ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ — ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫ
Дiн психологиясындағы (ислам) психикалық гигиена
Алматы — 2010
Алматы — 20
Дiн психологиясындағы (ислам) психикалық гигиена
Реферат
Бiтiру жұмысы дiн психологиясы саласында жазылған.II тараудан 49, беттен қорытынды және 44, пайдаланған әдебиеттерден тұрады
Бiтiру жұмысының мақсаттары мен мiндеттерi
Бүкiл адамзат тарихындағы ең үлкен тұлға, Мухаммед Пайғамбардың жеке тұлғасы мен дiн жаюдағы ,психологиясына талдау жасап, оларды теориялық жағынан негiздеу
Осы мақсатқа орай туындаған басты мiндеттер деп мына төмендегiлердi айтуға болады.
Мухаммед Пайғампардың өмiрi, ой толғамдары мен дiн жаюдағы психологиясы, әдiстерiн талдай отырып мазмұны мен мәнiне үңiлу.
Мухаммед Пайғампардың, Пайғампар(с.а.у) болған VI ғ аяғы мен VII ғ басындағы дүниенiң халi, адамдардың рухани әлемiне, дiни сенiмдерiне , дүние танымдарына, мәдениетiнiң даму деңгейiне әсер еткен, Ислам дін негіздерін айқындау.
Ислам дін, психологиясының мәнін зерделеп діни сананың руханилық мүдделерін қалыптастыру.
Ислам дінінің негіздері мен шарттарының адам психологиясына әсері мен мәнін ашу.
Зерттеу объектiсi: (Ислам) дiн негіздері және психикамызға әсерi:
Зерттеу пәнi: Ислам дiнi негiзi болған исламның бес шарты мен иманның жетi шарты:
Әдiстеме: жеке адамның этнопсихологиялық және әлуметтiк қалыптасуына дiннiң тигiзетiн әсерiн,шет ел ғалымдарының зерттеулерi мен түсiндiрiледi.Алынған нәтижелердiң экспериметтiк талдау барысында дiни наным мен сенiмнің маңызы жоғары екені анық байқалады.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І.МУХАММЕД ПАЙҒАМБАР(С.А.У) ҚЫСҚАША ӨМІР ЖОЛЫ ЖӘНЕ ДІН ТАРАТУДАҒЫ РУХАНИ ТӨҢКЕРІСІ
1.1 Исламды таратудағы Мухаммед Пайғамбар (с.а.у) психологиясы
1.2 Исламды халық санасына сіңірудегі,бес парыздың рөлі мен маңыздылығы.
ІІ.ИСЛАМ ДІН НЕГІЗДЕРІ, ИМАННЫҢ ШАРТТАРЫНА ЖАЛПЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ИСЛАМ ПСИХОЛОГИЯСЫ
2.1 Ислам дін негіздері, иман шарттарының адам психологиясына әсері мен пайдасы
2.2 Діни сенімнің жеке адам, және этнопсихологиялық әлуметтік қалыптасуына діннің тигізетін әсері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
КIРIСПЕ
Бүгiнгi таңда дербес Қазақ мемлекетiнiң қалыптасуы өте күрделi тарихи кезеңдерде жүрiп жатыр. Жас мемлекетiмiздiң қалыптасуында, әлеуметтiк қиыншылықтар аз емес.
“Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады. Оның ең қымбат қазынасы адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары”–деп, Қазақстан Республикасының конституциясының бiрiншi бабында тұжырымдалған.Ғ.Мұстафин ағамыз айтқандай “Бiз бұған дейiн ұлтшылдыққа қарсы тұрдық, ендi ұлтсыздыққа қарсы. Бұған дейiн дiншiлдiкке қарсы тұрып келдiк, ендi дiнсiздiкке қарсы тұратын мезгiл жеттi”. — дегендей. Кеңес империясы құрдымға кетумен басталған әлеуметтiк өзгерiстер мен дағдарыстар ой-сана, тәрбие, сенiм жағынан жаңа қоғам, жаңа психология қалыптастырды.
Осы айтылғандарға орай бiздiң зерттеуiмiздiң өзектiлiгi мен қажеттiлiгi елiмiздегi тәуелсiздiкпен бiрге қайта оралған ата-бабаларымыз ұстанған Ислам дiнi екендiгiнде дау жоқ. Коммунизм идеологиясының қою қараңғы түтiнi адамдардың санасын улап, дiндi – апиын, құдайларды – үрей жаратады, бiлiмсiздiк, – дiнсiздiктiң себебi, дiн – құр идеология деп түсiндiрдi.
Қолмен жасалған тар идеологиялар адамзаттың рухани қажеттiлiктерiн қамтамасыз ете алмады. Құдайға шүкiр қазiр тәуелсiз мемлекетiмiзде адамдар өзi еркiнше дiндi ұстанып, рухани аштықтарын қанағаттандыруда. Алайда, жақсылық пен жамандық қашанда бiрге жүредi. Соңғы кездерi исламды бүкiл адамзаттың алдында қаралап, террорим және экстремизм десе ислам дiнiне тиесiлi болып көрiнетiн психология қалыптасты. Және де елiмiзге көптеп келген жат ағымдар мен секталар, өз діні мен иделогияларын телу де.Жартты ғасырдан астам уақыт шынымен дін апин, деген психология, мен көзқарас болды.Қазіргі уақытта, керісінше дінсіздіктің апин, діннің психикамызға гигиена екенін нақтылау.
Қазiргi мақсатымыз – Ислам дiнi ақылдың, бiлiмнiң тазалықтың, сондай-ақ, бейбiтшiлiк пен тәртiптiң дiнi және адамдарды жағымды көркем мiнездiлiкке, абзал әдептiлiкке тәрбиелейтiнiн- “Дiнсiз iлiмнiң ақсақ, iлiмсiз дiннiң соқыр”.- екенiн айқындау. Және еліміз қоғам дамуын арттырғысы келсе, өнеркәсiптiк технологияны, мәдениеттi ғана емес, дiни руханилықты да өркендету керек екендiгiн баса ашып көрсетемiз.
Зерттеу мақсаты мен мiндеттерi:
Бүкiл адамзат тарихындағы ең үлкен тұлға, Мухаммед Пайғамбардың жеке тұлғасы мен дiн таратудағы психологиясына талдау жасап, оларды теориялық жағынан негiздеу.
Осы мақсатқа орай туындаған басты мiндеттер деп мына төмендегiлердi айтуға болады.
Мухаммед Пайғамбардың өмiрi, ой толғамдары мен дiн таратудағы психологиясы, әдiстерiн талдай отырып мазмұны мен мәнiне үңiлу
Мухаммед Пайғампардың Пайғамбар болған VI ғасырдың аяғы мен VII ғасырдың басындағы дүниенiң халi, адамдардың рухани әлемiне, дiни сенiмдерiне, дүние танымдарына, мәдениетiнiң даму деңгейiн әсер еткен, Ислам дін негіздерін айқындау.
Ислам дін, психологиясының мәнін зерделеп діни сананың руханилық мүдделерін қалыптастыру.
Ислам дінінің негіздері мен шарттарының адам психологиясына әсері мен мәнін ашу.
Зерттеудiң болжамы:Бүгiнгi қоғамдағы кейбiр етек жайған кiсi өлтiрушiлiк, тонау, зәбiр жапа, ашкөздiк, қылмыстың не бiр түрлерi жезөкшелiк, нашақорлық, маскүнемдiк бәрi-бәрi рухани салауатсыздықтың яғни дiнсiздiктiң салдары және рухани немесе психикалық иммунитетiмiздiң жоқтығы. Бұл иммунитеттi тек дiни тәрбие арқылы қалыптастыра аламыз.
Сондықтан имандылық пен ұждандылықты, көркем мiнездi бойға сiңiретiн дiни тәрбие мен дiни iлiмдердi отбасында, бала-бақшада, мектепте, жоғарғы оқу орындарында пән болғызып оқыту керек және ғылыми оқу әдiстеме жасап оны бүкiл қауым пайдаланатын болса, бұл жайт адамдардың жүрегiнде иман, қоғамда тәртiп орнатып, психикалық иммунитетiмiздi кеңейте түскен болар едiк.
Зерттеу обьектiсi: (Ислам) дiн негіздері және психологиямызға әсерi.
Зерттеу пәнi: Ислам дiн, негiзi болған исламның бес шарты мен иманның жетi шарты.
Зерттеудiң теориялық маңызы: Елiмiздiң тәуелсiздiк алғанына онбес жыл толуға жақындады. Тәуелсiздiгiмiз бен бiрге қайта оралған құндылықтарымыздың бiрi және бiрегейi ата-бабаларымыз ұстанған ислам дiнi екендiгiнде сөз жоқ. Жетпiс жылдай қара түнекте бодандықтың азабынан салт-дәстүр, мен тiлiмiздi, дiнiмiздi ұмытып дүбәрә мәңгүрттiкке түсiп едiк.
Сондықтанда қазiргi Қазақстанда дiни сана сезiм мен дiн психологиясының теориялық мәселесiнiң қалыптасуы өте күрделi процесте жүруде, тек елiмiзде ғана емес жалпы әлем де асыл дiнiмiз исламға жат терроризм және экстремизм ұғымдары мен қара күйелер жағылу да сол себебтi ислам дiнiнiң негiзгi құндылықтары болған шарттары мен сенiмдерiне теориялық жағынан ерекше көңiл бөлдiк.
Түптеп келген де дінді, психологиялық тұрғыдан қарасақ дiн негіздерін, идеяларын саралағанда , Ислам дiнi тек бейбiтшiлiк пен татулықты кiшпейiлдiлiктi, адамгершiлiктi, имандылықты қалыптастыратынын көремiз.
Тақырыптың жаңалығы: Жалпы дiн, және дiн психологиясы, саласы осы күнге дейiн толық зерттелiнген жоқ сол себебтi бiз зерттеуiмiзде мына мәселелердi қарастырамыз.
- ислам дiнiнiң негiзi болған иман, намаз, ораза, зекет, қажылықтың тек құдайға жасалынатын құлшылық пен ғибадат қана емес психикамызға әсерi, сондай-ақ психикамызға психикалық гигиена екенiн айқындау.
- ислам дiнiнiң негiзi болған иман шарттарына, сену және оның адам психологиясына әсері мен пайдасын жан-жақты айқындау.
- Егер осы Исламның бес шарты болған парыздарды бойымызға сiңiрсек (атам қазақтың ер қаруы бес қаруы дегендей) психикамызға да бес қару болатын, өте үлкен психикалық иммунитет екенін көрсету.
I-ТАРАУ МУХАММЕД ПАЙҒАМБАР (С.А.У) ҚЫСҚАША ӨМІР ЖОЛЫ ЖӘНЕ ДІН ТАРАТУДАҒЫ РУХАНИ ТӨҢКЕРІСІ.
1.1. Исламды таратудағы Пайғамбардың психологиясы:
Ислам дiнi Аллаһ тарапынан адамдарға жiберiлген ең соңғы хақ дiн және Мухаммед (с.а.у) ең соңғы Пайғамбар екенi тарихтан мәлiм.Пайғамбарымызға дейiнгi дәуiрде жер бетiнде жамандық пен зұлымдық үстемдiк құрды.Сол кезде адамдар құдды кiр-қоқыс пен надандық шалшығында едi.
Адамзат әдiлет және өркениеттен мақұрым рухани көр-соқыр надандық батпағына көмiлген жезөкшелiк пен ардан безушiлiк, зорлық зомбылық белең алған тiптi кейбiрулер жабайлықтың шегiнен шығып сәби қыздарын тiрiдей көметiн, ұятсыздық пен қараңғылық жайлағаны соншалық бiрнеше еркек бiр әйелдi әйелдiкке алатын, сондай ақ қоғамда әйелдiң титтей қадiрi болмады. Ақшаға сатылатын бұйым мен пара- пар едi. Адамдар бiр бiрiне тiсiн қайраған топтар халiнде тайпаларға бөлiнiп қан төгiс тыйылмады .Адамзаттың осы халiн ақын Махметаниф екi жыр жолы мен тамаша суреттейдi:
Бiрiн -бiрi талап жеп қырқысқанда,
Асып түстi адамзат жыртқыштан да.
Мiне тап осындай дәуiрде 571 жылда рәбиүл әууәл айының 12 –сi күнi таңға жуық Пайғамбар (с.а.у) дүниеге келдi.Пайғамбарлар шоғырының соңғы жұлдызы, Мухаммед (с.а.у) ға Пайғамбарлық мiндет қырық жасында келгенi мен, ол мiнез-құлықның байлығы мен дүйiм жұртқа үлгi өнеге бола бiлдi.Ол өтрiк пен екiжүздiлiк атаулыдан аулақ болды.
Сол бiр ешкiм, ешкiмге сенбейтiн шақта барлығы оған сенiп сенiм артатын, дау тудырған мәселелер де оның қара қылды қақ жарған билiгiне жүгiнетiн тiптi оған шыдамайтын дұшпандары да адамгершiлiгi мен туралығын мойындайтын мiне содан берi ғасырлар озып, ғылым дамып, мәдениет өркендесе де күллi адамзат Оның бойындағы асқақ та биiк қасиеттерiне қайран қалу мен келедi.Тарихта оның өмiрiндей ешбiр дақ түспеген таза да пәк ғибратқа толы екiншi бiр тұлға жоқ Абай атамыз Пайғамбарымыздан үлгi алуға былай деп үндейдi.
“Аллаһ мінсіз әуелден пайғамбар қақ,
мүмин болсаң үйреніп сенде ұқсап бақ”.- деген.
Американдық ғалым Майкл Харт өзінің “Адамзат тарихындағы ұлы жүздік”- атты кітабында адамзат баласының тарихында өнегелі де ғибратты із қалдырған ұлы тұлғалардың өмірбаяндарын жазған еңбекте Аристотел, Платон, Евклид, Архимед бастаған топтың алдында ең бірінші болып, Майкл Харт Мухаммед (с.а.у) көрсеткен екен. Аллаһ Құранда “сен керемет мінез-құлыққа иесің”- деп Аллаһ елшісінің бойындағы осы қасиеттерді нұсқайды.
Иә, Пайғамбарымыз өмірден өткеніне он төрт ғасыр өтсе де еш ескіріп тозбайтындай әрі ахретке дейін келіп кетер күллі адамзатты тәнті еткен осы ұлы қасиеттер мен көрем мінез-құлықты қайдан үйреніп қайдан алды? Пайғамбарымызды осылай етіп кім тәрбиелеп, кім өсірді?Тосын бұл сұрақтың жауабы ретінде Әке-шешесі дейін десек Пайғамбарымыз Әкесінен, анасының құрсағында алты айлық кезінде шешесінен алты жасында айырылып, тұл жетім қалды.
Демек, Аллаһ елшісінің тәлім тәрбиені әке-шешесінен алуы еш мүмкін емес.Ал, оған бұл көркем мінез, жалпы тәлім тәрбиені өскен ортасы өмір –сүрген қоғамы берді дейін десек ,ол қоғамның тарихта “надандық, қараңғылық”- дәуірі деп қаратаңбасы мен орын тепкені бәрімізге мәлім. Зұлымдық пен қатыгездік билік құрған бұл қоғамда, қыз бала тірідей көміліп, әйел атаулы қорланып базарларда бейне бір саудаланатын, тіпті зина жасаушы осы ұятты ісі мен халық алдында мақтанып атақ абыройға кенелетін.
Ата-тегі шежіресі белгісіз көптеген балалар өз әкесінен бейхабарды. Әлсіздер құлға айналып, мүдделері адам бейнесіндегі жыртқыштардың аяғында тапталып жатты.Міне осындай бір қоғамда жалпы адам баласын бойындағы асыл қасиеттері мен таңғалтып, көркем де сұлу мінез-құлқы мен тәнті еткен адамзаттың асыл тәжі Аллаһ елшісі (с.а.у) тәрбиелеп жетілдіру мүмкін бе? жай қатардағы бір адам бұл қоғамның тыныс алған зиянды вирусы нан еш зақымданбай дін аман сау құтылу мүмкін бе? Мұндай қараңғы қоғам өзінде жоқ, қасиеттерді басқаға қалай бермек, демек Пайғамбарымызға бұл көркемде әсем қасиеттерді беріп арнайы тәрбиелеп жетілдіріп, сол арқылы біз құлдарында, тәрбиелеп тура жол көрсетуші Аллаһ болмағы еш күмәнсіз.
Енді пайғампарымызды қырық жасына дейінгі өміріне көз жүгіртіп зер салсақ, Ол қырық жасына дейін адамдардың арасында ең сенімі тұлға деп қабылданғандықтан, Мекке халқы оны “Мухаммед әмин”- “сенімді Мухаммед”- деп атаған Мекке халқы кез келген сапарға шығар болса, қолындағы ең құнды заттарын еш күмәндан бастан Пайғамбарымызға аманаттап тапсыратын.Пайғамбарымыз аманатқа қиянат ету уәде де тұрмау және де жалған сөйлеу,екі жүзділіктен ада болған.Осылай Мекке халқы Мухаммед(с.а.у) қырық жасына дейін бір рет болсада жалған сөйлеуіне куә болмаған .
Осындай күндердің бірін де Мухаммед өзіне ғана таныс әлемге шомған сәтте, Жәбірейіл(с.а.у) Аллаһтың әмірі мен оған Пайғамбарлық міндетін білдіруге келді.Ол адамзатты тура жолға бастаушы Аллаһтың сүйікті құлы Мухаммед(с.а.у) ға Құранның алғашқы аяты “Ей Мухаммед! Оқы! Жаратқан Раббынның атымен оқы! Ол Аллаһ, адамды ұйыған бір тамшы қан түйірінен жаратты! оқы! Раббың аса жомарт, Ол адамға қаламмен жазуды үйретті Адамға білмеген нәрселерін үйретті”.- (Ғалақ сүресі 1-5 аят) Осылайша Мухаммед (с.а.у) пайғамбарлық міндет жүктелді.
Осы ретте Бәкір Сыдық “қырық жасына дейін бірде-бір өтірік сөйлемеген адам, мінез- құлқы өзгерместей толық қалыптасып, тұрақтаған осы жасынан кейін қалайша өтірік айтсын”- деп Пайғамбар болғанын уағыздаған дінін, еш куәсіз қабыл етіп, мұсылман болған. Иә, Пайғамбарымыз керемет ұстаз, тамаша тәрбиеші. Оның теңдессіз ұстаздығымен тәрбиешілігінің алдында бүкіл әлем бас иеді. Тағы тарихқа көз жүгіртсек.
Пайғамбарымызға дейін Араб түбегі және әлем жағдайы қалай еді!? міне, Пайғамбарымыз сол қараңғы қоғамда бар-жоғы жиырма үш жылдың ішінде тәрбиелеп, жетілдіріп әлемге үлгі болар қоғамға айналдырды.
