Жоспар
Кіріспе……………………………………………………………………………………………….
І. Тарау. Етістіктің зерттелуі.
1.1. Етістіктің, етістіктің шақтарының тіл білімінде зерттелуі………………………
1.2. Етістіктің, етістіктің шақтарының түркі тіл білімінде зерттелуі………….
1.3. Етістіктің, етістіктің шақтарының қазақ тіл білімінде зерттелуі………….
ІІ. Тарау. Етістіктің шақтары.
ІІ.1. Етістіктің осы шағы…………………………………………………………………………..
ІІ.2. Етістіктің келер шағы………………………………………………………………………..
ІІ.3. Етістіктің өткен шағы………………………………………………………………………..
ІІІ. Тарау. Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы өткен шақтың түрлері, мағыналық ерекшеліктері.
ІІІ.1. Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы етістіктің жедел өткен шағы, мағыналық ерекшелігі……………………………………………………………………………..
ІІІ.2. Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағыетістіктің бұрынғы өткен шағы, мағыналық ерекшелігі……………………………………………………………………
ІІІ.3. Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы етістіктің ауыспалы өткен шағы, мағыналық ерекшелігі……………………………………………………………………
Қорытынды……………………………………………………………………………
Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………………………………..
Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі. Қазақ тіл білімінің бастан өткізген сан ғасырлық тарихи белестерін жан-жақты айқындап, оның бүгінгі күндегі жай-күйімен сабақтастығын ашып көрсету – негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Өткенімізді безбендеп алмай алға баса алмаймыз. Қазақ тіл біліміндегі өзекті мәселенің бірі – морфология саласы. Морфологияның ішінде етістік сөз табының да тіл білімінде өзіндік орны бар мәселе болып саналатыны анық. Бүгінгі таңда да қазақ тіл білімінде етістіктің басты критерийлерінің мәні, өзіндік маңызды сипаттары толық айқындалды деп айта алмаймыз. Осы тұрғыдан бұл теориялық білімнің қазақ тіл білімінде алғаш пайда болуын, оның қалыптасу, даму процесін жан-жақты ашу, оның даму барысындағы өзіндік ерекшеліктерін талдаудың қажеттілігі жұмыстың өзектілігін анықтайды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Тіліміздің грамматикалық құрылысына қатысты күрделі сала – морфология. Морфологиның ең өзекті, ең басты мәселесі – етістік, етістіктің шақтарының пайда болу, қалыптасу жолдарын айқындау, маңызды іс болып табылады. Осы қағиданы меже ете отырып жұмыста етістіктің өткен шағының пайда болу кезеңінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі даму тарихын, бүгінгі жайын саралауды басты мақсат етіп қойдық. Негізгі мақсаттан төмендегідей міндеттер туындайды:
- Әлемдік тіл біліміндегі, түркологиядағы етістіктің өткен шақ категориясының тарихымен, бүгінгі жай-күйімен байланыстыра отырып, етістіктің өткен шақ категориясының қазақ тіл біліміндегі дамуын ғылыми тұрғыдан айқындау;
- Етістіктің өткен шақ категориясының өзіндік топтарға бөлу барысында болған бағыттарды, олардың идеясын анықтау.
- Шақ категориясының етістікті өзге сөз таптарынан әрі ерекшелендіретін, әрі ажырататын ең негізгі грамматикалық категория екенін анықтау.
Зерттеу пәні. Қазіргі қазақ тілінің грамматикалық құрылысы. Морфология саласының ең өзекті мәселесі – шақ категориясы. Шақ категориясының өткен шағын грамматикалық топтарға жіктеу.
Мәселені көтеру. 1) Шақ категориясы – грамматикалық категориялардың ішінде етістікке тән категория ретінде бірте-бірте дамып, мазмұны жағынан да, формалары жағынан да үнемі жетіле отырып қалыптасқандығы;
2) Грамматикалық категориялардың ішінде шақ категориясының дамып қалыптасуы барысында басқа етістікке тән категориялардан айырмашылығы бар екендігі, оларды бір-бірімен ажыратудағы қиыншылығы;
3) Шақ категорияларын, оның ішінде өткен шақ категориясын топтастыру барысында әртүрлі бағыттар өкілдерінің өз ұстанымы тұрғысынан келуі себепті өткен шақ категориясының саны да, сапасы да өзгеріп отыратындығы;
4) Бүгінгі таңда шақ категориясын тілші-ғалымдардың түрлі топтарға бөлу барысында жетістіктерге қол жеткізуі өткен шақ категориясының қазақ тіл білімінде орнығып қалыптасқандығы.
Зерттеу әдісін анықтау. Қазақ тіл біліміндегі шақ категориясының пайда болуы, дамуы, қалыптасуы, мағыналық ерекшеліктерін анықтау.
Мәселесінің маңызын анықтау. Грамматикалық категориялардың ішінде шақ категориясының қазақ тіл біліміндегі алғаш пайда болуын, даму, қалыптасу жолын саралау арқылы түрлі бағыт ағымдар болғанын, олардың негізгі қағидаларын анықтау, мағыналық ерекшеліктерін ашу, шақ категориясының бүгінгі жай-күйін зерделеу – қазақ тіл біліміндегі морфология саласының өзекті мәселесінің дамуына оң ықпалын тигізері сөзсіз.
Диплом жұмысының құрылымы: жұмыс кіріспе мен қорытындыдан басқа үш бөлімнен және әр бөлім бірнеше тараулардан және әдебиеттер тізімі мен сілтемелерден тұрады.
І. Тарау. Етістіктің зерттелуі.
1.1. Етістіктің, етістіктің шақтарының тіл білімінде зерттелуі.
Етістік – қай тілде болмасын ең күрделі сөз табы. Басқа тілдердегі сияқты қазақ тілі сөз таптарының жүйесінен де ерекше орын алатын сөздер – етістік.
Етістіктердің лексика – граматикалық мағыналары да, граматикалық тұлғалары да әр алуан, синтаксистік қызметі тек баяндауыш болу ғана емес, жай сөйлем мен құрмалас сөйлем мүшелері мен сөз тіркесінің жасалынуына тікелей ықпал етіп отыратыны белгілі. Түркі тіл білімінде етістік туралы зерттеулер мен теориялық негіздердің қалыптасуы тіпті ертеден басталады.
Ескі ескерткіштердің бірі 1069 жылы Юсуф–хас–Хадисиб Баласағұнның «Құдтағу білімінде шартты райлы, қалау райлы, бұйрық райлы, көсімшелі, есімшелі сөздер кездеседі».
Түркі тіл білімінде етістіктер туралы нақтылы ережелер жазылған зерттеулердің ең алғашқысы, ең көлемді де құндысы түркі әулетінен шыққан ғалым Махмуд Қашқари «Диуани – лұғат ит – түркі сөздігі».
Тұңғыш тюрколы әрі энциклопедист М.Қашқари қалдырған мұралар әр жағынан алынып, тілдің белгілі салаларымен байланыстыра зерттеліп, ғылыми нәтижелері жарияланып келеді. Түркі тілдерінің қай – қайсысының болса да тарихымен байланыстырып, одан әрі қарай зерттей беру тіл мамандары үшін абыройлы да аса – жауапты міндеттерден саналады.
Бұдан 900 жыл бұрын жасап, артына түркі тілдермен өшпес мұра қалдырып кеткен ұлы ғұлама М.Қашқари «Сөздігі» әрқашан да тюркологтардың тіліне тиек, объект болып келгені мәлім.
Күні бүгінге дейін өз мәнін жоймаған және алдағы уақытта да зерттеушілер қолынан түспейтін мол мұра, тарихи дерек, тілдік фактілер қалдырған М.Қашқари озық ойлы ғұлама болған.
М.Қашқари (толық аты – Махмуд ибн әл Хусейн ибн Мұхамед әл — Қашқари) Қарахан әулетінен шыққан. Орта Азияның Мәуренаһрда – «екі өзен арасын», яғни Сырдария мен Амударияның екі ортасын жаулап алған Боғрахан шөбересі.
Махмудтың әкесі Ыстық көл бойындағы барсыхан Баласағұн деп аталатын қаланың әміршісі болған. Махмуд кейінде Қашқар қаласына көшіп барыпты. Махмудтың дәл қай қалада туылғаны мәлім емес, бірақ өскен жері Қашқар аулы ықтимал. М.Қашқари өзінің кітабында: «…нам предок тот самый эмир, который отвоевал земли тюркские у самалидов» дап жазады (1, 136 — 138), (Мұталипов, 136 – 138, Конанов, 4 – 5);
Махмудтың ХІ ғасырда жасаған сөздігі ХХ ғасырдың басына дейін белгісіз болып келген. Ол қолжазба күйінде Стамбұл кітапханасында сақталып жатқан. Зерттеушілердің пікіріне қарағанда, қолжазба Махмудың өз жазуы емес, Абу Бакир әл – Дамаски дегенннің 1266 –жылы жасаған көшірмесі көрінеді. Қолжазбаны 1915 – 1917 жылдар ішінде ғана үш томдық кітап етіп, Стамбұлда басып шығарған. Осы басылым 1939 – 1943 жылдар ішінде түркі тіліне аударылып Анкарада басылып шығарылған. 1960 – 1963 жылдар ішінде оны өзбек тіліне аударылып, үш том етіп шығарды.
Төрт томдық салыстырма сөздіктің дені етістік деуге болады. Олай дейтін себебіміз, екінші том – түгелімен етістік және осы сөз табына қатысты ерезелер. Үшінші том мен индекстіе де етістіктер басым. Бұл айтылғанның бәрі етістік сөздердің реестр болып берілуіне байланысты.
Автодың реестр сөз етіп берген етістіктері тап, теп, қаш, сын т.б. негізгі түбірлерден басталады. Оларды дауыстылардың ғана санына қарай екі әріптілер деп тоқтайды.
Одан әрі қарай екі буынды етістік түбірлері құрамына қарай біркелкі емес.сонымен бірге, түбір салдары – ік, іқ, ұқ, үк болып негіз және жұрнақ деп бөлуге келмейтін туынды түбірлер және етістік тұлғалар берілген.
Томның соңғы жарымы төрт әріптілермен бес әріптілерге арналады. Көлемі жағынан шұбалаңқы, құрамы жағынан күрделі болып келетін бұл етістіктер түгелімен дерлік туынды түбірлер.
М.Қашқаридың етістікке қатысты мұнымен шектелмейді. Онда, әсіресе өткен шақтың жедел түрі – ди, — ды, — ді афлексі негізге алынады. Олар жүйе «Сөздіктің» етістікке тиісті өн бойында қатаң сақталады.
Автор өз ережелерінде үнемі өткен шақта беріліп отырған етістіктердің тұйық райы –мақ, -мек, келер шағы –ар, -ер, -ыр, -ір екініне жан – жақты тоқтайды. Қимыл екендігінің аффиксі негізінен –мақ формасы дей тұра, қазіргі қазақ т.б. тілдердегі –у тұлғасының архетипті –г, -ғ, -қ, -к форматтары екенін де ескереді. Анық зармак тәрігі көр таз кäлігі барчігä (ІІ том, 47 — бет) деген сөйлемдерді кикестілерді иелектен қимыл есімдері деп көрсеткенінің ғылыми талдауын береді.
М.Қашқари өз еңбегінің классикалық әдеби араб тілінде жазып, араб лингвистикасына түркі тілдеріне салыстыра зерттеу әдісін енгізіді.
Етістік туралы зерттеушілер қыпшақ тіліне тікелей қатысы бар еңбектің бірі — 1343 жылы египетте жазылған «Китаб мажму таржуман турки ва ғажали ва мағули» (түрікше, монғолша, арабша, таржуман) деп аталатын еңбекте кездеседі. Біраз ғалымдар сөздіктің туындыгері белгісіз десе, П.Мелиоранский «Араб – филолог о турецком языке» атты еңбегінде сөздіктің туындыгері Мұхаммед ибн Қайса дегенді айтады. Еңбектің екінші бөлімі етістікке арналған. Етістіктер бұйрық рай формасында берілген. Үшінші бөлім етістіктің жіктелуіне, төртінші бөлім қоымшаларға арналған.
Етістіктің жіктелуін сөз еткенде оны үш жаққа, үш шаққа бөліп, болымды, болымсыз түрлерін сөз етіп, жекеше, көпше айтылатыны сөз болған.
Голландия ғалымы Гилодор Хаутсманның айтуынша сөздікке енген түркі сөздері қыпшақ тіліне жатады. Н.А.Баскаков оларды «Кодекс кумаликусте» кездесетін сөздерге өте жақын дегенді айтады.
Түркі тілі туралы біраз зерттеулер жүргізген араб тілінің шаманы Асыр – ад – Дин Хайнан 1312 жылы Қанрде «Китаб – ал – идрак ли – лисан ал — атрак» (түркі тілдерінің түсіндірме кітабы) атты еңбек жазды. Қолжазба түрінде сақталған бұл еңбектің бір нұсқасын түрік ғалымы Мұстафа Стамбұлда бастырып шығарды. Кейірінек профессор Ахмед Джаферологс қолжазбаның басқа нұсқасын тауып, оны түркі тіліне аударып, бастырып шығарды. Абу Хайман еңбегіндегі түркі сөздері іріктеліп, 1936 жылы жеке сөздік ретінде Түркияда баспадан шығарылды.
Абу Хайман кітабында берілген граматикалық материалдарды қыпшақ тілінің тұңғыш граматикасы деуге болады деушілер де бар.
ХІV ғасырда сақталған тағы бір еңбек ғалымы Жамал – Аддин Мухаммед ат Турки жазған «Түрік, қыпшақ тілдерін жақсы оқып үйренуге жазылған кітап» деп аталатын сөздік. Қолжазба Париж кітапханасында сақтаулы көрінеді. Қолжазбаны зерттеген, оның екі бөлімін екі мерзімде 1938 – 1954 бастырып шығартқан поляк түркологы – Ананиаш Зайоновский.
Сөздік екі бөлімге бөлінген: бірінші бөлім – есім; екінші бөлімінде – етістік сөздер.
Жалпы түркі тілдерінің граматикалық жүйесін зерттеу ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында басталған.
Түркі тілдері ішінде граматикалық жүйесі бірінші болып баспа бетін көрген тіл – мували тілі. Бұл еңбек 1769 жылы Қазақ духовной семинариясында жазылып, Петербургта «Сояинения, принедлежающие к граматике чуволинского языка» деген атпен жарияланды. 1778 жылы Москва университетінің баспасынан Хольфиннің орын оқушыларына арналған «Азбука татарского языка» дейтін оқу құралы, 1776 жылы Петербургта «Турецкая граматика» атты еңбек шығарылды. 1701 жылы жазылған Гигоновтың «Граматика татарского языка», 1839 жылы жарияланған Қазамбектің «Общая граматика турецкого – татарского языка», 1894 жіне 1897 жылы екі кітап болып басылған Мишаронскийдің «Краткая граматика казак – киргизского языка» деп аталатын еңбектер т.б.жарық көрді.
1.2. Етістіктің, етістіктің шақтарының түркі тіл білімінде зерттелуі.
30 – 40 жылдардан бастап түркі тілдерінің граматикалары бірінен соң бірі үздіксіз жариялана бастады. 1935 жылы А.Доровковтың «Учебник уйгурского языка», 1938 жылы Ястроемскидің Бетлинг еңбегі негізінде жазған «Граматика якутского языка», 1940 жылы Н.К.Дмитриевтің «Граматика башкирсого языка», 1941 жылы А.Н.Кононовтың «Граматика турецкого языка», 1948 жылы «Граматика узбекского языка», атты еңбектері жарияланды.
