқайлап жіберу тән емес .
Ғасырлар бойындағы халықтар мәдениетінің етене араласуының нәтижесінен қазақтың ұлттық мәдениетіне, ұлттық салт-дәстүріне сыналап енген, «өзге мәдениелік» белгілер мен сипаттарды тұжырымдау этика, философия, дүниетаным, әлеуметнама (социалогия) ғылымдарының аясында енді-енді қолға алына бастаған шаруалардың бірі. «Өзге мәдениелік» белгілер мен сипаттардың зерттелуі, мәдениет пен фактілерінің позитивті және негативті жақтарын ажыратып баяндау, қоғам мүшесін қалыптастыру, жеке адамды тәрбиелеу ісінде ұлттық бітім мен ұлттық ойсана факторы алдындағы қатарға шығып отырған қазіргі қоғам дамуы жайында аса маңызды іс және бұл күрделі проблема. Көркем аудармаларда кездесетін өзге мәдениетке тән қаратпа мысалдары (голубушка, милая, брат, сударыня, тетушка) қазақшалауда аудармашылар ұлттық колориті қанық, айналайын, қалқам, шырағым, қарындас, жеңгей, апай, тәріздес нысандарды қоспайды, стильдік баяуы бейтарап элементтерді алады немесе баламалар жасайды. Бұдан шығаратын қорытынды түпнұсқа мен аударма әдебиеттің тілін салыстыру арқылы мәдениетаралық қатынастырдың кейбір белгілерін, ұлттық пайымдау мен ұлттық ой-санаға әсер ықпалын бағандауға ғылыми жинақтауға негіз етуге болады.
Лингвомәдениеттану ғылымының негізгі бағыттары осы ғасырдың соңғы бөлігінде, ғасырлар тоғысқан тұста әлемдік озық лингвистика тілтанымының теориялық бағыттарын структуралық лингвистикадан өзгешелеу жаңа арналарға яғни, тілді жеке адаммен, оның ойлау өрісімен және рухани практикалық қызметімен байланыстыра қарауға қарай бұрып отыр.
Лингвомәдениетнама немесе лингвомәдениеттану (лингвокультурология) саласындағы басты бағыт– ұлттық тіл мен ұлттық мәдениеттің бір-біріне өзара ықпалы, бұнда «мәдениет» ұғымы «рассматривается применительно к аспектам взаимодействия с языковой личностью»
Лингвомәдениетнама соңғы жылдарда лингвистика мен мәдениетнаманың культурология түйіскен тұсынан туындап отырған жаңа ғылым. Бұл саланың объектілері, единицалары мен пәні жайындағы орыс тіл біліміндегі алғашқы көзқарастар. Осы ғылым саласының объектісі турасындағы тұжырым біреу, ол– ұлттық мәдениеттің және рухани құндылықтардың тілдегі көрінісі, тіл арқылы беріледі.
Тіл мен мәдениеттің өзара қарым-қатысы. Әсіресе мәдениеттің тілге ықпалы мәдениеттің тілдегі көрінісі ғылым үшін жаңалық емес. Әр халықтың дүние танымы мен мәдениетінде ерекшелік бар; бұл ерекшелік тілге сіңдіріледі дегеннің бастапқы негізі Э.Сенир мен Б.Уорофтың «Лингвистикалық ықтималдық теориясында» (теория лингвистической относительный) қаланған болатын.
Әр халықтың мәденитетінің арасындағы айырмашылықтардың бар екендігі ақиқат факт. Алайда ХХ ғасырдың өн бойында өзге де ұлт ғылымдарындағы сияқты, қазақ ғылымында да бұл шындық көмескіленіп, мәдениет ұғымы ұлтқа қатыссыз, ұлттық бітімнен бөлек өзге мәдениеттермен синтездеуге болатын категория ретінде абстрактілі түрде ұғындырылғаны мәлім. Ал жаңа қоғамдық қарым-қатынастарға көшкен қазіргі қауімдастықтың сипаттары ұлттық бітімді танытатын өлшеусіз құндылықтардың бірі – төл мәдениет, екіншісі – төл екендігін мойындатып отыр. Бұл қос қатар бір-біріне ықпалдас, бірінен бірі ажырамайтын құндықлықтар қазіргі қоғам талабы алға шығарған жеке адамды (қоғам мүшелерін) тәрбиелеу, жеке адамның интеллектуалдық ой-өрісін дұрыс қалыптастыру бағытының негізіне айналып келеді.
Лнгвомәдениетнама саласы- этнолингвистикамен де, лингво- мәдениеттану мен де ортақтасатын ғылым; алайда оның ауқымы соңғыларға қарағанда анағұрлым кең; лингвомәдениетнама әрбір тілдік единицаның белгілі бір халықтың төл элементі, халық тілімен бірге жасасып келе жатқан өз сөзі, өзгелермен ауыс-түйіс емес, өз меншігіндегі сөз, сөз тіркесі, афоризм, мақал-мәтел екендігін дәлелдейтін белгі қайсы; ұлттық «бет-пішіні» бар деп есептелген сөз ұлттық әлеуметтік, этникалық, саяси, адамгершілік,тұрмыстық нормалары мен қағидаттарынан қандай мәлімет жеткізе алады дегенді зерттеуге назар аударады. Және де бұл жекелеген тілдік фактілер төңірегінде жай, қарапайым шолу, болжам айту деген сөз емес, ұлттық мәдениеті мен ұлттық тілді өзара байланыстырады, бір-біріне әсері айқын фактілерін жүйелі түрде топтастыру; ішкі формасы арқылы белгілі бір ұлтқа ғана тән екендігін танытатын тілдік единицалардың коммуникативтік қызметінің айырым белгілерін, сапаларын анықтау.
Екі немесе бірнеше халықтың материалдық мәдениетін (еңбек құралдары, үй-тұрмыс заттары, ұлттық киім-кешек пен тағам түрлері) және рухани мәдениетін (дүниетаным, адамгершілік, имандылық, тәрбие, білім беру, заң, философия, этика, ғылым, өнер, мифология және дін) білдіретін тілдік единицаларды түпнұсқа мен аударма нұсқа негізінде салыстыру жеке адамның интеллектуалдық ой-өрісінің кеңеюіне ықпал жасайды, халықтың белгілі бір хронологиялық мерзімде бір-біріне саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени әсерінің деңгейін анықтауға септігін тигізеді, сондай-ақ және ең бастысы бр тілдің лексикалық-граматикалық, фразеологиялық жүйесі, образдылық құралдары ауқымының қаншалықты екендігін көрсетеді.
Халықтық эпостарда, аңыз-жырларда, өткен ғасырлардағы ақын-жыраулардың шығармаларында және басқа да дереккөздерде сақталған этноатаулар сияқты басқа да бірқатар тілдік единицаларда да ұлттық мәдениеттен ақпарат беретіннышан болады.Бұндай нышан тілдік единицаның бірінде имплицитті түрде (жасырын, байқалмайтын); екіншісінде эксплицитті түрде (анық, айқын) көрініп, танылып тұруы мүмкін. Басқаша айтқанда, тілдегі кейбір тұлғалардың сыртқы нысанының өзі «ұлттық бітімді» байқатып тұрады, ал кейбір жекелеген сөз, тіркес, фразаның нақты бір ұлтқа,мәдениетке тән белгісі қолданысқа түскенде ғана айқындалады. Аудармашының лингвоэтникалық құзіреті осындай единицаларды (лингвокультуремаларды) ажырата білуіне байланысты.
Орыс тілінің фразеологиялық жүйесінің ұлттық менталитетке қарым-қатысын зерттеген В.Телия ұлттық мәдениет пен этностың ұлттық -танымдық сипатын фразалық тіркестермен қатар халық мәдениетінің рәсімдік нысандары (ритуальные формы), паремологиялық қор, образ эталондар жүйесі, символ сөздер және символды таныта алатын сөз тіркестері, теологиялық атаулар, қанатты сөздер мен орамдар арқылы ажыратуға болатынын дәлелдейді
Бұл айтылғандардың аударма әдебиет тілінің лингвистикалық ерекшеліктерін айқындатуға тікелей қатысы бар. Өйткені екі халықтың қоршаған материалдық және рухани дүниені танып-білуі, алған танымын жеткізетін (бейнелейтін) тілдік амалдары әртүрлі.