Оның тәлім- тәрбие сабағы адамзат тарихындағы барлық кезеңдермен әр тайпаны жинаған бір мектеп сияқты еді. Барлық ұлттар тілдерінің, түстерінің және даму дәрежесінің айырмашылығына қарамастан, осы топқа қосылып жатыр еді. Әділет ләззаттарының дәмін татып көрді. Халыққа салауаттылықты және тыныштылықты жайды.
Адамдарды бір- бірімен бауырмалдықпен өмір сүруге үйретті. 1789 жылғы Ұлы Француз төңкерісінің негізгі пікірлерін дайындаған философ Лафает “Адам хақтары баяндамасы” жарияланбай тұрып, бүкіл заң жүйелерін зерттеген. Ислам заңының өзгешелегін, үстемдігін көріп “Ей, Мұхаммед! Сенің әділетті орнату, іске асыру жөніндегі жеткен жетістіктеріңе әлі ешкім жете алмады” — деп тебіренген. Пайғамбарымыздың сыртқы ортадағы қоғамға берген тәрбиесі және ішкі жан- дүниесінің әсері күшті бір дәрідей, жартылай жабайы көбі адамгершіліктен хабарсыз надан бір қауым мен қоғамды адамзат тарихының аңсаған — “сахаба” сипатымен елестетуге де мүмкін еместей мәртебеге жеткізді.
Оларды бір діннің, бір тудың, бір заңның, бір мәдениеттің және бір басшылықтың астына біріктірді. Надан жабайы, қанішер адамдарды мәдениетті, қылмыскер және рухы кембағал мінезділерді яғни, Аллаһқа деген махаббатпен және одан қорқумен және ғибадат, құлшылық қылатын иманды, таза адамдар дәрежесіне жеткізді.
Ғасырлар бойы назар аударарлықтай бірде бір адам шығара алмаған қауым оның тәрбиесінен, нұрмен безенген өте көп адам шығарды және ол адамдарды білімді, парасатты, иманды ғылым және темірқазық шырағы етіп, дүниенің төрт бұрышына алып барды. Шөлге түскен сәуле нұры мәңгілікті қанатына алып, бүкіл адамзатқа таратылды. Әлемнің жаратылу мақсаты жүзеге асты.
Ол қысқа уақыттың ішінде дүниеде ешбір Патша жете алмаған жетістіктерге жеткен, асқан ұлы тұлға бола білді. Адамдардың рухы, иманы көтерілген кезінде де аяғының астына жайылған кең дүниенің еш біреуіне көңіл аудармай, бұрынғыдай қарапайымдылықпен “Ұлық болсаң, кішік бол”- деп жарлы түрде кірпіштен қаланған кішкентай үйінде өмір сүре берді.
Құрма жапырақтарымен төселген төсекте ұйықтады. Қарапайым және таза киімдер киді. Жарлы адамнан да төмен өмір сүрді. Кейін бүкіл мемлекеттер өз қалауларымен оның басқаруына кірді. Арабстанның ол жағы мен бұл жағына әкім болды. Қалағанын істеуге мүмкіншілігі болды. Ол сонда да қарапайымдылығын тастамады. Өзінің ешбір нәрсенің иесі емес екенін, барлығының да Аллаһтың құдіретті қолында екенін айтатын.
Бір күні Хазіреті Омар Пайғамбарымыз (с.а.у) үйіне келеді. Бөлменің ішін көзбен шалып шығады. Үйдің ішінде көзге көрінетін ештеңе көрінбейді. Құрма жапырақтарынан өрілген бір көпшік бар екен. Пайғамбарымыз (с.а.у.) соған сүйенгенінен оның тәніне батып, із қалдырған екен. Бұрышта бір уыстай арпа, оның қасында ілулі тұрған ескі су қабы бар. Міне, бары осы-ақ.
Бұл уақытта бүкіл Араб түбегіндегілердің Хазірет Пайғамбарымызға мойын ұсынған, бұл кезде Пайғамбарымыздың дүние мүлкі тек қана осы заттар еді. Бұларды көрген Омар ішін тартып, өзін ұстай алмай, көздеріне жас келеді. Хазірет Пайғамбарымыз “Неге жылайсың ей, Омар?”-деп сұрайды. Ол да: “Неге жылаймын, Ей Аллаһтың елшісі?” Рим және Парсы патшалары дүние нығметтерінің ішінде жүзеді. Ал Аллаһтың Пайғамбары кепкен көпшіктің үстінде өмір сүреді дейді. Сонда Ей, Омар! Кисра мен Қайсар қамсыз дүние нығметтерінен ләззат ала берсін бізге ақырет нығметтері жетеді … деп айтады.Және де бір мысал беріп, Мен және дүниенің мысалы “жаздың ыстық күнінде бір ағаштың астында ұйықтап алып ,өз жолына кететін бір жолаушы адамдай” деп айтқан.
Өйткені, Аллаһ ол мүбәрәк құлын, бүкіл адамзатқа бір яғни ең кәміл үлгі өнеге етіп жаратқан. Сондықтан оны әлсіздер мен жарлы жақыбайлардың ең төменгі сатысы болған “тұлдыр жетімдіктен” бастатып өмірдің барлық кезеңдерінен өткізіп құдыреті мен билік жағындағы ең жоғарғы саты яғни Пайғамбарлық пен басшылыққа дейін көтерген.
Пайғамбардың іс-әрекеттері адамзат үшін ең кәміл үлгі өнеге болып табылады. Мысалы, Философ Нисе “Супер Хуман” яғни кәміл адам ой пікірлері мен талай беттік көзқарасын баяндаған. Бірақ бұл кәміл адам түсінігін, өмірдегі іс-әрекеттері мен күшейте алмаған ол тек бір ой көзқарас болып қалған. Ал, Аристотель мінез-құлық философиясының бір топ заңдары мен ерекшеліктерінің тегін қалағанына қарамастан оның философиясына сеніп, іске асырып бақытты болған бірде, жан көре алмаймыз. Ал хазреті Пайғамбарымыз өзінің елшілік міндетін бастаудан бұрын өзін халыққа сүйдірген және барлық болмыс парасатымен халықтың сенімді Мухаммед, деп айтатындай бір кәмілдікке жеткен.
Сонымен қатар, ол дінді таратып жаюды бұл сипаттар берілгеннен кейін бастаған. Халық оның жақсы мінез-құлығын, қайрымдылығын, ақылдылығын, адалдығын, пайғамбар болмай тұрып білген және оны ұнатып сүйген еді. Хз.Пайғамбар “мен тек қана мұғалім ретінде жіберілдім”- деу арқылы, Пайғамбарымыз адамдарға білмейтіндерін үйретіп, әдептіліктің озық үлгісін көрсететін елші екендігін білдірген.
Барлық Пайғамбарлар жіберілген қауымына киіну,үйлену,тамақ жеу,сәнденуіне ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасына,сауда саттығына,әдеп-ғұрыптарына үлгі өнеге болған.Осы шындықты Құранда былай баяандайды “Сендерге Пайғамбар не берсе алыңдар да неден тыйса одан тыйылыңдар, әрі Аллаһтан қорқыңдар”-деп бұйырған.Пайғамбарымыз(с.а.у) Аллаһ тағаланың тәрбиесінен өткен адамдар арсында теңі жоқ мұғалім һәм тәрбиеші адамдарға тура жолды көрсететін көкірегі ояу, кәміл адам.
Сондықтан Пайғамбарымыз өзіне түскен Құранның көрсеткен жолы мен жүріп негізгі қызметін оқыту әрі тәрбиелеу арқылы адамзат баласын кемелдікке жеткізу үшін бар күшін салған.Хз.Пайғамбарымыз сахабаларын һәм үммбетін тәрбиелеген де ұстанған жолын жеке-жеке қарастырайық [44,15-33б.]
- Ақырын біртіндеп сатылап тәрбиелеу әдісі:
Пайғамбарымыз сахабаларын тиімді тәрбиелеудің бірі ретінде сатылап тәрбиелеу әдісін айтуға болады.Қыруар білімді бірден адамның санасына сіңіріп жіберу психология мен педогогиканың қағидаларына қайшы келеді.Оқушыға білімнің бірден әрі артығымен берілу қиынға соғады, ал білім аз-аздан берілер болса, оны оқушы тез арада меңгере алады.
Адам баласын жаратқан Аллаһ оның әлсіздігін,қабылетін білгендіктен қайткендеде қателікке бой алдырмайтын жолдарды оған үйреткен.Сөйтіп оның ақыл ойының дамуы мен тәрбиеленуінде, мағұлыматтарды аз-аздан беру арқылы ғана мүмкін болатындығын,Құранда былайша баяандаған “Біз құранды адамдарға тоқырап оқу үшін бөлімдерге айырып аз-аздан түсірдік”-шындығындағы Құрандағы сенім,құлшылық ахлақ, әрі қарым-қатынасқа байланысты аяттар,адамдарға ауыр келмейтіндей дәрежеде бөлік-бөлік болып түсіп отырған.
Хз.Пайғамбарымыздың өмірінен Құрандағы дәл осы әдісіті қолданғанын айқын көре аламыз.Ол білімді адам баласының зейініне, суға лақтырған тас секілді дөп басып қоятын болған, тастың әсерінен пайда болған толқынын күтетінді. Х.з.Пайғамбар сахабаларына қандай да бір нәрсені үйреткенде үш негізге баса назар аударған
1.оқушының қабылеті
2.аз-аздан сатылап беру
3.оқушының психологиясы бұл әдіс әлі де кең қолданылып келеді
2.Сұрақ –жауап әдісі: Х.з.Пайғамбарымыз сахабаларға дінді түсіндіруде, білмегендерін үйрету де сұрақ-жауап әдісін көптеп қолданған.Өйткені сұрақ, зейінді ояту үшін қойылады.
Сұрақ тәжірибенің нәтижесін білу үшін де сұралады.Бір күні Пайғамбарымыз сахабаларды жинап бір нірсені түсіндірмек болады,жарлы деген кім екенін білесіздер ме?- деп сұрайды ал, сахабалар жарлы деп ақшасы жоқ, адам деп жауап береді.Сонда Пайғамбарымыз үмбетімнің арасында жарлының кім екендігін айтайын.Ол ахрет күні намаз,ораза, мен зекеті бола тұра тірі кезінде әркімді бір мазақтап, жала жауып, әркімнің малын дүниесін тартыпалып құл ақысы жайлы сұралмай тұрып сауабы таусылған адам.Сондай -ақ адамдардың күнәсін мойынына алған соң,тасталған адам деп жауап береді осындай мысалдар мен Пайғамбарымыз (с.а.у) ақиқатты айтып қана қоймай адамдардың ой өрісі мен де санасу қажеттігін әрі жалқаулыққа салынбау үшін, ақиқатты кез-келген жерде айтпау, керектігін білдірген.
Осылайша қате пікір мен қате көзқарастардың алдын алуға болады.Пайғамбарымыз алдымен сұрақ сұрап, қарсы алдындағы адамдардың назарын өзіне қаратқаннан соң дұрыс жауабын өзі беріп,айтқысы келген ойын түсінікті түрде, әрі екінші рет естен шықпайтын мысал бере тәмсіл сөздермен қиыннан қиыстыра адамдардың жүрегіне жол тауып отырған
3.Қиссалар арқылы тәрбие әдісі:
Адам баласы қисса немесе хикаядан әсерленетіндіктен тәрбиеде олардың рөлі орасан зор. Сол оқиғалардың басы қасында болмаса да, ғибрат алу үшін айтылады.Мәселен қариялардың жастық шағын еске түсіріп айтуының өзінде үлкен мән бар.
Мұндай әңгімелер жастарға ой салып бойына ерекше күш береді. Құран мен Сүннетте де осы тәсіл баса назар аударылғандығын айқын көруге болады.Өйткені өткеннен ғибратланып олардың жіберген қателіктерін қайталамауға,адамды терең ойлауға түрткі болу. Х.з.Пайғамбарымыз сондықтан көбінесе сахабаларға бұрын өмір сүріп кеткен қауымдардың басынан өткендерін, діни ақиқаттарды еске салып үлгі өнеге алуға шақырып отырған.
4.Кінәлау жолы мен тәрбиелеу:
Х.з.Пайғамбарымыз ұстанған әдістердің бірі, алдына мәселесін айтып келген адамдарды ренжітпейтіндей етіп тиімді шешім айтқан жалпы кінәлағанда, адамның көңіліне тиерліктей сөз айтудан сақтанатын болған.Оған бұл оқиғаны мысал етуге болады.Бір күні бір жас жігіт Пайғамбарымызға келіп: Ей, Аллаһтың елшісі (мен өзімді ұстай алмаймын) менің зина жасағым келеді. Соған сенен рұхсат сұрай келіп отырмын дейді.Бұл сөзді естіген Пайғамбарымыздың қасындағы сахабалар қатты ашуланып, ол жігітті ұрмақшы болып, Ей, Аллаһтың елшісі бұған тиісті жазасын берейік деді. Оның сөзіне асқан сабырлықпен қараған Х.з Пайғамбарымыз, оны менің қасыма жақындау алып келіңдер деп әмір берді. Жас жігітті жақындау тартып онымен былай деп әңгімелесті.
-Анаңның зинақорлық жасағанын қалайсың ба?
-Әлбетте қаламаймын.Онсыз да ешкімнің анасымен зинақорлық жасауын қаламайтыны белгілі.
-Жарайды. Қызың мен бөгде адамның зинақорлық жасауын қалайсың ба?
-Әрине қаламаймын.
-Олай болса, барлық адам қызымен зинақорлық жасағанды қаламайды. Содан соң Пайғамбар ол жігіттен әпкесі, қарындасы, нағашы әпкесінің зинақорлықпен айналысуын ұнатып, ұнатпайтындығы жайлы сұрады. Оның жауабы жоғарғыдай болды. Ол өзінің қателігін жақсы түсінді. Хадисті- риуят етушінің айтуына қарағанда, сол кезден бастап, әлгі жігіт зинақорлықты мүлде ұмытыпты. Міне, жас жігітті ренжітпей әрі осындай іске бармайтындай етіп ашуға салынбай жауап берудің тиімді жолдарын пайдаланған.
- Сөздің маңыздылығын білдіру үшін сөзді бірнеше мәрте қайталау әдісі:Тәлім тәрбие беру жолындағы ең маңызды жайттардың бірі ретінде білуге тиісті мәселелерді бірнеше рет қайталау екендігін айтуымызға болады.Өйткені адам баласы көбінесе кейбір білімдерді бірнеше мәрте оқып, тыңдау арқылы ғана толық түсіне алады. Қайталау әдісінің адам психологиясына тиімді екендігін Құран мен сүннетте де көптеп айтылған.
Бірде Пайғамдар (с.а.у) “Сіздерге ең қайырлы және ең жаман адамның кім екендігін айтайын ба”?- деген сөзін үш рет қайталады. Сол жерде отырғандар иә деді. Х.з Пайғамбар “Ең жақсыларың, халық оның алдына барғанда жақсылық жасайтынын әрі оның еш жамандық жасамайтынын білетін болса міне сол адам. Ал ең жамандарыңыз болса, халық одан ешқашан жақсылық күтпейтін әрі жамандық жасайды- ау деп күдіктенетін адам” — деді. Бұл жерде Х.з Пайғамбар бір біріне мінезі жағынан мүлде сәйкес келмейтін екі адам жайлы айтпастан, алдын сөздің маңыздылығына көңіл аудару үшін сөзін үш рет қайталады.
Сонан олардың саналарына сіңіру үшін ең тиімді жолмен баяндады және де Пайғамбар көбінесе айтатын сөзін Аллаһтың атымен ант етіп бастайтын болған. Х.з Пайғамбардың бұлай сөз бастауының басты себебі сөздің мәні мен маңыздылығына көңіл аударды. Ол жайлы бір хадисінде былай айтқан: “Бар құдіреті күшке ие болған, Аллаһтың атымен ант етемін. Сендер иман келтірмейінше, жәннатқа кіре алмайсыңдар, бір бірлеріңді жақсы көрмейінше иман келтірген болып саналмайсыңдар”-деген және де бір бірлеріңнің араларыңда сүйіспеншілік пен мейірім тудыратын істі айтайын ба?-деп “Араларыңда сәлемді жайыңдар”- деген және Х.з Пайғамбар алдымен айтатын сөзінің маңызына көңіл аударту, арқылы мұсылмандарға өз араларындағы басты міндет пен бір- біріне деген махаббатты арттырудың жолын үйреткен .
- Сүйіспеншілік пен мейірім әдісі: Сүйіспеншілік жоқ жерде тәрбие мен білімнің берілуі мүмкін емес. Адамдар арасындағы қарым- қатынас пен ынтымақ, бірлікті күшейтудің жалғыз жолы осы сүйіспеншіліктің негізінде жатыр. Пайғамбар (с.а.у) сахабаларының арасындағы сыйластық пен түсіністіктің артуына да сүйіспеншілік пен мейірім басты себепші болғаны айтпаса да түсінікті.
Осылай Пайғамбар (с.а.у) Ислам дінін үмбетіне жаюды сүйіспеншілік пен тәрбие психологиясының озық үлгісін көрсете білген. Сондай- ақ Пайғамбар (с.а.у) керемет психолог еді. Ол адамдардың қоғамдағы дәрежесіне ақыл деңгейі мен түсінігіне және мінез- құлықтары мен құбылмалы көңіл- күйлеріне қарай сөз таңдап, уақыт белгілейтін. Міне, сондықтан Х.з Пайғамбар бүкіл тұлға болмысы мен заманының заңғар тұлғаларының жүрегіне жол тауып, Ислам дініне деген сүйіспеншілік отын маздатып, санаулы жылдардың ішінде адамдарды надандық шырмауынан құтқарып, мәдениеттілік пен парасаттылықтың іргесін қалап, зор рухани төңкеріс жасаған ең үлкен тұлға[15,118-147б.].
- Иман парызындағы психикалық гигиена
Иман қой, ақыл қойшы, нәпсі бөрі,
нәпсіге қой бермейді ердің ері.
Таяқты мықты ұстап ақыл тұрса,
алалмас иманыңды сайтан пері,-
Деп атақты жырауымыз Шал ақын жырлағанындай “адамды адам еткен ақылы, сұлтан еткен- иманы” Біз адам баласы өте күрделі жаратылыстамыз. Тән мен жаннан жаратылған жұмбақ та, сиқырлы дүниеміз.
Бірақ жан мен тән туралы көп айтамыз. Бөрі болған нәпсіміз туралы ауыз ашқымыз келмейді. Біз жаратылысымыздан пенде болғандықтан, бізге жанымызды (психикамызды) тойдырудан гөрі, нәпсімізді тойдыру әлдеқайда жеңіл. Қарнымыз ашса тамақ жейміз. Қысқасы тәніміздің қалауының барлығын жасаймыз. Нәпсімізге құлмыз. Ал нәпсімізді тежеп ұстауға қауқарсызбыз. Нәпсінің ісі бізді хайуан қылады. Ал иман жүрегімізге жол тапса, иманды болсақ адам болып туған бізді азамат қылады.