А.Н.Кононовтың «Очерк истории изучения турецкого языка» деген 1973 жылы жарық көрген еңбегінде түркі тілдерінің зерттелуі. Батыс Европада, Ресейде, Түркияда, Америкада әр түрлі кездерінде болғаны айтылады.
1845 жылы М.А.Казембектің «Общая граматика турецкого — татарского языка» деген еңбегінің етістікке арналған бөлімінде түркі тілдеріндегі етістікке тән етіс, рай, шақ, түрік, татар, тілдеріндегі «де» етістігінің көсемше формаларының синтаксистік қызметіне көңіл аударды. Баяндауштың сөйлеміндегі орны туралы: «Глаголы в турецком языке вообще пологаются на конце предложения, потому что они излогая состояния и обстоятельства главного предмета, составляют сказуемое и в большие периодах всегда занимает последние место. Вот вторая эксиола фраезологии турецкого языка» (Казембек, 1893 493 — бет) – дейді (2 (493 бет)).
Мұны ғалым Н.Длисенова: «Баяндауыш көпшілігінде сөйлемнің басында және ортасында келеді», — деп толықтытрады.
Казамбек (1802-1870)-Әзірбайжан шығыс зерттеушісі, Қазан түркиология мектебін құрушы, филолог, тарихшы, педагог, шығыс филолгиясының докторы, Ресей Ғылым Академиясының кореспондент мүшесі, көптеген шет ел шығыс тану қоғамының мүшесі. Ол бірсыпыра тілдерді білген, өз еңбегін әзірбайжан, араб, парсы, орыс тілдерінде жазған.
Филолгия саласында Казамбек «Араб тілі граматикасының тәжірибесі», — «Түрік – татар тілінің граматикасы», «Түрік тілінің оқу құралы» атты еңбектері бар. Осылармен қатар түркі тілінің көне жазба ескерткіштерін оқу, жариялау істерімен айналысқан. Казамбектің «Түркі–татар тілінің граматикасы» атты салыстырмалы зерттеуі түркиология тарихында өте жоғары бағаланды. Бұл – Қазанда бірінші рет 1939 жылы басылған. Соңғы басылым «Общая граматика турецкого – татарскаого языка» деп аталады. Осы басылым 1948 жылы неміс тілінде шығарылған. Қазамбек граматикасында түркі тілдері материалдары бір–біріне салыстыра баяндалған.
Етістіктер туралы «Алтай тілінің граматикасында» да айтылады. Онда «жатыр, тұр, отыр, жүр» етістікретіне, етістіктің жоқ категориясында тоқталады.
Н.И.Ильминскийдің 1860-61 жылғы «материалы к изучению киргизского наречие» деген еңбегінде, А.Троянскйдің 1824 жылы шыққан «Краткая граматика татарского языка» кітабында етістіктің бес бес түрлі шығын көрсетсе, Л.Будагов 1869 жылы шыққан «Сравнительный словарь турецкого – татарский наречие» атты сөздігінде шағатай, түрік, әзірбайжан, қазақ, татар тілдеріндегі «де» етістіктің түрліше формаларын баяндаса, Н.В.Катанов 1869 жылғы «Урянхай тілінің зерттелу тәжірибиесі» еңбегінде тува, урянхай тіліндегі «де» етістігінің табыс, барыс септіктерін меңгеретіндігіне көсемше, есімше формаларының мағыналары мен сөйлемдегі қызметіне тоқаталса, З.А.Алексеев 1884 жылы Ташкентте басылып шыққан «Самоучитель сартовского языка» еңбегінде етістік формаларына байланысты үш жақты айтты.
В.В.Радлов «Опыт словаря тюркских наречий» деген еңбегінде «де» етістігі туралы: «В Восточных наречиях прямая речь начинается глаголом айт и кончается глаголом «та». Иногда такая речь кончается словами «так айтты».
…Часто глагол айт словом пропускается», — деп түсіндіреді. (3 ()).
Грамтикалық көрсеткіштердің қалыптасуы, даму жолы мен қазіргі түркі тілдеріндегі қалпы салыстырмалы – тарихи зерттеу объектісіне жатады. Мұнда да барлық граматикалық категориялардың түп – негізі ашылып, сыры анықталды деуге болмайды. Салыстырмалы тарихи зерттеулерде етістікке байланысты да көп мәселелер қарастырылады. Соның бірі етістіктің түбірі тұлғасы. Есімдер мен етістіктердің түбірі тұлғасы о баста мағына жағынан ажыратылмаған, яғни кейбір түбірлер әрі етістік, әрі есім мағынасында қолданылған деушілер бар. Бұл теорияны қолданушылар – Ж.Дени, К.Гриебек, К.Броккелман, кеңес ғалымдарынан Э.В.Севартен, Н.А.Баскалов, А.М.Щербак, Б.М.Юнусалиев т.б. Етістік катергорияларының салыстырмалы – тарихи зерттеулерде ең көп сөз болатын мәселе – шақ категориясы. Шақ категориясының бір де бір тіл жоқ. Бірақ олардың даму, өсу жолдары, мағына көлемі барлық туыс тілдерде бірдей емес.
Қазіргі түркі тілдерінің барлығы да үш шоққа (өткен, келер, осы) ие болса, көне түркі тілдерінде осы шақ пен келер шақтың ара жиегі онша айқын болмаған. Сондықтан да К.Фай, В.Баиг, А.П.Поцелуевский, М.Н.Хогдров, т.б.оқымыстылар осы шақ пен келер шақ мағына жағынан ХІІІ – ХІV ғасырларда ғана ажыратылған дейді. Көне түркі тілінде мәселен, А.Н.Кононов осы шарттың бір ғана ауыспалы осы шақ (ностоящее – будущее) түрін ғана атаса (4) 53, (186 — 187), Ғ.айдаорв екі түрі (ностоящее – конкретное, ностоящее — переходное) бар деген пікір айтады. А.М.Щербак Х–ХІІ ғасыр Шығыс Түркістан текстерінің тіліне сүйекне отырып нақ өткен шақ [ -ды//-ді, — дук//-дүк], келер шақ [ -ғай//-гей, — ға//-ге]; ауыспалы осы шақ (ностоящее–будущее), белгісіз келер шақ [будущее неоределенное: -ар//-ар], ежелгі өткен шақ (давнопррошедшое: -мым//- міме), нәтижелі өткен шақ (прошедшое результативное) бар деп көрсеткен (57) (150 — 152). Кейбір қосымшалардың түбір сөзден өобігендігін дәлелдеп бере алатын зерттеулер бар. Бірақ барлық қосымшалар түбір сөздермен этимологиялық байланысы бар деп үзілді – кесілді айтуға негіз жоқ сияқты. Мәселен, қазақ тіліндегі –ады//-еді қосымшалардың –а турур//-е турур аналиткалық формасынан –ыпты//-іпті қосымшасының –ып турур//-іп турур аналитикалық формасынан -атын//-етін қоысмшасының а тұрған//е тұрған аналитикалық формасынан пайда болғандығын ғылымда дәлелденген. Түркі тілдерінде көмекші етістік деп аталатын отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктеріның мағына, форма жағынан шақ қосымшалары қатарына- өткелдігін түркітануда ғалымдар мойындайды. Бірақ олардың граматикалану жолын, сөзден – қоысмшаға айналу эволюциясын тіл фактілері енгізгенде түгел анықталды деп айту қиын. Дәл осы проблеманың шешілуі тарихи – салыстырмалы әдіске тікелей байланысты.
1.3. Етістіктің, етістіктің шақтарының қазақ тіл білімінде зерттелуі.
Қазақ тілі білімінің зерттеушілері саны жағынан да, жарияланған еңбектерінің көлемі жағынан да басқаларынан оқшауланатын саласы– тіліміздің граматикалық жүйесі. Олай болуы түсінікті де, өйткені тілдің граматикалық құрылысынан азды – көпті болса да хабардар болмай тұрып, тілді білу, ол жай ында мәнді пікір мүмкін емес.
Тіліміздің граматикалық жүйесін зерттеу ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталады. Қай кезде болса да морфологияның өзекті, ең басты мәселесі сөздерді әр түрлі лексико – граматикалық топтарға, кластарға бөлу болғандығы белгілі. Сөздерді бұлай бөлу жыл санауымыздың алдындағы V-ІV ғасырдағы көне Үндістан лингвисі Болини граматикасынан, байырғы Греция ойшылдарынан бері –қарай айтылып келе жатқаннан да білеміз. Тілдегі сөздердің есім, етістік, шылау деп үш класқа бөлу де сол заманда басталған болатын.
1930 жылдардан бастап морфологиялық жеке мәселелріне арналған шағын көлемді әсіресе сол кездегі баспасөз беттерінде, әсіресе сол кездегі ғылыми – педогоикалық журналдар – «Төте оқу», «Ауыл мұғалімі», оның орнына келген «Халық мұғалімі» журналдары беттерінде жиі – жиі көріне бастады. Осы он жылдықтың аяғына дейін жеке сөз топтарына, қосымшаларға арналған отызға тарта мақала жарияланыпты. Олардың көпшілігін Қ.Жүбанов, Х.Басымов, Ш.Х.Сарыбаев. Н.Сауранбаев, С.Аманжоловтар жазған.
Тек 40 жылдар ішінде ғана морфологиядан етістіктің есімше, етіс, шақ, көмекші етістік, сын есім шырайлары мен үстеу арнайы зерттелді.
1950 жылдан бері қарайғы уақыт ішінде морфологияның жеке мәселелеріне қатысты жүзге тарта ғылыми мақала, 20–ға тарта монографиялық зерттеулер мен кітапшалар жарық көрді. Олардың ішінде етістікке арналған Ы.Мамановтың, А.Қалыбаевтың, И.Ұйықбаевтың, осы жолдар авторының Н.Оралбаевтың, Т.Ерғалиевтың еңбектерін атауға болады.
Етістік баяндаушылардың қазақ тіл білімінде зерттеуін А.Байтұрсыновтың еңбектерінен бастағанымыз жөн. Автор 1914 жылы Орынбордан шыққан «Тіл құралы» оқулығында етістік сөз табына мынадай анықтама береді: «Кей сөздер нәрсенің істейтін ісін айтады. Мәселен: арт, тарт, ал, ұр, саба, соқ, қорық, күрес, маңыра, сок, сүз, таста, шық, жық, ас, ал, төз т.б.мұндай сөздер етістік сөздер деп аталады.
Етістік сөздердің сұрауы не етпек? Не істемек? Не қылмақ? Не болмақ? Етістіктің жалпы сұрауы не етпак?
…Сондай не етпек? Не істемек? Не қылмақ? деген сұрақтарға жауап алатын сөздер–бәрі де етістік болады» (6)–деп көптеген етістіктер, жаттығулар береді.
1915 жылы Орынбордан шыққан «Тіл құралында» етістікке: «Етістік дегеніміз» — заттардың еткен – етпеген істерін көрсететін сөздер» (7) дейді. 1925 жылы Қызылордадан шыққан «Тіл құралы» 3 танытқыш кітабында сөйлем жүйесі мен түрлері баяндалады. Онда етістіктің негізгі қызметі баяндауыш болатындығына, сабақты, салт етістікке, етістерге т.б. тоқталады.
30 – жылдардағы Қ.Жұбанов бастаған тіл мамандарының тіл біліміне, етістіктің зерттелуіне қосқан үлесі зор. Н.Т.Сауранбаевтың көсемшелер жайлы т.б.еңбектерінде жан –жақты баяндалды.
Көмекші етістіктердің көмекшілік, жақ вид катергориялары турлы Ш.Х.Сарыбаев (1938), И.Я.Мамановтардың (1947), И.Ұйықбаевтың (1956), Г.Қарабаев (1953), С.Аманжоловтардың (1958) арнайы зерттеу жұмыстары жарық көрді.
Етістіктің синаксистік функциялары М.Балақаев пен Н.Т.Сауранбаевтың 1954 жылғы Т.ерғалиев есімше категориясы туралы, М.С.Тоқатғұловтың (10) есімшелер туралы кандидаттық дисертациясында, О.Төлегеновтың (11) жай сөйлемінің баяндаушытары туралы кандидаттық дисертациясында, И.Ұйықбаевтың (12) (1959), А.Әбілхаевтың (1962) еңбектері етістікке арналады.
Профессор Н.А.Баскаков (1956) еңбегінде етістік баяндаушытардың рай категориясын қарақалпақ тілінде, К.Неталиева (1963) кандидаттық дисертациясында қазақ тілі тұрғысынан зерттейді. Сөз тудырушы аффкстерді зерттеген Н.А.Баскаков (1952) өзінің «Қарақалпақ тілі» еңбегінде сөз тудырушы аффикстерді екі топқа: лексикалық сөз жасаушылар, граматикалық сөз жасаушылар деп бөледі. Бұл жерде етістікке байланысты айқын көрсетілген.
Н.А.Баскаков түбір етістіктердің бәрін негізгі, туынды лексикалық категория деп қарайды, олар тиісті тұлғасыз сөйлемде қолданылмайды, ол үшін қызметіне сай граматикалық форманы қажет етеді.
Өзінің бірнеше монграфиясында етістік түбірлерін негізгі, туынды деп арнайы зерттеп жүрген. А.Қалыбаева –Хасенова 1971 жылғы «Етістіктің лексика – граматикалық сипат» еңбегінде етістіктің лексика – граматикалық сипаты деп, тілдің екі үлкен салалары тұрғысынан таниды. Автор негізгі етістік болсын, туынды түбір етістік болсын оларға лексикалық мән – мағына болуымен қатар, оларға бірсыпыра граматикалық категорияларды береді.
Қазақ тілі білімінде етістік туралы елеулі зерттеулер жүргізілді. Етістік түберлері жайлы нақты пікір айтқан профессор К.Ахановтың 1972 жылғы «Граматика теориясының негіздері» кітабы болды. Етістікке байланысты оның тарихы мен диалектологиялық ерекшеліктерін зерттеуде профессор С.Аманжолов, Д.Доскараевтың еңбектері ерекше.
С.Е.Мамановтың (1952), А.М.Щербактың (1961), Қ.М.Насиловтың (1959), И.А.Батмаонвтың (1959), С.Муталипаевтың (1956), Г.Айдаровтың (1959), Ғ.Мұсабаетың (1959), А.Ысқақовтың (1992), Э.В.Севортиянның (1962), Н.Оралбаевтың т.б. еңбектері мен әр кезде жарық көрген т.б. еңбектер етістіктіктің қыр – сырын ашудағы үлкен зерттеулер болды.
1967 жылы «Қазақ тілінің граматикасы» атты екі том еңбек басылып шықты. А.Ысқақовтың морфологиялы ғылыми пән ретінде жоғары оқу орындарында оқыту және оны зерттеу, 40 – жылдардан басталады. Соның қорытындысы ретінде «Қазіргі қазақ тілі, морфология» деген атпен 1974 жылы оқулық ретінде жарық көрген кітабы т.б. көпетеген еңбектері бар.
ІІ – тарау. Етістіктің шақтары.
ІІ.1 Етістіктің осы шағы
Қазақ тілі сөз таптарының жүйесімен ерекше орын алатын сөздер – етістік.