Ақпаратты, мәліметті имплицитті түсінуі, ойды жеткізуі, жеткізу процесінде тілдегі құрылымдық амал-тәсілдерді игеруі жағынан қарағанда, ойды берудің концептуалдық құралдарын пайдаланатын тілдер де және ойды берудің эмоционалдық құралдарын пайдаланатын тілдер де бар. Қазақ тілі де, орыс тілі де ойды нақты атаумен беруден гөрі эмоционалдық экспрессивтік құралдармен беруге бейім тілдер: екі тілдің әлеуеті осындай мағынаға өзек болатын образ символдары әртүрлі, сондықтан да екі тілде де образ бейнесі, мағнасы жағынан жуықтасатын немесе бір-біріне мүлдем қарама-қайшы теңеулер, фразалық тіркестер, қанатты сөздер, сөз – символдар бар. Аудармашының көздеген мүддесі аударма мәтінді төл тілдің табиғи қалпымен жасау; сол себепті де түпнұсқадағы сөздің, сөз тіркесінің сыртқы формасынын емес, негізгі стильдік көркемдік мақсатынан шыға отырып,ол қазақ тілінің номинациялау образ жасау, бейнелеп айту қорындағы ұлттық нышаны бар үлгілерді, «халықтық стереотиптерді» қолданылады. Ұлттық нышанға ие тұлғалар қазақ тілінің фразеологиялық жүйесінің, теңеулер жүйесінің, діни ұғымдардың, сөйлеу әдебіне қатысты сөздер мен сөз тіркестерінің, тұрмыстық атаулардың қоладынысынан көрінеді.
Әр халықтың тіліндегі ұлт мәдениетінің басты сипаттарының белгіленуі, мәдениеттің тілдегі көрінсі қоршаған ортаның тіл арқылы суреттелуіндегі ұлттық мәдениетіне, этникасына тән өзгешеліктер турасындағы мәліметтер жоғарыда аталғандармен қатар уақыт пен кеңістікке, сөйлеу әдебіне қатысты параметрлерде, сондай-ақ сөздің басқа да бірқатар лексикалық-синтаксистикалық топтарында сақталған және жинақталған.
2.1.Көркем аудармадағы баламасыз лексика
Аударматанудың теориялық және практикалық мәселелері талданатын еңбектердің барлығында да екінші тілде мағналық – ұғымдық көлемі жағынан сәйкес келмейтін, сол себепті аударылуы қиындық келтіретін, болмаса тәржімалағанда суреттеу, түсіндіру, шамаластыра аударуды қажет ететін сөздер тобы аталады, олар баламасыз лексика (безэквивалентная лексика) деген терминмен белгіленеді.
Баламасыз лексика-халықтық ұлттық мәдени ерекшеліктерін танытатын атаулар; реалийлер; ғалымдардың көрсеткішіне, баламасыз лексика дегеніміз – «слова, сужающие для выражения понятий, отсутствующих в иной культуре и в ином языке, слова относящиеся к частным культурным элементам характерным только для культуры А и отсутствующим в культуре Б, а также слова, не имеющие эквивалентов за переделами языка, к которому принадлежит [10; 53]
Баламасыз лексика – көркем шығарманың тақырыбына, мазмұнына байланысты бір халықтың мәдени тұрмыстық тіршілігіндегі ұғымдармен түсініктердің, заттардың атаулары, адамдардың арасындағы әлеуметтік қарым-қатынастар мен діни, саяси көзқарастарға қатысты терминдер, стандартты қалыптар. Бұндай лексикалық единицалар (сөздер мен сөз тіркестері) сөздіктерге тіркелмейді, тіркелген жағдайда да суреттеу, шамаластыра аудару (уподобияющий перевод) амалымен жүзеге асырылады. Лексикографиялық рәсімдегендігі өзге тілдегі мәдени ұлттық ерекшеліктерге тән атауларды аудару мүмкін емес деген пікір тудырмайды, дәл тұрақты лекскикалық сәйекеситігі көрсетілмегенмен де, аударма мәтіндерде жүргізілген талдау көркем әдебиетті реалий атауларын эстетикалық функцияға нұқсан келтірмейтіндей дәрежеде аударуға болатынын дәлелдейді.
Бір халықтың мәдениетіне тән сипаттарды айрымдарды атайтын сөздерді аудару аудармашының лингвоэтникалық құзыретінің жан-жақты болуын талап етеді.
Этнотұрмыстық белгі ұлттық мәдениетті белгілейтін басқа да атаулар функционалды қызметі жағынан басым (доминант) элементтер; олардың контекстегі функционалдық-коммуникативтік қызметі жоғары. Демек, оларды түсіріп тастау түпнұсқаның мазмұнын сақтау талабына нұқсан келтіреді. Сондықтан аудармашы текстегі қолданылған, қазақ тіліне мәдени танымдық сипаты, ұғымдық-мағналық көлемі жағынан сәйкестіктері жоқ атаулардың түпкі мағнасын. контекстегі стилдік жүгінің ауқымына назар аударуға тиіс.
Аударманың сапасын бағалаудың екі жақты межесі аудармаға да талап-міндеттер жүктелетінін көрсетеді.
Аударма мәтіннің айтылған талаптардың үдесінен шығуы аудармашы- ның ойлау-психикалық қабілетіне, білім-біліктілігіне тікелей байланысты.
Түпнұсқадағы ойды қалай, қандай әдіс-тәсілдермен жеткізудің амалдарын іздестіру барысында аудармашы негізгі материалды анализдеу және синтездеу процестерін бастан өткереді; яғни түпнұсқа негізгі идеясын, мән-мазмұнын талдап түсіну және осы идея мен мазмұнды екінші тілдің әлеуеті арқылы жеткізу проблемаларын шешуге тиіс болады. Аудару процесі тәржымашылық қызмет үшін:
– жалпы бағдарлы ақпаратты (фоновая информация) білу
– екі тілдің лексикалық-грамматикалық құрылымын жетік меңгеру талаптарын қояды.
Бір тілден екінші тілге тәржімалау барысында аудармашының жалпы бағдарлы ақпаратпен танысу, білу қажеттігін осы мәселені зерттеуші ғалымдардың қай-қайсысы да атап өтеді [5; 94] «Фондық білімі» (кейбір еңбекшілерде «фондық ақпарат», «фондық мәлімет» деп те аталады) ұғымының тәржіма процесі үшін елеулі маңызы бар; бұл ұғым «совокупность преставлений о том что составляет реальный фон, на котором развивается картина жизни другой страны, другого народа» [19;116] деген түсінікті білдіреді. Демек, аудару процесі барысында екі тілді жетік меңгеріп қана қою, осы межеге сүйену жеткіліксіз; аударма мәтіннің белгілі бір талаптарға сай болуы үшін түпнұсқаның сюжеті мен мазмұнына негіз болған тақырыпты айтқандай түсетін бірқатар мәліметтермен танысуға тура келеді. Тәжірибелі аудармашылар түпнұсқа авторының өзге де шығармаларын оқиды, оның жазушының шеберлігіне тән болып есептелетін басты-басты стильдік-тілдік құралдарды аңдап аңғарады; шығарма оқиғасына желісіне негіз етілген тарихи мерзімнің ерекшеліктеріне қатысты өзге де мағлұматтарды зерттейді; сөйтіп жалпы алғанда, тәржіма үшін қажетті тарихи, этномәдениет, әлеуметтік мәдениет, ұлттық бітім турасындағы өзінің жалпы білім-тәжірибесін жинақтайды. Жалпы бағдарлы ақпаратты білу, танысу, көлемі халықтар арасындағы мәдени байланыстар өрісінің деңгейімен байланысты.
Мәдени ынтымақтастықтың неғұрлым тығыз болған сайын, өзге халық, ұлт жөніндегі әлеуметтік-мәдени дерек мағлұматтардың көлемі де соғұрлым толыға түседі. Фондық ақпарат соынмен қатар белгілі бір халықтың тарихын,нақты бір кезеңдегі лингвомәдени ой-өрісін аңғаруды да қажет етеді.
Жалпы бағдарлы ақпаратты меңгеру және оны әрдайым назарда ұстап отыру тәржіма нұсқаның толымды санада жасалуына ықпалын тигізеді.
Қазақ мәдениетіндегі аударма тәжірибесіне араласқан қаламгерлердің, кәсіби аудармашылардың қай-қайсысында да жалпы бағдарлы ақпаратты меңгеру деңгейі өте жоғары, бұған тілдерді иеленуші халықтардың орналасу аймақтарының бірыңғайлылығы, жықындығы. Сондай-ақ бірыңғай саяси бағытты ұсатануы, экономиканы, шаруашылықты, мәдениетті бірыңғай бағытта дамытуы, өзге тілдің қазақ тіліне қарқынды ықпалы және т.б. экстралингвистикалық факторлар әсер етті.
Аударылған тілдегі сөздің мүсінделуі күрделі. Қазақ тілі сөзінің мағналары мен стильдік реңкі, релеванттық ерекшеліктері, сөздердің синтакистік түпнұсқа мәтіннің өресінен ұзай алмайды. Бұдан аударманың сапасы, аудармашыға қойылатын талаптар аударылған нұсқаны бағалаудың межее-крийтерилері қандай деген өзекті жайт алға шығады. Жазылған туынды ретіндегі аударма әдебиеттің ұлттық мәдениеттегі орны оның сапасының қандай екендігімен анықталады.
Аударма нұсқаның қандай болуы керектігін анықтайтын талаптар мен ұстанымдар әр түрлі. Бірқатар зерттеушілер түпнұсқаның жалпы мағнасын түсіндіріп беру жеткілікті деп есептейді. («больше смысла и меньше грамматики») эстетикалық қызметі түпнұсқаның ықпалымен барабар болуымен аталып өтіледі; түпнұсқаның тілі мен стилін мейілінше қатаң сақтау қажеттігі де айтылады. Осылараға байланысты ғалымдар «дәл аударма», «толыққанды аударма», тәріздес аталымдар қолданылады.