Сондықтан қазіргі басты міндет имандылықты сақтап және одан әрі қуаттап, жандандыратын нағыз иманға қол жеткізіп, иманның ұлылығын сақтап қалу. Бәрінен бұрын иман шарттарын жандандырып оның орындалуы мен шұғылдану ауадай қажет, тіпті мәжбүрлік деуге де болады.
Біздің жүрегіміз минутына жетпіс рет соғып, біздің мүшелерімізді қанмен қоректендірсе, дәл сол сияқты рухани азық болған иман да біздің психикамызды қоректендіреді.Іргетасы жарылып тұрған үйдің бөлмелерін жөндеп, ішін әшекейлеумен құламауға септігі тиер ме? немесе тамыры шіріген ағашты қуратпаймын деп бұтақтары мен жапырақтарын дәрілеп шара қолдану оның өмірін көркейте ма? Біз өзімізді бір үй десек, оның іргетасы иман шарттары, ал үлкен бір ағаш болсақ, оның тамыры иман негіздері.
Сондықтан адам баласына ең бірінші үйренетін ілім мен тәрбие ол-иман. ұлы Абай атамыз отыз сегізінші қара сөзінде иман туралы былай дейді:- Әуелі дін исламның жолындағы пенделер иманның қақиқатын білсін. Иман дегеніміз –бір ғана инандық емес.Аллаһтың бірлігіне құран оның сөзі екендігіне, Пайғамбар оның тарапынан елші екендігіне инандық жә не бітті. Сен Аллаһ үшін иман келтіремісің? Я, өзің үшін де иман келтіремісің? Сен иман келтірмесең де, Аллаһқа келер ешбір кемшілік жоқ еді. Я өзің үшін иман келтіресің, жә инандық.
Ол инанмақтығың құр ғана инанмақпенен қалса, саған пайда бермейді. Оның үшін сен өзің инанмақтығыңнан пайдалана ма? десең пайда береді. Кәміл иман болады. Пайданы қалайша алуды білмек керек яғни Исламда құр сеніп қойғанменен ешқандай іс бітпейді. Іс жүзеге асқанда ғана орасан зор ықпал тиеді. Қысқасы, иман дегеніміз- тек қысқаша түрде Құдайды мойындап қоюмен бітпейді.
Иманның көптеген мәртебелері бар. Әлсіз де жаттанды да. Атап айтсақ, тәнде, көкіректе, көңілде, жүректе. Иман әсіресе мынадай алай- дүлей адасушылық көп заманда тез өшіп қалады. Нағыз иман болса, сарқылмайтын қуат. Бұл қуатқа үнемі қол жеткізіп отыру үшін ұялы телефондарымызды қуаттағандай күнде бес рет намаз оқып және иман негіздерін жасап, жүрегімізге иман психикамызға гигиена жасап отруымыз керек.
Ғалымдар былай дейді: “Салиқалы амалдар атқарылып, күнәлі істер тасталмайынша, иман кәміл иман болып есептелмейді ”- деген. Сыртқы құлшылық ішкі иман дәрежесінің көрсеткіші. Белгілі ғалым Ибн Гаймия дүниеде бір жаннат бар, кім ол жаннатқа кірмеген болса, онда ахіреттегі жаннатқа да кірмейді”-яғни ол иман ету Сондықтан иман ең үлкен нығымет.Отынды сүю де иманнан. Ендеше имандылық пен инабаттылықты, адалдық пен тазалықты, әділдік пен шыншылдықты бойымызға дарытушы, санамызды сауықтырушы және игілік атауының қайнар көзі күллі көркем қасиеттердің кәусар бұлағы болған иманды жандандырайық.
- Намаз парызындағы психикалық гигиена
Исламда нағыз махаббат пен сүйіспеншілік жаратушы Аллаһқа арналады. Сондықтанда сүйгенді сүймектік басты қағида болып саналады. Исламның шарттарының әрбірі жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуында ерекшк рөл ойнайды. Біз бұл ретте Намаздың адам өміріндегі алар орны ерекше екенін, Намаздың бес рет оқылуының өзінде сансыз кереметтер бар екенін ашу. Біз көп ретте дене шынықтыру жаттығуы ретінде, немесе жасы егде тартқан шал-кемпірлерге тиесілі жасайтын дәстүр немесе сенім, құлшылығы деген психология қалыптасқан.
Ислам дінінің шарттарының ішінде иман етуден кейінгі ең ұлысы болған Намаз. Сондықтан Намаздың психикамызға қалай әсерін қарастырайық:
Пайғамбар (с.а.у) бір хадисінде “Намаз діннің тірегі”- деп ұлықтап көрсеткен. “Дәрет парыз баспау үшін тәнді кір, Намаз парыз баспау үшін жанды кір”- дегендей, Намаз оқу ең алдымен рухани тазалыққа, әрі тәндік тазалыққа шақырып, адам бойындағы теріс пиғылдарды түбірімен жоғалтады. Өйткені Пайғамбарымыз “күнде бес уақыт жуынған адамның денесінің кірі қалай кетсе, бес уақыт Намаз оқыған адамның рухани кірі қалмайды”- деген хадисі бар. Бұл біздің өмірімізде де күнделікті кездесетін,қолданылатын толып жатқан гигиена барына бір мысал. Атап айтсақ, тек өз жеке басымызды алып көрелік.Киім-кешектің тазалығы (ауыстырамыз, жуамыз), денеміздің тазалығы (өзімізді кір сезінсек тез жуынамыз),т.б. Гигиенаны ең көп қажет ететін медицина ғылымы “тазалық-саулық кепілі” деген.
Ислам діні “тазалық- иманның жартысы” -деп еңбасты орында атап көрсеткен. Қазіргі тұрмыс-тіршілігімізде, әсәресе тұрмыстық жағдайда эмоциялық, стрестік дауылдар, кездейсоқ керағарлықтар тым көбейіп отыр. Жүйкенің тозуы мен жан-дүниенің жарақаттануы, жамандық жас талғамай, кеудесінде жаны бар, санасы уланған кез-келген адам істеп жатыр.
Қазір қоғамымызда айықпас дерт болып жабысқан нашақорлық, ішімдік, жезөкшклік, адам өлтіру, ұрлық-қарлық көбеюде. Әрине ауру асқынбай, дауа іздеудің жолы әрқашанда жеңіл болмақ. Пайғамбарымыз бір хадисінде “сендердің араларыңда кім де кім бір жамандық көрсе, оны қолымен түзетсін. Оған күші жетпесе, тілімен түзетсін. Оған күші жетпесе, жүрегімен оны жек көрсін. Бұл иманның ең әлсіз дәрежесі деген. Тіпті Пайғамбар өлім аузында жатып сахабаларына айтқан ең ақырғы өсиеті де “Намаздан ажырамаңыздар, Намаздан ажырамаңыздар”- деп үні қарлыққанға қарамай айтқан.Сондй-ақ Құранда “кітаптан саған уахи етілгенді ғана оқы да, Намазды орында, күдіксіз Намаз арсыздықтан, жамандықтан тыяды”- бұл Намаздың маңызы зор екенін көрсетеді. Сол арқылы да Намаз діннің тірегі, сөздің нұры, жүректің шаттығы. Намазда Адамзат жаратушысының алдына бес рет шығып, таңнан кешкі, құптан намазыны дейінгі, яғни бір күнгі бес рет оқылатын Намазында Раббысына шын беріліп, екеуінің арасында ешбір кедергі жоқтығын сезеді. Аллаһпен сырласа отырып, оған деген құрмет-құлшылығы мен қорқынышын, жақындығын жүрегімен сезінеді және бір Намаздан, бір Намазға, дейін жасаған ұсақ күнәларын кешірілуімен дұға тілектерін тілейді.
Сондай-ақ өзінің көп нәрсеге мұқтаж, әлсіз, тәуелді құл екенін мойындап, өзінің нәпсісін тізгіндейді. Осылай күнде рухани жан-дүниемізге күнделікті рухани азық болатын психикалық гигиена жасаймыз. Сонымен қатар Намаздың қимыл-қозғалыстарымен дене шынықтыру арасындағы айырмашылықты байқау қиын емес.
1.Бес уақыт Намыз барысында қырық рет иіліп түрегелумен қатар, маңдай жерге сексен рет тиеді.
Адам өмірінде қанның атқарар қызметі аса ерекше. Айталық Намаз оқудан ада күні бойы оқтаудай тік жүрген адамның қан айналымы күн сайын басын сексен рет жерге қойып, қырық рет жығылып, түрегеліп намаз оқыған адамның бойындағы қан айналымы бірдей емес. Екеуінің де жүрегінен басына таралатын қан мөлшері әрқалай болады.
2.Намаз жай, баяу оқылатындықтан жүрекке күш түспейді.
3.Намаз күннің әркелкі уақытында оқылады.Дене шынықтырушылар күн сайын бес уақытта да жаттығумен айналыспайды.
- Намаз тіршіліктегі өміріміздің соңына дейін жасалынады, ал өмірінің соңына дейін қай гимнастикашы дене жаттығуын үзбей жасай алады.
5.Намаз оқу үшін тазаланып, дәрет алу шарт. Кей жағдайларда бой дәрет алуды талап етеді.
Ал, гимнастикамен айналысу үшін мұндай мәжбүрліктің болмайтыны шындық. Намаз оқитындарда есте сақтау қабілетінің нашарлауы, адамгершілік қасиеттен айырылуы секілді келеңсіз жағдайлар анағұрлым аз кездеседі. Және өмір-жасы, денсаулығы мықты болуымен қатар “Demans senil”- деп аталатын ақыл-естен алжасуға ұшырамайды. Намаздың, диафрагма астындағы дене мүшелеріне жақсы әсер етуі, асқазандағы қоректің жақсы қорытылуын, өт жолдарының бітелмей жақсаруын қамтамасыз етеді. Оған қоса, күн сайын намаз оқып, бірнеше мәрте үздіксіз қимыл- қозғалыста болу “оментюмдағы” майларды азайтады.
Әр, намаздағы барлық ритмикалық қимылдар ішек “перистализмінің” көбейтіп, ішектердің жеңілдеуі мен үлкен- кіші дәреттің қиындықсыз жүруін қамтамасыз етеді және бүйрекпен қатар, бүйрекүсті бездерінің жақсы жұмыс істеуіне котолизатор болады. Өйткені сексен рет жығылып- түрегелу бүйрек “пелвисинде” қалдық көбеюімен тас жиналмаудың алдын алады. Сондай- ақ намаз оқығанда тізе, сан, тірсек, иық, қол буындары иіліп- бүгіліп, үнемі қалыпты қимыл қозғалысын үзбейтіндіктен, ревматизммен қоса, дегенеративті ауру атаулыдан сақ болады және үш нәрседе үнемі алда болады:
- Тазалық- дене және рухани
- Жүрек жылуының күшеюі.
Айталық, тәкаппарлықтан қарапайымдылыққа, тас жүректіліктен бауырмалдылыққа бейімделу (намаздағы маңдайдың сәждеге тиюі, тәкаппарлықты жеңетіндігі) себепті өркөкірек кісілердің көпшілігі әсіресе, маңдайын сәждеге тигізуді қаламайды. Құранда:- “шындығында намаз, ынталылардан басқаларға ауыр келеді”- (Бақыра сүр.4.5.).
- Уақыттың жүйеленуі.
Ертең мен бүгіннен озамын деп, есеп күніне есеппен баруды Аллаһтың берген ең үлкен нығыметі, денсаулық пен уақытты тиімді пайдалануға асығады.Қорытынды айтар болсақ, намаз біздің бүкіл өміріміздің айнасы.
- Ораза парызындағы психикалық гигиена
Ислам ғұламаларындағы мәшһүр дәрігер болған Ибн Сина медицина ілімін, екі сөзге түйді. Сөздің сұлулығы – оның қысқалығында, тамақ жегенде аз же, жегеннен кейін төрт, бес сағат өтпей тамақтанба, шипа оның қорытылуында, яғни қорыта алатын мөлшерде же, жанға және асқазанға ең ауыр әрі қатты шаршататын нәрсе тамақ үстіне тамақ жеу деген.
Ислам шарттарының бірі Рамазан Оразасы сөздікте жуу,тазарту, мағналар береді.Ораза біздің Физиологиялық және Психологиялық яғни жан және тән тазалығына ерекше әсер еттетіні шындық.Ораза дегеніміз Аллаһтың әмірімен белгілі уақытта Аллаһтың ризасы үшін өзімізді ішіп жеуден тыю, яғни өзіміздің биологиялық қажеттіліктерімізден ерікті түрде бас тарту.
Ораза негізінен материалдық және рухани сақтандырушы сондай-ақ медициналық тұрғыдан қарағанда диета.Тағам заттарының және тамақпен бірге ас-қазанымыз қабылдаған әр-түрлі тағамдардың күш-қуат энергия қимыл қозғалысқа айналуы жас клета өндіруі оңай шаруа емес.
Сонымен қатар адам ішіп жеу де қалай болса солай адал арам демей әр нәрсені ауызына сала беру,бұл жағдай денеге артық салмақ салып оны тез шаршататындықтан түрлі ас пен тамаққа әуес адамдардың өмір жасы белгілі дәрежеде қысқа болуына себеб.Жалпы әр мүшенің шектеулі белгілі бір мерзімге дейін өмір сүру қабылеті бар.Сондықтан ішкі мүшелерімізді де өз мөлшерінен көп нәрсеге қинау оның өзіндік жұмысын қиындатып тез қартайуына жол ашады.Сол себебті аз тамақтанған адамдар да жастығы мен тың кезі өмір бойы сақталғандай әсер де болады.
Ораза осы тұрғыдан денсаулығымызға да психологиямызға да өте пайдалы.Оған қоса оразаның қарсы дененің иммунитетін күшейтетін қасиеті де бар.Бүгінігі таңда медицина саласында Ораз мен диетаның қаншалықты маңызды екені баршамызға белгілі.Өйткені барлық дәрігерлердің қай-қайсысы болмасын не жеп не жемеу керектігін ескертеді.
Былайша айтсақ қазіргі таңда аурудың психологиясы мен ауруда, және тағам арасында қаншалықты үлкен байланыс бар екенін ұғынуда.жалпы аурудың астан, және ас адамның арқауы екені дәлелденуде.Ораза және тамақтану:
Жалпы аурудың 50% ас қазан бұзылуы тудырады.Біздің зат алмасуымыз үшін қышқыл мен тұз тепе-теңдігі қажет, болғанымен біз күнделікті өмірде қадағалап жатпастан бәрі-бір өз қалауымызша тамақтанамыз осының салдарынан туындайтын денедегі ауыртпалықты жылына бір ай күндізгі уақыттарда тоқтатуға ораза сеп.Бұл Ораза негізнен адамның ішкі мүшелеріне жиналатын майларды ерітіп метобализмды жандандырады.Бүйрек бауыр, қуық, сусамыр, жүрек пен тамыр ауруларына қарсы төзімділікті артырады.
Сонымен қатар Оразаның пайдаларын. Алекс Каррел былай дейді: “Тамақ ішпеу әуелі,аштықты ұғындырады.Кейде жүйкені бұзады,соңында әлсіздік сезімін оятады алайда, ең маңыздысы бауырдағы шекерлерді,тері астындағы май қыртыстарын бұлшық ет, без, көк бауыр жасушаларындағы протейндердің қимылын артырады.барлық мүшелер өз құрамы мен жүрек бір тұтастығын қорғау үшін жанын салады міне осылайша ораза ткандарымызды тазалап өзгертіп отырады.”-дейді Ораза және Психология
Өмірлік маңызы бар емтихан сынақтарды тапсырмақ болған оқушы, студенттерге жасалған тәжірибелерде толқу,тебіреніс,уайым, қорқыныш,пен үрейді басып жүйке мен ойды жақсартуда оразаның анағұрлым оң ықпал ететіндігі байқалған.Мұнда беттің,қызарып көздің қанталауы, дірілдеп тіл тұтығуының себебі аяқ асты пайда болған горманалды және ішкі сұйықтық бездер мен соған қатысты мүшелердің қызыметінің бұзылатындығын көрсеткен.
Медициналық зерттеулерде қанның адреналин гормондарын көтеруі, қант диабетіне шалдықтыратынын дәлелдеген.Жылдам немесе баяу ,қатты әлде жеңіл болуына байланысты толқу мен қорқу адамға түрліше қант диабетін тудырады.Қорқынышқа тап болған адамның зәрінде міндетті түрде глюкоза шекері кездеседі.Осындай жағдайларға жиі тап болатын адамдарға психологтардың берер кеңесі көбіне көп аш жүру,яғни ораза ұстау.Өйткені аш құрсақтық немесе Оразада болу ауыр істерде, естен танған жағдайларда қандай бір үрей мен қысымға тап болғанда жүйкенің шыдамдылық қабылетін артырады.
Адамның талпынысы мен күш қайратын шыңдайды, горманалды сұйықтықтарды ретке келтіріледі және рухани дағдарысқа жол бермейдi. Ой-пiкiрдi кеңейтiп, сананы серпiлтедi. Бұған қоса Оразаның қорқу мен жүйке жұқаруынан пайда болатын психологиялық ауруларға да емдiк қасиетi бар.
Ораза – рухани қалқан. Адамдағы терiс пиғыл яғни нәпсiқұмарлық сезiмiнiң қозуы, жыныстық гормондардың әсер күшiмен олардың мөлшерiне байланысты.
Ол гормондар жыныстық мүшеге тiкелей қатысты. Бұл қандағы жыныстық гормондар деңгейiнiң артуының нәтижесi. Қандағы мұндай арту көрсеткiшi көп тамақ жеуге деген әуестiктi көрсетедi. Ораза яғни ашқұрсақтық осы гормондардың қандағы мөлшерiн азайтады. Сондықтан ораза ұстаған күндерi байқалынатын нәпсiнiң тыным табуы қандағы гормонның азайуынан осы нәпсiқұмарлық шәһуаттық сезiмдер басылған тұста, адамның ақыл-парасатын асқақтататын адамгершiлiк сезiмдер ояна бастайды.
Оразаның құмарлық сезiмдi басатытын Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген:- “Үйленуге шамасы келетiн жастар дереу үйленсiн, үйлене алмайтындар ораза ұстасын. Өйткенi ораза – нәпсiнi қорғаушы қалқаны”- деген.
Зеректiк пен ой қабiлет тұрғысынан оразаның пайдасы: Бiздiң миымыз ең бiр таңқаларлық мүшемiз. Мида ең көп ткандар мен жасушалар, тұтастай дене жүйкелерiмен байланысқан.Ми жасушалары басқаларға қарағанда өте көп жұмыс атқаратындықтан мидың қанға деген зәрулiгi өте үлкен. Жүректен шыққан қан 20м. секунда миға жетедi.