Етістік – тіліміздегі сөз топтарының ішіндегі ең күрделі және қорымы ең кең граматикалық категория. Етістіктің күрделілігі мен қарымдылығы оның аса өрісті лексика–семантикалық сипатымен, бай лексика – граматикалық формаларымен, кең синтаксистік қызметіне байланысты.
Етістіктің лексика–семантикалық сипатының өрісті болатын себебі – ол семантика мен тек субектінің іс — әрекетін ғана емес, қоғамда ұшырасатын, табиғат ауқымында, адамның абстракты ойы мен санасы арқылы туатын көптеген амал, әрекет, іс – қимыл, қозғалыс, жай, күй т.б. процестерді, сол процестерге қатысты ұйымдарды түгел қамтиды. Есімдерге қарағанда, етістіктердің лексика–граматикалық мағыналары да, граматикалық мағыналары да әр алуан, сөйлемді атқаратын қызметі ерекше.
Етістіктің лексика–граматикалық формаларының бай болатын себебі –ол формалар амал -әрекеттің болу мезгілін, жүзеге асу кезеңін, олардың өту сипатын, яғни бағыты, ақрқыны, тынуы тәрізді жайларды бағдарлатады, яғни етістік формалары осы және өзге де әр түрлі құбылыстардың көрсеткіші ретінде қызмет етеді.
Етістік тобын құрайтын сөздер іс -әрекет, қимыл –қозғалыс, күй тәрәзді толып жатқан құбылыстарды, белгілі мезгілдік сипаттарды белдіреді. Осының бәрінде де етістік сай –салалы динамикалық процестерді адам санасында абстракцияланған жүйелі тілдік материалдар негізінде жеткізеді. Оқы, жүр, байқа, жүгір, келдік тәрізді етістік тобын құрайтын мыңдаған лексикалық единицалар белгілі іс (оқы, жүр), әрекет (жүгір, байқа), қалып (келдік) т.б. құбылыстарды білдіріп, нақтылы мағыналары есім сөздермен ұштасып жатады.
Етістіктен етістік тулыратын, есімнен етістік тулыратын синтетикалық, аналитикалық тәсілдердің жүйелерін, олардың нақтылы үлгі – нұсқаларын қосқанда етістік деп аталытын сөз табының орасан бай категория екені ашыла түсетінін көреміз. Форма байлығы жағынан етістікке өзге бірде бір сөз табы, солардың ішінде формасы ең бай салаланатын зат есімнің өзі бара- бар келе алмайды.
Етістіктің лексика –семантикалық, лексика граматикалық және граматикалық категорияларынан айқын көруге болады. Мәселен, етістіктің сөз тудыру жүйесі, ол жүйенің неше түрлі формалармен қатар, өзіне ғана тән сөз түрлендіретін формалары бар.
Шақ, рай, етіс, амалдарадың жүзеге асу сипаты сияқты жүйе –жүйе категориялар –етістіктің семантика жағынан ең бай формалары, сондай – ақ, етістіктің өзге семантикалық және морфологиялық формаларынан мазмұндары да, тұрпат –түрлері де өзгеше есімше, көсемше деп аталатын категориялары бар. Бұлар, бір жағынан, етістікті басқа сөз таптарынан ерекшелендіретін формалар болса, екіншіден, солармен ұштасытыратын айрықша функциялары бар категориялар. Бұл аталған формалармен жарыса өмір сүріп, тіркестегі өзге сөздердің мазмұнына өзінше үлес қосып, қажетіне қарай, олардың формаларына да өзгеріс енгізіп отыратын болымдылық және болымсыздық, сабақттылық және салттлық, категориялары бар.
Етістіктің осындай әр қилы категорияларының мағыналары да, синтаксистік қызметтері де, әдетте, сол етістіктің өзге формалармен және өзге сөз таптарына тән сөздермен қарым – қатынасқа түскенде айқындалады. Етістіктің кейбір формаларының сөйлемнің барлық мүшелері есебінде қолданылуы сияқты граматикалық құбылыстар тек сөйлем ішінде, сөз тіркесі ауқымда анықталады.
Етістіктің граматикалық категориясының бірі –шақ. Етістік амал -әрекет ұғымдарының атаулары я сол ұғымдары білдіретін сөздер болатындықтан, оған тән сөздер, қашанда, белгілі дәрежеде мезгіл ұғымдармен байланысты болады. Өйткені, амал -әрекет, қимыл, қозғалыс атаулының барлығы да үнемі белгілі бір мерзімде жүзеге асырылады. Мезгіл ұғымына байланыстармай етістікті және сөз табыс деп тануға да, анықтауға да болмайды. Олай болса, шақ категориясы етістікті өзге сөз топтарынан әрі ерекешеліктерін, әрі ажырататын ең негізгі граматикалық категория болып есептеледі.
Қазіргі қазақ тілінде шақ категориясы, басқа да категориялар сияқты, бірте –бірте дамып, мазмұны жағынан да, формалары да үнемі жетіле отырып қалғандықтан, өзіне лайық орынққан жүйесі бар аса бай граматикалық категория.
Шақ категориясы – етістіктің басты қасиеті. Мұнда болатын формалардың көпшілік іс -әрекеттің әр түрлі шақта болуы. Шақ категориясы белгілі бір форомалар арқылы берілді. Ұимылдың, жай –күйдің, белгілі бір уақытта, мерзімді болатыны, болғандығы, болып жатқандығы сол бойынан аңғарылады.
Шақ –іс –қимыл, жай –күйдің орындалу мезгілі мен сөйлеп тұрған уақыт арасындағы қарым –қатынасты білдіретін граматикалық категория.
Тіл –тілдің граматикасының бәрінде де етістікті үш шаққа бөлу –тіл тағылымы тарихында ерте заманнан бері бар нәрсе. Сондай – ақ әр тілдің ішкі даму ерекшеліктеріне сай әр шақта өз ішінде бөлу тағы бар. Шақ категориясы –белгілі бір формалар арқылы беріледі. Ондағы қимылдың, жай –күйдің өзі белгілі бір уқытта, мерзімде болатыны, болғандығы ие болып жатқандығы сол етістік бойынан аңғарылады.
Істің сөйлеп тұрған уақыттан бұрын не соң, не сол кезде істелуін не істелмеуіне қарай етістіктер белгілі бір жаста, шақта сөз таптарынан негізгі бір ерекшелігі: тыңдап отыр, тыңдамақшы, айтты, болып етістіктері субъектімен, мезгілмен және басқа жағдайларға қарай күрделі де (тыңдап отыр, ұшып келе жатыр), дара етістікте де (айтып) шақ көрінісі байқалады. Осындай етістіктердің шақ көріністері белгі бір морфермалар арқылы берілді де (айт -ты), содан кейін қимыл жағына қарай жіктелер.
Сөздердің сөйлем ішінде граматикалық құбылыстары анықталатыны сияқты. Етістіктің кейбір шақ жасайтын қошымшалар сөйлемдегі басқа сөздердің ынғайына, беретін мағынасына қарай бірде осы шақ, бірде өткен шақ, бірде келер шақ мағыналарында ауысып отырады. Мен колхоздан келемін. Мен колхоздан ертең келемін. Сондықтан да тіл білімінде шақ түрлі терминдермен айтылады.
Граматикалық шақ категориясында осы шақ, өткен шақ және келер шақ бір–бірімен қимыл, іс-әрекеттің сөйлеу кезіне қатысы жағынан ажыратылады. Демек, сөйлеу кезі (момент речи) әр түрлң шақтардың тірілетін орталығы және оларды бір-бірінен ажыратудың тірегі болып саналады. Осы шақтың формасы сөйлеу кезімен сәйкес келетін қимыл, іс-әрекетті білдірсе, өткен шақтың формасы сөйлеу кезіне дейін болған қимыл, іс-әрекетті, келер шақтың формасы сөйлеу кезінен соң, яғни келешектеге болуға тиісті іс-әрекетті білдіреді.
Бір шақтың бірнеше түрі болуы мүмкін. Мысалы, ағылшын, француз, неміс тілдерінде және түркі тілдерінде өткен шақтың өзініің бірнеше түрі бар. Қазақ тілінде оқыдым, оқығанмын деген етістік формаларының екеуі де өткен шақты білдіреді. Бірақ бұлардың өткен шақтық мағыналары бір емес: алдыңғысы жедел өткен шақты білдірсе, соңғысы бұрынғы өткен шақты білдіреді. Тіл білімінде абсолютті шақ (абсолютное время) және қатыстық шақ (относительное время) дегенг терминдер белгілі бір шақтың бірнеше түріне ажыратылуымен байланысты енгізілген терминдер болып табылады.
Абсолютті шақ – белгілі бір шақтың сөйлеу кезіндегі сәтті көрсеткіш –шақ белгісі, яғни бұл шақта белгілі бір шақтың сөйлек кезіне қатысты тікелей айқындалады.
Қатыстық шақ (13) – сөйлеу кезіндегі уақытпен тікелей қатысты емес, граматикалық тұлғалар арқылы берілетін етістіктің шақтары, яғни қатыстық шақта оның сөйлеу кезіне қатысты тікелей емес, жанама түрде айқындалады. Мысалы, жалпы граматикалық шақ категориясының өткен шақ, осы шақ, келер шақ түрлері шақтың сөйлеу кезіне қатысына қара айқындалса, қазақ тілінде өткен шақтың бұрынғы өткен шақ түрі оның жедел өткен шақ түрі арқылы, яғни с онымен салыстыру арқылы ажыратылады. Көптеген индоевропа тілдерінде өткен шақтың перфект, имперфект, плюскампрофект деп аталатын түрлері де бір-бірінен ажыратқанда, өз ара салыстырылып, біріне-бірінің қатысы жағынан ажыратылады.
Түркі тілдері граматикалық шақ категориясына бай тілдерінің қатарынан орын алады. түркі тілдерінде, жоғарыда аталып өткендей, бір шақтың бірнеше түрі бар. Ол түрлердің әрқайсысы белгілі бір шақтың әр түрлі мағыналық ретін білдіреді. Осы жағынан алып қарағанда, әр түрлі мағыналарды білдіретін белгілі бір граматикалық шақ тілдің лексикалық жүйесіндегі көп мағыфналы сөз тәрізді; мысалы, көп мағыфналы сөз әр түрлі лексикалық мағынаны білдірсе, белгілі бір граматикалық шақ та түрлі-түрлі граматикалық мағыналадрды білдіреді. Полисематизмді сөздің сан алуан лексикалық мағыналарының арасында мағыналық байланыс болатындығы және олардың бәрі де негізгі номинативті мағынаның айналасына талаптарындағы сияқты, белгілі бір шақтың да, мысалы, өткен шақтың, түрлі-түрлі граматикалық мағыналарының арасында байланыс болады, олар қаншама әр түрлі болғанымен, жалпылама ортақ граматикалық мағынаға, жалпы өткен шақтық мағынаға келіп тіреледі. Әрине, сөздің көп мағыналығы мен әр түрлі мағынаны білдіретін белгілі бір граматикалық құбылыстың арасына тепе-теңдік белгісін қоюға болмайды. Бұл жерде мұндай салыстыру айқынырақ түсіну үшін жасалып отыр.
Шақтарды бір-бірімен ажыратуда қиыншылықтар бар. Ол қиыншылықтар, бір жағынан, шақ мазмұнының бір-бірімен ұштас тығымен, соған орай, шақ формаларының бір –бірімен жіктері ашылғандығымен байланысты болса, екінші жағынан, шақ категория сы мен рай категориясының бір-бірінен мазмұн негізде, форма шегі де ажыратылмағанымен байланысты.
Ал шақ пен рай категорияларының бір-бірімен ажыратылуын көбіне логикалық категория мен граматикалық категорияның миластырылып жүргені есебінен деп қарауға болады. Осындай негізгі мәселелердің ғылыми жағынан тиянақталмай, шешілмей келу салдарынан шақтардың да, олардың формаларының да шектерін ашу, оларды топтастыру мәселелріне үлкен қиыншылық туып жүр. Мысалы: «мен айтайын, ол тыңдайды» дегенді етістік формалары (айт-а-мын, тыңда-й-ды) қай шаққа тән, олардың мазмұны қандай екенін дәл осы контекске қарап анықтау мүмкін емес. Сондай-ақ, барар еді; баратын едң; бармақ еді; барған едің; барашақ еді; барып еді; жығылып қала жаздап барып қалған екен; айтқысы келіп отыр екен сияқты формалардың бәрі де не белгілі бір шаққа, не бірнеше шаққа қатыты екені күмәнсіз. Бірақ солай бола тұрса да, олардың қайсысын қай шаққа жатқызуда айтарлықтай қиындықтар бар. Дегенмен, етістіктің сөйлемде баяндауыш болып қызмет атқаратын формалардың ең негізгі қасиеті шақ ұғымын білдіру болса, бұл формалар да тілдегі замандар бойы дамып қалыптасқан шақ категориясының жүйесінен өздеріне тиісті орындарын алуға лайық.
Қазақ тілінің шақ категориясының жүйесі де, өзге тілдердегі сияқты іс-әрекет, жай-күйдің болу мезгілі мен сөйлеп тұрған уақыт арасындағы қарым –қатынасты білдіретін граматикалық шақ мағынасына қарай осы шақ, келер шақ, өткен шақ болып үшке бөлінеді.
Осы шақ дәл сөйлеу үстінде болып жатқан іс-әрекет, жай-күйді білдірер. Осы шақтағы етістіктер кейде істің, қимылдың сөйлеуші хабарлап тұрған кезеңнен бұрын басталып, үзіліссіз болып тұратынын да білдірер. Келе жатыр деген мен оқып жүр дегендерді салыстырыңыз.
Осы шақ мағыналық ерекшеліктеріне қарай нақ осы шақ, ауыспалы осы шақ болып екіге бөлінеді.
Нақ осы шақта іс — әрекет, жай-күй дәл сөйлеу үстінде болып жатқандығы баяндалады.
Нақ осы шақ бірнеше жолмен жасалады.
а) отыр, жүр, жатыр, тұр деген төрт етістік жіктеліп, дара күйінде жұмсалады. Мен отырмын, сені тұр-сың; сіздер жүр – сіздер, бала жатыр. Т.б.
ә) осы төрт етістік – ып, -іп, -п және –а, -ә, -й тұлғалы көсемшелермен тіркесіп айтылады. Мұндайда отыр, жатыр, жүр, тұр етістіктері екінші орында тұрып, айт-ып, отыр-мыз, кел-е жатыр, оқы-п, жүр, біл-ме-й тұр-сың болып жіктеліп қолданылады.
б) Жатыс септіктегі — у тұлғалы қимыл есімдері жүргіз-у де –мін, ізден – у-де сіздер болып баяндауыш қызметінде айтылуда да нақ осы шақ мағынасында жұмсалады.
Бұдан басқа –ұлы, -улі тұлғалы етістіктер жеке де жатыр, бұр, отыр, жүр етістіктерімен тіркесіп те 3-жақтық шақ осы шақ мәнін білдіре алады.