Қазақ ғылымында осы саланың басты сипатын анықтайтын негізгі ұстанымдар — әдебиеттанудың ғылыми аспектілерін шеңберінде сөз етіледі, бұнда аударма әдебиетке қойылатын талаптар көбінекөп аудармашының қабілеті, аударымпаздық шеберлігі, шығарма мазмұны мен тақырыбының, түпнұсқа авторының өзіндік қаламгерлік тілі мен стилінің тәржімадағы көрінісі ыңғайында қарастырылады.
Әрбір көркем аударманың бүге-шігесіне дейін талдаушылар «аударманың аударма екендігі сезілмей, түпнұсқаның өзі басқа тілде емес, біздің ана тілімізде жазылғандай болуын» «түпнұсқаның стилін сақтауға, түпнұсқаның бойындағы барын беруге, қазақ тілінде қаншалықты орамды болып шыққанына» «мағынасының қазақ оқушысына айнымай жетуіне» «аударушы екі тілді де, оның ішкі әдемілігін, өмір шындығын қапысыз түсінуіне» «Қарапайым түсінікті болуына» «екі мәтіннің бір-біріне дәлме-дәл балама болуына» қол жеткенде ғана тәжірманың сапа-дәрежесі мінсіз болады деп есептейді. [3; 55]Осындай, бір-бірімен үндес талаптардың қойылуынан көркем әдеби аудармаға сәтті (жақсы) аударма, ортақол аударма, сәтсіз (нашар) аударма деген баға беріледі де, сәтті, ортақол, ұтымсыз болудың белгісі қайсы деген сауалдың жауабы тасада қалып қояды.
Бұл айтылғандар көркем аударманың төңірегінде шоғырланған. Анығында, өзге тілден қазақшаланған дүниенің сапасын айқындау – көркем әдебиетпен бірге арнаулы ақпаратты мәтіннің тәржімасы үшін де аса қажетті фактор. Аударма мәтіннің шығарма ретіндегі тұтастығына баға беруде мәтіннің коммуникативті функционалды қасиетін анықтаудың маңызы үлкен. Ақпаратты, мәліметті жеткізу жағынан немесе экспресивті әсері, эстетикалық тұжырымы жағынан түпнұсқа сияқты қызмет атқаруы-аударманың коммникативті –функционалдық белгісі. Басқаша айтқанда, түпнұсқа қандай ақпараттық, экспрессиялық, тәрбиелеу, насихаттау, ықпал ету қызметін атқарса, аударма мәтін де осы мүддеден шығуы тиіс. Бұл-аударманы бағалаудың бір межесі.
Мәтіннің коммникативті-функционалдық белгісін нақтылайтын екінші меже-екі тілдегі мәтіндер семантикалық-құрылымдық жағынан мүмкіндігінше бір-біріне жақын түсуге тиіс. Бұл айрықша мәнді меже-өлшем, өйткені аударманың сәтті шығуы, болмаса ортақол дүние болуы қазақ тілі сөздерінің, құрылымдық жүйесінің ұтым шерілуіне тікелей байланысты. Түпнұсқаның мазмұндық-идеялық «тұлғасының» аудармада мүмкіндігінше жеткізілуі алғашқы мәтіннің барлық ерекшеліктерін сол сөз емес. Керісінше, өзге тілдегі мәтіннің семантикалық-құрылымдық ұжымдасуына «тұс алып» қалғанда, аударма мәтін өзіне жүктелген міндеттерді атқара алмайды. Аударма жасауда дайын контекстегі сөздер мен синтаксистік тұтастықтың өрісінен шығып, функционалдық қызметі жағынан сәйкес келетін балама іздеуге-ауытқушылықтарға жол беруге болады, алайда баламалар, семантика- лық сәйкестіктерді игеру мазмұнға нұқсан келтіретін алшақтықтарды тудырмауға тиіс. Сонымен, аударма әдебиеттің 2 түрінің де санасына баға беретін екі меже-өлшем бар:
1) түпнұсқа мен аударма мәтін арасында коммуникативтік теңбе-теңдік болуы керек;
2) аударма мәтін қазақ тілінің табиғи заңдылықтарына, нормалы талаптарына сәйкес жасалуы қажет.
Алайда бұдан тәржіма құбылысты нақты бір үлгі-сұлбаға немесе теориялық схемаға түсіру қажет деген пікір туындамайды. Егер кез келген коммуникативтік актіде берілетін ақпарат – негізгі мүдде, ал осы мүддені жеткізудің басты құралы-тілдік-стильді құралдардың қолданылу тәсілдері екендігін ескерсек, тәржіма үшін де басты мақсат – не айтылып тұр дегенмен гөрі, айтылғанды қалай жеткізу керек дегенді назарда әрдайым ұстау. Нақтырақ айтқанда, аударма мәтіннің тілі барынша «табиғи» болуға тиіс; ал табиғилық: 1) аударма нұсқа арналған қауымның әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерін; 2)аударылатын тілдің нормалық талаптарын, жалпы осы тілдің өз сипатын негізгі меже еткенде ғана жүзеге асады. Бұдан, әрине, түпнұсқа мәтін ешқандай рөл атқармайды деген ұғым тумайды. Аудармашының ойлау -психикалық қызметі аудару процесі барысында қалай болғанда да түпнұсқаның ықпалына бағынып отырады, көп ретте аударма нұсқаларда әр алуан екмшіліктердің кездесуінің басты себебі-түпнұсқаның тілдік-стильдік ықпалынан шыға алмай қалушы- лық, осындай бағыныстың салдарынан аудармашы өзінің тәржіма туындысын арнап отырған аудиторияның ерекшелігін, өз ана тілінің табиғи заңдылықтары мен нормалық межелердік назардан шығарып алады, сөйтіп сәтсіз аударма жасайды. [3;141].
2.2. Ұлттық этникалық мәдениетте этнотұрмыстық белгінің алатын орны
Халықтың психологиясын түсіну үшін этнотұрмыстық белгілердің мағнасы үлкен орын алады. Ол жөнінде В.С.Виноградов былай деген. «Те или иные знаки культуры- это не просто материальные предметы, явления и события «вообще», а сущности отражающие или выражающие факты данной этнической культуры» [6;27].Олай болса, белгілердің қызметін білу мен оқу мәдениетте үлкен қызығушылық танытады, өйткені белгі мен мағна этноинтегралдық, этнодифференциялдық рольды атқарады.
М. Муканов айтқандай: «Когда люди хотели сделать что- нибудь возвышенным, символическим и ритуальным, то обычное словоупотребление становилось совершенно недостаточным. По этому возникли этнобытавые знаки». [7;4]
Біздің ойымызша символ мен этнотұрмыстық белгілер өзімен қатар бір қатар фондық күшті алып жүреді. «Для того, чтобы верно понять текст, необходимо знать культуру и историю народа, на языке которого создавлось литературные произведение. Другим словами, обладать « фоновым знанием» специальными сведениям, котороми обладают лишь члены определенной этнической общности». [6;66]
Біз бұл жұмысымызда Қазақ халқының этнотұрыстық белгілерін орыс тіліне аударылу мәселесін қарстырамыз.
Көркем шығармада ұлттық ерекшелік сол ұлт өкілдерінің өзіне тән мінез- құлқына, әдет- ғұрпына, сыр- сипатына қарай танылады. Ұлттық өзгешелік түпнұсқадағы портреттік суреттерді, сол елдің тұрмысының ерекшелігін, өміріндегі әдет- ғұрыптарын, табиғат көріністерін, әрі толы, әрі шынайы беру арқылы жүзеге асырылады. Әрбір ұлттық тілде халықтың басынан кешкен кезеңін, оның тұрмыс- салтын, тарихы мен мәдениетін көрсететін сөздер болады. Олар белгілі бір елдің халқына ғана тән заттар мен құбылыстарды суреттейді, ондай сөздер «реалийлер» деп аталады. Реалий латынның «реалия» сөзінен шыққан, яғни шындық, ақиқат деген мағнаны береді.
Этнотұрмыстық белгі негізінде көптегент зерттеушідердің еңбектері жарық көрді. Атап айтқанда.С. Влахов, С.Флориннің «Непереводимое в переводе» деген еңбегі, Т.В.Шатковтың «Перевод русской безэквивалентной лексики на норвежский язык» деген кандидаттық дисертациясы, А.В. Федоровтың «Введение в теорию перевода» атты еңбегі, сонымен қатар кейінгі зерттеушілер А.С.Ермағанбетованың «Сущность из значение национальных слов- реалий в языке художественного произведения и способы их перевода» еңбегі, Б. И. Репиннің «Вопросы перевода казахской национально- специфической лексики» деген еңбектерді атауға болады.