Көлемi тұтастай кiшкене болғанымен, қанға тойымсыз. Денедегi қанның төрттен бiрi миға барады.Жанды тiршiлiк иелерiнен ақыл, сана, ойлау тек бiзге тән болғандықтан өзге жаратылыстарға қарағанда мидың құрылысы да өзгешелеу.
Сондықтан бiздiң зеректiгiмiз, ойлауымыз, есте сақтауымыз өз кезегiнде миға келетiн қанның мөлшерiне де байланысты. Яғни миға баратын қан мөлшерi қаншалықты көп болса, оның белсендiлiгi де соншалықты арта түседi. Қан аз барға жағдайда мидың жұмыс iстеу қабiлетi азая түседi. Егер тойып тамақ жеп, асқазанда тамақ толып тұрса, оны қорыту үшiн қанның көп мөлшерi асқазанға кетедi де, миға баратын қан мөлшерi азая бередi.
Ал, миға қанның аз баруы өз кезегiнде мидың жұмыс iстеу қабiлетiн төмендетедi. Осылай ми жасушаларының салғырт жұмыс iстеуi денеге әсер етпей қоймайды.Сол себептi тойып жеген тамақтан кейiн мидың ойлау, жұмыс iстеу қабiлетiнiң төмендеуi жалқаулыққа жол берiп, дененiң ауыр тартуы көзге ұйқы тығылуы байқалады. Осы тұрғыдан алғанда оразаның ми жасушаларына деген әсерi көп. Өйткенi оразада яғни аш құрсақтықта миға көп мөлшерде қан барады. Бұл мидың қимыл-қозғалысымен жұмыс iстеу қабiлетiн еселей түседi. Сондықтан қиын әрi комплекстi проблемаларды шешуде, ойлау күш қуатын қажет ететiн жағдайларда, қиын сынақ кездерiнде ауыз бекiтiп, ораза ұстаған көп пайдалы.Мiне байқағанымыздай Абай атамыздың сөзiмен айтсақ,
қарыны тоқтық,
жұмысы жоқтық,
аздырар адам баласын:- деп бекер айтпаған.
Ораза және қоғам өмiрi
Қоғамдағы өмiрге көз жiберсек, адамдардың көбi материалдық мүмкiндiктерiне қарай әртүрлi өмiр сүретiндiктерiн көремiз. Ораза елдегi дәулеттi адам мен жоқ жiтiк арасында, эмпатия тудырады. Егер ораза болмаса ауқатты адам жасынан, өмiрдiң ауыр тiршiлiгiн көрiп, тауқыметiн арқаламай өскендiктен, жанашырлық сезiмнен мақұрым қалады.
Кедейлердiң күнделiктi жай-күйiн олардың мейiрiм мен жанашырлыққа қаншалықты мұқтаж екендерiн, ылғи да ашқұрсақ жүретiнiн сезiнбейбi. Мұндайда қазақ атамыз:- “Аш бала тоқ баламен ойнамайды, аш бала тоқ боламын деп ойламайды”-деп, дәл жеткiзген. Сондқтан аш адамның iшкi жай-күйiн ұғыну үшiн тоқ адамның да бiр мезгiл аштықты сезiнуi қажет.
Ол үшiн ораза ұстау ең тиiмдi. Осылай, сәресiнен кешке дейiн аш қалғанда ғана айналасына басқаша көзқарас қалыптасады. Өйткенi ауыз бекiтiп, күнi бойы аш қалмақ, тоқ адамның бойында тасыған нәпсi бiрте-бiрте әлсiрейдi де, жүректiң тереңiндегi мейiрiм-шапағат сезiмi оянады. Ол сонда ғана аштық қандай екендiгiн аңғарады. Тоқ кезiндегi тәкәппарлық басылады.
Өзiн де жәй пенде екендiгi сезiледi. Осы тұрғыдан алғанда адамның өзгелерге жанашырлық танытуы, ондағы шынайы шүкiрдiң негiзi болып табылады. Ашыққан асқазан адамның әлсiз, әлжуаз, дәрменсiз, екендерiн ұқтырады және оны салмақты терең ойларға жетелейдi. Асқазанға керектi асты ойлайды. Дененiң көп нәрсеге тәуелдi мұқтаж екендiгiн түсiнiп, жанашырлық пен кiшпейiлдiлiкке зәру екендiгiн ұғынады.Сондай-ақ, Ораза ырыс, берекенiң қадiрiн бiлдiредi.
Атам қазақ: “Аштықта жеген құйқаның дәмi қырық жыл ауыздан кетпейдi”- дегендей тоқ адамның дәл осылай сезуi мүмкiн емес. Судың да сұрауы бар дегендей жайшылықта әртүрлi тәттi тағамдарды бейпiл жей берген соң ауыздан бал, бал татудан қалады. Мұндай да бiз ешқашан тамақтың қадiрiн сезе алмаймыз. Ал ауыз бекiткен кезде күнi бойы аш қарында жүрiп, кешқұрым ауыз ашқанда ауызына салған қатқан нан болса да дәмдi және қадiрлi екенiн сезедi. Және шүкiр етедi. Сондай-ақ, барлық дәмдi тамақтар аш болмай қадiрсiз екендiгiн түсiнемiз.
Ораза және сабырға тәрбиелеу:
Пайғамбарымыз бiр хадисiнде: “Сабырдың жартысы – ораза”. Ораза адам үшiн ең керектi рухани әрi материалдық, медициналық диета. Сонымен қатар аштық психологиясы адамды ай бойы аш қалып, күндiз аузын ашпауға бекiнiп, әбден дағдыланған адам бойына сабырлық пен шыдамдылық сезiмi күшейтіп өркен жаяды. Аштық пен құмар сезiмге сабыр етiп үйренiп, өзге де қиындықтарға сабыр етуге үйренедi.
Бойдағы ашумен ызақорлыққа сабыр тiзгiнiн ұстатып, өзiмiздi ұстамдылыққа үйрететемiз. Нағыз сабыр өзiмiздiң қажеттiлiгiмiздi яғни нәпсiмiздi жеңе бiлудi үйренемiз.
Сондай-ақ, қиындықты екi есеге ұлғайтатын сабырсыздық пен шыдамсыздықтың бiрден-бiр емi осы Ораза. Жоғарыда айтылғандардың барлығын қорыта келгенде ораза тек ғибадат ғана емес, адам денсаулығының кепiлi. Дене мен жан саулығы тұрғысынан тән саулығы – жан саулығы екенiн тәнi саудың, жаны сау. Ораза денсаулығымыздың кепілі, керемет үлгiсi.
- Зекет парызындағы психикалық гигиена
Ислам шарттарының бірі болған зекет мағынасы тазалану, арылу, бұл дегеніміз адамдардың адал еңбегінің нәтижесінде тапқан табыстарының белгілі бір мөлшерін әлеуметтік іс – шараларға қолдану, мақсатында кедей кепшіктерге, жарлы – жақыбайларға, жалданып күн көргендерге, қарызданғандарға, жолда қалғандарға жұмсалып, адам бойындағы толып жатқан жағымсыз қасиеттерден арылтатындықтан зекет деп аталған. Зекет адамды қызғаншақтық пен іштарлықтан, сараңдық пен пайдакүнемдіктен арылтып, жақсылық жасауға үйретеді. Құранда: Мухаммед (с.а.у)ға “олардың малдарынан садақа ал да, ол арқылы тазартып, берекелендіресің”- деген.
Демек, зекет арқылы жүрегімізді жомарттыққа, психикамызды тазалыққа үйретеміз.Зекет негізінен қоғамды құрайтын бай дәулетті адамдарға парыз, құлшылық болып келеді. Себебі зекет кедей мен бай арасындағы сүйіспеншілікті оятып, ынтымақ бірлікті нығайта түседі. Сондай – ақ, олардың бір – біріне деген аяушылық сезімін артырып, жәрдем беруге жанын жақын болғызады.
Осылай зекет беру арқылы адам баласы рухани азыққа кенеле түседі. Дүние мүлік деген, бойындағы жағымсыз, сараңдық қасиеттерден арылып кемелділікке қарай жол бастайды.Зекет берумен адам өз бойындағы адамгершілік қасиеттерді оятып, қоғамдағы әлеуметтік жағдайы нашар зағиптардың мұң – мұқтаждарына ортақтасып, қасынан табылады. Зекет беруші рухани түрде күнәдан, лас кірлерден арыла отырып өзін жомарт әрі мәрт мінезді болуға, қолы ашық, қайырымдылық секілді жақсы қасиеттерді қалыпастырады. Керісінше сараңдық, ашкөздік, сұғанақтық, көрсеқызарлық пен дүниеқоңыздық сияқты жаман қасиеттерінен арылады. Зекет бере отырып дүние мен нәпсінің құлы болмайды. Керісінше билеушісі болады.
Рухани жан дүниесі еркіндікке қауышады. Қарапайым дүние үшін ар – намысын таптап, беделін түсірмейді. Сондай – ақ, зекет адам бойындағы мейірімділік сезімін оятып рухани байлыққа кенелдіреді.Нәзіктікке тәрбиелеп, ашушаңдық пен қатыгездіктен бір жола тазалайды. Зекет берген мен алған кісінің арасында достық және сүйіспеншілік сезімдерінің күшейуіне дәнекер болады. Зекет берген адамның жүрегін, ішкі сезімін бір қуаныш билеп, көңілі жадырап жүрегі мен ой – санасын керемет шаттық билеп өзін ерекше бақытты сезінеді.
Батыс елдерінде материалдық байлықтың, дүние – мүліктің соңына салынып, рухани дағдарыс пен күйзелісті бастан кешкендерге психологтар жаңа ем ретінде көбінесе басқаларға заттай көмек жасау керектігін айтып кеңес беруде. Себебі, жасалған әр бір жақсылықтың қуанышын іле – шала жүрекке сездіріп, рухани тәтті сезім шуағын сыйлайды. Бірақ, сол бір тәтті сезімді ешбір материалдық құндылықтан көру мүмкін емес. Сол себепті зекет берген кезде адамның көңілі асып – тасып рухани деңгейіміз өсе түседі. Осылай тағы бір Ислам негіздерімен психикалық гигиена жасай аламыз.
- Қажылық парызындағы психикалық гигиена
Ислам шарттарының білі болған – қажылық. Аллаһтың басқа да әмірлеріндегідей қажылықтың да материалдық әрі рухани пайдалары молынан. Қажылық тек қана белгілі бір іс – қимыл немесе іс – амалдармен шектелмейді. Қажылықтың біздің санамызды тазартуда пайдасы шексіз. Қажылық кезінде қажылық жасаған адамдардың небір ішкі керемет сезімдері, жүректері үлкен жақсы әсерге бөленеді. Оны өлшемдеп тілдің ұшы, қаламның күші адамның миы жетпес шығар.
Ел басымыз 1992 жылы наурызда Сауд Арабиясына, яғни Меккеге умра қажылыққа барды. Сондағы толқынды сөзі: “Ислам киелі орындарына барып көру менің осы заманғы процестерде діннің алатын орны мен қызметі жайындағы көзқарасымды өзгертуге мәжбүр етті”- деп еді. Әрине мың естігеннен бір рет көрген артық. Ортақ психология жағына қолға алар болсақ, дүниенің түкпір – түкпірінен келген миллиондаған адамдар нәсілге, ұлтқа, руға бөлінбей, мемлекет билеушісінен қара халқына дейін ортақ сенімді бөліскен мұншалықты кіршіксіз аппақ ақ киімге орануы Құдайдың алдынды адам баласының бір – бірінен үстемдігі жоқ үстемдік тек тақуалықта екенін көрсетеді.
Қажылық кезінде, мұсылмандардың небір ішкі керемет сезімдері оянып, жүректері үлкен нұр мен иманға бөленеді және адамды рухани тап – таза пәк сәби күйіне қайтарғандай болады. Сондықтан, Пайғамбарымыз (с.а.у) “қажылығы қабыл болған кісі, анадан туғанындай күнәдан пәк”- болады деген және былай бұйырады: “Су кірді кетірген сияқты, қажылық та күнәларды кетіреді”- деді. Адамардың жүректеріне көптеген сұлу сезімдер қажылық нәтижесінде жанданады және сабырлыққа қиыншылықтарға үйретіледі.Үздіксіз бір құлшылық жасап нәпсі тарапынан келген талап – тілектерді тоқтату арқылы адамдарға мейірімді әрі өзара жылы қатынасты осы қажылық мектебі үйретеді.
Қажылық адам психикасына өмір бойы өшпейтін терең тебіреністер мен әсерлер қалдырады. Сөз түйіні, адамдар қажылықтан алған осыншама рухани мол әсерімен өмірлік психикасына қорек болтын иммунитет жинайды[2,102-163б.].
- ИСЛАМ ДІН НЕГІЗДЕРІ,ИМАННЫҢ ШАРТТАРЫНА ЖАЛПЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ИСЛАМ ПСИХОЛОГИЯСЫ
2.1 Аллаһқа иман ету және оның, адам психологиясына әсері
YI ғасырдың аяғы мен YII ғасырдың басы Арабия түбегі халықтарының басым бөлігі Мухаммед Пайғамбарға дейін пұтшылдықты ұстанды. Арабия тұрғындары көне замандардан – ақ политейстік дәстүрлерді сақтап келді. Олар құдайларға арнап үлкен храмдар салды. Олардың жеке құдайларының аттары ежелден – ақ белгілі еді. Олардың ішінде әйел құдайлары Әл – Лат, Әл – Узза мен тағдырдың өзгермейтінін білдіретін Манат құдайы ерекше болды. Вавилондыққа дейінгі Месопатамиялық дәстүрлерді жалғастырған арабтар ата – баба әруағына табынды. Астральдық культтерді ұстанды.
Арабияда фетишизмде кең таралды. Оның бір формасы ағаштарға, жартастарға, тастарға табыну. Сонымен қатар, Арабияда тотемизмде кең өріс алды. Осылайша Арабияда пұтқа табыну өрістеп кең қанат жайды. Бірқатар тайпалар өз пұттарына мал мен астықтың белгілі бір бөлігін атады.
Пұттар орналасқан жерлер киелі деп саналды. Әр тайпаның өз пұттары болды. Тіпті, Каабаның айналасына үш жүз алпыс құдай бейнелері орналастырылды. Міне, сондай заманда 360 Құдайды, 3600 айналдырып бір Құдайға сендіруге Мухаммед Пайғамбар(с.а.у) келді. Бүкіл үмбетіне көмілген ақиқаттың көзін ашып тастай жүректі жібітіп, оған иман нұрын ұялата білді.
Ендігі сәтте құлға құл болуды емес, пұтты Құдай қылуды емес, бір жаратушыға құлдық жасаудың жолын егжей – тегжей көрсетіп, Аллаһты бір құдай ретінде мойындайтын қатаң монетеизм мен оның елшісін тануды жаңа дінге деген өз көзқарасын таратуға жаңа құндылықтарды орнықтыруға, әлі орнықпаған қоғамдық өмір құбылыстарын заңдастыруға басқаларды өзінің соңғы Пайғамбар екенін паш етіп сендіруге талпынды.
Адамға жүктелген жауапкершіліктің ең бастысы адам өзінің жаратушысын танып оның алдындағы борышын абыроймен орындауды үйретті. Салауатты өмір салтымен өмір сүру үшін жақсылыққа шақыру, жамандықтан тыю негізін қалыптастырды және жаратқанды тану үшін бірінші жаратылғандарды таныңдар деп ғылым мен білімге үйретті. Ғылымды уағыздап, “ғылымнан бір нәрсе үйрену бүкіл дүниеден”- қайырлы деді. Ең үлкен ақиқат болған жаратушыны тану, оған деген махаббатты ояту, сүйіспеншіліктің негізі Аллаһтан басталатындығын әрі құлдың Аллаһты сүю оны құлына деген сүйіспеншілігінің нәтижесі деп айтты және өзіне түскен Құран сөзімен сүйіспеншілікке бөлейтін амалдарды былай баяндайды: “Құдай жақсылық істеушілерді, тәуба етушілерді, тазаларды, тақуаларды, әділеттілерді, сабыр етушілерді жақсы көреді”-деп сүйіспеншілікпен адамдар арасындағы байланысты маңызды рөл барын, егер ол болмаған жағдайда өмірдің мән – маңзы жоғалады. Өйткені, адамның жаратылуындағы басты мақсаты жаратушысына құлшылық қылу, құлшылықтың негізі сүйіспеншіліктен тұратынын жеткізді.
Абай атамыз айтқандай:
“Махааббатпен жаратқан адамзатты сен де сүй, ол Аллаһты
жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, және сүй қақ жолы
деп әділетті“,
деп тамаша айтқан.
Енді, Аллаһқа деген сенімнің маңыздылығы жайлы айтқан кемеңгерлерге тоқталып көрейік. “Ақырет күніне сену”- деген кітабында ағылшын ғалымы Томсон Мор тәрбиелі болудың негізгі жолын іздеушілерге көрсеткен. Онда адамға тәрбиелі болуы үшін екі нәрсе керек екенін айтқан. Бірінші – жаратушы бар екендігіне сену. Ал, екінші – жанның мәңгі екеніне сену. Бұлар жеке тұлғаның өзіндік орнын табуға жетелейді деп атап көрсеткен. Тағы бір Аллаһты тануда адамзат баласынан баршаға мәлім атақты физик Блез Помол, ақылдылық пен бақыттылықты былайша өлшеп адамдарды үш топқа бөледі.
- Біреулер құдайды таныды, әрі оның әмірлерін орындап жүр. Бұлар ақылды және бақытты адамдар;
- Енді біреулер танымайды, әрі оны іздеп те жүрген жоқ. Бұлар ақылсыз және бақытсыз адамдар;
- Ал енді, біреулер болса бір ұлы күш бар деп іздеп жүр, бұлар ақылды, бірақ әлі бақытсыз адамдар.
Осылай Мухаммед пайғамбар ұлы жетістіктерінің бірі ұлы жаратушыны таныта білді және оған басқа бір серік қоспауды үндеді. Осылай адамдар өзі жасап өздері сиынатын пұттардың күлін көкке ұшырып, “өзін — өзі таныған құдайын таниды”- деп, жаратушыны танытты.
- Пайғамбарларға иман ету және оның адам психологиясына әсері
Пайғамбарларға иман ислам дініндегі иман негіздерінің бірі. Пайғамбарларға иман ету олардың ұлы жаратушы тарабынан арнайы таңдалып елші етіп жібергендіктеріне және оларды жеткізген барлық хабарларына күдіксіз сену деген сөз.