Бір күрек пен бір қайла керегеге сүйеулі тұр. (Ғ.Мұстафин)
Есік жақта тілектестері дір-дір етіп, екі ішкі мен бір арық торпақ та байлаулы тұр (Мүсірепов)
Осындағы байлаулы тұр дегенмен іздену – у –де –міз дегеннің айырмасы бар. Соңғы дәл сөйлеу үстінде болып жатқан, сондай-ақ бұрын басталып, осы кезде болып жатқан іс-әрекет, жай-күйді де білдіре алады. (14, 199)
Ауыспалы осы шақ бұрыннан болып келе жатқан, сонымен қатар сөйлеп тұрған тұста болып тұрған іс-әрекетті білдіреді. Бұл шақ – а, -е, -й тұлғалы көсемшелердің жіктеліп айтылуы арқылы жасалады. Бұл тұлға ауыспалы осы шақ мағынасында дара да, -ып, -іп, -п тұлғалы көсемшелермен тіркесіп те жұмсала береді.
Мысалы: бар –а, -мын, кел-е-сің (дер), білме-й-сіз (дер), айт-ып бер –е-ді, қайт-ып кел-е-міз т.б.
Бұл тәрізді етістіктер келер шақ мағынасында да жұмсала береді. Сол себепті ауыспалы осы шақ деп аталады. Формалық өзгешелігі жоқ бұл тұлғалардың ауыспалы осы шақ немесе ауыспалы келер шақ екендігі контексте белгілі болады.
Жаз шыққан соң, әркім өзіне жер барак жасап алушы да болады; … көмір тегін беріледі. (Мүсірепов).
Бұл форма арқылы бұрын орындалған іс жайында да баяндауға болады.
Сол ауылда өткен күні ақтың екі офицері кеп, мылтық атып, ауылдан еріксіз ат жектіреді. (Мұқанов).
Ауыспалы осы шақ екен сөзімен: өтеді екен, біледі екен болып айтылуда өткен мезгілде болған іс-әрекетті көрсетеді. 15 (200)
А.Ысқақов осы шақты грамматикалық сипатынан туатын мағынлық ерекшеліктеріне және оларды білдіретін амал-тәсілдердің қызметтеріне қарай жалпы осы шақ, нақ осы шақ және неғайбыл осы шақ деп үш түрге бөледі. Мұнда өткен шақ пен осы шақтың жігін ажырату үшін сөйлеу кезі, сөйлеушінің тыңдаушыға сөйлеп тұрған сәті (мезеті) шек, шақ формасы сөйлесіп отырған уақыт бойында болатын я болып жататын әрекет, тыңдай жүріп жататын амал-әрекетті білдіреді.
Қазақ тілінде осы шақ категориясының арнаулы морфологиялық көрсеткіштері жоқ. Бірақ етістік жүйесінде оның қилы-қилы мағыналарын білдіруге икемделіп, замандар бойы сол қызметтерді атқару нәтижесінде әбден орнығып, қалыптасқан грамматикалық амал-тәсілдер бар.
- Жалпы осы шақ етістік негізіне көсемшенің –а (-у-й) жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Өйткені, бұл форма, контекстегі қызметіне қарай, сөйлеп отырған кезде болатын амал-әрекетті де (байқайсың ба, күн қызып келеді) үнемі істелетін кәсіби және басқа күнбе-күнгі әрекетті де адамзатқа, ғаламзатқа тән үйреншікті, дағдылы жалпы қимыл, қозғалыс, амал, әрекет, істі де (ит үреді, құс ұшады; сиыр мөңірейді; шөп өседі; жел еседі; бала күледі; әнші ән салады; мұғалім бала оқытады) білдіре береді.
Бұл форма тек жалпы осы шақ мағынасында ғана емес, жалпы іс-әрекетті тыңдаушысының көз алдында бұрын болғандай, қазір болып жатқандай және келешекте шүбәсіз болатындай етіп суреттеп көрсету үшін жұмсала береді. Сол себептен бұл форма, әдетте, ауыспалы шақ формасы деп те аталады. (16,330-331).
- Нақ осы шақ көсемшенің өткен шақ (-ып, -іп, -п) және осы шақ (-а,-е,-й) түріндегі етістік формасына жатыр, жүр, тұр, отыр деген жай-күй етістіктерінің біреуі тіркесу арқылы жасалады. Мысалы, айтып отырмын; көріп тұрмын; оқып жүр; келе жатыр т.б.
Жалпы осы шақ пен осы шақ мағыналарының айырмашылықтарын мына мысалдан да аңғаруға болады: мен келемін дегеннен келу процесі тек жалпы аталғаны аңғарылса, мен келіп тұрмын; мен келіп жүрмін; мен келіп жатырмын; мен келіп отырмын дегендерден келу әрекеті жалпы түрде емес, ситуация нақтыланып аталатыны көрінеді. Бірақ бұл 4 етістік тек нақ осы шақ мәнін ғана білдіріп қоймайды. Олар шақ осы шақ мағынасын тек тікелей жіктеліп тұрғанда ғана білдіреді. Бұл төрт етістік амал-әрекеттің белгілі бір қалыпта (тұрған, отырған, жүрген, жатқан) ұзақ, уәдік-создық, өзгеріссіз дәйім болатынын білдіретіндіктен, өткен шақта да, келер шақта да, рай түрлеріне де, субстантивтеліп те жұмсалады. ( 17, 381)
- Неғайбыл осы шақ екі түрлі аналитикалық формант арқылы жасалады. Оның біріншісі — көсемшенің келер шақ (-ғалы, -гелі…) формасындағы етістікке (барғалы, келгелі) жатыр,, жүр, тұр, отыр етістіктерінің бірі тіркеседі де, соңғы көмекшіге жіктік жалғау тікелей жалғанып жасалады (мысалы: барғалы отырмын; жүргелі отырмысың? Аттанғалы жатырмыз, көргелі тұрмыз, оқуға түскелі жүрсіңдер ме? екіншісі – йын дер (-йін деп) форманты жалғанған етістіктің бірі тіркеседі де, оған жіктік жалғау тікелей қосылу арқылы жасалады. (Мыс, барайын деп отырмын, жүрейін деп тұрмын).
Бұл форма келешекте істелмекші болған амал туралы ойды сөйлеп отырған кезде (осы шақта) жүзеге асыратындай етіп көрсетеді. Бірақ, бұл форма да, қажетіне қарай, есімше, көсемше, рай, шақ қосымшаларын қабылдап, осы шақтан басқа да қызмет атқарады (кетіп қалайық деп отыр едік; жүріп кеткелі отырғанда, олар келе қалды; сәті түсейін деп тұрған іс екен; жұмысты бітіріп тастайын деп отырып қалыппын т.б) (18, 331-332)
Ескерту: Оқулықтарды «өсуде дамуда..» формасы осы шақ көрсеткіші саналып жүр. Бұл формада ешқандай да вербалдық мағына болмайтындықтан және оған етістікке тән қосымшалар қосылмайтындықтан, етістіктің шақ формасы ретінде қаралмауы тиіс екендігін көрсетеді (19, 332).
М.Серғалиев, А.Айғабылов, О.Күлкеновалардың «Қазіргі қазақ әдеби тілі» атты еңбекте осы шақ – етістіктің сөйлеу кезінде болып жатқан іс-әрекетті білдіретін бір түрі. Осы шақ формасы беретін мағыналарына қарай нақ осы шақ, ауыспалы осы шақ деп 2 бөлінеді.
Нақ осы шақтың арнайы морфологиялық көрсеткіші жоқ. Бұл форма отыр, тұр, жатыр, жүр қалып етістіктері жіктелу арқылы жасалады. Мысалы:
Жекеше Көпше
Мен отырмын Біз отырмыз
Сен отырсың Сендер отырсыңдар
Сіз отырсыз Сіздер отырсыңдар
Ол отыр Олар отыр
Болымсыз түрі жоқ сөзі арқылы жасалады.
Мен отырған жоқпын Біз отырған жоқпыз
Сен отырған жоқсың Сендер отырған жоқсыңдар
Сіз отырған жоқсыз Сіздер отырған жоқсыздар
Ол отырған жоқ Олар отырған доқ
Егер отыр, тұр, жатыр, жүр қалып етістіктері басқа жұрнақтар қабылдаса, басқа шақты білдіреді. Мен отырдым т.б.
Қалып етістіктері осы шақ мағынасында қолданылғанда бірінің орнына бірі синоним ретінде айтыла беруі мүмкін. Мысалы, оқып жүр – оқып жатыр; сөйлеп тұр – сөйлеп жатыр т.б.
Бірақ бұл етістіктер қолдануда парықсыз емес. Қар жауып тұр дегендегі қалып етістіктеріне отыр, жүр етістіктерімен ауыстыруға болмайды. Өйткені жатыр, тұр етістіктері қимыл иесі жанды, жансыз зат болғанда айтыла береді. Ал отыр, жүр тек жанды затпен ғана байланысты айтылады. Қалып етістіктерінің қолданылуында бұйрық рай түрінде және ашық райдың осы шақ түрінде және ашық райдың осы шақ түрінде бір-біріне сырттай қарағанда ұқсас болып келетіні бар. Мысалы, сен тұр (жүр, отыр) дегенде бұйрық райдың екінші жағында қолданылып тұр. Ал ол тұр (жүр, отыр, жатыр) дегенде осы шақты білдіреді.
Қалып етістіктері (ы/п, — і/п), -а, -е, -й формалы көсемшелермен тіркесіп айтылып, осы шақтың аналитикалық жасалу тәсілін құрайды. Мысалы, айтып отыр; жазып жатыр; келе жатыр; бере тұр. т.б. (19, 64)
Ауыспалы осы шақ көсемшенің -а, -е, -й жұрнағы жалғану арқылы сөйлеп тұрған кездегі әрекетті (күн көтеріліп келеді), күнделікті тірлікті (ол мектепте оқиды, Асан қалада тұрады), дағдылы қимыл -әрекетті (сиыр мөңірейді) білдіреді. Етістіктің бұл формасы контекске қарай өткен шақ, келер шақ мағынасында да қолданылуы мүмкін. Сондықтан бұл шақ формасын ауыспалы осы шақ деп атайды. Мысалы, Баяғыда бір кемпір ме шал өмір сүреді дегенде өткен шақты білдірсе, Бұл ұя салып күшіктеген жолбарыс болса, бізге тыныштық бермейді. Тігінде ол осы маңайдан ұзамайды дегенде келер шақты аңғартып тұр. Етістіктің бұл формасын осындай ерекшеліктеріне қарап жалпы осы шақ ерекшеліктеріне қарап жалпы осы шақ деп атаушылар да бар. (20, 64-65).
Оқулықтарда — уда, -уде формалы етістік осы шаққа жатқызылады. Мысалы, егін орылуда. Мал семіруде. Бұл етістіктер де жіктеліп, осы шақтың мағына береді. Алайда, А.Ысқақов «оған етістікке тән қосымшалар қосылмайтындықтан, етістіктің шақ формасы ретінде қаралмауға тиіс» деген пікірді айтады. (21, 232)
Ә. Төлеуов осы шақты нақ осы шақ (жалаң нақ осы шақ, күрдері нақ осы шақ), ауыспалы осы шақ деген топтарға бөледі.
Мұнда, осы шақ істің сөйлеп тұрған уақытта істелуім де, не істелу үстіндегі кезеңім де көрсететін шақ категориясы. Біз ауыл сыртындағы дөңде отырмыз. Үркер жайды жәшік өзі айтып отыр. Келе жатыр, оқып отыр десек, мұнда келу, оқу қазір сөйлеу мезгілінде болып жатқанын көрсетеді. Жоғарыдағы отырмыз, айтып отыр, келе жатыр сияқты осы шақ жасалу тұлғсына, сөйлемдегі беретін мағынасына қарай нақ осы шақ (отырмыз, айтып отыр), ауыспалы осы шақ (келеді) болып, ең алдымен екіге бөлінеді.
Бірақ жоғарыдағы мысалдарда көрсетілгендей, морфологиялық жағынан, бұлардың әрқайсысының жасалу ерекшеліктері әр түрлі.
Нақ осы шақ дегеніміз істің дәл сөйлеп тұрған уақытта, кезде істелуін білдіретін етістіктің түрі. Асан мектепте отыр. Ол оқып отыр деген нақ осы шақтың өзі де жасалу тұлғасына қарай жалаң нақ осы шақ (отыр). Кұрделі нақ осы шақ (оқып отыр) болып екіге бөлінеді.
Жалаң нақ осы шақ қосымшаның көмегінсіз-ақ өздерінің лексикалық мағынасы арқылы сөйлеу үстінде болып жатқан іс-әрекет, жай-күйді білдіретін жалаң нақ осы шақ отыр, жатыр, жүр, тұр етістігінің бір өзінен жасалады. Аталған төрт етістіктің басқа да етістіктерден айырмасы – жеке тұрып үш жаққа бірдей жіктеме алады: Ояна кетсем, қасымда сен отырсың. Қойшы деп мен жатырмын.
Күрделі нақ осы шақ екі не одан да көп етістіктер аналитикалық тәсілмен бір-біріне тіркесе айтылып, бір-ақ лексикалық ұғымда жұмсалып, бір сұрауға жауап беріп, сөйлемнің бір-ақ мүшесі болады: Жас туған бұзаулар тоңып тұр Қожаштың әкесі қайын-жұртына көшіп келіп жатыр. Осындай екі не одан да көп етістік тіркесе келіп, күрделі осы шақ жасалады. Мұның жасалуы төрт түрлі:
а) Жіктік-жақ жалғауы жалғанып, көмекші болған отыр, тұр, жүр, жатыр сөздерін негізгі мағыналы үнемді көсемшеден соң қою арқылы: мен газет оқып отырмын.
ә) Бара, келе, апара, әкеле сөздері жатып көмекшісімен тіркесуі арқылы: Баймағамбет келе жатыр. Ол газетке мақала әкеле жатыр.
б) негізгі етістік үнемі көсемшелі (-ып,-іп, -п) болып, бара жатыр, келе жатыр, күрделі етістіктері тіркесуі арқылы жасалады. Өндіріс күннен күнге өсіп келе жатыр.
в) -лы, -лі жұрнағы қосылып, сындық мәнге ауысқан сөздерге (ілулі, байлаулы) көмекші болып, отыр, жатыр, жүр, тұр тіркелсе; Оған көңіл аударған ешкім жоқ, қол-аяғы әлі байлаулы жаты.
Ауыспалы осы шақ. Басқа сөздердің ыңғайына қарай бірде осы шақ, бірде келер шақ мағынасында ауысып жұмсалатын етістіктің түрлері бар: жазып отырмын (осы шақ), жазады (қазір жазады) болып келетін ауыспалы осы шақ жасалу тұлғасына қарай етістіктің түбіріне ең әуелі көсемшенің –а, -е, -й жұрнағы, одан соң жіктік жалғаулары жалғанады: отыр – а, мын, жыр –е, -мін; чөйле –й, -мін, көр-е-сің, сөйле-іңді т.б.Олар жасалу түріне, беретін мағынасына қарай екі түрлі. Мәселен, мен кинодан келемін сөзін сөйлемде келтіріп былай айтуға болады: Мен кинодан келемін десек келемін ауыспалы осы шақ мағынасында болса, Мен жиналысқа сағат екіде келемін десек, келемін ауыспалы келер шақ.
Нақ осы шақтың күрделі түрі ауыспалы осы шақтың мағынасында айтыла береді: жүріп келеді, сөйлеп келеді. Жанбота ат үстінде газет оқып келеді.Тұйық етістікке – да, — де қосымшасын қосып, одан кейін жіктік жалғауын жалғау арқылы ауысплы осы шақ жасауға болады.
Мұндай тұлғада жасалуы – қазақ тілінде кейінгі кезде пайда болған құбылыс.(22, 101-103 ). Ал, Байымбетова Жүзімкүл осы шақты нақ осы шақ және ауыспалы осы шақ деп қарастырады. (23,25-26).
