АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Ұялы байланыс интерактив қарым-қатынас

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

 

 

ЖАЛПЫ ТІЛ БІЛІМІ КАФЕДРАСЫ

 

 

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

 

 

ҰЯЛЫ БАЙЛАНЫС: ИНТЕРАКТИВ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

 

 

АЛМАТЫ, 2012

 

РЕФЕРАТ

 

Диплом жұмысының тақырыбы: Ұялы байланыс: интерактив қарым-қатынас.

Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысының құрылымы зерттеліп отырған тақырыптың мазмұнына сай кіріспеден, екі тараудан, тараушалардан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Диплом жұмысының көлемі: 47 бет.

Зерттеу пәні: Ұялы байланыстағы қарым-қатынас.

Зерттеудің нысаны: Ұялы байланыстағы қарым-қатынас, сөйлеу әрекеті.

Диплом жұмысының мақсаты: Ұялы қарым-қатынаста жиі қолданылайтын сөздерді қарастыру.

Диплом жұмысының міндеттері: Диплом жұмысының мақсатына орай төмендегі міндеттер қамтылды:

– Тілдік қатынас теориясын қарастыру;

– Қарым-қатынастағы сөйлеу әрекеттерін сипаттау;

– Ұялы байланыстағы сөйлеу этикетін көрсету;

– Ұялы байланыста жиі қолданылаты сөздерді сипаттау;

– Ұялы байланыстағы сөйлеу әрекетінің ерекшеліктерін көрсету.

Диплом жұмысында пайдаланған әдебиеттер саны: 54.

Диплом жұмысының мазмұнын сипаттайтын тірек сөздер: Тілдік қатынас, қатынас, қарым-қатынас, коммуникация, сөйлеу, сөйлеу актілері, сөйлеу этикеті, этикет, байланыс, ұялы байланыс, интерактив.

Диплом жұмысының зерттеу әдістері: Сипаттау, жинақтау, байқау, салыстыру, талдау.

Диплом жұмысының дереккөздері: Диплом жұмысының дереккөздері ретінде http://www.nokia.kz/home, http://www.samsung.com/kz_ru/, http://www.activ.kz/kz/, http://www.beeline.kz сайттарын алынға мақалалар мен жарнамалар, термин сөздер мен смс-тер (сообщение), қарапайым байланыста қолданылатын сөздер алынды. Материал көздері ретінде тілдік қатынастың, сөйлеу әрекетінің теориялық мәселелеріне арналған әр түрлі ғылыми әдебиеттер, монографиялық зерттеулер, интернет желісінен алынған мақалалар алынды. Сөйлеу этикеті теориясына арналған еңбектерге ерекше назар аударылды.

Диплом жұмысының мазмұны: Жұмыстың мазмұны екі тарауды құрайды. Алғашқы тарауда тілдік қатынас, коммуникация, сөйлеу, сөйлеу әрекеті, сөйлеу этикеті ұғымдарына анықтама беріледі. Тілдік қатынастың теориялық негіздеріне шолу жасалады. Жұмыстың екінші тарауында қарым-қатынастың ерекше бір түрі ретінде: ұялы байланыс және ұялы байланыста жиі қолданылатын сөздер қарастырылады.

Диплом жұмысының нәтижелері: Тақырыпқа сай ғылыми-теориялық негіздемелерге сүйене отырып:

– Тілдік қатынас теориясы қарастырылды;

– Қарым-қатынастағы сөйлеу әрекеттері сипатталды;

– Ұялы байланыстағы сөйлеу этикеті көрсетілді;

– Ұялы байланыста жиі қолданылаты сөздер сипатталды;

– Ұялы байланыстағы сөйлеу әрекетінің ерекшеліктерін анықталды.

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ………………………………………………………………………………………..   5 

 

  1. ТІЛДІК ҚАТЫНАСТЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Тілдік қатынас негіздері                                                                     7

1.2 Қарым-қатынастағы сөйлеу әрекеті                                                  23

 

  1. ҰЯЛЫ БАЙЛАНЫС: ИНТЕРАКТИВ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

2.1 Ұялы телефон арқылы байланыстағы сөйлеу әрекеті                     31

2.2 Ұялы байланыста жиі қолданылатын сөздер                                   36

2.3 Ұялы байланыстағы смс-тер, термин сөздер мен жарнамалар      39

 

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………………….   42

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………………   44

 

КІРІСПЕ

 

Тілдік қатынас – күрделі қоғамдық-әлеуметтік құбылыс. Бұл саланың басқа ғылымдар негізінде қалыптасып, тіл біліміңде жетекші орын ала бастауы – кейінгі жылдардың жемісі. Тілдік қатынастың лингвистикалық негізі қарым-қатынас құралы тілге байланысты екені анық. Лингвистика тіл туралы ілім болса, тілдік қатынас сол тілдің қарым-қатынасқа қатысты ерекшеліктерін қамтиды.

Тілдік қатынас қатысымдық тұлғалар арқылы жүзеге асады. Оның қоғамда алатын орнын тілдің атқаратын қызметінен көруге болады. Қатысымдық тұлғалар тіл ғылымының салалары – лексикология, семасиология, грамматиканың зерттеу объектілерімен қатар қолданылады. Қатысымдық тұлғалар мен тілдік тұлғалардың өзіндік арақатысы, байланысы, ерекшеліктері бар.

Сонымен қатар тілдік қатынастың негізі – пікір алысу, сөйлеу, адамдардың сөйлеу процесі. Осы сөйлесу, ұғынысу тікелей тілдік бірліктердің қатысымен іске аса келіп, қатысымдық тұлғалардың қызметі нәтижесінде болады.

Диплом жұмысының өзектілігі: Тақырыптың өзектілігі сөйлеу әрекеті мен тілдік қатынас барысындағы коммуникацияны және сөйлеу әрекетін әр түрлі дамыған технологиялар тұрғысынан зерттеумен тығыз байланысты.  Мысалы, қазіргі ақпараттық технологиялардың дамыған таңында сөйлеу әрекетін әр түрлі тұрғыда қарастырады, олардың бірі ғаламтордағы сөйлеу әрекеті, адамдардың қарым-қатынасы. Осы тұрғыдан алғанда ұялы байланыстағы адамдардың қарым-қатынасын, олардың сөйлеу әрекетің зерттеу бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Ұялы байланыстағы қарым-қатынасты, ондағы сөйлеу тілін зерттеу ақпараттық технологиялардың дамуымен байланысты.

Ұялы байланыс – ұялы желі негізінде құралған, радио байланыстардың бірі. Ұялы байланыстағы адамдардың сөйлеу әрекетін, сөйлеу этикетін зерттеу бүгенгі күннің маңызды мәселелерінің бірі болып табылады.

Зерттеу пәні: Ұялы байланыстағы қарым-қатынас.

Зерттеудің нысаны: Ұялы байланыстағы қарым-қатынас, сөйлеу әрекеті.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері: Ұялы қарым-қатынаста жиі қолданылайтын сөздерді қарастыру. Алға қойылған мақсатқа жету үшін біршене міндеттер қамтылды:

– Тілдік қатынас теориясын қарастыру;

– Қарым-қатынастағы сөйлеу әрекеттерін сипаттау;

– Ұялы байланыстағы сөйлеу этикетін көрсету;

– Ұялы байланыста жиі қолданылаты сөздерді сипаттау;

  • Ұялы байланыстағы сөйлеу әрекетінің ерекшеліктерін көрсету.

Тілдік қатынас (лат. contactus — жанасу) ағыл. linguistic contacs – бірінің немесе көпшілігінің сөздік құрамына және құрылымына ерекше георграфиялық, тарихи әлеуметтік жағдайлардың әсер етуі  салдарынан екі және одан да көп тілдің өзара әрекеттесуі [1].

Тілдік қатынас – ойлау мен сөйлеудің қатысы арқылы тілдік тұлғалардың таңбалық жүйесі мен дыбысталу қасиеті нәтижесінде жүзеге асатын, қатысымдық тұлғалардың семантикалық бірлігі мен байланысу заңдылықтары арқылы берілетін, адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін, тек адамзатқа ғана тән күрделі тілдік қоғамдық-әлеуметтік процесс.

Зерттеуде қолданылған әдістер (тәсілдер): Зерттеу барысында әр түрлі ғылыми-зерттеу әдістері қолданылды. Атап айтқанда сипаттау, жинақтау, салыстыру әдістері.

Диплом жұмысының дереккөздері: Диплом жұмысының дереккөздері ретінде http://www.nokia.kz/home, http://www.samsung.com/kz_ru/, http://www.activ.kz/kz/, http://www.beeline.kz сайттарын алынға мақалалар мен жарнамалар, термин сөздер мен смс-тер (сообщение), қарапайым байланыста қолданылатын сөздер алынды. Материал көздері ретінде тілдік қатынастың, сөйлеу әрекетінің теориялық мәселелеріне арналған әр түрлі ғылыми әдебиеттер, монографиялық зерттеулер, интернет желісінен алынған мақалалар алынды. Сөйлеу этикеті теориясына арналған еңбектерге ерекше назар аударылды.

Диплом жұмысының мазмұны: Жұмыстың мазмұны екі тарауды құрайды. Алғашқы тарауда тілдік қатынас, коммуникация, сөйлеу, сөйлеу әрекеті, сөйлеу этикеті ұғымдарына анықтама беріледі. Тілдік қатынастың теориялық негіздеріне шолу жасалады. Жұмыстың екінші тарауында қарым-қатынастың ерекше бір түрі ретінде: ұялы байланыс және ұялы байланыста жиі қолданылатын сөздер қарастырылады.

Диплом жұмысының нәтижелері: Тақырыпқа сай ғылыми-теориялық негіздемелерге сүйене отырып, зерттеу барысында төмендегідей нәтижелер алынды:

– Тілдік қатынас теориясы қарастырылды;

– Қарым-қатынастағы сөйлеу әрекеттері сипатталды;

– Ұялы байланыстағы сөйлеу этикеті көрсетілді;

– Ұялы байланыста жиі қолданылаты сөздер сипатталды;

– Ұялы байланыстағы сөйлеу әрекетінің ерекшеліктерін анықталды.

 

 

  1. ТІЛДІК ҚАТЫНАСТЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

1.1 Тілдік қатынас негіздері

 

Тілдік қатынас күрделі қоғамдық-әлеуметтік құбылыс бола келіп, көптеген ғылым салаларымен тығыз байланысты. Бұл саланың басқа ғылымдар негізінде қалыптасып, тіл біліміңде жетекші орын ала бастауы – кейінгі жылдардың жемісі. Сондықтан тілдік қатынас мәселесінің түпкі тамырларын белгілей отырып, оның ғылымдағы орнын және онымен тікелей байланысты ілімдермен арақатысын айқындаған жөн.

Кез келген тіл, сол сияқты қазақ тілі – «адам қатынасының аса маңызды құралы» бола келіп, адамзаттың бір-бірімен түсінісу, пікір алысу, сөйлесуіне жол ашып қана қоймайды. Сонымен қатар ішкі, сыртқы қоғамдық жағдайларға әсер етеді, халыққа қажетті әлеуметтік, экономикалық істерді аңғаруға мүмкіндік жасайды; бірлесіп еңбек етуге дәнекер болады; қоғамдық-саяси күштердің өз мақсаттары үшін күресуіне қызмет ететін саяси құралы болады. Сөйтіп, жалпы көпшілік қауым мен саяси топтар арасындағы көпір болып табылады.

Қоғам мен табиғаттағы ең күрделі құбылыс адамзаттың ой-санасы мен тілі болғандықтан, адамның ойлау жүйесі де, сөйлесе білу қабілеті де – ерекше қоғамдық мәні бар үрдістер.

Адамның ойы мен санасы қаншама күрделі болғанымен, тілсіз ой жүзеге аспайды. Сондықтан да тіл – қоғамдық объективті шындықты танудың, оны өмірде пайдаланудың құралы болып табылады.

Қоғамдық-әлеуметтік кезеңдердің қай-қайсысында болсын қазақ тілі қазақ халқының ана тіліне тән әлеуметтік мәнінен айырылмауға тырысады. Басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту, үйрету барысында, біріншіден, оның қазақ ұлтының, қазақ халқының ана тілі  екенін, оның ертеден дамыған тарихы барын, әдеби тіл дәрежесіне көтерілген салаларын, жазба тілге тән т.б. басты қасиеттерін түсіндіру қажет.

Екіншіден, қазақ тілінің сол халықтың өзіндік қатынас құралы болуымен қатар, басқа ұлт өкілдерімен қарым-қатынас жасауға негіз болатын, ұғынысуға, пікірлесуге жол ашатын ұлтаралық қатынас құралы екеніне баса назар аудару керек.

Үшіншіден, қазақ тілінің қатысымдық сипаты оның ел аралық қатынаста қолданылатын қоғамдық мәнінен және ресми іс-қағаздарда жұмсалатын әлеуметтік қызметінен көрінеді.

Төртіншіден, қазақ тілі – қоғамдағы барлық салаларда пайдаланылатын мемлекеттік дәрежеге жеткен қарым-қатынас құралы.

Бесіншіден, ол – рухани мәдениет пен өркениет, өнер жолында қолданылатын, адамның сезімі мен көңіл-күйін т.б. жеткізетін құрал.

Сол сияқты қазақ тілінің ең басты қатысымдық қасиеті – адам мен адамның, үлкен мен кішінің, жеке тұлға мен топтың, т.б. өзара түсінісуіне, ұғынысуына жол ашу, қарым-қатынас құралы ретінде бүтіндей қоғамға қызмет ету.

Қазақша тілдік қатынас тіл ғылымының қоғамдық мәні мен тәрбиелік маңызын қатар меңгертуге тырысады.

Тілдік қатынастың педагогикалық негізі – табиғат пен қоғамдағы ерекше құбылыс адамға, оның өмірдегі орнына, тілдік қарым-қатынасына байланысты.

Көптеген әдебиеттерде белгілі бір ғылымның не процестің педагогикалық негіздеріне оқытуға қатысты білім жүйесі, оның сандық көлемі (сағаты), білімнің мазмұны мен сабақтың әдіс-тәсілдері жатқызылып жүр.

Ғылымның дамуы мен оқыту жүйесінде бұл айтылғандардың атқаратын маңызы зор. Білім жүйесі, көлемі, мазмұны, әдістер әр процестің ілгері басуына ықпал ететін нақтылы мөселелер бола келіп, істің мәнін анықтайды. Олардың тілдік қатынасты меңгеруде де алатын орны ерекше.

Педагогика адам тәрбиесіне тікелей қатысты болғандықтан, оның адамдар арасындағы қарым-қатынасқа да әсері мол. Тілдік коммуникация адамдардың тіл арқылы түсінуін қамтамасыз етіп қана коймайды, сонымен қатар жалпы адамға тән қасиеттерді меңгеруге көмектеседі. Олар (адамдар) бір-бірімен сөйлесумен, пікірлесумен шектелмейді, тілдесудің нәтижесінде бірінің жанын бірі ұғады, бірінің сезіміне, мінезіне еқіншісі әсер етеді. Сөйтіп, жалпы адамзаттың тәрбиелік жүйесі қалыптасады.

Тілдік қатынас тілді меңгерумен бірге адамды тәрбиелеуді қатар алып жүреді. Белгілі бір тілді ұлт өкілдеріне үйрету арқылы біз тілдік қарым-қатынасты да жолға қоямыз. Тілді меңгерумен қатар сол елдің мәдениетін, тарихын, әдебиетін, өркениетті жақтарын да үйретуге тырысамыз. Немесе тілді үйрету барысында оның тәрбиелік мәнін де естен шығармаймыз.

Тіл арқылы оқушылардың іскерлігін, сөйлеу дағдыларың, әдептерін қалыптастырамыз.

Осы тұрғыдан келгенде, тілді үйретуге бөлінген білім көлемі неғұрлым көп болса, мазмұны қаншалықты сапалы болса, әдіс-тәсілдері неғұрлым тиімді болса, адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынас соғұрлым жан-жақты болып, тілді үйренудің нәтижесі терең болады.

Тілдік қатынастың психологиялық негізі тіл арқылы ойды айту, жеткізу, қабылдау, сезіну құбылыстарымен байланысты.

Сыртқы объективтік шындықтың әсерінен адамның есту, көру сезімдері дамып, адамның ойлау қабілеті артады. Ойлау тіл арқылы сыртқа шығып, тіл адамның ойын жеткізуші құралдың рөлін атқарады.

Белгілі бір тілде сөйлеу үшін адам тілдік құралдарды саналы, дұрыс пайдалана білу керек. Оны дұрыс қолданудың ережелері көзбен көру, құлақпен есту, мимен ойлау арқылы іеке асады.

Адамның ойлау жүйесіне байланысты болғандықтан, тілдік коммуникацияның психологиялық негізі күрделі болады.