Жалпы адамзат баласы өз ақылдарымен жаратушысын тани алды ма? Жоқ, адам баласы адасты. Жан – жақты әрі толық қалауға иелік ететін қалаған нәрсесін айтып, қалаған жағына бара алатын ерікті жаратылыспыз. Қысқасы қалай боламын десек өз қалауымызда. Ал, басқа жаратылыс олай емес. Мысалы, арыстан әрқашан жыртқыш, ал қой үнемі жуас момын, алма ағашында өрік, өрік ағашында алма өспейді. Қарға бұлбұл секілді ән салып, бұлбұл қарғадай қарқылдай алмайды. Өйткені, жаратылысына өзгермейтін тұрақты қасиеттерге ие.
Ал, біз жақсы, жаман әр түрлі қасиеттерді бойымызғы жинай аламыз. Иман ету де, етпеу де өз қолымызда. Міне, адам баласы осындай шексіз қалауы әр түрлі қасиеттердің иесі болғандықтан әртүрлі жолға бағыт бұра білетін адамға тура жолды көрсететін әлемнің сырын ашып, оның қайдан пайда болғанын, кімнің жаратқанын, өзінің жаратылуындағы мақсат – міндеттерін түсіндіріп жауабына қол жеткізе алмайтын. Небір сұрақтарына қатесіз жауап беретін әрбір ісінде үлгі болатын мұхитта жүзсе темірқазық, қараңғыда шамшырақ керек болды. Ол ұлы жаратушы тарапынан жіберілген Пайғамбарлар екені шүбәсіз. Жалғыз ғана ақыл бұларды еш қатесіз кәміл түрде шешуге жеткілікті емес еді.
Тарихтан алып қарасақ, дін нұрын шырақ тұтпаған небір зерек ақылдылардың, атақты философтардың жаратылыстың сырын аша алмай орта жолда шаң қауып қалғаны немесе қате түсініп адасқаны, адасып тығырыққа тірелгені, тіпті ақылдан айырылып жынды болғаны. Ақыры қолдан құдай жасағандарына ақиқат пен шындықты тапбағандарына тарих куә. Иә, адамның бүгін тура дегені, ертең қате болып жатты.
Бұған күн сайын өзгеріп отырған сансыз “измдер” дәлелі. Дәлірек айтсақ, ақыл адамды тек бір жақты таныды және бағалады. Тіпті ақылдың ойлап тапқан коммунизмі секілді және басқа “измдер” де адамдарды тек материалдық тұрғысынан әрі осы дүниемен шектеп қана қарастырды. Оның рухани жан дүниесін және мәңгілік, екінші дүниесін ұмыт қалдырады.
Міне, дін адамды һәм рухани, һәм заттық екі дүние таразысысын басып тең ұстап бағалағандықтан адам діңге, дінді жеткізетін Пайғамбарға әрдайым мұқтаж және тәуелді болды. Діні жоқ ешбір қауымның жоқтығы осының белгісі. Құран сөзімен айтқанда: “Жаратушы жаратқанын білмейді ме?”
Егер Пайғамбарлар келмегенде, адам баласы — біз Құдайды толық кемел сипаттарымен қатесіз тану болмас еді. Жаратушы деп түкке тұрмайтын жаратылғандарға табына бастадық.
Пайғамбарларға сенбеген қауымдардың жаратушы деп өз қолдарымен жасаған пұттарға немесе ай, күн, жұлдыздарға сиынатындары міне, осы тұста айқындала түседі.
Біз өз ақылымызбен “дүниеге не үшін келдік, міндет – мақсатымыз не, жаратушы менен нені талап етеді?”- деген сұрақтардың жауабын жете білмедік.Құран да бұл туралы: “адам өзін мақсатсыз, басым бос”- деп пайымдайды ма? делінген. Сондықтан адамға, жаратылуындағы мақсатын адамға сай міндетін түсіндіріп, жаратушысының бұйрықтары мен тиымдарын жеткізетін Пайғамбарларға мұқтаж және тәуелді болдық.
Құранның Cәбә сүресінде: “Ей, Мұхаммед! Біз сені барлық адамзатқа тек (жәннатпен) сүйіншілеуші және (тозақтан)ескертуші етіп жібердік, бірақ адамдардың көбі мұны білмейді”-делінген. Адам баласына өлімнен кейінгі құбылыстар да беймәлім. Сондықтан, Пайғамбарлар адамдарға өлгеннен кейінгі қайта тірілетіндіген, дүниеде істеген әр бір ісіне сұрақ алынып, жәннәтпен марапатталып, яки тозақпен жазалатынын түсіндіріп, ескерту үшін жіберілген.Сондай-ақ адамзат баласының көшін түзейтін тағы бір мақсаттарының бірі үмбеттеріне қайталанбайтын үлгі — өнеге көрсету. Құранда: “Міне, солар құдайдың тура жолға салғандары (Пайғамбарлар) сен де олардың жолымен жүр!”- делінген. Сондықтан Пайғамбарлар адамзат баласы үшін үлкен жолбасшы, әрі темірқазық жұлдыз, өмірдің әр қадамында үлгі тұтып оның жолымен жүреміз. Бізге нағыз шынайы өмірдің үлгісін пайғамбарлар ғана көрсете алды.
Жалпы Пайғамбарлар дүние мен ақырет тепе – теңдігін құру үшін және адамзат баласының өмір сүру конституциясын құрған. Осылай құрылған тепе — теңдікпен адам баласы өмір жолының қиыр бұралаңынан жол тауып дұрыс бағыт таба білген. Бұл тепе – теңдікті сөзбен ғана емес, пайғамбарлар өзінің өмір болмысымен, іс- әрекетімен және мейірімділігімен, нәзіктігімен, сыпайылығымен, жомарттығымен, адалдығымен, инабаттытылымен, қысқасы, барлық асыл қасиеттерімен адам баласына тірі үлгі бола білді.
Сондықтан, иман келтіріп мұсылман болған бір құл, Құдайдың сүйікті құлы, күллі әлемнің мақтанышы Пайғамбарларға иман етеді. Құдай пен Пайғамбарлардың бұйрықтарын тыңдап үйренсек, ол бұйрықтарда біз үшін қайыр, жақсылық пен бақыт бар. Мынаны да еш ұмытпайық “Оқиғалардан ғибрат алмағандар, ғибратқа толы оқиғаларға тап болары хақ”[1,76-102б.].
- Кітаптарға иман ету және оның, адам психологиясына әсері:
Елбасымыз: “Біз тегіміз түрік, дініміз ислам екенін ұмытпауымыз керек. Ол үшін қасиетті кітап Құран кәрімді насихаттауымыз керек ”- деді.
Сондықтан иманның шарттарының тағы бірі Ислам дініндегі иман негіздерінен саналатын, Құранға иман келтіру.Бұл туралы құран да:“Кімде- кім Аллаһқа және оның періштелеріне, кітаптарына Пайғамбарларына және ақырет күніне иман етпесе яғни, сенбесе адасады”- делінген.
Пайғамбарымыз (с.а.у) өзі өмір сүрген және келешекке дейін болатын барлық үмбеттеріне әртүрлі мекендер мен уақыттарда түрлі- түрлі қауымдарға өзінің бұйрықтары мен тыйымдарын қамтыған және сол қауымның, қоғамның сана дәрежелерімен қажеттіліктеріне қарай керекті жаңалықтарды білдіретін, әрі жеке тұлғалық, қоғамдық проблемаларының шешімдерін баяндап, өз араларында әділеттікті орнататын, Аллаһ тарапынан парақтар мен кітаптар жіберілгінін баяндаған.
Бұған Пайғамбар (с.а.у) түсірілген Құран хақында жалпы түсінік берсек, адамды жаратып, оның әлсіздігі мен мұқтаждықтарын білетін, Аллаһ оны мына дүниеде қараусыз қалдырмаған. Адам атадан бастап, ақыр заманға дейін әр дәуірде адамзаттың қажеттілігі мен сана деңгейіне қарай Құдайлықтан хабарды сол қауым ішіндегі арнайы таңдалған Пайғамбарлар арқылы жіберді. Бірақ адамзат тарихына көз салсақ, сонау алғашқы дәуірден бері адам баласы әлемді билеген ұлы бір күшке сеніп, одан жәрдем сұрады. Соған құлшылық қылды яғни, адам бойында жаратушыға деген сезім мен сенім о бастан болған.
Ол адамның өз табиғатында Құдайға сену мен бой ұсыну бар екендігін көрсетеді. Алайда, қоғамдар уақыт өте келе, Құдайлық сенімінен айрылып, қараңғылыққа бет бұрып, көркем мінезділік, адамгершілік аяқ асты етілді. Сол кездерде Құдай қауымдарға Пайғамбарлар жіберіп, тура жолды көрсетті сол сияқты ислам діні келген кезде де жалпы әлем және араб түбегі пұтқа табынушылықта еді. Араб түбегіне жан- жағынан келген арабтар осы ортақ пұттарға табынып, құрбан шалып, оларға арнап харам үкімдерін шығарған. Құран осы жайтты былай баяндайды: “Егер олардан көктер мен жерді жаратқан, Күн мен Айды бағындырған кім? — деп сұрасаң сөзсіз, Аллаһ,- дейді. Олар осы ақиқатты біле тұра, қайда лағып барады”-делінген Егер олардан “Көктен жауын жаудырып, сол арқылы жерді өлімнен кейін жандандырған кім –деп сұрасаң сөзсіз Аллаһ, — дейді.( Онда сен) Күллі мадақ Аллаһқа лайық де, бірақ олардың басым көпшілігі (осы ақиқатты) ұғынып, саралай алмайды”-делінген. Олардың Құдайға илана тұрып, пұттарға табынулары қисынсыз еді. Сондықтан пұттарға табынуларын “Олар бізді Аллаһқа жақындатады”- деп түсіндіреді. Құранда олардың осы әрекеттері былай баяндалады: “Бізді Аллаһқа жақындатсын деп қана пұтқа құлшылық етеміз ”- дейді.
Алайда арабтар жаратушының бар екеніне сенгенмен Пайғамбар мен оған түскен Құранға және қайта тірілуді теріске шығарған болатын. Оны Аллаһ Құранда былай сипаттайды: “Өмір тек бұл ғұмырда ғана өмір сүреміз, өлеміз, бізді осы заман ғана өлтіреді”- дейді. Шынында, “Олар бұл жайлы ешнәрсе білмейді. Бар болған болжам жасайды”-дейді. Басқа бір аятта “Олар әуелгі өз жаратылыстарын ұмытып, бізге мысал бермекші. Мұнша шіріген сүйектерді кім тірілтеді?”- дейді. Сондай- ақ арабтарда өлгеннен кейін қайта тірілу жөнінде мүлдем сенімдері жоқ еді. Алайда олар балгерлердің, пұттардың ішіндегі жындармен тілдесіп, ғайыптан хабар алатынына мүлтіксіз сенетін. Арабтар осылай қараңғы дәуірді бастан кешу үстінде әлемнің жаратушысы тарапынан Жәбрейіл періште арқылы Мухаммед (с.а.у) Құран жіберілген. Пайғамбардың өзі бір тура жол көрсетуші қылып жіберілген, және оған Құран түсірілді. Осылайша ислам діні құрылды.
Құран қасиетті кітап қана емес, жазу стильі жағынан адам баласының ақыл ой, санасынан тумайтын Құдайдың сөзі болған теңдессіз кітап еді. Құран Пайғамбарға (с.а.у) 23 жыл бойы уахи етіліп түсірілді. Құран адамзатты қараңғылықтан, надандықтан, соқыр сенімдерден құтқарды. Ол туралы Құранда былай дейді: “Ол сендерді қараңғылықтан жарыққа шығару үшін, құлына ап- ашық аяттар түсірді. Сөзсіз Аллаһ сендерге тым мейірімді, аса рахымды”- десе, және де “Біз момындарға Құраннан шипа мен рахым түсіреміз. Бұл залымдардың зиянын ғана арттырады”-дейді.
Қасиетті хадисте Аллаһ: “Мен құпия қазына едім, мені танып- білсін деп әлемді жараттым”- дейді.
Осылай адамзатқа Құран арқылы Аллаһ өзін танытты. Бізбен тілдесті. Ендеше адам баласы Құранды оқып, оның тылсым сырын ақтарып негізгі мақсатын ұғыну шарт. Бірақ біздің ақыл парасатымыз өлшеулі, сансыз болмыстың құпия сырын Аллаһтың Пайғамбар (с.а.у) арқылы жіберген кітап кілтімен ғана аша аламыз. Егер Құран болмаса, Аллаһты тани алмаушы едік. Құран адамзаттың рухани кеңістігіне жарық шашқан нұрлы шырақ. Ол тек қана бұл ғұмырлық адамдардың арасындағы қарым- қатынасты ғана емес сонымен қатар келешек мәңгі әлемді де түсіндірген кітап. Осылай Құран ақыреттік мекен- жайды және жәннат, тозақ ұғымдарын түсіндіреді. Осылай Құран адамзат баласының өмір сүру заңнама конституциясы және тура жолдан адаспай, Аллаһты табуға, тануға берілген жол картасы болды.
Жалпы Құран кәрімде білдірілген кітаптың саны төртеу (Зәбур, Таурат, Інжіл, Құран). Барлығының Аллаһ тарапынан адам баласына тура жолды көрсету үшін Пайғамбарларға жіберілгендігіне кәміл сенеміз.
Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында Құранға деген адамзаттың мұқтаждығы күннен- күнге артып жатыр. Батыс ғалымдары да Құранның тура болған бір кітап екенін мойындауда. Мысалы: С.Харт: “Құранның Аллаһ тарапынан Пайғамбар (с.а.у) уахи арқылы жіберілгендігін”- Жан Поуль Роул: “Пайғамбар (с.а.у) ең үлкен мұғжизасының періште арқылы жіберілген Құран кәрім екендігін”- Виктор Имбердэс: “Құранның бүкіл заң негіздеріне қайнар көзі бола алатындай бай кітап екендігін ”- доктор М.Букайле: “Құранның көптеген ғылыми жетістіктердің негізін қамтығандығын толық зерттеп және ондағы басқа да ақиқаттарға тәнті болып, мұсылман болғандығын…”- Mr Родбел: “Құранды оқыған сайын таң қалатындығын”- Гете: “Бұл кітап (Құран) мәңгілік қуат күштің қайнар көзі болып қалатынын…”- Капитан Кусто: “Қазіргі ғылымды он төрт ғасыр артқа тастаған Құранға ант етейін ол Аллаһтың хақ сөзі ”- десе Ұлы Абай атамыз: “Алланың өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз ешқашан жалған болмас. Көп кітап келді Алладан, оның төрті Алланы танытуда сөз айырмас”- деп Құрынның хақ екендігін жырлады [14,24-85б.].
- Періштелерге иман ету және оның, адам психологиясыа әсері:
Ислам дініндегі иман негіздерінің бірі- періштелерге иман. Негізінен періштелер ғайып әлемінен, яғни бізге көмескі әлемнен болғандықтан, біз оларды көзімізбен көріп немесе ақылымызбан түсіне алмаймыз. Сондықтан олар жайлы мәліметтерді Құранның бізге жеткізген баяндауларымен Аллаһтың елшісінің киелі хадистері арқылы білеміз.
Құранда: “Аллаһ елшісі Раббы тарапынан өзіне түсірілгендерге иман етті және мүминдерде (иман етті). Барлығы Аллаһқа, періштелеріне, кітаптарына және ақырет күніне иман етті”- яғни сенді десе, басқа бір аятта: “Кімде кім Аллаһқа және оның періштелеріне иман етпесе, яғни сенбесе қатты адасады”- деді, деп періштелерінің барлығынан хабардар етіп және оларға еш шартсыз иман етуді бұйырған.
Періштелердің ерекшеліктерін адам жаратылысы мен салыстырып көрсек, періштелер нұрдан жаратылған рухани болмыс. Пайғамбар (с.а.у) хадисінде: “періштелер нұрдан жаратылған” делінеді. Жер бетіндегі мақлұқтардан айырмашылығы (яғни адам, хайуан, жындардан) олардың өздеріне тән денелері бар. Олар адамдар секілді ішіп- жеуге, ұрпақ қалдырып, көбеюге, шаршап- шалдығып ұйықтауға мұқтаж емес.
Олар жынысқа бөлінбейді. Бізге тән қызғану, ашулану, ренжу, тәкаппарлық сияқты жаман қасиеттер мен сипаттардан ада, пәк. Олар ешқашан күнәнің кішісін де үлкенін де жасамайды. Барлық күнә атаулыдан қорғалған бұл туралы Құранда:“Оның жанындағылар (періштелер) Ұлы жаратушыларына ғибадат жасаудан паңданбайды және олар жалығып, шаршамастан күндіз- түні Аллаһты тәсбих етеді”-деген және олар “Аллаһтың бұйырған нәрселеріне қарсы шықпайды және не бұйырылса соны қалтқысыз орындайды”- делінеді.
Бізге Құраннан белгілі болған періштелерді атайық:
- Жәбірейіл періште- бұл Аллаһ тағаланың құзырынан барлық Пайғамбарларға уахи жеткізуші періште, яғни Аллаһ пен Пайғамбарлар арасындағы елші. Жәбірейіл періште Құранда: “рух” деп те аталады. “Әлбетте, бұл (Құран) әлемдердің Раббысынан түсірген кітабы оны сенің жүрегіңе ескертушілерден болуы үшін сенімді рух (Жәбірейіл) әкеледі”- делінген.
- Микаил періште- жаратылыстағы оқиғалардың жалпы әлемдегі жан иелерінің ризықтарымен табиғаттың жел, бұлт, жаңбыр секілді құбылыстарын қадағалайтын періште.
- Исрафил періште- бұл періште қиямет күні Аллаһтың бұйрығымен сырнайды алғаш үрлегеннен кейін Ұлы жаратушының қалаған кейбір жаратылыстарынан тыс көктегі және жердегі барлық жаратылыс күл болады. Бұл туралы Құранда: “Сырнай үрленеді, Аллаһтың қалағандарынан тыс жердегі және көктегі жаратылыс жансыз жерге құлайды. Сосын сырнай тағы бір үрленген мезетте адамдар қабірлерінен түрегеп, жан- жағына қарап қалады”-делінген
- Әзірейіл періште – барлық ажалы жеткен адамдардың рухын алумен міндеттелген періште.
- Ананың құрсағына пайда болған сәбиге жанын үрлейтін және несібесін, ажалын, дүниеден істейтін амалдарын, бақытты не бақытсыз болатынын жазумен міндеттелген періштелер.
- Кираман- Катибин- әр жеке адамның жақсы, жаман амалдары мен істерін жазумен міндеттелген періштелер. Аллаһ әрбір адамның оң жағы мен сол жағына екі періштені адамдардың жақсы –жаман әрекеттерін жазу үшін өкіл етіп қойған – хатшылары. Бұл екі періште адамның істеген жария, яки құпия жақсы- жаман әрбір ісін, сөйлеген әрбір сөзін, қадағалап амал дәптерлеріне жазып тұрады. Сондықтан біз әрбір істеген ісімізді шариғатқа сай етіп атқаруымыз, әрбір сөзімізді түзеуіміз ләзім.