ІІ.2. Етістіктің келер шағы.
Келе шақ іс-әрекет қимылдың сөйлеп тұрған уақыттан кейін болатындығын білдіреді. Түрлі тәсілдермен жасалатын келер шақтың мағыналары бірдей болмайды. Олардың бірінде мақсаттың мағына басым, енді бірінде іс-әрекеттің болу-болмауы айқын не күмәнді болып келеді. Осындай мағыналық ерекшеліктеріне қарай олар: болжамды келер шақ, сенімді келер шақ, мақсатты келер шақ, ауыспалы келер шақ болып 4 бөлінеді.
Болжамды келер шақта іс-әрекеттің орындалуы, орындалмауы болжай, жорамалдай айтылады. Бұл болымды және болымсыз тұлғалы -ар//-ер, -р, -с аффиксті есімшелерінің жіктеліп айтылуы арқылы жасалады.
Болжамды келер шақ мына тәрізді синтаксистік тіркестер арқылы да жасалады.
а) Ауыспалы шақ есімшелер мен шығап, секілді, тәрізді сөздер тіркесі арқылы жасалады.
Қария адам өмірінің қысқалығына қынжылатын сияқты . (Бұлқышев)
ә) – у тұлғалы қимыл есісдер (тәуелделіп кейде барыс септікте тұрып) мүмкін сөзімен тіркеседі.
Басқа бір сылтау айтсам, маған сенбей қалуы мүмкін. (Есенжанов).
Сенімді келер шақ – іс-әрекет, қимылдың істелетіндігін және оның ақиқаттығын білдіреді. Сенімді келер шақ – қолы // -келі, ғалы//-гелі тұлғаны көсемшелермен жатып, отыр, тұр, жүр етістіктерінің тіркесуі арқылы жасалады.
Біз соғысқа кіргелі отырмыз (Б.Бұлқышев) Айсұлу Алматыға жүргелі жатыр.
Мақсатты келер шақ. Бұл шақ істелуге тиісті мақсатқа, тілекке байланысты іс-әрекетті, қимылды білдіреді. Мақсатты келер шақ – мақ//-мек, -бақ//-бек, пақ//-пек етістіктерінің жіктеліп айтылуы арқылы етістіктерінің жіктеліп айтылуы арқылы жасалады.
Мысалы: бар – мақ-пын, кел-мек-сің (дер) т.б.
Бұл форма – шы, -ші аффиксі үстеліп айт-пақ-шы-мыз болып та қолданылады.
Бұл шақтың болымсыз түрі емес етістігінің жіктеліп, тіркелуімен жасалады.
Оқу орны жылдан жыл көбеймесе, оқу ісі жылдам жыл күшеймесе, кемімек, әлсіремек емес. (С.Дөнентаев)
Ауыспалы келер шақта болатын іс-әрекет нақтылы ешбір шүбәсіз баяндалады. Ауыспалы осы шақ пен тұлғалары (а,-е, -й аффикстері) Бірдей болғандықтан да, ауыспалы келер шақ делінеді. Олардың мағыналары сөйлемде айқындалады.
Бірақ оған тапсырылған бірдеңе болса, ол өліп жатса да орындайды (Мүсірепов) Қажы Шұғылдың бурасының «көзін жоғалтам!», — деді ғой, сөз жоқ, енді жоғалтады (24, 200-201).
А.Ысқақов келер шақ формаларын мағыналары мен тұлғалық түрлеріне қарай, жалпы (анық) келер шақ, болжамды келер шақ және мақсатты (арнаулы) келер шақ деген үш топқа бөледі.
- Жалпы (анық) келер шақ амал-әрекеттің алдағы уақытта шүбәсіз, ашық жүзеге асатынын білдіреді. Бұл шақ етістік негізіне көсемшенің осы шақ формасының жұрнағы (а, -е, -й) қосылу арқылы жасалады. Мысалы, Біз үлкендердің тапсырмасын орындаймыз, үміттерін ақтаймыз.
- Болжалды келер шақ формасы алдағы уақытта істеелтін амал-әрекетті атайды, бірақ ол амалдың жүзеге асу-аспауы күдікті, екі талай екені аңғарылады. Ал форманың өзі есімшенің келер шағының –ар (-ер, -р) жұрнағы арқылы етістіктің жалаң және күрделі негіздерімен жасала береді.
Мысалы, өзіңіз әуелі келерсіз, жай-жапсарымен сонда танысармыз: Сізбен әлі де талай кездесетін де шығармыз, әңгімелесетін де болармыз.
- Мақсатты (арнаулы) келер шақ формасы амал-әрекеттің алдағы уақытта шүбәсіз, күдіксіз (қайткенде де) жүзеге асатынын және онда бір мақсат барын қоса білдіреді.Бұл форма етістік негізіне есімшенің мақсатты келер шағының – мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнағы жалғану арқылы, кейде соңғы жұрнақтың үстіне – шы дәнекері қосылу арқылы жасалады. Мысалы, Біз ертең жиналмақшымыз да, онда сенбілікке кім, қашан, қайда баратынын сөз етпекпіз: Бүгін кітапханаға бармақпын, жолға қажет кітаптар алмақпын. 25 (332-333)
Келер шақ формаларын қазіргі қазақ тілінде мағыналарына қарай: ауыспалы келер шақ, болжалды келер шақ, мақсатты келер шақ деп үш топқа бөледі.
Ауыспалы келер шақтың формасы –а, -е, -й тұлғалы көсемшенің жіктелуі арқылы жасалады. Мысалы, мен аламын, сен аласың, сіз аласыз, ол алады.
Бұл формадағы етістіктің өткен шақ, осы шақ ретінде де қолданылды.
Болжалды келер шақ есімшенің – (а) р, -(е) р және болымсыз-мас, -мес қосымшалары арқыы жасалып, алдағы уақытта болатын амал-әрекеттің жүзеге асу, аспауын күдікті, болжалды түрде аңғартады. Мысалы, жазармын, жазарсың, жазбақпыз.
Мақсатты келер шақ есімшенің – мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнағы жалғану арқылы, кейде оған –шы қосымшасы қосылып айтылу арқылы жасалады. Мысалы, бармақпын-бармақшымын, бармақсың –бармақшысың.
Мақсатты келер шақтың мағынасы сөйлеу кезінен кейін болатын қиымл -әрекетті анық білдірмейд, шындыққа қатысы жағынан ашық райдан гөрі бұйрық рай, әсіресе қалау райға жақындау. Мысалы: бармақшымын – барғым келеді, сөйлеспекпін – сөйлескім келеді. (26, 65-66).
ІІ.3 Етістіктің өткен шағы
Өткен шақ деп сөйлеп тұрған уақыттан бұрын болғам я істеліп тынған амал-әрекетті білдіретін етістік формаларын айтады. Әдетте өткен шақ жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ, ауыспалы өткен шақ болып бөлінеді (27, 198-199).
«Қазіргі қазақ тілі грамматикасы» атты оқулықта етістіктің өткен шағы істің болып өткен мерзімі мен сөйлеушінің баяндау уақытының алыс-жақындығына қарай: а) жедел өткен шақ; ә) бұрынғы өткен шақ; б) ауыспалы өткен шақ болып үшке бөлінеді.
а) Жедел өткен шақ іс-әрекет, қимылдың дәл сөйлеп тұрған уақыт алдында ғана болып өткенін білдіреді. Жедел өткен шақ етістік түбірінің болымды және болымсыз түрлеріне – ты//ті, ды //ді, жұрнақтарының қосымды арқылы жасалады, олар адам әрі бірінші жақта –ле, қ//к, екінші жақта ң, -ңыз//іңіз, -ңдар//ідер, -ңыздар//ңіздер болып жіктеліп қолданылады. Мысалы, айт-тым, бар-дық, кел-дің-дер, көр-медің-із т.б.
ә) Бұрынғы өткен шақ –іс-әрекеттің, қимылдың сөйлеп тұрған уақыттан әлдеқайда бұрын, ертеде болып өткенін білдіреді.
Бұрынғы өткен шақ бірнеше жолмен жасалады:
а) болымды және болымсыз етістік түбірлеріне -қан//кен, ған//-ген тұлғалы өткен шаө есімшелер бар –ған-мын, көр-ген-сің(дер), кел-ген-сіз(дер), біл-ме-ген болып, жіктік жалғауының қосылуы арқылы жасалады.
ә) Болымды және болымсыз етістіктер –ып, //іп, -п тұлғалы көсемшелердің одан әрі жіктеліп қолданылуы арқылы жасалады.
Қызықтан қашып бұл жерге,
Көңіліңіз суып келіпсіз (Абай).
б) –қан //-кен және ып//іп, п тұлғалары мен-ұшы аффиксті етістіктер –е етістігінің жіктелуімен күрделене айтылып бұрынғы өткен шақ жасалады. Мысалы: бар-ған ем, көріп-ең, айт-ушы еді т.б.
Бұрынғы өткен шақтың бұлардан басқа да синтаксистік тәсілмен берілетін түрлері бар. Олар өткен шақ есімшелерге екен етістігі мен шығар, сияқты, секілді, тәрізді, білем, көрінеді (ған, екен, ған шығар, ған сияқты т.б) сөздерінің, етістіктің шартты рай формасына керек (са керек) және жедел өткен шаққа білем (..ді білем) модаль сөздерінің тіркесіп айтылуы арқылы жасалады.
Ауыспалы өткен шақ. Өткен шақтың бұл түрі есімшенің – тын//тін аффикстері арқылы жасалады. Бұл тұлғалар өткен шақта сөйлеушінің істің орындалғанын нақтылы баяндауын білдіреді.
Адам баласы жасаған ұлы мұраны біліп алып, мұраға білу үшін оқытыңыз (Бұлқышев). (28, 198-199)
А.Ысқақов бірнеше семантикалық сипаттарын ескере отыры, өткен шақты анық (айғақты) өткен шақ, толық (айғақсыз) өткен шақ және неғайбыл (ауыспалы) өткен шақ деп үш салаға бөлуге болады деп көрсетеді. 29 (328).
- Анық (айғақты) өткен шақ деп сөйлеушінің болған я болмаған амал-әрекетті өзі басы –қасында болғандай, өз көзімен көргендей, тыңдаушы (оқушы) әбден қанық боларлықтай, сенерліктей етіп хабарлайтын формаларды мындай өткен шақ формалары жасалады.
1) –ды, /-ді, ты, -ті) жұрнағы (алды, келді)
2) –ған (-ген, -қан, -кен) жұрнағы (жайған, есейген, көшкен).
3) –атын, (-етін,-йтын, йтін) формалты (көтеріп еді; сынап еді, ішіп еді)
4) –ып еді (іп еді, п еді) форманты (көтеріп еді, сынап еді, ішіп еді).
5) –ған еді, қан еді, -кен еді) форманты еді, білген еді, қашқан еді, түскен еді) форманты (қалаған еді, білген еді, қашқан еді, түскен еді).
6) – ушы еді (-уші еді) форманты (барушы еді, келуші еді);
7) тұр, жүр, жатыр, отыр етістіктері мен есімдерге еді көмекші етістігі тіркеседі. (жүр еді, отыр еді, жатыр еді, отыр еді).
- Толық (айғақсыз) өткен шақ деп сөйлеушінің болған я болмаған амал-әрекетті өзі басы-қасында болмай, өз көзімен көрмей, тек басқа айғаққа (біреудің айтуынша, хабарлауына) сүйеніп, немесе кейін өзі көріп, оқып, сұрап, естіп… білген мәліметке сүйеніп айтқанындай етіп көрсететін формаларды айтамыз. Толық өткен шақ көрсеткіштері мыналар.
1) –ып (-іп, -п) жұрнағы (алыпты, көріпті).
2) –ған екен (-ген екен, -қан екенғ –кен екен) форманты (алынған екен, кешіккен екен, сасқан екен).
3) –а, +ды екен (-е + ді екен) форманты (ақылдасады екен, кеңеесіп жүреді екен).
- Неғайбыл (ауыспалы) өткен шақ деп сөйлеушінің бұрын істемекші болған, жүзеге асырылмақшы болған ниетті, мақсатты, шартты, болжалды, тілекті сөйлеп отырған кезге дейін орындалған-орындалмағанын белгісіз етіп көрсететін формаларды айтамыз. Неғайбыл өткен шақ формалары арқылы жасалады.
1) –шақ еді (-мек еді, бақ еді, пақ еді, пек еді) форманты (алмақ еді, бермек еді, жазбақ еді, төзбек еді, ашпақ еді, түспек еді) 30 (328-329).
Ә. Төлеуов өткен шақты мағынасына, жасалуына қарай өткен шақты беске бөледі: олар: жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ, ежелгі өткен шақ, тиянақсыз өткен шақ, ауыспалы өткен шақ (31, 305-306).
Жедел өткен шақ. Істің істелгендігін үзілді-кесілді кесіп, оның таяу уақытта болғандығын көрсетеді. Мысалы, Ай құлақтанып көтерілді. Кісендерімізді сылдырлатып, булыға тұрып, қарағанның бұтасына сындыруға кірістік. Жедел өткен шақ етістіктің негізгі ие туынды түбіріне –ты (-ті, ды, ді) жұрнағын қосып, одан соң жіктік-жоқ жалғауы қосылуы арқылы жасалады:
Үркіттің түрмесінде жатып, бір рет түсімде Қызыл жебені көрдім.
Бұрынғы өтекен шақ. Істің сөйлеп тұрған уақыттан, кезден әлдеқашан бұрын істелгенін көрсететін етістіктің түрі. Жазғы демалыста Тұрар Қырғызбайдың қолына барған. Ауылдары жақын балалар кеше кешке үйлеріне тарап кеткен.
Етістіктің бұрынғы өткен шағы есімшенің – қан (-кен, ған, -ген) қосымшасынан кейін жіктік жақ жалғауы арқылы жасалады: Мұндай өткен шақтың түрі — сөйлеуші істің істелетіндігіне анық көзі жеткендігін, ол істе өзінің болғанын ақиқатиап, тұжырымдайды. Ол студент кезінде қалада болған, мен колхозда болғанмын.
Ежелгі өткен шақ. Көсемшенің (-ып, іп, -п) жіктелуі арқылы жасалады. әйел кәрі де емес, бірақ жасына жетпей боржып, бет-әлпеті бұзылып болыпты.
Тек баланы сақтасам-ау деген аналық сезім барлық ар-ұяттан аттанып, алақан жайдырып қойыпты. Мұнда сөйлеуші өткен істің өзі басы-қасында болмай, ол туралы басқа сырт біреуден, не екінші бір мәлімет арқылы білдіргендігін көрсетеді. Істің бұрын болғандығын білдірумен бірге, ол істің ақиқат болғандығы, дүдамалдығы да бар тәрізді.
Тиянақсыз өткен шақ (имперфект).
Есімшенің (-ған) мен көсемшенің (-ып) түрінен соң жіктеліп келген я көмекшісі тіркесу арқылы тиянақсыз өткен шақтың күрделі түрі жасалады. «О, Қызыл Жебе» — деген дауыс Шолақ Шабдардың үстінде отырған Тұрардың аузынан еріксіз шығып кетіп еді. Мұндай тұлғалы сөздерден іс бұрын болғанымен, ол істер қазіргі мезгілмн де ұштасып жатады. Іс желісі үздіксіз бір-біріне қатысты болады.