Ойлау жүйесінің нәтижесінде тілдік және қатысымдық тұлғалар дұрыс қолданылып, тілдегі сөйлесім өрекеті маңызды рөл атқарады. Сондықтан тшді үйрету барысында әрбір окушының жеке қабілеті, саналығы еске алынып, жаң-дүңиесі ескеріледі, оның ойлау дағдысын бекітуге күш салынады. Тілдік қатынастың психологиялық негізі – тілді оқыту барысында оқушының сана-сезіміне әсер етіп, оның іптігі және маңызын түсіндіріп, пәнге деген дұрыс көзқарасты қалыптастыру. Сонымен, тілдік қатынаетың ең басты психологиялық негізі тіл, ойлау және сөйлесім құбылыстарына келіп тіреледі.

Тілдік қатынасқа қатысты құбылыстардың ішінде тіл мен сөйлеуге соқпай өтетін мәселелер жоқтың қасы. Сондықтан бұл мәселелердің басын ашып алудың маңызы зор.

Тіл мен сөйлеуді ғалымдар кейде бірге алып қарастырса, кейде екеуін екі бөлек құбылыс деп таниды. Мәселен, немістің көрнекті лингвисі Вильгельм фон Гумбольдт пен Орыс лингвисі И.Э. Бодуэн де Крутенэ тіл мен сөйлеуді жеке-жеке ажырата келіп, оларды адамның ойы мен қарым-қатынасына байланысты қажеттіліктен туған процесс деп қарастырады.

Бұл жөнінде В. Гумбольдт: «необходимая все повторяющаяся деятельность, чтобы можно было познать сущность живой речи и создать верную картину живого языка» [2, 78 б.] – десе, И.Э. Бодуэн де Куртэнэ тілді: «как беспрерывно повторяющегося процесса, основывающаяся на общительном характере человека и его потребности воплощать свои мысли в ощущаемые продукты собственного организма и сообщать их существам его подобным», – деп бейнелейді [3, 77 б.].

Тіл мен сөйлеу туралы ерекше концепция – Фердинанд де Соссюрдің тұжырымы. Ол тілді қалыпты, сипаттамалы құбылыс ретінде тани келіп, оны дыбыстық материяның тұтас жүйесі түрінде қарастыру керек деп санайды.

Ғалым тілді ерекше қүрылымы бар, жүйелі, бірақ қалыпты құбылыс деп көрсете отырып, ондағы дыбыстық ерекшеліктерді, тілдік тұлғалардың дыбысталуын, сөздердің айтылуын – бәрін түгелімен сөйлесімге (речь) қатысты қарастырады.

Ф. де Соссюрдің пікірінше, тіл – дыбыстық материяның жиынтығы, форма, карым-қатынас құралы; ал сөйлеу – дыбыстың өзі, дыбысталу. Яғни тіл – барлық дыбыстық таңбалардың жиынтығы болса, сөйлесім – дыбысталудың жиынтығы.

Тіл мен сөйлеуге тілші тағы да мынадай анықтама береді: «Язык – это система знаков и правил из комбинирования: речь же – это использование нашей знаковой системы в целях общения» [4, 57 б.].

Ф. де Соссюр тіл мен сөйлеуді ажырата келіп, олардың әрқайсысына тән айырмашылықтарды нақтылап көрсетеді.

Автордың айтуынша:

  1. Тіл әлеуметтік, ал сөйлесім – жеке-дара құбылыс.
  2. Тіл тұрақты және ұзақ өмір сүретін процесс, ал сөйлеу тұрақсыз және жиі өзгеріп отырады.
  3. Тіл – адамның миымен, санасымен бірге озі қалыпта-сатын процесс, ал сөйлеу – әркімнің өзі дамытып отыратын процесс.
  4. Тіл адамның қарым-қатынасында бәріне ортақ, ал сөйлеуде автордың өз қолтаңбасы болады.
  5. Тіл – психикалық құбылыс, ал сөйлеу – психо-физикалық құбылыс.

Осы тәрізді бірнеше өзгешеліктерін ажырата келіп, Ф. де Соссюр сөйлеу де, тіл де өз алдына күрделі құбылыстар, сондықтан олардың екеуін лингвистикада екі ғылым:

– тіл лингвистикасы – тіл құбылысын;

– сөйлесім лингвистикасы – сөйлесім құбылысын зерттеу керек дейді.

Ғалым тіл мен сөйлеудің ара жігін ажырата келіп, оларды екі ғылымның объектісі ретінде зерттеу керек дей отырып, олар (тіл мен сөйлесім) өзара тығыз байланысты екенін де атап өтеді: «Язык и речь тесно связаны между собой и предполагают друг-друга: язык необходим, чтобы речь была понятна тем самым была эффективна; речь в свою очередь необходима для того, чтобы сложился язык» [4, 58 б.].

Фердинанд де Соссюрдің көзқарастары кейде қайшылықты болғанымен, өзінен кейінгі лингвистердің пікіріне әсер етпей қоймады. Кейінгі тұжырымдардың көпшілігі осыдан келіп шыққанын тіл мен сөйлеуге берілген анықтамалардан аңғаруға болады.

И.С. Торопцев: «Речь – это звуковая материализация языка. Как внешняя, так и внутренняя речь психофизио-логична» [5, 38 б.] – деп, сөйлеудің тілмен байланысы оның дыбысталу ерекшелігінде десе, В.Я. Мыркин: «Речь социальна по значению и индивидуальна по испольнению» [6, 103 б.] – деп, сөйлеудің қызметіне, атқаратын қоғамдық жүгіне назар аударуға тырысады.

Ал, Т.П. Ломтев: «И язык, и речь имеют общественную, социальную природу. Но в акте общения социальная природа языка принимает форму индивидуальной речи. Язык в акте общения не существует иначе, как в форме индивидуального говорения» [7, 68 б.] –  деп, сөйлеу мен тілдің қоғамдық-әлеуметтік табиғатына көңіл бөледі. Ю. В. Фоменко Фердинанд де Соссюрдің тіл лингвистикасы мен сөйлесім лингвистикасы деген пікірін жоққа шығара отырып, Ф. де Соссюр тіл мен сөйлесімді бір-біріне қарама-қарсы қояды және олардың екеуін бір-біріне ешбір қатысы жоқ екі түрлі мәселе ретінде түсіндіреді деп, оған қарсы шығады. Соңдықтан да Ф. де Соссюр олардың әрқайсысының айырмашылықтарын жеке-жеке көрсеткен дей келіп, Ю.В. Фоменко сол көрсетілген айырмашылықтардың барлығына дау айтады. Сөйте тұра, бұл автор да Ф. де Соссюрдің тіл мен сөйлеудің әлеуметтігі жөніндегі көзқарасын құптайды.

«Язык – потенция, речь – ее реализация», – деген тұжырым жасай келіп, Ю.В. Фоменко: «…каждый говорящий принимает язык, т.е. строит речь, по-своему, не так, как другие. В этом заключается индивидуальный характер речи. Таким образом, речь и социально, и индувидуальна, причем социальность ее главное свойство. Все то, что есть в изыке, есть и в речи, но не все, что есть в речи, есть в языке» [8, 8 б.].

Беляев Б.В.: «Язык – это средство, орудие общения, а речь – это применение языка с целью общения, это «язык в действии» [9, 13 б.] – деп, тілді қатынастың (сөйлеудің) құралы, ал сөйлеу – қозғалысқа түскен немесе жұмыс үстіндегі тіл деген анықтамамен түсіндіргісі келеді.

Жоғарыда айтылған пікірлердің барлығында, негізінен, тіл мен сөйлесімге қатысты Фердинанд де Соссюрдің айтқан ерекшеліктері сөз болады. Мәселен: тіл мен сөйлесімнің психологиялық, физиологиялық жақтары, таңбалар жүйесі ретіңдегі өзгешелігі, әлеуметтік-дербестік табиғаты, олардың қарым-қатынас құралы тарапынан ерекшелігі. Яғни авторлардың көпшілігі бұл мәселелерді одан әрі жалғастыруды, дамытуды кездейді.

Сондықтан пікірлерді қорыта келгенде, мынаған көз жеткізуге болады: бұл мәселе неғұрлым көп қарастырылып, жан-жақты сөз болған сайын, тілдің де, сөйлесімнің де қатысымдық қасиеттері айқындала түсіп, бүкіл мәселе осы бағытқа қарай бет бұрып келеді.

Лингвистикада сөйлесім мен тілді біріктіріп, қос процесс деп санаған көзқарастар да бар. Олардың айтуынша, сөйлесім мен тіл екеуі екі бөлек құбылыс емес, олар бір процестің екі жағы. Кейде оны тілші ғалымдар «уровень языка», «уровень речи» деп те атайды.

Бұл көзқарас бойынша, тіл мен сөйлесім бір-бірімен тендес әлеуметтік-дербес құбылыс болып саналады. Мұндай пікірді айтушы адамдардың сүйенетін негізі – қатысымдық ерекшеліктер. Бұл пікірді жақтаушылар сөйлесім деген – қатысым құбылысының өзі, ал тіл сол қатысымды іс жүзіне асыру үшін керек дейді.

Бұл көзқарасқа қарсы пікір айтушылар да.бар. Олар: А.С. Чикобава, Г.В. Колшанский, Т.С. Шарадзенидзе, А.Г. Волков, А.Г. Спиркин, Г. Шухарт т.б.

Жалпы тіл мен сөйлесімге қатысты көзқарастар орыс тілінің энциклопедиясындағы осы ұғымдарға берілген анықтамалармен ұштасады. Энциклопедияда тіл қарым-қатынасты жүзеге асыратын, осы мақсат үшін қызмет ететін дыбыстық таңбалардың жүйесі, ал сөйлесім қатысымдық құбылыстың өзі, яғни тілдің негізіңде жасалған, тіл арқылы жүзеге асатын коммуникативтік құбылыс деп баяндалады: «Язык – это «стйхийно возникшая в человеческом обществе и развивающаяся система дискретных (члено-раздель-ных) звуковых знаков, служащая для целей коммуникации и способная выразить всю совокупность знаний и представлений человека о мире», «речь – это конкретное говорение, происходящее в звуковой (включая внутренне проговаривание) или письменной форме. Под Р. принято понимать как сам процесс говорения, так и результат этого процесса, т.е. и речевую деятельность и речевые произведения, фиксируемые памятью или письмом» [10, 40 б.].

Қазақ совет энциклопедиясыңда сөйлеуге төмендегідей түсініктеме беріледі: «Сөйлеу – адамның тіл амалдарын пайдалану арқылы пікір, ой білдіру әрекеті. Сөйлеу – анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске асқанымен, негізінен, кісінің психикалық қабілетіне, қоғамдық тәжірибесіне сүйенеді. Тілдік амалдар – сөз тудыру, сөз тіркестерін, сөйлем құрау ережелері – көпшілікке ортақ, объективті категориялар. Осы сипаты арқылы тіл жұрттың бәріне түсінікті қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Сөйлеудің әр коммуникативтік жағдайға сай ыңғайланған стилі болады. Мұнымен бірге сөйлеу үстінде әр кісінің өзіне ғана тән (индивидуальдық) сөз жұмсауы, сөз тіркесін, сөйлем құрау ерекшеліктері болады» [11, 38 б.].

Қазақ энциклопедиясындағы тілге қатысты айтылған түсініктеме мен анықтамалар оның жан-жақты ерекшеліктерін, жалпы сипатын және күрделі құбылысқа тән басты белгілерін атап өтеді. «Тіл — адам қоғамының ең негізгі қатынас құралы. Дыбысты тіл – адам қоғамымен бірге туып, қатар жасап келе жатқан қоғамдық құбылыс. Тіл – өте күрделі, сан-салалы құбылыс.

Егер Тілді функционалдық жағынан анықтағымыз келсе, оның қатынас құралы, адамдардың бір-бірімен пікір алысып, өзара түсінісуінің құралы дейміз.

Егер Тілді ой мен санаға қатынасы жағынан анықтамақ болсақ, онда тілді ойды қалыптастыратын, оны жарыққа шығаратын құрал, ойлау құралы дейміз.

Тілді құрылымы жағынан анықтамақ болсақ, тіл – қатынас жасауға қажетті материалдардың жиынтығы деп қараймыз.

Тілді таңбалық сипатына қарай таңбалар жүйесі, семиотикалық жүйе деп анықтау да Тілдің қоғамда атқаратын қызметінің мәніне орай.

Бұлардың ішіндегі ең негізгісі – Тілдің функциясына қарай берілген анықтама. Тілдің тіршілігі, дамуы оның қатынас құралы болу қызметіне байланысты. Тілдің бұл қызметі коммуникативтік функция деп аталады. Тілді адам өзін қоршаған қауымнан, өмірден үйренеді» [12, 257 б.].

Қазақ лингвистикасында тіл мен сөйлеуге қатысты мәселелерді анықтап, олардың айырмашылықтарын көрсетуге тырысқан тілші – Т.Р. Қордабаев.

Т.Р. Қордабаев: «Сөйлеу дегеніміз – тілді қатынас жасау процесінде өз ойын басқаларға білдіру, басқаның ойын білу мақсатыңда қолдану деген сөз», – дей келіп, – «Сөйлеу тілдік материалдар арқылы болады және тілдік заң-ережелерге, тілдік нормаға бағынады. Тіл мен сөйлеу бір-бірінен ажырамас бірлікте» [13, 87 б.] – деп, тіл мен сөйлеудің ара-қатынасын орыс лингвистерінің көзқарастарына сәйкес баяндайды.

Бұл автор сөйлеу мен сөйлесім әрекетін қысқаша түсіндіре келіп, тілді қоғамдық құбылыс ретінде танып, оның ерекшеліктеріне тоқталады.

Сол сияқты К. Аханов тіл мен ойлау процестерін қарастыра келіп, тілге төмендегідей анықтама береді:

«Тіл – ойды білдірудің, пікір алысудың, қатынас жасаудың кең келемде қолданылатын жалпылама құралы» [14]. Сонымен қатар ол тілдің таңбалық қасиетін де оның басты ерекшеліқтерінің қатарына жатқызады. Тілші: «Тіл – таңбалардың коммуникативтік жүйесі болып табылады», – дей келіп, оның басқа құбылыстардан айырмашылығын көрсетеді.

Сонымен, тілдік қатынасқа байланысты болатын тіл, ойлау, сөйлесім құбылыстарының бәрі де ғылыми тұрғыдан толық шешімін тауып, бірізге түсе қоймаған, арнайы зерттеуді қажет ететін мәселелер.

Біздің ойымызша, тіл мен сөйлесім бір-бірімен байланысты, бірақ екі бөлек құбылыс бола келіп, екеуі де:

а)  әрі қоғамдық-әлеуметтік;

ә) әрі жекелік, дербестік мәні бар;

б)  әрі қатысымдық құбылыстар.

Тіптен айтыс тудырған мәселе тіл мен сөйлесім – екеуі екі бөлек ғылымның зерттеу объектісі ме, жоқ бір тіл білімінің екі түрлі мәселесі ме – деген пікірлердің өзі бір ортақ нәрсені мойындайды.

Ең алдымен, тілдің әлеуметтік және жекелік, дербестік жақтарын қарастырайық. Тіл – табиғаттың адамзатқа берген сыйы, ол – қоғамда өмір сүретін адамдардың өзіне тікелей бағынбайтын күрделі құбылыс. Сондықтан ол әлеуметтік-қоғамдық процесс болып саналады. Оны лингвистика да, психология да, физиология да өз мақсаттары тұрғысынан қарастырады. Оның сөйлесімге қатысты жағы тіл – сөйлесімнің қажетті құралы; тіл болмаса, сөйлесім өз мақсатына жете алмайды, өз қызметін орындай алмайды.

Тілдің психологиялық, физиологиялық ерекшеліктері бүкіл адамзатқа ортақ қасиет, бұл – оның тұлғаларына да тән.

Оның сыртында, әрбір адамның сөйлеу өзгешелігінде ғана емес, тілінде де жекелік сипат бар. Оның мәні мынада: барлық тіл бір мезгілде, бір себептен шыға салмайды. Оған әсер етуші сыртқы және ішкі жағдайлардың ықпалынан әр адамның тілінің шығуының, қалыптасуының жекелік мәні бар.

Бұл ерекшелік оның өлеуметтік мәніне қарағанда, кең шеңберде болмауы мүмкін. Бірақ әр сәбидің тіліне байланысты, оның шығу, қалыптасу өзгешелігіне қатысты қоғамдық тілдің алғышарттары пайда болып, қалыптасады. Тілге қажет фактордың бірі – ішкі анатомиялық-физиологиялық даму, жетілу процесі. Ол адамның тууымен біртіндеп қалыптасады.