Құранда бұл туралы: “Сендерді жандарыңнан ажырамайтын бақылаушылар бар (олар) әділ хатшылар. Сендердің не істегендеріңді біледі”-дейді және де Құранда: “еш күмәнсіз адамды біз жараттық және біз нәпсісінің оған не сыбырлайтынын да білеміз. (Өйткені) біз оған күре тамырынан да жақынбыз. Оның оң жағында және сол жағында отырған әрбір ісін жазатын екі періште бар. Бір сөз сөйлер сөйлемес жанында оны жазушы және бақылаушы дайын тұрады ”- делінген.
Адам баласы ХХ ғасырдан- ақ дыбысты және әртүрлі көрініс қимылдарды жазатын құралдар тауып шығарды (камера). Әрине Аллаһтың періштелері мұндай құрал- жабдықтарға мұқтаж емес. Адам баласы біз шектеулі ақыл- қабілеттерімізбен осындай жазатын құралдар тауып шығарып жатқанда, Ұлы Аллаһтың адамның істеген әрбір ісі мен сөйлеген әрбір сөзін жазатын жазушылары неге болмасын?.
Ақыреттегі есеп күні періштелердің жазғанын бейнебір жазып алынған бейне таспадай көрсетіледі. Қиямет күні адам баласы өз құлағы мен дүниеде сөйлеген жақсы- жаман әрбір сөзін есітіп, істеген әрбір әрекеттерін өз көзімен көреді. Сонда күнәҺарлар істеген күнәларын көріп, тыныстары тарылып, өн бойынан аққан суық терге көміліп, қорқыныштан жүректері діріл қағып қашар жер таппайды. Ал тақуа жандар жасаған игіліктерін көріп, жан- жүректерімен шүкір етіп, жұбаныш тауып шексіз қуанышқа бөленеді. Демек, осылай адам баласының әрбір істеген істеріне өзі істеген амалдары куәлік етпек.
- Мүнкәр- Нәкир періштелері- бұл ажалы жетіп, қайтыс болған адамдардың қабірдегі рухтарынан “Раббың кім, Пайғамбарың кім, кітабың не? ” т.б. сұрақтарды қоятын періштелер. Мүнкәр- Нәкир мағынасы бөтен деген мағыналарды білдіреді. Қабірдегі рухтарға бұрын соңды көрмеген бейтаныс көрінетіндіктен, осы атпен аталған.[1,137-150б.]
- Ақыретке иман ету және оның, адам психологиясына әсері
Өлгеннен кейін қайта тірілу мәңгілік өмірдің барлығы Исламда, тіпті жалпы барлық діндерде негізгі сенімдердің бірі. Аллаһ адам баласына түсірген барлық кітаптарында және Құранда “өлгеннен кейін қайта тірілу” тақырыбын жалпы кітаптің шамамен үштен бірінде сөз қозғауы бұл сенімнің қаншалықты маңызды екенін нұсқаса керек. Шәкәрім Құдайбердіұлы:
“Әлемдегі діндердің түп мақсаты,
Үш нәрседе бұлжымай құшақтасар.
Құдайы бар жұдан дұрыс қиямет шын,
Еш діннің мақсұты жоқ мұнан асар.”-деп жырлағандай тарихқа қарасақ жалпы адам баласының бір пікірде тоғысқан мәселесі осы ақыретке деген сенім. Аллаһ адамның түсінігін, ой-санасын тек қарама-қайшы нәрселермен салыстырып түсіне алатындай қажетке ие етіп қойған.
Сондықтан қарама-қайшылық әлемдегі негіздердің бірі. Сол себепті әлемде қарама-қайшылық түгел болса, таным да соншалық анық болады. Махаббат пен жеккөрушілік, сұлулық, ұсқынсыздық жақсылық пен жамандық, ақылды, ақымақ, қуаныш пен қайғы, дүние мен ақырет дегендей, адам өмір ағысында ғұмыр кешу, қуаныш пен өлім, қорқыныш сияқты бір біріне теріс екі қарама-қайшылықтың арасында шайқалып тұрады. Үнемі ағып жатқан өмір мен өлімнің шын мағыналары білінбесе, жаратылыс сыры, хикметі мен адамның шынайы мәні де түсініксіз қалады. Құранда былай дейді:“Біз жеті қабат аспанда жерді және екеуінің арасындағыларды ойын-сауық болсын деп жаратқан жоқпыз (Ей, адам баласы, біз сендерді бекерден бекер жараттық па? біздің алдымызға қайтарылмаймыз деп ойлайсыңдар ма?”-делінген.
Негізінен адамның жаратылуындағы хикмет өзінің күш-құдіреті, қабілеті арқылы жаратқан Аллаһты біліп және құрметтеу, ұлықтау арқылы құлшылық қылу. Бірақ соңғы ғасырлардағы материалдық дүниенің жалғандығымен нәпсіміз, санамызды өлімнен кейін қайта тірілу сенімімізді әлсіздікке ұшыратқаны рас. О дүниеге біреу барып келіп пе? немесе “ақыреттің болатынына кім кепіл”- деп айтылу осының айғағы.
Бұл біздің әлсіз және күнделікті әдет еткен нәпсімізге ұнайтын кейбір күнә істерді істей алмағандықтан, және ораза, намаз сияқты құлшылықтарды орындауға ерінгендіктен ақыреттің барлығын білдіретін сансыз дәлелдерге көз жұмып, соқырға айналған ақылымызды нәпсінің қолына ұстатып, ақыретті жоққа шығару үшін сан-қилы дәлел іздеп, адасқан сайын адасуымыз.
Құранда: “күллі аспан әлемін және жерді жаратқан, әрі оларды жаратқан уақытта еш шаршап, шалдықпаған Аллаһтың өлілірді қайта тірілтуге құдіретінің толық жететінін көрмейді ме? Иә, ол әр нәрсеге толық құдіретті”-делінген.
Аллаһ үшін өлгеннен кейін адам баласын қайта тірілтудің еш қиын еместігіне назарымызды аудартады. Иә, осыншама миллиардтаған голлактикалар мен ондағы сансыз жұлдыздарды жаратып, оларды бір бірімен қағыстырмай, белгілі бір жүйемен ғасырлар бойы ұстап тұрған құдіреттілігі әлбетте адам баласын қайта тірілтіп, жан беруге толық құдіреті жетеді. Иә, адамзат тарихында қайта тірілуге себейтін және сенетін болып қазіргі заманға дейін жалғасып келеді.
Сенбейтіндердің күмәндары мен келтіретін дәлелдерінде еш айырмашылық жоқ. Өйткені бәрінің қайта тірілуге деген көзқарасы біреу.“Шіріп кеткен сүйекті” кім тірілтеді? Пайғамбар дәуірінде де өлгеннен кейін қайта тірілуге сенбейтіндер болған. Сондай бір күні Убай ибн Халаф Аллаһ елшісінің жанына келіп қолындағы шіріп кеткен бір сүйекті ұстап тұрып, келеке еткен сыңаймен былай деді: “Аллаһ мына сүйекке жан беріп, қайта тірілтеді, солай ма? Пайғамбар (с.а.у.) әрине оған жан беріп,тірілтеді. Әрі сені тозағына салады”- деп жауап берді.
Осы оқиғаға байланысты төменгі аяттар түсті “Адам баласы біздің оларды, бір тамшы судан жаратқанымызды көрмей ме, сөйте тұра бізге ашық дұшпан болады (бір тамшы судан) қалай жаратылғанын ұмытып, бізге былай деп мысал келтіреді: шіріген сүйектерді кім тірілтеді, Оларға айт: Оларды әу баста кім жаратса, қайтадан тірілтетін де сол, жәнеде ол барлық жаратуды біледі”- деп ашық аяттармен жауап берген.
Иә, біз тән мен жаннан тұратын жаратылыспыз. Материалдық тәннің жанында рухани жағы, яғни жан бар екендігі еш талассыз. Қазіргідей ғылымның шарықтап дамыған заманындада керемет соңғы үлгідегі құралдар арқылы да ажал жетіп, жаны шыққандарды құтқарып қала алмаймыз.
Алайда тарихта өлмеген ешбір тұлға жоқ, болуы да мүмкін емес. Өйткені ақылымызды және тәнімізді басқарып тұрған жанымыз Аллаһтың әмірімен тәннен шыққаннан кейін оны қайта әкеліп қосуға ғылымның да, басқаның да шамасы жетпейді. Біздің жүрегіміз көзіміз,аузымыз, қысқасы физикалық мүшеміз. Кімдікі десек, сөзсіз менікі, бірақ енді ақылмен қоса барлық дене мүшемізді менікі деп тұрған кім, оны деп тұрған біздің рухымыз, яғни жанымыз. Демек “мен”- дегеніміз ол рухымыз, ал менікі дегеніміз ол денеміз” Абай атамыз жанның өлмейтіндігін, оның тұрақты мекен тебетін басқа бір мәңгілік өмірдің бар екенін былай деген:
“Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
Бірақ ойнап-күліп, қайта келмес.
Мен, мен менікінің айырылғанын,
Өлді деп ат қойпты өңшең білмес”Қазақ халқы жан тәсілім еткен адамды өлд, демейді “қайтыс” болды дейді. Бұл сөздің астарында жанның мәңгі өмірге қайта қайтатындығын түсінеміз. Міне, адам баласының сол мәңгілік ғұмыр үшін қайтатын орнын ақырет, барып тұрақтайтын жерін жұмақ не тозақ дейміз.
Егер ақырет болмаса, бұл өмірде көрініс тапқан Аллаһтың махаббат шуағының ешбір мән мағынасы қалмайды. Аллаһ мына дүниеде жасалынған залымдарды, әділетсіздерді т.б. тиісті жазасын, ал, жақсылардың ізгі амалдарының қарымын толық мағында бермеуде. Демек, сол үшін сынақ болып жаратылған мына уақытша дүниеден кейін ақіретте үлкен сот болуы міндет.
Бұл соттың әділетті төрешісі Аллаһ өзі болып, сол жерде бәріне тиісті бағасы берілмек. Ендеше барлық кемелдіктің шынайы иесі, әділеттің әділеттісі, Аллаһ жақсыларға сауабын сыйлап, жамандық қылғандарға азабын беріп, әділеттілікті паш ету үшін ақыретті жаратып, үлкен сот құруы тиіс. Аллаһтың шексіз құдіретімен қара қылды қақ жарар әділеттілігі ақыретте үлкен есеп күнінің жаратылуын қалайды. Бұл туралы Құранда: “қиямет күні әділдік таразысын құрамыз.
Ол жерде ешбір жан әділетсіздікке ұшырамайды. Істелген ісі бір дәннің салмағындай болса да, оны таразыға әкеліп тартамыз. Есеп алушы ретінде біз жеткіліктіміз”- деп бұл дүниеде істеген әрбір ісіміздің ақыретте әділ таразымен, таразыға алынатынын білдіреді.
Егер ақырет сияқты екінші бір дүние жаралмаса мына дүниеге көптеген әділетсіздіктің бет пердесі, түйіні қиын сауалдар, жауапсыз қалмақ. Құдай барлық дүниені адам үшін жаратып.Ол адамды бостан-босқа, еш мақсатсыз жаратылғандай мәңгілікке өлтіре салуы мүмкін бе, тіпті мақұлық болған шыбын-шіркей, араны да мағына-мақсатпен жаратқан.
Сондықтан Аллаһ адам баласын бостан-босқа жаратып, мәңгілік тіршілік бетінен келмеске жібере салуы мүмкін емес. Бұл туралы Құранда: “Біз сендерді бостан босқа жаратып, әрі өздерін де бізге кері қайтарылмаймыз деп ойлай ма”- делінсе келесі бір аятта: “Адам баласы (еш сұрақ алынбастан) бос қоя берілемін деп ойлай ма”- делінеді.Адам баласы өмірінде талай рет өліммен кездеседі.
Басынан өткен аурулар, күтпеген оқиғалар, туындаған пәлекеттер өмірде әр сәт орын алады. Бірақ адамның надандығы мен әлсіздігі себебінен бейхабар болатын қаншама өлім мен өмір арасындағы бірнәзік перде бар.
Аллаһ адам баласына Құраннан көптеген аят арқылы дүние өмірін сынақ мақсатында жаратқандығын баяндайды. Біз надандыққа салынып негізгі мақсатымызды ұмыту ықтималына байланысты. Біртұра ескертумен мына аятта былай делінеді: “Әрбір жан иесі өлімді татады, сендерді сынап, жақсылық не жамандықпен байқаймыз. Бәрібір сендер бізге қайтарыласыңдар”-делінген.
Сол себепті, адам баласы дүниеде жасаған жақсылықтарымыз, құлшылықтарымыз қарым-қатынас, мінез-құлықтарымыз, алған және шығарған деміміз терең ойланып қарасақ, өлімнен соң адам баласына берері мол. Платон айтқан: “Адамдар өлімнің жауыз не мейірімді екенін білмейді. Бірақ адамдардың барлығы ол жайлы толық білетіндей қорқады”-дейді. Олай болса, өлімнен қорқпай, Пайғамбар (с.а.у.) айтқан тиісті несібемізді алайық. Пайғамбар (с.а.у.) “Өлім жайлы көп ойланыңдар, өйткені ол сендерді күнәлардан қорғайды”- деп бұйырады. Және де Х.з. Пайғамбардан ең ақылды кім деп сұрағанда? Мухаммед (с.а.у.) “Өлім жайлы көп ойлап,ол үшін дайындалған адам”-деп жауап берген. Ендібір хадисінде: “Ақылды адам өзін үнемі есепке алып, өлгеннен кейінгі өмірі үшін қайырлы амал істеген адам. Ал, ақымақ адам нәпсінің құлы болып, Аллаһтың әмірін орындамаған адам”- деген. Ислам ғұламалары “Өлім бәлекет емес, өлгеннен кейінгі басына келетін қиыншылықты білмеу бәлекет”- деген. Негізінен адам баласының өзін ешқашан өлмейтіндей сезімде жүруінен артық жаманшылық жоқ. Себебі өлімге мән бермеу-мені аңшы көрмесін деп, басын құмға тыққан түйеқұстың әрекеті сияқты ақымақтық.Өлім насихатшылардың ең үлкені екендігін Х.з. Пайғамбар былайша түсіндіреді: “Сендерге екі насихатшы қалдырдым. Біреуі сөйлейді, ал, екіншісі үндемейді. Сөйлемейтіні – Құран, үндемейтіні — өлім”-деген. Сондай-ақ өлімді ойлау арқылы өмірдің жұмбақ сырларын ашуға болады. Мысалы: Өмір – жұмбақ, өлім – оның шешімі. Бұл сөздің мәнін Л.Толстойдың сөзімен сабақтасақ “Өлім – бір жерден, екінші жерге ауыстыру”-деген. Сөз түйіні: Бұл, дүниеде не ексек, соны орамыз.
Өлгеннен кейін қайта тірілуге, сенетін адамдар психологиясы және ондағы иманның пайдалары.
Өлімнен кейін қайта тірілуге толық сенген кез-келген адамның психологиясы өте тұрақты. Себебі, сенімі бойынша Аллаһ өзінің істеген ісін көріп отыр. Жәнеде барлық қимыл-әрекеттері періштелер тарапынан жазылып есептелінуде. Істеген әрбір ісінің, сөйлеген сөзінің, әрбір қадамының О, дүниеде есебін беретінін ойлап жалпы күнәдан алыс жүреді.Істеген қиянаттарының жазасынан бұл дүниеде құтылғаны мен О, дүниеде есебі барына кәміл сенеді. Аллаһтың ризашылығын алып жәннатында сый-сыйапатқа кенелу үшін харамнан қашып, сауапқа жүгірумен болады.
Мұндай сенімге ие олған адамнан да, қоғамнан да жаманшылық күту орынсыз.Жалпы дүниенің бейбітшілікте бақытты ғұмыр кешуінің жалғыз жолы ақыретке, өлгеннен кейін қайта тірілуге деген иман-сенім.Барлық жаманшылық атаулыға тосқауыл бола алатын жалғыз күш. Себебі бұл сенім әр адамның ар-ұжданында, жүрегінде әрбір ісін қадағалап тұратын, ақиқатты айтатын барында өмірдің қызығын көр дейтін соқыр сенімнен айыратын әділ сарапшы. Үнемі Құдайдан қорқпағаннан қорқ деп тұрады.
Өлгенннен кейін қайта тірілуге сенген адам ешқашан өлімнен қорқпайды.Өлім ол үшін жоқ болып, шіріген сүйекке айналып, топырақ болып кету емес. Керісінше жалған дүниеден мәңгілік өмірге көшу. Иә, өлімнен кейінгі тірілуге сенбеген адамбар үшін, өлуден қорқынышты ешнәрсе жоқ. Өйткені олар үшін өлім жоқ болып, тіршілік бетінен мәңгілікке өшу деген ұғымда. Мұндай адамдар өлімді ойласа өздерін жоғалтып, өне бойлары суып, ұйқылары қашып, мазалары кетеді.
Әсіресе қарттар мен ауруға шалдыққан адамдар үшін қалған аз ғана өмірлері де тас қараңғы қапастай көрініп, үмітсіз күй кешеді. Ал егер ақыретке сенген адам өзінің жеке басының көптеген қателіктерінен құтылады. Ақыретте жүзінің жарқын болып, Аллаһтың алдында сүйікті құлдарының қатарынан табылу үшін әрқашан басқаларға жақсылық жасап, көмектеседі. Барлық жақсылықтарын О, дүниеге жинайды.
Егер өлгеннен кейін қайта тірілуге сенген адам бұл дүниеде залымдардың зұлымдығына ұшырап, мүдделері тапталса, мұндай әлсіз жандар үшін жұбаныш. Себебі Аллаһтың алдында ертең есеп күні залымдарға қолды болған ақысын, мүддесін қайтарып алатынына кәміл сенгендіктен эмоцияға беріліп, ішкі уайым-қайғыға салынып, ішкі дүниесін ызаға, кекке дұшпандыққа өзіне жол бермейді.Керісінше сабыр сақтап, Аллаһтың алдында сазайын тартатынын біледі.
Осылай бойындағы өлгеннен кейін тірілудің арқасында ештеңе болмағандай, бәрін Аллаһқа тапсырып жүре береді.Егер жазылмайтын ауруларға әртүрлі жағдайларға байланысты қиналған адамдарға жұбаныш болатын жалғыз нәрсе, осы өлімнен кейін қайта тірілуге деген сенім. Аллаһтан келген қиын сынаққа сабыр етіп, мәңгілік дүниеде бақытты болатындарын ойлап бойларына ерекше күш кіріп, жаралы жүректерінен үміт үзілмейді.