Шартты райы керек сөзі тіркесу арқыла да тиянақсыз өткен шақ жасасуға болады: кетсе керек, айтса керек, болса керек, көрсе керек т.б. Мұндай тиянақсыз өткен шақ бұрын болып өткен істің қазіргі уақытпен қатысын көрсетеді.
Сонымен, бұрын болып өткен істің осы уақыттағы іспен ұштасуын көрсетсе (танысқан едім, көрген едің), екінші түрі жақында болған, не болып жатқан істің осы уақыттағы басқа бір іспен ұштасуын көрсетеді: танысып еді, көріп еді, көріп едің т.б.
Ауыспалы өткен шақ жасау үшін етістікке есімшенің атын (-етін, -йтім, йтын) жұрнағын қосып, онан соң жіктік жалғауы жалғанса, ондай тұлғада құралған сөйлемнің мағынасы шақ жағынан ауысып отырады: Тұқымбай да сезіктенулі болатын. Ай үлкен сәске тұсына жетіп толықсып тұрған шақта ол бай ауылының төбесінен келіп түскен.
Синтетикалық, аналитикалық тәсілмен жасалатын ауыспалы өткен шақ формаларының тұлғалануы әртүрлі. Стильдік жағынан айырмасы болғанымен, «…сезіндіруші едім, айтушы едім, білуші едім» формаларын сездіретін айтатын, білетін деп өзгертсек, адам бұлардың мағыналарына ешқандай өзгеріс енбейді. (31, 104-105).
Ал «Қазіргі қазақ әдеби тілі» атты оқулықта қазіргі қазақ тіліндегі өткен шақтың бірнеше формалары бар екендігін атап көрсетеді. Өткен шақ формалры мағыналарына қарай 4 бөлінеді. 1) Жедел өткен шақ. 2) Бұрынғы өткен шақ. 3) Ежелгі өткен шақ 4) Дағдылы өткен шақ (32, 51-52).
Жедел өткен шақ формасының грамматикалық көрсеткіші – ды, -ді, ты, ті жұрнақтары жалғанған етістіктің жіктеліп қолданылуы. Мысалы: оқы-ды-м, оқы-ды-ң, оқы-ды-қ, оқы-дың-дар, оқы-ды. Көбінесе –ды, -ді –ты, -ті жұрнағы жалғанған етістік қимыл-әрекеттің жуық арада өткенін білдіреді. Біз киноға бардық. Саяхатшылар жолға шықты. Сондықтан бұл форма жедел өткен шақ деп аталады. Бірақ бұл жұрнақтар жалғанған сөз тек жуық арада ғана өткен қимыл-әрекетті білдіруі мүмкін. Мысалы, 1917ж ұлы Қазан революциясы болды.
А.Құнанбаев қазақ жазба әдебиетінің негізін қалады дегенде іс-қимылдың жуық арада болғанын көрсетіп тұрған жоқ.
Бұрынғы өткен шақтың морфологиялық көрсеткіші – есімшенің – ған, -ген, -қан, -кен жұрнақтары. Бұрынғы өткен шақ формалары жедел өткен шақ формасымен синонимдес қолданыла беруі мүмкін. Мысалы: Біз киноны кеше көрдік. Біз киноны кеше көргенбіз. Дегенмен бұл екі форманың мағыналарында өзгешіліктер де бар. Олар мыналар:
- –ған, -ген (қан, -кен) жалғанған формалар ешқашан сөйлеп тұрған кезде өтіп жатқан қимылды білдіре алмайды. Мысалы, Білдім, білдім, сен жасырып тұрсың. Мұның не, зәремді ұшырдың сөздерін білгенмін. Ұшырғансың деп айтуға болмайды.
- Жедел өткен шақ та, бұрынғы өткен шақ та қимыл-қозғалыстың болып өткенін аңғартқанымен –ды, -ді, -ты, -ті формалары сөз нақтылықты аңғартса, -ған форомалы сөзде ондай нақтылық болмайды. Мысалы, мына сөйлемдерді салыстырамыз: Ол үйге кетті (анық білемін, көрдім). Ол үйге кеткен (әйтпесе көрініп қалар еді) –ған, -ген, -қан, -кен форманы өткен шақ формасы еді көмекші етістігімен тіркесіп те қолданылады. Мысалы, барған едім, барған едің, барған еді.
Ежелгі өткен шақтың морфологиялық көрсіткіші –ы (п), -і (п) жұрнағы арқылы жасалған көсемшенің жіктелген түрі. Ежелгі өткен шақ формасы ертеде өткен іс-қимылды аңғартуда жиі қолданылады. Масылы, ертеде бір кемпір мен шал боыпты. Сондықтан да бұл форма ежелгі өткен шақ деп аталған. Бірақ өткен шақтың бұл формасы қимыл-әрекеттің ерте кезде, не жуықта болғанын ажыратпай қолданыла беретін кезі де болады. Масылы, сен бүгін ерте келіп қалыпсың, бізге ескертпепсіз.
Ежелгі өткен шақ формасының негізінен мағыналық өзгешелігі мынадай: 1) әс-әрекеттің орындалу кезінде сөйлемнің басы-қасында болмағанын білдіреді. Мысалы: ол Алматыда оқыпты. 2) Сөйлеуші тарапынан іс-қимылдың саналы түрде орындалмағанын, білудің, ұмытудың нәтижесінде орындалғанын білдіреді. Мысалы: ерте келіппін, (уақытын білмегендітен), кілтті тастап кетіппін (Ұмытқандықтан), түс көріппін, қате көріппін т.б.
Ежелгі өткен шақтың жіктелуі
Жекеше Көпше
Мен көріппін Біз көріппіз
Сен көріпсің Сендар көріспіңдер
Сіз көріпсіз Сіздер көріпсіздер
Ол көріпті Олар көріпті.
Сонымен, ежелгі өткен шақ формасы қимыл- әрекеттің болып өткен кезде сөйлеушінің көзбен көрмеген, көрсе білмегенімен, жаңасақтықтан байқалатыны аңғартады.
Дағдылы өткен шақ ерте кезде болып өткен дағыдыға айналған (қайталанып отыратын) қимыл-әрекетті білдіреді. Мысалы: Біз киноға бірге баратынбыз.
1.Семантикалық түрі –атын, -етін, -йтін, -йтын жұрнақтары жалғанып, үш жақта жіктелу арқылы жасалады. Мыс, мен бағатынмын, сен бағатынсың, сіз бағатынсыз, ол бағатын.
2.Аналитикалық тәсілмен жасалған дағдылы өткен шақ түрі –атын, -етін, -йтын, -йтін және –ушы, -уші жұрнақтары жасалған етістік пен еді көмекші етістіктің тіркесу арқылы жасалады. Масылы, білетін едім, білуші едім, білмеуші едің. Бірақ ушы еді формтымен келген сөзден гөрі атын еді немесе атын формалары сөз жиі қолданылады.
Сонымен дағдылы өткен шақтың сөйлеу кезінен бұрын болған қимылдарды білдірумен қатар, ол қимыл-қозғалыстың дағдыға айналғандығын, дүркін-дүркін қайталанып тұрғандығын аңғартады (33,51-52).
ІІІ тарау.
Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы өткен шақтың түрлері, мағыналық ерекшеліктері.
3.1. Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы етістіктің жедел өткен шағы, мағыналық ерекшелігі.
Өткен шақ іс-әрекеттің сөйлеуші баяндап тұрған уақыттан бұрын болған я істеліп тынған амал-әрекетті білдіреді.
Ш. Мұртазаның «Қызыл жебе» романында амалдың кезін білдіретін етістік формалары аса бай. Бірақ ол формалардың түрлері де, мағыналары да бірдей емес, әр алуан. Мысалы, мағына реті жағынан олардың біреулері сөйлеп отырған кезден әжептәуір бұрын я соның дәл алдында ғана болған амалды білдірсе, біреулері едәуір бұрынғы, біреулері одан әріректегі, біреулері одан да аяғы кездегі, енді біреулері тіпті арғы замандардағы, атам замандардағы, ежелгі ескі я көне замандардағы істі білдіреді. Ол ғана емес, кейбір формалар өтен кезде істелмекші болғанымен, түрлі жағдайлардың себептері мен салдарынан сол кезде жүзеге аспай қалған амал — әрекеттерді де өткен амал ретінде білдіреді. Осыларға орай, қазақ тіліндегі өткен шақтың көрсеткіштері де өте көп және ол көрсеткіштердің түрлері жалаң (синтетикалық) да, күрделі (аналитикалық) та болып келеді.
Мысалы: -Түрме әкімшілігі айламызды асырдық деп ойлады. (Ш.М., 1994.,58).
Сонда губернатордың бір айтқаны Приходьконың есінде мықтап сақталып қалған. (Ш.М.,1994., 5).
Мырзалар желкесін қасыды. (Ш.М.,1994., 5).
Приходько мырза шын діндар кісі еді. (Ш.М.,1994., 7).
Айнала балауыс шырағдандар жағылған. (Ш.М.,1994., 8).
Әкесі Рысқұлды Саймасайлар байлап тастап, жабыла сабағанда бір сәтке басы осылайша салбырап қалып еді. (Ш.М.,1994., 9).
Бұлар ол айланы алдақашан есепке алып қойған. (Ш.М.,1994., 10).
Тура бес күн бостандықта болдым. (Ш.М.,1994., 10).
Сонда әке жазған сезіктеніп қалып еді. (Ш.М.,1994., 10).
Сөйтіп жүргенде көрген Тұрары ғой, Тұрар деген атының өзіне әке байғұс бар үмітін артып еді. (Ш.М.,1994., 13).
Шал да болса Түлкібас – Жуалыдан ауып келген Шымырдың бір тентегінің қорлығына көнбек емес еді. (Ш.М.,1994., 15).
Өз ықтиярымен шықтым. (Ш.М.,1994., 15).
Әруақ құдай қолдаған екен, балаң бір қатерден қалыпты. (Ш.М.,1994., 16).
Лезде қара қойдың қамы уайымдатқан Рысқұл тәуіп ағасына рахмет айтуды да ұмытып кетіп еді. (Ш.М.,1994., 16).
Тұқымбай да сезіктенулі болатын. (Ш.М.,1994., 37).
Ендігі қиыны – есіктен қарағанда Қызыл жебе үрікпесе болар еді. (Ш.М.,1994., 38).
Келтірілген мысалдардағы осы формалардың бәрі де грамматикалық көрсеткіштеріне қарағанда, өткен шаққа жатқызылуы тиіс. Өйткені олардың бәрінің құрамында да өткен шақтың көрсеткіші –ды (-ді) және –ған, (-ген) элементтері қатысады, осы элементтер аналитикалық етістіктердің еді (е+ді), екен (е+кен) деген тұрақты көмекші компоненттерінде де кездеседі.
Сөйтіп өткен шақ категориясын жасайтын көрсеткіштер жалаң да, күрделі де болады. Жалаң көрсеткіштерге: —ды(-ді), -ған(-ген), -атын(-етін), -ып (-іп) жұрнақтары жатады да, күрделі көрсеткіштерге: -ғана еді; -атын еді; -ар еді; -маң еді; -ып еді; —ушы еді; -ған екен; -атын екен; -мақ екен; -ар екен; -й+ды екен; — са екен; -йын деген екен сияқты аналитикалық форманттар және тұр, жүр, отыр, жатыр етістіктеріне, есімдерге толымсыз еді, екен көмекші етістіктері тіркескен күрделі формалар жатады.
Осы формалардың бәрі де өткен шаққа тән жалпы грамматикалық мағыналарды білдіреді. Бірақ сондай жалпы грамматикалық мағыналары бола тұра, олардың әр түріне лайық анықтық, толықтық, күдіктілік, қажеттілік, міндеттілік, болжамдық және басқа да солар сияқты модальдік реңктерді білдіретін ерекшеліктері бар. Сонымен қатар, олардың өткен шаққа қатысты жалпы грамматикалық мағыналарының өздері де, жоғарыда айтылғандай, бұрын жасалған амалдың әрқилы шама-шарқын және басқа сыр-сипаттарын білдіру жағынан бір дәрежеде емес, әр алуан болып келеді. Ондай әр алуандық, әр келкілік өткен шақ формаларының әр түрінің өзді-өзіне тән тұлға-тұрпаттарына, яғни тұлғалық құрылымдарының өзара бір-бірінен сараланатын ерекшеліктеріне байланысты. Өйткен, қашан да болсын, сөздің құрылымындағы ерекшелік мағынасына, керісінше, мағынасындағы өзгешелік құрылымына сай болып отыруы – тілдегі орнықты заң. Мысалы: бар-ды-қ, бар-ған-быз; бар-атын-быз; бар-ып-пыз деген төрт форманың төртеуі де өткен шақты білдіргенімен, төртеуінің семантикалық өзгешеліктері төрт түрлі. Мысалы, бар-ды-қ дегенмен амалдың жуық арада істелгені аңғарылса, бар-ған-быз дегенмен сол амалдың бұрынырақ кезде болғаны байқалады. Бар-ып-пыз деген форма бұрын жасалған, бірақ ұмытылған іс-әрекетті кейін еске түсіру, байыптап ойлап қарау арқылы немесе сөйлеушінің өзі басы-қасында болмай, көзімен көрмей істелген амал-әрекетті есту, сұрау, оқу және басқа сол сияқты айғақтарға сүйену арқылы білдіретіндікті аңғартады. Ал «бар-атын-быз» деген форма контестке қарай, бұрын дәйім я дүркін-дүркін анық істелген істі немесе әбден үйреншікке айналған дағдылы машық бойынша бұрын анық жүзеге асқан істі бағдарлатады.
Өткен шақ формаларын жасауда жұрнақтар әрі негіз, әрі ұйытқы болатыны рас болғанымен, күрделі форманттар, сан жағынан болсын мағыналық реңктерді білдіру қабілеті жағынан болсын олардан әлденеше есе асып түседі. Мысалы, алған еді және алатын еді деген екі күрделі форманың мағыналық реңктері бірдей еместігі сияқты, алған екен және алмақ екен дегендердің де мәндері өзара бірдей емес. Демек, шаққа қатысты осындай аналитикалық формалар қанша болса, олардың мағыналық реңктері де сонша аналитикалық формалардың бәрінде я топ-тобында болатын жалпы категориялық мағына да, жеке түрлерінде болатын семантикалық айырмашылықтар да етістік негізіне тіркелетін аналитикалық формантқа байланысты оларға етістік негізі қалып тұрады.
Мысалы, кел-етін еді; кел-ген еді; кел-іп еді; кел-ер еді; келсе еді; келуші еді; көр-ген екен; көр-мек екен; көр-се екен; көр-ер екен; көр-е+ді екен деген формаларды алсақ кел, көр негіздері өткен шақтың жалпы категориясы мағыналарынан да, бір-біріне ажырайтын семантикалық ерекшеліктерінен де алыс тұр. Оларға қатысы жоқ. Ал осы сөздердің алғашқыларына дәнекер –еді компоненті, екінші топтағы сөздеріне – екен компоненті өткен шақ формаға түсіріп, оларға категориялық мағына беріп тұр. Сөйтіп аналитикалық форманттардың біріне ортақ бұл (екінші) компоненттер (еді, екен) жалпы грамматикалық (категориялық) мағыналық көрсеткіштері болса, аналитикалық форманттардың бірінші топтағы компонеттері (-етін, -ген, -іп, -ер, -мек, -се, -уші) және екінші топтағы бірінші компонеттері (-етін, -ген, -ер, -мек, -се, -е+ді) өткен шақ формаларын бір-бірінен семантикалық жағынан саралап ажырататын көрсеткіштер болады. Бірақ сөйлеу тілінде олардың әрқайсысының (-атын, -ген) екінші (еді, екен) компонент бастарын құрап, бір тұтас аналитикалық тұлға (единица) есебінде (-атын еді, -атын екен) қызмет етеді. Олардың тұлғалық құрамын, семантикалық ерекшеліктерін және жалпы грамматикалық қызметін көрнекті етіп көрсетеді.