Екінші, тілдің тіл болуы үшін ең қажетті шарт – ойлау, пайымдау. Адамның ми қабатына жинақталған ой тіл арқылы сыртқа шығады; сөйлесім әрекеті арқылы бейнеленеді, көрініс табады. Адамның ойы тілдік тұлғалар арқылы неше мәрте айтылса да, белгілі бір сөйлесім жүйесіне бағынбаса, түсініксіз болады.

Үшіншіден, тілге қажетті маңызды фактор – қарым-қатынастың болуы, яғни қатысымдық. Тілдің ең маңызды атқаратын қызметі – дыбысталу арқылы ойды сыртқа шығару. Кез келген сыртқа шыққан сөйлеу үлгісі белгілі бір ортаға тап болады. Сөйтіп, айналасындағы затпен, құбылыспен байланысқа түседі. Бұл – мәселенің бір ғана жағы.

Оның сыртында, далаға шыққан ой екінші біреуден жауап алу үшін, солармен қатынасқа түсу үшін айтылады. Ол – тілдің өмір сүруі үшін, жоғалмай дамуы үшін қажеттілік.

Өз қызметін атқара алмаған тіл жоғалып, жойылып кетеді. Мәселен, жабайы аңдардың ортасына түскен адам бірнеше жыл сол ортада өмір сүруінің арқасында тілді үмытады. Сөйтіп, қарым-қатынас болмағандықтан, тіл өз функциясынан айрылады. Мұндай адамның ойлау жүйесі (тамақ табу, қорқынышты, қауіпті сөзу, оған қарсы әрекет жасау т.б.) жұмыс істей береді. Бірақ оның ойлау қабілеті бұрынғыдан шектеліп қалады. Дегенмен, қарапайым түрде болса да ойлау сақталады, ал тілдік қарым-қатынас сақталмайды, тіл болмайды. Демек, қатысымдық байланыс болмаса, тіл де өмір сүре алмайды, тіл де болмайды.

Қарым-қатынас – тілдің өмір сүруінің, тілдік болмыстың басты өлшемі. Қарым-қатынас сөйлеу, сөйлесім арқылы жүзеге асады. Сөйлеудің ең маңызды құралы – тіл, сөйлесімді жүзеге асыратын да – тіл. Сондықтан да тіл қатысымдық құбылыс болып саналады.

Тіл – адамдар арасындағы тілдік қатынасты қамтамасыз ететін, дыбыстық таңбалар жүйесінің жиынтығы арқылы ойды жарыққа шығарудың құралы.

Тіл сияқты сөйлесім де әлеуметтік құбылыс. Өйткені сөйлесімді жеке бір адам жүзеге асыра алмайды, ол бірнеше адамдардьщ тілдік түсіністігі арқылы іске асады. Сөйлесім адамдарды біріктіреді, оларды өзара байланысқа түсіреді. Мұндай байланыс қоғамның дамуына әсер етеді.

Жалғыз адам табиғаттан, қоғамнан тыс өмір сүре алмайтыны сияқты, жалғыз адам сөйлесім процесін де жүзеге асыра алмайды.

Адам жаратылыстан, табиғаттан тыс емес, сөйлеу адамнан тыс емес. Сөйлесім – адамдарды қауымдастыққа жетелейтін, қоғамдық мәні бар күрделі әрекет.

Сөйлесім арқылы адамдар бірін-бірі түсініп қана қоймайды, сонымен бірге қоғамдық-әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешеді, өзара бірлікте, ынтымақтастықта болады, түсінеді, сөйтіп, қоғамның дамуын жетілдіреді; не керісінше кері кетіреді. Бірақ қай жағдайда болсын сөйлеу адамның алдына қойған мақсатына қызмет етеді, сөйлеусіз, сөзсіз адамдар арасындағы ешбір тірлік жүрмейді. Осыдан келіп, сөйлесімнің қоғамдық-әлеуметтік мәні шығады.

Қарым-қатынасқа түсетін адамдардың тілді, сөзді қолдануында да өз ерекшеліктері бар. Әр адамның сөйлеу мәнері, стилі басқа адамға ұқсамайтын, тек өзіне ғана тән сөйлеу үлгісімен өзгешеленеді. Осының өзінен сөйлеудің жекелік мәні, даралық ерекшелігі келіп шығады.

Сөйлеу каншама дара түрлік болса да, сөйлеуде адамның өзіндік ерекшелігі болса да, ол (адам) сөйлесімнің құрамдық бөлшектерін, тілді өз еркінше жасап, өзі құрай алмайды. Адам дайын тілдік тұлғаларды пайдаланады. Осыдан тағы да сөйлесімнің қоғамдық орны көрінеді.

Сөйлесімнің мұндай екі жақты ерекшелігін В.Я. Мыркин мынадай деп ажыратып көрсетеді: Сөйлесім мазмұны, мағынасы тарапынан әлеуметтік болады да, орындалуы жағынан жекелік құбылыс болып табылады.

Сөйлесімнің жекелік, даралық мәнін көрсететін тағы бір жай қарым-қатынас процесінде сөйлеу жеке адамға тән бола келіп, нақтылы бір адамның атынан айтылады не жазылады. Содан барып, сөйлеу – жеке авторға тән процесс болып саналады, себебі сөздің белгілі авторы бар.

Зерттеушілердің пікірлеріне шолу жасай келіп, сөйлесімнің әлеуметтік мәні мен жекелік, даралық қасиетінің  екеуінің де маңызды екеніи атап айтуға тура келеді. Сөйлемнің, біздіңше, жекелік мәні – оның ішкі жағы, ал әлеуметтік мәні – оның сыртқы жағы іспеттес. Өйткені сөйлесім дыбысты тілдің қызметіне, қозғалысына қатысты іске аса отырып, негізінен, адамның сөйлеу мүшелерінің ішкі әрекетіне байланысты жүзеге асады. Сөйлесімді жүзеге асыратын тілдің өзі де ішкі фактордың әсерінен, дыбыстың жасалуынан, оның фонемалық мағынаға ие болуынан, сөздің айтылуы, немесе жазылуынан т.б. тұрады. Бұл алғышарттар сөйлесімнің жеке, дара түрлік ерекшеліктерінің жасалуына негіз болады. Сондықтан сөйлесімнің осындай қасиеті индивидуальдық деп саналады да, оның ішкі факторы болып табылады.

Сөйлесім – адамдардың ұжымдық тобына тән басты құбылыс. Себебі, сөйлесім болу үшін, бірнеше адамдардың пікір алысуы қажет. Ол тек бір адамға қатысты болмай, екі адамға не адамдар тобына байланысты болады да, әлеу-меттік сипат алады. Ал осының сыртыңда сөйлесім – ойдың сыртқа шыққан көрінісі.

Ой сыртқа тіл арқылы шығу үшін, сыртқы дүние немесе объективтік құбылыстар, адамның миына, санасына әсер етеді. Демек, сөйлесімнің болуы үшін, сыртқы әр түрлі жағдайлардың да әсері қажет. Экстралингвистикалық фактордың ықпалынан адамдардың ойлау қабілеті, тілі, сөзі дамиды, жетіледі. Соның арқасында ұжымдық топтың сөйлесу мүмкіндігі артады. Ол сөйлесімнің қоғамдық-әлеуметтік маңызына әсерін тигізеді.

Демек, осының бәрі сөйлесімнің әлеуметтік ролін кеңейтіп, оған сыртқы қоғамдық жағдайлардың әсерін күштейді. Сондықтан біз сөйлесімнің мұңдай ерекшеліктерін оның сыртқы жағы, яғни сөйлесімнің сыртқы факторы деп тани отырып, осы тұрғыдан келгенде, сөйлесімнің қоғамдық-әлеуметтік мәні зор деп есептейміз.

Сөйлесімнің тағы бір ерекшелігі: оның қатысымдық мәніне келетін болсақ, бұл – көптеген лингвистердің назар аударып жүрген мәселесі.

Қатысымдықдегеннің өзі қарым-қатынас деген ұғымды білдіретіндіктен, сол қарым-қатынас, біріншіден, кем дегенде екі қатысушы не одан да көп іске асырушылар болған жағдайда ғана болады. Екіншіден, сөйлесім құбылысы жүзеге асу үшш кем дегенде, екі адамның (не одан да көп сөйлеушінің) қатысы қажет. Демек, бұл екі ұғымның (қатысымдық пен сөйлесім) орындалу белгілері бірдей. Қатысым да, сөйлесім де іске асуы жағынан ұқсас процестер. Осыдан сөйлесімнің қатысымдық мәні шығады.

Қатысымдық байланыс бар жерде сөйлесім арқылы қарым-қатынас бар. Тілдік қатынастың қай түрі болсын сөйлесімнің кез келген түрін іске қосады.

Сонымен, сөйлесімді жүзеге асыратын – тіл де, оның іске асуына жағдай жасайтын – қарым-қатынас. Тіл мен сөйлесім бір ортақ жүйенің екі бүтін құрамы болса, қарым-қатынас, яғни қатысым – олардың шарты.

Сонымен, сөйлесім дегеніміз – тіл арқылы дыбысталып айтылатын; ойды жарыққа шығаратын; қатысымдық мәні бар; әрі әлеуметтік, әрі дара құбылыс.

Қарым-қатынастың түрлері көп. Тілдік қатынас – тіл арқылы байланыс, сөйлеу тілі арқылы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы; қоғамдық, ұлттық тіл арқылы ұғынысу, түсінісу; яғни адамзаттың тіл арқылы сөйлесім әрекетін меңгеруі тілдік қатынас дегенді білдіреді.

Бұл жерде сөйлеу тілі деген тіркесті ерекше бөліп айтуға тура келеді. Өйткені ол ауызекі сөйлеу деген мағынаны емес, жалпы адамзаттың сөйлесу құралы, сөйлеу құралдарының қызметі, адамның тілі. Адамның тілдік қатынас құралы деген қоғамдық-әлеуметтік мәні бар ұғымды жеткізуі тиіс. Сондықтан осындай нақтылы ұғымды білдіру үшін, біз сөйлесім тілі деген тіркесті қолданамыз. Себебі, «сөйлесім», «сөйлеу» түбірі арқылы жасала келіп, сөйлеу процесінің тек адамзатқа тән екенін дәлелдейді. «Сөйлеу» деген сөздің озі адамның ойын жарыққа шығару қасиетін білдіретіндіктен, кобінесе біржақты әрекет ретіңце кдбылданады. Ал «сөйлесім», «сөйлеу» түбіріне ортақ етістің «с» жүрнағы қосылу арқылы жасала келіп, бір-бірімен тілдік қарым-қатынас нәтижесінде іске асатын ортақ құбылысты көрсетеді. Тілдік қатынас жүзеге асу үшін, айтылған не жазылған хабардың қабылданып, оған жауап қайтарылуы, яғни істің ортақ атқарылуы – басты шарт. «Сөйлесім» – осы басты шартты және ортақ тілдік әрекетті аңғартатын сөз.

Сөйлесім тілі – тек адамзатқа ғана тән әрекет, тек адамдар ғана тіл арқылы сөйлей алады, ұғыныса алады. Ал басқа тірі жануарлар т.б. бәрінде дененің бір мүшесі ретінде, анатомиялық-физиологиялықжағынан тіл болғанымен, олар сөйлеу мүшелеріне тән қызметпен қамтамасыз етілмеген, яғни олар тірлігі бар құбылыс болғанымен сөйлей алмайды.

Сөйлесім әрекеті тек сөйлеу мүшелерінің қызметіне ғана емес, ойлау мен пайымдаудың, сана мен мидың да ерекшелігіне қатысты. Бұл – өз алдына бөлек, жеке мәселе.

Тілдік қатынас (ТҚ) сөйлеу тілі арқылы ұғынысу, түсінісу, қарым-қатынас жасау дегенді білдіре келіп, адамның екінші біреуге жеткізейін деген ойын жарыққа шығаруды кездейтін; қоғамның дамуы үшін ең қажетті қоғамдық-әлеуметтік ақпараттардың жиынтығы арқылы адамдардың бір-бірімен пікір алмасуы, адамдар қатынасының түп қазығы дегенді білдіреді.

Өмірде адамдар тек тілмен сөйлесу арқылы ғана бір-бірімен түсініспейді, кейде әр түрлі жағдайларға байланысты одар бір-бірін тілсіз-ақ ұғып, соған қарай іс-әрекет жасайды. Моселен, кешеде келе жатқанда адамдар түрлі жарық кез-н-ріие, естілген дыбыстарға назар аударып, соған өздерінше жауап қатады, соған сай әрекет жасайды. Сол сияқты жол белгілерінің әр түрлі үлгілері немесе таңбалары адамға белгілі бір жайдан хабар береді де, адам оны қабылдап, түсініп, осыған байланысты қозғалады.

Кейде адамдар белгілі бір шартты келісімдер немесе белгілер арқылы тілсіз-ақ ұғынысады. Бұл да – адамдар арасындағы қарым-қатынастың бір түрі. Осыдан басқа да адамдардың бірін-бірі түсінудің көптеген жолдары бар.

Мұндай семиотикалық таңба-белгілерден өзгеше адамдардың ыммен түсінісуі және көздің, ауыздың, қабақтың қимыл-қозғалыстары мен жалпы бет-әлпеттің өзгеруі арқылы ұғынысуы сияқты қаншама кеп белгілер бар. Тіптен дене мүшелерінің (қолдың, аяқтың, иықтың т.б.) әртүрлі қимыл-әрекетінің өзін неше саққа жүгіртуге болады.

Ауладан естілген қатты айқай немесе есікке берілген қоңырау, соны ести сала екінші адамның оған қарсы әрекет жасауы (далаға жүгіріп шығуы, не есікті ашуға ұмтылуы) бұл да белгілі бір әрекетті, қабылдап-түсінуді қажет ететін құбылыстар.

Қарым-қатынастың жоғарыда айтылған үлгілерінің барлығы өмірден, қоғамнан тыс бола алмайды. Мұндай қарым-қатынастар адам үшін қызмет етеді, адамдардың өзара түсіністігіне жол ашады. Сондықтан олар да адамдардың қарым-қатынасына, байланысына жатады. Өмірдегі мұндай ұғынысу, түсінісу тілсіз қарым-қатынас деп аталады.

Тілсіз қарым-қатынаста түсінісудің бәрі тілдік тұлғалардың (сөз, сөйлем т.б.) қатысынсыз жүреді. Мұнда тіл қатынас құралы ретінде қызмет атқармайды.

Дегенмен, тілсіз қатынас пен оның түрлері қоғамда да, өмірде де өзіндік орын алады. Бұлар адамдардың қарым-қатынасына қызмет ете келіп, түсінісудің қарапайым жолы болып табылады.

Жалпы адамдардың қарым-қатынасына қатысты әрекеттер екі үлкен тармақтан тұрады. Оның бірі – тілдік қатынас, екіншісі – тілсіз қатынас. Тілдік қатынас пен тілсіз қатынастың ұқсастықтары да, айырмашылықтары да бар. Бұл қатынастардың сәйкес жақтары: олардың екеуі де, біріншіден, адамдардың бір-бірімен байланысын қамтамасыз етеді, яғни адамдар арасындағы қатынасқа қызмет етеді.

Екіншіден, тілдік қатынаста да, тілсіз қатынаста да белгілі бір дерек, ой, мағлұмат хабарланады, бірақ тілсіз қатынаста хабар шартты түрде болуы мүмкін.

Үшіншіден, тілдік, тілсіз қатынас та адамдардың өзара түсінісуіне жол ашады. Ұғынысу тікелей жолмен емес, сырттай болуы да мүмкін, бәрібір адамның белгілі-бір хабарды ұғып, соған қатысты іс-әрекет жасауына мүмкіндік туады. Алайда тілдік қатынас адамдардың бір бірімен ұғынысуында, ойын еркін, толық жеткізуінде ерекше қызмет атқарады. Оның осы ерекшелігіне ғалымдар баса көңіл аударады. Мәселен, Г.В. Колшанский: «Языковая коммуникация – это прежде всего общение с помощью языка в целях установления взаимопонимания» [15, 18 б.], – деп, тілдік қатынасты өзара түсінісудің тіл арқылы берілу тәсілі дей отырып, бұл процесті сөйлеуге қатысты қарым-қатынаспен байланыстырады: «…это способ передачи мысли посредством языка, объективируемый в форме речевого акта – этого элементарного звена речевого общения» [16, 11 б.].

Тілдік қатынас тілсіз қатынастан әлдеқайда күрделі және өзгеше. Сондықтан да тіл білімі – адамдардың қарым-қатынас құралы тіл туралы және сол қарым-қатынасқа негіз болатын тілдік қатынас туралы ғылым.

Лингвистикадағы тілдік қатынас мәселесін жан-жақты қарастырып, белгілі бір тұжырымға келген автордың бірі – Э.П. Шубин.