Бұл дүниеде асқар таудай әкемізбен, ақжаулықты анамыздың орнын ештеңе толтыра алмайтынын және ағаның, бауырдың тағы сол сияқты сүйікті адамдардың бұл дүниеден қайтуы кез-келген адамның нәзік жүрегінде үлкен қайғы мен сағыныш сазын қалдырады.
Сол сияқты өмірдегі тірегіңнен, соққан жүрегіңнен, қимас адамыңнан айырылу адамның нәзік болмысына ауыр соққы, жүрегіне үлкен айықпас жара. Мұндай ауыр соққының, айықпас жараның орнын тек қана сол сүйікті адамдарыңмен қайта қауышуға, яғни ақыретке, қайта тірілуге деген иман ғана толтырады. Сондықтан ақыретте бұл дүниеден өткен, сүйікті адамдарымен қайта табысып, қайта қауышатынына иланған кез-келген адамның жүрегі орнына түсіп, солған гүлі қайта тіріледі.
Иманы кәміл жандар бұл дүниедегі қимасының қайтқанын естіген сәтте “күмәнсіз біз ұлы жаратушымыздан келдік, әрі ұлы жаратушымызға қайта қайтамыз”-деген мағынасындағы аятты көкейінде түйіп, Құранда мақталған “сабыр” нәрін жүрегіне қорек етіп, қимасына деген ыстық сезімі мен сағынышын ертеңгі ақырет күніндегі қауышуға, мәңгілік өмірге аманаттайды. Қысқасы өлім хабарын естіген сәтте ақыретке иманы әлсіз адамдар не істерін білмей түңіліп, абдырып қалып жатқанда ақыретке иманды адам әрқашан сабыр сақтап, байсалдылық танытады.
- Тағдырға иман ету және оның, адам психологиясына әсері мен пайдасы
Ислам дініндегі негіздерінің соңғысы- тағдырға иман. Тағдыр сөзі бір нәрсенің белгілі бір өлшем, мөлшерге қарай реттеу, белгілі бір есеппен жүйелеу, арнайы бір жобамен тағайындау, белгілеу деген мағыналарды білдіреді.
Шариғаттағы ұғымға келсек, өткен шақ, осы шақ және келер шақтан яғни жалпы уақыт ұғымына симайтын Аллаһтың ту, бастан қияметке дейін және қияметтен кейін болатын барлық нәрсені, барлық оқиғаны, жаратпастан бұрын шексіз әзәли ілімі арқылы егжей- тегжейіне дейін біліп, белгілі бір өлшем, мөлшерге қарай реттеуін, белгілі бір есеппен жүйелеуін, арнайы бір жобамен тағайындап, белгілеуін- тағдыр дейміз. Аллаһтың тағдыры тек адамға ғана тән байланысты емес.
Жалпы болмысты, күллі жаратылысты қамтиды. Жалпы ғаламға көз жүгірткен уақытта әр нәрсені арнайы өлшеп, нәзік есептің жалпы әлемді қамтыған таңғажайып жүйені байқаймыз. Әр нәрсе өзінің бойына берілген бағдарламамен жүруде. Мысалы, Күн- Аллаһтың қойған бағдарламасына қарай, арайлап атып, алаулап батады. Сол бағдарламаға қарай сәулесін шашып, жылуын төгеді. Жердегі судың бу болып көтеріліп, артынша бұлтқа айналып, уақыты жеткенде, жерге қайта жаңбыр болып жаууы.
Бұның барлығы Аллаһтың арнайы бағдарламасына қарай жүзеге асады. Судағы ағыс, тастағы қаттылық, жердегі тартылыс заңдары бұл әрқайсысының өзіндік тағдыры, құстардың ұшуы, балықтың жүзуі, еліктің жүгіруі бәрі- бәрі Аллаһ жаратылысты бір тағдырмен жаратқандығы.Егер сол тағдырмен жүргізбесе, өмір жолдарындағы оқиғалардың Ай, Күн, жұлдыз, өсімдіктер, адамдар, жануарлар т.б. барлық жаратылыстың ағыны осы тағдырға бағынбаған жағдайда, әлемде бір үлкен жүйесіздік пайда болар еді. Иә, бұл Аллаһтың әрқайсысына лайық етіп қойған заңдары. Құранда: “Еш күмәнсіз біз барлық нәрсені арнайы есеппен жараттық”- деген.
Сондай-ақ “Барлық нәрсені жаратып, әрқайсысына белгілі бір өлшем бердік”- деп жалпы әлемдегі осы арнайы есепке, тағдырға назарымызды аударады. Адамға байланысты тағдыр мәселесі негізінде күрделі болғандықтан, көптеген адамдар қате түсінеді.
Біз көбінде істеген ісімізге қанағаттанбағанда “тағдырымда осылай болса не істеймін?”- деп ақталып жатсақ, керісінше, тағы бәрін өз қалауыммен істеймін. Тағдыр жоқ деп шектен шығуға барамыз. Ол екі пікірдің біреуі астамдық болса, екіншісі қателік. Біз өз жаратылысымызда ақыл ойымызбен, ерік- қалауымызбен, ерекшеленетіндігімізден, тағдырымыз да өзгеше.
Адамға байланысты тағдырдың екі жағы бар: Яғни біздің еркімізден тыс. Мысалы, туу, өлу, өмір уақыты, жынысы, ұлты, қабілеті сияқты адам араласа алмайтын мәселелер нақты өзгермейтін тағдырға жатады. Адам баласы мәжбүр болып, бұл істерге жауапты емес. Аллаһ адамдарға берген мүмкіндіктеріне қарай оны жауапты етеді. Сондықтан адамның еркінен тыс іске асқан істерде сый да жаза да жоқ. Аллаһ бұл туралы Құранда: “Аллаһ әр адамға тек шамасы жететіндегі мөлшерде міндет жүктейді”- деп бұйырғандағы бойынша, адам баласы шамасы жетпейтін нәрсені жүктемеген. Бірақ әр адам шамасы жететін нәрсеге жауапты етілген. Міне, сондықтан шамасы жете тұрып, қажетті істі орындамай, кінәні тағдырға арту адамның ақымақтығы мен надандығының белгісі.Мұны С.Торайғыровтың сөзімен айтар болсақ.
Жақсылық көрсем өзімнен,
Жамандық көрсем өзімнен.
Тағдыр қылды дегенді
Шығарамын сөзімнен-
деп тура басып айтқан. Біздің қалауымызға байланысты яғни адамның қалауы6 Аллаһтың жазған тағдырына есепке алынған. Адамның қалауымен Аллаһ тағаланың қалауын жаратылуының бірлесуі деуге де болады. Мәселен, адам белгілі бір істі істеуге қалаған уақытта, Аллаһ қаласа сол істі жаратады яғни Аллаһ адамның бір істі қалауымен өзінің сол істі жаратуын әу бастан өзіне тән шексіз ілімі арқылы біліп, сосын сол білгенін тағдыр етіп жазған. Мысалы, бізде екі таңдау бар: жолда кетіп бара жатып, түсіп қалған ақшаны көрдік делік осы сәтте бізде бірнеше таңдаудың нұсқасы келеді. Біз соның біреуін өз қалауымызбен таңдаймыз. Біріншісі- ақшаны алып қана қалтамызға салып, тез кетіп қалу. Екіншісі- ақшаны алып, оны жариялап, бұл кімдікі деп сұрау салу.
Иә, жоғарыдағы таңдаулардың қайсысын таңдасақ та өз еркімізбен дербес, қалауымызбен іске асырамыз.Біріншісін істеп күнәлі болу да немесе екіншісін жасап, сауапқа кенелу еркі де өзімізде. Бұл туралы Құранда: “Кім жақсылық істесе пайдасы өзіне, ал, кім жаманшылық істесе зияны өзіне. Аллаһ құлдарына ешқашан зұлымдық жасамайды”- деп жақсы- жаманды таңдауға адамға берілген ерікті білдіреді. Ақын Майлықожа атамыз да осы ақиқатты былай жырлайды:
Аллаһ берген екі жол,
Бірі оң да бірі сол.
Ойланыңдар бауырлар,
Дүние қысқа ақірет мол.
Қысқасы, Аллаһтың әлі бола қоймаған оқиғаларды алдын- ала біліп, реттеуі және белгілеуі “тағдыр” белгілігені бойынша, реті келгенде іске асырылуы “қаза” болып табылады. Біздің бойымыздағы көздің көруі, құлақтың есту қабілеті шектеулі. Шегінен тыс ұзақ нәрсені көріп, есіту мүмкін емес, сол сияқты қаза мен тағдырды да толық түсінуге адамның шамасы жетпейді. Өйткені біз көбінесе оқиғалардың себеп- салдарына жүгініп, біліп шешуге тырысамыз. Оның артындағы хикметінің көбін түсіне бермейміз. Сондай- ақ қаза мен тағдырдың сырын сұраған біреуге Хазіреті Әли “ол тақырып терең бір дария”- деген.
Адамдар өздерінің ерік, қалау, дербес таңдауларымен жасаған сәтсіз өмірлерін: “тағдырымда осылай жазылып қойса қайтем!?”- деу өзімізді алдау әншейін құр жұбату ғана.
Егер адамдардың барлығы әрбір істеріне ежелден Аллаһ тарапынан жазылған тағдырларына мәжбүр болғандықтан, жүзеге асып, солай жасылынатын болса, онда Аллаһ адамдарға Пайғамбар жіберіп, кітап түсіріліп адамдарды тозақпен ескертіп, жәннатпен сүйіншілеудің қандай мағынасы бар?. Түптеп айтсақ, жақсы, жаман әрбір ісімізді істеуге ниет ету, таңдау біздің еншімізде. Ал оны жарату Аллаһтың құдіреті мен қалауына тапсырылады. Бұл туралы Абай атамыз“ауруды жаратқан құдай- ауыртқан құдай емес”-деп тамаша айтқан. Яғни бір адам қыстың күнінде жеңіл көйлекшең далаға шығып, ауырса, Құдайым- ау, бұл ауруды қайдан ғана беріп едің- деуге ақысы барма?! Жоқ. Ауруға себеп болған өзі. Бірақ сол ауруды жаратқан- Құдай.
Сөз түйіні жақсылық та жамандық та адамның таңдауына қарай Аллаһтың қалауы мен құдіретімен іске асатындықтан, “жақсылық та жамандық та Аллаһтан”- деп иман етеміз.
1.Тағдырға иманның пайдалары. Бірінші- тағдырға иман адамды жауапсыздықпен таңудан сақтайды. Адамның табиғатында қателерін мойындамай, екінші біреуге сілтеуге тырысу немесе өз басын тағдырға балап, жауапкершіліктен қашу бар. Әрдайым жасаған күнәларына әртүрлі сылтау құрастырып, бәрін тағдырға жауып, жауапкершіліктен қашқысы келетін адамның алдында Аллаһ тарапынан берілген “дербес, ерік, қалауы” “қайда барасың, сен істеген әрбір ісіңді өз ерік қалауыңмен атқардың. Сондықтан жасаған күнәларыңа тағдырды сылтау ете алмайсың”- деп жауапкершілігін есіне салады.
Адамның құбылмалы табиғатында қолы жеткен жетістіктер мен мақтанып, паңдануы тағы бар. Күнәларынан ақталып, тағдырды сылтау еткенімен кейбір жақсылықтары мен қолы жеткен жетістіктерін “мен істедім, мен сөйттім”- деп өзгеріп шыға келеді. Менмендігі ұлғайып, такаппарлыққа айналып, ақыры әрбір ісіне жақсылық берген жаратушысын ұмытып, кердең басады.
Осылай нәпсісіне адамдық тізгінін ұстатып, такәппарлық менмендікке құл болып, Алласын ұмытқан пенденің алдына “тағдыр” шығып, “сені мақтануға, дандайсуға ешбір қақың жоқ. Барлық жақсылыққа апарар жолды көрсетіп, ниетіңе жеткізіп, сәтін салған, ізгілікті жаратып, жетістікті нәсіп еткен Аллаһ емес пе?”- деп тәкаппарлықтан аулақ болуын есіне салады. Егер Аллаһ қаламаса, барлық жақсылықтар жүзеге асар ма еді? Біздің ниет етіп, істегіміз келген әр қалауымызға “Жоқ” деп Аллаһ тосқауыл қойса, біздің қолдан не келеді? Адамға істің жақсысын ажырата білетін ақыл сыйлаған, қабілет берген, ниет етіп жасалуын қалаған, әрбір ісін жүзеге асырған Аллаһ емес пе?
Адамның жақсылық істеудегі еншісі лифтің ішіндегі түймені басуындай- ақ. Мысалы, лифтпен жоғарғы қабатқа шығуды қалап, қолыңыздың ұшымен түймені басамыз. Солай лифт бізді қалаған қабатымызға шығарады. Шыққаннан кейін “лифтіні жоғарыға мен шығардым”- деп мақтана алмаймыз.
Таразының екі басын тең ұстап, астамшылық және тәкаппарлықтан аулақ болып адам барлық күнәлары үшін “нәпсімді тыңдап, жаманшылықты таңдаған, қалаған, менмін, өзім кінәлімін”- деп Аллаһтан істеген күнәларының кешірілуін тілесе, кейбір қолы жеткен жетістіктері үшін “Аллаһым, мұны нәсіп еткен, сенсің, сәттілігін салған тағы, өзіңсің, сенің жүзеге асыртқан ісіңді мен істедім деу күпірлік”- деп жақсылықтың шынайы қожайыны, Аллаһқа, шүкір етіп, оның алдында борыштылығын сезінеді. Оның санасында мына аят жаңғырып тұрады “Саған келген барлық жақсылық Аллаһтан, ал басыңа келген барлық жамандық нәпсіңнен”деген.
2.Басына қиыншылық түскен жан тағдырдан жұбаныш табады. Тағдырға иман етіп, әрбәр істің Аллаһтың қалауынсыз іске аспайтынын жүрекпен сенген кез келген адам басына келген қиыншылықтар мен пәлекеттердің әсерінен өз- өзін жеп, іштей уайым- қайғыға және үмітсіздікке бармайды.
Аллаһтың жақсылықпен де қиыншылықпен де сынайтынын білгендіктен: “Аллаһым, маған сабыр бер! Сауабыңа кенелейін”- деп келешекке деген үмітін қанағат етіп, қайрат жігерін қамшылайды, басына келген ауруға да сау болсам бәлкім, Аллаһқа деген мұқтаждығымды ұмытып, әртүрлі күнәға батар ма едім? Осылай Аллаһ маған сауап жинаудың өзіне жақындаудың жолын осылай берген шығар. Аллаһ қаласа, ауруларым күнәларыма кәффарат болар деп сынық көңіліне медет табады. Мал мүлкін жоғалтып алса немесе басқа біреудің қолында кетсе “Аллаһ менің тағдырыма жазбаған ғой, бұйырмаған екен. Барлық мал- мүліктің шынайы иесі Аллаһ, сен өзің сұрадың қалағаныңа бересің, қалағаныңнан аласың. Бергеніңді алсаң да, береріңді алма ”- деп Аллаһтың алдында басын иіп әр нәрсенің оның қалауымен ғана болатынын есінде тағы бір рет жаңғыртып, өзіне үлкен сабыр табады.
Себебі сабыр сақтап, шүкір еткен, ойындағы ісі армандаған мақсаты орындалмай қалса да “қайырлы болсын!” деп сабыр танытады. Ал тағдырға иман ете алмаған адам басына түскен жоғарыда айтылған қиыншылықтар мен пәлекеттерге өте- мөте сабырсыздық танытып, “неге бұлай болды, қап, әттеген- ай!” –деп санын сабалап, жүйкесін тоздырып, айналасынан кінә іздеп, өмірден түңіліп, үмітсіздіктің қараңғы әлеміне тұншығып кетеді.
3.Тағдырға иман ержүректікпен батылдыққа бастайды. Басына не келсе де, Аллаһтың рұхсатымен, қалауымен болатынына сенген адам бойына ерекше батылдық бітеді. Ар –намысын таптауға төніп келген дұшпаннан Отанын, дінін, халқын қорғау үшін ерен ерлікпен шайқасады. Жазмыштан озмыш жоғын білгендіктен “тағдырымдағы өлім қай жерде, қай уақытқа белгіленсе, міндетті түрде сол жерде, сол мезетте өлімді татамын. Ажалым мұндай соғыста емес, үйде жылы төсекте жатсам да келіп жетер”- деп жау жүрегін аузынан шығарады. Белгілі бір іске кірісер болса, алдымен тәуекел етіп, қолынан келер қажетті іс- шараларды атқарып, кейін “тағдырыма жазылғанын, бұйырғанын, Аллаһтың қалағанын көрерміз”- деп тәуекелге бел байлайды.
4.Тағдырға иман қанағатқа тәрбиелеп, көре алмаушылық пен қызғаныштан сақтайды. Барлық адамның бұл дүниеде дәм татар рызық- несібесі алдын –ала Аллаһ тарапынан белгіленгеніне иман еткен адам өзіне жүктелген міндеттерін қолынан келер барлық себептерді атқарғаннан кейін, Аллаһтың берген үлесіне ризалық білдіріп, қанағатты пір тұтып, басқалардың мал- мүлкіне сұқ көзбен қарап, пәк жүрегіне қызғаныш сезімін қонақ етпейді.
Сонымен қатар, тағдырға иман адамды жүйелі жұмыс істеуге әрбір ісін тап- тұйнақтай атқаруға үйретеді. Жаратылыстағы әрнәрсенің арнайы есеппен белгілі жүйемен жұмыс істеп тұрғанын көріп, одан сабақ ала біледі. Жоба- жоспарсыз ешбір істі бастамауға тырысады. Осылай табиғатына сіңіп, тұрақты мінезіне айналады[1,177-167б.].
2.2 Діни сенімнің жеке адам, этнопсихологиялық, әлеуметтік қалыптасуына діннің тигізетін әсері
Бұл наным-сенім мен құлшылық туралы шете ел ғалымдарының зерттеулері мен байланыстарын көрелік. Доктор Генри Линк “Дінге оралу” атты кітабінда, АҚШ психологиялық зерттеу мекемесінің басшысы ретінде 15,321 әйел мен ер адамдарға жүргізген зерттеуін әрі 73,226 психологиялық тесттің нәтижесін былай деп баяндайды.
Адамгершілік пен жақсы мінез, дінге аса құлықсыз әрі ғибадат үйлеріне бас сұқпайтындарға қарағанда, бір дінге сенетіндер мен ғибадат үйлеріне үзбей барып тұратын адамдарда әлдеқайда орнықты әрі анағұрлым жоғары деп атап көрсеткен. Дайл Корнеги: “ренішті таста, қалай өмір сүру керектігін ойла”- атты кітабында реніш пен кірбіңді болдырмаудың бір жолын былай деп көрсетеді “бүгін жарты сағатымды тынығуға арнаймын, сол уақытта жаратушы құдай туралы ойлаймын”-деген.