Сөйтіп, еді я екен компоненті тіркесінен кейін, күрделі формалардың бір-біріне ұқсамайтын (ажырайтын) семантикалық ерекшеліктері жойылмайды сақталады, олар тек өткен шақ формасына түседі, бірақ еді және екен компоненттерінің айырмашылықтарына (е+ді, е+кен) орай, өткен шақтың біріншісі (мысалы, ал-ған еді, кел-ген еді) мәніне сәйкес анық өткен (айғақты) шаққа, танық (айғақсыз) өткен шаққа жатады. Өйткені алған еді дегенде, анықтық (айғақтылық, күдіксіздік), ұғымы пайда бола қалса алған екен дегеннен таныттық (айғақсыздық, күдіктілік) түсінігі көкейге қона қалады. Осындай мағыналық ерекшеліктерді жақсы бағдарлау үшін, мына мысалдардағы өткен шақ реңктерін және оларды білдіретін формаларын салыстырып көрейік.
- Қазылған топырақ едәуір үйіліп қалыпты; (Ш.М., 1994., 63). Қазылған топырақ едәуір үйіліп қалған екен; 3. Қазылған топырақ едәуір үйіліп қалған көрінеді; 4. Қазылған топырақ едәуір үйіліп қалса керек (үйіліп қалған болса керек); 5. Қазылған топырақ едәуір үйіліп қалған білем; т.б. Ал қазіргі адам (сөйлеуші): «Қазылған топырақ едәуір үйіліп қалды (… қалған еді … үйіліп қалатын еді …, үйіліп қалушы еді т.б.)» деп айта алмайды және айтуы мүмкін емес, өйткені бұл формаларды тек осы жайларды өз көзімен көрген, оның басы-қасында болған адам ғана қолданса керек. Бірақ, қазіргі адам (сөйлеуші): «Қазылған топырақ едәуір үйіліп қалса керек; Қазылған топырақ едәуір үйіліп қалған шығар» деп айта алады. Өйткені бұл сөйлемдердегі қазуға байланысты әрекеттер өткен кезде жүзеге асырылмақшы болған ынта, тілек, мақсат, нысана, шарт, болжам тәрізді амалдар: сөйлеуші бұларда сол өткендегі әрекеттерді еді, екен, шығар, сияқты… дәнекерлері арқылы болғандай етіп көрсетеді, ал шындығында, олардың болғандары да, болмағандары да неғайбыл, демек, өткен шақ анық та емес танық та емес.
Шақ формаларын сыртқы тұлға түрлеріне қарай да, ішкі мазмұн өзгешелігіне қарай да жіктеуге болады. А.Ысқақов өткен шақтың өзіндік семантикалық ерекшеліктерін ескере отырып, өткен шақты а) анық (айғақты) өткен шақ, ә) танық (айғақсыз) өткен шақ және б) неғайбыл (ауыспалы) өткен шақ деген үш салаға бөледі. Ал «Қазақ тілінің грамматикасында» өткен шақ а) жедел өткен шақ; ә) бұрынғы өткен шақ; б) ауыспалы өткен шақ болып бөлінеді.
Ал, Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романында осы аталған өткен шақтың барлық түрлері кездеседі. Олардың мағыналық ерекшеліктері контекстке қарай анықталып отырады.
Жедел өткен шақ іс-әрекет қимылдың дәл сөйлеп тұрған уақыт алдында ғана болып өткенін білдіреді. Мұнда іс-әрекеттің нақтылы анық болғандығы анықталады.
Жедел өткен шақ етістік түбірінің болымды және болымсыз түріне –ты//-ті, -ды//-ді жұрнақтарының қосылуы арқылы жасалады, олар одан әрі бірінші жақта –м, -қ//-к, екінші жақта –у, -ның//-ңіз, -ңдар//-ңдер, -ңыңдар// -ңіздер болып жіктеліп қолданылады. Мысалы «Қызыл жебе» романында жедел өткен шақтың мынадай түрлерін кездестіруге болады:
- ты//ті, ды//ді жұрнақтарының қосылуы арқылы жасалып, одан әрі бірінші жақта –м, қ//к болып жіктелетін өткен шақтар. Мысалы:
Жүрегі тарс етіп жарылып, жаны жаһаннамға кеткендей болды (Ш.М., 1994, 64).
Қабырғада көлеңкесі ебедейсіз сорайған қарауыл аңырып тұрып-тұрып, ақыры шығып кетті. (Ш.М., 1994, 64).
Тесіктен симай пұшайман болды. (Ш.М., 1994, 69).
Түсінде аспанның көк күмбезіне шашылған асқар-асқар тауларды көрді. (Ш.М., 1994, 66).
Қайнар көздің бас жағындағы жалбызды аршып-аршып, әрірек өтіп, пісігі өсіп кеткен бір шоқ бүлдірген тауып алды. (Ш.М., 1994, 69).
Бүлдірген ауқат болмады. (Ш.М., 1994, 69).
Тас-тастың қуысында қақылықтап жүгіріп жүрген кекілік көңілін алаңдатты. (Ш.М., 1994, 69).
Жуықтап жоламастан бұғып қана отырды. (Ш.М., 1994, 69).
Қызыл жебе сияқты асыл жылқыны ешкім де соймайды. (Ш.М., 1994, 73).
- Әй, мырза-ай, осы жаман сандықтың ішіне біздің кісі сыйып кетеді деп ойладыңыз ба? (Ш.М., 1994, 75).
- Кәне, қақбас, інің қайда, қаныпезер, қашқын ініңді қайда тығып қойдың? (Ш.М., 1994, 75).
Әлі өздерің келіп, аяққа жығылып айтасыңдар. (Ш.М., 1994, 77).
Өздерің-ақ ұстап бересіңдер. (Ш.М., 1994, 77).
Сай-сайды сүзіп шығыңдар. (Ш.М., 1994, 77).
Онан да әлі кеш емес, көшейік. (Ш.М., 1994, 78).
Аттаныстың табан астында асығыс болғандығы сонша, әдеттегі «ауылдың алты ауызы», тіпті «жар-жар» да айтылмады. (Ш.М., 1994, 83).
А.Ысқақовта өткен шақтың бұл түрі анық (айғақты) өткен шақ деп аталады.
Анық өткен шақ деп сөйлеушінің болған я болмаған амал-әрекетті өзі басы-қасында болғандай, өз көзімен көргендей, тыңдаушы (оқушы) әбден қанық боларлықтай, сенерліктей хабарлайтын формаларды айтамыз, — деген анықтама берілген. Сондай-ақ, анық өткен шақ формаларының мынадай көрсеткіштер арқылы жасалатының көрсеткен:
1) –ды (-ді, -ты, -ті) жұрнағы:
Кеудесіне мылтық тіреген солдаттың бетіне қолын салып жіберіп, мұрнының үстін сырдыра орып түсті. (Ш.М., 1994, 101).
Тұрар шыдай алмай шыңғырып жіберді. (Ш.М., 1994, 101).
Албаннан тоқал алып келе жатқан жерінен атып кеттім. (Ш.М., 1994, 102).
Төбеде жалғыз қыран қалықтап жүрді де қойды. (Ш.М., 1994, 104).
Өң мен түстің арасын ажырата алмай, әрі-сәрі халде қалған Рысқұл Қара Иванның даусын естіген соң есін бірден жиып алды. (Ш.М., 1994, 105).
Жан-жақтан қасқыр қамалағанда, шөмелесіне тығып пана болды. (Ш.М., 1994, 106).
Мал қораны айналып шықты. (Ш.М., 1994, 108).
Қара Иван қолына айыр алып, шөмеле төңірегіндегі кәшек шөп-шаламды жинаған болып, аймалшықтап жүріп алды. (Ш.М., 1994, 107).
Аттың иесі аман-есен бір жерде жасырынып жатқаны белгілі болды. (Ш.М., 1994, 109).
Анарбай мен Таубай бастап, болыстың адамдары да ауылдарына қайтты. (Ш.М., 1994, 109).
- –ған (-ген, -қан, -кен) жұрнағы;
Таудан асып күн батқан. (Ш.М., 1994, 67).
Тұрар сайдың қабағындағы жабайы алма ағашының ашасына мініп отырған. (Ш.М., 1994, 67).
Бұталмаған жабайы алма ағаш балақтап, бұтағы ескіріп кеткен. (Ш.М., 1994, 67).
Патшаның да айласы асқан. (Ш.М., 1994, 89).
Қара Иван да Рысқұл сияқты осыдан отыз жыл бұрын Ресейден ауып келген. (Ш.М., 1994, 90).
Бас аурудың үстіне мына меңіреу, бұлыңғыр тыныштық қосылып, миын шаға түскен. (Ш.М., 1994, 92).
Төсекте қарындасын ойнатып отырған Тұрар жерге жалаң аяқ секіріп түскен. (Ш.М., 1994, 94).
Түйметай төсек үстінде шашы сексиіп, қорыққанынан шырылдап қоя берген. (Ш.М., 1994, 94).
Ол ағаштар алдақашан шіріп кеткен. (Ш.М., 1994, 95).
- –атын (-етін, -йтын, -йтін) жұрнағы;
Тау – Шілмембеттің маңайындағы екі-үш құрым киіз үйдің ескі бақандары болатын. (Ш.М., 1994, 96).
Сол шанаға Оразбақ таласатын. (Ш.М., 1994, 99).
Ал, Шыныбек жәкесі шақылдаңқырап қалғанымен балажан, базардан ылғи тәтті әкеліп, балаларға тең бөліп беретін. (Ш.М., 1994, 99).
Үйден гөрі түзде көп жүретін Рысқұлды жоқтатпауға тырысып, кейде басқа балалардан гөрі Тұрарға бүйірі тартыңқырап тұратын. (Ш.М., 1994, 99).
Губернатор фон Таубе патшаға еліктейтін. (Ш.М., 1994, 119).
Шашын да соныкіндей қырықтырып, мұртын да солай бастыратын. (Ш.М., 1994, 119).
Қазына тіккен мундир шақ келмей, киімді ұдайы жеке ұстаға арнайы заказбен тіккізетін. (Ш.М., 1994, 122).
Әкесінің мейірімі түсіп еніренген кездері аз болатын. (Ш.М.,1994,123).
Рас, түрме түбіндегі нар еменнің бір бұтағы көлбеңдеп, жасыл жапырақ көз алдайтын. (Ш.М., 1994, 124).
- –ып еді (-іп еді, -п еді) форманты;
Қанша жыл болған, құдай-ау, туған жері Түлкібастан кетер жылы Қатшагүл жеңгесі тігіп беріп еді. (Ш.М., 1994, 126).
Алау жалды ат енді кісінеп жіберетіндей шапшып тұр еді. (Ш.М.,1994, 132).
Тары қоритын уақыт болып қалып еді. (Ш.М., 1994, 134).
Жігіт құлақ салып еді. (Ш.М., 1994, 134).
Әнеу күні де бір қасық суға бола Дауылбай ауылымен керілдесіп қалғанда, кедей Сәліктің бас көтерері осы Рысқұл боп қоқайқаптағысы қозып, қаны бір қайнап еді. (Ш.М., 1994, 134).
Әне сонда барып оның есіне баяғыда өткен Әлімбек батырдың күміс ер-тоқымы сап ете түсіп еді.
- –ған еді (-ген еді, -қан еді, -кен еді) форманты: (қалаған еді, білген еді, шашқан еді, түскен еді, сүрініп кеткен еді, ашылып қалған еді).
- – ушы еді (-уші еді) форманты:
Күндіз-түні желдемейтін қапаста не иіс болушы еді. (Ш.М., 1994, 64).
Үшеуінің ішінде Тұрар әсіресе Қорған жәкесін жақсы көруші еді. (Ш.М., 1994, 100).Бір ауыз жылы сөзден іші-бауыры елжіреп, әлдеқандай аяныштан көмейіне түйіліп жас тығылып қалушы еді. (Ш.М., 1994, 114).
Қапаста аспаннан басқа көрінуші еді. (Ш.М., 1994, 14).Осы әуеніне бола Тұрар қолына кілт түскенде сандықтың аузын қайта-қайта бұрай беруші еді. (Ш.М., 1994, 71).Бар ықыласы баласына ауып, жас келіншекке кейде керенау қарап кетуші еді. (Ш.М., 1994, 14).Бұрын қанша сапарға аттанса да ала кет деп айтапушы еді. (Ш.М., 1994, 33).
- тұр, жүр, жатыр, отыр етістіктері мен есімдіктерге еді көмекші етістігі тіркеседі; (жүр еді, отыр еді, тұр еді, жатыр еді) т.б.
Ш. Мұртазаның «Қызыл жебе» романында аталған өткен шақтың бірнеше формалары кездеседі; ал кейбіреулері сирек, кейбіреулері жоқтың қасы. Мәселен, ған еді (-ген еді, -қан еді, кен еді) немемсе тұр, жүр, жатыр, отыр етістіктері мен есімдерге еді етістігі тіркесу арқылы жасалған формалары ұшырасады.
3.2. Ш. Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы етістіктің бұрынғы өткен шағы, мағыналық ерекшеліктері.
Бұрынғы өткен шақ іс-әрекеттің, қимылдың сөйлеп тұрған уақыттан әлдеқайда бұрын, ертеде болып өткенін білдіреді.
Бұрынғы өткен шақ мынадай жолдармен жасалады.
- Болымды және болымсыз етістік түрлеріне –қан//-кен, -ған//-ген тұлғалы өткен шақ есімшелері бар-ған-мын, көр-ген-сің(дер), кел-ген-сіз(дер), біл-ме-ген болып, жіктік жалғауының қосылуы арқылы жасалады.
Тас камераға қамалған соң-ақ Рысқұл ісінің оңалмасын сезген. (Ш.М., 1994, 126).
Сол сайыста екі батыр екеуі де бір мезгілде аттарынан ұшып түскен. (Ш.М., 1994, 131).
Шабданның асында Теке батыр мен Соқыр батыр қайта сайысып, бұл жолы Соқыр Теке батырды ұшырып түсірген. (Ш.М., 1994, 134).
Кеше ол камераға кеш оралған. (Ш.М., 1994, 135).
Тасыраңбай Аркаша әкесінің әлгі ескертуін ұмытып кеткен. (Ш.М., 1994, 134).
Приходько мырза шоқынуды өз балаларына тәптіштеп тапсыра отырып, Тұрарға да емеурін айтқан. (Ш.М., 1994, 140).
Әруақ құдай қолдаған екен, балаң бір қатерден қалыпты. (Ш.М., 1994, 16).
Заңғар таудың кеудесіне шығып отырған екі адам маздап жанған отқа үзіліп қапты. (Ш.М., 1994, 19).
Тасбақадай тарбиған дәу үй ауылдың ортасын ала орналасыпты. (Ш.М., 1994, 37).
Көлікке жегіп жүретін бір аты ұрланыпты. (Ш.М., 1994, 45).