Этнотұрмыстық белгі тілдік бейне ретінде түпнұсқадағы ұлттық- тұрмыс салтқа тікелей қатысты. Сонымен қатар, ұлтттық этнотұрмыстық белгілер шығарманы сол халықтың ұлттық заттары, тұрмыс– салты, өзіне ғана тән ерекшеліктерімен шығарманы әрлейді, көркемдейді.
Этнотұрмыстық белгі деп белгілі бір халықтың өміріне тән, атап айтқанда, тұрмысына, мәдениетіне, әлеуметтік және тарихи өміріне, әдет- ғұрпына байланысты ұғымдарды білдіретін, басқа халыққа тән емес, ұлттық және тарихи колоритті, аударма кезінде толық баламасы табылмайтын сөздерді айтамыз. Этнотұрмыстық белгілер ұлттық мәдениетті белгілейтін атаулар болғандықтан функционалды қызметі жағынан басым доминант элементтер; олардың контекстегі функционалдық- коммуникативтік қызметі жоғары. Демек, оларды түсіріп тастау түпнұсқаның мазмұнын сақтау талабына нұқсан келтіреді. Сондықтан аудармашы мәтінде қолданған, қазақ тіліне мәдени- танымдық сипатын ұғымдық- мағыналық көлемі жағынан сәйкестері жоқ атаулардың түпкі мағынасына, этимологиясына, қандай ұғымда жұмсалғанын, контекстегі стильдік жүгінің ауқымына назар аударуға тиіс.
Зерттеуші А.В.Федоров өз еңбегінде баламасыз лексиканың қатарына фәлсафалық, саясаттық т.б. ғылыми терминдерді жатқызып, олар кей кезде аударма тілінде өзінің тура мағынасын таппайды- деп көрсетеді. Ал С.Флорин диалект сөздер мен жергілікті говорларды реалийлердің көпшілігі жергілікті заттарды білдіреді, сондықтан оларды «жергілікті реалийлер» деп атаған. Сол сияқты реалийлер қатарына қаратпа сөздер мен жалқы есімдерді, фразеологизмдерді, мақал- мәтелдерді де жатқызады.
Реалийлерді сөз еткенде оның терминмен ұқсастығы байқалады. Терминдердің басқа лексикалық единицалардан ерекшелігі біріншіден, ұғымның, заттың нақты атын атайды, екіншіден, синонимдік қатары көп кездесе бермейді. Ал этнотұрмыстық белгілер көркем әдебиеттпен тығыз байланысты. Ол халықтыңөзіндік ерекшеліктерін көрсетеді, басқа халыққа таныс емес, тек белгілі бір халыққа тән заттарды, ұғымдарды, құбылыстарды атайды.
Белгілі бір халыққа, ұлттық, тілдік, ортаға арналғандықтан, классикалық көркем әдебиетте реалийлер тобы мол және олар тақырыптық, мәдени ерекшеліктері жағынан да сан түрлі болып келеді. Бір халықтың ұлттық мәдениетіне тән сипаттарды, айырымдарды атайтын сөздерді аудару аудармашының білімділігін талап етеді. Аудармашы аударма кезінде этнотұрмыстық белгілерді кездестірсе сөздерін екі тілді сөздіктерді қолдануы мүмкін. Бірақ сөздіктерде этнотұрмыстық белгілер көп кездеспейді, ал кездесе қалған жағдайда дұрыс берілмейді.
Қандай болмасын аударманың сәтті шығуы ең алдымен шығарманың ұлттық колориті мен ұлттық бояуларын сақтауына байланысты. Әдебиеттің ұлттық формасы, қоғамдық- тарихи құбылыс болып есептелетін әдебиеттің бірінші элементі- жалпыхалықтық тіл. Ұлттық өзгешелік ең әуелі тіл арқылы көрінеді, себебі тіл шындықты суреттеудегі негізі құрал.
Қандай да болмасын этнотұрмыстық белгіні түсінбей аудару түпнұсқаның бояуын солғындатады, ондағы шындықты бұрмалауға соқтырады.Ондай ағаттықты болдырмау үшін аудармашыға шығарманың тілін меңгерумен қатар, автор бейнелеген өмір шындығын білу шарт.
Көркем аудармада этнотұрмыстық белгілерді берудің мынандай амалдары бар.
Транскрипция және тарнслитерация. Этнотұрмыстық белгілерді дыбыс арқылы беру үшін транслитерация тәсілі қолданылады. Бұл этнотұрмыстық белгілердің берудің ең оңай тәсілі. Мысалы, жұт- джут, жігіт- джигит. Аударма тіліндегі этнотұрмыстық белгіні өз қалпында беру түпнұсқа тілінің ұлттылығын, өзіне тән ерекшелігін, өзгешілігін көрсетеді. Транслитерацияланған сөздер басқа лексикалық единицаларға қарағанда құрылымдық ерекшелігімен, фонетикалық және графикалық өзгешелігімен бөтен болып көрінеді. Бірақ бұл сөздің семантикасы басқа лексикалық элементтерге, контекске ешбір әсерін тигізбейді.
Этнотұрмыстық белгілерді берудің тағы бір амалы- сипаттама аударма. Яғни түпнұсқадағы этнотұрмыстық белгілерді түсіндіру, суреттеу, сипаттау арқылы беру. Бұл тәсілдің ерекшелігі- түпнұсқадағы этнотұрмыстық белгінің мағынасын ашып көрсетеді.
Сөз мағынасын нақтылау- түпнұсқадағы сөздің сөздіктегі сәйкестігі болмаған жағдайда, сондай- ақ қолданылынған единица жалпы атау, жергілікті тіл ерекшелігі болған жағдайда игерілетін аудару амалы. Сөз таңдау тәсілі мұнда тектік атаумен, мағнасы көмескі қазақ тілінің айналымында бар балама нормасымен ауыстыру арқылы жүреді.
Сөз мағынасын ұлғайту, үстемелеу тәсілі:
а) контестегі сөздің ауыспалы мағынасының қазақ әдебиеті тілінің тілдік жүйесінде, тілдік дағдысында дәл сондай ауыспалы реңкі болмаған жағдайда;
ә) контекстегі сөзді стильдік бояуы өте- мөте қанық, осы стильдік бояуды мейлінше дәл жеткізу қажет болған реттерде;
б) кейіпкердің характерін ашу үшн автор қолданылған индивидуалды қолданыстың қызметін беру үшін;
в) аудармашы өз тарапынан түпнұсқадағы бейтарап реңкті сөзді стильдік бояу үстеу қажет деп тапқан жағдайда игеріледі.
Балама аударма. Мағынасы жуақталатын сәйкестіктердің бірін беру, яғни балама іздеу. Аударма кезінде этнотұрмыстық мағынасы жағынан жуықтау келетін, синонимдермен беруге болатын, семантикасы жағынан ұқсастау келетін белгісі немесе сапасы жағынан жақындау сөздер арқылы беру.
Егерде түпнұсқа тіліндегі этнотұрмыстық белгілер мен аударма тіліндегі этнотұрмыстық белгілерді салыстырсақ, олардың мағнасындағы ерекшеліктер толық сәйкес келе бермейді. Аударма кезінде этнотұрмыстық белгілердің семантикалық құрылымы үлкен рөл атқарады.
Этнотұрмыстық белгілердің берудің енді бір амалы- ұғымды нақтылау тәсілдері. Мысалы түпнұсқадағы тіліндегі «дьякон» сөзі аударма тілінде «дін адамы» деп берілуі мүмкін, яғни жалпы мағынасын айтады. Ал, ұғымды нақтылау ұғымды жалпылауға қарама- қарсы құбылыс. Мысалы, түпнұсқа тілінде «діни мереке» деп берілсе аударма тілінде «пасха» деп беріледі.
Сонымен,этнотұрмыстық белгі деп, бір халықтың өміріне тән,атап айтқанда, тұрмысына, мәдениетіне, әлеуметтік және тарихи өміріне, әдет- ғұрпына байланысты ұғымдарды білдіретін, басқа халыққа тән емес, ұлттық және тарихи колоритті, аударма кезінде толық баламасы табылмайтын сөздердіі айтамыз. Оларды түсіріп тастау, түпнұсқаның мазмұнын сақтау талабына нұқсан келтіреді.
Түпнұсқаның шеңберінен шықпай отырып-ақ сөз тіркестерінің ішкі сырларын аша білу, олардың ұғымдық және образдық мәндерін қазақ тілінің жүйесімен дұрыс қиыстырып шығару аудармашы тарапынан үлкен зейінділікті, шеберлікті тілейді. Ол өзін өзі өне бойы қадағалап отырмаса, түпнұсқаның ықпалына түсіп кеткенін білмей де қалады.
Сонымен, шығарманың мазмұнын неғұрлым дұрыс және дәл беремін дейтін болсақ, оның түріне елеусіз қарай алмаймыз. А.Федоров айтқандай: «Так как форма соответсвует идее, то арзмер отнюдь не есть случайное дело,- и изменить его в переводе значить поступить произвольно».[2;154]
- Бөлім. Қ.Жұмаділов шығармаларындағы этнотұрмыстық белгілердің аударылу ерекшеліктері.