Гарвард университетінің философия ғылымдарының профессоры Уиллиам Джеймс: “уайым қайғыны емдейтін бірден бір дәрі, ол діни сенім мен құлшылық”-дейді.Доктор А.А.Брилл:шын діндар адамның психикалық ауруларға ұшырымайтындығын айтуда.
Психология мамандары тарапынан мықты наным-сеніммен қоса дұға арқылы адамның уайым, күйзеліс, үрейлерден арылтатындығы анықталған. Ал бұл үшеуі (уайым,күйзеліс, үрейлену) көптеген аурулардың бастауы болатыны белгілі. Ең танымал психиатрлардың бірі доктор Карл Юнг “modern man in search of sool” атты кітабында былай дейді: “соңғы отыз жылда әлемнің түпкір-түпкірінен келген әртүрлі науқастарды қабылдадым, олардың жүздегенін емдеп, сауықтырдым. Отыз бес жастан асқан науқастардың ауруға шалдығуының басты себебі діни наным-сенімнен қол үзгендік, олар өмірге діни көзқараспен қарай алмайды, діндар жора-жолдастары секілді әрекет етпейді, діни наным-сенімге қайта қауышпайынша толықтай жазылып кете алмайды”- деген.
Сондай-ақ Буддадан кейінгі үнділердің ең үлкен өкілі Махатма Ганди: “Дұғалардың көмегі болмағанда аз уақытта-ақ жынданып кетер едім”- деген. Нобель сыйлығын иеленген доктор Алекше Каррер: “Readers bigest” журналына жарияланған мақаласында “Адам жасай алатын ең күшті іс ол дұға мен сенім. Сенім жердің тартылыс күші сияқты шынайы құдірет, ешбір ем қонбаған кездері дұға мен сенім арқылы небір кісілердің, ауру сырқау мен мұңды күйден құлан таза айыққанын көрдім”- деп жазған.
Психиатрлар жүйкенің жұқарып, жан-дүниенің аласапыран күй кешіп қатты қиналған сәтте ішкі қайғы-мұңды біреуге ақтарудың емдік рөлі бар екенін айтуда. Тірі жанға тіс жарып айтпайтын ішкі сырларымызды, қайғы реніш-мұңымызды бәрін көріп білуші, бәріне құдірет-күші жеткен Аллаһқа ғана ақтарып, сонымен ғана бөлісіп, содан ғана көмек тілей аламыз.
Джакус Чевалиер: “pascal” атты еңбегінде паскальдің “Құдайдан алыстап, оны іздеуге талпынбаған адам не өзіндегі, не өзінен тыс ақиқат пен бақытты таба алмайды”- деп жазған. Отбасы қарым-қатынасты күшейту тұрғысынан да наным-сеім мен құлшылықтың рөлі зор. Дж.Доминкан: “Ажырасу” атты кітабында діни салт жора мен өткен некелесу салтанаты нәтижесінде ажырасулардың анағұрлым аз кездесетіндігін атап өткен.
Аталмыш еңбекте өзіндік наным-сенімнен мүлдем ада жандарда, керісінше ажырасушылардың саны тым көп кездесетіндігін, статистикалық мәліметтер негізінде ділелдеген. Наным-сенім жұтаңдығы нәтижесінде адамның өмір сүруге деген қызығушылығы жоғалып, өз өзіне қол жұмсау әрекеттері де жиілей түседі.Материалдық тұрғыдан рахатқа кенелуді барша проблеманың шешімі деп білетіндерде, статистикалық мәліметтерге көзжүгіртер болса, өз ойларынан еріксіз айнитыны сөзсіз.
Айталық АҚШ-та жыл сайын жүз дәрігер өз өзіне қол жұмсайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен БҰҰ-ның мәліметтеріне сүйенсек 1955 жылы Жапонияда 22,477 адамның өз өмірін өзі қию оқиғасы тіркелген. 1978 жылғы статистикалық мәліметтер бойынша, Швецияда 20,000 адам өзін өзі өлімге қиғаны өкінішті.
Осы тұста материалдық санадан аса алмай эканомикалық өрлеуді ғана мақсат деп ұғатындар құдайға жүрегінен орын бермегендер жақсы ойланғаны жөн. Өйткені, аталмыш елдердің экономикасы барынша дамыған. Ғылым, білім, мәдениет деңгейі де жоғары екені даусыз. Сондай- ақ материалдық құндылықтарға барынша көңіл бөлінген бұл елдерде жыныстық мәселеге еркіндік берілгеніне қарамастан, осыншама өзін өзі өлімге қиудың кездесетіні неліктен!?. Ал керісінше, нәпсіқұмарлыққа шектеу қойылған, батыстың көзқарасы бойынша, концервативті болып табылатын мұсылман елдерінде өзін- өзі өлімге қию оқиғасы жоқтың қасы 10 мл,. 5 тең. Ал, Жапонияда 10 мыңда 5 тең. 1962 жылы Мысырда өзін- өзі өлімге қиюдың 14 оқиғасы тіркелген. Түркияда ресми статистика бойынша 1962 жылы 100 мыңда 0,6 өзін- өзі өлтіру оқиғасы тіркелген. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, халықтың бақытты болуына материалдық жағынан барынша қамтамасыз ету жеткіліксіз. Бұл мәселелер жөнінде адамдарды жаман қылықтардан арылтуда діни сенімнің ықпалы зор екені анық.
Мәселен, АҚШ- та ішімдікке заң жүзінде тиым салынған 1930-33 жылдары аралығында АҚШ үкіметі 1 млн. қаржы жұмсады. 9 млрд, беттік еңбек жарық көрді. Кең көлемде үгіт насихат жұмыстары жүргізілді. Бұған қоса 500 кісі түрмеге жабылып, 200 кісінің өмірі қиылды. Бірақ бәрібір арақты түбегейлі жойып, халықты ішімдіктен аластата алмады. Ішімдікті қойдыру жөнінде психоанализ мамандары да нақты ешқандай шешім айта алмады. Бүгінгі таңда психиатрия саласында ғана ішімдікті тастау төңірегінде профессорлардың жұмыс жасап жатқаны мәлім. Алайда емделіп шыққан маскүнемдердің нәтижесі өте аз. Екі ай өтер өтпестен баяғы әдетіне қайта оралады.
Американың Нью-Йорк қаласында ішімдікке қарсы ұйым құрылып, жер бетінде ішімдікке ең алғаш кімнің тиым салғандығын зерттегенде, тұңғыш рет араққа тиым салған Ислам дінінің негізін қалаушы Мухаммед Пайғамбар (с.а.у) болғандығы анықталған. 14 ғасыр бұрын Мухаммед Пайғамбар ізінен ерген мұсылман жамағатының иманын нықтап, сенімін барынша күшейту арқылы өзіне түскен Құран аяттары мен бар-жоғы 3 кезеңде- ақ ішімдік- арақ атаулыны түп- тамырымен жойған еді. Бір бұл ғана емес, сол қоғамдағы барлық жаман әдеттердің көпшілігі аз уақытта шешімін тауып жатты.
Бүгінгі таңда адам баласы діннен қол үзудің қасіретін тартуда. Адамзат діннен алыстаған сайын арақ, темекі, есірткі, ұрлық, тонаушылық әр түрлі азғындықтар мен жаман қылықтарға үйірсек келеді және де жас кезде діни тәрбиеге көрмей, жаман жолға салыну нәтижесінде айықпас ауру тауып, емханаға таңылғандарды жастықтың қызбалығы мен қылмыс жасап түрмеге түскендерді рухани жан азығына шөлдеп, ішкі жан дүниесі байыз таппай, иман мен ғибадаттың жоқтығынан ойынханалар мен түнгі клубтардан сая іздеген жаны жаралы жандардың жай –күйін білгіміз келсе, сол орындарды барып көрелік. Ішкі қыжылыс айтар запыраны,зары мен қайғы- мұңы басқан тас- түнек рухани азықтан шөлдеген көп адамдар. Сондай- ақ АҚШ мемлекетін алып қарасақ және батыс Еуропада күн сайын артып келе жатқан ажырасу мен жан ұясын тастап кету салдарынан 45 млн. Америкалықтың, 12 млн. (25%) әке- шешеден мақрұм күй кешуде.
Өзін өлтірушілерден Англияда күн сайын 16, жылына 6000 жуық өзін өлімге қию оқиғалары. Барлығының бірдей ресми органдарға мәлімденбейтінін де ескереміз. Кейбір статистикалар бұл мәліметті нақты мәліметке көз жеткізу үшін берілген жалпы санды тағы да 20-30 % көбейту керектігін алға тартады.
Соңғы 60 жыл Англияда өзін- өзі өлімге қиған ер адамдардың саны кемудің орнына 31% артуда. Әйел адамдар көрсеткіші де өте жылдам өскен 171 % “Obsener” журналында Мишель Фрей: Швецариялықтарда ең көп ажырасудың, ішімдікке салыну, бала түсіру, көлік апаты, некесіз жақындасу, өзін- өзі өлімге қию, күнә жасау қылмыстарының анағұрлым көп екендігін тілге тиек еткен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 1961 жылғы статистикалық мәліметі бойынша Швецияда 100,000 адамнан 16,9% өзін өзі өлімге қию байқалса, бұл көрсеткіш Швейцарияда 18,2%, Германияда, 18,7% Жапонияда, 19,6% Финляндияда, 20,6% Австрияда, 21,9%. Кембридж университетінде жасалған соңғы зерттеуде осы университеттің оқушылар арасында 103 өлім оқиғасы тіркелген. Олардың 44-і жол апаты, 27-сі ауру, 32 өзін өзі өлімге қию. Міне, бұл статистикалық зерттеулерге өй жүгіртіп, зер салсақ, өмірге тек материялдық құндылықтармен қарайтын О, дүниеге сенімнен ада, арам адалдың жігін ажыратудан мақұрым. Ата-ана міндетін ескермейтін, ар-ұятты белден басып, түрлі нәпсіқұмарлықпен, азғындықтарға ұшырады.
Діни ілім тәрбиеден хабарсыздық үлкен мейірімсіздік пен қатыгездікке соқтырады. Себебі, жүректе иман, бойда ғибадат жоқтығы дін және қоғам деп аталатын алып организмнің жанын рухтандыратын мінез құлығын түзеп тұратын рухани азықтардың бір желісі ретінде, діни сенім мен ғибадат құлшылықтардың маңызды екенін көреміз[2,17-23б.].
ҚОРЫТЫНДЫ
Атақты философ Һенри Беррсон (1859-1941) “Өткен тарихта және заманымызда ғылымды, яки философияны бiлмейтұғын адам, қоғамдарын кездестiруге болады, бiрақ дiнсiз ешбiр қоғам болмайды” дегендей бiздiң ата-бабаларымыз 1200, жылдан астам Ислам дiнi тiзгiнiн ұстады.
Ұзақ жылдар мың өлiп, мың тiрiлген қазақ халқымыз ары-берiсiмен алғанда кейiңгiсi 75 жыл күркiреген әкiмшiлiк, әмiршiлдiк жүйесiнiң қыспағы мен асыра сiлтеулерiнен ұмыт бола жаздап, қайта жанданған рухани тамырымыздың өзегi болған дiнiмiздiң негiздерi мен шарттарын тәуелсiздiгiмiздiң таңы атқаннан кейiн ғана қайта қауышып, санамызға саңылу, жүрегiмiз имандылыққа жол тауып, аз да болса рухани санамызда, рухани төңкерiсi болды.
Аллаһқа шүкiр, өткенiмiз жанып, өшкенiмiз тiрiлгенмен қанша ұрпақ осы дiннен жырақта жаратқанға емес, жаратылғандарға құдай деп мақұлықтан адам болдық деп, жалғанан шындық жасап, төл рухани дiнiмiздiң ақиқат уызына жарымай, өсiп, жарғағынан жерiген құлынша, көп айтса көндi, жұрт айтса сенiдмен, өгей баланың күйiн кешiп, “Жетiм қозы түртiншекпен” өскенiмiз рас. Бүгiнгi тәуелсiздiкпен бірге рухани санамызға да рухани тәуелсiздiк алдық. Бiрақ үзiлген тамырды жалғау қиынға соғуда.
Қазақстан Республиксының конституциясының 22-бабында көрсетiлгендей “Әркiмнiң ар-ождан бостандығына құқығы бар”. Осы дiн ар-ождан бостандығын жамылып, дiнiн бiлмеген халықтың, түгiн де бiлмейтiнiн бiлiп, тәуелсiз Қазақстанның территориясына келiп, қандастарымызды шоқындыру мен өз сенiмдерiне тартуда секталар мен сан мыңдаған миссионерлер қаптады. Тiптi бүгiнгi таңда 3000 астам дiни конфенциялардың бар екендiгi айтсақ та түсiнiктi. Сондықтан бiз өз мақсатымызға ислам дiнiнiң негiздерi мен шарттарын және Пайғамбар (с.а.у) өмiр жолы мен тағылымдарына, қағидалары мен хадистерiне үңiлдiк.
Сондай-ақ, жалпы Кеңес үкiметi кезiнде қалыптасқан дiни сана мен дiн психологиясын зерттеген де, шынымен дiн құр идеология ма, Құдайларды үрей жаратты ма, дiндар болу немесе оны ұстану белгiлi топ өкiлдерi имам, молда, ишандарға ғана тиесiлi ме? немесе дiнге сену арқылы тек Құдайға жалбарыну немесе құлшылық ғибадатхана жасау ма? Және де қайтыс болған адамды рәсiмдеп, жөнелтетiн, кейiн Құран және дұға оқу шарттарын жасайтын белгiлi бiр топ адамдарға жүктелген құрал деп қалыптасқан психология болды. Бүгiнгi таңда рухани соқырлықтан арылар күн алыс емес екендiгiн ауырудың батпандап кiрiп, мысқылдап шығатынындай дiннiң халқымызды iзгiлiк пен адалдыққа, еңбекқорлыққа, рухани тазалыққа, имандылыққа тәрбиелейтiн.
Өйткенi Ислам ең әуелi тұнып тұрған рухани тазарудың бастауы екенін. Сонымен қатар исламның негiздерi мен шарттары тек адамдарға жүктелген парыз, амалдар ғана емес, әрбәр адамның психикасына гигиена екендiгiн және “ер қаруы бес қару” -дегендей, бұл бес қарумен, Қазақ өзiн Алтайдан Атырауға дейiнгi жерiн жауға да, жатқа да берген жоқ. Қазiргi бес қаруымыз болатын Ислам негiздерiмен, шарттарымен қарулансақ, iшiмiздегi нәпсiге де, сыртымыздағы секта мен миссионерге де қарсы тұратын, бiрден бiр психикалық иммунитет екендiгiн жеткiзу.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Жолдыбайұлы Қ. Ақиқат шуағы.- Алматы, 2004.
- Сафвет Сених. Құлшылық құпиясы.түрік тілінен аударған/ Бағашар Қ.-Алматы, 2005.
- Мұртаза Бұлытай. Мұсылман қазақ еліміз.- Алматы, 2001.
- Осман Нұрытопаш. Махаббаттағы сыр.- Алматы, 2004.
- Осман Нұрытопаш. Ақтық дем.-Алматы, 2005
- Саид Нұрси Бәдиүзаман. Жастар шырағы.- Алматы,1997.
- Сафвет Сених. Ғибадат ғажайыптары.- Алматы, 2005.
- Қазақстан Республикасының Конституциясы.-Алматы, 2003.
- Өмірзаққызы Д. Адамзаттың асыл тәжі.-Алматы, 2003.
- Али Химмет Берни, Осман Кеспоғлұ. Соңғы Пайғамбар Х.з Мұхаммедтің өмірбаяны.-Анкара, 1997.
- Үсенова М, Үсенов С. Дін тану.- Алматы, 1995.
- Мұртаза Бұлытай. Ата- баба діні.-Алматы, 2000.
- Хасен Арқа. Мұхтасар Ғылымхал.- Алматы, 2004.
- Исаұлы М. Құран кімнің сөзі.- Алматы, 2004.
- Осман Нұрытопаш. Рахмет Самалы.- Алматы, 2004.
- Әділбаев А. Саңылақ сақабалары.-Алматы, 2004.
- Қожалымов З. Мәңгәләк құпия шежіресі.- Алматы, 2001.
- Нама Кемел Зайбек. Қожа Ахмет Иассуи/Таңдамалы хикметтер-Анкара, 2003.
- Дінтану негіздері.-Алматы, 2006./қазақ университеті/
- Қожахметова М. Адам құпия.- Алматы, 1997.
- Есім Ғ. Адамзат.- Астана, 2002.
22.Исаұлы М. Жолдыбайұлы Қ. Ислам Ғылымхалы.-Алматы, 2003.
23.Исаұлы М. Пейішке жетелер пейіл.- Алматы, 2005.
24.Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында.- Алматы, 1996.
25.Құдайбердiұлы Ш. Мұсылманшылық тұтқасы,шариатүл ислам.-Алматы,1991.
- Ақназаров Хусаин Зейнетдинович. Ислам дiнi және өмiр шындығы.- Алматы, 1997.
27.Жамбылов Д. Ғылым және Ислам.- Алматы, 1982.
- Құдайбердiұлы Ш. Үш Анық.- Алматы, 1991.
- Маркс К. Энгельс Ф. Дiн туралы.- Алматы, 1956.
- Маркс К. Энгельс Ф. Таңдамалы шығармалар жинағы.- Алматы, 1978.
- Өстемiров Ж. Дiн апин. -Алматы, 1960.
- Ахонов Б. Дiн және еркiн ойшылдық.- Алматы, 1993.
- Нұртiлесов Әбизат. Атейстiк сенiм тәрбиесi.- Алматы,1986.
- Шүлембаев Қ. /лекциялар курсы/- Алматы, 1978.
- Прокофьев В. Дiн ғылым мен Прогрестiң жауы /ауд/ Муқанов Т.- Алматы, 1955.
- Плисецкий М. Адамның жаралуы туралы, ғылым мен дiн не дейдi.- Алматы, 1952.
- Абай Құнанбаев. Қара сөз, поэмалар.- Алматы, 1992.
- Құдайбердiұлы Ш. Шәкәрiм шығармалыры-Алматы, 1988.
- Халифа Алтай. Құран Кәрiм қазақша түсiнiгi.- СаудАрабиясы
1991.
- Абай Құнанбаев. Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы, 1977.
41.Есім Ғ., Артемьев А., Қанаев С., Біләлова Г. Дінтану негіздері.-Алматы, 2003.
42.Орынбеков М. Қазақ сенімдерінің бастаулары.-Алматы,Қазақ университеті, 2002.
43.Фетхуллаһ Гүлен. Мұхаммед Пайғамбар.-Алматы,2005
44.Чумаков.М.В. Введение впихологию религий.-Курган.гос.ун-т,1997.