Көшенің аты өшіп қалыпты. (Ш.М., 1994, 54).
Күміс ерді ерліктің, елдіктің, дүбірлі күндердің белгісіндей келелі зат есебінде сақтапты. (Ш.М., 1994, 149).
Өз өміріндегі ат үстіне күміс ерді салмапты. (Ш.М., 1994, 149).
Күміс ер-тоқымнан басқа мұра болмапты. (Ш.М., 1994, 149).
б) –қан//кен және –ып, -іп, -п тұлғалары мне –ушы аффикстері арқылы –е етістігінен өткен шақ жасалады.
Ол жоғалса аз ауылды бәле-жаладан сақтап жүрген әруақ адасып қаласындай көрінуші еді. (Ш.М., 1994, 149).
Ал, шандағында Молдабек те, Шыныбек те, Қорған да мойындарынан емес, аяқтарынан асулы тұр еді. (Ш.М., 1994, 97).
Ізбайша жортпаш Түйметайды қолынан жетектеп ауылдас отырған Ахат қарияның үйіне кетіп еді. (Ш.М., 1994, 28).
Сол жолы өзі есімдес алқаптан Рысқұл таутеке атып алып еді. (Ш.М., 1994, 22).
Тұтқын келген ізімен кері қарай бөрі бүлкіл салып, салмақпен желе жортып еді. (Ш.М., 1994, 60).
Өзінің тұсынан өте бергенде қарауылдың көзі Рысқұлдың көзімен атысып қалып еді. (Ш.М., 1994, 61).
Таңның арайы ажарланып, жаңа күннің шырайы кіре бастаған екен. (Ш.М., 1994, 60).
Өткен шақтың бұл түрі А. Ысқақовтың оқулығында танық (айғақсыз) өткен шақ деп беріледі.
Танық өткен шақ деп сөйлеушінің болған я болмаған амал-әрекеттері өзі басы-қасында болмай, өз көзімен көрмей, тек басқа айғаққа немесе кейін өзі көріп, оқып, сұрап, естіп … білген формаларды айтамыз. Олардың көрсеткіштері мыналар:
- –ып, (-іп, -п) жұрнағы.
Торлама сары қауындардың біразы пісігі өтіп, қақ-қақ жарылып кетіпті. (Ш.М., 1994).
Арқасы қып-қызыл етке айнала бастапты. (Ш.М., 1994).
Адам баласын кейде бір жыртқыштық құмар билеп кете ме екен, әйтеуір осы тәлкектен бір рахат тапқандай әуестеніп алыпты. (Ш.М., 1994).
Алтын түстес сары шашын сылаң тарап, желкесіне қаздитып түйіп, мүйіз тарақпен қапсыра жабыстырып тастапты. (Ш.М., 1994).
Сәмбінің солқылдақ нәзік бұтағының дәл ұшына құрқылтай ұя салыпты. (Ш.М., 1994).
Табиғат шіркін тамылжып, тікенегіне дейін ажарланып алыпты. (Ш.М., 1994, -б).
Немістің ішінен бір менмен профессоры бірде Ломоносовқа дәл сен құсап қолын шошайтып күліпті. (Ш.М., 1994).
Таудың бөтеге бөктерлері жауыннан ісінгендей теңкиіңкіреп кетіпті. (Ш.М., 1994).
- –ған екен, (-ген екен, -қан екен, -кен екен) форманты.
Тастай батқан, суда сіңген, сілесі қатқан қалың ұйқыға кеткен екен. (Ш.М., 1994, 104-б).Бас Қараштың бауырындағы бір мал шөптің түбінде жатқан екен. (Ш.М., 1994, 104-б). Таңның арайы ажарланып, жаңа күннің шырайы кіре бастаған екен. (Ш.М., 1994, 104).
Мерген жаралаған бейкүнә мақұлық қаны сырғалап жүріп-жүріп, жетіп жығылған жері осы болған екен. (Ш.М., 1994, 62). Айналып жүретін шеңберден шығып кеткен екен. (Ш.М., 1994, 145). Жолаушы жауынгерлер Әлекеннің сөзіне тоқтап, аттарынан түсіп, сусын ішіп, жауға Әлімбек батырмен бірге аттанған екен. (Ш.М., 1994, 149).
- –а+ды екен (е+ді екен) форманты (ақылдасады екен, кеңесіп жүреді екен) т.б. Ш. Мұртазаның «Қызыл жебе» романында бұрынғы өткен шақтың 1) етістік түбіріне –қан//-кен, -ған//-ген тұлғаны есімшелер жіктеліп қосылуы арқылы; 2) Етістіктер –ып//-іп тұлғалы көсемшелердің одан әрі жіктеліп қолданылуы арқылы; 3) –қан//-кен және ып, іп, п тұлғалары мен ушы аффикстері арқылы –е етістігінің жіктелеуімен күрделене айтылу арқылы; 4) –ып, іп, п жұрнағы жалғану арқылы; 5) –ған екен, -ген екен, қан екен, кен екен форманты арқылы жасалған өткен шақ түрлері кездеседі. Ал, а+ды екен (е+ді екен) форманттары арқылы жасалған көрсеткіштер кездеспейді.
3.3. Ш. Мұртазаның «Қызыл жебе»романындағы етістіктің ауыспалы өткен шағы, мағыналық ерекшелігі.
Ауыспалы өткен шақ есімшенің –тын//-тін аффикстері арқылы жасалады. Бұл тұлғалар өткен шақта сөйлеушінің істің орындалғанын нақтылы баяндауын білдіреді.
Мысалы:
Тепкілеп төрт қабырғасын сындырып, өкпе-бауырын езгілеп, құлаққа шыммен бастырып кетіпті. (Ш.М., 1994, 176).
Шымкент оязы арқылы біздің Майлыкент болысынан іздепті. (Ш.М., 1994, 212).
Күн едәуір кешкіріп қалыпты. (Ш.М., 1994, 218).
Тақыр қораның ішінде мүмкіндігі бар жерге қылтиып көк шығып қалыпты. (Ш.М., 1994, 220).
Бүкіл өмірі ат үстінде өткен адам, тақымы ер-тоқымға тимегелі жылдан асыпты. (Ш.М., 1994, 221).
Сәмбінің солқылдақ нәзік бұтағының дәл ұшына құрқылтай ұя байлапты. (Ш.М., 1994, 224).
Атамырза зіңгіттей жігіт болыпты. (Ш.М., 1994, 351).
Әлгінде бүйірінен қамшымен шұқыған мосқал қазақ енді өзіне қадалып қалыпты. (Ш.М., 1994, 353).
Басы бірігіп, кәдімгідей елдігін танытып, қаһарланып алыпты. (Ш.М., 1994, 358).
-тын, -тін форманты арқылы:
Атамырзаға сары айғыр таныс болатын. (Ш.М., 1994, 201).
Ол кезде әкесі туралы неше сақ әңгіме айтылатын. (Ш.М., 1994, 145).
Жақсы ат мініп саяхатқа шығуды ұнататын. (Ш.М., 1994, 149).
Рысқұлды тергеуге жиі алып баратын. (Ш.М., 1994, 213).
Қырғызбайдың дәу торы биесі кісендеулі болатын. (Ш.М., 1994, 132).
Сонау алыстағы Талғардың бауырында сап-сары күзде осындай ақ жібек ұшатын. (Ш.М., 1994, 133).
А. Ысқақов оқулығында ауыспалы өткен шақ неғайбыл өткен шақ деп көрсетілген де, оған мынадай анықтама берілген:
Неғайбыл өткен шақ деп сөйлеушінің бұрын істемекші болған, жүзеге асырылмақшы болған ниетті, мақсатты, шартты, болжалды, тілекті сөйлеп отырған кезге дейін орындалған-орындалмағанын белгісіз етіп көрсететін формаларды айтамыз. Неғайбыл өткен шақ формалары төмендегі көрсеткіштер арқылы жасалады:
1) –мақ еді (-мек еді; -бақ еді, бек еді, пақ еді, пек еді) формантары: (алмақ еді, бермек еді, жазбақ еді, төзбек еді, ашпақ еді, түспек еді).
Ш. Мұртазаның «Қызыл жебе» романында ауыспалы өткен шақтың –тын// -тін формасы, ал А. Ысқақовтың көрсеткеніндей –мақ еді, мек еді (бақ еді, бек еді, пақ еді, пек еді) форманттары кездеспейді.
Қорытынды.
Қорыта айтқанда, тіліміздегі сөз топтарының ішіндегі ең күрделі және қарымы ең кең грамматикалық категория – етістік.
Етістіктің күрделілігі мен қарымдылығы оның аса өрісті лексика- семантикалық сипатымен, бай лексика-грамматикалық формаларымен тығыз байланысты.
Етістік амал-әрекет ұғымдарының атаулары я сол ұғымдарды білдіретін сөздер болғандықтан, оған тән сөздер, қашанда болсын, белгілі дәрежеде мезгіл ұғымдарымен байланысты болады. Шақ категориясы етістікті өзге сөз топтарынан әрі ерекшелендіретін, әрі ажырататын ең негізгі грамматикалық категория болып есептелінеді.
Диплом жұмысында қазіргі қазақ тіліндегі шақ категориясының басқа категориялар сияқты бірте-бірте дамып, мазмұны жағынан да, форма жағынан да үнемі жетіле отырып қалыптасқан, өзіне лайық орныққан жүйесі бар категория екені анықталды. Шақ категориясының ішінде өткен шақ формасын тілші-ғалымдарымыздың еңбектеріне сүйеніп, кейбір мағыналық ерекшеліктеріне қарай топтастырдық. Өткен шақ формасын мағыналық ерекшеліктеріне қарай кейбір ғалымдар, атап айтқанда А. Ысқақов, 1) анық (айғақты) өткен шақ, 2) танық (айғақсыздық) өткен шақ, 3) неғайбыл (ауыспалы) өткен шақ болып бөлінеді, ал кейбір ғалымдардың еңбектерінде өткен шақ: 1) жедел өткен шақ, 2) бұрынғы өткен шақ, 3) ежелгі өткен шақ, 4) дағдылы өткен шақ болып бөлінетіндері де бар. Бұл классификациялаудың ішінде көзге ерекше көрінетіні – А.Ысқақов классификациясы болып табылады.
Диплом жұмысының негізінен «Қазақ тілінің грамматикасы» және А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі. Морфология» атты оқулықтардың негізінде жазылды.
Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романында аталған өткен шақтың барлық түрлері кездесетін анықтадық. Кейбір формалары ғана сирек, кейбіреулері тіпті жоқ.
Романда өткен шақтың мынадай түрлері бар:
- жедел өткен шақ. Олар мынадай көрсеткіштермен жасалған:
а) –ды, -ді (-ты,- ті) жұрнағы.
ә) –ған,(- ген,- қан, -кен) жұрнағы.
б) –атын (-етін, -йтын, -йтін) форманты.
в) —ып еді (-іп еді, -п еді) форманты.
г) —ған еді (-ген еді,- қан еді,- кен еді) форманты.
з) —ушы еді (-уші еді) форманты.
д) тұр, жүр, жатыр, отыр етістіктері мен есімдерге көмекші етістігі тіркескен.
2) Бұрынғы өткен шақ.
а) –ып,(- іп, -п) жұрнағы.
ә) —ған екен,(- ген екен, -қан екен,- кен екен) форманты.
б) –а+ді екен (-е+ді екен) форманты.
3) Ауыспалы өткен шақ.
а) –мақ еді (-мек еді, -бақ еді, -пақ едң, -пек еді).
ә) –тын//-тін аффикстері арқылы жасалады.
«Қызыл жебе» романы бойынша өткен шақтың салаларынан 400-ге жуық кеспе қағазы жиналды. Олардың әрқайсысының мағыналық ерекшеліктеріне қарай топтастырылды.
Сонымен, етістіктің шақ категориясы деп қимыл, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен байланысты болып өткендігін, немесе болып жатқанын, не әлі болмаған, бірақ болатынын білдіріп, белгілі жолдармен жасалатын грамматикалық категория. Әрекеттің сөйлеп тұрған кезде мезгіл жағынан қатынасына қарай қазақ тілінде шақ формалары өткен шақ, осы шақ, келер шақ болып үш топқа бөлінеді. Өткен шақ сыртқы тұлға түрлеріне қарай, мазмұн өзгешелігініе қарай жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ, ауыспалы өткен шақ болып жіктеледі.
Өткен шақ формаларын жасауда жұрнақтар әрі негіз, әрі ұстайқы болатынымен қатар күрделі форманттар сан жағынан, мағыналық реңктерді білдіру жағынан болсын олардан әлденеше есе асып түседі.
Пайдаланылатын әдебиеттер
- Қазақ тілі граматикасы., А., 1967
- Қазақ тілі граматикасы бойынша зерттеулер., А., 1975
- Маманов И.С., Қазіргі қазақ тілі (Етістік)., А., 1966
- Қордабаев Т., Қазақ тілі білімінің қалыптасу, даму жолдары., А., 1995
- Қордабаев Т., Түркология және қазақ тіл білімі., А., 1996
- Исаев С.М., Қазақ тілі., А., 1996
- Ысқақов А., Қазіргі қазақ тілі. Морфология., А., 1991
- Қазақ грамматикасы., А., 2002
- Қордабаев Т., Етістіктің шақ категориясы.
- Төлеуов Ә., Сөз таптары., А., 1982
- Аханов К., Тіл білімінің негіздері., А., 1973
- Қорғанбаев Т.Р., Қазіргі қазақ тіліндегі шақ категориясы., А., 1953
- Хасенова А., Етістіктің лексика – грамматикалық сипаты.
- Кеңесбаев І., Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер., А., 1966
- Серғалиев М., Айғабылов О., Күлкенова А., Қазіргі қазақ әдеби тілі., А., 1991
- Байымбетова Ж., Етістікті оқыту., Ш., 2002
- Мұртаза Ш., «Қызыл жебе»., А., 1994
Сілтемелер
1Казамбек., «Общая грамматика турецко-татарского языка»., 493-бет.
2В.В. Радлов., «Опыт словаря тюркских наречий» ( )
3А. Байтұрсынов., Тіл тағлымы., А.,1992 164-бет
4А. Байтұрсынов., Тіл тағлымы., А.,1992 123-бет
5Н.Сауранбаев., Қазақ тіліндегі көсемшелер туралы., А.,1940, 5-20 бет
6Т.Ерғалиев., Қазақ тіліндегі есімше категориясы., А.,1958, 3-104 бб.
7Ж.Болатов., Синтаксические функции причастия в казахском языке АДК. А., 195., 3-15 бб.
8Төлегенов О., Выражение сказуемого и его основные типы в простом личном предложении современного казахского языка., АДК., А.,1955., 3-13 бб.
9И.К.Уюкбаев., Категория глагального вида в современном казахском языке., АДК., М., 1-16 стр.
10Г.Айдаров., Структура односложных корней и основ в казахском языке., Алма-Ата., 1985., стр 325.
11К.Аханов., Тіл біліміне кіріспе., а., 1964., 469 б.
12Қазақ тілінің грамматикасы., А., 1964 199 бет
13Қазақ тілінің грамматикасы., А., 1964 200 бет
14А.Ысқақов., Қазіргі қазақ тілі. Морфология., А., 1991., 330-331 б
15А.Ысқақов., Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А., 1991., 331-бет
16А.Ысқақов., Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А., 1991., 332-бет