Э.П. Шубин шет тілдерін оқытудың қағидалары мен әдістемелерін сөз ете отырып, жалпы тілдік қатынастың құрамын, олардың атқаратын қызметін, оқытудың мақсаты мен мазмұнын, тілдік құралдарды анықтауға тырысады. Оның бұл проблемаға қатысты өзіндік пікірлері бар. Ол көзқарастардың ұтымды жақтары да, субъективтік жақтары да кездеседі.

Э.П. Шубин тілдік қатынасты хабармен алмасудың тұтас жиынтығы дей келіп, негізінен, тілдің дыбыстық жүйесі мен таңбалық ерекшелігіне көңіл аударады:

«Естественно было бы назвать языковую коммуникацию как комплекс явлений, связанных с обменом информаңией между людьми через посредство универсальной системы звуковых или графических знаков, именуемой языком» [17, 11 б.].

Тілдің таңбалық қасиетімен қатар автор хабардың берілуі мен қабылдау түрлеріне, оны жеткізуші шарттарға ерекше көңіл бөледі. Ол бір объектіден шыққан хабар (информация) екінші объектіде қабылдану үшін, олардың арасында хабарды жеткізетін көмекші құралдардың (посредниктің) болатынын айтады:

«В примитивной языковой общине все коммуникативные явления сводились к передаче и приему звуковых сообщений. Но в обществе, имеющем письменность и взаимодействующем с другими языковыми коллективами, обмен информацией между коммуникантами нередко осложняется наличием своеобразных «посредников», выполняющих особые вспомогательные коммуникативные операции» [17, 13 б.].

Тілдік қатынастың осындай ерекшеліктерін атап оте келіп, Э.П. Шубин оның (тілдік қатынастың) тілсіз қатынастан екі түрлі айырмашылығы бар деп есептейді.

Біріншіден, тілдік қатынас әмбебап, яғни жан-жақты, өйткені ол адамдардың барлық саналық және физикалық әрекеттеріне қызмет етеді.

Екіншіден, тілдік қатынас бірінші пайда болады, яғни алғашқы кезеңде тұрады, өйткені оған адамның ойлау қабілеті негіз болады. Бұны ғалымның өз сөзімен келтірейік: «Во-первых, языковая коммуникация универсальна, поскольку она обслуживает все сферы умственной и физической деятельности людей, неязыковая же коммуникация используется либо в специальных ситуациях, либо как вспомогательная по отношению кязыковой. Во-вторых, языковая коммуникация первична, поскольку на ней базируется само мышление человека; трудно представить себе такой вид неязыковой коммуникации, который осуществлялся бы без психологического вмешательства знаков языка (точнее их образов)» [18, 14 б.].

Э.П. Шубин айтып отырған тілдік қатынас бүкіл хабардың тұтас жиынтығы деген анықтамамен келісуге болады. Бірақ мәселенің негізі мынада: тілдік қатынас жалпы хабардың, ақпараттың тұтас жиынтығынан тұратын болса, онда хабардың тұтас (комплексті) жиынтығы неден кұралады, оның басты құрамы қандай деген сауалды шешуге тура келеді.

Бұл ретте тілдік қарым-қатынасты жүзеге асырушы хабарға қатысты барлық құрамды бөліктер жеке-жеке жіктеле келіп, олардың әрқайсысының өзіндік қызметі анықталуы тиіс.

Ең алдымен, ерекше орын алатын тілдік қатынастың негізгі мазмұны, мәні, мағынасы болып табылатын – хабарды іс жүзіне асырушылар; хабарға тікелей қатысушылар. Олар мынадай құрамнан тұрады:

  1. Белгілі бір ақпаратты, деректі хабарлайтын – Баяншы.
  2. Ақпаратты жеткізетін – Тұлғалар.
  3. Ақпаратты не деректі – Қабылдаушы.

Баяншы – сыртқы объективтік әсерді, өмірді сезінуден, пайымдаудан туған санадағы ойды түрлі тілдік амал-құралдардың, тұлғалардың көмегімен екінші біреуге баяндауды, хабарлауды жүзеге асыру үшін тілдік байланысқа қатысушы, тілдік қарым-қатынасқа түсуші.

Тұлғалар – хабарлаушыдан шыққан дерек туралы басқа адамның санасында ұғым тудыратын, оған ақпараттың түсінікті болуын қамтамасыз ететін, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа байланысшы ретінде қызмет атқаратын қатысымдық бірліктер.

Қабылдаушы – белгілі бір хабарды қабылдап алып, оның мәнін тілдік тұлғалар арқылы түсініп, ой мен пайымдау арқылы өз санасына өткізіп ұғынудың нәтижесінде тілдік қатынасты ары қарай іске асырушы.

Баяншыға да, қабылдаушыға да бәріне ортақ әрекет байланыс, қатынас. Ал байланыс, тілдік қатынас тіл арқылы жүзеге асады. Адамдар арасындағы өзара байланыс болмаса, сөйлесім әрекеті де жүзеге аспайды. Байланыс – тілдік қатынастың негізін жасайтын, оны іске асырушы өзек, адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынастың қажетті шарты.

Баяндау мен қабылдау үрдістері тілдік қатынастьщ барлығына тән. Бірақ лингвист-ғалымдар оларды қарапайым күнделікті сөздермен атаудан гөрі, лингвистикалық терминдермен атауды жөн көреді. Дегенмен, бұл терминдердің өзі тіл ғылымында біркелкі емес. Зерттеуші ғалымдар тілдік қарым-қатынастағы хабарлауды, яғни хабар беруді — трансмиссия, ал қабылдауды – рецепция деп атайды. Осыған орай хабар берушіні – трансмиссор, хабар қабыддаушыны – рецептив дейді. Сонымен қоса, алғашқы – хабарлауға қатысты құбылыстарды – трансмиссивті (трансмиссивные) немесе продуктивті (продуктивные); ал қабылдауға қатысты құбылыстарды – рецептивті (рецептивные) деп көрсетеді. Олардың айтуынша хабар (Р) трансмиссордан (Т) шығады да, реципиентке (К) жетеді [17, 14 б.].

Қазақ тіл білімінде тілдік қатынасқа қатысты терминдер қалыптаспағанын ескеріп, бұл ұғымдарды беру үшін төмендегі терминдерді қолданған дұрыс деп таптық. Олар: баяншы, хабар, тұлға, қабылдаушы. Сонда тілдік қатынас жүзеге асу үшін Баяншыдан (Б) шыққан Хабар (X) Тұлғалар (Т) арқылы Қабылдаушыға (Қ) келіп, одан ары қайтадан байланысқа түсіп, тілдік айналымда адамдардың бір-бірімен түсіністігін іс жүзіне асырады.

Мұны өрнек түрінде былай көрсетуге болады:

Б Баяншы

 

Т Тұлғалар

 

Қ

Қабылдаушы

 

 

 

 

 

 

 

 

 
   

 

 

 

 

 

 

 

Шынтуайтқа келгеңде, басты мәселе мынада: баяншыдан (Б) шыққан хабар (X) қатысымдық тұлғалар (Т) арқылы қабылдаушыға (Қ) дұрыс жету керек. Ол ауызша болсын, жазбаша болсын жүзеге аса береді: тек жазбаша түрде болса, онда арада көп уақыт өтуі мүмкін. Өйткені әр түрлі жағдайларға байланысты хабардың бірден жеткізілмеуі, немесе тоқтап тұруы, немесе бірнеше үзікпен берілуі мүмкін т.б.

Тілді зерттеуші ғалымдар тілдік қатынас құбылысына байланысты үш кезеңді атап өтеді, олар мыналар:

  1. Хабардың дұрыс айтылуы, шығуы. Мұнда синтаксистік заңдылықтар, грамматикалық единицалардың тізбегі, дыбысталуы ерекше рөл атқарады.
  2. Айтылуға тиісті мазмұнның дұрыс жеткізілуі, айтылар ой мен жеткізетін тілдік құралдың сәйкестігі. Мұнда семантикалық заңдылықтарға назар аударылады.
  3. Әңгімелесуші – екінші адамның хабарды дұрыс қабылдауы. Е.И. Пассов осы үш кезеңді баяндай келіп, тілдік қатынастың толық жүзеге асуы үшін ең бастысы – үшінші кезең, алдыңғы екі кезең тілдік қарым-қатынасты
    іске асырмайды, бірақ өкінішке орай тілдік қатынаста біз осы үшінші кезеңге жете бермейміз, яғни қарым-қатынаста бірінші және екінші кезеңдерде тоқтап қалып қоямыз деп көрсетеді [19, 8 б.].

Біздің пікірімізше, тілдік қатынас – жалпы адамзаттың ойына, ойлау жүйесіне тікелей байланысты құбылыс. Ол, ең алдымен, сыртқы объективті шындықты қабылдаудан, жеткізейін деген хабарды пайымдаудан туады.

Сондықтан тілдік қатынас жоғарыдағы тілші ғалымдардың атап өткенінен басқа да бірнеше кезеңнен тұрады. Олар мыналар:

  1. Хабардың пайда болуы.

Тілдік қатынасты жүзеге асыратын сөйлеу әрекетіне қажетті ең бірінші фактор – сыртқы дүниенің адам санасына әсер етуі, сол әсердің нәтижесінде мида ойдың қорытылуы, хабардың пайда болуы.

  1. Хабардың сыртқа шығуы.

Санадағы тұжырымдалған пайымдаудың, ойдың, ұғымның, хабардың тіл арқылы, тілдік тұлғалар арқылы айтылуы, яғни сыртқа шығуы. Хабардың сыртқа шығуына айрықша қызмет ететін – адамның сөйлеу мүшелері. Дыбыстау мүшелері немесе сөйлеу аппараты тек адамзатқа ғана тән ерекше құбылыс екені осы процестен де көрінеді.

  1. Хабардың жеткізілуі.

Айтылуға тиісті хабардың (сөйлем, диалог, монолог) сыртқа шығумен, дыбысталумен ғана шектеліп қоймай, келесі адамға, субъектіге жеткізілуі. Ол ауызша да, жазбаша да болуы мүмкін. Хабар жеткізілмей қалып қойса, қарым-қатынас, яғни түсінісу, ұғынысу болмайды. Демек, бұл әрекеттің де өзіндік алатын орны мен маңызы зор.

  1. Хабардың қабылдануы.

(сөйлеу әрекетіндегі келесі саты – жеткізілген хабардың қабылдануы. Қабылдау әрекетінде қосымша жұмыс атқаратын бірнеше фактор бар (мәселен, есту, көру, оқу, тыңдау, ойлау), бірақ ең бастысы – келген хабарды түсіну, яғни қабылдап алу.

  1. Хабардың жауабы.

Тілдік қарым-қатынас болу үшін, хабарды қабылдап алумен ғана шектелу біржақты процесс болып қалады, енді тілдік қатынас жүзеге асу үшін, қабылданған хабарға кеңіл пудару, яғни оны сарапқа салу, бағалау, түсіну, сосын жауап қату шарт. Яғни түсіну арқылы оған жауап қайтару қажеттігі туады. Сөйтіп, хабар жаңарып, келесі сатыға етеді, яғни жаңа хабар шыгады. Сонымен, хабар жауапқа ие болып, жаңа қарым-қатынасқа жол ашылады.

Бұдан шығатын қорытынды: тілдік қатынаста ХАБАР (ақпарат, мәлімет, дерек т.б.) маңызды рөл атқарады.

Енді осы хабар қалай берілетініне көңіл бөлу қажет. Тілдік қатынас тілдің дыбысталу (естілу) және таңбалану (жазылу) жүйелері арқылы жүзеге асады. Яғни, тілдік қатынас құбылысы тілдің таңбалық жүйесі мен сөздердің және сөйлемдердің айтылу заңдылықтарына тікелей байланысты. Бұл ретте тілдік тұлғалардың дыбыс арқылы айтылуы да, әріп арқылы таңбалануы да тілдік қатынаста бірдей маңызды қызмет атқарады.

Тілдік қатынастың дыбыс арқылы айтылуы және әріп арқылы таңбалануы лингвистикада ауызша және жазбаша тілдік қатынастар деп те айтылады. Осы тұрғыдан келгенде, тілдік қатынасты дыбыстық және графикалық таңбалардың әмбебап жүйесі деп танысақ, онда тілдің таңбалар жүйесі тілдік қатынастың жазбаша түрі болады да, тілдің дыбысталу жүйесі тілдік қатынастың ауызша түрі болып табылады. Тілдік таңбалар жазылу арқылы кезге көрінеді, ал дыбысталу (немесе айтылуы) арқылы естіледі. Бұл екеуі де тілдік қатынастың жүзеге асуы үшін қызмет етеді.

Ауызша қатынас адамдардың бір-бірімен тікелей қарым-қатынасы нәтижесінде іске аса келіп, белгілі бір хабардың дыбысталуы (естілуі) арқылы сыртқа шығады. Адамдардың арасындағы ауызша тілдік қатынас – өте ертеден пайда болып, қоғаммен бірге өмір сүріп келе жатқан құбылыс.

Ауызша қатынас – ойдың тіл арқылы сыртқа шығуы, ол тілдік тұлғалардың сөзге, сөйлемге айналып, дыбысталуы арқасында жүзеге асады.

Ауызша тілдік қатынаста басты рөл атқаратын – адамның сөйлеу мүшелері, дыбыстау мүшелері (ерін, тіл, тіс, мүрын, дауыс шымылдығы т.б.) жиі қозғалып, еркін жүмыс істеу арқылы қатысымдық тұлғалардың айтылып, естілуіне мүмкіндік жасайды.

Бұл – сөйлесім әрекетінің іске асуының алғашқы кезеңі болып табылады.

Ауызша тілдік қатынас адамның сөйлеу қабілетіне қарай өзгеріп отырады және мұнда тілдік қатынастың әр түрлі қызметі (эмоциялық, экспрессивтік, байланыстырушылықт.б.) іске асады. Бұл ретте дауыс ырғағының мәні ерекше.

Жазбаша қатынас тілдік тұлғалардың таңбалық қасиетімен байланысты бола келіп, адамдардың бір-бірімен тікелей араласуын аса қажет етпейді.

Жазбаша қатынаста тілдік тұлғалардың естілуінен гөрі, көзге көрінуі басым рөл атқарады. Мұндай қарым-қатынас таңбалардың жүйесі арқылы іске асады, оны адам өз бетінше өзгерте алмайды.

Жазбаша тілдік қатынаста басты рөл атқаратын – тілдік тұлғалардың таңбалық көрінісі. Жазбаша тілдік қатынас (ТҚ) – ауызша тілдік қарым-қатынастан (ТҚ) кейін пайда болған құбылыс.

Ауызша ТҚ пен жазбаша ТҚ айырмашылықтарын қадағалай отырып, оларды дыбыстық ТҚ (дыбысталу нәтижесінде болатын) және таңбалық ТҚ (әріптермен таңбаланудан болатын) деп те атауға болады.

Сонымен, ауызша тілдік қатынас дыбыстала келіп, сөйлеу арқылы іске асады және тындалады. Жазбаша тілдік қатынас таңбалана келіп, жазбаша жүзеге асады және оқылады. Осы айтылғандарды өрнек түрінде берсек, төмендегідей болады:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               
               

 

 

 

 

 

 

 

Ауызша тілдік қатынас пен жазбаша тілдік өзара тығыз байланысты бола келіп, біреуі екіншісіне ұласады.

Тілдік қатынасқа негіз болатын адамның ойлау қабілеті, осы ерекшелігімен ол тілсіз қатынастан ажыратылады. Ойлаусыз тілдік қатынас жоқ. Ойлау тілдік қатынастың тірегі ғана емес, ол – бүкіл сөйлеу әрекетімен емір сүретін адамзаттың болмысы. Ойлау мен сана, тіл мен сөйлеу – бір-бірінен ажырамас жүйелі құбылыстар.

Тілдік қатынас, сөз жоқ, ойлау мен сөйлеудің бірлігінен тұрады. Өйткені тіл-ойдың көрінісі, адам ойын тіл арқылы, яғни сөйлеу арқылы жеткізеді. Тілдік қатынастың негізі – тіл.

Сонымен, тілдік қатынас – адамдарға тән ойлау мен сөйлесім үрдісінің белгілі бір қоғамдық қатынаста тіл арқылы жарыққа шыққан көрінісі.

Тілдік қатынастың басты ерекшелігі: ол үздіксіз қозғалыста болатын қатынас құралы тілдің санамен бірлігі арқасында жүзеге асады және тек адамзатқа ғана тән болып табылады.