Этнотұрмыстық белгі дегеніміз, бір халыққа тән, екінші халықта кездеспейтін, халықтың ұлттық ерекшеліктерін, өзгешіліктерін, аудару кезінде балама, сипаттама, транскрипция, транслитерация амалдары арқылы білдіретін, сөздерді айтамыз.
Аудармашы А.Смойленко мен Н.Скалковский Қ.Жұмаділовтың «Соңғы көш», «Бақыт жолында» атты романдарын көркем аударуда бірнеше тәсілдерді қолданылады. Біз осы тәсілдерді Қ.Жұмаділовтың шығармаларының аудармасынан талдау жасау арқылы байқаймыз.
Түпнұсқа:
-Онда не iстейміз?- дедi Қанағат қасындағыларға көзін қысып,- Ұзақ, сенің биыл мүшелің емеспе? Құдай саған кереметін текке көрсетпеген болар. Бар малыңды айтып, сойып, ауылды түгел шақырып, жеті шелпек бер, сөйт. Қараулық жасама . [ 18; 158 ]
Аударма:
-Ну, что будем делать?- Канагат подмигнул рядом сидящим.- Узак, по- моему, нынче у тебя юбилейный год? Бог не зря показал тебе чудеса. Назови в жертву одно из своих животных, пригласи весь аул, испеки семь лепешек и не скупись. Не каждому выпадает встреча с шайтанами! [21;124]
Мұнда аударманы түпнұсқамен салыстырғанда, аудармашы аудару барысында еркіндікке жол бергені байқалады, бірақ жеті шелпек сөзін семь лепешек деп дәлме-дәл аудара отырып, не каждому выпадает встреча с шайтанами деген сөйлем арқылы, сөз мағнасын үстемелеу (добавление, генерализациз) тәсілін қолданғаны көрініп тұр. Жеті шелпек- діни тағам. Жеті шелпек айт кездерінде, ас бергенде, әруақтарды еске алғанда, жұма намазда пісіретін нан.
Демек, аудармашы жеті шелпекті мұсылман халқы жай ғана пісірмейтінін, оны адам баласына қатер төнгенде құдайдан көмек сұрап, соған себеп болатынын, жеті саны- қасиетті сан екенін түсініп, семь лепешек деп дәлме дәл баламасын табу арқылы этнотұрмыстық белгіні ұтымды аударған.
Ал енді мүшел сөзіннің аудармасын алсақ, юбилейный год деп беріледі. Мүшел- ескіше жыл қайтару есебі бойынша, адам жасының әрбір 12 жылдан кейінгі мөлшер шамасы: 13, 25, 37, 49 [18;49] Юбилей- годовщина чьи-нибудь.жизни деятельности, существование кого- чего нибудь [14;238] Түпнұсқа мен аударманы салыстырсақ, аудармасы шығармадағы айтылып отырған ойдан ауытқып, этнотұрмыстық белгінің мәні жоғалып, оқырманды адастырады. Яғни, аударма функционалды аударма емес дегіміз келеді.
Түпнұсқа:
…Құда боламыз деген уәдені ұмыттың ба? Біздің Натька да бой жетті, қазір жігіттерге көз салып жүр… Бүгін мына бидің торы атын «қарғы бауға» жетектеп кетсем қайтеді?- деді үй ішін басына көтере, жуан даусымен гүр- гүр етіп.
-Алыңыз… Қарғыбауына торы атты мініп қайтыңыз,- деді Балжанда күліп жатып. [18; 178]
Аударма:
…По- моему, твой сын и моя Наташа ровесники? Ты еще не забыла о своем обещании поженить их? А что, если я сегодня уведу коня бия?-
загудел он, смеясь на всю юрту.
-Берите… Пусть гнедой будет вам подарком,- вежливо улыбнулась Балжан. [21; 140]
Түпнұсқа мен аудармаға қарасақ, мұнда бізді қарғы бау сөзі қызықтырады. Қарғы бау- Құдаласқан адамның қалың малдың сыртында беретін ырым. [18; 94] Бұл аудармашы аударғандай жай ғана сыйлық емес, бұл сый- сыйяпат екі жақтың келісімінің белгісі. Аудармашы бұл сөзді подарок деп аналогиялық тәсілді қолдану арқылы аудара отырып,этнотұрмыстық белгінің бояуын сақтамаған.
Түпнұсқа:
…Иә, Қамбар- ата!
Құйрығын сүйреткен бөріңнен сақта
Құрығын сүйреткен ұрыңнан сақта
Жылқышы ата, жирен сақал көп болсын!
Құдайым, малға амандық, денге саулық берсін!-деп бетін сипады. Жұрт «Аумин» десіп, жапа тармағай кеселеріне қол созды [20,195]
Аударма:
-Покровитель коневодства, Камбар- ата! Убереги наших коней от волков с длинными хвостами, убереги их от воров длинными петлями. О наш прадед- табунщик, сохрани скот в целости, а людей- в здравии!- и Канагат погладил ладонями лицо. Люди прошептали:! «Бисмилля» и тут же опрокинули чашки с кумысом. [23;155]
Ал енді бұл жерде аудармашынын жіберген қателігі аумин деген сөзді бисмилля деп аударғаны. Мұсылман қауымына белгілі бисмилля сөзі тек бір істі немесе жұмысты бастағанда қолданылады. Бұл сөз- алла атымен бастаймын деген ұғымды білдіреді.Яғни, аудармашы аударылып отырған тілдің өзіне тән ерекшелігі, этнотұрмыстық белгіні, діни заңдылықтарын білмеген. Сол себепті сәтсіз аударма туындаған.
Түпнұсқа:
Ол жалма- жан келсаппен жер түйгілеп, әр түйген сайын «түсті ме» деген сөзді қайталап, Ғалияны үш айналып шықты.
-Түсті, қарағым, түсті!- десіп жатыр әйелдер. Бірақ бұл далбаса әрекеттен ештеңе түскен жоқ. [20; 409]
Аударма:
Он стал ударять колотушкой по полу, кадый раз выкрикивая: «Выйди!Выйди!», и три раза обошел Галию.
Но обычай не помог [23; 301]
Салыстыра келгенде, қазақ халқының этнотұрмыстық белгісі келсаппен жер түйгілеу- ежелден келе жатқан ырым. Мұны тек әйел адам босанар кезде қолданған. Келсаппен жер түйгілеу- нәрестені шақыру және әйел адамның тез босануына көмек болады деген қазақ халқында ұғым қалыптасқан. Аудармашы түпнұсқадағы «түсті ме» сөзін « Выйди! Выйди!» деп аударуының мәнісі бар. Өйткені түсті ме сөзіне тура аударма жасаса орыс халқының оқырманы келсаппен жер түйгілеп қазақ халқы әйел затын қорқытып босандырады екен деген түсінік қалыптасуы мүмкін. Бірақ аудармашы түпнұсқадағы «түстіме» сөзін емес, мәтіндегі іс- әрекет келсаппен жер түйгілеудің мәнісін аша түсіп, «Выйди! Выйди!» деп аударып, шығармадағы кейіпкердің бұл далбаса ісін, жәй ғана іс- әрекет емес, но обычай не помог деп бұл ырым екенін айта кеткен. Мұнда аудармашы сөз мағнасын үстемелеу (генерализация) тәсілін қолданған. Осылайша, аударманың сәтті аударылғанын байқаймыз.
Түпнұсқа:
«Шіркін- ай, мына бір жасыл майсаға арқа төсеп, аунап жатар ма еді,»- деп ынтығады. [21;8]
Аударма:
«Эх, растянуться бы на этой травке под ласковым солнышком!»- с завистью подумал джигит. [22;5]
Түпнұсқадағы «Шіркін- ай, мына бір жасыл майсаға арқа төсеп жатар ма еді» деген сөйлем бұл шығармадағы кейіпкердің ойындағы іс- әрекет. Бұл әрекет кейіпкердің туған жерін аңсап, шөлдеп келе жатқанын білдіреді. Демек, бұл этнотұрмыстық белгінің баламасын дәл тауып, көркем жеткізген.
Түпнұсқа:
Бұл жасыл беделдің үстіне жайласқан қалың зират болатын. Жұрт «Мұсылмандар моласы» деп атайды. Ай орнатылған биік күмбездерге қарап, мұнда кімдердің жатқанын былайша түсінуге болатындай. [11;38]
Аударма:
На соседнем холме, направо- густые могилы, над ними- ослепительно сверкали купало надгробий. Мусульманское кладбище [22;28]
Аудармашы бұл жерде ай орнатылған биік күмбез сөзін аудармай, қысқарту (конкретизация) тәсілін қолданған, бірақ ай деген ұлттық ерекшелікті сипаттайтын этнотұрмыстық белгі түсіп қалған. Түпнұсқадағы ай орнатылған биік күмбез жай ғана емес, тек мұсылман халқына тән белгі екендігі Мусульманское кладбище деп аудармада баяндалған. Бұдан шығаратын қорытынды, аудармашы түпнұсқа мазмұнын сақтап,өз тарапынан жаңа сөз орамдарын қолданған.
Түпнұсқа:
Арада бір сағат өтпей әйелдер жағы киініп, шашуларын алып, жолға шықты. [20;197]
Аударма:
Не прошло и часа, как женщины были одеты и с подарками вышли на дорогу. [23;156]
Шашу- подарки, гостинцы, приносимые на свадебные торжества. [15;204]
Түпнұсқадағы шашу сөзі арқылы шығармадағы кейіпкерлердің бір жақсылықты бастан кешкелі жатқанын байқаймыз. Өйткені шашу тек қуанышты сәттерде ғана шашылады. Шашу- жақсылықтың, қуаныштың белгісі. Аудармашы бұл этнотұрмыстық белгінің баламасын аналогиялық тәсіл арқылы берген. Сөйтіп, көкемдік бояу солғын тартып, көмескіленген.
Түпнұсқа:
…Өзінің күткені де сол еді, кейде ағайыннан береді деп сұрамайсын, араны ашып алу үшін, қасақана сұрайтын кез болады. Дүмбілез былық- сылық белгісіздіктен гөрі, кімнің түтіні қалай ұшатынын айқын біліп отырған жақсы [20;198]
Аударма:
…Другого он не ожидал иногда у близких просят не потому, что очень надо, а для того, чтобы выяснить их отношение к себе. Куда лучше точно знать, в какую сторону смотрит тот или иной человек, чем пребывать в неизвестности, особенно- в минуты принятия решений. [23;158]
Түтін- 2). Перен. Семья, очаг, двор. [15;108]
Мұнда аудармашы ерекше қиын күрделі тіркестерді алып тастап, ақпаратты ықшамдау (опущение)тәсілі мен антонимдік тәсілін қолданғаны анық. Этнотұрмыстық белгі өз мағынасынан сәл ауытқығаны байқалады. Себебі, түпнұсқада кімнің түтіні қалай ұшатынын білу деген сөз, бұл кімнің үй- іші қалай тұрады, оның отбасы жағдайының қандай екенін білдіретін белгі. Ал аудармада бұл сөз лучше точно знать в какую сторону смотрит деп бағыт- бағдар мағынасында берілген. Осылайша аудармашы сөз мағнасын ұлғайту тәсілін қолданып, жаңа сөз орамдарын қосқан.
Түпнұсқа:
Дастархан басы гулесіп барып тыңды да, стакандардың сыңғырына ұласты. [21;100]
Аударма:
Гости, пошумев, наконец успокоились, гул их голосов перешел в звон бокалов… [22;73]
Түпнұсқада дастархан басы деп отырғаны келген қонақтарды айтып отыр. Аудармашы бұл жерде сөз мағнасын нақтылау тәсілін қолданып, дастархан сөзін гости деп аударған..
Түпнұсқа:
-Е–е, бұл «бұл жігіттің» де талай қызығы бар еді-ау,- деп Әкпар сылқ- сылқ күлді. Былтыр Сәлім келіншек алатын сапарда, Нұғыман оны Керейге бас құда етіп жіберген. Сондағы бір жәйді еске алды.- Өзгесін не қылайын, той өтіп, кеш батып, енді «шаш сипатар» кез жақындағанда, күйеуіміз ұйықтап қалып, масқарамызды шығарған жоқпа? [20;178]
Аударма : берілмеген.
Шашсипатар – жеңгетайлық үшін берілетін ырым. [18;301]
Бұдан шығаратын қорытынды аудармашы бұл «шашсипатар» ырымын түсінбеген, яғни қазақ халқында мұндай салттың барын білмеген. Мұнда аудармашы түпнұсқаға нұқсан келтірді деп айтамыз. Өйткені, қандайда аудармашы болмасын ұлттық белгіні, атап айтқанда этнотұрмыстық белгілерді, осылайша тастап кетуіне болмайды. Оны аудару үшін жоғарыда айтылған амал-тәсілдерді қолдануы қажет. Мұндай қателікті жібермес үшін, аудармашы аударып отырған тілдің мәдениетін, ұлттық салт-дәстүрін, этнографиясын, ырымдарын, діни наным-сенімдерін білуі ауадай қажет. Бір халыққа тән ұғымды екінші халыққа дәл солай етіп жеткізу керек. Сонда ғана аудармашы нағыз көркем аудармашы бола алады. Ал, егер осындай этнотұрмыстыұ белгілер аударылмай қалып қойып отырса, онда шығарманың көркем бояуларын өшіріп солғындатады. Яғни оқырман қауымның қызығушылыған жояды. Бояуы дұрыс жағылмаған сурет секілді көріксізденеді.
Түпнұсқа:
-Иә ,Жасыбай орнынан түскеніне той жасап жатыр деген…
-Мүмкін ат мініп , киіт киiп қайтармыз,- десіп, жас жігіттердің бірі атып , бір қағады.[20;152]
Аударма :
-Да, говорят, Жасыбай справляет пир в честь своего смещения…- опять взялись подтрунивать товарищи над незадачливым стариком…
-Может быть, нам подарят по чапану- разошлись джигиты.[24;158]
Мұнда аудармашы «киіт» сөзін «чапан» деп аударып отыр. «Киіт кию» бұл қазақ халқында тойда, қадірлі қонаққа кигізетін сый-сиапаты. Яғни киіт сөзінен бұл жерде тойдың болып жатқанын түсінеміз. Аудармашы ұлттық тұрмыстық белгіні басқа сөздерді қолдану арқылы сөз мағынасын нақтылау тәсілі арқылы ұтымды аударып отыр.
Түпнұсқа:
Қонақтар жайғасып болып қайта-қайта жаңадан амандық сұрасып , енді бітті-ау деген кезде бір жігіт есіктің алдына бір ісек қойды жектеп әкеліп, бата сұрады. [20;199]
Аударма :
Когда гости расселись и еше раз справились о здоровье друг-друга , какой-то джигит подтащил к дверю барана и попросил блогославить.[22;159]
Мұнда бізді «бата сұрау» сөзі қызықтырады. Бұл қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрі, демек мұсылмандықтың белгісі. Салт- дәстүрге байланысты этнотұрмыстық белгінің бірі- бата беру. Орыс және қазақ тілдерінде бата берудің негізінде «құдайға сенушілік, табынушылық» жатыр. Семантикасы жағынан бата беру орыс, қазақ тілдерінде сәйкес келеді. Аудармашы мұнда өте сәтті аударған. «Блогославить» сөзі түпнұсқаның мағынасын ашып тұр.
Түпнұсқа:
-Бик жасаған екен. Не бары отыз жасында қайтыпты… Біреуге иртә, біреуге кеш бәріміздің барар жеріміз осы ғой,-деді татар акцентімен қазақша сөйлеп.- мен де бүгін жұма болған соң шалымның басына келіп едім. Анау бір ай орнатылған бейіт сол,- деп таяғымен нұсқады. [21;42]
Аударма:
-Мало пожила. В тридцать лет скончалось… Кто раньше, кто позже, а все сюда придем,- произнесла старушка по- казахски и явным татарским акцентом- сегодня и я пришел к своему старичку. Вон его могила, с полумесяцем,- указал старушку посохом. [ 22;29 ]
Бұл мысалда аудармашы жұма сөзін аудармағаны айқын көрініп тұр. Жұма-мұсылман қауымның қасиетті күні. Бұл күндері не тілесең тілегің қабыл болады деген ұғым қалыптасқан. Осы күндері мұсылман қауымы дүниеден өткен адамдарға, ата-бабаларларына бағыштап, оларды еске алып, зират басына құран оқуды әдет қылған. Шығармада кейіпкер жай зират басына келмеген еді. Бұл күн жұма, қасиетті күн болған соң келіп отыр. Бұл этнотұрмыстық белгі мұсылмандықтың белгісі. Ал, аудармада бұл белгі өшіріліп, көрінбей қалған. Бейне бір жай ғана зират басына келген адам сиқты баяндалып, этнотұрмыстық белгі солғын тартып тұр.
Түпнұсқа:
Анасының табытын қала сыртындағы зиратқа апарарда қаралы топ тағы да осы көшелермен жүріп еді. Марқұм бір кезде ұлын жетектеп , мектепке апарар жолмен енді өзі ақырғы сапарға аттанып бара жатты. [21;35]
Аударма:
Когда провожали ее на кладбище за городом, траурная процессия проходила по этой улице. Мать когда-то провожавшая по этой дороге в школу сына, сейчас совершала по ней свой последний путь.[22; 25]
Түпнұсқа мен аударманы салыстырсақ, қаралы топ сөзі траурная процессия деп аударылған. Түпнұсқадағы қаралы топ деп отырғаны қайтыс болған адамды шығарып салуға бара жатқандар. Мұны аудармашы траурная процессия деп баламасын тауып, ұтымды аударған. Ал, енді марқұм деген сөзді аудармада кездестірмейміз. Қазақ халқының ұғымында марқұм деген сөздүниеден өткен адамды білдіреді. Аудармашы марқұм сөзін тікелей аудармай, мать деп аударып, оқырманға ұғымды нақтылап отыр. Мұнда аудармашы этнотұрмыстық белгіні ұтымды аударып отыр.