Қандай болсын тілдік қатынасқа кем дегенде екі байланысты қатысады. Олардың біреуі хабарлайды, екіншісі қабылдайды, немесе біреуі хабарды айтып, не жазыгі жібереді, екіншісі хабарды алады. Бұл екі процестің екеуі де сөйлесім әрекеті арқылы болады; есту мүшесінің актив қызметі арқылы жүзеге асады; кезбен керу арқылы қабылданады. Екіншіден, тілдік қатынас адамдардың қарым-қатынас құралы тіл арқылы жүзеге аса келіп, бір адамға ғана емес, жалпы адамзатқа, қоғамға қызмет етеді. Яғни, ол – қоғамның өзі туғызған, оның әлеуметтік қажеттігін өтейтін күрделі құбылыс.

Үшіншіден, тілдік қатынас адамның қоғамдағы орнын бекітеді. Ол қоғамдық қарым-қатынастың негізін сала келіп, адамның әлеуметтік рөлін кеңейтеді және қоғамдық-әлеуметтік пікірлесудің дамуына жол ашады. Сөйтіп, адамдар арасындағы қоғамдық қарым-қатынастың қалыптасуына әсер етеді. Адам мен адам тілдік қарым-қатынасқа түсу арқылы қоғамдық ортаны игереді.

Төртіншіден, тілдік қарым-қатынас – адамзатпен қатар пайда болған табиғи процесс. Себебі, адам тілді тікелей өзі өзгерте алмайды, өзі қолдан жасай алмайды, адам тек тілдік заңдылықтарды зерттей алады.

Бесіншіден, тіл – бүкіл қоғамдық-әлеуметгік құбылыстардың ең күрделісі, ол – кішіден бастап үлкенге дейінгі, ұсақган бастап іріге дейінгі әрекетгердің жүзеге асуын қамтамасыз ететін құрал. Осы қоғамдық қатынастарды тіл жүзеге асырып қана қоймайды, оған бағыт сілтейді, жол ашады. Соңдықтан да ол барлық қоғамдық үрдістердің іске асу көзі болып табылады.

Алтыншыдан, тілдік қатынас әлеумегтік идеялардың жүзеге асуына әсер ете келіп, бүтіндей қоғамның қалыптасуына қызмет етеді. Ол барлық саяси топтардың байланыстырушы құралы бола отырып, өзі де қоғамдық-әлеуметтік құбылысқа жатады.

Қорыта келгеңде, тілдік қатынас (ТҚ) – ойлау мен сөйлеудің қатысы арқылы тілдік тұлғалардың таңбалық жүйесі мен дыбысталу қасиеті нәтижесінде жүзеге асатын, қатысымдық тұлғалардың семантикалық бірлігі мен байланысу заңдылықтары арқылы берілетін, адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін, тек адамзатқа ғана тән күрделі тілдік қоғамдық-әлеуметтік процесс.

Тілдік қатынас ең кем дегенде екі адамның қатысы арқылы жүзеге асады деген пікір жоғарыда айтылған. Оны тілдік қатынасты зерттеуші ғалымдардың көпшілігі атап өтеді.

 

1.2 Қарым-қатынастағы сөйлеу әрекеті

 

Қазіргі танда қарым-қатынас процестерін тіл мамандары мен психологтар, мәдениеттанушылар ұлттар мен ұлыстардың арасындағы өзара байланыс пен әр этностың өзіндік белгілері мен сипаттарын зерттеуге әрекет жасауда. Кез келген ұлттың этно-мәдени ерекшеліктері коммуникация процесі және сөйлеу әрекетінде байқалатындықтан, қарым-қатынас феномені өзекті бағыттардын бірі болып, жан-жақты қарастырылады.

 Тіл білімінде де коммуникация процессі және оның әлеуметтік-мәдени жақтарын қарастыру ең көкейкесті мәселелердің бірі.

Коммуникативтік акт дегеніміз – белгілі бір ойды баяндау және хабар алмасу, оған кем дегенде екі адам, яғни, хабарлаушы мен қабылдаушы қатысады. Қарым-қатынас процесінің төрт құрамдас бөлігі болуы шарт, олар – сөйлеуші, тындаушы, тіл және талқылау тақырыбы. Сөйлеу әрекетің негізгі құралы ретінде тілді қолданатын, өзінің белгілі бір себебі, мақсаты және нәтижесі бар құбылыс. Карым-қатынастың мақсаты мен өтіп отырған орнына, коммуниканттардың саны мен айқындамаларына байланысты қатынастың бірнеше түрі белгіленген. Қатынастың кез келген түрінде коммуниканттар белгілі ережелер жүйесіне сүйеніп, бір-бірімен араласады. Сөйлеу мәдениетінде сөйлеуші мен тыңдаушыға қатысты жүріс-тұрыс қағидалары калыптасқан. Олардың көбі әдептілік және сыпайылық, мәдениеттілік пен қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстай білу үғымдарымен тығыз байланысты.

Коммуникация (лат. communicatio – ортақ жасаймын, байланыстырамын, қатынасамын) – ортақ тілдік қатынас; информацияны, хабарды тарату.

Коммуникация адамдар арасындағы танымдық еңбек процесінде көрінетін ерекше қатынас құралы. Н.Хомскийдің ізін ала 1969 ж. Коммуникация адамдар арасындағы қатынас ретінде айқындалады. Коммуникация төмендегі белгілері бойынша сипатталады: а) әлеуметтік қатынас формасы болып табылады; б) қатынасушылар арасында Коммуникация мазмұнды прагматикалық единица болып табылатын коммуникативтік Сөйлеу актілердің көмегімен жүзеге асады; в) әрқашан мақсатты бағдарға ие, ол – нәтижелі; г) әрқашан экстралингвистикалық және лингвистикалық тұрғыда контекске бейім; д) әр түрлі “шулар” мен шектеулерге ұшырайды. Коммуникацияның единицасы – Коммуникативтік Сөйлеу актісі болып табылады [1].

Тіл білімі сөздігінде «Коммуникативтік Сөйлеу актісі» төмендегідей анықталады:  Коммуникативтік Сөйлеу актісі (лат. communicatio – хабарласатын, біріктірілетін + лат. actіs – қимыл, әрекет) – Коммуникацияның единицасы коммуникативтік сөйлеу актісі хабарды жіберуші (Сөйлеуші, жазушы) өзінің мәліметін мәтінге кодпен жазады да қабылдаушыға (тыңдаушы, оқушы) арнайы байланыс жолы арқылы бағыттайды. Ал тыңдаушы кодпен жазылған мәтіннің мазмұнын анықтап, оқиды. Коммуникативтік актіні жасау үшін қатысушының екі жағы да сөздік және грамматика кодын (тілін) пайдалана білуі керек. Сол сияқты сөйлемнің синтез бен анализ ережелерін, кодпен жазу немесе оны оқу ережелерін қолдануы қажет (қара. Сөйлеу акті, Сөйлеу акті теориясы, Коммуникация) [1].

Бәрімізге белгілі, қарым-қатынас процесіне экстралингвистикалық  (эктра – лат. үстінде), факторлар әсер етеді, демек, күнделікті өмірде адамдардың сөйлеу әрекетіне этностың салт-дәстүрлері мен ырымдары, наным-сенімдері, әдет-ғұрыптары ықпалын тигізіп отырады.

Осыған орай  тілдің нормалау мәселелерін оның жетілу тұрғысынан зерттейтін тіл білмінің бір саласы – тіл мәдениеті деп саналады.

Тіл мәдениеті – әдеби ауызша және жазбаша тіл нормаларын еркін меңгеру. 

Тілдің тіл саясатының биік ұғымы, барлық мәні оның қолдануында. Тіл мәдениетінің деңгейі, оның зерттелуі әрі қоғамдық қызметі арқылы көрінеді.

Тіл – қоғам өмірінің объективті құбылысы, ол бүкіл халық үшін бірдей және адамдар білген құбылыстардың алуан түрін түгел қамтиды.

«Тіл – қоғамдық құбылыс» деген тезисті ұсынбағанмен, тілдің қоғам өмірімен байланыстылығы, қоғамдағы орны, ролі деген мәселелермен ХІХ В.Гумбольдт еңбектері кейініректе  туған лннгвистикалық  мектептердің тілдің әлеуметтік сипатына ерекше мән берулеріне түрткі болды. Бұл мәселеге Н.Я.Марр да ерекше мән берді.

Жалпы тілді халықтың жан дүниесімен, ой-санасымен, тарихы мен мәдениетімен тығыз байланыста қарау В.Фон Гумбольдт, И.Гердер, Г.Пауль, В.Вундт, Г.Штейнталь, Э.Сепир, Б.Уорф, А.Потебня т.б. ғалымдардың есімдерімен байланыстырылады.

Қазақ зиялылары: А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Балақаев, К.Аханов, Т.Қордабаев, Ы.Маманов, Н.Уәлиев, Р.Сыздықова, А.Жапбаров, Ә.Болғанбаев, С.Исаев, А.Ысқақов, Р.Әміров, Қ.Жұбанов т.б. ғалымдардың еңбектерінде «тіл» ұғымының сан қырлы жағына тоқталады. Тіл табиғатының қыр-сырына терең жан-жақты үңілу – ғалым А.Байтұрсынұлынан бастау алып, Қ.Жұбанов зерттеулерімен өз жалғасын тапқан.

Ал, «Мәдениет» деген түсінікке тоқталатын болсақ, мәдениет – деген ұғымға беті-қолын жуғаннан бастап, адамзат ақыл-ойының қазіргі жеткен ең соңғы биігіне дейінгі барлық ұғым енеді, – деп М.И.Калинин атап көрсетеді.
Мәдениет, оқу-ағарту, ғылым, өнер т.б. рухани өмір табыстарының жиынтығы, – дейді тілші-ғалым М.Балақаев өзінің «Қазақ тілінің мәдениеті» атты еңбегінде [20, 10 б.].

Мәдениет туралы түсінікке де әр ғалым әр түрлі анықтама береді. Қарап отырсақ, мәдениеттің өзі екіге бөлінеді екен. Материалдық және рухани мәдениет. Соның ішінде тіл мәдениеті рухани мәдениетке жатады. Ендігі жерде тіл мәдениеті сөз болмақ.

Тіл мәдениеті оқушылардың тілін ұстарту міндетін жүзеге асырудың амал-тәсілдерін көрсетеді. Тіл мәдениетіне тән нормалар оқушылардың таза, нақты, лайықты әдеби тілмен сөйлеуге, диалект сөздер мен дөрекі сөздерді қолданбауға, сөйлеген сөздері жатық, әсерлі, түсінікті болуын қадағалайды. Сонымен қатар, олардың мәнерлеп оқуын, сондай-ақ өз ойларын логикалық тұрғыдан байланыстыра, жүйелі жазу дағдыларын қальштастыруға тиіс.
Осы мәселені зерттеу тақырыбы ретінде ала отырып, алдымен тіл мәдениеті дегеніміз не деген сұраққа жауап іздедік. М.Балақаевтың жоғарыдағы мәдениет туралы айтқан анықтамасын ары қарай тіл мәдениетімен жалғастырсақ ол өз ойын былайша көрсетеді: «Тіл мәдениеті дегеніміз – тілдік тәсілдердің ширау, жетілу дәрежесі. Сонымен қатар, ол тіл жұмсаудағы ізеттілік, сауаттылық қана емес, тілдік тәсілдерді, фонетикалық, орфографиялық, орфоэпиялық, морфологиялық, синтаксистік, стильдік құбылыстарды ұқыпты, дұрыс қолдану дағдысы» [20, 17 б.].

«Тіл мәдениеті дегеніміз – сөйлеудегі, жазудағы сыпайылық, ізеттілік қана емес, сонымен қатар айқын ойлылық, сөзді дәл айыру шеберлігі, сөйлеу өнеріне шыныққандық», – деп анықтама береді Н.Уәлиев өзінің «Сөз мәдениеті» атты еңбегінде.

Ал тілші-ғалым Р. Сыздықова: «Тіл мәдениеті дегеніміз – сөздерді дұрыс орнымен қолдану (лексикалық), дұрыс құрастыру (синтаксистік), дұрыс қиюластыру (морфологиялық), дұрыс дыбыстау (орфоэпиялық), сауатты жазу (орфографиялық), тілді әсерлі етіп жұмсау(лингвостилистикалық) нормаларын ұстану, орнықтыру, жетілдіру», – дейді [21,24-25].

«Тіл мәдениеті» негізінен «Сөз мәдениеті», «Сөзді орынды қолдану» деген ұғымды білдіреді. Өйткені, тіл мәдениетінің негізгі зерттейтін объектісі – сөз,  сөздің дұрыс айтылуы, дұрыс жазылуы, дұрыс қолданылуы, сол арқылы ойдың айқын, әсерлі жетуі, екі ұштылықтың, күңгірттіктің болмауы. Соған орай тіл мәдениеті ғылымын үлкен екі салаға: ауызша сөйлеу мәдениеті, сөз қолдану мәдениеті деп бөлуге болады.

Сондықтан сөйлеу мәдениетіне байланысты өтілетін практикалық сабақтарда ауызша сөйлеу тілінің ерекшеліктеріне көп көңіл бөлініп, қателерді тіл фактілері негізінде талдап, сырын ашып көрсетудің пайдасы зор.

Тіл байлығы – сөз байлығы. Ал сөз байлығы әр адамның лексикасындағы қолданылатын сөздердің санымен байланысты болғанымен, негізгі байлық – ой байлығы, сол сөздерді қиюластырып, әсем де әсерлі ой мұнарасын қалай білуде. Себебі сөзді көп біліп, бірақ оны орынды, ойлы, образды жұмсай алмасаң, одан не пайда? Ал сөзге көп мағына сыйғызып, әр сөздің парын, мән-мазмұнын, стильдік бояуын дөп басып беру ойлау қабілетімен, оның шығармашылық сипатымен ұштасып жатады. Ал ой байлығына жету үшін тіл дамуының кешегісі мен бүгінгісін, лексикалық қабаттын баю, толығу жолдарын, тілде пайда болған жаңа құбылыстардың өміршеңдігін, бір сөзбен айтқанда, тілдің ішкі, сыртқы мүмкіншілігін жақсы меңгеріп, оған қамқорлықпен, жанашыр көзбен қадағалап отыру керек.

Сөз қолдану мәдениетін арттыратын негізгі шаралардың бірі – тіл тазалығы. Тіл тазалығы дегенде, ойымыздың, сөзіміздің бөтен, бөгде элементтермен шұбарланбауын талап етеміз. Әрине, бөтен тілден сөз алмай, таза ана тілі материалының негізінде ғана өмір сүретін әдеби тіл деген болмайды. Көркем шығарманы, сондай-ақ, әдеби нормадан ешбір ауытқымай, бөтен тілдік элементтерді қоспай, сірестіріп, «таза әдеби» тілде де жаза беруге болмайды. Өйткені, көркемсөз шеберлері оқырмаңдарына өмірдің өзі көтерген саласын жан-жақты көрсету, олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын арттыру мақсатын көздейді.

Қандай адам болмасын, ой-өрісінің, білімінің, мәдениеті мен рухани дүниесінің қаншалықты екені оның жазған жазуынан, сөйлеген сөзінен де байқалды. «Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарап кісіні ал», – деп ұлы Абай тегін айтпаған. Ана тілінің мол байлығын игерген, құдіретіне түсінген, күшіне тағзым етіп, бас иген адам өзіне де, өзгеге де талап қоя алады, сөзді қалай болса солай қолдануға жол бермейді. Сөз мәдениеті мен өз мәдениетін қатар ұстап, екеуін бірге әлпештеп, қамқор болса, ана тіліне деген сүйіспеншілігі арта түсері даусыз.

Тіл мәдениті жөніндегі теориялық және практикалық пікірлерді дамытушылардың бірі – И.И.Срезневский. Ол тілді оқушының ойлау дағдысымен тікелей байлансытыра отырып, баланы қысқа әңгімелер түріндегі жаттығу жұмыстарына бейімдеу пайдалы дей келіп, «Важен для приучения отличать более важное от менее важного и неважного вникать в те основы слов и выражений которыми изображаются основные мысли … как безотносительно к форме, в которой та или другая мысль выражается так, и с объяснением самой форм выражении, чтобы заставить детский ум оценить форму», – деп балалардың жұмыстарында, сондай-ақ ауызекі сөйлеу тілінде синонимдерді барынша кеңінен қолдану қажеттігін айтты.[22, 144 б.]

Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді талдау барысында бұл мәселені көптеген ғалымдар зерттеп-қарастырғаны  белгілі  болды.   Солардың  ішінен педагогикалық  сөздікте берілген   мынадай   анықтама   көңілімізден   шықты:   «Оқушылардың   тіл мәдениеті – оқыту  үрдісі мен адамдардың тілдік қарым-қатынасы негізінде жазбаша және ауызша тілді игеру деңгейі. Оған тілдің мағыналылығы, ойлылығы, байлығы, көркемдігі мен жалпытілдік нормалардың сақталуы тән»[23, 263 б.]. Ал бұл мәселені жан-жақты зерттеген Л.И.Ожегов: «Тіл мәдениеті – бұл өзінің ойын дұрыс, дәл және мәнерлі жеткізе алу білігі. Дұрыс сөз дегеніміз әдеби тіл нормасы сақталған сөз. Тілдің нормасы – бұл  коғамдық сөйлеу тілі тәжірибесінде қабылданған жалпы тілдік сөйлеу, грамматика, сөз қолдану ережесі. Ойын жеткізуде дәл әдіс таба білу ғана емес, сондай-ақ орынды сөйлеу» – деп тұжырымдайды [24, 287 б.].

Тіл мәдениеті ұғымына Қазақ Совет энциклопедиясында мынадай анықтама берілген: «Тіл мәдениеті – кісінің бойындағы мәдени қасиеттердің бірі, қоғамдық мәдениеттің бір компоненті. Тіл мәдениеті ауызекі тілдің орфоэпиялық нормасын, сөз қолдану, сөздерді тіркестіру заңдылықтарын, сөйлем құрау ерекшеліктерін дұрыс пайдалану және жазба тілде емлеге, тыныс белгілерін қолдануға байланысты ерекшкліктерді толық сақтап, сауатты жазу мәселелерін де қарастырады.» [11, 261б.].

Ал педагогикалық энциклопедияда «Культура речи 1. В теоретическом плане – раздел филологии изучающий речевую жизнь общества в определенную эпоху и устанавливающий на научной основе правила пользования языком, как основным средством общения людей, орудием формирования и выражения мыслей. 2. В плане практическом – под культурой речи понимается прежде всего нормативность речи, ее правильность, соответствие требованиям, предъявляемым к языку в данном языковом коллективе в определенный исторический период» [23, 58 б.] деп анықтайды.

Оқушылардың тіл мәдениетіне педагогикалық сөздікте төмендегідей анықтама ұсынылады: «Оқушылардың тіл мәдениеті дегеніміз, ғылым негіздеріне оқыту үрдісі мен өзін қоршаған адамдармен тілдік қарым-қатынас негізінде жазбаша және ауызша тілді игеру деңгейі. Ол жалпытілдік норманың сақталуымен, тілдің мазмұндылығымен, ойлылығымен, лексикалық байлылығымен, көркемдігімен әрі мәнерлілігімен сипатталады.»

Жалпы анықтамаларды қарастыра келе, тіл мәдениеті дегеніміз сыпайы, ізетті, сауатты сөйлей білу мен жаза білу және сөзді дәл айта білу, оны орнымен, әсерлі етіп қолдана алу шеберлігі, – деген пікірге тоқталдық. Халықтың ұшан-теңіз сөз байлығының ішінен ең қажетті, ең ұтымды тілдік құралдарды таңдап алып, оларды айтылмақ ой мен мәтіннің мазмұнына, мақсатына сай етіп тіркестіре алу білгірлік пен шеберлікті қажет етеді.
Сонымен, зерттеуші-ғалымдардың берген түрлі анықтамаларын саралай отырып, біз өз зерттеуімізде тіл мәдениеті дегеніміз – оқыту  үрдісінде, отбасында, жалпы адамдардың өзара қарым-қатынасы негізінде жазбаша және ауызша тілді игеру деңгейі. Ойды дұрыс, түсінікті, анық, дәл, әсерлі әрі әдеби тіл нормасын сақтай, тіл тазалығын сақтай жеткізе білу шеберлігін айтамыз. Әр полимәдениетті дамыған жеке тұлғаның ерекше маңызды қасиетінің бірі – тіл мәдениетін игеру. Сондықтан бүгінде жас ұрпактың тіл мәдениетін қалыптастыру мәселесі ерекше орын алып отыр.

Норма (лат. norma – ереже, үлгі) – қоғамда саналы түрде анықталған тілдік ережелер мен құралдардың жиынтығы. Норма әдеби тілдің белгісі. 

Қарым-қатынас процесінің басты ұлттық-мәдени элементі сөйлеу этикеті болып табылады.

Этикет – фр. etiquette – этикетка – затбелгі орысша ярлык – заттың, тауардың атын, санын, шыққан жерін, тағы басқа сипаттарынан мәлімет беретін жапсырма қағаз. Сондай-ақ этикет сөзі «….тәртібі» деген мағынада қолданады.

Этикет – философиялық, этикалық ұғым, адамдардың белгілі бір ортадағы орныққан тәртіпке сәйкес бір-бірімен қарым-қатнас жасаудың ережелері. Адам – қоғамның жемісі. Ол белгілі бір қоғамда, әлеуметтік ортада өмір сүреді. Адамдардың қоғамның өзге мүшелерімен, әлеуметтік ортамен, ұжыммен қарым-қатынасы орныққан этикеттің нормалары арқылы реттеліп отырады. Бұлайша орныққан этикеттің тілдік жағы да бар, тілдік емес жағы да бар. мысалы, жасы кішінің жасы үлкенге жол беруі, әскери адамдардың өзара «сәлемдесуі», тағзым етуі т.б. Ал әдептің тілдік құралар, тілдік амал-тәсілдер арқылы да жүзеге асатындары да бар. Оларды тіл білімінде сөз этикеті деп атайды [25, 14 б].

Сөз этикеті деген ұғым тек сыпайы сөйлеу немесе мәдениетті сөйлеу (айтуға «ұят», мазмұны нашар, дөрекі сөздерді қолданбау т.б.) деген мағынада емес, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа ұйтқы болып реттеп отырудың құралы ретінде тұрақты түрде қоланылатын сөздер, сөз тіркестері, тұрақты сөз орамдары, өзге де тілдік амал-тәсілдер деген мазмұнды аңғартады.

Сөз этикеті жалпы алғанда адамдар (коммуниканттар) арасындағы байланыстың үзілмеуі, реттеліп отыруы, сыпайы түрде жүзеге асуы, сондай-ақ көңіл-күйге жағымды әсер ету үшін жұмсалады. Міне, бұларды бір сөзбен айтқанда сөз этикетінің қызметі деп атауға болады.

Этикет – қоғамдағы моральдық нормалардың шегінен шықпай, емін-еркін, егемен  күйдегі  қарым-қатынастың байыптылығын қамтамасыз етуге негізделеді.

Этикет тек қатысушылар арасындағы қарым-қатынас ретінде ғана болатын жағдайлар. Барлық тәртіп-ұстанымдар коммуникативті болуға тырысады, сол сияқты барлық коммуникативтік тәртіп-ұстанымдар әсіресе белгілі ритуалданған тәртіп түрінде олардың этикеттік  болуға мақсаттары бар.

Б.Х. Бгажнокованың пікірінше: «этикет – это образец, идеал коммуникативного поведения, а культура общения – его реальность».

Сөйлеу этикеті – сөйлеушілердің сөз қатынасын орнатуға және бұлардың әлеуметтік жағдайына сәйкес сыпайы қатынас құруға арналған белгілі бір коммуникативтік стереотиптердің жиынтығы.

Сөйлеу этикеті дегеніміз – коммуниканттардың қатынас орнату, қолдау және доғару қызметтеріне тән, әлеуметтік белгілермен анықталған ұлттық-мәдени ерекшеліктердің жиынтығы.

Сөйлеу этикеті – нақты бір қоғамда, ортада, этноста қабылданған ресми не бейресми жағдайда әңгіме құрушылардың әлеуметтік рөліне сай болатын сұхбаттасу ережелерінің тұрақты жүйесі.

 Сөйлеу этикеті коммуниканттардың жасы, жынысы, қоғам мен отбасындағы орны, лауазымы, мамандығы, тұратын жері т.б. белгілер бойынша реттеуші қызметін атқарады.

Қарым-қатынас актіде тұлғалар әлеуметтік белгілер бойынша «жоғары – тең – төмен» болып жіктіледі.

Схемаға қарайтын болсақ, «жоғары – тең – төмен» градациясын қандай басты белгіліері бойынша жіктеуге болады. Ол схеманың оң жағында көрсетілген.

 

Схема

жоғары                   жасы үлкен                     жас мөлшері, жыныс,  

 

тең                            қатарлас              қоғамда, отбасында алатын орны,              

 

төмен                       кіші                   әлеуметтік мәртебесі, мамандығы 

 

Қазақ этносындағы қарым-қатынас процесінде әлеуметтік белгілірдің ішінде ең негізгісі – жас мөлшері, бұл критерий бойынша коммуниканттарды бір-неше топқа бөліп, әрқайсысының сөйлеу дағдысын қарастыруға болады, жас мөлшеріне қарай байланысты «жасы үлкен – қатарлас – кіші» деп бөлеміз.

Жас ерекшілігіне қарай балалар, жастар, орта буын өкілдері мен үлкен кісілер деп топтастырамыз.

Егер әңгімелесушілердің екі немесе одан да көп сипаттары бір деңгейде болса, коммуникация симметриялы, егер олар елеулі белгі-нышандар бойынша ерекшеленетін болса, қарым-қатынас асимметриялы болғаны. Сөйлеу жағдайларының соңғысында адресат пен адресант бір-біріне бейімделіп, сөйлеу этикетінің ерекше формаларын қолданады.

Қарым-қатынас процесінде әлеуметтік белгілердің ішінде ең негізгілерінің бірі – жас мөлшері, бұл критерий бойынша коммуниканттарды бірнеше топқа бөліп, әрқайсысының сөйлеу дағдысын қарастыруға болады. Жас ерекшелігіне карай коммуникативтік актіге қатысушыларды балалар, жастар, орта буын өкілдері мен үлкен кісілер деп топтастыру мүмкіндігі туды.  Аталған әр топтың өкілдерінің сөйлеу әрекеті әр түрлі екенін байқауға болады.

Жоғарыда сөз болған әлеуметтік және биологиялық белгілер мен рөлдер қарым-қатынас барысында белгілі бір жүйе құрап, сөйлеу этикетінің формаларын қолдануда маңызды қызмет атқарады. Этикет қалыптарын қолдануда негізінен үш фактор коммуниканттардың жынысы, жасы және әлеуметтік мәртебесінің  орны ерекше.

Сонымен, сөйлеу этикеті – ком-муникатавтік актідегі сыпайылық категориясын белгілейтін тілдік форма, қоғамға тән әлеуметтік қатынастарды анықтайтын және халықтың салт-дәстүрімен байланысты бірлік.

Белгілі бір этностың тілінде өтетін қарым-қатынас процесі екінші бір ұлттың тілінде болатын тілдесуге қарағанда өзгеше болатыны мәлім, бұндай өзгешеліктер тілдің ұлттық-мәдени ерекшеліктері деп анықталады және арнайы факторлар жүйесінен құралады. Бүл жүйеге мәдени дәстүрлер және қарым-қатынасға қатысушылардың әлеуметтік белгілері, іс-әрекеттің әртүрлі формаларының өтуі және қоғамда қалыптасқан тезаурустың ерекше ұғымдарымен байланысты факторлар жатады.

Сөйлеу актісі ұғымы әлі де болса лингвистикада тұрақтала қоймаған ұғым. Сөйлеу актісі анықтауда оның сөйленіс пен сөйлемге қатысы жөнінде заңды сұрақ туындайды. Сөйленістің сөйлемнен айырмашылығына келсек, сөйленісті нақты лингвистикалық өлшемдерге сүйеніп анықтайтын теория жоқ. Сөйлеу актісі бұл теорияда сөйлеу әрекетінің қоғамда қабылданған ұстанымдары мен ережелеріне сәйкес жасалатын мақсатты бағытталған сөйлеу әрекеті ретінде анықталады. Бұл прагматикалық жағдаят аясында қарастырылатын нормативті әлеуметтік сөйлеу әрекетінің бірлігі.

Сөйлеу актісінің құрамына төмендегідей негізгі компоненттер енеді: адресат, хабарламаның бастапқы материалы (пресуппозицияны қосқанда – сөйлеушінің жалпы білімі, хабарламаның мақсаты, даму – сөйлеу актісінің ішкі ұйымдастырылуы, контекст пен қатынас жадаяты, қатынасқа қатысушылардың тұлааралық қарым-қатынасы [26, 17 бет ].

 

  1. ҰЯЛЫ БАЙЛАНЫСТАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

 

2.1 Ұялы телефон арқылы байланыстағы сөйлеу әрекеті

 

Ұялы байлаыстағы сөйлеу әрекетін сипаттамас бұрын біз, ұялы телефондардын даму тарихыа тоқталып кетуді жөн көрдік.

Ұялы байланыс – негізінде ұялы желі (стовая сеть) тұратын, мобилді радио байланыстың бір түрі. Белгілі бір ұялы байланыс станциялары арқылы іске асады, яғни радио станциялары арқылы байланыс орнатады. Сол станциялардың көмегі арқылы кез келген жерде байланыс орнайды.

Ұялы телефондардың пайда болу тарихына тоқталсақ, ең алғашқы ұялы телефондар 1921 жылдары АҚШ-та пайда болған. АҚШ-та ең алғаш ұялы байланысты Детройта полициясы қолданған, олар бөлімше орталығындағы аппарат арқылы ақпаратты автокөліктерде орнатылған бір жақты ұялы байланысқа берген. Яғни ең алғаш тек бір жақты ұялы байланыс болған. Ал 1933 жылы Нью-Йорк қаласының полиция бөлімі қызмет көрсету жағынан біраз дамыған, екі жақты ұялы байланысты қолдана бастаған, оның тазалық диапозоня 2 МГц болған. 1934 жылы АҚШ-тың федералды байланыс комиссиясы радио телефон арқылы жақсы байланыс орнату үшін, байланыс диапозондары 30…40 МГц болатын, 4 канал құрады.

1946 жылы байланыс жүйесі жақсарған, көп функциялы дамыған радио телефондар АҚШ-тың, Сент-Луис қаласында пайда болған, Bell Telephone Laboratories фирмасының телефондары. Бұл телефондардың байланыс диапозондары 150 МГц болған.

 

1947 жылы Bell Laboratories деген зертхана ұялы телефондарды жасау бойынша ұсыныстар жасайды. Олардың мақсаты радио телефондардан басқа, мобилді-ұялы телефондар жасау болды. Осы мақсатта әр түрлі телефон станциялары құрылып, мобилді телефондардың алғашқы моледдері жасалды [27].

1955 жылы 11 каналды, 150 МГц диапозонды телефондар жұмыс істесе, 1956 жылдары 12 каналды, диапозон тазалығы 450 МГц баратын радио телефондар іске қосылған.

Автоматтандырылған, дамыған, тазалық диапозоня 150-450 МГц болатын байланыс телефондары 1964-1969 жылдары қолданыла басталған.

1957 жылы СССР елінде мәскеулік инженер Л. И. Куприянович автоматты екі жақты байланыс орататын ұялы радио телефоннын үлгісін жасап шығады. Ол ұялы радио телефоннын салмағы 3 кг. шамасында болған, 20-30 км. жерден байланыс орнатқан.

Ал 1958 жылы инженер Л. И. Куприянович ұялы радио телефоннын дамыған, салмағы 0,5 кг. болатын, көлемі папирустың сыртқы қрабындай болатын жаңа түрін ойлап шығарады.

 

 

1960 жылы Болгарияда болған «Интероргтехника – 66» көрсесінде, Христо Бочваров өзінің ойлап тапқан қолта телефонын көрмеге қояды. Осы жылдан бастап Болгарияда өз телефондарын рынокқа шығарған.

1950 жылдардың соңында бұрынғы СССР елдеріңде автоматтандырылған радио байланыс жүйесі «Алтай» іске қосылып, 150 МГц тазалық диапозонында жұмыс істеген. Ал 1973 жылдары бұл жүйе 330 МГц тазалық диапозонында жұмыс істеп, 30 қалада осы байланыс түрі қызмет арқарған.

Жалпы даму қарқынына байланысты, жер шарынын көптеген жерінде осы радио байланныс түрі қолданыла бастады, мысалы, Норвегияда 1931 жылдары ұялы радио байланыс теңізге шағатын адамдармен байланыс орнату кезінде көп қолданылған, ал 1955 жылдары бұл елді мекенде теңіз жағалауында орнатылған 27 ұялы радио байланыс станциясы болған. Мұнын өзі ұялы байланыс желісін қолданудын қарқынды өсіп бара жатқандығын көрсетеді.

Ұялы байланысты жер бетінде дүние жүзілік бірінші соғыстан кейін қарқынды түрде дамыды деп айтуға болады.

1970 жылдары бір жақты байланыс орнататын ұялы байланыстар көптеген елдерде қолданыла бастады. Сұраныстың көбейуінің салдарынан, ұялы телефондарды шығаратын фирмалар, сұранысқа сай өнімдерді халыққа дер кезінде тапсырып үлгере алмағанда уақыттар болған.

Кейіннен ұялы байланыстарды такси шақыру құралы ретінде көп қолданған. Онда ұялы байланысты диспечер қызметкерлер жүргізген.

1974 жылы АҚШ-тың федералды байланыс комиссясы ұялы байланыс абоненттерінің санын көбейту туралы және байланыс тазалығы мен диапозонын көбейту мәселелері бойынша шешім қабылдайды.

1978 жылы Чикаго қаласында 2000 абонентке арналған, ұялы байланыстың біріші түрін іске қосады. Осы жылдан бастап ұялы байланыс сауда нарығына түсіп, сауда-саттықтың бір көзі болады. Ең алған ұялы телефондарды 1983 жылы Чикаго қаласында, American Telephone and Telegraph (AT&T) компаниясы сауда нарғыа ұсынады.

Ал Канада еліде ұялы байланыс 1978 жылдан бастап, Жапон елінде 1979 жылдан бастап, Скандинавия елдеріде, атап айтқанда: Дания, Норвегия, Швеция, Финляндияда 1981 жылдан бастап, Испания, Англия елдерінде 1982 жылдан бастап қолданылды.

1997 жылы жүргізілген статистика бойынша, ұялы байланысты жер беріндегі 140 мемлекет қолданған, 150 миллион абонент болған (орта есеппен). Ал қазіргі техниканың дамыған заманында, ұялы байланыс көмегімен бір мемлекеттен екінші мемлекеттегі адаммен хабарласуға болады.

Ең алғашқы ұялы телефонды сауда нарығына шығарған, сәтті фирмалардың бірі деп  финдік Autoradiopuhelin (ARP) желіні атауға болады. Орысша атауы: «Автомобильный радиотелефон». 1971 жылдан бері жарық көрген. 1971 жылдан бастап, 1978 жылға дейін бұл фирма телефондарын шамамен 100 елді мекенде қолданған. Қазіргі таңда бұл фирманың ұялы телефондарын қолданушы абоненттер саны күннен күнге өсу үстінде. Ұялы телефондардың даму тарихын төмендегі кестеде көрсетеміз:

Ұялы телефондардың даму тарихы

 

Ұялы телефондар

Пайда болған жылы

Пайда болған жер

Нәтижелері

1921 ж.

Амаерика Құрама Штаттары, Детройта қаласы

Ұялы-радио байланыстың алғашқы түрлері бір жақты қатынас орнатуда, алғаш полиция орталықтарында авто көліктерде орнатылған телефондарға ақпарат берілген, ол телефондарда жауап қайтарымлайтын болған, тек тындап тұрған адамға мәлімет толқ жеткізілетін болған

1933 ж.

Нью-Йорк қаласы, АҚШ

Біраз болсада дамыған, екі жақты байланыс орната алатын ұялы – радио телефондар полиция бөлімшелерінде қолданылды

1934 ж.

Амаерика Құрама Штаттары

Федоралды байланыс комиссиясы ұялы байланыс орнататын каналдар санын көбейтті

1946 ж.

АҚШ, Сент-Луис қаласы

Көп функцияялы ұялы байланыс телефондары жарық көре бастады

1947 ж.

АҚШ

Техникаларық зертханаларда мобилді телефон жасап шығару идеялары пайда болды, радио телефондардан бөлеу мобилді-ұялы телефондарды жасау басталды

1950 ж.

СССР

Алтай ұялы ради байланыс жүйесі жұмыс істеді, каналдар саны көп, байланыс түрі орташа

1955 ж.

АҚШ, Норвегия

Көп каналды, естілу тазалығы жақсы дамыған, көп функциялы телефондар

1957 ж.

СССР

Екі жақты байланыс орната алатын, салмағы 3 кг болатын ұялы байланыстар болды

1960 ж.

Болгария

Салмеғы жеңіл қалта телефондап пайда болы, көп функциялы, дамыған

1973 ж

 

Motorola компаниясы ашылып, іске қосылды. Ұялы телефоннын салмағы 1,15 кг, биіктігі 25 см. болған. Ал телефонда 12 батырма (клавиша) болған, 10-ы сан, екеуі қоңырау шалу мен басуға арналған.

1974 ж.

АҚШ

 Ұялы байланысты қолданатын абоненттер саны көбейді, ұялы қарым-қатынас орату бір саты жеңілдеді, ұялы телефондардың дамуған түрлері шыға бастады

1978ж.

Чикаго, Канада

Ұялы байланыстың 2000 абонентке арналған түрі пайда болды, ұялы телефондарлы сауда көзі ретінде шығара бастады

1979 ж.

Жапония

Ұялы фелефондарды қолдану басталып, ұялы байланыс қарқынды түрде дамыды

1981

Скандинавия елді мекендері

Ұялы телефондаодың жетілген түрлері қолданысқа енді

1982

Испания, Англия

Ұялы байланыс түрі кең тарап, көптеген елдерде ұялы қарым-қатынас басталды

1985

Финляндияның шығыс бөлігінде

Nokia компаниясы жаңа моделді телефондар ұсынды. Қолдануға өте ыңғайлы.

1997

Финляндия

Ұялы телефондарды сауда нарығына шығарды, абоненттер саны көбейді, сапасы жоғарғы телефондар, моделдері әр түрлі

2000

Бүкіл дүние жүзінде

Жоғарғы сапалы телефондар. Байланыс түрі сапасы жақсы дамыған, сауда нарығында кірісі көп тауар түрі. Қарым-қатынас орнатудың жылдам және пайдалы, тиімді түрі

 

Ұялы байлаыстың дамуы қазіргі техниканың қарқынды дамуының нәтижесі. Ұялы байланыстағы сөйлеу әрекетін зерттеу бүгінгі күндегі аса маңызды мәселелердің бірі. Заман талабына сай, ұялы байланыс арқылы қарым-қатынас жүргізу күннен-күнге көбейіп жатыр. Сол қарым-қатынастағы сөйлеу этикеті мен әрекеті зерттеу қызығушылығын тудырған мәселелердің бірі.

Қарым-қатынас процесінде сөйлеу этикеті маңызды қызмет атқаратыны белгілі. Ол адамдардың әртүрлі жағдайларды өзін-өзі ұстау, мінез-құлқыпен жүріс-тұрыс принциптерін жүйелеп отырады. Сол сияқты адамның сөйлеу этикеті де қарым-қатынас жасауда басты қызмет атқарады.

Этикет – адамдардың барлық жағдайлардағы өзара араласуындағы ережелер жиынтығы.

Ұялы қарым-қатынас жасау барысында біз әлеуметтік мәртебесі әр түрлі адамдармен баайланыс жасаймыз. Сол байланыс жасау барысында біздің сөйлеу әрекетіміз әр түрлі болады.

Сөйлеу әрекеті дегеіміз – негізгі құрал ретіде тілді қолданатын, өзінің белгілі бір себебі, мақсаты және нәтижесі бар құрал. Тілдік қатынас теориясына назар аудараты болсақ, көптеген ғалымдар сөйлеу әрекетінде сөйлеуші мен тындаушының реттеуші қызметіне анықтамалар берген [28].

Кез келген сөйлеу әрекетінің құрамында мынандай бірліктер болады: мақсаты, оры, қатынас әдісі, қатынас түрі (ауызша-жазбаша, жанасқан-аралық), қарым-қатынастың өту жағдайы (ресми – бейресми), сөйлеуші мен оның әлеуметтік рольдерін, адресат пен оның әлеуметтік сипаттары. Демек, коммуникативтік актінің негізгі субъектілері – адресат пен адресант, олар қарым-қатынас барысында белгілі бір әлекметтік рольдер жүйесіне сай бір-бірімен араласады.

 

2.2 Ұялы байланыста жиі қолданылатын сөздер

 

Телефон арқылы байланыс жүргізудің өзіндің ережелері мен заңдылықтары бар. Оларды білу адамзатқа телефон арқылы қарым-қатынас жүргізу барысында септігін тигізеді. Яғни қазіргі ұялы телефоннын қарым-қатынас орнатуда алар орны зор. Телефонмен сөйлесу барысында белгілі бір сөйлеу мәнері мен тәртібін сақтаған жөн және үнемі қарым-қатынас барысында осы тәртіп пен нормаларды басшылыққа алған дұрыс [29].

Ұялы байланыста адамдар бір-бірімен белгілі бір қалыптасқан тәртіп бо»ынша қатынасқа түседі. Ал ұялы байланыстағы адамдардың сөйлеу әрекеті, адамдардың жас ерекшелігіне қарай өзгереді.

Зерттеу барысында ұялы байланыстың, қарым-қатынастың маңызын анықтау үшін, ұялы байланыста жиі қолданылатын сөздерді анықтау үшін сауалнама жүргізілді.

Сауалнамаға 100 корреспондент алынды. Сауалнама екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімді: Төлқұжаттық бөлім деп атап, онда сауалнамаға қатысушылардың жасың, ұлтың, туған жерің, білімің және жынысың анықтауға арналған сұрақтар қойылды. Ал екінші бөлім: Негізгі бөлім деп аталды, онда: сауалнамаға қатысушыларға төмендегі сұрақтар қойылды:

  1. Үнемі қарым-қатынасты қолданатын тіліңіз
  2. Ата-анаңызбен хабарласқанда қалай сөйлесесіз?
  3. Досыңызбен хабарласқанда қалай сөйлесесіз?
  4. Құрбыңызбен хабарласқанда қалай сөйлесесіз?
  5. Оқытушыңызбен хабарласқанда қалай сөйлесесіз?
  6. Ағаңызбен, әпкеңізбен, туыс-туғандарыңызбен хабарласқанда қалай сөйлесесіз?
  7. Бейтаныс адаммен хабарласқанда қалай сөйлесесіз?
  8. Уақыт үнемдеу үшін, байланыс барысында қандай сөздерді қолданасыз?
  9. СМС жазу барысында сөздерді қалай қысқартып жазасыз:
  10. СМС жазу барысында смайликтерді қолданасыз ба? Және ол смайликтерді қандай мағынада қолданасыз
  11. СМС жазу барыында қай әріп түрін қолданасыз? деген сұрақтар қойылды.

Сауалнамаға 12-60 жас аралығындағы, ұлты қазақ азаматтар алынды. Жүргізілген сауалнаманы жас ерекшеліктеріне қарай: мектеп оқушылары, студенттер, орта жастағылар мен үлкендер деп бөлдік.

Зерттеу барысында байқағанымыз, әр жастың өзінің сөйлеу ерекшелігі болады, мысалы: оқушылар ұялы телефон арқылы қарым-қатынас жүргізгенде, хабарласып тұрған екінші адамның әлеуметтік мәртебесіне байланысты әр түрлі сөйлейді екені, нақтырақ айтқанда, ата-анасына хабарласқанда: мен кеш келемін, досымның қасындамын деген сияқты себептерді айтса, оқытушысына хабарласқанды: апай сізден сұранайын деп едім деген сияқты себептерден бастайды.

Ал студенттерге келетін болсақ: студенттер тілінде әр түрлі өзгешеліктер байқалады, яғни байқауымыз бойынша ұялы қарам-қатынас жасау барысында студенттер тілі басқа буын тілінен ерекшеленеді. Студенттер ұялы байланыс арқылы сөйлеу барысында көбінде сөздерді қысқартып сөйлейді, студенттер тілінде жергілікті аймақтық диалектілер байқалады,мысалы: не хабар? Аман-аман деп жауап беру түрлері және студенттер сөйлеу барысында каксын, гдесын, тема, круто деген сияқты орыс тілінің сөздерін қолданады. Ал ер балалардың: Салем брат, қайдасын, нендей тірліктер бітіріп жатырсын деп сөйлейтінің байқадық. Студенттердің сөйлеу тілінен гендрлік өзгешеліктерде байқалады: мысалы, ер балалар: брат, тема деп сөйлесе, қыз балалар: жанымка, мамуля деп сыпайылық формады сөйлейді.

Орта жастағы адамдардың тілі мен үлкен адамдардың тілі жастар тіліне қарағанда таза. Олар қалыптасқан тіл нормасымен сөйлейді. Сөйлеу барысында өзге тілдегі сөздерді араластырып сөйлемейді.

Қазіргі таңда мобилді сөйлеу әрекетінің өзіндік қалыптасқан этикеті бар. Сөйлесу барысында осы тәртіпті сақтаған жөн, яғни ұялы телефонның дауысы өте қатты болмауы тиіс, ол дұрыс естілуге кедергі келтіреді; бейтаныс адаммен дұрыстап сөйлесу керек; қалыптасқан этикет бойынша, кездесу үстінде смс жазу ыңғайсыз болып табылады және тағыда басқа қалыптасқан этикет формалары бар [30].

Қазіргі таңда ұялы байланыста жиі қолданылатын сөздер:

 

Мектеп оқушылары

(12-18)

Студенттер (18-25)

Орта жас (25-35)

Үлкендер

(35-60)

Салем

Прива

Салем

Қалдарын қалай?

Салеметсизбе

гдесын

Қалын қалай

Дендерін сау ма?

Қалайсын

Не істеватсын

Не істеп жатырсын

Бала-шаға аман ба?

Сізден сұрануға болады ма

Настр қалай

 

 

Сабаққа келесін ба

ок

 

 

 

Каксын

 

 

 

Қорыта келгенде: мектеп оқытушылары сөйлеу барысында қалыпты формамен сөйлейді, студенттер тілінде көптеген ерекшеліктер бар, сөздерді қысқартып сөйлейді, аралас тілде сөйлейді, сөйлеу барысында диалектілер байқалады, саналы түрде сөздерді қате айтып, қате жазады, ал орта жастағылар мен үлкендет тілінде ерекше көзге түсетін өзгерістер жоқ, олар қалыптасқан формамен сөйлейді, сөздерді қысқартып қолданбайды, нақты айтатын шаруасын толық айтады.

Ұялы байланыс арқылы адамзат жылдам ақпарат алмасады, қарым-қатынаста уақытты үнемдеу жолында жастар сөйлеу барысында көптеген сөздерді қысқартып қолданып жүр. Қарым-қатынаста уақыт үнемдеу үшін сөздерді қысқартып қолдану, ол тіл заңдылақтарына қайшы келеді. Сөйлеу барысында сөздерді дұрыс қолданған жөн.

Сөз дұрыстығы қәзіргі әдеби тілдің жұртшылық таныған, үлгі түтқан нормасын ұстану сөйлеу процессін көрікті етеді, сөз шеберлігі тек нормаға сай пайдаланған жөн.

Қазіргі таңда ұялы байланыста кез келген салада қолданады. Мысалы, өнер саласында осы ұялы байланысқа арналып шығарылған әндерде бар, атап айтқанда «Мұнарлан» тобынын айтатын «Ұялы байланыс» әні. Ұялы байланысты негіз етіп түсірілген бейе клиптарда бар, осының барлығы қазіргі таңда ұялы байланыстың қолдану аясының кеңейіп бара жатқанын көрсетеді.

 

2.3 Ұялы байланыстағы смс-тер, термин сөздер мен жарнамалар

 

Sms – ағылшынның Short Message Service деген сөзінен алынған, қысқаша хаттар қызметі деген мағынаны білдіреді. Яғни, Sms дегеніміз – ұялы телефон арқылы қысқаша хаттарды қабылдау мен жіберу технологиясы.

Sms бірнеше секунд ішінде беріледі. Sms-ті жіберуші sms-тің жеткендігі туралы хабар ала алады. Sms-ті біз өшіріліп тұрған немесе байланыс аясынан тыс жерде тұрған ұялы телефондарға жібере аламыз, ал өшіп тұрған абонент ол sms-ті қосыла салысымен алады. Соымен қатар Sms-ті біз дәл сол кезде сөйлесіп жатқан абоненттергеде жібере аламыз.

Қазіргі таңда sms арқылы түрлі мәліметтерді жібере аламыз. Sms-тің бір түрі, ол – MMS, яғни біз бір ұялы телефоннан екінші ұялы телефонға суреттерді немесе картинкаларды жібере аламыз, Sms-тің тағы бір түрі, ол – EMS, бұл арқылы біз өлендерді, яғни музыкаларды, дыбысталып оқылатын мәліметтерді жібере аламыз.

Ең алған қысқаша мәліметтерді хат, яғни Sms арқылы жіберу 1984 жылы,  Фридхельм Хиллебранд (Дойтче Бундеспост), Бернар Жильбер (PTT), Финн Тросби (Telenor), Кевин Холли (Cellnet), Йан Харрис (Vodafone) деген инженерлердің ойына келген. Ал ең алғаш Sms-ті жіберетін жүйе 1992 жылы іске қосылған, яғни ең алғаш Ұлябританияда компьютер желісімен ұялы телефонға Sms жіберілген.

Ал Ресей елінде 2002 жылға дейін әр түрлі операторлар арасында Sms жіберу мүмкіндігі болмаған.