Түпнұсқа:
Қабір басына жеткен соң әлдекімдер табытты жерге түсіріп, жан – жағынан қаумаласып, қазылған ордың ішіне апара жатты. [21;35]
Аударма:
На кладбище чужие люди сняли гроб и, поддерживая его со всех сторон, опустили в свеже рытую могилу.[22;25]
Аудармада гроб деп табыттың аудармасын беріп отыр. Бірақ аудармашы дәлме- дәл баламасын берген.. Гроб орыс халқына тән зат. Гроб пен табыт екеуі де бір заттың атын білдіреді, айырмашылығы гробтың қақпақ тәрізді беті болады. Орыс халқының салты бойынша өлiктi гробпен бiрге көмедi Ал мұсылман қауымына бұл жат нәрсе. Сондықтан аудармашы мұсылмандықты білдіретін этнотұрмыстық белгіні сілтеме беру арқылы аудару қажет. Олай болмаған жағдайда аудармашы оқырман қауымды адастырады. Мәтіннің мағнасын бұрмалайды.
Түпнұсқа:
Шариғат айтылып болған соң, Қамалладин «табаракты»аяғына дейін оқымай, орта шенінен қайырды да, күллі сахабаларға, аруақтарға бағыштап бетін сипады. [21;36]
Аударма: берілмеген
Қазақ халқының діні- ислам діні. Оның өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы шариғат айту, намаз оқу, ораза ұстау, қайыр- садақа беру, қажыға бару. Мұнда аудармашы мұсылман халқының шариғатын, діни заңдылықтарды білмегендігі көрініп тұр. Түпнұсқадағы бағыштап бетін сипау мұсылман халқына тән әдептілік. Бұл аруақтарды сыйлаудың белгісі. Бұл этнотұрмыстық белгіні аудармашы түсіріп, қысқарту тәсілін қолданып отыр. Олай болса аудармашы теорияға қайшы келіп отыр.
Түпнұсқа:
Төлебай қайрақ сұрап алып, ашықтан- ашық бәкісін қайрауға кірісті. Бұл- қазір бас ұстайтын кісінің тіршілігі.[20;139]
Аударма:
Толебай безо всякого смущения попрасил у хозяйки оселок и стал точить свой складной ножик. Старик нисколько не сомневался в том, что голова барана будет предподнесена ему.[24;105]
Түпнұсқадағы қазақ халқында бас ұстау- құрметті қонақ, жасы үлкен адам екендігін білдіретін ұлттық мәдени белгі. Аудармашы бұл белгіні сол күйінде аударып, сөз мағнасын үстемелеп берген. Демек аудармашы ұтымды аударған.
Түпнұсқа:
-Аруақтар бір аунап түсетін болды,- деді Нұрбек сөзін жалғап.[20;141]
Аударма:
-Пусть они простят мне то, что, я скажу,-промолвил Нурбек.[24;111]
Мұндағы аруақтар бір аунап түседі деп отырғаны қазақ халқының ұғымында аруақтар риза болады деген мағнада беріледі. Аудармашы оны өз тілінде, өз халқының түсінігіне жайлы, өз тарапынан жаңа сөз орамдарын қолданып, пусть они простят мне то, что я скажу деп мағынасын беруге тырысқан.
Түпнұсқа:
-Ойбай құрысын .. бәлесінен аулақ. Өліктің сыбағасын жүрегің айнымай қалай жейсін?[20;46]
Аударма:
-Ойбай не надо… Подальше от беды. Как ты брезгуешь есть, что приготовленно для мертвого. [24;36]
Мұнда аудармашы сыбаға сөзінің ұғымын жалпылап аударған. Сыбаға- арнайы бір адамға арналған, тек сол адам үшін дайындалған тағам. Аудармашы мұнда сәтті аударма жасаған.
Түпнұсқа
-Ал, Балжан, әуелі сүйіншіңді ата!- деді Қанағат.[20;235]
Аударма:
-Ну, Балжан, сперва скажи, какое вознограждение я получу за хорошую весть?[24;59]
Сүйінші- жақсы хабар, қуаныштың белгісі. Аудармада оны вознограждение за хорошую весть деп аударып, жалпы сүйіншінің мағнасын берген.Сипаттама аударма арқылы ұтымды аударған.
Түп нұсқа:
-Қалпе, ауылға жүріп қонақасыңызды жеп кетпейсіз бе? Ондағылар сізді күтіп отыр ғой,- деді дауыстап.[ 20;191]
Аударма:
-Халфе, разве вы не поедете в аул, ведь там для вас приготовлено угощение? Все ждут.[24;152]
Мұнда қонақасы деп отырғаны- дүниеден өткен адамдарға бағыштап берілетін ас. Аудармашы оны угощение деп сәтсіз аударма жасап отыр. Өйткені түпнұсқадағы этнотұрмыстық белгінің мағынасымен аударма сәйкес келмейді. Мағынасы ауытқыған.
Түпнұсқа:
«Жасаған-ай, оң толғағын бере гөр..
Қырықтың бірі қыдыр деуші еді. Ақжолтайым болса екен!»- деп.Жәнібектің қасына жүгініп отыра кетті де, оның күпәйкесін ағытып, көйлегінің етегін дар еткізіп айырып жіберді. «Қазақтың көп ырымының бірі шығар» деп ойлады ол ұйқылы ояу жатып.[21;123]
Аударма:
-О всевышний, ниспошли ей благополучие. Из сорока пришедших один, говорят, посланник божии. Пусть его приход принесет нам счатье!- она присела на колени возле Жанибека, расстегнула фуфайку, разорвала подол сорочки.» Это, видимо, одна из народных примет на счастье»- подумал Жанибек.[22;154]
Мұнда байқалатын этнотұрмыстық белгі көйлектің етегін жырту. Қазақ халқы еркек адамды құдырет санаған. Қиналғанда оның киімін жырту әсіресе босанған кезде көмегі болады деген ұғым қалыптасқан. Бұл құдайдан көмек сұрап, жалбарынудың белгісі. Аудармашы аударма барысында осы қазақ халқының ырымын, яғни этнотұрмыстық белгінің берілуіне көп көңіл бөлген. Әрбір сөз дерін анық аударып, екінші тілге түсінікті жеткізе алған. Мұнда ешқандайда бұрмалаушылық байқалмады. Демек аудармашы қазақ халқының салт- дәстүрін, ырымдарын, діни наным сенімдерін жетік меңгерген. Сөйтіп аудармада түсінікті етіп жеткізуге тырысқандығы байқалады. Мұнда аудармашы аударманың ұғымды нақтылау тәсілін қолданған. Аударма сәтті аударылған.
Түпнұсқа:
- Әлде қандай заман болады? Қасиеттi қара шаңырақтан дәм ауыз тиейiншi!- деп, Ұзақ үйден шығарда бiр кесе айран сұрап iштi.[20;123]
Аударма
- Кто знает, что уготовила мне судьба, так что не мешало бы на прощанье что- нибудь сьесть под этим священным купалом, сказал он и попросил чашку айрана. [24;149]
Мұндағы қара шаңырақ деп сол елдiң сыйлы да , ардақты , құрметтi кiсiнiң үйiн айтып отыр. Бұл этнотұрмыстық белгiнi аудармашы свешенный купало деп сөз мағнасын ұлғайту тәсiлiн қолданып, ұтымды аударған.
Жалпы этнотұрмыстық белгілерді аудару аудармашының білімділігін таланттылығын талап етеді. Көркем өнер ретінде аударма әдебиет жеке адамға ақиқат өмірдің сырлы суретін барынша жеткізу керек. Көркемделіп жасалған ақиқат дүниенің бейнесін жасап шығаратын- тіл. Шығармасын ұлттық этникасын , тіл жағынан топтасқан қауым- өз ұлты, өз халқы қабылдайтынын білетін, яғни нақты арналған аудиториясы бар қаламгер, өз ана тілінде жазылғанында тілдік құралдар пайдалану стильдік түрлендіру сөз шығармашылығы жағынан еркін болады. Ал аударма жасайтын қаламгер мұндай еркіндікке бара алмайды. Тәржімәшінің алдында екі жақты бірі бірінен ауыр, екуініңде де таразысы тең қос міндет тұрады. Оның бірі: түп нұсқаның мазмұнын, автордың негізгі идеясын мүмкіндігінше толық сақтау, аударлатын тілдің- қазақ тілінің табиғи заңдылықтарын , нормаларын қадағалау. Осы міндетті пайдалана отырып, аудармашы мүмкіндігінше түпнұсқаның ұлттылығын, өзгешелігін, менталитетін аударма тіліне жеткізе білу қажет. Сонда ғана көркем аударма өз көркемдігін сақтай алады.
Аударма барысында аудармашы аударманың мынандай тәсілдерді қолданған:
- Аналогиялық тәсілі.
- Сөз мағнасын үстемелеу тәсілі.(генерализация)
- Сөз мағнасын нақтылау тәсілі
Осы тәсілдерді қолдану арқылы аудармашы ұтымды аударғанына көз жеткіздік.
Сонымен қатар сәтсіз аудармаларды да кездестірдік. Мұнда аудармашының жіберген қателігі этнотұрмыстық белгіні білдіретін сөздердің мағынасын түсінбей, аудармай, аудармада түсіріп тастауы. Осылайша, шығарма өзінің көркемдік бояуларын жоғалтып, сәтсіз аударылған. Яғни,бұл көркем аударма теориясына қайшы келеді.
Қорыта келе, этнотұрмыстық белгілер ұлттық мәдениетті белгілейтін атаулар болғандықтан, олардың контекстегі функционалды қызметі жағы басым. Сондықтан аудармашы мәтінде қолданған, қазақ тіліне мәдени- танымдық сипатын ұғымдық- мағналық көлемі жағынан сәйкестері жоқ атаулардың түпкі мағынасына, этимологиясына, қандай ұғымдажұмсалғанын, контекстегі стильдік жүгінің ауқымына назар аударуға тиіс. Демек, оларды аударма кезінде түсіріп тастау түпнұсқаның мазмұнына нұқсан келтіреді.
Қорытынды.
Сонымен, Этнотұрмыстық белгі дегеніміз белгілі бір халыққа ғана тән, екінші халықта кездеспейтін, халықтың ұлттық ерекшеліктерін, өзгешеліктерін білдіретін, аудару кезінде балама, сипаттама, транскрипция, транслитерация амалдары арқылы білдіретін сөздерді айтамыз. Сонымен қатар, этнотұрмыстық белгі дегеніміз бір дінді ұстайтын халыққа ғана тән, сонымен қатар салт- дәстүр, әдет- ғұрпымен, екінші халықтан өзгешеленетін, діни наным- сенімдерімен ерекшеленетін, аудару кезінде қиындықтар туғызатын, аударманың түрлі амалдарын қолдану арқылы берілетін діни сөздерді айтамыз.
Екі халық екі бөлек дін ұстап, наным- сенімдері, әдет- ғұрыптары өзгеше болғандықтан, қолданатын сөз, сөз тіркестері де екі бөлек болады.
Әрбір аударылған шығарма, тіпті ұтымды берілген аударманың өзі 100 пайызға түпнұсқаға сай келуі мүмкін емес. Дегенмен де жақсы аударылған шығармалар көп. Аударма нағыз қазақша болсын, қазақша болғанда қазіргі өскелең әдеби тілінің ең жоғарғы үлгісінде, қоғамды әрқашан алға жетелейтін озық дәрежеде болсын дегіміз келеді.
Қазір біздегі көркем аударманың белгілі дәрежедегі қалыптасқан дәстүрі, жақсы үлгілері бар деп ауыз толтырып айтуымызға болады. Чехов шығармаларын зерттеу барысында, қазақ тіліне аударылған әңгімелері өте сәтсіз деп айта алмаймыз. Аудармашылардыңкөпшілігі жазушының ойын жеткізуге тырысқан. Дегенмен де, әлі де болса көптеген ізденістер мен зерттеулерді қажет етеді. Ол жөнінде В.В.Виноградов былай деген: «Те или иные знаки культуры-это не просто материальные предметы , явления и события «вообще», а сущности отражающие факты данной этнической культыры» [13;27]
Әр халықтың салт- дәстүрі, әдет- ғұрпы болады. Салт- дәстүр, әдет-ғұрып халықтардың тіршілік кәсібіне, наным- сеніміне, өмірге деген көз қарасына байланысты туып, қалыптасып, ұрпақтан- ұрпаққа ауысып, өзгеріп, жаңарып отырады. Ұлттық сал- пен дәстүрдің тууы ұлттың ұлт болып қалыптасуына байланысты.
Зерттеу жұмысымызда этнотұрмыстық белгілердің аударылу ерекшеліктері мен аударма барысында қолданылатын амал- тәсілдердің қолданылуын аударма мен түпнұсқаны салыстыра отырып, мына мәселелерге тоқталдық.
Аудармашыны сәтсіз аудармаға итермелейтін оның аударылып отырған тілдің ұттық мәдениетін, атап айтқанда этнотұрмыстық белгілерін білмеуі. Сондықтан аудармашы сол елдің ұлттық мәдениетін жан- жақты білуі қажет. Оған Қ. Жұмаділовтің шығармасының аудармасын талдай отырып көз жеткіздік. Онда аудармашы аударма барысында этнотұрмыстық белгілерді аудармай, түсіріп, шығарманың бояуын, жоғалтып, көркемдік күшін әлсіреткен. Аударманың барлығы сәтіз деуден алыспыз, дегенменде аудармашы аударма тәсілін қолдану арқылы көркем жеткізуге тырысқан.
Аудармада мына тәсілдерді кездестірдік:
- Аналогиялық тәсіл.
- Сөз мағынасын үстемелеу.
- Сөз мағынасын нақтылау тәсілі.
Айтылмаған кемшіліктер, ақаулықтар әлі бар. Біз аударматану, аударма теориясы мен практикасы мәселелерімен айналысатын кейінгі ұрпаққа кәміл сенеміз.
Сөзіміздің соңын Н.Гальдің сөзімен аяқтағымыз келеді. «Перевести- значит постичь, истолковать, раскрыть, найти слова верные и достоверные. Бывают случай, когда от переводчика, от его личности, ума, чутья зависит бесконечно многое — вот тогда совершается воссоздание творческое, которое всегда потрясает, как откровения» [26;172]
Жалпы қорыта келе айтатынымыз, аудармашылардың кейде қате берген баламаларына қарағанда- этнотұрмыстық белгілерді аудару оңай емес. Оның да өзіндік қиындығы бар сала. Жалпы мұндай қателікке ұрынбас үшін, түпнұсқа тілді ғана жақсы біліп қана қоймай, сол халықтың тарихын, этнографиясын, салт- дәстүрін де білу шарт.
Пайдаланылған әдебиеттер.
- Әуезов М «Көркем аударманың кейбір теориялық мәселелері», Алматы,1957.
- Федоров А.В. «Основы общей теории перевода», Москва, Высшая школа, 1983.
- Алдашева А. «Аударматану:лингвистика және лингвомәдени мәселелері» Алматы, Арыс,1998.
- Айтбаев Ө. «Қазақ сөзі», Алматы, Рауан,1997.
- СатыбалдиевӘ. «Рухани қазына. Көркем аударма мәселелері» Алматы,1998.
- Виноградов В.С. «Перевод. Общие илексические вопросы», Москва,2004.
- Муканов М.М. «К вопросу о роли обьективизации в развитии мысли. Исследование рече- мыслительной деятельности». Алматы, 1977,348 стр.
- Муканов М.М.«Этнопсихичесакяспецифика невербальных коммуникативных знаков» ,Алматы, 1974, 356стр.
- Нурланова К.Ш. «Человек и мир. Казахская национальная идея» Алматы- 1994, 258 стр.
- Шаханова Н.Ж. «Мир традиционнной культуры казахов», Алматы, 1998, 401стр.
- ВлаховС, Флорин С. «Непереводимые в переводе», Москва, 345 стр.
- Флорин С. «Муки переводческие», Москва, 1983, 389стр.
- Верещагин Е.М.,Костомаров В.В. «Язык и культура», Москва, 1973, 256 стр.
- Қалиева С., Оразаев М., Смаилов М, «Қазақ халқының салт- дәстүрлері» Алматы, Рауан, 1994, 332 бет.
- Ожегов С.И., Шведов Н.Ю. «Толковый словарь русского языка», Москва, 2002, 939 бет.
- Мұсабаев Ғ.Ғ. «Орысша- қазақша» сөздік, Алматы, 1978, 570 бет.
- Комиссаров В.Н. «Теория перевода». Москва 1990, 235 стр.
- Сарыбаев Ш.Ш. «Қысқаша орысша- қазақша сөздік», Алматы 1989, 446 бет.
- Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, 6- том, 345 бет
- Жұмаділов Қ. «Соңғы көш», Алматы, Жазушы 1998, 416 бет
- Жұмаділов Қ. «Бақыт жолында», Алматы, Жазушы, 1976, 312 бет
- Жумадилов К. «Зов», Перевод с казахского Н.Скалковской, Алматы, 1972, 180бет
- Жумадилов К. «Последнее кочевье». Перевод с казахского А.Смойленко, Алматы, Жазушы , 1992,704бет.25. М.Коныленко «Основы этнолингвистики» , Алматы, 1997.
- Н. Галь «Слово живое и мертвое», Москва, 1978
- Сыздықова Р. «Қазақ әдеби тілінің тарихы» Алматы, Ана тілі, 1993.
- Жолдасов Қ. «Көркем шығармадағы ұлттық колориті, аудару проблемасы», Алматы, 1979.