Sms-тің құрамына келетін болсақ, онда әріптер мен цифрлар қолданылады. Ең алғашқы Sms-терде тек 160 символға дейін жіберуге мүмкіндік болса, қазіргі таңда 1000 символға дейін жаза аламыз. Бұл техниканың даму жетістіктерінің арқасы. Сонымен қатар Sms жазуда әр түрлі тілдерді де қолдануға болады. Қазіргі таңда әр түрлі Sms арқылы қызмет көрсету түрлеріде бар. Мысалы: мобилді банкинг қызметі.

Ұялы қарым-қатынаста қазіргі таңда адамдар бір-біріне смс, яғни қысқаша хаттар жазады.

Қысқаша хат жазу барысында адамдар бір-біріне сөздерді қысқартып жазады. Қазіргі ұялы байланыста, онын ішінде жастар тілінде қысқартылып қолданылатын сөздерді төмендегі кестеден көруге болады. Сөздерді қысқартып жазуды біз сауалнама жүргізу бойынша анықтадық.

 

Sms жазу барысында қысқартылып қолданылатын сөздер

 

Сөздердің дұрыс айтылуы мен жазылуы

Sms жазу барысында қысқартылып қолданылатын сөздер

Рахмет

Раха

Сәлем

Салам

Давай

Дафай

Привет

Прива

Ассалаумағалейкум

Асс.

Хорошо

Хоро6о

Че

Почему

По4ему (po4emy)

Молодец

Маладес

Ок

Ок

Спс

Спасибо

Не знаю — білмеймін

Нз

Қалайсын

Каксын

Жақсы

Окей

Өтінем

Пл

Не істеп жатырсын

Ніжт, неістеватсын

Не хабар

Не хб

Что делаешь-не істеп жатырсын

Шо делаешь

Не жаналық

Шо new

Қалын қалай

Как у теа дела

Не хабар, не жаналлық

Не хау, не жа

Пока

пк

Қайдасын

гдесің

Білмеймін

Бімим

Сау бол

Вей

Отырмын

отрм

Келе жатырмын

Келатым

Ас болсын

А.С.

Жауап

Отв

Ренжімеші

Рен-ші

Се келесің бе

Сен кел-бе

Единица

ед

Уақыт жоқ

Уа.ж.

 

Жүргізген сауалнамамыздың қорытындысы бойынша байқағанымыз, Sms жазу барысында оқушылар мен студенттер арасында сөздерді көп қысқартып жазу байқалды, ал орта жастағы адамдар (26-40) мен үлкен кісілер Sms жазу барысында сөздерді қысқартпай, толық жазады екен. Қорыта келгенде, Sms жазу барысында оқушылар мен студенттер тілі, яғни жастар тілі ерекшеленеді.

Ұялы байланыста қолданылатын, нақтылы термин сөздер бар. Олар: абонент қызмет көрсету аясынан тыс жерде, абонен сөңдірулі, кейіңірек хабарласыңыз. Сол сияқт қазіргі тілде жиі қолданылатын, ұялы байланықа тән сөздер, олар: маяк таста, скинь, позвони, не в зоне, отлючка, гудок сияқты сөздер.

Бұл сөздерді көбінесе жастар тілінде көп қолданылады, ал орта жастағы адамдар мен үлкен кісілер көп жағдайда мұндай қалыптасқан лексикалық бірліктерді қолданбайды, мысалы, жастар бір біріне скинь, лактыпшы маған деп айтса, үлкен адамдар хабарласарсын, маған жазып бересин ба? деген формада сөйлейді. Бұдан біз ұялы байланыстағы сөйлеу әрекетінің өзі адамдардың жас ерекшеліктеріне қарай әр түрлі болатындығын көреміз.

Ұялы байланысты қазіргі таңдағы өте қажетті байланыс түріне жатқызуға болады. Қазіргі таңда ұялы байланыстың адам өміріне пайдасы өте көп, ұялы байланыс бір жағынан пайданын көзі болыпта саналады. Сол сиқты ұялы байланыс арқылы қазіргі таңда көптеген жарнамалар жасалынады.

Жарнама саласы еліміздің соңғы кезде қарқындап дамып, өркендеп келе жатқан, сауда – қоғамдық қатынастардың ажырамас бір бөлігіне айналғаны шындық. Бүгінгі нарықтық қарым-қатыасқа көшкен заманда жарнаманың алатын орны ерекше, жарнама қызметі әсіресе іскерлік байланыс кең қанат жайған қалалық жерлерде, мегаорталықтарда, сауда орындарында, маркетингтік іс-әрекет аймағында жоғары бағаланады.

Жарнама – тек қана экономикалық құбылыс емес, әлеуметтік сипаттағы құбылыс, сондықтан да ол әлеуметтік лингвистика құзырындағы мәселе. Жарнама жеке адамның ойдан шығарған туындысы емес, ол ұлттар мен халықтар нәтижесінде пайда болған қоғамдық құбылыс. Жарнаманы әрбір адам қолданады, бірақ оны жеке адамның қарақан басы үшін жасалған дүние деуге болмайды. Жарнама адамдардың өзара қарым-қатынасқа түсуі қажеттілігінен туындаған, оны адамдардың бір-бірімен байланыс жасауына себеп болған құбылыс десек те болады. Жарнамалаудың кез-келгені тіл арқылы жүзеге асатындықтан, тіл мен жарнама өте тығыз байланысты болады. Дүние жүзінде қанша тіл болса, жарнама да азды-көпті сонша тілде таратылады. Ал осы жанрамаларды ұялы байланыс арқылы жасаудың өзі қазіргі техниканың жетістіктерінің бірі.

Қазіргі таңда мобилди жарнама жасайтың бірнеше желі бар, олардың бірі, MobileAds – мобилді жарнамалық желісі, бұл ұялы байланыс арқылы жарнама жасайтын орталық, яғни жарнаманы ұялы телефондарға смс түрінде жібереді. Сол сияқты қазіргі уақытты бірнеше мобилді жарнама орталықтары бар.

Мобилді жарнамалар арқылы адамдар өздеріне қажетті мәліметтерді біле алады. Ұялы телефондарға қазіргі уақытта көбінде сауда-саттық саласындағы заттарға жарнама жасалады, оларда алдын ала болатын жеңілдіктер туралы баяндалады. Сонымен қатар, ұялы байланыс арқылы туристік салаларға, өнер салаларынада жарнамалар жасалынады. Мысалы, туристік салаға келсек, адамдардың ұялы телефондарына туристік агентстволардан, бір елден екінші елге ұшу құны мынандай бағада болады, бізде жеңілдіктер деген әр түрлі мәтіндермен жазылған смс-хаттар келеді. Бір байланыс орталығында отырып, бүкіл халыққа ұялы телефон арқылы жарнама жіберудің өз қазіргі техниканың дауының нәтижесі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қоғамдағы ақпараттық жүйелердің кең таралуының салдарынан, тілдің даму заңдылықтары мен қолданылуын, ойлау мен коммуникация құралдарын, адам еңбегінің басым (жасанды) бөлігін техникаға жүктеу мәселесін зерттеу қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі.

Қазіргі таңда коммуникация, сөйлеу әрекеті көптеген еңбектерде жеке зерттеуге негіз болған мәселелердің бірі. Адам әлемі – коммуникация әлемі. Коммуникация термині қарым-қатынас ретінде кең мағынады қолданылады. Коммуникацияны «араласу», «сөйлесу», яғни белгілі бір ақпаратты жеткізу барысында тілді іске қосу деп те тануға болады. Коммуникациянң бір түрі ретінде біз зерттеуге ұялы қарым-қатынасты алдық.

Ұялы байланыс қазіргі техниканың дамыған заманында, адамдардың бір-бірімен жылдам хабар алмасуының негізгі құралы болып табылады. Ал сол ұялы байланыста, яғни хабар алмасу барысында адамдар әр қилы сөйлейді.

Ұялы байланыстағы жиі қолданылатын сөздерді анықтау барысында жүргізілген сауалнама қорытындысына сүйене отырып, біз ұялы қарам-қатынаста адамдардың сөйлеу әрекенінің әр түрлі болатындығын анықтадық.

Ұялы байланыс барысында таза әдеби тілмен, қалыптасқан тіл нормасын сақтап сөйлейтідер: орта жастағы адамдар мен үлкен кісілер болды. Ал ұялы байланыста ерекше көзге түскен: ол жастар тілі, яғни жас мөлшері 18-24 аралығындағы, жоғары оқу орындарында оқитын студенттер тілі.

Сауалнама қорытындысы бойынша, ұялы байланыста:

  1. Мектеп оқушылары сөзерді қысқартпай толық, таза сөйлейді, смс жазу барысында смайликтерді, не жаналық бар деген сөздерді қысқартады, ок, плиз деген сияқты ағылшын тіліндегі көздерді қолданады.
  2. Орта жастағылар қалыптасқан норма бойынша сөйлейді, сауалнама жүргізу барысында көпшілігі сөздерді қысқартып жазбайтындығын білдіртті.
  3. Үлкен кісілер толық, таза сөйлейді, хабар алмасудың қысқаша түрі – смс жазуды мүлдем қолданбайды.
  4. Смс жазу барысында жастар: сөзді толық жазбайды, көбінесі дауысты дыбыстарды түсіріп жазады, ішкі көңіл күйлерін білдіру үшін түрлі бейвербалды амалдарды қолданады, яғни смайликтерді.
  5. Жастар тілінде жергілікті диалектілер байқалады.

Қорыта келгенде, ұялы байланыс қазіргі аңда қарым-қатынас жасаудың айнымас бір бөлігі. Ұялы телефоннын жылдам хабар алмасуда атқаратын қызметі зор. Ұялы қарым-қатынас ол қазіргі техниканың жетістігі.

Сауалнама қорытындысынан байқағанымыз, ұялы байланыста қарым-қатынас жүргізу барысында үлкен адамдар қатынасты: Амансындар ма? Бала-шаға қалай? Дендерің сау ма? деген формада бастаса. Жастарымыз: Мама қалайсыздар? Сәлем бердік? Сәлеметсізбе? Қалайсын? деген формаларды бастайды. Сонымен ұялы байланыстағы қарым-қатынас адамдардың жас ерекшелігіне қарай ерекшеленеді. Ұялы қарым-қатыастағы ерекше өзгерістер тек жастар тілінде байқалады.

Техниканың қарқынды дамуына байланысты біздің тіліміз күннен-күнге жаңа сөздермен толысып жатыр. Ұялы қатынаста жастар тілінде әр түрлі жаңа сөздерде кездеседі, яғни жастар тілінде: диалектілік ерекшеліктер байқалады, тіл нормасынан ауытқушылық байқалады, тілдік нормаға сай келмейтін сөздерді қолдану байқалады.

Жастар үшін сөйлеу олардың өміріндегі маңызды орындардың бірін алады. Болашақ тұлғаның қалыптасуы оның сөйлеу тілінің дамуына байланысты. Сондықтанда күнделікті өмірде дұрыс сөйлеуге дағдыланған жөн.

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Тіл білімі сөздігі / Жауапты ред. Э.Д. Сүлейменова. — Алматы, 1998. — 544 б.
  2. Гумбольдт В. О различении строения человеческих языков и его влиянии на духовное развитие человеческого рода. – М.: Наука, 1956. – 459 с.
  3. 3. Бодуэн де Куртенэ. Избранные труды по общему языкознанию. – М.: Наука, 1963. – 567 с.
  4. Фердинанд де Соссюр. Труды по языкознанию. – М.: Наука, 1977. – 455 с.
  5. 5. Торопцев И.С. Язык и речь. – Воронеж, 1985. – 326 с.
  6. 6. Мыркин В.Я. Некотрые вопросы понятия речи в корреляции: язык и речь // Вопросы языкознания. – 1970. – №1. – С. 35-39.
  7. 7. Ломтев Т.П. Язык и речь // Вестник МГУ. Филология. Журналистика. – 1961. – №4. – С. 72-78.
  8. 8. Фоменко Ю.В. Язык и речь. – Новосибирск: НГЛИ, 1990. – 352 с.
  9. 9. Беляев Б.В. О взаимоотношении мышления языка и речи // Вопросы психологии. – 1958. – №6. – С. 23-27.
  10. 10. Русский язык. Энциклопедия. – 1979. – 589 с.
  11. 11. Қазақ совет энциклопедиясы. 2-том. – Алматы, 1977. – 698 б.
  12. Қазақ тілін оқыту методикасы. – Алматы: Мектеп, 1988. – 263 б.
  13. Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. – Алматы: Мектеп, 1975. – 354 б.
  14. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – Алматы: Мектеп, 1978.
  15. 15. Колшанский Г.В. Коммуникативная функция и струкрура языка. – М.: Наука, 1984. – 346 с.
  16. 16. Кобозева И.М. Теория речевых актов как один из вариантов теории речевой деятельности // Новое в зарубежной лингвистике. Вып. ХҮІІ. – М.: Прогресс, 1986. – 325 с.
  17. 17. Шубин Э.П. Языковая коммуникация и обучение иностранным языкам. – М.: Наука, 1972. – 382 с.
  18. Арғынов Х. Қазақ тілі методикасы. – Алматы: Мектеп, 1974. – 263 б.
  19. 19. Пассов Е.И. Коммуникативный метод обучения иноязычному говоренрию. – М.: Просвещение, 1991. – 246 с.
  20. Балақаев М., Серғалиев М.  Қазақ тілінің мәдениеті: Оқулық / М.Балақаев, М. Серғалиев.-Алматы:Зият Пресс,2004.-140 б.
  21. Сыздық Р. Тіл мәдениеті және оның проблемалары / Р. Сыздық // Тілдік норма және оның қалыптануы.-Астана: Елорда,2001.- 230 б.
  22. Срезневский И.И.// Мысли об истории русского языка (электр. версия). http://www.ruthenia.ruapr/ textes/sreznevs/srezn1.htm
  23. Педагогический словарь. М.: Изд-во Акад. Пед. Наук, 1960. — 774 с. –
  24. Ожегов  Л.И. Лексикология. Лексикография.  Культура   речи   /  Л.И. Ожегов. — М.: Высшая школа, 1974. — 352 с.
  25. Қобланова А. Қазақ сөз этикеті. – Алматы, 1993. – 151 б.
  26. Л.М.Шайкенова Сөйлеу актілерінің теориясы. – Алматы: Қазақ университеті, 2007. – 61 б.
  27. http://whoyougle.ru/texts/first-mobile-phones/
  28. Сейсенова А.Д. Лингвистикалық мәдениеттану: этикет формаларына салыстырмалы талдау.
  29. http://www.callcenter24.ru/info/25.shtml
  30. http://www.ruformator.ru/news/article06446/default.asp
  31. http://ru.wikipedia.org/wiki/SMS
  32. www.fit.vlsu.ru/files/File/vt/ppt/TES4semestr.ppt
  33. http://allmobi.ru/str10.htm
  34. http://www.prostor-sms.ru/mainvidsms.php
  35. Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламасы». (1998 жыл 5 — қазан).
  36. Тілдерді   қолдану   мен   дамытудың   2001-2010   жылдарға   арналған мемлекеттік бағдарламасы.
  37. Уәлиев Н. Сөз мәдениеті / Н. Уәлиев.-Алматы,1984
  38. Сулейменова Э.Д., Шаймерденова Н.Ж., Смагулова Ж.С., Аканова Д.Х. Словарь социолингвистических терминов. — 2-е изд., доп. и перер. / Отв. ред.
  39. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас. – Алматы: Сөздік-Словарь, 2005. – 272 б.
  40. Хасанов Б. Тілдік қатынас негіздері. – Алматы: ҚазМемҚызПИ, 2006. – 86 б.
  41. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1966. – 362 б.
  42. Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. – Алматы: Ғылым, 1984. – 184 б.
  43. Жаңа атаулар сөздігі. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 128 б.
  44. Алдашева А. Қазіргі қазақ әдеби тіліндегі жаңа қолданыстар: Ф.ғ.к. автореф. – Алматы, 1992. – 24 б.
  45. 45. Почепцов Г.Г. Теория коммуникации. М., 2001
  46. Соколов А.В. Общая теория социальной коммуникации. СПб., 2002
  47. Крейг Р.Т. Теория коммуникации как область знания //Компаративистика III: Альманах сравнительных социогуманитарных исследований. СПб., 2003
  48. Яковлев И.П. Основы теории коммуникаций. СПб., 2001
  49. Третьяк Г.Е. Сущность коммуникации и ее место в социокультурной реальности. http://www.festu.ru
  50. Касевич В. Б. Говорящий и слушающий: Языковая личность, текст, проблемы обучения. СПб, 2001. с.70-75.
  51. http://www.nokia.kz/home
  52. http://www.samsung.com/kz_ru/
  53. http://www.activ.kz/kz/
  54. http://www.beeline.kz